Мазмұнға өту
Home

Исламдағы дінаралық диалогтың орны

Еркінбек Шохаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Исламдағы дінаралық диалогтың орны

Авторы: Еркінбек Шохаев

Еркінбек Керімбекұлы Шохаев ИСЛАМДАҒЫ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ОРНЫ Алматы Баспалар үйі, 2014

ISBN 978-601-80386-7-9 Шохаев Еркінбек Керімбекұлы. Исламдағы дінаралық диалогтың орны. – Алматы: Баспалар үйі. 2014. – 208 бет. ISBN 978-601-80386-7-9 ***************************************************** Ш87 © Шохаев Е.К,, 2014 © “Баспалар үйі”, 2014 КІРІСПЕ Бұл еңбекте қаралатын мәселе қазіргі заманда бүкіл әлем ұран етіп шақырып отырған дінаралық және өркениетаралық диалог мәселесін ислам ғалымдарының Құран Кәрім аяттары мен Мұхаммед алайһи саламның хадистері бойынша талдау жолдары қарастырылады. Адам баласының болмысы ұлы социолог ғалым Ибн Халдун айтқандай, қалалық өмір ге бейім, қоғамшыл болып табыла ды. Оның бұл қасиеті тарихтың таңынан бастау алып, оны топтасу, жиналу сияқты әрекеттерге жетеледі. Мұндай нәтижеден кейін адам қоғамының мүшелері өзара ықпал мен қарым-қатынасқа тап болды. Әрине, бұл үшін қоғамдық өзара келісімдер мен тү сіністіктер қалыптасу керек болды. Міне, осы тұста мақсатқа жету үшін адамзат қоғамы өзара диалог жүргізуге кірісті. Ал ХХ ғасырда диалог мәселесі жеке көтеріліп, ең өзекті мәселе болып қарала бастады. Өркениет және дінаралық диалог жүр гізіп, әлем халықтарының арасында азастан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиетті әлеуметтік маызды трлерін басып шы ару» ба дарламасы бойынша жары көрді ӘОЖ 297 КБЖ 86.38 Қ87 ӘОЖ 297 КБЖ 86.38

ке лісім орнатамыз деген мақсатпен ұйымдастырылып жатқан шаралар ондап саналады. Бұл сөзіміздің айғағы ретінде Ел басымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен Аста на қаласында үш жыл сайын ұйым дастырылып келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін айтуға болады. Бұл бастама әлем жұртшылығының тарапынан кең тұрғыда қолдау тапты. Бұл шараларға діні мен мәдениеті әртүрлі ондаған елдердің діни өкілдері қатысты. Кейде өкінішке қарай ислам діні, ис лам әлемі, ислам мұрасы турасында әлем жұртшылығының көзқарасында теріс ұғым дар қалыптаса бастағанын байқаймыз. Себебі, мұсылмандардың және ислам әлемінің басқа халықтардан материалдық, технологиялық, ғылыми тұрғылардан біршама артта қалғаны өмірдің рухани аспектісіне соңғы кезекте көңіл бөлетін халықтарды исламға төмендету көзімен қарауға жетелей бастады. Бұл мәселенің өршуіне әлемдік бұқара лық ақпарат құралдарының да қосып жатқан үлесі бар. Міне, осындай жағдайлар етек алып ба ра жатқан тұста, исламға жала-жауып, лаңкестік, экстремизм, радикализм, фун даментализм, диалогқа жарамсыз және басқаны мойындамайды, қабылдамайды деген кінәларды тағушыларға жауап беретін еңбектерге мұқтаждық пайда болды. Ислам діні жер бетінде пайда болғаннан бері өзі не ерушілерге басқа дін өкілдерімен барын ша келісіп өмір сүруге және төзімді бо лу ға шақырып келгенін ғылыми еңбектер, конференциялық баяндамалар арқы лы ашып, анықтап беруге көптеген мұсыл ман ғалымдар атсалыса бастады. Құран Кәрімді ислам әлемі және бүкіл та рихта өткен мұсылман ғалымдардың бәрі дерлік өздеріне ең бірінші бастау етіп алатын болған. Осылайша, қазірге дейін Құранға сүйене отырып, зерттеу жүргізіп келген ғалымдардың нәтижелі еңбектерін көзімізбен көріп, куә болып отырмыз. Екінші жағынан діндер мен идеологиялар дың саны күннен-күнге көбейіп, қайшылықтар мен келіспеушіліктердің адамзат қоғамын жаулап жатқанына көз жетіп отыр. Сондықтан өркениеттер мен діндердің зият керлік қақтығысы күннен-күнге үдеп бара жатқан мына заманда, мұсылман халықтардың ұстанымын ұлы бастау Құранға негіздей отырып ашып беру қазақ хал қы үшін өте өзекті мәселе деп есептейміз. Диалог тақырыбы бойынша сан тілдерде жазылып жатқан жұмыстар өте көптеп саналады. Соның ішінде, ана тілімізде жарық көріп жатқан еңбектерді де жүздеп кез дестіреміз. Бірақ өкініштісі, диалог мә-

селесін исламның тұрғысынан ашып беріп жатқан қазақ тіліндегі жұмыстарды өте сирек көреміз. Басқа тілдерде бұл тақырып социологиялық-гуманитарлық саланың ойшыл дары тарапынан белсенді түрде зерттеліп жатыр. Нақты атайтын болсақ, «Біз және басқалар диалог этикасын қалай сақтаймыз..» кітабының авторы доктор Салих аль-Ғуряни, «Басқа дін өкілдерімен диа лог» авторы д. Мунқиз бин Махмуд Асса қар, «Диалог эстетикасы» еңбегінің авторы Салман бин Фаһд Аль-Ғауда, «Ис лам және басқалар, диалог шешуші фак тор» кітабының авторы Хамд Шафиқ, «Құран дағы диалог» еңбегінің авторы Ахмед Мұхаммед Ашшарқауи, Құранға түсін дірме берген Имам Табари, Құртуби және Рази, «Диалог цивилизаций – путь к взаимопониманию» еңбегінің иесі М.Хатами секілді ғалымдарды айта білеміз. Еліміз дің зиялылары Әбсаттар қажы Дербісәлі мырза, А.Айталы, Ж.Абдилдин, Б.Амреев секілді ағаларымыз өздерінің мақалала ры арқылы бұл тақырып турасындағы ойла рын айтып жүр. Ана тіліміздегі зерттеулерде диалог мәселесі көбінде философиялық, гуманитарлық, социологиялық, саяси тұрғыдан қаралып келеді. Діни тұрғыдан аз жазы лып, жеткіліксіз ашылып жатқандықтан, осы тұр ғыдан, атап айтқанда ислами тұрғы дан же келей ашып көрсетуге, қазіргі заман мен өмірдің талабына сәйкес түсіндіруге қо ғам да белгілі бір деңгейде мұқтаждық пайда болды. Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбар алайһи сәләм хадистерінің диалог мәселесіне қа тысты мәтіндері бұл жұмыстың тікелей ны саны болып табылады. Құрандағы және ислам тарихында болған оқиғалардағы диалог мәселесі тарихи-философиялық, қо ғамдық-гуманитарлық тұрғыдан зерттеу жү зе ге асады. Бұл еңбектің мақсаты ислам дініндегі диалог мәселесінің негіздері мен шарттарының тұжырымдамасын жасау болып табылады. Адамзат қоғамының ерекшелігі – оның өзара ықпалдасуы мен түсінігі. Бұл ерекшелік адам баласы қоғамының болмысы мен табиғатынан келіп туындайды. Қандай да жаратылыстың болмысы мен табиғатына қар сы әрекетке бару немесе талабын орындамау қалыптасқан заңдылықтарды бұ зуға алып келеді. Бұл жұмыстың негізгі теориясы адам болмысының талабы мен қажеттілігін мойындау. Еібекте негізгі болып салыстырмалы тал дау, жүйелілік, жинақтау, герменевтикалық, тұжырым жасау секілді ғылыми әдістемелер қолданылды.

Теориялық негіз ретінде Имам Табари, Имам Құртуби, Ибн Касирдің тафсирлері, Имам Ғазалидің Дін ілімдерін жаңғырту және Ибн Хишамның Пайғамбардың өмірбаяны еңбектері алынды. Еңбектің қол жеткізген негізгі ғылы ми тұжырымдары деп мыналарды айтуға болады. • Адамзаттың мәні қоғам болғандық тан, қазіргі заманда діндердің, өркениеттер дің, мәдениеттердің, ұлттардың ықпалдасуының негізгі императиві диалог болып табылады. • Диалог ұғымының мағыналарын лингвис тикалық тұрғыдан ашу, мәселесін ғылыми және діни тұрғыдан жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді, диалогтың жүргізу үрдісінің талаптары мен мақсаттарын айқындай түседі. • Мұсылмандар үшін Құран Кәрім ең қа сиетті кітап, Алланың сөзі және ізгіліктің жинағы болып табылады. Сондықтан құранның мәтінін қарастыру диалогтың жаңа қырлары мен сырларын аша түседі. • Өркениет және дінаралық бейбіт келісімнің қажеттілігі диалогтың ереже лері мен принциптерінің әлемдік деңгейдегі құндылық екенін көрсететін диалог мәселесінің талаптарын ғылым мен ілімге негіздеу үрдісі орындалды. Бұл қазақ жерінде диалог мәселесіне ислами тұрғыдан қарау міндетіне қосылған үлес болып табылады. Бұл кітапты осы заман талабына сәйкес диалог мәселесінде жазылып жатқан еңбектерге, ұйымдастырылып жатқан шараларға қолда нуға болады. Сондай-ақ, осы тақырып бойынша мамандарды дайындау курстарында, се минарларда және басқа ғылыми-ағартушылық міндеттерде пайдалануға бола ды деп есептейміз.

ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ИСЛАМ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ Діни наным – баба дәстүр һәм ықылым заманнан адамзатпен бірге жасасып келе жатқан рухани бастау. Айталық, Афри каның Натал аймағында жүргізілген археологиялық қазбалар мұнан 100 мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі қауымның діни нанымдары болғанын айқындап берді. Бірақ дін нашарлап, иман әлсіреген немесе күш алып дәуірлеген ғасырлардың болғаны тарихтан мәлім. Ал Құранның дәйегі не жүгінсек, адам баласының атасы Адам ата мен Хауа ана өмірлерін Жаратушы Алла тағалаға құлшылық жасаумен өткізген. Алла тағала Бақара сүресінде: «Адам рабысы нан сөздерді үйренді де, жалбарынды, ол оның тәубесін қабыл етті....» – дейді [1, 2:37]. ХVII –XVIII ғасырлар шегіне дейін діннің қалың бұқараға тигізген ықпалы орасан болды. Әртүрлі ұлт өкідері дін жалауы астына бірігіп, сол кезден талай-талай үлкен жорықтар (мысалы, ортағасырлардағы крестшілдер) ұйымдастырғанын да біле міз. Сондай-ақ христиан әлемінде ғасырлар бойы мемлекет басшылығы шіркеудің рұқсатын алған соң ғана тағайындалып келген және дін адамдары билік пен жай бұқара халыққа өз үстемдігін қандай үлгіде болса да көрсетіп келді. Ал ислам әлеміне көз салсақ, билік тізгінін ұстаған адамдардың күні бүгінге дейін дін басшылығымен өзара келісіп, ақылдасып, еркін кеңесу арқылы шешімдер қабылдайтыны әмбеге аян. «Еліміз егемендік алғалы бері алқалы жиындарда бой көрсетіп, әлем жұртшылығы алдында біршама танылып қалды. Тіпті, Үндістан мен Пәкстан сияқты алпауыт елдерді мәмілеге шақыру сияқты бейбіт іс-шаралары мен татулық, сенім және өзара сүйіспеншілік жолындағы табанды ұстанымы арқасында қазақ елі әлем жұртшылығы алдында үлкен беделге ие болып, үлкен саясат сахнасында өзіндік орны бар екенін дәлелдеп, мойындала бастады. Бұл игі іс-шаралар Америкалық Фукаяма мен Хантингтон сияқты саясаттану шысәуегейлердің «Өркениеттер қақтығысы» атты теориясымен тұспа-тұс келгендіктен, маңызы тіптен арта түсті. Міне, сондықтан, Елбасымыз Н.Назарбаевтың ұйытқы болуымен Астана қаласында қазірге дейін екі мәрте өткен дін өкіл дері арасындағы өзара сұхбатты 11

қыр күйек оқиғасына байланысты өршіп тұр ған «ислам дінін бүлікшіл, терроршыл дін деп жаппай айыптаудан» арашалап алу мақсатында туындаған әрекет деп түсіну қажет. Негізгі халқы мұсылман болып табылатын Қазақстанда бірнеше дін өкілдері өзара түсіністікпен өмір сүріп жатқандықтан, Елбасымыз бұл әрекеті арқы лы діндердің қақтығыс пен қырғынның емес, татулық пен түсіністіктің дәнекері еке нін бүкіл әлемге жария етті» [2]. Астана қаласында өткен дін өкілдері нің бұл бас қосулары дінімізге жат құбы лыс емес, керісінше, оның түп тамыры Алланың сөзінен бастау алады. Өзге дін өкілдерін сұхбат арқылы ақиқатқа шақырған қа сиетті кітап Құранда бұл туралы: «(Ей, Елшім), былай де: Ей, кітап иелері! Ке ліңдер, сендер мен біздің арамыздағы ортақ сөзде бірлесейік. Яғни, Алладан басқасы на құлшылық етпейік, Аллаға ешнәрсені серік етпейік, Алладан басқа біріміз бірімізді тәңір етіп алмайық. Егер олар теріс айналса былай де: Куә болыңдар, біз Аллаға мойынсұнған мұсылманбыз» [1, 3:64] – деп айтылады. Осылайша, христиандар мен яхудилерді серік қоспай тек Тәңірге табынуға шақырған Құран, мұсылмандарға басқа сенім өкілдеріне, тіпті, Алла мен ақырет күніне сенбейтін дінсіздерге де мейлін ше мейіріммен және түсіністікпен қарауды тап сырады. Алла тағала: «Олардың Алладан өзгеге сыйынғандарын сөкпеңдер, білместікпен Аллаға тіл тигізіп жүрер, осылайша әрбір топқа өз істерін әсемдеп қойдық.... » – дейді [1, 6:108]. Құранды негіз етіп алған хазіреті Мұхаммед алайһи саламның дәуірінен бастап, өзге сенім өкілдері мұсылман өлкелерде тыныштық пен сенім ішінде өмір сүрді. Сол заманнан бастап басқа дін өкілдері мен келісім шартқа отырып, олардың құқығына қол сұқпай, діндері мен өздерін құрметтеу ресми түрде қалыптасты. Осы сөздің айғағы ретінде «Медина қаласындағы яхуди тайпаларының өкілдері Бану Құрайза, Бану Қайнуқағ және Бану Ан-надир сияқты тайпалармен болған өзара келісім шарттарды айта білеміз» [3, 253-254 б.]. Мұның бәрі де мұсылмандар ислам діні жер бетіне келгеннен бұл діннің болмысы мен әлемдік жолдау екенін түсінгендіктен еді. Ислам тарихындағы ең алғашқы диа лог жоғарыда айтып өткеніміздей, мұсылмандар мен құрайш мүшіріктерінің арасында болды. Сол секілді диалогтың өте маңызды оқи ғаларының мысалы ретінде, сахабалар Эфиопия еліне көшіп барған кезде мұсылман-

дар мен Нажжаши патшаның арасында ис лам діні Иса пайғамбар мен оның анасы турасында не дейді деген тақырыпта өткен диалогты айтса болады. Пайғамбар алайһи салам Медина қала сына көшіп келгеннен кейін ол жердегі құранда кітап иелері деп аталған яхудилер мен арада кең ауқымда диалог жүре баста ды. Құран көптеген аяттарда Пайғамбар алай һи саламнан кітап иелерімен диалог жүргізуді талап етті. Сол аяттардың көпшілігі кітап иелеріне «Ей, кітап иелері!» [1, 4:171, 5:15, 19, 59, 68, 77] деген қаратпа сөзбен басталатын еді. Бірде Малик ибн Сайф деген еврейлер дің діндары Пайғамбар алайһи саламға пікір та ластырмақ болып келеді. Ол семіз болатын. Сонда оған Пайғамбар алайһи салам: «Мұсаға тауратты түсіргенмен ант ішіп айтамын, тауратта Алла семіз діндарды жек көрмейді емес пе?» – деді. Сол кезде ол қатты ашуланып, Алла атымен ант ішемін, Алла адам баласына ешнәрсе түсірмеді – деді. Оның қасындағы жол дастары бұл сөзді естіп, не дейсің тағы да, Мұсаға да түспеді ме? – дейді. Ол тағы да қайталап: Алла атымен ант ішемін, Алла адам баласына ешнәрсе түсірмеді – деді. Осы оқиғаның артынша Құранның: «Олар Алла адам баласына ешнәрсе түсірмеді деп айтқан кезде Алланы лайықты түрде бағаламады, оларға Мұса алып келген кітапты кім түсірді деп айт» – [1, 6:91] деген аяты түсті [4, 7 т., 267 б.]. Бұл жерде Құран сұраулы үлгіде ақиқатты айту арқылы екі тараптың арасында болып жатқан диалогтың шешуші нүктесін қояды. Сонымен қатар, Пайғамбар алайһи саламға басқа дін өкілдерімен диалог жүргізген кезде, қандай тәсілді қолдану керектігін қоса үйретіп отыр. Жоғарыдағы диалогтың оқиғасы еврейлердің өкілімен болған еді. Ал енді келесі бір оқиғаға келсек, бұл христиан дінінің өкілдерімен болған еді. Бірде Нажран өлкесінен Медина қала сына христиандардың бір тобы келіп, бірне ше күн тұрақтайды. Сол келгенде олар тек жата бермей, ислам Пайғамбарына келіп, пікір алмасады. Енді бір қызығы, олар христиан дінінің өкілі болып тұрса да, Пайғамбар алайһи салам оларға мұсылмандардың ме шітінде өз құлшылықтарын жасауға рұқ сат береді. Сахабалар оларды тоспақ болып ен телеген кезде, оларға Пайғамбар алайһи салам «тимеңдер оларға» деп тоқтатады [5, 511 б.]. Міне осы оқиғаға байланысты Али Имран сүресінің басында сексеннен аса аят келеді. Ислам діні өз тарихының таңынан қаншалықты кең және төзімді болғанын жоғары-

да айтылған оқиғадан анық та айқын етіп көреміз. Басқа дін өкілдері ислам негіздері мен ережелеріне қайшы құлшылық жасайтыны белгілі. Солай бола тұра, оларға деген төзімділікті сақтауды Пайғамбар алайһи салам «тимеңдер оларға» деген сөзі арқылы үйретіп кеткен еді. Ибн Жарир Табари тафсирінде мына бір оқиғаны келтіреді. Нажран өлкесінен келген екі шіркеу қызметкері Пайғамбар алайһи саламға келеді. Пайғамбар оларға ис лам дінін қабылдауды ұсынады, сонда олар дың біреуі тұрып: біз сенен бұрын мұсыл ман болғанбыз деп жауап береді. Сол кезде Пайғамбар алайһи салам: «сендер жалған айтасыңдар, исламды қабылдауға сендерге үш нәрсе кедергі болады: крестке табынғандарың, доңыздың етін жеу лерің және Алланың баласы бар деп айту ларың» – деп оларға қарсы жауап айта ды. Олардың бірі: «олай болса, Исаның әкесі кім?» – деп сұрайды. Осындай мезеттерде Пайғамбар алайһи саламның Алламен тікелей байланысы болған дықтан, ең ерекше мінезі, Алла әмірі келгенше асықпайтын еді. Артынша Алла тағала: «Исаның мысалы топырақтан жаратып, бол дегенде бола салған Адамның мысалы секілді еді» – [1, 3:59] деген аятты түсірді [4, 3 т., 163 б.]. Тағы бірде, Нажран христиандары Пайғам бар алайһи саламға: «сен оны (Исаны) Алланың сөзі және рухы дейсің емес пе?» – сұрақ қойды. Ол: «әрине» – деп жауап берді. Сонда олар: «міне бізге жетерлігі осы» – деп шулап қоя берді. Міне, осы тұста Алла тағала тарапынан: «Ал жүрегінде қыңырлық болғандар бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі» – [1, 3:7] аят келеді [4, 3 т., 177 б.]. Диалог барысында сөзбен ойнауды Құран жаратпай отыр. Себебі, христиандар тарапы жоғарыда айтылған «Алланың сөзі, рухы» деген сөздердің мағынасын талдамай жатып, Пайғамбар алайһи салам ол сөздердің мағынасын оларға ашып бермес бұ рын, өз мақсаттарына қолданбақ болды. Бірақ, Құран аяты олардың көкейінде жатқан мұндай жымысқы пиғылды тағы да анық етіп ашып берді. Нажран христиандары келгенде назар ау дартатын оқиғалардың бірі, Пайғамбар алайһи салам олармен Мединада болған еврейлердің бір тобының қатысуымен кездесу өткізеді. Ибн Ғаббас былай деп әңгіме лейді: «Нажран христиандары мен еврей дінбасылары Алла елшісінің құзырында жиналып, өзара таласа бастайды. Еврей

дінбасылары Ибарһим тек яхуди болған десе, христиандар жоқ, Ибраһим тек христиан болған дейді. Міне осы шақта аят келіп: «Ибраһим яхуди де, христиан да болған емес, ақиқатты ұстанған мұсылман болған еді» [1, 3:67] деп арада болып жатқан та ластартысқа нүкте қояды» [4, 3 т., 305 б.]. Сол секілді, Пайғамбар алайһи салам Ади ибн Хатим Аль-Таииді мешітте күтіп алды. Оның қоғамында өз дініне қайшы бо лып жатқан істерді айтып әңгімелесті. Да на лықпен олардың қателігін айтып, дұрыс ба ғытты көрсете білгендіктен, келген қо нақ ис лам дінін қабылдап, еліне қайтты [6, 2108 х.]. Пайғамбар алайһи саламның христиан және басқа дінді ұстанатын елдердің патшаларына және көсемдеріне хаттар жолдауы да олармен болған диалогтың бір түрі еді. Эфиопия патшасы Нажжашиге, Рим патшасы Гераклге, Мысырдағы қибтилар көсемі Муқауқиске және Ямама елінің басшысы Һауаза Ал-Ханафиге оларды ис лам ға шақырып, сахабалар арқылы хаттар жолдады. «Муқауқиске Хатиб ибн Аби Балтаға деген сахабасын жібереді. Ол қибтилер көсемі нің алдына кіргенде одан Пайғамбар алай һи саламның соғыстары турасында сұрайды. Сонда Хатиб: «бірде жеңеді, енді бірде жеңіледі» – деп жауап береді. Муқауқис: «Қалай сонда, Алланың пайғам бары жеңіле ме» – деп таңқалады. Хатиб: «Олай болса, Алланың ұлы крестке асыла ма?» – деп өзіне сұраулы жауап беріп, қибти көсемін тоқтатып қояды [7, 185 б.]. Тағы бір Хатиб ибн Аби Балтаға мен Муқауқистің арасында болған оқиғаны айта кетейік. Бұл оқиғаны Хатибтің өзі әңгімелейді, ол: мен Муқауқиске ислам пайғамбары ның елшісі болып барған кезде, ол өзінің бар ша патриархтарын жинап алып, маған қа рап: «мен қазір саған бір әңгіме айтамын, сенің жақсылап ұғынуыңды қалаймын – деді» – деп бастайды. Мен: Жарайды, әрине – дедім. Ол: Маған көсемдерің туралы айтшы, ол пайғамбар емес пе – деді. Мен: Ия, әрине, ол Алланың елшісі – деп жауап бердім. Ол: Олай болса, неге өз халқы оны өз қаласынан қудалап шығарған кезде, неге ол оларға қарғыс тілек жасамады – деді. Мен оған: Сен Марямұлы Исаға Алланың елшісі деп куәлік бересің бе? Қашан оны елі асамыз деп ұстап алып барған кезде, Алла тағала оны аспанға көтеріп алып кет кенге дейін, неге Алладан оларды апатқа ұшыратуын сұрап тілек етпеді – деп сұрақ қойдым. Ол: Жарайсың, сен данышпанның құзы-

рынан келген данышпан екенсің – деп разы болады [8, 315 б.]. Сосын тарих парақтарын ақтарып отырсақ, мұсылмандар Мысыр және Шам өлкесіндегі елдерге кіргенде, сол өлкелерде өмір сүріп жатқан христиан халықтар дың көпшілігі мұсылмандардың діні – ис лам дінін қабылдады. Олардың бұлай тез арада жаңадан келген дінге кіруінің көпте ген себептері бар. Солардың ішіндегі ең ма ңыздысы деп, сол заманда мұсылман дар мен хрис тиандар арасында кеңінен тарал ған диа логты айтуға болады. Тарих өз парақтарына жай қарапайым мұ сылмандар мен басқа дін өкілдерінің арасында болған диалог пен пікірталастарды тіркеп үлгермесе де, сұлтандар мен халифалардың сарайларында болған оқиғаларды тіркеп отырған еді. Солардың бірі, әлемге танымал болған ұлы патша халифа Харун Рашидтің христиан дәрігерімен сенім мен нанымға қатысты диалог жүргізуі. Және бұл мәселеде Ху расандық Мұхаммед ибн Омар деген ғалымнан көмек сұрауы [7, 207-208 б.]. Халифа Мамун өз сарайына Кулсум ибн Амр аль-Ғитаби мен Ибн Фаруа деген христианды шақырып, ол екеуі халифаның алдында Иса құдай ма, жоқ па? деген сұрақ турасында пікір таластырады [7, 213 б.]. Аббаси халифаларының бірі Мұғтадит тің заманында, Қази Абу Бакр Аль-Бақил лани бастаған мұсылмандардың делегация сы Константинопольға сапармен барады. Сол кезде Рим патшасы мен олардың ең үлкен діни көсемінің арасында болған диалог тарих кітаптарында көп келеді. Сондайақ, мұсылман делегациясы басшысының да налығы мен ақылына тәнті болған рим пат шасы, олардың бізге жіберілген өкілі осындай білімді болса, патшалары қалай болды екен деп, өзінің таңқалғанын жасы ра алмайды [9, 17 т., 191-192 б.]. Халифалардың сарайынан тыс жерде бол ған тарих ескеретін диалог оқиғала рының бірі Имам ағзам Абу Ханифа Нұғман ибн Сабиттің бір топ атеистермен әлемнің себепкерлігі жөнінде пікір таласуы еді [10, 3 т., 127 б.]. Теңдесі жоқ тафсир кітаптардың бірін жаз ған Имам Фахр Разидің хорезмдік епископпен Мұхаммед алайһи саламның пайғамбарлығы және Исаның кереметтері оның пайғамбарлығының белгісі ме, әлде құдайлығының белгісі ме? – деген тақырыптарда диалог жүргізгені көп ғалым дардың кітаптарында жазылған. Ислам ғалымдарының арасында дін аралық диалог пен пікірталас тақырыбында үлкен еңбектер жазған ғалымдар жүздеп

саналады. Солардан «Жауап сахих» кіта бын жазған Ибн Таимияны, «Крест апатының түрлері мен иман бақшасының дәреже лері» еңбегінің иесі Абу Убайда Аль-Хазра жи секілді үлкен ғалымдарды айтсақ болады. ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ЗАМАНУИ ЖАҒДАЙЫ Өткен ғасырларда батыстың шығысқа жасаған отарлау әрекеттерімен қатар, мұ сылмандар мен батыс дін өкілдерінің арасында болатын диалог жаңаша сипатта көрініс тапты. Мысалға Үндістандағы отарлау және шоқындыру саятсатына қарсы ғы лым мен білімнің қылышын сермеп шық қан Ғұлама Рахматулла Аль-Һиндидің атқарған қызметі зор болды. Бұл кісі мен Кии, Франг және Вундар деген епископтардың ара сын да ХІХ ғасырда болған айтыс жоғарыда айтқанымыздың үлкен айғағы [11, 17 б.]. ХVІІІ–ХІХ ғасырларда Үндістанда өте кең көлемде етек алып бара жатқан шоқындыру саясатына қарсы ғылымның қаруымен белгілі бір деңгейде тосқауыл бола білді. Бұл әдіс еліміз егемендік алып, сенім мен наным бостандығы туралы заң қабылдан ғы лы бері мүмкіндікті пайдаланып, жеріміз бен санамызды жаулап бара жатқан, қанымыз бен ділімізге қайшы ағымдар мен діни топ-

тарға тосқауыл болу үшін бізге ауа мен судай қажет болып тұр. Осындай еліміздегі ащы шындықты сипаттап А.Айталы ағамыз: «Дегенмен христиандар мен мұсылмандар арасындағы қарым-қатынастарға өркениеттер ерекше ліктеріне байланысты қайшылықтар ық пал етіп отыр. Біздің заманымыздың маңызды белгісінің бірі – исламның қайта түлеуі. Исламтану ілімінде капитализмнің де, социализмнің орнын басатын үшінші бағыт ислам өркениеті болып есептеледі. Ба тыс капитализмі мен демократиясы арұяттан аттауға әкеліп, елдерін аздырды. Ал марксизм болса, ашық құдайсыз атеис тік ілім, ал имандылықты сақтайтын, дін мен заңды ұштастыратын ислам ілімі ғана » – деп өз ойын білдіреді [12, 4 б.]. Ислам билеген тарихтың басқа дін өкілдерін ескермеген тұспалдарын көре алмай мыз. Ислам әлемінде екінші халифа (пат ша) болған хазіреті Омар, бірде қайыр ті леп жүрген қария еврейді көргенде, қалай ғана жас күніңде сенен «жизиа» (Әһл кітаптың салығы) алып пайдаланып, қартайған шағыңда тастап қоямыз деп оларға мемлекеттің есебінен қаржылай көмек бөлінуге бұйрық шығарады. Сондай-ақ, Шам маңында монғол әскерімен бітімге кел ген мұсылман елшісі тек мұсылман дар емес, өзге дін өкілдері де тұтқыннан то лық босатылмай, келісімге келе алмайты нын айтқан. Сүйікті Пайғамбарының: «Сізге Әһл кітапты, яғни христиандар мен иудашы ларды аманат етемін» деген хадисін бұлжымас әмір ретінде қабылдаған елші, өз сөзіне таңырқай қараған қарсы жаққа өз ге дін өкілдерінің мұсылмандар үшін ама нат екенін, ал аманатқа қиянат жүрмейті нін мәлімдеген. «Үмбеттің мүддесін қорғау үшін ислам қа райласу ісін жүзеге асыруды мемлекеттің басты қызметтерінің бірі етті. Сондайақ, оның атқарылуына мемлекет өзі кепіл болады. » [13, 133 б.]. Палестинаны алу үшін бейбіт халықты қан ға бөктірген христиандық крест жорық шылары Испаниядағы мұсылман мемлекет Андалусияны талқандап, оның бейбіт тұрғындарын жаппай қырып-жоя бастағанда құрып кету қаупі туған жер гілікті яхудилер, Осман мемлекетіндегі мұсылмандарды паналаған еді. Мысалдар тізбегін осылайша жалғастыра беруге болады. Бұл орайда біздің айтпағымыз, адамгершілік қасиеттерді ардақтап, қастер леу және адам құқығын аяққа таптатпай, ас қақ ұстау – ислам дінінің басты ерекшеліктерінің бірі. Сондықтан, ислам дінін кең дік пен кешірімнің, келісім мен түсіністік тің

діні деуге толық негіз бар. Қазіргі таңда және қадым тарихтан бері қазақ елінде көптеген сенім өкілдерінің тату-тәтті ғұмыр кешуі де бұл сөзіміздің бір айғағы іспет тес. Қазақстан мұндай жағдайымен әлемдегі ерекше мемлекеттердің бірі ретінде дінаралық және ұлтаралық татулық жағынан басқаларға үлгі болып тұрғанын көпшілік мойындайды. Осы тұрғыда ізденушілердің бірі былай дейді: «В настоящее время имен но Казахстан как полиэтническое и многоконфессиональное государство показывает всему миру пример диалога куль тур и диалога религий....» [14]. Медина қаласында яхудилер хазіреті пай ғамбарға түрлі қастандықтар ұйымдас тырып, оны тіпті, улап өлтіруге әрекет жа саған еді. Олардың мұсылмандарға ту сыртынан тұтқиылдан тиісіп, сатқындық жасаған тұстары да болды. Әйтсе де, Құран Кәрім иудашылар мен христиандарды “Әһл кітап” яғни қасиетті кітап түсірілгендер санатына қосып, мүшріктер мен дінсіздерден жоғары бағалады, оларға қыз беруге тыйым салынса да, қыз алуға рұқсат етілді. Сондай-ақ, басқа мүшрік дін өкілдерінің бауыздаған малын жеуге болмаса да, христиандар мен яхудилердің бауыздаған малын жеуге тыйым салынбады. Осылайша, мұсылман елінде бейбіт жағдайда күн ке шіп, тең дәрежеде өмір сүрген иудашылар мен христиандар арасында әр кезеңде көптеген ғалымдар мен мемлекет қайраткерле рі шықты. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз алайһи салам өзге сенім өкілдерінің талаптілектерін қабыл алып, олармен Худайбия келісімін жасаған болатын. «Алла Елшісі алайһи саламның ислам елін де кімде-кім мемлекеттің қарауына кірген басқа дін өкілдеріне тіл тигізсе, азар берсе, ол Алла мен исламның қорғауын жоғалтады деген сөздері өзге дін өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне кепіл болды. Қоғамдағы көпұлттылық пен сенім мен наным ның түрлілігін мойындау ислам мәдениетінің бас қа мәдениеттер және діндермен салыстыр ғанда абсолюттік ерекшелігі болды» [15]. Жаһандану саясаты сойылын соғып, ақпараттар ағылып тарап жатқан мына заманда исламды қаралап, мұсылмандарды артта қалған әдепсіз деп кінә тағатындар күн санап көбейіп келеді. Барша әдіс пен тәсілді қолданып, жоғарыда қысқаша айтып өткен тарихтың шындығын жасы рып, ұмыттыруға әрекет жасап жатыр. Міне, әлем болашағына, атап айтар болсақ, дін болашағына қауіп төніп тұрған осындай аумалы-төкпелі заманда тарих пен діннің ақиқатын ашып берер еңбектер мен зерттеулердің жарыққа шығуы бір міндет.

«Ал мұндай еңбектерде айтылатын сөз, жасалатын іс, ұстанымдар мен жобалар дұ рыс бағалану үшін екі мәселеге баса назар аударған жөн болады. Ислам діні нің ақиқаты мен дұрыс ұстану үлгісін аша түсу.... екіншіден, барша тараптарға ортақ жалпы отандық мүдделерді ескеру...» [16]. Егер осы шарттар сақталатын болса, барлық тараптардың ортақ мақсаты болып табылатын ақиқатқа жетудің үлкен кепілі болар еді. Құран Кәрімді ислам әлемі және бүкіл тарихта өткен мұсылман ғалымдардың бәрі дерлік өздеріне ең бірінші негіз әрі бастау етіп алатын болған. Осылайша қазірге дейін Құранға сүйене отырып, зерттеу жүргізіп келген ғалымдардың нәтижелі еңбектерін көзімізбен көріп, куә болып отырмыз. Екінші жағынан, діндер мен идеологиялар дың саны күннен-күнге көбейіп, қайшылықтар мен келіспеушіліктердің адамзат қоға мын жаулап жатқанына көз жетіп отыр. Сондықтан, қоғамды осы алауыздықтан келіп шығатын қақтығыстардан сақтау үшін бір ымыраға әкелер өзара диалогтың болуы уәжіп болғандай. Алла өз кітабын да екі тарапты диалогтың бірнеше түрін келтіреді. Мысалға: Алла тағаланың «Ей адам баласы!.» деп жалпы адамзатқа ар нап жолдаған аяттары, «Ей иман келтірген дер!..» деп тек мұсылман пенделеріне жолдауы немесе Алла тағала мен пайғамбарлардың бірі нің арасында болған диалог, Алла мен Шай тан Ібілістің ортасында болған диалог, Мұса пайғамбар мен Перғауынның арасында болған диалог секілді мысалдарды айта білеміз. «Сондай-ақ, қазіргі заманда әлем сах насында диалогтың атқаратын қыз меті мен мақсатына қарай мамандар этика лық, келісімдік, ғылыми, тарихи, шоқын дыру шылық т.б. типтерге бөледі» [17]. Ал Құрандағы диалогтың түрлеріне тереңдеп мән беріп, ғылыми-зерттеу жүргізіп қарайтын болсақ, диалог саласына өте маңызды ғылыми және діни жаңалықтар енген болар еді. Сонымен қатар, сыры мен жаңа мағыналары таусылмай қия метке дейін жалғаса беретін Құранның кереметтері ашыла түсетін еді. Елбасымыз Нұр сұлтан Әбішұлы: «Біз түбіміз – түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпайық, атабабамыздың дәстүрі қасиетті кітабымыз Құ ранды насихаттауымыз керек» – деп айтқандай, Құранды насихаттау іске асады деген үмітіміз де бар. Келешек және қазір гі ұрпақ өзінің қасиетті кітабына құрметі мен бағасы арта түсері де күмәнсіз. «Әрине дінаралық келісім мен түсіністік бір дегеннен болатын, немесе өзінен-өзі дамып, жетіліп кететін мәселе десек, қат-

ты қателесеміз. Үйлесімге жету жолы бек нәзік, бек шетін сияқты» [18]. Біз осы жұмысымыз арқылы диалог ғасыры деп аталатын ХІ ғасырдағы өркениет тер диалогының негізгі аспектілеріне тоқта лып өттік. Себебі, олар біздің тақырыбымыз дың өзектілігі мен маңызын аша түсері шек сіз. Сондай-ақ Құранда келетін диалог тек діни ғана емес, өмірдің жан-жақты салала рын қамтығандығынан хабар береді. Ғылымизерттеу объектіміз болып табылатын Құран Кәрім туралы қысқаша айтып, тоқтала кетуді жөн көрдік. Диалог терминіне анықтама беріп, адамдар арасындағы көзқарас пен пікір қайшылығының заңдылығын ислами тұрғыдан қарастырдық. Бірлік пен ын тымақты ұран етіп ұстайтын ислам ның мәтіндеріне түсіндірме беріп, бұл мәселеге қатысты принципті айқындадық. Соңынан, диалогта сақталуы керек ғылыми және этикалық ережелер мен шарттарды келтірдік. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ КӨЗҚАРАСТАР МЕН ПІКІР АЙЫРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ Қай ғасырда, қай жерде болса да адамдардың көзқарасы әртүрлі болып, әр кім өзінің пікірінің дұрыс екендігін дәлелдеу мақсатында олардың арасында пікірталастар мен айтыстардың болуы жаратылыс болмысының заңдылығы. Себебі, бұл заңдылық оларды жаратқан Алла тағала тарапынан бекітілген. Бұл құбылыс адамдардың түрлері, түстері, тілдері, мінезі, ақылы, білімі және қабілеті әртүрлі болуынан туындап жатқандай. Адамдар арасындағы бұл айырмашылық турасында Құран Кәрім: «Аспандар мен жердің жаратылысы және тілдерің мен түстеріңнің әртүрлі болуы оның (құдірет) белгілерінен, әлбетте білгендер үшін бұл мәселеде ғибраттар бар» дейді [1, 30:22]. Жоғарыдағы аятта айтылған сыртқы көріністегі айырмашылық адамдардың ой ларының, пікірлерінің, қалауларының, ба-

ғыт тарының әртүрлі болуы заңдылық екеніне үлкен дәлел және Алла тағала: «Егер Раббың қаласа, адамдарды бір ғана халық етіп жаратар еді, бірақ олар біріне бірі қарсы келе береді, Раббың рақым еткен адам ның жағдайы басқа, олар сол үшін жаратыл ған еді» – дейді [1, 11:118, 119]. Имам Фахр Рази: «Қайшылықтағы мақсат адамдардың діні, мінезі және істері әртүрлі болуы» – дейді [19, 2675 б.]. Ислам ғалымдарының бұл аятқа беретін түсіндірмесіне қарасақ, олар: Алла таға ла адамдардың барлығын бір дінде етіп қояр еді, оларда ерік те таңдау да болмас еді. Бұлай етсе, адам деген жаратылыс тың басқа жануарлардан ерекшелігі қал май, күнделікті тіршілігінде ара немесе құ мырсқалар секілді өмір сүріп, ал жан дү ние сі тұрғысынан ақи қатты тану мен бойсұ ну дан басқаны білмейтін, Алланың бұй ры ғына бір елі де қарсы шықпас періштелер секіл ді болар еді. Бірақ, адамның жаратылысы білімге талап ету, іздену арқылы жетеді, сондай ақ қарамақайшы пікірлердің дұры сы мен бұрысын өз еркімен, қалауымен анықтап біледі – дейді. Адамдардың әртүрлі көзқараста болып, дін мәселелерінде бірімен-бірі келіспеуі турасында Хафиз ибн Ражаб: "Қашан адамдардың дінге қатысты мәселелерде таласы көбейген шақта, аралары бұзылып, бірінбірі жек көріп, лағынет айта бастады. Олардың әрқайсысы мен Алла үшін жек көріп жатырмын деп ойлайды. Мүмкін бұл мәселеде оған кешірім бар шығар,бірақ ол ақиқатты дұрыстап іздемей, өзінің білмес ойына ергені үшін кешірілмеуі де мүм кін. Себебі, ол өзі ұстанған пікірдің иесі тек дұрыс пікір айтады деп есептейді. Әрине, ол дұрыс айтуы да мүмкін, сондай-ақ қате лесуі де мүмкін және айтқан пікіріне жәй нәпсінің жетегімен немесе өзінің үйреншікті әдетінің себебінен баруы әбден мүмкін. Ал бұл айтылған ықтималдарды есептер бол сақ, Алла үшін жек көру емес, жеке басы үшін жек көру болып кетеді. Мұсылман адамның міндеті мұндай ниеттер мен жағдайдан өте сақ болып, ислам дінінде тыйым салынған араздыққа түсіп кетпеу керек. Осы тұста айта кету керек жәйт, ол дін ғалымдары қате сөзді айтуы мүмкін, бірақ олар мужтаһид дәрежесіне жеткендіктен және ізденгендіктен, қатесі үшін де Алла оларға сауап береді, ал осы қате сөзге еріп, оны қорғаштаушы адам мужтаһидтердің дәрежесіне жетпегендіктен және басқа емес өзі жақсы көріп еретін адамның пікірі болғаны үшін ғана қорғағандықтан, кеші рілмеуі мүмкін. Егер сол пікірді дін ғалымдарының басқа біреуі айтса, оны қа былдамайтын да, қорғаштамайтын да

еді және оған келіскен адамды дос тұтып, қарсы болған адамды дұшпан тұтпайды, солай бола тұра пікірдің иесі болған адам секілді ақиқат үшін күресіп жатырмын деп ойлайды. Ал, пікірдің иесі ниеті тек ақиқатқа жету болып, мужтаһид дәрежесі не жеткендіктен, қателігіне де сауап алатын еді» – дейді [20]. Имам Ибн Ражаб адамдар арасындағы, атап айтқанда, ғалымдардың арасындағы пі кір мен көзқарастар қайшылығын заңдылық деп бекітумен қатар, осы заңдылықтың негізгі шартын түсіндіріп өтеді. Яғни тек білім мен ізденудің нәтижесінде пайда болған пікір мен көзқарас қайшылықтары ғана заңды әрі табиғи деп қабылданады, ал бұдан басқа негізі жоқ пікірлерді кешіруге болмайды деп қарайды. Жоғарыда айтылғандай, Құранда адамдар арасында түстің, тілдің айырмашы лықтары жөнінде айтылып өтеді. «Аспандар мен жердің жаратылысы, тілдерің мен түстеріңнің әр түрлі болуы оның құдірет белгісінен, әрине мұнда білгендер үшін белгілер бар» [1, 30:22]. Ибн Касир: «Бұл діндері әртүрлі болған халықтар туралы айтылған хабар, себебі таухидте бір болса да, Алла тағала елшілерінің шариғаты әртүрлі болып еді» – дейді [21, 2 т., 67 б.]. Құранның «Егер раббың қаласа, адамдарды бір халық етіп жаратар еді, олар осылай таласа береді, бірақ, раббың мейірім еткені басқа, оларды осы үшін жаратты» [1, 11:118-119] деген аяты турасында Ибн Хазм: «Алла тағала адамдар арасында болатын таласты айтып өткенде оларға телі ді, демек, Алла тағала оған разы емес, бұл істер күпірлік және басқа да күнә істер секілді жаратылыс заңдылықтарының бірі ретінде ғана қалыптасты» – деп тафсир жасай ды [22, 2 т., 64 б.]. Өз кезегінде ұлы тафсирші Ибн Касир: «олар осылай таласа береді, бірақ, раббың мейірім еткені басқа дегеннің мағынасы: кейінгі халықтардың діндері, сенімі, ұлттары, бағыттары, мазһабтары мен пікірле рінің түрлі болуы... Хасан аль-Басри ай тады: адамдар әртүрлі діндерге бөлініп кетеді, бірақ Раббың мейірім еткені басқа, кімге Раббыңның рақымы түссе ол бөлінбейді» – деп түсініктеме береді [21, 2 т., 466 б.]. Ислам ғалымдары жоғарыда келтірген Һуд сүресіндегі «оларды осы үшін жаратты» деген сөйлемге түрлі түсініктемелер береді. Хасан аль-Басри, Муқатил, Ғато секілді тафсиршілер «осы үшін» яки таласу үшін жаратылды деп тафсир етеді. Ал, Ибн Ғаббас, Мужаһид, Қатада және басқа

тафсиршілер бұл аяттағы сілтеу есімдігі «рақым, мейірім сөзіне қайтады» демек, оларды рақым ету үшін жаратты дейді. Ибн Жарир Табари мен Ибн Касир ерек ше тафсирлейді, олар: «екі мағынаны да қамтиды, яғни, біріншіден таласу үшін, екіншіден тура жолды ұстанғандарды рақым ету үшін жаратты» дейді [23, 9 т., 114 б.]. Ибн Сағди: «Алла оларды жаратып, олардың бірі бақытты, енді бірі бақытсыз, бірде келісіп, енді бірде келіспей, бір тобын тура жолға салып, енді біреуі адасып жүруі оның даналық сипатымен болып жатқан заңдылық еді. Сондай-ақ, бұлай болумен адамдар Алланың әділдігі мен даналығын сезіп, адам баласының болмысындағы жақсы және жаман қасиеттерді танып біледі» – дейді [24, 2 т., 396 б.] Егер адамдар арасындағы айырмашылық және түрлілік Алла тағаланың жер бетіндегі құдірет белгілерінің бірі болса, демек, бұл түрлілік пен алуандықты мүлдем жоғалтуға тырысқан адам, мүмкіндігінен тыс шараға ұмтылып, табиғи заңдылыққа қарсы шыққандай болады. Олай болса, бұл айыр машылықты мойындаудан басқа амал қалмайды. Осы тұрғыда айта кететін мәселе, адамдар арасындағы айырмашылықты мойындау болып жатқан қайшылықтар мен адасуларды қолдау деген сөз емес. Кері сінше, дұрыс пікірде болған тараптың мін деті, қателесіп және қайшылықтарда жүргендерді шамасы жеткенше дұрыс пікірге шақыру және оларға тура көзқарасты жеткізу болып табылады. Бірақ, ақиқатты ұстанған адам басқалардың барлығын дер лік дұрыс пікірге жетелеу мүмкін емес екенін жақсы білуі керек. Себебі, Алла тағала Құранда: «Иманға келгендер Алла қаласа, адамдардың барлығын тура жолға салар еді ғой деп әлі үміттене ме?» – дейді [1,13:31]. Имам Құртуби бұл аяттың мағына сын: «Иманға келгендер Алла тағала қаласа, бүкіл адамдарды құдірет белгілерін көрсе тетін жолға салып қоятынын білмеді ме?» – деп түсіндіреді [23, 9 т., 330 б.]. Демек, жоғарыдағы аяттар мен ғалымдардың берген түсініктемесінен қорытары мыз, барша адамзаттың дұрыс көзқарас пен тура жолда болуы мүмкін емес. Себе бі, көптеген адамдар ақиқатты білмейді, енді біреулері біліп тұрса да, сеніп, сол ақиқатты, шындықты мойындағысы келмейді. Әри не, ақиқат жолымен жүрген адамның мін деті, қолынан келген барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, ақиқатты жеткізуге, оған қарай жетелеуге тырысып, адамдар ара сындағы қайшылықтарды жоғалтуға атсалысуы керек.

Осы орайда айта кету керек үлкен мәселе бар, ислам шариғатында Алла тағала басқа адасып жүрген қауымдарды тура жолға шақыруды бұйырады. Бірақ, міндетті тек шақырып қана қоюмен шектейді. Алла тағала: «Дінде еш зорлық жоқ...» [1, 2:256] «егер олар қабылдамай, теріс қараса, сенің міндетің тек жеткізу ғана,» [1, 14:82] деген аяттар арқылы енді ғана қазіргі заманның ұраны болып көтеріліп жатқан төзімділік ережесін он төрт ғасыр алдын айтып кеткен. Өкінішке қарай, бүгінгі күнде етек алып жатқан кейбір дінаралық немесе ұлтаралық қолайсыз жағдайлар кімнің тарапынан болса да, жоғарыда айтылған Құран аяттарын жете түсінбеуден шығып отыр десек те болады. Имам Құртуби: «егер олар ойланудан, дәйекті мойындаудан және иманнан бас тартса, сенің міндетің тек жеткізу ғана, ал тура жолға салу ол біздің міндетіміз» – деп аяттың мақсатын түсіндіреді [23, 10 т., 161 б.]. Тағы бір аятта: «Егер кімде-кім ислам ды қабыл етсе, тура жолға түседі, ал егер бас тартса, сенің міндетің жеткізу ғана, Алла пенделерді анық көріп тұрады» – делінеді [1, 3:20]. Бұл аяттың түсіндірмесінде Имам Табари: «егер олар сен шақырған исламнан және әлемдердің раббысы Алланы бір деп танудан бас тартса, сен жеткізуші елші ғанасың, сенің міндетің пенделеріме жіберген жолдауымды жеткізу және саған жүктеген ғибадат-тағатымды орындау. Алла тағала пенделерін анық көріп тұрады.....» [4, 3 т., 215 б.]. Ғашия сүресінде Алла тағала: «сен ескерт, себебі сен тек ескертушісің, оларды билеп төстеуші емессің..» – дейді . [1, 88:21,22] Имам Табари: «оларды билеп төстеуші емессің дегені, яғни оларды зорлап өз қалауыңмен жүргізе алмайсың, сен олардың ісін маған тапсыр, олардың үстінен үкімді мен шығарайын» – деген жолдармен түсініктеме береді [4, 30 т., 166 б.]. Сол секілді тағы да осы мағынада келген басқа да аяттарға оралар болсақ, Құранда : «сені (Мұхаммед алайһи салам) олардың үстінен бақылап тұру үшін жібермедік» [1, 42:48], «Оларды билеп төстеуші емессің» [1, 88:22], «сенің міндетің оларды тура жолға салу емес, бірақ Алла өзі қалаған пендесін тура жолға салады» [1, 2:272], «сенің міндетің жеткізу ғана, ал есеп алу біздің міндетіміз» [1, 13:31], «сенің міндетің тек жеткізу ғана» [1, 42:48] сияқты аяттар легімен келеді. Бұл тұрғыда аяттардың көп теп келуі адамдардың әртүрлі бағытта болуын және олардың түрлі діндер мен

сенім-нанымдарды ұстануын заңды құбылыс екенін бекіте түседі. Демек, ислам діні адам баласының пікірлеуде, ойлауда, қалауында белгілі бір негізге сүйене отырып, біріне-бірі қайшы келуін оның болмысының ажырамас бөлігі деп біледі. Сондай-ақ, барша адамды бір дінге жинау мүмкін емес міндет екенін мойындайды. Дұрыс көзқараспен жүрген ғалымдар мен данышпандарға мүмкіндігінің шеңберінде адамдар арасында ақиқатты таратуды жүктейді. «Сондықтан олар қарапайым халықты бастап жүру міндетін атқаратын болғандықтан, ислам әлемінің имам деген лақапқа ие болған көрнекті ғалымдары әрбір сөзінде, берер пәтуасында жан-жақты зерттеп, толығымен ізденіп барып сөйлейтін болған». [25] Ислам діні адам баласының табиғаты мен болмысын мойындай отырып, сонымен қатар адамзаттан бөлінбей, бірауыз мәмілеге келіп, жаппай шындыққа жармасуға шақырады. Әрине, қазақ айтқандай, «бөлінгенді бөрі жейді» деп бөлінген ортада береке болмайды және ол елді сыртқы жаудың алуы жеңіл болады. Қайсы елдің болса да сыртқы жауының ұстанатын қағидасы «бөліп жар да билей бер» еке нін ұмытпау керек. Алла тағала: «Барлығың Ал ланың жібіне (дініне) жабысыңдар және бөлінбеңдер..» [1, 3:103], «біріңменбірің жанжалдаспаңдар, күштерің кетіп, жетістікке жете алмай қаласыңдар...» [1, 8:46], «Анық дәйектер келгеннен кейін де бөлініп, таласқандар секілді болмаңдар» [1, 3:105], "Сендер біріңе-бірің дұшпан едіңдер, жүректеріңді жақындатып Алла ның нығыметімен бауырлар болдыңдар, міне Ал ланың сендерге жасаған осы жақсылығын естеріңе алыңдар" [1, 3:103] – дейді. Сондай-ақ Пайғамбар алайһи салам хадис шарифінде: «Бір-біріңнен қатынастарың ды үзіп, теріс қарап кетпеңдер, біріңді-бірің жек көрмеңдер, бірі екіншісі үшін бауыр болған Алланың құлдары болыңдар» – дейді [26, 144 б.]. Демек, бұл аяттар мен хадистен алар біздің сабағымыз, Ислам бөлініп, қарым-қатынасты үзгенді қолдамай, қанша айырмашылық болып жатқанның өзінде бөлінбей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруды талап етеді. Ислам мемлекеті Пай ғамбардың дәуірінде және одан кейін әділетті халифтердің заманында болған бірлік пен ынтымақтың арқасында дәуірлеп, әлемге өзін мойындатты. Өзара билікке таласып араларындағы ауызбірлік кете бастағанда, әлемді дүрліктіріп тұрған мұсылман державасы әлсіреп, құлдырай бастады, құлдырап қана қоймай, ақырында

құлап, мүлдем мемлекет болудан қалып, жер бетінен біржолата кетті. Әлем қауымдастығы өткен 2001 жылды «Өркениеттер диалогы жылы» деп атауы ның өзіндік өте маңызды да мәнді мақсаттары мен мағынасы бар. Себебі, адам баласы бұл біз өмір сүріп жатқан жер бетінде пайда болғалы бері, өмір сүру ережесі әрі принцип тері секілді болып қалыптасқан құндылық тар әлемі бар. Осы құндылықтарды сақтау дың нәтижесінде қоғам қалыптасып, тату-тәтті өмір сүру үрдісі пайда болды. Демек, олар адам баласының өміріне қатысты жақсы қасиеттер мен салауатты өмір салтына жетелейтін әдіс-тәсілдер десек те болады. Солардың ішінде жалпы адамзатқа тән бө лі гі және кейбір қоғамға немесе ұлтқа ғана тән бөлігі де бар. Бұл құндылықтарды адам баласы мектепке барып немесе институтқа түсіп немесе университетте оқып, әлде диссертация қорғап болғаннан кейін ғана үйренбеді. Керісінше, олар адамзаттың болмысымен, табиғатымен бірге жаратылған қасиеттер еді. Мысалы, адам баласы шындықтың жақсы, ал жалғанның жаман қасиет екенін әуел бастан біліп келе жатыр. Сондықтан қашан адам баласы осы құндылықтарды дұрыс түсінбей немесе сақтай алмаған кезде салауатты өмір сүру салтынан айрыла ды. Адам қоғамында қарама-қайшылықтар мен қолайсыз жағдайлар етек ала бастайды. Осы тұста біздің заманымызда әлемдік деңгейде жаппай жүргізіліп жатқан жаһан дану саясатының бағыттары мен шараларын адами және этикалық, соның ішінде атап айтса әділдік пен теңдік секілді құндылықтармен азықтандыру өте маңызды екенін айта өткен дұрыс сияқты [27]. Адам баласының басқа жаратылыстардан артықшылығы мен ерекшелігі ақылға салып, өз ойындағы пікірді тілімен екінші адамға жеткізе білуі. Яғни Алланың оған берген сөйлеу қасиеті. Осы қасиеттің көмегімен адамзат қоғымының көпшілдік сипат алуы, біріне-бірі үйренісуі, түсінуі, ұғынуы, жан ашуы, мейірімді болуы үлкен мақсатқа жетелейді. Ол мақсат – адам қоғамының бір ауызды, бір ымыралы өмір сүруі. Бірақ, адамдар арасындағы мүдде лер қайшылығының себебінен көп жағдайда осы мақсатқа қарсы әрекетке барып жатады. Солардың мысалы ретінде адам қоғамындағы қақтығыстарды, соғыстар мен басқа да бейбіт өмірдің шаңын қағатын құбылыстарды айта білеміз. Негізіне қарайтын болсақ, сол қайшылықтар мен мүдделер то ғысуын бейбіт әрі мәдениетті жолмен шеш сек болар еді. Міне, осы тұста адам баласының сөйлеу секілді ерекше қасиетіне

тікелей қатысты диалог атқаратын рөлдің кезегі келеді. Өзге дін өкілдерін ақиқатқа диалог арқылы жетелеудің еш мүмкіндігі болмаған жағдайдың өзінде «мұндай диалог басқа дін өкілдерімен болатын ортақ мүдделер ді қамтуы керек, әрине бұл назар аударар лық жәйт» [28]. Саналы диалог адам қоғамының барлық санатында өз рөлін атқарады. Отбасында әке мен баланың, ана мен баланың, ата мен немеренің, әжесі мен немересінің арасында болатын тәрбиелік мәні бар әңгімелер үлгілі отбасының қалыптасып, болашақ тұлғалардың тәрбиесіне қосар үлесі де шексіз. Сондай-ақ, көптеген отбасылық проблемаларды да орынды диалог арқылы шешіп, кері нәтижелердің ал дын алуға болады. Білім беру саласында да диалог әдісінің өте тиімді екенін мамандар баса айтып жатады. Тек білім беріп қана қой май, оқушының жеке тұлғасының қалып тасып, өзіндік ойлау қабілетін дамытады. Қабылдаушы ғана емес, өндіруші де оқушыға айналады. Мұғалім мен оқушының арасындағы көптеген түсініспеушіліктердің алдын алып, кең ауқымда білім алмасу үрдісі пайда болады. ЗАМАНАУИ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ФАКТОРЛАРЫ Ғалымдар диалог үрдісін үш деңгейге бөледі: «Біріншіден, адамның өзімен диалогы, ішкі жан дүниесімен тілдесіп, бір ымыраға келуі, екіншіден, өз қоғамындағы туған-туыстарымен, діндес бауырларымен диалог жүргізіп, пікір алмасу үрдісін қалыптастыру. Соңғысы мұсылман адамның өзге дін өкілімен диалог жүргізуі, ор тақ келісімге келіп, сенім мен дін айыр машылығының себебінен болуы мүмкін қателіктердің алдын алу» [29]. Адамзат қоғамының көпшілігі түрлі пікірде және сан алуан сенім-нанымда болғаны тарихтан белгілі жәйт. Оның үлкен мысалы ретінде қазіргі заманда өз еліміз Қазақстанды алсақ болады. Адамды, атап айтар болсақ, қоғамды басқаратын сол қоғамның негізгі идеологиясы. Өткен ғасырда ғана өмір сүрген алпауыт держава Кеңес Одағының маркстік идеологияны таратып, халықтың санасына сі-

ңіруге бар мүмкіндікті сала кіріскені баршамызға мәлім. Себебі, олар адамның көкейіндегі сенім мен ұстанымның оны бас қару үшін қаншалықты маңызды және негізгі фактор екенін жақсы білді. Бұл әрекеттің жаңаша үлгісін елімізге ағылып ке ліп жатқан секталардың көсемдерінен көріп жа тырмыз. Және бұл кері әрекетке тосқауыл болатын ең тиімді әдіс ғылым, білімге және дәйектерге негізделген, олардың жымысқы ниеттері мен мақсаттарын ашып берер сұхбаттар мен пікірталастар болып тұр. Осы тұрғыда ұйымдастырылуы керек диа лог қазақ қоғамының болашақ біртұтас тығы мен ауызбірлігі үшін ең маңызды құндылық болып тұр. Біз елімізде діни сенім-наным мен бірлестіктердің жұмыс жа сау бостандығына қатысты заң күшіне еніп тұрған шақта, ұлтымызға төніп келе жатқан бұл қауіптің алдын алып, тосқауыл болар басқа әдісті қолдана алмаймыз. Егер біз алдын алу шараларын қолданбасақ, қоғамдағы сенім мен нанымның түрлілігі көптеген кері нәтижелер мен проблемаларға алып барады. Мұның шет жағасын қазіргі болып жатқан оқиғалардан көрсек болады. Сондықтан, біз өзіміздің қоғамда өте тиімді әдіс саналы диалогтың көмегімен халқымыздың сауатын көтеріп, сырттан келіп жатқан түрлі ағымдардың қауіпқатерін ашық көрсете білуіміз керек. Қандай да шиеленістік пен түсінбеушілікті соғысқа алып бармай, бейбіт жолмен шешіп, әлемде бейбітшілік пен татулықты сақтау үшін ең тиімді әдіс әрі құндылық осы біз айтып отырған – диалог болып табылады. Бүкіл әлем халықтары бұл құндылыққа деген мұқтаждықты өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарында және осы ғасыр дың басында қатты сезініп, іске асыруға тікелей әрекет жасай бастады. Бұның ай ғағы ретінде әлем қауымдастығының және әлемдік ұйымдардың кейінгі жыл дар да белсенді үрдісте жасап жатқан шара ла рын айта білеміз. Мысалға алсақ, 2001 жылды Біріккен Ұлттар Ұйымы «Өрке ниеттераралық диалог жылы» деп ата ды, елордамыз Астана қаласында қазірге дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайы үш жыл сайын өткізіліп келеді. Келіспеушіліктің өте көне үлгілерінің бірі өркениет және дінаралық келіспеуші лік, сондай-ақ осы дінаралық айырмашылықтар көптеген қақтығыстар мен қантөгістер ге алып барғаны тарихтан мәлім. Бұл кері үрдістің бүгінгі күнімізге дейін жалғасып келе жатқаны әрбір көкірек көзі ашық адамның жанына батады. Міне, сондықтан болар, әлем қауым дас-

тығы өркениет және дінаралық диалог ты түрлі үлгілерде ұйымдастыра бастады. Осы диалогтың шеңберінде 2000 ж. желтоқ сан айында Вена қаласында көрнекті ғылым және саясат қайраткерлерінің кездесуі, 2001 ж. тамыздағы Токио конференциясы, «Өр кениетаралық Зальцбург диалогы: халықаралық қатынастардың жаңа парадигмасы», 2001 ж. қарашада Берлиндегі «Мә дени саясат әлемдік міндет» атты халықаралық конференция, 2002 ж. ақпанда Вена қаласында өткізілген христиан және исламаралық диалог мәселесіне арналған дөңгелек үстел секілді бірнеше үлкен халықаралық шаралар өткізілді [30, 5]. Жалпы айтқанда, әлем қауымдастығының өркениетаралық диалогты дамытып, әрі қалыптастыру үшін жасап жатқан шаралары өте үлкен, динамикалық сипатта өсіп жатыр деп те айтуға болады. Осы үрдіс тің аясында өркениетаралық диалогтың негізгі себеп-салдары анықталып, бұл үрдіске қайшы әрі тосқауыл болатын құбылыстар белгіленді және мақсаттары, міндеттері мен ынталандыру құралдары алға қойылды. Қазіргі заманда, жоғарыда айтылған шаралар мен әрекеттер бола тұра ақыл мен логиканы бір шетке қойып, алдына қойған мақсаты мен мүддесіне тек күш пен зорлықтың жолымен жетпекші болып жатқан тараптар да баршылық. Бұл, пробле малы мәселенің түбірі тарихтың тереңінде жатқан секілді, себебі, ғасырлар бойы әділетсіздік пен зұлымдық әлемшарды билеп келеді. Күштінің пәрмені орындалатын орман заңына көп жағынан ұқсас болып келді. Бірақ, сонымен қатар, ғасыр өткен сайын адам қоғамының талабы күшейіп, сондай-ақ білім мен сауат деңгейі де көтеріліп келеді. Бүкіләлемдік және халықаралық ұйымдар құрылып, әлем қауымдастығы үшін қыз мет жасай бастауымен, сан алуан бағыттағы тараптарды бір мәмілеге бейбіт жолмен келтірудің бірден-бір әдісі диалог мәселесі көтеріліп, белсенді түрде қолға алына бастады. Бұл тұрғыда М.Хатами мыр за өзінің еңбегінде былай дейді: «Однако обеспечение безопасности и длительного международного мира на принципах гуманности означает отказ от парадигмы «холодной войны», основанной на необходимости иметь для общественного мнения реального или вымышленного внешнего врага» [31, 30 б.]. Бұл үшін жалпы адам қоғамын мәдениет, өркениетаралық өзара түсіністік пен диалогқа дайындау керек болды. Бұл пікір адамзат баласының тарихында болған және болып келе жатқан соғыс, қақтығыс, зор лық, зомбылық, жаугершілік, шапқыншылық,

ұлтаралық, дінаралық агрессия секілді жағдайларды артқа қалдыру үшін керек болды. Өзіміз өмір сүріп жатқан ислам әлемі көп жағдайда жоғарыдағы айтылған кері жәйттердің себепшісі емес, құрбаны болып отырды. ХХ ғасырда ғана әлем куә болған бүкіләлемдік екі қанды соғысты бәріміз де білеміз. Сондай-ақ осы екі соғыстың зардабын қазірге дейін әлем жұртшылығы ба сынан өткеріп жатыр. Бұл соғыстар негізінде батыс елдерінде болса да, Азия, Африка және Оңтүстік Африка секілді елдер халықтарының құқығы бұзылды. Бұл өкінішті жәйтке тек дамымай қалған шығыс елдері ғана емес, әлемдегі дамымаған басқа елдер де кіріптар болды. Сондықтан, әлемде болып жатқан бұл кері жағдайлардың алдын алу мақсатында ХХ ғасырда пайда болған өркениеттер диалогы мәселесі басқаны қабылдамайтын, тү сінбейтін ел деп қаралатын мұсылман әлемінің тарапынан көтерілді. Бұл ислам әлемі мен мұсылман елдерінің ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы бір саты көтеріліп, өз білімі мен мүмкіндіктеріне сенімділігі арта түскенінің белгісі. Себебі, мұсылмандар ұлы өркениет пен бай мәдениет иесі болмаса, соншама үлкен өркениеттер диалогы секілді жобаны іске асырайық деп бастама көтермес еді. Сонау бастан ислам діні зорлықпен ешқан дай ұстанымды адамға жүктеуге болмайтынын Құранда: «дінде еш зорлық жоқ» деген аятпен анық етіп айтып өт кен. Сондықтан, мұсылмандар адамзат қо ғамын дағы қарым-қатынас күш пен зомбылыққа емес, ақыл мен өзара түсі ністікке негізделу керек екенін жақсы білді. Өркениеттер диалогын даналықпен бағалап, өз өмірін даналықтың бұлағы болып табылатын рационалдық негізде сүргісі келетін азаматтар қолдап және жүргізуге атсалысады. Ислам ақыл мен өзара түсіністікті өте жоғары бағалайды. Бұл ерекшелікті ислам әлемінің тарихынан да көрсек болады. Батыс халықтарын философия тарихымен, мемлекеттік құрылымдардың жүйесімен таныстырған да мұсылмандар болатын. Көне гректердің ғылым мен философия саласындағы жетістіктері, даналығы және білімі Еуропа елдеріне мұсылман дар арқылы жеткен еді. Демек, батыс елдері дінаралық, өркениетаралық төзімділік пен түсіністікті мұсылмандардан үйренді деп айта аламыз. Ал, қазір тағдырдың тәлкегі ме, олар бізге үйрете бастады. Сондықтан қазіргі ұлы болып тұрған батыс өркениеті ислам әле мі үшін көп борыштар деп те айтуға бола ды.

Мұсылмандар тарихта бірнеше ғасырлар бойына ұлы өркениет пен дамудың иесі болып келді, бірақ, өкінішке орай қазіргі заманда сол өркениет пен мұсылмандардың арасы алшақ болып тұр. Бірақ батыстың дамуының негізі мен ислам әлемінің өркениеті негізі екі мәселеде жатыр. Хатами бұл турасында «Наше учение основано на вере в существование всемогущего и всеведущего Бога, а Запад отрицает это, по крайней мере, в сфере управления социальной жизнью общества. В этом стоит огромное различие между нами; оно означает, что в духовной сфере Запад слабее нас» дейді [31, 50 б.]. Өркениеттер диалогы дегеніміз халықтар мен мемлекеттер арасындағы теңдікті білдіреді. Басқаша айтқанда, диалог мәселесі әркім өзгені құрметтеп, оны өзімен тең деп есептегенде ғана іске асады. Соңғы екі-үш ғасырда жер шарының кейбір аймақтарында болған отарлау саясаты мен әрекеттері халықтар мен мемлекеттер бірінші және екінші санаттарға, билеуге мен ғана лайықтымын, билеу құқығы тек менде деп қарайтын мемлекеттер мен олардан төмен болып бағынудан басқа шара таппаған мемлекеттерге бөлінгенде пайда болды. Екі ел арасындағы соғыс бірінші тарап құқықтарға көбірек мен ие боламын, себебі менде күш бар деп, өз мүддесі не жету үшін барша тәсілді қолдануға көшкен кезде пайда болады. Әрине мұндай соғыстар арадағы кемсітушілікпен әділетсіздіктің нәтижесі еді. Егер, бір тарап диалогқа шақырған кезде екінші тарап сол ұсынысты қабыл алса, екеуі де арадағы теңдікті мойындады дегені, ал бұл адамзаттың үлкен жетістігінен болып қала бермек. Ислам әлемі бүкіләлемдік адами тәртіпті қалыптастыру жолында өзінің тарихи міндетін атқарумен қатар, халықаралық бейбітшілікті қолдап, қамтамасыз етуге толық та ауқымды деңгейде әріптестік таныту керек. Өкінішке орай әлемдегі кейбір экспансиялық күштер исламға телінген кейбір жауларды ойдан шығаруға тырысып бағады. Сондықтан, мұсылмандардың қазіргі замандағы міндеті – әрдайым тиімді болып тұратын жолмен аймақтық және әлемдік деңгейде бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күреске қатысуы. Исламды және мұсылмандарды жала жабу арқылы қаралаудың нәтижесінде пайда болған әлемдегі исламға деген үрке қарауды тоқтатуға атсалысу керек. Міне осы әрекеттің нышаны ретінде қазіргі ислам елдерінде ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралар мен конференцияларды айтуға бо лады. Астана қаласында үш жылда өткізіліп жатқан әлемдік діндер құрылтайы

жөнінде елші Б.Амреев мырза: «Исламның бейбітшілік діні екенін, оның ашық және өркениеттер мен діндер диалогына шақыратын дін екенін мойындатты. Бұны біріншіден, ислам дініміздің таза атын қорғауға қосқан орасан үлес деп қарау керек» дейді. [30,74] Бірімен-бірі тығыз байланыста болып тұрған қазіргі әлемде аймақтар түрлі болса да, қауіпсіздігі ортақ мәселе болып табылады. Сондықтан өзара сенім мен бейбітшілікті орнату үшін бірге жұмыс жасау баршаның ортақ міндеті. Өзара сенімді қалыптастыру қауіпсіздікті қалыптастыру жолында ең бірінші стратегиялық шара болып тұр. Бұл шараны орындауға, ислам елдері арасында өзара сенімді қалыптастыруға керекті шарттар мен жағдайларды тудыру Ислам конференция ұйымының күн тәртібіндегі негізгі міндеттердің бірі болуы керек деп ойлаймыз. Ислам әлемі мен басқа елдердің арасындағы қарым-қатынаста көптеген сенімсіздік, түсінбеушіліктер және жалған пікірлер бар. Бұл проблемалардың кейбірінің тамыры отарлау үрдісінің өкінішті оқиғаларына қатысты тарихи тереңдікте жатыр. Әри не бұл мәселенің болашақ ұрпақтың өмі ріне келтіретін зиянын да атап айтқан дұ рыс. Себебі, біз болашақ ұрпақтың салауатты да сенімді өмір салтының негізін бүгіннен бастап қалап кетуіміз керек. Бұл міндетті атқаруда болса да біз орта жолды ұстануымыз керек, өркениеттер мен мәдениеттер диалогын іске асыру үрдісінде өте оптимист болу күтпеген қиындықтар тудырып, жемісті нәтиже беруге кедергі болуы әбден мүмкін. Екінші жағынан, әлемдегі жағдайлар мен ахуалды ескере отырып, писсимст болу мұсылман елдерін тағы басқа да проблемаларға ұрындырады. Сондықтан, мүмкіндік жеткен барша сақтық жолдарын қарастыра отырып, бұл міндетті атқаруға кірісу керек. Әлем жұртшылығы бұл ұзақ әрі қиын жолдың енді ғана басталып жатқанын ескеруі керек. Сонымен қатар, өркениеттер мен діндер диалогының шынайы өмірде іске асуы болашақта саяси және басқа өмірдің маңызды салаларына әсер етіп, адамзат өмірінің келер кезеңін қалыптастыратынын ұмытпауымыз керек. Себебі, өркениетаралық диалог пікірі халықаралық орталарда және БҰҰ ұйымының Бас Ассамблеясының елу үшінші сессиясында бірауыздан қолданып, қабылданғаны үлкен мән-мағынаға ие. Адам баласына қашан өзіне қарата шақыруды естігенде, оған бұрыла қарап, көңіл бөлетіні бізге мәлім. Әсіресе ол шақыру

адам заттың өміріндегі өзекті мәселе мен проб лемаларға қатысты болатын болса. Бұл құбылысқа тарихи мысалдарды көптеп келтіре берсек болады. Міне осындай шақырулардың бірі деп, осы өркениеттер диалогына әлем жұртшылығы ойдағыдай жауап беріп, қолдауға көшті. Мұны қолдаумен ғана алға қойған мақ сат орындала қоймайды. Жан-жақты дайындық шараларын жүргізіп, содан кейін іске кіріскен дұрыс болады. Сондықтан кейбір ізденушілер былай дейді: «Без ознакомления с особенностями культуры других народов невозможно достич понимания. А его отсутствие приводит к появлению негативных тенденций, которые мо гут стать идеологическим плацдармом экстремических течений» [32]. Біздің заманымызда өркениеттерді бірінебірін жақындатамыз, олардың арасын дағы қақтығыстарға тосқауыл қоямыз деген ниетпен бүкіләлемдік және халықаралық БҰҰ ұйымы сияқты ұйымдардың қолдауымен қаншама форумдар, съездер, құрыл тайлар ұйымдастырылып жатыр. Бірақ сол шаралардың ешбірі алға қойылған негізгі мақсатты орындай алмай келеді. Өркениеттердің өзара қатынасындағы шие леністердің негізгі себептерін жоя алмады. Сондықтан өркениеттер мен дінаралық бұл проблеманы өте мұқият та шебер жол мен шешу үшін әлем қауымдастығы өз кү шін жан-жақты біріктіре отырып, ортақ әдістәсілдердің жиынтығын дайындау керек секілді. Сол сияқты қазіргі технология өз дамуының шыңына жетіп тұрған ғасырдағы диалогтың негізгі аспектілерін бекітіп алу да бұл процестің алға қарай жылжуына септігін тигізеді. Басқа сөзбен айтқанда, әлем халықтары, конфессиялар, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы қатынастардың ғы лыми және саяси тұжырымдамасын жасауы керек. «Әрине күнделікті өмірге қатысты қарым-қатынастарды жақсарту үшін өзге дін өкілдерімен ымыраға келу исламның қоштайтын ісі. Ең бастысы, бұл әрекет дініміздегі бекітілген негіздерге қайшы келетін жолмен болмауы керек» [33]. Өркениеттер диалогы – мәдени, рухани, этникалық және діни қақтығыстардың алдын алуға, халықтар, діндер және ұлттар арасындағы өзара түсіністікті, құрметті және төзімділікті қалыптастыруға бағытталған процесс. Және бұл процестің міндеті – мәдени және тарихи алуандылықты сақтау әрі оны арттыра түсу, адамның негізгі құқығы мен бостандығын қорғауға үндеу, сондай-ақ, ортақ этикалық ережелерді бекіту. Бұл диалог болашақ адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіптерді кө-

бірек сенімді жолмен аластатып, халықаралық қатынастарда әділдік және қауіпсіздікті халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде қамтамасыз ету керек. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ өркениеттер диалогының негізгі бес аспектісін атауға болады: саяси, мәдени, интел лектуалдық, құқықтық және діни. Бірін шіден, қазіргі әлемде өркениеттер арасындағы қақтығыстардың себебі деп көбінде саяси факторлар аталып жатады. Бүгінгі таңда әлем қауымдастығы өз дамуының табиғи жемісі, бірде ащы айқайға басатын жаһандану процесінің екінші жағын сезіне бастады. Ал, адамзат бұл айқайға әлі жауап таба алмай отыр. Батыс жаһанданудың дағдарыстарына қар сы тұрып, әлемде әділдік пен теңдіктің негізіне құрылған бейбітшілікті тұрғызудың орнына әлемдегі саяси, экономикалық және ақпараттық алаңның билігінде өз монополиясын орнатып, сонымен қатар халықаралық, саяси және экономикалық құ рылымдарда билеп-төстеуі арқылы қақтығыстар мен шиеленістерге себеп бола бастады. Батыс мемлекеттерінің басқа елдердің ішкі саясатына және жеке істеріне араласуы агрессияға толы наразылық тудырғаны заң ды құбылыс деп білу керек. Сондай-ақ, күшті ретсіз пайдаланып, ұжымдық жазалауды қолданып, өзіне деген басқа әлсіз жұртшылықтың сенімі мен құрметін жоғалтты. Бұның дәйегі ретінде ислам әлемінде батысқа деген агрессиялық көзқарастан туып жатқан оқиғаларды айта білеміз. Бүгінгі таңда әлем саясатындағы ең бірінші саяси сұмдық және тамыры терең ге кетіп жатқан өркениетаралық сызат таяушығыстық қақтығыс болып тұр. Ислам елдері Израилдің Палестина жеріне баса көктеп кіріп жатқаны ХVIII–XX ғасырлар дығы батыстың шығысты отырлауының жал ғасы деп біледі. Сондай-ақ әскери күшті заң сыз пайдаланып, әр күні саяси сылтаулар мен палестиналықтардың қанын төгуі батыстың тарапынан санкцияланған мемлекет тік лаңкестік деп есептеледі. Таяу-Шығыста осындай себеппен бейбітшіліктің болмауы тек мұсылман елдері мен Израилдің арасында ғана тайталас тудырып қоймай, мұсылман әлемінің Израилді тікелей қол дап, желеп-жебеп отырған Америкаға қар сы наразылығы мен ызасының күшеюіне алып келді. Осылайша мұсылман қоғамы ислам әлеміндегі батысқа деген агрессиялық көзқарастың себепкері деп Америка Құрама Штаттарын ашық кінәлайды. Ал бұның

кері әсері ретінде, батыста антиисламдық ба ғыттар мен әрекеттер барлық деңгейде жүре бастады. «Бұл сондай-ақ, исламның батыс елдерінде кең тарала бастауы және мұсылмандардан құралған кейбір қоз ғалыстардың шынайы нәтиже беріп, ба тыс елдерінің мүддесіне қауіп төндіріп жат қанына тікелей қатысты деуге болады» [34]. Екі тараптың арасындағы мұндай шиеленістер араб және мұсылман елдеріндегі сая си өмірдің радикализіміне алып келіп соқ ты. Радикалды саяси өмірге алып келген тек бұл ғана себеп емес, мұсылман елдеріндегі ішкі саясаттың тұралауы, саяси және қоғамдық өмірде қазіргі заманға сай реформалардың жоқтығы. «Нужно отметить, что пресловутые стандарты практикуются не только Западом, но и государствами, СМИ и гражданами исламского мира» [30, 9 б.]. 11 қыркүйек оқиғасынан кейін ис лам әлеміндегі саяси, діни және интеллектуалдық ортаның өкілдері батыс пен ислам ның арасындағы келіспеушіліктің бола шағы үлкен қауіпті жағдайға қарай жыл жып бара жатқанын сезді. Мұсылман әлемінің көшбасшылары барша әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, арадағы бұл жанжал жаһандық проблемаға айналып кетпес үшін, бүкіл заңдылықтары мен ережелері бекітілген әрі сақталған өркениетаралық диалог жасау керек деген бастамамен әлем сахнасына шықты. Бұл диалогтың атқару керек саяси міндеттерінен деп төмендегілерді айтса болады: а) әлем қауымдастығының барша мүм кіндіктерін пайдалана отырып осы ғасыр дың халықаралық саяси проблемаларын бейбіт жолмен шешуге атсалысу; ә) діни экстремизмнің және басқа бөлінуге алып баратын құбылыстардың алдын алу үшін халықаралық күштерді біріктіру. Ал, бұл мақсат әлемдегі ұлттық және этника лық басынушылыққа қарсы заңды шаралар ды ұйымдастырмай іске аспайды; б) кейбір топтардың немесе адамдардың дінді жамылып, діннің атын пайдаланып, бірде діннің атымен халықты қанап, езгіге салғанын жоққа шығара алмаймыз, бірақ, екінші жағынан адамзат тарихында мемлекеттердің де зұлымдық пен қанаушы лық жасағанын білеміз, олар фашизм, сталинизм секілді зайырлы үлгідегі идеологиялық бағыттарды ұстанған державалар болатын. Осының бәрін есептей келе, біздің ойымызша әлем қауымдастығы ның алдына қойылып тұрған міндет – ол саяси экстремизмнің, нәсілшілдіктің, қатал әкімшіліктің және озбырлықтың барлық үлгілеріне қарсы күресу болып табылады; в) халықаралық құқық пен заңдарға қо-

сымша мүмкіндіктер мен күш енгізу, әлемдегі бейбітшіліктің сақталуына атсалы сып, қақтығыстар мен шиеленістерді шешу ге үлес қосатын халықаралық ұйымдар дың ат қаратын рөлін күшейту. Екіншіден, өркениеттер диалогының негізгі аспектілерінің бірі оның мәдени базасына қатысты. БҰҰ ұйымының бұрын ғы хатшысы К.Аннан елдер арасын да ғы мәдени өзара қарым-қатынасты өрке ниеттер диалогының туындап, пайда болған бұлақ көзі деп атап өтті. Иран Ислам Рес публикасының алдыңғы Прези денті М.Хатамидің БҰҰ-ның жал пы ассамблея сында сөйлеген сөзінде айтыл ған өркениеттер диалогы осы ұлт тар мен өркениеттердің өзара мәдени ынты мақтастығы идеясы еді [30, 12 б.] еді. Ал, бүгінгі күндегі өркениеттер мен мәдениет арасындағы қарым-қатынас тың шиелене түсіп, күннен-күнге проблемалар дың арта түсуі ғасырлар бойы белсенді қарқынмен келе жатқан үрдіс мәдениет ал масу мен ынтымақтастықты тұмандата түсіп, тарих беттерінен жоғалтуға тыры сып жатқандай көрінеді. Ал бұл кері құбы лыс, тарихи мұраны дәріптеп, болашақты бірге құруға кедергі жасайтыны анық. Міне, осы жерде әлемдегі әр алуан қоғам дардың арасындағы сенім мен сындарлы диалогты орнату үшін саяси жігердің, ұжымдық жұмылудың және ынтымақтастықтың атқаратын рөлінің маңыздылығын айта кеткен жөн болады. Өзге мәдениетті және басқа қоғамның құндылықтарын, өмір сүру үлгісін құрметтеп, дұ рыс қабылдау, сондай-ақ, бұл проблеманы шешу үшін ұжымдық жауапкершілікті арттыру, білім беру, мәдениет алмасу, рухани тәрбие беру және БАҚ-тың ақпараттары мен мәліметтерін бақылап, сүзгіден өткізіп отыру секілді міндеттердің шарттары мен ережелері барша мәдениет өкілдері қатысатын диалогтың негізінде бекітілу керек. «Біз этикаға, адами құқықтарға және білім-ғылымға қатысты бірнеше ұғымдар дың жиынтығы батыспен және басқа елдермен арадағы ортақ мүдде екенін ескеруіміз керек» [35]. Осындай жағдайда, әлемдегі өркениет өкілдерінің әрбіріне өз мәдениеті мен өркениетін сақтауға мүмкіндік беретін құқығы бекітіледі. Әлемнің және БАҚ жүйесінде отыр ған көрнекті ғалымдар мен саясаттану шы лардың, қоғам қайраткерлері мен ой шыл дардың өркениеттер диалогы проце сіне қосар үлесі шексіз. Соңғы жылдарда өркениеттер диалогы мә селесі туралы жазылып жатқан еңбек тер, ғылыми-зерттеу жұмыстары оның қыры

мен сырын аша түсіп, өзекті проблемаларын айқындап беріп жатыр. Ашып және айқындап берумен шектеліп қалмай, сол проблемаларды шешу жолдары мен тәсілдері де зерттеліп жатыр. Өркениеттер диалогына қатысты проблемаларды шешу үшін және бейбіт өмір сүретін үйлесімді әлемді орнату мақсатымен БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген интеллектуалдық және мәдени семинарлар мен кездесулер өтіп жатыр. Бұл процесті күшейтіп, қоғамға диалог ұғымын тереңдете түсіндіру және маңыздылығын сезіндіре түсу үшін әлемдегі интеллектуалдық және ғылыми ортаның өкілдерін ынталандыру керек. Діндер, мәдениеттер және халықтар арасындағы түсіністік пен төзімділікті қалыптастыруға, қоғамдық деңгейдегі диалогты дамытуға, адамзаттың бірімен-бірі тәжірибе алмасуын жеңілдету және бейбіт өмір, даму, адам құқығы мен намысын қорғау жолында БАҚ-тың әлеуетті мүмкіндіктерін атап айтсақ болады. БАҚ-тың ұзын құрығы кері нәтижелердің мойнына ілінуі де ғажап емес. Соның айғағы ретінде «2005 жылы Данияның БАҚ-ы арқылы әлемге көрсетіліп, батыс пен ислам әлемінің арасында орны толмас келеңсіздіктерге алып барғанын» [36] айтуға болады. Біз айтып келе жатқан диалогтың тұжырымдамасы осы ғасырдың саяси және мә дени ұғымында жаңа категория болып есептеледі. Бұл терминді халықаралық құқықтың ешбір тарауынан көрмейміз, сондай-ақ халықаралық құқықтың негізін салатын ешбір құжаттан кездестірмейміз: БҰҰ-ның жарлығы, адам құқығы хақындағы жалпы декларация, экономикалық және әлеуметтік құқық хақындағы халықаралық келісім, азаматтық және саяси құқық хақындағы халықаралық келісім, халықара лық мәдени ынтымақтастық принциптерінің дек ларациясы секілді құжаттардың ешбірінде де айтылмайды [30,14 б.]. Демек, қазірге дейін диалог мәселесінің саяси, идеологиялық және мәдени ұғым бола тұра, ешбір құқықтық негізі жоқ. Өркениеттер диалогының жылдан-жылға маңы зы артып келе жатқандықтан бұл кемшілікті толықтыру керек секіл ді. Өркениеттер диалогын әлем қауым дасты ғы ның мүшелеріне жүктейтін ешбір міндеті жоқ жай мәдени қалау ғана емес, керісінше, халықаралық қатынастар негіздерінің бірі ету және заңдық, құқықтық мәртебені беру үшін керекті шараларды қолдану керек. Дінаралық диалог өркениеттер диалогының белағаштық компоненті болып табы лады. Әлем халықтарының арасында дін мәселесі ең өзекті және нәзік мәселе. Сон-

дай-ақ, адамзат тарихындағы қарама-қайшылықтардың ең ұзақ та тұрақты түрде жалғасып келе жатқаны да діни келіс пеушіліктер. Ал мұның себептері, тарихтың таңына және өркениеттердің алуандығына байланысып жатыр. Сондықтан әлем де көп ғасырдан бері өркениеттердің түп тамырымен ұштасып жатқан діни қайшылықтардың себебінен болып жатқан қақтығыстарды бір сәтте тоқтату мүмкін емес міндет. ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басы әлем жұртшылығының діни танымы арта түскен кезең болып тұр. Діни кезең өшіп жоғалады, материализм идеологиясы мен ақпараттық технология әлемді жаулайды деп айтқан сәуегейліктер жоққа шықты. Қазіргі әлем бұрынғыға қарағанда көбірек діндар бола бастады. Әсіресе, Ислам әлемі, АҚШ, Европа және Ресей елдерінде адамдардың діни көзқарасы артып, дінге бетбұрыс айқын байқалады. Дін мәселесі көршіміз Қытайда да санасуға тұрарлық фактор болып тұр. Тамыры саяси себептермен байланысып келетін кейбір лаңкестік және экстремистік топтар мен бағыттардың діни ұрандарды жамылып әрекеттерін іске асыруы, діннің атын пайдаланып, саяси мақсаттарына жетуді көздеуі әлемдік сахнада үлкен залал ға алып келді. Атап айтар болсақ, әлемде мұсылмандар турасында теріс көзқарас пайда болды, әсіресе, батыс елдерінде исламды тек лаңкестік пен экстремизмге қатыстырып қарайтын болды. Сонымен қатар, АҚШ-ғы жаңа үлгідегі кейбір кертартпа топтардың, басқа сөзбен айтар бол сақ, фундаменталды христиандықтың дәуірін та лап ететін қозғалыстардың әрекеті де әлем ді алаңдатар фактор болып тұр. Бұл қозғалыстарды АҚШ-тың өзі қыркүйек оқиғасы болмай тұрып, агрессияшыл саяси категориялы топтардың арасына тізіп үлгерген еді. Егер шығыс пен батыстың бірінен-бірі осылайша өзара қауіптеніп және күдіктеніп, "ислам лаңкестігі", "жаңа крест тағу шылар", "діни экстремизм" т.с.с. терминдерді қолдана отырып, өзара кіналасуды жалғастыра берсе әлемдегі қақтығыстардың саны мен сапасы динамикалық түрде өсіп кете баруы күмәнсіз нәтиже болады. «Көбіне әлемдік көзқарас еш ажы ратып жатпай, жауапты тараптарды іздестірмей, батыс қоғамының қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіріп тұрған экстремизм және лаңкестікпен исламды қаралай беретін болды» [35]. Әрине, бұл мәселеде әлемдік діндер мен конфессиялардың көшбасшылары адам заттың болашағына төніп тұрған қауіпті се-

зі не отырып, қалай болса да бір ымыраға әке лер өзара диалог ауадай қажет деп шешті. Теологиялық тұрғыдан ұстанымдар мен көзқарастардың ымырасыздығына қара май, ұлттық және дәстүрлі діндердің өкіл дері қоғамдық және мәдени-әлеуметтік деңгейде жүргізілетін диалогтың принциптерін жоққа шығармайды. Конфессияаралық диалог монотеистік дін дердің – ислам, христиан және иудаизмнің басымдық міндеттерінен болып жарияланды. Белсенді көшбасшылардың бір тобы бұл үш діннің "ортақ ибрахимдік негізін" жемісті конфессияаралық диалогтың кепілі ретінде есептейді. Ислами, христиан дық және иудаистік ұйымдар мен бірлестіктерде діни диалог істерімен айналысатын арнайы құрылымдар пайда болды. Әсіресе бұл мәселеде Аль-Азхар, Бүкіләлемдік Ислам Лигасы, Ватикан және Англикан шіркеуі секілді белсенді әрекет етіп жатқан және осы тақырыпқа қатысты көп жағдайда екі жақты келісім шарттары бар тараптарды айтсақ болады. «ІІ Иоан Павел өмірінің соңғы жылдарында өркениеттер диалогы жөнінде папалық кеңестің жұмысын күшейтіп, Ватикан мен Аль-Азхар, Бүкіләлемдік Ислам Лигасы, Иранның шииттік ұйымдары арасында арнайы келісім шарттар түзді. Сондай-ақ, ІІ Иоан Павел Сирия, Палестина, Африка елдері, Қазақстан және Әзірбайжан секілді мұсылман елдерінде тарихи сапарлармен болып қайтты. Бұл секілді дінаралық диалогтың жеміс беруіне көмектесетін шараларды Англикан шіркеуі мен иудаизм дінінің өкілдері де көре бастады» [30,15 б.]. Жалпылама алғанда, өркениеттер диалогының діни аспектісін сараптай-зерттей келіп, діни әлемнің маңызы тікелей диалогқа көшуге және ортақ форумдарға қатысуға дайындық жағынан әлем қауымдастығының саяси бунағынан төмен екеніне көз жете ді. Кейбір мемлекеттердің басшылары әлем дегі конфессиялардың бірінші тұлғаларын бір орынға шақырып, бастарын қосуға, әсіресе ислам мен иудаизмның, бірнеше рет әрекет жасап іске асыра алмады. Әлемдегі саяси және қоғамдық өмірге тікелей қатысы бар дінаралық қайшылықтардың төндіріп тұрған қаупін кері қайтарып, әлем жұртшылығын болашақта болатын апаттан сақтау үшін шешуші қадамдарды жасап, қомақты әрекет ететін уақыттың келгенін барлығымыз да мойындадық.

ДИАЛОГТЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ, МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ Қазіргі заманда әлеуметтік-мәдени дамудың үрдістері келісім мен төзімділікке не гізделген дінаралық диалог идеясын асы рудан басталатын болды. Әрине, көп қоғамда мүмкін емес делініп келген, діни негізге және догмаларға сүйеніп әлемдегі әр түрлі дүниетанымдардың ұстанымдарын біріне-бірін жақындату мәселесі қолға алына бастады. Сондықтан, әрбір конфессия өзінің діни-диалогтық философиясы арқылы ортақ дүниетанымдық ережелерді қалыптастыру үшін теориялық және практикалық көзқарастар мен пікірлерді қарастыра бастады. Конфессияаралық диалог мүмкін болып қана қоймай, адамдар мен адам қоғамының мәдениеттері әр түрлі болғандықтан, мін дет болып та табылады. Егер басқа бір жағдай лар қайшылықтарды пайдаланып, кері әсерін тигізбесе, барша діндер өзіндік рухани және этикалық негіздері бойынша диалогты қабылдауға бейім келеді. «Осындай теріс және кедергі болатын жағдайлардың кесірінен диалог жобасы ауруға шалдығады, сонымен диалог індеттері деген тақырыпта жұмыс жүргізуге тура келеді» [37]. Диалог мәселесі теориялық сипатқа ғана емес, діни тәжірибені байытып дамы та түсетін практикалық сипатқа да ие болуы тиіс. Конфессияаралық диалогтың негіздемесі – мораль мен этика диалогтың келісімді тұсы болып тұрған кезде, тек руханилік, ахлақи-этикалық емес, философия лық, рационалдық, теологиялық императивтер мен басқа да құндылықтар болып табылады. «Сол секілді, диалог мәселесі оны тудырған, оған шақырған тараптың жеке басының мүддесі емес, адамзаттың мүддесі мен құқығын қорғауға негізделуі керек» [38]. Қазіргі әлемде жаһандану үрдісі жү ріп жатқан кезде мәдениет және өрке ниетаралық диалогтың жемісті болуы үшін діннің өз кезегімен атсалысуы өзекті мәселе болып тұр. Бұл диалогтық үрдістерге діннің тікелей қатысы болып, маңызға ие болуына адамзат тарихы куә болып отыр. Кейде қарап отырсақ, дін арқылы өркениетаралық қайшылықтар мен айырмашылықтар ды жеңе білсек болады. Бұның мысалы ретінде, бір дінді ұстанатын сан-алуан

ұлттардың бір мәмілеге келіп өмір сүруін айта аламыз. Сол ұлттардың арасындағы әртүрлі менталитеттерге байланысты болған айырмашылықтың үстінен діни ортақ ұғым тұрғандықтан, келісім мен бір ауызыдылықты көріп отырмыз. Сондықтан, әрине дінаралық диалог қажет және оны іске асыру керек. Бұл тұста айта кету керек маңызды жәйт «диалогтың мақсаты барша діндерді біріктіру, Құдай біреу, барар жолдар түрлі деген ұранды көтеру болмауы керек. Себебі, мұндай диалог исламның негізгі құрылымы мен бастауларын жоққа шығарып, оны бұзуға алып келіп соғуы мүмкін» [39, 27 б.]. Жоғарыда айтқанымыздай, өркениет және мәдениетаралық диалог дегеніміз, дінаралық диалогты қамтитын өте ауқымды болып есептеледі. Сондай-ақ, әлемде ешбір өркениеттің бір ғана діни негізі болмағандығы тарихи зерттеулерден белгілі. Сол секілді қазіргі уақытта ешқандай дін бір ғана бағытты нұсқамайды. Әр діннің негізгі жүйенің астына топтасатын бірнеше бағыты мен түрлі топтары бар. Сондықтан, кейде әртүрлі діндер арасында ғана емес, бір діннің аясындағы түрлі бағыттардың арасында диалог жүргізуге тура келеді. Оның мысалы ретінде, ислам дініндегі екі үлкен сунниттік және шииттік бағыттардың арасында келісім мен бір мәмілеге келу үшін іске асырылып жатқан диалогты айт са болады. Осылай болғандықтан, диалог діни мәде ниеттің үлгісі ретінде діни саланың шең берінен шығып, адам және қоғам болмысына тән барлыққа ортақ диалогтың ажырамас бөлігі болып табылады. Ал, ислам діни идеология және өмір сүру салты ретінде осы талапқа жауап береді. Сондайақ, ислам қазіргі заманның бірегейлікке және еркіндікке бағытталған негізгі принциптеріне жауап береді. Батыс пен Шығыстың, дін мен ғылымның арасында болатын жемісті диалогқа өз есігін айқара ашады, сол сияқты басқа діни сенім және мәдениет өкілдерімен рухани қарым-қатынас пен мәдени-тарихи өзара әрекет орнатуға мүмкіндігі толық жететін дін. Әрине, қазіргі кезде кейбір елдердің тарапынан исламға жағылып жатқан «фанатизм, басқаны мойындамау, өзге дін және мәдениет өкілдеріне төзбеушілік секілді» қара дақтар дың исламның табиғатына мүлдем жат екені ақиқат. Өркениеттер мен мәдениеттер диалогы тір кесі бірінші естіген құлаққа біріне-бірі сәйкес келмейтін, қарама-қайшылығы көп ұғым секілді көрінеді. Бір жағынан қа рағанда, диалог адамзат мәдениеті мен өр-

кениеті секілді тарихи көне, ал екінші жағынан жаңа дүние сияқты көрінеді. Біз бұл ұғымды зерттеу және талдап түсіну үшін құрамындағы «мәдениет», «өркениет» және «диалог» сөздеріне жекелей түсінік беріп шығуымыз керек. Егер олай етпесек, қайшы түсініктер пайда болуы әбден мүмкін. Бұл тұрғыда адам баласы болмысының ұжымдық қасиетін атап айтып өту керек. ДИАЛОГ СӨЗІНІҢ АНЫҚТАМАСЫ Диалог ескі грек тілінің «dialogos» деген сөзінен шыққан, сұхбаттасу, әңгімелесу дегенді білдіреді. Қазіргі терминде көптеген тілдерде өзгертілмеген қалпында қол данылып келеді. Мұның себебі, кейбір сөздер екінші тілге аударылғанда өзінің қамтитын негізгі мағыналарын жоғалтып қояды, сондықтан кейбір сөздер ғылыми терминге айналған шақта қайсы тілде болса да негізгі қалпында қолданысқа түседі. Диалог сөзін талдасақ, грек тілінде «dia» жұрнағы арқылы, арасында, көмегімен деген мағыналарды білдіреді. Көптеген мағынаны білдіретін «logos» сөзінің негізгі пікірі – мәліметті түсіну, ұсыныс, әрекет пен өзгерту мүмкіндігі, пікір және талқылау деген мағыналарды білдіреді. Демек диалог жоғарыда айтылған мағыналардың барлығын білдіреді, сол мағыналардың біріне ғана шектеп қою одан келетін мақсатты және нәтижені шектеу болып та былады. Сондықтан, көп тілдерде осы негізгі қалпында қолданады. Диалог араб тілінде "хиуар, мухауара" деп айтылады, ал бұның лингвистикалық тұр ғыдан мағынасы екі тараптың біріменбір алма кезек әңгімелесуі. Негізі түбірі «Хаур» сөзінен келіп шығады. Ибн Манзур: «Хаур бір нәрседен екінші нәрсеге қайту, ал мухауара және тахаур деген екі жақтың жауап алмасуы, сөз алмасуы» – дейді [40, 4 т., 217 б.]. Рағиб Аль-Асфахани: «Мухауара, Хиуар сөздері әңгімеде жауап алмасу және тахаур сөзі осыдан келіп шығады» – дейді [41, 262 б.]. Осы жоғарыдағы айтылған лингвис тикалық мағыналар Құран аяттарында келеді. Алла тағала: «Ол қайтпаймын (хаур) деп ойлады» – дейді [1, 84:14]. Имам Құртуби: «яғни, тіріліп қайтпаймын.... хаур арабтың тілінде қайту дегенді білдіреді» – деді [23, 10 т., 402 б.]. Екінші бір аятта: «Ол досына жауап беріп, (хиуар) оған: саған қарағанда менің малым көбірек және адамдарым күшті рек» – делінеді [1, 18:34]. Имам Құртуби: «яғни, онымен әңгімелесіп, жауап беріп...» – деп түсініктеме береді [23, 10 т., 403 б.].

Тағы бір аятта: «Алла екеуіңнің әңгімелеріңді (хиуар) естиді, шексіз Алла естіп кө руші» [1, 58:1]. Жалалайнда: «екеуіңнің сөй лескенде біріңе-бірің жауап берулерің» деген түсініктеме берілген [42, 1 т., 724 б.]. Бұл сөз осы мағынада бірнеше хадистерде келген, Пайғамбар алайһи салам «Каурден кейін болған хаурдан Аллаға сиынатын еді» [43, 5498; 44, 3888]. Имам Құртуби: «артықшылықтан кейін кемшілікке қайтудан Аллаға сиынатын болған» – дейді [23, 10 т., 403 б.]. Демек, «хиуар» сөзінің тілдік мағынасы әңгіменің екі немесе одан көп тараптың ара сында алмасуы. Ал, ғалымдардың беретін анықтамасы жоғарыдағы айтылған тілдік мағынадан ұзаққа бармайды, керісінше соны қуаттап, сондай-ақ қосымша мағы налар беріп, кейбір диалогта сақталуы керек этикалық ережелерді қосады. Сол анықтамалардың бірі Доктор Салих Бин Хумейдтің берген анықтамасы, ол кісі: "Диалог – екі немесе көп тараптың қате фразаны түзету, дәйекті жарыққа шығару, ақиқатты мойындату, күмәнді мәселені анықтау және сөз бен пікірдегі қателікті жою мақсатында өзара пікір алмасуы" – деп түсіндіреді [20]. Бассам Дауд Ажк: «екі адамның немесе екі топтың ақиқатқа жету мақсатында немесе барынша мүмкін болған деңгейде көзқарастарды сәйкестендіру үшін, фанатизм мен таластан жырақ бола отырып, ғылым мен рационалдық тәсілге сүйеніп, қарсы тараптан айтылса да ақиқатты қабылдауға дайындықпен, белгілі тақырып аясында келіссөз жүргізуі және ол тақырып ту расында әрқайсының өзіндік жеке пікірі болады» – деген анықтама береді [45, 20 б.]. ДИАЛОГТЫҢ ӨЗГЕ ДЕ ФОРМАЛАРЫ Сондай-ақ, диалогты араб тілінде "жидәл" деп те айтады. Негізінде жидәл сөзі ақиқатты жүзеге асудан, туралықты жарыққа шығудан тосатын әрекет арқылы пікір таласқан адамның ісіне айтылады. Бертін келе, бұл сөз терминдік тұрғыдан дәйектердің ақиқатқа мейлінше жақынын анықтау үшін бірімен-бірін салыстыру дегенді білдіретін болды. Жидәл сөзінің тілдегі мағынасы турасында Ибн Манзур: «Жидәл: қатты таласу және оны жақсы меңгеру. Сондықтан, бір адам ды жидәл еттім дегені, оны таласып, жең дім дегенді білдіреді. Жадил адам деп таласу да басым болған адамға айтылады...» – дейді. [40, 11 т., 105 б.] Ибн Манзур жидәл сөзінің ғылыми анық-

тамасы жөнінде: «Жәдәл деген дәйекке қарсы дәйек айту» – дейді [40, 12 т., 105 б.]. Ал Журжани болса: «белгілі және айқын жәйттерден тұратын салыстыру тәсілі, он дағы мақсат, қарсы тарапқа өз пікірін мойын дату және дәйектің салдарын түсінбейтін адамды пікірталастан тоқтату» деп, сондай-ақ, «Қарсы тарапты өз сөзін дәйек немесе күдік тастау арқылы жоққа шығаруға итермелеу» – деген анықтама береді [46, 102 б.]. Имам Жуайни: «Қарсы тараптардың таласу және бірінің пікірін бірі сөз немесе сөздің қызметін атқаратын әрекеттермен жоқ қа шығару арқылы көзқарастарын білдіруі» – дейді [47, 19-21 б.]. Құран мен хадистерде жидәл сөзі екі мағынада қолданылған: а) теріс жәдәл, ол ақиқатқа жету үшін емес, екінші тарапты жеңу үшін болатын таласу. Алла тағала Құранда : «Олар: біздің құдайларымыз жақсы ма әлде ол ма? олар оны тек таласу (жидәл – басым болу) үшін ғана айтты, себебі олар таласқыш қауым» [1, 43:58] және «Алла аяттары турасында қарсы болғандар ғана таласады» [1, 40:4], «ақиқатты өшіру үшін жалған арқылы таласады» [1, 40:5], «қажылық кезінде таласуға болмайды» [1, 2:197] дейді. Жоғарыдағы аяттарда айтылып отырған жәдәл ұғымы мақталып отырған жоқ, керісінше Алла тағала ондай тәсілмен таласқандарды жазғырып отыр. Демек, кейде ақиқатты көздеп емес, тек қарсы тараптың ұстанымын кемсіту мақсатында ғана болатын пікірталастар жидәлдің осы санатына кіруі әбден мүмкін. Пайғамбар алайһи салам хадисте: «қайсыбір ел тура жолға түскеннен кейін, таласқандары (жи дәл еткендері) үшін ғана адасып кетуі мүмкін» – дейді [48, 3253 х.]; ә) мақталған жәдәл, яғни таласудан жырақ болып, көркем тәсілмен ақиқатқа жету үшін пікірталас жүргізу. Жидәлдің бұл тү рі турасында Алла тағала: «олармен ең көр кем жолмен пікір таластыр» [1, 16:125], "Алла сенімен күйеуі турасына таласып (жи дәл), Аллаға шағым жасаған әйелдің сөзін естіді, Алла екеуіңнің әңгімелеріңді (хиуар) естиді, шексіз Алла естіп көруші" [1, 58:1] дейді. Соңғы аятта жидәл және хиуар сөздері бір мағынаны білдіріп тұр. Осылайша мақтаулы жидәл, көркем тәсілмен болған жидәл хиуардың бір түрі болып есептеледі. Диалогтың тағы бір түрі, «муназара» деп айтылады. Түбірі «назар» сөзінен келіп шы ғады. Ал, араб тіліндегі мағынасы қарау, көру дегенді білдіреді. Ибн Манзур: «Манзар, манзара дегеніміз, сен оған қарап саған ұнаған немесе ұнамаған нәрсе. Назар:

бағалап, салыстыратын жағдай турасында пікірлеу» – дейді [40, 5 т., 217 б.]. Журжанидің анықтамасында: «екі тараптың дұрыс пікірді анықтау үшін екі мәселенің арасына саналы түрде қарауы» деген ұғымды білдіреді [46, 298 б.]. Ибн Манзур: «екі тарап бірге қараса, қалай келісетіндерін білу үшін бір мәселе бойынша пікір алмасуы» – дейді [40, 5 т., 217 б.]. Аль-Зубайди: «Муназара: зерттеу бойынша жарысу және саналы түрде жеткен ойларының баршасын келтіру» – деген анықтама береді [49, 3 т., 575 б.]. Мухаммед Амин Аль-Шинқити муназараның анықтамасы турасында: «екі түрлі көзқараста болған екі тараптың арасында әңгіменің алмасуы, ол екеуінің әрқайсы ның мақсаты өз сөзін дұрыстап, қарсы тараптың сөзін жоққа шығару, сондай-ақ екеуі де шындықты жүзеге шығаруға талаптанады» – дейді [50, 32 б.]. Демек, муназара диалог арқылы іздену, зерттеу, ақиқатқа жету дегенді білді реді. Диалектика және Фиқһ негіздері салаларында жазылған әдебиеттерде айты ла тын диалектикалық тәсілдер мен алғышарт тар диалогтың негізгі әдіс-тәсілдерінен бо лып есептеледі. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Диалогтың мақсаты ақиқатты жүзеге шығару, сөз бен пікірдің қатесін түзету болу керек. Яғни пікірталасқа түсетін тараптардың ақиқатқа жету үшін, дәлелдеудің дұрыс жолдары мен тәсілдерін қолданып, бірінің білмегенін екіншісі анықтай отырып, өзара ынтымақтасуы. Имам Заһаби: "Негізінде дискуссия ақиқатты ашу, зерек ғалымның өзінен төмен адамға үйретуі және бейғамды оятуы үшін пайда болған" – дейді. Жоғарыда айтылған – диалогтың негізгі мақсаты, сондай-ақ осы негізгі мақсаттан туындайтын екінші дәрежелі басқа да мақсаттары бар, мысалға алсақ: – пікір таластыратын тараптардың барлығын дерлік қанағаттандырарлық ше шімге жету; – қарсы тараптардың көзқарасымен танысу; – жақсырақ нәтижеге жету үшін әртарапты көзқарастар мен пікірлерге жүйелі түрде зерттеу, талдау және сараптау жүргізу, ақиқатты анықтап, дұрыс пікірге жеткізер дәлел-дәйектердің дұрыстығын бекіту; – күмәнды пікірлер мен бағыттарды анық тап, айқындау, сондай-ақ қате идеоло-

гияларды жоққа шығару. Сонымен қатар, адамзатты адасудан қорғау және сақтандыру; – адамдарды дұрыс бағыт пен ақиқатқа бастау. Себебі, әдептің шеңберінде болған сұхбат жүректерге жол ашып, ақиқаттың ол жүрекке ашылуына себебші болады; – әртарапты да әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді біріне-бірін жақындатып, ортақ идеяларға жету; – адам баласының әр түрлі ұлттар мен тайпалар болып жаратылуындағы мақсат бірімен-бірі танысу болып табылады. Бұл турасында Алла тағала Құранда: «Ей адамдар, біз сендерді бір еркек пен әйелден жаратып, біріңмен-бірің танысып, білулерің үшін түрлі халықтар мен тайпалар еттік...» – дейді [1, 49:32]. Ал екі тараптың арасында болатын сұхбат-диалог арқылы бірін-бірі танып біледі, бір тарап екінші тараптың құндылықтарымен, ой-пікірлерімен, көзқа растарымен, өмірлік принциптері мен ұстанымдарымен танысады; [51, 4 б.] – тек мұсылман адам ғана емес, әрбір адам баласының қасиетті борышы – ақиқатқа қарай ұмтылу, оны білу үшін іздену. Имам Абу Хамид Аль-Ғазали: «Адам ақиқатты іздегенде өзі тапса да, қасында бір ге іздеген жолдасы тапса да ажыратып жатпайтын жоқ қараған кісідей болу керек. Жолдасын қарсылас емес, көмекші ретін де қабылдайды, ол қатесін көрсетіп, ақиқатқа бастап жатса, алғысын білдіреді» – дейді [52, 1 т., 44 б.]. Ал диалог процесінде гі негізгі мақсат, дұрыс пікірге, ақиқатқа, шындыққа жету болып табылады; – Ибн Таймия: «Кімде-кім құдай сыз дармен, дінбұзарлармен олардың ұстанымын жоққа шығару үшін пікір таластырмаса, исламның алдындағы міндетін атқармаған, ғылым мен иманның талабын орындама ған болады, оның сөзімен жүректер орны ғып, көңілдер тұрақтамайды » – дейді [10, 1 т., 207 б.].

ҚҰРАН ЖӘНЕ ДИАЛОГ Құран Кәрім – ислам дінінің негізі және қайнар бұлағы болып табылады. Құран сөзі арабша «қираат, қараъа» деген сөзден алынған, бұл сөздер «жинау, оқу» деген ма ғынаны білдіреді. Себебі, оқыған кезде адам әріптердің басын жинап, біріне-бірін қосады, сондықтан оқуды араб тілінде «қараъа» дейді. Ал Құран кітабы, оқылатын бірнеше сүрелер мен аяттардың жиынтығы болғандықтан, Құран деп аталды. Құранда Мұхаммед алайһи саламға ең алғашқы түскен аят: «Сені жаратқан раббыңның аты мен оқы» – дейді [1, 96:1]. Бұл кітап Алла тағаланың тарапынан Жәбрейл алайһи салам арқылы Мұхаммед алайһи саламға 23 жылда түсті. Пайғамбар алайһи саламға Құраннан бір аят түсе қал са, ол оны сахабаларға жеткізуге асы ғып, оларды оны жаттауға, түсінуге және оқу ға қызықтыратын еді. Уахи1 жазушы са хабаларға түскен аяттарды дереу жазуға бұйыратын. Осылайша 1 Пайғамбарға алайһи саламға аяттардың түсу процесін айтады. өзі оқып тұрып жаз дыртып, Пайғамбар алайһи салам көзі тірісінде Құран аяттары түгелдей дер лік хатқа түсті. Ал Алла Елшісі алайһи са ламның өзі болса, әр жылы Жәбірейл періштенің алдында Құранда толық жатқа оқып тапсыратын. Құран аяттарын жазу ісі тек уахи жазу шы сахабалармен ғана шектелмеді. Басқалар да жазып жүретін. Пайғамбар алайһи салам дүниеден өткен кезде Құран толығымен хатқа түскен, әрі он мыңдай сахабаның көкірегінде жаттаулы еді. Олар сүрелердің түсу тәртіптерін басынан аяғына дейін білетін. Сондай-ақ, бұл үрдіс яғни Құранда жатқа білу ислам әлемінде күні бүгінге дейін жалғасуда. Мұсылмандар арасында Құ ранды жатқа білетін «Хафиздер» арабтардан да, ажамдардан мыңдап саналады. Құран Пайғамбар алайһи салам дүние ден өткен кезде әлі кітап күйінде жинақталмаған болатын. Өйткені оның түсуі жиырма үш жылға созылып, уахидың тоқтап-тоқтамағаны белгісіз болды. Әділетті төрт Халифаның алғашқысы Әбу Бакрдің заманында болған Ямама шайқасында қарилердің1 көпшілігі қаза тап ты. Сондықтан Хазіреті Омар халифаға Құранды бір кітап етіп жинақтау турасында ұсы1 Құранды жатқа білетіндер.

ныс беріп, шындығында жинақталды. Кейін бұл кітап Омардың қызы, Пайғамбардың әйелі Хафсаның үйінде сақталды. Араб тайпаларына оқу әрі түсіну жеңіл болуы үшін, Алла тағала Құранды жеті түрлі әріпте түсірген болатын. Хазіреті Осман Халифаның заманында 25-һижри жылы Құран әріптері бірдей болмағандықтан, Халифаттың көптеген өлкелерінде адамдар арасында келіспеушіліктер туа бастады. Бұл оқиғаның түбі жақсылыққа алып бармайтынын білген халифа, Мұхаммед алайһи саламның заманында уахи жазушы болғандардан комиссия құрып, барлық өлкелерден Құранның нұсқаларын жинап, бір ғана әріппен жазуға бұйрық береді. Комиссия бір ғана әріппен алты нұсқа жазып шығады. Сонымен Халифа Басра, Шам, Куфа, Медина, Мекке қалаларына бір бір нұсқадан жіберіп, өзіне бір нұсқасын алып қалады. Бұл нұсқа Османның мусхафы немесе Имам Мусхаф деп аталды. Бүкіл мұсылман әлемінің жүгінетін Құраны осы Имам Мусхаф еді. Қазіргі заманда әлемде Құран Карим кітабы осы нұсқаның үлгісінде және негізінде басылады. Негізгі нұсқаларды бір әріппен жазып біріктіргеннен кейін, түсініспеушілікке алып барған әр түрлі жеті әріппен жазылған Құран кітаптарды өртеуге әмір береді. Абасилердің заманында Гректердің, Үнділердің, Парсылардың және тағы басқа елдер дің философиялық еңбектері араб тілі не аударылды. Осы себептен халық арасында талас тартыс туа бастады. Бірақ, Ғазали, ибн Рушд секілді мұсылман философтар ол пікірлердің барлығын, солардың ішінде метафизикалық көзқарастарды Құранның бекітіп берген негіздеріне бағындыра білді. Мұнымен Ислам әлемінде ислам философиясы ретінде, еш адасуға жол бермейтін «Калам ғылымы» пайда болды. Құран аяттарында әлем жаратылысы ның ережелері мен қағидаларының айтылуы көп теген ғылыми ақиқаттың Құранда екенін білдіреді. Сонымен бірге, ол аяттар бізге Құранның ғылыми мұғжиза (керемет) кі тап екенін, Жаратушының шексіз құдіре тін және Құран Алла тарапынан келген ила һи кітап екенін айтады. Адам баласы сөздерді қолдануда, сөйлемдердің құрылымында, мағынасында Құран секілді кітапты жаза алмайды. Себебі, бұл мәселе Құранның ең бірінші мұғжизасы, Алла тағала Құранда бірнеше аятта адам баласын осы бәсекеге шақырады, бірақ, он төрт ғасырдан бері ешкім орындай алған емес. Пайғамбар өзінің хадисінде: «Сендерге екі нәрсені қалдырдым, егер ол екеуін ұстанатын болсаңдар адаспайсыңдар – Алла-

ның кітабы және менің сүннетім» – дейді. Демек, бұл Құранды өмірдің қай саласында болса да өздеріңе бастау етіп алыңдар деге ні. Сондықтан қай заманда, қай жерде бол са да мұсылман халқының саяси, қоғамдық, әлеуметтік өмірдегі дәстүрі болып есептеледі. Құран адамзатты бір Аллаға ғана бойсұнуға, оның әміріне бағынуға, құ діретіне қарап пікірлеуге шақырады. Адам баласының құқығын бекітіп беріп, бұйырғанын орындауды, міндеттерін анықтап беріп, тыйым салған нәрседен сақ болуды талап етеді. Адамдарды еліне, тіліне немесе қоғамына қарап ажыратпай, бәрін бірдей тең құқықты етті. Алла тағала Құранға қарай бет бұрмағандарды, одан қашқандарды ескертіп тұрып, Құранды «дана зікр» деп атады. Ислам дінінде ең абзал ғибадат Құранды оқу болып табылады. ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ДИАЛОГТЫҢ ТҮРЛЕРІ ДАҒУАТ ДИАЛОГЫ Мұсылмандар мен басқа дін және өркениет өкілдерінің арасында болған диалогтың бұрынғы және қазіргі замандағы тарихы мен оқиғаларын зерттеп отырған адам диалогтың бірнеше түрі мен жолда рын байқайды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы ақиқатқа шақыру жолында бола тын диалог. Араб тілінде дағуат диалогы деп атайды. Бұл жалпы ислам дініндегі яғни Құранда келген диалог түрлерінің ең маңыздысы болып есептеледі. Себебі Алланың пайғамбарлары және олардың мирасқорлары ғұламалардың басқаларға Алланы таныту, дінді үйрету мақсатында ұстанатын жолы болған. Дағуат диалогы арқылы диалогты жүргізуші мұсылман тарап исламның негіздері, артықшылықтарын, Алланы бір деп танығандар үшін үлкен сауап пен сыйлықтар және сенбеген кәпірлер мен мү-

шіріктер үшін үлкен жаза мен азап бар екенін түсіндіріп жеткізуге тырысады. Исламға шақыру үрдісі негізінде уағызнасихатпен орындалады. Бірақ, өкініштісі әрбір адам уағыз-насихатқа әсерленіп, көздері жетіп, ақиқатты танып, исламға келе бермейді. Кейбір адамдардың көкейінде әртүрлі күмәнді ойлар мен пікірлер тұрады. Сондықтан, ондай адамдар ол сұрақтар мен ойларға жауап іздейді, бірақ, жауабын тек уағыздан таба алмайды. Міне, осы кезде, олардың сұрақтарына қанағаттанды рар лық жауапты беру үшін дағуат диалогы керек болады. Дағуат диалогының тақырыптары Алланың бірлігімен, ұлықтық сипаттарымен таныстыру, иманның шарттары, иманды бұзатын жағдайлар, ақирет күніне сену, тозақтан және азаптан құтылу жолдары се кілді түйсікке, сенім-нанымға қатысты мәселелерді қамтиды. Дағуат диалогының басқа түрлерінен ерек шелігі төмендегі жағдайларға тікелей қа тысты болады: – дағуат диалогының мақсаты исламға шақыру және Алла тағала пенделерінен ис лам дінін ғана қабыл қылатындығына басқалардың көзін жеткізу; – кітап иелерімен пікірталаста шешуші болып есептелетін сенім мен түйсік мәселеріне баса назар аудару, жұмсақ әрі ғылы ми тәсілмен олардың күмәнді пікірлерін бекер ететін қарсы дәйектер келтіру, келтіре тін дәйектерінің сынға алу және қажет болса екі жақты қарсы дұға жасау; – ислам діні өзін әлемдік деп жариялайтын болғандықтан, мұсылмандар диалогтың осы түріне қатысты бастаманың тізгі нін өз қолына алды, әрине бұл үрдіс басқа дін өкілдерін мұсылмандардың еліне қонақ ету, оларды күту, шақыру билеттерін жолдау секілді шараларды ұйымдастырумен іске асады. Себебі, ислам әмірі бойынша басқа ларға дінді жеткізу мұсылманның мойнындағы міндеті болып есептеледі; – ұлтаралық және дінаралық төзімділік, ын тымақтастық диалогтарында ресми сипаттың алар орны көбірек болса, дағ уат диалогы арнайы, жеке сипатпен, байла ныстармен ерекшеленеді. Құрандағы пайғамбарлар турасындағы аят тарға жүйелі түрде зерттеулер мен талдаулар жүргізген зерттеуші олар үшін дағуат диалогы ең негізгі міндет болғанын көреді. Алланың құлы Нұх пайғамбар өз елін ақиқатқа, Алланы бір деп тануға түнімен, күнімен, жария қылып та, жасырып та шақырып, ғасырлар бойы олармен пікірталасып, диалог жүргізеді. Бұл жөнінде

Алла тағала: «олар: ей Нұх, бізбен жанжалдастың, сондай-ақ көп таластың, егер айт қаның шын болса, бізге уәде етіп (қор қытқан) нәрсеңді алып кел» – дейді [1, 11:32]. Жоғарыдағы аятта олар Нұх пайғамбармен пікір таласып, жанжалдасқанын анық айтып отыр. Бірақ, олардың арасында болған дискуссия мен пікірталастар Алланың хақ дініне шақыруға тікелей қатысты еді. Осы жолды Алланың пайғамбарларының барлығы дерлік ұстанып өтті. Құран Ибраһим пайғамбардың Намрудпен, Мұсаның Перғауынмен диалогы секілді мысалдар ды айтып өтеді. Ибн Таймия: «Алла тағала пайғамбарлардың оқиғаларына қатысты Құранда айтылып өткен шариғат шеңберінде пікір та ласуға үндейді, мысалға «олар: ей Нұх, бізбен жанжалдастың, сондай-ақ көп таластың» [1, 11:32], «осы біздің Ибраһимге қауымына қарсы қолдансын деп берген дәйегіміз» [1, 6:83], «Ибраһиммен Раббысы жөнінде таласқан адамды қарамайсың ба?» [1, 2:258], «Олармен ең көркем жолмен пікір таластыр» [1, 16:125], міне осындай аяттарды кейбірі диалогты міндетті етіп бекітеді, енді біреулері солай етуге кеңес береді, сондықтан диалог, дискуссия мәселесі шариғатта келеңсіз жәйт болған емес» – дейді [10, 7 т., 156 б.]. Құран аяттары Мұхаммед алайһи саламның әлемге Алланы бір деп тануға шақыру, хақ дінмен қуанту және осы дінге бүкіл әлемді шақыру үшін жіберілгенін анық айтады. Бұл тұрғыда Құран: «Раббыңның жолына даналықпен, көркем насихатпен шақыр және олармен өте көркем жолмен пікір таластыр» – делінеді [1, 16:125]. Ислам ғұламалары жоғарыда айтылған аяттарға сүйене отырып, жидәлді, муназараны және хиуарды ислам дінінде ғалымдар мен ойшылдарға жүктелген уәжіп (міндетті) істерден деп есептейді. Ибн Таймия «Раббыңның жолына даналықпен, көркем насихатпен шақыр және олармен өте көркем жолмен пікір таластыр» аятына берген түсініктемесінің барысында: раббының жолына даналықпен, көркем сөзбен шақыру және өте көркем жолмен пікір таласу момындарға Алланың жүктеген парыз кифая міндеті1 [10, 1 т., 51-52 б.]. Осы тұрғыда Ибн Хазм жидәл мен муназараның міндетті іс екендігіне төмендегі Пай ғамбар алайһи саламның хадисін дәйек етіп келтіреді: «Мүшіріктерге қарсы малмүліктеріңмен, жандарыңмен және тіл деріңмен күресіңдер» [53, 2504 х.]. Сондайақ, бұл хадистің сенімді екендігінде еш 1 Кейбір мұсылмандар орындаса қалғандарының мойнынан түсетін парыз.

күдік жоқ, себебі, хадис саласының барша ғалымдары дұрыс және сенімді хадис деп бір ауыздан келіскен. Демек, бұл хадис бізге басқа дін өкілдерінің исламға тағатын кінәратына, жаласына қарсы тілмен болатын күрес әрбір көзі ашық мұсылман баласының міндеті болып табылатынын анықтап беріп жатыр. Ал тілмен болатын күрестің ең маңыздысы, басқа дін өкілдерімен құрылымды диалог жүргізу, мақала және шығармашылық еңбектер жазып жариялау. Ибн Хазм басқа дін өкілдерімен болатын диалогтың қалдыратын әсері мен ақиқатты жеткізу үшін таптырмас тәсіл екендігін зерттей отырып, «дағуат жолдарының» ең тиімдісі дейді. Оның пікірінше, диалог исламда міндет болған іс, дағуатты қорғау үшін қоданылатын әскери жорық секілді әдістердің ең пайдалысы, себебі, қанша қалың әскер болса да жеңілуі мүмкін, бірақ, дұрыс дәйек ешқашан да жеңілмейді. Қару мен қалың қол әскерге қарағанда дұрыс дәйек санасы бар адамға ақиқатты тез танытады, діннің абыройын асқақтатады. Сондай-ақ, қылыш бірде жауды шабады, енді бірде бізді шабады. Ал дәйек, тек жауды шабады, қарсыластың ұстанымын жоққа шығарады. Мүмкін жалған пікір күшті пайдала нып көптеген шындықты өшіреді, сол секілді күшті қолданудың нәтижесінде көптеген пайғамбарлар өлтірілді, бірақ, олардың ұстанған дәйегі ешқашан жеңілмеді де, өшірілмеді де. Осы тұрғыда Пайғамбар алайһи салам ның сахабаларына қарасақ, Мұхаммед алайһи саламның пайғамбарлығына дәйектер мен дәлелдерді көріп, көзі жетіп сенімге келген сахабалар, басқа ислам мен мұсылмандар күшейген шақта, амалсыздан иманға келген сахабалардан артық болды» [22, 1 т., 26 б.]. Ибн Хазм тағы қосымша дәлел келтіріп: «Алла тағала алғашында Пайғамбары Мұхаммед алайһи саламға адамдарды исламға соғыспен емес, жетімді дәлел-дәйек арқылы шақыруды жүктеді, қашан оларға дәлел дәйекті толығымен жеткізіп болған шақта, шектен шығып қарсыласқан кезде, амал жоқ, қылышқа жүгінуге рұқсат берді. Алла тағала: «жетімді дәйек тек Алланың құзырында деп айт» [1, 6:149], «біз ақиқатты жалғанның үстіне атсақ, оның быт-шытын шығарып, жоғалып кетер еді» – дейді [1, 21:18]» [22, 1 т., 26 б.]. Ибн Таймия осы мағынада: «дінге сенбеушілермен, адасып жүргендермен диалог жүргізіп, олардың ислам мен адамзат қа келтіретін зияндығын тоқтатпаса, ислам-

ның алдындағы міндетін атқарған, ғы лым мен иманның талабын орындаған болып есептелмейді, оның сөзі ешбір жүрек пен көкейден орын алмайды және ғылымға, ақи қатқа қосар үлесі болмайды» – деп қатты айтады [54, 20 т., 164-165 б.]. Ибн Таймия жоғарыдағы сөзі арқылы кейбір шариғат ғалымдарының ол туралы: «өмірінің барлығын христиандарға, шииттерге, дінге қарсы болғандарға жауап беру мен босқа өткізді, егер Бухариге түсінікте ме беріп, Құранға тафсир жасағанда өзінен алдын өткен ғалымдардың жолымен жүріп, еңбектерін кейінгі ұрпақ пайдаланар еді» – деген сөздеріне берген жауабы болатын. Ибн аль-Қайим кітап иелерімен диалог жасау керектігін айта отырып және оған шақырып: «кітап иелерімен диалог және дискуссия жүргізуге болады, сол секілді мустахаб1 болып табылады. Егер олардың бірі исламды қабылдауы мүмкін болса, онымен диалог жүргізу, дәйек келтіріп оның көзін жеткізу міндетті болады. Дәйекті келтіре алмайтын адам ғана олармен диалог жасаудан қашқақтайды, ол адам үйіне қайта берсін және ұштаушыға жебені ұштауға кедергі болмасын» – дейді [55, 3 т., 639 б.]. Негізіне келетін болсақ, диалог тақыры1 Ислам дінінде орындауға үнделетін жақсы іс. бының тірегі Али Имран сүресінде кел ген: «Ей кітап иелері, біз бен сендердің арамыздағы ортақ сөзге келіңдер, Аллаға ғана табынайық, оған ешнәрсені серік етпейік, Алладан басқа етіп, бірімізді-біріміз тәңір тұтпайық – деп айт, егер олар теріс бұрылса, біз мұсылманбыз куә болыңдар деп айтыңдар» – [1, 3:64] деген аят. Имам Табари бұл аяттың түсініктемесінде: «Ей, Мұхаммед кітап иелері – Таурат пен Інжілдің иелері – арамыздағы тура сөзге келейік, ал тура сөз, Алланы бір деп тану, одан өзгеге табынбау және өзге сыйына тын нәрселерден бас тарту, оған ешнәрсені серік етпеу. Ал «Алладан басқа етіп, бірімізді-біріміз тәңір тұтпайық» дегені, яғни бірімізге-біріміз күнә істерде бағынумен, оған раббыға бас игендей бас июмен тәңір етіп алмайық деген мағынаны білдіреді. «Егер олар теріс бұрылса», сен оларды шақыруға бұйырылған ортақ сөзге бұрылмай, теріс бұрылса, оған жауап бермесе, ей момындар, он дай теріс бұрылғандарға, біз мұсылманбыз куә болыңдар деп айтыңдар» – дейді [4, 3 т., 301 б.]. Мұхаммед алайһи салам Алла тағала хақ жолға шақыруды қалай бұйыр ған болса, өмірінің баршасы соны бұл жытпай орындауға тырысып өткізді. Мүші-

ріктерді бағыттары мен ұлттарының айырмашылығына қарамай, барлығын дерлік ис лам дінін қабылдауға шақырды. Олар ды жай шақырып қана қоймай, диалогты да әрдайым жүргізетін еді. Сол диалогтың ең алды Нажран христиандарымен жүргізген диалогы және әлем патшаларына жолда ған хаттары болатын. Сондай-ақ, Пайғамбар алайһи салам адамдар жиналатын орындарға келіп, оларға уағыз жасап, әңгімелесетін еді. Осындай оқи ғалардың бірін Имам Ахмад Ауф ибн Малик деген сахабадан риуаят етеді: «бірде Пайғамбар алайһи салам мені ертіп алып, еврейлердің мереке күндерінің бірінде, олар дың ғибадатханасына кірдік. Бірақ, олар біздің кіргенімізді жақтырмады. Оларға Алланың Елшісі алайһи салам: «ей еврейлер қауымы, сендердің іштеріңнен Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі деп куәлік беретін он екі адамды маған көрсетіңдерші, Алла тағала аспанның астында саялайтын әрбір еврейге деген ашуынан қайтады» – деді. Бірақ, олар үндемеді, ешбірі де жауап бермеді. Сосын тағы да қайтарып сұрады, ешкім жауап бермеді, кейін үшінші мәрте айтты, тағы да ешкім жауап бермеді. Сол кезде Пайғамбар: «бас тарттыңдар ма, Алла атымен ант ішемін, иман келтірсең дер де, жалған десеңдер де, мен жинаушы мын, мен бәрінің (пайғамбарлардың) соңғы сы мын, мен таңдалған пайғамбармын» – деді. Содан кейін мені ертіп алып жүре бастады, шығуға шақ қалғанда артымыздан бір кісі: ей Мұхаммед, сен сияқты – деді, оған Пайғамбар: «бері жақында» – деді. Сол кезде ол адам: ей еврейлер қауымы, мені қандай адам деп танисыңдар? – деп сұрады. Олар: Алланың атымен ант ішеміз, біздің арамызда Алланың кітабын сенен артық білетін, сенен, сенен алдын әкең нен, әкеңнен алдын атаңнан артық түсінетін ешкім болған емес – деп шулап қоя берді. Ол: Олай болса мен ол сендер Таураттан табатын Алланың пайғамбары деп Алланың атымен куәлік беремін – деді. Олар сол мезетте өзгеріп: өтірік айтасың – деп оның сөзін қабылдамай, ол туралы жаман сөздер айта бастады. Бұны көріп тұрған Пайғамбар алайһи салам: «Сендер жалған сөйлейсіңдер, бұл сөздеріңе ешкім сенбейді, қазір ғана ол туралы жақсы сөйлеп мақтауын келтірмедіңдер ме, ал иман келтірген еді, оны өтірікші етіп шыға келдіңдер, ол туралы айтарын айттыңдар, сендердің сөздеріңе ешкім сенбейді» – деді. Риуаятшы сөзін жалғастырып: Біз ол жерден Алла Елшісі алайһи салам, мен,

Абдулла бин Салам үшеуміз болып шықтық. Содан Алла тағала: «Оларға: көрдіңдер ме, Құран Алланың кітабы болса да, сендер оған күпірлік етесіңдер, олардың бірі болған Израил ұрпағының ішінен бір куә гер, осыған ұқсасқа куә бола отырып, иман келтірсе де, сендер менменсідіңдер, әрине Алла залымдарды тура жолға бастамайды» – [1, 46:10] деген аятты түсірді [56, 23464 х.]. Осындай еврей қауымымен боған диалогтардың бірін сахаба Саубан бізге риуаят етеді. Ол өз әңгімесінде былай дейді: «Мен Алла Елшісінің алайһи салам жанында тұрған едім, еврей дінбасыларының бірі келді де: Ассаламу алайка ей Мұхаммед, – деді. Мен оны осы кезде түртіп жіберген едім, құлайын деп қалды да маған: неге түртесің?! – деп шаптанып шыға келді. Мен оған: Неге сен ей Алланың Елшісі демейсің? – дедім. Сол кезде ол еврей: біз оны отбасы атаған есіммен шақырамыз – деді. Бұны естіп тұрған алла Елшісі: «Мені отбасымның атаған есімі Мұхаммед» – деді. Еврей: сенен сұрауға келдім – деді. Оған Алланың Елшісі алайи салам: «Саған менің айтқанымның пайдасы болады ма?» – деп сұрады. Ол: мен құлағыммен естимін – деп жауап берді. Алланың Елшісі алайһи салам қолындағы таяғымен жерге сызып тұрып оған: «Сұрай ғой» – деді. Еврей: Бұл жер басқа жер болып кетіп, аспандар ауысқан күні адамдар қайда болады? – деді. Алланың Елшісі алайһи салам: «Көпірге жақын жердегі қараңғы орында болады» – деп жауап берді. Еврей: Ең бірінші кім өтеді? – деді. Ол алайһи салам: «Муһажирлердің кедейлері» – деді. Еврей: Олар кіргеннен кейін қандай сый көрсетіледі? – деді. Ол алайһи салам: «Тағы да киттің бауыры беріледі» – деді. Еврей: Одан кейін немен тамақтанады? – деді. Ол алайһи салам: «Олар үшін жәннаттың жағасында жайылып жүретін, жәннаттың өгізі сойылады» – деді. Еврей: Одан кейін сусыны не болады? – деді. Ол алайһи салам: «Салсабила деп аталатын бұлақтың суы болады» – деді. Еврей: Жер бетінде ешкім білмейтін бір нәрсе туралы сұрағалы келдім, білсе пайғамбар ғана немесе бір адам немес екі адам ғана біледі – деді. Ол алайһи салам: «Саған менің айтқанымның пайдасы болады ма?» – деді. Ол: мен құлағыммен естимін – деді. Сосын: Мен сенен бала туралы сұрағалы келдім – деді.

Ол алайһи салам: «Ер адамның суы ақ, әйелдің суы сары болады. Екеуі қосылған да ер адамның суы әйелдің суынан басым келсе, Алла қалауымен ұл болады, ал әйел дің суы ер адамның суынан басым келсе, онда Алла қаласа қыз болады» – деді. Еврей: Дұрыс айттың, әлбетте сен пайғамбарсың деді де жүріп кетті. Алланың Елшісі алайһи салам: «Бұл сұраған сұрақтардың Алла маған, хабар бермесе, ешбірін де білмес едім» – деді» [57, 351 б.]. Осы тұрғыда қорытынды пікірге келер болсақ, дағуат диалогы ислам дінінде зиялы қауымның діни міндеті болып есептеледі. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміз дей, бұл мәселеге қатысты шариғат мәтіндері жүздеп саналады. Ол мәтіндер көп тұста мұсылмандарға дінаралық диалог жүргі зіп, басқа халықтарға бұл діннің негіздері мен үкімдерін жеткізуді міндеттейді. ТӨЗІМДІЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ ДИАЛОГЫ Адамдар арасында ұлтаралық, дінара лық және басқа табиғи айырмашылықтар дың бар екені бәрімізге аян. Әрине, бұл жағдай Алланың қалауымен және жаратылыс тың заңымен қалыптасқан. Олай болса, осылай түрлі айырмашылықтардың арасында адамдар бірімен-бірі қандай қарым-қатынаста болады? Адамдар арасындағы қарым-қаты насты үлгі етудің әдісі қайда жатыр? Халықтар арасындағы диалог, төзімділік және өмірдегі ортақ мүдделер аясындағы келісім жолдарын қарастыру секілді құндылықтар осы мәселелерді шешеді емес пе? Демек, өмірдің талабы біздің қарым-қатынасымызды солардың негізінде қалыптастыратын ортақ мүдделерді қарастыруға жетелейді. Осы себептен әртүрлі дін және ұлт өкілдері диалогтың тағы бір ерекше және міндетті түрі – төзімділік пен татулық диалогына жүгінеді. Бұл диалог дін және сенім негіздерінен ұзақ, саяси және қоғамдық құрылымдардың жүктеген диалогы. Адамдар арасындағы байла ныстардың, көршілестіктің және ор тақ мүдделердің қажеттілігінен келіп туындайды. Ислам шариғаты өз мәтіндері және негізгі ережелері арқылы бұл диалогқа қатысты барша негіздер мен шарттарды анықтап берген. Адам баласы өз өмірінің басқалар мен қарым-қатынасында пайдаланатын диа логтың бұл түрі ислам мемлекеті Ме дина қаласында құрылған кезде пайда болды. Пайғамбар алайһи салам мемлекетті құрумен қатар, Медина қаласын мекен-

деген еврей тайпаларымен келісім шарттар жасасты. Сондай-ақ, пайғамбарлық тың соңғы жылдарында Мекке кәпірлерімен мұ сылмандар арасында болған Худайбия ке лісіміне қол қойылды. Егер ислам фиқһі саласындағы еңбектерді қарайтын болсақ, халықаралық қатынастарға қа тыс ты жазылған мұсылмандарға басқа ха лық тармен болатын қарым-қатынастың не гіздері мен шарттарын айқындап берген теңдес сіз мұраға тап боламыз. Бұл диалогтың ерекшелігі барша диалогты жүргізушілер өзара келісім табатын, одан ары тереңдете түсуге және барша күштерді жұмылдыруға атсалысатын ортақ мәселелерге басым көңіл бөледі. Сол секілді көбінде этикалық құнылықтар мен мүдделік ерекшеліктермен сипат алады. Мы салы, әлемдегі бейбітшілік, халықтар ара сындағы төзімділік, этикалық құлдырау проблемаларын шешу және отбасылық ыдыраушылықты тоқтату жөнінде ұйымдастырылып жатқан диалог шаралары да осыған кіреді. «Бұл диалогтың негізгі ерекшеліктері: – басқаның өмір сүру, сенім мен дін таңдау құқығын мойындау; – диалог тараптарының айырмашы лықтарын және әрбір діннің ерекшелігін мойын дау, диалогты жүргізушілердің дінде рін біріктірмеу және олардағы ұғымдар мен ережелерді біріне-бірін араластырмау; – діни сенімге қатысты шешуші мәселелер аясында сөз қозғаудан сақтану, дұрысы қозғамау, себебі, диалогтың жалғасуын және ортақ мүдделер мен құндылықтар дың қалыптасуын қамтамасыз ету керек; – диалогтың шырқын бұзатын сөздерден сақ болу, мысалы, диалогтың басқа та раптарын кәпір деп кінәлау, олардың тозақта мәңгі болатыны турасында айту немесе қасиетті ұғымдарына тіл тигізу, әрине бұлай етпеу ол дүниелерді қолдау дегенді білдірмейді; – диалог тараптарының арасындағы ұқ сас және келісетін тұстарды көрсете білу және оларға басымдық беру, келіспейтін және айыратын тұстарды диалогқа кері әсерін тигізетіндіктен шетке қоя тұру; – басқаны ол өзін қалай танытқысы келсе, солай танытуға шақыру, өткен тарихи келіспеушіліктерді ұмыта отырып, бұрынғы кері пікірлерді жою және қателер үшін кешірім өтініп, оның әсерін тоқтату ға тырысу» [11, 27 б.]. Ислам дініде бұл диалогты жүргізу өмірдің талабы болғандықтан рұқсат беріл ген. Пайғамбар алайһи салам жастық шағында Мутибин келісімінің куәсі болды. Бұл келісім тартып алынған нәрселерді иесіне

қайтару, зұлымдық көргендерге болысу секілді шарттарды қамтыған еді. Мекке қабилаларының арасында өзара бейбіт өмір сүру үшін маңызды қызмет атқарған келісім-шарттардың бірі болды. Ал қашан пайғамбарлық хабары келген соң, Пайғамбар алайһи салам ұлы іс болып есептелетін бұл келісімді қолдай түсіп, шарттарын орындауды жалғастыра бе ретінін айтады. Бұл жөнінде Пайғамбар алай һи салам: «Мен Мутибин келісімі секілді келісімді көрген емеспін, маған қызыл түйелер берілсе де оны бұзбаған болар едім», енді бір риуаятта «егер исламнан кейін де маған біреу ұсынса жауап беретін едім», тағы бір риуаятта «егер исламнан кейін де ма ған біреу ұсынса жауап беретін едім, қалған заттарды иелеріне қайтару және залым адам зұлымдық көргенді басынып кетпеу үшін келісім шартқа келіңдер» – деп үндеу салады [56, 1658 х; 26, 570 х.]. Жоғарыда айтылған ізгі мақсаттар, құндылықтар мен істерді орындау үшін кәпірмен келісуге рұқсат беріп жатыр. Ибн Хажар: «Келісімнің шарты Мекке қа ласында кім болса да зұлымдық жасаса, оған жәрдем бермеу жөнінде болатын. Бұл келісімге қатысты көптеген оқиғалар айтылады, қорытындысын айтар болсақ, түрлі өлкелерден Меккеге қонақтар келетін еді. Кейде қала тұрғындары қонақтарға зұ лымдық жасап қоятын. Сонымен, олар сон дағы басқа тайпаларға шағымданса, ешкім көмектеспейтін. Соңында зұлымдықты айыптап, қарсы болған адамдардың бір тобы жиналып, келісім-шарт жасауға үндеді. Сонымен, тайпалар арасында келісім жасалып, ислам келген шақта келісім өз күшін жоймаған болатын» – дейді [58, 4 т., 473 б.]. Имам Құртуби Ибн Исхақтан риуаят етіп айтады: Құрайш тайпалары құрметі мен тегінің абыройын ескеріп, Абдулла ибн Жадғанның үйіне жиналады. Мекке қаласында өз туғандарынан болсын немесе өзгеден болсын, зұлымдық көрген адамға оның ақысын қайтарып алғанша болысып, қолдауға өзара келісіп, серт берісті. Бұл келісімді Құрайш Фудул келісімі деп атады. Пайғамбар алайһи салам бұл келісім туралы: «Абдулла ибн Жадғанның үйінде жасалған келісімнің куәсі болдым, ол келісім үшін қызыл түйелер берсе де разы болмас едім. Егер исламнан кейін де оған шақырылсам, жауап берер едім» – дейді. Сондай-ақ, Пайғамбар алайһи саламның мы на хадисіндегі «Жәһилият дәуірінде ислам тек қуаттай түскен бір келісім болды,..» [57, 2530 х.] айтылған келісім осы еді. Себебі, бұл келісім шариғат талабына сәйкес еді.

Зұлымдықты тоқтату және қарсы күресу шаралары қарастырылған еді [23, 6 т., 33 б.]. Мубаракфури Маида сүресінің бірінші аятына шолу жасап: Алла тағаланың «Орындаңдар» деген сөзі, уәдеде тұру дегенді білдіреді. Яғни, Алла тағала «келісімдерді орындаңдар» деумен, шариғатқа қайшы кел мейтін келісімнің (Жәһилият келісімі яғни сол дәуірде жасалып, қол қойылған келісімдер) шарттарын орындауды талап етіп тұр. Бірақ, бұл орындау одан кейін келетін аятпен шектеледі: «игі және тақуалық істерде біріңе-бірің көмектесіңдер, күнә және дұшпандық істерде біріңе-бірің жәрдем бермеңдер» [1, 5:2], себебі, ислам діні жәһилият дәуірінің шариғатқа қайшы келмейтін келісімдерін қуаттай түсіп, оларды сақтап, орындауды талап етеді – дейді [59, 5 т., 173 б.]. Ибн аль-Қаиим: Пайғамбар алайһи саламның «Жәһилият дәуірінде жасалған бір келісімнің куәсі болдым, ол келісім үшін қызыл түйелер берсе де разы болмас едім. Егер исламнан кейін де ол сияқты келісімге шақырылсам, жауап берер едім», Алла біледі деймін, бұл Құрайштар зұлымдық көрген адамға көмектесеміз, залымдардың зұлымдығына қарсы әрекет етеміз деп жасаған Мутибин келісімі болады. Егер бұл келісім ислам келгеннен кейін жасалғанда, исламның негіздеріне сәйкес, оны бекіте түсер еді. Ислам бекер етіп, жоққа шығарған келісім – бірге боламыз, біреуімізге кім соғыс ашса, сонымен соғысамыз, кім дос болса сонымен дос боламыз деп тайпалар арасында жасалатын келісім еді. Мұндай келісім ислам дінінде жасалмайды» – дейді [60, 8 т., 101 б.]. Ибн Хажар: «Ибн Исхақ және басқа да ғалымдар айтып өткен, Құрайштан бір топ жиналып, зұлымдық көргенге болысу, адам дар арасында әділдікті орнату және сол сияқты ізгі істерді жасауға келіседі. Осы келісімнің шарттары пайғамбарлық келгеннен кейін де өз күшін жоймады. Сахаба Абдурахман бин Ауф және Жабир бин Мутғим риуаят еткен хадистердің мәтіні, олардың ислам діні келгеннен кейін де ол келісім шарттарын орындап келгені тура лы әңгімелейді – дейді [58, 10 т., 502 б.]. Исламнан кейін де бұл келісімнің шарттары өз күшін сақтап, орындаудың жалғасқанын Хусайн бин Али мен Уалид бин Утбаның арасында болған мына оқиғадан байқаймыз. «Екеуінің Зилмаруада ортақ мүлкі болатын. Уалид қолындағы билікті пайдаланып, Хусайнға зұлымдық жасауға әрекет ететін. Сондықтан бұл зұлымдыққа шыдай алмаған Хусайн: Алла атымен ант

етемін, ақымды түгелімен бересің, олай етпесең, қылышымды суырып, Пайғамбар алайһи саламның мешітінде тұрып, халықты Фудул келісіміне шақырамын, – деді. Уалидке Хусайн бұл сөзді айтқан кезде қатысып отырған Абдулла бин Зубайр: Мен де Алла атымен ант етемін, егер ол шақырар болса, қылышымды суырып, ақысы өзіне қайтарылғанша немесе бәріміз бірдей қаза тапқанша оған болысамын» – дейді [61, 5217 б.]. Жоғарыда айтылған мәселерді пысықтап, бекіте түсетін тағы бір хадисті Пайғамбар алайһи саламның қызметші сахабасы Анас бин Малик риуаят етеді: «Пайғамбар алайһи салам менің үйімде Құрайштар мен Ансарлардың арасында келісім түзген еді» [62, 2294 х.]. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, ислам үмбеті діни тақырыптарда басқа халықтармен диалог жүргізуді ешқашан тоқтатқан емес. Сонымен қатар, өзгелерге осы диалог арқылы қол ұшын беруге үндейді. Диалог тараптарының барлығының төзімділік пен татулық диалогы арқылы алдына қойған мақсаты болып табылатын ортақ мүдделерге қол жеткізуге атсалысады. Татулық диалогы адамзаттың тұрақты және бейбіт өмір сүруінің бірден-бір кепілі болып табылады. Сол сияқты, адамзатты қоғамдық, моральдық және саяси алаңдағы күтілетін көптеген қолайсыз оқиғалардан сақтайды. АЛЛА ТАҒАЛА МЕН ПЕРІШТЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СҰХБАТ Құран парақтарын ақтарып отырсақ, диалогтың тағы бір ерекше үлгісіне тап боламыз. Ол Алла тағала мен нұрдан жаратыл ған жаратылыс періштелер әлемінің арасын да орындалатын диалог. Бұл жөніндегі аят тар төмендегідей сипатта келеді. «Сонда сенің раббың періштелерге: Мен жер бетінде бір орынбасар жаратамын, – деді, Періштелер : Онда бұзықтық жасап, қан төгетін біреуді жаратасың ба? Ал біз сені мақтап, пәктейміз және ұлықтаймыз, – деді, Ол: Мен сендер білмегенді білемін – деп, кейін Адамға атаулардың барлығын үйретіп, оларды періштелерге көрсетіп, егер білсеңдер, қане осылардың атауларын айтыңдаршы, – деді. Олар: Сен кемшіліктен пәксің, бізде өзің үйреткеннен басқа ешқандай білім жоқ, Әл бетте, сен бәрін білуші әрі ұлы даналық иесісің, – деді. Ол: Ей Адам, олардың атауын айтып бер-

ші – деді, қашан ол (Адам) тауларды айтып берген кезде, аспандар мен жердегі ғайыпты білемін, сендердің жариялағандарыңды және жасырып жүргендеріңді де білемін, – деді. Біз періштелерге: Адамға сәжде етіңдер дегенде, олар сәжде жасады, тек Ібіліс тәкап парлық жасап, қарсы келушілердің қатарынан болды» [1, 2:30-34]. Құранда келген әлемнің жаратушысы Алла тағала мен күнәдан пәк болған, тек Жаратушының әмірін ғана орындаумен болатын ерекше жаратылыс – періштелердің арасында болған бұл сұхбаттан өте маңыз ды мәселелерді аңғарса болады. Бұл жерде періштелердің кішіпейілділігі мен көркем мақсатын көреміз. Себебі ақылға салып қарайтын болса, кімде-кім Алланы көбірек ұлықтап, қылмыс жасамайтын болса, сол жан бұзықтық жасап, қан төгетін қылмыскерге қарағанда орынбасар болуға көбірек лайықты. Бірақ, олар қанша ақыл көп нәрсені білсе де, Алланың құзырында білмейтіні көбірек болып тұрады. Сондықтан періштелердің сұрағы наразылық білді ріп, қарсы болғанның сұрағы емес, керісін ше Алла ісінің сырын білгісі келіп, мақсатты анықтағысы келген құлдың сауалы еді. Бұл орынбасардың бұлар білмейтін қандай артықшылығы бар екен, Жаратушы таға ла нендей даналыққа меңзеп тұр деген сұрақ болды. Сонымен қатар, диалогтың бұл көрінісінде періштелер басқа барша жаратылысқа Алла алдындағы әдеп қалай болу керек, Алла әміріне қалай бойсұнуды үйретіп тұр. Бұл мағынаны біз періштелердің Алла тағалаға «Сен кемшіліктен пәксің, бізде өзің үйреткеннен басқа ешқандай білім жоқ, Әлбетте, сен бәрін білуші әрі ұлы даналық иесісің» деген ұлықтау сөзінен байқаймыз. АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ІБІЛІСПЕН СҰХБАТЫ Тағы бір аяттарда Алла тағала періштелердің антонимі болып жаратылған, жамандық пен зұлымдықтың, азғындық пен сұмдықтың образы, бүкіл әлемге тек зия нын тигізуге әрекет ететін жындардың пат ша сы Шайтан Ібіліспен диалог жүргізеді. Алла тағала Адам атаны сондай көркем кейіпте жаратып, періштелер мен Ібілісті өзінің ұлықтығына бас идіру мақсатында Адамға сәжде жасауға бұйырды. Жаратушыға құлшылық жасау мен әмірін орындау үшін ғана жаратылған періштелер Алла әмірін орындауға асыға ұмтылды. Ал жындар дың дөкейі болған Ібіліс, тәкаппарлық жасап,

өзін Адамнан жоғары санап, Жаратқан ның бұйрығын орындаудан бас тартты. Бұл оқиға турасында Құранда Алла тағала: «Ей Ібіліс, мен құдірет қолдарыммен жа ратқанға сәжде етуге не кедергі болды, тәкаппарлық еттің бе әлде өзін жоғары санаушылардың қатарынан болдың ба? – деді. (Ібіліс): Мен одан жақсымын, себебі, мені оттан, ал оны топырақтан жараттың, – деді. (Алла Тағала): Шық одан (Жұмақтан), себебі, сен (рақметімнен) қуылдың, әрине сен жазаға тартылатын күнге дейін менің лағынетіме душар болдың, – деді. (Ібіліс): Раббым, маған олар қайта тірілетін күнге дейін, мұрсат бер, – деді. (Алла тағала): Әрине сен мерзімі белгіленген күнге дейін мұрсат берілгендердің қатарынансың, – деді. (Ібіліс): Сенің құдіретіңмен ант ішемін, олардың ішінен ықыластыларынан басқасының барлығын дерлік азғырамын, – деді. (Алла тағала): Ақиқат, Мен ақиқатты айтамын, әрине тозақты сенімен және саған ергендердің барлығын салып толтырамын, – деді» [1, 38:74-83]. Жоғарыда келтірген Сад сүресінің аяттарынан көрінетін Алла тағала мен Ібі ліс арасында болған әңгімеде адамзат үшін маңызды ескертулер мен мағыналы са бақтар жатыр. Сондай-ақ, сұхбаттың соңы дұш пандықпен бітсе, бірақ ақиқат қанша ай қын болып көрінгенмен мойындалмайды. Се бебі, диалогта сақталу керек кейбір өте қарапайым ғана шарттар мен қағидалар орындалып, сақталмаған. Егер ақылға, санаға салып қаралатын болса, бұл аяттарда диалогтың жемісті болуына кедергі жасайтын бірнеше қателіктер мен бұрыс әрекеттер бар. Соның ішінде мыналарды айтуға болады: а) Ібіліс дилогта сақталуы тиіс ережелер ді бұзып тұрғанын көреміз. Қандай мәселе де болса да, айқын алғышарттар мен со лар ға сәйкес шыққан қорытындыны жоққа шығаруға болмайды. Ал Ібіліс, бұл шартты бұзып тұр. Біріншіден, Адамның үйрену мен білім алуға деген мүмкіндігі мен қабілетін жоқ қа шығарды; Екіншіден, үйренген білімін басқаға жеткізу қабілетін мойындамады; Үшіншіден, оның ойлауға және мәліметті жинап есінде сақтау қасиетін жоққа шығарды. Бұл қасиеттер Адамның орынбасар болуға лайықты және бұл жауапкершілікті өте жақсы деңгейде орындай алу мүмкіндігі бар екенінің белгісі еді. Ібілістің өзін жоғары

санап, тәкаппар және қарсы болуы диалогта ең керекті фактордың жоғалуына себеп болды. Ол диалогтан келіп шығатын дұрыс нәтижелер мен қорытындыларды, айқын дәлелдер мен дәйектерді қабылдауға жандүниесімен дайын болуы керек еді. ә) Ібіліс «мен одан жақсымын» деген сөзі арқылы өзін-өзі мақтап, жоғары санауы екі немесе көп тарапты диалогтың этикасында сақталуы керек кішіпейілділік деген өте қарапайым шартты бұзып тұр. Сөйле ген адам қай кезде болса да өзін мақтап кетуі оның қадірі мен құрметін төмендетеді. б) Абстрактылықты, диалогтың этикасын сақтау және фанатизмнен сақ болу жемісті диалогтың негізгі шарттарынан. Ескі пікірге дұрыс болсын немесе болмасын қатып қалмау керек. Ал Ібілістің жаратылысқа түріне қарап бөліп қарауы ешқандай ақыл мен ғылымнан туындап жатқан негізге сай майтын іс еді. Сонымен, оның бұл ісі тура және дұрыс ойлауға кедергі жасап, диа логтағы объектілікті жоғалтты. Ал періштелердің әрекеті мүлде бөлек еді, олар Адамды жаратудағы Алланың құдіреті мен ұлықтығын көргенде, Адамның орынбасар болуға лайықты қабілеті мен мүмкіндігін білгенде бас ұрып, сәждеге жығылды. Ешбір фанатизмге немесе басқа да бір көр соқырлыққа салынбады. в) Ібілістің Адамды күндеп, дұшпандыққа салынуы. Алла тағалаға ант ішіп: «Сенің құдіретіңмен ант ішемін, олардың ішінен ықыластыларынан басқасының барлығын дерлік азғырамын» – деп ашықтан ашық қастандық жасайтынын білдірді. Ал бұлай ету, диалогтың мақсатына тікелей қайшы келетін әрекет. Сонымен қатар, диа лог жеміссіз және ешбір пайдасыз болып шығады. АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ МҮШРІКТЕРМЕН СҰХБАТЫ Құранда Анғам сүресінде қиямет күні Алла тағала мен оған серік қосып, басқаны құдай деп білген мүшірік қауымның арасында ашық диалог жүреді. Бұл диалогтың мақсаты олардың қателіктері мен қылмысын мойындатып, бұл өмірде таратып жүретін күдікті ойлардың барлығын жоққа шығару болды. Сондай-ақ, диалог барысында ұсы ныстары мен сұрақтарына жауап келеді. Сүреден қиямет күні мүшіріктермен болған диалогтың ерекше көріністері мен жағдайларын көреміз. Алла тағала: «Олардың барлығын жинаймыз, кейін серік қосқандарға: «Қайда сендердің айтып жүретін серіктерің? Деп айтамыз, сонда олардың берген жауабы: Раб-

бымыз Алла атымен ант етеміз, біз серік қосушы болмадық деді» – дейді [1, 6:22-23]. Жоғарыдағы аяттарда Алла тағала мүшірік термен болатын диалогтың жекелей емес, барша адамдардың көз алдында болатынын айтып жатыр. Барша адамдарды жинады, кейін Алладан басқаны құдай деп білген пенделерге сол құдайларды көрсетуін талап етеді. Бірақ олар сол күннің жантүршігерлік азабын сезгенде, құтыламыз ба деген үмітпен өтірік айтуға көшеді, тек өтірік айтып қана қоймай, өтірік Алла атынмен ант ішуге дейін барады. Осы жағдайдан кейін екі арадағы диалог өз межесіне жетеді, ары қарай жалғасудың мәнісі де болмайды, себебі дәлелденбейтін дәйекпен бол ған диалогтың мақсаты орындалмайды. Мүшіріктердің бұл аяттағы қарсы келтірген дәйегінің жалғандығы Алла тағалаға айдан анық еді. ДИАЛОГ ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ Ислам ғалымдары дінді жеткізу, ақиқатты тарату үшін диалогтың маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, бұл мәселе нің ғылыми тәсілдерін, ережелерін, шарттарын, этикалық тұспалдарын толығымен айтып, түсіндіріп кеткен. 1 – ҒЫЛЫМИ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ Диалогтағы ең алдымен алға қойылатын міндет ғылыми әдіс-тәсілдерді ұстана отырып, пікірталасу болып есептеледі. Даулы мәселені бекітетін дәйектерді келтіру және айтылған хабардың, мәліметтің немесе дәйектің дұрыс сенімді жолмен жетуі. Бұл жоғарыда аталған шарттан диалог ғылымында белгілі “Егер жеткізуші бол саң, дұрыстығын дәлелде, даушы болсаң, дәлелдәйегіңді келтір” деген ереже келіп шығады. Құранда Алла тағала: “Егер шыншыл болсаңдар айғақтарыңды келтіріңдер – де” [1, 2:111; 1, 27:64], “айғақтарыңды кел-

тіріңдер, бұл менімен бірге болған адам ның және менен бұрынғылардың зікірі – де” [1, 21:24], “Егер шыншыл болсаңдар Тәурат ты алып келіп, оқыңдар – де” [1, 3:93] – дейді. Ислам осы аяттарды негізге ала отырып, қандай да бір дау көтерілсе, дәлел мен дәйекті талап етеді. 2 – ДИАЛОГ ЖҮРГІЗУШІ СӨЗДЕРІНІҢ БІРІНЕ-БІРІ СӘЙКЕС БОЛУЫ Диалогтағы пікірталасушының сөзінде қа рама-қайшылық болмауы керек, қарамақай шылығы болған сөз есепке алынбайды. Бұл мәселеге қатысты Алла тағала Құранда Перғауынның сөзіндегі қарама-қайшылықты келтіреді, Перғауын Мұса пайғамбарды: “сиқыршы немесе жынды” [1, 51:39] – деп сипаттайды. Бұл жаланы Құрайш мүшіріктері Мұхаммед алайи саламға да жапқан болатын. Сиқыр мен жындылықтың арасында үлкен қайшылық бар. Сиқыр болған жерде ақыл, сонымен қатар, білім болады. Ал жынды болған адамда, бұл аталғанның екеуі де болмайды. Демек, бұл жерде Перғауын мүлдем біріне-бірі қарамақайшы екі сөзді айтып тұр. Тағы бір мысалда Құрайш кәпірлерінің Мұхаммед алайһи саламның кереметтері ту расында айтқан сөздерінен көреміз. Алла тағала: “Олар қашан бір белгіні (кереметті) көрсе, кері бұрылып, бұл әрдайым болып тұратын сиқыршылық, – дейді” – [1, 54:2] деген аятта олардың қандай әсерде болып, сондай жаман әрекетке баратынын айтады. Бұл жердегі қайшылық сиқырдың әрдайым жалғасып тұратын құбылыс ретінде сипатталуы. Әдетте сиқыр жалғасын тауып тұратын құбылыс емес, ал әрдайым болған құбылыс сиқыр болмайды. 3 – ДӘЙЕК ДАУЛЫ МӘСЕЛЕНІҢ ӨЗІ БОЛМАУЫ ТИІС Тағы бір айта кететін маңызды жағдай, келтірілетін дәйек даулы мәселенің өзі болмауы керек. Олай болған жағдайда ол дәйек емес, даулы мәселені басқа фразамен қайта келтіру болып есептеледі. Кейбіреулер пікірталас барысында сөзбен ойнауды жақсы пайдалана отырып, дәлел-дәйек келтіргендей болады, бірақ шын мәнінде ол даулы мәселенің өзін басқа тұрғыдан қайталап тұрады. 4 – ЕКІ ТАРАПТЫҢ ОРТАҚ ПРИНЦИПТЕР АЯСЫНДА КЕЛІСУІ Өзгермес ортақ принциптер мен алғышарттар аясында келісу керек. Олар кейде

адамның табиғи ақылынан туындауы мүмкін, сонымен қатар, ақыл-есі дұрыс адам бұл мәселелерге қарсы шықпайды. Мысалы, шындықтың жақсы, жалғанның жаман екендігі және жақсылық етушіге алғыс білдіріп, қылмыскерді жазалау қажет секілді өзгермес ережелер. Сондай-ақ, діни үкімдерден келіп туындауы да мүмкін, мысалға исламдағы Алла тағаланы кемшіліксіз және жалғыз деп тану, Мұхаммед алайһи саламның пайғамбарлығын мойындау, Құран Алланың сөзі, әйелге хижаб кию парыз, өсімге ақша беру-алу, мас қылатын ішімдіктер және некесіз қатынас харам деген секілді үкім дер үзілді-кесілді Құран аяттарымен бекітілген ережелер. Ешбір мұсылман бұл ережелерге қарсы шықпауы тиіс. Ал басқа дін немесе идеологиялық бағыттың өкілі, бұл үкімдерді мойындамайды. Сондықтан онымен тек исламға тән үкімдер аясында пікірталасу ғылыми қателік болып есептеледі. Басқа дін өкілімен диалогтың басты негізгі принципі – Алланы жалғыз деп танудан басталуы керек. Пікірталасушы бұл өзгермес ережелерді ескеріп, мойындау немесе мойындамау арқылы мақсаты ақиқатқа жету ме, әлде жай таласу ғана ма, анықтап береді. 5 – АБСТРАКТЫЛЫҚТЫ, ДИАЛОГТЫҢ ЭТИКАСЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ФАНАТИЗМНЕН САҚ БОЛУ Бұл турасында Имам Ғазали: “Ақиқатқа жету үшін ынтымақтасу діннің әмірі, бірақ оның шарттары мен белгілері бар, солардың бірі: пікірталасушы ақиқатты жоқ қараған адам секілді талап етуі керек, оның жоғын ол тапса да, әріптесі тапса да айырмашылығы жоқ емес пе. Демек, ол әріптесін қарсылас емес, қатесін көрсетіп, айтып жатса, оған алғысын білдіретін қолдаушы ретінде көруі керек” – дейді [52, 1 т., 231 б.]. Имам Шафиғи атақты сөзінде: «Қандай бір адаммен сөйлесе қалсам, Алла оны қолдап, дұрыс пікір айтуын тілейтін едім және пікір таласа қалсам, ақиқат менің тілім мен айтылды ма, әлде оның тілімен бе, мен үшін бірдей еді» – дейді. Ислам ғалымдары ақиқат жолында болса да, фанатизмге салынуды дұрыс көрмейді. Себебі, фанатизм бар жерде абстрактылық жоғалып, қатыгездіктің есіктері ашылады. Ал ғылыми және этикалық шарттары толық орындалған диалогта, жоғарыдағы атал ған кемшіліктер болмауы керек.

6 – ДИАЛОГ ЖАСАУШЫ АДАМНЫҢ БІЛІМІ МЕН МҮМКІНДІГІ ЖЕТЕРЛІК, ПІКІРТАЛАСУҒА ЛАЙЫҚТЫ АДАМ БОЛУЫ Әрине қандай мәселеде болса да қабілеті мен ғылыми мүмкіндігі жетіспейтін адамға араласуға құқық берілмеу керек. Құранда: “Білмейтін ісіңе араласпа, шын мәнінде есту, көру және ішкі жандүние осылар дың барлығы үшін де сұрақ бар” – деп айтыла ды [1, 17:36]. Өзі адасып жүрген адамның ақиқатты қор ғаштауы, ақиқатты білмейтін адамның ақиқатты қорғаштауы, қорғауды білмейтін адамның ақиқатты қорғаштауы, жалғанның жолдарын білмейтін адамның ақиқатты қорғаштауы қателік болып есептеледі. Сондықтан пікірталасқа түсетін адам ғылыми және моральдық тұрғыдан арнайы дайындық көруі қажет. Сонда ғана ол адамның тарапынан орындалатын диалог жемісті болып, мақсаты іске асады. Білмейтін адамның ғалым адаммен пікір таластыруына болмайды. Бұл ережені анықтап бер ген Ибраһим пайғамбар турасында Құран да: “Әкетайым менің, сен білмеген нәрсені мен білдім, маған ере қойшы, сені түзу жолға салайын “ – делінеді [1, 19:43]. Білмейтін адам қарсы болып, таласудан бұрын оқып білуге, сұрап үйренуге тырысады. Құранда Мұса пайғамбар Алланың ізгі пендесіне: “... үйренген жақсы біліміңнен маған да үйретуің үшін саған ерейінші.. “ – дейді [1, 18:66]. Нәтижесіз және жеміссіз диалогтардың көп шілігінің себебі диалогтағы тараптардың бірімен-бірі тең терезелі бомағандықтан. Мұндай тең емес тараптардың арасын да болатын жеміссіз диалог турасында Имам Шафиғи ренішін білдіре отырып: “Қашан ғалым адаммен пікір таласа қалсам, жеңетін едім, наданмен таласа қалсам ол мені жеңетін” – дейді [63]. 7 – ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ДҰРЫС НЕМЕСЕ ҚАТЕ БОЛУЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЖАҒДАЙ Бұл мәселеде адам өзінің интеллектуалдық ізденуімен шығаратын қорытындысы дұ рыс немесе қате болуы салыстырмалы жағдай екенін жақсы білуі керек. Қателеспейтін және абсолюттік деңгейде дұрыс пікірмен жүретін адам тек пайғамбарлар ғана. Сондықтан пікірталасқа, диалогқа түсетін адам Имам Шафиғидың “менің пікірім дұрыс, бірақ қате болып қалуы мүм кін, басқа адамның пікірі қате, бірақ дұрыс болып шығуы мүмкін” – деген сөзін әрдайым жадында сақтап жүруі керек [64].

Жоғарыда айтылғанға орай диалогтың қорытындысы екі тараптың бірінің пікіріне тоқталуы шарт емес, керісінше, әр тарап өзінің пікірінде қалуы әбден мүмкін. Осы турасында Ибн Таймия Муғни кітабында: «Ғалымдар ижтиһад (ізденіс) мә селелерінде біріне-бірі қайшы келіп жатса, түсіністікпен қарайтын еді, өзінің пікіріне екінші тарап міндетті түрде келісу керек деп талап етпейтін» – дейді [65, 45 б.]. Ал егер диалогқа түскен тараптар келісіп, бір көзқарасқа яки бір пікірге тоқта лып жатса, нұр үстіне нұр болады. Бұл негіз гі мақсаттың орындалғаны болып есепте леді. Әрине мұндай қорытындыға әр тарап өз қанағатымен тоқтауы керек. Егер негізі бар яки дәлелге сүйенер қарсы пікірі болмаса, диалогтағы тараптар шығарған қорытындыларды разы болып қабылдауы керек. Сонымен қатар, ол қорытындылардан келіп туындайтын міндеттерді орындау да керек. Олай болмаса, диалог жай бос әурешілік болып табылады. Ибн Ғақил (Алла ол кісіні рақмет қылсын): «Бір тарап екінші тараптың келтіретін дәлелін қабылдауы керек, бұл әрекет оның қадірін арттырады, ақиқат пен шындыққа жетуге көмектеседі» – дейді [66]. Имам Шафиғи: «Бір адаммен пікір таластырған кезде, егер ол менің келтірген дәлелімді қабылдайтын болса, менің алдымда ұлы адам болып көрінетін, ал келіспей, қайтарып жатса, менің назарымнан қалатын еді» – дейді [67]. Әрине бұл жерде имамның сөзі негізге және дәлелге сүйенбей, пікіріне қарсы шыққан адам турасында болып жатыр. Ал қарсы болып, қабылдамаған тараптың негізі бар, дәлелге сүйенер өз көзқарасы болса, ол жоғарыда айтылғандай, өз пікірінде қалғаны үшін жазғырылмайды.

ДИАЛОГТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТАЛАПТАРЫ Жоғарыда қозғалған мәселелер секілді диалогты жүргізетін адамға қойылатын этикалық және ғылыми талаптар бар. Сол талаптарды орындаумен, сақтай отырып жүргізілген диалог әртарапты пайдалы және жемісті диалог болады. Солардың кейбіріне тоқталып өтейік. 1) КӨРКЕМ СӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ШАҚЫРЫП, БҰЛДАНУДАН САҚ БОЛУ Бұл талап диалогтың ең маңызды мәселесі болып есептеледі, Алла тағала: «Пенделеріме айт: ең көркем сөзді сөйлесін» [1, 17:53], «Олармен өте көркем үлгіде пікір таластыр» [1, 16:127], «Адамдарға жақсы сөз айтыңдар..» [1, 2:83] – дейді. Әрине ақылды, ақиқатты іздеген адам басқаны балағаттау, кемсіту, мазақтау немесе ызаландырудан сақ болады. Бұл тұрғыда Алла тағала сүйікті пайғамбары Мұхаммед алайһи саламға тәлім беріп, адас қан адамдарға қатты сөйлеуге тыйым са лып, былай дейді: «Егер олар сенімен тала сар болса, Алла не істеп жүргендеріңді көбірек біледі, Алла қиямет күні сендер таласып жүрген мәселеге төрелік жасайды деп айт» [1, 22:68-69], «Біз немесе сендер тура жолдамыз немесе ашық адасудамыз» [1, 34:24]. Екінші аяттағы пайғамбарлардың сөзіндегі мағынаны әдептің шыңы деп білсек болады. Себебі, олар өздерінің тура жолда екенін әрі кәпірлердің ұстанған жолы қате, пікірлері адасу екенін жақсы біледі. Солай бола тұра, кесіп айтпай, кәпірлердің де көзқарастарын құрметтеу мақсатымен, мүмкін сендер тура жолда бо лып қаларсыңдар дейді. Сонымен қатар, кемсіту, жасандылық, бә секелестік және қарсы тарапты қолайсыз жағдайға түсіру секілді тәсілдерді қолданбау керек. Мүмкін, қарсы тарап айтар жауап таппай қалар, бірақ сенің пікіріңе қанағаттанып, көзі жетпейді. Сондай-ақ саған келісіп, дегеніңді мақұлдай қоймайды. Себебі, кемсіту және бәсекелестік болған жерде адамның жүрегін жаулау процесі емес, оны ызаландыру мен кектендіру әрекеті жүреді.

  1. СӨЙЛЕГЕНДЕ ДАУЫСТЫ КӨТЕРМЕЙ, БАЙЫППЕН ОРТАША ДЕҢГЕЙДЕ СӨЙЛЕУІ Құранда Алла тағала: «Жүрісіңде орташа бол, даусыңды бәсеңдет, әрине дауыстардың ең жаманы – есектің дауысы» – дейді [1, 31:19]. Демек, Алла тағала бұл аят арқылы сұхбат барысындағы дауыстың деңгейін белгілеп беріп жатыр. Көп жағдайда ұстанымы мен дәлел-дәйегі әлсіз адам ғана айқайлап, даусын көтеріп сөйлейді. Әлсіз дігін даусын көтеру арқылы күшейтіп неме се жасырмақшы болады. Ал жаймен сөй леу ақылдың, салмақтылықтың, жүйелен ген пікірдің, объективті сынның және өзіне деген сенімнің белгісі болып есептеледі. Бірақ осы тұста айта кететін жайт, диалог ережелерінің және процесінің талабына орай кейде әдіс-тәсілдерді, сонымен қа тар дауыстың мақамдарын өзгертуге ту ра келеді. Мысалы, сұраулы сөйлемде бір басқа, жай сөйлемде бір басқа, әр тұсқа өз мақамын келтіру керек. Осылай ету арқылы диалогқа қатысушылар мен тыңдармандарды зеріктіріп, жалықтырып алмайды және оларды мұқият зейін қоюға жетелейді. Кейде ерекше жағдайлар болады, пікірталастағы тараптың бірі тілімен немесе іс-әрекетімен шектен шығып, асқандық танытады. Сондай-ақ, көрініп тұрған шындықты тәкаппарлықпен мойындамай, зұлымдық жасайды. Олар турасында Алла тағала Құранда: «Кітап иелерінің зұлым дық жасағандарынан басқасымен өте көр кем үл гіде пікір таласыңдар» [1, 29:46], «Алла тағала зұлымдық көрген адамнан басқа адамның ауыр сөзді жариялап айтқанын жақсы көрмейді» [1, 4:148] – дейді. Демек, қарсы тарап осылай шектен шыққан кезде оны қолайсыз жағдайда қалдырып, пікірін жоққа шығару үшін оған қарсы өткір позицияны ұстанса болады. Себебі, ол өзінің қате әрі өрескел іс-әрекеті үшін осын дай жауап алуға лайықты болып есептеледі. 3) ДИАЛОГ ЖҮРГІЗУІШІНІҢ ҮШІНШІ ЖАҚТАН СӨЙЛЕУІ Осы тұста тағы бір айта кететін мәселе, пікірталасушы тараптың қай-қайсы болса да, мен немесе біз деп, бірінші жақпен сөйлеуден сақ болғаны дұрыс. Мен істедім, мен айтамын, меніңше, біз зерттедік немесе біздің тәжірибемізде деген секілді фразаларды айтпағаны жөн. Басқа тыңдау шы тарапқа бұл тәсіл тұрпайы көрініп, оның қадірін түсіреді және өзін жоғары санайтын адамның әдеті осылай болады. Оның

диалогтағы ықыласты жақсы ниетіне және ұлы мақсатына кері әсері болуы мүмкін. Сондай-ақ, адамдар әдетте білгірсініп, тәкаппарланатын адамнан жиіркенеді. Сондықтан дұрысы – ізденушінің шығарған қорытындысына қарасақ, бұл салада жұмыс жасағандардың тәжірибесі айтады, мамандардың айтуынша, осы сала саң лақтарының пікірінше деп үшінші жақтағы фразаларды қолданғаны дұрыс. Имам Құртуби: «Мұның бәрі де көркем мінезге үндейді, адамның басқаларға айтар сөзі жұмсақ болуы керек, жақсыға, жаманға, суннитке және бидғатшыға, бәрі не де жарқын жүзбен қарау керек. Ол менің пікірімді қолдап тұр деп ойлайтындай етіп сөйлейді. Себебі, Алла тағала Мұса мен Һарун пайғамбарларға: «Оған (Перғауынға) жұмсақ сөйлеңдер» – деген еді [1, 20:83]. Әрине, қандай адам сөйлесе де, ол Мұса мен Һаруннан артық емес, қандай жаман адам болса да, Перғауыннан жаман емес. Солай бола тұра, Алла тағала екі пайғамбарға оған жақсы сөйлеуді тапсырды. Бірде Талха бин Омар: бір күні Атоға сенің алдыңа әртүрлі адамдар жиналады, ал мен тілі ащы адаммын, сондықтан олар ға кейбір дөрекі сөздерді айтамын – дедім, сонда ол маған: жоқ сен олай етпе, Алла та ғала: «Адамдарға жақсы сөз айтың дар...» – дейді [1, 2:83] демек, бұл аят еврейлер мен христиандарға да қатысты – деп жауап берді, деп әңгімелейді [23, 2 т., 62 б.]. Хасан Басри : «Сөздің жұмсақтығы үлгілі әдеп пен көркем мінездің белгісі, сондай-ақ оны Алла жақсы көреді» – дейді. Ғато бин Аби Рабах: «Кімді көрсең де оған жақсы сөйлеуге тырыс» – дейді [4, 1 т., 392 б.]. Құранда Алла тағала бұл тұрғыда пенделеріне ең жақсы сөзді айтуға бұйырып: «Пен делеріме айт: ең жақсы сөзді айтсын, себебі, шайтан араларына от салады» – дейді [1, 17:53]. Имам Құртуби бұл аяттың тафсирінде: «бұл аят Омар бин Хаттабқа қатысты түскен еді, дала халықтарының бірі оны сөгіп, балағаттайды. Сондықтан, ол оны өлтірмекші болып, бүлік шыға жаздады. Осы кезде Алла тағала: Пенделеріме айт: ең жақсы сөзді айтсын деген аятты түсірді» деп түсініктеме береді [23, 10 т., 276 б.]. Ибн Касир: «Өте көркем жолмен пікір таластыр, яғни олармен дискуссия және диа лог жүргізуге тура келсе, өте жақсы әдіс пен, жұмсақтықпен, көркем сөзбен болу керек. Алла тағала Мұса мен Һарунды Перауынға жібергенде оларға жұмсақ болуды тапсырғандай, көршіге жұмсақ болуды да бұйырды, Алла тағала: Оған жақсы сөйлеңдер, ол есіне алып, қорқатын шығар, – деді » – дейді [21, 2 т., 203 б.].

Ибн Таймия Алла тағаланың «Раббыңның жолына даналықпен, жақсы насихатпен және ең көркем әдіспен пікір таластыр» [1, 16:125] деген аяты турасында: «пікірталасты ең көркем жолмен жүргізу талап етілді, ал насихат турасында тек жақсы деді. Себебі, пікірталаста бірін-бірі сынау, ашуландыру болады, сондықтан ең көркем жолмен болмаса, өкінішті жәйттерге ұласуы мүмкін» – дейді [68, 468 б.]. Даналық сөзіне анықтама бере отырып, Имам Шаукани: «Дұрыс және анық әңгімемен» – дейді. Ал насихат турасында: «Ол естіген құлаққа ұнайтын, естуші адамға пайдалы болғандықтан, жағымды болған сөз» – деген түсініктеме береді [69, 3 т., 203 б.]. Ислам дінінде басқа діннің өкілдерін кәпір деп есептесе де, оның өзімен сөйлескенде оны «кәпір» деп атауға болмайды. Себебі, олай оған жағымсыз атаулармен оны шақыру жақсы насихат пен даналыққа қай шы келетін іс. Низам аль-Ханафи өз кезегінде бұл турасында: «Еврейге, Ей еврей, мажусиге ей кәпір деп шақыруға болмайды, егер ол бұл сөзге ренжісе, күнә іс болып есептеледі» – дейді [70, 5 т., 348 б.]. Дағуат еткенде немесе диалог жүргізгенде осылай айтып күнәға тап болуы, оның даналық пен көркем сөз айту ережесін сақтамағандықтан болады. 4) СӨЙЛЕГЕНДЕ ӨЗІНЕ БӨЛІНГЕН УАҚЫТПЕН ҒАНА ШЕКТЕЛУ ТӘРТІБІН САҚТАУ Диалог жасаушының сөз кезегін көп сөйлемей және сөзді әдептің шеңберінен шығып соза бермей, қарсыласыма беремін де ген ой қаперінен шықпауы керек. Ибн Ға қил «Пікірталас өнері» кітабында: «Сөз бірінен-бірі тартып алып емес, кезекпен сөйленуі керек, яғни қарсы тарап дауды көтеруші тараптың дәлел-дәйегін толығымен тыңдайды және содан кейін дауды көтеру ші тарап қарсы тараптың пікірін толығы мен жеткізіп болғанша тыңдайды. Бірін-бірі сөзінің мақсатын түсінген болса да, ол сөзін аяқтамай тұрып бөлмейді» – дейді [71, 38 б.]. Бөлінетін уақыттың мөлшері жағдайға бай ланысты белгіленеді. Мысалға форум мен конференцияларда сол жиналыстың, фо румның төрағасы бекітеді. Сөзді көп сөйлеп, басқалардың сөзін бөлу көп жағдайда төмендегі себептерден келіп шығады: а) өзін басқалардан жоғары қойғанда; ә) атаққұмарлық, мақтаусүйгіштіктен; б) айтқанымның бәрі тыңдарман үшін жаңалық деп ойлағанда; в) басқаның біліміне, уақытына және жағдайына көңіл бөлмеуден.

Сөз сөйлеушінің көкейінде осы себептердің біреуі пайда бола қалса, тыңдаушылардың одан жалығуы немесе оны сөйлетпей тоқтатып тастауы үшін жетерлік болады. Ғылыми тұрғыдан қарағанда тыңдаушы адам айтылып жатқан мәліметтерді үзіліссіз қысқа ғана уақыт қабылдай алады. Бұл мөлшерді кейбір ғалымдар он бес минутқа жуық дейді. 5) ЖАҚСЫ ТЫҢДАЙ БІЛУ ЖӘНЕ ТЫҢДАУ ӘДЕБІН САҚТАУ Сөйлегенде белгіленген уақыттың мөлшерін сақтау керек секілді, жақ сы тыңдай білу және тыңдағанда пікірталасушының сөзін бөлмей әдеп сақтау да талап етіледі. Біреумен сұхбаттасқан кезде оны тыңдамай, тек өзіңнің айтатын пікірің туралы ойлап отыру қателік болып есептеледі. Осы турасында Хасан ибн Али: «Егер ғалымдардың мәжілісіне қатыса қалсаң, сөйлеуден бұрын көбірек тыңдауға көңіл бөл, жақсы тыңдауды үйрену, жақсы сөйлеуді үйрену секілді, қанша ұзақ сөйлесе де өзі тоқтамағанша ешкімнің сөзін бөлуші болма» – дейді [29]. Әдептіліктің символы болған Ибн Аль-Муқаффағ: «Сөз сөйлеуді үйренгендей, мұқият тыңдауды да үйрен, мұқият тыңдау: сөйлеушіні сөзін бітіргенше күту, жан-жаққа жалтақтамай, оған тіке қарап отырып, айтып жатқанын жақсы лап ұғу» – дейді [17]. Жақсы тыңдай білу айтылып жатқан пікірлерді толығымен түсініп, қамтып отыруға және екі тараптың арасындағы қайшылықтардың негізгі тұспалдарын ай қындап алуға көмектеседі. Егер жақсылап тыңдау тек бір тараптан болса, диалогтың мақсаты орындалмайды. Сондай-ақ, мұны диалог деп атауға да болмайды. Әрине, мұсылман адам қарсы тараптың сөзін тыңдаған кезде оның қате немесе бұрыс пікірін қабылдау үшін емес, келесі кезекте оған өзінің сөзін тыңда тып, пікірлерін жеткізіп, исламның нұрымен таныстыру үшін болады. Пайғамбар алайһи саламға Утба бин Рабиға құрайштардың ұсыныстарын айтып келгенде оның сөзіне құлақ салып, мұқият тыңдады. Құрайштардың өкілі одан ұсыныстардың есесіне дағуатты тоқтатып, дінін тастауды талап етті. Ибн Һишам осы оқиғаны әңгімелеп: «Қашан Утба сөзін аяқтағанша оны Алла Елшісі тыңдап отырды да: «Ей Абу Аль-Уалид сөзіңді бітірдің бе?» деді. Ол: ия деп жауап берді. Сонда ол алайһи салам: «Олай болса, енді мені тыңда» деген еді, ол: солай етемін, – деді» [5, 2 т., 131 б.].

Ғато бин Аби Рабах біреуді тыңдай білу қандай дәрежеде болу керек екенін былай деп сипаттайды: «Бір адам маған бір әңгіме айтып жатса, мен оны бұрын естімегендей болып тыңдаймын. Бірақ, мен ол әңгімені айтушы адам туылмай тұрып естіген болуым мүмкін» [9, 5 т., 86 б.]. Міне мұсылман адам өзінің сөзін басқа дін өкіліне тыңдата мын десе, ол оның сөзін өзі тыңдай білуі керек. Қазақ бабамыз да, «не ексең соны орасың» деп бекер айтпаса керек. 6) ҚАРСЫ ТАРАПТЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТТЕУ Диалог барысында тараптардың арасын да өзара сый-құрмет, бірін-бірі бағалау болуы керек. Әр тараптың мәртебесі мен атағы на сай өз құрметін жасап, мойындауы керек. Әрине өзара құрметтеу ақиқатты кімнен болса да қабылдауға жетелейді, өзінің жеке басы үшін таласудан сақтайды. Ал бірінбірі кемсітіп, дұрыс бағасын бермеу ақиқат пен дұрыс нәтижеге жетуге кедергі болады. Осы тұста міндетті түрде айта кету керек жайт, диалогтағы тараптар бір-бірінің жеке тұлғасы мен кемшіліктеріне емес, ортаға тасталған мәселеге назар аударып, соның аясында ізденіп, сараптап, толықтыру мен сынақтарын жүргізулері керек. Осылай болған жағдайда орындалатын диалог кемсіту мен кінәлау үшін пайда болған сөз жарыстыруға айналып кетпейді. 7) ДИАЛОГ, СҰХБАТ НЕМЕСЕ ПІКІРТАЛАСТЫҢ БЕЛГІЛІ ЖӘНЕ ТЫҢДАРМАНЫ ШЕКТЕУЛІ ОРЫНДА БОЛУЫ Бұл саланың ғалымдары мен мамандарының көзқарасына қарасақ, олар диалогтың, сұхбаттың, пікірталастардың тыңдарманы шектеулі орында болғанын дұрыс көреді. Себебі, бұл дұрыс пікірлеу мен түсінуге көмектеседі, диалогқа түсетін адам ның миы артығымен жұмыс істемейді, сондай-ақ ниетінің дұрыс болуына жетелейді. Қашан тыңдарман көп болған сайын рияны шақыру қаупі күшейеді. Алла тағала: «Мен сендерге Алла үшін екіекіден, бір-бірден тұрып, сосын ойланыңдар деп кеңес беремін – де» [1, 34:46] – дейді. Бұл аятта Алла тағала бізге, адам қай кезде жалғыз немесе біреу, екеу болып же ке қалғанда дұрыс ойлауға, қатесіз шешім шығаруға көбірек көмектесетінін және көкірек көздері көреген болатынын ескертіп отыр. Әрбір істің жасандылықтан жырақ, ықыласпен, шын көңілмен орындалуы ислам ді-

нінде ең маңызды тәрбие болып саналады. Сондықтан диалог жүргізушінің ниеті риясыз ықыласпен болуы керек. Бұл қасиет болған жерде жоғарыда айтылған ғылыми шарттардың негізгісі болып табылатын абстрактылықтың болуы табиғи жәйт. Сондайақ жасандылық, рияшылдық, тәкаппар лық секілді ақиқат пен дұрыс қорытынды дан тосар факторлар болмайды. Ниеті ықы ласты болса, пікірталас немесе диалог барысында айтқан әрбір сөзі және жасаған әрекеті үшін Алла тағала сауап жазып, құлшылық жасаған адам болып есептеледі. 8) ДИАЛОГ БАРЫСЫНДА ҚАРСЫ ТАРАПТАН ОРЫН АЛАТЫН КЕМШІЛІКТЕР МЕН ҚАТЕЛІКТЕРДІ КЕШІРЕ БІЛУ Екінші тараптың қателігін кешіріп, оның жамандығына жақсылықпен жауап беру үлкен мейірімнің белгісі екенідігіне ешкімнің күмәны жоқ. Адам баласының әртүрлі сенім мен түйсікте болуы олардың арасында келіспеушілік тудыруы табиғи жәйт. Сондықтан, кейде адамның сеніміне неме се тұлғасына қатысты болсын, егер естір болса ренжітетін сөздер болады. Ал бұл, диалог жүргізуші тараптың екінші қарсы тарапқа деген жек көрушілігінен туындайды. Осындай жағдайда мұсылман адам не істеуі керек? Диалогты тоқатата салып, кете бере ме, әлде екінші тараптың қателігін кешіп, диалогтан нәтиже шығаруға тырыса ма? Әрине, ислам діні зұлымдық көрген адамға кек алуға рұқсат береді. Қандай жа мандық яки зұлымдық көрсе, шариғат бойын ша солай оған қайтаруға құқығы бар. Себебі, Алла тағала : «Егер жазаласаңдар, өздерің көрген жәбірмен ғана жазалаң дар, ал бірақ, сабыр етсеңдер, Алла тағала са быр етушілерге игілік береді» – дейді [1, 16:126]. Имам Құртуби бұл аят турасында: «Ей, мүминдер, кімде-кім сендерге зұлымдық жасаса, қиянат етсе, ол адамды сол зұлымдығына лайықты жолмен ғана жазалаңдар. Егер жазаламай сабыр етсеңдер, көрген қиыншылықтардың сауабын Алладан үміт қылсаңдар, оның жазасын Аллаға тапсырсаңдар, ол сендерге игілік береді. Сондықтан, Алладан сауап үміт етіп, жа заламай кешіріп, сабыр етсе, ол адам сабы ры үшін көптеген игіліктерге бөленеді» – деп өзінің түсініктемесін береді. [23, 14 т., 195 б.]. Қайшы пікірде болған адамның қателігі мен артық кеткен істерін кешіру тура лы Құранда: «жамандыққа жақсылық қайтар, біз олардың айтып жатқандарын жақсы білеміз» [1, 23:96], «ең жақсы жол мен жауап қайтарсаң, сенің қас дұшпаның өте

жақын досыңа айналып кетеді» [1, 41:34] – делінеді. Имам Табари: «Онымен өзінің тәсілінен жақсырақ әдіспен дауласу, намысқа тиген тұстарын кешіру және оған раббыңның жолдауын жеткізу міндетін дұрыс орындау» – дейді [4, 14 т., 194 б.]. Ибн Касир Тафсирде: «Алла тағала адамдар шайтанының жаман ниеттері мен зиянды ғынан оған жақсылық жасау арқылы құтылуға бұйырып тұр дейді» – дейді [21, 1 т., 14 б.]. Имам Табари «Кітап иелерімен тек ең көркем тәсілмен таласыңдар, бірақ зұлымдық жасағандарының үкімі басқа» деген аятқа [1, 29:46] егер олар жаман сөз айтып жатса, сендер жақсы сөз айтып қайтарыңдар, бірақ зұлымдық жасап, артық кеткендерден кек алып, шек қойсаңдар болады» – деген Мужаһидтің риуаятын жеткізеді [4, 21 т., 1 б.]. Алла тағала мүміндерге мүшіріктер және кітап иелері секілді басқа діндегілер сендерге жаман сөздерді көп айтып, азар береді. Сендер сол кезде оған сабырлық және тақуалықпен қараңдар, осылай жасау сендерге абзал болады деген мағынада «Сендерден бұрын кітапты иеленгендерден және серік қосқандардан көп зияндар естисіңдер, бірақ сонда сабыр етіп, тақуалық жа сасаңдар, әрине бұл маңызды іс болар еді» [1, 3:186] деген аятты түсірді. Демек, басқадан жағымсыз сөздер естігенде, сол секілді жағымсыз және жаман сөзбен жауап беру ислам шариғатында дұрыс көрілмейді. Ибн Таймия: «Алла тағала мүшіріктер дің азар бергеніне тақуалықпен сабыр қылуды бұйырды, сол секілді Маида сүресінде «бір елдің жамандығы сендердің әділет сіздік жасауларыңа себепші болмасын, әділ болыңдар, осы тақуалыққа жақынырақ» дей ді [1, 5:8], әрине бұл тұрғыда Алла тағала мүміндерге кәпірлерді жек көріп әділетсіздікке барып жүрмеңдер деп тапсы рып жатыр» – дейді [72, 1 т., 71 б.]. Бұл аяттағы айтылған ереже өмірдің түрлі салаларына қатысты өте жоғары маңызға ие мәселе. Себебі, көп жағдайда адамдар арасында келіспеушілік пен дұшпандықтан әділетсіздік оқиғалары болып жатады. Міне, осындай келеңсіз және өкінішті жағдайлардың алдын алу мақсатында ислам діні өзге дін өкілдеріне қатысты істер де де әділ болуға бұйырады. Кейде өзге дін өкілдері мұсылмандарды тура жолдан тоспақшы болып әрекет жасауы да мүмкін. Себебі, адам баласы өзі дұрыс бағытта жүрмесе, өзінен басқалар дың тура жолда жүргенін қаламай, оған кері әсер жасауы мүмкін. Қашан адам қараңғы

жерде болса, жалғыз болғысы келмей, қасына біреуді ертіп алғанды ұнатады. Бір жағынан қорқыныштан болса, кейде ол өзі нен артық болып тұрған адамды көре алмастықтан да болады. «Алла тағала осы тұрғыда кейбір кітап иелері өкілдерінің ақиқат пен туралықты білгеннен кейін де, тәкәппарланып қабылдамай, керісінше көре алмастықтан және шектен шығушылықпен мұсылмандарды дұ рыс жолдан тайдыруға тырысатыны жө нінде айта келе, олардың жазасы ақиретте болады, сендер оларға кешіріммен қа раңдар, елемеңдер деп нұсқау береді. Құранда «Көптеген кітап иелері ақиқат анық болса да, өз күншілдіктерімен сендерді иманға келгеннен кейін жолдан адастырып, күпірлікке итермелегісі келеді, Алланың әмірі келгенше оларды кешіріңдер, елемеңдер, әрине Алланың құдіреті бәріне жетеді» [1, 2:109] делінеді. Имам Құртуби: «кешіру кінәсі үшін адамды жазаламау, елемеу оның жасаған жа ман ісін көңілге алмау дегенді білдіреді» – дейді [23, 2 т., 71 б.]. Пайғамбар алайһи салам Алла тағала ның әмірін орындап, әрдайым мүшіріктер дің ренжіткенін кешіріп, елемей жүретін еді. Олардың жамандығына ешқашан жамандық қайтармайтын. Осындай оқиғалардың бірі, бірде Пайғамбар алайһи саламға әңгімелесу үшін бір топ еврейлер келеді. Бұл туралы Айша анамыз: «Бірде Пайғамбар алайһи саламға еврейлер келді де: Ассаму алайка, (саған өлім болсын) деп айтты. Сол кезде Пайғамбар алайһи салам: Уаликум, (сендерге де) деп жауап берді. Мұны естіп отырған Айша анамыз: Ассаму алайкум, сендерге Алланың лағынеті мен ашуы болсын – деді. Алланың елшісі: асықпа ей Айша, жұмсақ бол, дөрекі және қатты болма – деді. Сонда Айша: не дегенін естімедің бе? – дегенде, Пайғамбар алайһи салам: ал сен, менің не дегенімді естімедің бе? оларға мен солай жауап бер дім, менің айтқаным қабыл болады, олардың маған айтқаны қабыл болмайды – деп жауап берді» – деп риуаят етеді [62, 6201 х.]. Пайғамбар алайһи саламға Алла тағаланың берген өте жоғары тәрбиесі тағы бірде әскери жорықтан түскен олжаны бөлген кезде көрінеді. Бір адам Пайғамбар алайһи саламның олжа бөлгеніне разы болмай, бұл бөлісте Алла разылығы жоқ деп айтып қалады. Бұл сөзді естіген Ибн Масғуд: «Пай ғамбар алайһи саламға келдім де болған жағдайды баяндадым, сол кезде ол қатты ашуланды, қатты ашуланғанын жүзінен анық көрдім, сосын: «Алла Мұсаны өз рақметіне бөлесін, бұдан артық жапа

шеккенде сабыр қылған еді.» – дейді [57, 1062 х.]. 9) ДИАЛОГ ЖҮРГІЗЕТІН АДАМНЫҢ ТАҚЫРЫП ТУРАСЫНДАҒЫ МАҒЛҰМАТЫНЫҢ ЖЕТКІЛІКТІ БОЛУЫ Білмейтін, толық меңгермеген тақырыпта дауласпау негізгі талаптардың бірі. Себебі, адам баласы өзі білмеген, меңгермеген, дәлелі мен дәйегі жоқ тақырыпта дауласпауы, ол тақырып аясында диалог жүргізбеуі сол адамның ғылыми борышы болып есептеледі. Әрине, адам өзі білмегенді білдім, көрмегенді көрдім деуі оның тарапынан қиянат десек те болады. Міне, осындай қиянат жасауға тырысқан кейбір кітап иелері туралы Құран бізге «Сендер білмеген жағдай туралы неге таласасыңдар» [1, 3:66] деп әңгімелейді. Имам Құртуби осы аят турасында : «Бұл аят білмеген тақырыпта таласудан қайтарады, дәйегі жоқ мәселеде сөз қозғауға тыйым салады. Ал Алла тағаланың «олармен ең көркем тәсілмен талас» деген әмірі, білімі болып, анық көзі жетіп тұрған адам ға қатысты болатын» – дейді [23, 4т., 108 б.]. Екінші бір аятта Алла тағала: «Өздеріне ешбір дәйек жетіп келместен, Алла құдіретінің белгілері турасында дауласқан адам дардың көкіректерінде өздері түсінбейтін менмендік бар, Аллаға сиын, ол толық естіп, көріп тұрушы» – дейді [1, 40:56]. Жоғарыдағы аяттар пайғамбарлармен та ласып, диалогқа ешбір дәлелсіз, дәйексіз кіріскендерді қатты айыптайды. Себебі, олар білімсіз, мәліметсіз талас-тартыс тудырды. Өз мәселелерін ешбір негізге сүйенбеген ойларымен және ақиқатты қабылдамай, менмендікпен таласу арқылы шешпекші болады. Пайғамбар алайһи салам Нажран делегациясы келгенде, олармен Алланың әмі рін күтіп, диалог жүргізуді кешіктіре тұр ды. Сол оқиғалардың бірі, бірде оған Нажрандық христандардың екі діндары келді. Оларға исламды түсіндіріп, қабылдауға шақырған еді, олардың біреуі: «Біз сенен бұрын исламды қабылдап қойғанбыз» – деді. Сонда Пайғамбар алайһи салам: «Өтірік айтасыңдар, исламды қабылдаудан сен дерді үш нәрсе тоқтатады, крестке табынула рың, доңыз етін жеулерің және Алланың бала сы бар деп айтуларың» – деп жауап береді. Олардың біреуі: «Олай болса, Исаның әкесі кім?» – деді. Әрине, Пайғамбар алайһи салам өзі білмеген жауап жөнінде еш асықпай, Алла-

дан хабар күтетін. Содан кейін Алла тағала: «Алланың құзырында Исаның мысалы топырақтан жаратып, бол дегенде бола қалған Адамның жағдайы секілді» [1, 3:59] – деген аятты түсірді [74, 211 б.]. Жоғарыда айтылған барша пікірлер мен ойларды, аяттар мен хадистерді түйіндесек, диалог жүргізуші сол диалогтың тақырыбын түсінетін, меңгерген және тақырыпқа байланысты жетерліктей дәлелдері мен дәйектері бар адам болуы керек. Егер олай болмаса, жүргізілген диалог жемісті әрі пай далы нәтижемен бітуі мүмкін болмайды. 10) ДИАЛОГ ЖҮРГІЗУШІГЕ ӨЗ ҰСТАНЫМЫН ТОЛЫҚ БАЯНДАУЫНА МҮМКІНДІК БЕРУ Диалог екі немесе одан көп тараптың арасында жүргізілетін болғандықтан, әрбір тарап өзінің ұстанымын білдіріп сөйлеп, соған сәйкес іс-қимыл жасауы табиғи жәйт. Өз ойында жүрген пікірлерін айтады, сондайақ жауабын білу үшін оны мазалап жүр ген сұрақтарды қояды. Кейде мұсылман адам диалог кезінде мұсылман емес тарап тан исламның жалпы әдептері мен ережелеріне қайшы істерді кездестіруі мүмкін. Мысалға, Пайғамбар алайһи саламның жай атын ғана айту, Құранды Мұхаммедтің сөзі, Иса пайғамбарды құдай деу секілді мұсылман адам үшін үлкен күнәлар бо лып есептелетін жағдайлар болады. Мүмкін ол, диалог аясында өзінің діні мен сені мін уағыздап, оның діни рәсімдерін жасау ға шақыруы мүмкін. Осындай кезде не істеу керек болады? Диалог жалғасса, екінші жағынан пайдасы болар деген үмітпен оған осылай жасауға жол беру керек пе, әлде қалай? Бұл сұраққа жауап ретінде Пайғамбар алайһи саламның заманында болған мына бір оқиғаны айтамыз. Бірде Пайғамбар алайһи салам еврей діндары оны пай ғамбарлықты қоспай, тек атын ғана айтып шақырғанда қабылдаған болатын. Себебі, ол пайғамбарлыққа сенбейді ғой. Бұл жөнін де сахаба Саубан былай дейді: «Мен бір күні Алла Елшісі алайһи саламның жанында тұрған едім, еврей діндарларының біреуі келіп: Ассаламу алайка ей Мұхаммед! – деді. Сол кезде мен оны түртіп жіберген едім, ол құлайын деп қалды. Маған: неге түрте сің? – деп ашулана қарады. Мен оған: Ей Алла ның Елшісі демейсің бе? – дедім. Ол еврей: Біз оны отбасының қойған есімімен шақырамыз» – деп жауап берді. Мұны естіген Алла Елшісі алайһи салам: «Әрине отбасымның маған қойған есімі – Мұхаммед» – деді [57, 351 б.].

Нажран христиандары епископ Абу альХаристің басшылығымен он бес адам болып Мединаға келгенде, Пайғамбар алайһи салам олармен мешітте диалог жүргізді. Сондай-ақ оларға өз мешітінің бір шетінен ғибадаттарын жасауға рұқсат берді. [5, 1 т., 511 б.]. Осы оқиға турасында Ибн аль-Қаиим өз ойын білдіріп: «Бұл оқиғадан кітап иелеріне мұсылмандардың мешітіне кіруге бола тынын білеміз. Мұсылмандар бар жерде немесе олардың мешіттерінде болса да, кітап иелеріне намаздарын оқуға мүмкіндік бе ру керек. Әрине, егер бұл уақытша, кейде ғана болатын құбылыс болса. Бірақ үйреншікті, әрдайым болатын іске айналдыру ға болмайды» – дейді [55, 3 т., 638 б.]. Ол бұған қатысты тағы да: «Ал қазір болса, олардың мұсылмандардың мешітіне кіріп, онда отыруының қажеті шамалы. Егер қажет болып тұрса, олар рұқсат алмайақ кіре берулеріне болады» – дейді [75, 1 т., 408 б.]. Тарихта мұсылмандардың кітап иелерімен диалог жүргізген кезде төзімді болғанының және олар өз сенімдері мен ұстанымдары турасында әңгімелеуге, исламға қатысты мәселелер аясында сұрақтар қоюға жол бергеніне дәлел болар оқиғалар көп. Солардың бірі, Муғира бин Шуғба Нажран еліне келгенде олар: «Сендер Құранда Марям туралы «Ей Һарунның қарындасы» деп оқиды емессіңдер ме, бірақ Мұса мен Исаның арасында қанша уақыт бар екенін білесіңдер, – дейді. Мұғира: Қалай жауап беруді білмедім. Содан Алла Елшісіне келіп, болған жайды баяндадым. Ол: «Олар балаларына бұрынғы өткен пайғамбарлардың және ізгілер дің есімін қоятынын айтпадың ба?» – деді» [57, 2135 х.]. Ибн Таймия бұл оқиғаға түсініктеме беріп: «Бұл сұрақ Құранға күмән келтірген, тіл тигізуге тырысқан адамның сұрағы. Наж ран халқы осы мақсатпен Алла Елшісінің елшісіне сұрақ қойып отыр. Бірақ ол жауап бермеді. Жауапты Пайғамбар алайһи саламның өзі берді. Оларға сендердің бұл сұрақтарыңа тек қылышпен жауап береміз демеді. Егер араларында келісім болса, сендер келісімді бұздыңдар деп те айтпады» – дейді [76, 1 т., 226-227 б.]. Басқа дін өкіліне өзінің діні, сенімі, ұстанымы турасында айтуға және өз мешітінде құлшылығын атқаруға жол беру, қазіргі заманда ұран болып көтерілетін діни төзімділіктің ислам дініндегі ең озық үлгісі деуге болады. Сол секілді, дінаралық және өркениетаралық диалогтың негізгі ережесі мен шарттарынан болып есептеледі.

Диалог жүргізушіні құрметтеу, жақсы мә міледе болып, оның көңілін аулау екі жақ тың бір-біріне сүйіспеншілігі мен сыйқұрметін арттырады. Диалогтың ислам үйрететін ерекше әдебі – диалогтағы екінші тарапты жақсы күтіп алып, көңілін аулау. Оны құрметтеп, сыйлап, жақсы сөйлеу. Осы тұрғыда Айша анамыз риуаят етіп айтады: «Бір күні бір адам Пайғамбар алайһи саламның алдына кірмекші болып рұқсат сұрады. Ол оны көргенде, қауымының ең жаман адамы және ең жаман баласы деді. Ал кіріп келіп, жайғасып отырған кез де, Пайғамбар алайһи салам оған қарап күлімдеп, жайланып әңгімелесе бастады. Ол қашан үйден шығып кеткенде, Айша анамыз: Ей Алланың елшісі, қашан ол адамды көргенде былай, былай деп айт тың да, оның бетіне күлімдеп қарадың, жай ланып әңгімелесе бастадың – дейді. Сонда Алланың Елшісі: «Ей Айша, менің дөрекі болғанымды қашан көрдің? Қиямет күні Алла қасында адамдардың ең жаманы, оның жамандығынан сақтанып, басқа адам дар одан жырақ жүретін адам – деді » [62, 6032 х.]. Бұл хадистің түсіндірмесінде Ибн Хажар былай дейді: «Хадисте олардың жамандығынан сақтану үшін олардың көңілін аулауға рұқсат беріледі. Бірақ дінге нұқсан келетін жағымшылыққа бармау ке рек. Көңіл аулау мен жағымшылықтың айырмашылығы, дүниені бұл өмір немесе діннің жолына жұмсау, немесе екеуінің жолы на бірдей жұмсау. Бұл іске ислам шариғаты рұқсат береді. Ал жағымшылық, бұл дүние үшін дінді тастауды білдіреді. Пайғам бар алайһи салам оған жақсы мәміледе болды және онымен әңгемелескенде жұмсақтық танытты. Бірақ оны бір сөзбен болса да мақтап сөйлемеді. Осылайша алдыңғы айтқан сөзіне қайшы ешнәрсе жасамады. Ол туралы айтқан сөзі шындық еді, ал оған жасағаны, жақсы мәміленің нышаны еді. Сөзінің соңында Ибн Хажар: Бұл хадис көңіл аулау мәселесінде негіз болып табылады» – деп бітіреді [58, 10 т., 454 б.]. 11) ДИАЛОГТАҒЫ МҰСЫЛМАН ЕМЕС ТАРАПТАРДЫ ӨЗДЕРІНЕ ЛАЙЫҚТЫ ЛАҚАППЕН ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ЛАЙЫҚТЫ СӨЗБЕН СӘЛЕМ БЕРУ Бұл олардың көңілін аулаудың бір түрі болып есептеледі. Мысалға, Пайғамбар алай һи саламның әлемнің патшаларына жол даған бір хатында «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын, Алланың құлы және елшісі Мұхаммедтен Рим елінің ұлысы Гераклге» деп баста лады [62, 7 б.].

Бұл хатта Пайғамбар алайһи салам Герак лдың кәпір екенін біліп тұрса да, патшалығын ескеріп, құрметін орнына қоя ды. Себебі, мұсылмандардың міндеті ислам ның ұлықтығы мен жоғары деңгейдегі мәде ниетін көрсету керек. Имам Науауи: «оған Геракл деп қана қоймады, керісінше оның көңілін аулап, оны халқы ұлықтап, құрметтейтін болғандықтан Рим елінің ұлысы деді. Алла таға ла дағуат жолында жұмсақ сөйлеуге бұйы рып, «Раббыңның жолына даналықпен және көркем насихатпен шақыр» [1, 16:125] және «Оған жұмсақ сөйлеңдер» [1, 20:44] деді » – деп өз түсіндірмесін береді [77, 12:108]. Ауырған адамды көрге бару, сәлем беру және оларға сый-сияпат жасау секілді игі істер өзге дін өкілдерінің көңілін аулау болып есептеледі. Бұл тұрғыда ғалымдар Пайғамбар алайһи саламның Ади бин Хатимге және Икрима бин Аби Жаһлге көрсеткен құрметін басшылыққа алады. Ади бин Хатим былай деп әңгімелейді: «Алланың елшісі алайһи саламға мешітте отырған кезде келген едім, адамдар бұл Ади бин Хатим болады деді. Менің қауіпсіздігімді қамтамасыз ететін ешбір хат жоқ еді. Оның алдына келгенімде, қолымнан ұстап, үйіне ертіп келді.....» [48, 2954 х.]. Ади басқа діннің өкілі болатын. Солай бола тұра, Пайғамбар алайһи салам оның құрметін орнына қойып, үйіне алып ба рып күтті. Әрине, одан кейін өте жоғары деңгейде өзара жемісті әңгіме болғаны анық. Себебі, Ади сол оқиғадан кейін ислам дінін қабылдап, өз еліне ислам дінін жеткізген сахабалардың біріне айналды. Ал Икримаға көрсеткен құрметі турасында, «Пайғамбар алайһи салам оны көргенде «Салт атты мүһәжір қош келіпсің!» деп қарсы алды. Имам Табаранидің риуаятында: «Пайғамбар алайһи салам ол келгенде құрмет ретінде орнынан тұрып, оны құшақтап көрісті және «Салт атты мүһә жір қош келіпсің!» деді» [6, 1021 х.]. Икримадан бұрын исламды қабылдамай, Пайғамбар алайһи саламның қас дұшпа ны болған әкесі Абу Жаһлге де үлкен құрмет көрсеткен еді. Сахаба Муғира бин Шұғба былай деп әңгімелейді: «Алланың Елшісін алғшқы рет білгенім, бір күні Абу Жаһлмен бірге Мекке қаласында жүрген едім, Алланың Елшісімен кездесіп қалдық. Ол Абу Жаһлге: «Ей Абу Аль-Хакам, Аллаға, оның елшісіне және кітабына келсейші, Аллаға шақырамын сені» – деді» [78, 2 т., 267 б.]. Осылайша қас дұшпанның өзін жақсы, жағымды лақаптарымен шақырды. Осы тұрғыда Құран әңгімелеген Пер ғауын халқының ішінен шыққан мүмін пенде-

нің сөздерінен байқаймыз. Ол өзінің еліне жолдаған әрбір насихаты мен кеңесінде олардың көңілін аулап, өзіне тарту үшін «Ей елім менің...!» [1, 40:30, 32, 38, 39, 41] деп бастап отырды. Имам Құртуби: «Ей елім менің деумен оларды өзінің сөзін қабылдатуға жақындатады» – дейді [23, 15 т., 310 б.] . Сондықтан Құран мен ислам мұсылман адамды басқа дін немесе өркениет өкілдерімен диалог жүргізген кезде мейлінше әдепті әрі жұмсақ болуға шақырады. Себебі, ислам қай жерде жұмсақтық пен әдептілік болса, көркем болады, ал қай жерде дөрекілік жүрсе, ол жердің берекесі кетеді деп түсіндіреді. 12) ДИАЛОГТАҒЫ ҚАРСЫ ТАРАПТАН ӨЗІН ТӨМЕН ҰСТАП, ОНЫҢ ҰСТАНЫМЫНА ЖАҚЫН ДӘЙЕКТЕРГЕ СҮЙЕНУ Алла тағала Құранда кейбір пайғамбарлардың өзге дін өкілдерімен диалог жүр гізгенде айтқан сөздері мен ұстанымдары турасында әңгімелейді. Мысалы, олар Алланы біреу деп білмейтін топқа «әрине біз немесе сендер тура жолда немесе ашық адасуда боламыз» [1, 34:24] дейтін. Имам Құртуби осы аяттың аясында төмендегідей ойын білдіреді: «Бұл дәйекті әділдікпен келтіру, яғни өзінің шыншыл екенін және екінші тараптың өтірік айтып тұрғанын білетін адам: екеуміздің біріміз өтірік айтады – деген сияқты. Бұл жердегі мағына, сендер мен біз бір жолда емеспіз, қарама-қайшы екі жолдамыз. Екі топтың бірі дұрыс жолда, ол біз, екінші топ бұрыс жолда, олар сендер» [23, 14 т., 289 б.]. Осы мағынада Имам Құртуби өз сөзін жалғастырып: «Ол пайғамбар өзінің тура жолда және олардың анық адасып жүргенін білетін еді. Бірақ ол әңгімесінде жұмсақтық танытқандықтан, мен тура жолдамын, сендер адасып жүрсіңдер деп айтпады» – дейді [23, 2 т., 14 б.]. Ислам діні өзіне сеніп ерген мұсылмандарға жоғары дәрежеде басқалармен әдеп сақтауға бұйырады. Пайғамбарын әдепке тәрбиелеу мақсатында Құранда «Егер Рахманның баласы болса, мен ең алғашқы табынушы болар едім деп айт» – дейді [1, 43:81]. Алла тағала бұл аятта Ей Мұхаммед, егер Алланың баласы бар екені шындық болса, мен сол баласына ең бірінші болып табынып, сиынар едім. Бірақ оның баласы болуы мүмкін емес, сондықтан мен табынбай жүрмін деп айт. Бір адам пікірталасқан кезде: егер сенің айтып жатқаның

дәйектің негізінде дұрыс болса, ең алғаш қы болып сенетін мен болар едім дегені, екінші тараптың пікірін асыра сілтеп жоқ қа шығару. Сондай-ақ сенің сөзіңе сенуге еш жол жоқ дегендей болады. Сонымен қатар, даналықпен жұмсақ сөз айту ережесіне жатады. Екінші аяттағы «әрине біз немесе сендер тура жолда немесе ашық адасуда боламыз» деген сияқты. Осылай талдап, сараптаумен аяттың мағынасы: сол балаға ең алғашқы болып табынар едім, себебі баланы ұлықтау, әкені ұлықтау болып есептеледі. Имам Табари: «Бұл аят күмән тудыру тұр ғысынан болмаған еді, керісінше сөзді жұмсарту, көркем сөйлеу мағынасын береді» – дейді [4, 22 т., 103 б.]. Осы секілді даналықтың тағы бір үлгісін Ибраһим пайғамбардың ісінен байқаймыз. Құранда бұл турасында: «Ол қараңғы түн кірген шақта, бір жұлдызды көрді де, осы менің раббым деді. Қашан ол батып кеткенде, мен батып кететіндерді ұнатпаймын – деді. Ай туған кезде менің раббым осы деді, ал қашан ол батып кеткенде, егер мені раббым тура жолға түсірмегенде, адасып кеткен болар едім деді. Егер жарқырап шыққан күнді көргенде, менің раббым осы және бұл ең ұлысы деді. Ал қашан ол да батқан кезде, ей елім менің, мен сендердің қосқан серіктеріңнен беземін – деді» [1, 6:76-78] делінеді. Имам Рази бұл аяттың тафсирінде: «Ибраһим алайһи саламның өз елімен бұл мәселені талқылауы өзіне дін немесе білім іздегендіктен емес, оларды иман мен таухидке шақыру үшін болған еді. Ал оның күн, ай және жұлдыз туралы оларды менің раббым деп айтуы олардың жаратушы емес екенін бірте-бірте білдірудің бір тәсілі болатын – дейді. Имам Рази сөзін былай жалғастырады: «Ибраһим алайһи салам жұлдыздардың жа ратушы болуын жоққа шығаруды қалады, бірақ олардың ата-бабаның дәстүріне қаншалықты еретінін және дәлел-дәйекті қабылдамайтынын жақсы білетін. Егер ол бірден Алланың жолына шақырар болса, олар қабылдамайтын еді, сондай-ақ бұрылып көңіл де бөлмейтін еді. Сондықтан оларға дәйекті тыңдату мақсатында, біртебірте әкелетін әдісті пайдаланды. Аллаға деген иманы жүрегінде берік болып тұрса да, олардың жұлдызды құдай деп түсінетін ұстанымдарын растайтын секілді әңгімемен бастады. Мақсаты, олардың сенімдерінің қате екенін көрсетіп, жоққа шығаратын дәйекті жеткізіп, өзінің сөзіне тоқатату болатын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, дағуат етудің басқа жолы қалмаған

кезде осы әдіске жүгінген еді. Өзіне адамдарды Алланың бірлігіне шақыру жүктел гендіктен, жоғарыдағы күпір сөздерді айтуға мәжбүр болғандай болды» [19, 13 т., 40-41 б.]. Ибн Таймия: «Елін жазғыру үшін бекіту тұр ғысынан айтты немесе дәйек келті ріп, бірте-бірте ақиқатқа көтерілу үшін бол ды» – дейді [79, 2 т., 112 б.]. Осы тақырыпта Ибн Аль-Қаиим: «Бұл – оларға дәйекті мойнындату мақсатында бол ды, олар тезірек қабыл ету үшін келіскен адам секілді болып тұрды да, осы арқылы құлшылыққа лайықты Құдайдың нұқсанды болып, батып кетуі мүмкін емес екендігін жеткізді» – дейді [80, 3 т., 61 б.]. Алла тағала еврейлер мен христиандардың жүрегін жібіту, оларды исламға шақыру мақсатында, олар үшін қымбатты, қасиетті болып есептелетін дүниелерді алға тартты. Құранда оларды Ибраһим пайғамбардың дінін ұстануға шақырды. Бұл жол барша пайғамбарлардың ұстанған жолы еді. Алла тағала осы турасында: «Олар яһуди немесе христиан болыңдар, сонда тура жолды табасыңдар деді. Сен керісінше, Ибраһимнің тура жолындамыз, ол серік қосатындардан болған емес деп айт. Аллаға, бізге түскенге, Ибраһимге, Исмаил ға, Исхаққа, Жақыпқа, оның ұрпақтарына және Раббының тарапынан Мұса мен Иса ға берілгенге, пайғамбарларға берілгенге иман келтірдік, олардың бірінің де арасын бө ліп жармаймыз, біз оған мұсылман болдық деп айтыңдар» дейді [1, 2:135-136]. Жоғарыдағы аяттың аясында Имам Табари: «Алла тағала Пайғамбары Мұхаммед үшін ең жетімді, қысқа да нұсқа, бәрін қамтитын дәйекті келтіріп, оны Мұхаммед пайғамбарына үйретті. Ол «еврейлер мен христиандардың саған яхуди немесе христиан болыңдар, тура жол табасыңдар деп айтуына және сахабаларыңа: бәріміз де Алланың разы болған, таңдаған және бұйырған діні деп куәлік беретін Ибраһимнің жолын ұстанайық, себебі оның діні тура, мұсылман діні болған еді. Басқа да біздің арамызда өзара келіспейтін, біріміз жоқ қа шығарып, енді біріміз қолдайтын жолдар ды тастайық. Өзара келіспегендіктен, біз бас қа жолдардың аясында біріге алмаймыз, бірақ біздің Ибраһимнің ұстанған жолында бірі ге аламыз деп айт» дегендей болды» дейді [4, 1 т., 564 б.]. Екінші тараппен мәміледе, әңгімеде, сөзде және басқа да терминдерді қолданғанда жұмсақ болу диалогтағы қарсы тараптан өзін төмен ұстау болып табылады. Ибн Таймия бұл турасында: «Егер қажет болса, кітап иелерімен өздерінің терминдерін және

тілін қолданып сөйлесуге болады. Бірақ ол сөздердің мағыналары дұрыс болуы шартымен. Мысалы, араб емес, басқа рим, парсы және түркі халықтарымен өз тілдері мен салт-дәстүрлері арқылы сөйлесу. Бұл шариғатта қажет болғанда өте жақсы жағдай....» дейді [10, 1 т., 43 б.]. Сөзін жалғастырып: «Диалог кезінде олар дың жолының қате екенін біліп тұрсақ та, еврейлер мен христиандарға мүмкін дік береміз. Себебі, Алла тағала «олармен ең көркем үлгіде пікір таласыңдар», «кітап иелерімен ең көркем жолмен ғана пікір таласыңдар» дейді. Осының барлығын да олардың айтқандары Құранның аяттарына, Елші алайһи саламның хадистеріне қайшы екенін, мұсылмандарды тура жолдан тайдыру үшін әрекеттерін білсек те жасауға тура келеді....» дейді [10, 1 т., 188 б.]. Ибн Сағди өз кезегімен осы тұрғыда былай дейді: «Егер қарсы тарап өзінің жолын ақиқат деп ұғынса немесе бұрыс пікірге шақыратын болса да, онымен ең көркем жолмен таласу керек. Ал көркем жол дегеніміз, ақыл және нақыл тұрғысынан оның тезірек қабылдауына жетелейтін тәсілдер. Сол тәсілдердің бірі ол сенетін дәйектерді өзіне қарсы келтіру, себебі бұл тәсіл мақсатқа тезірек жеткізеді» – дейді [24, 3 т., 93 б.]. Жоғарыда айтылғанның барлығы да олар дың бұрыс жолдарын мойындау немесе қолдау деген сөз емес. Қарсы тараптың пікірлерін дәйек етіп келтіру, ақиқатты ашу үшін емес, олардың ұстанымын бұрысқа шығару үшін іске асады. Ал одан кейін өзінің жолының қателігін түсінген адам, ақиқатқа қарай ұмтылуы әбден мүмкін. Сол секілді ұлы тәрбиенің бірі, қарсы тараппен әділ болу, оның дұрыс пікірлерін ескеріп, ақиқатқа сәйкес болған ойларына келісу. Мұсылман адам ақиқатты қайда болса да қолдайды. Себебі даналық оның жоғалтқан бұйымы, қашан кездесе қалса, оған ең бірінші мұсылман адам ие болуы керек. Пайғамбар алайһи саламға Абу Хурайра келіп, жамандық пен кесірліктің көзі Шайтанның әңгімесін айтып бергенде ол: «Ол саған шындықты айтты, бірақ ол өтірікші, ол шайтан болтын» деді. [62, 3275 х.]. Осы пікірді Пайғамбар алайһи саламның сахабалары да әрдайым ұстанатын еді. Олар қарсы тараптың жақсы жақтарын мойындап отыратын. Мустаурид аль-Құраши Амр бин Аль-Астың алдында отырып былай дейді: «Алла Елшісі алайһи саламның: «Қиямет күні болғанда, ең көп халық римдіктер болады» дегенін естідім», сол кезде Амр: «сен не деп тұрсың?» деп оған ескерту жасады.

Ол: «мен Алла Елшісінен естігенімді айтыа отырмын» – деп жауап берді. Сонда Амр: «Сен олай десең, олардың төрт қасиеті бар: бүлік кезінде ең сабырлы, апаттан кейін ең тез оянатын, шайқас кезінде қайтадан тез соққы беретін, міскінге, жетім мен әлсізге қайырлы халық. Ал, бесінші жақсы қасиеті: патшалардың зұлымды ғын тоқататын халық» – деді [57, 2898 х.]. Сахабалардың осындай әділ болып тәрбиеленуі Құранның берген тәрбиесі еді. Себебі, Құранда Алла тағала жаулармен де «бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке жетелемесін, әділ болыңдар, сол тақуалыққа жақын» [1, 5:8] деп әділдікті ұстануды бұйырды. Тағы бір аятта Құран кітап иелерінің жақ сы қасиеттерін ескере отырып, «кітап иелерінің кейбіреуіне көп нәрсе аманат ет сең де, саған оларды өтеп береді, ал кейбіреуі не бір динар аманат етсең, басында қақ шиып тұрып алмасаң, саған оны өтемейді. Оның себебі олар: сауатсыздар бізден есеп ала алмайды деп айтады, олар біліп тұрып Алланың атынан жалған сөйлейді» [1, 3:75] дейді. Сол секілді, Пайғамбар алайһи салам Эфиопия патшасы Нажжаши кәпір болған кезде де оның жақсы қасиеттерін айтып мақтаған еді. Меккенің халқы қатты қысымшылық көрсетіп, қинап жіберген кезде сахабаларға дінін аман сақтайтын өлкеге көшуге рұқсат берілді. Оларға Алла ел шісі: «Хабаша елінде бір патша бар, оның елінде ешкім де зұлымдық көрмейді. Соған барсаңдар, Алла тағала сендерге бір шы ғар жолды көрсетер» – деді [81, 188 б.]. Сондай оқиғалардың бірі, бірде Алла Елшісі еврейдің насихатын қабылдайды. Әйел сахаба Қатила бинт Сайфи аль-Жуһа ния былай деп риуаят етеді: «бір күні Алла Елшісіне еврейлердің бір діндары келіп: Ей Мұхаммед, егер сендер серік қоспағанда рың болмаса, өте жақсы халықсыңдар ғой – деді. Ол: кемшіліктен пәк Алла ғой, ол қайсы екен? – деді таң қалып. Себебі, сендер ант ішкен кезде Кағбаны қосып айтасыңдар, – деді. Сонда Алла Елшісі сәл кідіріп тұрды да, ол дұрыс айтады, кім ант ішсе, кағбаның раббысының атымен ант ішсін, – деді» [56, 26533 б.]. Йемен еліне Пайғамбар алайһи салам ның елшісі болып барған сахаба Муғаз бин Жабал өз өсиеттерінің бірінде: «Ақиқатты кім білдірсе де қабылдаңдар, ол кәпір болса да. Сондай-ақ, данышпан адамның адасуынан сақтаныңдар – дейді, сонда одан: кәпір дің ақиқатты айтқанын қайдан білеміз – деп сұрақ қойды. Ол: Ақиқаттың үстінде нұр болады, – деп жауап берді» [53, 4611 х.].

Ибн Таймия әрдайым былай деп айтатын: «Ақиқатты айтқан адам кім болса да қабылдану керек» [54, 5 т., 101 б.]. Демек, шындықты кім айтса да оны қабылдау диалог жүргізуші мұсылманның мақсаты болып есептеледі. Шындықты мойындамау, қабылдамай, тәкаппарлық ету ислам салып кеткен сара жолға қайшы болып есептеледі. ДИАЛОГТА ҚҰПТАЛМАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР Кейде диалог үрдісінде болып жататын қателіктер бар. Мұндай қателіктерді шариғат талаптары да құп көрмейді. Біріншіден, диалог жүргізуші адам екін ші тараптың кейбір артықшылықтарын ескеріп, жағымпаздық жасамауы керек. Жал пы диалог аясында өтіп жатқан кез десулердің мақсаты адами қарым-қаты настарды дамы ту болғандықтан, әдемі сөз дер мен жылы қарсы алулар көп болып жатады. Мұның барлығы да диалогты жүр гізушілердің арасындағы көптеген келіс пеушіліктерді асып өту мақсатында жасал са керек. Жоғарыда Пайғамбар алайһи салам бізге жаман адамға болса да күлімдеп қарап, жылы шыраймен күтіп алуды бұйырға нын, өзі кәпірлермен, мүшіріктермен қан дай мәміледе болғанын айтып өттік. Бірақ, кейде артық әдемі сөз айту, шектен тыс көңілін аулауға тырысу диалогты жүргізушілерді жағымшылыққа, оған жағатын ғана сөзді айтуға, ақиқатты жа-

сыруға, жалғаннан көзді жұмып қалуға алып баруы да мүмкін. Мүмкін кейбір мұсылмандарды оларды жақсы көріп, дос болып алуға, олардың пікірлерімен келісіп, соларды қолдап кетуге жетелеуі де мүмкін. Ал бұл, ислам дінінде Алланың ашуына душар ететін іс болып табылады. Себебі, Алла тағала Пайғамбарына Мекке дәуірінде болса да, шындықты жасырмай, ашық айтуға бұйырып, былай дейді: «саған бұйырылған нәрсені ашық айтып, мүшіріктерден бас тарт» [1, 15:94]. Екінші бір аятта Израил ұрпақтары істеген қателерден мұсылмандарды ескертіп, «Алла тағала кітап иелерінен оны адамдарға түсіндіресіңдер, жасырмайсыңдар деп серттерін алды. Бірақ олар оны артына ысырып қойды да, арзан бағаға сатып жіберді, олар не деген жаман сауда жасады» дейді [1, 3:187]. Демек, жағымшылық жасау мұсылманның істейтін ісі немесе оның қасиеті емес. Нажран христиандары келгенде Пайғамбар алайһи салам оларға Иса алайһи салам туралы сенімі қандай екенін ашық айтып түсіндірді. Олар мені осы сенімім үшін жақтырмай қалады ғой деген ой басқаша айтуға жетелемеді. Мұны естіген олар: «Неге сен біздің ұлығымызды сөгесің» – деді. Пайғамбар алайһи салам: «Басқа не деймін?» деп таң қалды. Олар: «Сонда сен оны құл дейсің бе?» деп наразылығын білдірді. Сонда ол: «Ия, ол Алланың құлы, елшісі және пәк жан болған Марямға берген Алланың сөзі» – деп жауап берді. Олар бұдан ашуланып кетті де, сен әкесіз болған адам, баласын көріп пе едің, егер айтқаның шын болса көрсетші соны? – деді. Міне осыдан кейін төмендегі Құран аяты түсті: «Исаның мысалы Алланың құзырында топырақтан жаратып, сосын бол дегенде бола қал ған Адамның мысалы секілді» [1, 3:59]. Ислам дінінде мүлдем тыйым салынған жағымшылықтың түрлері өте көп. Солардың ішінде басқа діндегілердің сенімдері мен ұстанымдарын мақтап, олардың қате ұстанымдарын біле тұра дұрыс деп қабылдау. Сондай-ақ, басқа діндегілер мен біздің құдайымыз біреу ғой, бірақ әркім өзінше құлшылық жасайды деп ұғыну ислам дінінде қате болып есептеледі. Тарихтан сахабалардың жасаған батырлықтарының бірін осы тұста айта кетсек болады. Жоғарыда айтылған жаман қасиетке душар болғандар Эфиопия патшасы Нажжашидің алдында сахаба Жағфар бин Аби Талибтің айтқанынан үлгі алса болады. Оның Нажжаши патшаның елінде болған кездегі әлсіздігі мен бөтендігі патшаның алдында ешбір жағымшылықсыз ақиқат ты

айтуға кедергі болмады. Ол өзінің патшаның сеніміне қайшы пікірін айтқаннан кейін жағдайдың қалай болатынын да білмейтін. Осыны білетін құрайштың елшісі Амр бин Аль-Ас: «Алла атымен ант етемін, ертең оларға зиянды сөзді жариялап, түбіне жетемін... Алла атымен ант етемін, олардың Иса бин Марямды құл деп сенетінін оған айтамын» – деді. Умму Салама болған оқиғаны былай әңгімелейді: «сонымен, ертеңіне ол патшаның алдына келіп: «Ей патша, олар Иса бин Марям турасында ауыр сөз айтады, оларды шақыртып, не дейтінін сұрашы» деді. Сосын оларға адам жіберіп, сұрай бастады. Бізге сол кезге дейін ондай үлкен қиыншылық болмаған еді. Олар жиналып, біріне-бірі егер Иса туралы сұраса не деп жауап бересіңдер деп айта бастады. Содан барлығы: Алла атымен ант етейік, не болса да, ол туралы Алла айтқанды, Пайғамбарымыз үйреткенді ғана айтамыз деп бірауыздан келісті. Патшаның алдына кірген кезде оларға: Иса бин Марям туралы не дейсіңдер? – деп сұрады. Жауап беруге Жағфар бин Аби Талиб шықты да: Пайғамбарымыз үйреткенді ғана айтамыз, ол Алланың құлы, елшісі, рухы және пәк жан болған Марямға берген сөзі – деді. Бұл оқиғадан тағы бір жәйтті байқасақ болады. Жағфар сол кездегі адамдардың патша сәжде қылатын әдетіне ермей, Нажжашиге сәжде етуден бас тартты. Патшаның оған және ол елге бас сауғалап барған мұсылмандарға оң көзбен қарауына қаншалықты мұқтаж болып тұрса да, сәжде жасамай, тек сәлем берумен шектелді. Олар оған: саған не болды, патшаға неге сәжде етпейсің? – деп сұрады. Ол: біз Аллаға ғана сәжде етеміз – деді. Сол кезде патша: ол не? – деп сұрады. Ол: Алла тағала бізге өзінің Елшісін жіберді және өзінен басқаға сәжде жасамауды бұйырды – деп жауап берді» [56, 4386 х.]. Екіншіден, мұсылман адам басқа дін өкілін лайық емес жолмен мақтауы, ұлықтауы, көтеруі Алланың ашуын келтіреді. Пайғамбар алайһи салам: «Мунафиққа мырзам деп айтпаңдар, себебі солай етсеңдер Раббыларыңды ашуландырасыңдар» – деп ескерту жасайды [53, 4977 х.]. Хадис турасында Абу Таииб аль-Абади өз ойын білдіреді: «Себебі бұлай ету оны ұлықтау болып есептеледі, ал ол ұлықтауға лайық емес. Егер ол ешқандай мағынада мырза болмаса, бұл сөз жалған және екіжүзділік болып есептеледі» [84, 13 т., 221 б.]. Пайғамбар алайһи салам әлемнің патша-

ларына хат жолдаған кезде олардың өздеріне лайықты лақаптармен атады да қойды. Олардың көңілін аулап, дінге жүректерін бұру мақсатында ғана кейбір жылы сөздерді қолданды. Мысалға римдіктердің патшасы Гераклге жазған хатында: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын, Алланың Елшісі Мұхаммедтен римдіктердің ұлысы Гераклге» деген еді. Римдіктер үшін ол шындығында ұлық болып есептелетін. Имам Науауи бұл хадситің түсіндір месінде: «Жазуда сақтану, артық та, кемде қылмай, шектен шықпай, орташа жағдайды ұстану болатын. Сондықтан Пайғамбар алайһи салам: «Римдіктердің ұлысы Гераклге» деді. Римнің патшасына демеді, себебі Алланың үкімімен болмағандық тан оның патшалығын мойындамайтын еді. Сондай-ақ тек «Гераклге» деп те қойма ды, керісінше оған лайықты, жағымды «римдіктердің ұлысы» деген сөзді қолданды. Себебі оны халқы ұлықтайтын, жоғары таққа көтеретін. Алла тағала исламға шақырған кезде даналықпен, ақылмен, жұмсақтықпен, көркем сөзбен шақыруды та лап етті» [77, 12 т., 108 б.]. Үшіншіден, диалогты жүргізе алмайтын адам бұл міндетті орындауды мойнына алмауы керек. Себебі диалог тақырыбында ұйымдастырылып жатқан шараларда ис ламның атынан шығатын мамандардың шариғат білімін жетік білмегендіктен немесе басқа да себептердің салдарынан әлсізді гін, ойлары мен көзқарастарының пісіп жетілмегендігін байқап қаламыз. Сонымен қатар, христиандар мен еврейлердің тарапынан диалогты жүргізуге ғылыми және шіркеулік білімдері толық жеткілікті мамандардың қатысып отыратынын көреміз. Ал бұл олқылық, диалогты үлкен қателіктер мен кемшіліктерге әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, ақиқатты дұрыс жеткізе алмай, теріс нәтиже шығып жатуы да мүмкін. Оның қолында бар дәйектің құны қалмай, мүмкіндікті жоғалтады. Алла тағала бұл қателікті жібермеуді қатты ескертіп: «Білмейтін нәрсеге аралас па, се бебі құлақ, көз және жүрек барлығы үшін оның алдында сұрақ болады» дейді [1, 17:36]. Ибн Таймия: «Шариғатта рұқсат етілмеген, Алла мен оның елшісі тыйым салған жалған арқылы, білімсіз немесе ақиқат анық болғаннан кейін де пікір таластыру сияқты жағдайлар» – дейді [10, 7 т., 156 б.]. Алла тағала Құранда кітап иелеріне осы қателікті жібергені үшін жазғырып «Міне сендер білетін мәселеде таластыңдар, ал енді білмейтін мәселеде неге таласасыңдар?» дейді [1, 3:66].

Имам Құртуби аяттың тафсирінде: «Бұл аят білімі жоқ және дәйегі жоқ сенімсіз адамға пікір таласуға салынған тыйым ның дәлелі. Ал пікірталасты біліммен жүргізу жөнінде, шариғатта «олармен ең көркем жолмен пікір талас» деп әмір келген» дейді [23, 4 т., 108 б.]. Ал, Ибн Касир өз кезегінде: «Бұл аят ғылымсыз таласып-тартысатындарды жаз ғырып тұр, себебі еврейлер мен хрис тиан дар Ибраһим алайһи салам турасында ешбір білімсіз таласқан еді. Олардың бұл ісін Алла тағала қош көрмеді, сондай-ақ оларға білмейтін дүниелерін ғайып пен көріне тін әлемді толығымен білетін Аллаға тапсыруды бұйырды» – дейді [21, 1 т., 373 б.]. Білімсіз диалог жүргізудің зияндығын Ибн Таймия өз кезегімен былай деп түсіндіреді: «Егер дилогты жүргізуші дәйектерді жақсы білмей, күдікті мәселелерге жауабы әлсіз болса, шайқас кезінде кәпірлердің жақсы жаттыққан үлкен жауынгерімен жекпежекке шығуға әлсіз мұсылман жауынгер ге рұқсат берілмегені секілді, оған диалогты жүргізуге, пікірталасқа түсуге тыйым салынады. Себебі, ол қарсы тарапты одан сайын бұзуы мүмкін. Оның бұл жекпежекке шығуы оған да, мұсылмандарға да пайдасы емес зияны тиюі мүмкін» [10, 7 т., 173 б.]. Осы қателікті жібермеу үшін, Ислам әле мі лигасының тоғызыншы сессиясында: «Диалог ты мұсылман ғалымдардың арасынан тек мамандандырылғандары ғана жүргізуі керек», жиырма бірінші сессияда: «Лиганың атынан жұмыс кестесінде қаралатын тақырыптар бойынша мамандандырыл ған ғалымдар ғана қатысады» деген шешім дер қабылданды [11, 71 б.]. Төртіншіден, диалогты жүргізетін кейбір мұсылмандардың, әсіресе ресми емес, интернет желісі арқылы іске асатын диалогта тағы бір қателігі – мақсат-мағынасын жоғалтып, әдептің шеңберінен шығып жатса да, диалогты тоқтатпай, жалғастырып жүргізе беруі. Келесі кезекте, диалог барысында сақталуы қажет исламның әдептері жоғалады. Сонымен, диалог емес, бірінбірі балағаттау конкрусына айналып кетіп жатады. Құранда Алла тағала кейбір адамдар мен диалог жасағанмен, жеміссіз, пайдасы жоқ диалог болатынын төмендегі аятпен ай тып өтеді: «Қашан Марямның ұлын мысал етіп келтіргенде, сенің елің қарқылдап күл ді. Олар: «Біздің құдайларымыз жақсы ма, әлде Иса жақсы ма?» – деді. Олардың бұлай мысал келтіруі тек жанжалдасу үшін ғана болды. Өйткені олар сондай қиқар ел» [1, 43:57-58].

Имам Табари өз кезегінде: «Ей Мұхам мед, ол мүшіріктер бұл мысалды саған ақи қат ты талап еткеннен емес, жәй қиқарлық үшін ғана келтіреді. Себебі олар ниеті бұзық, жақсылыққа ұмтылатын, шындықты іздейтін ел емес» – деп түсіндірме береді [4, 23 т., 88 б.]. Ибн Таймия: «Егер дискуссиядағы екінші тарап ақиқатты қабылдамайтын тәкаппар болса, тоқтатылуы тиіс. Ол адам мұндай жағдайда софист деп аталады. Егер дискуссия белгілі айқын алғышарттарға келіп тоқталса, оны мойындау керек екеніне бүкіл әлем халықтары келіседі. Ал ары қарай софист қана тоқтамай, тартысуды жалғастыра береді. Мұндай жағдайда дискуссия тоқтатылады» – дейді [10, 7 т., 173174 б.]. Ибн Сағди дұрыс бағытта болған диалогты былай деп сипаттайды: «Диалог өз мақсатын жоғалтатын жанжалға немесе балағаттауға алып бармауы керек. Себебі, олай болса, пайдасыз болады. Диалогтағы мақсат басқалардан үстем болып жеңу емес, ақиқат пен дұрыс пікірге бастау болуы керек» [24, 3 т., 93 б.]. Жоғарыдағыдай теріс бағытта болған диа лог даналық пен көркем сипатта болған дағ уаттың табиғатына қайшы балағат тау, лағынет айту, кемсіту секілді істерге алып баруы да ықтимал. Ал мұсылман адам, мұндай теріс қаситтерден жырақ болуы керек. Пайғамбар алайһи салам: «Мүмін пенде балағаттаушы, лағнет айтушы, дөрекі және ұятсыз болмайды» – дейді [48, 1977 х.]. Лағынет айтылу мәселесіне қатысты Имам Ғазали өз ойын білдіреді: «Мүмін адам лағынет айтпайды. Лағынет тек күпірлікпен дүниеден өтіп кеткен адамға немесе адамдардың арасында сондай жаман қасиеттерімен танымал болған топқа ғана айтылады. Бірақ, есімдерді атап айтуға болмайды. Қандай болса да, адам өз тілін Алланың зікірімен машғұл еткені абзал. Олай ете алмаса, үндемегені ол үшін ең қайырлысы болады» [52, 3 т., 125 б.]. Алланың Елшісіне исламның дұшпандарынан көп жәбір көріп, қиналып кеткен кейбір сахабалар: «Ей Алланың Елшісі мүшіріктерге лағынет айтшы» – деп өтініш жасайды. Бірақ Алла Елшісінің жауабы: «Мен лағынет айту үшін келген жоқпын, керісінше рақмет болып келдім» – болды [57, 2599 х.]. Макки бин Ибраһим үлгі болар мына бір оқиғаны әңгімелейді: «Ибн Ғаунның қасында болғанбыз. Губернатор Билал бин Аби Барада туралы әңгіме қозғалып, жәбір көрсеткені үшін оған лағынет айтып,

жамандай бастады. Ал Ибн Ғаун үндемей отырды. Олар: Біз оны саған жәбір көрсеткені үшін жамандап жатырмыз, – деді. Сол кезде ол: Менің амал дәптерімнен қиямет күні екі сөздің бірі шығуы мүмкін. Лә илаһа илла Алла немесе пәленшеге Алланың лағынеті болсын деген сөздер. Бірақ мен, «пәленшеге Алланың лағынеті болсын» деген сөзден «Лә илаһа илла Алла» сөзінің шыққанын қалаймын – деп жауап қайтарды» [52, 3 т., 126 б.]. Бесіншіден, диалогтың мақсаты жоғалып, жеміссіз болмауы үшін, балағаттауға ұласып кетудің алдын алып, Алла тағала Құранда мүшіріктердің құдайларына, пұт тарына тіл тигізуге, мазақтауға тыйым салады. «Олардың Алладан басқа табынатын құдайларын балағаттамаң дар, олар қастандықпен және білімсіздік пен Аллаға тіл тигізуі мүмкін» [1, 6:108]. Бұл аяттың түсу оқиғасы турасында тафсир ғалымдары: «Құрайштың кәпірлері Абу Талибке келіп: Мұхаммед пен оның жодастарын біздің құдайларымызға тіл ти гізуден тыймасаң, біз оның құдайын балағаттап, мазақтаймыз» – деді. [85, 119 б.] Міне, осы оқиғадан кейін жоғарыдағы аят түсті. Имам Құртуби өзге дін өкілдерінің қасиетті ұғымдарына тіл тигізбеу мәселесі туралы сөз қозғай келе айтады: «Бұл ұлықтау мақсатында емес, олардың көңілін аулау үшін болады. Бұл үкімнің ислам үмбеті үшін күші ешқашан жойылмайды. Егер өзге дін өкілі исламға, Аллаға, Пайғамбар алайһи саламға тіл тигізуі мүмкін болса, олардың крест, шіркеу секілді діни ұғымдары мен сенімдерінің ешбіріне тіл тигізуге болмайды. Себебі, бұл оларды күнә іске итермелеумен тең болады. Бұл аяттан тағы бір алар сабағымыз, егер ақиқатты айту дінге қатысты басқа бір зиянды жағдайға себепші болып жатса, ақиқатты айтпай қоя тұруға болады» [23, 7 т., 61 б.]. Алтыншыдан, исламның атынан диалог жүргізушілердің тағы бір жіберер қателігі – басқаларға жалтақтықтан және өзге де сылтаулармен шариғат терминдері мен әдіс-тәсілдерін қолданбауы. Бұл олардың өз дініне сенімі толық болмағандықтан шығып отырған жайт. Әрине, бұл іс Пайғамбар алайһи саламның сүннетіне қайшы және оған саймайтынын көреміз. Тарихқа үңілер болсақ, бірде Дамад Меккеге келгенде Пайғамбар алайһи саламға жолығып: Ей Мұхаммед, мен мына желден дем салғандықтан, Алла тағала менің қолымда қалаған адамға шипа береді, сен соны жасай аласың ба? – деп сұрады. Мұны естіген Алла Елшісі: «Әлбетте, барша

мақтау Аллаға тән, оны мадақтаймыз, жәрдем сұраймыз. Алла кімді тура жолға сал са, оны ешкім адастыра алмайды. Кімді адастырып қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Ешбір серігі жоқ жалғыз Алладан басқа құдай жоқ екендігіне, Мұхаммед оның пендесі және Елшісі екендігіне куәлік беремін» – деді. Осы сөздер оның исламға кіруіне себеп болды. Ол Пайғамбар алайһи саламға: «Мына сөздеріңді қайтала шы маған, мен бақсылардың, сиқыршылардың және ақындардың сөздерін естігенмін. Бірақ сенің мына сөздерің сияқты сөздерді естіген емеспін. Олар теңіздің түбіне дейін жетті. Қане қолыңды бер ислам үшін сенің алдыңда серт берейін» – [57, 868 х.]. Пайғамбар алайһи салам әлем патша ларына жазған хаттарын Алланың атымен бастаған еді. Мысалға, Гераклге жолдаған хаты «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Алланың Елшісі Мұхаммедтен Рим халқының ұлысы Гераклге...» деген жолдармен басталатын еді. Гераклге қаншалықты ұнамаса да, хатты ислам дінінің талабы бойынша бастады. Ислам шариғатының атымен диалог жүргізген кезде, шариғат талап ететін терминдер мен әдіс-тәсілдер қолданылмаса, диа лог жүргізудегі шариғат мақсаты орындал май, мағынасын жоғалтады. Сондай-ақ екін ші тарапты ислам дінінің ақиқатымен диалог арқылы таныстырып өту мүмкін болмай ды. Имам Науауи: «Пайғамбар алайһи салам бұл хадис арқылы егер хат кәпірге жолданса да, Алланың атымен бастауға кеңес беріп тұр» – дейді. [77, 12 т., 108 б.]. Әрине, бұл ереже екінші тараптың тілі мен, әдіс-тәсілімен диалог жүргізуге болмайды деген сөз емес. Егер шариғат үкімдері сақталып жатса, қайшы келмесе, барша қолайлы тәсілдерді қолдануға болады.

БАСҚА ДІНИ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГ Мүмкіндігінше таласудан және оның себептерінен жырақ жүру адамдар арасындағы көркем мәміленің бір түрі. Ең болмағанда, ондай кезде жауаптан бас тарту дың өзі үлкен бүліктердің алдын алуы мүмкін. Ибн Мардауаиһ және Абу Хатим ұлы сахаба Ибн Ғаббастан риуаят етіп: «Құ райштар Алла елшісі алайһи саламға ең бай адам болу үшін мал-мүлік, қалаған әйелге үйленуді және оны өздеріне патша болу ды ұсынып былай деді: «осының бәрін біз саған береміз ей Мұхаммед, сен тек біздің құдайларымызға тіл тигізбе, олар туралы жаман айтпа. Егер бұған келіспесең, саған бізге де, саған да қайырлы басқа бір нәр сені ұсынамыз». Пайғамбар алайһи салам: «Ол не?» – деп сұрады. Олар: Бір жыл біздің Ләт, Ғузза құдайларымызға табынасың, ал келер жылы сенің құдайыңа біз табынамыз» – деді. Ол алайһи салам: «Алладан маған әмір келгенше күтемін» – деді. Содан кейін Алла тағаладан хабар уахи келді. Құрандағы кәпірлерге сендер біздің, біз сендердің құдайларыңа табынбаймыз деп жауап бере тін Кафирун сүресі толығымен түсті [73, 7 т., 245 б.]. Хадисте келген «Алладан маған әмір кел генше күтемін» деген жауапта сұраққа жауап беруден өте көркем түрде бас тарту әрекеті бар еді. Осындай жауаппен ол құрайштардың көңілін аулады, оларға үлкен әдептің жолын көрсеткендей болды. Жауаптан бас тартуға тура келетін жәйттердің себептері түрлі болуы мүмкін. Қанша жауап берсе де түсінбейтін және қабыл дамайтын адам болса, оған жауап беру, естімес адамға құр айқайлағандай бо лып қалады. Енді бірде анық әрі нақты жауапты білмеуі де мүмкін. Мұндай кезде де жауаптан бас тартуға тура келеді. Кейде жауап ащы шындық болғандықтан, жауап берген адам нақақтан зәбір көруі ықти мал болады. Ол кезде де үндемеу ең керекті де, дұрыс шешім болып есептеледі. Ибн Таймия бұл жөнінде: «Залым адамдарды көркем жолмен шақыруды көздеген адам осылай етуі мүмкін. Себебі мен бағынатын тарап мұндайға рұқсат бер-

мейді, ол маған рұқсат бергенше мен жауап бере алмаймын дейді. Бірақ олардың талаптарына сәйкес жауап бере алмайтынын анық біліп тұрады. Мысалға, бір адамның қызына саушы келгенде ол анасымен ақылдасайын деп қайтарып жібереді. Бірақ қызын оған беруді қаламайды және қыздың анасы келісім бермейтінін де біледі. Сондай-ақ патшаның орынбасары патшамен ақылдасайын деп жауаптан құтылуы да мүмкін» деп өз ойын білдіреді [54, 16т., 455 б.]. Сондықтан қажетті орында жауаптан бас тарту жұмсақтық және дағуат пен диалогтың әдебі болып та есептеледі. Кейбір жанашыр мұсылмандар диалог мәселесіне күмәнмен қарайды. Диалогтың алдына қойылатын мақсаттары мен мүдделері анық емес деп кінәлайды. Сондай-ақ басқа дін немесе өркениет өкіл дерімен диалогты жүргізетін кейбір мұсылмандардың қателіктерін де басып айтып жатады. Міне, осылай олар өздерінің диалогтан ешбір пайда жоқ, тек зиян шегеміз дейтін пікірлерін растай түседі. Осылай диалог мәселесіне күмәнмен қарайтындар тағы былай деп өз пікірлерін білдіреді: Диалогтың барша аспектілері кү дікке шақырады. Батыс елдерінде түрлі инс титуттардың күшін жұмылдырып, шығыспен диалог жүргізуге әрекет жасауы, олардың халқының исламға жаппай бет бұра бастап, оны қабалдай бастауынан келіп шығып отыр. Ол институттар қарсы шығудың ешбір пайдасы болмайтынына көзі жетті. Сондықтан жеңілген емес тең, келіскен емес қарсылық көрсеткен қарсы тарап болып көріну үшін диалог мәселесін көтере бастады. Олардың бұл әрекеттері өз халықтарының исламға деген бетбұрысын тоқтатып, дінаралық айырмашылықты көрсете білеміз бе деген үмітпен болып жатыр. Демек, олай болса біз оларға диалог мәселесін көтергендегі мақсатта рын орындауға жол бермеуіміз керек. Және бұл күдікті пікірді тағы да растай түсетін жәйт, шіркеу институттары диалогты пайдалану керек деп ниеттерін ашық айта бастауы. Сондай-ақ диалог мәселесін шоқындыру саясатының үлкен құралы ретінде қолдануы. Ватикан шіркеуінің екінші халықтық конституциясында былай делінеді: «Шіркеу шыншыл диалогты жүргізетін, оны қолдайтын бауырлардың рә мізі секілді. Себебі ол, өзінің әлемді інжіл дің сүйіншілеуімен нұрландыруға бағыттал ған жолдауының нәтижесінде болып жатыр». Католик шіркеуі 1991 ж. «Диалог және сүйінші» деген құжатты таратты. Бұл құ-

жатта «Христиандар ашық рухпен басқа дін өкілдерімен болатын диалогқа сүйенеді, осы арқылы бейбіт жолмен оларды сенімдерінің мағынасы туралы дұрыстап ойлануға жетелейді....» деген жолдар келеді. [11, 65 б.]. Протестанттық шіркеулердің әлемдік кеңе сі диалог мәселесін өз мақсаттарына, шоқындыру үрдісіне пайдалануға ашық танашық шақыра бастады. Олардың жа саған кей бір баяндамаларынан мынадай жол дарды оқи аламыз: «Диалогты қазіргі заманда Ясуғ Масихке куәлік беруге ша қыруға қолданатын құралдардың бірі деп кәміл сенсек болады...» [82, 2 т., 780-782 б.]. Осы тұста өте маңызды көңіл аудару керек мәселе, шіркеулердің жоғарыда айтып отырған диалогы әлемдегі ғылыми-мәдени институттардың жүргізетін диалогы емес. Себебі олар бұл соңғы диалогқа ешбір билігін жүргізіп, ол арқылы өз мақсаттарына жете алмайды. Егер олар бұл диалог жөнінде сөз қозғаса, нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ шіркеудің үндеу салып, шын мәнінде айналысып жатқаны мұсылмандардың білімсіздермен, бұқара халықпен жүргі зетін диалог. Міне осы диалогты олар шоқындыру саясаты мен үрдісінің құралы етіп пайдалануы мүмкін. Осы диалог арқылы диалог мәселесіне күдікпен қарап, қабылдамайтындардың ескертетін қауіпті мақсаттарын орындауы мүмкін. Біздің елде бұл саясаттың жүріп жатқанын, көптеген қаракөз қазақтың балаларының осы сипаттағы шаралардың нәтижесінде басқа діндерге, ағымдарға өтіп кетіп жатқанын көзіміз көріп те отыр. Сондықтан халқымыздың ата-бабасының діні турасында сауатын көтеруге барша мүмкіндіктерді пайдаланып, шаралар ұйымдастырмасақ мұндай кері нәтиже жалғаса берері анық. Күдікпен қараушылар диалог тақыры бындағы ұйымдастырылған шаралардың қан шалықты жақсы бағытта өткеніне сенім сіздікпен қарап, алдағы жоспарла нып отыр ған шараларға қатыспау керек деген пікірді білдіреді. Себебі бұл тақырыпта өкізіліп жатқан шараларға исламның негізгі төл көзқарасын айта алмайтын тұлғалар исламның атынан қатысып жата ды. Меніңше, бұл тақырыптағы көзқарастардың бірінен-бірінің алшақтығы, сол жана шырлықпен және басқа дін өкілдерімен жүргізілетін диалогқа күдікпен қарайтын мұсылмандардың осы шараларға қаты сып, өз ойлары мен пікірлерін білдіре алмай жүргендіктен де болса керек.

Доктор Ахмед Сайф Туркстани диалог мәселесіне қарсы, тыйым салатын тараптың кейбір дәлелдерін келтіріп былай дейді: «Олар диалог бүлік пен құлдырауға алып келеді дейді, шариғатта Сәдд аль-зараиғ деген ереже бар, осы ережеге сәйкес диалогқа қатыспаған дұрыс болады. Бірақ бұл көзқарасты Доктор Туркстани ақиқатты жоғалтудың бір түрі деп есептейді. Егер біз ешбір жеміс бермейтін немесе әдебі сақталмаған диалогтан жырақ болып, дұрыс диалогтың шарттарын орындасақ, жоғарыдағы айтылған кері нәтиже ден сақтануға болады». Сондай-ақ кейбіреулер «Диалог қате пікірлердің айтылуына мүмкіндік береді» деген сылтаумен диалогқа қатысудан бас тартады. Бұл жалпылауға да Доктор Туркстани былай деп өз жауабын береді: «Көп жағдайда қате пікірлерге диалог арқылы қарсы ешнәрсе айтылмаса, сыналмаса, сондай-ақ өзі ғана айтылып, үгіттеліп жатқан жерде қолдау тауып жатады. Ал диалог арқылы қате пікірлер сыналып, қарсы ойлар айтылып, жоққа шығарылып жатса, онда диалог сол бұ рыс пікірлердің оты сөніп жоғалуына себепші болғаны» [83, 17-18 б.]. Бірақ көптеген ғылыми, мамандан дырылған деңгейде өтіп жатқан дінаралық диалог пен пікірталастардың жемісті бо лып жатқанына өзіміз куәміз. Көптеген басқа діннің көрнекті өкілдері өз қанағаттары мен исламды қабылдағандары да жарияла нып жатыр.

ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ 70 жыл бойына әлемді өзінің лебімен сескендіріп тұрған Кеңес Одағының негізгі идеологиясы атеизм болатын. Ғалымдар «дінсіз адам болуы мүмкін, бірақ дінсіз қоғам болмайды» деген теорияны көп қайталайды. Сондықтан болар, бір ғасырға жуық мезгіл Кеңес Одағы өзінің қарамағында болған мұсылман елдерге құдайсыздық пен дінсіздікті мәжбүрлікпен жүктеп келсе де, толығымен діннен басын тартқан халық болмады. Ресейдегі православия шіркеулерінің жұмысын тоқтатқанын да көрмедік. Оның айғағын өз еліміз бен көрші елдердің Кеңес Одағы құлағаннан кейін төл дініне жапырыла қайта оралғанынан көреміз. Себебі қоғамның дінге мұқтаждығы оның болмысының тамырымен оралып жатқан қасиет еді. Әрине, адамзат қоғамының мұқтаждығын ше шер дін біреу ғана емес екені баршаға мәлім. Ал қай жерден түрлі түсініктер мен қалаулар орын алса, олардың әрбірі басқаны өз пікірімен қанағаттандыруға тырысады. Міне, осы тұста біздің ғасырымызда халықаралық деңгейде көтеріліп жатқан диалог мәселесінің атқаратын рөліне кезек беріледі. Біз ғасырымызды ғылым мен технологияның шыңына жеткен ғасыры деп есептейміз. Өткен ғасырлардағыдай емес, қазіргі әлемдік жүйенің саяси, экономикалық, қоғамдық, материалдық және ағартушылық талаптары мүлдем өзгеше. Бұл ғасыр да өткен ғасырлармен салыстырғанда диалогқа деген қажеттілік өте жоғары деңгейде арта түсті. Шығыс пен Батыстың зиялы қауымы әлемдік ареналарда дінара лық және өркениетаралық диалог жүргізуге ашық шақыра бастады. Бүкіләлемдік ұлттар ұйымы 2001 жылды ресми түрде – диалог жылы атады. Ғасырымыздың осындай тегеурінді талаптарын ескере отырып, диалогтың негізгі аспектілерін дамыту қажет. Болашақта бұл аспектілердің кемшіліктері ары қарай толықтырылып, қателіктер жойылар болса, диалогтың дұрыс нәтижесін әлемдік деңгейде көру ұзақ болмайды. Алла тағала Құранда ислам дінін – кәміл және толық дін деп айтып өтеді. Түсіндірме сөзбен айтқанда, адам өмірінің бар-

лық аспектілерін қамтамасыз ететін илаһи жүйе. Белгілі бір ғасырдағы өмірі ғана емес, қияметке дейінгі өмірін қамтитын илаһи заңнамалардың жиынтығы. Олай болса, бұл жұмысымызда ислам дінінің осы ерекшелігін диалог мәселесіне қатысты айтылған құранның және хадистердің мәтіндері арқылы ашып беруге тырыстық. Құран мен хадистер ислам дінінің негізгі, бірінен-бірі ажырамайтын түпнұсқасы болып есептеледі. Құранмен бірге, Пай ғамбар хадистері ғасырлар бойы діннің кәмілдігін қамтамасыз етіп келеді. Себебі, Құранның тәлімі және ғылыми тәжірибе бойынша аяттардың түсіндірмесі хадистер арқылы беріледі. Басқа өркениет өкілдерінің ислам турасында «диалогқа жарамсыз» деген пікірінің жаңсақ екені осы еңбекте көрсететілді. Ислам дінінің өкениетаралық, дінаралық диалог мәселесіне байсалды қарайтынын біз айта беруге тиіспіз. Диалогтың исламның тарихында қаншалықты іске асырылғаны, оған қатысты тарихи оқиғалар, ислам тарихында мұсылмандардың басқа дін өкілдерімен қарым-қатынасында жоғары деңгейде мәдениет пен төзімділікті сақтағаны белгілі. Біз – қазіргі заман мұсылман да ры өзіміздің тарихи ерекшелігімізді сақтау ға міндеттіміз. Қандай да бір ұғымның іске асуы, орындалуы оны дұрыс түсінуден басталады. Ғылымның барлық салаларында ұғымдар мен терминдерге анықтама беру өте маңызды бастау. Бұл міндетті біз осы жұмыста атқаруға тырыстық. Диалог терминінің көне грек сөзінен шығып қалыптасқан анықтамасына ғана емес, Құранда айтыл ған үл гілері бойынша араб тіліндегі мағы наларына кеңінен тоқталдық. Әрине, бұлай жасау диалог сөзінің басқа да қырлары мен сырларын аша түсті. Құран – Мұхаммед пайғамбар арқылы адам баласына жолданған Алланың сөзі. Жаратушының әрбір ісінде даналық бар. Бұл – ислам ғалымдарының бекітетін тұжырымдамасы. Осы тұжырымдамаға сәйкес Құранда келген диалогтың көріністерінде ғасырлар бойы таусылмас сабақтар бар. Мысалы, дағуат диалогынан ақиқат пен шындықты халыққа жеткізуді, үндеуді үйренеміз. Исламдағы татулық пен төзімді лік диалогынан басқа дін өкілдерімен қарымқатынастың ережелері қалай болу керекті гін алуға болады. Сол сияқты, Алла тағала мен періштелер арасында болған сұхбаттан әдеп пен тәрбиенің шыңын көреміз. Қазақ халқы жаманнан жирен демекші, Ібіліспен бол ған әңгіменің теріс жақтарынан сақтанамыз.

Адам баласы бір міндетті атқару үшін, оның көзін табуы керек. Басқа жолмен айтқанда, сол істің керекті механизміне, әдістері мен құралдарына қол жеткізу керек болады. Содан кейін ғана мойнына жүктелген міндетті ойдағыдай етіп атқарады. Диалог мәселесі тек аймақтық емес, халықаралық деңгейде атқарылуы керек маңызды міндет. Сондай-ақ әлем халықтарының өзара түсіністігі мен бейбіт, тату өмірінің кепілі болып табылады. Бұл міндетті ойдағыдай етіп атқару барша халықтарға жүктелген парыз деп айтуға болады. Сондықтан бұл еңбекте диалогтың шариғат мәтіндеріне негіздей отырып, құрылымын бекіту міндеті орындалды. Диалог үрдісінде сақталу керек шарттар мен ережелер тек зайырлы-ғылыми тұрғыдан емес, діни тұрғыдан да айтылып, зерттелуі тиіс. Ислами құрылымды дінаралық диалогтың басқа ұғымдардағы диалог мәселесінен ерекше болып табылады. Тарих бойында диалог үрдісінің даму кезеңдері, өзіндік ерекшеліктері және әдептік жүйесі қалыптасқан. Ислам әлемінде танымал, тарих мойындаған көрнекті Имам Табари, Құртуби, Ғазали секілді ғалымдардың бұл тақырыпта айтылған ойларын, пікірлерін және ұстанымдарын біз келесі ұрпаққа жеткізіп, насихаттай түсуіміз керек. Міне осы жайттарды біз осы еңбекте алғаш рет кешенді түрде ғылыми тұрғыдан талдауға әрекет жасадық. Еңбекте қысқаша айтылып өткен диалогтың түрлері мен типологиясына арнайы тақырыптар арнап, зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. Отандық дін және конфессияаралық диалог үрдісін ислами тұрғыдан кеңінен қарастырып, осы салада зерт теулер жүргізу керек. Халықтың сауатын ашып, ұстанымы мен көзқарасын анықтау жолында жұмыстар жасау керек. Егер ислами тұрғыдан диалог маманда ры дайындалса, олар елімізді жаулап алған бөтен ағымдарға қарсы ең тиімді тосқауыл болар еді. Себебі, «білекті бірді, білімді мың ды жеңер» деп бабаларымыз текке айтпаған.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Алтай Х. Құран Кәрімнің қазақша ма ғынасы және түсінігі – Медина: Екі Ха рам ның қызметкері Фаһд патшаның Құран Шариф басым комбинаты 1990 – 604 б. 2. уандыов Д.. Диалогымыз монологқа айналып кетпесін десек // Қазақ әдебиеті. №11 (2911), 18.03.2005; 3. Аль-Хадрами М.О. Сират Аннаби аль-мух тар – Бейрут: Дар аль-Хауи, 1997 – 512 б. 4. Имам Табари. Жамиғ аль-байан ған тауил аят аль-қуран – Бейрут: Дар аль-фикр, 24 томдық, 2000 ж. 5. Ибн Хишам. Пайғамбар өмірбаяны – Бейрут: Рисала баспасы, 1998 – 670 б. 6. Имам Табарани. Муғжам Кабир – Мусил: Мактаба аль-ғулум уа аль-хикам, 20 том дық, 1983 ж. 7. Ассукуни А. Ғуюн аль-муназарат – Тунис: Тунис университеті, 1976ж. 8. Аль-Жузжани И.Ж. Пайғамбарлық белгі лері – Бейрут: Дар аль-фикр, 1993-416 б. 9. Имам Азза,аби. Сияр Ағлам аннубала – Бейрут: Рисала баспасы, 23 томдық, 1995ж. 10. Ибн Таймия. Ақыл мен нақыл қай шылығын жою – Эр-рияд: Дар аль-кунуз аль-адабия, 10 томдық, 1972 ж. 11. Ас-Саар М.М. Өзге дін өкілдерімен диалог жүргізу – Дамаск: Дар аль-фикр, 2003 – 80 б. 12. Айталы А. Дінаралық диалог: ізгілікке күрделі бұрылыс // Егемен Қазақстан, 5-қыркүйек, 2006, 4 бет. 13. Рифаъи М.Ф. Ислам мәдениеті – Ал маты: Дәуір, 2007 – 240 б. 14. Алсабеков М.У. Межконфес сиональ ный диалог и гражданское общество // ӘльФараби, №2/14, 2006, 42-47 беттер. 15. Исламдағы диалогтың мағынасы және қазіргі замандағы шынайы өмір // http:// ar.jurispedia.org/index.php/ 16. Аль-?амиди С. Диалог өз жолынан тайып кетпеу үшін // http://www.isla meiat.com/ female/article.php?sid=17 17. Діндер диалогы... түрлі жолдаулар // http:// www.islamonline.net/servlet /Sa tel lite?c=Art icleA_C&cid=1184649258031&pagename=Zo ne-Arabic-Art Culture%2FACALayout 18. айырбек@лы А. Дінаралық келісім – бейбіт өмір кепілі // Абай, №4, 2006, 2-11 беттер. 19. Аррази М.О. Мафатих аль-ғайиб – Бейрут: Дар Ихя ат-турас аль-араби, 32 томдық, 1994ж. 20. Хумайд С.А., Исламда диалогтың не гіздері мен әдептері // www.saaid.net . 21. Ибн Касир. Тафсир Құран Ғазим – Бейрут: Дар аль-китаб аль-араби, 1993 – 541 б. 22. Ибн Хазм. Алихкам фи Усул Ахкам – Бейрут: Дар аль-кутуб аль-ғилмия, 1985 – 600 б. 23. Имам @ртуби. Жамиғ ахкам аль-қуран – Каир: Дар ашшиғаб, 20 томдық, 1990ж. 24. Ибн Са ди. Тайсир Карим Рахман фи тафсир калам аль-Маннан – Бейрут: Рисала баспасы, 2000 – 974 б.
  1. Нажиб Шариф А. Ғалымдар мен дағуатшылардың қателіктері жөнінде ақыл иелерінің ұстанымы // http://www.saaid.net/ Doat/Najeeb 26. Имам Бухари. Аль-әдеп аль-муфрад – Бейрут: Дар аль-башаир аль-исламия, 1989 – 448 б. 27. Сабит А. Өркениеттер диалогы... сая саттың едені мен мәдениеттің шаты ры//http://www. islamonline.net/servlet/Satellite?c=ArticleA _C&cid=1184649258800&pagename=ZoneArabic-ArtCulture%2FACALayout 28. Сулеймен А. Діндер диалогы зия лылардың шақыруы мен ғалымдардың үн сіздігі кезін де // http://www.islamonline.net/servlet/Sa tellite?c=Article A_C&cid=1203758972132&page name=Zone-Arabic-ArtCulture%2FACA Layout 29. Фарраж Х.Х. Диалогтың ислами көз қарасындағы мәдениеті // http://www.geocities. com/farraj17/h.htm 30. Амреев Б. Восток и Запад: вызовы гло бализаций – Астана: Елорда, 2007-310 с. 31. Хатами С.М., Диалог цивилизаций – путь к взаимопониманию – Алматы: Дайк-Пресс, 2002 – 464 б. 32. Заборцева Е. Национально-религиоз ные аспек ты диалога цивилизаций // Мысль, №5, 2007, 32-38 с. 33. Макки А.М. Дінаралық диалогтың ақиқаты мен жолдары // http://www.shareah. com/index.php?/records/view/action/view/ id/3279/ 34. Тамам Х. Діндер диалогы адами қа жеттілік пе әлде жаһандық айла ма? // http:// www.islamonline.net/iol-arabic/dowalia/ mafaheem-15.asp 35. Фаузи С. Дін турасында диалог және батыстың саяси жобасы // http://www.islamonline.net/servlet/Satellite?c=ArticleA_C&c id=1184649571105&pagename=Zone-ArabicArtCulture%2FACALayout 36. Фаи Х. Бұқаралық ақпарат құралдары өрке ниеттер диалогы дағдарысының себебі // http://www.islamonline.net/ser vlet/Satel lite?c = ArticleA_C&cid=1203758877048&pagename =Zone-Arabic-ArtCulture%2FA CALayout 37. Фа,ми Ш.Х. Өзгемен диалог жүргізу жолындағы 30 бөгет // http://www.islam online.net/servlet/Satellite?c=ArticleA_C&cid =1184649571105&pagename=Zone-ArabicArtCulture%2FACALayout 38. Аль-Хаббак Ш. Мәдениеттер диалогы орта жолдың екі жағында // http://www.islamonline.net/servlet/Satellite?c=ArticleA_C&c id=1181062545514&pagename=Zone-ArabicArtCulture%2FACALayout 39. Ассулами А.С. Дінаралық диалог – Бей рут: Рисала баспасы, 2000 – 35 б. 40. Ибн Манзур. Лисан аль-араб – Бейрут: Дар Садир, 15 томдық. 41. Ра иб Аль-Асфахани. Құранның қиын сөз дері – Триполи: Дар аль-ғулум, 1994 – 554 б. 42. Имам Аль-Махалли және Ас-Суюти, Тафсир аль-жалалайн – Каир: Дар аль-хадис, 1996 – 827 б.
  1. Ан-Насаи А.Ш. Сунан Ан-насаи – Бейрут: Дар аль-кутуб аль-ғилмия,6 том дық, 1991ж. 44. Ибн Мажа. Сунан Ибн Мажа – Бейрут: Дар аль-фикр, 2 томдық, 1990ж. 45. Ажк Б.Д. Ислам мен христиан диало гы – Бейрут: Дар Құтайба, 1997 – 214б. 46. Аль-Журжани. Тағрифат – Бейрут: Дар алькитаб аль-араби, 1985 – 334 б. 47. Аль-Жуайни А. Аль-Кафия фи аль-жадал – Каир: Дар аль-хадис, 1998 – 345б. 48. Тирмизи М.И. Аль-Жамиғ ас-Сахих Сунан атТирмизи – Бейрут: Ихя ат-Турас аль-Араби, 5 томдық, 1995ж. 49. Аль-Зубайди М.М. Таж аль-арус мин жауа һир аль-қамус – Бейрут: Дар ат-турас аль-араби, 40 томдық, 2001ж. 50. Аль-Шинити М.М. Зерттеу жұмыс тары мен пікірталастың этикасы – Бейрут: Рисала баспасы, 2000 – 170 б. 51. Аш-Шарауи А.М. Анғам сүресінің аясындағы құрани диалог – Шаржа: Шар жа университеті, 2008 – 52 б. 52. Аль-?азали М.М. Ихя ғулум ад-дин – Бейрут: Дар аль-мағрифа, 4 томдық, 1999 ж. 53. Абу Дауд Аль-Сажстани. Сунан Абу Дауд – Бейрут: Дар аль-китаб аль-араби, 4 томдық, 1997ж. 54. Ибн Таймия. Фатуалар жинағы – Дар альУафа, 37 томдық, 2005ж. 55. Ибн Аль-аиим. Зад аль-мағад – Бейрут: Рисала баспасы, 5 томдық, 1994ж. 56. Аш-Шайбани А.Х. Муснад Ахмад – Бей рут: Рисала баспасы, 20 томдық, 1994ж. 57. Аль-ушайри М.Х. Сахих Муслим – Бейрут, Дар аль-жил, 4 томдық, 1997ж. 58. Ибн Хажар аль-?асалани. Фатх аль-бари сахих аль-Бухари – Бейрут: Дар аль-мағрифа, 13 томдық, 1950ж. 59. Мубаракфури М.А. Тухфатул ахуази – Бейрут: Дар аль-кутуб аль-ғилмия, 10 томдық, 1995ж. 60. Ибн Аль-Қаиим. Аль-Хашия ала су нан Абу Дауд – Бейрут: Дар аль-кутуб аль-ғилмия, 14 томдық, 1985ж. 61. Ат-Тахауи А.М. Мушкал аль-асар – Бейрут: Рисала баспасы, 1996 – 412 б. 62. Аль-Бухари М.И. Жамиғ ас-Сахих альМұхтасар – Бейрут: Ибн Касир, 6 томдық, 1987 ж. 3-баспа, өңдеген Мұстафа Диб аль-Буға. 63. Халил Ю.А. Құран Кәрімдегі диалог жасау жолы // http://www.alriyadh. com/2008/03/11/article324815.html 64. Аль-?ауда С.Ф. Пікірталасты басқару // www. islamtoday.net 65. Аль-?ауда С.Ф. Диалог этикасы – Бей рут: Рисала баспасы, 2004 – 78 б. 66. Абу Ахмад. Диалог....Идеялар мен тәсілдер // http://www.fajr.com 67. Абдулла А. Діндер диалогы. табиғи сауалдар мен қиын жауаптар // http://www. islamonline.net/servlet/Satellite?c=ArticleA _C&cid=1184649259244&pagename=ZoneArabic-ArtCulture%2FACALayout
  1. Ибн Таймия. Мантиқиларға жауап – Бейрут: Дар аль-мағрифа, 1996–545б. 69. Аш-Шаукани М.А. Фатх аль-қадир – Бейрут: Рисала баспасы, 5 томдық, 1996Ж. 70. Аль-Jинди Н. Һинд фатуалары – Бей рут: Дар аль-мағрифа, 1996ж. 71. Шафи Х. Ислам және өзгелер...диалог шешуші фактор – Бейрут: Дар аль-кутуб альғылмия, 1997 – 60 б. 72. Ибн Таймия. Истиқама – Медина: Мұ хаммед бин Сауд университеті, 2 томдық, 1984ж. 73. Ас-Суюти А.К. Ад-дурр аль-мансур – Бейрут: Дар аль-фикр, 8 томдық, 1993ж. 74. Аль-Асбахани А. Пайғамбарлық бел гілері – Каир, Дар аль-хадис, 1987 – 236 б. 75. Ибн Аль-аиим. Зимма тұрғындарының үкімдері – Бейрут: Дар Рамади баспасы, 3 томдық, 1997 – 1457 б. 76. Ибн Таймия. Дұрыс жауап – Эр-Рияд: Дар аль-асима, 6 томдық, 1994ж. 77. Имам Аннауауи. Шарх Аннауауи Сахих Муслим – Бейрут: Дар Ихя ат-турас аль-араби, 18 томдық, 1972ж. 78. Аль-Бай,аи А.Х. Пайғамбарлық бел гілері – Бейрут: Дар аль-фикр, 1998ж. 79. Ибн Таймия, Дақаиқ тафсир – Дамаск: Ғулум аль-құран баспасы, 6 томдық, 1985 ж. 80. Ибн Аль-аиим. Мадариж ассаликин – Бейрут: Дар аль-китаб аль-араби, 3 томдық, 1973 ж. 81. Ибн Исха. Пайғамбардың өмірбаяны – Бейрут: Дар аль-мағрифа, 1996 – 298 б. 82. Аль-ази А.А. Діндердің арасын жа қын датуға шақыру – Дар Ибн Аль-Жаузи, 2002 ж. 83. Туркстани А.С. Діндер диалогының заңдылығы – Бейрут: Дар Ихя ат-турас аль-араби, 2001 – 167 б. 84. Абу Таииб М.А. Аун аль-мағбуд – Бей рут: Дар аль-кутуб аль-ғылмия, 14 том дық, 1995 ж. 85. Ас-Суюти А.К. Лубаб ан-нуқул – Бейрут: Дар ихя аль-ғулум, 1999 – 238б.

МАЗМҰНЫ Кіріспе ........................................................ 3 Дінаралық диалогтың ислам тарихындағы

орны ........................................................ 10 Дінаралық диалогтың замануи жағдайы .......... 23 Адамдар арасындағы көзқарастар мен пікір айырмашылығының заңдылығы ................. 31 Заманауи дінаралық диалог платформасының қалыптасу факторлары .............................. 45 Диалогтың мән-мағынасы, мақсат-міндеттері мен талдау әдістері .......................................... 70 Диалог сөзінің анықтамасы ........................ 74 Диалогтың өзге де формалары ..................... 77 Мақсаттары мен міндеттері ......................... 81 Құран және диалог ........................................ 84 Ислам дініндегі диалогтың түрлері .................. 89 Дағуат диалогы ......................................... 89 Төзімділік пен татулық диалогы .................. 102 Алла тағала мен періштелер арасындағы сұхбат ..................................................... 111 Алла тағаланың Ібіліспен сұхбаты ............... 113 Алла тағаланың мүшріктермен сұхбаты .................................................... 117 Диалог жүргізудің негізгі принциптері ............ 119 1 – Ғылыми тәсілдерді қолдану ................... 119 2 – Диалог жүргізуші сөздерінің біріне-бірі сәйкес болуы ......................................... 120 3 – Дәйек даулы мәселенің өзі болмауы

тиіс ...................................................... 121 4 – Екі тараптың ортақ принциптер аясында келісуі .................................................. 121 5 – Абстрактылықты, диалогтың этикасын сақтау және фанатизмнен сақ болу ........... 123 6 – Диалог жасаушы адамның білімі мен мүмкіндігі жетерлік, пікірталасуға лайықты адам болуы ............................................ 124 7 – Қорытындының дұрыс немесе қате болуы салыстырмалы жағдай ............................ 125 Диалогтың этикалық және ғылыми

талаптары ................................................ 128 1) Көркем сөздерді қолдану және бәсекелестікке шақырып, бұлданудан сақ болу ................ 128 2) Сөйлегенде дауысты көтермей, байыппен орташа деңгейде сөйлеуі ......................... 130 3) Диалог жүргізуішінің үшінші жақтан сөйлеуі ................................................. 131 4) Сөйлегенде өзіне бөлінген уақытпен ғана шектелу тәртібін сақтау .......................... 135 5) Жақсы тыңдай білу және тыңдау әдебін сақтау .................................................. 136 6) Қарсы тарапты бағалау және

құрметтеу ............................................. 138 7) Диалог, сұхбат немесе пікірталастың белгілі және тыңдарманы шектеулі орында болуы ................................................... 139 8) Диалог барысында қарсы тараптан орын алатын кемшіліктер мен қателіктерді кешіре білу ...................................................... 140 9) Диалог жүргізетін адамның тақырып турасындағы мағлұматының жеткілікті

болуы ................................................... 146 10) Диалог жүргізушіге өз ұстанымын толық баяндауына мүмкіндік беру .................... 148 11) Диалогтағы мұсылман емес тараптарды өздеріне лайықты лақаппен шақыру және лайықты сөзбен сәлем беру ..................... 153 12) Диалогтағы қарсы тараптан өзін төмен ұстап,

ШОХАЕВ ЕРКІНБЕК КЕРІМБЕКҰЛЫ

ИСЛАМДАҒЫ ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ ОРНЫ

(аза тілінде) Редакторы ттыбек Байділдалы Дизайнері Наым Нрмханбетов Техникалық редакторы Глмаржан Сәбитова Компьютерде беттеген Әйгерім Молдахметова оның ұстанымына жақын дәйектерге сүйену ................................................. 156 Диалогта құпталмайтын мәселелер ................. 167 Басқа діни ұйымдар және дінаралық диалог ...................................................... 182 Қорытынды сөз ............................................. 190

Басуға 02.09.14 ж. қол қойылды. Пiшiмi 60х901/16. Офсеттiк басылым. Әрiп түрi “MM Mekteptik”. Офсеттiк қағаз. Шартты баспа табағы 13,0. Есептік баспа табағы 5,6. Таралымы 2000 дана. «Баспалар үйі» АҚ. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙