Арал өңірінің қайта өрлеуі
А.Н. Нұрғызарынов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Арал өңірінің қайта өрлеуі. А.С. Тапалова, А.Н. Нұрғызарынов, А.Ж. Шәріпова
1-тарау. АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІ
Арал теңізі
Арал теңізінің ұзақ даму жолында ол мұхиттың бөлігі, онан кейін біріккен тұтас теңіздің құрамы, сосын дербес бассейнге айналғанын көреміз. Осы жолда оған әсер еткен геологиялық, геморфологиялық, физика-географиялық процестер Арал теңізінің келбетіне айқын белгілер қалдырды. Осындай ұзақ даму жолынан өтіп, Арал теңізі біздің дәуірімізге жеткенде Арал ойпатын толық басқан құрылықшілік ағыссыз дербес теңіз (көл) болып жатты. Оны Арал теңізінің 1960 жылғы картасынан көруге болады (3-сурет.). Өткен ғасырдың басынан, яғни, 1911 жылдан 60-шы жылдарға дейін Арал теңізінің режимі біршама тұрақты болды. Оған өзендер ағысының жылдық көлемі мен теңіз бетіне жауған жауын-шашынның суы теңіз бетінен булануға шығындалған судың орнын толтырып тұруы себеп болды. Соның есебінен тіңіз бетінің деңгейі 53 метрден (БЖ-Балтық жүйесі) онша көп ауытқыған жоқ. Теңіздің осы деңгейі көпжылдық орта көрсеткіш ретінде алынды. Аталмыш кезеңдер өзендер ағысының теңізге түскен бөлігі мол болды және ол көрсеткіш теңіз суының жалпы көлемінің 1/19 бөлігін құрады. Сонымен бірге теңіз суының тұздылығы да төмен 9,6-10,3 (промиль) болғанын айту керек. Сол кезеңде теңіздің аумағы 68,3 мың км2 (айдынының аумағы 66,1 мың км2), суының көлемі 1064 км3, орташа тереңдігі 16,1 м болды. Арал теңізінің географиялық орны Оңтүстік-батыстан Солтүстік шығысқа қарай созылып, Солтүстік ендіктің (с.е) 430241 мен 460531 және шығыс бойлықтың (ш.б) 580121 мен 610591 арасында жатыр. Ұзындығы 432 км, ең ұзын ені (көлденеңі) 450 ендік бойынша 292 км және орташа көлденеңі 156 км. Арал теңізі толық кезінде онда 1100 аралдар болған. Олардың ең ірілері-Көкарал, Барсакелмес, Қайта өрлеу (Возрождение). Арал теңізі Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттерінің әкімшілік аумағында орналасқан. Олардың шекарасы теңіздің батыс жағалауында солтүстік ендіктің (с.е) 450351 және шығыс жағалауында Солтүстік ендіктің 440131 нүктелерін кесіп өтеді. Арал ойпатының геоморфологиялық құрылымының ерекшелігіне қарай оның солтүстік-батыс бөлігін кіші Арал теңізі дейді. Арал теңізінің (Үлкен теңіз) деңгейі 53 метр (абсолют) кезінде кіші теңіздің аумағы 6,0 мың км2 және сының көлемі 80 км3 (теңіздің жалпы аумағынан және суының көлемінен тиісінше 9,1 және 7,5%), ал қалған айдыны үлкен теңіз болды.
Арал теңізінің су балансы
Өткен ғасырдың 50-ші жылдарына дейін ол өзінің көлемі жағынан тұйық теңіздердің ішінде бұрынғы КСРО аумағында екінші, ал әлемде төртінші орын алып келді. Бірақ шын мәнінде, Арал теңіз емес көл. Өйткені ол жаңа дәуірде ешбір теңізбен немесе мұхитпен байланысы жоқ құрылықішілік тұйық географиялық нысан. Арал теңізі ұзақ уақыт ішінде өзіне құятын қуатты қос өзен Әмудария мен Сырдарияның жеткізіп тұрған мол суымен толығып, айдыны төмендемей теңіз атанып келді. Тянь-Шань және Памир тауларынан бастау алатын осынау екі дарияның жылдық ағысы 100-108 км3 болатын. Сонан 1961 жылға дейін қос дарияның жылдық ағысынан теңізге 58 км3-дей су түсіп тұрды. Соның нәтижесінде Арал теңізінің көлемі 66 мың км2, , ал деңгей 53 метрден кемімей (БЖ-Балтық жүйесі) ұзақ уақыт бойы сақталды.
Өзендер ағысы. Арал теңізіне жер бетінен түсетін ағыс оған құятын өзендердің ағысы молдығына және өзендер суын шаруашылық мақсатқа пайдалану көлеміне байланысты қалыптасады. Памир мен Тянь-Шань тауларының биігінен басын алатын Әмудария мен Сырдарияның бассейндерінде табиғи су қорларының жылдық ағысы тиісінше 63,1 және 37 км3 деп бағаланады.
Сырдария мен Әмударияның бассейндерінде көне дәуірден бері суармалы егіншілік тәуір дамыған аймақ болып келеді. Әсіресе, Сырдария өзенінің суы азайып, сабасы ықшамдалуы көне және жаңа дәуірлердің арасынан бастау алатын болса керек. Көне дәуірде Сырдария өзенінің бас жағынан оған қосылатын оған қосылатын кіші өзендер оң жағынан келетін Хасансай, Қабасай, Шадақсай, сол жағынан келіп құятын Есбайрамсай, Сақ, Еспара, Қожабақырған тоғандарға ұшырап маңайдағы дихандардың мөлтек суына айналып кетті. Сырдарияның төменгі ағысындағы бұрын оған құйып жатқан Шу мен Сарысу өзендері де оның арнасына жете алмай, аяғы көлге құйып немесе құмға сіңіп тоқтады. Сонда Сырдария өзені ағысының азаюы жоғарғы жақтағы елдердің егіншілікпен айналыса бастаған дәуіріне тұтас келетін сияқты. ХХ ғасырдың басынан бастап, 80-шы жылдарға дейін екі дарияның бассейндерінде суармалы егіншіліктің көлемі 2,9 млн гектардан 7,3 млн гектарға жетіп, екі еседен артығырақ көбейді. Жоспарлы экономиканың тұсында болашақта тек жергілікті су қорларының есебінен суармалы егіс көлемін 7-8 млн гектарға жеткізу межеленді. Атап айту керек, ХХ ғасырдың 50-шы жылдарына дейін аталмыш екі дарияның ағысынан суды қайтымсыз алудың көлемі онша көп болған жоқ, жылына шамамен 26-33 км3-дей ғана. 50-шы жылдардың басында, әсіресе, ортасында өзендер ағысынан суды қайтымсыз алу қауырт күшейе түсті. Оның негізгі себебі Сырдария өзенінің бойында Қайраққұм және шардара су қоймаларын салу болса, 1956 жылдан бастап, Әмударияның суын Қарақұм жармасына жіберудің көбеюінен болды. Сөйтіп, арал теңізінің деңгейі төмендеуі онша көп байқала қойған жоқ, өткені, алдыңғы 25 жылмен салыстырғанда осы онжылдықта Әмудария мен Сырдария өзендері су қорларының жалпы көлемі 9%-ке көбейген болатын. Сонымен бірге өзендер ағысының арнадан асып жайылуына тосқауыл қойылып, батпақты жерлерді құрғату, суды пайдалануды реттеу сияқты шараларды орындау өзендер ағысының сәл болса да көбеюіне әсерін тигізді. Онан кейінгі кезеңде өзендер ағысынан суды қайтымсыз алудың көбеюі және ағыстың ұзақ мерзімді азаюы, яғни қуаңшылықтың күшеюі теңізге түсетін судың көлемін күрт азайтып жіберді. 1961-1970 жылдары 55-57 км3 болса, 1971-1980 жылдары ол көлем жылына 64-66 км3-ге дейін жетті, ал 1981-1985 жылдары өзендер ағысының теңізге жетпей қалған бөлігі жылына 70-75 км3-ды құрады. Екі өзеннің көпжылдық орташа жиынтық ағысынан 1911-1960 жылдары Арал теңізіне түсіп тұрған судың жылдық көлемі 56 км3 деп бағаланады, ал өзендердің сулылығы біршама көбірек болған 1951-1960 жылдары жылдық түсім 58,4 км3 болды. Сонымен ХХ ғасырдың соңына қарай Арал теңізіне тиісті судың азаюын талдайтын болсақ, оның 80% антропогендік фактордан, ал қалған бөлігі табиғи фактордың әсерінен, яғни, соңғы ширек ғасырда өзендер ағысының жалпы шығынынан антропогендік жолмен жоғалуы 92-95% болады /5,6,7,11,12,13/.
Жауын-шашын. Арал теңізінің айдынына жауатын жауын-шашын көп емес, бірақ теңізге түсетін өзендер ағысының азаюына байланысты теңіздің су балансында жауынның рөлі күшейгені байқалады. Арал теңізінің айдынына (акватория) жауатын жауынның мөлшері оның әр бөлігінде 110-125 мм шамасында. Жауынның ең көп жауатын кезеңі-наурыз-сәуір және қазан-қараша айлары, ең аз жауатын кезең тамыз-қыркүйек айлары. 1911-1960 жж. және 1951-1960 жылдық кезеңдерде теңіз бетіне жауған жауынның көпжылдық орта мөлшері жылына 138 мм болыпты. 1961-1985 жылдары бұл көрсеткіш сәл аздау - 124 мм/жыл болған. Сондай-ақ 1971-1980 жылдары ауа-райы өте құрғақ болып, жылдық жауған жауын 110 мм-ден аспады.
Теңіз бетінен судың булануы. Теңіз бетінен судың булануы оның су балансына күшті әсер етеді. Жыл ішінде судың булануы бірдей емес: жазда көп, қыста аз болады. 1911-1985 жылдық кезеңде теңіз бетінен буланған судың қалыңдығы (слой) 1000 мм болған. Онан кейінгі кезеңдерде судың булануы едәуір күшейіп, 1971-1980 және 1981-1985 жылдары буланудың жылдық орташа көрсеткіші тиісінше 1935 және 968 мм-ге жетті. Жалпы 1911-1985 жылдары, яғни 75 жылдық кезеңде теңіз бетінен буланған судың жылдық орташа мөлшері 998 мм болды. /17/.
Сондықтан теңіз суының балансына пәлендей әсері болмайды. Әйтсе де тұз балансының қалыптасуына олардың белгілі дәрежеде ықпалы болатыны күмән туғызбайды. Жерасты ағысы бірқатар микроэлементтердің (иод, бром, бор, литий) теңізге түсуіне елеулі ықпалын тигізеді. Сонымен бірге осы екі жолмен теңізге түсетін және кететін тұздың жалпы мөлшері жауын суымен келетін және буланған сумен кететін тұздың абсолюттік мөлшерінен артық болады. Бұл мәліметтерді талдағанда, 1911-1970 жылдардағы кезеңде Арал теңізіне түскен жерасты ағысының жылдық көлемі 0,2 км3, ал 1971-1985 жылдарда -0,1 км3 деп бағаланады. Жерасты суының орташа минералдығын 7,0 г/л-деп алғанда, осы кезеңдерде жыл сайын теңізге тиісінше 1,4 және 0,7 млн т. Тұз түсіп тұрған /14,29,38/. Арал теңізінің тұз балансы. Теңіздің тұз балансында кіріс бөлігінің негізі өзендер суымен келетін иондық ағыс құрайды. 1911-1960 жылдардағы кезең үшін оның мәнін, сондай-ақ өзендер мен теңіз сулары араласқанда иондардың шөгіндіге түсуін сипаттайтын мәлімет бар. Онда иондардан шөгіндіге түсуі мынадай есеппен алынған: НСО3- шөгіндіге түгел түседі, СА2х -98%,Мg2-2% (НСО3-эквиваленті бойынша). Осы есеп бойынша аталмыш кезеңде өзендер ағысымен теңізге түскен тұздың жылдық кірісі 12,85 млн тонна болған. 1961-1971 жылдарда теңізге құйған өзендер суы едәуір азайды. Бірақ осы кезеңде өзендер суының минералдығы күрт көтерілуіне байланысты теңізге түскен иондық ағыстың жылдық мөлшері 26,9 млн тоннаға дейін көбейді. Атап айтқанда, Сырдария өзені суының жалпы минералдығы 1312 мг/л, ал Әмударияда судың минералдығы онан біршама төмен-708 мг/л болған еді. 1981-1985 жылдары өзендер суының минералдығы көтерілгенімен жалпы су ағысының азаюына байланысты теңізге түскен иондық ағыстың жылдық көлемі 2,2 млн. Тоннаға дейін азайды. Бұл кезде Әмудария өзені суының минералдығы орташа 1406 мг/л, ал сырдарияда 1844 мг/л немесе алдынғы 1911-1960 жылдардағы кезеңмен салыстырғанда тиісінше 3,0 және 3,4 есеге өсті. Өзендер ағысының азаюы аслдарынан өзен суы мен теңіз суы араласқанда шөгіндіге түсетін карбонат тұздарының жылдық мөлшері 1961-1970 жылдардағы 7,9 млн тоннадан 1981-1989 жылдары жылына 0,4 млн тоннаға дейін кеміді. Алайда, өзен суларындағы карбонаттардың азаюы хлоридтардың көбеюі және сульфаттардың біршама молаюы есебінен толығып тұрады. Катиондардан кальцийдың мөлшері үш есе азайды және магний ионы да көбейген жоқ. Брақ оның есесіне сілті металдардың, негізінен натрийдың жиынтық мөлшері 4-5 есеге өсті. Сөйтіп, Әмудария мен Сырдарияның бұрын теңізге түсіп тұрған кальций-гидрокарбонатты суы енді натрий-сульфатты суға айналды. Өзендер суының минералдығы көтерілуіне және олардың сапасы өзгеруіне Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын толық реттеп, оны шаруашылық мақсатқа пайдалану және өзендер ағысының құрамында минералдығы өте жоғары коллектор-кәріз суларының көбеюі себеп болды.
Тұздың жауын-шашынмен түсуі. Бар мәліметтерге қарағанда Арал теңізінің айдынына жауынмен түсетін тұздың массасы онша көп емес. 1961-1970 жылдары жауын суындығы тұздың көпжылдық орта көрсеткіші 39,5 мл/л, ал жылдық өзгерісі 31,5-нан 61,0 мг/л-ге дейін болса керек. 1971-1980 жылдары орта көрсеткіш 71,1 мг/л болғанда, оның жылдық өзгерісі 23,6-дан 117,3 мг/л-ге дейін өзгерген. 1981-1985 жылдары бұл көрсеткіштер тиісінше 95,2 және оның жылдық өзгеруі 59,7-ден 146,8 мг/л аралығында болыпты. Аталмыш кезеңдердің соңына таман Арал теңізінің бетіне жауған жауын суының минералдығы көбеюін теңіздің құрғаған орынынан желмен ұшқан тұзды шаңның атмосферада қалқып жүрген бөлігінің есебінен болды деп түсіндіруге болады. Осы мәліметтердің есебінен алғанда 1911-1960 және 1-61-1970 жылдардағы кезеңдерде теңіз бетіне жауынмен түскен тұздың массасы жылына 0,36 млн т. Болса, 1981-1985 жылдары-0,59 млн.т болды. Бұл соңғы кезеңде теңіздің айдыны едәуір кішірейген болатын, сонда да теңізге жауын суымен түскен тұздың мөлшері біршама көбейгені байқалады.
Тұздың эолдық жолмен түсуі. Теңізге иолдық жолмен түсетін тұз оның тұз балансын құрайтын өнімді көрсеткіштердің бірі болып табылады. Арал өңірінде құм мен шаң суыратын қатты жел жие соғады. Демек, эолдық процес теңіздің тұз балансына едәуір үлес қосып тұрды. Жыл сайын теңіз айдынының бір км2 аумағына 60 тоннадай эолдық материал түскен. Оның құрамында жалпы массаға шаққанда суда еритін 10-25% аэрозоль бар. Сонда эолдық шаңмен теңізге жыл сайын түскен тұздың мөлшері 0,4 млн т. болады екен.
Теңіз бетінен тұздың желмен ұшып кетуі. Теңіз суы буланғанда онымен бірге көтерілетін тұз массасы теңіз суы мен атмосфераның арасында тұз алмасудың маңызды факторы десе болады. Аралды кейінгі зерттеушілер бұл мәліметке сәл түзету енгізіп, Арал теңізінің суынан 1 (бір) км жағалау сызығы арқылы желмен таралатын тұздың тәуліктік массасын 5,5 (т/тәулік) деп көрсетеді. Авторлардың мәліметтерін негізге алатын болсақ, 1911-1985 жылдық кезеңде жыл сайын Арал теңізінің айдынынан буланған сумен кететін тұз 0,34 млн тоннадай болады екен. Оның жылдық орта мөлшері төрт кезеңде жиналған мәлімет. Арал теңізінен буланатын судың бір литріндегі мөлшері 0,25 г/л деген есептен алынған. Сол есептен алғанда жыл сайын теңіз бетінен буланатын судың құрамында 14,5 млн т. тұз кетеді. Теңіздің бұл балансының шығысына оның деңгейі төмендеген кезеңде суы тартылған жағалауында шөгіндіге түсіп қалатын тұз массасы да кіреді. Арал теңізі толық (53 м абсолют) кезіндегі мәлімет бойынша оның суындағы тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд т. деп шамаланады. Соған орай теңіз тартыла бастаған алғашқы 1961-1970 жылдары құрғаған бір шаршы шақырым (км2) орнында 7,0 мың тонна, яғни, бір шаршы метрде (м2) 7,0 келідей тұз қалып отырды. 1971-1985 жылдары теңіздің қауырт төмендеуінен жағалау сызығы түзетіліп, бөлініп қалған шалшық сулар мен тұз жиналатын қолтықтар болмауына байланысты 1км2 құраған теңіз орнында орта есеппен 3,0 мың тонна тұз қалды. Осы есеппен алатын болсақ, 1971-1980 және 1981-1985 жылдары жыл сайын теңіз жағалауында қалған тұз массасы орта есеппен тиісінше 2,84 және 4,82 млн.т болады.
Арал теңізінің тұз балансы судың тұздылығына, оның көпжылдық динамикасына байланысты екені белгілі. Бұл көрсеткіштің өзгеруіне табиғи және антропогендік факторлар әсер етті. Әсіресе, антропогендік фактордың ықпалы күшті болды. Оның теңіз суының тұздылығы деңгейінен көреміз. 1961-1985 жылдары теңіз суының орташа тұздылығы 14,1% (промильге) көтерілуінен байқауға болады. Ол өсімнің 9,3%-і (79%) антропогендік фактордың әсерінен, ал 2,1% (21%) табиғи факторлардың әсерінен болғаны соны айғақтайды.
Биогендік заттардың режимі
Судағы биогендік заттардың режимі ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өте маңызды, өткені, ол заттар сол ортадағы теңіз организмдерінің тіршілігі үшін қажет. Басты биогендік заттардың тобына бейорганикалық азоттың (NH46NO26NO3), фосфордың (фосфат) қосылысын және кремнийді (кремний қышқылы) жатқызады. Егер теңіз суының фотикалық аймағында (теңіз организмдері шоғырланған аймақ) биогендік заттар тапшы болса, онда судағы фотосинтез процесі шектеулі күйге түседі. Бұл жағдайда биогендік заттардың қосымша түсуі судағы фитопланктон және басқа автотрофты организмдердің өсіп-өнуіне, көбеюіне тікелей жағымды әсерін тигізеді. Теңізде тіршілік ететін балдырлардың қоректенуі үшін бейорганикалық азоттың нитрат (NО3) және аммоний (NН4) түрлері қажет. Бірақ азоттың аталмыш түрлерін жиі анықтап тұру өте қиын. Сондықтан Арал теңізінің суындағы олардың динамикасы туралы мәлімет толық емес, ал нитрит (NО3) теңіз суында өте аз, өйткені ол тез тотығатын зат болғандықтан тұрақты күйде жиналмайды. Бейорганикалық фосфордан теңіз суында болатыны ион түріндегі ортофосфор қышқылы (фосфаттар). Теңіз суындағы кремнийдің негізгі формасы ретінде диссоцияцияға түспей еріген күйдегі кремний қышқылы. Бұл қышқылдың теңіз суындағы концентрациясы азот пен фосфорға қарағанда едәуір жоғары. Сол себепті, теңіз суларында бастапқы өнім түзілуі үшін кремний шектеуші фактор болмайды. Теңіздерге түсетін биогендік заттардың көпшілігі құрлықтан ағатын ағыспен грунттегі судан қосылады. Сондай-ақ биогендік заттардың азын-аулақ бөлігі жауын суымен түседі. Биогендік заттардың ішкі зат айналымында бейорганикалық заттарды сіңірі (ассимиляция) және органикалық заттардың минералдану процестері үлкен рөль атқарады. Азот, фосфор және кремнийдің ассимиляцияға түсуі фотосинтез процесін күшейтеді. Биогендік заттардың теңізге қайтып оралуы органикалық заттар гетеротрофтық микроорганизмдердің қатысуымен шірігенде және тотыққанда пайда болатын заттар түрінде жүреді. Азот үшін бұл айналымда негізгі рөль атқаратын амонификация және нитрификация процестері. Жеңіл тотығатын органикалық заттардың минералдануы теңіздің тайыз бөлігінде (фотикалық аймақ) организмдердің өлі қалдықтары мен олардың тірі кезінде бөліп шығарған заттары шіріп, ыдырағанда жүреді. Ол заттардың құрамындағы оңай шірімейтін фосфорорганикалық қосылыстардан тұратын бөлігінің минералдануы теңіздің терең қабатында және табанында баяу жүреді. Теңіздегі ішкі зат айналымында кремний қышқылының шығыс бөлігі судағы диатом және басқа балдырлардың қаңқасын құруға жұмсалады. Демек, олардың құрамындағы кремний сол балдырлардың қаңқасындағы жұқа қабат ерігенде босап шығады, сөйтіп суға қосылады. Оңтүстіктің басқа теңіздерімен салыстырғанда Арал теңізі суындағы биогендік заттардың мөлшері, таралуы және режимі бойынша өзіндік ерекшелігі бар. Жалпы алғанда, биогендік заттардың қоры жағынан Арал теңізі ең кедей теңіздердің санатына жатады. Бұл жағдай судағы афтотрофты организмдердің дамуын шектеуші фактор болады. Арал теңізінің деңгейі толық кезінде мұндағы фосфоттардың орта мөлшері 1-4 мкг/л, нитраттар-5мкг/л, судың жоғарғы қабатында аммоний (NН4)-80 мкг/л-ге дейін болды, ал нитриттер (NО2) тіпті болған жоқ, кремний қышқылының орташа концентрациясы-250 мкг/л-ге жетті. Теңіз суындағы биогендік заттардың осынша тапшылығының басты себептері ретінде Арал теңізінің тайыздығына, суының мөлдірлігіне және зат айналымының ерекшелігіне байланысты теңіз аумағында биогендік заттардың жиналатын аймағы болмауынан деп қарау керек. Теңізге түсетін биогендік заттардың негізгі массасы өзендер ағысымен келетіні белгілі. Бірақ олар ағыспен келетін лайдың құрамында өзендердің теңізге құярлығындағы аванатырауда аллювийлік шөгінді күйінде қалып отырды, яғни теңіздің барлық аумағына тараған жоқ. 1980 жылдардан кейін өзендер ағысының күрт азаюы, онан кейінгі кезеңдерде өзендер ағысының теңізге жете алмай толық тоқтап қалуы биогендік заттардың сыртқы балансын үлкен өзгеріске түсірді. Соның салдарынан гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиоогиялық режимдердің елеулі өзгерістерге ұшырауы өз кезегінде биогендік заттардың ішкі айналым процесін нашарлатып жіберді. Әдетте, биогендік заттардың ішкі айналымының, яғни азот, фосфор және кремнийдің бейорганикалық қосылыстардың ассимиляциясын, органикалық заттардың ыдырауының минералдануы және тотығуының жылдамдығы судың температурасына байланысты жүреді. Теңіз деңгейінің төмендеуіне орай бұл бөлігінде жазда температура өте жоғары болса, қыс айларында қатты тоңазитын болды. Сонымен бірге теңіз суының тұздылығы көтерілуі де кері әсерін тигізді. Сонан теңіз организмдерінің тіршілігіне қолайсыз жағдай қалыптасты, фитопланктоның биомассасы мен саны азайды, онымен қоректенетін балық құрыды /24,27,31,39/.
Теңіздің климаты
Арал теңізі мен оның жағалауының климаты еуразиялық қоңыржай белдіктің құрлық ішіндегі шөл далада атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Мұны Арал тектес климат деп атайды. Арал климатының басты ерекшелігі ретінде континенттігін айтуға болады. Ауа температурасының жылдық тербелісі 780С-қа дейін жететіні соны айғақтайды. Қысы қысқа, бірақ суық. Қаңтар айында орта температураның мәні-140С болса, жазы ыстық, құрғақ, әрі ұзақ. Жазда шілде айының орта температурасы +26,30С. Жауын аз, оның жылдық орта мөлшері 95 мм. Жаз айларында аспан әрдайым ашық бұлтсыз және тұман болмайды. Сол себептен теңіз бетінен судың булануы өте күшті жүреді. Жыл бойы ашық теңіз бетінен буланатын судың мөлшері 9,9 сантиметрге жетеді. Бұл өткен ғасырдың 60-шы жылдарында теңіздің айдыны үлкен кезінде алынған өлшем көрсеткіші. Қазір теңіздің ауқымды бөлігі құрғап қалуы себепті мұнда ауаның құрғақтығы өте жоғары. Соған орай теңіз бетінен судың булануы әлдеқайда көп болуы ықтимал. Арал теңізінің Солтүстік және оңтүстік бөліктерінде климат жағдайы бірдей емес. Оңтүстігінде климат режимі жұмсақтау. Жыл бойының көпшілігінде, әсіресе, күз бен қыста. Арал теңізі қыс айында Байкал көлінің үстінде қалыптасатын жоғарғы қысымның ықпалында болады. Сол себепті мұнда сібірден құрғақ және суық ауаны айдап келетін солтүстік-шығыс желі үстемдік етеді. Кей жылдары солтүстік Аралға солтүстіктегі Кар теңізінен жылжитын арктикалық суық ауа да жетеді. Ондай кезде өте қатты аяз болып, ауаның температурасы -300С-қа, кейде тіпті -420С-қа ддейін төмендейді. Әйтсе де суық ауа теңіздің ортасына дейін ғана жетеді де теңіздің тек Қазақстандық бөлігінде ғана қатады, ал Оңтүстік Аралда (Мойнақ қаласы) атты суық өте сирек болады. Жаз айларында Аралда оқта-текте Солтүстік Үндістан аймағынан төмен қысымды (разреженный) континенттік тропикалық ауа келеді. Бұл жағдайда ауаның температурасы +35- тен +400С-қа дейін көтеріледі. Аралдың климаты континенттік болуының басты себебі осы. Сонымен бірге көктемде және жазда Арал өңіріне Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен ылғалы аздау теңіз ауасының массасы жеткенде көбінесе оңтүстік-батыс бағытта жел соғып тұрады. Арал теңізінің өзі де, әсіресе, айдыны үлкен кезінде айнала төңірегіне жұмсақ ықпалын тигізіп тұрды. Оны Арал теңізінің бетінде желдің таралу сипатынан аңғаруға болады. Жаз айларында теңіз бетінде қысым көтеріліп, теңізден құрылыққа қарай жел жиі соғады. Теңіздің солтүстік жартысында жаз айларында желдің бағыты көбінесе оңтүстік-батыстан, ал оңтүстік бөлігінде жел қысы-жазы бірдей солтүстік-шығыстан соғады. Арал теңізінің жағалауындағы климат жағдайы теңіздің ықпалымен қалыптасады. Қыс айларында жағалаудың орта температурасы сәл көтеріледі, ал жазда аздап төмендейді. Орташа көрсеткіш +20С. Демек, теңіздің солтүстік және оңтүстік бөліктерінің арасында температураның айырмашылығы едәуір екені байқалады, яғни, Солтүстік Аралда орта температура +70С, ал оңтүстік бөлігінде +100С.
1.2. Арал теңізінің тартылуы
Арал ойпатындағы су мұхиттың құрамында болған белгілі кезеңде оның деңгейі тұрақты тұрған деуге негіз бар. Каспий мен Арал біртұтас теңіз күйінде мұхиттан бөлінген кезеңде біршама уақыт онша көп тербеліске берілмей сақталған болса керек. Арал теңізі Каспийден бөлініп, өзі дербес бассейн болып қалыптасқан соң оның деңгейі құбылмалы күйге түсті. Олай дегеніміз, теңіздің су массасы оған құятын Әмудария мен Сырдарияның ағысына байланысты болып қалды. Өзендер ағысы барлық уақытта толық бола бермейді. Өйткені ол өз кезегінде сол өзендер басын алатын таулардағы қарлы қарсыз жылдарға өзгеріп отырғаны белгілі. Табиғи және стационарлық емес жағдайдағы Арал теңізінің деңгейінің режиміне арналған еңбектер бар. (Л.С.Берг, В.П.Львов). Әйтседе бұл мәселе жөнінде толық мәлімет жинақтаған А.В.Шнитников болды. Тұйық ағыссыз Арал теңізіне тән ерекшелігі-деңгейінің ұзақ кезеңінде әртүрлі ұзақтықпен тербелуі. Ол көпғасырлық, ғасырлық және көп жылдық кезеңдер. Теңіз деңгейінің көп ғасырлық тербелуі Еуразиялық және Солтүстік жарты шардағы құрлықтардың жалпы ылғалдығының өзгеруі фазаларының реттесуімен байланысты. Оның ұзақтығы шамамен 1850 жылды қамтиды. Соңғы 4-4,5 мың жылда Арал теңізі деңгейінің көпғасырлық жоғары тұруы (тасуы) үшеу болған көрінеді. (А.В.Шнитников, 1959,1961). 1-кезең-үшінші мыңжылдықтың бірінші жартысынан біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтың соңына дейін; 2-кезең-біздің дәуірімізге дейінгі 1-ші мыңжылдықтың бірінші жартысынан біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығы басталғанға дейін; 3-кезең-біздің дәуіріміздің екінші мыңжылдығының ортасынан қазіргі кезеңге дейін. Аталмыш, теңіз деңгейінің тасу (жоғары тұру) кезеңдерінің арасында оның қайту, яғни, деңгейінің төмен кезеңдері болған. Теңіздің деңгейі жоғары тұрған кезеңдерде оның оңтүстік шығыс жағында орналасқан. Сарықамыс ойпатына түсіп, осы аттас көл пайда болды. Сарықамыс көлі толғанда оның суы қазіргі құрғақ арна Ұзбой арқылы Каспий теңізіне құйды. Бұл кезең Арал теңізі деңгейінің жоғары және Әмударияның ағысы модығын көрсететін индикатор іспеттес еді. Мұндай көпғасырлық кезеңдерде Арал теңізі деңгейінің биіктігі 6 метр және одан да артығырақ болып тұрған. А.В.Шитниковтың (1959) пікірінше, VІІІ Вюрм (Валдайдан кейін) стадиясының ылғалды салқын фазасынан соң қазіргі кезде ылғалдықтың жалпы азаюы ұзақ мерзімді жылы және құрғақ фазасына ауысып жатса керек. Соңғы 200 жылда (1780-1985ж) Арал теңізі деңгейінің тербелуін жанама белглері бойынша қалпына келтірген Л.С.Берг (1908) және В.П.Львов (1959) болды. ХVІІІ ғасырдың соңында Арал теңізінің деңгейі өте жоғары болып, 53 метр белгіде тұрды (абсолют белгі). Онан кейін теңіз деңгейі шұғыл төмендеді. Сөйтіп ХІХ ғ 20-шы жылдарының басында 50 метр белгіге дейін түсті. Осы ғасырдың ортасына таман теңіз деңгейі шамамен 2 метрге дейін көтеріліп, ал 80-шы жылға қарай қайтадан 50 метр белгіге дейін төмендеді. 1885 жылдан 1905 жылға дейін теңіз деңгейі тағы да шамамен 3 метрге дейін көтеріліп, 53 метр белгіге жақындады. Теңіз деңгейінің бұл көтерілуі бүкіл Солтүстік жарты шарда климаттың ылғалды болуы себепті өзен деңгейінің ғасырлық тербелу биіктігі 3 метрге дейін көтерілгеннен болды. Атап айту керек, арал теңізі деңгейінің ғасырлық тербелуі аясында оның көпжылдық өзгеруі де болып тұрады. Арал теңізі деңгейінің көпжылдық өзгерісін құралдың инструмент көмегімен бақылағанда оның екі кезеңі белгілі болды: шартты-табиғи (1911-1960) кезең және теңіз режиміне антропогендік қызмет күшті әсер еткен қазіргі кезең (1961 жылдан осы кезге дейін). Бірінші кезеңде теңіз деңгейінің режимі салыстырмалы тұрақты болды. Бұл кезеңде теңіздің жылдық орташа тербеліс деңгейі 146 см-ден онша қашық кеткен жоқ, яғни, 1961 жылдан бастап, Сырдария мен Әмудария өзендерінің ағысын суармалы егіншілікке пайдалануға байланысты Арал теңізінің жылдық орташа деңгейі төмендей берді. Тек 1969 жылы өзендер ағысының кенеттен молаюынан 1970 жылы теңіз деңгейі сәл ғана көтерілді. 1961-1975 жылдары теңіз деңгейі төмендеуінің жылдық орташа көрсеткіші 46 см болды. Осы кезеңде теңіз деңгейінің төмендеуі қарқынды жүргені 1975 жылы байқалды. Егер 1961-1974 жылдары теңіз деңгейі төмендеуінің жылдық орташа көрсеткіші 46 см болды. Осы кезеңде теңіз деңгейінің төмендеуі қарқынды жүргені 1975 жылы байқалды. Егер 1961-1974 жылдары теңіз деңгейі төмендеуінің жылдық орташа көрсеткіші 27 см болса, 1975-1985 жылдары ол көрсеткіш 71 см-ге жетті. 1985 жылдың соңында Арал теңізінің деңгейі41,4 метрге дейін, яғни 1911-1960 жылдардағы көпжылдық орта көрсеткішпен салыстырғанда 11,6 метрге төмендеді /8,9,10,16,18,19/.
Антропогендік қызметтің тікелей әсерінен теңіз деңгейінің тербелуі
Орта ғасырда Арал теңізінің тартылуы болғаны жөнінде тарихи деректер бар. Атап айтқанда, 1221 жылы Шыңғысханның әскері Қарақалпақ өңірінде ирригация жүйесін бұзып, Әмударияны Ұзбой ескі арнасына бұрып жібергені, сонан ол Каспийге құяды. Әмударияның Каспийге құюы 352 жылға созылды. Осы жағдай себеп болып, сол кезде Арал теңізінің суы толық тартылуының алдында болса керек. Ол жөнінде 1417 жылы Хафизи-Абру «Арал теңізі толық құрғап жатыр» деген мәлімет қалдырыпты. Бұл автор Арал теңізінің шығыс жағындағы тайыз бөлігінің қазіргідей құрғап қалғанын көріп, теңіз түгел тартылды деуі мүмкін. Арал теңізінің қиыр батыс бөлігіндегі Үстірт қыратымен шектесетін ең терең бөлігі (Арал грабені) құрғап қалуы мүмкін емес. Оның суы көне дәуірдегі мұхиттан қалған сумен жалғасып келеді. Олай болғаны Үстірт қыраты жағына келетін жерасаты ағысы, жауын-шашынның суы мен үштік дәуірдің соңынан бері Арал ойпатының теріскей бөлігіне құйып жатқан Аралдарияның (қазіргі Сырдария) суы бар. Онан кейін 1573 жылы Әмудария қайтадан Арал теңізіне құйып жатқанын Әбілғазы хабарлайды. Әмудария Каспийге құйып жатқан үш жарым (3,5) ғасырда Арал теңізінің деңгейі едәуір төмен түсіп, шығыс жағындағы ауқымды бөлігі құрғап қалған деп пайымдауға болады. Олай болатыны Сырдария өзенінің жылдық ағысы небары 37,0 км3 (Әмудария-63,1 км3) көлемі Арал теңізінің деңгейін жоғары белгіде ұстап тұруға аздық етті. Әмударияның ағысы түгелдей Аралға бұрылғанның өзінде теңіз деңгейін 53 метрлік белгіге көтеру үшін 338 жыл қажет болды. Антропогендік қызметтің арал теңізіне қасірет әкелген кезеңі біздің дәуірімізде орын алып отыр. КСРО-ның су шаруашылығы Министрлігінің ұстанған қате, әрі жауапсыз стратегиясының салдарынан Арал бассейнінде жер-судың және материалдық қаржы-қаражаттың шығыны орасан көп болды. 1971-1985 жылдарда бұл Министрлік су шаруашылығы құрылысына 79,1 млрд. сом қаржы салып, оның қайтымы 1 сомға есептегенде 33 тиыннан айналған еді. Су шаруашылығы Министрлігі Үкіметтің алдында егістен жиналған өнімнен емес, қазылған жердің текше метрімен есеп беріп жүрді. КСРО-ның жерінде қазылған жармалар мен арықтардың ұзындығы 700 мың шақырымға жетті. Әйтсе де осынша қыруар жұмыстар орындалғанымен суару жүйелері өте нашар күйде қалды. Ол ол ма, 30 млн. гектар жер құнарын жоғалтты, 4 млн. гектар жерді ресми түрде егіске жарамсыз деп айналымнан шығарып тастады, оның 3 (үш) млн. гектары Орта Азия аймақтарында, ал 9,0 млн. гектар жер қайта жөндеуді қажет ететін күйде болды. Қалай болса, солай жасалған гидрожобалардың нәтижесінде 70-шы жылдардан кейін 20 жыл ішінде өзен алқаптарында өте құнарлы жерлердің 10 млн. гектары су қоймалары мен жайылма судың астында қалды. Соның зиянынан 350-400 млрд. сомның өнімі жоғалды. Бірақ оны жоқтап ешкім басын ауыртқан жоқ. Сонымен о баста аталмыш республикалар екі өзеннің суымен суаратын жердің көлемін 4,0 млн. гектар болады деп шешкенімен 80-шы жылдардың ортасында ол 7,3 млн. гектарға жетті. Сол көлемді егісті суаруға Сырдария мен Әмударияның жылдық ағысынан шамамен 90,0 км3 су жұмсалып отырды. Сөйтіп, 60-шы жылдардан бастап, суармалы егістің көлемі ұлғайған сайын теңізге тиесілі судың көлемі азая берді.
Оны мына төмендегі мәліметтерден көруге болады:
1960ж.-46,0 км3 екі өзеннен Арал теңізіне құйған судың көлемі;
1970ж.-35,6 км3;
1980ж.-10,0 км3;
1985ж.-5,0 км3. 1986 жылы екі өзеннің ағысы Арал теңізіне жете алмай егіс далаларындағы атыздарға тарап тоқтады. Нәтижесінде Арал теңізі жылдан жылға тартыла берді /30,41/. Оны Арал теңізінің 1973 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта экологиялық күйінің өзгеруінен көруге болады. 1987 жылы Арал теңізі үлкен және кіші теңіздер болып, бөлініп екеуінің арасында жалғап тұрған Берг бұғазында жалаңаштанған жал құмнан табиғи бөгет пайда болды. Соның нәтижесінде үлкен Аралдың шығыс жағында балық беріп тұрған үштен екіден артығырақ ауқымы құрғап қалды. 2003 жылғы біздің мәліметіміз бойынша, Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі құрғап қалған ауқымы 21,4 мың км2-ні құрайды.
1-кесте. Арал теңізінің тартылуын сипаттайтын мәлімет
жылы
Теңіз бетінің төмендеуі, м
Теңіздің нақтылы деңгейі, м
Теңіздің қалған аумағы, км2
Теңіздің қалған суының көлемі, км3
Теңіз суының тұздылығы, г/л
1.
1970
1,44
51,53
62890
1070
11,13 2.
1975
9,64
49,36
58138
1046
13,72 3.
1980
6,78
46,22
51355
976
14,50 4.
1985
11,0
42,0
42230
814
23,50 5.
1999
14,2
38,8
35328
639
26,0 6.
1992
16,2
36,8
31008
437
29,6
Түсініктеме: Кестедегі мәліметтер «Арал-2006» бағдарламасы мен проф. С.Ю.Геллердің (1969) негіздеме есебі бойынша дайындалды.
Арал ойпатының геоморфологиялық құрылымының ерекшелігіне қарай оның солтүстік-батыс бөлігін кіші Арал теңізі дейді. Арал теңізінің (Үлкен теңіз) деңгейі 53 метр (абсолют) кезінде кіші теңіздің аумағы 6,0 мың км2 және суының көлемі 80 км3 (теңіздің жалпы аумағынан және суының көлемінен тиісінше 9,1 және 7,5), ал қалған айдыны үлкен теңіз болды. 1990 жылы кіші Арал теңізінің аумағы 3,5 мың км2-ге, ал суының көлемі 28 км3-ге дейін азайды. Сонан үлкен және кіші теңіздер өзара бөлініп, оларды Берг бұғазы жалғастырып тұрды. Теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты бұғаздың ені 15 км-ден 5 км-ге дейін тартылды, ал ең терең жері 12,5 метрден 0,5 метрге дейін тайыздады. Соның нәтижесінде бұрынғы Көкарал Арал күйін жоғалтып, енді ол жарты Арал болып қалды. 60-жылдардағы теңіз деңгейінен алғанда кіші теңіздің екі бөлігінде-орталық бөлігі мен Шевченко қалтығында ең терең жері 15-18 м. болды, ал жалпы аумағының орташа тереңдігі 5-10 м. шамасында қалды.
1945-1985 жылдардағы теңіз деңгейінің динамикасы
1-тарауға бақылау сұрақтары:
Көне дәуірлерде Арал теңізі қандай географиялық нысандардың құрамында болып, қай дәуірде өз алдына бөлек бассейн болып қалыптасты?
Арал теңізі орналасқан географиялық аймақтың табиғатын түсіндіріңіз.
Арал теңізін теңіз етіп сақтап келген су көздеріне сипаттама беріңіз.
Арал теңізін не себепті «тұщы теңіз» деп атады?
Арал теңізінің тартылу себептері туралы айтыңыз.
2-тарау. ҚҰРҒАҒАН ТЕҢІЗ ОРЫНЫНЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КЕЛБЕТІ
2.1. Теңіз орнының бедері
Біздің зерттеулеріміз теңіздің құрғаған орынының геоморфологиялық элементтері, олардың қалыптасу ерекшеліктері туралы түсінікті толықтыратын тың мәліметтер берді. Ғылыми әдебиет бетінде Арал теңізінің табаны шығыстан батысқа қарай бір бағыттағы еңістікпен баяу ылдилайтын жазық дала деген бұрыннан қалыптасқан ұғым бар. Ондай мәлімет Арал теңізі толық кезінде батиметриялық әдіспен алынған болатын. Батисқаптың көмегімен су астындағы теңіз табанының бедерін (рельеф) дәл анықтау қиын болатыны белгілі. Сол батиметриялық әдістің негізінде теңіз табаны бір бағыттағы еңістікпен шығыстан батыс бағытпен ылдилайды деген мәлімет теңіз табанының барлық бөлігіне тән болмай шықты. Өйткені, Құйылыс өзегінің батысында орналасқан «Массагет» (даласының бедері батыстан шығысқа қарай бағытталған еңістікпен ылдилайды, ал Қаратерең қыраты батысқа қарай ылдилайды, сөйтіп теңіз табанының бұл бөлігінде жер бетінің еңістігі қаусырма бағытта ылдилайды. Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі құрғаған орынын бірнеше геоморфологиялық аудандарға бөліп, әрқайсысының бедерлік келбетіне жеке сипаттама берілді. Солтүстік геоморфологиялық аудан Қаратерең түбегінің батыс беткейінен Құланды түбегінің тұсында теңіздің жағасына дейін, онан шығысқа қарай теңіз жағасымен Берг бұғазына (Көкаралдың тұсы) дейінгі жазықты қамтиды. Бұл ауданның солтүстік шығыс бөлігінде бедері күрделі. Қаратерең түбегінің батыс беткейі бірыңғай құм. Оның ені 4-5 км, кей жерлерде 7-8 км. Өткен ғасырдың 70-шы жылдарында теңіздің деңгейі тез тартылып, жағалау жалаңаштанған, бірақ әлі ызасы толық кете қоймаған кезде құмның беті тегіс болды. Бертін келе теңіздің айдыны шығыс жағасынан батысқа қарай алыстаған сайын қабаттағы судың деңгейі тереңдегесін құм грунттың беті құрғап қалды. Құрғақ сусыма құмды жел үрлеп, ол әртүрлі деңгейдегі жал құмдарға айналды. Олардың көпшілігі әлі бұта-шөп жауып үлгермегендіктен эолдық процестің әсеріне берілуде. Құм төбелердің ара-арасында үстем желдің бағытымен солтүстік шығыстан оңтүстік батыс бағытымен созылып жатқан ені 4-5 метр дфляциялық қазғанақтар жиі кездеседі. Тегі жағынан ол құмдар Арал ойпатының осы бөлігін теңіз суы басқанға дейін геологиялық дәуір ішінде байырғы жыныстарды эолдық процестерінің өңдеуінен пайда болса керек. Жағалық құмнан өткен соң батысқа қарай грунттың көпшілігі саздақ. Оның әр жерінде шоғырланып орналасқан құм төбелердің көпшілігі шөптесінді, ал дарияның аванатырауында теңізге жақын бөлігіндегі құмдардың біразы жалаңаш. Теңіз орнындағы шөгінділер терригендік материалдардан тұрады. Сонымен бірге аллювийлік шөгінділер де бар. Олар өзеннің теңізге құйған тұсында аумағы шағындау телімде жиналған. Жаңа дәуірде Арал теңізінің деңгейі шамамен 47-48 метрге дейін (аб.белгі) көтерілгенде тасыған теңіз суының қысымымен өзеннің арнасы оңға қарай ойысып, қазіргі кіші теңізге құйған кезде Аралдарияның арнасы, оның бойындағы үйінді құмдар теңіздің астында қалды. Теңіз тартылған соң судан шыққан үйінді құмдар эолдық процестің әсерінен араласып, қазіргі биіктігі 7-10 метрдей ғана. Аралдарияның батыс бағытпен үлкен теңізге құйған тұстағы ескі арна мен онан тараған өзектердің құрғақ арналары анық сақталған. Сол жерден батысқа қарай шыққанда арналық қырқаның үйінді құмдары желмен тегістелген, олардың болар болмас қана орны жазық бетімен бірдей болып жатыр. Батысқа қарай алыстаған сайын ескі арна баяу ағыстан қалған «сәйке» түрінде көрінеді. Қазіргі кезде аллювийлік шөгіндіден жиналған арналық ұқм төбелердің үстін бұта-шөптесінді жабынды әлі толық жауып үлгермеген. Олардың жалаңаш баурайлары эолдық процеске берілуде, бірақ онша күшті емес. Орталық геоморфологиялық аудан «Ақкөл» және «Қаратерең» қолтықтары, теңіз жағалауындағы телімдер Тоқпан мен Қарашоқаттан батысқа қарай Ұзынқайырдың солтүстік мүйісі арқылы қазіргі «Барсакелмес» түбегінің (бұрынғы арал) батысында 15 км қашықтыққа шегінген Арал теңізінің осы кездегі жағасына дейінгі ауқымды даланы алып жатыр. Жоғарыда аталған батыс беткейінде теңіз жағасынан ені 5-6 км, Қарашоқанттың тұсында 8-9 км болатын құм шөгінді Ұзынқайырға барып жалғасады. Әр жерде құм төбешіктердің ара-арасын қуалай орналасқан ені 10-12 метрлік дефляциялық шұқырлар жиі кездеседі. Құмнан батысқа қарай шыққан соң саздақ грунтті жазықтар әр жерде аумағы 10-15 км2-дей болып тараған. Олар микробедердің негізгі элементтерін сарсазанның түбіне үйілген майда төмпешіктер, тышқанның індері, бұталарға (қарабарқын, жыңғыл) жиналған үйінділер құрайды. Олардың арасы беті бұжырланып, қабыршақтанған жалаңаш кебір. Беткі қабыршағы жұқа, оның астында қалыңдығы 5-7 см үлпілдеген тұзды саздақ масса, түсі күл тәрізді сұр. Тоқпан мен Қарашоқаттың тұсынан басталатын үрме құм жота 25-30 км-де ең биік учаскесі Ұзынқайыр аралымен жалғасады. Мұнда осы аттас елді мекен болған. Ұзынқайырдан батысқа қарай жота құм аласарып барып, 30-35 км жерде «Барсаелмес» қыратының шығыс жағындағы жайпауыт етегімен қабысады. Осы жерден брмен бірі жалғасып жатқан қыр төбелер терісей бағытпен Құланды түбегінің тұсына дейін және оңтүстік батыс бағытпен Қасқақұлан (бұрынғы арал) жотасына дейін созылады. Қыртөбелер Барсакелместі шығыс жағынан белдеу тәрізді орналасып, қоршап жатыр. Оңтүстік батысындағы кей учаскелерде ондаған км-ге дейін жалаңаш сортаң дала. Бедердің сәл биіктеу белгілерінде жусан өскен қуаң даланың қыртөбелеріне ұқсайды. Барсакелмеске 35-40 км жақындағанда қызғылт түсті ірі түйіршікті үрме құм басталып, аралдың шығыс жағалауына 10-15 км-дей жерден құм шоқаттар мен ара-арасында сусыма құм қыртөбенің етегіне дейін барады. Онан ары Барсакелмес қыраты (бұрынғы арал). Барсакелмес түбегінің ұзындығы 27 км, батыс бөлігіндегі ең енді тұсы 11,5 км, ал шығысында-2,5 км. Жалпы аумағы 18,3 мың гектар. Теңіздің батыс жағалауындағы Құланды түбегіне дейін 23 км, Арал қаласына дейін-180 км. Барсаның байырғы шөгінділері олигоцендік саз, құмшық, мергель, оқта-текте әк кездеседі. Оңтүстік бөлігі абсолюттік белгісі 100 метрлік үстірт. Теңіз бетінен ең биік нүктесі 117 метрлік Шағала тауы (гора Чайка). Әр бөлігінде кездесетін жайпақ сайлар мен онша терең емес ойпаттарда тақырлар мен борпылдақ сорлар тараған. Солтүстік жағы теңіз толқынымен жиналған жал-жал құмды жайпауыт болса, оңтүстігіндегі жағалауы биіктігі 50 метрлік жарқабақ. Үш жағынан ені 200 метрден 2 км-ге дейін үйінді жал құм қоршап тұрған түбектің ауқымды бөлігінің грунты саздақ-сор шөл дала. Жағалауды бойлай биіктігі 6-7 м үйінді жал құм. Қазір сол жал құмдар әр түрлі бұталар өскен шоқатты белдікке айналған. 1965 жылға дейін Арал теңізінің деңгейі жоғары тұрғанда Барсакелмес аралында ыза судан жиналған ащы көлдер болған екен. Олардың біреуінің ұзындығы 6 км, көлденеңі 0,7 км, тереңдігі 1,5-2,0 м болыпты. Кезінде аралдың жағалауын көмкеріп жатқан ені 100-200 метр жал құм арқылы су көлге тұрақты түсіп тұрған. Қатты буланудың нәтижесінде көлдің деңгейі аралды айнала қоршаған теңіз деңгейінен бір метрдей төмен жатқан. Қазір ол көлдер жоқ. Барсадағы биік шоқылардың арасындағы саздақ сортаң ойпаттарда кей жылдары жиналған жаңбыр суынан тереңдігі 60-70 см уақытша қақ пайда болып, ол мамыр айының аяғында кеуіп қалатын болған. Барсакелмес түбегінің қазіргі күйі Арал теңізін қоршаған шөл даланың табиғатына ұқсас. Бедерінің белгілерінде пәлендей өзгеріс жоқ. Оңтүстік геоморфологиялық аудан-Арал теңізінің шығыс жағасындағы «жыңғылтүп» учаскесінен оңтүстікке қарай бұрынғы аралдар «Ақбасты», «Көзжетпес», «Ұялы», батысында «Қасқақұлан», «Ұзынқайыр» арқылы теңіздің қазіргі жағасына дейінгі жаңа құрлықты алып жатыр. «Жыңғылтүп» учаскесінің тұсында ені 3-4 км-дей абразиялық жинанды жазық сәл ылдилап теңізге түседі. Осы нүктеден батысқа қарай 21 км-де орналасқан Қасқақұлан аралына дейін жазық дала. Теңіз жағасынан шыққанда батысқа қарай 7-8 км-ге дейін грунты бақалшақты қатты саздақ. Онан ары грунттың беті борпылдақ, бақалшағы көп, профилі өте құрғақ. Қасқақұлан аралының шығыс жақ шетіне таман орналасқан биіктігі 75-80 м шошық төбе қыратты «Тау» дейді. Қасқақұланның байырғы шөгінділері олигоцендік құмшық, мергель, саз және оның арасында әк түйіршіктері бар. Қазір бұрынғы Қасқақұлан аралы теңізден босаған жазық даланың ортасындағы шоқы болып қалған. Мұнда өткен ғасырдың 80-шы жылдарында салынған екі құбырқұдық жұмыс істеп тұр. Үлкен тау мен кіші таудың арасындағы сәл еңістеу учаскеде салынған құбырқұдықтың тереңдігі 880 м, екіншісі үлкен таудың шығыс жағында теңіз жағасындағы майда шоқаттардың арасындағы саздақ табанда, тереңдігі 690 м. Екеуінің де суы минералдығы 5,5-6,0 г/л, яғни кермек, адам ішуге жарамайды, бірақ мал мен жабайы аңдар ішеді. Екі таудың арасындағы қыр төбенің ойлау жеріне салынған құбырқұдықтың суы шыққан алғашқы кезеңде жергілікті біреу-жарым тұрғындар жусан шыққан төбеге көкөніс, қауын-қарбыз, асқабақ, жүгері, тары егіп, тым-тәуір өнім алып жүрді. Қазір сол егіндік болған учаскеде топырақ бетінде көзге көрінетін тұз байқалмайды. Қасқақұланнан оңтүстікке қарай жалпы бедері күрделі емес жазық «кердері» даласы. Жазықтың әр жерінде шағындау аумақты алып жатқан құм төбелер бар. Олардың ішіндегі аумағы үлкен құм шоқатты жоталары Ақбасты, Көзжетпес және Ұялы. Аталмыш төбелер теңіз толық кезінде ел мекендеген аралдар болған еді. Құм төбелердің арасында микробедер жаңа құрылықтың теріскей бөлігіндегі бедерге ұқсас. Кей учаскелерде грунттың беті жалаңаш кебір. Құм төбелердің етегіндегі құмдардың ара-арасында дефляциялық шұқырлар, кебір жерлерде сарсазанға үйілген төмпешіктер жиі кездеседі. «Кердері» даласы ескі заманда егіншілігі мен мал шаруашылығы қатар дамыған алқап болған сыңайлы. Даланы айғыздап жатқан ірі және екінші кезектегі жармалар, арық-атыздар мен олардың фрагменттері ескі дәуірде мұнда тым-тәуір дамыған ирригациялық жүйе болғанын айғақтайды. Солардың бірі Ақбастыдан оңтүстік бағытпен 15-17 км-ге дейін созылып жатқан жарма. Оның екі жағына үйілген топырағы теңіз астында тұрғанда сол күйінде сақталып, енді қазір желмен мүжіліп аласарып барады. Жарманың тереңдігі 1,5-2,0 метрдей, кез-келген жерден көлік өте алмайды. Онан басқа да жармалар тіпті көп. Демек, бұлар антропогендік микробедердің элементтері болып табылады. Біздің зерттеулеріміз Аралдың Қазақстандық бөлігіндегі жаңа құрлықта ескі дәуірдің егіншілік мәдениеті екі жерде орналасқанын көрсетеді. Оның біреуі «Массагет» даласында. Мұнда егін суаратын суды «Құйылыс» көлінен алған. Тәуір дамыған екінші суармалы егіншілік жүйесі Қуаңдарияның теңізге құярлығында жатқан «Кердері» егіншілік ошағы «Жетіасар» мәдениетінің құрамдас бөлігі болса керек. «Массагет» және «Кердері» егіншілік мәдениетінің сипаты және дәуірі тұтас болған деуге негіз бар. Бұлардың арасын Қасқақұланнан Барсакелмеске дейін созылып жатқан құмды жота ғана бөліп тұр. Арақашықтығы 65-70 км-дей. Арал теңізінің құрғаған орнын жазық дала деген ұғым қалыптасқан. Әйтсе де теңіз табанының әр бөлігінде микробедері өте күрделі. Жалпы табиғатта микробедерлердің түрлері көп, әсіресе Сырдың төменгі ағысында. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, теңіздің құрғаған орнындағы микробедердің түрлері мынадай: желдің қызметінен пайда болған эолдық микробедер (толқын тәрізді құм үйінділер, бұтаға жиналған құм);
ағын судың қызметінен пайда болған эрозия-аккумулятивтік микробедер;
ойық (оқпан) микробедер;
тегі биогендік микробедер (іннің қасында үйілген төмпешік, бұта түбіндегі үйінді, батпақтардағы биіктігі 0,5 м шоқалақ, қопақ). Бұл соңғысын өсімдік пен жануарлардың тіршілігіне байланысты пайда болған әр түрлі элементтері құрайды:
тышқан індерінің жанында үйілген төмпешіктер; жыңғылдың, қарабарқынның түбіне түскен вегетативтік органдармен араласып, үйілген төмпешіктер;
сарсазанның түбіне жиналған үйінділер; құрғақ көлтабандар мен теңіздің жағалауына жақын тайыз суда қалың өскен қамыс пен қоғаның орнындағы ірі қопақтар мен шоқалақтар (биіктігі 0,5-0,6 м). Олар қамыстың тамыры мен тамыр сабақтарының лаймен араласып жиналуынан пайда болған; суда қалқып жүретін ірі қопақтар су қайтқан соң кішкентай микроаралдар күйінде қалады. Микробедердің аталмыш түрлерінің барлығы да Арал теңізінің құрғаған орыны мен қолтықтарында, теңізге жақын орналасқан құрғақ көлтабандарда кеңінен тараған. Сырдарияның арнасынан оңға қарай Қарашалаң мен Бөген елді мекендерінің теңіз бетіндегі алды ойлау жазық. Бұрын мұнда майда көлшіктер теңізбен жалғасып, ауқымы үлкен қолтықтар болып жататын. Кей жылдары қолтықтың суы шығысқа қарай жылжып, теңізден қашығырақ жатқан «Тұщыбас» көлімен жалғасатын еді. Бұлардың арасын байланыстырып тұратын батпақты ойпат жерлерге қалың қамыс пен қоға өседі. Дария суы тасу жылдары оның оң жағынан тарайтын өзектер арқылы оң жағалақ біріне бірі жақын орналасқан шағындау типыл ойпаттар суға толып, көлемі ондаған шақырым, тереңдігі 1,5-2,0 метрдей, жиегі жайпақ кең ауқымды депрессия құрайды. Осы депрессияның ішінде диметрі бірнеше шақырымдай қазан шұңқырларда жиегі батпақты сулы көлшіктер немесе құрғап қалған, онда сиректеу тас құрақ өскен учаскелер бар. Қазір солардың ауқымды бөлігі құрғақ. Мұнда микробедерді қопақтар, биіктігі 0,4-0,5 м шоқалақтар, көлшіктерді жалғастыратын кіші-гірім өзек болған жерлердегі үйінді құмдар, бұталардың түбіне үйілген сиректеу төмпешіктер құрайды. Кей жерлерде өртенген қамыстың орнында шала жанған қопақтар мен шоқалақтар кездеседі. Қаратереңнің оңтүстігінде жатқан теңіз қолтықтары. Қаратерең мен Ақкөлдің табаны да ауқымды жазық. Берг бұғазынан оңтүстік батыс бағытпен Қаратерең түбегін жағалап биогендік микробедер түрлері кең тараған. Мұнда құм мен бақалшаққа (Cardіum edule) араласып, тығыздалған шалаң (балдыр), шоқалақтар, тұрақты және теңіз бар кездегі ығынды (көшпелі) қопақтар жиі кездеседі. Теңіз табанының бұл бетін қалың бақалшақ массасы жауып тұрған шағыл құм. Теңіздің толқыны тәрізді бұраттанып жатқан биіктігі 1-1,5 метр майда құм төмпешіктер микробедер құрайды. Тарихи-археологиялық, этнографиялық, антропогендік, геограиялық, геоморфологиялық ғылыми деректерді сараптағанда, теңіздің тасуы жаңа дәуірде бірінші мыңжылдықтың соңғы ғасырларында болса керек. Соның салдарынан Арал ойпатының жайпауыт болып келетін шығыс бөлігінде бедер күшті өзгеріске түсті. Атап айтқанда, «массагет» және «кердері» егіншілік алқаптары теңіз астында қалып, сол жерлерде егіншілік мәдениетін жасаған елге қасірет әкелді. Сонымен бірге ойпаттың осы беткейіндегі Барсакелмес, Қасқақұлан, Ұзынқайыр, Ақбасты, Көзжетпес, Ұялы қыраттары теңіз ішіндегі аралдар болып қалды. Теңіздің тасқын суынан Аралдария оңға қарай ығысып, оның ескі арнасы су астында қалды. Арнасы жылжыған өзен қазіргі Сырдария өзені болып, кіші теңізге құйды. Сонда солтүстік кіші Арал теңізінің пайда болуы тіпті беріде, яғни мыңжылдың шамасында болса керек. Бұрынғы Қаратерең қыраты дарияның атырауындағы арал болса, енді ол теңіздің түбегіне айналды. Оның себебі, дарияның сол жағында жатқан Ақкөл мен оған жалғас орналасқан Қаратерең көлдері теңіздің қолтығына айналып, бұрын дариядан шыққан артық су осы екі көл арқылы «Құйылыс» өзегі теңіздің астында қалған соң Қаратерең қыраты теңіздің түбегі болып қалды. Дарияның оң жағындағы Қарашалаң мен Тұщыбас, сол жағындағы Баян ойпаттары дария мен теңіз суы араласып жатқан суы кермек көлдерге айналды. Қазір олардың бәрі де құрғақ көлтабандар болып жатыр.
2.2. ШӨГІНДІЛЕРІ
Жер бетіндегі құрлықта топырақ құрылу процесі литосфераның беткі қабатында үглуден пайда болған ұнтақ аналық жыныстарда жүреді. Ұзақ геологиялық дәуірде теңіздің астында жатып, теңіз тартылған соң судан болған құрлықтың онан айырмашылығы бар. Мұнда топырақ құрылу процесі теңіз шөгінділерінде жүреді. Әдетте, олардың құрамы өте күрделі. Әсіресе, ұзақ дәуір ішінде лайы көп екі үлкен өзеннің суын қабылдаған Арал теңізінің астында жиналған шөгінділерді осындай категорияға жатқызуға болады. Сол себепті, мұндағы топырақ құрылу процесінің бағыты және пайда болған қарапайым топырақ түрлерінің агромелиоративтік қасиеттері сол жердегі шөгіндінің құрамына байланысты. Зерттеулердің нәтижелері теңіз орнының барлық бөлігінде шөгінділердің құрамы бірдей емес екенін көрсетті. Ғылыми әдебиеттерде бар мәліметтерге қарағанда, арал теңізінің шығыс бөлігінің тайыздығы Сырдария мен Әмударияның шөгінділері жиналуынан болса керек. Әрине, өзендердің лайлы суы аз шөгінді әкелмесе керек. Сол шөгінділердің негізгі массасы теңіздің шығыс бөлігінде жиналғаны анық. Судағы қатты тұнбалардың мөлшері жағынан Сырдария мен Әмудария дүние жүзіндегі өзендердің ішінде алдыңғы орындардың бірінде тұратыны белгілі. Бұл екі өзеннің суындағы қатты тұнбаның мөлшері жөнінде Доранд пен профессор Шмидтің мәліметтеріне сілтеме жасайды. Онда 1875 жылдың мамыр айында Доранд Нөкіс қаласының тұсынан алған Әмударияның суын талдағанда оның бір текше метріндегі (м3) қатты тұнбаның мөлшері 968 грамм болғанын хабарлайды. 1847 жылдың 1 қазанынан 1854 жылдың 1 қазаны аралығындағы бақылауда Әмудариядан Аралға құрамында 72469 мың тонна (72469 млн.кг) тұнба бар 45480 млн.м3 су құйылыпты. Есептеулерге қарағанда, бір ғана Әмудария өзінің тұнбаларымен шамамен алғанда 22 мың (22000) жылда Арал теңізін толтыра алады деп пайымдауға болады екен. Сырдария өзені Әмудариядан әлдеқайда кіші, ағысы да аз. Сондықтан оның теңізге түсіретін тұнбасы да көп емес. Оған дәлел, Л.С.Берг проф. Шмидтке сілтеме жасап келтірген мәліметінде, 1878 жылдың мамыр айында Қазалы қаласының тұсындағы Сырдария өзенінен алған судың бір текше метрінде (м3) 358 грамм тұнба болған екен. Бұл әрине, Әмударияның тұнбасынан әлдеқайда аз. Әйтсе де ұзақ мерзімде Сырдария өзенінің Арал теңізіне жеткізген тұнбасы азғантай болмаса керек. Айта ктетін бір жай, Сырдарияның Аралға алып келетін тұнбасының жалпы мөлшері жөнінде мәлімет Л.С.Берг пен басқа зерттеушілердің еңбектерінде кездеспейді. Әйтсе де Л.С.Берг өзінің «Арал теңізі» (1907) атты кітабында Сырдария өзенінің тұнбасын жанама жолмен бағалауға тырысқаны байқалады. Онда ол Сырдария өзені атырауының 1847 жылғы А.И.Бутаков жасаған картадағы шекарасын 1900 жылы К.А.Молчанов жасаған картамен салыстыра отырып, Сырдарияның атырауы аталмыш кезеңде едәуір кеңейгенін байқады. Атыраудың ауқымы кеңеюі үшін оған Сырдарияның мол суы тұнбаны көп әкеліп тұруы тиіс. Сол карталарды салыстырғанда, егер Қосаралдың тұсынан есептесе, жарты ғасырда Сырдария өзінің атырауын 5,1 км-ге, яғни жылына 97,1 метрге кеңейіп отырған деп пайымдауға болады. Сонда 1847 жылдан 1900 жылға дейін, яғни 53 жылда Сырдария атырауының аумағы 35,7 км2-ге ұлғайған. Осы мәлімет әр жылға 0,66 км2-ден келеді. Бұл тым үлкен шама. Салыстыру үшін айтатын болсақ, ірі өзендер Тигр мен Ефрат-54 м, ганг-30 м, Дунай-12 метрге ғана атырауын ұлғайтады екен. Теңіз түбіне жиналған тұнба көбейген сайын теңіздің деңгейі аз болса да көтерілуі тиіс. Ондай мәлімет бар, бірақ ол шамамен алынған және дәл Арал теңізі туралы емес. Арал теңізінің шығыс бөлігі тайыз болуын екі дарияның-Сыр мен Әмудың ағысы алып келген тұнба құм-лайдан болғанын дәлелдейтін айғақты деректер болмаған соң ол жөнінде дөп басып айту қиын. Бірақ табанының аз болса биіктеуіне өзендер тұнбасының қатысы бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Арал теңізінің астындағы шөгіндінің құрамын батиметриялық әдіспен зерттегенде /45/ оның негізгі массасы карбанатсыз ұнтақ материалдардан құралғаны белгілі болды. Осы бөлшектер шығыстан батысқа қарай баяу еңістікпен орналасқан жазықты қалыптастырады. Теңздің шығыс жағындағы тайыз бөлігінде ірі бөлшектер құм (md 0,35-0,15 мм, бөлшектердің орташа диаметрі), онан әрі батысқа қарай тереңдеген сайын шөгіндінің негізгі алеврит (md 0,1-0,01 мм), ең терең батыс бөлігінде (Арал грабені) өте майда пелит (md 0,005-0,001 мм) шөгінділер тараған. Ғылыми әдебиет бетінде өзеннің аяғына оның ағысымен түскен шөгіндіні атыраулық аллювий деген ұғым қалыптасқан. Ағыстың күшіне қарай өзеннің құярлығында механикалық құрамы жағынан әр түрлі шөгінділер түседі. Өзен ағысының теңізбен тоғысқан жерінде ең ірі құм бөлшектер шөгеді. Онан әрі ағыс теңізге сұғынып кірген жерінде шөгіндінің алдыңғы шебі орналасады. Кейбір авторлар оны «тереңдіктің құлайтын аумағы» деген ұғымды қолданады (область свала глубин). Мұндағы шөгінділердің құрамы біркелкі болмайды, олар өте жұқа қабаттар түрінде теңіз жағасынан ортасына қарай бағытталған еңістікпен орналасады. Онан әрі құярлықтан ұзаған сайын сортталған өте майда аллювий көлденең шөгіндіге түседі. Ең соңында өзен ағысының ықпалы болмаған бөлігінде теңіздің байырғы терригендік шөгінділері түседі. Өзен атырауында шөгінділердің жиналу ерекшеліктеріне арналған көптеген ғылыми еңбектер бар. Еділ өзенінің атырауын зерттегенде алынған ғылыми мәліметтерді жктеудің нәтижесінде Л.С. Берг және Н.Г.Краснова атыраулық шөгінділерді аванатыраулық, атырауаралық және байырғы атыраулық топтарға бөледі. Әмударияның атырауындағы шөгінділердің жалпы таралу заңдылықтары бір топ зерттеушілердің еңбектерінде берілген. Аталмыш зерттеулердің негізінде шөгінділердің түрі бедердің элементтеріне тура келетіні анықталып отыр. Бұл заңдылық өзен атырауында литогенез бен морфогенездің тұтастығын көрсетеді. Өзен ағысының теңізге сұғынып ілгерілеуі және оның бағытының жиі өзгеруі бұл процеске жаңа сипат беріп, шөгіндінің құрамында фациалдық өзгерістер туғызады. Құйылыстың алдындағы кеңістікте тұнбаның жиналуына ықпал жасайтын факторлардан теңіздің сол шөгінділер түсетін бөлігіндегі физикалық, физика-химиялық және химиялық жағдайларды айтуға болады. Бұл жөнінде бір топ авторлардың /48,49,50,51,52/ пікірінше, өзен ағысымен теңізге жеткен лайдың шөгіндіге түсуіне теңіз суындағы тұздардың коагуляциялық әсері, тотығу-тотықсыздану реакцияларынан пайда болатын шөгінділердің температурасының және газ режимінің, сондай-ақ әртүрлі организмдердің ықпалы болады. Лайдың шөгіндіге түсуіне су астындағы және теңіз бетіндегі өсімдіктер де күшті әсерін тигізеді. Сонымен бірге теңіз түбіне түсетін лайдың мөлшерінде антропогендік қызметтің әсері де аз болмайды. Өйткені, өзен суының белгілі бөлігі егіс далаларына таралып, онымен бірге лайдың да едәуір бөлігі бірге кетеді. Әйтсе де қазіргі кезде өзендер ағысының тежеуі түсуі себепті, яғни өзендер су қоймалары арқылы өтетін болғандықтан олардың суындағы лайдың мөлшері күрт азайып кетті. Сонан атыраулық аймақ пен теңізге түсетін шөгінділердің құрамы өзгеріп, мөлшері кемиді. Атыраулық шөгінділерді зерттеген авторлар қабаттасып жатқан және қасиеттері жағынан әр түрлі аллювийді көптеген табиғи процестерді аналық жыныстарға ұқсатады. Бұл жыныстардың қасиеті оның құрамына және қабаттасу ретіне қарай өзгеріп отырады. Ондай қасиеттері ретінде өзеннің суы жайылғанда және егістік жерді суарғанда олардың су өткізгіштігін, қабаттағы судың капиллярлық көтерілу жылдамдығы мен биіктігін, олардағы қоректің заттардың қорын айтуға болады. Сырдарияның аванатырауындағы терригендік шөгінділердің бетін өзеннің аллювийлік шөгінділері бүркеп жатыр. Мұнда теңіз шөгінділерінің бір бөлігі өзен ағысымен келетін химиялық шөгінділердің үлесіне тиеді. Өзендердің ескі атырауында химиялық шөгінді түсетін аймақтарды зерттегенде, өзеннің құйылысынан алыстау телімдерде химиялық қолайлы жағдай қалыптасатын болса, көбінесе кальций мен магний карбонаттары шөгіндіге (олар известен доламитке айналады) түсетіні белгілі болған. Химиялық құрамы жағынан өзеннің құйылысна жақын телімдерде темірдің (Fe) және марганецтің (Mn) тотығы, темірдің шала тотығы (FО) мен тотығының (F2О3) силикаттары, атап айтқанда, сидерит, глауконит, шамуазит шөгіндіге түседі /50,49,53/. Арал теңізіндегі химиялық шөгінділердің негізгі формасы карбонаттар болса керек /45,49,53/ Еділ өзенінің аванатырауында карбонаттардың шөгуі сазды құмшықтардың жиналған жерінен басталатынын /55/ хабарлайды. Байқау бойынша /53/ Еділ өзенінде ерітіндінің құрамында карбонаттың көбеюінен оның шөгіндіге түсуі өзен ағысы құйылысқа жеткенше басталатын көрінеді. 50-шы жылдары жүргізілген зерттеуде /45/. Арал теңізінің құрғаған табаныныда гипстың жұқалау қабатын көрген. Автордың пікірінше, ондай қабаттың пайда болуы теңіздің құрғай бастаған кезеңіне тура келетін сияқты. Зерттеушілер /54/ Сарықамыс ойпатына жақын жерде аллювийлік шөгіндінің астында сидерит линзасы барын көрген. Авторлар мұны Әмударияның ағысы құбылып, бірде теңізге, енді бірде Сарықамыс көліне құйғандықтан су түспеген нысандар оқтын-оқтын кеуіп тұруы себепті әр түрлі химиялық шөгінділердің жиналуына себеп болған деп түсіндіреді. 2005 жылы Арал теңізіне жақын жерден Сырдарияға салынып жатқан «Ақлақ» тоспасының орынын қазғанда 18 метр тереңдікте аллювийлік шөгіндінің астынан сидерит пен темірдің тотығы аралас линза шықты. Бұл жоғарыдағы Сарықамыс ойпатынан кезіккен линзаға ұқсас болса керек. Аллювийлік шөгінділердің астында химиялық шөгінділердің болуы қабаттағы судың сапасына әсер етуі ықтимал. Мұндай химиялық шөгінділер теңіздің құрғаған орнында қалыптаса бастаған жаңа құрылықтың мелиоративтік жағдайына ықпал етеді.
Әртүрлі шөгінділерде пайда болған топырақ түрлерінің мелиоративтік күйі
Теңіздің орнындағы шөгінділер екі топты құрайды-байырғы терригендік және Сырдария өзенінің теңізге құйған тұсында жиналған аллювийлік. Сол шөгінділердің құрамындағы органикалық және химиялық бөліктерінің мөлшеріне байланысты топырақтың агромелиоративтік қасиеттері түрліше қалыптасады. Сырдарияның ағысымен теңізге түскен аллювийлік шөгіндіде құрылған топырақтың құрамы тұзды емес. Мұнда профилдің қабаттарындағы тұздың мөлшері (құрғақ қалдықпен) 1,0%-ке дейін ғана, яғни, мелиоративтік күйі тәуір. Мұндай топырақ түрі Сырдарияның (бұрынғы Аралдария) теңізге құйған жерінен оңтүстік батысқа қарай орналасқан жазықта тараған. Ескі арнадан алыстаған сайын аллювийлік шөгінділер азайып, шөгіндінің қабаты жұқара береді. Аллювийлік шөгінділерде пайда болған топырақтың құрамында тұз аз деуге болады, өйткені, профилдің тек беткі қабатында ғана тұз жиналған, ал төменгі қабаттарда оның концентрациясы (құрғақ қалдықпен) өте аз-0,5-0,7%. Аванатыраулық аллювий шөгінділерінің құрамы тұщы сумен келген лай болған соң, ол карбонатқа бай және натрий тұздарының мөлшері төмен. Сондықтан аллювийлік топырақ түрінің мелиоративтік күйі егіншілікке қолайлы. Ескі дарияның аванатырауындағы жазық батыс бағытпен ұзаған сайын топырақтың мелиоративтік күйі күрделі бола береді. Құйылыс жазығы көне дәуірде баяу аққан өзеннің арнасы болған. Грунттың беткі қабаты (0-15 см) майда құм-лайдан жиылған шөгінді. Онан төменгі 1-1,5 метрлік қабат өте тығыз қызғылт түсті саз. Жоғарғы жағы құрғақ, сандық тәрізді ірі кесектерге бөлінеді, су өткізгіштігі өте төмен. Саз қабаттың жиналуы баяу аққан судың құрамындағы лайдың шөгіндіге түскенін меңзейді. Грунт профилінің беткі қабатында 0-10 см және 0-20 см тұздың концентрациясы (құрғақ қалдық) өте жоғары тиісінше 3,89% және 2,55%. Мелиоративтік күйі өте ауыр, шаруашылық маңызы жоқ. Мелиоративтік күйі ауыр телімдердің бірі Массагет даласы. Оның теңіз астынан шыққанына 18-19 жылдай уақыт болды, әзірге шөптесінсіз жазық. Тек кейінгі жылдары ғана азын-аулақ эфемерлер, майда сораңдар шығатын болды. Грунттың беті майда құм-лайдан жиналған шөгінді, жұқа қабыршағы бар, аяқпен басқанда оңай езіледі. Сұр түсті, құрғақ, ірі органикалық немесе минералдық бөлшектер жоқ. Беткі 0-5 см қабатта тұздың концентрациясы (құрғақ қалдық)-3,9% және 6,78%. Көлдің астынан шыққан көлтабанның мелиоративтік күйі тәуір, сондықтан егін егуге қолайлы деуге болады. Сырдарияның солжақ жағасындағы бұрынғы Жақсылық көлінің құрғақ табанын зерттегенде грунттың жоғарғы қабатында тұздың концентрациясы 0,5% болды (0-50 см), ал профилдің жоғарғы бір метрлік қабатының екінші жартысында (70-90 см) тұздың мөлшері 1,0%-ке дейін көтеріледі. Бұл көп емес, көлтабанның профилінде тұздың аз болуын ондағы тұздардың негізгі массасын су шайып кеткеннен болса керек. Бұл судан жақында шыққан көлтабандағы грунттың мелиоративтік күйі. Егер көлтабан сусыз, яғни, құрғақ, әрі өсімдік жабыны жұтаң күйде ұзақ жататын болса, онда уақыт ішінде терең қабаттағы тұзды су қапилляр арқылы көтеріліп төменнен жоғары қарай біржақты жылжиды. Бұл жағдайда грунт беті сорланады. «Ақлақ» станасының тұсынан Сырдарияның солжағалық арналық қырқасына жақын әр түрлі қарашөп өскен топырақ түрінде тұздың мөлшері онша көп емес. Бұл құрамында карбонаты мен гумысы бар топырақ түрі өзен ағысымен келген аллювийлік шөгіндіден пайда болған. Бұрын теңіз тасығанда бетін шайып тұрған. Топырақ профилінде тұз онша көп болмағанына қарағанда теңіздің суы қанша ащы дегенмен «шаю эффектісі» топырақта тұздың артық мөлшерде жиналмауына себепші болса керек. Мұның жоғарғы 0-10 см-ік қабатындағы тұздың мөлшері 0,89% (құрғақ қалдықпен), ал профилдің жоғарғы жарты метрінде (10-59 см) тіпті тұз жоқ деуге болады, яғни оның концентрациясы 0,13-0,20% шамасында. Топырақтың бұл түрінің мелиоративтік қасиеті тәуір, сондықтан егін егуге қолайлы. Топырақтың су сығындысын талдағанда, ондағы тұздың құрамында күкіртқышқыл натрийдың (Na2SO4) концентрациясы жоғары болуы назар аударады, бірақ ол тұз теңіз суында болмайды. Әйтсе де теңізден шыққан грунттың құрамында күкіртқышқыл натрийдың аз болмауын коллоидтық алмасу реакциясымен байланыстыру керек. Сонда бұл тұзды теңіз тартылған сол жаңадан түзілген туынды деп қараған жөн сияқты. Кейбір авторлар теңіздің құрғаған қолтықтарында теңіз суының булануынан қалған тұздың құрамы бірыңғай хлорлы натрий (NaCl) емес аралас болатынын көрсетеді. Топырақта тұздардың құрамындағы кальцийдың (Са) концентрациясы ондағы НСО3- мен SО4= аниондардың мөлшерінен әлде қайда аз екені байқалады. Олай болса, топырақта жиналған тұздардың құрамында гипс (Са SО4) пен известен (СаСО3) басқа да сульфат тұздары аз болмаса керек. Оның көпшілігі натрий сульфатының (Na2SO4) үлесіне тиюі мүмкін, өйткені, катиондардың ішінде натрийдың мөлшері басым. Кейбір кесінділерден алынған үлгілерді талдағанда грунттің профилі бойынша жоғары қабаттарындағы тұздың концентрациясы өте жоғары болды. Соның ішінде басқа катиондармен салыстырғанда натрий әлде қайда көп. Онан кейінгі көбі магний. Соған қарағанда, грунттегі тұздардың құрамында магний сульфаты болуы ықтимал. Әйтсе де жалпы сульфаттардан гөрі хлоридтердің үлес салмағы едәуір жоғары. Бірақ хлорлы натрийдың концентрациясы көбейгенде грунттың бетінде пайда болатын қатты қабыршақ («бронь») кездеспейді. Тек кейбір саздақ учаскелерде ғана грунттың бетінде бұжырланған қабыршақ бар, бірақ ол әлсіз, аяқ басқанда езіледі. Демек, бұл әлі толық жетілмеген жас қабыршақ. Мұндай қабыршақ қабаттағы судың деңгейі профильдің бетіне жақын жатса ғана пайда болады, мысалы 1,5-2,5 метр тереңдікте. Бұл жағдайда саз қабаттар арқылы капиллярмен жоғары көтерілетін ерітіндінің құрамындағы галит (NaCl) жинала келе грунттың бетіндегі қабыршақты қатайтады, яғни, «брондайды». Теңіздің астынан жақында ғана шыққан грунтте бұл процес әлі толық күшінде болмаса керек. Бірақ бұл процесс тоқтамайды, егер қабаттағы ащы су грунттың бетіне жақын деңгейде тұрақты күйде қалатын болса, катиондардың ішінде мөлшері ең азы кальций (Са). Оның себебі кальций карбонаты суда ерімейтін болғандықтан су ағындысына оның өте аз мөлшері ғана өтеді. Ғылыми әдебиет бетінде Арал теңізінің орнындағы грунтте хемошөгінділердің ішіндегі ең көбі кальций карбонаты деген деректер бар. Өйткені, бұл тұздың негізгі массасы су астындағы грунтте шөгінді күйінде қалады. Оны Л.К.Блиновтың (1956) Арал теңізінің суындағы тұздың құрамы жөніндегі мәліметінен байқауға болады. Онда тұздардың ішіндегі ең аз концентрация кальций карбонатының (СаСО3) үлесіне тиеді. Ол мәліметтер мынадай (%):
NaCl-56,07 MgSO4 -25,87
KCl-2,05CaSO4- 14,98
MgCl2-0,82CaCO3-0,21
Топырақтың су сығындысының құрамын талдағанда ондағы еритін тұздардың қорын анықтайды. Әйтсе де грунттың немесе топырақтың мелиоративтік күйін бағалау үшін бұл әдіс арқылы мәлімет жеткіліксіз болады. Сондықтан зерттеушілер топырақтың құрамындағы табиғи ерітіндісін талдап, ондағы компоненттердің ара қатынасын білудің қажеттігін ұсынады. Сырдың атыраулық өңірінде тараған топырақ түрлеріндегі табиғи ерітіндінің химиялық құрамы өткен ғасырдың 50-шы жылдарында зерттелген болатын (А.А.Волохова, 1958). Сол зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтерді талдағанда топырақ ерітіндісінің концентрацисына байланысты ондағы аниондар мен катиондардың жиналуына қатысты кейбір заңдылықтар белгілі болды. Атап айтқанда, бұл өңірдегі топырақтардың ерітіндісінде сілті мен жерсілті металдардың карбонаты (СО3) болмайтыны, тек сорларда ғана олардың болар болмас ізі болатыны анықталды. Ерітіндідегі құрғақ қалдықтың концентрациясы жоғарылаған сайын ондағы гидрокарбонаттың (НСО3—0,2 ден 2,12 г/л-ге дейін) және хлордың (СІ) концентрациясы өсе береді, ал соңғысы ерітіндінің қанығуы ең жоғарғы деңгейге жеткенде де жинала беретіні белгілі болып отыр. Топырақ ерітіндісінің концентрациясы бір литрде 40 грамға жеткенде (г/л) ондағы хлордың үлесі сульфаттан (SO4) асып түседі. Сульфат ионы өзін басқаша көрсетеді. Ол ерітіндінің концентрациясы төмен болғанда хлор ионынан үстем болады. Кальций катионы ерітіндідегі құрғақ қалдық көбейгенде де тұрақты күйде қалады. Топырақ ерітндісіндегі құрамдық бөліктердің ішінде саны көбі натрийдың тұздары (NaCL, NaSO4). Тіпті ерітіндінің концентрациясы төмен болғанның өзінде натрий кальцийден артық, ал концентрация көтерілген сайын ерітіндіде ол көбейе беретін көрінеді. Сонымен бірге ерітіндіде магний (Mg) да жиналады, бірақ ерітіндінің концентрациясы төмен болғанда ол натрийдың мөлшерінен едәуір кем болады. Егер ерітіндінің концентрациясы көтерілетін болса, онда магний көбейе түседі. Топырақ ерітіндісінің концентрациясы қандай болғанда да (төмен немесе жоғары) оның құрамындағы аниондардың сульфат (SO4) пен хлор (СІ), катиондардан (Mg) мен (Na) басқа құрамдық бөліктермен салыстырғанда басымдық көрсетеді. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде алынған мәліметтерге қарағанда, теңіздің орнындағы құрамында дарияның аллювилік шөгінділері жоқ немесе өте аз болатын байырғы терригендік шөгінділерде пайда болған механикалық құрамы саздақ топырақтар ондағы тұздың мөлшері жағынан атыраулық қуаңданған шалғынды аллювий топырақ түріне ұқсас келеді, яғни, сорлану деңгейі орташа деуге болады.
Арал теңізінің құрғаған орнындағы тұздың таралуы
Арал теңізінің үштен екіден (2/3) артығырақ көлемі құрғап, оның орнында сусыз құрылықтың пайда болуы экологиялық ахуалдың даму бағытына қатысты көптеген проблемаларды қоздырды. Солардың ішінде бүкіл тірі табиғатты аздыратын ең қауіптісі тұздың желмен таралуы. Арал теңізінің суындағы тұздың жалпы қоры 10-11 млрд. тонна деп бағаланады. Аралдың суы түгел тартылғанда сонша тұз массасы желмен ұшып Орта Азия мен Қазақстан жеріне түсетін болса, онда ауқымды кеңістік тұздың астында қалған болар еді. Есептеулерге қарағанда, егер Арал теңізіндегі тұздың барлық массасын әр гектарға 500 тоннадан біркелкі жайатын болса, онда өте күшті сорланған жердің көлемі 20,0 млн гектар болады екен. Әрине, теңіз суындағы тұздың айнала төңірекке жайылып, жердің бетіне түсуі бірден болмайтын процесс. Тұздың таралу процесі (импульверизация) ондаған жылдарға созылып, жыл сайын жерге түсетін тұздың мөлшері ондаған есе кем болады. Мұнда тұздың құрамы айрықша назар аударады. Аралдың суындағы тұздардың ішіндегі ең көбі натрий тұздары. Олар жерді сорландыру мен бірге топырақтың физика-химиялық қасиеттерін аздырады. Теңіз толық кезінде суының тұздылығы 10,2-10,3% болады. Аралдың суын 400-тық изотермиялық жағдайда буландырып, ондағы тұздардың концентрациясын 29,8%-ке дейін көтергенде теңіздің суы жалпы тұзданумен бірге гипспен де (CaSO4) қанығады екен. Табиғи жағдайға жақындатып жүргізген зерттеулер осыған ұқсас нәтиже берді. (Блинов А.К, 1956). Жиналған мәліметтерді сараптау негізнде, Арал теңізі табанының барлық аумағындағы хемогендік шөгінді тек карбонаттан (CaCO3) тұрады деген тұжырым жасалды. Хемогендік шөгіндінің тек бірыңғай карбонаттан жиналуы Арал теңізі суының массасы 350 км3, деңгейі абсолюттік белгіден 39 метрге және теңіз ауданы 33 мың м2-ге дейін азайған кезеңіне тура келеді. Кейінірек теңіздің деңгейі тағы да төмендегенде ғана карбонатқа гипс қосылады. Теңіздің ауқымы тарылып, судың массасы азайған сайын ондағы тұздың концентрациясы да көтеріледі. Процес жалғаса беретін болса, бірте-бірте су қоймалжыңданып, тұздық іспеттес күйге түседі. Осы кезден бастап, карбонат пен гипске мирабилит (Na2 SO4*10Н2О) қосылады. Әдетте, сол тұз тек салқын кезде ғана шөгіндіге түседі және процес ұзаққа созылуы мүмкін. Ғалымдардың пайымдауынша, ол кезде Арал теңізінің ауқымы жиырылып, суы гидрохимиялық жағынан Қара Бұғаз көлдің тұздығы әлі галитпен (NaCL) қанықпаған кезеңіне ұқсас болып қалады. Демек Арал теңізі тартыла келе суы тұздыққа айналғанда ондағы тұздардың шөгіндіге түсуі Қара Бұғаз көлдегі тұздардың шөгіндіге түсу схемасы бойынша жүретін сыңайлы. Ол схема бойынша қыс айларында салқындаған тұздықтан шөгіндіге түсетін мирабилит пен кальций тұздары болады (CaSO4). Жаз айларында кальций тұздарының шөгіндіге түсуі жалғаса береді. Әйтсе де теңіз суы әлі де едәуір терең болғандықтан су массасы баяу жылиды, сонан салқын кезде шөгіндіге түскен мирабилит түйіршіктерге ерімейді. Сондай-ақ, қыс айларында шөгіндіге түскен мирабилит түйіршіктерінің бір бөлігі қатты дауыл соққанда толқынмен жиекке шығып қалады. Бірақ оның мөлшері Аралдың қоймалжың суынан шөгіндіге түскен тұз массасының азғантай ғана бөлігін құрайды. Онан әрі Арал теңізі тұздығының концентрациясы өскен сайын ол галитпен қанығады (NaCL). Осы соңғы тұздың суда ерігіштігіне температура әсер етпейтін болғандықтан оның шөгіндіге түсуі маусымдық сипатта болмайды, яғни қысы-жазы бірдей түсе береді. Әйтсе де Арал тұздығының галитпен қаныққан бастапқы кезінде қыс айларында судағы мирабилиттің түйіршіктенуі себепті тұздықтың жалпы тұздылығы азаяды да сонан галиттың (NaCL) шөгіндіге түсуі тоқтап қалады. Дегенмен өзендер суының теңізге түсуі толық тиылған кезде галиттың ерітіндіде қалуы ұзаққа созылмайды, тұздықтың концентрациясы көбейгенде теңіздің түбіне барлық сульфат тұздары шөгеді де оның бетін галит бүркеп қалады. Алғашқыда галиттың қабыршағы жұқалау түрде тұрғанда жаздың ыстығында сульфаи тұздары әлі ериді. Бірақ өте баяу және аз мөлшерде. Біртіндеп галиттың «бронь» қабаты қалыңдағанда ол процес, яғни сульфаттың еруі толық тоқтайды. Сөйтіп, теңіздің орнында хлорид тұзды көлдің пайда болу процесі тез жүреді. Оның себебі, сульаттардың шөгіндіге түсуі Арал теңізінің суы едәуір терең кезінде-ақ басталады. Арал теңізі толық тартылып, хлорид тұзды көлге айналған соң шөгіндіге түсетін тұз массасында галиттың үлесіне 99%-і, ал кальций тұздарының үлесіне проценттің азғантай бөлігі ғана тиеді. Уақыт өте келе тұзды көл тартылған соң оның орнындағы тұз массасының құрамында мирабилит (Na2SO4*10Н2О), глауберит (Ca2 SO4* Na2SO4), астраханит (Na2SO4*Mg SO4*4Н2О) тағы басқа тұздар қалады. Олардың бетін таза галит (NaCL) қабаты бүркеп тұрады. Бір топ авторлардың мұндай схеманы ұсынуына Арал мен Каспийдың суы қоюлануынан пайда болған тұз шөгінділерінің кесіндсін зерттегенде алынған мәліметтер негіз болды. Ондай зерттеулер Аралдың маңындағы «Жақсықылыш» және Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Құулы мен Ащысор тұзды көлдерінде жүргізілген. Арал теңізі тартылып, суы қоймалжың тартқанда, яғни тұздыққа айналғанда ондағы тұздардың шөгіндіге түсу схемасына пәлендей күмән келтірмей-ақ оның кейбір осал тұстары жоқ емес екенін айтқан жөн. Жоғарыда айтылғандай қыстың күні су салқындағанда шөгіндіге түсетін мирабилит түйіршіктері жазда еріп, ерітіндіге көшетіні туралы пікірмен келісу қиын. Олай дейтініміз, теңіз түбіне шөгіндіге түскен мирабилит жазда күн қандай ыстық болса да ерімейді. Оған мынадай дәлелдер бар: сусыз мирабилиттың (Na2SO4) 100 грамм судағы ерігіштігі: 00-та 5 гр, 100-9,0, 200-19,4, 300-40,8 грам. Демек, жазда күн қандай ыстық болғанның өзінде тіпті 0,7-1,0 метр су астындағы грунт бетінде мирабилит еритіндей жылу болмайтыны ақиқат. Өйткені, күн сәулесімен келген жылу энергиясы теңіз суын жылытуға кетеді. Табиғатта жылу сыйымдылығы өте жоғары дене су екенін ескерсек теңіз суын жылытуға кететін жылу аз болмаса керек. Оның мөлшері 1,0 гр. суды жылытуға кететін калория 1,0-ге тең, яғни осы көрсеткіш жағынан табиғи денелердің ішінде жылу сыйымдылығы жоғары дене ретінде су бірінші орында тұр. Сол себепті салқын суда түйіршікке айналып теңіз түбіне шөгіндіге түскен мирабилит қайтадан еритіндіктен теңіз суына араласады деуге келіңкіремейді. Арал теңізінің суында мирабилиттың болмауы сонан. Теңіз шөгіндіге грунт бетіне шөккен мирабилиттің бір бөлігін су алып кетеді де құрғақта қалған бөлігі күннің ыстығында кристалданған суынан айырылып, сусыз натрий сульаты-тенардитке (Na2SO4) айналады. Бұл үлбіреген ақ түсті өте майда ұнтақ зат шаңмен бірге көтеріліп, ауаның ағынымен жан-жаққа тарайды. Егіндік, шабындық және жайылым жерлерді сорландыратын осы тенардит. Теңіздің құрғаған орыннан көтерілетін тұздың құрамында тенардитпен бірге извес (CaCO3) және гипс (CaSO4) бар. Бұл соңғы екеуінің массасы көптеу. Топырақ бетіне түскен извес пен гипс екі валентті жер сілтілі металдың тұздары ретінде жерді сорландырмайды, қайта керісінше мелиоративтік пайдалы жақтары болады. Орта Азия мен Қазақстанда суармалы жерлердің топырақтары әрдайым сортаңдануға бейім, яғни олардың мелиоративтк азғындау қаупі барлық уақытта сақталады. Сол себепті, извес пен гипс тұздарының суармалы аймақтарда топырақ бетіне түсуін пайдалы құбылыс ретінде қабылдау керек. Бірақ тұздың аты тұз, яғни минерал заты, оның топырақта шектен тыс көп жиналуы ортаның биологиялық белсенділігіне кері әсерін тигізетін фактор екенін жоққа шығаруға болмас. Уақыт ішінде теңіз орнындағы шөп жабыны жетілген сайын тұзды шаңның таралуы саябырлап, оның екпіні теңізді айнала қоршаған шөл даладағы дефляция процесіндей қоңыр күйге көшеді. Теңіздің қауырт тартыла бастаған кезеңінен кейінгі 50 жылда оның құрғаған орнындағы грунт беті әр түолі процестердің әсерінен қатайып, тұрақтанады. Бұл жағдай тұзды шаңның көшкінін толық тоқтатты. Құрылықтың тек Қиыр Батыс бөлігіндегі су астынан шыққанына 20-22 жылдай болған шөптесінсіз шағындау телімде ғана тұзды шаңның желмен көтерілуі байқалады. Грунт бетін тұрақтандырған процестердің ішіндегі экологиялық жағынан ең пайдалысы өсімдік жабынының болуы. Жаңа құрылықтың әр бөлігінде теңіз суынан босаған мезгілінің ұзақтығына, грунттың механикалық құрамына, ондағы тұздың концентрациясы мен құрамына қарай өсімдік қаумдастығының біркелкі топтары өскен далалар пайда болды. Олар Массагет жазығының шығыс жағындағы жусанды және бұйырғынды, Тоқпан мен Ұзынқайырдың аралығындағы құмда Сексеуілді, Қасқақұлан мен Жыңғылтүптің аралығындағы Сарсазанды далалар. Сонымен бірге бедердің элементтеріне ыңғай әжептәуір қалың өскен әртүрлі майда сораңдар, қарашөптер, эфемерлер, ксерофит бұталар грунт бетін қорғап тұр. Құрғаған теңіз табанының қиыр батыс бөлігінде ғана теңізден босағанына 20 жылдай болған «Массагет» даласының грунті әзірге жалаңаш. Грунттің беткі 0-5 см-лік жұқа қабатында тұздың концентрациясы (құрғақ қалдықпен) жоғары. Бұл теңіз шегіндегі грунтте қалған судың құрамындағы тұз. Өйткені, оның астындағы грунттың жоғары бір метрлік қабатында тұздың мөлшері онша көп емес. Соған қарағанда грунттың күнгей беті мен оған жақын қабаттағы ащы судың арасында капиллярлық байланыс үзілгені себеп болса керек. Қабаттағы тұзды судың капилляр арқылы көтерілуіне грунт профилінің көп қабаттылығы және ол қабаттардың механикалық құрамының әр түрлілігі кедергі болып тұр. Жел соққанда тұз аралас шаң көтерілетін осы жас құрылық. Уақыт өте келе мұнда шөп жабыны жетілген сайын бұл процесс бірте-бірте тоқтайды. Әрине, ауқымы үлкен сусыз дала шаруашылық салаларына пайдаланылмай өз өзімен жата берсе, онда ол Тұран ойпатының онсыз да жайсыз қатаң табиғатының бұрынғыдан да күштірек қуқылдануына себепші болатыны күмән туғызбайды. Аралдың құрғаған орнынан ұшып тұрған тұздың мөлшері жөнінде мәселені талдағанда, 1992 жылы баспадан шыққан Арал өңірнің экологиялық картасындағы мәліметті бағдарлама ретінде алуға болады. Онда теңіздің құрғаған табанымен қоса байырғы жағасынан шығысқа қарай жатқан кеңістікті бөлген шекара сызығы теңіздің сұлбасын бойлап 5 секторға бөлінеді. Сол көлденең сызықтармен бөлінген бірінші бөліндіге (сектор) жататын теңіздің құрғаған орыны тұз тарататын ошақ деп қаралады. Теңіздің жағасындағы ені 10 км-ік құрылықтың бір шаршы шақырымына түсетін тұз массасын 600,0 тонна және одан сәл артығырақ деп, ал онан сыртқары жатқан 10-20 км ендікте түсетін тұздың массасы 200,0 тн, 20-30 км-ге түсетіні-80,0 тн, 30-40 км-ге түсетін тұз 20,0 тонна деп бағаланады. Келешекте егер Арал теңізі толық тартылып, оның орнында таза тұздардың шөгінділерінен тұратын қалыңдығы шамамен 2,5-3,0 метрдей үйінді пайда болғанда да олардың желмен таралуы болмайтын сыңайлы. Өйткені, үйіндінің сыртқы бетін «бронь» іспеттес өте тығыз, әрі қатты галит (NaCL) қабығы жауып тұрады. Яғни, теңіз толық тартылғанда оның орнында қалған шөгіндінің массасы қанша көп болғанымен бұрқырап, желмен ұшып таралуы мүмкін емес. Әрине, хлорлы натрий (галит) тұзына қарағанда натрий сульфаты (Na2 SO4) желмен оңай таралатын майда ұнтақ екені белгілі, бірақ ол галиттен тұратын «бронь» қабықтың астында қалады. Арал теңізінің суындағы тұздардың проблемасы жөнінде ғылыми әдебиет бетіндегі болжамдар теңіз толық кезінде жүргізген зерттеулер негізінде жанама жолмен жасалған болатын. Оларды ұсынған авторлар теңіз суының массасы азайған сайын ондағы әртүрлі тұздардың рет ретімен шөгіндіге түсу жолын жалпы дұрыс бағалаған десек те кейбір өлі тұстары жоқ емес. Оны біздің зерттеулеріміздің нәтижелері көрсетіп отыр. Бірақ біздің мәліметтеріміз бұрынғы авторлардың тұжырымдарын жоққа шығармайды, қайта оларды толықтырып, арал теңізіндегі тұздың проблемасын объективті бағалауға қол жеткізді.
Сол мәліметтерді талдау негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: Арал теңізінің деңгейі қауырт төмендей бастаған алғашқы ширек ғасырдың аяғына таман теңіз суының тұздылығы 30%-ке көтерілгенде оның құрамындағы тұздардан тек кальций карбонаты ғана шөгіндіге түседі (СаСо3). Бұл процес алғашқыда теңіздің шығыс жақтағы тайыз бөлігінде жүрді. Сол себепті жаңа құрылықтың шығыс бөлігінде грунттың құрамында карбонаттың концентрациясы жоғары. Теңіз деңгейі төмендеуінің 35-40 жылдық екінші кезеңінде шөгіндіге кальций карбонаттары мен бірге кальцийдың сульфаттары (СаSO4) да түседі. Есептеулерге қарағанда, осы кезеңде құрғаған теңіз орнындағы грунтте шамамен 1,5 млрд тонна тұз шөгеді. Қазір теңіз деңгейінің төмендеуі сол екінші кезеңде тұр. Құрғаған теңіз орнынан Орта азия мен Қазақстан далаларына тұздың таралуын толық сипаттайтындай арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жиналған мәліметтерді толық деуге болмас. Демек, бұл әлде де тереңірек зерттеуді қажет ететін проблема. Егер Арал теңізінің құрғаған бөлігінен көтерілген тұз-егіншілік аймақтарға тарайтын болса, онда оны суармалы мелиоративтік күйін аздыратын зиянды құбылыс ретінде қарауға негіз жоқ. Ол жөнінде жоғарыда айтқанбыз. Арал теңізінің суы толық тартылғанда орнында тұзды көл пайда болып, оның қатты және сұйық фазаларындағы тұздардың негізгі массасы шамамен 9,0 млрд тонна болады, яғни Арал теңізінің суындағы барлық еріген тұз.
2.3. ТЕҢІЗ ОРНЫНАН ТАБЫЛҒАН КӨНЕ ӨРКЕНИЕТТІҢ ІЗІ
Кеңестік кезеңде жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде жиналған мәліметтерге қарағанда, Сырдарияның төменгі ағысы, яғни Арал өңірі Қазақстан жеріндегі ең ерте замандағы мәдени ошақтардың бірі екен. Бұл өңірдің ел мекеніне айналуы өте ертеден ғасырлар қойнауынан бастау алады. «Көне дәуірде мұнда ерте замандағы парсы жаулаушылары Кир мен Дарийдың қайсар қарсыластары болған сақ-массагет тайпаларының негізгі орталығы жатыр, ал кейінірек, біздің дәуірімізге дейін І-ІІ ғасырларда олар грек-македон шапқыншыларының билігін жойып, Құшандардың ұлы Орта Азия-Индия патшалығын құруда үлкен рөл атқарды». Бұл өңірді мекендеп, қоғамдасып өмір сүрген сақ-массагет тайпаларының арғы тегі келтемұнар тайпалары. Олар шығыс Арал өңірінде, яғни егін егіп, мал бағатын жері бар Сырдарияның төменгі ағысында келтемұнар мәдениетін жасағандар болып табылады. Келтемұнарлар осы өңірді алғашқы мекен еткен тас (неолит) дәуіріндегі балықшылар мен аңшылардың үрім-бұтағы болса керек. Әрине, келтемұнар тайпалары алғашқы кезде ата кәсібі балықшылық және аң аулау кәсібімен айналысады. Біздің жыл санағанымызға дейін ІІ-ші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап, келтемұнар тайпалары егіншілікпен айналыса бастайды. «Ол заманда әлі суармалы егіншілік болмаған, егінді тек өзен алқаптарындағы ызасы бар («Қайраң жерлер») жерлерге егіп жүрді». Бертін келе VІІ-V ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысын массагет тайпалары мекендейді. Бұл өңірде алғашқы болып суармалы егіншілікпен айналысқан осы массагет тайпалары дейді тарихи-археологиялық деректер. С.П.Толстовтың пікірінше, массагеттер балық аулау мен егіншілік кәсібін қатар жүргізіп, әрі тәуір дамыған мал шаруашылығы бар жартылай отырықшы болған көрінеді. Ол тұста негізінен тары мен арпа егеді. Бұл екі дақыл суды онша көп тілемейтін, қуаңшылыққа шыдамды, қысқа мерзімде пісіп-жетіліп, тым-тәуір өнім береді. Оларды көлжағалауында, өзен алқаптарында, ойлау жерлерде жиналған еріген қар мен жаңбыр суынан пайда болған уақытша қақтың төңірегіндегі ызасы бар жерлерге егуге өте ыңғайлы. Топырақ бетін сәл-пәл қопсытып, тұқымды сеуіп, ылғалы бар топыраққа араластыру үшін белағашты көлденең немесе шеңгел тікеннен буған сыпырғыны сүйресе болғаны. Оған басқа күтімнің қажеті жоқ, тек егінді малдан, ит-құстан қорғау керек. Сонда 40-45 күнде егінді орып алуға болады, әрі орып-жинауы онша күрделі емес. Массагеттер тары мен арпаның осы қасиетін пайдаланып, суармалы егісті білсе де оған онша құштар болмаған сыңайлы. Еккен егінді қарайтын адамдар қалдырып, өзгелері малдың жайымен көшіп жүрген. Массагеттер егін егумен бірге ертеден қалыптасқан балықшылық кәсібін де қалдырмай, мал да бағып, жартылай көшіп-қонып жүрген. Массагет дәуірінен бастап, біздің заманымызға дейін Сырдың жері талай дүрбелең заманның куәсі болды. Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларымен тізе қосып массагеттер талай жауға қарсы тұрды. Өздерінің жер-суын қорғап, әбден шыңдалған жасақты жауға дес бермеді. Азияның ұланғайыр даласында тынымсыз жорық ашып, керемет шыныққан, соғыс тәжірибесі мол Кир мен Дарий шапқыншылары ауыр соққыны осы сақ-массагет тайпаларынан алып еді. Кир патшаның өлімі сақтардың әйел патшасының қолынан болғаны соның айғағы. Грек-македон шапқыншылары да Сырдарияның төменгі ағысына жеткенде массагеттердің соққысына шыдай алмай талай жеңіліске ұшырап, ақыры келген жағына қашуға мәжбүр болды. Кейінірек орта ғасырда бұл өңірде егілетін дақылдардың түрі көбейіп, арпа мен тарыға қоса күріш те егіле бастайды. Әйтсе де Хорезм жұрты мен Сырдарияның жоғарғы тұсындағы елдердің егіншілік мәдениетімен салыстырғанда Сырдарияның төменгі ағысындағы массагеттердің егіншілік дәрежесі әлде қайда төмен болды. Оның себебі бар. О заманда бұл өңірдің дихандары жерді суландыру жүйесін тым-тәуір жасағанымен кей жылдары Сырдарияның дүлей тасқын суы тоғандарды бұзып, арықтарды жарып, егіндік жерді көлге айналдырып жіберетінді. Оның үстіне қит етсе найзасы сартылдап, шауып келетін қырда мал баққан жауынгер тайпалар тыныштық бермей қойды. Қиян-кескі осындай арпалыстардан кейін күйзелген ел, жайқалған егін мен суы толық арықтардың орнында құлазыған дала қалды. Хорезмнен келген дихандар бұл өлкеге орын теуіп, тұрақтай алмай келген жағына қарай ойысты. Бір халықтың орнына басқалары келді. Сөйтіп, осындай алмағайып заман соңғы екі жарым мың жылға созылды. Осы уақыт ішінде Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлер үш рет игеріліп, жайқалған егіншілікке айналды. Бірақ оқтын-оқтын күйзеліске ұшырап, тозып кете берді. Үздіксіз дамыған тұрақты суармалы егіншілік болмады. Арал теңізінің құрғаған орнынан табылған ескі суармалы егіншілік мәдениетін жасағандар сол Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген массагеттер мен туыс, солардың бір тармағы деуге болады. Ерте заманда осы өлкені мекендеген кедері тайпалары іргесі мықты, өркениеті дамыған мемлекеттің құрамында болғанын айғақтайды.
Тарихи-археологиялық ғылыми деректерді талдаған мәліметтерде, біздің жыл санағымызға дейін І-ІІ ғасырларда құрылған Ұлы орта Азия-Индия Құшан патшалығының құрамына кірген Кердері тайпалары осы арал өңірінде егін егіп, мал баққан және балық аулаған болса керек. Тарихи деректерге сілтеме жасайтын болсақ, Құшан патшалығының негізін салған Ұлы Иозылар, ал олардың ұрпақтары кердерілер екен. Керделілер қазіргі қазақ руларының бірі: Құшан патшалығы көшпенділер қиратқан Грек-бактрия патшалығынан кейін жүз жылдан артығырақ уақыт өткенде құрылады. Құшандардың мықты мемлекетке айналып, көптеген елдерді жаулап, алған кезеңін олардың алғашқы патшасы Куджула Кадфиз бен оның баласы Вима Кадфиз (Кадфиз ІІ) патшалардың атымен байланыстырады. Олардан кейінгі ең атақты патша Каншика мен оның баласы Хувишканың заманында Құшан мемлекеті өзінің даму жолында ең жоғарғы сатыға көтеріліп, оның билік жүргізген аумағы Оңтүстігінде Үндістаннан, Солтүстігінде Орталық Қазақстанға дейін, шығысында Қашғардан, батысында Каспий теңізіне дейін созылып жатқан. Құшандықтар көптеген сәулетті қалалар мен қорғандар, ирригациялық жүйелер салып, суармалы егін мен бау-бақшаны дамытты. Сол заманда құшанның мақтасы шетке шығарылып, тіпті сұлының мәдени түрі Қытайға тараған көрінеді. Сонымен бірге заманындағы ең озық технологиямен әйнек шығаруды да жолға қойған. Ерекше назар аударатын жай, ол құшан мемлекеті мемлекеттік қоғамдық дамуда Рим империясы және Қытаймен қатар тұруы. Осындай алып мемлекеттің құрамында өмір сүрген, оның құрылуы мен қалыптасуына ақсүйектері белсене араласқан керделілер кім дейтін болсақ, Н.Веселовскийдің зерттеулерінде, олар біздің заманымыздан бұрынғы бірінші ғасырда «ИОЗЫ», «Ұлы Иозы» деп аталған. Ұлы иозылардың арал өңірін мекендеген бөлігі «Кердері» деген атпен тарихта белгілі. В.Бартольдтың деректерінде біздің дәуірімізге дейін ІІ-ІІІ ғасырларда осы Құшан патшалығын құруда көп еңбек сіңірген керделердің басшылары болса керек.
Құшан патшалығы әлсіреп, бұрынғы билік жүргізген жерлерінен айрылған кезеңі Васудева патшаның тұсына келеді. Сөйтіп, құшан патшалығы ІV ғасырдың соңғы онжылдығында ыдырап кетеді. Ол ыдырағаннан кейін оның басында тұрған керделілер немесе Ғунқидариттер Иран, Ауғаныстан және Үндістанды қайта жаулап алып, біраз уақыт үстемдігін жүргізеді. Одан кейін кердерілер Арал теңізінің өңірінде өз мемлекетін құрған, Арал теңізі орта ғасырда «Кердері теңізі», ал Әмудария «Кердері дариясы» деп аталғаны тарихтан белгілі. VІ ғасырда кердерілер батыс түрік қағанатының құрамына кіреді. Арал қаласының оңтүстігінде 70 км жерден табылған кердері кесенесі, Қазалы қаласының Оңтүстігіндегі Жанкент қаласы, Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі құрғаған орынынан табылған кенттер мен ирригациялық жүйелер орта ғасырда кердері мемлекетінен қалған ескерткіштері екені анықталып отыр. Өткен ғасырдың ортасында Арал өңірінде археологиялық зерттеулер жүргізген С.П.Толстовтың мәліметінде кердері мемлекетінің жерінде V-VІ ғасырларда салынған күйік қаланың тұрғындары жер өңдеумен, мал шаруашылығымен және қол өнерімен айналысқан. Темір өңдейтін мыс өндіретін және керамика шеберханалары болған. Араб шапқыншылары кезінде тәуелсіз болған кердері тайпалары ерекше тілде, мүмкін эфталит диалектісінің бірінде сөйлеген болуы керек. Ғалымдардың пайымдауынша, кердерілердің ұрпағы қазақтың кіші жүз құрамындағы түтін саны көп, белді тайпалардың бірі. Қазақ пен Қарақалпақ өздері дербес халық болып құрылу барысында кердерілердің мекендеген аймағының ыңғайына қарай қарақалпақтың мүйтен тайпасына кіреді. Н.Аристовтың мәліметінде, ақтабан шұбырынды кезінде Арал өңірінің кердерілері Жайық бойына, Аралдың Қобда жағына және Електің сол жағына көшкен. Аралдың құрғаған орнындағы ирригациялық жүйелер «массагет» даласы мен «құйылыс» жазығында жатыр. Массагет даласы бұрынғы Барсакелмес аралынан шығысқа қарай 30-35 км-де орналасқан жазық дала. Осы жерде Арал теңізінің солтүстігіндегі Құланды түбегінің тұсынан батысқа қарай созылып, бірімен бірі тіркес белдеу тәрізді орналасқан қыр төбелер бар. Солардың шығыс жағында жатқан массагет даласында ирригациялық жүйенің элементтері бар. Көне заманда суармалы егіншілік болған жерде микробедердің элементтері теңіз шөгіндісімен жабылып, жазықтың беті теп-тегіс болып көрінеді. Мұнда ені 10-12 метр ұзын жарма Солтүстіктен Оңтүстік батыс бағытпен тартылған (қазіргі ұзындығы 17-18 км) оқтай түзу. Онан басын алатын екінші кезектегі жармалар (ені 6-8 м) мен майда арық-атыздардың фрагменттері анық сақталған. Теңіздің осы бөлігіндегі тереңдігі 25-30 м болатын. Су астындағы ондай тереңдікте грунттың бетін теңіз толқыны ұрмайды. Сонан болса керек, жармалардың іші теңіз шөгіндісімен толып (Cardіum edule), екі жиегіндегі үйінді топырақ қаз-қалпында тұр. Массагет даласының теңіздің астынан шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себепті, мұнда өсімдік жабыны әлі жетілмеген қалыптасу үстінде. Кейбір майда арықтар мен атыздардың фрагменттері сақталған телімдерде әртүрлі сораң аралас қара шөп өскен. Кердерілер егін суаратын суды Сырдарияның арнасынан емес, Құйылыс көлінен алған. Ол Солтүстігінде Көкарал шыңының етегінен басталып, шығыс жағында Қаратерең қыраты мен батысында массагет даласының арасында жатыр. Оңтүстікке қарай көлтабанның ұзындығы 30-32 км шамасында. Онан ары көлдің аяғы Оңтүстік бағытпен ені 7-8 км өзек түрінде Қаратерең қыратын батыс жағынан қапталдай 18-20 км-ге дейін барып, Қаратерең қыратының шығыс жағында орналасқан ойпаттан шығатын үлкен өзекпен қабысады. Бұл құйылыс өзегі шығыс жағындағы Қаратерең қыратынан батысқа қарай бағытталған еңістікпен баяу ылдилап жазықтың орта тұсына дейін барады, ал батысында жатқан массагет даласынан шығысқа бағытталған еңістікпен ылдилап өзектің орта тұсына дейін созылады. Сонда құйылыс өзегі екі жақтан қаусырма бағытта ылдилайтын жайпақ бедері астау тәрізді дала. Көне дәуірде Сырдария өзені тасу жылдары оның суы сол жағынан асып Ақкөлге, онымен өзек арқылы жалғасатын Қаратерең ойпатына жайылған тасқын су. Онан шығатын өзек арқылы қыраттың Оңтүстік мүйісін айналып, құйылыс өзегіне құйған. Өзекке түскен су теріскей бағытпен баяу жылжып құйылыс көліне құйып тұрған. Көне дәуірде құйылыс өзегінің батыс жағында суармалы егіншілік болған ирригация жүйесінің анық сақталған элементтері бар. Өзектің батыс жағасына тоған салып, оның бойында атыздарға дәнді дақылдар еккен (тары мен арпа). Ол беткейдің бедері қайқаңдау (сәл биіктеу) болғандықтан майда атыздар қол шығырмен суарған әуіттер жиі кездеседі. Өзеннің суы қайту болған жылдары құйылыс өзегінде ағыс болмай, ол кесіліп, әр жерде майда көлшіктер болып жатқан. Бұл жағдайда дихандар егісті тоғанның шығыс жағындағы майда көлшітердің төңірегіндегі ызы жерлерге еккен. Демек, бұрын Қаратерең қыраты Сырдарияның атыраулық Аралдарының бірі болған екен. Оның теңіздің түбегіне айналуы тіпті беріде Солтүстік кіші Арал теңізі пайда болған кезеңде болса керек. Арал теңізінің құрғаған орынынан табылған ең басты археологиялық ескерткіш Қаратерең елді мекеннен батысқа қарай 75 км, ал бұрынғы Кердері-2 мавзолейінің құрылыс жоспарында қабырғалары дүниенің төрт бұрышына қараған, ұзындығы 2-3 метр, ені 8 метр. Екі бөлмелі -5х5 м, және 6х10 м. Іргетасы (фундамент) 60х15х80 см етіп жергілікті 19х5х19 см өлшемді қыш кірпіштерден өрілген. Солтүстік бөлмесінде 4х4 шаршылы балқыш сәулет әдісімен қаланған гөрхана бар. Оның ішінде тақтайды қошқар мүйізді оюлармен ойып, әшекейленген науа тәрізді табыт бар. Табытта белгісіз адамның сағанасы сүйегі жатыр. Табыттың беті жалпақ тас плиталармен жабылған. Мавзолейдің орынын зерттегенде оның төңірегінен кірпіш зауыты мен шеберханалардың орындары табылды. Клималық барлау қазбаларын салғанда сәулет деректерінің сыртқы бейнесінің пішініне, әсемдік және көркемдік түр сипаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Қолдан ойған өрнекті жұқа жалпақ қыш қаптамаға қолданылған. Сондай-ақ шыңылтылы трапеция бейнелі кішкентай қаптамалар, майоликалық кеспектер түріндегі сәулет қыштары және әртүрлі өлшемдегі қыш кірпіштер бар. Бір ғажабы жұқа төрт бұрышты қышты лақтырғанда сынбайды, сыңғырлаған дыбыс шығарады. Майолика каптамалардың бояуы талай ғасыр теңіз суының астында жатқанымен күңгірттенбей, үгіттелмей сол бастапқы ашық көк түсін сақтаған. Қыш күйдірген зауыттың төңірегінен бірнеше ірі диірмендер табылды. Диірменнің астыңғы беті дөңес, ал үстіңгі беті ойыс. Диірменді екі адам айналдыра алмайды. Демек, жергілікті жердің майда тасын диірменге тартып, өте майда ұлпа алевртн айналдырған, сосын кірпіш құйып, күйдіргені белгілі болып отыр. Кердері-2 мавзолей аумағы 1260 м2 (42х30) төбеге орналасқан. Мавзолей 700 жылдай теңіздің астында тұрғанымен өздігінен құлаған тәрізді. Өйткені, қабырға қаланған кірпіштер жан-жаққа шашырап ұшып түскен. Теңіздің осы тұсындағы бөлігінде судың астында күлебезді моланың бар екенін Қаратерең, Қарашұлаң, Бөген колхоздарының балықшылары бұрыннан білетін. Ел арасында «Көкаралға жақын тұста көне заманда қала болған, оны теңіз басып қалған» деп аңыз айтылып жүретінді. Кердері-2 сол екеніне күмән жоқ. Теңіз толық кезінде сол мавзолей тұрған жердегі судың тереңдігі 23-25 м болатын. Арал қаласынан шығып қайта өрлеу аралындағы әскери құпия нысандарға қатынайтын әскери кемелер осы мавзолей тұрған жердің қасынан жүретінді. 60-жылдары Арал теңізінің деңгейі қауырт төмендей бастағанда мавзолейдің күмбезі судың бетіне жақын қалған еді. Көбінесе түнде жүретін әскерикемелердің мавзолейге соғуынан қауіптеніп, әскерилер оны бомбамен қиратты деген болжам бар. Керемет жарылысты естіген балықшылар сол жерге барғанда теңіздің астында қирап қалған мавзолейді көріпті. Мамандардың пайымдауынша, бұл боялған оюларды дайындау стилі мен технологиясы ХІ-ХІІ ғасырлардағы орта азиялық және алтын орданың ескерткіштеріндегі әшекейге ұқсайтын көрінеді. Бояу мәнерінің әсері бирюза минералының құбылмалы көк түсін көрсетеді. Ескерткіштерді мәнерлеу техникасының шырқау шегіне жеткен Хорезм мен Самарқан шеберлері болғаны тарихтан белгілі. Кердері-2 мавзолейінің іргетасының биіктігі 1,5 м жалпақ тастардан қаланған, айнала шашылып жатқан төртбұрышты (25х25х5 см) күйдірген жұқа қышкесек. Олардың үйілген көп қалдығы мавзолейдің сыртында шығыс қабырғасының тұсында жатыр. Төбенің Оңтүстік, Батыс, Солтүстік бауыршіларында ондаған жеке адамдар жерленген молалар бар. Шығыс жағында мола жоқ. Жерленген адамдардың бастары Оңтүстік батысқа қарай жатыр. Құдайға табынатын орталық бөлмеге, яғни зиратханаға Оңтүстік және Солтүстік жағынан шағындау екі бөлме жапсарласқан. Олардың Солтүстік жағындағы бөлме «Көрхана», яғни адам жерленген. Мавзолейдің қай дәуірде салынғаны хронологиялық ретпен анықтағанда оның уақыты Арал теңізінің суы тартылған кезеңіне тура келеді. Біздің болжамымыз бен есептеулерге қарағанда Кердері-2 мавзолейі ХІІІ-ІV ғасырларға дейін салынған болса керек. Демек, оған дейін Арал теңізінің шығыс жағындағы ауқымды бөлігі ұзақ уақыт бойы құрғақ, онан кейін теңіз қайтадан қалпына келгенде судың астында қалады. Сөйтіп, бұл ескерткіш 7-8 ғасыр судың астында жатып, теңіздің қазіргі қайту кезінде көзге көрініп, өткен дәуірден сыр шерте бастады.
2-тарауға бақылау сұрақтары:
Құрғаған теңіздің орнының геоморфологиялық келбеті туралы айтыңыз, яғни бедері.
Арал теңізінің құрғаған орынынан табылған көне жәдігерлер туралы айтыңыз
Кердері мәдениеті туралы түсінік беріңіз
Кердерілер Массагет даласында егін суаратын суды қандай су көзінен алған?
Кердерілер Массагет даласындағы ирригация жүйесін неге тастап, көшіп кетті?
3-тарау. АРАЛ ТЕҢІЗІН САҚТАУ ТУРАЛЫ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
3.1. Халықаралық Аралды сақтау қоры
1992 жылы 28 тамызда Нүкіс қаласында «Арал теңізі және Арал өңірінің проблемалары туралы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға қатысушылар тәуелсіз Орта Азия және Қазақстан Республикаларының президенттері, парламенттері мен қоғамдық ұйымдарына, Ресей федерациясына және басқа ТМД елдеріне Арал туралы халықаралық қор құрып, Арал бассейнінің проблемалары және су қорларын басқару туралы құқықты және нормативтік құжаттарына қол қоятынын мәлімдеді. Сонан кейін 1993 жылы 4 қаңтарда Ташкент қаласында Орталық Азияның 5 мемлекеттерінің басшылары кездесті. Осы кездесуде олар Халықаралық Аралды сақтау қорын құру туралы шешім қабылдады. Бұл мемлекетаралық ұйым болды. Оның негізгі мақсаты Арал апатынан зардап шеккен өңірлерді экологиялық сауықтыруға бағытталған жобалар мен бағдарламалар дайындау және оларды қаржыландыру, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу болды. Осы шешімнің аясында 1993 жылы 26 наурызда Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Қызылорда қаласында кездесіп, ХАСҚ-ның ережесін және оның атқарушы дирекциясын бекітті. Ол Алматыда орналасты. Сонымен бірге Арал теңізі бассейінің проблемалары жөнінде мемлекетаралық Кеңес құру туралы шешім қабылданып, оның тұрақты атқарушы күштері Ташкент қаласында орналасты. 1997 жылдың ақпан айында мемлекет басшыларының шешімімен ХАСҚ-ны басқарудың жаңа құрылымы бекітілді. Жаңаша басқару бойынша, мемлекетаралық Кеңес пен Қордың атқарушы дирекциясы біріктіріліп, ал орган ротациялық негізде ХАСҚ-ға төрағалық ететін мемлекеттің аумағында орналасатын болды. Қолды құрушы Орта Азия мемлекеттерінің президенттері кезектесіп, қорға 3 жылдық мерзімге президент болып сайланады. ХАСҚ-ға құрылғаннан бері сайланған президенттер: Н.Назарбаев-1993-1996 ж.ж., И.Каримов-1997-1999 ж.ж., С.Ниязов-1999-2001 ж.ж., И.Рахмон-2002-2008ж.ж. 2008 жылдың тамыз айынан бері Қордың президенті Н. Назарбаев. ХАСҚ-ның атқарушы комитетінің бөлімшелері Алматыда, Бішкекте, Душанбе, Дашховузде (Туркпен), Ташкентте және Нүкісте бар. Сонымен бірге ХАСҚ-ның құрамына кіретін ұйымдар: Халықаралық су шаруашылығын үйлестіретін Комиссия (МКВК), оның бөлімшелерімен (Хатшылық, ғылыми-ақпараттық орталық, БВО Амудария және БВО орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық Комиссия (МКУР) бөлімшелерімен (Хатшылық, ғылыми-ақпараттық орталық Ашхабад қаласы) ХАСҚ-ны құрушы мемлекеттердің Жарнапұлы (взносы) Орталық Азия мемлекеттері басшыларының шешіміне сәйкес 1997 жылы 28 ақпанда белгіленген (Алматы). Қазақстан төрағалық еткен кезеңде (1993-1996 ж.ж.) ХАСҚ-ның органдары-атқарушы дирекциясын және мемлекетаралық кеңестің атқарушы комитетін, оларға қоса аймақтағы елдердің өкілетті өкілдерін қаржыландыру қорға қатысушы елдердің және ПРООН-ның қаржысы есебінен жүргізіледі. 1994 жылы қаңтар айында Нүкіс қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жақын болашақтағы 3-5 жылда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, Арал теңізінің бассейнінде экологиялық ахуалды жақсартудың нақтылы іс-қимылдарының бағдарламасын бекітті. 1995 жылы 20 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының (ООН) Арал теңізі бассейніндегі мемлекеттердің орнықты дамуы туралы Нүкісте өткен халықаралық конференцияда Орталық Азия мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың декларациясы қабылданды. Өзбекстан қорға төрағалық еткен кезеңде (1997-1999 ж.ж.) қорға қатысушы тараптар ХАСҚ-ның статусына өзгеріс енгізіп, қорға және оның құрылымдық ұйымдарына халықаралық ұйымдардың статусын берді.
«Арал теңізінің бассейнінде су қорлары мен қоршаған ортаны басқару» жобасы туралы
1997 жылдың қарашасында Орталық Азия мемлекеттері суға және қоршаған ортаға біртұтас экологиялық басымдық беретін және судың тиімсіз шығынын қысқартатын ұстанымдарды дайындап, жүзеге асыруды қабылдау туралы шешімді қолдады. Сонымен бірге «су қорлары мен қоршаған ортаны қорғауды басқару» жобасын дайындаудың негізгі бағыттарын бекітті. Жоба «Арал теңізі бассейнінде экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жөніндегі нақтылы іс-қимыл бағдарламасында» көрсетілген проблемаларды шешуге бағытталған. Оның басты бағыты суды тиімді пайдалану және су қорларының шығының азайта отырып, елдің орнықты дамуын және аймақта экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады. Жобаны дайындауда, талқылауда және жүзеге асыруда Орталық Азия мемлекеттерінің министрліктері, ведомствалары, қоғамдық ұйымдары және ақпарат құралдары белсене не қатысты.
Жоба мынадай қоғамдық бөліктерден тұрады:
А-1 «Су қорларын және тұздарды басқару». Мақсаты-кешенді стратегия, тактика және аймақтық деңгейде іс-қимыл бағдарламасының негізін дайындау. Кіші құрамдық бөлік (компонент) А-2 «Суды үнемдеуге қатысу» жоғарыда айтылған негізгі жобаны колдау мақсатында су пайдаланушыларды және жеке тұлғаларды суды үнемдеу шараларына қатысуын ынталандыру үшін жасалды. Жобада ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін қысқартпай су пайдалану шығынын азайтқан су тұтынушыларға жарыс (конкурс) негізінде акшалай сыйлық беру қаралған. В-«Қоғамдык пікір қалыптастыру» су пайдаланушылардың су қорларын үнемдеу жөнінде қоғамдық пікірін қалыптастыруга бағытталған шараларды насихаттайды. С-«Тоғандардың (плотина) кауіпсіздігін қамтамасыз ету». Бұл бағдарлама өте өзекті, өйткені, аймақта 300 тоған және су қоймалары бар, олардың көпшілігі салынғанына 30 және онан да артық жылдар болған, сонымен бірге стихиялык жағдайлар да болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселе ерекше назарда болуы тиіс. Д-«Трансшекаралық сулардың мониторингі». Жобаның максаты-Арал бассейніндегі трансшекаралық сулардың көлемі мен сапасына мониторинг жүргізу үшін физикалық элеуеті мен техникалық мүмкіндіктерін жасау болып табылады. Е-«Ылғалды аймақты қалпына келтіру». Бұл жоба Әмударияның атырауында (Тісті балық көлі-озеро-Судочье) биологиялық көптүрлікті сақтайтын аймақ жасау. 2008 жылдың қазанында (октябрь) халықаралық Аралды сақтау қорына (ХАСҚ) БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы статусы берілді. 2009 жылдың 28 сәуірінде Алматыда Орталық Азия мемлекеттері басшыларыньщ саммиті өткізіліп, онда Арал теңізі бассейнінің проблемалары тақылады.
Қор қызметінің негізгі бағыттары:
Арал теңізін сақтауға және Арал апатының зардабына ұшыраған аудандарда экологиялық жағдайды сауықтыруға, сонымен бірге аймақтың әлеуметтік-экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған біріккен мемлекетаралық экологиялык және ғылыми-тәжірибелік бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру және қарыз беру болып табылады. Аралды сақтау корының Арал теңізінің тартылған (құрғаған) бөліктерін суға толтырып, тұтас теңізді қалпына келтіруді көздемейді, оған мүмкіндігі жоқ. Әйтсе де сол арқылы халықаралық ұйымдардың (ПРООН, ЮНЕП. ЮНЕСКО т.б.) қаржыларын пайдаланып, өз аумағында су шаруашылығы, гироэнергия, экология және Арал апатынан зардап шеккен адамдарға әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету мәселелерін шешіп келеді. Рас, қаржыландыру көлемі анау айтқан көп емес, бірақ жыл сайын қайталанып отыратын болғандықтан азын-аулақ пайдалы жақтары бар.
3.2. СОЛТҮСТІК КІШІАРАЛДЫ САҚТАУ (САРАТС ЖОБАСЫ)
Ғалымдардың пайымдауынша, 2015 жылға қараай Арал теңізі толық жойылады деп күтілді. Бұл жағдай Арал бассейнің мекендеген халықтың ар-ожданына түскен қара дақ болды. Бұл алдымен мемлекет басшыларын терең ойга түсірді. Сонан ең болмағанда теңіздің бір бұрышын бөлектеп, оның мұрагерін сақтап қалуга болады ғой деген идея дүниеге келді. Сол идеяны шындыққа айналдыру мақсатында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өте қиын батыл шешім қабылдап, «Сырдарияның ағысын реттеу және Арал теңізін сақтау» (САРАТС) жобасын бекітті. САРАТС жобасы Арал теңізін сақтауга бағытталған инвестицияға жол ашты. Сонан құны 85,28 млн АҚШ доллары тұратын жоба жасалып, ол тәжірибелік орындауға қосылды. Жобаны орындауга қажетті қаржының 21,0 миллионын Қазақстан Республикасының үкіметі, ал 64,28 млн АҚШ долларын әлемдік несие банкісі экологиялық апат аймағындағы елдің тыныс тіршілігін қайта жандандыруға бөлді. Халықаралық даму банкі бұл мәселеде қолын молырақ созып, үлкен көмек көрсетті. Өйткені, банк берген несие өте жеңіл, жылдық өсімі небары 7(жеті)%. САРАТС жобасы бойынша Солтүстік Арал теңізін (CAT) үлкен теңізден бөлектеу Көкарал бөгетінің бірінші кезегі арқылы жүзеге асырылды. Бөгет 2003-2005 жылдары салынып, іске қосылды. Бөгет біткен соң Солтүстік Арал теңізінде су массасы едәуір көбейіп, теңіз деңгейінің биіктігі жоғарылады. Оған 2006-2009 жылдар аралығында Сырдария өзенінің ағысы көбеюі себеп болды. САРАТС жобасы бойынша салынған Көкарал бөгетінің (бірінші кезегі) негізгі көрсеткіштері: Солтүстік Арал теңізін бөліп тұрған бөгет:
• бөгетке баратын жолдың ұзындығы-20,5км;
• бөгеттің ұзындығы-1 З000м;
• бөгетке салған үйіндінің көлемі-320000 м3 (үйінді жергілікті құмтопырақтан салынып, үсті жергілікті қиыршық таспен жабылған);
• топырақты ойып алу-600м3;
• салынған бетон-7180м ;
• үйінді топырақты бекіту-2650м3;
• бөгеттің орташа биіктігі-4,0м;
• бөгеттің қапталының (көлбеу) ені-44,5м;
• жолдың ені (гребень)-9,0м;
• жогарғы көлбеу (қапталмаған)-14,8м;
• төменгі көлбеу (жергілікті қиыршық таспен қапталган)-1:3м;
• суағарлардың саны (водосброс)-9, әр қайсысының көлемі 5,5x9, олар
қақпақпен (шандар) жабдықталған (2,8м);
• қалыпты жағдайда тежелген су деңгейі (НПУ-нормально-подпертый уровень)-42,0 БЖ (Балтық жүйесі); Көкарал бөгетінің биіктігі 4,0 метрден сәл гана асады. Жоба бойынша бөгет бұғаздың ең тар жеріне салынып, әр 45 метр сайын жағалауды бір метрге биіктетіп салған. Бөгеттің жел мен су тиетін қабырғасы Мұғаджар тауынан әкелген қиыршық таспен бір учаскесін 40см, енді бір учаскесін 15см қалындықпен қаптаған. Төменгі жағына майда қиыршық тас салынып, оның сыртынан «А» категориясына жататын ірі бөлшекті құммен бірнеше қатар етіп жабылған. Сөйтіп, бөгеттің құрылысына 3,2 млн тонна кұм төселді. Бөгеттің дәл ортасында Солтүстік Арал теңізінің (CAT) темір бетоннан салынған 9 (тоғыз) қақпасы тұр. Ол секундына 295м3 суды үлкен теңізге еркін жіберді. Егер қыс айларында күтпеген жағдай болып, мұз ығатын болса, ол қақпаға қысым түсірмес үшін біренше мұзжарғыш қоса орнатылады. Сонымен Солтүстік Арал теңізінің үлкен теңізден бөлектеп сақтауға қол жетті. Мұндай тэуекелге екінің бірі бармайды. Біз болсак. теңізден теңізді бөліп алып, сақтау тэжірбиесін ТМД елдерінің иішінде бірінші болып жүзеге асырғанымызды ауыз толтырып айтуға тұратын іс-қимыл екенін ешкім кеміте алмайды. Көкарал бөгетінің құрамдас бөлігі-Сырдарияға салынған «Ақлақ» су электрстансасы:
• Шардара су қоймасынан төмен-1628,5км бекетте орналаскан;
• Ақлақ стансасына баратын жолдың ұзындығы -19,5км;
• топыракты шығару жүмыстарының көлемі-898мың м3;
• салынған бетонның көлемі-22080м3;
• үйінді топырақты бекіту-1960m3; • үш су өткізгіш (водосброс)-әр кайсысының кендігі-12м, олардың биіктігі 5,5м, радиусы-9м қақпалар реттеп тұрады;
• жобалық су өткізгіштігі: жазда-515м3/сек, кыста -400м3/сек;
• қалыпты жағдайда тежелген су деңгейі(НПУ)-53,5 БЖ;
• табалдырықтың белгісі-48,5м;
• дәстүрлі су күйылатын құдық түбінің белгісі-37,2м БЖ;
• су жүретін жарманың үзындығы-ІООм, үлтанының белгісі-48,0м БЖ; • су ағып кететін жарманың ұзындығы-450м, оның 200 метрінде ұлтанының белгісі-42,0м және 41,8м БЖ; «Ақлақ» су электрстансасының құрылыс бөлігі түрлі обьективті және субьективті себептермен 4 жылға кешеуілдеп, 2009 жылы (қазан) аяқталды. Бірақ әлі энергия өндірмей тұр. Құрылыс жұмыстары орындалған Сырдарияның аяғына келетін ағысты реттеп, оның бір бөлігін теңіз жағалауында кұрғап қалған көлдерге жіберіп тұр. Арал теңізін ұланғайыр Тұран шөлінің ортасында табиғат милиондаған жылдар бұрын жасап, адамзатка жасаған ғажайып тартуы болған Арал теңізі болмаса, жазда мыс казандай күйдіретін, қыста бет қаратпай каритын күмды шөлдің ортасында егін егіп, мөлдіретіп бау-бақша өсіріп. қора-қора мал айдап, тіршілік еткен елдің болуы мүмкін емес еді. Сондай ғажайып дүниені біздер бір үрпақтың көз алдында құртып тындық. Табиғат пайдалануда мұнан артық берекесіздікті табу қиын шығар. Арал теңізі жер бетінен жоғалатыны белгілі болып, оны тұтастай сақтау үміті үзілген соң ең болмаса оның бір бөлігін бөлектеп сақтау идеясы дүниеге келгенді. Сол идея Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың қажырлы қолдауының нәтижесінде шындыққа айналып, САРАТС жобасы жасалды. Сонымен Солтүстік Арал теңізін үлкен теңізден бөлектеп сақтауға мүмкіндік беретін Көкарал бөгетінің бірінші кезегі салынып. 2005 жылы (тамыз) іске қосылды. Осы кезеңінен бастап, Сырдарияның аяғына келген ағысы түгелдей кіші теңізге күйды. Ғалымдар мен мамандар Солтүстік Арал теңізін өзінің толық кезіндегі табиғи жиегіне дейін толтыру үшін 3-4 жыл керек шығар деп болжаған еді. Бірақ олай болмады. 2006 жылдың қыркүйек айында теңіздің деңгейі 41,79м-ге (БЖ бойынша) дейін көтерілді, яғни, жоба бойынша теңіздің 40м-ге (БЖ) есептелген деңгейінен артық су (1,79м) бөгеттің қақпасынан асып, үлкен теңізге құйылды. Сонда ғана Ко карал бөгетінің бұл күйінде Солтүстік Аралдың еш уақытта толмайтыны белгілі болды. 2006-2009 жылдары Сырдария өзенінің ағысы көбейіп, оның аяғына көп су келді, бірақ артық су үлкен теңізге түсіп, босқа жоғалды. Қазір Солтүстік Арал теңізі қолдан жасалған жаңа географиялық нысан-Арал көліне айналды. Үлкен Аралдың өзі де шын мәнінде көл еді. Демек, аймақтың экологиялық тағдыры үшін, осы өңірді мекендейтін тұрғындар үшін, қазақ елі үшін оның атауы емес, заты қымбат. Экологиялық қым-қиғаш қиын жағдайда құрып бара жаткан бұрынғы ортақ теңіздің бір бөлігін бөліп, дербес жеке көл жасап алғанымызды қалай айтсақ та жарасады. Солтүстік Арал көлі үлкен Аралдың ізбасары ретінде біздің ұрпақтан келесі ұрпақтарға мұра болып қалады. Соның өзі не тұрады! Арал көлінің казіргі 40 метрлік (БЖ бойынша) деңгеиіндеп аумағы 2850.0км2 (28500.0 гектар), суының көлемі 20,9км. Осы күйінде кіші Аралды құрайтын төрт бөлігінің екеуін-Орталық бөлігімен Шевченко қолтығын су толық басып тұр. Көлдің балық беріп тұрган ең терең бөліктері де осылар. Ал Бутаков және Сарышығанақ қолтықтарында су басқан аумақтары үштен екідей ғана болады. Олардың әзірге шаруашылық маңызы болмай тұр. Соның өзінде көлге артқан үміт бір шама ақтала бастаганы көзге түседі. Атап айтқанда, көлдің суының тұздылыгы бұрынғы 23 г/л-ден 17 г/л-ге дейін тұшыланып, балықтың биологиялық массасының көбеюіне тікелей ықпалын тигізуде. Сол себепті, Арал көлінен ауланып тұрған балық бұрынғыға Қарағанда оншақты есе көбейді. Сонымен бірге балықтың түрлік кұрамы да молая түсуде. Құнды балықтардың популяциясын көп түрлі ету балық питомниктері Тастақ және Қосжар едәуір үлес қосуда. Демек, жақын болашақта құрып кеткен Бекіре мен Арал қаязын кәсіптік аулау мүмкіндігі болады деген үміт бар. Сонымен бірге көл жағалауында әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешімін таба бастады. 1945 жылы Сарышығанақтың терендігі 20.0 метр болып тұрғанда теңізді айнала шоғырланған. Қарашалаң, Бөген, Қаратүп, Жамбыл, Тастүбек, Ақеспе, Ақбасты елді мекендердін тұргындары байырғы кәсібі-балықшылық пен айналысты, балық өндірісін молайтты. Теңіз тартылғанда олардың көпшілігі көшіп кеткен болатын. Қазір сол елді мекендердің бұрынгы тұрғындары қайтадан көшіп келіп, балық аулау кәсібін қайта жандандыруда. Өңірдің қайта өрлеуіне мол үлес қосады деп үлкен үміт күттірген САРАТС жобасының маңызды бөліктерінің бірі ретінде Сырдария өзеніне салынған «Ақлақ» су электрстансасын айтамыз. Алғашқыда бұл нысан тек ағысты реттейтін тоған түрінде басталып, кейін қайта жобаланып, электрстансасына айналған болатын. Бірақ межелі мерзімінде аяқталмай. арада төрт жыл өткенде. әупірімдеп жүріп, 2009 жылы (қазан) құрылыс жұмыстары біткен болды. Сонан бері станса Арал мен Қазалы аудандарына электэнергия емес, уәде мен үміт отын ғана беріп тұр. Әйтсе де оның кұрылыс жұмыстары біткен соң станса атқарады деп күтілген екі функцияның бірі-Сырдарияның аяғына келген ағысты реттеу орындалып отыр. 2009 жылдан бері осы өңірге келген дария ағысының бір бөлігі экологиялық тоқырау кезінде құрғап қалған теңіз жағалауындағы көл жүйелеріне түсуде. 2013 жылғы (қыркүйек) мәлімет бойынша, Қаратерең, Қарашолақ; Жыланды, Қызылжарма; Домалақ т.о. көл жүйелерінің су басқан аумағы 20.0 мың гектардан асады. Жақын болашақта қүрғаған ұлтанын су басып, шаруашылық маңызы қайтадан қалпына келген көлдердің саны көбейеді деп күтіледі. Сонда шаруашылық маңызын жоғалтпай балық беріп тұрған көл жүйелеріне қосымша 60.0 мың гектар қайтадан калпына келген суы таза, балығы мол көл жүйелері қосылатын болады. Ол кезде Арал өңірінде жылына 10.0 мың тонна балық өндіріледі.
3.3. АТЫРАУЛЫҚ КӨЛЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙІ
Аралдың балығы дегенде ендігі күн көлдерге қарап қалған соң шаруашылық маңызын жоғалтпаған көл жүйелерін күтіп, олардың экологиялық ахуалын сауықтыра отырып, балықтың өнімін молайту бағытында жұмыс істеуге тиіспіз. Арал теңізінің айдыны шалқып жатқан өткен ғасырдың сонау 60-шы жылдарында жыл сайын мындаған тонна құнды балықтар ауланып тұрғаны белгілі. Ол кезде өндірістік балықтарды беретін теңіз еді. Көлдерден ауланатын балықты жоспарға қосымша ретінде қабылдайтын, ал болмай жатса оны көп іздемейтін. Сол себепті, ол кездегі көлден балык аулаумен қазіргіні салыстыруға болмайды. Қазіргі балық беретін нысандарымыз көлдер болып калды. Кейінгі жылдары осы сала бойынша жүзеге асырылған және қолға алынып жаткан іс-тәжірибелері, егер көзін тауып, ұқыпты ұйымдастыратын болса, балық шаруашылығын экономиканың пайдалы саласына айналдыруға болатынын көрсетіп отыр. Арал өңірінде оған объективті шарттар бар. Соның дәйекті дәлелдерінің бірі ретінде Солтүстік Аралды кұрғап бара жатқан үлкен теңізден бөліп, қолдан жасаған көлге айналдыруды айтуға болады. Арал теңізі әйгілі Тұран шөлінде орналасқан құрлықшілік ғажайып көл (теңіз) ретінде ұзақ жасап, соңғы жарты ғасырда өршіген экологиялық тоқыраудың әсерінен өзінің тұтастығынан айырылды. Сонан балық өндірісі тиылып қалды. Бұл жағдайда балықшылық кәсібінің тиылып қалуы экономикаға ауыр тиді. Осындай қиын жағдайда Қазақстан Республикасы Солтүстік Аралды үлкен теңізден бөлектеп сақтау туралы өте батыл шешім қабылдады. Сол мемлекеттік шешім аясында "Сырдарияның арнасын реттеу және Арал теңізін сақтау" (САРАТС) жобасы дайындалды. Жоба бойынша Солтүстік Аралды бөлектейтін Көкарал бөгетінің бірінші кезегі екі теңізді жалғап тұрған Берг бұғазына салынып, оның құрылысы 2005 жылдың тамыз айында аяқталды. Көкарал бөгетінің бірінші кезегі аяқталған соң Солтүстік Арал теңізі өңірде табиғаттың онан ары бұзылуына тоқтау салатын табиғи буфер ретінде қолдан жасалған географиялық нысанға айналды, яғни,осы өңірдегі көлдердің ең ірісі болды. Сондыктан Солтүстік Аралды өткен ғасырдың 50-шы жылдарында үлкен теңіздің деңгейі ең биік 53 метрде (Балтық жүйесі-БЖ бойынша) тұрған кездегі табиғи жағалау сызығына дейін көтеру және сақтау мәселесі шешіледі деп үлкен үміт күтілді. Көкарал бөгетінің биіктігі 42 метрге (БЖ бойынша), ал Солтүстік Арал теңізінің деңгейі (БЖ)-40 метрге есептелген. Бөгеттің құрылысы аяқталғаннан соң Солтүстік кіші Аралдан үлкен теңізге қарай ағыс тоқтады, бірак ол уақытша болды. Өйткені, теңіздер арасындағы ағыс тоқтаған соң Солтүстік Арал өзінің бұрынғы табиғи деңгейіне дейін толуына бірнеше жыл керек болады деп болжанған еді. Бірақ олай болмады. Бақылаулар көрсеткендей, 2005 жылдың қыркүйек айынан 2006 жылдың қыркүйегі аралығында Солтүстік Аралға 8,5 км3 Сырдарияның ағысы түсіп, кіші теңіздің деңгейі 41,79 метрге дейін көтерілді. Сөйтіп, теңіз бетінің 40 метрлік деңгейінен жоғары су массасы тоғанның үстінен асып, үлкен теңізге құйылды. Сонан бері бүл процес жалғасып келеді. Яғни, Солтүстік Арал өзінің толық кезіндегі байырғы жағалау сызығына дейін толмай тұр. Ол тек Көкарал бөгетінің екінші кезегі салынса ғана жүзеге асады. Солтүстік Арал теңізі (CAT) төрт бөліктен-Орталық және Шевченко, Бутаков, Сарышығанак қолтықтарынан тұрады. Қазіргі кезде мұндағы су массасының жалпы көлемі 20,9 км3, су айдынының аумағы 2850 км2, яғни, 28500 гектар. Бұл көрсеткіштер Солтүстік Арал теңізі деңгейінің қазіргі 40 метрлік белгісінен (БЖ бойынша) есептелген. Жақын болашақта Көкарал бөгетінің екінші кезегі салынғанда кіші Аралдың деңгейі 48 метр (БЖ-бойынша) болады деп күтіледі. Сонда кіші Аралдың жалпы су массасының көлемі 51,2 км3, ал су айдынының аумағы 4645 км2 (46450 га) болады деп күтіледі. Қазіргі 20,9 км3 су теңіздің ең терең бөліктері Орталық пен Шевченко қолтығын толық жауып тұр, ал Бутаков пен Сарышығанақ қолтықтарында үштен бірдей (1/3) аумағын ғана су басқан. Сол себепті кіші теңіздің бөліктерінен балық беріп тұрғандары оның ең терең бөліктері Орталық пен Шевченко қолтығы. Солтүстік Аралдың екі тайыз бөлігін суға толық бастырып, олардан балық аулайтын күйге жеткізу үшін теңіздің жалпы су массасының көлемін 51,9 км3-ге дейін көбейту керек. Бірақ бөгеттің биіктігі (БЖ бойынша) қазіргі 42 метрлік белгіде тұрғанда Солтүстік Аралда ондай су массасы жиналмайды. Оның себептері бар. Соңғы 9 жылда Сырдарияның төменгі ағысына келген судың жалпы көлемі 64,3 км3 болды. Сол көлемді судан 43,2 км3 үлкен теңізге кұйылып, табиғи-шаруашылық кешенге пайдасыз жоғалды. Бұл жағдайда Солтүстік Арал өзінің функцияларын толық орындай алмай тұр. Әйтсе де Солтүстік Арал өңірінде бірқатар оңтайлы экологиялық және әлеуметтік-экономикалық көріністер байқалады. Атап айтканда, теңіз жағалауындағы бұрынғы тастанды Қаратүп, Жамбыл, Тастүбек, Ақеспе елді мекендеріне тұрғындары қайтадан оралып, балық аулау кәсібімен айналысуда. Сондай-ақ теңіз жағалауында қалпына келе бастаған шабындык пен жайылымда мал шаруашылығын дамытып отыр. Көкарал бөгетінің бірінші кезегі аяқталғаннан кейінгі 7 жылдық кезеңдегі Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйін зерттегенде Сырдарияның теңізге түскен ағысының есебінен теңіз суының жалпы массасы көбейгені және судың едәуір тұшығаны байқалды. Бұл соңғы көрсеткіш теңіз суының бір литріндегі тұздың концетрациясы бұрынғы 23 г/л-ден 17 г/л-ге дейін төмендегенін көрсетті. Судың иондық құрамын талдағанда ондағы жалпы сілтіліктің (НСОЗ), хлордың (CL) және натридың (Na) концетрациялары үлкен теңіз суының осындай гидрохимиялық көрсеткіштерінен едәуір төмен мәліметтер алынды. Бұл теңізге құйып тұрған Сырдария өзені суының тұшыту эффектісінен болып тұрған жағдай. Сол себепті Солтүстік Аралдың суы ащыдан гөрі ашқылтым, яғни, тұщылана бастағаны байқалады. Ерекше атап өтетін жай, теңіз суындағы тұздың концетрациясы неғұрлым азайған сайын ол су ортасы балық басының көбеюіне, оның өсіп-жетілуіне, биологиялық массасының молаюына, қоңдылығына семіздігіне пайдалы әсерін тигізеді. Сонын айғағы ретінде қазір Солтүстік Аралдан жылына 4,5 мың тонна балық ауланып тұрғанын айтуға болады. Бүл Көкарал бөгеті салынғанға дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 10(он) есе артық. Қазіргі кезде Солтүстік Аралдың жалпы айдынынан алғанда Сырдарияның теңізге құярлығындағы 17% аумағында балықтың 13 түрі өсіп-өніп, жайлап жүргені белгілі болып отыр. Сонымен бірге кіші теңізде кәсіптік ауланатын балық түрлерін көбейту бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл жөнінде Қосжар және Тастақ балық питомниктерінің бұрын құрып кеткен өте құнды Бекіре және Қаяз балықтарының популяциясын көбейтуді қолға алғаны жағымды жаңалық. Көкарал бөгетінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы үлкен құрамдас бөлігі Сырдарияға салынған "Ақлақ" су электрстансасы. Оның қуаттылығы 20 мегаваттка есептелген. Ол жұмыс істегенде Арал және Қазалы аудандарына электр энергиясын береді. Сонымен бірге өзеннің аягына келген ағысты реттеп, оның бір бөлігін Солтүстік Аралға, тағы бір бөлігін теңіз жағалауында құрғап жатқан көлдерге құюга мүмкіндік туады. Стансаның кұрылыс бөлігі 2009 жылы (қазан айы) аяқталды. Сонан бері Сырдарияның аяғына келген ағыс реттеліп, құрғап жатқан Қарашалаң, Жыланды, Қызылжарма. Домалак, Қаратерең және басқа көлдерге су түсіп отыр. Бұрын кұрғап жатқан көлдердің 2009 жылдан бері жалпы су басқан аумағы 15-16 мың гектарға жетті. Бұл процес осы қарқынымен жүре берсе, жақын жылдары теңіз жағалауындағы көлдердің балық беретін сулы аумағы қосымша 60 мың гектарға көбейеді деп болжанады.
Арал өңірінің көл жүйелері
Бұрын Сырдария өзені тоғандалмай еркін ағып жатқан кезеңде, оның төменгі ағысындағы атыраулық жазығындағы көлдердің саны 2582 болған. Кішігірім көлдер мен көлшіктерді қоспағанда әр қайсының айдыны 45-50 мың гектар болатын Қараөзек, Қарарын, Бірқазан, Тораңғылсай, Қандыарал, Ақсай-Қуандария секілді көл жүйелері болатынды. Қазір солардан қалып тұрғаны саусақпен санайтындай гана жалпы көлемі 41075 гектар (үш өзекті қоспағанда) 155 көл (2009 жыл). Көл жүйелерінің орташа терендігі 4-5 метр және онан да көп болатын айдыны ірілері Сырдария өзенінің Арал теңізіне құяр аяғында орналасқан. Олар айдынының ауқымы 28500 гектар Солтүстік Арал, 18000 га Қамыстыбас, 1,5-2,0 мың гектарға дейін Жалаңаш, Қаракөл, Ақшатау.
Шығыс Арал өңіріндегі балық ауланатын көлдер
Түсініктеме: Баян, Томай, Жұбан көлдеріне су түскен жоқ.
Қазіргі кезде Арал өңіріндегі көлдердің жалпы аумағы 5810 км2, яғни, 58099.0 гектар. Олардың шаруашылы маңызын жоғалтпай балық беріп тұратын деңгейін сақтау үшін жыл сайын түсіп тұратын судың мөлшері 4.0 км3 болуы тиіс. Осы көл жүйелерінен жылына 4704.0 тонна балық ауланады. Аталмыш көлдерді (Солтүстік Арал көлінен басқаларын) балық өндірісіне пайдаланудың жергілікті жерде жинақталған тәжірибесіне сүйеніп, олардың аймақтық және гидрографиялық белгілеріне қарай ірі көл жүйелеріне топтайды.
Арал өңіріндегі ірі көл жүйелері.
Көл жүйелері
Жүйені құрайтын бөліктері мен көлдердің аттары
1
Солтүстік Арал
Бөліктері: Орталық бөлігі және -Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ қолтықтары.
2
Қамыстыбас
Қамыстыбас, Лайкөл, Қаязды, Жалаңаш, Райым
3
Ақшатау
Ақшатау, Сорғақ, Қаракөл, Шөмішкөл, Қотанкөл
4
Ақсай-Қуаңдария
Лақалы, Хан, Жуансадырбай, Қаратерең, Тасарық, Қаукей, Ойсорақ
5
Ақпай-Ақирек
Мақпал, Жаркөл, Қаракөз
6
Теңіз жағалауы
Қаратерең, Қарашалаң, Жыланды, Баян, Ақбілек, Ақбасты, Жаңғылыш
Түсініктеме: Топтамаға кірген және кірмеген көлдер кұрғап қалған. Оларға су түседі деп күтіледі. (Баян, Қызыларық, Қоғалы, Хан, Ойсорау, Майшығыр-1, Майшығыр-2 т.б.)
Арал өңіріндегі көлдердің пайда болуы мен олардың гидрология-гидрохимиялық режимі Сырдария өзенінің ағысымен тікелей байланысты. Бұл өңірде жалпы гидрологиялық режимнің қолайсыз бағытта өзгеруі, яғни, қуаңшылық сақталғанға дейін аталмыш көлдердің суы мол, деңгейі биік, іші толған балық болды. Өткен ғасырдың екінші жартысында Сырдария өзеніне әр жерде тежеу салынып, суы талапайға түсуі салдарынан көлдерге судың құйюы күрт азайды. Сонан көлдердің берекесі кете бастады. Белең алған қуаңшылық көлдердің гидрология-гидрохимиялық және қалыпты шаруашылық режимін бұзып жіберді. Фактіге жүгінсек, 1974 жылы Сырдария өзенінің аяғына келген судың көлемі 14.0 км3 болса, 1976 жылы ол көлем небары 0.065 км3 ғана болды. Экологиялық тоқыраудың кезінде өршіген қуаңшылықтың әсерінен ірі көл жүйелері Қамыстыбас, Ақшатау және теңіз жағалауындағы көл жүйелерінің айдыны едәуір тарылып, суы ашқылтым тартса, Ақпай-Ақирек, Ақсай-Қуандария көл жүйелері құрғап қалды. Балықты молынан беріп жүрген көл жүйелерінің ауқымы 20.0 мың гектарға дейін азайды. Арал өңіріндегі көл жүйелерінің бәрі суды Сырдария өзенінен алады. Олардың кейбіреулері Сырдарияға жақын орналасқандықтан суды дариядан тікелей алады немесе бірнеше көлден тұратын тізбектің ортасында, не соңында жатыр. Көлдердің көпшілігінде суы ашқылтым, әсіресе, тізбектің соңындағы көлдердің суы едәуір ащы болады. Қазіргі Солтүстік Арал көлі пайда болғанға дейін өңірдегі ең ірі көл Қамыстыбас еді. Ол Сырдария өзенінің Арал теңізіне кұяр аяғында оң жақта орналасқан. Онымен тізбектеле жалғасып жатқан бірнеше ірі көлдер Қамыстыбас көл жүйесін құрайды. Сол тізбектің ең соңында жатқан Қамыстыбастың аумағы үлкен, суы да терең, суының дәмі ашқылтым. Гидрология-гидрохимиялық режимі Сырдариядан құятын судың көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Сырдариядан келетін су массасының жолы ұзақ. Өзен тасу болған жылдары су көбірек түседі, онда да дарияның өз суы емес тізбек бойындағы көлдердің суы. Сол себепті. Қамыстыбастың суындағы тұздың концетрациясы онша көп өзгермейді. Су көп түскен жылы суы сәл ғана түшиды, ал дарияның ағысы аз болған жылдары су аз түседі де суының ашқылтым дэмі сәл күшейеді. Осындай құбылмалы гидрология-гидрохимиялық режим Акшатау көл жүйесінде де қалыптасқан. Ақшатау мен Сорғақтың арасында судың жылжуы тікелей дарияның ағысына байланысты. Дария тасу жылдары екі көлдің арасында судың жылжуы күшті болып, көлдердің суы еркін араласады, ал дария қайту болса бұл процес баяу жүреді. Арал өңірінің көл жүйелерінің қалыпты режимін сактап, балық өндірісін молайту үшін оларға жыл сайын таза су түсіп тұруы тиіс.
Аралдың балығы
Көне дәуірлерде Каспиймен бірге Мұхиттан, онан кейінгі дәуірлерде Каспийден бөлініп, құрлықшілік тұйық теңізге (көл) айналғаннан бері оның деңгейін көтеріп, ұстап тұрған Әмудария мен Сырдария өзендерінің ағысы. Сол себепті Аралды тұщы теңіз деп атауға лайық болатын. Аралдың ұзақ даму жолында шығыс жағының ауқымды бөлігі талай рет құрғап, теңіз қайтадан қалпына келіп, құбылып тұратын геологиялық күйінің әсерінен ондағы балықтың түрлік саны көп болған жоқ. Бірак сол азғантай түрлер құнды балықтар еді. Теңіз толық кезде (53 м БЖ) олардың қоры мол болды.
Балықтың түрлері
Қамыстыбас
Ақшатау
Райым
1981
985
1990
1994
1981
1985
1990
1994
1981
1985
1990
1994
1
Торта
428
362
271
82
48
16
67
25
48
15
30
26
2
Тісті
21
2
35
5
10
4
5
1
18
2
3
Сазан
90
16
132
72
15
60
38
44
21
4
Жайын
4
9
0,1 1,0 -
К0
1,0
2
5
Тыран
95
97
45
18 Л
U 0
66
83
12
23
69
45
15
6
Шортан
88
19
56
9
17
12
13
32
7
Дөңмандай -
4
8
4
2
8
Ақамур
9
Ақбалық
2
10
Жыланбас
7
1,0 1,0
5
1,0
4
11
Қылышбалық
17
61
3
1,0 -
18
1,0 1,0
12
Қызылқанат
13
Алабұға
14
Майдабалық
89
69
42
90
10
1,0 1,0
15
Карась
40
15
1,0 -
2
3
2
1,0
2
Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Арал бөлімшесінің мәліметі. Ішкі көл жүйелерінен әр кезеңде балық аулау динамикасы (тонна) Бүкіл әлемде балықтың 20 мыңға жуық түрлері бар деп есептеледі. Бұрынғы Кеңес Одағында балық түрлері 1000(бір мың) шамасында болса, сонан 250 түрі кәсіптік ауланып жүрді. Қазақстан жеріндегі теңіз-көл жүйелерінде балықтың 104 түрі бар. Арал теңізінде балықтың 20 түрі болғанды. Мұндағы балық түрлерінің 70%-т бентостар (300 планктонмен қоректенетіндер)-тыран, торта, 9-10%-і қаяз, қылыш балық, 10%-т басқа түрлі балықтар мен майда шабақтар. Арал теңізін мекендейтін балықтардың барлык түрлері үшін уылдырық шашып, өсіп-өнетін жерлері бірдей болмайды [20]. Олар өзен арналарында, Сырдарияның аяғындағы атыраулық ішкі көлдерде тұщы су араласып тұратын теңіз қолтықтарында, суы ащы теңіз қолтықтарында, аралдардың аралығында, аралдар мен жарты аралдардың жағалауларында су астындағы тастақ жерлерге уылдырық шашады. Арал теңізінде құйып жатқан өзендер арналарына уылдырық шашатын негізінен Бекіре, Қаяз, Ақбалық. Өзен арнасын жайлайтын балықтардың ішінде өндірістік ауланатын түрлері онша көп емес. Олар жалпы өсіп-өжетін балық түрлерінің 6.4%-ін құрайды. Ішкі көлдерге уылдырық шашатын көбінесе өндірістік балықтар-Сазан, Тыран, Жайын, Шортан тағы басқаларының үлесі 20,8% болды. Ішкі көл жүйелерін Қамыстыбас, Ақшатау, Райым көл жүйелері жатады. Осы көл жүйелерінен әр жылдары ауланған балықтың мөлшері мен түрлерінің үлес салмағы жоғарыда айтылған жайды растайды [31,32,34,35]. Теңіз қолтықтарының тұщы су араласып тұратын бөліктерінде балық көбірек шоғырланып, уылдырық шашады. Олардың көпшілігі Сазан мен Тыран. Ғылыми зерттеулерге қарағанда мұнда балық басының 36%-ы өсіп-өнетін көрінеді. Арал теңізіне жақын орналасқан ішкі көлдер мен тұщы су құйып тұратын теңіз қолтықтарында жалпы балық басының 56%-т өсіп-өніп, жетілген соң олардың негізгі массасы өзеннің теңізге кұярлығына қарай ауысады. Арал теңізінің балық қорын құрайтын түрлер тегі жағынан тұщы судың балықтары. Сондықтан олардың өсіп-өнуі, көбеюі, уылдырық шашатын тұщы сулы өрісіне байланысты. 60-шы жылдарға дейін мұнда ауланатын құнды балықтардың 65-70%-і өзендердің теңізге құяр аяғында өрістеп, уылдырық шашып жүрді. Бертін келе теңізге кұятын өзендер ағысының азаюына байланысты балықтың өрісі тарылып, санының азаюына себеп болды. Сазан, тыран, торта, шемая балықтарының уылдырық шашатын өрісінің ауданы бес есе тарылды. Бұрын теңіз суының тұздылығы 11,0 г/л кезінде бұл балықтардың бір бөлігі уылдырығын теңіздің тайыз бөлігінде шашып жүрді. 70-шы жылдары теңіз суының тұздылығы 11,6 г/л-ге көтерілгенде аталмыш балықтардың теңіздегі уылдырық шашатын өрісінде олардың уылдырығын жейтін майда жыртқыш балықтар (бычок, атарина т.б.) көбейгені байқалды. Бұл өзгеріс аталған құнды балықтардың құрып кетуін тездетті. Мысалы, 1961-1976 жылдары ауланған балық 9,0 мың тоннаға дейін азайды. 70-шы жылдардан кейін өзен ағысы теңізге жете алмай егіс далаларында тарап тоқтады. Соның нәтижесінде теңіз суының тұздылығы көтерілуі себепті мүндағы 24 балық түрінің көпшілігі, әсіресе, тұздылыққа төзімді емес түрлері құрып кетті. 90-шы жылдары теңіздің Солтүстік бөлігінде судың тұздылығы 38-49 г/л (бір литр судағы тұздың концентрациясы гр. есебімен) жетсе, сол онжылдықтың соңғы кезеңінде бұл көрсеткіш 65 гр/л-ге дейін көтерілді. Судың тұздылығына шыдас бермей мұндағы балықтың көптеген кәсіптік ауланатын түрлері құрып кетті. Арал теңізінің Қазақстандық бөлігінде үштен екіден артық ауқымы құрғап қалған соң теңізден балық аулау тиылып, ендігі үміт көлдерге ауды. Алайда, 70-шы жылдардың ортасында Сырдария өзенінің аяғына келетін ағысы азайып, өңірде қуаңшылық белең алғанда көл жүйелерінің берекесі кете бастады. Көлге түсетін судың тапшылығы олардын гидрология-гидрохимиялық режимін бұзып жіберді. Сол кезеңде Сырдарияның құярлығына түскен судың көлемі 14.0 км3 болса,1976 жылы небәрі 0.065 км3 ғана болды. Сонан балықты мол беріп тұрған Қамыстыбас, Ақшатау ірі көл жүйелері мен бірге теңіз жағалауындағы көлдердің айдыны тарылып, суы ашқылтым тартуына байланысты олардың балық қоры азайды, сөйтіп, шаруашылық маңызы төмендеді. Ақпай-Ақирек, Ақсай-Қуандария көл жүйелері мүлде құрғап қалды. Өңірде балық беріп тұрған ірілі-уақты көл жүйелерінің ауқымы 25.0 мың гектарға дейін азайды. Суы қайтып, ащыланған, балықтың өрісіне қолайсыз, балықтың азығы азайған көлдерден ауланған балықтың саны мен сапасы мардымды болмады. Бассейн бойынша көлдердін гидрология-гидрохимиялык режимі ихтиофаунаға жайсыз бағытта өзгеруіне байланысты олардағы балықтың жалпы биомассасы азаюымен бірге тураралық саны да үлкен өзгеріске түсті. Сан жағынан үстем түрлер Сазан, Тыран, Ақбалық, секілді құнды балықтардың басы азайып, оның есесіне Жыланбас және баска онша құнды емес жыртқыш балық түрлерінің үлес салмағы артты. Арал теңізінің деңгейі төмендеген соң онда уылдырық шашып, өсіп-өнетін Торта мен Көксерке (тісті) сияқты теңіз балықтары көлдерге жиналып, уылдырық шашуға бейімделді. Бұл жағдай ең құнды балық Сазанның өрісін тарылтып, басын кемітіп жіберді. Сол себепті бұрын балық беріп, тұрған көптеген көл жүйелерінен балық аулау күрт кеміді. Сонан, балықшылық кәсібі өзінің мәнін төмендетіп, бұл пайда келтірмейтін кәсіпке айналды. Әрине, айдыны тарылғанымен әлі де балық беретін көлдер бар еді. Осы жағдай ескеріліп, 80-шы жылдардың басында Қамыстыбас, Ақшатау, Райым тауарлы көл шаруашылықтары ұйымдастырылып, балық басын қолдан көбейту жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын оларға 70.0 млн бас, көпшілігі Сазан мен Карптың, Буффлоның үш түрінің және Ақ амурдың майда шабақтары жіберіліп тұрды. Әйтсе де бұл тірліктің кәсіптік қайтарымы күткендей болмады. Жаңадан жіберілген шабақтардың өсіп-өнуі кешеуілдеп, балық дұрыс өнім бермеді. Тауарлы көл шаруашылықтары өндіретін балықтың негізгі массасын сол көлдерді мекендейтін байырғы (абориген) балықтар берді. Яғни, тауарлы көлдерге жіберген біржылдық шабақтарына азық жетіспеді ме, немесе басқа қолайсыз жағдай болды ма, әйтеуір дұрыс өнім бермеген соң оларды екі жылдық шабақтармен ауыстыруға тура келді. Қамыстыбас көліне екі жылдык шабақ жіберілген соң ондағы балық басы көбейіп, биомассасы молайды. Алғашқы жылы онан 65 тонна Сазан (Карп) ауланып, сонан көп ұзамай-ақ ауланған өнім 191.0 тоннаға жетті. Осы кезеңде ауланған дөңмандай 8.0 тоннадан 48.0 тоннаға дейін көбейді. Бірақ балық басын көбейтуге бағытталған мұндай шаралар тауарлы көл шаруашылығын (ТКШ) ұйымдастырған Ақшатау мен Райымда жүргізілмеді. Демек, балық басын көбейтуде ұйымдастыру жағынан кемшіліктер орын алды [40,42]. Онан кейінгі кезенде куаңшылықтың күшеюінен және басқа қиындықтардың салдарынан жалпы балық өндірісі тоқырауға ұшырады, яғни, өнім жылдан жылға азая бастады: 1991 жылы-371.0 тн., 1992 жылы-178.0 тн., 1993 ж-101.0 тн. тауарлы балық өндірілді. Бұл мәлімет арнайы ұйымдастырылған тауарлы көл шаруашылығында балық өсірудің күрт кеміп кеткенін көрсетеді. Сонымен бірге сол кезде көлдерді балықтандыру үшін өсіріліп жатқан шабақтардың саны да азайып кетті. Оның басты себебі нарықтық экономикаға көшуге байланысты қаржы-қаражат пен керек-жарақтың тапшылығынан болды. Көптеген шағындау көлдерге су өздігінен құйылмайды. Оларға суды сутартқыш арқылы айдау керек. Сол алғашқы қиын кезенде мотор айдайтын жанар-жағармай тапшылығы да қол байлау болып, көлдерге қажетті судың түспеуі жиі қайталанып тұрды. Сонан көлге өсіруге жіберген майда балықтың өлім-жітімі көбейді. Сөйтіп, тауарлы көл шаруашылықтарында балық басын көбейтіп, оларды тауарлы кондицияға жеткізу мәселесі әр түрлі қиындықтарға тіреліп, шешімі табылмаған түйінге айналған болатын. Соңғы жылдары Арал өңіріндегі көл жүйелерінен балық өндіруді молайтуға бағытталған оңтайлы шешімдер жүзеге асырылып келеді. Атап айтатын болсақ, 2008 жылы Солтүстік Арал теңізі мен көптеген көл жүйелерінің қалпына келуіне байланысты 2320 тонна балық ауланса, 2011 жылы ол көрсеткіш 4331 тоннаға дейін өсті, ал 2012 жылы балық аулау 5161 тоннаға жетті. Оның ішінде теңізден ауланған 4439 тонна, ал 722 тоннасы көлдерден ауланды. 2013 барлық көлдерден ауланған балық 6226 т. болды. Қызылорда облысында балық шаруашылығын 2020 жылға дейін дамытудың кұны 1 млрд 510 млн теңге тұратын арнайы жобасы жасалды. Онда 20 көлдің негізінде тауарлы көл балық шаруашылығын ұйымдастырудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. 2012 жылы облыс аумағындағы тауарлы көл балық шаруашылықтарын ұйымдастыруға қолайлы көлдерге су түсетін жолдарын тазалау, судың ағысын реттейтін құрылыстарын қалпына келтіру және балық өткізбейтін кұрылғыларын орнату жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, олар орындалды. Атап айтқанда, Арал ауданындағы Ақшатау-Сорғақ, Қызыларық көлдерінің экологиялық жағдайын сауықтыруға бағытталған шараларды орындау аясында тауарлы көл балық шаруашылығын үйымдастыру үшін көлге түсетін су жолдарын тазалау, олардағы құрылыстарды қалпына келтіру және балык өткізбейтін қүрылғыларды салу жұмыстары басталды. 2012 жылдан бастап Республикалық бюджеттен тауарлы көл шаруашылығында балық өсіретін занды және жеке тұлғаларға қаржылай көмек беріле бастады. Субсидия су айдындарын балықтандыру үшін балық шабақтарын және балыққа беретін қүрама жемді жеңілдетілген бағамен алуға беріледі. Бұл шаралар өңірде балық аулау көлемін көбейтуге тікелей себін тигізіп отыр. Көкарал бөгетінің бірінші кезегі 2005 жылы біткен соң өңірдегі шаруашылық маңызы бар, яғни, балық ауланатын көл жүйелерінің ең үлкені Солтүстік кіші Арал дейтін болсақ, тоқырау кезінде суы тайыздап, балығы азайған көл жүйелерінің көпшілігі қалпына келе бастады. Демек, ол көл жүйелері өңірде балық қорын молайтуға үлестерін қосатын болады.
Арал өңірінің көл жүйелері. 2012 ж.
Көлдердің аты
Көлдердің саны дана
Аумағы гектар
Балық аулау жоспары, тонна
1
Кіші Арал көлі
1
28500.0
4189
2
Қамыстабас көлдер жүйесі
6
2123,0
301
3
Ақшатау көлдер жүйесі
6
6930,0
129
4
Ақсай көлдер жүйесі
5
455,0
17
5
Қуаңдария көлдер жүйесі
17
4710,0
80
Барлығы
35
61825,0
4716.0
Түсініктеме: Солтүстік кіші Аралдың аумағы 2850 км2 (28500га) және суының көлемі 20,9 км3 теңіз деңгейінің 40 м( Балтық жүйесі- БЖ бойынша) биіктігіне сәйкес келеді. Бұл ресми мәлімет аэрофото түсірілімді талдаудан (дешифровка) алынған.
Жақын болашақта Көкарал бөгетінің екінші кезегі салынып біткенде кіші Аралдың деңгейі 46 метр (БЖ бойынша) дейін көтеріліп, теңіздің аумағы 4213 км2 (42130.0 га) және суының көлемі 42,4 км3 болатыны межеленіп отыр.
Сонымен бірге теңіз жағалауындағы соңғы ғасырда, яғни, экологиялық тоқырау кезінде құрғап қалған көлдерге су түсе бастады. 2009 жылы Сырдария өзеніне салынған «Ақлақ» су электрстансасының құрылыс жұмыстары аяқталғаннан бері дарияның аяғына келетін ағыстың бір бөлігі құрғаған көлдерге түсуінің нәтижесінде қайтадан су басқан көлдердің ауқымы 15. 0 мың гектарға жетті. Жақын уақытта қайтадан қалпына келген көл жүйелерінің аумағы 60.0 мың гектар болады деп болжанады. Сонда Арал өңірінде балық ауланатын көл жүйелерінің аумағы,кіші Аралды қоса есептегенде, 135455 гектарды (13545 км2) құрайды. Қазір 61825 га көл жүйелерінен жыл сайын ауланып тұрған балық 4710.0 тонна болса, алдағы уақытта болжамдағы 135455.0 га көл аумағынан 10332.0 тонна балық ауланады деп болжауға болады. Оған обьективті алғы шарттар бар. Олай дейтініміз, соңғы кезге дейін Арал өңірінде ашық су көздерінің балық қорын шаруашылық мақсатқа пайдалануда дұрыс ұйымдастырылған жүйе болмады. Өйткені, 2006 жылы Арал ауданы өз жеріндегі балық аулайтын барлық көл жүйелерін тендер арқылы 10 жылға жеке тұлғаларға пайдалануға беріп жіберді. Бұл жағдай өңірде балық шаруашылығын ұйымдастыруда берекесіздікке жол беру болып шықты. Су көздеріне иелік ететін жеке тұлғалар судағы балықты сүзіп алып, көрші облысының тұрғындарына Арал өңіріндегі көлдерден ауланған балық тимеді және ол облыстың экономикасына ешқандай пайдасын тигізбеді. Арал өңірінде балық беретін 35 көл жүйесі бола тұрып, балық шаруашылығындағы берекесіздіктің ең басты көрінісі ретінде Арал қаласындағы балық өңдейтін зауыттың өңдейтін балықтың тапшылығын көріп, тек азын- аулақ жеке кәсіпкерлер өткізетін балықтың жұмыс істегенін айтуға болады. Зауыт туралы айтатын болсақ, ежелден балық өндіретін аймақта балық өндірісін талапқа сай онан ары дамытып, оны экономиканың тиімді саласының біріне айналдыру мақсатында «Атамекен Холдинг» қаржы-өнеркәсіп тобының қолдауымен Арал қаласында 2007 жылы (қыркүйек) құрылысы басталып, 2009 жылы (қаңтар) іске қосылды. Зауыт Евростандарт үлгісімен салынып, толық қуатымен жұмыс стегенде жылына 6000.0 тонна әртүрлі стандартқа сәйкес балық өнімдерін өндіреді. Мұнда 256 адам жұмыс істейді. Бұл балық өңдейтін кешенде балықты қақтайтын, филе жасайтын, балық кулинариясы мен жартылай дайын өнімдер шығаратын цехтар бар. Тәулігіне 15 тонна балықты тез қатыратын, сыйымдылығы 600 тонна балық сақтайтын тоңазытқыштары бар. Балықты өңдеуге жібергенге дейін уақытша сақтайтын ( сыйымдылығы 10 тн) және қақтаған балықты сақтайтын (10тн) тоңазытқыштары қарастырылған. Сондай- ақ тұрмыстық бөлмелері қажетті құрал жабдықтар мен жабдықталған зертханасы бар. Зауыт ҚР СТ НСО 9001- 2001 және ҚР СТИСО 22000-2006 сапа менеджементі бойынша жұмыс істейді. Қызылорда облысы бойынша Ресейге өңделген өнімдерін шығаруға рұқсат алған бірден бір өндіріс орыны. Міне сондай өндіріс орыны 4 жыл бойы аты бар да, заты жоқтың күйін кешіп, толық мәнді жұмыс істей алмай келді. 2013 жылы бұл берекесіздікке нүкте қойылды. Енді Арал өңіріндегі ашық су көздерінен ауланған балық тек зауытқа өткізілетін болды. Демек, балық шаруашылығын ұйымдастыру, оны дамыту, балық өндірісін қатаң бақылауда ұстап, балықшылық кәсібін экономиканың тиімді саласына айналдыру балық консорциумына байланысты болмақ. Оған обьективті алғы шарттар жеткілікті. Оның құрамына «Байқоңыр «ӘКК ҰК», балық институты (Қазақстан ҒЗИ-дың Арал филиалы), 19 балық аулау квотасын бөлу ісімен осы ұйым айналысып отыр. Сөйтіп, Арал өңірінде күйі кеткен байырғы кәсіптің қайта жандануына жол ашылды. Сонымен бірге САРАТС жобасының екінші кезегі алынуы консорциумның жұмысына жаңа серпін бермек. Арал өңірінде балық шаруашылығын дамыту жобасын қаржыландыруға Жапония үкіметі арнайы грант қорынан қаржы бөліп, көмек көрсетуде. Жобаның мақсаты әңірде материалдық базаны тұрақты басқаруда қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындардың өнеркәсіптік мүмкіндіктерін кеңейту және әлеуметтік инфрақұрылымның қызметіне қолдау көрсету болып табылады. Осы жобаның аясында Жапония үкіметіне қарасты әлеуметтік даму грант қорынан бөлінген қаржыға теңіз жағалауындағы елді мекендерге бір қатар жұмыстар атқарылды: Қаратерең ауылында сервистік шеберхана құру және салу жұмысы (« Қуаныш» ЖШС)
Аманөткел ауылында балықты мұздату және сақтау орыны (Жк «Ж. Абилов»)
Тастақ балық питомнигінде балық өсіру инкубаторын дамыту (ЖК «Прекеев»)
Ақшатау-Сорғақ тауарлары көл шаруашылығында балық өсіруді дамыту («Жалаңаш»СТК) Қамыстыбас бекетінде балық аулау құралдарын жөндейтін өндірістік цехтарды ұйымдастыру («Торжымбай Түрке» ЖШС») Қызылжар ауылында балықты мұздатып сақтау үшін мұздатқыш генераторы бар вагон орнату («Қызылжар» СТК) Аталмыш тұлғалардың әр қайсысы 24-25 мың көлемінде АҚШ долларымен грант алған. Арал өңірінде балық шаруашылығын жаңа басқарудың қазіргі бағытына орай балық өңдіруді бұрыңғыдай қарапайым әдіспен емес, осы заманның талабына сай озық технология негізінде ұйымдастыру қажет. Озық технология дейтін болсақ, сала бойынша балық кластерін қалпына келтіріп, консорциум сонымен жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін ондай мүмкіндіктер мол. Кластар дегеніміз белгілі өндіріс саласында қосымша құнды құру үшін сол салаға тікелей қатысты буындардың тізбегі бойынша біртұтас қимыл жасауы болып табылады. Ол буындар (звено) өндірушілер, жеткізушілер, тұтынушылар, өнеркәсіп инфрақұрылымы, ғылыми зерттеу мекемелері, мамандар даярлаушы оқу орындары. Демек, салаға қатысты сан-тарау істер мен олардың жиынтық көрсеткіштер бір ортада тоғысып, сонан өндірістің әлеуеті мен бағасы анықталады. Балық кластері біріне бірі сабақтас бірнеше құрамдық бөліктерден тұрады. Оларды даралап сипаттайтын болсақ, саны 9-ды (тоғыз) құрайды екен. Балық кластерінің бірінші буыны көл жүйелерін суландыру болып табылады. Сол себепті осы салаға салынатын алғашқы инвестицияның ауқымды бөлігі балық өсіретін су көздерін қалпына келтіріп, олардың экологиялық күйін сауықтыруға жұмсалады. Солтүстік кіші Аралды бөлектеп сақтау мақсатында салынған Көкарал бөгеті, теңіз жағалауындағы тоқырау кезінде құрғап қалған көл жүйелерін қайтадан қалпына келтіру үшін Сырдарияға салынған «Ақлақ» су электр- стансасы өңірде балық кластерінің инвестиция таратын көшбастаушылары болып отыр. Сөйтіп, солтүстік Аралды бөлектеген соң аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға және оны экономикаға елеулі үлес қосатын нысан ретінде пайдалануға мүмкіндік туды. Зерттеулер көрсеткендей, Солтүстік Кіші Аралдың су басқан айдыны қазіргі 40 метрлік (БЖ- бойынша) деңгейден есептегенде 2850.0 км2, яғни, 28500.0 гектар, суының көлемі 20,9 км3. Кіші теңіздің жыл сайын 3,5-4,0 мың тоннадай балық ауланып тұр. Жақын болашақты Көкарал бөгетінің екінші кезегі салынып, ол іске қосылғанда бөгеттің биіктігі 48.0 м (БЖ), ал кіші Аралдың деңгейі 46.0 метрге көтеріліп, айдынының аумағы 4213 км2- ге жетіп, яғни 42130.0 га, ал суының көлемі 42,4 км3 болады. Ол кезде балық өндірісі едәуір көлемінде өсетін болады. Балық өндірісін кластерлік жүйемен жүргізгенде оған өнімділік беретін аса маңызды буын ретінде балық өсіру питомнигін айтуға болады. Арал өңірінде жұмыс істеп тұрған «Тастақ» және «Қосжар» балық питомниктері жыл сайын 15.0 млн шабақ өсіріп, көлдерге жіберу арқылы оларды балықтандыруға үлкен үлес қосып отыр. Соңғы жылдары халықаралық ұйымдардан грант алып, балық питомниктерін жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сырттан алған гранттар мен бірге Республика үкіметінің қаржылай қолдауының арқасында питомниктер балықтың біржылдық шабағын өсіруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі кезде Қосжар питомнигінің көлемі 80.0, ал Тастық питомнигінің көлемі 100.0 гектарға ұлғайтылып, оларда балықтың шабағын өсіру осы заманғы озат технологиямен жүргізілуде. Ерекше атап өтетін жайт, питомниктер байырғы балықтардың шабағын өсірумен бірге тоқырау кезінде құрып кеткен аса құнды балықтар Бекіре мен Қаяздың популяцияларын қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіліп келеді. Демек, жақын болашақта кіші Аралдан Бекіре мен Қаязды кәсіптік аулайтын күн алыс емес. Балық өндірісінде жұмысты кластерлік әдіспен жүргізгенде еңбек нәтижелі болуы үшін балық аулауды өндірістік салаға көшіру тиімді болатынын осы саланың әлемдік тәжірибесі көрсетеді. Арал өңірінде жүзеге асырылған және жалғасын жүзеге асыру қолға алынып жатқан САРАТС жобасының техника-экономикалық негіздемесінде балық өндірісінен түсетін өнім жылына 9 -10 мың тоннаға жетеді деп межеленеді. Арал өңірінде кәсіптік дәрежеде балық аулап жүрген шаруашылықтар және мемлекеттік емес ұйымдар бірігіп бір орталықтан басқарылатын балық консорциумын құрып отыр. Демек, өңірдегі көл жүйелерін ауланған балық түгелдей Арал қаласындағы жаңа зауытта өңдеуден өтетін болады. Өңдеуден өткен дайын өнімдер алыс-жақын шетелдерге шығарылады және ішкі рынокқа түседі. Бұл кластерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сонымен бірге балық кластерін дамытуда жаңа технологияға сай құрал- жабдықтардың жеткілікті болуы үлкен рөл атқарады. Бұл мәселе жөнінде шешімін тапқан істер бар. Атап айтқанда, Арал қаласында пластикалық қайық шығаратын зауыт өңірдің балықшыларын қайықпен қамтамасыз етсе, Қаратереңде балықшыларға қызмет көрсететін сервистік шеберхана, Қамыстыбас бекетінде балық аулау құралдарын жөндейтін өндірістік цехтар жұмыс істейді.
3-тарауға бақылау сұрақтары:
Арал теңізін сақтау туралы халықаралық қор туралы айтыңыз.
Қорды кімдер құрды?
Солтүстік кіші Аралды сақтау жобасы туралы айтыңыз.
Жоба бойынша қандай нысандар салынды?
Арал өңіріндегі көл жүйелерінің экологиялық жағдайы туралы айтыңыз.
4-тарау. ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ КӨПТҮРЛІКТІҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ
4.1. Теңіздің құрғаған орнындағы және көл жүйелерінің төңірегіндегі өсімдіктердің экологиялық күйі
Арал теңізін қоршап жатқан шөл дала мен теңіз жағалауының өсімдік қауымдастығы биомасса жағынан пәстеу болғанымен түрлік құрамы жұтаң емес. Мұнда көпжылдық бұталар мен шалабұталар, ксерофиттер мен эфемерлер құрайды. Олардың ішінде күрделі гүлділер, астық, бұршақ және мары тұқымдастар бар. Бұрын Арал теңізінің деңгейі жоғары тұрған кезінде теңізге жақын орналасқан байырғы мал жайылымдық қыр төбелердің шөбі шүйгін болатын. Оның себебі, айнала төңірекке теңіз суының капиллярлық жылжуы грунтте өсімдіктің өсіп-жетілуіне жеткілікті ылғалдың қорын жасап тұрды. Қазір теңіздің тартылуына байланысты шөп жабынының биомассасы жұтаң болғанымен олардың түрлік құрамы сақталғаны байқалады. Мұндағы басты ерекшелігі саздақ және құмды шөл далада өсімдігі сирек. Саздақ жерлерде өсімдік топтамасын бүйірғұн, жусан және еркекшөп құрайды. Арал теңізінің жағалауы мен қыр төбелерде өсімдіктердің түрлік топтамасы 30-ға дейін болады. Теңізді қоршап жатқан қыр төбелерде сұр және қара жусан, теңізге қарай түсетін етек жағындағы сорларда бүйірғын, кей жерлерде жусан ойдым- ойдым болып өседі.Теңіз жағасындағы құмдарда өсімдігінің түрі бай. Мұнда ақ сексеуіл, жыңғыл, шөбер ақтікені, бұйрабас, қоянсүйек тағы басқабұталар едәуір қалың өседі. Әсіресі, Қарашоқат пен Тоқпанның тұсындағы жал құмарда өсімдік жабыны қалың. Оның құрамында жыңғыл, ақтікен, бетін жел үрлеген дефляциялық жалаңаш табандарда қамыс, жал құмдардың бауырайында қияқ, қоянсүйек биіктеу учаскелерінде ақ сексеуіл өседі. Жал құмдардың араларындағы ойлау жерлерде эфедра әжептәуір тығыз. Сондай-ақ құм жусаны, волоснец, аристида, текесақал кездеседі. Теңіз жағасынан алыстау қыр төбелердің етегіндегі сорларда өсетін топтың құрамында әртүрлі эфермерлер, мортық, текесақал, және басқа шөп түрлері бар. Бұлар бүйірғұн- жусан қауымдастығын құрайтын топтамалар. Еркек шөп қауымдастығына онымен бірге жуашықты мятлик, қылтықсыз бидайық, морттық пен ебелек кіреді. Кейбір сай-жыраларда қыс айларында қар көбірек жиналып, топырақтың ығалы молаюы себепті Қараған бұтасы, оның арасына бидайық, бұта шырмауық, барбарис, жапырақты гүлтемия, әртүрлі эфермерлер мен эфемер тектес өсімдіктер тобы қалың өседі. Арал теңізінің жағалауына жақын орналасқан көл жүйелерінің айналасы, Сырдария тасу болған жылдары оқта- текте су түсетін ой жерлер, суы кеткен көлтабандар мен теңіз қолтықтары өсімдігінің түлік құрамы бай, биомассасы мол телімдер. Көл жағасындағы гидроморф топырақтар мен батпақтарда қамыс пен әртүрлі қарашөп қалың өседі. Малға шөбі шүйгін жайылым, әрі шабындық болатын солар. Сырдария өзенінің теңізге құярлығында орналасқан көптеген көлдер, көларалық ығалды жерлер, су қашатын кішігірім өзектер, олардың ығалды төңірегінде шөп жабыны шаруашылық тұрғыдан тәуір бағаланады. Кей жылдары теңізге жақын жатқан Сырдарияның ағысымен байланысты Тұщыбас, Қарашалаң, Баян көлдеріне және теңіз қолтықтары Ақкөл мен Қаратереңге су түспейді. Сонда олар құрғап, орынындағы және жағалауындағы шөптер қурап, қамысы тасқұрақ күйде қалады. Сол жерлерге су түскенде жоғарыда аталған шөп түрлері тез-ақ жетіледі. Бұл Арал өңіріндегі ығалды жерлерде өсетін өсімдік түрлерінің құбылмалы ортаға тез бейімделетін плаккаттық табиғатын көрсетеді. Оның шаруашылыққа пайдалы жақтары жоқ емес. Сырдарияның ағысы тапшы болған жылдары шаруашылық маңызын жоғалтпаған, бірақ деңгейі төмендеп, жағасы алыстаған көлдер мен көлшіктердің жиегіндегі қалың қамыс сыртқа қарай сирексіп, оған сапасы төмен, сондықтан малға жұғымсыз әртүрлі қарашөп аралас өседі. Мұндай жылдары тіпті Сырдарияның өзінің арналық қырқасындағы қалдық тоғайлар да сиреп, олардың арасында қалың өсетін астық тұқымдас шөптер жартымды биомасса жинамайды. Арал теңізінің құрғаған табанында жалпы шөп жабынының түрлік құрамы мен биомассасы грунттың құрамына орай түрліше қалыптасуда. Біріңғай терригендік шөгіндіден тұратын грунтте өсімдік қауымдастығының негізін сарсазан, кейбір қатқылдау саздық учаскелерде әртүрлі майда сораңдар, олармен аралас сиректеу быршылдық сораң,балықкөз, эфемерлер өседі. Бұл топтың құрамы мен биомассасы топырақ құрылу процесіне пайдалы әсері жоқ және жайылым болып жарытпайды. Теңіздің құрғаған орынындағы әлі шөптесіне жетілмеген жалаңаш телімдерде жағдайдың бұлай қалыптасуы грунт профилінің құрғақтығынан болып тұр. Егер теңіздің орнындағы кейбір телімдеріне түрлі себептермен су жайылатын болса, онда ол жерлерде өсімдік қалың шығады. Мұндай жағдайда шөптің түрлік құрамы мен биомассасы жайылған судың құрамына байланысты болады. Жайылған су тұщы немесе кермек болса, онда ығалы бар телімдерде майда сораң аралас әртүрлі шөп қалың шығады. Қаратерең түбегінен батысқа қарай орналасқан «Құйылыс» даласына 2001 жылы Қаратерең қолтығынан кермек су түскен болатын. Су көп ұзамай-ақ тартылып қалды да «Құйылыстағы» грунттың ығалы молайып, табанға өсімдік қалың өсті. Оның құрамында майда сораң, қызылтамыр, ақбасшөп эфермерлер, сиректеу ксерофит бұталар, кейбір микроойпатарда қамыс, қоға, олардың арасында жантақ өсті. Өсімдіктің жобалық жабыны 90% . Қаратереңнен батысқа қарай 80 км жерде осы Құйылысқа ұқсас «сораңды дала» деп аталатын жазық бар. Жазықтың көлденеңі 7 -8 км. 2001 жылдың көктемінде үлкен теңіздің аққан суы мұзға тіреліп, деңгейі көтерілген су оңтүстік бағытпен әлгі сораңды далаға жайылды. 2003 жылы мұнда өте қалың өскен быршылдық ащы сораң тұрды. Жобалық жабыны 95%. Соған қарағанда, Арал теңізінің құрғаған орнына теңіздің ащы суы жайылатын болса, онда ол жерге алғашқы болып шығатын быршылдық ащы сораң екен. Оның себептері бар. Атап айтқанда аталмыш телімнің теңізден шыққанына небары 9 -10 жылдай уақыт өткен екен. Сондықтан, қабаттағы судың деңгейі грунттың бетіне жақын тұрды (1,0-,1,5м). Ол судың құрамында галиттың (NaCL) концентрациясы жоғары. Қабаттағы су капилляр арқылы көтерілген соң грунттың беті қабыршақтанады, бірақ ол уақыт ішінде жүретін процес болғандықтан қабыршақ әлі қатты емес. Бұл жағдайда тұзға өте төзімді деген өсімдіктердің өзі мұндай грунтте өспейді.Сонда оған шыдас беретін ащы шөптердің авангард тобынан ең алғашқы болып, осы быршылдақ сораң шығатыны белгілі болды. Уақыт өте келе қабаттағы ащы судың деңгейі төмендейтін болса, онда грунттың профилі кем-кемнен құрғайды да ащы судың капиллярымен жоғары көтерілуі азаяды. Сонымен бірге грунттың бетінде жаңбыр мен қар суы жиналып, оның бір бөлігі профилдың қабатына сіңеді. Сонан грунттың күнгей қабаты тұщыланып, быршылдақ сораң сирекси береді, олардың арасында басқа ксерофит шөптері мен бұталар, әртүрлі қара шөптер мен эфемерлер өседі. Теңізден босаған, бірақ тұщы немесе ащы су түспеген учаскелерде өсімдік қауымдастығын алғашқы бастайтын Қарабарқын (Halostachys capіca) бұтасы. Оны зерттеулер көрсетті. «Массагат» даласының оңтүстік бөлігінде теңіз суынан 90-шы жылдары босаған жазық орналасқан. Мұндағы грунт өте майда құм-лайдан тұратын терригендік шөгінді. Грунттың бетінде жұқа, әрі жұмсақ кілегей қабыршақ бар. Ол майда желдің өтінен жылжып тұрады. Осы жазықта Қарабарқын бұталары өскен. Олар шығыстан, яғни теңізден ертерек босаған шөптесінді жазықтан батысқа қарай баяу таралып бара жатқаны байқалады. Бұталардың батыс бетіндегі алдыңғы авангарды сирек, әр жерде шоқ-шоқ болып өскен. Арнайы жүргізген зерттеулер теңіздің астынан шыққан грунттен, жоғарыда айтқанымыздай, белгілі кезеңде су түспеген жағдада, өсімдік жабыны қалыптасқанда оны Қарабарқын бұтасы бастайтыны белгілі болды. Жыл сайын терригендік шөгіндіге желмен ұшып түскен Қарабарқын тұқымынан әр жерде азғантай бөлігі ғана көктеп шығады. Жас өскіннің түбіне жел айдаған Құм-лай жиылып, үйіншік пайда болады. Үйінді өскен сайын бұта да бойлап өсе береді. Олар біртіндеп шоқтарға айналады. Қазіргі кезде кейбір шоқаттардың биіктігі 4-5 метрге жетеді. Алғашқыда сирек шоқаттар кем- кемнен жиілеп, олардың арасын қуалап соғатын желдің екпіні де күшейе түседі. Сонан грунт бетінде дефляциялық микроойпаттар пайда болады. Ондай шұқырларда жаңбыр мен қардың суы жиылып, грунтте тұщы судың қоры пайда болғанда әртүрлі эфемерлер мен қарашөптер өседі. Біртіндеп ащы шөптер сирексіп, оларды астық тұқымдастар, эфемерлер тағы басқа өсімдіктер қауымдастығы ауыстырады. Сөйтіп, топырақ құрылу процесі өрбиді. Қалай дегенде теңізден шыққан терригендік шөгіндінің механикалық құрамы саздық болса, онда өсетін өсімдіктердің алғашқы тобын Қарабарқын бұтасы бастайтыны белгілі болып отыр. Уақыт өте келе қарабарқын мен аралас жыңғыл, сексеуіл, әртүрлі ащы шөптер-майда құрғақ сораң, балықкөз, эфермерлер араласады. Теңіз тартылып, жағасы алыстаған сайын грунттың қабатындағы ащы судың деңгейі терең кетіп, грунт профилінің үстіңгі қабаттарында «құрғақ мелиорация» жүреді. Яғни, теңіз тартылғанда грунтте қалған ащы судың үстіңгі күнгей қабатқа көтерілуінен жиналған тұздар жаңбыр-қар суларымен енді төмен жылжиды. Сөйтіп, грунттың өсімдік тамыры шоғырланатын жоғары қабаты тұзсызданып, өсімдіктің түрлік құрамы көбейеді, олардың биомассасы молаяды, бұл өз кезегінде топырақ құрылу процесін күшейтеді. Әрине, өсімдіктің көп түрлі болып, тұрақты жабыны қалыптасуына ұзақ мерзім қажет және ол бірнеше кезеңнен өтеді. Егер теңіздің орнындағы грунт біріңғай құм болса, онда оның өсімдік қауымдастығын бұталы-эфермерлер ассоциациясы бастайды. Мұндай өсімдік жабынының сипатын Қарашоқат және Тоқпан телімдерінің теңіз беті жағындағы құм алқаптарынан байқауға болады. Бұл жерден теңіздің кеткеніне 50 жылдай уақыт өтсе де мұнда өсімдіктің түрлік құрамы кедей, биомассасы жұтаң. Мұндағы бұталы эфемерлер құм төбелерді әлі толық жауып тұрған жоқ, сондықтан шаруашылық маңызы төмен, яғни малға жайылым болып жарытпайды. Уақыт өте келе құмдар тұрақтанып,нығыздалған сайын эфемерлер мен бұталарға жусан мен күйреуік араласады. Бұл соңғы екі түр құм төбелерде белгілі ретпен орналасады. Төбенің жоғарғы белдігінде бұталардан ақ сексеуіл, жүзгін, баялыш, ал эфемерлер сиректеніп, өсімдікжабынының құрамында раң шөбінің үлесі көбейедді. Мұндай құм төбелер көктемде- күзде жақсы жайылым. Бірақ теңіз астынан шыққанына едәуір уақыт өтсе бұл шала бекіген құм төбелерде өсімдік жабынының қалыптасуы бау жүруде. Сондықтан олардың көпшілігі жалаңаш болғандықтан құм көшкініне берілуде. Демек, үрме құм төбелердің шөптесінді күйге көшіп, тұрақтануы әлі де ұзақ мерзім керек. Теңіздің бұрыңғы жағасындағы ығал тепкен жал құмдарда бұталар мен шөптесіндер әжептәуір қалың өскіні көзге түседі. Мұнда бұталарға үйілген құмдардан пайда болған майда шоқаттар мен ықтасынға жиналған қар суынан грунтте ығал көбірек болуы себепті әртүрлі шөп қауымдастығы тез жетіледі. Сонан мұндай учаскелерде шөптің түрлің құрамы көбірек, биомассасы да тәуір болғандықтан малға жайылым қолайлы. Теңіздің саздақ грунтты жағалауындағы Қарашоқаттан Жыңғылтүпке қараған бөлігінде бұрын қалың шөптесінді алқап болатынды. Онда бұталардан жыңғыл, шеңгел,қарабарқын, ақтікен; төменгі белдікте ақбас жантақ, шағыр (ақ жусан), әртүрлі сораңдар ұйдығып қалың өсті. Сол шөптесінді алқаптың ені бірнеше жүз метрдей болды. Теңіз қайтқан соң олардың түрлік құрамы сақталғанымен биомассасы азайып, қатты сиреп қалғаны байқалады. Тоқпаннан оңтүстікке қарай Жыңғылтүп арқылы Қасқұлан телімдерінің аралығындағы кеңестіктің шөп жабыны тәуір жетілген. Мұндағы өсімдік қауымдастығы тіпті қалыңдап кеткені көзге түседі. Қасқақұланның шығысқа қарай Жыңғылтүп және Ақбасты телімдерінің арасында бұталы-шөп өсімдігі едәуір қалың, әсіресе, сарсазан плпнтпциясының қалыңдығы соншалық тіпті арасында ашық алаңқайлар кездеспейді. Таза сарсазан плантациясының жобалық қалыңдығы 90-92% , ара-арасында сиректеу ашық телімдерде әртүрлі эфемерлер мен құмдау жерлерінде раушангүлділер кездеседі. Грунты сәл қатқылдау телімдерінде биіктігі 1-1,5 м ақ сексеуілдің өскіндері жетіліп келе жатыр. Олардың арасында биіктігі 2,5-3,0 метрлік жігер қара сексеуіл, тәуір өскен жыңғыл бар.Төменгі белдікте әртүрлі эфермерлер, торғай оты, раң, қызылтамыр, қарашөп өсімдік жабынан құрайды. Шығыс жағында теңізден бұрынғы жағасына жақындаған сайын грунты саздық қатқылдау телімдерінде өсімдігінің құрамында көпшілігі сарсазан, оған аралас қарабарқын, балықкөз, кейбір микроойттарда ақбас (Казелиния Каспийская) аралас әртүрлі қарашөптер өседі. Бұрынғы Қасқақұлан аралының байырғы өсімдіктер топтамасы Арал теңізі, шығыс жағынан қоршап жатқан шөл даланың өсімдіктеріне ұқсас. Мұндағы өсімдік қауымдастығы теңіз орынындағы жаңа құрылықта қалыптасып келе жатқан топтардан түрлік құрамы бай, бірақ биомассасы шөл даланың өсімдіктеріне тән жұтаң. Қазір бұрынғы Қасқақұлан аралы құрылыққа айналған соң мұнда шөл даланың белгілері күшейте түскені байқалды. Яғни, өсімдік жабынын шөл даладағы байырғы қыр төбелердің өсімдігіндей түрлері құрайды. Олар көпжылдық бұталар мен шалабұталар, ксерофиттер мен эфемерлер, жусан жантақ, бүйірғұн, еркекшөп, ал төбенің жоғарғы бөлігінде шөптің көпшілігі жусанның еншісіне тиеді. Саздақ телімдерге бұйырғұнның екі түрі және қаражусан өседі. Өткен ғасырдың 40-шы жылдарында осы жерде ақ сексеуіл қалың өсетінді. Қазір біреу-жарым реликті (қалдық) шоқттар ғана кездеседі. Бұрынғы теңіз жағасындағы жал құмда өте қалың өскен биік қара сексеуіл орманы бар. Сексеуілдің төменгі белдігінде шалабұталар, эфемерлер, шөбер ақтікені, ебелек өседі. Теңіз орынындағы құрылықта тек өзіне ғана тән абориген (жергілікті) өсімдіктер қауымдастығы «Барсакелмес» телімінде (бұрынғы арал) да сақталған.Зерттеулер нәтижесінде жиналған мәліметтерді ғылыми әдебиет бетіндегі материалдармен салыстыра отырып талдағанда, оның өсімдігі Арал теңізін қоршап жатқан шөл даланың әсіресе, Үстірт қырқасының өсімдіктер топтамасына ұқсастығы сақталғаны белгілі болды. Өсімдік қауымдастығы кәдімгі шөл далаға тән көпжылдық бұта мен шалабұталар, ксерофиттер мен эфемерлерден тұрады. Бар мәлімет бойынша Барсакелместің флорасын құрайтын түрлердің саны 257, сырттан келгендері 7, яғни байырғы жергілікті емес. Олардың ішінде мары гүлділер, күрделі гүлділер, астық және бұршақ тұқымдастар, кресгүлділер бар. Мұндағы өсімдік жабынына тән ең басты белгісі саздақ және құмды шөл даланың өсімдіктері сияқты сиректігі. Барсаның саздақ шөл дала бөлігінде өсімдік топтамасын бүйірғұн- жусанды және еркекшөп құрайды. Оның бірінші тобына жататын өсімдіктердің түрлік саны 30-ға жетеді. Қыр төбелерінде сұр және қара жусан кей телімдерінде ойдым-ойдым болып өседі. Сор жерлердегі бүйірғұн шөл далаға тән екені белгілі. Өткен ғасырдың басында Барсакелмес аралында Сексеуіл көп, әрі қалың өскен. Әсіресе, аралдың оңтүстік шығыс бөлігінде ауқымды кеңістікті алып жатқан, сексеуіл орманы болған көрінеді. Бірақ сексеуіл орманы аяусыз қырқылып, қазір онан өте аз қалған. Қалдық сексеуіл орманы көбінесе теңіз жағасындағы жал құмдарда ғана сақталған. Кейде бүйірғұн жусан қауымдастығының арасында әр жерде шоқ сексеуіл кездеседі және олардың бойы аласа 1-2 метр ғана. Бүйірғұнжусан аралас жабындыға қарағанда таза бүйірғұн қауымдастығының көлемі аз және мұнда өсімдіктердің тек 14 түрі ғана кездеседі. Еркекшөп қауымдастығында өсімдіктің тек 6 түрі ғана бар. Олар еркекшөп, жуаншықты мятлик, қылтықсыз костер, сиректеу мортық пен ебелек. Барсакелместің ортасында кейбір сай- жыраларда Қараған бұтасы қалың өседі. Қыс айларында мұнда үрінді қар жиналады. Сонан көктемде топырақтың ығалы мол болады даҚарағанның арасында өсетін бидайық, бұта шырмауық, барбарис, жапырақты гүлтемия, эфемерлер мен эфемер тектестер. Борпылдақ сорларда сарсазан, ал сорларды айнала әртүрлі сораңдар, шалабұта лимониум, тікенекті петросимония т.б. өседі. Барсакелместің құрамында өсімдік жабыны бай. Оның құрамында сексеул, жыңғыл, ақтікен, курчавка т.б едәуір қалың. Әсіресе шығыс жағасындағы құмда әртүрлі бұталар, қай жерлерде қамыс пен бидайық, биіктеу телімдерінде ақсексеуіл, ара- арасындағы ойпаттарда эфедра қалың. Сондай- ақ құм жусаны, волоснец, аристида, текесақал жиі кездеседі. Арал теңізінің орнындағы жаңа құрлықта өсімдік қауымдастығының қазіргі күйін геоэкологиялық тұрғыдан бағалайтын болсақ, байырғы теңіз табанындағы өсімдік жабыны әр бөлігінде түрліше даму кезеңінен өтуде. Теңізден ерте босаған шығыс бөлігінде өсімдік қауымдастығы алғашқы қарапайым түрлік кезеңнен өтіп, көптүрлік даму кезеңіне көшті. Теңізден кеш босаған батыс бөлігінде өсімдік қауымдастығының дамуы әлі бастапқы кезеңін өтуде. Сол себепті, мұнда биомассасы аз, түрлік құрамы жұтаң күйде. Теңіз астынан тіпті беріде, яғни осыдан 16-17 жыл ғана бұрын босаған қиыр батыс бөлігінде грунт беті шөптесінсіз жалаңаш. Мұнда галоксерофит бұталардың алғашқы түрлері ғана тарай бастаған. Қазіргі кезде өсімдігі көптүрлі, әрі биомассасы мол телімдер теңіз жағалауындағы көл жүйелерінің айналасы, оқтын-оқтын су түсіп тұратын ой жерлер, құрғақ көлтабандар, көларалық құрғақ өзекшелер, теңіз қолтықтары, бұйрат құмдар кешені. Сулы көл жағасындағы гироморф топырақтар мен батпақтардың шөбі қалың. Сондықтан жергілікті тұрғындардың малына жайылым, әрі шабандық болатын солар. Теңіздің орынындағы жаңа құрлықтың шығыс бөлігі мен теңіздің бұрынғы шөптесінді жағасын және оған жақын орналасқан қыртөбелерді қоса бірнеше мал азықтық аудандарға бөлуге болады.
Солтүстік мал азықтық аудан. Бөген, Қарашалаң, Қаратерең елді мекендерінің теңіз бетіндегі (батыс жағы) алды және Сырдария өзенінің оң жағындағы Қарашалаң, Тұщыбас және сол жағындағы Баян көлдері, құрғақ көлтабандар, көларалық өзектер, олардың маңайындағы ығалды жерлер. Көл жағасынан сыртқа қарай ұзарған сайын қамысқа аралас әртүрлі шөптер өседі. Көпшілігі алабұталы шөптер, суы тұрақты көлшіктер мен Сырдарияның арналық қырқысындағы жиделі тоғайларда қарашөпке аралас астық тұқымдастар шөп жабынын құрайды. Гидроморф топырақтарда өсетін қалың қамыс сыртқа қарай сирексіп, бірте-бірте тасқұраққа айналады. Ойдым-ойдым сорларды әртүрлі сораңдар. Бұл мал азықтық ауданда көл арасында кездесетін құм төбелерде эфемерлерге аралас майда бұталар және жантақ өседі. Негізгі шабындық шөп қамыс. Оның көлемі жалпы шөп жабынынан алғанда көлдер су түспеген жылдары 20-25%, ал көлдің суы молайып, деңгейі биік тұрғанда 35-40%. Сонымен бірге шаруашылық маңызы жоқ сорлар мен батпақтар бар. Осы ауданда шамамен 70% жер көлемін шабындық пен жайылымға пайдалануға болады. Олар бірнеше типке бөлінеді:
ағаш-бұталы тоғайлық жайылым;
қарашөп аралас қамыстық жайылым немесе шабындық;
көлтабандар мен ылғалды суайырықтардағы ірі шөптесінді өсімдіктер тобы;
ылғалы аз қуаңданған немесе қуаңдану үстіндегі шөбі сирек телімдер;
бұйрат (бекіген) нығыз құм төбелердің шөбі;
шөбі сирек сор жерлер;
шаруашылық маңызы жоқ жерлер;
Орталық мал азықтық аудан. Қаратереңнен шығысқа қарай Жаңақұрылыс елді мекеніне дейінгі жазық, оңтүстік жағындағы Ақкөл мен Қаратерең қолтықтары, олардың төңіріндегі ығалды (гидроморф) жерлер мен қыр төбелер. Қолтықтар суға толғанда олардың айналасындағы ылғалды жерлердің суға жақындау бөлігінде қалың қамыс, сыртқары, яғни құрғақтау бөлігінде әртүрлі алабұталы шөптер өседі. Су түспей қалған жылдары қолтықтар құрғап, онда су кеткен соң келесі жылы қамысы қалың шығады. Онан кейінгі жылдары қуаңшылық жалғаса берсе қамыс сиреп, оған аралас әртүрлі мал азықтық маңызы жоқ, мысалы ақбас пен қызылтамыр, эфемерлер шығады. «Ақлақ» су электрстансасының құрылысы 2009 жылы аяқталды. Сонан бері Ақкөл, Қаратерең, Жыланды, Домалақ көлдеріне су түсіп, олардың төңірегі қайтадан қалпына келе бастады. Құрғаған көлтабандардың кейбір су жиналып қалатын ойлау телімдерінде қамысқа аралас жыңғыл, шеңгел, бірен-саран жиде ағаштары өседі.
Мұнда сор телімдер де баршылық. Олардың шөп жабынын балықкөз, поташник, қарабарқын, быршылдақ сораң, алабұта, кейбір алаңқайларда ажырық қалың өседі. Ақкөл мен Қаратерең қолтықтарын шығыс жағынан қоршап тұрған бұйрат құмдар кешені (қыр төбелер) мал азықтық баланысында маңызды рөл атқарады. Мұнда шөп жабынын бұталы жусан-сораң мен аралас өскен күйреуік құрайды. Жалпы жайылым шөбінің 50%- і солар. Төбе араларындағы жалаңаш сорлар аралас жатқан ойпаттарда күзде және ерте көктемде мал жайылым болатын шөп жабынында поташник, сарсазан, қарабарқын өседі. Оңтүстік-мал азықтық аудан. Қарашоқат, Тоқпан, Жыңғылгүл, Ұзанқайыр, Қасқақұлан, Ақбасты телімдерінің арасындағы кеңістіктің ауқымдыбөлігінде өсімдігі тәуір жетілген. Бұталардан сексеуіл ,жыңғыл; төменгі белдікте ақбасшөп, торғай оты, раң, балықкөз, күйреуік және эфемерлер. Батыс жағында таза сарсазан плантациясы тіпті қалың.
4.2. ЖАНУАРЛАР
Арал теңізінің Қазақстандық аумағында үштен-екі (2/3) бөлігінен артығырағы құрғап, орынында сусыз шөл даланың пайда болуы өңірдің бүкіл табиғатына орасан үлкен нұқсан келтірді. Соның салдарынан бұрынан қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендердің тұтастығы бұзылды. Теңіздің шығыс жағы тартылған кезде жануарлардың шағындау түрлері, оның ішінде құлан Барсакелмес аралында ғана сақталды. Қазақстан жерінде төртінші қорық болып ұйымдастырылған Барсакелмес қорығы (1939ж) қызыл кітапқа тіркелген аса құнды ақ-құланды қорғауға арналып, Арал теңізінің ортасындағы осы аттас аралға орналасты. Қорғалатын Құландар Түркіменстандағы Бадхыз қорығынан әкелініп, жерсіндірілді. Осы көрсеткіштермен ол Қазақстандағы басқа ірі қорықтардан ерекшеленеді. Олай дейтініміз, басқа қорықтардағы қорғалатын аң-құстар мен өсімдіктер ежелден сол жердің табиғатына бейімделген, яғни, сол жердің тумасы. Оларды тек қорғап, сақтауды дұрыс ұйымдастыру керек. Басқа проблема болмайды. Барсакелмес қорығының жағдайы басқаша. Сол себепті, осы қорық туралы мәліметті толығырақ беруді жөн көрдік. Барсакелмес аралы Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Арал қаласына дейін төтемінен 18 км, Барсакелмеске теңіз жағасының ең жақын жері Құланды түбегі 22,5 км. 1939 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесінің қаулысына сәйкес Барсакелместе аңшылық шаруашылығы негізінде қорық ұйымдастырылды. Мұнда Құланды жерсіндіру 1953 жылы басталды. Бұрын теңіз толық кезінде «Барсакелмес» арал болып тұрғанда ондағы жануарлардың түрлік құрамы Арал теңізін айнала қоршаған құрлықтағы хайуанаттар түрлерінен біршама жұтаң болатын. Ол кезде Барсакелмес аралындағы сүтқоректілердің-12 (сыртқы құрлықтағыдан үш есе кем), бауырымен жорғалаушылар-8 (сырттағының1/4, қосмекенділерден-1, құстардың 211 (бұл сыртқы құрлыұтағымен бірдей) түрлері болған. Барсакелместің фаунасы, әсіресе ірі сүтқоректілер тобы адам қызметінің нәтижесінде қалыптасты. Мысалы, Барсакелместегі сүтқоректілердің 12 түрінен төртеуін (Құлан, Қарақұйрық, Құм сарышұнағы, Ақ қоян) және құстың екі түрі (Қырғауыл, тсұр куропатка) сырттан әкеліп жіберілді. Бұл соңғылары (Ақ қоян, қырғауыл, сұр куропатка) жергілікті жердің табиғатына тез көндігіп кеткенімен 1948-1949 жылдың қатты қысында қырылып қалды. Сол тұста Барсакелмес аралына түлкі де келгені анықталды. Ол жаңа қоныста тез көбейген, қазір де саны аз емес. Арал өңірінде қатты қыс болған 1948-1949 және 1979-1980 жылдары қарақұйрық та екі рет қырылып, сонан соң саны едәуір азайып қалды. Барсакелмес қорық болғанға дейін мұнда ақбөкендер болған, бірақ саны аз еді. Бертін келе оның саны көбейіп, шөптен тапшылық көре бастады. Өйткені, аралда кеміргіштер шектен тыс көбейіп кеткен. Арал теңізі тартылған соң (Барсакелмес) аралы теңіздің құрғаған орнындағы құрлыққа қосылып, оның қиыр батыс шеті болып қалды. Қазір онда ірі сүтқоректілерден азын –аулақ ақбөкен мен қарақұйрық бар, ал құландар түгелдей шығып, бұрынғы Қасқақұлан аралының маңын мекендеп жүр. Барсакелместің қазіргі қорықтық мәні төмендеді. Оның себебі, Арал теңізінің айдыны тарылып, суының тұздылығы жоғарлауымен бірге оның құрғаған орыны тұзды шаң тарататын шөл далағы айналды. Сонан Барсакелместің ауа бассейінінде қалқып жүрген тұз массасы көбейді, өсімдіктің вегетациясына жағымды микроклиматтың режимі бұзылды. Сондай-ақ теңіз суының булануы, құрғаған жерден көтерілген шаңды боранның жиі қайталануы, қыс айларында жалаңаш даланың ызғарлы суығы, шөптің тапшылығы судың болмауы қорықтағы аңдардың популяциясына ауыр тиді. Осы жағдайлар себеп болып, 1986 жылы Бетпақдалаға, 1991 жылы Маңғыстауға және 1992 жылы Қапшағайға жалпы саны 260 бас құлан көшірілді. Сонан тұқым беруге жарамсыз деген кәрі –құтаң 50 бас құлан Барсакелмес қорығында қалып қойды. Сол қалған құландар өсіп-өніп, қазір олардың саны 250- ге жетті. Соған қарағанда, арал өңірінің ауыр экологиялық- климат жағдайына төзімді құланның жаңа популяциясы пайда болды деуге негіз бар. Мұндағы ірі сүтқоректілердің түр ретінде сақтаулы былай тұрсын, ұрпақ санының көбеюі тірі организмнің қоршаған ортаның өзгеруіне бейімделу қабілеті өте жоғары екенін көрсетеді. Қазір ірі сүтқоректілер Барсакелместен шығып кетті де онда тышқандар иелік етіп қалды. Құланның үйірлері Қасқақұлан, Жыңғылтүп, Ақбасты телімдерінің арасындағы шөбі қалың даланы мекендеп жүр. Мұнда суы ағып тұрған екі құбырқұдықтар бар, олар сонан су ішеді. Барсакелмес ірі сүтқоректілер шығып кетуіне олардың санының тығыздығы, шөптің тапшылығы және кеңістік үшін түраралық күрес себеп болып отыр. Теңіз суынан босаған даланың алғашқы жылдарында аңдар жайылатын және паналайтын шөп жабыны өте жұтаң еді. Жейтін шөп, ішетін су жоқ ауқымды кеңістікте сүтқоректі жануарлардың, әсіресе, шөп қоректілер өте аз болды. Бұрынғы қорықта сақталғандары болмаса, сырттан келген түрлері, олардың саны өте аз еді. Шөп қоры тапшы жерлерде тышқан және басқа майда жәндіктердің бола бермейтіні белгілі, яғни, биологиялық орта толық болмайды. Арал теңізінің шығыс бөлігі тартылып, оның орнында судан босаған жаңа құрлықтың пайда болғанына жарты ғасырдан артық уақыт өтті. Сонан бері мұнда шөп жабыны жетіліп, ауқымды жазықтарда жусанды, бұйырғыңды, сарсазанды, сексеуілді далалар қалыптасты. Бұл жағдай өз кезегінде сырттағы шөп қоректі жануарлардың осылай қарай ауысып, жаңа құрлықта таралуына мүмкіндік туғызды. Арал теңізін қоршап жатқан оазистер мен оларға жақын жатқан аймақтарда сүт қоректілердің 40- тан артық түрлері тіршілік етеді. Оның ішінде 8 қолқанаттылар, 4 насеком қоректілер, 1 қоян, 26 кеміргіштер, 11 жыртқыштар және 3 тұяқтылар түрлері бар. Ірі сүтқоректілерден - жабайы шошқа, ақбөкен, қарақұйрық; жыртқыштардан - қасқыр, шибөрі (шағал), борсық, түлкі, қарсақ, күзен бар. Теңіз сыртындағы шел далада тіршілік ететін түрлердің жалпы саны 25. Солардың ішінде сан жағынан көбін 11 түрлер құрайды. Олардың көпшілігі кеміргіштер. Теңіздің кұрғаған орынында 10-15 жыл бұрын арнайы жүргізген зерттеулер кеміргіштердің таралуы шығыс, яғни, судан босағанына 40 жыл болған бөлігінде бір гектар ауқымды мекендейтін тышкандардың саны 2-3 дараға дейін. ал сондай ауқымдағы саршұнақтардың саны 1-2 дара ғана болғанын көрсеткен еді. Қазіргі кезде, яғни, 2012 жылы олардың саны тиісінше 4-5 және 3-5 дараға дейін көбейгені белгілі болды. Бұрын тышкандар аз кезінде олармен қоректенетін түлкі, қарсақ, шибөрі сияқты жыртқыштар да өте сирек кездесетін еді. Теңіз орындағы құрлықта қазір оларды жиі кездестіруге болады. Теңіздің құрғаған орынында әртүрлі жәндіктердің, оның ішінде бауырымен жорғалаушылар мен тышқандардың көбеюі өз кезегінде сүтқоректі жыртқыштар түлкі, шибөрі, қарсақ, күзен, борсық сияқты жыртқыштардың және жыртқыш құстардың көбірек жиналуына себеп болуда. 2002 жылы Алматы зоологиялық институтының ғалымдары мен Арал аудандық орман, балық және аң шаруашылығы мекемесінің мамандары бірлесіп, қолданыстағы әдістемемен жүргізген санағының нәтижесінде анықталған аң-құстардың саны мынадай болған еді:
Аты
Қара құйрық
Қабан
Қасқыр
Шибөрі
Түлкі
Қоян
Борсық
Ондатр
Қырғауыл
Саны
51
40
169
265
7
1080
1
110
462
Кестеде келтірген 51 қарақұйрықтың (киік) саны аз емес. Өйткені, ол кезде Барсакелмес аралы әлі құрлыққа қосылған жок еді. Сол себепті, қорықтағы қара кұйрықтың саны едәуір болды. Онан кейін Барсакелмес аралы теңіз тартылған соң теңіздің құрғаған орынында пайда болған жаңа кұрлыққа қосылып. қорықтағы қара құйрык және басқа тұяқты андар сыртқа шығып кетті. Сол алғашқы санақтан кейін өткен он (10) жылда теңіздің құрғаған орынындағы құрлықтың судан 48-50 жыл бұрын босаған шығыс жағында жабайы аңдардың біршама көбейгені байқалады. Оны 2012 жылы облыс мамандары жүргізген санақтың нәтижесінен көруге болады:
Аты
Қара кұйрық
Қабан
Қасқыр
Шибөрі
Түлкі
Қоян
Борсық
Ондатр
Қырғауыл
Саны
2
195
300
1340
300
1800
87
250
300
Кестедегі соңғы мәліметке қарағанда, Арал теңізін айнала қоршаған құрлықты мекендейтін андардың түрлері жаңадан пайда болған құрлықтағы экологиялық қуысты (ниша) мекендей бастағаны көзге түседі. Әсіресе, шибөрі мен түлкінің саны тез көбейгеніне қарағанда оларға жемтік болатын тышқанның саны молдығынан болса керек. Атап айтқанда, соңғы он жылда шибөрінің саны-1,5 есеге көбейген. Демек, соңғы жарты ғасырда теңіздің құрғаған орынында биологиялық кешеннің дамуы қалыпты режиммен жүріп жатқаны байқалады. Бұл процестің барысында топырақ құрылу-өсімдік қауымдастығының жетілуі шөп қоректі жәндіктердің молаюы-жыртқыштардың көбеюі биологиялық көп түрліліктің калыптасқанын аңғартады.
Бауырымен жорғалаушылар
Құрлық бетіндегі экологиялық қуыстарда (ниша) тіршілік ететін экологиялық жүйелерді құрайтын биологиялық топтардың бірі бауырымен жорғалаушылар. Жануарлардың бұл түрі ортаның ылғалдығына немесе құрғақтығына онша көп сезімталдық көрсетпейді. Демек, олардың түрлік құрамы көп өзгермейді. Герпетефаунаның (бауырымен жорғалаушылар) белгілі аймақта таралуы, тіршілігі, көбеюі кез-келген аймақтың табиғаты, оның жан-жануарларға қолайлы немесе қолайсыздыгы туралы мониторинг іспеттес мэлімет береді. Сол себепті, жаңа қуысты (ниша) экологиялық тұрғыдан бағалағанда ондағы герпетефауна өкілдерінің жиілігіне қарап анықтау әрі қарапайым, әрі толық болады. Қазақстанда тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың 49 түрінен Арал өңірінде 24-і кездеседі. Демек, Арал теңізін коршап жатқан құрлық бауырымен жорғалаушылардан кенде емес. Аралтеңізінің құрғаған орынында олардың тіршілік жағдайын анықтау үшін теңіз тартылған соң 40 жылдан кейін зерттеу жүргізілген болатын. Олардың жаңа құрлыкта таралуын есепке алғанда бақылау маршруттық-сызық эдісімен орындалды. Есепке алынғандар Кесіртке, Ешкіемер, Тасбақа, Қалқантұмсық, Құмайдаршасы, Оқжылан, Полоз болды. Түнгі бауырымен жорғалаушылардан Білезік, Жаланкөз, Ысылдауық кесіртке есепке ілінді. Сол зерттеулердің нәтижесі теңіздің тартылған орынының алғашқы 40 жылдық кезеңінде бауырымен жорғалаушылардың таралуы сирек екенін көрсетті. Бір гектар аумаққа есептегенде олардың саны 2-3-тен аспады. Соған қарағанда, біз сөз етіп отырған кезенде, теңізден босаған грунт беті әлі де жан-жануарлардың тіршілігіне толық мәнді қолайлы болмаса керек. Бұл жағдайда бауырымен жорғалаушылардың тіршілік функциясы шектеулі күйде болады да олар жаңа қонысты баяу игереді. Сол алғашқы кезеңде сирек кездескен түрлер Жылан, Кесіртке, Тасбақа. Сонан бері өткен жарты ғасырдан артығырақ кезеңде бауырымен жорғалаушылардың барлық түрлері жаңа құрлықтың шөп жабыны тәуір жетілген шығыс жағындағы Қаратерең қыраты, Қарашоқат, Тоқпанның тұсы мен Қасқақұлан мен Жыңғылтүптің арасындағы телімдерде белсенді қоныстана бастағаны белгілі болды. 2012 жылғы мәлімет бойынша, осы телімдерде бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері (Кесіртке, қалқантұмсық, құмайдаршасы) бір гектар аумақта 5-6-ы кездеседі, ал жылан, тасбақа 2-3-ден келеді. Аталмыш телімдерде бауырымен жорғалаушылардың көптеп тарала бастағанының тағы бір белгісі ретінде мұнда майда жыртқыш құстардың жиі кездесетінін айтуға болады. Теңіздің орынындағы жаңа құрлықта бауырымен жорғалаушылардың таралуы, қоныстануы оның шығыс жағындағы байырғы жағалауға жақын телімдерінде көбейе бастағаны байқалады. Яғни, мұнда теңіздің жағасы мен оған жақын орналасқан қыр төбелердің бауырымен жорғалаушылардың саны мен қаралас. Бұл осы жәндіктердің сырттағы қонысынан жаңа құрлықты мекендеуге белсенді кірісіп, тарала бастағанының белгісі деп қарау керек. Шығыстан батысқа қарай, яғни, теңіз табанының судан босағанына онша көп уақыт бола қоймаған бөлігінде бауырымен жорғалаушылардың бір гектар аумақтағы саны әлі де аздау. Оның себебі, мұнда өсімдік жабынының түрлік құрамымен биомассасы әзірге жұтаңдау болып тұр. Оның молаюы, оған орай жануарлардың кеңінен таралуы уақыттың еншісінде.
4.3. ҚҰСТАР
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясына қарайтын зоология институтының мәліметі бойынша өткен ғасырдың 40-шы жылдары Арал өңірінде құстардың 319 түрлері болған көрінеді. Олардың ішінде 173 түрлері ұя салатындар, 123-і ұшып өтетіндер және 23-і сирек кездесетін құс түрлері. Көпшілігі су ценозымен байланысты-Бірқазан, Қарабай, Аққу, Үйрек, Шағала, Балшықшы т.б. Жыртқыш құстардан Бүркіт, Лашын, Қырғи, Ителгі т.б. 1978 жылы Арал теңізінің жағалауында жүргізілген зерттеулерге қарағанда, тіркелген құстардың түрлері 154 ғана болыпты, олардың 38-і ұя салатындар-Шіл, Қасқалдақ, Қарабай, Сүңгуір, Шағала т.б. 40-шы жылдары жүргізген зерттеулермен салыстырганда онан кейінгі 30 жылдың ішінде тіршілігі Арал өңірімен байланысты кұстардың түрлері едәуір азайып қалғаны байқалады. Сол құс түрлерінің ішінде Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген құстардың бұл өлкеде қалғандары 5-еу деген мәлімет бартын. Онда да олар осы өңір арқылы ұшып өтетін түрлер болса керек. Сонан бері өткен уақыт ішінде Арал өңірінде өте күрделі экологиялық тоқырау процесі жүріп, ол бүкіл биологиялық әлемге орасан ауыр нұқсан келтірді. Арал теңізінің Қазақстандық бөлігінде үштен екі ауқымынан артығырағы мен теңіз жағалауындағы көлдердің көпшілігі кұрғап қалған соң бұл өңірді мекендейтін және жайлайтын құстардың түрі мен саны азайып кетті. Бар мәліметке қарағанда, 70-шы жылдардан бері мұндағы құстардың түрлік саны 170-ке, ал ұя салатындардың түрлік саны 68-ге дейін азайғаны белгілі болған еді. Сол ұя салатындар қатарында бұрынғы Қаз тектестердің 143 түрін 3, шілдердің 17-нен 6, шағаланың 13-нен 4-і қалған еді. Бұрын ұя салатындардың теңіз жағасындағы ценозбен байланысты тіршілік ететін 8 түрінен Бірқазан, Құтан сияқты бір-екі түр ғана қалғанды. Оларда Арал өңірінде тұрақтамай ұшып өтетіндер қатарына қосылғанды. Себебі, олар үя салып, мекендейтін, жайылатын қамыс, қоға қалың шыққан сулы телімдер болмай қалды. Теңіз жағасында құстарға ұя салуға мекен тек бір ғана жерде қалды. Ол Берг бұғазынан батысқа қарай 7-8 км жердегі «Құйылыс» деп аталатын батпақ болатын. Оның шығыс және батыс жағалауынан ортасына қарай бағыталған еңістік пен баяу ылдилайтын жазық. Бұл көне заманда Сырдария өзені тасу жылдары арнаның сол жақ кемерінен асып жайылатын тасқын су теңіз қолтықтары Ақкөл мен Қаратерең ойпаты арқылы Қаратерең қыратын оңтүстік мүйісінен айналып ағатын өзектің теңізге құятын аяғы. Сол ескі өзектің теңізбен тоғысатын жерінде теңіздің суы жайылатын тайыз көлшік бар. Оның ауқымы 5-6 км2. Мұнда суда өсетін өсімдіктердің (қамыс. қоға) «Қопағы», Шалаң (балдырлар) ұя салатын қүстарға тәуір мекен болды. Көлшікте қайық жүрмейді, грунты ұйық, сондықтан жаяу адам жүре алмайды. Мұнда құстың түрлік құрамы көп емес, бірақ саны көп көлшікті жергілікті тұрғындар «Құс базары» деп атайды. Осы жерді мекендейтін құстардың басым көпшілігі балық жейтін Қарабай, онан саны аздау түрлері Құтан, Үйрек, Қасқалдақ, Шіл, Шағала бар. Бұл 2005 жылғы көрініс болатын. Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталып. Үлкен теңізге түсетін су азайған соң құс көп шоғырланатын сол көлшіктің едәуір бөлігі құрғап, ызасы бар грунтте быршылдақ майда сораң шыққан жерге айналды. Сонан құстардың саны азайды. Әйтсе де соңғы жылдары Көкарал бөгетінің бірінші кезегі іске қосылып, жұмыс істеуіне байланысты Солтүстік Кіші Аралдың деңгейі едэуір көтеріліп, оның экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағымды жактары көріне бастады. Сонымен бірге 2009 жылы Сырдария өзеніне салынып жатқан «Ақлақ» су электрстансасының құрылыс бөлігі аяқталған соң өзен ағысын реттеуге қол жетті. Соның нәтижесінде теңіз жағалауында құрғап жатқан көлдердің көпшілігіне су түсе бастады. Бұрын құрғап жаткан көлдердің су басқан ауқымы кеңейген сайын олардың төңірегі көкалданып, қамыс, қоға және баска ызасы мол жерге шығатын шөптер аралас шығып, көк майсаға айналды. Сонан Кіші теңізбен Көлдердің төңірегі, Көларалық ойпаттар құс мекендейтін шөбі қалың жерлерге айналды. Бұрын Арал теңізі мен теңіз жағалауындағы көлдер толық кезінде осы өңірде мекендеген құс түрлерінің көпшілігі қазір осында. Олардың ішінде Аққу, Қоңыр қаз, Үйрек, Қасқалдақ, Ақ және Көкқұтандар, Бірқазан, Қарабай, Шіл, Сүңгуір, Шағала т.б. бар. Яғни, түрлік құрамы мен саны аз емес. Тіпті бұрын бүл өңірде кездеспейтін Қоқиқаз (Фламинго) да осындағы көлдерді айналшықтап жүргені белгілі болып отыр. Ұя салатын құстар балапандарын өргізіп, көл жүйелерін ең жайлап жүргеніне, сондай-ақ су бетінде абыр-сабыр, ұшып-қонып жүрген неше түрлі құстардың көрінісіне қарағанда мұнда биология-түрлердің қайта өрлеуі қарқынды жүруде деп бағалауға болады. Сонымен бірге су ценозы мен тікелей байланысты немесе шөп жабыны қалың суға жақын жерлерде түршілік ететін андар да жиі кездесетін болды. Атап айтқанда, теңіз тартылғанда құрып кеткен Ондатр бұрыннан шаруашылық маңызын жоғалтпаған ірі көл жүйелерінде көбейіп, сонан қазір қайтадан қалпына келген көл жүйелеріне тарап, мекендеуде.
4.4. БАЛЫҚ
1918 жылы Кеңес Үкіметі Арал теңізінің шаруашылық маңызын жоғары бағалап,оның экономикаға қосатын үлесін тиімді пайдалану мақсатында балық өндірісін дамытуға ерекше мән берді. Сол жылы бұрынғы жеке меншіктердегі балық аулайтын мекемелер Түркістан аймақтық балық шаруашылық басқармасына берілді. 1923 жылы Арал балық инспекциясы ұйымдастырылды. 1925 жылы балық өнімдерін өндіретін мемлекеттік Арал балық тресті ұйымдастырылды. Сол жылдан бастап, Арал теңізінен және теңіз жағалауындағы көлдерден балық аулайтын майда артелдер, серіктестер және баска ұйымдар Арал аудандық балық ұжымшародағының (рыбколхозсоюз) құрамына бірікті. Арал теңізінен ауланған балықты өңдейтін және одан өнім өндіретін Ауан, Сарбасат, Бөген, Ұзынқайыр, Ұялы, Қазалы, зауыттары жүмыс істеді. Арал теңізінде балық аулайтын ұжымшарлардың (колхоз) саны 20 болды. Олар Ұялы, Көзжетпес, Қасқақұлан, Шевченко, Қарашалаң, Бөген, Қаратүп, Шөмішкөл, Раим, Ақшатау, Сталин жолы, Аманөткел, Ленин атындағы, Жаңажол, Қазақстан, Тастүбек, Жамбыл атындағы, Микаян атындағы және Бірлестік. Кеңес үкіметі орнаған алғашқы кезеңде ұйымдастырудың олқылығынан, құрал-жабдыктың тапшылығынан және басқа объективті себептерден Арал теңізінен (Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын қосқанда) ауланған балық онша көп болған жоқ, мысалы, 1929 жылы небары 25,7 мың тонна болды. Кейнгі кезенде 1931 ден 1941 жылға дейін жылына 38,8 мың тонна болып түрды, ал Ұлы Отан соғысынан кейінгі 1947 жылы тіпті 24,3 мың тоннаға дейін азайды. Бұл көрсеткіштер Арал теңізінің балық қоры әлеуеттіне сәйкес келмейді. 1950 жылдың аяғында Солтүстік Аралдағы балық ұжымшарлары (колхоздары) мен зауыттарының санын ықшамдап, екі үлкен-Солтүстік Арал және Қуандария моторлы балық аулау стансалары ұйымдастырылды. 1960 жылы бұрынғы мемлекеттік балық трестінің орынына Арал балық комбинаты құрылды. 1961 жылдан ірілендіріліп ұйымдастырған мемлекеттік Бөген және Қуандария балық аулау базалары жұмыс істей бастады. 1960 жылы теңіздің Солтүстік және Оңтүстік бөліктерінде ауланған балықтың түрі мен массасы мынадай болды (тонна).
Балық түрі
Масса, тн
Балық түрі
Масса,
тн
Балық түрі
Масса, тн
Тыран
50
Майбалық
1200
Майда балық
5850
Сазан
13000
Қаяз
450
Бекіре
5
Торта
7605
Тісті(судак)
1300
Жайын
1100
Шортан
400
Ақбалық
850
Сол жылы Арал ауданы ауланған балықтың жалпы мөлшерінен дайындаған балық өнімдері мынадай болды(тонна): Тоңазытылған балық-2340, қатқан балық -1560, тұздалған балық-7840. ысталған балық-2740, кепкен (қақталған) балық-3760. 1976 жылы бұрынғы Арал балық комбинатының орынына Арал балық өндірісі (Арал рыбпром) болып өндірістік бірлестік ұйымдастырылды. Арал теңізі ерекше табиғи географикалық нысан, ретінде ел экономикасына негізінен балықтан және азын-аулақ су ақының терісінен (ондатр) түсетін пайдамен қомақты үлес қосып тұрды.Теңіздің денгейі жоғары (53 метр абсолюттік белгіден-балтық жүйесі-БЖ), су массасы 1070 км3, яғни, мол, аумағы 62,9 мың км2 суының тұздылығы-11,13г/л болып тұрған қолайлы кезенде жыл сайын 46-50 мың тонна балық ауланды. Сонымен бірге өткен ғасырдың 60-шы жылдарында Сырдария өзенінің төменгі ағысында қалыптасқан табиғи гидрология-гидрохимиялық режимге байланысты көлдердің жалпы айдыны 115 мың гектардай болған еді. Олардан жыл сайын 8,0 мың тонна балық ауланып, Арал теңізінің Қазақстандық бөлігінде ауланатын балықтың 20%-ін құрады. Сол кезде азын —аулақ пайда су аңдарының терісінен алынды. Аңшылардың жыл сайын аулайтын ондатр терісі 234 мыңға жетті. Кейінірек экологиялық ахуал қиындап, теңіз тартыла бастағанда ондатр жайылатын орта тарылған соң оның саны 25 есеге дейін азайды. Сонан 1968 жылы бір жылда ауланған ондатрдың саны 9,1 мың дана болса, 1972 жылы небары 72 ондатр ұсталды. Арал теңізінің балықшылары өте табысты еңбек етіп, Қазақстан Республикасының экономикасына үлкен үлес қосты. Арал балықшыларының табысты еңбегі жоғары бағаланып, Қызылорда облысы бойынша Арал ауданының балықшылары Рысқұлов Бақыт, Өтеулиев Үштап, Әлімбегов Төлеген социалистік еңбек ері атағын алғаны соның дэлелі. Сонымен бірге экономиканың осы саласында ерен еңбегімен көзге түсіп, үлкен абыройға ие болған 7(жеті) адам эр кезенде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары болып сайланды. 1967-1975 жылдары Арал балык комбинаты 6 рет эртүрлі дэрежедей марапаттарға ие болды. Сондай-ақ Арал теңізінде Арал қаласы мен Қарақалпақ АССР-ы арасында жүк таситын тэуір дамыған су көлігі жұмыс істеді. Осының бэрі Арал теңізінің әлеуметтік және эконмикалық маңызы қандай болғанын көрсетеді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында белең алып, жылдан жылға күшейе берген экологиялық тоқырау Арал бассейініне орасан зор нұқсан келтірді. Экологиялық тоқыраудың салдарынан Арал теңізінің Қазақстандық бөлігнде үштен екіден артығырақ аумағы қүрғап, орынында 21,4 мың км2 сусыз шөл дала пайда болды. Сонымен бірге теңіз жағалауындағы көлдердің көпшілігі құрғап қалды. Олардың шаруашылык маңызын жоғалтпаған ірі жүйелерінің суы гидрология-гидрохимиялық жағынан сапасыздануына байланысты өңірдің элеуметтік-экономикалық ахуалы күрт төмендеді. Осыған орай 1988 жылы 19 қыркүйекте СОКП мен КСРО министрлер кеңесінің №1110 "Арал теңізі аймағында су мен жер қорларын тиімді пайдалану мен қорғауды түбегейлі жақсарту жөнінде" қаулы қабылдаған болатын. Сол қаулыны жүзеге асыру жөнінде Қазақстан үкіметі 1988 жылы 29 карашада №555 және 1992 жылы 25 наурызда №280 "Арал өңіріндегі тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және экологиялык жағдайын жақсарту жөнінде кезек күттірмейтін шаралар туралы" қаулыларын қабылдады. Сол сияқты Арал өңіріне байланысты проблемаларды шешуге бағыттаған бір қатар халықаралық келісімдер мен қаулы-қаралар да қабылданды. Аталмыш құжаттардың басты мақсаты, Арал өңірі тұрғындарының тұрмысын жақсарту, Солтүстік Аралдың деңгейін қолдан реттеліп тұратын ірі көл жасау болды. Сонымен бірге осы идеялар жүзеге асқан жағдайда Арал теңізінің құрғаған табанынан желмен көтерілетін тұзды шаңның таралуын бәсеңдетуге, табиғи өсімдіктер қауымдастығын және дәстүрлі балық аулау кәсібін қалпына келтіруге мүмкіндік туатын еді. Бірақ қаулы-қарарлар толық мәнді жұмыс істемеді. Мәселе сол баяғы тиын-тебеннің тапшылығына келіп тірелді. Қазақстан Республикасы егемендік алған алғашқы жылдары қаржы тапшылығын көргені белгілі. Әйтсе де сол қиын-қыстау кездің өзінде Қазақстан үкіметі шамасы келгенше табиғат қорғауға қаржы бөліп отырды. Бірақ қаржыны әр аймақтың экологиялық ахуалын ескермей бөлетін ала-құлалық орын алды. Атап айтқанда, 1992-1994 жылдарда үкіметтің қоршаған ортаны қорғау мен табиғи қорларды тиімді пайдалануға бөлген қаржысы бұрынғы мен салыстырғанда 3,3 есе кеміді. 1994 жылы нақтылы бағамен есептегенде оның мөлшері 2,9 млрд теңге болды. Бұл каржы мөлшері республиканың экономиканы дамытуға бөлген жалпы қаржысынан есептегенде небары 2,9%. Табиғат қорғау үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржының мөлшері 1993 жылы 67% болса, ол 1994 жылы 9,2%-ке дейін азайды, яғни, 208,9 млн тенге болды. Табиғат қорғауға үкімет берген қаржыны аймақтарға бөлуде алақұлалық осы бөлісте орын алды. 1994 жылы табиғат қорғауды инвестициялау Семейде 30% болса, Қостанаңда 21 есе, Жамбыл, Көкшетау, Қызылордада орта есеппен 5-8 есе кеміді. Табиғатты қорғау және жергілікті табиғи қорларды тиімді пайдалану мәселесіне осындай көзқарас Арал өңірінде балық шаруашылығын жандандыруға себін тигізе алмады. Әйтсе де кейінгі жылдары Сырдария өзенінің ағысы алдыңғы кезендерге қарағанда біршама молаюына байланысты өңірде экологиялық ахуал сәл-пәл тұрақтанды. 1989-1995 жылдарда Сырдария Атыраулық төменгі көлдерге түскен судың көлемі көбейді. Осы кезенде ірі-ірі көл жүйелерінің көлемі мен айдыны әр жылы құбылмалы болса да тұрақты деңгейде су алып тұрды. Сонан көлдердің гидрология-гидрохимиялық режимі гидробионтардың тәп-тәуір өсіп-өнуіне қолайлы болды. Балық өндірісінде дайын өнімдерді сату жүйелерін қалыптастыру кластерлік бағдарламаның тағы бір маңызды буыны болып табылады. Балық пен балық өнімдері көбірек сұранысқа ие болады, егер олардың сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келіп жатса ғана. Ол үшін оларды салатын ыдыстар мен қораптар керек. Балық шаруашылығы өзіне тән ерекшелігі мен қиындықтары бар сала болғандықтан оны жүргізетін білікті мамандар даярлау маңызды мәселелердің бірі екені белгілі. Олай болса, қайтадан өрлей бастаған Арал өңірінің балық шаруашылығы үшін орта және жоғарғы білімді ихтиолог мамандар ауадай қажет. Сонымен Арал өңірінде балық өндірісін көтеріп, экономикалық табысты саланың біріне айналдыру үшін бірқатар кезек күттірмейтін мәселелердің оңтайлы шешімін табу қажет. Олардың ең бастысы Көкарал бөгетінің екінші кезегін салу арқылы Солтүстік кіші Аралды өзінің табиғи деңгейіне дейін көтеру және теңіз жағалауындағы құрғап жатқан көл жүйелерін суға толтырып, қайтадан қалпына келтіру болмақ. Сондай-ақ көл жүйелерін балықтандыруды дамыту үшін балық питомниктерінің өнімді жүмыс істеуді ерекше назарда болуы тиіс. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін Арал теңізінің деңгейі төмендеп, суында тұздың концентрациясы көбейе бастаған соң теңіздің ихтисфаунасын толықтыру жұмыстары қолға алынды. Сол бағдарламаның аясында 1979 жылдан бері ащы суға көнбісті Азау (Азов) теңізінің Қамбала-Қалқан балығы жерсіндірілген болатын. Алғашқыда жылына 400 бас, онан кейінгі жылдары 2000 басқа дейін әкеліп жіберген Қамбала Солтүстік Арал теңізіне тез үйреніп, қысқа мерзімде кәсіби ауланатын негізгі балық түріне айналды. Оның биомассасы молайып, жылына 2,0-2,5 мың тоннаға дейін ауланып жүр. Бірақ Солтүстік Аралдағы Қамбала балығының болашағы жоқ. Өйткені, кіші аралдың суы жылдан жылға тұщыланып келеді, ал Қамбала ащы суға бейімделген. Қамбаланы алғашқы әкелгенде кіші Аралдың суының тұздылығы 30 г/л еді, ол кем-кемнен 23 г/л-ге деңгейге төмендеді. Көкарал бөгетінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, іске қосылған соң қысқа мерзімде теңіз суының тұздылығы 17 г/л-ге дейін азайды. Қазір Қамбала балығының массасы жылдан жылға азайып келеді. Оның есесіне Солтүстік Аралдың суы тұщыланған сайын жергілікті (абориген) балықтардың, олардың ішінде сырттан әкелініп жерсінген балықтар бар, биомассасы көбейіп келеді. Жақын болашақта негізгі жергілікті көлдер байырғы балықтыр беретін болады. Оған объективті алғы шарттар бар. Арал өңіріндегі көл жүйелерінде балық басын көбейту бағытында өнімді жұмысты «Қосжар» және «Тастақ» балық питомниктері атқарып отыр. Соңғы жылдары Республика бөлген қомақты қаржымен және халықаралық ұйымдардың (ЮСАИД-МАШАВ) қолдауын пайдаланып, бұл питомникте бір жылдық шабақтар өсіріп, көлдерді балықтандыруды едәуір қарқынды жүргізуде. Аталмыш шаралардың нәтижесінде бір жылдық шабақтардың санын 15 млн-ға жеткізді. Сонымен бірге бұл питомниктердің өндірістік қуатын көтеру мақсатында «Қосжар» питомнигінің көлемін 80.0 гектарға, «Тастақ» питомнигінің көлемін 100.0 гектарға дейін ұлғайту қолға алынды. Озат технология негізінде питомниктің жұмысын ұйымдастыру тек қолда бар жергілікті жердегі байырғы балықтардың шабағын көбейіумен ғана шектелмей бұрын Арал теңізінен мол ауланып жүрген, бірақ қазір құрып кеткен ең құнды балықтар-Қаяз бен Бекіренің шабағын өсіру жүргізілуде. 2005 жылдан бері Ресейдің Астрахань облысынан әкелінген Бекіренің шабақтарын өсіріп отыр. Жақын болашақта Солтүстік Аралдан Бекіре мен Қаяз балығын өндірістік аулауға болады деген сенім бар.
4-тарауға бақылау сұрақтары:
Теңіздің құрғаған орынында өсімдіктің қалыптасуы туралы айтыңыз.
Жануарлар туралы.
Құстар туралы.
Балықтың түрлері.
Биологиялық көптүрлілік қалай қалыптасуда.
5-тарау. ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНДЕРІН ДАМЫТУ
Теңіз жағалауында суармалы егіншілікті
тәжірибеге енгізу
Біздің пікірімізше, теңіз жағалауында суармалы егіншілікті тәжірибеге енгізудің нәтижесі тиімді болар еді.Оны біздің зерттеулеріміз және жергілікті байырғытұрғындардың кейбіреулері диханшылықты кәсіп еткен тәжірибелері көрсетіп отыр. Мұнда егіншілікті өркендетуге объективті алғы шарттар бар. Атап айтқанда, шаруашылық айналымға қосып, игеретін мелиоративтік күйі тәуір жердің және егінді суаратын судың қоры жеткілікті. Оны тек жүйелі түрде ұйымдастырып, басқару керек. Сонда теңіз жағалауының байырғы тұрғындары көпсалалы шаруа қожалықтарын (егіншілік, мал шаруашылығы, балықшылық) жүргізетін болады. Бұл салалардың жетекшісі егіншілік болмақ. Олай дейтініміз, Арал теңізінің жағалауын мекендейтін байырғы тұрғындар ежелден балық аулау мен мал өсіруді кәсіп етіп, бұл салалардың қыр –сырын тәуір біледі. Бірақ осы шаруашылық салалары кейінгі жылдары экологиялық тоқырауға байланысты елдің әлеуметтік күйі мен материалдық тұрмысын талапқа сай деңгейге көретіндей орнықты дамуды қамтамасыз ете алмай тұр.
Оның себебі, жергілікті тұрғындардың бәрі балық ауламайды.
Ал малды бәрі өсіреді, өйткені, малсыз күн көрісі мүмкін емес. Алайда мал басынан өсімі мен өнімі жергілікті жердегі шөптің қорына байланысты бірде олай, енде бірде былай болып, құбылып тұрады. 2001-2009 жылдары теңіз жағалауындағы көл жүйелері құрғап қалды да көлтабандар мен олардың төңірегіндегі бұрынғы ызасы бар, сондықтан шабындық пен малға жайылым болатын жерлер шөп-бұтасыз қу тақыр болып қалды. Сонан теңіз жағалауындағы елді мекендерде мал басы едәуір кеміп, мал шаруашылығы пайдасыз салаға айналған кезі болды. Өңірде бұл мәселе соңғы жылдары шешімін тапты. Өйткені, құрғап жатқан көлдерге су түскеннен бері шөп жабыны қалың өсіп, малдық азығы молайды. Ендігі шешімін күтіп тұрған мәселе теңіз жағалауындағы тұрғындарды суармалы егіншілікке жұмылдыру болып тұр. Сонда олар көпсалалы (егіншілік, мал шаруашылығы, балық өндірісі) шаруа қожалықтарын жүргізетін болады. Бұл жағдайда жермен жұмыс істеген тұрғындар қажетті витаминді азық-түлікті өздері өндіреді, мекендерін көгалдандырады, мал азықтық ауыспалы егістер енгізеді, сөйтіп, өңірде экологиялық және әлеуметтік- экономикалық шараларды кешенді орындайтын болады. Оған мүмкіндіктер бар. Олай дейтініміз, 2015 жылы САРАТС-2 жобасының екінші кезегі қолға алынды. Ол аяқталған кезде Көкарал бөгетінің биіктігі 48 (БЖ бойынша), Солтүстік Арал көлінің деңгейі 46м, су айдынының аумағы 4213 км, суының көлемі-4204 км-ге жетеді. Сонда теңіз жағалауындағы көл жүйелері түгелдей суға толады, төңірегі көк майса шөп, адамға, жан- жануарларға жайы ғажайып әлем қалыптасады. Зерттеулеріміз көрсеткендей мұнда егін егуге қолайлы мелиоративтік күйі тәуір жер көлемі аз емес.Ондай кәдімгі құм-лай алеврит шөгіндіде пайда болған гидроморф топырақ түрлерінде тұз аз. Олар ескі дарияның теңізге құйған авантырауында, Сырдарияның арналық қырқасында, көларалық ойпаттарда, құрғақ көлтабандарда тараған. Ондай жерлердің жалпы көлемі 10-12 мың гектардай болады және олар ел мекендері мен су көзіне жақын орналасқан. Теңіздің құрғаған қолтығында судан шыққан сондай жерге 226-2009 жылдары ауыл шаруашылық дақылдарымен жүргізген далалық тәжірибелердің нәтижелері тәуір болды. Тәжірибелік алаңда егілген көкөніс (помидор, капуста, сәбіз, жуа, қияр, қызылша), қауын, жүгері, жоңышқа дақылдары көктеп шыққан соң өсу фазаларын дер кезінде өтіп, ортадан жоғары өнім берді. Вегетативтік және генеративтік органдарында қалыпты жағдайдан ауытқушылық болған жоқ. Ерекше назар аударатын жай, топырақ профилінің жоғарғы 0-50 см қабатында тұздың концентрациясы көп емес -1,02% шамасында. Су астынан шыққан топырақты тұздың мұндай аз болуын «шаю эффектісінің» әсерінен деп бағалау керек. Топырақтың мелиоративтік көрсеткіштері ауыл шаруашылық дақылдарының (күріштен басқа) қай түрі егілсе де оның өсіп- өнуіне, өнім беруіне шектеуші фактор болмайды, яғни, егін егуге қолайлы. Бірақ бұл топырақ түрлері егіншілікке игерілетін болса, онда жердің күтіміне бағытталған мелиоративтік шаралар міндетті түрде орындалуы тиіс, мысалы, қашыртқы жүйелерін салу және егіндік жерде топырақтың биологиялық белсенділігін көтеру арқылы оның тиімді құнарын жасау, ауыспалы егіс енгізу сияқты шараларды орындау қажет. Теңіз жағалауындағы тұрғындар суармалы егіншілікпен айналысқанда көпсалалы шаруа қожалықтарын жүргізуге мүмкіндік туады. Яғни, егіншілік, мал шаруашылығы және балық өндірісін дамытады. Оған толық мүмкіндік бар. Мұндакөпсалалы шаруа қожалықтарын жүргізетін аймақтар Қазақстан аумағында жоқ деуге болады. Бұл өте тиімді болатынын зерттеулер көрсетті. 2007-2009 жылдары ауыл шаруашылық дақылдарымен жүргізген далалық тәжірибелерде егілген дақылдардың вегетация кезіндегі морфологиялық күйін көрсететін-сурет.тер беріліп отыр.Фотосурет.терден көрініп тұрғандай, теңіздің астынан шыққан (Ақкөл қолтығы) алеврит шөгінділерден тұратын топырақ түрінде тәжірибелік дақылдар (капуста, помидор, жуа т.б) вегетациялық өсу даму фазаларын қалыпты жағдайда өтіп, ортадан жоғары өнім берді. Демек, теңіз жағалауындағы мелиоративтік күйі тәуір гидроморф жерлерді егіншілікке игеріп, көп салалы шаруа қожалықтарын жүргізу тиімді болатыны негізделіп отыр. Қазіргі Қаратерең, Қарашеңгел, Жаңақұрылыс ауылдық округтерінде кейбір тұрғындар егіншілік кәсібін жүргізіп отыр. Бұл осы өңірде көпсалалы шаруа қожалығын жүргізудің тиімділігін айғақтайды. Сонымен бірге теңіз жағалауында ауқымды бос жатқан жерлер бар. Ол жерлерді жасанды шабындық пен жайылым жасау тәуір нәтиже береді. САРАТС-2 жобасы қолға алынып отырған қазіргі кезеңде арал өңірінің табиғатын түлетіп, оның қорларын пайдалану арқылы өңірді кешенді дамыту мүмкіндігі молая түсуде.
5-тарауға бақылау сұрақтары:
Арал өңірінде табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға байланысты шаруашылық салаларын дамыту мүмкіндігі қандай?
Балық өндірісінің қазіргі және болашақтағы күйі туралы айтыңыз.
Мал шаруашылығының қазіргі күйі туралы айтыңыз.
Теңіз жағалауында егіншілікті дамыту мүмкіндігі қандай?
Көпсалалы шаруа қожалықтары шаруашылық салаларын бірге жүргізеді және оның тиімділігі қандай болады?
6-тарау. АРАЛ ӨҢІРІН КӨГАЛДАНДЫРУДЫҢ ЭКОЛОГИЯ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Өсімдік әлемінің биосфералық рөлі
Өсімдіксіз биосфераның болуы мүмкін емес. Жер бетінде тірі әлемді қалыптастырып, ұстап тұрған өзегі сол өсімдік. Ағашы мен бұтасы, көпжылдық пен біржылдық шөптері, оларды паналайтын жан-жануарлары бар өте күрделі қауымдастық құрайтын өсімдік әлемі кез-келген аймақта қоршаған ортаның жай- күйі қандай екенін көрсететін өлшем құралы іспеттес. Жер бетіндегі тіршіліктің алғашқы түрі өсімдік болғаны соны айғақтайды. Өсімдіктер суда, топырақта, жер қыртысының қабатында (жер астында) тіршілік етеді. Судағы өсімдік түрлерін адам әлі толық пайдаланып жүрген жоқ. Жасыл өсімдіктер су ортасындағы жалпы тіршілік пен ондағы фаунаның тіршілігі үшін үлкен рөл атқарады. Топырақтағы өсімдік әлемі(бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар) топырақ құрылу процесіне белсенді қатысады, сөйтіп, топырақ құнарының толық мәнді қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Топырақ болса ол да қоршаған ортаның құрамдық бөлігі ретінде ластануға берілуде. Жер қыртысының (жерасты) қабатындағы өсімдіктің түрі көп емес. Олардың негізін 2-3 км тереңдікке дейін тараған бактериялар құрайды. Адам қызыметінің оларға әсері туралы мәлімет жоқ. Жер бетіндегі өсімдік әлемінің түрлік саны бес жүз мыңдай (500 000) дейді ғылым. Жер бетіндегі өсімдікті адам көп пайдаланады. Соған орай, оларға адам қызметінің әсері күшті болғандықтан қазіргі кезде көптеген түрлердің құрып кеткені немесе соның алдында тұрғаны белгілі болып отыр. Өсімдік фотосинтез арқылы табиғатта зат айналымына қатысады, оны күшейтеді. Фотосинтез өте күрделі процес. Ол жасыл жапырақтың хлорофил дәнінде жүреді ( СО+Н О+ күн энергиясы-органикалық зат). Фотосинтез күннің кинетикалық энергиясын потенциалдық энергияға (органикалық зат) айналдырады. Жер бетіндегі тіршіліктің негізі осы процес. Осы реакцияның барысында жасыл жапырақта ең алдымен еритін көмірсутектер түзіледі және оттегі (О) бөлініп шығады. Судың құрамындағы сутегі ионы (Н) реакцияға түсетін көмірқышқыл газын ( СО) тотықсыздандыруға жұмсалады. Сөйтіп, Н органикалық қосылыстардың пайда болуына белсенді қатысады, ал О атмосфераға кетеді. Жер бетіндегі жасыл өсімдік жыл сайын шамамен 25-30 млрд (кейбір мәліметтерде 10-нан 100 млрд тоннаға дейін) көміртегн (С) сіңіреді (ассимиляция) және сондай мөлшерде (С-ін) мұхиттардағы фитопланктон сіңіреді. Жер бетіндегі мөлшеріне тең көміртегін (С) сіңіреді. Соның нәтижесінде өсімдіктің жыл сайын жасайтын органикалық затының мөлшері 177 млрд тонна, оның 122 млрд-ын құрлықтағы (орманның үлесін 70 млрд тонна тиеді), ал 55-іне әлемдік мұхиттағы өсімдіктер жасайды. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі барысында көмір қышқыл газы (СО) шығып, атмосфераға тарайды. Оны жасыл өсімдік қайтадан фотосинтезге қосады. Атмосферадағы СО –ың қоры фотосинтезге шикізат ретінде тек 300 жылға ғана жетеді. Жасыл өсімдіктің тіршілігімен тікелей байланысты аса маңызды зат ретінде оттегін айтатын болсақ, атмосферадағы барлық оттегінің (О) қоры тірі организмдердің денесінен 2000 (екі мың) жылда толық өтеді деп есептеледі. Осы айналымдағы элементтердің бірі сутегі (Н) су (НО) молекуласы ыдырағанда бөлініп, атмосфераға шығады. Фотосинтездің барысында жер бетіндегі өсімдік әлемі планетадағы барлық суды шамамен 2 (екі) млн жылда толық пайдаланып, ыдыратады (Клауда, Джабер, 1972). Жер бетінде фотосинтез процесі 2 млрд жылдан артық уақыт жүріп келеді. Осы уақыт ішінде жер бетінде орасан көп органикалық зат түзіледі. Оның белгілі бөлігі мұнай, жанғыш газдар, көмір, сланец, шымтезек (торф) түрінде біздің заманымызға дейін сақталған. Мұнай мен көмірдің құрамындағы С-ің мөлшерінен 50 (елу) есе көп болса керек. Көптеген органикалық заттардың молекуласы құрамында С, Н, О-інен басқа азот (N), күкірт (S), фосфор (Р) және сонымен бірге магний (Мg), темір (Fе), мыс (Сu), кобальт (Со) т.б. элементтер де болады. Өсімдік олардың бәрін тұздардың иондары түрінде топырақтан алып, табиғи зат айналымға қосады. Сол заттардан басым көпшілігі тотыққан түрде болады. Топырақтағы минерал тұздары табиғи жағдайда сумен шайылып кетеді. Бірақ өсімдік олардың белгілі бөлігін бойына сіңіріп, органикалық заттың құрамына қосады, ал сол органикалық зат пен бірге олардың белгілі бөлігін жануарлардың денесіне өтеді. Өсімдік пен жануарлар өлген соң олардың қалдықтары ыдырайды, сөйтіп, минерал заттар қайтадан топыраққа өтеді. Осы айналма процестің барысында өсімдік әлгі минерал заттардың белгілі бөлігін сіңіру арқылы оларды жер бетінде ұстайды.Мұнай кіші биологиялық зат айналым дейді. Сонымен бірге өсімдік жер бетіндегі суға, климатқа, жануарлар дүниесіне және басқа биосфералық құрылымдарға ықпалын тигізеді. Демек,биогеоценоздың ең маңызды құрамдық бөлігі (компонент) жоғарғы өсімдік әлемі, өйткені, ол биогеоценозға кіретін топырақ,микроорганизмдер, жануарлар құрамдық бөліктерін бірімен-бірін байланыстырып тұратын «Дәнекер» десе болады. Олардың қай қайсы да жоғары өсімдіксіз күні жоқ. Биогеоценоздың сипаты өсімдіктерге және олардың қызметіне байланысты. Сол себепті, табиғатты, оның қорларын пайдаланудың негізі жасыл өсімдіктерді қорғаудан басталады. Әрине, жер бетінде жасыл өсімдік әлемінің азаюы әлемдік зат айналымының режимін бұзады. Ол қазір көзге көріне бастады. Сонан биосфераның құрамдық бөліктерінің арасындағы тұтастық байланысы үзіледі, яғни, тепе-теңдікке жік түседі. Бұл жағымсыз процес өз кезегінде адамның тіршілігіне қауіп төндіреді. Адамның көп салалы қызметі өсімдік әлеміне орасан күшті әсер етуде. Ол екі жақты: пайдалы және зиянды. Пайдалы жағы ауқымды кеңістікте алуан түрлі мәдени өсімдіктер өсіріледі. Олар фотосинтез прцесі арқылы өнім (дән, жеміс) және жасыл масса береді. Бұл жағдайда суармалы жерлердегі өсімдіктің өнімі мен массасы даладағы жабайы өсімдіктерден әлде қайда жоғары. Адам ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдаланып, жерді суару, батпақты құрғату, сорлануға (тұздану) қарсы күресу, топырақты органикалық затпен байыту сияқты шараларды жүзеге асырады. Бұл шаралар мәдени өсімдіктердің өнімін молайтады. Сондай-ақ орман алқаптарын қалпына келтіру, жазық жерлерде орман ағаштарын отырғызу, қаланы және елді мекендерді көгалдандыру, мәдени дақылдардың жаңа сорттарын шығару, өсімдіктердің зиянкестермен және аурулармен күрес жүргізу сияқты маңызды жұмыстарды орындайды. Зиянды жағына келетін болсақ, ол да адамның қолымен жасалады. Атап айтқанда, өсімдікті пайдалану кезінде оларды тікелей құрту (ағашты кесу, бұталарды шабу, шөпті ору және жинау, мал жаю т.б.), су қоймаларын салу, пайдалы қазбаларды ашық әдіспен алу (көмір, руда, құрылыс материалдары), жаңадан жер игергенде шөпті өртеуден өсімдіктер пайдасыз құриды. Сонымен бірге жерді суарғанда, батпақты құрғатқанда , жер сорланғанда, су қоймаларының гидрологиялық режимі өзгергенде, ортаның химялық заттармен ластануынан, әртүрлі зиянкестердің көбеюінен өсімдіктер орасан күшті зардап шегеді. Өсімдікке өздігінен қалпына келу қасиеті тән, бірақ адам қызметінің тікелей немесе жанама әсерінен олардың көбею, өсу және даму жағдайы өзгеретін болса, онда олар өздерінің қасиеттерін сақтай алмайды. Кейбір өсімдік түрлерінің жер бетінен құрып кетуі, планетада немесе кейбір аймақтарда сиректеп қалуы соның айғағы. Адам қызметінің зиянды әсерінен жер бетіндегі өсімдік әлемінің түрлік құрамы да, биологиялық массасы да азайып барады. Сондықтан өсімдіктерді тиімді пайдалану, оларды қорғау ең маңызды міндеттердің бірі. Егер өсімдік әлемін қорғау мен көбейтуді дұрыс ұйымдастырса, олардың қорын тиімді пайдаланса, оның планетадағы әлеуеті шексіз деуге болады. Жасыл өсімдік әлемін құрайтын түрлердің биосфералық рөлі бірдей. Бірақ әр түрдің тек өзіне ғана тән ерекше қасиеті бар. Әйтсе де солардың ішінде орманның орыны ерекшелеу екенін білеміз, өйткені, орманның адам үшін жалпы табиғат қорғау рөлі күштірек. Орманның су қорғау рөлі ертеден белгілі, өйткені, өзен алқаптарына жақын жердегі орман ағаштары қырқылғанда өзендер көктемде қатты тасиды, ал жазда суы тайыздап, азаяды. Сол себепті, КСРО-ның тұсында су қорғайтын орман жүйелері жасалып, оның көлемі жалпы орман көлемінің 5%- дейін болған еді. Орман топырақты жел және су эрозиясынан қорғап, оның құнарын сақтайды. Эрозияға қауіпті жерлерде жасанды орман алқаптарын жасау тәжірибесі бар және ол өзінің табиғат қорғау рөлін көрсетті. Орманы бар жерде климат жұмсақ және өңірдің ауасы ылғалды, жауын-шашыны мол болатыны белгілі. Сонан температураның тербелуі онша күшті байқалмайды, атмосфералық ауаның төменгі қабатында жанға жайлы микроклимат қалыптасады, суықтың және жаз айларында аңызақ желдің күші бәсеңдейді. Сонымен бірге орманның эстетикалық маңызы үлкен және адам денсаулығына өте пайдалы. Мысалы, өкпелі ауруын емдейтін демалыс орындары қарағай орманға жақын орналасатын соның айғағы. Қарағай ағашы құрамында терпеңдер бар қарамай бөліп шығарады. Олардың фитонцидтік (дезинфекциялық) қасиеттері өте жоғары. Ол заттар атмосфералық ауаны әртүрлі зиянды микроорганизмдерден тазартады. Қалалар мен елдімекендерде, өндірістік мекемелері орналасқан жерлерде көпжылдық шөптер сеуіп, шым жасау, ағаш-бұталар отырғызып, жасыл-желектің ауқымын көбейту кездейсоқ емес. Мұндай шаралар ауаның тазалығын сақтау арқылы тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыс болып табылады.
Орманның экологиялық күйі. Орман ағаштарын қырқу өте ерте заманда басталады. Алғашқы адамдар егін егу және мал жаю үшін орманды қырқып, өртеп жердің бетін жалаңаштады. Уақыт өте келе адам қоғамы дамыған сайын оның ағашқа және онан алынатын әртүрлі бұйымға сұранысы күшейе береді. Сонан орманды қырқып, ағашты кәдеге жаратудың қарқыны өсе түсті. Ағашты құрылысқа және әсем сарайларды әшекейлеуге кеңінен қолданды. Осыдан 5 мың жыл бұрын Соломон патшаның сарайын әшекейлеу үшін Ливан тауларындағы кедр орманы қырқылған көрінедіАнтик дәуірінде Рим империясы әскери соғыс кемелерін жасауға Далмация тауларындағы құнды ағаштарды қырқып алған. Осындай себептерден біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықта Қытай мен Индия жеріндегі қалың ормандар жойылған. Демек, жер бетіндегі ормандарды азайтып, оларда өсетін алуан түрлі құнды ағаштарды жойқынға ұшырату адамның опасыз, эгоистік іс-әрекетінің нәтижесі екені ақиқат.Соның айғағы ретінде соңғы 10 (он) мың жылда жер бетіндегі барлық орманның, әсіресе халық тығыз орналасқан аймақтарда, үштен екісі (2/3) құрып кетті. Жер бетінен жойылған орманның жалпы көлемі 500 млн. гектар.
Орман ағаштарына ерекше бір ашқарақтықпен тиісіп, көп құртқан Солтүстік Америка құрлығының тұрғындары. Олар жүз жылда 540 млн. гектар орманды құрып, орнын далаға айналдырды. Соның нәтижесінде орасан үлкен аймақта топырақ эрозиясы күшеюде. Қолдан жасалған сол далада қара дауыл жиі соғып, су тасқыны мен жаз айларында аңызақ жел соғатын болды. Мұндай құбылыстардан экономикаға келетін зияны миллиардтаған доллармен есептеледі. Орманның қазіргі жағдайы кәрі құрлық Еуропада да мәз емес. Бұрынғы заманда Грекияның аумағында 65% орман болса, қазір қалғаны 15 %. Бірақ соңғы жылдары осы елдің аумағында болған орасан күшті орман өрті қалған орманның көлемін едәуір азайтып жіберді. Испанияның аумағында болған орасан күшті орман өрті қалған. Орманның көлемін едәуір азайтып жіберді. Испанияның аумағында бұрын сегізден бір (1/8) бөлігін орман жауып тұрса, қазір сонан қалғаны өте азғантай болса керек. Сол сияқты онымен көрші ел-Алжирде 1870 жылдан 1940 жылға дейін бір миллион гектар орман құрылған. Жер аумағы үлкен, орманы көп ел ресей. Мұнда да орманның қазіргі жағдайы көңіл көншітерлік деуге болмас. Бұл елде 17 ші ғасырдың соңынан 1914 жылға дейін еуропалық бөлігінде 70 млн гектар орманды құртып жіберді. КСРО-ның кезінде өнеркәсіптік қарқынды дамуына байланысты және ағашты экспортқа көп шығаруы себепті халық тығыз орналасқан аймақтарда орманның 30%-ы қырқылды. Сумен ағашты тасымалдау мақсатында өзен жағалауындағы ормандар жойылды. Орманның қас жауы, оған жойқын алапат келтіретін тілсіз жау-өрт екені белгілі. Мысалы, 1915 жылы Ресей жеріндегі тоғайда 125 мың гектар орман өртеніп кетті. Тіпті 2010 жылғы Ресей жерінде өртенген орманның көлемі де аз болмаса керек. Атап айту керек, ең қауіптісі ашық су көздерін қорғайтын орман алқаптары жойылғанда табиғаттың стихиялық зардаптары жиі-жиі қайталайды. Сонан өзен тайыздайды, көлдер құрғайды, балық қоры азаяды, көктемде тасыған өзен су тасқынын жасайды, шаруашылықтарды күйзеліске ұшыратады . мысалы, Америка құлығында жағалауы орман ағаштарынан ада болып, Миссисипи өзені тасығанда 250 адам опат болған және 1,5 млн бас мал құрылған. Сөйтіп, материалдық шығыны 300 млн долларға жетті. Сондай апат 1931 жылы Қытайда орын алды. Онда тасыған өзен суы 16 провинцияның аумағын басып, көп адам қазаға ұшырады. Әлемнің түпкір-түпкірінде мұндай жағдайдың көп болғанын және болып та жатқанын айтуға болады. Әлемде жалпы орман көлемі 4,0 млрд гектар, оның жартысын тропикалық ормандар құрайды. Орманы көп елдер: Ресей - 700 млн га (ағаштың қоры 80 млрд м), Канада - 250 млн га (ағаштың қоры 24 млрд м), АҚШ - 202 млн га (ағаштың қоры 18,4 млрд м), Швеция - 23 млн га (ағаштың қоры2,3 млрд м), Финляндия - 22 млн га (ағаштың қоры 1,5 млрд м), Франция - 13 млн га (ағаштың қоры 1,3 млрд м). Қазақстан аумағында орман аз және оның көлемі әр облыстың аумағында бірдей емес. Орманның ең көбі шығыс Қазақстан облысында республика аумағынан алғанда 14,2% болса, Атырау облысының жерінде небары 0,3%-тен аспайды. Кезінде таулы жер дің орманды және жайылымы мен шабындық алқаптары ауыл шаруашылығы мен өндіріс мекемелеріне ұзақ мерзімге пайдалануға берілген болатын. Ондай орман қорының жерінен пайдалануға берілген жер көлемі 51% (10,7 млн га), оның ішінде орманы бар жер-3,9 млн гектар. Сол жерлерге мал жаю ретсіз жүргізілгендіктен орманы азайды және дәрі-дәрмектік шөптер мен жабайы жеміс-жидек өсетін жерлердің көлемі тарылды. Ұзақ мерзімге пайдалануға 942,3 мың га таудың орманы берілген еді. Ол ормандарда республикадағы жалпы орман ағашының 56%-ы және жалпы әбден піскен сапалы ағаш қорының 79%-ы шоғырланғанды. Қазіргі шығыс Қазақстан облысында орманы құрыған жер көлемі 440,4 мың га (жалпы орман қорынан 25,8%), ал ондағы ағашы қырқылған және өртенген жер көлемі-162 мың га (36,8%). Қазақстанның басқа облыстарында орманы жойылған жер көлемі: Алматы облысында-22,2 %, Талдықорған облысында -13,5%, Оңтүстік Қазақстан облысында -42,5 %, Павлодар облысында -51,8% Қарағанды облысында-24,2 %. Республика аумағында ағаш дайындайтын негізгі база рудалы Алтай. Мұнда бірнеше ондаған жылдар бойы ағаш қырқу жүйесіз жүргізіліп келеді. Осындай берекесіз шаруашылық жүргізудің нәтижесінде қылқан жапырақты орманның көлемі 112 мың гектарға (мұндағы жалпы орман қорының 15,7 % -ы) кеміп, ондағы қылқан жапырақты ағаштың қоры 27 млн м –ге азайды. Сөйтіп, 60 мың гектар орманның орнында ашық алаңқайлар, тығыз өскен бұталар мен өнімсіз жайылым жерлер қалды. Орманға қатысты осындай берекесіз қызметтің нәтижесінде орман алқаптары және оларға жақын орналасқан басқа өсімдік қауымдастықтарының бұзылуы (деградация) екпінді жүруде. Бұл жағдай жалпы экологияға күшті зиянын тигізіп келеді. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан тауларындағы ормандар бірінші және екінші топтарға ауыстырылып, оларда ағаш қырқудың жаңа екінші топтарға ауыстырылып, оларда ағаш қырқудың жаңа ережесі жасалды. Бұл өзгерістер таудағы орман қорларын тиімді пайдалануға және бұрынғы Талдықорған облысының жеріндегі шырша ормандар соңғы жүз жылдың бедерінде адам қызметінің жағымсыз аурытпалығын (ағашты жүйесіз қырқу, өртену, орман ішінде мал жаю) сезінуде. Соның салдарынан шырша орманның көлемі азайып, ағаштардың өнімділігі кеміді, сөйтіп, ғажайып орман өзінің биосфералық функциясын толық мәнді орындай алмайтын күйге түсті. Қазіргі кезде бұл аумақтағы шырша орманның жалпы көлемі 153,9 мың га. Олар негізінен өнімі төмен және толық жетілмеген ағаштар. Іле және Жоңғар Алатауының ормандары да күтімсіз, әрі жүйесіз қырқудан азып-тозып, иесіз қалғандай күйде. Қазақстан бойынша орманы жоқтың қасы дейтін өлкенің бірі Шығыс Арал өңірі. Рас, мұнда да орман бар, бірақ орман дегенде кәдімгі иін тіресіп, жер бетіне күн сәулесін жібермей өсетін қарағай, шырша тағы басқа бағалы ағаштар жоқ. Бұл өлкенің жері сортаң, климаты қуаңшылық. Соған бейімделген төл ағаштарының дені қатты жапырақты топқа жататын кәдімгі сексеуіл мен өзен алқабындағы ылғалды жерлерде өсетін сиректеу терек, тал, қарағаш, тораңғыл секілді ағаштар мен бірге жиделі тоғай. Сексеуіл ылғалы мол атыраулық аймақтан сәл шалғайлау құмдық және саздақ жазықтарда, шөлейт аймақтағы төбелер мен шабыр құмдардың баурайлары мен етегін алып жатады. Сексеуіл қай жағынан алғанда осы өңірдегі шаруашылықтар үшін аса құнды ағаштың түрі. Ол шөлейт даланың биологиялық өнімділігіне тікелей ықпалын тигізеді. Оның арасында қуаңшылыққа бейімделген мал азықтық майда шөп өседі, топырақ бетін қорғайды, қыста малға ықтасын, яғни, малға өте пайдалы жайылым, әрі қызуы өте жоғары отын. Сексеуілдің көп өсетін жерлері сусыз ескі өзектердің екі жағын алып жатқан жазықтар. Жаңадария жазығында көлемі 300,0 мың гектардай болатын қалың сексеуіл орманы бартын. КСРО-ның кезінде сол орманды Өзбекстанға жалға беріп, ол оны отыз жыл бойы қиратып отын етті. Бірақ шарт бойынша сексеуіл орманын қалпына келтіруге қол ұшын тигізген жоқ. Өзбектерден жергілікті тұрғындар қалыспай, сексеуілді қиратумен болды. Соның салдарынан өлке қуаңдады. Қабаттағы судың деңгейі терең кеткен соң жаңадария жазығындағы сексеуіл орманы сиреп, өзінің шаруашылық маңызын жоғалтты. Осындай берекесіз тірліктердің нәтижесінде бұрын оазистердің 60-70 км-ге болатын сексеуіл орманына дейінге қашықтық қазір 110-120 км-ге жетті. Сондай қашықтықта орналасқан сексеуіл ормандарының күйі мәз емес. Шөлейт аймақтардағы сексеуілді қорғап, көлемін молайтуға күтім мен бақылау жетіспей жатады. КСРО-ның кезінде шаруашылықтар өздерінің көптеген қой отарларын Қарақұм мен Қызылқұмның қойнауында жыл бойы, яғни, жазы-қысы бірдей бағатын еді. Бұл аймақтарда мал азығының қоры ретінде құмды жердің ақ сексеуілін, саздақ жазықтарда қалың өсетін қар сексеуілді пайдаланып жүрді. Қара сексеуіл қабаттағы су жер бетіне жақын болғанда жоғары бағытта жылжитын капиллярлық суды пайдаланып, өте қалың әрі биік, бұтақтары жігердей болып өседі. Ауа-райы ыстық, су қоры өте тапшы, тіпті жоқ шөлейт аймақтарда басқа өсімдіктермен салыстырғанда сексеуілдің фотосинтездік қабілеті өте жоғары. Ол бір жаз маусымында гектарына 5,0 центнерге дейін органикалық зат жинайды. Оның жасыл бөліктерінде каротин, қант тағы басқа биологиялық белсенділігі жоғары заттар мол болғандықтан қара сексеуіл орманына жайған мал тоқ, қоңды болады. Демек, сексеуілге қамқорлық қажет. Тоғайлы ормандар Сырдария өзенінің жағалауы мен жыл сайын өзен тасығанда су қашатын ылғалды жерлерде өсетін ағаш-бұталардан тұрады. Сыр бойында олар ежелден жер-судың нағыз қорғанышы. Сырдың тоғайы малдың қай түрі болса да таптырмайтын жайылым, әрі шабындық, жаздың шыжыған ыстығында малға көлеңке, қыстың қақаған суығында ықтасын. Шөбінің түрі бай. Сонау 60 шы жылдарда Шығыс Арал өңірінде сексеуілі бар, тоғайы бар орманға саналатын ағаштардың жалпы көлемі 2,9 млн гектардын сәл артық еді. Сонан сексеуілдің үлесіне 2,5 млн гектарын тиетін. Қазіргі қалып тұрған 2 (екі) млн гектардан сәл асады. Оның 1751,0 мың гектары сексеуіл (87,06 %) және 260,0 мың гектары (12,94 %) алқабындағы тоғай. Тоғайдың экологиялық-экономикалық маңызы орасан зор. Сырдарияның екі жағасында өзенді бойлап арналық қырқада сыңсып өсетін ну тоғайлық ежелден су мен топырақтың қорғаны ретінде экожүйесінің сақталуын қамтамасыз ететін ұйытқы болатын. Өзені мен көлін, су қоймасы мен көлшігін жағалай өскен тоғайлық ағаштардың көбінесе жиде ағашының тамыры тереңге бойлып, топырақты шымға айналдырып, ұстап тұрады. Сөйтіп, судың жағасын су эрозиясынан сақтайды, өзен-көлдің табанын лай басудан қорғайды. Сонымен бірге тоғайлар егіндікті, шабындықты, жайылымды шаң мен құмнан қорғап тұратын табиғи орман алқаптары. Ежелден табиғаты қытымыр Шығыс Арал өңіріндегі тоғайлы ормандарын шаруашылық үшін, адам мен жан-жануарлар үшін қаншалық маңызы барын қалай айтса да жарасады. Қалың өскен тоғай-ормандардың тұрған жерінде демалыс орындарын жсауға, ботаникалық қорықтар мен қорғалымдар (заказник) ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондай ақ олардың санитарлық-гигиеналық, эстетикалық маңызы да жоқ емес. Алайда, өлкенің жаппай қуаңдануына байланысты етек алып бара жатқан экологиялық жайсыз құбылыс өсімдікті аздырып, топырақтың құнарын төмендетті, онан орман-тоғай қағажу қалған жоқ. Олардың ландшафқа көрік беретін қауқары болмай тұр. Өсімдік әлемін сөз еткенде шөптің биосфералық рөлін ерекше атап өткен жөн, Орман топырақ климат жағдайы ағаштарға қолайлы белгілі аймақтарда ғана өседі. Шөп болса, ылғалы мен температурасы қолайлы болып жатса кез келген жерде өседі. Орманда, далада, қалада, қораның ішінде сол шөп. Кілемнің түгіндей құлпырған көк майсада тұрып, кеудені керіп демалсаң, үстіне отырсаң, аунап жатсаң сол шөп. Оның фотосинтез арқылы органикалық зат жасап, атмосфераға оттегін бөліп шығаруы аз емес. Ең бастысы шөп адамға өте қажетті ет, сүт, жүн, тері береді, әрине, мал мен құс, жалпы жануарлар әлемі арқылы. Сол себепті, табиғи және мәдени шөптерді баға жетпес қор ретінде бағалап, оларды өсіру, қорғау және ұқыпты пайдалану үшін қажетті шараларды кешенді орындауға тиіспіз. Шөптің адам денсаулығына, оның өмір сүріп, отырған ортасына, яғни, қала мен елді мекендерге эстетикалық көрік беретін қызыметін жұрттың бәрі біледі. Бірақ бұл тіршілік үйреншікті болғандықтан оның мән-мағынасына тереңірек үңіліп, бағалап жатпай-ақ шама шарқымызша орындауға тырысамыз. Демек, ол біздің бойымызда қалыптасқан шартты рефлекс (тітіркену) іспеттес қасиет. Ол ұрпақтан-ұрпаққа, үлкеннен кішіге жалғасып кете беретін туынды қасиет. Осының өзі шөптің адам үшін, оның тыныс-тіршілігі үшін қаншалықты маңызы бар екенін, жалпы биологиялық әлемдегі алатын орнынан хабардар етсе керек. Шөпті қор ретінде пайдаланғанда оның адамға жасайтын қызметінен бастайтын болсақ, ең алдымен қаланы және елді мекендерді көркейтіп, көрік беретін эстетикалық және тұрғындардың денсаулығын сақтауға тікелей ықпалын тигізетін құрал ретінде қолдануды айтамыз. Ол жұмыс көгалдандыру. Онымен айналысатын арнайы мекеме көгалдандыру шаруашылықтары. Қаланы көгалдандыру әртүрлі бағытта жүреді. Көшелер, бос жатқан жерлер, демалыс орындар, үйлердің аулалары көгалдандырылады, қаланың шет жағында демалыс баулары және қаланы айналдыра жасыл белдеу жасалады. Мектеп, аурухана, зауыт және басқа өндіріс мекемелерінің аумағында, әсіресе, кейбір зиянды өндіріс мекемелерінің төңірегінде көгалдандыру жұмыстары міндетті түрде орындалуы тиіс. Шөптің далада өсетін жабайысы, қолдан егілген мәдени түрлері, яғни барлық шөп ауыл шаруашылық өндірісінің шикізат қоры. Демек, ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлердің ауқымды бөлігіндегі шабындыққа шөп пен мал жайылымын пайдаланады. Ол жердегі табиғи қор –көк шөп. Шөптерде мал жазда жайылып, шауып алып дайындаған құрғақ шөпті қыста қорада жейді, яғни, шөп малдың беретін өніміне айналды. Қазақстанда мал жайылатын жердің көлемі аз емес. Қазақ халқы ежелден мал өсіруді кәсіп етіп, өз жерінің Солтүстігі мен Оңтүстігіндегі әр аймақтарындағы шөбі ала-құла болатын жерлерде маусым ішінде малды реттеп жаю арқылы жайылымдарды аздырып-тоздырмай пайдаланып келеді. Қазіргі Қазақстан жерінде ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі 70 % (185,7 млн гектар). Оның 75 % -ы шөлейт және шөл жерлердегі жайылым. Сонан жаз жайлау-35,1 %, көктем жаздық жайылым-40,7 % және жыл бойы жайылатын жерлер-14,9 %. Бірақ мал жайылатын жердегі шөптің өнімділігі гектарына орташа есеппен 1,7 мал азықтық бірлігін (кормовые единицы) құрайды, яғни, бұл төмен көрсеткіш. Әйтсе де сол қуаң аймақтарда өсетін шөптің қоры республикада жем-шөп қорының негізі болады, өйткені, олардың жалпы өнімділігі 20 млн тонна малазықтық бірлігін береді. Соңғы жылдары қолдан өндіретін жем-шөп азаюына байланысты жайылымдық шөптің сыбағалы салмағы артып келеді. Республиканың Оңтүстігі мен Батыс аймактарындағы кейбір облыстарда, оның ішінде Арал өңірі де бар, мал азықтық шөптің 80 %-ын жайылымнан алып отыр. Далалық аймақтарда мал жайылымдық жерлердің бұзылуы бұрыннан бар проблема. Әсіресе, тың жерлерді көтерген кезеңде ғалымдардың пікірімен санаспай ғасырлар бойы қалыптасқан егінге жарамайтын жерлердің ауқымды бөлігі айдалып, ол жерлер жел эрозиясының эсерінен айналымнан шығып қалды. Сонымен бірге елді мекендердің төңірегіндегі шабындық пен жайылым жерлерді жырту сала бойынша қате стратегия болды. Қолдан жем-шөп ендіру табиғи жайылымдықтың орынын толтыра алмады. Сөйтіп, елді мекендердің тұрғындары мал жайылатын жерлерінен айырылып, өзін витаминді азық-түлікпен қамтамасыз ететін мүмкіндігінен айырылды. Сондай себептерден соңғы жылдары бұзылған жайылым жерлердің көлемі едәуір ұлғайып, Республика бойынша оның жалпы көлемі 63 млн гектарға жетті. Жакын юолашақта жел эрозиясынан және басқа жағымсыз процестердің эсерінен бұзылған жайылым жерлердің көлемі 100 (жүз) млн гектарға жетеді деген болжам бар. 90шы жылдардың ортасында шаруашылық маңызын жоғалтқан жерлердің көлемі 48 млн гектарды құрады. Соның 15 млн гектары елді мекендердің төңірегіндегі ең пайдалы жерлер айналымнан толық шығып қалды. Олардың құнарын қалпына келтіру үшін қыруар қаржы-қаражат пен техника керек. Бірақ олар жоқ және жақын болашақта болуы неғайбіл. Айта кететін жай, далалық мал жайылымдық жерлердің бұзылуы ең алдымен малды ретсіз жаюдан құнды шөптер құрып, малға жұғымсыз арам шөптердің көбеюінен. Елдімекендерден жырақ телімдердегі мал суаратын қүрылғылар істен шықты, олар қараусыз қалды. Ептеген күтімі бар табиғи мал азықтық жерлердің көлемі жылдан жылға азайып барады. Ондай жерлер Қазақстанның далалық аймақтарында бұрынғы 10,0 млн гектар дан қазір 6,0 млн гектарға дейін азайды. Соңғы жылдары суармалы жайылымдық жерлердің көлемі азайып бара жатқаны байқалады. Ондай жерлерде су көтеретін құрылғылары бар қүдықтардың саны да едэуір азайды. Сол себепті, ішетін суы бар телімдерде ғана мал басы шоғырланып, жайылым жерлердің бұзылуын күшейте түсуде. Шабындық жерлердің көлемі де соңғы жылдары 0,7 млн гектарға азайып, Республика бойынша қалып тұрғаны 5,1 млн га. Көптеген гидротехникалық қүрылыстар салу, өзен-көлдердің суын суармалы егіншілікке пайдалану ылғалды жерлердің су режимін өзгертіп жіберді. Сырдария, Шу, Жайық өзендерінің атыраулық аймақтарында көл-батпақты қалың қамыс өсетін жерлер қуаңданып, олардың ауқымды бөлігі құрғап қалды. Бұрын Сырдарияның атыраулық ылғалды топырақтарында жыл сайын 3,6 млн тонна шөп өсетін еді. Оны шөп дайындауға және қыс айларында мал жайылатын жайылым ретндегі пайдаланып жүрді. Қазір сол жерлер құрғап, жыл сайын өсетін шөптің қоры 0,7 млн тонна шамасында болып жүр. Қуаңшылықтың салдарынан өнімді шөптер сиреп, орынына сапасы томен сораң аралас біржылдық шөптер өсетін болды. Олардың гектарлық өнімділігі 4,5-6,0 центнер. Көктемгі тасқын судың азаюынан Ертіс өзенінің алқабындагы шабындық шөптердің өнімділігі гектарына 4-5 цен-ге кеміп кетті. Мұның бэрі мал жайылымдық жерлердегі шөп қорын пайдалануда проблемалар баршылық екенін көрсетеді. Ауыл шаруашылық жерлердің ауқымды бөлігі шалғын мен жайылымдық жерлердің үлеміне тиеді. Қай аймакта да жер бетінің бедеріне қарай ылғалды жерлерде шөбінің түрі бай, биологиялық массасы, яғни, өнімділігі жоғары шалгын орналасады. Олардан көбінесе малға шөп дайындайды, яғни, құргақ шөп немесе кейде уақытша мал жайылымына пайдаланады. Баска жерлердің өнімділігі аздау шөп корларына мал жайылады. Әдетте, жайылымдық жерлердің көлемі шалғынды шабындық жерлерден әлде қайда көп болады. Ақиқатын айтсақ, соңғы жылдары республиканың барлық аумағын шарпыған экологиялық тоқырауға байланысты шабындық пен жайылымдық жерлердің табиғи шөп қорларын пайдаланудың тиімділігі едэуір төмендеп кетті. Әсіресе, өзен тасығанда оның алқабындағы шабындық жерлері лай, құм, қоқыс-қадықтар басып қалды. Дер кезінде жүйелі шараларды орындамаудың салдарынан ол жерлерде әртүрлі бұталар мен қопақ көбейеді, кейбір ойлау телімдерінде су жиналып, батпаққа айналады. Мұндай жағдайда шалғынды жерлерден шөп дайындау мүмкіндіктері шектеулі болады, тіпті шөп дайындалмайды. Ондай жерлердің шөп қорын молайту үшін оларды түбегейлі жақсарту қажет. Ол үшін орындалатын шаралар мынадай: 1) жердің бетін тазалап, тегістейді (бүталар мен қопақтарды құрту, қоқыс-қалдықтар мен тастарды шығару). 2) топырақтың су режимін реттеу арқылы жақсарту. 3) ірі өзендер алқабында (арналық қырқада) жағалаудағы қалың өскен бүталардың жолағын сақтау (қажет болса қолдан жасау). Мұндай жолақ өзен тасығанда су қашатын ойлау шалғынды (шабындық) жерлерді қүм-лай басып қалудан қорғайды. 4) шалғынды жерлерде өсетін улы шөптерді құрту. 5) Шалғынды жерлердің бетіне органикалық және минерал тыңайтқыштарды шашу тәуір нәтиже береді. Шалғынды (шабындық) жерлерде шөптің өнімділігін көтеру мақсатында ол жерлерді шабындық пен жайылымға пайдалануды ауыстырып отыру қажет. Шабындық жерге мал жайылғанда шөптің өнімділігін көтеруге себі тиеді. Мал жайылымдық жерлерде шөптің қоры көп жағдайда малды ауысымсыз ұзақ жайғаннан жұтаң тартып қалады. Бұл жағдай көптеген аймақтарда, әсіресе, жауын-шашыны тапшы қуаң аймақтарда орын алып отыр. Сол себепті, ондай жайылымдық жерлерде мал жаюды реттей отырып, жайылымның шөп қорын молайтуға бағытталған шараларды орындау керек.
Шөп қорын мал азығына пайдалану
Шөпті мал азығына дайындағанда оның сапасына. малға жұғымдылығына ерекше мэн беріледі. Олай болатын себебі, сапалы шөп жеген малдың өнімі молаяды, эрі сапалы болады, төлі тез өсіп-жетіледі, басы көбейеді. Әсіресе, шөл мен шөлейт аймақта. Оған Шығыс Арал өңірінің үлкен бөлігі жатады. Мұндай қой, жылқы мен түйе түліктері үшін қырдағы жайылымдық жерлердің көлемі кең, бірақ шабындығы көп емес. Қырдағы жайылымға шықпайтын малдар жайылатын және шөп шабатын шалғынды жерлер Сырдария өзенінің екі жағындағы егіндіктен бос ылғалды (гидроморф) кеңістікте орналасқан. Ондай жерлердің көлемі Сырдарияның төменгі ағысындағы атыраулық аймақта шаруашылыққа пайдаланатын жалпы жер көлемінен 2 %-дай ғана. Бүл, эрине, азғантай. Мұнда ертеден қалыптасқан осындай табиғи жағдай ауыл шаруашылығының жеке салаларын жүргізудің бағыты мен құрылымын, олардың үйлесімін анықтайды. Демек, бұл аймақта малдың негізгі азығы жайылымдық шөптер. КСРО-ның кезінде мал шаруашылығын дамыту, өнімін көбейту мақсатында Сырдарияның арнасына жақын орналасқан ылғалды жерлердің есебінен және екпе шөптердің көлемін көбейту арқылы мал азығын дайындау мөлшері, оның ішінде құнды шөп беретін жоңышқаның егіс көлемі өскен болатын. Бірақ соңғы жылдары экологиялық тоқыраудың қытымыр әсерінен өлкенің табиғаты күрт өзгеріп, шөптің қорын аздырып жіберді. Бұрын балауса шөп өсетін шабындық жерлер қуанданып, малға жұғымсыз шөптер мен сораң көбейді. Осындай себептерден соңғы отыз бес жылда мұнда мал азығын өндіру үш еседей азайды. Табиғи шөптің қоры азайып тұрған осы кезенде шөптің қорын молайту, оны пайдалану проблемалары жетіп артылатын салаға айналды. Табиғи шөптің азаюын екпе шөптің егіс көлемін көбейту арқылы толықтыру керек еді, бірақ эзір ондай болмай тұр. Шығыс Арал өңірінде соңғы жылдары екпе шөптің көлемі едәуір азайып, негізгі шөп қорын даладағы жабайы шөптен алып жүр. Сонан болса керек, малдың басы да. өнімі де өсу үстінде дейтін мәлімет жоқ. Бұл жағдай шөп қорының тапшылығы мен оның сапасыздығынан болып түрғаны ақиқат. Оны айғақтайтын бір дәлел, осы өңірде өндірілген сиыр сүті стандартқа сай келетін кэдімгі Сыр жасауға жарамайтын көрінеді. Бүл фактілер Шығыс Арал өңірінде мал шаруашылығының хал-ахуалын қандай дәрежеде екенін аңғартса керек. Өңірде бұрыннан қалыптасқан табиғи-тарихи жағдайлар және жергілікті жерге бейімделген мал шаруашылығын дамытып, өнімін молайту үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану қажеттігін көрсетеді. Осыған орай табиғи жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігін көтеруге бағытталған агротехникалық жүйелер мен ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру керек. Сонымен бірге шөптің сапалық жағына үлкен мэн берілгені жөн. Қазақтың кең байтақ жерінде өсімдік жабыны біркелкі таралмаған. Солтүстігіндегі орманды даладан Оңтүстігіндегі шөлейт және шөл аймақтарда өсімдігінің түрлік қүрамы, тығыздығы мен биологиялық массасы ала-құла болып келеді. Ол топырақ климат жағдайына байланысты. Бірақ соған қарамастан, жалпы өсімдігінің түрлік қүрамы 5500 түрден түрады, яғни, өте бай. Республика аумағының Солтүстік және Орталық бөлігіндегі тың және тыңайған жерлер түгелдей айдалып, егіндікке айналып кетті. Бүрынғы селеу (ковыль) шөбі жайқалған кең даладан егін егуге қолайсыз азғантай ғана аумағы шамамен 25 млн гектардайы тың күйінде қалды. Ол жерлер жайылымға пайдаланылуда. Оңтүстіктің шөл аймағында 30 млн гектар жерде сұр жусанды және 10 млн гектар да бұйырғүнды, сондай-ақ құмдарда бұталы және псаммоксерофил өсімдіктер қауымдастығы жайылымдық шөп жабынын құрайды. Сонымен бірге 10 млн гектардай аумақта сексеуіл өседі. Жалпы шөл аймақтағы жоғарғы өсімдік қауымдастығының түрлік қүрамы 2000 (екі мың)-нан артығырақ түрлерден тұрады. Мұнда азып-тозып, күтімді қажет етіп тұрған жайылым жердің көлемі 60,0 млн гектар. Шығыс Арал өңірінде жайылымдық жердің жалпы көлемі 15 млн гектардан асады. Олардың ауқымды бөлігі Сырдарияның атыраулық бөлігінен шеткерірек Қызылқұм, Арал теңізі жағалауындағы Қарақұм, Арысқұм, Нұратау сияқты шөл аймақтарда жатыр. Ол аймақтарда ауа-райының құбылуына орай шөптің гектарлық өнімі 1,5 цен-ден, кей жылдары 3-4 цен-ге дейін жететінді. Қазір нарыктық экономикаға көшуге байланысты қырдың сол азғантай шөбін малға жегізу мүмкіндігі де жойылды. Арал теңізінің Қазақстандық бөлігінде (2/3) үштен екіден артығырақ аумағы құрғап, теңіз суы жағадан алыстаған сайын теңізді жағалай орналасқан құм төбелер мен майда бұйрат құмдар бұрын жазы-қысы бірдей мал жайылатын шаруашылық маңызын жоғалтты. Бұл өңірде шөптің қорын молайтуға қазір де мүмкіндіктер жоқ емес. Ол үшін мал азығын суармалы егіншілік алқаптарда өндіруді жүзеге асыратын кешенді шаралар қажет. Олар шөп егу, балгын және мал жемдік азық өндіру, суармалы мәдени жайылымдар жасау және табиғи жайылымдарды тиімді пайдалануды реттеу. Сонымен бірге егістік алқаптардың аралығындағы, егістің айналасындағы, көл жиегі мен көлтабандар шартты түрде шабындық-жайылымдық деп бөлінеді. Осы телімдерде, егер шөбі қалың болса, онда малға қысқы азық дайындайды немесе егіннің жиын-терімі аяқталған соң күзде мал жаяды. Қазір Сырдың төменгі ағысында бұрынгыдай көптеген көлдер мен көлшіктер жоқ. Ендігі жерде Сырдария өзенінің аяғына келетін азғантай суды ұқыпты пайдаланып, шөптің қорын молайту үшін қолға тиген судың қорын далаға жібермей мәдени шөп өсіруге пайдаланган тиімді. Бұл жағдайда әр гектардан құрамында 2500 азық бірлігі және бір келісінде 26 грамм қорытылатын белок бар қамыстың өсуі үшін 20 мың м су жұмсалады. Сол көлемді сумен гектарына 100 (жүз) центнер шөп беретін екі гектар жоңышқа өсіруге болады, яғни, түсім 200,0 центнер. Жоңышқа шөбінің құрамында 9800 азық бірлігі мен бір келісінде 87 гр. қорытылатын протеин бар. Сондықтан жоңышқа шөбін өсіру суды далага жіберіп, қамыс өсіруден элде қайда тиімді.
Шөптің сапасына байланысты мал өнімдерінің экологиялық күйі. Жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдері афоценоздың ең маңызды энергия қоры болып есептеледі. Оларда өмірлік маңызды энергиялар жиналған. Энергияға деген қажеттілікті қамтамасыз ету өте күрделі мәселе. Олай болатын себебі, бір аймақта өндірілетін өнім тамақтық заттар, витаминдер және энергияга бай болса, енді біреулерінде белок және басқа элементтер жетіспей жатады. Мұндай ала-құлалық жергілікті жердің табиги, экономикалық, элеуметтік және экологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Тамақ өндіру проблемалары бұрынғы КСРО-ның кезінде-ақ шиеленіске бастаған еді. Әйтсе де ол кезде осы саладағы жағдай қазіргіден элде қайда тэуір болғанын айта кеткен жөн. Өйткені, ол кезде аграрлық кешенді дамытуга орталықтанған қаржы-қаражат едәуір мөлшерде бөлініп тұратынды. Оган дәлел, Қазақстанның ауыл шаруашылығында негізгі өндірістік қордың күны 1965 жылы 25,6 млрд сом болса, 1989 жылы ол 29,4 млрд сомға жетті. Орасан коп техника, минерал тыңайтқыштар, жанар-жағар май, қыруар (киловатт) электр энергиясы пайдаланылды. Бірақ сол жұмсалган қордың қайтымы шамалы болды. Олардың себептері көп. Солардың ішінде экологиялық факторлардың негативті әсерінен болған биомассаның шығынын, монодақыл егуді, топырак эрозиясын, энергия құрылымының бүзылуын, биологиялық өнімнің (егінде, мал шаруашылыгында, балык өндірісінде) төмендеуін, витаминдері мен энергияга кедей өнімдерді көбейтуді айтуға болады. Мысалы, Қазақстан бойынша, етке тапсырылған ірі қараның 22 %-ы, қойдың 49 %-ы орта және ортадан төмен қоңдылықта болуы соны айғақтайды. Экологиялық тұрғыдан алғанда әр жеке кұрамдық бөліктің энергия жинау дәрежесі бірдей болмайды. Агроценозда жасыл өсімдіктер энергияны күн көзіне алып, жинайтыны, сондай-ақ су мен қоректік заттарды топырақтан алатыны белгілі. Мал болатын болса, өсімдіктің жинаған энергиясын пайдаланып, онан да гөрі сапалы өте күрделі энергия қорын жасайды. Мәселен, 1-ші категорияға жататын қой етінің қүрамы 67,3 % судан, 15,6 % белоктан және 16,3 % майдан, микроэлементтер мен күлден түрады. Осы категориядагы мүйізді ірі қараның етінде 64,5 % су, 18,8 % белок, 16 % май және күл, микроэлементтер мен витаминдер бар.
Әлемдік денсаулық сақтау үйымының (ВОЗ) нормативі бойынша, адамға тәулігіне 2300-2600 кКал (килокалорий) тамақтық энергия керек. Оны энергия көзіне айналдырғанда 2,3 литр дизель отыны, 3,5 келі таскөмір және 3,3 келі табиғи отын болады. Айта кету керек, табиғи энергия көздерің алудың мөлшері жылдан жылга көбейіп, тасып экелетін жолы алыстап, осындай жағдайдан олардың багасы қымбаттай түсуде. Сонымен бірге жан-жануарларга химиялық қосылыстар, радиация, бактериялар, вирустар әсерінен өнімнің сапасы төмендеп отырганы да шындық. Өндірістің қай саласы болса да технологияның ескіруі салдарынан олардан қалатын қалдыктар жылдан жылға арта түсуде. Фактіге жүгінсек, өткен ғасырдың басынан бастап, ауыл шаруашылығы өнімінің бір өлшем бірлігін өндіруге жұмсалатын энергияның мөлшері дамыған елдерде 8-10 есе, ал АҚШ-та 10-12 есе өсті. Салыстыратын болсақ, ауыл шаруашылығы нашар дамыған елдерге Караганда экономикасы дамыған елдерде энергия жұмсаудың шығыны шамамен 30 есе томен. Кей жагдайларда жүмсалған энергияның ондаған есе көбеюі (тыңайтқыштарга, күтімге) азын-аулақ қана (10-15%) өсім экелген. Қазақстанда ауыл шаруашылығы шикізаттарының, тамақтық өнімдердің экологиялық жагдайы туралы толық мәлімет (есеп) жоқ. Мұндай мәлімет алу үшін олардың нақты биомассасы немесе килокалориясы, сол сияқты энергиялық потенциалы (Джоуль) көрсетілуі тиіс. Мал өнімдерінің басқа өнімдерге қарағанда адам организмі үшін аса маңызды жағы бар. Ол оның қүрамындағы ерекше белок. Басқа тамақтық өнімдерге ол болмайды. Әр адам өз денесінің 1 келі массасына қарай 1,5-1,6 грамм сондай белокты тамақ арқылы алуы тиіс. Айталық, адамның массасы 70 келі болса, оған қажетті 100 гр. белоктың 70грамы мал етінен болуы керек. 1985 жылы Қазақстанда бір адам орташа есеппен 93,0 грамм белок кабылдап, оның 51 грамы гана мал етінен болды. Норматив бойынша белоктың барлық түрімен камтамасыз ету 85 %, ал оның мал өнімінен алынатыны 60 %-дан кем болмауы тиіс. Әр түрлік малдың етіндегі энергия қорына қарай бөлетін болсак, құрамында энергия көбі шошқаның еті. Оның бір келісінде 4910 кКал болса, осы көрсеткіш жағынан екінші орынға шыгатын қой етінде 3510 кКал, ал ірі қараның (сиыр) етінде 2580 кКал энергия бар. Алайда, қүрамындағы белоктың мөлшеріне қарай бағаланатын тамақтық сапа бойынша ең күштісі қойдың еті. Оның бір келісінде19,2 гр. Белок, сиыр етінде-18,2 гр. белок болса, ол шошқаның етінде-15 гр. белок. Әрине, қүрамында белок коп болатын қой етінде энергияда жоғары, сол себепті дэмді. Мәселен, бірінші категорияга жататын қой етінің 1 келісінде 3510 кКал мен 14686 кДж (килоджоуль) тамактық энергия бар. Мүйізді ірі қараның етінде бұл көрсеткіштер тиісінше 2180 кКал және 9121 кДж. Айта кететін бір жай, тамаққа пайдаланатын өнімдердің күрамында энергия неғұрлым мол болса, техногендік энергияны соғүрлым көп үнемдеуге болады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын ер адамға күніне (тәулігіне) 3000 кКал энергия керек. Мұнша энергия бірінші сортқа жататын қой етінің 1,4 келісінде болады. Егер еттің қондылыгы ортадан томен болса, онда элгі энергияны алу үшін еттің массасын 2,4 келіге дейін көбейтуге тура келеді. Соган сэйкей қажетті өнімді өндіруге жүмсалатын техногендік энергияны 1,7 есе өсіру керек болады. Жем-шөбі тапшы, күтімі темен қоңсыз малды көптеп өткізудің есебінен қоңсыз (көтерем) етті көбейтіп, сол арқылы бүрын жоспар орындалып жүрді. Бірақ оның шығыны көп, экономикалық тиімділігі жоқ еді. КСРО-ның түсындағы өнім өндіргенде сапа туралы тек айтып кана қойып, сан қуалап жүрген кезеңде Қазақстан өндірген еттің биоэнергиялық потенциалы төмен, оның экологиялық шығыны көп болды. Мысалы, сол түста Қазақстан өндірген (80ші жылдың ортасы) 506,3 мың т. еттегі биоэнергияның экологиялық шығыны 794 мың гектоджоулды құрады. Демек, еттің қондылығы томен, оны өндіруге жұмсалған шығын межеден артық болды. Шығыс Арал өңірінде азық-түлікті, оның ішінде сапасы жоғары ет өндіруге мүмкіндіктер мол болғанымен бұл тек қиялда ғана болып келеді. КСРО-ның кезінде солай болған, қазір де ол жалғасын табуда. Олай дейтініміз, көп жағдайда етке өткізілген малдың қондылығы ортадан томен болатыны жиі кездеседі. Арық мал өнімді ет беріп жарытпайтынын дэлелдеудің қажеті бола қоймас. Соның салдарынан жүздеген тонна ет кем алынды. Сол ізсіз кеткен еттің құрамында мыңдаған гДж (гектоджоуль) тамақтык және техногендік энергия пайдасыз кетіп жатады. Мал өнімдерінің ішінде тамактық жағынан сүт өнімі өте жоғары багаланады. Сүт ішпейтін пенде жоқ. Оған дэлел, 1 келі сүтте 610 кКал және 2552 кЖд тамақтық энергия, ірімшікте тиісінше 1590 кКал және 6653 кЖд энергия бар. Осы көрсеткіштері жағынан майлар, эсіресе сүттен алынатын сарымай жоғары тұрады. Мүйізді ірі қараның майының 1 келісінде 8970 кКал және 37530 кДж энергия бар. Жекелеген түлік түрлерінде сүттің химиялық қүрамы эр түрлі болады. Бірақ сүттің химиялық кұрамы тұрақты болмайды.
Арал өңірін көгалдандыру
Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында, яғни, өңірде экологиялық тоқырау басталудың алдында Арал теңізінің суы мол, деңгейі биік тұрды. Теңіздің шығыс жақ жиегінде жыңғылтүп телімі авразиялық (жинанды) шөгіндіден жиналған жарқабақ болса, онан Солтүстікке қарай созылып жатқан Тоқпан мен Қарашоқат телімдеріне дейінгі аралықта теңіз жиегінің белгілері темен жайпауыт болып жататынды. Батыс жақтан қатты жел сокқанда, көбінесе көктемде (мамыр) және қара күзде (октябрь), теңіз суы жиектен асып, шоқаттар мен майда төбешіктердің арасымен жайылып, ой-шұқырларды толтыратын. Сол уақытша көлшіктердің жаз ортасына қарай суы тартылған соң ол телімдерде быршылдақ қызыл сораң, төбешіктердің етегін ала әртүрлі майда қарашөптер, ксерофит бүталар өсетін. Теңіз жағалауында Сырдарияның суынан пайда болған ондаған тұщы көлдерге теңіз суы араласып, олардың суы кермек болып жататын. Сонымен бірге көптеген суы ащы теңіз қолтықтары теңіздің байырғы жағалау сызығынан сыртқары жатқан күрделі кешенді құрады. Теңіздің байырғы жағасына жақын тайыз бөлігінде қалың қамыс өсті. Оның сиректеу, әрі бойы аласалау бөлігінде жылқы мен сиыр малдары сабаттап жайылды, ал қамысы қалың телімдерден шөпті қолмен орып, малға қысқы азык дайындады. Сол көк майса шөптің арасы толған су ценозымен байланысты қүстар мен андарға толы болды. Сол кезеңде теңіздің жағалауында, оны қоршап жатқан қыртөбелер мен олардың араларында жатқан кебірлерден желмен көтерілетін тұзды шаң болған жоқ. Оқта-текте азын-аулақ шаң борайтын болса, оның осы өңірдің табиғатына пәлендей зиянды зардабы байқалған емес. Сонан бері өткен уақыт ішінде су тапшылығынан болған тоқыраудан Арал өңірінің табиғаты күшті өзгеріске түсті. Арал теңізінің Қазақстандық бөлігінде үлкен ауқымы және теңіз жағалауындағы көлдердің көпшілігі қүрғап қалды. Шаруашылық маңызын жоғалтпаған көл жүйелерінің суы ащыланып, балықтың жайылымы тарылды, сөйтіп, балық өндірісі тоқырауға тірелді. Сонымен бірге Арал теңізінің Қазақстандык бөлігіндегі құрғаған орынында пайда болған ауқымы (21,4 мың км2) үлкен сусыз дала өңірдің ауыр экологиялық жағдайын бұрынғыдан әлде қайда күшейтіп жіберді. Теңіз тартылған алғашкы кезенде оның құрғаған орынынан желмен көтерілген тұзды шаң бүкіл тірі табиғатқа қасірет әкелді. Тұзды шаңның таралуын тоқтату мақсатында Қазақстан Республикасы арнайы бағдарлама қабылдап, оны Қазақстан ормандары бағдарламасына кіргізді. Сол бағдарлама аясында 1994-2010 жылдарда Арал өңірінде экологиялық жағдайды тұрақтандыру, тұзды шаңның желмен көтерілуін тоқтату және Сырдарияның атыраулық аймағын шөлге айналып кетпес үшін алдын алу мақсатында бір қатар күрделі жұмыстарды орындау қолға алыыды. Оны орындау арнайы құрылған проблемалық «Арал» лабораториясына жүктелген болатын. Лаборатория өз кезегінде теңіздің құрғаған жеріне жарамды ағаш-бұталарды анықтап оларды егудің технологиясын және тұқымын дайындады. Сөйтіп, Арал теңізінің кұрғаған орынында 20,0 мың гектар жерге орман-мелиоративтік жұмыстарын орындауға тиіс болды. Бірақ жұмыстардың орындалуы мардымсыз болды да 90-шы жылдардың ортасында жылына 1,0 мың гектар жерге сексеуіл тұқымы себіліп, жүздеген гектарға оның көшеттері отырғызылып келді. Осы кезге дейін аталмыш мекеме 10,0 мың гектар жерге бұталы алқаптар жасады деген мәлімет бар. Сол кезде оган Германияның техникалық қоғамы белсенді қатысып, едәуір жерге сексеуілдің тұқымын септі және 30 гектар жерге сексеуілдің көшетін дайындайтын тұқымбағын салды. Арал лабораториясының мамандары сексеуіл көшеттерін жүйектеп (борозда) егу эдісін де қолданып жүрді. Бірақ сол көшеттер мен тұқымнан сексеуіл орман болмады. Оның негізгі себебі судың тапшылығы. Бұл өңірде жауатын жауын-шашын өте аз және ол өсімдіктің вегетациясынан тыс кезде жауады (күз, қыс). Сонан грунтте өсімдікке қажетті судың қоры болмайды. Сексеуілдің тұқымын сеуіп, көшетін отырғызу техниканың көмегімен орындалғанда оны орындаушылар техника жүретін саздақ грунтті жазықтарды тандайды. Ондай телімдерде грунт көп қабатты және ол қабаттар механикалық құрамы әр түрлі шөгінділерден жиналған. Сол себепті, терең қабаттағы ығал жоғары жылжымайды және жауынның суы да грунтке сіңбей тез буланып кетеді. Демек, ондай грунт көбінесе құрғақ тұрады. Сексеуілдің өспейтіні сонан. Сексеуіл (Haloxylon persіcum) шөл даланың ғажайып өсімдігі механикалық құрамы жеңілдеу, қуыстылығы (порозность) жоғары грунт пен құмы қалың телімдерді қалайды. Оның тамыры өте терең бойлап, қабаттағы тұщы судың қорын пайдаланады. Жаздың шыжын ыстығында құмның беткі қабаты өте қатты қызады, қызган ауа оның арасындагы ірі қуыстар арқылы төмендегі сулы қабатқа жеткенде суды буландырады. Ол бу жоғары көтеріліп, түнгі салқынмен тамшы суға айналады. Сексеуілге керегі сол. Арал теңізінің құрғаған орынында табиғи жолмен өскен сексеуіл ормандары Қарашоқаттан Ұзынқайырға дейін және Қасқақұланның шығыс жагында бар. Теңіз тартылган алғашкы кезде судан босаган жас грунттың бетінен тұзды шаң желмен көтерілген болатын. Сонан бері өткен 50 жылда теңіздің тартылуы біршама тұрақтанды және грунттың беті әр түрлі болып бекіді. Осы уақыт ішінде қалыпты ырғақпен табиғат өзі өнімді жұмыс істеді. Соның нэтижесінде қыртөбелерде жусан (Artemіsіa terrae albae), эртүрлі эфемерлер мен қара шөптер, төбелер арасындагы тақырлау жазықтарда бұйырғұн (Anabasіs salsa), кебірлерде қарабарқын (Halostachys caspіca), жыңғыл (tamarіx) және әртүрлі шөптер грунт бетін желдің өтіне берілмейтін етті. Сөйтіп, ауқымы үлкен жусанды, сарсазанды, бұйырғұнды, сексеуілді далалар пайда болды. Теңіз орынында ауқымды бөлігін жауып тұрған сарсазан (Halocnemum strobіlaceum) Қасқақұланның шығыс жағындағы Жыңғылды жазығының көпшілігінде сарсазан өте қалың өскен. Оның жобалық жабыны 92-95%, яғни, арасында ашық алаңқайлар кездеспейді. Сарсазан өсетін грунттың ерекшелігі бар. Мұнда грунт өте майда құмлай-алеврит шөгіндіден жиналған. Сарсазан өсетін грунттың құрамындағы тұздың көпшілігі тенардит (сусыз натрий сульфаты- Na2SO4). Грунттың беті (0-5см) өте майда үлпілдеген генардит массасы. Соған сарсазанның тұқымы түсіп, араласады. Салқын кезде (күз, қыс) жауған жауын суын тенардит сіңісіп, құрамында 10 молекула суы бар мираб илитке (Na2SO4*10H2O) айналады. Сонан грунттың беткі қабатында ығалдың қоры пайда болады. Ол су оңайлықпен буланбайды, тек жаз ортасында қатты ыстық болғанға дейін. Сол сумен Сарсазанның тұқымы көктейді және оны өсімдіктің өзі де сіңіреді. Сарсазанның қалың өсетіні сонан. Сол себепті, жерді жыртып, сарсазанның тұқымын себу нәтижесіз болады. Ол тек табиғи жолмен ғана тәуір өседі. Көгалдандыруды оңтайлы ұйымдастырып, тәуір нәтижеге қол жеткізген Қазалы ауданы болды. Мұнда орманды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы бойынша жергілікті жерде жоспарлы жұмыстар атқарғаны көзге түседі. Жобаның негізгі стратегиялық бағыты Арал теңізінің құрғаған орынында орман орналастыру мен тозған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру болатын. Сол жабаның аясында орман шаруашылығын дамытуда озат технологиялар қолдану мақсатында 30 гектар жерге тамшылатып суару эдісімен сексеуіл және жергілікті жердің табиғатына бейім әр түрлі ағаштардың көшеттерін өсіретін тұқымбақ ұйымдастырылды. Оның 17 гектарына сексеуіл және 13 гектарына түрлі ағаш көшеттері өсіріледі. Тұқымбақта озат технологиямен жабдықталған зертхана және тамшылатып суаруға қажетті қондырғылар жұмыс істейді. Бұл барлық талаптарға сай келетін облыс аумағындағы бірден бір тұкым бақ болып табылады. Озат технологиямен ғылыми негізде жұмыс істейтін осы бақта сексеуіл, қылқан жапырақты тұя, арша, мамыргүл, жеміс ағаштарының көшеттері, сыр талы, терек, саялы бұталардың қаламшылары өсіріледі. Ерекше атап өтетін жай, облыс жерінде су тапшылығы белең алып бара жатқан қазіргі кезеңде барлық орман шаруашылықтарыңда тұқымбағын ұйымдастырып, аудан, қала және елді мекендердің төңірегінде жасыл белдеулер жасап, олардың көлемін еселеп көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге жобадағы «жайылымдарды пайдалану және оларды басқаруды жетілдіру»-тарауы бойынша мал шаруашылығын дамытуға және орман қорын молайтуға үлкен пайдасын болатын маңызды іс-шаралар ретінде тозған жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін облыс аумағындағы барлық аудандардың аумағында әр қайсында 200,0 га жерге жайылымдық шөптердің тұқымы себіледі. Ол шөптердің 80%-і күйреуік, 10%-і изен, 10%-і теріскен. Осы жұмыстарды орындағанда жайылым жерлердегі шөптің өнімділігі 30%-ке көбейетін болады. Жобаны толық орындағанда қойдың саны 600-ден 2000 басқа дейін көбейтуге болады деп күтіледі. Яғни, 6000 гектар тәжірибелік жайылымдарда мал басын 60,0 мыңға жеткізіп, әрі мал өнімдерін молайтуға және орманның қорын да көбейтуге қол жетеді. Қазіргі кезде аудандар мен елді мекендерде жасыл белдеулер жасау үшін жер тегістеледі, су жеткізу үшін арықтар қазылады, аяқ су ақпайтындарына су соргышпен су айдайды. Оларга қажетті жанар-жағармай немесе электр энергиясы жұмсалады, сонда шығын көбейеді. Соның өзінде жасыл белдеулерде көшеттің шығымдылығы 20-25%-тен аспайды. Теңіз жағалауын көгалдандыруға келетін болсақ, мұнда бүл бағдарлама САРАТС-2 жобасымен бірге орындалуы тиіс. Бұл жагдай көгалдандыру жұмыстары теңіз жағалауындагы байырғы тұрғындардың қатысуымен орындалуы тиіс. Сонда ғана ол нәтижелі болмақ. 2013 жылғы мәлімет бойынша теңіз жағалауында 1000,0 га жерге сексеуілдің тұқымы себіліп, 500 га жерге эр түрлі ағаш-бұталардың көшеттері егілгені жөнінде мэлімет бар. Бірақ бұрынғыдай теңіздің құрғаған орынын көгалдандыру туралы дүбірлі іс-қимыл байқалмайды. Ол, әрине, қаржыга байланысты және теңіздің орынында сексеуіл орманын қолдан жасаймыз деп босқа шашылудың реті де жоқтан болса керек. Соған қарағанда, тұқымбақ қазіргі кезде, мысалы, Ақбайдагы тұкым бағында өсірілген көшеттерді ең алдымен теңіз жағалауындагы елді мекендерге таратса бұл өңірді көгалдандыруға қосқан ауқымды үлес болатыны даусыз. Алайда, теңіз жағалауын көгалдандыру үшін алдымен аяқсу керек. Қазақстан Республикасының экология Министрлігі жоспарлаған «орманды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» бағдарламасы бойынша Арал өңірінде экологиялық жағдайды тұрақтандыру, тұзды шаңның желмен таралуын тоқтату және Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы аумақ шөлге айналып кетпеу үшін алдын алу мақсатында бір қатар кезек күттірмейтін жұмыстар межеленіп, олар ептеп орындала бастады. Атап айтканда:
- Арал теңізінің құрғаған орынында 350,0 мың гектар жерге тәжірибе-өндірістік орман алқабын жасау;
- Шығыс Арал өңірінде мемлекеттік орман қорын сақтау және көбейту үшін ағаштардың тұқымын себу мен көшеттерін отырғызу арқылы мелиоративтік күйін жақсарту;
- Арал өңіріндегі елді мекендерде, олардың төңірегінде, су көздеріне жақын телімдерде ағаш-бүталар отырғызу және бос жатқан жерлерді жасанды шабындық жасау жұмыстарын кешенді орындау үшін елді мекендерге аяқсу жеткізу;
- Теңіз жағалауындағы елді мекендердің тұрғындарын өңірді көгалдандыруға белсенді қатыстыру.
6-тарауға бақылау сұрақтары:
1. Арал өңірін көгалдандырудың қандай маңызы бар? 2. Өңірді көгалдандырғанда қандай жұмыстар орындалады? 3. Арал өңірінің орманы туралы айтыңыз. 4. Елді мекендерді көгалдандырудың тиімді жолы қандай?
Студенттердің далалық тәжірибесі. 30 сағат.
1. Арал теңізінің құрғаған орынында экожүйелердің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу: 1. Жусанды дала экожүйесі 2. Бұйырғынды дала экожүйесі 3. Сарсазанды дала экожүйесі 4. Сексеуілді даланың экожүйесі Әр жүйені зерттеу, сипаттап жазу,-сурет.ке түсіру, бұл өсімдіктер бірімен бірі араласпай таза өседі, оның себебі неде? Тамыр жүйесін зерттеу, ботаникалық ерекшеліктерін зерттеу, гербарий алу. 2. Археологиялық жәдігерлер. 3. Арал өңірінде табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру (САРАТС-1 және 2 жобалары. Ақлақ суэлектр стансасы. Оларды көру, танысу, атқаратын функцияларын біл. Сипаттап жазу, суреттер). 4. Солтүстік кіші Арал теңізі, Қамыстыбас, Қарашолаң, Қаратерең көлдері. Көлдердің гидрологиялық және гидрохимиялық режимдері, шаруашылық және экологиялық маңызы, балығы (түрлері, биомассасы, балықтың жемі). 5. Көлдердің төңірегінде, көларалық ойпаттарда өсімдік жабынының қалыптасуы. Динамикалық алаңдар (1м2) салып зерттеу (түрлік құрамы, биомассасы, суксессиясы, гербарий). 6. Биологиялық көптүрліліктің қалыптасуы. Балық, су ценозымен байланысты құстар мен аңдар, олардың түрлері, тығыздығы, суреттер.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру