Мазмұнға өту
Home

Олжа (өлеңдер жинағы)

ISBN: 978-601-7023-97-3 Беттер саны: 192 Жанр: Зерттеу

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Олжа (өлеңдер жинағы)

Авторы: ISBN: 978-601-7023-97-3 Беттер саны: 192 Жанр: Зерттеу

ISBN 978-601-7023-97-3 © Құлмұхаммед Қ., 2015 © Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2015 Құлмұхаммед Қ. Қ 74 Олжа. Өлеңдер жинағы/Қайрат Құлмұхаммед. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауы­мдастығының «Атажұрт»

баспа орталығы, 2015. – 192 бет. ISBN 978-601-7023-97-3 Бозбала кезінен айтыс сахнасына шығып, Қытай қазақтары­ ның бас айтыс ақыны атағын иемденген Қайрат Құлмұхаммед­ тің «Олжа» атты жыр жинағындағы өлең-жырлар жазба ақын­дық пен жыраулық дәстүрдің тамаша үйлесімінен туғандай көрінеді. Жинақтың тағы бір ерекшелігі, жат жерде дүние есігін ашып, сонда өскен, есейген, кейінгі саналы ғұмырын өз тарихи Отаны­ мен байланыстыруды көздеген автордың шығармашылық биігін таныта түсетіндігі деуге болады. Қайталанбас ерекшелік­терге ие жинақтың шетелдегі және атажұрттағы қазақ оқырман­дары жүрегіне жол табарына сенім мол. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) - 5 Қ 74 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) - 5

Алғысөз орнына Қ айрат ҚҰЛМҰХАММЕД 1966 жылдың 21 тамызында Қытайдың Шынжаң автономиясына қарасты Жеменей ауданында дүниеге келген. Туған жерінде орта білім алған ол 1990 жылы Шынжаң консерваториясында «мәдениет саласын басқару» мамандығын игеріп шықты, 1992 жылы Шынжаң университетінің филология факультетін тәмәмдады. 1985 жылы 19 жасында айтыс сахнасына шыққан ол 1999 жылы Қытай қазақтарының бас айтыс ақыны атағына ие болды. Жазба ақындық пен ежелгі жыраулық дәстүрді ұстанып, сол елдегі екі миллион қандастарымыз ортасында ғана емес, сонымен бірге Қазақстан халқына да өз есімін кеңінен танытып үлгерді. 1998 жылдың көкек айында «Қытайдың осы заманғы әйгілі көркем өнершісі» деген мемлекеттік сыйлығын алды. 1999 жылы желтоқсанда Америка Құрама Штаттарында белгіленген «Әлемнің әйгілі адамы» деген марапатты атаққа ие болды. 2003 жылдың қаңтар айында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Халықаралық ақындар айтысында бас бәйгені жеңіп алды. 2003 жылдың мамыр айында Ресейдің Омбы қаласына өнер сапарымен барып, Ресей думасының депутаты Олег Смолинның қолынан «Халықтар достығының үздік жыршысы» деген алғыс хатпен марапатталды. 2003 жылғы шілде айында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында өткен ақындар айтысында бас жүлдегер болды. Бұл еңбегімді марқұм анам Қиза Алтынбекқызының асыл рухына арнаймын.

2005 жылдың шілде, тамыз айларында Түркияға арнайы шақырумен барып, ол елден екі марапаттау дипломымен оралды. 2007 жылғы мамыр айында Германияның Мюнхен қаласында өткен Еуропа қазақтарының Кіші құрылтайында орындаған тамаша толғауы үшін ол елден де алғыс хат алып қайтты. Қайрат Құлмұхаммедұлының 1991 жылғы Қазақстанға алғаш сапарлай келгенде орындаған «Сәлемдеме» толғауы оның ақындық атағын тіпті де аспандата түсті. 1998 жылы Семей қаласында өткен Шәкәрім Құдайбердіұлының 140 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысында бас жүлдені еншіледі. 2002 жылы Түркістанда, 2005 және 2011 жылдары Астанада өткен Дүниежүзі Қазақтарының ІІ, ІІІ, ІV Құрылтайларында жазба ақындардың жыр мүшәйрасында айрықша көзге түсіп жүлдеге ие болса, 2003 жылы көкек айында Астанада бес мемлекеттің ақындары қатынасқан Халықаралық айтыста биік талантымен тамам жұртты таң қалдырды. Қайрат ақын қай елге барса да өзінің ұлтжанды жырларымен халықтың құрметіне бөленіп отырды. 2001 жылы тамыз айында Қытайдан Қазақстанға көшіп келіп, Алматы қаласына қоныстанған ол еліміздегі халықтық сипат алған барлық мәдени-әлеуметтік шараларға белсене араласып келеді. Өздеріңізге тарту етіліп отырған «Олжа» кітабы төрт бөлімнен тұрады. «Көңілдің көкжиегі» бөліміне әр жылдары жазылған өлеңдері енгізілсе, «Киелі жер, іргелі ел» бөлімі Отанға оралғаннан кейінгі жеке өлеңдері мен сахнада орындаған толғауларынан тұрады. «Аралап талай жердің дәмін таттым» атты бөлімінде шетел сахна төрінде орындалып, көрермен ықыласына бөленген, жыраулар жолын ұстанған толғаулары мен арнаулары орын алған. Мұның бәрі жат жерде туып-өсіп, қалыптасқан, есейген, одан кейінгі саналы ғұмырын өз тарихи Отанымен байланыстыруды мақсат еткен ақынның шығармашылық биігін таныта түседі деген ойдамыз. Қазірге дейін әлемнің сегіз мемлекетінде өткізілген өнер сайыстарында жүлделер мен марапаттар алып, «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағына ие болған азамат ақынымыздың туған еліне бергенінен берері көп екеніне сенеміз.

Көңілдің көкжиегі І бөлім

ОЛЖА Енші алып сайын дала, сахарадан, Батыр, бағлан болыпсың ата-бабам. Ұзартып сенің қысқа ғұмырыңды, Дүрілдетіп жүр міне, ботаң аман! Аз болмапты заманға зар-мұңың да, Тайталаспен өтіпті тағдырың да. Тіріде атақ-даңқың жер жарғанмен, Келте өмір сүріпсің барлығың да. Қайсарлығың өнеге өшпес маған, Ұрпағымен мұратқа жетпес пе адам?! Бабаларым ту алып ел бастаса, Әжелерім ән салып көш бастаған. Көрсетсе де жат жұрттар қиғылығын, Шеңберіне сыймапсың билігінің. Үш мың түйе айдаған бай болғанмен, Бірақ соның көрмепсің игілігін. Ереуіл атқа ер сапсың өсе келе, Кесірлерді жоймадың кеше неге? Айып, жаза, абақты, қуғын-сүргін, Жазылыпты сендердің пешенеге.

ОЛЖА Жүрсең де айбарыңмен билеп көпті, Алайда тыныштықты үйретпепті. Әйтеуір өлгендерің өз үйіңнен – Бақиға аттанғаның сирек бопты. Тыныш тірлік сендерге бұйырған жоқ, Құрсаулапты қырсықтар қиырдан кеп. Пәнилік олжаң болып мен қалыппын, Тұқымыңды көктеткен түйір дән боп. * Еңіредім кірпігімді жас қырқып, Тентіредім табанымды тас жыртып. Құйын соғып құтырынған қоғамда, Бақыт құсы бізден алыс қашты үркіп. Меңіреу мұң, мені жастай меңдеттің, Қасіреттің бесігінде тербеттің. Қайран әке, мен бір жасқа толмай-ақ, Жат мекенге жан сауғалап сен кеттің. Жәбір сөзді естіп өстім елден көп, Жүрдім талай босағада телмеңдеп. Тарпаң тағдыр тасбауырлық істетті, Мен әкенің мейірімін көргем жоқ. Тебінді ұлы болғаныңмен текті елдің, Өміріңді өкінішпен өткердің. Ағартушы «Халық жауы» саналған, Тағы да бір зар заманға дөп келдің. Кетпепсің-ау, Төлегенше жар таңдап, Жаныштапты пәле-жала, бар салмақ. Туған жерден, өскен елден кетіпсің, Империя шекарасын талқандап. Халықаралық босқын болып бір күнде, Қай қырсықтың қарсы аларын білдің бе?

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Дәрменсіз боп сенің бодан отаның, Белорысқа кеттің тағы сүргінге. Құрбаны боп мейірімсіз мезгілдің, Сергелдеңді елге солай сездірдің. Еңіреп кеп Ертісіңе жеттің де, Аңсап Алтай-Сауырыңды көз жұмдың. Пенде атаулы таба алмайды бақты оңай, Кездеспейді-ау, кілең даңғыл, сәтті орай. Ақын болды сенен қалған жетім ұл, Әке, соны көре алмадың әттең-ай! * Бейнетті көрсең де нетүрлі, Ғұмырын күзеттің жас ұлдың. Жансебіл кенгуру секілді, Баурыңа, қалтаңа жасырдың. Тағдырын жесірдің, жетімнің, Әйгілеп сен тұрдың әр таңда. Арманшыл адам боп жетілдім, Анашым, өзіңнің арқаңда. Асылды кигенмен бойыңа, Жүректе көп сызат қалыпты. Әкенің тоғыз мың қойы да, Сендерді шаян боп шағыпты. Айбынды сардарсың, жан ана, Сарбаздай алдыңда тік тұрдым. Әкенің дәулеті балаға – Септігі жоқтығын ұқтырдың. Мейірім, қайырым ғаламат, Санамды пәктікке билеттің.

ОЛЖА Барға да, жоққа да қанағат Етуді сен маған үйреттің. Зауал шақ өткіздің бастан көп, Өшікті өзіңе кім, неге? «Күйеуі шетелге қашқан» деп, Тұтқын боп түстің-ау түрмеге. Көрген соң қорлықтың зорғысын, Желге ұшып, селге ақты бар еңбек. Қаһарман ананың болмысын, Өттің сен өзіңмен дәлелдеп. Тең көріп ләззат пен азапты, Сынынан сау өттің тағдырдың. Алалап көрмеген қазақты, Дауылпаз ақын ұл қалдырдың. Өспедім еркелеп, шолжаң боп, Көрейін шаттығын көп жылдың. Шешетай, ең үлкен олжаң боп, Мінеки, пәниде мен жүрмін! * Өлез емес өткір болды ажарым, Көп шырқадым жастық шақтың жаз әнін. Он тоғызда ақын болған жігітке, Біраз қыздар бұрды білем назарын. Көп естідім құрбылардың мадағын, Оның несін жасырайын, қарағым? Қылаң ұрып, сылаң қаққан сылқымға, Көздің сұғын, сөздің мірін қададым. Ойын қумай өнер қуған жақсы әдет, Мен өйтпесем кетер едім басқа боп. Ауылдағы бір ағамыз айтатын– «Өз нәпсісін тежей алған патша» деп.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Дүрілдеткен ақын болдым дарынды, Болдым рас ел-жұртыма қадірлі. Мен секілді алып ұшқан ақынға, Сен секілді жұбай керек сабырлы. Татқаным жоқ арақ-шарап дәмін де, Өлең болды байлық, сәнім, әнім де. Адал, қамқор, отбасымның мәйегі, Ризамын сені қосқан тәңірге. Бар олжамды ел-жұртыма тең бөлдің, Менің ағат ісімді де жөн көрдің. Жеңісгүлім, барлық жеңіс сенікі, Мойындайын, мен жеңілдім, сен жеңдің! * Жақсы өмір, жайлы күн, Жоқ менде қайғы-мұң. Сүйікті төрт балам– Зор бақыт, байлығым. Күн дидар, гүл мүсін, Білімге үлгісің. Өзіңмен мақтанам, ЖадыраТұңғышым. Шуағым, құштар ән, Тілеймін құт саған. Айтқаннан қайтпайтын, Анама ұқсаған. Патшамен аттасым, Нұрсұлтан – патшасың. Өзіңді тәңірім, Тіл-көзден сақтасын!

ОЛЖА Тынымсыз сәбиім, Бар Иманғалиым. Имекең ағаңдай, Биіктен таниын. Аман бол, Әмин! Адаспай ибадан, Иманды сүй, балам, Айналдым Алладан, Сендерді сыйлаған. Бұйырды бүтіндік, Етпейін күпірлік. Бақытты адаммын, Аллаға шүкірлік!!! * Бейуақыт жөргегіне ораған боп, Балалық қызығымды тонаған көп. Айтатын мені көріп қариялар – Өлмесе орнында бар оңалар деп. Өлшенер таразыға тартылса адам, Дақпырт жүйрік болмасын, даңқым шабан. Өлместің Әбілхаят суын берген, Ризамын қара орманхалқым саған! Шүлен шұғыла сыйлады күлімдеп күн, Мен мәреге қырсықтан бұрын жеттім. Балалығым бақытсыз болғанымен, Бозбалалық шағымда дүрілдеттім. Ел кездім мініп алып кер дөненге, Бір атағым жайылды елден-елге. Бір өңірді шулаттым содырлықпен, Жылаған бала уанды мен дегенде.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Ел осылай «таныған» міне бізді, Сотқарлық кеп емшегін бір емізді. Өзім тентек, сабаққа салақ болдым, Менен біраз ұстаздар күдер үзді. Жұқтырып ала ма деп, жаман әдет, Шағым айтты ұстаздар анама кеп. Ойлайды ғой жаңадан ес жиғанда Бір пәлеге ұрынып қала ма деп. Жүрсе болды әйтеуір басың аман, Таситұғын кезіңде тасы, балам! Қиянат, қызғаныштан аулақ бол деп, Күлімдеп кеп сүйетін асыл анам! Болған соң жер орнында, халқым аман, Бір арманға қол создым жарқыраған. Мендегі ақындықтың көзін ашты, Саңлақ Сәден, Жұмажан марқұм ағам! Қазағымды жырлаудан жалыққам жоқ, Ықыласты алдым мен халықтан көп. Менің дауысым шыққанда ақ боз үйден, Қыз-бозбала тыңдайтын жабықтан кеп. Кәусар жыр сусындатты мынау елді, Жұрт елжіреп ақ бата, дұға берді. Кешегі жетім Қайрат, сотқар Қайрат, Міне, осылай ақын боп шыға келді. Алтайымда алтын боп ақтарылдым, Тарбағатайдың тарихын жатқа білдім. Іргелі Іле менің өз үйім боп, Жиреншедей көсіліп жатқан ұлмын. Анау Еренқабырға еркелетті, Боғда, Бисан ойымды көркем етті. Кеңсу, Хайыз, Бұланай, Такламакан, Ертегілер еліне ерте кетті.....

ОЛЖА Көкшетауда тіреді төбем көкті, Сарыарқа ой-санамды тереңдетті. Алатау, Жетісудан шыққан дауысым, Сонау Еділ-Жайықты елеңдетті. БаянӨлгейде өнерден безбенделдім, Қосағаш, Барнауылда сөз меңгердім. Хакім Шоқан бабамыз білім алған, Омбы Кадет Корпусын көзбен көрдім. Бойсұнып мезгіл деген төрешіге, Сақталған ақын болдым ел есіне. Бішкекте бүкіл қырғыз танып мені, Күллі Ташкент көтерді төбесіне. Мәрмәр теңіз-арманның айдыны едің, Жыр құсым саған қанат жайды менің. Анау Альпі шыңына шығып тұрып, Еуропаға қазақты әйгіледім. Жапондар да мені көп жағалады, Орман орыс ақын деп бағалады. Француз, испан, неміс, ағылшындар, Өлеңмен айтысуға жарамады. Бәріне Қазақ жырын айтып берем, Тақиямнан кеткен жоқ тайқып төбем. Жайлауда құлын жеген көк бөрідей, Еліме олжалы боп қайтып келем.... Өміріме өнерден қор жасармын, Бабалар жосынымен жол басармын. Қай елде, қай тарапта жүрсем-дағы, Қазақтың өнеріне олжа салдым. Жұмысым жоқ желқабыз дауда менің, Нағыз өлең жанымды баурап едің. Еліне өлмей жеткен Таңжарықтай, Аллаға сансыз тәубә, тәубә дедім!!

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД АЗАМАТ АРМАНЫ Мейірін төгіп шат заман, Ақаусыз боп ержеткем. Еліме сонда мақтанам, Танылсам егер еңбекпен. Қажырлы болсам табанды, Қарсы алсам бақыт таңдарын. Азамат болсам қалаулы, Міне бұл асыл арманым. Мәуелеген шынардай, Өсіп-өніп келемін. Қажетті болсам бұраудай, Бақыттымын дер едім. Жүрегіммен білемін, Ұлым деп мені тапты анам. Туған ел сенен тілерім – Зіл жүгіңді арт маған! 1983 жыл, 4 сәуір. Жеменей, Тайсойған

ӘН Көп сырды тұлғасына ән жиыпты, Ән көрсеткен біздерге әр биікті. Сол әннен естігенбіз талай-талай, Шаттықты, сағынышты, зар-күйікті. Болғандай бүгін шаттық, бұрын қайғы, Егіз үн талмаусырап ыңылдайды. Ауған елдің «Елім-ай», «Ағажайын» Естісең сай-сүйегің шымырлайды. Жүрекке шемен орнап қалса-дағы, Ғазиз жүрек зарланып ән салады.

ОЛЖА Мың қайғыны бір әнге сыйдырыпты-ау, «Атыңнан айналайын Қарқаралы». Әнмен егіз өссін деп жан баласын, Арнадым жүрегімнің жарнамасын. Аспан жердің арасын жалғастырған, Талмасын – деп тілеймін ән қанатын. 1984 жыл, 11 желтоқсан. Жеменей, Тайсойған КҮЙ Үңілсем тарихтың парағына, Мың алғыс күй құдірет қазағыма. Көз алдыма елестеп «Қайран шешем», Мөлдіреген жас тұнды жанарыма. Үңілсем тарихтың парағына, Күйге үнсіз мүлгіді дала мына. Домбырам әлемнің бар әуендерін, Сақтапсың-ау, шап-шағын шанағыңа. 1985 жыл,4 қаңтар. Жеменей, Тайсойған

БИ Шалқыса қуанышпен от жүрегім, Мен сонда ақтарыла көп күлемін. Тек қана гүл көңілдің айғағысың, Би-шаттық, би-мереке деп білемін. Отырайық күлкінің күймесіне, Жас дәурен, балғын өмір – сыйнесібе. Деуші еді «Ойна да күл, ойлана біл», Құрбыжан, жүр барайық би кешіне. 1985 жыл, 3 ақпан. Жеменей, Базарқұл.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД УАҚЫТ – ӨМІР Жаралмаппын адам болып теп-тегін, Бар екен-ау, сары күз бен көктемім. Жадырасам жаз күніне масайрап, Қыңыр қыстың қысымдарын сөкпедім. Бой таласар бәйтерек боп бір шыбық, Ол да қурар тамырлары қыршылып. Жаңа тозып, жас қартайып әйтеуір, Өтеді екен тізбектелген тіршілік. Жүргенім жоқ уақытты билеп мен, Жырынды ғой өмір шалма сүйреткен. Адуын мен азулының барлығын, Уақыт – өмір жуасытып үйреткен. 1985 жыл, 9 қараша.. Алтай қаласы. ОЙ Көбелек гүлден нәр алса, Құс сілкініп таранса. Қараймын соған қадалып, Ойсоқты болған адамша. Өзен боп ойлар ағады, Қыран боп қанат қағады. Көшкен жұрттай көңілім, Құлазып кейде қалады. Азынаса күз желі, Көңілім жазды іздеді.... Есіме түсіп кеттің-ау, Балалық шақтың іздері....

1985 жыл, 14 шілде. Жеменей, Тұманды.

ОЛЖА ӨКІНІШ (Қарт бойдақтың аузынан) Сылқым едім сылаңдаған жасымнан, Қиын болар өткен істі жасырған. Елде жоқ бір сұлу алсам деп жүріп, Жастық шағым кетіпті өтіп басымнан. Айлар алдап, жылдар өтті жұлқынып, Кетті басқа ақ шаш қаптап ушығып. Жас бейшара шегерсем де тоқтамай, Қырық беске бір-ақ барды қырсығып. Шашымда да қалмай барад қарайған, «Ақ күмістер» жылтылдайды самайдан. Жығылғанға жұдырықтап дегендей, Сақал болды кәрілікке дәл айнам. Кәрілік те келіп жатыр хабарлап, Ет те қашты бет-ауыздан тарамдап. Бар сенгенім қасқа тісім түсіп ед, Қызыл тілім шыға келді жалаңдап. Жылпос жүріс, жылтыраған өң тозды, Махаббатқа қате сыздым чертёжды. Албырт көңіл, тәтті үміттер алыстап, Өкінішті арқалады ой сорлы. Бұлай болар деп ойлаған кім бұрын? Мазағына ұшырадым құрбының. Сұлу іздеп босқа өткізген өмірден, Артық екен «сүйіп алған су мұрын» 1985 жыл, 11 қыркүйек. Жеменей, Ошарбай.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД ЕСКЕРТУ «Жақсының білмесең қадірін, Жаманнан тартарсың жазаңды....» Достықтың қуратсаң тамырын, Жауыңнан табарсың ажалды. Момынға басынсаң қорсынып, Ел қазар үйіңнің іргесін. Күні ертең сенен де зор шығып, Сағыңды сындырып жүрмесін. 1985 жыл, 14 шілде. Жеменей, Тұманды.

АРМАН Арманым, сенсіз өмір жоқ па маған? Жас жанымды сен едің ноқталаған. Шынының түбіндегі май шамға да, Бөбек күнде телміріп көп қарағам. Арманым, жеткізе көр, алыс күнге, Тірлік деген аламан жарыс мүлде. Кірпіктерде кідіріп арман тұрар, Жатсаң да ақырғы дем, әл үстінде. 1986 жыл, 1 қаңтар. Жеменей, Күзеуши. КӨЗ ЖАСЫ Күнә болар жазмышты кіналаған, Үнемі күліп тірлікте тұра ма адам? Пенде болып келген соң бұл пәниге, Кім бар дейсің өмірде жыламаған. Күлуші едім, бірақ мен желікпеп ем, Жыласам да жігерді кемітпегем.

ОЛЖА Көп себебі бар екен көз жасының, Бәрін-бәрін, бір-бірлеп көріп келем. Байлығы керек болмай хан-төренің, Еркелік болған екен бар сенерім. Бала күнде жыладым ауық-ауық, Айта алмаймын мен бүгін дәл себебін. Рас аға, өзім де жылағышпын, Шаттанғанда көзімде тұрады ұшқын. Кеткен келіп, кемдігім толған шақта, Тұнық жасы төгілген қуаныштың. Тұрмаған соң бұл тағдыр ерік беріп, Сарғайтады мың елес төніп келіп. Баяғы, өткен күнді сағынғанда, Көз жасымды жіберем төгіп-төгіп. Кезім жоқ уайымға бос құлаған, Кейде мені мүсіркеп дос жылаған. Сонау жыл қасіреттің ауыр жасы, Нұр жүзімді аямай осқылаған. Соның бәрін көтеру көңілге сын, Жаным неге сенімге семірмесін?! Есіл жұрт, жеттік міне жақсы күнге, Қасіреттің көз жасы төгілмесін!! 1986 жыл,19 сәуір. Жеменей , Қаржау. ТАУ Тау дегенде көп істер келеді еске, Жетелейді әр ойлар көп елеске. Батасын бабам берген «Таудай бол» деп Сол тектінің ұрпағы мен емес пе?! Таудай асқақ қазақтың ұлы арманы, Тау жаңғыртқан ұлтымның ұрандары.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Көл-көсір көңілімді толқытады, Тау жолында көштердің шұбалғаны..... Тауларым өршілдікті беріп маған, Ғажайып аңыздарға еріп барам, Асқарыңнан қарасам айналама, Серпіліп ауыр ойдан кеңіп қалам. Менің қаным тау суы сарқылмаған, Ұлы тау менің абыз жарқын бабам. Қарағайдай қайсармын тауымда өскен, Мінезім тау самалы аңқылдаған. 1986 жыл, 24 сәуір. Жеменей, Тосты. ЫРЫМ ЕТТІМ Өз үйімде жайнасын деп, Көркемдіктің гүлін ектім. Қауашағын ашып сол гүл, Жақсылыққа ырым еттім. Жай таныстар кездескенде, Жылы жүзбен күліп өттің. Гүл күлкіні шын достыққа, Апарар, деп ырым еттім. Түсімде иттер қамалапты, Өлтірдім де тірі кеттім. Үні өшіп жат пиғылдың, Сол түсімді ырым еттім. Бойұсынасың шарасыздан, Үкіміне құдіреттің. Сергелдеңді, серуенді, Бақытыма ырым еттім!!! 1986 жыл 11 қазан Жеменей, Шалшықай.

ОЛЖА АДАМ (поэма) Дегдар халқым, деме маған «қой ұлым» Адам жайлы ұланыңның ойы мың. Жалған сөздің жарқ еткізсем сойылын, Талша қырқыл, менің қылша мойыным. Жасадық па қуаныштан бөлек той, Айта алдық па бақи жайлы деректі ой. Болашақты болжау үшін адамдар, Әлмисақты бір еске алу керек қой! Көрді адам көп ықылым, ғасырды, Оған талай азулылар басынды. Жыртқыш жеген өлексесін сасытпай, Топырақпен, жапырақпен жасырды. Алыстатпай күн көруден іргесін, Өткізді олар керуенді жыл көшін. Ауру, аштық табиғаттан келсе өлім, Көз жасымен бірге көмді мүрдесін. Көрмеді олар ерте жатып, кеш тұрып, Жүр үйткені талай дөкей сес қылып. Қауымдасты, жұптасты олар, топтасты, Осыдан-ақ көрінбей ме естілік! Алуан әнге бөлендіріп құс көкті, Сайрандапты, оқпен жерге түспепті. Жер – анада мұндай қалың жара жоқ, Көркем еді-ау, қалы кілем іспетті. Адамдығым – ғажайыппен шектесу, Адамдығым – сүйіну мен кектесу, Адамдығым – құбылыспен беттесу, Адамдығым – айтса бітпес көп кешу.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Кейде жүрген жолымыздан шегіндік, Кейде тіпті жіктелумен елірдік. Ақ пен қара, сары, қоңыр нәсіл боп – Біз адамдар енді осылай бөліндік. Нәсілден де таппаған соң жарастық, Біз тағы да ол қулықтан ары астық. Жердің шары бес құрлық пен төрт мұхит – Деп бөлдік те енді осыған таластық. Жосындарды тәрік етіп бұрынғы, Ойлап таптық тыңнан тағы бір үлгі. Адамдардың пысықтығы арқылы, Шекаралы мемлекеттер құрылды. Бірақ, тыныш өте алмадық мәңгі өстіп, Торығумен кейде ауыр хал кештік. Қоңыр аңдар жыртқыш аңның азығы, Бізге содан жұқты ма екен қандестік? Жаулап алды бақталастық еркіңді, Өзің солай асқындырдың дертіңді. Оразада қазірет Ғали бабамды, Абдрахман Бин Мүлжім өлтірді. Айрылдық-ау, кейде таза көріктен, Сөздер қайда тасты майдай еріткен, Өзгерсе де әлем қанша құбылып, Әділеттің орнамауы неліктен? Күштілер кеп әлсіздерге алайса, Байғұстардың қорқатыны қалайша? Ойшыл кедей ойсыз байға жаутаң көз, Күні үшін күлік жеген малайша! Шексіз байлық қанағатсыздың қайығы, Бітім айтты жалмауыздың жайыны.

ОЛЖА Салауаттың саждасына бас ұру, Бізге ерте жұқты ма екен зайыры?! Адам үні аспан кернеп, жер жарды, Туып, өліп жалғасасың сен мәңгі. Аспанда құс, суда балық болдыңдар, Айтшы енді, істемеген нең қалды? Күн нұры жоқ жан дауа боп табатын, Гүл нілі жоқ өзегіңді жаратын. Бактерия бәсекесін ұлғайттың, Дал-дұл етіп анау озон қабатын. Қазір жойғыш құрал жасау әлегің, Бәсекемен өндіруде әр елің. Ядро қару ойыншық етіп тастады, Қарапайым шиті мылтық замегін. Нейтрон бомба жай қарудан мың қымбат, Жұлымырлар, соны жасай білдің нақ. Соның бәрі ештеңеге соқтықпай, Кетеді екен тек адамды қырғындап. Соғыс десе түршігемін қарадай, «Бомба жесе» деймін қайран далам-ай. Қол басындай сол құбыжық түскен жер, Қалады екен ештеңеге жарамай. Жер ананың бар байлығын тонап ап, Енді оны жараласақ, обал-ақ. Соғыспай-ақ қойсаңдаршы, адамдар, Жүрсеңдер де ұжмақты жобалап. Жолы қайда өнегелі өнердің, Соны теріс пайдалана жөнелдің. Қырып-жою апатына айналды, Таңғажайып тапқырлығы Нобельдің.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Адам тапқыр, жасампазсың, білгірсің, Ізденусіз ішіп-жеген күн құрсын. Химиялық бір жүз тоғыз элемент, Тағы қанша болатынын кім білсін? Қанағаттан айырылып тағы да, Ой бөлмедің табиғаттың заңына. Жиі-жиі мазасызданды маңғазым, Ана-жердің ядросы мен магма. Жер қопардық миллион метр, мың метр, Адам бұрғы машинасын мін де тұр. Адам-бала, жер-ананы күйретіп, Ақыр заман болмасына кім кепіл!? Өркендедік көп ғылымға жол салып, Қуанар ек соның бәрі болса құт. Кереметің қанша болса адамдар – Кесірің мен кедергің де соншалық. Бұл адамдар ұрпақ жалғап түрленді, Қалды әйтеу ғұмырынан бір белгі. Несібесін ғасырлар мен жыл берді, Ұқсамаған «қоғамдарда» күн көрді. Тағы сондай бөлінуден бүлінді ел, Ұстараның жүзінде өмір дірілдер. Кетті қаптап ілімдер мен «измдер», Қайсы «изм» бақ сыйлайды біліңдер. Табиғилық мезгіл өтті бастапқы, Жасандылық бәрін сырып тастапты. Шешуі жоқ жұмбақ болды бұл пәни, Түсіне алмай ой жұқарып, бас қатты. Адам ата, Һауа ананың баласы, Таусылмайды жаласы мен наласы. Адам, адам, қайрылып бір қарашы, Алшақтады жақындықтың арасы.

ОЛЖА Иба болса деуші еді иман бар, Ей, адамдар,тұнық көңіл-күйді аңғар. Бір-біріңді жаманатқа қимаңдар, Балта сабы аз ғұмырды сыйлаңдар!!! (Әуелгі нұсқадан ықшамдалды). 1988 жыл, 19 қазан. Жеменей-Тайсойған-Топтерек КЕШКІ ТІЛЕК Көп шуылдың елеместен ешбірін, Ойға батып тұрмын үнсіз кешқұрым. Қалдым қарап жалғыз қара ноқатқа, Қаз екен ол сұңқылдауын естідім. Бейуақтың көргенімде реңін, Өшкіндеген сияқтанды нұр өңім. Сыңар қаздан көз айырмай сонда мен, Жалғыздықтан сақтай көр деп тіледім. ТӨЛ ҮЙШІГІ Жас төлдерге айтатын сөзім бардай, Емірене қараймын көзімді алмай. Қоңыр қозым, ақ ботам сендер үшін, Иншалла, өзім нардай, сезім балдай. Келеді төл үйшігін қастерлегім, Маған бақыт қолымнан ас бергенім. Көбейсе екен, өссе екен үйшігінде, Шырықтары бұзылмай жас төлдерім. Төл – ұрпақ келешектің ашты есігін, Бұл өмірге жыр болып жатты есімің. Төл үйшігін күзетем ұйқы көрмей, Ол менің ақ бесігім, бақ бесігім. 1988 жыл, 14 көкек. Жеменей, Шеге.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД ӨМІРДЕН САБАҚ Қызық, қырсық күндерімнің көп сынына жараймын, Өмірдегі армандары таусылған жоқ талайдың. Дүниенің бәрін көріп, бәрін біліп алғым кеп, Айналама ойлы көзбен обырлана қараймын. Қара нөпір зираттарды көргенімде жолшыбай, Ойсыраймын қоңыр қойын бөрі қырған қойшыдай. Аңдып жүріп ататұғын ажал мерген екен ғой, Өмір деген қас-қағым сәт болғаны ма ойпыр-ай. Жер ұйығын іздесе Асан, сары атан боп сор таттым, Көгал іздеп сазға батып, тас қорымнан жол таптым. Қалай екен? Кей мезгіл жауды құртқан батырмын, Қалай екен? Беймезгіл қоян жүрек қорқақпын. Неткен зар жақ пендесің деп сөкпе мені, досым-ай, Мен оқыған сабақтар мен кешкен күндер осылай. Бұрынғылар бір күн өтсе жылайды екен зар илеп, Мен де сондай әр күнімді батырмадым шошымай. 1988 жыл, 20 қараша. Қаба ауданы. МЕНІҢ АРБАМ Көз жетпесте асылым қалғандай нақ, Мен асығыс келемін арбамды айдап. Бұл сапарда мұнартып күн батады, Бұл сапарда атады таңдар жайнап. Жол тоздырып арбамның дөңгелегін, Аманат ауыр жүкпен мен келемін. Қайырымды ауыл тоқтатып берді сусын, Кер далада шаңырқап шөлдеп едім.

ОЛЖА Сонда да менің арбам жай таппады, Жүріп келем маңайды байқап тағы. Бір ауылдың тұсынан өткенімде, Бұралқы итін кейбірі айтақтады. Мен неге жол жүруден жалығармын? Ұзақ жүргім келеді, ары барғым. Арық ат, сынық арбам тоқтамады, Көп елдің бөгенайын танып алдым. Қайдасың самғар көгім, арман көлім, Кім білсін құздан ба өлім, жардан ба өлім? Өмір – сапар тоқтайтын кезі болар, Атым өлер, шағылар арбам менің. Жыр арбасын айдасаң жырмен доғар – Осылай дер, соңғы ұрпақ бір кезде олар. Мен өлгенде сол атым пырақ болып, Мен өлгенде сол арбам күмбез болар! 1989 жыл, 4 қаңтар. Жеменей , Топтерек.

ЖОЛЫҚПАҒАЙ Сонау кез дүрбелеңдер болып талай, Ата жаудан сәбидің қорыққаны-ай. «Елім-ай», «Ағажайлап» ауған елдің, Шерлі күні бізге енді жолықпағай. Жүргенде өркендеуге соғып сарай, Озбыр жаулар жүреді торып қалай? Атамекен кетпесін жат қолында, Қан кешкен қырғын күндер жолықпағай. Тарым-күйік, Сібірде тоңып талай, Кетті бір кез үрейге толып маңай. Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Данышпан, кемеңгерін көп жоғалтқан, Зұлмат ғасыр қазаққа жолықпағай. Біз жауынгер халықпыз, жорыққа бай, Тыншымайтын кемдігін толықтамай. Көгіңнен бақыт нұры жаусын елім, Кірлеген бұлт мәңгілік жолықпағай!! 1989 жыл, 20 қаңтар. Жеменей, Ласты

ЖАБУЛЫ ОЙ Дөнен көмбіс, құнан жуас, тай семіз, Алшы асық аз, көп түсіпті-ау тәйкеміз. Табиғаттың қожасымыз деп жүрміз, Жер жойылып, күн қартайса қайтеміз?! Ғажабы жоқ пенделердің ісінің, Достық, жаулық, бейтараптық – үш ұғым. Ұйқышыл боп менің баққан мысығым, Ерке болды есіктегі күшігім. Рас, рас, мен көрмеген кесел жоқ, Бізді үркек етті білем, нөсерлі оқ. Жау – жаламда ана сүтін еме алмай, Өстім әрең жұмсақ сүйек, мешел боп. Бақ пен сордан ауысыпты-ау кезек мың, Келді осылай кешірмемді сөз еткім. Кең даламда атқа мінсем өжетпін, Зорды көрсем жаудыраған көжекпін! 1990 жыл, 7 сәуір. Үрімжі

ОЛЖА САҒЫНЫШ Сыр шертіп жылдар менен айлар маған, Базарын балғын күннің сайрандағам. Дариға-ай, өзім енді қайран қалам, Кез болды бір сағыныш қайдан маған?! Көктем кеп, сән әкелді, гүлдер екті, Жыл құсы айтар ма екен бір деректі? Әкешім, сені ойлаумен күндер өтті, Арманым өзіңменен бірге кетті. Сағынды сейілдеген қыраттарың, Сағынды суын ішкен бұлақтарың. Ұлғайтып жүрегімнің сызаттарын, Жан әке, неге ерте жырақтадың? 1989 жыл, 24 қазан. Үрімжі. ЖЕКЕ ШУМАҚТАР Иіскей алмай боз жусанын даланың, Өз иісімді ұмытыңқырап барамын. Қасқыр ұлып, ұлар шулап жататын, Тарлан тауға шыға алмай жүрмін, қарағым! *** Санасызбен сайрандап, ойнап-күлдім, Енді соны опық жеп ойлап тұрмын. Пәруайсыз, сенгіштік – ақылсыздық, Аңқау басым қасқырға қой бақтырдым. Қырғилар боз торғайдың шырқын алды, Сауысқандар көп айтты жыртық әнді. Халал менен харамды ажыратпай, Бірге бақтым доңыз бен жылқыларды.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД *** Қызғалдақ – жаз, қарғалдақ – қыс көктейді, Түйе пішкен жеріне кеп шөкпейді. Тұжырымды қуатта, мейлі, сөк, мейлі, Жүйірік өгіз шабан атқа жетпейді. *** Иттердің де шежіресін сөйлетем, Көк бөрімен мәртебесі кейде тең Тышқандарға қожаңдаған мысықтар, Жолбарыспен тұқымдаспын дейді екен. *** Құлқұтандар құрмайды ірі кеңес, Табиғат пен өмірдің сыры көмес. Сүттей аппақ айдың да жүзінде дақ, Лай судың дауысы да тұнық емес. 1990 жыл, 17 – 20 мамыр. Үрімжі

ӘНІҢЕ САЛШЫ Әніңе салшы, қарағым, Сен әндетсең телміріп қалады екен, Қоңыр аңы даланың. Әніңмен жаз, орнын ескі жараның. Рұқсат етші, жалғыз ғана талабым Азырақ жылап аламын. Әйтпесе, қасіретімнен Ішқұса боп барамын. Әніңді шырқап жақында, Бірақ әсте тез өткінші сезімнің Көшкен бұлтын шақырма. Көз алдымда нажағай боп шатырла, Қажеті осы ақынға.

ОЛЖА Мені сен ойға батыр да, Қайта келіп көз жасымды, Әніңмен сүртші, мақұл ма? Даламның иісі тұр аңқып, Қайтесің оған бола Жүдеу жүзге кіна артып. Жүрмін қазір жүрегіме жүк артып. Сендей боп өсер шынар тік Сенің әнің құр байлықтан мың артық. Көзімнің алды шұбартып Жан дүнием мұнартып Тұтқын болдым тұнық әнге құмартып! 1990 жыл,31 желтоқсан. Жеменей, Топтерек

ӨЗІМНЕН ӨЗГЕГЕ

Еңбектеумен өтті де еселі күн, Содан бері түнеріп ашылмаймын. Бұл өмірдің мес қарын мешелімін, Өз мінімді өзгеден жасырмаймын. Шикі өмір паңдықты тез бердің де, Тыңдамадым мұң-зарын соры бардың Самұрық, бүркіт тегімнен өзгердім де, Түнде ұшқан жарқанат болып алдым. Балаңмын деп алдасам баяғыда, Күлше беріп қуанды көрші қатын. Содан бастап қан түсіп аяғыма, Арман шыңым құлады мен шығатын. Жайың бар ма ақылмен артатұғын, Қайран бабам осылай десе бүгін. Жүйріктерді тізгіннен тартатұғын, Әдеті көре алмастар көсемінің. 1990 жыл, 30 желтоқсан. Жеменей, Топтерек.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД СӘЛЕМДЕМЕ (Қазақстанға алғашқы сапар) Ашқанымда сағыныштың сарайын, Гүл-гүл жайнап кетті-ау, міне, маңайым. Баршаңызға жылы жүзбен қарайын, Армысыңдар, аңқылдаған ағайын!!! Жатырқама жігіті деп жат елдің, Баласымын қазақ деген әкемнің. Болар бәлкім байтақ елге байғазы, Дарқан көңіл дастарқанын әкелдім. Қазақ деген қайсар елдің ұлымын, Өз еліме арналады тұнығым. Жиырма сегіз мемлекетте қазақ бар, Сол қазақтың жігітінің бірімін. Халық жүгін қара нар боп көтердім, Халық десем арманыма жетермін. Баршамызды қауыштырған осылай, Достығынан айналайын, екі елдің. Алматыда тербелейін деп келдім, Шаттығымды тең бөлейін деп келдім. Жарты жармақ дәметпеймін ешкімнен, Ел көрейін, жер көрейін деп келдім. Осы өңірді «жер ұйығы» дескен жер, Осы өңірді мекендеген көшпенді ел. Осы өңір ел басына күн туып, Есіл ерлер етікпен су кешкен жер. Осы өңір Абылайдай ұл туып, Райымбек ақ сауытын шешкен жер. Осы өңірге шапқыншылық жасаған – Жаудың үні ұлып барып өшкен жер.

ОЛЖА Осы өңір көп ғылымның көкесі – Әбунасыр Әл-Фараби өскен жер! Анық білем алып Шоқан-тау жайын, Өткенді айтып ертеңгіні баурайын. Бір қасиет жұғар ма екен бабадан? Абай туған күл төгерге аунайын. Алыстамасын ағайынның арасы, Жырыңды айтшы, жырау қазақ баласы. Сырыңды айтшы, Сарыарқаның даласы, Мұңыңды айтшы, Отырардың қаласы. Бар асылды ата жауға алдырып, «Ақтабанда» болдың қанша қанжілік. Содан бері ғажап ғасыр, жыл өтті, Сондай күндер келмесе екен мәңгілік! Өсер елде сері менен сетер көп, Ұл борышы ұжданымен өтелмек. Шын тілеймін өз қолыңмен көтерген – Шаңырағың шайқалмаса екен деп! Сені жаулап ала алмайды мәңгі ешкім, Сен өйткені ақиқатпен арда өстің. Ұлы отанның азаттығы жолында, Бір мың төрт жүз он сегіз күн қан кештің. Мен осылай кешкен күнді қозғадым, Арлы азамат ойламайды өз қамын. Халық бүгін қадірлеуге міндетті, Елі үшін боздап өткен боздағын. Ұл боп тудым, ұлша өмір сүрейін, Ең алдымен мен осыны тілейін. Осы халық түкті жүрек ұл туып, Жауларының ұшырып ед үрейін. Қасиеті қалай екен білейін, Бауыржанның көшесімен жүрейін.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Төтеп берген аптап пенен ызғарға, Арулар ғой жаудың шебін бұзғанда. Асыл рухы Әлия мен Мәншүктің, Бар шығар-ау, анау көркем қыздарда. Қазақта көп Жібек қыздар бар еді, Бұл тұжырым кіл шындықтың дәлелі. Таңырқаған азияның әлемі – Камалиева Салтанатың әдемі. Мединені деуші ек бұрын алыс жер, Қазір аспан әлемімен танысты ел. Бұл да сенің мақтанышың қазақтар – Тоқтарың мен Талғатың бар ғарышкер. Күшіген құс болмайықшы босқа ұшқан, Босқа ұшсақ табалайды-ау, дос-дұшпан. Озық ойлы азаматтар көбейсе, Бәлкім әлі-ақ жолығармыз космостан. Жиырма бес жас құшағыма толып гүл, Ата жұртқа келу бақыт болып тұр. Сағынышпен еске алатын болайын, Сұңғыла қыз, сүйікті ұлға жолықтыр. Соларменен сырласайын деп келдім, Гүл теруге қырды асайын деп келдім. Лазер нұры деген мынау дәуірмен, Қалжыңдаспай шындасайын деп келдім. Разы боп көңілді өткен күніме, Ұлықпанша бір жасайын деп келдім. Шын жоқшысы болсам екен өткеннің, Өткен күннің өкінішін көп көрдім. Аралың мен Балқашыңның ортасын, Ойлы жырмен толтырайын деп келдім. Жәннат болып кетсе-дағы жер мен көк, Бұл өмірде өкінішпен өлген көп.

ОЛЖА Қасымың мен Мұқағали аяулың, Бұл пәнидің рахатын көрген жоқ. Көп айтып ем өрт Қасымның жыр-әнін, Мұқағали жырын оқып жыладым. Жырлап өткен, жылап өткен ақынға, Оқылатын осы өлеңім – құраным. Күллі әлемге бейбітшілік тілеген, Өз елімнің сұлтаны боп шіренем. Келдім анау миллиардтар елінен, Тұнық қазақ дегеніңіз, міне мен! Жаңылмашы, өз ұлтыңның атынан, Дәстүріңнен айырылсаң аһ ұрам, Қазақ тілі, қазақ салты жайында, Құрбыларды бәсекеге шақырам. Ұйтқы болып оқу деген центрге, Алтынсарин Ыбырай өтті бертінде. Ана тілден айырылмайын десеңдер, Құрмет қыл шарбат тілді шалдарға, Құрмет қыл кербез тілді кемпірге. Тіл – жазуды тауып алам десеңдер, Байтұрсынов Ахметті өлтірме. Шала деген атты өзіңе келтірме, Шала деген атты өзіңе келтірме! Туылмаған қағажудың бірі де, Ризамын күдігі жоқ күніме. Бізде қилы қиын күндер болса да, Шектемелер қойылған жоқ тіліме, Шектемелер қойылған жоқ дініме. Алыстамаған барлық ұлттан арасы, Біздің елдің қазағына қарашы. Хан ұлтының көп тарихын жазыпты, Мазартайдың Тоқтай деген баласы.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Ыстыққа да, суыққа да төзімді, Жігіт болдым алаулаған сезімді. Сол ғұлама жақсы атаның зәузәті, Мықтымын деп, есептеймін өзімді. Кездессе де мың жезтырнақ, мың мыстан, Айырылмаппыз біз күрделі тұрмыстан. Моңғолмын ба, Меркітпін бе деп жүріп, Бұл пәниден өткен екен Шыңғысхан! Мен осындай ғаламатпын, ғажаппын, Мен осындай қасиетті қазақпын. Қақылымын масайрауға алаңсыз, Бұл шаттығым болмайды енді аз-ақ күн. Аулақ менен, қара түнек азап-мұң! Келгенімде жаны жайсаң ізгі елге, Не жетеді емін-еркін жүзгенге. Алдыңда тұр, Қайрат деген азамат, Безбендеудің қортындысы сіздерде! Заман-кешу, заман-тарих, заман-жол, Сол замандар сыр ұқтырған маған мол. Тілектердің саны шексіз болады, Соңғы тілек, ағайындар, аман бол!!! 1991 жыл Мамыр – Маусым – Шілде. Қазақстанның Алматы, Өскемен тағы басқа қалаларында сахнада орындалған. ТАУСЫЛУ Орманың өртенді, Арманың ерте өлді. Ардағың дерт емді, Көрсетпей ертеңді, Бұлт басты өлкеңді. Өңірде тұман бар, Көңілде күмән бар.

ОЛЖА Өмірде ылаң бар, Көбейді жыландар, Қайдасың, қырандар! Ұмытып обалды, Байлығың тоналды. Жерің шаң оранды, Ағызып сораңды, Думаның жоғалды. Тірліктің жолдары, Өрмекші торлары. Ұшқан құс қонбады, Сондай күн орнады. Қамықпа, қарағым, Өлмесек болғаны! 1992 жыл. Тамыз Құлжа қаласы. ЖЫЛ ҚҰСЫНА ӨКПЕ-НАЗ Гүл көктемде қиқулап жетесіңдер, Қоңыр күзде тыраулап кетесіңдер. Екі мезгіл екі үйек ермек болып, Сендер солай өмірден өтесіңдер. Аспанда ойнап, жеміңді жерден жейсің, Мен көретін қыстарды сен көрмейсің. Бойыңдағы кемдікті сезбей тұрып, Еркелікті табиғат берген дейсің. Күзде неге бізбен бір болмайсыңдар, Қыста неге бізбен бір тоңбайсыңдар? Көктем, жаздың көлдерін қорғайсыңдар, Жыл құстары, әрине сондайсыңдар! 1993 жыл, 13 маусым Тарбағатай, Қобық ауданы.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД АБАЙ Бисмилла рахмани-рахим, Абай – шұғыла көкейімде тұратын. Аспандатқан қазағымның мұратын, Аруағыңнан айналайын, ұлы ақын! Абай – пірі, азғындауға ермеген, Абай – ұлы, елді алалап бөлмеген. Абай – батыр, жауға шапқан көлденең, Абай – ақын, еш рахат көрмеген. Абай – бұлбұл, даланы әнмен тербеген, Абай – дүлдүл, айлаға жол бермеген. Абай – пәни, ғұмырын ой кернеген, Абай – бақи, көзін жұмған шерменен! Абай – бірі, санамалы алыптың, Кешір баба, қымбатыңды жаңа ұқтым. Абай – күллі адамзатқа жарық күн, Хакім ұлы қазақ деген халықтың. Ана болған есіл Абай егейге, Пана болған бейнет кешкен кедейге. Шыңғыстауда шыңырау терең сыр тұнып, Тарлан тарих жатыр анау, Семейде. Мен үңілсем сырларыңа ары таман, Ғашықтардың іздерін де дәл табам. Мамыр қыздың мақпал шашын жастанып, Осы өңірде көзін жұмған Қалқаман. Жырау ұлың Ақтамберді тегінде, Сардар болған жорықтардың шебінде Күмбезі тұр күңіренген күй тартып, Семейдегі Жүрекжота жерінде. ЕңлікКебек Шыңғыстауда өтіпті, Табысыпты, арманына жетіпті.

ОЛЖА Соған бола Арғын, Найман жауласып, Ұзақ жылдар із салыспай кетіпті..... Әзәзілдік кіріп жосын-жораға, Кигізілді елге тұйық томаға. Ғашықтықты жаулықпенен өлшесе, Бұдан өткен әлжуаздық бола ма? Кеңгірбай би соғып сойыл құрығын, Шайқалтыпты тыныштықтың тұнығын. Өскенбай би тым өрескел ашумен, Мәмбетейдің кесіп алған мұрынын. Парасаттың ісі деуге бола ма, Ожар бидің орашолақ қылығын. Балғын Абай пәк үмітпен таранған, Зерделі әже Зереден ол нәр алған. Ұлағатты Ұлжан сынды ана мен – Қатал әке Құнанбайдан жаралған. Бұл дерек қой сабақталған арыдан, Мен қалайша мойындаудан жаңылам? Салыстырып зейіл менен мейірді, Дүниені Абай алғаш таныған. Адамзаттың ұлы Абайын өсірген, Ұлжан ана рухына табынам. Көргенімде бейпіл кеткен пендені, Құнанбайдың қаталдығын сағынам. Аулақ ұстап балалықтан іргені, Тез өтіпті жастық шақтың күндері. Балғын Абай он үш жаста ақын боп, Өмір жолын бастап кеткен күрделі. Абай шыңға шырқағанда айбынды, Арманының бір қанаты қайырылды. Қатал заңмен Тоғжанынан айырылды, Тағдыр солай бір бақытын тайдырды.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Абай мұңмен, қасіретпен бірге өсті, Жас жанымен ауыр-ауыр күн кешті. Жат бауыр боп өз ағасы Тәкежан, Жақынынан алғаш тапты күндесті. Абайды озбыр Оразбайлар талапты, Әбендердің жұдырығымен сабатты. Қатар жолдап арызы мен парасын, Семейдегі абақтыға қаматты. Бар ғұмырды қысқа жіппен күрмеген, Тірлік неткен тылсым едің, күрделі ең. Абай үшін тәрк етіп мал-мүлкін, Салтанат қыз алып шыққан түрмеден. Сондай ару бармысыңдар, қайда едің? Түнек түнге сәуле шашқан ай ма едің? Тату жарын бөгде қыздан қызғанып. Абайға алғаш өкпелепті Айгерім. Абайға айтқан егес елдің өсегі, Айгерімге қызғаныш боп көшеді. Біржан салдың әнін шырқап екеуі, Таң алдында татуласқан деседі..... Өкпе-назбен өтіп жатса күн-айлар, Сүйген жардан суынуды кім ойлар? Әсем әнмен таратса екен шер-мұңын, Болмашыға өкпелескен жұбайлар. Мезгіл жетті күндестіктен жалығар, Мезгіл жетті көп өсектен арылар. Беу ағайын, жақының кім, жатың кім? Қиын-қыстау күн туғанда танылар. Сасық байлық-дәулетіне мастанған, Оразбайлар ортамызда әлі бар. Билік үшін өз туысын мерт қылған, Тәкежандар талай жерден табылар.

ОЛЖА Нашар досты көлеңкеге ұқсатқан, Қазақ сөзін еске сақта, қабыл ал. Жақсыларды жарға итеріп үнемі, Масайрайды жамандар мен жабылар. Данышпан ой, даңғыл баба даңсалы, Жарқын заман, жақсы күнді аңсады. Қайран Абай әлсіздерге жоқшы боп, «Мыңмен жалғыз алысам» деп шаршады. Абай Павлов, Михайлэспен сырласты, Пушкин, Байрон, Лермонтовпен мұңдасты. Құлаш жайып батыс пенен шығысқа, Қар жамылып, мұз бүркенген шыңды асты. Аштық жайлап Кавказ бенен Сібірді, Босқан халық мұзды өлкеден шұбырды..... Қазандағы кедей қауым жосылып, Абайдың кең құшағына тығылды. Ақын Сара сонда Абайды таныпты, Абайдағы дерт пен мұңға қамықты. Әбішті іздеп, тай жетелеп арнайы – Жетісудан Алматыға барыпты. Неткен достық еш саудасы болмаған, Бақыт сол ғой басқа келіп орнаған. Жамбыл ақын бір жас үлкен Абайға, Алатаудан дұғай сәлем жолдаған. Құнанбай би шын бағасын берді елге, Керейлердің ортасына келгенде. «Бар қазақтың тиянағы» деп кетті, Алтайдағы ата салтты көргенде. Ашаршылық апаты елді қырғанда, Жүдеген ел ірге тепкен бұл маңға. Шәкәрімнің ұлы Зият Алтайға, Ауып келген отызыншы жылдарда.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Абай шыңға парасатпен өрлепті, Ақылымен төңіректі тербетті. Бір дәуірдің алып, дара тұлғасын, Екі ұлының қазасы кеп меңдетті. Бақталас боп өткізумен мезгілді, Ерлер менен егерлесіп ез жүрді. Бұл пәнидің бар бейнетін арқалап, Елу тоғыз жасында Абай көз жұмды. Семей, талай тарихқа қол арттың, Саған төкті киелі нұр жомарт күн. Мұхит – Мұхтар жазушыны сен туып, Шәкәрімді қапияда жоғалттың. Алға сүйреп тіршіліктің арбасын, Қоғам солай тауып жатты жалғасын. Алып Абай тасқа жазып тағдырын, Тарихқа ойып басты таңбасын. Беу, дүние, ұлы Абайға құлақ түр! Әр жырында шешілмейтін сұрақ тұр. Сүйіншілеп планетаға қазағым, Тымағыңды жұлдыздарға лақтыр!! Бар тілегім, қақтығыстар болмасын, Шын достықтың гүлі қурап солмасын. Бірлік, шындық, өнер қуған пендені, Ұлы Абайдың аруағы қолдасын!!! 1995 жыл, шілде Алтай – Сауыр .

ОЛЖА ТҮЙЕЛЕРІМ – СҮЙЕНЕРІМ О, менің түйелерім – сүйенерім, Мұң жатыр-ау, тұңғиық көздеріңде. Сен ежелден қажырлы, киелі едің, Кім білсін сездім бе, әлде сезбедім бе?! Ие болдың өлшеусіз ұлы күшке, Өркешіңе баламды құндақтадым. Сен олақтау болғанмен жүгіріске, Тоғанақтың көтердің зіл батпанын. Долы боран, нөсерлі сел бола ма? Төзген шағың көп еді бұған сенің. Керуен ел көшкенде кер далада, Аштыққа да, шөлге де шыдаушы едің. Едел-жедел бір үйдің тентектерін, Кебежелеп түйеге артатұғын. Әз әкелер айтысып ертектерін, Көк жайлаудың төріне тартатұғын. Түйелерім, бабамның ырысы боп, Дәу денеңді оққа да жаралаттың. Міне, осылай ешқашан тынышы жоқ, Бір ғұмырды көтеріп бара жаттың..... Кеш болса да түсіндім сырларыңды, Иеленді айламен жолыңды кім? Басыңа шығып тышқан жылға кірді, Бұл да сенің түйелер, момындығың! 1997 жыл, 18 желтоқсан Жеменей, Топтерек.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД ЖЫЛЫМ ЖЫЛҚЫ – ЖЫРЫМ ЖЫЛҚЫ Жазайыншы жел қанат жылқыларымды, Бұғау түссе білемін бұлқынарыңды. Күзетем деп үріккіш үйірлеріңді, Көзден ұйқы, көңілден күлкім арылды. Сетерленіп кермеде дара тұрдың ба? Шідеріңмен жайылып таң атырдың ба. Арғы асыл тегіңнен азып кеткен соң, Мына бізге көлік боп жаратылдың ба? Жүйріктермен көп бұздым қамалдарымды, Жорғалармен жосылттым бар арманымды. Барлық жылқы сетер деп аяламаймын, Қойға міндім қамшылап шабандарыңды. Қасиетіңе тағы да қосам мініңді, Ноқталаудан білмейсің босар күніңді. Саған деген іңкәрлік орталанады, Көргенімде мынадай осалдығыңды: Жанарыңды бейғамдық мұнарлатқан ба? Жыртқыштарды көрмедің сынап жатқанда. Еркелеп жүр деп ойлап жақындай бердің, Аш бөрілер құйрығын бұлаңдатқанда. Еркелеудің білмедің жалған екенін, Бір қатердің сезбедің жанға жетерін. Шойын балға тұяқпен теппегеніңді, Бармағымды тістеп мен арман етемін. Уақыт, заман өзгертіп нәсілдеріңді, Сенің сергек қимылың асыл көрінді. Жуасытып мінуге барлық жылқыны, Екі түрлі істеттім тәсілдерімді.

ОЛЖА Бірі – сипап жаныңа бардым ерікті, Қымсынбасаң жуассың, әңгіме бітті. Бірі – шадыр мінезге шұрай саламын, Ауызынан ағызып қанды көбікті. 1997 жыл 22 желтоқсан Жеменей, Топтерек. СЫПАЙЫ СИЫРЛАРЫМ Талшық іздеп өрісті шиырладың, Иең болса білесің күйің барын. Сен менің азығымсың таусылмайтын, Сүттен бұлақ ағызған сиырларым. Торпағымды тойғызсам деп, ішінен, Сиырларым қайтатын өрісінен. Бұзауыңмен өзіңді исіндіріп, Апам сауып сүтіңді, мен ішіп ем. Игілігім көп менің сенен көрген, Бодаулы іске жөн шығар төлем берген. Мен қазір келіспейтін болып қалдым, Сиырды «кимелегіш» дегендермен. Беу ағайын, бұл сөзге кектенбе сен, Нысабыңнан бола ма шектелмесең. Кимелемей сиырлар қайтсін енді, Сүтін ішіп, өзіне шөп бермесең. Тілемейді ол бастауды, ілесуді, Тілейді олар басқамен бір өсуді. Сиырлар да біледі ұялуды, Қамығуды, жауымен күресуді. Иба көре бермейсің ұяңдардан, Құбылысты жөн екен жиі аңғарған.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД «Оқыс желді» шығарса аңқау сиыр, Қалың сиыр қуады «ұялғаннан». Болмаса да сиырдың сыйлағаны, Мынау анық өлімге қимағаны. Бір сиырдың жемтігін, қанын көрсе, Аза тұтып қамығып жиналады. Өзі тоймай бұзауын емізбейді, Өзі үшін, төлі үшін шөп іздейді. Екі сиыр түнесе иен далада, Қасқырларға бір-бірін жегізбейді. От – найзағай арқаңды сызғыласын, Мейлі көңіл лепірсін, тұнжырасын. Сиырдағы осы үш қасиетті, Кей пендеден таба алмай қынжыласың! 1997 жыл, 23 желтоқсан Жеменей, Топтерек.

ҚОҢЫР МІНЕЗ ҚОЙЛАРЫМ Таңқаларлық болмаса да бітімің, Әйтеу сенің табылады жұтымың. Адамдар мен қасқырлар көп қырса да, Қойлар, сенің құрыған жоқ тұқымың. Жазда жазық, қыста шығып белеске, Қуанасың жайылымның шөбі өссе. Білмейсің-ау қоңыр мінез қойларым, Семіргенің сенің қайғың емес пе? Парасаты болмаған соң өрелі, Қойлар басқа тұқымдасқа сенеді. Серке деген ешкілердің баласы, Өздеріңді әлі бастап келеді. Сен білмейсің айбар шегу, айғайды, Өлсең етің қазандарда қайнайды.

ОЛЖА Өзің қорқақ, өзің шабан болған соң, Ешкі бастап, қойшы сені айдайды. Ешкі сенен болғандай-ақ білімді, Бастаушың боп тапты озық бір үлгі. Жайшылықта сергек, сетер серкелер, Борандарда ортаңа кеп тығылды. Көп қарайсың көгендегі төлге де, Бәлкім үнсіз кектенесің пендеге. Екі көзің, төрт аяғың өзіңде, Басқаларға кіріптарсың сен неге?! Шегірткелер шыр етсе де қорқасың, Торғай ұшып пыр етсе де қорқасың. Сен күзетіп тұрғандай-ақ боласың, Дүбірлеген дүниенің ортасын. Қасқыр жасап саған қанды жорығын, Күндіз-түні сені содан қорыдым. Саған сонша бәйек болдым мен неге, Білмейсің-ау, момақаным, момыным! 1997 жыл, 28 – 29 желтоқсан Жеменей , Топтерек. ЕСКЕРТКІШ (Толғау) Ескерткішім – елдігімнің белгісі, Ескерткішім – ерлігімнің белгісі. Баяғының барлық сырын жерімнен Келмес дейсің енді кімнің көргісі?! Бұл мекеннен табылады керегім, Тереземді тектілермен теңедім. Отыз ғасыр өркен жайған өңірдің, Түйір тасын қорғауменен келемін.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Айырылмай мекенінен бір елі, Жер қадірін жетелі ұрпақ біледі. Мекен еткен үйсіндердің ұлы елі, Хы Ши, Памир, Ыстықкөл мен Ілені... Рахаттанам тарихымды ойласам, Намысымды нажағайға қайрасам. Жібек жолын мекендеген халықтың, Керуені тоқтамайды қай-қашан. Менің жерім – көрмегенге арман жер, Ал көргендер көп тағылым алған жер. Қимай-қимай аспанынан ұшуға, Перілердің қанаттары талған жер. Туылғанда көк бөрілер емізген, Елжау бидің кіндік қаны тамған жер. Үйсін осы тарихымен көрікті, Қасиетін алыстағы ел ұқты. Саяхатшы, саясатшы Жаң Чян да, Жегжат болу ниетімен келіпті. Елжау күнби, міне, осылай сый көрген, Құдалық пен достықты тең игерген. Бір мың жылқы қалың беріп Лю Жянға1, Сұлу қызы Ши Жүнменен үйленген. Бейбіт күнге жаратылған жаным бар, Сертке соққан нұрдан таза арым бар. Үлгі тұтар ұйтқы болды үйсінге, Ши Жүн, Жие Ю2, Фың Ляу3 деген ханымдар. Іле, сенен іздегенді табамыз, Тарихыңнан мол ғибрат аламыз. 1 Ляу Жян – Елжауға ханым болған Ши Жүннің әкесі. 2 Жие Ю – Жөнші бидің әйелі. 3 Фың Ляу – Үйсіндердің оң қанат қолбасшысының әйелі.

ОЛЖА Сенде өтті аты мәшһүр әлемге, Жүсіпбекқожа Шайхысіләм бабамыз. Ойлы күймен дауалауға дертіңді, Қожакедей өсіріп ең ерке ұлды. Әділетсіз үкіметі Мән Чиңнің, Тас көмірідң шоғын басып өлтірді. Сенде өткізіп арман қуған айларын, Қапияда үзіліпті қайран үн. Тербетіпті «жайма-шуақ»әнімен, Бұлбұл Әсет Өр-Текестің жайлауын. Елімнің көп боздағы мен арысы, Азаптауға мұқалмаған намысы. Тас түрменің тас-талқанын шығарды, Таңжарықтың таңғажайып дауысы. Іле, сенсіз жерұйығы жоқ дейді, Қазық қақсаң бәйтерек боп көктейді. Үйсін бабам керегесін жайған жер, Қиялдағы жаннат саған жетпейді. Кешкен күнге ескерткішім бұл өлең, Үзілмейтін үзеңгіммен шіренем. Сұлулыққа суарылған жанарым, Еркелігім, көркемдігім Іледен. Алтайыма қандай теңеу жетеді, Тебіренсем тасың балқып кетеді. Замананың архивына жазылған, Батырлардың, ғашықтардың мекені. Құрбан еттің талайлаған текті ұлды, Шыңғысхандар жорық жолы деп білді. Жақсылардың жалмауызы Шың Шысәй, Саған тұзақ, қақпандарын көп құрды.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Ер-Жәнібек мекен етіп бұл елді, Қаһарланса тұтас Алтай түнерді. Жоңғарларға жорық жасап Жәнекем, Жеті қабат жер астына жіберді. Жұлдыз ағып түскен Алтай аспаннан, Ғашықтардан жаңбыр болып жас тамған. Сергелдең боп Салиха мен Сәмені, Сәукеле тас, жая тасты жастанған. Тілегіне жете алмаған мұңлыққа, Жеткізбеген елік болып қашты арман. Ғашықтығы Қозы Көрпеш-Баянның, Менің Алтын Алтайымнан басталған. Батыр ерлер байтақ жерін қорғайды, Ғашықтықтан елге сенім орнайды. Батырлығы, ғашықтығы бар елдің, Бақ-талейі басқадан кем болмайды. Көре алмаса игіліктің көмбесін, Бұраң жолда бұқпантайлау елге сын. Қасиеті алтын кешкен халықтың, Жауларына бастырмайтын кеудесін. Батыр Бөке халқы үшін шерленді, Оған шексіз парасатты ел берді. Сол Бөкенің Тибетте қап денесі, Алтын басы Алтайға кеп жерленді. Киік қашып Алтайдың шың-құзынан, Жартасыңды жаудың оғы мұжыған. Жанын қиған жарты сүйем жер үшін, Ерлігіңді мақтан етіп қызығам. Ақыт заңғар замананың ақыны, Бойтұмар боп жоғалмауда нақылы. Шәріпхандай көшбасшысы бар елдің, Салауаты биіктеуге хақылы.

ОЛЖА Тарбағатай ойдан өзен ағызды, Әлпештеді Нау-нау4 сынды абызды. Юань деген патшалықтың тұсында, Уәзір болып қызмет еткен маңызды. Осы өңірде жазған екен сол бабам, «Айдаһарлар жөніндегі аңызды». Шәуешекте ғұламалар сән құрды, Алдымыздан арман шамын жандырды. Сенде өскен Құрманғали Халитов5, Шежіреге елдің шөлін қандырды. «Тауарих хамса» деген кітабын, Кейінгіге мұра етіп қалдырды. Сен шырқадың достық жайлы әсем үн, Ожданды ұлың, қарт генерал Қасенің. Бізге талай айтып берген болатын, Мао Цзы Дуңмен бірге жүрген әсерін. Елге қамқор Басбай бабам данышпан, Кореяға көмек берген алыстан. Сиырлары бұғылармен танысқан, Ақ қойлары ақбөкенмен табысқан. Түйелері-өркеші бар арыстан, Жылқылары құландармен жарсықан. Тарбағатай, тарлан тарих кешірдің, Сенде өтті нелер қымбат есіл күн. Туған халқын азаттыққа шақырған, Демежан мен Дубегіңді өсірдің. Тарбағатай, сенен жомарт асар ма? Қуанамын сырдың кенін ашам да. Жомарттығы, берекесі бар елдің, Құт-ырысы ортаймайды қашан да! 4 Нау-нау – Юань патшалығының орда уәзірі, ежелгі Қаңлы тайпасының тұқымы. 5 Құрманғали Халитов – татар, «Тауарих Хамсаның» авторы.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Ерен тауым тұлғасына сенген жер, Нелер ауыр қиын күнді көрген жер. «Жақсы жерде тыныштық аз болар», деп, Асан қайғы өз бағасын берген жер. Ертедегі «Қоян жылғы апатта» Ауған елім «Ағажайлап» келген жер. Анау биік-Боғда деген күміс шың, Боғда деген батыр бабам өлген жер. Баркөліміз жаралғандай арманнан, Тылсым көрдік Моридағы аңғардан. Жорық жасап келе жатқан Шыңғысхан, Душан деген қалаға кеп таң қалған. Білу керек, абзал аға, жас іні, Қалай өтті ғаламаттар ғасыры. Менің байтақ мекенімнен табылды, Әлемдегі асылдардың асылы. Жиреншедей шешен жүйрік кешегі, Өтейбойдақ бабамыздың досы еді. Таныстырған Әз-Жәнібек патшаға, Көңілінде болып үлкен есебі. Сақтап келген «Шипагерлік баянды», Алтын бесік, құт мекенім осы еді. Қазағымның парасаты сол кітап, Көп ғылымға жетелейді көшелі. Ұмытпайық Тайботадай6 бабаны, Теміртастай7 ұлы ойшыл, дананы. Мазартайдай8 менің білгір әулием, Әскери іс, саясаттың маманы. Тоқтай9 бабам екі жүз мың қол бастап, Сары өзен ноқталанып ағады. 6 Тайбота (Тайбұқа), 7 Теміртас, 8 Мазартай, 9 Тоқтай – Меркіт тайпасының ертедегі патшалықтар тұсында өткен саяси, әскери істер және мәдениет қайраткерлері.

ОЛЖА Төрткүл ғалам төрт бабамды таниды, Тарихтың өшпес алтын парағы. Айтшы, досым, сырларыңды өрелі, Ақтарайық кеңестерді келелі. Ата-бабам жер ошағын қазған жер, Отанымның бөлінбейтін бөлегі. Табанымыз тайғақ жолдан таймады, Теңдік деген берекенің қаймағы. Аман болсын тыныштықтың ұясы, Татулықтың шаң қонбаған майданы. Бақыт құсы баппен келіп қонса екен, Күллі әлемге мақтанышпен көрсетем. Кешегіден бүгініміз тамашаЕртеңіміз тіпті нұрлы болса екен!!! 1998 жыл, 1 шілде Бурылтоғай, Қара Ертіс жайлауы ТУҒАН ЖЕРМЕН, ӨСКЕН ЕЛМЕН ҚОШТАСУ Қаратаудың басынан бос тайлақпен көш келер, Көшкен елдің хал-жайын кейінгі ұрпақ ескерер. Мен өзіңнен алыстап кетіп барам көш бастап, Есен-аман болғайсың, туған жер мен өскен ел. Қош аман бол көргенше, Алтай, Сауыр, Ертісім, Қуанғанда көңілімнің жаз дидарлы көркісің. Сағынғанда сары күз жүрегімнің дертісің, Самал желің санамды еркелетіп желпісін. Жетпіс жеті бабамның басы қалған бұл мекен, Мейіріміндей анамның жасыл орман бұл мекен. Өзендері сарқылып тасы қалған бұл мекен, Мәңгілікке сағыныш, асыл арман бұл мекен.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Ата қоныс, қарт бабам салқын Сауыр сал-жырау, Сайран елден алыстап кетердегі хал мынау. Жас іркілген қос жанар Қанас пенен Үліңгір, Мен кеткенде шараңнан төгілгелі қалдың-ау. Батаңды бер, байтақ ел, мен алысқа кетейін, Жетісудан өтейін, Алатауға жетейін. Көш керуен бастадым асықтырып бір бақыт, Көкжиегін кеңейтті арман толған көкейім. Бет сыйпайын, әмин, іркілмесін көш енді, Жалғыз Отан маңдайға жайнамаз боп төселді. Қош аман бол көргенше, қайта айналып келгенше, Жан сырыммен жалғайын қоңсы жатқан қос елді!! 2001 жыл. тамыз. Жеменей-Зайсан-Алматы. Киелі жер, іргелі ел ІІ бөлім

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД АРМЫСЫҢ, АТАМЕКЕНІМ! (Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайына) Менің жаным ізгілікпен көрші еді, Менің арым елімменен еңселі. Саған деген сағынышым өлшеусіз, Ата жұртым, аңсап келдім мен сені! Отан-отан, мәңгілікке асқақ ән, Жапырағың сағынатын баспанам. Түйір тасың табынатын астанам, Елім аман, енді неден жасқананам? Қазақстан, құшағыңды аш маған!! Жүз жиырма алты ұлт ірге тепкен мекенге, Менің жырым ұран болып жетер ме? Өз жерінде аз ұлт болған қазағым – Бес миллион қандасың жүр шетелде. Саған жаусын көз жасымның жаңбыры, Саған жетсін босқан елдің зар-мұңы. Бар қазақты ойлантуға тиісті, Бейбарыстың бейнет кешкен тағдыры.

ОЛЖА Тұран далам, айналайын атыңнан, Сенсің кеше өксік атып аһ ұрған. Жетелі ұлың, жетім құл боп Бейбарыс, Жалғыз астау көк бидайға сатылған. Төзген елміз аштық, жаулық, қысымға, Жоғалтқаның қолдан ұшқан құсың ба? Египетте өсіп-өнген Бейбарыс, Он жеті жыл сұлтан болды Мысырға. Отанына ол да жетпей көз жұмды, Алмағайып замананың тұсында. Қайсар елім, шеру жасап шеп бұздың, Не ғаламат ғасырларды өткіздің. «Бәрекелді» мақтанымыз көп біздің, «Әттеген-ай» шақтарымыз көп біздің. Сапты аяқтан қарауылдап үйдегі, Сенің ауызың өз асыңа тимеді. Адастырды менің сәби халқымды, Күнді бүркеп қара бұлттың түйдегі. Шынжырына шыжым байлап Шыңғысхан, Отырарың ойран болып күйреді. Үш жүз жылдай Романовтар тұқымы, Ұлан-байтақ даламызды биледі. Қара құрттай қаптап кетті осылай, Қара шекпен, қауға сақал күймелі. Саңлақтарды абақтыда сарғайтып, Санамызды саз балшықтай иледі. Еркін жүзді сенің өзен-көліңде, Келімсектің үкілеген үйрегі. Қолдан жасап ашаршылық нәубетін, Үш миллион қандасымыз сиреді.....

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Кигізіліп тар томаға, тар ноқта, Көп іліндік тұзақ пенен қармаққа. Қазағыма пана болмай өз жері, Үріккен аңдай босып кетті жан-жаққа. Елім болды еріккеннің ермегі, Жерім болды өрмекшінің өрмегі. Шашқан тары секілденген қазақты, Тауықтар мен торғай теріп көп жеді. Өттік талай апат ғасыр, жұт жылдан, Ұпайымыз тағы да көп ұттырған. Қырық үш елде өмір сүрген қазақтың, Қырық үш түрлі әдеті бар жұқтырған. Аламын деп, озық ұлттан мол тәлім, Сен тұздығы болған едің сорпаның. Ана тілге, ата салтқа қош айтып, Орысшаны деп санадық ортақ үн. Еуропаға еліктеп ең елжіреп, Рухыңа басты таңба, қол табын. Енді қазақ сауысқандай сақ болсын, Жаһандану ағысынан қорқамын. Осындайда берілесің сан ойға, Енді жұртым, айналаңды абайла. Бақытымыз болсын десек баянды, Бір қазақ боп жасау керек қалайда! Жойылмаса тіліміз бен салтымыз, Сонда біздің көкке өрлейді даңқымыз. Бас-басына би болудан жоқ пайда, Ұлттың рухын көтерейік жалпымыз! Бөлінгеннен бөрі жеген жұрт едік, Бүтінделсін сыңар менен жартымыз. «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» болса деп, Міне, соны армандайды халқымыз.

ОЛЖА Өз елімнен іздегенім табылар, Бүгін менде елде бардың бәрі бар. Дұғай сәлем сағынысқан туыстар, Жүрек жарды толғауымды қабыл ал!! 2001 жыл, қыркүйек Алматы (Бұл өлең 2002 жылы Түркістанда өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ Құрылтайы аясындағы халықаралық мүшәйрада жүлде алған). ЖЫРЫМНЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ ( Шерхан Мұртазаға ) Бақытсыздау басталды балалығым, жас шағым, Айыптау мен айғайдан айыққан жоқ аспаным. Қытайдағы «Мәдени төңкерістің» тұсында, Білем марқұм әкемнің ата жұртқа қашқанын. 1991, дәл жиырма бес жасымда, Байтақ қазақ жеріне тұңғыш қадам тастадым. Туған жерге ту тігер азаматтың сұлтаны, Әке жайлы сағыныш етегімді қымтады. Еңіресіп қауыштық екі анадан туылып – Бір әкенің екі елде туып-өскен ұрпағы. Осы сәтте арманым араласып тылсыммен, Күрмеуі көп күндерім аяқталды күрсінген. Бір ай өтіп арада, жездем Мұқан жол бастап, Алматыға ұштық біз Ертістегі Күршімнен. Әуе жайға аман-сау қондық сонда біз келіп, Алатауды көрдім-ау, жігіт-дидар, қыз-көрік. Бүкіл халық «Шер ағаң» деп атаған тұлғаны, Көне алаң, парламент сарайынан іздедік.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Жиналыстан шықты аға, сәлем бердік, қол алдық, Ақ волгаға отырып енді үйіне жол алдық. Төлебаев көшесінде тұрады екен отбасы, Ордасына ағаның көп ойменен оралдық..... Иман тұнып тұрғандай секілденді жанұя, Жанұяға келгенде басталды тың ария. - Қытайдағы інім, – деп, таныстырды Шерағам, Маңдайымнан иіскеді марқұм жеңгем Мария. Жаны жайсаң адамнан нұр құйылып санама, Дәру тауып алдым мен жүректегі жарама. Бір күн, бір түн сырластық сұхбат құрып оңаша, Барлық өмір жолымды таныстырдым ағама. Бұл әңгіме шүңет ой иіріміне шөктірді, Құлақ түріп сонда аға, үнсіз тыңдап, көп тынды. – Бәрекелді, Қайратым, әңгімеңе қарасам, Тағдырымыз ұқсастау келеді екен деп күлді. Мейлі мұңлы күн туса да алыстамай намыстан, Жасау керек деп бастады аға сөзін алыстан. Шерхан атым шер көкірек болғандықтан қойылған, Туадағы азан айтып қойған атым – Барысхан. Ал, Мұртаза менің әкем «Халық жауы» саналып, Бұршақ соққан жас майсадай жанышталды балалық. Қайсар анам – Айша марқұм бәрімізге пана боп, Тірі қалдық анамыздың жылуынан нәр алып. Әрі қарай сөз қозғалды көне, жаңа эрадан, Әңгімеге арқау болды көп оқиға, көп адам. «Сәлемдеме» толғауымды айтып бердім мен оған, Айналайын бауырым деп құшақтады Шерағам. Көздерінде жат пиғылды жасқантатын бар ұшқын, Сөздерінде ұлтын сүйген салмағы бар намыстың. Ақиқаттың айнасына тік қарайтын ағамен, Мен осылай таныстым, мен осылай табыстым.

ОЛЖА Көп жыл өтті содан бері ай ауысты қаншама, Төрт мезгілдің бәрі көктем мәңгі жасыл аршаға. Көкейтесті жұрт тілегін арқалаған жан сала, Нар кескен тіл соны айтудан шаршама сен, шаршама. Рас, әркім армандайды шың басына қонуды, Шерхан үшін жүрер жолы әлдеқашан жорулы. Шындық үшін отқа түсер, төте тартар бірбеткей, Жын шайтандай жек көреді екібеткей болуды. Мәуелеген жемісті ағаш-ұлағатты ұлы адам, Біздер түгіл әулие де аулақ емес кінәдан. Өз халқының малын жемей, қамын жеген жақсы аға, Әділеттің аспанының шаңын сүртіп, жүр аман!! 2001 жыл, тамыз. Алматы МЕККЕДЕ ҮРГЕН ИТ Күнә дейтін сындыруды шырпыны, Күнә дейтін сылтыңы көп күлкіні. Салаллаһу ғалиуәссалам Мұхаммед, Меккедегі қан көшеде, Келе жатты бір күні..... Тұрғындары қайшалысқан бұл көше, Құйылатын Пайғамбар кеп жүр десе. Бұтқа емес, сыйынуға Аллаға, Уағыз айтып сахабалар Еріп жүрді бірнеше. Бір келеңсіз жағдай болды кенеттен, Көргенсіздік туды нендей себептен? Ал, пайғамбар абайсызда селк етті, Қаппақ болып жанталасқан, Шынжырлаулы төбеттен.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Түсінуге шешуі жоқ жұмбақты, Итке сонда бір сахаба тіл қатты: Неге үресің елшісіне Алланың, Данышпанның сұрағында Батпандаған зіл жатты. Сахабаның аяғына орала, Деді төбет: күзетшіміз қораға. Алла бізді жаратқан соң үруге, Пайғамбарға иттігімді Көрсетпесем бола ма? Данышпанды ойландырды бұл сұрақ, Жанарында жанды маздап нұр-шырақ. Сәл жымиып кетті жүріп сахаба, Ал, ит болса шынжырымен Шыр айналды қыңсылап. 2002 жыл, көкек Алматы.

ҚҰЛПЫТАС (Әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының 100 жылдық мерейтойына) Ғасырдың жыры жалғанып маған, Қарайды енді таңданып ғалам. Шыңырауға түскен, шыңға да шыққан, Азап пен ләззат Таңжарық бабам. Шаршатып өтті айлардың көбі, Аңсатып кетті қайран күндері. Қасірет жасың секілді сенің, Кермек те тұнық Сайрамның көлі. Дұшпанын жүрді ән тартса жеңіп, Босады бордай жартас та берік.

ОЛЖА Іле боп құйды сағыныш жырың, Қапшағай менен Балқашқа келіп... Есілдер талай еңіреп өтті, Бұлбұлды сұмдар меңіреу етті. Зынданда жатып ұшырған жырың, Бозторғай болып еліңе жетті. Жаншылып жаның, сорлады-ау санаң, Бір сойыл шықпай мол балаусадан. Зәндемдер келіп, зәресін алып, Қайран ел қорған болмады-ау саған! Бақытқа бәлкім біз бөленерміз, Жампоз жырауым, сізге не дерміз?! Асылды туып, ардақтай алмай, Жоғалтып алып, іздеген елміз. Қазағым жайлы ән салам күнде, Табынам неге, тамсанам кімге? Көк туды ұстап ұрпағың жетті, Баяғы өзің аңсаған күнге. Бас идім, баба, өлеңімді арнап, Сен басқан жолды көремін барлап. Қойдымнан туған шөпшек қыздармен, Айтыстың жолын келемін жалғап! 2003 жыл 25 қараша Алматы (Бұл өлең Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығы өткізген Халықаралық мүшәйрада 1-жүлде алған).

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД АБЫЗ БАБА немесе Төле би рухымен сырласу (Поэма) Бабаларға тәу ету парыз маған, Рахман нұр жаудырар жаны ізгі адам. Мен сенің ұрпағыңмын, зәузатыңмын, Баһадүрім –Төле би абыз бабам. Тарихқа өшпейтін ат қалдырдың, Бағдарысың атқан таң, батқан күннің. Ұрпақтарға ұлағат, өнегеңді Бойтұмардай ойыма сақтап жүрмін. Көп көрді шаттық пенен қайғыны елің, Бар қазаққа қазына-байлық едің. Тектіден текті ғана туатынын Адамзаттың алдында әйгіледің. Шапағаттың нұры деп, таң самалын, Ел ертеңі болыпты аңсағаның. Дүниеге келіпсің жалғасы боп Елжау би1, Оңғай би мен2 Саншораның3. Туды сені көреген көне халық, Көз алдыма әлмисақ келеді анық. Он үш жаста білікті билік айттың, Әлібек би әкеден өнеге алып. Күннен тарап жан дауа күшті тәлім, Менің айдай санама түсті сағым. Далалық дана жұртты басқаруға, Мысал еттің шідердің үш бұтағын. 1 Елжау, 2 Оңғай, 3 Саншора – б.э. бұрынғы үйсін Күнбилері.

ОЛЖА Оймен қарап ақ орда, күркеге де, Қалың қазақ ұйыды бір Төлеге. Тыю үшін сыртқы жау, ішкі дауды, Күнде кеңес құрып ең Күлтөбеде. Бұл қазақ тыныш өмір кешірген бе? Жеңдің жауды ақылмен, десіңмен де. Ташкентті жастық етіп жатқан бабам, Памирге жетті аяғың көсілгенде. Ақиқатқа жол іздеп, аралап кеп, Саған келді жиналып жамағат көп. Әбілмансұр келгенде пана сұрап, Ат қойып ең сол ұлға «Сабалақ» деп. Саңлағым-ай, сабырлы саналым-ай, Жалт қарады жарты әлем саған ұдай. Сол Сабалақ түйешің емес пе еді, Дүбірлеткен әлемді хан Абылай. Кемеңгерлер өзіңмен кеңесетін, Бай мен жарлы алдыңда теңесетін. Сен шарапат көрсеткен өршіл ұлдың, Айдарынан айбынды жел есетін. Сен жинасаң бір туға қазақтарды, Дос түгіл, дұшпаның да ғажаптанды. Ойрат-жоңғар зарлатқан замандарда, Ұлт жойылып кетуге аз-ақ қалды. Бодан болмай сонда да босқан елің, Жау жараның іздедің достан емін. Шаңырағыңа ұя сап қос қарлығаш, Балапанның ұшуын тосқан едің. Жатса да туған жерің талқандалып, Кіндігіңді үзбедің арқандалып. Сол ұяны күзеткен сені көріп, Ата жауың дағдарды, аң-таң қалып.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Дүлейлерге қорлатпай сүлейлерді, Сонда сенің санаңа бір ой келді. Бір ұя мен бір ұлтты сен қорғасаң, Қалдан-Серен нояндар үрейленді. Солай сақтап соғыстан тамам елді, Асқақ арман абырой ала келді. Тасқа басып тағдырын Төле бабам, «Қарлығаш би» атанып қала берді. Ұрпаққа ұран болған данышпаным, Сен бізге намыс туын табыстадың. Жан бабам, екі жарым ғасырдан соң, Саған арнап бір бәйіт бағыштадым. Жекпе-жекке бұл өмір майдан маған, Есіміңнен енші алып айбарланам. Заман басқа, қазіргі адам басқа, Сен соны сезесің бе, қайран бабам?! Қуыршақты «Құдай» деп құшақтадық, Қансырады ізгілік пышақталып. Періште жоқ, перілер адастырып, Кім білсін, кеттік пе әлде ұсақталып? Есіл елді ойлап ең өсіп-өнер, Сенен қалған көп еді несібелер. Қалдық соның көбінен айырылып, Жаутаң көз ұрпағыңды кешіре көр! Қоймаған соң бәрінен ерлікті үстем, Ояу жүріп біз түсті көрдік күшпен. Қорқып емес, алдандық аңқаулықпен, «Мейірімсіз мейманға» сенгіштіктен. Келімсектер тойынды қаймағыма, Құшақ жайдық қаңғырған қайдағыға. Бір жүз отыз ұлт қаптап қайран жерім, Айналды тәжірибе майданына.

ОЛЖА Қазіргінің азы шын, көбі жалған, Енесі өліп, емшектен төлі қалған. Сіздерден бізге қалған кең даланы, Айдаһарлар, аюлар бөліп алған. Сен барда қазақ тұнық халық болды, Жиделі-Байсынға4 да барып қонды. Енді, міне, санадан салтын жойып, Тілі менен үні жоқ балық болды. Қазір жағдай осылай, парасаттым, Білу қиын болжалын болашақтың. Еліктегіш, дүрмекшіл, дүмбілездер, Енді ағылшын болуға алашапқын. Уағызы жоқ иманнның, сопының да, Үнсіз мүлгіп «көп ойшыл» отыруда. Кешір, баба, ұждансыз ұрпақтарың, Басқа дінге бас ұрып, шоқынуда. Адасқандар көп басты шиыр жолды, Шілдей тозып, шет жайлап-қиыр қонды. Қымыранды, қымызды ұмытқан ел, Есірткі, арақ-шарапқа үйір болды. Сая болып жайып ең мәуеңді елге, Десеңші, ата: Басқаға тәуелденбе! Ән мен күйін қазақтың ұмытқандар, Бой алдырды Батыстық әуендерге. Көрсетсек те, бояулап, әрлеп мейлі, Біздің кілең тіршілік мәнді өтпейді. Соты менен заңы бар бұл қоғамда, Қылмыстардың түріне сан жетпейді. 4 Жиделі-Байсын – жер аты.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Басқа жаққа байлықты ала қашып, Жүгенсіздер елінен барады асып. Өзгелерге табынып үйренгендер, Өз-өзімен жүр қазір жағаласып. Бәрі сауда бұл күннің ең сенері, Баба, бізді бір рет кеп көрсең еді! Бізде қазір, әділдік, атақ-даңқ, Ақшаманен жіктеліп, өлшенеді. Мәстек тұлпар болмайды сәндесе де, Шірік өзек ағашқа алма өсе ме? Көйлек, шашы ұзын қыз күрт азайып, «Жалаң бұттар» өріп жүр қан көшеде. Демеңіз: азғындадың неге ғана? Жетім болып өстік біз Жер-Анаға. Тізгін-шылбыр басқаның қолында боп, Біз осылай өзгердік, Төле баба! Кетпесін көгімнен нұр, жерімнен гүл, Пейіліңді аңсадық сенің мөлдір. Абыз баба, мұңымды саған айтып, Арылайын ақтарып шерімнен бір! Туды қазақ шешенді, көсемді көп, Демеймін жатқа кеткен есемді жоқ. Тәуба-тәуба, сүйінші, сауға-сауға, Есін жиды қалған ел есеңгіреп. Бодандықтан құтылды сүйікті елің, Жоғалғанның жатырмыз жиып көбін. Қазақтың Төле биі, төбе биі, Алыстаған сайын сен биіктедің. Сағыныштан санамда мөлдірер мұң, Ботасымын бейнесі белгілі елдің. Тойған жердің тобыры болмайын-деп, Бақытыма оралып енді келдім.

ОЛЖА Сақауларға жырыммен сөз ұқтырдым, Көш жолында көп нәрсе кезіктірдім. Бұттап кірген алапат аурудың Мысқалдап шығатынын сезіп тұрмын. Жойылудан сақтадым басымды аман, Құпиям да көп менің ашылмаған. Мінәжатым, Жебей жүр, нұрыңменен, Билік құрған сексен жыл асыл бабам!!! 1996 жыл, көкек Алтай-Сауыр ТҮЙІН Асқақтатам отты жыр, толымды әнді, Даңғыл болсын ендігі жолым мәңгі! Аруағыңа дұға оқып қайтсам деген Ұлы арманым кешікпей орындалды. Күмбезіңе бардым да, құлақ түрдім, Білем баба, бейіште пырақ міндің. Қабіріңді сүйіп мен жылап тұрдым. Жолымнан адастырмай апаратын, Анау Ташкент қаласын шырақ қылдым. Алатаудың көз салса шың-құзына, Қарамайды сен бе деп, кім қызыға? Ырымдап қабіріңнің түйір тасын, Белгі етіп қададым ұл-қызыма. 2003 жыл, 18-21 қаңтар Ташкент қаласы

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД НӘЗІКТІК ҚҰДІРЕТІ Асықтырып сейілге елік үміт, Алатаудың сипайтын желі күліп. Жайлаудың бүлдіргенін теру үшін, Кетті жүріп сезім қыз, сері жігіт. Ұяң мінез аруды сүйікті етті, Асқақ арман жігітті биіктетті. Енді ғана бүлдірген тергенде олар, Ақ бұршағы жайлаудың құйып кетті. Екеуінен абыржу байқалмады, Екеуінің бітпейтін айтарға әні. Тасыған асау өзен өткел бермей, Жігіт пен қыз ауылға қайта алмады. Жауған нөсер бермеді оларға ерік, Жас жанға табиғаттан толар көрік. Бөктерде бір ағаш үй бар болатын, Паналады қыз-жігіт соған келіп. Бастайын бір ғажайып ойға сені, Жігіт-қыз мінезге бай, бойға сері. Жолыққан екеуіне сол ағаш үй, Малшылардың жүк салған қоймасы еді. Екеуі аңсап іштей бақыт таңды, Жүрсек дейтін бал тірлік татып мәңгі. Әлденеге айналып босағада, Төргі үйге қыз солай жатып қалды. Нәзіктік құдіретін алғаш біліп, Тебіренді ақ семсер, алмас жігіт. Үш тал шашын көлденең байлапты қыз, Қос босаға арасын жалғастырып. Кенеліп ар-намыстың байлығына, Білді жігіт көрген соң жайды мына.

ОЛЖА Ал, қалыңдық алаңсыз мызғып кетті, Малынып сүттей аппақ ай нұрына. Жолына ырыс қонып, бақ қараған, Ізгі жасты сақта Алла жат жаладан. Айналайын, қазақтың ұл-қыздары-ай, Ибасынан имандай аттамаған. Сондағы көктем қыз бен жаз ұлдар-ай, Иба тұнған жұптарың жазылмағай. Біз әдепті осылай қорғағанбыз, Ал, бауырым, сен айтшы қазір қалай? 2004 жыл, 18 маусым Алматы КӨРКЕЙГЕН ЕЛГЕ КӨРІМДІК Жүрсек те біз желқабыз сөздерге еріп, Өмір өзі жатады безбенделіп. «Жер жәннаты – Жетісу» деген жерді, Жүр, досым, аралайық көзбен көріп. Құт орнап Жетісудың даласында, Көрдің бе, қажетіңнің бәрі осында. Шалқып жатқан ел мынау, білші, досым, Нарынқол мен Балқаштың арасында. Тәнті боп келсең жердің атағына, Разы бол, сәті түскен сапарыңа. Таңдай қағып, тамсанып қаласың, дос, Барғанда Талдықорған шаһарына. Шалдығып нарық деген жорықтардан, Таба алмай күдір жолдан толық талғам. Келсеңіз төрт жыл бұрын бұл қалаға, «Күйреген Отырардай» болып қалған.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Ал азамат, ел жүгін көтер бүгін, Сал-серілер арнасын сетер жырын. Бұзу оңай болғанмен түсінді әкім, Түзеудің өте қиын екендігін. Таныссаң атқарылып жатқан іспен, Таланттылар озады нақ табыспен. Шашылғанды Шалбай кеп жинады деп, Халық жиі айтады мақтанышпен. Ал, достым, сейілдетем сені бұлай, Өркендеген Жетісу өңірін-ай! Уәзірлер уәдеде тұрса берік, Парасатты патшаның көңілі жай. Салыстырмай қоғамды кім ұғынар? Таңдайыңда жеті өзен шырыны бар. Жеті айналып шаршадың бұл өлкені, Абзал дос, енді азырақ тынығып ал. Көрегендер көгертер көсегеңді, Өршіл ерлер бастайды өсер елді. Талдықорған – бір ордам, белдеуіңе, Байғазы етіп байладым осы өлеңді. 2005 жыл, маусым. Талдықорған САМҒАРДЫҢ СҮНДЕТ ТОЙЫНА Жас өркендер айырылмай намыстан, Жүйрік болсын уақытпен жарысқан. Осы тойда сапар шегіп кетіп ем, Хат жазуға тура келді алыстан. Жолы ашық жаны жайсаң жандардың, Бұл өмірден мен осыны аңғардым. Дүлдүл атын мінген екен Қамбардың, Сүндет тойы құтты болсын Самғардың.

ОЛЖА Тойшыл қауым әнмен таңды атырсын, Сен өйткені бар қазаққа жақынсың. Азия мен Еуропадан туыс кеп, Алматыны дүбірлетіп жатырсың. Ау, Ғылымхан, ірі тұлға, інімсің, Бақыт келін, таусылмайтын жырымсың. Қали ағам, Айшан жеңгем аман боп, Немерелер балапандай шұбырсын. Ұрпақтарың барын елге арнасын, Құшағымен көк пен жерді жалғасын. Самғарымыз сәйгүліктей самғасын, Зеңгір көкті самұрықтай шарласын!!! Туыстарым, шаттығыңнан шаршама, Амандықтан басқа бақыт аңсама. Самғарымды сыйлап келген ел-жұртым, Рахмет, рахмет баршаңа!!! 2005 жыл, 3 тамыз. (Стамбулдан жеделхат түрінде жіберілді). БАР ҚАЗАҚҚА – БІР ТІЛЕК (Әлем қазақтарының ІІІ құрылтайына) Ұлы жиын, айтар тілек көп мүлде, Жиналыпты ойшылым да, тектім де. Бауырларым, бес құрлықтан еліңе Сағынышты қанат етіп жеттің бе? Міне бүгін іздегенім табылды, Жақсылыққа жамылшы еттім жанымды. Атажұрт деп боздап келген ботасын, Отаның да боз інген боп сағынды.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Отан ыстық алаулаған оттай нақ, Қуанышта не қыламыз жоқты ойлап?! Бабамыздың бар байлығы секілді, Көгімізде желбіреген көк байрақ. Бауырларым қай түкпірде жүрді екен, Енді білдік кім жанашыр, кім бөтен? Қиыр Шығыс, Балтық, Кавказ, Сібірге, Жатырқамай құшақ ашқан бұл мекен. Ой салатын қарттарға да, сәбиге, Атажұртым қымбат мынау пәниде. Өзгелерді бауырына басқан ел, Өз қандасын сыйлау керек, әрине! Көңіл құсым көкке өрлемей тұра ма? Елден қымбат ештеңе жоқ, сірә да. Бар қазақты Отанына жинаған Нұрлы жолың құтты болсын, Нұр аға! Менің ұлтым бар халыққа бауырмал, Сондықтан да салмағы оның ауырлар. Баба сөзі «көрген жерде ауыл бар» Не көрсек те, бір көрейік, бауырлар! Тізгін бермей салақ пенен салғыртқа, Сауын айтам саңлақ ойлы бар жұртқа. Көш-керуен бастап келген туысты, Шақырып ап, қамықтырып, қаңғыртпа! Бірдей емес әр ғасырдың әр жылы, Ескерткіштей еске сақтап қал мұны. Бұл реткі құрылтайда шешілсін, Қандастардың күрмеуі көп тағдыры. Үлкен үміт – жеріміздің кеңдігі, Үлкен күдік – санымыздың кемдігі. Төрт құбылам түгенделіп болғанша, Ұран етіп айта берем мен мұны.

ОЛЖА Таразылап арғы менен бергіні, Шашылғанды жинау мұрат ендігі. Өз жұртыңның қожасы боп қалуыңӨз ұлтыңның өсуінен белгілі. Бордай тозды бодан еткен тас қамал, Дербес елміз, ештеңе жоқ жасқанар. Ірі жоспар, ұлы шешім ел күткен, Астанамнан, Ақордамнан басталар!!! 2005 жыл, 28 қыркүйек. (Дүниежүзі қазақтарының ІІІ Құрылтайы аясындағы Халықаралық мүшәйрада бұл өлең Бас жүлде алды). САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛАМ (Қалдарбек Найманбаев рухына) Сағыныштың айғағы, Сарғайып, міне, өтті күн. «Жаз күніндей жайдары» Қалдарбек ағам жоқ бүгін. Пәнидің біліп нақ сырын, Тірлікке мынау жетер ме ой? Жүрген жері жақсының, Рулы елдей екен ғой. Ішінде жүріп нөпірдің, Асылды білдік кеш танып. Мұңлы жыр жазып отырмын, Қалаға, сені еске алып. Өмірдің әділ безбені, Құрылады екен төзімге. Ренжітпедің өзгені, Ренжімедің өзің де.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Мәуелі сая, панаң бар, Қалдарбек зәулім көк шынар. Алдыңа барған адамдар, Өкпелеп қайтқан жоқ шығар! Ішінде жүріп ән-жырдың, Болмысын сездің тағдырдың. Ақ жарқын көңіл, алғырдың, Үлгісін бізге қалдырдың. Таңбалап тағдыр санама, Пәни мен бақи тартысын. Қайран да, қайран Қалаға, Бейіште нұрың шалқысын!! 2005 жыл, қыркүйек. Алматы АҒАЛАРЫМ – ҚАРА НАРЫМ (Қаламгер ағам Оразанбай Егеубаевтің 70-ке толған мерей тойына) Ағаларым – қара нарым асқақ ән, Қасиетің артық бізге басқадан. Мерей тойың құтты болсын әуелі, Оразанбай Егеубаев жақсы ағам! Адырна боп тартылдың сен жебеге, Мәртебеңді тік көтерем төбеме. Мына бізге еңбекқорлық жолдарын, Сен келесің көрсетумен өнеге. Жиырма жыл жоғалдың да табылдың, Құлатпадың мұнарасын сабырдың. Қорқыт ата ұрпағысың, Ореке, Ажалынан аман қалған Тарымның.

ОЛЖА Жолымызға бағдар шам боп тұрасың, Таңжарықтың кең жайдырдың құлашын. Ата жұртқа, жас ұрпаққа жеткіздің, Ұлтымыздың мол қазына, мұрасын. Өз еңбегің ел-жұртыңа сыйлы еткен, Баяғыны бағамдауға ми жеткен. Оразанбай ағам шауып келеді, Көк бөрідей шойын қақпан сүйреткен. Кезің келді құрметке бөленер, Елің аман, еңбектерің еленер. Жетпіс жасың құтты болсын, ағажан, Жемісіңді жомарт күздей бере бер!! 2006 жыл, 5 сәуір. Алматы. ШАҚАНТАЙ – ШҰБАРТАУ (Шақантай батырдың 300 жылдық тойына) Жақұт жырдан моншақ тердім – Шұбартау, Жорықтарға жол сап келдің – Шұбартау. Көрейін деп, алтын бесік мекенді, Алыс жерден аңсап келдім – Шұбартау. Күн күлімдеп нұр төккен жер – Шұбартау, Бізді үлкен жұрт еткен жер – Шұбартау. Ата-бабам керегесін кең жайып, Әжелерім күл төккен жер – Шұбартау. Кие болып қыран қонған – Шақантай, Келешекке жыр-ән болған – Шақантай. Басын алып Айтауыр1 мен Чоорғаның2, Ұрпағына ұран болған – Шақантай. 1 Айтауыр – қырғыз батыры. 2 Чоорға – қалмақ батыры.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Ошағының оты лаулап жанбаса, Даңғазаға толған тірлік далбаса. Шұбартауда шұрқырасып өсер ме ек? Бір Шақантай он үш әйел алмаса! Қойша өрген кермарал мен ақбөкен, Дағандел3 мен Қарауыл4 төбе бақ мекен. Қабанбайдың қарындасы Жаңылдың – Мейіріне бабам қалай батты екен! Қызығатын, қызғанатын жат бөтен, Саңлақ ұлдың бар сапары сәтті екен. Қалмақ қызы Еңке сұлу арудың, Балтырынан Шақаң неге атты екен?! Шақантайым жаудан олжа алған жер, Уәйістің5 кіндік қаны тамған жер. Шын достығы Абай менен Бегештің6, Алғыр ойлы ұрпағына арман жер. Жау қырғанда тірі тұқым ауылдан, Бәйжігіттің7 күйі тұнып қалған жер. Киіз үйдің желпілдетіп түндігін, Біржан бабам асқақ әнге салған жер. Ұшан-теңіз Мағауиннің білімі, Барша жұртқа оқулық боп барған жер! Мәңгілік боп қалған күндер мәнді екен, Мезгіл өтсе сезілмесін сәл бөтен. Шақаң мінген Нарқызыл мен Беренкөк – Тұлпарлардан қалған тұяқ бар ма екен? 3 Дағандел – жер аты. 4 Қарауыл төбе – жер аты. 5 Уәйіс Шондыбайұлы (1873–1925) – атақты ақын, сазгер. 6 Бегеш Сабанұлы (1834–1911) – Абаймен сыйлас дос болған керейдің әйгілі шешені. 7 Бәйжігіт – керей елін жау шапқанда ауылда тірі қалған жалғыз бала, кейін атақты күйші болды.

ОЛЖА Шынықтым мен жауын менен дауылда, Сырымды айтам ағайын мен бауырға. Үш жүз жыл бұрын Шақантай батыр туған жер, Қырық жыл бұрын мен де тудым Сауырда8. Мерейлері үстем болса ұл-қыздың, Несібемізді қызғанады кім біздің? Батыр бабам Шақантайдың рухына, Ұрпағы боп жыр мұнара тұрғыздым. Байтақ өлке нұр таңынан айналдым, Тұлпарынан, сұңқарынан айналдым. Разы еткен өлі менен тіріні, Батыр елдің ұрпағынан айналдым!!! 2006 жыл, 19 тамыз Аягөз

БІР БИІК (Иманғали Тасмағамбетовке ) Елі үшін арқаласа мол жүкті, Саңлақ ұлға сапар сәтті, жол құтты. Халық кімді бағалайды құрметтеп, Сол әйгілі, сол қайраткер, сол мықты. Шаттық таппай жүрміз қазір мұң жиып, Тереңіне тартты солай тұңғиық. Рухымыз аласарған бұл тұста, Керек бізге өзіңіздей бір биік. Ұлттық рухын жоқтай білген елінің, Елбасының ақтай білген сенімін. Қауыштырдың Күлтегіндей айбынды – Күллі түркі ұлысының өр ұлын. 8 Сауыр – Батыр бабамыз Шақантай Жауқашарұлы туған жер

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Сен – Жайықсың жақұт моншақ шашатын, Сен – Алатау самұрықтар асатын. Сен – Сарыарқа, Жетісусың құнарлы, Сен – Ертіссің алыс сапар басатын. Абыздардың айбынын сен сақтадың, Кемеңгерлер болды өнеге-мақтаның. Болашақты болжап кеткен бағзыда, Мөңке бидің нақыл сөзін жаттадың. Биіктіктен елге таныс бұл есім, Ақ тілектер болды үнемі үлесің. Рухани ашаршылық басталса, Бәрі бекер болатынын білесің. Данасына шертер солай дала сыр, Өз тегіне тарту керек бар асыл. Ана тілді, ата салтты сақтауға, Беу ағажан, бола көрші жанашыр! Ел тізгінін рухы биік алды әкім, Айтады жұрт бар арманын, бар дәтін. Салтанатты керуеніне қазақтың, Жол бастасын арман қала – Алматым! * Армандаумен өтеді көп күніміз, Біз жетпеген жерлерге жетті үніміз. Ағажан, сізге арнаған сырласуды, Інінің ілтипаты деп біліңіз. Естідің елжіреген үнін елдің, Қоңыр самал жаныңа үңілермін. Иман тұнған ұрпағы ірілердің, Сізге ілескен інінің бірі менмін. Бүлдіргенін тергем жоқ қырат, нудың, Жетім боп, отын тасып, лақ қудым.

ОЛЖА Жаймашуақ Жайықта сіз жүргенде, Ертісте мен еңіреп жылап тудым. Туған жердің сағындық күндерін біз, Думан елдің сағындық түндерін біз. Ертіс – Жайық екі өзен қосылмайды, Алайда біз, ағажан, бірге жүрміз. Жеттім бе, мақсатыма жетпедім бе? Шексіз ойлар жинадым шекті өмірде. Шың басынан ағалар қол бұлғаса, Мен жүрмін сол биіктің бөктерінде. Іні неге ағадан сыр ұқпасын, Ал, әкімдер ақынды ұмытпасын. Әз аға парасатпен тау қопарса, Мен соның көтерейін сынық тасын. 2006 жыл, тамыз. Алматы. БАТЫРМЕН ЖҮЗДЕСУ (Халық Қаһарманы, Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа) Ойқой, шабыт құсы енді дүркіре, Мөлдір көлде, зеңгір көкте бір түле. Генералға сәлем беріп қайтуға, Кеттік жүріп Алматыдан Күртіге. Маусым айы, Күрті бойы қызғалдақ, Бүгін күннен ертең үшін із қалмақ. Генералды күтіп жатқан Тұрысбек, Еркек қойды айтып сойды бізге арнап. Бақытжан ағам бүгін өте көңілді, Әр лебізі ақ маржандай төгілді.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Сонда маған мынау Күрті өңірі, Барыс жатқан түбектей боп көрінді. ...Адал өтеп азаматтық борышын, Көрген ағам Ауғанстан соғысын. Алпауыт ел астан-кестен етіпті, Бейбіт жатқан бейуаз елдің қонысын. Бомба түскен мешіттерді тұрғызып, Мұсылманға созған Бәкең қол ұшын. «Бейбітшілік Періштесі» деп білген. Ауған халқы Ертаевті сол үшін. Ертайұлы, елдің ұлы, ер көкем, Сені өсірген қазақы ауыл кең мекен. Сардар аға, Саңлақ аға өзіңдей – Аты аңызға айналғандар кемде-кем.... Осылай деп жырға көмдім алапты, Таң бұлбұлы әнімді елге таратты. Төктім-ай кеп, жырдың мөлдір моншағын, Тағы да бір таңғажайып таң атты. Бегзаттықтан, дегдарлықтан безінбей, Ұлттық рухты күзететін көз ілмей. Мынау өмір кетер еді-ау, құлпырып, Ағалардың болса бәрі өзіңдей. Мейірімнің нұрын төккен басқаға, О, туған ел, Бақытжанды бақ сана. Еңселі елдің баһадүрі, оғланы, Құрыш тұлға, жаны жайсаң жақсы аға! 2006 жыл, қыркүйек. Алматы

ОЛЖА ҚАЙРАН ШЕШЕМ! (Марқұм анам Қиза Алтынбекқызының асыл рухына бағыштаймын) Бұл өмір әлпештеген күліп кімді?! Оңымда үміт, солымда күдік тұрды. Қайран шеше, сен кетіп арамыздан, Еңіреумен өткіздім қырық күнді. Тағдырым жылатты деп түңілмеспін, Сейілте алмас қазіргі мұңымды ешкім. Бақ пен сордан толағай жүк көтеріп, Күрмеуі көп күрделі ғұмыр кештің. Анашым, саған жазам толғамды өлең, Жүрдің сен соқпағы көп жолдарменен. Бақыттың да бал дәмін татқан жоқсың, Алтынбек байдың қызы болғанменен. Адал антқа ата-анам құлақ асқан, Сол заманда тұрыпты жылап аспан. Манасбай мен Алтынбек екі бардам, Шың-Шысай түрмесінде құдаласқан. Қайғының жүдетпеген дерті кімді? Қанішер билеушіден ел түңілді. Абақтыдан нағашым аман қайтып, Ұлы әкеміз түрмеде өлтірілді. Медеу қып ақ батаның дарығанын, Татулықтан басқаны танымадың. Әкеміз бен анамыз қиын күнде, Құлатпаған бабаның шаңырағын. Екі мұңлық өлместің күнін көрген, Құпиялап жасырдың мұңыңды елден. Екі жесір енені шешем күтіп, Ұстаз әкем ұрпаққа білім берген.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Ықыласын алсаң да тәмам елдің, Жалғаннан жабысатын жала көрдің. Әкеміз «ұлтшыл» болып сотталғанда, Отыз үш жасқа келіп енді ғана Тірі жесір атанып қала бердің.... О, дүрбелең дүние-ай, дөңгеленген, Аруақты да қорлады-ау, жерге көмген. Әкеміз төрт жыл жатып абақтыда, Құр сүлдерін сүйретіп елге келген. Мен мұны сеннен ұқтым, елден ұқтым, Үнемі бақпен тұрады тербеліп кім? Еркек қой қалжасы жоқ зар заманда, Өмірдің өгейі боп мен келіппін. Тағдыр бізге аз қайғы әкелмепті, Жүрген жолдың барлығын қатерлі етті. Мен туып тоғыз айға толған кезде, Жат елге жан сауғалап әкем кетті. Сен іліндің содан соң сұр жебеге, Бір қырсық шыр айналса мың келе ме? «Халық жауы, қашқынның әйелі» боп, Тұтқын болып түстің-ау, түрмеге де. Сәби күнде жамалып дертіме мұң, Сор маңдай ұл көп көрді сор түнегін. Бес жасымда бейнеттің уын жұтып, Көрінген босағада тентіредім. Жоғалттым-ау, балдырған арманымды, Жат санадым жатырқап жан-жағымды. Сен түрмеден ауылға оралғанша, Білмеймін қалай тірі қалғанымды. Қайсарлықты сынайды қалың қыспақ, Өлімге де бермедің жаныңды ұстап.

ОЛЖА Дүрлікті «Қиза келді түрмеден» деп, «Базарқұл» деп аталған шағын қыстақ. Шұбырды ел мерекеге баратындай, Жәрмеңкеден базарлық алатындай. Сол тобырдың ішінде мен де келем, Жоғалтқан асылымды табатындай. Жау келгендей қатулы халық төнді, Қалың әскер кісендеп алып келді. Жетіден енді асқан Қайрат бейбақ, Шер көкірек шешесін анық көрді. Жазмыш солай асқынтып бар жарамды, Менің аппақ жанымды қанға малды. Сондағы мына бір іс ұмытылмай, Жүрегіме жазылып, таңбаланды: Жұрт жиналды, көз тікті, құлақ түрді, Жанарларда шешілмес сұрақ тұрды. «Қизаға түрме тіпті жағыпты» деп, Безбүйректер тасада сынап күлді. «Халық жауы әлі де тірі екен» деп, Терезеге тастарын лақтырды. Концертті көру үшін келгендей-ақ, Қалың топ ауламызға шұбап кірді. Кәрі қызыл сиырың иіскеп сені, Орынынан мөңіреп бір-ақ тұрды. «Сыйлауға сиыр құрлы болмадық» деп, Ауылдың бір әйелі жылап тұрды. Айғайменен дүрліккен аңқау халық, Мейірімді хайуаннан бір-ақ білді. Мойнында қаны бардай мың кісінің, Жас өмірдің солдырды гүл мүсінін. Он екі жыл айдауда көмір қазып, Мүгедек боп оралды тұңғыш ұлың.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Қасіретін көрсең де бір ұлыңның, Сездің, ана, боларын ұлы күннің. Баяғыда өліп-ақ қалар едің, Ержетсін деп «Қара ұлым» тірі жүрдің. Несібені алмадық біз көктемнен, Бақ кеткен соң қасірет іздеп келген. Ел-жұртым-ау, біз тартқан ауыр азап, Осылай да осылай тізбектелген. Кешіксе де, бір жақсы заман келді, Сол заманды біздің үй аман көрді. Анам тартқан азапты шебер Алла, Бақытқа айырбастап маған берді. Өз басының бақытын кім тілемес, Бала күннен қалмады күлікілі елес. «Шер толқытса шығар сөз ой түбінен», Менің ақын болмауым мүмкін емес. Жиырма бір жыл айттым мен айтарымды, Ел таныды Қайраттай қайсар ұлды. Жиырма бір жыл жан-анам рахат көріп, Ұттырған ұпайымыз қайтарылды. Ауысып жаз келеді, ауысып күз, Несібені татайық тауысып біз. Екі анадан туылып, екі елде өскен, Бір әкенің ұрпағы танысыппыз. Құлмұхаммедтің шашылған ұл-қыздары, Отыз төрт жыл дегенде қауышыппыз. Өнерімді бірталай халық көрді, Ақын деген атақты анық берді. «Есің барда елді тап, адаспа» деп, Атажұртқа анашым алып келді. Бүтіндеп туырлығын, керегесін, Шаңырақтың оқытты ережесін.

ОЛЖА Жаңа туған сәбидей анам жүрді, Көңілінің кір шалмай терезесін. Майда қоңыр мінезді келін алып, Әлпештеумен өсірді немересін. Алладан соң анамыз жеткізіпті, Ел-жұртпен бірге көрді көп қызықты. Жетпіс жеті жасында Отанға кеп, Ғасырға тең бес жылын өткізіпті. Көп көріп сойыл менен соқпақтарды, Бақытыңды іздедің жоқтап мәңгі. Шытырман шырғалаңнан шаршаған-ау, Қажыған қарт жүрегің тоқтап қалды. Төгілген жапырақтар жапқан қырды, Бұл қараша әкелді батпан мұңды. Қалың елің «Қадірлі анамыз» деп, Сені соңғы сапарға аттандырды. Көргенде Алатаудың шоқыларын, Шеше, сені еске алып отырамын. Төрт жастағы немерең салды саған, Атажұрттың бір уыс топырағын. Бұл пәнидің уы мен балын ішкен, Барлығынан тұрдың сен анық үстем. Аман болсын ұрпағың, ел мен жұртың, Еске алатын өзіңді сағынышпен. Сені іздеймін, таппаймын айналадан, Енді сендей мейірім қайда маған?! Алланың шапағатты нұры жаусын, Жәннаттан орның болсын, қайран анам!!! 2006 жыл,15 желтоқсан Алматы

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД ЖАЗ ДИДАРЛЫ ЖАҚСЫ АҒА (Академик Ғарифолла Есімнің 60-қа толған тойына ) Тіршілікпен үндесетін әуені, Сабырлы елім – саялы орман мәуелі. Мерейтойға қош келдіңіз, ел-жұртым, Тағзым етіп, бас иейін әуелі! Айтпай білген қарыз бенен парызды, Жақсылардың болады екен жаны ізгі. Жайдары жаз Ғарифолла жақсы ағам, Өзі туған мамыр айы тәрізді. Ой теңізден інжу-маржан шайқадың, Меңіреу құмнан меруертті байқадың. Еңбегіңнен елге жеміс мол бердің, Аға, саған рахмет айтамын. Бізге ұстаз, ұлыларға інісіз, Досқа ұран, шәкірттердің жырысыз. Біз алыстан атажұртқа келгенде, Құшақ ашқан ағалардың бірісіз. Елді жырмен тербететін ақынбыз, Ақылманның айтқанына мақұлмыз. Бәйтеректей ағаларға сүйеніп, Күрмеуі жоқ ғұмыр кешіп жатырмыз. Пәлсапамен ағам жетсе көмбеге, Алақайлап қол соқпасын ел неге?! Академиктің жары әрі бапкері – Рахмет Римадай жеңгеме. Ұл мен келін-Қазыбек пен Динара, Баяныңыз құндақталған ибаға. Сәуле қыз бен күйеу бала шаттанды, Разы боп сіздер көрген сыйға да.

ОЛЖА Көктем-майса, мол жемісін күз берді, Аға-жеңгем инабатты ұл, қыз көрді. Немереден бала бақша бар тағы, Кейінгілер ырымдаймыз сіздерді! Ішінде боп алуан пікір майданның, Ұлтың үшін сәт сапарға сайландың. Ардақты аға, патша көңіл халқыңның, Рухани тірегіне айналдың. Біз кездессек мұңаю мен мұнарға, Сізге сендік шыңыраудан шығарда. Ойшыл, абзал азаматтар көп болса, Біз бақытты болар едік мұнан да. Адал ұлын алғысына бөледі ел, Ел-жұртыңа иманыңдай сене көр. Тер моншағын мөлдіретіп төге бер, Миуа бақтай жемісіңді бере бер. Елдің саңлақ, ардағы да осында, Елдің басшы, бағланы да осында. Елдің тілек, арманы да осында, Елдің ғылым тарланы да осында. Тойға келдім әніммен де сәніммен, Еңбек еттің арыңмен де жаныңмен. Тұтастықтың туын биік көтерген, Тұлғаларым, айналайын, бәріңнен! Оймен шолып тіршіліктің әр тұсын, Жеңдің талай тағдырдың да тартысын. Тек ғылымға бағышталды бар күшің, Атақ-даңқың шар тарапқа шалқысын! Ұл да, құл да бола білсе халқы үшін, Данышпандар, даламыздың даңқысың. Ғарифолла аға, мәңгі аман бол! Жүз жасыңа жол бастасын алпысың!!!

2007 жыл, 5 мамыр

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД НҰРСҰЛТАН (Ұлымның туған күніне) Отанымда баянды бақ табайын, Байтақ елге мен неге жат болайын. Бәсірелі тойыңда беске толған. Жаным-балам, саған сыр ақтарайын. Сұңқары да сен болып, тұлпары да, Өз еліңнің шомылдың нұр таңына. Саған неге ат қойдық Нұрсұлтан деп, Айта жүр ұрпағыңның ұрпағына. Пәк көңілге жастайдан толып арман, Алланың ақ нұрымен жолы болған. Қазақтың тұңғыш көсем – Нұрсұлтаны, Тәуелсіз ел тізгінін қолына алған. Аттас атаң бекемдеп мекеніңді, Еліне адал еңбек ете білді. Басқаға жаутаң көз боп қалған елдің, Көңілі көкжиекке көтерілді. Сол қазақ Күнді құшып, Айға қонды, Тәңір өзі сыйлады майда жолды. Бар әлем алғашында байқады ма, Нұрсұлтан деген есім пайда болды. Бақ болашақ басталды осы күннен, Көріктенді қазақтың көші бірден. Алпауыт ел дегендер бұл күндері Еңкейіп кіреді енді есігімнен. Көрдік әрең нұр шашқан ашық күнді, Бақыт бізге қол бұлғап асықтырды. Елбасы күллі әлемдік саясаттың, Салмағын салауатпен басып тұрды. Өз елің – ұшар көгің, самғар далаң, «Әділеттің ақ жолын» салған бабаң.

ОЛЖА Алтыншы шілде күні Алатауда, Іңгәлап сен туылдың, қарғам, балам. Өсірдік екі әпекең екі гүлді, Тәңір мендей қуантты жетім ұлды. Секілді Әбіш атаң, Әлжан әжең, Сені күтіп өткіздік жеті жылды. Өміріңе қараймын бүгінгі әсем, Айтылатын әнім де, жырым да сен, Екі-ақ бала болатын елде жүрсек, Бәлкім онда сен ұлым, туылмас ең. Төккен термен жетеді төбең көкке, Көп шапағат тисе екен сенен көпке. Туған күнің, Нұрсұлтан атың да бір, Бұл есімді биіктен төмендетпе. Қызымды аман ете көр, ұлымды аман, Алғыс айтып Аллаға күлім қағам. Ұлылардың атын ап ата-бабаң, Ұрпағына бақ тілеп, ырымдаған. Биіктерге жетерсің білімменен, Көзіңнен келешектің нұрын көрем. Елің үшін еңбек ет еміреніп, Аман боп Иманғали ініңменен. Біреу кетіп жататын біреу келіп, Кетер дейсің тақ, тәжді кім өңгеріп. Қай-қашанда Елбасы біреу болып, Халық соған тұрса екен тіреу болып. Сол көсем мойындатып тамам елді, Бар әлем оған биік баға берді. Тарихтың домнасында шыныққандар, Өзі де тарих боп қалады енді!!! 2007 жыл, шілде Алматы

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫС ДАЛАСЫ-АЙ (Толғау) Тарихыңа табындырдың, Атырау, Шуақ-нұрға малындырдың, Атырау. Арқауысың жалын жырдың, Атырау, Бір көруге сағындырдың, Атырау. Арнау жырым – ақ тілегім жолдаған, Көрсем болды, үлкен бақыт сол маған. Құтты мекен – Құлсарыға келгенде, Байтақ батыс далам жайлы толғанам. Батыр елім, көрген жоқсың сен жүдеп, Азаматың Төлегендей ержүрек. Аруларың Қыз Жібектей мөлдіреп, Каспий-Ана еркелетті елжіреп. Махамбетің мәңгілікке асқақ ән, Асу бар ма Исатайың аспаған?! Көшпенді елге мектеп ашып, қала сап, Хан Жәңгірің мол білімге бастаған. Әйтекені әлпештеген бұл мекен, Жарғыларын Ата Заңға үлгі етем. Сөзі, өзі Әнұранға айналған, Жұмекенің қай қоныста туды екен?! Шетсіз-шексіз Нарынқұмға жетер ме ой, Досмұхаммед Халел саңлақ, сетер ғой. Күй құдірет – Құрманғазы, Дина анам, Мынау Жайық, анау Еділ екен ғой. Кенде емессің қайырым мен мейірімнен, Кереметтер кездестірем кей күннен. Бұл даланың мөңкіп аққан мұнайын, Бабалардың қаны емес пе деймін мен.

ОЛЖА Парасатпен орындалды ойдағың, Ата салтын, ана тілін жоймадың. Осы өңірді найзаменен қорғадың, Жеңісіңді домбырамен тойладың. Аңсап келдім, ақ дәміңді татайын, Сен шақырсаң, үйде қалай жатайын?! Елімізге, әлемге де әйгілі, Көп саладан көш бастаған «Бақайың». Аман болсын ел бастаған көсем ұл, Артық емес арналса да неше жыр. Көп мұнайды қантамырға ағызған, Еліміздің жүрегі ғой – осы өңір. Өркендесін ерке қыз бен ер ұлың, Бар қазаққа ортақ ақын, серімін. Туған жерім – Қытайдағы Жеменей, Тұтастыққа мызғымайды сенімім. Ұлысымның ұраны еді – Құлсары, Сонда саған бөтен дейді мені кім?! Кешегіңнен келешекті түсіндім, Талмас қанат мен – самұрық құсыңмын. Лебізіңе тілегімді ұсындым, Теңізіңе жыр шағала ұшырдым. Ай шомылды, қарт Каспийің тербелсе, Қимайды екен келбетіңді ел көрсе. Жомарт елім – Атырау мен Құлсары, Қош, аман бол, қайта айланып келгенше, Есен-сау бол, енді айналып көргенше!!!

2007жыл, 12-14 қазан Атырау, Құлсары

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД КҮЛЛІ ӘЛЕМ ҚАЗАҒЫНЫҢ ШАҢЫРАҒЫ (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 15 жылдығына) Ел-жұрттың гүлге бөлеп жан сарайын, Ұлы той, ән салайын, шаршамайын. Жайнаса өмір мәңгі аршадайын, Ертеңге кедергісіз жол салайын. Бақыттың балын жұтып тамсанайын, Мен неге туысымды аңсамайын?! Келді екен мерекеге қанша ағайын, Бәріңді барымменен қарсы алайын! Жанымыз жаздай жайнап жадырады, Тұтастық – ұлтымыздың әнұраны. Қауымдастық қанатын кеңге жайған, Күллі әлем қазағымның шаңырағы. Жүрейік шаңырақты сыйлап мәңгі, Санамда ән әуелеп, күй жатталды. Он бес ғасыр тарихы қазағымның Сенің он бес жылыңмен жинақталды. Жүрген жоқ самұрықты ұлар билеп, Демейміз біз тағдырға жылауды үйрет. Бес миллион қандасы шетте жүрген, Бұл қазақтың барлығы сыңар бүйрек. Бауырлар, сырласайық, кел қасыма, Мен алаңсыз жүрейін, сен жасыма. Бар қазақ рахметін айту керек. Көш-керуен бастаған Елбасына. Суының дәмі кетпей таңдайынан, Отанын сағынбасын қандай ұлан?!

ОЛЖА «Нұрсұлтан нұрлы жолы» қалыптасып, Көш келді әлемнің әр шалғайынан. Қауымдастық, қалтқысыз арнайын ән, Көп білдің шеттегі елдің хал-жайынан. Еңіреп елге жеткен қандастардың, Жасын сүртіп, сипадың маңдайынан. Қазақтың Отанымен жаны бірге, Көмілді дей алмаймыз бәрі гүлге. Әуелі атажұртқа жеткендердің, Ұлтарақтай жері жоқ әлі күнге! Қайтеміз келгендердің жолын бөгеп, Жүрейік елдің бар мен жоғын да елеп. Жүрсек те алтын ішіп, ақша құсып, Ертең соның иесі болу керек. Тек қазақтың үмітін қазақ ақтар, Санаңды шапағатпен тазалап қал. Жерің көп, елің аз боп тұрған шақта Қалай тыныш ұйықтайсың, азаматтар?! Қауымдастық осылай қалыптасқан, Бар бағыты таңбадай анық басқан. Қазақтың аш пен тоғын, бар мен жоғын, Жоғарыға жеткіздің жалықпастан. Қуанам елім деген ер туғанға, Сенемін келер күнге сертім барда. Сырымды саған айтпай кімге айтамын? Өз үйім, Қауымдастық, сен тұрғанда! Он бес жыл, сәт сапарға жол сал деймін, Жиырма жылға олжамен қонсаң деймін. Шеттегі қазақ түгел елге жетіп, Сол тойдың асабасы болсам деймін.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Бабалар өнегесін көп естідім, Бар қазақ маған бөтен емес бүгін. Өз еліңе мейман боп келгеніңше, Өз жеріңе ие бол, демекшімін. Өз ұлтыңа қонақ боп келгеніңше, Өз жұртыңа қожа бол демекшімін!!! 2007 жыл, 18 қазан Алматы

ҒАСЫРҒА ЖЕТСІН ЖЕТПІСІҢ (Мақсат Нұрдәулетұлының 70 жасқа толған тойына) Нағыз ақын қызмет етсін ұлтына, Ішіңе бақ, ырыс қонды сыртыңа. Сәлемдесіп алайыншы алдымен, Ақ пейілді, пәк мейірлі жұртыма! Ақтөбеміз арман болған ойыма, Бір шарапат жұғар ма екен бойыма? Ұшып келдім Алматыдан арнайы, Мақсат маңғаз әкеміздің тойына. Тұлпар ұлың ержетіпті тұяқты, Сұңқар қызың бойжетіпті қияқты. Бекбол, Ербол, Гүлмирадай ұл-қызың, Ырғыз, Ойыл, Жем өзені сияқты. Ұл мен қыздың алынбайтын қорғаны, Немеренің саялайтын орманы. Жетпіс жасты жеміс беріп өткіздің, Ортамызда аман жүрсең болғаны! Мынау менің емес мақтау өлеңім, Қарызыңды ұлың болып төледім .

ОЛЖА Темір жолға терін төккен әкейдің , Рельстерден қолтаңбасын көремін. Алмасады жаңа менен ескіміз , Солайсолай жетелейміз көшті біз. Қан майданда қаза болып әкеңіз, Алламызға сеніп ғана өстіңіз. Мақсат әкей, бақыт құсың өрледі, Келдім соны өз көзіммен көргелі. Әкеміздің жақсы күнге жетуі, Мәнзәпадай анамыздың еңбегі. Жаттап өскен бабалардың жосынын, Ел-жұртына сыйлы еткен осы күн. Ұлттық рухты мұрат етіп ержетті, Бекбол, Ербол елін сүйген қос ұлың. Ақын ұлың болып кеттік міне біз, Бұдан кейін туыс болып жүреміз. Пирамидаға шаңырақты қондырған, Бір керемет жоба барын білеміз. Сұлтаныңды періштелер қорғасын, Баптай берсін жүйрігі мен жорғасын. Кенже ұлың асқақтата көтерсін, Атасының шаңырағын , ордасын. Жанар,Гүлжан, Нұрболың мен Нұрланың, Болашаққа жарнамасын жолдасын. Азаматын ауылынан таныдым, Алауласын жалының мен жарығың. Қара ормандай халқымыздың келгені, Ақсақалдың айғақтайды қадірін. Алғысыңды бойтұмар қып ап кетем, Сапар сәтті, тіршілігің тәтті екен. Асылдарын ардақтаған осылай, Аман болсын Ақтөбедей бақ мекен!!!

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Куә болдым салтанатты сәніңе. Дәмің тартса біз келерміз әлі де. Осы тойды аңыз етіп айтармын, Өзім жүрген өңірлердің бәріне! Ақтөбенің халқы түгел тектісің, Бұл сөзімді ақ ниетім, деп түсін. Мерей тойың құтты болсын, жақсы әке, Жүз жасыңа жол бастасын жетпісің!!!

2007 жыл, 10 қараша Ақтөбе ЖӘНІБЕК, ЖӘНІБЕК! Қарт тарих, ертеңге бер мәлімет, Бағзыдан байтақ елдің сенде әні көп. Жырлайын күміс көмей ұрпағың боп, Ұлтына ұран болған Ер Жәнібек! Қылышың жауға бекер қайралмаған, Ойрат-жоңғар ордасын ойрандаған. Ұрпағым ұждансыз боп кетті деме, Халқына қамал болған қайран бабам! Бұл қазағың көп көріп жел-құйынды, Несібеге бақ емес, шер бұйырды. Алмағайып заманда апат көрген, Етек-жеңін ел-жұртың енді жиды. Бала күннен дарыпты саған да айбын, Жауға шапсаң айықты тамам қайғың. Он жетіңде Шарыштың басын алдың, Батасын ап Бөгенбай, Қабанбайдың. Далама тіреу болған дарағым-ай, Алла медет беріпті саған ұдай.

ОЛЖА Жауыңды қырып-жойған ерлігіңе, Оң тізе орынын берді хан Абылай. Жауына жауар бұлттай түйіліпті, Жәнібек батпан күрзі үйіріпті. Батыр Баян, Қабанбай, Бөгенбайлар, Алладан қуат бер деп сыйыныпты. Жәнібектей баһадүр болыңдар деп, Әбілқайыр сардарларға бұйырыпты. Қазақтың хас батыры Жәнібекке, Алатаудан Наурызбай сүйініпті. Хан тәңірі, Жетісу өңірінен, Райымбек ақ сауытын киініпті. Қорғауға ұлан-ғайыр даламызды, Бір сертке барлық қазақ жиылыпты. Жойқын жауың жоғалғыр Жоңғар еді, Жау бопты маңайыңның сонда көбі. Әр өңірден, әр батыр ту көтеріп, Озбыр жаудан Отанын қорғап еді. Бар батыр – қазақ үшін ұлы тұлға, Желбіресін елімнің туы шыңда! Ұпайларын түгендеп жатқан жұртым, Бола ма Жәнібекті ұмытуға?! Иесі мен киесі бұл даланың, Батырлардың жыры еді тыңдағаным. Ру емес, тайпа емес, өңір емес, Тұтастықты ту еткен тұлғаларым! Бәріміз – бұтағымыз бір ағаштың, Бәріміз – ұрпағымыз Ұлы Алаштың. Бөлініп-жарылмасын қазақ енді, Алладан басқа бақыт сұрамаспын! Даңқты тарихыммен батылданам, Тербетіп алтын бесік жатыр далам.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Ерлік, намыс рухын асқақтатқан, Аруағыңнан айналдым, батыр бабам! Бар болмыс болашаққа айнасыңдар, Қаһарманын тумаған қай ғасыр бар?! Ұлы батыр бабаңды ұлықтамай, Жәнібектің ұрпағы қайдасыңдар? Ата жаулар бізді көп салды азапқа, Куә болған ел едік сан ғажапқа. Ер Жәнібек қалмасын ескерілмей, Сауын айтам, саңлақ жұрт, бар қазаққа!

2008 жыл, 7-8 ақпан Алматы БЕРЕКЕҢНЕН АЙНАЛДЫМ ТҰНЫП ТҰРҒАН Телегей-теңіз ойға түсіп терең, Әлденеге асығып, ысып денем. Керімжан Қайдарұлы құрдасыммен, Атырауға Алматыдан ұшып келем. Тәлімін ап данышпан, білгіштердің, Куәсі боп жүрміз ғой түрлі істердің. 2007, қазанның он екісі, Құлсарыға дәм тартып тұңғыш келдім. «Коорпорация Бақайдың» он жылдығын, Тойласатын мейманы болдым бүгін. Көрмеген Сәлімжанның атын естіп, Үкідей үлбірейді торғын жырым. Сәлімжанмен кездесіп кеңеспегем, Жігіт сыры беймәлім тел өспеген. Шынымды айтсам, шіреніп, шырт түкірген, Біреу болып көзіме елестеген.

ОЛЖА Қарашы, ақын көңіл аңғалына, Танымаған адамда бар ма кінә?! Сәлімжаны қайда жүр қарсы алатын, Жалтақтап қарап қоям жан-жағыма. Шаңхай деген қонақ үй жайған кілем, Бұл тойға тигізбекпін пайдамды мен. Бір жігіт жүр көтеріп сөмкемізді, Сол Сәлімжан екенін қайдан білем... Табыстым талай ізгі доспен бүгін, Көріп-білдім Бақайдың өскендігін. Он жылдықпен жатырмыз бірге тойлап, Қапан қажы әкейдің сексен жылын. Өлшеп тұрмын әр сөздің әр мысқалын, Айтты ағайын еміреніп бар құштарын. Бұл тойға мыңнан аса қауым келіп, Ақ жаңбырдай жаудырды алғыстарын. Қабижан жүр бойдақтық сейілім деп, Телжаным жүр даламдай пейілім деп. Қайыржанды айтады ел қайырым деп, Мейіржанды айтады ел мейірім деп. Ізгілікке қашанда іңкәр Алла, Бәсекеде озады тұлпар алға. Ел мен жұрты елжіреп тыңдайды екен, Әлімжан «Япыр-айды» шырқағанда. Шапағат нұр жауғандай төбемнен кеп, Кетті менің жанымды өлең кернеп. Маңғыстаулық Таңбай дос айтып жатыр, Бұл әулет көп алғысқа бөленген деп. Алла сүйген пендеде сана нұрлы, Інісі әзіл айтса, аға күлді. Он бесіне қызығып, сүйінемін, Татулықты сақтапты бала күнгі.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Сексеннің сеңгіріне тыныстаған, Қапан қажы еңсесін тік ұстаған. Он бес ұл-қыз жеткізіп мәпелепті, Алтын құрсақ аяулы Ырысты анам. Бұл сөзіме жауапсыз қарамашы, Бойға қуат адамның адал асы. Балжігітов әулеті бар байлығын, Кісіліктің дейді екен садағасы. Соның бәрін мен мысал етем бүгін, Адамдықтың осылай көтер жүгін. Әуелі осы әулеттен көріп-білдім, Бақыт пен байлық басқа екендігін. Көп еңбекпен өтті екен қанша жылы, Жақсыларға емес қой мансап ірі. Халық үшін қалтқысыз қызмет етті Құрдас әкім Саламат Шаншарұлы. Сырт көзге әр қадамы сыр ұқтырған, Қол бұлғады тамаша үміт тыңнан. Қуаныштан жас келді жанарыма, Неткен таза береке тұнып тұрған. Қызыққам жоқ байлық пен дәулетіне, Қызықтым тек кең пейіл, сәулетіне. Бақ тіледім құт қонған Құлсарыға, Бақ тіледім Балжігіт әулетіне!!!

2008 жыл, 2-13 маусым. Алматы

ОЛЖА МҰНАРА (Жылой ауданының 80 жылдық тойына) Бисмилла деп, сыйынайық құдайға, Айтылатын ақ тілегім тұр ойда. Құтты болсын 80 жылдық мерекең, Жырдан шашу ала келдім Жылойға. Құтты болсын мерекең мен мерейің, «Бақайымның» бар саласын көрейін. «Құлсарыға» інжу-маржан төгейін, Тарихыңа шолу жасап келейін! Аңсап келдім арман болған аймаққа, Қанық едім аңыз бенен айғаққа. Пір Бекеттей әулие атам туған жер, «Ақмешітке» барайыншы, қай жақта?! Қазақ жыры Қазтуғаннан1 табылды, Шалкиізден2 білдім ойлы шағыңды. Бұл заманның жас өркені сағынды, Доспамбетті3, Жиембетті4, Абылды5. Жем өзені қоңырауындай жаһанның, Содан білдім күйін Боғда6 атамның. Уілдеген қамысыңның үнінен, Сыбызғысын естіп тұрмын Сатанның7. 1 Қазтуған Сүйінішұлы – ХV ғасырда өмір сүрген жырау. 2 Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560) – жырау. 3 Доспамбет – 1490 жылдардың орта шенінде туылып 1523 жылы Астраханьда қайтыс болды. 4 Жиембет Бортоғашұлы – XVII ғасырда өмір сүрген жырау. 5 Абыл Өтембетұлы (1777-1864) – ақын. 6 Боғда – XIX ғасырда өмір кешкен күйші. 7 Сатан – XIX-XX ғасырда өмір сүрген әйгілі сыбызғышы.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Байбақты8, Өтен9, Нарынбайлар10 – жан бабам, Төремұрат11 самұрық қой самғаған. Қыз патшасы Қызданайдай12 анама, Құрманғазы құдірет күй арнаған. Айналайын, байлық мекен, бақ мекен, «Теңізіңнен»13 гауһар теріп ап кетем. Аққұдық14 пен Қарашүңгіл15 мұнайын, Ғасыр бұрын бабам қалай тапты екен?! Жүз жасаған Сапи Өтебаевтың16, Мұнайдағы бар сапары сәтті екен! Мезгілдерім мерекеге ауысып, Шаттанайын батыр елмен қауышып, Мынау қысқа сахналық сәттерде, Шежіреңді айта алмаспын тауысып. Жылой, Жылой – баба қоныс, ұлы ана, Асылдарға алтын бесік бұл ара. Осында өтті талай жампоз ғұлама, Дүлдүл дүбір дүркіремей тұра ма?!

Туып-өстім Шығыстағы Қытайда, Қанша байлық әкелдің деп сұрама! Қайда жүрсем ұлттың рухын қорғадым, Алдым содан мол несібе сыбаға. Қасиетті әкелер мен аналар, Бір ұлым деп қосып жүрші дұғаңа. Кең Жылойдың 80 жылдық тойына, Өршіл жырдан орнатайын мұнара! 8 Байбақты, 9 Өтен, 10 Нарынбай, 11 Төремұрат – ел бастаған ірі тұл­ ға­лар. 12 Қызданай – қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы «Қызданайдың жүрісі» атты әйгілі күйін арнаған анамыз. 13 Теңіз – әлемге әйгілі мұнайлы өңір. 14 Аққұдық, 15 Қарашүңгіл –1899 жылғы алғашқы мұнай игерілген өңір. 16 Сапи Өтебаев – 98 жасында өмірден өткен аға мұнайшы.

ОЛЖА Сіздерменен болдым, міне, етене, Шын туыстық осындайдан өте ме? Осы өңірмен таныстырды екі рет, Бақай деген бақыт қонған мекеме. Батыр халық намыскер де, жұмыскер, Ақыныңа алқынбайтын тыныс бер. Дәмің тартса, әлі талай келермін, Есен-сау бол, Қыдыр қонған ырысты ел!!! 2008 жыл, 20 маусым. Атырау, Құлсары ҚАРЫНДАСЫМ МӘРИЯНЫҢ ҰЗАТЫЛУ ТОЙЫНА Бізге бақыт сыйлады атқан таң мен батқан күн, Бүгін, міне, аға боп үлкен міндет атқардым. Қадірменді, ел-жұртым, сіздерменен мақтандым, Қарындасым, батамен өз үйіңнен аттандың! Талай ойлар жинадым сенің осы кешіңнен, Аман-есен болғайсың кедергі мен кесірден. Қайратымның артында інісі жоқ еді деп, Білесің бе, сені апаң ұл бала етіп өсірген. Жаны кемтар әкеңді аяладың, Мәрия, Жапырақ жүрек ағаңды саяладың, Мәрия. Арттан ерген төрт бірдей бауырыңды мәпелеп, Мейірімнің жылуын аямадың, Мәрия. Құрметті сен көрдің ел жұртымнан мен көрген, Аман болсын атажұрт ақ бесік боп тербелген. Алыс пенен жуыққа «сүйкімді қыз» атанып, Қимас, сыйлас болдың сен

Жеңісгүл – жалғыз жеңгеңмен. Ұл бала боп бастадың тіршіліктің жолдарын, Жылан әкеп шошыттың елдің кемпір-шалдарын.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Балға, шеге, темірге бейім болып өстің де, Кесте менен инеге онша үйір болмадың. Айтқаным ғой ел-жұртқа тірліктің бір парасын, Заңдылыққа ешқашан жүрмейді үкім, таласың. Бір әулеттің ұлы боп дүрілдеткен, Мәрия, Бүгін, міне, қыз болып ұзатылып барасың. Бақытты бол, қарағым, одан өзге не дейін, Үстем болсын қай-қашан абыройың, мерейің. Ешкімді де ренжітпе, жыламай жүр өзің де, Сенің шаттық жүзіңді қуанышпен көрейін. Арманыңның аққуын тұнық көлге тарандыр, Бақыт, байлық әкелсін сен көретін тамам жыл. Құдай қосқан Нұрдыбек – күйеу бала ақжолтай, Жазылмасын жұптарың, жайраң қағып аман жүр! Енді бізге екеуің келтірмеңдер жаманат, Өмір өзі біледі асылдарын бағалап. Рамазан айында қабыл болар бар тілек, Ал, құдалар, қызымыз сіздерге енді аманат!

2008 жыл, 21 қыркүйек Алматы КЕНБАЙ АҒАМ АЛПЫСТА Елдің құрмет мерейінен бал іштім, Сәтті кезі болады екен әр істің. 2003 қаңтар айы, Ташкентте, Тау тұлғалы бір ағаммен таныстым. Сахнаға аға шықты күлімдеп, Жанарында жалғыз тамшы дірілдеп. Шапан жауып, сүйіп жатыр бетімнен, Елге жеткен шетелдегі інім деп.

ОЛЖА Мен Ташкентке бәсекеге келіп ем, Орын алдым жүлденің ең төрінен. Кейін білдім Кенбай аға екенін, Жеткен екен Тәуелібай елінен. Салтанатты ілтипат пен құрмет, Тәңір өзі жарылқаған құдірет. Тағдыр өзі табыстырған туыспыз, Кеттік солай туған аға-іні боп. Мерей тойда ағайынмен кеңесем, Парызымды деймін жырмен төлесем. Ағама жар, ұрпақтардың анасы, Бақытты бол, менің Сахып жеңешем. Алматыдан ақ тілекті арнадым, Ағалармен көріктенді жан-жағым. Аға-жеңге мерей тойың құтты боп, Ақ шапағат нұры жаусын Алланың!!! 2008 жыл, 10 қазан Алматы АЛПЫС – ТАЛТҮС (Талғат Мамашевтің мерейтойына)

Аты менен даңқы жеткен әр тұсқа, Ұлты үшін дайын тұрған тартысқа. Әлемдегі бар қазақтың туысы, Талғат ағам толды бүгін алпысқа. Қабыл болсын бүгінгі айтқан бар тілек, Азаматын сыйлап жатыр халқы боп. Талғат аға, таң қалмаңыз алпысқа, Елу тоғыз жастан онша парқы жоқ.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Болашаққа бірге кетіп барамыз, Біздегі бар ұқсастыққа қараңыз. Талғат аға, Қайрат іні боп жүрміз, Құрдас еді анамыз бен анамыз. Айбынды аға, сізбен мәңгі достасам, Несін келдім, тойға тарту қоспасам. Білесіз ғой, «Анасы бар адамдар, Қартаймайды, қартаймайды ешқашан». Төзе білдің талай боран жаңбырға, Жақындарың, тілеулесің бар мұнда. Әлі күнге балдырғандай баласыз, Қасиетті Қапан ана алдында. Дидарыңда шуағы мол көктемнің, Адал ұлы қазақ деген текті елдің. Талай жерде, талай елде бірге боп, Мен ағамның алғырлығын көп көрдім. Азия мен Еуропаға барса да, Қазақ үшін шырылдады жан сала. Шетелдегі шер көкірек қандастың, Сағынышына ортақтастың қаншама! Куә болдың жаңа менен көнеге, Сүйінеміз асқақ тұрған өреңе. Ұстаз жеңгем, ар-намысты ұрпағың, Талай-талай отбасына өнеге. Үнемі-ақ сәтті сапар жолдасың, «Ғайып ерен, қырық шілтен қорғасын». Қазақ үшін ұйқың шала болса да, Шын тілегім – күлкің шала болмасын!!! 2008 жыл, 14 қазан Алматы

ОЛЖА ОТАУЫҢ ОРДА БОЛСЫН (Асқар Қызырханұлының үйлену тойына) Тойшыл қауым не десе де мақұлмыз, Өйткені біз жанашырмыз, жақынбыз. Дүбірлетіп Алатаудың күнбетін, Ұлы тойды думандатып жатырмыз! Арайлаған ашық болсын аспаның, Сен өмірдің жаңа жырын бастадың. Қызырханның ордасының жанынан, Ақ отауды көтердің бе, Асқарым! Гүлге толып кетті міне бар алап, Шексіз алғыс тойға келген жамағат. Арғы бетте туып өскен ұл-қыздың, Отанында үйленуі ғаламат. Бар өмірі гүлдей жайнап, ән болып, Өз басына бақыт құсы дәл қонып. Маржан деген келін әкеп Асқары, Менің бажам кетті міне, шал болып. Қайынбикем өмірді өзің өлшедің, Қадіріңді бағалайды ел сенің. Үйленген соң мойындаған шығарсың, Біздің Асқар кіп-кішкене деуші едің. Асқар, Асқар ұрпағысың алыптың, Өзіңді елге ән-жырыңмен таныттың. Сен туғанда алғаш ақын болып ем, Мен де біраз жасқа келіп қалыппын. Көріп өскен ыстық пенен суықты, Танып өскен алыс пенен жуықты. Атойлаған батырлардың мекені, Біздің Маржан Қосшіңгілде туыпты.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Мекендеген ұрпақсыңдар екі елді, Адал ұрпақ елдің жүгін көтерді. Алтын бесік ата-жұрттың киесі – Құда етті Қызырхан мен Өкенді. Ала таудай асқақ болсын сәулетің, Жылдан-жылға арта берсін дәулетің. Асқар – Маржан, екеуіңе тапсырма: Көбейтіңдер Бабақұмар әулетін, Көбейтіңдер Қызырханның әулетін! Нұрлы күннің себелесін арайы, Келе берсін қуаныштың талайы. Қызырхан аға, апайымыз – Қилымқан, Немеренің болыңыздар малайы. Ал, ұрпақтар, ұшырыңдар ән құсын, Тек достыққа арналса екен бар күшің. Нәсіп етсін бақыт күнді көруге, Осы менің баршаңызға алғысым!!! 2008 жыл, 19 қазан Жамбыл ауданы, Ұзынағаш БАЙТАҚ ЕЛІМ – БАҚЫТЫМ (Әні бар) Жанат өлкем, жайнаған жасыл далам, Көк аспанын көлеңке жасырмаған. Айбарына басқаның бас ұрмаған, Асқар шыңы намыстың асыл бабам! Қайырмасы: Арманшыл ұрпақ бүгінгі, Асырсын қазақ даңқыңды. Ұмытпай ана тілімді, Сыйласын ата салтымды.

ОЛЖА Көк туымыз желбіреп ғажап бүгін, Әйгіледі елімнің азаттығын. Асқақ шырқап әсем ән, ләззат жырын, Ата жұртқа жиналды қазақ бүгін. Қайырмасы: Еліме сыйлап шаттығын, Арайлап атты таң күліп. Сағынтып жеткен бақ күнім, Баянды болсын мәңгілік! Мұратына ұрпақтың жалғап қолын, Келер күндер сыйласын арнап төрін. Қырандарым қорғасын шарлап көгін, Сен аман бол, байтақ жер, ардақты елім!! ДОСТАРМЕН СЫРЛАСУ (Әні бар ) Достарым сені іздедім, Жаныма нәр беретін лебіздерің. Көрмесем сағындыңдар Жанымнан табылдыңдар, Қай-қашан мені жалғыз дегізбедің. Қайырмасы: Қуансам сүйінетін, Мұңайсам күйінетін. Достардан айналайын, Құшайын, аймалайын! Достықты сақтағандар, Достығын адалдықпен ақтағандар. Сендерден айналайын, Самал боп аймалайын, Жаралған жаны нұрдан жақсы адамдар. Қайырмасы.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Достарға сыр ақтарам, Арманның ақ жалауын құлатпаған. Сендерсің аңсағаным Сағынып ән саламын, Сәттерде өздеріңнен жырақтаған. Қайырмасы. 2 рет ЖАН ЖАРЫМ (Әні бар ) Сен болмасаң бақытты табам қалай? Сен болған соң жүремін алаңдамай. Сәл ғана алыстасам маңайыңнан, Жетемін құстай ұшып саған қарай. Қайырмасы: Көктемдей түрленейік, Ұрпақтың қуанышын Екеуміз бір көрейік. Ұлағатты ұлқызды өсіреміз, Біз солай көркем өмір кешіреміз. Тәңірден басқа байлық сұрамайық, Қөп болсын көрер қызық, несібеміз. Қайырмасы: Көркейіп, гүлденейік, Өмірдің бар қызығын Ел-жұртпен бір көрейік. Тіршілік көш-керуен сапар екен, Өзендер, кезеңдерден қатар өтем. Екеумізді тербетсін еркелетіп, Бақыттың бесігі боп ата мекен. Қайырмасы. 2 рет

ОЛЖА САҒЫНДЫМ АУЫЛЫМДЫ (Әні бар ) Сағындым сауығы мол сайран елім, Сағындым аққу қонған айна көлін. Сағындым еркелеткен майда желін, Айтсаңшы алтын бесік ауылым-ай, Бал дәурен балалығым қайда менің? Қайырмасы: Ата қоныс бұл мекен, Әр таңдарың нұрлы екен. Менің бала кездерім, Бұлдырықтай бұлдырап, Аспаныңда жүр ме екен? Құлдыраңдап құлындай, Асқарыңда жүр ме екен? Бақтарыңда жүр ме екен? Бақытың баянды боп маңдайдағы, Бірліктің бұзылмасын балқаймағы. Даламның ерке бұлбұл торғайлары, Аманат еттім саған осы әнімді, Ала бар, ауылыма шалғайдағы. Қайырмасы. Естиін баяғының ескі өлеңін, Түсімде салтанатты көш көремін. Ауылым, сені жырмен кестеледім, Санамда сары алтындай сақталасың, Аман бол, туған жерім, өскен елім! Қайырмасы. 2 рет

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД МЕЗГІЛДЕР-АЙ (Әні бар) Мезгілдер-ай, сынаптай сырғақтаған, Кім бар дейсің жастығын ұрлатпаған? Жасаңды ауыл, сағындым жаз айыңды, Бұлағыңның сыңғырын тыңдат маған. Мезгілдер-ай, сынаптай сырғақтаған, Өтті, кетті уақыт тіл қатпаған. Құлын-тайдай тел өскен құрбылармен, Күндер қайда, ән айтып, жыр жаттаған!? Мезгілдер-ай, сынаптай сырғақтаған, Құшағында бақыттың құндақтаған. Жастық дәурен, алыстап қайда кеттің? Бөркімдегі үкідей бұлғақтаған! ТАҢ СӘРІ (Әні бар) Таңғы тілек тамаша асыл әнім, Шартарапқа шуақтай шашырадың. Таңғажайып таң сәрі тамылжыған, Қарсы алуға өзіңді асығамын.

Қайырмасы: Таң атады күліп, Бағында бұлбұлын сайратып. Күн батады күліп, Жерімді алуан гүл жайнатып. Таң сәріден бастайын бақ күнімді, Таңғы нұрмен өлшейін пәктігімді. ОЛЖА Тамылжыған таң сәрі ала келші, Арманыма жол салған шаттығыңды.

Қайырмасы. Аңсап күттім арайлы шапағыңды, Жақсылармен толықтыр қатарымды. Ертеңгі бақытыма жету үшін, Таң сәріден бастайын сапарымды. Қайырмасы. 2 рет КӨКТЕМ КЕЛГЕНДЕ (Әні бар ) Құлпырса көмкеріліп дала гүлмен, Сағыныштың әніне саламын мен. Көктем келсе қараймын айналама, Бір белгі бар ма екен деп, бала күннен. Көктемнің күні қайда күркіреген? Ақ жаңбыры жаумай ма сіркіреген. Кең даланы сағынып жүргенім-ай, Төрт түліктің төлдері дүркіреген. Лепірсе де қаншалық көңіл мейлі, Атырапты аңызғақ жел үрлейді. Жайма-шуақ көктемде гүлге қонған, Жібек қанат көбелек көрінбейді. Аңсауменен айтылды тағы да әнім, Біздер үшін өткеннің бәрі мәлім. Тамылжып табиғаты тұнып тұрған, Баяғы көктемді мен сағынамын.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД БАУЫРЛАРЫМ (Әні бар ) Сақтаған таңдайына ауыл дәмін, Тарлан дала тербетті тау ұлдарын. Көтерген салмағымның ауыр жағын, Жүрмісің есен-аман, бауырларым! Көп болсын несібелер жиып-терген, Алыңдар ақ батаны сүйікті елден. Ақ еділ ағаң болып қуанайын, Қол бұлғап тұрыңдаршы, биіктерден! Разымын сендерге аға болғаныма, Баптайын жүйрікті де, жорғаны да. Қайда жүрсе сәт сапар болса екен деп, Қараймын бауырлардың жолдарына.

АТАБАБАМ ӨСКЕН ЖЕР (Зайсан қаласының 140 жылдық тойына) Сағыныштың сазды әуенін тыңдатам, Еркелерін сетерлеген нұрлы Отан. Құшағыңды аш, атамекен-Зайсаным, Алатаудан аңсап жетті бір ботаң. Кәусар суың бойыма құт, Зайсаным, Келдім жырды тойыңа алып, Зайсаным. Сайқан-Сауыр, Кішкенетау, Маңырақ, Қыры киік, ойы балық, Зайсаным. Қысы жылы, жазы салқын өлкеме, Қарт ғасырлар шежіресін шерте ме? Серменұлы Сырымбайдай бір бабам, Жүз он жеті үй салыпты ертеде.

ОЛЖА Сенде туды нелер саңлақ, ұлы адам, Ақыштай мен Қоңыр қажы ғұламаң. Ақбай, Халит, Бұтабай мен Зейнолла, Осы билер құламайтын мұнараң. Шұлғаубайдай шешенің дес бермеген, Ноғайбайдай ақын шыңға өрлеген. Күш атасы-Бұланбайдай алыпқа, Алты арыстың балуаны тең келмеген. Бақ бесіксің қадіріңді білгенге, Ырыс тұнып жатыр сенің іргеңде. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әсеттер Селдеп өткен, еңбек еткен бұл жерде. Әубәкіров Манап жайлы толғанам, Ерлігімен елін жаудан қорғаған. Ер-Қамза Ерзінұлы Зайсанов, Парасатын зеңгір көкте сомдаған. Монғолия әуе күшін басқарған, Ұмытылмасын, Зайсан, сенің сол балаң. Ерлігімен шаттандырып қыз-ұлды, Қас батырлар сапқа солай тізілді. Ардагері соғыс және еңбектің, Ел сыйлайды Аманжанов Қызырды. Сегізбаев Кәдірбегің – шын дарын, Сенің тумаң Салықбаева Гүлнарың. Күллі қазақ жатқа айтады бұл күні, Есдәулетов Ұлықбектің жырларын. Алматыда бірге жүрген жолдасым, Дәлел Уәш әндерін көп тыңдадым. Іскер Қуат Әбжановтай ер ұлың, Ақтай білген туған елдің сенімін. Камалиева Салтанаттай аруың – Мақтанышы бүкіл қазақ елінің.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Жете алмаспын тұлғалардың санына, Байтақ далам нұр сыйлаған жаныма. Зайсан, Зайсан, сен бұйырдың бағыма, Иман нұрдай шуақ шашып, жадыра! Кенде емессің есіл ерден, Зайсаным, Кенжелетпе несібемнен, Зайсаным. Боздақ бабам мекен еткен Кендірлік, Ата-бабам өсіп-өнген, Зайсаным. Ұйып қалам мәйегі мол мәтінге, Алғыс айтам салтанаттың сәтінде. Рахмет, берекеге шақырған – Әнуарбек Мұхтарханов әкімге. Елдің алтын қақпасы бол, Зайсаным, Жақсылардың жақтасы бол, Зайсаным. Құтты болсын жүз қырық жыл мерекең, Бақытымның бақшасы бол, Зайсаным!!! 2009 жыл, қыркүйек. Зайсан қаласы ЖҰМАБЕК АҒАМ ЖЕТПІСТЕ (Қадірлі ұстаз аға Жұмабек Өсерұлының мерейтойына) Жеттік міне, кенен бақыт, кең күнге, Сіз тұрғанда жыр жазамын мен кімге!? Күрмеуі көп, күдір-күдір жол басып, Қайсар аға, жетпіс жасқа келдің бе?! Олжалы боп көп оралып сапардан, «Көккөз Жүкең», «Тарым Жүкең» атанған. «Ұстаз Жүкең» деген жақсы аты бар, Шәкірті көп озып шыққан қатардан. Оқытыпты көп ұл менен көп қызды, Көкейіне білім дәнін еккізді.

ОЛЖА Жиырмадан енді асқан кезінде, Он жеті жыл түрмеде өмір өткізді. Көзің тұздай болғанымен көкпеңбек, Ел-жұртыңа қарызың бар көптен-көп. Ел көрмеген Тарымға да жібердік, Сондықтан да бізге айтатын өкпең жоқ. Тарымда да Жүкең жүрді көңілді, Зынданға сап «күткендіктен» семірді. Сүзбе қатық, құрт-ірімшік орнына, Көк жүгері, шірік жаңғақ кемірді. Тораңғы деп аталатын орман көп, Қалың әскер қоршап жүрді қорған боп. Он жеті жыл ыстық құмды кешкен соң, Бір тәуірі ревматизм болған жоқ.. Жанында бар Айтымқандай ағасы, Бұл Жүкеңнің қылығына қарашы. Сол Тарымнан қашпақ бопты екеуі, Сиберияны аңсаған ғой шамасы. Сол Тарымда жүре бермей алаңсыз, Әттең, Жүке, неткен қызық адамсыз. Сиберия лагеріне жете алмай, Алтай жаққа қайтып келді амалсыз Жалғыз арман, жалғыз үміт санада, Сары Жұмабек Тарымда енді қала ма? Он жеті жыл салып Жүкең араға - «Бөтен біреу» болып келді Қабаға. Бір кездегі мұғалім, деп, сүйікті, Жала, жаза көп тартты, деп күйікті. Жалқы жүре беруіне болмас, деп, Сағира апай обалсынып тиіпті. Біздің Жүкең қалай ғана тыншиды, Ұстаз балып шыға келді тым сыйлы.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Апайымның қадамынан гүл көктеп, Кеңес және Ықыластай ұл сүйді. Жағы түскен шал емес қой қартайған, Отбасы мен ұрпағымен марқайған. Тыныштықты қаламайтын Жұмабек Алматыға көшіп кетті Алтайдан. Атажұртта құтты болды іргеміз, Көріспесек сағынамыз күнде біз. Жүкең аға, біз інісі болған соң, Міне, солай қай-қашанда біргеміз. Жұмабек аға, жақсы көрем мен сені! Менің шешем: «Бауырым, дейтін, еңселі». Жұмабекте жастық көктем болған жоқ, Сендер оны ренжітпеңдер, деуші еді. Соның бәрін керек бізге парықтау, Керек бізге қиянатты дарытпау. Шеткі ауылдар алыс көшіп кеткен соң Ортаңғы ауыл шеткі ауыл боп қалыпты-ау!... Ақ тілектер ақ жаңбырдай себелеп, Меруерттей келінің бар керемет. Елдос деген немереңе малайсың, Айтшы, Жүке, енді саған не керек? Батыр аға, толықсыған кезің бұл, Соның бәрін кейінгіге сезіндір. Елдосыңыз үйленгенше аман жүр, Одан кейін «кетем» десең, өзің біл. Жәбірлеуді көргеніңмен жасыңда, Бақыт-байлық бүгін сенің басыңда. Аман болсын шаңырағың, ел-жұртың, Жетпіс жасың жол бастасын ғасырға!!! 2009 жыл. 9 қараша

ОЛЖА ЖАҚСЫЛЫҚ АҒА (Көрнекті жазушы Жақсылық Сәмитұлының 70 жылдығына байланысты өткен еске алу кешіне орай) Жетпіс жасқа толдың биыл нар тұлға, Мол мұрағат қалды сенің артыңда. Дүбірі мол дүниеден өттің сен, Емен рухпен еңкеймеген қалпыңда. Аға, аға, мақтанамын сенімен, Алдың орын ой-санамның төрінен. Тәрк етіп атақ, мәнсап барлығын, Азат Қазақ еліне алғаш келіп ең! Білем, аға, сен жүйріксің, білгірсің, Деуші едіңау, «әр кеудеде күн күлсін» Асыл арман асықтырып жеткенде, Талантыңды білді ме, жұрт кім білсін? Бұйдагері болдың ұлы көштің де, Құрғақ атақ іздемедің бес күнде. Біреулерше мәртебелер дәметіп, Зыр жүгіріп барған жоқсың ешкімге. Баба жолын жаздың талай қан кешкен, Тарпаң тарих өшпек емес мәңгі естен. Жазуыңды жалғастыра бердің сен, Көп сырласып қайсар досың Қабдешпен* Масайраса байлығымен құр кеуде, Таланттылар жүрді көне сүрлеуде, Рас, кейде тұрмыс билеп сананы, Қысқа жіптей жетпей тұрдыау, күрмеуге. Таланттылар танылатын жол алда, Керуеніңді кер далаға доғарма.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Шынымен де өкпелеуге болмайды, Ұлысы аз, ұрысы көп қоғамға! Талант жайлы көп айтылар әңгімем, Бағаланар мезгілі де бар білем. Қаламгерлік жолына алғаш түскендер, Жақсылықты оқып көрсін алдымен!! ЖАМПОЗ АҒА Тірлікте жан таза ма, ар таза ма, Намыс үшін шырқалған ән тоза ма? Мінеки, бәрімізді қуандырып, Жетпіс жасқа жеттіңіз, жампоз аға! «Тасқының» шың басына шарықтады, «Қайта оралу» арманды анықтады. «Тау тағысы», «Сардаланың сағымы» боп, Шаршаттыау, «Қара көлдің балықтары»! «Өркенің» «Бесік» болып тұрды ма есте!? «Кек» байладың уақыт сырғып өтсе. «Іленің салтанаты» «Тамыздық» боп, «Ұлы көшің» айналды «Нұрлы көшке». Еншісін уақыттан ала білген, Жүйріксің даңғазадан дара жүрген. Сіз ұстаз, біз шәкіртпіз қай-қашанда, Сізді оқып өскенбіз бала күннен. Даралап айтар болсақ өз жайыңды, Сенің даңқың еліңе тез жайылды. Елу үш жыл қаламды серік етіп, Ақ қағазға тамыздың көз майыңды. Жететін көмбесі мен тұрғысы көп, Шабытыңның тұлпары тұр кісінеп.

ОЛЖА Әді де ұзақ жаса жеміс беріп, Жанкешті, қайсарлықтың үлгісі боп! Қараңғыны іздесе нұр шырағы, Биіктік, тереңдікке құлшынады. Тойыңыз тойға ұлассын, тілек осы, Жазушы, жампоз ағам, Тұрсынәлі!! 2010 жыл, 6 қазан Алматы

АҒАМА ЖАЗДЫМ АЗА ЖЫР (Марқұм ағам Уатқан Құл-Мұхаммедұлының қазасына) Бисмилла... Жоқтау жырын бастадым, Бұлт торлады көңілімнің аспанын. Қайран ағам кетіп сәтте қасқағым, Жаңбырлаттым жанарымның жастарын. Ойды неге тұмшалайын, туған ел!? Миуа бағым, гүл сарайым туған ел. Дұға-тілек қабыл болсын, деп келген, Алдарыңда мұң шағайын туған ел. Бақ, қайғыны көтертетін толағай, Бізге қиын, Жаратқанға бәрі оңай. Тым тез кеттің жалғыз ауыз тіл қатпай, Тірлігіме тірек болған ағамай! Азапты да көріп едің нетүрлі, Зұлмат жылдар бақытты аулақ кетірді. Алпыс үш жыл ғұмыр кештің пәниде, Сыны кеткен сынық арба секілді. Бейнеттері көп болыпты аз жолдың, Пешенеңе жәбірлеуді жазды ол күн.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Бір мектепке бастық болды, дегенмен, Сен әкенің мейірімін аз көрдің. Сырнай тартып, домбыра да шертіпсің, Жас өмірді аз күн ғана желпіпсің. Жалындаған бала болып бір кезде, Іңкәр жасты соңыңнан көп ертіпсің. Орынында тұрды қашан бұл ғалам?! Қырсық келіп қызығыңды ұрлаған. Орталауды оқып жүрген кезіңде, Іліп ала жөнеліпті бір боран. Жас ғұмырың қалды екен қай дауға?! Қиналамын сол кездерді ойлауға. Жан сауғалап әкең қашып Советке, Он екі жыл көмір қаздың айдауда. Іргелерін аулақ салып бар халық, Біз өмірді жылай жүріп жалғадық. Көмір құлап, омыртқаңды опырып, Жарты денең солып қалды, салданып. Жәбірледі, жаныштады жолдар көп, Сонда да сен тұрдың маған қорған боп. Жазғытұрым үсік шалған майсадай, Аға, сенде жастық өмір болған жоқ! Білем аға, тірлігіңнің бар мәнін, Көкейіңде айтылмаған қалды әнің. Бір атадан Қайрат тірі жүрсін, деп, Сен өзіңді құрбандыққа арнадың. Қасіретті қайсарлыққа жеңдірдің, Жампоз аға, жарасы көп сол күннің. Сен айдауға, шеше кетіп түрмеге, Мен көрінген босағада телмірдім.

ОЛЖА Өткен күнді шежіре етіп айта алам, Соны айтпасам бүгін қалай жай табам?! Мен ақын боп он тоғызға толғанда, Дидарыңа қан жүгірді қайтадан. Ұрпағы едік Қиза деген кемпірдің, Бұзылмайтын қамалым боп сен тұрдың. Аламаннан олжалы боп оралсам, Үйге сыймай қанаттанып желпіндің. Жақсы күндер саған мойын бұрса да, Ұйқың емес күлкің болды тым шала. Уатқан аға, орта жастан асқанда, Бақытты өмір кешіріпсің бір шама. Ақылды едің жан сырыңа үңілсем, Сағынышқа айналдыңау бүгін сен. Дүбірі мол дүниенің дүрмегі....., Соның бәрін үйде отырып білуші ең! Ұрпақтармен болды күнің тоймерей, Барлығын да еркелеттің «қой» демей. Андасанда мен оларға зекісем, Бірнеше күн жүруші едің сөйлемей. Мейірімді балажан ең соншама, Саған біраз жас сыйлады сол сана. Ұрпағыма сеп болсын, деп әкелдің, Сыртта жатқан сынық темір болса да. Кемтар дене, ақыл-ойға зерегім, Мен қиналсам жаныңменен жебедің. Құр атақты қуа берме, деп маған, Қазақстанға бастап келген сен едің. Өзіңді ойлау әрі жеңіл, әрі ауыр, Рухыңмен бәрін қабыл ала біл.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Күндізтүні өмірімді күзетіп, Қырық бес жыл болдың маған қарауыл. Сағынам ғой, зарығам ғой, жан ағам, Мейірімді қайдан іздеп таба алам?! Анаң өткен дәл 6-қараша Дәл сол күні сен де кеттің арадан. Енді қайдан дертке дауа табайын? Туыстарым, сендерге мұң шағайын. Шеше кетіп, аға кетіп бақиға, Алаң-ашық болып қалдыау, маңайым! Жан азаңа қалың елің жиылды, Дұғада боп, тоқтау айтты, күйінді. Аллаға көп тәуба деймін сол үшін, Отаныңның топырағы бұйырды. Тіршіліктің заңдылығын білем нақ, Баста тұрмас кілең қайғы, кілең бақ. Саған арнап бағыштайтын дұғасын, Ұрпақ қамын бақида да тілеп жат! Аманатын Алла алып кетті де, Құраншариф бағыштады көп, міне! Марқұм аға, жаның болып жаннатта, Байтақ елім аман болсын, деп тіле! Тойдуманда жүрген едім алаңсыз, Қапырықта қалғанымай, самалсыз. Басымдағы нар көтермес қайғыны, Сағынышқа айналдырам амалсыз. Бар қазақтың ақынымын мен мүмкін, Елім барда оралады сол күлкім. Жылағанда жүрегімен жұбатқан, Рахмет, бақытты бол, елжұртым!!! 2010 жыл, 11 желтоқсан

ОЛЖА КӨК ТІРЕГЕН КӨКШЕТАУ (Толғау) Ғажап өлкем не тең келер ғаламда, Саған деген сағыныш көп санамда. Сәлемдесіп алайыншы сіздермен, Көк тіреген Көкше жұрты аман ба? Киелі жер шежіреңе үңілем, Ғұмырыма азық етем мұны мен. Күн келбетті, Ай дидарлы әлеумет, Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен!!! «Сексен көлім» серілерді сетерле, Бурабайдан буырқанбай кетем бе? Ізгі тілек, ізетпенен кеп тұрмын, Абылайды хан көтерген мекенге. Әнмен алса тынысы мен қыз демін, Үкілеген үмітімді үзбедім. Әуен тұнған кең өлкеден табайын, Біржан сал мен Ақан сері іздерін. Арпалыс пен арман кернеп өзегін, Мұнда талай дүлдүл туды, сеземін. Көкшетаулық туыстарым көрсетер, Туған жерін Шал Ақын мен Шөженің. Елік сүтібұлақтарың нәрлі екен, Балуан Шолақ бабам болып әндетем. Ғалияға ғашық болған сол бабам, Қайсы жылы Қараөткелге барды екен? Сұлтанмахмұт даңқы жеткен ғасырға, Туған жерсің сондай бекзат асылға. Мұнда туып, Баянауылда көз жұмды, Бар болғаны жиырма жеті жасында.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Көкшетауым-аңсаттырған арман жер, Қарай-қарай екі көзім талған жер. Сал-серінің әні ұйып қалған жер, Ұлылардың кіндік қаны тамған жер. Бақыт дарып, Қыдыр қонған Көкшетау, Ерлер өткен күдір жолдан Көкшетау. Сәйгүліктің дүбірімен оянып, Самұрыққа тұғыр болған Көкшетау. Қысылған ел Көкшетауда көсілді, Көп керуен осы өңірге жосылды. Патша жасап менің «нұрлы көшімді», Бір қазаққа бір қазағым қосылды. Талайларға пана болған далабұл, Дана жұртқа арнайыншы дара жыр. Шеттен келген қандастарың көп мұнда, Туыстарым, көз қырыңды сала жүр! «Әлди-әлди» бесік жырмен өстім мен, Ел оңа ма өз тарихын кеш білген? Сыйламасақ өзімізді-өзіміз, Бізге қайыр болған емес ешкімнен. Көкше, Көкше, кеп тұрайын әрдайым. Куә болсын ну қарағай, тал-қайың. Алатау мен Көкшетаудың арасын, Жүрекжарды жырларыммен жалғайын! Сенен қуат, бақ табайын, Көкшетау, Сенде шалқып, шаттанайын, Көкшетау. Жақсы күнде жүздесейік туыстар, Қимай-қимай аттанайын, Көкшетау!!! 2010 жыл,16 желтоқсан Көкшетау қаласы

ОЛЖА ҚҰРМАНБЕК ПЕН РИЗА Құрманбек пен Риза, бақыттысың сен бүгін, Өнеріңмен көтердің еміренген ел жүгін. Әнге бөлеп әкелдің байтақ Қазақстанға, Шетте жүрген қазақтың сағынышын, шер-мұңын. Қазақ әнмен жалғаған көк пен жердің арасын, Қазақ күймен тербеген ұланбайтақ даласын. Жаттың дауысы ұрпақтың уландырмай санасын, Асыл рухы ұлтымның қан тамырға тарасын. Өнер, білім мұхитта қатар жүзген қос кеме, Біржан, Ақан бастаған іркіледі көш неге!? Осы көштің жолынан адаспасақ болғаны, Одан өзге біздерге қажет емес ештеңе! Арманның ақ жолына мен барымды атадым, Әбілхаят суындай дәм-тұзыңды татамын. Туған елім, өнердің жампоздарын қолдай көр, Сайын дала саңлағы, сәтті болсын сапарың!!! 2011 жыл, 19 наурыз Алматы БАҚЫТТЫ БОЛСЫН БАР ҚАЗАҚ (Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайына) Бисмилла, деп бастайыншы сөз басын, Қоңыр жырым көңіл сырын қозғасын. Қайсар қазақ, аймалайын сендерді, Жаңбырлатып сағыныштың көз жасын. Жеңісіңді жел сөздерге жеңдірме, Бақыт қонған кезі осы елдің де. Отаныңның жиырма жылын құттықтап, Туыстарым, туыңды ұстап келдің бе?!

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Кереге кең, тереземіз тең шығар, Одан өзге байлық та жоқ мен сұрар. Жалғыз Отан Қазақстан қазаққа, Сынай бермей, құлай берген жөн шығар. Шеттегі елде тірлік те бар, сый да бар, Соның бәрі ұрпақ үшін қиналар. Нұр ағама жалғыз ғана тілегім – Бар қазақты «байлығым», деп жинап ал. Дей алмаймын қадірімді кеш білдің, Тұсауымды тура жолға кестірдім. Елбасымыз жалғастырған керуенді, Тоқтатуға қақысы жоқ ешкімнің. Аман болсын көсем ойлы көрікті ел, Үкіметім, жомарттыққа ерік бер. Қылмыстық топ кеденшілер байлығын, Шеттен келген қазақтарға бөліп бер. Үкіметім қай-қашанда халық-дер, Бұл ойымды таразыңа салып көр. Храпуновтар.... ұрлап кеткен байлықпен Шетелдегі қазақтарды алып кел! Ұлттық рух жаратылған ерліктен, Шаршамайық көп аманат, көп жүктен. Астанамда ашылған бұл Құрылтай, Ұлы шешім қабылдасын ел күткен. Аман болсын нұрлы Отан сүйенер, Әділдікке арналсын бар жүйелер. Атажұртқа Алла берген кие мол, Қазақ халқы, енді соған ие бол!!! 2011 жыл, 25-27 мамыр Астана

«Аралап, талай жердің дәмін таттым...» ІІІ бөлім

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД ІЗДЕП КЕЛДІМ ОМБЫДАҒЫ ҚАЗАҚТЫ (Толғау) Тұтастық бабалардың болды ұраны, Ұрпақтар сол жосынды жол қылады. Алыстан ат арытып іздеп келдім, Армысың, қалың қазақ Омбыдағы. Туыстар, аманбысың, қалың қалай? Жыр құсым саған ұшты дамылдамай. Шет жайлап, қиыр қонған қазақтардың, Сағынғаны-ай, бір-бірін сағынғаны-ай! Таралып өз еліме жатыр үнім, Шаттанып, мақтануға қақылымын. Миллион қазақтардың қытайдағы – Еліне енді келген ақынымын. Көп ойдың көкейімде тұрғаны шын, Ұмытпасын қыз арын, ұл намысын. Қай жерде қазақ болса іздеп барып, Бел будым ағыл-тегіл жырлау үшін. Келдім мен арман жырын айтайын деп, Мәнжайын мұндағы елдің байқайын деп. Келдім мен Шоқан бабам1 жүрген жерге, Рухына дұға оқып қайтайын деп.

ОЛЖА Келдім мен әлмисақты әндетем деп, Біздің ел мейірімді хан көтермек. Келдім мен БРОЗ ТИТО2 паналаған – Исабайдың ұрпағы бар ма екен деп! Қосағаш3, Барнауыл4 сайран мекен, Орынбор5, Астрахань6 айбарлы екен. Болады бұл далалар қайдан бөтен?! Қалады-ау, жат қолында қайран мекен! Жүсіпов7 жырдан маржан үзді ме екен, Өлеңін рубаятқа тұздық етем. Шәкенов8, Баймұханов9 жасампаздар, Байыптап бай даланы сызды ма екен? Қазіргі ел түрленді, жер гүлденді, Әрине мен білермін, ел білгенді. Тастанбек10, Нұрбек11 келген жүз жыл бұрын, Қоянбай12 ауылын бір көргім келді. Ержетті егей ұлдар нұр келбетті, Бұланов Мағжан13 елді ілгерлетті. Іскерлік мейірімділік көмбесіне, Қабылда Шашубаев14 бірден жетті. Біләлхан Камалбеков15 кәсіпкерлер, Сапарға шыққан сайын құр келмепті. 1 Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – Омбыдағы кадет корпусының түлегі болған. 2 Югославияның президенті Иосиф Броз Тито – азамат соғысы жылдарында Омбы өңіріндегі Иса деген қазақ ақсақалының үйінде бірнеше жыл тұрған. 3 Қосағаш, 4 Барнауыл, 5 Орынбор, 6 Астрахан – қазіргі Ресей құрамындағы қазақ даласы. 7 А. Жүсіпов – Омбыдағы қазақ ақыны. 8 А. Шакенов, 9 Ғимыран Баймұханов – Омбыдағы қазақ суретшілері. 12 Қоянбай қазақ ауылы – 10 Тастанбек, 11 Нұрбек деген ағайынды екі жігіт негізін қалаған ауыл. 13 Мағжан Бұланов – ауылды өркендетуге еңбек еткен азамат. 14 Қабылда Шашубаев – Омбы өңірінің заң шығару жиналысының депутаты болған кәсіпкер. 15 Білалхан Камалбеков – ірі өндіріс кешенінің қожайыны.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Мәлике16, Несібелі17, Нұржәмила18, Өнер мен көңіліне тұнған иба. Сәлима19, Шәрипадай20 хас шеберлер, Мұраны сұңғыла қыз-ұлға жина! Ұрпаққа ұлылықты ұран етем, Алладан амандықты сұрап өтем. Омбыдай қасиетті мына мекен, Жүз мыңнан астам қазақ тұрады екен. Ерінбей елім үшін тер төгейін, Осылай қарызымды мен төлейін. Бәріміз бір ағаштың бұтағымыз, Сендерге еміреніп, еркелейін. Күзеттің өскен жердің сынық тасын, Көргендер сенен қалай сыр ұқпасын!? Тектілік тегін біліп ұл-қыздарың, Ата салт, ана тілін ұмытпасын. Ырысың шайқамаған заман болсын, Бақыттың құсы келіп саған қонсын. Еншісін бөліп берген отауына, Кең-байтақ Қазақстан аман болсын!!! Бұл жерді таңдап тапқан ел кемеңгер, Жаннатты қайдан білсін көрмегендер. Біздерден дұғай сәлем айтыңыздар, Бар шығар бүгін мұнда келмегендер! 2003 жыл, 28-31 мамыр. Ресей, Омбы. 16 Мәлике Исламбекова, 17 Несібелі Есболатова, 18 Нұржәмила Сүйіндікова, 19 Сәлима Омарова, 20 Шәрипа Асауова– қазақ қолөнерін жастарға жалғастырған шеберлер.

ОЛЖА ДАЛАЛЫҚТАР (Толғау) Тап-таза табиғаттан жаралыппын, Тарихымды далаңа қарап ұқтым. Армысың, көкжал халық моңғол елі – Танытқан құдіретін далалықтың! Күллі әлем керуеніңе сүйінді ме? Көшпелі шаһар еттің үйіңді де. Тәуелсіз ел болғалы Моңғолия, Сексен екі жыл болды биыл міне. Жаралған далалықтар арың нұрдан, Болатын отан десе жаның құрбан. Әуелден-ақ тәуелсіз моңғол елі, Әлемнің қақ жартысын бағындырған. Даланың суын кештік, шыңында өстік, Қайтайын ұрандаған үніңді естіп. Бағзыда бірде тату, бірде қату, Қазақ – Моңғол күрделі ғұмыр кештік. Шыңғыс қаған әлемнің сетері еді, Қасіретін қара жер көтереді. Ұлы қаған болмаса далалықтар – Қалалыққа жұтылып кетер еді. Бітімге келсе өзін билеттің сен, Қарсы келген жат жұртты күйреттің сен. Жарылқау мен жазалау формуласын, Адамдарға анықтап үйреттің сен. Жорықтан кеш қайтатын, ерте барып, Ерліктің шежіресін шертеді анық. Жайлаған шет-шегі жоқ өлкені алып, Далалықтар осындай ерке халық.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Бірімізге-біріміз сынай қарап, Асау етіп өсірді шұрайлы алап. Егіз ғұмыр кешірдік сақарада, Киіз үй шаңырағын күн аймалап. Еліңді жау, жеріңді өрт алмасын, Түркі жұрты ғажайып жол таңдасын. Өсиетін оқыйын тасқа басқан, «Тоныкөк», «Күлтегіннің» қолтаңбасын. Атақ-даңқы сетінеп сүзілмеген, Ұрпағынан тектілік үзілмеген, Адырлы тау, Моңғолдың үстіртінен, Білге қаған бабамның ізін көрем. Баян-Өлгий бай өлке ана мекен, Анау асау Қобдаңа қарап өтем. Сақтаған саф алтындай ата салтын, Мұндағы қазақтарым саналы екен. Ұлтымның ұмыт болған салт-санасын, Бойтұмар қып еліме ала кетем. Басыңа бақ, жүзіңе арай қонып, Сахарада жасадың талай жорық. Бейқамдықтың бейнетін тартпау үшін, Жүріңдер сұғанақтан абай болып. Жауларынан даласын қорғаған ел, Бекзаттық рухың жайлы толғана бер. Тарихта, қазірде көкжал моңғол, Бірде-бір қайыршысы болмаған ел! Шытырман жолдары көп шимайлаған, Әпсәнаны әлі көп жинайды адам. Күллі түркі халқының ата жұрты – Алтын Алтай, мен сені қимай барам!!! 2003 жыл, 10 шілде. Моңғолия, БаянӨлгий.

ОЛЖА БІР БЕЛГІ (толғау) Мекендедік ұлан-байтақ кең жерді, Армандаған асыл ғасыр келді енді. Азаттығым қайта жақты сөнгенді, Азаттығым тірілдірді өлгенді. Табайын да тұлпар келген көмбемді, Орнатайын ескерткішке мен белгі. Айналайын, аймалайын жырыммен, Туыстарым, аңсап келдім сендерді! Ұлыларға ұран болған бұл мекен, Сенің өршіл рухыңды үлгі етем. Пышақталып құрсағында ананың, Әмір Темір қалай аман туды екен? Бас сүйектен мұнаралар орнатқан, Бабыр бабам қайтып сайран құрды екен?! Далалықтың данышпаны біліпті-ау, Кімдер дұшпан, кім тілеулес, кім бөтен? Ойқой, менің сырға бөккен күй далам, Саған кәусар сөз таба алмай қиналам. Шайырларым Науаи мен Низами, Аттамаған иманындай ибадан. Жарты әлемге жырын жатқа айтқызған, Мен оларды жыр пірім деп ұйғарам. Ғафиз ақын бір сұлудың меңіне, Самархан мен Бұхараны сыйлаған. Ғафур Ғұлам ізін табам қай маңнан? Ол да өтті тайталасып қайғы-арман. Рашидов Шараф ағам – мақтаным, Қаламгерден қайраткерге айналған!

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Бабалардың асқақтаған әнімін, Ташкентімді тәлейлі еткен тәңірім. Сол шаһарда «Қарлығаш би» атанып, Жатыр әне, менің Төле алыбым. Нұратаның қай жеріне жерленді, Әйтекенің көрейінші қабірін. Тұтас түркі уәләятын құрушы, Шоқайұлы Мұстафа деп таныдың. Рысқұлов Тұрар бабам осында, Сталиннің әлсіреткен әмірін. Бұл мекенде мұхит Мұхтар Әуезов – Алған еді тәрбиесін, тәлімін. Базар жырау қадірлі боп баршаға, Соққан еді даңсалы жыр дабылын. Қас батыр, деп, генерал, деп сыйлады ел, Қазағымның Рахимов Сабырын. Екі халық деп санасын ел мейлі, Өршіл сенім өр кеудемді кернейді. Қазақ – Өзбек нән дарақтың бұтағы Тек тәңірден басқа ешкім бөлмейді. Назарбаев, Кәрімовтей қос шыңым, Мәңгі тату туыстықтың қосты үнін. Сақтап өссін кейінгі жасөспірім, Қазақтар мен өзбектердің достығын!!!

Сағыныштан тұмар тағып жаныма, Куә болдым сенің шаттық шағыңа Есен-сау бол, елжіреген ел-жұртым, Нәсіп етсе кездесерміз тағы да! 2004 жыл, 4 сәуір Өзбекстан, Ташкент

ОЛЖА АТАЖҰРТЫН АЛЫСТАН АҢСАҒАН ЕЛ (Толғау) Арман болған өр Алтайдың биігі, Мұқалтпаған мұң мен зардың күйігі. Армысыңдар, алтынымның сынығы, Бармысыңдар, асылымның қыйығы. Бұзып өткен тас қамалын тағының, Жүзіп өткен қасіреттің ағынын. Қайсар елге тағзым етіп келдім мен, Тарихынан алайын деп тағылым. Туған жердің бұлт торлап аспанын, Қалып қойды бауырында басқаның. Алтай, Боғда, Баркөліңмен қоштасып, Сен ғаламат көш-керуен бастадың. Ойран болып сауығы мол, сайран ел, Кеттіау солай бастан бағы тайған ел. Айдаһарлар айналаңнан анталап, Туған жерге симадың-ау, қайран ел! Етекжеңін қымтап кетіп барады, Атаға ерген ұрпақ кетіп барады. «Елім-айлап» ағыл-тегіл еңіреп, «Ағажайды» шырқап кетіп барады. Зар заманды біліп кетіп барады, Тәуекелге мініп кетіп барады. Ауылымен құрып кетіп барады, Ата жауды қырып кетіп барады. Жазымыштың жәбірін көп көрген ел, Ерлер болды Ел тізгінін меңгерер. Сетінемей серкесіне сенген ел, Көшін қосты көсеміне көнген ел.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Оққа ұшып ағалар мен жеңгелер, Такламакан шөлінде қап өлген ел. Өлгендерін түйесіне артып ап, Гималайдың жотасына көмген ел. Үміт, күдік тайталасып бір жүрер, Келер күннің не сыйларын кім білер? Сринагар, Пешавардан өткенде, Қайран қалды Пүштұн, Ұрду, Үнділер. Ата жауың аспаныңнан бомбалап, Көше бердің күндіз-түні жол қарап. Жеттің әрең қамқор Анадолыға, Қызыл қаның қос құрлыққа сорғалап. Еш сұраусыз қандарыңды төкті жау, Аз ғұмырда тартқан азап көп мынау. Жан қысылып пана көріп жақынды, Түбіміз бір Түріктерге жеттің-ау! Сен даңқты ерлік үшін тудың ба? Дәмін таттың ащы сор мен удың да. Сауыс болып қатқан қанды денеңе, Анау Мәрмәр теңізіне жудың ба?! Мәйегі боп алуан тағдыр, түрлі ойдың, Биік рухтың жалауы боп тұр деймін. Күллі адамзат тарихында осындай Қан жаудырған көш болғанын білмеймін. Өсиет қып шежіресін, аңызын, Көз жұмыпты көп баһадүр, абызым. Зиратына зиярат қып қайтайын, Марқұмдарға дұға оқу парызым! Сіздерге айтар жауынгер жыр-әнім бар, Бір тілекті туыстарым қабылдар.

ОЛЖА Басқа болу қолдарыңнан келсе де, Кейінгі ұрпақ қазақ болып қалыңдар! Жарқын болсын жігіт жүзі, қыз өңі, Бақ теңізде ақ кемеміз жүзеді. Елу жылдан бұрын артта қалған ел, Атажұртқа көшін енді түзеді. Келдім іздеп толықсыған шағымда, Алтайымның түйір тасы жанымда. Жер сағынсаң мені құшып, сүйіңдер, Ертісімнен бір тамшы бар қанымда. Жарлы байып, жас марқайып өседі, Айналайын ағайыннан көшелі. Сау-саламат дидарластым сіздермен, Көкейтесті бір арманым осы еді. Бірге жүрсем бар қуаныш, бар тойда, Санамдағы сағынышым тарқай ма? Сәлеміңді ала барам туыстар – Атырау, Арқа, Алатау мен Алтайға! Мәңгілік жыр ерлігі мол өткенің, Шапағат-нұр себелесін көкте күн. Алла тағы нәсіп етсін көруге, Басқа тілік, бұйымтайым жоқ менің!!! 2005 жыл, 28 шілде – 26 тамыз Түркия. Стамбұл – Измир – Салихли

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД АҒАЙЫНҒА АҚ ТІЛЕК (Еуропадағы қазақтардың кіші құрылтайына ) Тайталаста табанымыз таймасын, Тілім сайрап, тіршілігім жайнасын. Европаға іздеп келдім сендерді, Қазақтарым, қандастарым, қайдасың?! Ұран болар жыр әкелдім сетерлеп, Оғлан ұрпақ ұлттың даңқын көтермек. Сағындық-ау, тұтас тұлға бола алмай, Жер шарының әр түкпірін мекендеп. Рахым нұры жауып тұрса аспаннан, Аңсамаймыз басқа бақыт, басқа арман. Европа көкжиекке жетсе де, Өркениет Азиядан басталған. Тұлғасындай анау Альпі1 шыңының Эйнштейн2 тапса ғылым-тұнығын. Сол ғалымдар жалғастырды деп білем, Әл-Фараби бабамыздың ілімін. Шопэнгауэр3, Гегель4 неміс жұртында, Пәлсапамен ұлы еткен ұлтын да. Ибн Сина5 Гуфеландтың6 ұстазы, Құрманғазы Бетховенмен7 бір тұлға! 1 Альпі – Еуропадағы әйгілі тау. 2 Альберт Эйнштейн (1940–1868) – неміс ғалымы, физик. 3 Артур Шопенгауер (1860–1788 ) – неміс философы. 4Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1831–1770) – неміс философы. 5 Ибн Сина (Авицена) (1037–980) – Орта Азиялық ғалым. 6 Кристоф Вильгелм Гуфеланд (1836–1762) – неміс дәрігері, академик. 7 Людвиг Ван Бетховен (1827-1770) – неміс композиторы.

ОЛЖА Гете8, Шиллер9, Шеффер10 ақын арайлы, Жырларымен тамсандырған талайды. Сұрайыншы білер ме екен немістер, Асанқайғы, Қобыз-Қорқыт, Абайды? Әр халықта Хакімдер мен ақын көп, Ойшылдарға жүрміз солай мақұл боп. Қазағымды танымаса өзге жұрт, Менің оған бас июге хақым жоқ. Мықты ұстадық сертке соққан семсерді, Болайық біз ұлттық рухқа белсенді. Қазақстан – атажұртың бар сенің, Қандастарым, асқақ ұста еңсеңді. Көріп өстік кешкі шапақ, таң нұрын, Басымызда бақытымыз бар бүгін. Отанына арнау керек әр қазақ, Өз қолынан келетіннің барлығын. Бұлақ болып құймаймыз ба теңізге?! Ұқсайықшы асыл тек пен негізге. Қандастарым, түсіп кетіп көп ізге, Өз нәсілін өзгерткен ел дегізбе! Қазақпыз деп мақтанайық қол соға, Әлжуаз ұлт емеспіз ғой соншама. Туған жердің топырағына жете ме, Басқа елде меншік қалаң болса да?! Бұл жиналыс аңыз болып таралар, Келді мұнда ойшыл дана, ағалар. Келді мұнда өнердің ұл-қыздары Сағынған ел байыппенен бағалар! 8 Иоханн Вольфганг Гете (1832–1749) – неміс ақыны. 9 Иоханн Фридрих Шиллер (1805–1759) – неміс ақыны. 10 Леопольд Шеффер (1862-1784) – неміс ақыны.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Құрылтайың құтты болсын қалың көп! Жарты әлемге жар салайық, мәлімдеп. Жүрейікші бүтін дәнді бөліп жеп, Жүрейікші жарты дәнді жарып жеп. Жанымызға жоламасын үрей-мұң, Бір түйіні болады ғой мың ойдың. Аман болсын қазақ қайда жүрсе де, Алладан мен жылап тұрып тілеймін! 2007 жыл, 24-29 мамыр Германия, Мюньхен

ОЛЖА ҚЫРҒЫЗДАР, ҚЫРҒЫЗДАР (Толғау) Аспанның көрші етіп жұлдыздарын, Жайлаған Алатаудың шың-құздарын. Мәңгілік туысқаным, мәртебелім, Ассалаумағалейкум, қырғыздарым! Қалайша жүрек сыры шертілмесін? Жақсы күн жаныма мұң келтірмесін. Қырғыздың кемеңгерін таныстырар, Қайдасың, Бөлекбаев Еркін досым! Жамбыл бабам бұл жаққа ат терлетті, Кенен атам арманға сәтті өрлепті. Орман ханның асында, Сүйінбайға – Бірде-бір ақын, жыршы шақ келмепті. Тарихты білеміз біз көрікті, Сүйінбайдан қалған бір із болыпты. Жомарт қырғыз жүлдеге ақ отау мен, Мейіз деген ең сұлу қыз беріпті. Ботаның көздеріндей айна көлі, Ондағы өмір бейбіт, сайран еді. Сүйінбай өшпес белгі қалдырған жер – Айтшы дос, Ыстықкөлдің қай жағы еді? Көп болған біздің елде ұлы абыздар, Ұлы абыздан шежіре сұраңыздар. Қырғыздың тасқа басқан таңбасындай, Алтай жақта сақталған бір аңыз бар. Жеңіспен тамамдаған бар жорықты, Қырғызда Жақып деген хан болыпты. Бірнеше сүйкімді қыз өсіргенмен, Сол Жақып жалғыз ұлға зар болыпты.....

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Қасиетті Өр Алтай даласында, Жақыптың қолы жеткен бар асылға. Әйгілі Манас батыр туған екен, Ұлық көл Үліңгірдің жағасында. Алланың Жақып көріп шапағатын, Ұлына арнады бар махаббатын. Осыдан мың жыл бұрын Үліңгірім – «Кішілбаш», «Үріңгі» деп аталатын. Елмен тойлап шыққан күн, батқан айды, Жақыпқа қыдыр қонып, бақ қарайды. Өміріме өзгеріс әкелген деп, Бурылтоғай атапты «Ақтоғайды». Әлмисақ әпсанасын меңгергенмін, Алтын бесік Алтайда тербелгенмін. Айыр қалпақ Қырғыздар, сыйла мені, Ер Манасың туылған жерден келдім. Қырғыздар, Манасты айтса еліресің, Жан-жүйең бордай босап егілесің. Бабамның алтын басын іздеп жүрмін, Ол туралы қырғыздар не білесің?! Көп бұрдым көңілімді көне күнге, Өзіңсің серігім де, сенерім де. Өздеріңнен көп менің аларым да, Өздеріңе көп менің берерім де. Қырғыздың құдіретін әлем көріп, Жазылған әлде қашан дәлелденіп. Манас пен Айтматовты туған елге, Ақын қазақ келіп тұр сәлем беріп!!! 2007 жыл, 3 қазан Қырғызстан, Бішкек.

ОЛЖА ЕРЖАНАТ (Толғау) Нөсерлетіп жақұт жырдың жауынын, Сүйіндірген барша қазақ қауымын. Туған елге есеп беріп жатырсың, Өнер кешің құтты болсын, бауырым!! Солыңнан ай, күнің туып оңыңнан, Адаспадың өнердегі жолыңнан. Шалқар шабыт шәкіртім боп сен менің, Он бір жаста ілесіп ең соңымнан. Сал-серілер салтын өзің жалғадың, Содан білдің тіршіліктің бар мәнін, Өнердегі соқпағы көп, күрделі Ақындықтың ауыр жолын таңдадың. Көкірегің керуені көп кең көше, Құздан ұшқан балапан ең сен кеше... Ақыны боп қалу үшін қазақтың, Осы жолдан тая көрме, ендеше! Арманыңның алау шамын жандырып, Арайласын таңғажайып таң күліп. Мүмкін емес әкім болу мәңгілік, Ғұмыр бойы ақын болу заңдылық! Алтайымның ардағысың, Ержанат, Тарғабатайдың тарланысың, Ержанат. Гүл Іленің саңлағысың, Ержанат, Арулардың арманысың, Ержанат. Ерен таудың егейісің, Ержанат, Бисән таудың мерейісің, Ержанат. Өлең-жырдың бардамысың, Ержанат, Мал-мүліктің кедейісің, Ержанат.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Жырдың таза қайнары бол, Ержанат, Ақиқаттың айғағы бол, Ержанат. Досқа жаздай жайдары бол, Ержанат, Парасатты елге пайдалы бол, Ержанат. Тұрмысқа да қарапайым, Ержанат, Шын сырымды таратайын, Ержанат. Айтыс деген жыр соғысы майданның, Сойқан ақын солақайым, Ержанат. Достарыңның жиып көбін, Ержанат, Жүрші жырдың құйып селін, Ержанат. Аман болсын, сүйікті елің, Ержанат, Соларменен биіктедің, Ержанат! Ақындықты игерген де, Ержанат, Сол өнерден сый көрген де, Ержанат. Есен-сау бол, елжіреген ел-жұртым, Кездесейік, үйленгенде, Ержанат!!! 2008 жыл, 11 мамыр. Қытай, Үрімші Жырла, жүрек... ІV бөлім

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД МЫҢҚОЛ ҮСТІРТІНЕН МЫҢҚЫСТАУ ҮСТІРТІНЕ ДЕЙІН (Эпос-баллада)

Сөз басы (Ер актердің даусымен): Осынау Жер – ана деп аталатын ғажайып ғалам­­шарда нелер болмады дейсіз?! Таңғажайып құбылыстар мен әфсаналардың шет-шегін айтып тауыса алар ма екенбіз?! Әй, қайдан болсын, бізден бұрынғы сан мыңдаған абыздар мен бағландар жете алмаған арманға бүгінгілер кенелдік деп айтпай-ақ қояйық ендеше! Олай болса «Мыңқол үстіртінен Мыңқыстау үстіртіне дейін...» лездік қана уақытпен ой толғап, көз жүгіртіп өтуге үлгерсек, соған қанағат етейік. «Қолтуған батыр» жайындағы деректер және аңыз­дар ізімен жазылған осы эпостық баллада тарих қойнауын­ да үнсіз жатқан тылсым сырларды суыртпақтай алса, бабалар алдындағы перзенттік парызымыздың болымсыз ғана өтеуі деп білейік! Бисимилла! Әлқисса...

ОЛЖА 1. Жаратылыс

(Қыз актердің даусымен): Телегей теңіз тұңғиық, Айнала таулар тұр биік. Таң атты, күліп күн шықты. Аспаннан кәусар нұр құйып Тып-тыныш таудың нулары, Сайрады, құстар шулады. Көбігі шығып бетіне, Түбінен теңіз тулады. Бір тылсымның күшімен, Өзгерді теңіз түсінен. Көрінді, әне, қос дүлдүл, Мың бояу балдыр ішінен. Жағаға шығып қарады, Денесін самал тарады. Құла, шағыр қос тұлпар, Ауамен сүйді даланы. 2. Аспан баласы (Ер актердің даусымен): Қандай ғажап үйлесім мен жарасым?! Нөсер жуды ұлан-қайыр даласын. Күн күркіреп, осқылады нажағай, Сілкіндіріп аспан, жердің арасын. Ойхой, шіркін ғаламаттар ғасыры, Бір сәт солай мейірімі тасыды. Жерге түсіп келе жатты аспаннан, Құс қанатты адамзаттың нәсілі. Аспан шайдай ашылды да түнерген, Асқар таулар асқақ тұрды шіренген.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Самұрықты, сәйгүлікті, бөріні, Тәңір оған жолдас етіп жіберген. Тұлпар мініп, құсын қолға қондырды, Көк бөріні серік етіп жол жүрді. Аспан сенің балаңмындеп ұрандап, Мәңгі еске сақтап қалды сол күнді. Нұр аймалап баһадүрдің денесін, Сезді солай келер күннің елесін. Адырнасын кере тартып тұрды да, Артартынан аспанға атты жебесін. 3.Қара жорға бұдыны (Қыз актердің дауысымен): Жер қайысқан жылқылар, Жарысып желмен үркіпті. Қастерледі әз халық, Көк серісі бүркітті. Жер Одайы түркілер, Көк бөріні пір тұтты. Сайран құрған қайран ел, Бақытқа ғана ынтықты. Тазалап тау мен тастарды, Сұмырайлар жер жастанды. Батырлыққа баулыды ел, Жас шыбықтай жастарды. Салтанатты ел сән құрды, Сыйлады ойшыл алғырды. Далалық өркениетті, Тасқа жазып қалдырды. Батыр, мерген, салсері, Биіктен шырақ жандырды. Қолту батыр болған соң, Білмеді жұрт зар-мұңды.

ОЛЖА Жыраулар айтты қобызбен, Батырға арнап ән-жырды. Жеті қат аспан әлемі, Жеті хан елі бар еді. Аспан елі, хан қызы, Құлан сұлу әдемі. Аспан жерді жалғаған, Қолтудың сүйген жары еді 4.Көнеден жеткен үн (Ер актердің даусымен): Қарсы алып арман ақ таңды, Аспанға Қолту аттанды, Жеті хан елі жекжат боп, Жер ана елі шаттанды. Ақша бұлткөйлек көлбіреп, Жұлдыздай жанар мөлдіреп. Аспанның айдай сұлуын, Күтіп тұр қауым елжіреп. Сыланып күннің нұрымен, Оранып аспан гүлімен, Жетті жерге Құлан қыз, Жетігеннің үнімен. Бұлбұлдар сайрап көгінде, Биледі аққу көлінде. Адамзат пенен аң-құстар, Жаудырды алғыс келінге.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД 5. Аю биі. 6. Қызғаныш. 7. Жанталас. 8. Кек (Ер актердің даусымен): Күн шықты, талай ай батты, Көңілді гүлдей жайнатты. Аюға мініп бақсылар, Түлкі мен қарсақ ойнатты. Бата беріп әулие, Айлар бойы тойлапты. Асатаяқ, дауылпаз, Сары даланы сайратты, Сауық құрған саңлақ ел, Ерте тұрып, жай жатты. Мереке кетті алысқа, Аралап шалғай аймақты. Түркілер түгел болған соң, Жаулардың қанын қайнатты. Жоюға бөрілі байрақты, Соғысқа қару сайлапты. Шешіміне тәңірдің, Жау келісе қоймапты. Боздатып бота, тайлақты, Қорқауға бура айдатты. Берекелі, бейқам ел, Қалқып ішкен қаймақты. Сайланып келген сайтан жау, Қатыгездіктен таймапты. Қеперсіз жатқан сол елді, Бөктіріп қанға жайратты. Албасты менен жын қонды, Сындарлы елге сын болды. Бекзада ұлдар құл болды, Бегім қыздар күң болды. Шаңырақ жанып күл болды, Ақыр заман күн болды. Құзғындар үнін тыңдатты, Қорқаулар қатал үн қатты.

ОЛЖА Сарғайып сараң таң атты, Қан қызыл болып күн батты. Жыландар жұтып қыранды, Ұлар шу бұзды ұранды. Арпалысқан ерлердің, Денесі қанға шыланды. Бейбіт жатқан халықтың, Тас-талқанын шығарды. Сайланып келген сайқал жау, Олжалап кетті Құланды. Теңізден тауып өткелді, Қолтудың жанын кек керді. Жау жүрек қыршын бауырлар. Жағаға аман жетті енді. Перизат Құлан қайда екен? Ойласа жаны дерттенді, Елдің кегін алуға, Көк тәңіріне серт берді. 9. Орта Меркі, шет Меркі. 10. Оқжетпес. 11. Сарыарқа. Ән Бұлдырап Алтай аспаны, Үзілді Ертіс дастаны. Қолту жинап зарлы елді, Тәңіртауға бастады. Жартасқа салып кескінді, Жылаған жылдар ескірді. Оңтүстікке аялдап, Солтүстікке көш жүрді. Бағыты солай өзгерді, Көп керуенді көз көрді.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Кешіп өтіп көлдерді, Көкше әулиеге кез келді. Тойлады талай жеңісті, Сарыарқамен көрісті. Жауынгер Қыпшақ хандығы, Шын достыққа келісті. 12. Мыңқол үстіртінен Мыңқыстау үстіртіне дейін (Ер актердің даусымен): Жем өзені Каспийге қарап ақты, Қолту шолды ойменен бар алапты. Сонау Мыңқол үстіртін жайлаған ел, Мыңқыстау үстіртіне бара жатты... Көп заман осы күнді күткен елі, Айналып қашқан бақ пен құт келеді. Ғұмыры үстірттерде өскен халық. Ордасын биікке әкеп тіккен еді. 13. Анда (Ер актердің даусымен): Қолту, Көкше батырлардың пәрмені, Екеуімізге ортақ дұшпан бар деді. Екі мықты дос болды деп жеткізді, Теміршінің сауысқандай балгері. Кесір мезгіл, сойқан уақыт айланды. Екі жақ та соғысуға сайланды. Екі жақ та бірбіріне айбарлы, Жасап алған бір құпия байламды.

ОЛЖА 14. Қилы кезең (Ер актердің даусымен): Қалың қолдар бірін-бірі нақ көріп, Көп соғысты арпалыспен тап беріп. Қызыл өзен болып ақты қызыл қан, Қалың сарбаз тау төбе боп жатты өліп... Көкше батыр таба алмады бақ белгі, Өмірімен қоштасатын шақ келді. Теміршінің көріпкелі айтқан соң, Оқ пен отқа бірдей қақтап жатты елді. Аңыз болған мергендігі Қолтудың, Бір жебесі бір жебесін қақ бөлді. Дәмі бітіп, бағы қайтып Қолтудың, Хан алдына байлап-матап ап келді. Теміршінің айдарынан жел тұрды, Тұтқын жауын өз алдына келтірді. Көзіне тік қарай алмай Қолтудың, Әмірімен жендеттері өлтірді. 15. Шоқ терек Ән Қыз жанына еш нәрсе де бола алмады бөгесін, Тыңдамады нөкерлердің ақылы мен кеңесін. Құлан ару шоқ теректе зар еңіреп тұрды да, Құлай барып құшақтады өлген Қолту денесін. Қасіреттің мақамдарын зарлы әуенмен қозғасын, Ғашық жүрек боз даланың ботасы боп боздасын. Құлан сұлу көкке қарап тәңіріне жалынды, Алтындаған құтысына толтырып ап көз жасын.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Жаратқанның мейірімен баһадүрге жан кірді, Жер қайысқан қалың қолды таң тамаша қалдырды. Осылайша екі ғашық мұратына жетті де, Қайғы мұңы бақыт болып салтанатпен сән құрды. 16. Тонау (Қыз актердің даусымен): Қызыл көзді Теміршіге кек тұнды, Қолтуманың елін қоршап, шеп құрды. Аң мен құсты ұясынан үркітіп, Қайран елді қызыл қанға бөктірді. Сұм Темірші жауыздығын қайталар, Оның жаны қан ішуден жай табар. Бағынуға мәжбүр болды ақыры, Қырғындаудан қалжыраған тайпалар. 17. Араша (Ер актердің даусымен): Қайтпады деп ата жаудан кектері, Тәңіріне жалбарынды көктегі. Әулиетау жотасына шығып ап, Көкке қарап ұлып жатты көк бөрі. Сайын дала тайпасының ұлы елі, Жоғалмады, түркі жұрты түледі. Көк тәңірі таңғажайып күш берді, Қабыл болып көк бөрінің тілегі.

ОЛЖА 18. Ақсақ Құлан (Қыз актердің даусымен): Көкке қарап ұлып жатты көк бөрі, Көк түріктің қайта келді өткені. Теміршінің мазасын ап күндіз-түн, Ақсақ құлан көз алдынан кетпеді. Ақсақ құлан кесел болып көрінді, Ал, темірші бордай босап егілді. Содан бастап Теміршіден бақ қайтып, Жасақтары қойдай жусап жеңілді. 19. Үрей (Қыз актердің даусымен): Жаулардың қаны төгілді, Қабырғалары сөгілді. Абыздар айтқан болжамдар, Темірші жанын кемірді. Тегеуріні тебінді, Түркілер қайта елірді. Атың өшкір ата жау, Қою қанға көмілді. Жаудың өлексесіне, Қарға, құзғын семірді. Жеңілген жау тұрмады, Артына мойын бұрмады. Жасап қанды жорығын, Байтақ жерді былғады. Теміршінің өлігін, Арбаға салып зырлады. Қан кешкен жойқын жорықтың. Артында қалды жұрнағы...

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД 20. Бесік Орда (Ер актердің даусымен): Мұраты мұқалмай, арманы асқақтаған Қолту баһадүр мен Құлан сұлудың күнәдан пәк нәрестесі міне осындай өліара кезеңде дүниеге келді. Даланың иісі бұрқыраған сәбиге Боғда деген ат қойып, жөргегіне құндақтаған құдіретті халықтың шаттық үні аспан, жердің арасын кернеп кетті. Ессіз жаудан есеңгіреп қалған есіл жұрт есін жиды. Сайын далада сансырап кеткен тайпалар одағы қайта құрылды. Қасиет қонған бекзат халықтың Қолту хаһарманы хан тағына отырды. Тағдыр тауқыметін өткерген, жат жұрттың қиянатын көп көрген дегдар халықтың меншікті мемлекеті шаңырақ көтеріп, салтанат құрды. Көк зеңгір аспанда елдік туы желбіреді. Сабырлы жердің, Қадырлы елдің бақыты баянды болсын, деп тілейік! Әумин! (2102 жылғы 20-желтоқсанда Алматыдағы «Қазақконцерт» залында «Мыңқол үстіртінен Мыңқыстау үстіртіне дейін» атты арнайы қойылым болып, ол кейіннен СТВ телеарнасында бірнеше мәрте қайталап көрсетілді).

ОЛЖА АРМИЯ ГЕНАРАЛЫ ЖӘРЕКЕ БЕКЕШҰЛЫМЕН СЫРЛАСУ Тағдыр кейде қатал екен неге тым? Көп сыйлады қаһарлы қыс жел өтін. Бұзып сонда тас қамалдың бөгетін, Бір дәу аға біздің үйге келетін. Бұл щаңырақ иендегі моладай, Туыстар да алыс кетті-ау, жоламай. «Халық жауы, отан сатқан» бұл үйге, Кедергісіз келіп жүрді сол ағай! Жүрген кезде қиянаттан қансырап, Тұнып тұрды жауабы жоқ сан сұрақ. «Шешей, аман отырсыз ба?» – деп сонда, Келуші еді анамыздан қал сұрап. Айдынынан үркіп ұшып шағала, Біздің кеме қайрандады жағада. «Жасымай жүр, алда жақсы күн бар» – деп, Рух беретін жүдеп жүрген ағама. Мейірім күтіп медеті жоқ таңдардан, Сәби көңілілім әлде нені аңғарған. «Бұл үйге де пенде келеді екен-ау...» Бала сезім сонда талай таң қалған. Әдемі әбзел безендіріп торы атын, Ол келгенде бір жылы леп соғатын. «Бұзық үйге» сәлем беріп көп келген, Ол – Генерал Жәреке ағам болатын. Бой жаздырмай бұғаулаған аяқ бау, Өксіп жүріп өмір сүрдік саяқтау. Жүрегіме таңбаланды сол бейнең, Содан бері қырық жылға таяпты-ау! Өтті бәрі... заман қайта оңалды, Үркіп ұшқан бақыт құсы оралды.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Білесіз ғой, үндемейтін сол бала, Ұлы өнердің сапарына жол алды. Жылап туып, күліп өскен інің ем, (Қалай ғана ұмытайын мұны мен?!) Аталғанда алғаш «Ақын Қайрат» боп, Сен қуандың алақайлап шынымен. Бір өнеге көре қалсам алғырдан, Сенің бейнең ой-санамда жаңғырған. Құшақ жайып қуанышты күндерде, Таудай болып сен шығасың алдымнан. Тұтастықтан бөлінбесе де шекарам, Жауап таппай жүрмін қазір мен оған. Лауазымы сәл өрлесе болғаны, Қалай екен, өзгереді көп адам. Соның бәрін сетер халық сезген ғой, Айту қиын ақиқатты көз көрмей. Мәртебенің мәресіне жетсең де, Ғұмыр кештің бір қалыптан өзгермей. Білем аға, жаз өткен соң күз келер, Мерейлі шақ көп болса екен сіз көрер. Буланбайтын атақшенге, мансапқа, Аға, осы өнегеңді бізге бер?! МАНСҰР АҒА Пейілің тең кеңбайтақ даламменен, Өзің жайлы тербейді санамды өлең. Жүрмісің есенаман, Мансұр аға, Аға мейірін сағынсам саған келем. Саңлақ ұлын тұра ма ел көтермей, Ізгілік, ой сергітіп, тербетер бой. Бір кездер «биіктерде» жүргендердің, Ұмытылмай қалғаны кемдекем ғой!

ОЛЖА «Қолында жүзік бардың» жолдасы көп, Сезілер парасаттың ордасы боп. Әдетте атақдаңқы жер жарғанмен, Елжұрты тез ұмытса сол қасірет. Тебіренсең айтылды тереңнен ой, Ірілердің сапары бөгелмегей. Ел сыйлап «Мансұр аға» деген атпен, Тұрсың сен биігіңнен төмендемей. Тәрбие – тазалықтың аспанысың, Сол жолдың талантыңды ашқаны шын. Шарқ ұрдың күндізтүні кірпік ілмей, Ұлтыңның білім қуған жастары үшін. Сені уақыт безбені көп сынадыау, Ағаттық, өткен күнді топшыламау. Білімге қанша ұрпақтың жолын аштың, Көбі қазір есіңде жоқ щығарау!? Кемел ойлар құлашын кең сермейді, Тұрлауы жоқ тобырға ел сенбейді. Халқына адал қызмет ете білу, Мансаптың деңгейімен өлшенбейді. Айшықты ақиқатты арға балап, Бойыңда тұнып тұрды бар қанағат. Ағарту қайраткері – Мансұр Әбіл, Өзінөзі көрмеген жарнамалап. Билікбайлық уақытша, халық мәңгі! Бақыт сол, аман көрсең жарық таңды. Аға, сен де ұмытпа ел тілегі, Айтып келген ажалдан алып қалды. Өзі аласа, мұраты биік кісі, Секілді ұлтанды елдің ұйытқысы. Ешқашан құрметтен кенде болмас, Ұлтының бола алғандар сүйіктісі!!

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД БАҚЫТТЫ ЕЛ, БАЙТАҚ ЖЕР Сауықдуман, сайранымсың, туған ел, Қорғанымсың, айбарымсың, туған ел. Пәк көңілмен шексіз сүйем мен сені, Көтеретін байрағымсың, туған ел! Сен туралы кәусар жырлар жазамын, Таңғажайып тау суындай тазамын. Бостандықтың күні босқа өтпесін, Бодандықты көрген талай Қазағым! Мен қазақпын, қайсар халық текті едім, Асыл арман асқарына жетті елім. Тәуелсіз ел – Қазақстан жасасын! Одан басқа бақытым да жоқ менің. Тұнық тұрсын өзендерім, көлдерім, Мен ізгілік биігіне өрледім. Басшы біреу, халық тіреу қашанда, Аман болсын, ел бастаған ерлерім!! Уақыт, мезгіл алаңдаусыз өтсе екен, Күн күлімдеп алтын нұрын төксе екен. Бабалардан бізге қалған аманат, Келешекке кемелденіп жетсе екен. Жырла, жырла алау жүрек, от тілім, Баяғыдай күрмеулі күн жоқ бүгін. Бойтұмары әлемдегі Қазақтың, Биіктерде желбіресін көк туым!!! 2013 жыл, 25 қараша (дүйсенбі).

ОЛЖА ЖЕР ҰЙЫҚ МЕКЕН – ЖЕМЕНЕЙ Ата мекен – нұрдан таза сезімсің, Арман құсым асқарыңда көз ілсін. АлтайСауыр менің жәннат мекенім, Қасиетті бойтұмарым өзіңсің! Саған деген кәусар тілек көп менде, Зер салайын шежірелі өткенге. Асан қайғы Сәбитұлы таң қалған, Жеменейге желмаямен жеткенде. Ей, болашақ, тарихыңды тыңдап ал, Өз тегіңді білмеу саған мін болар! Мақтанышы менің байтақ елімнің, Сауырымнан самғап ұшқан тұлғалар. Басып өттік талай ғажап ғасырды, Көрдік талай бегзаттар мен асылды. Елге әйгілі «Уаң ордасы»1 қазақтың, Сауырымның салтанатын асырды. Кемел ойды кедергілер тоспаған, Ізгі жұртым, ірілерден дос табам. Алтын тұтқа болды туған еліме, Лақ би мен Жәке бидей қос бабам! Сауыр сенде олжасыз боп қайтып па ем! Болмысыңды тауыса алам ба, айтып мен. Сенде өсті ұлт көсемі Шәріпхан2, Елі үшін алтын басын бәй тіккен! Суыңсия, далаңжазған дәптердей, Салқын Сауыр саңлақтарға бапкер ғой. Бұланбайлар, Байғозылар... сенде өтті, Алты арыстың балуаны шақ келмей. 1 Уаң ордасы – Патша ордасы Жеменейде болған. 2 Шәріпхан – Әйгілі қайраткер Шәріпхан Көгедаев.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Пәтқолладай майор ұлың тұлғалы, Шежіренің көкейімде тұр бәрі, Уыз болып ұйып қалған Жеменей, Отарбай мен Сымағұлдың... жырлары. Жеменейде жаттап өстім жер тілін, Жеменейден алдым білім төркінін. Көтерілді министрлік биікке, Сенің тумаң, мақтанышың – төрт ұлың. Білімсізге бақыт құсы қонбайды, Күндізтүні толғанамын сол жайлы. Шар тарапқа зиялылар таратқан, Жеменеймен санаспауға болмайды. Ши жинпиң мен Назарбаев екі елді, Көркейтуге ұлы міндет өтелді. Жеменейдің Халықаралық өткелі3, Даңқымызды биіктерге көтерді. Деректер мен дәйектерге дәлел көп, Жұртымызға мәйек болды бар еңбек. Айналдырды байлығына хадықтың, Импортталған газ өнімін мәнерлеп. Заман жақсы, бақыттысың даңқты ел, Келген достар байғазыңды алып кел. Көріністер көрем десең көрікті, Саяхаттап Қойтасыма барып көр! Атызарық, су құрлысқа үңілші, Хан сарайдай бейқұт үйге бұрылшы. Жеменейдің сапалы мал, астығы, Бүкіл Шин жаң көлемінде – Бірінші! Алыстатып ғасырға тең айларды, Барлық байлық жомарт елге байланды. 3 Халықаралық өткел – Майқапшағай кедені.

ОЛЖА Қатал Ноқай4 боранымыз айбарлы, Энергия қайнарына айналды. Бұл толғауым – жарнамалық мәлімет, Уақыт қысқа, айтар ойлар әлі көп. Таңғажайып табыстарды көремін, Жеменейге келген сайын әр рет! Көкжиекте көркің бар жер Жеменей, Жер ұйықпен тең тұрған жер Жеменей. Жарты әлемге шежіреңді жатқа айтып, Нөсер жыр боп мен туған жер Жеменей! Күлкі – бақыт, күлкі – думан, күлкі – нұр, Іңкәр жырдың іші – жақұт, сырты – гүл. Қабыл болсын ұлыс күнгі тілегім – Ел мерейін үстем етсін, жылқы жыл! 2014 жыл, 5 наурыз ҚХР, Шин жаң, Алтай қаласы АҚСАЙ – АСҚАҚ АРМАНЫМ (толғау) Сайын далам айтасыңау, мың дерек, Сенің даңқың жер шарында тұр бөлек. Алтай, Тянь-Шань, Гималайға жалғасқан... Баба жолын қуып келем жүлгелеп. Шөлге шуақ төгейінші, деп, келдім, Көлге қуат берейінші, деп, келдім. «Әттең, шіркін» армандардың мәйегін, Ақсай, сенен көрейінші, деп, келдім! 4 Ноқай – Жеменейде соғатын мезгілдік, өңірлік боран.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Бақыт құсы ұшқан елде бар ма сын?! Қанды көлге тоғытылды мал-басың. Қанамбардан, Қолымтыдан, Хайыздан, Көрейінші шерлі күннің таңбасын. Тайталасып жат пиғыл мен дос елші, Көп тарих көз алдыма төселші. Ойпатында Жоңғар, Тарым, Сайдамның, Қанша қазақ қырылды екен, десеңші!? Еске сақтап кемеңгерлер кеңесін, Іздеп келем ежелгінің елесін. Сонау Тибет үстіртінен таптымау, Бассыз қалған Бөке батыр денесін. Өмірсапар, неткен азап жол еді, Өлмегендер көресіні көреді. Елісқандар, Адубайлар, Зайыптар, Еріккеннен босқын болған жоқ еді. Қасқырларға көрсеткен жоқ қой күшін, Бұл сұраққа жауап таппас кей кісің. Салақиттан, Кәбен, Қасым, Құсайын, Ма бу фаңды аңсап кетті деймісің!? Қанды көштің қасіреті неткен көп? Ар-намысың тұрды саған өткел боп. Мүлік батыр, Мейірімқан, Тұңғышбай, Сары жонға сауық құрып кеткен жоқ. Қандасына жасап қанды жорықты, Абай, Әбеу елге апат болыпты. Билік үшін туған жұртын қырғындап, Қалың елдің қарғысына жолықты. Ұрпақ үшін баба жүрген жол қымбат, Зар заманның ескерткіші болдың нақ. Қоштастың-ау, ата жұртпен ауған ел, Ең соңғы рет Гималайдан қол бұлғап.

ОЛЖА Бейуаз жұртқа орнаған жоқ жұт мәңгі, Көк аспаннан кәусар болып сүт тамды. Ли шәнниян, Шүй шаңчиан мен Чын юндер, Осы елді қан қасаптан құтқарды. Сонау жылдар еңіреген ел едің, Бүгін міне, терезеңді теңедің. Ақсай, сенің бақыт тұнған далаңнан, Ши жұңшүннің қолтаңбасын көремін. Ақсай, менің арманымсың, даңқымсың, Шабытымның шағаласы шарқ ұрсын. «Ауған ел» айтпау керек сені ешкім, Ағып келіп тоқтап қалған алтынсың. Болашаққа теңелгенде бой бүгін, Ақсай, саған жаудырайын ой нұрын. Құтты болсын алпыс жылдық мерекең, Алып келген осы толғау тойлығым!!! 2014 жыл, 10 наурыз ҚХР, Гансу өлкесі, Ақсай Қазақ автономиялы ауданы

АЛТЫН ҰЯ – АНА МЕКТЕП (М. Дулатов атындағы № 136 мектеп-гимназиясының мектеп бітіруші түлектеріне) Бәйшешегін баптаса дала көктеп, Бағалы білім бізді саналы етпек. Бал дәурен балалықтың жәрмеңкесі, Сен бәрінен ыстықсың, ана мектеп! Өседі, бір орында тұрмайды адам, Уақытты тоқтатып кім байлаған?! Әлемнің бар қызығы жетер ме екен, Сенде өткен күндеріме гүл жайнаған! Парасаттың өлшеген аралығын, Барлығына таразы – сана, білім.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Түлектер дидарыңа қарап тұрып, Есіме түсті-ау, менің бала күнім. Байсалды өрендерге бата қонар, Ертеңнің таңы болып атады олар. Үкілі үміт күткен ұрпағынан, Тілегің қабыл болсын, ата-аналар! Шәкірттің қуандырса зеректігі, Тілектің айтылады бөлек түрі. Ата-аналар алғысын арнап келді, Мектептің нар тұлғалы директоры. Іздегені ақша мен алтын емес, Тек білімге құратын жалпы кеңес. Жаны нұрдан жаралған ұстаздарға, Бар құрмет жасалса артық емес. Ұядан ұшқан ұрпақ сені көріп, Мен бүгін жыр оқыдым тебіреніп. Өмір менен білімде жолың болсын, Болыңдар еліңе құт, жеріңе құт. Айтамын ақ тілектің арнап бәрін, Сендерге байғазы жыр, ән баптадым. Білімнің аламаны шақырады, Жүлделі бол, саналы саңлақтарым! Еш нәрсе қымбатына тең келмеген, Бақыттың бесігінде тербелген ең. Ұлтымның ұлағатты ұлқыздары, Мақтанатын болайық, сендерменен! Зор мақтан мерекені жыр еткенім, Көрейін келбетіңді нұр өпкенін. Әмин, сапар сәтті, жолың болсын, Ұядан самғап ұшқан түлектерім!! 2014 жыл, 25 мамыр (жексенбі), Алматы

ОЛЖА АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ Қақ жарған қасіреттің қара түнін, Сақтаған бабалардың бар асылын. Аспанжердің арасын жалғастырған, Жаса, жаса ардақты ана тілім! Ана тілімсертімнің семсері еді, Ана тілім – Жанымның ең сенері. Шексіз мұхит қазақтың ана тілі, Әлемдік көкжиекпен өлшенеді. Ғажайыптар тудырған ғасырыма, Даламның тау куә, тасы куә. Ұлтымның қарапайым жалғыз сөзін, Бермеймін әлемнің бар асылына. Менің тілім, зеңгір көк, айға самға, Тұлпарлардың тұяғын тай басар ма?! Ана тілін ардақтай алмағанның, Жолы ашық болған емес қай-қашанда. Ана тіл, маржан сөзім мөлдіресін, Бақыт күнге жол алды енді көшім. Тілім, рухым, дәстүрім аласармай, Елдік туым биікте желбіресін!! БАҺАДҮР БАБАМ – ЖӘНІБЕК Нажағайы өр намысты майданның, Ер Жәнібек батыр бабам айбарлым. Елін даудан, жерін жаудан қорғаған, Қайран баба қасиетіңнен айналдым! Құбылмалы қылтыңы көп заман-ай, Қиянатты талай көрген далам-ай.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Сыр бойы мен Өр Алтайдың арасын, Тұлпарымен дүбірлеткен бабам-ай! Жайсаң қазақ жақсылыққа жақынбыз, Қайсар қазақ шетімізден батырмыз. Аңыз баба, абыз баба Жәнекем, Үш ғасырды мерекелеп жатырмыз. Абылай хан туын берген Жәнібек, Жекпежектің мыңын көрген Жәнібек. Қабанбай мен Бөгенбайға іні боп, Жоңғарларды қырып, жеңген Жәнібек! Сені туған жауынгер ел киелі, Бұл тәңірдің бізге берген сыйы еді. Бердәулеттің жалғызы еді Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбектің жиені. Ата жауың қалтыраса ес қалмай, Тектілікке дау жүрмейді ешқандай. Бір қызыңнан туған сенің жиенің, Ұлы Абайдың ұлы атасы Өскенбай. Бекзат ұрпақ өсе берсе құрымай, Батыр рухы тұрсын қалай жылымай!? Бір қызыңнан туған сенің жиенің, АғартушыАлтынсарин Ыбырай. Өмір бойы мен ерлікті ән етем, Ол замана керуенінің заңы екен. Шүкір, тәубә адал ұрпақ бар екен, Қазағыңа риза бол, Жәнекем! Бабалардан бізге қалған кең мекен, Шалқұйрығын шабытымның терлетем. Билік, байлық алатындар өте көп, Батырлыққа баратындар кемдекем. Отан мәңгі, қаһармандар қорғады, Ұрпақтардың ашық болсын жолдары.

ОЛЖА Бодандықтан бостандыққа жеттік біз, Ұзағынан сүйіндірсе болғаны! Алла бізге шапағатын берді де, Ұлыларын ұлықтады ел, міне! Тілегіміз қабыл болсын, әмин, Қазағымның туы биік желбіре!!! 2014 жыл, 2122 маусым, Шығыс Қазақстан, Жарма ауданы БАБАЛАР РУХЫ – ҰРАНЫМ Әнін жазған Нұргүл Жақыпбек Ешкіммен енжар болмаған, Еліме бақыт орнаған. Айналдым батыр бабалар, Жерімді жаудан қорғаған! Ұлтымның өршіл ұрпағы, Ерліктің әнін шырқады. Арайлап атсын қашанда, Қазақтың бақыт нұр таңы. Ұлтыма қонған дара бақ, Әлемді кетті аралап. Бабалар жолы ғаламат, Біздерге мәңгі аманат. Жәнібек бабам, ер бабам, Ерліктен енші бер маған. Қазақтың бақыт бесігі, Бабамнан қалған кең далам! Даламның байтақ кеңдігін, Мақтаныш етем мен бүгін.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Қазіргі ұрпақ жалғасын, Бабаның қайсар ерлігін. Жақсыға жар боп жарастым, Арманның шыңын ары астым. Елімді нұрға бөлесін, Қаһарман рухы алаштың!!! 2014 жыл, 1 мамыр (бейсенбі) ЕР ЖӘНІБЕКТІҢ ҰРАНЫ Әнін жазған Еркін Ергенұлы Атандым Ер Жәнібек бала жастан, Шайқасқа жастайымнан араласқам. Қолға алып ақ найзамды атой салып, Қалмақтың басын алдым жағаласқан. Қайырмасы: Ай балта, найза қолымда, Болмады бөгет жолымда. Қорғап жүрді көк бөрім, Оңым менен солымда. Алланың нұрыменен көріктендім, Хан ием Абылайға серік болдым. Бөгенбай, Қабанбаймен, Наурызбаймен, Жоңғарды сан жорықта жеңіп келдім! Қайырмасы.

Боданы ата жаудың болмау үшін, Қорғадым Алашымның өр намысын. Ту алып, тұлпар міндім кірпік ілмей, Кең байтақ даламызды қорғау үшін! Қайырмасы. ОЛЖА Қазған ор кездеспесін тұлпарыма, Жайған тор кездеспесін сұңқарыма. Жеріңді жауға мәңгі бастырма, деп, Тапсырдым ұрпағымның ұрпағына!!! Қайырмасы. 2 рет

ӘНДЕРІМІЗ АҚША БҰЛТТАН АРЫ АСҚАН Іңкәр жұртым өнер менен білімге, Тұлпарларым бәйгеден кел, сүрінбе. Елжұрт пенен қауыштық-ау, бүгінде, Қасиетті «Отан қорғау» күнінде. Арманымыз көкжиектен ары асқан, Әндеріміз асқар таумен таласқан. Өнер кеші құтты болсын, туыстар! Ұранымыз: «Достығымыз жарасқан». Қуанамыз дала гүлі жайнаса, Қуанамыз бақта бұлбұл сайраса. Тіршіліктің бәрі бекер болмай ма? Рухани ашаршылық жайласа. Сөз мәйегі көкейімде тұр менің, Уыз жырмен үміт отын үрледім. Танысам да, танымасам да біргемін, Ұлттық рухқа қызмет етсе кімде-кім! Пәк көңілдер ойсанаға жиды нұр, Ізгі тілек нөсер болып құйды жыр. Жолың болсын өмір менен өнерде, Сетер әнші Құрманбек пен Бибігүл. Әлди әннен басталады жол басы, Сөнбес сәуле жүрегіме орнашы! Бұлбұлдардың миуа бағы секілді, Рахмет, «Қазақ концерт» ордасы!

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Маңдайымнан аймаласа жарқын леп, Мерейімді үстем етті халқым кеп. Рахмет, бал дауыстың бапкері: Ән дүлдүлі Қоразбаев Алтынбек! Ұлысыма бақыт құсы қонса екен, Ұлтымыздың жаны нұрға толса екен. Мінәжәтім қабыл болсын, әмин! Қазағымның рухы биік болса екен!!! 2014 жыл, 7 мамыр (сәрсенбі), Алматы

ТАРИХ ЖӘНЕ НӘБИЖАН (Көрнекті ғалым Нәбижан Мұхаметханұлы 60 жаста) Мұраты мен арманын асыл еткен жан аға, Адал ғылым кәсібін нәсіп еткен жан аға. Өнегенің шуағын шашып өткен жан аға, Алпыс жылды алқынбай басып өткен жан аға! Қуат еттің бойыңа серілердің серттерін, Алаш деген ұранның ереуіл атын ерттедің. Қырық жылдай емдедің қанды тарих дерттерін, Інің болып мен сені жиырма бес жыл зерттедім. Тоғызтарау мекенің тоғыз өзен торабы, Биіктерде туғанның тұлғасы да жоғары. Кіндік қаның тамған жер, анау, Мұқыр, Жырғалаң, Сұлу жерде туғанның жаны сұлу болады... Жастайыңнан жүрдің сен жақсыларға жақын боп, Арманы асқақ адамға қонады екен ақыл көп. Ұстазың мен ағаңның бәрі кесек тұлғалар, Ірі болмай қалуға сондықтан да қақың жоқ.

ОЛЖА Дәлелдеген дәйекпен күллі түркі қандасты, Ғалым Нығмет Мыңжани бұйдагерің алғашқы. Сол кемеңгер бастаған ғылымдағы сапарың – Дүлдүл Жақып Мырзақан ғұламаға жалғасты. Жолын қуған шәкіртсің Қозыбаев Манаштың. Ағаң Мәмбет Қойкелді, тел құлындай жарастың. Марқұм Хасан Оралтай мұраттасың еді ғой, Ғұмыр бойы жоқтаған асыл рухын АЛАШТЫҢ!!! Ғашық болдың ғылымға сүйген сайын құмартып, Ғұмыр кештің алпыс жыл жүрегіңе жүк артып. Рутайпа тарихын әспеттеген қате емес, Ұлттық рухты ту ету барлығынан мың артық! Тарихымды тірнектеп, тізбелеген Нәбижан, Болашақтың үмітін үзбеген ең, Нәбижан. Тазалықты аңсасам сізге келем, Нәбижан, Арзан атақ, мәртебе іздемеген Нәбижан! Гүлнұр апай аяулы бапкеріңіз, жарыңыз, Зәуре, Мардан – ұл-қызың жалғасыңыз, жаныңыз. Аман болсын немере, жиеніңіз сәніңіз, Жүз жасыңда саламат бас қосайық, БӘРІМІЗ!!! 2014 жыл 14 мамыр, сәрсенбі, Алматы

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД ҚАЙРАТКЕР ҚЫЗЫ ҚАЗАҚТЫҢ Бұлт астынан шыққан күндей дидары, Иманындай қорғап өскен ибаны. Тамылжыған тамыз айы жұртыма, Айгүл деген арманшыл қыз сыйлады. Несібені жинаған қыз жер-көктен, Жаралыпты өзгеше бір өрнекпен. Алтын бесік Алтай-Сауыр тербеткен, Ертісімнің суын ішіп ержеткен. Көрген талай сергелдең мен сейілді, Түркия ағам кең даламдай пейілді. «Алаш жұрты ағартушы,- деп білген, Көгедаев Шәріпханнан кейінгі!» Айгүл осы текті әкеден жаралған, Отбасынан басталыпты бар арман, Қабира апай құнарлы жер секілді, Мемлекеттік үздік ұстаз саналған! Арман сұңқар шыңға қанат жайды көп, Тектілікке тебіренбес қай жүрек!? Айгүл жүрді бала күннен оқуда, Зейінімен зеректігін әйгілеп. Айгүл білді тым алысқа ұшарын, Жас жүректе тасып тұрды күш, ағын. Қытайдағы Да Лиян деген порт қала, Білім үшін жайған еді құшағын. Тіршілікке шын берілген құштары, Ұлы шешім алмағайып тұстағы. Зерек әке, зерделі ана Айгүлге, Бақытының құбыласын нұсқады. Асыл арман көкейіне көшеді, Біздің Айгүл Алты Алаштың досы еді.

ОЛЖА Жас отанға алғаш келген қарлығаш, «Қайраткер қыз», деп атауым осы еді. Елге келіп Айгүл ерке болыпты, Туған елдің қасиетін мол ұқты. Рухымызға тұтқа болған тұлғалар, Ағалары, апайлары жолықты. Адамшылық, іскерлікті игерді, Отанынан Айгүл талай сый көрді. Білім алып Еуропаны шарлаған, Марат Уатқанұлыменен үйленді. Өмір солай шуақ нұрмен түрленді, Шын бақытты айлар менен жыл берді. Қуандырып Марат пенен Айгүлді, Дүниеге Теңіз деген ұл келді. Айгүл саған нұры жаусын Алланың, Биіктесін асыл мұрат, арманың. Мерей тойға тұлғалардың келгені, Көрсетіп тұр саңлақ қыздың салмағын! Маңайыңа шуағыңды шашасың, Әлі талай алтын қақпа ашасың. Елжұртыңның тілегі осыАйгүл қыз, Келген жасын екі еселеп жасасын! Айгүл, Айгүл, қазақ қызы дегіздің, Иесісің ықыласты лебіздің. Адал жары Марат пенен аман боп, Қуанышын ұзақ көрсін, Теңіздің!!! 2014 жыл, 3 тамыз, жексенбі, Алматы

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД АҒАЛАР-АЙ... (Зейнолла Мүбәрәкұлы Сәнікті еске алу) Өсірді арман дала, арда мекен, Мен өшпейтін өмірді арман етем. Зейнолла ағамызбен қоштасқалы, Бір жылдың жүзі болып қалған екен. Сағыныш санамызды билеп еді, Көңілім ала бөтен күйге енеді. Біздерді қамықтырып, ойландырар, Ағалар қатарының сирегені. Үлкендерден көп алдым үлгіні мен, Олар айтқан шежіре, жырды білем. Зейнолланың іззетті інісі боп, Жиырма төрт жыл сырласып бір жүріп ем. Тартыстарды көп көрген тарлан едің, Саналы ұлын ұмытпас саңлақ елің. Ұлттың рух байлығын молайтуға, Алпыс жыл ғұмырыңды арнап едің! Арманыңды айдында жүздіргің кеп, Тұлпарыңның тұяғын қыздырдың көп. Сағынышпен еске алып елің келді, Аға, сені ұлықтау біздің міндет! Аңсауға қалам ұстап алса қару, Жүрегіне табады қанша дәру. Аман жүрсін ұрпақтың ұйтқысы боп, Ақын, ұстаз анамыз – Шәмшәбану! Жылы сөзбен жұбаттық жүдегенді, Ескерткіш қып орнаттым бұл өлеңді. Тіріңде маған жақсы аға боп ең, Қанатыңа аға боп жүрем енді!!! 2014 жыл, 28 тамыз (бейсенбі.) Қазақстан Жазушылар одағы

ОЛЖА МЕНІҢ ЖЕЗДЕМ (Көрнекті қаламгер Серік Қапшықбайұлы – 80 жаста) Көген алмай өлең алдым мол несібе сөз маған, Үлкендерден өнеге алсам даналыққа тез барам. Серік өзі бір әлем ғой түсінбейтін өзге адам, Ұлағатты ұстазым ол әрі менің жезде ағам. Кездері жоқ бір адамның меселдесін қайтарған, «Айдан ары, күннен бері...» жер үстінде тайпалған. Поэзия, проза мен драма үш биіктен, Бой көрсеткен біздің Секең шынымен де майталман. «Жоқ» дегенің рас жоқ па әлде ауыр тағдыр ма?! «Жылқы ішінде ала жүрсе»

«Баланы» ертіп бардың ба! Қорғау үшін «Жер басып жүргендердің» барлығын, «Күн шығысты»*

«Жүрек тұстан» нысанаға алдың ба!? Тарпаң тағдыр нажағайлы от қамшысын үйірдіау, Сонау жылдар қақпайлады дүлей мінез, дүйім жау. Сөзі жұмбақ, өзі жұмбақ сексендегі Секеңді, Біздер үшін толық біліп, түсіну де қиындау. Менің жездем жұмсақтық пен қулыққа да бай тағы, Күдір жолға жоламастан, ылди жолмен қайтады. «Сенікі жөн... өте дұрыс», «бәрекелді... жарайсың» Осы сөзді кім-кімге ойланбастан айтады. Гүлсімхандай апайыммен бақытты боп өтіңіз, Ұрпақтардың бақыты үшін босамаңыз, бекіңіз. Үнемшілдік қағидасын қатты ұстанған жезде аға, Еппен жүріп, ешкім білмей жүзге де аман жетіңіз! 2014 жыл, 8 қыркүйек (дүйсенбі.) С. Қапшықбайұлының кітаптары.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД АҚЫН МЕН АҚЫН СЫРЛАССА (Ағартушы, ақын Орынғазы Мәнбазарұлы – 70 жаста) Кешеден келешекке тарады арай, Сендермен бағдарымды табам оңай. Гүлдерден бал жинаған бал арадай, Айналайын, сендерден, ағаларай! Үнем баста тұрмайды өмір жазы, Таусылмайды пенденің көңіл назы. Жанкешті, жампоз ақын ел білетін, Ол менің қайсар ағам – Орынғазы. Сараңдау табиғаттың сыйын күткен, Дүниеге келіпсің дүйім жүкпен. Жақсылықпен жеттіңіз жетпіс жасқа, Жас өмірің өтсе де қиындықпен. Аға, бүгін есіктен төрге жеттің, Өміріңді өлеңмен өрнек еттің. Он бес жаста танылып баспасөзде, Елу бес жыл рухқа еңбек еттің. Тірлікке тірек болса көміртегі, Біздің қоғам білімге шөліркеді. Ұрпаққа ұлағатты ұстаз болу, Сіз жеткен биіктердің ең үлкені. Арнадың кіршігі жоқ жырыңды елге, Көрем соны жаныңа үңілгенде. Өзіңізден тараған сегіз ұрпақ, Бұл күндері айналды рулы елге. Не жетсін тазалыққа сүйенгенге! Алдыңда әз басымды ием мен де. Қайсарлық пен өскелең өнегеңді, Тұмар ет, немерелер, жиендерге.

ОЛЖА «Хандардың ордасындай қара қосы», Көп тағы көне таныс, жаңа досы. Орынғазы – сабырдың сары атаны, Қазірше менің берер бағам осы! Құрметтеймін, қалайша үлгі етпеймін? Әрине, бұйымтайсыз құр кетпеймін. Ағамыздың күтімі кем болмасын, Аққайша тәтемізге міндеттеймін! Елжұртым, жақсылыққа жалға, мені, Сый көрді азаматтың ардагері. Рахмет, ұлтымның тұлғалары, Рахмет, Сауанның саңлақ елі!! 2014 жыл, 1 қазан (сәрсенбі) ТАРЫМ ЖӘНЕ ЖҰМАБЕК Сәлихалы мынау тойда неге тізгін іркейін? Алматыда табылады күнде бізге күлкі, ойын. Бүгінгі күн келешекке үлкен сабақ болады, Басқа тойға ұқсамайды салмағы ауыр бұл тойым! Біле білсек ағалардан бізге қалған мұра көп, Сол мұраның қасиетін зерделесек ұғар ек. Түрме деген «ғажайыптың» төл тумасы секілді, Жетпіс беске жасы келген заңғар ағам Жұмабек. Ел қорғаған кілең батыр біздің ата-бабамыз, Ұлттық рухтың биіктігін ұлылардан табамыз. Кейде біздер шын ерлікті тым алыстан іздейміз, Сол батырлар жанымызда жүрсе білмей қаламыз. Өзенкөлдер тартылғанда кеме қалар қайрандап, Кеше ғана болды емес пе, тайқы маңдай, тайған бақ. Жиырма үш жаста Қабадағы ұстаз болған Жұмабек, Такламакан тажал құмға кеткен жоқ қой сайрандап?!

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Асқар Алтай шыңдарымен бой таласып өстіңау, Сенің асқақ арманыңның арқауларын кесті жау. Он жеті жыл әлемдегі екінші құм теңізін, Толарсақтан емес, аға, кеңірдекпен кештіңау! Тарымда да ойшылдармен, батырлармен біргесің, Соларменен өткіздің-ау, қорғасындай жыл көшін. Арпалыспен көз жұмғанда ұлт азаттық ерлерім, Сол тарымға көз жасыңмен бірге көмдің мүрдесін. Тірісінде түрме, зындан, көрге көмген Жұмабек, Қайсарлықтың өнегесін елге берген Жұмабек. «Өлмеген құл алтын аяқ ыдыспенен су ішер» Көрден шығып тап-таза боп төрге келген Жұмабек! Боздап өткен боздақтардың сарқытысың, ірісің, Ереуілдеген ерлікті айту, бұл ендігі жұмысың. Көкірегі кекке толып елге өлмей оралған, Жұттан қалып селдіреген серкелердің бірісің! Жүрегіңнен өшкен жоқ-ау, тас түрменің таңбасы, Жүкең ағам «ұлтшылдықтың» ортаймайтын қамбасы. Әлиханның, Ахметтің, Міржақыптың... сарқыты, Ілиястың, Бейімбеттің, Мағжандардың... жалғасы! Біздің Жүкең арқалаған ғұмыр бойы кек пен зар, Арда Алтайдан боздап жетіп, Алатауға шөккен нар. Азат отан, ел-жұртың боп төбесіне көтерді, Аға, өзің жазғаныңдай «Қыс артында көктем бар». 2014 жыл 7 қараша (жұма) Алматы «Қыс артында көктем бар» – Жұмабек Өсерұлының эссе кітабы.

ОЛЖА ЖЫР ЖҰЛДЫЗЫ (Танымал ақын Ләззәт Игісіннің мерейтой, шығармашылық кешіне) Қарлы таудың қарғалдағы қаңтарда да құлпырдың, Шың басында көктеу үшін биіктікке ұмтылдың. Жас өркеннің жебеушісі, таразысы бұл күннің, Ләззәт ақын жыр жұлдызы, дүлдүл қызы ұлтымның! Ләззәт ару біле білсек басқа дүние, басқа әлем, Арман айы тоғаймаған жұлдызы көп аспан ең. Махаббаттың мақамдарын өз әніңмен әлпештеп, Алтын сандық абдырасын жыр кілтімен ашқан ең. Қыз ғұмырды еркелеткен, көркем еткен жыр құсы, Бір жырыңды оқыған соң іңкәр болды мың кісі. Желектерін жалау етіп желбіреткен ақын қыз, Парасатты Фаризаның иба тұнған сіңілісі. Баяғыдан бұл қазақта талантты мен тарлан көп, Ұлттың рухы әр кеудеде тұру керек арман боп. Біздің Ләззәт ақындықтың биігінде жүргенмен, Атақ пенен марапаттың есігіне барған жоқ. Сабырың мен сағыныштан алтын сарай орнатып, Сен жүресің күндіз-түні бөбек жырға толғатып. Даңғаза мен жарнамалар керек емес ақынға, Туған халқың бағаласа, құрметтесе – сол бақыт! Жүрегің сәл ауырғанда дәру жырмен емделдің, Асау сезім ақындықты ақылыңмен меңгердің. Қыбылаға қол қусырып, мінәжәт қып алдың да, Азат Отан, ата жұртқа алғашқы боп сен келдің! Оятты ма, бұлбұлдардың тамылжыған таңғы үні, Бізді жиі ауыртады замананың зар-мұңы. Ізгілікті ағыл-тегіл жырлау үшін туылған, Қиялы көп, зияны жоқ ақындардың барлығы.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД Сәбит пенен Сұңғыланы баптап күннің нұрымен, Нәр аласың Ақтолқынның кіршігі жоқ үнінен. Алла берген үш ұрпағың шексіз шаттық сыйласын, Ұзақ жаса, бақытты боп Қабен Мұқанұлымен!!! 2014 жыл, 18 желтоқсан (бейсенбі,) Алматы ҚЫЗДЫ АУЫЛҒА ҚЫРЫНДАП... (Эпиграммалар) Мерей, деуші ек күн барсақ, түн барсақ та, Жолығудан кейде біз құр қалсақ та. Әдеппенен әзіл айт, құрбыларым, Қыз кезіңде, «қыр аспай» тұрған шақта. Еркеш Құрманбекқызы: «Көгілдір аспан көк теңіз» Әңгімемді сөкпеңіз. Сөксеңіз көз алайтам. Сауық кеште толғанып Гитарамды қолға алып, Американша ән айтам. Ләззәт Игісін: Жігіттерге тым сенбе, Ол мергендер атады. Өзім күліп жүрсем де, Жүрегім жылап жатады. Себебін анық білсем де, «Жалғыздығым» батады... Бәтима Зекенқызы: «Айлы түнде» мөлшерледім қай тұсты, «Бозторғайым» сезімдермен айтысты. Жалғыз қалдым «Жағасында өзеннің» Менің сүйген геройыма жай түсті.

ОЛЖА Әсемқан Ғибадатқызы: «Қара кемпір...» символы жылаудың, Соны орындап тамам жұрттан бата алдым. Зәузәтімін Ақтамберді жыраудың, Әулетімін Майлықожа атамның. «Термелерді» шалғай жерге апардым, «Лирикалық ән» дегенге қаталмын. Шәкура Мұқанқызы: Би өнерін тастап кеттім бұл күнде, Мен Шәкура Мұқанқызы, білдің бе? Араладым қазақ, ханзу ауылын, «Түйе киік» таспасына міндім де. Әмина Еркешқызы: Тез жаттаумен байыттым сөз қорын да, Дикторлықпен мен елге кәделімін. Теледидар тетігі өз қолымда, Әдемімін, құрбылар әдемімін. Бәрі назар салса екен дәмелінің. Гүлден Мүлікқызы: Сахнада айтыстан тайынбағам, (Ей, құрбылар белгілі жайың маған) Бейімделгіш сырымды біліп алып, «Төстің басын...» қу жігіт дайындаған. Риза Қайырбайқызы: «Гүлсімай, гүлсіңай, Сағындырып жүрсіңай!» Риза, қайда барасың. Екі ортада тұрсың-ай. Асқақ екен өз әнім, «Батысшасы» құрысын-ай... «Іле әйелдері» журналы 1991 жыл №4 сан, 4950 беттер.

Қайрат ҚҰЛМҰХАММЕД ӘЛСІЗ, АҢҚАУ АРМАНЫМ Өкінумен өзегім қақ жарылды, Опығумен шайнадым бармағымды. Тауып берші, ізгі дос, тауып берші, Адасқан менің аңқау арманымды. Ой-хой, есіл арманым, еркем менің, Маған азап бал емес дерт емгенің. Бала күнгі арманым жасқаншақ боп, Көрінгенге мөлиіп, мөлтеңдедің. Қарайды әне, мұнарлы, мұңлы құздар, Жыл құстары, қайда бет бұрдыңыздар... Сендерге айтар базына таусылмайды, Пәк арманын жоғалтқан құрбы қыздар. Мазамды алып түнерген табашым да, Жүргенімай, зәру боп жанашырға. Көп арманнан жатырмын айырылып, Екінті мен ақшамның арасында. Сескенбеуші ең сұстанған айдағардан, Енді неге шошындың байбаламнан. Жылан, бүйі, шаяндар шағып талай, Шала жансар қалдыңау, қайран арман. Өмір кейде өзің де шалаңғырсың, Жауап таппай сұраққа қамалдым шын. Озса озсын «бәсеке дүлдүлдері» Әлсіз, аңқау арманым аман жүрсін!

«Алтай аясы» журналы 1993 жыл, № 2, 143 бет.

МАЗМҰНЫ Алғысөз орнына..............................................................................3 І бөлім. Көңілдің көкжиегі ОЛЖА ..........................................................................................6 «Еңіредім кірпігімді жас қырқып...».................................................7 «Бейнетті көрсең де нетүрлі...»..........................................................8 «Өлез емес өткір болды ажарым...»...................................................9 «Жақсы өмір, жайлы күн...»............................................................10 «Бейуақыт жөргегіне ораған боп...»................................................11 АЗАМАТ АРМАНЫ.....................................................................14 ӘН..............................................................................................14 КҮЙ............................................................................................15 БИ..............................................................................................15 УАҚЫТ – ӨМІР.........................................................................16 ОЙ..............................................................................................16 ӨКІНІШ.....................................................................................17 ЕСКЕРТУ...................................................................................18 АРМАН.......................................................................................18 КӨЗ ЖАСЫ................................................................................18 ТАУ.............................................................................................19 ЫРЫМ ЕТТІМ...........................................................................20 АДАМ.........................................................................................21 КЕШКІ ТІЛЕК............................................................................25 ТӨЛ ҮЙШІГІ..............................................................................25 ӨМІРДЕН САБАҚ......................................................................26 МЕНІҢ АРБАМ..........................................................................26 ЖОЛЫҚПАҒАЙ.........................................................................27 ЖАБУЛЫ ОЙ.............................................................................28 САҒЫНЫШ...............................................................................29 ЖЕКЕ ШУМАҚТАР....................................................................29 ӘНІҢЕ САЛШЫ........................................................................30 ӨЗІМНЕН ӨЗГЕГЕ....................................................................31 СӘЛЕМДЕМЕ............................................................................32 ТАУСЫЛУ..................................................................................36

ЖЫЛ ҚҰСЫНА ӨКПЕ-НАЗ.......................................................37 АБАЙ..........................................................................................38 ТҮЙЕЛЕРІМ – СҮЙЕНЕРІМ.....................................................43 ЖЫЛЫМ ЖЫЛҚЫ – ЖЫРЫМ ЖЫЛҚЫ...............................44 СЫПАЙЫ СИЫРЛАРЫМ.........................................................45 ҚОҢЫР МІНЕЗ ҚОЙЛАРЫМ...................................................46 ЕСКЕРТКІШ..............................................................................47 ТУҒАН ЖЕРМЕН, ӨСКЕН ЕЛМЕН ҚОШТАСУ.......................53 ІІ бөлім. Киелі жер, іргелі ел АРМЫСЫҢ, АТАМЕКЕНІМ!....................................................56 ЖЫРЫМНЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ.............................................59 МЕККЕДЕ ҮРГЕН ИТ................................................................61 ҚҰЛПЫТАС...............................................................................62 АБЫЗ БАБА немесе Төле би рухымен сырласу..............................64 ТҮЙІН........................................................................................69 НӘЗІКТІК ҚҰДІРЕТІ.................................................................70 КӨРКЕЙГЕН ЕЛГЕ КӨРІМДІК.................................................71 САМҒАРДЫҢ СҮНДЕТ ТОЙЫНА.............................................72 БАР ҚАЗАҚҚА – БІР ТІЛЕК.......................................................73 САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛАМ..................................................75 АҒАЛАРЫМ – ҚАРА НАРЫМ....................................................76 ШАҚАНТАЙ – ШҰБАРТАУ.......................................................77 БІР БИІК....................................................................................79 «Армандаумен өтеді көп күніміз...».................................................80 БАТЫРМЕН ЖҮЗДЕСУ.............................................................81 ҚАЙРАН ШЕШЕМ!...................................................................83 ЖАЗ ДИДАРЛЫ ЖАҚСЫ АҒА....................................................88 НҰРСҰЛТАН..............................................................................90 ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫС ДАЛАСЫ-АЙ.............................................92 КҮЛЛІ ӘЛЕМ ҚАЗАҒЫНЫҢ ШАҢЫРАҒЫ..............................94 ҒАСЫРҒА ЖЕТСІН ЖЕТПІСІҢ.................................................96 ЖӘНІБЕК, ЖӘНІБЕК!..............................................................98 БЕРЕКЕҢНЕН АЙНАЛДЫМ ТҰНЫП ТҰРҒАН ...................... 100 МҰНАРА................................................................................... 103 ҚАРЫНДАСЫМ МӘРИЯНЫҢ ҰЗАТЫЛУ ТОЙЫНА............. 105 КЕНБАЙ АҒАМ АЛПЫСТА...................................................... 106 АЛПЫС – ТАЛТҮС................................................................... 107 ОТАУЫҢ ОРДА БОЛСЫН....................................................... 109 БАЙТАҚ ЕЛІМ – БАҚЫТЫМ.................................................. 110 ДОСТАРМЕН СЫРЛАСУ......................................................... 111 ЖАН ЖАРЫМ.......................................................................... 112 САҒЫНДЫМ АУЫЛЫМДЫ................................................... 113 МЕЗГІЛДЕР-АЙ....................................................................... 114 ТАҢ СӘРІ................................................................................. 114

КӨКТЕМ КЕЛГЕНДЕ............................................................... 115 БАУЫРЛАРЫМ....................................................................... 116 АТАБАБАМ ӨСКЕН ЖЕР....................................................... 116 ЖҰМАБЕК АҒАМ ЖЕТПІСТЕ................................................. 118 ЖАҚСЫЛЫҚ АҒА.................................................................... 121 ЖАМПОЗ АҒА ......................................................................... 122 АҒАМА ЖАЗДЫМ АЗА ЖЫР................................................... 123 КӨК ТІРЕГЕН КӨКШЕТАУ..................................................... 127 ҚҰРМАНБЕК ПЕН РИЗА......................................................... 129 БАҚЫТТЫ БОЛСЫН БАР ҚАЗАҚ........................................... 129 IІІ бөлім. «Аралап, талай жердің дәмін таттым...» ІЗДЕП КЕЛДІМ ОМБЫДАҒЫ ҚАЗАҚТЫ............................... 132 ДАЛАЛЫҚТАР.......................................................................... 135 БІР БЕЛГІ................................................................................ 137 АТАЖҰРТЫН АЛЫСТАН АҢСАҒАН ЕЛ.................................. 139 АҒАЙЫНҒА АҚ ТІЛЕК............................................................. 142 ҚЫРҒЫЗДАР, ҚЫРҒЫЗДАР................................................... 145 ЕРЖАНАТ................................................................................ 147 ІV бөлім. Жырла, жүрек... МЫҢҚОЛ ҮСТІРТІНЕН МЫҢҚЫСТАУ ҮСТІРТІНЕ ДЕЙІН (Эпос-баллада)..............................................150 АРМИЯ ГЕНАРАЛЫ ЖӘРЕКЕ БЕКЕШҰЛЫМЕН СЫРЛАСУ................................................................................ 161 МАНСҰР АҒА........................................................................... 162 БАҚЫТТЫ ЕЛ, БАЙТАҚ ЖЕР................................................. 164 ЖЕР ҰЙЫҚ МЕКЕН – ЖЕМЕНЕЙ ........................................ 165 АҚСАЙ – АСҚАҚ АРМАНЫМ.................................................. 167 АЛТЫН ҰЯ – АНА МЕКТЕП.................................................... 169 АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ......................................................... 171 БАҺАДҮР БАБАМ – ЖӘНІБЕК............................................... 171 БАБАЛАР РУХЫ – ҰРАНЫМ................................................... 173 ЕР ЖӘНІБЕКТІҢ ҰРАНЫ....................................................... 174 ӘНДЕРІМІЗ АҚША БҰЛТТАН АРЫ АСҚАН........................... 175 ТАРИХ ЖӘНЕ НӘБИЖАН...................................................... 176 ҚАЙРАТКЕР ҚЫЗЫ ҚАЗАҚТЫҢ............................................ 178 АҒАЛАР-АЙ.............................................................................. 180 МЕНІҢ ЖЕЗДЕМ.................................................................... 181 АҚЫН МЕН АҚЫН СЫРЛАССА............................................. 182 ТАРЫМ ЖӘНЕ ЖҰМАБЕК..................................................... 183 ЖЫР ЖҰЛДЫЗЫ.................................................................... 185 ҚЫЗДЫ АУЫЛҒА ҚЫРЫНДАП... (Эпиграммалар)...................186

Редакторы Серік Рәсілов Корректоры Жанар Жанапиянова Көркемдеуші редакторы Бейсен Серікбай Беттеген Қуаныш Әділғазин Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы 050016, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43 «А» Тел/факс: 273 90 25, 273 99 97 Басуға 30.06.2015 ж. қол қойылды. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «DS Times». Пішімі 84 х 1001/32 . Офсеттік басылым. Шартты баспа табағы– 9,3. Есептік баспа табағы – 12. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № ЖШС «Курсив» баспаханасы. Алматы қаласы, Восточная көшесі, 2

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙