TELEGEI

Home

Ғасырлар тоғысында 16 том

Әбіш Кекілбайұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ғасырлар тоғысында 16 том

Бұл томға енген мақалалар мен сұқбаттарда еліміздің келешегін жарқын, тәуелсіздігін баянды ету мәселесіне қатысты ой-толғамдар қамтылған.

Ә. Кекілбайұлы
Әбіш

КЕКІЛБАЙҰЛЫ

ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА

Ғасырлар тоғысында

Кекілбайұлы Ә.
Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы.
Ғасырлар тоғысында. 16-том. – Алма­ты: “Жазу­
шы”, 2012.– 376 бет.

ІSBN 978-601-200-372-7

Бұл томға енген мақалалар мен сұқбаттарда еліміздің келешегін
жарқын, тәуелсіздігін баянды ету мәселесіне қатысты ой-толғамдар
қамтылған.
ІSBN 978-601-200-372-7 (16 т.)

ІSBN 978-601-200-262-1 (ортақ.)

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-44

К 28

К 28

© Кекілбайұлы Ә., 2012
© “Жазушы” баспасы, 2012

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-44
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару”

бағдарламасы бойынша шығарылды

Ә. Кекілбайұлы
16-том

ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА

Ғасырлар тоғысында

Ә. Кекілбайұлы

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ –

ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТАҒЫЛЫМ

1993 жылы 3 шілде күні
Талдықорған облысы Бел жайлауында
Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр
басқарған Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы

салтанатында сөйлеген сөзі.
Әлеумет!
Айналаға қараңызшы... Асқар тау, саумал ауа, көк май­
са – бәрі-бәрі: «өс, өн, өрбі, мейірлен, шаттан!» – дейтіндей

ғой. Бірақ бүгін бұл араға осынша ғажайып сұлулықты
қызықтауға, жомарт табиғаттың мынау шарасынан асып,
шалқып-төгіліп жатқан шарапаты мен рахатын тамашалау­
ға емес, тағзым етіп, тағылым алуға келіп тұрмыз. Біз

үшін бұл араның әр тасы киелі, әр бұтасы қасиетті. Олар
бұдан үш жарым ғасыр уақыт бұрын көз көріп, құлақ
естімеген ерен ерлікке куә болған. Сондағы атамекеннің
қамы үшін, ата-жұрттың бағы үшін арыстан боп алысып,

жолбарыс боп жұлысқан алты жүз сайыпқыранның бәрінің
бірдей аты есімізге түсіп тұрған жоқ. Бірақ бәріміздің де
бойымызды кернеп тұрған – солардың қаны, ойымызды
тербеп тұрған – солардың арманы, жадымыздағы солар­

дың өсиеті, жанымыздағы – солардың қасиеті. Бәлкім,
тіпті талайымыздың бет-әлпетімізде де солардың дидары
тұрған шығар. Ендеше, екі дүниеде де мейманасы асып,
нұры тасыды деген осы болады. Қайсыбірі осы арада

шейіт болған, қайсы біріне кейін басқа арадан топырақ
бұйырған қасиетті бабаларымыздың аруақтарының алдын­

Ғасырлар тоғысында
да солардың ерліктерінің арқасында аман қалып, өсіп-өніп,
он миллионнан асып отырған ызғындай ұрпақтың атынан
бас иіп тағзым етеміз. «Жарықтықтарым, жандарыңыз

жаннатта болғай, ел-жұртқа тілеп өткен тілектеріңіз
Жаратқан иенің жақсы құлағына шалынып, қабыл бола
бергей!» – дейміз.
Біздің бұлайша тебіренетіндігіміз – егемендік алған

еліміз бен тәуелсіз болған мемлекетіміздің тамырын те­
рең­ге тартқан телегей тарихымыздың ең бір маңызды,
мағыналы тарауы осы арадан басталған-ды.
Дүние жаратылып, су аққалы мынау салқар сахара­

ны әрлі-берлі кесе көктей көшіп-қонып жүрген ежелгі
жұртымыз талай рет дербес орда тігіп, өз алдына ел бол­
ды. Талай рет басқыншылық дауылы сапырып, шаңырағы
шайқалды. Бірақ еркіндікке ұмтылған асау арманын ешкім

өшіре алған жоқ.
Бұдан бес ғасырдай бұрын да қос құрлықты қоса
айқарған алып империя ыдырағанда біздің халқымыз
тап осы далада тап осылай орда тіккен-ді. Бірақ, ол за­

манда бұны құптағандардан гөрі ұқпағандар көп болды.
Әсіресе, Шыңғысхан империясының құлауы нәтижесінде
Евразияда шешуші ықпалға ие бола бастаған іргелі мемле­
кеттер осынау көл-көсір кеңістікті тікелей не жанамалай

өз ықпалдарында ұстауға тырысты. Ол үшін бұрынғы
көшпелі империяның орнында пайда болған діні, тілі,
саяси дәстүрлері жағынан да әр түрлі жікке бөлінетін
көшпелі хандықтарды бір-біріне айдап салды. Бұл жол­

да жаңа билеушілердің аталмыш кеңістікті бір өзі жеке
дара билейтін үстемдікке ие болу, күйреген империяның
күйтін күйттеп, ол үшін кек қайтару пиғылдарын асқан
шеберлікпен пайдалана білді. Көршілес жаңа импе­

риялардың мұндай әрекет саясаттарын түсінбеген кейбір
көшпелі мемлекеттер бір кезде Шыңғысхан қол астын­
да болған жерлерді түгелдей не ішінара қайтарып алу
мақсатында шындап кірісті. XV ғасырда Гоби мен Алтай

Ә. Кекілбайұлы
арасынан бас көтере бастаған Жоңғар хандығы сондай
пиғылдың бірден-бір ұясына айналды. Әйгілі тарихшы
Н. Бичуриннің пайымдауынша, Есен-ханнан Хара-Хулаға

дейінгі бір жарым ғасырлық бейбітшілік тұсында әдейі
көбейіп, байып алған ойраттар Шыңғыс хан империясын
қайта тірлту үшін Алтайдан Атырауға, Оралдан Үнді ше­
карасына дейінгі аймақты өзіне қаратып алуға ниеттенді.

Өзара араздасқан боп, бірін-бірі көрші елдердің жеріне
білдіртпей басып кіруге итермеледі. Әсіресе торғауыттар
мен қошауыттар жаңа мемлекетке бірігіп жатқан қазақ
тайпаларының Сырдария бойына жинақталуын пайдала­

нып, уақытша босап қалған Ертіс, Шідерті, Қамысты, Есіл
бойларын иемдене отырып, Еділ сағасына дейін жетті. Бұл,
академик Н. Веселовский айтқандай, тіпті де алауыз­дық­
тан бөліне-жарылу емес, «жаңа жерлер жаулап алу мен

Шыңғыс хан империясын қайтадан қалпына келтірудің
мықтап ойластырылған жоспары», – еді. Өріс мәселесін
бұлай шешкенмен, қытай базарынан аласталған ойрат­
тар сауда-саттықта басқаша жол іздеді. Ең таяу тұрған

Орта Азия базарына жетуге асықты. Бұл арада күшке
жүгінуге ниеттенді. 1640 жылы Тарбағатай құрылтайы
«Дала жосығын» қабылдап, Жоңғар хандығы мемлекеттік
құрылымын, шаруашылық үрдісін, ішкі-сыртқы саясатын

біржола миллитаристік сипатқа көшірді. Оған шығыстағы
цин қысымы, батыстағы сауда-саттық мұқтажы ықпал
етті. Ойлаған мақсатқа жетуге жаңа құрылып жатқан
қазақ хандығы көп кедергі келтірді. Ол бастапқы кезеңде

ойраттармен бейбіт қатынас ұстанды. Келе-келе олар да
гәпке түсінді. Әсіресе, ойрат тұтқынынан қашып құтылған
Салқам Жәңгір көрші елдерді шығыстан келер қауіптің
шын астарын айтып, бірігіп қорғануға шақыра бастады. Ба­

тыр қонтайшы ол ниетті жүзеге асыртпау үшін тұтқиылдан
соққы беруге бел байлады. Жаңа қорғаныс одағын құрып
үлгермеген Жәңгірге елу мың әскерлі қонтайшыны 1643
жылы бар болғаны алты жүз сарбазбен дәл осы арада то­

Ғасырлар тоғысында
сып алуға тура келді. Өйткені, тосын шабуылды тосын әдіс
қана тойтара алатын еді. Әдетте, жоңғарлар осылай тау-
тасты сағалап соғысып, ал қазақтар дұшпанын айдалаға

ала қашып, бытыратып барып, ұтылап тиісіп жүріп ұтып
кететін Батыр қонтайшы да бүйтіп өз әдістері өздерінің ал­
дынан шығады деп ойлаған жоқ еді. Жәңгір, бір жағынан,
жасақ жиып үлгере алмады, екіншіден, басқа амалы бол­

мады, үшіншіден, осылай жаңа одақтастарына тезірек
шешім қабылдауды мәжбүр етуді көздеді. Ол мақсатына
жетті. Әлемдік соғыс өнеріне жаңалық боп енердей мысал
тауып берді. Өзінен жүз еседей көп ауыр қолды қисапсыз

шығынға ұшыратты. Тек кейіннен көмек келуге жағдай
туғызып қана қоймай, қапысыз дайындалған жойқын
шабуылды тойтарып, төнгелі тұрған қауіпті көп жылға
кейін шегертті. Сол арқылы жас мемлекеттің қорғанысын

нығайтуға, көрші елдермен саяси ара-қатынастың сипа­
тын өзгертуге, ішкі ынтымақты, сыртқы ықпалдастықты
нығайтуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, берісі Орталық Азияда,
әрісі жалпы Евразияда қалыптасып келе жатқан геосаяси

ара-салмақты түбірімен өзгертіп жіберді. Әрине, бұл жеңіс
жоңғар басқыншылығына түбегейлі тойтарыс бере ал­
ма­ды. Ол араға тоғыз жыл салып қайта жанданды. 1652
жылғы шайқаста он жеті жасар Қалдан Жәңгірмен жек­

пе-жекке шығып, жеңіп кетті. Одан кейін де бір ғасырға
созылған тайталастың тағдыры батысқа қарай баса
көктеген цин өктемдігіне ұласып, жоңғар хандығының
біржолата жойылуымен тәмамдалды.

Заман озды. Дүние өзгерді. Жау тоқтатқан Жәңгір,
орда бұзған Жалаңтөс, оларға ерген қазақ, қырғыз, өзбек,
тәжік, қарақалпақ, түрікмен батырлары жер көкірегі
мен ел көкірегінен тиесілі орындарын иемденді. Алай­

да, өшпейтін, өзгермейтін нәрселер бар. Анау көбең
жылқының сауырындай жалтылдап жатқан көкмайсаның
арасында бір кезде айлап-апталап бастарын ажалға тіккен
ардақтардың жанына түскен жыртықтай, тәніне түскен

Ә. Кекілбайұлы
тыртықтай боп атамзаманғы оқпана шұқырлар әлі жатыр.
Жер-анаңның көкірегін ойып түскен сол тыртықтарды
көріп ойсырамау, Ел-ананың ертеңі туралы ойланбау еш

мүмкін емес.
Өйткені, бұл арада екі әскер, екі қолбасы емес, екі
құбылыс ұстасты. Тәй-тәй басқан тәуелсіздікке жалғанды
жалпағынан басып қалған көкжал басқыншылық тап берді.

Сонда жаны Қарқараға келген азаттықты аман алып қалған
отаншылдық болды.
Бүгінде, міне, тағы да егемендік қаз тұрып, жаңа
тәу­ел­сіздік тәй-тәй басып келеді. Құдайға шүкір, тап

бер­гелі тұрған қауіптің әзір беті аулақ. Бірақ, қатпаған
қа­бырғаны қайыстырар, бекімеген бұғананы майысты­
рар қиындықтар мен ауыртпалықтар толып жатыр. Ең
бастысы – жаңарыстың шабандап, дағдарыстың табандап

тұрып алғаны. Біз қолымыздан келгенін істеп жатырмыз.
Дүрбелең кезеңде орнықтылықтан ауытқымадық. Уақыт
­оздырмай, әлемдік қауымдастыққа мүше болып алдық.
Жаңа мәртебемізге лайық жаңа жосығымызды қабыл­

дадық. Кей ісімізде мимырттық кездескенмен, көп ісімізде
ілгерілеу бар. Аяқ алысымызға алыс-жақын адамзаттың
ықласы артып отыр. Өзімізге қойғанда, жұрт қатарлы
ел болып кете алатынымызға еш күмән жоқ. Алайда, біз

ай астындағы жалғыз ел емеспіз ғой. Жан-жағымызда
алуан сипатты, қайшылықтары мол, қат-қабат өзгерістер
қатарынан жүріп жатыр. Ол біреулерді армандаған
тәуелсіздігіне жеткізсе, екінші біреулерді ғасырлар бойы

үйренісіп қалған ықпалынан айырды. Өзгеріс жүрген
жерде қиыншылықтар мен қиналыс та жүреді. Жер
бетіндегі қалыпты ара салмақ бұзылды. Жаңа ара салмақ
әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Мұндай жағдай әлеуметтік

ауа райында қопарылмалы ахуал орнатары белгілі. Ондай
дүдәмалдық жағдайды өз мақсаттарына пайдаланып қа­
луға тырысатын күштер де аз емес. Кейбіреулер кешегіге,
екінші біреулер бәрін қойып тіпті баяғыға тартқыласа,

Ғасырлар тоғысында
үшінші біреулер жүріп жатқан құбылыстарды одан сайын
асықтырғысы келеді. Талайлар кешегі тоталитаризмді
құлатарда қолданылған жаппай мансұқтаушылықты

одан әрі өршіте түсуге құмар. Оның жас демократия мен
тәуелсіздікті де шайып кетуі ықтимал екенін ескермейді.
Тіпті егемендік, мемлекеттілік, тәуелсіздік, отаншылдық
деген ұғымдарды кертартылыққа теліп, жоққа шығаруға

тырысатындар да табылмай қалып жүрген жоқ. Нарық пен
демократия ондай-ондаймен қабыспайды деп қисындайды.
Бұл – шындыққа қиянат. Шынайы либерализм, нарық
пен демократия, шындап келгенде, екінші дүниежүзілік

соғыстан соң өрістеді. Сол екі ортада әлемдегі дербес
мемлекеттердің саны екі есе көбейді. Мамандардың
пайымдауынша, бұл процесс әлі өрістеу үстінде. Бәрін
қойғанда, либерализмнің де, демократияның да отаны

болған Батыс Еуропада тәуелсіздігі мен егемендігінен бас
тартып отырған ешкім жоқ. Өйткені, шынайы либерализм,
демократия адамдар бостандығын қандай мойындаса,
халықтар бостандығын да сондай мойындайды. Азат емес

қоғамнан азат азамат шықпайды. Ал азат азамат қоғамы­
ның бостандануын, отанының тәуелсіздігін жақтайды. Қол
жеткен азаттық пен тәуелсіздікті сыртқы әлімжеттікке,
ішкі алауыздыққа қолжаулық қып жіберткізбейді. Егер

табиғатта бар ұлттық, мемлекеттік, территориялық си­
паттар мен шек-шекараны ескеріп, есепке алмаса, оны өз
пайдасына жарата білмесе, нарықтың аты нарық болмас
еді. Бірақ ол айырмашылықтарды бір жақты желеулет­

кен оқшаулануды емес, қайта оларды жан-жақты мұқият
ескеретін ықпалдастықты жақтайды. Бәрінің де мүдделес
жақтардың үдесінен шығардай тиімді болғанын көздейді.
Демократия да табиғатта бар мүдде айырмашылығын жоқ­

қа шығарса, әділеттің емес, қиянаттың құралына айналар
еді. Бірақ бар айырмашылық – ерекшеліктердің текетірес
жолымен емес, бірін-бірі құрметтеушілік, бір-біріне
қиянат етпеушілік жолымен шешілуін көздейді. Ендеше,

Ә. Кекілбайұлы
демократия мен нарықтан біздің жас тәуелсіздігімізге тиер
зиян жоқ. Егер біз отаншылдықты өз еліміздің тәуелсіздігі
мен өз қоғамымыздың кемелдігіне қалтықсыз қызмет ету

деп түсінсек, онда сол тәуелсіздікті қамтамасыз еткен
жаңарысты одан әрі тереңдете түсуге мүдделі болуға
тиіспіз.
Ол үшін тек жақын кеңістіктегі жағдайлардың шы­

лауында кетпей, заманалық құбылыстарды да мұқият
қадағалай білгеніміз жөн. Санадан әлі кетіп болмаған
иемденгіш өркениет экономикалық көрсеқызарлық пен
саяси әлімжеттікті біржақты әспеттеп, өзгенің әлжуаздығы

мен мұқтаждығын кіріптарлыққа айналдырып, әуелі
аймақтық, артынан әлемдік үстемдікке ұмтылатын отар­
шылдықты туғызды. Ол жақ-жаққа бөлінген әлемдік
текетіреске ұштасты. Ондай текетірес жеке халықтардың

ғана емес, күллі адамзат пен планетаның болашағына
түбегейлі қауіп төндіргендіктен де, қазіргі ахуал орнап
отыр. Ендігі жерде халықтар мен мемлекеттер бір-
біріне кіріптарлықтан жан-жаққа бөлінетін одақтастық

жолына түсіп емес, бір-бірінің тәуелсіздігін мойындап,
мүдделерін қалтқысыз құрметтеп, бірдей тиімділік жолы­
мен ықпалдасу арқылы ғана құтыла алады. Тек сонда ғана
өздерін де, күллі өркениетті де аман сақтап қалады. Бүкіл

адамзат соңғы жылдарда болып жатқан өзгерістерден
осындай үміт күтіп отыр. Баршамыздың басымызды
қатерге тіккен «әлемдік үстемдік жолындағы одақтастар
тайталасы» осымен бітсе екен деген тілекте. Ал егер жас

тәуелсіздіктер азаттықтың алғашқы кезеңінің күшейе
түсер күйзелістеріне шыдамай, жан-жағымен бар жаққа
бірдей тиімді демократиялық – өркениеттілік тұрғыдағы
ықпалдастық орнатудың орнына жан-жаққа бөліне

жарылушылықтың былайғы әлем тарапынан секемшілдік
шақыратын жаңа бір түрлері мен қағидаларына бой алдыра
бастаса, өздерін тек сырт сипаты мен шекара-аумағы ғана
өзгерген сол баяғы кіріптарлық ахуалға, ал адамзатты бір-

Ғасырлар тоғысында
біріне сеніп болмас қырғиқабақтық ахуалға қайта оралтар
еді. Ендеше, егемендігімізді нығайту, тәуелсіздігімізді
баянды ету – біздің халқымыз бен қоғамымыз алдындағы

отаншылдық, қалған адамзат алдындағы адамгершілік
парызымыз.
Ол парызды ойдағыдай атқарып шығудың оңай емес
екені рас. Қазіргі күйзелістің тамыры терең, салдары

салқар. Жер кең. Байлық мол. Қарамыз аз. Одан туа­
тын қиындықтарды кешегі «орталықшыл экономизм»
шешудің орнына, одан сайын шиеленістіріп жібергені
мәлім. Өнеркәсібіміздің көбінесе сыртпен ұштасып, іштей

тұтаспай жатуы да, бір пұшпағымыздың шы­ғандап озып,
екінші пұшпағымыздың қалып қоюы да, бар байлықтың
бәрі бола тұра, ештеңеге қарқ бола алмай келгеніміз де
тегіннен-тегін емес. Бас-басына би болғысы келетін саяси

топтар, бас-басына бай болғысы келетін экономикалық
күштер осы жағдайларды пайдалана отырып, онсыз да
жолы жіңішке тәуелсіздіктің жолын одан сайын тарылтып
бағуда. Жарлының асын жапа-тармағай бісміллә құртады

дегендей, жан-жақтан сұғыну, жан-жаққа ала қашу да
азаймай тұр. Кешегі салалық өзімшілдіктің орнын енді
кәсіпорындық өзімшілдік басты. Оның үстіне ойда жоқта
отан жайлы ұғымын қайта қарауға мәжбүр болып отырған

миллиондаған жандардың өздері мен балаларының
болашағына бола заңды алаңдаушылығын пайдала­
нып, бөліне-жарылушылықты, жер, тіл, лауазым дауын
қопсытқысы келетіндер де баршылық. Қысқасы, шетін

мәселелер көп. Шешуге мүмкіндік тапшы. Ол мүмкіндікті
қамтамасыз ету үшін де уақыт қажет. Бұл орнықтылықты
талап етеді. Тәуелсіздікке жұлдызы қарсылар, ең алдымен,
сол орнықтылықты шайқалтуға құштар. Сәл нәрседен

ілік шығара қойғыш, дау туғыза қойғыш күштердің де
көздейтіні сол. Жанжал шығарып, жауапкершілігін жас
тәуелсіздікке арта салу – тоталитаристік кекшілдіктің
кәнігі тәсілі. Ондайдың шылауында кетіп, саяси әуле­

Ә. Кекілбайұлы
кілік пен әлеуметтік шыдамсыздыққа жол беріп алған
ай­мақтардың күндерінің қандай болып жатқанын кө­ріп
отырмыз. Ендеше, дәл бүгінгі таңда бізге керек отан­

шылдық пен елжандылықтың ең басты сипаттары:
сая­си қоқан-лоқының қай түріне де төтеп бере алатын
ұстамдылық, өз қамын өзі жеп, өз құлқын өзі түзей ала­
тын салихалылық, өзгелер мүддесіне түсіне қарайтын,

қолынан келсе қолғабыс жасап, қолынан келмесе, біреудің
басындағы жайсыздықты ушықтырмайтын ізгіліктілік,
ертең өзі қиянат көрмеу үшін бүгін өзгеге қиянат жасамау
керектігін ұмытпайтын көшелі көрегендік болса лазым.

Ал азаматтық жігер, әлеуметтік белсенділік, ұлттық
намысқа келсек, оны, ең алдымен, өз бойымыздағы кетік-
кемшінді түзетуге жұмсаған жөн. Қауырт келген өзгеріс­
тер бұл жағынан оязымыз мол екенін бұрынғыдан да

айқындай түсті. Ата-бабадан қалған кең байтақ да­ланың
асты мен үстіндегі бар байлықтың бәрін өндіріп, өңдеп,
ұқсатуға жетілмей тұрып, экономикалық тәуел­сіздіктің
іргесі өз-өзінен орныға салмайды. Өзгеріп жатқан дүние­

нің қай құбылысын да сырттай қызықтамай, бел шешіп
араласып, белсене ықпал ете алмай тұрып, тереземіздің
теңеліп кете қоюы да қиын. Ұлан-байтақ өлкеміздің
қай пұшпағын да өз үйіміздей көріп, ыстығына күйіп,

суығына тоңып, бір атаның баласындай бірге көгертіп,
бірге құлпыртуға білек сыбанып бірге кіріспеген жерде,
бірлік-береке жайындағы әңгіменің де тұзы жеңілдей
бермекші. Етек-жеңі Еуропа мен Азияны бірдей қамтып

жатқан ен байтақ Отанымызды жаңаша қорғап үйренбей
тұрып, заманамен қатар адымдап, қатар дамуымыз да
күмәнды. Демократия оңай бақ табу, нарық оңай мал табу
деп ұғатындардың мықтап қателесетінін уақыт өзі көрсетіп

беріп отыр. Біз бұған дейін бір-бірімізбен жарысып кел­
сек, енді күллі адамзатпен жарысқа түсуге тура келеді.
Намыс қуған дұрыс. Мансап, бақ, дәулет іздеген де теріс
емес шығар. Бірақ, ол жолда ұпайымыз түгел болуы үшін

Ғасырлар тоғысында
өзімізді өзіміз қамшылай, өзімізді өзіміз шыңдай білуіміз
керек. Сары уайым сапыратын уақыт кетті. Сарқылмас са­
быр, ұтымды әрекет, тыңғылықты ыждаһатты күйт­тейтін

уақыт жетті. Өйткені, әркім өз талайын өзінен көретін
тәуекел мен жауапкершілік кезеңі келді. Әйтпесе, есесі
кетеді. Опық жейді. Мұндай әңгімеден ешкім апшымауға
тиіс. Өйткені, қандай халық, қандай қауым болмасын,

өзінің тарихи дамуын өзінің тарихи отанында толығымен
қамтамасыз ете алған жағдайда ғана, ішкі күштермен
жарастықты ынтымақтаса, сыртқы күштермен тиімді
ықпалдаса алмақшы.

Біз таңғажайып қиял дүниесінде емес, кедір-бұдыр
шындық дүниесінде өмір сүріп отырғанымызды бір сәт
те ұмытпағанымыз жөн. Ешкімнің қызылына қызық­
пайтынымыз белгілі. Бірақ, ештеңеден де қапы соғып

қалмауымыз керек. Орнықсыз заманда озбырлыққа құрбан
болып аярлықтан алданып қалмауымыз үшін тыңғылықты
білік те, тегеурінді білек те, тәуекелшіл жүрек те керек...
Тек сонда ғана азаматтықтың ақ жолында мерт болған

арғы-бергі ата-бабаның лайықты ұрпағы, олар қорғаған
атамекеннің бүгінгі қожасы, әрі панасы, жасарып-
жаңғырып жатқан адамзат қауымдастығының терезесі тең
мүшесі бола аламыз.

Желдің өтінде, жаудың бетінде жүріп, сонау қадым
ғасырлар түкпірінен бүгінгі тәуелсіздік пен егемендікке
жол салып берген қаһарман бабаларымыздың шәйіт қаны
тамған шайқас орнында бас қосып, ерліктеріне тағзым

етіп, нар тәуекелдері мен береке-бірліктерінен тағылым
ала отырып, байласар пәтуамыз бен берер сертіміз осы
болса керек деп білеміз.

Ә. Кекілбайұлы

АРҒА ТАРТПАЙ – АРМАН ТҰЛ,

НАМЫС ҚУМАЙ – МАҚСАТ ТҰЛ

Ұлттық намыс туралы ойлансақ
Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар бо­
ла­ды. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстардың ғана
емес, күл­лі қоғамдық тіршіліктің тұтастай түгел өзгеруі

талап еті­леді. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған құ­
бы­лыстарымыз көп ретте сондай кіндік кезеңдерді еске
салады.
Бұл орайда жиі талас туғызып жүрген мәселе – ұлттық

мемлекет идеясы. Кейбіреулер ұлттық мемлекеттер көп
ұзамай тарих сахнасынан біржола кетеді деген сәуегейлік
айтады. Ал екінші бір ойшылдар, керісінше, кейінгі
өзгерістер ұлттық мемлекет идеясының өшуі емес,

өршуінің айқын көрінісі деп дәлелдейді. Қайсысы дұрысы?
Міне, алдымен осы жәйттің басын ашып алмайынша, бүгін
таңда көп сөз болып жүрген ұлттық намыс, ұлттық сана
дейтін ұғымдардың да мән-мағынасына қапысыз қаныға

қоймас едік.
Ендеше адамзат қоғамында болып жатқан әлгіндей
құбылыстарға байланысты біздің өз ұлттық болмы­
сымызда, ұлттық санамызда қандай өзгерістер болуы

ықтимал? Бұл сұрақтың кез-келген естияр азаматты енжар
қалдырмайтыны әбден түсінікті. Оған дұрыс жауап табу
үшін жалпы адамзат қоғамының өткен жолына тағы да көз
жүгіртуге мәжбүр боламыз. Өйтпейінше, біз алға басып

барамыз ба, не кейін шегініп келеміз бе, алған бағытымыз
дұрыс па, бұрыс па дейтін күдік-күмәннан арыла алмас

Ғасырлар тоғысында
едік. Ал, ұлттық сана дегеніміздің өзі де, әр адамның
жеке азаматтық санасы сияқты, әр ұлттың өз тіршілігін өзі
бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі,

өзінің алдына өзі мақсат қоя білуі ғой.
Олай болса, қазіргідей әрі-сәрі кезеңде біз адамзат
тарихының тағылымдарына қайта-қайта жүгінбеске ама­
лымыз жоқ. Жалпы, жер бетіндегі тіршілік миллиондаған

жылдармен есептелінеді. Соның тек кейінгі бір милли­
он жылында ғана саналы адам дүниеге келді. Алайда,
адамзат тарихы одан әлдеқайда әріден, жер бетіндегі
тіршіліктің пайда болуынан басталады. Ал жер дегені­

міздің өзі де – үлкен космостың кішкентай ғана бөлігі ғой.
Ендеше, тіршілік – тек жер тағдырымен шектелмейтін,
үлкен ғарыштық ұғымдағы құбылыс. Сондықтан да біз өз
ұлттық тарихымызды жалпы тіршілік тарихынан, адамзат

тарихынан бөле-жара қарастыра алмаймыз. Олай етсек, ер
жеткенімізді де, кер кеткенімізді атымен ажырата алма­
уымыз мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, мына бір жайды
мықтап еске ұстағанымыз жөн сияқты. Миллиардтаған

жылдармен өлшенетін тіршілік тарихы мен адамзат тари­
хында ұлт, мемлекет дейтін ұғымдардың шыққаны күні
кеше ғана еді. Дәлірек айтсақ, неолит заманынан бермен
қарайғы кезеңде еді. Оның әр жағындағы миллиондаған

жылдар бойы адамзат қалған тіршілік иелерінен ірге ажы­
ратып кете алмай, бүкіл табиғатпен бөліне-жарылмайтын
бір құбылыс саналып келді.
Жалпы, жан иелерінің қалған жаратылыстан оқшау­

ланып көзге түсіп тұратын жалғыз қасиеті – өз қорегін
өзі табуға тырысатындығы еді. Бұл қасиет бүкіл биоло­
гиялық индивидумдардың бәріне де тән. Қанша саналы
дегенімізбен бұл мәселеде адамдар да алғашқы кезеңде

басқалардан көп алысқа ұзап кете алмады. Олар да жер
бетінде өзінен-өзі өніп тұрған дайын ырзықты тауып
қоректенгенше қанағат етті. Ғалымда оны терімшілік
дәуір дейді. Шөптің басында, судың ішінде, өзін қор­

Ә. Кекілбайұлы
шаған ортаның кез-келген жерінде дайын күйінде тұрған
ырзықты жиып алып жеу – бағзыдағы бабаларымыз білген
бірден-бір экономикалық қарекет болатын. Ең таңғалатын

жағдай: сол миллиондаған жылдарға созылған адамдық
тіршіліктің тоқсан проценті осындай дайын тұрған табиғи
ырзықты сол әзір күйінде әжетке жарататын теріншілдік
дәуірге жатады. Ал оның бер жағындағы он проценттей

ғана мөлшерді иемденетін келте кезеңде біздің ырзық
айыру дағдымыз түбегейлі өзгерді. Бұрынғы табиғаттағы
дайын тұрған ырзықты дайын күйінде пайдалану ор­
нына табиғатпен қосыла отырып, өз ырзығыңды өзің

көбейте түсу жолында қаракеттене бастадық. Оған дейін
шөп басындағы дәнді теріп алып, соны қорек етсек,
енді оны өзіміз қолдан өсіруді, далада жүгіріп жүрген
мақұлықаттарды ұстап алып, тамақ етсек, енді оны қолға

үйретіп, етін азық, жүнін, терісін киім етуді кәсіпке
айналдырдық. Мұндай үрдістің шыққанына бар болғаны
тоғыз-он мың жылдай ғана уақыт болды.
Мінеки, неолит революциясы деп жүрген рево­лю­

циямыз да осы еді. Неолит революциясы адамдарды
бұрынғы биологиялық индивидиум және табиғи үйірдің
өкілінен әлеуметтік индивидиум және әлеуметтік ортаның
(социум) мүшесіне айналдырды. Бұл бірден жүзеге асқан

жоқ, біртіндеп жүзеге асты. Әуелі қан қуалаған тектік жол­
мен топтасу – рулардың шығуы, рулар бірлесіп, тайпалық
одақ құрауы сияқты алғашқы саяси қауымдасу кезеңі
басталды. Оның барлығы мемлекеттік құрылысқа келер

жолдар болғанымен, әлі мемлекеттік құрылыс емес еді.
Ендеше ол тұстардың бәрінде екі аяқты нәсіл этникалық
жолмен қауымдасудың да ең бір бастапқы кезеңінде
жүрген еді.

Ондай тар ауқымнан шығып, үлкен мөлшерде топтасу,
сол топтастықты одан әрі дамытып, ұлғайта алатындай
саяси құрылымдар түзуге әкеп тірейтін әлеуметтесудің
жүзеге асқанына бар болғаны бес-алты мың жылдай ғана

Ғасырлар тоғысында
уақыт болды. Ал әуелі осындай өз алдарына дербес-дер­
бес құралған жиынтықтардың бір-бірімен өз еріктерінен
бірігуі, өз еріктерімен бірікпесе, күштілері әлсіздеріне

әлімжеттік жасай отыра біріктіруі басталғанына не бары
үш-төрт мың жылдай ғана уақыт өтті.
Сол екі ортада екі аяқты нәсіл танымастай өзгерді. Жер
белдеуінің бойынан бастап жер кіндіктеріне қа­рай қашқан

мұзға ілесе отырып, әуелі аң қуалады, кейін сол қуалаған
аңдарының кейбірін қолға үйретіп, молшы­лықты күйттеді.
Жол-жөнекей мұздан босаған жерлерде өсіп тұрған
өсімдіктердің дәнін жиып, тамырын сорып, миуасын теріп

жеп жүре, диқандыққа дағдыланды. Сөйтіп, бірте-бірте
адамдық күнкөрістің көп ғасырдан бері көзқанықты бо­
лып алған жолдарына көшті. Оған жету үшін де мыңдаған
жылдар керек болды.

Неолит революциясы географиялық ортаны игеруде
үлкен бетбұрыс жасады. Географиялық кеңістіктерді
игеру үстінде қалыптасқан жиынтық өзі игерген ортаның
жағдайларына иемделу барысында өз тіршілік үрдісін

қалыптастырды. Ол нәсілдік даралануды туғызды. Сол
арқылы көптеген этностардың, ұлттардың шығуы жүзеге
асты. Мінеки, осылайша биологиялық дамудың ішінен
этникалық даму шешуші орынға шықты. Ондай нәсілдік

дамуға өмір сүріп отырған ортаның тарихи-географиялық
сипаттары айрықша ықпал етті.
Өйткені, адам ұзақ уақыт бойына тек жер үсті да­йын
игілікті ғана пайдаланды. Сосын оны қолдан то­лықты­

ратын жолдарға егіншілікке, малшылыққа көшті. Сүйтіп,
күні кешеге дейін вегативтік кеңістіктерге ті­келей тәуелді
болып келді. Соңғы үш-төрт ғасырдан бұ­рынғы уақытты
вегативті кеңістікке тәуелділік заманы деп есептеуіміз

керек. Тек соңғы үш-төрт ғасырда ғана адам кеңістіктің
үстін ғана игеріп қоймай, астын да игеруге кірісті.
Ұлттық әралуандық қайдан пайда болды? Көп уақыт­
қа дейін адам нәсілеттілердің саны өте аз, ал жер бе­

Ә. Кекілбайұлы
тіндегі кеңістік соншама үлкен болды. Адамдар сол
өте үлкен кеңістіктерді шарлап кезіп жүрді. Аң аулау
үшін де, мал өсіру үшін де өте үлкен кеңістіктер керек

еді. Әрбір адам, не болмаса әрбір жан ұя өзінің қорегін
айыру үшін жүздеген, мыңдаған шақырым жерлерге
барып мал бағатын, аң аулайтын. Сөйтіп, кеңістіктің
көптігі мен одан алатын ырзықтың аздығы алғашқы адам

нәсілеттілер жиынтықтарының оңашалануларына жағдай
туғызды. Сондықтан олар бірнеше жүздеген, мыңдаған
оңаша-оңаша ұжымдарға бірікті. Сол ұжымдар мыңдаған
жылдар бойы белгілі бір кеңістікте, күнкөрістің белгілі

бір түрлерімен шұғылдана жүріп, тек қана өзара арала­
сып, өзара ықпалдасып, ортақ әрекеттесу арқылы саналы
тұрде тұрақты жиынтықтар жасады. Бұл тілдің, дәстүрдің,
тағдырдың бірлігіне, тіпті тарихтың бірлігіне әкеліп тіреді.

Осы жағдайлар болашақ этникалық бірліктің қалыптасуын
қамтамасыз етті.
Жаңағы айқын вегативтік кеңістікке тікелей тәуелді
кезеңде ұлттық ұю қалыптасып кете алмады. Ол кез­

де қаншама үлкен жиынтықтар болғанымен, олардың
тұқым, қан қуалайтын жүйелері ұмыт бола қоймаған-ды.
Оларды ұмытатындай белгілі бір аяда тым көп мөлшерде
жинақталып, өзара ию-қию араласып, жікті білдірмей

жымдасып кете алатындай жағдайлар әлі орнаған жоқ
еді. Сондықтан капитализмге дейінгі кезеңде негізінен
адамдардың ұйымдасу, қауымдасу үлгісінде тектік жол
бірден-бір ұйымдасушылдық қағидаға айналып отырды.

Феодал дегеніміздің өзі феод ұғымынан шыққан-ды.
Мұның өзі – белгілі бір бекзаданың төңірегіне топтасқан
бірнеше тектердін жиынтығы деген сөз. Қазақтардың да
тайпа дегені көршілес, қоңсылас жүрген рулардың белгілі

бір туыстық жүйемен топтасқан одағы ғой. Ондай туыстық
жүйе болмаған күннің өзінде әлгі руларды туыстас, тектес
деп санататындай қисындар бәрібір ойлап табылар еді.

Ғасырлар тоғысында
Оның барлығы біздің қазіргі пайдаланып жүрген ұлттың
мағынасына бәрібір жақындай алмас еді.
Ұлт болу үшін өз мемлекетіңнің болуы, тіліңнің,

жеріңнің тұтас болуы керек дейтін қағида бар. Ол әдетте
Сталинге телінеді. Бірақ олар оған дейін де нәсілтану
ғылымында бар сипаттамалар еді. Бәлкім, үстеме таптық
сипаттар қосақталуы аталмыш кескіндемені айтарлықтай

тұрпайыландырған шығар. Алайда ұлт болу үшін жер
тұтастығы, тағдыр тұтастығы, қарым-қатынастардың
тұрақты үрдісі болуы керектігі ақылға сиятындай шарттар
еді.

Осы ретпен келгенде, ерекше ескеретін бір жәйт: жа­
ңағы айтып отырған кейбір ұлттар вегативтік кеңістікті
ерте замандарда игеріп, оның табиғи мүмкіндіктерін
ертерек тауысып, оны қолдан толықтыратын жасамыс

тәсілдерге ертерек көшті. Соған қарап, жалпы төңірегімізді
қоршап тұрған дүниені бірін жаратылыс, екіншісін
жасамыс деп екі айырық салаға бөлетін қисын шықты.
Жаратылысымыз күн, су, ауа – «Құдайдың өзі жасаған»

ортамыз да, жасамысымыз – сол ортаның адамның қолы
араласып, қосымша сипаттар қосып, күрделілендірген түрі
еді. Мәселен, қала, егінжай, суландыру, қатынас, байланыс
жүйелері, т.б.

Адамзат қауымы сол жаратылыстық аядан жасамыстық
аяға бір уақытта жаппай көшкен жоқ. Біреулері бұған
мыңдаған жылдар бұрын, екінші біреулері бірнеше ғасыр
бұрын ғана кірісті. Ал, үшінші біреулерінің тіршілігінде

жасамыстық аядан гөрі жаратылыстық ая әлі күнге басым
түсіп келеді. Жер бетіндегі өркениеттің әр алуандығы, әр
ұлттық мәдениеттің өзіндік сипаты, әрбір ұлттардың са­
насында айта қаларлықтай айырмашылықтардың болуы –

негізінен, осы себептерден туындайды.
Мұны біреулердің еңбекшіл болғандықтан ерте дамып
кетті, екіншілері жалқау болғандықтан кейін қалып қойды
деп түсінуге бола ма?

Ә. Кекілбайұлы
Жоқ, болмайды. Белгілі бір биологиялық түр ретінде
адамның дамуы өзін қоршаған ортаға тікелей байланысты
екенін айттық. Өзін қоршаған ортада оның тіршілігіне

қажетті барлық жағдай туып тұрса, ол өзінің жаратылыс­
тық жағдайын көп өзгерте қоймайды. Жасамыстық жолға
да дендеп көше бермейді. Мінеки, көптеген ұлттардың
жиырмасыншы ғасырға дейін вегативтік кеңістікпен

қарым-қатынас тұтқынында қалып келгенінің сыры да
осында. Төңірегіндегі оңай ырзық айыратын табиғи
мүмкіндіктердің әлі сарқыла қоймағандығында. Бұдан
мыңдаған жылдар, бірнеше ғасырлар бұрын өз тұсындағы

саяси жағдайда өте үлкен ықпалға ие болған ұлттар
мен ұлыстардың кейін ондай ықпалдан өз-өзінен ай­
ырылып қалуының да негізгі себебі – жаратылыстық
мүмкіндіктердің молдығына мәз болып, жасамыстық

мүмкіндіктерге тым кеш көшкендігі. Осындай санаттағы
ұлттарға қазақтарды да қосуға болатын тәрізді.
Егіншіліктен біржолата ірге ажыратып, бірыңғай
малшылыққа көшу ежелгі экономикалық қатынастардағы

айтулы өзгеріс болды. Тек қана малшылықпен шұғыл­
данатын көшпелі тұрмыстың шығуы негізінен Орталық
Азияға тән құбылыс-ты. Орталық Азия халықтары көп
уақытқа дейін Евразияның ұлан-байтақ жазықтықтарын,

таулары мен құмдарын қыс қыстау, жаз жайлауына айнал­
дырып, ондаған ғасырлар бойы емін-еркін көшпелі дәурен
сүрді. Ондай шаруашылық үрдіс қазақ үшін тіпті бүгінгі
жиырмасыншы ғасырларға дейін созылды.

Бұл жағдай оның басындағы саяси-экономикалық өзге­
ру процестерін ойдағыдай өрістетпей, белгілі мөлшерде
баяулатып тастағанына бүгін көзіміз жетіп отыр. Біздің
күнделікті күнкөрісімізді қамтамасыз ете алатын вегативті

кеңістіктердің көп болуы, жан-басымыздың аз болуы,
өзіміз жүрген географиялық аяны тек бір-ақ бағытта, мал
өсіру бағытында ғана игеруге жағдай жасады. Сондықтан
ата-бабаларымыз малының өрісі мен суатын ғана ойлап,

Ғасырлар тоғысында
жеріміздің астындағы байлықпен ісі болмады. Ол түгілі
көз алдымызда ағып жатқан өзендердің бойына егін са­
лып, шалқып жатқан шалқар көлдерімізден балық аулап,

ырзық айыруға да онша ықыласты бола қойған жоқпыз.
Төрт түлік малды азық та қылдық, көлік те қылдық, көрік
те қылдық. Сөйтіп, даламыздың кеңдігі, тек үстіндегі
байлығының өзі қажетімізден асып түсуі бізді ұзақ уақытқа

дейін басқаша тіршілікке атымен алаңдата қоймады.
Қазақ халқы осындай молшылық, кеңшілік дәуренде
жүрген кезде адамзаттың қалған бөлігі өз төңірегіндегі
табиғи тіршілік ресурстарының сарқылып бара жат­

қандығын байқап, оны қолдан толықтыратын жолдарға
көше бастады. Егіншілікті, жерді қолдан суаруды
меңгерді. Ол үшін отырықшылыққа көшу керек болды.
Осыдан барып, біз мекендеп жатқан Орталық Азияның

өзінде отырықшы мемлекеттер пайда болды. Мұның өзі
келе-келе көшіп-қонып жүрген малшы мемлекеттердің
тіршілігіне көптеген қиындықтар әкеле бастады. Әсіресе,
бұрынғыдай емін-еркін көшіп-қонуға кедергілер көбейе

бастады. Рас, ондай отырықшы мемлекеттерге бастапқы
кезде оншалықты көп территория қажет бола қойған
жоқ. Өйткені, олардың экономикасының әуелдегі негізгі
көзі – егіншілік, ұсақ кәсіпшілік, сауда-саттық болатын.

Сондықтан да оларға көшпенділер сияқты бір құрлықты
түгел иемденуге тырысудың қажеті шамалы еді. Әрине,
ондай отырықшы мемлекеттердің шығуы көшпелілікті
тежеген жоқ. Қайта олардың жағдайын жақсартты.

Өйткені, көшпелілер өзінің үйреншікті шаруашылығымен
шұғылдана отырып, қажетті бұйымдары мен мүліктерін
көршілерінен алатын экономикалық айырбастың тұрақты
түрлерін қалыптастырды. Бұл көшпелі дәуірдің тағы да

ұзаққа созыла түсуіне әсер етті.
Азияда осындай жағдай үстемдік құрса, екінші бір
материктерде, мысалы Еуропада, бұрынғы аңшылар,
балықшылар, вегативтік кеңістікке тәуелділіктің алысқа

Ә. Кекілбайұлы
апармайтынын ерте аңғарды, табиғи мүмкіндіктің тап­
шылығының дәмін ертерек татты. Сондықтан олар табиғи
ортамен қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жетілді. Та­

би­ғатты игерудің өнікті амалдарын тезірек үйренді. Ол
ғы­лымның жетілуіне, техниканың дамуына ықпал жаса­
ды. Ол екеуі жер үстіндегі табиғи байлықтарды азайтқан
үс­тіне азайта түсті. Енді жер астын да игеруге, қазба

байлықты да адамзат қажетіне асыру қарекетіне көшірді.
Осыдан барып өнеркәсіп шықты.
Индустрияның шығуы, капитализмнің келуі, қосымша
құнның адам нанбастай мол мөлшерде қордалануы осы­

дан үш-төрт ғасыр ғана бұрын жүзеге аса бастады Ондай
үрдістің Еуропадан басталуы да тегіннен-тегін емес
еді. Бұл құрлықтың климаттық жағдайы, тұрғындардың
жиілігі, қоныстануының заңдылықтары, жер шарының

қалған аймақтарынан әлдеқайда бөлек еді. Бірақ жер
шарының бір бөлігінде қорек айырудың, тіршілік етудің
жаңа және өте ықпалды, өнікті түрінің пайда болуы қалған
бөліктеріне де тікелей әсер ететіні түсінікті. Осыған бай­

ланысты соңғы үш-төрт ғасырдың ішінде, тіршілік, қорек
айырудың еуропалық үлгісі, қор жию тәсілдері дүниенің
төрт бұрышына түгел тарай бастады. Адамзат тіршілігінің
негізгі үрдісі кейінгі үш-төрт ғасырда еуропалық үлгілерге

мейлінше жақындай түсті десек, ақиқаттан аулақ кет­
пейміз.
Бүгінгі заманда жер бетінің түгелге жуық ұстанып
отырған қағидасы – осы айтқан Еуропалық, тиімділік

тәсілі.
Әрине, өз-өзінен бұлай бола қойған жоқ! Халқының
жиілігі, жер көлемінің тарлығы, климат жағдайы Еуро­
пада өнеркәсіптің ең алдымен шығуына себепші болды.

Ал өнеркәсіп территориялық тұрақтылықты талап етті.
Өйткені, жер асты байлығын игеру, жер үсті байлығын иге­
рудей емес, ауа-райына тәуелділікті азайтты. Климаттың
құбылуына байланысты бір құрлықтан екінші құрлыққа

Ғасырлар тоғысында
үдере көше жөнелетін, жаппай миграция тиылды. Енді
адамдар бұрынғыдай тек қуалау жолымен емес, бір
аяда ұзақ уақыт бірге тіршілік ететін мекендестік жо­

лымен де ынтымақтаса алатын болды. Ондай ынтымақ
этникалық жағынан ала-құлалау, әр алуандау болғанымен,
экономикалық мүдделестігі жағынан бір-біріне мейлінше
тәуелді жаңа этникалық-территориялық жиынтықтарды

туғызды. Ұлттар солай пайда болды. Территориялық
тұрақтануды рухани-экономикалық ықпалдасуға ұлас­
тырған бұндай күрделі жиынтықтардың ынтымағын
қалыптастыру үшін бұрынғыдан гөрі күрделірек және

пәрмендірек саяси құрылымдар керек болды. Мемлекеттік
білім институттары солай қалыптасты. Мемлекеттің
ұлттық санаға, ұлттық сананың мемлекеттілікке тікелей
байланысты болатындығы да сондықтан. Жаңаша кеңістік

игеру мен жаңаша шаруашылық құру территория мен
тұрғындары арасында жаңаша сабақтастық туғызды.
Дүниеге ұлттық мемлекет идеясы солай келді. Бұрынғы
бір дінді ту етіп ұйымдасқан әлемдік империялар енді

ұлттық-территориялық жаңа жіктелуге байланысты
қайтадан ыдырай бастады. Қасиетті Рим имериясы мен
оның қиыр батыс және қиыр теріскей аймақтары ара­
сында жерге таласудан шыққан отыз жылдық соғыс

өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты жаңа күшейе
бастаған шет аймақтардың территориялық талабын
мойындаумен аяқталды. Осы заманғы ұлттық мемлекет
идеясының шығуына да сол 1648 жылғы Весталь бітімі

себепші болды. Содан басталған егемендену процесі
ғылым мен техниканың дамып, соған негізделген жаңа
өркениеттің өркендеуіне айта қаларлықтай ықпал етті.
Сөйтіп, әлемдік дамудың алдына шығып алған Еуропа

капитал мен бұйымды көптеп сыртқа шығарып, сырт­
тан көптеп шикізат әкелу мақсатымен дүниенің қалған
бөліктерін отарлауға кірісті. Дамыған Еуропа елдері
іргедегі көршілерін қосып алу жолымен көбейетін

Ә. Кекілбайұлы
бұрынғы империялардай емес, техниканың ­дамуы
арқасында алыс елдерді де өз ықпалдарына бағын­ды­ра
алған жаңа трансконтинентальдық империялар ту­ғызды.

Ондай мүмкіндікке бір емес, бірнеше елдердің қатарынан
ие болуы жер шарын қайта бөліске салатын дүниежүзілік
соғыстарды шығарды. Сондай бір дүниежүзілік соғыстың
империялардың пайдасына шықпауы XX ғасыр басын­

да АҚШ президенті Вудруф Вильсонды «халықтардың
өзін-өзі билеу құқын қамтамасыз ету» идеясын қайтадан
көтеруге мәжбүр өтті. Россиядағы большевизм монар­
хизмге қарсы күресте ол идеяны шебер пайдаланды.

Бірақ, көп ұзамай ұлттық тәуелсіздік қағидасын таптық
күрес қағидасы жолында құрбандыққа шалды. Ол жаңа
сипатты әлемдік текетіреске жол ашты. Бұл жағдай екінші
дүниежүзілік соғыс басталмай жатып, Рузвельт, Черчилль,

Сталинді «Атлант хартиясын» қабылдап, «ұлттардың
өзін-өзі билеуі» қағидасының заңдылығын қайтадан
мойындауға мәжбүр етті. Бірақ, екінші дү­ниежүзілік соғыс
ұлт-азаттық қозғалысының пайдасы­на шешілгенмен, «ақ

империализм» де, «қызыл империализм» де оны әлемдік
үстемдік жолындағы күрестің қа­руына айналдыруға тыры­
сты. Сөйтіп, «әлемдік империя» «әлемдік үстемдік» құру
идеясын қайтадан күшейтуге жан салды. Ол бұрынғыдан

да қатерлі, тіпті күллі планетаны құрдымға батыруы
мүмкін болатындай қауіпті дәрежедегі текетіреске
әкеп соқтырды. Ол текетірестің күйреуі де «әлемдік
үс­темдік» қағидасының емес, «ұлт­тық тәуелсіздік» қа­

ғидасының пайдасына шықты. Қазір жер бетінде екі
жүздей тәуелсіз мемлекеттер болса, мамандардың айту­
ынша, олардың саны келесі ғасырдың ортасына шейін
үш жүзге жетуі ықтимал. Демек, ұлттық мемлекет идеясы

әлдеқашан ескірді, ендігі әлем тәуелсіздену жолымен емес,
ықпалдасу жолымен өркендейді дейтін қисын – әлемдік
үстемдік ниетінен әлі бас тарта қоймаған империалистік
көлгірліктің айла-амалы. Ресурстар азайып, жасампаздық

Ғасырлар тоғысында
жойымпаздыққа ұласып кетуі ықтимал жағдайда әлемдік
ықпалдастық керек екендігін ешкім жоққа шығармайды.
Бірақ, ондай ықпалдастық «әлемдік үстемдік орнату»

жолымен емес, барлық жақтың мүддесі бірдей ескеріліп,
еш тараптың да мүддесіне қауіп төнбейтіндей, әлемдік
тәртіп орнату жолымен ғана жүзеге аса алады. Ондай
тәртіп халықтар мен мемлекеттердің кіріптарлығы емес,

тәуелсіздігін, томаға-тұйықтығын емес, ықпалдастығын,
жақ-жақ одақтастығы емес, дербес-дербес теңқұқылығын
жаппай даусыз мойындау арқылы ғана іске асады. Бұл
жолда әлемдік үстемдік жолында тап-тапқа бөлінген

әлемдік саяси текетірестер де сондай қауіпті болса, не
дін жолымен, не тарихи дәстүрлестік жолымен жақ-жақ
боп тайталасатын аймақтық саяси текетірестер де сондай
қауіпті. Олардың қай-қайсысы да әлемдік тәртіпке емес,

әлемдік тайталастыққа апарып соқтырады. Ондай теке­
тірес пен тайталаста бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған
жас тәуелсіздіктер құрбандыққа шалынады. Мұндай
жаңа отаршылдық пен жаңа империализмнің табиғаттан

біржолата жоғалып кете қоймағанын аңғару қиын емес.
Бұл – тек жаңа тәуелсіздік алған елдерге ғана емес,
күл­лі адамзатқа бірдей қауіпті. Ондай жаңа текетірес,
жаңа ­тайталас адамзат пен табиғат арасындағы шек­

тен аса бұзылған қарым-қатынасты қайтадан қалпына
келтіруге кедергі болады. Әлемдік ашқарақтық та,
аймақтық ашқарақтық та келер ұрпақтардың сыбағасын
қаралай тонататынын былай қойғанда, қазіргі ұрпақтың

өзін экологиялық ядролық «ақырзамандарға» ұрындыруы
әбден мүмкін. Ондай саяси апаттардың да, табиғи алдын
алу да саяси-экономикалық потенциалдың негізгі қорын
қолдарына жиып алған кешегі не бүгінгі «күштілердің»

«мейірбандығына» иек арту кешірілмес аңғалдық
болар еді. Ендігі жердегі дүниенің саяси климатын
қалыптастыруда тәуелсіздікке қолдары осы ғасырда
жеткен, бірақ оны ойдағыдай жүзеге асыра алмай жатқан

Ә. Кекілбайұлы
жаңа мемлекеттердің жан-жақты ұғымталдығы, ықпалды
ұйымшылдығының атқарар қызметі өте зор. Ол үшін
әр тәуелсіз ел өз тәуелсіздігін ешкімнің жолында да,

еш­теңенің жолында да құрбандыққа шалмайтындай
нар тәуекелге бел байлауы керек. Сол жолда алыспен
де, жақынмен де, екі жаққа бірдей тиімділік жолымен
ықпалдаса білуге үйренісуі керек. Сондай тиімді және

қауіпсіз ықпалдастыққа, ынталы жұғымдылыққа ие болуға
тырысқан лазым. Ол үшін «болмай жатып болдым, тол­
май жатып толдым», – деп ойлататындай дүмбілездіктен
абай болып, күллі ұлтымен ыждаһатты шәкіртке айнала

білуі керек. Сонда оның ұстаздары – күллі адамзат пен
қазіргі табиғат қана болады. Оқитын пәндері – талай
жерде ауыз күйген аққаптал адамзаттың азапты тари­
хы мен ертеңі неғайбыл дәрежеге жетіп, еңсесі түскен

табиғаттың ая­нышты тағдыры. Екеуі де ұшқарылықты
емес, ұғымталдықты талап етеді. Тәуел­сіздік тек сонда
ғана жүгі ауған түйедей орнықсыз дү­ниеден өз орнын
тауып кете алады. Орнын тауып ала алмай тұрып, сол

орынға әбден жайғасып, орнығып үлгермей тұрып, кеуде
қағу – ер жететін емес, кер кететін қауымның ісі. Өйткені,
кешегі отаршылдық – біреудің алдында ғана тәуелді бо­
лып, қалған дүниемен сол арқылы жалғасу. Ал бүгінгі

тәуелсіздік – біреудің емес, күллі дүниенің ахуалына
тәуелді болу; сол тәуелсіздігіңді ескере отырып, күллі
дүниемен бірге әрекеттесіп, бірге ықпалдаса білу.
Бұл – жас тәуелсіздіктің адамзатпен дүниенің кешегі

жолы мен бүгінгі жағдайынан түйер бірінші қорытындысы
болуға керек-ті.
Өз тізгініне өзі ие болса алмайтын, өз қасиетін өзі
бағалап, өз мінін өз түзей алмайтын, өз мұңын өзі мұңдап,

өз жоғын өзі жоқтай алмайтын халық пен қауымның
бүгінгі дүниеде бітірері шамалы. Ондай ойы олақ, қолы
шолақ қауымды қарқ қылып тастайтындай көңілшек та­
рих пен жомарт табиғаттың қазір қарасы да көрінбейді.

Ғасырлар тоғысында
Өйткені, жер үсті тіршілік қай кездегіден де күрделі, қай
кездегіден де қат-қабат қайшылықтарға толы.
Қазір жер шары сол бұрынғы көлемінде. Бірақ жер

бетіндегі адамдардың саны әлдеқайда өсті. Халықтардың
бір-бірімен араласуы әлдеқайда күшейді. Бұрын, көп
бол­са, тек көршілерімен ғана қатынаса алатын кез-
келген ха­лық қазір күллі жер шарының кез-келген

бөлігімен кедергісіз араласа алатындай жағдайға жетті.
Бүкіл адам­­зат бір-бірінің тіршілігінен күнделікті ха­
бардар болып отыр. Соның арқасында қай тараптың да
тұтынушылық талабы айта қаларлықтай жоғарылады.

Сұраныс көбейді. Ол қайда да бұйым өндірудің не­
ғұрлым тез, неғұрлым тиімді жолдарын меңгеруге итер­
мелейді. Аймақтық экономикалық қатынастан әлемдік
экономикалық ықпалдастық үстем түсе бастады. Бұрынғы

территория бөлісудің орнына экономикалық ресур­
старды бөлісу үрдіске енді. Ол үшін күллі планеталық
экономикалық бірыңғайлық, технологиялық бірыңғайлық
орнату қажеттілігі туды. Ол үшін ресурстар ғана емес

шаруашылық жүргізу тәжірибесі де ортақтаса бастады.
Кейінгі үш жүз жылдың ішінде жер астындағы бай­
лықты игеру арқылы көп салалы экономика пайда бол­
ды. Сонымен бірге сан қилы жаңа технология өмірге

келді. Оның ешқайсысы да тек бір ұлттың, бір аймақтың
игілігі боп қала алмайтын еді. Түптеп келгенде, бұрынғы
байырғы егіншілігіміз, аңшылығымыз, малшылығымыз да
технологиялық бір ыңғайлылық қағидасын жоққа шығара

алмаған-ды. Жердің астынан кен өндіру, оны өңдеу, одан
жаңаша бұйымдар жасау, сөйтіп жасамыс тіршілікті
соншама күрделендіру, үлкен индустриялық өркениетке
әкелді. Қазір адамзат ол индустриялық өркениет дәуірінің

өзін де артқа тастап келе жатыр деуімізге әбден болады.
Өйткені, индустриялық өркениет дәуірі қазір жердің
үстіндегі, астындағы байлықтың өлшеусіз азаюына және

Ә. Кекілбайұлы
бұл бағытпен жүре берсек, көп ұзамай біржолата сарқып
алуға душар ететіндей ахуалға әкеліп тіреді.
Мінекей, Қазақстан осындай тұста тәуелсіздік алып,

дербес мемлекет құрып отыр. Бұдан бұрын да әлденеше
рет өз мемлекетіміз болған. Ол кейде өз алдына отау тігіп,
оңаша хәл кешсе, кейде көршілерімізге кіріптар болып,
бағынышты күй кешті. Талай рет басқалармен қосылып,

жиынтық мемлекеттер құрамында болды.
Қалай болған күнде де, мыңдаған жылдарғы мемле­кет­
тік дәстүріміз бар. Бірақ, өркениетті мемлекет бо­луға енді
ғана бет бұрдық. Ондай беталыс жиырма­сыншы ғасырдан

ғана басталды деп айтуға әбден бо­лады. Он тоғызыншы
ғасырда қазақ даласында же­ке­леген кендер қазылғанмен,
жекелеген өнеркәсіп орын­дары ашылғанымен, ол ұлттық
шаруашылық үрдісімізді түбегейлі өзгерте алатындай ық­

палға ие бола алған жоқ-ты. Оның үстіне, жараты­лыстық
аядан кетіп, жасамыстық аяға көшуіміз көп жағдайда
күштеп жасалынған-ды. Қазақтар көп жағдайда жаңа
кәсіпті өз еркімен игерген жоқ, екіншіден оны өз еркімен

игеруге мүмкіндігі де болған жоқ. Мінеки, соның салда­
рынан біздің ұлттық санамызда белгілі бір мөлшерде өзін
үлкен индустриядан аулақ ұстау, не болмаса оған жатсына
қарау салқыны орын алып келді. Екінші жағынан, біздің

даланың байлығын игеретін күштер жергілікті халықты өз
істеріне араластырғысы келмеді. Мүмкіндігінше, одан шет
қалдырды, ғылыми-техникалық өзгерістерден аулақтау
ұстау саясатын жүргізді.

Бұған көзіміз қазір жетіп отыр.
Қазақстанның көп салалы экономикасында жергілікті
халықтың үлесіне тигені тек мал шаруашылығы ғана.
Қалған салаларда оның үлес салмағы тым қо­раш. Қыс­

қасы, қазақтар өз жерінде болып жатқан ин­дуст­риялық
революциядан тысқары тұрды. Оның жәй-жапсарынан
көзқарақты кісілер ретінде хабардар бол­ғанымен, қолма-

Ғасырлар тоғысында
қол араласып, жетекші тұлғаға айнала алмады деп айтуға
әбден қақылымыз.
Бұл жалпы отаршылдық атаулының ұстанатын ортақ

саясаты еді.
Ол заңдылық қазақ даласын да айналып өте алмады.
Біз қазір саяси тәуелсіздігімізді нығайтып жатырмыз.
Ол жолда табыссыз да емеспіз. Бірақ экономикалық

тәуелсіздігіміз турасында тап бұлай батыл айта алмаймыз.
Өйтетіні – біздердің күнкөріс айыру үрдісіміз қалған адам­
зат жеткен биіктен әлі де болса төмен тұр. Мұны ашық
мойындамасақ, өзімізді өзіміз алдарқатып, әлі де талай

уақыт жолдан қаламыз.
Осыған орай, әртүрлі әңгімелер айтылады. Қазақ қандай
жолмен ілгері басуы керек? Қандай бағыт ұстансақ,
тезірек ел болып кете аламыз? Бұл мәселеде де ешкімге

ұқсамайтын атымен жаңа үрдіс табу өте қиын. Өйткені, та­
рихи дамудың дағдыларын күллі адамзат қалыптастырады.
Ал ұлт – оның бір бөлшегі ғана. Демек, кез-келген халық
өзін-өзі аман сақтап қалуы және ілгері дами білуі үшін

бүкіл адамзаттық тәжірибеге жүгінуге мәжбүр болады.
Осы реттен келгенде, адамзаттың даму жолдарын
мейлінше зерделеп, жете білуіміз қажет. Еуропалық тех­
нология, осы заманғы үрдіс пен рационалды мәдениет,

жалпы өркениет өзінен-өзі туа салған жоқ. Сол айту­
лы Еуропаңыздың өзі де өзгелер тәжірибесін мықтап
үйренді. Қатыгез табиғат жағдайында кеңінен өріс алған
құрылыс салу, қолдан жер суару, дақылдарды қайтадан

егу, өндіру, кеңістікті игеруді мөлшерлей білу, әуелі Еу­
ропа емес, Афроазияда, Мысыр мен Қосөзен алқабында
пайда болды. Отырықшы Азия ойлап тапқан математика,
қыш өңдеу, қолдан құрылыс материалын жасау, жалпы

механика, жалпы медицина, астрономия өз отандастары­
нан гөрі басқа құрлықтарға көбірек қызмет етті. Демек,
Еуропалық мәдениет деп жүргеніміздің өзі де – оған
дейінгі күллі адамзат мәдениетінің ғасырлар сұрыптаған

Ә. Кекілбайұлы
ең тиімді, ұтымды жолдары. Соны қапысыз үйрену арқылы
қалыптасқан мәдениет.
Ендеше, ол неге тек еуропалықтарға ғана тән болуы

керек? Неге ол тәуелсіздік алып, өз жерінің үстіндегі
байлықты да, астындағы байлықты да игеруге енді-енді
кірісіп жатқан басқа халықтарға өнеге бола алмайды?
Болғанда қандай?...

Мұндай ұлттық томаға-тұйықтықты тәуелсіздік деп
ұғу – өскісі келген халықтың емес, өшкісі келген ха­лықтың
ісі. Әркім әр қырдың астында дәурендеп жүретін кез кетті.
Өз игілігіңді өзің игере алсаң – игергенің, игер­месең – өзге

игеріп қояды. Өз ырзығыңды өзің же­сең – жегенің, жей
алмасаң – өзге жеп қояды. Өзің қапы қалмауға тырыспасаң,
өзге қапыңды тауып кететін заманда отырмыз.
Сондықтан басқалар білгенді біліп, басқалар меңгер­

ген­ді меңгермесең, кіріптарлық пен басыбайлылықтан
бәрібір азат бола алмайсың. Оның үстіне сен неғұрлым
аз халық болсаң, солғұрлым тез жетіліп, солғұрлым көп
үйренуің керек. Өйтпесең, өз ұпайыңды өзің түгендей

алмайсың. Осы заңдылықты ескермей, кейінге тартуы­
мыз, әлі де кең жүріп, кең тұруға тырысуымыз көсегені
көгертпейді. Ұлттық намыс, ең алдымен, елгезектігіміз
бен ыждаһатымыздан көрінуге тиісті.

Өзгелер тәжірибесін дұрыс талдап, дұрыс бағалай
білу – тәуелсіздікке үйренудің ең басты тағылымы. Біздің
бастан кешіп отырған жағдайымызды көптеген мемлекет­
тер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өз бастарынан

өткерді. Солар не істеді?
Бұрынғы дәстүр аумағында қалып, өткеннің ізімен
жүруге тырысқан елдер әліге дейін өзіндік экономи­
ка жасақтай алған жоқ. Көбіне-көп шикізатын сатып,

санының аздығын, шикізатының молдығын пайдаланып,
күнкөріс айырғанына мәз болып отыр. Ал басқалармен
батыл жарысқа түсіп, өздерін өздері рухани шыңдауға
дәті тұра білген елдер өз байлығының аздығы ғана емес,

Ғасырлар тоғысында
тіпті жоқтығына қарамастан, осы заманғы технология­
ны алдымен игерудің арқасында әлемдік экономиканың
көшбасшысына айнала алды. Мысалы, біздермен бір

құрлықты мекендейтін, өзімізбен нәсілдес жапондарды
алайықшы. Олар қоныстанған аралдарда шикізат атымен
жоқтың қасы. Біздегі мүмкіндіктерден түгелдей ада. Соған
қарамастан жапонның іскерлік ақылынсыз қазіргі әлемдік

экономиканы көзге елестету еш мүмкін емес.
Осындай рухани кемелділікке жетуге біздің мүмкін­
дігіміз бар ма? Әрине.
Біз бұрынырақ тәуелсіздік алған басқа елдерге қа­

рағанда, жаппай сауаттымыз. Көбіміз техниканы өзіміз
жасамағанмен, оны пайдалануға дағдыланып қалдық.
Жеріміздің астында қанша байлық бар екендігінен жет­
кілікті хабардармыз. Қалған елдердің өнеге-үлгісін

күн­де көріп отырмыз. Оның үстіне қазір бұрынғы ата-
бабаларымыздың өңі түгілі түсіне енбеген соны мүм­кін­
діктерге иеміз. Біріншіден, бізде технологиялық мағ­лұмат
бар. Екіншіден, соны жүзеге асыратын шикізат мол.

Үшіншіден, жаңа технологияны игеруге жеткілікті мөл­
шерде жасамыстық тіршілікке икемделген тәжірибеміз
және бар. Қазір жасамыстық жағдайға бейімделмесек,
өмір сүре алмайтындай кезеңде тұрғанымызды жақсы

түсінеміз. Өйткені, өркениет тұрмысымызға әлде-қашан
енген. Оның артықшылығымен пайдаланудың дәмін
әлдеқашан татқанбыз.
Өркениетті ел боламыз дегенді де осыған сүйенін

айтамыз. Ендеше, бұрынғы ұстанып келген үрдістеріміз
бен дәстүрлеріміздің күні не болады? Олардың барлығын
мансұқтап, бір күннің ішінде басқа адам болып шыға
қоюымыз мүмкін бе? Бұл арада да басқалардың тәжіри­

бесіне зерделей қарағанымыз абзал. Жер бетінде бұрын
аңшы болмаған, егінші, малшы болмаған ешбір жұрт
жоқ. Немістер де, ағылшындар да, жаңа мысалға келтіріп
кеткен жапондар да, әуелде солай күн көріп, солай қорек

Ә. Кекілбайұлы
айырды. Бірақ, олар жаңа мамандықтарды игеру үстінде
өздерінің мыңдаған жылдар бойы жасаған мәдени
мұраларын ұмытып, заманалар бойы қалыптасқан ұлттық

психологиясын түгелдей өзгертіп жіберген жоқ. Олардың
бойына жаңа психология, жаңа үрдіс сол мыңдаған жыл­
дар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерімен жара­
сым табу арқылы сіңді. Егер немістер өздері жайлаған

ортадағы қатаң табиғатта үлкен төзімділікке, тапқырлыққа
дағдыланбаса, аң аулаған, егін салған кездегі бойларына
дарыған қасиеттерді, сол тұста тапқан амал-тәсілдерін
жаңа индустриялық үрдісті игеруде де тиімді пайдалан­

баса, бүгінгі биікке көтеріле алар ма еді?! Иә болмаса,
жапондар шашыраңқы тар аралдардағы тапшылық салда­
рынан жоқтан бар жасауға, алақандай жерге бүкіл әулетін
асырайтындай егін салып, тастың үстіне гүл өсіретіндей

ұсынықтылыққа жетіскен іскерлігін пайдалана отырып
қана осы заманғы ең озық технологияны меңгерді. Сол
сияқты, заманалар бойы сүйектеріне сіңген үйішілік,
қауымдық, ұжымдық мінез-құлықтарынан да айныған

жоқ. Мәселен, жапондар күні бүгінге дейін өздері жұмыс
істейтін фирмасын өзінің қасиетті қара шаңырағы, өзінің
ата-қауымы сияқты қастерлейді. Олар да үлкен рулық-
феодальдық жолдан өткен халық. Сондағы ру басыларын,

батырларын, ақылды азаматтарын, сеньорларын қалай
сыйлаған болса, қазіргі өз фирмаларының, ұжымдарының
басшыларын да тап солай сыйлайды. Не болмаса, бұрынғы
самурайлықтың бусидо деп аталған моральдық жосығы­

ның көп қағидаларын қазіргі еңбек мәдениетін, кәсіби
этиканы қалыптастыруда орынды пайдаланды. Қысқасы,
өздерінің бір заманғы қауымдық психологаясын түгелімен
далаға лақтырып тастамай, оны мына жаңа жағдайға икем­

дей білді. Өмірдің жаңа заңдылықтарын игеруде әжетке
асыра білді.
Біздің қазақ қауымында да мындаған жылдар бойы жан-
жақтан әр алуан діндердің, нәсілдердің, мәдениеттердің

Ғасырлар тоғысында
шырқ айнала қоршап тұрған тайталас ортасында өмір
сүргендіктен ықпалдастыққа ыңғайласа қалыптасқан
жақсы-жақсы дәстүрлер бар. Ол – кеңпейілділік-мейір­

бандықпен қоса аршылдығымыз. Атаның сүйегін қорлат­
пайтын, өз жерін, өз суын сүйетін, мыңдаған шақырымға
созылып жатқан маң даланы бір басының меншігіндей
қасиеттеп, қастерлеп отыратын үрдістеріміз ешқашан

ес­кіруі, тозуы мүмкін емес. Оның үстіне қазақтың көп
нәрсеге қызыққыш, көп нәрсені білгісі келетін елгезектігі,
ыссылы-суықты табиғат өзгерістеріне оңай икемде­
ле қоятын, жағдай талғамайтын төзімділігі және бар.

Осын­дай қасиеттердің қандастарымызға осы заманғы
индустриялық, тіпті индустриядан кейінгі атымен соны
технологияны тез, жан-жақты игеруге пайдасын тигізері
сөзсіз.

Біздер бұрын ел қорғаған батырларымызбен мақтана­
тын едік. Біраздан бері «өз ортамыздан пәлен министр,
түген профессор шықты», – деп қуанатын бол­дық. Бұл
біздің намысшылдығымыз. Ендеше, сол намыс­шыл­

дығымызды жаңа заманға лайық жаңа үрдістер игерудің
психологиялық қаруына неге айналдырмаймыз?! Біз
неге іскер адамдарымызға, білгір мамандарымызға
мақ­танбауымыз керек? Қазір ғой, қандай елге барсақ

та, ең алдымен, ол елдің комфортын, сән-салтанатын,
шығаратын бұйымдарын, кісі құрметтеу, қызмет көрсету
мәдениетін ауызға аламыз. Қазір адамды, қауымды
бағалаудын қағидалары да өзгеріп кетті. Сол жаңарған

қағидалар қазақтар үшін жат болар ма еді? Жоқ, жат
болмас еді. Қазақтар да бір кезде адамдарды көргенді-
көргенсіз, тәрбиелі-тәрбиесіз деп бөлетін. Не болмаса,
кісі бағалағанда, оның ұстаған шаруашылығына, мінген

атына, киген киіміне, құрып отырған тұрмысына қарап
бағалайтын. Неге біз жаңа іскерлікті игеруді, немесе жаңа
мамандықтарды меңгеруді осындай бәсекеге айналдыр­
маймыз?! Біздің халқымыздың табиғатында бәсекешілдік

Ә. Кекілбайұлы
бар. Біздің намысшылдығымыздың өзінде де әлгіндей
бәсекешілдік жатыр. Неге біз осы бәсекешілдігімізді жаңа
заманға ыңғайлануға пайдаланбаймыз?!

Ондай бәсекешілдік әуелден басыбайлыққа көндігіп
қалған көнбіс қауымдарға емес, емін-еркін дәурендеп
қалған азаттықшыл халықтарға ғана тән құбылыс. Ал
өз-өзінен төлдеп, өз-өзінен көбейіп жататын мал үстінен

ырзық айырып қалған көшпенді қауымда адамдар көбіне-
көп кісіге кіріптар бола бермеген. Ашуланса, ағайынымен
де ат құйрығын үзісіп, нағашысына не қайнына тайып
тұратын әдет те содан шығып жүрген шығар. Ылғи

қозғалыс үстіндегі көшпелі шаруашылық өз аяғына
жалынған мал болмаса, қозғалмайтын қор жинауға
құлықты емес еді. Демек, дүниеге кіріптарлық та сүйекке
сіңбеген. Ендеше, біздің бабаларымызға басты мұрат –

басының қадірін асыру ғана болған сияқты. «Жігітке жүз
өнер де аз», «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін қағидалар
тегіннен-тегін тумаса керек. Өйткені, жорық үстіндегідей
ылғи жол үстіндегі тіршілікте де барлық өнер өз бойыңнан

табылмаса, басқа біреуге амалсыз кіріптар болуға тура
келетін еді. Сондай кіріптарлықтан қашып, қай өнер, қай
қасиетте де ұятқа қалмауға тырысатын намысқойлық
көшпенді тұрмыстың бір сарындылығы салдарынан жан-

жақты жасампаздыққа ұласа алмай, бір басының бағасын
ғана асыруға тырысатын бәсекешілдік пен баққұмарлықты
асқындырып алған жерлері де бар шығар.
Ол да – түптеп келгенде, рухани максимализмнің

көрінісі. Оны күншілдікке айналдырып жіберіп жүрген
де бір сарынды экономикалық үрдіс пен содан өрбіген
күйкі әлеуметтік тағдыр. Ежелгі экономикалық үрдіс жаңа
экономикалық үрдістің тегеурініне төтеп бере алмады.

Ескі экономикалық үрдіс қалыптастырған ескі әлеуметтік
үрдіс жаңа экономикалық үрдістің алдында кіріптарлыққа
ұшыратты. Зордың өзін қорға, жақсының өзін жаманға
айналдырмаса, кіріптарлықтың аты кіріптарлық болар

Ғасырлар тоғысында
ма еді?! Бұндай мәселеде, себеп пен салдардың ара-жігін
ажыратып алмасақ, қасиетімізді қасиетсіздікке жорып, өз
бәсімізді өзіміз түсіріп алуымыз да ғажап емес.

Егер мәселеге осы тұрғыдан келсек, қазақтың «ма­
лым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы»,
«қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді», – дейтін
рухани максимализмі біздің әрі шұғыл, әрі түбегейлі

шыңдалуымыз бен шамырығуымыздың бірден-бір
моральдық қозғаушы күші бола алар еді.
Жалпы, дәстүр-дәппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап
қалыптасқан дағдымен күресу – есуастық. Бірақ, оның

бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, жақсарт­
пай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің
тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар жанықастық.
Олай болса, көшті-қондымен өткізген өткенімізді

біржақты бағалауға болмайды. Біз онымен қоштассақ,
қимай қоштасамыз, жамандығына немесе бізге жасаған
қиянатына бола қоштаспаймыз. Адамзаттың саны өсіп,
табиғи ресурстар азайып, әлемдік ықпалдастық әркімді

өз қалауымен дәурендей беруіне жібере қоймайтын
осы заманғы ортақ дағдыластыққа бағынбасқа амал
қалмағандықтан қоштасамыз.
Ендеше, оның бойындағы қазір қолбайлау болатындай

қасиеттерді жағдайға ыңғайлап жетілдіреміз, ал бұрын
жасампаздығын жағдай болмағандықтан ойдағыдай та­
ныта алмай келген жақсы қасиеттерін жарқыратып аша
түсеміз.

Біздіңше, ондай жақсы қасиеттерімізге тұрмыстағы
шүкіршілдік пен қанағатшылдыққа баулынған тұты­
нушылық минимализмді, соның арқасында кіріптарлыққа
бас ұра қоймайтын рухани максимализмді – аршылдық

пен намысшылдықты, бірақ салқар кеңістікте оқшаулана
беруге жол бермейтін, у ішсең, руыңмен ішуге мәжбүр
ететін қауымшылдықты, оған басыбайлықпен бас ұр­

Ә. Кекілбайұлы
ғызбай, өзіңді-өзің тежей білу арқылы жүгінетін абырой-
әжеттілікті жатқызуға болар еді. Әрине, ол қасиеттердің
өзі де заман талабымен үйлесімділікті қажет етері сөзсіз.

Көшпенді өмірдің сондай бір жақсы жоралғысы –
жаңаруға, жаңа ортаға құмарлық. Тар аяда тұйықталмай,
кеңге ұмтылған еркіндікке құштарлық. Кеңістікті бойлай
өтіп, бұрын бармаған-баспаған жаңа өлкелерге жетуге

ынтыққан тәуекелшілдік. Соныдан тайсалмайтын, жаңа­
дан жасқанбайтын елгезектік. Кеше ол мінез жұртымызға
бұрын көрмеген жаңа кеңістіктерді игеруге көмектессе,
енді бұрын ұстанбаған жаңа үрдістерді меңгеруге

көмектесері сөзсіз.
Ұлттық психологиямыздағы мұндай қасиет те байырғы
тұрмысымыздың дәйім қозғалыс үстіндегі динамикалық
сипатынан туындап жатса керек. Алайда, бұл қасиеттің

даулы да, даусыз да тұстары бар. Қауіпті де, қауіпсіз де
қасиеттері бар. Қауіптенбейтін жері – ошарылып отырып
қалуға, тоқмейілсіп тоқырап қалуға жол бермейтіндігі.
Құбылмалы табиғаттың ыңғайын тауып, өзі жүрген ор­

тамен ықпалдаса қарекеттенуге итермелейтіндігі. Қауіп
шақыратын жері – кеңістіктегі тұрақсыздықтың рухани
тұрақсыздыққа ұрынуы, елгезектіктің ұшқарылыққа
ұласуы ықтимал екендігі. Ол, әсіресе, қауымның өз билігі

өзінде болмаған жағдайда өзінен-өзі безінуге, өзін-өзі
мұқатуға әкеліп соғатынын күні кешегі тарих әбден
дәлелдеп берді.
Біздің жаңа заманға икемделгіштігіміз сондай: кейде

өз қауымымызда атымен жоқ қырсықтарды өзіміз іздеп
таба қойғышпыз. Мәселен, отызыншы жылдары таптық
қатынастар әлі кеңінен етек жая қоймаған біздің арқайын
қауым тап жауларын құрту жолындағы күресте басқа

жұрттың бәрінен озып кетті. Оның қасында мына тың
мамандықтарды, жаңа кәсіптерді игеру, өз өлкеңнің игілік-
дәулетіне иелік жасауда жұрттан қалмайтындай икемділік

Ғасырлар тоғысында
пен белсенділік таныту, сапалы бұйым шығару, жұрт
алдында ұялмайтындай қызмет көрсете білу жолындағы
бәсекешілдігіміз әлдеқайда орынды емес пе?!

Ұлттық жауапкершілігіміздің бүгін таңдағы бірден-
бір өзегі – экономикалық тәуелсіздікті қалыптастыру
болса лазым. Ұлттық намысымыз сол экономикалық
тәуелсіздікті қалыптастыратын қасиеттерді бойымызға

тездетіп дамытуға түрткі болғаны дұрыс. Егер бізде сон­
дай сана, сондай намыс неғұрлым тез қалыптасса, онда
біз дегенімізге солғұрлым тез жете аламыз. Егер біз он­
дай сана мен намысқа жету жолында әлі де самарқаулық,

керенаулық көрсететін болсақ, әлемдік дамудың қазіргі
қарқынына ілесе алмай, артта қаламыз да, алға қойып
отырған мақсаттарымыз жүзеге аспайды. Сондықтан
бүгінгі таңда қай жолмен жүреміз, қалай тұрамыз, неміз

жақсы, неміз жаман дейтін әңгімелердің көбін қалыптасып
отырған шындықтың біздің алдымызға қандай міндеттер
мен мүмкіндіктер тосып отырғандығымен тығыз қа­
быстыра білуіміз керек. Барлық нәрсе ақылға сыйым­

ды болсын. Өйткені, жабайы табиғаттың өркениетке
айналуының өзі жер бетіндегі барлық құбылыстың ақылға
сыйымдылыққа ыңғайлануына байланысты еді. Жер
бетіндегі барша тіршілік ақылға сыйымдылыққа ыңғайлай

құрылған сияқты.
Құдай, жасаған, жаппар хақ, құдірет деген ұғымдар
да содан шыққан болуы керек. Әйтпесе, бет-бетіне ағып
жатқан су, шашылып жатқан тас, шашырап жатқан мал,

беталбаты лағып жүрген жан-жануарлардың арасында
белгілі бір ықпалдастық байланыстар барын, солардың
қай-қайсысында да белгілі бір жүйелілік барын байқамаса,
адам сол заңдылықты жасаушы күшті, Құдайды іздеп,

ғасырлар бойы миын шаршатпаған болар еді.
Сондықтан, біз де өз тіршілігімізді ақылға сыйым­ды­
лыққа бағыттауымыз керек. Ал ақылға сыйымдылық –

Ә. Кекілбайұлы
жұрт сияқты өмір сүре білу, олардың алдында имен­
шектейтіндей қор да болмау, сескендіретіндей зор да
болмау, басқалардың қадір-қасиетін сыйлай білу, өзіңді

басқаларға сыйлата алардай қадір-қасиетке ие бола алу.
Меніңше, ұлттық сана мен ұлттық намыстың негізгі
мәні, міне, осында жатқан сияқты.
Қысқасы, арға тартпай – арман тұл, намыс қумай –

мақсат тұл.
1992 жыл.

Ғасырлар тоғысында

ЕЛ ИЕСІ, ЖЕР КИЕСІ

Аспан мен Жер арасындағы тіректің бар сыр-
сипатына түсініп болдық деуге әлі ерте. Тіршіліктің түп
бастауы қайда? Ол қайда салқар арнаға айналды? Бастауы
бар құбылыстың ақыры да бола ма? Ендеше, мұншама

жүйелі дүниеге осынша сындарлы сипат дарытып отырған
күш қандай?
Барлығына тыңғылықты жауап тауып болған жоқпыз.
Табамыз деп дәмету де бәлкім, күпірлік шығар.

Әзірге түсінгеніміз: адамзат дүние жаратылып, су
аққалы өзін табиғаттан бөле-жарып қарай алмаған. Қалған
табиғаттан айырмашылығын түсінсе де, астам тұрмын деп
ойлай алмаған. Ал ондай күпірлікке бой алдырған кезде

өз басына өзі тауан тілеп алған. Сөйтсе, астамшылық –
азғындық екен. Сондай астамшылықтан тыйдыра ала­
тын Заңдылықты Тәңірі деп, Тоба деп, Жаратқан деп,
Құдай деп таныған. Әр асқанға бір тосқан – мәңгілік

жарасымның мәңгілік кепіл қағидасы. Одан туындайтын
мың сан қисынды аз күн тіршілік кешетін пенде шіркіннің
түйсігіп, түсініп, меңгеріп, бұлжымас қағидаға айнал­
дырып, бұлтартпай ұстанып үлгере бермеуі де ықтимал.

Алайда, сол түп бастау Жарасым мен Зандылықтың жер
үсті Сақшылары жоқ, тіпті болмаған деп ойлау ақылға
сыймас нәмарттық болар еді.
Ондай Абзал Ақыл Иегері болған! Болғанда қандай!

Бола бермек те!
Қолыңыздағы кітап сондай Дара Парасат, Дара Рух,
Дара Шарапат, Дара Шапағат иесі хақында ел жадындағы
кептерді баян етеді.

Ә. Кекілбайұлы
Жаппай бірдейлікті әспеттеген кезеңде Даралық ата­
улы мансұқ етілді. Айрықшалық атымен ғайбатталды.
Айырықша икем, айрықша ықылас, айрықша қабілет,

айрықша ыждаһат, айрықша қасиет атаулы түгел жоққа
шығарылды.
Сондай жаппай иманнан безген кісәпір заманда Атырау
мен Арал, Орал мен Копет-Даг арасын алып жатқан ұлан-

байтақ өлкенің ежелгі тұрғындары Қасиетті Бекет-Атаға
бағыштап бір ауыз қиянат сөз айта алмаған, зәредей де
қиянат қылық жасай алмаған. Бұл өлкедегі әр шаңырақ
қуанған кезінде де, құлазыған кезінде де алдымен Бекеттің

атын ауызға алған. Бір кезде осынау кең-байтақ өлкеге
жан-жақтан көз алартқан басқыншыны Оның атын айтып
ұрандап, оның ұрпағына ту көтеріп, қол бастатып тойтарыс
берген. Біздің талай әкелеріміз бен ағаларымыз кешегі қан

майданда да жан алқымға келгенде Одан медет сұрап, көз
жұмғанда да артындағы шиеттей ұрпақты Оған аманат қып
қалдырғаны кәміл.
Жақсы заманда да, жаман заманда да Оған деген ел

сүйіспеншілігіне қылау түсіп көрген жоқ.
Өйткені, Ол тірісінде – елінің жел жақтағы Панасы,
ық жақтағы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді
арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қази.

Озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған Пірәдар.
Оның қыранның қанаты талар қиян даланы жайлаған
Ата Жұртының, Ата Мекенінің барлық шекарасында
қырандар түлек түлететін қия шыңдардан өз қолымен тас

қашап, тауды үңгіп, жер асты ғимараттар салып, мешіт-
медреселер ашуы да ескі аңыздардағы Прометей мен
Фархадтарды, Киелі кітаптардағы Мұса мен Әзірет Әліні
еске түсіретіндей ерен ерек. Шөл кезіп, ерні кезерген еліне

асасының ұшымен тас шұқып, кәусар бұлақ тауып берген
Мұса пайғамбарымдай Маңғыстау мен Үстірттегі Бекет-
Атаға байланысты жердің бәрінде де балдай бұлақ, көк
құрақ, маңыраған арқар, таутеке. Олар – Елдіктің шебі.

Ғасырлар тоғысында
Елдіктің төрі. Оларды жауға алдырған жұрт Ел болып тұра
алмайды. Ондай Елдік Намыс пен Иман ұяларын қастер
тұта білмеген жан иесі қатарға кіріп, адам санатына еніп,

қалтырамай жер басып жүре алмайды.
Елі мен Жерін шексіз сүйген Асыл Азамат, Абзал Адам­
ды Елі де шексіз сүйеді.
Бекет-Атаның басты құдіреті – міне, осында. Өйткені,

ол көзінің тірісінде қиянатқа жол бермес Әділдіктің,
күпірлікке жол бермес Адалдықтың, қараулыққа жол
бермес Шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес
Мейірімділіктің, арсыздыққа жол бермес Парасаттың

асқан үлгісін танытып, үлкен-кішіні, алыс-жақынды, дос
пен дұшпанды түгел мойындатқан адам.
Адалдықтан асқан құдіреттіліктің, әділеттіліктен асқан
әулиеліктің болуы мүмкін бе?!

Мейірімнен асқан кие, Парасаттан асқан қасиет болушы
ма еді, тәйірі?!
Ендеше, сондай асыл перзент таба алған, тауып қана
қоймай, асылдығы мен абзалдығына бола Өз Перзентін

өзі Пір тұтқан халқыңнан қалай айналмассың!
Ондай ұлдарын өлімге қимайтын Елдің өзі де өлмейді.
Өткендегілерінің өсиетін, тірідегілерінің арман-ниетін
айырықша қастерлеп, өмірлік мұрат еткен Өнегелі Ел өліге

бас игенмен, өлімге бас июші ме еді?!
Ендеше, сондай асқақ жұртының ақар-шақар шың
басындай тәкәппар жүрегінен мәңгілік жәннат тапқан
Әл­сізге Медет, Күштіге Айбар, Зарыққанға Жебеу, Та­

рыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға Сая, Ұрпаққа
Ұстаз, ұлысқа Ұран, Ел Иесі, Жер Киесі – Пір Атаға қанша
тағзым қылсаң да, артық емес деп білеміз.
Өйткені, атасыздық – отансыздық, отансыздық –

опасыздық, опасыздық – имансыздық. Ал имансыздық
еліңнен, жеріңнен безінтіп қоймай, өзіңнен де безіндірері
сөзсіз. Өзінің қадірін білмеген, ненің қадірін білуші еді?!

Ә. Кекілбайұлы
Ештеңенің қадірін білмеген, ешкімді де қарық қылмайды.
Құдай тек сондайдың бетін аулақ қылғай!
Ал Өткенде Жақсылардың болғанына сенетін адам

Бүгінде Жақсылардың барына сенеді.
Ал Жақсылардың барына сенетін адам өзі де Жақсы
болуға тырысады.
Ал Жақсы болудың Жақсылық жасаудан басқа жолы

жоқ.
Ал Жақсылық жасаудың Жаман Атқа ілігуден аулақ
болудан басқа жолы жоқ.
Ләйім, әрқайсымызды, бәрімізді, жалпақ жұрт жама­

ғатымызды Жаманаттан, Жаман Аттан сақтағай!
Жақсы Тілегімізді жөн тыңдап, жөн түсінер Жақсы
Құлақтар мен Жайсаң Жүректер көбейе бергей!

Ғасырлар тоғысында

БАҒЗЫДАН ЖЕТКЕН БАБА ЖЫР

«Манас» дастанының мың жылдығына
Бүгін біздің қай-қайсымыздың да көңіліміздің төріне
ықлым замандар қойнауынан мызғымастан мың жасаған
айтулы Дастан мен ол жырлаған атақты Батыр тіріліп

келіп отыр. Олар бізді тағы да тақуа тарихпен бетпе-
бет қалдырып, арғы-бергімізді сарапқа салдырмақшы.
Мұндайда уақыт пен кеңістіктің жік-шекарасының бәрі өз-
өзінен ұмытылып, бәрімізді бір тектен ербітіп, бір тамыр­

дан тарататын түп бастауларға, түбегей бірлік пен түбегей
тұтастыққа тереңдей үңілуге мәжбүрміз. Өткенге бойлаған
сайын арамыз жымдасып, айырмамыз азая түсетіндей.
Бәріміздің де, арғы-бергіде талайды тамсандырып, та­

лайды табындырған небір сүлейлерді тудырған екі аяқты
нәсілден екендігімізді қапысыз ұғына түскендейміз. Бірақ,
осынау әбден басы ашық ақиқаттың өзіне бар-бар уақытта
мадиықтанып, масаттана қоймайтынымыз тағы рас. Қайта

оған қаралай ұялып, қаралай арланатын, ара-тұра таусыла
тарығып, дағдара торығатын шақтарымыз да аз емес.
Өйткені, әуелден табиғаттан айрықша жаратылғаны­
мен, талайды бастан кешіріп, талай жерде ауызы күй­

генімен, айнала болмыстың қырық қатпар құпиясы мен
ұңғыл-шұңғылын үңіле зерттеп, жансыз ортаның бей­
тарап самарқаулығынан туындайтын қияметі мен жан­
ды ортаның жаны ашымас қысастығынан балалайтын

қиянатының қыр-сырын түгел біліп, кемел мен кесірді,
естілік пен есуастықты, абзалдық пен арамдықты айна-
қатесіз айыра алатындай биік парасатқа бірден-бір ие

Ә. Кекілбайұлы
Адамзаттың өз ақылына өзі мойынұсынбай, өз білгенін өзі
жүзеге асыра алмай, әлге дейін әуре-сарсаңда жүргеніне
қалай қынжылмассың?! Дүние жаратылып, су аққалы өзі

жер-жебіріне жеткізе мансұқтаумен келе жатқан талай
жексұрындық пен кесепатты, озбырлық пен зұлымдықты
өзі қойдай қоздатып, түйедей боталатып жатқанына қалай
күйінбессің?! Ендеше, сондай өзгелерді түгіл өзін-өзі аяп,

өзін-өзі желеп-жебеуге жетіле қоймаған желбас нәсілден
өрбитіндігіңе несіне жетісіп масаттанбақсың, несіне
жетісіп мақтанбақсың?! Қалайша өз бармағыңды өзің
тістеп, қаралай пұшайман болмассың?!

Солай бола тұрса да, сарсаңға түскен санаңды сабасына
оралтып, сергелдең болған сезіміңді сабырға шақырып,
тәркке ұшыраған тәуекеліңді тәубеге келтіретіндей, медеті
мол мерейлі жәйттер де баршылық. Мәселен, Құдайдың

ғана қолынан келердей талай таңғажайып адамның да
қолынан келіп жатады екен. Айтсаң ақылың жетпестей,
ойласаң қиялың жетпестей талай ғаламат алты қат аспан
үстінде де емес, жеті қат жердің астында да емес, тап өз

іргеңде, тап өзің басып жүрген топырақта да жүзеге асып
жатады екен. Ондайда басқа тараптарда емес, тап осында,
басқа сипаттарда емес, тап осылай жаратылғаныңа шексіз
риза болады екенсің. Төбең көкке жеткендей боп, қуанады

екенсің.
Бүгін де, міне, тап сондай риясыз сезімге бөленіп
отырмыз. Өйткені, тек бір жұрт, бір ұлт, бір ағайын-аумақ
қана емес, күллі адамзат нәсілін шаршысына толтырып

шаттандыра алатындай, өз құдіретін өзіне түсіндіріп
ма­саттандыра алатындай айрықша себептің, айтулы
оқиғаның әлемет әсеріне емін-еркін кенеліп отырмыз.
Жә, әуелі жырға дес берелікші: «Баяғының аңызы –

айтсақ кірер маңызы. Ежелгінің аңызы – ескергенге
ма­ңызды. Кейі жалған, кейі шын – кейінгілер көңілі
үшін... Көбі өтірік, көбі шын – көпшіліктің көңілі үшін
кө­термелеп айтамыз, көкжал Ердің жөні үшін. Жанында

Ғасырлар тоғысында
болған кісі жоқ, жалған сөзбен ісі жоқ, Төрінде жатқан кісі
жоқ, өтірікпен ісі жоқ, – бабалардың аңызы, бастамасқа
болар ма? Аталы сөз маңызы айтпай ішке қонар ма?

Шежіреден ұққан сөз, өсіп-өрбіп шыққан сөз; кәрілерден
алған сөз, халық аузында қалған сөз; аңыздарға толған
сөз, ат көтермес болған сөз; азғындарға жуымай, азаматқа
қонған сөз... Өрендерден қалған сөз, еншіге жұрт алған

сөз, ой-жүрекке қонған сөз, толқыта іште толған сөз; жауға
аттанған батырдың жан серігі болған сөз; естігеннің мейірі
емін-еркін қанған сөз; шешен біткен шерткен сөз, мешеу
көңілін еріткен сөз; боран соққан қырменен, қиқу-айқай

шуменен, сүрінбейтін тілменен, қарлықпайтын үнменен,
арқар өрген белменен, бұлт айдаған желменен, тайталаса
жарысып, бірге жасап келген сөз, баласына атасы мәңгі
еншіге берген сөз; мөлдіретіп моншақтай жұрт саралап

терген сөз...» Пәлі, пәлі...
Жақпар құзды жапыра құлаған тау суындай тасқындай
төгілмей ме?!
Атаңа қоқи, айырқалпақ жомоқшы-ай! Аузың қандай

айтқыш еді?! Көзің неткен көргіш еді?! Көңілің неткен
түйгіш еді?! Тер шығатын теріден емес, қан шығатын та­
мырдан емес, жас шығатын жанардан емес, жай әншейін
жел шығатын желпілдек ауыздан желпіне шыққан бір

кеп­ті құзғынның да ғұмыры жетпес ұзаққа, құмайдың да
аяғы жетпес қиырға алып қашып, мың жыл, мың бел, мың
асқар асырып жүрген де осындай перен қасиетің ғой...
Расында да, ықылым заманаларға куә болған, талай

ұрпақтың тілін ашып, талай ұрпақтың көзін жұмдырған,
мың жасап, миллиондардың көкірегінде тұнған жырдың
Тынық мұхиты – «Манас» атты Ата Дастанның әлі күнге
құлағымызды елітіп, көңілімізді еліктіріп, жүрегімізді

еріте жөнелетіндей ерекше сиқыры неде екен?!
Бәлкім, аспан астын бір өзі толтырып жатқан ақ жау­
лықты Ана Алатаудай апайтөс алып бітімінде шығар...

Ә. Кекілбайұлы
Бәлкім, көкжиектің көрпесін қалай тартқыласа да, қайда
тартқыласа да, бәрібір сирағы шығып қала беретін салқар
Сары Арқадай көл-көсір көлемінде шығар.

Расында да, «Манас» ежелгі үндінің «Махабхарата­
сынан» екі жарым есе, ежелгі гректің «Иллиадасы» мен
«Одиссеясын» бірге қосқандағысынан жиырма есе көп.
Бүгінде қолда бар алпыс бес нұсқаның ең сүбелілерінің

бірі Саяқбай Қаралаев жырлайтын нұсқа жарты миллион
жолдан асады.
Көлемі қара жердің төрт тарабын түгел көмкергендей,
еңсесі бұлғақтаған Бұланайдың да төбесінен қарайтындай

осыншама заңғар дастанның өн бойында көңілден
шықпайтындай олпы-солпы бір шумағы, бір жолы жоқ,
таңғалдырмайтындай, тамсандырмайтындай селкем-ша­
лыс бір сөз, бір теңеуі жоқ. Мазмұны ақар-шақар сеңгірдің

сексиме тұмсығынан жемтігін болат серіппедей бір-ақ
ытқып, бауырға ап, баса қалғысы кеп тұрған тау тағысы­
ның бұлшық етіндей тып-тығыз. Бітімі жылтырай семірген
жолбарыстың жылмағай жонындай жұп-жұмыр. Жер

бетіндегі Алатаудың қанша көркем болғанмен опырайған
ойқы-шойқысы, жапырайған жалба-жұлбасы, ебілі-себіл
елбе-желбесі жеткілікті. Жыр сомдаған Манастау қанша
заңғар, қанша алып болса да, мөлдіретіп меруерттен, жал­

тыратып жақұттан, лапылдатып лағылдан құя салғандай.
Көздің жауын алардай көркем, сұғы өтердей сұлу. Қайтіп
таңдай қақпассың?! Қайтіп басыңды шайқамассың?!
Мың жыл бойына ең сұңғыласы мен ғұламасын, тапқыры

мен айтқырын Ата Дастанға жұмылдырып, мың қайтара
қырнап-жонып, мың қайтара елеп-екшеп, мың қайтара сы­
лап-сипап, мың қайтара әрлеп-нәрлеп, әлемде теңдесі жоқ
Жыр Асқарын сомдап шыққан ақпа-төкпе Ата Қырғыздың

аруағынан қайтіп айналмассың, ақылына қайтіп бас
ұрмассың!..
Мың жасаған Ата Дастанның алдына жүгініп, аузына
үңіліп, мың күн тыңдасаң да, ынтығың еш басылмасы,

Ғасырлар тоғысында
ықласың еш тарқамасы хақ. Өйткені, көзіңнің сорасын
сорықтырмай, көңіліңнің жарасын айықтырмай, жанын­
ды шүберекке түйгізіп, қылп-қылп еткен ақ алмастың

жүзімен жалаңаяқ жүгірткендей, төбе шашынды тік
тұрғызып кірпігіңе шық тізгізіп, ет-жүрегіңді елжіретіп,
ойыңды он саққа, қиялыңды қырық саққа тентіретіп,
албастының алдына барғандай, көзбаушының көзінде

қалғандай, қараптан-қарап арбалып, қараптан-қарап
қармалып қалатының да, жорғадай тепеңдеп, жортақтай
секеңдеп, жолбарыстай атылып, арыстандай «ах» ұрып,
лапылдай жанып, лекілдей құйып, теректей теңселіп,

желектей жайқалып, шалғындай шайқалып, обырдай
омақасып, жанқастадай жағаласып, жағын сауып, жалы­
нын төгіп, еркіңе қоймай, еліктіре елпілдетіп, желіктіре
желпілдетіп, елжірете еңкілдетіп, қақпақылдай қаққылап

алып жөнелетін жойқын жомоқшының аузынан аузыңды,
көзінен көзіңді ажырата алмай, шырмауықтай шырмалып
қалатының да тегіннен-тегін емес.
Сүйегіңді сүліктей сорып, жүрегіңді жегідей жеп,

баурап алып бара жатқан ақтүтек жыршының көмейінен
ағыл-тегіл ақтарылып жатқан аласапыран сөздің шұрайы
да, ол бейнелеген көріністердің көз тартар шырайы да
емес. Қаз-қалпында қайта орнай қалған бағзы заманның,

баба заманның мың жыл бойына сейілудің орнына қойыла,
азаюдың орнына қалыңдай түскен бабаулаған зары мен
­батпан-батпан мәні. Талайды көріп, талайға төзіп келе
жатқан тарланбоз жұртыңның тақсыретті тарихы мен

тауқыметті тағдыры. Мың жыл бойына бабалардың ба­
сын қатырып, қанын қайнатып, жүйкесін шамырықтырып
келген екіұдай хәлдер мен екіұдай жолдардың шиыр­
лары мен шытырмандары енді сенің де ойыңды ойсы­

ратып, қиялыңды қысыратып, жүрегіңді шымшылай
бастайды. Бағзының кебінен бүгінгінің уайымымен ула­
нып, бүгінгінің кейпінен ежелгінің өксігі мен өкінішін
аңғарасың. Қызылды-жасыл табиғат пен қырғын-қызық

Ә. Кекілбайұлы
думандар, ұланасыр тойлар мен ызы-қиқы шайқастар, сал­
танатты сайрандар мен өжеңдеген даулар, ғашықтықтың
буы мен батырлықтың дуылы – бәрі-бәрі көрген түстей

ғайып боп, көкірегіңде көлкілдеп көне қыжыл оянады.
Қайтадан қамырығып, қайтадан арғы-бергінің айықпай
келе жатқан ащы запырандарына күмп бересің. Қайтадан
қаралай мысың құрып, қайтадан ескірмеген ежелгі кептер

есіңе түседі...
Сонда ол жағыңды таянып, жанарыңды шылайтындай,
қабырғаңды қайыстырып, бұғанаңды майыстыратындай
неткен кеп, неткен гөй-гөй...

Иә, мың жыл бойына ауыздан түспей, жырланып келе
атқан Ата дастанның болмыс-бітіміне кейінгі ұрпақ,
кейін­гі сананың қосқан жапсырма сипаты қандай көп
болса, ол алғаш рет ауызға іліккенге дейін халық басы­

нан өткен кептің сүйек пен сүйек, етпен ет сіңісіп кеткен
түбегей сипаттары да тап сондай көп. Бәлкім, соңғысы
алдыңғысы­нан да басым түсер. Өйткені, әу баста қиялды
қозғап, сезімді тербеп, жаңа бір жойқын дастанның туу­

ына түрткі болған түп себеп те сол мың жылдан бұрынғы
терең қатпарларда жатыр ғой. Осының басын ашып,
дәнін аршып айтудың орнына біреулер дастанды қырғыз
халқының арғы-бергіде басынан өткен оқиғаларының

әншейін жиынтығындай көрсе, біреулер әуелде сондай бір
ғана оқиғадан өрбіп, сосын кейінгі болып өткен оқиғаларға
жалғаса салған, өз-өзінен ұзарып, өз-өзінен ұлғайып
жатқан ұлан-ғайыр әлқиссадай көреді.

Жоқ, олай емес. «Манас» – бір жұрттың басында арғы-
бергіде болып өткен оқиғалардың басын қалай болса,
солай біріктіре салған далима дастан емес. Ол – бабалар
тұсында бас алып, аталар аяғына жеткізе алмай, әкелердің

әлі келмей, тек жер басып жүрген жаңа ұрпақтың тұсында
ғана біржолата жүзеге асуы ықтимал асыл мұрат, асқақ
мақсаттың туу, өрбу, орнығу жолының рухани шежіресі.
Түптеп келгенде, төрт кезеңнен тұратын дастандық дәуір­

Ғасырлар тоғысында
дің әр кезеңінде де бір сипатты құбылыс қайтадан көрініс
беріп, қайтадан бір жол, бір жүйемен өрбиді. Әр кезеңде
әр кейіпкер жеке дара бастан кешетін бір сипаттағы ұқсас

коллизиялардың драматизмі сатылап күшейіп, одан ту­
ындайтын концепциялық пайым да сатылап тереңдей
түседі. Бұл бүкіл бір ұлттың ғасырлар бойы жүзеге асыра
алмай келе жатқан ең басты мүддесінің ұрпақ ауысқан

сайын күрделіленіп, ұрпақ ауысқан сайын өткірленіп келе
жатқандығының көрінісі. Уайымның арманға, арманның
үмітке, үміттің сенімге айналуының қырық қатпар қиын
да қызық құбылма жолы. Бұл мақсат – ұрпақтан ұрпаққа

ұласып келе жатқан аңсарлы мақсат. Бұл тақырып –
ұрпақтан ұрпақ өрбітіп келе жатқан өзекті пәтуа. Ұлттық
сананың уызы мен мәйегі, ұлттық құлықтың уыты мен
жұлыны. Сонда қырғыздардың ұлттық парасатының

бірден-бір өзегі болған бұл пәтуа қай кезеңнен бас алды,
ұлттық поэзиясының бірден-бір тіні болған бұл тақырып
қай кездерде ауызға ілікті?
Бұл сауалға жауап іздесең, әңгіме әріге кетеді. Дүние

жаратылып, су ағатын әлімсаққа барып бір-ақ тіреледі.
Ға­рыш жаратылғанына 18 миллиард жыл болса, біз ба­
сып жүрген жұмыр жердің жаратылғанынан бері төрт
жарым миллиардтай жыл өтіпті. Санасыз тіршіліктің

пайда болғанына үш жарым миллиард жыл толса, саналы
тіршілік бар болғаны қырық мың жылдай уақыт бұрын
ғана пайда болыпты. Оның отыз мыңдайын үйірлестік
үрдісте өткізген екіаяқтылар тек соңғы он мың жылдықта

ғана қауымдастық үрдіске көшіпті. Біреуі су жағалап,
балық аулап, біреулері ну жынысқа сүңгіп, аң қуалап,
біреуі желек басынан мәуе теріп, біреуі шөптің басын
үшіп, дән жинап, экваторға жуық бойлықтар бойынан

басталған бұл құбылыс қашқан мұзбен бірге көшкен
аңдарға ілесіп, ен байтақ Еуро-Әсия кеңістіктеріне де
жетті. Мұнда да әркім өзі үйренген қарекетпен қорек
айырып, соған лайық қоныс иемденді. Дән теріп, миуа

Ә. Кекілбайұлы
жинаған терімшілер мен балық аулаған балықшылар
отырықшы боп дария сағалап, бірте-бірте диханшылық
пен кәсіпкерлікке көшті. Аң қуалаған аңшылар бірте-бірте

малшыларға айналып, жұлдызға қарап, жол бағдарлап,
топырақ жалап, жер танып, жел иіскеп өріс, шөп иіскеп
қоныс тапты. Алдарындағы сатырлаған төрт аяқтылардың
өрісі мен қонысын ойлап, аспандағы бұлттың аңысын

аңдады. Суының молайып, шөбінің көбеюіне байланы­
сты бірде күнгейге, бірде теріскейге ағатын өзендердің
алаптарына, біресе Еуропаның, біресе Әсияның ен байтақ
жазираларына алма-кезек ауып қонып, екі құрлықты

көктей өтіп, екі мұхиттын арасында жөңкілді де жүрді.
Көшкені сайрандай, қонғаны мейрамдай қызық дәуреннің
басы шадыман болғанымен, аяғы шырғалаңға ұласты. Та­
рих пен табиғаттың нағыз еркебұландарындай көрінетін

көшпенділердің ең ұзақ үстемдік құрған аймағы – қазіргі
біз өмір сүріп жатқан кеңістік. Сібір мен Орталық Азия
таулары мен далалары. Оған куә – «Манас» дастанының
өзі. Ондағы көсілте баяндалатын көл-көсір хикаялар­

да суреттелетін дәстүрлер мен салттар, мінездер мен
құлықтар мотор мінген мына біздерге де әбден таныс,
әбден түсінікті. Кейіпкерлері де ежелгі дүниеден тіріліп
келген бейтаныстай емес, тап қазір кіріп келген есіктес

көршіңдей тіптен етене. Тартып жүрген тауқыметтері мен
кешіп жүрген кептері де бес саусақтай белгілі. Сөйтсек,
қазір жүзеге асыра алмай күйзеліп жүрген жәйттеріміздің
бәрі мың жыл бұрынғы бабаларымыздың да өзегін өртеген

күйіктер екен.
Бір ғұлама айтқандай, Еуро-Әсияның әр алуан жер
бедері әр алуан үрдіспен өмір сүріп, әр алуан мәдениет
түзетін әр алуан этностардың қалыптасуына жағдай жа­

сады. Табиғи әр алуандық олардың бейбіт өмір сүруіне
көмектеспесе, кедергі келтірген жоқ. Жаны бар пайым.
Бірақ, ай астында баянды не бар? Тек кім-кім де өзі
үйренген аяда өзі үйренген әдіспен ырзық айыра алған

Ғасырлар тоғысында
замандарда ғана жағдай солай болғаны рас. Ал бас
өсіп, ауыз көбейіп, үйреншікті аяда үйреншікті әдіспен
күн көру қиындай бастағанда, әлгіндей қоян-қолтық

қоңсыластықтың да шырқы бұзыла бастады. Тіпті бір
үлгімен өмір сүретін үрдістердің өзі бір-біріне ауыз сала­
тынды шығарды. Әсіресе, бұл көпшенділерге жәйсіз тиді.
Олар енді бұрынғыдай түк шыққан жердің бәрі қонысым,

су түскен жердің бәрі суатым деп, аяғы жеткен жердің
бәрін иемденетін әдеттен бой тартуға мәжбүр болды Оны
самсаған сары қолы бар көп тайпалардан гөрі әлім-берім
аз тайпалар ертерек сезінді. Белгілі бір жинақы кеңістікке

кіндіктен байланып, қауымдастықтың берік түрлеріне
көшуге тура келді. Бұрынғыдай жөңкіле жөнелген жойқын
нөпірлерге қосыла салып, арқадан қаққанның алдына
түсіп, маңдайдан сипағанның соңына ілесіп, жетекте кет­

кендер тарихтың дәлізінде қалып, шамасына қарай шарқ
ұрып, жағдайына лайық жайлы қоныс таба білгендер көп
нәсілді адамзаттың құтхана мешітінен өз құжырасын
иемденді. Соны алдымен түсініп, алдымен ыждаһат қыл­

ған қауымдардың бірі қырғыздар болған сыңайы бар.
Сондықтан да, олардың аты тарих сахнасына өзімен
тұстас шыққан тайпалардың көбіндей, әр қауымның
құрамына бір сіңіп, өз дербестігін жойып алмай, бүгінгі

тарихқа да аман жетті. Қырғыздардың аты қытай
деректерінде біздің дәуірімізге дейінгі 201 жылдардан
бастап ұшырасып, біздің дәуіріміздің VІ-Х ғасырлары
арасында жиі кездеседі. Олар жайлы деректер VІ-ІХ

ғасырлардағы орхон-енисей тас жазбаларында да мол жо­
лығады. Сондай құлпытастардың бірінде қырғыздар­дың
Орхон мен Тола бойындағы ұйғыр патшалығын құлатқаны
жазылған. Бұл қытай жылнамалары айтуынша, 847

жылы болған оқиға. Демек, В. Бартольд айтқан «қырғыз
мемлекеттілігінің дәуірлеуі» тап осы кезеңге сәйкес
келеді. Қырғыздардың отырықшы, көшпенді көршілеріне
көп тиісіп, көп жеңіске жететіні де осы тұс. Бұрынғыдай

Ә. Кекілбайұлы
емес, бастары бірігіп, ауыздары қосылатыны да тұс. Сол
қырғыз кейінгі мұсылман тарихшыларының ХVІ-ХVІІ
ғасырлардағы еңбектерінде Батыс Тәншәнді жайлайтын,

жау келгенде қатын-баларын құз-қияға шығарып жіберіп,
тар шатқалдарда бекініп, көршілерінің шапқыншылығына
батыл тойтарыс бере алып жүрген аса жауынгер халық
ретінде бейнеледі.

Біздіңше, ұлы дастанның оқиғалық төсегін қыр­ғыз­
дардың ІХ-ХІ ғасырларда Алтайда жүріп ұйғырлармен,
қидандармен шайқасқанымен де, ХV-ХVІІ ғасырларда
Тәншәнде жүріп көрші хандықтармен шайқасқанымен де

біржола байланыстыруға болмайды. Сол сияқты ондағы
айтылған әр соғыс, әр шайқасқа, әр кейіпкерге нақты
тарихтан нақты балама іздеудің де жөні жоқ. Дастан екі
мың жыл бойына тарих назарында келе жатқан халықтың

басынан өткен оқиғаларды кезек-кезегімен көзінен тізіп
баяндап шыққан көркем шежіре емес. Сол екі мың жылдық
халық тағдырының негізгі өзегі болған іргелі ел, тұтас
жұрт болып, әлемдік болмыстан өз орнын табу жолындағы

күрделі күресті тұтастай шолып, күрделі тарихи процестің
әлеуметтік-философиялық тұңғиықтарына бойлаған тари­
хи пайымдық, тарихи уайымдық эпос. Оның басты сары­
ны – баста тұрған дәуренді дәріптеу емес, бастан ауған

дәуренді жоқтау, оның қайта оралуын аңсау.
Қырғыз тарихындағы ондай кіндік кезеңнің бұдан мың
жыл бұрын орхон-енисей бойларындағы ұлы жорықтар
мен ұлы жеңістерге сәйкес келетінін материалдық

ескерткіштер тайға таңба басқандай дәлелдеп тұр. Ұлттық
идея дегеніміздің өзі – іргелі ел болуға, өз мекеніңді
өзің иемденіп, өз болмысыңды өзің шыңдауға ұмтылу
екені белгілі. Қырғыздардың бұндай ниетті нақты жүзеге

асыруға да әлгі кезеңде кірісіп, алғашқы нәтижелерге
жеткендігі мәлім. Ендеше, істегенін ауызбен бекітіп,
артық ұрпаққа өсиет қып қалдыратын көшпенділердің
ондай дәстүрін ол кезде ұмытып кете қоюы мүмкін бе?

Ғасырлар тоғысында
Жоқ. Олай болса, тасқа қашап дерек қалдырған айтулы
оқиғаның сөзбен баяндалатын рухани дерегі қайда? Ол
бүгінгі «Манастың» алғашқы нұсқалары болуы әбден

мүмкін. Дастанның негізгі сюжеттік-фабулалық арқауы
да сол кезең оқиғаларына сайма-сай келеді. Стильдік-
көркемдік төсегінің ең терең қабаттары да сол кезеңнің
эстетикалық-дүниетанымдық сипатымен астасып жатыр.

Ал, концепциялық уытының тінін түзіп тұрған негізгі
идея сол кезең оқиғаларының басты мақсаты болғаны та­
рихтан белгілі. Ендеше трилогияның, әсіресе, Манастың
жеке өзіне байланысты алғашқы бөлігінің идеялық,

фабулалық, көркемдік төсегінің сол кезенде туған тұңғыш
нұсқалардан өрбіп жатуы әбден ықтимал. Бір ұлттың бір
мың жыл бойы жырлап келе жатқан негізгі шығармасының
географиялық аясы мен кейіпкерлік құрамы кейінгі ғасыр

құбылыстарына орай түбегейлі өзгеріске ұшыраса, онда
тұрған таңданатындай ештеңе жоқ. Бәрі өзгерсе де бастап­
қы кіндік идея өзгерген жоқ, оған түрткі болған кіндік
оқиға мен кіндік кейіпкер өзгерген жоқ. Өйткені, ол идея

әлі күнге түгелімен жүзеге асып болған жоқ. Сондықтан да,
әу баста ұлы жорықта ұлы жеңіске жеткен ұлы қолбас­шы­
ны жоқтаудан шығуы ықтимал әйгілі дастанның басынан
аяғына дейін өткенді дәріптей отырып, бүгінгіні қомсыну,

ертеңге үміттене отырып, көлденеңнің кесепатынан сес­
кену сарыны басым түсіп жатады. Бұл дегеніне жеткен
жұрттардың емес, жете алмай жүрген жұрттардың тарихи
санасына, көркемдік танымына тән сипат. Трилогияның

алғашқы бөлімімен кейінгі бөлімдерінің көркемдік
болмысы мен композициялық құрылымында, бейнелеу
қағидаларында айта қаларлықтай айырмашылықтар болуы
да тегіннен-тегін емес. Манасқа байланысты бөлімдегідей

емес, «Семетей» мен «Сейтекте» оқиғалар архаикалық
героикадан, ұлан-асыр кең қарымдылықтан арылып,
негізгі кейіпкерлердің таза жекебастық арақатынасына,
содан туындайтын трагедиялар мен драмалар төңірегіне

Ә. Кекілбайұлы
топтастырылған. «Манас» эпикалық қарымы күллі ғаламға
бара-бар нағыз үлкен эпос, үлкен эпопея болса, «Семетей»
мен «Сейтек» – бір әулет, бір буынның шындығымен орай­

ласып, бұл заманның тілімен айтсақ, «романдандырылған»
«шағын эпос». «Манастың» финалынан басқа бөлімінде
ұлан-асыр той-думан мен аламан-асыр шайқастар, аза мен
қуаныш, жеңіс пен желпініс, тағдырдың тауқыметі мен

рахаты қойқосақ түсіп, қосарланып отырса, «Семетей» мен
«Сейтекте» бір күдік пен бір үміт итжығыс түсіп жататын
сезім сергелдеңі мен сананың сарпылысы молырақ. Сал­
дарына қарап, себебін таппақ, зардабына қарап зауалын

таптырмақ рухани әуре-сарсаң көбірек. Бір кезде бабалар­
ды жеңістерге жеткізіп желпіндірген оптимистік «кіндік
идея» енді ұрпақтан ұрпақ ауысқан сайын ұлт көкірегіне
шер болып жабысып, шемен болып байланған түпсіз

уайым, тұңғиық дертке, өліспей беріспейтін өр мақсатқа
айнала түсіпті.
Халық тақсіреті қайдан өрбиді? Біреуді аз, біреуді
көп, біреуді жарлы, біреуді бай қып жарататын алақол

дүниеде қоздамай тұрмайтын сыртқы қысастық пен
ішкі келеңсіздіктерден өрбиді. Әйгілі дастан өзге жерде
келімсек саналып, келекеге ұшырап, өз жерінде саны
аздықтан санатқа ілікпей, аяққа басылып есесі кетіп, езіліп

жүрген қырғыздардың аянышты тағдырын суреттеуден
басталады. Жат жерде де ебін тауып, байып алған Жақып,
малына қорған, дәулетіне қожа болатындай мұрагер
іздесе, батыр Балта тойғанға мәз боп, тоғышар­лана

бастаған алыстағы ағайынды арттағы атамекенге қайта
бастап апарып, туған жұртымен қайта қауыштыра ала­
тын сайыпқыран көсемді аңсайды. Бесіктен белі шықпай
­жатып: «қожаны көрсе қорқытып, саба толы қымызды

қолына берсе бір жұтып», «анау-мынау ас болмайтын»,
«жарым шелек арақты жалғыз ішсе мас болмайтын»
алып Манасқа бай Жақып «Дүниенің парқын білмейді»
деп күйінсе, адал тілек, ақпейіл Ақбалта батыр: «Дауыл

Ғасырлар тоғысында
келсе, жел тимес, қалың тоғай бұл болар; даушы келсе,
мал бермес, қара көкжал ұл болар; аман болса бұл бала,
өлгеніңді тірілтер, өшкеніңді жандырар», – деп сүйінеді.

Ерен туған ер Манас ел сенімін ақтады. Алтайдың
астын үңгіп алтынын алып, алқабын толтыра егін салып,
адырын қаптата мал жайып әбден байып алған қырғыз­
дарды үйренген қоныстан кеткісі келмей, кежегелері кейін

тартса да, әлдеқашан ұмыт қалған ата-қонысына бастап
апарды. Бөгесін болғысы келгендерді топырлата қырды.
«Бет қойысар дау шықса, белдесетін жау шықса, қарауыл
шығар дөңі жоқ, қақтығыс болса қапыста, қол сиятын

жері жоқ» жайдақ тегіс пен тар қолатқа кідіртпей, «көк
толқыны шайқалған, көк желегі жайқалған, көк майсасы
найқалған; шыбығы бар шынардай, шынарлары мұнардай;
тынық аққан бұлағы, пейіштен артық сияғы; қарабура

шатқалы, аспан сүйген асқары, жер сауыры Таласқа»
бір-ақ жетіп тоқтайды. Бір кезде Оразды ханы өлген
қырғызды оқыста басып, «бірін айдап Оралға, бірін айдап
Еренге, біреуін көміп тереңге, біреуін қуып Қаңқайға»,

қан талапай еткен Қоқанның қоңқай ханы Әлеукеден өш
алып, жан-жаққа шашылып кеткен қандастарын қайта
жинай бастайды. Туыстас түркі нәсілдерін билеп отырған
жақсылар мен жайсаңдардың жасы үлкендеріне өзі барып,

жасы кішілеріне ат жүгіртіп, адам жіберіп, білек қосысар
бірлікке, ірге тұтастырар ынтымаққа шақырады. Ағайын
қатағанның ардағы Қосай дәу айқара құшағын ашып,
алдынан шықса, Алайдағы қалша ағайынның Саурық

ханы қиырдан келіп, жер шұрайын иеленіп, ел шырайын
түгендей бастаған батырға өзі келіп соқтықты. Қалмақ
ханы Текес үдере көшкен қырғыз көшін қиын мен қияда
­торуылдаса, Мәнжі ханы Қитуша ел шетіне дүрбелең

салып, тыныштық бермеді. Ел қамын ойлаған Манас
иілгенге иілді, шүйілгенге шүйілді. Ата жұрттың қайта
қаулап өсуіне, атамекеннің қайта гүлдеп құлпыруына
септігі тиер қам-қарекеттің қандайынан болса да тайын­

Ә. Кекілбайұлы
байды. Оның бұл қылығын жақтырмайтындар алыстағы
жаттан да, іргедегі жақыннан да көптеп табылды. Өзгені
қойып, туған әкесі Жақып елдің басын қоспақ боп, ердің

ауызын алмақ боп, күні-түні іргесін атқа, төрін қонаққа
таптатып жатқан баласына: «Ойымнан кетпес сор қылдың,
Манас; сансыз малды қор қылдың, Манас; аты жоққа ат
беріп, тоны жоққа тон беріп, қартайып қалған кезімде,

шын мүшкілді сен қылдың, Манас. Қаптаған мың-мың
мал қайда? Аялы Алтай жер қайда? Қабырғалас тұрушы
ек, қара Қытай ел қайда?» – деп килігіп, сақалын жуып,
шашын жұлады. Елдіктің жолына қимай, көгенінің босап

қалған бұршағы мен желісінің ағытылған ноқтасын санап,
азаттықтың жолындағы кемді күнгі қиындыққа шыда­
май, басы байлаулы, аяғы тұсаулы болса да, қарыны тоқ,
көй­легі көк жатқа кіріптар күндерді сағынатын мүсәпір

мүскіндер, шамасы, ол заманда да табылыпты. Қара бас­
тың қамы үшін, шеке қышытар таж бенен тақым қышытар
тақ үшін өз жұртына өзі өрт салып, өзгелермен жер
түбінен жең ұшынан жалғасатын жаудан бетер жәді­гөй

жексұрындар ол заманда да аз болмапты. Алыс Қаңқай­
дағы Есеннің сойылын соғатын көзкөмендер Таласта
жатып, аңғал Манасқа у қосып, арақ беріп, өз тізгінін
қолына енді алғалы тұрған сорлы жұртты бұрынғыдан

бетер сорлатып кете жаздайды.
Тым таныс құлықтар мен тым таныс қылықтар емес пе?!
Елдіктің жолына қашанда қаптаған кедергі тұрғы­
зылыпты. Азаттықтың жолына қашанда аран ор аз қа­

зылмапты. Сырттағы дұшпан іштегі алаяқтың аярлығын,
тоңмойын тоғышардың топастығын, даңққұмар дара­
қының даңғойлығын қашанда қапысыз пайдаланып
бағыпты. Бәрі де елім деп еңіреген ерлердің соңына шоқ

алып түсіп, азаттық деп арпалысқан асылдарды аяғынан
шалып бағыпты.
Сондайдағы қазылатын ор мен құрылатын тордың
аты – Тоғышарлық екен. Дүние жаратылып су аққалы

Ғасырлар тоғысында
барша келеңсіздік пен кесепаттың тақымынан түспей
келе жатқан торшолақтың аты да – Тоғышарлық екен.
Тоғышарлық арыса мүсәпір, тойынса кісәпір болмай тұра

алмайды екен. Манас өзімен ұстасқан жаудың бәрін жеңе
алғанымен ғана емес, бақ пен ырзықтың, атақ пен даңқтың,
құрмет пен махаббаттың, сый мен салтанаттың бәрін
көрсе де, кісәпірлікке ұрынбай, тоғышарлықты да жеңе

алғанымен қасиетті. Ол өр десең өр, ер десең ер. Бірақ,
жау алдында өр де, дос алдында жер. Ел мүддесі дегенде
өз мүддесін, ел намысы дегенде өз намысын ойланбастан
құрбандыққа шалып жіберетін мәрт. Ұрын барғанында

қараңғыда қол салғанына қитықтанып: «Нөкөрүм аты да
Манас, жөкөрүм аты да Манас, баскарчым аты да Манас,
баканчым аты да Манас, басып жүрген қызматкар жал­
чимдын аты да Манас, башымды кантип көмөйүн, аты

Манас экен деп, айтканга кантип көнөйүн; атамдын үйүн
бүлгабай азыр кетип жөнөгүн!» деп атып тұрған қиқар
қалындығының қолындағы пышаққа абайсыз қарналып
қала жаздағанда, ашу қысып: «Санирабийганы көөдөнге

Манас тепкени, Рабийга сулуу кыз көмөлөнүп кеткени;
баатыр Манас бабандын баатырлыгы эмей неткени; алиги
көргөн кан кызы Атемирдин жалғызы атасынын төрүнде
абыдан жеди таяқты, ал жерде башын үзмөкчү, ажар,

көркүн, тұрпатын, тартып көрүп сымбатын арстан Манас
аяды; беш кабырға кыйрады, бетин басып ыйлады, Манас
басып чыкканча жеңине каны сыйбады» – демекші, шала
бүлініп, әскеріне барып, болашақ қайнатасының астанасын

шауып ала жаздайтын асау Манас достан да, дұшпаннан
да алданғанымен, досқа да, дұшпанға да ашуланғанымен,
астамсып көрген емес, күшім жетеді екен деп зорлыққа,
айлам жетеді екен деп аярлыққа барған емес. Бірақ, ол жүр­

ген ортаның бәрі Манас емес еді. Даңқты даңғойлықпен,
мәрттікті мастықпен, намысты найсаптықпен шатыстырып
алып, аярлықты айып, астамдықты ұят, кісәпірлікті кінә
санамай, бәрін де белден басып жүре беретін бетсіздер

Ә. Кекілбайұлы
де толып жатқан-ды. Сондай бір бетпақ Көкетай ұлы
Боқмұрын өгей әкесінен қалған оңай олжаға мастанып,
атын шығармақ боп ас береді. Оған шартараптың досын,

жатын түгел шақырып, Манасты шақырмайды.
Бір-біріне қаны қатып жүрген қас дұшпандарды бір
тойға түгел жинап, бір төрге қатар отырғызам деп, сауық-
сайранды қызыл-шеке қан майданға айналдырып ала

жаздайды. Қорыққанынан Манасқа ат шаптырып, соның
айбарына арқа сүйеуге мәжбүр болады. Бірақ, онсыз да
бір-біріне тісін басып жүрген бақас елдердің онсыз да
сызат арасы бәйге мен бәсекенің салдарынан одан сайын

ырсиып ашылып кетеді. Жүрек сыздар сөз айтылып, сүйек
сырқырар іс істелінеді. Талай шаңырақ ортаға түсіп, та­
лай жылқы талауда кетеді. Талай арудың етіне дақ, талай
ердің бетіне дақ түседі. Қарқараның шыбынсыз төсіне

қақыра­дай ордалар қонып, дала мен тауды жайлаған бар­
ша халықтың барлық көріктісі мен келістісі, күштісі мен
жүйрігі, ділмары мен дүлдүлі түгел жиналып, ай бойы
көшпенділер әлемінің барлық байлығы мен барлық салта­

натын көрсетіп баққан ұлы думан көшпенді әлемнің барша
кесепаты мен кесірін де түгел ашып, өз пердесін өзіне
сыпыртып, енді қордалана бастаған берекені бір күнде
тәрк, енді іргелі ел бола бастаған қауымды бір күнде ғарып

қылып кете барады. «Көкетайдың асы – көп жанжалдың
басы» атанған ұлы жиын мәнжілер мен қырғыздардың
арасындағы ұлы майдан, ұлы шайқасқа ұласып, сол
жорықта қырғыздар мен қазақтар бас батырларының бәрін

мерт қылып, бас қолбасшысын аяр жаудың алдап келіп,
артынан ұрған улы айбалтасынан жазылмастай дертті
қылып, мол олжамен қоса мол қасіретке батып оралады.
Сөйтіп, Манас сынды ел қамын ойлап, жанын шүберекке

түйіп, басын отқа тігіп жүрген есіл сабаздардың көптен
көксеген мақсатының түбіне көлденеңнен құйысқанға
қыстырылып, қажет десеңіз дос пен жаудың, пайда мен
зиянның ара-жігін ажырата алмай жүріп-ақ ат шығарып,

Ғасырлар тоғысында
абырой асырмақ болып, өлінің аруағын, тірінің ар-
намысын бір басының дақпырты жолында құрбандыққа
шалып жіберуден тайынбайтын бір әумесердің бір

әулекілігі жетіп тынды.
Ондай дарақы да даңғой Боқмұрындардың топстығы­
нан туындап, жақсы істі жарты жолда қалдыратын ойда
жоқ қырсықтарды ішіне қыл айналмайтын шыжбыңбай

Шынқожалар, бақастықтан бауырынан безетін көр көңіл
Көбештер, мал құмарлықтан баласын баз кештіретін
жәдігөй Жақыптар, кекққұмарлықтан неден де болса
тайынбайтын қияңқы Қияздар, қаралай күңкілдеп, сасық

өкпе-бопсаға бола досын омақастыра салатын үңіреңбай
Үмітейлер, тақ үшін тұтас елін түгел сатып жіберуге пейіл
баққұмар, сонысынан да қанұмар Ханшоралар одан сай­
ын асқындырып жібереді екен. Ордадан Манас кеткесін

ортадан мәніс кетті. Ұлы есім мен ұлы іске сатқындық
басталды. Әке баласын сатты. Іні ағасын сатты. Нөкер
көсемін сатты. Мекер төсегін сатты. Босаға төрді сатты.
Төр беті жабылып үлгермеген көрді сатты. Дәулет әдетті

сатты. Әдет абырой-әжетті сатты. Азғындық басталды.
Азғындықтан аман қалудың жалғыз жолы – ел ауып, жер
ауып аласталу болды. Сол кепке ұшыраған ана Қаныкей
мен әже Шиырлы азған елден алыс қашып, асылдан қалған

тұяқ Семетейді жетілдірді. Семетей ат жалынан тартып
міне, елге оралды. Семетеймен бірге елге сенім оралды.
«Манастың ұрпағы жалғасса, ісі де жалғасады»,– деп ой­
лады жұрт. Бірақ, Манастың қолына жармасқан қорқау

Семетейдің де қолына жармасты. Манастың аяғына
оралған аяр Семетейдің де аяғына оралды. Манастың ал­
дына ор қазып, артына тор құрған күншілдік пен топастық
Семетейдің де алдынан ор қазып, артынан тор құрды. Аяр­

лар алдап соққан аңғал Семетей әке күмбезінің қасында
әкесі жеген опықты жеді. Сөйтіп, атаның кебін әке киіп,
әкенің кебін құрсақтағы бала киетін күн қайта туды. Тағы

Ә. Кекілбайұлы
да азғындар елде қалып, асылдар аласталды. Оспадардың
озбырлығынан қолды болған айдай сұлу Айшүректің
құрсағында кеткен шарана елінің қайда, жерінің қайда

екенін біліп қойды. Семетейге қуанған ел, Сейтекке де
қуанды. Сейтек бірақ Семетей оралғандағыдан да көбірек
таланып, көбірек арыған жұртқа, одан да гөрі араны ашы­
лып, одан да гөрі арсыздана түскен ағайынға оралды. Се­

метей әкесімен алысқан дұшпанмен, үйреншікті жаумен
айқасқа түссе, Сейтекке әкесі түгілі жеті бабасы естіп
білмеген, кездесіп көрмеген жер түбінен келген жебірмен
шайқасуға тура келді.

Бұл ретте, «Сейтек» дастанының философиялық ауқы­
мы, болмыстың ең терең, ең терең, ең тұңғиық, ең шы­
тырман құбылыстарын ең ұрымтал тұстарынан қамтып,
ұтымды аша алатын ұтқырлығы мен тапқырлығы жағынан

әлемдік ауыз әдебиеті түгілі жазба әдебиеттің ең үздік
туындыларымен қатар тұра алатындай сүлей шығарма
екендігін айрықша бөліп айтуды парыз деп білеміз. Бағзы
мен бүгіннің арасындағы қыл көпірдей бұл туындының

бар сипаты мен бар қасиетін түгел тану үшін нағыз осы
заманның бостан танымы мен сергек пайымы, нәзік талға­
мы мен жіті зердесі қажет болатыны даусыз. «Сейтектің»
әр тарауы, онда баяндалатын әр оқиға адамдық болмыстың

бар құпиясын нағыз сұңғыла зерттеушінің көзімен терең
барлап, кемел кескіндеп, дәл пайымдай алған бір-бір
тәмсіл. Ең күрделі құбылыстың математикалық дәлдікпен
есептелген өте дөп философиялық тұжырымы. Тек екі-

ақ оқиғаны – Семетейдің ғайып боп кетуі мен Сейтектің
Сарыбаймен шайқасын алайықшы. Екеуі де әлемдік
әдебиет пен күнделікті тұрмыста айтыла-айтыла ауыз
жауыртқан үйреншікті ұғымнан туындаған кең қарымды

философиялық метафора. Көзапара бір жағынан бір жен­
дет найзасын сумаңдатып, екінші жағынан екінші жендеті
қанжарын жалаңдатып, «әне-міне дегенше, қасына жетіп

Ғасырлар тоғысында
келгенше, басын кесіп алғанша, құмарлары қанғанша,
қарамай алды-артына еріп кеткен секілді, қимылдамай,
үндемей, көз ілеспей жоқ болды, сүйегін таппай сабаздың

жаны шығып жау азғын ет-жүрегі от болды...». «Семетей»
дастанының соңында басты кейіпкер тап осылай ғайып
болады. Ал «Сейтек» атты келесі кітапта ол елсіз таудың
арасында қолды боп кеткен тұлпарына мініп, иесіз қалған

сұңқарын ұстап, аң аулап жүрген жерінде Қарадәудің
көзіне түседі. Оның атын атап шақырғанына қарамай,
үңірейіп тұрған қара үңгірге кіріп кетеді. Бұны естіп,
көруге барған Бақай да тап осындай көрініске куә болады.

Әйелі Айшүрек пен баласы Сейтек те жалбарынып елге
қайтара алмайды. Ақыры анасы Қаныкей барып, тағы боп
кете жаздаған баласын алдына алып, ақ мамасын аузына
салып, үйіріне қосады. Оны бұндай күйге ұшыратқан

перілердің дуасы емес, жанын жегідей жеген ұят еді. Бір
жағынан, алданып атын жатқа беріп, бес қаруынан қаралай
айырылғанынан, екінші жағынан қас дұшпанының құрған
тұзағына өзі барып түскенінен, үшінші жағынан жақсы

досы Құлшараны қаралай отқа түсіргенінен, төртіншіден,
адалдық пен аңғалдықтан сенімін, ана сүтін ақтай алмай,
орта жолда опық жеп қалғанынан, алтыншыдан, осын­
ша қиянат пен қараулыққа барып отырған ағайыннан,

жетіншіден, мұнша әділетсіздікті көріп отырып, қол ұшын
бере алмайтын елінен ұялғандықтан өз-өзінен ғайып
бо­лып еді. Тірілей жерге кіреді деген осы еді. Мұндай
пұшайман хәлден анасы келіп, ақ сүтін кешіп, қайтадан

сенім артса ғана арыла алар еді. Семетейдің бір басындағы
бұл күйзеліс бүкіл ел басындағы күйзеліс еді.
Ал, Сарыбай – арғы-бергі әдеби санадағы ең қор­
қы­нышты, ең жиреншікті құбыжықтардың ең жаңа, ең

үрейлі түрі. Өйткені, ол бұрынғы аңыздарда кездесетін
бір жері болмаса, бір жері адамға ұқсайтын құбыжық
емес, барлық қасиеті, барлық мінезі, барлық құлқы мен
қылығы құбыжықтыққа айналып кеткен адам. Жалмауыз

Ә. Кекілбайұлы
сияқты адамдар ауылда да толып жатыр. Олардың да
салып жат­қан ойраны аз емес. Ал мынау дәл адам сияқты
жалмауыз сонау жеті қиян жер түбінен келіп отыр. Со­

нысын бұлдап Манас жұртының түгелімен көзін құртып,
барын өзі иемденбек. Жер бетінде жалғыз өзі қалып, бәріне
өзі ие болғанша соңына сары масадай самсаған қол ертіп,
жолындағыны түгел жойып, сайранды сала бермек. Теқ

адамдарды ғана емес, аққан суды, өскен шөпті, жүгірген
аңды өз қалауынша өзгертпекті сылтауратып, түп-түгел
қырып салмақ. Сөйтіп, жер үстін, аспан астын жалғыз
жалмауыз жайлаған жапан түзге айналдырмақ. Оған ешкім

жеке төтеп бере алмайды. Жеке айқасып жеңе алмайды.
Алыс боп, жақын боп, ағайын боп, жат боп, кәрі боп,
жас боп, әйел боп, еркек боп, жабыла жүріп тойтармаса,
ешкімге де, ештеңеге де дес берер емес. Қияндағы Қайып

қызы Құялдының Алатауға ат сабылтып кеп, Сейтекке қол
ұшын беретіндігі де сондықтан. Дастанның соңғы тарау­
ын төбе шашың тік тұрып, тұла бойың түршігіп отырып
оқисың. Ықылым замандар хикаясының ақырғы бетін

баяғы қатыгездіктерден емес, бүгінгі қатыгездіктерден
үрейлене отырып, жабасың. Иә, кейінгілердің соры
алдыңғылардан гөрі де қалыңдай түскен сыңайы бар.
Бірақ, одан сескенер Сейтектер жоқ. Біржола өліп біткені-

бітпегені әлі беймәлім жаңа Жалмауыздың мүрдесінің
жанында жаңа шайқастарға сақадай әзір тұр.
Міне, мың жылдан бері айтылып келе жатқан кеп әлі
тәмамдалған жоқ. Онда көтерілген көкейкесті әңгіме

Алатаудың ар жағы мен бер жағында қайтадан қозғалып
жатыр. Мұндай сын сағатта бабалардың барша жүрек
сырын, рухани шырынын, ақылы мен даналығын түгел
сығып ап, бір арна, жүйеге құя білген ұлы Халықтың ұлы

дастанын шұқшия оқып, арын, жанын тазартып, селқос
сезімін оятып, дағдарған санасына қозғау салу – әрбір
көзқарақты азаматтың қасиетті парызы болса керек.

Ғасырлар тоғысында
Көз алдыңа көне дастанды сұңқылдай соғып отырған
айырқалпақ жомоқшы қайта оралды.
Ол көне сарынмен жаңа бір кепті баяндап отырғандай:

Ақар-шақар ала шың
Ата қоныс төрі еді:
Бағзыдан жеткен баба жыр –
Елдіктің асыл дерегі.

Қайта гүлдеп солған бақ,
Үзілген үміт тірілді.
Сөнген от қайта алаулап, –
Дүние тағы дүбірлі.

Тарих тезі теңселді –
Теңестірер мұрсат бер!
Сейтек сермер семсерді
Сертке тағар ұрпақ бер!

Үміттің оты үдегей,
Арымай көңіл көр-жерден,
Айналып соғып жүрмегей
Семетей кешкен сергелдең.

Мойымай тілеп, сұрайын,
Мойныма салып бұршақты:
Құр тұрғызба, Құдайым,
Манастар туған құрсақты.

Жаһанды жайпар жау-жарақ
Жабыла төнсе – жасқанбас,
Жарты әлем тола жамағат
Жамырай сүйсе – мастанбас.

Асқар Манас, Ай Манас,
Өртенбесін өзегің,
Азат елмен аймалас,
Келді тағы кезегің!

Манаурап барып батқан күн
Маңғазданып қайта атсын,
Бағзыдан жанға батқан мұң,

Ә. Кекілбайұлы
Байызы қанып, жай тапсын,
Асқар Манас, Ай Манас
Жаңа ұрпақпен аймалас.

Асқар Манас, Ай Манас,
Азат жұртпен аймалас!
Асқар Манас, Ай Манас...
Алла әумин дегей...

О тоба, дүниеде тап мұндай да таңғажайып дана дастан
барына шүкір. Ол дастанды жаппай жаттап, жаппай жыр­
лап жүрген дархан халық барына шүкір.
Оны қасиеттеп, әспеттей берер жаңа нәсіл, жаңа ұрпақ

барына шүкір.

Ғасырлар тоғысында

БЫТЬ СЫНОМ НАРОДА

К 150-летию со дня рождения Абая
Человек-загадка... Таким себя считал сам Абай.
­Неслыханно жестокой и глубокой была его трагедия:
искренне недоумевал – любит или не любит свой народ.

Если любит, то почему не нравится ему, все, что делается
вокруг. Если не любит – к чему жить среди, почему не
спастись бегством, уйдя куда глаза глядят...
Не один Абай оказался в этих степях в такой ситуации.

По-разному искали путь спасения из подобного тупика:
сверхверой в сверхчеловека – Заратуштра; неустанным
поиском бессмертья – Коркыт; добровольным отказом от
этого бренного мира, не дожидаясь даже смерти – Ход­

жа Ахмед Яссави; бегством всем народом в иной, более
безопасный край – Асан Кайгы; битвой до смерти, до по­
следнего – Махамбет...
Абай был не только продолжателем их исканий, он

нашел вполне приемлемое не только для своего, но и по­
следующих времен решение вечного для наших степей
подлинно гамлетовского вопроса. Чем и восхищается
сегодня все человечество. Феномен Абая – не только им

самим, но и всеми последующими поколениями, еще не
достаточно разгаданная загадка. Бесполезно искать раз­
гадку в личности одного Абая или в обстоятельствах его
времени.

Абай – титан духа и мысли. Тайнопись явлений столь
восхитительного масштаба расшифровывается лишь со­
кровенными секретами самого бытия. Ибо в этом мире,
оказывается, ничего не происходит так запросто, как самое

изначальное и основополагающее.

Ә. Кекілбайұлы
Если верить подсчетам ученых: за ничтожные доли
микросекунды узнают друг друга комплементарные еди­
ницы нуклеиновых кислот и жди появления на свет нового

живого существа. А огромная Вселенная, выходит, воз­
никла всего-навсего за многомиллионную долю секунды
в результате беспрецедентного взрыва, произошедшего
восемнадцать миллиардов лет тому назад из-за чрезмер­

ного накопления уплотненных сверхмощных зарядов
первоэнергии.
Все, остальное, получается, требует времени и усердия.
И немалого. Не полтора века, а многие тысячелетия пона­

добились, чтобы сегодня мир восхищался Абаем.
Потребовалось, например, населению североазиатских
широт дольше всех вести кочевой образ жизни. До конца
исчерпать потенциал существования за счет вегетативного

поля. До конца испить чашу упоения и горечи от слитно­
сти с природой, всецело зависимой от климата. Поэтому
почти постоянно конфликтовать с остальной природной и
моральной средой. Кто так постоянно рискует, тот и про­

воцирует остальных на сопротивление. Неистово истощая
самого себя мобильными, однообразными жизнедеяниями,
настойчиво закаляет своих противников и умом, и силой.
Непрекращающиеся флуктуации вызывают адекватные,

даже превосходящие контр-флуактации. Форс-контрфорс.
Такова формула взаимоотношений кочевников с осталь­
ным миром. Невозможна стабильность. Значит, исключа­
ется возврат к прежнему раскладу вероятностей. Вместо

этого – перманентная угроза исчезновения. И упорное
противостояние с остальным миром, и слепое следование
его давлению в одинаковой степени могут обернуться для
любого социума или индивидуума самоаннулированием.

Оттого и всем живым существам, и анаэробной бактерии,
и осознающим себя индивидуумам, приходится учиться
селективно отвечать на раздражения среды, постоянно
приспосабливаться к непредвиденным ситуациям. Про­

Ғасырлар тоғысында
явить самоорганизующую волю, складывающуюся из на­
следственности, опыта имманентной для системы способ­
ности производить оценки. В мире, еще малопознанном и

не подвергнутом сплошной интеллектуализации, самоори­
ентация и самомобилизация полагались не на аргументы
и анализ, а на интуицию, даже инстинкт, на конкретные
раздражители человеческих чувств. Кочевой мир напря­

мую контактирующий с природной и космической стихией
больше всех нуждался в системе самоорганизующих и
самобилизующих самоустановок. В прорицателях и про­
роках, в их всеобъясняющих и всеобъемлющих учениях.

Этим и обусловлено то, что именно им созданы почти
все мировые религии: иудаизм и ислам – на юге, тенгри­
анство и зороастризм – на севере. Они также были заин­
тересованы не менять их на каждом шагу, а менять только

на предельной точке самоисчерпания устоявшегося и то
по особому предзнаменованию небесного разума. Только
тогда, когда был крайне необходим решительный прорыв
за пределы привычного и прижившегося...

Аналогичным экстремальным состоянием степного
общества вызван к жизни и феномен Абая. Не только
неистребимым стремлением сверхталантливой личности
самоутвердиться, но и настоятельной потребностью цело­

го народа выжить и уцелеть выпестован гений Абай, не­
вольно напоминающий своими духовными мытарствами
Моисея и Заратуштру.
Не на чужбине, как при Моисее, а у себя на родине

стали гонимыми соплеменники Абая. И не в начале эт­
нического самоутверждения, а после многотысячелетней
гегемонии на евроазийских просторах пришлось им спол­
на мыкать горе. Вдребезги разбилась могучая кочевая

империя, простиравшаяся на всем пространстве, некогда
занятом палеоокеаном Татис. Распались и появившиеся на
ее месте разрозненные ханства, как мелкие и быстро меле­
ющие озера на дне чаши вчерашнего безбрежного океана.

Ә. Кекілбайұлы
Задыхались как рыбы в луже, народы, чувствовавшие себя
прежде акулами, вечно штурмующими кочевые раздо­
лья. Таковой была участь казахов, последними терявших

былую удаль степной воинствующей государственности.
Их ханство под мощным и разносторонним давлением
извне было сперва раздроблено на мелкие части, потом
каждая из них из-за дефицита самодостаточности была

цинично удушена. Стремление вернуть былое, потрясав­
шее степь в течение почти двух столетий, не увенчалось
успехом.
Спасать народ, как Моисей и Заратуштра, спешным

выводом за пределы гибельного пространства было уже
поздно. Это не удалось даже Асану-Кайгы который еще че­
тыре века назад, до Абая, предвидел такой мрачный исход.
Беда не в том, что непостоянно центростремительно

степное общество, а в том, что кочевничество как исте­
рический феномен уже самоисчерпалось. Вегетативное
поле давно перестало быть ареной самодостаточного
существования. И не стало больше служить основным

критерием геополитических устремлений. Человеческий
аппетит насыщался не только за счет биосферы, но и гео­
логических пластов. Назревала попытка нового передела
жизненного пространства.

Казахская степь, издревне считалась осевой областью
истории, главным коридором всех великих переселений
народов – массовых миграций евразийского населения с
Востока на Запад, с Запада на Восток. К концу прошлого

века европейской глобалистикой она стала квалифициро­
ваться как хартленд (Срединная земля), недосягаемая для
морских флотилий, уже тогда стала объектом вожделе­
ния всех крупных держав и проблемой особой остроты в

мировой геополитике. Ибо, как определил политгеограф
Холфорд Маккиндер еще в 1904 году, «кто управляет
Восточной Европой, тот управляет хартлендом. Кто управ­
ляет хартлендом, тот командует «миром-островом». Кто

Ғасырлар тоғысында
управляет «миром-островом», тот командует всем миром».
Это обстоятельство потом вынудило сверх-державы на
две мировые горячие, одну холодную войны, на создание

трансконтинентального оружия и превратило казахскую
степь в страшный ядерный пуп земли.
Каким-то сверхглубинным чутьем Абай предчувство­
вал, что его край и народ становятся не переферией, а

самым центром при новом переделе жизненного про­
странства. Как быть при этом народу еще не слезшему
с коня война-пастуха? Как быть степняку, навсегда рас­
прощавшемуся с пикой и еще не научившемуся держать в

руке ничего, кроме плетки из сыромятной шкуры? Каким
головоломным был этот вопрос для тогдашнего степняка
легко догадаться, если до сих пор многим еще не ясно,
что степному населению при новом мировом разделении

труда и благ остается лишь один выбор: либо как степная
флора и фауна, стать жертвой ситуации, либо участвовать
как партнер, теперь вобравшейся уже в твой дом, мировой
интеграции. Либо быть отброшенными другими в сеть

явной или подспудной резервации, в вечные заложники
традиционного быта и жизнедеятельности, либо вклю­
читься в жестокую конкуренцию самоутверждения и
самореализации каждым.

Нужен был новый поводырь растерявшейся толпе, ука­
зывающий вразумительный выход из этого, в буквальном
смысле перевернувшегося для них ногами верх зловещего
мира.

Таким для казахов явился Абай. И он почти до сорока
лет тщетно старался исправить неисправимое. Праведное
правление возможно только там, где среда сама идет на­
встречу доброй воле. А там, где она живет вся в прошлом,

а реальная власть заинтересована долго держать ее в
таком затюканном состоянии, пока она окончательно не
деградирует, нет другого выбора, чем идти против всех,
даже против родных людей, родного народа. Невзирая на

Ә. Кекілбайұлы
их роптания. Рискуя честью при жизни и доброй памятью
о себе после смерти. Но из-за искреннего сострадания и
любви к людям и народу.

В таком глубоко трагичном состоянии жил и творил
Абай в течении целой четверти века. Ибо он первым из
всех степных властелинов дум отважился открыть глаза
народа на все усиливающуюся неадекватность его образа

жизни с неотступными уже процессами мировой истории.
Поэтому из его глаз текли горячие слезы любви, а с уст
срывались одно яростнее другого слова неприкрытой не­
нависти к предвзятости, в сетях которой с каждым годом

все больше и глубже запутывается его народ.
Не изменить жизнь, не изменяя самого себя. Не обрести
родину всем, не обретая каждым в отдельности самого
себя. Быть как все, жить как все, научиться всему тому,

что умеют все другие. Знать язык других, научиться их
искусству и умению – это возвышает, а не унижает, делает
равными с ними и менее зависимыми, чем жить и ничего
не знать и не уметь. Такое естественно, кощунственно

звучит для слуха тех, кому и так надоело издевательство
других. Нет большего святотатства для ума степняков
тысячелетиями живших общиной, не признающих ничего
другого, кроме этого нет, чем призывы: «Сам корми себя»,

«Не уповай на других, усердствуй сам». На подобное тогда
никто, кроме протестантов на Западе и поздних реформа­
торов конфуцианства на Востоке, никак не осмелился на
белом свете, твердо помня, что во всех пяти священных

книгах обогащение трактуется как источник зла.
А Абай, не только отдельными высказываниями в сти­
хах и «Словах назиданий», а всем творчеством и всем об­
разом своего поведения, начисто отвергает не только дого­

сударственный реципрокный, но и протогосударственный
редистрибуционный обмен продуктами и приветствует
самореализацию человека в труде и самоутверждение
через него. Нет для него ничего отвратительнее, чем со­

циальное иждивенчество.

Ғасырлар тоғысында
В «Шестом слове», однозначно критикуя примитивный
эгалитаризм, паразитирующий конформизм, тотальную
обобществленность благ и богатств, приводящих к вуль­

гарному социализму, Абай признает только общность
цели, идеалов и понятий их ценности.
Абай против чрезмерной абсолютизации власти и со­
циальной распущенности масс. Соль общественной гар­

монии ищет в честном труде каждого. Горячо убеждает
своих соплеменников в том, что пока каждый не добьется
достаточного самообеспечения своим трудом, и народу
не знать подлинного равенства и свободы. Только тогда

человеческое дитя может быть другом по отношению
к дру­гому себе подобному. Только тогда он другому,
себе подобному не кажется либо хищным угнетателем и
кровопийцей, либо ленивым завистником и дармоедом.

Иначе нет человеку большего врага, чем сам человек,
а казаху, чем сам казах. Поэтому, как понимает Абай,
удаль воина ничто в сравнении с прилежанием ученого,
усердием ремесленника, терпением торговца и упорством

дехканина. Труд – мера всего и единственная гарантия
человеческого счастья. Вот что составляет концептуальное
ядро всего того, что написано им как поэтом и мыслите­
лем. Чем малочисленнее и слабее народ, тем прилежнее

приходится трудиться и учиться у других. Иначе не быть
им достойным партнером в мире всеобщей конкуренции.
Мало призывать людей к милости к падшим и слабым,
необходимо мобилизовать их к самосовершенствованию

самых падших и слабых. Вот в чем смысл патриотизма
и гуманизма в абаевском миропонимании. Не случайно,
что второй после лени люто ненавидит Абай спесь. По его
трактовке, лень рождет дармоедство, а спесь – невежество.

Невежество и спесь оборачиваются несмываемым по­
зором для сильных, непоправимой бедой и гибелью – для
слабых.

Ә. Кекілбайұлы
Таким образом, Абай, как справедливо отметил Прези­
дент Назарбаев, еще в прошлом веке осмыслил и осознал
жизнеспасительную суть нынешних перемен, на целый век

опередил не только своих соплеменников, но и мыслите­
лей многих народов, только в нынешнем веке вставших
на путь реформ и модернизации.
Мало кто был в состоянии по достоинству оценить его

дерзкий вызов и понять его спасительное значение и суть.
Себе Абай, как не раз сам признавался в этом, казался
одиноким изгнанником в родных степях, среди своих же
сородичей.

Нам он видится прикованным к скале недопонимания
Прометеем, как и последний, ничуть не проклинавшим
кровожадных стервятников, заживо вынимающих из его
тела печень и сердце, смотрящим на свой еще недостаточ­

но смышленный народ не злобным укором, а с глубоким
состраданием и жалостью.
Для нас, как и он, рискнувших изменить мир, изменяя
себя, нет более верного и надежного единомышленника

и наставника.
Для остального мира нет более убедительного вырази­
теля наших сокровенных дум и чаяний.
И сегодня, как никогда, мы осознаем, что не слова наши,

а дела, подтверждающие жизненность его многострадаль­
ных мыслей, должны лечь живыми цветами у подножия
его вечной памяти.
И тогда как следует спасем и до Абая, и после Абая

сполна мыкавший горе наш все еще не избавившийся от
косности и предвзятости, веками устоявшихся, народ.
1995 г.

Ғасырлар тоғысында

ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІК КИЕСІ

тарихнамалық эссе
Тәуелсіз даму – өткенді мұхият зерделемей, ке­
ле­шекті кеңінен болжамай, жүзеге аса қоймайды. Сон­
дықтан да қалың жұртшылық бүгінгі ұлттығымыз бен

мемлекеттігіміздің тарихи бастауларына айрықша ықы­
лас аударуда. Тек күні кеше ел жолында жан қиған боз­
дақтарымызбен қоса ұлан-ғайыр атамекенімізді қорғап
қалған бағзы бабаларымызға, рухани тұрлаулығымызды

қалыптастырған ойшылдарымыз бен пірәдарларымызға
­ризагер ұрпақтың атынан тағзым етіп, құрмет көрсетуде.
Ондай қастерлі есімдер мен мүбәрак жәдігерліктер ен-
байтақ еліміздің қай шалғайында да халық назарынан

қақыс қалып жатқан жоқ. Далба тауында атақты Бұхар
Қабанбайға Мінәжат орны салынды. Жендеттік пен шолақ
белсенділік жер төмпешікке айналдырған Махамбет қабірі
ат басын бұрып, іздеп барар зиярат орнына айналды. Еділ

бойында Құрманғазы сағанасы еңсе көтерді. Мұндай
жан қуантар жақсы құбылыстар, әсіресе, халқымыздың
қай ғасырда да қасиетті қара орыны саналған ежелгі
Қаратаудың екі бетінде өте көп. Күнгейі біршама көзге

ілігіп, зерттеліп келсе, теріскейі енді-енді назарға іліге
бастады. Ғалым Мелиоранский Шаш уалаятының бас пі­
рәдары санаған Қызылкөл маңындағы Баба Түкті Шаш­ты
Әзіздің күмбезі жаңартылды. Тұран даласында мұсылман

дінін таратуда тиянақ бекеті болған Баба-Атаның
көне ғимараттары археолог күрегі мен жәдігерлікті
жаңғыртатын зерделі құрылысшы қалағын сағынып тұр.

Ә. Кекілбайұлы
Қыр мен Сыр арасындағы қарым-қатынастың кіндігі
болған Көне Созақ шаһары әлі ат басы бұрылмаған тың
тұрақ. Ол тек транзиттік сауда бекеті ғана емес, ұлттық

мемлекеттілігіміздің бесігі болған саяси орталық. Оның
көне топырағына көмілген құпия мен сыр өте көп. Тек
кілтін тауып, қаныға білу керек. Сондай бір ыждаһатты
зерделеуді талап ететін нысана – Қарабура мазары. Ол

туралы ел аузында айран-асыр қалдыратын аңыз көп.
Кешегі солақай заманда әулие деген сөзден ат-тонымызды
ала қаштық. Олар жайында ойлануға да құлқымыз болған
жоқ. Халықтың ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ерекше

ықыласының сыры неде екеніне де назар аудармадық. Оны
біржолата надандыққа, санадағы мешеулікке сайыдық.
Ауызша мәдениет өкілдерінің ақиқаттың өзін аңызға
айналдыруға мәжбүр болғанын түсінбедік. Өйтпесе, ел

өмірінде елеулі маңызға ие болған небір ерекше тұлғалар
мен оқиғалар әлдеқашан естен шығып кетер еді.
Халық ондай ұмытылмас тұлғаларды қандай тауқымет
тартса да, естерінен шығарған жоқ. Енді соның сырына

салихалықпен қарамай, әншейін көп ертегінің бірі ғой деп
салғыртсынсақ, тарихи санамыз тайыздана түспесе, молай­
майды. Онда біздің этникалық, саяси қалыптасуымыздың,
әсіресе, бастапқы кезеңдерінің қыр-сыры қалтарыста қала

береді.
Ендеше, ең болмаса, аты ұранға айналып, бір тайпа
елдің туына айналған тұлғаларға байланысты ақиқаттарды
аңыздан аршып алуға күш салмасақ болмайды. Ол, әрине,

бір сәтте жүзеге аса салмайды. Ұзақ уақытты, көп әрекетті
қажет етеді.
Бұл, әсіресе, қазір керек. Елдігіміз бен жер-суымызды
неше қилы таласқа салғысы келетін кертартпа солақайлық

арылмай тұрғанда керек. Кеше неге олай болғанын, бүгін
неге бұлай болатынымызды да дәлелдеу үшін өткеннің
куәгерлігі керек. Сол бағзының бүгінге дейін ұрпақтан
ұрпаққа ұласып келе жатқан жалғастығы керек.

Ғасырлар тоғысында
Бәлкім, халқымыздың «Ағайын бір – өліде, бір – ті­
ріде», – дейтіні де сондықтан шығар. Өйткені, орасан
қуаныш пен орасан қайғы жан-жағыңды еріксіз түген­

детеді. Талабың оңға басу үшін тәуекеліңе тәуекел қосар
күш керегі даусыз.
Адам ғана емес, тұтас халық та солай. Басына қиын
міндет түскенде ол да алды-артын тегіс барлап, жан-

жағынан таяныш-тірек іздейді.
Біз қазір де дәл сондай өткелектің өтінде тұрмыз. Тарих
бүгінгі ұрпақтың мойнына бабаларымыздың да иығына
түсе қоймаған ауыр жүк артып отыр. Абыройлы атқарып

шығу үшін өлінің шарапатына, тірінің қолғабысына
жүгінбеске шара жоқ.
Азаттық жегенің аузында, жемегенің алдыңда, қарқа­
лазы боп шалқып жүруге емес, болғаның мен болмағыңды,

бүгінгің мен болашағыңды өзің қарастырып, өзің
қамдастырып жүру үшін керек. Кісіге қол жайып, күніңді
басқаға қаратпауың үшін керек.
Азаттықтың дәмін бір татқан оны аңсамай тұра алмай­

ды. Аңсағанына жетпей тынбайды.
Біз бүгін бұрын да азат болған жұрттың ұрпағы
болғасын азат болып отырмыз. Сондай дәуренді бастан
кешкен бабалардың рухына сеніп, тәуекелге бел буып

отырмыз.
Ежелгі Қаратау – халқымызды жаңа бір құбылыс
ретінде қалыптастырып, қияға қанат қақтырып ұшырған
құтты ұя. Теріскей мен Күнгейдің, Шығыс пен Батыстың

ортасындағы қыр арқа қырбық шоқылар жан-жақтан
тарам-тарам ағылып келген әр төркін нәсілдердің басын
қосып, бір жүйектен дәм, бір жүлгеден нәр татырып, қоян-
қолтық араластырып, бір бүтінге айналдырып, қайтадан

өрелі іске жұмылдырып, өрісті жолға шығарып отырған.
Біздің түп-төркініміз болып есептелетін қай нәсіл де осын­
дай кепті бастан кешкен. Алты жалаулы Алаш атанғанда

Ә. Кекілбайұлы
да осылай еттік. Үш жалаулы Алаш атанғанда да осылай
еттік. Үш жалаулы Қазақ атанғанда да осылай еттік.
Ежелгі Қаратау соны еріксіз еске салады. Оның теріскей

бетіндегі ұшан далаға ұласар жердегі ескі Созақ шаһары да
соны еске салады. Сол шаһардың ту байлар тұлғасындай
қайта бой көтерген Қарабура мазары да соны еске салады.
Қарабура... Әлденеше ғасыр бойы ауыздан түспей келе

жатқан есім. Қиналғанда медет болар Қуат. Шамданғанда
қайрат бітірер Ұран. Қалай болғанда да, бүгінгі қазақтың
ұлт болып ұйысуына ғасырлар бойы нақты үлес қосып ке­
ле жатқан нақты құбылыс. Оның халқымыз дамудың жаңа

жолына түсіп, күллі адамзатқа танылып, жаңа заманға
көшіп жатқан тарихи кезеңде қайтадан ауызға алынып,
кеңінен ұлықталып жатуы да әбден заңды.
Қарабураны мыңдаған жандар тарихи тұлға деп, нақты

адам деп, нақты адамдардың нақты баласы деп біледі.
Бірақ оның хатқа түскен өмірбаяны жоқ. Тегі, ортасы,
өмір сүрген заманы – бәрі тек тұспалдап мөлшерленеді.
Бірақ одан оның тұлғасы аруақтанбаса, әлжуазданбайды,

биіктемесе, аласармайды. Оның Қарабура атануы да, Қожа
Ахмет Жасауиды ақ жауып, арулаған, демек бір тайпа ел
емес, күллі түркі дүниесі мойындарлық рухани Пір сана­
луы да тегіннен-тегін емес.

Ол бір кездегі бабаларымыздың нақты тарихи тағдыр­
ларын еске салады.
Шежіреге айтқызсаңыз, ол – Тама батырдың бала­
сы. Ал, Тама батыр атақты Қырымның қырық батыры

дастанының бір тарауы Қарадөң балалары топтамасында,
Мұрын жыраудың айтуынша, былайша өрбиді: Қарадөң
батыр, оның баласы – Жұбаныш, оның баласы – Сүйеніш,
оның баласы – Ер Бегіс, оның баласы – Ер Көгіс, (кейде

Тоғыс деп та аталады), оның баласы – Тама, одан – Тана
туады. Жырау бір топтаманы осы арадан үзіп, Нәрік-хан
мен оның баласы Шора батыр туралы жеке жырлайды.

Ғасырлар тоғысында
Ал қазақ аузындағы шежіреде Тамадан – Қарабура,
Қарабурадан – Нәрік, Нәріктен – Шора, Шорадан –
Есенгелді, Есенгелдіден – Атамшыл, Атамшылдан – То­

рым, Торымнан – Базарқұл, Базарқұлдан – Көкі, Көкіден

– атақты Есет батыр туады. Орынбор губернаторы И.

Неплюевтің 1747 жылдың 8 шілдесіндегі Сыртқы істер
коллегиясына жолдаған ақпарында Есет тарханның
жасы сексенде екені айтылады, ал 1750 жылғы 5 шілдеде
берілген Қырғыз Шектінің батыры Бәйімбеттің асына

қатысқанына қарағанда жасы тоқсанды тақымдап барып
қайтыс болғанға ұқсайды. Бұл мәліметке қарағанда, Есет
1667 жылы туған болып шығады, Оның оныншы атасы
болып табылатын Қарабура, шамамен, ІV ғасырдың орта

шенінде өмір сүрген кісі болып шығар еді. Олай болса,
қазір бір тайпа елге атау болып отырған Тама сол XІV
ғасырдың аяқ шамасында немесе XV ғасырдың бас ша­
масында дүниеге келгенге ұқсар еді.

Олай болуы қисынға келе ме?
Бұған тек тарихқа сүйеніп қана жауап таба аламыз. Ал
ел аузындағы шежіреде аталатындардан нақты тарихи де­
ректер қалдырған сүйекті тұлға – Нәрік ұлы Шора батыр.

Оның есімі жырда да, аңызда да Қазанға байланыстыры­
лып айтылады. Қазақтың Шора батыр және Нәріктің ұлы
Шора дастандары қазақтың тама тайпасын бір кезде Қазан
маңын жайлаған ел қып бейнелейді. Сондықтан Шора

мен Нәрік-ханның басқа да балалары бар болғаны 114
жыл өмір сүрген Қазан хандығының тарихында өшпес із
қалдырған тарихи тұлғалар ретінде бауырлас татар халқы
да зор мақтаныш тұтады.

Ендеше, бұл мәселеде көп нәрсенің түйінін шешетін
Қазан қаласын 1177 жылы бұлғарлардың Сайын деген
ханы салдырған деп есептеледі. Бұлғар мемлекетінде
Сайын деген хан болды деген басқа мәлімет жоқ. Бұл

арада да Сайын деген лақап ат иеленген Бату сөз болып
отыруы әбден мүмкін. Ендеше, бұл қаза Батудың ұлы

Ә. Кекілбайұлы
Сартак үшін салдырылған деген сөздің жаны бар болып
шығады. Қайткен күнде де ол 1376 жылы Ақсақ Темір
шапқыншылығына ұшырағанға дейін назарға көп іліге

қоймайды.
Қираған қаланың қайтадан қалпына келуіне Тоқтамыс
ханнан кейін Қыпшақ хандығын біршама қайтадан
күшейткен Ұлы Мұхамбет хан көп әсер етеді.

Ұлы Мұхамбет – Мәскеу патшалығын қалтыратқан ең
соңғы Алтын Орда ханы. Ол 1444 жылы Нижегород пен
Рязаньды шауып, Суздаль түбінде орыс әскерін тас-талқан
етіп жеңді. Ұлы князь Василий Васильевичті қолға түсірді.

Бірақ, кейін Алтын Ордадағы ішкі алауыздықтық Ұлы
Мұхамбетке орыс падишасымен мәмілеге келуге мәжбүр
етті. Патша тұтқыннан босаған кезде Ұлы Мұхамбеттің
баласы Қасым сұлтанға Мещер өлкесін тарту етті. Көп

уақытқа дейін Қасым хандығы деп аталған жеке ұлыстың
астанасы болған Қасымов хандығы деп аталған жеке
ұлыстың астанасы болған Қасымов қаласы дүниеге солай
келді. Бірақ, Тоқтамыс пен Едіге көбесін күйретіп кеткен

Алтын Орда бәрібір қалпына келе алмады. Әр тараптың
сыртқы ықпалының ыңғайына жығылған шонжарлар
ішкі алауыздықты күшейтті. Қыпшақ даласында ықпалы
күшейе бастаған кіші Мұхамбет Ұлы Мұхамбетті жұмбақ

жағдайда саясат сахнасынан кетуге итермеледі. Біреулер,
оны үлкен ұлы Махмутектің қолынан қаза тапты деседі.
Біреулер кіші Мұхамбет өлтірді деседі. Біреулер, дәурені
өткен билеуші бір кезде өзі тұтқыннан босатқан орыс

падишасына барып бас сауғалады деседі.
Не де болса, Ұлы Мұхамбеттен соң Алтын Орданың
қайтадан басы құралады деген үміт азайып, оның орнында
пайда болған ең үлкен Хандық – Қыпшақ хандығының

өзі тоз-тоз боп ыдырай бастады. Кіші Мұхамбет Дон мен
Жайық арасына оған шектес Шибан, Түмен хандықтарына
ықпал жүргізе алды. Сейдахмет хан Днепр мен Дон
ара­сын, Ұлы Мұхамбеттің аталас інісі Хажы Герей Дон

Ғасырлар тоғысында
мен Қырым арасын биледі. Ұлы Мұхамбеттің үлкен ұлы
Махмутектің үлесіне Самарадан Сура өзені аралығындағы
өлке тиді. Ол өз ұлысына бір кезде қирап қалған Қазан

қаласын астана етіп, қайтадан қалпына келтіре бастады.
Махмутек кенже інісі Қасыммен араз болды. Қасым Ме­
щерде қалып өз хандығын құрды. Қалған бауырларының
қысастығынан қауіпсіз болу үшін орыс падишасымен

ықпалдасты. Махмутек бар болғаны үш жыл билік құрды.
Оның орнына келген Ибрагимді Қазанның түпкілікті
тұрғындары ұната қоймады. Қазан шонжарлары Қасымды
таққа шақыруды қолай көрді. Бұл Қазанның саяси өміріне

Мәскеу ықпалының араласуына жол ашты. Қайтыс болған
Василий Васильевичтің ұлы Үшінші Иван Қазан тағына өз
одақтасын апару үшін Ибрагим ханға қарсы соғыс ашты.
Екі жылға созылған соғыс Ибрагимді жеңілуге мәжбүр

етті. Бейбіт келісім жасалып, Ибрагим Руське қарсы
әрекеттерден тиылуға уәде берді. Бірақ, ол араға тоғыз жыл
салып, Вятка шабуыл жасады. Тағы да жеңілді, Қазандағы
алауыздық қайта қозды. Біреулер таққа Ибрагимнің үлкен

ұлы Әлиді, біреулер екінші ұлы Мәмет Әминді қойғылары
келді. Ноғай Ордасының араласуымен Әли таққа отырды.
Жеңілген Мәмет Әмин Үшінші Иванға барып паналады,
Кашир қаласын иеленді. Үшінші Иван әлдеқандай сылтау

тауып, 1487 жылы соғыс ашып, Қазанды үш апта бойы
қоршауға алды. Әли жеңіліп, берілуге мәжбүр болды. Ол
Вологдаға жер аударылды, таққа Мәмет Әмин отырды.
Бұл хан орыс падишасының айтқанынан шықпады. Әйел

құмар болды. Соның салдарынан шон-жарлармен тіл
табыса алмады. Олар 1496 жылы Сібірдің Мамық ханын
таққа шақырды. Мамықты Ноғай Ордасы жақтады. Бірақ,
Мамық та Қазан диуанымен тіл табыса алмады. Олар

Мәскеумен астыртын сөз байласып, қашып кеткен Мәмет
Әминнің өзін емес, баласы Әбділ-Латифті шақыртты. Ол
үш жыл билік құрды. Бірақ, дүниеқоңыздыққа жол берді.
Қазандықтардың шағымы бойынша, Иван Васильевич

Ә. Кекілбайұлы
оны 1502 жылы тұтқынға алып, Белоозеро деген жерге
ауда­рып, орнына әкесі Мәмет Әминді қайта қойды. Мәмет
Әмин Вологдаға жер ауып кеткен ағасы Әлидің әйеліне

үйленді. Ноғай ханшасы қайнысын патшаға қарсы шығуға
көндірді. 1505 жылы орыс елшісі мен саудагерлерін
өлтіріп, Төменгі Новгородті қоршауға алды. Бұл Иван
Васильевичтің өлген кезі еді. 1507 жылы жаңа патша

Үшінші Василий қалың қолмен Қазанға аттанды. Мәмет
Әмин райынан қайтып, қайтадан мойынұсынды, 1517
жылы Әбділ-Латиф, 1518 жылы Мәмет Әмин өлді. Сүйтіп,
Ұлы Мұхамбет ұрпағы атымен тақтан тайды.

Бұл екі арада Түркия күшейді. Ол мұсылман дүниесін­
дегі ықпалды елге айнала бастады. Қырым хандығын
өз жағына шығарып, солар арқылы Қазан билігіне
араласуға күш салды. Мәмет Әминнің орнына келген

Шах-Әлиге қарсы Қазан шонжарларын азғырды. 1521
жылы оны тақтан тайдырып, орнына Қырым ханының
інісі Сахип-Герейді қойғызды. Ол 1524 жылы орнына
баласы Сафа-Герейді қалдырып, Қырымға барып келуге

кеткенде, орыстар көп әскермен келіп, Қазанды қамайды.
Қазандықтар бітімге келуді ұсынып, жас бала Сафа-
Герейді өздеріне хан қылып қалдыруды өтінді. Бірақ,
көп ұзамай қырымдықтардың алауыздық әрекеттерінің

жандана бастағанын байқап, Мәскеу патшасы Сафа-Герей
мен шонжарлардың ант беруін талап етті. Қазан қайтадан
ереуілдеді. Патша әскері жеңіске жетіп, Сафа-Герей елден
қуылды. Патша бұрынғы хан Шах-Әлидің інісі Жан-Әліні

таққа отырғызды. Қазандықтар 1535 жылы оны да қуып
шығып, орнына Сафа-Герейді қайта қойды. Сафа-Герей
Қазанға ықпалы күшті Ноғай Ордасының аузын алуға
тырысты. Едігенің немересі Жүсіптің қызы Сүйінбикеге

үйленді. Мәскеу патшасы Иван Грозный ол кезде әлі сәби
еді. Анасы Елена Глинская Шах-Әлиді қайта отырғызуға
күш салды.

Ғасырлар тоғысында
Нәрік ұлы Шора, міне, осы кезде тарих сахнасында
шығады. 1545 жылы 29 шілдеде Ұлы князьге Қадыш төре
мен Шора Нәріковтің жұмсауымен Галич боярының бала­

сы Васька Бортев келіп, Қазанға әскер жіберуді сұрайды.
Ал 1546 жылы 17 қаңтарда патша сарайына Қазандағы
елші Игнатий Яхоньтьевтан Рудак Бултаев арнайы хат
әкеледі. Онымен бірге Гамет шейх, Абүйірхан, Сейіт және

Қадыш пен Шора мырзалар келіп, Сафа-Герейді қуып
шыққандарын мәлімдеп, орнына астрахандық Шах-Әлиді
таққа отырғызуды сұрайды (Ноғай істері, 4 жазынды, 43
парақ)

Қазандықтар Шах-Әлиді қуана қабылдады. Бірақ, көп
ұзамай, қырымдықтардың азғыруымен, қайтадан қудалай
бастады. Хан жағында азғантай топ қалды. Әсіресе, Шора
Нәрікұлы ханды қастандықтан сақтандырып, бір ұлы

жиынның үстінде, жұртқа байқатпай қашырып жібереді.
Сафа-Герей үшінші рет кеп таққа отырады. Шах-Әлидің
жақтастарын қуғындай бастады. 1546 жылы 15 тамыз
күні Қазанда Шора, Баубек, Қадыш және басқаларды

өлтіреді. Шах-Әлиге жақтас болған Шора Нәріковтың
бауырлары және де басқа шонжарлардан тұратын жетпіс
алты адам Мәскеуге қашып барып, бас сауғалайды. Патша
қыс жа­қындап қалғандықтан, Қырымға қарсы жорықты

кейінге қалдырады. Кейін әлденеше рет барып, Қазан
төңірегіндегі елді шапқанмен, Сафа-Герей берілмеді.
Үш жылдан соң ­барып дүние салады. 1549 жылы орны­
на Сүйінбикеден туған ұлы Өтеміш хан сайланды. Бұл

жағдайда қырымдықтар өз ықпалын күшейте түсті. Иван
Грозный жорыққа шығуға мәжбүр болды. Қазанның
қақ түбінен Свияжск қамалын салып, болашақ жорыққа
әзірлене бастады. Қазандықтар орыс тұтқындарын бо­

сатып, Шах-Әлиді хан қоюға көнді. Ол да Сүйінбикеге
үйленіп, Ноғай Ордасынан көмек дәметуте мәжбүр болды.
Алайда, көп ұзамай, қастандық жасады деген сылтау­
мен, Сүйінбике мен Өтемішті Мәскеуге жіберткізеді.

Ә. Кекілбайұлы
Бұл жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Шах-Әли
Свияжскіге қашып, Қазанда астрахандық сұлтан Жәдігер-
Мұхамбет хан сайланды. Ол Түркия ықпалындағы билеуші

еді. Иван Грозный 1552 жылы маусымда шешуші жорыққа
аттанады. Бұл жорыққа 1546 жылы қол астына қашып
барған Қазан шонжарларын мейлінше пайдаланғысы
келіп, оларға жақсы жағдай жасап баққан-ды. Алайда, ол

есебінен түк шықпады. Сол кездегі «Синод жылнамасын­
да» жазылғандай, «Қазан қашқыны Шапқын төре Руське
қызмет етуге қашып келгенде, Ағзам оған Мәскеуден
үлкен үй берді. Оңбаған бес жыл қызмет етіп, жылап-

сықтап Қазанға қайтаруды сұрады. Қайтып барған соң
әйелінің айтқанына еріп, қазандықтар жағына шығып
кетті».
Сол тұстағы орыс құжаттарының көрсетуінше, екі

ортада әлденеше рет елші боп жүрген Шапқын мырза
Қазанды аларда патшаға қарсы соғысады. Сол жылғы
22 тамызда Қазаннан қашып шыққан жансыз Қамай
мырзаның айтуынша, Жәдігер патша, дінбасы Күлшәріп-

молла, Ноғай Изенеш мырза, Шапқын, Аталық, Ислам,
Әлікей Нәріковтер, Түмендік Кебек пен Дербісәлі халықты
христиандарға қарсы үгіттеп, ашындырып үлгереді. Бұл
тізімдегі Шапқын, Аталық, Ислам, Әлікей деген адамдар

Шораның бауырлары болып шығады. Әлгі мәліметте
«бұл төртеуі Нәріков» деген фамилияға төртеуі бірдей
тіркесе айтылса, басқа мәліметтерде жеке-жеке де айты­
лады, 26 тамыздағы Қазан Кремлі үшін болған соғыста

қазандықтар ержүрек князь Ислам Нәріков, Сүйіншәлі
баһадүр және басқа қаһармандарынан айырылды»,– деп
жазды Карамзин. Әлікей (кейде Алексей) Нәріков ту­
ралы да деректер ұшырасады. Олардың бәрі де Қазан

қорғанысында ерекше көзге түседі. Қамай деген мырзаның
айтуымен, қорғандағылардың жер астымен өзеннен барып
су алатын жерін байқап қалып, сол кәрізді қопару арқылы
патша 2 қазанда Қазан Кремліне басып кіреді. Астананы

Ғасырлар тоғысында
қорғаған сайыпқырандар қатаң жазаланады. Аталмыш
Нәріковтердің сол шайқаста түгелдей мерт табуы әбден
мүмкін. Ал, олардан қалған ұрпақ қайда? Олардың кейбірі

басқа түрік халықтарының құрамына, кейбірі орыс дво­
ряндарына кіріп кетуі ықтимал. Ал, бәр-бәрінің қазақ құ­
рамына кеп қосылмағаны шежіреде-ақ көрініп тұр. Қа­зақ
шежіресінде Нәріктің Шорадан басқа балалары аталмай­

ды. Демек, олардан қалған тұқымдар жүрсе, олардың тегі
ата­лар еді. Ал, Шорадан өрбитін Шотқара, Есенгелді,
Жа­бал, Жөгі ұрпақтары қазақ шежіресінен өз орындарын
тапқан.

Әңгіме, бірақ, бұнда да емес. Орыс құжаттарына қарап-
ақ, мынадай қорытындыға келуге болады. Қазіргі тамалар
сонау Алтын Орда заманында белгілі ықпалға ие болған.
Соған қарағанда, Шораның үлкен атасы, Нәріктің өз атасы

боп саналатын Тама ол кезде де жеке кісі емес, күллі бір
тайпа ел болғанға ұқсайды. Өйтпесе, Қазан хандығының
өмірінде әлгіндей үлкен ықпалға ие болу үшін, орыс
патшасымен тікелей қатынасқа шығып, сол кездегі

мұсылман билеушілерінің Қырым хандары, Ноғай Ордасы
әмірлері сынды әлуетті әулеттеріне ашық қарсы шығып,
астрахандықтар әулетін ашық жақтау үшін тек бір ғана
әулеттің емес, ең кемі бір рулы елдің қолдауы қажет еді.

Нәрік балаларының Шах-Әлі мен Жәдігерге жақ
болуында да мән бар еді. Қырым хандығы да, Ноғай
хандығы да Қазан хандығына өз ықпалын жүргізуге ты­
рысты. Қырымдықтар түрік сұлтандарына арқа сүйесе,

ноғайлықтар орыс падишасын одақтас етуге тырысты.
Өйткені, ол кезде орыс-ноғай ара-қатынастары кеңінен
өрістегенді. Ноғай Ордасының үлкен билеушісі, Едігенің
немересі Жүсіп Бату балаларына аталық боп, хандарды

өз қолдарынан қойған үрдіске басып, Қазанға да өз ада­
мын қойып, «маңғыт ықпалын» нығайта түсуге тырысты.
Қырымнан шыққан Сақып-Керей, Сафа-Герейлерді емес,
Астрахан әулетінен шыққан Шах-Әлі, Жан-Әлі, Жәдігерді

Ә. Кекілбайұлы
қостауында да сондай ой бар-тұғын. Қазан жорығынан
соң Астраханды алғанда да, ағасы Жүсіп Жаңбыршыны
жақтаса, інісі Алшы, Смайыл өз жиені Дербісәліні

таққа отырғызғысы келді. Әркім өз сыбайласын билікке
ұмтылдырды. Шораның Шах-Әліні, оның бауырларының
Жәдігерді жақтауларына қарағанда, Ноғай ұлысындағы
орысшыл Алшы Ысмайылды емес, мұсылманшыл Жүсіпті

жақтағандарын байқаймыз. Орыс патшалары бұрынғы
одақтастарының Қазан мен Астрахан соғысындағы мұндай
пиғылын кешірмеді. Астраханды ала сала, Ноғай ұлысына
қол салды. Ысмайылды қолдап, Жүсіпті жеңіліске

ұшыратты. Сол тұста тамалар да шығысқа қарай ойысып,
одан әрі Ноғай Ордасы мен Дешті Қыпшақтың киген
кебін кисе керек. Бір тобы қазандықтардың, екінші тобы
Кавказға ығысқан ноғай, қыпшақтардың, үшінші тобы

башқұртқа айналған ноғай қыпшақтардың, төртінші тобы
қазақтарға келіп қосылды. Бүйтіп, бірнеше ұлттардың
құрамында жүретіндей көп халық бір әулеттен емес, бір
рулы ел, бір тайпадан ғана шыға алса керек. Ендеше, Ал­

тын Орда мен Ресей тарихында айтулы орын иемденген
Нәрік балалары – Тама деген кісінің шөбере-шөпшектері
емес, Тама деген тайпаның билеуші шонжарлары болса
керек.

Өйткені, Қазан хандығында ақсүйек қауым, қарашы,
ұлан және сейіттер ғана саясатқа араласқан. Қарашылар
ханға да ықпал ете алған. Ұландар – әскери тап, се­
йіт­тер – дін адамдары боп аталған. Шора орыс құ­жат­

тарында «князь» деп көрсетіледі, Шах-Әлінің бірден-бір
қамқоршысы боп көрінеді, орыс падишасына елшілікке
келумен қоса, інілерін де елшілікке жібереді. Әдетте
мұндай «қарашы» атақ әр рудың ең атақты әулеттерінің

ең үлкеніне ауысып отырған. Ендеше, Нәрік әулеті
тамалардың сондай текті атасы болса керек. Ол тұста
Қазан хандығында «қараша» атану көбіне-көп Шырын,
Барғын, Арғын және Қыпшақ тайпаларының үлесіне ти­

Ғасырлар тоғысында
ген. Соған қарағанда, ол кезде тамалар әлгіндей тайпалық
одақтардың біреуінің құрамында іргелі орын иемдене
алатындай, немесе дербес ру ретінде де хан сарайына

ықпал ете алатындай көп қауым болғанға ұқсайды. Олай
болса, Таманың, оның баласы Қарабураның XV ғасырда
тууы мүмкін емес. Өйтсе, одан туған балалар үш атаға
жетпей жатып, хан орданы билеп-төстейтіндей ықпалға

ие боларлық дәрежеде көбейе алмас еді.
Ендеше әкесі Тама мен баласы Қарабураның қай ша­
мада дүниеге келуі мүмкін? Егер біз аталмыш аймақта
Дон, Днепр, Днестр, Азау, Сибаш, Кавказ, Тамань, Танаис

деген топонимдердің сонау скиф-сак замандарынан бар
екенін және олардың кейбірі этнонимге, немесе этноним­
нен (ел атауынан) топонимге (жер-су атауына) айналып
кеткен сөздер екенін ескерсек, әлгі тұспалымыздың

жаны жоқ еместігіне көзіміз жете түсер еді. Бір кезде
Кавказ асып, Таяу Шығыстан келген тайпалар мұздың
терістікке шегінуіне байланысты климаттық өзгерістер
тұсында далалыққа айналған аймақтарда аңшылықты

тастап, малшылыққа көшті. Мал санының көбеюі суат
және өріс іздейтін тұрақты көші-қондар маршрутта­
рын қалыптастырды. Жыл маусымына байланысты
өзгерістер бойлық бойынша көші-қонды қалыптастырды.

Бұл – әсіресе, Евразияға айрықша тән құбылыс. Егер
біз жылқының күнгей Европа жазықтарында қолға
үйретілгенін ескерсек, атты көшпенділер Азау мен Аты­
рауды айналып, Қазақстан мен Орта Азия, сол арқылы

Сібір мен Алтайға өткенін байқар едік. Бүгін Дон дала­
сында жүрген малшылар ұзамай Сібір мен Алтайдан ба­
рып бір-ақ шығып жүрді. Олар бір қоныстан бір қонысқа
үйреншікті кәсіптерімен қоса үйреншікті дәстүрлерін

де алып барды. Тіпті жаңа аймақтардың жер-суына
да өздеріне тән атты қойды. Сол топонимдерге қарап-
ақ көшпелілер миграцияларының аралық кездері мен
бағыттарының қандай болғанын анықтауға болады. Олар

Ә. Кекілбайұлы
орта жолда жергілікті этностармен араласып, жаңа ұлт,
жаңа нәсілдерге айналады. Соған қарамастан ежелгі эт­
нонимдер мен топонимдерді сақтап қалады.

Қазіргі алшын руына кіретін көптеген рулар біздің
тұсымыздың бірінші мыңжылдығында көбіне-көп Ал­
тай жағында жүрді. Бірақ, одан бұлар тек осы арада
қалыптасты деген қорытынды шықпайды. Олардың

кейбірінің атаулары сонау Страбон заманынан Шығыс
Европа топонимдеріне тән атаулар болуы көп жағдайды
аңғартқандай. Демек, олардың ата-бабалары немесе
құрамдас бөліктерінің кейбіреулері өткен замандарда

аталмыш өлкелерден табиғи миграция жолынан ауысып
келуі ықтимал. Дәл сондағыдай климаттық өзгерістер
енді кейін қарай көшуге мәжбүр ететіні де түсінікті.
Алтайдағы алшын рулары бір жағынан табиғаттың, екінші

жағынан тарихтың дүмпуінен V–VІІ ғасырдан бастап
батысқа қарай жылыса бастады. Әуелі Жетісуға келіп
ірге тепті. Сондағы жергілікті тайпалармен ықпалдасып,
жаңа одақ құрады. Шығыстан кидандармен, қарлықтармен

бірге ығысып келген тамалар мен табындар Жетісуға
келіп, үйсіндермен бірге жаңа мемлекет құрамына кірді.
Ол жөніндегі мәліметтер Қазақстан емес, башқұрттың
құрамындағы тама, табындар шежіресінде жақсы сақ­

талынған. Олар өздеріміздің түп атамыз үйсін Майқы
би деп есептейді. Шыңғысханды хан сайлағанда қазіргі
қазақ руларынан үйсін Майқы би мен қоңырат Санғыл би
қатысыпты дейді. Сол кездегі үйсін одағында шығыстан

көшіп келген тамалар мен табындар да болса керек. Сол
кезде үйсіндерге Шыңғысхан берген елді – Жетісуды
башқұрт табындары мен тамалары да отандары санап,
үйсін тамамыз, үйсін табынбыз деп жүрген. Сол кездегі

ұрандары – «салауатты» көп уақытқа дейін ұран тұтқан.
Кейін олар Қарахан мемлекетінің құрамына кірген. Оған
башқұрт табындардың шежіресі куә. Башқұрттағы қара
табындар ата-тегін былай таратады: Майқы биден Елек

Ғасырлар тоғысында
би туады, Елек биден Бура (боғра) би туды, одан Қара хан
туады. Қара Ғазиз табындардың атасы болып табылады.
Ал тарихта Қарахан Жетісуда түркілердің жаңа мемлекетін

құрады. Одан Бура (боғра) хан туады. Оның ұлы Елек
хан XІ ғасырда пұтқа табынатын түріктерді мұсылманға
кіргізеді. Кейін табындар қыпшақтарға араласып, Қара
теңіз бойына көшіп барады. Ар жағында олар да Алтын

Орда мен Дешті Қыпшақ киген кепті киеді.
Дәл осындай жағдайлы башқұрт тамьяндар шежіресі­
нен де ұшырастыруға болады. Олар да шыққан тегіміз
Майқы би, шыққан жеріміз Жетісу, бұрын үйсін тамьян

болғанбыз деп есептейді. Ендеше, олар да сол кезде та­
бындар кірген мұсылман дініне кіргізген билеушілерді
ата-бабаларына сайып, пір тұтты ғой.
Әлбетте...

Ендеше, Таманың XV ғасырда тууы еш мүмкін емес
қой. Қара Ғазизден қара табындар тарады деген қисынның
тамалардың да этникалық санасына өз салқынын тигізбеуі
мүмкін бе?

Мүмкін емес. Тамалардың ұранының Қарабура болуы –
соның айғағы. Біздіңше, Қарабура – тамаларға мұсылман
дініне кіріп, Қарахан мемлекетінің құрамында болған
кезден қалған ұран. Содан кейін олар қыпшақтармен,

қаңлылармен, печенегтермен араласып, Қырым, Қара­те­
ңізге көшті. Соңдарынан келген монғолдармен арала­сып,
әуелі Алтын Орда құрамына, сосын одан қалған жұрнақ
мемлекеттердің құрамында болды. Алтын Орда мен Дешті

Қыпшақ ыдырағанда тамалар да ноғай, башқұрт, татар,
қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз халықтарына сіңіп, тоз-
тоз тарап кетті. Әр халықтың құрамына қандай күйде кірсе,
содан бергі ата-бабаларын нақтылап тарата алады да, одан

арғы тегін әр қилы аңыздарға айналдырып жібереді.
Қарабура – Таманың баласы болуы мүмкін бе?
Мүмкін емес. Өйткені, тамалар X ғасырдан бұрын да
бар этникалық атау. Ал, Қарабура – адам болсын, жоқ

Ә. Кекілбайұлы
тек ұран ғана болсын, мейлі X–XІ ғасырларды дүниеге
келген Қарахан мемлекетіне байланысты құбылыс.
Көшпелілер мұсылман дініне кіруіне байланысты және

одан кейінгі оқиғалардың әсерімен ежелгі ұрандары мен
еншілерін, таңбалары мен айырым белгілерін өзгертіп
отырған. Оған қандай мемлекеттің құрамында қандай
маңызға ие болғаны әсер еткен. Бір мемлекетте тақтың

оң жағынан орын тиіп, санның жілігі бұйырған тайпаға
екінші мемлекетте тақтың сол жағынан орын тиіп, қолдың
жілігі бұйырары ықтимал. Пұтқа табынатын кезде мифтік
аруақтарды пір тұтқандар дінге кірген соң әулиелер мен

әулие әлуеттес билеушілерді, кейін өз руынан шыққан
көрнекті қайраткерлерді пір тұтқан.
Ескі аңыз бойынша, Шыңғысты ақ киізге көтеріскен
үйсін Майқы биге, хан «бұдан былай ұраның – салауат,

құсың – бүркіт, ағашың – қарағаш, таңбаң – сүргі бол­
сын», – депті. Қоңырат Саңғыл биге «ұраның – қоңырат,
құсың – қыран, ағашың – алма ағаш, таңбаң – ай болсын», –
депті. Ал сол, үйсіннің ұраны кейін «Бақтияр», бірде

«Қабылан», «Сиқым», «Ребек», «Жаныс», «Төле­ген»,
«Ботпай», «Шымыр», «Қойкелді», «Қарасай», «Жауатар»,
«Бәйтерек», «Айрылмас» деп атақты бабалардың аттары­
мен алмастырылды. Қоңырат та «Алатау», «Мүлкамал»

деп ұрандатты.
Ендеше, Қарабура жәй ұран ғана болса, ол ұран,
қайталап айтамыз, тамалардың Қарахан мемлекетінің
құрамында болып, мұсылман дініне кіруіне байланысты

сол кездегі падишалардың құрметіне берілген болып
шығар еді.
Егер тарихта болған нақты адам болса, онда оған
мұндай есім әлгіндей заманда дүниеге келуіне байланы­

сты берілген боп шығады. Демек, ол X–XІ ғасырларда
туған болып табылады. Кейін ерекше қасиеттерімен көзге
түсіп, өз тайпаластарының әуелі піріне, артынан ұранына
айналуы мүмкін. Мәселен, «Қабанбай», «Ағатай», «Бе­

Ғасырлар тоғысында
кет», «Қарасай», «Баймұрат», «Бақтыбай», «Дәуімшар»,
«Қойкелді» деген ұрандар осылай пайда болды ғой.
Бұл реттен келгенде де Қарабура Таманың өз кіндігінен

тууы қандай мүмкін болмаса, нақты деректерге қарағанда
XV ғасырларда өмір сүрген. Нәріктің де Қарабурадан
тууы еш мүмкін емес. Өйткені, Нәрік XV ғасырда Қаратау
бойынан соңынан ызғындай рулы ел ертпей, салт басты

сабау қамшылы көшіп барып, Қазан хандығының шон­
жары бола салмайды. Ал, XV ғасырда Еділ бойында өмір
сүріп, Қаратауға келіп дүние салған дейін десек, онда
Қарабура Қожа Ахмет Жасауидың жаназасын шығаруы

еш мүмкін емес.
Ендеше, тамалардың ұранына айналып, көне Созақта
күмбезі тұрған Қарабура Қарахан мемлекетінде туып, Қара
мен Боғра хандардың құрметіне осындай атқа ие болған

перзент болса ғана, түркі дүниесіне дін таратушылардың
алғашқы легіне ілесіп, есімі Қожа Ахмет Жасауимен бірге
атанатындай сый-құрметке ие болуы мүмкін.
Тарихқа сүйенсек, Алтын Орда маңғыттары Қаратау

бойындағы Баба Түкті Шашты Әзізді әулие тұтып,
Маңғыстауда да, Еділ бойында да осылай атанатын киелі
орын тұрғызып, басына барып түнеген. Тіпті кейбіреулері
арғы бабамыз Қожа Ахмет Баба Түкті Шашты Әзіз деп,

Түркістандағы ұлы күмбез бен Қаратаудың теріскейіндегі
ескі әулиені біріктіріп, бір кісіге теліген. Бұның бәрі,
олардың бабаларының мұсылман дініне Қаратау бойында
кіргендерін анғартады.

Қайткен күнде де, тамалардың Жетісу мен Қаратауда
жүргенде мұсылман дініне кіргені рас. Сол кезде
«Қарабура» деген ұранға ие болғаны рас. Еділ бойында да,
Орал тауларында да сол ұранмен жауға шапқандары да рас.

Сол ұранға сеніп, талай ерлік істерге барып, бірнеше ба­
уырлас халықтардың тарихында өшпес із қалдырғандары
да рас. Ендеше, Қарабура есімінің бүгінге дейін ел есінде
қалып, ерекше қастерленуінің тарихи негізі бар.

Ә. Кекілбайұлы
Дүниеде құм табиғаттас нәсілдер де болады. Олар
ойда орны, қырда ізі қалмай, шаң боп шашылып кетеді.
Көп болса да, басы бірікпейді. Құдай содан сақтасын! Өз

тағдырыңа өзің ие болу үшін жаныңның азығы, санаңның
қазығы болғаны лазым. Сонда ғана желімдей ұйысып,
аз да болса, саз боласың. Ұлт санасына ұйтқы солай
қордаланады.

Қазақ санасының сондай ұйтқысы – бабаларға тағзымы
мен ағайынға бауырмалдығы. Соның арқасында ғана баба­
лар жайлаған өріс пен қоныстың ізінен мыңдаған жылдар
бойы адаспай, көшіп-қонып, мекендеп келеміз. Соның

арқасында ғана бір-бірімізден көз жазбай, көңіл суыт­
пай бірге келеміз. Ондай қасиеттерді ескі деп лақтырып
тастағанда, орнына табылар жаңа қайсы? Ол санатыңды
нығайтып, санаңды байыта ала ма? Жаңарам деп отырып,

жаңылып, шыңдалам деп жүріп, шырғалаңға ұшырап, шәт-
шәлкейің шыққаннан сақтасын.
Ендеше, дүниеден өткен мыңдаған жандардың тірлігіне
қуат, дүниеге келмек мыңдаған жандардың өмірлеріне

өнеге болмақ қасиетті есімді қастерлей білгеніміз өте
ғанибет.
Қарабура... Қара... Бура... Памир мен Қаратау арасын
жайлап жатқан ежелгі мәдениетке ерекше тән құбылыс.

Киелі ұғым. Қара – көптің белгісі. Бура – күштің белгісі.
Шабынған Бура бейнесін ескі жартастардағы суреттерден
де, ежелгі қалалар орнынан табылған мүсіндерден де,
ескі ғимараттардың ою-өрнектерінен де табуға болады.

Эфталиттер мен хазарейлер, кушандықтар мен қаңлылар
соқтырған ескі теңгелерден де қанатты, қа­нат­сыз бу­
ыршындар бейнесі ұшырасады. Алтайдан келген қа­ра­
қытайлардың бұл өлкеде өз билігін орнықтыру үшін бұл

тұспалға жүгінуі де тегіннен-тегін емес. Кие – күш. Күш –
кие. Кие дарымай ер көсегесі көгермейді. Кие дарымай ел
көсегесі көгермейді. Біздің тәй-тәй басқан тәуелсіздігіміз
бен қаз-қаз тұрған азаттығымыз аруақтанып, асқақтай

түсуі үшін де айбар керек.

Ғасырлар тоғысында
Өлі риза болмай, тірі байымайды деседі. Аруақ разы
болмай тұрып, абырой асар ма? Абыройсыз айбар бітер
ме?!

Ендеше, талайды тарихтың тар өткелегінен сүрінтпей
өткізген бабалар шапағаты бізге де тигей!
Баба аруақ баршамызға жар болғай!
«Қарабура» деп ұрандаса болды, жауға жеке шапқан

батырдың өзі қаптағайлаған қалың қол боп көрінеді екен.
Есет пен Қарабас, Есеттен туған Ботакөздердің ерлігі
жөнінде осындай аңыз бар.
Қаратау бойындағы қара орында қалған пірлерінің атын

артындағы ұрпақ ғасырлар бойы аузынан тастамай келеді.
Сан сапырылысты бастан кешкен халықтың басы
қосылып, санаты түзеліп келеді. Соның бір белгісі –
елімізге ежелден пір болған ардақты есімдер мен орындар

қайтадан ұлттық түлеуіміздің ұйтқысы бола бастады. Ба­
баларымыз бұдан бір жарым мың жыл бұрын шығыстан
қаптап келген қалың жаудың бетін қайтарған. Талас
бойындағы кәрия шаһар қайтадан Тараз атанды. Түркі

нәсілдің түп астаналары Баласағұн мен Сайрамның көне
жұрты оқымыстыларымыздың көзіне қайта ілікті. Түркі
дүниесіндегі дін-мұсылман тірегі Түркістанның мерей­
тойы тойланбақ. Қожа Ахмет Жасауи мұралары қайтадан

жарық көрді. Баба Түркі Шашты Әзіз күмбезі бой көтерді.
Бауырларынан бір-бір тайпа ел өрбіген Бәйдібек пен
Құрбан аталарымыз да осынша ұлықталуға лайық.
Созақтағы Қарабура салтанаты да – сол санаттағы

оқиға. Ол да халқымыздың ұлттық болмысын марқайтқан
мақтанышты құбылыс.
Ел болып, ес жиылады деген осы.

Ә. Кекілбайұлы

АЙНАЛАҢ – АЯЛЫ АЛТЫН БЕСІГІҢ

Ой түбінде жатқан сөз
Жылдар шіркін құба жонның құланындай зымы­
рап өтіп барады. Арман сабаздың көбейе түспесе, азая
түсер түрі жоқ. Абай айтатын «сағаттың шықылдағы» да

бұрынғыдан гөрі жиірек соғып, қаттырақ естілетіндей.
«Алдағы жолың арттағы жолыңнан аз болмаса, көп емес»
деп үсті-үстіне қайталап тұрғандай.
Мұндайда көңіл жазған қайдан байыз таба алсын!

Сан тарапты шарқ ұрып, сан гәптің басын шарпиды.
Бұрынғыдай жолығысқа бара жатқан бозбаладай ай­
на алдында көлеңдеп, өзіңді-өзің қызықтамайсың. Қа­
рақан басыңды емес, қарлас, қарындас, қандас, қауым­

дас төңірегіңді ойлап тебіренесің. Әсіресе, өзіңнен
ке­йінгілерді еске алып, абыржисың. «Бізді қойшы. Біраз
жерге келдік қой. Бұйырғанын көрдік қой. Бұйырмағанды
бізден кейінгілерге бұйыртса да, шүкірлік. Тек олар бізге

бұйырғаннан да мақұрым қап жүрмесе жарар еді...» Сол
бір күмән талай гәптің тұсында көкірегіңде тікендей
қадалып тұрып алады.
Осыдан біраз жыл бұрын өз балаларымызға: «Тек соғыс

болмаса екен... Кешкі ас үстінде таңдағы ас есіңе түсіп,
түйіліп әзер жұтып өскен біздің өзіміз біраз дәуренді
сүріппіз. Сендердің кім болатындарыңды кім білген?!
Шырқап кететін шығарсыңдар!» – деуші едік. Енді, міне,

күнде жұмыстан қайтқанда, құлыншақтай құлдырап алды­
мыздан жүгіріп шығып, мойнымызға асылатын бүлдіршін
немерелерімізге ондайды айтып, желпіне алмаймыз.

Ғасырлар тоғысында
Сөйтсек, шынында да, бақытты өмір сүру үшін тек
зеңбірек күркілдеп, бомба жарылып жатпайтындығы
жеткіліксіз көрінеді. Бақыттың соғыстан басқа да

«дұшпаны» аз емес секілді. Соның ең үлкені бүгінгіге
мәз болып, ертеңгіге бола бас ауыртпайтын ұшқарылық
па деп қорқамын.
Қалай ғана таңғалмассыз! Небір зіл батпан зілзалаларды

бастан кешіре отырып, қандай көбелек көңіл, ұшқалақ
болғанбыз?! «Біз де, міне, миллион тұрғыны бар қа­
лада тұрамыз», – деп күллі алматылықтар боп, кеуде
соққанымыз күні кеше ғана емес пе еді?! Ал сонда біздің

көз алдымызда бұдан туындайтын миллион деген санды
цифрмен жазғандағы бір-біріне тіркескен көп дөңгелектей
көп проблема самсап келе қалды ма? Жоқ. Миллион
адам­да миллион ауыз, миллион жүрек бар екенін ойладық

па? Жоқ. Сөйтсек, бір миллион адам тұратындай кеңістік
мейлінше көгалдандырылған күннің өзінде тәулігіне 25-
30 мың тонна оттегін шығара алады екен. Ал ол керекті
мөлшерден 300-400 есе аз. Ондай мөлшерде оттегімен

қамтамасыз ету үшін қаладағы құрылыс тұрғызылған
көлемнен 100 есе көп, шамамен, 15-20 мың шаршы
километрді алып жатқан қосымша көгал кеңістік керек
көрінеді. Мұндай қаладағылар жылына ең кемі 400-500

миллион текше метр су тұтынады. Ондай су ең кемі 20 мың
шаршы километр кеңістіктен жиналады екен. Миллион
адамы бар ығы-жығы қалада тұратын адам, ең болмаса,
аптасына бір рет табиғат аясына шығып, емін-еркін де­

малмаса, жүйке ауруына ұшырамақшы. Ал ондай сейіл жа­
сайтын рекреациялық аймаққа тағы да 15-20 мың шаршы
километр жер қажет боп шығады. Оның үстіне, мұншама
қыруар жанды етпен, сүтпен, көкөніспен қамтамасыз ету

үшін қанша гектар жерге мал ұстап, қанша гектар жерге
егін салуға тура келетінін ескеріңіз.
Оны айтасыз, табанымыздың астындағы қара жердің
күнара «мөңкіп» тұратынымен де шаруамыз болмады.

Ә. Кекілбайұлы
Алматыда сейсмикалық жағынан қауіпі аз аймақ – Абай
проспектісінен жоғары жатқан тау бөктері ғана. Одан
төменгі Ташкент көшесіне дейінгі алап сейсмикалық

жағынан қауіпті аймақ, ал Ташкент көшесінен Бұрындайға
дейін аса қауіпті аймақ болып табылады. Сонда әлгі
сейіл-серуен жасайтын көгал нуы, ет-сүт, жеміс-жидек
өндіретіндей құнарлы топырағы, мөлдір суы мен таза

ауасы бар тау бөктерін аман сақтаудың орнына самсатып
үй тұрғызудан, бықсытып асфальт төсеуден, құжынатып
машинаға толтырудан басқа амал қалмады. Сөйтіп,
өз нәпәқамызды өзіміз тәрк қып, өз демімізге өзіміз

тұншығуға мәжбүр боламыз. Мұндай жерде денсаулықтың
қайдан көсегесі көгере қойсын?! Астана басымен Алматы,
мәселен, бала ауруы мен бала өлімі жағынан алыстағы
ауылдармен бара-бар түсуде.

Бұл да аз болғандай, әлгіндей өз-өзінен безгегі ұстап,
қалтырап-дірілдеп тұратын «геологиялық фундаментіміз»
өңкей сусыма қиыршық, малта тас қабаттардан тұрады.
Сондай сәбидің еңбегіндей қаралай бүлкілдеп, әзер тұрған

әлсіз жыныстардың астында буы бұрқырап жер асты ыс­
тық көлі жатыр. Осындай қырық қатердің үстінде орнала­
сып қалған қаланы миллион адамнан асқанша дамытып,
соза беру үшін де нағыз жүрек жұтқан... жауапсыздықтан

басқа ештеңе керек емес шығар.
Күллі бір республиканың, күллі бір ұлттың бүкіл
интеллектуалдық потенциалы, күллі ғылыми-әлеуметтік
ойының «қаймағы» жиылған астананың ахуалы осындай

болғанда, қалған аймақтардың қарқ боп жатпайтындығы
айтпаса да түсінікті.
Өйткені, ең болмаса, өз бастарына жақсылық жасай
алмаған республикалық штабтар қалған кең байтақ терри­

торияны әлгіндей «экологиялық жанықастықтан» қайдан
аман алып қала алсын! Қала алмады да...
Онсыз да экологиялық оңтайлы қонысқа орналаспаған
республиканың бар болғаны он проценттік таулы аймағы

Ғасырлар тоғысында
кен өндіру, түсті металлургия, химия өнеркәсібінің ен­ші­
сіне тиді. Теріскейіндегі мал өсіруге таптырмайтын шүйгін
жазықтарды түп-түгел жыртып салып, бүкіл құ­нарын

желге ұшырдық. Азғантай өзендердің алқабын бірыңғай
техникалық дақылдар егіп, гербицид пен пес­тицидке
бөк­тірдік. Әуелден де өсімдік жамылғысына кедей шөл
мен шөлейт алқаптарда кен қазып, қара металлургия

өркендетіп, шаң мен түтінді бұрқыраттық. Жиырма милли­
оннан астам гектар жерді беталды соқаға тырнатсақ, сонша
жерді әскери полигондарға беріп, ең қатерлі қаруларды
сынайтын Қазақстанның көп жері күкірт, сынап, кадмий,

таллий, литий, уран, хлор сынды улы химикаттардың
молдығынан онсыз да денсаулық үшін қатерлі аймақ
екендігі аз болғандай, көмір мен бокситті, темір рудасы
мен фосфоритты ғана емес, радиактивті стратегиялық

шикізаттардың өзін ашық карьер қазу жолымен өндірдік.
Бұның бәрінің табиғи ортаны мекендейтін халықтың
денсаулығына тигізіп жатқан әсері қандай? Ол жайында
қам жеген ешкім болған жоқ. Қайта оның орнына бізден

өндірілген кен, астық, мұнай, шикізат тиелген эшелондар
тізбегінің жер шарын қанша рет орап алуға жететінін ай­
тып мақтандық. Ештеңенің есебі бар деп білмедік. Бәрін
таусылмас­тай, сарқылмастай көрдік. Сөйтіп жүргенде

кү­ні кеше көл-көсір көсіліп жатқан Аралдың айдыны
жоға­лып, Балқаштың шалқары тартылып бара жатқанын
бір-ақ кө­ріп, есімізді әзер жинадық. Ол үшін: «Бәрі сендер­
ден болды», – деп, көршілерімізге саусағымызды кезендік,

алдымен өзіміздің озбыр «көлтаусарларға» айналып
алғанымызды сезбедік. Кешегі тау жатқан миллиондаған
гектар жер қыртысы көкке аунап, бойындағы ылғалынан
­айырылса, еріндері кезеріп, ауадан жандәрмен бу тартпай

ма? Ол бу айналадағы өзен, көл, тоғандардан ұшпаса, қай­
дан ұшады? Бұрын алда-жалда бір ауыл зорға ұшырасатын
самиян сар далада бірінің оты біріне көрінетіндей қып,
­самсатып қалалар, поселкелер, селолар салдық. Олардың

Ә. Кекілбайұлы
арасына ат құрғатпайтындай қып теміржол, тас жол тарт­
тық. Түтінін будақтатып, заводтар, фабрикалар, комбинат­
тар тұрғыздық. Олардағылардың да өзені бар екенін былай

қойғанда, әлгіндей құжынаған елді мекендердегі аса көп
шоғырланған тіршілік көздерінен қанша энергетикалық
қуат жылу мен газ бөлініп шығатынын, оларды қайтадан
салқындату үшін маңайындағы кеңістіктен қаншама

оттегі мен ылғал соратынын неге ескермейміз? Ол
ылғалды Қазақстан аспаны, Қазақстан үлкен көлдері мен
топырағынан сормағанда, жер түбіндегі Миссисипи мен
Ніл Дариядан сорып әкеледі ғой дейсіз бе? Бір ұшқанда

ауадағы миллиондаған тонна оттегіні өртеп кететін әуе,
ғарыш кемелері ашық айдындардың қанша ылғалын бу
қылып аспанға ұшырып, шаң қылып, өзі жаққан ауаның
орнына шашып кететінін кім есептеп жатыр? Бұның бәрі

азғантай айдындарымызды үстінен сорып тартса, астынан
ешкіемердей еміп, байқалтпай суалтып жатқан қанша
«айдынды» білеміз? Бір кезде Қазақстан шөлдерінің
астында жер асты мұхиты жатыр екен деп бөстік. Сөйттік

те, кез-келген жерден артезиан құдықтарын қазып, малы­
мызды да, жанымызды да, өндірісімізді де содан суардық.
Ал жер асты суының тек атмосфералық ылғалдан ғана
түзілмей­тіні, оның көбі негізінен планетаның өзімен

бірге жаратылғаны, сондықтан жер астынан ашылған су
қорының қайтадан қалпына келе салмайтыны қайсымыз­
дың қаперімізге кіріп-шықты? Табиғаттың өзі әуелде
тым қатыңқы жаратқан азғантай ауыз су қорымызды

тіптен рәсуа пайдаланудамыз. Сондықтан да тек Арал
мен Бал­қаш қана емес, Жайық, Ертіс, Сыр, Тобылдан
бастап барлық өзендеріміз, көлдеріміз, бұлақтарымыз,
құдықтарымыз тартылып, жылдан-жылға шөп өнімі кеміп,

ұлан-байтақ даламыздың бұрынғыдан бетер шөлейттене
түскенін әлі ескермей келеміз. Суға қалай бей-берекет
қарасақ, жеріміздің құнарына да солай бей-берекет қа­
радық. Бабаларымыз аттың тұяғынан қорғаштаған жерді

Ғасырлар тоғысында
шынжыр табанды, резина табанды доңғалақтарға сұраусыз
таптаттық. Ғалымдардың есептеуінше, 18 сантиметрлік
құнарлы қабат жасау үшін табиғатқа 7000 жыл уақыт

керек екен. Ал біз оны санаулы айларда, астын үстіне
шы­ғарып, аударып салып, санаулы жылдарда өз нәрінен
айырып, тонна-тонна бедірейіп жатып алар бетпақ түз­ге
айналдырдық. Сөйтіп, елді де, жерді де қорегінен айыр­

ғанымызды аңғармадық. Аңғармағанымыз тек бір бұл ғана
емес. Біз тіпті қашқан аң басын тығып паналайтын­дай
оңаша жер қалдырылмай, төтен игеріліп жатқан өлке­
міздегі экономикалық өзгерістердің ешқандай таби­ғат

қор­ғау саясатынсыз қалай болса солай жүргізіліп отыр­
ған­дығынан, оның экологиялық зардаптарының шын мөл­
шерін, ешқайда ешкім біліп жарымайтындығынан атымен
бейхабар келдік. Олар өздерінен де жоғарыдағыларға сенді.

Ал олар шетінен атеист болғандықтан Тәңірдің өзіне
де шекелерінен қарады. Сонда мұндай ештеңенің алды-
артын ойламай, көре-тұра баса-көктеп жөнелетін «өзім
білемдік» күллі адам нәсілінің тағдырын қатерге тіккен

қан­құйлы қылмыс болмағанда не болады?! Экономика­
да­ғы «экологиялық жендеттік» синдромы осылай пайда
болды. Бүгінгі таңдағы ресми есеп бойынша республи­
када ауаға жылына тек энергетика, қара және түсті ме­

таллургия кәсіпорындары тарапынан 5,4 миллион тонна,
автотранспорт тарапынан 2,9 миллион тонна улы зат
ұшады екен. Бұл, әрине, дәл есеп емес. Басқаны қойып,
Алматының өзінде ауаның зақымдануын бақылап оты­

ратын орталық­тың әлі күнге дейін жоқ екенін ескерсек,
қандай дәл мәлі­мет жөнінде сөз болуы мүмкін? Ал Ал­
маты, Жамбыл, Өскемен, Лениногор, Зырян, Теміртау,
Шымкент қалаларындағы ауаның ауа емес, улы газдардың

қойыртпағына айналып кеткендігін анықтау үшін еш­
қандай аспаптың қажеттігі де шамалы. Қарашығанақ,
Теңіз кен орындарын игерудегі асығыстықтың салда­

Ә. Кекілбайұлы
рынан күллі Каспий маңы ауасындағы күкіртті сутегі,
күкіртті ангидрид мөлшері ешқандай ғылым білмейтін
шексіздік дәрежеге жетті. Қысқасы, басқа жерде қолдан

жасалған сутегі бомбасынан қорқып отырсақ, мұнда
жер қойнауынан өз-өзінен атқылап жатқан дәл сондай
қатерлі «қырып-жойғышты» шыбын шаққан ғұрлы
көрмей, жайбарақат отырмыз. Екібастұз өзімізді қойып,

көрші мемлекеттерді тұншықтыруда. Сыр, Талас, Шу
бойындағы талайға «Алтын жұлдыз» тақтырған химиялық
тыңайтқыштар көрші өңірлерді тосап боп басып, дала
жусандарын көктей солдыруда. Мұндай жағдайда таза су

қайдан қат болмасын? Бүгінгі таңдағы республикадағы
пайдаланылып отырған ауыз су сапасы жағынан сын
көтерерлік дәрежеде емес. Ауа қалай уланып жатса,
топырақ та солай былғанып жатыр. Ол екі ортада су қалай

былғанбасын?! Мәселен, Ертіс суындағы мыс пен цинк
шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі. Жайық, Елек,
Сырдария, Бадам, Нұралардан ауыз шаюдың өзі қауіп.
Каспий маңында құс ұша алмай, итбалық пен бекіре

ауруға шалдығып, жағаға шығып, теңкиіп-теңкиіп өліп
жатыр. Шымкент, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан
облыстарының бұлақтары мен құдықтарының өзінен
сескенбей су ішу мүмкін емес. Тоғыз жүз елді мекен жер

түбінен тасымалдап әкелініп, лас ыдыстар мен құдықтарға
уақытша құйылып алынған өлі су ішеді. Мұндай жағдайда
ауру қайтып көбеймейді? Халықтың өмірі қысқарып, өлімі
жиілеуде. Бұл – көрер көзге өз-өзінен мен мұндалап тұрған

келеңсіздіктер. Әйтпесе республиканың әр аймағының
экологиялық жағдайының толық ғылыми сипаттамасын
жасау, күллі территориямыздың эколого-биогеохимиялық
режимін түзу ісі әлі қолға да алынбай отыр. Сондықтан

күллі республиканың экологиялық жағдайы жағынан
қатерлі аймаққа айналып отырғанын көп жұрт бүгінге
дейін біле бермейді. Олар экологиялық жағдайсыздық

Ғасырлар тоғысында
жайында сөз болса тек Арал, Балқаш, Дегелеңді ғана
ауызға алады. Онда да тек бұрын Бүкілодақтық баспасөз
айтқан деректер төңірегінен шырқ айналып шыға алмайды

содан келеді де, Дегелеңдегі белгілі полигон жабылса,
республика территориясындағы радиактивті ситуация
қауіпсіз бола салады деп ойлайды. Байыбына барар болсақ,
барлық стратегияны шикізат өндіретін кен орындарының

радиактивті әсері бар басқа да минералдар өндіретін
кен орындарының, радиактивті заттар пайдаланатын
ғылыми өндіріс орындарының технологиялық режимін
жан-жақты тексеру, космос, әскери қару-жарақ, сынау по­

лигондарын, минералдық шикізаттарды тасымалдау мен
қоймалаудың экологияға әсерін жан-жақты анықтау ісін
тыңғылықты қолға алмайынша, біз республика көлемін­
дегі радиактивті ситуацияның шын ахуалын толық біле

алмаймыз. Оның үстіне, бір ауылымыздың қасындағы
әлгіндегі «қатерлі сынақты» сөндіргенмен, екінші ауы­
лымыздың қасындағы дәл сондай, немесе одан бір де
кем емес «қатерлі сынақтың» отын одан сайын маздата

түсуіміз ықтимал. Қатерлі «экологиялық нүктелермен»
бұлайша бір-бірлеп күресу кей жағдайда қоғамдық пікірді
онсыз да әшкере боп қалған объектілерге ғана аударып,
жұртты былайғы кесапаттардан әлі де бейхабар ұстауға

жағдай жасауы да мүмкін. Мәселен, Маңқыстаудағы бір
кездесуде оқырмандар экология жайында сөз болғанда
Арал, Балқаш, Байкал, Чернобыль жайында ғана үсті-
үстіне сұрақ жаудырды. Баспасөз бетінде не көп айтыл­

са, тек соны ғана сұрастырды. Сөйтсе, олар алдында
ғана халық депутаттығына кандидат болып ұсынылған
атом өнеркәсібінің ірі басшы қайраткерімен кездесіпті.
Бірақ оған тап іргелеріндегі атом электр станциясының

технологиялық қауіпсіздігі, онда пайдаланылған судан
жиналған жасанды көлдің жергілікті фауна мен флораға,
әсіресе, бүкіл аймақ нәрем айырып отырған жер асты су­

Ә. Кекілбайұлы
ларына ықпалының қандай болатындығы жайында сауал
қою ешкімнің де есіне келмепті. Алыстағы экологиялық
апатқа алаң бола отырып, іргедегі экологиялық қауіпті

елемепті. Экологиялық санамыздың деңгейі, міне, осын­
дай. Бір кезде ештеңеге қиналмайтын «экологиялық
мәңгүрттік» енді не жайында көп айтылса, сол жайында
өлімін сатып, ұрынып-берініп, қалған тараппен шаруа­

сы болмайтын «экологиялық алаңғасарлыққа» ауысқан
бұндай санамен дүкенде күні кешеге дейін тіреліп тұрған
«бөбектер азығы» консервілерінің 31 процентінде,
кол­басалардың 21 процентінде, көкөніс, жеміс-жидек

консервілерінің 26 процентінде, сәбилерге арналған сүт
кухнясы тағамдарының 42,5 процентінде пестицид шекті
мөлшерден әлденеше рет асып түсетінін білмей келдік:
«Өзіміз неге аллергияға ұшыраймыз?», «Балаларымыз неге

аллергияға ұшырайды?» – деп қайран қалып, жүйкеміздің
сәл нәрсеге бола неге бүліне қалатынына түсіне алмадық.
Сөйтсек, көпке дейін балалар өлімі жөнінен дүние жүзінде
44-орынды иемденіп, өмірдің ұзақтығы жөнінен 47 және

48-орынды Шри Ланкамен бірге бөлісіп келгенімізді
де байқамаппыз. Мұндай экологиялық бейхабарлық
әлеуметтік ынжықтыққа ұрындырмай қоя ма? Кей аудан­
дарда әйелдер: «ауыз суды тазарт», – деп талап қоюдың

орнына, су таза болмағандықтан бала көтеру зияндылығын
айтқан үгітке сеніп, бала көтермейтін операциялар
жасатқан. Сонда бүгін аналық ләззаттан, ертең ауыз судан,
бүрсігүні қоректен, одан арғы күні ауа мен тыныстанудан

бас тартуға тура келетіндей күйге жетер болсақ, мұндай
тіршіліктің өзі түбірінен мәнсіздік болып шықпай ма?!
Біздіңше, халықты бүйтіп экологиялық бейхабарлықта
ұстап, төтеден тап болған кездейсоқтықтар тұсында

әлгіндей ертеңгі ұрпақтың көрер жарығын қырқатын
әрекеттерге итермелеу тура қырғын соғысқа бара бар
моральдық қылмыс саналуға тиісті. Ондай «экологиялық

Ғасырлар тоғысында
бейхабарлық» тактикасы өлкелердің экономикалық ресур­
сын төгіп-шашып, ысырап пайдаланатын «экономикалық
бейбастақтықты» көлегейлеуге қажет болған тәрізді. Біз

өз жерімізде бүгін кен ашылса, ертең басқа жаққа көшіп
кететіндей, неғұрлым тез қазып ап, эшелондарға тиеп
үлгергенше асығатын мінез шығардық. Одан мемлекет­
ке түсетін пайданы жақсы білеміз. Өндіруші, өңдеуші

өнеркәсіп салаларына түсетін пайданы жақсы білеміз.
Ал сол шикізатты шығарып отырған өлке мен ондағы
халықтың мұндай мол байлықтан қандай қайыр көретінін
ойлап, ешкім басын ауыртпапты. Сөйтіп мәз боп жүргенде

өзіміздің «қалай дотацияға отырып, күндердің күнінде
кісі үстінен күн көріп келгендер атанып шығуымыз»
кәдік екені қиялымызға да кірмепті. Сөйтіп, шикізат ти­
елген эшелондардың уақтылы жөнелгенін қанша мұқият

қадағалағанымызбен, өзіміздің мәдени әлеуметтік даму­
дан қаншалықты кенжелеп қалғанымызбен еш шаруамыз
болмапты.
Малшы аудандар туралы көп кісіге айтқызсаңыз, бұл –

сондағы тұрғындардың мәдениеті төмендігінен. Басқаны
былай қойғанда, атақты композитор Соловьев-Седой
біраз жылдар бұрын кезекті мәдениет онкүндігінен кейін
республиканы аралап шығып: «Біз қазақ бауырларға

қалай тұрмыс құруды үйретуіміз керек екен»,– дегенде
біреулеріміз бас шұлғып, біреулеріміз апшып қалып
ек. Сөйтсек, қазақ ауылдарындағы тұрмыстың мәдени
деңгейі, расында да, қанағаттанарлық жағдайда емес екен.

Үйреткен, әрине, жөн. Ең дұрысы, жақсы тұрмыс құрудың
экономикалық жағдайын жасау ғой. Бір республикадағы,
тіпті бір аймақтағы екі кәсіпорынның әлеуметтік да­му­
ындағы әлгіндей ала-құлалықтың сыры олардың эко­

номикалық ахуалының бірдей еместігінде. Мәселен,
жуырда Шевченко қаласындағы бір одақтық маңыздағы
кәсіпорынның демалыс аймағын аралап көрдік. Ондағы

Ә. Кекілбайұлы
профилакторий іргесіндегі малшыларға арналған профи­
лакторий түгілі қазір екінің бірі көзге шұқып айта беретін
«үкіметтік» санаторийлеріңіздің өзін шаңына ілестірмейді.

Сонда немене, әлгі кәсіпорын осынша байлықты басқа
жақтан көшіріп әкелді ме? Жоқ, осындағы территориядан
тапты. Ендеше сол игілікті осындағы тұрғындармен неге
бірге бөліспейді? Одақтық ведомствоның өз бюджеті

болғанмен, өз территориясы жоқ қой. Өз экономикалық
мүддесін осындағы аймақтық тұрғындарының әлеуметтік
мүддесімен неге үйлестірмейді? Айталық, республика
өз тұрғындарын театрмен, музыкамен, циркпен, музей­

мен, концерт орындарымен қамтамасыз ету жағынан
бүкілодақтық деңгейден әлдеқайда төмен тұр. Ал бізде
одақтық салалық өнеркәсіп орны орналаспаған бірде-бір
облыс жоқ. Бірақ, оларда әлгіндей одақтық ведомство са­

лып берген бірде-бір театр, филармония, цирк жоқ. Сонда
территория мен ондағы халық өз іргесінен алынып жатқан
мол дәулеттен не көреді?! Көретіні сол, сол дәулетті иге­
ру үстінде одақтық кәсіпорындар жіберген экологиялық

қателіктерді түзету үшін жергілікті бюджеттен ондаған
театр салуға болатын қаржы жұмсауға мәжбүр болады.
Мәселен, өткен сайлау тұсында Гурьев сайлаушыларына
Каспий маңындағы экологиялық жағдайды түзеу үшін 23

миллион сомнан астам қаржы бөлуге уәде берілді. Мұндай
экологиялық қолайсыздық талай жерден табылады. Бірақ
бүйтіп ондаған миллион сомды қоржынынан бір күнде
суырып бере алатын депутат қалаған мөлшерде табыла

бермейді ғой. Табылғанда да, ол әлдеқашан қиюы кетіп
қалған істі бірден түзеп бере ала ма? Біздің көптеген аудан­
дарымыз экологиялық, әлеуметтік, экономикалық жағынан
бірдей тұралаған. Ондағы жұрт көп нәрседен күдерін үзген.

Тіпті, айналада не боп жатқанынан атымен алаң болмай,
аш құлақтан тиыш құлақ отыра беруге әбден үйренген.
Мұндай жағдайда жақсы тұрмыс құруға деген ынтаның

Ғасырлар тоғысында
өзі жоғалады. Ондай жердің театры да, филармониясы
да, циркі де, музейі де, түптеп келгенде, бір бөтелкенің
ішіне сыйып кетеді. Содан кеп, аймақтық экология былай

қалып, үй-ішілік экологияның ойран-ботқасы шығады.
80-ші жылдардың басында біздің елімізде, ғалымдардың
айтуынша, жан басына шаққанда 17-19 литр этанол (таза
спирт) ішіліпті. Москва мен Ленинградта ол көрсеткіш 20-

25 литрге жетіпті. Егер орта есеппен әр адам 17 литрден
астам этанол ішсе, онда сәбилердің тең жартысы әлжуаз
боп, әрбір алтыншы бөбек ақыл-есі кем боп туады екен.
Егер 25 литрден ішілсе, «үш ұрпақ заңы» дейтін меха­

низм іске қосылады екен. Ол деген сөз, атасы сау болса,
әкесі жартылай сау, баласының денсаулығы төрттен бір
мөлшерінде, ал немересінің денсаулығы бар болғаны
он алтыдан бір мөлшерінде болады деген сөз. Немесе

ішкіштер әулетінің төртінші ұрпаққа жетпей тұқымы
тұздай құрып бітеді деген сөз. Статистиканың айтуынша,
біздің еліміздегі 285 миллион тұрғынның 135 миллионы
сау, 150 миллионы әлжуаз, дімкәс, оның 50 миллионы

жарымжан, мүгедек. 1988 жылдың басында 24 жасқа
дейінгілер 117 миллион адам болса, соның 60-80 милли­
оны немесе 55-80 проценті әлжуаз, дімкәс. Алпысыншы
жылдары туғандардың 54-55 процентінің күндізгі мек­

тепте оқып, орта білім алуға қабілеті жетпейді. Ең әлжуаз
абитуриенттердің көбейетін тұсы мамандардың айтуынша,
1988-2003 жылдар аралығы. Жастардың интеллектуалдану
коэффициенті жағынан КСРО 1953 жылы дүние жүзінде

үшінші орынды иемденсе, қазір 42-ші орынға дейін неге
құлдырап кеткендігіне осыған қарап-ақ түсіне беруге бо­
лады. Ұлттық денсаулық және интеллектуалдық жағынан
бұлайша «азып» кетуінің бір себебі – біздің еліміздегі

альконаркомафияның та­бысы 100 проценттен 500 про­
центке дейін өсіп ке­тіп отырғандығы болса, екінші себебі

– ішкі және сырт­қы ортадағы улан­дырғыш факторлардың

Ә. Кекілбайұлы
көбеюі – тағамның, судың, ауа­ның, топырақтың сапасы­
ның бұзылуы, елді мекендерде тұрғындар санының орын­
сыз ұлғаюы, электромагниттік зақымдағыштардың арта

түсуі. Қысқасы, ошақ басынан бастап, күллі Отан аясына
дейінгі табиғи ортаның экологиялық құнарсыздануы.
Экологиялық күрестің де мақсаты сол. Ендеше, эколо­
гия – адамдардың бақытты өмір жолында өзін қоршаған

табиғи, рухани ортамен жарастықты қарым-қатынас
жасай білуі. Ендеше ол барша тіршілік әрекеттің бәрін
біріктіреді. Сол әрекеттер үстінде қалыптасатын барша
әлеуметтік ынтымақтастықтың бәрі қатынасады. Бірақ

бұл күресте де біреуге сенуге, өзгеге иек артуға бол­
майды. Қорек айыру жолында қалай қол қусырып отыра
алмайтын болсақ, экологиялық үйлесім жолында да дәл
солай қарекеттенген ләзім. Ендеше сау-саламат тіршілік

жолындағы майданға семьядан бастап күллі адамзатқа
дейінгі ұйым бірліктің бәрі де атсалысуға тиісті. Бәрінің де
нақты семьялық, аулалық, көшелік, қоныстық, аймақтық,
өлкелік, республикалық, құрлықтық, планеталық іс-қимыл

бағдарламасы болғаны жөн. Ондай бағдарлама өзі тектес
өзге бірліктің мүдделі мақсаттарына нұқсан келтірмейді.
Ортақ мақсат жолындағы күреске өз күштерін түгел
және тиімді жұмылдыруды ғана көздейді. Сонда ғана

экологиялық жарасым жолындағы күрес әлеуметтік әділет
жолындағы күреске айнала алады. Тұрмыс экологиясын­
сыз аймақтық экология, аймақтық экологиясыз плане­та­
лық экология дегеніне жете алмайды. Өз денсаулығыңды

күтуден бастап, планета тыныштығын қамтамасыз етуге
дейінгі жарастықтың бәрін қамтитын бұл күрес майданын­
да, әсіресе әйелдер шешуші қызмет атқара алады. Болашақ
жұбайға қойылар талапшылдық пен ұрпақ күтімімен

­басталатын ұлт саламаттығы, адамзат саламаттығы
жолындағы күреске тек әйелдер, қыздар, келіншектер,
аналар, әжелер белсене араласқан күнде ғана қалған ба­

Ғасырлар тоғысында
лалар, жігіттер, күйеулер, әкелер, аталар түгел қатысатын
күллі ұлттық, адамзаттық қозғалысқа айнала алады. Ондай
белсенді ынтымақсыз, бүкіл қоғамдық ықылассыз тек бел­

гілі бір ғылыми, экономикалық, мемлекеттік салалар ара­
ласуымен атқарылар экологиялық программалар бүгінгі
көзі тірілер мен келешек ұрпақтардың сау-саламаттығы
жолындағы шешуші майданға айнала алмайды.

Ал ендігі жерде өз бауырымыздан шыққан бүлдір­
шіндерден басталатын болашақ адамзаттың бақыты жо­
лында бел шешіп, білек сыбанып күресуге тұратындай
жалғыз майдан осы. Жарастықты өмір – сау саламат

тіршілік жолындағы күрес. Өйткені, айналаң – аялы алтын
бесігің. Бесігін ардақ тұтпаған береке қайтып таппақшы?!

Ә. Кекілбайұлы

ОЙДАҒЫМЫЗ БОЛДЫ, ОРТАМЫЗ ТОЛДЫ

Республика Сарайында Қазақстан Республикасының
тұңғыш Президенті Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ
қызметіне кірісу салтанатында сөйленген сөз
Ардақты Елбасы!

Құрметті Төрбасы!
Қадірлі қауым!
Ойдағымыз болды. Ортамыз толды. Төбедегі келді.
Тө­релескенде де ренжитін ретіміз жоқ. Тек ұзағынан

сүйіндіргей. Ақ жолдың алдындамыз. Үлкен тілектің
үстіндеміз. Жан-жағымызға бірдей әділ, өткеніміз бен
ер­теңімізге бірдей сергек бола білсек болғаны. Өйткені,
бағзыдағыларымыздың аруағы жебегесін, бүгінгілеріміз­

дің тілегі демегесін жетіп отырмыз бұл күнге.
Қырқына шыдап, қырық біріне шыдамағандай бол­
майық. Ендігі әңгімені осы жиын түгел түсінетіндей қып
айтудың реті келіп тұр.

Глубокоуважаемый Президент!
Уважаемое собрание!
Мы с Вами переживаем поистине звездный час Исто­
рии. Только что первый Президент независимой Казах­

ской республики вступил в должность, приняв присягу
на верность народу, единодушно избравшему его на этот
высокий пост.
Избрать всем народом своего предводителя, тем более

в трудное время испытаний, не внове для нас. Однако
только сегодня, через два с половиной века, вернулась

Ғасырлар тоғысында
к нам давно утраченная традиция. На наших глазах воз­
рождается народ, восстанавливается справедливость в
отношении государственности, зарождение которой вос­

ходит к седым временам.
Просвещенный мир издавна хорошо знает прошлое
огромной территории, включившейся в ойкумену еще
миллион лет тому назад, расположенной в самом серд­

це Евразии, служившей авансценой для многих эпопей
мировой истории, удостоенных пера многих-многих
блистательных историографов древних и более поздних
времен. Действующие лица этих исторических эпопей не

были десантированы из других планет, не улетучились на
другие галактики, а навсегда связывали свою судьбу и по­
томков с одним и тем же степным простором, называемым
ныне Казахстаном, где происходило многотысячелетнее

этническое развитие от первобытности до современности.
И мы не вправе, в век всеобщего раскрепощения, не
вспомнить о многовековой борьбе своего народа за свобо­
ду, независимость, за достойный союз и сотрудничество

с другими. Он в разные времена под разным этнонимом
входил в разные государственные образования. Пять веков
тому назад взялся за создание национальной государствен­
ности под своим нынешним названием. И за считанные

века сумел вернуть себе этническую территорию. Раз­
работал своеобразную Конституцию «Жеты-Жарғы» и
военно-демократическую структуру государственного
обустройства, продиктованную мобильным образом

жиз­ни и экономическим укладом, не допускающим сверх­
централизованную деспотию. Установил довольно либе­
ральные отношения с окружающим себя политическим
пространством. Умело сбалансировал интересы соседей,

при этом не поступаясь своими чаяниями.
Благодаря этому отразил экспансионизм с востока и
юга. Почти до начала нынешнего века сдерживал углу­
бление в степь колониализма с запада.

Ә. Кекілбайұлы
Что не удалось легальному империализму, Библией
которого служила идеология пренебрежения к чужим ин­
тересам ради своих, блестяще удалось его правопреемнику

с неправдоподобно благозвучным названием. Прикрыва­
емый всеблагоденствующей демагогией, политической
цинизм превратил одну шестую часть Земного шара во
всеобщую чужбину, заставившую великочисленных не­

вольно странствовать за минимум существования по бело­
му свету, малочисленных – либо лишиться исторической
родины, либо стать изгоями на земле предков.
За все это в ответе не народы и культуры, а власть и иде­

ология, приверженцы которых до последнего продолжают
перевирать историю, ссорить народы, устраивать торги
вокруг чужой земли и чужих судеб, мутить воду вместо
спасения и так безбожно бедствующей страны.

Не по закону сильных и слабых, а свободных и спра­
ведливых оздоровляется человеческое общежитие.
И спасает народы не сотворение новых кумиров, не
сведение счетов за прошлое, а решительный отказ от вче­

рашних догм и предубеждений, амбиций и обид, скорое
приведение всего в соответствие с логикой вещей. Здра­
вый ум ныне превыше всего. Потому и весь Казахстан
1 декабря с. г. голосовал за Нурсултана Назарбаева. За

политика, отличившегося твердостью и убедительностью
позиций даже в такое смутное время. Даже события по­
следних суток показали, что Назарбаев хозяин слова, что
нет его вины в том, что в большой политике, все еще не

хватает большой добросовестности. Да в трудное время
так высоко зажглась его звезда. Да, не самая легкая ноша
досталась ему. От того, как он начнет, зависит многое не
только в завтрашнем, но и в далеком будущем нашего

государства. Не только фундамент, а вся его архитектура
ложится огромным грузом не только на плечи, но и на со­
весть Первого Президента. Это – удел всех первых, всех
тех, кто стоял у начала начал.

Ғасырлар тоғысында
Как можно малыми потерями выйти из полосы кризи­
са, рачительно мобилизуя на это имеющийся моральный
и экономический потенциал; не утратить стабильность,

цивилизованно решить проблемы национального возрож­
дения; добиться незыблемости конституционного строя,
создания независимого, процветающего, демократическо­
го, правового государства, ускорить его вход в мировое

сообщество, неуклонно расширяя формы и зоны сотруд­
ничества, не разрушая сложившегося, – всего этого ждут
в первую очередь от Президента Назарбаева.
Все мировое общественное мнение ныне утверждает,

что это ему вполне удается. Добавьте еще доверие и под­
держку всех соотечественников. Это облегчит любую
ношу, любую трудность.
Так что мы сегодня с чистой совестью можем поздра­

вить самих себя с удачным выбором на ответственном
моменте нашей всеобщей судьбы и пожелать успехов
Президенту, счастья всем нам!
Ақ жол, ағайын!

Іске сәт, Азамат!
Желтоқсан, 1991 жыл.

Ә. Кекілбайұлы

ПУСТЬ ПЛАНЕТА СТАНЕТ ВСЕОБЩИМ

МИРНЫМ ДОМОМ

Выступление на заседании комиссии «А»
Женевского совещания СБСЕ по национальным
меньшинствам КЕКИЛЬБАЕВА А. К. –
председателя Комитета Верховного Совета

Казахской ССР по национальной политике,
развитию языка и культуры
Уважаемый господин Председатель! Благодарю за
предоставленную возможность.

Дамы и господа!
Я в составе делегации СССР представляю Казахстан,
Республику, расположенную на стыке двух материков –
Европы и Азии. И у нас говорят, что в мире нет горы, какой

бы высокой она ни была, чтобы защитила от всех ветров,
что нет реки, какой бы глубокой и полноводной она ни
была, чтобы надежно преградила путь всем врагам, что
поэтому следует рассчитывать во всем только на людское

взаимопонимание, ибо мало кто не хотел бы жить в мире
и согласии с другими.
И глубоко закономерно то, что мы на такой разговор
собрались именно здесь, в сердце Европы, где в разные

времена разрабатывались самые, разные гуманистические
концепции гармонизации мирового порядка.
И здесь, как нигде, легче нам осознавать, что никакой
континент сам по себе не может стать всеобщим мирным

домом для своего населения, если таковым не станет вся
наша планета.

Ғасырлар тоғысында
Поэтому и оправдан основной дух Парижской хартии и
Копенгагенского документа, проникнутых идеей не предъ­
являть друг другу счета за прошлое, а предложить друг

другу руки во имя будущего, искать и находить наиболее
эффективные стандарты гармонизации межэтнических
отношений.
Все мы быстрее достигли бы этого, если бы исходили

из того, что не только благородство побуждений, но и
трезвость и соразмерность предпринимаемых шагов с
Реальными возможностями смягчают, а не усугубляют не
всегда легкоквалифицируемые коллизии в этой деликат­

ной сфере. Там, где впадают в политический максимализм,
не считаясь с этим, неслыханно обостряются и без того
драматизированные взаимоотношения, а где проявляется
политический реализм, там еще сохраняется возможность

сбалансирования интересов сторон, исторический шанс
не скоропалительно, а постепенно, вместе с тем наиболее
полно и в большем соответствии и тенденциями мирово­
го развития, решать проблемы национального развития и

самоутверждения. И тут трудно найти более эффективные
методы, кроме взаимного уважения и сотрудничества
в решении насущных проблем. Для этого прежде всего
необходимо объективно подходить к историческому фак­

тору, и фактору сложившейся реальности. На этой основе
не противопоставлять, а сочетать неотъемлемые права и
свободы человека со столь же неотъемлемым правом на­
родов на самоопределение, недопущение дискриминации

любого меньшинства с недопущением дискриминации
любого меньшинства с недопущением посягательства на
исторически сложившийся суверенитет и территориаль­
ную целостность любого государственного образования.

И тут я не могу не сослаться на, возможно, не совсем
бесспорный во всем, но заслуживающий внимание своей
проблематикой, конкретный опыт Казахстана.

Ә. Кекілбайұлы
Казахстан – это 17 миллионов мужчин и женщин,
­предс­тавляющих почти все 130 народов Советского Со­
юза. Из них казахи составляют около 40%, русские – око­

ло 38%, немцы – около 6%, украинцы – 5 с лишним %,
узбеки – 2%, татары – 2%, уйгуры – 1%, белорусы – 1%,
корейцы – 0,6%. Остальные меньшинства исчисляются от
десятков тысяч до сотен людей.

Таковым Казахстан стал не в один день и далеко не
самопроизвольно. В XVІІІ в. из-за двухвековой неравной
борьбы с цинско-джунгарским экспансионизмом, Казах­
стан прибегнул к протекции России. До 1846 г. Россией

была признана легитимность государственности казахов.
Только после ликвидации последних атрибутов казахской
государственности в лице ханской власти, народного
собрания, ханского совета, с 60-х годов прошлого века

началось военное укрепление пограничных полос. Та­
ким образом, в конце прошлого века лишь каждый 10-й
житель края был не местным. Основной поток миграции
населения в Казахстан приходится на первую четверть

нынешнего века. И в 1924 году, когда окончательно была
восстановлена здесь государственность в лице Казахской
ССР, входившей в состав СССР, 61,34% ее населения
составляли казахи. Дальше этот показатель в результате

произвола сталинизма, массовой эвакуации в годы войны,
нерегулированного миграционного потока, вызванного
волюнтаристским подходом к освоению бывших окраин
упал до 34–35%. Только в последние десятилетия этот по­

казатель вновь увеличился за счет естественного прироста.
Несоблюдение разумной демографической пропорции
в политико-экономическом обустройстве республики
отрицательно сказывалось на этническом самочувствии

и коренного, и не коренных народов. По данным соци­
ологических исследований, считают родным свой язык
54,9% дунган, 54,4% немцев, 51,7% корейцев, 36,6%
украинцев, 34,5% белорусов, 12,2% поляков, обитающих

Ғасырлар тоғысында
в Казахстане. 37% самих казахов слабо владеют своим
языком. Такие досадные перекосы охватили не только
духовную сферу. Распределительная экономика, абсолю­

тизировавшая ведомственные интересы, мешали рацио­
нальному использованию наряду с природными ресурсами
и местных трудовых ресурсов. Несмотря на интенсивную
индустриализацию края, 70% коренного населения заняты

малопродуктивным и малоквалифицированным аграрным
производством.
Серьезность допущенного в прошлом дисбаланса
обязывает строго придерживаться принципа наибольшей

сбалансированности интересов во всем, государственно-
правовой, социально-экономической рационализации
взаимоотношений в пользу всех стран. Это ныне больше
всего и заботит наше правительство. При этом оно исходит

из того, что на данном этапе опережение экономической
реформации способствует поддержанию стабильности в
обществе. Нашим Парламентом принят целый пакет за­
конов, связанных с разгосударствлением и плюрализацией

собственности, переходом на режим либерализированной
экономики, стимулирующей предпринимательскую ини­
циативу населения, межгосударственное и межрегиональ­
ное сотрудничество. Приоритет дается тому сотрудниче­

ству, которое способствует универсализации экономики,
ее технологическому и финансовому обеспечению, об­
работке сырья на месте и ускорению вовлечения в ква­
лифицированный труд и предпринимательство местных

трудовых ресурсов.
В целях поддержания предпринимательства населе­
ния часть приватизированного имущества раздается без
денежного возмещения всем, независимо от этнической

принадлежности. Этим, на наш взгляд, можно сократить
различие стартовых возможностей людей при переходе на
рыночные отношения и смягчить эффект нежелательного,
при подобных обстоятельствах, феномена, названного Ф.

Ә. Кекілбайұлы
Ницше не иначе как ressentіment – «завистливое озлобле­
ние». Думается, чем быстрее люди найдут и будут зани­
маться своим делом, тем быстрее пойдет демократизация

и ликвидация допущенных в прошлом диспропорций и в
межэтнических отношениях.
Без всесторонне взвешенного экономического закреп­
ления своего суверенитета республике не легко будет

на деле гарантировать равноправие этнических групп,
которые, фактически и сегодня не испытывают никаких
этнических, религиозных, лингвистических, и иных при­
теснений с чьей бы то ни было стороны. Что касается ка­

захского народа, чьим именем названа республика, то сам
он не меньше других, как я сказал, испытывает трудности.
Декларация о государственном суверенитете Казах­
ской ССР, принятая Верховным Советом 25 октября 1990

года, определила, что граждане республики всех нацио­
нальностей составляют народ Казахстана, и он является
единственным носителем суверенности и источником
государственной власти в Казахской ССР.

Этим документом всем гражданам, проживающим на
территории Республики, гарантируются все права и свобо­
ды, предусмотренные национальным законодательством
и международным правом, безотносительно к их нацио­

нальной принадлежности.
Отрегулировано и языкопользование. Казахский язык
объявлен государственным языком. Наиболее распро­
страненный русский язык – языком межнационального

общения. Представителям всех остальных народов предо­
ставлено право свободного пользования своим родным
языком. В местных органах управления наиболее полно
представлены национальные меньшинства, в республи­

канских органах – большинство этих групп.
«Возрождение и развитие самобытной культуры, тра­
диций, языка и укрепление национального достоинства
казахской нации и других национальностей, проживаю­

Ғасырлар тоғысында
щих в Казахстане, являются одной из важнейших задач
государственности Казахской ССР», – записано в Декла­
рации о суверенитете Казахстана.

Во исполнение этого разработаны и разрабатываются
долгосрочные программы по всем проблемам. Если рань­
ше обучение производилось только на 4 языках, то ныне
на 15 языках, книги издаются на 5 языках, на стольких же

языках ведется радио и телевещание, издаются республи­
канские газеты и журналы. На многих языках печатаются
местные газеты и ведутся местные радиотелепередачи.
Создаются национальные культурные центры. Имеются

десятки профессиональных национальных театров, и ху­
дожественных коллективов национальных меньшинств.
Успешно функционирует свыше 800 самодеятельных
ансамблей, пропагандирующих фольклор этнических

меньшинств Казахстана. Регулярно проводятся фестива­
ли фольклорного искусства народов Казахстана. Только
в этом году проведены в Алма-Ате фестивале искусств
немцев, корейцев, уйгуров, украинцев Казахстана с при­

глашением гостей из Германии, Кореи, Китая, Украины.
Большой импульс к изучению и пропаганде многонацио­
нального фольклора республики дает проводимый в эти
дни во всей республике казахстано-американский практи­

кум по народному творчеству. Заметным событием в пре­
одолении искусственного ограничения изучения истории
и культуры народов Казахстана, рамками блоковой иде­
ологии явились международные мероприятия с участием

экспедиции ЮНЕСКО, проведенные на казахстанских
трассах древнего «Шелкового пути», обмен декадами
литературы и искусства Казахстана в Турции, Турции в
Казахстане, дни культуры родственных народов Китая и

Казахстана в Алма-Ате.
В решении проблем национальных меньшинств вступа­
ем в контакты со всеми союзными республиками, зарубеж­
ными государствами, чьи диаспоры имеются в Казахстане.

Ә. Кекілбайұлы
Но во всем этом пока преобладает эпизодический эн­
тузиазм, а не всесторонне обдуманная система. В данном
вопросе как ни в каком другом оправдана координация

усилий всего мирового сообщества.
Думаю, это вполне по плечу таким авторитетным меж­
дународным организациям как ООН, ЮНЕСКО, СБСЕ,
Совет Европы, МОТ. В этом плане многое проясняет и

вносит свой определенный вклад наша нынешняя встреча.
Благодарю за внимание.
июнь 1991 г.

Ғасырлар тоғысында

АБАЙ БОЛСАҚ, ОПЫҚ ЖЕМЕЙМІЗ

Сөйтіп, бізді талай тосын оқиғаларға куә қып, Қой
жылы да өтті. Заты түгілі атының өзі тіксінтпесе сүй­сінт­
пейтін, міне, енді Мешін жылы да жетті.
Алты жыл қоғам жаңарып, әділет, молшылық, бостан­

дық пен демократия орнайды деп сеніп келдік.
Ауызды қу шөппен сүртуден аулақпыз. Айта қалар­
лықтай өзгерістер болды. Әйтпесе, бұрын Жаңа жыл
толғауын тап осылай бастай алар ма едік... Бірақ... Кө­

ңілдегі түйткіл әлі де баршылық. Тіпті көптен бері тап
бұлай дағдарып, тап бұлай күйзелмеген сияқтымыз. Бәл­
кім, пенде шіркін әлімсақтың алғашқы күндерінде ғана
төңірегіне тап қазіргідей елегізе қарап, елеңдей көз салған

шығар. Алдында не тұрғанын білмей аңтарылған шығар.
Басқасын былай қойғанда, көптен сағына күткен
тәуелсіздіктің өзі көңілдегі көп уайымды біржолата сейілте
алмай тұр.

Мәселен, күні бүгінге дейін империялық кіріптарлық­
тың тот басқан бұғауымен қол-аяғынан бірдей байланып
келген халықтардың аяқ астында азаттық алған бостан
жігері мен бостан серпінінің бір-бірімізге жылдап

қордаланып қалған өкпе-бопса мен ашу-ызаның есесін
қайтаруға ма, жоқ, жалпымыз мен жалқымыздың көсегесін
бірдей көгертер ортақ істерді өрге бастыруға ма – қайда
жұмсалатынына қайтіп толғанбассың?

Меніңше, ол тәуелсіз мемлекетіміздің өзінің ойдағыдай
дамуына қаншалықты қолайлы, басқаларды ештеңе деп
тіксінтпейтіндей сенімді жолды қаншалықты дұрыс,
қаншалықты сәтті таңдап ала білуіне тікелей байланысты.

Ә. Кекілбайұлы
Қажет десеңіз, азаттық дегеннің өзі де сол үшін керек.
Кіммен қандай байланыста болатыныңды, бөгде біреудің
мүддесіне нұқсан келтірмейтіндей қып, өзің шеше алуың

үшін керек. Ал егер тәуелсіздікті өз үйінде өзі не істегісі
келсе, соны істеуге еріктілік деп ұқсақ, онда күрделі
мәселені күлкіге айналдыратынымызды былай қойғанда,
мынау бір-бірімен мүдделестік тұрғыда әбден ілік-шатыс

болып алған кірпияз дүниедегі өз жағдайымызды өзіміз
қиындатып алған болар ек.
Қазір жұрттың алдағы заман жөнінде жаппай бал
ашып, жаппай тон пішіп жатуы да тегіннен-тегін емес.

Оларға айтқызсаңыз: көптеген жас тәуелсіз мемлекет­
терден қайтадан ұлтшыл-коммунистік басыбайлылық,
феодалдық-байшылдық, діни озбырлық үрдіс орнату­
дан басқа ештеңе дәметуге болмайды. Отандық саяси

астрология, әсіресе, «бұрынғы Совет Түркістанының»
болашағын тым қараңғы қапасқа айналдырып жіберді. Ол
екі ғасырдың тоғысында «жалынының жасыл реңі басым
әлемдік өрттің ортасында» қалады-мыс.

Бұндай көріпкелділіктің ар жағында шынында да
көктегі жұлдыздардың айтқан тұспалы жатыр ма, жоқ
дүниені тағы да қайта беріп, қайта жүйелеуді көздейтін
жұмырбасты күштердің есебі жатыр ма – ол арасын тарих

пен тағдыр айқындай жатар.
Бүгін таңда бізге түсініктісі: бізде не болып жатқанына
басқа дүние қалай болса, солай қарай алмайтындығы
сияқты, басқа дүниенің біз жөнінде не ойлап жатқанына

біз де қалай болса, солай қарай алмайды екенбіз. Өйткені,
бізге тәуелсіздік өзімізбен шектес саяси-экономикалық
кеңістікпен де, күллі дүниежүзілік саяси-экономикалық
кеңістікпен де ешкімнің араласуынсыз өз бетімізбен

тікелей қарым-қатынас орнатуымыз үшін қажет.
Бұл арада әу бастан өз жөнімізді өзіміз табатын дер­
бес көзқарасқа ие бола алмасақ, баяғыдан бергі кісіге
кіріптарлық тұсында қалыптасып қалған бөтеннің ау­

Ғасырлар тоғысында
зына қарап жалтақтаушылықтан шамалыда арыла ал­
маймыз. Ал көлденең пиғылдар ақыл айтқансып, кеңес
бергенсіп, не болашағың жайында бал ашқансып, не

сәл қылығыңа шамданып, өкпе-бопса шақырғансып, өз
бұйдаңа өзің ие болуға кедергі келтіріп-ақ бағары сөзсіз.
Олардың пайымдауынша: ұзақ уақыт бойына өз тізгініне
өзі ие болмағандықтан өрбитін саяси шалағайлық пен

экономикалық дәрменсіздік тәуелсіз мемлекеттерді не
күштілерге бұрынғыдан да көбірек шыбындайтын саяси
жалпақшешейлікке, не «жаман атқа жал бітсе, жанына
торсық байлатпастың» кебін кигізетін саяси шәлкестікке

ұрындырады. Ал бұл екі мінездің екеуі де сырттан
қысымды күшейте түспесе, әлсіретпейтіні белгілі.
Сол сияқты, «біздің республикаларымыз бен ха­
лық­тарымыз егемендік пен тәуелсіздікті күресіп жеңіп

алып отырған жоқ, тұтымы әлсіз, әлжуаз билеушілердің
аңдаусызда қолдарынан түсіп кеткен жерінен, жолдан
тауып алды», – деп түсіндіруге күш салып жүргендердің
қисындарына айрықша мән бермей болмайды.

Сол арқылы олар басқаларды тәуелсіз мемлекеттер
қолдарына оңай тиген тәуелсіздіктен не қорыққандықтан,
не саяси аңғарттықтан оңай айырылып қалулары да
ықтимал деп үміттендіргісі келеді. Кейде олардың мұндай

қисындары бір аяда тірлік етіп отырған көп ұлт, көп кәсіп
өкілдерін бір-біріне қандай өкпе артып, қалай тиісуді
үйрететін, сол арқылы енді-енді қаз тұра бастаған тәуелсіз
мемлекеттерді әп дегеннен аймақаралық, ұлтаралық,

дінаралық, қауымаралық, тіпті пендеаралық дүрдараздық
өртіне душар етуді көздейтін әлеуметтік әбжілдік сияқты
боп көрінеді.
Кейінгі кезде ислам факторы, феодалдық-коммунистік

озбырлық, ұлтаралық, руаралық дау-дамайлары күшейіп
барады деген байбалам да өз-өзінен туындап жүрген жоқ.
Әрине, әлгі індеттер жас мемлекетіміздің қалыптасуына
ешқандай кесір тигізбейді деуден аулақпыз. Алайда,

Ә. Кекілбайұлы
мұндайда түймедейді түйедей ғып көрсетуге тырысуда
да көп мән бар. Сол арқылы кейбір ойланбай болмайтын
толғақты мәселелер не қасақана тұрпайыландырылып, күн

тәртібінен түсіріліп тасталады, не олардың төңірегінде
кеңес өрбітудің орнына, егес өршітіліп, алауыздық
туғызылады. Саяси әбжілдік пен саяси кісәпірліктің
мұндай тәсілдерінің арқасында адамдар мен халықтардың

талай-талай көкейкесті мүдделерінің бостан-босқа тәрік
болып жататынын көрмей, білмей келдік пе?
Айталық, әр нәрсенің бәрінде де әділет орнатылып
жатқан тұста, тарихы қалыптасқан одақтастықтың құқты

мүшелерінің қарым-қатынасын түбірімен қайта қарау
керек деген талаптың күстаналайтындай несі бар еді?!
Алайда, тыңғылықты талдау, парасатты байыптама ор­
нына байбалам мен дау-дамай бел алды. Әркім әр жақтан

өз жобасын ұсынды. Олар жан-жақтан не жамырай
қосталды, не жамырай мансұқталды. Барлық қыр-сырлары
ашылатын байсалды талқыға түспеді. Күллі қоғам өзінде
бар интеллектуалдық мүмкіндіктерді өз тағдырының

түбегейлі мәселесін түптей ойлап, түпкілікті шешудің ор­
нына қайдағы бір «егемендік шеруі» дегеннің төңірегінде
даңғаза дауды көбейтіп, елде егес пен дүрдараздық
өртіне май құйылды. Мұндай қолдан ушықтырудың нені

көздегенін «тамыз дүрбелеңдері» әбден айқындап берді.
Сөйтсек, империялық озбырлықтың тажал араны әлі бітеле
қоймапты. Ол біреудің үйіне «есіктен кіріп төр менікі»
деп билеп-төстей женелетін әулекілігінен де, бірді-бірдіге

айдап салып, ұлтаралық араздық отын, жылына қырық
рет өкімет өзгертіп, қырық рет билік үлестіріп, ұлт ішілік
араздық өртін тұтандыра қоятын аярлығынан да бас тарт­
папты.

Енді міне, сол сырттан тұрып, бірді бірге соғыстырар
«мыстан таяғынан» пәрмен кеткенде, егемендік пен
тәуелсіздікке деген жеккөрінішін жасыра алмай, олар­
ды түкке тұрмайтын құнсыз бірдеңе қып көрсетіп, азат

Ғасырлар тоғысында
халықтардың жігерін құм қылуға, оларды қалған дүниемен
араластырмай тұра тұру үшін құбыжық қып қорқытуға
тырысып бағуда.

Империяшыл идеологияның көздеген мақсаты белгілі:
жас мемлекеттердің әлемдік саяси-экономикалық кеңіс­
тікпен тез тіл табысып кетуіне кедергі келтіріп, олардың
басындағы қиындықтар мен дағдарыстарды одан сайын

өршіте түсу.
Ол үшін неге иек артқысы келіп отырғандығы тағы да
айқын: өзгенің бостандығы түгілі өз бостандығыңа өзіңнің
үйренісіп кете қоюың оңай емес.

Бұл арада жеке тәуелсіз мемлекеттердің саяси тәжі­
рибесінің балаңдығын өткенде талай есесі кетіп, дер­
бестік жолына енді түскен халықтарда демократиялық
ұстамдылық жағы жетісе бермейтіндігін өз пайдасына

жарата қойғысы келетіндер аз болмайды. Әрбір өтпелі
кезеңдерге тән әркім де алабөтен өрекпіп жүретін
әлеуметтік шамырығулар тұсында ұлттық сана үшін
айрықша қасиетті болып табылатын кейбір ұғымдарды

қасақана келеке ету, кейбір халықтарды феодалдық-
діншілдік кертартпалыққа мейлінше бейім тұратын ме­
шеу жұрт қылып көрсетуге тырысу, әдейі шаптан түртіп,
шамға тиюді көздейтін қаскөйлік болып табылады. Бүйтіп,

әсіресе, көп ұлтты мемлекеттерде жұртты бір-біріне
атыстырып-шабыстырып қою қиын емес. Ол үшін елді
түпкіліктілер мен түпкілікті еместерге бөліп, түпкілікті
еместерді сәл нәрсеге бола ренжітіп қоя алсаң жеткілікті.

Не көп, ренжитін нәрсе көп. Оның үстіне, әуелде де өз
еріктерімен бастары қосылмаған көп ұлтты қауымның
қай-қайсысының да шешілмей жатқан мәселелері шаш-
етектен. Әлгіндей «интернационалдандыру» деп атала­

тын аударма-төңкерменің салдарынан түпкіліктілердің
де шеккен зардабы өзгелерден аз емес. Енді одан кеп, бір
кезде өзі ешкімнен талап ете алмаған нәрселерді қалай
талап етерсің? Бұны былай қойғанда, кешегі біреулердің

Ә. Кекілбайұлы
кінәлары үшін бүгін кеп оның жауап беретіндей қандай
жөні бар? Мемлекеттігінен басқа біреулер айырған
жұрттарды ол қалай мемлекетке ие қып, жерлерінен

басқа біреулер айырған қауымдарға ол қалай жер бөліп
бере алмақшы? Мұндай өкпе-бопсаны қалайша әділ та­
лап дей алмақшымыз? Соның бәрін ескермей, түпкілікті
халықтардың әйтеуір шамына тиюге, сол арқылы олар­

ды онсыз да нәзік татулық арқауына ақау түсіретіндей
әрекеттерге айдап салуға, кейін оны адам бостандығы
мен құқыларын бұзушылық деп әдейілеп шиге шаншып,
балаң тәуелсіз мемлекеттердің беттеріне шіркеу түсіруге

тырысу – әр аймақта әр қилы күштердің қолымен жүзеге
асырылғанымен, арғы түбің не екенін аңғаратындай уақыт
болды. Таулы Карабахтағы, Ферғанадағы, тағы басқа
жерлердегі қанды оқиғалардың бәрі де – сондай мақсатты

көздегендердің көсеуі түртіп тұтатқан өрттер.
Әрине, адам бостандығы мен құқыларын көздің
қарашығындай сақтау керек екендігін ешкім де жоққа
шығармайды. Алайда, оны біздің қоғамдық пікірде бұған

дейін айтылып келгендей біржақты түсінуге болмайды.
Ол жерінен-суынан айырылып, бөтен елде күн кешіп
жатқандарға қандай қастерлі болса, өз жер, өз суында
отырғандарға да сондай қастерлі. Қажет десеңіз, тұтас бір

халықтарды өз елі, өз жерінде шерменде қылып қоюдан
асқан адам бостандығы мен құқысын аяққа басушылық
болуы мүмкін емес. Бірақ, солай екен деп, кім көрінгеннің
жағасынан ала кетуге болмайды. Бостандықты олай оспа­

дар түсіну енді тәуелсіз болып жатқан мемлекеттерге он­
сыз да қалай ұрынардың ретін таба алмай отырған іріткі
күштер үшін нағыз іздегенге сұраған болып шығар еді.
Жоқ, бостандық құр бекерге кеуде соғудан күшеймейді.

Жоқ, әлемдік қауымдастыққа өйтіп есік төбелеп ене
алмайсың. Өз-өзінен қарық қылып тастайтын одақтастық
жоғына көзіміз қандай жетсе, өз-өзінен бар мұратыңа бір
күнде жеткізетін тәуелсіздік жоғына да солай сене берген

Ғасырлар тоғысында
жөн. Тәуелсіз мемлекет тек басқалармен жұғымды, сый­
ымды қарым-қатынас орнату арқылы ғана өз дегеніне жете
алады. Ендеше, өзінің саяси имиджін – жұрт алдындағы

жұғымын ойламау, оған жете мән бермеу – жас егемендік
үшін өліммен бара-бар.
Қазақстан жағдайында орнықтылық пен тәуелсіздік
тек тарихи қалыптасқан егемендікті, территориялық

тұтастықты, адамдардың бас бостандығы мен құқыларын
бірдей сақтап, бірдей құрметтей алған күнде ғана өзара
үйлесім тауып, өрге баса алады. Әйтпесе, кез-келген өзімен
өзі болушылыққа тырысушылық ниет, өзгенің жеріне не

өзгенің бас бостандығына көз алартатын мінез жүз отыз
нәсілдің өкілдері болып табылатын он жеті миллион
әйел мен еркек үшін қазіргідей аума-төкпе заманда Нух
пайғамбардың кемесіндей жансауға мекенге айналған ре­

спубликамызды қайдағы жоққа ұрындырып, қара суға ал­
дыруы ықтимал. Оны бір сәт те естен шығаруға болмайды.
1991 жылдың «ыстық» тамызының бізге үйреткен
бір тағылымы: мемлекеттер үшін де, халықтар үшін де,

адамдар үшін де демократия мен имандылық мұраттарына
адалдықтан асқан сенім кепілі жоқ екен. Осыны ұққандар
ұтты да, ұқпағандар ұтылды.
Бірақ, бұл арада да асыра сілтеуден аман қала алмадық.

Шынжыр табандардың сықыры басылмай жатып, кейбі­
реулер жұртты демократияның достары мен жауларына
бөле бастады. Адамдарды танктермен басыбайлылық
қотанына қайтадан қуып тығуға тырысушылық қандай

әбестік болса, жұрт алдында біреуге біреу тіл тигізіп, істің
мән-жәйіне түгел түсініп болмаған тобырдың қиқуымен
демократия орната қоюға тырысушылық та сондай әбестік
еді. Әсіресе, аталмыш оқиға тұсында кім бұрын, кім кеш

лебіз білдіріп үлгіргеніне байланысты қай Президенттің,
қай республиканың демократияға қаншалықты бейім
екенін анықтауға тырысу ешқандай саяси көрегендікке
де, моральдық ізгілікке де жатпайтын өрескелдік еді.

Ә. Кекілбайұлы
Біз ешкімді, тіпті Президенттерді де, кез-келген уақытта
кез-келген амбразураны кеудеңмен жаба кететін «саяси
матросовшылдыққа» ұрынбадың деп жазғыра алмай­

мыз. Мұндай жолмен демократияның орнына атымен
кереғар үрдіс орнатып алушылық тарихта бұрын-соңды
кездеспей жүрген жоқ. Тамыз дүрбелеңі демократияны
көп айтқанымызбен, көп біліп жарымайтындығымызды

байқатты. Олай болса, ол күндері жұрттың демократия­
дан көріп отырған нәтижелері емес, әлі түгел орнығып
болмаған демократияға артып отырған сенімі жеңіп
шықты. Қоғамда етек жия бастаған екі пиғыл, екі көзқарас

тайталасында қайтадан «тегеурінді қолға билік беруді»
жақтайтындардан гөрі демократияны одан әрі нығайта
түсуді жақтайтындар басым түсті.
Ендеше, бұл жайды тәуелсіздігімізді бекемдей түсудің

бір кепілі ретінде мықтап ескергеніміз ләзім. Әйтпесе, кез-
келген жаңа ұранға алдымен лебіз білдіріп, алдымен елп
ете қалушылық бұрын да қиын шаруа болмаған, қазір де
қиын шаруа емес. Ондай жолмен ұпай жиып, ұтыс тауып

жүргендердің демократияға да, халыққа да, қоғамға да
жоқшы бола алмайтынын уақыт көрсетпей жатқан жоқ.
Кез-келген саясатшының демократия жолында қанша­
лықты табанды күрескер екендігін тек билік мәселесінде

мемлекет ықпалын қаншалықты азайтып, азаматтық қоғам
ықпалын қаншалықты күшейтіп, адамдарды қаншалықты
өз тағдырына өзі ие ете алғандығымен ғана өлшей аламыз.
Ондай саясатшының бүгін таңда бұлтармай мойын­

дайтын бір ақиқаты: бір кезде көп дау туғызған егемендік
шеруі жеме-жемге келгенде демократияның бірден-бір
құтқарушысына айналғандығы. Егер республикалар
тұсында егемендікке ие болмаған болса, 1991 жылдың

тамызында аяқ астында жарияланған төтенше жағдайды өз
территориясына енгізбеуге ешқандай хұқылық негіз таба
алмаған болар еді де, бірден жер-жерге төтенше жағдай

Ғасырлар тоғысында
орнап, жоғарыға бас шұлғыған үрдістен тез арада құтыла
алмай қалар едік.
Ал былайғы мәселелерде сол бір дүрбелең күндері

біздің балаң демократиямыз талай сыр білдіріп үлгерді.
Ең алдымен байқалған нәрсе, большевиктерді қанша ман­
сұқтағанымызбен, соларға тән саяси науқаншылдықтан
әлі арылып болмағандығымыз. Соның салдарынан да,

демократия теориясының білгірлерінің бірі К.Поппер
айтқандай, әлеуметтік дүниені түгелімен қайтадан
жаңартуға тырысушылық бірден «жұмыс жасап кетер
жүйелікке» жеткізе қоймады. Әйтпесе, артта қалған

алты жыл әуелде нені көздейтінімізді анық біліп іске
кіріссек, жол-жөнекей кеткен қателіктерді түзетіп алып,
ендігі сындарлы жолға түсіп алуға әбден жететін еді.
Өйтпей, қоғамды біртіндеп өзгертудің орнына барлық

қайшылықты бір кезде бірдей жоюды көздейтін жан-
жақты шұғыл өзгеріске бірден кірісу атымен басқа
нәтижеге әкеп тіреді. Демократияның негізгі берік бекінісі
болып есептеліп келген Мәскеу тұрғындарының бар

болғаны бір-ақ проценттейінің ғана Ақ үйді қорғауға бел
буғаны – ойлантарлық жайт. Сонда қалған тоқсан тоғыз
проценттейді қайда жатқызамыз? Егер олар «тегеурінді
қолдағы билікті» жақтаса, танк мінгендердің жағына

шығар еді ғой. Өйтпеді. Оларды шетінен қорқақ немесе
түйсіксіз надан санаудың да жөні жоқ сияқты. Демек,
жұрт, негізінен аңыс аңдады. Жан сауғалағаннан емес,
жаңсақ ұрандардың шылауына еріп, опық жеп қалмау үшін

солай етті. Жан-жақтан жаппай айтылып жатқан саяси
уағыздың қай-қайсысына да сенім азайғаннан солай етті.
Жұрттың бәрі жаппай саясатшы болып алып, қайсысының
шын демократ, қайсысының жалған демократ екенін

айырудың өзі қиындап кеткеннен солай етті. Оның үстіне
біздің қоғам айтылып жатқан қисынға емес, сол қисынды
кімнің айтып тұрғанына көбірек мән береді. Ендеше, әлгі
тоқсан тоғыз қазіргідей көсем көп кездің өзінде кімнің

Ә. Кекілбайұлы
соңынан жүрген жөн болатындығын білмегендіктен де,
аңыс аңдай тұруға мәжбүр болды. Демек, гәп аңтарылған
көпте емес, оларды осындай тығырыққа әкеп тіреген саяси

күштерде, солардың көсемдерінде болып шықты. Бұл – әлі
оянбағандардың дағдарысы емес, әбден торыққандардың
дағдарысы. Іштей наразылық кезеңі баяғы тоқырау
заманының соңғы тұсына тап келді. Жаңартудың алғашқы

тұсы қоғам көңіл-күйінің жаппай жігерлену кезеңіне
айналды. Бірақ, ол бірте-бірте көздеген жерден шықпай,
көптің көңілінде күдік оятты. Жұрттың бірқатары қайтадан
аңыс аңдап, бірқатары қайтадан ашу-ызаға міне бастады.

Абырой болғанда, қоғам аңыс аңдаған көптің тегіс ашу-
ызаға мінетін тұсына әлі жетпеген екен. «Қалтырауық
контрреволюцияның» жүйкесі шыдамай, мерзімінен
бұрын қимылдап, өз мақсатын өзі тәрк етті. Оның үстіне,

жұртты соңына ертіп келе алатындай көңілге қонымды
саяси бағдарлама таба алмады. Алты жылға созылған
айтыс-тартыстан соң қайтадан «қатаң тәртіптің» уысына
түсуден кім-кім де жасқанатын еді. Сөйтіп, жұрт көңілінде

қайтадан демократияға деген сенім көбейді. Әлеуметтік
инженерияның айтуынша, мұндайда кеткен қатені тездетіп
мойындап, тездетіп жөндеудің маңызы ерекше.
Бізді әуелден де осы саяси максимализм мен көсемдерге

деген шексіз махаббат аяқтан шалдырып келеді. Барлай
қарағанда, ол екеуінің арасында ешқандай байланыс жоқ
сияқты. Шынына келсек, олар бірінен-бірі туындап жатыр.
Расында да, көпке көсем болам деген кісі өзі туралы жаман

ойлай ала ма?! Ендеше, ондай адамның асып-тасуы мен
албырттығына, асығыстығына қоғамның өзі басу болып
отыруы керек еді ғой. Ал бізде көпшілік аузынан жақсы
сөз шыққан басшысының алдында құрдай жорғалай

жөнеледі. Көсемді Конституцияға бағындырудың орнына,
Конституцияны көсемге лайықтап, кесіп-піше бастаймыз.
Конституция жасарда қалыптасып отырған тарихи ахуал­
дан гөрі, басқарып отырған басшының жағдайын көбірек

Ғасырлар тоғысында
ойлаймыз. Ал, бостандандырылған демократиялық мемле­
кет құрылымының күллі еуропалық моделін ойластырған
Гобс, Локк, Монтескье сияқты теоретиктер, оны жүзеге

асырудың Линкольн, Джефферсон, Мэдисон сынды нақты
тәжірибе иелеріне айтқызсаңыз, мұндай істе алға қояр
жалғыз мақсат – қандай да болмасын жаман билеушінің
өкіметке ие болып, өзгелерге қысым жасауына жол бер­

меу. Демек, жаман билеуші мен озбырлыққа жол бермеу.
Заңды сол екеуінің жолын бөгейтін сенімді кедергіге
айналдыру. Ал біз заң шығарғанда көбіне көп жақсы
билеушінің ойдағыдай ел басқаруына жағдай жасауға аса

мән береміз. Сөйтеміз де, мемлекеттік биліктің қолындағы
ықпалды бірте-бірте шектеудің орнына бірте-бірте ұлғайта
түсеміз.
Ол үшін маңдайымызға тап келген шынында да ақыл­

ды, шынында да жұртшылық сеніміне ие басшының
көңілінен шығуға көп ыждаһат жасаймыз. Ал, бірақ
­өмір-бақи маңдайымызға сондай басшының бұйыра
беретініне кепіл қайсы? Тіпті ақылды басшының өзі

де ара-тұра қателесіп кетпейтініне кепіл қайсы? Оның
өзі ойдағыдай адам болғанмен, ол басқарып отырған әлі
ойдағыдай қоғам емес қой? Онда кесірлі құбылыстар мен
саяси күштер де бар ғой? Міне, біз осыны жете ескер­

мейміз. Ертегіде ғана емес, Өмірде де көзсіз ерлерге
сенетіндіктен, ал олардың да керек кезде қасымызда
болмай шығуы мүмкін екенін ескермеуден талай ау­
зымыз күйген. Әлі де күйіп келеді. Соған қарамастан,

Конституцияға жаңа өзгеріс кіргізген сайын жаманның
қолына билік тимеуін қамдастырудың орнына, жақсының
қолындағы билікті қомақтандыра түсуге күш сала­
мыз. Президент күші демократияның күшті кепілі деп

санағанымыз дұрыс. Алайда, демократияға да, Президент­
ке де қорған бола алатындай күшті Конституция бар жерде
ғана солай бола алатындығына тиісті мән бере бермейміз.
Сондықтан да өкіметтің қай саласындағы билікті де одан

Ә. Кекілбайұлы
әрі бөліп, одан әрі ыдырата түсу жолымен шектеудің ор­
нына оны біресе атқарушы өкіметке, біресе заң шығарушы
өкіметке шоғырландыруға тырысамыз. Бір кезде билікті

конституциялық институттардан жасырын тартып алып,
партиялық құрылымдардың қолына шоғырландырсақ,
енді сол партиялық құрылымдардан тартып алған билікті
атқарушы өкімет, заң шығарушы өкімет, соттық өкімет

­арасында әділетті жолмен бөлісудің орнына қайтадан бір
институт пен бір аппараттың қолына шоғырландыруға
оңтай тұрамыз. Өкіметтің бір түрінің бұлай айрықша
шарықтауы отандық парламентаризм дәстүрінің әлсіздігі

жағдайында қайтадан билік монополизмін туғызады.
Ондай монополист билеушінің жеке басының жақсы
қасиеттеріне сеніп, оның ықпалы бейдемократиялық
сипат алып кетпейтіндей қып, конституциялық жолмен

шектеудің орнына, ыңғайға жығыла беруден біз де, өкімет
те, қоғам да, Конституция да ойсыратарлық дағдарысқа
ұшырауымен келеді. Президент Горбачев трагедиясы да
осыдан өрбіген. Оның президенттігі биліктің жетпеуінен

емес, биліктің шексіз көптігінен өз түбіне өзі жетіп тынды.
Конституциялық шектеушілік жоқтықтан, біресе олай,
біресе бұлай бұлтармалап жүріп, билік жүйесін әбден
шатастырып, ақыр аяғында саяси бейберекеттікке әкеліп

ұрындырды. Лорд Эктон: «Кез-келген билік есіртпей
тұрмайды, Шексіз билік шексіз есіртеді», – деп бекер
айтпапты. Коммунистердің шонжар тобы қолдағы шексіз
билікке сеніп, саяси күрес дағдысын әбден ұмытып

кеткендіктен тарихи сын сағатта талап деңгейінен шыға
­алмады. Сөйтіп биліктен кетті. Ол үшін енді өкінудің
реті жоқ. Бірақ, ренжитіндей бір нәрсе: осындай саяси
дағдарыстан туындайтын ең басты қорытындыға әлі де

ойдағыдай назар аударылмай келеді. Кешегі кеңестік
кеңістікте Конституциялық құрылысты нығайтудың
орнына, оны әлсірететін қисындарға көбірек бой ұру
бар. Кейбіреулер қазіргідей алмағайып кезеңде «үкімет

Ғасырлар тоғысында
дағдарысын», тіпті «парламент дағдарысын» жасауға
шақырудан да тайынбайды. Ол деген сөз – қоғамымызды
онсыз да титықтатып болған билік жолындағы таласты

одан сайын өршіту. Сөйтіп, бір жағынан экономикалық
дағдарыс, бір жағынан саяси дағдарыс қысқан қоғамда
бейберекет жағдайды күшейткен үстіне күшейтіп, билік
аңсаған қолдарға билік тиюін тездету. Ал ондай ашқарақ

қолдар қолына билік тисе, тек бір мемлекет ауқымындағы
билікке көңілі көнши ме? Бұрынғы одақтастық кеңістіктегі
шексіз билікті қайтадан қалпына келтіруге тырыс­
са ше? Ондай заман туса, жаңа егемендігіміз бен жас

тәуелсіздігіміздің күні не болмақ? Ондай өткенді көксейтін
сыртқы ықпалға көрші кеңістіктегі билік иесін не өз
жағына қаратып алу, не өз сойылын соғатын тұлғамен
алмастыра салу қазіргі саяси алхимия жағдайында көп

күшке түспейді. Ал мықты Конституциялық құрылысты
мызғыта қою тап әлгіндей оңай шаруа емес. Ендеше,
мықты Конституциялық құрылыс орнатуға баса көңіл
бөлген жөн. Ол үшін қолда бар тарихи мүмкіндіктен айы­

рылмай, оны конституция­лық жолмен шыңдай, жетілдіре
түсуге күш салған дұрыс. Әсіресе, атқарушы өкімет пен
заң шығарушы өкімет арақатынасын айқын сараламай
болмайды. Ол қатынас әр билік орнының міндеті мен

құқын айқын белгілеп, бір-бірінің заң ауқымынан аспа­
уын қадағалай алатындай құқылық тежегіштер жүйесін
жасақтауға негізделуі керек. Ондай сара ара қатынастың
жоқтығы әлі бір арнаға түсіп болмаған қоғам жағдайында

орнықтылық ахуалды емес, алмағайып ахуалдың сой­
ылын соғады. Билікті жүйелеуде конституциялық
әдіске сүйенбей, саяси айла-шарғыларға бой алдырған
Коммунистік партия өз түбіне өзі жетіп тын­ды. Содан

дұрыс қорытынды шығармай, ондай пи­ғылға енді жаңа
конституциялық билік институттары бой алдыра баста­
са, әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты күйзеліске ұшырап,
онсыз да ашынып отырған қоғамның жел жағынан

Ә. Кекілбайұлы
шығып қалулары да ғажап емес. Жұртқа күн көрістің
өзі уайым болып отырғанда билік жолындағы дау-дамай
кім-кімнің де жүйкесіне тиері түсінікті. Конституциялық

құрылымдағы билікке талас мұндай жағдайда конститу-
циялық құрылыстың өзінің түбіне жетіп тынуы ықтимал.
Сондықтан билік орындары біріне-бірі қол сұқпай,
әркім Конституция айқындап берген аяда, Конститу­

ция белгілеп берген мөлшерде әрекет еткен жағдайда
ғана конституциялық жүйе нық сақталынып, демокра­
тия орныға түседі. Егер конституциялық институттар
арақатынасында дағдарыстар туа қалса, ол заң арқылы

реттелуге тиісті.
«Тамыз дүрбелеңі» осындай конституциялық сара­
лықты қолдан көмескілендіруден туындады. Жасыратын
несі бар, бұрынғы Кеңес қоғамында тіпті демократия­

лану кезеңінің өзінде мемлекеттік билік пен азаматтық
қоғам арасындағы айқын дербестік, айқын ықпалдастық
орнына бір-біріне күш көрсету белең алды. Мемлекеттік
басқару жүйесінде де билік бөлісудің орнына төменгі

жақта билік шоғырландыру кеңінен етек жайды. Бір-
біріне бас-көз болуға, бір-бірін қатеден сақтандырып
отыруға тиісті екі билік институтын біріктіріп, бір қолға
беру істің де, демократияның да пайдасына шықпады.

Ол мемлекеттік істер жөніндегі жауапкершіліктің
шегі мен дәрежесін шатастырып алуға, билік иесі көп
болғанымен, жауапкершілік иесі жоқ болуына әкеліп
ұрындырады. Тамыздағы талқылаулар тұсында Одақтық

Президент гәптің бәрін одақтық үкіметтің қызметіндегі
жүйесіздікке сайды, ал одақтық үкімет өзінің құқтық
статусының айқын еместігіне сайды. Асқынып бара
жатқан дағдарыстың, сол үшін ақыры бір жауап беруге

тура келетіндігінің үрейі билік институттарын бір-біріне
қырбайлыққа, бірін-бірі аяқтан шалуға ұрындырды.
Тамыз дүрбелеңін де сондай қорқыныш туғызды. Оны
бастағандардың іс-қимылын­дағы жүйесіздік тек күні

Ғасырлар тоғысында
өткен өктемшілдіктің дәрменсіздігін ғана емес, енді
орнай бастаған демократияның да әлжуаздығын әбден
байқатты. Горбачев аппаратының екіұдай статусы онымен

біте қайнасып кеткен үкіметтің шешімсіздігін өрбітті.
Билік бөлісудегі бұлыңғырлық билікті қадағалауды да
көмескілендірді. Сөйтіп, қай мәселенің де су аяғы құрдым­
ға ұрынуына жағдай жасалды. Тамыз дүребелеңдерінің

көсемдері де осы екіұдайылықты пайдаланып, дегенімізге
жетеміз деп ойлады. Ақыр аяғында, түптеп келгенде,
демократияның негізгі қайнар көзі болып табылатын
конституциялық құрылыс та, бұдан бір жыл ғана бұрын

күшті демократиялық құрылыс та, бұдан бір жыл ғана
бұрын күшті демократияның күшті кепілі болыпты деп
сайланған Президент Горбачевтің өзі де әлгіндей саяси
көзжұмбайлықтың қолындағы қуыршаққа айналып кетті.

Тек осының өзі-ақ бізге шынайы демократия мен шы­
найы конституциялық құрылыс үшін бел шешіп күресу
керектігін аңғарта алғандай.
Ақыры, индустриялық қоғам орната алмай кеткен

КСРО жағдайында шын мәніндегі өкіметте демократия
үрдісі қалыптаса алмады. Соның салдарынан мемлекеттік
басқару институттарының арасында Конституциялық
билік бөлісудің орнына төрешілдік билеп-төстеушілік,

коллективті басқару орнына аппараттық ойындар, саяси
творчество орнына саяси айла-шарғы басым түсті. Саяси-
экономикалық мүдде жағынан тек мемлекетке тәуелділік
қоғамда мүдде алуандығын әлсіретті. Сондықтан да

мүдделестік тұрғыда қалыптасқан саяси жіктелуге жол
бермеді. Ондай объективті жіктелудің орнына билікке
таласқан мансапқорлық, бақталастық өршіді. Ондай күрес
бар уақытта демократияның сойылын соқпайды, топтық

мүдделердің, асып кетсе, ұлттық мүдделердің ғана сой­
ылын соғады. Бұның бәрі шын мәніндегі демократиялық
оппозициялар туғызбай, демократияның тонын жамы­
лып, билік алып қалуға тырысатын жікшіл күштерге жел

Ә. Кекілбайұлы
береді. Олар әрдайым өз басындағы сырқауды басқаларға
жабуға, сөйтін әділет аңсап отырған бұқараны адасты­
рып, алжастырып кетуге шебер. Сондықтан да, бұрынғы

одақтық парламент бірте-бірте бұрынғы қарқынынан
айырылып, астыртын өштескен күштердің бір-бірімен
есеп айырып, өш қайтаратын орнына айнала баста­
ды. Бұл ретте ондай-ондай астыртын ағымдардың түп

мақсатына шүқшиып жатпай, көңіл әуеніне қарай қол
көтере салатын енжар көпшіліктің үстемдігі біздің балауса
парламентаризміміздің басындағы сорға айналып отыр.
Соның салдарынан да Одақтық Президент пен Одақтық

парламент тарих алдындағы қызметін толығымен орын­
дай алмай, саясат сахнасынан мерзімінен бұрын кетуге
мәжбүр болды.
Бұл баршамыз үшін де қатаң тағылым.

Бұрынғы одақтық мемлекетіміздегі конституциялық
дағдарысқа тек парламентаризмнің ғана емес, азаматтық
қоғам үрдістерінің балаңдығы да айта қаларлықтай әсер
етті. Әлеуметтік белсенділік көбіне көп конституциялық –

саяси күрес емес, азаматтық мойынұсынбаушылық, үзілді-
кесілді шарттар қою, күш көрсету түрлеріне жүгінді.
Мұндай текетіресті тоғышар күштер мен мансапқор
күштер өз пайдасына жаратуға тырысты. Сол арқылы

ұлтаралық шиеленіс туғызды. Конституциялық билік
орындарына мойынұсынбаушылықты өршітті. Әлеуметтік
орнықсыздық «күшті билік» аңсайтындарды көбейтті.
Тіпті билік басындағылардың өзін ара-тұра осындай ни­

етке іш бұруға мәжбүр етті.
Кешегі жалпыкеңестік демократияның әлгіндей
күйзелісті халі енді тәуелсіз мемлекеттерімізді мықтап
ойландыруға тиісті. Демократиялық дәстүрлердің

әлсіздігі өз дәстүрімізге қайта ораламыз дегенді сылта­
уратып, имандану мен бостандану жолындағы жақсы
ұмтылысымыздан шегінуге ұрындырмағаны жөн. Ондай
жағдайда өз қиыншылықтарымызбен өзіміз боп қаламыз

Ғасырлар тоғысында
да, шамалы уақытта қанатымызды кеңге жая алмай­
мыз. Әрине, мұндай өтпелі кезеңде атқарушы өкіметтің
жеткілікті мөлшерде ықпалы мен жауапкершілігін

арттырған жөн. Біздің көпұлттылық жағдайымызда билік
бөлісуге де, өзін-өзі басқаруға да конституциялық тұрғыда
қонымды шекара қоя алмасақ, бірін-бірі қателіктен
сақтандырар демократиялық тетіктерді жүйелі түрде іске

қоса алмасақ, тәуелсіздігіміздің ықпалы азайып, бет-бетіне
шашыраушылық, әркім өз мұңын өзі мұңдап, енді-енді
дербестікке ие болып жатқан мемлекетіміздің мүддесін
ұмытып кетушілік етек алуы ғажап емес. Сондықтан,

жоғары деңгейде Президенттік билікті қалай жүйелі
нығайтсақ, жергілікті деңгейдегі тағайындалып қойыла­
тын әкімшілік билікті де солай нығайтқан дұрыс. Алайда,
Президенттік билікті қажетсіз қателіктен сақтандырып

отыратын парламентаризм үрдісін шыңдасақ, жергілікті
жердегі муниципальдық өкілетті демократия үрдісін де
дәл солай шыңдағанымыз дұрыс.
Бүкіл халық боп сайлаған Президентіміз бен оның аппа­

раты мемлекеттік дамуымыздың стратегиясы мен такти­
касын белгілеп отырса, парламент оны заңдық жүйеге,
­үкі­мет нақты әрекет аясына айналдыра білуге, соттық
өкімет дұрыс заңның бұрыс әрекетке айналып кетпеуіне

бас-көз болуға тиісті. Жоғарғы қабаттағы мұндай билік
белісу мемлекеттік құрылымның ең төменгі қабаттарына
дейін мұқият сақталынуға тиісті. Демократия сонда ор­
найды.

Ол үшін өз мүддемізді өзгелер мүддесімен үйлестіре
білуге үйренгеніміз дұрыс. Өз тәуелсіздігімізге қандай
қуансақ, басқалардың да бас бостандығын сондай
құрметтей білуге жетілмей болмайды. Тек сонда ғана

әуелі өз үйімізде адамгершілік пен ізгілік аясын орната
аламыз. Сол арқылы өзгелерден өзімізге адамгершілікті,
ізгілікті қарым-қатынас дәмете аламыз. Әйтпесе, егес пен

Ә. Кекілбайұлы
дүрдараздық жағдайында ештеңе де өрге баспайды, ешкім
де дегеніне жетпейді.
Соңғы алты жылдың ең басты тағылымы осы. Мүд­

делер қақтығысы, көзқарастар шайқасы, есе қайыру
құштарлықтары арқылы ешқандай қоғам өзін-өзі шыңдап
көрген емес. Баршаның басын қосатын мұраттар тауып,
оның жолында кескілескен күрес ашпай, жүйелі байыпта­

ма жасап, соны жүзеге асырудың соңына ыждағаттап түсе
білген жағдайда ғана көсегеміз көгереді.
Бұны ұмытпасақ кешегі әлемдік державаны күйретуге
пайдаға асқан тәжірибенің бәрі-бәрі енді тәуелсіз

мемлекетті ойдағыдай қалыптастыруға онша керек, онша
тиімді бола бермейтінін де мықтап ескергеніміз жөн.
Өз тағдырымызға өзіміз жауапкер, өз тізгінімізге өзіміз
ие кезеңде кешегі көп қылық, көп құлықтан уақытылы

безіне білмесек, уақытылы есейіп алмасақ, тарих бір
қайтарып әперген есемізден қайта айырылып қалсақ, оның
өкінішінен өмір-бақи арыла алмақшы емеспіз.
Ләйім, оның бетін аулақ қылғай.

«Халық кеңесі», 8 ақпан, 1992 жыл.

Ғасырлар тоғысында

ОРТАҚ ҮЙДІҢ ТҮТІНІ ТҮЗУ ҰШСЫН

Бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай,
Республика Жоғарғы Кеңесі сессиясының 28 ма­
мыр­дағы кешкі мәжілісінде «Азаматтық келісім»
депутаттар тобының мәлімдемесі оқылды. Ол жұрт­

шылық ара­сында алаңдаушылық туғызып отыр.
Ондағы келтірілген тұжырымдардың қаншалықты
орындылығы, көпұлтты республика болашағына
қалай ықпал етері, әрине, кім-кімді де енжар қалдыра

алмайды. Осыған орай, сессияда «Азаматтық келісім»
депутаттар тобы көтерген мәселелерге түсінік бер­
ген Жоғарғы Кеңестің Ұлт саясаты, мәдениет пен
тілді дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Әбіш

КЕКІЛБАЕВТЫҢ сөзін толық күйінде жариялап
отырмыз.
* * *
Құрметті қауым!

Қадірлі Президент!
Қадірлі Төрбасы!
Кеше, 28 мамырда, сессияның кешкі мәжілісінде
халық депутаты Т. В. Жаворонкова «Азаматтық келісім»

депутаттар тобының үндеуін оқып берді. Осыған орай
түсінік беруді жөн деп есептейміз. Әдетте мұндай
мәлімдемелер біреулеріміздің әсіре сыпайылығымыздан,
екінші біреулеріміздің істің шын жәйіне жете хабардар

еместігімізден туындайды.
Әлемдік тәжірибе көп текті қоғам жағдайында тілдер
мен ұлттардың ара-қатынасын құқықтылық жолымен рет­
темей болмайтынына көз жеткізіп отыр. Мемлекеттердің

Ә. Кекілбайұлы
ондай іске тек озбырлық жүйе күйреп, демократиялық
үрдіс шындап бел ала бастаған тұстарда тәуекел етулері
де тегіннен-тегін емес. Мәселен, Швейцарияға Наполеон

империясы күйрегесін ғана, Испанияда Франко өлген
соң ғана, Индия, Индонезия, Филиппин аралдарында
азаттық алған соң ғана әлгіндей шара жүзеге асты. Бізде
де тап солай болып отыр. Бұрынғы Кеңес Одағының өзге

де құқықты мүшелері сияқты, Қазақстан да адамдар­
ды өз тілінен өздері безіп кетуге мәжбүр еткен тілдік-
әлеуметтік саясатты мансұқтамай тұра алмады. Бұндай
құбылысты тек кейбір тілдердің әуелден де өмірге икемсіз

болатындығымен түсіндіруге болмайды. Олай дейін
десек, әлгі заңды қабылдар алдындағы, социологиялық
зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда тұратын немістердің
54,4, корейлердің 51,7, поляктардың бар болғаны 12,2

проценті ғана өз тілін ана тілім деп мойындамаған. Ал
неміс, корей, поляк тілдерінің Германия, Корея, Поль­
шада жалпымемлекеттік және де басқа қызметтерін
ойдағыдай атқарып жүргенін бәріміз де жақсы білеміз.

Қазақстанға келсек, мұндай дәрежеге күллі мемлекеттік
атағын алып отырған халықтың тілінің өзі ие бола алмай
келді. Ол өзінің тарихи отанында сонғы кеңестік жетпіс
жыл ішінде ежелден бергі бүкіл бір ұлттың алуан сипа­

ты қарым-қатынасының құралынан от басы, ошақ қасы
тіліне дейін құлдырады. әлгі социологиялық зерттеулердің
айтуынша, КСРО Конституцияларының барлығы да
егеменді мемле­кет деп таныған республикада, орыстардың

0,9, украиндардың 0,6, белорустардың 0,4 проценті
ғана, немесе қазақ емес әр мың адамның тек 10-ы ғана
қазақша біледі екен. Ал мұндай көрсеткіш: Украинада –
400, Литвада – 231, Өзбекстанда – 292. Ол аз десеңіз,

қазақтардың өзінің 37,2 проценті өз тілін шала-шарпы
біледі. Мұндай жағдайда қандай тілге қысым жасаушылық
жөнінде сөз етуге болады? Міне, дәл сол кезде тілді
кемсітушілік жөнінде дабыл қағылғанда қандай ғанибет

болар еді. Өйткені, соның қырсығынан түпкілікті халық

Ғасырлар тоғысында
өз мемлекетінің экономикалық қуатының нығаюына өз
үлесін қоса алмады. Басқаны қойып, өз тілінде жұмысшы
мамандығын алудың өзі мұң болды. Сондықтан да,

қазақтар саны машина жасау мен металл өңдеуде – 12,4,
көмір өнеркәсібінде – 9,2, қара металлургияда – 8,6 про­
центтен аса алмады. Әрине, бұндай ахуал өз жерінде
мың жылдап өзі мемлекетке ие болып келген, оны тіпті

барлық сталиндік-брежневтік КСРО Конституцияларының
өздері де мойындап, ол кезде еркімен құралды деп санаған
Одақтың терезесі тең құқық иесі мүшесі деп таныған
ұлттың дамуына аз зардабы тимегені айтпаса да белгілі.

Ендеше, қазіргідей жаппай демократиялану кезінде ке­
неттен азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет турасында
мұндай көлкөсір айтыстың қайдан өрбіп жүргеніне қалай
таңғалмауға болады? Азаматтық қоғам ұғымының таза

саясаттану термині ретінде кейінгі жылдары баспасөзде
кеңінен қолданылғаны белгілі. Ол бірақ мемлекеттік
сипатын білдіре алмайды. Сондықтан да БҰҰ, ЕҚЫМ
ұйымдарының барлық негізгі құжаттары мен олардан ту­

ындайтын құжаттарында да кездеспейді. Оны тіпті АҚШ
Конституциясынан да ұшырастыра алмаймыз.
Ендеше мұндай дау нені көздейді? Қалайша біреулер
осы арқылы қазақ халқының өз жолын өзі таңдауы, өз

тағдырына өзі ие болуы құқын, ешкім қол сұға алмастай
төл құқын, әр халыққа тән әлгіндей құққа негізделген төл
мемлекетінде төл тілінің мемлекеттік дәреже алу құқын
жоққа шығаруға болады деп ойлайды екен?

Бұл арада қауымымыздың көптекті, көпнәсілді екені­
не иек арту атымен жөнсіз. Иә, бүгінде Қазақстанда қа­
зақтардан да басқа жүзден астам ұлттың өкілдері тұрады.
Бірақ, Қазақстанның бір күнде және өз еркімен мұндай

күйге түспегенін қалай ұмытамыз? Өткен ғасырдың
аяғынан көп әрі емес кезеңде, бұл өлкеде бар болғаны
әрбір оныншы тұрғын ғана қазақ емес болатын. Ста­
лин озбырлығы, соғыс кезіндегі жаппай қоныс аудару,

бейбіт кезде тыңды қалай болса солай игеру қырсығынан

Ә. Кекілбайұлы
әлгіден де асып кеткен бейберекет көші-қон салдарынан
қазақтардың саны 34–35 процентке дейін құлдырады.
Сөз жүзінде теңдік деп қақсап, іс жүзінде қарама-қарсы

іс істейтін қаныпезер саясат тұсында басқаша болуы еш
мүмкін емес еді. Өркениетті дүние ондай саясатты батыл
айыптады. Біріккен Ұлттар Бас Ассамблеясы 1960 жылдың
14 желтоқсанында Отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік

беру туралы Пәтуа қабылдады. Ол барлық халықтардың
өзін-өзі билік құқын мойындап, барлық мемлекеттер­
ден БҰҰ Жарғысы қағидаларын бұлжытпай орындауы,
барлық халықтардың егемендік құқықтарын, барлық

мемлекеттердің территориялық тұтастығын сыйлауды,
ішкі істеріне қол сұқпауды, өзара түсіністік жағдайында
қарым-қатынас жасауды, бағынышты және өз билігі
өзінде емес территориялардың, сондай-ақ тәуелсіздік

ала қоймаған басқа да территориялардың халықтарының
өз билігін өзіне беруі жолында шұғыл шаралар алуды
талап етті. Ал 1965 жолдың 21 желтоқсанында БҰҰ
Бас Ассамблеясы Мемлекеттердің ішкі істеріне қол

сұқпау, олардың тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау
туралы Пәтуа қабылдады. Онда әрбір елдің, әсіресе
отаршылдықтан жаңа босаған елдердің тәуелсіз, азат,
толыққанды экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына

жағдай туғызу керектігі айтылып, олардың ешкімнің сырт­
тан қысымынсыз, күштеуінсіз өз саяси, экономикалық,
әлеуметтік үрдістерін өзі белгілеуге құқылы екендіктері
баса көрсетілді, ішкі немесе сыртқы күштер тарапы­

нан шығып жатқанына, қандай себептермен туындап
жатқанына қарамастан мемлекеттердің құқ иелігіне қарсы,
оның саяси, экономикалық, мәдени нышандарына қарсы,
өз ұлттық сипатымен өмір сүрулеріне қарсы тікелей және

жанама әрекеттердің бәріне де тыйым салынды.
Біздің ғасырымыздың ұлы иман иесі Андрей Сахаров,
міне, осындай халықаралық құққа сүйеніп, КСРО халық
депутаттарының І съезінде: «Әр этностың өз мемлекеті

болсын»,– деп ұран тастаған-ды.

Ғасырлар тоғысында
Ал әлгі бір адам құқы мен бостандығын қорғауды мақ­
сат етіп алған депутаттық топтағы әріптестеріміздің қан­
дай халықаралық құққа иек артып жүргені бізге белгісіз.

Өйткені, шындап келсек, 1966 жылғы 16 желтоқсанда
қабылданған азаматтық және саяси құқ турасындағы
Халықаралық Мәміленің өзі «барлық халықтардың өзін-
өзі билеуге құқылы» екендігінен және сондықтан да әлгі

«Мәмілеге кіретін мемлекеттердің бәрі де, оның ішінде
өзін-өзі билемейтін және еріксіз территорияларға жауап
беретіндері де, БҰҰ Жарғысының қағидаларына сәйкес,
өзін-өзі билеу құқын құрметтеуге және оның жүзеге

асуына ынталық тудыруы тиісті» екендігінен бастал­
майтын ба еді? Олай болуы тіпті де кездейсоқ емес-ті.
Халықтың өзін-өзі билеу құқы сақталмай тұрып, жеке
адамның құқы да сақталмайды. Өйткені, ұлты азат емес

адамның өзі азат болуы еш ақылға сыймайтын шаруа.
Ендеше, «Азаматтық келісім» депутаттық тобының адам
құқы мен бостандығын аяққа басушылық деп жүргендері,
соның ішінде халықаралық құқ қағидаларына қырық

қайнаса сорпасы қосылмайтын жолдармен көпұлттылық
сипат алған мемлекетіміздегі тілдердің әрекеттестігін
реттейтін заң қабылдағанымыз да, түптеп келгенде, әлгі
әр халықтың қол сұқпас құқын жүзеге асыру болып та­

былады. Ол Заң халықаралық құқ қағидаларының біреуін
біреуіне қарсы қоймайды. Оның дұрыстығын Хельсинки
келісімінің Қорытынды құжаты да (1973), соны жүзеге
асыру мақсатында Мадрид (1980), Вена (1986), Копен­

гаген (1990) мәслихаттарының Қорытынды құжаттары
да, аты-шулы «Жаңа Еуропаның Париж партиясы»
(1990) да айғақтайды. Олардың бәрі де Хельсинкидің он
қағидасы, оның ішінде адам құқы мен бостандығымен

қатар, халықтардың өзін-өзі билеуі, мемлекеттердің
шекарасының бұзылмауы, территориялық тұтастығы, ішкі
істерге қол сұқпау қағидалары да мемлекетаралық және
кісіаралық қатынастарда бірдей қатаң сақталуға тиісті

бұлжымас қағидалар екендігін ерекше ескертеді. Тіл тура­

Ә. Кекілбайұлы
лы Заңның «әрпі» де, «мәні» де өткендегі тілдік-әлеуметтік
әділетсіздіктерді нығайтуды емес, түзетуді көздейді.
Бұрынғыдай жұрттың бәрін біртілділікке күштеп көндіру

немесе қазіргі кейбіреулер айтып жүргендей, қостілділікке
күштеп көндіру жолымен емес, әр тараптың мүддесін еске­
ре отырып, тілдердің өзара әрекеттесуін әділетті тұрде рет­
теу арқылы түзетуді көздейді. Осы тұрғыдан, бір халыққа

айрықша іш тарту мақсатында емес, оның тілінің өз жұрт,
өз мекенінде еркін дами алмай, тежеліп қалғандығын еске­
ре отырып, қолайлы жағдай туғызу ниетімен қазақ тіліне
мемлекеттік кемшін тұстарын тездетіп қалпына келтіруге

мүмкіндік беру көзделді.
БҰҰ-ның кемсітушілікке қарсы Жалпы ескертпелерін­
де: «Егер мұндай шаралар іс жүзінде орын алған кемсі­
тушілікті түзетуді көздесе, онда мұндайдағы айырма­

шылық Мәміле бойынша заңды болып табылады»,– деп
көрсетілген. Сол құжаттардың мәселенің басын аша ай­
рықша анықтап айтуына қарағанда: «Халықтың белгілі бір
тобына елдің қоғамдық өміріне қалған жұртпен бірдей ат

салысуы үшін жасалған артықшылық кемсітушілік болып
саналмайды, қайта халықаралық құқты жаңа деңгейге
көтере дамыту болып табылады. Ол тең емес субъектілерді
теңестіру шарасы екендігін былай қойғанда, шын мәнінде­

гі теңсіздіктің, көбінесе тарихи әділетсіздіктің салдары
болып табылатын жағымсыз құбылыстарды жұмсартудың
құралы боп саналады. Сондықтан, мәселен, ұзақ уақыт
езгіде болған түпкілікті халыққа белгілі бір жеңілдіктер

мен айрықша құқтар беру қалғандарды кемсітушілік бо­
лып шықпайды». Міне, сөз болып отырған жағдайларды
БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі комитеті осылай түсінді­
реді. Ал қазақ тілі мен орыс тілінің дамуындағы айырма

қандай? Бұл отырғандарға айтпаса да белгілі. Мұнда екі
жақтың да әлгіндей екі жүзді саясатқа имандай сеніп кел­
ген өкілдерінің еш айыбы жоқ. Ол – тарихи әділетсіздіктің
нәтижесі. Ендеше, бұл арада ондай жағымсыз нәтижелерді

жұмсартып, жөндемге келтірудің, сөйтіп адамдарды бұдан

Ғасырлар тоғысында
былай да ыңғайсыз жағдайға қалдырмаудың жолдарын
қарастырмай болмайды. Тілдердің дәрежесін қарадүрсін
теңестіре салу кешегі кебімізді қайта кигізеді, немесе

жұрттың бәрінен дәрежесі бірдей тілдерді бірдей жақсы
білуді талап ететін кіріптар қостілділікке ұрындырады.
Ондайға душар болмау үшін және бір тілдің дамуын тез­
дету үшін екінші тілдің қызмет аясын күштеп шектемеу,

нақты адамдардың нақты тілдік сұраныстарына зақым
келтірмеу үшін орыс тіліне ұлт аралық қатынас тілі
дәрежесі берілді. Және де «оның мемлекеттік қазақ тілінен
бірдей дәрежеде пайдаланылатыны» атап көрсетіледі.

Басқасы басқа, әлгі заңда азаматтардың ана тілдерін өздері
таңдайтындығы, тілдің басқалығы үшін алалаушылыққа,
қысым көрсетушілікке жол бермейтіндігі айрықша
ескерілсе, қандай тілдік-әлеуметтік кемсітушілік жайын­

да сөз етуге болады? Әдетте, мұндайда Қазақ тілінде іс
қағазын жүргізуді, мемлекеттік тілді білу кәсіби талап бо­
лып табылатын мамандықтар мен лауазымдардың тізбесін
жасауды тілге тиек етіседі. Алдыңғы жәйтке келер болсақ,

іс қағазы қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізіледі. Егер
«жүргізу керек» деген сөз көп айтылса, ол әлі де болса іс
қағаздарының қазақ тілінде ойдағыдай жүргізілмей жат­
қандығын көрсетеді. Кейінгі жәйтке келер болса, тіл тұр­

ғысынан кәсіби талап қоюды халықаралық ұйымдардың өз
тәжірибелері де, олар қабылдап жатқан құқ қағидалары да
кемсітушілік деп саналмайды. Істің мәніне келер болсақ,
тілдік кемсітушілік деп тілінің басқалығына, ұлттық

тілінің басқалығына қарап алалаушылықты айтады. Ал көп
ұлтты қауым жағдайында жұртпен қатынаста талап етпей
болмайтын тіл білуді талап етуді және де оны жұртпен
тікелей қарым-қатынастағы мамандық пен лауазым

иелерінен талап етуді ешқандай жолмен де кемсітушілікке
жатқызуға болмайды. Қазір біздің газеттеріміз пәлен
деген компанияға немесе фирмаға ағылшын, француз,
неміс, испан тілін еркін білетін қызметкерлер керек де­

ген құлақтандыруларды жиі басады. Сонда бұл немене,

Ә. Кекілбайұлы
пұштын немесе ұрду тілін білгетіндер үшін кемсітушілік
болып табыла ма? Жоқ, әрине, бұл кәсіби талап. Дәл сол
себептен де, тіпті әлгіндей халықаралық құқ қағидаларын

белілейтін БҰҰ, ЕҚЫМ, ХЕУ, ЭНЕСКО ұйымдарының
өзі құжаттарын бес-ақ тілде қабылдайды. Сонда бұны
әлемдегі қалған сегіз мың тіл мен диалектерді көзге
ілмеушілік деп санаймыз ба?

Мұндай қалыптасқан қағидаларға қарамастан, көп
ұлтты қоғам үшін әбден әділетті тіл білуді кәсіби талап
деп тануды бесігінде тұншықтыруға, не әуелден де әділет
пен теңдікті белден басып, бір жақты артықшылық алып

жаман үйренгендер немесе сондай артықшылық алудан
дәмелілер тырысары хақ. Құқылары бірдей азаматтар
өздерін азаматымын деп танитын мемлекеттің шарттары
мен талаптарын орындауға да бірдей міндетті болуға

тиісті. Тіл білуге қойылатын кәсіби талаптар орыстарға
ғана емес, қазақтарға да қойылады. Мәселен қабылданған
және қабылданатын конституциялық заңдардың айтуын­
ша, барлық ең жоғары мемлекеттік лауазым иелерінен

мемлекеттік тілді де, ресми ұлтаралық қатынас тілін де
еркін білу талап етіледі. Тіл білу кәсіби талап болып табы­
латын мамандықтар мен лауазымдар тізбесін жасақтауда
да осы қағида ұсталынады. Әзір ондай тізбе жасақталған

да жоқ, ешкімге ешқандай қысым да жасап жатқан жоқ.
Бәлкім, біздің әріпгестерімізді құқ қағидалары емес,
өмірдің өз шындығы әлгіндей мәлімдеме жасауға мәжбүр
етін жүрген шығар? Байыптап көрсек, бұндай байбаламға

негіз болатындай еш дерек жоқ. Өздеріңіз ойлаңызшы.
Мәселен, мектепті алайық. Республикада Халыққа білім
беру министрлігі жүйесінде бүгін таңда 8230 мектеп
бар. Оның 2905-і қазақша, 3434-і орысша, 1807-і аралас

тілдерде оқытады. Қазақ тілінде 682700 оқушы, орыс
тілінде 1972500 оқушы, аралас мектептерде 913200 оқушы
оқиды. Бүлдіршіндер 1958 қазақша балабақшада, 5194
орысша, 1591 аралас тілді балабақшаларда тәрбиеленеді.

Барлығы 752 мерзімдік басылым шығады. Оның 195-і

Ғасырлар тоғысында
қазақша, 325-і орысша, 182-і екі тілде шығады. Тіркеуге
алынған 73 телерадиокомпаниялардың, студиялар мен
мекемелердің бар болғаны екеуі ғана қазақша, тоғызы

орысша, қырық төрті екі тілде, он сегізі басқа тілдерде
хабар береді. Өткен жылы Қазақстанда барлығы 1101
кітап және брошюра жарық көрді. Оның 496-ы немесе
45 проценті қазақша, 597-і немесе 47,9 проценті орысша

басылыпты. Тек биылғы жылдың өзінде Ресей баспала­
рынан 270 миллион сомға орыс тіліндегі әдебиет сатылып
алынды. Республикадағы 43 кәсіби театрдың он төрті
қазақша, жиырма алтысы орысша ойын қояды. Диссерта­

циялар бұрын қай тілде қорғалса, әлі сол тілде қорғалуда.
Мәртебелі жиналыстар, өздеріңіз көріп отырсыздар,
бұрын қалай өтсе, әлі солай өтуде. Өмірдің шындығы да,
міне, осындай. Сонда бүгінгі айтып отырғанымыз қай

кемсітушілік?
Қазақстанды не деп жазғырғанмен, тап халқының
белгілі бір бөлігін байқатпай, жасырын кемсітетін рес­
ми саясат жүргізіп отыр деп жазғыра алмайсыз. Тіпті,

азаматтық қоғам, ұлттық мемлекет, тілдердің дәрежесі
туралы дау да оның айғағы бола алмайды. Өйткені,
оның бәрін де жасырын, жымысқы жолмен емес, тап
осы жиында тәуелсіздік, азаматтық туралы заңдарды,

егемендік жөніндегі декларация қабылдағанда әлденеше
рет талқыланып, әлденеше рет дауысқа қойылып барып,
жүзеге асырылған-ды. Бәріміздің келісімімізбен заңдық
қағидаға айналған-ды.

Бұнымен біреулерді бұл салада бізде ешқандай кемістік
жоқ, бәрі де ойдағыдай шығып жатыр деп сендіруден
аулақпыз. Қазақ тілі және басқа тілдерді дамытудың мем­
лекеттік бағдарламасының жүзеге асуынан гөрі дау-дамай

туғызуы басым түсіп жатыр. Бірақ, ол кейбір жолдастар
айтып жүргендей, әуелден де әлжуаз жасақталғандығынан
емес, қазіргі финанстық-экономикалық жағдайымыздың
әлжуаздығынан. Бұдан артыққа, жаңа-жаңа қаз тұрып

келе жатқан мемлекетіміздің шарқы жетпей жатыр. Сол

Ә. Кекілбайұлы
бір көзге көрініп тұрған жағдайдан қай-қайсымыздың
да көңіліміз бұзылды. Өмірде болып жатқанның бәр-
бәріне риза емеспіз. Бірақ, бір нәрсе үшін екінші нәрсені

күйдіруге бола ма? Онсыз да өмірде ренжитін нәрсе көп.
Онсыз да халықтың шыдамы таусылып, жүйкесі тозып
отыр. Бірақ, сол жағдайды пайдаланып, онсыз да қиын
тіршіліктің буырқанған көлінде қалт-қалт етіп әзер тұрған

орнықтылық қайығын әрлі-берлі шайқап көрудің, кемді
күн тыныш өмір сүргізіп тұрған бір-бірімізге деген сенім
мен төзім ахуалының онсыз да нәзік шілтерін үсті-үстіне
тырналап бағудың қажеті қанша еді? Бәрінен де, мұндай

мәлімдемені азаматтық келісімге келуге жасалған жағдай
деп бағалаудың еш қисыны келмейтінін айтсаңызшы.
Дұрыс түсінулеріңізді өтінемін: бұл арқылы біреулер­
дің аузына қақпақ болуға, немесе я ол, я бұл жақтың ың­

ғайына көндіруге ниет етіп тұрған жоқпыз. Бар болғаны:
қандай мәселеде де болмасын, әсіресе, жоғарыда айтылған
Үндеу сөз еткен шетін мәселелер турасында, бәріміздің де,
жекелеп келгенде, әр қайсысымыздың да әуелі істің байы­

бына барып алып, белгілі бір шешімге келуіміз керектігін
еске салғымыз келеді.
Әйтпесе, өзіміз үшін де, ұрпағымыз үшін де оңайға
түспейтін оғаш қадамдар жасап алуымыз кәдік. Бұл

арада халық еркі мен мемлекеттік парасат өкілі ретінде
әрқайсысымызға қандай жауапкершілік жүктелетіні –
сіздерге мен айтпасам да белгілі. Сондықтан, қымбатты
әріптестер, қорытындыны өздеріңіз шығарыңыздар.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
1992 ж.

Ғасырлар тоғысында
Заманның оңбай бара жатқаны рас.
Бірақ онда не тұр?! Егер оны жақсарта
алмаса, адамның несі адам?!

Т. КАРЛЕЙЛЬ.

«БЕТЕРДЕН ДЕ БЕТЕР БАР ДЕГЕН

ОСЫ ЕМЕС ПЕ?»

деп амандасқан замандастың сауалына жауап

1. «БҰЛ ӨЗІ ҚАЛАЙ БОЛДЫ?»

Қазір басқаны қойғанда, қазақтың өзі амандасқанда
баяғы «мал-жанды» қойып, бірден заманды сұрайтын
болды. Жуырда ел аралап жүріп, көптен кездеспеген көз
таныс құрбыма жолықтым. Ол да сәлемдесіп үлгермей

жатып: «Апырай, Әбеке, ең болмаса, сен шыныңды айт­
шы. Мынаның шамалыда таусылатын түрі бар ма? Бұрын
өзімізді өзіміз жұбатқанда: «бұдан да жаманымда тойға
барғанбыз» деуші едік. Енді ескі әнді қайталап: «едім ғой

биылғыдан былтыр тәуір»,– дейтін болдық. Сонда мұның
шегі мен шеті бола ма? Әлде әлгі «бетерден де бетер бар»
деп жүргеніміз осы ма?!» дегені.
Ал, ойланбай көр. Бұл сұрақты біреу қойса, бір жөн

ғой. Күн сайын өзімізге қырық рет қоятын болдық емес
пе? Өмірдің өзі аттаған сайын сол сауалды көңіліңде
кілкітіп, көмейіңе әкеп тығып отырған жоқ па?! Бұрын сәл
ренжитін нәрсе болса, адамнан көретін едік: «анау өйтіп

отыр, мынау бүйтіп отыр...» Ал, қазір олай емес, бірден
заманнан көруге тура келіп тұр.
Өйткені, күні кеше тарих деп жүргеніміз бағзыдағы
бір ертегі, ал тарихи процесс дегеніміз тек санамен ғана

ұғынбасақ, көзбен көріп, қолмен ұстап болмастай, алыс
ұғымдар сияқты еді ғой. Енді, міне, көз алдымызда дүние
күрт өзгеріп шыға келді. Оған қуанатындар да, ренжи-

Ә. Кекілбайұлы
тіндер де, не қуанарын, не ренжірін білмейтіндер де толып
жатыр. Біреулері: «Апырай, бұл өзі қалай болды?»– деп
желкелерін қасыса, екіншілері: «Қайда кетіп барамыз?»–

деп аңтарылады. Көз алдымызда күннен-күнге күшейіп
бара жатқан экономикалық құлдыраудың, әлеуметтік
күйзеліс пен саяси дағдарыстың бұлайша абыржытпауы,
әрине, мүмкін емес еді. Бірақ, қоғам да, адам да қандай

қиындыққа тап келіп, қандай тығырыққа тірелсе де, одан
шығар амал іздейді ғой.
Бұл ретте, қазіргі жағдайда көз салған адамның ең
алдымен шүкір ететін бір мәселесі – тағы да бір әлемдік

империяның күйрегені, соның арқасында Шығыс Еуропа
мен Орталық Азияның ондаған халықтарының ұлттық
тәуелсіздікке, мемлекеттік егемендікке қолы жеткендігі.
Құлаған империяның әлі тазарып болмаған күл-қо­

қысының арасынан бүр жарған тәуелсіздік гүлдерінің тағы
да аяқ асты боп жаншылып қалмай, бірден бой көтеріп
кетулері үшін, жоғарыда айтылғандай, қазір жұрттың
жанын жегідей жеп жүрген екі сауалдың екеуіне де жауап

іздемей болмайды. Әуелі біріншісінің себебін екіншісіне
жауап іздемей, қоғамды сары уайым мен әрі-сәріліктен
шығарып, саналы әрекетке жұмылдыратын, әлеуметтік
тәуекелге ие қылуы аса қиын.

Басын ашып алатын мәселе: Кеңестер Одағының
ыдырауы, қазір көп айтылып жүргендей, тек социализм
қисындарының, коммунистік қиялилықтың күйреуі ғана
емес. Тағы да қайталап айтамыз, бұл да – баяғы сол атам

заманнан бар күштісі әлсізін, көбі азын жаныштай отырып,
өзі де рахатқа кенеледі-міс, өзгелерді де рахатқа кенелтеді-
міс империялық даңғойлықтың күйреуі. Күллі дүниені бір
қолға бағындырып, бір үрдіске көшіріп, түгел бақытты

болады-мыс әлемдік империя қисынының жеңілісі.
Түптеп келгенде, әлемдік империя қисыны империя­
лардың өзінен де бұрын туып, адамзат тарихының күні
бүгінге дейінгі бөлігін түгел қамтыды десек, ешқандай

Ғасырлар тоғысында
асыра айтқандық болмас еді. Бірақ, ол ешуақытта өз
дегеніне жетіп көрген емес. Өйткені, табиғат та, тарих
та еленер-еленбестей ұсақтықты қандай жақтырмаса,

шектен шыға далиған тым ебедейсіз үлкендікті де сон­
дай жақтырмайды. Ұсақтың бірігуге, үлкеннің ыдырауға
мәжбүр болатындығы да сондықтан. Көбейгісі келген
табиғат жұптасудан басталатын бірігуге ұмтылса, жарық

дүниеге жаңа келген жаратылыс төлі өсіп-жетілу үшін
қайтадан дербестікке ұмтылады. Бірақ, өзін дүниеге
әкелген құбылыстар мен себептердің ықпалынан біржо-
ла шығып кетпейді. Бірақ, тарих бар мәселеде табиғаттай

боп ықтималдық пен мәжбүрліктің алдында бас шұлғи
бермейді. Сондықтан да тарихи дамудың жолы табиғи
дамудың жолына қарағанда тым қайшылықты, тым
күрделі.

Табиғи дамуға қарағанда тарихи дамуда драмалық, тіпті
трагедиялық сәттердің көп болатындығы да сондықтан.
Оның арғы түбі – тарихи дамудың әрі нысанасы, әрі
түп иесі, әрі объектісі, әрі субъектісі болып табылатын

адамның әрі табиғи ортаның, әрі әлеуметтік ортаның
төлі болып табылатын екіұдайылығында жатыр. Табиғи
орта төлі ретінде ол табиғи дамудың заңдылықтарына
бағынбай тұра алмайды, әлеуметтік орта өкілі ретінде ол

заңдылықтардың өз-өзінен жүзеге асуын қол қусырып
тосып отыра алмайды, өзі де әрекет етеді. Ол әрекет бар-
бар уақытта діттеген жерден шыға бермейді. Әлеуметтік
волюнтеризмге ұрындыратыны да бар. Әлемдік империя

қисыны да сондай волюнтаризмнің бір түрі. Өзін қоршаған
табиғи ортаның байлығы мен жасампаздық мүмкіндігін
иелену арқылы дамитын адамзат қауымдастығы қоршаған
ортаны игеру де күшке тәуелді екенін бірден байқады.

Қауымдастықтың көлемі артқан сайын күшінің де ар­
татынын көзі көрді. Күш көбейту үшін қауымдастықты
ірілендіру – әлемдік империяға ұмтылудың ең бастапқы
қадамы болды. Сол қадам бірте-бірте ұлғайды. Ұлғая-

Ә. Кекілбайұлы
ұлғая табиғи ортаны игерудің мәні мен мақсатын ағымен
бұрмалап, астамшылыққа ұрынды. Астамшылыққа ұрыну
қоршаған ортаны игеру жолындағы бірлесудің қандай

ақылға сыйымды қағидасын да ақыр аяғында ақылға сый­
ымсыз тантыққа айналдырып, мансұқ етілуге мәжбүр етті.
Өзін қоршаған табиғи ортаны неғұрлым мол, неғұрлым
терең игеру үшін қандастық жолымен қауымдасудан

бастаған рулық қоғам өз жендетін өзі дайындаған құл
иеленуші қоғамға ұласты. Сөйтіп жүріп, табиғи ортаның
қарсылығымен қоса әлеуметтік ортаның да қарсылығына
килікті. Өйткені, табиғи ортаны игеріп-иеленудің

мөлшерінен адасып қалды. Бүгінгі тұтынуы мен ертеңгі
дамуына жеткілікті шамаға қанағаттанбай, басқалардан
асып түсетіндей қып баюды мақсат тұтты. Сол мақсатты
қамтамасыз ететіндей мемлекеттік құрылымға – құл

иеленуші империялар жасақтауға ұмтылды. Ол импери­
ялар әуелі бір қабатқа бір қабат қосылған алып пирами­
даларды еске түсірсе, кейін бір пирамиданы екінші бір
пирамидаға күштеп жалғастырғандай қайдағы бір ақылға

сыймас архитектуралық құбыжыққа айнала бастады. Бар
байлық пен бар биліктің жоғарғы қабаттарға шоғырлануы
төменгі қабаттардың шамадан тыс жанышталуына әкеліп
соқтырады. Ол тұғырлардың әлсіреуіне, содан алтынмен

апталып, күміспен күптелген әшекей тебелердің ғана емес,
күллі архитектуралық денелердің күйреуіне ұрындырды.
Байлық пен билік тек неғұрлым жоғарғы қабаттарға ғана
емес, неғұрлым орталық ғимараттарға да шоғырланатын­

ды шығарды. Бұл орталық пен шеткерілік арасындағы
байланыстарды шиеленістірді. Ол шиеленістер тіршілікті
қамтамасыз бөгеп, архитектуралық алып құбыжықты өз-
өзінен тұншықтыра бастады.

Алғашқы империялардың тап осындай қалыптасу,
шарықтау, құлдырау, күйреу заңдылығын феодализм,
капитализм тұсындағы империялар да аттап өте алмады.
Алғашқы қауымдасулар нәтижесінде асыра дәулетке ие

Ғасырлар тоғысында
болған тектілер төңірегіндегі топтасуды тек қандастық жо­
лымен ғана емес, аймақтастық жолымен де жүзеге асыруға
тырысқан феодализм келе-келе абсолюттік монархияға

ұмтылды. Абсолюттік монархия ебедейсіз монархиялық
империяларды туғызды. Ол империялар да архитектура­
лық жағынан ежелгі құл иеленуші империялардың
құрылымын еске салды. Ондағы тіршілікті қамтамасыз

ету жүйесі де келе-келе ежелгі құл иеленуші империялар
тұсындағы зақымдарға ұшырай бастайды.
Капитализм тұсындағы империяларды да күйреткен
капиталдың әлемдік экономикалық үйлесімділікке

ұмтылатын мінезі емес, сол мінезді пайдалана отырып,
әлемдік үстемдікке ұмтылатын, сол арқылы тек метроло­
пия мен доминиондар арасында ғана емес, бір империя мен
екінші империя арасында да текетірес туғызбай қоймай­

тын империалистік тойымсыздық еді. Әлемдік билік пен
әлемдік байлыққа ұмтылған ашқарақтық еді.
Қысқасы, обырлық қай хайуанды да ақыры не өз-
өзінен жарылып, не өз-өзінен тұншығып өлуге мәжбүр

ететіні сияқты әлемдік империя құру далбасасы қандай
қоғамдық құрылыстың да өз түбіне өзін жеткізіп тын-
дырды. Әйтпесе, өз заманында Кеңестер Одағынан кем
құдіретті, кем ықпалда болмаған Мысыр, Эллада, Рим,

Вавилон, кейінгі Киелі Рим, Араб халифаты, Шыңғысхан,
Ақсақ Темір, Моғолдар империяларының күйреуін ол кез­
де әлі қарасы да болмаған социализм мен коммунизмнен
қалайша көре алмақшымыз?!

Енді, міне, құл иеленуші қоғам да, феодализм де, ка­
питализм де қамтамасыз ете алмаған әлемдік империя
құру ниетін социализм мен коммунизм де жүзеге асыра
алмайтыны аян болды.

Социализмнің трагедиясы дүние жаратылып, су аққалы
адамзатқа арман болып келе жатқан, тіпті аспаннан түсіп­
ті-міс бес кітаптың бесеуінде де айтылатын әлеуметтік
әділет, теңдік, туысқандық қағидаларын әлеуметтік бол­

Ә. Кекілбайұлы
жамнан тарихи шындыққа айналдырғысы келгендігінен
емес, сол жолда өзі мансұқтаған қоғамдық құрылыстардың
қайшылықтарын өзі кеп қайталағандығында.

Егер екі дүниежүзілік соғыс халықаралық капиталдың
шығуын, жалпыға ортақ технологиялық, тұрмыстық
және әлеуметтік стандарттардың қалыптасып, күннен-
күнге күшейіп келе жатқан әлемдік ықпалдастықтың

таза экономикалық сипаттарын бір жақты желеулетіп,
әлем­дік үстемдікке тырысқан империализмнің әлемдік
қауымдасудан гөрі әлемдік ыдырасуды тездетіп бер­­
ге­ніне айғақ болса, Кеңестер Одағының екінші дүние­

жүзілік соғыстағы жеңісті пайдаланып, социализмді
күллі планеталық құбылысқа айналдыруға, әлемдік
ық­палдастықтың таза әлеуметтік сипаттарын бір жақ­
ты желеулетіп, күллі ғаламды таптық мүдделестік тұр­

ғысынан бір ыңғайға икемдеуге тырысқандығы, тағы да
әлемдік империя орнатқысы келгендігі, оның әлемдік
саясат сахнасынан кетуін анағұрлым тездетті.
Оның үстіне, социализм әлемдік дамуды біртіндеп

жетілдіретін эволюциялық жолдан шығарып, күрт
қимылдап, түбегейлі өзгертіп жібереді-міс революциялық
жолға, әр түрлі шешімдер мен тәсілдердің салыспалы-жа­
рыспалы жүйемен сұрыпталуына негізделген бәсекелестік

үрдіске емес, әр ұжым, әр этникалық қауымнан бастап,
күллі адамзатқа дейінгі әлеуметтік ортаның бәрін екіге жа­
рылтпай қоймайтын егестік үрдіске түсіріп жіберді. Сөй­
тіп, дүние жаратылып, су аққалы адам санасы жеңе алмай

келе жатқан, З. Фрейдтің тілімен айтқанда, ressentіment,
«қызғанышты өшпенділік», есесі кеткендердің ыза-кегі –
қоғамдық дамудың бірден-бір қозғаушы күші, шешуші
факторы саналды. Әу баста әлеуметтік әділетсіздіктен

туындайтын әлеуметтік ыза, одан өрбитін әлеуметтік
қызғаныш, одан өршитін әлеуметтік өшпенділік, одан
өрістейтін әлеуметтік қатыгездік, моральдық тұрғыдан
ақталып, саяси тұрғыдан қуатталды. Сөйтіп, ол орнатқан

Ғасырлар тоғысында
қоғам мен мемлекеттік құрылыс өз-өзінен жазалаушы
қоғамға айналып шыға келді. Ондай қоғам қандай жаңа іс
бастаса да, әлеуметтік белгілі бір бөлігі қалайда жойылу,

қалайда жойылуы, Қалайда қуғынға ұшырауы бұлжымас
шартқа айналды. Баяғы «қызыл террор» күндерінен бас­
тап, кешегі қайта құрудың бастапқы кезеңінде де қалай
да іске кедергі жасайтын «зиянкестер» іздеп табу үрдіске

енді. Әр тұстың өзінің «кертартпасын», «қара ниетті
күштерін», «халық жауларын» желеулетіп, кесе-көлденең
тарту, әлеуметтік психология ретінде қалыптасты. Мұндай
қоғамда қандай әлеуметтік тұлғаның мінез-құлқы да

креативті (істің жөніне бас иетін) сипат алмай, реактивті
(текетіресе жөнелетін) сипат алатын еді.
Мұндай қоғамда «әлеуметтік мақұлықтардың» бәріне
тән бәсекелестік іскерлік жарысқа емес, бірін-бірі аяқтан

шалуға, мұқатуға тырысатын шамшылдыққа айналар еді.
Әрине, әлгіндей қоғам өзіне іштен де, сырттан да
нара­зы күштерді көбейтеді. Іштегі наразы күштермен
айқас оны тоталитаризмге, сырттағы наразы күштермен

айқас империализмге ұрындырмай тұра алмасы өз-өзінен
түсінікті. Қысқасы, мұндай қоғам әлемдік мүдделікке
емес, әлемдік үстемділікке ұмтылады. Ал үстемдікке
ұмтылыс бар жерде қиянаттың жүрмеуі, қиянат бар жерде

наразылықтың болмауы қандай мүмкін болмаса, қиянат­
тың ұмтылуы, оған кешірімнің болуы сондай мүмкін
еместігі тағы белгілі. Кешегі қайта құру күндерінде сонау
«Кронштадт мұзына» төгілген қаннан бастап істелген бар­

ша зорлық-зомбылықтың, араға әлденеше ұрпақ түссе де,
қайтадан ауызға алынуы – әлгінің айғағы еді. Әуелден де
егестікке құрылған қоғам әрбір жаңа бетбұрысты өзін одан
әрі жетілдірудің бейбіт қадамына емес, өткен үшін есеп

айырысып қалуға қолайлы өштестік сәтіне айналдырмай
тұра алмайды. Оның үстіне, әлемдік үстемдікке ұмтылған
қоғам әлемдік қауымдастық тарапынан да аз наразылық
шақырмасы мәлім.

Ә. Кекілбайұлы
Міне, сөйтін күш кеше күндей күркіреген Кеңестер
Одағы өз-өзінен құлай салған жоқ. Жетпіс жыл бойына
әлемдік үстемдікке ұмтылған тойымсыздығы туғызған

ішкі, сыртқы қайшылықтардың тым мол қордаланып, тым
терең шиеленісіп кетуі салдарынан күйреді. Ол жетпіс
жыл бойы ішкі, сыртқы наразылықтардың дүмпуінде
болды. Атлантадан бастап, «қырғиқабақ соғысқа» дейінгі

ашық шабуылдың бәріне төтеп бере алған тоталитарлық,
агрессиялық қоғам өзі көп айтқанмен жөн-жосығын
жақсы білмейтін бейбіт қатар өмір сүру тұсында әуелі
тоқмейілсуге (эйфорияға), сосын тоқырауға ұрынды. Ол

тоқыраудың сырын қоғамдық дамудың саяси-әлеуметтік
астарларынан қарастырмай, таза экономикалық себеп-
салдардан іздеді. «Жабық есік саясаты» тұсында қазіргі
халін өткендегі халімен салыстырып, өзіне-өзі мәз

болып келген кеңес қоғамы енді «ашық есік» саясаты
тұсында өз тұрмыстарын өзгелердің қалай тұратынымен
салыстырып, өзінен-өзі қарны ашатынды шығарды.
Әуелден біреудің бағын күндеуге, бардыкін жоққа тартып

әперуге негізделген қоғамдық көзқарас капитализммен
тікелей жарысып көріп, одан ештеңе шығара алмады.
Экономикалық нигилизм саяси нигилизмді өрбітті.
Билеуші топта экономикалық реформаны көксейтіндер

көбейді. Соғыс тұсында беделге ие болған технократия са­
яси билікті де өз қолына алып алды. Ол қоғамдық дамуды
демократияландыруды назардан қағыс қалдырып, әртүрлі
экономикалық әрекетке барғанмен, саяси-әлеуметтік

бостандықтың жоғы экономикалық бостандықтың
да аяғын тұсады. Мұндай жағдайда қалыптасатын
экономикалық прагматизм бүкіл қоғамды түлететін жа­
сампаз күшке айналмай, тек өз ұпайын түгендей білетін

саяси утилитаризмді ғана өршітеді. Ал, ол барлық уақытша
билік иелеріне тән дәурендеп қалу психологиясымен
ғана тынбай, сол дәурендеуді көзі жұмылғанша созуға
жанталасады. Ол барып геронтократияға (саясаттағы

Ғасырлар тоғысында
ақсақалдар үстемдігіне) ұштасады. Геронтократия тұсы
қоғамның төменгі қабаттары үшін орнықтылық ахуал
сияқты болып көрінгенмен, билік пен дәулетке таласқан

жоғарғы қабат­тар үшін мігірсіз күрес ахуалына айнала­
ды. Билік ­сахнасына келген жас күштер мансап үшін бір
жағынан ­«саяси кәрияларға» жағынса, екінші жағынан
олардан тезірек құтылуға да асық болады. Ол күрестің

тоталита­ризм жағдайында ашық жүрмейтіні, астыртын
сипат алатыны белгілі. Ондай күрес саясатшылардың
да құлқын өзгертеді. Жартылай қылмыспен ұштасып
жататын мансапқорлық күшейеді. Ондай мансапқорлық

экономикада коррупциядан, сыбайластықтан, саясатта
сектантшылдықтан, жікшілдіктен аулақ тұра алмайды.
Жоғарғы қабаттарда әбден орнығып қалған мұндай психо­
логия билік ауысар тұста болмай қоймайтын өзгерістерді

қоғамдық дамудың түбегейлі мүдделері арнасында
өрбітпей, билікке таласатын саяси күштердің қалыптасқан
арасалмағынан туындайтын «аппараттық ойындар»
тұрғысынан өрістетеді.

Оның үстіне, тоталитарлық қоғам тұсында әлеуметтік
белсенділікті алдымен бас изеу деп түсініп қалған төменгі
қабаттар ондай күреске бірден араласа алмайды. Ал
баяғыдан алақандары қышып отырған билікке таласушы

күштер процесс тізгінін дереу өз қолдарына ала қояды.
«Жоғарыдан істелетін революцияның» көбі дерлік осын­
дай заңдылықтан туындайды.
Түптеп келгенде, ондай революцияны билігі жоқтар

емес, билігі барлар бастайды. Билігі барлардың револю­
циясы билік жүйесін өзгертуден гөрі өзге билігі барлардан
билік асыруды көбірек көздейді. Сондықтан да қоғамдық
дамуды түбегейлі жетілдіруден гөрі билік басындағы

күштердің қалыптасқан арасалмағын түбегейлі өзгертуге
көбірек мән береді. Ал бұл алдын-ала ойлап-пішілген,
әбден таразыланған бағдарламалардан гөрі табан асты
тәсілдерге, аяқ асты айла-амалдарға көбірек бейім тұрады.

Ә. Кекілбайұлы
Билік басында тұрмаған оппозициялық күштер бұндайда
қапы қалмауға, қате жібермеуге, бәрін де алдын-ала
өлшеп-пішіп алуға тырысса, билік басындағылар билігіне

сенеді, анау-мынау кедергілерді күшпен-ақ жеңіп кетуге
есеп құрады. Жасампаздық жолмен емес, жойымпаздық
жолмен ұтысқа шығуға ұмтылады. Саяси бәсекелесінің
басына бар пәлені үйіп-төгеді. Сол себепті де, мұндай

«революция» тұсында пайым-парасаттан гөрі пәлеқорлық
басым түседі. Күрес күйкі сипат алады.
Қайта құрудың бастапқы кезеңінде тоқырау тұсында
әркімге-ақ белгілі боп қалған тамыр-таныстықпен, сы­

байластықпен, парақорлықпен, еңбекпен келмеген табы­
спен, кадр іріктеудегі субъективизммен күрес алдыңғы
шепке шықты. Өйткені, бұл құбылыстарға қоғамның
бар саласында да, бар қабаттарында да зығырданы қай­

найтындар көп еді. Сөз жүзіндегі тең праволылық пен
іс жүзіндегі сыбайластық кім-кімнің де шамына тиетін
еді. Бұл салада ұпайын түгендегендерден гөрі ұпайын
түгендей алмай жүргендердің мол болатыны аян.

Мұндай күрес қоғамның ең білімді, ең белсенді топ­
тарында – интелли­генция арасындағы, жұмысшы ари­
стократиясы арасындағы егестік отына май құя түседі.
Біреулердің дәмесін күшейтпесе, екіншілердің күдерін

үздіреді. Біреулерді мансапқорлық тағатсыздығына
ұрындырса, екінші біреулерді қорқынышқа бөлеп,
жанкешті қимылдарға бастайды.
Қысқасы, тағы да Фрейд айтқандай, ressentіment, рес­

ситимент – есесі кеткендердің ыза-кегі іске қосылады.
Қо­ғамда тағы да алауыздық, бір-біріне сенбеушілік, тіпті
бір-біріне бас салушылық күшейеді. Өз уағыздарына өз­
дері сеніп, тоталитаризм арқасында ғана орнықты тұрған

кеңес қоғамын граниттей берік мызғымас сом тас деп
са­нап қалған билікке таласушы күштер өз дегендеріне
жету үшін әуелі соған жарықшақ салып, әлсіретіп алу ке­
рек деп ойлады. Ол үшін билік пирамидасының жоғарғы

Ғасырлар тоғысында
қабаттарынан төменгі қабаттарына қарай қопарылыс
оттығын тұтатып, жаңадан жаппай жазалау қаупін айтып
қорқытып, сол арқылы төменгі қабаттардың жоғарғы

қабаттарға деген мансапқорлық наразылығын оятып,
белсенді қарсылық шақыруды көздеді. Бұндай жолмен
билік басында ұзақ отырып қалғандарды және оларды
қолдаушылардың үрегей жағын тезірек тайдыруға, ба­

тыл, шешімді жағын тезірек әшкерелеуге жағдай туады
деп ұқты. «Сіздер төменнен, біздер жоғарыдан қимылдап
бағайық!»– дейтін ұрандардың да көксейтіндері сол еді.
Сөйтіп, қоғамды одан әрі жетілдірудің орнына барлық

қабаттағы мансапқор сайыпқырандардың семсерлесуі
басталды да кетті. Ол сайыс, расында да, мушкетерлер
сайысын еске салатын еді. Қарсыласушы екі жақ өз бойына
семсер дарытпау үшін маңайындағының бәрін қиратып,

оны еңсере қимылдап жүрген бәсекелесінің жолына
бөгесін қылуға тырысты. Қирамаған дүние, күйремеген
ештеңе қалмады. Ең ақыры өздері отырамыз деп таласып
жүрген таққа дейін паршалап тындырды. Бұған дейін

олардың іш есебін білмей келген былайғы көптің алдында
қалай өздерін жалаңаштап алғандарын қапелімде өздері
де байқамай қалды. Жоғарыдан революция бастағандар
жеңіліске ұшырады. Дер кезінде қосалқы позицияларға

жалтарып кеткендер мен қапталдан қосылғандар жеңіске
жетті.
Мұндай жағдайда, әрине, бұрынғы мемлекеттік құ­
рылым архитектурасын ешкім сақтап қала алмайды. Өйт­

кені, оның өзінің де еш сау-тамтығы қалған жоқ еді. Оның
экономикалық қаңқасын құрастырып тұрған жоспарлы
бөліспелі экономиканың түп қазық қағидалары әуелі
еңбекпен келмеген табысқа қарсы, сосын шаруашылық

есеп, мердігерлік, кооперативтік қозғалыс жолындағы әрі
тарт та бері тарт күрестер тұсында солқылдай-солқылдай
суырылуға шақ тұрған-ды. Билік жолындағы күрес
кадр іріктеу, тәрбиелеу, орналастырудың үйреншікті

Ә. Кекілбайұлы
тәжірибесін әлдеқашан үрдістен шығарған-ды. Тек осы­
ның өзі-ақ коммунистік партияның қолындағы саяси
монополизмді ойсырата әлсіреткен-ді.

Сөйтіп, империя өз қаңқасын құрап тұрған саяси-
экономикалық тіреу-таяныштардың бәрінен айырыл­
ды. Оның үстіне билікке неғұрлым тез жетуге асыққан
мансапқор күштер сыбайластықпен, парақорлықпен,

арам табыспен күресті империяның ең талмау тұс,
осал жерлерінен бастады. Әрине, аталмыш індеттер
әлеуметтік байланыстардың ең тәуелді жүйелерінде
кеңінен етек жаяры белгілі. Ондай тәуелділіктің ең күшті

жері – метропо­лия мен доминиондар арақатынасы еді.
Сондықтан да қайта құрудың «пионерлері» өз әрекеттерін
ең алдымен республикалардан бастаған-ды. Сол арқылы
«ұлтшылдықты» біржолата талқандап, ендігәрі ешқандай

ауыз аштырмаймыз деп ойлаған-ды. Бұл ниеттерін жүзеге
асыруда табысқа оңай жететін жерлерді іздеген-ді. Бұл
салада оңды-солды «мінез шығарып» жүрген аймақтарға
әдейі тиіспей, айтқанынан шыға қоймайтындай, қалпақпен

басып ала қоятындай қойдан қоңыр можантопай жерлерді
қарастырған-ды. Өйткені, ондай жерден, біріншіден, айта
қаларлықтай қарсылықтар туа қоймайды-мыс. Екіншіден,
ондай оңай табысты ұлтшылдыққа ойсыраға берілген

соққы деп бағалау қиынға түспейді-міс. Үшіншіден, бұл
арқылы әлгіндей құбылыстың шын қаупі бар жерлердің
алдын-ала көзін қорқытып тастауға болады-мыс. Төр­
тіншіден, бұл арқылы этникалық айырмашылыққа ен­

жарлықты біржолата мемлекеттік сипатқа айналдыруға
жағдай туады-мыс. Ондай жерді табу да оңай сияқты еді.
Ол, әрине, пәлен жылдар бойы халықтар достығының
лабораториясы болып келе жатқан Қазақстан болмағанда,

кім болатын еді?! Бірақ, бұл ағат таңдау болып шықты.
«Лабораториядағы қопарылыс» тек қолба ішінде қалмай,
бүкіл қоғамдық болмыс ғимаратын түгел қамтуы мүмкін
екендігі ескерілмепті. Ақыры солай болып шықты да.

Ғасырлар тоғысында
Біріншіден, қойдан қоңыр аймақ та мінез көрсетті.
Екіншіден, оған тағылған айыптардың қисынсыздығы
ақ матаға қара жамау жапсырылғандай өз-өзінен көрі­

ніп тұрды. Үшіншіден, қойдан қоңыр «тіл алғыш Қа­
зақстанның» өзінің мұндай көріп жатқан күні қалған
аймақтарға дер кезінде ой салды. Сыбайластықты, па­
рақорлықты, халықтар достығына қияпасты – бұрынғы

империяның арқауы болып тұрған қасиеттердің бәріне
келер кесепаттың бәрін тек қана ұлттық аймақтардан
іздеу орталық пен шет аймақтар ара-қатынасының
көп мәселесін түбегейлі қайта қарауды талап етті. Бұл

қоғамдық қатынастарды демократияландыру мен ізгі­
лен­діру тұсында ерте ме, кеш пе – бәрібір көтерілмей
қал­майтын мәселе еді. Оны жөргегінде тұншықтыру үшін
алдын-ала істелген амал-шарғылар қайта тыныш жатқан

жыланның құйрығын басты, бәрібір болмай қоймайтын
процестерді тіптен тездетіп жіберді. Жеке адамға табыну
мен тоқырау тұсында өте-мөте асқынып кеткен унитарлық
қысым қайта құрудың бастапқы кезінде осылай үйреншікті

астамшылыққа басып, асығыс жағылған аңғырт шырпы­
дан аяқасты қопарылыс берді. Ол қопарылыс тек Еурази­
яны өн бойлап жатқан әлемдік империяны ғана емес, оны
түзіп тұрған саяси-экономикалық құрылысты да біржолата

қопарып түсірді.
Сондықтан да империя түбіне социализм жетті ме, жоқ
социализм түбіне империя жетті ме – ол әлі зерттей түсуді
қажет ететін мәселе. Кеңестер Одағының күйреуі – жер

бетінде алғаш жүзеге асырылған социалистік тәжірибенің
табиғаты ма, жоқ әлде әуелден сәтсіз басталған қадамы,
жартыкеш жаратылған тағдыры ма еді – бұл жайын­
да да әзір үзілді-кесілді қорытынды шығару ертелік

етеді. Өйткені, қоғамдағы әлеуметтік те, экономикалық
та қайшылықтар өрши түспесе, әлсіреген жоқ. Ол
экономикалық мүдделердің жіктелуін күшейтеді. Ол
жіктелу саяси жіктелуі де тереңдетпей тұрмайды. Әсіресе,

Ә. Кекілбайұлы
еңбекші топтардың өз мүдделерін қорғайтын жаңа саяси
күштер тудыруы жаңа саяси қозғалыстарға жұмылуы
әбден мүмкін. Ол күштер күні кеше жеңіліске ұшыраған

қисындарды малдана ма, жоқ атымен жаңа сипатты саяси
бағдарламалар ұстана ма – екі жағы да ықтимал.
Әзірге белгілісі – қандай да құдіретті-күшті империя
болмасын, ол қандай да соны әлеуметтік әділет ілімінің

жүзеге асуына қолайлы жағдай туғыза алмайтыны, ал
қандай да соны, жаңашыл әлеуметтік әділет ілімі бол­
масын, ол әлдеқашан өмірсіздігін көрсеткен әлемдік им­
перия қисынын бәрібір өміршең құбылысқа айналдыра

алмайтындығы...
Ендеше, Кеңестер Одағының күйреуін қайдағы бір
ішкі-сыртқы әрекет күштерден көру, немесе бар пәлені
ұлтшылдық пен бөліне жарылушылыққа жаба салу тек

өмірдің бетіне туралап қарай алмайтын, сөйтін өзін-өзі
алдарқатқысы келетін күштерге ғана керек болар. Әйтпесе,
империялық даңғойлықтың күндердің күнінде өзін-өзі
қопарып түсірмей қоймайтын жарылғыш бомба екенін

тарих әлденеше рет дәлелдеп берген-ді.
Сондықтан да, сонау Аристотельден бермен қарайғы
әлемдік саясатнама өткендегі тәжірибелерге сүйене оты­
рып, империялық даңғойлық сынды саяси ебедейсіздік­

терді қалай аластаудың әлденеше жоспар-жобаларын
білетін-ді. Оларды ешқандай не сыртқы, не ішкі астыр­
тын қозғалыстар емес, әлемдік тарихи тәжірибенің өзі
жасақтаған-ды. Бір ғана Томас Гобсстың «Левиафанында»

мемлекетті ешқандай соғыс ашпай-ақ, қалай әлсіретіп,
қалай құлатуға болатындығының бір-бірінен туындайтын
әлденеше жолдары егжей-тегжейлі баяндалады. Ондай
ежелгі Римнің қалай құлпырып, қалай құлдырауы негізінде

түзілген дайын сценарийлерді баяғы Тацит пен кешегі
Монтескьеден де молынан табуға болатын еді.
Ол үшін, әрине, ежелгі авторларды да, оған иек артатын
бүгінгі саясатшыларды да еш жазғыра алмайсың.

Ғасырлар тоғысында
Айыптасақ, тек саяси анохронизмге айналған әлемдік
империя қисынының өзін ғана айыптай аламыз.
Оның үстіне, күллі планетадағы табиғи ресурстардың

сарқыла бастауы мен тұтынушылық тәбеттің шектен тыс
асқынуы қоршаған ортаны игеру мақсатында қауымдасу­
ды мөлшерлік жағынан шектеу мен өзара сабақтастық
жағынан қайтадан үйлестіру мақсатында атымен соны

әлемдік тәртіп керек екендігіне көзімізді жеткізе түсті.
Кеңес қоғамындағы өзгерістер дәл сондай жаңа тәртіпке
жақындата түсе ме, жоқ қайтадан алыстатып жібере ме –
ол қалыптасып отырған жағдайлардын бұдан әрі қандай

жолмен дамитынына байланысты болары хақ.

2. СОНЫМЕН БОЛАР ІС БОЛДЫ. АЛ ЕНДІ ШЕ?..

Иә, гәптің өзі де осында. Бәлкім, бұдан он жыл бұрын
теледидарды бұрап қалсаң болды, жағы босап, сөйлей ал­
май, балпылдап, немесе аяғын аттап баса алмай қалтылдап
тұрған алтын омырау ақсақалдарды көрген сайын: «Бұлар

қашан кетеді? Жаңа адамдар қашан келеді? Мына комедия
қашан тынады?» деп, шала бүлініп жүргенімізде, ақыр
аяғында тап осылай боп шығады деп, қай-қайсымыз да
ойлай қойған жоқ шығармыз. Көбіміз әбден тозығы жетіп

тұрған немесе суық қолдарға түсіп, сиқынан айырылып
біткен билік жүйесін, ен байлықты итжемеске айнал­
дырып, қор қылған отандық орашолақ технологияны,
бір жағынан өндірістің жолын байлап, екінші жағынан

тұтынушылардың таңдайын аққа жарытпай, қаралай
омалып қалған экономикалық қатынастарды осы заман
жетістіктері тұрғысынан қайта қарап, түбегейлі жаңартып,
келеңсіздіктердің бәрін тездетін жойып, кезге ұрып

тұрған артта қалушылықтан шұғыл арылуға болады деп
ойладық. Баяғыдағы «үлы көсем» айтып кеткендей, бәрін
де кадр шешеді деп санадық. Кадр мәселесі түзелсе, бәрі
түзелетінге сендік. Сондықтан, жоғарғы қабаттардағы бо­

Ә. Кекілбайұлы
лып жатқан ауыс-түйістердің бәріне ерекше үміт арттық.
Кәрі-құртаң кетіп, орнына жігерлі жастар келсе, бәрі де
бізше ойлап, бізше қиналатын шығар, бәрін де түзететін

шығар деп түйдік.
Кім біліпті, қайта құру ұранын алғаш көтергендер
де іске әуелде тап осындай сеніммен кіріскен шығар.
Әйтеуір, ә дегенде олар да жеделдете даму бағытын

ұстанды ғой. Бірақ, көп ұзамай, түлкі бұлтаң көбейді.
Кешегі турашылдық, принципшілдік дегендерін ертеңіне
жойымпаздық деп жатты. Кешегі еңбекпен келмеген та­
быс қуалаушылық деп жүргендері әншейін іскерлік қана

болып шықты. Сөйтсе, жаңалық жолында күрес емес,
билікке талас қызып жатыпты. Оның аясы кеңейіп, оған
қоғамдық дамуды шындап өзгертуді жақтайтындар да, ол
күресті өз пайдасына шешіп қалуды көздеген әрқилы саяси

алаяқтар да, өткен үшін есеп айырысып қалуды көксеген
ызалы топтар да, тек бір мемлекеттегі емес, дүниежүзілік
арасалмақты өз ыңғайына лайықтап өзгертіп алуға мүдделі
сыртқы күштердің де білек сыбанып, белсене араласуына

қолайлы жағдай туғаны кейін барып белгілі бола бастады.
Өйткені, қайта құруға ет қызумен кірісіп кеткен болдық.
Оның қоғамдағы шын ахуалды егжей-тегжейлі талдаған,
оны дүние жүзінде қалыптасып отырған жағдаймен

жан-жақты салыстырып-салғастырған, одан туындай­
тын әрекеттер мен ықпалдардың қалай өрбіп, қалай
өрістейтінін алдын-ала болжамдаған, соған орайластырып,
өзгертуші әрекеттер мен қарсыласушы әрекеттердің ара-

салмағын дұрыс мөлшерлеп, дұрыс байыптаған, қимыл-
әрекетті дұрыс жүйелеп, дұрыс бағытталған жетекші тұлға
да, жетекші бағыттама да болмай шықты. Басшы болды.
Қосшы болды. Сол екі ортадан туындайтын субъективтік

ықпал-ықыласқа қоғамдық күрестің заңдылықтары
құрбандыққа шалынып кеткен тұстары аз болмады. Жа­
риялылық жағдайында жұрт оны біліп отырды. Пысықай
топтар сырттай бақылап отыруды місе тұтпай, тікелей

Ғасырлар тоғысында
араласып кетуге жол тапты. Басшылықта­ғы арасалмаққа
сырт әсер ете алатындай, басшылықтағы алауыздық
сыртқа жік салатындай жағдай туды. Өндірістік инжене­

рияда ғана емес, әлеуметтік инженерияда да тым артта
қалып қойғанымызды аңғарған топтарға оқиға ба­рысын
өз мүддесіне икемдеп кетудің оңтайы көбейді. Әуел­ден
мақсат саралылығының жоқтығы күресті жүйелілік пен

ырғақтылықтан айырады. Ол нәтижесіздікке ұрындырады.
Нәтижесіздік күрестегі тұрлаусыздықты күшейтеді.
Ағат шешімдер, жаңылыс қимылдар көбейіп, одақтастар
таңдауда талғам азаяды. Оның бәрі, ақыр аяғында, жоғар­

ғы қабаттарда саяси авантюризмнің, төменгі қабаттарда
охлократиялық көзсіздіктің бел алуына әкеп соқтырады.
Процесс бақылау мен бағыттаудың ырқынан шығып, аума-
төкпе оқиғалар тізбегінің тұтқынында қалады.

Сөйтіп, оқиға саяси-экономикалық агонияға ұшыраған
қоғамдардың бәрінде болған үйреншікті құбылыстардың
ізімен кетеді. Сондай тұста талай көрініп жүрген күштер
мен әдістер іске қосылады.

Томас Гоббстың «Левиафанындағы» мемлекетті бейбіт
жолмен әлсіретіп, құлдырауға әкелетін жағдайлардың бәрі
де көрініс берді.
Оның айтуынша, мақсаттың айқын еместігінен саяси

еріктің табансыздығы туындайды, ол мемлекеттік билікті
әлсіретеді. Қоғамдық әрекеттерде жеке адамдардың
­жауапсыз қалуы мен сөзге ергіш тобырдың талғамсыз
қолдауы үстемдік құрады. Әлеуметтік шешімдер талдау

мен пайымдаудан гөрі көңіл әуеніне көбірек бой алды­
рады. Өкімет жауапкершіліктен қашып, өз билігін өзі
үлестіре бастайды. Бөтен елдер мен ежелгі мемлекеттерге
еліктеу күшейеді. Жарыспа билік етек жаяды. Биліктің

әлсіреуі экономиканы әлсіретеді. Жоқтық пен жарлылық
кім көрінгенге сенуді тудырады. Жеке адамдардың
дақпыртына табыну үрдіске енеді. Шектен аса үлкейіп
кеткен қалалардағы орнықсыз ахуал бүкіл елге ықпал

Ә. Кекілбайұлы
ете бастайды. Өзін дербес мемлекеттен кем көрмейтін
саяси корпорациялар көбейеді. Жоғарғы өкіметтің сөзін
аяққа басу оңайлайды. Сөйтіп, басқыншылыққа ұшыраған

елде өз мемлекетіңе өзіңнің іш тартуың шарт болмай
қалатыны сияқты өз мемлекетіңнен өзің қаралай жерініп
шығатындай ахуал орнайды.
Монтескье де тап осыны айтқан-ды. Ол: «Демократия

қағидасы тек теңдік рухы жойылғанда ғана емес, ол тым
шектен асып, әр адам өзі сайлаған билік иесімен бірдей
болуға тырысатын кезде де бұзылады. Ондай тұста халық
өзі сайлаған өкіметтен бас тартып, бәрін өзі шешіп,

өзі істегісі – сенаттың орнына өзі мәслихат құрғысы,
төрелерінің орнына өзі төрелік, қазылардың орнына өзі
қазылық еткісі келеді.
Ондайда республикада ізгілік атаулы естен шығады.

Халықтың билеушілерін сыйламағаны – билікті өзі алғысы
келгендігі... Сенатқа сенбеу – үлкендерге сенбеу деген
сөз. Үлкендерге сенбеу – әкеңе сенбеу, күйеуіңе көнбеу,
мырзаларға бой ұсынбау, жаппай өзім білемдікке түсу

деген сөз. Біреуге бағынуға құлықсыздық қалай өршісе,
билеу, басқару ісі де солай әлсірейді. Балалар, әйелдер,
құлдар біреуге құлақ асу дегенді атымен ұмытады. Иман­
дылық, тәртіп сүюшілік, ізгілік көзден бұл-бұл ұшады.

Ксенофонттың «Дыр-думанында» халықтың теңдікті
әсіре түсініп, әсіреңкілікке түсуіне душар болған респуб­
лика ахуалы бейнеленеді. Тойға қатысушылар неге өзде­рі­
не өздері риза болатындарын кезекпе-кезек айта бастайды.

«Менің өзіме-өзім риза болатыным,– дейді Хармид,– мен
кедеймін. Бай кезімде қайдағы бір жалақорлардың ауыз­
дарын аламын деп шала бүлінетінмін. Өйткені, олар маған
не пәле істеймін десе де, істей алатын. Ал мен оларға түк

те істей алмайтынмын. Республика үсті-үстіне ақша талап
ететін. Ешқайда аттап шыға алмайтынмын. Кедей болып
ем, өзіме-өзім қожамын. Ешкім мені қорқытпайды. Қайта
өзім басқаларды қорқытамын... Байлар мені көрсе болды,

Ғасырлар тоғысында
орындарынан тұра бастайды. Құл едім, патшаға айналдым.
Бұрын республиканы мен асырайтын едім, енді ол мені
асырайтын болды. Біреуден бірдеңе жырып қалмасам,

жұтап қалам, кедейленіп қаламын деп қорықпаймын».
Халық мұндай бақытсыздыққа сеніп жүрген билеу­
шілерінің әуелі өздері әбден азып, сонысын жасыру үшін
кейін күллі елді әдейі аздыра бастайтын тұстарында тап

болады. Олар өздерінің баққұмарлығын жасыру үшін елді
билікке таластырып үйретеді. Өздерінің дүниеқоңызды­
ғын жасыру үшін өзгелерді дүниеқоңыздыққа үйретеді...
Азғындау әбден асқынады. Азғындатушылар да, азғын­

даушылар да мүлде шектен шығады. Халық өз бос­тан­
дығынан пайда тауып қалуға неғұрлым құныққан сайын,
сол бостандықтан біржолата айырылып қалатын сәтіне
солғұрлым жақындай түседі... Өздері ұсақ болғанмен,

дәмелері үлкен озбырлар көбейеді. Көп ұзамай кешегі
бостандық ауыртпалыққа айналады. Сол кезде бәрі қай­
тадан бір озбырдың уысына түседі. Міне, Монтескьенің
­айтуынша, шалағай реформа, тайыз демократия бақ ор­

нына сор әкеледі. Біздің тұсымыздағы жағдай тап бұлай
боп кете қоймағанымен, шын демократияның жеңіске
жете алмай жатқаны, сондықтан әрі-сәрі ахуалдың күшейе
түспесе, әлсіремегені даусыз.

Бұл күллі дүние жүзінде абыржушылық туғызуда.
Бұрынғы Кеңестер Одағындағы процестердің бұдан әрі
қалай өрбитінін бағдарлау – көптен бері әлем сая­сат­
шыларының «сүйікті» тақырыбына айналды.

Фин саясатшысы Сеппо Реместің 1990 жылы Турку
қаласынан шыққан «Кеңестер Одағының болашақ да­
муының ықтимал жөн-жобалары» атты кітабында Ке­
ңес­тер Одағының келешегі «ашық нарық экономикасы»,

«жабық нарық экокномикасы», «төрешілдік-либералдық
даму», «хаостық даму» деп аталатын төрт қилы бағытта
өрбуі мүмкін деген болжам айтады.

Ә. Кекілбайұлы
Бірінші жолға түссе,– дейді ол,– Скандинавия елдеріне
ұқсап, Батыстың көмегіне сүйене отырып, экономикасын
түбегейлі өзгертеді; бұрынғы одақтан тек Ресей, Белорусь,

Украина, Қазақстан арасындағы ықпалдастықты сақтап
қалады; КОКП-нің билігін құлатып, ұлы державалық
мәртебеден өз еркімен бас тартады.
Ал екінші жол шеттің капиталына иек артпай, тек ішкі

күштермен нарықтық қатынастарға көшуді, өкіметті, ұлы
державалық мәртебені, шекаралар мен конверсия көлемін
өзгертуде мейлінше абай болуды көздейді.
Бұл екі жолдың екеуінің тұсында да 10–15 жылға дейін

әлеуметтік, ұлтаралық шиеленістер бәсеңдей қоймайды.
Үшінші жол ұлы державалық мәртебені, КОКП саяси
билігін, КСРО-ны сақтай отырып, ішінара өзгерістер жа­
сай отырып, нарыққа біртіндеп көшуді ұсынады. Қысқасы,

қайта құрудың алғашқы бес жылындағы екіұдай жағдайды
сақтауды жақтайды. Бірақ, С. Реместің айтуынша, бұндай
жағдайды көп болса, 50 жылға дейін созуға болады, бірақ
оның ар жағында қоғам не кездейсоқ апатқа ұрынады, не

капитализмге шұғыл бетбұрыс жасауға бәрібір мәжбүр
болады.
Ал төртінші жол, «хаостық даму», КСРО-ның ішкі
экономикалық жағдайының мейлінше құлдырауы мен

әлеуметтік қатынастардың мейлінше шиеленісуінен туын­
дайтын еді. Монополиялардың жағдайы берік қалпында
қалады, нарықтық тепе-теңдік әлсірейді, күрт өршитін,
инфляцияға ұласатын тауар алмасатын табиғи айырбас

етек жаяды... ел ішінде аймақтық протекционизм өрістеп,
таможнялар (бәлкім бейресми жолмен) іске кіріседі, эко­
номикалық қайшылықтардың асқынуы аймақтар арасында
қақтығыс туғызуы ықтимал. Өндірілетін өнімдердің басым

көпшілігі ресми жүйелерді айналып өтіп, көлденең жолмен
сатылады. Инфляция ереуіл қозғалысын өршітіп, табиғи
айырбасты күшейтеді, өндірістік тәртіптің жұқанағы
да қалмайды... Сөйтіп, экономика тығырыққа тіреледі.

Ғасырлар тоғысында
С. Ремеске айтқызсаңыз, оқиғаның бұлайша өрістеуі қо­
ғамда «жарылыс» туғызбай қоймайды. Ол ұлттық немесе
халықаралық апат, мемлекеттік төңкеріс түрінде көрініс

тауып, біржолата капитализмге бет бұрғызуы ықтимал.
Егер С. Реместің бұны 1990 жылы айтқанын ескерсек,
онда ақиқаттан тым алшақ кетпегенін аңғарар ек. «Әлгі
сценарий, С Реместің айтуынша, күллі мемлекеттік

меншікті жеке меншікке көшіреді. Компартияның өкіметі
құлайды, державалық мәртебеден бас тартылады, кең-
қарымды конверсия өрістейді. Кеңестер Одағының орнына
жаңа орталығы бар Ресей Федерациясы орнайды».

Фин ғалымының болжамынша, оқиғаның бұндай
арнаға көшуі әлеуметтік қамсыздандырудан айыра­
ды, адамдардың табатын табыстарындағы кереғарлық
ұлғаяды, жаппай жұмыссыздық пен кедейлік өрістейді.

С. Реместің кітабы шыққаннан бергі екі жыл жағдайды
бұрынғыдан да бетер қиындатпаса, түзеткен жоқ. Бұрынғы
Кеңес қоғамының қазіргі халі әңгіме болған төрт жолдың
алдыңғы үшеуінің үшеуіне де ұқсамайды. Ұқсаса, төртінші

жолға көбірек келіңкірейді. Бірақ, бұл төрт жолдың ар
жағында тұрған төрт мүдделі күштердің төртеуі де әзір
жеңістен күдер үзген жоқ. Бүгін таңда істі түпкілікті
өз пайдасына шығаруға ешқайсысының да күштері

жетпейтінін біліп, төртеуі де осы бір итжығыс халді сақтай
тұруға тырысуда. Бірақ, мұндай хаос мәңгілік ахуал бо­
лып қала алмайды. Ал, хаостың тағдырын көп жағдайда
заңдылық шешпей, кездейсоқтық шешіп кететіні бар. Ең

қорқыныштысы да сол. Өйткені, қоғамда сенім азайды.
Сенімнің азаюы бір жағынан торығушылықты, әлеуметтік
енжарлықты күшейтсе, екінші жағынан саяси алаяқ, саяси
жаны қас, саяси желөкпе күштерді желіктіреді. Бұл, түптің

түбінде, әлеуметтік қатынастарды бәрібір шиеленістіреді.
Байқап қарасаңыз, соңғы жетпіс жыл ішінде, жалпы
алғанда, бұрынғы кеңес қоғамы, жекелей алғанда, әрбір
кеңес адамы планетадағы өзге пенделердің қай-қайсысына

Ә. Кекілбайұлы
қарағанда да идеологиялық қалыптамаларға (клишелер­
ге) оңай сенетін, әлеуметтік прагматизм түсініктерінен
мейлінше кенде, дербес шешім алу мен өз бетінше әрекет

етуге мейлінше шорқақ екендігін әлденеше рет байқатты.
Оның бәрін тек идеологиялық қысымнан көре беруге
болмас. Одан гөрі де тереңірек тарихи, этнографиялық
себептері де бар шығар. Қатаң табиғат бұрынғы Кеңес

Одағын құраған халықтардың көбін бірігіп күресіп,
бірігіп күн көруге мәжбүр етті. Сондықтан да олардың
мінез-құлқында жеке мүддеден гөрі қауымдық мүддені
жоғары қою, индивидуалистік пиғылдан гөрі көптің

ыңғайына жығылу сипаты басым түсіп жатты. Соның
нәтижесінде де батыстық, шығыстық деспотияның ең
ұзақ сақталған аймақтарында тұратын бұл халықтардың
саяси мәдениетінде жекебастық көзқарас, жекебастық баға

өз дәрежесінде көріне алмай жатыр. Көптің ығында кету
бұрынғы жағдайда қоғамдық көңіл күйдің ақылға сый­
мастай көнбістігін, сол арқылы орнайтын тұрақтылығын
қамтамасыз етіп келсе, кейінгі жылдарғы сілкіністер

ақылға сыймастай сенгіштік пен аумалы-төкпелілікті
күшейтті.
Турасын айтсақ, әсіре қауымшылдық бір-біріне тәуел­
ділікті, ол көптің ыңғайына көнгіштікті, ал ол жоғарыдан

берілер ақыл-кеңес пен нұсқауға сенгіштікті дамытты.
Өйткені, кеңес қоғамын құрап келген адамдардың көпші­
лігі тарихи-мәдени жағынан идеялық-басыбайлылық ру­
хында тәрбиеленгендер еді. Олардың өмірге деген сенімі,

рухани тұрақтылығы, негізінен, әркімнің өз қабілетіне, өз
мүмкіндігіне деген нақты сенімі мен нақты түсінігіне емес,
қоғамдық даму ылғи да жақсылыққа қарай өрістейді, оны
бағыттап отырған объективті күш бар, жоғары идеяларды

да сол туғызады деген ұғымға негізделген еді. Бұл жағынан
қарағанда, олардың қоғамдық сенімі ғылыми сенімнен
гөрі мифололгиялық сенімге көбірек келіңкірейтін еді.
Ғылыми дүниетанымда бір сенімнен екінші сенімге

Ғасырлар тоғысында
көшу үшін қанша рухани күш-жігер жұмсау керек бол­
са, мифологиялық дүниетанымда бір сенімнен екінші
сенімге көшу үшін бір-ақ нәрсе – көпшіліктің қай ыңғайға

жығылып бара жатқандығын уақтылы аңғарып отырудан
басқа ештеңе қажет болмай қалады.
Кейінгі жылдар бұрынғы кеңестік дүниетанымда
мифке сенудің басым жатқанын байқатты. Сондықтан да

ол кейінгі он жыл ішінде әлденеше рет эйфорияға түсіп,
әлденеше рет аузы күйді.
Бірінші рет, тоқырау тұсында герентократия кетсе,
аса бай елдің бар мүмкіндігін пайдаланып, социалистік

жолдың өзімен-ақ әл-ауқаты тасыған қоғам орнатуға бо­
лады деп дәмеленді. Андропов бастамаларына айрық­ша
ықыласты болғандығы да сондықтан. Бірақ, көп ұзамай,
біреудің соңынан біреу шырақ алып түсетін үрдіс қайта

бас­талған кезде қоғамның шын мәнінде демократияла­
ну­ын жақтайтындар көбейді. Бұл процесті КОКП өзі
бас­тайды дегенге сенді. Горбачев билігінің алғашқы
жылдарын­дағы энтузиазм содан өрбіді. Алайда КОКП

өз бастамасын өзі дәйектілікпен қорғай алмай, ре­
форматорлық жолға түспей, билікке таласатын күштердің
өңшең бір итжығыс сахнасына айналып кетті. Партия
басшылығында болғандардың қазіргі Конституциялық

сотқа берген айғақтарына қарағанда, тоқырау тұсындағы
ахуалды бұрынғыша қалдыруға болмайтынын бәрі де
қолданғанмен, оны қалай өзгертуге болатындығы жайында
басы ашық байыптамалар ешқайсысында да болмағанын

байқатады. Жоғарғы қабаттағы күрес ашық позициялар
мен концепциялық тенденциялар арасындағы тартысқа
емес, билік жолындағы тартысқа, жоғары лауазымды
адамдардың бір-біріне деген әсіре секемшілдігі мен әсіре

сенімпаздығынан туындайтын итірқылжыңдарға айналып
кеткендігі де сондықтан болса керек. КОКП ұзақ жылдар­
ғы дербес билікке әбден үйреніп, ішкі оппоненттер мен
аппараттық ойындар арқылы, сыртқы оппоненттермен

Ә. Кекілбайұлы
қағаз бетіндегі құрғақ дау арқылы есеп айырысып үйреніп,
шынайы саяси күрес машықтарын ұмытып қалғандығы
анық байқалды. Ол, әсіресе, соңғы съезд тұсында ерекше

көзге түсті. Жұртшылықтың бұл партия әуелі өзін-өзі
реформалап, сосын қоғамдық реформаларды ойдағыдай
бастап кете алады деген сенімі азая бастады. Мәселені
тамыз оқиғалары одан әрі ушықтырды. Ол тұста ашық по­

зиция көрсете алмағандығы КОКП-ның беделін біржолата
түсірді. Пәлен жылдар бойы ең ұлы державаның біреуін
дербес билеп келген, миллиондаған адамдардың басын
құрайтын партияның бірер күннің ішінде саясат сахна-

сынан аласталып шыға келуі, оған ешқандай арашашы
күштердің табылмауы – бұл құрылымның өз ғұмырын
әлдеқашан өзі құртып қойғандығын байқатса керек.
Билік басына келгесін де, астыртын күрес жағдайында

жүргендегі негізгі жарғылық қағидаларын өзгертпей, ав­
торитаризм тұтқынында қалып қойған партия реформация
тұсында да өз шідеріне өзі маталып, әуелі биліктен қалай
айырылып қалғанын, артынан өз басына өзі сор тілеп

ал­ғанын өзі де байқамай қалды. Соңғы қырық жылдан
астам уақыт бойына жеке адамға табынуды сөз жүзінде
мансұқтап келе жатқан бүқаралық партия іс жүзінде бір
кісінің айла-шарғысының соңынан салпаңдап ерді де

отырды. Ондай құрылым күллі қоғам Конституцияға емес,
партиялық жарғыға бағынатын жаппай басыбайлылық
жағдайында болмаса, пікір әралуандығы мен саяси пози­
циялар әралуандығы тұсында ел басқара алуы еш мүмкін

емес еді.
КОКП трагедиясының тағы бір сыры – тым орталық­
тандырылып жіберілгендігінде еді. Шын мәнінде, ол
бұқаралық партия болмай шықты. Оның тағдырын сана­

улы адамдардан тұратын элита шешіп келген болды. Ал,
миллиондардың партиялық бұқарасы солардың пиғылын
көпшілік пиғылы қып көрсетуге бағытталған құлақкесті
механизм ғана болып шықты. Сөйтіп, күні кешеге дейін өз

Ғасырлар тоғысында
қоғамымызға өнегелі еңбек етіп келдік деп ойлап жүрген
миллиондаған жандар бірер күннің ішінде өз қоғамына
өздері өгей болып шыға келді. Бұл – тек солардың ғана

емес, күллі қоғамның моральдық ахуалына әсер етпей
қоймайтын фактор еді. Ондаған миллиондаған жандар­
ды сүтке тиген күшіктей қылуды армандайтын күштер
күллі қоғамдық-психологиялық диссонансты күшейтпесе,

бәсеңдетпейді. Біздің бүгінгі ахуалымызға коммунистік
реваншизм қандай қатерлі болса, коммунистерге қарсы ре­
ваншизм де сондай қатерлі. Бірақ коммунизмнің идеялық
та, практикалық та жеңілгені рас. Ең алдымен, өзі ұстанып

келген қағидалардың өміршеңдігін дәлелдей алмады.
Екіншіден, өзін жетілдіре отырып, қоғамды да жетілдірмек
бастамасын аяғына дейін апара алмады. Сөйтіп, бұқара
сенімінен айырылып қалды. Алайда, мұндай даусыз

моральдық жеңілісті пайдаланып, бірден жойымпаздыққа
ұрыну билік сахнасына шыққан жаңа күштерге тиімді бол­
ды деп айта қою қиын. Саяси монополизмді емес, консти-
туциялық құрылысты, саяси доктрина үстемдігін емес,

хұқық үстемдігін жақтайтын күштер жойымпаздыққа бой
алдырмағаны дұрыс еді Ол қоғамның тезірек сауығуына,
демократиялық үрдіске тезірек көшуіне қолайлырақ бо­
латын еді.

Кеңес адамдарының үшінші рет эйфорияға ұрынып,
үшінші рет аузы күюі, міне, осы арадан, тамыз оқиғалары­
нан кейінгі желпіністерден басталады. Қазір бұл екі
ортадағы өзгерістерді бір жақты әспеттейтіндер де, бір

жақты мансұқтайтындар да толып жатыр. Бірақ нақты
жағдай іске пайымдырақ қарауды талап етеді. Бұдан бір
жыл бұрын, 1991 жылдың қазанында инфляция 6 процент,
өндірістің құлдырауы жылына 15 процент, ақшаның кур­

сы – 1 доллар 160 сом еді, ал биылғы қазанда инфлияция
айына 28 процент, өндірістің құлдырауы жылына – 15
процент, курс – 1 доллар 368 сом болып отыр. Парла­
ментаризм социологиясы институтының тарауларына

Ә. Кекілбайұлы
қарағанда «өмірге риза еместер»: 27.02.92 – 65 процент,
05.03.92 – 68 процент, 12.03.92 – 69 процент, 19.03.92 –
73 процент, 29.09.92 – 62 процент, 15.10.92 – 71 процент

болып отыр. Мәселен, мәскеуліктердің арасында тек соңғы
бір айдың ішінде өзін кедейлік шегінен де төмен тұрамын
деп есептейтіндер 42 проценттен 47 процентке өскен,
орта деңгейде күнкөрісім бар дейтіндер 55 проценттен 49

процентке дейін төмендеген, тек бар болғаны 1 процент
халық қана өзін ауқаттымын деп санайды.
Бәлкім, біреулер мұнда таңғалатын не тұр деп есептер.
Э. Гидденстің есептеуі бойынша, 1987 жылы Ұлыбритания

халқының 1 проценті жеке байлықтың 21 процентін, 5
проценті акциялардың 90 процентін, жалпы табыстың 16
процентін, ал халықтың тек жарымы бар болғаны акция­
ның 4 процентін және жалпы табыстың 5-ақ процентін

иемденген ғой дер. Ал бірақ, сол елу процент халықтың
кез-келгені мен қазіргі өз өміріне риза емес жетпіс бір
проценттің кез-келгенінің орташа күнкөріс деңгейін
салыстырып көріңізші, қайсысының пайдасына шығар

екен?! Оның үстіне, дәулет кереғарлығы Ұлыбританияда
ғасырлар бойы қалыптасты. Кейінгі ғасыр онда дәулет
кереғарлығын түбірінен жойып жіберу жолында емес,
халықтың әл-ауқатының орташа деңгейін көтеру жолында

еңбек етті. Ал, біздің бұрын жаппай орташа қоңторғай күн
кешіп келген қоғамымыз тез арада дәулет кереғарлығына
ие боп шыға келді. Тағы бір ескеретін жағдай, тоқыраудың
кейінгі жылдарынан бастап біздің қоғамымыздың барлық

топтарында не тікелей, не жанама түрде капитализмді
әспеттеу орын алды. Әлеуметтік құрылысты өзгертуге де­
ген жалпы келісім де сол әл-ауқаттың тезірек жақсаруына
деген жаппай сенімнің нәтижесінде қамтамасыз етілген-

ді. Оның орнына одан сайын құлдыраудың тап болуы
күйзелісті күшейте түсері хақ.
Не де болса, бүгінгі таңда тек экономикалық күйзеліс
қана емес, үлкен әлеуметтік күйзеліс те бар. Жұрт тағы да

Ғасырлар тоғысында
сенімнен айырыла бастады. Кешегі сеніп келгендерінің
көпшілігі тағы да әлеуметтік мифке айнала бастады.
Тоталитаризмнің күйреуі демократияны орната салған

жоқ. Кешегі билеуші топтар арасындағы тартыс бүгін би­
лік институтының арасындағы тартысқа ұласты. Демокра­
тия әдейі мақсат болудың орнына билікке таласқан топтар
мен саяси институттардың қолындағы күрес құралына

айналып барады. Ондай күрес экономикалық талан-тараж­
ды күшейтпесе, азайтқан жоқ. Бұл күйзелістерді желеу
етіп, қалыптасып отырған жағдайды өз пайдасына шешіп
қа­луға тырысатын күштер де аз болмай отыр. Біреулер

бү­гінгі қиындықтардың арқасында кешегіні, бұрнағы
күнгіні, тіпті баяғыдағыны көксеушілікті күшейтуге
тырысып бағуда. Екінші біреулер кейінге жүрмей, ілгері
ұмтылуға үндейді. Бірақ тезірек өркениетті ел болу үшін

жаңа авторитаризм, өркениетті авторитаризм керек дейді.
Коммунистерден кейінгі өркендеуді қамтамасыз ету үшін
де тегеурінді режимсіз болмайды дейді. Бұл екі қисынның
ар жағында да сол баяғы империялық даңғойлықты қайта

тірілту мақсаты жатқанын аңғару қиын емес. Өткенді
аңсайтындар не кешегі Одақты, не большевиктерден
бұрынғы империяны қайта тірілткілері келетіндіктерін
жасырып жүрген жоқ. Ал, жаңа тегеурінді режимді

жақтайтындар кешегі кеңес империясының орнына Еура­
зия Құрама штаттары сипаттас жаңа Өркениетті Империя
орнатудан кет әрі еместігі байқалады Не де болса, олар
бұрынғы кеңестік саяси кеңістіктегі демократиялану,

өзін-өзі билеушілік процестерін бұдан әрі тереңдетуге
құлықты емес.
Батыс зерттеушілерінің бұдан бірер жыл бұрын
болжамдаған сценарийлері бұл салада да әлі белгілі бір

айқындыққа жете алмай отыр. Варшава университетінің
профессоры Ежи Вятр былтыр шыққан «Күні батқан жүйе,
Шығыс Еуропадағы демократиялық социализмнің тари­
хы мен болашағы» атты кітабында бұрынғы социалистік

Ә. Кекілбайұлы
жүйедегі елдердің жағдайы енді мынандай жолдармен
өрбуі ықтимал деген болжам айтады:
Бірінші жол – көп партиялы, алуан пікірлі демократия

бастапқы кезде болмай тұрмайтын тартыстар мен қай­
шылықтарды жеңіп, батысеуропалық демократия сипаттас
үрдіске көшеді. Алғашқы кездегі әртекті оппозициялық
қозғалыстар салауатты партияларға айналып, саяси өмір

сабасына түседі. Әуелі оңшыл және оңшылорта партиялар
қызу қолдау тауып, кейін мүдделердің мейлінше саралана
жіктелуіне байланысты биліктер құрылып, олардың өзара
өкімет алмасуы тәжірибеге енеді. Мұндай тәсіл жүзеге

асуы қиын болғанмен, демократияны құлатпайды. Бірақ,
бұл жолдың Кеңес Одағы, Югославия, Чехо-Словакия
секілді құрама мемлекеттерде өте үлкен кедергілерге
кездесуі мүмкін.

Екінші жол – қоғамдық-экономикалық күйзелістің
күшеюі, ұлт мәселесінің уақытылы шешілмеуі, авто­кра­
тиялық саяси күштердің, әсіресе кек қайтаруға тырысушы
күштердің тарапынан ұдайы қысым көрсетілуі мемлекет­

тік төңкерістерге, көше соқтығыстарына, төтенше жағ­
дайларға ұрындыруы кәдік. Латын Америкасы, кейбір
Азия, Африка елдері тәжірибесі көрсеткендей, мұндай сая­
си әуре-сарсаң ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Әсіресе

қару пайдалану оқиғаны «ливандандырып», азаматтық
соғысты тұрақты ахуалға айналдырып жіберуі ғажап емес.
Үшінші жол – автократиялық режим орнауы. Ол
теориялық жағынан мынандай үш жолмен: кешегі

коммунистік тоталитарлық режимнің қайта оралуымен,
әскери диктатура немесе ұлтшылдық бағыттағы режим
орнатуымен жүзеге аса алады.
Төртінші жол – авторитарлық режимнің демократиялық

социализммен алмасуы. Мұндай режим жерге пейіш
орнатпақшы қиялдан саналы тұрде бас тартады. Аралас
экономиканы дамытады. Меншік саласында қоғамдық
меншік басым түседі. Экономика нарықтық қатынас

Ғасырлар тоғысында
қағидалары негізінде дамиды. Мемлекет экономикаға тек
әлеуметтік әділет мақсатында ғана аралас алады.
Мемлекеттік меншік сақталғанмен, оған өкімет билік

етпейді. Кәсіпорын дербестігі қадағаланады.
Бұл жолдың ықтималдығына Батыс Еуропадағы
социалистік партиялар мен кәсіподақтардың жеңісі дәлел
бола алады. Бірақ, бір кездегі «кемелденген социализм­

нен» қалған жағымсыз әсерлер аталмыш үрдістің жеңіске
жетуіне көп кедергі болатыны да сөзсіз.
Бүгінгі таңда реформа бұл төрт арнаның төртеуіне де
анық түсе қойған жоқ. Экономикалық реформа жүргізудегі

асығыстық пен дүдәмалдық әлеуметтік күйзелістерді
күшейте түсуде. Ол күйзелістердің шамадан тыс асқынуы
аталмыш әрі-сәрі хәлді одан әрі созып жібере ме, жоқ
оқиғалардың даму барысын әлгі жолдардың біріне, не

бүгін ешкімнің көкірегіне әлі қонақтай қоймаған басқа
бір жолдарға түсіріп жібере ме – оны кесіп-пішіп айту
мүмкін емес.
Біздің басымызға тәуелсіздік құсы, міне, осындай

алмағайып кезде қонып отыр.
Оны қайта ұшырып алмаудың, аңсаған арманымыздан
қайта айырылып қалмаудың жолдары бар ма? Бар болса –
қандай?

3. ИӘ, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖОЛЫ ЖІҢІШКЕ,

ЖҮГІ БАТПАН ЕКЕН....

Олай болатыны, ол орасан мықтының әбден ойсырауы
арқасында ғана жүзеге асатынын жоғарыда айттық. Бір
жағынан күйреп жатса, бір жағынан орнап жатады. Бір
жағынан күйзелгеніңмен, екінші жағынан тәубе деуіңе

тура келеді. Көңілге дәт қылатының да сол. Ең жаманы –
үміттің үзілгені ғой. Құдайға шүкір, біздер үшін ондайдың
беті аулақ.
Күйзелгенде көбіне неден күйзеліп жүрміз? Экономи­

калық таңқылық пен тапшылықтан, әлеуметтік әрі-

Ә. Кекілбайұлы
сәріліктен, саяси екіұдайылықтан. Ең бастысы, соның
бә­рінің біздің ырқымыздан тысқары болып жатқандығы­
нан. Біліп отырып, білгенімізді жүзеге асыруға мүмкіндік

тумай қойғандығынан.
Ал, бірақ, тереңірек ойлансақ, күйреген жерде күй­
зелістен басқа не қалушы еді?! Күйзеліске дейін құл­
дырамаса, жарты жаһанды жамбасына басып отырған

империя құлар ма еді? Ол құламаса – ғасырлап күткен
тәуелсіздігіміз орнар ма еді?!
Ендеше, соған шүкіршілік етелік те, енді қайтпек керек
екендігін мықтап ойланайық. Ол үшін өткен-кеткенге де,

бүгін жан-жағымызда не болып, не қойып жатқанына да
байыптай көз салайық.
Тарихта тап бұлай боп отырғаны бірінші рет емес.
Қазіргі тәуелгіз мемлекеттердің көпшілігі әлемдік

империялардың күйреуі нәтижесінде пайда болды. Ол
әдетте әлемдік үстемдікке ұмтылған астамшылдықтың
тым асқынып, ішкі қарсылық пен сыртқы қарсылықтың
тым күшейіп кеткен кезеңдеріне тап келеді. Мұндай аху­

ал, көбіне көп, не дүниежүзілік соғыстар нәтижесінде, не
былайғы дүниеге қауіп төндіре бастаған тоталитарлық
үрдістің басына іс түскен кезеңде орнайды. Еуропаның,
Африканың, Азияның көптеген елдері екі дүниежүзілік

соғыстың нәтижесінде тәуелсіздікке ие болса, Латын Аме­
рикасы елдері елгі соңғы айтқандай оқиғалар тұсында азат
болды. Шығыс Еуропа мен Кеңестер Одағы құрамында
болған мемлекеттер басындағы ахуал да осы соңғы

мысалға келіңкірейді.
Бірақ империя тұзағынан енді-енді құтылған елдердің
басында болатын жалпы ахуалдың арасында тап анау
айтқандай айырмашылық бәрібір бола қоймайды. Екі

жағдайда да енді тәуелсіздік алған елдердің тартатын
қиыншылықтары көбіне бірдей.
Сондықтан да біз тәуелсіздікке бүгін ие болып отыр
екенбіз деп, ондай мәртебеге бұрын жеткен елдердің

Ғасырлар тоғысында
тәжірибесіне иек артпай отыра алмаймыз. Ол біреудің
тағдырын солайымен қайталап шығу деген сөз емес, өз
басымыздағы кепке тереңірек түсіну үшін, одан туындай­

тын шешімдер мен шараларды қапысыз нақтылай түсу
үшін қажет.
Сонымен, тәуелсіздік алған мемлекеттер мұндай
кезеңде қалай әрекет еткен еді?

Біреулері тәуелсіздік ала сала өз ішінде кешегі
отаршылдық тұсында кімнің қандай мінез танытқаны үшін
өзара есеп айыруға көшті; сондай дау-дамайдан абырой
тауып, сол арқылы билік алуға тырысқан іріткі күштердің

ырқында кетті. Бұл азамат соғысына ұрындырды.
Екінші біреулері бұрынғы метрополиямен шұғыл есеп
айырысуға кірісіп, онымен ашықтан-ашық қырғи-қабақ
саясат ұстанды. Бұл жаңа отаршылдық (неоколониализм)

қаупін күшейтті.
Үшінші біреулері сөз жүзінде тәуелсіздік алғанмен, іс
жүзінде бұрынғы метрополияның жетегінде жүре берді.
Мұндай жандайшап саясат бүгін болмағанмен, күндердің

күнінде тәуелсіздіктен қайта айырылуға мәжбүр етуі
мүмкін.
Төртінші біреулер бұрынғы одақтастарына атымен
кереғар одақтастардың бауырына кіруге асығады. Ондай

оңай жалтармалық әлемдік геосаяси шытырмандар мен
шырғалаңдардың көзсіз тұтқынына айналдырып жіберуі
де ғажап емес.
Бесінші біреулер тәуелсіздіктің жөні осы екен деп,

есік-терезесін бірдей қымтап алатын томаға-тұйықтыққа
түседі. Ондай мемлекеттердің оңай нығайып, тез арада
құлпырып кете қойғанын ешкім көрген емес. Өйткені,
дүниеде еш мәселеде ешкімге ісі түспейтін, бәрі өзінен

табылатын, төрт жағы төрт құбыла мемлекет жоқ.
Алтыншы біреулер тәуелсіздігін пайдаланып, ай­
мақтық астамшылыққа ұрынып, жан-жағына тиісіп,
жергілікті жанжалдарға бой алдырады. Ондай мемлекеттер

Ә. Кекілбайұлы
жақын көршілері үшін сүйкімсіз, былайғы дүние үшін
сенімсіз болып шыға келетіні бесенеден белгілі.
Жетінші біреулер алыстағыларға иек артып, жа­

қындағыларға мән бермейді. Мұндай тәкаппарлық та
аймақтық ұрыншақтықтың кигізетін кебін кигізері сөзсіз.
Сегізінші біреулер тек шектес көршілерінің ғана қас-
қабағына қарап, былайғы дүниемен ықпалдаса алмайды.

Ол аймақтық томаға-тұйықтықтың көзсіз көбелегіне ай­
налдырады.
Тоғызыншы біреулер тек діни-мәдени тамырластық
немесе таптық сипаттағы ыңғайластыққа бір жақты бой

алдырады. Бұл жол діни-мәдени жікшілдік пен таптық
жікшілдік матауында қалдырып, былайғы дүние тарапы­
нан мүдделестік пен құлықтылық тапқызбайды.
Оныншы біреулер қалыптасып отырған тарихи жағ­

дайды пайдаланып, өзінің табиғи, әскери, саяси, гео­сая­
си, экономикалық мүмкіндіктерін дәл мөлшерлеп, соған
лайық сыртқы ықпалдастыққа ұмтылып, ішкі жарастықты
ыждаһаттайды.

Бұл жол іште ынтымақ орнатып, сыртқы дүние тара­
пынан шынайы ықылас оятады.
Алдыңғы тоғыз жолдың жас егемендіктердің қалай
тауын шаққандығына екінші дүниежүзілік соғыстан кейін

тәуелсіздік алған мемлекеттердің өмірінен талай мысал
тауып беруге болады. Ал, оныншы жолға түскендердің
тап өйтіп ауыздары күйе қойған жоқ. Басқаны айтпағанда,
күйрей жеңілген Германия мен Жапонияның өзі айна­

ласы жиырма жылда экономикалық кемелділігін, отыз-
қырық жылда саяси дербестігі мен тұтастығын қалпына
келтіре алды. Егер кешегі айрылып қалғанын ойлап, әсіре
кекшілдікке, халқының саны мен тарихының байлығын

ескеріп, әсіре шамшылдыққа ұрынса бұл жағдайдың
ешқайсысына да жете алмас еді. Онымен қоймай, әлемдік
тайталасты одан әрі ушықтырып, қырғиқабақ ахуалдың
бүгінге дейін созылуына себепші болар еді. Бұл екі

Ғасырлар тоғысында
мемлекеттің екеуінде де өзара есеп айырысуға, сыртқы
ортамен қайтадан есеп айыруға шақырған кекшіл күштер
де, оған еруі ықтимал күштер де табылды. Бірақ, саяси

ұстамдылық пен көрегендік басым түсті. Олар ұстанған
саяси прагматизм өз жағдайларында дүниежүзілік саяси
ахуалды да жақсартып алуға мүмкіндік берді
Біздіңше, кейінгі жылдары тәуелсіздікке ие болған

мемлекеттер де осы оныншы жолды – саяси прагматизм
жолын ұстанғаны жөн болыңқырайтын сияқты.
Прагматизм – әрине, максимализм емес. Пәлен ғасыр­
лар бойғы кетіп келе жатқан есе бірер жылда қайтпайды.

Ендеше, кекшілдік өзіңе де, өзгеге де шөп шығармайды.
Асығыстықтың да тапқызар абыройы шамалы. Әлің жет­
пес мақсат қойсаң, ертең өзіңнің қаралай сілең қатады.
Былайғы жұртқа күлкі боласың. Ал, саясатта да абырой

керектігі әркімге-ақ мәлім. Прагматизм – бірақ не болса,
соған иліге беретін соқыр көнбістік те, не болса, соны
шүкіршілік ететін жайдақ тәубешілдік те емес. Оған да
тәуекел керек. Алайда, өз мүмкіндігің мен қалыптасып

отырған жағдайдың сәті мен ыңғайын дәл мөлшерлеп,
дәл үйлестіре алатын икемшіл тәуекел керек. Мақсатынан
қайтпайтын, бірақ сол жолда тек ұпай жіберіп алмайтын
ұрымтал әрекеттерге ғана иек артатын тәсілшіл тәуекел

керек. Ондай тәуекелге, ең алдымен, сабыр мен шы­
дам қажет. Ол екеуі өзіңнің де, өзгенің де жағдайы мен
жай-жапсарын әбден пайымдап алуға мүмкіндік береді.
Осы реттен келгенде, әсіресе, Қазақстанға саяси прагма­

тизм қағидаларын ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да
табандылықпен ұстанбасқа жағдай жоқ. Оның орналасқан
жері де, ішкі демографиялық ахуалы да, табиғи ресурстары
да тек соны талап етеді.

Өйткені, Қазақстан аса бай табиғи ресурстары болған­
дығына, олардың тек өзін-өзі қамтамасыз етуіне ғана
емес, әлемдік экономикада елеулі орын иемденуіне мүм­
кіндік бере алатындығына қарамастан күні бүгін бірден

Ә. Кекілбайұлы
өз күнін өзі көріп кете алмастай халде. Бұған дейін
эко­но­микасының жеті-ақ процентін өзі қадағалап кел­
ген алдамшы дербестік Қазақстанды тұтынатын бұйым

шығару жағынан да, азық-түлік өңдеу жағынан да, тех­
нология мен энергетика жағынан да басқа аймақтарға
мықтап тәуелді етті. Шикізат өндіруші аймаққа айнал­
ды. Сол шикізат өндіретін технологияның өзі де бүгін

әбден ескірді. Инфрақұрылымдардың жабдығы да әбден
тозған. Өз ақшасы жоқ. Қаржымен қамтамасыз етілуде
бөгде станокқа ғана емес, бөгде өлшемдік жүйеге де, де­
мек бөгде бағалық саясатқа да тікелей кіріптар. Мұндай

жағдайда экономикалық дербестік бір күнде қалай орнай
қалмақшы?!
Қазақстанның жері батыстан шығысқа үш мың ша­
қырымға, солтүстіктен оңтүстікке екі мың шақырымға

созылады. Шекара сызығының ұзындығы он үш мың
шақырымға жуықтайды. Сонша шекара бойында не
шалқар теңіз, не асу бермес тау сияқты табиғи кедергілер
жоқ. Бәрі де жылмиған жазық. Мұндай шекараны тиісті

дәрежеде күзетіп тұрудың өзі үшін қанша адам, қару,
техника қаржы керек?!
Бұған Қазақстанның қазір дүние жүзіндегі қай мемле­
кеттің де көзін қызықтыратын минеральдық байлықтар­

дың ең мол қордаланған аймағы екенін қосыңыз. Ондай
аймақ шетте жатқандығын ежелден бір-бірімен тайта­
ласып келе жатқан екі әлемдік империяның екеуімен де
шекаралас жатқанын ескеріңіз. Ендеше, мұндай бірінші

дәрежедегі стратегиялық кеңістікті қорғау үшін бұрынғы
Кеңестер Одағы секілді милитаристік елдің қанша әскер,
қанша қару-жарақ ұстауға мәжбүр болғанын өзіңіз есеп­
тей беріңіз. Ал онымен тайталасып келген көрші ірі

мемлекеттің бұл шекараға қанша әскер, қанша қару-жарақ
төгетіні айтпаса да түсінікті. Бұл екеуі жетпегендей,
республиканың күнгей жағындағы таяқ тастам жердегі
әскери-саяси ахуалға назар салыңыз. Нағыз соғыс аймағы.

Ғасырлар тоғысында
Мұндай жағдайда түпкілікті қорғаныс дербестігі жайында
қалай сөз ете аласыз?
Тарихи тәжірибенің айтуынша, мемлекеттік тәуел­сіз­

діктің мықтылығының ең бір сенімді кепілі – халқының
этникалық бір өңкейлігі. Қазақстандағы ғасырлар бойы
бірде дербес, бірде басқаларға кіріптар, бірде басқалармен
одақтас жағдайда өмір сүріп келе жатқан мемлекеттің

тарихи егемендері, заңды құқ иелері болып келе жатқан
қазақтар қазір өз елі, өз жерінде 42 проценттен зорға
асады. Қалғандары – тек осы ғасырдың ішінде ғана жан-
жақтан өз еркімен, не еріксіз көшіп келген бөгде 130-дан

астам этникалық топтардың өкілдері. Діл, тіл, мәдениет
жағынан ала-құла. Бірақ, өз территориясынан шалғай
жүрген халықтардың қай-қайсысы сияқты олар да өз тіл,
өз мәдениетімен қоса екінші бір ортақ тіл, ортақ мәдени

үрдістерге бейімделген. Ондай тіл, ондай мәдениет ретінде
өздері көшіп келген жаңа аймақтың табан жұртының тілі
мен мәдениетін алмай, оның өзі құрамында болып келген
бұрынғы одақтың ең көп, ең басым ұлтының тілі мен

мәдениетін таңдап алған.
Бұл тек бұл ма? Түпкілікті емес этникалық топтардың
басым көпшілігі шектес-шекаралас жатқан мемлекеттер­
ден шыққан. Олардың сыртында өздерінің тарихи отан­

дарынан күллі ұлтымен күштеп айырылғандар, өздерінің
ұлттық-территориялық дербестігін әліге дейін қалпына
келтіре алмай жүрген этникалық топтар қанша? Оларды
мұндай халге ұшыратқан мемлекет жойылды. Енді олар

әлгі заңды талаптарын кімге қоймақшы?
Мұндай жағдайда қандай демографиялық бір өңкейлік,
бір ыңғайластық жөнінде дәметуге болады?!
Еуроазияның қақ кіндігіне орналасқан Қазақстанды

бүгін таңда қай жағынан да әбден қалыптасып үлгерген
орнықты саяси режим қоршап тұрған жоқ. Теріскейі мен
батысы – әлі демократия жағына мықтап шығып болмаған,
кешегі коммунистік империя мен аяғы патшалық монар­

Ә. Кекілбайұлы
хия үрдісін қайта орнатуды армандайтындардың күшті
қоқан-лоққыларына бірдей ұшырап, әрі-сәрі хәл кешкен
үлкен ел; күнгейі – енді-енді қаз тұрып келе жатқан, бірақ

анық-танық саяси келбетін әлі тауып болмаған балаң
мемлекеттер, ал олардың әлі бір жағынан – діни фунда­
ментализмнен, екінші жағынан – шығыстық деспотиялық
саяси дәстүрлерден, үшінші жағынан – ұлтараздығынан

уақтылы қол үзіп үлгермеу салдарынан қиындықпен кел­
ген тәуелсіздіктің жемісін әлі жей алмай, орнықсыз аху­
алда отырған елдер; шығысында – қайдан қайда бағыттап
бара жатқанын әлі басын ашып айта қоймаған, халқының

саны жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет.
Бұндай жағдайдағы жаңа мемлекеттік геосаяси
ахуалының қаншалықты күрделі болатыны айтпаса да
түсінікті.

Бір кезде Қазақстанның отаршылдықтан ең көп зардап
шегуіне мәжбүр еткен де оның осы геосаяси орналасуы
еді. «Бұл қонысқа қондырған ата-бабам оңбасын таңда
сират басында»,– деп Махамбет ақын күйінгендей, ашынса

ашынатын-ақ жағдай. Тап сол жағдай Қазақстанды батыс
отаршылдығының алғашқы құрбандығына айналдырды.
Тап сол жағдай Қазақстанның демографиялық келбетін ел­
ден алабөтен ала-құла етті. Тап сол жағдай қазақ ұлтының

ұлттық болмысына да ауыр зардаптар салды. Тап осы
жағдай бүгінгі Қазақстанға төніп тұрған жаңа отаршылдық
қаупінің былайғы мемлекеттердің қай-қайсысына қара­
ғанда да мейлінше зор екендігін байқатады. Тап осы

жағдай қазір саяси прагматизм былайғы мемлекеттерге
жүз есе керек болса, Қазақстанға мың есе керек екендігін
түсіндіреді.
Олай болса, бұрынғы тәуелсіз мемлекеттер бастан

кешкен жоғарыда айтылған жолдардың алғашқы тоғызы
Қазақстанға атымен келмейді. Ол жолға түскендердің
шеккен тауқыметі Қазақстан жағдайында тым шектен
асып кетуі ықтимал. Егер ол өз ішінде өткен үшін есеп

Ғасырлар тоғысында
айырысуды бастаса, ұлтаралық тыныштықтан да, ұлтіші­
лік тыныштықтан да бірден айырылады. Кекшілдіктің
кез-келген көрінісі түпкіліктілер мен түпкілікті еместердің

қақ жарылып, қарсылас майдандарға бөлініп кетуі мүмкін
екенін әлденеше рет аңғартып жүр. Ол ұлтішілік бірлікке
де орасан нұқсан келтіреді. Пәлен ғасыр отаршылдықта
болған елдің басындағы билеуші топтардың қай-қайсысы

да ұланбайтақ елдің қай аймағының да көңілін бірдей тап­
ты деп ешкім айта алмайды. Оның үстіне отаршыл саясат
қай ұлттың болмасын өз ішіндегі қайшылықты шебер
пайдаланатыны белгілі. Көп ғасыр бойына көшпелі мал

шаруашылығын үрдіс еткен елдің жинақы отыра алмағаны
рас. Әрқайсысы әр пұшпақта шашырап жүріп, отырықшы
елдердегідей бір-бірімен мидай қайнасып, араласып кете
алмағаны тағы белгілі. Сондықтан да, оның бойында

қоныстық, тектік жіктелудің жік-шекарасы әліге дейін
анық сайрап тұр. Патша да, кеңес диктатурасы да бұл си­
патты шебер пайдаланды. Біреуі аталастыққа қарап ауыл,
болыс, уезд құрды, жүзіне қарап әрқайсысын әр губерния­

ға бағындырды. Екіншісі, тап сол қағиданы басшылыққа
ала отырып, колхоз, совхоз, аудан, облыс құрды, кадр
іріктеді. Қазақ екеуінің тұсында да «бір-біріне көз алар­
тудан», «бір-біріне айдап салушылықтан» арыла алмады.

Енді соның бәрі қайта қопсытылып, ежелгі инстинктер
қайта оянар болса, меншік бөлісу мен билік бөлісудің қай­
та қызып жатқан кезінде баяғы суға талас, қонысқа талас,
шарға талас қайта тірілсе, қазақтың соры бұрынғыдан да

қалыңдап шыға келеді.
Оның үстіне қазақ сүйегіне кеңес жылдарында ғана са­
лынған жаңа жік, жаңа дақтарды қосыңыз. Жеті миллион
қа­зақтың бәрі коммунист болған жоқ. Болмағандары да

бар. Бәрі бірдей номенклатураға іліккен жоқ. Ілікпегендері
де бар. Бәрі бірдей қазақша оқыған жоқ. Орысша
оқығандары да бар. Бәрі бірдей өз қандасына некелескен
жоқ, басқа тектермен қойындасып кеткендері де аз емес...

Ә. Кекілбайұлы
Қазіргі жаппай тайталас ахуалды желеу етіп, болғандар
мен болмағандар, сенгендер мен сенбегендер, іліккендер
мен ілікпегендер, қалада туғандар мен ауылда туғандар,

қазақша оқығандар мен орысша оқығандар, «тазалар» мен
«шаталар», тағысын тағылар боп, өзара сілкілесіп кетсек,
елдіктен не қалады, егемендіктен не қалады?
Қазақтың жерін кең қылып берген тағдыр, соған бай­

ланысты сорын да аз қылып бермеген. Шөлі де, нуы да,
құйқалысы да, тақыры да аз емес. Біреуінде өзі отыр,
біреуінде өзгелермен аралас отыр, біреуінде өзі басым
отыр, біреуінде өзге басым отыр. Қазіргі әлеуметтік,

экономикалық жіктелуде бұл да ескерілмей қалмайды.
Осыншама кең байтақ аймақтың бір пұшпағы құлпы­
рып, екінші пұшпағы құлазып тұр. Ауыл мен қала тұр­
ғындарының көрген нәпақасы мен тартар тауқыметі бірдей

емес. Бәрі де көзге ұрып тұрған қайшылық.
Дүние жаратылып, су аққалы Құдай да, пайғамбар да,
хандар да, патшалар да, социализм де, қайта құру да бір
жағына шығара алмаған бұл қайшылықтарды әлі қаз тұрып

болмаған тәуелсіздігіміз қайдан бір күнде бір тегіс қып
жөндеп шыға алсын?!
Егер қайсымыздың да шымбайымызға бататын осы
бір келеңсіздіктің әрқайсысын әрқайсымыз айтып, ұран­

дап шыға келсек, көп тауқыметін енді түсініп, кө­рін­
ге­німізді көктен түскен Әзіреті Әлідей көріп отырған
көңілшек халқымыз бала-шағасының аузынан жырып,
әрқайсымыздың қалтамызға бір-бір миллионды салып,

бір-бір қоғамдық қор мен қозғалысқа басшы қылып
шыға келеді. Бірақ, ондай жолмен қай шөлді көл етіп, қай
қырсықтың алдын бөгей алып жатырмыз? Айтсақ, баяғыда
болып, бояуы сіңіп кеткендерді айтып, абырой тауып жүр­

міз. Ендеше, ел басындағы әралуан сорды айтып, бір-бір
желмаяға мінген бір-бір Асанқайғыдай бет-бетімізге зар­
лап, кісі басына бір-бір партия құрып алғаннан не ұтамыз?
Кешегі бірлікті, нағыз топтасқандықты көрсетеміз деп

Ғасырлар тоғысында
жаппай ауыз ашпай қалғандығымыздың заңдастырылған
құлақкесті құлдық болып шыққаны сияқты бүгінгі кісі
басына бір-бір ту ұстап, ұйым құрып, ұрандап шыға

келгеніміз де ертең заңдастырылған алауыздық болып
шығып жүрмесіне кім кепіл бола алады? Өзгеге дегенде
жым-жырт басымыз өзіміз дегенде осыншама айқайшыл
болып кететініміз қалай осы? Ұйымдассақ, ұйтқымыздың

қойыла түсуі үшін, халқымыздың құлағы тыныш болу
үшін ұйымдасқан жөн емес пе? Бар қозғалыстарымыз бен
партияларымыздың саяси белсенділігі мен салихалылы­
ғын арттырып, алдағы сайлауларда ұпайымызды жі­бер­

меуге әзірлей білсек, соның өзі-ақ дәтке қуат емес пе?
Қысқасы, тәуелсіздігіміз бекем болсын десек, Қазақ­
станда да, қазақта да бірлік болғанына тырысуымыз қажет.
Ол үшін қауым болып, өз ұйтқысын өзі шайқамайтын

парасат жолында қам жегеніміз дұрыс.
Ал мемлекетіміз сол ұйтқыны қалыптастыра алатын­
дай ұқыпты саясат жүргізуге міндетті. Ол үшін ұлт пен
территорияның барлық құрамдас бөліктерінің бәрінің де

мүдделерін бірдей әділ ескеріп отыруға күш салғаны шарт.
Өйткені, егемендіктің ең үлкен жаулары – жікшілдік те,
алауыздық та тек әділетсіздіктен өрбиді. Баяғыдан бері
келе жатқан көне өкпе-бопсаларға жаңа желеу, жаңа сыл­

тау іздей бергеннен ұтыларымыз көбеймесе, ұтарымыз
көбеймейді. Ол ұстамдылықты емес, желөкпелікті
күшейтеді. Ал ондайдың кейде онсыз да қолы қышып,
жаланып отырған жаңа отаршыл, ізі суымай тұрып, кек

қайтарғыш пиғылдардың қолдарына өзің барып бомба
ұстатқандай болып шығып жатқан жерлері де аз емес.
Егер жоғарыда сөз болған тоғыз жолдың екінші жолына
түсіп, бұрынғы метрополиямен есеп айырысуға тырыссақ,

қатерлі қуғыншыдан енді-енді құтылдым ба, жоқ па
деп отырған қоянның, соңындағы қасқырдың сүрініп
құлағанын көріп, қасына қайта жүгіріп барып, құлағынан
тартып ойнағанындай болар еді. Ашулы да, азулы империя

Ә. Кекілбайұлы
жеңілген сайын ызақор, жеңілген сайын кекшіл болатыны
естен шықпасын.
Ендеше әлгіндей еркелікті мультфильм көтергенмен,

саясат көтермейді. Оның үстіне біздің бұрынғы метрипо­
лиямызда империяны көксейтін, ол үшін кек қайтаруға
ынтық күштердің көп екені және аз ықпалға ие емес
екендігі көрер көзге көрініп тұрғаны ақиқат. Олардың

қайта-қайта сыртта жүрген миллиондаған отандастарды
айтып қақсауы да тегін емес. Бір кезде бірнеше жүз орыс
жауынгерін тұтқында ұстап отыр деп өздері таратқан
лақапты өздері желеу етіп, Қазан мен Хиуаға басып кірген

империалистік психология кез-келген қандасының кез-
келген өкпе-бопсасын малданып, кез-келген авантюраға
бара алатындығы байқалмай қалып жүрген жоқ.
Бұл мәселеде шорқақтар санатына қосыла қоймайтын

маман, бұрынғы АҚШ министрі Дж. Шлессинджердің
жуырдағы «Литературная газета» тілшісімен әңгімесінде
(14.10 92): «Басқа республикалардың үкіметтеріне өзде­
ріндегі орыс азшылықтарына жақсы қарау керек екендігін,

өйтпей, орыс азшылығына жаман қарап жүрсе, өртке
өздері май құйған болып шығатындарын ескеріп, қою
керек»,– деуі де сондықтан. Оның сұхбаттасы белгілі
саясатшы З. Бзежинскийдің тәуелсіз мемлекеттердің әл­

денеше себептер бойынша Ресеймен біреулерінің ты­ғыз,
біреулерінің өте тығыз, ал біреулерінің атымен аулақ­
та­нушылық қарым-қатынас ұстануға мәжбүр болып
отырғанын мойындай келіп, олардың ұлттық санасының

оянуы мен тәуелсіздікке қақылы екенін айғақтай келіп,
шекараларының ашық болуын, сауда-саттықтарының
еркін болуын, экономикалық қарым-қатынас, транспорт
пен байланыс жүйелерінің үзілмеуін жақтайтындығы да

осыдан. Неге өйтеді? Үлкендердің үлкендерге іш тартуы
ма? Ол да бар шығар. Бірақ, олар бұрынғы Кеңестер Одағы
территориясының тездетіп демократиялық кеңістікке
айналғанын қалайды. Ал бұрынғы доминиондармен екі

Ғасырлар тоғысында
ортадағы кез-келген текетірес Ресейдегі солқылдақ аху­
алды империяшылдық пен кекшілдік жағына ауытқытып
жіберуі ғажап емес. Ол аталмыш кеңістіктің демократияла­

нуына кедергі келтіреді немесе мүлдем кейінге қалдырып
қояды. Ол Ресейдің де, көршілердің де пайдасына
шықпайды. Ресей, демократиядан айырылса, көршілерінің
тәуелсіздіктеріне тікелей қауіп төнеді. Бұл – бүгін таңда

бұрынғы Кеңес Одағы аймағында тұратын әрбір саналы
адамға бірден түсінікті аксиома. Сондықтан да, Қазақстан
өзінің тарихи көршілерінің ешқайсысымен де, әсіресе
Ресеймен қырғиқабақ қатынас жүргізуге мүдделі емес.

Керісінше, онда демократиялық үрдістің жеңіп шығып,
баянды тату көршілік орнауына мүдделі.
Бірақ үшінші жолға түсіп, бір ыңғай жандайшап саясат
ұстанғаннан да ұшпаққа шықпайтынымыз тағы белгілі.

Ол қазірдің өзінде көрініп тұр. Экономикалық рефор­
мада, баға саясатында метрополия өз ықпалын күштеп
та­ңып отыр. Соның қырсығынан Қазақстан тұрғындары
өз мүмкіндігіне лайық өмір сүре алмай, ортақ баға ке­

ңістігіндегі қолдан жасалған қымбатшылықтың құрбаны
болып отыр. Метрополия өз бортынан суға түсірілген
шлюпкаларды арқанын үзбей жатып, сүйрей қашқан ке­
медей жас егемен мемлекеттерді көздерін ашар-ашпаста

экономикалық келеңсіздіктердің сұрапыл толқындарына
тұншықтырып бағуда. Мұндай ырықсыз ықпалды ырық­
тандыру үшін ортақ экономикалық кеңістік, ортақ ақша,
олардың барлық жаққа бірдей тиімді жүйесі жолында

амалсыз күресуге тура келеді. Әйтпесе, осы бағытпен
тұң­ғиық түбінен бір-ақ шығуың мүмкін. Оны түсінбей,
«Ресейге неге осынша кіндігіміз байланып қалды»,– деп
күйзелетіндер ниеті дұрыс болғандарымен, қалыптасып

отырған жағдаймен есептескісі келмейтін адамдар.
Ал енді төртінші жолға түсіп кетудің әлгіндей жағдайда
атымен мүмкін емес екенін былай қойғанда, ол бағзыдағы
бір ақын ағамыз айтқандай, ақ аюдан қашып, қара аюдың

бауырына барып тығылу сияқты көрінер ме еді.

Ә. Кекілбайұлы Егер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген тәуелсіз мемлекеттер әлгіндей етсе, ол кезде екі әлемдік жүйе болды. Капитализмнен безінгендері социалистік жолды жақтады. Ал қазір ше?! Жаңағы айтқандай, ақ аюдан қара аюға ма? Екеуінің де түрі бөлек болғанымен, түбі аю ғой. Бесінші жол – «томаға тұйықтық» жолы бүгін таңда экономикалық дербестікке де, дербес қорғанысқа да жағдайы жетпейтін жас мемлекет үшін бесікте жатып-ақ асылып өлумен бара-бар құбылыс болар еді. Сонда немене? Көршілеріміздің бәрі де елден ерен ірі екен деп, қай-қайсынан да санымыз кіші екен деп, бұға ­берсек, қалған жұрт соны дұрыс ұға қояды деп ойлайсыз ба? Жарайды. Ұқпай-ақ қойсын. Сонда ұқпағанда өзіміз барып ұрынуымыз керек пе? Әлде ешқайсысымен де ша­ руам жоқ деп теріс қарап отырып аламыз ба? Мүдделестік тапса, ісі түссе, сенен үлкен, сенен күшті бәрібір сені тыныш қоймайды. Күшті мен көп өз дәмесіне жетудің жолын бәрібір таба алады. Сондағы амал қайсы? Амал сол – өзгелердің сенімен мүдделес болар жерін ол таппас бұрын өзің тап, ол ұсыныс жасамас бұрын өзің ұсыныс жаса. Сонда өзің бастамашыл жақ боласың да, былайғылар қостамашыл жақ болады. Бастамашыл жақтың, ең құрығанда, бір ұпайы артық болады. Ал, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы жол­ дарды алатын болсақ, оған ең алдымен, осы тұрғыдан келу керек, жаңа отаршылдық қауіп жағынан ең талма тұста отырған Қазақстан үшін ең басты назарды сыртқы саясатқа аудару керектігінің қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады. Жаңа отаршылдыққа жалғыз төтеп бере алмасымыз аян. Ондай жағдайда ең жақын одақтасымыз ең жақын көршілеріміз болғаны лазым екендігі де белгілі. Ендеше, олармен ең мүдделес қарым-қатынастар орнату керектігі

Ғасырлар тоғысында
де түсінікті. Ал, бірақ жаңа отаршылдықтың шығуы
мүмкін бағыттарды жан-жақты ескерер болсақ, тектестік,
діндестік жолмен ықпалдасумен ғана тыну тым аздық етер

еді. Біріншіден, ол қалған дүниемен кермар қатынастарға
желеу болуы кәдік, екіншіден – жаңа отаршылдықтың
ықтимал ошақтарына ондай одақтастықтардың төтеп бере
алуы екіталай. Өйткені, біз қиял дүниесінде емес, шындық

дүниесінде отырмыз, кімнің қандай экономикалық, әскери,
саяси ықпал мен қауқарға ие екенін мөлшерлей аламыз.
Олай болса, Қазақстан жағдайында тектік аймақшыл­
дық та, территориялық аймақшылдық та, тарихи-мәдени

аймақшылдық та ықпалдастықтың ең тиімді жолдары
болып табыла қоймайды. Қазақстанның бүкіл тағдыры
әлемдік ықпалдастыққа тездетіп және жан-жақты қол
жеткізе білуіне байланысты. Бұдан, бірақ ол аймақтық

ықпалдастықтың қай түріне де қалай болса солай
қарауына болады деген сөз шықпайды. Ол аймақтық
ықпалдастықтың барлық түрін де пайдалана білуі керек.
Ешқайсысынан да бас тартпауы керек. Бірақ, тек соны­

мен ғана шектелмеуі керек. Аймақтастарымыз әрқилы.
Әрқайсысы бізбен әртүрлі дәрежеде ғана мүдделес бола
алады. Біреулердің мүдделестігі – қазіргі өтпелі кезеңнен
өткенше, екінші біреулерінің мүдделестігі – баянды. Біреуі

ертең қолыңды қысқарту үшін мүдделес болса, екіншісі
ұзартуына тілектес. Шарт біреу – аймақтық томаға-
тұйықтыққа ұрындырмау. Егер аймақтас ықпалдастық
әлемдік ықпалдастықпен екі ортаға көпір бола алса,

онда, әрине, оны пайдалануың керек, ал егер екі ортаға
кесекөлденең жатып алар кедергі болса, онда әрине, өз
мүддеңнен бас тарта алмайсың.
Әлемдік ықпалдастыққа тырысу – Қазақстанның сырт­

қы саясатының басты басымдығы болуға тиісті. Өйткені,
оның басына төнуі ықтимал жаңа отаршылдықтың ауқымы
тым ересен. Сипаты тым айқын. Оны бір тоқтатса –
тек әлемдік ықпалдастық қана тоқтата алады. Әлемдік

Ә. Кекілбайұлы
ықпалдастық тек жаңа отаршылдықтан абай болу үшін
ғана емес, тәуелсіздігімізді нығайтатын ең басты фак­
тор – дүниежүзілік экономикада лайықты орын ала ала­

тындай болып дамуымыз үшін де өте-мөте қажет. Біздің
экономикамызға ең қат нәрсе – қаржы, технология, кадр.
Алдыңғы екеуінің сенімді көзі – қазіргі әлемдік даму мен
халықаралық саясаттың бұйдасын ұстап отырған дамыған

елдер. Ал кадр мәселесі де кіммен ықпалдаса білуге бай­
ланысты екенін тарих көрсетіп берді. Табиғи байлықтарды
игеруде таза демократиялық үрдіске көшіп үлгермеген,
империялық өркөкіректікпен қоштаса қоймаған шектес

мемлекеттермен ықпалдассаң – қаржысымен, технология­
сымен қоса, дайын кадрларын да әкеледі. Жергілікті таби­
ғи ресурстар есепке алынғанмен, жергілікті моральдық
ресурстар – кадрлар есепке алынбайды. Ал алыспен

ықпалдастық қаржы мен технология әкелгенімен, вагон-
вагон кадрларын шұбыртып бірге әкелмейді. Жергілікті
жердің өзінен дайындауға мәжбүр болады. Бұл кез-
келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты қамы болып табы­

латын – өзінің саяси егемендігі мен мәдени дербестігін
сақтай білудің есепке алмай болмайтын елеулі шарты
болып саналады. Екі жаққа бірдей тиімді халықаралық
экономикалық қатынас аймақтық шиеленістердің де жолы­

на тосқауыл бола алады. Ол үшін ондай қатынастарды тек
экономикалық тиімділік тұрғысынан ғана емес, егемендік
мүдделер тұрғысынан да мұқият қарап, үйлесімді өрістете
білу шарт. Әсіресе, егемендікке төндірер қауіп зор шеп­

терге әлденеше тараптар үшін бірдей тиімді халықаралық
экономикалық мүдделестік өрістете білудің стратегиялық
та, тактикалық та мәні зор.
Бір өкінштісі, өлі де болса әлемдік ықпалдастықпен

ойдағыдай қол жалғасып кете алмай жатырмыз.
Біріншіден, Кеңестер Одағының күйреуі халықаралық
ықпалдастықтың қайтадан жүйеленуіне ұрындырары
сөзсіз. Бұрынғы ашық текетірестегі қоскіндікті дүниенің

Ғасырлар тоғысында
орнына бір ыңғайлас, бір кіндікті дүние орнай ма, жоқ, әр
ыңғайлы, көп кіндікті дүние орнай ма? Ондай жағдайда
Қазақстан қай ыңғайда болуы мүмкін?

Әлемдік ықпалдастық оған көзі жетпей тұрып, бірден
әмпейі бола салмайды.
Екіншіден, бұрынғы Кеңестер Одағы деп аталатын
саяси-экономикалық кеңістікте қандай ахуал орнары әлі

дүдәмал. Әсіресе, сондай ахуалға бірден-бір себепші бо­
латын Ресейдің жағдайы тым жұмбақ. Кімнің жеңеріне,
қандай сипаттағы күштердің түпкілікті жеңіске ие бола­
рына әлемдік ықпалдастықтың көзі әбден жетіп отырған

жоқ. Оның Ресеймен қарым-қатынасы қандай дәрежеде,
қандай сипатта өрістейтіні тек осыған байланысты
болатыны белгілі. Ресеймен шектес мемлекеттермен
ықпалдастықтың сипаты мен мөлшері де тек содан соң

барып қана айқындалмақ.
Мұндай жағдайда, әлемдік ықпалдастықтың көздей­
тіні – бұрынғы Кеңестер Одағы территориясында
қайтадан империялық даңғойлықтың тірілуіне жол бер­

меу. АҚШ президенттігіне таласта болған Дж Буш пен
Б. Клин­тонның сайлау алды бағыттамаларына қарағанда,
екеуінің де Кеңестер Одағының ыдырауына қуанбаса,
ренжімейтіндерін байқау қиын емес. Ал, бір жағынан

АҚШ-тың, екінші жағынан Жапонияның экономикалық
үстемдігіне бірлесін тойтарыс беру үшін өзара бірлесіп
жатқан Батыс Еуропа тап іргесінен үшінші қуатты им­
перия тірілгеніне тіпті де тілектес болмайтындығы өз-

өзінен түсінікті. Ендеше, әлемдік ықпалдастықтың арғы
аңғары белгілі. Ол соңғы сөзін Ресейде қандай күштердің
басым түскеніне көзін әбден жеткізген күні айтады.
Оған дейін ешқандай тәуелсіздік әлемдік ықпалдастық

тарапынан айта қаларлықтай көмек дәмете алмайды.
Бірақ, солай екен деп одан біржола күдер үзу немесе
кейбір менмен мемлекеттерге ұқсап, дөңайбат таныту
Қазақстан үшін өз үмітін өзі жерлеу, өз мүмкіндігігі өзі

Ә. Кекілбайұлы
тәрк етуі болып шығар еді. Әлемдік ықпалдастық дүние
жүзінің қалған мемлекеттері сияқты Қазақстанның да
саяси шыдамдылығы мен саяси көрегендігі әбден сынап

бағады. Өйткені, ол оның бай екендігіне бола сыйлауы,
есептесуі әбден мүмкін, бірақ одан қорықпайды. Себебі,
ол Қазақстанның табиғи байлығына қандай зәру болса,
Қазақстан сол байлықты игеруге ауадай қажет қаржы

мен технологияға одан кем зәру емес. Ендеше, қандай да
болмасын сабырсыздыққа ұрынып, мүдделестік арқауына
зақым келтіруге болмайды. Ондай мінездің кіннің пай­
дасына шығары екіталай. Бәрінен де бұрын бір аймақтас

үстем күштердің пайдасына шығып кетуі ықтимал. Ал, ол
тәуелсіздігіміз үшін ең үлкен қатер болып шығар еді. Ен­
деше, әлемдік ықпалдастыққа, тағы да айтамыз, аймақтық
ықпалдастықтардың қандайынан гөрі де басым маңыз

бергеніміз жөн. Өйткені, жаңа отаршылдық қаупінен,
аймақтық үстемдікке басыбайлылықтан бір шығарса, тек
әлемдік ықпалдастықпен тиімді арақатынас қана шығара
алады.

Ондай ұтымды мүмкіндікке қолбайлау болып отырған
бәрімізге ортақ саяси кеңістікте әлемдік тәжірибеде
атымен сирек кездескен хаостық ахуалдың тым ұзарып
кеткендігі, күннен күнге өшу орнына, өрши түскендігінде.

Мұндай жағдайда әлемдік ықпалды күштердің асыға
қоймауы әбден түсінікті. Әйтпесе, ықпалды күштер бола
алмас еді. Олар кім жеңсе де, онымен тіл табысқысы келсе,
тіл табыса алады. Біздің аймақта ондай мүмкіндікке кімнің

көбірек ие екенін де жақсы біледі. Бірақ, оның арқасынан
да қақпайды, аяғынан да шалмайды. Осындай бейтарап
халдің өзін жас егемендіктерге жасап отырған ең үлкен
қолдауымыз деп санайды. Оны кім қалай пайдалана ала­

ды? Кім әлемдік ықпалдастықпен қалай ықпалдаса алады?
Бұл жас егемендіктердің өміршеңдігіне басты сын болып
отыр. Ал әлемдік ықпалдастықтың жас егемендіктерге
қандай талаптар қоятыны Хельсинки, Париж, Вена, Ма­

Ғасырлар тоғысында
дрид құжаттарында анық көрсетілген. Мәселені олардың
адам құқыларына, нарықтық экономикаға, демократиялық
қоғам мен праволық мемлекет орнатуға қаншалықты

құлықты екендігі шешеді.
Біз егер, ертең көсегеміздің көгергенін қаласақ, бүгінгі
ауыртпалықтардың бәріне де шыдап, бұғанасы қата
қоймаған балаң тәуелсіздігімізді аман алып қалу жолында

жасайтынның бәрін жасауымыз қажет. Әйтпесе, өтпелі
кезеңнің жан шыдатпас тауқыметтеріне бола, қолымызға
зорға түсіп отырған егемендіктен айырылып қалар болсақ,
толғақ азабына төзе алмай, не өзіне, не шарана перзентіне

зақым келтіріп алған бейбақ ананың бейшара кебін киер
едік. Бетерден де бетер бар деген, шын мәнінде, сол бо­
лып шығар еді. Ал қалған қиындық пен ауыртпалықтың
бәрі – арманға жетудің азапты жолы. Кім қашан арманға

оп-оңай жетіп еді?!
Не де болсақ, шыдап бағайық. Бүгінгі ұрпақтың соған
тәуекелі мен төзімі жетсе, кейінгі келер барлық ұрпақтың
азаттығы мен бостандығы қамтамасыз етіледі.

Бүгінгідей жағдайда тек осы сенім ғана жанға медет,
көңілге тіреу бола алады.
Өйтпеген күнде, ішкі жағдайдың қаншалықты титық­
тағанын ғана жіпке тізіп, оның тығырықтан алып шығу

үшін ішкі мүмкіндіктермен қоса, сыртқы ықпалдастықты
да ойдағыдай іске жұмылдыру керектігін түсінбейтін күш­
тердің ырқында кетіп, саяси ұрдажықтыққа ұрынуымыз
ғажап емес.

Қалыптасып отырған тауқымет жағдайды пайдала­
нып қалуға ынтық солшыл радикализм демократиялық
асығыстыққа, демек анархияға итермелесе, оңшыл ра­
дикализм күллі реформа атаулыны жылы жауып қойып,

кешегіге, тіпті бұрнағы күнгіге қайтып оралудан кет әрі
емес. Кеше немесе бұрнағы күні қаншалықты мүйізіміз
шыққаны белгілі ғой.
Мұндай екі жақты эскалация бізден күш түгелдеуді,

одақтастар іздеуді талап етеді. Біз үшін ең бастысы –

Ә. Кекілбайұлы
тәуелсіздікті сақтап қалу. Ол үшін ең бастысы – қазіргі
тығырықтан шығу. Ал қазіргі тығырық – хаос. Одан оң
мен солды, бұрыс пен терісті іздеп тауып, біреуіне жақ

болуға тырысу бекер әуре. Бұған дейін бейтарап келген
күштерді саясат сахнасына шығарған лазым. Либеральды
демократия сонда ғана қимылға көшеді. Хаос жағдайында
тұрған, немесе сондай жағдайдың қаупі төніп тұрған

қоғамды бір құтқарса, тек саяси прагматизм ғана құтқара
алады. Ал саяси прагматизм оңшыл да, солшыл да
радикализмнің емес, демократиялық либерализмнің ғана
қолынан келеді. Ал демократиялық либерализм топтық та,

жіктік те мүдделерді емес, бүкіл халықтық мүдделерді, бір
басының ғана, өз тобының ғана басын оздыратын биліктің
мүддесін емес, күллі ұлт, күллі қауымның болашағын
қамтамасыз ететін тәуелсіздік пен игілік, бостандық пен

әділет мүдделерін жоғары қояды.
Ендеше, ол шындықтың бетіне тура қарауға, қалып­
тасып отырған жағдайда не мүмкін болса, соны істеуге,
бірақ оны жұртшылықтың неғұрлым көп, неғұрлым әр

алуан бөлігінің мүддесінен шығатындай қып істеуге
міндетті. Егер халықтың көп бөлігі экономикалық
қиыншылық, әлеуметтік күйзеліс көріп отырса, оны
асқындатпай, бәсеңдететін амал тауып, әрекет етуі керек.

Саяси прагматизмнің керектігі де сондықтан
Шын мәніндегі саяси прагматизм дәл бүгін бастап
қойған реформалардан күрт бас тарту да, немесе оларды
еш өзгертпестен бұрынғыша жалғастыра беру де бірдей

қауіпті екенін түсінер еді. Бірақ, ол өзгерістер реформаға
мүдделі күштерді мейлінше көбейтуге тырысқаны жөн.
Әйтпесе, әлеуметтік бәсеңдік ахуал орната алмайды. Ал
жаңа ғана тәуелсіздік алып отырған елде ондай бәсеңдік

сол тәуелсіздікке ешқандай қауіп төнбейтіндігіне кез
жеткен жағдайда ғана орнай алады. Тәуелсіздікке қауіп
төніп тұрған жағдайда ешқандай іскерлік ахуалдың
да демократиялық ахуалдың да, жүзеге аса алмасы

Ғасырлар тоғысында
белгілі. Ендеше Қазақстандағы шынайы нарықтық
қарым-қатынастар да демократиялық үрдістер де тек
балаң тәуелсіздіктің нығаюына қызмет ете алса ғана,

өз мақсаттарына жете алады. Ол үшін нарық, демокра­
тия, тәуелсіздік жеңісіне мүдделі күштердің бәрі күш
біріктіріп, өз мақсаттары арасындағы сабақтастықты
шыңдай түсуге атсалысқандары лазым. Бұл басталып

қойған экономикалық, саяси реформаны мұқият қайта
қарауды, оны әлгі тұрғыдан қайта пайымдауды талап етеді.
Оған әлі кеш емес. Оған әлі мүмкіндік бар.
Сонда бізге қандай саяси, қандай экономикалық рефор­

ма керек? Ол өз алдына әңгіме.

4. КЕҢІСТІКТІ КЕҢІНЕН ШОЛЫП

АЛМАЙ УАҚЫТТАН ҰТУ МҮМКІН БЕ?

Кез-келген әрекеттің кеңістік пен уақытқа тәуелді
екендігі белгілі. Ол екеуінің біреуінің бойындағы белгілі
бір өзгерістер өрбиді де, оған екіншісі де қолайлы жағдай
туғызғанда ғана ойдағыдай өрістей алады. Ал екеуінің

арасындағы, немесе біреуінің ғана бойындағы қайшылық
не оған кедергі келтіреді, не атымен мүмкіндік бермейді.
Саясаттағы уақыт – заман да, кеңістік – қоғам. Мүдде
уақыт та, мүмкіндік – кеңістік. Екеуінің арасындағы терең

үйлесім ғана істі ілгері бастырады.
Қазіргі күн тәртібінде тұрған демократиялық қоғам,
нарықтық экономика, праволық мемлекет орнату белгілі
бір тарихи алғышарттардан туындап отырғандығын

жоғарыда айттық. Олардың қалай туындап, қалай өрістеп
жатқандығын да сөз еттік. Ілгерілеуден кідіру, жедел­
деуден мүдіру көп. Ол неге байланысты? Уақытқа ма,
кеңістікке ме?

Біздіңше, екеуіне де. Олай болатыны кез-келген
әрекетті объективті сипаттар тудырғанмен, субъективті
мүмкіндіктер жүзеге асырады. Жақсының қолына түс­

Ә. Кекілбайұлы
кен іс іс болады да, жаманның қолына түскен іс мыш
болатындығы да сондықтан. Уақыт бүгін ретінде біздің
нақты зәруліктерімізге, өткен ретінде психология­

мыз бен санамызға, ертең ретінде мақсаттарымыз бен
армандарымызға қоныс тебеді. Әр адамның өзін тарихи
процеске тікелей қатынасы бар ырықты субъект ретінде
қарастырсақ, оның алдына қойып отырған мақсатына

әлдеқашан қалыптасқан психологиясы мен санасы, неме­
се бүгінгі жағдай қалыптастырып отырған мүмкіндіктері
қолбайлау жасауы мүмкін. Бір кісінің басындағы мүдде
мен мүмкіндік арасындағы осындай кереғарлық бола­

тынын ескерсек, тарихи дамудың одан да үлкен қоғам,
қауым, ұлт, мемлекет сынды субъектілерінің басындағы
қиыншылықтар мен қайшылықтарды айтпай-ақ түсінуге
болады.

Кеңестер Одағы деп аталған күрделі құбылыстың
басындағы күрделі халдің өзі әу баста осы мүдде
мен мүмкіндік арасындағы, мақсат пен алғышарттар
арасындағы үйлесімге тиісті мән бермеуден туындаған-ды.

Мүддеге баса мән беріп, мүмкіндікке назар аудармағаннан
туындаған-ды. Ол көздеген мақсаттан атымен кереғар
нетижеге ұрындырды. Сөйтіп, қолданылған тәсілдің
бұрыстығы көзделген мақсаттың дұрыстығын бекерлеп

шығатындай жағдайға жеткізеді. Әділетті адамдардың
бостандығы мен әл-ауқатын, туысқандығы мен теңдігін
тікелей мансұқтайтын бір мемлекет жоқ, ол жолда күрес­
кім келмейді дейтін бірде-бір қоғам жоқ. Соны ескеріп, тек

айтылған мақсатқа ғана иланып, оның қалай орындалып
жатқанына қалай болса, солай қарасақ, онда кешегідей
боп, ертең тағы тақыр жерге отырып қалуымыз ықтимал.
Қазіргі күйзелістердің ең басты себебі неде? Эко­

но­миканың құлдырап кетуінде. Өндірістік тәртіптің
бұ­зылуында. Өнімділіктің төмендеуінде. Бұған кешегі
өкім­шіл-төрешіл басқару жүйесі мен жоспарлы-бөліспелі
тә­сіл айыпты деп айту «менің бүгінгі жөтеліп жүргеніме

Ғасырлар тоғысында
бая­ғыдағы әкем мен шешем айыпты, егер олар құлан-таза
сау болса, маған ешқандай ауру жоламас еді»,– деп тү­
сін­діруімен бара-бар. Кешегі құлантаза денсаулық та кү­

тін­бегеннен бұзылуы мүмкін ғой. Егер ата-анаң шынжау
жа­ратса, денсаулығыңды өзің күтіп, өзің шыңдамайсың ба?
Сонда қалай? Кешегі қоңторғай тұрмысымызды, дамы­
ған елдерден көпе-көрнеу артта қалып қойғандығымызды

жоспарлы экономикадан, еңбек пен игілік бөлісудің
социалистік қағидасынан көрдік. Социализмнің басқа
елдерге де бақ орнатып, қарқ қылмағанын тілге тиек еттік.
Ал бүгін ше?.. Нарықтық экономика да дұрыс күнкөріс

қамтамасыз ете алмай ма? Ендеше, ауыздарымыздың суы
құритын басқа мемлекеттер қалай алға шығып кетті? Әлде
олардағы адам саны бізден көп пе? Әлде олардың табиғи
байлығы бізден асып тұра ма? Басқаларын былай қойғанда,

шикізат атаулыдан мақұрым құрдым аралдарды жайлаған
жапондар қалай көктеп-көгеріп жатыр?
Басқасын былай қойғанда, қазір нарыққа көшпеген
кім қалды? Шығыс Еуропаның социалистік елдері елден

бұрын көшіп алды. Қытай мен Монғолия оң жолға түскелі
біраз болды. Куба екеш Куба да экономикалық реформа
жасау үшін шеттен мамандар шақыра бастады. Сонда кім
қалды? Солтүстік Корея ма?.. Ал қалған дүниенің әуелден

шалабын шайқай қоймағаны, ең кемі аралас меншік
жағдайында өмір сүріп келгендігі белгілі.
Ендеше, гәп жібекте емес, жібекті түте алмай жүн
етіп алып жүрген өзімізде болмасын. Өзіміздің осы бол­

мысымызды осылай ғып қалыптастырып жүрген уақыт
пен кеңістікте болмасын. Мақсат көбіне көп кеңістікке,
сен жайлаған ортаға, ондағы қым-қиғаш қатынастарға
байланысты. Оны ұмытсақ, бәрін заманнан, тағдырдан

көріп, өзімізді, өз төңірегіміздің әрекеті мен ықпалын
ескермейміз. Көбіне баяғы сол әуенге басып, мақсат пен
тәсіл, мүдде мен мүмкіндік арасынан тиісті де тиімді

Ә. Кекілбайұлы
үйлесім таба алмай жүргеніміз де осы жәйтты есепке
алмаудан.
Әйтпесе, кейінгі жетпіс жыл ішінде осындай алтын

жастанып, жібек төсендірердей, табиғи байлығы жағынан
аса қолайлы өлкеде өз етегімізді өзіміз зорға жауып,
түлкі құрсақ күн кешіп келгеніміз, бір кезде Имануэль
Кант айтқандай, «ер азаматтың өз әл-ауқатын басқаның

бостандығы мен мүддесіне зияны тимейтіндей қып, өз жол,
өз әдісімен қамтамасыз етіп алуына жол берілмеген жерде,
күллі өндіріс атаулының күйі мүшкіл болатындығынан»
екендігіне көзіміздің жететіндей-ақ кезі болып еді ғой.

Барлық гәп тағы да қандай іске болмасын кірісер ал­
дында уақыт пен кеңістіктің тосар мүмкіндіктерін ескеріп,
ұзақ ойласып алудың орнына өз пиғылдарымыздағы
айырмашылықтарды айтып, ұзақ дауласып алып ба­

рып, ақыр аяғында айтылғанның бәрі далада қалып,
көзжұмбайлыққа ұрынатындығымыздан болмасын?
Кейінгі бір жылға жуық уақыт оған дейінгі алты жыл­
дың босқа өткенін, соның қырсығынан экономикамызды

осы замандандыруға тым кеш кіріскенімізді, ал ондай дер
кезін өткізіп алып барып бастаған реформа, Нобель лауреа­
ты, нарық экономикасының белгілі теоретигі Я. Тинберген
айтқандай, күйзелген экономиканы одан сайын күйзелте,

артта қалушылықты одан сайын асқындыра түсетінін,
сөйтіп, әлеуметтік жағынан аса қолайсыз, моральдық
жағынан көңілге қона бермейтін ебедейсіз реформа болып
шығатынын делелдеп отыр.

Біздің нарықтың алғашқы қадамдары қазіргі рефор­
маторлардың емес, капитализмнің баяғы теоретиктерінің
ескертпелерінің дұрыстығына көзімізді жеткізіп отыр.
Макс Вебер айтқандай, жаңа қалыптаса бастаған

іскерлік пен кәсіпқорлық әп дегеннен ашқарақтықпен,
пайдакүнемдікпен, экономикалық тиімділіктің орнына
оңай олжаны ойлаңқыратын обырлығымен көзге түсті,
соның арқасында жүзеге асатын «жабайы капитализм»

Ғасырлар тоғысында
қоғамының нарыққа деген құлқын жоғалтып, әлеуметтік
орнықтылыққа көрер көзге үлкен қатер төндірді. Іскер
топтарда өркениетті экономикаға тән саяси мәдениет,

құқықты сана, бүгінгіден гөрі ертеңгі пайданы көбірек
ойлайтын парасаттың жетіспеуі жұрт арасында «ортақ
өгізден оңаша артық» дейтін сенімнен гөрі «бүйткен
оңаша бұзаудан ортақ өгіздің өзі артық еді» дейтін сенімді

күшейте түскен сияқты.
Бірақ, біздің елімізде ондай өркениетті кәсіпқорлық әп
дегеннен қайдан табыла қойсын?
Қаншама жылдар бойы бергенге мәз, тигенге қанағат

қылып келдік. Қанағат қылмай, лай судан балық аула­
ғандай, көлденең табыс табуға тырысқандар ылғи астыр­
тын жағдайда әрекет етіп, заң бұзуға машықтанып алды.
Олар бүгінгі күреп алар олжа тұрғанда обал, сауапты,

ертеңгі тиімді іскерлікті ойлап, бас ауыртып жатпай­
ды. Біздегі іскерлік бармақ басты, көз қыстылықсыз,
алдап соғар айла-шарғысыз, біреуге көл, біреуге шөл
алақолдылықсыз өмір сүре алып көрген емес. Ол жалпы

іскерлік деп істі өрге бастыруды, сол арқылы қоғамға та­
нылуды емес, ұрлап-зорлап мал табуды түсінеді. Сөйтіп,
сыпайылап айтқанда «көлеңкелі», расын айтқанда,
қылмыскер экономика қалыптасты.

Сондай іскерлікке жеккөрініш рухында тәрбиеленген
қалың бұқара елі төбедегі әкімдер мен көшедегі алып-
сатарларды жерден алып, жерге салып, сонымен шаруа
бітті деп, қол қусырып қарап отыр. Кәсіпқорлықпен де,

нарықпен де шаруалары шамалы.
Ал, біздегі бүгін таңдағы орташа тап жасауға ықтимал
күштер, мамандардың айтуынша, негізінен кешегі
экономикалық штабтың өкілдерінен, ведомстволық

экономикалық эгоизм тұсында айрықша қамқорлыққа
ие болған кейбір салалардың жоғары жалақылы маман-
дарынан, сауда мен тұрмыстық қызмет, экономикаға
ті­келей ықпалы болған партия-кеңес аппараттары өкіл­

Ә. Кекілбайұлы
дерінен ғана түзіле алады. Олардың көпшілігі – «табиғи
сұрыптаудан» өтпеген, кешегі «бұзылған әлеуметтік
лифт» режимі тұсында «пайдалы орындар» мен «абы­

ройлы орындарға» таза тамыр-таныстықпен, ағайын-
жекжаттықпен іліккендер. Реформаның бірден іске
кіріспей, әлі «балық үлестіру» сатысында тұралап тұрып
алуы да осыдан. Бөліске үйренгендер өндіріске құлықты

бола қоймайды. Өндірмей-ақ олжа табудың жолын іздейді.
Өндірістің орнына делдалдықты өрбітіп жүрген де солар.
Тауар шығарудың орнына тауар айырбасының күшейіп
кетуі де сондықтан. Сол себепті де біздің экономикалық

реформа әлі күнге кешегі «көлеңкелі экономика» мен
бүгінгі ашық алыпсатарлықтың қолындағы қуыршаққа
айналып отыр.
Біздің ең басты қатеміз – әуелі қоғамда орнықты ахуал

орнатып алмай тұрып, реформаға кірісіп кеткендігімізде.
Сөйтіп, кешегі тоқырау тұсындағы әлеуметтік әділет­
сіз­діктің салдарларының өз-өзінен заңдасып кетуіне
жағдай туғызып бергендігімізде. Қоғамдық қатынастарды

ырықтандырып алмай тұрып, экономикалық қатынастар­
ды ырықтандыруға асыққандығымызда, өндірістік қа­
тынастарды ырықтандырып алмай тұрып, бағаны ырық­
тандырғанымызда. Бұл кешегі көлеңкелі экономиканы

біреу байқап, біреу байқамайтындай қып, жігін байқатпай
ақтап жіберуге аса қолайлы болғанмен, жалпы экономика
мен жалпы іскерлікке сондай қолайлы болып отырған
жоқ. Әрине, көлеңкелі экономиканы да көзге шүқи бер­

мей, легальдандырған дұрыс. Бірақ, оны жалпыға ортақ
тең старттық мүмкіндіктерді қамтамасыз етумен бірге,
үйлестіре шешкен дұрыс еді.
ТАПТЫҚ тайталас рухында тәрбиеленген қоғамда

іскерлікті жаппай өрістетуге жағдай жасамай тұрып, ол
үшін азаматтардың нарықтық қатынастарға көшердегі
старттық мүмкіндіктерінің тепе-теңдігін қалыптастырмай
тұрып, халықтың тек белгілі бір тобына ғана тиімді

Ғасырлар тоғысында
реформалық шаралар қабылдау – бүгінгі аса шиеленісті
экономикалық күйзелістердің, аса шетін әлеуметтік
дағдарыстардың бірден-бір себепшісі болып отыр.

Қазіргі тартыстардың асқынуына тек бүгінгі солақай
риторика ғана емес, кешегі солақай реформа да жауапты.
Расында да, реформаның қызығын кім көріп отыр?
Өндірушілер ме? Тұтынушылар ма? Жоқ, делдалдар.

Алыпсатарлар. Ал, олар қайдан шықты? Әуелден де
ақшасы барлардан, немесе кейінгі жылдары өнімділікті
төмендетіп, бағаны жоғарылатып, қолдан дефицит жасап
байығандардан шықты. Олар бұрнағы күні жалгер, кеше

кооператор болды. Бүгін майда жекешелендірудің майын
қалқып ішіп отырса, ертеңгі орташа жекешелендіру мен
бүрсікүнгі ірі жекешелендірудің жылы-жұмсағына да
елден бұрын солар сұғынады. Сөйтіп, біздің сырт көзге

жайбарақат кезең-кезеңге бөлінген сатылы реформа­
мыз түптеп келгенде бір-ақ мақсатқа – кешегі ұпайын
түгендеп алғандарды ертеңгі экономикалық бостандықтың
көшбасшы тобына айналдыруға ғана қызмет етіп отыр.

Әрине, бүгін ұтысқа шығып отырған топтар үшін бұлайша
ойлағанымыз ұнамды емес. Бірақ, шынайы іскерлік үшін,
шынайы нарықтық қатынастарға көшуді бұндайдан бастау
ең тиімді жол болып табылды деп қайтіп айта аласын?

Экономикалық реформа үшін, әсіресе, оның бастапқы
кезі үшін әлеуметтік орнықтылық тіпті экономикалық
тиімділіктен де керегірек еді.
Өйткені, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономи­

каны осы замандандырған кезде, іскерлік мәдениеті
неғұрлым төмен болса, артта қалушылық неғұрлым күшті
болса, өтпелі кезең неғұрлым ұзаққа созылса, халықтың
солғұрлым көп бөлігі солғұрлым көп зардап шегеді.

Тіпті басқасын былай қойғанда салқынқандылығымен
аты шыққан, этникалық тегі жағынан бірыңғай ағылшын
қоғамынын өзінде экономикалық жаңғыру отызын­
шы жылдары шаруалар тарапынан, кейінгі кезеңде –

Ә. Кекілбайұлы
көміршілер тарапынан мықты қарсылыққа ұшырасты.
Ал біз қайда, Англия қайда? Оның үстіне, индустрия
мен ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіп пен

өңдеуші өнеркәсіптің, өндіріс пен әлеуметтік саланың,
әрқилы аймақтар мен әрқилы әлеуметтік топтардың
экономикалық ахуалының арасындағы кереғарлық аспан
мен жердей ғой. Соның бәрін мұқият есепке алмай, әр

алуан мүдделерді реформаға бірдей ынталы қылудың
жолдарын тыңғылықты қарастырмай тұрып, істің мәніне
әлі біреудің түсініп үлгеріп, біреудің түсініп үлгермей
жатқанын пайдаланып, уақыт ұтып қалуға тырысу бүгін

таңда әділеттің де, экономиканың да пайдасына шығып
отырмағаны белгілі.
Бұл арада басын ашып алатын мәселе: экономиканы
жаңғырту әрине керек; нарықтық экономика тек белгілі

бір қоғамдарға жарасады, ал екінші бір қоғамдарға атымен
келмейді деген де ұшқары түсінік. Тіршілікке келген әр
мақұлықтың – малдан бастап адамға дейін – өз қорегін өзі
айырмағы – табиғаттың ежелгі заңы. Әркім өз бақытын өз

еңбегімен табуы – қай халықтың да қатты қастерлейтін
моральдық қағидасы. Күллі адамзаттан алабөтен бөлек
жолмен даму қарекеті дегенге жеткізген жоқ. Жеткізсе,
социализм жеткізбес пе еді?!

Демек, жағдайды шиеленістіріп тұрған нарыққа көшу
емес. Нарыққа парықты көше алмау. Қарадүрсін көшу.
Өзгелердің өнегесін малданғанға мәз болып, өзіміздің
шын мүмкіндіктерімізбен есептеспеу. Уақыт талабына

құлақ асқанмен, нақты кеңістіктегі нақты жағдайға жете
мән бермеу.
Қандай мемлекет болмасын, экономиканы жаңғыртқан
кезде қоғамның тізгінінен айырылып қалмауды, жедел де

икемді жаңа құрылымдар түзуді, сыртқы экономикалық
ортамен ықпалдастықты нығайтуды, жаңа бастамаға қолда
бар қуат пен мүмкіндіктердің бәрін жұмылдыруды қатты
ыждаһаттаған. Қысқасы, ондай жауапты кезде қоғамда

Ғасырлар тоғысында
шынайы әлеуметтік жарастық болуына ерекше мән бер­
ген. Бірақ, ондай мәмілені қалай жүзеге асыруға болатын
еді? Бұл арада амалсыз өзгелердің тәжірибесіне үңілуге

тура келеді.
Батыс Еуропада мемлекет меншігі тым аз болды да,
халықтың қолындағы қаржы тым көп болды. Соның өзінде
британдықтар сексенігані жылдардағы жекешелендіруді

мысықтабандап, аса сақтықпен жүргізіпті.
Германия, Жапония, Корея оккупациялық режим
тұсында қатаң тәртіптің арқасында ғана көшті. Испания,
Гонконг, Сингапур да авторитарлық жүйенің өктемдігін

пайдаланды. Күллі Латын Америкасы, «күштеп келістіру»
әдісіне жүгінді.
Жекешелендіруге саяси күш қолдану, кейінгі жылда­
ры диктат, қысым атаулыдан әбден мезі болып отырған

біздің қоғамды қандай салдарға апарып соқтыратыны
белгісіз. Ал оны экономикалық есеңгірету арқылы жүзеге
асырудың нендей нәтижеге жеткізетінін Шығыс Еуропа
мен өзіміздегі реформамыздың барысы көрсетіп берді.

Сонда, мұндай жағдайда қоғамдық жарастық табудың
жалғыз ғана жолы қалады – қайткен күнде де жаңа
экономикалық қатынастарға халықтың неғұрлым көп
бөлігін ынталы ете білу.

Мемлекетті меншіксіздендірудің мұндай жолын табуға
талаптанған Австрия мен Израиль ғана екен.
Австрия «жартылай жекешелендіру» дейтін әдіспен,
меншіктің едәуір бөлігін коммуналдық өкіметтердің

қармағында қалдырса, Израиль меншіктің басым бөлігін
кәсіподақтарға беру арқылы ерекше экономикалық үлгі
жасады. Сол арқылы шын мәнінде, жекеменшік деуге де,
мемлекеттік меншік деуге де болмайтын жаңа бір меншік

иеленудің түрі шықты.
Ал біз қайтеміз? Турасын айтсақ, бұл сауалға жоғарғы
қабаттарымыз да, төменгі қабаттарымыз да көңілге
қонымды жауап таба алмай отыр.

Ә. Кекілбайұлы
Төменгі қабаттардың басым бөлігі әлі де болса,
жекешелендірудің топтық түрлеріне іштері бұрады. Оны­
мен, әрине, есептеспей болмайды. Әсіресе, шөл, шөлейт

аймақтарда басқа түгілі өзін-өзі ақтай алатын фермерлік
шаруашылық ұстау бір отбасының қолынан келе бермеуі
мүмкін. Су жетпейді, шөп жетпейді, техника пайдалануға
қаржы жетпейді. Ондай жағдайда шағын фермерлік

шаруашылықтың экономикалық тиімділігі тым төмен бо­
луы ықтимал. Бәлкім, әзірге одан гөрі механикаландыруға
ыңғайлырақ ірірек кооперацияларды сақтай тұрған дұрыс
шығар. Меншіктенудің мұндай топтық түріне түсінгенмен,

бар салада топтық түрге бірдей іш бұрудан сескенуге тура
келеді. Кім біліпті, бұл арада экономикалық тиімділіктен
гөрі үйреншікті психологиялық стеротиптер басым түсуі
де ғажап емес қой. Ондай жағдайда, бірінші сәтсіздіктер­

ден кейін бәрінің де өз орнына қайтып келмесіне кім
кепіл? Өйт-пеген күнде де, жекешелендірудің кезекті
бір кезеңінде әлгіндей үркесоқ үйірлес меншіктерді
кәсіпқорлықтың жаңа аждаһалары оңай қылғып кетпес

пе екен? Топтық меншікке адалдықтың мұндай түрі ән­
шейін өзін-өзі алдарқатушылық болмасын? Оның үстіне,
бұл – әлеуметтік ахуалды орнықтыру мен экономикалық
белсенділікті нығайтатын орта топты қалыптастырудан

гөрі бірден ірі капиталдың тууына көбірек ыңғайлы боп
шықпайтынына кімнің көзі жетіп отыр?!
Сондықтан да, қолда бар кәсіпқор күштер мен қаржыны
айқындаумен тыну аздық етеді. Ең бастысы – тез қайтарым

беретін нарыққа тек материалдық-қаржылық қуаттарды
ғана емес, моральдық-іскерлік қуаттарды да мейлінше
кеңінен жұмылдыру.
Ол жекешелендіруді қазіргіден гөрі икемдірек жүргіз­

бей жүзеге аспайды. Пайдаланылып жүрген конкурстық-
аукциондық жол шындап келгенде, алалаушылық жол боп
барады. Құр қалта халық үшін ондай аукцион іскерлікке
құмарлықты емес, қызғанышты ғана оятады. Өйткені, күні

Ғасырлар тоғысында
кешегі біреуді әрі, біреуді бері итерген тоқырау тұсындағы
бөліспеліліктен ұртын майлағандар неғұрлым тездетіп,
ірі капиталға ие болады да, былайғы халық неғұрлым

тездетіп, жалдамалы жұмыскерге айналады. Себебі: қазір
адал табылған дәулетінен бизнес бастап кету кім-кімнің
де қолынан келмейді. Ал бүкіл нарықты көлденеңнен
табылған дәулеттің қанжығасына біржолата өңгеріп

жіберу әлеуметтік әділетке сыймасы аян. Халықтық игілік
атанып келген ортақ дәулетті олай олжалап кету нарыққа
деген ынтаны күшейтпейтіні былай тұрсын, әлеуметтік
ахуалды шиеленістіріп жіберуі де кәдік.

Ал мемлекеттік меншікті еңбек ұжымдарына бөліп беру
кешегі ведомстволық тонауды біржолата заңдастыру бо­
лып шығар еді. Әсіресе, өз атамекендерінің ғасырлар бойы
жинақталған ұлттық байлығынан өздері ауыз тие алмай,

көздерін сатып, сыртқары отырған байырғы тұрғындар
тарапынан бұндай «жекешелендірудің» қолдау таба қоюы
екіталай. Ондай жағдайда табиғи қалыптасқан жергілікті
еңбек қолдары кәсіпқорлық бастауға жететін мәрелік

сыбаға түгілі, әлгіндей жолмен мемлекет меншігінен
аласталатын кәсіпорындарда жалданып жұмыс жасау
мүмкіндігінен де айырылады.
Ендеше, Қазақстан сияқты экономикасының басым

бөлігін индустрия құрайтын республикаларда халықтың
неғұрлым басым бөлігі мұндай жекешелендіруден иман­
ды ауыздары сылп етпей, құр қалады да, ал, керісінше,
әлдеқайда аз бөлігі бар байлықтың иесі болып шыға келеді.

Бұл кешегі ведомстволық экономиканың кемсітушілік сая­
сатын түзету емес, қайта одан әрі тереңдету болып шығар
еді. Мұндай жағдайда қайта құрудың бастапқы кезінде
көп айтылған жұрттың бәріне тең мәрелік мүмкіндіктер

жасаймыз деген әңгіме жайына қалады. Индустриялық
салада жекешелендірудің ұжымдық түрлерін біржақты
ынталандыру Қазақстан жағдайында жерді сауда-саттық

Ә. Кекілбайұлы
бұйымына айналдырумен барабар қылмыстық қиянат
болып шығар еді.
Жекешелендірудің мұндай тәсілдері әлеуметтік әділет

сезімі әбден ұмытылған немесе әуелден әркім өз меншік,
өз сыбағасымен ғана күн көріп келе жатқан елдер жағ­
дайын­да ғана өзін-өзі ақтай алады.
Ал, біздей жетпіс жыл бойы құлақтарына «бәрің

теңсіңдер» деп құйып баққан, кейінгі жеті жылда «бұрын
тең емес екенсіңдер, шын теңдікті енді көресіңдер»,– деп
үсті-үстіне уәде естіп қалған қоғамда таластық тудырмаса,
жарастық тудыра қоймасы хақ.

Сонда қайтпек керек? Нарықтан, меншік түрлерін
алуандандырудан, меншікті мемлекет қармағынан алудан
атымен бас тартамыз ба?
Ол мүмкін емес. Орысша айтқанда, пойыз әлдеқашан

жүріп кетті. Бірақ, ең болмаса, бастапқы кезде, біреулердің
бірден жетіқат аспанға көтеріліп, екінші біреулердің
бірден жер шұқып қалмауына жол беруге болмайды
ғой. Бұл басқамыз түгілі, нарықтың өзінің пайдасына

шықпайды ғой. Бірден қалың бұқараны қатуландырып
алса, тек экономикалық реформаны ғана емес, қалған
реформалардың бәрін де қара су алмай ма?!
Ендеше, ортақ меншікті жекешелендіру мақсат болмау

керек. Нарықтық экономиканы нығайтатын кәсіпқорлық­
ты ынталандыру үшін жұрттың бәрін меншік иесіне ай­
налдыруды мақсат ету керек. Барлық және әрбір азамат
бәрі бір кезде мемлекет меншігінен алынған дәулеттен

бірдей сыбаға алып, бірдей меншік иесіне айналғаны
лазым. Өйткені, біз тарихта бірінші боп әркімге тиесілі
жекеменшікті ортақтастырдық. Сол кезде күллі террито­
рияда әлденеше өлі, тірі ұрпақтардың еңбегімен, қанымен,

терімен жасалған байлықтың бәрін ұлттық дәулет, халық
меншігі деп жарияладық. Халық оны ортақ қорға, ортақ
көбейтіп, ортақ пайдаланады,– деп түсіндірдік. Ендеше,
сол ортақ дәулетті сол халықтың қазіргі тірі ұрпағы өзара

Ғасырлар тоғысында
тең бөліп алып, жеке-жеке пайдалансын. Тек сонда ғана
ортақ дәулетті әлдебір топтардың оңаша олжалап кетуіне
тыйым салынады, әрі әрбір адамның өз бойындағы

іскерлік қабілет пен экономикалық бастамашылдықты
іске қосуына нақты мүмкіндік беріледі. Шын мәніндегі
іскерлік бәсекелестік сонда қызып, шын мөніндегі тауар
молшылығы сонда орнайды. Ал іскерлік тізгіні өте аз

топтың қолында отырғанда бәсеке де болмайды, тауар да
көбеймейді, баға да арзандамайды.
Бұл әрине, бұдан әлдеқайда ертерек жасалғанда
жақсы болатын еді. Сонда әркімге тиетін үлес қазіргіден

әлдеқайда көп болар еді. Солақай реформа талай дәулетті
талай пысыққа су тегінге беріп жіберді. Сөйтіп, шын
мәнінде іскерлік танытуы ықтимал талай адам ондай
мүмкіндікке әлі ие бола алмай келеді. Сондықтан да

ваучер (жекешелендірудің сыбаға қоры) төңірегінде
әңгіме көп. Біреулер оны кешігіп қалғаны үшін кекетеді.
Екінші біреулері кешегі жоспарлы-бөліспелі экономикаға
біртіндеп қайтып келеміз бе деген дәмені жүзеге асы­

рудан күдерді біржолата үздіретін әдіс деп жек көреді.
Үшінші біреулер экономикалық реформаны сылтаура­
тып, миллиондарға тиісті сыбағаны өзара пышақ үстінен
бөліп алуымызға кедергі келтіретін болды деп ызаланады.

Төртінші біреулер, ауызы күйіп қалғандықтан, кезекті бір
айла-шарғы емес пе екен деп сезіктенеді.
Ал, біздіңше, ештен де кеш жақсы. Құралақан қал­
ғаннан, бірдеңеге қол жеткізіп қалған дұрыс.

Бірақ, бұдан ертеңнен бастап, ортадағы дәулеттің
бәрін қанталапай жасап бөліп алайық деген қорытынды
шықпауға тиісті.
Жекешелендіру экономикалық процестердің бәрін

бір кезде қамтымаса, кезең-кезеңге бөліп, сатылап
жүрері белгілі. Жас егемен мемлекеттік тәуелсіздігіне
нұқсан келіп жүрмес үшін әлі де талай саланы мемлекет
меншігінде ұстай тұруға тура келері де түсінікті.

Ә. Кекілбайұлы
Не де болса, жекешелендіруді кешегіше, одақ ыды­
рамай тұрған кезде қабылданған Заң бойынша нақты
қиыншылықтарды ескермей, нарықтың алғашқы кезеңінің

ащы сабақтарымен санаспай, басқа-көзге төпелеп, жедел­
детуге болмайды.
Ұлт мүддесі мен ел игілігі ондай екі тепкі, бір қамшы
белсенділікті көтермейді.

Бірақ, жекешелендіру қанша уақытқа созылса да, қан­
ша кезеңге бөлінсе де, мейлі өндірісті, мейлі ауыл ша­руа­
шылығын қамтыса да, әлгі жолмен – барлық азаматтарға
бірдей сыбаға беру жолымен жүзеге асырылғаны дұрыс.

Және бір ескеретін жағдай: қазіргі дәулет тек кейінгі бір
ғасырдағы еңбекпен жасалған жоқ. Оның негізін жасауға,
ол түзілген өлкені қорғауға әлденеше ұрпақ үлес қосты.
Ендеше, мұндағы әділет өлшемі бөлекше болғаны жөн.

Бабалары бағзы ғасырлардан осы дала үшін алысқандар
мен оған күні кеше ғана аяқ басқандардың сыбағаларының
арасында айырма болса болсын, бірақ бесіктегі сәби мен
асарын асап, жасарын жасаған қарияның сыбағасының

арасында айырма болмасын. Болса, бұл даладан татар
ырзығын әлі ойсырата қоймаған жас ұрпақтың ырыс-
несібесінің артығырақ болғаны дұрыс.
Әйтеуір, экономикалық еркіндік туған кезде әркімнің өз

талабын өзі сынап көруіне жағдай туғаны жөн болар еді.
Бүл, әрине, бүгін сыбаға алғандардың бәрі ертең
шетінен миллионер болып шыға келеді деген сөз емес. Ка­
питал шоғырлана түседі. Қоғам жіктеле түседі. Ірі меншік

иелері де, мамандандырылған жалдамалы қызметкерлер
де, талантты кәсіпқорлар, менеджерлер, эксперттер мен
мамандардан тұратын экономикалық элита да пайда бо­
лады. Өйтпесе, нарық бола ма?!

Бірақ, соның бәрі жекешелену басталған кездегі біреуге
сұйық, біреуге қою құятын алақолдықтың емес, өмірдің өзі
туғызған шынайы бәсекенің нәтижесінде сұрыпталға­ны
дұрыс. Әйтпесе, әлеуметтік ертеңгі жіктелуін де кешегі

Ғасырлар тоғысында
бөліспелі экономиканың әділетсіздіктері қалыптастырып
беріп кеткен болып шығар еді.
Ең бастысы, мұндай мәресіз, меншік иеленудегі

кереғарлықты бәсеңдетпейінше бүгінгі іскер топтың,
ертеңгі орта таптың қатарын көбейте алмаймыз, сөйтіп
экономикалық жағынан тиімсіз, әлеуметтік жағынан
орнықсыз, «ақылға қонбайтын, көңілің тоймайтын» тағы

бір күлдібадам қоғам орнатқан болып шығамыз.
Нарық тек әркімнің өз ісін тауып алуына, әркімнің өз
ісімен өзі болуына жағдай жасай алса ғана, өзін-өзі ақтай
алады.

Бұл адамдардың күш-жігері мен уақытын өзінің мүд­
десін қанағаттандыруға, сол арқылы қоғамның мүд­де­сін
қанағаттандыруға бағытталған жемісті еңбекке жұм­
сауға мәжбүр етеді. Сейтіп, халықтың көңіл күйін іс­

керлікке, жасампаздыққа бағыттап, орнықтылық ахуалды
нығайтады.
Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда әуелі инфля­
цияны тоқтатпай тұрып, басталып кеткен істі жолдан

кідіртпей-ақ, ешкімнің жанына жаңа үрей салмай-ақ,
ешқандай жаңа жойымпаздыққа ұрынбай-ақ, нарыққа
көшудің тактикасына бейбіт жолмен түбегейлі өзгерістер
енгізбей тұрып, өндіріс те түзелмейді, өмір де түзелмейді.

Сонымен, экономикалық жаңғыру – уақыт талабы.
Оны кідіртіп отырған – бір кездегі одақ жағдайында,
қайта құрудың мақсаты әлі екіұдай болып тұрған кезде
басталған реформаның, оның бер жағында түбірімен

өзгеріп кеткен саяси кеңістікте қалыптасып келе жатқан
атымен соны сипаттармен, заңдылықтармен жете сана­
са алмай жатқандығы. Тәуелсіз мемлекет жағдайында
болуға тиісті басқа да реформалармен табиғи түрде

өзектесіп кете алмай отырғандығы. Көпұлттылық жағ­
да­йында меншік бөлісу­ден басталатын реформаның тек
әлеуметтік топтар арасындағы ғана емес, этникалық топ­
тар арасындағы күрделі қарым-қатынастарға да тікелей

Ә. Кекілбайұлы
байланысты екендігінің бәрі-бәрі уақытылы мұқият ес­
керіле бермейтіндігі.
Экономикалық реформа тек енді тәуелсіздік алып жат­

қан ұлттық мемлекеттің, оның кешегі саяси экономикалық
орталықтандыру тұсында әбден қағажу көріп баққан
байырғы халқының шын мәніндегі әділетке қолын
жеткізе алса ғана ойдағыдай өрістей алмақшы. Өйткені,

түпкілікті халық өмірлік мүдделерін қанағаттандыра ал­
май, қоңторғай отырған жерде кез-келген реформа үшін
басты шарт болып табылатын қоғамдық жарастық ахуалы
орнамайды. Сондықтан да кешегі әділетсіздіктерді мықтап

ескеру, олардың жаңа экономикалық қарым-қатынастарға
көшу тұсында этникалық дүрдараздық өртіне себепші бо­
лып жүрмеуіне қам жасау – шынайы реформаның ең басты
мақсаты болуға тиісті. Шын экономикалық реформа өзінің

ойдағыдай өрістеуіне ыңғайлы ахуал орнатуды алдын-ала
ескеріп отыруға тиісті.
Бұл ретте, Қазақстанды жарастықты реформа кеңісті­
гіне айналдыра білуге бір кісідей атсалысу көпұлтты

қауымның барша құрамдас бөліктерінің басты парызы
болып табылады.
Ондай кеңістік жасаудың бірден-бір кепілі – аталмыш
территорияда әлденеше ғасырдан бері тарихи қалыптасқан

мемлекет пен оның негізін салған байырғы халықтың
қай саяси, әлеуметтік, экономикалық мүддесіне де
түсіністікпен қарай білу, олардың жүзеге асуына қолынан
келгенінше көмектесу, оны басқа этникалық топтардың

мүдделеріне нұқсан келтіру деп қарамай, қайта тәуелсіздік
жағдайында жалпыға ортақ орнықты ахуал орнатудың ең
тиімді алғышарты деп ұғу. Онсыз ешкім үшін де қолайлы
бола қоймайтын қопарылмалы жағдайдан құтыла алмай­

сыз. Басқа аймақтардағы қатерлі ахуал ең алдымен осыны
ескермеуден туып жатыр. Жаппай шамшылдық, жаппай
егес ешкімді өрге бастырмайды.

Ғасырлар тоғысында
Енді қалыптаса бастаған егемен елде тәуелсіздік мүд­
десі ең бірінші орынға қойылуға тиісті. Ол – әрине, ең
алдымен жаңа конституциялық құрылым түзуде басты

назарда болатын шарт.
Егер біз қазіргі орнықты ахуалды одан әрі нығайтудың
хұқықтық жолдарын тауып, оны іске қоса алсақ, онда ба­
сталып кеткен реформаның тактикалық жолдарын қайта

қарауға мүмкіндіктер ала аламыз.
Оған әлі де кеш емес. Шағын жекешелендіру енді жүріп
жатыр, мемлекеттік экономиканың негізін жасайтын са­
лаларды жекешелендіру әлі бастала қойған жоқ. Ауыл

шаруашылығын жекешелендіру ішінара жүруде. Осыны
пайдалана отырып, қазіргі Шығыс Еуропада, Қытайда
жүріп жатқан реформалардың тәжірибесін ескере отырып,
әуелі экономиканы дағдарыстан шығарудың жолдарын

қарастырған жөн. Реформаны содан кейін барып өрістет­
кен тиімді. Көршінің не одан арғының қолданып отырған
әдісін үйрену бір басқа да, соның бәрін назарда ұстай
отырып, өз кеңістігімізді нақты мүмкіндіктер мен пробле­

маларды мейлінше жан-жақты және терең ескере отырып,
өз жолымызды табу бір басқа. Бұл арада әрбір әдісті ал­
дын-ала сынақтан өткізбей болмайды. Көңілге қонымды
деген әдістердің өзін Қазақстанның әр аймағының табиғи,

әлеуметтік, демографиялық жағдайларына қаншалықты
үйлесімді болатынын арнайы тәжірибе арқылы анықтап
алу керек. Әр саладағы реформаның әр аймаққа ыңғайлы
ықтимал жолдарын тауып барып экономикалық реформа­

ны ойдағыдай өрге бастыруға болады.
Әйтпесе, қазіргі реформа – негізінен экономикалық
штабтарда туындаған реформа. Онда таза технократиялық
реформашылдықтың, өндіріс мүддесі деп, белгілі бір

топтар үстемдігінің басым түсіп кетуінің негізгі сыры да
сонда, сондықтан да оның мемлекетіміздің тәуелсіздік
алуымен, ұлттық санамыздың оянуымен, әлеуметтік
қарым-қатынастарымыздың демократиялануымен тығыз

Ә. Кекілбайұлы
ұштаспай жатқан тұстары да аз емес. Қалың бұқараға
түсініксіз, көптеген саяси топтар үшін даулы болуы
тұрмыстағы дағдарыстардың күшеюіне ұштасып, тек

нарық төңірегінде ғана емес, қоғамдағы барлық өзгерістер
төңірегінде күдік-күмәнді көбейтіп отыр.
Саяси прагматизм мұндайда үсті-үстіне қамшылау
жолымен емес, бір сәт жан-жағына байыптай көз салып,

бағыт-бағдар мен қимыл-әрекеттер сипатын қайта пайым­
дау арқылы ғана ілгері басу мүмкін деп санайды.
Кеңістіктің кедір-бұдырларын дер кезінде байқап,
одан неғұрлым мүдірмей өтудің амалдарын дер кезінде

қарастырмай тұрып, уақыттан ұту мүмкін емес.

5. ИӘ, КӨП НӘРСЕНІ АСЫРА СІЛТЕУ МЕН

АСЫҒЫСТЫҚ ӨРГЕ БАСТЫРМАЙ ТҰРҒАНЫ РАС

Ал ол екеуінің тек өз мақсатынан басқа ештеңені ой­
ламай, тек өз мүддесінен баса ешкімнің мүддесімен есеп­
теспейтін топтық, таптық, этникалық кеудемсоқтықтан
өрбитіні әркімге аян. Кеше содан құлдырасақ, бүгін содан

күйзеліп отырмыз. Ондай кеудемсоқтық басқаны былай
қойғанда, тарихтың өзін де, тарихи процестердің өрбу,
өрістеу заңдылықтарын да көзге ілмейді.
Кез-келген тарихи процестің тұсында тек кеңістік

факторы – бір ғана аймақ, бір ғана мемлекетте қазіргі
қалыптасып отырған жағдайды сол қалпында сақтап қалу
пиғылы – біржақты ескеріліп, уақыт факторы – қалған
әлемнің қалай дамып бара жатқандығы – назардан мүлдем

тыс қалса, тұралап тұрып алудан басқа ештеңе болмай­
тынын тоқырау дәлелдеп берді. Ал тек уақыт факторы
ғана – былайғы әлемде не болып жатқаны ғана – ескеріліп,
кеңістік факторына – сол жаңалықтарды дарытуға өзіміз

отырған аяның қаншалықты дайын екеніне, дайын болма­
са, қалай дайындалуымыз керек екеніне – ешқандай немесе
жеткілікті мән берілмесе ше?

Ғасырлар тоғысында
Онда кеңістік факторы атымен жоққа шығарылуы,
тіпті мүлде ғайып болып кетуі де ықтимал екен, ал уақыт
факторы өз-өзінен мәнсізденіп шыға келеді екен. Бұған

соңғы жеті жыл ішіндегі оқиғалар айқын дәлел бола алады.
Оларға түп бастау болған әлеуметтік импульстар қайда,
қандай елде, қандай табиғи-тарихи, саяси-әлеуметтік,
мәдени-этникалық аяда өрбіп жатқандарын ескермеуден

өздері өркен жайған кеңістікті – Кеңестер Одағын – тарихи
болмыстан аластатып тынды.
Әуелден де мұндай пиғыл болды ма, әлде ойламаған
жерден солай болып шықты ма – гәп онда емес.

Гәп басқада. Қоғамды қайта құрудың әлгіндей бір
саяси кеңістіктің түбіне жетіп тынған әдістерін дәл сол
қалпында жаңа саяси кеңістікке – енді-енді қаз тұра
бастаған тәуелсіз мемлекет жағдайына – көшіре сал-

ғаннан, ол жойымпаздық, сипаттарынан айырылып, бірден
жасампаздық сипаттарға ие бола қоя ма?
Әй, қайдам... Қайта құрудың әу бастан жарыса атсалы­
сып келе жатқан күштері түгел әрекет еткен жерде не бола­

тынын Кеңестер Одағының келеңсіз күштері бел алып кет­
кен аймақтардың да әуселесі белгілі. Солшыл радикализм
шектен шыға астамсыған жерде өз қарсыластарын өлердей
өшіктіріп, Грузияда азамат соғысына, Мәскеу шаһарына

немен тынары белгісіз текетіреске жол ашып берді. Оң­
шыл радикализм астамсып еді, әзірбайжандар мен армян­
дар қанға бөгіп шыға келді. Екі радикализмнің не екеуін
бірдей, не біреуін-ақ пайдалана отырып, конституциялық

билік институттарының арасына от жаққаннан шиеленіс
Ресейде әбден шегіне жете ширықса, Тәжікстанда өзімен
өзі отырған жұрт жан-жаққа тартқылаған алауыздықтың
отына үйітілуде.

Сонда бұған не кінәлі? Мақсат па? Мүмкіндік пе?
Уақыт па? Кеңістік пе? Ешқайсысы да емес. Экономика­
ның қазіргідей тұралап қалғанына нарық қандай кінәлі
болмаса, саяси ахуалдың тап бұлай насырға шауып

Ә. Кекілбайұлы
кеткеніне демократия да дәл сондай кінәлі емес. Кінәлі –
әдіс. Мақсат пен мүмкіндікті, уақыт факторы мен кеңістік
факторын үйлестіре алмайтын, не үйлестіргісі келмейтін

асығыстық пен асыра сілтеу. Әуелде де осындай ниет
болды ма, жоқ оқиғаның даму барысы өзінен-өзі соған
әкеліп тіреді ме, кейінгі жеті-сегіз жыл ішіндегі саяси-
экономикалық әрекеттердің жасампаздық сипаттарынан

гөрі жойымпаздық сипаты басым түсіп жатыр. Өйткені,
олар қандай да саяси дене болмасын, әуелі оның ақауын
түзетіп, ауруын емдеп алып, одан әрі өзінің тыңаюы мен
шынығуына жағдай жасаудың орнына, әуелде сызат

түсіп тұрған жерін қалайда ырсиған жікке айналдыру,
ал ырсиған жікті біржолата айырып, әбден ыдыратып,
күйретіп барып, атымен жаңа саяси дене жасауға ұмтылып
бақты. Одан ештеңе шықпаған кезде: «бұрынғы байла­

ныстар мен құрылымдар үзілді, қирады, ал жаңалары
әлі іске қосыла алмай жатыр»,– деген сылтау айтылды.
Мәселенің бұлай өрбуіне біздің әрқайсымыздың, күллі
қоғамымыздың ­бойына мықтап сіңіп қалған революция­

лық рух пен жойым­паз психология да аз себепші болып
жүрген жоқ. Құлаған­ға қуандық, орнында не пайда
болғанында шаруамыз болған жоқ. Көппен көрген ұлы
той деп тарта бердік. Оның үстіне, осы процестердің

бәріне бас-көз болып отырған жоғарғы жақ жоба үстіне
жоба, бағдарлама үстіне бағдарлама ұсынып, бастары
қатып жұмыс жасап жатқан кейіп танытты. Әуелден
әлеуметтік оптимизмге баулынған біздер басталып кет­

кен демократиялық процестер қоғамдық қатынастардың
ірік-шірігін өзінен-өзі тазалайды, әлеуметтік топтар мен
кадрлардың озық-тозығын өзінен-өзі сұрыптайды, саяси-
экономикалық дамуды өзінен-өзі сабаға түсіреді деп

сеніп бақтық. Төменнен айтылған ұсынысқа қарсылық
білдірген жоғарғы жақ болған жоқ. Сөз бостандығы ма –
мә! Шаруашылық еркіндігі ме – мә! Ауылды дамыту
бағдарламасы ма – мә! Төбеден түскен батпан құйрықтай

Ғасырлар тоғысында
көл-көсір уәдеге мәз болып жүргенде, өмірде өтіп жатқан
процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасап, жүйелеп
отырған күштер бар, олар кешегіге дәндеп қалған кад­

рларды бірте-бірте тазартады; жаңа рухтағы кадр кор­
пусы қоғамдық тәртіп пен өндірістік тәртіпті қалпына
келтіреді; орнықтылық ахуал орнайды; кешегі әлеуметтік
әділетсіздіктер салдары жойылады; қоғам бірыңғай, бір

ырғақты қалыпқа түседі; сосын қолда бар игіліктің егжей-
тегжейлі есебі алынады; оларды тиімді пайдаланудың
ықтимал жолдары белгіленеді; сонымен қатар, қолда
бар моральдық ресурстың да есебі алынады; олардың

тұтынушылық, өндірушілік мүмкіндіктерінің арасалмағы
ғылыми тұрғыдан жіктеп-жіліктелінеді; экономикалық
дамуды орналастыру мен жүйелеуде жергілікті моральдық
ресурстардың дұрыс есепке алынбауы салдарынан игілік

бөлісуде өндіріс пен ауыл шаруашылығы, қала мен
ауыл, құнарлы өлкелер мен шөл аймақтар, тіпті ұлттар
арасында орын алып келген кереғарлықтарды түзетудің
тетіктері іздеп табылады; жекешелену сосын барып ба­

сталып, әркімнің жаңа экономикалық қарым-қатынастарға
көшудегі мәрелік мүмкіндіктері мейлінше теңестіріледі;
сөйтіп, процестердің бұдан арғы дамуы әлеуметтік
шиеленістерге ұрынбайтындай саяси-экономикалық

кепілдіктерге ие болады деген дәмеміз көзімізден бір-бір
ұшты.
Табиғатта тап мұны мақсат қылып, басы қатып отырған
саяси басшылық болмағанына тамыз оқиғалары біржола

көзімізді жеткізді. Сөйтсе, бір кездегі билік пен тоқырау
тұсында қолға түсіп қалған дәулеттен айырылып қалмау
үшін күрес енді қайта құру тұсында қол жеткен билік пен
еселеп көбейген дәулетті түпкілікті заңдастырып, одан

әрі орнықтырып алу жолындағы күреспен алмасыпты.
Сенімпаз жұрттың көңілінде ондай күш бұрын болма­
са, енді болады, әлеуметтік әділет пен жаңа нарықтық
қатынастарға көшердегі мәрелік мүмкіндіктерді ақылға

Ә. Кекілбайұлы
сыйымды деңгейге жеткізетін саяси прагматизм бұрын бел
алмаса, енді бел алады деген дәме қайта оянды.
Ондай дәме орынды еді. Одан біржола күдер үзуге

болмайды. Бірақ, әзір жүзеге асып жатқан жоқ. Баста­
лып кеткен процестер сол баяғы қарқынмен, сол баяғы
жүйесімен жалғасуда. Егер бұдан әрі де тек осы жолмен,
осы әдіспен өрістей берсе, олар көшіп-қонған жаңа тәуел­

сіз кеңістіктер де көз алдымызда ғайып болған бұрынғы
жалпы кеңістіктің кебін кимесіне ешкімнің көзі жетіп
отырған жоқ. Жаппай бөліне жарылушылық осы бетімен
өрби берсе, оны ең ақырғы бөлшектенуі мүмкін емес

әлеуметтік денеге жетіп тірелгенше ешкім тоқтата алмауы
ғажап емес. Ондай ақырғы әлеуметтік дене – адам. Әрбір
пенденің қара басы. Бір адамның бір басын орталық пен
шет аймаққа, одақтас пен қарсыласқа бөле алмайтыны­

мыз рас. Алайда, тек қана жойымпаздық пен наразылық,
өзімшілдік пен секемшілдіктен басқаның бәрінен адала­
нып біткен сана күндердің күнінде сол ақырғы әлеуметтік
кеңістік – адамның өзін де күйретіп тындырары сөзсіз.

Олай болса, бар үмітімізді артып отырған бүгінгі се­нім­
деріміз де кешегі социализмнің кебін киіп шыға келмесіне
кім кепіл?!
Дүниеде асыққаннан, асыра сілтеуден, астамсудан

ұтатын құбылыс болуы мүмкін емес. Ол егер ұтса, тек
ықпалдастық арқылы ғана ұта алады. Ал ықпалдастық
неден тәуелді екеніңді айқын сезінуден басталады.
Сондықтан да, уақыт дегеніне жеткісі келсе, кеңістікпен

есептесе білуі керек. Кеңістік көсегесін көгерткісі келсе,
уақытпен есептесе білуі керек. Мүддедегі есептестік
әре­кетті ықпалдастық туғызады. Есеп жүрген жерде
өлшем жүреді. Сол себепті де дамуға революциядан

гөрі эволю­ция қолайлырақ. Өйткені, біреуі мөлшерлеп,
біреуі мөлшерді белден басып әрекет етеді. Адамзат та­
рихына қарасаңыз, алдыңғысының құралақан қалдырып,
соңғысының шексіз бақытқа кенелтіп жатпағаны белгілі.

Ғасырлар тоғысында
Сонда қайтпек керек? Қайта құрудан бас тарту ке­
рек пе? Жоға, тәйірі... Бар болғаны – қайта құрудың
өзін қайта құру керек. Ең алдымен, революциялық ар­

надан эволюциялық арнаға түсіру керек. Бұдан әрі де
радикализмнің айтқанына еріп, революциялық әдістерді
малдана берсек, кешегі кеңес мемлекетін шайып кеткен
жойымпаз күштер тәуелсіз мемлекеттерді де шайып

кетуі ықтимал. Ал эволюциялық даму жолы саяси праг­
матизм қағидаларынан ауытқымай, өзіне тиянақ болатын
мемлекеттік кеңістікті сақтай, тіпті нығайта отырып, адам­
дар мен халықтардың, таптар мен әлеуметтік топтардың

арасындағы қайшылықтарды шиеленісті шекке жеткізбей,
бәсеңдететін жолдар іздеп, бәрінің бір күнде емес, жүйелі
түрде сатылап шешілуіне жағдай жасай алатындығын
дәлелдеп отырған елдер аз ба?

Бұл реттен келгенде, Кеңестер Одағының келеңсіз
тағдыры бізге саяси-экономикалық реформаны одан әрі
өрістетуімізде бір сәт те естен шықпайтын ең басты сабақ
болуы тиіс.

Қай мәселені де, ең алдымен, біздің тәуелсіздігімізге
қандай ықпал ете алатындығымен бағалауымыз керек.
Ең әуелі басын ашып алатын мәселе: уақыт пен кеңістік
арасындағы жарастықтың нәзіктігін жіті ескеріп оты­

ру. Ол үшін экономиканы нарықтандыру мен қоғамды
демократияландырудың этникалық жағынан бірыңғай,
біртекті мемлекеттерге тән жалпылама үлгісі біз секілді
әр ыңғай, әр текті ала-құла мемлекет жағдайында қалаған

нәтижеге жеткізе қоймауы да ықтимал екенін ұмытпаған
жөн. Бір өкініштісі, бұл салада ең үздік табыстарға жетіп
жатқандар – өңшең біртектес мемлекеттер. Ал тағдыр мен
тарих бізді нарық пен демократияның көп нәсілді мемле­

кет жағдайындағы үлгісін жасақтауға мәжбүр етіп отыр.
Мұндай жағдайдың күрделілігін түсінетін күштер қайта
құру басталмай жатып-ақ, бізді мемлекеттік дербестік
мүмкіндігінен айыруға тырысты. Демек, біздің саяси

Ә. Кекілбайұлы
кеңістігімізді шайқалтуды көздеп бақты. Ол ниет әуелгі
ортадоксальды интернационализм қағидаларын пайдала­
на отырып, ашық тұрде қимылдаса, қазір ортодоксальды

демократизм қағидаларын пайдалана отырып, көрер көзге
байқала бермейтін көлгір сипат алып отыр.
Кеңестер Одағы секілді қырық құрақ елде нарық пен
демократияны бірден өрістетіп кету қиын екенін ескерген

«қайта құрудың әкелері» әуелі интернационалистік догма­
ны, таптық максимализмді, төменгі жақтың жоғарғы жақ­
қа, бұқараның аппарат пен номенклатураға наразылығын,
кадр таңдаудағы алақолдыққа, арнайы жеңілдіктерге деген

жаппай ренішті пайдалана отырып, үгітшілік алауыздық
туғызуды, оған иек артып, этникалық немқұрайдылықты
одан әрі өршітіп, әркім ұлттық мүдде түгілі өз басымен
өзі қайғы болып кететін ахуал өрбіту арқылы ұзақ жыл­

дар бойы жүргізіліп келген территорияларды этникалық
жағынан бейтарап-тандыру саясатын түпкілікті нәтижеге
тезірек жеткізуді көздеді. Оны баяғыдан бері армандап
келе жатқан «шынайы интернационализмге» жетсек енді

жетеміз деп ойлаған догмат күштер де, мұндай бейтарап
кеңістік атымен жаңа саяси-экономикалық қатынастар
орнатуға ыңғайлырақ болады деп санаған реформацияшыл
күштер де қызу қолдады. Екі жағы да процесті мейлінше

шұғылдатуға тырысты. Алматы, Сумгаит, Қарабақ,
Ферғана, Жаңа Өзек, Рига оқиғалары – бәрі бір көгеннің
Қозылары. Жергілікті әлеуметтік қайшылықтарды жа­
санды жолдармен шиеленістіріп, оған жасанды түрде

ұлтаралық сипат беріп, соны пайдаланып, «интерна­
ционалдануды» күштеп, зорлап тездетуге жағдай ту­
ады деп есептеді. Қашан мұндай тәжірибеден ештеңе
шықпайтынына көздері жеткен кезде барып, солшыл ра­

дикализм империяның күйреп тынғанына да пейіл болды.
Тек осының өзі-ақ қайта құру тұсында ұлт мәселесі,
ұлтаралық қатынастар қандай да көп сөз болғанымен, оны
ұлттардың пайдасына шешуді көздеген ешкім болмағанын

Ғасырлар тоғысында
байқатады. Солшыл радикализм оны қалыптасып алған
шовинистік империяны күйретуде қопарғыш зат ретінде
ғана пайдаланса, оңшыл радикализм асқынып барады-

мыс «ұлтшылдықпен» қорқытып, унитарлық империяны
біржолата заңдастырып алуға тырысты.
Бұны тек қайта құру басталғалы қатты шабуылға
ұшырап келе жатқан Қазақстанға байланысты пікірлерден

де мықтап аңғаруға болады. Г. Колбин Қазақстан
басшылығынан қалай кетті, солай кейбір орталық ба­
сылымдар зарлап қоя берді. Әуелі үйреншікті әдетпен
«ұлтшылдықтың қайта жандана бастағанын» сөз етті.

Кейін ондай байбаламды тастап, Қазақстанның мем­
ле­кеттік дербестігіне, территориялық тұтастығына
күмән туғызбайтындай қисындар іздестіріле бастады.
Бір қызығы, бұл мәселеде әншейінде бірінің жағасынан

бірі алып жүрген тайталас ағымдар кісі таңғалатындай
бірауыздылық көрсетті.
Өзіңіз ойлаңызшы! Сонау сексен тоғыздың күзінде
«Московские новости» газетінде Г. Попов Қазақстанға

көп территорияны И. Сталин озбырлықпен тартып әперді
десе, дәл сол тектес пиғылды тоқсаныншы жылдың жа­
зында А. Солженицын қоздатты. Тоқсаныншы жылдың
желтоқсанында президенттіктен кетіп бара жатып М.

Горбачев Қазақстан тың игеру кезінде Ресейдің бес об­
лысын иемденіп кетті деп жар салды. Жуырда «Правда»
газетінің бетінде дәл сол алуандас пікірді Ресейдің халық
депутаты М. Челноков қайталады.

Бұл төрт «дуалы» ауыздың ар жағында біреулері
жұрттың бәрін өздеріне ұқсату үшін, біреулері жұрттың
бәрін өздеріне ұқсатпау үшін егемендікті мансұқтап,
ұлттық тәуелсіз мемлекет қағидасын жоққа шығаратын

екі тұрғыдан туындайтын төрт пиғыл тұр: біреулеріне
бұрынғы Кеңестер Одағының орнына ұлттық сипатқа
атымен мән бермейді-міс Америка Құрама Штаттары
сияқты Еуразия Құрама Штаттары керек; екіншілеріне

Ә. Кекілбайұлы
сәл жаңартылған немесе тіптен жаңартылмаған бая­
ғы Ресей империясы керек; үшіншілеріне сәл жақ­
сар­тылған және жаңартылған кешегі Кеңестер Одағы

керек; төртіншілеріне ешқандай жақсартылмаған да,
жаңартылмаған да кешегі Кеңестер Одағы керек; бірақ,
ешқайсысына да өз даму жолын өзі таңдап алған азат,
тәуелсіз, егеменді ұлттық мемлекет, соның ішінде

Қазақ мемлекеті керек емес. Сондықтан да, біріншілері
ұлттардың өзін-өзі билеу хұқығын, ұлттық мемлекетті
күні еткен қағида деп, екіншілері большевиктердің ойлап
тауып кеткен зиянкестігі деп, үшіншілері қыстақтардан

бастап егемендік талап ететін аймақшылдық менмендіктің
бір көрінісі деп, төртіншілері сырттан келген зиянкестер
мен іштен шыққан отансыздардың «ұлттық надандықты»
желіктіруі деп, жоққа шығарып бағуда. Ол аз болғандай,

кеше тәуелсіздік алып кетуі мүмкін, бүгін тәуелсіздік алып
қойған Қазақстанның саяси дербестігінің заңдылығына
күмән туғызатындай іліктер іздейді. Оны территориялық
даулар арқылы тапқысы келеді. Бұл арада аталмыш автор­

лар қалыптасып отырған көпұлттылық ахуалды пайдала­
нып, тарихқа көзапара зорлық жасамаққа, кейінгі кезеңдер
туғызған заңсыздықты әуелден де солай жаратылған
мәңгілік ақиқат қып өткізуге тырысады.

Шын мәнінде, мемлекетті тарихи қалыптасқан ұлттық-
территориялық сипаттар түзейтіні – ежелден белгілі қа­
ғида. Территориясы жоқ, немесе территориясынан көшіп
кеткен халық аспан мен жердің арасындағы ауадан мем­

лекет жасақтай алмайтыны даусыз. Тек өз тарихи террито­
рия­сында отырған ұлт қана мемлекетке ие бола алады.
«Туған жердің табиғатын бәтеңкенің табанына жұққан то­
пырақпен ілестіріп алып кете алмайтының қандай ақи­қат

болса, туған еліңнің тәжі мен тағын да не басыңа киіп, не
атыңа бөктеріп алып кете алмайтының сондай ақиқат»,–
деген сөз содан қалған. Ол үшеуі халқының негізі қайда
отырса, сонда қалады. Белгілі бір ұлттың белгілі бір

Ғасырлар тоғысында
бөлігінің бір кезде үдере көшіп кеткен жерінен жер даулай
алмауы, үдере кешіп келген елінен мемлекет даулай ал­
майтыны, тек өзінің ұлт боп қалыптасқан тарихи отанында

ғана мемлекет талап ете алатыны – көптен бері талассыз
қағидаға айналды. Ал әлгіндей саяси күштер іргесіндегі
Қазақстанға үсті-үстіне қисынсыз дау, қисынсыз талаптар­
мен киліге береді. Бір кезде Ресей империясының құрамы­

на кіргені үшін бе? Кірсе – күллі мемлекетімен кірді,
шықса – күллі мемлекетімен шықты. Егер, кейбір тарих­
шылар айтып жүргендей, өз еркімен қосылса, өз еркімен
шықты. Егер, екінші бір тарихшылар айтып жүргендей,

жаулап алынса, XX ғасыр кез келген аннексия мен отар-
шылдықты заңнан тысқары деп тапты. Бұл ретте тілге
тиек таба алмайтын болғандықтан, әлгідей қисыншылар
қазақтарды әуелде ешқандай мемлекетті білмейтін,

бетімен лағып көшіп-қонып жүрген жабайы тайпа қып,
қазақ жерін ресейлік қоныстанушылар келгенге дейін
иесіз жатқан иен дала қып түсіндіруге тырысады. Бұны,
басқаны қойғанда, Ресей тарихының өзі жоққа шы­ғарады.

Егер оның шығыс жағында ешқандай мемле­кеті жоқ елсіз
дала жатса, XІІ–XVІ ғасыр арасында үш ғасыр­дан астам
Ресей кімнің қол астында отырды. Алтын Орданың емес
пе еді? Қазақ хандығы да Ресейдің өзі сияқты бір кезде

Алтын Орда құрамында болған Ақ Орда, Көк Орда, Ноғай
ордасы негізінде пайда болды ғой! Егер ол хандықтарды
мемлекет деп танымаса, сонау Иван Грозный заманынан
неге елшіліктер алмасылған? Егер иен дала болса, сол екі

ортада сонау Қиыр Шығысқа дейінгі территорияны ием­
деніп үлгерген Ресей, орта жолдағы бұл аймақты нағып
айналып өткен? Егер бұл аймақта ешқан­дай мемлекет
болмаса, 1595 жылы Тәуекел ханды бодандыққа алған

Михаил Федорович заманынан бастап орыс патшалары
1846 жыл­ғы Лепсі, 1847 жылғы Меркі келіссөздеріне
дейін қазақ билеушілерімен келіссөз жүргізумен кел­
се, көшіп жүрген қаңбақтармен келіссөз жүргізген бе?!

Ә. Кекілбайұлы
Кейін Қазақстан шекарасының өзі сол келіссөздерге
қатысқан елбасыла-рының қарауындағы ұлыстардың
жайлап отырған территориялары бойынша белгіленбеп пе

еді?! Шекара, М. Горбачев айтқандай, «сельсоветтердің
деңгейінде» емес, атақты шығыс зерттеушісі академик
В. Бартольд басқарған мемлекеттік комиссия деңгейінде,
Ресей империясының сыртқы істер департаменті мен бас

штабының құжаттары негізінде белгіленген-ді. Тұсын­да
екі одақтас республика парламентінде, одақтық парла­
ментте конституциялық дәрежеде бекітілген-ді.
Ұлттардың өзін-өзі билеуі қисынын большевиктер

ойлап тапты деген де әнтек сөз. Өткен ғасырда бұл
қисынды батыс саясатшылары көтерген-ді. Әсіресе,
АҚШ Президенті Вудруф Вильсон көзге түскен-ді. Ол
большевик емес-тұғын. Осы қағидаға сүйеніп, 1905

жылы Норвегия Швециядан бөлініп шыққан-ды. Ол
кезде большевиктер Швеция түгілі Ресейде де билікке
келмеген-ді. Бұл қағиданың мықтап күшіне ене бастағаны
1941 жылы Африкадағы Касабланкада «Атлант харти­

ясы» қабылданғаннан кейін. Оның негізін салушылар
Ф. Рузвельт пен У. Черчилль ешқашан коммунист болып
көрген емес-ті. Осы қағиданы негізге ала отырып, біріккен
ұлттар ұйымында 1960 жылы «Отар елдер мен халықтарға

тәуелсіздік беру туралы декларация» қабылдағандардың
да бәрі-бәрі коммунистер емес-тұғын. Ал сол құжатқа қол
қойып ап, оны өткен жылдың күзіне дейін шындап орын­
дамай келгендердің коммунистер екені рас еді.

Егер отаршылдықтың түпкілікті күйреуі, тәуелді
елдердің егемендікке ие болуы, негізінен, XX ғасырдың
екінші жартысынан бастап жүзеге асып жатса, ұлттық
мемлекеттердің қалайша күні өткен болып шығады?!

Жер бетіндегі жүздеген халықтардың, демек, миллион­
даған, тіпті миллиардтаған адамдардың ең көкейкесті
мүдделерін көздейтін азаттық пен тәуелсіздік мәселесін
бұ­лай тұрпайыландырудың шынайы ізгілік пен демокра­

Ғасырлар тоғысында
тия қағидаларына қырық қайнаса сорпасы қосылмайды.
Ендеше, мұндай қисын соғып жүргендер өздерін кіммін
деп атауға да ерікті, бірақ демократпын, ізгілікті ақыл

иесімін деп айта алмаса керек. Оларды мұндай тығырыққа
тіреп жүрген – өзгелердің басындағы ескішілдік емес,
өздерінің басындағы ескішілдік. Күллі дүниені бір мемле­
кет санап, басқалардың басынан секіруді көздейтін әлемдік

империя қисынын желеулеткен космополиттік қағидалар
мен тап сол жолдағы таптық догманы желеулететін қасаң
интернационализм қағидаларынан арылып болмаған от­
аршыл психология.

Мұндай пиғылдағылар адам хұқығы мен бостандығы
халықтар хұқығы мен бостандығынан жоғары тұрады
дегенді желеулетіп, кешегі отаршылдықтың салдарын сол
қалпында сақтап қалуға болады деп дәметеді. Әсіресе,

отаршылдықтан ең көп зардап шеккен Қазақстанға қайта-
қайта шүйлігетіндігі де сондықтан. Олар қазақтардың
өз тарихи отанында аз болып қалуын өз-өзінен орнай
қалған заңды оқиғадай көріп, мұндағы қай мәселені

шешкенде де процентке жүгінеді. Бір ғасырға жетер-
жетпес уақыт ішін­де жергілікті тұрғындардың жартысына
жуығын не тікелей, не жанама жолмен қырып, аластап
салып, сыртта одан бір жарым есе көп халық әкелуді

қаншама «интернационалистік көмек» деп майлап-
сырлағанмен, ол бәрібір саналы түрде әдейі жасалған
отаршылдық болып қалады. Қажет десеңіз, «халықтар
достығының» пайғамбарлары бұл саясатты ежелгі Қытай

императорларының шет аймақтарға жүргізген саясатынан
сол қалпында көшіріп алған-ды. Қытайлар да өздері басып
алған аймақтардың жартысын жергілікті халықтардан,
жартысын ханьдардан ұстаған. Ондағы мақсаттары,

өздерінің түсіндіруінше: біріншіден, екі ұлт бірін-бірі
аңдып, артық қимылдан тартындырып отырады; екінші­
ден, билікте екеуінің де өкілдері жүргендіктен, біріне-бірі
көзапара зорлық жасай алмайды; үшіншіден, басқыншы

Ә. Кекілбайұлы
ұлт бөлектенбейді де, жергілікті халыққа сіңіп те кетпей
күллі елге бытырай жайғасқандықтан, өз империясын ішкі,
сыртқы қастандықтан сақтандыра алады; төртіншіден,

ханьдар жалпы алғанда көп болғандықтан, әлгіндей шет
аймақтарды еріксіз ұстап отыра алатындай «тірі арқан»
боп табылады. Кешегі «интернационализм» енгізген
әлгіндей айла-шарғыны бүгін де орнықты ахуалдың

кепілі деп, сорымыз емес, бағымыз деп санайтындар да
кездеспей қалып жүрген жоқ. Оны әділеттілік, демократия
деп ұғады. Егер бұл әділеттілік болса, онда отаршылдық
деген не? Әлде адамгершіліктің, ізгіліктің, бостандық

пен азаттықтың заңдары қалған адамзат үшін бір бөлек,
қазақтар мен Қазақстан үшін бір бөлек жазылған ба?!
Әрине, олай емес. Ендеше, санына қарап кіріптарлықты
кеше интернационализм деп түсіндіргеніміз сияқты, бүгін

демократия деп түсіндірудің еш қисыны келмейді. Әлем­
дік отаршылықтан кейінгі демократия тек адамдар теңдігін
ғана емес, халықтар теңдігін орнықтыруды да өзінің басты
шарты деп санай алса ғана, демократия болып есептелуі

тиіс. Өйткені, халқы азат бола алмай тұрып, ешкім азат
бола алмайды. Азат емес адам өзін ешкіммен тең сезіне
алмайды.
Мәселеге осы тұрғыдан келсек, қалған дүниедегі отар­

шылдыққа қарағанда аса көлгір «кеңес отаршылдығынан»
адам айтып тауыса алмастай зорлық-зомбылық көрген
Қазақстанда тек қазақ халқы ғана ұлттың өзін-өзін би­
леу хұқысын талап ете алады. Өйткені, қалған жүз отыз

ұлттың өкілдері ішінде тарихи отанында отырған тек сол
ғана. Басқалары өздерінің тарихи отандарында ұлттық
мемлекетке әлдеқашан ие болды. Сондықтан да одан
тысқары жерде ұлттық-территориялық дербестік сұрауға

қақылары жоқ. Алайда, қазақ халқының осындай хұқын
жүзеге асыртпау үшін қолдан жасалған көп ұлттылықты
пайдаланып, ұлттық мемлекет орнына азаматтық қоғам

Ғасырлар тоғысында
орнатуды қайта-қайта сөз ететіндер бар. Мұндай та­
лап – заңсыздығын былай қойғанда, қате талап. Өйткені,
азаматтық қоғам ұлттық мемлекеттің баламасы бола

алмайды. Біріншісі, қоғамдық құрылымның белгілі бар
аясындағы қарым-қатынастардың жиынтық сипаты болса,
екіншісі мемлекеттік түзілімнің түбегей мәні. Кез-келген
мемлекетте, оның ішінде ұлттық мемлекетте де азаматтық

қоғам болады. Өйткені, ол – әлемдік саясатнама (по­
литология) түсіндіруі бойынша, адамдар мен қоғамдық
институттардың мемлекеттік институттардан тәуелсіз
өзара қарым-қатынасының жиынтығы болып табылады.

Оған азаматтардың отбасы, шіркеу, ақпарат құралдары,
мәдени институттар, ғылыми, кәсіптік, саяси бірлестіктер
аясындағы өзара қарым-қатынастары жатады. Ұғымдарды
бұлайша әдейі шатыстыру да Қазақстанды этникалық

жағынан әлдеқандай бейтарап кеңістік деп көрсетудің
амалы. Ал бұл – Қазақстанда қазақтардың ғана өзінің
ұлттық мемлекеттік құруға қақылы екенін жанама түрде
жоққа шығару тәсілі болып табылады.

Күннен-күнге мұндай тәсілдің түрі көбейіп келеді.
Кейінгі кезде жаңа мемлекетіміздің унитарлық сипатына
шабуыл көбеюде. Қазақстанның унитарлық мемлекет
болатындығы – оның бұрынғы бір ғана ұлттың этникалық

территориясынан тұратындығы. Қалған ұлт өкілдерінің
оған өз территориясымен бірге қосылмай, сырттан көшіп
келушілер ретінде қоныстанғандығы. Тарихи қалыптасқан
бұл ақиқат та әлдекімдердің шамына тиіп бағуда. Сол

үшін де терминдерді әдейі шатыстырып, унитаризмді
демократияға қарсы ұғым, тоталитаризмнің балама
ұғымы қылып түсіндіруге талаптанатындар бар. Олай
болса, Франция, Германия, Швеция, Финляндия сынды

унитарлық мемлекеттер демократиялық мемлекеттер са­
натынан шығып қалар еді. Мұндағы мақсат – Қазақстан
тұрғындарының этникалық ала-құлалығын пайдаланып,
оған жасанды түрде федеративтік сипат беру. Федерация

Ә. Кекілбайұлы
болу үшін мемлекет әртүрлі ұлт өкілдерінен ғана емес,
әртүрлі этникалық территориялардан (Швейцария), не­
месе бір ұлттың бұрын әрқайсысы бөлек-бөлек мемле­

кет саналған территорияларынан (АҚШ, ГФР, Австрия)
түзілуі шарт. Біздің кейбір радикалдар бұл заңдылықты
да белден басудан кет әрі емес. Жоғарғы Кеңестің екі
палатадан тұруын (біреуінің ұлттар палатасы болуын) та­

лап ететіндердің көздегені, міне, осындай мақсат. Бұндай
пиғылдарын қазір өткізе алмағанмен, болашақта өткізуге
алғы шарт жасауға ұмтылып-ақ бағуда. Ол үшін астыртын
бөліне жарылушылық пен «аймақшылдық» желісін тарту­

да. Олар қоғамда нарықтық қатынастар орнамай тұрып,
кейбір кәсіпорындардың нарыққа көшуін жеделдетіп,
экономикалық сепаратизмді өршітуде. Күні кеше одаққа
бағынған кәсіпорындардың республика қарамағына өтпей

жатып шұғыл түрде акционерлік қоғамдарға айналып
кетуі де – соның бір түрі. Егер қолымызға тимей жатып,
қайтадан кім көрінгенге үлестіріп беретін болсақ, бұл
кешегі «ведомстволық менмендікті» құтыртқанымыз ба,

тұқыртқанымыз ба?!
Республика егемендік алмай тұрып, аймақтарымыз бен
кәсіпорындарымыз дербестік алып, басқа түгілі сыртқы
қатынастарды өз бетінше жүргізе бастады. Құнды табиғи

ресурстарымызды талан-таражға салғанымен қоймай,
жұмыссыздық көбейгелі тұрғанда, көкөніс егіп, қоқыс
төгетін жұмыс қолдарына шейін көрші мемлекеттерден
шақырып, онсыз да асқындап тұрған этникалық ала-

құлалықты одан сайын асқындырудың қажеті қанша?
Мемлекетіміз тәуелсіздік алмай тұрып, дәулетімізді
­рес­публикалық коммуналдық меншікке бөлу аймақшыл­
дық пен бөліне жарылқаушылықтың экономикалық

мүмкіндіктерін нығайтып берді. Енді оларға саяси,
хұқылық жүйе жасап алудан кет әрі емес. Жергілікті өзін-
өзі билеушілікті біржақты желеулететіндердің көздейтіні
сол. Олар мұны орындаушы биліктің ықпалын төмендеген

Ғасырлар тоғысында
сайын құлдыратып, өкіметті биліктің ықпалын төмендеген
сайын автономияландыра түскісі келеді. Президенттен
басталатын мемлекеттік орындаушы билік жүйесімен

жарыстырып, жергілікті орындаушы билік жүйесі деген
қосалқы түзілімді тықпалайтындар да солар. Жергілікті
референдумдар өткізуге құмар күш-тердің де көмекейі
белгілі. Бәрі де – тәуелсіз мемлекетіміздің унитарлық сипа­

тын қаз тұрмай жатып, әлжуаздандырып бағу. Ол үшін жоқ
нәрсеге бола ілік шығарып, билік институттарын бір-біріне
айдап салып, «тәжік», «кавказ» үлгілерін бізге де дарытуға
ынтық күштер шаң бермей қалып жүрген жоқ. Бұл жолда

тек ұлтаралық қана емес, үгітшілік кикілжіңдер туғызуға,
оған ресми билік орындарындағы түсінбестіктерді де, бей­
ресми ұйымдардың, ғылыми шығармашылық ұжымдар­
дың ішкі таласын да, кәсіпорындар мен кәсіподақ-тардағы

тәжікені де пайдаланып қалуға тырысатындар көрініп жүр.
Оған ішкі оппозициялар да, сырттан тұрып сыбырлайтын
алыс-жақын патернализм де аянбай атсалысып бағуда.
Түптеп келгенде, бұның сыры – саяси, экономикалық

реформаны жүргізуде бүгінгі тәуелсіздік қамына жете мән
бергізбей, кейінгі жылдары қалыптасқан процестердің
үйреншікті ағымымен тарта беруге итермелеу.
Кешегі империяны шайып кеткен тасқынның ағыны­

мен тарта берсек, онсыз да тәлтіректеп тұрған тәуел­
сіздігіміздің басына күн туғызып, империя үшін кек
алушылар мен империяны қайта тірілтушілердің қолына
абайламай қайтадан су құйып жүруіміз мүмкін.

Бұған әсіресе, мемлекетіміздің жаңа конституциялық
құрылымын түзгенде ерекше абай болғанымыз жөн.
Бұл ретте «күшті анау билік», «күшті мынау ­би­лік»
төңірегіндегі керексіз дау-дамайды тыйып, пре­зи­­

денттің жеке жауапкершілігін, парламенттің ұжымдық
талап-шылдығын, үкіметтің іскерлік епсектігі мен
ыждаһаттылығын қамтамасыз ете алатындай, өзара
ықпалдасты билік жүйесін жасақтаған жөн. Тәуелсіз

Ә. Кекілбайұлы
мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын президент қалып­
тастырып, үкімет бұлжытпай жүзеге асыруға тиісті.
Президенттен басталатын орындаушы билік ең төменгі

буынға дейін түгел жетіп, жергілікті жарыспалы орын­
даушы билікке жол берілмегені жөн. Конституциялық
заңдылықтың жалпы мемлекеттік дәрежеде де, жергілікті
билік дәрежесінде де бұлжытпай орындалуын қадағалауға

бірден-бір заң шығарушы орын – парламентке хұқық
берілуге тиісті.
Қазіргідей өтпелі кезеңде мемлекетіміздің унитарлық
сипатына ерекше сындарлылық бермесек, ертең қоға­

мымызда демократияны одан әрі тереңдетудің тиянақ
кеңістігін жасай алмаймыз. Онсыз баянды, орнықты ахуал
орната алмаймыз.
Егемендікті нығайту тек ішкі ахуалмен шектелмейді.

Әсіресе сыртқы ықпалдастықты ерекше ескеруді та­
лап етеді. Әлемдік ықпалдастықпен қоса аймақтық
ықпалдастық керек екендігін ешкім жоққа шығармайды.
Оған қорғаныс та, қаржы да, экономикалық байланыс

та мәжбүр ететіні рас. Бірақ, бұл арада да өткеннің
тағылымын ұмытпаған лазым.
1917 жылы да тәуелсіздік берілген. Бірақ, араға ай
түспей жатып туысқан жұмысшы табына көмек дегенді

желеулетіп, Петроград Украинаның ішкі ісіне арала­
сты. Киевтегі Орталық Радаға жарыстырып, Харьковта
халықтық Украин Республикасының үкіметі құрылды.
1918 жылы Брест – Литва бітімінен кейін Ресей мен

Еуропа арасына РКФСР-ға кірмейтін балтықбойы кеңестік
республикаларынан бейбіт қыстырма мемлекеттер
құрылды. Араға жыл түспей жатып, қорғаныстық мақсатта
РКФСР, Украина, Беларусь, Латвия, Эстландия қарулы

күштері біріктірілді.
1920 жылы РКФСР Әзірбайжанмен, Армениямен «әс­
кери және қаржы-экономикалық одақ» жөнінде келісім-
шарт жасады.

Ғасырлар тоғысында
Ал 1922 жылғы 26 қыркүйекте Горькийде ауырып
жатқан Ленин мен Сталин екі сағат қырық минөт сөйлесіп,
республикаларды қайта біріктіруге келісті. Артынша

Ленин Каменев пен саяси бюро мүшелеріне хат жазып:
«...Бірінші тармақта «РКФСР құрамына кіру» дегеннің
орнына – «Еуропа мен Азия кеңес республикаларының
РКФСР-мен бірге шартты түрде бірлесуі» деп жазу керек.

«Тәуелсіздікшілердің» қытығына тимей, олардың
тәуелсіздігін жоймай, тағы бір жаңа қабат, тең хұқылы
республикалардың федерациясын құрудың мәні зор»,–
деп түсіндірген-ді. Айрықша мән беретін нәрсе: дербес

мемлекеттердің тәуелсіз одағының үстіне жаңа қабат
құрылып еді, олардың дербес билігінің орнына орта билік,
орталық билік үстемдік алып шыға келді. Сырт қарағанда,
ортақ мүдденің қамы сияқты. Түптеп келгенде, не боп

шыққанына араға жетпіс жыл салып барып зорға түсіндік
қой.
Аймақтық ықпалдастық та жақсы. Бірақ, абай болған
дұрыс. Аузымыз бір күйген жерден екінші рет күймегені

жөн. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы ықпалдастық жо­
лында Еуропалық жаңа қауымдастықтың ұстанып отырған
қағидаларынан алыс кетпеуге тырысқаны лазым.
Өйткені, бізге жаңарған әлемдік империя емес, жа­

ңар­ған әлемдік тәртіп керек. Ал, ондай тәртіп шын ық­
палдастық тек шын тәуелсіз мемлекеттердің ғана арасында
болады деп ұғады.
К. Ясперс: «Әлемдік тәртіп тек күштілер өзін-өзі тежей

алса ғана, жүзеге асады. Күштінің өзін-өзі шектей білуі –
баршаның бостан болуының басты шарты»,– деп еді.
Бізге, әрине, нарық та керек, демократия да керек,
бірақ тәуелсіздік бәрінен де керегірек... Өйткені, біз тек

тәуелсіз болсақ қана нарық пен демократияға жете аламыз.
Ал, тәуелділік жағдайында нарыққа жете алға-нымызбен,
демократияға жете алмаймыз. Себебі: демократия мен
тәуелділік – сыйыспайтын ұғымдар.

Ә. Кекілбайұлы
Біз әлі тәуелсіздік тағылымын баяу үйренудеміз.
Ұлтаралық мәселеде халықаралық хұқтық қағидалардан
гөрі үйреншікті интернационализм догмаларына көбірек

жүгінеміз. Ал олар қалыптасқан жағдайды тапжылтпай
сақтап қалуға мүдделі екенін ашық көрсетіп отыр. Кейбір
төресымақтардың анда-мында шапқылап, пана сұрағансып
жүргені де содан. Қазақстанда қазақ шовинизмі бар де­

генге кім сенеді?! Өз жерінде өзі аз болып отырған халық
қалай ондай үстемдік орната алады?! Егер жер бетіндегі
қазақтарды түгел көшіріп әкелген күнде де, олар он­
дай ықпалды көпшілік құрай алмас еді... Қазақстанда

қазақтар ертеңгі экономикалық реформада ең тиімді
сала индустриядан басқаларды қуып шығып жатыр ма?
Жоқ. Сауда мен тұрмыстық қызметтен, транспорт пен
байланыстан басқаларды қуып шығып жатыр ма? Жоқ.

Инженерия мен ғылыми-техникалық қызметтен қуып
шығып жатыр ма? Жоқ. Әлде парламентте, үкіметте,
президент аппаратында, барлық министрлік, салалық,
концерндік аппараттарда өзгелерді есіктен аттатпай,

бірөңкей өздері болып билеп-төстеп отыр ма? Жоқ. Әлде
құм мен сордың ортасына барып, табаны тілініп, еріні
жарылып, қой баққым келеді деген басқа ағайынның
қолынан қағып отыр ма? Жоқ. Ау, сонда бұл қандай шо­

винизм? Қандай қысымшылық?.. «Қазақ ұлтшылдығын,
сынайтындар қазақтардың біреулерге жасап жатқан
зорлық-зомбылығын көтере алмай отырған жоқ, өз қамын
өзі жеуге, өз тілін, тарихын, мәдениетін өзі білуге деген

кеш басталған азды-кемді қарекетінің өзін көпсініп отыр.
Бұл – ізгілікке, демократияға жатпайтындығын былай қой­
ғанда, саяси көрсоқырлық. Қандай ақыл иесі адам демо­
кратия жағдайында түпкілікті халықтың өмірлік мүдделері

шешілмей жатқанда, өз мүддеме жете алам деп ойлайды?
Бұл ахуалдан арылу үшін біреулеріміздің кешегі
«интернационалистік» астамшылдық, екіншілеріміздің

Ғасырлар тоғысында
«интернационалистік» жасқаншақтық психологиядан
арылуымыз қажет.
Кісі аралық та, ұлт аралық та қатынастарда идеология­

лық қисындарды былай ысырып тастап, тек қана заңның,
күллі адамзат ұстанып келе жатқан халықаралық қағи­
далардың жүйесіне көшкеніміз дұрыс.
Олай болса, бұдан былай қай қазақстандық та республи­

када, ұлтына қарамастан, өз қалауымен үш түрлі статустың
бірін таңдап алуы керек. Не бұл мемлекеттің азама­
ты болады. Онда оған тиесілі азаматтық, саяси хұқтар
мен бостандықтардың бәрі беріледі. Ол да соған лайық

қарыздары мен парыздардың бәрін өтейді. Не қалаған
мемлекетінің азаматтығын алып, басқа ел азаматы
ретінде тұрады. Онда Қазақстан оның өміріне, меншігіне,
адамдық мүдделеріне нұқсан келтірмеуге кепілдік бере

алады. Бірақ, өз заңдарын сыйлау мен құрметтеуді талап
етеді. Не азаматтығы жоқ адам ретінде тұра алады,
оған да ешқандай нұқсан келтірілмейді. Ол да заңды
құрметтеуге борышты болады.

Ендігі жерде ана халықтың өкілі, мына халықтың өкілі
деген артық тәжікені қойып, әркімге әлгі айтқан азаматтық
статусына қарай қатынас жасалуы керек. Тек хұқық тілі
ғана ұлттық белгіні саяси сауда-саттықтан құтқара ала­

ды. Тек сонда ғана ұлтаралық қатынасты тәуелсіздігіміз
бен егемендігімізге қысым жасаудың құралы ретінде
пайдалануға бөгесін жасауға болар еді.
Бұрынғы идеологиялық жалпақшешейлікті тастап,

нақты заң, хұқық тіліне үйрене алсақ қана, елдігімізді
еңселендіре аламыз. Бұл – әрине, біздің бұған дейін де
талай айтқан пікірлеріміз. Парламент сессиясында да,
төралқасында да, ұлт саясаты комитетінде де, конституция

комиссиясында да талай ортаға салған ойларымыз. Ал,
бүгін соның бәрін жіпке тізіп, жалпыға шығарғандағы
мақсатымыз – егемендік ахуалын саяси құжы-раларда
талқылаудың уақыты өткендігіне, бұл мәселеде жалпы

Ә. Кекілбайұлы
ұлттық, бүкіл халықтық, бүкіл қауымдық көзқарастар
мен қағидалар қалыптастыратын уақыт жеткендігіне на­
зар аудару.

Аман болса, Жаңа Конституция екінші оқылымда
талқыға түседі. Елдік паспортымызды тезірек қабылдау
орнына, тағы да әрі тарт-бері тартқа түсіргілері келетін
пиғылдар да байқалмай қалып жүрген жоқ.

Бұндай жағдайда елдікті ойлайтын барша саяси күш­
тердің ауыздары түзелсе, әбден лазым.
Елдіктен асқан бас қатыратындай не бар?
Елдіктен басқа не керек?..

Тәуелсіздігіміздің бір жылдығының қарсаңында қай-
қайсымыздың да мықтап ойланып, өткеннен қорытынды
шығарып, ертеңгі беталыстарға бағыт белгілегеніміз дұ­
рыс шығар...

Қысқасы, қазір – бетерден де бетер бар деген осы екен
деп, қорынатын да, торығатын да кез емес, қолда бардан
қалай айырылып қалмау керек деп, ойланып-толғанатын
кез. Әрқайсымыз боп, әр шаңырағымыз боп, күллі

жұртымыз боп бұдан былай жоқтан өзгеге сене бермей,
былайғы дүниенің бәрі сияқты, күллі адамзат сияқты тек
өз ақылымыз бен өз еңбегімізге сүйеніп, ата-бабаларымыз
бен тарих қалдырған дәулетке ұқыпты ие боп, ешкімге

есемізді жібермей, өз қамымызды өзіміз жеуге біржолата
тәуекел ететін кез.
Әйтпесе, ертеңгі ақыл кеш, ертеңгі әрекет еш боп
шығуы мүмкін.

1992 жыл.

Ғасырлар тоғысында

ЭТОТ НЕЛЕГКИЙ ПАРЛАМЕНТСКИЙ ХЛЕБ

Создание профессионального парламента, пожалуй,
можно без всякой натяжки назвать едва ли не самым
крупным событием в общественно-политической жизни
нынешнего года. Начало его работы, несомненно, войдет

в казахстанский исторический календарь как одна из за­
метных вех в становлении нашей новой государственности
и демократии.
Пока же наш профессиональный Верховный Совет

делает свои первые шаги – трудные, не всегда уверенные,
вызывающие разноголосицу мнений как в стенах парла­
мента, так и особенно за пределами их. И хотя сейчас
критикуют всех и вся – это, можно сказать, стало правилом

«хорошего тона», все же полемика вокруг Верховного
Совета ведется особенно остро и даже подчас нетерпимо,
вплоть до обвинений депутатов в «профнепригодности»
и что «парламент не надо разгонять, он сам умрет». Вот

с этой полемики, с того, почему парламент оказался в
эпицентре общественных страстей, и начал, Председатель
Верховного Совета, известный писатель Абиш Кекилбаев
беседу с корреспондентом нашего журнала.

– Сложность положения нового парламента, его депу­

татов и руководителей заключается в том, что наш элек­
торат, общество еще не распрощались с представлением
о законодательном органе как о традиционном Верхов­
ном Совете, который решает все вопросы, входящие в

компетенцию всех ветвей власти. Но ныне действующая
Конституция разделила их, что, однако, не исключает
их взаимодействия. Постепенно идет выкристаллизация
полномочий Верховного Совета, обладающего новым

Ә. Кекілбайұлы
статусом. Однако это процесс шел бы гораздо проще, без­
болезненнее, если бы имелся закон о Верховном Совете.
Но он пока находится на стадий разработки, и мы до сих

пор вынуждены действовать по временному регламенту.
К тому же если учесть, что почти 70 процентов депутатов
избраны впервые и никогда не занимались законотворче­
ской деятельностью, можно себе представить, насколько

сложно «начинается» новый парламент. Даже самим
парламентариям приходится заново осмысливать свою
роль – то, что они не только представители избирателей,
но призваны постоянно заниматься работой законодате­

ля – а она требует и больших знаний, и полной самоотдачи.
Все это дает повод для всякого рода недоразумений,
для критики в адрес парламента и за ошибки Кабинета
Министров, и за недостаточную реализацию президент­

ских указов, за все, что происходит в республике, начиная
с плачевного состояния экономики и кончая развалом
культуры...

– Получается, сапожник без сапог. Почему бы Вер­

ховному Совету было не начать работу с определения
своего статуса?

– Вроде было бы логично. Но чтобы составить «рабо­

тающий» закон, а не очередную бумагу-«однодневку»,
надо было все-таки наработать хотя бы минимальный
опыт. Профессионального парламента у нас никогда
не было, и мы вынуждены действовать методом проб и

ошибок. Ведь одно дело в течение нескольких недель и
даже дней проштамповать готовые проекты, как это было
совсем недавно, и совершенно другое,– профессиональ­
но разрабатывать законы. Дистанция тут, как говорится,

огромного размера. Но опыт все-таки нарабатывается.
Интенсивно ведется также подготовка законов о комитетах
Верховного Совета и о статусе депутатов.

– Но и в этих непростых условиях парламентарии

смогли существенно повлиять на обстановку в респу­

Ғасырлар тоғысында
блике. Как отмечали серьезные аналитики, даже их
во многом митинговый напор первых дней работы
побудил исполнительную власть предпринять ряд

шагов по углублению реформ, ускорить разработку
антикризисной программы.

– Да, это так. Новым Верховным Советом уже принято

свыше десяти законов... Говорят, что нигде в Мире парла­
менты так интенсивно не работают – в Швеции, например,
один закон принимается в восемь лет... Но дело, конеч­
но, не в цифрах. Мы вынуждены спешить, наверстывать

упущенное, ибо реформы пошли вперед без серьезного
законодательного обоснования. А это чревато самыми
пагубными последствиями, которые давно дают знать
о себе, и довольно сильно. Вот все мы – и руководство

парламента и депутаты, критически, может быть даже
излишне критически, оцениваем первые месяцы своей
деятельности, вносим в нее серьезные коррективы.

– И что же тут конкретно делается или намечается

сделать?

– Прежде всего, совершенствуем процесс разработ­

ки законов – центр тяжести переносится в комитеты,
и тут многое должно дать заключенное недавно со­
глашение с Президентом, суть которого в том, чтобы
осуществлять законотворчество при самом тесном вза­

имодействии и ­участии всех ветвей власти. Документ
предусматривает преодоление отнимавших немало сил
и времени попыток некоторых комитетов или иници­
ативных депутатских групп начинать работу с нуля, в

противовес проектам, ­представленным правительством,
а от последнего соглашение требует существенно под­
нять качество проектов. Теперь на комитеты возлагается
миссия выработки кон­цепции законов, апробации их,

в том числе в общест­вен­ном мнении, согласования их
с другими институтами влас­ти, проведения экспертизы.
Соглашение создает хоро­шую основу, но дело идет пока

Ә. Кекілбайұлы
трудно – портфель законопроектов, особенно у эконо­
мистов, остается очень скудным, часто представляются
не реальные документы, а лишь задумки их. Вот почему

пришлось на октябрь-декабрь составить график раз­
работки и рассмотрения документов – в нем ­около 150
вопросов, и на первом плане в нем как раз находятся
вопросы экономики, трудное положение в которой вы­

зывает осложнение в социальной атмосфере общества.

– Нельзя ли рассказать об этом подробнее – в по­

чте редакции много вопросов, связанных с серьезным
опозданием с правовым обеспечением экономических
реформ.

– В том, что эта работа запаздывает, есть свои причи­

ны, хотя говорю об этом я не для оправдания. Слишком
уж трудно складывается обстановке в экономике, много
зигзагов делает она. Вспомним только, в каких сложных
условиях проходили выборы в Верховный Совет, так что

с первых же дней депутаты начали исходить их своих
предвыборных программ, отражавших нетерпение масс,
и это сказалось на температуре в парламенте. Депутаты
вынуждены были сразу же потребовать от правительства,

чтобы оно представило программу выхода из кризиса. На
это, естественно, потребовалось время, а значит, экономи­
ческие законопроекты, которые в основном были разрабо­
таны в начале года, устарели, не говоря уже о том, что но­

вая программа потребовала существенной корректировки
правовых подходов, и пришлось во многом заново браться
за законы. Рассчитываем, что с учетом всего этого, а также
при условии активного взаимодействия с правительством

парламент в течение двух-трех месяцев сможет значитель­
но ускорить рассмотрение пакета законов по экономике.
Депутаты тут занимают самые активные позиции. Большая
группа их побывала в Америке и Великобритании. Собран­

ные там материалы используются при разработке нового
налогового кодекса, который готовится в первоочередном

Ғасырлар тоғысында
порядке. Ознакомились парламентарии и с опытом при­
балтийских стран – все они довольно быстро справились
с инфляцией. Изучался опыт приватизации в Чехии, где

она проведена гораздо успешнее, чем в других бывших
социалистических странах и советских республиках, и
уже дает заметную отдачу в интересах всего общества.
Сверяем свою работу и с соседями, тем более, что нас

критикуют в излишней торопливости, подталкивании ре­
форм. Но это, конечно, не так – в Узбекистане, например,
где также побывали депутаты, к экономическим преоб­
разованиям приступили по большинству позиций, и ведут

их высокими темпами.

– Таким образом можно утверждать, что депутаты

все основательнее впрягаются в систематическую
­за­ко­нотворческую работу. Но чтобы ее вести на под­
линно профессиональном уровне, им необходима не­
малая помощь.

– Вхождение в новую роль идет, и этому помогают

как раз те качества, за которые пресса любит критико­
вать парламентариев,– а именно, непосредственность,
искренность, стремление быстро решить стоящие перед
обществом трудные задачи. Видя это, хочется сделать как

можно больше для каждого из своих коллег, улучшить
условия, в которых они трудятся и живут, и которые, кто
бы и что бы ни говорил, пока нелегкие. Согласитесь, дли­
тельное проживание в гостинице, нередко вдали от семьи,

во многом непривычны характер и ритм труда, другие
сложности перенести непросто, особенно, если за плечами
пятьдесят, а то и более возрастных лет.
Налаживаем методическую, юридическую помощь.

Существенно укрепляем информационный центр, обе­
спечиваем депутатов компьютерами. Создали группы по
изучению практики работы парламентов других стран –
таких групп более тридцати. Работающие в них депутаты

собирают материалы через посольства, периодику, уста­

Ә. Кекілбайұлы
новили связь непосредственно с зарубежными парламен­
тариями. Планируем направлять членов групп в «свои»
страны в составе парламентских делегаций.

Но это, можно сказать, только начало, и особенно много
надо сделать, чтобы укрепить сплоченность депутатского
корпуса. Ныне он сильно раздроблен – действуют четыре
фракции, около десяти групп, еще другие образования,

и силы иногда тратятся на выяснение не очень-то су­
щественных моментов. Верю, что консолидация внутри
парламента по мере углубления его деятельности будет
нарастать и это будет способствовать его результативно­

сти. Хотя и не все тут однозначно. Есть депутаты, которые
настаивают на том, чтобы им разрешено было совмещать
деятельность в парламенте с работой в прежней долж­
ности. Это требует всестороннего осмысления, особенно

если учесть, что сейчас необходимо рационализировать и
интенсифицировать законотворческие процессы, увязывая
их с решаемыми обшеством конкретными социально-эко­
номическими задачами.

– Однако не меньшее значение для успеха, навер­

ное, имеет также и взаимодействие с исполнительной
властью, по поводу чего тоже в печати появляются
разного рода толки, вплоть до предрекания полного
замыкания в цепочке «Парламент – Кабинет Мини­

стров – Президент».

– Что ж, взаимодействие между законодательной

и исполнительной властью – это, пожалуй, первое
условие высокой эффективности государственного
управления. Но я бы не стал излишне драматизировать
обстановку – в принципе есть взаимопонимание, но есть

и трудности. Они не в последнюю очередь связаны с тем,
что правительство (я говорю здесь о прошлом его составе,
поскольку отношения с новым только-только складывают­
ся) имеет мало опыта работы с оппозицией, а кое-кому из

оппозиционно настроенных депутатов недостает культуры

Ғасырлар тоғысында
дискуссий. Вместо методов убеждения стороны подчас
прибегают к давлению, общение приобретает ультима­
тивный характер.

Так, парламентариев очень встревожил, даже возмути­
ло отношение руководителей правительства к их пред­
ложениям относительно антикризисной программы. Все
наши комитеты очень заинтересованно подошли к анализу

ее проекта, была создана специальная группа, подготовив­
шая записку в Кабинет Министров. Но каково все было
наше удивление, когда программа была опубликована
без какого-либо учета депутатских позиций. Похоже, в

действиях депутатов кто-то склонен видеть лишь попу­
листские моменты и недооценивает их немалый созида­
тельный, профессиональный потенциал. Если говорить о
той же антикризисной программе, то парламентарии, как

я уже говорил, основательно изучили опыт приватизации
в Чехии, где, наряду с министерством госимущества,
действуют приватизационный фонд и банк, в которых
сосредотачиваются средства от продажи собственности.

Эти учреждения не только помогли сделать процесс
разгосударствления прозрачным для всех граждан, но и
оказывают помощь предприятиям, испытывающим труд­
ности после перехода в частные руки. Спрашивается, кто

бы проиграл, если бы этот опыт был взят на вооружение
нашим правительством? Был бы только выигрыш. У нас
атмосфера прозрачности вокруг этого самого главного
процесса, этого поистине стержня экономических реформ

не создана – ведь согласитесь, для населения те же «пики»,
переданные различным инвестиционным фондам – это
пока, говоря гоголевскими словами, неосязаемый чув­
ствами звук. Об этом очень горячо, настойчиво говорили

избиратели на последних встречах с депуатами, называли
множество злоупотреблений, требовали вернуться к за­
кону о приватизации.

– Интересно, было бы знать, а как складываются

отношения с Президентом?

Ә. Кекілбайұлы

– Вполне нормально. Правда, меня подчас обвиняют

в пропрезидентских позициях. Здесь явно смешиваются
понятия: позиции, взгляды у меня свои, можно сказать,
выстраданные, а вот гармония в отношениях между поли­
тиками взаимный учет мнений не противоречит политике.

Политика – это компромисс, путь к которому постоянно
надо искать ради общества, ради народа. И Нурсултан
­Абишевич показывает тут добрый пример (Ведь согла­
ситесь, личный авторитет главы государства – это не­

маловажный фактор для становления такой страны, как
наш Казахстан, который только вступает на Мировую
политическую арену. Всем очевидны заслуги нашего пре­
зидента в том, что мы сохраняем общественную стабиль­

ность, единство многонационального народа, тем самым
упрочили основу для глубокого реформирования всех
сторон нашей жизни. Этим нам надо всем дорожить). Я,
как и он, сторонник взвешенных, деликатных отношений

между политиками, партиями.

– Это, можно сказать, ваше кредо как спикера пар­

ламента и человека?

– Кредо? А почему бы и нет? Хотя я и не люблю по­

добных громких слов. Но жизнь требует осознанного
отношения к компромиссам. К этому взывает и по­
литическая наука. В течение нескольких лет я изучал
труды по политологии, парламентаризму, государствен­

ному управлению, начиная с Аристотеля и Платона,
Монтескье и Локка и кончая современными авторами.
Правда, применять их рекомендации на деле непросто,
поскольку все мы привыкли к авторитарному мышлению

и образу действия, а наибольшего успеха добивались (да
и пытаются добиваться сегодня) руководители, которые
умеют продемонстрировать свою власть, навязать свои
позиции окружающим.

Неудивительно, что по отношению к спикеру парла­
мента пытаются применить точно такое же представле­

Ғасырлар тоғысында
ние. Меня нет-нет да упрекнут: «Почему вы не провели
на сессии такое-то решение, такой-то закон. Почему не
надавили на депутатов?» Депутаты же, в свою очередь

упрекают за то, что я недостаточно давлю на представите­
лей исполнительной власти. Убежден, что подобный стиль
меньше всего созвучен с деятельностью парламента. Надо
ли повторять: парламент воплощает собой демократизм

общества, а спикер воплощает демократизм парламента.
Это не политический вождь, который направляет за собой
людей, не караванбаши, который, ведя за собой тысячи
верблюдов, десятки купцов, только один знает маршруты

– на этого человека и вся надежда путников. Спикер – это

лишь один из депутатов, который ведет обсуждение. Его
задача – полнее раскрыть весь спектр мнений и тем самым
дать обсуждению шанс найти оптимальные решения. Сде­
лать это он может лишь тогда, когда будет свободен от

давления извне, будет проявлять терпение и терпимость.
Говоря спортивным языком, это не тренер, не вратарь, не
защитник, а судья на поле, который свободно бегает со
всеми игроками и фиксирует все моменты игры, содей­

ствуя тому, чтобы она прошла безукоризненно.

– Кстати, в спортивном лексиконе этот термин оз­

начает лицо, объявляющее зрителям решение судей на
соревнованиях про боксу...

– Вот только ситуация в парламенте куда сложней,

там играют не две команды, а все десять, а то и больше, и
сразу даже трудно догадаться, кто против кого выступает.
Убежден, в парламенте игра должна вестись по демо­
кратическим правилам. Ведь политика гораздо больше

напоминает игру, чем войну. А наш менталитет, идущий
от гипертрофии классовой борьбы, рассчитан как раз на
войну, на парирование ударов со всех сторон. Кстати, на
такие подходы жалуются главы парламентов и в других

странах СНГ... Везде хотят видеть в лице спикера «вождя»,
«погоняльщика», и мало кто при этом задумывается над

Ә. Кекілбайұлы
тем, что в политических кризисах в некоторых из наших
молодых государств, приведших к немалым жертвам, не
последнюю роль сыграли именно чрезмерные амбиции

спикеров.

– И все же такое понимание спикерской роли, навер­

ное, не свидетельствует об отсутствии личной позиции,
своего отношения к происходящему в парламенте,
обществе в целом. Интересно, а лично вы верите, что
выйти из нынешних трудностей можно и каким вам

видится этот выход?

– Этот вопрос задается сегодня, считай, в каждом раз­

говоре. Часто ставился он на моих последних встречах с
избирателями в Мангистауской области. Без четких по­
зиций, без веры работать и жить нельзя. Это единственно,
что остается у человека, оказавшегося в безнадежном

положении. Положение же нашей республики отнюдь не
безнадежно. В моем понимании, у нас есть два главных
фактора, определяющих возможность выхода из кризиса.
Это, во-первых, богатый природный потенциал, а во-

вторых, общественная стабильность. Если для того, чтобы
первый фактор дал отдачу, требуются время, средства,
техника, и это может стать заботой не одного только поко­
ления, то не допустить разрушения стабильности – задача

сегодняшнего дня, каждого из ныне живущих людей. И
парламент должен показывать в этом пример своей толе­
рантностью, терпимостью.
Многое может дать и тесное сочетание суверенитета

с интеграционными процессами как в рамках СНГ, так и
в масштабах мирового сообщества. Не могу согласиться
с тем, что за три года независимости у нас ничего не
сделано позитивного. Нет слов, трудности велики, и они

во многом предопределены тем, что если прежде до 90
процентов средств республики получали из центра, то
сейчас – ни копейки. Но независимость побудила искать
внутренние резервы – этот поиск ведется, хотя и, может

Ғасырлар тоғысында
быть, незаметно для поверхностного взгляда. Он должен
принести свои плоды. Прежде всего, идет глубокая пере­
стройка структуры экономики, создается новое производ­

ство машин, товаров народного потребления, возрастает
заинтересованность работников на приватизированных
предприятиях в результатах хозяйствования и т. д. Словом,
колесо прогресса, хотя и медленно, начало раскручиваться.

Но мне глубоко импонирует и набирающее силу движение
за интеграцию, объединение усилий разных стран. Уже
сам характер нашей республики с ее многонациональным
народом, синтезом культур, с образом жизни, в котором

сильно чувствуются интернациональные черты,– придает
Казахстану особую роль в интеграционных процессах,
поднимает данную задачу на государственный уровень,
хотя, убежден, не надо ударяться из крайности в край­

ность, а разумно сочетать оба начала – и суверенитет, и
интеграцию.
Конечно, в преодолении кризиса многое зависит от
нас, парламентариев. Наш долг сегодня – добиться не­

укоснительного исполнения законов и решений. Это было
ахилесовой пятой предыдущего созыва Верховного Совета
и сегодня даже малейшее требование в этом плане подчас
встречается в штыки. Судя по всему, наши руководители

за последние годы крепко подзабыли о том, что надо дер­
жать отчет. Но без этого движение вперед невозможно. И
мы начали проводить парламентские слушания, отчеты
правительства, руководителей министерств и ведомств.

Прошли и первые депутатские рейды по проверке вы­
полнения законов, хода приватизации. Думается, появятся
и другие формы контроля – подлинно демократические,
не связывающие инициативу людей, побуждающие их

работать творчески.

– Вы заговорили о демократии – так сама логика

нашей беседы подвела нас к этому понятию, вокруг
которого сейчас у нас идет много дискуссий, споров.

Ә. Кекілбайұлы
Часто муссируется тезис о том, что «демократия – это
роскошь для бедных», а для преодоления трудностей
можно даже прибегнуть к «хорошей диктатуре». Как

вы относитесь к подобным взглядам? Какую роль мо­
жет сыграть парламент в утверждении нашей молодой
демократии?

– Позиция в этом вопросе у меня совершенно однознач­

ная. Без демократии и вне демократии дороги в будущее
просто нет, и предать ее сейчас, какими бы «благими»
целями это не прикрывалось, значит предать общество, на­
род, спасовать перед трудностями. Об этом не без тревоги

пишут, напоминают депутатам люди разных возрастов и
национальностей. Стремление к компромиссу, согласию
сегодня все-таки чувствуется сильнее, чем упование на
давление силой, на сильную диктаторскую руку.

Парламент же имеет много возможностей для утверж­
дения демократии как главной черты и первоосновы
казахстанской государственности. И, наверное, самое
главное сейчас – показать пример, образец демократизма,

не позволить себе увязнуть в бесплодных дискуссиях и,
конечно же, обеспечить надежную правовую базу демо­
кратических преобразований.

– Но говорят, что менталитету наших народов де­

мократизм совершенно не присущ. Мы, де, никогда не
жили при демократических порядках. И тут мне хоте­
лось бы призвать на помощь Кекилбаеву-политику,
Кекилбаева-писателя, мастера исторической эпопеи

и знатока истории.

– Это неправда – демократические традиции у нас

сильные. Обратите внимание на то, что казахи, по
крайней мере, после трагического XVІІІ века не во­
евали между собой. Султаны, ханы вели борьбу друг с
другом, а народ не давал себя втянуть в междуусобные

войны. В этом сказались традиции господствовавшей
в степи военной демократии, ограничивавшей власть

Ғасырлар тоғысында
султанов и ханов в основном организацией защиты от
внешней агрессии, предводительством ополчения. А все
другие дела общества решались на народных собрани­

ях – маслихатах, которые собирались дважды в году –
весной, чтобы распределить летние пастбища, обсудить
пути переходов к ним, порядок ведения торговли и другие
насущные вопросы, и осенью, когда требовалось распре­

делить зимовки. Присутствовало все взрослое мужское
население, способное держать оружие,– от шестнадцати­
летних джигитов до аксакалов. Основными фигурами на
этих собраниях были бии, чем-то напоминавшие своей

миссией нынешних депутатов, правда, сравнение это да­
леко неточное. Никто, в том числе и хан, не мог идти про­
тив решения маслихатов. Вспомним только, какие были
высказаны строгие нарекания в адрес Абулхаира, который

при переговорах с представителями российских властей
не сполна придерживался решений уполномочившего его
на это маслихата. Другое дело, что военная демократия
затем была сломлена колониальной администрацией,

хотя тут сказались и внутреннее развитие общества, его
дифференциация, усложнение. Взамен степь получила
карьеризм, армию чиновников – прообраз нашей недавней
номенклатуры, которые подбирались по признаку лояль­

ности, удобства для колониальных властей.
Мощные демократические начала присущи были и всем
народам. Взять русскую думу, земство, соседскую общину
или «хашар»– взаимопомощь у уйгуров, других средне­

азиатских народов... Все это надо по-настоящему изучить
и использовать, разумеется, с учетом нынешних условий.

– Видимо, можно сказать, что демократические

убеждения – это результат вашей и политической, и
писательской деятельности, да и всей жизни. Не могли
бы вы рассказать о своем жизненном пути, о том, что
повлияло на ваш характер, взгляды как политического

деятеля.

Ә. Кекілбайұлы

– Родом я из степей. Родился на Мангышлаке в 1939

году. Моя семья претерпела все коллизии нашего века.
Мои предки были кочевники. Среди них были и состоя­
тельные, и обедневшие, и кое-кому пришлось разделить
участь тех, кто был сослан в Сибирь. И это очень сильный

довод у меня в пользу демократических порядков, против
произвола.
Отца помню смутно. Он от кочевника стал рабочим,
строил железную дорогу Кандагач – Гурьев, работал в

Туркмении. Когда на Мангышлаке открыли уголь, стал
шахтером. В войну защищал Сталинград, служил в раз­
ведроте. Трижды был ранен. Погиб от тяжелого ранения
в голову. О последних часах жизни отца мне рассказал

его друг однополчанин. Сделал он это много лет спустя,
когда я вернулся в аул с дипломом университета. До этого
жалел меня, боялся ранить душу. Память об отце всегда
заставляла меня взыскательно относиться к себе, своим

поступкам.
Сызмала рос я в сущности в женской среде – в семье
были мать и трое сестер. Да и сейчас у меня дома тоже в
основном женское окружение – слава Богу, жива мама,

ей 88 лет. Жена работает врачом, у нас две дочери и двое
сыновей. Возможно, это сказалось на моем характере, за
мягкость которого меня, бывает, упрекают.
Мальчишкой мечтал стать геологом. Тогда мангышлак­

ские недра начали только интенсивно обследоваться, и в
моих глазах труд геолога был овеян романтикой. Но тяга
к литературе, к художественному слову оказалась сильнее
и привела на филологический факультет КазГУ. Литера­

турная судьба складывалась непросто – сначала выступал
как литературный критик. В 30 лет призвали в армию. В
качестве офицера запаса участвовал в жаланашкольских
событиях и на своем опыте познал, что такое окопная

жизнь, горькая миссия быть в составе войск, ожидающих
нападения извне. После были годы работы на киностудии
«Казахфильм». Десять лет было отдано работе в аппарате

Ғасырлар тоғысында
ЦК Компартии Казахстана. Потом было выдвижение на
работу в министерство культуры. Пять лет занимался
депутатской, парламентской деятельностью. Таким об­

разом, несколько раз пришлось менять профессию, Это
и обогащало знанием жизни, но и не давало особенно со­
средоточиться на литературной работе.

– Эти трудности сегодня вы испытываете еще в

большей мере. Сверхзагруженность на спикерском по­
сту сильно ограничивает вашу писательскую деятель­
ность, но прекратить ее вы, наверное, полностью не
можете. Ведь кто-то сказал, что писатель работает даже

тогда, когда просто смотрит в окно. Над чем вы сейчас
трудитесь, какие творческие планы вынашиваете?

– Мне сейчас очень сложно. Литературную работу при­

шлось отложить. Характер мой требует отдаваться делу
всецело. Успокаиваю себя тем, что все, что происходит
вокруг меня и со мной,– это как раз то, что мне нужно
как писателю, что навсегда останется во мне. Я всегда

писал исторические вещи, о серьезных общественных
катаклизмах. В своей нынешней практической деятель­
ности, собственно говоря, продолжаю творчество, но
беда заключается в том, что я не могу перенести это на

бумагу. Однако депутатский век короткий. После этого
отдамся писательству, буду пожинать плоды опыта, на­
бравшегося в политической деятельности. Хочу продол­
жить цикл казахстанской истории, над которым до этого

работал. Появилась и внутренняя потребность поделиться
читателями наблюдениями, раздумьями о природе власти,
об обществе, о той самой демократии, о которой мы так
много говорим, об интеграции, каким будет наш народ,

о человечестве. В этом плане политическая деятельность
помогает аккумулировать творческие потенции.

– Ваше интервью планируется опубликовать в

двенадцатом, завершающем нынешний год номере
журнала. Думаю, читателям, всем казахстанцам-из­
бирателям будет интересно услышать напутствие

Ә. Кекілбайұлы
главы Верховного Совета на новый, 1995 год. Хотелось
бы услышать и пожелания в адрес редакции нашего
журнала, который ищет свой путь, свое лицо.

– Что тут сказать? Жизнь, к великому сожалению, в

уходящем году сложилась трудная, и если быть до конца
откровенным, скажу, что и впереди нас ожидают не менее
суровые дни. Обманываться на этот счет ни в коем случае
нельзя – как и любому молодому государству, становя­

щемуся на ноги в условиях свободы, нам приходится
преодолевать кремнистый путь. И чтобы он неуклонно
вел нас вперед, необходимы высокая ответственность
всех и каждого, терпение и терпимость, без чего просто

немыслима стабильность. Мне наше многонациональное
общество напоминает большую мозаичную картину, и
стоит только выбить один камушек из нее, как вся мозаика
может рассыпаться. Так что давайте будем взыскательно

оценивать последствия своих действий, слов, побольше
проявлять деловитости, трудолюбия, заботы друг о друге!
Свою роль в этом может сыграть и журнал «Мысль»,
само название которого обязывает и дальше быть инстру­

ментом осмысления жизни, инструментом, можно сказать,
ювелирным, поскольку процессы идут сложные, противо­
речивые, и размашистость, поспешность в суждениях
совершеенно неуместны.

Желаю всем счастья, благополучия, успехов в насту­
пающем году!

– Спасибо за беседу и позвольте то же самое поже­

лать вам и вашим коллегам на вашем многотрудном,
но крайне нужном республике поприще.
Вопросы задавал В. ПАРАМОНОВ.
журнал «Мысль», № 12, 1994 г

Ғасырлар тоғысында

ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ЫҚПАЛДАСТЫҚ

Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің комитет төрағасы, белгілі қоғам
қайраткері Әбіш КЕКІЛБАЕВ пен «Егемен Қазақстан»
газетінің бас редакторы Нұрлан Оразалиннің сұхбаты.

– Әбеке, сіз Мемлекеттік Думадағы әріптестеріңіз­

дің 15 наурызда қабылданған қаулысына қалай
қарайсыз?

– Солақай шешім. Өйткені барлық жағынан заңға

сыйымды шешімді ешбір жағынан заңға сыймайтын
шешім жоққа шығарғысы келеді. Ондай заңсыздыққа
белгілі фракция мүшелерінің саналы түрде барғанын
ешкім теріске шығара алмайды. Талқыланып отырған

мәселе хақында заң қабылданбай, қаулы қабылдануы да
сондықтан. Заң болса, жоғары палатаның талқылануына
ұсынылады. Президент қол қоюы керек. Ондай процедура
тұсында Конституцияға қайшы келетін құжат тосқауылға

ұшырайтыны белгілі. Сол тосқауылды қалай да айналып
өту үшін қаулы қабылданған. Сол арқылы тек бір ғана
емес, бірнеше мемлекеттің тағдырын шешкен халықара­
лық келісімнің төңірегінде солқылдақ көзқарас орнатып,

бір ғана емес, бірнеше мемлекеттің саяси орнықтылығына
қол сұғу көзделген. Құқықтық негізсіздігі айдан анық
аталмыш құжаттың көздеген мақсаты тым жымысқы.
Ресейдегі кезекті президент сайлауын пайдалана отырып,

күллі бұрынғы кеңестік кеңістіктегі жүріп жатқан саяси-
экономикалық реформаны түгелімен құқықтық жағынан
сенімсіз құбылысқа айналдыруға тырысушылық анық
көзге ұрып тұр.

Ә. Кекілбайұлы

– Алайда, Зюганов мырза бұл қаулының әрекет

аясы Ресеймен ғана шектеледі деді ғой...

– Иә, Зюганов мырза солай деуін деді ғой. Бірақ,

Бело­вежье келісімінің күші жойылса, КСРО-ның құқық
субъектісі ретіндегі маңызы қайтадан мойындалады ғой.
Олай болса, бұрын оның құрамында болған мемлекеттер­
дің егемендігі мен тәуелсіздігі тағы да дүдәмал ахуал

кешеді ғой. Оның үстіне, Зюганов мырза біздер ешкімді
зорламаймыз, республикалар өз еркімен қосылады деп
көмейінде не жатқанын бәрібір аңғартып қойды.
Біз коммунистердің өз еркімен құрған одағының

қандай болатынын көргенбіз. Ол одақтық құрылымның
федеративтік те, конфедеративтік те қағидасын сақтамады.
Одақ деп аталып отырып, унитаризмді нығайтты. Со­
циалистік болса да, демократия деп отырып, әуелі бір ғана

таптың партиясының, сосын оның ең жоғарғы басқарушы
ұясының диктатурасын орнатты. Билікші партияның
шектен асыра регламенттелген жарғысы Конституциядан
басым тұрды. Сөйтіп, халықтардың бостандығы, одақты

құраған бұрынғы ұлттық мемлекеттердің теңдігі жай
әншейін жалаң декларациялар болып қалды.

– Ендеше, әлгіндей бір ғана билеуші партияның

ашса алақандағы, жұмса жұмырығындағы тота­ли­
тарлық мемлекет неге құлап қалды?

– Ондай мемлекет өркениетті қоғамнан гөрі ежелгі

қауымдастыққа көбірек ұқсап тұрады. Қауымшылдық
жеке мүдде мен жеке намысты ұмыттырып, көптің ың­
ғайына жығыла беруге көндіреді. Тапқанын ортаға сала­
тын эгалитарлық үрдістегі бұқара «қазаншының еркі бар,

қайдан құлақ шығарса» деген қағидамен өмір сүреді. Саяси
бәсекелестіктің жоқтығы саяси астамшылдықты туғызбай
қоймайды. Астамшылық әлеуметтік шамдану мен
шамырығуды бәрібір туғызбай тұра алмайды. Жоғар­ғы

қабаттағы астамшылық олигархиялық, төменгі қабаттағы
шамырығушылық охлократиялық психологияның өріс­

Ғасырлар тоғысында
теуіне жол ашады. Олигархия жүрген жерде іштей
талас та жүреді. Ондай таласушы күштер өз мүддесіне
жету үшін охлократиялық ұрдажықты пайдалануға ты­

рысады. «Біздер жоғарыдан, сіздер төменнен...» дейін
ұрандар да сондайдан туындайды. Сөйтіп, қоғамның
төменгі қабатындағы шамадан тыс шоғырланып қалған
шамырығушылық энергияны пайдалана отырып, билік пен

байлықты қайта бөліске салу басталады. Кешегі кеңестік
қоғамдағы қайта құрудың алдындағы және басындағы
ахуал, міне, осыған ұқсайтын.

– Ендеше, Дума мінберінен айтылғандай, КСРО-

ны сыртқы арандатушылық пен ішкі ұлтшылдық
құлатты деген жай сөз болды ғой. Бар гәп билікші
элитада екен ғой. Коммунистер өздері отырған бұтаққа
өздері балта шапқаны ма?

– Істің нәтижесі сондай қорытындыға меңзейді. Ша­

мадан тыс тоталитандырылған қоғамда шамадан тыс
түбегейлі реформаны да тек шамадан тыс билікке ие
күштер ғана бастай алады. Кеңестер Одағында СОКП
Орталық Комитеті бас хатшысы өзгермей тұрып, еште­

ңенің өзгермейтіндігі де сондықтан еді. Сексенінші
жыл­дар аяғындағы бұрынғы ұстанып келген бағыттан
атымен қарама-қарсы бағытқа шақырған бастама да
шет аймақтар мен төменгі комитеттерден шықпаған-ды.

Бәріне де билеуші партияның ең жоғарғы басқару ұясы
мұрындық болған-ды. Оған біреулері шексіз билікке әбден
масарайғандықтан барды. Екіншілері, жағдайдың бәрібір
сол қалпында қалмайтынын түсініп, өзгерген жағдайда

да үйренген жылы-жұмсақты өз қолынан шығарып ал­
мас үшін барды. Бірақ, жаңа процестердің логикасы бар
уақытта әуелде түрткі болған мүдделердің іш есептерімен
сәйкесе бермейді.

Қайта құрудың қалтылдақ қайығы да жол-жөнекей
талай бұлталаққа түсті. Көне қағидаларды қайзалап
қалғандар төңіректе не болып жатқанын уақытылы аңғара

Ә. Кекілбайұлы
алмай, бірден су түбіне кетті. Олардай айласыздықтан
емес, керек кезінде ескек өз қолдарында болмай,
«амалсыздықтан төгіліп қалғандар», жан тәсілім жасап,

жағаға жетіп, кешегі кеткен еселерін қайтарып алмаққа
қам жасап бағуда. Наурыздың 15-індегі қаулы да сондай
дәмеден туындап жатса керек. Олар бұл арқылы талай
нәрседен көңілі қалып, қоңторғай отырған қазіргі қоғамды

қандай уағызбен еліктіруге, қандай әрекетке жүгінуге бо­
латынына әдейі барлау жасап отырғандай. Олар – бұрынғы
коммунистік элитаның билік пен байлық бөлісуде еселері
кетіп келе жатқан екінші буыны. Олардың парламенттегі

тобы бұдан бес жыл бұрын қолда билік жоқ кезде Бело­
вежье келісімін мақұлдап дауыс берсе, енді сол биліктің
бір тізгіні қолдарына тигенде, мансұқтап дауыс беріп отыр.

– Ендеше, ең үлкен биліктен айдан-анық дәметіп, өз

кандидатын ұсынып отырған партияның, әлгі өздері
айт­қандай, мұндай «заңсыздыққа» саналы түрде ба­
руы қалай?

– Оған таңғалса да, таңғалмаса да болады. Таңға­ла­

тынымыз – Шығыс Еуропа коммунистері таптық ради­
кализмнен айта қаларлық дәрежеде бас тартып, социал­
демократия қағидаларына қарай ойысып, егемендік пен
тәуелсіздікті жақтап, билік басына қайта оралды.

Ал бұрынғы кеңес кеңістігіндегі әріптестері әлі сол
баяғы ескі «әләуләйлерімен» келеді. Таңғалмайтынымыз –
кешегі кеңестік кеңістігі саяси күрес спектріндегі қай
тараптың да либеральдық қанатынан гөрі радикалдық

қанаты басым түсіп жатыр. Радикалдемократтар эконо-
ми­калық реформада әлеуметшіл нарықтан гөрі классика­
лық нарыққа, саяси реформада либералшыл биліктен
гөрі күшті билікке қарай ойысуда. Электорат та иі

жұмсақтықтан гөрі тегеурінділікті қолайлауда. Комму-
нистер де сол ағыммен парламенттегі басым дауысқа ие
болып отыр. Радикализм қашан да популизмге бейім.
Коммунизм – шектен шыққан радикализм. Демек, ол

Ғасырлар тоғысында
шектен шыққан әрекетке бара алмай тұра алмайды. Ғасыр
басындағы коммунистік элита тарихта бұдан бұрын да әр
жолы сексен жылдай ғана өмір сүріп, екі рет құлап қалған

тым идеологияландырылған эгалитарлық социализмді
қайта орнатып, жетпіс жылға жеткізбей құлата алды.
Сексенінші жылдардың басындағы элита сол өздері құрған
қоғамды құлатып тынатын реформаны өздері бастады.

Тоқсаныншы жылдардың басындағы коммунистік элита
сол өздері бастаған реформаға өздері астыртын қарсы шы­
ғып, мемлекеттен де, биліктен де айырылып қалды. Елді
азаматтық соғысқа ұрындыра жаздады. Өздері тамырымен

құрып кете жаздады. Ал, бүгінгідей шамадан тысқары
күрделі жағдайда ең радикал саяси күш ретінде ол жұртты
ең көп таңғалдырып, өз жағына шығару үшін ең шамадан
асқан тосын әрекетке барудан тартынбайтындықтарын

тағы да көрсетін отыр.

– Сонда әлгіндей әрекет – Беловежье келісімінің

күшін жою болғаны ма?

– Дәл солай. Өйткені, қазір кешегі кеңестік кеңістікте

жұртты не қинап отыр? Бір кезде бәрімізді үміттендірген
реформа ойдағыдай өрістемей жатыр. Көпшіліктің тұрмыс
деңгейі күрт төмендеді. Әлеуметтік кепілдіктер көбеюдің
орнына азайды. Екі құрлықты баса көктеп, қалаған жерінде

жұмыс істеп, қайда тұрсаң да еркіңдегі заман өтті. Жаңа
егемендіктермен есептесуге тура келді. Дүйім төтенше
әрекетке жүгініп қалған коммунистер соның бәрін бір-ақ
әрекетпен шешпекші. Беловежье келісімінің күші жой­

ылса, бәрі орнына келмекші-мыс. Тоғышар сана оңай
иланатын оңтайлы тұжырым. Популизм дегеніміз де сол.
Ал коммунистер оған қашанда үйір болған.
Ең болмаса, осы жолы бүйректен сирақ шығармай, қал­

ған адамзаттың көріп жатқанын көріп, жетіп жатқанына
жетеміз бе деп едік, тағы да әлеуметтік қиқарлық бой
көтеріп тұр. Бір кезде коммунизм сүрлеуімен аяғына
дейін жүруге дәтіміз жетпей, жолдан бұрылып кетіп

Ә. Кекілбайұлы
ек, енді демократия сүрлеуін тастап, керісінше кері бұ­
рылуды көздейтіндер шығып тұр. Бәрі де билік пен бай­
лық үшін бәріне де баруға бар. Ондайлар коммунизмді

ұрандататындардың да, демократияны ұрандататындар­
дың да арасында аз емес. Олар тек жаңа тәуелсіз мем­
ле­кеттердің ғана емес, тайталас дүниеден ықпалдас
дүниеге аяқ бастық па деп отырған күллі адамзаттың да

болашағына шешуші бетбұрыс жасап берген Беловежье
келісімін қақпақылға айналдыруға еш тайынар емес.

– Сонда сіз Беловежье келісімін заңсыз деп танудың

өзін заңсыздық санайсыз ғой?

– Әрине. Ол кешегі кеңестік кеңістікте соңғы жетпіс

жыл ішіндегі халықаралық құқық қағидаларына мейлінше
жауап бере алатын бірден-бір шешім. Соның арқасында
коммунистердің әр саққа жүгіртіп келген қағидалары
негізгі мағынасын тауып, әр нәрсе өз атымен аталатын

болды.
Әділіне келсек, бір кезде билікке ұмтылған больше-
виктер ұлттардың өзін-өзі билеу құқын мойындады.
Сонау Вестьфальт бітімінен бермен қарай, даулы болып

келген мәселе екі ғасыр тоғысынан бастап, заңдық күшке
ие болды. Тұңғыш рет 1905 жылы Норвегия мен Швеция
арасындағы дауды реттеуде шешуші қағидаға айналды.
АҚШ президенті Вудрудо Вильсон Балқан мәселесін

жү­йелеуде де соған көбірек жүгінді. Шет аймақтардағы
ұлт азаттық қозғалысын өзіне одақтас қылғысы келген
боль­шевиктер де отаршылдықты сынап, ұлттардың
өзін-өзі билеуі жолында күресті. Соған сүйене отырып,

Финляндияға тәуелсіздік берді. Алайда, қолдағы билік
нығая түскен сайын ол қағида аяққа басыла түсті. Тәуелсіз
мемлекеттер одақтастығы біртұтас одақтық мемлекет
сипатына көше бастады. Одақтастық тым шарттыланып,

унитаризм тым нақтылана түсті. Республикалардың өз
еркімен бөлініп кете алатындығы атымен ауызға алын­
байтын болды. Қайта құруға дейінгі коммунистер оған

Ғасырлар тоғысында
астыртын қарсы шықты. Сөз жүзінде Коледонияны
қолдан шығар­мау үшін алыс аралды шұғыл француз­
дандырып жатқандарға күліп отырып, іс жүзінде өздері

де солай етті. Экономиканы басқаруды орталықтандыру
арқылы республикаларды экономикалық дербестіктен
айырды. Партиялық құрылым иерархиясы арқылы саяси
дербестікті жоққа шығарды. Миграциялық процестер

арқылы республикалардың ұлттық мемлекеттілік сипатын
әлсіретті. Ал қайта құруды бастаған демократияшыл-мыс
коммунистер Алматы, Тбилиси, Баку, Рига оқиғалары
тұсында айқын көрінгендей, республикалардың ондай

құқыққа жүгінулеріне күшпен жол бермеді.
Демократияландыру тұсында көрінбей қалмайтын
ұлттық теңдік пен егемендік жолындағы күресті қандай
әдіспен болса да басып тастауға бейім тұрды. Уақыттың

өзі қоздатып берген процесс тым кеңінен қанат жайып
кеткенін көрген билікші топтың әккілеу жағы жаңа одақ
шартын жасауды амалсыз қолға алса, тоңмойын жағы оған
қарсы астыртын теңкеріс әзірледі. Ол төңкерістің жеңілуі

процесті одан бетер шұғылдатты. Беловежье келісімі
оқиғалардың одан әрі ушығып кетуіне жол бермеді.
Реформа үстіндегі қоғам екінші төңкеріс пен азамат
соғысынан сақтап қалды. Бұл – демократияшыл күштер

мен бағыттардың ең үлкен жеңісі болды. Беловежье
келісіміне саяси тұрғыдан баға берер болсақ, демократия
мен реформаны қанға бөктіргізбеу жолында уақытында
жасалған батыл жеңіс және тыңғылықты қадам болғанын

айырықша атап айтуымыз қажет.
Тарихи-құқықтық тұрғыдан баға берсек, патшалық
Ресей отаршыл империя болғаны кім-кімге де белгілі.
Ондағы халықтардың көпшілігінің тарихи қалыптасқан

мемлекеттілігі бар еді. Одан біреулерді күшпен, біреу­
лерді амалсыз өз еріктерімен айырған-ды. Бірақ, ол
отаршылдықтың отаршылдық, империяның империялық
сипатын жоққа шығармайды. Егер патшалық Ресей

Ә. Кекілбайұлы
бұрынғы қалпында тұрғанда да XX ғасырда бұрынғы Ұлы­
британия, Франция, Германия, Португалия киген кепті
бәрібір киер еді. Бір кездегі отарларына бәрібір тәуелсіздік

берген болар еді. Оған мәжбүр еткен екі дүниежүзілік
соғыс, қуатты ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді де айналып
өте алмас еді. Қайта, «ешкімге ұқсамайтын ерекше даму
жолын» желеу еткен коммунистер – бірінен соң бірі тағы

да жетпіс-елу жылға кешеуілдетті. Бірақ, олардың әрекеті
халықаралық құқық қағидаларын көпе-көрнеу бұрмалау
арқылы жүзеге асты. Ұлттардың өзін-өзі билеуі мен
ұлттық мемлекеттердің өз еріктерімен бөлініп кетуін сөз

жүзінде жақтаған коммунистер іс жүзінде жоққа шығарды.
Бұл жөніндегі 1941 жылы тамыз айында Касабланкада
қабылданған «Атлант партиясына» сол жылдың аяғына
қарай Кеңес Одағы да қосылды. Бірақ онда көрсетілген

қағидалардың ешқайсысын жүзеге асырған жоқ. 1960
жылы 14 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас ассамблеясында отар
елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы Декларация
қабылдауда бастамашы болды. Алайда, өз иелігінде өзі

айтып отырған бағытта ештеңе істемеді. Сөйтіп тағы да
отыз жыл бойына өз халықтарының да, күллі адамзаттың
да алдында сөзіне ісі сәйкес келмейтін саяси алаяқтық
танытып келді. Ондай көзбояушылықтың жолын кескен

де Беловежье келісімі болды. Бір кезде өз еркімен одақ
құруға бастамашы болған мемлекеттер сол шартты да,
халықаралық құқықты да аяққа басып отырған одақтан
өз еріктерімен бөлініп шығатындықтарын мәлімдеді.

Бұл халықаралық қағидаларды былай қойғанда, мұндай
одақты құру туралы шарттың да, КСРО-ның дәстүрлі
конституцияларының да талаптарына әбден сәйкес келетін
еді. Ондай заңды түрде жасалған жаңа келісім тиісті

ұлттық парламенттерде заңды түрде бекітілді.
Бұрынғы одаққа кірген мемлекеттер түгел дерлік
өз тәуелсіздігін жариялап, ол түгел дерлік адамзаттық
қауымдастық тарапынан мойындалды. Сөйтіп, жоқ мем­

Ғасырлар тоғысында
лекетке айналған КСРО-ның президенті мен Парламенті
онсыз да жоқ өкілеттерінен бас тартуға мәжбүр болды.
Сөйтіп, КСРО-ны да жасырын шпион мен жасырын

ұлтшылдық емес, жария отаршылдық пен жария тотали­
таризм құлатып тынды. Енді оны қалпына келтіру деген
сөз – ашық реваншизмге жол беру деген сөз. Реформа
орнына реваншизм Думадағы коммунистердің кешегі

кеңестік кеңістіктегі қиындықтан шығарудың бірден-бір
жолы ретінде ұсынып отырғаны, міне, осы. Қоғамдық
даму үрдісін өз еріктерімен реформалау жолына түскендер
түгілі соғыста жеңіліп, оккупацияға ұшырған елдердің өзі

реваншистердің сезіне құлақ асқан емес. Ондай қоғамдар
ха­лықаралық құқық пен қауымдастық тарапынан ешқан­
дай қолдау таба алмасы белгілі. Ондай дәйексіздікті ке­
лешек ұрпақтың кешірмесі хақ.

Алайда, Мемлекеттік Думаның солақай шешіміне
лайықты жауап береміз деп солақайлыққа ұрынуға тағы
болмайды.

– Өткен жолы Мәжілісте бұл қаулыны талқылау

туралы сөз болғанда сіздің ұсынысыңызбен алынып
тасталды емес пе?

– Біріншіден, бұл заңдық күші жоқ шешім. Оны Ре­

сей Президенті де, Федерация Кеңесі де мәлімдеді. БҰҰ
мен басқа халықаралық ұйымдар да осылай бағалады.
Соның бәрін көре отырып, құқықтық күмәнді құжатты
жоғары заң шығарушы жиналыс дәрежесінде ресми түрде

талқылап, ресми шешім қабылдап жатсақ, думашылар
жаққан отқа өзіміз май құйған боп шығар едік. Парла­
менттер соғысын ашсақ, оның салқыны қоғамымызға да
тиер еді. Осындай жолмен шектес кеңістіктерде де

ки­кіл­жің ахуалды ояту – әлгіндей шешімінің көздеген
мақ­сатының ең бастысы болуы да мүмкін. Сөйтіп, онсыз
да оңай емес гәптерге толы екі елдің мемлекетаралық
қа­ты­настарын шиеленістіру – бөліне жарылуды жақтау­

шылардың сойылын соққандық болып шығар еді. Алайда

Ә. Кекілбайұлы
бұдан аталмыш қаулыны атымен елең етпей отырып алу
керек деген қорытынды шықпайды. Оған Ресей қауымы
қанша дәрежеде және қандай сипатта маңыз беріп

жатқанына қарап, соған орайлас дәрежеде жауап беруіміз
қажет. Ресми Ресей де, қалың бұқара да солақай шешімнің
шылауымен кетпей, оған уақытылы тойтарыс берді. Ен­
деше біз де соны ескере отырып, тиісті салқынқандылық

танытқанымыз жөн. Апшығаннан да, абыржығаннан да
іс бітпейді. Тәуелсіздігіміздің мызғымастығы жолында
тәуекелімізді бекемдеп, бұндай қисынсыздықтардан туын­
дауы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алғанымыз дұрыс.

– Оның жолы қандай?

– Осы ғасыр басында жер жүзінде қанша мемлекет

болды. Қазір олардың саны үш есеге жуық өсті. Сол
арада үш дүркін отаршылдықтан арылу процесі етті.
Сонда жинақталған тәжірибеге сүйеніп ішкі ынтымақты,
сыртқы ықпалдастықты нығайтуға күш салғанымыз ла­

зым. Ішкі ынтымақты нығайтудың жолы – өзгерістердің
қызығын азғантай топ қана көретін саяси-экономикалық
эгоизмге жол бермеу. Демократиялық балаңдықтың
салдарынан билік пен меншік бөлісуде көпе-көрнеу

олигархияшылдыққа жол беріп алған тәуелсіздіктер осы
кезге дейін ішкі алауыздықтың қырсығынан ойдағыдай
дами алмай жатыр. Ондай елдердің этникалық біркелкі
жағдайдағылары трайбализм мен авторитаризмнің

қырсығына шалдықса, этникалық әркелкі жағдайдағылары
ұлтаралық кикілжіңдер мен сепаратизмнің зобалаңына
ұшырауда. Оны сыртқы неокониализм, әрине, қағыс
жібермейді. Ұлтшылдық алауыздықты пайдаланып

әлеуметтік расизм, ұлтаралық алауыздықты пайдаланып,
этникалық расизм өртіне май құйып бағады.
Бұрынғы екі отарсыздануға іле-шала неоколониализм
да бас көтеріп еді. Ол бұл жолы да үнсіз қалып отырған

жоқ. Көрші кеңістіктегі неоколониалистік күштер
мемлекеттік институттар деңгейінен де бой көрсете

Ғасырлар тоғысында
бастағанына аталмыш қаулы куә. Оның үстіне, өмірде
орын алып отырған экономикалық келеңсіздіктерге
таптық идеология тұрғысынан келіп, «біздер билеген

кезде жағдайларыңыз бұндай емес еді»,– деп азғыратын
әлеуметтік реваншистер мен «біздің қарауымыздағы
кездегі жағдайларыңыз бұндай емес еді»,– деп азғыратын
ұлы державашыл реваншистердің ауыздары бір жерден

шығып отыр.
Екеуінің де уәде ететіні – тәуелсіздіктен атымен бас
тартуға мәжбүр ететін «бұратана тоқшылық», бұра­
та­на орнықтылық, «бұратана қауіпсіздік». Екеуінің

де орнатпақ жұмағы – жаңа отаршылдық. Кеңестен
ке­йінгі неоконилизм – әлеуметтік реваншизм мен
ұлыдержавалық шовинизм ауыз жаласуынан туындай­
тын аса қатерлі құбылыс. Екібасты аждаһаға ұқсайтын

қорқау құбыжық. Бір басына тойтарыс берсең, екіншісі
бас көтереді. Екеуі де жас тәуелсіздіктерді құртпай
тынғысы келмейді. Екеуі де бұрынғы күлбүлтені қойып,
ашық цинизм жолына түсті. Қызыл шовинизм де, ақ шо­

винизм де реформаны реваншизммен, егемендікті саяси
басыбайлылықпен, демократиялық кеңістікті империялық
сипаттағы тоталитарлық кеңістікпен алмастырғысы
келеді. Сондықтан қазір кешегі кеңестік кеңістіктегі әрбір

азаматтың алдына ежелгі тарихи таңдау, бостандық пен
бір үзім нан тоқ қылғанмен, адам да, ел де қылып, қатарға
қоса алмайды. Ал бостандық қиындықпен келсе де, адам
да қылады, ел де қылады, тоқ та қылады.

Біз тарихтың талай ұлт пен қоғамды мықтап сынаған
үшінші қиын кезеңіне енді келіп отырмыз. Біз үшін ең ба­
стысы – тәуелсіздік. Тәуелсіз ел боп қала алсақ, жоқтықты
да, қиындықты да, әділетсіздікті де жеңе аламыз. Ал оған

дәтіміз шыдамаса – бәрінен де дәмемізді үземіз. Ең жа­
маны, өзіміздің ғана емес, кейінгі ұрпақтардың обалына
қаламыз. Сондықтан, өз ел, өз жерімізде қазір болып

Ә. Кекілбайұлы
жатқанның бәрі-бәрі көңілімізден шыға бермеді екен деп,
тәуелсіздікті қолдан шығарып алмауымыз қажет.

– Сонда тәуелсіздікті нығайтудың ең басым кепілі

не деп білесіз?
Тәуелсіздікті нығайтудың ең басым кепілі – ішкі
ынтымақты нығайту. Ол жоқ жерде тәуелсіздік жай
сөз болып қалады. Оны ашыққан да сатуы ықтимал,

масыққан да сатуы ықтимал. Оған жол бермеудің
жалғыз жолы – экономикалық қатынастарды да, саяси
қатынастарды да мейлінше демократияландыра түсу.
Бармақ басты, көз қыстылыққа жол бермеу. Әркімнің өз

еңбегімен күн көруіне ғана емес, ауқатты өмір сүруіне
құқықтық та, экономикалық та мүмкіндіктер жасауға күш
салу. Ол үшін жүргізіліп жатқан реформадан бас тартуға
болмайды. Өйту әлеуметтік реваншизмге апарады. Жүріп

жатқан реформаны көптің көңілінен шығатындай қылып,
қайта пайымдау керек. Оның тиімділігіне көптің көзі тезі­
рек жететіндей ғып, жұмыс, жалақы, зейнетақы, әлеумет­
тік қызмет мәселелеріндегі шиеленіскен түйіндерді тезірек

шешуге күш салған жөн. Біз реформа мен тәуелсіздікті
қолда бар табиғи, моральдық, интеллектуальдық ре­
сурстарды рәсуа қылуға емес, демократия мен нарық
тетіктерін ұтымды пайдалана отырып, орнықты дамуды

қамтамасыз етуге жұмсауымыз парыз. Билік институт­
тары мен саяси партиялар, мемлекеттік құрылымдар мен
іскер топтар реформа жағдайындағы қоғам мүшелерінің
жаңа жағдайға ыңғайлану процесінің ақылға сыйымды

қалыпта өтуіне қам жасап, күш біріктірулері қажет. Оған
құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам ықпалдастығы
керек. Осы жолдағы бірлескен қимылдар керек. Өйтпеген
күнде істің арты насырға шауып кетуі ықтимал екендігін

көрші кеңістіктегі ахуал көрсетіп-ақ отыр. Билік инсти­
туттары әрі тарт та бері тарт ахуалдан, саяси партиялар
жамырай қол көтеретін оқиғаларды тосып, былайғы кез­
де қалғып отыратын бойкүйездіктен арылып, ел қамын

Ғасырлар тоғысында
шындап ойлайтын шынайы саяси плюрализм ахуалына
тезірек көшкендері дұрыс. Сонда ғана қоғам өзін қинаған
мәселенің ықтимал шешімін уақытылы таба алады. Сон­

да ғана барша, жалпы болып бар міндетті жалқының
мойнына артып қойып, артынан ойдағыдай іс шықпаса,
бар жауапкершілік пен бар пәлені де соған итере салатын
әлеуметтік масылдықтан тезірек айығады. Әр нәрсеге дер

кезінде баршамыз болып назар аударып, баршамыз болып
шешім іздемесек, қапы соғып қалар тұстарымыз көбейіп
барады. Қалғып кетпейік... Реформа мен тәуелсіздікке ең
алдымен сергектік керек.

– Ал мұндай жағдайдағы сыртқы ықпалдастық

қалай өрбуі керек деп ойлайсыз?

– Тәуелсіздікті нығайту жолындағы қоғам ішкі,

сыртқы мәселелерді жаңа отаршылдықтың жолын
бөгейтіндей қып шеше білу арқылы ғана жан сақтай
алады. Кез келген мемлекет өз саясатын күллі адамзат
қауымдастығында өзі орналасқан құрылықта, өзінен

шектес аймақта қалыптасқан ахуалды мұқият үйлестіре
отырып жүргізуге тырысады. Біздің сыртқы дүниемен
ықпалдастығымыз осы үш деңгейдің үшеуінде де қатар
жүзеге асып жатуға тиісті. Қазіргі адамзат Кеңестер

Одағының құлауы арқасында қос кіндікті тайталас
жағдайдан құтылып, ондай бір-бірінің ізін аңдыған теке
тірестік ахуалға қайта түскісі келмейді. Тапшылдық
идеологияның одан шағындау ауқымдарда да белең алу­

ына мүдделі емес. Біз бір кезде тайталас идеологияның
бетпе-бет келген шарпылыс аймағында өмір сүріп отыр­
мыз. Кейін шарпылыс үрдістен бәсеңдік үрдіске көшетін
мемлекетаралық қарым-қатынас Еуразия кеңістігінде

өркен жайған-ды. Сондықтан ол өркендердің тапталып
қалуына жол беруге болмайды. Ал өзіміз құрамдас
бөлігі болып келген кеңістік кешегі тайталаста жеңіліп
қалып, басқаларды жеңіске жеткізген, экономикалық,

саяси, құқықтық стандарттарға тезірек қол жеткізуге

Ә. Кекілбайұлы
мүдделі. Бүгін бой көрсетіп отырған реваншистер
бұндай бір мезгілде қатар жүріп отыруға тиісті үш
сатылы, үш деңгейлі ықпалдастыққа атымен қарсы.

Ол жаңа егемендіктердің сыртқы ықпалдастығын тек
қалыптасқан кеңістік аясымен ғана шектегісі келеді.
Бұл – өте қатерлі жол. Мұндай жолмен қалыптасқан
ықпалдастық аймақтық шектеушілікке ұрындырмай

қоймайды. Онда кешегі кеңістікте кешегі одақтастардың
ғана қатысуымен қалыптасатын, саяси-экономикалық,
ахуал-әлуеті әр қилы мемлекеттер ықпалдастығы әуелі
кешегі гегемонизмнің, кейін сол арқылы кешегі ұлы

державашылдық пен саяси реваншизмнің қайта оянуына
бөгесін бола ала қоюы екіталай. Сондықтан, бұндай
ауқымдағы ықпалдастық біз үшін де, жалпы адамзат үшін
де өте тиімсіз. Мұндай жолмен жасалатын жаңа «ортақ

рынок» шамалы уақытта жаңа технология мен сапалы
тауарлар рыногына айнала алмайды. Ол экономикалық
тәуелсіздігімізді тежеп, кешегі технология мен кешеп
тауарлар монополиясының бел алуына жол беріп алуы да

ғажап емес.
Бұл ретте көп айтыла беретін кейінгі жылдары аяқ
астында бұзылған экономикалық байланыстарды қалпына
келтіреміз деген тіптен ақылға сыймайтын сылтау. Кешегі

экономикалық байланыстарымызды қалпына келтіру –
кешегі еңбек бөлісу, шикізат пен тауар, технология мен
инвестиция алмасуды, демек, кешегі социалистік жоспар­
лы экономикалық қатынастарды қалпына келтіру болып

шығады. Ал егер «кешегі байланыс» деп сол тұстағы
қамтамасыз етілген экономикалық тасымал, энергетика,
технология жүйелерін үйлестіретін инфрақұрылымдарды
ғана ұғатын болсақ, оның да тоталитарлық социализм кон­

цепциясынан туындағанын ұмытпаған дұрыс. Сондықтан
да, ол бүгінге дейін кешегі барлық арна орталыққа барып
құятын ұлы державалық экономикалық монополизм­
ге қызмет етіп бағуда. Ал, ол жаңа тәуелсіздіктердің

Ғасырлар тоғысында
пайдасына шықпайтыны белгілі. Олай болса, тарихи
қалыптасқан экономикалық байланыстарды қайтадан
қалпына келтіру жөнінде емес, түбегейлі түрде қайта қарау

жөнінде көбірек ойланғанымыз жөн. Ол үшін қалыптасқан
инфрақұрылымдармен бәсекеге түсіп, қалыптасқан
аймақтық экономикалық монополизмді тежейтін жаңа
жарыспалы инфрақұрылымдар жасақтауға баса көңіл

бөлу дұрысырақ сияқты. Аса бай шикізаттарымызды,
экономикамызды осы заманға лайықтап қайта құруға
ауадай қажет жаңа технология мен тұрақты валютаға
айырбастай алатындай жаңа рыноктарға апаратын жаңа

инфрақұрылымдар керегірек екендігі даусыз. Олай болса,
дәстүрлі интеграциялық кеңістікте кіндігімізден байла­
нып қалмай, жаңа интеграциялық өрістерді де белсене
іздеуге мәжбүрміз. Сонда ғана әлемдік континентальдық

экономикалық қан айналымына тезірек ат салыса аламыз.
Ал кешегі кеңістіктегі әрбір сайлау тұсында барлық
тәуел­сіз елдерге бірдей қажетті осындай кең қарым ин­
теграцияны сөз етпей, бір гәпті қырық қайтара қайталап,

тыныш жатқан жыланның құйрығын қырық қайтара
басуға құмарлар көбейіп кетеді. Ол жыланның тілі әлі
қандай ұзын, әрі қандай улы екенін думашылардың
дуылдатпа қаулысы көрсетін берді ғой. Қысқасы, бізге

тәуелсіздік қымбат болса, ТМД елдерінің қайқайсысына
да әлемдік және континентальдық экономикалық қаты­
настарға те­зірек ұластыратын көп деңгейлі, кең қарымды
ықпалдастыққа, жалпы планеталық және континентальдық

интеграция кеңістіктеріне батыл қадам басуға ұмтылғанды
басым міндет санағанымыз тиімді болар еді.

– Ол жақта біздерді қуана қабылдайды ғой деп ой­

лайсыз ба?

– Біз прагматиктер заманында тірлік кешіп жатырмыз.

Бізді ешқайда ешкімнің де сағынып отырмауы мүмкін.
Артық ауыз бен артық иін ешкімге керек емес. Ол керек
болса, күні кеше жиырма бес миллион кісі бір түнде

Ә. Кекілбайұлы
шетелдік болып шыға келмес еді. Ондай саяси сентимента­
лизм ешкімге де тән емес. Алайда, былайғы дүниеге біздің
бай минеральдық ресурстарымыз қажет. Оның билігі өз

қолымызда тұрғанда өзімізбен сөйлеседі. Ал біреу алып
кетсе, бізбен шаруалары болмайды. Сол біреулермен
сөйлеседі. Біз ықпалдастықты, интеграцияны ойлағанда,
осыны естен шығармауға міндеттіміз. «Бөлінгенді бөрі

жейді», «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас»
деген қағида бұл арада жүрмейді. Бөлінсек бөрі жеп қояды
деп шын бөрінің аузында бүлқынып келіппіз. Желінбеген
де ештеңеміз қалмапты. Ал қазіргідей технология мен

капитал бір тарапқа, табиғи және еңбек ресурстары бір
тарапқа – екі ұдай шоғырланған дүниеде ешкім де жалғыз
қала қоймас түрі бар. Мәселе қашан, кіммен, қай мөлшерде
және қандай қағидалар негізінде ықпалдаса білуде болып

тұр. Тек аз ғана елдер тобымен ықпалдассақ былайғы
көптің көзінің сұғында қаламыз. Тек алыспен ықпалдассақ,
іргеңнің тынышы кетеді. Жақынмен ғана ықпалдасып,
алыстан қол үзіп қалсаң, қайтадан басыбайлы қалыпқа

түсіп қалуың ықтимал. Сондықтан үш деңгейлі интегра­
цияны қатар жүргізіп, бір-біріне басымдық бермейтін әр
алуан экономикалық мүдделермен бірдей ықпалдаса білу

– саяси тәуелсіздікті орнықтыру үшін де, экономикамызды

тездетіп жаңарту үшін де ауадай қажет секілді. Бұл тек
біз үшін ғана емес, ТМД елдерінің бәрі үшін де өте-мөте
қажет шарт болса керек. Өйткені, олардың ешқайсысы
да бүгін таңда өз экономикасын сырттың көмегінсіз өз

күшімен қайта құра алмай жатыр. Оның үстіне, қоғамда
демократиялық үрдіс мықтап орнықпай, әлеуметтік және
саяси реваншизм қайта-қайта бой көрсетіп тұрса, тек
кешегі одақтастар болып, қайта ықпалдасып, демократия

мен нарықты өзіміздің бірлескен күшімізбен-ақ өрге ба­
стыра қоямыз деп ойлау, ашығын айтсақ, жоққа сенушілік
болып шығар еді.

Ғасырлар тоғысында

– Сонда сіз жақын кеңістікпен ықпалдастықты

екінші қатардағы іс санайсыз ба?

– Мен жақын кеңістікпен, оның ішіндегі кешегі кеңестік

кеңістікпен ықпалдастықты орнықты дамуымыздың кепілі
болып есептелетін үш деңгейлі ықпалдастықтың шешуші
буындарының бірі деп есептеймін.Тек біз ғана емес,
ТМД-ға кіретін әрбір ел, оның ішіндегі ең ірі Ресей де,

ең шағын республикалар да тап осылай ойласа, өзіне де,
өзгеге де қиянат жасаған боп шықпас еді деп санаймын.
Ол үшін ықпалдастықтың өркениетті жаңа қағидаларына
көшуіміз керек. Интеграцияны көршілес отырған ұсақ

мемлекеттердің басын қосып, ірі мемлекет жасау деп ұғу –
бүгінгі заман үшін кертартпа көзқарас. Ақ отаршылдықты
қызыл отаршылдықпен алмастырғаннан мүйізіміз қандай
шықпаса, қызыл отаршылдықты ақ отаршылдықпен

алмастырғаннан да мүйізіміз сондай шықпайтыны дау­
сыз. Ендеше, егемендікті ықпалдастықтың тежеушісі деп
емес, қозғаушы күші деп есептеген дұрыс. Ықпалдастық
өзгерсе де, егемендік өзгермеуі керек. Ықпалдастық

ұлғайса да егемендік кішіреймеуі қажет. Ол үшін интегра­
ция қоғамдық дамудың құбылмалы динамикасына оңай
икемделетін оралымды құрылымға ие болғаны жөн. Үш
сатылы интеграцияның бір сатысындағы ықпалдастық

басқа сатыларындағы ықпалдастыққа ешқандай кедергі
келтірмегені жән. Әрқайсысы да өз деңгейінде үйлестіру
құрылымын құра алады. Бірақ, ол жаңа мемлекет
емес, мемлекетаралық ұйым ғана болуы керек. Әрбір

ықпалдастық әрекеттің негізгі субъектісі әлгіндегі
үйлестіруші ұйым емес, мемлекеттік егемендік болуы тиіс.
Сонда ғана халықаралық ықпалдастықтың «әлемдік жаңа
империя» үлгісінен кетіп, әлемдік жаңа тәртіп үлгісіне

жақындай алуымыз ықтимал.

– ТМД ондай үлгі бола ала ма?

– Қазіргі қалпында бола алмайды. Бірақ, интеграциялық

процестің ендігі беталыстарына лайықталып, өзін-өзі

Ә. Кекілбайұлы
қайта құра алады. Алайда, ол өзінің тарихи қызметін
жақсы атқарды. Қатерлі ретроградтық тенденциялар
шарпылысының сахнасына айналып кете жаздап отырған

тартыстарды өршітпеуге едәуір үлес қосты. Сол арқылы
интеграцияның жаңа мазмұнға көшуіне, соған лайық
жаңа құрылым іздеуіне мүмкіндік туғызып берді. Бір
кезде ТМД-ны құруға мұрындық болған Қазақстан оны

жетілдіруге де ынталы екендігін талай көрсетті. Прези­
дент Нұрсұлтан Назарбаев әлденеше рет бастама көтеріп,
ол қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл ретте біз бізде бұрын
тәуелсіздікке жеткен елдердің тәжірибесін назардан қағыс

қалдыра алмасақ керек.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы метропо­
лия мен доминиондар арасындағы қатынастарды құқық­
тық негізде бейбіт өрбіту үшін Француз қауымдас-тығы,

Британ достастығы сынды ұйымдар құрылғандығы белгілі.
Британ достастығы – Декларациясында көрсетілгендей –
«Әрқайсысы өз саясаты үшін өзі жауап беретін, өз
халықтарының ортақ мүдделері мен халықаралық өзара

түсіністік пен жалпыға бірдей бейбітшілікті нығайту
мақсатында өзара кеңес алысып және ықпалдасып тұратын
тәуелсіз егемен мемлекеттердің ерікті ассоциациясы»
болып табылады. Екі жылда бір шақырылып тұратын

үкімет басшылары конференциясы – Достастықтың ең
жоғары органы болып саналады. Ал Француз қауым­
дастығы бірнеше өзгерістерге ұшырады. Ол 1946 жылы
Француз одағы болып құрылды. 1958 жылғы қайта

құрылған Француз қауымдастығына тәуелсіздік алған
Гвинеядан басқа бұрынғы Француз одағының африкалық
мүшелері түгел кірген-ді. Бірақ, 1960 жылы олар
тәуелсіздік алып, бұрын­ғы Метрополия Франциямен

сырт­қы саясаттық, қорғаныстық, экономикалық, мәдени,
транспорттық, байланыстық қатынастарын екіжақтық
немесе көпжақтылық шарттар арқылы шешуге көшті.
Ресми түрде тартылғанмен, іс жүзінде үйлестірушілік

Ғасырлар тоғысында
қызмет жүргізбейтін ұйымға айналды. Ал Африканың
бірлік ұйымы, Америкалық мемлекеттер ұйымы, Латын­
америкалық интеграция ассоцияциясы сынды ұйымдар

тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің сауда мен қа­
тынастарда өз мүдделерін бірігіп қорғауын көздейтін
мемлекетаралық ұйымдар ғана болып есептеледі. Олар
тәуелсіздікті күшейтпесе, әлсіретпеуге күш салып келеді.

Егер біз бұрынғы екіұдай дамудың орнына, енді
көп ұдай даму келеді дейтін болсақ, онда жаңа блоктық
­идео­логия мен жаңа гегемонизмдердің тайталас дүниесіне
қай­та айналамыз. Орнықты дамудан күдер үземіз.

Ал егер күл­лі планетамыздың біртұтас кеңістікке
айналғанын ескерсек, онда технологиялық та, праволық
та стандарттардың бірыңғайлығын мақұлдағанымыз
жөн болып шығады. Ол мемлекетаралық экономикалық-

саяси ықпалдастыққа үйлесімді арна жасайды. Ол
арнаның бойымен адамдар да, тауар да, технология да,
капитал да ықпалдасушы жақтардың қай-қайсысының
да мүддесін ескере отырып, тиімді қозғалысқа түсе ала­

ды. Ол мүдделерді мөлшерлеу мен анықтаудың және
үйлестірудің бірден-бір жолы – мемлекеттер егемендігі
мен тәуелсіздігін құрметтеу және сақтау болып табылады.
Адамзат қоғамының қаншалықты ізгілене түскенін оның

ең басты өлшемдік монады – жеке адамды және оның құқы
мен мүддесін қаншалықты ескеріп, құрметтейтіндігімен
белгілей аламыз. Ал сол монадтардың адамдардың
ғасырлар бойы тарихи қалыптасқан тұрақты жиынтықтары

болып табылатын ұлттар мен олардың мемлекеттілігігі
сыйлау да – әлемдік ізгіленудің ең басты сипаты болып
табылады. Қазір жер бетінде бар қажеті өзінен табылатын
бірде-бір мемлекеттің жоқтығынан туындайтын ресурс,

капитал, технология зәрулігін жеңілдетудің жолы бар
мемлекеттерді біріктіріп, аймақтық континентальдық,
планеталық мемлекеттер құру емес, әр мемлекеттің
тәуелсіздігі мен мүдделерін сыйлай отырып, аймақтық,

Ә. Кекілбайұлы
континентальдық, планеталық интеграциялық өрістер
ашу болып табылады. Әрбір өріс өзіне мүше мемлекеттің
екінші, үшінші өріске де шығуына кедергі келтірмеуі

қажет. Ол үшін оның егемендігіне ешқандай қол сұғыл­­
мауы тиіс. Осыны ескермей, көп ярусты интергация­
ны кешегі кеңестік кеңістікпен ғана шектеп, ондағы
мемлекеттердің интеграцияға әзірлігіне байланысты,

жаңадан жасалған одаққа біреуінің бүгін, біреуінің ертең,
біреуінің бүрсүгіні келуі ықтималдығымен шатастыру
да бой көрсетіп қалып жүр. Бұндай интеграционизм
аймақшылдық эгоизммен, соған мұрындық болатын геге­

монизммен, одан туындайтын блокшылдықпен күресуге
кепілдік бола алмайды. Одан сақтану үшін үш деңгейдегі
үш интеграциялық өрісті қатар дамытуымыз қажет.
Қазіргі дүниеде интеграционизмнің мұндай дайын

үлгісі әзір жоқ. Ең кең қарымды интеграциялық үлгі деп
құрылған, құрамында Жапония, АҚШ, Канада, Австра­
лия, Жаңа Зеландия сынды дамыған елдер де бар «Тынық
мұхит қауымдастығы» Вашингтон-Токио кіндіктестігі

гегемонизміне жол беріп алмау мәселесін әлі шеше ал­
май отыр. Ал мәдени өркениеттік құрамы бір ыңғайлас
мемлекеттерден тұратын Британия, Франция, Германия,
Испания, Италия сынды бірінің үстем түсіп кетуіне бірі

жол бермейтін деңгейлес мемлекеттердің төңірегіне топ­
тасу арқылы мемлекеттердің теңдігі мен патриоттылығын
қамтамасыз етуге белгілі мөлшерде ие Еуропа одағының
өзі Маастрихт шешімінің қабылданғанына екі-үш жыл

өтпей жатып, биыл үкіметаралық конференция өткізіп,
өзінің құрылымдық және іс-әрекеттік қағидаларын қайта
қарамақшы.
Ал кешегі кеңестік кеңістік – әлі демократиялану,

нарықтану, ізгіліктену процестерін ойдағыдай өрбіте
алмай, саяси-идеологиялық кедергі күштерді еңсере ал­
май, кейде олардың белең алып кетуіне жол беріп алып
отырған орнықсыз кеңістік. Онда тек ішкі ықпалдастық

Ғасырлар тоғысында
қана емес, сыртқы ықпалдастық та күшеюі тиіс. Онда
әлгі айтылған үш деңгейлі ықпалдастықтың үшеуі де
бірдей инновациялық және ұтымды жүргізілсе ғана

көздеген мақсатқа жеткізе алады. Ал қазір ол кеңістіктегі
ішкі интеграциялық құрылымның түбегелі нұсқасын
жасақтауға ұмтылу әлі ерте, әрі қатерлі. Ерте болатыны –
реформа ойдағыдай өрістей алмай жатыр, ойлаған жерден

шықпай жатыр. Қауіпті болатыны – мұндай аума-төкпе
кезеңде жасақталған құрылым кешегіні қайта оралту,
әлеуметтік және ұлыдержавалық реваншизмді қайта ояту
сияқты ретроградтық пиғылдардың бір-бірімен ұштасып

тұтасып кетуін пайдалануға мүдделі күштер бар екендігіне
Мемлекеттік Думаның аталмыш қаулысы көзімізді жеткізе
түскендей.

– Бірақ, ішкі ынтымақ пен сыртқы ықпалдастық

жолында бәрібір қажет дейсіз ғой.

– Әрине. Екеуін де өтпелі кезеңнің құбылмалы ахуа­

лына орайластырып, өте ұқыпты және өте икемді жүзеге
асыра біле алсақ, лазым. Өйтпесек, опық жейміз.

– Әбеке, әңгімеңізге рахмет.

1996 жыл.

Ә. Кекілбайұлы «НАМЫСТЫҢ СӨЗІН СӨЙЛЕЙІК...» – Әбеке, жігіт ағасы жасына келдіңіз. Талайды көрдіңіз. Талайы ұмытылса да, талайы есіңізде. Сөйте тұра, өзіңіз бен халқыңыздың осы тағдырына ризасыз ба? – Уақыттың өтетіні рас. Көп нәрсенің ұмытылатыны да рас. Бірақ, өмір бір-ақ рет беріледі. Ол қандай жағдайда өт­се де, бәрібір қымбат. Сондықтан, өткенге өкпе жүр­мейді. Мәселен, мен тумай тұрғанда, әкем мен шешем Сібір ауып кете жаздапты. Шонжар аталаста­ рымызбен бірге қамауда отырғандарында, қыс қатты болып, күллі әулетіміз аяқ асты жұтқа ұшырапты. Ел ішінде бәрібір тыныштық болмасын біліп, көрші ел­ дерге босып барыпты. Иран өтіп кете жаздап, түрікпен, әзірбайжан, дағстан айналып, соғыс алдында ғана елге оралыпты. Көзімізді ашпай жатып, соғысқа ұрындық. Әкеден айырылдық. Бомбылау­ды көрдік. Жоқтық пен жітілікті молынан таттық. Есейгесін де ел қатарына қосылу оңай болмады. Соның салдарынан талай та­ лантты да білікті тұтастарым қыршын кетті. Аштық, жалаңаштық, індет, жетімдік пен жоқтықтан жабысқан ауру-сырқау, әлеуметтік әділет пен қоғамдық қолдаудың жетіспеуі көбінің көрер қызығын ерте қырықты. Бұның бәрін ойласам, бұл күнге де жеткеніме қалайша тәубе қылмаспын?! Ал, халқымызға келетін болсақ, әуелден жолы ауыр жұртпыз. «Бұл қонысқа қондырған ата-бабам оңбасын таң­ да сират басында»,– деп Махамбет тегін айтпаған шығар.

Ғасырлар тоғысында
Өз жерімізге өзіміз ие болудан қалдық. Өз дәулетіміздің
игілігін өзіміз көре алмадық. Өзгелер өзге топырақта
кіріптар болса, біздер өз топырағымызда өзіміз кіріптар

болдық. Отаршылдық пен кемсітушілікті одақтастық пен
теңдік деп ұқты. Өз ішімізде де алалаушылық аз болмады.
Бірақ, құрымаппыз. Құрдымға кетпеппіз. Орынымызда
қалыппыз, оңалармыз. Бұған қалай «тәубә» демессің?!

Енді сол тәубәні ел қатарлы ел боп кететін тәуекелге
айналдыра алсақ – жарағанымыз.

– Әдебиетті тастап, саясатқа келуіңізге де сол

тәуекел себеп болды ма?

– Әдебиеттен ешқайда кеткен жоқпын. Саясат та маған

әуелден таңсық сала емес. Халық тағдыры – қашанғы өзек­
ті тақырыбым. Енді оған кең көлемде араласуға мүмкін­дік
туып отыр. Әрине, тек әдебиетпен ғана шұғылданып та
атақ шығаруға болады. Бірақ халқың санатқа қосылмай

тұрып, өзің санатқа қосылғаннан бәрібір ұшпаққа
шықпайсың. Сондықтан, еліңнің терезесі теңелуі жолын­
да, қолыңнан не келсе, соның бәрінен аянбаған жөн деп
білемін.

– Осы жолда жүргенде өкінген тұстарыңыз болды

ма? Өзіңізге, не біреуге ренжіп өкпелеген тұстарыңыз
болды ма?

– Өткен өмір жолына тәубәмен қарайтынымды айттым.

Бірақ, мақсат пен арман қашан тауыстырған?! Бірақ,
кешегі жетпегенге бүгін жетем, бүгін жеткізбегенге ертең
жете алам деген үміт пен сенім адамды да, қоғамды да
ілгері жетелейді. Өткенге өкінуге болар. Өкініш – өзіңді-

өзің қамшылау. Өзіңе-өзің риза болмау. Оның ерсі еште­
ңесі жоқ. Ал, өкпелеу – өзіңе емес, өзгелерге міндетсіну.
Ол анау айтқандай, абырой әперетін қасиет емес. Оның
үстіне, қазір жеке шауып, бәйге алуды мұрат тұтатындай

заман емес қой. Ұлт болып ұйысып, ұпайымызды
түгендесетін кезең ғой. Ол үшін ортақ мүдде мен ортақ

Ә. Кекілбайұлы
мақсаттарды көбірек күйттеуге тура келеді. Ондай қам-
қарекеттің жоғарысы мен төмені, төрі мен босағасы бола­
тын ба еді?! Қолыңа тиген пұшпағыңа ие бол да, көп қамы

жолындағы ортақ теріні бірге илес. Қолыңнан шығарып
алсаң, өзгелерге ұрынба, өзіңді өзің қайра... Бірақ, ешкімді
баса көктеме!.. Өз басымның, қайранымның жеткенінше
ұстанар қағидам осы...

– Баспасөз бетіндегі бір сұхбатыңызда: «саясаттағы

жалғыздығымнан арылғанда ғана тізгінімді боса­
тамын» (Я раскрепощусь тогда, когда перестану
чувствовать себя политиком-одиночкой) дедіңіз.
Бірақ бүгінгі саяси майданда неге жалғыздық көріп

жүргеніңізді ашып айтпадыңыз. Шындығында ол
қандай жалғыздық?..

– Мен саясатқа әдебиеттен келдім ғой. Ал әдебиетті

топтар емес, тұлғалар жасайтыны белгілі. Ал саясат
қоғамдық мүддеден туындайды. Ол мүдделер қақтығысы
арқылы жүзеге асады. Бірақ, ондай қақтығыстар қоздайтын
қат-қабат жағдайлардың шешімін де көбіне-көп топ­

тар емес, жекелеген тұрлаулы тұлғалар тауып жата­
ды. Сондықтан, саясатта да саяқ жүруге болады деп
есептеймін. Елбасылыққа, үкіметбасылыққа таласқан
адамдарға болмаса, мен секілді қал-қадарынша қоғамына

көмектесуден басқа мақсаты жоқ саясаткерлерге топ
құрып, дүрмек бастап, дуылдатып жүру шарт емес деп
ойлаймын.
Оның үстіне, өтпелі кезеңнің айқыш-ұйқыш көзқа­

растарының бәрі-бәрі көңілден шыға бермейді. Соны
көре-біле тұра, біреуге обал-сауабымды арта салуға да
немесе өз алдыма қозғалыс ұйымдастырып, біреулердің
обал-сауабын арқалауға да құлықты емеспін.

Сенім көрсетіліп, міндет артылып жатса, шамам келеді
десем, келісуге, шамам келмейді десем, бас тартуға бел
байлап келемін.

Ғасырлар тоғысында
Ешқашан сұранып, қызметке барып көрген емеспін.
Артылған сенімді ақтауға күш-жігерімді аяп қалған да
емеспін.

Біреудің пікірін қолдасам, өз еркіммен қолдап, біреуден
қателессем, ол үшін өзімді ғана айыптап келе жатқан
адаммын.
Сондықтан да, саясатшы әрдайым белгілі мөлшерде

өзін саяқ сезінуге, пікір дербестігін жоғалтпауға тиісті
деп санаймын.
Ол, әрине, оңай шаруа емес. Әсіресе, бүгінгідей
тарихтың талма тұсында қазіргідей жағдай ойдағыдай

оңалып кете алмай тұрған тұста саясат оқ жауып тұрған
майдан даласындай қатерлі аймақ боп қала береді.

– Сонда Сізді қандай нәрсе көбірек алаңдатады?

– Қай істе де қапысыз ойластырылған шешім болмаса,

халықтың босқа обалына қалып, қолға түсіп тұрған тарихи
мүмкіндікті текке тәрк етіп, ғапыл қалуымыз мүмкін ғой.
Сондықтан, бір кезде атымен басқа мемлекетте атымен
басқа мақсаттармен қолға алынған бастамалардың шыла­

уымен кете бермей, жаңа тіккен отауымыздың жоғы мен
жітігін, қажеті мен зәруін егжей-тегжейлі ескеріп, бәрін
өз бойымызға шақтап, ақылға сиымды реформа жасауды
жақтап келемін.

– Ол үшін...

– Бір кезде үш жүз миллиондай халқы бар әлемдік

державаға қызмет етіп келген қазақстандық экономика­
лық кешенді сол көлемінде, сол құрамында, сол бағытын
сақтай отырып, нарыққа көшеміз деу босқа шашылу болып
шығар еді.

Он жеті миллион халықтың әл-ауқатын әлсіретпей,
еңбекке жарамды бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп,
табиғи ресурстарымызды ұтымды пайдалану есебінен
экономикамызды шикізат қана емес, дайын тауар да

шығара алатындай қылып, нарықтық жүйеде қайта құ­
руға қажетті технология мен инвестиция тауып, кеңес

Ә. Кекілбайұлы
ода­ғынан қалған инфрақұрылымның бірде төлемдік,
бір­де энергетикалық, бірде тасымалдық қысым жасап,
қай­та-қайта қылғындырумен келе жатқан қыл тұ­за­

ғы­на біржо­лата кіріптар болып қалмай, алыс-жақын
жа­ңа рыноққа шыға алатындай жаңа жарыспалы инф­
рақұрылымдар жасауға мүмкіндік беретін жаңа эко­
номикалық тәуелсіздікті – ең басты басым мақсат сана­

уымыз керек еді. Экономикалық ықпалдастарымыздың
құрамын, олармен жасалатын алыс-берістің түрлері мен
мақсаттарын, жүзеге асырар реттіктері мен шарттарын
түгелдей нақтылы қайта қарауымыз қажет еді. Ол бірақ

ұзақ уақытқа дейін жүзеге аспады. Экономикалық билік
басындағылар бұл тарапта іс қылмақ түгілі сөз сөйлеудің
өзін азайтып жібергені белгілі. Ауыздарын ашса бар
пәлені тарихи қалыптасқан қатынастардың бұзылғанына

жауып бақты. Ал оны қалпына келтіру деген сөз саясатта
тоталитаризмге, экономикада әкімгершілік үйлестірме-
шілдікке қайта оралу болып шығар еді. Өйткені, біздегі
көп айтатын тарихи жолмен қалыптасқан қатынастар емес,

кейінгі жетпіс жыл ішінде әлгіндей мақсатпен күштеп
қалыптастырылған озбырлық инфрақұрылым еді. Оны
қайтадан қалпына келтіріп, теңдікке жетіп, демократия
орнатып, нарыққа көшіп, қарық болып жарытпасымыз

белгілі. Оны, бірақ, реформа тағдырына жауап беретін
экономикалық штабтар бірден түсіне қоймады. Олардың
бағдарламаларына құқықтық негіз жасап беретін заң
шығарушы орындар да бірден түсіне қоймады. Бұл –

бір үрдістен екінші үрдіске көшіп жатқан қоғам үшін
субъективті емес, объективті жағдай еді. Тоталитаризм
оңай күйремеді. Әуелі саяси құрылым күйремейінше
жаңа экономикалық қатынастар орныға қомайды. Оның

бәріне белгілі бір уақыт керек еді. Сондықтан бұл мәселені
бірден күн тәртібіне қойып, бірден қолға алуға кешегі
кеңестік саяси күштердің қалыптасып отырған ара сал­
мағы айтарлықтай қол байлау болып келді. Ол кедергілер

Ғасырлар тоғысында
әлі де болса, арылған жоқ. Әлі де болса, тірсектен қағып,
қадым аштырмай келеді.

– Ал, кейінгі кездегі өзгерістер ше?

– Рас, бұл бағыттағы жұмыс ұлттық валютамыз шығып,

дербес финанстық жүйе қалыптасуына байланысты
ғана белгілі бір арнаға түсе бастады. Кейінгі кезде жаңа
ықпалдастар көбейіп, шетелдік инвестиция тарту жандана
бастады. Бірақ, бұл істе әлі де болса тиісті жариялылық

жетіспеуінен әр түрлі алып-қашпа сөздер көп. Кейбіреулер
бұны ұлттық байлығымызды талан тараж ету деп ойлай­
ды. Сондағы ұсынатын жолдары – кәсіпорындарды еңбек
ұжымдарына беру. Бұл – сонау Николай Рыжков үкіметі

тұсында жүзеге асырылған шаруа. Бірақ, содан бергі уақыт
ішінде тек технологиялық жағынан тоқсан проценттей
сыртқа тәуелді Қазақстандық индустриялық кәсіпорындар
нарыққа әбден икемсіз екенін көрсетіп, тұралауға ұшы­

рады. Ондай банкрот экономика елді асырамақ түгілі өзі
масыл бола бастады. Оның үстіне, кешегі ведомстволық
эгоизм тұсында қалыптасқан индустрия алыптары,– ра­
сына келгенде, өздерімен өздері тұрған экономикалық

гарнизондар еді. Оларды өз ұжымдарына беру деген сөз
кешегі орталыққа тәуелді ахуалды сол қалпында сақтап
қалу деген сөз боп шығар еді.
Ол орталық ведомстволар бүгін басқа елдің қарауын­

дағы компаниялар мен корпорацияларға айналды. Демек,
біздің кәсіпорындарымыз сол баяғы тәуелді қалпында
қалса, ол қандай нарық, қандай экономикалық тәуелсіздік
болмақшы. Сондықтан, олар нарық заңымен тендерге

салынып, жаңа технология мен тұрақты валюта әкеле
алатындай тиімді ықпалдастар құзіретіне жол ашуы қажет
еді. Тіпті, осы соңғы жолдың өзіне кешкенде де бұрынғы
одақтық ведомстволық монополизм шетелдік компания,

ұлтаралық финанстық-өнеркәсіптік топ дейтін жаңа
құрылымдарды желеу етіп, қайтадан қол сала қоймайтыны

Ә. Кекілбайұлы
неғайбыл жағдай. Бірақ, бұл қауіптен де тек экономикалық
ашық бәсеке арқылы құтыла аламыз.
Ал ұлттық кәсіпорындарымызды неге отандық кә­

сіпқорларға бермейміз деген сауалға келер болсақ, бізде
отандық ірі кәсіпорындарымызды қаржыландыруды
игеріп кете алатындай ірі ұлттық капитал мен ірі
отандық кәсіпкерлік әлі қалыптаса алмай жатыр. Қолда

бар отандық кәсіпкерлік отандық бұйымдар шығаруға,
отандастарымызға жаңа жұмыс орындарын жасап беру­
ге, мұқтаж топтарды әлеуметтік қамсыздандыруға айта
қаларлықтай ат салыса алмай отыр. Соған қарағанда,

қайта құру қолға алынғаннан бері жіліктің майлы басын
ұстап келе жатқан іскер топтарымыз ұлттық капитал түзіп,
отандық инвестициялық белсенділік туғызуға әлі құлық­
сыз, әлі қауқарсыз, шетелдік капиталмен тек жең ұшынан

жалғасқанға мәз компродорлық топ болып қалып қоймас
па екен деген күмәннің орынсыз еместігін дәлелдегендей.
Бәлкім, бұндай жағдайдан кіші және орта кәсіпкерлікті
жап­пай дамытып, экономикалық бә­се­кешілдікті ойда­

ғыдай дамыта алсақ қана құтылатын шығармыз. Не де
болса, бүгін таңдағы реформаның әлі де болса, жан-
жақты ойластырылып, пысықтай түсер тұстары жеткілікті
екендігі даусыз. Оны мұқият ескермесек, реформаны

жақтайтындардың емес, жатсынатындардың саны көбейе
түспекші. Бұны билікке таласушы күштердің пай­даланып
қалуы сөзсіз. Жаппай күмәнданушылықты күшейту
арқылы әлеуметтік шамырығушылықты асқындату

демократияның да, реформаның да, тәуелсіздіктің де
пайдасына шықпасы белгілі. Сондықтан мен өзім білгенді
ешкім білмесін деп, болып жатқан процестерді көпшілікке
жан-жақты түсіндіріп беруге құлқы соқпайтын, сол

арқылы нарық пен реформаны азғантай адамдар ғана
түсініп, азғантай адамдар ғана жүзеге асыра алатын іс деп
есептейтін экономикалық снобизмді мақұлдай алмаймын.

Ғасырлар тоғысында
Сондай-ақ осыны пайдаланып, реформадан ұтылған­
дардың ашу-ызасын күшейтіп, әлеуметтік кекшілдік
өр­тіне тамызық тамызып, тезірек билікке жеткісі келетін­

дерді де құптау қиын. Ол екі бағыттың екеуі де реформаға
ынтаны күшейтпейді, тәуелсіздікті бекемдей түспейді,
демократияны нығайтпайды. Көп уақытқа дейін бұл екі та­
рап пиғылдың екеуіне де қосыла алмадым. Бірақ қоғамдық

сана бұл қалпында қала береді деп ойлаған емеспін. Билік­
те монополизмнің, экономикада олигархияшылдықтың,
идеологияда экономикалық снобизм мен әлеуметтік
кекшілдіктің көсегемізді көгертпейтініне күн санап көзіміз

жете түсінетініне күмәнданған емеспін. Саясатта пікір
алуандығына негізделген демократияны, экономикада
көп мүддесін көздейтін әлеуметшіл нарықты, идеологи­
яда адамгершілік пен әлеуметтік бәсеңдікті қастерлейтін

гуманизм мен либерализмді жақтайтындар қатары көбейе
түсетініне сендім. Ол үшін қол қусырып отыра беруге
болмайды. Мәмілеге ұмтылу керек. Оны билікке таласу­
шы күштер емес, шын билікке ие күштердің бастағаны

тәуелсіздігіміздің өміршеңдігіне көбірек тиімді болады
деп санадым. Елбасымыздың реформаны жетілдіріп, оған
көпшілікті көбірек жұмылдыруға бағышталған бастама­
лары сол мақсаттан шығып жатыр деп ойлаймын. Бұндай

тұста өз көңіл әуеніммен оңаша қап, бас бағып кетуді жөн
көрмедім. Президент шақыруын қабыл алып, командасына
қосылдым.

– Сөз бен істің сай болмауы, бүгінгі саясаткер­ле­

рімізге деген елдің сенімін жоғалта бастады. Елімізде
басталған реформалардың ілгері жүрмей, тоқырап,
тоқтап қала беруіне нақтылап айтқанда қазір кімдер
кінәлі?

– Сіздің бұл сұрағыңызға белгілі мөлшерде жауап беріп

үлгерген сияқты едім. Тұралай беруіміздің басты себебі,
тағы да қайталаймын, реформаға керекті дайындық жаса­
май, асығыс кіріскеніміз. Оған бұрынғы Кеңес Одағы мен

Ә. Кекілбайұлы
Коммунистік партия басшылығы жауапты. Өз алдымызға
мемлекет боп шыққан соң, ендігі күніміз қандай болады
деп, күллі ел боп ақылдасып-мақұлдасып алмай, біздің

еркімізден тысқары басталып кеткен өзгерістердің шыла­
уы мен шырмауында ұзақ уақыт жүріп алғанымыз. Оған,
жоғарыдағыларымыз да, төмендегілеріміз де түгел айып­
тымыз. Өйткені, реформа біздің еркімізден тысқары боса­

тылып кетті. Оның тізгіні көп уақытқа дейін өз қолымызға
тиген жоқ. Тиген кезде тосын құбылыстың қыр-сырына
түгел қаныға қою оңайға түскен жоқ.
Бүгінгі кең қарымды реформаны да санаулы саясат­

керлер емес саналы көпшілік қана ойдағыдай жүзеге
асыра алмақшы. Замана аңғарын алыстан болжап, егжей-
тегжейіне түгел түсінуге тиіс ынталы қауым ешқашан
жерге қарап қалмақ емес. Жалпы түгел тәуекелге мінбей

тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел де­
ген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына,
тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана
есерін түзеп, еріне медет бола алады.

Елім деп шын еңіреп жүрген ері кім, өтірік емешегі
үзі­ліп, өз мүддесін күйттеп жүрген епсегі кім – соны
айқын ажы­рата алатын халық қана барша мұратына же­
туге ла­йық.

Ендеше, азаматтарымыздың арасынан айыпкерлер
іздеп, алауыздық туғызғанша, көп болып көзімізді ашып,
көңілімізді түзеп, өз жөнімізді өзіміз табуға жаппай
атсалысқанымыз әлдеқайда дұрыс емес пе?!

– Сіз «Үркер», «Елең-алаң» атты романдарыңызда

Қа­зақстанның Ресейге қосылуының ішкі, сырт­қы
се­бептерін терең талдап, кең көлемде, ­жү­йе­лі түрде
көр­сете білдіңіз. Кейбір кісілер ­бүгін­гі Ел­ба­сы­ның
«Евразия­лық одақ» құру ­тура­лы ние­тін Ре­сейге

қайтадан бодан болу деп ­түсі­не­тін­ді­гін ашық­тан-
ашық айтып та, жазып та жүр емес пе. Сіздің осы

Ғасырлар тоғысында
«Евразиялық одақ» мәселесіне деген көзқарасыңыз
қандай?

– Меніңше, Елбасымыз жаңа реформаның ойдағыдай

өрге басуы үшін қазіргі Еуропалық одақтың ұстанып
отырған бағыттары мен қағидаларының Балтықтан бері
асып, кешегі кеңестік кеңістікті тегіс қамтығанын көз­
дейді. Сол жолда көп шеңберлі, көп сатылы ықпалдас­

тық­ты жүзеге асыруды армандайды. Мұндай бастама –
орынды бастама. Бірақ, оны аталмыш кеңістіктегі басқа
мемлекеттер қалай түсініп, қалай қолдайды, инновациялық
тұрғыдан келіп, демократиялық кеңістіктің кеңейе беруіне

қызмет еткізгісі келе ме, жоқ, бұрынғы өктемдікті қайтадан
қалпына келтіруге қызмет еткіздіріп жіберуге күш сала
ма?! Бұл бізге байланысты емес мәселе.
Ал евразияшылдық қисынына келетін болсақ, ол

көп ғасырларды қамтитын құбылыс. Әр ұдай мақсатты
көздейтін әр ұдай қисын. Бір-бірінен геологиялық, гео­
графиялық тұтастық құрып жатқан осы бір екі құрлықты
өз ықпалындағы ортақ кеңістікке айналдыруды ежелгі

грек, рим, орта ғасырдағы араб, маңғол шапқыншылығы,
кейінгі географиялық жаңа жерлер игеру қозғалысы,
жиырма­сыншы ғасырдың бірінші жартысындағы екі
дүниежүзілік соғыс пен екінші жартысындағы ұзаққа

созылған геосаяси тайталас та басты мақсат қып көз­
деген-ді. Соны қамдастырған теориялық доктриналар,
саяси, экономикалық, әскери одақтар жасақтады. Олар
күллі планетаның тағдырын тәрк етуі ықтимал қатерлі

тайталасқа айналған кезде қоскіндікті құрылым күйреді.
Ендігі жерде әлемдік мөлшердегі орнықты дамуды
аймақтық, континентальдық одақтар құру жолымен
емес, мемлекеттердің тәуелсіздік жолымен дамып, алыс-

жақын нарық базарына еркін шығып, қай тараппен болса
да, тең мүдделілік жағдайында ықпалдаса алатындай
демократиялық кеңістікті кеңейте түсу жолымен ғана
қамтамасыз етуге болады деп ойлаймын. Олай болса,

Ә. Кекілбайұлы
біз қай тарабымыздағы қандай мемлекетпен болса да,
ондағы билікке таласатын әр алуан саяси күштердің біздің
мүддемізге орайлас шығатындарымен ғана ықпалдасуы­

мыз қажет. Оны біз түгілі бізден бұрынғылар да мықтап
ескерген. Кейінгі тарихшылар Дала мен Русь арасындағы
ежелден желісін үзбей келе жатқан комплементарлықты
(ыңғайластықты) көбірек тілге тиек етеді. Иә, рас. Бірақ,

ежелгі Рустегілер де, Далалықтар да біркелкі емес еді.
Русьтің билеушілерінің бір тарабы Рим шіркеуіндегі,
бір тарабы Византия шіркеуіндегі елдердің шылауында
жүретін. Даладан барған көшпелі тайпалардың да бір

тобы Рим шіркеуін жақтайтындармен одақтасып, бір тобы
Византия шіркеуін жақтайтындармен одақтасып, талай
рет өзара соғысты. Арғы тарихты былай қойғанда, Алтын
Орданың кейінгі дәуірінде әуелі Мамай, сосын Тоқтамыс

Славян әлемінің Рим шіркеуін жақтайтын топтарымен
ыңғайласты. Бұл арада екі мемлекеттің арасындағы тари­
хи-мәдени төркіндестіктен гөрі екі елдегі билікке таласу­
шы күштердің өзара іш есептері шешуші қызмет атқарды.

Бірақ, патшалыққа таласып жүрген батыс князьдері мен
Тоқтамыс одақтастығын сонау Бату мен Александр Не­
вский арасындағы тамыр-таныстықты жалғастырып, Шы­
ғыс княздерінің сойылын соққан Едіге мен Ақсақ Те­мір

одақтастығы ойсырата жеңгеннен Алтын Орда да, Ақсақ
Темір мемлекеті де ештеңе ұтқан жоқ, ал орыс мемлекеті
түпкілікті ұтты. Шыңғыс империясының орынындағы
Алтын Орда мен Темір империясы күйреп, олар үстемдік

еткен кеңістікте Ресей империясының ықпалы күшейді.
Ол империя батыста өзін «Үшінші Риммін» деп жария­
ласа, Шығыста Шыңғысхан империясының бірден-бір
мұрагерімін деп ұғындыруға күш салды. Сол ағымның

идеологиясы ретінде Евразияшылдық қисыны дүниеге
келді. Ол сонау Балтықтан Тынық Мұхитқа дейін созы­
лып жатқан Теріскей Евразия кеңістігіндегі халықтардың
арғы-бергі тамырластығын, төркіндестігін, мәдени,

Ғасырлар тоғысында
этникалық араластығын оңды-солды тілге тиек етіп,
мәңгілік ынтымаққа үндегенсігенмен, түптің түбінде сол
ұлан-ғайыр кеңістікті жайлайтындардың бәрі өздерін бір

ұлт, бір мемлекетпіз деп ұғынғанын тездетуді көздейді.
Әуелде культурологиялық қисын ретінде туған ағым келе-
келе геосаясаттық сипат ала бастады. Ақ эмиграцияның
бір тобы ол қисынды Ресей империясын қайта тірілтудің

бірден-бір жолы ретінде қарастырса, екінші тобы өздері
жүзеге асыра алмай жатқан әлгіндей іш есепті таптық
негіздегі интернационализм қисынымен жүзеге асыра
бастаған сталиндік большевизмнің табыстарына ашық

масаттанды. Үшінші бір тобы бұны фашизм жүзеге
асырады деп үміттеніп, Гитлер мен Муссолиниді көкке
көтере дәріптеуге дейін барды. Сол кезде беті шіркеулі
болған евразияшылдық тоқыраудың аяқ шамасындағы

өліара кезеңде қайтадан ашық бой көрсете бастады.
Қоскіндікті дүниенің құлауын біреулер бір кіндікті
дүниенің, екінші біреулер көп кіндікті дүниенің орнауы
деп түсіндіреді. Қазіргідей геосаяси плюрализм тұсында

евразияшылдықты біреулер екі құрлықтың бірдей құқық,
саяси-әлеуметтік стандарттарға көшуінің арнасы болады
деп ойласа, екінші біреулер біркіндікті дүниенің орна­
уына, бір әлемдік державаның үстемдігінің орнауына

жол бермей, көп кіндікті дүние орнатып, қарсыласушы
гегемонистік жүйелер құрудың ұтымды жолы болады
деп үміттенуде. Атымен кереғар екі бағыттың екеуі де
Теріскей Евразия кеңістігін өз ықпалының айдын арнасы­

на айналдыруға күш салуда. Сондықтан бүгін таңда жаңа
геосаясаттың өзекті тақырыбына айналып отырған бұл
мәселе төңірегінде үзілді-кесілді қорытынды жасауға әлі
ерте. Ол аталмыш кеңістіктегі тарихи процестердің қандай

жүйеде өрбитіндігіне байланысты болмақшы.
Нұрсұлтан Әбішұлы евразияшылдықты аймақтық
не континенттік ықпалдастық деп емес, басқа да елдер­
мен тең мүдделілік негізде ықпалдасуға септігі тиетін

Ә. Кекілбайұлы
дәнекер ретінде қарастырды. Сол арқылы демократиялық
кеңістіктің барлық құрылықты қамтып, кеңейе беруін
көздеді. Бірақ, көршілес мемлекеттердегі кейбір саясат­

шылар бұндай кең қарымды көзқарасты өз мағынасында
түсінбей, үйреншікті сүрлеуге тарта беретінін Елбасымыз
талай жерде күйіне айтумен келеді.
Өз басым қазіргі кездегі ең аз халықтың да, ең көп

халықтың да ешкімге басыбайлы болмай өмір сүруге
құқықтық мүмкіндік алып отырғанын, оны тәрік етуге
ешқайсымыздың хақымыз жоқтығын естен шығаруға
болмайды деп санаймын. Солай дей тұра, тәуелсіздіктің

тек ықпалдастық арқылы ғана нығаятынын, тек шек­
тес кеңістікпен ықпалдасумен шектелу әлемдік еңбек
бөлісу мен әлемдік орнықты дамудың осы заманғы
қағидаларымен бар-бар ретте сәйкес келе бермейтінін еске

салмай кете алмаймын.
Осы тұрғыдан келгенде, бір-бірімен ара-жіксіз жал­
ғасып жтқан екі құрлықтың арасындағы мәдени-тарихи
байланыстың кеңейе беретініне сеніммен қараймын. Ол,

бірақ, кіріптарлық жағдайда емес, бір-бірінің мүддесін бір­
дей қадірлейтін шын теңдік жағдайында ғана ойдағыдай
өрістей алады деп білемін. Сол қағидаға негізделген
мемлекетаралық кең қарымды үйлесімге ешқандай

қарсылығым жоқ. Алайда, ондай жаңа үйлесім бір кездегі
кеңестік кеңістіктегі жаңа мемлекеттердің қайтадан
оңшаланып одақтасуынан орнай қалады дегенге күмәнім
бар. Қосқұрлықта атымен жаңа сипатты жаңа одақтастық

болуы үшін бұрынғы одаққа мүше болмаған соны
мемлекеттердің белсене ат салысуы қажет деп есептеймін.
Егер Евразиялық жаңа одақ құрамында бұрынғы кеңес
республикаларымен қоса, Германия, Түркия, Қытай, Ин­

дия, Жапония сынды іргелі мемлекеттер болса, ол жаңа
гегемонизмнің ұйтқысына айналып кетуге жол бермес
еді деп санаймын. Мәселен, қазіргі Еуропа одағындағы
елдердің арасында бір-біріне оңай еңсеріле қоймайтын Ан­

Ғасырлар тоғысында
глия, Франция, Германия, Испания, Италия сынды мемле­
кеттер болмаса, тең құқылық қағидасы қатаң сақталынбай,
әлсіздердің күштіге шыбындауы қайтадан бел алып кетуі

ғажап емес қой.
Мемлекеттер арасында сенімділік пен ықпалдастық
болғаны дұрыс. Бірақ, ол жаңа гегемонизм мен жаңа
блоктың қайтадан күш алуына жол бермейтіндей бол­

сын. Татуластық пен ықпалдастыққа сенсем де, аймақтас,
діндес, нанымдас сыбайластық әлемдік бейбітшілік пен
орнықтылыққа тиімді болатынына күмәнім көп.
Ал, орнықтылық пен бейбітшілік жоқ жерде қандай ел­

дің көсегесі көгере қоймақшы?.. Сондықтан қазақстандық
бұл бастама өзгермелі дүниенің соны құбылыстарын, соны
пиғылдарын ескере отырып, пысықтала, толықтырыла,
тереңдей түседі деп сенемін.

Елбасымыздың жаңа саяси бастамалары, ТМД-ның бес
жыл бойғы қызметіне берген сыни бағасы сол сенімімізді
нығайта түседі. Не де болса, тәуелсіздікті сақтай отыра
ықпалдасудан бас тартпасымыз, ал тәуелсіздігімізге ақау

түсірер ықпалдастыққа аяқ баспайтынымыз мемлекет бас­
шысы тарапынан анық айтылды. Біздің енді ешкімге «іні»
болуға, ешкімді «аға» қылуға тырыспайтынымыз, ал бірақ
өзімізді теңсінгеннің ешқайсысын кемсіте алмайтынымыз

Елбасының аузынан талай жұрт естіген әңгіме.

– «Биік мансап – биік жартастың» ең басына әзірге

қазақ жазушыларының ішінен көтерілген жалғыз
өзіңіз ғана. Парламенттің көшбасшысы болған
кезіңізде оның қиындығымен қатар жылы-жұмсағын
да татып көрдіңіз. Кенеттен сол биіктен төменге түсу

сізге қалай әсер етті?

– Мен биік мансап – биік жауапкершілік қана деп

ұқтым. Қызығынан гөрі шырғалаңын көбірек бастан кеш­
тім. Жылы-жұмсағына да дәндеп үлгере қойғаным жоқ.
Содан ба екен, ойда жоқ жерден Жоғарғы Кеңес тарағанда
лауазымым үшін емес, жаңа парламентаризмнің дүниеге

Ә. Кекілбайұлы
келмей жатып, көз көріп, құлақ естімеген қысылтаяң
ахуалға тап болғанына қатты күйзелдім. Өзіммен өзім
оңаша жүрдім. Сайлау туралы жаңа заң жарияланған соң

ғана Елбасына барып, қабылдауында болып, мәжіліс сай­
лауында өз сайлаушыларымның алдынан қайтадан өтіп,
өз бағымды қайта сынап көргім келетіндігін мәлімдедім.
Ол кісі қарсы болған жоқ.

Жаңа сайланған мәжіліс бірінші сессиясына жиналар
алдында Қазақстанның Демократиялық партиясының
жиналысы өтті. Онда жаңадан сайланған әріптестерін
Демократиялық партия атынан мәжіліс төрағалығына

менің кандидатурамды атауға ұсыныс жасады. Мен ол
ұсыныстан бас тарттым. Жаңа парламентке басшы болма­
сам да, аянбай үлес қосуға уәде бердім. Жаңа парламентке
де лауазым іздеп барғам жоқ. Бұл саладағы ащы-тұщы

тәжірибемді көп пайдасына жарату үшін бардым.

– Өткен парламенттің бір ғана кісінің арызы бой­

ынша таратылуын заңды деп есептейсіз бе?

– Бар гәп сол кездегі қолданыстағы заңның ағаттықтары

мен ағауларында болып тұр ғой. Егер сол кездегі Сайлау
кодексінде мұндай шетін жағдайға бармаудың амалдары
байыпты қаралған болса, ал Конституциялық сот ту­
ралы парламент тағдырын осылайша мансұқтауға жол

берілмейтіндей тетік болса, іс бұлай насырға шаппаған
болар еді ғой.

– Сол кезде парламенттің спикері ретінде ел назары

ең алдымен сізге ауғаны белгілі. Бірақ сіз ешқандай
да батыл әрекетке бармадыңыз. Оның себебін қалай
түсіндірер едіңіз?.. Жалпы, сіз туралы «саяси май­
данда» тәуекелге бел буып, табандап тұра алмайды,

жазушы кісі ғой, көңілі нәзік деген сияқты пікірлерді
естіп қаламыз. Осы сөздің астарында шындық бар ма?

– Иә, мен спикер болдым. Оның үлкен лауазым

екені рас. Бірақ заңнан үлкен емес. Оның үстіне, менің
заңды белден басатындай әупірімдікке бармайтыным

Ғасырлар тоғысында
да рас. Оған ұмтылған да емеспін, ұмтылмаймын да.
Өйткені, кешегі кеңестік кеңістікте жағдайдың түзелмей
жатқандығы – әлеуметтік әупірімдіктің белең алып

кеткендігі. Оған, әсіресе, парламентаризм көбірек бой
алдыратындығы. Мен бірінші күннен кәсіби парла­
ментімізді бұндай ұшқарылықтан абай болуға шақырдым.
Спикер әупірімдікке емес, байсалдылыққа қызмет

етуге тиісті деп ұқтым. Расында да, оның міндеті мен
құқығы Конституция, Жоғарғы Кеңес бекіткен регла­
мент көрсеткен аямен ғана шектелетін еді. Ол елдің
сенімді өкілдерінің қай мәселені де жан-жақты талқылап,

ықтимал шешім қабылдауын ұйымдастыратын адам.
Оған басқалай құқық берілмеген. Сонда батыл әрекет
дегеніміз не? Парламентті Президент пен үкіметке қарсы
қою ма? Билік үшін таласқа мұрындық болу ма? Жоқ,

парламент бақ құмарлық пен тақ құмарлықтың ордасы
емес. Ел қамын ойлаған азаматтық пікірдің ордасы. Тек
сол жолда ғана күресетінімді, қоғамдық саяси күштердің,
билік институттарының арасына баррикада тұрғызуға

емес, көпір салуға қызмет ететінімді әріптестеріме әу
бастан-ақ басын ашып айтқанмын. Сол сөзімнен ақырына
дейін ауытқымауға тырыстым. Парламент мүшелерін
заң шығарушы қызметті саяси тайталастармен алмасты­

рып алмауға шақырып отырдым. Спикер болмай тұрып
та, болған кезде де, одан кеткен кезде де өркениетті
парламентаризмнің ұстамдылық үрдісін жақтайтынымды
ешкімнен жасырған емеспін. Депутаттық корпус шын пар­

ламентаризмге енді дағдыланып, естиярлық танытып, ке­
сек-кесек заң кодекстерін қабылдап, кемелдене бастағанда
кездейсоқ оқиғаға тап болдық. Оған қатты абыржып,
комиссия құруды талап еткендер болды. Жоғарғы Кеңес

оған бармады. Мен де қостамадым. Конституцияда бізге
ондай құқық берілмеген-ді. Оған барғанда кейін бар пәлеге
парламент жауапты боп қалатын еді. Ондай батылдық
Конституцияға қарсы шыққан саяси өрескелдік боп

Ә. Кекілбайұлы
бағаланатын еді. Дауға қалып отырған жас депутатқа жа­
нымыз ашығанмен, істің ақырын күтуді жөн деп ұйғардық.
Конституциялық сот шешімі шыққанда сайлаушы­

лармен кездесу өткізіп жүрген жерімнен Алматыға орал­
дым. Үйге соқпастан Елбасына барып, Конституциялық
сот шешіміне қарсылық білдіретінімізді ресми түрде
мәлімдедім. Копенгаген мен Мадридке жүргелі тұрған

ресми сапарымнан бас тарттым. Ол кісі оқиға бұлай
бұрылып кетеді деп күтпегенін, әлгі шешімнің төбеден
түскендей, төтен оқиға болғанын, бірақ қарсылықтарды
қайта қараудың оң нәтижеге жеткізуіне үміт артатынын

айтты. Ертесіне депутаттар талабын қабылдап төтенше
сессия шақырдым. Ол сессия кезінде депутаттар өз
пікірлерін айтты. Бірақ, Елбасы Конституциялық сотқа
қойған қосымша сауалдарына алған жауапқа сүйене оты­

рып, Конституцияны аттап кете алмайтынын жұртшылық
алдында басын ашып мәлімдеді. Ендігінің бәрі буынсыз
жерге пышақ ұрғандай болатыны кім-кімге де түсінікті еді.
Одан ахуал асқындай түспесе, басқа нәтиже шықпайтын

еді. Депутаттардың басым көпшілігінің бұған анық көздері
жетті. Бұл олардың да, менің де Құдайдан тілеп алмаған
құқайымыз еді. Жасы да, кәрісі де, әйелі де, еркегі де
қоштасуға кіріп, қимас көңілдерін білдірді. Оған дейін

тату болайық, бату болайық, басымызға іс түскен сол бір
күндері қай-қайсымызға да халқымыздың тектен-текке
сенім көрсетпегенін ұқтық.
Сонда маған өйтпеді, бүйтпеді дейтіндер не деп

өкпелейді? Бір басының мансабы үшін тыныш елдің
шырқын кетіретін шырғалаңдардан да тартынбай­
тын өлермендікке бармады деп өкпелей ме? Ондай
бейбастықтың бетін аулақ қылсын! Төбеден түскендей сол

бір төтен оқиғаның қоғамдағы орнықтылықты ойсыратар
солақайлыққа ұласпағанына мың мәртебе шүкіршілік ай­
тамын... Егер біз ол күндерде ашудың айтқанына көніп,
дөңайбат көрсетуді күйттесек, заңдылық жолында құрбан

Ғасырлар тоғысында
болғандар емес, заңдылық алдында айыпкер болғандар
атанар едік.
Саяси тағдырдың сондай соқталаңына түскен мен тура­

лы пікір айту үшін сол күндерде менің орнымда өзі болып,
мен кешкен күйді өз басынан өткеру қажет қой. Оған сырт
ағайын қайдан түсінсін...
Тұңғыш сайланған кәсіби парламенттің қайғылы

тағдырын енді қазбалай бергеннен кім-кімге де мүйіз
шықпайды. Ол қай-қайсымызды да ойсырата ойлан­
дыратын оқиға. Қит етсе, не парламентті, не үкіметті
тығырыққа әкеп тірегеннен, жағдай күйзеле бермесе,

көркейе қоймайды.
Билік орындарының бір-бірін мүйіздей бергенінен
елдігіміз бен егемендігіміздің нығая түспейтіні даусыз.
Осындай аума-төкпені көксейтін саяси күштердің ауаны­

мен кете берсек, бір күні болмаса, бір күні опық жеріміз
хақ. Одан да, елге, жерге жанымыз шындап ашыса, ақыл
қосысып, әрекет етуге, күш қосысып, іс тындыруға
үйренейік.

Азаматтарымыздың салихалылығы мен салауаттылы­
ғын өз мансабы үшін қалай күрескеніне қарап емес, ел
қамы қалай жегеніне қарап бағалайық.
Менің жүрегім нәзік пе, жоқ па, ел тағдыры сыналатын

тұста табандылық таныта алам ба, жоқ па,– ол турасында
егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз талқыға түскен таластар­
да, қазақ даласында қалайда өрт шығарғылары кеп, Жаңа
Өзенді бір түнде әскерге толтырып, екі ұдай хәл кешірген

күндерде менімен бірге болып, қатар тұрып, қатерге бас
тіккен азаматтар айтып жатса, ешқандай дауым жоқ.
Ал айдаладағы бақталастықтың қақ-сұғына араласа
қоймайды деп, біреу үшін біреуді жағадан ала кетпейді деп

бопсалайтындардың имандары өздеріне жолдас болғай...

– Әр адамның пешенесіне жазылған тағдыры бола­

ды дейді. Онда біз не үшін жанталасып әлденеге жету

Ә. Кекілбайұлы
үшін ұмтылып жатамыз? Мүмкін, әрбір халықтың да
маңдайына жазылған тағдыры болатын шығар?

– Ешкімнің пешенесіне құлдық жазылып қойылмаған.

Теңдік жазылған. Теңдікке жете алу, жете алмау –
жалпыға ортақ тарих пен жалқыға ортақ тағдырға тәуелді
нәрсе. Өзгелердей бола білуге тырысқан пенде жерде
қалмайды. Өзгелердей бола білуге тырысқан халық та

жерде қалмайды. Қазақ былайғы халықтардан артық туған
асыл да, қалыс туған жасық та емес. Оны дәлелдеу үшін
қазақ үшін қайғырамын, намысын жақтаймын деген аза­
мат мұндай сауалдың жауабын әуелі өзгеден емес, өзінен

сұрасын...

– Сіз тамаша тарихи роман жаздыңыз, ел мен

жер­дің тарихын ұзақ зерттедіңіз. Айтыңызшы, ата-
бабаларымыздың рухы күшті, арманы асқақ болған
екен, ал біз, олардың бүгінгі ұрпағы неге осыншалық­
ты жасқаншақ, жалтақ, ішкі есеп, бақа есеп дегендерге

жүйрік «рухани саудагер» болып кеттік?

– Е, бауырым-ай, Құдайдан мың жылдап тілеп алған

заманда басымыз қосылмай, ақылымыз піспей, тағы да
қапы қалмас па екенбіз деп кімнің жүрегі қыжылдамайды
дейсің?! Бірақ, сабыр етелік.
Ата-бабаның аруағын сыйлаған адам өз бетіне өзі

топырақ шашпас болар. Асыл ата-бабадан тараған ұрпақты
азғын санамас болар. Біз ұрпақ ретінде әлі өз қадірімізге
өзіміз қаныға алмай жатырмыз. Қазақтың жігерін құм
қылып, назарын жер шұқытып жүрген осы бір өзін-

өзі жігерлендіруден гөрі жерден алып, жерден салып
жәбірлей жөнелуге үйір тұратындығы. Жоқтан өзгеге бола
басқаларға қызығып, өзін жоқтан өзгеге бола жазғыра
салуға қиналмайтындығы.

Мұндай құлық жасқаншақтыққа да, жалтақтыққа да, іш
құлық, бақа есепке де, рухани саудагерлікке де жатпайды,
өзге түгілі өзіне де жақсы пиғыл, жақсы ниетін қимайтын

Ғасырлар тоғысында
рухани мүсәпірлікке, дәлірек айтсақ, рухани кісәпірлікке
жатады.
Жерді су алып, елді жау алып кеткен ештеңе жоқ. Қара

орында отырмыз. Басқалар да көріп жатқан қиындықтарды
көріп жатырмыз. Бәрі оп-оңай орнай қоймады деп, бәрінен
баз кешу немесе төтен әрекетке ұмтылу рухани ерлік емес,
рухани алаңғасарлық болар еді.

Құдай нысап берсе, ыждаһат берсе, басқалар жетіп
жатқан мұратқа да жетеміз. Қорлана бермей, арлана
білейік. Намыстың сөзін сөйлейік.

– Біздің бүкіл өміріміз саясатқа айналып кеткен жоқ

па? Теледидарды қоссаң – саясат, радионы ашсаң – са­
ясат... Тіпті әке баласын, бала әкесін саясатпен сүйетін
сияқты көрінбей ме сізге?

– Саяси кіріптарлықтан саяси тәуелсіздікке көшу

кезеңінде саяси күрес қайдан тиыла қалсын?! Ел тағдыры
екі талай тұста тыныштық іздеу тоғышарлық болар еді.
Мұндай кезде саяси елгезектікті емес, саяси бойкүйездікті
жазғырған жөн.

– Бізде мемлекеттік идеологиямен ешкім шұғыл­

данбай кетті. Оқиғалар өз бетінше өрбіп жатыр деген
пікірлер айтылады. Сіз бұған қосыласыз ба?

– Жоқ, қосылмаймын. Керісінше, жаңа өзіңіз айтқандай

экономикалық тіршіліктен гөрі саяси тіршілікке көбірек
бой ұрып кеттік. Бұл – белгілі мөлшерде басы ашық
мәселе. Кейінгі он жыл бойы біз өмір сүрген қоғам тек
осымен шұғылданбағанда немен шұғылданды?! Кеңес

экономикасының кенеуі кете бастағанда, реформа жа­
сау ұйғарылды. Реформаға кіріскенде, саяси құрылысты
өзгертпей болмайтындығы түсінікті болды. Ол өзгеріп еді,
мемлекет империялық сипаттан айырылды. Тәуелсіздікке

солай ие болдық. Тәуелсіз мемлекетімізді қандай ғып
қалыптастыратынымыз екі рет бүкілхалықтық дәрежеде
талқыланып, конституциялық тұрғыда заңдастырылды.

Ә. Кекілбайұлы
Ендігі мемлекеттік саясат – сол конституциялық қағида­
ларды нақты түрде жүзеге асыру. Әр азаматтың бостан­
дығы мен құқын қастерлейтін, тек заңға ғана бағынатын

зайырлы, құқықты, тәуелсіз мемлекет орнату. Бұл тек қана
біз емес, жер бетіндегі елдердің басым көпшілігі ұстанып
отырған саясат. Сондай саясатты жүзеге асырудың
арқасында осы заманғы өркениет қалыптасып дамыды.

Біз күллі әлемді тек белгілі бір қисынның айтқанына
мойын ұсындырамыз деген идеологиялық абсолютизмнің
қандай нәтижеге жеткізетінін тарихтан талай рет көрдік.
Сондай абсолюттік қисындардың айтқандарына ылығып,

жақ-жақ боп айтысып-тартысатын идеологиялық текеті­
рестің де немен аяқталатынын жақсы білеміз. Енді әр
адам, әр ұлт, әр мемлекет мүддесі құрметтеліп, олардың
өз мүдделеріне өзгелердің мүдделеріне еш қиянат тигізбей

жетуіне мүмкіндік туғызатын пікір алуандығына, ой
бостандығына, плюративті демократизмге әлемдік
ауқымда басымдық берілген тұста тәуелсіздік алып отыр­
мыз. Мұндай жағдайда басқалар қатарлы өмір сүріп, өз

мақсатыңа жету үшін олар ұстанған бағытты ұстанып, олар
қастерлейтін қағидаларды қастерлеу қажет болады. Күллі
әлемде басымдық ала бастаған ойын ережесін сақтамау
ешкімнің көзін қызықтырмайды, қайта көз түрткіге

ұшыратады.
Өйткені, біздің заманымыздағы саяси тәуелсіздік
деге­німіз қалған дүниемен есептеспеу, өз білгеніңді
істеу деген сөз емес. Өзгелер қастерлейтін қағидаларды

қастерлей ­отырып, өз мүддеңе жету деген сөз. Ол – күр­
делі жол. Оның әр бұлтарысында өз мүддеңнен адасып
қал­майтын, өзгелер мүддесіне зақым салмайтын ұтымды
позиция ұстана білу – осы заманғы қай мемлекеттің де

ұстанар саясатының басты мұраты. Сондықтан да бүгінгі
мемлекеттік саясат ешқандай догмаға кіріптар бола алмай­
ды. Демек, ешқандай идеологияға да мойын ұсына алмай­

Ғасырлар тоғысында
ды. Бірақ, одан бүгінгі қоғамда ешқандай идеологиялық
жұмыс жүргізілмесін деген қортынды шығаруға бол­
май­ды. Біз әр азаматтың, қалың жұртшылықтың конс­

ти­туциямызды, ол орнықтыратын демократияны, бос­
тандықты, тәуелсіздікті, содан туындайтын нарықтық
қатынастарды жан-жақты әрі терең түсінгеніне мүдделіміз.
Бұл жолда да шолақ белсенділік пен саяси қасаңдылыққа

ұрынбағанға мүдделіміз. Саяси күштеріміз де тек билік
жолындағы күреспен біржақты шектелмей, халықты
гуманистік, либералдық, отаншылдық құндылықтарына
баулуға ат салысқандары, ағартушылық қызметпен де

айналысқандары қандай ғанибет болар еді.
Елбасымыз Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үсті­
міздегі жылды «Тоталитаризм құрбандарын еске алу жә­не
ұлттық жарасым жылы» қып атап өтуді ұсынуы да сон­

дықтан. Ол өткеннің қателігіне қайта ұрынбауымыз үшін
керек. Өзгелер жіберген олқылықты өзіміз жібермеуіміз
үшін керек. Бұрын жол берген ашықауыздығымызға қайта
жол беріп алмауымыз үшін керек. Өкпе қуалап жүріп,

өштестікті, ашкөздікті жеңе алмай, алауыздықты тұтатып
алмауымыз үшін керек. Келешек ұрпақтың алдында ұятқа
қалмау үшін кешегі кесірлерді қайта тірілтіп алмауға абай
болғанымыз дұрыс.

Тағдырдың тап қылғанын біреуден, тарихтың тап қыл­
ғанын биліктен көріп, тепсіне берген де салихалылыққа
жатпайды. Байыбына барып сөйлеп, байыбына барып іс
қылған салауаттылық. Бұрын білім мен ақпаратқа кім ие

болса, сол игі жақсы атанып, қалған қауымға ұстаздық
етуші еді. Қазір білім мен ақпаратқа әркімнің де қолы жете
алатын болды. Ендеше, әркім де өзіне-өзі ұстаз, өзі төреші
бола алады. Олай болса, баршамыз білуге тиіс бір-ақ

ақиқат бар: әркім өзін-өзі тәрбиелемей, қоғам түзелмейді.
Қоғам түзелмей билік түзелмейді.
Бұл далада бізден бұрын да талай ұрпақ өтті. Аштықты
да, тоқтықты да, барлықты да, жоқтықты да көрді. Тарих

Ә. Кекілбайұлы
оның бәрін тәптіштеп жатқан жоқ. Тарих жадында тек
тәуелсіздік жолындағы күрес қана қалды. Сол жолда
жанын пида еткендерді жеңбесе де, жеңімпаздардан

асыра дәріптеді. Тәуелсіздік қантөгіссіз келмейді. Біздің
тәуелсіздігіміз жолында да аз қан төгілген жоқ. Оны бізге
дейінгі ұрпақтар төкті. Тәуелсіздік ешқашан оңайлықпен
орнаған емес. Ол ауыртпашылықты, негізінен, қазіргі көзі

тірі ұрпақ – Сіздер мен біздер – көтереміз.
Өйткені, өз тізгіні өзінде емес кісі де, халық та өз
мүддесіне жете алмайды. Сондықтан да біз қандай
қиындық көрсек те, қолымызға күшпен түскен тәуелсіздік

тізгінінен айырылмауға тиістіміз. Бізден кеткен аруақтар
мен келетін ұрпақтардың, ең алдымен, талап ететіні сол.
Өйткені, біз – күллі адамзат тегіс танып, тегіс мойындаған
тәуелсіз қазақ мемлекетінің іргетасын қалап жатқан бі­

рінші ұрпақпыз. Тәуелсіздігімізді сырттың алакөздігінен,
іштің алауыздығынан аман сақтап қалу – біздің тарих
алдындағы ең басты парызымыз.
Бүгінгі күнгі басты идеологиялық мақсат осы.

– Кезінде одақтас республикалардың ақын-жазу­

шылары бас қосатын Мәскеудегі әдеби жиындарды,
КСРО жазушылар одағының Әдебиетшілер үйін
сағынасыз ба? Қазақ әдебиетінің қазіргі хал-күйі тура­
лы не ойлайсыз? Тұйықтан шығар жол бар ма?

– Иә, кезінде тек Қазақстанның ғана емес, одақтың

жазушылар ұйымының да басқарма мүшесі болып,
Мәскеудегі алқалы жиындардың талайына қатысқаным
рас. Бірақ, ол жиындарда менің туған халқым мен елімнің
келешегінің қалай болып, көсегесінің қалай көгеретіні

көп талқыға түсе қоймайтын. Мен өткеннен гөрі ертеңді
көбірек аңсаймын. Қазіргі армандарымыздың тегіс жүзеге
асып, егемен еліміздің көлденеңнің қақ-сұғынан арылып,
қалған адамзатпен қатар тұра алатын қабырғалы мемлекет

болғанын көруді көксеймін. Біз көрмесек те, жеткіншек
буындардың қалай да жететініне, көретініне кәміл сенемін.

Ғасырлар тоғысында
Әдебиет – пейіш бағында ертеден қара кешке сай­
рап тұратын сары ала қанат сандуғаш емес. Ел жүре­гі­
нің дүрсілі. Халықтың көргенін бірге көріп, ол кеш­кен

тауқыметті бірге шегеді. Халық күйзеліп жат­қан­да
қаламгер қауым неге күйзелмесін?! Әдебиетті күй­зелістен
шығару үшін әуелі халықты күйзелістен шы­ғарып алуы­
мыз қажет.

Барша тығырықтан шығаратын бір-ақ жол – тәуел­
сіздігімізге тәу етіп, тәуекелімізге бекем болу. Мен басқа
мақсаттың бәрін олқылық, басқа уайымның бәрін күйкілік
санаймын.

1997 жыл.

Ә. Кекілбайұлы

«ЕЛ ТАҒДЫРЫН ШЕШЕТІН ЖАСАМПАЗ

КЕЗЕҢ ЕНДІ КЕЛЕДІ»

– Әбіш аға, Елбасының «Қазақстан Республикасы

мемлекеттік басқару органдарының жүйесін реформа­
лау жөніндегі кезекті шаралар туралы» Жарлығынан
соң билік институттарын тазарту процесі біршама
қарқын алған тәрізді. Жарлықтың пайдасы мен

пәрменділігін көпшіліктің көзі көріп отыр. Солай
бола тұра жаңашылдықтың жақсылыққа тосқауыл
қызметіндегі кері – жамандығы тағы бар. Ол: әкімшіл-
төрешілдік, ықпалшылдық, тамырластық, осылардан

туындайтын экономикалық қылмыстар т.с.с. Сіздің­
ше, жаңа мемлекеттік құрылымның ағзасы жаңағы
бюрократизмге, лоббизмге, коррупцияға, өзге цивили­
зация дерттеріне қарсы тұра ала ма? Тазара ма?

– Ғафу, етерсіз, сіз санамалап өткен дерттер төркіні

тым әріде жатқан сияқты. Өйткені, Ана тіліміздегі «алыс-
беріс», «бармақ басты, көз қысты», «сыбайластық»,
«парақорлық», «қанына тартпағанның қары сынсын»,
«көмейін бітеу», «аузын майлау» сынды ұғымдарды ме­

ненджмент институтын бітірген қазақтар ойлап таппаған
болар. Тіпті сонау аңшылық пен терімшілік замандарының
көсемдері тек күшімен емес, сыбаға үлестіріп, көңіл
аулап, көп тізгінін қолына алып отырғаны тарихтан

белгілі. Сондықтан, аяқтан шалып отырған әлеуметтік
қырсықтардың бәрін бүгін ғана шыға қалды деп ой­
лау, нарықтан көру, не өркениеттен көру елге, халыққа

Ғасырлар тоғысында
жанашырлық болып шықпайды. Сонау Рим заманынан
бермен қарай империялар құлап, орталықтан қол үзген
шет аймақтар бірден аяғынан тік тұрып кете алмаған.

Сондайда өткенді көксеу бел алған. Оған кешегі ме­
трополиялар тікелей немесе жанама дем беріп отырған.
Сол арқылы ондай өтпелі кезеңде кездеспей қоймайтын
қиыншылықтардың бәрін империялардың құлап, бұрынғы

шетаймақтар дербес мемлекеттерге айналып, ұлттық
бюрократия билікке келгеннің салдарынан шықты
деп ұғындыруға тырысушылық – «жаңа отаршылдық»
идеологиясының қашанғы жымысқы тәсілі.

Бұл – жас мемлекеттерді ішкі ынтымақтан айырып,
алауыздыққа ұрындырып, тәуелсіз даму жолынан айны­
тып, қайтадан басыбайлыққа көндіруді көздейтін әзәзіл
әрекет.

Бұдан тәуелсіз мемлекеттер, жаңағы сіз айтып отырған,
лоббизммен, бюрократизммен, коррупциямен күреспеу
керек екен деген ұғым тумайды. Алдымен, бұндай
қырсықпен тәуелсіз мемлекеттер күресуі керек. Өйтпесе,

тәуелсіздікке қауіп төнеді. Алайда, қай нәрсенің де түп-
төркініне әбден қанығып барып күрескен жөн. Әйтпесе,
өз тізгініңді, айыл-құйысқаныңды өзің қиып тастап, ай­
далада шаңдаққа аунап, құртақым қалып қоюыңыз ғажап

емес. Біздегі бюрократия – кешегі орталық сұрыптап,
орталық қалыптастырған номенклатуралық бюрокра­
тия. Біздегі лоббизм – кешегі ведомстволық эгоизмнің,
салалық эгоизмнің сарқыншағы. Коррупция да сол кездегі

кадр саясатынан, ресурс бөлісуден қалған. Тіпті, бүгін
де нарыққа телініп отырған банкрот пен жұмыссыздық,
өндірістік тоқырау мен төлемдік дағдарыс та кешегі
жоспарлы-бөліспелі экономиканың зардаптары. Егер ол

технологиялық жаңаруды уақытылы қамтамасыз еткен­
де өндіріс тоқырамас еді. Өндіріс тоқырамай, бәсекеге
төтеп бере алатын өнім шығара алса, банкрот та, төлем
дағдарысы да, жұмыссыздық та болмас еді. Қажет десеңіз,

Ә. Кекілбайұлы
мұндай шетін экономикалық ахуалды шегініп бара жатқан
одақтық билік әдейі істетеді деуге де негіз бар. Жаңа
үрдістегі экономикалық қатынастар желі салмай жатып,

кәсіпорындарға дербестік берілді. Сүйтіп, олар одақтық
бюджетке де, республикалық бюджетке де табыс түсірмей,
өзіне-өзі қызмет ететін экономикалық субъектке айналды.
Өнім кеміді. Өндіріс ықшамдалды. Зәрулік көбейді. Баға

қымбаттады. Ақша құнсызданды. Шикізат экспорты мен
тауар импорты стихиялы тұрде ұлғайды. Онсыз да құрдым
отбасылық бюджет типылданды. Жұртшылықтың азған­
тай сақтық қаражаты бір түнде тәрік етілді. Ішкі инвести­

ция салға ұшырады. Сыртқы инвестицияға жол жабылды.
Қалыптасқан экономикалық байланыстар жүйесі нарық
жағдайында отаршылдықты азайтудан гөрі көбейтуге
бейім тұрды. Кешегі өндіріс алыптары нарықтық жүйеде

өз орынын таба алмай, экономикалық динозаврларға
айналды. Оларды қайта тірілтуге қажетті қаржыны бір
ел түгілі, күллі кешегі кеңестік кеңістікте ешкім тауып
бере алмады. Сырттан қаржы тартуға өзіміздің солақай

патриотизміміз бен көршілердің іштарлығы қол байлау
жасады. Инфрақұрылымдық мешеуліктен озат техноло­
гия мен өтімді валюта базарына шыға алмаған қымбат
шикізатымыз босқа рәсуа бола бастады. Сөйтіп, жаңа

егемендіктерді ескі экономикалық қатынастардың қыл
бұрауы қайта қылғындыра бастады. Экономикалық
қатынастар мен технология мешеулігінен өрбіген табиғи
ресурстарға бай елдегі әрі-сәрі кезге тән билік дағдарысы

лоббизмге де, бюрократиялық пайдакүнемдікке де,
сыбайластыққа да кеңінен жол ашатыны белгілі. Оған
тойтарысты тек сындарлы құқықтық реформа бере алатын
еді. Ол үшін әуелі заң шығарушы билікті реформалау керек

болды. Халықтық билікті таптық тұрғыда түсініп қалған
кеңестік парламентаризмнің сахнадан кетуі коммунистік
партияның сахнадан кетуінен гөрі қиыныраққа түсті. Ол
үшін парламенттік реформаны кезең-кезеңге бөліп, әрі

Ғасырлар тоғысында
сатылап, әрі ұтылап жүргізуге тура келді. Бірақ, жағдайды
ол да түбегейлі жақсарта алмады. Өйткені, реформа –
жаңашылдық құбылыс. Ал, жаппай жаңашылдықтың

болуы еш мүмкін емес. Жаңашылдық көп көңіліне бірден
емес, біртіндеп ұялайды. Сондықтан, оны атқарушы билік
жүзеге асырып, заң шығарушы билік заңдастырады. Заң­
дастырушы биліктің ебедейсіздігі реформа үшін қандай

кедергі келтірсе, атқарушы биліктің ебедейсіздігі де тап
сондай кедергі келтіретіндігіне көзіміз енді-енді жете бас­
тады. Елбасының жаңа Жарлығы да осындай заңдылықтан
өрбіп жатқан құбылыс. Атқарушы билікті реформаламай,

реформаның өрге баспайтыны бүгін таңда ешкімге де дау
туғызбаса керек. Ол да кезең-кезеңге бөлініп, сатылап
жүзеге аса алады. Экономикадағы жаңа қатынастар билік
құрылымының да мейлінше сындарлана түсуін талап етері

сөзсіз. Жуықта жарық көрген Жарлық билік жүйесін жаңа
Конституцияның «әрпіне де, мәтініне» де сәйкестендіре
түсті. Ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық пай­
ымдамасын президенттік билікке қалдырып, оны жүзеге

асырудың нақты тактикалық тәжірибесін үкіметке то­
лығымен берді. Үкімет әр институтының билік аясы
ке­ңейтілуі есебінен мейлінше ықшамдалды. Лауазымды
адам­дар санының қысқаруы олардың жеке жауапкершілі­

гін күшейтумен қоса, оның қызметі мен әрекеттер аясын
бұрынғыға қарағанда әлдеқайда «мөлдірлендіре» түсті.
Лицензиялаудың тәртіпке келтірілуі, тіркеудің нақты
ме­кемеге ғана тапсырылып, жол-жөнекей және қосалқы

келісім алу жүйесінің жоғалуы бармақ басты, көз қысты­
ның адымын едәуір қысқартты. Бұл індеттің түбегейлі
жойылып кетуін әлі де ұзақ күтуге тура келеді. Деген­
мен, оған қарсы күрес едәуір күшейді. Біріншіден, «билік

коридорының» бұлталаңдары мен шырғалаңдарының
адымы айта қаларлық қысқарды. Кіріп-шығатын есіктер
азайып, жалынып-жалбарынатындардың саны жартыға
жуық кеміді. Штаттар кестесінің жинақылануы кадр

Ә. Кекілбайұлы
сұрыптауды шыңдай түсері белгілі. Бұл билік жүйесіндегі
босбелбеулікті азайтып, талапшылдықты күшейтері
даусыз. Мемлекеттік қызметтің материальдық және

моральдық жағынан салихалана түсуі билік мәдениетін де
айта қаларлық тыңайтады деген сенім туғызады.
Бірақ, билікті ықтималдандыру бұнымен тына қал­
майды. Нарықтық қатынастардың тереңдей түсуіне бай­

ланысты бұл саладағы ізденістер де қарқындай түседі.
Реформа мардымды өрістеп, ең ұтымды кейпіне көшкенше
биліктің шегірен былғарысы да сығымдалып, тартыла
түсері даусыз. Бірақ, оның Бальзак романындағыдай

келеңсіздіктерге ұрындырмауы үшін бұл бағыттағы
жұмысты әлі де жалғастыра, жетілдіре түсу керектігі
белгілі.

– Кезеңдік саяси, экономикалық өзгерістерден

ұтатын да, ұтқызатын да қаймана ел, қалың бұқара.
Әзірге қала мен дала халқының үмітіне талғажау
етіп отырғаны – ауыртпалыққа қарамай іске асыры­
лып жатқан реформа мақсаттары ғана. Осы бағытта

жұрттың әл-ауқатын көтеру мұраты мен ұзақ мерзімді
(2020–2025 жылға дейін) стратегиялық бағдарлама
жасап жатқандығынан хабардармыз...

– Бүкіл халқымыздың тікелей дауыс беруімен қа­

былданған Жаңа Ата Заңымызда бұл салада қандай
уәде берілсе, соның бәрі өз күшінде қалады. Олардың
әрқайсысының нақты түрде қандай жолмен жүзеге
асатындығы – әрине, жасақталып жатқан стратегиялық

жобалардың үлесіне тиеді. Мен ондай жұмыс тобының
мүшесі емеспін.

– Бағдарлама мәдени-әлеуметтік тұрғыдан нені

міндетіне алуы тиіс деп ойлайсыз?

– Білім беру, мәдени орта қалыптастыру, тілдерді да­

мыту, әлеуметтік дамудың байыптамалық тұжырымдары
әлдеқашан қабылданды. Олардың экономикалық кес­
кіндемесін жасап, іске қосу – үкіметтік орындардың

Ғасырлар тоғысында
парызы. Бұл арадағы басы ашық мәселе; экономика
дамымай, әлеуметтік саланың дамымайтыны қандай
түсінікті болса, рухани сала, әсіресе, білім беру, ойдағыдай

дамымай, экономиканың да тасы өрге домалай қоймай-
тындығы сондай түсінікті. Бұл саладағы бүгін таңдағы ең
басты міндет: жаңа биіктерге көтеріле алмасақ та, қазіргі
қол жеткен биігімізді аласартпау. Ол үшін қолда бар

мүмкіндіктерді ықтималдандырып, ықпалды пайдалану.
Бұл тек көпті азайту, азды қысқарту жолымен жүзеге асы­
рамыз деу солақайлық болар еді. Ең алдымен, әлеуметтік
саланы қаржыландыруға меншіктің қай түрін де белсе­не

қатыстырудың амалын қарастыру керек. Халықаралық ста­
тистиканың айтуынша, мәселен, АҚШ-тың халықаралық
даму агенттігінің деректеріне қарағанда, бүгін таңда
жеке меншік саласы ішкі жалпы өнімнің Ре­сейде – 60,

Молдавияда 50-60, Украинада – 50, Қырғызстан­да – 40,
Қазақстанда – 35 процентін өндіреді екен. Елбасының
соңғы алып жатқан шаралары бұл көрсеткіштерді тү­
бегейлі өзгертері сөзсіз. Сонда мемлекеттік меншік пен

аралас меншік түрлерінің үлесі күннен-күнге кеми бермек.
Демек, экономиканы әлеуметтендірудің стратегиясы мен
тактикасы да шындыққа сәйкестендіріле түспекші. Ол
саладағы барлық шығынды мемлекет өз мойнына түгел

ала алмайды, басқа меншік түрлерімен тиімді міндет
бөлісуге тырысады. Алайда, елбасы бұл шаруада үкіметке
асығып-үсігушілікке ұрынбауды қатаң тапсырып отыр.
Әр аймақтың меншік алуандығындағы өз ерекшеліктеріне

орай, әлеуметтік саланы қаржыландыруда да өз жол,
өз үлесін қалыптастыруын қадағаламай болмайды. Бұл
мәселеде де сапырмашылдыққа, бір ізділікке жол бермеген
жөн. Әсіресе, шетелдік инвестиция бара алмай жатқан,

экономикасы тыңая алмай жатқан ауылдық жерлердегі
мектептер мен емханаларға, мәдениет орындарына мем-
лекеттік қолғабыс айырықша керек. Бұл мәселеде бюд­

Ә. Кекілбайұлы
жетпен қоса, іштен, сырттан қаржы тартатын айрықша
бағдарламалар жасақтау мен қорлар құруды, үкімет өз
мойнына алуы керек. Елбасы ауыл мектептерін компью-

терлендіруге, Интернет жүйесіне қосылуды тездетуге,
отандық кәсіпорындарды басқаруға алатын, бірлескен
кәсіпорындар ашатын шетелдік компаниялармен келісім
жасасқан кезде әлеуметтік даму, жұмыспен қамтамасыз

ету, жергілікті мамандар дайындау мәселесіне баса көңіл
бөлуді айырықша тапсырып отыр.
Ата Заңда айтылған әлеуметшіл мемлекет сипаты­
мыз­ды жүзеге асыруға міндеттіміз. Ол, бірақ, бұрынғыша

бі­рың­ғай бюджеттік-алиментаралық жолмен емес, нарық­
тық қатынастарға лайық экономикалық-бастамашылдық
жолымен ғана іске аса алады. Ендеше, бұл мәселеде де
байбаламшылдықты азайтып, қаракетшілдікті кө­бейт­

кеніміз дұрыс. Өйткені, қанша қақтап емгенімізбен,
әл­деқашан суалып кеткен емшектен бәрібір сүт шық­
пайды. Қанша қақсап сынап, айқайлап-ұйқайлап қор­
қытқанымызбен бәрібір құрқалта отырған үкімет еште­

ңе тауып бере алмады. Оны қуып шыққанымызбен,
жаңа үкімет те сол баяғы түбі тесік бюджет қалтасын
қақпалағаннан басқа ештеңе бітіре алмайды.
Сондықтан да, жаңа стратегиялық жобалар әлеуметтік

мәселелерді жаңа жәрдемдер ойлап табу жолымен емес,
жаппай кәсіпкерлікті күшейту жолымен шешуге көбірек
маңыз бөлетіні белгілі. Шынайы әлеуметшіл қоғам еңбек
адамына күш-қайраты бар кезінде ертеңгі күнін ертеден

ойлап алуға қам жасауына кемектеседі. Сондай көмек қана
дер кезіндегі көмек болып табылады. Егер Елбасының
шағын және орта бюджетті дамыту жолындағы баста­
масын ойдағыдай жүзеге асыра алсақ, азаматтарымызды

қызметпен қамтамасыз етуде де, жанұяларымыздың әл-
ауқатын арттыруды да, әлеуметтік саланы бюджеттік
те, бюджеттік емес те жолдармен қаржыландыру мүм­

Ғасырлар тоғысында
кіндіктерін де біршама түзеп алған болар едік. Қандай
қиын жағдайды да тек саяси талапшылдықпен емес,
экономикалық белсенді қарекетпен ғана түзей аламыз.

– Осыған туыс сұрақ. Көпшілік Сізді лауазым­

ды үкімет адамынан бұрын, үлкен жазушы, ойшыл
ретінде қабылдайды. Ал, қазақтың жанына әркез
әкімінен ақыны жақын. XXІ ғасырға бар жоғы үш жыл
қалған тұста, сол халыққа, үшінші мың жылдықтағы

қойылатын прогресс талаптары қандай болмақ?

– Жаңа мыңжылдықтың адамзатқа не әкелетіндігі әлі

белгісіз. Өйткені адамзат табиғатпен тіл табысуды әлі
үйренген жоқ. Ғалымдардың айтуынша, осы заманғы
өркениет бұған дейінгі үйреншікті даму жолының барлық
мүмкіндігін түгел тауысты. Табиғаттан тек ала беру жо­

лымен жүре беретін болсақ, енді 10-15 жылда жаппай
омницидке – енді қалыпқа келе алмастай боп құрып кету
қаупіне ұрынуымыз мүмкін.
Адамзат өзара тіл табысуға да әлі үйренген жоқ. Егер

жер бетіндегі халықтың төрттен үші әлемдік табыстың тек
жетіден бірімен ғана пайдаланып отырса, бір-біріміздің
мүддемізді ескеруге әбден жетілдік деп қайдан айта ала­
мыз?!

Нобель лауреаты Я. Тинбергеннің айтуынша, ең
ауқаттылардың орташа дәулеті мен ең кедейлердің орта­
ша дәулеті қазіргі 13:1 қалпында тұра бермей, қашан 3:1
деңгейіне, ең болмаса, 6:1 деңгейіне дейін төмендемей,

адамзат қоғамы орнықты дами алмайды.
Сондықтан, үшінші мың жылдық тек табиғат пен
өркениеттің жарастығын ойдағыдай қалыптастыра алса
ғана тарихтың жалғасына айнала алады. Әйтпесе, бұған

дейінгі көп ғасырлық дамудың ақиреттік ақырына айналып
кетуі де кәдік.
Ол үшін әр қауым өзі жайлайтын аумақты ұқыпты
да үнемді игеріп, оған қажетті технология мен кәсіби

Ә. Кекілбайұлы
мәдениетті толығымен меңгере алса ғана, өзінің де
көсегесін көгерте алады, өзгелердің де мүддесінен шыға
алады.

– Оған қазақстандық болмыс пен сана дайын ба?

– Бүгін таңда қазақстандықтар мен қазақстандық сана

ол деңгейден шыға алып отыр деп айта алмаймыз. Ол
түгілі дәстүрлі қауымдық және таптық экономикалық
қарым-қатынастар қалыптастырған бойкүйез ахуалдан
уақытылы безіне алмау салдарынан ауыспалы кезеңнің

уақытша келеңсіздіктерінің өзіне төтеп бере алмай келеміз.
Бірақ, қанасын уақытылы жарып шыға алмаған шара­
на тұншығып өледі. Біздің жаңа санамыздың да шарана
қалыпта қала бермей, қанасын жарып шығар кезеңі жетті.

Ол үшін тәуекел керек. Ол тәуекелді ұлт болып ұғынып,
одан туындайтын тауқыметтерге төтеп беруге ұлт болып
жұмыла білу керек. Сары уайымға салына бермей, намыс­
қа мініп, жігерді жану керек. Ол үшін әрқайсымыз өзімізді-

өзіміз шыңдап, өзімізді-өзіміз түзетуге күш салғанымыз
дұрыс. Өйткені, өзіміз түзелмей тұрып, өзгелер түзелмейді.
Жалқының түзелуі жалпының түзелуінен әлдеқайда
оңай. Жалқының түзелуі жалпының түзелуін тездетеді.

Жалпы түзелмей тұрып, әділет орнамайды. Сондықтан,
біреуге талап қоймас бұрын өзіңе-өзің қатаң талап қоя
білуге үйренген лазым. Бұл, әсіресе, жас қауымға керек.
Егде ұрпақ алыс-жақын өткен кезеңдерінде қан­шама

ағаттықтар жіберіп, нешеме ерсіліктерге жолықса да,
тарихтың сын сағатында қапы қалған жоқ. Тәуелсіздік
туын уақытылы тұғырына орната білді. Қанша идеялық
басыбайлық пен әлеуметтік көнбістік төмпешін көп көрсе

де, демократиялық даму жолына бірінші болып қадам
басты. Қылыштың жүзіндей қиын сәттерде қынадай боп
қырылып қалмайтындай сабырлылық пен саналылық
танытты. Ескімен қоштасуды, көнені аластауды бас

жарғызбай, сүйек сындырмай, қантөгіссіз бейбіт жүзеге

Ғасырлар тоғысында
асырды. Ендігі міндет – сол қиындықпен қолға түскен
тәуелсіздік пен жаңа үрдісті қапысыз орнықтыра білу.
Ол – екі мың жылдық тоғысында белсенді қызметке

кірісетін жаңа ұрпақтың мойындағы тарихи парыз. Егер
ол бір кездегі тоталитарлық тоңды ойып-жібітер тұстағы
қопарылмалы қозғалыстар ауанынан уақытылы тиылып,
жаңа көшет отырғызып жатқан бағбанның байыпты бипаз

қарекетіне уақытылы көше алмаса, бүгінге дейін созылып
келе жатқан әлеуметтік даңғазаның сүрлеуімен кете берсе,
онда жібекті түте алмаған жүн етеді дегеннің кебін киеді.
Ғасыр тоғысына көзі тірі жететін ұрпақтар тарихи міндет

бөлісуді қай кездегіден де сергекірек, жітірек және аса
нәзік жүзеге асыруға тиісті. Бұл арада кешегі таптық иде­
ология әсіре әспеттеген «баррикадашылдық», «әкелер мен
балалар», «ескішілдік пен жаңашылдық» кескіндемелері,

жағадан алып, жармаса кететін әупірім жаңашылдық
пен тобықтан қағып, тірсектен шалып бағатын тәсілқой
ескішілдік тайталасы – тек аталмыш ұрпақтардың емес,
күллі ұлтымыздың арылмас сорына айналуы ғажап емес.

Біз сондай солақайшылыққа бастайтын қандай пиғылға да
уақытылы тойтарыс бере алуымыз қажет. Әйтпесе, артық
қыламыз деп, тыртық қыладының кебіне ұшыраймыз.
Ашыққан қарын тойынады. Жүдеген иін жаңарады.

Бірақ, тәрік болған тәуелсіздіктің қайта орынына келуінің
қаншалықты қиын екенін көзіміз көріп отыр ғой.

– Адамдар шексіздіктен қорқады. Әсіресе ауыл­

ды жерлерде бүгінгі қалыптасқан ахуал, өндірістік
кешеннің ауыр халі шет-шегі жоқ тұманды болашақ
боп қабылданады. Қазақстан халқы тұрмысының
түзелетін мерзімін болжай аласыз ба?

– Қазір біз киіп отырған кепті көп жұрт киіпті. Кимегені

енді киіп жатыр. Солардың тәжірибесіне қарасақ, бұндай
тығырықтан шығу үшін, негізінен, екі жолға жүгініпті.
Бірі – сыртпен ықпалдасу, екіншісі – тек қана өз күшіне
сену. Бір кезде белшеден қарызға батқан АҚШ, соғыста

Ә. Кекілбайұлы
әбден күйзелген Батыс Еуропа мен Жапония, индустрия
жолына елдің ең соңынан, бірақ қауырт көшкен Күнгей
Шығыс Азия елдері бірінші жолды қалап алды. Қазір қай-

қайсысы да дамыған елдер санатына қосылып кетті. Ал
Латын Америкасы, Шығыс Еуропа, Кеңестер Одағы екінші
жолды күйттеді. Ақыр аяғында, кешеуілдеп болса да,
бірінші жолға қайта түсуге мәжбүр болып отыр. Біз де сол

санаттамыз. Бұл жолға түскендер әлемдік еңбек бөлісуге
қатысу үшін әуелі әлемдік саудаға баяу қатысып, негізінен
қарызға қаржы алып, борышкер ел атанған. Сол арқылы та­
уар мен қызмет түрлерін көп сатып алатын экспортер елге

айналған. Бірте-бірте молынан қарыз алып, белсенді сауда­
гер елдер тобына қосылған. Сөйте жүріп, әлемдік саудагер,
банкир және қарыз беруші елдер дәрежесіне көшкен. Ақыр
аяғында басқа елдермен финанстық ресур бөлісе алатын

әлемдік дәрежедегі саудагер және инвестор деңгейіне жет­
кен. Бұл сатыларды старттық деңгейіне байланысты біреу
тез, біреу баяу өткен, бірақ, ешқайсысы да аттап, не айна­
лып өте алмаған. Бұл жолдардан өтуге АҚШ 130 жылдай,

Батыс Еуропа мен Жапония 35-40 жылдай, күнгей Шығыс
Азия елдері жиырма жылдан астам уақыт жіберген. Өзіңіз
көріп отырсыз, әлемдік игілік бөлісу жү­йесінің жетіле
түсуіне орай сыртқы дүниемен ықпал­даса дамуға кететін

уақыт қысқарып келеді. Оның үстіне, біз бұл жолға бейбіт
жағдайда өз қалауымызбен түсіп отырмыз. Ол реформа
тағдырын шешетін бірден-бір фактор орнықтылық ахуал­
ды бірден қалыптастыруға жағдай ­жасайды. Жеріміз үлкен

де, халқымыз аз. Бұл түсетін табысты түгелдей тұтынуға
жібермей, өндірісті кеңейтуге жұмсауға қолайлылық
туғызады. Адамдарымыз жаппай сауатты. Индустриялы
және техникаланған агроөндіріске баулынған. Демек,

технологиялық жаңарыстарға бейімделу қабілеті едәуір
жоғары. Реформалық старттағы ең зәру нәрселер: инвес­
тиция, технология, нарықтық менталитет.

Ғасырлар тоғысында
Ол зәруліктерден тек жүйелі түрде құтылуға болады.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіріп, кооперативтік
меншікті жаппай жеке меншік негізінде қалыптастыру

нарықтық менталитетке көшуге экономикалық негіз жа­
сайды.
Біз, Құдайға шүкір, табиғи байлыққа кенде ел емеспіз.
Ондай елдер әдетте әуелі шетке шикізатты көптеп

шығаруға мәжбүр. Сол арқылы әрі ұлттық инвестици­
яны молайтады, әрі сырттан инвестиция тартады. Оған
арланатын ештеңе жоқ. Бүгінгі дүниеде қазіргі экономи­
каны дамытуға қажет табиғи ресурс, моральдық ресурс,

финанстық ресурс, технологиялық ресурс – төртеуіне
бірдей ие елдер кемде-кем. Біреуінде шикізат жетсе,
қаржы жетпейді, қаржы жетсе, жұмыс күші жетпейді,
жұмыс күші жетсе, технология жетіспейді. Әркім қолда

барын әлемдік игілік бөлісуге қатыстырып, өзіне керекті
нәрсеге айырбастайды. Біз де шикізатымызды сатып, та­
сымалдап, оны өндіруге сырттан ынталы күштер тартып,
соны жүзеге асыратын экспорттық қызмет құрып, одан

түскен қаржыны басқа ешқандай да мақсатқа емес, сол
шикізатты өзімізде өңдейтін өнеркәсіпті өркендетуге
жұмсауға мәжбүрміз. Одан шығатын өнімдерді сатып әрі
сыртқа тасылатын шикізат көлемін азайтамыз, әрі бірте-

бірте бәсекеге төтеп бере алатын бұйымдар шығаруға көше
аламыз. Ол, әрине, әуелгі кезде материал мен қаржыны көп
жұмсайтын бұйымдар болады. Бірақ, сондай бұйымдарды
көбірек шығару арқылы техникалық жітілікті талап ететін,

ғылми жітілікті талап ететін өндірісті күшейтуге қажетті
қаржы жинаймыз. Ең соңында күн өткен сайын сұранысы
көбейе түсетін жоғары технологияны талап ететін өндірісті
жолға қоя аламыз. Әдетте, экономиканың заманаға лайық

жаңғыруы осындай жүйеде жүзеге асады. Бүл, әрине, ұзақ
әрі күрделі процесс. Бірақ, әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, экономикалық прогресске жетілудің бұдан

Ә. Кекілбайұлы
ықшам, бұдан жедел жолы әзір табыла қойған жоқ. Егер
біз бұл ақиқатты қайта құруға алғаш кіріскен жылдары
қапысыз ұғынып, бірден мойындағанымызда кешегі

кеңестік кеңістіктегі реформа ендігі біраз деңгейге кө­
теріліп қалатын еді. Көп уақыт күш-жігер саяси дау-да­
майларға кетті. Жаңаруды социализм мен бұрынғы одақ
жағдайында жасауға болады деген дәмемен де біраз уақыт

зая болды. Саяси жағынан ыдырап кеткен кеңістіктің ең
бол­маса экономикалық ықпалдастығын сақтап қала ала­
мыз ба деген дәмемен де біраз күш-жігер зая болды.
Бірақ, оның бәрі әлдеқашан басталып кеткен про­

цес­терді күрделендіре түспесе, жеңілейткен жоқ, ке­
шеуілдетпесе жеделдеткен жоқ.

– Жоғарыдағы өткен қатені безбенге салып, кеткен

есені еселеп қайтару, жұрт арқасындағы қиындықты
се­йілту жолындағы іс-қимылдың басын ашып кет­
сеңіз...

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мұндай

жағдайды жан-жақты ескеріп, көп векторлы сыртқы
саясат байыптамасын уақытылы ұсынды. Осы заманғы
күннен-күнге нығайып келе жатқан халықаралық ең­
бек бөлісуде ұлттық томаға-тұйықтықтың қатардан

қалдырмаса, қа­тарға қоспайтыны, айтпаса да, түсінікті.
Әйтсе де, тек аймақтық, континенттік не дәстүрлі ауқым­
дардағы ықпалдастық та мүйіз шығара қоймайды. Ондай
шағын ауқымды ықпалдастық ұлттық қауіпсіздіктің де,

экономикалық жаңарудың да мүддесінен шыға бермеуі
мүмкін. Сондықтан алыспен де, жақынмен де тек тең
мүдделілік жағдайында ғана ықпалдаса алатын инте­
грация ғана реформаның өрге басуына көмектесе алады

екен. Соның арқасында әлемдік рыноққа апаратын жолдар
көбейіп, сырттан қаржы тартатын арналар кеңейе бастады.
Тоқырап қалған кәсіпорындарды шетелдік компанияларға
басқаруға беру, бірлескен кәсіпорындар ашу, шетелдік

Ғасырлар тоғысында
фирмаларды көптеп тарту оң нәтижесін бере бастады.
Тоқырап қалған өндіріс баяу да болса, қайта жандана
бастады. Олардың қордаланып қалған борыштары төлене

бастады. Тозып қалған құрал-жабдықтарды жаңартатын
ие табылды. Технологиялық қайта қарулануға мүмкіндік
туа бастады. Шығарған өнімдерді бір кездегі жоспарлау
комиссиясы салып берген арналармен ғана тасымалдамай,

жаңа бағыттар мен жаңа бағдарларға тасымалдауға ынта­
лы күштер көбейді. Оның бәрі сыртқа кеткен шикізаттың
бұрынғыдай бәсекеге төтеп бере алмайтын арзанқол тауар
мен күні өткен құрал-жабдық болмай, жаңа технология,

өтімді валюта, тиімді инвестиция болып қайтуына жағдай
жасайды.
Егер біз ғасыр соңына дейін сыртпен ықпалдасудың осы
тиімді схемасын тыңғылықты жүргізе алсақ, меншіктік

қатынастарды нарықтық жүйеге көшіруді біржолата
аяқтап, экономикалық тыңаюымызда тынысымызды
тарылтып, адымымызды аттатпай келген қалыптасып
қалған ішкі-сыртқы томаға-тұйық инфрақұрылымдардан

құтылып, жарыспалы инфрақұрылымдар түзудің негізін
жасай аламыз.
Онда жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығында мешеу
экономиканы тыңайтып, жаңғыртудың жоғарыда айтыл­

ған бес сатылы жолын түгел тамамдағанмен, Қазақстан тек
өз азаматтарының әл-ауқатын біршама түзеген ел болумен
қоса, батыс пен шығыс рыногында бірдей танымал, бірдей
қадірлі әріптеске, бәсекеге толығымен тетеп бере алатын

осы заманғы экономикаға ие бола алатындығына өзін де,
жұртты да кәміл сендірген іргелі мемлекетке айнала алады
деп сенуге жеткілікті негіз бар.
Ол үшін еліміздің соңғы жылдары әлемдік әріптестер

тарапынан иеленіп отырған үлкен сенімін азайтып алмауға
күш салуымыз қажет. Бүгінгі ықпалдастық әлемі тек жеке
меншікке негізделген экономикаға, сондай экономикаға
тиімді нарық институттары мен құқықтық жүйеге, он­

Ә. Кекілбайұлы
дай жүйені орнықтыра алатын және шыңдай түсетін
демократияға ие, сол арқылы орнықты саяси ахуалға жетіп
отырған сындарлы билікті нығайта алатын елдерді ғана

сенімді серіктес санайды.
Ендеше, ең алдымен ел абыройын ойламай, ешкім де
жағдайын түзей алмайды.
Бұл – кәріміз де, жасымыз да, басшыларымыз да,

қосшыларымыз да бірдей қатаң қадағалайтын қағида
болуға тиісті.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кейінгі
кезеңдегі түбегейлі бастамаларына әлемдік саясат пен

экономиканың айырықша көңіл бөліп отырғандығы да
сондықтан. Біздің балаң реформамыздың оң тәжірибесіне
кейбір мемлекеттер қомсына қарауды қойып, үйрене бас­
тауы да тегіннен-тегін емес. Бірақ, көңіл тоғайтуға әлі ерте.

Жұрттың тегіс тоғайып, тегіс әлденетін, ауқаттанатын
кезеңіне жетуге әлі де біраз уақыт керек. Оған дейін
тапқан-таянғанымыздың бәрін жинап-теріп енді жан­
дана бастаған өндірісті одан әрі ұлғайтуға жұмсамасақ,

қорланбай тұрып, сабаның түбіне жиылған аз ұйтқыны
құйып ішіп алып, қайтадан шылдыр-шайма күйге түсетін
орашолақтыққа ұрынамыз. Бүгін, жоғарыда айтылғандай,
біздің еркімізден тысқары себептермен әбден арып, жер

бауырлап жатып қалған экономикамыздың буынына әл
жүгіре бастағанына қуанып, оның аяғынан тезірек тік
басып кетуіне мейлінше күш салуымыз қажет.
Тәуелсіздік, бостандық, болашақ қымбат деп ойлаты­

нымыз рас болса, бұлай етпеуге шарамыз жоқ.

– Халқымызға не айтасыз?

– Бүгінгі отаншылдық – төзім.

Бүгінгі ерлік – сабыр.
Бүгінгі елдік – тыныштық.
Қазіргі адал ниетті отандастарымыздың бір-біріне жа­
сай алатын содан басқа жақсылығы жоқ. Сонда ғана ортақ

Ғасырлар тоғысында
шаруамыз оңалып кете алады. Ол оңалмай тұрып, ешкім­
нің де, ештеңенің де көсегесі көгере қоймайды.
Халқымызға айтарымыз: ата-бабаларымызға лайық

ұрпақ болайық. Олар бұндай-бұндайдың талайын ба­
стан кешкен. Ондайда: «Бұдан да жаманымызда тойға
барғанбыз»,– деп, орынсыз өкпе-бопсаның жолын қиып,
келешекке сеніп, қайрат жиған. Жүдесе де жүнжімеген.

Басында еркі жоқ, өз тізгіні өзінде емес боданы заманның
өзінде соншама қайрат-жігер таныта алған халықтың
бүгінгідей мақсаты айқын, алар асқары биік бостан да азат
замандағы жетелі ұрпағының уақытша қиындықтарға бола

қиғаш құлық пен қылыққа бой алдыруға еш хақысы жоқ.
Өйткені, ел тағдыры шешілетін жасампаз кезең енді келді.
Бұл – беліңді буып, тәуекелге мініп, бақ сынайтын кезең.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Талғат ЕШЕНҰЛЫ.

Ә. Кекілбайұлы

ОЙЛАНАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

– Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін нығайту үшін

зиялылар қауымы дәл қазіргі жағдайда ең бірінші ке­
зекте қандай міндеттерді атқаруы керек деп ойлайсыз?

– Біздің кейінгі кезде көп әңгіме етіп жүрген қауы­

мымызды көп елде ой еңбегі адамдары дейді. Оларға
көзқарас әр заманда әр басқа болған. Оны бұқара
қалыптастырып, билік соған сәйкес дәрежеде қарым-
қатынас жасаған. Ежелгі Мысыр мен Бабылдан бас­

тап, кейінгі Евразия қағанаттарына дейін абыздарды
Жаратушының жер бетіндегі көзіндей көріп, ерекше
әспеттеген. Ой еңбегі адамдары соған лайық құрметтелген.
Кейін әркім де өз еңбегімен өз мәпахасын көріп, аштан

өліп, көштен қалмайтынына көзі жете бастады. Оған
бұрын жетілген қоғамдар билікшілерді де, абыздарды да
әулие тұтуды азайтты. Мәселен, Батыс Еуропада ой еңбегі
адамдары өз ісінің мамандары ретінде бағаланғанмен,

оларға артық үміт артып, орынсыз өкпе-бопса айтпай­
ды. Қанша берсең, сонша аласың,– дейді Батыс. Алаған
қолым береген,– дейді Шығыс. Қанша өкілет берсең,
соншалықты талап қоя аласың,– дейді Батыс. Қаншалық

талап қойсаң, соншалық өкілет те бер,– дейді Шығыс.
Бәрі де күллі қауым боп берген өкілет пен артқан сенімге
байланысты. Әркім өз қабілетімен қандай күн көруге
де ерікті батыстай емес, қалың бұқарасы ұзақ уақыт

қараңғылықта жатып, мамандарды сырттан шақыртқан

Ғасырлар тоғысында
Ресей азғантай оқығандарын әз әулие тұтты. Патша
есептесетін әлеуметтік топқа былайғы бұқара да арқа
сүйеді. Оларды келе-келе ресми билікке ылғи да қарсы

тұруға тиісті күш деп есептеді. Демократия дамымаған,
әлеуметтік топтардың сөзін сөйлейтін өз ұйымдары жоқ
озбырлық жағдайында бұл, әрине, түсінікті құбылыс. Ал
әр азамат дауыс беру арқылы билікті түзуге өзі тікелей

атсалысып, әр әлеуметтік топ өз саяси ұйымы арқылы сол
билік жолында өзі тікелей күресетін қоғамда баяғыдай бір
делдал топ ұстаймыз, қоғам мен билік арасындағы байла­
нысты тек соған артамыз деу – үйреншікті сүрлеуден әлі

шығып болмаған балаң түсініктің әңгімесі. Бұл – белгілі
бір тектік не топтық үстемдік ресми мойындалған етек
басты қоғамдар жағдайында ғана орынды талап.
Кешегі ақ отаршылдық пен қызыл отаршылдық тұсын­

да қазақтар да бұл жораға мойын ұсынды. Өткен ғасырда
азғантай сауаттыларымыз қырдағы қандастарының арыз-
шағымын жазып беріп, сот орындары алдында делдалдық
қылғанын халыққа жасаған қызметім деп ұқты. Ғасыр

тоғысында оқығандарымыз бұны місе тұтпай, ұлттық мүд­
делеріміздің аяқ бастылығын ашық айтатын саяси ұйым
құрды. Отаршыл билікке халық атынан талап қоя бас­тады.
Ел ішінде үгіт айтумен ғана тиылмай, дербестік жолына

жұмсар дәулет жиып, әскери құрамалар ұйымдас­тыра
бастады. Дербес биліктің алмағы мен салмағының қандай
болатынын сездіре бастады. Соны ауырсынған екінші
бір сауатты топ оларға қарсы шықты. Дәулетке қарай

жіктеліп жатқан өзге үлгіні қазақ арасында да сіңірудің
жолына түсті. Бұны пайдаланған сыртқы озбырлық ең
әуелі дербесшілердің көзін аластады. Сосын күні кеше
құлақтарынан өздері сүйреп шығарған шала сауатты не­

месе сауатсыз шолақ белсенділерді енді өз соңдарына
салып, тапшылдарды да аластады. Оқығандардың бір-бі­
ріне қимағанының қызығын оқымаған шолақ белсенділер
көріп, шолақ ойлы қауым қалыптастырды. Әлге дейін бір-

Ә. Кекілбайұлы
бірімізді түтіп жейтіндей, саусағымызды кезеп, тілімізді
безеп сөйлесек, қыбымыздың көбірек қанып тұратыны –
сол жылдары жұққан саяси қышыма-қотырдың салқыны.

Сол аламан-асырдан аман қалған азғантай естиярла­
рымыз ұрлықтың малын қазанға салып отырғандай, дым­
дары ішінде күй кешті. Кейінгілерді де желкелерінен дем
алуға үйретті. Сталин өлген соң ғана «отыз жетіні» айтып

жылап-сықтай бастадық. Тоталитаризмнен аза бойымыз
қаза болғанымен, оның ар жағындағы социализм мен
коммунизм турасында жаман ойлауға дәтіміз бармады.
Бәрін де бұрмалаушылықтың салдары деп ұқтық. Дұрыс

генсек келсе, бәрі орынына келеді деп дәметтік. Ең бол­
маса, еврокоммунистер айтып жүргендей бірдеме орнар
деп, қартайған көсемдерді ақ жуып, арулап көметін күнді
күттік. Ол кезде жұрт түгел сауатты боп, өздерін түгел

білімдіміз деп есептейтін. Арыз-шағымдарын жұртқа
жаздырмақ түгілі жанға сездірмей, тура жоғарғы жаққа,
тіпті Кремльге өз қолдарынан аттандыратын. Жаппай сау­
аттылық жаппай қажеттілік болды. Жаппай зиялылыққа

жет­кізе алмаса да, жаппай баққұмарлықты өршіте алды.
Ол өз жағдайына жаппай канағаттанбаушылықты қоз­
дырды. Коммунистік билік те соның арқасында құлады.
Ал, қазақ қадірлейтін «зиялылық» атымен бұл емес-

ті. Ол тобырлық санадан жоғары тұрып, әлеуметтік
тіршіліктің қиыр-шиырын түгел шолып, ел шетіне тиер
жаудың, ел бетіне келер даудың алдын алып, ағайынның
аусарын абайға, ашулысын сабырға шақырып, ұйтқыны

бұздырмай, ұятты төккізбей, ең алдымен, ел мүддесін,
сол үшін де бірлікті ойлайтын рухани кемелділік еді
ғой. Әз Төле: «Бақырауық батырды екі долы қатынның
бірі табады, ел түзейтін ақылды естінің де ең кемелі та­

бады»,– демейтін бе еді? Абылай тұсындағы Бұқарекең
хан алдында халыққа жаны ашып, халық алдында ханға
жаны ашып сөйлемейтін бе еді? Өйткені жарқыраған туың
жығылған соң, бұрқыраған буыңның кімге қажеті бар?!

Ғасырлар тоғысында
Жерің отарға, елің боданға, естің малайға, есерің жендетке
айналып шыға келмей ме?!
Сондықтан, шын зиялы қауым тек азат елде қалып­

тасатынын ұмытпалық. Оқыған қауым бізде де бар. Зиялы
қауымымыз енді болады. Ол тек келешектің қамын бәрінен
жоғары қоятын, «өзім жетпегенге елім жетсе екен»,– деп
ойлайтын естияр ақылдан түзелсе құба-құп.

Баяғының ақсақалдары мәжіліс төбенің басына кім
көрінгенді жіберткізбейді екен. Етектегі найза ұстаған
жасауылға: «Бейтаныс біреу келе жатса, бас қондырысына
мықтап зер салыңдар!»– дейді екен. Естіге құлақ асқан ел

өсерін, есерге құлақ асқан ел өшерін жетік білген ата-баба
ақыл тізгініне мейлінше абай болуға тырысқан ғой.
Қазіргідей жаппай сөйлеп, жаппай қимылдап жатқан
кезде бізге де сол сарапшы сабыр керек сияқты. Жалпының

басына түсіп тұрған ортақ талқы жайындағы сөз ләміне
қарап-ақ, кімнің кім екендігін аңғара беруге болатын
сияқты. Қазіргідей талма тұста қоғамдық ахуал тізгінін өк­
пе-бопсаға да, ашу-ыза мен саруайымшылдыққа да, соны

мал­данып, абырой асырып қалғысы келетін ашық бақ­
құмарлыққа да ұстатуға болмайды. Көп білгенін істейді,
аз көргенін істейді деген. Айналаға сергек қарайтын,
өзіміздің де, өзгелеріміздің де өткені мен бүгінінен

дұрыс қортынды шығара алатын салихалы парасатқа
ғана жүгіне алсақ лазым. Сондықтан, әлі күнге жайдақ
бесікте, жарғақ жөргекте, жәйі болмай, тыпыршып жатқан
нәресте тәуелсіздігімізге бірден қарқ қыла салмадың деп,

жағалай тапсына бермей, жабыла іске жұмылып, жағалай
жанашырлық жасауға мұрындық бола білсек қана –
өткеннен тағлым, бүгіннен шүкіршілік, ертеңнен үміт таба
алатын шын зиялы қауым болғанымыз.

Ол үшін болып жатқан және болмай қоймайтын
өзгерістердің мәніне әуелі өзіміз жете түсініп, сосын
өзгелерге жете түсіндіргеніміз дұрыс. Ойсырай бермей,
ойланған жөн. Құдай зиялыларды сол үшін жаратқан.

Халық та соны дәметіп отыр.

Ә. Кекілбайұлы

– Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы

қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай экономикалық,
әлеуметтік, рухани немесе т. б. қоғамдық факторларды
атай аласыз?

– Жас нәрестеге қауіп қандай көп болса, жас мем­

лекетке де қауіп сондай көп. Тату-тәтті ата-ана жас
сәбиінің асты-үстіне қандай түссе, жас тәуелсіздіктің
жолында да жанды да, малды да қия алатын ауыз бірлік
керек. Сондықтан, басқа қауіптерден гөрі алауыздықтан

көбірек қауіптенемін. Ал, алауыздыққа қарсы қоя алатын
ең мықты қорғанымыз – өз болашағымызға деген нық
сеніміміз.
Осыған орай бір оқиға еске түседі. Сталин өлген

жыл. Ел түгел қайғырды. Тоқсандағы аяулы бір қария
кемсеңдеп жылап тұрып, он төрт жасар менен: «Балам-ау,
ендігі күніміз не болады?»,– деп сұрағаны естен кетпейді.
Сөйтсем, қара жерді қарс айыратын қайратына бола бүкіл

өлке аңыз қылған, бүкіл ауыл пана тұтқан жарықтық
Қосекең (қазіргі әнші Айгүл Қосанованың үлкен атасы)
өз күшінің, еңбекшілдігінің арқасында емес, Мәскеудегі
Сталиннің арқасында күн көріп жүрмін деп ойлайды екен.

Ол кезде жұрттың көбі солай ойлайтын еді. Ал, дәл сол
кеңес қоғамы сексенінші жылдары өз көсемдері бірінен
соң бірі дүние салғанда өйтіп күйзелген жоқ. Тоталитар­
лық сана сонда күйреген. «Ендігі күніміз не болады?»,–

деп сұраған ешкім болған жоқ. Өйткені, екі ортада жаңа
ұрпақ жетілді. Түгел сауаттандық. Білім өсті. Ақпарат
және қатынас дамып, әлемдік жаппай хабардарлық ахуал
орнады. Соның арқасында зиялы сана ресми идеология­

дан үстем түсе бастады. Ол тек, қазір кейбіреулер айтып
жүргендей, азғантай «диссиденттік әдебиеттің» арқасы
емес-ті.
Олардың кім екенін, еңбектерін қалың көпшілік біліп

жарымайтын. Демократия талқыға түсіп тұрған тұста өз
­ел­деріне оралмағандарына қарағанда, бұл ағымдағылар­

Ғасырлар тоғысында
дың көпшілігі отаншылықтан гөрі, жеке бас азаттығын
көбірек күйттеген сияқты. Бірақ, көзқарақты қоғам онсыз
да тарих сәтін түсіріп тұрған мүмкіндікті зая жіберуге

болмайтынын жете түсінді. Қайта құрудың қалай жүзеге
асатынын ешкім анық білмесе де, тоталитаризм тамырына
балта шабатынын ұғынып, бірден жаппай қостады.
Кеше Сталин өлген соң да күн көріп кете аларымызды

халық санасына дарыта алған зиялы күштер енді бүгін
отаршыл одақ құлағанымен, тәуелсіздік жағдайында да
ел болып кете алатындығымызға көпшілік көзін жеткізуге
міндетті. Ол – тақсіретті тарихымыз бен ұрпақтар келешегі

бірдей жүктеп отырған парыз.
Ол үшін, ең әуелі, оқығандарымыздың өздері осы
ғасырдың барлық дүрбелеңдерінің неден басталып, не­
мен тынғанын мықтап ескеріп, ауыз ірітетін айтақшыл

алаңғасар ұрандар мен құнарсыз құрғақ таластардан
бойларын дер кезінде аулақ сала білсе ғанибет. Ескі отар­
шылдықтан құтылғанымызбен, оған қайғыратындар да
бой көрсетіп тұрғанын жете ескере білсе ғанибет. Кешегі

қызыл империализм, кейбіреулер айтып жүргендей,
үн-түнсіз шегіне салған жоқ. Ол ешкімге тәуелсіздік
сыйлаған жоқ. Оның бейбіт бәсекеге шыдап бере
алмаған жеңілісін отаршылдықтағы халықтар өз пай­

дасына жарата алды. Осы ғасырда жаппай сауатсыздық
жағдайындағы алғашқы екі ұлт-азаттық қозғалысында
ұлттық элита шешуші қыз­мет атқарса, жаппай сауаттылық
жағдайындағы үшінші ұлт-азаттық қозғалысында бұқа­

ралық демократиялық күштер шешуші қызмет атқарды.
Кешегі кеңестік кеңістікте тоталитарлық идеология
ресми мансұқталғанмен, ол орнатқан экономикалық
қатынастар мен одақтық мемлекет жүйесін аңсаушылық

әлі бар. Қазіргі экономикаға ауадай қажет ықпалдастықты
пайдалана отырып кешегі империялық құрылымды, ең
болмаса, жарым-жартылай оралту пиғылы да байқалмай
қалып жүрген жоқ. Қажет десеңіз, Алматы, Тбилиси, Баку,

Ә. Кекілбайұлы
Рига, Сумгаит, Фергана, Ашхабад, Жаңа өзен оқиғалары
мен Карабах, Тәжікстан, Шешенстан соғыстары да сондай
ниетті көздеген арандатушылық саясаттан өрбіген-ді.

Қарымташылық күштері ол пиғылдан әлі де айныған жоқ.
Ұлтішілік, ұлтаралық, мемлекетаралық дау далабаларға
май құйып бағуға әлі де құштар. Ондай жымысқы сая­
си мақсаттарын әлеуметтік желеулермен көлегейлеуге

тырысады. Бұл ретте өтпелі кезеңдердің қиындықтарын,
реформаны жүргізудегі оғаштықтар мен сұғанақтықтар
төңірегіндегі реніштерді пайдаланып қалуға күш салады.
Оларға таптық сипат берушілікке тырысу да – кешегі

қызыл идеологияның салқыны. Бұндай жағдайда, бірлік,
ұстамдылық, орнықты ахуал жолында күресу – нағыз
отаншылдық пен халық қамын шындап ойлаудың бірден
бір үлгісі. Реформаны көп мүддесінен шығатындай,

ақылға сиымды қалыпқа келтіру үшін де ауызбірлік
пен тыныштық керек. Алауыздық жағдайында ешқашан
ештеңе түзеліп көрген емес.
Пәлен ғасыр отаршылдықта отырып тәуелсіздікке енді

қолы жетіп жатқан ел түгілі төрт қабырғасы түгел ірі
мемлекеттердің өздері реформаға көшкен кезде уақыт­
ша жүдеп-жадаушылықты бастан кешкен. Ондай тұста
сары уайым сапырушылыққа саналы түрде тойтарыс

бере алмаған қоғам өз дегеніне жете алмаған. «Ұлы дағ­
дарыстар» тұсындағы АҚШ-та Ф. Рузвельттің елді «апат­
тан ойсырағандық» ахуалдан «күш-жігер» ахуалына кө­
шіру үшін «жаңа бағыт» саясатын ұстағаны белгілі. Біздің

кезеңімізде дәл сондай бастаманы ТМД елдерінің ішінде
бірінші боп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көтеріп
отыр. Шынтуайтқа келгенде, «Қазақстан 2030» Стратегия­
сы да – дәл сондай жаңа бағыт идеологиясы. Ол да өндіріс,

ауылшарушылығын, қоғамдық жұмыстарды нарықтық
негізгі жандандыру арқылы жұмыссыздықты, орта және
шағын бизнесті дамыту арқылы қолдан жасалынған
монополизм мен алыпсатарлықты тежеуді, салық пен

Ғасырлар тоғысында
тәртіпті жетілдіру арқылы сыбайластық пен жемқорлықты
ауыздықтап, бюджет саясатын жетілдіруді, сол арқылы
елді әлеуметтік күйзелістен шығаруды көздейді. Бұндай

тұста біресе үкіметке, біресе зиялыларға, біресе ана
ұрпаққа, біресе мына ұрпаққа қаралай ұрыну жағдайды
шиеленістіре түспесе жақсартпайды. Үкімет дағдарыстан
шығар нақты экономикалық жолдар қарастыруы керек те,

қоғам қоқан-лоқыны қойып, еңбекке жұмылса лазым. Сон­
дай бағытты қолдайтын зиялы ой мен қоғамдық пікір ғана
халыққа жаны ашығандық болып шыға алады. Ал ондай
саналы бірлік пен сапалы еңбектен ауытқытуға тырысатын

іс-әрекеттің бәрінің мемлекеттілігіміздің орнығуы мен
нығаюына жаны ашымастық екендігін түсінетіндей кез
әлдеқашан жетті.
Осы жағдайды ескермей, өмірдегі санап тауса ал­

мас қиындықтарды көзінен тізіп, жігер жасытудың да,
бірінен соң бірін желеулетіп, ашу-араз қоздырудың
да зияннан басқа пайдасы жоқ. Тәй-тәй тәуелсіздіктің
қолтығынан демеудің орынына билікке таласатындардың

билігінен, білім таластыратындардың білімінен, байлық
таластыратындардың байлығынан не үміт, не қайыр...
Сондықтан бүгін әлеуметтік игілік пен әділет жол­
дындағы күресті, ең алдымен, тәуелсіздік мүдделеріне

бағындыра білу шарт.

– Еліміздің ертеңін ойлағанда Сізді ең алдымен

қандай мәслелелер толғандырады?

– Мені ең алдымен толғантатыны: ел болуымыз үшін,

әуелі үй бола білуіміз керектігін ескере бермейміз. Ел
қамын ойлауға жаппай құштармыз. Өз қамымызды
жөндеуге келгенде көбіміз құнтсызбыз. Қайсы бір жылы
ел аралағанымда қашаннан бері қараусыз қалып бара

жатқан қаран шаруашылықты, ортаның малын әбден
қолды боп кетпей тұрғанда, қайтып әділ бөлісіп алудың
орынына талқы шайдың үстінде айдаладағы Ельцин мен
Хасболатовтың қайсысының жөн екендігіне таласып,

Ә. Кекілбайұлы
қызыл кеңірдек болып жатқан, саясат соққан сайқымазақ
қауымның үстінен шығып ем. Кейін барсам, соқталдай-
соқталдай жігіт балаларымен төрт көздері түгел отырып,

ортадан тиген еншілері – азғантай жандықтарын түгел
ұрлатып, қораларын сипап қалып отырып, ұрының қалай
табылатынының жөнін сұраудың орнына микроэкономи­
ка мен макроэкономиканың айырмасын сұрап, басымды

қатырған бір сойдақ тіс құрдасыма ыза болғаным бар.
«Микроэкономика мен макроэкономиканы қайтесің, одан
да тал түсте қарадай тоналып отырған өзіңнің мәкіру
экономикаңа бас қатырсайшы»,– дегенімде, сабазың:

«Жәй, әншейін, біліп қояйын дегенім ғой»,– деп ырық-
ырық күлген. Одан гөрі әйелі есті екен: «Осылардың бәрі
шетінен саясатшы болып кетті: Бір мемлекетте бір-ақ
президент болатынын, бұларға бәрібір ештеңе тимейтінін,

одан да қатын-баламды қайтып асырайын деп, қабырға
қайыстырғандары жөн екенін құлақтарына мықтап құйып
кетші, құрдас»,– деп қалжыңдаған.
Сол құрбымның сөзінің жаны бар. Шетімізден саясат­

шы боп кеттік. Ол өзім саясатшы боп жүргесін, өзгелерге
іштарлық жасағаным емес. Өз басымыз саясатшы болмай
да көрдік, болып та көрдік, кетіп те көрдік, келіп те көр­
дік, – біраз өткелектен өттік. Ешкімге ештеңе мәңгілік жа­

бысып қалмағанына, бізден кейін де өсіп келе жатқан ұр­
пақ барына, зерделі жеткіншектер барына әбден қанықпыз.
Сондықтан, ендігі жерде ешкім саясатпен шұғылданбасын
демейміз. Тек саясатпен саясатшылар шұғылдансын,

қалғанымыз әуелі бала-шағамыздың қарынын тойғызып,
иінін жаңалап, күй түзеп, үй болып кетуді кешегіден де,
бүгінгіден де гөрі көбірек қамдастырып, уақыт пен күш-
жігердің көбін соған салыңқырайтын уақыт жетті-ау деп

ойлаймын. Әйтпесе, үйде таласып, көшеде дауласып
жүретін саяси жиын-той онсыз да жіңішке жүйкемізді
одан сайын жұқартып, күш-жігерді босқа сарп қылу
болып шығарын түсінетіндей кез келген сияқты. Күш

Ғасырлар тоғысында
көрсету де ұшпаққа шығарып жатқан жоқ. Күш көп болса,
әуелі ырысы мол, тұрмысы түзеу қара орын болып алуға
жұмсап, қалғанын ағайын-аумаққа, одан ауысқанын қалың

қоғамның қамына жұмсай алатындай, ешкімге күніңді
түсірмейтін еңбекке бағыштай білуге жаппай ыждаһат та­
нытатын кезіміз келген сияқты. Алар тәуелсіздікті алдық.
Енді оны одан әрі орнықтыру керек болып тұр. Ол әрбір

қазақ шаңырағының қара қазанының буына, қара орын
төрінің ажарына байланысты болып тұр. Сол екеуінің жәйі
түзелсе, елдің де жәйі түзеледі. Бір Құдайдан басқадан
ештеңе дәметпей, өз қара күштеріне сенген қара шалдар

бір мүшелдің ішінде әлденеше оралып тұратын жұттан,
бір ғасырда бірнеше рет қайталанған алапат соғыстан,
төңкеріс, өзгерістен, расын айтсақ, әлге дейін дұрыстап
бүйіріміз шығып көрмеген жоқ-жітіліктен – талай-талай

тауқыметті өткелектерден аман алып қала алып еді ғой. Ал
күні бүгіннің отағасылары туғандарымыздан қақшаңдап,
Құдайға емес, өзімізге сеніп өсіп едік қой. Баяғы қара шал­
дардай емес, шетімізден сауатты емес пе едік? Қаладағы

ғана емес, ауылдағы әр үйіміздің кебежелерінде қат-
қатымен сүрленін жатқан қатырма қағаздар қаншама? Бұл
дүниенің бізді қызықтырмайтын бір де бір мәселесі жоқ.
Басымыздағы баспанамыздың төбесі тозып тұрғанын елең

етпей, жер түбіндегі Вьетнам соғысына да біраз басымыз
ауырды ғой. Енді қалған әлемде ел болып кету үшін, үй
болып кету үшін не істелініп, не қойылып жатқандығына
да сондағыдай бір шұқшиып көрмейміз бе? Сонда әрбір

жеті мүшесі бүтін, ақыл-есі дұрыс адамдар үй болып кетуді
өз мойындарына алып, ел болып кетуді ғана мемлекетке
тапсыратынын аңғарар едік.
Егер осы ақиқатты да «жәй әншейін біліп қоймай», жан-

тәнімізбен жаппай мойындасақ, еңбектен басқаның бәрі
бекер екендігін ұғынып, ел ертеңі жолында да, өз ертеңіміз
жолында да күш-жігерімізді өз орнымен жұмсай білер ек.
Сонда, шын мәнінде де, әр қайсымыз өз орнымызда жүр­

ген болып шығар ек.

Ә. Кекілбайұлы

– Қазақ зиялыларының мүдде бірлігі әлсіздеу болып

көрінеді, мұның себебі неде деп ойлайсыз? Зиялы­
лар арасынан ұлтын менсінбейтіндер, әлдекімдердің
айтағымен көпке күл шашып ойнайтындар шығып
жүр. Олар туралы не айтар едіңіз?

– Иә, олардың көңілді қатты қалдырғаны рас. Бірақ,

қатты сөзге бармай-ақ қоялық. Бәрінен де, үш ғасыр
бойы ту сыртымыздан басқалар сұқаңдатып келген күйелі
көсеуді енді көстеңдетіп өздеріміз ала жүгіргеніміз жанға
батады. Талай жүректі жаралап, талай сүйекті сындырған

сол ұшалау-мүшелеу, сол жіліктеуді өз қолдарына алып,
қасапшы болғанда қай мүйізіміз қарағайдай бола­ды
деп ­ойлады екен сабаздарың?! Жә, арғы жағын қа­зып
қайтеміз?.. Олардың да көксегені – бұрыс пікірге апшы­

ғаннан бұзақы ауыздарға соқтығысып, «бірін-бірі қудалап
жатыр» деген бұралқы қаңқу тарату шығар.
Бұрыс пікірді дұрыс іспен жоққа шығаруға тырысқан
лазым. Бір біріміздің қайда туып, тіліміздің қалай шық­

қанымен емес, халықтың қамын қалай ойлайтынымызға
қарап бағалап үйренейік. Өз қағынан өздері жеріген
азғантай арзымсыздарға бола кешегі отаршылдықтың
талай ұрпақтың басына тағып кеткен кеселін көзге шұқи

бермейік. Өйтіп, өз бауырларымыздың көкіректерін
өздеріміз суытып қайтеміз. Аса нәзік мәселелерді аса сы­
пайы талқылаған жөн шығар. Қай тілде айтса да, «халқым»
деп жүрген қай бауырымызға да ықыласымыз ыстық,

жүрегіміз жұқа болғаны дұрыс қой.

– Коммунистік рухта тәрбиеленген қазақ зия­

лысы ұлттың ұяты, ақылы, рухани ұстазы бола
алатындығына сеніміңіз бар ма?

– Кеңестер Одағының құлағанына сегіз жыл енді тола­

ды екен. Тәуелсіздік тұсында туғандардың алды мектепке
биыл барады екен. Ал ол жылы партаға отырғандар әлі
мектеп бітіріп те үлгермепті. Сондықтан олар «ұлтының
ұяты, ары, рухани ұстазы» болуды әлі дәмете қойған жоқ

Ғасырлар тоғысында
шығар. Оқтын-оқтын қоғамдық пікірде бұндай пиғылдың
шетін шығарып қоятындар – сөз жоқ, қабырғасы әлдеқа­
шан қатайғандар. Демек, коммунистік рухтағы тәрбиеден

өз сыбағасын алып үлгергендер. Дәу де болса, олардың
да қалтасын тесіп бара жатқан Гарвард пен Оксфорд ди­
пломдары емес, өзіміздің Қазақстанның, асса Мәскеу мен
Ленинградтың мөрі басылған қатырма қағаздар болар.

Жарайды, бір кезде коммунистік тәрбие алдық екен
деп, бәріміз өз еркімізбен ғарыш ауып кете қоялық
дейік. Сонда мынау кеңбайтақ егеменді кеңістікті кімге
қалдырмақшымыз? Ертең өз қолдары өз ауыздары­

на жететін тәуелсіздік ұрпағы қандай мемлекетке ие
болмақшы?
Оның үстіне, қолдан келсе, «ұлттың ұяты, ары, ру­
хани ұстазы» болған әрине, дұрыс. Бірақ, міндет емес

қой. Міндет, ұлтына, қоғамына қалтқысыз қызмет ететін
ұятты, арлы, рухани өресі биік азамат болу ғой! Оған
ұмтылмайтын азамат бәрібір зиялы бола алмайды. Тек
алған білімі мен көрген тәрбиесінің төңірегінде қалып,

халқының қамына, елінің керегіне жарайтын жаңа білік,
жаңа тәжірибе, жаңа тәрбиеге ұмтылмаса, ондай зиялы
кеше емес, ертең туса да, ешкімді қарық қыла алмасы
хақ. Ал, әлгіндей өрелі биікке талпынып, күш-жігерін

елінің жолында жұмсап жүрген өнегелі азаматтар табы­
лып жатса, олардың қай жылы туып, қай мектепте тәрбие
алғандығында не тұр?
Тарихқа жүгінсек, өз халқын құлдықтан безіндіріп,

бостандыққа алып шығатын Мұса пайғамбар да бірден
ұшпақтан түсе қалған жоқ-ты. Талай жыл Мысыр бо­
дандығында жүрген-ді. Ғайса мен Мұхамбет те әуелден
христиан, мұсылман тәрбиесін алғандықтан жаңа дін

ойлап таппаған-ды. Локк, Монтескье, Джефферсон, Лин­
кольн, Мэдисондар да құрсақта жатып-ақ либералдық
партияның мүшелері болғандықтан демократия негіздерін
салысып, демократиялық мемлекет үшін күреспеген-ді.

Ә. Кекілбайұлы
Әлде қалған адамзаттың қолынан келген біздің аза­
маттардың қолынан келмейді деп жертабандап отырып
алу – біздің қазақтың маңдайына мәңгі-бақи жазылып

қойып па еді?..
Өтпелі заман өтпелі... Өтеді де кетеді... Ондай тұста
ілгері талпынғанның қолтығынан демеп, қол ұшын берудің
орынына, баяғы бабаларымыз айтқандай, өспес елдің ба­

ласы өнбес дауды қуадының кебін кимелік. Жөнді-жөнсіз
бір-біріне қол шошайта бергеннен де мүйіз шықпағанын
жоғарыда айттық. Сұғанақ саусақтар нұсқаған ғазиз ба­
старды әлеуметтік қызғаныштың қара балтасына қиғыза-

қиғыза, құркеуде қауым қалпына қайта-қайта түсіп, рухани
қанатсыздықтан әлі арыла алмай жатырмыз.
Енді-енді бас көтергендердің бірін анау, бірін мынау
деп, бастарын қосудың орынына шашып алсақ, құр­

кеуделікті қойып, құрбөксе боп қалып, өзге тақымдардың
ойыншығына айналып кетіп жүрмелік.
Онсыз да азғантай ауызды алалай түсетін арзымсыз
әңгімелердің жолын қырқу да – зиялылардың міндеті.

Түптеп келсек, әлеуметтік алауыздыққа әуестіктің
кез келген түрі, қандай ұранды желеулетпесін, мейлі,
әлеуметтік тайталасты Тәңір тұтатын коммунистік тәрбие
рухының салқыны.

Осы ғасыр басында: «Оян, қазақ!» – деп ұрандаған
ұрпақтан біреу-міреу дәл қазір тіріле қалып, бізді көрсе:
«Ойлан, қазақ, байқа, бауырым, абайла, ағайын!»–
демесіне кім кепіл...

Әңгімелескен Баққожа МҰҚАЙ,
«Парасат» журналының бас редакторы.
Шілде, 1998 жыл.

Ғасырлар тоғысында

БОТАСЫН САҒЫНҒАН

АРУАНАДАЙМЫН КЕЙДЕ МЕН

– Биылғы жыл Президент Жарлығымен халық

бірлігі және Ұлттық тарих жылы болып жарияланды.
Оның халқымыз үшін қандай пайдасы болды? Осы
жылды жалпы адамзаттық, ұлттық тұрғыдан келіп
қалай қорытындылауға болар еді?

– Өткен жылдың халық бірлігі және ұлттық тарих

жылы деп аталуы тегіннен-тегін емес. Қазақ тарихтың
әр кезеңінде мемлекет болған, бірақ ол кезеңдердің
қай-қайсысында да біз күллі адамзат білетін мемлекет
ретінде қалыптасып кете алған жоқпыз. Содан осы жолы

мықтап қорытынды шығарсақ екен. Тарихтың қандай
бір ащы шындығынан тағылым алмай тұрып, жаңа
сатыға көтерілу қиын. Біз қазір көп жағдайда озып келе
жатқан адамзаттың соңынан қуып келе жатқан қоғамбыз.

Осы ­жайды түсініп алмай тұрып, біз өзіміздің діттеген
жерімізден шыға алмаймыз. Сондықтан тәуелсіздік
алғанға дейін өзіміз туралы шындықты өзіміз айтып
көрген жоқпыз. Әлем бізді басқаның «шындығы» арқылы

білді. Өзіміз туралы шындықты айту үшін соны, ең ал­
дымен, өзіміз біліп алуымыз керек. Сол себепті жеке­
леген ғалымдар немесе ат төбеліндей ақылмандар емес,
бүткіл ұлт болып сөйлеуіміз керек болды. Осы үрдісті

мейлінше тезірек жүзеге асырсақ, қалған мақсатымыз да
тезірек жүзеге асатын болды. Өткен жылдың тарих жылы
аталуының себебі қысқаша қайырғанда, осылай.

– Алдағы жыл тағы да қандай атауымен ерекше­

ленеді. Жалпы әр жылға атау беру кешегі кеңес
кезіндегідей науқаншылдықты еске салмай ма?

Ә. Кекілбайұлы

– Жоқ, біз – науқаншылдықтан ғұмырымызға жетерлік

сабақ алған халықпыз. Дей тұрсақ та, бұл сөздің де жаны
бар. Алдымызға екі мақсат қойдық. Біріншіден, біз неге,
неден, не үшін бас тартуымыз керек дедік те, алдымен
саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудан бастадық.

Басымыздан өткен қиямет-қайым күндер көп. Бұл – кеше
бізге біреу зорлық жасаса, енді сондай сорақылыққа өзіміз
ұрынбасақ деп жасалынған мәселе. Екіншіден, біз қаласақ
та, қаламасақ та, көп құрамда өмір сүріп отырғаннан

кейін көпұлттылық жағдайын ескеріп, қоғамның ішінде
алауыздыққа жол бермеу жағдайын да қарастырдық. Бұл
мақсаттар алдағы уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Алдағы жылы да осы екі жылда қолға алынған міндеттерді

одан әрі жүзеге асыра береміз. Өйткені, бұл бірер жылмен
ғана шектеліп, айтылып қалатын мәселе емес.
Өткен тарих жаңамен бірге жаңғыруы тиіс. Мақсаты­
мыз – осы үлкен екі мәселеге күллі ұлттың назарын ау­

дару. Сол арқылы ұлттың алға қойып отырған өміршең
мақсатының тарихи заңдылығын тану. Бұл – ұрпақтан
ұрпаққа жалғаса беретін мақсаттар. Сондықтан ұрпақтар
жалғастығы арқылы қоғамдық бірлікті нығайту. Үй-ішілік,

ішкі қауымдастық татулығына да жеткілікті мән беру
көзделіп отыр. Оның түпкілікті кескіндемесін жылдағы
дәстүр бойынша Елбасы айтады.

– Өмірімізге тәуелсіздікпен қоса «өркениет», «жал­

пы адамзаттық құндылықтар» секілді көп терминдер
енді. Біз – өз тарихымызға, дәстүрімізге енді бұрылып
жатқан елміз. Әлгіндегі су жаңа терминдер, саяси
өмірдегі түрлі ағымдар ұлттық құндылықтарымызды

жағаға жаңқаша лақтырып кетпей ме?

– Белгілі бір мөлшерде сіздің қаупіңіз орынды. Бірақ

әр ұлттың міндеті – өзіндік өзгешелігі ауқымында қалып,
томаға-тұйықтыққа ұрыну емес, өз ерекшелігін сақтай
отырып, қалған адамзатпен бірге қарыштап алға басу.
Сондықтан біз де сол соңғы жолға түсу арқылы одан әрі

Ғасырлар тоғысында
өркен жая аламыз. Біздің осыған дейінгі ащы тәжірибеміз
де соны ұқтырады. Біз кешегі келеңсіздіктерімізден арт­қа
шегініп емес, алға ұмтылып қана арыла ала­­мыз. Бұл ретте

де қалған адамзаттың тәжірибесіне жү­гі­нуге мәжбүрміз.
Бүгін дәстүрлі ауқымда қалған дүние өркениет жо­
лына түскен дүниенің даму қарқынында жер мен көктей
алшақтық барын өз көзімізбен көріп отырмыз. Оның үстіне

әлемдік деңгейде жаңа ресурс бөлісу басталды. Оған
өркениетшіл елдер ғана төтеп бере алып жатыр.

– Ресей Думасында «монументальдық насихат»

тартысы бой көрсетіп қалады. Әңгіме тарихи ескерт­
кіштеріміз, жәдігерлеріміз, жер-су атаулары турасын­
да. Біздегі осы істің барысына көңіліңіз тола ма?
Меніңше, басқа-басқа Абылай ханның өзіне әлі

күнге дұрыс ескерткіш орнатқан жоқпыз. Ханға да,
батырға да орнатылған ескерткіштердің қай-қайсысы
да бір-бірінен аумайтын секілді.

– Бұл істе алға басушылық бар. Уақыт өткен сайын

біз бұдан үш-төрт жыл бұрынғы қызылкеңірдек болу­
ды қойдық. Жер-су атауларын өзгерту мәселесі бұдан
1–2 жыл бұрынғыдай өткір тұрған жоқ. Осы жақсы іске
бастау, бас-көз болатындар – жергілікті билік орында­

ры. Сол жергілікті орындарда осыған құлықты адамдар
отырған жоқ. Оның объективті де, субъективті де жағы
бар. Жергілікті жерлерде осы мәселенің мән-жайын
түсінбейтін, түсінгісі келмейтін қауымдар да болуы

мүмкін. Оны ескермей, белден бассақ, тағы болмайды.
Солай бола тұрса да, тып-тыныш қол қусырып қарап
отырып алушылықты құптай қою қиын. Десек те, көп
жерлерде күні кеше бүткіл адамзат мансұқтаған әлеуметтік

кекшілдікті, әлеуметтік қанішерлікті насихаттайтын
көпе-көрінеу идеологиялық солақайшылдық атаулардан
құтыла бастадық. Түгел құтылып болдық деп тағы да айта
алмаймыз. Бұл істе кейде, абайшылдықты, сақтықты әсіре

желеулетіп жүрген жағдайымыз да жоқ емес. Сол сияқты

Ә. Кекілбайұлы
уақытында, дер кезінде қабылдаған құжаттарды, дұрыс
шешімдерді орындауда экономикалық қиындықтарды
алға тартатын керенаулық әлі мықты. Кейде тіпті «бұл да

тарих емес пе» деп кергитіндер де кездесіп қалады. Иә,
тарих... Бірақ, тарихта мансұқталатын да, марапатталатын
да тұстар болады. Кешегі қиянат мансұқтайтын пиғылды
марапаттаудан орын алды. Соның ара-жігін айырып,

әділетті қалыпқа келтіретін кез енді келді. Соны бүгінгі
қауымға ұғындыруды да көп болып қолға алуымыз керек.
Ал Абылай ханға келетін болсақ, мұндай маңызды істе
өтпелі кезеңнің дүрбелеңін пайдаланып, дүмбілездікке

жол беруге тағы болмайды. Қазір сөз бостандығы деп
сананы улайтын, халықтың арасына іріткі салатын, іске
пайдасы тимейтін, жүргелі тұрған істі бөгейтін қыршаңқы
сөздер жиі айтылып қалады.

Сондықтан кейбір істерде де осындай дүмбілездіктер
болуы мүмкін. Сондай ұшқары ұғымдардың жетегінде
кете бермей, тарихи әділетті қалпына келтіруді асқан
байыпшылдықпен жүзеге асырғанымыз дұрыс. Әйтпесе,

асығып ескерткіш қоямыз деп, ашқан кезінде қуанып,
артынан ұялып қалып жатқан тұстарымыз аз ба? Ондай
сөлекеттік ең болмаса, Абылайдың, Абайдың тұсында
қайталанбауға тиіс. Қазір бұл мәселелер қаралып жатыр.

Бәйге жарияланды. Бәйге болған соң бәсеке болады.
Қазақстанның қай түпкірінде болмасын, тарихи тұлғаларға
өздеріне лайықты ескерткіш қойылуы керек.

– Қазақ зиялы қауымы қазіргі заманға лайықталған

зерде, парасат таныта алып отыр ма? Ұлттық интел­
лигенцияның ұлт үшін аса қажет мәселеде белсенділігі
қандай?

– Қазіргі зиялы қауым деп жүргеніміз – интеллигенция,

ой еңбегімен ғана айналысатындар. Оны елдің қамын
ойлайтын, қауым үшін жауап беретін қауым деп қа­
былдауымыз керек. Ұлттың мұраты мен зиялы қауымның
мұраты тамырласып, қабысып жатуы қажет. Қазақ ал­

Ғасырлар тоғысында
дында қағазы, қолында қаламы бар сауатты, көзі қарақты
халық. Бірақ, бәрі ой еңбегімен күн көрмейді. Оның ішінде
әлгіндей үлкен ұғымға жақындайтын азаматтар болуға

тиісті. Тек соларды ғана зиялы қауым ұлттық элита деп
санаған жөн сияқты. Ұлт тұтасымен сауатты, көзі қарақты
болуы мүмкін, алайда, тұтасымен элитаға айналып кетуі
мүмкін де емес. Біз алғашқы жылдарда бұрынғы кеңестік

кеңістіктегі ағымдар ауқымынан қара үзіп кете алмасақ,
кейінгі екі-үш жылда одан аздап арыла бастадық. Аттың
тізгінін дербес қолға алып, өз бетімізбен бағыт-бағдар
іздей бастадық. Өз элитамыз, өз зиялы қауымымыздың

негізі болмаса, олай ете алар ма едік. Бұл ретте зиялы
қауымның еңбегін мүлдем жоққа шығару қиянат. Кей­
де бізді әлі күнге тұман арасында адасып жүрген көзсіз
қауымға балай сөйлеу әдетке айналған. Тіпті тәуелсіздік

алғаннан соң алдағы таяу он жылдықтарда қандай деңгейге
көтерілуімізге қандай мүмкіндігіміз бар екендігін, ол
үшін не істеуіміз керек екендігін пайымдап көруге біздің
бірінші боп бел буғанымыз да назарға алынбайды. Күні

кеше біздегі кейбір ізденістерді бос әуре көріп, миығынан
күлгендердің өзі қазір сол біз бағыт алған сүрлеу-соқпаққа
қарай бет бұрып жатыр. Тіпті, Ресейдің Думасында комму­
нистер отыр дегенмен, олардың үкіметке келгенге дейінгі

және келгеннен кейінгі әңгімесінің арасындағы алшақтық,
абайшылдықтың өзі көп нәрсеге көз жеткізгендей ғой.
Бұл реттен келгенде зиялы қазақтардың барлығы бірдей
ұлтжанды, елжанды болмады деп күстаналай беру де

қисынсыз. Олай болу – бір күннің ісі емес. Олай болуға
бетбұрыстың өзі де көп нәрсе. Бұл арада да, жоқтан өзгеге
бола өз бауырыңа өзің тіл тигізіп, өзіңді-өзің жатырқап,
соның қырсығынан өз араңнан өзіңе қарсы шабатын күш,

жатбауыр жау тауып алсақ, үлкен қателік болар еді.
Жалпы мен, қалай болғанда да, қай мәселеге келгенде
де, бірліктің мүддесі бірінші орында тұруы керек деп
ойлаймын. Қазіргі ұлттық элитаның, зиялы қауымның

Ә. Кекілбайұлы
өнегесін көрсету, бірліктің үлкен тарихи маңызын, ма­ғы­
насын дәл осы қиын кезеңде халыққа әбден жет­кізу – ең
басты мұрат болса керек. Зиялылар біріксе қоғам зайыр­

лана түседі.

– Бұрын орысшыл едік, енді таза еуропалық

сипатқа еніп барамыз, дәстүрлі мәдениеттен, дағ­ды­дан,
қазақы қалпымыздан ажырап қалмаймыз ба деген бір
ұлтжанды әңгіме кейде көкей теседі.

– Мен дәстүрді сақтауды, қастерлеуді жақтаймын.

Ол үшін оны заман талабына сәйкестендіріп, жетілдіріп,
байытып отыруымыз керек. Ол, бірақ, өз дәстүріңмен
ғана болып, өзгелердің не істеп, не қойып жатқанымен
шаруаң болмасын деген сөз емес. Ол дәстүршілдік болар

еді. Ал егер біз өз халқымыздың дәстүрін бүгінгі дамуға
да, ертеңгі дамуға да уақытылы лайықтай алатын болсақ,
қазір бүкіл адамзатпен бірге қазақтың да мойнына түсіп
жатқан міндеттерге ыңғайлай алатын болсақ, сөйтіп, өз

тамырынан өрбіп жататын, осы топырақта өсіп-өнетін өз
өміршең бәйтерегімізді өсіріп алсақ, бұл өркениеттілік
деп түсіну керек.
Бүгінгі Батыстағы да, Шығыстағы да іргелі мемлекет­

тер өркениетке солай жетіскен. Өзінікін де, өзгенікін де
мансұқтамай, бүгін қатарға қосылу үшін, ертең ілгері озу
үшін не істеу керек болса, соның бәрінен де тартынбай
жетіскен. Сондықтан мен қазақтың дәстүршілдіктен гөрі

өркениетті дамуға бейім тұрғаны мақұл дейтін пікірімді
былай түсіндірер едім: қазақ осы күнгі ұланбайтақ ке­
ңістігіне бұдан былай да ие болып отыра алатындай, одан
шығатын бар байлықты игере алатындай, оны ұқсатып,

дүние жүзіне дұрыстап таратып, ұпайын жібермей, байып
алатындай, сол арқылы ұпайын жібермей, дами алатындай,
ешкімнен ұтылмайтындай, кез-келген базарда алданып
қалмайтындай, кез-келген дауда сөзден есесі кетіп қал­

майтындай, XVІІІ, XІX ғасырдағы немесе XX ғасырдың
80-ші жылдарына дейінгі қазақ ұлты емес, жаңа мента­

Ғасырлар тоғысында
литетке негізделген атымен жаңа биік рухани деңгейіне
көтерілген ұлт болғанын қалаймын. Солай болатынымызға
әбден сенемін, оған құдірет күшіміз жетеді.

– Ұлттық басылымдар туралы не айтасыз? Не жет­

пей жатыр деп ойлайсыз?

– Қазіргі жағдайды тек қана саяси күрестің за­

маны деп түсінбеу керек. 10–15 жылға созылған са­
яси күрестен кез-келген қоғамның титығы қалмаған.
Сондықтан біз саяси күрес құштарлығын саналы түрде
тежей білуіміз керек, оның орнына жаппай жасампаздыққа

жүгінетін ахуал жасауға талпынғанымыз жөн. Ондай
жағдайға тек ақылды болыңдар деген үгітпен қол жетпей­
ді. Ол үшін жай-жапсарды жан-жақты түсіндіретін, тал­
дау жасайтын, өзгелердің тәжірибесін өз тәжірибеңмен

салыстыра отырып, өз кемшілігіңе, жетістігіңе жіті
үңіле алатын үлкен байыптылық керек. Осы мәселеде
біз көп жағдайда ұпайымызды жіберіп жатамыз. Біздің
ол ақауымызды басқа мақсаттағы, көзқарастағы ақпарат

құралдары біржақты пайдаланып, барлық уақытта бәрін
билік жолындағы саяси күреске қарай бұрып әкетуге
ты­рысатыны байқалмай жүрген жағдай емес. Ол саяси
күрестің кімге қарсы, не үшін екенін біліп алмай, тек

әншейін даңғазаның ыңғайында кету опық жегізбей
қоймасы хақ. Егер ол біздің тәуелсіз дамуымызға күмән
келтірсе, сол жолдағы экономикалық және саяси рефор­
мамызды жоққа шығарса, оны демократия жолындағы

күрес деп түсіндіру қиын. Демократия адам бостандығы,
халықтар теңдігі, ұлттың тәуелсіздік мұраттарын жоққа
шығармайды. Қайта сол жолда күреседі. Оның гуманистік
сипаты сонда жатыр. Ал, әлгіндей бәрін жоққа шығаратын

саяси күресте қандай гуманизм болуы мүмкін. Гума­
низммен сыйыспайтын, жаңашылдықпен жанаспайтын
демократия кімге керек. Қазақ баспасөзі осы бағыттағы
байыпты ізденістерді жетілдіре беруі қажет-ақ.

Ә. Кекілбайұлы

– Қазақстанда шын мәніндегі демократия немесе

демократтар бар ма? Демократияны жайдақ мініп
жүрген жоқпыз ба?

– Міне, барлық гәп сонда жатыр. Кеше тоталитаризмнің

тозағында тұншығып, енді ес жиып жатқан қоғам
демократияға бір күнде жетісе қоймасы түсінікті. Солай
екен деп, бұл жолдағы жақсы талпыныстың бәрін тәлкек
етуге тырысу, істі кері кетірмесе, ілгері бастырмайды.

– Гельвеций деген кісі «Талантты наградтаумен

бірге оның басқан ізін аңду, ор қазу да басталады» де­
ген екен. Ащылау сөз, әрине. Кешегі қоғамда атақпен
ауырған едік. Сол әдет әлі де жалғасып келеді. Әрине,
еңбектің бағаланғаны дұрыс. Алайда, осы атақ

дегеніңіз талантты мезгілінен бұрын тежейтін тажал
емес пе. Қалай ойлайсыз?

– Әлгі сөзге көбірек ішім бұрады. Атаққа ілесе

шығатын шатақтардың аз емес екені рас, бірақ, солай
екен деп, жақсыны жақсы демей қою әділетке жата ма?
Жаманның бәрін жаман дей алмағанмен, ең болмаса,
жақсының бәрін жақсы деуге тырысайық та... Бірақ,

бәрінің де мөлшері болған дұрыс. «Мөлшерден аспаса
дәру, мөлшерден асса у» деген қағида атақ мәселесінде
де ұмыт қалмағаны дұрыс. Қысқасы, атаққа емес,
абыройға тырысу керек қой.

– Әбіш аға, қазақ той өткізуден кенде емес. Өз

жөнімен, орнымен өткен той туралы әңгіме басқа. Кей­
де ойшылдығымызды тойшылдығымыз басып кетіп
жататыны да рас. Бей-берекетсіз шашылу да байқалып
қалады. Бұл сауалдың сіздің жеке басыңызға қатысы

жоқ. Алайда, пендесіз ғой, айтыңызшы, алда өзіңіздің
алпыс жылдығыңыз да келе жатыр. Той туралы ойлап
көрдіңіз бе?

– Бұл жайды мықтап ойлаған емеспін. Өз басым

мерейтой түгілі, үйлену тойымды да өткізген емеспін.
Балалардың үйлену тойын өткіздім. Баланың қуанышы

Ғасырлар тоғысында
тойлануы тиіс деп есептеймін. Ал, әзірге өзімді-өзім
қызықтауға қатты құлық танытқан жерім жоқ сияқты.
Елу жылдығымды өткізбедім. Мемлекеттік сыйлық алған

адамның шығармасы кітап болып шығатын тәртіп бар
еді. Олай етпедім. Көп томдығымды шығарған жоқпын.
Қолы ұзындықтан, құрығы ұзындықтан абай болып, құлқы
түзулікке көбірек ұмтыламын. Ешкімге ешқашан мені

ұмытпа деп қолқа салып, мені ұмыттың деп бопса айтып
көрмеген секілдімін. Бұны мақтану үшін айтып отырған
жоқпын, сауалыңызға жауап деп есептеңіз. Барға қанағат,
шүкіршілік ету керек. Ал, енді алдағы алпыстың ойланды­

ратыны рас, бірақ оны қалай атап өту жөнінде бас қатыра
қойған жоқпын.

– Сіз ең алдымен халқыңыз әлдеқашан мойындаған

жазушысыз. Осынау үлкен қызметте жүріп, қалам
ұстауға уақыт табу мүмкін емес жағдай ғой. Жазу
үстелін бауыр етіңіз елжіреп сағынатын шығарсыз?

– Иә, жазушы деген де емізулі баласы бар анадай

ғой. Көңілімде ылғи алаң жүреді. Үйдегі жазу үстелімді
қатты сағынатын кездерім бар. Бірақ, дәл қазір көсіліп
салып әңгіме соғатын да, көсілтіп роман жазатын да
кез сияқты емес. Әуелі екіталай замананың орнығуына

атсалысқан дұрыс сияқты. Соның үстінде көргендеріңді
көңілге түйе бергенің дұрыс сияқты. Өйткені, мен –
негізінен, беллетристпін. Үлкен эпикалық жанрда еңбек
ету үшін, ең болмағанда, соны жазып жүрген шағыңда

өзің суреттеп отырған өмірдің аясынан шықпауың керек.
XV ғасырдағы патшаны жазып отырсаң, ойша соның
сарайының төңірегінде болуың қажет. Олай болмаған
күнде шығармаға өтірік кіріп кетеді. Ол үшін бүкіл

есіл-дертің өз шығармаңда болып, көңіл-күйің де әбден
орнықты болуы керек. Ал, қазір есі дұрыс беллетрист
дәл сондай жағасы жайлау ахуалда бола ала ма... Оның
үстіне бүгін таңда атқарып жүрген қызметім ондай

алаңдаушылықты көтермейді. Әуелі, тәуелсіз көшіміз

Ә. Кекілбайұлы
жөнге түссін... Сосын ол жайында көсіліп салып әңгіме
соғатын да, көсілтіп роман жазатын да кез келеді. Ал,
«Абылайханды» айтсам, ол – осы кездегі менің көңілімді

аунақшытып жүрген көптеген ойлар, бәлкім, халықтың
көңілінде де жүрген шығар дейтін аңғал түсінікпен жазы­
лып қалған шығарма. Керек десеңіз, ол қазіргі қызметімнің
белгілі бір мөлшерде көркем шығармаға айналған түрі

сықылды көрінеді. Бұл туындыны қолға алуыма себепші
болған композитор Е. Рахмадиев еді. Ол кісі болмаса,
бәлкім, дүниеге келмес пе еді.
Меніңше, адамның алдын-ала дайындап қойған ойы

болмайды. Ой шығарма жазып отырғанда өзі келеді.
Жазушы алысқа жайылып кеткен, қалаған өрісіне барып,
бауыры сыздап қайтқан аруана секілді деп есептеймін.
Әбден желісін сағынып, жер түбінен аңсап келгенде бо­

тасын көрсе, ағыл-тегіл иіп жөнеле бермей ме... Көптен
көңілінде жүрген болашақ туындысын ойша әбден иіне
келтірген жазушыға үстел басындағы еңбек онша қиынға
соқпайды деп білемін. Мен сарылып жазғанды емес,

сағынып жазғанды ұнатамын.

– Әлгінде ұрпақтар жалғастығы деп қалдыңыз.

Қазір өмірдің бар саласына жастар келіп жатыр. Олар
жоғары билік орнында да аз емес. Кейбіреулер кейде
соларға «тым жас емес пе» деп те қарайтын секілді.
Ал, біз керісінше, жастардан көп жаңалық күтетін

сияқтымыз.

– Нұрсұлтан Әбішұлының мынадай мазмұндағы бір

жақсы сөзі бар. «Президент болу үшін үш ұрпақтың (аға,
орта, кейінгі буын) не ойлап, не екшейтінін жақсы білу
керек. Сонда ғана Президент ақылды болады». Меніңше,
команда құрғанда да осы қағиданы ұстанатын сияқты.

Тәуелсіздік басталған тұста басшылық қызметте аға буын
басымырақ еді, қазір неге жас буын басым? Екі аралықта
талай нәрсе өзгерді. Қазір реформа атымен басқаша кезең­
ді бастан кешіп жатыр. Оған қойылар талап та өзгеше.

Ғасырлар тоғысында
Оған бұрынғы тәжірибе ауқымында жауап беру аздық ете­
ді. Жаңа шарттарға жауап беру үшін жаңаша әзірлік, жаңа
күш керек. Соңғысы егделерден гөрі жастардың бойында

көбірек. Сондықтан басшылық санаттағы арасалмақ та
түбегейлі өзгерді. Қазіргі лауазым – құрмет, дәреже емес,
аянбас еңбек, ауыр жұмыс. Ендеше, «жас келсе – іске»
деген емес пе?! Оның үстіне реформа – үздіксіз ізденіс.

Оған да жастар көбірек икемді. Сол себепті талантты,
табанды, жігерлі жастардың бұдан былай да билік басы­
нан көрінуіне таңданыс білдірудің қажеті жоқ. Ұрпақтар
жалғастығы деген осы.

– Ағайын-туғанмен араласуға уақыт табасыз ба?

Көмек сұрап, жағдай айтып келетін азаматтар да аз
емес болар. Қызмет болған соң қуаныш та, реніш те
болмай тұрмайды. Сондайда қандай күй кешесіз?

– Ағайын-туманың ортасынан бас тартып көрген

емеспін. Елге бармасам, ағайынды көрмесем, бас ауырып,
көңіл құлазитыны рас. Бірақ, мелмекеттік қызметшінің
жолы қыздың жолынан да жіңішке. Қазақтар бауырмал,
ағайыншыл халықпыз ғой. Бірақ, жүрегіміз қанша жұқа

болса, өкпеміз сонша ісіңкі болатыны да рас. Қолыңнан
келсе, қара басыңнан артылып, басқаларға да қарасқан
дұрыс. Бірақ, жалқыға қарасып, қанша адамды қарқ
қыласың. Жалпының мүддесін көбірек ойлаған лазым.

Құдай оңғарғанда мен шұғылданатын мәселелердің
көпшілігі көпке ортақ мәселелер. Бірдің көңілін табамын
деп, мыңның көңілін қалдырмау – әрдайым ойымда жүрер
қағида. Оны құптайтын ағайын мені де түсінетін шығар

деп ойлаймын.

– Таяуда Астанаға жолымыз түсті. Вокзалдан

көлікке алыстан жолаушылап келе жатқан бір кейуа­
намен бірге отырдық. Сондағы әлгі кісінің Астананың
көркіне риза болғаны сондай, «бұл байғұстың «қуа­
нышымды жасыра алмадым» деп жүргені осы екен

ғой» деп көңілі босағанын көрдім. Осы жай әлі күнге

Ә. Кекілбайұлы
есімнен кетпейді. Ойы құбылып тұратын пендеге әлгі
шешеміздің сөзі көп нәрсені ұқтырғандай еді.

– Ол кісінің босаған көңілін мен де түсінсем керек.

Барды, жақсылықты ешкім де жасыра алмайды. Осында
былтыр қаңтарда көшіп келдік. Беті жылтыраған екі-
үш үй бар еді. Бас-аяғы алты айдың ішінде тұсаукесер
жасадық. Сондай үлкен жігер, талап, тәуекелшілдік бол­

маса, мұндай дәрежеге жетпес едік. Астана – тәуелсіздік
жарияланғаннан кейін өзімізді мемлекет ретінде танып-
білуге жасалған екінші қадам болды. Жер бетінде Ва­
шингтон, Рим, Токио секілді жаңа саяси байтақ пайда

болды. Астана – нарық жағдайында да жаңа қала салуға
болатынына, ұлтты көркейтіп, өсіретіндігімізге, жер
бедерін өзгерте алатындығымызға, рухымызды асқақтата
алатындығымызға дәлел. Астана тек өзіне қызмет етіп

отыр деу қате. Астанаға инвестиция тарту арқылы
Қазақстанға инвестиция әкелуді жолға қойдық. Қаншама
адамға жұмыс табылды. Астананы көркейту арқылы шөл
даланы көркейтудің де жолдарын қарастыра бастадық.

Осы дәстүр басқа қалаларымыз бен облыстарда өзіндік
жалғасын табуы керек. Сонда Астанаға сұқтанғанды
қойып, мақтануға көшер едік.
Әңгімелескен Қали СӘРСЕНБАЙ,

«Жас Алаш» газеті редакторының бірінші орынбасары.
Желтоқсан. 1998 жыл.

Ғасырлар тоғысында

ТӘУЕЛСІЗДІК АЛДЫНДА

БӘРІМІЗ ҚАРЫЗДАРМЫЗ

– ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен

үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар
аударылып отыр. Осы жылдардың «Қоғамдық келісім
және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», «Ха­
лық бірлігі мен ұлттық тарих», «Ұрпақтар бірлігі мен

сабақтастығы» жылдары деп аталып, мемлекеттік мән
берілуінің астарында қандай маңыз бар?

– Бұл – тарихи дамуымыз талап етіп отырған жағдай.

Алғаш рет бұндай қадамдарымыздың нәтижесін баяндай
келіп, шешуші бетбұрыс кезеңі туғандығын атап көрсетті.
Ол бетбұрысқа тәуекел ету оңайға түскен жоқ. Бастапқы
кезеңде Қазақстандағы ахуал күллі кеңестік кеңістіктегі

ахуал аясында өрістеді. Одан басқаша болуы мүмкін
де емес еді. Оның әлі құқылық негізі жасалған жоқ-ты.
Социализмді жетілдіруді көздейтін қайта құру саясатының
ырқынан біржола арылып болмаған жылдарда тәуелсіздік

алып, зайырлы мемлекет, демократиялық қоғам, нарықты
экономика орнатуды жариялағанымызбен, соны жүзеге
асыратын заңдар шығарылып, жет­кі­лікті құқықтық
жүйе жасала қоймады. Саяси бостан­дық экономикалық

бостандықтан өрбитіні белгілі. Ол үшін алдымен эконо­
микалық қарым-қатынастарды реформалау керек еді.
Ол белгілі бір реттілікті, жүйелілікті, демек, біршама
уақытты талап ететін. Бұл бүкіл халықтық референдум

жолымен жаңа Конституция қабылдауға мәжбүр етті. Ол
бүкіл халық боп тікелей сайланған Елбасына реформаны

Ә. Кекілбайұлы
жүйелілікке көшіруге тиісті өкілеттілік пен жауапкершілік
артты. Экономикалық реформаны ойдағыдай өрістету
үшін елдің материалдық және моральдық ресурстарын

бірдей таразылау керек болды. «Қазақстан-2030» Страте­
гиясы содан туындады. Ол реформаның ұзақ мерзімді және
кезеңдік мақсаттарын нақтылады. Оларды іске асырудың
ең басты алғы шарттарының бірі ретінде – жаңа азаматтық

сәйкестілік пен қоғамдық менталитет жасақтаудың
маңыздылығы күшейді. Оны бұрынғы жылдардағыдай
жоғары жақтан өлшеп-пішілген идеологиялық док­
трина ұсыну жолымен емес, конституциялық деңгейде

заңдастырылған қағидаларды қалай жүзеге асыру
жолындағы азаматтық пен әлеуметтік топтар жаппай
атсалыса алатын бүкілхалықтық ізденістер арқылы
жасақтау тиімді деп табылды. Жұртшылықты бұндай

өрелі іске жұмылдырудың ықтимал сәті – 1997 жылы
1937 жылғы атақты сталиндік қанды қасапқа алпыс жыл
толатындығы деп ұйғарылды. Шынында да, ол дұрыс
боп шықты. Жұртшылық қызу қолдады. Қуғын-сүргін

шежіресі тоталитарлық үрдістің шын болмысының қандай
екендігіне халықтың көзін жеткізе түсті. Тәуелсіз демокра­
тияшыл даму үшін тоталитарлық үрдіспен қоса бодандық
психологиядан да тезірек құтылу керектігі әбден сезілген-

ді. Ол үшін отаршылдықтың қалай басталып, қайда
жеткізетінін білу керек-тұғын. Сондықтан да, кезектегі
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жа­
рияланды. Оның мақсаты – қазақ мемлекеттілігіміздің та­

рихи төркіндеріне, оның басынан өткен қилы кезеңдердің
объективті және субъективті себептеріне, сол арқылы
бүгінгі егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің тарихи-
құқтық негізділігіне әлеуметтің көзін жеткізу еді. Бұл

да түсіністікпен қабылданып, қолдау тапты. Аталмыш
екі жыл да – тәуелсіздіктің нығайып, реформаны өрге
бастырудың бірден-бір кепілі – қоғамдық келісім мен

Ғасырлар тоғысында
халық бірлігі екендігін дәлелдеді. Жаңа экономикалық
қарым-қатынастардың орнығуы кезінде орын алмай
қоймайтын әлеуметтік қиындықтар тұсында ұлттық

тұтастықты сақтау ұрпақтардың өзара ықпалдастығын
тиімді үйлестірудің атқарар маңызы зор. Осы тұрғыдан
үстіміздегі жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы»
жылы деп аталды. Елбасының бұл үш бастамасының

дүниеге келу себебі мен көздеген мақсаттары осындай.

– Тарих дегеніміз – ұлттық сана мен зерде. Ал сана

мен зерденің қайнары – ұлттық элита. Осы жылдарда,
жалпы тәуелсіздік жылдарында қазақ зиялыларының
саяси, рухани және қоғамдық қызметіне қандай құрмет
көрсете алдық?

– Зердені табиғат жаратып, тарих шыңдайды. Сана –

сол зерденің белсенді жұмысының нәтижесі. Ол тарихтан
өрбіп қана қоймай, оны өрістетеді де. Дамудың бұрынғы
кезеңдерінде бұндай мүмкіндікке екінің бірі ие бола
алмаған. Ондай мүмкіндікті саналы түрде тек санаулы

топтың ғана аясында шектеуге тырысқан. Ақсүйектер,
абыздар сынды әу бастан артықшылыққа ие топтар солай
пайда болған. Ұлттық элита деген – белгілі мөлшерде сол
құбылыстың қазіргі ұғымы. Біздер, басқасын қойғанда,

гуманистер ретінде аталмыш қасиеттердің тек белгілі-бір
топпен шектелуімен келісе алмаймыз. Онда мүмкіндікке
ие болатындардың аясы кеңейе түсетіні даусыз деп санай­
мыз. Азаматтардың қай-қайсысы да рухани және қоғамдық

қызметке еркін араласуға құқылы. Ал бүгінгі зиялы
қауым тарихи өткендегідей оқшаулануға, артықшылыққа
ұмтыла қоймасы белгілі. Қайта қоғамның гумандануына,
демократиялана түсуіне белсене атсалысуға тырысаты­

ны түсінікті. Оларға тиесілі жалғыз артықшылық – озат
көзқарасы мен бай біліміне лайық күллі ұлт пен қоғамның
тағдыры шешілетін ортақ іске көбірек жаны ашып, көбірек
жауапкершілік арқалау болмақшы. Оның үстіне, біздің

Ә. Кекілбайұлы
өз алдымызға түтін түтетер тәуел-сіздігіміздің шаңырағы
енді көтеріліп, уығы енді шаншылып жатыр. Кереге әлі
жалаңаш. Мұндай жағдайда қай-қайсымыздың да ортақ

үйіміздің тезірек іргесі бүтінделіп, үзігі ағаруы үшін
істейтін өз міндетіміз бен парызымызды түгендемесек,
сый-сияпат пен құрмет дәметуіміз орынсыз болар еді.
Ал, оның орнына оларды реформаның өрістеуіне белсене

қатыстыру, қазіргідей ауыспалы кезеңдегі процестерді
ғылыми сарапқа салуға атсалыстыру дейтін болсақ, ол
талап орынды. Бұл реттен келгенде, аталмыш үш жылды
өткізу гуманитарлық, қоғамдық ғылымдар саласының

біршама жандануына, олардың жаңа ұлттық, тарихи сана­
мыз бен дүниетанымымызды қалыптастыруға белсене ат­
салысуына белгілі мөлшерде оң ықпал етті деп ойлаймыз.

– Ұлттық тарих ұрпақтар сабақтастығын да, дәстүр

сабақтастығын да, қоғамдық ой мен тәуелсіздікке
талпыныстағы сабақтастықты да қамтиды. Соның
бәрі қазақ әлемінде бай ауыз әдебиетінде, тари­
хи шежірелерде, әр замандағы қайраткерлердің

қызметінде, жазба мәдениеті қалыптасқан кезеңдегі
күрескер ақын, ғалымдардың еңбегінде өрілген.
Сол мол қазынаны жинақтап, халыққа қайта ұсыну
бағытында қандай жұмыс жүргізілді?

– Көп іс тындырылды. Бұл салада баяғы қағаз-қаламнан

аулақ жатқан кезімізді былай қойғанда, жаппай сауатты
болған жетпіс жылымыздың ішінде тындырғанымыздан
кейінгі бес-он жыл ішінде тындырғанымыз әлдеқайда
көп екендігі көрініп тұр. Арғы-бергідегі тарихи тұлғаға

айналған қазақ зиялыларының атаусыз қалғаны жоқ.
Оған тек ақындар мен ғалымдарды ғана емес, ел бастаған
билікшілерді де, қол бастаған сардарларды да, сөз ұстаған
билер мен шешендерді де, өнері асқан дүлдүлдерді де

қосамыз. Ұрпақтардың бүгінгі жадында аты өшпей кел­
ген атақтылардың қай-қайсысы да, тіпті заңсыз ұмыт

Ғасырлар тоғысында
болғандардың да аруағы ұлықталды. Соның тұсында
әрқайсысы туралы айтылған, жазылған ауызша, жазбаша
деректер, шығармалар, зерттеулер, жаңа еңбектер көптеп

жарияланды. Қай-қайсысы туралы да кино, видео туын­
дылар, сахналық қойылымдар жарық көрді. Шежірелік
нұсқалар басылып, зерттеліп, сұрыпталып жатыр. Ғылыми
ізденістер өрістетіліп, археологиялық, археографиялық,

этнологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, ғылым
академиясының сессиясы, көптеген ғылыми-практикалық
конференциялар өткізілді. Аталмыш жылдарды өткізудің
бір мақсаты – халықтың тарихи санасын тереңдету,

жаңаша қалыптастыру болса, екінші жағынан осы
бағыттағы ғылыми, мәдени ізденістерге мемлекеттік тап­
сырыс ре­тінде басым мағына беріп, бұл саладағы ғылыми
зерттеулерді алдымен қаржыландыруға көмектесу болды.

– Биылғы жыл үлесінде «Қазақстан тарихы: зертте­

улер, құжаттар», «Қазақстан тарихы: әдеби хроника»,
«Қазақстан этностары» сериясымен кітаптар шығару,
6 томдық «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының»
алғашқы екі томын елдің игілігіне беру секілді аса

қажет әрі күрделі шаралар белгіленген. Бұл бағытта
бүгінде не тындырылды?

– Өткен жылы аталмыш сериялар бойынша тұтас

кітапханалар жарық көрді. Шығыс тарихы, түркі ха­
лықтары мен қазақ халқының өткені туралы арғы-бергі
білімпаздардың іргелі еңбектерін мүмкіндігімізше
қалдырмай басып шығаруға күш салдық. Ғылыми, та­

рихи зерттеу еңбектермен, деректемелермен қоса, сол
тақырыптағы көркем әдебиет туындыларын да қайталап
басып жатырмыз. Биыл сол іс жалғасады. Сіз атағандар –
өндірістегі кітаптар. Көп ұзамай жарық көреді. Бұның

сыртында Алаш орда, Бөкей хандығы, жер аудару
саясатының зардаптары, қазақ даласындағы көтерілістер
сынды, тиым салынып келген тақырыптардағы тарихи

Ә. Кекілбайұлы
деректердің жинақтамалары оқырмандар қолына тимек.
Биылғы жылдың тақырыбына сай жаңа ғылыми зерттеулер
жарияланбақ. Сол сияқты, ел тарихы тақырыбындағы жа­

рияланымдарды шет тілдерге аударып, шетел баспаларын­
да басып шығару да жоспарланып отыр. Тарих, ұрпақтар
сабақтастығы, жиырмасыншы ғасырдың та­рихы, өткен
мыңжылдық тарихы, олардың әдеби туын­дыларының

антологияларының, XX ғасыр, өткелі тұрған мыңжылдық
туралы энциклопедиялық сөздіктерді баспаға әзірлеу де
қолға алынуда. Осы орайдағы экрандық шығармалар да
тумақ.

Былтыр басталған іздестіру-зерттеу жұмысы биыл да
жалғасады. Олардың ішінде, Аңырақай шайқасына байла­
нысты тарихи орындарды зерттеу, Сарайшық қа­ласындағы
қазба жұмыстарын, археолог Кемал Ақы­шевтың Бұзықты

көлінің қасындағы XІІ ғасырда са­лынған ескілікті қала
мен басқа да Есіл бойы ескі­лік­теріне археологиялық
қазбаларын айрықша бөліп айтуға болады.
Биыл да ұрпақтар сабақтастығы, үшінші мыңжылдықты

қарсы алу жылы бағдарламаларының ауқымында бір­не­
шелеген ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілмекші.
Бұның бәрі ұрпақтар сабақтастығы жылы жаңа тарихи
сана қалыптастыру бағдарламаларын одан әрі өрістету

жылы болатындығын байқатса керек.

– «Өткен ғасырлардың, әсіресе қайшылыққа,

ұлт­жанды ардақтылардың күрескерлік рухының
қа­жыр-қайратына толы болған XX ғасырдың интел­
лектуалдық құндылықтарын терең пайымдау алдағы
дамуымыздың жалпы ұлттық қағидалары мен стра­

те­гиялық мақсаттарын белгілеуге көмектеседі» деген
екенсіз «Ұрпақтар ынтымағы – келешек кепілі» атты
ма­қалаңызда. Сіздің пайымдауыңызша, жалпы ұлт­
тық қағидалар мен стратегиялық мақсаттарымыз

қандай болмақ?

Ғасырлар тоғысында

– Біздің стратегиялық мақсаттарымыз әлеуметтік

даму логикасынан өрбиді. Алғашқы қауымдардың
тіршілік айыру үрдістері негізінен бір ыңғайлас болды.
Бірақ, ол адамзат қоныстанатын ойкуменаның кеңейе
түсуіне байланысты әр алуандана бастады. Кейін олардың

ішіндегі үстемдікке жеткізген үлгілерін басқаларға күштеп
тағу дағдыға айналды. Әлемдік империялар солай пайда
болды. Бірақ, әлемдік кеңістіктің тұтас игерілуіне байла­
нысты тіршілік айыру үрдістері де қайтадан жалпыға бір­

дей ортақ стандарттарға көше бастады. Ол халықтар­дың
әлемдік еңбек бөлісуге зорлық-зомбылықсыз да атсалы­
суына жағдай туғызды. Оған өз жетімсіздігін өзгелерге
тізе батыру арқылы қамтамасыз ететін империялық мем­

лекеттерден гөрі әлгіндей зәруге өзгелермен бейбіт те әділ
ықпалдасу арқылы табуға мүдделі дербес мемлекеттердің
көбейе түскені қолайлырақ еді. Сөйтіп, бұрынғы қос
кіндікті дүние күйреді. Енді ол осы заманғы прогресте

көрер көзге басымдық көрсеткен қағидалардың ықпал ету
аясын бейбіт кеңейту арнасында өрби ме, жоқ, жаңа көп
кіндікті дүние үлгісінде өрби ме – ол әлі белгісіз. Бірақ,
бұрынғы күштеп ықпал жүргізу бағытының күні өткені,

өз еркімен ықпалдасу бағытына мүдделілер көбейіп келе
жатқаны айдан аян. Империялар күйреуде. Дербестікке
ұмтылу күшеюде. Дербестік деген томаға-тұйықтық емес.
Әлемдік дамудың талабына сай әлемдік экономикалық

еңбек бөлісуге өз бетіңмен дербес партнер ретінде тікелей
атсалысуға ұмтылу деген сөз. Олай болса, тұрмыста
тұтыныстың ортақ стандартына бейімделдің екен, соны
өндіру мен таратудың да ортақ технологиясына дәл со­

лай бейімделуге мәжбүрсің. Ол сондай технологияны
тиімді пайдалануға ыңғайлы экономикалық қарым-қаты-
настарға көшуге мәжбүр етеді. Ал, оның өзіне оңтайлы
саяси қатынастар үлгісін таңдап, соған лайық билік жүйесі

мен қоғамдық қатынастар жүйесін қамтамасыз етуді та­

Ә. Кекілбайұлы
лап етері хақ. Қысқасы, адамзаттың өз мүддесін ақтау
жолындағы көп ғасырлық күресінде басым қолайлылық
танытқан тиімді үрдіске көшу – тарихтың бұған дейінгі

де, бұдан кейінгі де негізгі арнасы болары сөзсіз. Бүгін
таңда халықтардың тіршілік ету үрдістері өте шұғыл
жақындасып келеді, соған лайық экономикалық, саяси,
әлеуметтік қатынастары да бір-біріне ұқсас бола түсетіні

көрініп-ақ тұр. Оның үстіне, бүгін таңда барлық жағынан
өзін-өзі қамтамасыз ете алатын ешбір ел жоқ. Өзін-өзі
қамтамасыз ету үшін өзгелермен ықпалдасуға мәжбүр.
Ал, бұл қай жағынан да ешкімге есе жібермеуді талап

етеді. ­Ондай жан-жақты бәсекеге төтеп бере алатын
жаңа ұлт, жаңа қоғамды жасақтау міндеті де осыдан
өрбиді. Ондай міндет қазіргі ұрпақтардың күш-жігерімен,
ынта-ықыласымен жүзеге асады. Саналы түрде өзін-езі

ұмтылдыра білуі арқылы ғана жүзеге асады. Бұған ең
мүдделі, ең ыңғайлы күш – сол жаңа дәуірде өмір сүретін
жас ұрпақ. Ал, көзі тірі баба ұрпақ та, аға ұрпақ та өз
жеткіншектерінің ертең жер соғып қалмауына олардан

кем мүдделі болмауға тиісті. Осындай табиғи заңдылық
ұрпақтар ынтымағы мен ықпалдастығына өзек бола ала­
ды. Аталмыш тезис осындай ұғымнан өрбіген. Тұқырта
тұжырымдар болсақ, егер біздің халқымыз, қазақ ұлты

жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдықта да бар болып, көгеріп-
көктегісі келсе, сол тұстағы емін-еркін бәсекеге төтеп
бере алардай ұрпақ дайындауы керек. Оған қазіргі көзі
тірі буындардың бәрі де мүдделі болуы керек. Ең басты

стратегиялық мақсатты атап айту керек болса, ол – осы.
Бүгін таңда экономикалық басымдыққа ие болып
отырған нарықтық қатынас. Сол қалыптастырып отырған
технотрондық цивилизация. Оның әлемдік үстемдікке

ұмтылып отырғаны, оны мүмкін болғанынша, бейбіт
жолмен жүзеге асырғысы келіп отырғандығы белгілі жәйт.
Ендеше, сол әлемдік кеңістіктің қақ төрінде ресурсқа

Ғасырлар тоғысында
аса бай өлкеге ие болып отырған Қазақстанның мұндай
ұмтылыстан қағыс қала алмайтыны түсінікті нәрсе. Енде­
ше, қапы қалуға болмайды. Ертең немесе бүрсігүні бізге

де етек жаятын ашық бәсекеге алдын-ала икемделіп, өз
қабілетіңді өзің қапысыз шыңдай білуге күш салумыз
керек. Бізге басқа мүмкіндік берілмеген.

– Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылының

өз идеологиясы болуы заңды. Бұл жылда біз қандай
қоғамдық, әлеуметтік және рухани игіліктерді ерекше
қадыр тұтуға тиіспіз?

– Ол идеологияны белгілі мөлшерде айтып та үлгердік

қой деймін. Биылғы шаралардың тек қазіргі ұрпақтар
ынтымағымен шектелмей, тарих қойнауына да бойлап,
көзі жоғалып кеткен ұрпақтармен сабақтастығымызды да
қамтуының мәні бар. Өйткені, бүгінгі біз шешкелі отырған

тәуелсіздікті нығайту – бәрінің көксеген, бірақ қолдары
жете алмай кеткен мәселесі. Соны іс қылып шығару –
бүгінгі көзі тірі ұрпақтың парызы. Ол парыз оңай парыз
емес. Еркіндік пен бостандық тұсындағы қарым-қатынаста

тек ешкімге есесін жібермейтіндер ғана шынайы теңдікке
ие бола алады. Ендігі жерде ешкімге ешкім қамқор да,
пана да, желеуші де, жебеуші де бола алмайды. Мемле­
кетке де ондай өкілет пен құқ берілмейді. Басын ашып

алатын мәселе, бодандық дегеніміз – обал-сауабыңды
біреуге артып, Құдайдың салғанына көніп бағу. Бостандық
дегеніміз – өз тағдырыңның жауапкершілігін өз мойныңа
алып, өз қамыңды өзің қамдау. Ендеше, келешекке деген

сенім – тек ұрпаққа деген сенім ғана. Құдайға шүкір, қазір
әр шаңырағымызда осы ғасырдың өткен-кеткенін бастан-
аяқ таразылай алатындай үш немесе төрт буынның өкілі
отыр. Егер сол буындар өз әулеті мен өз шаңырағының

келесі ғасыр мен мыңжылдықта да өсіп-өркендегенін
көксесе, алдымен өз ауызбірлігін нығайтсын. Сол арқылы
қазір әбден қинап тұрған уақытша қиындықтан аман-есен

Ә. Кекілбайұлы
шығуға қам жасасын. Ол шаңырақтың өткен ғасырлардың
жақсы тәжірибесінен де, жаман тәжірибесінен де пайдалы
тағылым алуына, келешекті пайымдауына күллі қоғам

боп болысу үшін де дербес бір жыл ұлттық тарихқа не­
месе ұрпақтар сабақтастығына еншіленіп отыр. Бүгін
таңда отбасындағы ынтымақ мен мейірбандылық ұлттық
дәрежедегі маңызға ие болып отыр.

Біз үшін ең басты игілік – бірлік.
Баланың ата-анаға деген ізеті мен жанашырлығына,
ата-ананың баласына деген тәрбиесі мен қамқорлығына
негізделген жанұядағы бірлік.

Өзгенің мүддесіне құрметпен қарау арқылы өз мүд­де­
сіне жол ашатын әлеуметтік әріптестік пен ықпалдастыққа
негізделген қоғамдағы бірлік.
Соған негізделген азаматтық келісім мен халықтар

достығы.
Міне, ең басты қоғамдық, әлеуметтік және руха­
ни құндылық осы. Ол бар жерде басқа игіліктерге
ұмтылыстың да жолы ашылады деп білеміз.

– Біз сөз етіп отырған үш жылдың мәніне байла­

нысты жазылған мақалаларыңызда «рухани са­мар­
қаулық пен әлеуметтік іштарлық», «саяси нигилизм
мен әлеуметтік бойкүйездік», «ескі отар­шылдықтың
сарқыншақтары мен жаңа отаршылдық сұғанақтық»

туралы ой бой көтеріп жатады. Бұл пайымдарға назар
аудара беруіңіздің себебі неде?

– Өйткені, қазіргідей өтпелі кезеңді адамзат әл­

денеше рет бастан кешкен. Соның бәрінің тұсында
да әлгіндей сырқаулар бой көрсеткен. Қай қоғам да
әуелі соларды жеңу арқылы өз дегеніне жеткен. Біздің
санамыздағы рухани самарқаулық пен әлеуметтік

бойкүйездікті тоталитарлық үрдіс пен бөліспелі экономика
қалыптастырды. Әлеуметтік іштарлық та содан туында­
ды. Өктем билік тұсында өтірік өліп жатқан әлеуметтік

Ғасырлар тоғысында
іштарлық демократиялық үрдіске көше бастаған кез­
де алдымен жанданады. Демократиялық қатынастар
мәдениетінің әлі толық қалыптасып болмағандығын

пайдаланып, әлеуметтік белсенділіктің бірден-бір түрі
ретінде бой көрсетуге тырысып бағуы да ғажап емес.
Оның қазір екі түрі бой көрсетіп отыр. Біреуі – өзімде
болған өзгеде болмасын деген әлеуметтік тойымсыздық.

Екіншісі – өзімде жоқ нәрсе өзгеде де болмасын деген
әлеуметтік көре алмаушылық. Біріншісі оңай жерден
пайдаға қарқ болуға немесе оңай жерден абырой жи­
нап, мансап табуға ұмтылатын әлеуметтік сұғанақтыққа

ұрындырса, екіншісі ештеңенің байыбына бармай, құр
босқа дүрлігетін әлеуметтік күйгелектікке немесе қарап
жатып бәрінен қаралай баз кешетін саяси нигилизмге
ұрындырады. Бұл сырқау азаматтардың қай тобынан да,

соның ішінде билік өкілдерінен де кездесуі әбден мүмкін.
Ал, ескі отаршылдықтың сарқыншақтығына келетін
болсақ, империяшылдық дерті әлі аласталып болған
жоқ. Ол сәл мүмкіндікті пайдаланып, кеткен қапысын

қайтарып алуға тырысатыны кездеспей жүрген жәйт емес.
Оның үстіне, отаршылдық идеология кезекті империяның
құлауымен біржолата өшіп кетпеді. Ол жаңа айдар
тағып, жаңа тәсіл тауып, жаңа әрекеттерге көшуі ғажап

емес. Тіпті басқа тараптан бой көрсетуі де мүмкін. Ұлт-
азаттық қозғалысы тарихында отаршылдықтың сондай
құбылыстарынан, жа­ңа отаршылдықтан зардап шегу аз
ұшыраспаған. Ол алдымен ұлттық тұтастыққа, қоғамдық

бірлікке іріткі салудан басталады. Ол жолда әлеуметтік
іштарлық, әлеуметтік нигилизм, әлеуметтік сұғанақтық
факторларына бірінші кезекте иек артатыны белгілі. Сол
арқылы тек әлеуметтік топтарды ғана емес, ұрпақтарды да

бір-біріне айдап салудан тайынбайды. Геосаяси өрістің ең
шетін бөлігіне жайғасып, әр алуан мүдделердің айқұшақ
тоғысып жатқан нағыз жел өтінде орналасқан бізге бұны
бір сәт те естен шығаруға болмайды.

Ә. Кекілбайұлы

– Биылғы жыл міндеттерінің ішінде нарық өзге­

рістері мен қоғамдағы демократиялық процестерді
тереңдетудің әлеуметтік негізін қалау идеясы ерекше
назар аударып тұр. Біз өмір сүріп, керегесін керіп
жатқан қоғамның уығы берік болуы осы мұрат-

мүдденің көсегесі көгеруіне тығыз байланысты. Соған
орай аталған ойға нақты тоқталып өтсеңіз.

– Бұл ойдың нақты мазмұнын Елбасымыз өткен

күздегі халыққа жолдауында және жуықтағы Парла­
ментте сөйлеген сөзінде ашып айтты. Бізге демократия
мен нарықтан кейін шегінерге жол жоқ. Оның керегі
де жоқ. Нарық азаматтарға экономикалық бостандық

береді. Ол бостандық әркімге қалаған кәсібімен айна­
лысып, өз тұрмысын өзі түзеуге, тіпті дәулет жинап,
баюына да мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, экономикалық
кіріптарлықтан құтылған сана саяси кіріптарлыққа бәрібір

көнбейді. Демократия солай өрістейді. Ондай демокра­
тия бір күнде қалыптаспайды. Ондай асығыстық балаң
тәуелсіздік пен әлі тереңдей қоймаған демократияға пайда
емес, зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан да, саяси реформа­

ны да, экономикалық реформаны да өзектес, ырғақтас
жүргізуіміз керек. Ол үшін ең алдымен тәуелсіздікке бекем
болмақ керек. Ал тәуелсіздіктің де бірден-бір кепілі –
басталған реформаны көздеген нысанасына жеткізе білу.

Ендеше, мұндай ұзақ мерзімді эволюциялық процестің
көздеген мақсатқа жетуінің негізгі әлеуметтік кепілі де –
жас ұрпақ. Реформа да жас ұрпақтың жасампаздығын
күшейту арқылы жеделдейді. Егер біз еңбек жасындағы

әрбір жасты нарыққа баулып, жұмыспен қамтамасыз ете
алсақ, онда аға ұрпаққа қамқорлықты да қамтамасыз ете
алар едік. Тек әр жанұяның ғана емес, күллі қоғамымыз­
дың әлеуметтік зәрулігін жедел қанағаттандыруға жетісер

едік. Біз үшін жастар мәселесін жұмыссыздықты жою
мәселесімен өзектес қарастырған тиімді.

Ғасырлар тоғысында

– «Жаңа саяси, этникалық, кәсіпкерлік іс-әре­

кет мәдениетін қалыптастыру» деген тұжырым да
биылғы жылдың еншісіне тиіп отыр. Бұл да қо­
ғам­дық ойтанудағы жаңа ұғым. Әңгіме үстінде осы
тұжырымның да өрімін тарата кетсеңіз.

– Бұл да әлгі мәселеден өрбиді. Біз үшін саяси

мәдениет – ең алдымен демократиялық қарым-қатынас
мәдениетіне жетілу. Азамат пен қоғам, қоғам мен мем­
лекет арасындағы міндет бөлісу мен өзара ықпалдас-
тықтың кемелділігіне жетісу. Бізде заң бар. Бірақ, заң

орындалмайды деген ренішті жиі естиміз. Оның себебі –
заңды орындайтын тетіктер жасалмаған деген жаттанды
ұғым тағы бар. Ең басты кінәрат – бар заңды білмейтініміз
және оған жүгінбейтініміз. Әлі де болса сотқа түсетін

шағымдардан ұлықтарға түсетін шағым көп. Лобби со­
дан өрбиді, тамыр-таныстық, коррупция, парақорлық
содан өрбиді. Мемлекетке ісің аз түспей тұрып, әлгіндей
індеттерден тез құтыла алмайсың. Бұны атымен ұмытып,

барлық мәселені де тек мемлекет арқылы шешкіміз келеді.
Өз бала-шағаңа көруге болмайтын ұят фильмді қарауға
ата-ана ретінде өзіміз тиым салудың орнына өкімет
арқылы тиым салдырғымыз келеді. Өз перзентіңді өз

дініңді ұстануға, өз тіліңді үйренуге баулудың орнына,
оған тағы да өкіметтің араласқанын қалаймыз. Сөйтіп
отырып, төрешілдікті азайтып, бостандықты көбейткіміз
келеді. Өзімізге берілген құқ пен бостандықты пайдалану

үшін де мемлекеттен көмек күтеміз. Шындап келгенде,
нағыз әлеуметтік бойкүйездік деген осы.
Этникалық мәдениетке келсек, бір кезде бір өзіміз
дербес отырған кеңістікте қазір әр түрлі ұлт өкілдері боп

аралас отырмыз. Ол – тұсында озбырлық саясат жүзеге
асырған шаруа. Ал қазір – бәрібір есептеспеуге болмай­
тын тарихи қалыптасқан жағдай. Этникалық тазалауға
ешкімге жол берілмейтінін, одан қандай қатерлі қауіптер

Ә. Кекілбайұлы
туындайтындығы Балқандағы ахуалдан айқын көрініп
тұр. Мұндай жағдайда өзіңнің этникалық дамуыңды
қамтамасыз етуді саясаттандыра бергеннен опық же­

ме­сең, опа таппайтының белгілі. Сондықтан да, ұлттық
болмыстың мұндай нәзік мәселелерін шешуде әркімнің
жеке ар-ұжданына, азаматтық санасына жүктелер міндет
пен жауапкершілік күннен күнге көбейе түспекші. Соны

ескеріп, жағдайға лайық этникалық және этносаралық
қатынастарға жетілу де әркімнің ішкі мәдениетінің, кісілік
мәдениетінің ең басты парызына арналып отыр. Әрине,
бұл мәселелерде де мемлекет өзіне тиесілі міндеттерін өзі

атқарып шығады. Бірақ, бұл істе азаматтар мен азаматтық
институттардың мойнындағы парыз мемлекеттің мойы­
нындағы парыздан бір де кем емес екені тағы анық.
Кәсіпкерлік мәдениетінің жетіспеуі қазіргі эконо­

микалық мұқтаждыққа ұрынуымызға аз себепші болып
отырған жоқ. Қанша мал жиям десең де, қанша жерге егін
салам десең де, қандай шаруамен шұғылданам десең де
ерік берген заманда бір шаңырақта бес-алты еңбекке жа­

рамды адам отырып, күнкөріс айыра алмайтындығы­мыз –
сол кәсіпкерлік мәдениетіміздің қораштығының көрінісі.
Біз өзімізді аясақ, бір-бірімізді аясақ, жалпы халқымызды
шыннан аясақ, осы ащы шындықтың бетіне қаймықпай

қарап, тиісті қорытынды шығара білетін уақыт келді.
Ауылдың, әлеуметтік саланың, мәдениеттің, ғылымның,
білім берудің, денсаулық қорғаудың қиындыққа ұшырап,
оралмандардың өз отандарынан әлі ойып орын алып

жайғаса алмай жатқандығы, тіпті тіл екеш тіліміздің өзі
баяғы бүгежек халден арыла алмай отырғандығы – бәрі
рас. Бүгінгі әлеуметтік ахуалдың ең басты дерті екендігі
де рас. Бірақ, бұл сырқаулардың қай-қайсысының да

еңбектен басқа емі жоқ екендігі тағы рас. Ол сауығу үшін
экономика сауығу керек. Оған алдымен жауап беретін,
әрине, үкімет. Үкіметтің табылған табыстан тиісті

Ғасырлар тоғысында
салық алудың тиімді жолдарын қарастырғаны әбден
дұрыс. Бірақ, сол табысты көбейтетін жұмыс орындарын
көбейтіп, өндірісті тірілтуді тезірек қолға алғаны тіптен

дұрыс болатындығы тіптен рас. Бірақ, экономиканың
қалай жанданып, қалай түзеліп жатқандығын тек тұрып
қалған зауыттардың түтіні қайтадан будақтай бастағанына
қарап емес, өз үй, өз ауламызда қандай қарекет жасалып

жатқандығына қарап та бағалағанымыз жөн болар еді.
Қорадағы малымыз уақытылы өрді ме, уақытылы аман-
түгел өрістен қайтып келді ме? Ауладағы бақшалығымыз
суарылды ма? Ұлымыз қолына күрек алды ма? Қызымыз

саусағына оймақ киді ме? Бұны күйттейтін жастар қайда?
Оған баулитын отағасы мен отанасы қайда? Қазақ әкесі
отырып, ұлы шаруа күйттемегенін, шешесі отырып, қызы
іс білмегенін қашан ұят санамап еді? Өз күн көрісіңді өзің

айыру – қашан айып болып еді? «Еңбек етсең ерінбей, то­
яды қарның тіленбей»,– дегенді айтқан Адам Смит пе еді?
Одан әлденеше ғасыр бұрын біздің сауатсыз қара шалдар
айтып қоймап па еді? «Базар, базар» деп құрық көрмеген

құлындай қорқасоқтай береміз. «Базары жақынның
бақырашы оттан түспес», «есепті дос кетіспес», «сауда
сақал сипағанша», «базарда түйенің нарқы өсті десе,
ауылдағы қотыр тайлақ құйрығын көтереді», «жаудан

олжа, даудан ақы, аңнан сауға сұрағанша, базарға барып,
бақыр жина», тіпті «базарға бар да бағыңды сына»,– деп
жүрген де солар емес пе еді? Нарық деген миымызға
сіңбейтіні рас болса, баяғыдағы бабалар бұның бәрін

қайдан біліп жүр? Әлде дәулет жиюды ата-бабамыз айып
санап па еді? Онда «мың сіз-бізден бір шыж-быж», «құрғақ
қасық ауыз жыртады», «бір түстік өмірің болса, бір күндік
мал жина», «бір күн тірі жүрсең, қырық күндік тіршілігіңді

ойла», «тарта жесең тай қалады, қоя жесең қой қалады,
тоя жесең не қалады?», «ағайында бар ауызға тиеді», тіпті
«жемесең де мал жақсы, бермесе де, бай жақсы»,– деп
неге айтқан?

Ә. Кекілбайұлы
Бүгін керегіңше мал жина деп кеңшілік берілгенде де,
есеп білетін талайымыз ең болмаса кешегі есеп білмейтін
қара шалдардың үкіметтен жасырып жинағанындай да мал

жиып ала алмадық қой...
Бұның бәрі кәсіпкерлік мәдениеттің жетіспеуі бол­
мағанда не болады?
Жарайды, бұл әлі нарыққа икемделе қоймағандардың

ісі болсын. Ал сол нарыққа икемделгендердің өзі кәсіп­
керлік мәдениетке жетісіп қарық қылып жатыр ма? Әрине,
жоқ. Әлі күнге ұлттық капитал иемденіп отырған бір
зауыт, бір кеніштің атын білмейміз. Ең болмаса, мың

кісіге жұмыс тауып беріп жатқан бір қазақ кәсіпкерін
көрмейміз. Киген киімі мен мінген мәшинесіне қарап, кім
көрінгенді бай дейміз. Расында да, солар бай ма, жоқ бір
кесе көже артық ішсе, жер-көкке сыя алмайтын әншейін

көп тыраштың бірі ме? Бай болса – қанша жұмыс орнын
жасапты? Қандай тауар шығарыпты? Ұлттық бюджетке
қанша үлес қосыпты? Ендеше, ондай аузы аққа жарымай,
ерні кезеріп отырған халықтың таңдайына бір тамшы

тамызбайтын қайырсыз капитал мен желінсау бизнеске
жұртшылық іші қайдан жыли қойсын?!.
Шындап байығысы келсе, ұлттық экономиканы тезде­
тіп тірілтуге көш салмай ма? Сөйтіп, қалған әлеуметтік

топтарға жұмыс тауып беріп, еліміздің бюджетін артты­
рып, реніштерінен құтылып, сүйінішіне, тілеулестігіне ие
болатындай шаруалар тындырмай ма? Жоқ, қай нәрсенің
де алдын алып, артының неге соқтыратынын да күні бұрын

ескеріп отырған кәсіпкерлік ақылы жеткілікті деген аза­
маттарымыз елдің қамын іс басында жүргенде емес, істен
кеткесін ойлап, жұртты дүрліктіріп жатады.
Бұлардың да жағдайының әлі күнге бұлай дүбәрә

қалуы, өз еңбегімен байып, дәулет жинауға деген көз­
қарасымыздың әлі де оңалмай отыруы, кәсіпкерлік мәде­
ниетіміздің төмендігін байқатпағанда, нені байқатады?

Ғасырлар тоғысында
Біз бұған арланудың орнына, кейде мақтанатын сияқ­
тымыз. Қит етсе, «біздің қазақ өйтпеген, бүйтпеген» деп
шығамыз. Заман еркін көшіп, кең жайылуына мүмкіндік

берген заманда кәсіптің соңына түспесе түспеген шығар,
бірақ соған опынып, қатты күйзелген жақсыларымыз аз
ба еді? «Тері емгенше, жер ем», «Жақ сауғанша, тас сау»,
«Көз сатқанша, тер сат», «Тастан түйін түй», «Қолынан

келгенге темір де терідей иленеді», «Қалауын тапса қар
жанады», тіпті «Есектің құйрығын жусаң да, мал тап»,–
деп жүрген солар емес пе еді?..
Жөн-жосықсыз нарыққа тиісіп, болып жатқанның бәрін

құбыжыққа санап, тек қазақтың басына ақырзаман кел­
гендей ашына сөйлеу елдің жігерін жасытады. Болмасқа
болаттай берік болудың орнына, құр босқа жел сөзге
желіктіреді. Үйтіп, өз тауымызды өзіміз шағып, ештеңе

қолымыздан келмейтін ел болып көрінгеннен ештеңе
ұтпаймыз. Екіншіден, қазақ та аспан мен жердің арасында
қалқып жүрмеген, кәдімгі қара жерді қалғандармен қатар
басып жүрген, олардың қолынан келген оның да қолынан

келетін халық.
Қысқасы, еңбекке, іскерлікке, кәсіпкерлікке деген
көз­қарасты жүдетпей, оған талпындырудың орнына, бе­
зіндіріп, жирентіп бақсақ, біз қаласақ та, қаламасақ та,

ертең ашық іскерлік бәсеке жағдайында өмір сүретін
жеткіншектерміздің обалына қаламыз.

– Осы жылда көптен айтылып келе жатқан тұ­­

щымды ой, дәстүр сабақтастығы, даналық сабақ­
тастығы және тәлім жалғастығының мәйегі – ұлттық
педагогикаға мән берілген екен. Халық педагогикасы
бойынша бірінші ғылыми-практикалық конфе­

ренция өткізілмек. Жалпы ұлттық педагогикаға өз
көзқарасыңыз қандай?

– Ұлттық педагогикаға келетін болсақ, бұл көп

уақыт назардан тысқары қалып келген құбылыс. Оған

Ә. Кекілбайұлы
тәуелсіздік алғаннан соң ғана мән беріле бастады. Біздің
ұлттық тәрбиемізде жанұя шешуші маңызға ие болды. Бір
шаңырақтың астындағы әлденеше буын өкілдерінің әр

қилы педагогикалық парызы болды. Ана ұлы мен қызын
мейірбандыққа, бауырмалдыққа, әдептілікке, ізеттілікке,
үй тұрмысына болысуға баулыса, әке мен аға батылдыққа,
шаруашылыққа, ағайын-жекжатпен жарасымды қатынас­

қа, елжандылыққа, табандылық пен төзімділікке баулыды.
Ата мен әже ата-баба шежіресіне, өткен замандар тари­
хына, бабалардан қалған дәстүрлер мен рухани мұраға
баулыды. Социализм тұсында ұжымшылдық бір жақты

күйттеліп, жасөспірім сәби кезінен казармалық үрдіске,
жатбауырлыққа бейімделді. Үлкендердің жанды өнегесін
мектеп оқушыларының ережесі, пионер, комсомол, армия
уставтары, жатақхана мен көше үрдістері тұншықтырып

тастады. Өткенді тозғын, үлкендерді кертартпа санайтын
нигилистық ұшқарылық асқындады. Бұның аржағында
өсімтал сананы қоғамның диалектикалық даму жолы
қалыптастыратын тарихи тағлымдардан аулақтатып, жо­

ғарыдан жасақталатын жасанды қисындамаларға оңай
сендіріп, оңай мойынұсындыру мақсаты жатты. Ұлттық
педагогика күнбе-күн көріп жүретін тіршілік пен ете­
не жақын адамдардың нақты тағлымынан өз бетінше

қорытынды шығара білуге бейімдеді. Қазақша айтқанда,
кісі тануға, ел тануға, жер тануға, сөз тануға баулиды.
Абырой-әжетке үйретеді. Халықтық этика мен эстетикаға
қанық-тырады. Бұл ретте болашақ азаматтың санасы мен

рухани болмысындағы ұлттық бедерлілікті қалыптас-
тырады. Оның өзіндік кісілік сипатын сомдауда өлшеусіз
қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық педагогиканың,
әсіресе, бала тәрбиесінде алатын орны өлшеусіз зор.

Алайда, әлгінде айтқанымыздай, жеткіншектеріміз ашық
қоғамдағы ашық бәсеке жағдайында өмір сүретінін бір
сәт те ұмытпауымыз керек. Ендеше, ол әлемдік еңбек

Ғасырлар тоғысында
бөлісуден туындайтын әлемдік бәсекеге әрдайым әзір
тұруы қажет. Сондықтан ол әлемдік білім стандартта­
ры бойынша біліп алып, оны тиімді пайдалана білуге

үйренгені жөн. Тәрбиеде ұлттық үрдістер шешуші қызмет
атқарса, оқуда әлемдік білім стандарттары басымдылыққа
ие болғаны тиімді. Бұндай бір-біріне кереғар тұрған
екі арқауды бірдей ширатып, айқұшақ қапқызып, жігін

білдірмей өріп, жарасымға келтіру – бүгінгі ұлттық
мектептің мойнындағы бірден-бір парыз деп білемін.

– Қазақ халқы өзінің әлімсақтан бергі тарихында

тұтастық идеясын ту етіп көтеріп келеді. Оған күні
бүгінге дейін қолымыз жетті ме, жоқ па, бұл жауап
іздеуді, қинала іздеуді қажет ететін сауал. Ұрпақ бірлігі
ұғымының тереңінде де осы тұтастық тұжырымы

жатқаны анық. Сол тұтастықтың, ұлттық, халықтық
тұтастықтың белгілері мен өлшемдері туралы не айта
алар едік? Оның негізін қалауға, шырайын шығаруға
бүгінде қандай алғышарттар бар? Тұтастыққа жетуге

не кедергі?

– Меніңше, біз ұлттық тұтастықты әлдеқашан қамта­

масыз еттік. Тәуке заманынан кейін айырылып қалған
тәуелсіз мемлекеттік тұтастыққа жақында жеткенімізбен,
жер тұтастығын осы ғасырдың алғашқы он жылдықтарын­
да қамтамасыз еттік. Ұлттық рух пен болмысымыз әртүрлі

губернияларға бөлініп кеткенімізбен, тіпті отаршылдық
тұсында да тұтастығынан айырыла қойған жоқпыз.
Тілімізде диалектілер жоғы, тұрмыс-дәбімізде айта
қаларлық айырма жоғы, ағайын-жекжаттығымыз сақталуы

соған айғақ. Соған қарамастан, бірлікті көп айтатыны­
мыз, бөліп ал да билей бер деген қағиданы ұстанған
отаршылдық табанында үш ғасыр болдық. Ол бойымызға
жікшілдікті, алауыздықты, бақастықты аямай сіңіріп

бақты. Оның бер жағында, бір халықты екі бөліп тастай­
тын тапшылдыққа, одан да беріде табың бір болғандықтан

Ә. Кекілбайұлы
ұлтыңның әр басқалығы ештеңе етпейді дейтін интернаци­
онализм аталған этникалық немқұрайлылыққа тап болдық.
Оның бәрі де өз ұлтыңды өзің жатсынуды, оған қалай

болса солай қараушылықты уағыздап бақты. Отаршылдық
сарқыншақтығы мен жаңа отаршылдық сұғанақтығы да
осындай ұлттық немқұрайдылықты біржақты әспеттеу
арқылы тәуелсіздігімізге, сол арқылы тұтастығымызға

қол салғысы келетіні түсінікті. Оған тек азаматтық
келісім мен қоғамдық бірлікті көзінің қарашығындай
сақтай отырып, тойтарыс бере аламыз. Мұндай жағдайда,
қазақтың тілін білмей тұрып, жігін біле қойғыштық, бір

адамға тиісудің орнына бүкіл бір ауыл-аймаққа тиісу,
«команда» деген осы деп, шұбыртып әкеліп, шұбыртып
әкету, тұтастығымызды теңселтіп тастамағанымен, дос­
тың көңіліне дық, дұшпанның көзіне сұқ бітіруі мүмкін.

– Қазақ мемлекеттігіне әлемдік өркениет деңгейінен

қарағанда рухани, әлеуметтік салада олқы соғып
отырған тұсымыз бен үлгерген немесе ескірген
жағымыз туралы ойыңызды да білгіміз келеді.

– Біз бір үрдістен екінші үрдіске көшіп жатырмыз. Ол

бұрынғының бәрін мансұқтауды емес, алға басуымызға
септігі тиетіннің бәрін қастерлеп, бәрін пайдаға асыра
білуімізді керек етеді. Оған ынта танытпай отырған, әлі
икемделе қоймаған дәстүрлеріміз бен үрдістерімізге жа­

ңаша мән беріп, жаңаша құлпыртуымызды талап етеді. Бұл
ретте күні кеше күркіреп тұрып, көзапара кіріптарлыққа
ұрынған кезінде жапон, неміс халықтарының өздерін
қалай ұстай білгеніне көз салуымыз қажет. Кіріптарлық

кезінде де олар өз дәстүрлерінен бас тартқан жоқ. Өздеріне
рухани таяныш етті. Басқа үрдістерге көшу үшін де өз
үрдістерінің қолғабысына жүгінді. Мәселен, жапондар
жұмыста еуропаша киініп, ал театр мен жиынға ұлттық

кіммдері – райфикуді киіп баруды, ежелгі Бусидо мораліне
тән үлкенді сыйлау, бастықтан сый, бағыныштыдан құр­

Ғасырлар тоғысында
мет қағидаларын ұжымдық өмірдің тәртібіне айналдыруды
сол кезде дағдыға енгізді. Бір кездегі бусидо моральдік
кодексінің көптеген қағидаларын жаңа іскерлік қарым-

қатынас мәдениетіне, саяси-қоғамдық қарым-қатынас
мә­дениетіне негіз қыла алды. Оларды жаңа мазмұнмен
­байыта білді. Біз осындай күрделі диалетикалық үйлесім­
дер іздеудің орнына не «бұл бізге жараспайды» деп таңсық

нәрсенің бәрінен ат-тонымызды ала қашушылыққа, не
өзіміздікінің бәрін менсінбей, өзгенікіне ысылай сұғынуға
әуеспіз. Ондай оңай бейімделгіштігімізді кәсіпкерлікті,
бизнес пен жаңа технологияны меңгеруде көрсетпей,

жүріс-тұрыста, киінуіміз бен сөйлеуімізде, тілдік, діндік
таңдау жасауда көрсете қойғышпыз. Экономикамыз бен
қоғамдық қатынастарды жаңартудағы менталитеттік
икемсіздігіміз рухани дүниеміз бен тұрмыстық үрдісті

құбылтуда атымен байқалмай қалады
Ал, қазіргідей тиімді стандарттар ортақ өлшемге ай­
налып жатқан аума-төкпе заманда бір жағынан есеңді
жібе­ріп алмас үшін, екінші жағынан өзіндік бет-бейнеңнен

айырылып қалмас үшін керісінше жаңа экономикалық, са­
яси қарым-қатынастарға көшуде айырықша оралымдылық,
ал рухани-моральдік келбетіміз бен ұлттық үрдістерімізді
қорғауда айырықша табандылық танытуымыз керек еді.

Басқалардың мынау алыс-берістің, барыс-келістің мықтап
дамып жатқан кезінде өзіндік сыр-сипаттан айырылып
қалмау үшін жасап жатқан бұл тәсіліне біздің де жетілуіміз
қажет еді

– Әбеке, сіз де алғы толқын аға жасына келдіңіз.

Жазушылық дарыныңызбен, қоғамдағы қайраткер­
лігіңізбен, ой мен жан тазалығыңызбен елге еңсе
болған азаматсыз. Ұрпақ бірлігі мен сабақтастығы
сөз болғанда, бүгінгі жасқа нендей тілек айтар едіңіз?

– Менің әкем мен үш жасқа толмай тұрып майдан­

да қайтыс болды. Егер ол соғыстың аяғына дейін тірі

Ә. Кекілбайұлы
жетіп, жеңілген елдерді көріп, елге аман оралса, маған
қандай өсиет айтатынын кім білген... Бірақ, сонау Бер­
линге дейін барып қайтқан бір майдангер ұстазымыз

біздерге: «Қарақтарым, ешкім ешкімнен артық та емес
екен, кем де емес екен. Ендеше біреудің қолынан келген
біреудің қолынан келеді. Сондықтан, өзінді ешкімнен
артық та емеспін, кем де емеспін деп ойлаған дұрыс.

Олай ойламаған адам талай нәрседен құр қалады. Сендер
де жұрттың қолынан келмегенге жетісе алмасаңдар да,
ең болмаса, жұрттың қолынан келіп жатқанынан кенде
қалмаңдар»,– деген еді. Өз балаларыма да сол мүгедек

мұғалімнің айтқан өсиетін айтып келем. Соны барлық
жеткіншек буынға да айтар едім.
Әңгімелескен жазушы
Алдан СМАЙЫЛОВ.

Мамыр, 1999 жыл

Ғасырлар тоғысында

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ПЕН ЫЖДАҺАТТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

– Мемлекеттік қызмет беделінің сонша күрт

түсуінің себебі неліктен деп ойлайсыз? Қоғамдық
пікірде өкімет және өкімет адамдарына қатысты жел
сөзге, тіпті жеккөрінішті сөзге жол берілуі неліктен?
Осы жәйтке мемлекеттік иерархияда қызметте

отырған тұлға ретінде сіз қалай қарайсыз?

– Иә, бізде мемлекеттік қызмет онша сыйлы емес.

«Ше­неунік» сөзі көбінесе балағат мағынасында қолда­
ны­латыны рас. Бұның тамыры тым тереңде. Оның әлеу­
мет­тік мәдени және нақты ситуациялық себептері де
жеткілікті.

Әлеуметтік-мәдени факторларға келсек, мұны бізде бұ­
рын мемлекеттік дәстүрлердің болмауынан деп түсіндіру
атымен жаңсақ. Оқта-текте ақпарат құралдарында ондай
тұжырым да кездесіп қалып жүр. Тарихқа құлақ ассақ,

Орталық Азия саяси кеңістігі, мемлекеттік құрылымдарға,
мәселен, Шығыс Еуропадан кейін ие болған емес. Оған
ежелгі Римнің құлауына Азия құрлығы түпкірінен
аса ұйымшылдықпен кеп киліккен жойқын әскери-

шапқыншылықтың елеулі қызмет атқарғаны да айқын
айғақ бола алады. Оны былай қойғанда, бүгінде қазақ
ұлтын құрайтын этникалық топтардың бір қатарының
бір кезде өз хандықтары мен қағанаттары болыпты. Олар

әлденеше рет алып империяларға да бірігіпті. Солардың
біреуі – қос құрлықты қатар қамтып жатқан Алтын Орда.
Қазақ мемлекеттігі соның құрсағында қалыптасқаны

Ә. Кекілбайұлы
белгілі. Әйтсе де ұлттық менталитетімізге этатизм
мықтап сіңісе қоймағаны рас. Сірә, байырғы тұрмыс ба­
баларымызды биліктегілерге онша кіріптар ете қоймаса

керек. Өз аяғына жылынатын малдан басқа көп дәулет
жиғыза қоймайтын көшпелі жұпыны тұрмыс жаппай
бірдейлік пен бірегейлік иллюзиясын қалыптастырып,
қоғамның жоғарыдан төмен қарай қатар иерархияла­

нуына, өкіметтің мызғымас орталықтануына аса жол
бере қоймаған тәрізді. Байы бір жұттық, батыры бір
оқтық далалықтарда шенге бас ұрудан гөрі аштықта да,
тоқтықта да ісің түспей қоймайтын ағайынның көңілін

жықпау күштірек болған сияқты. Ел билеуде де көшпенді
әскери демократия үрдісі көпке дейін мызғымастан келді.
Хандық – бірлесіп қорғану үшін, билік – бірлесіп шешім
қабылдау үшін керек болды. Ал біреуге бағыну, бас ұру

деген жаугершілікте қолға түскен тұтқындарға болмаса,
қауымның өз түлегі үшін намысқа тиер қорлық саналды.
Қоғам, негізінен, әдет жолымен реттелді. Кейін шариғат
араласты. Алайда, әркімнің өз тізгінін өзі алып жүретін,

өз шаруасын өзі қамдайтын бас еркіндігі қағидасы қатаң
сақталды. Қауымдық бірлік ағайындық-жекжаттық, ата­
ластық-қандастық қағидаларына қалтқысыздық, көрген­
діден өнеге, біліктіден ақыл алу, көп болып шешкен

пәтуа­ға көну, сөзге тоқтау жолымен қамтамасыз етілді.
Көш­пен­ді тұрмыс биліктегі астамшылыққа, мемлекеттік
өктем­дікке тамыр жайғызбады. Байырғы қазақ қауымы
параны да, абақтыны да білген жоқ. Қатеге айып, қыл­

мысқа құн салынды. Ол көптің ұйғаруымен жария ше­
шіл­ді. Отаршылдықтың да билік қадірін асыра қоймасы
тү­сінікті. Оның халықпен байланысы аярлыққа, қорқы­
тып-үркітуге, зорлық-зомбылыққа құрылды. Бұның бәрі

өкімет билігіндегілерді бұқара алдында қадірлі қауым қып
көрсетпеді. Төңкеріске дейінгі ақындардың болыстар мен
ауылнайларды ғана емес, патша қойған хан-сұлтандардың

Ғасырлар тоғысында
өздерін өлтіре шенеп бағатындығы да сондықтан еді.
Қазақ топырағындағы өкімет пен халық арасындағы
немқұрайлы қатынасты кеңес билігі де көп өзгерте алма­

ды. Ол күштеп таңған этатизм бізде мансапқорлық пен
сұрамсақтықты қоз­дырғанмен, билікті құрметтеушілікті
күшейте қойма­ды. Оның үстіне номенклатуралық кадр са­
ясаты орталықтың сойылын соғатын «саяси сенімділікті»

талап етті. Ол билік төңірегіндегі ұлт өкілдерін өгей ене
бауырсақ күн кешуге мәжбүр етті. Оның үстіне, әлеуметтік
теңдіктің таптық тұрғыдан тым сыңаржақ түсіндірілуі
қоғамдағы эгалитарлық инстинкті одан бетер ушықтырып

бақты. Бұрынғы «түбі бір түтіспейді» дейтін қалып, «ол
болғанда мен неге болмаймын» дейтін күшейді. Меншікті
жаппай қоғамдастыру жаппай кедейлікті, ал ол жоғарыға
қарап жаппай қол жаюшылықты туғызды. Ондай жаппай

кіріптарлық бодан жағдайда жаппай бас шұлғуды, бостан
жағдайда жаппай жұдырық түюді өршітері түсінікті.
Ондай охлократиялық шолақ белсенділікті сан қилы
саяси волюнтаризм, кейде нағыз авантюризм мейлінше

пайдаланып кетіп отырды. Қызыл террордың, күштеп
ұжымдастырудың, жаппай саяси жазалаудың, әу бастан-
ақ жүзеге асуы мүмкін емес неше түрлі қиял-ғажайып
жоспарлар мен жобалардың тұтқиыл қарқыны мен белден

басатын зорлықшыл сипатын, тіпті күні кешеге дейін
жеркіндік саналып келген қызыл империяның оп-оңай
құлап қалуын тек осымен түсіндіруге болар.
Ал, ситуациялық факторларға тоқталар болсақ, бұл жағ­

дайдың жалғаса беруі, әрине, әмбеге бірдей ұнай қойған
жоқ. Оның дәуренінің ұзара түсуі іштей наразылықты
ұлғайтты. Жеке адам басына табыну алғаш сыналғаннан
кейінгі қырық жыл ішінде өкімет жайлы қағытпа әңгіменің

өрши түсуі соның айқын айғағы еді. Жұрт өзгерісті аңсады.
Бірақ, оның қалай жүзеге асатынын айқындап алған жоқ.
Үйреншікті дағдымен жоғарыдан нұсқау күтті. Соны сез­

Ә. Кекілбайұлы
ген саяси күштер билік жолындағы тартысты одан әрмен
ушықтырып, бірте-бірте қалыптасқан үрдісті түпкілікті
ша­йып тынбай қоймайтын жоғарыдан жасала­тын рево­

люцияға ұластырды. Ол үшін қоғамда орасан көлемде
жинақталған ашу-ызаны оттық, ал ғасырлап қалыптасқан
охлократиялық психологияны отын қып пайдаланды. Бұ­
ны да жүзеге асырған, негізінен, билік басындағы күштер

мен билікке таласушы күштер болды. Ескі режимнің қас-
қағым сәтте, қантөгіссіз тым жедел тізе бүгуін тек осымен
ғана түсіндіруге болады. Алайда содан туындаған жаппай
эйфория көп кешікпей жаппай дағдарушылықпен алмасты.

Бұл біреулер тарапынан наразылық, біреулер тарапынан
болып жатқан өзгеріс атаулының бәріне дерлік сенімсіздік
оятты. Кешегі кеңестік кеңістікте бүгін таңда «өкіметке
алданып қалғандық» синдромы жаппай орын алып отыр.

Оған шалдыққандар көбіне көп өздерін алдап кеткен
өкіметтің басқа өкімет екендігіне, оның тарих сахнасынан
әлдеқашан аласталғанына жеткілікті мән бере қоймайды
Мемлекеттік билікке деген нигилизмнің дәл қазіргідей

жаппай өршіп кетуіне бұл да аз себеп болып отырған жоқ.

– Мүмкін, өкіметке деген қазіргі ашық жеккө­

рушіліктің біршама жаңа себептері де бар шығар?

– Өкімет атына айтылып жататын сын мен бопса – қалай

дегенде де, қоғамды демократияландырудың нәтижесі.
Жұрт әрдайым орайымен болмаса да, әйтеуір өзінің са­
яси жеңістерін пайдалана бастағандығының бір көрінісі.
Кейде тіпті кешегі өкіметке кеткен қапысын бүгінгі

өкіметтен қайтарып алғысы келіп жатқандай көрінеді.
Әрине, шенеуніктерге мұншама қырын қараушылыққа
бір жағдайда жаңа саяси-экономикалық қатынастарға
толық бейімділігі болмаған бюрократияның өзі айыпты

екені рас. Алайда, екінші жағынан бұл жағдайға күллі
қауым болып жүріп жатқан процестерге түгел қанығып
болмағандықтың да зардабы аз тиіп отырмағандығы

Ғасырлар тоғысында
да өтірік емес. Олар осының бәріне әу баста түрткі
болған шын себеп пен оның салдарын әркез анық ажы­
рата бермейді. Сондықтан да кешегі кеңес мемлекеті

мен қазіргі жас егемендіктің арасындағы түбегейлі
айырмашылықты елемейді. Оған бүгінгі тым шектеулі
мүмкіндігі жағдайында атымен жүзеге асыра алмайтындай
ауыр талаптар қоюшылық сирек кездеспейді.

Мұны айтқанда мен отандық билік орындарын сүттен
ақ, судан таза қылып көрсетпек ойым жоқ. Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев талай рет әділ де қатал
сынға алғандай, сыбайлас жемқорлық, парақорлық,

арам дәулетке мастанушылық – бізде де аз орын алып
отырмағаны рас. Әлеуметтік сала аяусыз күзелді. Дәулет
алшақтығы күрт күшейіп кетті. Мұның бәрі, әрине,
жұртшылықтың заңды ренішін туғызады. Алайда, бұны

тек қазіргі қазақ элитасының ұлттық ауа жайылуы деп
қарастыру, оған барша мемлекеттік қызметшілерді, тіпті
күллі зиялы қауымды түгелдей күйдіру қиянат. Олай
болса, дәл осындай дерт неге басқаларда да орын алып

отыр? Мұның түп тамыры тереңірек және тек ұлттық
менталитеттен ғана нәр алмайды. Алайда, оның басты бір
себебі мемлекеттік биліктің өзі әлі жеткілікті реформала­
нып болмағандығынан екендігі даусыз. Кешегі кеңестік

қоғамдағы әуелі билікке талас түрінде басталған қайта құ­
ру процесі жол жөнекей революцияшылық солақайлыққа
ұшырап, таза эволюциялық реформа арнасына енді-енді
бет түзегені белгілі. Оған бастапқы кезде өздерін ұзақ

уақыт босағада ұстап, төрді босатпай қойған брежневтік
герронтократияға наразы мансапқор номенклатураның,
әсіре орталықтандыруға іштей наразы салалық және
аймақтық элитаның, бұрынғы «көлеңкелі іскер топтар»

мен диссидент күштердің айрықша белсенділік танытқаны
белгілі. Бірақ, олар бертін келе әуелде көп жағдайда
стихиялық түрде басталып кеткен процестерді ақырына

Ә. Кекілбайұлы
дейін өз логикасымен бейбіт жалғастыруға, жеткілікті
саяси құлықтылық та, әлеуметтік табандылық та таба
алмай, сыртқа ығысып кеткені аян. Олардың орнына

келген жеткіншек истеблишмент нарық қатынастарына
шын мүдделілік көрсеткенімен, әзірге, өкінішке орай,
қажетті ұйымдастырушылық қабілет таныта алмай жа­
тыр. Ең бастысы, реформаны жеделдетпек ыждаһаттарын

бәр-бәр уақытта қоғамның жалпы әлеуметтік аңсарымен
тығыз орайластыра алмай отыр. Оппозициялық саясат­
керлер тарапынан ағаттықтар мен қиындықтарды көзден
тізу жеткілікті болғанымен, оны түзетудің ұғынықты да

ұтымды жолдарын ұсыну тапшы. Екі жақ та қоғамдық
дамудың осындай кезеңдерінде кездеспей қоймайтын
«сол­шылдықтың балалық ауруынан» әлі күнге толық айы­
ға қоймаған сыңайлы. Мұның бәрі жүргізіліп отырған ре­

форманы одан әрі тиімді ету, адамдарға одан әрі ұғынықты
және тартымды ете түсу үшін күресті пәрменді жүргізу
қажет екендігін көрсетеді. Бұнда әлеуметшіл бағыттағы
реформада өкімет көбірек ыждаһат танытса, өкімет ұтары,

оппозиция көбірек ыждаһат танытса, оппозиция ұтары
хақ. Бұндай екіұдай жағдайда реформа насихатына билік
орындары да, қоғамдық күштер де аңыс аңдауды қойып,
білек түре жұмылмаса болмайды. Реформа жаңа белеске

шықты. Оны ойдағыдай орнықтыру үшін көп ыждаһат
керек. Бірақ, революциялық әдіспен емес, шынайы
реформаторлық әдіспен, экономикалық және праволық
әдістермен күрескен жөн. Әйтпеген күнде әкімгершілік

томаға тұйықтық өкіметтің әлеуметке ықпалын азайтары
анық. Ал оны пайдаланып қалуға тырысатын митингішілік
желігу онсыз да әлеуметтік күйзелістен қажыған қоғамның
жүйкесін одан әрі жұқартып бағады. Ереуілдегеннен

кәсіпорынның да, мемлекеттің де жұқа қалтасы жуан­
дамайды. Аштық жариялағаннан бизнес билігінің қоңы
бәрібір жұқармайды. Ал жаппай бірін бірі аңдушылық

Ғасырлар тоғысында
қоғамдық ахуалды орнықсыздырмаса орнықтырмайды.
Осындай жағдайда «қиын болған сайын іс оңады»
принципі бойынша әрекет ету – халық үшін қам жегендік

болып шықпайды. Қысқасы әлеуметтік бопсашылдық
дертін меңдету де, оның жетегінде кету де қоғамға оң
тимейді. Бұл мұрат еткен жақсылықтарды жақындату ор­
нына алыстата түседі. Сондықтан мұндай қиғаштықтармен

күреске ең алдымен билік төңірегіндегілер мұрындық
болуға тиісті. Олар әуелі өздерін тәртіпке шақыруға тиісті.
Бұл конституциялық құрылысқа сенімді нығайтады. Кон­
ституциямен бекітілген тарихи таңдауға үмітті нығайтады.

міне, сондықтан да ел Президенті бұл мәселеге айырықша
басым маңыз беріп отыр.

– Мұның тиімділігі қаншалық болмақ? Шенеу­нік­

тер өз-өзімен күрес жүргізбейді деген бар, сондықтан
бұл күреске қоғамдық күштерді жұмылдыру керек
шығар?

– Кез келген қиянатпен күрес конституциялық

низам­дық әдістермен жүруі тиіс. Әділ қазысы тек заң
болмақ. Оны айналып өтуді көздейтін кез келген тәсіл –
зорлық. Бұған қоғамдық күштер жағынан да, мемлекеттік
институттар тарапынан да жол беруге болмайды.

Өкіметтің қоғамдық күштермен өзара қарым-қатынасы да
конституциялық тұрғыда болуы тиіс. Мемлекеттік билік
өзін өзі түзеуге және өзін өзі жетілдіруге қабілетті болма­
са, өз түбіне өзі жетеді. Қоғамдық күштер стратегиялық

мақсаттарды ұмытып, тактикалық ойындардың желеуімен
кетсе, шын демократияның жұлдызы жанбайды, тәу­
елсіздікке қауіп төнеді. Қоғам тарапынан сын мен қатаң
бақылау жағдайында ғана тиімді басқару болатыны

дәлелдеуді керек етпейді. Сондықтан, демократиялық
ахуалдың орныға түсуіне тарих алдында мемлекет пен
қоғам, өкімет пен оппозиция бірдей жауап береді. Айты­
лар сынның мәні мен мақсатын, нәтижесі мен салдарын

Ә. Кекілбайұлы
жіті талдап алу және нақ айқындау ерекше маңызды. Сол
секілді кез келген қоғамның өзіне лайық үкіметке ғана
емес, өзіне лайық оппозицияға да ие болатыны аксиома.

Бұл процесте де оқиғаны қолдан асықтыруға болмайды.
Меншік бөлісу жалғасуда. Содан өрбитін әлеуметтік
жіктелу жүріп жатыр. Мүдделік сарапталу әлі бастапқы
кезеңінде тұр. Жұрттың бәрі бірдей өзінің қоғамдағы

жаңа рөлі мен жаңа орнын әлі ұғынып болған жоқ. Өзіне
лайық әлеуметтік статусты, соның мүддесін қорғайтын
қоғамдық күштерді әлі айқын ажырата қойған жоқ. Демек
өзінің саяси таңдауын айқындап үлгерген жоқ. Ендеше,

біздегі қоғамдық құрылымдар мүдделік жіктелуден, со­
дан туындайтын әлеуметтік негіз бен бағдарламалық
міндеттемелерден әлі алыс тұр. Бұл өкіметтің әр әлеу­
меттік топпен өз тілінде сөйлесуін қиындатады. Желбуаз

популизм содан көбейеді. Өз жағдайын өзі жете түсініп
болмаған көпшіліктен көлгірлікпен ұпай жинау билік
басындағыларға да, билік жолындағыларға да абырой
әпермейді.

Ең өкініштісі, қазіргі әлеуметтік таңдау процесінде
қоғамдық дамудың стратегиясына байланысты көзқарас
айырмасы емес, бүгінгі уақытша әл-ауқат ала-құлалығы,
өткен мен бүгінге байланысты өкініш пен реніш көбірек

үстемдік етуде. Бүгінгі таңда талайлар таза экономикалық
себептер бойынша айта қаларлықтай қиыншылықтар
сезінуде. Билік орындары олардың жағдайын жеңілдетуге
шын мүдделі екендіктерін уақытылы және ұтымды

көрсете ала бермейді. Біреулер мұны жүргізіліп отырған
реформаның жетімсіздігімен байланыстырады, бірақ оны
қалай түзетудің нақты жолын ұсынбайды. Бірақ, солай
екен деп олардың көкірегінен кері итергеннен шын ре­

форматор үкімет ұтылмаса, ештеңе ұтпайды. Егер олар
балама бағдарламалар ұсынар болса, оларға оппоненттер
ретінде де, сонымен қатар потенциалды одақтастар ретінде

Ғасырлар тоғысында
де қарауға тура келеді. Олар түгілі дүниенің бәрін өздері
билік басында болмағандықтан ғана ғайбаттайтын шам­
шыл топтарды да өзіндік бір қоғамдық санитарлар ретінде

қабылдаған жөн болар еді. Ал егер сын мен оппозициялық
күрестің бет-пердесін жамылып, кешегіні қалпына
келтіруді көздейтіндер мен көксейтіндер белең беріп жат­
са, қоғамға да, өкіметке де, әрине, мықтап ойлануға тура

келеді. Қайткен күнде де мемлекеттік қызметтегілердің
жүйкелері азаматтарға қарағанда әлдеқайда берігірек,
төзімдірек болғаны абзал. Баршаға бәрі айдан анық болса,
өтпелі кезең бұлай аталмас та еді. Оппозициялық күрестің

күштілігі де, әлсіздігі де билік орындарының реформа
тағдырына, бұл жолдағы әрекеттерінің ұтымдылығына,
өтпелі кезеңнің бірегей міндеттерін ойдағыдай жүзеге
асыруға жауапкершілігін еш жеңілдетуге тиіс емес.

– Бұл қандай міндеттер?

– «Өтпелі» сөзі екі кезеңнен тұратын бірегей процесті –

ескіні жоққа шығара отырып, жаңаға көшуді білдіреді.
Бір құбылыстың құрамдас екі бөлігінің міндеттеріндегі
әр алуандық оны жүзеге асыратын екі кезеңдегі әре­кеттер
сипатындағы әр алуандықты туғызады. Біздің мы­са­

лымызда, алғашқы кезең мемлекеттікті әлсірету, тіпті жою
сценарийі бойынша жүрген болса, екіншісі мемлекеттікті
нығайту жолымен өрбуі лазым. Жас егемендік тек сонда
ғана орныға алады. Алғашқы кезеңді алсақ, жоғарыда

айтылғандай, біз үшін біршама сәтті өтті. Басқарудың
бұрынғы мемлекеттік-саяси жүйесімен түпкілікті қош
айтыстық. Ал оның орнына орнықты, стратегиялық
бағдарлы, жүргізіліп отырған реформаны жеделдететін

ықпалды жүйе құра алуға тиістіміз. Бұл анау айтқан
жеңіл нәрсе емес. Оған халық жаппай жұмылса ғана
қол жетеді. Бұл тек міндеттер ғана емес, оларды жүзеге
асырудың мақсаты, қарқыны, сипаты, мүмкіндіктері

мейлінше айқын болған жағдайда ғана жүзеге асатын

Ә. Кекілбайұлы
шаруа. Доктрина құмарлықтан емес, бірінші кезектегі
практикалық қажеттіліктен туған «Қазақстан-2030»
стратегиясы да күллі қоғам болып қолға алған жағдайда

ғана орындалмақ. Бірақ оның ойдағыдай жүзеге асуына
бүкіл бұқара халық емес, онда қойылған міндеттердің
өміршеңдігіне нық сенімі, және солай болып шығуына
айрықша мүдделі азғантай топ мұрындық болуға тиісті. Ол

өзінің өзгеше ыждаһатымен, табандылығымен басқаларға
өнеге көрсете алуға тиісті. Тек солай болған жағдайда
ғана қоғам жаңарып, жаңаға әлеуметтесе алуы мүмкін.
Уақыт талабына лайықты жауап бере алатын жаңа ұрпақ

та тек солай қалыптаса алмақшы. Бұндай элитаның көктен
түспейтіні белгілі. Ол қоғамның бүгінгі интеллектуалдық
ресурсынан өсіп жетіледі. Ондай процеске мұрындық болу
бүгінгі таңда тек мемлекеттің ғана қолынан келеді. Мем­

лекет тарапынан тиісті табандылық табылған жағдайда
әлгіндей өрелі міндет нақты жүзеге асады. Сондықтан
Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанда қоғамның жаңа элита­
сын қалыптастыру мәселесіне қайта-қайта оралып соғып

келеді. Жаңа астанадағы орталық аппараттардың алғашқы
жиынында бұл мәселені тайға таңба басқандай қылып
айқын қойды: жаңа сападағы элитамыз болуы тиіс және
мемлекеттік қызметкерлердің бүгінгі корпусы бұл үшін

күресіп қана қоймай, өзі оның нақты өзегіне айналуы тиіс.
Ең ұйымшыл топтардың мұндай саналы құлшынысынсыз
өткеннің таптаурын жолынан таяу арада шыға қоюымыз
қиын. Бүгінгі мемлекеттік қызметшілерден тарих тап

осындай тәуекелге бел бууды талап етіп отыр.

– Бұл мемлекеттік қызметтің, яғни мемлекеттің

рөлі мен мәнін барынша биік қою болып шықпай ма?
Әрі бұл демократиялану процестерімен және нарық
қатынастарын нығайтумен үйлесе қоя ма?

– Иә, бұл мәселеде демократия мен нарық теориясының

әлемге мәшһүр білгіштерінің көзқарастары әрқилы екені

Ғасырлар тоғысында
рас. Мысалы, Карл Поппер тек «мемлекет пәрмені азайып,
азаматтық қоғам ықпалы молаятын» режимді жақтады.
Ал мұрат тұтатындай өнегелі мемлекет үлгісін сомдауға

күш салған Платон мүлде басқа пікірде болғаны белгілі.
Ол диктатураны немесе өзінің ешқандай меншігі жоқ,
яғни көлденең олжаға қызыға қоймайтын құлқы таза әрі
білімді элитаның өктемдігін жақтады. Бірақ оның арман­

дап отырған қоғамы да меншігі жоқ билікшілерді меншігі
бар қоластындағылар қалағанынша тойындыра алатын,
тақ қонғанға бақ қонатын баққұмарлық коммунизмі бо­
лып шығады екен. Оған Ликургтің басқаруымен шын

мәнінде коммунистік революцияны жүзеге асыра алған
Спартаның тағдыры айғақ бола алады. Аристотель мен
Адам Смит экономикаға мемлекеттің араласуын аты­
мен орынсыз санады. Бірақ бұлардың қай-қайсысы да

қиялдағыдай мемлекет және қиялдағыдай нарық орнатуға
болады деп сенетін ойшылдар еді. Бірақ, олардан кейінгі
демократия мен нарықтың романтикасы кемшін тартқан
кезеңнің прагматик теоретиктерінің көзқарастары бұдан

едәуір өзгеше болды. Джеймс Стюарт сонау 1767 жылы-ақ
қоғамның қатардағы мүшесінің де, мемлекет қайраткерінің
де қызметіне жеке мүдденің шешуші ықпал ететінін ек­
жей-текжейлі дәлелдеп берді. Джон Кейнс нарық эконо­

микасын реттеуге мемлекеттің араласуының қаншалықты
қажет екендігін және оның қалай жүзеге асатынын нақты
тұжырымдады. Қазіргі саяси экономияның Хайек, Шум­
петер, Менгер, Мизес, Гэлбрайт және басқа да көптеген

ғұламалары бұл мәселе төңірегінде аз бас қатырған жоқ.
Алан Шмидттің пікірінше, қазіргі өркениетте өз билігін өзі
тежейтін минимальды мемлекет те, сондай-ақ нарық пен
мемлекеттің өзара ықпалдастығы айқын көрінетін бедерлі

билік мемлекеті де орын алып отыр. Минимальды мемле­
кет өндіріс ресурстарын жеке меншік иелерінің қолына
береді, келісім-шарттарды мүлтіксіз орындауға мәжбүр

Ә. Кекілбайұлы
ету жолымен меншік иелері арасындағы алыс-беріске
араласады, еркін бәсекелестіктікті қолдайды. Ал нарықты
билік тарапынан белсенді реттеуді үрдістейтін мемлекет

әлеуметтік дауларды реттеуге, өндірістік қызметті кеңейту
мен ресурс үнемдеуді ынталандыруға ашықтан ашық атса­
лысады. Мұның бәрі – біздің қазіргі экономикамыз үшін
де ең өткір, ең өзекті мәселелер. Ендеше, жаңа туындап

жатқан нарық пен демократияға, қайтадан қалыптасып
жатқан экономикаға, әсіресе, қазір айқын назарда отыруға
тиісті өтпелі кезең қиындықтарын шешуге мемлекеттің
реттеушілік қызметі қажет болып отырғандығы басы

ашық жағдай. Оның үстіне енді-енді қаз басып келе
жатқан тәуелсіздік тағдырына мемлекеттік жауапкершілік
тіптен керек. Біздегі қай істе де мемлекеттің араласуында
тапшылық жоқ. Бірақ ол қаншалықты нәтижелі болып

жатыр? Міне бұл – бүгінде бас ауыртатын ең күрделі жәйт.

– Мұны тезірек сауықтыру үшін бізде не істеліп

жатыр?

– Бұл үшін, ең алдымен мемлекеттік басқаруды

жақ­сарту қажет. Біздің Президентіміздің соңғы жыл­
дары қол­ға алып отырғанының көбі дерлік нақ осыған
бағытталған. Жаңа Конституцияда, оның негізінде
қабылданған әлеуметтік-экономикалық заңдар да осыны

көздейді. Тек соңғы жылдардың өзінде Үкімет әлденеше
рет құрылымдық қайта қараудан, елеулі қысқарудан,
түгел дерлік жаңарудан өтті. Облыстық, аудандық,
жергілікті деңгейде де осылай болды. Құқық қорғау, сот,

тергеу орындары да құрылымдық және құрамдық қайта
қарауға ұшырады. Сыбайластыққа қарсы күрес құрылымы
іске кірісті. Аймақтық және аумақтық басқаруды
ықтималдандыру күн тәртібінен түскен жоқ. Астананы

көшіру – соның бір мысалы. Елімізде және шетелде
басқару кадрлары мен мамандарын даярлаудың кешенді
бағдарламасы бар. Мұның бәрінің басты мақсаты біреу:

Ғасырлар тоғысында
елді басқарудың және реформа процестерін реттеудің
сапасын көтеру. Кадрлар даярлау бар да, оларды іріктеу
мен орналастыру бар. Мысалы, басқару реттемесін қайта-

қайта сараптап, оны мейлінше ықшамдау мен соған бай­
ланысты қысқартулар тек қаржы үнемдеуді ғана емес,
басқарудың кәсіптік деңгейін көтеру, жарыспалылықты
азайту, мамандарды сұрыптауды жетілдіру мақсаттарын

көздейді. Бұл реформа қарқынының бірінші кезек­
те шешілуге тиісті басымдықтарды жиі ауыстырып
отыруды талап етіп отырғандығынан туындап отыр.
Көп жылғы тоталитаризм сүйегінен өтіп, жілік майына

дейін уландырып үлгерген әкімгершілік үрдістегі басқару
ісін сауықтыруды тездету қажеттілігінен туындап отыр.
Соның бәрін сірестіріп тастаған енжарлық менталитетке
тұтқиыл шабуылдауды күшейту қажеттігінен туындап

отыр. Өйткені, билік сауықпай, қоғам сауықпайды. Бұл –
осы бағыттағы іс-әрекеттің бастауы ғана, ол жолдағы
нағыз майданның мықтап қызатын тұсы әлі алда, әрі ол,
сірә, біршама ұзақ уақыт талап етер түрі бар.

– Бұл жолда қолға алып жатқан шараларымыздың

дұрыс-бұрыстығына қалай көз жеткіземіз?

– Өз тәжірибеміздің озық-тозығын ұқыпты сарап­

тап, өзгелер тәжірибесінің бізге қонымды-қонымсызын
мұқият пайымдап, мемлекеттік қызметтің заманға лайық
жаңа идеологиясын ұғынуға шындап ықылас танытқан
жағдайда ғана бұл асу біршама оңай алынады. Басқару

мен кадр саясатының қалыптасқан дәстүрлері аумағында
ғана әрекет етіп, бірде-бір мемлекет шындап жаңғыртуға
қол жеткізе алған жоқ. Англосакстардың бастапқы
рационализмі Еуропаның өзінде талассыз қағидаға айнала

алмады. Басқаруды біржақты радикалдандыру тіпті Гер­
мания, Италия, Испания секілді мәдениеті, экономикасы,
қорғанысы жоғары дамыған елдердің өзін ақыр аяғында
батпаққа апарып батырды. Герман низамы мен жапонның

Ә. Кекілбайұлы
бусидо моральдық кодексін өзара өзектестірген Мәйдзи
үлгісі де ұзақ баяндай алмады. Мемлекетті басқарудың
баршаға бірдей тиімді, бірдей қонымды түпкілікті

жасалған әмбебап үлгісі жоқ әрі ол мүмкін емес болып
шықты. Бұл арада үздіксіз ізденіссіз ештеңе шықпасы хақ.
Соғыстан кейін Батыс пен Шығыстың көптеген елдері
екінші жаңғыртуларына негіз етіп алған американдық

тәжірибе де осыған көз жеткізеді.
Жаңғыру мен демократиялануға ұмтылған елдердің
бәрінде дерлік мемлекеттік басқару эволюциясы ұзақ
та тайғақ кешуден өткен болып шықты. Мысалы, АҚШ

мемлекеттік қызмет эволюциясының төрт кезеңін ба­
стан өткізіпті. Олар алғашқы қырық жыл барысында
«мұрагерлер мен джентльмендер» деп аталатын басқаруды
мұрат тұтыпты. Одан кейінгі елу жылда – «өз күшімен

кісі болғандар» делінетіндердің билігін байқап көріпті.
Одан кейінгі ширек ғасырда «жалпы ізгілік» қағидасы
үстемдік құрыпты. Тек 1906 жылдан бастап ғылыми
басқару жүйесі билік алыпты. Кадр саясатының барын­

ша терең аспектілерін жіті түсіндіретін бұл тәжірибе біз
үшін де аттап өте алмас тағлым көзі болып табылады.
Қоғамдық сенімге ие бола алған, білімді, жоғары мінез-
құлықты тұлғалардың басқаруын қалайтын «мұрагерлер

мен джентельмендер» басқаруы «еңбек сіңіру жүйесі»
қағидасына негізделіпті. Алайда ол да ұзақ дәурендей
алмапты. Өйткені басқаруды демократияландыруда
мемлекеттік қызмет өзінің үй шаруашылығын дұрыстап

жүргізе алған кез-келген адамның қолынан келеді деп
ойлайтын қарадүрсін түсінік үстемдік құрыпты да,
билікке адам таңдауда халықтың бақылауын талап
ететін эгалитарлық сыңаржақтық бел алыпты. «Еңбек

сіңіру» критериі келе-келе «күш салу» критериімен
алмасыпты. Кадрлар таңдалмапты. Әркім амалын тау­
ып лауазым алуға тырысыпты. Алайда, «қызметке қол

Ғасырлар тоғысында
жеткізудің» бұл жүйесі «кері нәтижелерге», мемлекеттік
қызметтің барған сайын қадірін кетіруге, сыбайластық
пен етекбастылықты күшейтуге, билікті өз мақсатына

пайдаланып қалуға, бармақ басты, көз жұмдылыққа,
«билік алауыздығына», «қалтарыстағы үкіметтер»
өктемдігіне ұрындырыпты. Басқарудың бұлайша іріп-
шіруі мамандығы бойынша мемлекеттік құқ профессоры,

ұлттың өзін-өзі билеуге еріктілігі идеясының алғашқы
және белсенді жүргізушісі президент Вудруф Вильсонға
өте-мөте ұнамапты. Ол әкімшілік мәселелерін саяси
мәселелермен араластырмауды, «күш салу» мен «еңбек

сіңіру» жүйелерін үйлестіруді, қоғамды мемлекеттік
қызметке мейлінше кең қатыстыруды жақтады. Осының
бәрі 1863 жылы қабылданған Пентагон заңында көрініс
тапты. Ол саяси мақсаттарды сайланып қойылатын халық

өкілдері айқындап, оларды әбден кемелденген кәсіби
қызметшілер жүзеге асырады деген тұжырымдамадан
туындайды. Соңғылары саяси тағайындалғандар мен ман­
сапты қызметшілер деп заңдық тұрғыда екі топқа бөлінеді.

Алдыңғылары жеңген партияның президент-лидерінің
тікелей өзінің немесе Сенатпен келісімімен тағайындалды
және қоғамдық сенімге ие болған адамдар ретінде, «еңбек
сіңіру жүйесі» дәрежесіне жататындықтан, оларға маман

ретінде емтихан тапсыру талабы қойылмайды. Екіншілері

– мансапты қызметкерлер мамандық емтихандарын тапсы­

рып конкурстық жолмен, іріктелінеді. Кейінгілер үкімет
немесе саяси тағайындалған лауазым иесі ауысқанда
қайтадан бекітуге жатқызылмай, өз орындарында қала
береді. Сүйтіп «еңбек сіңіру» мен «күш салу» қағидасы

бірдей ескеріледі. Бұл мемлекеттік қызметшілердің сая­
си қысым мен «жарылқаушылық ықпалдың» ыңғайында
кетпеуге жағдай туғызады.
Мемлекеттік қызмет бірте-бірте беделді кәсіп болумен

қоса, дербес ғылым саласына айналды. «Ғылыми басқару»

Ә. Кекілбайұлы
теориясының негізін қалаушы Ф. Тейлор өз доктринасын
ұшалап-мүшелеп талдап, жіліктеп түсіндірді. Сол арқылы
мәселенің байыбына барып, ақылға сыйымды шешім

қабылдау, ахуалдың жай-жапсарына қанығып, салдарла­
рын болжау, басқарудың салалық, мақсаттық жүйелілігін
қамтамасыз ету, өзін-өзі ақтаған тәсілдер мен өнегелерді
іріктеп алу, әрекет пен нәтиженің өзара қайтарымын

мөлшерлей білу талаптары мен шарттары, қисындамасы
мен әдістемесі жасақталды. Лауазымдық сараптама нақ­
тыланды. Қызметке лайықтылық адалдық, мамандығын
жете білу, зиялылық пен әжеттілік, саяси бейтараптылық

сынды сипаттармен анықталды. Бұл әдістеме әуелі АҚШ
әскерінің азаматтық қызметтеріне кадр таңдау барысында
сыннан өтіп, кейін күллі мемлекеттік қызмет саласына
енгізілді. Ұлы дағдарыс пен екінші дүниежүзілік соғыс

мемлекеттік билікті, президенттік басқаруды одан әрі
күшейтуді талап етті. Бронлоу басқаратын комиссияның
бұл бағыттағы қорытындылары мен ұсыныстары негізінде
1939, 1945, 1949 жылдары арнайы заңдар қабылданды.

Ал 1993 жылы Альберт Гор басқаратын жаңа комис­
сия іске кірісіп, АҚШ бюджетіне таяу бес жылда 108
миллиард доллар қаржы үнемдететін 100 жаңа ұсыныс
жасақталды. Мемлекеттік басқарудың барлық аспектілерін

мөлшерлейтін, қызметшілерді қабылдау, жоғарлату және
босатудың жөн-жосығын жіліктей тәптіштейтін 100 мың
беттен тұратын низамдық негіздемеге ие АҚШ-тың өзі
мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға осынша күш

салғанда, бұл бағытта біздің алдымызда қандай қисапсыз
жұмыс тұрғанын айтып жатудың өзі артық.

– Ал сонда өзіміздің байырғы мемлекеттік тәжі­

рибемізді қайтеміз?

– Оны мықтап ескеруіміз керек. Әсіресе, біздің байырғы

мемлекетіміздің ғасырлап қалыптасқан тұрақты үрдіс
ұстанған дәстүрлі қоғам жағдайында өмір сүргенін, ал ол

Ғасырлар тоғысында
үрдіс әлемдік даму қарқынына ілесе алмаған кезде сыр
беріп алғандығын ұмытпауымыз қажет. Мұндай жағдайға
тек біздер ғана емес, басқалар да ұшыраған. Олар да өз

тәжірибесін басқалардың тәжірибесімен байыту арқылы
замана талабына лайықты жауап бере алған.
Бізге бұл салада өз тәжірибемізбен шектеліп қалмау
өте маңызды. Өйтіп, өзгелердің тәжірибесімен де,

мүдделерімен де есептеспейтін, айырықша дербес жол
іздеушілік империяшыл амбициядан айығып болмаған
әупірім күштерге тән мінез. Біздің шама-шарқымыздағы
мемлекеттерге әлемдік тәжірибеге «ашық есік» саясаты

барынша лайық. Өйткені, күні кешеге дейін мемлекеттік
дербестікке ие бола алмай, әлемдік еңбек бөлісу мен
ықпалдасудан атымен шет қалып келген біздер үшін
өзгелердің ащы-тұщы тәжірибесін табанды тұрде зерт­

темей тыңайып кету мүмкін емес. Жаппай жаңғыру
жағдайында бұндай қадамнан арланып, тек өзіндік
дәстүрлер аумағында қалуға тырысатын тоңмойындық,
В. Колингвуд дәл айтқандай, «ақыр аяғында әрқашан ұты­

лады». Оған осы жиырмасыншы ғасырдың өзінен талай
мысал тауып беруге болады.
Мұны біз әрқашан есте ұстауымыз керек. Өйткені
мемлекеттік қызмет те – қайтадан ойлап табуды қажет

қылмайтын «велосипед». Күллі әлем боп шыңдаған
әлеуметтік құбылыс. Ол әуелде де алға жылжу көлігі
ретінде ойлап табылған-ды. Оны міндетті түрде қайта
жасауға тырыспай, қайта оның жүріс-тұрысына кедергі

келтіретін өз жолдарымыздың кедір-бұдырларын ретке
келтіруге күш салған дұрыс. Тек сонда ғана әлсін-әлсін
бізді бұлталаққа салатын, ара-тұра дұрыс бағытпен келе
жатқанымызға шындап күмән туғызатын құқықтық-

низамдық «жолсыздықты» түзей аламыз.
Қазіргі қабылданып отырған «Мемлекеттік қызмет
ту­ралы» заң мен жаңадан құрылған Қазақстан Респуб­

Ә. Кекілбайұлы
ликасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік
осындай күрделі істердің бастаушысы болмақ.
Өйткені біздегі мемлекеттік қызметтің сапалық

деңгейі бізді не өркениетті нарықтың сәулетті көшесіне
алып шығады, не қиян шеттегі көр-жерге толы мүттәйім
базарлардың күңгірт дүңгіршектерінде бүгежеңдеумен
күн кешкізеді.

– Бұл үшін жоғары сана-құлық пен теориялық

деңгейден басқа, сірә, экономикалық стимул: мысалы,
шенеунікті пара алудан сақтандыратын әжептәуір
жалақы қажет шығар?

– Әрине. Адалдық пен парасаттылыққа жеке мүдде­

ліліктің тек моральдық қана емес, экономикалық өлшемі
де болуы тиіс. Шенеуініктің адалдық – өзі үшін пайда
табудың ең қауіпсіз, ал жоғары білік пен жауапкершілік –
бастығына ұнаудың ең тиімді жолы екеніне экономикалық

тұрғыдан қапысыз көзі жеткен жағдайда ғана мемлекеттік
қызмет беделді кәсіпке айналады. Бұл мәселеде де бұдан
әрі сіресе берудің жөні жоқ. Ауқаттылар тәжірибесінің
арзанға түспесі анық. Бірақ, арзан тәжірибенің арзымсыз

нәтижелерінің де ығыр еткен сыңайы бар. Мемлекеттік
қызмет адал ырзық айырудың ашық жолына айнала
алмаған күнде арам пайда қуудың көлеңкелі жолына
айналып кететіндігін кешегі кеңестік тәжірибенің өзі де

жеткілікті дәлелдеп берген еді.

– Шенеуніктерге көлеңкелі экономиканың, топтар

мен мафияның қолында қызмет етушіліктен тек осы­
лай құтылуға болады деп ойлайсыз ба?

– Әрине, шенеунік те қоғам мен ел кез-келген еңбекті,

лауазымды тұлғаның да немесе қатардағы қызметкердің
де маңдай тер, табан ақысын лайықты бағалай алатын­
дай мүмкіндікке толық жетіскенде ғана қадірі асатынын
түсінуі тиіс. Бұған қол жеткізу үшін мемлекет тарапы­

нан ғана емес, азаматтардың өз тарапынан да біршама

Ғасырлар тоғысында
экономикалық және моральдық ысырап шеге тұруға тура
келетіндігі құпия емес. Сондықтан әзірге ел экономикасы
аяғынан тік басып кете алмай тұрғанда, оның азаматтары­

на, әсіресе, өз мемлекетіне қызмет ету тапсырылғандарға,
ең алдымен, ынсаптылық тұрғысынан өнегелі болуға, әлі
қабырғасы қатпаған мемлекеттігіміздің уақытша кедейлігі
мен әлсіздігіне, өз отандастары тарапынан орын алуы

мүмкін әділетсіздікке, орынды-орынсыз өкпе-бопсаға,
кейде тіпті шектен шыққан дөрекілік пен кекшілдік
көріністеріне де шыдас бере тұруға тура келмекші. Дәл
күні бүгінгі отаншылдық – ашу-араздықтың шылауымен

кетпейтін ұстамдылық пен шыдамдылық. Бізді қазіргі
қиындықтар шырмауынан дәулет пен мансапқорлық тай­
таласы емес, ыждаһатты еңбек пен парасатты ізденістер
ғана тездетіп шығара алады.

Өтпелі кезеңде көңілге медет етерлік жалғыз нәрсе:
жағдай бәрібір жақсарады; Құдай берген табиғи байлық
бәрібір игеріледі; өніп-өрбіп жатқан ұрпақ оған, бүгін
болмаса ертең, бәрібір жетіледі. Сонда олар өздеріне

әлгіндей тарихи мүмкіндік туғызатын тар кезеңді бастан
кешіргендердің көрсеткен төзімділігі мен табандылығына
әділ бағасын беріп, алғысын айтары кәміл.
Ұрпағын ойлаған ұлт, келешегін ойлаған қоғам осыған

сеніп өмір сүрмекші.
Қыркүйек, 1999 жыл.

Ә. Кекілбайұлы Мазмұны Ерлікке тағзым – елжандылыққа тағылым......................5 Арға тартпай – арман тұл, намыс қумай – мақсат тұл...15 Ел иесі, жер киесі.............................................................40 Бағзыдан жеткен баба жыр..............................................44 Быть сыном народа..........................................................66 Елдік пен ерлік киесі........................................................74 Айналаң – аялы алтын бесігің.........................................93 Ойдағымыз болды, ортамыз толды...............................107 Пусть планета станет всеобщим мирным домом........111 Абай болсақ, опық жемейміз.........................................118 Ортақ үйдің түтіні түзу ұшсын.....................................136 «Бетерден де бетер бар деген осы емес пе?»...............146 Этот нелегкий парламентский хлеб..............................232 Тәуелсіздік пен ықпалдастық........................................248 «Намыстың сөзін сөйлейік...».......................................269 «Ел тағдырын шешетін жасампаз кезең енді келеді»...293 Ойланайық, ағайын!.......................................................309 Ботасын сағынған аруанадаймын кейде мен...............322 Тәуелсіздік алдында бәріміз қарыздармыз..................334 Мемлекеттік қызмет жауапкершілік пен ыждаһатты талап етеді...................................................356

Ғасырлар тоғысында
Редактор Сәндібек Жұбаниязов
Техникалық редактор 3айра Бошанова
Көркемдеуші редактор Бейсен Серікбай

Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова
Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ
Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы
Ғасырлар тоғысында

Он алтыншы том

ИБ № 7238

Теруге 11.05.2012 жіберілді. Басуға 18.06.2012 қол қойылды.
Қалыбы 84х1081/32. Офсетті басылыс. Қаріп түрі «Тип-таймс».
Баспа табағы 23,5. Шартты баспа табағы 20,0.
Таралымы 2000+30 дана. Тапсырыс №

Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009.
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙