Мазмұнға өту
Home

Лев Шестов. Тиянақсыздық апофеозы

Лев Шестов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Лев Шестов. Тиянақсыздық апофеозы

Лев Шестов — «Лев Шестов. Тиянақсыздық апофеозы». /uploads/5f1cf8c8-22f6-5d96-a0a6-58e37cdeda83/cover.png

/uploads/5f1cf8c8-22f6-5d96-a0a6-58e37cdeda83/cover.png

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

ТИЯНАҚСЫЗДЫҚ АПОФЕОЗЫ

Л. ШЕСТОВ

(Аударған Ж. Мүтәліпов)

Догматтық ойлардың тәжірибесі

Бірінші бөлім

Алыс көшелерді қалалық орталықтардың тұрғындары үйренген қолайлы жағдайлармен салыстыруға мүлде болмайды. Электр және газ жарығы түгіл, керосинмен жанатын шамдар атымен жоқ, сондықтан жолаушы жобамен бағдарлап, жүретін жолын қою қараңғылықта табуына тура келеді. Ал егер от жағу қажет бола қалса, онда найзағайдың жарқылын күтуге немесе сонау ежелгі замандағы ата-бабаларымыз қолданған от алудың қауымдық құрылыс тәсілін қолдануға тура келеді. Бір сәт жарық пайда болған кезде қараңғылықтан таныс емес жерлердің сұлбасы көрінгендей болады. Осы бір қас қағым сәттегі байқағаныңнан алған әсеріңнің дұрыстығы мен бұрыстығына қарамастан, оларды ойында сақтап қалуың керек. Өйткені, екінші рет жарықты көре алмайсың, тіпті қабырғаға басынды соғасың да, көзіңнен ұшқын шашырайтын болады. Дәл осындай жарықта нені көруге болады? Білуге құмар болушылық (біздің бойымызда да дәл осындай бір нәрсені білуге деген құмарлық жетерлік деп ойлайық) бойларын билеп өмірдің дәл осындай сырт жақтарына сапар шеккен адамдардың пайымдауларынан нақтылық пен көрегендікті талап етуге болар ма екен? Және олардың іс-әрекеттерін орталықтағы адамдардың тірліктерімен қалай салыстыруға болады?

Табиғат құбылыстарының заңдылықтары соншалықты ұғымды, өзінен-өзі түсінікті болып есептелгендіктен, оның тамырларын нақты өмірдің шындығынан емес, біздің ақыл-ойымыздың сипатынан іздестіруге тура келеді. Шын мәнісіне келгенде табиғат құбылыстарының заңдылықтары біздің осы өмірде көріп-түйгендеріміздің ең құпияға толы жағы болып есептелінеді. Тәртіп қайдан келеді? Ал бейберекетсіздік пен хаос емес, неге тәртіп қажет? Егер заңдылықтардың гипотезасы (болжамдары) соншалықты тәжірибелі пайда әкелмеген жағдайда, адамдар оны мәңгілік және талассыз ақиқат қатарына жеткізуге құштарлық танытпаған да болар еді. Алайда, осының арқасында ақиқат көрегендік қасиетке де, сонымен қатар табиғатқа үстемдік жүргізуге де мүмкіндік алды. Қол жеткен табыстар алдында қашан да болмасын бас иетін философтар қауымы болса, ең бірінші кезекте оған жоғары атақ, − мәңгілік ақиқат атағын берді. Алайда бұл да оған аз болып көрінді (тәбетің ас ішіп отырғанда оянады). Алтын балық жайындағы ертегідегі кемпір сияқты себептілік балықтың оның алдында тыпырлап жатқандығын қалады.

Отырықшы адам былай дейді: "Ертеңгі күніңе сенбесең қалай өмір сүруге болады, баспанасыз қалай түнеп шығуға болады!" Басқа түскен жағдай оны өз үйінен мәңгілікке аластатты, сөйтіп ол орманда түнеп жүр. Ол орманда үйықтай да алмайтын болды, өйткені ол жабайы аңдардан да, өзінің туған ағасынан да, қайыршылардан да қатты қорқады. Бірақ ақыр аяғында ол басына түскен жағдайға көндігіп кетеді де, қайыршылық өмірді басынан кешіреді, тіпті түнде алаңсыз ұйықтайтын да болар.

Жазушы, әсіресе, тәжірибесіз және жас жазушы өз оқырмандарының өмірде туындаған кез келген сұрақтарына дұрыс жауап беруді өзінің басты міндеті деп санайды. Әдетте жауапкершілік оның көзін жабуға және ең азапты күмәнданушылықты жоққа шығаруға мүмкіншілік бермегендіктен ол шарасыздан "алғашқы және соңғы нәрселер" жайында жаза бастайды. Бұл тақырыптар жайында ойдан шығарлық ештеңе айта алмасаң, дәл осы арада философиялық айтыс-таласқа қатысу олардың ісі деп айтуға болар ма екен, ал ол болса өз сабасынан шығып, даусы қарлыққанша айқайға басады. Құмары қанғанша айқайлаған ол шаршап, үні де шықпай қалады және аяқ астында өзінің осындай пайғамбар бола қалғандығына таң-тамаша болады. Мұндай жағдайда дарынсыз адамның жан-дүниесінде өмірінің ақырына дейін өзінің адамдарға деген ықпалын сақтап қалуға деген құмарлық сезімі пайда болады. Ал әлдеқайда зейінді және талантты адамдар құр айқайшыларды пайғамбарлардан айыра білмейтін тобырды ғана емес, сонымен бірге бұл өмірде тым болмаса бір рет ақымақшылық жасап көрмеген өздерін де жек көре бастайды.

Платонның Сократтың өлер алдындағы айтқан сөздері жайындағы әңгімелерін оқып шығу қандай қиын десеңізші! Оның күндері де, сағаттары да таусылған, ал ол болса сөйлей береді, сөйлей береді... Критон оған келеді де, қасиетті кемелердің бүгін не ертең Афиныдан қайтып оралатындығын хабарлайды: дәл осы сәттің өзінде де Сократ сөйлесуге де, дәлелдеуге дайын екендігін білдіреді... Мүмкін, Платонға соншалықты сене беруге де болмайтын болар. Сократ Платоннан жазып алынған аналогтарға байланысты: "осы бір жас жігіт маған қаншама өтірік айтты десеңізші" деп айтты деген қауесет те бар. Алайда барлық деректер Сократ ай бойы өзінің шәкірттерімен, жақын достарымен толассыз әңгімелер жүргізгендігін дәлелдеп береді. Ендеше, көпшіліктің сүйіктісі болып, тамаша шәкірттерге ие болу деген осы емес пе! Тіпті тып-тыныш о дүниеге көшуге де мүмкіндік бермейді... Жан тапсырар сәтте адамның қасында ешкім болмай, жат жерде көз жұмса немесе даладағы байлаулы ит сияқты ауруханада қайтыс болса − мұндай өлім барып тұрған жаман өлім болтын болар. Қалай болғанда да өміріңнің ең соңғы сәттерінде өтірік пен ақыл айтпай, үн-түнсіз қалуға тура келеді, сөйтіп сен ең қорқынышты нәрсеге дайындаласың, ал мүмкін ұлы уақиғаның алдында тұрған шығарсың. Қарындасының айтуынша, Паскаль да өлер алдында коп сөйлеген көрінеді, ал Мюссе болса жас баладай ағыл-тегіл жылапты. Мүмкін, осы себепті де Сократ пен Паскаль жылап-сықтаудан қатты қорыққандықтан да, соншама көп сөйлеген болар. Жалған ұялшақтық!

Кез келген бір немесе тұтастай ойлар жүйесінің жарамсыздығы мен пайдасыздығы оларды жоққа шығаруға нақты негіз бола алмайды. Егер басыңа бір ой келетін болса, оны жүзеге асыруға тырыс. Өйткені ол өз күшімен-ақ сыртқа шыға алады немесе крыловтық шыбын тәрізді жасырын жорғалап жоқ болады; адамның ойы ар-ұят пен моралдың заңдылықтарымен санаспайды. Оған мысалға, әдебиет саласындағы реализмді алуға болады. Реализмнің туындауына байланысты жақтырмаушылық көңіл-күйдің орын алғандығы көпшілікке мәлім болар. Өмірдің былық-шылықтарын біле берудің бізге қажеттігі бола қояр ма екен? Шындығында да, оның керегі де жоқ сияқты; реализм өзін тап-таза қылып ақтап алуға дәрменсіз болды. Алайда ол өзіне жол таба білуі тиіс болды, сонда ол ойланбастан жалғандыққа барды; өзін патологиямен салыстырды, өзін пайдалы етіп таныта білді, нәтижесінде әдебиет саласындағы үстемдікке қолын жеткізді. Ал қазір реализмнің пайдасыз ғана, сонымен қатар зиянды, тіпті өте зиянды екендігі мен оның патологияға ешбір қатынасы да жоқ екендігіне кез жеткізіп отырмыз, бірақ реализмді орныққан орнынан алып тастау оңайлыққа соға қоймас.

Өткен өтті, енді заңды негізді игеру қалды.

Граф Толстой еңбекқорлықты насихаттай қоймайды, бұл арада бәрі керісінше болып келеді. Алайда, бұл арада қажеттілік туындамаса да, ол тырысушылық сыңай танытатын сияқты болып көрінеді. Біз жеткілікті дәрежеде "ештеңе істемейміз". Граф Толстой армандаған ырду-дырду өмірге еркіндік пен саналылылық тән, ал кез келген еңбекті қаламайтын мұндай ырду-дырду біздің заманымызға тон құбылыс болып табылады. Әрине, мен бүл арада граф Толстой назар аударған жоғарғы, қоғамның бай таптары жайында, рухтың ақсүйектілігі жайында айтып отырмын. Біз "кітап жазамыз, суреттер саламыз, симфониялар шығарамыз", ал бұл еңбек емес пе? Бұл еңбектің көрінісі ғана болар. Олай болса, граф Толстой бізден кем дегенде күніне 8 сағат соқамен жұмыс істеуді талап етуінің өзіндік мән-мағынасы бар. Мерекелі өмір бізді бұзады. Біз ата-бабаларымыздың қауымдық жағдайына, Адам мен Еваның жағдайына оралып отырғандаймыз. Әрине, сонымен қатар істеген әрекеттерімізге байланысты жазаланатын да боламыз. Құдайылық заңдар өзгермейді: жұмақта құмарлықтан басқаның бәріне де рұхсат етіледі, тіпті еңбек ету міндетті болмаса да онымен де айналысуға әбден болады. Граф Толстой бұл жағдайды түсіне білді: ол еңбекқорлыққа ден қойып, еңбек ете бастады. Граф Толстойдың диханшылықпен айналысқандығы сияқты, бұл еңбек дұрыс, әрі тиянақты ұйымдастырылған күнде оның өнімділігінің қандай болатындығына қарамастан еңбек рухани өмірдің басты кепілі болып қала береді. Оған әрбір күнді бата берумен бастап қана қоймай, сонымен аяқтайтын немістер нақты мысал бола алады. Жұмыс істемейтін және жұмыс істеген күннің өзінде де одан кейін дем алып, ұзақ уақыт ұйықтаудың да қажеттігі болмайтын жұмақтың өмірі адамдарды қызықтыратын да болар. Бұлайша өмір сүру, меніңше, өте қауіпті. Шат-шадымен өмірді соншалықты жақсы көретін адамдар жұмақтың өмірдің қадыр-қасиетін сезіне алар ма екен? Еңбек жоқ жерде әділеттілік те, қанағаттанушылықта, тыныштықта бола қоймас. Онда тіпті білімпаз адамның өзі де өз болашағын болжай алмай дал бола да, ал біздің ғылымымызды кейбіреулер күлкіге айналдырмас па екен? Олай дейтініміз, оған сауыққой кейбіреулер таң қалысуда. Алайда, көпшілігі, негізінен немістер "оларсыз қазіргі заманғы ғылымының дамуы мүмкін емес" деген қағидаға сүйене отырып, априорлық пікірлерді әлі күнге дейін қорғап келеді.

Бүгінгі тандағы идеялардың ықпалынан суырылып шығу үшін, тарихпен танысып шығу ұсынады: бөгде халықтардың, түрлі кезеңдер мен түрлі елдердегі халықтардың өмірлері − біз мәңгілік деп санап келген идеялардың, біздің жіберген қателеріміздің бар болғаны мән-мағынасы екендігін ұғынуға көмектеседі. Тағы бір қадам: біз бүкіл адамзат баласының тіршілігі жер бетінде өтіп жатпағандай болып сезінуінде және жер бетіндегі мәңгілік идеялардың көп жағдайларда өзінің мәнділігін жоғалтып алуында.

Біз өз тіршілігімізге байланысты туындайтын соңғы сұрақтар жайында ештеңе де біле алмаймыз және ештеңе білмейміз де. Алайда, бұдан әрбір адам бүгінгі таңда қалыптасқан кез келген догматтық ілімдерді немесе скептикалық түрге енген позитивизмді өмірдің бейнесі, өмір сүрудің тәсілі деп қабылдай бермеуі керек. Бұдан шығатын қорытынды: әрбір адам аяқ киімі мен қолғабын ауыстырғандығы сияқты өзінің "дүниетанымын" да қажет болғанда жиі ауыстырып отыруға еркі бар. Олай болса, сенімнің тұрақтылығын басқа адамдармен болатын қарым-қатынастар барысында қалыптастырған жөн, өйткені олар қандай жағдайларда және қандай дәрежеде біздің көмегімізге сүйенуге болатындықтарын анық білулері қажет. Сондықтан да, сырттағы тәртіпті сыйлаушылық пен барып тұрған ішкі хаос (бей-берекетсіздік) "принцип ретінде" қабылдануы керек. Ал, дәл осындай екі-жақтылыққа төзе алмаған адамдар оз бойларында да тәртіптің белгілі бір түрлерін орнықтыра алады. Бірақ, мұндай қадамды мақтаныш қыла беруге болмайды, өйткені дәл осы жерде адамның шектелгендігі мен дәрменсіздігінің байқалып қалатындығын ұмытпауға тиіспіз.

Пифагорлықтар сол кездің өзінде де күн қозғалмайды, ал жер қозғалады деп пайымдаған. Дәл осы жаңалық өзінің ақиқат екендігін қаншама уақыт күтті десеңізші!...

Адам өз бойынан белгілі бір кемшілікті байқап қалып, одан арылу үшін қаншама тәсілдерді қолданғанымен де, одан еш нәтиже шығара алмаса, онда оған бұл кемшілікті жақсы қасиет деп жария етуден басқа ештеңе де қалмайды. Бұл кемшілік бірден көзге түсіп, жұрттың назарын аударған сайын оны мадақтау қажеттілігі де күшейе түседі. Күлкілі нәрседен ұлы нәрсеге бар болғаны бір-ақ қадам болатындығы сияқты, кейбір мықты адамдардың бойындағы бұл кемістік жақсылық қасиетке телінетіндей дәрежеге жетеді.

Шын мәнісіне келгенде, метафизиканың позитивизмнен айтарлықтай айырмашылықтары да болмайды. Осы екеуіндегі де көкжиектің бір-бірінен айырмашылығы − бар болғаны олардың түстерінің айырмашылығында ғана болып келеді. Позитивизм сұрғылт түссіз бояу мен қарапайым суретті жақсы көрсе, ал метафизика ашық, жарқыраған боялулар мен күрделі ою-өрнектерді жоғары бағалай отырып, өзінің майлы бояумен салынған суретінің (полотносының) шексіздік әлемімен үндестік жағдайында болуын қалайды. Қалай болғанда да, олардың алдағы көркемдік болашақтарының қызығарлық жақтары да бар, олай болса метафизиканың позитивистермен өзара таласқа түсулерінің өзіндік себептерінің бар екендігі ақиқат.

Жазушының мақсаты: әрқашан да шығармашылық майданының алдыңғы шебінде болу және мүмкіндігінше өз оқырмандарымен жаңа алған әсерлерімен бөлісе білу. Сондықтан да, қалыптасқан пікірге қарама-қарсы бір нәрсені дәлелдеп жатудың қажеттігі де бола қоймас. Алайда, осы бір жолда оған мораль, логика, ғылым және т.б. түріндегі сан-алуан кедергілер кездесетіндіктен, ол қай уақытта болмасын өз дәлелдерін шындық тұрғысынан келтіре алатындай деңгейде болуы керек.

Пушкиннің "ішкі жан-дүниесінің үндестігі" жайында не айтуға болады? — Пушкин үшін үмітсіздік тудыратын жаман ештеңе болмағанға ұқсайды. Тіпті, ол үшін бәрі де жарамды деп те топшылауға болатын сияқты. Күнәға бату да жақсы және өзінің теріс қылықтарына өкіну де жақсы. Күмәнданушылық та жақсы, ал сенімділік одан да жақсы. Ал мұздың үстімен зымырау, сығандармен бірге қыдыру, ғибадатханада құлшылық жасау, досыңмен араздасу, жауыңмен татуласу, өмірдің үйлесімді жақтарынан нәр алу, өткеніңді есіңе алу, болашаққа ой жүгірту − бұлардың барлығы да өмірдің көңілді сәттерінің қатарына жатады. Пушкин өзінің көңіл қошына байланысты жылай да алатын еді, ал көзіне жас ала алатын адамның қолынан іс те келеді және ол сенім сияқты қасиеттерге де бай болып келеді. Ол "Мен ойланып-толғану мен қиналу үшін өмір сүремін" деген өзіндік өмірлік қағидасына сүйенеді, ал оның өлендерін түрлендіре түскен "қаналу" деген сөз, менің ойымша, кездейсоқ пайда болғанға ұқсайды, өйткені "өлу" деген сөзге лайықты дәл осындай ұйқас табылмаған да сияқты. "Ойлау мен қиналу" сөздерінің мән-мағынасын түсіндіруге бағытталған өлеңнің келесі жолдары Пушкиннің "қауіп-қатер мен үшін емес, басқалар үшін қауіпті" деген қағидасының нақты дәлелдемесі болып табылады. Оның өзара үйлесімділік тапқан көңіл-күйінің құпиясы да дәл осында болар деп ойлаймыз.

Дүниетаным дегеніміз не? Баршамызға мәлім, Тургенев реалист болды және өзінің алғашқы шығармаларынан бастап-ақ өмір шындығын нақты көрсетуге тырысты. Бізде реализмнің ең көрнекті теоретиктері болмағандығына қарамастан, Пушкиннен кейін орыс жазушысына өмір шындығынан соншалықты алшақтап кетуге болмайтын да еді. Тіпті "ақиқаттан" не тудыру керек екендігін білмейтіндердің өздеріне де сол ақиқат жайында, айта беруге-айта беруге тура келді. Қыл қаламның ұшынан шыққан суреттемелердің адамдарға тигізетін әсері соншалықты ауыр болмау үшін, жазушы дәл осы уақытқа дейін әдебиет саласында сиқырлы таяқтың рөлін атқарып келе жатқан дүниетанымды алдын-ала қолдануына тура келді; оның көмегімен барлығы да кез келген, яғни барлық мәселелерге де назар аудара алады.

Осы тұрғыдан алып қарастырғанда Тургенев шығармаларының көпшілігі үлкен қызығушылық тудырады. Әсіресе, оның "Дневник лишнего человека" атты шығармасы өте тартымды туынды болып саналады. Тургенев "артық адам" деген ұғымды орыс әдебиеті саласына тұңғыш рет енгізген жазушы. Одан кейін дәл осындай адамдар жайында айтыла бастады, тіпті соншалықты коп айтылды десек те болар. "Артық адамдар" қоғамда, шындығында да бар, ал олармен не істеу керек екендігі белгісіз болып қалып отыр. Мұндай тығырықтан шығудың жолы біреу ғана: оларға байланысты дүниетанымды ойлап табу қажет. 1850 жылы Тургенев, өзінің жастығына қарамастан, алдына қойған мақсатты дәл осындай деңгейде шеше білді. Тургенев әрбір трагедияда баяндалған дүниетанымның мағынасына ерекше мән бере отырып, өзінің өмірден түйгендерін жан-жақты беруге тырысады жөне осы бір ізгілікті міндетті ойдағыдай жүзеге асыруда бүкіл еуропалық философияға, дәлірек айтқанда еуропалық өркениетке арқа сүйейді. Сондықтан да болар, Тургенев орыс жазушыларының ішіндегі ең білімді де, ең мәдениетті де адам болды. Ол өмірінің басым көпшілігін шет елдерде өткізді және батыс ағартушылығының ешбір тамаша кұндылықтарын өз бойына сіңіре білді. Тургенев тек қана білім, дәлірек айтқанда еуропалық білім адамдардың өмірге деген көзқарастарының өрісін одан әрі кеңейтіп, көкірегін оятатындығына және көп жағдайларды халықтың тереңірек ұғынуларына жол ашып беретіндігіне кәміл сенді. Граф Толстойдың шығармашылығына байланысты айтылған көзқарасында ол осындай өлшемге арқа сүйейді. Сол кезде 60 жасты алқымдап қалған Тургенев өзінің әдеби естеліктерінде былай деп жазады: "Нақты бостандықтың жоқтығының ең жанға батар мысалы − ақиқатқа негізделген білімнің жоқтығынан туындайтын "шынайы бостандықтың" болмағандығы. Оның айқын дәлелі, граф JI.H Толстойдың "Соғыс пен бейбітшілік" атты шығармасының дәл осы олқылықты толтыра білуінде. Сонымен қатар бүл шығарма өзінің шығармашылық күш-қуаты мен өзінің поэтикалық дарындылығы жағынан алып қарастырғанда біздің әдебиетімізде 1840 жылдардан бері жарық көрген шығармалардың ішіндегі ең шоқтығы биік, көш басындағы баға жетпес туынды болып табылады. Кең мағынада алғанда білімсіз, еркіндіксіз және өзіңе деген, өзіңнің идеяларыңа деген, тіпті өз халқың мен тарихыңа деген сүйіспеншіліксіз шығармашылықтың биік деңгейіне шығып, нағыз суреткер дәрежесіне көтеріле де алмайсың, дәл осындай кеңістік аясындағы ауасыз дем де ала алмайсыз. Тургеневті оқып отырғанда, шындығында да, оның Батыстың ұлы құпиясын өз бойына сіңіріп алғандығын сезінгендей боласың. Өйткені, бағзы біреулер өмірден күдер үзіп, рухтары түсіп, шаршап-қажып жататын жағдайларда ол өзін соншалықты байсалды да, сергек ұстауына құқық берілген адамдай сезінеді. Толстой және білім жайындағы жоғарыда мен келтірген жолдар алынған әдеби естеліктер жазылғаннан кейін, бір жыл өткеннен соң Тургеневке сол кезде атағы шыққан қанішер Тропманды жазаға тарту процесіне тікелей қатысуға тура келеді. Ол дәл осы процестен алған әсерлерін "Казнь Тропмана" атты статьясында сондай тамаша баяндап береді. Статья көпшілікке үлкен әсер етті, мүмкін асыра да бағалап отырған шығармын, бірақ менің ойымша, дәл осы еңбек оның ең құнды шығармаларының бірі болып табылады. Сонымен қатар бұл оның шығармаларының ең мықты жақтарының бірі десем, артық айтпаған болар едім. Әрине, Толстой қанды қырғын көріністерін суреттеуге оншама қинала да қоймаған сияқты. Олай болса, осы жағдайды ескере отырып, жазушының ырқына тым беріліп кептегендігі де дұрыс болар. Қалай болғанда да, Тургенев "Шешуші сәтте жендеттер бейне бір шыбынға шабуыл жасаған өрмекшілер тәрізді Тропманға лап қойып, оны жерге құлатады және осы бір сәтті "жер біртіндеп оның аяғының астынан жоқ болды" деп суреттегенде, оған сенбеске шараң да қалмайды. Адамдар әдетте әз төңірегінде болып жатқан қулық-сұмдықтарға онша мән де бере қоймайды, алайда біздің жағдайымыздың соншалықты келісе бермейтіндігі, келіспейтіндігі күтпеген жерден біздің назарымызды өз тұлғамызға аударуға мәжбүр етеді. Міне, дәл осы кезде, уақытша болса да біздің аяғымыздың астындағы тиянақтың кете бастағандығын сезінгендей күй кешеміз. Тиянақтың жоқтығын сезінуден туындаған үрей адамдардың есін бірден жиғызады. Тропманды жазалауға байланысты суреттемесін ол мынандай сөздермен аяқтайды: "Өлім жазасы туралы мәселенің бүгінгі тандағы ең түбегейлі мәселе екендігін кім білмейді, сондықтан да болар, бұл мәселені нақты шешу бүкіл адамзат баласының үлесіне тиіп отыр. Егер менің бұл әңгімем өлім жазасын тоқтатуға аз да болса септігін тигізіп, ондағы айтылған кейбір дәлелдерім, тым болмағанда, өлім жазасының халық алдында орындалуына тосқауыл қоюды жүзеге асыруға көмектесе алатындай болса, мен өзімнің ризашылығымды білдірген болар едім".... Дәл осы арада Тургенев бүкіл еуропалық өркениет атынан сөйлеп отырғандай әсер аламыз. Тургеневтің жұмсақ мінезді, адамгершілігі мол адам және нағыз идеалист болғандығы белгілі, тіпті ол жас шағында Гегелдің мектебін де өткен көрінеді. Білімнің соншалықты маңыздылығын ол Гегелден білген және өзі де білімнің тигізер орасан зор пайдасын терең түсіне білген және білімді адамның өзіне тән толыққанды, нақты "дүниетанымы" болуы керек деп есептеген.

Өз-өзінді мақтап-мадақтауды ерсі деп санаймыз да, ал керісінше өзіңнің партияңды, өзіңнің философияңды, өзіңнің көзқарастарыңды мақтан етушілікті ең жоғарғы парыз дәрежесіне дейін көтеруге барамыз. Тіпті, ең көрнекті жазушылар да өз көзқарастарын негіздегеннен гөрі, өздерінің дүниетанымын асқақтатып көрсетуге бейімділік танытып отырды, бір таң қаларлығы, олар екіншісіне қарағанда, біріншісін жүзеге асыруға айрықша көңіл бөлді. Олардың идеяларының дәлелденіп, дәлелденбеуі де өмірден туындайтын басты қажеттілік болып саналады: ол идеялар қайғы-қасірет кездерінде жұбаныш болатын болса, ал қиын сәттерде ақылды ақылшының рөлін атқара алады. Олармен қаруланып о дүниеге аттанудың өзі де тым қорқынышты емес, өйткені олар адам бойынан ажырамас рухани байлық ретінде көрге адамның өзімен бірге түседі. Философтар өздерінің идеялары жайында адвокаттардың өздерінің клиенттері, ұрылар мен алаяқтар туралы айтқандарынан әлдеқайда айқын шешендікпен айта біледі. Алайда, философтар туралы ешкім де "жалдап алынған ар-ұят" деп ешкім де айта алмаған. Неліктен?

Кейбір жабайылар олардың патшалары тамақты қажет етпейді және олар ешуақытта да ішіп-жемейді дегенге риясыз сенеді. Шындығына келгенде, олар да ішіп-жегенді жақсы көреді, тіпті қарапайым адамдармен салыстырғанда бұл жағынан асып та түседі және осы себептен болар, олар өздерінің қарындарының қамы үшін көп жағдайларда ұзаққа созылған діни рәсімдерді бұзуға дейін барады, Бірақ, олардың мұндай қылықтарын ешкім де байқамау керек, олар жайында ешкім ештеңе білмеу керек, міне сондықтан да қарны ашып тамақ ішуге ықылас білдірген патшаны жұрт көзінен тасалап, қара қошқыл жамылғымен жауып қоятын әдет болған. Метафизиктер жабайы патшалар жайындағы осы бір шындықты жайып салды. Олар эмпиризм, яғни барлық ақиқат олар үшін өмір сүрмейді, ал оларға қажеттісі тек қана таза идеялар деген ойды біздің бойымызға сіңіргісі келеді. Осы функцияны қолдау үшін олар адамдарға жақындай түсудің әрекеттерін жасайды. Бірақ халық тобыры олардың өздерін алдап отырғандықтарын жақсы біледі, бірақ оларға, бір жағынан, таңғажайып көріністер мен мың құбылған ашық түстер қатты ұнайтын болғандықтан және екінші жағынан − бойларында менменшілдік жоқ болғандықтан, болып жатқан комедиялардың мағынасын түсіне білетіндіктерін көп аңғарта бермейді. Керісінше, тобыр өздерінің рөлдерін соншалықты ыждағаттықпен ойнайтын актерлермен салыстырғанда асқан сахналық шеберлік танытып, аяқ астынан ештеңені сезбей, алданып қалғандай болып көрінуге тырысады. Тек қана бұл өмірдегі шарттылықтың соншалықты маңыздылығын ұғына білмейтін жастар мен балалар ғана белгілі андерсендік ертегілердегі жас бала тәрізді актерлерді ұялтып және әшкерелей бастайды...

Логикалық ойға әдеттену адам қиялына (фантазиясына) нұқсан келтіріп қана қоймай, оны жоқ қылып та жіберуі мүмкін. Адам барған сайын ақиқатқа логика арқылы баратын жолдың тек қана біреу ғана екендігіне көз жеткізеді, ал бұл жолдан тайқып кету, қисынсыздыққа бет бұру деген сөз. Логикадан тысқарылардың барлығы да − адасушылық, ал болмыстың ең соңғы сұрақтарына жақындаған сайын дәл осы адасушылық бұрынғыдан да қауіпті бола бастайды. Бұл арада логиканың жібі баяғыда-ақ тарқатылған, бірақ осы жіп адамды алға бастырмай, оны мықтап ұстап алған. Ол өзінің үлкен сақтықпен жүзеге асырылған шамадан тыс шараларының арқасында ғана дәл осындай қолайсыз жағдайға тап болғандығының түсінбейді, тіпті оған ешбір күмәнданушылық та білдірмейді, бар болғаны дәрменсіз күйде бір орнында тыпырлай бастайды. Ол адасып кетуден қатты қорықты. Мұндай жағдайда, дәл осындай жағдайға ұшырамау үшін − өз үйінде қалуың керек қой. Ал жолға шықтың екен, Тезей болып, Минотаврды өлтіргің келген екен, онда өзіңнің қауіпсіздігіңді соншалықты ойлай беруге жол берме және шытырман жағдайлардың құрсауынан шыға алмаушылыққа да дайын бола біл. Әрине, мұңдай жағдайда Ариаднаны жоғалтып алуың да ғажап емес, бірақ алыс сапарға не үшін аттанып отырсың? Мүмкін, арыңның алдында өз үйіңе қайта оралмаудың заңды сылтауы болуы үшін, сені өз ұяңмен байланыстыратын жіпті қасақана үзіп тастауың да керек болар. Философияның логикамен ортақ ештеңесі де болмауы керек, өйткені философия логикалық шынжырдан босануға талпыныс жасап, адамды барлығы бірдей мүмкін болатын да және мүмкін болмайтын да қиял мұхитына апарып жеткізер өнер болып саналады... Отырықшы адамдар ақиқатты іздеп жүргенде, таным ағашының алмасын үзіп ала алмаймыз. Бұл істі үй-күйсіз авантюристер, қай жерде жақсы болса, отаны сол жерде болатын табиғи көшпелілер өз қолдарына алулары керек. Менің ойымша, қарттық шаққа дейін өмір сүрген граф Толстойдың жанұясы мен жанұялық әдеттері болмағанда, оның бізге айтып, жеткізері де өте көп болған болар еді. Егер ол сияқты үйленбеген болса, Ницше сияқты есінен адасушылыққа дейін барар ма еді, қайтер еді. Оңға қарай жүрсең − үйлі-баранды боласың, ал солға қарай жүрсең − өз өліміңді табасың. Философтар орта жолды ешқашан да таңдамайды, оларға байлықтың да қажеті жоқ, тіпті ол ақшамен не істеу керек екендігін, яғни оны қалай жаратуды да біле бермейді.. Алайда ол оңға барса да, солға барса да, екі жағдайда да оны жақсылық күтіп тұрмағандығы белгілі.

Орыстың бетін тырнап керсеңіз, татарды табасыз. Мәдениеттілік − ол мұрагерлік сый және оны өз бойыңа бірден сіңіру оңайлыққа соға қоймайды. Бізге, Ресейге өркениет біздер әлі де болса жабайылар болып жүрген кезімізде келіп жетті және алғашқыда алдап қызықтырса, ал одан кейін өз үстемдігін сезінгеннен кейін қоқан-лоқы жасап, үйретушінің позициясына (бағытына) бірден көшті. Біз оның ықпалына тез арада түстік және еуропалықтардың жүздеген жылдар бойы қабылдағандарын тарихи аз ғана уақыттың ішінде қомағайлана жұттық. Орын алған осындай жағдайдың нәтижесінде Ресейге басқа мәдениетті орнықтыру сондай бір күнәлі іске жатпайтындай болып көрінді. Орыс адамы Еуропа ауасын жұтса-ақ болды, басы кәдімгідей айыға бастайтын болды. Жабайы адамға тән қасиетпен, ол Батыс мәдениеті жайында естігендері мен өз көзімен көргендерін шамасынша түсінді. Ол темір жолдар жайында, ауыл шаруашылық машиналары жайында, мектептер, өзін-өзі басқару және тағы басқалар жайында сан алуан мағлұматтар алды. Нәтижесінде оның қиялында таңғажайып кереметтер: жалпы халқың бақытты өмірі, шексіз бостандық, жұмақ өмір жөне тағы да басқалар елестей бастады. Алайда, қатарынан бірнеше жыл шетелде тұрған кезінде батысшыл Герцен Еуропдан қатты көңілі қалған сияқты. Ол өзінің ақыл-ойының соншалықты тереңдігіне қарамастан, Еуропа оның көңілі толмаушылығының себепкері болды-ау деп ойламаған да болуы керек. Еуропа баяғыда-ақ кереметтерді ұмыта бастаған: ол идеалдардан асып та кете алмады; ал Ресей болса өзара ортақ ештеңесі жоқ екі ұғым: кереметтер мен идеалдарды бір-бірімен осы уақытқа дейін араластырып келе жатыр. Бірақ та, бәрі де керісінше сияқты: Еуропа кереметтерге сенуден қалып, адамзат баласының басты мақсатының не екендігін түсіне бастағандықтан да идеалдар мен идеяларды ойлап таба бастаған жоқ па? Ал орыс адамы болса өзінің ұясынан шығын, кілем-самолет, тірі су, жеті милдік етіктер және т.б. заттарды іздеп Еуропаға аттанды жөне аңғырттықпен темір жолдар мен электрдің пайда болуы тек қана бастама деп қарастырды. Бұл жағдай Еуропа астрология мен алхимиямен мәңгілік қоштасып, химия мен астрономияға алып келетін пайдалы ғылыми ізденістердің жолына түскен кезде орын алды.

Кез келген метафизиканың жалпы болжамы былай болып келеді: кез келген ұғымның диалектикалық дамуымен тұтастай жүйені құруға болады. Шын мәнісіне келгенде алғашқы қорытындының өзі-ақ жалған болып шығады, ал одан кейінгілер жайында айтып жатудың да қажеттігі бола қоймас. Бірақ, дерексіз ұғымдар саласындағы жалғандықты шындықтан айыра білу қиынға соғатындықтан, көп жағдайларда метафизикалық жүйелер ерекше таң қаларлық түрге түседі. Оның басты кемшілігі тек қана кездейсоқ жағдайда ашылып қалады: адамның ақыл-ойға байланысты диалектикалық талғамы көмескілене бастаған кезде, ол да Тургенев сияқты өмірінің ақыр аяғында ойламаған жерден философиялық құрылымдардың қажеттігі жоқ екендігіне көзі жете бастайды. Бір математик музыкалық симфонияны тыңдап болғаннан кейін "Бұл не нәрсені дәлелдеп отыр?" деп сұраған екен. Әрине, дәл осы арада ештеңені дәлелдеп отырмаған болар, өйткені математиктің музыкалық талғамы мүлде жоқ болатын. Ендеше, диалектикадан, метафизикадан хабары жоқ адам да ештеңені дәлелдей бере алмайды. Сондықтан да, метафизиканың табыстарына қызығушылық танытатын адамдар диалектикаға құмарлық сол адамның мерейін өсіріп, оның жан-дүниесінің көтеріңкі екендігінің дәлелі деп танып, әруақытта да қоғамда сенімді барынша қолдап отыруы қажет.

Адам сенімге ие болуға дағдыланған, бұл − факт. Біздің барлығымыз да күн көріп жүрген адамдарды шын мәнісінде жек көргендерімізбен де, оларсыз тағы да жүре алмайтын сияқтымыз.

Платон мен Сократ мәңгілік өзгерістерге ұшырып отыратын көріністен өзгермейтін мәңгілікті табуға талпынып, тырысып отырған. Платондық "идеяларда" дәл осы талпыныс кеңінен көрініс тапқан. Өмір ақиқатының миллиондаған түрлі формаларын қабылдауды нақты шындыққа балай беруге болмайды. Олай болса, нақты шындық, әрқашанда болу керек. Осы себептен де, заттардың идеялары шындыққа жанасымды болса, ал сол заттардың өзі жалған болып шығады. Сонымен, платондық дүниетанымның түп-тамыры адамның ақыл-ойының басты кемшілігі − ең жоғарғы құндылық ретінде бағаланған кемшілікке тікелей байланысты болып отыр. Философ өмір ағымында болып жатқан өзгерістердің бәрін бірдей қадағалап отыра да алмайтындықтан, ол бұл өмір емес, жалғандық деген де ойға келеді. Диалектика тек қана жалпы ұғымдарға ғана өз үстемдігін жүргізе алады және дәл осы жалпы ұғымдар идеал дәрежесіне көтеріледі. Платон мен Сократ заманынан бастап-ақ адамдарды өзгермейтін нәрселерді бағалай білуге үйрететін философтар жоғары бағаланған. Ал өздерінің жан-дүниесіне тереңірек үңіліп көруді дағдыларына айналдырмаған қарапайым адамдар болса, философтарға өздерінің ерікті бухгалтерлеріне қарағандай болып қарайтын болған. Бухгалтерияда бірде-бір тиын із-түзсіз жоғалып кетпеуі керек қой жөне осы жағынан алып қарастырғанда Сократ та өзіне жүктелген үмітті ойдағыдай ақтаған сияқты. Адамның белсенділігі мен енжарлығы арасындағы тендікті сақтауды ол ойдағыдай жүзеге асыра білді. Мүмкін, Алкивиадтың өзінің жан-тәнімен Сократқа берілуінің сыры да дәл осы бір жағдайға тығыз байланысты болар. Алкивиад өз көңіл-күйіне соншалықты мән бере қоймағандығынан да болар, Сократтың ақыл-кеңесіне жиі жүгінетін болған, ал ол болса өзінің жалынды сөздері мен терең ойлары арқылы жас досының бойында тәртіп пен үндестікті қалыптастырып та, орнықтыра да білді: Алкивиад Сократпен бірге дем ала білді. Әрине, ол мұндай демалыстан соң буырқанған өмір ағымына қайтадан араласып кететін; ал жан тыныштығы шаршап-қалжыраған адамға сондай қажет-ақ қой. Бірақ, дәл осы жағдайға қарап демалыстың барлығымызға да, ең бастысы, әруақытта қажет екендігі жайында қорытынды шығара салу дұрыс бола қояр ма екен! Сократ өз идеяларына дәл осылай қараған. Ол адамдардың қашан да болмасын демалғандығын қолдап отырған жөне оны өмірдің ең жоғарғы мақсаты ретінде қабылдаған. Әрине, граф Толстойдың бар екендігіне байланысты, Сократил айыптай салу оп-оңай шығар. Мүмкін, физиономист Зопир Сократ жайында не айтса, Толстой жөнінде де дәл соны, яғни оның бойында да талай ақымақтық қылықтардың кездесетіндігі жайында айтатын болар. Алайда, Толстойдың өзінің ақымақтық қылықтарға да баратын адам болғандығы және осы олқылықты жою үшін қалай күрескендігі туралы өзі де баяндап берген болатын. Өзінің табиғаты жағынан Толстой тым батыл адам болмаған; тек өзінің жігерін ұзақ уақыт шындай қана ол өзін батырлыққа үйрете білген көрінеді. Жас кезінде оның өлімнен соншалықты қорыққандығын білсеңіз! Одан кейінгі толысқан шағында, яғни өз сырларын жазған кезде, оның ең басты шабыттандырушысы өлім алдындағы қорқыныш сезімі болды. Алайда, ол өз бойындағы басқа қорқыныштарды жеңгені сияқты, өлім алдындағы қорқынышын да қайсарлықпен жеңе білді жөне өлімге байланысты туындайтын қорқынышты жеңу соншалықты қиын да, ал қорыққаннан гөрі қауіп-қатерлерден қорықпауға үйрену әлдеқайда жақсы екен-ау деген ойға келеді. Бірақ, соншалықты жалалар жабылған дәл осы бір аянышты "қорқақтық", жасырын қорқақтық соншалықты бір кесел болып саналмайтын да шығар. Дәл осы жерде Достоевский мен оның кейіпкерлерін жөне Гамлетті естеріңізге түсіріп көріңіздерші! Егер құпия адам ештеңеден қорықпаған болса, егер Гамлет өзінің тумысында-ақ гладиатор болса, онда бізде осы уақытқа дейін не трагедиялық поэзия, не философия да болмаған болар еді. Өлім алдындағы қорқыныш қашанда болмасын философтарға дем беріп, шабыттандырып отырғандығы белгілі жағдай емес пе? Ал егер қажет болса осы пікірімнің дәлелдемесі ретінде ежелгі және бүгінгі заман авторларының шығармаларынан соншама үзінділер келтірген болар едім. Сократты даналық дәрежеге жеткізген поэтикалық күш, мүмкін, бар болғаны қорқыныштың бейнесі, немесе оның өзі көрген сақтандырғыш түстері болар. Күндізгі уақытта оның жан-дүниесін мазалаған жағдайлар түнде де оны бей-жай қалдырмаған сияқты. Сократқа үкім шығарылғаннан кейін оған түс кіреді. Түсінде құдайларды өзіне қарсы қойып алмау үшін оның өнермен шұғылдану керектігі жайында аян беріледі, сөйтіп ол 70 жасында өлең шығара бастайды. Толстой да 50 жасында бұрын мүлде ойына алмаған пайдалы істермен шұғылданған көрінеді. Егер біздің заманымызда өз ойымызды мифологиялық сарында беретіндей болсақ, онда Толстой өзінің көрген түстері мен тұла бойын жаулап алған белгісіз күш жайында бізге әңгімелеп берген болар ма еді, қайтер еді. Бірақ Толстой ғылыми тілмен баяндайды және есебін байлармен және әзәзілдермен емес, моралмен айырады. Аптаның алты күнінде өмірдің лай суында шомылған қазіргі заманның көптеген Алкивиадтары толстойлық идеялар арнасындағы таза суға түсуге жексенбі сайын келіп отырады...

Әдебиет қай уақытта болмасын біздің өміріміздің ең қиын да, мәнді мәселелерін жан-жақты қамтып отырады жөне осы жағдайға сүйене отырып, олар өздерін ең дәрежелі адамдар қатарына қосады. Дәл осындай бағаны ақшаның қасынан шықпай, өздерін миллионерлер қатарына қосатын банкирлерге қатысты айтуға болатын болар. Түсініксіз және шешілмеген сұрақтардың маңыздылығы біздің көз алдымызда жазушылардың беделін түсіріп жіберуі керек еді, алайда олар өздері жайында және өздерінің жоғарғы миссиясы жайында тамаша айтып, көпшілікке ұғымды түрде жеткізе білетіндігі соншалық, ақыр аяғында барлығын да, ең бастысы, өздерін де сендіріп тынады. Римнің авгурлары (көне Римнің алаяқтары) қазіргі әдебиетшілерге қарағанда өте нәзік және оралымды ой иелері болған; басқаларды алдау үшін оларға өздерін алдаудың қажеттігі де болмаған. Олар өз орталарында өздерінің құпияларын ашудан мүлде қорықпаған, ал қажет болса өздерін ақтап та алатын және мұндай жеңістен кейін салтанатты күй кешетін. Ал қазір жазушы бір нәрсені көпшілікке жеткізуі керек болатын болса, алдын ала өзін сендіруге тырысады.

Бұлай болмаса ол сөйлей де (өтірік айта да) алмайды...

А.П. Чеховтың ағынан жарылып, шындықты айтуын "ақиқатты" сыйлап, жақсы көргендігінен немесе Кант ойлағандай, өмірлік қарыздың бізге ешуақытта да өтірік айтпауды, тіпті өлім қаупі төніп тұрса да жалғандыққа бармауына әмір еткендей болғандығынан болар деп топшылау дұрыс бола қояр ма екен.

Оның бойында жас және оттай жанған жандарды өрескелдікке апаратын талпыныс та жоқ; ол тіп-тік болып, еңсесін жоғары көтеріп кете де алмайды. Бұл арада бәрі де керісінше. Чехов қашанда болмасын басын төмен түсіріп, бүкірейіп жүреді және аспанға назарын тым аудара да қоймайды, өйткені ол жақта ол үшін нышандар белгіленбеген. Оның шындықты айтатын себебі, барып тұрған жалғандықтың өзі де ендігі жерде оның басын айналдыра алмайды....

Чехов оның күйініш шерін ғана сезінер еді, бірақ ол Шиллер, Достоевский, тіпті шарапты қанша болса да ішіп, бірақ өзінің кәдімгі өтірігінен есін жинап алатын Сократтың да басын айналдырғандай күйге түспеген болар еді...

Адам адамға қасқыр − мәңгілік моралдың (өнегеліліктің) мызғымайтын алғышарттарының бірі болып табылады. Біз өзімізге жақын адамдарға сезіктене қарап, олардан жаудың бейнесін көргендей боламыз және сондықтан да олардан қорқамыз. "Бұл жеңілтек адам, егер оны заңның күшімен ауыздықтамасақ, ол бізді құртып кетуі мүмкін" деген ой біздің басымызға әрдайым кіріп отырады.

Мұндай сезіктенуді әділетті деп бағалауға болады, өйткені біз әрі кедей, әрі әлсізбіз, бізді қайыршылық күйге ұшырату да, ренжіту де онша қиындыққа соқпайды. Олай болса, қалайша қорықпасқа? Сонымен қатар көп жағдайларда қауіпті және қорқынышты қылықтардың астарында бір мәнділік бас көрсетіп қалғандай да болады, сондықтан да мұндай жағдайда қырағылық танытқан дұрыс сияқты. Алайда қорқыныштың аты қорқыныш, біз тек қана қорқынышты, тек қана қорқынышты көреміз және орын алған жағдайға сай келетін моралды жасауға тырысамыз. Тек қана ақындар ғана қауіпті адамдарды − Дон Жуанды, Фаустты және тағы басқаларды жырлап өткен. Бірақ ақындармен ешкім де санаспайды.

Өмірде адамның алдынан ашылатын мүмкіндіктер өте шектеулі болып келеді. Барлығын бірдей көріп, барлығын да ұғыну мүмкін емес, тіпті жерден тым жоғары көтерілуге де болмайды, одан қалды дүние тереңдігіне өзіміз қалағандай бойлай да алмаймыз. Алдымызда не күтіп тұрғандығын болжап біле де алмаймыз және біздің бойымызда қанаттың ешқашан да өсіп шықпайтындығын да білеміз. Құбылыстардың заңдылықтары, өзгермейтін заңдылықтары біздің ұмтылыстарымызды шектейді, сөйтіп үйренушіліктің тар жолына қарай ығыстыра бастайды. Бірақ осы жолдың өзінен де қалай болса солай өте салуға болмайды. Олай болса, біз аяқ астымызға қырағылықпен қарап қана қоймай, қадам басқан сайын тоқтап отыруымыз керек, өйткені өмірдегі азғантай ғана сәтсіздіктің өзі де өлім қаупін тудыруы әбден мүмкін. Алайда, басқа өмірдің де өзіндік мән-мағынасы бар ғой. Ол "өлім" деген сөз болмайтын, ондағы өзің жасаған қылықтарың үшін жауапкершілік біздегідей соншалықты мәнді болып көрінбейтін, ал екінші жағынан белгілі бір "заңдылықтардың" үстемдігі жүрмейтін және осы жағдайға байланысты шексіз мүмкіншіліктерге ие болуға жол ашынатын ерекше өмір болып шығады. Онда қорқыныш сезімі масқара сезім ретінде жойылып кетеді. Олай болса, ондағы ізгіліктің өзі де біздегіден мүлде басқаша сипатта болып келеді. Сократтың "кез келген батырлық емес, жеңіске жетуге мүдделі нағыз батырлық қана өз-өзін ақтап ала алады" деген қағидасы шындыққа сай келеді. Сонымен қатар ысырапшылдықты айыптайтын, үнемшіл, есепқор адамдарды да жақтауға болатын болар. Көзсіз батырлық пен ысырапшылдық өздерінің шарасыздығы мен кедейлігіне байланысты әрбір тиынын санап отыруға әдеттенген адамдарға жараспайтын да болар. Сол себепті бұл екі ізгілік адамдар арасында сирек кездеседі, ал кездесе қалған күннің өзінде де олардың арасында ерекше көңіл-күй тудырады. "Бұл адам ештеңеден қорықпайды да, ештеңені қажетсінбейді де: ол, шынында да, адам емес жартылай құдай болар, мүмкін тіпті құдайдың өзі де болар". Сократ құдайға сенбегендіктен ізгілікті қызғыштай қорғағысы келген. Өз кезегінде Кант та құдайға сене қоймаған және сондықтан да өзінің моралын "заңдардан" туындатқан. Алайда, Қай бар болатын болса, онда барлық адамдар − Құдайдың ұлдары, демек мұндай жағдайда ештеңеден қорықпауға да, ештеңені аямауға да болады.

Онда өзінің де және басқаның да өмір мен байлығын да, тіпті өзінің дарындылық қасиетін де ысырапшылдыққа ұшыратқан адамды өз мүддесін сақтай білетін философтармен салыстыруға да болмайды.

Өнегелі адамдар − нағыз кекшіл адамдардың қатарына жатады және олар өздерінің өнегеліліктерін өш алудың ең жақсы және әбден жетілген тиімді қаруы ретінде қолдана да біледі. Олар өздерінің жақындарын жәй ғана жек көріп, жамандаумен қана тоқталып қалмай, өздері таққан айыптардың жалпы, әрі міндетті болғандығын қалайды және сонымен қатар айып тағылғандарға қарсы көпшілікті өз соңынан ертуге барынша тырысады. Олар сонда ғана қанағаттанып, көңілдері тыншиды. Өнегеліліктен басқа бұл дүниеде ешнәрсе де дәл осындай тамаша жетістіктерге жеткізе де алмаған болар еді.

Зұлымдықтағы сүйекке сіңушілік. Еретиктерді көбінесе үстемдік етуші наным-сенімдерден сәл ғана ауытқыса болды қуғынға ұшырататын болған. Олардың тіпті ұсақ-түйек мәселелерде де табандылық танытуы қатты наразылық тудыратын. "Неге олар дәл осындай мәнсіз жол берушілікке бара береді? Оларда нақты негіздердің болуы да мүмкін емес. Олар бар болғаны, бізді ренжітіп, жамандық жасағысы келеді. Біртіндеп мұндай жауластық күшейе түсті" жөне зұлымдықтың сүйекке сіңушілігіне қарсы азап пен азап оттары да пайда бола бастады.

Тургеновтің ба, әлде Толстойдың шығармаларынан оқыдым ба білмеймін, онда істі болып сотқа түскен адамдардың қашанда болмасын бет-әлпеттерінен бейне бір қайырымдылықтың нышандары байқалып тұратындығы жайында жазылған. Алайда, логика бұған қарама-қарсы қорытындылар жасауда сақ болуға шақырады, алайда осы жолы мен батылдық жасап, өзіндік қорытынды жасауды өз мойныма алайын деп отырмын: адамның жүзінің қайырымдылыққа бөленуі, адамның бұрыннан да сотталғандығының белгісі болып табылады және мұндай адам саяси қылмысына байланысты емес, ұрлық жасап, парақорлықпен айналысқандығы үшін жауапқа тартылған.

Ең маңызды және мәнді ойлар, түрлі жаңалықтар адамның ойына жаңа туған сәби бейнесінде келеді: олар үшін сөз табудың өзі ерекше, әрі қиын іске жатады, сондықтан да мұндай құбылысты тұтастай өнер деп те қарастыруға болатын шығар. Керісінше: ақымақтық пен көргенсіздік алақ-жұлақ ескі майлыққа оралғандай болып, шиеленісті жағдайда келеді жөне оны ешқандай қиындықсыз-ақ, тура көпшіліктің назарына ұсына беруге де болады.

Соңғы уақытта орыс жазушыларының тұла бойын ерекше бір тағатсыздық сезімі жаулап алған. Барлығы да "ең соңғы сөздің" жолына түсіп кеткендей әсер аламыз. Олар соңғы сөздің табылатындығына кәміл сенеді де, бірақ мәселе оны қайсысының табатынында болып отыр.

Сократтың философия әлемінде пайда болуын тарихшылар ұлы уақиға есебінде қабылдады. Өнегеліліктің ірге тасы шайқала бастады, отанға (Афинаға) өлім қаупі төнді. Дәл осындай қилы замандағы Сократтың ең басты міндеті − софистердің шектен шыққан индивидуализмі мен релятивизм! алып келген дәл осындай моралдық ауытқулар мен келеңсіздіктерге жол бермеу болатын. Ал ұлы дана болса, бәрімізге белгілі, қолыңнан келгенінің бәрін де жасады. Ол өзінің жанұясын да, қызметін де тастап, қарапайым адамдар мен атақтыларды да, ақылдылар мен ақымақтарды да, білімділер мен білімсіздерді де талмай-жалықпай оқыта берді, оқыта берді. Бірақ, ол қаншама тырысқанымен де өз отанын дәл осындай былықшылықтан құтқара алмады. Периклдің заманында Афины қаласы даналықсыз-ақ немесе Сократтың данышпандығына тәуелді болмай-ақ гүлденген көрінеді. Периклден кейін, Сократтың ілімін одан әрі жалғастыратын ұлы ойшыл Платонның болуына қарамастан, Афинаның рөлі мен күш-қуаты күн санап төмендей берді және бұл кезде Аристотель Филипп Македонскийдің ұлының тәрбиешісі болатын. Демек, Сократтың ұлылығы отанды құтқаруға бағышталғанымен де, оның бұл қасиетінің маңыздығының өзі де дәл осында болғанымен де, оны құтқара алмады. Олай болса, оған деген дәстүрлі табынушылықтың ендігі жерде қажеттігі бола қояр ма екен, әлде Сократты ақтап алудың өзіндік себептерін іздестірген жөн бе? Біздің ойымызша, осы айтылғандардың ең соңғысы дұрыс болар еді. Алайда, бүл тәсіл өте қауіпті. Әдетте даналық өз бағытымен жүреді де, ал қоғам да өз бетінше дамиды. Оларды жасанды түрде қосатын халық пен философтарға ой салып қана қоймай, өздеріне қажетті жағдайлардың бәріне иегерлік етіп отырған шешендер болып табылады; нақтырақ айтсақ, қоғамдық пайда да, өнегелілік те (мораль) және метафизикалық даналық та осы шешендердің үлесінде. Олардың қоғамдағы үлесі осыншама неге көп болып келеді?... Егер, Афины Сократтың даналығының нәтижесінде күйреген күннің өзінде де, бұл жағдай оның жағдайына нұқсан келтіре алмайды. Өзіндік ой толғамы бар адам дәл осылай пайымдауы керек. Алайда, ойшыл адам өз отанымен шиеленіске бара да бермейді.

Жазушы не себептен екендігі белгісіз, өзінің қатты бағалайтын айқындалып негізделген ойын жеткізер кезде және сол ойын маңайындағыларға мойындатқысы келгенде, ол әдетте өз ойынан хабардар етіп, тынысын одан әрі кеңейту үшін айтып жатқан ойларын уақытша болса да бұзып, азғантай, ал кей жағдайларда үлкен шегініс жасап, түрлі жағдайлардың, тіпті кей уақытта іске ешқандай да қатынасы жағдайлардың негізсіз екендігін дәлелдеуге тырысады. Бір немесе бірнеше келеңсіз мәселелердің негізсіздігін дәлдеп шығу барысында, ол өзінің білімді және тыңғылықты адам екендігін барынша көрсетіп бағады және өзінің көкейіндегі ойларын дәлелдеп шыққандығы үшін адамдар ендігі жерде оған үлкен сеніммен қарайтын болады деп ойлайды. Әрине, оның өзіндік есебі дұрыс та болар. Алайда, оқырман дәл осындай айлакер диалектикке қарсы шығуға қорқады да, онымен келісуге мәжбүр болады, өйткені мұңдай жағдайларда онымен айтысып-таласудың өте қауіпті екендігін оқырман түсіне біледі. Дәл осындай тәсілдерді қолданудан ешкім де жирене қоймайды − тіпті ұлы адамдардың өздері де, әсіресе философтар да бұл әдістен бас тартып көрген жоқ. Осыдан келіп идеалистер өздерінің идеяларын қорғамай тұрып, материализмды жоққа шығарады. Ал материалисттер де кезінде дәл осылай жасаған болатын және осы әрекеттерінің арқасында тамаша жетістіктерге жеткендіктері баршамызға белгілі жағдай.

Жүйелілік (дәйектілік) ұстаздарға емес, тек қана шәкірттерге қажет нәрсе. Ұлы идеяларды тудырушы адамдар, әдетте, өздерінің ашқан жаңалықтарына соншалықты менсінбеушілікпен қарайды, тіпті олардың әлемдегі тағдыры жайында соншама көп ойлана да бермейді. Көп жағдайларда бір ғана философтың шәкірттері бір-бірлеріне өте аз ұқсайтындықтарынан, тіпті олардың тектік ұқсастықтарының жекелеген белгілерін табудың өзі де мүмкін болмай қалады. Адал ниетті шәкірттер өздерінің алдарына қойған күрделі мәселелердің шешуін таба алмай, талай рет күдерлерін үзген де үзген болатын. Кім ақылды болса, сол алдына қойған мәселені қиналмай-ақ ойдағыдай шеше алатын. Ал істің байыбына барғаннан кейін, адал ниетті шәкірттер өздері байқап аңғарған қарама-қайшылықтарды келістіру әрекетінен мүлде бас тартатын болған. Алайда, олар философияны оқып игеру қажеттігіне көздері жетіп, оны тыңғылықты, тарихи, тіпті филологиялық тұрғыдан да игеруге талпыныс жасайды. Сонымен, қазіргі уақытта философияның орнын толтыра алатындай философия тарихы өмірге келді. Шындығына келсек, философия тарихы да нақты ғылым дәрежесіне көтеріле алады. Өйткені, тарихи ізденістердің нәтижесінде, шын мәнісінде де, кез келген философтың ойларын, оның түрлі терминдер мен ұғымдарды қандай мағынада қолданғандығын соншалықты дәлдікпен айқындап шығуға мүмкіндік аламыз. Философтар өте көп болғандықтан дәл осындай түсініктер беру мен олардың ойларын тыңғылықты ғылыми тұрғыдан зерттеу қиындыққа соққандығына қарамастан, бұл қадамды игілікті істердің қатарына жатқызуға болады және оны ғылым деп атауға толық негіз де бар. Канттың ең басты еңбектерін жоғары ғылыми дәрежеде аударған немесе оларға комментарий (түсініктемелер) берген адамға философия докторы атағын беруге әбден болады, өйткені ол маңызды әлемдік проблемаларды жан-жақты игерген ғалымдардың қатарына жатады. Дәл осындай қажеттілік үшін жаңа жүйелерді ойлап табу қажет пе?

Шығармашылықтың қуанышы мен шаттығы! Бұлар, мүмкін, өзінің өмірлік тәжірибесінде шығармашылықтың шын мәнісінде де не екендігінен бейхабар, ал өздерінің шығармашылық жайындағы пікірлерін өз ойларының шеңберінде ғана жеткізе алатын адамдардың ойлап тапқан бос сөздері сияқты болып көрінеді: ал егер шығармашылық туындысы біздерді соншалықты рахатқа бөлейтін болса, онда сол туындының авторы қандай сезімнің құшағына бөленеді десеңізші! Шын мәнісіне келгенде шығарманы жасаушы адам күйзелістерді ғана басынан кешіреді. Кез келген туынды елеусіз бір нәрседен туындап отырады. Ең жақсы дегеннің өзінде өңдеуге оңайлықпен көне қоймайтын ұсқынсыз, қатты материалмен жұмыс істеуге тура келеді. Тіпті, оны қалай өндеу керек екендігі де белгісіз болады. Туындаған жағдайларға байланысты әрбір кезде басында жаңа ойлар туындап жатады және өзіңе сол кезде тамаша және сәтті болып көрінген әрбір жаңа ойыңнан, өкінішке орай, бас тартуыңа тура келеді. Ендеше, шығармашылық дегеніміздің өзі бір сәтсіздіктен келесі сәтсіздікке үнемі көшіп отыру болып шылады. Туынды авторының жалпы шығармашылық жағдайына − ертеңгі күніне деген сенімсіздік, белгісіздік, тұрақсыздық сияқты толып жатқан қасиеттер тән болып келеді. Адамның өзі қалап алған мақсаты неғұрлым мәнді, соны сипат алатын болса, оның көңіл-күйі де күйзелістерге толы болып келеді. Осы себептен де көптеген адамдардың, тіпті дана адамдардың да ақыр аяғында шығармашылық қызметті аяғына дейін жеткізе алмайтын кездері болады. Олар белгілі бір техниканы меңгергеннен кейін көпшілік қауымның соншалықты талап қоя қоймайтындығын және өз сүйіктілерінің жалықтырып жіберетін біркелкілігіне шын ықыластарымен төзіп қана қоймай, тіпті мұны абыройлылық деп санайтындықтарын білгендіктен өздері де қайталаушылыққа жол беріп отырады. Егер жаңа шығармадан суретшінің өзіндік манерасын (үлгісін) аңғарып, білсе-ақ болды, өнерді бағалайтын кез келген адам өзінің ризашылық пейілін білдіреді. Суретшілер бүл жағдайды жақсы түсінеді және өздеріне шаблон (дайын үлгі) болып көрінген манерасынан бас тартудан да қашпайды. Алайда мұндай шығармашылық қадам соншалықты күш-жігерді, жаңа күйзелістерді, белгісіздікті, күмәнданушылықты қажет етеді. Сондықтан да, "шығармашылықтың қуанышы мен шаттығын" бір кезде өз басынан өткізген адам енді қайтып ерікті түрде оның ықпалына түсе де қоймайды. Ол одан да өз жұмысының нәтижелеріне толық сенімді болу үшін бұрынғы салынған ескі ізбен жүріп, қалыптасқан үлгімен жұмыс істеуді қалап алады. және оның енді жасампаз емес екендігін өзінен басқа ешкім де білмейді.

Адамзат әлемінде қаншама құпиялар бар десеңізші!

Жазушы шығармашылық экстазға жету үшін өзін-өзі шабыттандыра бастайды: олай болмаса ол қолына қалам да ала алмайды. Алайда кез келген адам экстазды рухани серпілістің түрлерінен айыра да алмаулары мүмкін. Жазушыға ордайым жазып отыру керек болғандықтан, ол әдетте соншалықты шыдамдылық таныта да қоймайды және шабыттың алғашқы белгілері бойларын керней бастаса-ақ болғаны ағыл-тегіл күйге түседі. Сондықтан да болар арзан қол және ешетеңесімен де ерекшеленбейтін көңіл-күйді нағыз шабытпен (экстазбен) оп-оңай шатыстырып жібереді.

Жүйелі скептицизм өз-өзін жоққа шығарады, өйткені мүмкіндікті жоққа шығарудың өзі қорытындылау болып табылады Алайда, біріншіден скептицизмге міндетті түрде жүйелі болу шарт емес, өйткені жүйелілікті заң дәрежесіне дейін көтерген догматизмге жағымпаздануға ол ешбір құштарлық танытпайды. Екіншіден, егер ақырғы даму деңгейіне дейін жеткізгендей болса, өзін-өзі жоғалтып алатын философиялық теория қайда қалады және басқа теорияларға қарағанда скептицизмнен неге соншама нәрсені талап етеміз? Скептицизм басқа теориялар талаптанған нәрсені де бере алмайды деген мәлімдемені қалай түсінуге болады?

Бүгінгі заманның логикасына оның құрамдас бөлігі ретінде кірген аристотельдік логика мәңгілік теориялық айтыс-таластардың нәтижесі болып табылады. Шындығында да, айтыс-таласқа түсу үшін алғышарттар жайында алдын-ала келісіп алу керек. Бірақ кез келген басқа да айтыстар сияқты диалектикалық сайыстар адамдарды ендігі жерде онша қызықтыра қоймайды. Олай болса, логиканы екінші орынға қарай сырғыту керек болар.

Адам шығармашылық саласында қомақты табыстарға жетіп тұрған кезінде ғана өз жетістіктеріне немқұрайлылық танытады. Ал өзінің адамдар алдындағы беделін жоғалтып, оларға әсер ете алмайтындай күйге жетсе болғаны, ол адам қайғыра бастайды. Немесе, бұл жағдай керісінше болады...

Кейбіреулер "мен" және қоғам арасындағы шекараны белгілеуге болмайды деп санайды. Барып тұрған аңғалдық! Робинзондар адам қоныстанбайтын аралдарда ғана емес, сонымен қатар халқы көп қалаларда да кездеседі. Әрине, олар аң терісін кимейді және олардың қастарында қара нәсілді Жұма (Пятница) да жоқ, сондықтан да оларды ешкім де танымайды. Бірақ Пятница мен аң терісі − ең соңғы заттар ғой және осылар ғана адамды Робинзонға айналдыра алады. Жалғыздық, ондаған жылдар бойы тым болмаса желкенді де көруге болмайтын шексіз, жағасы жоқ теңіз - дәл осындай жағдайда өмір сүріп жатқан біздің замандастарымыз аз ба?

Егер сен өз басындағы қайғыңа да, тіпті сенің масқара болуыңа да бәз біреулер қызықсын десең, дәл осындай жағдайға тап болсаң да мақтаныш сезіміне бөленгендей болып көрінуге тырысқайсың. Ал егер сенің актерлік өнерің бар болатын болса, онда саған мазасызданудың реті жоқ, өйткені сен сол күннің батыры боласың...

Философтар өздерінің ойларын "ақиқат" деп атағанды өте жақсы көреді, өйткені мұндай дәрежеге ие болған қағидалар міндетті қағидалар санатына қосылады. Алайда әрбір философ өз ақиқатын өзі ойлап табады. Бұл дегеніміз: ол шәкірттерінің өзі ойлап тапқан тәсілдер бойынша алданғанын қалайды, ал өзінің (мәнеріне) сай алдану құқығын ол өз еркіне қалдырады. Неге бұлай? Неге әрбір адамға алдану құқығын бермеске?

Құпия адамның күнделігінен: "Мен аз оқимын, аз жазамын және аз ойлайтын да шығармын. Мені білмейтін адам мұны үлкен кемшілік деп санайды және онымен қоймай менің жалқаулығымды бетіме басады, тіпті мені Обломов деп те атайды және осы орайда жалқаулық − барлық жамандықтардың анасы деген өмірлік қағиданы еске алады. Досым, "бұл уақытша жағдай, мүмкін, сен сау емессің" деп те айтар, сөйтіп, шындықты айтқаннан гөрі мені жұбатуға бейімділік танытып, қысқаша айтқанда ақтап аларлық жағдайларды ешбір таңдамай-ақ тауып алуға тырысар. Менің өзім де: мұның ақырын күте тұрайық деп айтқан болар едім. Егер өмірімнің соңына қарай басқалармен салыстырғанда мен көп нәрселерді тындырсам, онда, менің жалқаулығым ізгілікті іске айналғандығы...

Білімді адам мен халықтың арасында әзірге жалғыз ғана дәнекер ретінде көрініс табатын ар-ұждан болғандықтан, адамдардың өзара түсіністігі жайында сөз қозғаудың қажеттігі бола қояр ма екен. Өйткені ар-ұят тек құрбандықты, тек қана құрбандықты талап етеді. Ол білімді адамға былай деп айтқан болар еді: сен бақыттысың, ақылдысың, ал халық керісінше кедей, әрі бақытсыз. Өзіңнің шат-шадыман өміріңнен бас тарт немесе ар-ұятыңа алдандыратын сөздеріңмен тоқтам сал. Құрбандыққа салар ештеңесі жоқ және бәрін де жоғалтқан адам ғана халыққа тең дәрежеде жақындай алады. Осы себептен де, Достоевский мен Ницше өздерінің аттарынан сөйлеуге қорықпаған және басқа бір адаммен терезелері тең болу үшін олар өздерін еркін ұстаған...

Өлім алдындағы қорқынышты адамның өзін-өзі сақтай білу сезімімен ғана түсіндіруге болады. Бірақ бұлай болғанда бұл қорқыныш өлімді ешбір үрейсіз-ақ қарсы ала алатын қарттар мен ауру адамдардың бойынан жоқ болып кетуі керек еді ғой. Алайда өлім алдындағы қорқыныш барлық тіршілік иелеріне тән қасиет болып саналады. Дәл осы арада да жаратылыстанулық ғылыми көзқарас адамзаттың ақыл-ойына байланысты берген уәдесін аяғына дейін орындамай, тағы да жарты жолда қалып қояды.

Моральдық наразылықты ежелгі замандағы кек алушылықтың ең нәзік формасы ретінде қабылдаймыз. Олай болса, өзін жәбірлеген адамды осындай жолмен жазалауға ынта білдірген адамды бақытты деп айтуға болатын болар, ал кейбіреулер үшін кегі қайырылған реніш ендігі жерде реніш болудан қалады. Қанды өш алудың орнына келген мораль, осы себептен де көп уақытқа дейін өзінің маңыздылығын жоймайды. Алайда "табиғат заңдары" тарапынан адамдарға жасалынған ұмытылмайтын, терең жәбірлеушілік бар ғой. Ал оны қалай жеңе білуіміз керек? Бұл арада қылыш та, жалынды сөздер де көмектесе алмайды. Бұдан шығатын қорынды: табиғат заңдарымен бетпе-бет келген әрбір адам уақытша немесе мәңгілік екінші қатарға кетеді.

"Болмыстың соңғы мәселелерінде" біз өзіміздің ең алыс ата-бабаларымызбен салыстырған ақиқатқа тым жақын келдік деп айта алмаймыз. Орын алған бұл жағдай бәрімізге белгілі, алайда көңілден шығар белгілі бір нәтижені шығаруға деген үміттерінің жоқтығына қарамастан көптеген адамдар шексіздік жайындағы ойларына тосқауыл қоя алмай отыр. Әрине, осы арада нәтиженің осы сөздің қандай дәрежеде көтерілуіне байланысты ғана шығатындығын білуіміз керек болар. Біз ақыр аяғында тіпті көпшіліктің пікірінше, "неліктен" деген сұрақпен етене байланысқан ақыл-ой үстемдік ететін философия саласында да инстинктіге ерекше сенім білдіреміз. "Неліктен" бүгінгі таңда туындап отырған "сондықтанды" күлкіге айналдыра алады. Ал инстинкт болса, мұндай күлкіге айналдыруды қаламайды: ол бар болғаны "неліктенді" жоққа шығарады және адамды алдына қойған мақсаттарына ең қиын да, сындарлы жолдармен жеткізеді. Бірақ бұны біздің құдайылық ақыл-ойымыз алдын-ала болжай білгенде бұл жағдайды қисынсыз деп таныған болар ма еді, қайтер еді. Шындығына келсек, ол жақсы жорушы емес, олай болса ол күтпеген мақсатқа жеткен кезде, оған бұл жағдайды орындалған факт ретінде мойындаудан басқа ештеңе де қалмайды. Сондықтан да, барлық философтар және оның ішінде Вл. Соловьев, Гегель жайында социалистер айтқандай, шындық философтарға қаламақы бергенде ғана емес, сонымен бірге олар қиындықтарға ұшыраған уақыттарда да өзінің саналылық сипатын жоймайды. Бұл ойымызды соңғы айтылған жағдайға байланысты одан әрі тереңдететін болсақ, Вл. Соловьев үшін шындық соншалықты саналылық қасиетке ие болғанға ұқсайды. Ол қуғынға ұшырап, ешқандай жалақы алмай аш-жалаңаш жүрсе де барып тұрған фаталист болды және бұл жағдай оның қоғамда орныққан тәртіптерді сынауына ешбір кедергі де келтіре алмады. Дәйектіліктің, бір ізділіктің тек қана шәкірттерге ғана тән екендігі белгілі жәйт: олар өз кезегінде өздерінің ұстаздарының ойларын логикалық жағынан дамыта білулері керек. Ұстаз болса өз идеяларын ойлап шығара береді және бір идеяны екінші бір идеямен ауыстырып отыруға мүдделі болады. Заң шығаратын жоғарғы өкімет өз заңдарын өздері бұзып және өзгертіп отырады: ал бағынышты органдардың міндеті жоғарғы жақтың бұйрықтары мен нұсқауларын мүлтіксіз жүзеге асыра білу болып табылады.

Інжілдің өсиет әңгімелерде Фарисей дінінің барлық талаптарын үлкен ыждағаттылықпен орындап отырған, яғни діни рәсімдерді мүлтіксіз орындаған, десятина берген және т.б. Ал оның осы бір рақымшылдық іс-әрекеттеріне қуанып-шаттануы дұрыс па? − барлығы да дұрыс деп ойлайды және фарисейдің өзі де дәл осындай пікірде. Христостың соты ол үшін соншалықты күтпеген жағдай болды. Оның ары өте таза боды, ол жұртың алдында өзін қасиетті адам етіп көрсетуді мақсат еткен жоқ, ол бар болғаны өз-өзіне сенімді болды. Бір таңданарлығы, ол жәй ғана емес, барып тұрған күнәлінің дәл өзі болып шыға келеді. Егер ұяты бар адамның ары жамандықты ізгіліктен айыра білуге көмектесе алмаса, онда қылмыстан қалай сақтануға болады? Жұлдызды аспан сияқты, оны да тыныштандырғысы келген канттық өнегелілік заңның мән-мағынасын қалай қабылдауға болады? Кант өзінің өмірін кемелді рухани әлем аясында өткізді және өлімді де саналы жағдайда тып-тыныш қарсы алды, өйткені ол ешкімнің алдында өзін күнәлімін деп санамады. Алайда, Христос тағы да жер бетіне оралатын болса, Ол, мүмкін, әділеттілігі үшін Кантты айыптаған болар ма еді, қайтер еді. Өйткені, қайталаймын, фарисей әділетті болған.

Кейбір адам күлкілі болып көрінгендіктен ғана оны келеке қылып, мәз болмаймыз, өйткені біз арада өзіміздің көңіл-күйімізді көтергіміз келгендіктен де осындай әрекетке барамыз. Дәл осы сияқты белгілі бір қылықты жақтырмағандықтан ғана ызаланбайтын болармыз. Ендеше дәл осындай көңіл күйді буырқанған сезімімізді сыртқа шығарудың бір жолы деп санау керек. Осы айтылғандардан шығатын басты қорытынды: біз қай уақытта болса да байсалды және бірқалыпты бола білуіміз керек.

Біз өміріміздің ең қиын сәттерінде ғана қалың ойға шомыламыз, ал қолымыз босап, істейтін ештеңе қалмаған уақытта ғана жаза бастаймыз. Олай болса, жазушы өткенді елестетіп еске түсіргенде ғана біздерге мәнді де, қызықты нәрселерді бере алады. Өкінішке орай, қалың ойға қатты берілген сәттерде жазуды да естен шығарып алатын сияқтымыз. Осы себептен де, барлық кітаптар адамның басынан өткізгендерінің әлсіз елесі сияқты болып көрінеді.

Чеховтың "Беда" деген әңгімесінде егер жаңа ақиқат адамның жағдайының тұрақтылығына қауіп төндіретін болса, ол адамға жаңа ақиқатты игерудің соншалықты қиындыққа түсетіндігі жайында баяндалған. Көпес Андреев өзінің күнәлі екендігіне, өзінің істі болып сотқа берілгендігіне, өзін соттайтындығына, тіпті оны қоғамдық банкте жасаған тәртіпсіздіктері үшін айыптап та қойғандығына сенбейді. Ол әлі де болса нағыз әділетті үкім алда болар деп үміттенеді. Ғалымдар әлемінде де дәл осы сияқты көңіл күй орын алған. Олардың өздерін күнәсізбіз және әділеттіміз деп санайтындығы соншалық, тіпті мұндай жағдай бастарымызға түседі деп бір сәт болса да ойланбайды да. "Бәрі де өтіп кетеді" деп ойлайды олар. Ал, шын мәнісінде де жамандыққа тап болған кезде, олар Авдеев сияқты өз бастарын арашалап алу үшін тіпті жазылған нәрселерді де дұрыстап оқи алмаймыз дегенге дейін барады. Ал қазір олар ақылды, тәжірибелі, қадірді және жан-жақты адамдар болып есептеледі.

Егер Достоевскийге біреу келіп, өзінің соншалықты бақытсыз екендігі жайында айтатын болса, адам қасіретін суреттеудің тамаша шебері сыртқа шығармаса да, ол адамның аңғыртығына іштей мәз болуы да мүмкін ғой. Дәл осындай жағдайларды адамдар алдында мойындай салуға бола ма? Ал дәл осылай зарланып, наразылық білдіріп және жақын адамдарыңның тарапынан жұбаныш күту дұрыс бола қояр ма екен? Үмітсіздік − біздің өміріміздегі салтанатты да, ұлы сәттердің бірі болып саналады. Осы уақытқа дейін бізге көмектесті − ендігі жерде өз еркіміз өзімізге тиді. Осы уақытқа дейін біз адамдар мен адамзаттық заңдармен айналыссақ − ендігі жерде мәңгілікпен және кез келген заңдардың жоқтығымен ұшырасып отырмыз. Осыларды білмеуге бола ма?

Белинский өзінің атақты хатында Гогольдің "Переписка с друзями" деген еңбегінде өлімнің, жын-шайтандар мен тозақтың қорқынышының ықпалына қатты беріліп кеткендігі үшін оны күнәлайды. Мен Гогольдің атына айтылған бұл күнәні өте дұрыс деп санаймын: шындығында да Гоголь өлімнен де, жын-шайтандардан да және тозақтан да қорыққан адам. Бірақ, мәселе бұл жерде "осылардың барлығынан да қорқа беруге бола ма? және жүректілік бұл жағдайда адам жанының дамуының жоғарғы сатысының дәлелдемесі болып табылар ма екен?" деген сұраққа келіп тіреледі. Шопенгауэр өлім қашанда болмасын философияның ұйтқысы болып келді деп тұжырымдаған болатын. Өлімнен қорқу барлық поэтикалық шығармалардың да, ежелгі және жаңа заман халықтарының таңғажайып мифологияларының да қайнар бұлағы болған. Тек қана бүгінгі заманның ғылымы ғана өлімнен қорқуға тыйым салып, олардан өлімге жайбарақаттықпен қарауды талап етеді. Утилитаризм мен позитивтік философия оз бастауын дәл осы арнадан алады. Егер осы екі жағдайдың екеуінен де арылғың келетін болса, адамға өлім туралы ойлауға қайтадан рұқсат беру керек және адам өлім, тозақ және жын-шайтандар алдындағы қорқынышынан қысылмайтындай болу керек. Мүмкін, қорқыныштың дәл осындай түрлерін жасыра білудің қажеттігі де туындап қалар...

Философия қай уақытта болмасын қызмет ету жағдайын жақсы көріп отырған. Орта ғасырларда ол құдайшылдыққа қызмет етсе, ал бүгінгі заманда − ол ғылымдарға қызмет етеді. Ал өзін − ғылымдардың ғылымы деп атайды.

"Қуаныш пен қасіреттің, салтанат пен қайғының, зерігушілік пен той-думанның және тағы да басқалардың сезімін бастан кешіру − жан-дүние жарақатының айқын белгісі болып табылады" Психотерапияның оқулықтарында дәл осылай деп жазылған.

Граф Толстойдың неміс биографы Тургенев пен Толстойдың арасындағы орын алған келіспеушіліктер мен таластарға байланысты өзінің өкінішін білдіреді. Ол Шиллер мен Гетенің арасындағы қарым-қатынастарды есіне ала отырып, егер орыстың осы бір екі тамаша жазушылары бір-бірімен достық қатынаста болғанда орыс әдебиеті, сөзсіз, көп нәрсеге қол жеткізген болар еді және сонымен қатар өз ұрпақтарына түрлі философиялық және әдеби тақырыптар төңірегіндегі талай-талай тамаша туындыларды мұраға қалдырып кеткен болар еді деп топшылайды. Тургеневтің өрбір пікірі Толстойдың ашу-ызасын тудыруы мүмкін еді жөне тудырды да. Осы орайда, мына бір қызық фактіні келтіре кеткен жөн болар: Достоевский де Толстой сияқты Тургеневті жақтырмаған және оған карикатураға соншама ұқсамаса да, пасквильге (жала шығармаға) көбірек ұқсайтын ызаға толы пікірін жазады. Біздің ойымызша, Достоевский де Толстой сияқты өзінің атақты жерлесінің бойындағы "еуропалық" нышандарды жек көрген тәрізді. Ақиқатына келсек, ол өзінің тамаша психологиялық көрегендігіне қарамастан, дәл осы жерде біршама қателескен тәрізді. Алайда, Тургеневтің еуропалық үлгідегі киім киіп, батыс адамына ұқсас болуға тырысуының өзі-ақ Достоевскийдің бойында Тургеневке деген жек көрушілік сезімінің оянуына жеткілікті болған сияқты. Достоевскийдің өз басына келетін болсақ, оның осы жағдайға байланысты іс-әрекеті мүлде басқаша болды: ол өзінің жан-дүниесінен еуропеизмнің барлық белгілерін жоқ қылып жіберуге барынша тырысып-ақ бақты: бірақ оның бүл әрекеті толық жүзеге аспады десе де болады, өйткені ол Еуропаның неліктен күшті екендігін және оның басқа елдерге жасайтын ықпалының несімен қауіпті екендігін соншалықты түсіне де қоймады. Дегенмен де, марқұм Михайловский оны "қазына іздеуші" деп тегіннен-тегін атамаған болар. Шындығында да, өзінің әдеби шығармашылығының екінші жартысында өмірдің нақты игіліктерін ол іздестіре де қоймаған адам. Оның бойын орыс адамына тән қасиеттер жаулап алды, тіпті ол еуропалық өркениеттің құндылықтарын жақтыра да қоймады. Сондықтан да болар, бір қарағанда қанағаттанғандық сезімі бірден көзге түсетін прогрессист Тургенев оның ашу-ызасын тудырды. Толстой бірде Тургенев жайында: "Мен оның демократиялық қылықтарын жек көремін" деген екен. Шындығына келсек, дәл осы сөзді Достоевский де қайталаған болар еді...

Өмірге сенімсіздікпен қарауға толық негіз бар сияқты. Өйткені біздің өмірден күткен жақсылықтарымыздың өзінде де өмірдің алдамшылық қасиеттері байқалып қалып отырады. Осы ойымызды одан әрі тереңдететін болсақ, дәл осы сияқты ақыл-ойға да сенімсіздік танытуға дәлел бар: өйткені біздің дәрменсіз ақыл-ойымыз алданыштың құрығына түскеннен кейін ғана, өмір бізді алдауға мүмкіндік алады ғой. Мүмкін, бұл алдауды ол өзі ойлап тапқан шығар, олай болса өмір мен ақыл-ойды таңдау барысында алғашқысының артықшылығына бой ұрғандай боламыз. Мұндай жағдайда алдын-ала болжап, түсіндіруге тырысудың орнына, орны толмайтын нәрселердің барлығын да болмай қоймайтын іс ретінде қабылдап, оларды күтуге бет бұрасың. Осы себептен де болар, Ницше өз үміттерінің біртіндеп жоғала бастағандығын және өзінің бұрынғы күш-қуатының қайта айналып келмейтіндігі мен халінің күннен-күнге нашарлай беретіндігін біліп былай деп жазған екен: "Кез келген адамның мойынына түсетін қиындық менің де басыма түскен сияқты, сондықтан да мен қатты қиналыс үстіндемін, оның есесіне кейбір адамдарға тән баянды ар-ұятқа ие болған сияқтымын" (1883 жылдың 28 мамырындағы жеке хатынан). Дәл осы бір қарапайым да, қысқа сөздерде Ницше философиясының мән-мағынасы жатыр деп айтуға болатын болар...

Ұялшақ адамдар өзінің алған әсерлерін, әдетте, кейіннен ғана білдіреді. Ал олардың алдында бір жағдай болып жатқан кезде олар ештеңені де аңғармайды да, ал кейіннен өтіп кеткен нәрсені естеріне түсіруге түсіріп, сол сәтте көргендеріне өзіндік баға бере бастайды. Сол кезде олардың жан-дүниесінде сол бір уақиға өткенде емес, бүгін болған сияқты әсерде болып, көңілдеріне өкініш сезімі ұялаңды. Сондықтан да болар, ұялшақ адамдар бір іске тез арада кірісе қоймайды және көп ойланғанды жақсы көреді: ойлану ешуақытта да кештік етпейді. Әншейінде қолапайсыз болып көрінетін осы типтегі адамдар өз-өздерімен қалған уақытта ерекше батылдық көрсетуге дайын тұрады. Мұндай адамдардан керемет бір шешен шықпайды, оның есесіне олардың арасынан тамаша жазушылар көп шығады. Олардың өмірі сүреңсіз және кедейшілікте өтеді, тіпті атақтары шыққанша оларды коп жұрт елемейді де. Ал атақ-даңқ келген кезде халықтың қошеметінің қажеттігі болмай да қалады.

Егер Лаевский (Чеховтың "Дуэль" атты шығармасында) жазушы болып және әдеби дарыны болатын болса, онда барша жұрт ол қандай тамаша адам және Габриеэль д Аннуцио сияқты "жыныс мистикасымен" айналысады деп айтқан болар еді. Ал бүгіңде оны жаман адамдардың қатарына қосып отыр...

Біз адамның өзі жасаған жаман қылықтарына өкініш білдіргендігінің куәгері боламыз да, дәл осы жағдайға байланысты: мұндай жаман қылықтардан аулақ болу керек деген қорытындыға келеміз. Алайда, біраз уақыт өткеннен кейін екінші рет қайталап жасаған қылықтарына қайғырып отырған сол адамды тағы да көреміз. Егер біз логиканы қадірлей білетін болсақ, онда бұл жағдай біздің бірінші қорытындымызды айғақтай түседі. Ал біз логиканы қадірлей білмеген жағдайда, былай деп айтар едік: "жаман қылықтар" жасау да және оған өкініш білдіру де адамдарға тән ортақ қасиет болып табылады. Кей кезде, бірінші қорытындының жіберген қателігі басқаша жағдайда түзеледі. Өкініш білдірудің мұндай жаман істерден аулақ білдіруден аулақ болу керек екендігін білдіретіндігін сезінген адам өмір бойы мұндай жаман қылықтардан аулақ болуға тырысады, алайда күтпеген жерден оның бойын өзінің жасамаған істеріне байланысты өкініш жаулап алады. Мұндай кезде жасалған қорытындының қажеттігі де болмай қалады: өмір тәмәмдалды жөне енді ғана көзі ашылған адам керексіз нәрседен қалай арылуды білмей дал болады...

Тургенев өзінің жас шағында, яғни өзінің "Довольно" атты әңгімесін жазған кезде өз өмірінде сондай бір сұмдықтың болатынын көре біледі. Сезіне де, көре де білгенімен ол ештеңеден қорықпады, алайда өмірдің ылғи да болып тұратын ішкі күйзелістерінсіз өмірдің мәні болмайтындығын терең түсіне білді.

Наполеон адам жанының білгірі болған адам болса, Шекспир де осы қасиетімен көзге түсе білген адам. Бірақ олардың білімдерінің өзара ортақ ештеңесі де жоқ.

Біздің фантазия (қиял) деп атап жүргенімізді де және ұлы ақындардың бойындағы соншалықты қастерлеп жүргендеріміздің барлығын да, шын мәнісіне келгенде әуе жайылған, тіпті бұзылған қиял елесі деп бағалауға болатын болар. Мүны қарапайым адамдардың бойынан кемістік деп тапсақ, ал ақындарға келгенде біз бәрін де кешіреміз. Бойымызда туындаған керемет идеяларымызға қарамастан өзіміздің ойларымыз жағынан алғанда біз қай уақытта болмасын практик, утилитарист болып қаламыз. Тек бір Платон ғана ақынды өз мемлекетінен қуып шығуға бекінді. Ал осыдан кейін екі жарым мың жыл өткеннен соң өз кезегінде Толстой ақындардың назарына мына бір ойларын ұсынды: сендер не болмаса ізгіліктің жолына түсіңдер, не болмаса шығармашылықтарыңды тоқытатындар және ұстаздық атақ-даңқтан бас тартыңдар. Бұл арада Толстойдың ақындар тарапынан мазаққа ұшырамай қалуына оның өткен өмір белестері мен келіп қалған жасы себепкер болған сияқты, қалай болғанда да оның бұл сөздеріне ешкім соншалықты мән бере қоймаған. Керісінше, ақындар бұрын-соңды өздерін соншалықты еркін сезінбеген болып шықты. Егер Шиллер өзінің драмалары мен философиялық статьяларын дәл қазіргі уақытта жаза бастайтын болса, оларды оқуға, мүмкін, ешкім де ынтызарлық танытпаған болар ма еді қайтер еді. Толстойдың шығармашылығында бізді ізгілік мәселесінен гөрі оның басынан өткен кейбір келеңсіз жағдайлар қатты қызықтыратын сияқты.

Кант, одан кейін Шопенгауэр "пайдалы" деген теңеуді ерекше жақсы көрген және өздерінің көкейлеріндегі мақтау сөздер сарқылып қалған кездерде осы сөзді жиі қолданатын болған. Ешбір практикалық мақсатты көздемейтін "пайдалы ой-сана", Шопенгауэрдің пайымдауынша, адамның алдындағы жоғарғы идеал болып табылады: бұл ақиқатты ол жалпыға тән құндылық деп санады. Алайда, белгілі бір жағдайларға байланысты ол орыс мұжықтарының, ортасына түсіп қалғандай болса, өзінің осы айтылған пікірін өзгерткен болар еді. Онда өмірдің мән-мағынасы мен оның тағдыры, шексіздік және тағы да басқа өзекті мәселелер пайдалы деп саналмаған да болар еді. Онда кез келген философты, мейлі ол Платонның өзі болса да "жалқау" деген масқара атаққа ұшырата салар еді. Онда белгілі бір практикалық мақсатқа бағытталған пайдакүнемдік жоғарғы қызмет болып саналады; ал егер сол мұжықтар ғылыми тілмен сөйлеген болса, өздерінің пікірлерінің негізінде априорлық принцип жатқандығын айтып жеткізген болар еді. Өзінің моралын халық қазынасының алтын қорынан алған Толстой да жұмыс істеуге құлықсыздық танытып, тек қана ақиқатты іздеумен ғана айналысқан ғалымдарды онша жактырмаған.

Адамның өз пікірлерін күніне кем дегенде он рет өзгертетіндігін соншалықты бақылаудың қажет етпейтіндігін дәлелдеп жатудың қажеттігі де бола қоймас. Бұл жайында талай рет айтылған да болатын және бұл жағдай көптеген жазушылардың сатиралық, юмористік бейнелеулерінде кеңінен көрініс тапты. Өзіндік пікірлерді қайт-қайта өзгерте берудің дұрыс еместігіне ешкім де күманданбайды. Біздің тәрбиеміздің өзі де негізінен айтылатын пікірлер мен көңіл-күйдің құбылмалылығын жеңе білуге бағытталған. Өз айтқанын орындамайтын адам барып тұрған оңбаған адам: оған ешқашан сенім білдіруге де болмайды. Өзінің айқын пікірі жоқ адам сияқты онымен бірге қызмет жасаудың өзі де мүмкін емес. Утилитарлық пайымдаулардан туындайтын мораль бүл жерде, бәз баяғыдай "мәңгілік" принципін алға тартады: сен өз пайымдауларыңа қашан да болмасын адал болуың керек. Мәдени ортада бүл қағида мызғымайтын баянды болып саналатындығы соншалық, адамдар тіпті жеке бастарының алдында да тұрақсыз болып көрінуден қатты қорқатын. Олар өздерінің сенімдеріне тұрақтылық танытады және ендігі жерде өз қылықтарына ұялмайтын да болады, өйткені олар өз пікірлерін өзгерте берудің неге әкеліп соқтыратындығын жақсы біледі. Монтень сияқты турасын айтатын адамдар өзінің көзқарастары мен көңіл-күйінің тұрақсыз болып келетіндігі жайында баяндағанда, − бұл жағдай коп адамдарға жалған болып, дәл осы арада олар өздеріне бейне бір жала жауып отырғандай болып көрінетін болған. Айналаңда болып жатқандарды көрмеу, естімеу, түсінбеу мүмкін емес: сен кемеліңе келген соң өзіңнің өсуге деген құқығыңды жоғалтасың, сен бұл арада сапалылығы мен кемшіліктері жайында жұрттың бәрі де хабардар мүсінге айналғандай боласың.

Кез келген философиялық "көзқарас" адамзат тіршілігінің жалпы мәселелерінің негізінде қалыптасады, өйткені олар қалай болғанда да біздің өміріміздің мәнді мәселелерін жан-жақты қамтуға бағытталған. Алайда, туындаған жалпы проблемаларды ойдағыдай шешуге біздің күшіміз де жете қоймайды, олай болса біздің барлық моральдық қорытындыларымыз да еркіндік сипатта болуымен қатар, наным-сенімдерімізден де хабардар етеді. Бірақ жоқ нәрсеге сенушілікті қолдаушылық адамға абырой әпермейтін іс: менің ойымша, бұл қағиданы ешкім де жоққа шығара қоймас. Сондықтан да, өз пікірлілеріміздің өзара тоғыспайтындығына қайғыруды қойып, болашақта да дәл осындай пікір таластарының көп болуын қалайық. Ақиқат жоқ дейтін болсақ, онда ақиқатты өзгермелі адамдық қонымды қасиеттер аясынан іздестіру қажет болар. Бұл жағдайды бірігіп тіршілік етудің (қоғамдық) жағдайлары қажет ететіндіктен, бір келісімге келген де дұрыс болар. Алайда, қажеттіліктен туындамаған келісім қалай болғанда да Қасиетті Рухқа қарсы шыққандық болып саналатындығын ойымыздан шығармауымыз керек.

А.П. Чехов тіпті дүниетанымның бір түгіл, бірнеше жүйелерін де тамаша жеткізіп бере алады және оның дәл осындай қабілеті оның көптеген әңгімелерінде кеңінен көрініс табады (мысалы, "Дуэль" атты шығармасында), алайда ол әдеби шығармалардан басқа мұндай жүйенің қай уақытта қажет болатындығын түсіне білмейді. Әрине, әңгіме жазған уақытта және сол шығарманың кейісерінің айтатын ойларын әсерлі беру мақсатын көздейтін болсақ, мұндай жүйе сөзсіз қажет болады. Бірақ, өз-өзіңмен жеке қалған кездерінде дәл осы "дүниетанымды" шынымен-ақ еске алудың қажеттігі бола қояр ма екен? Тіпті, немістің өзі де, менің ойымша, өз "идеализмінің" тереңдігіне онша бойлай қоймайды. Владимир Семенович ("Хорошие люди" деген әңгімедегі жас жазушы) өзінің идеяларына қалтқысыз шын көңілімен сенеді, алайда оның әзіл-оспақтық қасиеті жағынан шектелгендігіне қарамастан, ол өз идеяларынан әдеттегі жағдайдан артық жағдайларды байқап, аңғара алды деп топшылауға болмайтын да сияқты. Әрине, ол идеялар құрсауында өмір сүрді деп айта алмаймыз. Олай болатын болса, Чеховтің ендігі жерде көңіл көтеруге де болады дегенінде жөне адамгершілік рухындағы статьяларды жазып шығу Владмимир Семенович үшін маңызды іс деп санағандығында шындықтың сарыны бар екендігі даусыз. Владмимир Семоновичтің қарындасына оның дәл осы уақытқа дейін табынып келген ағасының идеялары бір кездегі мән-мағынасын жоғалтып, соншалықты сүреңсіз болып көріне бастайды. Ал ағасы болса қарындасының бұл пиғылының астарын да, оның прогреске деген, адамгершілікке деген наразылығының сырын түсіне алмай дал болады. Татьянина күніне, әрине, көңілді көңіл-күй тән болып келеді. Чехов дел-сал күй кешіп, ештеңені де түсінбей қалады. Алайда, бұл арада "түсіну" сөзі өзінің әдеттегі мағынасына ие бола алмайды. Әдетте, сәби ананың сүтімен қоректенген уақытта ол өзін сондай тамаша сезінеді. Бірақ, сүтті тастап, есейген кезінде арақ ішумен әуестене бастаған кезді де өз басынан кешіреді: ал бұл жағдай есейген кезде орын алады және адамзат баласының заңдылығы осындай болып келеді. Сөйтіп, сәбилік пәк түстер келмеске кеткендей болады.

Философтар рухани сабырлылықты адамзат баласы тіршілігінің ең жоғарғы және қастерлі мақсаты ретінде мадақтап келеді. Бірақ, бұлай болғанда өздерінің салмақтылығы жағына ерекше көзге түсетін жануарлар бізге идеал болып көрінуі керек қой. Емін-еркін жайылып жүрген қойға немесе сиырға назар аударыңызшы. Олар еткенін еске алмайды, ал болашағы жайынан мүлде хабарсыз және олар барды қанағат тұтады, бар болғаны жайылатын жайылым болса болғаны.

Аш адамға бір үзім нан беріп, жағымды сөз айтатын болсаң, оған наннан гөрі жүректен шыққан жақсы сөз әлдеқайда қымбат болып көрінеді. Егер де ол адамды тек қана еркелетіп қана қойып, ал тамақ бермейтін болсаң, сенің жақсы сөздерің оған әсер етпей, тіпті оның сені жек кәріп те кетуі мүмкін. Сондықтан да, мұндай жағдайларда әз ойларыңа үлкен жауапкершілікпен қарауға тура келеді және осы орайда тыныштандыратын жалған сөздерден ақиқаттың әлде қайда артық екендігін естен шығармаған жон. Біз әрдайым жекелеген өзіндік құбылыстар байланысының куәгері бола да бермейміз. Әдетте бірнеше себептер бірігіп келіп бір-ақ салдарды бірден туғыза алады. Бірдемені жақсы етіп көрсетуге деген тырысушылығымыздың арқасында біз өзімізге соншалықты қажетті болып көрінетін себепті әрдайым алға тартуға тырысамыз.

Өмірде таңқаларлық қарама-қайшылық бар: біз өзіміздің айналамыздағы мыңдаған тіршілік иелерінің өліп жатқандығының куәгері боламыз және осыған қарамастан құрт-құмырсқаларды басып кетпеу үшін байқап жүргенді ұнатамыз. Олай болса, біздің бойымызды жанашырлық сезімі ұялаған, алайда ол біздің тіршілігіміздің жағдайларына икемделмеген. Ол барлық тіршілік иелерін құтқара алмайды, сондықтан да өмірдің қауіп-қатерлерінің алдында дәрменсіздік танытады. Ал Шопенгауэр болса моралдың метафизикалық негізі арқылы аяушылық сезімді оятқысы келді.

Логиканы құрал ретінде, құралдардың бірі ретінде немесе танымға қол жеткізудің бірден-бір құралы ретінде жоққа шығару дұрыс болмас еді. Тіпті, мұндай қадамға барудың қажеттігі бола қояр ма екен? Барған күннің өзінде жүйелілік үшін, яғни сол логиканың өзі үшін барамыз ба? Алайда логиканы басты мақсат немесе танымның бірден-бір тәсілі ретінде қарастыратын болсақ, онда мәселе басқа: Аристотельден бастап, барлық ақыл-ой алыптарының қарсылығына ұшырасаң да, күресе білуің керек сияқты.

Ұшқын шығару үшін бар күшіңмен тасты балғамен өте қатты ұруың керек. Мұндай жағдайда қатты шу шығады және кейбіреулер кішкентай ұшқынға қарағанда қатты шыққан шу әлдеқайда маңызды деп санайды. Осы себептен де болар, жалынды сөздер айтуды жандары жақсы көретін жазушылар мұндай жағдайда өздерінің қасиетті парыздарын өтегендей сезінеді, бірақ кейбіреулердің олардың бұл шаттығын бөлісудің орнына, құлақтарын жауып, безіп кеткендіктеріне таң қалысады.

Метаморфозалар. Ақылдылық пен ақымақтық − бұлар адамның табиғи қасиеттеріне жатпайды. Қажеттілік туындаған жағдайда ақымақ адамның өзі де ақылдыға айналады. Бұл ойымыздың айғағын алыстан іздеп жатудың қажеттігі де жоқ. Оған дәлел: Достоевский "Униженные и оскорбленные" атты шығармасында ақымақ адам сияқты болып көрінсе, ал "Записки" мен басқа да туындыларында ол − өте ақылды да, әрі көреген адам. Ницше, Толстой, Шекспир жайында да осы пікірді айтуға болады. Ницше өзінің "Рождение трагедии" атты шығармасында өте адал, бірақ қарапайым көк көзді провинциалдық студенттің кейпінде болса, ал "Заратустрада" ол кейбіреулерге Маккиавелиді еске түсіреді....

Л. Шестов. Апофез беспочвенности. Опыт о догматической философии. Ленинград: И-во Ленинградского университета. 1991. С. 47-108.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙