Ел мен жер
Әдебиет порталы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Журналист-жазушы Оралбек Жүністегінің бұл жинағында әртүрлі мамандық иелерінің еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі өмір, еңбек тынысы баяндалады. Аға буынның өнегелі істерін жалғастыратын жалынды жастардың ерен еңбегі сөз болады. Нарыққа тез бейімделген кәсіпкерлердің де жаңаша ой-пікірлері бар. Автор жылма-жыл ұлы өзгерістерді өз қолымен жасап жатқан қазақ елі азаматтарының жарқын бейнесін мейлінше жан - дүниесіне т
Оралбек ЖҮНІСТЕГІ
Алматы
УДК 812. 512.122 ББК 76 (5 Қаз) Ө25 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша жарық көрді ОРАЛБЕК ЖҮНІСТЕГІ. ЕЛ МЕН ЖЕР: Оралбек Жүністегі – Алматы: ХанТәңірі, 2014.–380 б. ІSBN 978-601-03-0195-5 Журналист-жазушы Оралбек Жүністегінің бұл жинағында әртүрлі мамандық иелерінің еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі өмір, еңбек тынысы баяндалады. Аға буынның өнегелі істерін жалғастыратын жалынды жастардың ерен еңбегі сөз болады. Нарыққа тез бейімделген кәсіпкерлердің де жаңаша ой-пікірлері бар. Автор жылма-жыл ұлы өзгерістерді өз қолымен жасап жатқан қазақ елі азаматтарының жарқын бейнесін мейлінше жан - дүниесіне терең үңіліп, баяндауды мұрат етеді. УДК 812. 512. 122 ББК 76 (5 Қаз)
© «ХанТәңірі», 2014 ІSBN 978-601-03-0195-5 Ө25
КЕНДІ ӨЛКЕНІҢ ТЫНЫСЫ
Жылма-жыл Балқаш қаласында игілікті істер атқарылып,
халықтың әл-ауқаттық – тұрмыстық жағдайы жақсаруда.
Экономика даму үстінде. Елбасының үстіміздегі жылғы
Жолдауын басшылыққа ала отырып, шағын қалалардың
бағдарламасына орай кешенді шаруалар тындыруға бетбұрыс
жасалды. Мәселен, 2013-2015 жылдар аралығындағы
шағын қалалар бағдарламасы аясында қалада төрт бағытта
жұмыс жүргізіліп жатыр. Экономикалық әлеуметтік ахуал
дамыған сайын елдің еңсесі көтеріле түсетіні де сөзсіз.
Жуырда
жартыжылдықтың
қорытындысы
бойынша
балқаштықтардың мерейі биіктен көрінгені айтылды.
Экономикасы ілгерілеген қала республиканың дамуына
өзіндік қолтаңбасын қалдырып келеді. Соның ішінде
балқаштықтар өндірісті өркендетуде өзіндік орны бар
өңірге жатады. Соның бәрінде индустриалды даму картасы
демеу болып отыр. Бірде қала әкімі Нұрлан Әубәкіровке
жолыққанымызда жыл басынан бері тындырылған істерге
тоқталды, алдағы атқарылатын істерді пысықтады.
Экономиканың қуаттылығы, өндірілген тауарлардың
нарықтық қатынасқа шығуына орай қалада серпінді
инвестициялық екі жоба әжептеуір үміт күттіреді. Еліміздегі
индустрияландыру картасы соны жаңалықтар әкелді. Мұның
игілігін балқаштықтар да көре бастады. Осы бағдарлама
аясында катод мысын шығаратын «Сары қазына» ЖШС
зауыты былтырғы жылдың мамыр айында алғашқы өнімін
берді. Мұнда 180-ге тарта адам еңбек етуде. Өткен жылы
жеті айдың ішінде 6,6 мың тонна тауарлы өнім шығарылды.
Жоба іске асырылғаннан кейін былтыр мемлекет бюджетіне
480 млн. теңге салық түсті. Қала әкімінің айтуына қарағанда
өндірісті
өркендету
тоқтамайды.
Келешекте
тау-кен
шикізатын сілтілендіруге бағытталған зауыт құрылысы
салынады. Индустрияландыру картасы тың серпін әкелді.
Мәселен, осы бағыттағы «Профилекс» ЖШС жобасы
жүзеге асырылады. Нақтылай айтсақ, құрамында мысы
бар шлак қайта өңделеді, тауар шығарылады. Осы негізде
шағын байыту фабрикасының құрылысын жүргізу өз кезегін
күтіп тұр. Сондай-ақ, гидрометаллургиялық цехтың екінші
кезеңі іске қосылуға тиіс, мұнда да катод мысы өндіріледі.
Жобаның инвестициялық құны 3,3 млрд. теңгені құрап отыр.
Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмысы қолға алынды.
Алғашқы кезеңде 1 млрд. теңге инвестиция тартылып отыр.
Дей тұрғанмен, аталған жобаның қысқа мерзім ішінде
аяқталуына мемлекеттік қолдау қажет-ақ.
Қала
әкімі
инфрақұрылымдарды
дамытудағы
бағдарламаны қысқаша айтып өтті. Осы негізде Балқаш
төңірегінің
экспорттық
қуатын
арттыруға,
бәсекеге
қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік туады. Оның бастысы
«Недро-Балқаш» ЖШС жұмысын жандандыруға баса назар
аудару. Серіктестік гранит өнімдерін өндіреді.Таяуда гранит
тасын өңдейтін цех іске қосылып, аймақ көлеміндегі айтулы
жаңалық болды. Сондай-ақ, «ІСС» ЖШС-ның қуаттылығын
арттыруға 510 млн. теңге инвестиция қаралды, бөлінді.
Серіктестік темір концентратын өндіреді, 75 адамға жұмыс
табылады. Мұның да тұсау кесері сәтті өтті. Алғашқы өнімін
бере бастады.
Қалада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
аясында екі жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, «Балқашсүт»
ЖШС өз жұмысын жаңа сатыға көтереді. Соны технологияны
игереді. Жеке кәсіпкер Тонаев электр үнемдейтін шамдарды
залалсыздандыруға бағытталған цехтың жүмысын қолға
алды.
Шағын қалаларды дамытуға арналған субсидиялау өз
нәтижесін береді. Жаңадан қонақ үй салынады, құрылыс
материалдарын
өндіретін
серіктестік
іске
қосылады.
Жалпы бизнестің жол картасы негізінде үстіміздегі жылы
12 жоба жүзеге асырылуға тиіс. Ілгерілеушілік байқалады,
осыдан келіп, халыққа қызмет көрсету саласының жұмысы
жанданады. Мәселен, сол жобаның ішіне бала бақша,
спорттық сауықтыру кешені, демалыс орындарын ашу
көзделген. Көл жағасында «Нұрбақыт» демалу, сауықтыру
кешені ашылды. Алғашқы қонақтарды қабылдап үлгерді.
Балқаш қаласы өндіріс алаңы, кенді өлке, қала әкімі
«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС- нің өнім өндіруді
бұрынғыдан да әрі ұлғайта түскеннін тілге тиек етті. Мәселен,
мыс өнімін сыртқа тасымалдау 15 пайызға ұлғайтылады.
Қоңырат кенішіне 9,2 млрд. теңге инвестиция тартылады,
200 жұмыс орны ашылады. Байыту фабрикасы соны
технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі, еңбек
өнімділігін арттыратын құрылғы қойылады. Қашан да заман
ағымына қарай алға басу уақыт талабы. Ендігі арада Ванюков
пешін жаңа заманғы пешке ауыстыру қолға алынады.
Осының өзіне 37,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Әкімнің
айтуына қарағанда «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-мен тізе
қоса отырып, бизнесті өркендету жалғаса береді. Төртінші
жоба 2015 жылға дейін жүзеге асуға тиіс. Яғни, әлеуметтік
инженерлік құрылымдарды дамытуға 4 млрд. теңгеге жуық
инвестиция қаралып отыр. Келешекте бала бақша, жол
жөндеу, спорттық сауықтыру орталығын салуға әжептеуір
қаржы қарастырылуда. Қаладағы инженерлік құрылымды
дамытуға баса назар аударылады.Орталық аурухана, емхана,
инфекциялық, психоневрологиялық ғимараттар жөнделу
үстінде. Бірнеше шағын аудан, тұрғын үй алаңдарына сәулет
жұмысы жүргізілуде.
Қаланың жылу, ыстық су, тоқ көзімен тұрақты қамтамасыз
етілуі қатты қадағаланатын болады. Шағын қалаларды
дамыту бағдарламасын мүлтіксіз орындау уақыт бедері.
Осы негізде бірінші жартыжылдықта атқырылуға тиісті
жұмыс толықтай қамтылған, жүзеге асырылған, инвестиция
игерілуде. Қала әкімі сондай-ақ, оқу орындарының базасын
жаңғыртуға, бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуына
қадағалау болатынын жеткізді. Балалардың жазғы демалысын
тиімді ұйымдастыру ешқандай сылтауды қажет етпейді.
Бұрынғы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты табиғаты
әсем Бектауата баурайындағы оқушылар лагері басқа
қожайындарға өтті. Мәселен, осы лагердің біреуі Балқаш
қаласына, тағы біреуі Ақтоғай ауданының қарамағына
берілді.Жаз бойы «Жас қанат» оқушылар лагерінде мыңнан
астам бала дем алуда. Төрт ауысымда жұмыс жасап келеді.
Тағы бір жаңалық, қаладағы көп салалы мектеп-интернаттың
әлеуметтік қорғауды қажет ететін оқушылары Тораңғылық
кентінде дем алуда. Мұндағы ғимарат түгелдей жөндеуден
өткізілді.
Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров қол жетімді баспана
саласында атқарылған игілікті шаруаларға тоқталған
болатын. Алайда, бөлінген қаржы уақытында түспейді.
Бұған билік тарапынан нақты қолдау қажет.
Тағы да атқарылатын істерге тереңдей үңілсек, келешекте
екінші деңгейлі банктерде құны 243 млн. теңге тұратын 4
жоба қаралуда. Нәтижесі жаман болмауға тиіс. Осы негізде
«Тастемір» ЖШС ұнтақтау құрылыс материалдары жұмысын
қолға алу ойда бар. Мұнымен қоса мәдени орталық құрылысы,
«Балқашнан» ЖШС-нің жаңа жобасы қанағаттандырылса
әжептеуір шаруа тындырылады. Мұнымен бірге 7 жобаның
жұмысы әкімдікке келіп түсті. Құны 831 млн теңгенің
жобасы жүз асырылса 141 жұмыс орны ашылады. Мәселен,
бетон зауытының құрылысы, 140 орындық бала бақша, квас
шығару цехы, кәріз қақпақтары, көркем әшекейлі материал
дайындайтын шағын зауыт құрылысы жобасы іске асып
жатса нұр үстіне нұр. Тағы бір айта кететін жайт, биылдан
бастап жылыжай шаруашылығы іске қосылады, теміржол
құрылғылары зауытының құрылысы көп кешікпей басталуға
тиіс. Осы мақсатта «Бизнес кеңесшісі» ұйымдастырған
оқыту орталығы арқылы 40 кәсіпкер бағыт бағдармен
жете
танысты.
Ондағы
негізгі
мақсатымыз
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауында атап көрсетілгендей
шағын және орта кәсіпкерлікті барынша дамыту, қолдау
көрсету. Қала әкімдігі алдағы уақытта қаржыландырушы
банкпен қарым-қатынасын нығайта бермек.
Қаланы абаттандыру қызу жүргізілуде. Соның бастысы
К.Қадыржанов көшесіндегі «Астана алаңы». Мұнымен бірге шағын аудан, көшелердегі «Менің аулам» көркейту бағдарламасы одан әрі жалғасын табуда. Мәселен, үшінші шағын аудандағы балалардың ойын алаңы, шағын су бұрқақпен тіптен әшекейленіп, көрер көзді қызықтырып тұр. *** ...Сарша тамыз есік қақты. Көкше теңіздің аптап ыстығы енді басталды. Жаздың екі айы салқын әрі жаңбырлы болды. Көл жақтан леки соққан керімсал самал балқаштықтардың күнге тотыққан нұрлы жүзін аймалап, еркелей еседі. Әрбір арайлы таңды қарқынды еңбек, тату-тәтті ықыласпен қарсы алатын балқаштықтар мысты шаһардың әр күнін, қарышты қадамын бақыт, қуаныш, шаттыққа балайды. Айтпақшы, мысшылар шаһарының ірге тасының қаланғанына да биыл 75 жыл толып отыр екен-ау. Еркелеп есе бер, көкше теңіздің саумалдай керімсал самалы.
ЖАҢА ӨНДІРІС ОШАҒЫ БОЙ
КӨТЕРЕДІ
Жаңа бастама, жаңа нысандар ашу, өндіріс орындарының
игілікке жаратылуы – тәуелсіздіктің жемісі. Алдағы жылдарға
арналған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму ел
экономикасы дамуының бірден бір баспалдағы іспеттес.
Мұның өзі халықтың әлеуметтік тынысын кеңейтуге,
өнімнің әлемдік деңгейдегі талабына сай болуына, жаңа
жұмыс орындарын ашуға сара жол.
Балқаш өңірі – кенді аймақ. Олай болса, үдемелі
инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын неге
осы құтты мекенде жүргізбеске? Бұған уақыттың өзі
дәнекер, куә. Әйгілі Қоңырат кентінің маңындағы тау-
тау болып үйілген кен қалдықтарының құрамы әлі де бай.
Бұдан сапалы өнім шығарып, экономикалық, әлеуметтік
қуатымызды жақсартуымызға мүмкіндік мол. Осыған орай
«Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы аса бір
қажетті бағдарламаны іске қосып, халықтың қажетіне
жаратуды ұйғарды. Сөйтіп, «Сарыарқа» ӘКК-мен «Сары
қазына» ЖШС арасында келісім-шарт аясында қазіргі заман
үлгісіне сай зауыт құрылысын салуға бағытталған бірегей
жоба өмірге келді.Инвесторлар 2008 жылдан бері зерттеу,
сараптау жұмыстарын егжей-тегжейлі жүргізді. Қоңырат
кенішіндегі кен қалдықтарының сапасы жан-жақты зерттелді,
қор мөлшері анықталды. Қашан да ізденіс нәтижесін беруге
тиіс. Инвесторлар үнемі сақ жүреді, екі шоқып, бір қарайды.
Ақшасын далаға шашпайды, қайтарымын анағұрлым терең
ойлайды. Былтырғы жылы инвесторлардың көңілдері
тоқ екені байқалды. Журналистерге берген сұхбатында
инвестор жетекшісі Қоңырат кенті үйінділерінің әлі де
болса қайтарымы мол екендігін тілге тиек етті. Барлық
мүмкіндіктерді екшей келе қуаттылығы айтарлықтай
гидрометаллургиялық зауыт салуға ұйғарды. Айта кетейік, мысты қайтадан сілтіден айыру – жаңа әдіс.Әрине, біздер үшін, ал шет елде оның тиімділігі әлдеқашан дәлелденген. Баяғыдан белгілі ашық жатқан кен үиінділері тотығады, сыртқы ортаның әсерінен табиғи сілтісіздендіруді бастан кешеді. Жыл он екі ай ішіндегі атмосфералық құбылыс әсері айтарлықтай өзгеріске ұшыратады. Мұның әр жағында экологиялық өзгерістерге ұшырау, адамзатқа зиянын келтіретін залалдардың туындайтыны өзінен өзі түсінікті. Сілтіден айыру әдісі техногендік қалдықтардан, яғни, Қоңырат кеніші маңындағы кеннен мыс алу бүгінгі заман технологиясының мысалы деп ұққан жөн. Мұның өзі мыс өндіруді үш есеге дейін арзандатуға мүмкіндік туғызады екен.Демек, экономикалық тиімділікке қол жеткізудің бірден бір жолы. Жаңадан салынып жатқан гидрометаллургиялық зауыттың жобалық құны 7,3 млрд, теңгені құрайды. Сәтін салып, пайдалануға берілгенде жылына 10 мың тонна катод мысын алуға қол жеткіземіз. Қоңырат кеніші маңайында таутау болып үйілген үиінділерден осынша табыс табуға болады деген ой түсімізге де кірген емес. Біздіңше ол пайдасыз қалдық, үиіліп жатқан тау жыныстары ретінде көрінген. «Сары қазына» ЖШС құрылтайшысы ағылшындық САМL компаниясы. Бұл өзі жер шарындағы бірден бір кен өндірудегі алпауыттардың қатарынан орын алады. Бізден бұрын Ресейде Монғолияда тау-кен металлургия жобаларын дүниеге әкелуде бақтарын сынаған, тәжірибесі жеткілікті. Сондықтан, қазақстандықтардың сенімін ақтайтын – дықтарына ешқандай шүбә келтіруге болмайтын секілді. Құрылыс алаңына оралайық. Мұнда құрылыс қарқынды жүргізілуде. Қазірдің өзінде зауыттың ірге тасы қаланды. Бүтіндей бетонды құю, құрастыру шаруалары қолға алына басталды. Дәнекерлеушілерде тыным жоқ, электр желісі, су құбыры тартылды.Аса қажетті теміржол тұйығы межелі жеріне жеткізілді.Сондай-ақ, кен қалдығын сүзуден өткізген су жиналатын тоған қазірдің өзінде дайын тұр. Әкімшілік тұрмыстық кешен бүкіл басшылық, бақылау жұмысын
жандандыруға қолайлы. Ал, құрылысқа керекті құрал-
жабдықтар аспан асты елінен жеткізілуде. Ең бастысы
күкірт қышқылын сақтайтын ыдыс қазірдің өзінде дайын
тұр.Негізгі бағыт өнім өндірумен қатар, жергілікті халыққа
жұмыс көзін табу ғой. Гидрометаллургиялық зауыт іске
қосылғанда 150 адамға жұмыс табылады.
Түпкі нәтиже түсетін пайдаға байланысты. Жалпы
табыстың 40 пайызы «Сарыарқа» ӘКК-на, 60 пайызы «Сары
қазына» ЖШС-не тиесілі.
– Қасиетті кенге бай Қоңырат өңірінде тағы бір өндіріс
кешені пайдалануға берілер күн де алыс емес.Біз шығаратын
өнімге қытай, түрік, ирандықтар алдын ала тапсырыс беріп
отыр. Қандай шаруаны болмасын білікті мамандар шешеді.
Гидрометаллургиялық зауыттың алғашқы күнінен-ақ жұмыс
жасай алатын мамандарды оқытып, даярладық. Қазірдің
өзінде шет елден оқып келген мамандар болашақта өздері
атқаратын жұмыстың қыр-сырымен танысып үлгерді. Зауыт
іске қосылғаннан кейін екі жылдың ішінде өз жобамызды іс
жүзінде дәлелдеп шығуымыз керек.Жаңа индустрияландыру
бағдарламасы өміршең. Мен бұған кәміл сенемін, егер де бәрі
ойдағыдай болса, тағы бір зауыттың құрылысын бастауға
мүмкіндік туады. Бірақ, мұның бәрі уақыттың еншісінде.
Сондай-ақ,
Қоңырат
кентінің
әлеуметтік
саласын
көтеруге мүмкіндік туады. Несін айтасың, бір кезде
дүрілдеген Қоңырат кенті өтпелі кезеңде біраз қағажу көрді.
Дегенмен, жаңалыққа жаны құштар, келешекке сенімді
Қоңырат кентінің тұрғындары жаңа зауыттың игілігін
көретін болады. Геологиялық зерттеу, бақылау жұмыстары
да сәтімен жалғаса береді. Жыл ішінде осы мақсатқа 30 мың
АҚШ доллары бөлінді. Келешекте осындай мақсатқа 40 мың
АҚШ долларын бөлу көзделіп отыр. Біз жаңа өрлеу кезеңінде
тұрмыз. Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асыра
отырып, экономикалық, әлеуметтік ілгерілеуді жалғастыра
беретін боламыз, – дейді бізбен әңгімесінде «Сары қазына»
ЖШС- нің директоры Александр Антоненко.
Гидрометаллургиялық жаңа зауыттың тұсау кесері
республика Тәуелсіздігінің 20 жылдық тойына қарай
өткізіледі деп күтілуде. Ал, зауыт 2012 жылы толықтай
іске қосылып, жыл аяғына қарай алғашқы өнімін шығара
бастайды.
Сөйтіп, кенді аймақта тағы бір жаңа заманауи үлгідегі
өндіріс ошағы бой көтерер күн де алыс емес.
БАЛҚАШ МЫСЫ:
БҮГІН және ЕРТЕҢ
Балқаш мысы...Бүкіл әлемдік деңгейдегі нарық саудасына
шығып, еліміздің өндіріс қуатын танытып келе жатқан ірі
өндіріс ошақтарының бірі. Сапалы өнім ретінде Лондон
биржасынан ойып тұрып орын алған Балқаш мысына деген
сұраныс жетерлік. Иә, Балқаш мысының өмірге келуі қалай
басталып еді.
Дәл осыдан 75 жыл бұрын тұңғыш рет Балқаштың
қара мысы алынып, өндіріс саласына сүрлеу салды. Бұл
ретте ғалым – геолог Михаил Петрович Русаковтың есімін
ерекше құрмет тұтамыз. Ол 1928 жылы Қоңыраттың қоңыр
шоқысына шатырын тігіп, ат шалдырды. Жер қойнауын
барлап, осы өңірде мыстың мол қоры бар екенін анықтады.
Іле мемлекеттік қолдауға ие болған бағалы бастама Балқаш
көлінің жанынан мыс қорыту зауытын салуға мұрындық
болды. Ал, 1938 жылдың 24 қарашасында ел тарихы
өнеркәсібінің алтын әріппен жазылған сәттілік күні еді. Осы
күні жоғарыда айтқандай қара мыс алынып, тиісті орынға
жөнелтілді. Ал, қазіргі таңда «Қазақмыс» корпорациясының
құрамында бабалар салған соқпақты сабақты инедей
жалғастырып жатқан жас ұрпақ тәуелсіз қазақ елінің
экономикалық қуатын арттырып келеді.
*** «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС директоры Гәкім Серікболұлы Ахбетов өз ойын ірікпеді. – Отандық өнімнің мәртебесін асқақтау ортақ парыз. Соның ішінде мыс өнімінің орны тіптен бөлек. Ғалымдардың айтуына қарағанда әуел баста ертеден мыстың коррозияға төзімді, мықты металл екені анықталған. Сондай-ақ, оны созуға, кез келген мақсатта июге қолайлы. Сондықтан, тіршілік қағидасында өнеркәсіптің кез келген саласында кеңінен пайдаланылады. Мынаған қараңыз, жер жүзіндегі барлық авиациалық кешендер мыстың арқасында аяғынан тік тұрып, адамзаттың игілігіне жарап келеді. Күн сайын аспанға ұшып жатқан космос кораблдерінің кез-келгенінде мыстан жасалған тетіктер бар. Сондай-ақ автотранспорт, теміржолдың, электроника саласындағы жетістіктердің барлығы да дерлік мыс өнімі арқылы жаңарып, соны жетістіктерге ие болып, тұтынушыға жөнелтіледі. Бүгінгі таңда жер жүзіне кеңінен тарап, пайдаланылып отырылған компьютерді сары алтындай сары мыссыз жасап шығару мүмкін емес. Айта берсек, бағалы металдардың бірі сары мыстың қажеттілігі жетерлік. Ал, 1972 жылы Балқаштың катод мысына мемлекеттік сапа белгісі берілген. Директор мырза сонымен Балқаш мысшыларының қол жеткен табыстарына да тоқталды. – Жасыратыны жоқ, он жыл көлемінде мысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында өндіріс қуаты нығайды, мамандар тәжірибе жинақтады. Өйткені өндіріске жаңа технология келе бастады. Оны игеру керек.Өнім шығарудың көлемі де арта түсті. Мәселен, ай сайын 20 мың тонна мыс өндіру көзделген. Былтырғы жылы 184 мың тонна катод мысын өндірсек, биылғы жылды берекелі табыспен аяқтауға ұйғарып отырмыз. Демек, жыл аяғында 190 мың тонна катод мысын өндіріп, қазақстандық экономикаға өзіміздің нақтылы үлесімізді қосатын боламыз.
Кен байыту және металлургия кешенінің өндіріс саласы
жылдан жылға нығаюда. Мұнда өндірістік ережелерді
қатаң сақтау, тәртіпке бағыну, апатқа жол бермеу негізгі
табысқа барар жол болып табылады. Осының нәтижесінде
ырғақты еңбек көрсеткішін сақтап отырмыз. Өнімнің негізгі
көзі шикізат болып табылады. Оның сапасына да жете
көңіл бөлеміз. Мәселен, сапалы шикізат мысты балқытуда
технологиялық жағдайда жеңіл жүргізіледі, өнімі артады.
Біздер Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл кеніштерінің ұжымына
әрқашан алғысымызды айтамыз. Кеншілер де өздеріне
жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.
Байытушылардың еңбегі еселене түсті. Қолда бар руданы
қайыра өңдеу 6 млн. тоннаға жетті. Бүгінгі таңда тауарлы
мыс өндіру 36 мың тоннаға жетіп отыр.
Өндірістің бас жетекшісі Гәкім Ахбетовтың айтуына
қарағанда, әр саланың мамандары өзіне жүктелген міндетті
тиянақты атқарып, шын мәнінде қазақстандық патриоттық
бастаманы қолдап, ел еңсесін көтеруге лайықты үлес қосып
келеді. Нақтылай айтсақ, бұрғылаушылар балқытушылар,
проходшылар, байытушылар мен металлургтер, инженерлер,
маман-қызметкерлер бүкіл өндіріс саласының тұтас бір жүие
болып қалыптасуына өз қолтаңбаларын қалдырды.Әрбір
мысшылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартуға
да баса назар аударылып келеді. Өндірістегілердің негізгі
ұраны -экономикалық тұрақтылық. Осы тұрғыда өздерінің
алға қойған мақсат мұратына жетіп те келеді.
*** Өткенге сәл көз жүгіртейік. Елімізде тұңғыш рет күкірт қышқылын өндіретін цех осы өндірістің құрамында бой көтерді. Тұңғыштың аты қашан да тұңғыш. Мысты сұйық ваннада балқыту тұңғыш рет Балқаш кен металлургия комбинатында жүзеге асырылды. Бағалы металдарды өндіретін аффинаж цехы да осы өндірістің құрамында салынды. Бүгінгі таңда прогрессивті технологияны дамытуда тағы да алғашқылардың бірі болып көш бастады. Соның
бір нәтижесі кәсіпорынның күрделі өндіріс процестерін
жүзеге асыруға батыл қадам жасауы еді. Яғни, өндірісті
модернизациялауға көшу. Бұл өзі уақыт талабы. Өндірген
өнімің сапалы болмаса әлемдік нарыққа шыға алмайсыз.
Сол неғұрлым сапалы өнім алу үшін жаңа технологияны
игеру керек.Мысшылар ірі стационарлық жабдықтарды,
соны жобаларды қолға алып, іс жүзіне асыруда әжептеуір
тәжірибе жинақтады. Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық
жағдайды қалыпты ұстау уақыт талабы. Осыған орай мыс
қорыту цехында аспирациялық газдарды тұту, тазалау
негізіндегі жобалау, зерттеу, сараптама жұмыстары қолға
алынды. Сондай-ақ, сумен салқындатылатын профилді
кессондарды пайдалануға тәжірибе жүргізілуде. Осы жоба
жүзеге асса материалдық шығын азаяды, еңбек өнімділігі
артады. Мысты электролиздеу цехында қалдық ерітінділерді
барынша сапалы күйінде бөліп алуға мүмкіндік жасалады.
Қазір құрылыс монтаждау шаруалары тиянақты аяқталып
келеді. Мысшылар осы технологияға қол жеткізгенде
шикізаттан мыстың сапалы түрде бөлінуіне, өнімнің
өзіндік құнының анағұрлым төмендеуіне мүмкіндік береді.
Тағы бір жаңалық, Күкірт қышқылы цехында жүргізіліп
жатыр. Мұнда келешекте қышқылды бейтараптандыру
қуатын арттырудың жобасы әзірленуде. Соны прогрессивті
технологияларды өндіріске мықтап енгізу жаңашылдық
бастаманы қажет ететіні белгілі. Мәселен, мысты дайын
өнім түрінде шығаруға неге бетбұрыс жасамасқа. Мыстағы
шлактың шығынын азайтса қайтеді? Міне, қазір өндіріс
саласындағы ғалымдардың алдында осындай міндет тұр.
Металлургия және байыту жөніндегі ғалымдар орталығының
жетекшілері Балқаштағы өндіріс орнына ат басын тіреді.
Түпкі мақсат – таза өнім шығаруға неғұрлым батыл ену.
Мәселен, бағалы металдар аффинажын алайық. Осындағы
тазаланбаған селенді рафинациялау технологиясын енгізу
жөнінде ғалымдардың зерттеу жұмыстары басталды.
Тазаланбаған селен бағалы металдар аффинажында ілеспе
өнім болып саналады. Күкірт қышқылы цехында шайынды
қышқылды пайдаланудың жүиесі арттырылды. Ол Мәскеу
қаласындағы «Гинцветмет» институты қызметкерлерінің
ренийді аммоний перронаты негізінде жүзеге асырылуда.
– Тәуелсіздік жемісі – өндіріс қуатын арттыра береді. Бұған
ешқандай күмәніміз жоқ. Сондай-ақ, өндіріс саласының
әрбір мүшесіне қатаң жауапкершілік жүктеледі. Өйткені
өндіріс босаңсуды көтермейді. Біздер Балқаш мысының
75 жылдығына лайықты тарту- таралғы әзірледік. Оны
алдағы тұңғыш Президент және ел тәуелсіздігінің күніне
арнаймыз,– дейді «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС директоры
Гәкім Серікболұлы Ахбетов.
Мыс бұлағының бастау алғанына 75 жыл өтті. Өндіріс
тарихы жазылды, жазылып та жатыр. Жаңа заман үрдісі
Қазақстанның өндірістік қуатының әлеуетті екенін көрсетуде.
БАЛҚАШ МЫСЫ – ЕЛ ЫРЫСЫ
Шихташылар
Мыс балқыту цехына дайын концентрат жіберуде шихта
дайындаушылардың атқаратын жұмысы ауқымды, – деп
бастады бізбен әңгімесін учаске бастығының орынбасары
Жақсылық Маратұлы.–Жыл он екі ай ішінде тынымсыз
еңбек ететін шихта дайындаушылар уақытпен санаспайды.
Жан-жақтан жеткізілген шикізаттың бәрін біздің учаскеге
түсіреді.
– Мына ұзынынан ұзақ созылған вагон-керуен қай жақтан
келіп тұр,– деп сұраймыз.
– Осы концентрат Шығыс Қазақстан облысынан
жеткізілді. Бір айта кетерлігі қыстың күні концентрат
түсіру анағұрлым қиындық әкеледі. Жүк түсірушілеріміз 12
сағаттан жұмыс жасауына тура келеді. Вагондағы концентрат
ылғалды, осында жеткенше мұздай болып қатады. Оны тек
ток балға арқылы оямыз, кертеміз. Солай, әсіресе қыстың
қақаған аязында мұндай жұмысқа тек ысылған, төселген
тәжірибелі жүк түсірушілер ғана шыдайды. Вагон бетімен
бірдей болып қатып қалған концентратты түсіру ұзаққа
созылады. Ал, вагонды көбірек ұстасаңыз ақы төлейсіз.
Сондықтан ауысым-ауысыммен жұмыс жасаймыз.
– Сонда жүк түсірушілердің санын арттыруға болмай ма?
– Әрине болады, өзіміздің белгіленген кесте бойынша
70-ке тарта жүк түсіруші бар. Жаңа айттым ғой, қысқы
мерзімдегі қиындыққа орайластыра отырып, уақытша жүк
түсірушілер қабылдаймыз. Кейде 45-50 адамға дейін көмекке
шақырамыз. Тіпті олар үлгермей жатса бүкіл мыл балқыту
зауыты қамтылады. Әр цехтардан осында жіберіледі.
Түнеу күні қатты аяз болды ғой, сонда бірлестіктің өзге
де цехтарынан жұмысшылар келіп қолұшын берді. Қалай
болған күнде де мына ұзын составты тез арада босатып
кері қайтаруымыз керек. Ал, жалпы штат бойынша жүк
түсірушілерді қоса есептегенде 120 адам осы шикізат
дайындау учаскесінде еңбек етеді.
Жақсылық айтқандай жүк түсірушілердің ток балғамен
жұмыс жасап жатқанына көз жеткіздік. Қақаған аяз бұрын
Балқаш өңірінде мұндай суық болып көрмегенге ұқсайды.
Күніне 30-40 вагон концентрат түсіру жүк түсірушілер үшін
қалыпқа айналған. Кейде оның саны 50 вагонға дейін жетеді.
Сонда ай сайын 1600-1700 вагон түсіреді. Ал, әр маусым
сайын 12-15 вагон жүк түсіріледі. Түнгі ауысымдағылардың
жұмысы екі есе ауырлайды. Соған қарамастан концентрат
түсірушілер алға қойған мақсаттарын мүлтіксіз орындап,
бүкіл бірлестік бойынша жоспар үддесінен көрінуге негіз
қалайды, үлес қосады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры
тасысын» дейді атам қазақ. Мұндағы Айтқазы Қойшыманов,
Қайрат Ниханберлин, Серік Айнабеков, Қасенхан Қилыбаев
сияқты жігіттер техника қауіпсіздігін сақтай отырып, еңбек
өнімділігін арттыруға қол жеткізуде. Шихта дайындау
цехында мұнан басқа ұнтақтау, кептіру учаскелері бар. Онда
шикізат одан әрі өңдеуден өткізіліп, мыс балқыту цехына
жіберіледі. Ал, шикізат дайындау участогының бастығы
Александр Александрович Фертих екен.
Өзінің 65 жыл ғұмырының 40 жылдан аса мезгілін осы
«Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінде өткізіп келеді.
Мұндағы жас мамандар бізге Александр Александрович
жайлы баса айтуды өтінген болатын. Сонау 1959 жылы
теміржол цехына қатардағы токарь болып орналасқан
Александр Александрович әскер қатарына қызмет етуге
алынады. Әскерден оралған соң өзінің ең алғашқы еңбек
жолын бастаған цехқа келіп, эксковатор машинисінің
көмекшісі болып орналасады. Міне, осы кезден бастап
оның еңбек жолы, өмірі, өндіріспен тығыз байланысып,
тағдырына айналады. Өндірістің айтулы маманы, ұстазы
болып табылатын Александр Александрович 1989 жылдан
бері шихта дайындау цехының шикізат учаскесінің бастығы
болып еңбек етуде. Өндіріс ардагері жас мамандарды
даярлауда, баулуда айтарлықтай еңбек сіңірген. Өндіріске
қатаң тәртіп керек.Онсыз табысқа жету мүмкін емес. Тек
тапсырманы мүлтіксіз орындап, әр шаруаны ықтиятты
орындаған маманның ғана абыройлы болатыны сөзсіз.
Александр Александрович қол астындағы жастарға осыны
жете түсіндіріп, жол көрсетеді, еңбек сүйгіштікке баулиды.
Мыс балқыту зауыты директорының жалпы мәселелер
бойынша орынбасары Қажымұрат Жұмағұловты осы
учаскеде жолықтырдық.
Күн сайын шикізат дайындау цехына келіп мән-жаймен
танысамыз. Соның ішінде шикізат дайындау учаскесінде
жиі боламыз. Шығыс Қазақстаннан жеткізілген концентрат
әуелде вагонға ылғалды күйінде тиеледі. Қатты аязда
қатады түсіру оңай емес. Осыған бас-көз болып отырған
Александр Александрович Фертих ағамызға алғысымыз
шексіз. Жұмысына жауапты, жақсы мамандарды тәрбиелеп
шығарды.
Агрегаттардың
техникалық
қауіпсіздігіне
жете назар аударады, зейнетке шықса да қатарымызда.
Ардагердің еңбектегі тәжірибесін, өмірдегі ақыл-кеңесін әлі
де пайдаланамыз, бізге қажет, – дейді Қажымұрат.
Үш ауысымдағы шикізат дайындаушылардың бар ынта-
жігері вагонды тезірек босату. Теміржол экономиканың күре
тамыры деп тегін айтылмайды ғой. Шикізат тиеген ауыр
составтар кезек-кезегімен келіп жатыр. Мұндайда еңбекшіл
жігіттерге тек сәттілік тіледік.
Жұмысшылардың уақытында тамақтануына, дем алуына
жағдай жасалған. Түстікке талон беріледі, арнайы дем алатын
бөлме бар. Кейде осы бөлмеден өндірістік тапсырмалардың
орындалысы ортаға салынады, пікір алмасады. Соны
тапсырмалар алады. Бір айта кетерлігі жұмысшылар талон
арқылы тегін тамақтанады. Өндіріс бірлестігі мұны бюджет
есебінен өздері өтейді. Жүк түсірушілерге жылы киім
беріледі.
Егер де жұмысшыларыңыз тынымсыз 12 сағаттан жүк
түсірсе, онда түстік талон қалай беріледі деп сұраймыз
Жақсылықтан.
Ол жағы да қарастырылған. Егер де сіз айтқандай 12
сағаттан істесе 1,5 талон беріледі. Еңбекақысы жүреді.
Біздегі еңбекақы атқарған шаруасына қарай жабылады.
Осы аязды күндерге әр вагонға 8 адамнан бөлдік. Төртеуі
түсіреді, қалғаны дем алады. Сөйтіп, кезек-кезек атқара
береді. Әсіресе, желтоқсанның қызыл шұнақ аязды түндері
естен кетер ме. Бірден 200 вагонға дейін келді, тұрып
қалды. Біз уақытпен санаспай тәуліктен- тәулікке жұмыс
жасап жүрдік. Жігіттерге рахмет. Солардың арқасында
мыс балқыту цехының да жұмысы өрге басып тұр,– деп
Жақсылық сұраққа нығарлай жауап беріп жатыр.
Шихта дайындау цехының шикізат түсіру учаскесін
тағы да бір шолып өтуді жөн көрдік. Ұзынынан ұзақ
созылған составтар кезегін күтіп тұр. Ал, жеке-жеке
ауысымға бөлінген жүк түсірушілердің вагон үстіндегі
ширақ қимылы сақылдаған сары аязды елемейтін сияқты.
Ток балғаның гүрілі бүкіл маңайды жаңғыртып жібереді.
Ауыр составтардың өне бойы дірілдейді.
– Біз тек өз міндетімізді атқарамыз, тапсырма орындалды
ма, еңбек жеңісі біздікі. Кешеуілдетуге болмайды. Мыс
балқыту цехына концентрат молынан жеткізілмесе, жоспар
үддесінен шыға алмай қаламыз. Ал, жоспар орындалса
еңбекақымыз еселенеді. Үйдегі бала-шағаның нәпақасы
молаяды. Ал, жаз айында жұмыс айтарлықтай жеңілдейді.
Ылғалды концентрат сол күйінде келеді. Дайын, оны
машинаға тиеп, келесі учаскеге жеткіземіз. Ондай сәтте
еңбек өнімділігінің арта түскенін жасырмаймыз, – дейді
Қайрат, Серік сияқты жігіттер бір ауыздан.
Біз шихта дайындау цехының ауласынан шығып,
«Балқаштүстімет» ӨБ-нің келесі өндіріс орнына беттедік.
Балқытушылар
«Балқаштүстімет» ӨБ-гі жетекші цехтардың бірі – мыс
балқыту цехы. Цех жетекшісі Гулям Камардиновты бұрыннын
білуші едік. Қатарадғы балқытушыдан өндірістің бүкіл
жолынан өтіп, бүгінде іскер, ізденгіш жетекшілердің бірі
ретінде танылды. Кейінгі 6 жылдан бері осы күрделі цехты
одғна сеніп тапсырды. Ол болса қарамағындағы жігіттермен
қоян-қолтық жұмыс жасап, ел сенімін ақтауға барынша
ұмтылып келеді. Қарапайым, ашық өндіріс жайында сұрай
қалсаңыз көкейінде ешқандай сыр жасырмайды. Бұл қасиеті,
әсіресе, тілшілерге өте-мөте ұнайды. Басқаларды кемсіткіміз
келмейді, алайда кейбір қойған сұрақтарыңа мардымды
жауап бере алмайтын жетекшілерді де кездестіреміз. Кінәлай
алмайсың оларды. Сөзге сараң, іске мығым басшылар да
болады, өндіріс болған соң мұндай жайттар кездесе береді.
Гуляммен әдеттегідей әңгімеміз тез-ақ жарасып кетті.
– Дұрыс айтасыз, жетекші цехтардың қатарынан орын
аламыз, – деп бастады әңгімесін Гулям Камардинов. –
Былтырдан бері автогендік технологияға көштік. Қазір
өндірісте мысты автогенді әдіспен балқыту процесі жүріп
жатыр. Екі мыс балқыту пеші үздіксіз жұмыс жасауға
дайын. Мыс өнімінің өтімдігі шикізаттың сапалылығывна
байланысты ғой. Табиғи сапалылығын айтамын да. Мына
Шығыс
қазақстан
облысына
жеткізілген
шикізаттың
құрамында ылғал көбейіп тұр. Түсіру қиынға соғады. Соның
салдарынан қаңтар айында балқыту пештерін толықтай
қамтамасыз ете алмадық.
Мұнда қиын учаскелердің де бар екенін білеміз. Жігіттерді
бөле-жара қоймаспыз, дегенмен жақсы іске ұйтқы болып
жүрген жетекшілерді атай кеткен орынды болар.
– Оныңыз рас, Ғ.Елемесов, Е.Ордабаев, А.Сыздықов,
С.Саруханов, Е.Төлебаев, Ж.Садықов, Б.Аюпов, М.Жексенов
сияқты жігіттерді атай кеткен орынды болар. Бұларға
қандай тапсырмалар болсын сеніп бере аласыз. Мүлтіксіз
орындайды. Өндірісте шын шарболаттай шыңдалған деп
осыларды айтуға болады.
– Бұдан әрі Гулям бізді балқыту цехына барып жігіттермен
жүзбе-жүз әңгімелесіп, сыр тартуды жөн көрді. Мыс балқыту
учаскесінің бастығы Ғабит Алмасұлы Елемесов жұмыс
орнында екен. Ағып жатқан от бұлағы көз қарықтырады. Мыс
балқыту цехының іші қарбалас, алып ожауға толтырылған
дайын штейн тиісті орнына қарай жөнелтілуде.
– Мына ағып жатқан қып-қызыл жалынды көріп
тұрсыздар ғой, бұл дайын штейн оны конвертор пештеріне
жөнелтеміз. Ол жерден қара мыс алынады. Одан анод пешіне
кетеді, ал, дәл сол жерден әйгілі Балқаштың шақпақ мысы
дайындалады. Ағып жатқан штейнге мыстың құрамы елу
пайызға дейін жетеді. Ванюково пешінің бір кереметі арзан
концентраттан бай мыс өндіруге болады. – Ал бұрынғы
шарпу пеші ондай емес, қандай сапада шикізат салсақ, соның
өнімін алатынбыз. Өндірістік жаңа технология дегеніміз осы
болар. Мына концентоаттан мыстың құрамына 60 пайызға
дейін байытуға болады. Егер де шихта дайындаушылар
концентратпен толықтай қамтамасыз еткенде екі балқыту
пеші арқылы тәулігіне 600-650 тонна өнім алуға болады.
Мына өздеріңіз алдында тұрған пеш өткен жылдың қараша
айында күрделі жөндеуден өткізілген болатын, – деп мыс
балқыту учаскесінің бригадирі Ғабит Алмасұлы Елемесов
мәселені бір қайырып қойды.
Қашан да өндіріс орындарында жақсы істерімен көзге
түскен жетекшілер болады. Олар іргелі шаруаның ұйтқысы,
көшбасшысы. Біз де сондай жігіттерді кездестірдік. Мәселен,
Б.Ежебаев, Д.Керімжанов, С.Қайыпбергенов, Д.Смағұлов
сияқты әр ауысымдағы жігіттер өз саласының білгірі,
шебер мамандары. Ал Олег, Валера, Нұрлан секілді кәсіби
шебер мамандарды тәрбиелеп шығаруда алдыңғы толқын
өндіріс шеберлерінің еңбегі айтарлықтай екен. Бұлардың
қатарын әлі де толықтыруға болады. Е.Асқаров, К.Жақынов,
К.Қосыбаев, Б.Бейсекеев, А.Базарбаев, Т.Шайхин сияқты
жігіттерді қалай мақтаса да тұрарлық.
– Біздің бригада құрамында 25 адам бар. Штейн береміз,
шикізат қорытамыз. Қазір біздің ауысымның жігіттері
сапалы штейнді конвертор пешіне жеткізуді жөнелтуде.
Балташ, Қанат, Мейіржан, Есім сияқты жігіттер өз жұмысына
ұқыпты, – дейді бригадир Бекен Ежебаев біздің сұрағымызға
орай.
Мыс балқыту бөлімшесі тәулігіне 5 мың тоннаға дейін
мыс балқыта алады. Сонда жылына 180 мың тонна қара
мыс өндіруге қол жеткізуге болады. Өткен жылы мыс
балқытушылар осы жоспар биігінен көріне білді.
Мыс балқытуышлардың маңдай тері моншақтап төгілді.
Қызыл жалынның өтінде жүргендердің бір-ақ тілегі бар.
Тек шикізаттың сапасы жоғары болса екен. Мұндай мыс
балқытушылар жедел қимылдап, мыс балқытуға бар күшін
салады. Шлакты аз алып, мыстың сапасын арттыруға, әрине,
жаңа технологияның берер пайдасы зор.
Мыс балқыту пештерін жөндеуде Т.Нұрмағанбетов
жетекшілік ететін жөндеушілер көлденең келген қиындықты
жеңуге әрқашан да дайын. Тас қалаушылар былтырғы жылы
мыс балқыту пештерін жөндеуде ұйымшылдық танытқан.
..Қызыл жалынды штейнді ағытып жатқан жігітпен
тілдесіп үлгердік. Бұл бригадир Қанат Жақыпов екен.
– Көріп тұрсыздар, штейн алып жатырмыз. Аса жоғары
температурада балқыған штейн ағыны бет шарпиды.
Мұндайда техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтау керек. Мүлт
кетсеңіз, бетін аулақ қылсын, кешірмейді.
– Мұнда балқыту учаскесінде көптен бері істейсіз бе?
– 20 жылдан асты, өзіміз қазір жастарды тәрбиелей
бастадық. Өндірістің сондай дәстүрі бар. Біз де өзіміздің
алдымыздағы
ағаларды
айырбастадық.
Күні
ертең
орнымызды жастар басады. Сондықтан өндіріске жас
мамандардың келуіне қызығушылық танытамыз,– дейді
бригадир Қанат бізбен әңгімесінде.
Мыс балқыту цехында 800 адам еңбек етеді, олар
бес ауысымға бөлінген. Қазір жұмыстың қауырттығына
байланысты ауысымдағылар 3 күн істейді, бір күн дем алады.
Уақытпен санаспайды. Күндіз-түні мыс балқыту цехының
қасында. Түнеу күндері жұртшылық 4 күн еркін дем алып,
отбасылық шаруаларына көңіл бөлгенде, мысшылар алау
оттың өтінде болды. Нағыз еңбек, ал, тәуліктік норма 600
тоннадан астам қара мыс өндіру. Ол үшін 80-90 ожау штейн
беру керек. Міне, сонда ғана жоспар үддесінен көрінуге
болады. Ол оңайшылықпен келетін еңбек асуы ма? Маңдай
тер моншақтап төгілкі керек.
Өндірісті аралауға жолбасшы болған Жасталап Қасенов.
Ол мыс балқыту зауыты директорының күзет жөніндегі
орынбасары екен.
– Қай цехта болмасын өндірістік тәртіп қатаң сақталады.
Мен осындағы жігіттердің, қыз-келіншектердің еңбегін
ерлікпен пара-тар дер едім. От-жалынның өтінде қышқыл
газдың ішінде жүрген олардың іс-қимылы сүйсінтпей
қоймайды. Жыл аяғында күкірт қышқылы зауыты іске
қосылуға тиіс. Адам ағзасына зиянды газ мүлдем жоқ
болады. Осы атты күнді бәріміз де асыға күтудеміз. Жиі
келіп
тұрыңыздар,
әсіресе
жұмысшылардың
еңбегін
көрсеткендеріңіз жөн, – деп Жасталап зауыт ауласына қарай
шығарып салды.
Мыс балқытушылар ақпан айында белгіленген межеден
көрінуге ұмтылуда. Сөз жоқ, балқытуышлар бағындыратын
еңбек белестері әлі алда болса керек.
..Өндіріста шар болаттай шыңдалған мыс балқытушы
жігіттердің қоңырқай жүздері көз алдымызға қайта-қайта
келе берді.
БАЛҚАШТЫҢ БАЙЫПТЫ
МЫСШЫЛАРЫ
«Балқаштүстімет» ӨБ-нің Мысты электролиздеу цехында
қайнаған еңбек, тынымсыз тіршілік. Мұндағы шақпақ мыс
өндірушілер ай сайын жоспар үддесінен шығу үшін тәулік
бойы тынымсыз. Цехтың бас инженері Қайрат Оспанов
шақпақ мыс өндірушілердің жұмыс тәртібімен таныстыруда.
Алдымызда тұрған екі пролетта етек-жеңі жинақы, ширақ
қимылды жігіттер өз істеріне мұқият қарайды. Мұнда
күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, дайын
өнімдер қоймасының төбесі айырбасталуда.
Бас инженердің айтуына қарағанда қаржылық қиындыққа
қарамастан инвестиция бөлініп отырған көрінеді, әрине,
бұрынғыдай алақанға толтыра салып беретін қаржы
жоқ. Дегенмен, әр тоқсан сайын бөлінген инвестицияны
дер кезінде игеру басты шарттың бірі. Цехтың әрбір
бөлімшелеріне жеткілікті түрде қаржы бөлінген. Мұның өзі
алдағы қысқа дайындық десе де болады. Кетеуі кетіп тұрған
ғимараттарды, бөлмелерді жөндеу күзге дейін жүргізіледі.
Жалпы мысты электролиздеу цехында 700-ге тарта адам
еңбек етеді екен. Бір айта кетерлігі, жастардың өмірден өз
орын табуға барынша мүмкіндік жасалынуда. Көпшілігі
жергілікті өндіріске мамандар даярлайтын оқу орнын
бітіргендер. Маусым айында шақпақ мыс дайындаушылар
міндет биігінен көріне білді. Яғни, жоспардағы 17800 тонна
шақпақ мыс алынып, алдыңғы лектен көрінді. Мұндағы таза
мыстың сапалы құрамы 92 пайызды көрсетіп тұр, әрине,
бұл мақтанарлық көрсеткіш. Сөйтіп, жарты жылда 102 мың
тонна шақпақ мыс алынып, тиісті орындарға жөнелтілді.
Мысты электролиздеу цехының Тотияиын бөлімшесіне
де ат басын тірегенбіз. Аталған бөлімше жылма-жыл
жарыс көшінің жеңімпазы, үздік ұжымның қатарынан
саналады. Мұнда өндіріс қауіпсіздігін сақтай отырып, құрал жабдықтарды жаңарту жылдан жылға жақсара түсуде. Соңғы уақытта болаттан құйылған құбыр, сораптар жеткізілді. Осы бөлімшенің жетекшісі Қасқабай Махабаев 30 жыл еңбек етіп келеді. Жастардың тірегі, таянышы, өзі өндіріс саласында жастарға арқа сүиейді. – Мысшылар мерекесіне құр алақан келіп отырған жоқпыз, жартыжылдықта 810,5 тонна тотияиын өндірдік. Ұжымдағы 60 шақты жұмысшы-мамандар нағыз өз ісінің шеберлер, дейді, – Қасқабай Жолданұлы – Экспортқа шығарылатын өнімдер арнайы қоймада сақталады. Осы жерден вагонға тиеледі, тапсырыс берген мемлекеттерге жөнелтіледі. *** Мыс қорыту зауытына шикізат дайындап беретін шихташылардың да еңбегі ересен. Осындағы уату шихталық бөлімінің аға шебері Талғат Жайсаңов өз ісін жетік білетін маман екен. – Өндіріс саласы қашан да бір-бірімен сабақтас. Біз неғұрлым өнімді жұмыс жасасақ мыс балқытушылар да риза. Неге десеңіз, сапалы шикізат жақсы балқиды. Пештің қалыпты жұмыс жасауына де септігін тигізеді. Ал, шихта сапасыз болса өндіріске кері әсер етеді. Осыны ойластыра отырып, зертхана шихтаның құрамын мұқият тексереді. Біз де технологиялық процесті тұрақты бақылаймыз, – дейді аға шебер Талғат Зейноллаұлы. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысынан, Жезқазған, Қарағайлыдан шикізат жеткізіледі. Маусым айында шихта дайындау жоспары артығымен орындалыпты. Қол жұмысы жеңілдетілген, арнайы электрондық аппарат арқылы балқыту пешіне концентрат қандай тұрғыда жіберілуде, сараптамасы қандай дәрежеде, бәрі-бәрі бақылауда тұрады. Бұл күнде уақытша тоқтаған Мырыш зауытының мамандары шихта дайындаушыларға көмекке келген. Кейбір
мамандар қайта даярлықтан өтіп, жұмыстың ыңғайына қарай бейімделуде. Ұжымның 40 пайызы қыз-келіншектер - мамандықтары да сан-салалы. Конвеиер машинисі, кен уатушы, аспалы кранның жүргізушілері, қыз-келіншектер, көңілің марқаяды, өзіміздің қаракөздер де өндірісті ұршықша иіре бастады. Мұндағы кептіру бөліміне арнайы двигатель орнатылып, қосымша кран қойылды. Қол жұмысын жеңілдететін аспалы крандар алдағы уақытта да әкелінеді. Шихта уату бөлімшесінде де игілікті істер тындырылуда. Бәрінің илегендері бір терінің пұшпағы, мақсат-сапалы шихта дайындап, дер уақытында мыс балқыту цехына жеделдете жеткізіп беру. Экспортқа сапалы мыс шығарылса жағдай жақсарады, қосымша табыс көзі молаяды. ***
«Балқаштүстімет» ӨБ-нің мыс балқыту цехында тұрмыз.
Балқыту бөлімінің шебері Қожан Мұратбеков өндірістік
процесті баяндау үстінде.
– Өндіріс – өмірдің өзегі деп тегін айтпаса керек.
Экономиканы да көтеретін де осы өндіріс. Дәл қазір біздің
жігіттер дайын концентратты қабылдап Ванюков пешіне
жөнелтуде. Осындағы екі бригада ауысым арқылы мыс
балқыту процесін үздіксіз атқарады. Менің қарамағымда
30 жұмысшы-маман бар. Мұндағы құрал жабдықтарды өз
ісінің шебері Ермек Жақсыбековтың жігіттері қолма-қол
жөндеп, қалыпқа келтіреді. Маусым айында 20 мың тоннаға
жуық қара мыс алдық. Біздің ойымызша «Самұрық-Қазына»
әлеуметтік қоры келешекте өндірісті дамытуға барынша
көңіл бөледі деп ойлаймыз. Отандық түсті метал өндірудің
қанатын кеңейту қажеттілігін арттыру барынша дамытылуы
керек.
Ауысым шебері өз пікірін осылайша жеткізді:
Конвертор бөлімшесінің механигі Серік Күліков мыс
балқыту цехына көрсетілетін қызметтің жай-күиін айтты.
– Балқыту цехына механикалық бақылау жөндеу
жұмыстарын жүиелі жүргіземіз. Осы мақсатта арнайы
мамандандырылған
механикалық
жөндеу
басқармасы
құрылған. Балқыту пешін күрделі жөндеуден өткіземіз.
Кейбір ағымдағы ақауларды тез арада қалыпқа келтіріп,
өндірістің
үздіксіз
жұмыс
жасауына
ықпал
етеміз.
Бригадада15 адам бар. Мұндағы бес конвертордың жұмысына
бақылау жасаймыз. Өндіріске жастар келе бастады. Бұл
қуанарлық жайт. Алдыңғы толқын ағалардың ізін басатын
жас маман жұмысшылардың келуі өндіріске серпін әкелді
деп, – есептеймін.
– Бөлімше механигі осылай дейді. Мыс балқытушылар
келесі ауысымға шықты, тәулік бойы үздіксіз балқытылған
сары мыс қазақ елінің игілігіне жаратылуда. Өзіміздің
отандық өнім, Қазақстанда жасалынған, кеудеңді қуаныш
кернейді.
*** Бағалы металдар цехы «Қазақмыс» корпорациясының инновациялық бағдарламасы бойынша өз жұмысын одан әрі жандандыруда. Сәл шегініс жасайық. 1997 жылы Мыс қорыту зауытының негізгі цехтарының бірі ретінде осы бағалы металдар өндіретін цех дүниеге келді. Бағалы металл өндірушілер өздерінің төл мерекелеріне лайықты тартулармен келіп отыр десек артық айтқандық емес. Үстіміздегі жылдың алты айында 300 тоннаға жуық түиіршіктелген күміс өндірілді. Ал, өндірілген алтын 2 тоннаға жуық. Бір айта кетерлігі, күміс өндіруде бағалы металдар цехының ұжымы әлемдік нарыққа ілесті. Нақтылай айтсақ, күміс өндіруде Польша, Австралия, Мексика, Канададан кейін бесінші орында тұр екен. Сөз орайы келгенде айта кетейік елімізде өндірілетін аффинажды алтынның 44,1 пайызы құйма түрін, күмістің 91,2 пайызы түиіршіктелген түрін осы бағалы металдар цехы өндіреді екен. Бағалы металдар цехына әлемдік деңгейде өндіріс қуатына серпін беретін жаңа қондырғылар жеткізілуде. Мұның өзі
өнімнің халықаралық стандартқа сай болатындығына берік негіз қалайды. *** «Балқаштүстімет» ӨБ-нің кен байыту фабрикасы өзіндік өндірістік соқпағы қалыптасқан ежелгі ұжым. Фабриканың директоры Ғабдулманап Шаяхметов өндірістің қазіргі тынысы жайлы былайша толғайды. – Біздің негізгі мақсатымыз уатылған кен өнімдерін үздіксіз ұқсатушы өндіріс орындарына жіберу. Уақыт талабына сай мамандарды қайта даярлықтан өткізіп, шеберліктерін шыңдай түсудеміз. Мәселен, байытушы, кен уатушы, диірменші, тағы басқа мамандықты меңгергісі келгендер білімін жетілдіреді. Арнайы құрылған комиссияның сынағынан өтеді. Мысалы, Мырыш зауытынан қысқарған мамандар сынақ тапсырды. Біз әзірше 20-ға тарта маманды қабылдадық. Маусым айында 200 мың тоннадан астам уатылған кен жынысын жөнелттік. Өндірістің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізудеміз, құрал-жабдықтарын жаңартамыз. Экологиялық бағдарлама аясында біраз шаруаларды тындыру керек. «Қазақмыс» корпорациясы 140 мың доллар инвестиция бөлген-ді, оны игердік. – Қаланы көркейтуге әлеуметтік саласын жақсартуға байытушылар лайықты үлес қосып келеді. Қала тұрғындары жақсы пікірде. – Әрине, өзіміз тұратын қаланың ахуалын жақсарту ортақ міндет. Қарамағымызға берілген «Ақбота» бала бақшасын қаладағы №1, №3 шағын аудандарды, орта мектепті бірнеше үлкен көшелерді көркейту, сәулеттендіру бізге жүктелген. Апта сайын сенбілікке шығамыз. Реті келгенде айта кетейін, былтырғы жылы 36 үйді қысқа дайындап бердік. Қазір 16 үйді қысқа дайындап беруге міндеттендік. Арнайы бөлінген бригада жұмыс жасауда. Сәтін салса тамыз, қыркүиекте жөндеуді аяқтаймыз. Бектауатадағы «Сарыарқа» демалыс ғимаратын фабрика өз күшімен жөндеп, жыл сайын сән салтанатын келістіреді. Өндірістегі мамандар екі күндік
демалыста табиғат аясына шығады, тынығады, арнайы көлік бөлінген. Дағдарыс айтуға оңай, ал, іс жүзінде оның бізге берген сабағы да жетерлік. Мәселен, дағдарыс кезінде үнемшілдікке, ұқыптылыққа бет бұрдық. Ысырапқа жол берілмейді, әр тиынды есептейміз. Жұмысшы мамандарды өзі осыған бейімделе бастады. Байыту фабрикасының директоры Ғабдулманап Диқанбайұлы өз пікірін емен жарқын көңілмен жеткізді. «Қазақмыс» корпорациясы әкімшілігінің арнайы қаулысы бар екен. Өндірістік еңбек тәртібін қатаң сақтағандарға, еңбек нұсқаулығын, өндіріс қауіпсіздігін қатаң түрде орындағандарға арнайы сыйақы беріледі екен. Құптарлық өнеге, басқаларға үлгі. Еңбек қауіпсіздігін бақылайтын қоғамдық инспекторлар қашан да қырағы. Жұмысшы мамандарды игілікті іске ынталандырудың бұл да бір төте жолы. ***
...Өндіріс – қашан да қарбалас... Тәулік бойғы тынымсыз
еңбек... Адамдардың игілігі үшін жасалып жатқан бағалы
бастамалар... Төл мерекелеріңіз құтты болсын, балқаштың
құрыш қолды, байыпты мысшылары!
МЫРЫШ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ
БИІК БЕЛЕСІ
«Балқаштүстіметалл» ӨБ
Мырыш зауытының директоры
Серік Үмітбекұлы САДЫҚОВПЕН әңгіме.
Елбасы алға қойған үкен міндеттерді жүзеге асыруда
мырыш зауытының ұжымы көздеген межеден көрініп келеді.
Қол жеткен табысымыз баянды болсын деп тілейік. Күні кеше
елбасы тағайындаған «Сапа саласындағы жетістіктері үшін»
атты арнайы сыйлыққа ие болып, мерейіміз биіктен көрінді.
Елбасы ұжымның еңбегін жоғары бағалап, алдағы кезеңде
де зор жауапкершілікпен жұмыс жасауға серпін берді. Бір
айта кетрлігі, сапалы өнімге шет елдіктердің қызығушылығы
артып келеді. Сондықтан өз өнімімізді кеңінен жарнамалап,
қол жеткен табысты одан әрі баянды етуге зор мүмкіндік
туып тұр. Корпоративтік табыс салығынан елу пайызға
босадық.Міне, осындай жетістік келешекке деген сенімімізді
нығайта түсті.
Мырыш зауыты – жаңа өндіріс орны. Оның жұмыс істей
бастағанына үш жылдың жүзі болды, не нәрсені жаңадан
ашып, іркіліссіз жұмыс жасауына, өнім беруіне қол жеткізу
бірден мүмкін емес. Мүндағы айтайын деп отырғаным,
мырыш зауыты өзінің қалыптасу кезеңінен өтіп келеді. Әлі
де болса үйлестіру, үйрену жолында тұрмыз. Сондықтан
үкімет жан-жақты көмек қолын созып, қолдау көрсетуде.
Ал, «Қазақмыс» корпорациясы қай кезде болмасын
қамқорлығын аяған емес. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзі тұсауын
кесіп, ақжолтай сапар тілеген жаңа өндіріс орны біртін-
біртін білікті кадрлармен толықтырылып, нақты нәтижесін
беруде. Мұндай өндіріс орны бұрын біздің елде, тіпті ТМД
көлемінде болмағаны шындық. Сондықтан мамандарды шет
елге жіберіп, оқытып алуға, тәжірибеден өткізуге тура келді.
Зауыттың алға қойған негізгі мақсат-мүддесі бар. Бұл ретте
бізде біріңғай мырыш, сульфат құймалары шығарылып,
өнім алынады. Әу баста зауыт бес цехтың негізінде
құрылды. Тарата айтсақ, концентрат дайындау, мырышты
электролиздеу, катодты балқыту, ерітіндіні тазарту цехтары
бір-бірімен өзара тығыз өндірістік байланыс жасайды.
Толып жатқан басқа да технологиялық цехтар өндірістік
демеушілік көрсетіп, иық тірестіре ортақ мақсатта жұмыс
жасайды. Энергожөндеу, жедел жөндету, химиялық зертхана,
өнеркәсіптік өнімдер, көлік, құрылыс учаскелері қай кезде
болмасын өндіріс саласында көмек көрсетіп қажет ашуға
дайын тұрады. Гидро-металлургия лабороториясы әр цехта
параметрлі режимін қадағалайды. Мұндағы температураны
бақылап,
тасқындар
шапшаңдығына
өлшеу
жүргізіп
отырады. Кез келген материалдарды сынақтан өткізіп,
нақтылы қорытынды жасайды. Өндірістің аты өндіріс.
Мұндағы барлық технология асқан қырағылықты, дәлдікті,
сақтықты керек етеді. Енді бір сәт мырыш зауытының
қалыптасу кезеңіне назар аударайық. Әрине, өнім шығаруда
да көлденең келген қиындықтардың болғаны рас. Жас
мамандардың, басшылықтың біраз ізденіп, тер төгуіне
тура келді. Ізденіс түбі – игілік деген ғой. Сол іркілмей
ізденгеніміз түпкілікті нәтижесін беріп отырды. Әр жылды
табысты аяқтауға қол жеткіздік. Мүмкіндігінше өндірістің
де қадамы қарыштап белгіленген жоспар бағдарлама
бойынша дами беруге тиіс. Соның дәлелі болса керек,
2005 жылы 60 мың тоннаға жуық мырыш өндірілді, 5100
тонна мырышты сульфат алынды. Биыл тәуелсіздігімізге 15
жыл толады. Осы ниетте зауыт ұжымы көздеген межеден
көрінуге ұйғарған. Балапанды күзде санайды деген. Жыл
аяғында атқарған жұмысымызды нақтылап, қорытындысын
шығарсақ деп ұйғарып отырмыз. Жалпы алғанда жарты
жылдық 9 айлық көрсеткіштеріміз көңіл қуантады. Мырыш
зауытының өнімдері республикамыздың түкпір-түкпірінде
кеңінен пайдаланылып, қажетіне жаратуда. Сонымен қоса
экспортқа да шығарылып, елімізді әлемге танытуда. Атап
айтқанда Италия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Словакия
сияқты мемлекеттер біздің өнімімізді пайдаланып, әлденеше
сынақтан өткізді. Мырыш зауытының құймасына басқа
да елдерден сұраныс түсуде. Өзіміздегі сульфатты өнім
еліміздің байыту фабрикаларына жедел түрде жіберіледі,
өңделеді. Бір айта кетерлігі, біздер мырышты сульфатқа
деген сұранысты бір деңгейде қамтамасыз етіп келеміз.
Осы мырыш зауытының құрылысы жүргізіліп, ірге тасы
қаланғанда, жұртшылықты жұмыспен қамту бірінші кезекке
қойылды. Іргедегі өндіріс орны қала жастарына жұмыс
тауып беріп, игілікті істерді тындыруға шақырып жатса
неге қолдамасқа?! Солай болды да. Бұл күндері мырыш
зауытында мыңнан аса адам жұмыс жасап, белгілі бір
мамандыққа бейімделіп, орныға бастады. Мұның ішінде 160-
қа тарта инженер-техник қызметкерлер жаңа технологияны
меңгеріп, үлкен іске айтулы үлестерін қосып келеді.
Тарата айтайық, біздің ұжымда 2 техника ғылымдарының
кандидаты жұмыс жасайды. Сондай-ақ жоғары білімді
мамандар 60 пайызды құрап отыр. Орта техникалық білімді
мамандардың үлес салмағы да ауыз толтырып айтарлықтай.
Іс тетігін мамандар шешеді деп орынды айтылған ғой.
Әу баста «Балқаштүстіметалл» ӨБ-нің өз кәсібін жетік
меңгерген, жауапкершілік жүгін жете сезінетін мамандарды
шақырдық. Тәжірибе уақыт келе жиналады. Сондықтан
тәжірибелі мамандардың өндірістің жаңа технологиясына
тез бейімделіп, келелі істерді тындыратындығына сендік,
оларға арқа сүйедік. Сонымен бірге жас мамандарды
тәрбиелеп шыңдауға да олардың ықпалы аз болған жоқ.
Мұндайда үзіліп қалған ұстаздық қозғалысты қайыра
жаңғыртып, өндіріске енгізудің мәні зор. Қазір мырыш
зауытына келген жастар алдыңғы толқын ағаларына қарап
бой түзейді, үйренеді, еңбек дәстүріне қалыптасады. Бұл
– бірінші, екіншіден жастар іскер жауапкершілігі мол аға
буын өкілдерінен үйрене отырып, теориялық білім алуына
да қамқорлық көрсетіледі, мүмкіндік жасаймыз. Біздер
жаңадан ашылған Балқаш гуманитарлық техникалық
университетімен тығыз қарым қатынас жасаймыз. Сондай-
ақ, Балқаш ГТК-мен де байланысымызды үзген жоқпыз.
Осының өзі тәуелсіздіктің арқасы деп ұққан жөн. Қала жастар
техникалық білім алу үшін басқа қалаларға сабылмайды.
Қалаған мамандықтары бойынша білім алып, туған қаласын,
өндірісті өркендетуге атсалысады. Студенттер өндірістік
тәжірибені зауыт цехтарында келіп өткізеді. Бір айта кетрлік
жайт, осы орындармен екі жақты келісім-шарт жасалып,
іс жүзіне асырылады. Мысалы, оқу орнын бітірген жастар
өндіріске келеді. Еңбек табалдырығын аттайды. Тәжірибелі
өндіріс жетекшілерінің қамқорлығында жүреді. Қай кезде
болмасын жастарға аялы қамқорлық керек. Олардың өмірлік
соқпағын таңдауға мұрындық болғанымыз жөн. Біздің де
негізгі мақсат-мүддеміз осы тұрғыдан орайластырылған.
Өндірістік тәжірибеден өтуге келген жастардың икеміне,
бейімділігіне қараймыз, таңдау жасаймыз.
Ақаусыз өндірісте жұмыс жасау негізгі нысанаға
айналады. Еңбекті қорғауды басқару жүиесі ережелеріне
сәйкес барлық деңгейдегі мамандар, жұмысшылар техника
қауіпсіздігін сақтаудың алғы шартынан өтеді. Осыған
орай әр цех, бөлімдерде бақылау, қадағалау бір сәт те
бәсеңдемейді. Техника қауіпсіздігін сақтау, еңбекті қорғау
шараларын жүзеге асыру күнделікті тыныс-тіршілігімізбен
тікелей байланысты. Қазіргі таңда экологиялық ахуал жайлы
кеңінен әңгіме қозғалып жүр. Әрине, әңгіменің бір шеті
мырыш зауытына да байланысты. Бірден айтайын, мырыш
жеткізілген концентраттан гидро-металлургиялық қоспа
өндірістік тәсілмен алынады. Өндірістік өңдеу оттегілі
ауалы қоспалар беруде аса жоғары қысыммен ертінділенеді,
сілтісіздендіріледі. Мұның нәтижесі қандай? Демек, күкірт
ауаға оксиді түрінде тарамайды, тұндырылады. Ашық
айтайық, ерітінділеу технологиясында ауалы бассейнге
шығарылатын зиянды қалдықтар жоққа тән. Автоклавты
металлургия технологиясы дегеніміз осы. Біздегі бүкіл
басқару, бақылау, бүтіндей автоматтандырылған. Қоршаған
ортаны қорғау, табиғатты таза күйінде сақтауға бәріміз
де мүдделіміз. ҚР минералды ресурстар және энергетика
министрлігі бізге минералды шикізатты қайта өңдеу
мемлекеттік лицензиясын берді. Бұл енді еліміздің заңды
құжаттары арқылы өз қызметімізде жыл сайын дәлелденіп,
бекітіліп отырылады. Бетін аулақ қылсын, заңға келетін
қарама-қайшылықтарда лицензия қайтарылып алынады.
Алда үлкен міндеттер тұр. Бәсекеге қабілетті елу елдің
қатарына кіру де шығарған өнімнің сапасына, қажеттілігіне
байланысты. Келешекті болжаған дұрыс. Онсыз тағы
болмайды. Біз де өз келешегіміздің көкжиегіне қараймыз,
болжам-бағдар жасаймыз. Зауытты шикізатпен қамтамасыз
етуге мүмкіндік жеткілікті. Осыны ескере келіп өнім шығару
мүмкіндігін 20 пайыз көлеміне дейін ұлғайтуға болады. Бұл
күндері жаңадан ашылатын кен орындары зерттеліп, жылдық
қоры анықталу үстінде. Дау жоқ, алдағы кезеңде жаңа кен
орындары игерілетін болады. Қымбат металдарды балқытып
алуға да мүмкіндік жасалады. Қазірдің өзінде әрекет
жасалуда. Бұл тұрғыда бізге Ресей, Болгария ғалымдары
көмекке келуде. Алдағы уақытта дайын өнім түрлерін
көбейтеміз, мырыш қорытпасын арттырамыз. Жыл өткен
сайын Лондондағы металл биржасында мырыштың бағысы
өсіп отыр. Маусым айында бір тонна мырыштың бағасы 3949
долларға жетті. Салыстырып көрейік, 2004 жылы 1 тонна
мырыштың бағасы 1052 доллар болған еді. Яғни, мырышқа
деген халықаралық сұраныс арта түсті. Қорыта айтқанда
айналасы үш жылдың ішінде мырыш зауыты Қазақстан
рыногы үшін өзінің қажет екендігін көрсетті, дәлелдей
бастады. Олай болса тәуелсіз елдің экономикасының нығая
түсуіне зауыт ұжымы өз қолтаңбасын қалдырып, өндіріс
биігіне өрлей беретін болады.
САРЫ АЛТЫНДАЙ
САРЫ МЫС
Біз оны ертеден білетінбіз. Әкесі Мұқажан қажы өзінің
саналы ғұмырын Түсті металдар ұқсату зауытында еңбек
етуге арнады. Әке жолын жалғастыру Қабдырахман
Мұқажанұлы Есенбековтың де маңдайына бұйырыпты.
Ол 1974 жылы әскер қатарынан оралған соң Мыс балқыту
цехына балқытушы болып қабылданды. Жалпы, осы әулетті
қалада «өндіріс сарбаздары» деп атайды. Мұның да сыры бар.
Мұқажан қажының бірнеше ұл-қыздары осында еңбек етеді.
Қазіргі заман талабына сай кәсіпкерлікпен шұғылданып
жүргендері де бар. Жаңа заман үрдісіне сай Балқаш кен
металлургия комбинатының өндіріс қуатттылығын арттыру
керек болды. Сонау 1992 жылды Қабдырахман Мұқажанұлы
Швецияға іс сапарға барды. Комбинатта шет елге шыққан
алғашқы жұмыскер еді. Ия, бұл кезде тәуелсіздіктің арайлы
таңы атып, шетелмен қарым- қатынастың осылай ірге
тасы қалана бастаған-тын. Ал, 1996 жылы Аффинаж цехы
құрылысын бастау керек болды. Жаңа өндірістің қыр-
сырын білу үшін комбинаттан 7 адам Польша мемлекетіне
сапар шекті. Таңдау тағы да озат металлург Қабдрахманға
түскен-тін. Қабдрахман Мұқажанұлы мысты сұйық ваннада
балқыту әдісін өндіріске енгізудің басы-қасында жүрді.
Сонау 1980 жылдары. Ол кезде одақ бойынша комбинаттың
тасы өрге домалап тұрды. Тәуелсіз Қазақстанның өз өндіріс
орындары жаңа үрдіспен жұмыс істеуге бетбұрыс жасады.
Соның бірі жоғарыда айтқан аффинаж цехы. Мұнда
отандық алтын, күміс алынады. Қабдырахман болса 1997
жылы аға балқытушы ретінде «Калдо» пешінің жедел түрде
іске қосылуына мұрындық болды. Әдетте, тәжірибелі,
ұқыпты, іске жанашыр жұмысшы-мамандарды шешуші
бөлімшелерге жібереді ғой. Өндірістің ыстығына күйіп,
суығына тоңған жұмысшы-мамандардың тапсырылған істі тиянақты атқарғанша тыным алмайтыны белгілі. Тағы да 2002 жылы Қабдрахманды өндірістің басқа саласына ауыстыруға тура келді. Елімізде тұңғыш рет Мырыш зауытының құрылысын салу қолға алынды. Құрылыс қарқынды жүргізілді. Мырышты шет елдік нарыққа шығару жүзеге асырылды. Қабдырахман мұнда үстіміздегі жылдың көктем айына дейін аға балқытушы болып еңбек етті. Қазір мыс балқыту цехында. Жастар тәлімгері. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады. Мысшылардың М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында халықтық оркестрдің мүшесі, наурыз мерекесін өткізудің тұрақты ұйымдастырушысы. Спорт жарыстарын ұйымдастырудың қоғамдық нұсқаушысы. Ол бір кездегі Балқаш кен металлургия комбинатының таңдаулы металлургі. ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған, еңбек ардагері. Суреті «Құрмет тақтасы» және «Еңбек даңқы» галлереясында ілулі тұр. Әр түрлі деңгейдегі сайлау науқанын ұйымшылдықпен өткізуге ат салысады. – Даңқы алысқа кеткен Балқаш мысы біздің мақтанышымыз. Биыл сол сары алтындай Балқаш мысының алынғанына 75 жыл толып отыр. Артта бір-біріне мүлде ұқсамайтын өндірістің қилы-қилы соқпағы жатыр дейді, – бізбен әңгімесінде Қабдрахман Мұқажанұлы. – Көбісі тағдырдың жазуымен бақилық болып кетті. Ал зейнетке шыққандар арамызда жүр. Қазір ұстаздық қозғалыс, үрдісі саябырсып қалды, мұны жасыруға болмайды. Біз еңбекке араласа бастағанда қай ауысымға түссең де жаныңда тәжірибелі жұмысшымамандар жүреді, білмегеніңді үйретеді, жөн сілтейді. Сонымен қатар өндірістік апатқа жол бермеу керек. Бұл өзі бірінші кезекте тұратын қағида. Менің еңбектегі ұстазым, Жолдасбай Оспанов кезінде ССР Жоғары кеңесінің депутаты болды. Алғашқы еңбек жолымды Жолдекеңнің ауысымында бастадым. Жолдасбай аға бізге метталлург болуды жүрекпен ұғыну керектігін жеткізді. Металлург – мәртебелі мамандық,
мақтаныш. Жұмыстың сан қырлы тетігін бірден меңгеріп
әкету оңай емес. Жолдекең әр кез ағалық қамқорлығын,
кеңесін аямады. Ол кезде 4 шарпу пеші жұмыс істейтін.
Біздің ауысымда 6 жігіт еңбек етті. Олар: Сұлтан Жүнісов,
Ілияс Мұқашев, Аманкелді Әбжанов, шлак ағызатын жерде
В.А.Овечкин, А.Гребенюк, О.Баянбаев, М.Арзымбетов,
О.Терлікбаевтар жұмыс десе жанып түсетін шын мәнінде
металлургтер болатын. Осы штеин ағатын өндіріс саласы
қашан да қарбалас. Мен мұнда С.Нақыпбеков, С.Ахметжанов,
В.Анухин, шарпу пешінде күллі жүиені бақылап отыратын
аға балқытушылар А.Көмекбаев. М.А.Темірханов, Ш.М.
Түсіпбеков. Ш.А.Қасеновтердің жанында жүріп, өмірлік
тәжірибе жинақтадық. Уақыт қашан да өз дегенін істейді. Мыс
балқытудың жаңа әдісі өндіріске енгізіле басталды. Мәселен,
№3 және №4-ші шарпу пешінің арасында эксприменттік
мысты сұйық ваннада балқыту пеші салынып, алғаш рет
сынақтан өткізіле бастады. Сол кезде өндіріс инженерлері
білек сыбана кірісіп, білім мен тәжірибені ұштастыра
жүргізді. Нағыз іскер жігіттер еді, жалындап тұрды, күні-
түні еңбек етті. Мәселен, С.Р.Менсейітов, М.К.Ноғаев, М.М.
Сартаев, Н.Д.Токаревтар сол қиын қыстау, әрі сыналар шақта
белсенді еңбек етті. Өндірістік пешті іске қосып, еңбек
өнімділігін арттыру міндеті тұрды. Сол міндеттің басты
салмағы ауысым жігіттеріне де түсті. Қарбалас шақтың қалай
өткенін де байқамай қаласың. Күні бүгінге дейін ауысым
бастықтарының маңдай тері тамшылап балқытушылар
пеш жөндеушілермен бірге тыным таппағанын көз алдыма
елестетемін.
Мәселен,
Р.А.Мұхамедиев,
Т.А.Қалиев,
Л.З.Никопова,
А.Агарков
сияқты
өндіріс
шеберлері
өндірістегі жиған-терген тәжірибесін сарқа жұмсады.
Мысты сұйық ваннада балқыту бүкіл одақ бойынша айтулы
өндіріс жаңалығы болып қабылданды. Одақтың түпкір-
түпкіріндегі өндірістен тәжірибе алушылар бізге жиі-жиі
ат ізін салатын. Осы мысты сұйық ваннада балқыту пешін
өзге өңірдің тәжірибе жинақтауға келген мамандарына
таныстыруда О.Надыров, Қ.Кенжебеков, Б.Әбдірахмановтар
өздерінің айшықты қолтаңбаларын қалдырды.
Көптен күткен уақыт та келді. 1985 жылы мысты сұйық
ваннада балқытатын пеш іске қосылды, сынақтан ойдағыдай
өткізілді. Сол кезде Алматы политехникалық институтын
бітірген бір топ жас жігіттер келді. Олар: Е.А.Оспанов,
Ғ.А.Елемесов,
Е.М.Боранбаев,
Г.Ш.Камердинов,
М.С.Бекенов сияқты жалындаған жастар еді. Оқу орнында
алған білімді өндірісте ұштастырғанға не жетсін. Біраз
тәжірибе жинақтағаннан кейін осы жігіттердің әрқайсысы
ауысым шебері болып еңбек ете бастады. Үлкендер
зейнетке шықты. Жұмысшы-мамандар да солай. Олардың
орнын менің замандастарым басты. Әр кез А. Қалибеков,
Т.Өмірзақов,
А.Комогоров
секілді
қатарластарымды,
өкшемізді басқан Б.Ежебаев, Б.Бекөшбеков, Н. Мәлібеков,
Б.Аханов, К.Нұрекеев, С. Қайыпбергенов секілді жастарға
құрметпен қараймын. Өндірістегі ерлікке тән жанкештілігіне,
ұқыптылығына қандай құрмет көрсетсе де артық емес.
– Айтпақшы жаңа өндіріс құрылысы қалай басталып еді.
Ірге тасын қаласқандардың бірі едіңіз ғой?
– Иә, өте бағалы, сирек кездесетін металдарды
балқытатын Аффинаж өндірісін салу өз кезегін күтіп тұр еді.
Құрылысты техника ғылымдарының докторы, елімізге еңбек
сіңірген металлургі Серік Барлықұлы Садықов басқарған
іскер жігіттер қолға алып, табысты аяқтап шықты. Серік
Барлықұлы мысты сұйық ваннада балқыту пешінің екінші
кезеңін іске қосуда да янбай еңбек сіңірді. Аффинаж цехы
жаңа технологиямен салынды. Мүлдем басқа құрылыс,
тың жаңалық еді. Алтын, күмісті өзіміз балқыта бастадық.
Одан кейін мырыш зауытын салуға кірістік. Осы күрделі
құрылысты басқаруды тағы да Серік Барлықұлы өз қолына
алды. Өндіріске жаңалық керек, өйткені өнімді әлемдік
деңгейдегі нарыққа шығару үшін сапаға баса назар
аударылады. Аффинаж цехының құрылысы аяқ- талғаннан
кейін сыртқы алық-берік қызу жүре бастады. Күміске деген
сұраныс жан-жақтан ағылды. Ал, алтын қорын жасау өзімізге
де аса қажет еді. Мырышқа деген тапсырыс көп болды. Қазір
бәсеңдеді. Балқаш экологиясы жайында аз әңгіме қозғалған жоқ. Соның ең бастысы күкіртті ангидридтің ауаға аса көп мөлшерде таратылуы еді. Өз кезегінде Күкіріт қышқылы цехының құрылысы жедел жүргізілді. Бүгінде Күкірт қышқылы цехы ауаға жіберілетін улы заттың 90 пайызын ұстап, тұтып қалады. Сондай-ақ, күкірт қышқылы нарықтық сұранысқа ие болды. Мұның өзі әжептеуір табыс түсіріп отырғанын жасыруға болмайды. Қазір өндіріс тұтқасын ұстап отырған Г.С.Ахбетов, М.Бекенов, Г.Камердиновтер кешегі өрімдей жастар еді. Бұл күнде өндірісті өрге сүйреп, басшылық қызметте жүр. Металлургтер бір біріне үнемі құрметпен қарайды. Алдыңғы толқын ағаларға, кейінгі толқын інілерге деген бауырмалдылық кездескенде ерекше сезіліп тұрады. Балқаш мысы әлі де алдағы уақытта тәуелсіз Қазақстанға қалтқысыз қызмет етеді. Мен бұған кәміл сенемін. Балқаш мысының алынғанына 75 жыл толуына орай еңбек еткен ағаларды, кейінгі жастарды атап өткенді жөн көрдік. Мысшылар тойы құтты болсын демекпін. ***
Осы Қабдырахман Мұқажанұлы менің де замандасым.
Замандас келбетін мақтаныш еткенге не жетсін. Өмір ағысы
бір орында тұрмайды. Кешегісіз бүгін жоқ. Сондықтан ара-
тұра қай саланың болмасын жұмысшы-мамандарының өмір
өткелдерін еске түсіріп қойған артық болмайды. Балқаш
мысы «Қазақмыс» ЖШС-нің қолдауымен жаңа сапаға ие
болып отыр. Сары алтындай сары мыс ел қазынасы, байлық
бастауы. Әмсе, мыс бұлағы сарқылмасын, еңбек түбі зейнетті
болсын, мысшылар!
ӘУЛЕТ СОҚПАҒЫНЫҢ
КЕРУЕНІ
Қоңыраттың қоңыр шоқысы... Талайлардың көзін
сүзгізіп, қызығушылығын арттырған жер қойнауының
қазынасы. Қазір де тәуелсіз елдің ырыс-берекесін тасытуда
алдыңғы қатардан орын алады. Сары алтындай сары мыстың
қайнаған қазанының берекелі қақпағы осыдан бір ғасыр
бұрын ашылған еді. Содан бері қазақтың маңдайына біткен
жер асты кен қазба байлығы әлемдік нарықтық қатынасқа
шығып, сапасы жөнінен Лондон биржасында алтынмен
бағаланған.
Осы өңірде туып өскен Асқар Игембаев Қоңыр төбеге
көзі қанық болып өсті. Жас кезінде үйдің маңынан өтетін
шойын жолды кен тиеген ауыр составты көріп, көзімен
ұзатып салатын. Анда-санда алыстан құлақ тұндыратын
гүрсіл естілетін. Содан соң ақ бұйра шаң аспанға шаншыла
көтеріледі. Бұлар жер қойнауын қопарған кеншілердің іс
әрекеті. Тауды жарып, ішке ентелей кіру үшін геологтар да
жарылыс жасайды. Заңды құбылыс. Асқардың жан дүниесі
үйреніп, есеие келе туған даласының табиғатымен кіндігі
байланатынын әу баста сезінбеген. Уақыт өте келе сары
түсті тау-тау болып үйілген кен жыныстарына сүйсіне
де қарайтын. Ал, тереңдігі 300 метрге жуық шұңқыр
қазанның сыйқырлы дүниедей өзіне тартуы да толғанысқа
түсірген-тін. Сөйтіп, туған кентінде еңбек жолын бастады.
Жер қойнауымен сырласты, кеншілерге қажетті құрал
жабдықтарды дайындап беріп, олардың нәтижелі еңбек
етуіне мүмкіндік жасап жүргенін кейіннен мақтаныш тұтты.
Иә, адам не нәрсенің қадірін жүре-келе түсінеді.
Әкесі Сақтай, анасы Күлмара осы Қоңырат кентінде өз
қолтаңбасын қалдырған аяулы жандар еді. Қатарластарының
алды болып, өз заманында туған өлкесіне айтарлықтай еңбек
сіңірді. Бір отбасында бес бала тәрбиеленіп, ер жетті. Асқар
Сақтай әкейдің екінші ұлы. Қоңырат кентінде Игембаевтар
әулетінің қоғамдық өмірге де белсене араласып, құрметке
бөленгенін де білетінбіз.
Кеншілер демекші, Асқар Игембаев алып өндіріс
орнының Тау-кен шахталық жабдықтар зауытында еңбек
еткеніне де біраз жылдың жүзі болды. Өмір жолына үңілсек,
ел қатарлы. Иә, қарапайым еңбек адамдары майда қоңыр
күй кешіп, ел экономикасының гүлденуіне бір сыдырғы үлес
қоса береді. Онысын жария етпейді. Біреулер сияқты ананы
атқардым, мынаны істедім деп бұлдап жатқаны да жоқ. Осы
кентте 1963 жылы өмірге келді. Осында орта мектептің 8
жылдығын бітірген соң Балқаш қаласындағы кәсіптік білім
беретін училишеге түсіп, слесарь мамандығы бойынша
бітіріп шығады. Одан әрі ел алдындағы азаматтық борышын
Өзбекстанның Үшқұдығында өтейді.
– Уақыт көшінен қалуға бола ма? Азаматтық борышымды
өтеп келгеннен кейін 1984 жылы Қоңырат кентіне слесарь
болып орналастым. Бір жылдан соң өмірлік серігім
Қарлығашпен отау тіктік. Адамның бақыты ұрпағы болса
керек. Біз де өзімізді бағып- қағып өсірген ата-анамыздың
ізгілікті іздерін лайықты жалғастырудамыз. Ұлдарым Дәнияр
мен Бақтияр да ел ісіне араласып, қызмет етсе дейтінмін.
Өйткені, мұның астарында әулеттің үлгілі-өнегелі жолын
сабақты инедей жалғастыру жатыр, – дейді Асқар Сақтайұлы
бізбен әңгімесінеде.
Асқардың Тау-кен шахталық жабдықтар зауытында
берекелі еңбек етіп келе жатқанына 13 жылдың жүзі болып
қалыпты. Негізгі міндеттері жер қойнауынан кен алатын
техниканың құрал жабдықтарын дайындап беріп отыру.
Кеншілер еңбегінің нәтижелі болуы осы Асқар сияқты
жігіттердің іскерлігіне, темірден түйін түйген шеберліктеріне
тікелей байланысты. Сапалы жөнделген көлік ұзақ жүріс
көтереді, тоқтамайды. Қосалқы бөлшектердің кеншілер
техникасына дәлме-дәл келіп, орын тауып жаста еңбектің
өтелгені.
Асқардың інісі Дәурен де кеншілік мамандықты игерді.
Көршілес Жамбыл облысының аймағында жатқан Шатыркөл
мыс балқыту цехының негізгі шикізат көзі болып табылады.
Дәурен осында вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Ал,
Асқардың ұлы Бақтияр да Тау-кен шахталық жабдықтар
зауытында еңбек етіп жүр. Демек, кеншілер әулеті
қалыптасып
келеді.
Бақтияр
Балқаш
гуманитарлық
техникалық колледжін металлург мамандығы бойынша
бітіріп шығыпты. Әкелі-балалы кеншілер бір ұжымда
жұмыс жасайды. Әріптестерінің айтуына қарағанда Бақтияр
тиянақты, өзіне жүктелген шаруаны мерзімінде, әрі сапалы
атқарады екен. 2010 жылы өндіріс басшылығы тарапынан
үздік жас маман ретінде марапатталып, сый құрметке
бөленіпті. Ал, 2011 жылы «Қазақмыс» корпорациясы
ЖШС басшылығы Құрмет грамотасымен марапаттап, өз
замандастарынан оқ бойы озық тұрғанын мақтаныш етіпті.
Қазір осы ұжымда электрослесарь қызметін атқарып жүр.
Бақтияр да таяуда әке болады. Алла жар болса өмірлік жары
Индира дүниге сәби әкеледі. Бақтияр салауатты өмір салтын
ұстанады. Бокс, футболмен тұрақты шұғылданады.
Ырыс қазаны кеншілердің қолында. оның қарапайым
мысалын
ағалы-інілі,
әкелі-балалы
Игембаевтардың
өмір соқпағы, еңбек соқпағынан айқын байқауға болады.
Қоңыраттың тарғыл тасы сары алтындай мысқа айналуда.
Жыл он екі айда бір айналып келетін кеншілер күнінде
кен қойнауымен сырласқан Асқар, Дәурен, Бақтияр
Игембаевтарға әрдайым сәттілік тілейміз. Өмір көші баяу
жылжыған керуен іспеттес. Керуен жолы әмсе баянды
болсын.
ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - ӨНДІРІСТІҢ ДЕ
ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕДІ
Балқаш мысы – ел ырысы. Ежелден халық арасында
осындай қағида қалыптасқан. Алғашқы мыс балқымасының
алынғанына 70 жылдың жүзі болып қалды. Араға қанша
жылдар түсті. Бүгінде өндірісі өркендеп, алыс-жақын шет
елдерге қарым-қатынасы нығайған алып өндіріс орнына
айналып отыр. Алдағы металлург күні қарсаңында Мыс
қорыту зауытының директоры, техника ғылымдарының
кандидаты Дүйсенғали Ыбрайханұлы Байқуатовқа жолығып,
өндірістің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында айтып беруін
өтінген едік.
– Әр жылдың өз белесі, өз бедері бар. Тіпті, кешегі
күніңмен бүгінгі тәулігіңді салыстыра алмайсың. Бір-біріне
ұқсамайды. Мына өндірістің де жоспар бағдарламасы,
шыққан белестері де бұрнағы жылдардан бөлек. Мұның
ішіне өндірістік көрсеткіштер, жаңа технология, соны ізденіс,
білікті мамандармен толықтыру бәрі-бәрі кіреді. Нақтылап
айтсақ, былтырғы жылды бірден-бір табыспен аяқтаған
осы біздің ұжым болып табылады. Мыс қорыту зауыты
«Балқаштүстіметалл» ӨБ-гінің құрамындағы өндірістік
тапсырмаларды тұрақты орындайтын кәсіпорындардың
бірі десек, артық айтқандық емес. Өнім сапасы да
жақсара түсті. өткенге үңілейік. Мыс қорыту зауыты 1938
жылы іске қосылған. Содан бері үздіксіз жұмыс жасап
келеді. Республикадағы байырғы кәсіпорындардың бірі.
Жылма-жыл мұнда қайыра жабдықтау, жасақтау процесі
үзбей жүргізіледі. Мәселен, шихта дайындау цехында
технологиялық құрал-жабдықтарды күрделі жөндеуден
өткіздік, технологиялық тізбелерді қайта құрдық. Жаңалықты
жатсынбау керек. Әсіресе қыс айында концентраттарды
түсіру өте-мөте қиындық келтіреді. Осыны ескере келіп,
қыс айында вагондарда қатып қалған концентраттарды
жібітетін жылыжай дайындап жатырмыз. Мұның өзі
қыстың қақаған аязында еркін жұмыс жасауымызға, еңбек
өнімділігіне қол жеткізуге септігін тигізеді. Реті келгенде
айта кетейік, ендігі арада металлургия цехында көп
көлемдегі жөндеу жұмыстары басталады. Асы өнімді ПВ-2
кешенімен қоса конверторлардың газ тасымалдау желілері
күрделі жөндеуден өткізіледі. Мұнымен қоса құрғақ электр
сүзгілерін күрделі жөндеуден өткізіп, келесі науқанға
сақадай-сай әзірлеп қоямыз. Мысты электролиздеу цехының
5-6-шы пролеттарына да қайыра жабдықтау ісі жалғасуда.
Жетістікті айта кеткен дұрыс болар. Біздегі мыс
өндіріс технологиясы әбден қалыптасқан тұрақтанған
технология. Ендігі мақсатымыз осы технологияның барлық
мүмкіндіктерін толық қуатында пайдалана білу болып
табылады. Қашаннан кәсіпорынның күш-қуатын, басым
бағытын оның техникалық экономикалық көрсеткіші
арқылы бақылауға болады. Мыс және бағалы металдардың
шығынын көтеру, өнімдер сапасын арттыру, шикізатты
кешенді өңдеу күн тәртібінен түспейді. Мына мәселені
жасырмай айта аламыз. Әлемдік рыноктағы өз орныңды нық
ұстау оңайшылықпен келмейді. Ол үшін үнемі алға жылжып,
өндірістік көрсеткіштерді жаңартып, дамытып отыру қажет.
Осыдан келіп, мыс және бағалы металдар технологиясында,
өндірісінде жүріп жатқан өзгерістерді үнемі қадағалаймыз.
Ресейдің және алыс шет елдердің белгілі ғылыми өндірістік
орталықтарымен тығыз байланыстамыз. Сол орталықтармен
бірлесіп, өмірге әкелер жоба-жоспарларымыз бар. Ол
жобаның іске асатын күні де алыс емес.
Өнімнің сапасы – әлемдік рыноктың басты талабы. Өзімізде
шығарылатын катод мысының 85 пайызынан жоғары бөлігі
аса жоғары МООК маркасы болып табылады. Сондықтан
біздің өнімге деген шет елдіктердің қашан да сұранысы
жоғары. Біз шығарған өнімдер «Қазақмыс» корпорациясы
арқылы келісілгеншарттарға сәйкес Қытай және батыс
Еуропа елдеріне жөнелтіледі. Зергерлік бұйымдарымыз
Америка мен Шығыс Азия елдеріне сатылады. Әрине,
өнімге деген сұраныстың толастамауы, тапсырыстың жиірек түсуі өнім сапасына берілген жоғары баға деп білгеніміз жөн. Қашан да өндірісті алға көтеру үшін инвестиция керек. Онсыз болмайды. Жалпы, «Балқаштүстіметалл» ӨБгіне сырттан инвестиция тарту көңіл қуантады. Мұның өзі өндірістегі көптеген жоспарланған игілікті істердің еш бөгетсіз жүзеге асуына әжептеуір септігін тигізеді. Біздің мыс қорыту зауытына да жылма-жыл жеткілікті инвестиция бөлінеді. Яғни, 2006 жылы зауыттың жеке өзіне 8 млн. 392 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінді. Қаржы қазір игерілу үстінде. Нақтылай айтсақ, шихта дайындау цехында керамикалық сүзгілер жөндеуден өткізілді. Теміржол эстакадасы салынды. Мұнымен қоса, грейферлі крандар жөндеуден өтті. Ауыр жүк машиналары, жаңа эксковаторлар сатылып алынды. Технологиялық тізбелер, эксковаторлармен бульдозерлер күрделі жөндеуден өткізілді. Осы инвестицияны пайдаланып, өндірістің бірқатар буындарына қан жүгіртуді ойлап отырмыз. Мәселен, Мыс балқыту цехы бойынша кешенді жөндеу жүргізіледі. №1 анод пешін қайта жөндеуден өткіземіз, 50 тонналық және шаржирлі крандарды жөндейміз. Пневматикалық фурматазалағыш, «Brokk-330» машиналарына қосалқы бөлшектер аламыз. Конверторларды жөндеуден өткіземіз, сондай-ақ,күкірт қышқылы өндірісін іске қосуға біраз дайындық жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай конверторлардың газ қабылдау жүиелерін реконструкциялап, технологиялық газдарды тасымалдау желілерін, құрғақ электр сүзгілерін күрделі жөндеуден өткіземіз. Сонымен қатар инвестициялық жоспардың ішінде бағалы металдар, мысты электролиздеу цехтарының жабдықтарын, зауыт құрылымдарының ғимараттарын жөндеу жұмыстары қарастырылған. Жоғарыда айттық, зауытымыздың 70 жылға жуық тарихы бар. Осы өндірістен елімізге танымал талай-талай білікті мамандар, басшылар өсіп шықты. Өндірістің еңбек мектебі қалыптасты. Орайы келгенде айта кетейік: «Қазақмыс» корпорациясының техникалық директоры Е. Оспанов,
«Балқаштүстіметалл» ӨБ-гінің бас инженері Ғ.Ахметов, бас
директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Т. Қалиев, бас
экономист Д. Игенов, Мырыш зауытының бас инженері А.
Иванчин, «Балхаш-Универсал» кәсіпорнының директоры
В. Батырбаев, мыс зауытынан шыққан білікті мамандар
болып
табылады.
Олардың
есімдерін
мақтанышпен
айтамыз. Көптеген инженер техникалық мамандарымыз,
жұмысшыларымыз мырыш зауытының аяғынан тік тұрып
кетуіне өз үлестерін қосты. Кез келген кәсіпорынның негізгі
күші білікті, білімді мамандар, жұмысшылар. Осыған орай
кадр мәселесін күн тәртібінен түсірмейміз. Онсыз болашақты
болжау да мүмкін емес. Ғылым мен техника дамыған
сайын кадрларға деген талап күшеие түседі. Бұдан былай
инженер-техникалық мамандар өзімізде дайындалады.
Бұл ретте қалада Балқаш гумманитарлық техникалық
университетімен тығыз байланыс орнаттық. Оқып жатқан
студенттер өндірісте практикадан өтеді. Мамандарымыз
мемлекеттік емтихандарға қатысып, болашақ мамандардың
білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады. Әрине, мұны
жақсы үрдіс деп есептейміз. Корпорация деңгейінде мектеп
бітірушілерді шет елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу
орындарында оқытудамыз. Өндіріске қажетті мамандарды
осындай жолмен даярлап, қолға алып отырған жайымыз бар.
Елдің асыға күтіп отырған игілікті ісі – күкірт қышқылы
цехы
құрылысының
аяқталуы.
Құрылыс
қарқынды
жүргізілуде.
Айналып
келгенде
экономикалық
ахуал
жақсара ма деген сұрақ көкейде тұрады. Әрине, жақсарады.
Цех іске қосылғаннан кейін құрамында күкірті бар бүкіл
технологиялық газдар тазалаудан өтеді. Адам ағзасына
зиянды газ, күкірт ангидриді тұтылып, бірте-бірте зор
сұранысқа ие тауар – күкірт қышқылына айналады.
Өндірістің бүгінгі жетістігі, көтерілген биігі алдыңғы
толқын ағалардың маңдай терінің арқасы. Қашан да адамды
еңбегіне қарай бағалау, келесі биікке деген құлшынысты
арттырады. Өзімізде тәжірибелі өндіріс басшылары, кәсіби
біліктілігі жоғары инженер, жұмысшы кадрлары баршылық.
Зауыттың бас инженері М. Бекенов, өндірістік бөлімнің
бастығы Е. Әубәкіров шын мәнісінде өндіріс жетекшілері.
Металлургия цехын білімді, тәжірибелі басшы Г. Камердинов
басқарып отыр. Негізгі технологиялық цехтармен бірге
Қ.Жұмағұлов басқаратын жөндеу құрылысы Ш. Жампейісов
жөндеу механикалық цех ұжымдарының іргелі шаруаларын
айта кету орынды болар. Олар өнім шығаратын цехтардың
қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Технологиялық
газдарды қабылдау, тасымалдау, тазалау, дайындау сияқты
жауапты міндет зауыттың бас технологы В.Бересневке
жүктелген.Шаң-газдарды тазалау цехының бастығы О.
Мақсұтовтың жігіттері қашан да қырағы, тапсырманы
мүлтіксіз атқарады.
Өндіріс тәулік бойы тоқтамайды. Жоспарланған жұмыс
бойынша белгіленген міндеттерді атқара береді. Келесі
жылы Балқаш қаласының құрылғанына 70 жыл толады.
Бұған металлургтердің де қосқан үлесі қомақты. Балқаштың
даңқын сапалы мысы, бағалы металдары, айна көлі алысқа
әкетті. Ал, егемендік алған кезімізде мойнымызға екі есе
ауыр міндет жүктеліп отыр. Отанымыздың гүлденуіне,
экономикасының нығаюына біз де өз үлесімізді қосамыз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Жолдауында
атап көрсетілгендей, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына
еніп, іргемізді нығайта түссек, нұр үстіне нұр емес пе? Қазір
жұртшылық арасында елулікке енбей еңсеміз көтерілмейді
деген қағида қалыптаса бастады. Шындығында, төрт
құбыламыз түгел болуы үшін қай жағынан болмасын әлемдік
бәсекеге түсуіміз керек. Ал, мұндай биік асу оңайлықпен
жүзеге аспайды. Өндірістің өтінде жүрген металлургтер
осыны жете түсіне отырып, қай уақытта болмасын сапалы
өнім шығаруға, әлемдік рынокта өзін-өзі танытуға тамшыдай
болса да үлес қосады деп есептейміз. Жылма-жыл шілденің
шіліңгір күнінде жыл ішінде атқарған шаруамызды сараптап,
алдағы жоспарымызды межелеп, іске бекем кірісетін әдетіміз
бар. Металлургтердің тойы – халықтың тойы. Ел, мерекесі
құтты болсын, ағайын!
– Әңгімеңізге көп рахмет.
ӨНДІРІСТІ ӨРГЕ ТАРТҚАН
ӨРЕНДЕР
Өндірістің өтінде жүрген байытушылар, кеншілер нағыз
құрыштай шыныққан өз кәсібін шексіз сүйген мамандар
болып табылады. «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-не
қарайтын «Балқаштүстімет» ӨБ-гі де осындай мамандардың
арқасында өндірісті ілгері дамытып, алдыңғы толқын ағалар
салған даңқты еңбек соқпағын сәтімен жалғастыруда.
Өндірістік көрсеткіштері арқылы екпінділер қатарына
қосылған ұжымдардың саны жылдан-жылға артып келеді.
Мәселен, үстіміздегі жылы шикізат өндіру жоспары
артығымен орындалып отыр. Шикізаттың құрамында
мыстың барынша көбірек белсенді болуы, әрине, табыс
селін еселей түсуге мүмкіндік туғызады. Шикізатты қайыра
өңдеу, шлакты ұқсату, тауарлы концентраттағы мыстың
құрамын арттыру бүгінгі күннің талабынан туындайтын
міндеттер болып табылады. Мәселен, үстіміздегі жеті айдың
ішінде кен өндіру 1 695 мың тоннаға жетті. Осыдан келіп
жоспар 115,6 пайызға артығымен орындалды. Өзіміздің
жер қойнауындағы кенді, шлак қалдықтарын қайта өңдеу
мөлшері артты, сапасы да жақсарды. Мұның өзі концентрат
алудағы технологияның барынша жаңарғанын көрсетеді.
Өндіріс саласындағы мамандар өз ісінің шеберлері, олар
жыл басынан бері уақытпен санаспай еңбек етіп, кен
өндірудің қыр-сырын жетек меңгергендіктерін дәлелдеу
үстінде. Кен тиеу және тасымалдау машинистері Төлеген
Ақшолақов, Наис Карычев, Асқат Мырзабеков, қопарушы
Серік Момынов бұрғылаушылар Самат Әбжанов, Шыңғыс
Қалижанов, проходкашы Айдос Рымқұлов «Тора» кен
тасымалдау машинисінің жүргізушілері Владимир Гнетов
пен Руслан Акимов, тау-кен шебері Ілияс Батырбеков,
электрмен дәнекерлеуші Азамат Омаровтар басқаларға үлгі-
өнеге боларлықтай еңбек ырғағын көрсетуде.
Қашанда
«Балқаштүстімет»
ӨБ-нің
шикізат
қоры жергілікті кеніштерден жеткізіледі. Мұның өзі
«Балқаштүстімет» ӨБ-нің еңбек өнімділігін арттыруға
мүмкіндік береді.
Мәселен, Шатыркөл кеніші бірлестіктің шалғайдағы
шикізат базасы болып табалады. Осы мерзім ішінде кеніш
ұжымы кен өндіруді 113,3 пайызға орындады. Мұның ішінде
мыс алу 106,9 пайызға орындалды. Еңбек қауіпсіздігін
сақтау, техниканы бабында ұстау, тәуліктік жоспарды
орындау – кеншілердің негізгі міндеті. Жыл басынан
бері проходкашылар айтарлықтай табысқа қол жеткізді.
Мәселен, проходкашы Әлібек Ишановтың есімі қазіргі таңда
құрметпен аталып жүр. Сондай-ақ, Самат Әбжановтың кен
өндірушілер бригадасы айлық жоспарды 102,1 пайызға
орындады. Осы Шатыркөлдегі «Торо» машинасының
жүргізушілері Бақытжан Тәңкішев, Бақытжан Нұсқабаевтар
мақтауға лайық жандар деп танылды.
Саяқ – кеніші бірлестіктің ежелгі шикізат базасы.
Кенішті басқару жастарға жүктелген. Мәселен, жыл
басынан бері жас маман Төлеуғазы Төлеуғалыұлына үлкен
сенім көрсетіліп, осы кенішті басқару жүктелді. Сенім бар
жерде табыс болады. Әр кеніш үнемі өндірістік көрсеткішті
орындап отырса, онда бірлестіктің де тасы өрге домалайды,
еңбекақы артады, қосымша сыйақы алады. Бәрі де өндірістік
жоспардың орындалуына тікелей байланысты.
Осындағы Мұратбек Дарановтың кен өндіру бригадасы
«Соло» бұрғылау қондырғысымен жұмыс жасайды. Өткен
айда жоспарларын 102 пайызға орындады. Сондай-ақ,
проходкашы Дулат Үсенбаевтың бргидасы да өндірістік
жоспарды орындауда биіктен көрінді.
Сонау шыңыраудан жер үстіне шикізат қорын шығару
оңай шаруа емес. Кейінгі он шақты жылдың ішінде шет елдік
«Торо» машинасы кеңінен пайдаланылуда. Бір тартқанда
шыңыраудан 50 тоннаға дейін кен жыныстарын шығарады.
Ал, саяқтық «Торо» жүргізушілер жыл басынан бері 1
192,049 мың тонна шикізат шығарды. Жеткізілген кен жыныстарын өңдеп, ұнтақтап, балқыту пешіне жіберетін байыту фабрикасының ұжымына да үлкен міндеттер жүктеледі. Қазір байыту фабрикасын жас маман Ардагер Қуандықұлы Әрінов басқарады. Ардагер Қуандықұлының жетекшілігімен фабрикадағы маманжұмысшылар технологиялық процестерді барынша жетілдіруді қолға алды. Байыту фабрикасына жаңа құралжабдық, қондырғылардың қойылуы өндіріс көрсеткішін арттырды. Мыс концентратын сапалы түрде өңдеу тиімділікке қол жеткізді. Тұрақты еңбек көрсеткіші экономиканы арттырады. «Балқаштүстімет» ӨБ-нің қаржылық жағдайын жақсарта түседі. Байыту фабрикасының ұжымы кен өңдеудің айлық жоспарын 116,6 пайызға орындады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда әлдеқайда жақсы көрсеткіш болып табылады. Кен уату және ұнтақтау цехының ұжымы өндірісте ақаусыз еңбек ету үрдісімен жұмыс жасайды. Мәселен, осындағы өндіріс озаттары Медет Нөкешов, Айдан Исабеков, Ирина Красикова, Болатбек Исайынов, Сапар Тастанов, Светлана Кирюшкина, инженертехнолог Гүлдана Төлетаевалар жақсы істің басы-қасында келеді. Қазіргі таңда инвестициялық бағдарламаның нәтижесінде шет елдік жаңа қондырғылар жеткізілуде. Ал, мұның өзі байытушылардың шеберліктерін шыңдап, өндірісті өркендетуге жетелей түседі. Облыс әкімінің орынбасары Р. Сәтбаев, байытушылар, шахтерлермен кездесіп, әңгіме–дүкен құрған-тын. – Кеншілер индустриалды-инновациялы даму бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді. Жаңа инновациялық жобалар баршылық. Біз соны сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, тәжірибелеріңіздің арқасында өндіріске кеңінен енгізетін боламыз. Индустриалды даму алдағы даму кезеңдерінің басым бағыттары. Бұл ретте «Балқаштүстімет» ӨБ-нің ұжымы өздерінің жарқын қолтаңбаларын қалдыратын болады. Экономикалық базаны модернизациялау уақыт
талабы. Мұның өзі ұлттық экономикалық бәсекеге қабілетті ізгі ниеттен туындайды. Индустрализация картасында жаңа нүктелер пайда болды. Соның бірі Бозшағыл тау-кен байыту комбинаты. Құрылысы биылғы жылы басталады. Еліміздегі ірі өндірісті кәсіпорынның біріне айналады, – деген болатын Р Сәтбаев кездесуде. Бір айта кетерлігі индустриалды және жаңа технология министрлігінің «Еңбек Даңқы» және «Кенші даңқы» белгісімен «Балқаштүстімет» ӨБ-нің тоғыз маман жұмысшысы марапатталды. Оның ішінде электр жабдықтарын жөндеу басқармасының бастығы А. Русалимчик, «Балқаштүстімет» ӨБ-нің өндірістік техникалық бөлімінің меңгерушісі Рысқұлбек Оспанов, мамандандырылған жөндеу механикалық учаскесінің бастығы Тұрсынбай Далабаев сияқты еңбек ардагерлері бар. «Балқаштүстімет» ӨБ-нің ұжымы жылды табыспен аяқтап, жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетуге ұмтылып келеді. Ал, келесі жылы тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай осы кеншілер мен байытушылар жаңа межелер белгілеп, жаңа инновациялық жобамен еңбек етуге ұйғарып отыр.
ЖӨНДЕУ ЗАУЫТЫНДАҒЫ
ЖАСЫЛ ШЫРША
Шыңылтыр
аяз.
Таңмен
таласа
тұрған
Жөндеу
механикалық зауытының директоры Олег Викторович Ли
бүгін ертелете өндіріске жетті. Мұның да себебі бар. Ертең
жаңа жыл. Ұжым жылды табысты аяқтап отыр. Оның үстіне
өзі басшылық жасайтын Жөндеу механикалық зауытының
өсіп өркендеуіне айтарлықтай қолтаңбасын қалдырған
ардагерлерді шақырып, құрмет көрсету ойда бар. Осыдан
екі-үш күн бұрын учаске жетекшілеріне нақты тапсырма
берген. Бірде бір ардагер назардан тыс қалмауы керек.
Телефон шырылдап қоя берді. Жер дайындайтын
учаскенің өндіріс шебері Айдын демеубайұлы екен.
– Олег Викторович тапсырмаңыз тиянақты орындалды.
Біздің бөлімшеде еңбек еткен ардагерлерге қуанышты
хабарымызды жеткіздік. Рахметін айтып жатыр. Жастық
шағымыз өткен жұмыс орнымызды сағындық, көргіміз
келеді, өзгерістер көп шығар. Мына шақыруларыңыз,
көңілімізді өсіріп жіберді ғой деп жатыр қариялар.
– Рахмет Айдын, деді қашан да сабырлы қалпынан
айнымайтын Олег Викторович.
Осы кезде бас инженер Александр Иванович Бабич кірді.
Бвас инженер алдыңғы күні өндірістікжедел басқосуда
айтылған әңгімені пысықтай бастады.
– Өзімізге қарайтын бүкіл цехтың басшылары жылдық
жоспардың орындалғанын қуаны жеткізіп жатыр. Яғни
жылдық қорытынды есеп бойынша биыл да алға шығатын
болдық.
– Асықпа, Саша асықпа жаңа жылдан кейін қорытынды
жиын өтеді, бөркімізді сол кезде аспанға атайық. Дегенмен,
бүкіл ұжымдыф құттықтап, жаңа жылда отбасыларына
амандық, шаттық тілегеніміз дұрыс. Жылдағы дәстүр ғой.
Соның ішінде ардагерлерге шағындап мерекелік көңіл күй
сыйласақ тіптен жақсы емес пе?
– Олег Викторович, бұл шараны әлдеқашан ойластырып
қойдық.
Өндіріс жетекшілері іле-шала цехтарды аралауға шығып
кетті.
*** Балқаштүстімет ӨБ-гіне қарасты Жөндеу механикалық зауытының алатын орны ерекше. Өндірістің аты өндіріс, бір сәт те бәсеңдеуге болмайды. Істен шыққан қосалқы бөлшектерді, Тетіктерді арнайы тапсырыс бойынша жөндеп, тиісті орындарға жөнелтетін осы Жөндеу механикалық зауытының ұжымы. Арнайы тапсырыс берушілер де осал емес екен. Мәселен мыс байыту фабрикасы, Мырыш, мыс қорыту зауыттары тапсырыс береді. Ал, тапсырыс берушілер бірлестіктегі жетекші өндіріс орындары болып табылады. Темір бетон бұйымдарын дайындайтын цехтың ішінде тұрмыз. Әркім өз шаруасымен шұғылдануда. Бетон жасаудың қыр-сыры жеткілікті. Мәселен, төзімді бетон шығару үшін ағаш, металл үгінділерін, сары құм, бұған қоса болат қаптайтын шикізатты аралыстырады. Осыдан келіп, илеуі қандырылған қоспаны арнайы қалыпқа құяды. Міне, осылай жертопыраөтан жасалған темір бетон бұйымдары тапсырыс берушілерге жөнелтіліп жатады. – Осында 20 жылға жуық уақыттан бері жұмыс жасап келемін. Қалып құю бұрынғыдай, әзірге, өзгере қойған жоқ, демек шаруа қолмен атқарылады. Өтініш-тілегіміз жоқ емес. Азық-түліктің бағасы күннен күнге өсіп барады, сондықтан, жалақыны көтереді деген үмітіміз бар,– дейді Катя Кәденова. ...У-шуға толған цехтың іші. Дауысыңды көтере сөйлемесең ешкім естімейді. Әркім өз ісімен әуре. Киіз қалпақты жігіттің жанына келдік. Аты жөні Асқат Сәдуақасов екен. Ол мұнда 14 жылдан бері еңбек етіп келеді.
– Өндірістің қай цехы болмасын жаңаша жұмыс жасауға
ұмтылуда. Алдағы уақытта кеңінен енгізіледі деген әңгіме
бар. Әрине, онда қол жұмысы барынша жеңілдейді. Өздеріңіз
көріп тұрсыздар, жоғары ыстықта балқыған шойынды
қалыпқа құямыз, содан барып металл бетон шығады.
Өндіріске аса қажет, – дейді Асқат.
Жұмыс барысында шикізаттың алатын орны ерекше.
Қандай қоспа болсын, өндіріске қажетті шикізаттан
жасалынады. Мұнда шойын ресейден әкелінеді. Сондай-
ақ, шихтаны, темірді бірлестіктегі Құрылыс жөндеу
басқармасынан жеткізеді.
Мен сонау Монғолиядан туған Отаныма сағынышпен
келдім деп әңгімесін бастады Тынзи Тумейхан деген азамат.
– Өндірісте жұмыс жасағанымы 11 жылдың жүзі болды.
Айлық табысымыз жаман емес, 40-45 мың теңге. Алайда, баға
жалынан ұстатпай тұрған заманда осының өзі жетімсіздеу
болып тұр. Бәрі дже орнына келе жатар. Ата бабамыздың
қаны сіңген топыраққа жеткеніміз үшін бақыттымыз. Ал
тыныш, іргеміз бүтін болсын. Ескі жыл есіркейді, жаңа жыл
жарылқайды деген сенімдеміз.
Жөндеу механикалық зауытының жаңа жылдан күтер
жақсылығы баршылық. Мәселен, қазір мұнда токарлық кесу
станогы әкелінді. Соны монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Ал, алдағы 2009 жылы осындай бірнеше стааноктар әкелініп
қойылады. Яғни, өндіріске жаңа жетілдірілген технология
енгізіледі. Осы орайда айта кеткен жөн, токарь, фрезоровщик
мамандары әлі де жетіспейді екен. Темір металлдан дайын
бөлшектер жасайтын мамагндарды оқытып тәрбиелеу үшін
кем дегенде 5 жылдай уақыт керек.
Термолық әдіспен өңдеу бөлімінің өндіріс шебері Нұрлан
Арсенұлына жолықтық.
– Дайын деталдарды біздің бөлімшенің жұмысшы
мамандары тапсырыс бойынша кесіп, тазалайды. Орайы
келгенде айта кетейік, тапсырыс берушілердің 80 пайызын
Байыту
фабрикасы
құрайды.
Тәулігіне
12-15
тонна
өнімдерді тазалап шығарамыз. Ал айлық жоспарымыз 250-
280 тонна дайын өнімдерін тазалау керек болса біз оны
асыра орындаймыз. Үлкен өндірісте деталдар шығаратын
цех біздің зауытта ғана бар. Сондықтан, келісім-шартқа
отырушылардың бәрі бізбен ынтымақтастық жағдайдыа
жұмыс жасайды. Мырыш зауытына қажетті механикалық
өнімдерді де біз жөнелтеміз, – дейді, Нұрлан тершіген
маңдайын сүртіп тұрып.
– Жөндеу механикалық зауытының директоры Олег
Викторович Ли жұмыс барысын айтып үлгерді.
– Біздерде металлдарды құрастыру бөлімшесі, резина
техникалық бұйымдары, токарлық фрезарлық,0 слесарлық
жинақтау бөлімдері өндірістегі ақаусыз жұмыс жасауға
бетбұрыс жасаған. Адам факторы – алдыңғы кезекте тұрады.
Апатсыз жұмыс жасау түпкілікті мақсатымыз. Ал, ұсталық
бөлімде электролит цехына алып балғалар дайындалады.
Бұрынғыдай емес, өндіріс өркендеп келеді. Алайда, әлемдік
қаржы дағдарысы шет елге дайын өнім шығаруға да әсер
етіп тұр. Дегенмен, бұл уақытша дағдарыс болса керек.
«Бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз», – дейді ғой.
Балқаштың мысына, мырышына бағалы металдарына деген
сұраныс толастамайды деп ойлаймын.
– Бізге өндіріс жетекшілері С. Ысқақов, А. Зыбалов, К.
Рахманов, Бақтыбек Қайырбек Қапасовтар, М. Асанбеков,
Қ. Омашев, Ю. Желюк, Б. Жанболаев, Н. Қасымбеков, Ж.
Рымқұлов, М. Әлиев, Ө. Медеубаев, С. Бәкіжанов сияқты
тағы басқа еңбек тарландарының үлкен іске қосып отырған
үлестерін нақтылай жеткізді.
Жөндеу механикалық зауытының шағын мәжіліс залы.
Түрлі-түсті шамдары бір сөніп, бір жанып тұрған жасыл
шырша тартымды. Жаңа жылдың табалдырық аттағанынан
хабар беріп тұрғандай әсер етеді. Зауыттың үш буын өкілдері
бас қосты. Ардагерлерге құрмет көрсетілуде, ара-арасында
ән шырқалады.
– Өмір соқпағы, еңбек соқпағы сәтімен жалғасуда.
Сіздердің дәстүрлі еңбек салтына кір келтірмейміз,
Отанымыздың
игілігін
арттыра
береміз,
ғұмырлы
болыңыздар ардагерлер дейді, – өндірістің қыз-жігіттері.
Ардагерлер толқулы, жүздерінен ризашылық байқалады.
Сол түні зауыттағы жасыл шыршаның шамдары нұр
шаша жарқырап, Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтар таратты.
...Сыртта құс қанатындай жапалақтап жаңа жылдың
мамық қары жауып тұр.
ЖЕР ҚОЙНАУЫНАН ЫРЗЫҚ
ӘКЕЛГЕНДЕР
«Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Балқаштүстімет»
ӨБ-нің қай ұжымы болмасын жер қойнауынан ырзық
әкеліп, игілікке жаратуда. Тау-кен өндірісіндегі соны
технологияны барынша игеру, еңбек өнімділігін арттыру
жылдан-жылға жақсара түсуде. Мәселен, проходкашылар,
кен және оның қалдықтарын өңдеушілер тәжірибеге
сүйене отырып, сапалы өнім беруге ұмтылуда. Сүзгіден
өткізілген шикізаттан мыс алу жоспары ойдағыдай
орындалды. Саяқ, Шатыркөл кеніштері, Қоңырат тау-кен
цехы, байыту фабрикасы бірлесіп тау-кен өндірісі кешенін
құрайды. Өткен жылы еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын
жақсарта отырып, өндірістің тұрақтылығына, экономиканың
ілгерілеуіне қол жеткізді. Мұндағы әр түрлі мамандық
иелері қазақ елінің игілігі үшін еңбек етіп келе жатқанын
мақтаныш етеді. Әр буынның өкілдері, алайда, мақсаттары
бір. Бұрғылаушы мен проходкашы, кенші, байытушы,
құрлысшы мамандар аға буын өкілдерінің салып кеткен
соқпағымен келеді. Өндірістегі тапсырмалардың үздіксіз
орындалуы ұйымшылдыққа тікелей байланысты. Тек
ауызбірлік, өзара түсіністік жағдайында ғана ілгері жылжуға
болады. Тау-кен өндіру кешеніне инвестиция тарту еселене
түсті. Қажетті техникалардың барлығы инвестициялық
бағдарлама бойынша жеткізілуде.Кеніштерге «Normet»
фирмасының соңғы үлгідегі техникалары жеткізілуде.
Еңбек өнімділігі жоғары бұрғылау қондырғысын жергілікті
мамандар тез меңгеріп алды. «ТОRO-50», «ТОRO-009»
жүкті өздігінен тиеп,түсіретін машиналары жер астынан
тау-кен жыныстарын алып шығаруда өнімділікті арттырды.
Кеніштерге қажетті жеңіл машиналар, автобус, жүк тиейтін
техникалар әлі де жеткізілуде. Мұның өзі тау-кен өндірісі
кешені саласында жаңа технологияның мықтап енгізілгенін
көрсетеді.
Іс тетігін жұмысшы-мамандар шешеді. Шатыркөл және
Саяқ кеніштеріндегі проходкашылар Дулат Үсенбаев,
Александр
Кулеев,
Игорь
Гостевских,
«ТОРОНЫҢ»
жүргізушісі
Әділбек
Қасенов,
машинист
Нұрмұхан
Мәуленов, бұрғылаушы Көмек Жексенбин, бұрғылаушылар
бригадирлері Әлібек Ищанов, Василий Шинкарь, Талғат
Төлегеновтер қашан да ұжым мақтанышы.
Өткен жылы Шатыркөл кенішінің ұжымы бір қалыпты
еңбек ырғағын көрсетті.
– Бұл өзі өндіріс орнынан шалғайда жатқан шикізат базасы
болып табылады дейді, кеніш директоры Мұхтар Ертаев.
– Кеніш Жамбыл облысының территориясына орналасқан.
Кеншілерге көрсететін әлеуметтік тұрмыстық жағдайды
одан сайын жақсарта отырып, үстіміздегі жылды табыспен
бастадық. Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздігіміздің
20 жылдығын лайықты қарсы алу әрқайсымызға соны
міндет жүктейді. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында көрсетілген нақты
міндеттерді өмір жүзіне асыра отырып, тау-кен өндірісі
саласын жоғары сатыға көтеретін боламыз.
– Саяқ кенішінің ұжымы өткен жылдың аяғында 40
жылдық мерейтойын атап өтті. Жазық даладағы кеншілер
жыл он екі ай ішінде тоқтаусыз жұмыс жасап, мыс балқыту
цехына шикізат жіберуде өзіндік қолтаңбаларын қалдырып
үлгерді. Осы мерзім ішінде Саяқ кенішінен қаншама тонна
кен жыныстарын тиеген ауыр-ауыр составтар Балқаш
қаласына жеткізілді.
Өндірістегі
байыту
фабрикасының
технологиялық
жүиені жетілдіруі, жаңартуы әлемдік әдістерді енгізуі
еңбек өнімділігін арттырды. Шикізатты өңдеп, мыс қорыту
зауытына жіберетін фабрика ұжымының мақсат-мүддесі
биікте. Фабриканың бас инженері Ардагер Қуандықұлы
Әрінов озаттар жайлы былай дейді.
–Еңбек
өнімділігі
тәжірибелі
іскер
мамандарға
байланысты. Біз оларға әрқашан арқа сүйейміз. Диірмен
машинистері, өндіріс жетекшілері, ұнтақтау цехының қыз-
жігіттеріне алғысымыз шексіз. Мәселен, Ғазиз Мұхтаров,
Азамат
Нұрғалиев,
Төрегелді
Мырзағалиев,
Евгений
Смирнов,
флотаторлар Гүлшат Оспанова, Маргарита
Согрина, ұнтақтау цехындағы Дастан Салғиев, Медет
Нөкешов, Ілияғазы Жұманбаев, Сансызбай Қалиевтардың
өз істеріндегі жоғары кәсіби шеберлігіне ризамыз.
«Балқаштүстімет» ӨБ-гі еңбек қауіпсіздігін сақтауға,
қоршаған ортаны қорғауға ұдайы баса назар аударып келеді.
Еңбек қауіпсіздігін сақтау тау-кен байыту кешеніндегі басты
қағида. Бірінші кезекте адам факторы тұрады. Адам өмірі
баға жетпес байлық. Орын алып жатқан кем-кетіктерді дереу
ретке келтіріп, арнайы басқосу шақырып, талдау, талқылау
дәстүрге айналған.
ӨНДІРІСТІ ӨЛКЕНІҢ
КЕЛЕШЕГІ
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Әсет Исекешовтың
Балқаш қаласына іс сапары
Әлемдік нарықтық қатынаста бір сәт те босаңсуға болмайды. Соның ішінде өндірісті өлкелерге инвестиция тарту, инновациялық даму жағдайын арттыру бірінші кезекте қала береді. Мұнымен қатар индустрияландыру картасына енген жобаларды іске асыру қандай деңгейде жүргізілуде. ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтың Балқаш сапары осы мақсатқа негізделген. Қарт Қоңырат қойнауында осыдан 4 жыл бұрын жаңа зауыттың ірге тасы қаланған еді. Техногендік минералдық заттардан қалдықсыз мыс өнімін өндіру жаңа заман үлгісіндегі бірден бір әдіс. Сөйтіп, «Сары қазына» ЖШСгі өндіріс орны дүниеге келді. Өндірістік қуаты жылына 10 мың тонна катод мысын беру. ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов осында атбасын тіреді. Жоба негізінен 26 жылға есептелген, оның 4 жылы геологиялық барлауға жұмсалады, қалғаны өнім өндіру. 1910 жылдың қыркүиек айынан бастап жылына он мың тонна катод мысын беретін зауыт құрылысы екпінді жүргізілді. Қазіргі таңда бәрі де белгіленген кесте бойынша жүргізілуде. Өткен жылы 4 млрд. теңге инвестиция толықтай игерілді. Енді міне, жақын күндері алғашқы өнім беру сәті күтіп тұр. – Бұл өзі әлемдік деңгейдегі мыс өнімдерін гидрометаллургиялық әдіспен өндіретін бірден бір орын болмақ. Алғашқы өнім беру мерзімін өткізіп алмайсыздар ма, – деп сұрады министр. – Зауыт өнім өндіруге толықтай дайын. Бізге өнім беруге
рұқсат керек. Онсыз тағы болмайды. Сонымен қатар мына
іске қосылуға дайын тұрған өндіріс жүиелерін бір рет
шайып жіберу үшін 300 тонна керосин керек. Бұл мәселе
таяу күндері шешілсе, «Сары қазынаның» алғашқы өнімдері
тиісті орындарға жөнелтіледі, – дейді ЖШС директоры
Павел Семенченко.
Өндіріс жетекшісінің айтуына қарағанда үстіміздегі
жылы 6,5 тонна мыс өнімін беру көзделіп отыр. Ал, зауыттың
толық қуатында жұмыс жасауы келесі жылдың еншісінде
тұр.
Бұл күнде зауытта 150 адам еңбек етеді. Орташа еңбекақы
90 мың теңгені құрайды. Тағы бір айта кетерлік мәселе.
Зауыттың жұмысы қоршаған ортаны ластауға ешқандай
әсерін тигізбейді.
Министр Әсет Исекешов бұдан кейін «Қазақмыс»
корпорациясының ЖШС-не қарасты металлургия кешенінің
Күкірт қышқылы цехының жұмысымен танысты. Осыдан
біраз жыл бұрын күкіртті ангидрид Балқаш аспанын
тұмшалап, қоршаған ортаны ластауға айтарлықтай кері
әсерін тигізген болатын. Ендігі арада жұртшылық күкірт
қышқылы цехының іске қосылуын асыға күтті. Сөйтіп, 2008
жылы Балқаш мыс қорыту зауытының күкірт қышқылы цехы
іске қосылды. Мұнда күкірт қышқылын, күкіртті ангидридті
ауаға жібермей ұстап қалатын жаңа заманғы өндіріс орны
дүниеге келді.
Мыс қортыту зауытының директоры Марат Бекенов
өндіріс орнының жұмыс барысымен таныстырды.
– Күкірт қышқылы цехы 3 учаскеден тұрады, – деді зауыт
директоры. Мұнда 7 құрғақ электросүзгіш бар. Газ жүретін
бүкіл жүиелерді сүзіп, тазалап отырады. Ауаға зиянды
заттарды жібермейді. Сондай-ақ, күкірт қышқылын өңдеп,
тауарлы өнімге айналдыруға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде
күкірт қышқылына деген сұраныс айтарлықтай. Бағалы
металдар, Эмалды сым созу цехтарына келетін күкірт
қышқылының тасқыны өңделеді. Күкірт қышқылы цехы
Канаданың «Кимэтекс» фирмасының жобасы борйынша
салынған. Күкірт қышқылы цехы экологиялық сауықтыру
мақсатына негізделген.
Түсті металдар ұқсату зауыты АҚ-ның атқарар жұмысы да
ауқымды. Мұнда түсті металдан өндірілетін өнімнің біразы
Ресей тұтынушыларының сұраныстарына ие болып отыр.
Мәселен, Ресейдегі автомобиль, радио жасау зауыттары,
монеталық өнімдерді жасауға сұраныс жылма-жыл артып
келеді. Ал, Қазақстанның өз ішінде ұлттық банк «Қазақстан
теміржолы», «Қазақтелеком», «Казатомпром», «Казцинк»
ЖШС-гі осы зауыттың өнімін тұтынып отыр. Зауыт еліміздегі
түсті прокат беретін бірден бір өндіріс орны. Бүгінде мұнда
405 жұмысшы мамандар еңбек етеді. Орташа еңбекақысы
68 мың теңгеге жуық. Мұнда сапа менеджмент жүиесі
енгізілген. Негізінен экспортқа шығарушы өндіріс орны
болып табылады. Соның ішінде өнімнің 80 пайызын тәуелсіз
мемлекеттер достастығы құрамындағы елдер пайдаланады.
Әрбір шығарылған өнім халықаралық стандартқа сай. Осы
зауыттан өндірілетін латун, қола, никелді мыс өнімдері
жоғары сапаға ие болып отыр.
ҚР-сы индустрия және жаңа технологиялар министрі
зауыттың дайын өнімдерін аралап көріп, қызығушылық
танытты. Мұндай экспорттық өнімдер ел экономикасын
арттыруға әжептеуір септігін тигезетіндігін жасырмады.
Зауыт приезиденті Ермек Хафизов қала төңірегінде
интернет жүиесінің толықтай өз қуатында жұмыс жасамай
тұрғандығын тілге тиек етті. Сондықтан, жергілікті
«Қазақтелеком» басшылығы интернет сұранысы байланысын
арттыруға баса көңіл бөлгені дұрыс-ақ болар еді.
Шойын өндіру үрдісін дамыту уақыт талабы. 2006 жылы
ұлттық инновациялық қор арқылы шағын шойын өндіру
цехы іске қосылған болатын. Цехтың бүкіл құрылысы, өнім
өндірудегі жүиесі Мәскеу қаласындағы арнайы мамандардың
эксперименталды
үлгісі
ретінде
жүзеге
асырылған.
Қазақстандық инновациялық жоба сынақтан сәтті өтті.
Мұнда қазір шойын өндіру жобадағы көрсетілген бағдарлама
бойынша жұмыс жасап тұр. Шойын құю цехының келешегі
мол. Министр Әсет Исекешов шойын құю сәтін тамашалап
көрді.
ҚР-сы индустрия және жаңа технологиялар министрі
Балқаш қаласында аймақтық кеңес өткізді. Мұнда шағын
қалалардың еңсесін көтеруге байланысты ұсыныс, пікір
ортаға салынды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей
шағын және орта бизнесті дамыту ел экономикасының
дамуына бірден бір дәнекер. Жергілікті әкімдіктермен
бірлесе отырып, белгіленген индустриялды бағдарламаны
жүзеге асыруға не кедергі, нендей көмек керек? Министр
мырза осының бәрін жан-жақты ашып көрсетті. Кеңеске
қатысушылар жан- жақты пікір алысты. Сондай-ақ, солтүстік
Балқаш жағалауында туризмді дамыту үшін нендей
міндеттер күтіп тұр? Бұл жөнінде Балқаш қаласының әкімі
Қ. Тейлянов ақпар жасады. Көл жағасында туризмді дамыту
үшін ең бірінші инфрақұрылымдық мәселелерді шешіп алу
керек. Әңгіменің тұздығы да осы болды. Бірнеше ұсыныстар
жасалды. Оның бәрін ақылдаса отырып, бірлесе шешу,
үкімет тарапынан көмек көрсету келешектің ісі болмақ.
ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет
Исекешов өндірісті өлкені дамытуға мүмкіндіктің зор екенін
айта келіп, үкімет тарапынан бірлесе атқаратын ауқымды-
ауқымды шаруалардың қомақты екенін тілге тиек етті.
ҚР индустря және жаңа технологиялар министрінің
Балқаш
сапары
кезінде
онымен
бірге
«Қазақмыс»
корпорациясы
ЖШС-нің
басқарма
төрағасы
Э.Огай,
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә.Ахметжанов,
басқа да ресми адамдар еріп жүрді.
ТҰҒЫРЫМЫЗ АЛАСАРМАЙДЫ
Ержан Арыстанбекұлы ОСПАНОВ –
«Балқаштүстімет» ӨБ-нің бас директоры
техника ғылымдарының кандидаты.
1.Бұл
мереке
республикамыз
үшін
маңызды
кезеңдердің бірі болап табылады. Осы мереке арқылы
қазақстандықтардың патриоттық сезімі асқақтады. Елін
мақтан етеді. Адамдардың бір-біріне деген ықласы артты.
Ертеңгі күнге деген сенімділік, тұрақтылық нығайды.
Тәуелсіздік қазақ халқы үшін көптеген ғасырлар бойғы
аңсаған арманы, тарихи тағдыры болатын. Осыдан 15 жыл
бұрын Қазақстан халқы өз таңдауын жасады, егемендік
алды, тәуелсіздік жолына түсті.Өзінің кең байтақ мемлекетін
өз қолымен гүлдендіруге кірісті. Әрине, мұның бәрі оңай
шаруа емес еді. Еліміздің осы қысқа мерзім ішіндегі жүріп
өткен жолы, тарихи өркендеуі, көптеген көріністерді көз
алдыңа алып келеді. Алға қойған қадау-қадау мәселелер көп
еді. Оны шешу де оңай емес болатын. Саяси, экономикалық
әлеуметтік мәселелерді шешуде демократиялық ақиқаттың,
дәлдіктің, тұрақтылықтың берген жемісі аз болған жоқ.
Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге танымал. Қазақ халқы және
қазақстандықтар өздерінің қажырлы еңбектерімен қолға
алған келелі істі тиянақты аяқтайтындығына сол жолда
жұдырықтай жұмылып, еңбек ете білетіндіктерін дәлелдеді.
Біз жедел дамып келе жатқан мемлекет екенімізді көрсеттік.
Көптеген өнеркәсіп, өндіріс орындары ашылды. Оларды
осы заманның үздік технология, техникасымен қамтамасыз
етуге мүмкіндік туды. Тұрғын үй салу шапшаң жүргізілуде,
жаңа мектептер, орта және жоғары оқу орындары ашылуда.
Сенімді, зейнатақы жүиесі қалыптасты. Бізге ғасырлар
бойы сақталған дәстүр-салтты жаңғыртуға мүмкіндік туды.
Халықтар арасындағы достық, өзара түсінушілік нығайды.
Бәлкім, еліміздің бүгінгідей нұрлы күнге жетуіне осы ұлы
достықтың да септігі тиген болар. Бұған мақтануға болады.
Тәуелсіздікке жол 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан
басталады. Осы кезең халыққа рухани күш берді.
Демократиялық
өрлеу
кезеңінің
жеткенін
айғақтады.
Әрқайсымыздың тағдырымызға, бүгінгі және болашақ
тағдырымызға жол ашты. Адам еркін болмай өз жолын
таңдай алмайды. Сол жолда бақытты өмір сүріп, бала-шаға
өсіріп, жауапкершщілікті түсініп, еңбек ету сезімі оянды.
Қазіргі замандастарымызға, егеменді елдің негізін
қалаған аға буын өкілдеріне тәуелсіз Қазақстанның бұдан
да әрі гүлденіп, өркендеуіне болашақ үшін жан аямай еңбек
ету бақыты туындап отыр. Біз өзіміздің қажыр-қайратымыз,
білім тәжірибемізбен болашақ ұрпақ үшін жұмыс жасауымыз
керек. Алда атқарар істер ауқымды. Мұның бәрін өркениет
жаңа үрдіс тұрғысынан атқарғанымыз жөн болады.
Қай кезеңде болмасын ел басқаратын көсемдер, сөз
бастайтын шешендер болған. Онсыз ілгерілеу мүмкін
емес. Көз жеткісіз егістік алқап, жер астындағы шахталар,
құрылыс алаңдары осы заманның өндіріс орындары бір
күнде қалыптаса қойған жоқ. Мұнда алдыңғы толқын аға-
апаларымыздың маңдай тері тамшылап, қолтаңбалары
жарқырап тұр. Республикадағы ірі түсті металлургия орыны
болып табылатын «Балқаштүстімет» ӨБ-гі ұжымы да бүгінгі
күн тұрғысынан еңбек етуде.
2.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жан-
жақты айтылды. Қазақстан бәсекеге қабілетті елдің қатарына
кіре алады. Оның экономикасы дами береді. Сол арқылы
бізбен аузын айға білегендер де санасады. Біз алдыңғы
қатарлы даму жүиесін таңдадық. Әлемдік деңгейден алып
қарағанда осы таңдауымыз өте дұрыс. Біз әлемдік стандартқа
сай келетін мемлекет құрудамыз. Мыңдаған тонна мыс,
мырыш, бағалы металдар өндіріп, мемлекет қазынасын
байыту, жұмыс орындарын ашу бізге жүктелген орасан
міндеттердің бірі.
«Балқаштүстімет» ӨБ-гі де өтпелі кезеңнің қиыншылығын
бастан өткерді. Оның бәрі еңбектегі тәрбие берудегі дәстүр-
салты бір сәт те үзілмей жалғасуда. Сөйте отырып, «Қазақмыс»
корпорациясының қарамағындағы «Балқаштүстімет» ӨБ-
гі әлемдік өндіріс технологиясының барлық стандартына
сай жұмыс жасап, бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуде.
Ұжымның негізгі мақсаты мыс, мырыш, алтын, күміс,
зергерлік бұйымдар шығару, өндіру. Өнім өндіру жыл сайын
артып келеді. Үстіміздегі жылдың өзінде тауарлы өнім
өндіру174 миллиард теңгеге жетіп отыр. 176 мың тонна мыс,
52,3 тонна мырыш, 4576 кг алтын құймасы, 609 тонна күміс,
503 тонна эмальды сым, басқа да өнім түрлері шығарылды.
Сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау, табиғат тепе-
теңдігін сақтау бағдарламасы да белсенді түрде жүзеге
асырылуда. Алдағы уақытта жылына 1200 тонна күкірт
қышқылын өндіретін зауыт құрылысы аяқталуға жақын.
Сонымен бірге өндіріс қалдықтарының шаң-тозаңдарын
ауаға таратпау үшін әрекет жасалуда. Айналып келгенде,
балқаш аймағы экологиясын табиғи қалпында сақтап қалуға
қолдан келген бар мүмкіндіктер жасалуда.
3.«Балқаштүстімет»
ӨБ-гі
сондай-ақ,
«Қазақмыс»
ЖШС әлеуметтік жүиені қалыптастыруға негізделген
өндіріс орындары болып табылады. Біздің тарапымыздан
жылма-жыл әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Бала
бақшалар, дәрігерлік қызмет көрсету, спорт алаңдары,
емдеу-сауықтыру, балаларды сауықтыру лагері, қоғамдық
тамақтандыру орындары, мәдениет сарайлары, басқа да
еңбекшілердің демалыс мекендері, өндіріс ұжымының
қаражатымен тұрақты түрде қамтамасыз етіледі, таршылық
көрмейді. Жыл сайын әлеуметтік нысандарды ұстау үшін
250 миллион теңге қаржы бөлінеді.
Жылма-жыл қалалық коммуналдық шаруашылығын
жаңарту, бір жүиеге түсіру, қысқа дайындау атқарылады.
Абаттандыру, тұрғын үйлердің ауласын жөндеу, жолдарды
күрделі жөндеуден өткізу, біртіндеп қолға алынуда.
Келер жылы балқаштықтар өздерінің мерейлі мерекесін
атап өтеді. Яғни, қаланың ірге тасы қаланғанына 70 жыл
толады. Осыған орай Р. Кенбаев атындағы емдеу-сауықтыру
орны күрделі жөндеуден өткізілуде. Металлург стадионы
жаңартылып, алаңға жасыл желек төселеді. Хоккей алаңы
қалпына келеді, екі бала бақшасы ашылады. Мешітке
жөндеу жүргізіледі. Қалалық теледидар қайыра ашылады.
Мұны жұртшылық асыға күтуде. Көл жағасын реттеп,
заманға сай жағажай салынады. «Балқаштүстімет» ӨБ-
гінің бас ғимараты жөнделеді. Қаладағы парашютшілердің
аэроклубы, желкенді қайық спорты одан әрі дамиды. Сөйтіп,
алға қойған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 30 миллион
АҚШ доллары бөлініп отыр.
Бүгінгі таңда «Балқаштүстімет» ӨБ-гі өзінің өміршең
дамуын одан әрі баянды ете отырып, қалалықтардың
игілігі үшін, олардың жақсы тұрмыс құруы үшін қолдан
келген барлық мүмкіндікті жасай береді.Осы тұрғыда ынта-
ықласымыз да жетерлік, мүмкіндігіміз де бар.
Тәуелсіздік тұғыры аласармайды. Бүгінгі таңда қол
жеткен бақытымыз, шаттығымыз, арайлы таңымыз осы
тәуелсіздік тұғыры болса керек. Алла, оның мәңгілік баянды
болуына жар болса екен деп тілейміз.
Әңгімеңізге көп рахмет. Айтқаныңыз келсін!
ДАҒДАРЫС ҮНЕМДЕЙ
БІЛУГЕ ҮЙРЕТЕДІ
Өндірістің
бірқалыпты
ырғағы
табыс
кепілі.
«Балқаштүстімет» ӨБ-не қарасты кен байыту фабрикасының
ұжымы өздерінің барлық іс-тәжірибелерін дағдарысқа қарсы
қойып, міндет биігінен көріну үстінде. Фабрика ұжымы
шикізатты диірмен арқылы уатып, ұқсатып балқытушыларға
жібереді. Сапалы, әрі дер кезінде уатылған шикізат
балқытушылардың да еңбек өнімділігіне жетуіне жол
ашады. Мұндағы байытушылар, сүзгішілер, кен уатушылар
жылма-жыл өз мамандықтары бойынша сынақтан өтеді.
Мұның өзі әр саладағы жұмысшы мамандардың біліктілігін
арттыруға бірден-бір дәнекер десе де болады. Жасыратыны
жоқ, кейбір өндіріс орындарында қысқарту жүріп жатыр.
Ондағы мамандар қайда жіберіледі. Бұл кезеңде Байыту
фабрикасының басшылары көмек қолын созды. Мәселен,
Мырыш зауытынан қысқарғандар осында келіп, екінші
мамандықты меңгеріп, жұмысқа орналасуда. Мұндай
игілікті шаруа әрі қарай жалғасады. Елбасы Н. Ә.Назарбаев
халыққа арнаған Жолдауында өндіріс орнында қысқарған
жұмысшы мамандарды қайыра дайындықтан өткізіп, екінші
мамандықты меңгеруіне мүмкіндік жасау қажеттігін алға
тартқан болатын. Осыған орай «Қазақмыс» корпорациясы
мұнда арнайы комиссияы жіберіп, маман жұмысшыларды
іріктеу, қайыра үйрету бейімдеу, машықтану кестелері
бойынша сынақ өткізбек. Құптарлық шаруа. Ал, еңбек
тәртібін
бұзғандарға
ымырасыз
күрес
жүргізілуде.
Ондайларға ұжымда орын жоқ. Ұжым сәуір, мамыр айында
өндірістік жұмыс жоспарын 100 пайызға орындап, табысты
еселей түсті. Мәселен, сәуір айында 204 286 тонна кен
өнімдерін уатты. Таяуда ғана белгілі болды, өндірістік
көрсеткішті саралаған мамандар ұжымның осы көрсеткіштен
шыққанын білді.
– Инвестицияны ел игілігіне жаратуға ұмтылудамыз. Ел
игілігі дегеніміз сол – жаңадан қойылған құрал-жабдық,
технология өндірістің ықпалын арттырады. Ақаусыз жұмыс
жасауға қол жеткіземіз. Былтыр дағдарыс келгеннен-ақ
кейбір өндіріс ғимараттарын жөндеу тоқтап қалған болатын.
Осы шаруаны қайтадан қолға аламыз. Біздің бұл бастамамыз
жөндеу құрылыс басқармасынан қолдау тапты. Шүкіршілік,
осыған орай «Қазақмыс» корпорациясы 140 мың доллар
бөліп отыр. Экология өмірлік қағидаға айналды, арнайы
бағдарламамыз бар. Бұл ретте де қосалқы шаруашылық
жұмыстарын жүзеге асыру керек,– дейді фабриканың
директоры,
іскер
байытушы-инженер
Ғабдулманап
Диқанбайұлы Шаяхметов бізбен әңгімесінде.
Директордың нақты пікірі көңілге қонады. Іскер
өндіріс жетекшісі қалаға да айтарлықтай көмек көрсетіп
отырғандықтарын тілге тиек етті. Мәселен, қаладағы әрбір
көше, аудан, аула цехтардың қамқорлығына бөлінген екен.
Дәстүрден жаңылмайды, дәл қазір қалада тазалық айлығы
қызу жүргізілуде. Сондай-ақ қамқорлығына алған «Ақбота»
бала бақшасын материалдық жағынан ұдайы қамтамасыз
етіп отырады. Мектеп, шағын аудан, ірі көшелерді көркейту,
көріктендіру ұжымның ұдайы назарында тұр. Әр апта сайын
сенбілікке шығады, күл қоқыстан тазартуға техника бөледі.
Сонымен қоса тұрғын үйлерді қысқы маусымға дайындауға
да атсалысады екен. Былтырғы жылы күз айында фабрика
ұжымы 36 үйді қысқа әзірлеп беріпті. Осы жазда 16 үйді
қысқа дайындауды мойындарына алып отыр. Қазірдің өзінде
арнайы бөлінген бір бригада іске кірісіп кеткен.
Мысшылардың
денсалығын
түзеуге,
тынығуына
жағдай жасалуы қажет, табиғаты әсем Бектауата тауының
баурайындағы «Сарыарқа» демалыс орнын фабрика ұжымы
әлсін- әлсін жөндеуден өткізіп, тартымды қалпын сақтауға
мұрындық болуда. Өндірістің ыстығында жүрген мысшылар
отбасымен осында келіп дем алады, барып қайтулары
үшін көлік бөлінеді. Мұндағы мамандар жұмысшылар
дағдарыстың үнемшілдікке бастап отырғанын жасырған
жоқ. Материалдық байлықты жанар-жағар майды, қуат көзін
барынша үнемдеуге шығынды аз жұмсауға бейімделіп келеді.
Еңбекті қорғау, сақтау үшін «Қазақмыс» корпорациясының
арнайы нұсқауы бар. Қауіпсіздікті бақылайтын қоғамдық
инспекторлар өз міндеттеріне қашан да қырағы қарайды.
Әрине, өнім өндіру көлемі аз да болса төмендеген шығар.
Алайда жұмысшы мамандарды ынталандыру сол қалпында
қалды. Үстіміздегі жылы жазда Ресей Қазақстанның оқу
орындарын бітірген түсті металлургия саласының бірнеше
мамандары осында жұмысқа қабылданады. Ешқандай бөгет
болмайды, себебі болашақ мамандарды корпорация грант
арқылы оқытты.
Өндірісте инженер техникалық қызметкерлердің алатын
орны ерекше. Ұжым соларға арқа сүиейді. Мәселен, мұндағы
Е. Нарымбетов, А. Әрінов, А. Шағанов, Ғ. Мұхтаров, О.
Медведов, Қажыкен Жанболат сияқты мамандар қашан да
алғы шептен табылады.
Кен уату бөлімшесінде де өз ісін жетік меңгерген
жұмысшы мамандар баршылық. Әрине орайы келгенде
олардың да есімін атай кеткен жөн шығар. Мұның өзі
жұмысшының еңбегін бағалай білу деп ұққан жөн шығар.
Айталық Е Мамырбеков, Ә. Жексенбаев, Ш. Түсіпбеков, Қ.
Әлібаев, М. Айтжанов, А. Мұқамедияұлы, М. Рахымбековтер
өндірісте ақаусыз еңбек етуді мұрат тұтқан шын шеберлер.
Өндірісті өрге тартқан құрыш білекті жігіттердің ерен
істері дағдарысқа қарсы қойылған нық сенім секілді.
Іске сәт байытушылар!
МЫСШЫЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ
– САПАЛЫ ӨНІМ.
– Үстіміздегі жылдан бастап – біздің цехқа да
инвестиция тартылуда. Негізі жұмыс өнімділігін арттыру
үшін жаңа техника, соны технология аса қажет. Бұрынғы
ескі кен жыныстарын тартатын таспалар түгелге дерлік
ауыстырылды. Сондай-ақ, эксковатор бульдозер, кран,
басқа да техниканы жаңартып үлгердік. Дайын шихтаны
мыс балқыту цехына жіберетін машинаны жаңарттық.
Бұл өзі өте тиімді технология болып отыр. Соңғы үлгімен
жасалған машина электрондық жүие арқылы басқарылады,
өнімді, қанша тонна шихта кетті, шамадан тыс артық жүк
салынды ма, соның бәрін көрсетіп тұрады, компьютерлік
жүие. Жаңадан алған кран жұмыс өнімділігін анағұрлым
арттырды. Бұл кран жабық қоймаларға вагоннан жүк
түсіруге өте қолайлы. Қауіпсіздік ережелері жан-жақты
сақталған. Басқаруға да қолайлы. Белгіленген ережелерге
сәйкес жұмысшы- мамандарға киім-кешек, жұмыс үстінде
киетін көзілдірік, құрал-жабдық, каска бәрі- бәрі бүтіндей
жаңартылды.
Шихта дайындау цехы бастығының міндетін атқарушы
Жақсылық Маратұлы Бейімбетов ұжым жайында әңгімесін
осылайша бастады. Өзі 1993 жылдан бері осында еңбек етіп
келеді. Жақсылық Маратұлының айтуына қарағанда қазіргі
таңда қауіпсіздік ережесін сақтау бірінші орында тұр екен.
Осыған байланысты жаңадан он ереже шығарылған. Соның
бәрін жұмысшы-мамандарға жеткізіп насихаттау, түсіндіру
қызу жүргізілуде. Бірінші кезекте адам факторы. Технология
бойынша мыс балқытушыларды тәулік бойы шихтамен
қамтамасыз етеді. Шихта жеткізу,мыс балқыту күні-түні
аптқарылады. Балқытушылардың тоқтаусыз еңбек етуіне
осы шихта дайындаушылардың еңбегі айтарлықтай. Мұнда
да жоспар бар. Цех бастығы Берік Әліпов кезекті еңбек
демалысында екен, мұнда біріңғай жас мамандар жауапты
орындарға жоғарлатылып, еңбектегі шыңдалу жолынан
өтуде. Мәселен, аға механик Евгений Ли, оның көмекшісі
Азамат Күтімгелдинов, механик энергетик Дархан Мұханов,
Талғат Кәрімов, Ермек Баймағанбетовтер буыны қатпай
жатып, осы цехқа келген еді.Бүгін де шешуші учаскелерді
басқару оларға сеніп тапсырылған. Ұнтақтау участогының
бастығы Алмас Сыздықбеков, аға шебер Талғат Жайсаңов,
отыздың ар жақ, бер жағындағы жігіттер.
– Бізге шикізат Шығыс Қазақстан облысы, Нұрқазған,
Жезқазған, Қарағайлы кен байыту комбинатынан келеді.
Осында шикізатты қабылдайтын, түсіретін арнайы орын бар.
Өңделген шикізат кептіріледі, Түйемойнақ фабрикасынан да
жеткізіледі, өзіміздің Қоңыраттан да аламыз. Шикізаттан
кедергі жоқ, негізі күкірті көп шикізаттың өнімділігі артық
болады. Мәселен, шихтаның күкірті 30-32 пайыз болуы
шарт, ал, бізге келіп жатқан шихтадағы күкірттің пайызы 18-
20-дан аспайды.
– Шихта дайындау цехына шикізат қандай технологиямен
дайындалып жіберіледі?
– Сұрағыңыз орынды. Шикізат сол өндірілетін жерде
сараптамадан өткізіледі, сөйтіп, сертификаты қоса жіберіледі.
Әрбір фабриканың алдына қойған жоспар мақсаты бар.
«Қазақмыс»
корпорациясы
ЖШС-гі
басшылығының
нұсқауымен шикізатты жеткізу, тиісті дайын технология
деңгейіне жеткізу белгіленген ережеге сәйкес жүргізіледі
– дейді, – цех бастығының міндетін атқарушы Жақсылық
Маратұлы өз әңгімесін одан әрі сабақтап.
Осыдан алты жыл бұрын шихта дайындау цехында
28 вагон сыятын қойма іске қосылды. Әсіресе, мұның
тиімділігі қыс айларында байқалады. Бұған қосы жылу
электр орталығында 12 вагонға арналған жылу қойма және
бар. Сонда шихта дайындаушылар тәулігіне 40 вагонды
бірдей қабылдап, дайын шикізатты мыс балқытушыларға
жібере алады. Шындығында еңбек өнімділігін арттыруға
батыл қадам жасалды. Ертеде вагон-вагон қатып қалған
шикізатты түсіру, ұнтақтау оңайға түспейтін.
Жұмысшы-мамандарға әлеуметтік, тұрмыстық жағынан
қамқорлық көрсету дұрыс жолға қойылған. Соның ішінде
денсаулығын
түзеймін
деушілерге
айрықша қолайлы
жағдайлар туғызылған Кез-келген дем алу орындарына
баратын жұмысшы-мамандар жолдама құнының он ақ
пайызын төлейді. Үлкен жеңілдік. Шихта дайындау
цехында 460 адам еңбек етеді, үш учаске бар мұнымен қоса
энергетикалық және кран қызметі және бар.
– Біздер краншы қыз-келіншектердің еңбегін мақтан
тұтамыз, құрмет көрсетеміз. Мәселен, Н. Бабелюк, Л.
Маликова, Ғ.Иембергенова, А. Исақова, Б. Жақсыкелдина,
аға шебер Қарлығаш Ілебаева, транспертершы Сарқыт
Ержановалар ұжымның мақтанышына айналған. Шихта
дайындаушылар Қонысбек Қасымов, Саят Сүртібаев, тағы
басқалар өздеріне жүктелген міндетті әрқашан мүлтіксіз
атқарады, тиянақты – дейді ұнтақтау учаскесінің бастығы
Алмас Сыздықбеков.
Шихта дайындау цехының ұжымы өздерінің төл
мерекелеріне
лайықты
тарту-таралғы
әзірлей
білді.
Мәртебелеріңіз биіктей берсін. Шихташылар!
*** – Біздің мыс балқыту цехында 800-ден аса жұмысшы мамандар еңбек етеді. Біз негізінен қара мыс шығарамыз. Сондай-ақ, анод мысын өндіріп, мысты электролиздеу цехына береміз. Бізде екі мыс балқытатын Ванюково пеші бар. Мұнда төрт конвертор және анод пеші тоқтаусыз жұмыс жасайды. Күніне 600-650 тоннаға дейін қара мыс береміз. Ал, айына 18500 тонна қара мыс жөнелтеміз, жыл басынан бері белгіленген тапсырма, жоспарды ойдағыдай орындап келеміз дейді цех бастығы Жанат Ордабекұлы Иманбеков. Жас мамандарды жауапты орындарға қойып шыңдай түсудеміз. Мәселен, балқыту бөлімінің бастығы
С.Бекішев, оның орынбасары Алмас Әрінов, институтты
жаңа бітіріп келген Жанболат Бақтияр қазірдің өзінде аға
шебер сияқты жауапты міндетті мүлтіксіз атқаруда. Мұндағы
қыз-келіншектер қашан да жауапты шаруаларды тиянақты
орындайды. Мәселен, Ванюково пешінде құрал-жабдықты
бақылап, нұсқау беріп отыратын орында қыз-келіншектер
істейді. Анод учаскесінде кранды басқару қыз-келіншектерге
сеніп тапсырылған. Жұмыс ауысым арқылы атқарылады.
Мәселен, 15 технологиялық ауысым үздіксіз жұмыс
жасайды. Балқытушылар үш ауысыммен еңбек етеді. Айта
кетелік, Еркебұлан Айғалиев басқаратын ауысым бригадасы
соңғы кезде жарыс көшін бастады. Біздер конверторшы
Юрий Никитин, анод учаскесіндегі балқытушы Сейфолла
Рамазанов сияқты жігіттерді басқаларға үлгі тұтамыз.
Мыс балқыту цехында Ванюково пеші үлкен міндет
атқарады. Ең жоғарғы ыстықта шикізаттан мыс балқытып
шығару оңай шаруа емес. Сапалы жөндеуден өткен пеш
осынша ыстыққа шыдайды. Мыс балқыту пеші белгіленген
ережеге сай жұмыс жасап тұр. Электролит цехы анод мысын
электролиздеп, катод мысын алады. Онан әрі экспортқа
жібереді. Бүкіл мысшылар қауымының түпкі еңбек нәтижесі
осы. Сапалы Балқаш мысы шет елдіктердің сұранысына ие.
Мәселен, Қытай, Германия, Италия, тағы басқа мемлекеттер
соңғы кезде Балқаш мысына мүдделі болып алды. Демек,
Балқаш даңқын алысқа шығаратын сапалы мыс өнімдері
болса керек. Алтыны, күмісі, мырышы, қорғасын басқа
да бағалы металдары бар Балқаш байлығы тәуелсіз елдің
экономикасын нығайтуға айтарлықтай үлес қосып келеді.
КЕЛЕШЕГІ КЕЛБЕТТІ
АҚЖАЛ
– Инвесторлардың өз ұстанымы болады.Дей тұрғанмен
жергілікті жердің табиғатына бейімделіп, халықпен санасып,
әлеуметтік-тұрмыстық мәселеге назар аударып отырғанның
жөні бөлек. Дәлірек айтсақ, 2008 жылы өндіріс тізгінін
қолыма алғаннан кейін Челябинск Мырыш зауытының қол
астына кіріп, алдымызға нақты міндеттер қойдық. Бұл кезде
Ақжал кенішінде жұмыстың бәрі тоқырып, ыдырай бастаған
еді.
Олардың да шарты – мынау өндіріс орнын қанша уақытта
қалпына келтіруге болады – деген сұрақты төтесінен қойды.
Барлық мүмкіндікті екшеп, өзімізше бағдарлама жасадық.
Бұрын қызмет жасап кеткен өндіріс орны.
– Бір жарым жылдың ішінде аяғынан тік тұрғызуға
болады дедім. Міне, содан бері өндірістік тапсырма үздіксіз
орындалып келеді. Мұндайда қосымша сыйақы болады.
Адамдардың еңсесі көтеріңкі болып, жұмысқа деген
құлшынысы артады. Өндіріске жаңа технология енгізілуде.
Қазіргі таңда техниканың 60 пайызы жаңартылды.
«Новоцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Сәкен
Қойшанұлымен
әңгімеміз
осылай
басталды.
Ақжал
кенішінде мырыш пен қорғасын шығарылады. Мырышты
Челябинск Мырыш зауытына, қорғасынды Өскеменге
жібереді. Карерді бұрғылау, қазу жұмыстары жүиелі
түрде жүргізіліп келеді. Шет елдік техникалардың өндіріс
қуатын арттыруға айтарлықтай септігін тигізіп отыр.
Тау жыныстары фабрикаға жеткізіледі, осында өңделеді.
Мырыш алынады, сөйтіп, концентрат жартылай фабрикат
күйінде металлургиялық зауыттарға жіберіледі. Онда
белгілі бір деңгейде қорытылып, жаңа металл шығарылады.
Кеніш 1952 жылы ашылған. Фабрикада шет елдік жаңа технология қолданылады. Мұнда қол жұмысы айтарлықтай жеңілдетілген. Жер қойнауының қазынасын үнемдеу керек. Бұрынғы қазылып алынған руданы қайыра өңдеп, ел игілігіне жаратып жатқан жайы бар. Өйткені, табиғаттың байлығы шексіз емес, сарқылатын, таусылатын кезі келеді. Бас директор Сәкен Қойшанұлы осы әдіс арқылы өндіріс әлеуетін көтеруге мүмкіндік туғанын жасырмайды. Демек, ашық карерде шихта дайындаудың жаңа әдісі табылған сыңайлы. Өндіріс тізгінін тең ұстап отырса шығынды аз жұмсап, табысты еселей білсе ұтары көп.Мұның өзі өндірістің өмір сүруін ұзартуға мүмкіндік береді екен. Ал, осы Ақжал кенті Шет ауданы салық түсімінің 62 пайызын атқарып отыр. Кеніште 1125 адам еңбек етеді. Негізінен ақжалдық тұрғындар. Кезінде Сәкен Қойшанұлы Ақшатаудан да біраз отбасын тартып, несие беріп, үй алуына жағдай жасапты. Қойшанұлының өндірістегі жаңа ізбасарлары пайда болды. Бас инвесторлар оларды «Қойшановтың жаңа гвардиясы» деп атайды екен. Шындығында өндірістегі еңбек ететіндердің 50-60 проценті жастар. Олар әр салада жүр. Кенші, байытушы, есеп-қисап қызметкерлері. Арнайы оқу бітіріп келген жастарға ұстаздық қозғалыс көмекке келеді. Тәжірибелі мамандар жастарды қамқорлыққа алып үйретеді. Өндірістің қыр-сырын бойына сіңіреді, ақаусыз жұмыс жасауға бетбұрыс жасайды. Инвесторлармен келісім үстеліне отырғанда Сәкен Қойшанұлы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын үнемі алдыңғы кезеңге шығарып отыруды ұсынды. Көбіне көп инвесторлар біріңғай өндіріспен шұғылданады да оның маңындағы халықтың әлеуметтік саласына назар аудара бермейді. Әлеуметтік бағдарлама бірінші кезекте тұрсын деді Қойшанұлы. Өйткені, халықтың жағдайы шешілгенде ғана жұмыс өнімділігі артады. Мәселен, кент ішіндегі бірнеше әлеуметтік нысандарды қайыра жөндеп, қалыпқа келтіру,қажет жағдайда халыққа көмек қолын созу керектігі
инвесторларға түсіндірілді. Қазір өндірістің өз асханасы бар. Тамағы дәмді, жұмысшы мамандар еліміздің түкпіріндегі қалаған демалыс аймағына барып тынығады, денсаулығын түзейді. Жолдама құнының жартысын өндіріс төлейді. Денсаулық орталығы бар. Күндіз емделуге, дәрігерге қаралуға мүмкіндік жасалған.Бас директордың айтуына қарағанда келешекте осы өңірден емдеу сауықтыру орнын ашсам деген ниеті бар. Ұлы жеңістің мемориалдық кешенін жасауға 9 млн. теңге қаржы жұмсалыпты. Ал, спорттық, өнер жарыстарына қолдау көрсету тұрақты түрде жасалады. Кенттегі су бұрқақтың өзі әжептеуір сән беріп тұр. Бос тұрған 100 пәтерлік тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, баспанаға зәру жандардың қажетін ашыпты. Мұндай игілікті шаруа жалғасын табуда. Қараусыз қалған үйлер жөнделеді. Өндірістің өз тарапынан да үй салынып,құрылыс жүргізілуде. Қыс айындағы жол қатынасы да кеніштің мойнында.Әлеуметтік қамқорлық дегеннен шығады. «Новоцинктің» өз дүкені бар. Мұнда баға тұрақты. Ең арзан нан Ақжалда. Кенттегі жұмысшы мамандар бір ай ішінде 30 пайыз аванс алады, мұның өзі отбасы қажеттілігін ашуға айтарлықтай көмек. Бас директор инвесторларды осы үрдіске көндірді, табандылық танытты. ***
Көп кешікпей ашық карерден жер асты арқылы кен
өндіру жұмысы жүзеге асырылады. Сәтін салса еңбек
өнімділігі біршама артады. Өндірісті жетілдірудің бір жолы
осы шығар. Алғашқы кезеңді 2024 жылға дейін игеру керек.
Екінші кезең 2034 жылы жүзеге асырылады. Демек, Ақжал
кенті өмір сүреді.
Өндірісте
300-ден
астам
қыз-келіншектер
жұмыс
жасайды. Басым бөлігі фабрикада.
– Өз басым қыз-келіншектердің өндірісте жұмыс
жасауына қарсымын. Олар бала тәрбиесімен шұғылдануы
керек, үй шаруасы бар дегендей. Біртін-біртін жеңіл жұмысқа
ауыстырамыз. Ауыр жұмыстан босату үшін отағаларының
еңбекақасы көтеріңкі болуы керек. Мамандарды өзіміз
дайындаймыз, жолдама береміз. Жоғары оқу орнын бітірген
соң өзімізге қайтып келеді.Қазіргі жастардың көзқарасы
басқаша, озық ойлы, заман солардікі. Тек оларға сену керек.
Жауапты жұмыстарды тапсыру керек, шыңдау керек,-дейді
бас директор сөз арасында.
– Мұнда 1991 жылдан бері еңбек етіп келемін. Анау
төмендегі қозғалысты көрдіңіз бе. Ауыр эксковатор, БелАЗ-
дар жүр, солардың жұмысын бақылап, рация арқылы
хабарласып отырамыз. Аяқ астынан техникалық ақау
шығып қалуы мүмкін. Біздер механик, электрик, сондай-ақ,
дәрігерлермен де үнемі байланыстамыз. Карердің тереңдегі
200 метрден асады. Еңбекақымызды уақытында аламыз,
бұрнағыға қарағанда жағдайымыз жақсы, әлдеқайда ілгері
бастық,- дейді диспечер Аян Кәкітаева.
Айдын
Әділханұлы
Тұрсынбеков
Алматының
политехникалық институтын бітірген екен. Тау-кен цехының
басшысы. Ашық кен жыныстарын игерудің маманы.
– Тау-кен цехында 152 адам еңбек етеді. Жұмыс тәулік
бойы жалғасады. Бұрғылау, қопару, тау-кен жыныстарын
тиеу деген сияқты. Біздер эксковатор машинисі Болат
Әбілжановты құрмет тұтамыз. Еңбекшіл, жауапкершілігі
мол, сондай-ақ, Базарбай Мантаев, Бауыржан Мұқанов,
Талғат
Томашевтардың
еңбегі
басқаларға
үлгі-өнеге.
Америкалық
жаңа
техниканы
меңгерген
жігіттердің
ешқайсысын бір-бірінен бөле-жара қарауға болмайды.
Мәселен, Ғалымжан Құсайынов, Санжар Мұқатаев, Қалиқан
Ақшолақовтар өндірістегі осы заманның мамандары,– дейді
Айдын Әділханұлы бізбен әңгімесінде.
Техника жөндейтін цехқа атбасын тіредік. Ірі-ірі БелАЗ-
дар керекті техникалық байқаудан өткізіліп, терең карерге
жылжып барады. Қайрат Рахмедияұлы Қызылов техниканың
жөндеу шаруаларына жауапты екен. Ал, Шалқар Мәнтаев
БелАЗ-бен руда тасиды. Жұмыстың өнімділігіне, табыстың
жеткілікті екеніне ризашылығын білдіреді.
Фабрикадағы жұмыс жүиесімен таныстық. Қатира
Нарымбекова осында 18 жылдан бері флотатор болып еңбек
етіп келеді екен.
– Төрт сменамен жұмыс жасаймыз. Рудадан қорғасын мен
мырышты айырамыз. Мына өзіңіз көріп тұрған қоймалжыңда
мырышты бөліп алудамыз,– дейді Қатира өз сөзінде.
Жартылай фабрикат күйіндегі өнімдер Ағадыр теміржол
станциясына жеткізіледі, одан әрі сала-сала бойынша тиісті
орындарға әкетіледі.
Ақжал кентінің тұрғындары бас директорды қолы ашық,
жүрегі кең Қойшанұлы дейді. Депутаттық аманаты және
бар.Көмек сұрап келгендердің мәселесін шешуде алдына
жан салмайды. Мұны жергілікті тұрғындар айтады. Өмір
болған соң қажеттілік туындайды. Мұндайда басшының
көңіл дархандығы, парасаттылығы қажет-ақ.
Іргедегі Қарабұлақ тұрғындарының 80 пайызы осында
істейді. Төрт мыңнан астам халқы бар Ақжалда екі мектеп, 150
орындық бала бақша бар. Өндіріс орны мектеп оқушыларын
өз есебінен дем алдырады, сауықтыру орындарына жібереді.
«Шұғыла» мәдениет үйі, үлгілі кітапхана халыққа қызмет
етеді. Кентте жаңа пошта ғимараты салынды. Жылма-
жыл тазалық айлығы жүргізіліп, ағаш егіледі, әр тұрғын
үйдің жанында бау-бақшасы бар. «Ақбұлақ» бағдарламасы
арқылы ауыз су мәселесі шешілген.Өткен жылы 25 қожалық
55 млн. теңге субсидия алды. Малды асылдандыру да қолға
алынуда. Мал бағу ұйымдастырылады. Шаруа қожалықтары
өз тіршілігін кешуде. Ет, сүт өнімдерін тиісті жерге өткізеді,
нәпақасын табады.
Ірілендірілген аурухана салу құрылысы басталады.Бұл да
құптарлық жайт. Зиянды өндіріс орнында істейтін жұмысшы-
мамандардың денсаулығын түзеп отыру үшін өз ауруханасы
болуы керек. Келешекте кентті бір ортадан жылыту мәселесі
шешіледі. Кәсіпорын демеушілігімен салынған «Болашақ»
спорт алаңының өзі неге тұрады. Мұнда спорттың барлық
түрімен шұғылдануға болады. Ақжал кентінің әкімі Нұрғалы
Рахымжанұлы Нұрмағанбетов, Ақжал кенті ардагерлер
кеңесінің төрағасы Серік Қамбаровтар әлеуметтік тұрмыстық сала мәселелерінің біртіндеп шешіліп келе жатқандығына ризашылық білдірді. Олар облыстық мәслихаттың депутаты, кеніш жетекшісі Сәкен Қойшанұлының ізгілікті іс-әрекеттеріне риза. Қоғамдық тәртіпті үнемі бақылауда ұстайтын арнайы полиция бекеті бар екен. *** «Ауылына қарап азаматын таны» деген. Өндірісті араладық. Кең де жарық көшелердің сәулетіне сүйсіндік. Кәсіпкерлікпен шұғылданам дегендерге де кедергі жоқ. Жастар тұрақтануда. Олар да кент болашағына үлкен сеніммен қарайды. Болашақ қожайыны солар. Тек өндіріс қуаты заман ағымына қарай ілгерілей берсін деп тіледік. Сөйтіп, келешегі келбетті болатын Ақжал кентінен риза көңілмен аттандық.
НАРЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ
НАР ЖҮГІ
«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-нің директоры
Марат Ысқақұлы Әубәкіровпен сұхбат
– Қазіргі таңда өндірісті нарықтық жүиенің нар жүгі деп
орынды айтып жүр. Барлық экономиканың салмағы өндіріс
иығында тұрғаны белгілі. Көңіл-күй көтеріңкі шығар,
өйткені мереке қарсаңында сұхбат құрып отырмыз ғой?
– Жақсы дәстүр қашан да жалғасын табады. Атадан
балаға мирас болып келе жатқан металлург соқпағы да бүгін
де бір үлкен еңбек әулетіне айналды. Балқаштықтар ежелден
қалыптасқан ата жолын шілденің үшінші демалысында
лайықты атап өтіп, өткенді саралайды, алдағыға болжам
жасайды, жоспарлайды. Кәсіби шеберлік өз ісіне шексіз
берілу, құрмет тұту - металлургтерге тән қасиет. Қазіргі
таңда «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-де сан-салалы мамандық
иелері еңбек етіп келеді. Өздеріне жүктелген ауыр да ардақты
міндет бар. Сол міндет халық алдындағы жауапкершіліктің
анағұрлым салмақты екенін айғақтайды. Металлургтердің
жалпыға ортақ міндеті уақытпен санаспайды. Мамандықтың
үлкен кішісі жоқ, бәрі бір сапта тұрып, сапалы өнім
шығаруға бетбұрыс жасайды. Металлургтер мерекесі
қарсаңында қуанышты хабар алып отырмыз. Нақтылай
айтсақ, әр саладағы төрт металлург «Еңбек даңқы» төс
белгісімен марапатталыпты. Жоғарыдан осындай сүйінші
хабар жетті.Бұрыннан да мақтанышымызға айналып жүрген
Махат Арзымбетов,Сейтқали Сағалов, Сәулебек Насыров,
серіктестіктің әкімшілік жетекшісі Есенкелді Шәріп осы
құрметті атаққа лайықты деп танылды. Еңбегі бағаланған
жігіттерді шын жүректен құттықтаймыз.
– Мәке, металлург күнін бүкіл қалалықтар тойлайды,
сүйікті мерекесіне айналдырды.
– Оныңыз рас, металлург күні жалпыхалықтық мерекеге
айналғалы қашан. Қала тынысы мысшылардың еселі
еңбегімен өркендейді, әлеуметтік жағы арта түседі. Қала
сәулетіне сәулет қосады. Сондықтан, дәстүрлі мерекеден
қалалықтарды бөліп қарай алмайсыз. Демек, табысымыз
ортақ, қол жеткен қуанышымыз ортақ. Мұндайда атам қазақ
«ырыс алды ынтымақ» дейді ғой. Жалпы алғанда ынтымақ,
бірлік, татулық мысшылар қаласының экономикалық,
әлеуметтік саласын ілгері қарай дамытып отыр.
Біздің өндірістегі ірі зауыттың бірі мыс балқыту
ұжымы. Мұнда тауарлы өнімнің бірнеше түрі шығарылады.
Мәселен, мыс, күміс және алтын өндіретінімізді айтсақ
та жеткілікті. Еңбек өнімділігі тұрақты жұмыс ырғағы
болғанда ғана артады, түпкі нәтижесін береді. Мұның
басты тетігі мамандарға келіп тіреледі. Біздегі инженерлік-
техникалық мамандардың барлығы қазіргі заманауи білім-
тәжірибемен қаруланған. Осыдан келіп өндіріс көлемін
ұлғайтуға, өнім шығаруды арттыруға мүмкіндік туындайды.
Қазір жұртшылық арасында «инвестиция ел игілігі» деген
қанатты сөз пайда болды. Әрине, қанатын енді-енді жая
бастаған өндіріске қолдау қажет-ақ. Кез-келген өндіріс
бірден әлемдік нарықтық қатынысқа өздігінен шыға
алмайтыны белгілі.Осындайда инвесторлардың көмегі істі
жандандырады.Өткен жылы инвестициялық бағдарлама
аясында «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-гі өндірісті
қайта жабдықтауға, жетілдіруге 13 млн. доллар қаржы
бөлді. Осы қаржының басым бөлігі мыс балқыту, конвертор
және анод пешін күрделі жөндеуге жұмсалды. Сондай-ақ,
мысты сұйық ваннада балқытатын пешке қосымша мазут –
жылытқыш қондырғысы қойылды. Мыс балқыту цехында
сыртқа шығарылатын газды тазартып, игілікке жарату
уақыт талабы. Осы мақсатта жобалау, зерттеу жұмыстары
жүргізілуде. Игілікті шаруаны 2015 жылы аяқтау көзделіп
отыр. Мұның өзі келешекте Балқаш аймағында экологиялық
сауықтырудың жақсара түсетіндігін көрсетеді. Қоршаған
ортаға зиянды заттардың шығарылуы осындай әдіспен
біртін-біртін азайып келеді. Мыс балқыту цехында сумен
салқындатылатын жүие түгелдей жаңартылды. Осыдан келіп
жұмсалатын шығын азайды. Мыс балқытатын пештің жұмыс
істеу қуаты ұзартылды. Ұзақ мерзімге жұмыс жасай алады.
Өндірісте технологиялық газбен күкірт қышқылы цехын
қамтамасыз ету тұрақты түрде жүзеге асып келеді. Мұның
өзі күкірт қышқылы цехының қуаттылығын арттыруға
бірден бір дәнекер.
Өткен жылы Мысты электролиздеу цехында мыс өнімінің
сапасын арттыру қондырғысы іске қосылды. Осы технология
арқылы шикізатты барынша сығып пайдалану, яғни, бір
түиір мысты өндірістік қажетке жаратуға қол жеткіздік. Мыс
балқыту цехындағы жұмысшы-мамандардың асханасын
күрделі жөндеуден өткіздік.Өндірістік ғимараттардың іші-
сыртын жаңа заман талабына сай қалыпқа келтірдік.
– Демек, өндірістік көрсеткіштің арта түскені байқалып
отыр. Сәл де болса тарата айтып берсеңіз.
– Шындығында инвестиция әкеліп, құрал-жабдықтарды
жаңартып, еңбек адамдарының әлеуметтік тұрмыстық
жағдайын жақсарту өнім өндіруді еселеуге қол жеткізді. Бұған
анық көзіміз жетіп отыр. Мысшылардың еңбегі – өндірістік
көрсеткішпен бағаланатыны белгілі ғой. Алып өндірістік
кәсіпорнындағы барлық цех ұжымы алты айлық көрсеткішті
жоспардағыдан
анағұрлым
асыра
орындап
шықты.
Жылдағыдай шихта дайындау, қара мыс өндіру, тауарлы өнім
– катод мысы алтын, күміс балқымалары, күкірт қышқылын
өндіру жоспары жүз пайызға орындалды. Металлургтер
өздерінің төл мерекелеріне айлық тапсырмаларын орындап,
соны еңбек тартуын әзірледі.
Түпкі нәтижеге қол жеткізу, әркімнің өз ісіне деген
адалдығына, кәсіби шеберлігіне байланысты. Мәселен, мыс
балқыту цехындағы Ардақ Мұратбеков, катодшы Өмірбек
Қаликеев, аппартшы Әйгерім Қасымова, өңдеуші Айткүл
Мақашева, жөндеуші Елжас Кәрімов, жұмысшы-мамандар
Кенжеқара
Мәнжіғұлов,
Құрал
Медеубаев,
балқыту
бөлімшесінің аға шебері Бекбосын Бекашбеков, Электролиз
бөлімшесінің бастығы Жасұлан Балапановтар басқаларға
үлгі-өнеге көрсетіп, тыңғылықты еңбек етуде. Өзіміздегі
өндіріс ардагерлерін әрқашан құрметтейміз, айтар алғысымыз
шексіз. Олар ұстаздық қозғалысты биікке көтере білді.
Баға жетпес тәжірибесін жастарға үйретті, өндірістің қыр-
сырын солардың бойына сіңірді. Өндірісте ақаусыз, апатсыз
жұмыс жасай білуге баулыды. Қазір «Қазақмыс Смэлтинг»
ЖШС мыс өндіруде әлемдік нарықтық экономикаға мықтап
енді. Сөз жоқ, мұнда ардагерлердің қолтаңбасы айшықты
мезеттей жарқырап тұр.
Уақыт бір орнында тұрмайды, өндіріс те солай. Алдымызда
үлкен болашақ, жаңа меже, өндірістік асулар күтіп тұр.
Өндіріс саласында өзіміздің көзқарасымыз қалыптасты.
Нарықтық экономика сапалы өнім өндіріп, әлемдік
деңгейдегі саудаға шығуға үйретті. Біз осы жетістігімізбен
мақтана аламыз. От көсеп, тас уатқан, кен қопарып, мыс
балқытқан өндіріс өтінде еңбек сіңірген ардагерлерді,
бүгінгі қыз-жігіттерді мерейлі мерекесімен құттықтаймын.
Ел іргесі бүтін, әмсе аспанымыз ашық болып, Отанымыздың
қуаты арта берсін!
– Ауқымды істеріңізге сәттілік тілейміз!
ТЕГЕУРІНІ МЫҚТЫ
ТЕМІРЖОЛ
Балқаш локомотив
пайдалану депосының бастығы
Дулат Тілегенұлы Ахмадиевпен сұхбат
Теміржол саласын экономиканы өркендетудің күре
тамыры деп орынды айтып жүр. Шындығы керек, далиған
даланың барлық кеңістігін байланыстырып жатқан тарам-
тарам болат жолдың бойы қайнаған өмір, тіршілік тынысы.
Күндіз-түні ағылған ауыр состав халық шаруашылығы
жүктерін тасиды. Жолаушыларды межелі жеріне жеткізеді.
Мен локомотив депосына 2004 жылы келдім. Ұлттық
мамандар 30-ақ пайыз болатын. Не де болса алдыма үлкен
міндет қойдым. Орындап шығу керек. Мәселе, ұжымдағы
ұлттық мамандарды көптеп тарту, оқыту, үйрету.Мұндағы
жұмысшы-мамандардың 70 пайызы жергілікті ұлт өкілдері.
Қазір теміржол нұсқаушысы біріңғай қазақтың іскер
жігіттері, мақтаныш етемін. Олар жаңа технологияны,
тепловоздарды шебер, әрі шапшаң меңгеріп әкетті. Біздің
машинистер қатарынан екі жыл өз мамандықтары бойынша
таңдаулы деп танылды. Уақыт өтеді, тұрмыс жаңарады, қазір
жаңа тепловоздар жеткізілді. Соның нәтижесінде тепловоз
паркін жаңартып алдық. Енді тепловоздарды жаңартуды
одан әрі жалғастырамыз. Қазақстанда құралып, өндіріске
жолдама алған тепловоздардың техникалық сапасы, күш-
қуаты, жұмыс өнімділігі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары.
Жолаушылар тасымалдайтын тепловоздарымыз жаңартылу
үстінде. Бір айта кетерлігі, жолаушылар тасымалдайтын
тепловоз өз алдына бір технология. Қазақстан теміржолында
иновациялық жоба біртіндеп жүзеге асырылуда. Мойынты,
Саяқ арасының теміржол төсеніші түгелдей жаңартылды.
Қазіргі төселген темір-бетон төсеніші қауіпсіз, табиғаттың
кез-келген құбылысына төзімді. Сондай-ақ, тепловоздың
жылдамдығын сағатына 120 шақырымға дейін жеткізуге
мүмкіндік туды. Қазіргі тепловоз толығымен компьютерлік
жүиемен басқарылады. Заман талабына сай жабдықталған.
Түтін шықпайды, таза. Өн бойына май шашырау деген
атымен жоқ. Өркениет үрдісі деген осы болар. Салқын әрі
жеңіл, әрі барлық жағдай жасалынған машинист кабинасы
тым тартымды. Мұның бәрі экономикасы қарыштаған ел
әлеуетінің жетістігі деп білеміз.
– Негізгі міндеттеріңізді айта отырсаңыз?
– Жоғарыда теміржолдың басты қозғаушы күші –
тепловоз туралы айттым ғой. Сол тепловоздың күшімен
жолаушы, халық шаруашылығы жүктерін тасимыз. Бүкіл
вагон жүиесін қадағалаймыз – негізгі мақсат-мүддеміз осы.
Мәселен, Мойынты станциясына жүк тасымалдау құрамы
келіп тұрса, дер уақытында қабылдап аламыз. Балқашқа
дейінгі екі аралық 132 шақырым, одан әрі Саяқ станциясына
жеткіземіз. Бір сөзбен айтқанда локомотив шаруашылығын
қадағалау, қауіпсіздіктің алдын алып, поезды межелі жерге
жеткізіп отыру мойнымызда. Саяқ, Мойынты аралығында
400-ге тарта жұмысшы-маман еңбек етеді. Мұның ішінде
кеңсе қызметкерлері бар. Шаруашылық басқаруда осының
ішіне кіреді. Негізгі күш локомотив бригадаларына түседі.
Машинист, оның көмекшілері жыл он екі ай ішінде болат
жолдың бойында жүреді.
Жол қатынасы жақсару үстінде, дегенмен вагондар
жетіспей жатады. Жолаушылардың сыймай қалатын кездері
де болады. Негізі Саяққа арнайы бір жолаушы вагонын
қосса, күнделікті жүріп тұрса оңды болар еді.
– Машинистердің жұмысы өте ауыр, жауапкершілік,
талап та жоғары. Көбінесе адам тағдыры мойында тұрады?
– Оныңыз рас. Халықтың игілігіне еңбек ету зор
жауапкершілік жүктейді. Соның ішінде жолаушыларды
аман-есен межелі жеріне жеткізіп отыру қандай ғанибет.
Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін мүмкіндіктер
жете пайдаланылуда. Қазір бізде қажеттілікті өтеу үшін 32
локомотив жұмыс жасайды. Түгелге дерлік жаңа. Әлеуметтік
тұрмыстық
жағдай
көбінесе
еңбекақыға
байланысты
шешіледі ғой. Бізде депо кезекшісі 200 мыңға дейін жалақы
алады. Машинист нұсқаушы 180 мың теңге алады.
– Сіздің қалалық өлке тану мұражайында теміржолшылар
әулетінің бұрышын аштырғаныңызды естідік.
– Ол рас, теміржолдың атқаратын міндетін айтып тауыса
алмайсыз. Қала, өндіріс тарихымен бірге жасап келеді.
Бірде балаларымды ертіп, қалалық мұражайға бардым.
Мұражай жақсы-ақ екен. Қызықтырды,бірақ соның ішінен
Балқаш теміржолына байланысты ешқандай шежіре таба
алмадым. Ойланып қалдым. Іле әріптесім, бүгінгі қалалық
мәслихаттың депутаты Берік Әрінұлына осы ойымды
жеткіздім. Дереу қолға алдық. Екі айдың ішінде теміржол
саласына байланысты ақпараттарды жинастырып, жергілікті
билікпен келісе отырып, мұражайдан теміржолшылар
тарихынан сыр шертетін арнайы бұрыш аштық. Мұның
ішінен қажетті деректердің бәрін табуға болады.
– Теміржолшылар ауылы наурыз мейрамын асқан
ұйымшылдықпен өткізеді. Күллі шаруаны ұйымдастыру,
халыққа ұсыну оңай емес?
– Наурыз – ата бабалардан қалған әдет-ғұрып, салт
дәстүрдің көзіндей болып елестейді. Жас ұрпаққа қазақтың
болмысын бойына сіңіру үшін осы наурызды жақсылып
өткізген дұрыс. Қазір 9 қанатты үйді өзіміз жасатып қойдық.
Кез-келген мәдени шараларға тігіп, еш қысылмастан өткізе
аламыз. Қытай елінен де киіз үй алдырған кезіміз болды.
Ақындар айтысын ұйымдастырамыз, наурыздағы ұлттық
ойындарды батыл көрсете алсақ, жас ұрпақтың жүрегіне
жетеді, бойына сіңіреді.
– Сіздің мекеменің алдынан ескі паравозды көрдік.
Алыста қалған сағым жылдардан сыр шертетін сияқты?
– Бұл паравоз өткен ғасырда теміржол саласына еңбек
еткендердің, маңдай терін төгіп, негізін қалағандардың
көзі секілді. Осы паравозды әріптестеріммен ақылдаса
отырып, қаланың кіре берісіне қойғанды жөн көрген едік. Бірақ,қолдау таппады. Паравозды сырттан алдырттық, оған да көп күш-жігер жұмсалды. Байқасаңыз, қалаға кіре берісте сол жақта аспанға ұшуға бет алған шағын ұшақ қойылған. Қалаға қатысы бар ескерткіш, сол сияқты теміржолдың да қатысы бар еді. Теміржол болмаса қала қайтіп өркендеді, ірге тасы қаланды, осыны есімізден шығарып алдық. Ақыры осы жерге қондырдық. Дегенмен, қала жақта тұрса аса маңызды болар еді. – Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға қаншалықты көңіл бөліп отырсыздар? – Имандылық бар жерде инабаттылық қоса жүреді. Әріптесім Берік Әрінұлы екеуміздің бастамамызбен теміржолшылар ауылында мешіт тұрғыздық. Алланың жердегі үйі имандылықтың бастауы. Имандылық бар жерде адамгершіліктен ауытқу және жоқ. Кеңсенің бірінші қабатында шағын намазхана бар. Ораза ұстайтын, намазға жығылған қыз-жігіттер осында Алланың алдындағы құлшылығын өтейді. Шағын спорт залы қажетті құралжабдықпен қамтамасыз етілген. Спорттық ойыннан кейін жуынып-шайынатын бөлме бар. Медициналық қызмет боса болмаса өз дәрежесінде. Бүкіл жұмысшы мамандарды техникалық сабаққа қатыстырып, білімін ұштап отырамыз. Бұл да керек. Жұмысшы-мамандардың материалдық тұрмыстық жағдайына да көңіл бөліп отырмыз. Теміржолға да қатаң тәртіп керек, онсыз болмайды. – Кісілік келбет дегенді қалай түсінесіз? – Мен өзім қарапайымдылықты ұнаматын. Мұны басшының қатаң болуымен шатыстыруға болмайды. Басшы қатаң болса – талап қойғаны деп ұққан жөн. Ал, кісілік келбет имандылыққа байланысты. Арлы адам иманды болады. Кісілік келбетті осының ішінен іздеген жөн болар. Неғұрлым адамдарға жақын тұрсақ, оның жан дүниесін ұғуға болады. Адамның жан дүниесін ұғу – басшыға ең керек қасиет. «Айттым бітті, орындалсын» деген басшыны өз басым түсіне қоймаймын. Әуелі, қай салада болмасын
қалыптасып отырған жағдайды мұқият зерттеп, түсініп
алғаның жөн. Жіберілген қателіктің бір себебі болады,
соны анықтап алған жөн. Қарамағыңдағы адамдар жеке
тұлға,оның да сен сияқты отбасы, бала-шағасы бар. Қажетін
аш, қолыңды соз, мейірімділік таныт. Кісілік келбет меніңше
әр адамның ана сүтімен бірге сіңген болмысы болса керек.
Дей тұрғанмен, өмірді көре жақсы-жаманды айырасың,
салыстырасың. Жақсылық, қиянат қатар жүреді, саралай
білсең осының өзі тәрбие. Менің өмірімде иманжүзді ағалар
көп кездесті. Соларға қарыздармын.
Мәселен, өз ісіне беріле істейтін жұмысшы-мамандарды
көтермелеп, еңбегін бағалай білген дұрыс. Былтыр бірнеше
жұмысшы-маманымыз
теміржолшыларға
берілетін
марапатқа ие болды. Ең бірінші қарамағыңдағыларға құрмет
көрсет. Өз құрметің содан соң келе жатар.
Теміржолшы – құрметті мамандық. Ғасырларға жалғасқан
теміржолшылар әулеті қалыптасты. Еліміз сонысымен де
мақтана алады. Жаңарып, жаңа сатыға көтерілген теміржол
саласының келешегі керемет. Іші-сырты кірсе шыққысыз
жолауышлар вагоны, шуылы білінбейтін тепловоздар жаңа
ғасырдың жетістігі. Осы жетістік тәуелсіз қазақ елінің
теміржол өндірісін биікке көтеріп келеді.Теміржолдың
тегеуріні мықты.Жаңа инновациялар молынан тартылуда,
игерілуде. Мұның қызығын балқаштық теміржолшылар да
көріп отыр.
– Әңгімеңізге көп-көп рахмет. Игілікті істеріңізге Алла
жар болсын!
ТАСЫМАЛДАУДЫҢ
КҮРЕ ТАМЫРЫ
ҚР-ның «Құрметті теміржолшысы»,
Балқаш теміржол станциясының бастығы
Аманжол Әбдіқарапұлы ОМАРОВПЕН сұхбат
– «Теміржол экономикңаның күре тамыры» дейміз.
Олай болса сіздің ұжымға жүктелген міндеттердің басты
ерекшелігі неде?
– Иә, экономиканың қай саласы болмасын теміржолсыз
көз алдыңызға елестете алмайсыз. Болат жолдың бойымен
қаншама
халық
шаруашылығы
жүктері
тасылады.
Жолаушылар уайым-қайғысыз межелі елді-мекендеріне
жетеді. Қазір ұшқыр уақыт заманы. Соған орай поездардың да
ұшқырлығы артты. Демек, әлемдік деңгейдегі экономикалық
нарықтық қатынасқа сәйкес теміржолшылардың да халыққа
қызмет ету саласы жақсарып, жаңа сатыға көтеріліп келеді.
Біздің ұжымның негізгі міндеті – Балқаш қаласының үстімен
өтетін поездарды уақытында қабылдап, тиісті бақылаудан
өткізіп, уақытында келесі сапарға шығарып салу. Соның
ішінде ең бастысы транзиттік поездардың қарым-қатынасын
үнемі қатаң бақылауға алып отырамыз. Мәселен, Қытай
Халық республикасына жүк тасымалдау поезының 70
пайызы біздің бекет арқылы өтеді. Қытай жақтан келетін
жүк поезын да қарсы аламыз. Соңғы жылдары «Қазақмыс»
корпорациясы ЖШС-гі экономикалық қуаттылығы жағынан
ықпалды бола бастады. Сондықтан, мына іргедегі ірі өндіріс
орнына жеткізілетін жүктің көлемі де арта түсті. Соңғы екі
айдың ішінде жылу электр орталығына арнайы тапсырыстағы
жүктің жеткізілуі әжептеуір ұлғайды.Мыс тиейтін қосымша
вагондар береміз. Оны Қарағанды бөлімшесімен келісе
отырып шешеміз. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бірінші
кезекте. Вагондар бос тұрмауы керек, бүгін жеткізілген жүк іле түсіріліп, келесі бағытқа жіберіледі. Әрбір жүк вагондарының жұмыс кестесі, жүк тиеу жобасы жасалады. Ең бастысы вагонға берілген тапсырысты уақытында алып, атқарып отыру шарт. Өйткені, әрбір мекеме өзіне тиесілі жүкті мезгілінде жеткізіп алуды қалайды. Біз де сол мүддеден шығуға дайынбыз. – Жуырда алты айдың нәтижесін қорытындыладық. Өткен жылмен салыстырғанда өндірістік көрсеткішіміз жоғары, көңіл қуантады. Дей тұрғанмен, транзиттік вагондардың тұрып қалуы жиі кездеседі. Қытай Халық ресрубликасының «Достық» станциясының жүк вагондарын қабылдауы баяу жүргізілуде. Әрине, бұл жағдай уақытша деп есептейміз. Осынша уақымды жұмыс ұжымдағы маманжұмысшылардың іскерлігімен атқарылады ғой. Бүгінгі таңда ұжымда 112 адам еңбек етеді. Соның 80 пайызы жоғары білімді мамандар. Арнайы теміржол мамандығын алған қыз-жігіттер еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жатады. Ұжымымыздың басым көпшілігі білімді жастар. Соның ішінде қыз-келіншектердің алатын орны да ерекше. Нақтылай айтсақ, теміржол бекетіндегі жұмыстың басым бөлігін осы қыз-келіншектер атқарады. Біздегі жұмысшы мамандардың 70 пайызы нәзік жандылар десем қателеспеймін. Теміржол саласын автоматтандыру жедел жүргізілуде. Кеңседе отыратын қыз-келіншектеріміз атқарылатын қыруар істердің бәрін компьютер арқылы жасайды. Дер кезінде ақпараттарымыз Астанаға түсіп жатады. Осы негізде арнайы орталық ашылған. Сәуір айынан бері интернет арқылы тапсырыс беріп, ортақ мүдде тұрғысында жұмыс жасауға мүмкіндік алдық. – Балқаш теміржол бекеті елімізді шығыспен байланыстыратын бірден бір тоғыз жолдың торабы. Тәулігіне қанша вагондар шығарып саласыздар? – Теміржол бекетінде тәулік бойына жұмыс атқарылады. Ерсілі-қарсылы ағылған вагондардың ақаусыз болуы маманжұмысшыларға да тікелей байланысты. Сәл-пәл аялдаған
поездың жүк вагондарын тексерістен өткіземіз. Сонда біздің бекет бойынша тәулігіне 2400 вагон өтеді, бұл дегеніңіз 40 поезды қарсы алып, шығарып саламыз деген сөз. Жоғарыда айттым ғой, поездарда уақыт жылдамдығына ілесе бастады. Қазір екінші жыл Қазақстанда құрастырылған американдық тепловоздарды алу үстіндеміз. Басқаруы қолайлы, жүрісі жеңіл, ішінде жүргізушілерге барлық жағдай жасалған. – Жұмысшы-мамандарға деген қамқорлықтарыңыз қандай? – Әрине, еңбек еткен соң жалақысын мезгілінде алып отырудың орны бөлек. Бұл жағы бір жүиеге түскен. Еңбекақымыз басқаларға қарағанда жоғары. Үстіміздегі жылдан бастап еңбекке ақы төлеудің жаңа жүиесі енгізілді. Сол бастаманы іле қолдаған, «Қазақстан теміржолы» десек қателеспейміз. Мәселен, әрбір жұмысшы-маманнның еңбекақысына бір айлық көлемінде қосымша көмек беріледі. Мұндай қамқорлық бұрынсоңды болған емес. Мемлекеттік мереке күндері тағы да сыйақы беріледі. Бізде адам ағзасына зиян келтіретін жұмыс орындары да бар. Сол жерде жұмыс істейтіндерге бір мезгіл сүт беріледі. Жұмыс киімін жиі ауыстырып отырамыз. Өзіміздің кәсіподақ арқылы көмек сұрағандардың меселін қайтарып көрген жоқпыз. Ал, еңбек тәжірибесі 15 жылдан асқандарға тіс протезін тегін жасатады. – Көбінесе теміржол бекеттерінде жүк ұрлау фактілері кездесіп жатады... – Ойыңызды түсіндім, әрбір жүк вагонында халыққа қажетті жүк жеткізіледі. Жол жөнекей талан-таражыға түспеуі керек. Менің ойымша әр вагонның ішінде адам қажеттілігі, мүддесі бар десек артық айтқандық емес. Сондықтан, күзет қырағы болуы керек. Біздің теміржол бекетінде күзет үш кезекпен атқарылады. Демек, тәулік бойы күзетіміз бар. Вокзалдың өзі күзеттің қарамағында. Тәулік сайын қорытындысын жасап, ақпарат алып отырамыз. Әзірше, вагонннан жүк ұрланды деген ақпарат түскен жоқ. Әрине, оның бетін аулақ қылсын.
– Жолаушылар тасымалдау жөнінде не айтар едіңіз?
– Жолаушылар поезымен сапарға шығудың өзі бір
ғанибет емес пе. Шындығында Балқаш қаласы тоғыз жолдың
торабына айналды. Сондай-ақ, жолауышлар поезы ең сенімді
көлік болып табылады. Жаз айы ғой, жолаушылар көп, мереке
күндері қалалық әкімдікпен келісе отырып, қосымша вагон
береміз. Семейге дейін жүретін поезд біздің бекет арқылы
өтеді.Өзіміздің Қарағанды-Балқаш жолаушылар поезы бар.
Мұның бер жағында Саяқ, Мойынты арасына қатынайтын
ішкі қалалық поезды қосыңыз. Осыдан біраз бұрын Қытай
жағына шығатын Астана-Үрімші поезы жол тасымалдауды
біраз жеңілдеткен еді. Нендей себеп екені белгісіз, тоқтап
қалды. Сол жолаушылар поезы таяу күндері тағы да жүре
бастайды деген ақпарат алып отырмыз, бұл жақсылықтың
нышаны.
– Теміржолшылар бекеті үлкен бір ауыл. Әлеуметтік–
тұрмыстық жағдайы қалай жұртшылықтың?
– Шындығында теміржолшылар ауылы өзіндік «мені» бар
елді мекенге айналғанына да 70 жылдың жүзі болып қалды.
Ең алғаш Балқашқа теміржол тартылғаннан бастап елді-
мекеннің тарихы жазылды. Мұнда белгі беру дистанциясы,
жол жөндеушілер, вагон пайдалану депосы, оны жөндейтін
мекеме, өрт сөндіру локамативі де осында орналасқан.
Сұрыптау дөңесі және бар. Демек, үлкен ауыл. Мұнда қазір үш
мыңдай адам тұрады. Әлеуметтік-тұрмыстық жағын ақсатып
алмау, тұрғындардың ұсыныс пікіріне үнемі назар аудару
бірінші кезекте тұрады. Теміржолшылардың коммуналдық
төлемақысын дер кезінде өтеуге ұйтқы боламыз. Жергілікті
қала әкімдігімен тығыз байланыстамыз. Іскер басшы, қалалық
мәслихаттың депутаты Берік Сейсенбеков сайлаушылар
аманатын орындауда айтарлықтай жұмыс атқаруда. Біздер,
әсіресе, наурыз мерекесін өткеруге, оның негізгі сипатын
ашып көрсетуге ден қоямыз. Бұған бүкіл теміржол мекемесі
қатысады, жұртшылық белсенділік танытады.
– Сіздерді теміржолшылар әулеті деп естідік.
– Солай, мына Қоңырат кентінде туып өстім. Әкем Әбекең
теміржолшы болды. Әпкем Дәния екеуміз әке жолын қудық.
1980 жылы Алматы теміржол институтын бітірдім. Менің
ұл-қыздарым, келіндерім түгелдей теміржол саласында,
бәлкім, немерелерім де осы соқпақ әулетімен кететін шығар.
– Теміржолшылар Отандық рух мәселесіне қарай қарайды
екен?
– Рух әрбір қазақтың бойында болуы керек, қазақы
рухты айтамын. Мәселен, наурыз мерекесін өткізуде
біздің рухымыз бар. Наурыз бабалардың көзіндей болып
көрінеді. Өн бойында әдет-ғұрып, дәстүр-салт жатыр.
Қазақы рух-тілден басталады. Мәселен, біздің ұжымның
облыс айнасы «Орталыққа» 70 пайызы жазылады... Мен
бүкіл теміржолшыларды жылына бір рет келетін жарқын
мерекесімен құттықтаймын. Болат жолдың бойында үнемі
сәттілік болсын деп тілеймін.
АҚША ҚАР
ЖАУҒАН ТҮН ЕДІ...
– Далада, қала да ақ кіреукеге оранған. Қиялыңды
шар-тарапқа
шарықтататын
түпсіз,
тұңғиық
көгілдір
аспанды да көре алмайсың. Көк аспан бұлыңғыр тартқан.
Сықырлаған сары аяздың екпіні бұл жолы тіптен қатты.
Күні кеше аспаннан ақ шұғыла төгілгендей, құс қанатындай
қалықтап ақша қар жауып тұрған, бүгін де солай. Адам
көңілі шаттықтан тасып жатыр. Жаңа жыл жер бетіндегі
адамдардың асыл арманы, ізгі ниеті. Тарихтың жаңа
парақтарын жазып, соңына өз соқпағын тастап, тәуелсіз
қазақ елінің 20 жылдық мерейтойын асқақтатып, құт-береке
болған 2011 жыл да тарих қойнауына кетіп барады. Қаланың
қақ ортасына орналасқан жасыл шыршаның маңы толқын-
толқын халық. Шырша жарығы мың құбылады, көз жауын
алады.
*** – Ығы-жығы халықтың арасынан Аяз-ата Балқаш қаласының әкімі Қадіржан Ғинаятұлы Тейляновты жолықтырды. Аяз-ата көкейіндегі сұрағын іріккен жоқ. Төгілген сақалын жалпақ алақанымен сипап жіберіп, жөткірінді. – Қадіржан балам, жол-жөнекей балқаштықтардың қол жеткен табысын естіп келемін. Дегенмен, өз аузыңнан естиін. Мына өтіп бара жатқан жылы не тындырдыңдар, алда нендей игілікті істер күтіп тұр? – Атқарған шаруамыз баршылық. Халықтың ауызбірлігі, ынтымағы жақсы істерге жетелеп келеді. Өзіңіз білесіз, бұрындары Балқашты мысшылар қаласы дейтін. Соңғы он жылдың ішінде жаңа қағида пайда болды. Қазір Балқашты кәсіпкерлер қаласы дейді. Мұның да жөні бар. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алға
қойып отырған іргелі мақсаттарының бірі. Осы кәсіпкерлік
арқылы салық саласын молайтамыз, халыққа жұмыс тауып
береміз, әлеуметтік, тұрмыстық саланы көтере түсеміз.
Қалада жаңа ғимараттар бой көтерді. Мұның бәрі халық
игілігі үшін.
– Орайы келгенде айта кетейін Аяз баба, тәуелсіздіктің
20 жылдығын атап өттік. Еліміздің осы асқаралы асуына
балқаштықтар да айтарлықтай үлесін қосты. 20 жыл ішінде
қалада өнім шығару 470 есе өсті. Сөйтіп, қалаға инвестиция
тарту 65 млрд. теңгеге жетті. Қаржы көбейген жерде
экономиканың ілгерілейтіні сөзсіз. Осының нәтижесінде қала
сәулетті, дәулетті мекенге айналды. Тұрғындар тарықпады,
осы кезең ішінде 2000-ға тарта жаңа жұмыс орындары
ашылды. Қала тұрғындарының саны 5 мыңға артты. «Үй
болмай күй болмайды» деген атам қазақ. Баспағанаға зәру
жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету соңғы он жыл
ішінде жақсара түсті. Мәселен, тұрғын үймен қамтамасыз
ету 1,5 есе өсті.
– Қадіржан балам, қаланың бюджет қоржыны қалай?
Бюджетің мықты болса мырзалығың сонда танылады.
Әсіресе, мемлекеттік мекемедегілер жалақысын уақытында
алады. Зейнетақы, жәрдемақы, балаларға базарлық дегендей?
– Оныңыз рас, халықтың әл-ауқатын жақсарту бюджет
қорына байланысты. Осы орайда ойға түседі. Осыдан он
жыл бұрын қала бюджеті өте қиын жағдайда еді. Мекеме
қызметкерлері еңбекақысын уақытында ала алмай жүрді,
зейнеткерлер де солай. Ал, қазір қаланың бюджет кірісі
260 есеге өсті. Мына қол бұлғап қоштасып бара жатқан
2011 жыл біз үшін ырзықты, берекелі болды. Тауарлы өнім
шығару арта түсті. Демек, халықтың әл-ауқаттық тұрмыстық
жағдайын көтеруге жап-жақсы мүмкіндік туып келеді.
– Айтпақшы балам, жаңадан металлургиялық зауыт
ашылды деп естідім. Осының мәнісін түсіндіре кетші?
– Мына Қоңырат кенішінің маңындағы дөңгелене
көтерілген жез тауларды көрген шығарсыз. Жерлес
жазушымыз Әмен Әзиев кенді өлкені біраз шарлап, «Жез
таулар» романын жазды. Жергілікті жазушы Тұғырлы Қойшымановтың «Қоңырат бөктерінде» повесіндегі кейіпкерлердің үрім-бұтақтары қазір де еңбек етіп, бабалар соқпағын жалғастыруда. Мына қалдық кен жыныстарын ел игілігіне жарату үшін ағылшындық кәсіпкерлермен бірлесіп, жаңа зауыттың іргесі қаланған болатын. Тәуелсіздік таңы қарсаңында телекөпір арқылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен іске қосылды. Облыс әкімі Серік Нығметұлы Ахметов жұртшылық алдында іске қосу түймесін өзі басты. Сөйтіп, сапалы катод мысын беретін металлургиялық зауыт өмірге келді. Жаңа индустриалды жоба бойынша қалдық шлактар түгелдей пайдаға асады, түгелдей қорытылады. Біздің өлкенің экспорттық потенциалы арта түседі. – Аймақты басқарып отырған Серік баламның осында ат ізін салғанын білемін. Жақсы істі көре білу керек. Адам жаны сонда жадырайды. Сүйсіну керек, бұларың дұрыс болған екен. Бұл зауат арқылы сонда не тындырасыңдар? – Сұрағыңыз орынды, Аяз баба. Түпкі мақсатымыз – өндірістің нәтижелі болуына қол жеткізу ғой. Зауыт келесі жылы өнім бере бастайды. Ағылшындармен келісе отырып, біздің мамандар жан-жақты даярлықтан өтті, іскерліктерін шыңдады. Зауыт толықтай іске қосылғанда жылына 10 мың тонна катод мысын береді. 150 жұмыс орны ашылады. Ал, өндірістің қуаттылығы 33 жылға арналған. «Сары қазына» ЖШС-гі катод мысын беруде өндірісті биік сатыға көтереді деп сенеміз. Айтпақшы «Тілдер орталығы» атты жаңа мемлекеттік мекеме дүниеге келді. Мәдени қызмет көрсететін және жастардың орталығы қала жұртшылығына өз есігін айқара ашты. – Жөн-ақ балам, алдағы 1012 жылға жоспарларың қандай? – Жоспар көп Ата, Алла сәтін салып, соны іске асыруға нәсіп етсін деп тілейміз. 2012 жылға тағы бір зауыт құрылысын бастау жоспарда тұр. Бұл зауыт та мыс қалдығы бар шлакты өңдейді. Сөйтіп, қара мыс және бағалы металдар алуға қол жеткізетін боламыз. Әрине, келешектің шаруасы. Осы құрылыстың жобасы республикалық
индустрияландыру Картасына енгізілді, құны 40 млн.
доллар. Үлкен қаржы көзі, зауыт толықтай іске қосылғанда
180 мың жұмыс орны ашылады. Табалдырық аттағалы
тұрған жылы тұрғын үй құрылысы өз жалғасын табады.
Соның ішінде жас мамандарға арналып салынатын 20
пәтерлік тұрғын үй құрылысы қысқа мерзім ішінде сапалы
салынып, аяқталып пайдалануға берілуі тиіс. Өйткені жас
мамандарды баспанамен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұр.
Жас мамандар бүгінгі жетістікті әрі қарай жалғастыратын
ел патриоттары. Қаланы көріктендіру жалғасады. Екі
хоккей корты салынады. Қараменде би көшесіндегі Даңқ
аллеясы жайнап, жасарып, көз тартатын болады. Сондай-
ақ, «Қазақмыс» корпорациясының басшылығымен арнайы
меморондумға қол қойдық. Алып өндіріс ошағы қаланы
көріктендіруде өз көмегін одан әрі жалғастыратын болады.
Сөйтіп, әлеуметтік-экономикалық дамуымыз жылдан жылға
жақсара түседі.
– Жарайсың әкім балам, дегенмен қала жолдарын бір
ретке келтірсеңші. Ойдым-ойдым жолдардың жұртшылық
еңсесін түсіріп жіберетінін білесің ғой.
– Сыныңыз орынды Аяз баба, жол жөндеу құрылысына
да арнайы бюджеттен қаржы бөлінетін болады. Келесі жылы
келгенде көрерсіз, сыныңыздан қорытынды шығарамыз.
– Уәдеңді алдық балам, басқа да толып жатқан
шаруаларың бар. Игілікті істеріңе Алла жар болсын. Балқаш
қаласының жұртшылығына әманда ауызбірлік, береке, бақыт
тілеймін. Тұншықтыратын түтіндерің азайыпты, тіпті, жоққа
тән. Бұрнағы жылдары келгенде әзер тыныстаушы едім.
Қазір көкірегім ашылып тұр. Сау-саламат болыңдар, келесі
жылға бауырымыз бүтін, басымыз аман күйде жолығайық.
Әр отбасында шат- шадыман болсын, бала- шағаларыңның
рахатын көріңдер, қарақтарым!
– Айтқаныңыз келсін, Аяз-ата жолыңыз болсын!
– Рахмет әкім балам, Жол-жөнекей жолыққандарға,
ат басын тіреген елді-мекендерге жетістіктеріңді тарата
айтатын боламын.
*** – Сағат тілі 12-ні соқты. Адамдардың көңілін шаттыққа бөлеп, 2012 жыл өмірге енді. Қаланы мың сан құбылған жарық сәулесімен шағылысып, аспаннан Алланың нұры – ақша қар адамдардың ақ ниетіндей жапалақтап жауып тұр. ЖАСА, ЖЕР БЕТІНДЕ БЕЙБІТ ҒҰМЫР!
Бұл күнде қоғамымызда болып жатқан кейбір келеңсіз
көріністердің алдын алу жол бермеу, оған халықтық сыйпатта
қарсылық көрсету кең өріс алып келеді. Осы тұрғыда жаңа
бастамалар туындап, өмірге енді. «Балқаш-2007» атты
Қазақстан байкерлерінің 1 халықаралық фестивалі Балқаш
қаласында өткізілуі де тегін емес. Көлдің маржандай
жағалауы келешекте туризм кластерін дамытуға бірден бір
таптырмас орын. Қазірдің өзінде мұнда алыс жақын шет
елдерден арнайы ат басын тіреп, тынығушылар қатарыа арта
түсті. Мамандардың айтуынша көлдің тұзды 1 халықаралық
фестивалына Польша, Ресей, Қырғыстан, Авсмтралия,
англия, Франция, Испания, Беларуссия сондай-ақ еліміздің
түпкір түкпірінен байкерлер келді. Фестивалға алыс жақын
шет елдерді қосқанда 70-ке тарта журналист қатысты.
Жалпы алғанда сырттан мыңға тарта қонақтар қатысып,
фестивалдың шырайын келтірді. Көл жағалауындағы
«Тұлпар» демалыс аймағында халықаралық байқаудың
салатантты ашылуы өткізілді. Ал байқауды өткізуді ұйтқы
болған бастама көтерген Қазақстан байкерлерінің президенті
Дмитрий Иванович Петрухин. Ол жалғыз өзі мотоциклмен
жер шарының 52 жерін аралап өтті, 72 мың шақырым жол
жүрді. Өзінің екі жыл ғұмырын дүние жүзін аралауға арнап,
тәуелсіз еліміздің көк байрағын әлемге таныстырды. Ол
Қазақстан Республикасының «Достық» орденінің иегері,
оны Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз қолымен табыстаған.
Салтанатты сәтте облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік
Қамалиев сөз сөйледі.
– Мына жатқан табиғат сыйы айна көлдің жағалауы біздер
үшін зор байлық. Енді осы жерде коммуникациялық жүиені
жүзеге асырсақ, шет елдегі дем алу аймақтарынан бірде
кем болмайды. Ол үшін қаржы салу керек. Ал халықаралық
Қазақстан байкерлерінің 1 фестивалі осы көлдің жағалауында
өтуі көп нәрсені аңғартса керек. Байкерлер мен жастар
есірткісіз өмір үшін зорлық пен терроризмге қарсы бұл
жақсы бастама. Сондықтан мереке құтты болсын, жеңіске
жетулеріңізге тілектеспіз.
Балқаш қаласының әкімі Қ.Төкішев, «Балқаштүстіметалл»
ӨБ-нің бас директоры Е. Оспанов, БГТУ ректоры, академик
Д.Айтқұлов т.б. жиналғандарды бір ауыздан құттықтап
істеріне сәттілік тіледі.
Қазақстан
байкерлерінің
халықаралық
фестивалін
өткізуді Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзі қолдады.Республика
Парламентінің Сенаты,ҚР-сы Мәдениет және ақпарат,Туризм
және спорт,Төтенше жағдайлар министрліктері, Алматы,
Астана, Қарағанды облысы, Балқаш қалаларының әкімдіктері
қолдады. «Қазақмыс» корпорациясының басшысы Э.Огайға
да фестивальға қатысушылар ризашылығын білдірді.
Саханаға аты аңызға айналған Д.И.Петрухин көтерілді.Ол
өзі қарағандылық, жерлесіміз. Фестивальға қатысушыларға
жалынды сәлемін жолдады. Қазақстанның әнұраны ойналып,
тәуелсіз елдің көк байрағы көтерілді.
Байкерлер өмірі қашан да қауіп-қатерге толы. Балқашқа
келер жолда әріптестері жол үстінде қаза тауыпты. Оны 1
минут еске алды, – олар өлген жоқ, тек қайта ортамызға
оралу үшін кетті дейді әріптестері.
Мынандай фестиваль өткізуге ерік жігер керек. Сондықтан
жыл сайын көкше көлдің жағасында халықаралық байкерлер
фестивальін өткізіп тұруды дәстүрге айналдырсақ нұр үстіне
нұр емес пе деді жиналғандар. Көл жағасында байкерлердің
қатысуымен шоу бағдарлама басталды.Байкерлер шеруі
от шашу, алау жағылды. «Қош бол есірткі» акциясы
«Байкерлер қалжыңы», зорлық пен терроризмге қарсы,
түрлі викториналар іле басталып, байкерлер фестивалінің
не үшін өткізілуі керектігін әр жүрекке жеткізе бастады.
Мотокросс бойынша фестивальдің халықаралық байқауы
да өз дәрежесінде өткізілді. Жағалауда көрермендерге
арналған спорттық байқаулар тартысты болды. Волейбол,
стол теннисі, бодминтон, биіктіктен секіру, шахмат дойбы
біріншіліктері өз кезегімен өткізіліп жатты. Байқау 13
шілде күні басталды. Көл жағалауындағы Желтоқсан
көшесінің бойында «Балқашты сақтайық» атты байкерлер
шеруін көруге жұртшылық көп жиналды. Байкерлер қала
тұрғындары жастармен пікірлесіп, көлді сақтап қалуға нендей
шаралар жасау керектігі, қандай бастама көтерілгені жөн,
осы ниеттегі ойларын ортаға салды. Байкерлер өжет халық,
жұлдыздай аққан мотоциклдер трассаның бойымен ерсілі
қарсылы жүйткиді, көз ілеспейді, бірақ ұрандары әлгіндей.
Алаңсыз өмір сүру, жастарды улап жатқан есірткіге қарсы
күрес басты ұрандары осы. Олар жер шарының әр түпкірінен
келсе де тез тіл табысып кеткен. Өйткені, оларды ортақ
мүдде жолықтырып отыр. Сеніңіз терроризм әр мемлекетке
апат әкеледі, үрей туғызады. Ал, байкерлер еркін өмір сүруді
сүйеді, әзіл-қалжыңы аралас, ара-арасында тобылғы түстес
сыраны рахаттана сіміреді- ай келіп. Сырамен шөл басу
олар үшін үйреншікті әдет көрінеді. Балқаш қаласының
жол полициясы, тәртіп сақшылары байкерлерге қалтқысыз
қызмет етті, қауіпсіздігін сақтады.
15 шілде күні көл жағасында «Балқашты сақтайық»
акциясы одан әрі жалғасты. Түстен кейін Қазақстанның 1
халықаралық байкерлер фестивалі салтанатты жағдайда
жабылып, қорытындыланды. Фестиваль металлург күнімен
тұспа-тұс келді. Бүкіл мәден іс шаралар қанаттаса жүргізілді.
Қала жұртшылығы, металлургтер рухани күш алды,
тынықты, көңілдерін көтерді. Отбасымен сейілге шығып,
рахат бір күй кешті.
«Балқаш-2007»
атты
Қазақстан
байкерлерінің
халықаралық фестивалі әркімге ой тастады. Сайып
келгенде, алаңсыз еңбек етіп, өмір сүргенге не жетсін. Ол
үшін жер бетінде тыныштық, бейбіт өмір керек. Адамзатқа
жат келеңсіз көріністерден қоғамды басты байлығымыз,
болашақ жастарды сақтандырғанымыз жөн. Фестиваль
мақсаты осыған сайды. Адамзат бір біріне дос, бауыр болуы
керек. Бұл тұрғыда ұлтқа, ұлысқа бөлінбей бірлесе зорлық,
терроризмге қарсы күрескен жөн. Жаса, жер бетіндегі бейбіт
ғұмыр! Байкерлер шеруі келесі жылға дейін қимай-қимай
қоштасты. Қонақжай балқаштықтар ыстық ықыласпен
оларды шығарып салды.
ГҮЛ ШОҒЫМ БОЛСЫН
ҰСЫНҒАН
– Өмір ағысы әрқилы. Мына қым-қуыт тіршілікте даңғыл жол жоқ. Осы жолда ширадық, ысылдық. Әлі де болса өмір сүру қағидаларын үйрену үстіндеміз. Ата-бабаларымыздан қалған саф алтындай дәстүр-салтты, ұлттық нақыштарды қалпына келтіру, жаңғырту жүріп жатыр. Кеңес кезінде домбыра тартып, ән шырқағанға ала көзбен қарағандар да болды ғой. Ал, қазақтың бүкіл болмысы, бітімі домбырада жатыр. Домбыра үні, дархан даланың әуендері қазақтың табиғаты, бітімі, мен солай ұғамын,- деді бізбен әңгімесінде үлгілі ұстаз Шәкизат Молдашқызы Сатанова. *** Ұлтжанды қарындасымыз өз мамандығына шын берілген. Жұмысты жанын беріп істейді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.1985 жылы Жезқазған педагогикалық институтын бітірісімен еңбек жолын Ақтоғай селосындағы орта мектептен бастайды. Мейлінше ықтиятты, мойнындағы ұстаздық парызды адал атқара білетін жалынды жасты көп ұзамай-ақ, мектеп директорының орынбасары етіп көтереді. Орынбасардың атқаратын шаруасы да ауқымды. Мектеп көлеміндегі іс-шаралардың бәріне жауап береді. Оқушылардың сабақ үлгерімі, тәрбиесі, тәртібіне жауапты, қадағалайды. Жас маман өзіне жүктелген ауыр да, ардақты міндетті тиянақты атқара білді. Ұстаз шәкірттермен тіл табысады, ойын ашық айтады, бүкпесіз. Әрине, мұндайда екі жақты келісімге келу оңай, іс тетігі табылады. Оқушыларға ақыл айта беруден көрі жан дүниеңмен ашылып, бүкпесіз әңгіме арқылы сырласа білсең, іздегеніңді табасың. Шәкизаттың өмірлік ұстанымы, қағидасы осы болды.
Әділдік, шындық. Өзің таңдап алған мамандықты барынша сүю, құрметтеу, сол арқылы жан рахатын табу қандай ғанибет. Алдыңдағы шәкіртің ірі-ірі додаларда топ жарып, жүлдемен оралып жатса ұстаздың мәртебесі арта түседі. Уақыт өз дегенін әкеледі, Ақтоғай селосында «Аққыз» бала бақшасының меңгерушісі болды. Бұл кез 1994 жылдың алғашқы жартысы еді. Қиын қыстау шақ. Солай бола тұрғанымен ұйымдастырушылық жұмысын жүргізе отырып, бала бақшанаң аяғынан тік тұрып кетуіне, қалыптасуына айтарлықтай еңбек сіңіріп үлгерді. Дәм-тұз тартып, 1999 жылы өмірлік жолдасы Қажыкәрім Стамқұлов екеуі ақылдаса отырып, Балқаш қаласына қоныс аударды. Жаңа орта, жаңа ұжым, алайда, іскер ұстазды ешкім де жатсынған жоқ тез тіл табысып кетті Абай атындағы лицейде, кәсіптік техникалық лицейде дәріс берді. Ал, 2003 жылдан №7 мектеп гимназиясында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлығына бекіді. Мұнда да көп-көп ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, белгілі бағдарлама бойынша тыңғылықты қызмет атқарды. Енді бірде көмірлі Қарағандыға қоныс аударды, 2009-11 жылдары Қарағанды облыстық мұғалімдер біліктілігін арттыру институтында кіші кешенді мектеп орталығының әдіскері, сондай-ақ, «Өзгеріс» – «Перемена» газетінің бас редакторы болды. Газет осы институтта шығарылады. Дәм тартып 2011 жылы қайтадан Балқаш қаласына оралып, бір кездегі өзі еңбек еткен мектеп-гиманизияға ғылыми жұмыс жөніндегі мектеп директорының орынбасары қызметіне кірісті. Ұстаздың біліктілігін, тәжірибесін қол жеткен табыстары арқылы саралауға болады. Шәкизат Молдашқызы «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер ұйымының бағдарламасын іске асырудағы шеберлігі үшін арнайы марапатқа ие болды. Өткен жылы облыстық білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ ұйымының «Алғыс хатына» ие болды.Оқушыларға тәрбие берудегі жемісті еңбегі үшін республикалық деңгейінде «Азамат» жобасын жүзеге асырудағы жетістігіне орай «Құрмет»
грамотасын алды. Балалардың құқығын қорғауда алған асуы
баршылық. Ал, «Өзгеріс» – «Перемена» газетінде жұмыс
жасаған жылдардағы жұмысы шығармашылық бір белес
болды. Сол үшін тиісті орындардан «Қылқалам шебері»
жүлдесіне ие болғаны бар-тұғын. Қалалық, облыстық
«Қуыршақ» тетарлары байқауы, қалалық зияткерлік ойын,
дәстүрлі «Әнмен қанаттанғандар» байқауы, «Тас жүректі
тіліммен тілімдедім» облыстық байқауда Шәкизаттың аты
бәйгеден келді. Сондай-ақ, жас шежірешілер, өлке тану
жұмыстары жөніндегі байқауда өзгелерден оза шауып,
шығармашылығын шыңдады. Шәкизаттың шәкірттері білім
нәрімен сусындаумен қатар, дәстүр-салтты насихаттауда,
жұртшылыққа жеткізуде үнемі жаңа қырынан танылып
жүрді. Бұл ұстаз еңбегі ізденісінің нәтижесі деп білеміз.
Облыста қызмет істеген кезде республикалық «Азамат»
жобасының облыс бойынша үйлестірушісі болды. Сол кезде
де бүкіл облыс мектептерімен қоян-қолтық араласып, жұмыс
жасап, орталық Қазақстанның намысын қорғауда біліктілігін
көрсетті.
– Бір кезде Қарағанды қаласында оқыдым, әрине, мектепте
шәкіртпін. Неше түрлі ұлттардың ортасында оқыдық. Сабақ
бүтіндей орысша өтеді. Намысымызға тиген кездер де болды.
Бірақ, ешкімді басындырмадым. Шіркін-ай, десеңізші, мені
қаршадай қызды намысым үшін директорға да сүйреді ғой.
Сол Қарағанды әлі де қазақы күйге түскен жоқ. Өз елімізде
мына ата-бабалардан қалған қасиетті топырақты баса
отырып, өзімізді өзіміз асқақтата білгеніміз жөн. Намыс
оты, намыс байрағы асқақтап тұруы керек. Әкем Молдаш
ұлы Отан соғысының ардагері, соғысты көрді, әкем айтып
отыратын. – Жеңіс өздігінен келген жоқ. Орыс халқынан да
көп нәрсені үйрендік, олар еңбекшіл, батыр халық. Соғыста
біз солардың соңынан ердік. Мәдениет ілім, білімді бойына
сіңірген ұлттың қор болмайтындығына көзім әлдеқашан
жеткен дейтін.
– Әкей ауданде не қызмет атқарды?
– Тұп тура 40 жылдай ауданның статистика саласын
басқарды. Ауданның әр саладағы мәліметін сақылдатып айтып отыратын. Есте сақтау қабілеті өте жоғары болды. Қай дивизияда соғысты, қанша жауынгер болды санасында тұрды. Соғыс кезінде алған комсомол билетінің нөміріне дейін жатқа білетін. Әке, ана тәрбиесі рухымызды асқақтатты. Ісәрекетін үлгі тұттық, өнеге алдық. – Біз Шәкизатпен 2003 жылдан бері бірге жұмыс жасап келеміз. Ол алғашқыда сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы еді. Шәкизат не нәрсені өз ісімен, әрекетімен көрсетеді. Оқушылардың кез-келген үйірмеге белсене қатысуына ықпал етеді, шығармашылық тұрғыда кіріседі. Қажетті құрал-жабдықтарды өзі жасайды, костюмдерді тігеді, қолы ісмер жан. Орыс тілінің маманы болса да ана тілінің жанашыры, ұлтжанды. Анау-мынау деген қазақ тілі мамандарын жолда қалдырады. Біз мектепте «Кәусар» деген әдеби журнал шығаратынбыз, түпкі мақсат балалардың шығармашылығын шыңдау. Сол журналды редактор болып тұрғанда заман ағысына қарай сапалы етіп басып шығаруға көмектесті, қолұшын берді. Қарапайым, маңайымен тез тіл табысады, үнемі шығармашылық ізденісте жүреді, – дейді әріптесі, білім беру ісінің үздігі, ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалінің иегері Әлия Зиядақызы. *** Тағдырдың жазуы – жолдасы Қажыкәрім Стамқұлов 2004 жылы дүниеден озды. Соңында Назгүл, Айнұр, Ақерке, Сағыныш атты балалары қалды. Қажыкәрімнің ұрпақтарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірді, жоғары білім әперді. Бір-бір мамандықтың иелері, алдыңғы үшеуі тұрмыста, кенжесі Сағыныш студент. Ана жүрегі әрқашан балалары үшін елжірейді, сағынады. Әкелерінің көрмеген қызығын солар көрсе екен деп тілейді. Бүгін 8 наурыз әйел-аналар мерекесі. Шәкизаттың қуанышында шек жоқ. Шәкірттері сыйлаған көктемнің
жұпар иісті гүлі жанын жадыратып, көңілін тербейді.
Балалары да құттықтап жатыр. Ана бақыты, ұстаз бақыты
деген осы болар.
Осынау жылы лебізім көктемнің шуақты мерекесі күні
өзіңе ұсынған гүл шоғым болсын, қабыл ал, Шәкизат!
ЖАУЫНГЕРДІҢ
ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ
Қым-қуыт тіршілікте өнегелі өмір жолы жүректе өшпестей
болып қалатын аяулы жандар болады. Халыққа сіңірген
еңбегің, үлкен адамгершілікпен ұштасып жатса бағыңның
жанғаны. Кісілік келбеті, адами болмысы неғұрлым халыққа
жақын тұрса, сондай жандар есімімен ұзақ жасайды.
Ақтоғай
ауданы,
Тасарал
ауылының
ардақты
перезенттерінің бірі Боқай Найманбаев еді. Өз кезегінде
жастардың тәлімгері атанды, ардақты әке, аяулы жар
ретінде де ауылдастарының қадір-құрметіне бөленді. Боқай
Найманбаев Шет ауданына қарасты 4-ші ауылда 1919 жылы
Алшынбай деген жерде дүниеге келген. Сол жақтағы Өспен
зауытында жеті жылдық мектепті бітірген. Одан әрі 1937-
1940 жылдары Қызылжар қаласындағы мұғалімдер даярлау
училищесін бітіреді.
Адамзатқа қауіп төндіргеи Ұлы Отан соғысы басталды.
Оқу орнын жаңа ғана бітірген бозбала Боқай 1941 жылы
қолына қару алып, майданға аттанады. Соғыстың зардабын,
ауыр қасіретін соғысқа қатысқандар ғана біледі. Ауылда
жары, бала-шағасы, ата-анасы қалған қаншама жігіттер
майдан даласында шейт болды. Боқай да іле ұрысқа кірісіп,
алтын босағасын қорғау үшін неміс басқыншыларымен
шайқасқа қатысты. Бірақ, соғыстың аяғына дейін жүре
алмады. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында аяғынан
қатты жарақат алады. Тиісті орындар жауынгерді ұзақ уақыт
емдеп, еңбекке жарымды етіп, туған ауылына қайтарады.
Бұл кезде ауылға да азаматтар керек еді. Мектептегі
қаншама ұстаздар соғысқа алынды. Олардың орнын кім
толтырады? Боқай Орта-дересін ауылында ұстаздық жолын
бастайды.Кейіннен Тасарал ауылындағы жеті жылдық
мектепке мұғалім болып ауысады.Кішіге ізет көрсете білген,
биязы мінезі, үлкенді арқа тұтып, қдірлей білген Боқай
осы Тасаралдың өз азаматындай болып «тастай батып,
судай сіңді». «Ұстаз беделі - ұрпақ қамы» демекші, Боқай
болашақ ұрпақтың ұлттық рухта тәрбиеленіп өсуіне үнемі
назар аударып отырды. 1951-1954 жылдары жетіжылдық
мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарып, оқушы,
ұстаздардың жан сезімін, ішкі жан дүниесін тап басып, тани
білетін тамыршыға айналды.Ал,1954-1980 жылдары Боқай
Найманбаев Тасарал ауылындағы орта мектеп директоры
қызметін абыройлы атқарды, бүгінгі мектептің ірге тасын
қалады.
Еңбегі еш кеткен жоқ. Қазақ ССР-і оқу ісінің үздігі атанды.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Өмір ағысы
өз дегенін істейді, не нәрсе бұйрыққа байланысты. Боқай
1942 жылы осы ауылдың тумасы Манар Күржікбаевамен
отау құрады. «Адам ұрпағымен бақытты» деген, Боқай
ақсақал мен Манар апамыз сезіз бала тәрбиелеп өсірді.
Өзінің ұстаздық жолында қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс
берді. Абай бабамыздың әрбір өлеңін өзінің өмір жолына
үлгі тұтты. «Адамның бір қызығы бала» деген, «баланы
оқытуды жек көрмедім» қағидаларын үнемі алға тартып
отыратын. Бірнеше шәкірттерін жоғары оқу орындарында
оқытып, еліміздің белді азаматы болып қалыптасуына ықпал
етті. Баласының үлкені Айтбай ертерек қайтыс болып кетті,
одан кейінгі ұлы Шалтабай ұлттық қауіпсіздік комитетінде
еңбек сіңіріп жүр. Айткүлі құрылыс фирмасында есепші,
бұдан басқа Фатима, Әсия, Әмина, Галиналар өмірден өз
орнын тауыпты. Кіші ұлы Махмұт Найманбаев Тасарал орта
мектебінде ұстаз.
Ақтоғай ауданының құрметті азаматы Боқай Найманбаев жөнінде бүгінгі мектеп директоры Ерғали Аймағанбетов былай дейді. –Біз Боқай ақсақалды ұстаздардың ұстазы деп айтамыз. Осы шағын ауылдағы шағын мектептен 4 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты оқыған, өнегелі білім ордасы. Мұнда Боқай Найманбаевтың өнегелі үрдісі жатыр. Абырой, бедел, өздігінен келмейді ғой. Ағайдың толымды ой-пікірлері, адамдармен ізгілікті қарым-қатынасы,қарапайымдылығы,жөн-жоба көрсететін инабаттылығы шынайы адамгершілігі жас ұрпаққа қашан да өшпес өнеге, биік тұлға бола береді. – Мен ағайды 1957 жылы мектеп табалдырығын аттаған уақыттан білемін. Ағай өте қарапайым, кішпейіл, адамгершілігі мол, қадірлі жан еді. Әр іске мұқият қарайтын, талап қойғыш басшылардың бірі болды. Қазіргі мектептің ірге тасын қалауда Приозерск қаласының әскери бөлімінің генералымен байланыс жасап, мектеп қабырғасын тұрғызуға тікелей басшылық жасады, – дейді математика пәнінің мұғалімі Күлмаш Шажағаева. Адамның еңбегін бағалау, қадірлеу, жер басып жүргендердің парызы болса керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев әр сөзінде халыққа өлшеусіз еңбек сіңірген қадірлі жандардың өнегелі, үлгілі еңбек жолын, адамгершілігін кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие ретінде ұсынуды үнемі айтып келеді. Ұрпақ алдыңғы толқын үлкендердің ізгілікті істеріне қарап бой түзейді. Ұстаздар қауымы, ата-аналар Тасарал орта мектебін 40 жылдай басқарған Боқай Найманбаевтың есімін осы мектепке беруді сұрап жүр. Ақтоғай аудандық мәслихатына педагогика ұжымның атынан сұрау салынған. Село әкімінің тұрғындармен өткізген жиынында да осы мәселе көтерілген. Бірақ, әлі күнге дейін көпшілік қауымының тілегі аяқсыз қалып келеді. Ел тізгінін ұстаған азаматтар ойланса керек. – Боқай ағайдан дәріс алдық. Өте ақкөңіл болатын. Қатты ашуланып, көңілі қалған күннің өзінде бір-ақ сөз айтатын. «Ақымақ» дейтін, одан әріге бармайды. Осының өзі тәлімтәрбие.Өнегелі істері көп еді, Тасарал орта мектебіне айтулы
еңбек сіңірді. Шәкірттері қазірге дейін ағайды еске түсіріп,
тартымды мінез қылығын әңгімеге арқау етіп отырамыз
дейді, – Тасарал селолық округінің әкімі, шәкірті Әубәкір
Бейсекеев.
Ел қадірлісі болған Боқай Найманбаев ақсақал 2005
жылы дүниеден өтті. 20 жасында қолына қару алып, соғысқа
кірісті, ауыр жараланды. Соғыстан кейін елдегі жағдайды
қалыптастыруға аянбай үлес қосты. Шәкірт тәрбиеледі,
ұрпақ өсірді, соңында өнегелі ізі қалды. Біздің мақсатымыз –
отты жылдардың сарбаздарын еске алып, бүгінгі тіршілікпен
ұштастырып, көпшілікке жеткізу еді. Сол міндетімізді азды-
көпті орындап отырған сыңайымыз бар.
Қанды майдан жорықтарында соғысқа қатысқандардың,
майданның алғы шебінде жүргендердің ерліктері бүгінгі жас
ұрпаққа адастырмайтын темір қазық іспеттес.
«БАРЛЫҚ ҰЛТТЫ БАУЫРДАЙ
ЖАРАСТЫРҒАН»
Адамзат ғұмыры өзара татулық, түсіністік жағдайы
қалыптасқанда берекелі, ырысты болады. Атам қазақ ертеден
«ырыс алды ынтымақ» деген. Шындығында ынтымағы бар
елдің келешегі кемел, алға қойған мақсат-мүддесін орындауға
мүмкіндік туады. «Тату үйге тақсырет жуымайды» дейтін де
атам қазақ. Мемлекет ішіндегі әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-
бірін жан дүниесімен ұғысып, қадірлес, сыйлас болуы аса
қажеттілік. Өз ішінде іріткі шыққан әлем мемлекеттерінің не
күйге ұшырағанын біліп отырмыз. Жанжал шыққан жерде
береке кетеді, араға жік түседі, көңіл- күйің құлдырайды.
Міне, еліміздің іргесі бүтін болып, экономикасы, әлеуметтік
саласы ілгері дамуының бірден-бір жолы ұлттар арасындағы
өзара түсіністікке байланысты екені айдан анық. Дау жоқ,
ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты
осындай іргелі істерге бастап келеді.
Қазақстан халықтары облыстық ассамблеясы Балқаш
қаласында осы тұрғыда бас қосу өткізіп, өз көзқарастарын
білдірді, ой бөлісті. Өткенді еске алып, тағзым ету жіберілген
қателіктің қайталанбауына бірден бір баспалдақ. Мәселен,
саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткішіне гүл шоғын
қойған қонақтар осындай тұжырымға келді. Қонақтардың
басым бөлігі әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған, сондықтан
тірлігі бір, бірлігі бір, алдағы арайлы күнге деген үміт-
мақсаты бір ұлт өкілдері – қазақ елінің даласындай кең
байтақ құшағына еркін сыйып, бақытты ғұмыр кешіп келеді.
Бұдан кейін қонақтар жаңадан ашылған қалалық «НұрОтан»
филиалының жаңа ғимаратына бас сұғып, танысты. Бұдан
әрі «Астана саяжолына» ат басын тіреді. Ұзынынан ұзақ
созылып жатқан «Астана саяжолы» жаңа үлгіде жасалған.
Келешекте гүл шоғы алаулап тұрады, жасыл желекпен
көмкеріледі. Қонақтардың жүзінен Балқаш қаласының
сәулетіне, сән-салтанатына деген қызығушылығын байқап
қалдық.
– Шағын қала, бірақ көрікті, таза екен. Жақсы көтеріліп
келе жатқанын байқадық, адамдары да ақжарқын. Әсіресе,
шағын қалаларды дамыту жөніндегі бағалы бастама жүиелі
түрде жүзеге асырылуда екен дейді олар бірауыздан.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің политехникалық
колледжі
бүгінгі
заманның
жаңаша
жабдықталған
оқу орны болып табылады. Өндіріс орындарына сан-
салалы мамандықтар дайындайтын оқу орнында әртүрлі
тақырыптардағы бас қосу өткізіліп, салиқалы саясаттың
жемісін талқылап, ой қорытады.Бұл жолы да солай болды.
«Қазақстандағы этносаясатты мемлекеттік тұрғыда жүзеге
асыру» актуалды тақырыпқа арналған семинар осында
өткізіліп, келелі әңгіме қозғалды. Этносаясат – Елбасының
бүгінгі
таңдағы
Қазақстан
халықтарының
алдына
қойып отырған ел тұтастығымен дөп келеді. Еркін елдің
ұланы ештеңеден тарықпау керек. Бәріміз де бір ауамен
тыныстап, қазақ жерінің игілігін көріп келеміз. Семинарға
қатысушылардың түпкі ой қазығы да осыған тоғысып жатты.
Қарағанды
облысы
әкімі
аппаратының
Қазақстан
халықтары ассамблеясы секретариат меңгерушісі Мәрия
Бірқанатовна Алеева актуалды семинарды кіріспе сөзбен
ашты.
–«Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев
атап көрсеткендей азаматтық көзқарас және ұлтаралық келісім
біздің басты бағытымыз болып табылады.Бейбітшілік және
келісім, дінаралық түсіністік біздің еліміздігі қалыптасқан
бейбітшілік эталоны десек артық айтқандық емес. Әрбір
қазақстандықтың жауапкершілігі, тіпті атқарар міндеті де
осы тұрғыдан бағалануы тиіс. Ұлтаралық қарым-қатынаста
да басқаша түйткіл болмайды. Бұдан әрі Мәрия Бірқанатовна
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандық моделін белсенді түрде
оқып үйрену керектігіне тоқталды. Ал, өз кезегінде Қазақстан
көшбасшысының осы тұрғыдағы іргелі саясатын басқа
мемлекет ғалымдары, саясаткерлері басшылыққа алып, оқып
үйренуде. Ол біздің еліміз үшін ұлттық брендке айналып
үлгерді. Мемлекет саясатының діңгегі, әрбір мемлекеттік
қызметкердің қойын кітапшасы. Демек, ұлт бірлігі, рухани
үндестік көрегенді саясаттан бастау алатындығы даусыз.
Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы ішінде
қаншама тәжірибе жинақтадық. Ассамблея өзіндік сүрлеу
салды. Ел іргесінің кемелді түрде дамуына, стратегиялық
маңызды шаруалардың жүзеге асуына ассамблея да өз үлесін
қоса білді.
Бұдан
кейін
семинардың
модераторы,
Қазақстан
халықтары облыстық этнотоптың ғылыми – сараптама
жетекшісі,
Қарағанды
мемлекеттік
медициналық
университетінің проректоры, медицина ғылымдарының
докторы, профессор Вилен Борисович Молотов-Лучанский
өз сөзінде әлеуметтік дамудың игілікті жолға түскенін, ел
еңсесі көтерілгенін тілге тиек ете отырып, жарқын болашақ
жайлы әңгіме қозғады. Бұл қала маған етене таныс, – деді
Вилен Борисович. – Мұнда менің жерлестерім тұрады.
Осында өскенмін. Сондықтан жастарға айтарлықтай сенім
артамыз. Мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыруда
жастардың аса қызығушылық танытуы, зеректігі әлемдік
біліммен қарулануы бізді де қуантады. Экономиканың қуатты
болуы жастардың білім қайратының беріктігіне байланысты.
Ұлтаралық татулық, қоғамдық келісім сақталған жерде
көркею бар, гүлдену бар. Балқашқа келу сапарымыздың өзі
осыны меңзейді. Облыстық ассамблея тарапынан көптеген
іс-шаралар өткізілуде. Этномәдени орталықтардың мүшелері
ел дамуының алдыңғы легінде жүр. Біз осы жолдан таймауға
тиіспіз.
Е.Бөкетов
атындағы
Қарағанды
мемлекеттік
университетінің мемлекеттік және заң кафедрасының
доценті, заң ғылымдарының кандидаты Мира Жасқайрат
өз сөзінде медиация жайында әңгіме қозғады.Қазіргі таңда
елімізде жанжал, өзара тартысты баламалы негізде шешуге
бетбұрыс жасалуда. Ертеде атам қазақ ердің құнын екі ауыз
сөзбен бітірген. Қазір сөзге тоқтайтын қазақ бар ма, басқа
ұлтты қойғанда. Біздің бабаларымыздан қалған дәстүр-салт,
әдет-ғұрыптың астарында медиация ертеден қалыптасқан.
Медиация және дәстүр әлеуметтік мәдени тұрғыдан алып
қарағанда дамытуды қажет етеді. Өзара келісе алмай, жанжал
туғызған ағайындардың мәңгі бақи бас араздығына жол
бермеу керек. Бір жағынан медиация – құқықтық көзқарас
тұрғысынан қарағанда заңдылық новелласы іспеттес. Мира
Жасқайрат медиация жайында нақты деректер келтіріп,
жұртшылықтың жатырқамай, жатсынбай қарау керектігіне
тоқталды.
Қарағанды облыстық Әділет департаментінің бөлім
меңгерушісі Қаракөз Мейрамова қоғамдық қоғамдық
бірлестіктерді тіркеу тәртібі жөнінде егжей-тегжейлі айтып
өтті.
Облысымыздағы
Литваның
«Литуаника»
қоғамдық
бірлестігін он жылдан бері Қазақстан халықтары облыстық
ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстандағы
Литва республикасының құрметті консулы Тварионас
Виталий Йоно басқарып келеді.
– Үстіміздегі жылы, – деді ол өз сөзінде Литвада өткен
шет елдік этномәдени бірлестіктерінің конференциясына
қатыстым. Мен үшін үлкен қуаныш еді. Кейбір мемлекеттерде
этномәдени,
ұлтаралық
татулық
жөнінде
ешқандай
қоғамдық бірлестіктер жоққа тән. Тіпті мәдени шаралар да
өткізілмейді екен. Тұрақты түрде қаржыландыру жөнінде
мәселелер көтерілмейді. Осыдан келіп әр ұлттың әдебиетін,
дәстүр-салтын,
ұлттық
киімдерін
жаңғырту
жүзеге
асырылмайды.Мұның барлығы мемлекеттік қолдаудың
жоқтығынан туындайды. Этностардың тағдырына селқос
қарауға болмайды. Осы орайда қазақстандық тамаша
институт – Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылуы
зор жетістік деп айтар едім. Осы мәселелердің тұрақты түрде
шешілуіне салиқалы саясаттың ықпалы зор. Қазір тәжірибе
жинақтадық. Қазақстан халықтары ассамблеясының іс-
тәжірибесін, ойлы көзқарасқа құрылған саясатын өзге елдер
қызыға да, қызғана қарайды.
Облыстық білім беру департаментінің өкілі Динара
Медеубаева игілікті істердің атқарылып келе жатқандығына
тоқталды.
– Біздің тарапымызға Елбасының «Қазақстан халықтары
ассамблеясының құқықтық мәртебесі», «Этноаралық келісім
– Қазақстан қоғамы бірлігінің негізі», «Қазақстанның
әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына
қарай 20 қадам» атты мақаласындағы тапсырмаларды
бірлесіп жүзеге асыру кіреді. Биылғы оқу жылы республика
мектептерінде «Қазақстан-2050» стратегиясын табысты
жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы ғылым және
білім министрлігінің «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты
сынып сағаттарымен басталды. Жастардың ел тарихын
білуге, қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған
іс-шаралар өз пайдасын береді. «Сарыарқаның жолдары»
атты тарихи жерлерге сапар шегу сәтімен жалғасуда. Күні
кешеге дейін Қарқаралы, Баянауыл, Ақтоғай аудандарының
тарихи жерлері зерттелді. Тарих пәні ұстаздарымен бірігіп,
облыстық мұражайда тарих пәнінен «Карлаг», «Алғашқы
Президенттің мұражайы» атты тақырыпта ашық сабақтар
өткізілді. Облысымызда «Жаңалықтар әлемі-2014. Жас
саяхатшы.Жас ізденуші» атты жобалар жасалып, жүзеге
асырылуда. Аталған жобаны Қарағанды облысы білім
беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері
әзірледі. Жоба білім беру үйымдарында талантты, дарынды
балалар бастамасын анықтауға жетелейді, белсенділігін
арттыруды қолдайды. Сондай-ақ, этномәдени орталығы
айтарлықтай іс-шаралар өткізіп келеді. Біз де өз тарапымыздан
Саран, Осакаравка, Бұқар жырау аудандарында орналасқан
этномәдени орталықтармен тығыз байланыста жұмыс жасап
отырмыз.
Мұнымен қатар еврей, неміс, корей, шешен-ингуш,
украин, грек, поляк, тағы басқа этномәдени бірлестігімен
бірлесе жұмыс жасап, қазақстандық патриотизм, жалпы Отан
сүйгіштік рух тұрғысында бірігіп, шығармашылық тұрғыда
жұмыс жасаудамыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деп атап
көрсетті: «Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға,
бауырластығын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Барлық ұлт
өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілікпен келесімді өмір
сүру барша қазақстандықтың басты қағидасы болуы шарт».
Біздің Отандық мүддеміз осы тұрғыда болуға тиіс.
Қарағанды облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бас
маманы Меруерт Төлеубайқызы Тоқышева өз тараптарынан
атқарылып жатқан игілікті шаруаларға тоқталды. Облыс
әкімдігі жанынан дін істері жөнінде арнайы кеңес құрылған.
Оны облыс әкімі басқарады. Бұған мемлекеттік органның
өкілдері, әр түрлі дін өкілдерінің жетекшілері кіреді. Қазіргі
таңда әр түрлі дін ағымдарының теріс әрекеттері орын алып
отыр. Біздің елімізде мұндай теріс пиғылға қарсы күрес
жүргізілуде. Ел тұтастығын бұзуға дінаралық қақтығыстар
да әсерін тигізеді. Мұны кейбір мемлекеттердің ішкі-сыртқы
саясатынан байқап отырмыз.Ақпараттық профилактикалық
жұмыстар мектеп, лицей ЖОО-да жүргізіледі. Мәселе
дінаралық сауаттылықта болып отыр. Сондықтан бүкіл
бұқара болып, атқаратын істердің жеткілікті екеніне
тоқталды.
Тағы бір анықтама. Бүгінгі таңда ежелгі Сарыарқа
жерінде бейбітшілік және өзара келісім жағдайында 115
ұлттың өкілдері өмір сүруде. Ал, Қазақстан халықтары
ассамблеясының этномәдени бірлестігінің 24 бірлестігі
Қарағанды төңірегіне орналасқан.
Семинардың модераторы В.Молотов-Лучанский бас
қосудың этномәдени орталықтар жұмысының алдағы
уақытта да жандана беруіне септігін тигізетіндігіне
тоқталды. Семинарды өткізуге мұрындық болған Балқаш
әкімдігіне ризашылық білдірді.
*** Қазақстанның халық әртісі, әйгілі күйші Мағауия Хамзин атындағы мысшылардың мәдениет сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясының облыстық «Біз – Қазақстан
халқы» этнотоптарының фестивалі салтанатты жағдайда ашылды. Мәдениет сарайының кіре берісінде жергілікті мәдени орталықтың өкілдері қонақтарды нан-тұзбен қарсы алды. Өздерінің дәстүр-салтын корей, шешен, татар, неміс, басқа да ұлт өкілдері көрсетіп үлгерді. Қонақтар ынта қойып тамашалады. Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягүл Жақсылықова фестивалді кіріспе сөзбен ашты. –Ұлтаралық татулық, салиқалы саясаттың жемісі. Әр ұлттың өкілдері өзара түсіністік жағдайда еңбек етіп, өмір сүргенде тәуелсіз қазақ елінің беделі әлемдік деңгейде асқақтай береді. Біз әрқашан біргеміз, бөлінбейміз, мысты өңірге қош келдіңіздер, бүгінгі семинардағы бас қосу, этнотоптың облыстық фестивалі өз жемісін береді деп сенемін, – деді. – Бұдан кейін облыстық этнотоптың фестивалі салтанатты түрде жалғасты. Сахана шымылдығын Балқаштың «Ветерок» хореография ансамблі «Біз - мәңгі біргеміз» атты композициясымен ашты. Тұрақтылық пен тыныштық салтанат құрған Қазақстанда ұлттармен ұлыстар ынтымағы өркендеп дамуда. Олар теңдік келісім мен бірлік тұрғысында өмір сүруде. Достық оты – менің жарық шұғылам, Ол мәңгілік сөнбейді деп ұғынам. Ұлы достық құдыреті деп білем, Дүниені тербеп тұрған тұнық ән. Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы өсіп келеді,сондықтан да Қазақстан халықтары ассамблеясының маңызды міндеттерінің бірі – біздің жерімізде бұрыннан қалыптасқан достық дәстүрін сақтап, олардың ұлттық ерекшеліктерінің өзегін ана тілі, мәдениетінің мәйегін ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің алтын діңгегі бола білу. Сарыарқа – бұл аңыздар мен әфсана жусанды дала, жайқалған егін дәриясы, бұл – кең жазира кеңістік пен көгілдір таулар, көсілген көлдер, өткел
бермес өзендер, бұл – шат-шадыман тұрғындар, өнеркәсібі
өркендеген қалалар мен ауылдық аудандар. Осының бәрі –
біздің жер!
Этонотоптардың облыстық «Біз – Қазақстан халқы»
фестивалінің негізгі арқауы да осы мүдде.Қазақ елінің
үмітіне, тәуелсіздік нышанына айналған бас қаламыз –
Астана бүкіл елге рухани серпін беруде.
Сахана төріне облыстық түрік этномәдени «Ахыска»
бірлестігінің әншісі Виолетта Фомичева мемлекеттік
тілде
«Астана»
әнін
шырқады.
Саран
қаласындағы
немістердің «Видергебурт» бірлестігінің бишілері де
көрермендерді
сүйсінтті.Татар-башқұр
орталығының
әншісі Альфия Байбурова «Той кульмаге» әнін нақышына
келтіре шырқады. Жұртшылық румын халқының «Дакия»
облыстық бірлестігінің «Дориле» фольклорлық ансамблінің
әншілері Александр Уршалов, Александр Шахметовтердің
өнеріне тәнті болды. Шешен-ингуш «Вайнах» этномәдени
бірлестігінің бишілері де тау халқының өнерімен таң
қалдырды.
Этноорталықтың өнерлері сан салалы. Әр ұлттың өнер
ұжымдары бірінен соң бірі ұлттық салт-дәстүр аясындағы
өнерлерін жұртшылыққа ұсынып, ризашылыққа бөленді.
Бір жарым сағатқа созылған өнер фестивалі әйгілі сазгер
Е.Хасенғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды. Оны
орындаған дала казактары одағының «Казачья вольница»
атты ән- би ансамблі шеберлік тұрғысында көрермендерге
жеткізе білді.Көкірегімізде кешті мәнеріне келтіріп жүргізген,
ақын,әнші, сегіз қырлы, бір сырлы Саят Тұяқбаевтың жыр
жолдары жатталып қалды.
Қазақстан жайқалған егін, бағым,
Арайланып атсыншы әрбір таңың.
Барлық ұлтты бауырдай жарастырған,
Ынтымақ пен бірлікте сенің бағың.
ГҮЛ ЖАУҒАН КЕШ
Өмірді жырмен өрнектеп, нәзік сезімімен, қажет болса
өжеттігімен де көзге түсіп, халқының сөзін сөйлеу, сол
арқылы оқырманның жүрегіне бөлену әркімнің пешенесіне
жазыла бермейтіні шындық. Біреуді төбеге көтеріп,
біреуді кемсітейік деп отырған жоқпыз. Мойындауымыз
керек, ақындық сөз өнері Алланың берген несібесі. Оны
бойтұмардай қастерлеп ұстау бар, құдіретін түсіну бар.
Айналып келгенде, оны халықтың рухани қажетіне жарату
бар. Тағы да мойындаңыз, сөз өнері болмаса мынау ақзер
дүниені рухани ергежейлілік әлдеқашан жаулап алар еді.
Шүкіршілік, атадан балаға мирас, аса бай мұра болып қалған
сөз құдіретін әлі күнге дейін төбемізге көтеріп, мәртебесін
асқақтатып келеміз. Сөз өнері дегеніміз тіл, тіл дегеніміз
бойымызға ана сүтімен сіңген саф алтындай бағалы қазына.
Ақын, журналист Жұлдыз Райымбекқызы Тойбектің
шығармашылық өсу, толысуы оқырманның көз алдында.
Жұлдыз әу баста ақын болып жаратылған. Қазақы рухпен
шабыттанып, сөз мәйегін тере білген Жұлдыздың «Көтердім
ақ желкенін жыр кеменің» жыр жинағының оқырманға жол
тартқанына онша көп бола қойған жоқ. Кітап ақын қыздың
ұзақ жылғы көз майын тауысып, сезім пернесін селт еткізген,
түн ұйқысын төрт бөлген тынымсыз еңбегінің жемісі деп
ұққанымыз жөн. Ел алдына есеп беріп, осы мен не тындырдым
халқым үшін, – деп өткен елеске бір қарап, ой елегінен өткізу
де құптарлық шаруа. Айта кету керек, көктемнің алғашқы
күні «Шалқыма» концерт залы көрермендерге лық толды.
Жұлдыз Тойбектің жыр кітабының тұсау кересі, сондай-ақ
оқырманмен бетпе-бет жүздесуі ақынға, жыр сүиер қауымға,
да өте-мөте пайдалы болды десек артық айтқандық емес.
Кешті жүргізген Мартбек Тоқмырза да сөзбен кесте тігіп,
келістіріп, төгілтіп қорғасындай салмақты мақалдармен
орайластыра отырып, ақын қыздың шығармашылығы жайлы
тартымды түрде баяндап берді. Жұлдыз жайында оның
шығармашылығы, өсу, өркендеу жолдары бұрын да өзі еңбек
ететін «Орталықтың» бетінде жарияланған.
Сондықтан кештің өту барысындағы әсерімізді ортаға
сала кетсек дедік.
Ақын жыр кітабының 1 бөлімінде былайша толғанады:
Жалғап жүрген жақсылардың үзігін,
Кешегі өткен жайсаңдардың ізімін,
Қарқабаттай анамызды пір тұтқан
Тыңда жырын Қарқаралы қызының.
Сахана
төріне
шыққан
ақын,
журналист
қызын
оқырмандары ыстық алақан, жүрек лүпілі, құшақ-құшақ
гүл жаудырған пейілімен қарсы алды. Жұлдыздың сахана
төрінде тұрып оқыған тартымды жырлары көрерменін
бірден баурап, кештің мазмұнды, қызықты өтуіне жол сілтеп,
мұрындық болды. Ақын қыз өлең оқиды.
Қаракесектің киесі болған –
Қарқабат!
Қалың жұрттың иесі болған
Қарқабат!
Алты Алашты ауызына қаратқан,
Текті ұрпағың кетті тарап шартарап.
Тегі кешегі бабалардың әруағына тәу етіп, соның ұрпағы
екенімізді естен шығармағанымыз дұрыс-ау. Ал, кейбіреулер
қазіргі таңда ақшаның буымен аяғы көктен салбырап
түскендей әсерде жүреді. Жұлдыздың бұл айтып отырғаны
– бәрімізге де ескерту. Ең ақыры туған ата-анаңа да тәу етіп,
баба салтын ұмытпауға насихаттайды. Әркімнің туған жері
бар. Кіндік қаны тамған, әкесі күйеу болған, шешесі келін
болған жері бар. Бұл жайында ақын Жұлдыздың өмірге
құштар іңкәр жүрегі бей-жай тұра алмайды. Ақын тағы да
жыр оқып тұр.
Балқантауым – балдәурен кезім менің,
Атыңды айтып жүрегіммен езілемін,
Туған жерім – тұмарым бойымдағы,
Сағынышпен сені ойлап көз ілемін.
Туған жердің бүкіл табиғатына іңкәр жүрек осылай деп
жыр төгеді. Жер шарындағы адамзат жарасы бірінші болып
ақынның жүрегін мазалайды. Алла аузына сөз салады,
жаһанға жеткізгісі келеді, әрине, еститін құлақ болса...
апаттан сақтандырғысы келеді, әрине, жүректен шыққан
сөзді жан жүрегімен мойындайтын жан болса. Ақын тағы да
өлең оқып тұр.
Атомның салған жазылмай жатқан жарасы,
Жетпегендейін жамалды тағы жаңасы.
Алақан жайып, аспаннан нұр тілеген.
Гептилдің астында Асанның қалды Алашы.
Өлеңге түсініктеме жасаудың қажеті жоқ сияқты.
Дегенмен 40 жылдай жарылыс жасаған полигоннан енді
құтылдық па деп отырғанымызда бейбіт заманда, ай мен
күннің аманында аспаннан улы сұйық төгіледі. Ал, оның
зардабын мамандар анықтап, жұртшылыққа таратты. Жалпы
мұндай кереғар көріністерді ақын, одан қалса журналистер
айтып жүр.
Әріптестердің әріптестерге жүрекжарды базына, наз
айтқаны сирек. Көбіне пенделікке еріп жататыны да шындық.
Мына қысқа ғұмырда қатар жүрген күндердің қадіріне жетіп,
бір-бірімізді бағалай білгенге не жетсін. Бұл тірлік өткінші.
Үлкендердің «дүние жалған-ай» деп жататыны сондықтан
болса керек. Жұлдыз «Журналистердің жарына» – деген
өлеңінде былай дейді:
Бақиға кетсе дағы жырақтанып,
Ісіне ағалардың құлақ қанық,
Қоңыр қаздай тізіліп отырсыздар,
Ағалардың көзіндей сияқтанып.
Көз салса қаламгерлер өткеніне,
Куәсің маңдай тердің төккеніне,
Ағалардың қаламының ізі қалды,
«Орталық Қазақстанның» беттерінде.
Жұлдыз жырларындағы туған жерге деген сүйіспеншілік,
туған-туысқа деген құрмет, құрбыларға деген сыйластық,
табиғатқа іңкәрлік, махаббат тұрақтылығы тартымды
баяндалады. Баяндау дегеніміз бекер-ақ Өмірдің өзінен
алып, қарапайым нәзік сезімімен оқырманға түсінікті тілде
жетіп жатады. Адамдар арасындағы құрмет, түсінбеушілік,
кекшілдік, заман ағысынан туындаған кейбір орашолақ
көріністер де ақын қаламынан бей-жай қалмайды. «Бір
шәугім шай» өлеңін оқығанда жұртшылық дуылдата қол
соқты. Бәрі де шындық, қазақы болмыс, өмірдің өз көрінісі.
Басқаша айта алмайсың, тыңдайық:
Бір шәугім шай,
Берер саған әпкелер,
Ыстық шайын бұрқыратып ап келер,
Бір шыны шай,
Бермесе егер өткен ел,
Бір шәугім шай
Бермеді деп өкпелер.
Жұлдыз бүлдіршіндерге де өлең арнады. Сәби жүрегіне
ақын көңілімен бойлайды. «Сусиыр» өлеңін алайық:
Кім білмейді бұл аңды су кәдімгі жатағы.
Аузы,
Мұрны,
Құлағы
Судан шығып жатады.
Әрине, мұндай өлеңді балалар қызыға оқиды. Ал, тентек
Қоғабайға арнаған өлеңі ше.
Тым тентек-ау Қоғабай, Жинамайды қораны-ай. Балалармен жұлысып, Шаршап қалды, обал-ай! *** ...Ақын төкпелеп жыр оқыды. Содан соң Қарағанды қаласындағы №36, №39 мектеп оқушылары Жұлдыз апаларының өздері қалаған жырларын оқып, жиналғандарға жеткізіп жатты. №36 орта мектеп жанындағы балалардың «Нұр-би» бишілер ансамблінің өнерлері тартымды еді. Оның жетекшісі Нұрлан Мұқатайұлы бауырымыз екен. Қ.Байжанов атындағы филармония жанындағы «Арқа сазы» өнер отауының күйшісі Ырзагүл Ақжігіт «Кербез көрік», ұлы Арғын «Аңшының зары» күйлерін шебер орындады. Әнші сіңлісі Меруерт Тойбек те әннен шашу шашты. Осы жыр кешінде Жұлдыздың сөзіне жазылған сазгер Ысқақ Таукейұлының «Жастар вальсі», «Мәди баба – жыр бағымыз» және «Көргенде сені» әндерін орындады. Жұлдыздың жыр кешіне Астана, Алматыдан, туған жері Егіндібұлақтағы Өсібай ауылынан ауыл әкімі, ұстаздары, әріптестері келіп, мерейтойына ортақ болып жатты. Облыстық мәслихаттың хатшысы Қасымбек Медиев, «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Мағауия Сембай ақынның шығармашылығына сәттілік тіледі. Ал, облыстық Н.Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана ұжымы арнайы көрме ұйымдастырып, ақын жырының насихатталуына ықпал етіпті. Осы орайда кітапхана директоры, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері Жанна Шаймұханбетованың қамқорлығын айта кеткен орынды болар. Қамқоршы демекші, облыстық мәдениет департаментінің директоры, «Парасат» орденінің иегері Рымбала Омарбекова қашан да өнер саласында жүрген сіңлілеріне мұндай сәттерде қолұшын беріп, жанды көмегін аямайды. Жұлдыздың шығармашылық кешін осы
«Шалқымада» шалқыта өткізуге өзі бастаушы болды.
Қазақтың өнерін, мәдениетін бір кісідей түсінетін Рымбала
апамыздай тұлғалар көп болса, өнерге қамқорлық бұдан да
асқақтай берер еді.
– Жұлдыз сіңлім, өнерің өрге жүзсін. Жырың халқыңның
жүрегіне жете берсін, ақын – елдің еркесі, сондықтан
оқырманға берер рухани азығың әлі де алда деп есептеймін.
Отбасыңа береке, бірлік, амандық тілеймін, – деп Рымбала
Кенжебалақызы өнер жолында жүрген сіңлісін кеудесіне
басып, маңдайынан сүйіп жатты. Қандай жарасымды еді...
Бір үйде екі қаламгер.Ақынның жары Төрехан дос
сабырлы, салмақты қалпынан айнымай бүкіл отбасымен
саханаға шығып, жұртшылыққа, жыр сүйер қауымға
ризашылығын білдірді, алғысын айтты. Ақын жыр оқыған
сайын саханаға құшақ-құшақ гүл жауды.
– Мен ең бірінші анамын. Дүниеге сәби әкелу үшін
келдім. Сондықтан өз балаларымның, бүкіл жер шарындағы
сәбилердің бақытты болуын тілеймін, – деп тебіренеді ақын
қыз сахана төрінде тұрып.
Иә, облысымыздағы санаулы ақын қыздардың бірегейі
ақын Жұлдыз Тойбектің шығармашылық кешінен халық
мол рухани азық алып қайтқанына еш шүбә келтірмейсіз.
Бәлкім, қара орман оқырманымен қауышып, ақын да
шабыттанып қайтқан болар. Сондықтан оқырмандары
айтқандай әлі де жаңа жырлар туындап, ел қажетіне жарай
берері сөзсіз. Құттықтаушылар көп болды, саханаға шығып,
тілек айтушылар да жетерлік еді. Бұл да ақынға деген шын
ықылас, құрмет деп ұқтық.
Көктемнің алғашқы күні, ақынның құшағына гүл жауған
шығармашылық кеші... Қандай тартымды, әсерлі еді.
СЫР ШЕРТТІ БАЛҚАНТАУДЫҢ
АҚЫН ҚЫЗЫ
(Ақын, журналист Жұлдыз Тойбектің
«Арқаның ару қыздары» атты портреттік
кітабының тұсау кесер кешінен)
Адамның
өмірлік
мұраты
артында
қалған
ізбен
бағаланады. Мынау жарық дүниеге келген соң өзің үшін,
қоғам үшін не тындырдың, қолтаңба қалдыра алдың ба?
Заман, уақыт көшкен бір керуен. Олай болса жан-жағымызды
бағдарлап, игілікті істің жолында өзгенің жан дүниесіне
үңілу, сіңірген еңбегін жұртқа жария ету, жан жүрегіңмен
бағалай білу қастерлі қалам ұстағандар үшін де бөгде әрекет
болмауға тиіс. Иә, қалам ұстағандардың парызы, борышы
осы болса керек.
Қарағанды қаласындағы №36 орта мектепте журналист,
ақын Жұлдыз Райымбекқызы Тойбектің «Арқаның ару
қыздары» атты портреттік кітабының тұсау кесер рәсімі
ұйымдастырылды. Бізде әлі де қалыптасып қалған қағида
бар, сол қалыптан шыға алмай жүрміз, адам ұлтын сүюі үшін,
ұлтжанды болуы үшін бірдеңені бұзып жарып, түимедейді
түиедей етіп, жан айқай таныту керек сияқты. Ал, мәселенің
басқа қыры бар. Осы кешті ұйымдастырып, басы-қасында
жүрген мектеп директоры Бағдат Бахтиярқызын нағыз
ұлтжанды қазақ қызының бірегейі деп айтсақ артық болмас
еді. Ана тілінің жанашыры өз тілін жетік білетін Бағдат
Бахтиярқызы 2003 жылы осы білім ордасын қазақ мектебіне
айналдырып, айтулы еңбек сіңіріпті. Жұлдыз әріптесіміздің
кітапқа енген белді кейіпкерлерінің бірі екен. Жарық
дүниенің шаттығы, мейірімділігі, асқақтығы әйел – аналардан
тарап жатады. Әйел затын сүю, құрметтеу, аялы алақанмен
құрмет көрсету әркімнің пешенесіне жазылған. Алайда, сол
құрметті әйел-аналарға кім қандай тұрғыда көрсетіп келеді?
Жұлдыздың арқаның ару қыздарын өз кітабында кешегі
бүгінгі күнмен салыстыра отырып, жырлауы да осы мақсат
ниеттен туындаған десек, қателеспейміз. Адам – еңбегімен
ардақты. Кештің өн бойында кітапқа енген кейіпкерлердің
ерекшелігі, сіңірген еңбегін тілге тиек ете отырып, Жұлдыз
әріптесіміздің ақындығын, журналистік қалам тербесін,
өмірдеректерін жиналғандарға музыка сазымен жеткізу
сахана төрінде өзінше жарасымды өрнек туғызды.
Өткен күнге сәл мойынды бұрайық,
Табиғатын ақын қыздың ұғайық,
Балқантаудың баурайына жетектеп,
Апарады бізді бастап жыр-қайық.
Сахана төрінде жарастығын тауып тұрған жүргізушілердің
де үндері асқақ, сөздері нық шығады. Енді бірде ақынның
жырына кезек беріледі.
Балқантаудың бауырында ақпанда,
Алай-дүлей боран болып жатқанда,
Дүниеге келіпті бір ақсұр қыз,
Түн түріліп, бозарып таң атқанда.
...Саханада шағын көрініс, ауыл адамдары. Көңілдері шат, қысқы киім киген, көз алдыңа ауыл елестейді, сыртта боран... Уа, халайық, сүйінші Бибіфатима пірім қолдап, Райымбектің отбасында бір қыз дүниеге келді. Сүйінші ! – Өз жұрты Сеңкібайдай батыр болса, нағашы жұрты Кемпірбайдай ақын болса жалпақ Қаракесектің киесі болған Қарқабаттай ана қолдаса, бұл қыздың аты біраз жерге барар. Саханадағы көрініс осылай жалғаса береді. Иә, Жұлдыздың әкесі Райымбек ақсақал елді аузына қаратқан баталы жан болса керек. Анасы да кие қонған адам деп,
– жұрт айтады. Сол Жұлдыздың бүгін халқына сөз өнері
арқылы танымал болып, елдің қамын жеп жүргені жасырын
емес. Қамын жегені емей немене, «Арқаның ару қыздары»
атты кітабында облыс, тіпті республика көлеміне айтулы
еңбек сіңірген жандардың жан дүниесін ашып көрсетіп,
жария етуі еңбектің көкесі. Өтіміз жарылып кетсе де
айтайық, нағыз еңбек. Кешті жүргізушілер Жұлдыздың
кейіпкерлерін асқақтата отырып, олардың өмір жолдарынан
шағын үзінділер келтіріп, автордың да өсу, даму кезеңдеріне
де зер салып отырады. Кішкене ғана мектеп оқушылары
Жұлдыздың
мектеп
оқушыларына
лайықтап
жазған
жырларын жатқа оқып, жиналғандарды ой құшағына бөледі.
Жүргізушілерге кезек берейік. – Өмірөзен сырға толы
жолымен кейде арындап, кейде баяулап кейде арқырап,
мынау әлемге жан бітірер күре тамырдай толастамай аға
бермек. Ақын Жұлдыз, журналист, ана Жұлдыз жыр кеменің
ақ желкенін көтеріп, өмірөзенмен үндесіп, сөз маржанын
теруде, жыр гауһарын шашуда.
Ал, біздің ойымызша сөз маржаны – журналистік еңбегі,
жыр гауһары – поэзиясы.
Ақынның өзіне кезек берейік.
Ақындықты атақ үшін қумадым,
Күйкі тірлік, күн кешем деп тумадым.
Бұл өмірде еш арманым болма ед,
Өлеңімнің жатқа айтса шумағын.
Арманың орындалып келеді,Жұлдыз! Ақ бантикті
тұлымды сіңлілерің, кекілді інілерің сол кеште сахана
төрінде сенің жырларыңды жатқа оқыды емес пе.
Кітап кейіпкерлерінің жан дүниесіне, іс әрекетіне
үңілейік. Мәселен, Венера Әбдіғалиқызы «Нұрәсем»
фирмасының жетекшісі. Иә, бұл жай ғана ұжым емес,
оны ұлттық этнографиялық мұражай десе де болады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті заманның өзі тудырған іс
әрекет десек артықшылық жоқ. Еліміздегі іскер әйелдер
қауымдастығының және облысымыздағы іскер әйелдер
қауымдастығының мүшесі, «Еңбек даңқы» алтын белгісінің
иегері Бақыт Құсайынқызы, Социалистік Еңбек Ері
Нұрбақыт Қабдыкәрімова сияқты әйел-аналардың, қыз-
келіншектердің еңбектері біртін-біртін әңгімеге арқау
болып, қаламгердің шығармашылық ізденісімен ұласып
жатады. Жүргізушілердің жеткізуіне қарағанда кітаптың
түпкі жиынтығы, мазмұны мынаған саяды. Автордың бұл
кітабында арқа өңірінде еңбек етіп, ел басына күн туған
замандарда халқына тұлға бола білген әйел-аналардың
еңбегі көркем тілмен келістіре жырланады. Талай тағдыр
талқысында ер азаматтармен қатар тұрған, ел игілігін
арттыруда бір адамдай тер төккен, отбасының ұйтқысы
болып, балалар тәрбиесін бір сәт те ұмытпаған қайраткер
арулардың портреттері топтастырылған.
Иә, айтса айтқандай осы кешке кейіпкерлердің бірталайы
келіп, саханаға шығып, бүгінгі жас ұрпақпен жүздесті. Әне,
алдыңғы толқын үлкендердің шынайы еңбегін жастарға
жеткізу, ұлықтау, насихаттау деген осы болса керек.
Мектеп оқушылары апаларына гүл шоқтарын ұсынып,
біз де сіздердей боламыз деп, жүрек тебіренісімен арман-
әнін шырқап тұрды. Шырқаңдар, арман-әнін тәуелсіз елдің
тұтқасын ұстайтын, жас өскіндер!
Кітаптың тұсау кесер кешінде Жұлдыздың сөзіне
жазылған бірнеше әндер орындалды, соның ішінде облыс
айнасы «Орталық Қазақстанның» ұжымына арналған ән
жүрегімізге, табиғатымызға өте-мөте жақын тұрды. Иә,
Жұлдыз әріптесіміз, аяулы аналар, қыз- келіншектер өмірін,
жырлауда әлі де шығармашылық ізденіс танытады.
Кеште сөйлеушілер көп болды. Жұлдызға да, кейіпкерлерге
де рахмет, алғыстарын жаудырды. Балқантаудың ақын-
журналист қызы өзі де жүрек сырын ағытып, жұртшылықпен
ой бөлісті. Тартымды, үйлесімді үлгі тұтар кеш өтті. Иә, бір-
бірімізден сыр жасырмайық, тіршілікте қадірімізге жетейік,
бұл дүние-өткінші. Бақталас, бақастық, күндестіктен аулақ
болайық. Жақсылығымызды асыра білейік, соның ішінде
әйел аналарды құрметтеп, төрімізден де, жүрегімізден
де орын беріп, мәртебесін биіктете берейік. Ән-күймен
әспеттелген кештің мазмұны осыған сайды.
“ЕҢБЕКТІ ЖЫРЛАУ АЗАЙҒАНДА,
ҰРЛЫҚТЫ ЖЫРЛАУ КӨБЕЙЕДІ”
Ауыл шаруашылығының білгір маманы,
ұзақ жылдар Тоқырауын ауданында басшылық
қызметте болған Нұрғазы Нұрмұханбетұлы
қазақ ауылы жайлы өз ойымен бөліседі
– Өмір алға қарай жылжып барады. Қазақ дегеніміз –
ауыл. Мұны бір сәт те естен шығаруға болмайды. Меніңше
ауылдағы еңбек адамдарын құрметтеу дәстүрін қайта
жандандыру керек. Шындығын айтайық. Елімізде ауыл
шаруашылығы саласы өнеркәсіпке қарағанда артта қалды.
Мамандығыма байланысты ол туралы көп оқимын, көп
тыңдаймын. Бір кісідей тәжірибем бар деп ойлаймын.
Әсіресе, мал шаруашылығының дөңгелегі теріс айналуда.
Мұны мамандардың өздері де мойындайды. Ата-баба
кәсібін ыңғайға, бір жүиеге келтіре алмай жүрген жайымыз
бар. Бұрынғыдай мыңғырған мал айдау, әсіресе, кең
байтақ Қарағанды облысында арманға айналғалы қашан.
Жалпы, мал санының аздығы, мал тұқымын асылдандыру
жұмыстарының шалалығы, тағы басқадай күрмеуі көп
күрделі мәселелер мал шаруашылығын жарға жығатын
түрі бар сияқты. Мысалы, статистикаға үңілсек, тек қана
ет көрсеткішін алайық. Қазақстан бойынша 1990-1999
жылдарда еттің экспорты 180 мың тонна, 2009 жылы бар-
жоғы 300 тонна, 2010 жылы түк те жоқ – 0. Не деген сұмдық,
ауылды қалай өркендетеміз? Малшыларды, бақташыларды, мал мамандарын қалай көбейтеміз деген сұраққа жауап табамыз ба? Енді біздің барынша назар аударатын саламыз мал шаруашылығы болуы керек, одан біз аса мол пайда табамыз. Бізде барлық мүмкіндік бар, соны дұрыс пайдаланбай отырмыз. Асыл тұқымды малдың үлесі 60 пайызға жетпейді. Соны сатып алуға аса мол қаражат қарастырылды. Ал, «2020 жылға қарай 180 мың тонна ет өндіретін болсақ, шыққан шығынның бәрін етпен қайтаруға болады» – деп айтқан еді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Жарайды делік, шет елден асыл тұқымды мал алып келсін, отандық етті де өндірсін, экспорттасын. Бірақ, әуелі дәл қазіргі таңда тығырыққа тірелген мал шаруашылығындағы, жалпы ауыл шаруашылығындағы қордаланған мәселелердің түйінін тарату қажет сияқты. Осы жерде айта кететін мәселе, әр аймақтан сайланған мәжіліс депутаттары жер ерекшеліктеріне қарай ауылды сақтаудың, мал шаруашылығын көтерудің жолдарын неге қарастырмасқа? Қордаланған мәселелер өте көп, ол туралы БАҚ-да жазылып та жүр. Мысалы, былтырғы жылы «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Мағауия Сембай мырза «Маленьков берген байталды, Хрушев келіп қайта алды» атты көлемді мақаласы жарияланып, оған мен де пікір қосқаным есімде. Өкінішке орай, қазір пікір айтатын мамандар да жоқтың қасы. Қазақстанның жер көлемі ауқымды болғанымен халқы аз, меніңше жұмыссыздық болмауы керек. Ауыл тоқ болса, қаланың да жағдайы жақсы болады. Сондықтан, молшылыққа жету үшін ауылды қолдаған жөн. Еңсесі түскен мәдениет саласы, құрылыс,білім ошақтарын қайта салуды, тозған жолдарды жөндеуді, ұсақ-ұсақ фермерлердің басын біріктіру кезек күттірмейтін шаралар. Ауыл деген сөздің өзі ондағы тұрғындар. Атқарылатын шаруалар, яғни, мал өсіріп, егін егіп, балық аулап, ауыл шаруашылығын дамытуға болады. Демек, осы міндеттер арқылы ауылдың жағдайын жасауға
қол жеткіземіз. Мысалы, қаланы ұстап тұрған сол жердегі
өндіріс немесе жеңіл өнеркәсіп емес пе. Қарағанды көмір,
темір өндіріп, Балқаш сары алтындай мысымен даңқты
болып тұр. Жезқазған,Қаражал да солай. Кейінгі жылдары
шаруа қожалықтары уақыт өткен сайын тығырыққа тап
болып жүр. Мал азығы жетпейді, мал шығыны көп. Ауыл
әкімінен еш әрекет болмайды. Көршілерден, туыстардан еш
көмек жоқ. Әркім өз қамын ойлаған заман.
Мемлекет жеке меншіктен тұрмай ма? Бұл ретте
айтар едім – бас басына би болып, жерді болып алғандар
ауылды көркейте алмайды, қираған, азып-тозған ауылды
қалпына келтіру үшін бірігу керек. Кезінде колхоздардан
(ұжымшар) үкімет зиян көрген жоқ еді ғой. Олардың бәрі
пайдалы болды. Басшылары, озаттары Социалистік Еңбек
Ері атанды. Әр ауылда жұмыс көздері ашылса, қалаға,
билікке, үкіметке өкпелеп амалсыздан туған жерін тастап
көшіп кеткен, баспана жалдап, күн көріп жатқан жастар кері
қайтатынына сенемін. Ауылдың болашағы, келешегі жастар,
ертең ел тізгінін ұстайтын да солар. Зиялы азаматтардың
бәрі ауылдан шығып жатқан жоқ па?
Ол үшін әр ауылға білікті мамандардан жасақталған
комиссия шығарып, жер байлығына байланысты атқарылатын
жұмыстардың көлемін анықтаған дұрыс. Жоба құжаттарына
орай тапсырыс беріп, сонымен қорытып, облыс бойынша
керекті қаржыны анықтап, бюджеттік бағдарламаға енгізу
керек. Кейбір керек емес ғимараттарды (сән үшін, мақтаныш
үшін) қоя тұрып, соған кеткен есепсіз қаржыларды ауылды
көркейтуге жұмсаса, ол қаржының күні ертең қайтарымы
болары сөзсіз. Бұл реформаны бүгіннен бастамасақ, ертең
кеш болады. Онсыз қымбатшылықтан, кедейшіліктен өмірі
құтылмаймыз. Мал өсіріп отырған бір ауылда тұратын
кәсіпкерлердің басын қосып, біріктіріп, мал сатып алуға,
оны өсіруге екінші деңгейлі банктерден бес-алты пайыз
жеңілдікпен ұзақ жылға несие беруді қолға алу керек. Жеке
фермерлерге, кәсіпкерлерге бөлінген көмек көзге көрінбейді.
Екіншіден оған бақылау жауапкершілігі жетіспейді.
Алға ұмтылған, шаруаны басқаруға бейім мамандарды
қолдаса жер көлемі, жайылымдары мол Австралия, Бразилия
сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ет, сүт
королдерінің шығуына жол ашар еді. Мал шаруашылығы
үшін біздің Қазақстанда, оның ішінде Қарағанды облысын
Еуропа елдерінің жерімен салыстыруға болмайды, сонымен
қатар, оңтүстік облыстарда халық жиі орналасқандықтан
ауылдың сақталу деңгейі жоғары.
Мынаны мойындауымыз керек. Нарық экономикасының
негізгі алғы шарттары да молшылық, бәсеке, сапа емес
пе? Ет, сүт, қаймақ, шұжық, қымыз, шұбат, жеміс-жидек
сияқты адам ағзасына пайдалы, әрі сапалы өнімдерден
дүкен сөрелері мен базарды толтырып қойса, кәсіпкерлер
арасында бәсеке туып, баға түспей ме? Қара орман халыққа
бұдан артық не керек? Мал басының кемуі, бәсекенің
жоқтығы, азық-түліктің 70 пайызының сырттан әкелінуі
қымбатшылыққа тіреп отыр. Үкімет бағаның өсуін тоқтатуға
дәрменсіз, өндіріс атаулы толыққанды жұмыс істемеген, тек
қана шикізат сатып, күн көрген ауыл шаруашылғы құрдымға
кеткен елден қандай келешек күтеміз? Ештен кеш жақсы,
бұрынғыдай ауыл затына сай мал бағылып, егін егіліп, қара
жұмыс қайнап жатса жараспай ма? Кейде ойлайсың, «осы
сөзді би де айтады, бидің айтқанын құл да айтады, құлдың
аузының дауасы жоқ» деп,- дұрыс түсініңіздер. Ауылда
қазір мектептен басқа ұжым қалмады. Жастар кетіп жатса,
ол ауылдың мектебі де жабылады. Мектепте бала саны күрт
азайды, осы жағын неге түсінбейміз, ағайын! Үкіметтің
ауылды көркейтуге бөліп отырған қаражатын дұрыс
пайдалану, ұқсату жоққа тән. Көңілдеріне келсе де айтайын,
әкімдердің
ауыл
шаруашылығын
өркендетуге
тигізіп
отырған пайдасы шамалы. «Даяр асқа, тік қасық», барына
риза, жоғына тәубе деп отырады. Әркім өз күн көрісі үшін
мал өсіреді, кезекпен ұйымдасып малын бағады. Бірін-бірі
көре алмаушылықтан дау- дамай туады, ұрлық басталады,
тағысын, тағылар. Малдың өсімі, өлімі ешкімге керегі
жоқ. Қысқаша айтқанда, осының бәрі жастарды ауылда
тұрақтандыруға кері әсерін тигізеді.
Сондықтан менің ойымша мемлекет көрсеткен көмегіне
қарай талап қоюы керек, тез арада әр ауылда ұжымдық
шаруашылық (колхоз) құру туралы реформа болмаса, ауылды
көркейтеміз деген ұран босқа қалады. Бармақ бірікпей,
ине қолға ілікпейді. Әр ауылдың азаматтары, ауылды
жоғалтпайтын жағын ойлап, намыстануы керек. Ауылды
сақтау үшін бір қоғамның астына бірігіп, бір-бірлеріңе
қолұшын созуларың керек. Сонда ғана шаруашылық көзі
ашылып, істерің алға басады. Әрине, қиыншылықтары
да аз емес. Оның бәрін жеңу де оңай емес. Мысалы, жеке
шаруалар техниканы алуға шамасы келмейді, біріксең
шаруаң дөңгелейді, бір ауылдағы бірнеше шаруа иелері
бірігіп, ортасынан бір білімді, қолынан іс келетін маманды
таңдап, басшы сайлап алса оңды болар еді. Мәселенің тағы
бір жағы, адам еңбегінің нәтижесі, іс тетігін мамандар шешеді
ғой. Қазір мал бағатын адам іздеген фермер, кәсіпкерлердің
ақпараттарын газет бетінен жиі кездестіреміз. Еңбек етіп
жүрген майталмандар туралы очерк, мақалалар жоқтың
қасы. Озат, әрі шаруасын дөңгелеткен, халыққа пайдасы
тиіп отырған шаруа қожалықтарының, фермерлердің еңбегін
неге насихаттамасқа? «Еңбекті жырлау азайған заманда,
ұрлықты жырлау көбейеді» депті бір ғұлама. Бүгінгі
сыбайлас жемқорлықтың орын алуы соның кәрі ме деп
қаласың. Кезінде «Социалистік жарыс» ұйымдастырылып,
оның қорытындысы мен еңбек адамын құрметтеудің
шынайы үлгісін көріп едік. Осындайда бұрынғы кәсіподақ
ұйымы, оған басшылық жасаған партия көзге елестейді.
Еңбек адамдарын құрметтеу дәстүрін қайта қалпына келтіру
керек шығар. Еңбек адамдарының шаруасы жүріп жатса,
басшылықтың да, ауылдың да абыройы емес пе.
Ауыл шаруашылығы жеке меншікте болғанымен оның
қожайыны, иесі бар. Қоныстанған жері, ауылы, ауданы
бар емес пе. Тіпті қаланың ішінде де ауыл шаруашылығы
басқармалары бар ғой. Неге сол басқармалар әркімнің жеке
шаруасына араласпағанымен шаруашылық жүргізудің,
дамытудың тетігін жасап, ұсынбасқа? Ондағы істейтін
мамандардың
жауапкершілігін
арттырып,
ақылдаса
келісе отырып, өзінің саласына қарай тапсырма беріп,
орындалысын тексеріп отырса құба-құп. Газет, радио,
телеарнадан журналистер келіп, ауыл шаруашылғы туралы
ақпарат беріп, игілікті шаруаны насихаттап жатса қандай
жарасымды. Мақтау сүймейтін адам болмайды, мұндайда
еңбек адамдарының көңілі марқайып қалмай ма?
Баяғыда еңбек адамдары туралы үгіт-насихат қандай
болып еді? Шіркін-ай десеңізші. Сол кезде шыққан «Ақ
бидай – бүгін шырқар әннің аты», «Ақ мақта», «Жылқышы
әні», «Тракторшы қарындас», «Шопан жыры», «Сауыншы
жеңгей» т.б. толып жатқан әндер шырқалғанда отандық
рухты асқақтатып жіберетін, ауыл еңбеккерлері шаттанушы
еді. Бұл да бір шаруашылықты, ауылды көтерудің саяси мәні
бар насихаты еді.
Елдің ертеңін жалғастыратын жастар. Қазіргі заманда не
көп, оқу орындары көп. Ақылысы бар, гранты бар. Мектеп
бітіргендердің бәрі де жоғары оқу орындарына түскісі
келеді. Ата-аналарының, туған-туыстарының көмегімен
шамасына
қарамай
көпшілігі
қарызданып-қауғаланып
жоғары білім алуды мақсат етіп қояды. Кейбіреулері
көңілі қаламаған мамандықты да оқи береді. «Бітірген соң
көре жатармыз» деген пікірде болады. Студент жоғары
оқу орнында мәңгілік оқи бермейді ғой. Төрт-бес жыл
зулап өте шығады. Әйтеуір, диплом алады. Алғаны неге
керек, мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жатады.
Әр түрлі орта деңгейдегі жұмысқа барғысы келмейді.
Жұмыс берушілердің де өз қағидалары, өз принциптері бар.
Қайтсең де аласың деген заң жоқ. Бұрынғыдай жолдама
беретін министрліктердің де құқығы жоқ. Біздің кезімізде,
1960-1970 жылдары қой шаруашылығы екінші тың деген
бастама көтерілді. Оқу бітіргендерді жолдамамен диплом
бермей, үш жылға жіберетін. Сонда жастар еріксіз жіберген
жерге барып, жұмыс істейтін. Жұртшылық арасында жиі
боламыз. Ақсақалдармен әңгімелескенде жастардың оқу
бітіріп, жұмыссыз жүргендерін жиі естиміз. Біздің де өз пікіріміз бар. Яғни, балалардың қабілетіне қарай белгілі бір мамандыққа бейімдеу керек. Ең қызығы кәсіптік білім алуға ықпал етсе қандай жақсы. Сол ретке қарай жоғары білім алуға да мүмкіндік туады. Кезінде СПТУ, ГПТУ-лардың болғанын білеміз. Олар жастарды әр түрлі мамандыққа баулитын. Мысалы, ер балаларды көлік жөндеуші, дәнекерлеуші, механизатор, жүргізуші, сантехник болуға, қыздарды тігінші, шаштараз, аспаз, басқа мамандықтарға даярлайды. Оның барлығы халыққа аса қажетті мамандықтар болатын. Әсіресе, көл үстінде шағын кемені жүргізетін мамандардың тапшылығынан балық шаруашылығындағы науқандық жұмыстарға қаншама зиян келіп жатыр. Балық шаруашылығы да «онша керегі жоқ» сала болып қалды. Ол туралы үлкен проблемалар өз алдына бір әңгіме. Балық аулауда есеп жоқ, өзен-көл байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Үкімет қаншама пайдадан айырылып жатыр десеңізші. Нарық заманы басталған тұста соның біразынан айырылдық, оқу орындары колледжге ауысқанымен, көп жағдайда олардың бұрынғы өндірістік базалары сақталмай қалды. Шашубай кентіндегі кәсіптік мамандыққа бейімдейтін оқу орнының базасы шашылды. Бұрын СПТУ-да оқитындар да шәкіртақы алатын. Осы орта арнаулы оқу орындарын қалпына келтіруге қазір үлкен мән берілуде. Қажеттіліктен туындап отыр, мәселен «Қазақмыс» корпорациясы қазір Балқаш политехникалық колледжін ашып, өндіріске керекті мамандарын дайындап жатыр. Халыққа арнаған Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономикалық қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек» – деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан, кәсіптік білім беретін оқу орындары жастарға қазіргі сұранысқа байланысты мамандыққа баулуы тиіс. Ел экономикасы жақсарып келе жатқандықтан шәкіртақы төлеу қолға алынғаны жөн. Бұл да шешімін тапса – қамқорлық. Әр азаматқа мамандық алуға қызықтырудың
бір жолы. Халқымыз «кәсіп болмай, нәсіп болмайды» деген.
Қандай да бір мамандық алған адам еш уақытта өкінбейді.
Ол сол кәсіптік салада істесе де, әрі қарай оқып, басқа
мамандық алса да зиянын көрмейді. Қосымша меңгерген
кәсібі келешекте отбасын асырауына да жәрдемін тигізеді.
Бүгінгі таңда жергілікті тұрғындар істейтін жұмысты
көп жағдайда орталық Азиядағы бірқатар мемлекеттерден
келгендер атқарып жүр. Аудандарда да, қалаларда да сырттан
келгендер аз емес, бұл өзіміздің кінәміз. Біздің қыз-жігіттер
«осыны мен істеймін» – десе ешкім олардың қолын қақпайды.
Жергілікті тұрғындар жұмыс орындарынан қағылып отыр.
«Дипломмен ауылға» атты бастама меніңше жастарды онша
қызықтырмай тұр-ау деймін. Ең бірінші жағдай жасалуы
керек, әрине, ауылдық жердегі жағдайды айтып отырмын.
«Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз»- осы сөз бүкіл
қазақтың гүлденуін, өркендеуін тұтастырып тұрған сияқты
болып көрінеді маған. Ауыл шаруашылығы, оның ішінде
мал шаруашылығын өркендету ата-баба кәсібін дамытудың
бірден бір жолы. Күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаев астықты,
өндірісті, облыстарды аралады. Сонда ауыл шаруашылығын
өркендету керектігін, мал тұқымын асылдандырудың өмірдің
қажеттілігінен туындап отырғандығын атап көрсетті. Мал
шаруашылығымен қоса дәнді дақыл өсірумен шұғылдансақ,
ұтарымыз көп емес пе, ой көп, ұсыныс бар. Енді басымыз
бірігіп, нақтылы іске көшкеніміз жөн болар.
– Әңгімеңізге көп рахмет.
“СҰҢҚАРДАЙ ҚОЛДАН ҰШҚАН
ҚИЯДАҒЫ...”
(Қаз-қалпында)
Өмірге келу, бақиға кету бәрі сағыныштан тұрады.
Сағынған жүректердің соңы шаттығы шалқыған
алтын ғұмырға айналады.
Қойын
дәптерден.
Адам ғұмыры, маңдайға жазған пешенесі түп-түгел
сағыныштан тұрады. Біз күні ертең бір-бірімізді іздейміз,
сағынамыз. Тіршілікте бір-бірімізді көрместей ренжісеміз,
өкпелетеміз, соңынан осы әрекетімізді де сағынамыз. Мына
жарық дүние сағыну, өксуден тұратыны сондықтан ба екен?
Ер мінезді, жақсының тұяғы, тектілердің жалғасы Нұркен
Советұлының бақиға кетіп, сағыныш ғұмырға айналғанына
тура бір жыл толып отыр. Пешенеңе не жазса, соны
көресің. Ол небәрі қырық төрт жыл өмір сүрді. Халықтың
перезенті, туған-туыстың таянышы, аяулы ұлы, сүйікті жар,
мейірімді әке болып үлгерді. Жан дүниесі даладай дархан,
достыққа адал, сертке берік, өзіндік пікірі, мінезі бар есіл
ер қапияда ажал құшты. Пікірсіз, өзіндік көзқарасы жоқтар
ешкімге ұқсамайтын асау ғұмыр кеше алмайды. Нұркеннің
де ғұмыры текті тұлпарға ұқсас еді. Ол өмір көкпарына
оқтаудай жаратылып, төрт аяғын тең тастаған сәйгүлік
тұлпарша қосылған-тын.
Биыл отбасы наурыз мерекесін Нұркенсіз қарсы алды...
*** Өзінің еңбек жолын орта мектепті бітірген соң 1983 жылы «Металлург» стадионында жаттықтырушыдан
бастады. Иә, сол 1983-тің қоңыр күзінде әскер қатарында
азаматтық борышын өтеді. 1985 жылы дәм-тұзын үйден
жазып, борышын абыроймен өтеп қайтты. Өмірдің оңы мен
солын тани бастаған бозбала Нұркен Советұлы Алханов
1986 жылдың тұп-тура наурыз мерекесі туғанда ірі өндіріс
орны тау-кен металлургия комбинатының электролит
цехына жұмысқа алынды. Уақыт өте берді, іске мығым,
тапсырылған шаруаны тиянақты орындай білетін Нұркен
Советұлының еңбек соқпағындағы өрлеу баспалдағы
біртін-біртін биіктей берді. Мысты электролиздеу цехында
жоғары санаттағы маман ретінде құрметке бөленді. Сөйтіп,
«Казцветметремонт» мамандандырылған құрылыс жөндеу
басқармасына өзінің алтын қолды маман екендігін тағы бір
сынап көрді. Уақыт не нәрсеге де төреші. 1990 жылы сәуір
айында облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі
мекемесіне орналасты. Осы салада табан аудармай жиырма
жылдай қызмет етті. Жоғары оқу орнын бітірді. Иығына
жұлдыз тағатын дәрежесі де өсіп, майор шеніне жетті. Соңғы
қызметі – Приозерск қаласындағы өрт сөндіру мекемесінің
бастығы.
*** – Нұркенімнен қапыда айырылып қаламын деп ойладым ба. Тағдырдың жазуы ғой. Келін болып түскен жерім тектінің отбасы еді. Менің жолдасым Совет әйгілі Орманбет бидің ұрпағы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың шәкірті, тұлғалы ақын Нарманбеттің жетінші ұрпағы еді, – дейді Нұркеннің анасы Күлзада Сүндетбайқызы. – Нұркеннің әкесі Совет ағамыздың қайтқанына көп уақыт болды ма? – Бәрі де күні кешегідей есімде ғой, қарағым. 1972 жылы 15 мамырда қайтыс болды, Совет ағаң. Шахтыда істейтін, ол кезде Шығыс Қоңырат шахтысы атағы алысқа кетіп, дүрілдеп тұрды ғой. Сол шахтыдағы апаттан кетті. Небәрі жеті жыл бірге тұрдық, 27 жасымда үш баламен жесір қалдым. Нұркеннің әкесі Совет отыз жастан енді ғана асқан-
тын. Үлкеніміз Нұркен, одан кейін Гүлнара, Марина. – Нұркеннің әкесі қандай жан еді? – Е, қарағым-ай несін айтасың, мен үшін жігіттің төресі болатын, келбетті, сұлу еді. Нұркенім де әкесінен аумайды. Сертіне берік, берген уәдесінде тұруды өмірлік мұраты еткен жан болатын. Кімге болсын қолұшын беруге даяр, қамқоршы еді. Жалғыз ұлы Нұркен дәл өзіндей болып өсті. Қоғамшыл, көпшіл болды. – Күлзада апай, болған іске болаттай берік болыңыз. Тағдырдың жазуына кім қорсы тұра алады. – Сабырлыққа шақырғаныңа рахмет, қарағым. Жалғызымның ажалы судан келді. Айтып келмейтін ажал ғой, бізді тастап кеткеніне тұп-тура бір жыл толып отыр. Әлі де алаңдаймын, әне-міне есіктен Нұркенім кіріп келетіндей сезінемін. Соңында төрт ұлы қалды, тәубе деймін. Үлкені Арнұр жоғары оқу орнын бітірді, маман, Елнұры әке жолын қуды, Дарханы 9 сыныпта оқиды. Осы Дархан атасы Советтен аумайды, кішісі Нұрбол екі жарым жаста. Келінім Нәсіп текті жердің қызы, осылардың амандығын, тілеуін тілеймін. Нұркенім көрмеген қызықты, ұзақ ғұмырды осы құлындарыма берсе екен деп Алладан күні-түні тілеймін.
*** Күлзада апамыз өндірістегі Шихта дайындау цехында жұмыс істеді. Ең ауыр цех, Советтен қалған үш тұяқты жеткізу керек болды. Осы өндірісте 27 жыл еңбек етті. Аэропорт жақта бау-бақша салды, өнім жинады. Жұмыстан кейін шиеттей жас балаларды үйге тастап, бау-бақшаға тартады. Қатарынан қалдырмай үшеуін жеткізді. Баласы үшін омырауын идіріп, түн ұйқысын төрт бөлген қасиетті аналар-ай. Оның ішінде қазақтың әйел-аналарының еңбегі ерлікке пара-пар ғой.
Нұркен Советұлы Алханов ұжымды ізгілікке бастады. Татулық, өзара түсіністік ахуалында басқара білді. Ешкімді бөле-жара қарамады. Өз ісін үлкен жауапкершілікпен атқаратындарды жанындай жақсы көрді. Оларға құрметпен қарады. Ұжымның шын мәнісінде жетекшісі, қамқоршысы болды. Ал, өзінің жоғарыдағы әкімшіліктен алған алғысы бір төбе, сый-құрметке бөленді. Нұркеннің еңбек кітапшасына үңіле отырып, осыған көз жеткіздік. Нұркеннің бойында ата-бабаларымыздан қалған салсерілік басым еді. Шаршы топта сөз бастайтын, мұндайда қызыл тілді төгіп-төгіп жіберетін. Бір балуандай күресті. Ал, аңға шығу, серуен құру оның жан дүниесін үнемі байытып отыратын. Қатар жүрген достары, қимастары Нұркеннің адамгершілік, кісілік қасиетін жылдық асында өзектері өртене отырып айтты, жиналғандарға жеткізді. – Әкеміз Елнұр екеумізді қасынан тастамады, ертіп жүрді, ақыл-кеңесі бүгінде құлағымда жаңғырып тұр. Ең бірінші бізге мылтық атуды үйретті,- дейді үлкен ұлы Арнұр әкесін сағынышпен еске ала отырып. Осындайда еске түседі. Мұххамед Пайғамбардың хадисінде балаларыңа ең алдымен садақ, мылтық атуды үйретіңдер деген қағида бар. *** Нұркеннің тағы бір атасы журналист-ақын Қасым Орманбетов – Нарманбет ақынның немересі. Былтыр күзде Нұркен баласын жоқтап, Совет Алхановтың қара шаңырағына атбасын тіреді. Нұркеннің анасы Күлзада, зайыбы Нәсіп, атасы Қасымның қайғысын бөлісіп, жандарында болдым. Нұркеннің атасы Нарманбет ақын айтқан ғой: Талпынған жас балапан ұядағы, Адамның жалғыз үміт тиянағы. Жас өмір, жақсы дәурен қайтып келмес, Сұңқардай қолдан ұшқан қиядағы.
Абай бабамыз айтқандай, сабыр етсек керек-ті, Күлзада
апа. Нұркеніңіз сағынышқа айналып, сұңқар боп ұшты.
Соңында қалған асыл тұяқтарға бүкіл тілеулестеріңіз болып,
ұзақ ғұмыр, береке-бірлік тілейміз.
МАЙДАН ДАЛАСЫНЫҢ
ЖАУЫНГЕРЛЕРІ
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына жарты ғасырдан асса
да оның жаңғырығы әлі де басылып біткен жоқ. Жылдар өтер,
не нәрсе орнына келер, алайда, соғыс зардабы оңайлықпен
әркімнің жанынан өше қоймайтыны анық. Жақынынан,
туғанынан айырған соғыстың қанды майдан жорықтары,
зеңбірек запылы әлі де алыстан, тым алыстан естілгендей
болып тұрады. Жастық жалынын майдан даласында өткізген
ардагерлерді
көргенде
осындай
күйде
болатынымыз
шындық.
Облыстық
мәслихаттың
депутаты
Айман
Бекболатқызы Түкбаева өз ынтасымен елді-мекендердегі
соғыс ардагерлерінің қал-жағдайын біліп, сәлем беріп тұруды
дәстүрге айналдырған. Жуырда Тораңғылық қонысындағы
соғыс ардагері Вячеслав Франсович Осемлякпен кездесіп,
жағдай сұрасты. Кездесуге Тораңғылық селолық округының
әкімі Темір Жармалинов ұйтқы болды.
– Сіздер жеңісті жақындаттыңыздар. Сол үшін бүгінгі
ұрпақ бас иеді, құрмет тұтады. Соғыстан кейін де халық
шаруашылығын көтеруге үлес қостыңыздар. Оны кейінгі
буын ұмытпайды. Ұмытпаймыз да, сол ізгіліктің нәтижесінде
үйіңізге соғып, Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында құттықтап
кетуді жөн көрдік. Қабыл алыңыз, амандық болса 9 мамырда
да кездесеміз, сол күнге жеткізуге жазсын. Елбасы Н.Ә.
Назарбаев өз тарапынан соғыс ардагерлеріне қамқорлық жасау үстінде. Бір мезгілде 65 мың теңге қаражат бөліп отыр. Әрине, сіздердің еңбектеріңізді қаржымен ақтай алмаймыз. Дегенмен, ықыласниетімізді қабыл алыңыз деді, – өз сөзінде Айман Бекболатқызы. – Рас айтасыздар, жастық кезеңіміз майдан даласында өтті, мен өзім Башқұртстанда қызмет етіп жүргенмін. Сол жақтан майданға жіберді ғой. Украина майданында болдық. Қиыр Шығыстағы соғысқа да атсалыстық. Манчужрияда болдық, ал, Жеңісті Байкал көлінің жағалауында қарсы алдық. – Соғыстан кейін қайда тоқтадыңыз? –Отбасыма 1950 жылы оралдым. Қарағанды қаласында 45 жыл өмір сүрдім. Соңғы күндерімді Тораңғылық қонысында өткізіп келемін. Мұнда бүкіл одаққа әйгілі құс фабрикасы болды, әр ұлттың өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ғұмыр кешті. Келгендеріңізге рахмет, ұмытпай соғыс ардагері бар-ау деп, – ат басын бұрғандарыңызға ризашылығымды білдіремін, – деді соғыс ардагері Вячеслав Франсович. Соғыс ардагеріне Айман Бекболатқызы қазақы дәстүр бойынша сый-сияпат көрсетті. *** Майдан даласының жауынгері Иван Павлович Щербавой Ақтөбе облысында туып өскен. 1923 жылы дүние есігін ашқан Иван Павлович тағдырдың жазуымен 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық әскери комиссары арқылы майданға алынады. Жастық жалыны жалындаған Иван Павлович әуелде ІІ Украин майданында соғысқа кіреді. Қатардағы жауынгерден сержанттыққа көтерілген ол кейіннен ІІІ Украин майданында барлаушылық міндетті атқарады. Ардагер «Сталинградты қорғағаны үшін», «Будапешт, Вена қалаларын азат еткені үшін медалдарымен наградталады. Сөйтіп, 1947 жылы Қазақстанға оралады. Саршыған теміржол торабында тепловоз машинисі болып зейнет жасына шыққанға дейін еңбек етеді.
– Мына бір оқиға күні бүгінге дейін есімнен кетпейді.
Қуанышты сәт, майдан даласына Украинада жүргенде Роза
Бағланова келді. Көп-көп ән шырқады, сонда біз «Ах, Самара
городок» әнінің сөзін жазып алып, қолма- қол үйреніп, бүкіл
әскер болып айтып жүрдік. Солдаттарға жігер берді осы
ән, соғыс аяқталғаннан кейін екі жыл пулемет жөндеуші
шебер болдым. Арнайы курстан өттім. Айта берсе әңгіме
көп, соғыстың жаңғырығы, ауыр ауыр соққылар, азалы ащы
үннің шуылы дәл құлағымның түбінен бүгінде естілгендей
болып тұрады, – дейді Иван Павлович.
Саршыған қонысында тұратын Евгения Антоновна
Чугай қатардағы жауынгер. Майдан даласына 1942 жылы
Минск әскери комиссариаты арқылы шақырылған. Беларусь
майданында медбибі қызметін атқарған. «Жауынгерлік
ерлігі үшін», «ІІ категориялы Отан соғысы» медалдарымен
марапатталған. Соғыстан кейінгі барлық мерейтойлық
медалдарды иеленген. 1945 жылы соғыстан оралып, тағдыр
оның кейінгі ғұмырын Саршығандағы теміржолмен тығыз
байланыстырды. Осында ол ұзақ жыл байланыс саласында
еңбек етті. Абыройлы болды, 1992 жылы зейнетке шықты.
Ақтоғай аудандық «НұрОтан» ХДП-сы төрағасының
бірінші орынбасары Саят Қалияқас, облыстық мәслихаттың
депутаты Айман Түкбай ардагерлерді арнайы құттықтап,
сый-сияпат тапсырды. Айман Бекболатқызы жергілікті
кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, ардагерлерге
демеушілік көрсетіп отыруды назардан тыс қалдырмайды.
Бұл жолы да солай болды. Оларға тәтті тағам ұсынылды,
иықтарына шапан жауып, костюм кигізді. Бәрі де көңіл ғой,
нарық жағдайында бір-бірімізге көңіл жетпей жатады.
Ардагерлерге қамқорлықты одан әрі жалғастырамыз,
әлеуметтік көмек көрсетіледі, кейбір сын-ескертпелерді
дұрыс қабылдап отырмыз. Мәселен, Евгения Антоновнаның
пәтеріне жөндеу жүргізу керек, мұны теміржол саласының
басшылары өз мойындарына алып отыр. Басқа да атқаратын
шаруалар көп дейді,- Саршыған кентінің әкімі Исахан
Наурызбаев.
Майдан
даласында
ауыр
күндерді
өткерген
жауынгерлердің тілеуі, ізгі ниеті, Отанның тыныштығы,
Қазақстанның жарқын болашағы. Олардың әрбір тартымды
әңгімесі бүгінгі ұрпақты отандық рухта тәрбиеленуге
жетелейтіні сөзсіз. Осындағы орта мектептің ұжымы қарт
жауынгерлермен кездесу өткізіп, әңгіме-дүкен құрып,
мерекені рухани сұхбатпен қарсы алуды ұйғарып отыр.
МӘКЕН АПА
Бірде Ақтоғайда туып өскен Балғабек Рамазанов
ағамыздың үйінде болдық. Өмір ағысы ғой. Сонда ағамыздың
өмірлік жары, Мәкен апайдың қолынан дәм таттық.
Салмақты, салиқалы, сөзге сараң, дастарханы жаюлы, қолы
ашық, мейірімді жан болып көрінген. Дүниеге 8 бала әкеліп,
ағамыз екеуі тәрбиелеп өсірді, ер жеткізді. Оқытып, өмір
соқпағына салып берді. Әдетте, мұндай аналарды алтын
құрсақты ана деп, бабаларымыз орынды құрмет тұтқан.
Әңгімеге арқау болып отырған Мәкен Әділбекқызы өзінің
саналы ғұмырын банк саласында өткізген, есепші-кассир
болған. Мұныңыз оңай жұмыс емес, әр тиынды есептеп,
қаржыны тиісті орынға жөнелтіп отыру асқан төзімділікті
қажет етеді. Ертеде жалақыны бүгінгідей бонкоматтан емес,
есепші-кассирдің қолынан алатын. Кейде еңбекақы алудың
өзіне ұзыннан-ұзақ кезекке тұрады. Міне, осы шаруаны
Мәкен апай мүлтіксіз атқарып, 20 жыл Ақтоғай аудандық
банкіcінде абыройлы қызмет істеді.
– Дәм тартса болмайды екен, 1977 жылы Балқаш қаласына
көшіп келдік. Ірі өндіріс орны комбинатта жұмыс істедім.
Содан 1993 жылы зейнетке шықтым. Ақтоғайда банкіде
Аққыз, Күлзия, Күлайым есімді замандастарыммен бірге қызмет жасадым. – .Ол кездегі уақыт, қазіргі үрдісті салыстырып көрдіңіз бе? – Айырмашылығы көп қой, қарағым, бала дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай жұмысқа шыға беретінбіз. Әр жас отбасының ата-аналары болды, сол үлкендер ие болады. Бала-бақша жоқ, біздің қатарластарымыз бала-шағасын солай өсірді. – Сізді жалайырдың қызы дейді, бұл жаққа қалай келгенсіздер? – Ертеде Талдықорған жақтан Ақтоғайға төрелер ат басын бұрған ғой, біздің әкей де сол көшпен бірге келсе керек. Өмір бойы жылқышы болды. Анамның аты Шолпан. Үйіміз қасиетті Ақтоғайдың маңында тұрды, әкей жылқы бақты. ***
-– Мәкен апайдың қысқа тұжырымы осы болды. Ағамыз
Балғабек екеуі 1946-1947 жылдарда 1 сыныпқа барады. 1957
жылдары онжылдықты бітіреді. Ол кезде Ақтоғайда Горкий
атындағы мектептің аты алысқа кетіп тұрған-тын. Ауылдық
жерде жоғары білім беретін мектеп жоққа тән. Сондықтан,
бүкіл колхоздан келген жоғары сынып оқушылары осы
Ақтоғайда тоқайласады. Әңгімеге Балғабек ағамыз араласты.
– Бір сыныпта 90 бала оқыдық, отыз отыздан бөліп
тастаған. Мына отырған Мәкен апаңмен бір партада отырдық.
Сыныптаспыз, бірге оқығандардан Боранқұл, Бекен, Зекен,
Ғинаяттармен қатты сыйлас болдық. Апаңның әкесі Әділбек
оның туысы Сәтбек деген қадірлес жандар болатын. Әділбек
атамның ұлы да қызы да осы – Мәкен апаң. Сәтбектің
қызы Сәкен Мәкенмен замандас. Отасқанымызға 50 жыл
толады. Мен әкеден жалғыз болдым, бұл да жалғыз. Аллаға
мың шүкіршілік етемін. Әмсе Отанның амандығын, елдің
тыныштығын тілеймін. Аһарлы-шаһарлы әулет болдым,
25 немере сүйдім, шөберелерім бар. Бұдан артық не керек,
бәлкім, отбасы бақыты осы болар. Соның барлығы осы
Мәкен апаңның арқасы.
Адамдардың арасындағы сыйластық, өзара түсіністік
береке-бірлігіңді арттырады, маңайыңа қадірлі етеді. Мәкен
апайдың ішкі жан дүниесі тек мейірім, сыйластықтан тұрады
ғой деп ойлаймыз. Күллі немерелері осы үйден өрбіп, өсіп,
мектепке аттанып жатады. Демалыс күндері атасының
үйінде асыр салып, біраз «шайқайтыны» бар. «Балалы
үй базар» деген ғой. Ал, атақты Бауыржан Момышұлы
«баланың шуылынан артық жақсы әуенді естігенім жоқ» деп
ұлағатты сөзін тастайды артына. Балаларының үлкені Серік,
оның жолдасы Айман. Апай сөз арасында Айгүл, Нұргүл,
Меруерт, Мәншүк, Жазгүл есімді келіндерінің үлгілі-өнегелі
отбасынан шыққан, биязы мінезді қазақ қыздары екенін
мақтанышпен айтады. Ал, өз балалалары Берік, Ерлік, Ардақ,
Жібек, Айгүл, Теңлік, Ермек болса тиісті мамандықтарын
алды, өмірден өз жолдарын тапты.
Өмірде не қадірлі, не тәтті деп ойлайсыз? – дейміз
Балғабек ағаға.
Өмірде ең қадірлісі сыйластық, қарақтарым. Бір-біріңді
сыйласаң қартаймайсың. Ауырдық, сырқаттандық соның
бәрін сыйластық, қимастық арқылы жеңгеніміз бар.
Мектепте бір сыныпта оқыдыңыздар, бір партада
отырдыңыздар, одан кейін қосылдыңыздар. Мұндай жәйт
сирек кездеседі ғой.
– Менің жасым құдайға шүкір 70-тен асты, апаң да сол
шамада. Бір класта оқыдық, қадірлес, сыйлас болдық.
Оның соңы түтін түтетіп, отау құруға ұласты. Әнеу
күні теледидардан бір ән естідім, «ең алғашқы махаббат
басталады партадан», – деп айтылатын. Бәлкім, біздің
сүйіспеншілік те солай басталған шығар. Ол кезде заманның
ауыр кезеңі, соғыстан күйзелген ел еңсесін енді-енді көтеріп
келе жатты. Соның өзінде жастардың, үлкендердің отандық
рухы асқақ, биік болатын. Қиыншылықтан қаймықпадық,
төзуге жеңуге ұмтылдық. Әр нәрсені білмекке құмар болдық.
Ізгілік, жақсылық атаулыға жан дүниеміз жақын тұратын.
Біз осылай тәрбиелендік. Сол ізгілікті шамамыз келгенше
Мәкен апаң екеуміз балаларға дарытуға, беруге ұмтылдық.,–
дейді сөз арасында Балғабек аға.
– Балғабек аға мен Мәкен апайдың шаңырақ көтергеніне
елу жыл толады. Жарты ғасыр ғой. Қарапайым ғұмыр, бірақ,
басқаға үлгі боларлық өмір соқпағы. Кейде адамдардың
парасат биігін атқарған қызметіне қарап, өлшеп-пішіп
жатамыз. Біз ол ойдан аулақ болдық. Қатардағы еңбек
адамдары шындығында уәдеге берік, таза, ағайын-туысқа
қадірлес келеді. Осы қағиданы мықтап ұстауға өздері де ант
еткен секілді. Балғабек ағамыз өмір бойы жол үстінде жүрді,
жүргізуші болды.
–Қарақтарым, биыл Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге
19 жыл толады. Ата-бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздік
осы. Өз қолымыз өз аузымызға жетті, қадірлей біліңдер.
Біздің ең негізгі ұлы мерекеміз осы – Тәуелсіздік. Астанада
дүниежүзілік бас қосу өткізілейін деп жатыр екен, елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен шалым да, мен де
құрдаспыз, бір жылдың төліміз. Әмсе ол кісіге мықты
денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Қазақты жер жүзіне
танытамын деп, ақыл парасатымен жар құлағы жастыққа
тимей жүр ғой. Қазақтың болашағы әлі алда. Сол жарқын
күнді келешек ұрпақ көретін болады. Аналық ақ тілегім осы,
– дейді Мәкен апай бізбен әңгімесінде.
– Күрең күз, Мәкен апайдың сүт қатқан күрең шайын
ішіп, сыртқа беттедік. Өмірдің мұндай күзін Мәкен апаймен
елу жыл бірге өткізіп келе жатқан асыл жар, балаларының
сүйікті әкесі Балғабек ақсақал есік алдына дейін ағалық
пейілмен шығарып салды.
АДАМЗАТТЫҢ ӘЛИХАНЫ
1937 жылы 27 қыркүйекте Мәскеудің Бутырка
түрмесінде атылды
Қоңыр күз.Алаштың үш арысы туған Ақтоғай табиғаттың
осынау тамаша кезінде өзгеше күйге еніп, төңірек алтын
түстес сарғыш күйге ене бастаған. Табиғаттың әдемілігі
осындайда адамдардың көтеріңкі көңіл күйімен ұштасып,
қиялыңды асқақтатады, ізгі ниеттерге бастайды. Алматы
жақтан адамзаттың Әлиханының туған інісі Смахан төренің
кенже ұлы Балабаршын ақсақал ата бабасының кіндік қаны
тамған жерге келіп кетуді ұйғарыпты. Ақтоғай ауданының
әкімі Салтанат Әбеуова бастаған ел азаматтары асылдың
тұяғын қарсы алуға, ата-бабасының туған жеріне тағзым
етуге ұйтқы болды.
Қоңыр күздің жаймашуақ күндері жан дүниеңді
жадыратады. Көңіл шіркін алып ұшады. Сонау көз ұшында
Ақсораң маңғазданып көрініп тұр. Бер жағында әйгілі
Бегазы шыңы көңіл тербетеді. Одан төменде Жіңішке өзені
сынапша сырғып ағып жатыр. Дәл осы өзеннің іргесінде
атақты Талдыбейіт – төрелердің зираты тұр. Одан әрі Желтау.
Әлиханның кіндік қаны тамып, әлемге сапар шеккен киелі
мекені осы жер.
Сәл шегініс жасайық. Әлихан Бөкейхановтың өмірі
тар жол, тайғақ кешуге толы. Ал, рухани күштің қашан
да пәрменді болатыны әмбеге аян. Осы ниетте Әлекең
1913 жылы жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырып
шығарады. Дәл осы ұлттық бағыттағы газет А.Байтұрсынов
пен М.Дулатұлының шығармашылық ізденісі, асқан қажыр-
қайратының арқасында 1918 жылға дейін жарық көрген
екен. Сонда ғой, данышпан Әлекең былай дейді «Өзінің
тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел
қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп,не қойғандығын
білмейді. Келешекте басына қандай күн туатындығына көз
жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің
тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға қолайлы
болып тұрады» дейді. Байқап отырғанымыздай, газеттің
негізгі идеясы Әлихан Нұрмұхамедұлынан басталып тұр.
Тарих тілі баяндағандай, 1905 жылғы идея тек 1913 жылы
іске асқан. Небәрі 6 жылдың ішінде газет насихаты арқылы
қазақ халқының рухани алға ілгерілеуіне, сілкініс жасауына
ұйтқы болған. Тағы да тарихи шындыққа жүгінейік. Сол
тұста шыққан газеттерде Ә. Бөкейхановтың 200-ден аса
еңбегі жарияланған. Демек, Әлекеңнің өзі газетке идея
беруші ғана емес, қалам қуатымен үлес қосқан, қаржысын
да аямаған. Әлекеңнің өмірін, шығармашылығын, саяси
күресін зерттеуші ғалымдар осындай дәйектерді көлденең
тартады.
Әлекеңнің серіктестері қашан да ұлттық мәселені
бірінші орынға қойды. Сол жолда өздерін құрбан етті.
Алаш арыстарынан жиналған 12 азамат Ресей мемлекеттік
Думасына депутат болып сайланады. Тарихи деректерге
жүгінейік. Сондағы 1 Думаға депутат болу Әлекеңе
бұйырған. Заманның құбылып тұрған кезі ғой, 1907 жылы
патша әкімшілігі қабылдаған заңда Ресейдің қол астындағы
бұратана ел ретінде танылған халық өкілінің Думаға
депутат болу құқығын айырады. Заман-ай десеңізші.
Бұратана деп танылған халықтың ішінде заманынан озып
туған қазақтың Әлиханы да бар ғой. Әлекеңнің ақыл- ойы,
көрегенділігі, білімі кімнен кем еді сол заманда? Әлекең
осындай кереғар көріністі сынай отырып, «Ресей 1905 жылы
алғаш және соңғы рет европа болды» деген екен. Әлекең
Дума тарағанан кейін Финляндияға да ат ізін салған, өзінің
Алашорда үкіметінің жоспар мүддесін жүзеге асыру үшін
барады. Тағы да еркін ойлы Әлекең осы әрекеті үшін де үш
айға түрмеге жабылады. Семейдегі түрмеде отырғанда да
орыс отаршыларына деген қарсылыған тоқтатпады. Тарихқа
сүйенсек, 1907 жылдың 3 маусымындағы заң қазақ халқын
сайлау құқығынан айырды. Сөйтіп, 4,5 млн. қазақ әрі-сәрі
күйге түсті. Қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алған соң
мемлекеттік Думаға қатысуын да артық деп санағаны ғой.
Әлекең Семей түрмесінен босағаннан кейін 1909-1917
жылдары Самараға жер аударылады. Тарихи дерек Әлекеңнің
1914 жылы мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының
ұйымдастыруымен шақырылған бүкіл ресейлік мұсылман
съезіне қатысқанын айғақтайды. Бір айта кетерлігі,
Ресейдегі сол тұңғыш мұсылман ұлттарының құрылтайында
– мұсылман ұлттарының тәуелсіздік алу қажеттігі, бөлініп
шығуы, жеке ел болу мәселесі күн тәртібіне қойылады. Осы
құрылтайда Жаһанша Досмұхамедов құрылтай төрағасының
орынбасары болып сайланған екен. Қазақ зиялыларының,
соның ішінде Алаш қайраткерлерінің белсенділігі осы
құрылтайда жаңа қырынан танылады.
Қазіргінің
ауызды,
орақ
тілді
шешені,
Ақтоғайдағыархеологиялық-этнографиялық мұражайының
директоры Тұңғышбай Мұқан мырза былай дейді.
–Былтырғы
жылы
Астанада
Ә.Бөкейхановқа
арналған ғылыми теориялық конференция өткізілді. Осы
конференцияның 1 бөлімінде Әлекеңнің саяси қызметі
жөнінде әңгіме қозғалды. Екінші кезеңде ас беріліп, құран
оқылды. Соның басы-қасында жүрген «НұрОтан» ХДП
хатшысы Ерлан Карин ініміз. Ойды ой қозғайды дейді, –
Тұңғышбай мырза, – Нұрмұхамедтің әйелі Бегім ханым
Тобықты руынан. Абай ауданында «Әлихан жазығы»
деген жер бар екен. Кезінде Әлекең нағашылап барғанда,
ат жарыстырып, той жасаған, Әлекең келді деп құрмет
көрсеткен. Содан «Әлихан жазығы» аталған. Әлекеңнің
көрегенділігі, данышпандығын ешкім де жеріне жеткізе
айта алмай келеді. Таусылып бітпейтін, телегей-теңіз
дерсің. Әлекең терекке дейін өсіріп кеткен, егін салғызған,
менің осы өсиетімді орындаңдар, жалғастырыңдар деген.
Талдыбейіттегі ағаш әлі күнге дейін сол қалпында өсіп тұр.
Көптен бері жүрегімде бір ой жүруші еді. Әлекеңнің аруағын
асқақтату ақтоғайлықтар үшін мәртебе. Сондықтан, ата-
бабасының қорымын бұрынғы қалпын бұзбай, сол күйінде
сақтай отырып реставрация жасауға бастама көтердім.
Жігіттер уәдесінде тұрды, мазардың төңірегі қайтадан
қоршалды, мемлекет ақша бөлді. Былтырғы жылы Ерлан
Карин бауырымыз Алаштың үш арысының Отанына ат
басын тіреді. Негізгі жоспары түркі дәуірінің таңбалы тасын
зерттеу,біз айттық Ерлан бауырға. Атақты Бөкейхановтың
ата-бабаларының зираты осы өңірде, соған апарайық, сізді
дедік. Ұзақ ойланып тұрды да, – мен түркі дәуірінің таңбалы
тастарын іздеп жүрмін. Сөйте жүріп Әлекеңніңғң басына
соға кеткенім дұрыс болмас, арнайы келуім керек – деп
қайтып кетті.
Қызмет бабы мойын бұрғыза ма, қайтіп келер ме, келмес
пе екен деген ойдың қылаң бергені де шындық. Бір күні ойда
жоқта Ерлан бауыр телефон соқты.
– Тұңғыш аға, мен Әлекеңнің басына келе жатырмын,
жолға шықтым, – дейді. Күтіп алдық. Жаны жайдары, мінезі
жұмсақ, көпшіл жігіт, білімді, мәдениетті. Даланың көдесі
ДЖИП машинасының астына оралып, қауіп-қатер туғызады.
Бірнеше көлік осындай жағдайдан өртеніп те кеткені бар.
Әлсін-әлсін астынан көдені алып, тазалап отыру керек.
– Ерлан бауыр, мына көдені тазалап отырайық десем, –
ештеңе етпейді, Әлекеңнің аруағы қолдайды – деп жұмыс
сапарын әрі қарай жалғастырады.
Тұқаң тыныстап алып, әңгімесін әрі қарай сабақтады.
– Әлекеңнің 1937 жылы 27 қыркүиекте атылғанын
білесіздер. Осыған орай Әлекеңнің ата-бабалары
мәңгілік мекен еткен қорымды «Мәдени мұра» бағдарламасы
аясында қамқорлыққа алдық. Нақтылай айтсақ, 2011 жылы
Қарағанды облысы, мәдениет басқармасының жанындағы
тарихи
ескерткіштерді
қорғау
инспекциясы
арнайы
бөлінген 3,5 млн. қаржыға қоршау жүргізді. Ол қоршау
әлемдік талғамға сай келетін жабдықтан жасалды. Мазарды
өзгертуге болмайды. Мазардың сыртқы түбі бетонмен
қапталды. Мазардың жиегіне Әлекеңнің өзінің ата-бабалары
мекен еткен Желтаудың жалпақ қалақ тастарынан төсеніш
жасалынды. Әлекеңнің туған жері Желтаудың төңірегінде
ата-бабалары Нұрмұхаммедтің, Мырзатайдың сонау көне
заманнан бері қарай 5-6 қыстақтары болған екен. Сол
қыстақтың қайсысын таңдап алу керек, анықтаған жөн.
Алматыдағы Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институт
директорының орынбасары Арман Бейсенов келді. Оның
жанына тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамының төрағасы
Түлкібай Төлеуов ілесті. Ғалымдар зерттеу жүргізді,
Әлекеңнің ата-бабалары мекен еткен 4 қыстақтың орнынан
«Мұқанның қорасы» деп аталған Желтаудың баурайындағы
қасиетті орын таңдап алынды. Ел аузынан естіген Әлекең
отырған таңбалы тас та осы жерде. Неге таңдап алынды?
Себебі бұл жердегі қорымның орны революцияға дейінгі
19 ғасырда тартылып,салынғандығы өз деректерімен
айғақталды. Ғылыми тұрғыда дәлелденгендіктен осы жер,
яғни Жекежал Әлекеңнің кіндік қаны тамған орын деп
белгіленді. Екінші бір тарихи деректе Әлекеңнің туған жері
Жекежал деп аталады екен. Сол Жекежал тура Қасым қорасы
деп аталған 4 қыстаудың ішінде Желтаудың солтүстік
теріскей батысындағы бірінші қатардағы қыстақ болып тұр.
Қасым қорасынан алыс емес. Жалпы, осы төңіректің бәрін
«Қасым қорасы» деп атайды.
– Осы төңіректі Қасым төре мекендеген, ол да Әлекеңнің
арғы бабасы деген сөз бар, шындыққа жанаса ма?
– Негізі төре тұқымында Қасым есімді кісі болған. Бірақ,
арғы ғасырда болса керек. Әлекеңнің әкесі Нұрмұхамедті
елдің бәрі Мұқан деп атап кеткен ғой. Бұл жерде қасиетті
құстас бар. Үлкен бұлақ бар. Ал, қалған төңіректе бұлақ,
тарихи ескерткіштер жоқ. «Қасым қорасы» кеңес кезінде
шопандардың қыстауы болды. Ғалымдардың айтуы бойынша
кейінгі кірпіштен салынған қора, тұрғын үй кеңестік дәуірде
қаланған құрылыс екен.
Тілге жүйрік, көкейге келген ой-пікірін кестелеп, төгіп
тастайтын Тұңғыш аға әңгімені одан әрі жалғастырды. Біз
ауызына қарап қалыппыз.
– Нұрмұхамед төренің мөлдір бұлақты сулы, құнарлы
жерде отыруы әбден мүмкін. Көптеген тарихи деректерде
Әлекең ауылға келген кезде төбесіне шығып отыратын үлкен қара тас болған дейді. Сол қара тас осы қыстақта ғана тұр. Тұқаң жол бастады. Аудан әкімдігінің жігіттері Қайрат, Сайлау, Самат, редактор Мүсіркеп,Әлекеңнің тағы бір ұрпағы Қазыбек,жас журналист Қуаныш, жастар жетекшісі Әлішер Балабаршын ағамызды қолтықтап алған. Ата-бабасының қыстауына табаны тиген соң Балабаршын ағамыз да тіптен жадырай түсті. Осы жерде Әлекең мектеп ашқан. Мына төменгі Тоқырауын өзенінің жағасында Қарасуда Бижанның Қасені де мектеп ашқан. «Әлихан бала оқытып жатыр» деген хабарды естіген соң сол Бижанның Қасені осы мектепке оқулықтар әкеліп тапсырған. Көріп тұрғандай,ескі қыстаудың орны әжептеуір ауыл болғанын көрсетеді. Әлекең отырған құс тастың басына шықтық. Сонау көз ұшында көлбей жатқан Қызыларай, Бегазы таулары алақанға салғандай анық көрінеді. Іргеде атақты Керегетас тұр. Оның ар жағында Майлықтың қара шоқысы, одан әрі көз салсаңыз Қаршығалы тауларын да байқай аласыз. Дәл осы арада отырып Әлекең бүкіл әлемді көңіл елегінен өткізіп, шолып отырған ғой. *** Асылдың сынығы Балабаршын Смаханұлы Талдыбейіттің басына барғанда шешіліп біраз мәселені жүиелеп айтып берді. Талдыбейітте кімдер жатыр? Құлпытастағы жазулар нендей сыр шертеді? Осының бәріне Балабаршын ағамыз тиянақты жауап берді. Қолындағы қағазды анда-санда мұқият қарап қояды. – Мен күнде келе бермеймін. Әлекеңнің ата-бабалары осы Талдыбейітте жатыр ғой. Кейінгі ұрпаққа жәдігер болсын, білгенімді айтайын, қағазға түсіргенім де бар. – Біз тұрған жердің Талдыбейіт деп аталуының да өзіндік тарихы бар.Әкесінің қазасы туралы хабар жеткенде, Омбыда қызметте жүріп, әкесіне топырақ сала алмаған үлкен ұлы Әлихан, кештетіп келіп,бейіт басына сонау Бразилияда өсетін ағаштың үш түп жас шыбығын әкеліп отырғызған
екен. Содан әкесінің бейіті тұрған жер Талдыбейіт аталып
кеткен. Ал, ормантанушы ғалым отырғызған ағаш осы күнге
дейін өсіп тұр. Әлекеңнің әулеті жайлы әңгіме қозғалғанда,
сонау Шыңғысханнан бастау алатын төре әулетінің 23-ші
ұрпағы екенін естен шығармауымыз абзал. Дүниежүзілік
Шығыстану
зерттеушілерінің
ғылыми
еңбектерінде
дәлелденген.
Атақты Барақ сұлтанның баласы Бөкейхан. Бөкейханның
11 ұлының бірі – Батыр сұлтан. Батырдан Рүстем, Әшімтай,
Мырзатай. Мырзатайдан – Нұрмұхамед, Әбдіхан, Қоске,
Шолақ. Нұрмұхамедтен – Әлихан, Әзіхан, Тәттіхан, Нұрбек,
Смахан, Базылхан.
Рүстем орысқа қарамаймын деп болыстығын тастап,
інілері Бексұлтан мен Мырзатайды ертіп, Кенесары
Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатынасады.
Кенесары Ақмоланы алғанда Бөкейдің бес немересі
қолбасшымен қоян-қолтық бірге жүреді. Олар: 1.Құдайменде
Сұлтанғазыұлы, 2.Қантай батыр Әбілғазыұлы, 3.Оңқаұлы,
4.Жәдік, 5.Рүстем Батырұлы...
Содан 1858 жылы Рүстем, Мырзатай Тоқырауынға
Сырым
ішіне
келіп,
үлкен
Желтау
айналасымен,
Тоқырауын,Ақтұмсық, Аяқ сартерек, Қызыл Ашықты
алыпты. Сарым Шабанбай би әулетінен шыққан Шоңбаймен
жақсы қарым-қатынаста болады. Шоңбай 27 жыл (9 сайлау)
үзбей болыс болған. Кейініректе тіпті құдандалы болып,
туыстығы нығая түскен.
Ғалихан Бөкейханның (Әлиханды Ғалихан деп те атаған)
ата-аналары мен туған туыстарына қойылған көк тастардағы
араб графикасымен жазылған деректердің аудармаларына
назар аударайық. (Қасентай Айдаржан Балтабайұлының
жеке архивінен).
1-ші ТАС (оңтүстікте)
Бөкейхан
тұқымы
Нұрмұхамед
ханымы
Бегежан
(Тобықты Мамай батыр ұрпағы) 77 жасында 1918 жылы 27
сентябрде дүниеден өтті.
Жетім менен жесірдің,
Жел жағында панасы.
Ық жағында қаласы.
Тоңғанда болған тон,
Жүдегенде болған өң,
Шөлдегенде болған сусын,
Жылағанның анасы,
Жығылғанның сүйеніші,
Сүйіскеннің сәулесі,
Бегжекем тасы осы жерде,
Тау Желтау, өзен Жіңішке.
Тасты жаздырған: баласы СМАХАН.
2-ші ТАС
Шыңғысхан... Бөкейхан, Батыр, Мырзатай, Әбдіхан
– 1926 жылы март 22 рамазан шариф, сегізі дүйсенбі күні
84 жасында дүниеден өтті.һәм немересі Қасымхан баласы
Өсумұрат 17 (сиыр) рамазан шариф үшінші сәрсенбі күні
7 жасында офат болды. Ғұмыр сүрген жері Сарыарқа,
Қарқаралы уезі, жұрты қаракесек, туған жері Тоқырауын,
Желтау. Бұл тасты қойған жері Жіңішке өзені, Тоқырауын
тарауы.
Тас жаздырушы: Зейнеш,Нұржәмила,Заза,
Шәһиза,Серік,Қасымхан.
Рүстем төре 1884 жылы 84 жасында қайтыс болған. Бейіті
Аяқ сартеректе.
Батырұлы Рүстем ұрпақтары – Сона, Қаратал, Қоңырат
елді мекендерінде жерленген.
3-ші ТАС (толық аударылмаған)
..Шыңғыс әулеті, Бөкейхан аруағы марқұм Сұлтан
Нұрмұхамед Мырзатайұлы 1839 жылы дүниеге келді, 1901
жылы 1 апрелде және Хижрад 1318 зумжджа шариф 25-ші
жексенбі күні 62 жасында бұл дүниеден, о дүниеге сафар
қылды.
4-ші ТАС
Шыңғысхан, Жошыхан, Бөкейхан, Батыр, Мырзатай.
Сұлтан Мырзатай 1913 жылы 12 мартта 93 жасында опат
болды. Шыңғысхан, Жошыхан нәсілінен ғұмыр сүрген
жері Сарыарқа уезі, Қарқаралы. Бабасы Бөкейхан, жұрты
қаракесек. Туған жері Тоқырауын. Бұл тасты қойған жері
Жіңішке өзені, Тоқырауын тарауына.
Тасын жаздырушы немересі:
Ғалихан, Әзіхан, Базылхан, Қасымхан,
Мәнерхан, Әдіхан,Мәтхан, Смахан
– Нұрмұхаммед балалары.
5-ші ТАС (солтүстік шығыста)
Шыңғысхан... Бөкейхан, Батыр, Мырзатай, Нұрмұхаммед.
Тәттіхан Нұрмұхаммедұлы 1905 жылы 25 февралда 25
жасында опат болды. Шыңғысхан, Жошыхан нәсілінен.
Ғұмыр сүрген жері Арқа, Қарқаралы оязы. Бабасы Бөкейхан.
Жұрты Арғын,қаракесек. Туған жері Тоқырауын, Желтау.
Бұл тасты қойған жері – Жіңішке өзені, Тоқырауын тарауы.
Анасы Бегімханым, һәм туыстары Ғалихан, Әзіхан,
Базылхан. Тас қоюға бас болған – СМАХАН.
Осы жерде Балабаршын Смаханұлы Талдыбейіттегі
көктастардың реттік саны солтүстіктен басталып, төмендегі
тәртіпте оқылсын деп қағазға ұқыпты жазылған тізімді
қолымызға ұстатты. Оны да қоса бере кетейік:
№1 Тас. Нұрмұхаммед – 62 жасында 01.04. 1901 ж.ө.
№2 Тас. Тәттіхан – 25 жасында 25.02. 1905 ж.ө
№3 Тас. Мырзатай - 93 жаста 12.03. 1913 ж.ө.
№4 Тас. Бегімханым – 77 жаста 27.09. 1918 ж.ө.
№5 Тас. Әбдіхан – 84 жаста 22.03. 1926 ж.ө.
№ 6 Тас. Әлихан – 71 жасында 27.09. 1937 жылы
Мәскеудің Бутыркасында атылды.
Тастарды жаздырған Смахан Бөкейхан 86 жасында 25.01.
1966 жылы қайтыс болған.
Талдыбейіт. Желтау.
Бар жазығы қайтсем Алашымды жеткізем, оздырам
деген ойдан басқаны малданбаған Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бөкейхан 1937 жылдың 27 қыркүиегінде туған жерінен
алыс Мәскеуде өлім жазасына кесіліп, сүйегі туған жерінен
бұйырмады. Сонау Мәскеуде қалғанда да туған туыстарынан
ағасын, өзінің ғана ағасы емес-ау, ел ағасын, қыр баласын
жоқтап, іштей зар жылаған да Смахан төре болды. Іштен
тынбағанда қайтсін, «халық жауы» болып нақақтан атылған
ағасының сүйегін іздеуге елді ала аяқтар билеген 30-40
жылдары мүмкін бе еді?..
Осыны ескере отырып және есімін ел-жұрты ұмытпасын,
сүйегі көмілмей далада қалды демесін деген ой туады.
Қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қараған
Тоқырауын – Желтаудағы «Талдыбейіт» зиратына жерленген
әкесінің қасына, кезінде Ғұмар Қарашұлы бір өлеңінде
жырлап өткен Әлекеңнің бас киімін ырымын жасап жерлеп,
төте және бүгінгі жазумен өмірбаянын қашатып, жаздырып,
басына тас қойдырған осы Смахан төре болатын...
...Әлекең мен Смекеңнің рухтарына бағыштап, шағын
белгітас орнатқандар:
Зейнеткер Балабаршын һәм немересі Темірлан
Балабаршынұлы.
Смахан төре Нұрмұхамедұлы тымау сүзектен ауырып, Балқаш қаласында 1967 жылдың 25 қаңтарында қайтыс болған. Ата-бабаларының жерінде әке-шешесінің жанына жерленген. Смахан төре ханымы Мария Нұршина Шоңбай ұрпағы, 1979 жылы 27 желтоқсанда 84 жасында өмірден озды. Талдыбейітке жерленді. Талдыбейітке жерленгендер: Мырзатай, Әбітай, Қоңағали, Нұрмұхаммед, Бегім ханым, Әбдіхан, Қоске, Шолақ, Мәтхан, Әзіхан, Тәттіхан, Нұрбегім, Смахан, Мәрияханым, Баймағанбет, Борымхан... Мырзатай ханымы Бопай Сонаға жерленген. Немересі Смахан төре көктас орнатқан. Жанына Жәңгір Смаханұлы жерленген. Қасымхан Әбдіханұлы 1928 жылы өлім жазасына кесіліп, соңынан үкім бұзылып, ақыры 1936 жылы 46 жасында Алматыда опат. Базылхан Нұрмұхамедұлы кенже баласы бай атымен айдалып, 1932 жылы декабрде 48 жасында Новокузнецкіде опат. Ғалимарданбек Бахылханұлы – бухгалтер, 1932 жылы опат. Мағауия Базылханұлы – теміржол маманы, 1976 жылы қайтыс болды. Ыбырайымхан Әзіханұлы – агроном, Алтайский край,Покровский ауданы,Маралиха совхозында 1931 жылы 26 жасында опат болған. Райымжан Әзіханұлы – 1992 жылы сексеннен асқан шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Белгілі математик. Мәнерхан Шолақұлы 1933 жылы айдалған. Хабар– ошарсыз. Қожайхан Мәтханұлы – айдалған, белгісіз. Елизавета Әлиханқызы Бөкейхан – атақты дәрігер, профессор, әскери шені майор, 1970 жылы Мәскеу қаласында
қайтыс болды. Лиза апамыз опат болды.
Үкітай Әлиханұлы Бөкейхан – көрнекті тау кен инженері.
Уран кенін зерттегені жөнінде бірнеше монографиялық
еңбектері
бар.
жылы
Хакассияда
барлау
экспедициясының бас инженері қызметінде қайтыс болған.
Талдыбейіттің солтүстік шығысындағы кейінгі үлгімен
қаланған мазарға жерленгендер:
Алтынбек Әбітайұлы, Қасенхан Алтынбекұлы, Шеген
Алтынбекұлы,Қауаз
Алтынбекұлы,Қасенхан
ханымы
Гүлжатай..
Қолдағы бар құжаттар мен деректерге сүйене отырып
жазылған мағлұматтар әзірге осымен аяқталды. Келешекте
тың деректермен толықтырылады деген сенімдеміз, – дейді
Балабаршын ағамыз. Сөйтті де өз қолымен жазған Бөкейхан
әулетінің шежіресін ұсынды.
БӨКЕЙХАН ӘУЛЕТІНІҢ ШЕЖІРЕСІ Шыңғысхан–Жошыхан: Тоқайтемір, Өзтемір Қожа, Бадақұл -Ұғлан– Орысхан: Құйыршықхан, Барақ,Әз Жәнібекхан: Жәдік, Шығайхан, Ұзын оқты (Ондан хан), Қайнар (Көшек хан): Бөкей Құдайменде, Тұрсынхан, Барақхан – Бөкейхан – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед (Мұхан):Әлихан–Үкітай (Сергей), Смахан – Жәңгір Баршын, Әзіхан – Райымжан, Базылхан – Мағауия. Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан Шыңғыс ханның жиырма үшінші ұрпағы. Алашордаға 95 жыл, репрессияға – 75 жыл. ***
Талдыбейіттегі мазар 1901 жылы салынған. Әлекең өзі
отырғызған ағашты арнайы адам жалдап, бағып күттірген.
Ал, Жіңішке өзені бір арнасында жылтырап ағып жатады,
енді бірде құм астына сіңіп кетеді. Сөйтіп, Тоқырауын
өзеніне құяды.
Тұқаң тағы бір әңгіменің шетін шығарды.
– Сонау жылдары жазушы Камал Смайылов бастаған
азаматтар Ақтоғайға келді Ақтұмсықтан күтіп алып,
Желтауға апардық,Талдыбейітке соғып, аруақтарға дұға
жасады. Жерлесіміз Ақселеу болды, Сонда да бірнеше
бастама көтеріліп, Семей қаласын Алаш қаласы деп атасақ
қайтеді деген ой түскен-тін. Алла сәтін салса, Әлекеңнің
туғанына 150 жыл толу мерейтойын ЮНЕСКО-ның
деңгейінде атап өтсек деген ой бар. Азаматтығы үлкен Ерлан
Карин бауырымыз ол ұсынысты үкіметке тапсырды. Сол
Ерлан Әлекеңнің 7 томдық кітабын шығаруға атсалысыпты,
қаржылай
көмек
көрсеткен.
Әлекең
кітаптарының
тұсаукесерін өткізген. Кітап қазір жергілікті мұражайда
сақтаулы тұр.
Осындайда еске түседі. 1992 жылы тамыз айының 21-22
күндері ақтоғайлықтар Әлихан Бөкейханов,Жақып Ақбаев,
Әлімхан Ермеков - үш арысқа ас берді. Ас берудің басы-
қасында сол кездегі аудан әкімі, ұлтжанды азамат Сағадат
Дүйсебеков жүреді. Ақтоғайлықтар ерлік жасады. Сол 1992
жылы бір күнде село орталығындағы Ленин атындағы үлкен
көшені Әлихан Бөкейхановтың атына береді. Пролетариат
жазушысы М.Горький атындағы мектепті Бөкейхановтың
есіміне ауыстырады. Ал, осы асқа, ғылыми конференцияға
арнайы шақырылған кейбір ғалымдар сол кездің өзінде
жалтақтық танытқан.Кейіннен үш арысқа ірі ескерткіш
қойылды.
Әлихан Бөкейханов атындағы мектепте осы уақытқа
дейін бірнеше ғылыми конфренциялар өткізілген. Әлекең
жайында танымдық сабақтар беріледі. Келген қонақтар
Әлекең жайлы құжат, жәдігерлер ала келеді екен. Мына бір
құжатты Нұрым Бөкейханов әкеліп берген екен. Әлекеңнің
өмірінен дерек береді. Мектеп оқушылары әлсін-әлсін
Талдыбейітке сапар шегіп тұрады.
Ақтоғайдағы орталық мұражайдың жанында сыры кетсе
де, сыны кетпеген тарантас тұр.
Сәдуақас Әбілдин деген әкеміз Әлекеңнің сенімді серігі
болған, Алаш партиясының мүшесі, сол үшін он жылға
отырып келген. Мына тарантаспен Әлекеңді Желтаудан
Семейге апарған көрінеді. Бұл тарантасты Сәдуақас
ақсақал тіршілігінде ешкімге бермеген. Әлекеңді зерттеген
ғалымның бірі Д.Аманжолова Мәскеуде тұрады. Ол да өзінің
Әлекең жайды жазған еңбектерін Москвадан пошта арқылы
жіберді. Кезінде Алашорда үкіметінде 9 министр болған.
Соның үшеуі ақтоғайлық. Әлекең Алашорда үкіметінің
төрағасы, Жақып Ақбай бас прокурор, Ә.Ермеков вице-
министр болған. Мұражайда Әлекеңнің өз қолымен жазған
анкетасын көрдік. Жыл сайын жастар арасында Әлекең
атындағы футболдан облыстық турнир өткізіледі.
Әлекең қазақ халқының жер асты байлығы – тек қазақ
халқына қызмет етуі керек деген. «Қазақ малы жүнінің бір
талшығы жіп болып иіріліп, костюм болып тігіліп, түиме
болып қадалсын, оны қазақтар киюі керек» деген. Әлекең
жерді сатуға өте-мөте қарсы болған. Тарихқа сүйенеиік. Сол
кезде ғылым-білімі мықты деген адамдарды «жапонның
тыңшысы» деп итжеккенге айдатқан.
– Менің ойымша дейді тағы да Тұқаң әңгімеге араласып. –
Әлекең кеңес үкіметі құрылғанда мынандай ұсыныс жасапты.
Кеңес үкіметі Жапония үлгісін пайдалансын. Президент 5
жылға сайланып, Парламентке есеп беріп отыруы керек деп
ой тастайды. Ал, енді біздің ауылда көптеген азаматтарды
«жапон тыңшысы» деп алып кетті. Неге? Себебі, Жапония
идеясын айтушы Ә.Бөкейханов Ақтоғайда туып-өскен.
Тағы бір қызықты қараңыз, Әлекеңнің ата-мекенінен таза
металдан құйылған үлкен бағана тауып алдық. Қағып
қалсаңыз сыңғырлап тұр. Ғалымдардың айтуынша тегін тас
емес. Ғалым Арман Бейсенов сол жерден тапты оны, осы
мұражайдың жанына әкеліп қойдық. Әлекеңнің қыстауынан
ерте Ресей кезіндегі кесенің сынығы табылды.Бұл да
көптеген деректерден сыр шертеді.
Былтырғы жылы Астанада 13 қыркүйекте Әлекеңе
арналған ғылыми практикалық үлкен конференция өткізілді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар қатысты. Әлекеңді
адамзаттың Бөкейхановы деп таныды, мойындады. Сөйтіп,
Бөкейханов әлеміне жаңадан түрен салынды.
Үстіміздегі жылы дәл осы 13 қыркүиек күні Әлекеңнің
ұрпағы Балабаршын Смаханұлы Алматыдан келіп, Ақтоғай
жерін аралады, Әлекең жайлы істеліп жатқан жұмыстарға
көзін жеткізді, ризашылығын білдіріп, ата-бабасына құран
оқытты.Сәйкестікті қойсаңызшы.
Иә, Адамзат Әлиханының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның
көлемінде аталып өтілетін күн де алыс емес.
Балқаш-Ақтоғай-Желтау-Балқаш.
АЛАУЛАҒАН ЖҮРЕКТЕР
Желтоқсан желі ызғарлы. Ақ қар көк мұздың үстінде
алаулаған жалынмен бірге бостандық үшін бұлқынған
жүректердің бүлкілін ұмытуға бола ма? Алаңға шеруге
шыққан жалынды жастардың аңсағаны, күткені, асыл
арманы да бүгінгі тәуелсіздік еді ғой. Ақтоғай ауданының
тұрғыны Амантай Омашев бірде өз басынан өткен желтоқсан
оқиғасына байланысты жағдайды айтып берген-тін. Сол
тұста ұлы Құрманғазы Алматыда студент болатын. Ызғарлы
күндері Алматыдағы студент жастардың бірі, бүгінгі
белді актер Кеңес Нұрланов ыңғайын тауып, Амантай
ағаға телефон соғады. Хабарласудың түп-төркіні ұлы
Құрманғазыны институттан шығаруға деканаттың әрекет
етіп жатқаны жайында.
– Алматыға келдім дейді Аман аға сөзін жалғастырып,
ешкім қабылдамайды. Біз үшін институттың есігі тарс жабық,
бұрынғы таныстарым жоламайды, ат-тонын ала қашады.
«Бізге жоламаңдар, аңдушы көп, үйге де келмеңіздер» – деп
күйзеліс білдірді. Құдайға шүкір ағайын-туыстар да бар сол
Алматыда барлығы теріс айналды. Тұп-тура 1937 жылдың
көрінісі. Құрманғазының кураторы Ж. Сматовқа бардым.
Ондағы ойым бұйрықты көру еді, бала оқудан шығарылған ба,
жоқ па?. Партия, комсомол жиналысында 17-18 желтоқсанда
шеруге қатысқандарды себеп-сылтау тауып, институттан
шығару екен. Сондағы сылтауы сабақ үлгерімдері төмен.
Баламның сабақ үлгерімі жақсы, ешқандай жаманаты жоқ,
соны ескере отырып, жиналыста жазбаша сөгіс беріпті.
Оқуында қалды-ау деп қуанып жүр едік, онымыз да бекер
болды. Ақырында сабағын үлгермеді деп, 1987 жылдың
қаңтар айында оқудан шығарды. Сол жылдың сәуір айында
әскерге кетті.
Құрманғазы
сонымен
азаматтық
борышын
өтеуге
кетті. Ендігі әңгіме Ақтоғайда жалғасады. Аудандық
ауыл
шаруашылығы
кәсіподақ
комитетінде
қызмет
істейтін Амантай Омашевті бастауыш партия ұйымының жиналысында қарайды. Күн тәртібінде бір мәселе - коммунист Омашев жолдас баласына дұрыс тәрбие бермеген. Алматыда алаңға шығып, шеруге қатысқан. Мұнымен қоса зайыбын да аудандық партия комитетінің бюросында қарайды. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы зекиді, қылышынан қаны тамып тұр. Өздерінің балаларының шеруге қатыспағанын, үйден шықпай тығылып жатқандығын айтады, тағы бір бюро мүшесі менің балам да Алматыда оқиды. Сол күні ұйықтап қалыпты деп, өз сөзіне өзі мән бермейді. Осындайда ой туындайды, үйінде тығылып жатқандардың намысы бар ма, олар Отан үшін от кешіп, суға бата ма? Біз әлі күнге дейін өткенннен сабақ ала алмай келе жатқан халықпыз ғой. Жылдар өтті. Алайда жан жарасы жазылған жоқ. Әділеттілік түп-түгел орнады ма? Амантай Омашевтың ұлы Құрманғазы әскер қатарынан келгеннен кейін Абай атындағы педагогикалық институтқа қайта барады. Бірақ жас солдатты кешегі өзі оқыған оқу орны қабылдамайды. Құрманғазы желтоқсан оқиғасына қатысқан. Амантай ақсақал желтоқсан оқиғасына байланысты әділдікті қуып жүрген Мұхтар Шахановтың қабылдауында болады. Мұхаң комиссия мүшесіне тапсырма беріп, Құрманғазының мәселесінің ақ-қарасын айырып, шешіп беруін өтінеді. Бір қызығы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасындағы құжаттардың көбісі жойылып кеткенге ұқсайды. Мәселен, Құрманғазыларды алаңнан алып барған Алатау аудандық ішкі істер бөлімінде ешқандай құжат болмағаны анықталды. Олар құжаттың жойылғандығын айтып, түсінік берген. Әужекең оқу министрінің орынбасарына кіреді. Әділдік әлі де орнамайды. – Құрманғазының комсомол билетін алып, үңіле қарасам, есеп карточкасында «17-18 желтоқсан күнгі тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жазбаша сөгіс берілсін» деген жазу тұр. Тағы да Мұхтар Шахановтың алдына келдім. Мұхаң қолма-
қол оқу министрлігіне, институт ректорының атына хат
дайындатты. Мұхтар Шахановтың қатыныс қағазы арқылы
институт ректорына кірдім. Сөйтіп Құрманғазының оқуын
қайтадан жалғастыруына мүмкіндік туды. Қазақтың бір
туар ұлы, ақын, қоғам қайраткері М. Шахановқа, баланың
кураторы болған Жайнат Сматовқа алғысым шексіз.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы таяп келеді. Баламды институттан
шығарып ауылға қайтарып,әскер қатарына жібердік, бәрі
де ұмытылады ғой деп ойладық. Оны қойшы, аудандық
партия комитетіндегілердің кейбір орашолақ ойлары, теріс
әрекеттері жанымызға қатты батты. Біз сияқты қаншама ата-
аналар осындай жан азабын тартты десеңізші. Шіркін, М.
Шаханов сияқты азаматтар көп болса қазақ халқы да қағажу
көрмес деп ойлаймын, деп Амантай Омашев әңгімесін бір
түйіндеп қойды.
Сол Құрманғазы балалы шағалы. Оның жолдасы
Айман Нығметуллина да желтоқсан оқиғасына қатысып,
тәуелсіздіктің бастауында тұрған жалын жүректі жастардың
қатарынан орын алды.
– Ол кезде мен Жезқазғандағы институттың студентімін.
Облыстық партия комитеті үйінің алдына жиналдық. Ондағы
ойымыз Алматыдағы студент жастардың пікіріне үн қосу. Көп
ұзамай бәрімізді ұлттық қауіпсіздік комитетінің адамдары
ұстап, тергеудің астына алды. Оқудан шығаруға әрекет етті.
Тіпті ана-анамызға дейін қиянат жасады. Еліміздің еңсесі
көтеріліп келеді, тәуелсіз Қазақстанымыз бар. Меніңше осы
тәуелсіздік тұғыры осы Желтоқсан оқиғасынан басталады. Біз
шеруге қатысқан Алматыдағы тарихқа жазылған оқиғаның
ішіне куә болған жерлестерімізді мақтан етеміз. Олар Жәлел
Әуезұлы Болатбек Стамқұлов, Қажыхан Құлпейісов, мұның
ішінде менің жолдасым Құрманғазы Омашев та бар, – дейді
Айман.
Лаула желтоқсанның алауы сен қастерлісің, желтоқсанда
алаулаған жүректер. Ерлі-зайыпты Құрманғазы мен Айман
да тәуелсіздік таңын асыға күткен. Жасөспірімдердің бірі
еді. Бүгінде олар аһарлы- шаһарлы отау болып отыр.
БҰЛБҰЛ ДА ГҮЛЗАРЫН
СҮЙЕДІ
Өмірсерік Сағындықұлы Қожабаев қазақ мемлекеттік
университетінің заң факультетін бітірген. Бұл күндері
Приозерный аудандық халық сотының төрағасы болып
қызмет жасайды. Біздің тілшімізбен сұхбатында ол егеменді
ел болып жатқан қазақ жұртшылығының мәртебесін
биікке көтеріп, парасаттылықпен атқаратын жұмыстардың
алуандығын тілге тиек етеді. Әңгіме қылмыскерді тізбелеп
шығу емес, жас ұрпақтың болашағы, кейде қылмысқа баруға
нендей себептердің болатындығы аз да болса ашыла түседі.
Ар алдында бәріміз де борыштармыз, сұхбат мақсаты осыған
негізделген.
– Өмірсерік Сағындықұлы, әңгімеміздің тақырыбы Отан,
оған деген сүйіспеншілік жайында. Сіздердің алдарыңызға
қазақтың ұл-қыздары, азаматтары жиірек баратындығы
шындық. Осының өзі ұлттық намысқа кір келтірмей ме?
– Менің көкейімнен әрқашан да халқымыздың мына
бір мақалы кетпейді: «Бұлбұл гүлзарын сүйеді, адал адам
Отанын сүйеді». Демек, бұлбұлдың өзі еркіндік алып,
бостандықта, ешкімге тәуелді болмағанын қалаған ғой.
Әйтпесе, гүлзарын сүймес еді. Адамзаттың туған жерге
деген ықыласы өзгеше болып келетіндігі әркімнің басында
болатын қасиет. Кейде өзіңіз айтқандай, алдымызға қазақтың
үлкенді-кіші азаматтары келгенде ойланатын кезіміз де аз
емес. Әңгіме басқада. Тиісті жазасын алады. Заң алдында
жауап береді. Ол бөлек шаруа. Солай бола тұрғанымен бізге
не жетпейді екен. Әңгімеге тікелей көшсек, ұрлық жасайтын,
біреудің ала жібін аттайтын, мемлекеттің мүлкін талан-
таражыға салатын қылмыскерлердің арасында өзіміздің
ағайындарымыз көп жүреді. Ал, осының түбі неде дейсіз ғой.
Ең бірінші біз өзімізге өзіміз сын көзбен қараудан алыстап
барамыз. Күнделікті қызық-думан, ырду-дырду баянды
болмайды. Олай болса ұрпақ алдындағы парызымызды жете
түсінетін уақыт жетті. Мына бір жайтты айта кеткім келеді.
Қазақтың әрбір қуанышы той-томалақсыз өткен бе? Алайда,
астатөк арақ құю, тиылмай отыр. Мұның ақырында той
тарқамай жатып, жастарымыз бір-бірімен байланысып, жаға
жыртысып, дене жарақаттарын салады. Тойдың аяғы ұрыс-
керіс, төбелес. Еңбекақы алса жуып, «рахатқа» батамыз деген
қандастарымыз аяғында қызыл кеңірдек болып шайқасқа
шығады. Арақтың кезегінде он адам тұрса, соның екеуі ғана
басқа ұлттың өкілі. Таласа-тармаса, қалғандарды өңменінен
итере арақ-шарапқа қолы жеткенше жолындағыны жайпап
кететінін қайтерсіз. Соншама өлермендік қалге жеткізген
не еді? Осыған намысыңыз келе ме, келмей ме. Алдымызға
келген қылмыскерлердің көбісі түкке тұрмайтын, болымсыз
әрекеттер үшін жауапқа тартылып жатады.
Кейбір қалаларда өнеркәсіп көп шоғырланған. Онда
жұмысшы қолы зәру деп естиміз. Меніңше, мәселе басқада
сияқты. Біздің қандастарымыз өздері ұмтылып, ірі-ірі
өнеркәсіптің ішіне кіруге, сол жерде өз бақытын табуға,
еңбек етуге құлшынбайды. Бәрін айтсақ ағаттық болар,
ондайлар баршылық. Ауыл балалары «қалаға тұрақтаймыз,
оқу оқимыз, жұмыс жасаймыз» деп сапарға шығып жатады.
Солардың көбісі паспорттық тіркеу ала алмаған соң теріс
жолға түсетіндігі шындық қой. Ұрлық-қарлықпен тамақ
табады, бұл аз ғана, тым қысқа тоқмейілсу, ал, жап-жас қыз-
жігіттердің алдында өмір жолы ұзақ емес пе? Ауылдағы
ата-анасы баламыз – оқу оқып, жұмыс жасап жатыр деп
көңілдері орнықты.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевқа сын айтады. Бәрі
қолма-қол жасалуы керек дейді. Бүкіл қазақ халқы Отан
үшін, туған жер үшін, болашақ ұрпақ үшін қоса бірікпесе
елімізді кім гүлдендіреді, сырттан біреу келіп жасап бере
ме? Президентті қолдау керек. «Отан отбасынан басталады»
демекші, отбасындағы тәлім-тәрбие, әдет-ғұрып, дәстүр,
имандылықтың қоғам үшін пайдасы зор. Имандылықтан
безген адамның өзіне, өзгеге де пайдасы жоқ. Дінді аттап
кеткен бұзақылардың Рәтбек қажыға шабуылын баспасөзден
оқып, теледидардан көрдік. Мүфтидің өз аузынан да естідік
болған оқиғаны. Міне, бүкіл қазақтың атына кір келтіретін,
арына дақ түсіретін осындай келеңсіз құбылыстардан алдын
ала сақ болғанымыз жөн. Ол үшін не істеу керек? Мұның
қыр-сыры жеткілікті.
Имандылық демекші, мына бір мысалды айта кетсем,
артық болмас.
– Сөзіңізді бөлейін, әңгіме өзіміздің ұлттық мүддеміз
үшін ғой, сондықтан сөз арасында нақты мысалдар мен
болған оқиғаларды баяндай отырсаңыз?
– Өзім де соған ауысып барамын. Сірә, сіздің алдыңызды
орап кеттім-ау деймін, кешірерсіз. «Балқаш»совхозында
адам төзбейтін оқиға болды. Кенже баласы өзінің анасын
ағашпен ұрып өлтірген. Бұл өзі қазақ халқына таңба сияқты.
Аналық мейіріммен омырау сүтін беріп, әлпештеп өсірген
анасы өз ұлының қолынан қаза тапты. Міне, қылмыс, міне,
имандылықтан ада жанның сұрқы.
– Енді анасын не үшін өлтірді, қалай болды, аша кеткен
жөн сияқты?
– Араққа тойып алған баласы мезгілсіз уақытта үйіне
оралады ғой. Ес-түстен айырылған жігіт, (олай болмаса
анасына қол жұмсамас еді ғой), арақтың буынан бұғалыққа
түсіп, қылмысқа барды. Тергеу барысында жазылғандай
анасына есікті тез аша қоймадың деп қол көтерген. Мұның
ар жағын қазбалап қайтейік, ауыр қайғы.
Ұрлық-қарлыққа
кәсіптеніп
алғандар
өзіміздің
қандастарымыз. Шопан Р.Шәменов көршілес әріптесінің
малын ұрлап, өзіне қосып алған. Әрине, қылмыс дәлелденген
соң ешқайда бұлғақтай алмайды. Солай бола тұрғанымен
бұл да қазақтың жап-жас жігіттеріне жараспайтын қылық.
Мамандықтың бәрі жақсы, тек соны жете меңгеріп, өз
кәсібін сүюден бас тартпау керек. Ертеде сауда жасаған басқа
ұлттардың өкілдерін көргенде мырс етіп күлген жайымыз
бар. Тіпті солардың алдында өзіміз де қысылдық. Әлі де
түсіне алмай жатырмыз. «Қазақ саудаға жоқ» деген сөз
санамызға сіңіп алған. Бау-бақша ек, өсір, өзіңе пайдалан,
қалғанын сат, басқаны да қарық қыл, еліңе бер, бұдан неге
тарыламыз. Айтпақшы, ұрлық-қарлық дегеннен шығады.
Мына бір дәлелді алға тарта кетейін. А деген азаматша
жасы жер ортасына келген, сол кісі дүкеннен зат ұрлайды.
Бірақ, қылығы әшкереленіп, ұсталды. Мұны қалай ұғарсыз.
Тағы да сот залына апарамыз, қарындастарымыз келе
бастайды. Мұның әр жағында тәлім-тәрбие, әдет-ғұрып
бойына сіңбеген жандардың парасатсыздығы жатыр. Тәрбие
жұмысы осалдады, бұл өзі мекемеде, оқу орындарында,
еңбек алаңдарында болсын, солай қалыптасып бара
жатқан сияқты. Демократия, жариялылықты алға тартып,
бос сөзділікке салыну, жұмысқа жүрдім-бардым қатысу
көбейіп бара жатқанға ұқсайды. Демократияны өз орнында
пайдаланып, әділдікті адам мүддесі үшін қолдану керек.
Ал, адамдардың сәл нәрсеге қадалып, бір-біріне өшігуі, кек
тұтуы, оның есебін қайтару бізге жат қылық.
Өткен-кеткен уақыт, жүріп өткен жолымыз – тарих. Ал,
тарихтың дөңгелегін кері айналдыру, түзетем деушілер
қателеседі. Мәселен, Ленин ескерткішін алу керек, – деп,
ереуілдер жүріп жатыр. Ал, ескерткішті алу тарихқа қол
сұғу емес пе? Революция болды, ол Ленин есімімен тығыз
байланысты десек, келер ұрпақ сене қояр ма екен. Ал, көз
алдында айна қатесіз тарих сөйлеп тұрса, иланары даусыз.
Қате болсын, мейлі зұлмат әкелсін, тарих сол күйінде
қалғаны жөн.
Соңғы уақытта балалар үйіндегі қара домалақ қара көздер
көбейіп кетті. Шырылдаған бозторғай үні кімнің құлағына
жетеді? Оған кім араша түседі? Тастанды балалардың өміріне
кім жауап береді? Қазақтың санын көбейтіп, мәңгүрттіктен
арылтуымыз қажет дейміз. Сол үшін күрес жүргізіп жатқан
сыңайымыз бар.Ал балалар үйінде тәрбиеленген қаракөздер
ана тілінен жұрдай мәңгүрттің өзі болмай ма? Тіпті Алматы
қаласындағы балалар үйінде қара домалақтарды христиан
дініне шоқындырғанын да біліп отырмыз.
Алдымызға келген жасөспірімдерден қылмысқа неге
бардың десең, «істейтін шаруа жоқ» дейді. Әрине, мұндай
жандар кез-келген қылмысқа барады. Осы қала төңірегінде,
ауданда өндіріс орындары жеткілікті емес пе? Спортпен
шұғылдануға да мүмкіндік бар, кооператив құру, еңбекпен
шұғылдан, біздің қазақ жігіттеріне кім кедергі болады?
Ешкім де емес, тек құлқымыз жоқ. Қазір жекешелендіру
жүиесі жүргізіліп жатыр. Бұған да қатысуымыз керек.
Қолымызды қағып отырған жоқ. Ал, кейбір жас жігіттердің
араққа тойып алғанда, кеуде қағып, не айтып не қойғанын
білмейді. Бірақ «мен қазақпын, мен кереметпін» деп, бүкіл
маңайдың берекесін кетіреді. Қуыс кеуде, өркөкірек, біздің
қазаққа тән емес еді. Бірақ, үйрендік қой..
Жоғарыда мешіттегі оқиға туралы айттық. Ал, мешіттің
үлкен тәрбие, имандылық ордасы екенін баршамыз да
білуіміз керек. Біздің өңірде мешіт жоқ. Оның құрылысын
тездетіп тұрғызу үшін нендей жұмыстар жасалып жатыр,
бұдан бейхабармыз. Газет бетінен ауданға, қалаға ортақ
мешіт ашылады деп естіп едік. Меніңше, мешіт халық көп
жиналатын орталыққа салынса деген ұсынысым бар. Өйткені
ішіне кірген жан да, сыртынан өткен адамдар да мешіттің
қадірін, қасиетін білгені жөн. Ал, қайдағы бір елеусіз жерге
салса, халыққа ыңғайсыз. Құдайға сенбеушілік, өзімізге
өзіміз тәубе етпеушіліктің аяғы неге әкеліп соғып жатқанын
жаңа ғана түсіндік. Егер де ата-анасының қасына еріп бара
жатқан жас балалар, «әке, анау тұрған үй не, – деп сұраса,
әкесі оған мешіт туралы аз да болса мағлұмат берсе, жас
сәбидің санасына сіңе бермей ме? «Балаң жаман болса да
аман болсын» деген мақал бар. Кейбір ата-аналар отызға
келген басы бос жігіттерге бір ауыз сөз айтпайтынына қайран
қаласың. Үйге түнемейді, бетімен жүреді, тиым салмайды.
Осыған ата-ана ескерту жасамайды, баласы үшін кезекке
тұрады. Темекі, арақ алып береді. Мұндай фактілер кездесіп
отыр. Теледидардан Мұстафа Өзтүрік бауырымыздың
«көп сөйлейді екенсіздер, бір-біріңізді тым асқақтатып
мақтайды екенсіздер» деген сөзі жүрекке жағымды. Біздер
бір-бірімізге сын айтпадық қой. Ал, сын айтпаған жерде
қателік түзеле ме? Біреудің шашбауын көтеруді әдетке
айналдырдық. Cөйтіп бәрін қойып, ата-баба кәсібімен
шұғылданудан да бас тарта бастадық. Осының бәрі ұлттық
болмысыңды аша түседі. «Бау-бақшаның қараусыз қалғаны
– көк ағаштың отын болғаны» дейді екен бұрынғылар. Ата-
бабадан қалған мол мұра – жер-ананы, кіндік қанымыз
тамған топырағымызды қалпында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа
жалғастыра беру қазақтың күнге қол созған арманы іспеттес
болуы керек. Жалқаулықтан арылған жөн. Айтпақшы,
жалқаулық дегеннен шығады, ауылдық жерде қазақтың
ұлттық тамағы, сусыны ұмыт болып барады. Ауылда осылай
болған соң, қаладан іздеп әуре болмай-ақ қойыңыз. Бие
сауу атымен жоқ, ал шаруашылықтарда үйір-үйір жылқы
бар, бидай түктеу ше, үлкен кісілер азайып барады, қатары
сиреген. Ал, жастар бойын аулақ салады. Ауыл-ауылды
аралағанда дастарханнан құрт-ірімшікті көре алмаймыз.
Қыз-келіншектер, жеңгелеріміз жалқау болса, май іздеп
қалаға сабылмағанда қайтсін. Өзіміз де қалада тұрамыз, май
көрмегелі қашан.
– Өмірсерік Сағындықұлы, кәсіптік мамандық иегруге
де бойкүиез болып алдық. Мұның өзі де ұлттық бейнемізге,
жан дүниемізге, еңбекқорлығымызға кері әсерін тигізері
сөзсіз ғой.
– Бұл да шындық. Тері-терсек, жүн-жұрқа іздеген басқа
ұлттың өкілін алыңыз, ал, совхоздарда малдың терісін ұқсату
ше? Көрінген жерде шашылып жатады. Қазақтың киіз үйін
алайық. Алты қанат ақ орданы қайдан табамыз? Ағаш басатын
қариялар дүниеден өтсе, оларды алмастыратын жастар бар
ма? Қол өнер шеберлерін басын қосып, қазақтың ұлттық ою-
өрнегін, басқа да кәсібін жаңғыртатын орындар ашу керек.
Міне, осыдан барып жастарымыздың бос жүрмеуіне кім
кепіл бере алады. Адамның қолы жұмыс жасаса, қоғамға
пайда келтірсе қылмыс жасалмайды. Қолы бос, ата-анадан
безген немесе адамзаттық келбеті жоғала бастаған жандар
ғана қылмыс жасайды. Айналадағы адамдардың алдында
күнәһар болады.
Жалпы айта берсе әңгіме көп. Өзіміздің қазақ жақсы
болса екен, сот залынан көрмесек екен деген ниеттен
шығып отырған шағын сұхбат қой. Адамның сұлулығы –
шыншылдығында. Адам гүлден нәзік, тастан қатты, ел
арасында ұлағатты сөздердің өмірдің өзінен алынғандығы
рас. Олай болса ауызбірлік, бір-бірімізге қамқорлық жасап,
ел үшін тыңғылықты істер тындыра берейік. Қылмыс
жасауды қазақтың маңдайына жазып қойған жоқ қой.
Халқымыздың азаматтары осыны түсініп, адал болса екен.
Жаманшылықтан жиіркеніп, жақсылыққа ұмтыла берсе
екен, біздің тілек осы ғана.
– Әңгімеңізге көп рахмет.
«ҚАЗАҚЫ БОЛМЫС – РУХАНИ
БАЙЛЫҒЫМ»
Балқаш қалалық сотының төрағасы
Ерден Рауанұлы ӘРІПОВПЕН сұхбат
– Елбасының үстіміздегі жылғы Жолдауы барша халыққа жаңа міндеттер жүктеп, әлеуметтік әділдікті орнатуға одан әрі негіз қалай түсті. Сіздің көзқарасыңыз қандай? – Әрине, Елбасы Жолдауы жылма-жыл жаңа серпіліс әкеледі, өзіңіз айтқандай жаңа міндеттер жүктейді. Қазіргі таңда сот саласын реформалау жүріп жатыр, оны күнделікті қызмет барысынан көріп отырмыз. Айталық, мамандандырылған экономикалық соттар құрылды.Үлкен қаржы орталығы болып саналатын Алматы қаласында қаржы соты өз жұмысын бастады. Астана, Алматы қалаларында жасөспірімдерге қатысты істерді қарайтын арнайы сот ашу мәселесі шешілуде. Қазір сынақ мерзімі жүргізілуде. Бәрі ойдағыдай болса, жергілікті жерлерде де ашылады деп үміттеніп отырмыз. Сотқа деген құрмет әркімнің ар тазалығына байланысты. Сондықтан, бәріміз де заң алдында бірдейміз. Оны сыйлауға міндеттіміз.Қазақстан сотының ІҮ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Израиль сапарындағы бір оқиғаны айтып еді. Израиль Президенті біздің Елбасын күтіп алысымен, сізді қасиетті орынға апарамын деп ой тастаған. Әрине, мұндайда шіркеу ме, мешіт пе деген сұрақ туындауы мүмкін. Сол ең бірінші алып келіп көрсеткені Израильдің жоғары сотының ғимараты екен. Міне, бұл сотқа деген құрмет, қарым-қатынас, сот жұмысының жандануына деген дұрыс көзқарас. Сот – мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі. Аты айтып тұрғандай әділдіктің салтанат құруы, халық арасындағы шешімін күткен істер, заңды тұлғалар арасындағы дау-дамай, тұрмыстың басқа
да саласындағы нақты шешім тек сот арқылы жүзеге
асырылады. Өз ата заңымыздың орны бар, соттың міндеттері
сол ата заңның негізінде айтылған ғой.
– Енді өздеріңіздің атқарған істеріңіз жайлы айта
отырсаңыз?
– Балқаш қалалық сотында 15 судья қызмет етеді. Қалалық
сот тек облыс көлемі емес, республикадағы алдыңғы
соттардың бірі болып есептеледі. Мұнда қылмыстық,
азаматтық істер қаралады. Сот жүиесіндегі көрсеткіш істің
сапалы қаралуымен есептеледі. Әрине, іс қаралғанда екі
тарапты пікір қалыптасады. Соттың шығарған шешіміне
бір жақ өкпелі, екінші жақ риза болады. Алайда, әділ шешім
шығару бәрінен қымбат. Соттың беделін, мәртебесін көтеретін
осындай шара болып табылады. Соттардың материалдық
жағдайы бұрнағы жылдарға қарағанда анағұрлым жақсарып
келеді. Бұрын қалам, қағаздың өзі тапшы болатын.
Қалалық сот жаңа ғимаратқа көшті. Төрт қабатты ғимарат
сот мамандарының,судьялардың биік талап тұрғысынан
жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Әр жұмыс бөлмесі
компьютермен жабдықталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өткен
жылдың қыркүиек айында атбасын бұрып, сот жұмысымен
танысты. Техниканың дамыған заманында небір игілікті
шараларды қолдануға болады. Республика бойынша ең
алғашқы видео-конференц байланыс арқылы сот процесі
Балқаш қалалық сотында өткізілді. Елбасы соның куәсі
болды. Кей жағдайларда сотталушылар тергеу амалдарында
отырады. Оларды алып кету үшін қаншама қаражат, уақыт
кетеді.Олардың қашып кетпеу қауіпсіздігін сақтау бір
мәселе. Сотталғандар тергеу абақтыларында отырып,
жергілікті сот залдары арқылы істі қарау мүмкіндігі туады.
Біріңғай автоматтандырылған компьютерлік бағдарламаның
тұсаукесері де Балқаш қаласында өтті. Елбасы бұл
бағдарламаның жүзеге асуына оң бағасын берді. Мұның өзі
мемлекет басшысының төменгі сатыдағы соттарға деген
қамқорлығының, аса ықыластылығын көрсетеді.
Судьялардың жеке жұмыс кабинеті бар, сот процестері
арнайы жабдықталған сот залдарында өтеді. Сотқа жүгінушілер, шағымданушыларға ыңғайлы болуы үшін бірінші қабатта ақпараттық анықтама алу орталығы жұмыс жасайды. Сот қарау ісі көбінесе мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мұндайда азаматтардың өз қалауы басшылыққа алынады. Мемлекеттік тіл – ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Бізде қазақ тілі кабинеті жабдықталған, бастауыш топ, жалғастырушы топ ретінде құрылған. Сабақ осы негізде өткізіледі. Қажетінше оқу құрал-жабдықтармен көмектесеміз. – Ерден Рауанұлы,қылмыстың қай түрі көп кездеседі? –Ұрлық-қарлықтың басым болып тұрғанын айта кеткен жөн. Есірткіге қарсы қаралатын іс көп. Негізгі қылмыстық істердің саны 2005 жылмен салыстырғанда екі есеге азайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілді. Мұны Елбасы өз Жолдауында атап көрсетті. Осыған орай Балқаш қалалық сотында да бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Жемқорлыққа байланысты оқиғалар талқыланып, оны заң аясында түсіндіру қолға алынды. Сот ғимаратына азаматтар арнайы рұқсат қағазымен, жеке бас куәлігі негізінде кіргізіледі. Өз ішімізде семинар сабақтары өткізіледі. Қабылданған заңның мән-маңызы талқыланады, таныстырылады. Өзінің еңбек жолын жаңа бастаған судьяларға тәжірибесі мол, өмір көрген судьялар ақылкеңесін береді. Ал, жалпы қалалық сотта 60-қа тарта адам еңбек етеді. Судьяның жұмысын үйлестіріп, қамтамасыз етіп отырған сот кеңесінің мамандары, сот мамандарды техника, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету өз дәрежесінде деп айта аламыз. – Бүгінде сот әділдігі жайында екі түрлі пікір қалыптасқан. Сот шешіміне риза болғандар құрметтейді, керісінше сотталғандардың соңындағылар қара күие жағып жатады? – Әрине,шешімге риза болмай жататындар бар. «Көш жүре түзеледі» деген, біздегі сот жүиесі әлі де құрылу үстінде. Өзіңіз ойлаңыз, қылмыстық немесе азаматтық іс қаралды дейік. Қалай болған күнде де шешім шығарылады.
Қаралған іс бойынша әділдік салтанат құруға тиіс. Мұндайда
шағымданушы және жәбірленушіні бірдей риза ету мүмкін
емес қой. Кім де болсын, қылмыс жасады ма, мойнымен
көтереді. Солай бола тұра наразылық тудыратындар бар.
Әрине,сот шешімімен келіспесе жоғарыға шағымдануына
болады, әркімнің өз еркі.Сот мәртебесін жоғарылату,
көтеру әр судьяның жеке басынан басталады.Тек әділ
шешім қабылданса, сотқа деген құрмет арта береді. Кез
келген көпшілік арасындағы дау сот арқылы шешіледі,
мұндайда тұрғындарға заң тұрғысынан көмек керек.
Адвокаттарға да үлкен міндет жүктеледі.Азаматтардың
заңдылық тұрғысынан сотқа шағымдануы адвокаттарға да
байланысты.Қалалық соттың төрағасы ретінде азаматтарды
аптасына екі рет өзім қабылдаймын. Олар әділдік іздеп
келеді, жүгінеді. Кей жағдайда сот қызметкерлерінің ісіне
көңілі толмайтындығын білдіреді. Тұрғындардың бәрі
заңды түсіне бермейді. Кеңес сұрайды, бәріне заңдылық
тұрғысынан жауап беруге тырысамыз. Ал, сот бір жағынан
алып қарасақ, кеңес беретін орын емес, алайда азаматтық,
адамгершілік тұрғысынан жауап беруге тура келеді.
– Біз қашан да қатар жүрген әріптестер жайлы сөз қозғауда,
баға беруде тосылып қаламыз, сіз бұған қалай қарайсыз?
– Дұрыс қараймын, қатар жүрген үлкенді-кішілі
әріптестерді қадірлеп, сыйлағанға не жетсін. Бізде өмірлік
тәжірибесі жеткілікті И.Мұсабаев ақсақал бар. Сондай-ақ,
Л.Сағымбекова, Л.Лаппо, А.Мамедов,М.Ибрагимова басқа
да әріптестердің ісіне құрметпен қараймын.Осы қалада
қызмет жасаған Б.Әдепбеков, Ө.Қожабаев, С.Аманғалиев,
Г.Мақашева, Қ.Көміртасовалар – бідің мақтанышымыз.
Кеңсе меңгерушісі Г.Қалдыбаева, сот мәжілісінің хатшылары
Г.Крупина,
А.Әбеуова,
Ә.Оспанова,
С.Жұмашкина,
азаматтық істер кеңесінің қызметкері Гүлнұр Ахметбек,
тағы басқалар өздеріне жүктелген шаруаларды тиянақты
атқарады.
– Ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып жөнінде не айтар едіңіз?
Балқаш қаласы да өз ауылыңыздай болып кетті ғой.
– Қазақтың қай жері болмасын киелі,қадірлі. Мен қалалық
соттың төрағалығына екінші мәрте тағайындалдым. Балқаш
ерекше ыстық, адамдары қандай, мейірімді, қамқоршы,
жатсынбайды.Қадірлес азаматтарды жолықтырдық. Айнадай
жарқыраған көл – халықтың ырызығы, жер қойнауының
байлығы жөнінде әңгіме бір бөлек. Осында есейдім, тіпті
азамат болып қалыптастым. Мен әжемнің тәрбиесінде
болдым, әлдиін естідім. Көп бала тәрбиелеп өсірген кейуана
еді. Ұлттық дәстүр-салтымызға деген құрмет әжемнің
тәрбиесімен қалыптасты. Ата-анам да ата-бабамыздан
қалған салт-дәстүрді бой тұмардай қастерлейтін.
– Әңгімеңізге көп рахмет, өзіңізге, ұжымыңызға қашан да
сәттілік тілейміз!
АЛҚАЙДАР АСҚАРОВ:
«ЗАҢҒА, ТЕК ЗАҢҒА СҮЙЕНУ
КЕРЕК»
Балқаш қаласының прокуроры
Алқайдар Трайкенұлы Асқаровпен сұхбат
– Ең алдымен прокуратураға жүктелген міндеттерді
қысқаша айтып өтсеңіз? Сіздердің құрылымда да өзгерістер
болып жатыр ғой.
–Оныңыз рас, қоғам ілгері дамыған сайын құқықтық
саланың ауқымын кеңейтіп, міндеттері де күрделене
береді. Жалпы алғанда еліміздің прокуратурасы Ата
заңымыз қабылданғаннан кейін мемлекетіміздің ең жоғары
құндылығы – адам өмірі, құқықтары мен бостандықтарын
мемлекет пен заңды тұлғалар мүддесін қорғайтын бірден бір
ең жоғарғы қадағалаушы органға айналды. Сонымен бірге
1995 жылғы 21 желтоқсанда осы Ата заңда көрсетілген 83
бапқа сәйкес прокуратура органдарының қызметін нақтылай
түскен Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы»
заңы жарық көрді. Бүгінгі таңда прокуратура – мемлекет
мүддесін қорғауда, яғни, барлық қазақстандықтардың
ұлттық қауіпсіздігін, ішкі саяси тұрақтылықты еліміздің
экономикалық қарқынды дамуын қамтамасыз ету шараларын
жүзеге асырытан тек өзінің Конституциялық статусы
жағынан Елбасына ғана есеп беретін құзырлы орган. Заң
тілімен айтқанда ҚР-ның прокуратурасы – республика
аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті
жарлықтарының
және
өзіне
нормативтік
құқықтық
актілердің дәл және біріңғай қолдануына назар аударады.
Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің,
әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын
қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура кез келген
заң бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар
қолданады. Республиканың Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге
наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді.
Мұндай ауқымды жұмыс прокуратура қызметкерлерінің,
ұжымның біліктілігімен жүзеге асырытыны сөзсіз. Неғұрлым
білімді, істің оң-солын білетін мамандар жинақталған
жерде құқықтық тәртіп орын алады. Реті келгенде айта
кетейін, біздің ұжымдағы А. Әбдақасов, Ш. Аманжолова, Т.
Қадырманов, Р. Өзбеков, бұлардың ізін басып келе жатқан Қ.
Байкенов. Қ. Мүліков, Ж. Науанов, Е. Исабеков, М. Ерікұлы,
Ж. Адамбаев, Б. Бейсекеев, Г. Шохметова, Е. Алпысбаева
сияқты жас мамандар заң бұзушылыққа жол бермеуге,
халықтың заңмен бекітілген құқықтарының бұзылмауын
қорғауға ат салысуда.
– Қаладағы қылмыс әлемі қандай деңгейде? Сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөнінде не айтар едіңіз?
–Сізге қаладағы қылмыстық ахуал деңгейі жайында
нақты дерекпен айтқан дәйектірек болар деп ойлаймын.
2008 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына
сәйкес, қаламызда жалпы қылмыстың сандық мөлшерінің
өткен жылғы осы уақыт аралығымен салыстырғанда 12,5
пайызға төмендеуі байқалады. Алайда, қылмыс санының
азайғанымен, қылмыс түрлерінің ішіндегі ауыр және аса ауыр
қылмыс түрлері 17,2 пайызға артып отыр. Қасақана өлтіру
12,5% өссе, керісінше денсаулыққа ауыр зиян тигізу 33,3%
кеміген. Ал, зорлауға байланысты қылмыс тіркелмеген.
Біздің
прокуратура
қызметкерлерінің
араласуымен
қалада түрлі қылмыс пен заң бұзушылықтар анықталып
жатады. Осы жылдың алғашқы алты айында прокуратура
қызметкерлері
мемлекеттік
органдарда
қадағалау
жұмыстарын жүргізіп, анықтаған 322 заң бұзушылыққа
тиісті шаралар қолданды. Заң бұзушылықты жою үшін 49
ұсыныс, 15 теріске шығару, мемлекеттік органдардың заңсыз
27 актісі өзгертіліп, 10 тұлғаның Конституциялық құқығы
қорғалды. 55 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 9 тұлға
әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуролрлық ықпал ету нәтижесінде мемлекеттік бюджетке айтарлықтай қаржы өндірілді. Сонымен бірге тұлғалардың 344 өтініші қаралып, оның 191 қанағаттандырылып, 149 басқа ведомстволарға қарауға жіберілді. Ал, сыбайлас жемқорлық жайлы айтар болсақ, соңғы кезде мұндай қылмыстың терең тамыр жаюы мемлекетіміздің дамуына үлкен кедергі болатыны анық айтылуда. Елімізде осынау қауіпті қылмысқа қарсы пәрменді күрес жарияланды. Біз де өз тарапымыздан осы бастаманы қолдаудамыз. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның орындалуын қадағалау мақсатында мәдениет және білім ошақтарында тексерістер жүргізілді. Алғашқы жартыжылдықта жүргізілген осындай 3 тексеріс нәтижесінде 10 заң бұзушылық әшкереленіп, 3 ұсыныс жолданды. 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда осы заңға байланысты құқық бұзушылықтың артқаны байқалады. Сонымен бірге азаматтардың Конституциялық еңбек ету құқына қарсы келетін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның еңбек қатынастарына қатысты тұстарының бұзылуына жиі жол беріледі. Елбасының сыбайлас жемқорлыққа күйрете соққы беру саясатын қалалық прокуратура ұжымы бір кісідей қолдайды, әрі оған қарсы күресті жалғасытра береді. «Жемқорлық жегі құрт» деп орынды айтылған.Аяусыз күрес керек. – Есірткі бизнесі туралы аз әңгіме айтылып жүрген жоқ. Бұл мәселе төңірегінде алып қосарыңыз бар ма? Қазақстан «тоғыз жолдың торабында» орналасқандықтан есірткі тасымалдау аймағына айналды. Елімізде есірткі бизнесі күрделі мәселе күйінде қалып отыр. Елімізде есірткі бизнесімен және есірткіні пайдаланатындармен күрес қатаң түрде қолға алынды. Есірткі өндіру жолдарын жою, тасымалдаушыларды құрықтаудың жаңа тәсілдері қолға алынып, қажетті, соны технологиялар пайдаланыла бастады. Үстіміздегі жылдың 27 маусымында ҚР-сы Қылмыстық
Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан айқын
көруге болады. Енді «Есірткі заттарды немесе жүикеге әсер
ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау,
тасымалдау, жөнелту немесе, сату»- жөніндегі 259 бап
талаптары бұрынғыдан күшейтілді. Жалпы алғанда есірткіні
заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу сияқты әрекеттерге
жаза күшейді. Мұндай жағдайда 3 жылдан 7 жылға дейін,
7 жылдан 12 жыл мерзіміне дейін бас бостандығынан
айырылады. Ұйымдасқан топ, немесе қылмыстық топ
мүшелерін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу
жазасы күтіп тұр. Есірткімен бірлесе күрескенде ғана нақты
нәтижеге қол жеткізуге болатыны белгілі. Жыл басынан
бері Балқаш қалалық сотында аса ірі көлемдегі есірткіні
заңсыз сақтау, таратуға байланысты 11 тұлғаға қатысты 10
қылмыстық іс қаралды. Осының ішіндегі 4 іс бойынша 4
азамат қамауға алынып, 5 іс бойынша 5 азаматқа жазасын
шартты түрде өтеуге үкім шығарылды. Есірткі бизнесіне
байланысты күрес үзбей жүргізіле береді. Есірткіге
байланысты қаралған іс бойынша жазасын шартты түрде
өтеу және айыппұл төлеуге қылмыскерді бас бостандығынан
айыруға үкім шығарылды. Біз бұл үкімді заңды деп таптық.
– Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту керек.
Арнайы заң бар, қалада орысша, ағылшынша жазылған
маңдайшалардан аяқ алып жүре алмайсыз. Бұл жөнінде не
айтар едіңіз?
– Иә, маңдайшалар жайында пікіріңізге келісемін Бұл өзі
көпшілік тіл жанашырларының көтеріп жүрген мәселесі.
Ал, мемлекеттік тілдің қаншалықты заң талабына сәйкес
орындалып жатқаны туралы сөз қозғайтын болсақ, біздің
тарапымыздан «Тілдер туралы» заңның қолданысына
арналған
тексеріс
шаралары
өткізіледі.
Үстіміздегі
жылдың бірінші жартыжылдығында қалалық прокуратура
мемлекеттік мекемелерде ҚР-ның «Тілдер туралы» заңының
қолданысына тексерістер жүргізді. Әлі де болса мемлекеттік
мекемелерде ресми құжаттардың екі тілде жүргізілуінде
кемшін тұстардың кездесетінін жасыруға болмас. Мысалы,
осындай бірқатар заң бұзушылықтар Балқаш қалалық спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінде, қалалық статистика бөлімдеріне жүргізген тексеріс барысында анықталды. Бұл мекемелерде «Тілдер туралы» заңның бірнеше баптарының талаптары дұрыс деңгейде орындалмай жатқан жайы бар. Тексеріс барысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуде заң талаптарына сай тиісті дәйекті шаралар қолданылмағандықтан орын алған. Көрсетілген заң бұзушылықтарға байланысты қалалық прокуратура оларды жою жөнінде ұсыныстар қабылдап, тиісті шаралар қолданды. Алайда, мемлекеттік тіл төңірегінде заң бұзушылықтың жалғыз мысалы бұл емес. Елбасы Н. Ә. Назарбаев бір сұхбатында: «Қазақтың қазақтығының басты белгісі – қазақша сөйлеу. Үйде де түзде де. Баласымен де немересімен де. Досымен де туысымен де. Бажасымен де құдасымен де. Тек осыны жасаған адамның өзі ана тілін өркендетуге өзінің титтей де болса үлесін қоса алады... Осы 17 жылдың ішінде қазақтар өзінің ана тілін үйренуге міндетті еді. Бұл талап ешқандай да адам құқына қол сұғу ретінде қаралмауға тиіс. Бұл – парыз. Перезенттік парыз. Адамдық парыз. Менің Елбасшысы ретінде де, қазақ ретінде де парызым қазақ тілін өсіріп-өркендету... Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі, өркендейді. Мен «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген сөзімді тағы қайталағым келеді. Қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перезенттік те, Президенттік те парызым», – деген болатын. Елбасының осы жүрекжарды сөзін толықтай келтіріп отырмын. Біреу оқыған болар, біреу оқымаған шығар. Одан артық қалайша жеткізіп айтамыз. Мен Елбасының осы ұстанымы, азаматтық көзқарасын ұдайы қолдаймын. Әрі мемлекет деңгейінде атқарылап жатқан ауқымды шараларға қарап, жоғарыда айтылған кемшіліктер түзелетініне, қазақ тіліне деген бетбұрыстың жақсарып, ана тіліміздің тынысының кеңейіп келе жатқанына сеніммен қараймын. Өз тарапымыздан мемлекеттік тілдің қолдану аясын барынша жетілдіруге атсалысамыз. Мұның өзі «Тілдер туралы»
заңның өзінде айқын көрсетілген.
Құқықтық мемлекет құруға бет алған шақта заңға,
тек заңға арқа сүиеуіміз керек, сыйлауымыз керек,
құрметтеуіміз керек. Өркениет үрдісі осылай. Сондықтан,
қалалық прокуратура ұжымы өздеріне жүктелген міндетті
қал қадерінше атқара беретін болады. Адамдардың
құқығын қорғауда батыл қадамдар жасалады. Мұндайда
сыбайластыққа жол берілмейді, үнемі әділдік салтанат құру
бағытында жұмыс жасаймыз.
Мекеме ұжымының барлық талаптарға сай жұмыс жасауы
үшін жағдай қажет. Бізде техникалық базаны нығайтуға тиісті
орындар тарапынан нақтылы қамқорлық көрсетіліп келеді.
Мекемені таяуда жаңа заман үлгісінде жарақтандырылған
ғимаратқа көшірмек ойымыз бар. Әр қызметкердің жеке
жеке бөлмелері болады. Алаңсыз, нәтижелі жұмыс жасауына
жағдай туғызылады. Бұдан кейін жұмыс барысында қатаң
талап қойылады, жауапкершілік күшеиеді.
– Әңгімеңізге көп рахмет.
«СОТ БИЛІГІ ӘДІЛЕТТІКТІҢ
АЙНАСЫ»
Жұмағұл Нығметұлы Шөженов – 1984 жылы Е.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң
факультетін бітірген. Заңгерлік жолын тергеушіден бастаған.
Балқаш аймақтық мемлекеттік тергеу комитетіне, Қарағанды
гарнизоны бойынша әскери тергеу басқармасына жетекшілік
етті. Балқаш аймақтық салық полициясының бастығы,
облыстық қаржы полициясының бөлім бастығы қызметтерін
ойдағыдай атқарды. Сәтбаев қаласының судьясы болды. Бұл
күнде Балқаш қалалық арнаулы әкімшілік сотының төрағасы.
Біздің әңгімеміз тәуелсіздікмерекесіне сәйкес өрбіді.
– Жұмағұл Нығметұлы, сіз бен біз тәуелсіздікке 15 жыл
толу қарсаңындағы мереке тұсында әңгімелесіп отырмыз.
Сот жүиесінің реформалау кезеңі жайлы не айтар едіңіз.
Тәуелсіз қазақ елінің сот жүиесі дегендей..
– Тәуелсіздік ата-бабаларымыз аңсап өткен асыл
арманның бірі еді ғой. Ендігі ұрпақтың мақсат-мүддесі осы
тәуелсіздікті аянды ете білуде. Қандай бастамаға болмасын
реформа бір күнде жасала қоймайды. Соған қарамастан
Қазақстанның сот билігі – дербес тәуелсіз билік тармағы
ретінде қалыптасуы мен дамуда айтарлықтай жетістікке
жеткені белгілі. Өткен жылы Қазақстан судьяларының
ІҮ съезінде сөз сөйлеген Елбасы Н.Назарбаев: «Осы
замандағы сот жүиесі бұл мемлекет негізінің бір құрамдасы,
біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси
жаңару жолымен демократиялық дамыту тетіктерінің бірі.
Азаматтардың осы заманғы қазақстандық құқық тарапынан
билікке деген сенімнің деңгейі нақ осы сот жүиесінің
жағдайына байланысты болмақ» деп атап көрсеткен еді.
Шындығында зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі күшті,
тәуелсіз сот билігін құру. Меніңше судьялар заман көшінің
басында жүретін өте білімді, зиялы болуға тиіс. Әлбетте
сотқа құрмет – мемлекеттік билікке деген құрмет болса
керек.
Мынадай сұрақ туындайды. Бұрын-соңды қазақ мемлекеті
құқықтық мемлекет болған ба? Иә, болған, өйткені Тәуке
ханның тұсындағы қабылданған «Жеті жарғыда» әкімшілік,
қылмыстық, азаматтық құқық мәселелерімен қатар, отбасы,
неке, салық, дін, тәрбие тағы басқа сол сияқты қоғамның
жан-жақты мәселелері көрініс тапқан. Тәуке ханның тұсында
да, одан кейін де қазақ қоғамының барлық жақтарын түгел
қамтыған әмбебап кодификацияланған заң жүиесі болған
деп қорытындылаймыз. «Жеті жарғының» қағида ережелері
барлық қазақ жүздерінің аумағында түгелдей қолданылған.
Ең маңыздысы осы. «Жеті жарғыны» дайындаған Төле
би, қаз дауысты Қазыбек би және Әйтеке билер іс жүзінде
мемлекет басқарып, қазақ хандығын құқықтық мемлекет
екенін бекітті және қандай ауыр даулар болса да тек заң
шеңберінде ойдағыдай шешілді. Сот билігі мемлекеттік
биліктің белгілі саласы болып қана қоймай, жүргізіліп
отырған саясаттың жалғасы әрі іске асуының басты құралы.
– «Алқа билер туралы» заңға байланысты пікіріңізді
білсек деп едік?
– Иә, «Алқа билер туралы» заң 2007 жылдың қаңтар
айынан бастап күшіне енеді. Еліміздің сот жүиесінде
«Алқа билер» заңды түрде енгізіледі. Бұл заң жобасы
депутаттардың талқысына түскеннен бастап-ақ түрлі
пікірталас туғызды. Бірақ заң қабылданған соң оны
орындау керек. Бұл да тәуелсіздік жеңісі. Қазір елімізде
оған дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. «Алқа
билер» тек облыстық соттар жағынан құрылады. Аса ауыр
және маңызды істерге қатысады. Сот төрелігін атқаруға алқа
билер сотын енгізудің басты мақсаты мемлекеттік билікке,
соның ішінде сот төрелігіне халық өкілдерін кеңінен тартып,
жұртшылықтың сотқа деген сенімін арттыру. Сот төрелігіне
халықтық биліктің ажырамас құрамдас бөлігі екендігіне іс
жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік береді. Заңға сәйкес алқа билер сотының құрамын іріктеп алу жергілікті атқару органдарына жүктелген. Заңның өмір шындығына қаншалықты сәйкес келетіні оны қолдану барысында айқындалады. Көршіміз ресей мемлекетіндегі болып жатқан келеңсіз жағдайлар қайталанбаса болды. Меніңше сот төрелігіне алқа билер сотын енгізу осы заманның басты талаптарының бірі деп есептеймін. – Сот жүйесіндегі кадрларды іріктеу мәселесі қалай жүргізіледі? Сіз білікті маман болған соң осы сұрақты арнайы қойып отырған жайымыз бар. Өйткені, жұртшылық хабардар болсын деген пікірден туындап отыр. – Судья болып қызмет атқару тек әр заңгердің ғана арманы емес, барлық азаматтардың мақсат-мұраты десем артық кетпейтін шығармын. Сондықтан судьялық қызмет жалпы заң саласының шыңы деп батыл айтуға болады. Бұрын да айтылып жүргендей сот жүиесіндегі небір көкейкесті мәселе – кадрларды іріктеу, қызметке білімді де білікті заңгерлерді таңдап алу. Кейінгі кезде судьялыққа үміткерлер әділеттік біліктілік алқасына емтихан тапсырып, конкурстық комиссиядан өтіп барып, Президенттің жарлығымен тағайындалады. Осындай қатаң сұрыптау мен таңдау арқылы қызметке келген жас судьялар көңілден шығып, сенімді ақтап жүр деуге бола ма? Кадр мәселесі қай кезде де ең өзекті. Судьялықтан үміткерлерді таңдап, сыннан өткізу біріңғай мемлекеттік заң нормаларына сәйкес іске асырылып отыр. Қазіргі талап бойынша судьялыққа үміткердің жасы 25-тен кем болмауы керек, кемінде заң саласында екі жыл еңбек еткені жөн. Менің өз жеке пікірім үміткерлер 30 жасқа толып, заң саласында кемінде 10 жыл еңбек етуі керек деп ойлаймын. Өйткені, екі жылда мамандық деңгейінде тәжірибе алып үлгермейді. Осы орайда үміткердің білімділігімен қоса, оның адамгершілік қасиеттері, ұят, арнамыс, ортасы, жұртшылықпен тіл табысып, талапқа сай қарым-қатынас жасауы қаперге алынса деймін. Мемлекеттік тілді білуі және патриоттық сезімі ескерілгені жөн. Осы
мәселе басшылыққа алынса кадр саясатын сапалық
деңгейге көтеру мүмкін болады. Адам тағдырын шешуде
жауапкершілікті сезінеді, түсінеді. Мемлекет дұрыс шешім
қабылдауға қалыптасады. Қазір материалдық-техникалық
жағдай жақсара түсуде мемлекет соттарға қазір жан-
жақты барынша қолдау өрсетіп отыр. Судьяларды сайлау
арқылы тағайындау керек деген пікір бар. Бірақ, бұрынғы
сайлаудың да, қазір де көбіне көп формальдық жағы басым
болып жүр. Жұртшылық әлі де болса объективті сайлауға
дайын емес екенін ашық айтуымыз керек. Ал, Президенттің
жарлығымен тағайындалуға лайықты екеніңді дәлелдеу
үшін қаншама қатаң талаптарға төтеп беруің керек. Бұл
сынақтан сүрінбей өтуің оңай емес. Білімің, жан-жақты
біліктілігің, адамгершілік қадір-қасиетің, өмірлік жинаған
тәжірибең, тіпті жақын туыстарың мен қоршаған ортаң
таразыға тартылады. Сондай-ақ халқымыздың кез келген
дау-дамайдың нүктесі тек сот арқылы қойылатынын және
оның заңға сәйкес, заңның шеңберінде ғана болатындығын
түсінгені дұрыс. Қолына берілген билікті теріс мақсатқа
пайдаланып, ары мен намысына, еліміздің тұтастай билік
мәртебесіне нұқсан келтірушілерге арамызда орын жоқ.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу
мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі стратериялық міндетті
шешу үшін елдің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне
елеулі қатер төндіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті
барынша
қатайтуымыз
керек.
Осыған
орай
қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар
енгізу көзделіп отыр. Бұл ұсыныс бүгінгі заң талабына
сай өте құптарлық қорытынды деп есептеймін. Жекелеген
судьялардың сыбайлас жемқорлық сыйпатындағы әрекеттері
сот жүиесіндегі қол жеткен жетістікті аяқ асты етіп,
жұртшылықтың сотқа сенімсіздік білдіруіне негіз болады.
Біз осы жағынан таза болуымыз керек.
– Еліміздегі арнаулы әкімшілік сотына нендей құқықтар
жатады? Тарата айтып берсеңіз?
– Арнаулы әкімшілік соттар әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істерді қарауға уәкілетті. Оның ішінде әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде шет елдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік қамауға алу, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттардың өтемін алып қою, не осы заттарды тәркілеу, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау арқылы алынған табыстарды, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, өз бетінше тұрғызған немесе тұрғызылған құрылысты еріксіз бұзу, жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараймыз. Әкімшілік соттардың міндеттері – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, алдын алу. – Сотардың материалдық-техникалық жабдықталуы қалай? –Сот саласын материалдық-техникалық жабдықтаумен соттар әкімшілігі деген арнаулы құрылым айналысады. Әрбір судья мен сот мамандары жеке-жеке компьютермен және басқа да техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Бұрынғыдай қағаз-қалам керекті жабдықтарды іздеп әуреленбейді. Осы жуырда үлкен қуанышқа кенелдік. Қаланың бүкіл сот саласы жаңа үлгімен жөнделіп, жабдықталған ғимаратқа орналасты. Жұмыс жасауға қолайлы, жылы, жарық. –Сіздің тарихи-зерттеу жұмысымен шұғылданатыныңызды білеміз. Жұмыстан тыс уақытта немен шұғылданып жүрсіз? – Иә, көп жылдан бері өз ортамыздан шыққан бишешендердің, батырлардың өмірін зерттеумен шұғылданып
келемін. Осыдан төрт жыл бұрын «Ақжолтай, Ағыбай батыр»
деген тарихи кітабым жарық көрді. Қазір өте аз зерттелген,
осы өңірден шыққан би-шешендердің еңбегін жарыққа
шығару үшін ғылыми зерттеумен шұғылданудамын. Ағыбай
батыр ретінде танылса да оның билігі, шешендігі әлі
зерттелген жоқ. Келесі жылы заң ғылымдарының кандидаты
деген атақты қорғамақ ойым бар. Ғылыми жетекшілерім
Конституциялық кеңестің мүшесі Қабылсаят Әбішев,
«Болашақ» институтының ректоры, академик Нұрлан
Дулатбеков.
– Тәуелсіз елдің судьясы қандай болуы керек деп
ойлайсыз?
– Дұрыс сұрақ, судьяның қабылдаған шешімі дәулескер
жақтың бірінің көңілінен шықса, екінші жеңілген жақтың
сот шешіміне риза болмайтыны белгілі. Бірақ, шыққан
шешім заңға сәйкес дәл болса, ар алдында тазасың,
ешкімнен ұялмайсың. Сот төрелігінің жариялылығын және
қоғамдық қатысуын ұлғайту, халықтың үні – бұқаралық
ақпарат құралдарымен жүиелі түрде қарым-қатынаста
болу деп ойлаймын. Сот төрелігіндегі жаңалықтарды,
атқарып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде жариялап тұру
керек. Судьялар әрбір істі қарағанда оның астарында адам
тағдыры, оның көңілін күпті еткен мәселелер тұрғанын
ешқашан естерінен шығармағаны жөн. Жұртшылық соттан
әділ шешім күтеді. Әділ судьяларды халық құрметтейді. Ел
арасында сот қызметкерлері туарлы алып-қашпа әңгімелер аз
айтылмайды. Әңгіменің шындыққа келетін немесе келмейтін
тұстары да бар. Мыңдаған судьялардың бәрінің қолы арам
деп ешкім айта алмайтын шығар. Рас, суық қолды судьялар
кездесіп қалады. Бірақ, осы жекелеген фактіге қарап,
судьялардың бәрін қаралау дұрыс емес болар. Бабаларымыз
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп текке
айтпаған ғой. Әрине, бүгінгі заң бөлек. Бірақ, сот билігіне
деген жұртшылықтың талабы өзгерген жоқ. «Арың таза
болса, аңдығанның өзі арандайды» деген аталы сөз және
бар. Тәуелсіздік тұғыры асқақтай берсін. Баршамыз болып,
тәуелсіздігіміздің баянды болуына атсалысайық. Бұл ретте
заңгерлерге де үлкен міндет жүктеледі. Судьялық билікке
қолы жеткен жан халық үшін еңбек ету керек. Өйткені,
халық биліктің негізі және тірегі. Сеңкібай бабамыз былай
деген ғой. «Бұл өмірге келген соң кетпек керек, ақыл-күшің
жеткенше өмір гүлін екпек керек».
ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ –
ҰДАЙЫ НАЗАРДА БОЛАДЫ
Уақыт өте келе әр саланың дамуына, өркендеуіне реформа
жасалады. Заман талабы солай. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
Құқық қорғау саласын жан-жақты жетілдіру, реформа
жасау, сол қажеттіліктің жолында игілікті істерді тындыру
ашып көрсетілген болатын. Азаматтардың Ата заң аясында
құқықтық тұрғыда еңбек етуі, алаңсыз өмір сүруі нақтылы
көрсетілген. Сондықтан, тәуелсіз елдің азаматтары да
өздерін еркін сезініп, қоғамдық өмірдің, тыныс-тіршіліктің
қадір қасиетін бағалай білсе керек.
Осыған орай Ақтоғай ауданының прокуроры Мұхтар
Хамзинге жолығып, өзінің ой-пікірін, сондай-ақ, атқарылған
істері жайлы айтып беруін өтінген едік.
– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құқық қорғау саласына
реформа жүргізудегі алқалы шешімі, ұсынысы біздің
саламыздың да кейбір тұстарын барынша жетілдіру
қажеттігін ашып көрсетеді. Адамдардың жеке өмірін
қорғау, сақтау, заңдылық тұрғыда ғұмыр кешуін қадағалдау,
жөн-жосықсыз қол сұқпауына жол бермеу прокуратура
қызметкерлерінің негізгі борышы болып қала береді. Құқығы
бұзылған, қысым көрген заңның бұрмаланғанынан жәбір
көрушілер прокуратура органдарына жүгінеді. Осындайда
тәжірибелі заң қызметкерлері ақ-қараны айырып, нақтылы
іс әрекетке көшеді. Біздің де негізгі міндетіміз осы. Ақтоғай ауданының прокуратурасы өңірдегі заңдылық, құқықтық тәртіпті нығайтуға, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтіп, қылмыстың алдын алуда өздеріне жүктелген міндетті бірсыдырғы атқарып келеді. Азаматтардың констиуциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлықпен кешенді жұмыс жүргізу күн тәртібінен түспейді. Өкілетті және атқарушы органдардың, әсіресе, құқықтық нормативтік сипаты бар актілерінің заңдылығын тексеру, кәсіпкерлікті қолдау, басқа да заңнаманың қолданылуын қадағалуды үнемі назарда ұстаймыз. Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалу бойынша енгізілген ұсыныстар мен күші жойылған, өзгертілген актілердің, тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын пайымдай отырып, сотқа жолданған талап-арыздың артқанын байқаймыз. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының қолданылуына нәтижелі тексерістер жүргізілді. Осы кезде 10 заң бұзушылық деректері анықталды. Сөйтіп, 4 ұсыныс енгізіліп, 4 мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мұның ішінде кент әкімі және жетекші мамандар бар. Аудан прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға ұдайы назар аударады. Тағы бір тексерісте аудандық медицина бірлестігінде 207 қызметкерге уақытылы еңбекақы төлемегені белгілі болды. Прокуратураның тікелей араласуымен еңбекақы төленді. Ал, мемлекеттік бюджетке шаруа қожалығынан мүлде салық түспеген. Мұны да прокуратураның ықпалымен өндіруге мүмкіндік туды. Азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, атқарылған жұмыстарды жариялау мақсатында прокуратура қызметкерлері құқықтық насихат жұмыстарын жүргізеді. Мұның ішінде қызметкерлеріміз БАҚ пен тығыз байланыс орнатып, Веб-сайттың көмегіне жүгінеді. Аудан прокуратурасының қызметкерлері елді-мекендерде жұртшылықпен кездесу өткізіп, әңгіме сұхбат жүргізеді.
Осы іс-шаралардың ішінде бір семинар кеңес және екі
дөңгелек стол мәслихаты өткізілді. Аудан прокуратурасына
келіп түскен өтініштерді барынша уақытында қарап,
қанағаттандыруға ұмтыламыз. Аудан прокурорының өзі жыл
басынан бері 78 қабылдау өткізіп, шешімдердің мезгілінде
орындалуы қадағаланып отырылды.
Тергеу,
анықтау,
жедел
іздестіру
қызметінің
заңдылығын қадағалу, қылмыстың алдын алу және онымен
профилактикалық жұмыс жүргізу өз нәтижесін беруде.
Ауданда қылмыс деңгейі 14,3 пайызға кеміді. Жалпы
тіркелген қылмыстардың ашылу пайызы 87,9 пайызды
құрайды. Талдау көрсеткендей жеке тұлғаларға қатысты
қылмыс біршама өскен. Ал, бөтеннің мүлкін ұрлау
керісінше кеміп отыр. Қарақшылық тонау, бопсалау, зорлау,
зомбылық сияқты қылмыстар тіркелген жоқ. Жасөспірімдер
мен үгіт насихат жұмыстары мектепте, жұмыс орнында,
қоғамдық орындарда үнемі жүргізілуі керек. Сол кезде
оның түпкілікті нәтижесі болады. Жастар арасындағы аяқты
шалыс басу, өкінішті іске ұрынуға жол бермеу үгіт-насихатқа
да байланысты. Біз өз тарапымыздан мектептерде болып,
мүмкіндігінше оқушылармен әңгіме өткіземіз, олардың
сұрақтарына жауап береміз.
Аудан прокурорының ықпалымен 2 қылмыстық іс
қозғалып, оның бірі сотқа жолданды. Ал, біреуі анықтау
барысында өндірістен ақталмайтын негізбен қысқартылды.
Негізсіз өндірісте тоқтатылған бір қылмыстық іс прокурордың
қаулысымен бұзылды, сөйтіп, қайта сотқа жолданды. Қайта
тергеуге жолданған іс, сондай-ақ, ақталған негізбен сотпен,
қылмыстық қудалау орындарымен өндірістен қысқартылған
іс болған жоқ. Прокурорға, тергеу, анықтау органдарына
соттар тарапынан сапасыз тергеу жөнінен жеке қаулылар
шығарылған жоқ. Жыл басынан бері жедел іздестіру
қызметіндегі заңдылықты қадағалау бойынша барлығы 13
тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше нұсқау беріліп,
заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Лауазым
иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот
актілерінің, атқарушылық өндірістің және қылмыстық
атқару инспекциясы қызметінің заңдылығын қадағалау
біздерге жүктелген. Жыл басынан бері аудан соттары мен
17 қылмыстық іс қаралып, ол бойынша айыптау үкімдері
мен ақталмайтын негізде сот қаулылары шығарылды.
Сотта барлығы 22 азаматтық, 134 әкімшілік іс қаралды.
Олардың барлығына прокурор қатысты. Сот актілерінің
ішінен тараптардың шағымымен апеллециялық сатыдағы
бұзылғаны немесе өзгергені жоқ,. аудандық соттар актілерінің
заңдылығы мен тұрақтылығына байланысты прокуратура
тарапынан наразылық келтірілмеді. Сот орындаушылардың
қызметіне 14 тексеріс жүргізілді, 6 ұйғарым, 6 ұсыныс, 2
наразылық енгізілді.
Дей тұрғанмен табиғатты қорғау саласында, экономикалық
және
сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы
қылмыстардың
анықталмауы әлі де орын алып отыр. Азаматтардың
конституциялық
құқықтарымен
бостандықтарының
сақталуы, жалпы сот актілеріне наразылық келтіруі әлі де
болса өз деңгейінде емес.
Осы жылдың ақпан айында Ақтоғай ауданы құқық қорғау
органдарының үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысын
Шашубай кентінде өткізді. Мұның де себебі бар. Аудан
бойынша тіркелген қылмыстың басым көпшілігі осы
өңірден орын алады. Шашубай кенті Балқаш қаласына
жақын. Саршыған кенті тоғыз жолдың торабы, Приозерск
қаласына тиіп тұр. Осы отырыста мал ұрлығының өсуі де
сөз болды. Үйлестіру кеңесінде құқық қорғау органдары
кент әкімдерімен бірлесе отырып, тығыз жұмыс жасау
керектігі әңгімеге арқау етілді. Кейбір ауылдарда учаскелік
инспекторлардың тарапынан да кемшіліктер кетіп отыр. Аса
ауыр қылмыс Саршыған кентінде жасалынды. Прокурордың
ұсынысымен қылмыстың алдын алу және профилактикалық
жұмысты өз деңгейінде жүргізбегені үшін аудандық ішкі
істер бөлімінің бір топ қызметкерлері қатаң тәртіптік
жауапкершілікке тартылды. Өткен жылы Нұркен селолық
округінен құны 12 млн. теңгеге жуық 31 бас жылқы ұрланды.
Оның ішінде асыл тұқымдысы да бар. Ұрылардың біразы
көршілес аудандардан келген. Жылқының бір бөлігін Шу
қаласына өткізіп жіберген. Бұдан туатын қорытынды, бабы
келіп бағылмаған мал иесіз қалады, ұрланады, басқа елді-
мекенге өтіп кетеді. Сондықтан шаруа қожалықтары, жеке
меншік иелері қолдағы малға өте-мөте сақ болғаны жөн.
Ауылдық жерде малды кезекпен бағудң еш қиындығы жоқ.
Есесіне ұрлық- қарлыққа жол берілмейді.
Қорыта айтқанда, Ақтоғай ауданының прокуратурасы
өңірдегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауда Елбасы
Н. Ә. Назарбаевтың заң саласындағы іргелі реформасына
нақтылы іспен жауап беретін болады.
ӨЗІМІЗДІҢ РАЙХАН
Біз Райханды біраздан бері білеміз. Жүзінен иманы
төгілген қазақтың қарапайым қызы. Ел арасында сөз жата
ма, Райхан зейнеткерлікке шығыпты деген игі тілек тарап
кетеді. Көпшілік кәдімгідей абыржып қалыпты. Әсіресе,
үлкендер жағы әжептеуір қиналып, «алдына барғанда
айтқан пікіріңді мұқият тыңдап, қайтсе де қолұшын беруге
ұмтылып тұрушы еді. Жүрегі жылы болатын. Қайда жүрсе
де тілеулеспіз, амандық тілейміз» – депті. Енді бірде Райхан
қызмет бөлмесінде отырса керек, есікті еппен ашқан қария,
«Пәлі, өзіміздің Райхан орнында отыр екен ғой», деп еркін
кіріп кетіпті.
– Не дерімді білмей қалдым. Апа аманшылық па?-деп
қайталай беріппін. Сөйтсем, мені кәдімгідей зейнет жасына
шығарып, үйде үлде мен бүлдеге орап қойыпты ғой, – деп
еске алады Райхан.
Райхан Кәрібаева қарындасымыз ұзақ жылдан бері ішкі
істер саласында қызмет етті. Қалалық төлқұжат бөлімінің
меңгерушісі болды. Көктем айында өзі атқарған қызмет саласы бойынша зейнетке шығып, әділет басқармасына ауысқан. Қазіргі таңда елге құжат беру және тіркеуге алу бөлімінің бастығы. Бұрынғы ішкі істер бөліміне қараған көші-қон департаменті ендігі арада әділет басқармасының құзырына енді. –Жаңа жылдан бастап осындай құрылымдар өзгертілді. Біз Қазақстан азаматтарына жұмыс істейміз. Ал, ішкі істер басқармасы шет ел азаматтарының көші-қон төлқұжатымен шұғылданады. Азаматтық беру, оның төлқұжаттарын жасау тек біз арқылы өтеді. Бұл күндері 5 маман жұмыс жасап отырмыз. Былайша айтқанда айырмашылық жоқ. Ішкі істер саласындағы төлқұжат мәселесін бұрынғыдай атқара береміз. Ал, енді әділет басқармасына шоғырландыру жағына келсек, бұл тіптен жаңа құрылым. Осы мекемеде төлқұжат алады, тіркейді, салық төлеу нөмірін алады, жүргізушілік куәлігін береміз, жылжымайтын мүліктерді тіркейміз, басқа да тиімділігі баршылық.Бұрын осының бәрін жинау үшін азаматтарымыз әр табалдырықты бір аттайтын. Енді олай болмайды, бір орталықтан құжаттарын жинастырып, шаруасын бітіріп жүре береді. Кез-келген анықтама, құжаттарын береміз. Жаңа құрылып жатқан мекеме ғой. Келешегі алда, халық енді-енді құлақтанып жатыр,– дейді Райхан бізбен әңгімесінде. Халқының қадірлісі болған Райхан Қарағандыдағы Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің заң факультетін 1987 жылы бітірген. Ішкі істер саласында жас маман болып келгенде мейірімді ағалар қарсы алып, көмектесті, тәжірибесін үйретті. – Әр жас маманның ұстазы болады деп ойлаймын. Ең алғаш милиция формасымен бөлмеге кіргенде не істерімді білмей аңтарылып отырғаным рас. Жұмысты неден бастау керек? Сонда бір кездегі Балқаш қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы болған Б.Шалқыбаев, Ә.Ахметбеков сияқты ағаларымды құрметпен еске аламын. Қыз-келіншектердің көпшілігі ішкі істер саласындағы ауыр жұмыстарға шыдай
алмай тастап кететіндері шындық. Ал, енді бес жыл
университет қабырғасында оқып, қолыңа диплом алған соң
өз мамандығың бойынша қызмет етуің парызың болса керек.
Мен шыдадым, үйрендім, тәжірибе жинақтадым. Мұны өз
басым мамандыққа адалдық деп ұғамын.
– Ал енді әділет басқармасына ауысуға не себеп болды?
– Мен ішкі істер саласында 18 жыл еңбек еттім. Былай
алып қарасақ зейнет жасына келіп тұрмын. Бұл жердің
тәртібі солай ғой. Содан мына жаңа мекеме құрылып, бұған
білікті мамандар керек деп маған ұсыныс түсірді. Оның
үстіне өзім атқарып отырған жұмысым, осы басқарманың
құзырына берілетін болды. Сондықтан, келісімімді бердім.
Бұрынғы ұжымым, құрметтеп, жөн-жоралғысымен осы
мекемеге қарай шығарып салды. Ішкі істер бөлімінің
бастығы, подполковник Қазбек би Бүйтекұлы бауырыма
рахмет. Қазақы қасиет, салт-дәстүр қанында атойлап тұрған
жас жігіт. Айтпақшы, ол келгеннен бері ішкі істер бөлімінің
жұмыс мәнері, ғимараты айтарлықтай өзгерді, жаңа заман
үрдісіне көшті. Ғимаратқа бас сұқсаңыз бейне бір мәдениет
сарайына кіргендей боласыз.
– Сіздің шашыңыздың ұзындығына қыз-келіншектер
жағы қызығып, әңгіме етеді деп естідік?
–Отбасынан басталған тәрбие ғой. Ата-анам шашымды
кестіруге өте-мөте қарсы болды. Өзім де кейін әрекет ете
қоймадым. Жон арқамда ойнаған білектей бұрымға мектепте
де, студент кезімде де қыздардың ынтық болғаны есімде.
Бұл да алланың бергені шығар. Суреттеп айтпай-ақ қояиын,
шашым өте ұзын. Қазір өкінбеймін. Нағыз ертедегі қазақ
қызының шолпы таққан бұрымы осындай болған ғой. Оны
үлкендерден естиміз, кітаптан оқимын. Әкем менен үлкен
үміт күтті, үйде жеті бала тәрбиелендік. «Менің атымды
абыройлы қызметімен биікке көтеретін осы Райханым
болады», – деп айтып отыратын.
–Қыз-келіншектерге шен тағу жарасады-ақ. Дегенмен,
қиындығы бар шығар?
– Әрине бар. Әйел-ана болған соң отбасына, бала
тәрбиесіне қарауың керек. Ал полиция қызметі үнемі тынымсыз, уақытпен санаспай еңбек етесің, ерте кетіп, кеш келесің. Әйел адамға оңай емес. Маңдайға жазған мамандығың осы болса, не дерсің. Жоғарыда айттым ғой, көптеген қыз-келіншектер төзе алмай кетіп қалғанын да көзіміз көрді. ***
Адамға үнемі жылы жүзбен қарайтын Райханды
жұртшылықтың, қала тұрғындарының өз қыздары етіп,
меншіктеп алуы да тегін емес. Ол қай уақытта болмасын
қабылдауына келгендермен емен-жарқын әңгімелеседі,
жағдайын біле түсуге ұмтылады.
Полиция майоры болып зейнетке шығып, қазір қалалық
әділет басқармасында қызмет атқарып отырған Райхан
мектепте оқитын қызы Аяужанға үлкен үмітпен қарайды.
Ол үздік оқиды. Өмірлік жары «Балқаштүстіметалл» ӨБ-де
еңбек етеді.
Біз де өз тарапымыздан қадірлес, өзіміздің Райхан
қарындасымыз жайлы қысқаша әңгіме еткенді жөн көрдік.
Абыройың биіктей берсін, Райхан!
«АДАМ ӨЗ АТЫН КІСІЛІКПЕН
КӨТЕРЕДІ»
– Шолпан Дінсіләмқызы, шыр етіп жарық дүниеге келген
соң түпкі орта, ата-ана туған жер өзінің өміршеңдігін қашан
да сақтайды. Мәселен, сіздің өскен шаңырағыңыз жайлы
біле кетсек артық бола қоймас?
– Адамның өмірге келуі, кетуі бәрі-бәрі тіршілік қағидасы,
қаракеті. Мен де алтын құрсақ анамнан туып, жарық дүниені
кешіп келемін. 1967 жылы мектеп табалдырығын аттап,
1977 жылы Қоңырат кентіндегі Ы. Алтынсарин атындағы
орта мектепті бітірдім. Ең алғаш әліппе ашқызып, қалам
ұстатқан ұстазым Райхан Әбдірбаева тәтем болатын. Мектеп
директорлары Қ. Қағазбеков, Қ. Тілеулиналарды қашан да
құрметпен еске алып жүремін. Класс жетекшілерім Ермек
Байзақова, Динара Қамбароваларды қал-қадірім жеткенше
сыйлап келемін. Өмір деген өмір-өзен тоқтамайды. Тіпті,
адам қалай ер жеткенін де байқамай қалады ғой деймін.
Мектеп бітірісімен Балқаш қаласындағы педогогикалық
училищенің Еңбек және сызу бөліміне түсіп, оны 1979 жылы
қызыл дипломмен тамамдадым. Осы дипломмен де кез
келген мектепте ұстаз болып, еңбек ете беруіме болатын еді.
Алайда, асқақ арман, білімге деген құмарлық тынышымды
алды. Тағы да оқығым келді. Сөйтіп, 1979 жылы Е. Бөкетов
атындағы университетіне жолым түсіп, қабылдандым. 1984
жылы университетті ойдағыдай бітіріп шықтым. Міне, менің
шағын өмірбаяным осылай басталады.
– Менің әкем Дінсіләм ұзақ жылдар бойы Қоңырат
кентінде бір кісідей еңбек етті, қолтаңбасын қалдырды.
Анам Бәтиманың да кентке сіңірген еңбегі айтарлықтай. Бұл
кісілер қарапайым, еңбеккер болды. Олардың замандастары
да көп болатын. Бірақ, «біз өйттік, біз бүйттік» деп кеуде
соққан жоқ. Майда қоңыр ғұмыр кешті, зейнетке шықты.
Қысқасы еңбектерін бұлдаған жоқ. Көбінесе, өмірдің
өзі көрсетіп жүргендей, қарапайым адамдардың еңбегін
асқақтату үнемі назардан тыс қала береді ғой. Өзімнің ойым
ниеті дұрыс, ақ тілеулі адамдар, кімге де болсын жақсылық
тілеп тұрады, бауырмал, мұны ағайын-туыстарымыз көбірек
айтады.
Еңбек
жолыңыз
жайындағы
әңгімені
сабақтасақ.
Сонымен университетті бітірген соң әрі қарай өмір жолыңыз
қалай жалғасты?
– Әлі есімізде, 1970 жылдардың соңында қала іргесінен
Приозерный ауданы ашылды. Көптеген жас мамандар сол
ауданнан жұмыс тапты, қызмет жасады. Жүрекке ыстық
кезең еді. Қолыңа дипломыңды алып, сол мамандығың
бойынша жұмыс жасау да, әрине, қызықты ғой. 1984 жылы
Приозерный аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының
заңгері болып жұмысқа қабылдандым. Кейін осы басқарма
«Агропром»
өндірістік
бірлестігіне
айналды.Осы
«Агропромда» 1987 жылға дейін қызмет жасадым. Өзіңізге
белгілі, біздің қаламызда ірі құрылыс тресі болды. Қаланың
өсіп-өркендеуіне, сәулетті болуына осы құрылыс тресінің
ұжымы өз үлесін қосты. Тамаша тамаша ғимарат, тұрғын
үйлер салды. Тіпті Қазақстанның көптеген облыстарына
дейін барып құрылыс жүргізді. Мұны балқаштықтар
мақтанышпен айтуға тиіс. Осы «Балқашқұрылыс» тресінде
1987 жылдан 1994 жылға дейін заңгер болып қызмет
атқардым. Бір жылдай балқаш қалалық әкімшілігінде заңгер-
кеңесші болдым.
Адамның өзін өзі қалыптастыру кезеңі болады ғой.
Мен де сондай жағдайды өз мамандығым бойынша,
қалалық прокуратураға ауысқаннан кейін бастадым деп
ойлаймын. 1994 жылдың күзінен 2003 жылға дейін қалалық
прокуратурада қызмет еттім. Прокурордың аға көмекшісі
болдым. Мұнда да қызық. Адамдармен бетпе бет кездесесің,
әр түрлі тағдыр кешкен жандардың ісіне араласасың.
Осындайда адамгершілік, әділдік, шыншылдық қағидасын
берік ұстану керек-ау деп түйдім. Өйткені, қолыңызға
заң билігін берген соң барынша әділ болуың керек қой. Адамдар бізге сенеді, әділдік күтеді, үміт артады. Ал біздің тарапымыздан заң бұрмаланып жатса не болғаны. Басына ауыр іс түскен адамдар өзіне аса бір үмітпен қарағанда, шындығында қолыңнан келгенше көмек көрсеткің келіп тұрады. Әрине, кім де кім болсын қылмыс жасады ма, мойнымен көтергені дұрыс. Дегенмен, адамға адамның дос, бауыр екенін естен шығармау керек. – Сіз бұрын прокуратурада қызмет еттіңіз, қазір қала әкімінің орынбасарысыз, айырмашылық неде деп ойлайсыз? – Билік саласына келгеніме бір жылдың жүзі болды. Конкурстық негізде қала әкімінің орынбасары болып тағайындалдым. Бұрын заңның орындалысын, оны жүзеге асыруды бақыладық. Заң бұзушылармен күрестік жауапкершілікке тарттық. Оның ішінде заңды бұзған лауазымды адамдармен жиі кездестік. Қазір менің басқаруыма қаланың әлеуметтік саласы, мәдениет, білім, денсаулық бөлімдері қарастырылған. Менің ойымша не нәрсенің болмасын заңды түрде шешілуіне, қателіктің кетпеуіне, әр нәрсенің оңтайлы шешілуіне заңгерлік мамандығының көп пайдасы тиіп отыр. Бұрын ойлайтынмын, неге осы лауазымды адамдар заңды көпе-көрнеу бұзады деп, шындығын айтсам соның көбісі қаражаттың жетіспеуінен осындай әрекетке барады екен. Қазақша айтқанда «басқа тартсаң етекке, етекке тартсаң басыңа жетпейтін пұшайман» күй кештік қой. Оның үстіне көптеген мамандарымыз, тіпті лауазым иелерінің өзі заңды жеткілікті біле бермейді, қайталап айтайын, негізінен қай заңның аясында болмасын жұмыс жасасақ ұтылмайтынымыз анық. – Қызмет бабына байланысты, қаланың әлеуметтік саласы жайында да айта кетсеңіз? – Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қызметкерлерге үлкен міндеттер жүктеп отыр. Соның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайына баса назар аударуымыз керек. Қалада қазақ мектептерінде бала тығыз. Сондықтан алдағы уақытта республикалық
бюджеттің есебінен 1200 орындық мектеп құрылысын жүргізу ойда бар. Алдағы уақытта перезентхана жұқпалы өкпе-құрт ауруханасын салу жоспарға енгізілді. Бос қалған ғимараттардың есебінен 80 орындық қариялар үйін ашу ойдамыз. Біздің қала мәдениетті, өнерлі қала, сондықтан, қол жеткен табысымызды одан әрі баянды ету ешқашан да бәсеңдемейді. Заманымыздың келешегі жас мамандар. Қыс айында жастардың облыстық слеті болып өтті. Соған қатыстым. Өзім оқыған университетте болдым, музейді аралап көрдік. Сонда байқағаным, бүгінгі жастар еркін ойлы, ашық-жарқын, әлемдік деңгейдегі біліммен қаруланған. Бұған қатты қуандық, әсер алдым. Осы университеттің өзінде балқаштық 185 қыз-жігіттер білім алуда. Соның 45-і биыл бітіреді екен. Оның 11-і оқу озаты, қоғамдық жұмысқа белсене араласады. Олар оқу бітірген соң туған қаласына оралатын болды. Арнайы келісім-шартқа отырдық, біздің қаламыздың келешегі осылар болмақ. –Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргендеріңізге 20 жыл толып отыр екен. Аз уақыт емес, қандай көңілкүйдесіз? – Студенттік шақ жалындап өткен кезең. Бәріміз әр тарапқа кеттік. Әрине, бір-бірімізді сағынамыз. Қызжігіттер үйлі боранды болды дегендей. Жерлесім Құсайын Игембаевты құрмет тұтамын. Бір мектепте оқыдық, көрші тұрдық. Қазір Теміртау қаласының прокуроры. «Болашақ» институтының ректоры Н. Дулатбеков, доцент Б. Сыздықов, заңгер Ж. Шөженов, ішкі істер қызметінің подполковнигі И.Молбосиндер мен курстас ретінде үнемі қарымқатынастамын. Иген сонау жылдары аса ауыр қылмыскерді ұстап ерлік жасады. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. Курстас қыздарым Бибігүл Болғанбаева, Бәтима Кекимова, Мәдина Башаровалармен араласамын. Қостанай облысының прокуроры Әмірхан барлығымыздың мақтанышымыз. – Әңгіме соңында өз отбасыңызға оралсақ? –Жолдасым Жанат Аманжолов осы Балқаштың тумасы. Алланың ісіне не шара, осыдан екі жыл бұрын бақилық
болып кетті. Менің борышым Жанаттың рухына табынып,
әруағы жар болсын деп екі баласын азамат етіп өсіру.
Үлкен ұлымыз Ерлік Е. Бөкетов атындағы университеттің
заң факультетінің 3 курсында оқиды. Кіші ұлым Жасұлан
да осы оқу орнының студенті. Жанат қалалық ішкі істер
бөлімі бастығының орынбасары қызметінде жүрді. Ағайын-
туысқа қадірлі, сыйлас болды. Өз ісін адал атқара білді
деп ойлаймын. Алдыға қойған арман-мұратымыз көп еді.
Жазмыштан озмыш жоқ деген.
20 жыл деген аз уақыт емес. Басымызды қосып, үлкен
іске ұйтқы болған қыз-жігіттерге рахметімді айтамын. Оның
басы қасында Нұрлан Орынбасарұлы жүр. Ол басқаратын
оқу орны алдағы уақытта да республика көлемінде биік
деңгейден көріне беруіне тілектеспіз. Әйгілі данышпан
Ж. Баласұғын былай деген екен: «Адам өз атын кісілікпен
көтереді». Лайым, Алла бәрімізге кісілік келбетімізді,
адамгершілік биігімізді жоғалтып алмауға жазсын.
САРБАЗДАР ҚАЙЫРА
САПҚА ТҰРДЫ
Қазіргі таңда қорғаныс қуатын нығайту, сарбаздарды қайыра даярлықтан өткізу мықтап қолға алынды. Соның бір көрінісі әскери қызметін өтеген 25-пен 40 жас аралығындағы қосалқы құрамда тұрған сарбаздарды қайта даярлықтан өткізу болып табылады. Мұны жұртшылық ертеде «партизандар» деп атайтын. Сол «партизандарымыз» 20 жылдан астам уақыттан кейін қайтып оралып жатыр. Қорғаныс Министрлігінің арнайы бұйрығы бойынша аса қажетті деген мамандарды әскери полк, горнизондарға шақырып, бір ай мерзім ішінде машықтану, оқу-жаттығудан өткізу біртіндеп қолға алына бастады. Ақтоғай ауданының территориясында тұрған 26441 әскери бөлімінде бірден 52 партизан қабылданды. ҚР Қорғаныс Министрлігінің тапсырмасына сәйкес оқу-жаттығуды басқаруға келген республикалық Тыл басқармасының бастығы, полковник Бауыржан Балжановпен тілдескен едік. – Осы әскери жиынның ішінде сарбаз бұрын қандай қызмет атқарды. Сол тұрғыда қайта пысықтап, даярлықтан өткізіледі. Мәселен, осы жолы дәнекерлеуші, лобарант, мотор жөндеушілер, аккумуляторшылар сияқты мамандар қайта даярлықтан өтуде. Әскери оқу-жаттығу орталығы Қазақстанның біраз әскери горнизондарында бар, соның ішінде Отар, Спаскіні алуға болады. Ал, Балқаш горнизонына қарайтын әскери бөлім жанар-жағар май қорымен қамтамасыз ететін базаға жатады. Мына жиналған сарбаздар қиын-қыстау кезеңде «жаудан» жасырынып, қажетті жерге жанар-жағар майды құбыр арқылы қалай жеткізуге болады, соған машықтанады. – Әскерилерді кімдер жаттықтырады?
–Әрине, өзіміздің бөлім командирі, оның орынбасарлары,
мамандар жиынға қатысушылармен шұғылданады, дәріс
береді. Әр бағыт-бағдарламаның мамандары бар ғой. Солар
оқу-жаттығуды белгіленген кесте бойынша өткізеді.
Оқу-жаттығу алаңын аралап көрдік. Арнайы тігілген
шатыр талапқа сай жабдықталған, әскери бөлім негізінен
шөлейт далаға орналасқан, әріде Балқаш көлі жатыр.
Күн ыстық, аптасына бір рет монша ұйымдастырылады
екен. Әскерилерге ас-су дайындайтын аспазшылармен де
тілдестік. Азық-түлік қоры жеткілікті, медициналық тірек
пункті жұмыс жасайды. Таңғы сағат 6 жарымда сапқа
тұрады, содан жаттығу, жүгіру, дене шынықтыру басталады.
Бір айта кетерлігі жиынға қатысушылардың еңбекақысы
сақталады.
– Мен қатардағы жауынгер Руслан Баяндыұлы Исатаев,
азаматтық борышымды 2010 жылы Семей қаласында
өткердім. Мамандығым заңгер, Ақтоғай ауданы әкімдігінде
қызмет етемін. Қайта даярлықтан өтудің мәні зор. Әлсін-
әлсін әскери оқу-жаттығуды ұмытпай, машықтанып тұрған
дұрыс болады. Қазір осындағы екінші взводтың екінші
бөлімінде қызмет етудемін.
Өзін Бауыржан Мұқашевпін деп таныстырған, жиынға
қатысушы қатардағы жауынгер де өз ойын іркіп қалмады.
– Балқаш қаласынан келдім, кәсіпкермін. Мұнда спортпен
шұғылдануға бар мүмкіндік жасалған екен. Теннис залы
қатты ұнады, баскетбол, футбол ойнаймыз, қызыл бұрыш
бар, теледидар көреміз. Отбасылымын, бір балам бар,
әйелімнің аяғы ауыр. Бәрі сәтті болсын деп тілеймін, – дейді
Бауыржан.
Әскери шені майор, Жеңіс Егінбаев командирдің
орынбасары екен. Әскери жиынның бастығы сол. Ал, аға
лейтенант Әлия Қайратбекқызы тәрбие және әлеуметтік
құқықтық жұмыспен шұғылданады. Әскери психолог ретінде
де жиынға келген сарбаздармен әңгіме- дүкен жүргізеді.
Әскери қалашықта жаңа бір мазасыз шақ туды. Демек,
қайыра даярлықтан өтіп жатқан сарбаздар бір ай мерзімінде
жаңа заманның технологияларымен танысып, тәжірибе жүзінде шұғылданып, семинар сабақтарды өткереді. Тағы бір айта кетерлік жайт, оқужаттығуда видеоматериалдар кеңінен қолданылады. Мылтық атады, қаруды тазарту, майлау әдістерін өз қолымен өткереді. Мұнда әскери тәртіп қатаң сақталады. Әскери киім мұнтаздай таза болу керек. Отанды сүю, елді сүю әскери саптан басталады. Елім деп, жерім деп соққан қазақ елінің әскерилері көк байрақты желбіретіп, Отанымызды қорғауға әр кез дайын болуы шарт. – Осы оқу-жаттығудың біздің бөлімшеде өткенін мақтан етеміз. Жиынның өтуіне жергілікті әкімдік жан-жақты көмек көрсетті. Оқу-жаттығудағы жоспарланған бағдарлама түгелдей жүзеге асырылады. Бұған сенім мол. Ара-арасында саяси сабақ өткізіледі. Онда еліміздегі, шет елде болып жатқан жаңалақтар жеткізіледі,- дейді 26441 әскери бөлімнің командирі Бауыржан Әбубәкіров бізбен әңгімесінде. Әскери жиынның ойдағыдай өткізілуіне, керек-жарақтың дер кезінде жеткізілуіне облыстық мәслихаттың депутаты Айман Бекболатқызы Түкбай ұйтқы болыпты. ***
Әскери қалашықтан күн арқан бойы көтерілгенде аттандық. Оқу-жаттығуға щақырылған сарбаздар тез арада сапқа тұрды. Бағана жиынның басшысы, полковник Бауыржан Балжанов тәжірибе және семинарлық сабақ өткізіледі деген-тін. Сарбаздар соған жиналса керек. Көк байрақты желбіретіп, күншығысты бетке алған сарбаздар тағы бір оқу-жаттығуға білек сыбана кірісті.
САРБАЗДАР ШЫҚТЫ
САЙЫСҚА
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясы
– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
жолдауында ұлт денсаулығының болашағы жөнінде нақты
бағыт-бағдар көрсетілген. Қоғамның басты байлығы оның
адамдары болып табылады. Сондықтан дене шынықтыру
мен спортты дамыту, халықтың 30 пайызы спортпен
шұғылдануға
машықтану
салауатты
өмір
салтының
негізгі тетігі. Елбасының биылғы жолдауында былай деп
атап көрсетілген. «Нақ сол саламатты өмір салты ұлт
денсаулығының кілті болып саналады».
Балқаш горнизонының сарбаздары жыл аяғында спорттың
әр түрінен жарыс өткізіп, оны тәуелсіздік мерекесіне
тарту етуді дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ, жылды
қорытындылау кезеңінде сарбаздардың спорттық қалыпта
сақталуын және бір сынақтан өткізеді. Ақтоғай ауданының
төңірегінде орналасқан 26441 әскери бөлімінің спорттық
базасында футбол, волейбол, шахматтан арнайы жарыс
өткізіліп, сарбаздар күш сынасты. Әрине, мүның негізгі
мақсаты әскери қызметшілердің дене дайындығы, салауатты
өмір салтын ұстанудағы күнделікті іс-тәжірибесін ортаға
салуға мүмкіндік туғызу еді. Жарысқа горнизонның 4 әскери
бөлімшесінен жасақталған командалар қатысты. Жарысты
ашқан 26441 әскери бөлімінің командирі, подполковник
Бауыржан Әбубәкіров жүрек жарды лебізін сарбаздарға
жеткізді.
– Бар игілігіміздің бастауы болған тәуелсіздігіміздің
21 жылдығын атап өтіп отырмыз. Бұл байтақ еліміз
үшін тарихи теңдесі жоқ күн. Бабалар аңсарын ақиқатқа
айналдарған еліміз үшін ұлан-асыр той. Елбасы, әрі Бас
қолбасшы Н.Ә.Назарбаев биылғы жолдауында еліміздің өсу,
өркендеу тұғырын атап көрсетті. Алдағы жарқын болашақты
нақтылап, ел жүрегіне жеткізді. Олай болса спорт пен еңбек
егіз. Ел іргесі тыныш, аспанымыз ашық болсын. Спорттық
жарыста бәріңізге табыс тілеймін. Шын мықтылар жеңіске
жетсін.
Реті келгенде айта кету керек, жалпы спортық шараны
ұйымдастырушы, ұйтқы болушы Балқаш горнизонының
бастығы полковник Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов.
Шағын футболдан өткен жарыс ә деген бетте-ақ
тартысты басталды. Әр команданың жеңіске деген ынта-
жігері байқалып тұрды. Сарбаздардың қимылы ширақ, бір-
біріне дәлме-дәл доп беріп, қарсыластың қақпасына қарай
ұмтылуда кәдімгідей тәжірибе жинақтаған. Мұндайда
қарсыласты бағалай білу керек. Әр команда ойыншылары
өзара бір-бірін түсініп, спорттық қағидадаға, ереже, тәртіпке
қатаң берілгендерін байқатты.
Нәтижесінде бірінші орынға 26441 әскери бөлімі
командасы шықты. Екінші орынды 53898 әскери бөлімінің
командасы, ал, үшінші орынға 07044 әскери бөлімінің
командасы тұрақтанды.
Шағын футболдан жарыс аяқталысымен-ақ марапат
басталды. Горнизон басшылығының алғыс хаты, мақтау
қағаздары жүлдегер командаларға табыс етілді.
Шахмат тақтасындағы ойын да тартысты өтті. Алдыңғы
жарыстарда кездесіп жүрген сыралғы сарбаздар шаршы
тақтада бірін-бірі алдырмады. Алайда, бір жеңіс, бір
жеңілістің болатыны шындық. Спорт бәсекесі солай. Сөйтіп,
шахмат сайысында бірінші орынға 31765 әскери бөлімінің
старшинасы Е.Кішкентаев шықты. Екінші орынды осы
әскери бөлімнің лейтенанты М.Сейткеримов иеленді. Ал,
үшінші орынға 07044 әскери бөлімінің кіші сержанты
Е.Ахметов ие болды.
Волейбол жарысында да сарбаздар шыңдалғанын көрсетті.
Мұнда да жеңімпаздарға сый-құрмет көрсетілді,горнизон
бастығының мақтау қағаздары берілді.
Спорт денсаулық кепілі,сұлулық қағидасы деп жатамыз.
Сол үшін әркім тұрақты түрде дене шынықтыру, спортпен
шұғылданғаны дұрыс. Ұлт денсаулығы – дамудың берік
кепілі дегеніміз осыған саяды.
ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТТЕР
– ДІНГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Ел тыныштығын сақтау, бабалардың салып кеткен сара жолын қастерлеу бүгінгі ұрпақтың парызы. Тату үйге тақсырет жуымайды. Ал, кей кезде көзге көрінбейін, бірақ, әсері мықты сиқырлы күш ислам дінінің карасына кіріп халықты шатастырып жүр. Бәлкім, арандату шығар. Теріс бағытқа кірген жастарымыздың пиғылы ислам дінін хақ жолынан адастыратындардың жетегінде кетіп бара жатқанға ұқсайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылғы Жолдауында былай деп атап көрсеткен болатын. «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу ханифа Мазхабын ұстантын суниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салтдәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең негізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал». Көкейге қонатын салиқалы сөз. Ал, кейбір кезде теріс бағытқа ерген жастарымыздың тәлім-тәрбиесіне қарайтын ата-анасы, оқу орны мектебі, жастардың қоғамдық ұйымдары қайда қарап отыр деген ой туындайды. Әркім қандай дінді қабылдайды, өз еркінде деген қағида бар. Ал, сол еркін қағида қоғамды жегі құрттай шірітіп, мемлекеттің шаңырағын шайқалтып кетпей ме? Бізден аулақ, жалпы жер бетінде ислам атымен өзінің исламға деген қарсылығын білдіріп жатқандардың іс-әркетіне қарата айтып отырмыз. Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімі ұйтқы болып, біраз елді
мекендерде осы мәселе төңірегінде әңгіме-дүкен жүргізген
болатын.
Қарағанды қаласы Балақажы мешітінің имамы Оралбай
Ермахановтың пікірі де ізгілік ниетіне қарай ой түрткі болды.
–Не нәрсенің алдын алу керек. Жастарымыз еліктегіш,
аңғал, дей тұрғанмен дін бұзарлардың қарасын көбейтуге
ешқандай жол жоқ. Бұған халық болып тосқауыл қойғанымыз
жөн.
Ақтоғай
ауданы
ішкі
саясат
бөлімінің
бастығы
Е.Изақовтың пікірі де бей-жай қалдырмады.–Елбасының
сындарлы саясаты арқасында деді ол, –еліміздегі этникалық
мәдени және діни әралуандылыққа қарамастан, бейбітшілік
пен саяси тұрақтылық сақталып келеді.Қазақстан 140 этнос
пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына
айналды. Негізінен азаматтық, татулық, ұлтаралық келісім
– басты құндылық. Алайда, жұртшылық арасында дәстүрлі
емес діни және жалған ағымдар мәселесі өткір тұрғанын,
тіпті жасөспірімдердің байыбына бармай жалған діни
көзқарасты қолдап жүргенін де жасырып қала алмаймыз.
Бүгінгі таңда осындай теріс әрекеттің алдын алмасақ, ертең
өкінеріміз анық. Жолдауда атап көрсетілгендей аналарымыз,
әпке қарындастарымыз, қыздарымыз орамалға оранып
алып, басқа халықтың киімін киіп, әкесі мен баласы бір
дастарханнан тамақ ішуден қалса не болғаны. Мұның өзі
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрімізді жоғалтып
алуға, таза мұсылман екенмізді ұмытуға әсер етпей
ме? Ал бабалар ұстанған жол бізді қашан да тазалыққа
бастады. Әбу Халифа мазхабын ұстанатын мұсылмандар
дәстүрді, ана-ананы сыйлауға мойын ұсынған. Ал, бүгінгі
ұрпақ әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлемесе, ата
дәстүрін қалай ардақтай аламыз? Сондықтан ұлттық
құндылықтарымызға кіреуке түсіретін келеңсіздікпен жұрт
болып күрескеніміз дұрыс. Қазір жер-жерде экстремизм,
терроризм үздіксіз бой көрсетуде. Діни экстремизм бәрінен
де қауіпті. Бұл ретте радикализм, экстремизмнің жолын
кесуге не қажеттің бәрін жасау шарт. Ең бастысы жастар
арасында ата-аналарымен бірлесе отырып, үгіт-насихат
жұмысын пәрменді түрде жүргізу керек. Жастар арасында
діни экстремизм профилактикасын күшейту ендігі арада
кешіктірілмеуі тиіс. Мұндайда әлемдік, дәстүрлі діндер
көшбасшыларының Астанадағы бас қосудағы қамтылған
артықшылықты, мүмкіндікті нығайтуымыз керек. Дін
ежелден бірлік, бейбітшілік, имандылық қағидасы болып
келген. Сондықтан болса керек, діндердің бір бірін құрметтеуі
адамзаттың ізгілік игілігі болып табылады. Дінаралық
төзімділік – тұрақтылыққа қол жеткізудің баспалдағы.Жас
ұрпақтың жүрегінде, бойында Отанға деген сүйіспеншілік
атойлап тұрса, қанеки. Иманды тәрбиелі жастар – өз дінін
құрметтейді, қастерлейді. Тек ислам атын жамылған теріс
ағымға еріп кетпеуіне қоғам болып күрескеніміз жөн.
Ақтоғай
аудандық
ардагерлер
кеңесінің
төрағасы
М.Сәтеков дін таңдау – аса жауапкершілкті қажет ететіндігін
жеткізді. Себебі, адамның өмір сүру болмысы мен тұрмысы
бүкіл өмірінің қалыптасуы осыған тікелей байланысты.
Қазіргі таңда кейбір радикалдық топтар халық діни
сауатсыздығын пайдаланып, дін атын жамылып, көздеген
мақсатына жетуде. Өйткені, сол жер-жерде азды-көпті теріс
бағыттағы топтардың қылаң беруі. Олар қоғамда алауыздық
туғызып, бейбіт өмірдің тұнығын шайқауға әрекет етеді. Теріс
пиғылдылар дініне қарай адамдарды бөле қарап, бір-біріне
қарсы қояды. Қазақстанның рухани қауіпсіздігіне, дәстүрлі
дінімізге соның ішінде исламға үлкен зиян келтіруде. Осыған
орай, қоғамымыздың алдына қойып отырған басты мақсатын
қолдаймыз. Жастардың экстремистік топтарға кіруіне жол
бермеуіміз керек. Сол үшін барлық үгіт-насихат жұмысын
дұрыс жолға қоя білуіміз қажет. Діни экстремизмнің және
радикализмнің көрінісіне тосқауыл қою үшін заңнамалық
базаны жетілдірген дүрыс деп ойлаймын. Салт-дәстүрімізге,
мәдениетімізге сәйкес діни сана-сезімімізді бүгінгі күн талап
тұрғысынан насихаттай білсек, ғанибет. Әсіресе, мектепте,
тіпті бала бақшадан бастап діни сауаттылықты жүргізсек
ұтарымыз көп.
Аудандық жастармен жұмыс жасау орталығының маманы, аудандық мәслихат депутаты Мирас Қасымханның да ой-пікірі толғандармай қоймайды. Басқа елдердегі діни ахуал, сондай ақ, еліміздегі «жаңа діни» қозғалыстардың мемлекетіміздің әлеуметтік– психологиялық өміріне ықпал етіп отырғанын жасыруға болмайды дейді жас депутат. – Әртүрлі діндер мен конфессиялардың жолын ұстаушылар ұйымдарының азаматтық қоғаммен қарымқатынасы елдегі діни ахуалға, тіпті қоғамның дамуына әсер етеді. Діни ахуал әлеуметтік ортадан, айналадан аулақ оңашаланған әлем емес. Ол елдегі әлеуметтік саяси рухани – психологиялық ахуалмен қатар өрбиді, өмір сүреді. Біз ұзақ жыл отар болдық. Дәстүрлі құндылықтарды, ұлттық мәдениетті ұмытуға айнала бастаған едік. Соның ішінде дініміз де бар. Ал, мойындаушылардың айтуына қарағанда ислам діні – ғасырлар бойы ұлтымызға тірек, өркениетіміздің қазығы болған.Сан ғасырлық мәдениетімізді құрушы, қалыптастырушы орны бөлек рухани күш. Дегенмен, осы арада біз өз ұстанымымызды толықтай анықтай алмай келдік. Шындықты айтайық, Батыс пен Ресейдің ислам дініне деген салқындығы Қазақстанда да сезіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ағылып келіп жатқан әдебиеттердің, оның ішінде ғылыми деп аталатын еңбектердің де ықпалы осыған саяды. Бір сөзбен айтқанда ақпараттық экспансия ислам дініне салқынын тигізуде. «Діни экстремизм», «Ислам экстремизмі», «Ислам фундаментализмі» ұғымдарын біз ойланбастан қабылдап, оқулықтарға енгіздік. Аңғалмыз-ау, онда исламға көлеңке түсіру ниеті жатқанына мән бермедік. Экстремизм – шектен шығу деген мағананы білдіреді екен. Бірақ, «шектен шыққан» көзқарас, «әрекет» деп нақты нені айтамыз? Бұған жауап та алуан түрлі. Менің ойымша негізі ол тек Конституцияның, заңның талабымен өлшенсе керек. Әртүрлі лаңкестік әрекеттерді дінмен, әсіресе, ислам дінімен байланыстыру қате пікір. Шынайы ислам экстремизмге сәйкес келмейді. Бұл исламға жат қағида. Ғасырлар бойы мәдени өркениеттің негізі болған исламды түрлі жағымсыз
істермен байланыстыру қате. Қантөгіс оқиғалар мен исламды
байланыстырудың астарында басқа діндерді тықпалау ниеті
жатыр. Діни сана елдің басын біріктіруге тиіс.Дін мен
мемлекет, дін мен тәрбие үйлесімді болса қандай жақсы.
Мұның өзі ел дамуының ізгілікті ниеттегі бірден бір шапағат
жолы болып табылады.Біздің тәуелсіздігімізге, жедел
дамуымызды қызғанатындар бар. Әлем аренасына шығып,
өзін мойындату басқалардың қызғаныш отын үрлейді.
Елдің табиғи байлығы, ұлан байтақ жері, қазыналы қара
қазаны өзгелердің ашкөздік қасиетін, болмысын оятуы да
мүмкін ғой. Әрине, мұндайда ислам атын жамылып, теріс
пиғылды жүзеге асыру түпкі идея. Соның ішінде жастардың
басын қатырып, санасын улап, таза исламға қарсы шығару
арандатушылардың әрекеті демеске амалымыз жоқ.
Ел арасында үнемі исламға қарсы теріс ағымдар жайлы
үгіт-насихатын айтып, ой бөлісетін Балқаш мешітінің бас
имамы Марат қажы Аманжолов та өз көзқарасын жасырған
жоқ.
– Дінбұзар бүлікшілердің «Жиһат – қасиетті соғыс» деп
өте қате пікір таратып жүр. Осы жаңсақ пікірмен діни білімі
жоқ жастарды алдап-арбап, жетегіне ертіп жем қылып отыр.
Мынадай қағида бар: нағыз мұсылман – біреуге дінімен
де, қолымен де зиян келтірмейді. Ислам жолы, ислам
ұстанымы - осы. Менің ойымша, елімізге түсіп жатқан
сызатты салиқалы жолмен шешкеніміз жөн. Жастарды,
тіпті үлкендерді адасудан сақтау ортақ міндетіміз. Несін
айтайық, мұсылмандар ішінде «сләфия» ұғымы толып
жатқан ерекшеліктерге ие ағым атаулы болып қалыптасып
үлгерді. Ал, тәкфіршілер – мемлекетке, үкіметке қарсы келер
идеологиялық ағым болып табылады. Көбінесе құрандағы
жалғыз аятты ұстанып, «Алланың үкімінен басқа үкім
жоқ» дейді олар. Сөйтіп, мемлекетіміздің аяулы заңдарын
мойындамайды, үкімет талаптарына ден қоймайды. Бір
отбасы, ағайын, туыс жекжат бір-бірімен алакөз, неге? Бұған
осы теріс ағымдардың әсері тиіп жатыр. Иманды ел болсақ -
иманды істерге жетеміз. Мынаны айқындап алғанымыз жөн.
Елімізде экстремистік әрекеттердің қылығы, өзін-өзі құрбан
етушілердің ішкі ортаға қандай әсері болады. Мұның дінге
зардабы бар ма? Исламның тұрақты дамуына, мемлекеттің
дамуына радикалдық және экстремистік топтардың пиғылы
әсер етеді. Жат діни құндылықтар, идеалдар пайда болды.
Қараңыз, осының салдарынан мұсылмандар арасында
жіктену, сенімсіздік туындауда. Жалаң ұрандар шықты.
Неткен жанкештілік, біздің табиғатымызға жат көріністер
пайда болды. Соның бастысы өзін-өзі жару, құрбан ету,
тіпті санаға сыймайды. Жасалып жатқан барлық лаңкестік
әрекеттер дін үшін жасалған күрес емес, қайта керісінше
дінге қарсы бағытталған күрес.
*** Марат қажының әр бас қосуларда жастарға қарата айтқан ой-пікірін де естіп жүрміз. Ойды ой қозғайды, пікірден пікір туындайды. Ислам атын жамылған теріс пиғылдылар ауылдық жерге де жете бастады. Сонымен қоса есірткіні пайдалану, тұтыну иманы тұнған ауылға келді. Міне, осының бәрі жастар арасындағы келеңсіз көріністің алдын алуына ықпал етеді. Қайсібір жылы мектепте діни сауаттылықты жүргізу жөнінде бастама болғанда қарсылыққа тап болдық Діни сауаттылық деген не? Ол таза ислам дінінің мөпмөлдір күйінде сақталуына игі әсер ету. Ата-бабаларымыздан қалған игі дәстүрді саф алтындай сақтау еді. Қазіргі айтып жүрген уағызымыз сонау 1990 жылдардан басталғанда, қолға алынғанда, бәлкім, теріс пиғылдылар арамызға дендеп кірмес пе еді, кім білсін. Босаңсытып алдық, енді жіберілген кемшілікті қайта түзеу үшін әрекет етіп жатырмыз. Қателік жіберу оңай, оны орнына қою қашан да ауыр. Жастар санасын улаған жат пиғылдыларды қалай тоқтатамыз. Күні ертең мемлекетіміздің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жастарды қалай арашалаймыз? Қоғамдық ұйымдар, жастар орталықтары, ішкі саясат, баршамыз болып күн тәртібінде тұрған өткір мәселемен бірлесе отырып шұғылданғанымыз жөн болар.
Мектеп және мектеп, бала бақша, жастар жұмыс жасайтын
мекеме, өндіріс, кәсіпорындар, міне, осы жерлерде үгіт-
насихат қағидасын мықтап жүргізетін кез келді. Жат пиғылға
қарсы күресімізді ұрандата асқақтатқанымыз дұрыс болар.
Ертең кеш қалмайық, ағайын! Ғасырлар бойы опынып,
өкініп келген халықпыз. Әрине, жіберілген қателіктен, теріс
саясатттан...
Балқаш-Ақтоғай.
ҚЫЗ САҒЫНЫШЫ
Очерк
Тағдырдың жазуы... Қазақ баласы үшін көз көріп, құлақ
естімеген Ауғанстан... Он екіде бір гүлі ашылмаған жап-жас
боздақтарымыздың бөтен елде ажал құшып, жер жастанарын
кім білген?
Қапияда кеткен бауыр Самат Мүбаракұлы Нұрғалиев 1961
жылы Балқаш қаласының маңындағы Шығыс Қоңыратта
туып өскен. Мектеп бітіре салысымен азаматтық борышын
өтеуге аттанды. Әркімге үрей туғызған Ауғанстанға кеңестік
әскер кіргізу жүзеге асырылған 1979 жыл еді. Самат бірден
мұсылман батальонына қабылданып, партизан формасымен
сол жылы-ақ Ауғанстан топырағын басты. Кабулдан
алыс жатқан Файзабад елді мекені. Душмандардың көп
шоғырланған ордасы. Соғыс...бұл соғыс көзге көрінбейтін.
мақсат- мүддесі айқындалмаған басқаша соғыс еді. Ұрысқа
кіріскен Самат және оның қарулас достары алғашқы күннен-
ақ душмандармен бетпе-бет келіп, бірнеше қоян-қолтық
шайқасты өткеріп үлгерді. 1980 жылдың 31 желтоқсаны,
елде жүрсе ғой, жаңа жылды қарса алуға дайындалып,
қыз-жігіттер мәре-сәре күй кешіп, көтеріңкі көңіл-күй,
игі тілекпен келер жылды қарсы алар еді. Бозбалалар
аппақ қардай ақ тілектерін аруларға жеткізіп, асқан бір
сүйіспеншілікке бөленер еді. Ал, бұл кезде Самат және оның
достары кезекті бір шайқасты бастарынан өткізіп жатқан-
тын.Сол қанды қырғанды 31 желтоқсанда Самат қапияда
мерт болды. Қайран боздақ қыршынынан қиылды.
*** – Екеуміз тете болатынбыз,– дейді Саматтың әпкесі Ләззат Мүбаракқызы Нұрғалиева. – Мен 1960 жылы
туыппын. Күні бүгінге дейін көз алдымда. Саматты әскер
қатарына замандастарымен бірге шығарып салдық. Неге
екенін қайдам, есіктен шығып бара жатып, кілт тоқтай қалды,
артына қарады, ширақ жүріп келіп мені құшақтады, қимай
қоштасты... Осыған көрінген екен ғой, бір жыл толғанда
темір табытпен әкеліп, туған топырағына жерледі. Мәңгілік
ағыл да тегіл сағыныш осылай басталды...
Кеудені кек кернеп...
Қазақ қыздары батыр келеді, ержүрек. Мұны қазақ
тарихы, қазақ шежіресі әлдеқашан дәлелдеген. Ләззат
Мүбаракқызының кеудесінде кек ойнап, Ауғанстанға баруға
бел буды.
–Сенбеймін. Ауғанстанның жақпар тасты тауларының бір
жерінде жүрген шығар, кездесермін бәлкім, жолықтырармын,
жан бауырымды. Саматтан көз жазып қалуым мүмкін емес,
– дейді Ләззат.
Осындай оймен Балқаш қалалық әскери комиссарына
барады.Олар алғашқы бетте сенбейді.
– Ата-анаңды неге аямайсың? Онсыз да қайғы жұтып
отыр ғой, – дейді әскери комиссариатының басшысы.
–Жоқ, жіберіңіздер, Ауғанстанда бауырым Саматтың
аузына біреулер су тамызған шығар. Мен медбибімін,Самат
сияқты жауынгерлерге көмектесуім керек, қолдан келгенше
Саматтың кегін қайтарамын душмандардан, деп айтқанынан
қайтпайды.
Әскери комиссар қайсар қыздың алған бетінен
қайтпайтынына көзі жетті. Сөйтіп, 1986 жылы өз өтінішімен
әскер қатарына алынып, одан әрі Ауғанстанға аттанбақ.Ата-
анасымен қоштасуға екі-ақ сағат уақыты қалыпты. Еңіреп,
етегі жасқа толып олар қалды. Жезқазған облыстық әскери
комиссар әскер қатарына қызмет етуге келгендердің есімін
атап, қай жаққа аттанатындарын хабарлап жатты. Бәрі
де көрген түстей бүгін, жүрегі алып ұшады. Бір топ әне,
Германияға аттанады, енді бір топ жас сарбаздар Польшаға
қызмет етуге бөлініпті. Чехословакияға... бір кезде жалғыз
ғана қазақ қызының есімі аталды, ол Ләззат еді. Ауғанстанға
бұл әскери шақырылуға тек Ләззат қана барады. Облыстық әскери комиссар жан дүниесі жылы, бауырмал жігіт ағасы екен, жылап жіберіпті. – Саматтың әпкесі кетіп барады деген хабарды естігенмін. Сен екенсің ғой, ауылыңа қайт үш-төрт күн рұқсат беремін, үй-ішіңмен жақсылап қоштас, Балқаштан бірден Ташкент қаласына самолет бар. Қайта ғой,– дейді. Ләззат Шығыс Қоңыраттағы ата-анасына, бауырларына келіп, көңілі жай тапқан соң, қалалық әскери комиссардың ықпал етуімен Ташкент қаласына ұшады. Одан әрі Ауғанстанның астанасы Кабулға кетеді Жалалабад. Душмандар. Қанды қырғын. Ауыр салмақты ИЛ-76 әскери ұшағы Ауғанстан территориясын оңай бағындырып, қазандай қайнап жатқан Кабулға әкеп топ еткізді. Бар ойы Самат қызмет еткен Файзабадқа жету. Бірақ, ол жақтан жаңадан шақырылғандарды алып кететін «сатып алушылар» келмепті.Амалсыз әскери басшылардың ұйғарымымен Жалалабадқа жіберілді. Кейде тағдырдың не нәрсені оп-оңай қиюластырып жіберетініне де таң қаласың және сенесің. Балқаштағы әскери комиссариаттағылар -Татьяна Гущинаны тауып ал, оның қызмет еткеніне біраз болып қалды ғой,- деп кеңес айтқан.Қашан да талмай ізденген мұратына жетеді, Ләззат Таняны көп ұзамай жолықтырады. Екеуі Балқаштағы медициналық училищеде бірге оқыған. Екі бойжеткенді Ауғанстанда жолықтырып, бір-біріне жылап көрістірген сол кездегі саясаттың да кең ауқымды қармағына таңдай қағасың. *** Татьяна үлкен әскери госпиталда қызмет етеді екен. Кабул қаласының маңында. Енді жерлесіне жолығып, мауқын басқан Ләззатқа Жалалабадқа жету керек. – Жалалабадқа жетуге екі мүмкіндік бар, бірі ұшақпен, екіншісі автобуспен жетуге болады. Жанымызда Ресейдің
төрт қызы болды. Әп-әдемі жап-жас бойжеткендер, сол
қыздар Жалалабадқа жетуге асықты. Сөйтіп, бірінші ұшаққа
ілікті. Ұшақтың әуеге көтерілгені сол-ақ екен, көз алдымызда
бұрқ еткізіп, атып түсірді. Ұшақтағы 26 адам түгел жанып
кетті. Кейінгі ұшақпен біз де жеттік. Кабул суық еді. Ал,
Жалалабад ыстық, біз барғанда 57 градусты көрсетіп тұрды.
Пәкістанның шекарасынан 43 шақырым жерде тұрдық.
Жаңбыр жиі жауады, қысы жоқ. Әскери өмірге кірістік.
Көз алдымда аянышты оқиғалар өтіп жатты. Соғыстың аты
соғыс қой. Жаралы жауынгерлердің жай-күйін айтуға тілім
бар болғыр келмейді. Менің де Самат бауырым осылай
жағдайда опат болды-ау деп ойлап қоямын, – дейді Ләззат
ауған күндерін есіне алып.
– Ләззат санинструктор болып уақытпен санаспай еңбек
етті. Бір санинструктор 300-ге тарта сарбазға дәрігерлік
қызмет көрсетіп, күндіз-түні жанталасады. Дем алу,
дамылдау деген атымен жоқ. Жаралылардың жарақатын
емдеу, таңу, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету... бәрі
бәрі Ләззат және оның әріптестерінің мойнында. Сонау
500 метр жердегі асханадан шатырлы қалашыққа тамақ
жеткізеді. Оған да шабуыл жасалады. Қаншама жас сарбаз
осы әрекеттің үстінде опат болып жатты.Жауынгерлерге де,
медициналық қызметкерлерге ұйықтатпайтын дәрі береді
екен. Соны ішсе екі тәулік бойына ұйықтамайды. Үрейлі,
аянышты әрі кеудеге өкініш толған кекті күндер өтіп жатты.
–Ұлы Отан соғысынан ауған соғысының айырмашылығы
жер мен көктей. Ұлы Отан соғысында тыл болды, соғыстың
алғы шебі болды, бағыт-бағдар белгілі. Ал, ауған соғысында
болжам жоқ. Қай жағыңнан жау келеді? Белгісіз, жаңа ғана
саперлер тазалап өткен жол үсті артынша мина жарылып,
астан-кестеңі шығып жатады. Жер астынан қалашық жасап
алған, кеңес әскерлерінің қалай жүріп, қалай тұратынан жан-
жақты зерттеген аянбайды, аямайды. Қолға түскенді қыра
береді, соның бәрін көзіміз көрді. Кеңес әскерлерінің денесін
тілім-тілім етіп, кесіп тастайды. Кектенеміз, біздің сарбаздар
да аянып қалмайды, сарбаз бауырлардың ыңырсыған,
ышқынған, шығарға жаны жоқ әрекетін көрдік. Оларды жігерлендіреміз, бәріміздің мақсатымыз дұшмандармен соғысу, қалай жеңіске жетеміз, қашан жетеміз, соғыс қандай жағдайда аяқталады, ол жағы тұманды, күмәнді дүние еді. Әрбір сарбазға көрсеткен көмегімді, аялы қамқорлығымды, бойымдағы бар ізгілікті, әпкелік махаббатымды жап-жас сарбаздарға арнадым. Аянбадым, Саматымның кегін осылай қайтарсам дедім, – деп Ләззат тағы да ауыр күрсінді. Сартап сағыныш. Қолындағы сарғайған суреттерге қарайды, бауыры Саматтың үнсіз бейнесін кеудесіне қысып, көз жасын төгеді. Әй, пәтусыз дүние-ай, бір күнгі жарық сәулеге не жетсін! Бірбіріміздің қадірімізді білу үшін соғысқа аттануымыз керек пе? Жақыныңды сағыну үшін жат жерде жер жастандыру керек пе? Міне, тіршіліктің қадірі, сыйластықтың өзегі. Ләззат Мүбаракқызы осындай болмысты өз басынан өткеріп, енді маңайына, өз ортасына аса бір ізгілікпен қарайды. Ит мәраку тіршіліктің қасиетін өзгемізге түсіндіргісі келеді көз жасымен.Жер басып жүргендер ұға қоямыз ба оны. Айтысамыз, тартысамыз,өлексеге таласқан иттей ырылдасамыз, кейде осылай пенделікті еске түсіріп, батылдау айтуға тура келеді. – Отан алдындағы борышымызды атқардық, соғыс шығынсыз болмайды, тек Самат қана ма? Қаншама отбасының әлпештеген, болашағынан зор үміт күткен, шаңырағына ие болатын жастар бақиға аттанып жатты. Ауғанстандағы соғыста кеңес әскерлеріне әлеуметтік,тұрмыстық жағдай жөнді көрсетілген жоқ. Биттеп, құрттап, іш сүзегіне шалдыққандар көп болды. Ол жақтағы тұрмыс мүлде бөлек. Тіпті екі ғасырдай артта қалған десем артық емес. Мен де төрт операцияны бастан өткердім, денсаулығымызды бердік. Ол жақта көкнәр бейнелеп айтсақ, біздің егінжайымыздай ырғалып, теңіздей тербеліп тұрады. Арнайы егіп тастайды,көкнәр саудасы бар жерде тәртіп болмайды. Біз аңда-санда ауған халқының арасына кіріп, дәрігерлік қызмет көрсетеміз, үгіт-насихат жүргіземіз, бейбіт өмірге ештеңе
жетпейді дейміз. Күндіз ем-дом көрсеткен адамдар түнде
өзіңе шабуыл жасайды, душмандар... Кейде душман екенін
тез аңғарамыз, бізге қаралуға келгендердің иығында мылтық
асынған белгілері қалып қояды. Тітіркенесің, ал наркотиктер
әр үйдің босағасында қап-қабымен тұрады. Балшықтан
соққан үй... оның ішінде адам да, мал да жатады, – деп Ләззат
әңгіменің әлқиссасын бір түйіндеп қойды.
Ләззат Мүбаракқызы ауған соғысынан 1988 жылдың
көктемінде оралды. Балқаш қаласы маңындағы әуе
қорғанысы полкында қызмет етіп,капитан шенінде зейнетке
шықты.Үш жылға тарта Ауғанстанда қызмет етті. Қайсар қыз
айтқанын орындады. Шаршады, шалдықты, денсаулығын
берді..
Ләззатқа құрмет – қазаққа құрмет 1989 жыл, Балқаш
қаласына сонау Қап тауынан 15 жігіт топ ете түсті. Қалаға
кавказдықтар келіпті деген сөз лезде тарады. Не үшін
келді, кімді іздеп жүр, оларды кім шақырды? Сайдың
тасындай іріктелген жігіттер. Міне, ізгілік, жақсылық
қашан да ұмытылмайды, жүрегі жайсаң, қадір-қасиетіңді
ұғатын жандар бар ғой бұл өмірде. Жаңағы 15 кавказдық
жігіттер біздің Ләззат қызымыздың шапағатын көріпті.
Қазақы мейірімділік тұрғысынан жаралы жігіттерді туған
бауырындай күтіп, емдеп, қатарға қосып әскери қалашыққа
жөнелте береді. Қазақта мақал бар, «ауыл итінің құйрығы
қайқы» деген, Ләззат әпкелерін іздеп келген жігіттер
арнайы дастархан жайып, мейрамханаға шақырып, арқа-
жарқа күй кешеді. Жергілікт қазақ жігіттері намысқа басып,
қыр көрсетеді. Өйтпегенде қайтсін, майданнан есен-сау
оралған сарбаздар Ләззатты орталарына алып, кезек- кезек
сөз сөйлеп,құрметтейді. Істің насырға шабатынын олар да
сезеді, іле сөз алып, жиналған жергілікті жігіттерге мән-
жайды түсіндіре бастайды.
– Сіздер ғафу етіңіздер, қазақтар, біз сонау Кавказдан
еріккеннен келіп тұрған жоқпыз. Бізді ажалдан алып қалған
сіздердің Ләззат жерлестеріңіз, егер де Ләззат болмағанда
біздер дәл осылай жер басып жүрмес едік. Қаншама
жігіттерді ажал тырнағынан арашалады. Майданда жүріп,
Ләззат әпкеміздің жан дүниесін сезіне отырып, жалпы қазақ
халқының аяулы жанын ұққандай болатынбыз. Енді міне,
әпкемізді іздеп, сәлем беріп, құрмет көрсетіп қайтсақ деген
ой еді,– деді сөз ыңғайын келтіре білетін кавказдық жігіт.
Мейрамханада отырған бүкіл жұртшылық жылады.
Жергілікті жігіттер ертеңінде Ләззат әпкесін іздеп келген
кавказ
жігіттеріне
сый-құрметін
көрсетіп,
шығарып
салған. Ермек деген кавказдық баланың әке- шешесі күні
кешеге дейін хат жазып тұрды. Алланың жазуы ғой, сонау
Ауғанстаннан аман қайтқан Ермек Кавказда жол апатынан
қайтыс болыпты. Әке-шешесіне үнемі Ләззат туралы айтады
екен. Енді бірде қаралы хат жеткен – Сүйікті Ләззатым-ау,
сені аузынан тастамайтын Ермегімізден айырылып қалдық,
– деп анасы егіле хат жазады. Сарғайған хаттар жан-жақтан
келеді. Бәрінде де хат иелерінің Ләззатқа деген іңкәрлігі,
құрметі, сағынышы баяндалады.
– Міне, ізгілік.
Түйін
Ләззат отағасы Бақытжан екеуі үш бала тәрбиелеп өсірді.
Үлкен ұлы Дәнияр, егіз ұлдары Асылан, Бағлан тәуелсіз
елдің балғын шыбығы секілді өсіп келеді. Иә, Ауғанстан
соғысына қатысқан жауынгерлерге әлеуметтік көмек,
қамқорлық әлі де олқы соғып жатыр.Ләззат әңгіме арасында
пәтерсіз жүрген жігіттердің күні бүгінге дейін орталарында
бар екенін айтып, қынжылды. Жыл сайын №18 орта мектепте
Самат Нұрғалиевті еске алуға арналған қазақша күрестен
жарыс өткізіліп тұрады.Оған спорт жанашыры Бақтыбай
бауырымыз ұйтқы болып жүр.Шүкіршілік.
*** Иә, Ауғанстан соғысына өз еркімен қатысып, кеудесі кекке толған Ләззат Мүбаракқызының сарқылмайтын сағыныш әлемі осындай еді.
ДІН, ДӘСТҮР және ХАЛЫҚ
Қазақ қоғамы даму үстінде, өзгерістерге толы. Қашан
да игілікті, ізгілікті толысулар, толықтырулар өз нәтижесін
береді. Мұның қоғам дамуына да пайдасы зор. «Дәстүрдің
озығы бар, тозығы бар» деп айтып жатамыз. Дәстүрді,
салт-сананы санаға сіңіру, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, саф
алтындай сақтай білу адамзат мүддесіне қызмет етуі тиіс.
Салт-сананың ғасырлар бойы тоғысуы заңдылық. Солай
бола тұрғанымен бабалардан қалған асыл мұраны жауһар
күйінде келесі ұрпаққа аманат ету парыз. Ойды ой қозғайды,
пікір туындайды. Жүрек қалаған ой-толғамыңды айтқың
келеді. Иманды жүректен шыққан пәтуалы әңгіме жаныңды
жадыратады,
ар-ұятыңды
оятып,
жүректегі
сәулеңді
жарқырата түсіруге шақырады. Имандылық бар жерде
сыйластығың, басқаға деген құрметің артады. Мұның бәрі
ата-бабадан қалған ізгілік.
Қолымызға «Дін мен дәстүр» кітабы түсті. Ұйтқы болған
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екен. Бас мүфти
Ержан қажы Малғажыұлының игілікті бакстамаларын
көріп те, ақпарат құралдары арқылы танысып та жүрміз.
Басшың иманды болса береке-бірліктің қоса келгені. Ал,
бас мүфтиге мұндай қасиет аса қажет-ақ. Ержан қажы
Малғажыұлының бастамасымен шыққан кітапты бастан аяқ
оқып шықтық. Негізгі нысана дін мен дәстүрдің дәл қазіргі
қазақ қоғамындағы атқарар маңыздылығы, қажеттілігі,
сондай-ақ,
қазақ
мемлекетінің
дамуына,
көтерілуіне,
бірнеше ұрпақ тәрбиесіне ұйтқы болатындығына жете мән
беріп, жөн сілтеу. Халық қашан да игілікті дәстүрге бас иген,
қадірлеген. Бұл кітапта дәстүр туралы түсінік, оның діңдегі
орны егжей-тегжейлі айтылады. Мәселен, мынаған назар
аударайық. Кейінгі кезде дәстүрлі дініміздің өзіне өзгеріс
енгізуге ұмтылып жатқандар да кездеседі. Ал, мұның арты
– адасуға апарады. Абай бабамыз айтады: «адасқанның алды
жөн, арты соқпақ»- дейді. Бірақ, қоғамға іріткі салудың,
айрандай ұйып отырған халықтың арасына шоқ тастаудың
жөні бар ма? Қазіргі ислам діні халықпен біте қайнасып
кеткелі қашан. Тіпті оның ұлттың болмысына айналғанына,
ажырамас бір бөлігі екенін иландыра жеткізеді. Кітапта
былай делінеді. «халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптар ислам
заңнамасындағы құқықтық нормалардың бастауларының
бірі болып саналады».
Шындығында күнделікті тұрмыстағы іс-қимылымыздың
бәрі,
әдет-ғұрпымыз
исламмен
байланысып
жатады.
Бірақ, оған жете мән беріп, бір сәт зерделей қарап, шолу
жасамаймыз. Әрине, дәстүр-салтымыздың басым бөлігі
шариғатқа қайшы тұрмайды. Әйткенмен, мұсылманшылыққа
жат, кейбір іс-әрекеттер алаңдатады. Соның бастысы жат
елдің дәстүр-салтын бойымызға сіңіре бастау. Кітапта осы
теріс әрекет жөнінде де жақсы мағлұмат берілген. Қазір
қоғамдағы есірткі, арақ, сыра сияқты харам нәрселерді
шектен тыс тұтыну өріс алып барады. Бұған зинақорлықты
қосыңыз. Ел мен елдің арасын бұзатын жалған сөз. Бұл да
мұсылманшылыққа жат қылық. Жемқорлық, парақорлық
біз үшін жазылмас дертке айналды. Қазір халық арасында
«жемқорлық індет, жою міндет» деген қағида қалыптасты.
Ал, бұл да исламға жат қылық Бойына имандылық ұялаған
жан жемқорлыққа, парақорлыққа бармайды. Яғни, ислам
діні бойынша жемқорлық жат әрекет. Оған қатаң тиым
салынады. Бақталас, бірінен бірі асып түсу, даңғазалыққа
бой ұру, ысырапшылдықтың белгісі болып табалады.
Қанағат жоқ, шүкіршілік, тәубемізді ұмыттық. Оның несін
жасырамыз. Атам қазақ «ауруын жасырған өледі» деген.
Шындықты айтқанның айыбы жоқ. Кітапта осы жөнінде де
жақсы уағыз айтылады. Тағы да Абай бабамызға жүгінейік.
Өсек, өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз!
Кітапта
қазақ
халқының
имани
дәстүрлеріне
терең бойлап сусындауыңызға мүмкіндік бар. Рухани
тазарасыз,жан-дүниеңіз жайлы бір күй кешеді. Ұлттық
сана, тағдырға сенім, білімді ұстазға құрмет ету, Отаныңды,
ар-ұятыңды, дастарханыңды құрметтеу, аялау жөнінде
ұмытқандарымызды осы кітаптан тауып, қажеттілігімізге
жаратамыз. Сонымен қатар кітаптың әр бөлімінде жас
ұрпақтың бойына сіңіретін атадан мұра болған дәстүр-
салттың қағидасын кездестіресіз, табасыз, оқисыз. Қазір
ата-анасын құрметтемейтін, сөзге тоқтамайтын ұрпақ
арамызда ілуде-шалу болса да кездеседі. «Тату үйге тақсырет
жуымайды» дейді атам қазақ. Сондықтан, кез-келген
ұрпақтың бір-бірімен тату болуы, құрмет көрсетуі, туыстық
байланыс жасап, бауырмалдық орнатуы қоғамның негізі
іспеттес.Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудің мәні зор.
Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізеттілік жасау бұлжымас
қағида. Туыстық қарым-қатынас жайында да білмейтініміз
көп. Адам дос-жарансыз өмір сүре ме? Досың сенімді болуы
керек. Сатқындық жаман қасиет. Үмбетей жырау былай деп
жырлайды.
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін берсеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер,
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.
Достық ұлы сезім, оны да мәпелеп ұстау керек. Ал,
қазақ жырының қара нары Қадыр Мырза-Әлі бір сөзінде:
«екі достың бірі кішірейіп тұрса, ондай достық мәңгілік»
– деп кесіп айтады. Сыйластық жөнінде де рухани ләззат
аласыз. Сыйласқанның құлы екеніміз рас. «Сыйлап берген
су да тәтті» дейді халық даналығы. Адал көңілге, ақ ниет
пейілге не жетсін. «Көрші ақысы тәңір ақысы», «Алыстағы
туысыңнан қасыңдағы көршің артық», бұл қағида өмірдің
өзінен алынған. Ал, Мұхаммед пайғамбар хадисінде былай
делінеді. «Көршің жақсы десе жақсысың, жаман десе
жамансың». Бұл пікірге де ештеңе алып, қоса алмайсың.
Көршіні таңдамайсың, құдай қосады. Сондықтан, көршімен
тату болу да тәтті, сыйлас, тату өмірдің қажеттілігі деп
ұққан жөн.
Бала – ата-ананы құрметтеуі керек. Адам ұрпағымен
бақытты. Абай бабамыз айтады. «Баланың жақсысы қызық,
жаманы күйік». Осы кітапта атап көрсетілгендей баланың
ата- ананы құрметтеуі иманды, білімді, ата салтымызға адал
ұрпақ өсірудің негізі екеніне иландырады. Мәселен, кітапқа
жүгінейік. «Ислам діні ата-ананы құрметтеуді Құдайдың
хағымен қатар қояды», иланасыз.
Тағы бір айта кетерлік, мән беретін ізгілік, қандай
да бір наным-сенім, ұғым-қағидаларды айтқанда сол
қажеттіліктердің
аят-хадистерге
жүгініп,
дәлме-дәл
бұлтартпай, жүрекке жеткізеді, салыстырып отырады.
Біздің бабаларымыз ер жүрек те, батыр да болған, ақылды
да болған.Әйтпесе, сонау ерте заманда мына далиған жерді,
қасиетті босағаны қандай жолмен бізге аманат етіп тапсырып
кетті. Кітапта туған Отанды қорғау, оны қастерлеу жөнінде
де жеріне жеткізе айтылады. Осы қағида да дініміздің
асыл өсиеттерімен ұштасып, астасып, мағынасын аша
түседі.Кітапта былай көрсетіледі: «Пайғамбар (с.а.с) қиын
қыстау шақтарда ерліктің ерен үлгісін көрсетті.Сахабалары
кескілескен ұрыстарда қаһармандығына куә болды, оны
өздеріне пана тұтты».
Адам бейнесін ашатын тағы бір қасиет– қарапайымдылық.
Қарапайым адам қашан да жұрттың ішінде, халықпен бетпе-
бет кездеседі. Ал, билікке қолы жеткендер қарапайымдылықты
қажет ете ме? Адамға мінез-құлықты, іс-әрекетті Алла береді,
ана сүтімен бірге сіңеді. Дей тұрғанмен, адамның өзін өзі
тәрбиелеуге, ізгілікке икемдеуіне әбден болады. Кітаптың
келесі бір тарауынан осы жөнінде де жеткілікті мағлұмат
ала аласыз.Пайғамбарымыз былай дейді: «Шындығында, Алла көркем әрі көркемдікті жақсы көреді. Ал тәкаппарлық – ақиқатты мойындамау, адамдарды менсінбеу». Өз ой-пікірімізді қысқаша түйіндедік. Кітапты мектептерде, оқу орындарында талқылап, бас қосулар өткізсе жөн-ақ болар еді. Тіпті үлкендердің өзі ой-пікірлерін тоғыстырып, жастармен кездесіп, жүздесіп, ашық әңгіме құрса құба-құп. Имандылық – адам жанын тазалаудың, ізгілікке баулудың бірден бір жолы. Мына кітап та соның берік қазығы іспеттес. Кітапхана, дүкендерге түсіру керек. Имандылық сабақтарын өткізіп, сонда пайдалана білуге сұранып-ақ тұр. Тіпті әр үйдің кітап сөресінде тұрса қандай жақсы. Қазір бала-бақшаның ересектер тобында әріп үйретеді, қалам ұстатады. Жалпы дінімізді, дәстүрімізді жаңғыртуды сол себепті бесіктен бастаған дұрыс қой дейміз. Қазір бесік жыры үзілді емес пе, ал, бесік жыры – ана тәрбиесінің, ана әлдиінің бастауы емес пе еді. Жақсы кітап оқысаң жаның семіреді, біз де сондай күй кештік. Ой-пікіріміз қабыспай, шашырап жатса сезім толқынының әсері деп ұғыңыз. Сондықтан, қайыра, байыптап бірнеше оқығанымыз да жөн болар. Алғашқы әсер – аяқты асығыс басқанның белгісі секілді. Дей тұрғанмен,қысқаша ризашылығымызды білдіріп отырмыз. Ғылыми тұжырымдама, нақты пікір, тоқтам айту, салтсананы, әдет-ғұрыпты сомдай түсу, діндәрлардың, ғалым, білгірлердің парызы болса керек. Кітаптың түпкі мақсатмүддесін оқырманға, халыққа жеткізіп, насихатату келешектің ісі.
ҚОРҒАНЫС ҚУАТЫНА
ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
Көкше көлдің жағасындағы Қоржынтүбекте орналасқан
Приозерск қаласына елу жыл толып отыр. Көлге етене
еніп жатқан түбекке осыдан елу жыл бұрын әскери
қаланың алғашқы қазығы қағылып, бүгінде еліміздің
қорғаныс қуатына, тәуелсіздік игілігіне қызмет етіп келеді.
Приозерскінің өз орны бар. Сарышаған әскери сынақ
полигонының әкімшілік, әлеуметтік тұрмыстық орталығы
болып табылады. Иә, тәуелсіздік алғанға дейін Приозерск
қаласы жабық қала болды. Әскерилерден басқа мұнда ешкім
де аттап баспайтын. Ал, Сарышаған полигоны жайындағы
әңгімелер қиял-ғажайып ертедегідей болып естілетін.
Шүкір, тәуелсіздік алғаннан кейін жабық қала Приозерскіні
де, атағы жер жарған Сарышыған әскери полигоны да
жергілікті тұрғындар тамашалап, шындыққа, ақиқатқа көз
жеткізе бастады. Қазақ халқының кең байтақ даласы ендігі
арада тек бейбіт мақсатта ғана қызмет етуге тиіс. Сондықтан,
қай кезде болсын Қоржынтүбектегі Приозерск қаласы
мен Сарышыған полигонын бөлежара қарауға болмайды.
Кейінгі жылдары әскери сынақ полигонында бірнеше шет
елдік бақылаушылардың қатысуымен әскери жаттығулар
өткізілді. Республикамыздың журналистері, оның ішінде
мемлекеттік тілде жазатын тілшілер қауымы осы әскери
жаттығуды барынша тебірініспен, шабытпен жазып, мұны
да тәуелсіздік тұғырының үлкен жетістігі деп бағалады.
Бүгінгі таңда Приозерск қаласында еліміздің қорғаныс
қуатын
нығайтуға,
мамандарды
оқытып,
жаттығуға
баулуға, шеберлігін арттыруға үйрететін орындар қызмет
етеді. Сондай-ақ, Қорғаныс әуе күші, артиллерия және
ракеталық әскерлердің құрамы орналасқан. Мұнымен бірге
халықаралық келісімге сәйкес, Ресей Федерациясының
Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшесі де осында. Сарышыған әскери сынақ полигонының стратегиялық маңыздылығы – Қазақстан Республикасы, сондай-ақ, Ресей Федерациясы қорғаныс қуатының игілігіне қызмет ету болып табылады. Мұнда, сонымен қатар, әскери мақсаттағы ғылыми-тәжірибелік сынақ құрылымдары да қызмет жасайды. Одақ тараған кезде қиыншылық Қоржынтүбектегі қаланы да айналып өтпеді. Қалада негізінен ресейліктер тұрған болатын. Олар да өздерінің туған жеріне оралып жатты. Осыдан келіп әлеуметтік мекемелер, тұрғын мекенжайлар бос қалды. Дегенмен, халықтың саны артып келеді. 1999 жылы қалада 11 мың халық болса, бүгінде оның саны 25 мыңнан асып отыр. Әрине, бұған Ресейдің, Қазақстанның әскери қызметшілерін қосып отырған жоқпыз. Халықтың саны демографиялық жағдайда өсіп отыр. Бұл қуанышты жайт. Жас отбасылардың саны арта түсті. Жыл басынан бері 50 жас некеге тіркелген. Сондай-ақ, сырттан көшіп келіп қоныстанушылар да баршылық. Ресей қорғаныс қуатының мұнда 200 орындық госпиталі, емханасы, мектебі, екі балалар бақшасы, «Старт» және «Родина» спорт кешені бар. Әскери қару-жарақты, техниканы сақтайтын парк, казармалар қайыра жөнделіп, реттеліп, оқу орталығының игілігіне жарап отыр. Ал, бұл күндері офицерлер үйінің құрылысы жүргізілуде. Гарнизонның өз емханасы ашылды. Қалада тұрғын үй мәселесі өз қажеттілігін туғызып отыр. Мұның себебін, жоғарыда айтқандай, тұрғындардың демографиялық өсуінен де іздеген жөн. Елімізде шағын қалалардың келешегін юолжап, оның өсіп-өркендеуіне бағдарламалар жасалған. Приозерск қаласы да соның ішіне кіреді. Табиғаты әсем көл жағалауы туристік кластерді дамытуға сұранып-ақ тұр. Емдеу-сауықтыру курортын ашуға да қолайлы. Сонымен бірге экологиялық және ауа райының қолайлы жағдайы да осы ойымыздың дұрыстығын нығарлай түседі. Географиялық жағдайы да ыңғайлы, теміржол, автокөлік жолы республикамыздың түкпір-түкпірінен жалғастырады. Атақты «Камбала»
аэропорты қызмет етеді. Қала маңындағы қонақ үйлерді,
басқа да ғимараттарды ретке келтіріп, игілікті жаратса
демалыс және туризм аймағына келіп-ақ тұр. Бұл жер
шаруашылығын дамытуға да қолайлы. Индустриалды-
инновациялық өркендету аясында тұз, қымбат тастарды
өңдеп, зергерлік цех ашуға негіз қаланып жатқан сыңайлы.
Аң шаруашылығын өркендетуге де мүмкіндік бар.
Қалада бүгінгі таңда қазіргі заманның ақпараттық
технологиясын енгізуге ұмтылыс жасалуда. Осы орайда
халықаралық сандық АТС қызметі енгізілуде. Мұның өзі
байланыс саласының сапалы қызметін одан әрмен жақсартуға
негіз қалайды. Әрі қосымша теледидар арналарын әкелуге
мүмкіндік туғызады.
«Электронды үкімет» бағдарламасы өмір талабы болып
отыр. Мұндайда «электронды әкімдік» жүйесі өмірге
келетіндігі сөзсіз. Әкімдік және мемлекеттік мекеменің
қызметкерлері ағылшын тілі курсына қатысып, компьютерді
үйренуде. Мұның өзі бірыңғай электронды әкімдік жүйесіне
аса қажет екені сөзсіз.
Қалада
өнім
өндіретін
өнеркәсіптер
жоққа
тән.
Сондықтан
экономиканы
басқа
жолмен
өркендетуге
қадамдар жасалуда. Мұнда да шағын және орта кәсіпкерлікті
барынша дамытуға тура келеді. Қазір салық өсімін көбейтіп
отырған да осы шағын кәсіпкерлік десек артық емес. Шағын
несие алған бірнеше қала тұрғындары өзінің балық аулау
шаруашылығын, тігін өндірісн ашып, бау-бақша өсірумен
шұғылданып, нәпақысын тауып отыр. «Балқаш АБС» алтын
іздеушілер ксіпорны флотарор, фальцовшик, ұнтақтаушы,
ағаш шебері мамандықтарын қайыра даярлау үстінде.
Қала ежелден көл суын тұтынып келеді. «Таза ауыз су»
бағдарламасына сәйкес сүзгіден өткізілген суды пайдалану
жүзеге асырылуда. Мұның құрылысы екі кезеңнен тұрады.
2007 жылы су тұщытатын станцияның құрылысы басталады.
Ұлттық «Казкосмос» АА компаниясының осы қала
төңірегіне орналасуы да көмек қолын созып келеді. Арнайы
білімі бар мамандарды қабылдауда бұл мекеменің де
игілікті көзқарасын атай кеткен орынды. Бұл күнде қалада жалпы білім беретін екі мектеп бар. Олардың материалдықтехникалық базасын нығайту күн тәртібінен түсіп көрген емес. Қазір 17 оқушыға бір компьютерден келіп отыр. Бүкіл мектеп Интернет жүйесіне қосылған қала маңындағы оқушыларды мектепке жеткізетін көлік ұйымдастырылған. Аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Бала – Отанның болашағы. Былтырғы жылы қазақ тілінде тәрбиелейтін балабақша ашылды. Үстіміздегі жылы және бір балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Мектептердегі оқушылардың саны артып келеді. Осыны ескере келіп, 2012 жылы қалада жалпы білім беретін тағы бір мектептің құрылысы басталады. –-Елбасының салиқалы саясатының арқасында Отанымызда бейбіт өмір одан әрі жалғасуда. Ұлтаралық қатынасқа сызат түсіп көрген жоқ, – дейді қала әкімі Сағымбай Медеубаев. Мұнда қазір 30 ұлттың өкілі бір отабсындай, татутәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Ресей жалпы білім беретін мектебімен біздің оқушылар да тығыз достық қарымқатынас орнатқан. Біздің 800 азаматымыз Ресейдің әскери бөлімдерінде еңбек етеді. Ал, өнер, спорт мектебінде үйірме секциялары екі жаққа да ортақ. Екі мемлекеттегі «АбайПушкин жылдарының» одан әрі рухани достықты нығайта түсері сөзсіз. Коммуналдық, әлеуметтік саланы бір жүйеге келтіру, олқылықтардың орнын толтыру – кезек күттірмейтін міндет. Мұның бәрін қысқа мерзім ішінде қалыптастыруға тура келеді. Осыц бағытта жұмыс жасалып жатыр. Тазалық акциясы ай сайын өткізіледі. Мұнің өзі көгалдандыру, санитарлық тазалықты бір жүйеге түсіруге, сәулеттендіруге ынталандырады. Осы орайда қала тұрғындарының белсенділігін, ұйымшылдығын айта кеткен орынды болар. Қаланың елу жылдығы облыстың мерейтойымен тұспатұс келіп отыр. Еліміздегі кішкентай бөлшегі – Приозерск қаласы тұрғындары дәулетті, сәулетті ғұмыр кешіп, елімізді өркендетуге айтарлықтай үлес қосып, мерейлі істерді
тыдыра беретін болатды. Ал, біз өз тарапымыздан қаланың
бүгінгі тыныс-тіршілігін аз да болса баяндап өтуді жөн
көрдік. Елудің еңсесіне көтеріліп отырған қала жайлы кең
көлемде әңгіме қозғау келешектің шаруасы болмақ.
ЖАСЫЛ МҮЙІС, ЗЫМЫРАН
ЗЕҢБІРЕК және САРБАЗ
САҒЫНЫШЫ
Жасыл мүйіс – көл жағасындағы шаған қала. Сол қаланың
бір шетін ала қазақ сарбаздарының әскери бөлімшесі
орналасқан. Мұнтаздай таза, әр жерде жаттығу жасап жүрген
сарбаздарды көзіміз шалды, қимылдары ширақ, командирдің
бұйрығын екі етпей, көз ілеспес шапшаңдықпен орындайды.
Сүйсіне қарап тұрмыз. Ал, әскери қалашықтың екінші
қанатынан сарбаздар шеруі көрінді. Саптағы сарбаздар қазақ
әнін шырқап барады. Жүрекке жылы тиеді. Патриоттық ән,
Отанға, туған жерге, ата-анасына деген сағыныш. Ән әуені
шырқай көтеріледі, тақ-тұқ еткен сарбаздың керзі етігінің
сартылы бейне бір сүйемелелдеп бара жатқан барабан әуені
іспеттес. Ән әуені ырғақты, сарбаз шеруімен үндесіп, дәл
қасымыздан өтіп барады.
– Мен осы 06708 әскери бөлім командирінің тәрбие
және әлеуметтік құқықтар жөніндегі орынбасарымын,- деп
таныстырды өзін майор шеніндегі офицер. Командирдің
орынбасары жатырқамады, жылы қабылдады. Оның аты-
жөні Дархан Қабыланұлы Үмбетов.
– Әскери бөлімнің негізгі мақсат-мүддесі жөнінде айта
отырсаңыз?
– Биыл ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толып
отыр. Қысқа уақыт, бірақ, өзіміздің әскери күш-қуатымызды
қалыптастырдық қой деп ойлаймыз. Қазір бірнеше шет елдік
сарбаздармен бірлесе оқу-жаттығу жиындарын өткізіп,
тәжірибе жинап үлгердік. Олар біздің әскери техникалық
күш-қуатымызға қызығушылық танытады, сүйсінеді. Демек,
бізден де үйренерлік игілікті істердің болғаны ғой. Ал,
сұрағыңызға орай жауап берейін. Біздің әскери бөлім зеңбірек
артиллериясы деп аталады. Елімізде осы мақсаттағы төрт
дивизион бар. Соның біреуі ракеталық дивизион. Тағы біреуі
өздігінен жүретін ауыр зеңбірек дивизионы. Ал, біздің бөлім
ең үлкені. Жақында ғана оқу-жаттығудан оралдық. Сол оқу-
жаттығуға үш дивизион қатыстық. Мына іргедегі Саршыған
полигоны оқу- жаттығуға өте қолайлы. Бұл өзі әлемдік
деңгейдегі ірі әскери оқу-жаттығу алаңы ғой. Осы жуырда
ғана 100-ге тарта жас жауынгер келді бөлімге. Сарбаздардың
көбі Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысынан, Астана
қаласынан шақырылған. Жалпы алғанда 300-ден астам
сарбаз өздерінің отан алдындапғы борышын өтеуде. Ал,
бүгін-ертең 38 сарбаз Отанға қызмет ету мерзімін аяқтап,
отбасына оралады. Біз олардың бейбіт өмірде бақытты
ғұмыр кешуіне тілектеспіз.
Дархан Қобыланұлының айтуына қарағанда 3 маусым
әскери бөлімнің туған күні болып табылады. Айта кетейік,
1997 жылы наурыз айындағы далалық оқу-жаттығу жиында
көрсеткен ұйымшылдығы үшін бөлім сарбаздарына ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты жарияланды.
Сондай-ақ, 1998 жылы тамыз айында тағы да оқу-жаттығуда
айтарлықтай шеберлік көрсеткені үшін бөлім ҚР Қарулы
Күштерінің Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс
хатымен марапатталған. Осы әскери бөлімнің мемлекеттік
тілді оқытушысы Арқат Құрманбай сарбаздардың отандық
рухтағы көңіл күйлеріне, ықылас ниеттеріне ризашылығын
білдірді.
–Біздің әскери бөлім 2011-12 оқу жылының жауынгерлік
әзірлігі
бойынша
Астана
өңірлік
қолбасшылығының
үлкен марапатына ие болды. Сондай-ақ, Семей қаласында
сәуір айының екінші онкүндігінде құрылық әскерлерінің
мемлекеттік тіл мамандарының әскери жиынына қатыстық.
Қазақ елінің болашағы – қазақ тілінде деген қағида рас.
Сол жиында Астана өңірлік қолбасшылығы бүкіл құрылық
әскерлері арасында ІІІ орынға ие болды. Мемлекеттік тіл
мәселесі бойынша біраз шаруаның беті қайырылуда. ҚР-сы
Қарулы Күштерінің 20 жылдығы құрметіне ақындар айтысы
өтті. Әскери қызметшілердің арасынан қатысқан ақындар
өздерінің рухани байлығын паш етіп, сарбаздар арасындағы
отандық рухты асқақтатты. Біздің әскери бөлімнің реактивті
дивизионның қатардағы жауынгері Саламат Бекназаров ІІІ
орынды иемденіп, арнайы дипломмен марапатталды.
– Әскери бөлімдегі қарым-қатынас мемлекеттік тілде
жүргізілетін шығар?
–Әрине,
әскери
дайындықтар
мемлекеттік
тілде
жүргізіледі, сондай-ақ, іс-қағаздарын жүргізу Қорғаныс
министрлігінің бұйрығы бойынша екі тілде жүргізіледі.
Жалпы
саптық
дайындық,
жауынгерлік
дайындыққа
байланысты берілетін пәрмендер тек мемлекеттік тілде
өткізіледі.
– Қазақ батырларының, кешегі соғыста айтарлықтай
ерлік көрсеткен қол-басшылығымыздың өнегелі істерін
насихаттау қалай?
–Атақты қолбасшы, ғажап жазушы, қазақтың мақтанышы
Бауыржан Момышұлы атамыздың 100 жылдығы жоғары
деңгейде атап өттік. Бауыржан атамыздың насихат сөздері,
ерлік істері әр сарбаздың жүрегінде жүруге тиіс. Батырдың
жан дүниесінде отандық рух, қазақы парасаттылық атойлап
тұрады. Батырлық, батылдық, ерлік тек Баукең сияқты бір
туарларға тән. Сондай-ақ, «Қазақ батырлары» атты арнайы
сабақ өткізіледі. Қалай болған күнде де Отанды қорғау
жауынгерлік оқу-жаттығудан басталады. Әр жауынгердің
бойында
күміс
белбеулі
шекарамызды,
мөп-мөлдір
аспанымызды кірпік қақпай күзету бірінші кезекте тұрады.
Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік әр сарбаздың мақсат-
мүддесі. Осы жуырда мектеп оқушылары, ауған соғысы
жауынгерлері, сарбаздар бірлесе отырып, «Біздің әскер»
деген тақырыпта сабақ өткіздік, әңгіме дүкен құрдық.
Тартымды, ойлы сұрақтар қойылды. – Сарбаздардың тамақтануы қалай? – Арнайы тамақтану кестесі белгіленген. Тендерде жеңіп алғандар тамақ дайындайды, сарбаздардың бұған қатысы жоқ. Ертеде асханада сарбаздар жүретін, тамақ дайындайтын, қазір олай емес. Сарбаздың оқу-жаттығуда күш-қайрат көрсетуі дұрыс тамақтануға да байланысты ғой. Құнарлы, нәрлі тағам – сарбаздарға күш қуат береді. Сарбаздардың жатын орындарын, күнделікті бос уақыттарында шұғылданатын бөлмелерін аралап көрдік. – Мен қатардағы жауынгер Болат Қанатұлы. Өткен күзде шақырылдым. Қазақ сарбаздарының қатарында қызмет ете бастағаныма алты ай болды. Алматы облысы, Қапшағай қаласының тұрғынымын. – Әскери қызмет қалай өтіп жатыр? – Бір қалыпты, жауынгерлік оқу-жаттығуға барып келдік. Ұрыс техникаларын меңгеріп те үлгердік. Өйткені оқужаттығу барынша жинақы, жүиелі жүргізіледі. – Мен қатардағы жауынгер Өркен Әбдімомынов. Тәуліктік кезекшінің орынбасары қызметін атқарудамын. Алматы қазақ коммуникация академиясын бітірдім. Әскери қызметті енді бастадым. Әскери өмір жігітті шынықтырады, жігерлендіреді, батылдыққа, төзімділікке үйретеді. Шалғай жүргенде ата-анаңның, жақындарыңның кадірін білесің, сағынасың. – Рахмет, дәміңді үйден жазсын, Өркен! – дейміз біз. Ал аға жүргізуші, ефрейтор Ерсайын Қонысқалиев әскери мерзімін өтеп елге қайтқалы тұр екен. – Жолың болсын, елге сәлем айт – дейміз Ерсайынға. –Мен Ақтөбеденмін, – дейді Ерсайын әңгімені жалғастырып. – Ауылға барып, қайтып осында келемін. – Келгенің қалай? –Келісім-шарт бойынша осы әскери бөлімде қаламын. Басшылармен арадағы келісім шешілді. –Сонда нендей іспен шұғылданасың, әскери бөлімде? – Осы әскери бөлімге жаңадан келген сарбаздарға дәріс
беремін. Жүргізушілікке баулимын, ұрыс техникаларының
қыр-сырын үйретемін. Баулимыз 06708 әскери бөлімнің
командирі, подполковник Есбол Қаржауұлы Аманғожаев
мұнда ақпан айынан бастап басшылық етеді екен.
– Ұрыс техникаларын дәл қазір көрсете алмаймыз. Оқу-
жаттығуға шыққанда келерсіздер. Ал, әскери бөлімнің
күнделікті тіршілігі, тұрмысымен танысуға журналистердің
құқығы бар, рұқсат береміз, – дейді Есбол Қаржауұлы.
Зеңбірек, әскери бөлімі қалашығының үлкен алаңы
қарбалас. Жас сарбаздар сапта жүріп-тұруды үйреніп, үздіксіз
жаттығуда. Ал, күні ертең елге қайтатын сарбаздар ҚР-сы
Қарулы Күштері күніне орай мерекелік шеруге қатысып, қала
жұртшылығына әскери ұрыс жаттығуларын көрсетпекші
екен. Қазақ сарбаздарының әскери қозғалыстарына сүйсіне
қараймыз. Сүйсіндіргені сол – пәрменнің бәрі мемлекеттік
тілде жүргізілуде. Құлаққа тосындау, бірақ келе-келе жан
дүниеміздің үйреніп кететіндігіне шәк келтірмедік.
*** Сарбаздар бір сызықтың бойында әдемі шеру көрсетіп, өтіп барады. Бізді әскери бөлімнің шығар қақпасына дейін шығарып салған лейтенант Арқат Құрманбай сарбаздарға қарап – солдат сағынышы ғой. Жауынгерлер Отандық рухтағы әндерді жігерлене шырқайды. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетін әскери бөлімге арнайы жаздырып аламыз. Осы газеттің тілшісі ретінде алғаш рет ат басын тіреп тұрсыз. Рахметтен басқа не айтамыз. Қақпа алдындағы күзетте тұрған сарбаздармен жылы қоштастық. – Тағы да оралыңыздар,– дейді олар бір ауыздан. Ал, менің ой-қиялымда: ауыр жүк машиналары... оған тіркелген ауыр зеңбірек запылы... көшпелі сарбаздар асханасы... баялыш көмкерген Бетпақ даладағы оқу-жаттығу алаңы... һәм солдат сағынышы... Приозерск қаласы.
ЕЛІНЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН
Жақсы адамның соңында салиқалы сөз, жұртшылықтың
ізгі лебізі қалады, өмірден өткенімен, көңілден өшпейді.
Әрине, халықтық тұрғыда, Отандық рухқа еңбек еткендерді
осы қағида негізінде бағалаймыз. Иә, ондай адамдар
баршылық.Мәселен, ұзақ жыл ауыл шаруашылғы саласында
еңбек еткен Дәулетбек Бакенов жайлы да осындай тзгі
ниетті білдіруге болады. Қарапайым жүргізушіден совхоз
директоры, өндірістік агрокешен бірлестігінің басшы
қызметіне дейін көтеріле білді. Алдына қойған мақсат-
мұратын жүзеге асыра білу, сол жолда аянбай тер төгіп, білімін,
қажыр қайратын жұмсау тек өзіне тән қасиет еді. Осы Балқаш
қаласының көл жағалауында жүк тасымалдауға негізделген
ірі кәсіпорын болды. Ол кезде алыс шалғайдағы аудандарға
қолғабыс беріп, жүк тасымалдайтын жүргізушілерді жіберу,
көмек көрсету бұлжымас дәстүр еді. Жыл он екі ай ішінде
солай.Дәулетбек қаршадайынан өзінің еңбек жолын осы
кәсіпорында жүргізушіліктен бастады. Техникаға бейім,
көзі ашық жігітті әріптестері, кәсіпорын басшылары қатты
қадірлейтін. 1960 жылдары солтүстік облыстарда астықты
ысырапсыз жинау үшін жан-жақтан көмек біріктірілді.
Қазақстанның, одақтың түкпір-түкпірінен автокөлік күші
жұмылдырылды. Оған тәжірибелі, ісіне адал, тапсырманы
мүлтіксіз орындайтын мамандар жіберіледі. Олардың ішінде
Дәулетбек те бар еді. Күндік астық тасымалдау нормасын
асыра орындап, жоғары көрсеткішке жетті. Мақтауға
ілінді, 20-дан жаңа асқан жігіттің есімі одақтық баспасөзде,
журналдарда жарияланып, құрметке бөленді. Сондай-ақ,
күзде совхоздардан ет комбинатына қой тасу өз алдына бір
науқан. Бұған да осы ірілендірілген көлік кәсіпорнынан
жүргізушілер аттанатын. Кәсіпорын басшылары үлкен сенім
артып, таңдау тағы да Дәлетбекке түседі.
Жылдар жылжып өтіп жатты. Дәулетбек жүргізуші
болып еңбек ете жүріп, Жамбыл облысындағы қазіргі Құлан
ауданындағы ауыл шаруашылығы техникумына түсіп, оны
зоотехник мамандығы бойынша бітіріп шығады. Содан
кейін Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітіріп,
жоғары білім алады. Жер-жерде совхоздар ашылып, жан-
жақтан романтикаға құштар жастар ағылды. Мәселен, 1966
жылы Ақтоғай ауданының күншығыс жағында «Айыртас»
совхозы іргесін көтерді. Дәулетбек жас маман ретінде
шаруашылықтың алғашқы қазығын қағушылардың бірі
болды. Алғашқыда автокөлік гаражының меңгерушісі,
кейіннен ферма зоотехнигі болып, мал шаруашылығын
дамытуға үлес қосты. Жаңадан құрылған шаруашылықтың
жетіспей жататын тұстары бар. Техника күші, адам қолы
тапшылық етті. Мұндайда тек іскер басшылар ғана біреуді
екеу етіп, ұқсата алады. Тек соның нәтижесінде ғана
тығырықтан шығады. Фермада 12-15 мыңға тарта қой, ірі
қара, жылқы бар. Оның есеп-қисабын жүргізу түр-түсіне
қарай сұрыптау, науқандық жұмыстарды сапалы, дер
кезінде ұйымдастыру, шығынға жол бермеу, зоотехникалық
ережелерін қатаң қадағалау – ферма зоотехнигінің мойнында.
Дәулетбек тәжірибелі мамандардың ақыл-кеңесін тыңдай
жүріп, өзі де біліктілігін шаруашылықтың әр саласында
шыңдады. Совхоздың алғашқы директоры кең пейілді
азамат Ж. Қойлыбаев бастаған жігіттер Айыртастың
экономикасын, дәулетін, сәулетін өркендетті. Онымен бірге
қызмет жасаған Ғ. Нұржанов, Т. Әділханов, Ж. Бегімбаев,
М. Әлжановтар шын мәнінде ауылды қазақы рухта көтеруге
атсалысқан жандар еді. Дәулетбек те осылардың арасында
жүрді. Айыртастың қысы қатал, көктемі ұзақ, жазы аптап.
Ал, күздің алғашқы кезінде-ақ шаруашылықтың етек-жеңін
жинақтап, тәптіштеп дайындап алмасаң, опық жегізеді. Қыс
ерте түседі, мұндайда қой қырқуды ерте аяқтау керек. Қазан
айының өзінде әр қыстауға қос-қостан қоянжон мая түсірілуі
шарт. Күйек алу науқанын ойдағыдай аяқтап, малшылар
қауымы қыстауға тас-түйін әзірлікпен келіп, қоныстанып,
қоғамдық мал қыстату науқанын өткізуге кіріседі. Мұның
басы-қасында ферма зоотехнигі Дәулетбек жүретін.
1970 жылдың басында қазіргі «Балқаштүстіметалл»
ӨБ-не қарасты Ортадересін шаруашылығы Қаработа
бөлімшесіне меңгеруші болып келеді. Мұнда ірі қара,
қой, тіпті түие де өсірілді. Бектауатаның табиғаты әсем
болғанымен, мал өрісі тарлау болатын. Соған қарамастан
меңгеруші Дәулетбек бастаған жігіттер қысқа қажетті мал
азығын дайындып, малдың қоңдылығын төмендетпеуге
күш-жігерін жұмсайтын. Мал өнімдері мысшылардың
қажетіне жаратылды. Ортадересінде тауарлы сүт өнімдерін
өндіретін совхоз ашылып, мысшыларды қамтамасыз етуге
екі есе міндет жүктелді. Приозерный ауданы ашылғанда
«Балқаш» совхозы болып құрылған шаруашылық біріңғай
ірі қара өсірумен айналысты. Оның алғашқы директоры,
іскер азамат Қанағат Нұрмағанбетов «Шұбарату» совхозына
директор болып бекіді. Оның орнына Дәулетбек Бакенов
келді. Приозерный ауданы сонымен қоса өндірісті елді
мекен еді. Алғашқыда Саяқ кеніші осы ауданға қарады.
Саршыған кенті, Балқаш құс фабрикасы, «Балқашбалық»,
не керек, аудан дүрілдеп тұрды. Бұрынғы балықшылар
қонысы аудан орталығына айналып, қала типтес жолмен
өркендеді. Дәулетбектің замандастары осы ауданның тез
арада іргесі бекіп, экономикасының дамуына атсалысты.
«Балқаш» совхозындағы еңбек еткен жылдары мал
басын өркендетуге баса көңіл бөлді. Ірі қараны, қойды
өз төлі есебінен өсіруге батыл қадамдар жасалды. Мал
тұқымын асылдандыруда ізденіс танытты.Өйткені, асыл
тұқымнан артық өнім алынады. «Сиырдың сүті тілінде»
деген, құнарлы мал азығын дайындауда агротехникалық
шараларды кеңінен пайдаланды. Әсіресе, шөлейтті аймақта
жоңышқа егудің, суармалы алқапты игерудің тиімділігін
дәлелдей білді. «Балқаш» совхозында директорлық қызмет
етіп жүргенде «Балқаштүстіметалл» ӨБ-гі агроөнеркәсіп
кешенін басқаруға шақырылды. Бұл кезде Дәулетбек ауыл
шаруашылығының білгір маманы ретінде қалыптасып, озық
тәжірибелерді енгізуге мұрындық болды.
Бектауата баурайында «Сарыарқа» сәнді, сәулетті ауыл
бой көтерді. Құрылысты өндірістің өзі жүргізді. Осы өңірде
мал шаруашылығын дамытуға қолтаңбасын қалдырып,
нәтижелі істердің ұйтқысы болды. Мысшыларды ет, сүтпен
қамтамасыз ету осы агроөнеркәсіп кешеніне жүктелді.
Қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерімен тұрақты түрде
қамтамасыз етіп отырды. Сол кездегі комбинаттағы өндірістік
кәсіподақ комитетінің төрағасы Рахман Кенбаев ақсақалмен
пікірлес, қадірлес, сыйлас болды. Өндірістің өзіне белгісіз
қыр-сырын, мән-жайын осы Рахман ақсақалдан үйренді.
Бүгінде Дәулетбек ортамызда жоқ. Егер тірі болса, 70-
ке келіп, отбасы, бала-шағаның ортасында мерейі тасып
отырар еді. «Орнында бар оңалар» деген, балалары Мұрат,
Марат, Қайрат, Гүлмира, Дәурен, Саягүл, Бақытгүл,
Жаңагүл, Мақсат ер жетіп әр салада еңбек етіп жүр. Олар
әке аманатын, өсиетін орындауда Отанға қызмет етуде
перезенттік парыздарын өтеп келеді. Зайыбы Тілеуқайша
немерелеріне бас-көз болып отыр.
ЖИҺАЗ ЖАСАУШЫ
ШЕБЕР ЖІГІТТЕР
Қаладағы шағын және орта кәсіпкерліктің барынша дамуы халыққа қызмет көрсетуге кеңінен жол ашты. Тұрғындар қай кәсіпкердің өнімі сапалы, қолайлы соған тапсырыс береді. «Мебель » шағын кәсіпорнының ашылғанына алты жылдың жүзі болды. Кәсіпкер Аманкелді Иманғалиұлы Досжанов бұған дейін «Балқаштүстімет» ӨБде қызмет жасады. Қаладағы гуманитарлық техникалық колледжді автомеханик мамандығы бойынша бітіріп шығады. Одан кейін Алматыдағы автокөлік институтына түсіп жоғары білім алады. Бала кезінен сурет салуға деген құштарлығы ерекше еді. Балқаш көлінің табиғатын әдемілеп салып, ата-анасына көрсететін. Суретші бала атанды. Ал енді кәсіпкерлікке келген соң сурет салудың пайдасы әжептеуір тиді. Әртүрлі жиһаздарды жасау үшін кәсіпкердің қиялы керек, қазіргі тілмен айтқанда дизайнер болу шарт. Аманкелдінің экономикадан хабары бар, техникаға көзі қарақты, адамдармен тез тіл табыса алады. Ұсыныс айту, өз ойын қорытудың жампозы. Міне, осы ізгілік заман ағымына қарай кәсіпкерлікпен шұғылдануға алып келді. Біздің жиһаз жасау цехында жыл ішінде 6-7 адам тұрақты жұмыс жасайды. Ал,науқанға қарай бұдан да әрі көбейеді. Негізі өзіміздің тұрақты шеберлерге арқа сүйейміз. Кеңес кезіндегідей емес, қазір нарықтық экономикаға байланысты шет елдермен іскерлік қарым-қатынас жасаудамыз. Қарағандыда ағаш өңдейтін арнайы фирма бар. Олар шикізатты Ресейден жартылай фабрикат түрінде алады. Әзірге, ағаш шикізатынан қиындық көрген жоқпыз. Жиһазды тапсырыс берушілердің өтініш-талабы бойынша жасаймыз. Қазір жиһаздың қандай түрлерін жасайсыздар? Алғашқыда тек құрастыратынбыз, Алматыдан кестіріп
әкелеміз. Сонда да жинаған жиһазымыз көпшіліктің
көңілінен шықты. Біртін біртін тәжірибе жинақтай отырып,
жиһаздарды өз күшімізбен жасауға қол жеткіздік. Қазір
мектепке, кеңсеге арналған көлемді жиһаздарды жасаймыз.
Жуырда
химия
кабинетінің,медицина
мекемелерінің,
бала бақшалардың тапсырыстарын қабылдап, алғашқы
өнімдерімізді шығардық. Байқауымызша сапасы, дизаины
тартымды болса керек, тапсырыс түсе бастады. Әсіресе
ауылдық жерден тапсырыс берілгеніне қуанып отырмыз.
Осыған орай жиһазды ұлттық тұрғыдан өрнектеуге де
бетбұрыс жасадық. Қазір Алматыдағы бір фирмамен келісім-
шартқа отырдық. Шикізатты қажетінше жеткізіп аламыз,
содан соң өзіміздің дизаин көзқарасымызбен жасаймыз.
Жиһаздарды келістіру, кірістіру, жинақылығын қамтамасыз
ету шеберлікке байланысты. Біз осы талап тұрғысынан
көрінуге
ұмтылудамыз.
Спорт
мектебіне
арналған
жиһаздарды жасап үлгердік, ойын алаңдарын шығаруға ізгілік
танытып отырмыз. Қысқасы ойларымыз көп. Кәсіпкерлік
бір орында тұрмау керек. Үнемі ізденіс болса ісің сонда ғана
дамиды, ілгерілей түседі дейді,- Аманкелді Иманғалиұлы
сөз арасында. Кәсіпкердің шебер жігіттері қаладағы ірі ірі
өндіріс орындарына кеңселік жиһаздар шығарып, сынықтан
сәтті өтті. Қаржылы кәсіпорын, мекемелерге анау-мынау
жиһаздар ұнай бермейді ғой. Қала маңындағы елді мекендер
«Жиһаз -ке» тапсырыс береді. Жалпы кәсіпкердің айтуына
қарағанда тапсырыс қабылдау әдісі де өзгеше екен. Тапсырыс
берушілермен ашық әңгімеге көшеді. Әуелі қандай баға
көлемінде жиһаз жасалуы керек. Әңгіменің тоқетері осыдан
басталады. Содан кейін жиһаздың өлшем пішімі дизаинін
екшеп,пішеді. Дайын жиһаздарды кейде өздері барып құрып
береді. Ал, шалғайдағылар өздері құрастырады. Мұндайда
қажетті құрал-жабдықтарын жиһазбен қоса береді. Жиһазды
орын орнымен бұрап келістіріп, құрау аса қиындық
келтірмейді.
Жиһаз жасау цехындағы шебер Марат Ақышбеков өмірлік
тәжірибесі мол жігіт. Кезінде өндірістегі жөндеу механикалық
зауытында жұмыс жасаған Ал,тағы бір шебер Бауыржан
құрастыру міндетін атқарады. Әнуар Жәкенов те өз ісінің
шебері. Бас есепші Мейрамгүл Дәуіпова әр тиынға дейін
үнемдеп,орын орнымен жұмсалуына мұрындық болады.
Мұнда металл кесу бөлімшесі бар. Жиһазды құрастыруға
металдың да қажет екені белгілі. Сондықтан шебер жігіттер
кез келген металлдан жиһазға қажетті деталдарды өздері
дайындайды. Арнайы құрал жабдықтарды сатып алған, жыл
басында Италияның құрал жабдығын жеткізіп алды. Неміс
ағайындардың шығарған агрегаттарын тиімді пайдалануда.
Олардың сапасы жоғары. Бір станоктың құны 15 мың
доллар тұрады екен. Өзіңіз аралап көргендей дайын өнімдер
шет елдікінен ешқандай кем емес, тартымды. Ал, кәсіпкер
Аманкелді Иманғалиұлы алдағы уақытта цехтың жұмыс
көлемін арттырып, икемі бар жігіттерді өзіне тартуға ниет
етіп отыр. Демек қосымша жұмыс көзі табылады деген сөз.
Өмірлік жары Айгүл де кәсіпкер,азық түлік дүкенін
ашқанына үш жылдың жүзі болып қалды. Бұларды
кәсіпкерлер отбасы деп атаса да жөн сияқты. Әкесі
Иманғали Ысқақұлының отбасында 7 бала тәрбиеленіп,
өмірден өз орнын тапты. Имекеңнің бақиға озғанына біраз
болды. Ал,анасы Күләш өмір бойы «Балқаштүстімет» ӨБ-
де жұмыс жасады. Қазір қарт ана, бала-шаға немерелерінің
тілеуін тілеп, ғұмыр кешіп жатыр. «Анасы бар адамдар
қартаймайды» деген рас, Аманкелді анасы Күләштан
үнемі ақыл-кеңес сұрап,пікірлесіп отырады. Айтпақшы
Аманкелдінің қыздары Айда, Айжан ұлы Мақсат қашан да
ата-анасының көз қуанышы. Бала бақыты – ата-ана бақыты.
Аманкелді бастаған жиһаз жасаушы кәсіпкер жігіттер өз
істерін жетілдіре отырып, тұрғындардың көңілінен шыға
береді. Жігіттер істің адамы, айтқан уәделерінде тұрады.
Мақсаттары – сапалы сәнді жиһаз шығару, халықтың қажетін
ашу.
Іске сәт, жиһазшы жігіттер.
ТЫНЫМСЫЗ ТИЫШБАЛА
Өз мамандығын қадірлеп, қастерлейтін жандар баршылық.
Олар қарапайым келеді. Бар болмысын, іс тәжірибесін
халыққа қызмет етуге арнайды. Сондай жандардың бірі
Тиышбала Төкенқызы Бүкібаева. Қырық жылдан астам
аудиторияда дәріс беріп, қаншама мамандарды тәрбиелеп
шығарды. Балқаш гуманитарлық техникалық колледжінің
өзінде отыз жылдан астам қызмет етті.
– Еңбек жолымды 1966 жылы Қарағандының пединститун
бітірісмен бастадым. Алғашқы екі жыл Қарқаралыда
ұстаздық еттім, дәмнің жазуы шығар, 1968 жылы Балқашқа
келін болып түстім. Алғашқы екі жыл мектепте ұстаздық
еткеннен кейін техникумға ауыстым, математика пәнінің
мұғалімімін.
– Өз өскен ортаңыз жайлы айтсаңыз.
– Мен Қарағандыда туып өстім, әкем шахтер. Әкем
зейнетке шыққанан кейін Қарқаралыға көшіп келді, анам үй
шаруасында. Көп балалы отбасы болдық. Қазір үшеуміз жер
басып жүрміз, өмірдің заңдылығы болар.
...Тишбала Төкенқызы техникумға келген жылдарын
еске алды. Білікті маман, ұстаздардың ұстазы Төлеуқадыр
Тоқтамысов осы оқу орнына басшылық етеді екен. Ұстаз
Александр Михайлович білімді, кішпейіл жан еді. Осы
үлкендердің тәлімдік тәрбиесі Тишбала сияқты жас
мамандарға зор ықпал етіпті. Галина Алексеевна әріптесіне
құрметпен қарайды. Сәния Мұсабаева, Қатыш тәтейдің
іскерлігін, сабақ берудегі ізденісінен үлгі аларлық іс-
әрекеттерін бойына тоқып жүрді.
– Техникумда математика пәні көп оқытылады. Қазір
заман өзгерді, соның әсерінен математика пәні де өзгеріп
жатыр. Мысалы, 1974 жылы автомеханиктер даярлайтын
топтың жетекшісі болдым. Бір топта 25 студент болса,
соның 15-і қызыл дипломмен бітіретін. Ал, қазір мектеп
бітіріп келген студенттерге математиканы оқытуды қайтадан
бастаймыз. Әлде мектептерде білім беру сапасы төмендеп
кетті ма екен? Бұрын қазақ балаларына дәрісті орыс тілінде
жүргізетінбіз. Әрине, жақсы оқитын балалар әрі қарай алып
кетеді, физика, математика басты пән болып есептеледі
ғой, сондықтан қазіргі таңда қазақ мектебінен келген
балаларға ана тілінде түсіндіріп қатарға тартамыз. Негізінен
жергілікті өндіріс орнына мамандар даярлайтын болған соң,
әр студенттің сапалы білім алғаны дұрыс, – деп, Тишбала
Төкенқызы қазіргі білім саласына да назар аударды.
Өмірдің заңдылығы, жолдасы Тілеубай осыдан 17 жыл
бұрын қайтыс болды. Өмір тіршілігі жалғасып жатыр.
Үлкен қызы Бақыткүл Е. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетін бітірді, кандидаттығын қорғады.
Жолдасы Түлкібай Төлеуов те ізденгіш, өз ісін жетік білетін
мамандардың бірі. Ұлы Серік «Балқаштүстімет» ӨБ-де еңбек
етеді, ал кіші ұлы Берік Түсті металдар ұқсату зауытында өз
мамандығы бойынша еңбек етуде.
– Балаларым қас-қабағыма қарайды, әкелерін жоқтатқан
жоқпын оқыттым, ер жеткіздім. Ол да бір қиын кезең еді.
Бәрі де артта қалды деп ойлаймын. Зейнет жасына шыққанға
дейін осы БГТК-де бөлім меңгерушісі болдым. Қазір сабақ
беріп жүрмін, орнымызды жастарға бердік, бәрі де дұрыс
шаруа деп ойлаймын. Ұрпақ алмасады, жас мамандарға
бағыт-бағдар беріп отырған жөн болады. Балқашта біздің
жастық шағымыз өтті, қимаймыз, көз алдымызда қала өсіп,
сәулеттеніп келеді. Бәрі де тәуелсіздіктің жемісі. колледжде
өзгерістер бар. Мұның бәрі қуантады. Оқу орындары да заман
ағымына қарай ілгері баса беруі керек,болашақ жастардікі,
деп Тишбала Төкенқызы уақыт ағымына да ризашылығын
білдіреді.
– Тишбала Төкенқызынан алар үлгі-өнегеміз жетерлік.
Алдымызда тәжірибелі, өмір көрген үлкендердің болғаны
қандай жақсы,– дейді жасы кіші әріптесі Бибігүл Әшірбекова.
Бір кезде Балқашқа келін болып түскенде қазақшасы аздау
Тишбала Төкенқызы қазір ұлтымыздың дәстүр-салтын, әдет
ғұрпын жетік біледі. Құда жекжаттармен сыйластығы жақсы.
Әлі де болашақ мамандарға дәріс беріп жүрген тынымсыз
Тишбалаға ұрпағының қызығын көре беруіне тілектеспіз.
Ұстаздар күні қарсаңында осындай игі тілек айтуды жөн
көрдік.
ТУҒАН ТІЛДІҢ ЖАНАШЫРЫ
Кәсіптік білім беретін оқу орындарында мемлекеттік тілді
кеңінен енгізіп, қажеттілігін арттыру өмір талабы. Әсіресе,
техникалық тұрғыда мамандық алатын оқу орындарында осы
қағиданың кенжелеу қалып тұрғандығы шындық. Академик
Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық техникалық
колледжінде кәсіптік қазақ тілінен сабақ беретін Сарқыткүл
Жұмашқызы Омароваға жолығып тілдескенімізде, осы бір
көкейтесті мәселеге көзіміз анық жетті. Қалай болған күнде
де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтпейінше,оның
мәртебесін көтеру мүмкін емес. Сондықтан Сарқыткүл
Жұмашқызын осы саладағы тіл жанашыры ретінде таныдық,
ризашылығымызды білдірдік.
– Кәсіптік қазақ тілінен сабақ беру кенжелеп қалды,
енді бұдан әрі тежелуге болмайды. Білімді, іскер, жақсы
мамандар даярлаймыз, бірақ,солардың өз мамандығы
саласында кәсіптік мемлекеттік тілді меңгеруі қалай? Осы
мәселе баршамызды толғандыруға тиіс. Қазір сабақ беруде
жаңа модулдік технологияны қолданудың маңызы зор. Мен
өзім атақты Жампейісованың модулдік технологиясын
пайдаланамын. Ауызекі тілде сөйлеумен қатар, кәсіби
мамандығы бойынша байланыстыра оқыту, үйрету бірінші
кезекте тұруға тиіс. Әрине, алғашқыда өзге ұлттың
балаларына «ананы әкел, мына әкел, болтты бұрай сал»
деген сияқты ауызекі тілді үйретуден басталады. Өндірісте
көбінесе жергілікті ұлт өкілдері жұмыс істейді. Олардың да
өндірістік тілде сөйлеуіне көңіл бөлген дұрыс.
– Сонда сіз орыс тілді дәрісханада сабақ бересіз ғой.
– Мәселе осында болып отыр. Орыс тілді дәрісханада
мемлекеттік тілде, яғни, қазақ тілінде дәріс беремін. І
курста қазақ мектебін бітіріп келген студенттер орыс тілін
оқиды. Ал, орыс тілді оқушыларына керісінше, ІІ курстан
бастап кәсіптік қазақ тілі оқытылады. Өз ізденісім бойынша
кешендік бағдарламаны 45 пайызға жетілдіре отырып,
қолдану үстіндемін. Орыс тілді дәрісханаларда «Қазақтың
ұлы ғұламалары» атты тақырыпта дәріс өткіземін. Оны бір,
екі сағатқа ептеп қысқарттым. Оның орнына Балқаш мыс
зауыты қай жылы салынды, оның тарихы, шикізат базасы, әр
цехтың өзгешелігі, нендей өнім береді? Соны қазақ тілінде
оқытамын, түсіндіремін. Мұражайға барамын, кітаптар
ақтарамын. Өзім дәріс беретін студенттермен қоса барамын.
Бірде электролит цехында болдық. Балалар көп мағлұмат
алды. Технологияны мемлекеттік тілде түсіндірудің, жауап
берудің тетігі осы өндірістен басталады. Мырыш зауыты
жаңа технологиямен жабдықталған. Өндірістік өрлеудің
жаңа кезеңін әуелі мемлекеттік тілде өзім түсініп алуым
керек. Қандай станок, құрал-жабдық орналастырылған,
соны қазақша айтамын. Осыдан бастап оқушылардың
мамандыққа негізі қаланады, қазақша атауларына қаныға
бастайды. Экономикалық мамандықтар жөнінде де соны
айтуға болады. Мәселен, салық төлеу жүиесін алайық. Өткен
жылы менің оқушыларым өздері дайындаған рефератты осы
салаға арнады. Әрине,мемлекеттік тілде. Банктер туралы
алайық, қазір бірнеше оқушым Халықтық банк, «БТА
банк», «Казкоммерцбанкта» мемлекеттік тілде реферат
жазуға әрекет етуде, наурыз айында қорғайды. Өздері сұхбат
алады, бейнетаспаға түсіреді, материал жинайды. Осындай,
осындай ғылыми жұмыстар оқушылардың келешекте өз
саласы бойынша мемлекеттік тілде қызмет етуіне кеңінен
жол ашады.
– Сіздің Балқаш гуманитарлық техникалық колледжінде
қызмет жасағаныңызға тұп-тура 20 толып отыр екен. Сол
кездегі оқушылармен бүгінгілердің арасында айырмашылық
бар ма?
– Шынымды айтсам, казіргі оқушыларға көңілім
толмайды. Бұдан 15-20 жыл бұрынғы оқушылар білсем,
үйренсем, оқысам деп келетін. Қазіргі балалар, әйтеуір,уақыт
өткізу үшін келетін сияқты. Тіпті мектептен қуылған балалар
ма деп ойлаймын. Олардың көбісі ақылы топта оқиды.
Сондықтан «мен ақша төледім, сіздердің еңбекақыларыңыз
жүріп жатыр» – деген ойда отырады. Қазіргі мектептен
шыққан балалардың білімі төмен. Әріптестерім мені
түсінсін. Жоғарыда айттым ғой, металлург, электриктер
бөлімдеріне әдебиеттен дәріс беремін. Олар, Шоқанның,
Абайдың кім екенін білмейді. Жүрегім қан жылайды.
Мектепте негіз қаланбаған ғой. Осында келіп көзқарасы
өзгергендер де баршылық. Мен оларды мақтан етемін, тіл
табыстық, ішкі жан дүниемізбен сырластық, ашық әңгіме
құрдық. Мәселен, Бекзат Шаекин деген оқушы болды. Әлгі
оқушы айтатын: мектепте бізге ұрсуды ғана білді, жылы сөз
ести алмадық. Ал, енді сіздер бізбен үлкен кісіше сөйлесе
аласыздар Осы оқу орнына келгелі көзқарасым өзгерді деп,-
ағынан жарылды.
Шындық сол, орталау мектепті әзер бітірген әлгі оқушы
бізден қызыл диплом алып кетті. Мектепті үшке әзер
бітірген Манат, Талғат, Руслан деген оқушылар колледжді
өте жақсы бітірді. Әңгімеден әңгіме туындайды ғой, өзім
жетекшілік ететін топта Манатбек деген сотқар бала болды.
Мектептен мінездеме сұраттық, Манатбекке өте нашар
мінездеме берілді. Студент болып қабылданғаннан кейін-
ақ жеке сөйлестім. Жүрегі жылы, өмірге деген құлшынысы
бірден байқалды, тек тәрбиелеу керек. Енді бірде «мына
топты қолыңа беремін, жетістігі де, жаманшылығы да сенің
жауапкершілігіңде, бүгіннен бастап старостасың» – дедім.
Сол Манатбек өзі де жақсы оқыды, топты да алға сүйреді,
көшбасшы болды. Былтыр қолдарына дипломын алды,
қимастықпен шығарып салдым.
– Рахмет. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді білуге
деген құштарлығы қандай? – Бәріміздің де жанымыз ауыратыны, осы бір түйткілді мәселе ғой. Қайталап айтайын, мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттыру керек. Мен айтудан жалықпаймын, мұны. Кейбір оқушылар күні үшін оқиды, зачет керек. Ал, кейбіреулері Қазақстанда тұрғаннан кейін мемлекеттік тілді оқып, білу қажет деп есептейді. Мен сізге бір шындықты айтайын. Дәл осыдан 20 жыл бұрын техникалық мамандық алатын топта бірде-бір қазақтың баласы оқымайтын. Әр топта кем дегенде 15 өзге ұлттың өкілі отырады. Сәлематсыздар ма, – деп кіріп келгенде ду етіп күлетін. Кейбіреулердің: «сіз ұлтшылсыз ба, қазақ дегенде неге жаныңызды қоярға жер таппайсыз?» – деген сұрақтарына қатты қиналдым, тіпті қорландым. Көзіме жас алып егілген күндерім болды. Кейіннен оқу орнының басшылары түсінді. Оқып үйренсін, аянба, қатал бол деді. Ол кезде сабақтан екі алса да, үш алса да шәкіртақы алатын. Ал, қазір сабақ үлгерімі төмендесе шәкіртақы ала алмайды. – Қазіргі оқулықтарға көңіліңіз тола ма? Бұл жерде әңгіме кәсіптік, мемлекеттік тілде оқытуда болып отыр ғой. –Шынымды айтсам менің қолымда тек атақты Бектұровтардың ғана оқулықтары бар. Түнеукүні Өскемен қаласынан шыққан кәсіптік қазақ тіліндегі кітап қолыма түсті. Өскеменнің коллдеджі шығарған кітап, сол аймақ туралы. Әрине,оның бізге қажеті шамалы. Дегенмен, үйренуге болады. Негізінен ілгері басушылық байқалады. Кәсіптік білім беруде мемлекеттік тілді әлі де тереңірек енгізу керек. Болашақта мемлекеттік тілде өзге ұлттың өкілдері еркін сөйлейді деген үміттемін. БГТК-де ұлттық дәстүрсалтымызды насихаттайтын іс шаралар қолға алынды. Мемлекеттік тілде өзге ұлт арасында сайыс жүргізіледі, өлеңдер оқиды, ән айтады. Жас талантты ақын Ілияс Мұқай осы шаруаны мықтап қолға алған секілді. Бауырымның ісіне сәттілік тілеймін. Тіл жанашырлары біріксек, алынбайтын асу жоқ, – дейді Сарқыткүл Жұмашқызы тебірене отырып. *** **** ***
Айтпақшы Сарқыткүл Жұмашқызының өмірбаянын
ұмытып барады екенбіз. Шет ауданы, Жұмыскер селосының
тумасы.
жылы
Абай
атындағы
педагогикалық
институтын бітірген, қазақ тілі,әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Атақты академик, ғалым, жазушылар Серік Қирабаев,
Мұхтар Мағауин, Нығмет Ғабдуллиндерден дәріс алған.
Өмірлік жары Болат Қуатбеков қаладағы үлкен бір мекеме
басшыларының бірі. Сарқыткүл екеуі екі қыз, бір ұл
тәрбиелеп өсірді.
Өзінің ана сүтімен бірге сіңген тілі жайында ағыл-тегіл
әңгіме айтқан Сарқыткүл Жұмашқызының алдағы ісіне
сәттілік тіледік.
ХИМИЯ ПӘНІНІҢ
ОҚЫТУШЫСЫ
Өз кәсібін жете меңгерген, сол арқылы құрметке
бөленген мамандар болады. Олар тек мамандығы жолында
күндіз-түні ізденіп, жанын шүберекке түиеді. Елдің ұлттық
тұрғыда дамуына тамшыдай болса да үлес қосуын қанағат
етеді. Біз сондай мамандық иесі, ұстаз Бибігүл Бөкенқызы
Әшірбековаға жолыққан едік.Ол Балқаш гуманитарлық
техникалық колледжінде химия пәнінен сабақ береді. Бұл
күнде жоғары санатты мұғалім.
– Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру кеңінен
енгізілуде. Әр ұстаз жаңа дәуірдің жаңалықтарымен
сусындап отыруға тиіс. Колледжімізде жылдан-жылға
қазақ топтары ашылуда. Мұның алдында бір ғана қазақ
тобы болатын. Бізде химия, физика кабинеттері де қазіргі
заманға сай интерактивтік тақталар жұмыс жасайды.
Осы кабинеттерде қазақ тіліндегі ұстаздар сабақ береді.
Оқушылар да қысылмайды, өз ойларын толық айта алады.
– Химия пәнін колледжде оқытудың ерекшелігі қандай,
болашақ мамандарға пайдасы бар ма, – деп сұраймыз
ұстаздан.
– Колледжге көбінесе 9 сыныптан кейін келеді. Химия,
физика, математикадан дәріс беру осы колледжде әрі қарай
жалғасады. Мәселен, металлург мамандығын алайық. Сол
металлургтер тобы химияның төрт түрін оқыды. Нақтылай
айтсақ, органика, органикалық емес, физикалық химия
және аналитикалық химия. Бүгінгі таңда колледжімізде
химияны оқыту шектелді. Дей тұрғанмен химия пәнін
оқыту жалғасады. Яғни, мектептегі 10-11 сыныптағы білім
негізінде оқи алады.
– Биыл академик Әлихан Мусин атындағы колледжге 70
жыл толады екен. Осы мерейтой жөнінде айта отырсаңыз.
– Академик Әлихан атамыздың атындағы колледжде
еңбек етіп жүргенімді мақтан етемін. Тарихы бай, небір
білімдар аға-апалар дәріс берген оқу орны. Жоғары санатты
мұғалімдер қызмет істеген. Осы оқу орнын бітірген түлектер
республиканың түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр. Ірі-ірі
тұлғалар шықты. Қазір дәріс беру өзгерді, балалар әр топтағы
оқушыларға әр түрлі методикамен сабақ беруге тура келеді.
Қазіргі балалардың ақыл-ойы жеткілікті. Интерактивті
тақтаны балалар өте қызығушылықпен пайдаланады.
Берілген тапсырмаларды өздері дайындап әкеледі, бірнеше
топқа бөлінеді. Сөйтіп, тапсырманың мәнін, мазмұнын
ашуға ұмтылады. Кейде оқушылар бір-біріне қатты
толғандыратын сұрақтар қояды. Меніңше қазіргі заманға сай
әдістемені қолданып, шәкірттерге соны жеткізе білсек, олар
төменгі баға алмауға тиіс. Былтыр алғаш рет менеджмент
қазақша тобы ашылды. Алғашқыда оқушылар ұяң көрінген,
өзіміздегі білім беру комиссиясының үш күндігінде сол
оқушылармен ашық сабақ өткіздім «Карбон қышқылдары»
деген тақырыпта. Топталу технологиясын пайдаландық.
Топталу технологиясында оқушылар үш топқа бөлінді.
Қыркүиек айында бір-бірін дұрыс танымайтын балалар үш
айдың ішінде тақтаны үйреніп, бағдарламаны үш тақырыпқа
бөліп алып, жұмыс жасады. Содан өздерінің алған білімдерін
дәлелдей білді. Әр ай сайын мориторинг жүргіземіз. Әзірше
қазақ тілінде оқулықтар аз. Бірақ, қазақша әдістемелік
негіздерді өзіміз жазамыз. Химия пәнінде әр бала қауіпсіздік
ережелерімен толық танысады. Зертханада жұмыс жасайды,
тәжірибе алмасады. Қазір жаһандану кезінде тұрмыз, ұлттық
әдет-ғұрып сол жаһанданудың қолтығында кетпесін деп
жүрміз ғой. Әр сабақта өзіміздің әдет-ғұрпымызды, салт-
дәстүрімізді орайын тауып әңгімеге арқау етіп отырсақ,
ұтарымыз көп. Жаратылыстың өзі бір-бірімен байланысты
ғой, соны ұға, көре білгеніміз жөн,– дейді Бибігүл Бөкенқызы
әңгіме арасында.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дейді атам
қазақ, химия пәнінің ұстазы Бибігүл Бөкенқызы жайлы
осындағы әріптесі, замандасы Раушан былайша ой толғайды.
– Бибігүл өз ісіне өте ұқыпты, білімді, жаңашыл ұстаз.
Заман талабына сай жан-жақты көзқарасы қалыптасқан.
Колледждегі жалпы білім беру комиссиясының төрайымы
болғандықтан көбінесе көлденең келген мәселені шешуде
бетпе-бет келеміз. Ашық әңгімеге көшеміз, пікір таласы
туындайды. Бірақ, мүддеміз ортақ. Колледж мәртебесін
асқақтата отырып, болашақ мамандарға жан-жақты дәріс
беру, өз ұлтын сүюге, қазақ елінің шын жанашыры болуға
баулу, тәрбиелеу. Бибігіүл замандасым интерактивті тақтадан
сабақ беріп жүр. Мұғалімдер ортақ түрде пайдаланатын тағы
бір кабинет ашты. Бұл тақтада видеофильмдер көрсетуге
болады. Арнайы құрал-жабдықтары бар. Мұнда кез келген
компьютерлік жағдайлардың бәрін көрсете аламыз.
Өзіне де биік талап қоятын, шәкірттеріне де сапалы
білім
беретін
Бибігүл
Бөкенқызы
Ақтоғай
ауданы
Нарманбет ауылында туып-өскен. Осындағы орта мектепті
1986 жылы тәмамдады.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетті бітірген. Еңбек жолын осындағы
экономикалық университеттен бастап, химия кафедрасында
жұмыс жасады, лобарант болды, 1994 жылдан бері академик
Ә. Мусин атындағы Балқаш ГТК-де еңбек етіп келеді.
– Әжем Рымжан жан дүниесі кең адам болатын, сол
әжемнің тәрбиесінде болдым, «мұғалім бол» деп бата
беруші еді. Үлкен отбасынан шықтым. Біздің үйде 14 бала
тәрбиеленді, бәрі де жоғары білімді. Әкеміз совхозда шопан
болды, анам Жақсыкен бәрімізді еңбекке баулыды. Біреудің
ала жібін аттамауға үйретті. Жолдасым Ғалы Бөдешұлы
запастағы подполковник, ұлымыз Ералы студент. Өткен
жазда Америкаға барып, білімін ұштады. Атақты Нарманбет
ақын ұлы Абайдың шәкірті. Нарманбет ақынның ауылында
туып өскенімізді, ғажап әнші Манарбек Ержанов атындағы
орта мектептің түлегі болғанымды мақтан етемін. Академик
атындағы колледжге 70 жыл толады. Біз бар білімімізді,
тәжірибемізді тәуелсіз елдің жас мамандарын оқытуға,
тәрбиелеп шығуға арнай береміз, – дейді сөз арасында
Бибігүл.
*** ***
Академик
атындағы
колледждің
іші-сырты
заман
талабына сай жаңа күйге енген. Сән салтанатына орай жөндеу
жұмыстары жүргізілген. Бұрын бір ауыз қазақ тілінде дәріс
өткізілмейтін оқу орнында қазір күй әуені күмбірлеп, ұлттық
дәстүрдегі ән әуені төгіледі, жыр оқылады. Қазақы рухтағы
түрлі тақырыптағы кештер ұйымдастырылады. Солардың
арасында тіл жанашыры, білікті ұстаз Бибігүл Бөкенқызы да
жүр.
ӨРКЕНДІ ӨНЕР ОРДАСЫ
Адамның рухани байлығы – өнер. Оның ішінде
дәстүрлі, ұлттық өнеріміздің іргесін кеңітіп, ілгері дамыту,
бүгінгі уақыттың талабыболып отыр. Бұл ретте Балқаш
қаласындағы «Өнер мектебінде» нендей істер тындырылып
келді? Осы орайда мектеп директоры Гүлжаһан Сағатқызы
Жексенбековаға жолыққан едік.
– Нендей өнер орны болсын оның тарихы, бастау алатын
шежіресі болады. Балқаш қаласында 1951 жылы балалар
музыка мектебі ашылып, онда домбыра, фортепьяно, баян,
скрипка аспаптары бойынша сабақтар жүргізілді. 1999
жылы балалар музыка мектебі мен көркем сурет мектептері
біріктіріліп, «Өнер мектебі» құрылды. «Өнер мектебін»
2006 жылға дейін ҚР білім беру ісінің үздігі С. Оразалина
басқарып, айтарлықтай еңбек сіңірді. Мектебіміз бүгінгі
таңда музыка, көркем сурет, хореография бөлімдерінің
біріктірілуі нәтижесінде «үш музының үндестігі» моделімен
жұмыс істейді. Қазір 400-ге жуық бала домбыра, қобыз,
М. Ержанов атындағы дәстүрлі ән класы, баян, скрипка,
фортепьяно, вокал, гитара, үрмелі, ұрмалы аспаптар, сурет,
живопись, мүсіндеу, композиция, қолөнер, халық билері
мамандықтары бойынша білім алуда. Талапкерлердің білім
алуына, өнер әлеміне самғауына барлық жағдай жасалған.
Қазіргі заманға сай концерт залы, үнемі жұмыс істеп
тұратын «Вернисаж» көрме залы, әдемі де жинақы сынып
бөлмелері бар. Теория пәндерінің оқу бөлмелері телевизор,
бейнемагнитофон, музыкалық орталықтармен жабдықталған.
Бізде 4-5 жастағы балаларға арналған эстетикалық тәрбие
беретін мектепке дейінгі «Айгөлек» шағын орталығы мен
мектепке дайындық топтары бар. Ұстаздарымыз әр баланың
бойындағы бейімділікті, талантты дамытып қана қоймай,
оларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдени мұраны
қастерлеуге тәрбиелеу жолында қажырлы еңбек етуде.
Әріптестерім Ж. Нәдірбеков, М.Заятқажы, Б. Асылханов, Г.Ахметова, Т.Окопова оқытқан шәкірттер халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жүлделеріне ие болды. Мәселен, М.Өтепбергенов халықаралық «Ақ көгершін» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Сондайақ, Бауыржан Молбасин, Нұржан Жасымхан, халықаралық байқаудың жүлдегері атанды. Болашағынан көп үміт күттіретін Жасұлан Ынтықбаев, Сағынған Молбасин, Арман Айнабаевтар – облыстық жас музыканттардың домбыра класы бойынша байқаудың жүлдегерлері. Өнер өрісі одан әрі кеңеие түсуде. Оралбек Альбина, Фариза Сәдуақасова, Ерқанат Жасымбеков, Арман Қасеновтер облыстық «Ғибрат» дәстүрлі ән орындаушылар байқауының жүлдегері атанып, абыроймен оралды. Ал, Мәдияр Әсемханов облыстық «Күй қайнары» байқауының жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Әлия Көпбаева облыстық «Замана бұлбұлдары» байқауының арнайы жүлдесін жеңіп алды. Өнерге бейімі бар жастарды көптеп кездестіруге болады, олар өнерде әр қырынан танылады. Осының дәлелі ретінде Маржан Досмақова, Дмитрий Белякин, Әсел Садықова облыстық дельфи ойындарының дипломанттары атанса, соңынан талдықорған қаласында өткен республикалық байқауда облыстың намысын қорғады. Біздің осы команда Беларуссия республикасында өткен халықаралық дельфи ойындарына қатысып, республика намысын абыроймен қорғады. Мектеп ұжымы қала мектептері оқушыларының эстетикалық тәрбие алуларына көп ықпалын тигізеді. Оларға арнап филармония сабақтары жүргізіледі. Оның тақырыбы сан-алуан – халық, классика музыкасы туралы, композиторлардың өмірбаяны мен шығармашылығы, музыка бағыттары мен ағымдары туралы мағлұмат алады. Сондай-ақ, ҚР өнер жұлдыздарының қол жеткізген жетістіктерін паш етуге баса назар аударылады. Көркем сурет бөлімі оқушылары көрмелер өткізіп, суретшілер, қолөнер туралы мазмұны терең шараларды қолға алады. Оқушыларымыздың алған білімдерін, аспапта ойнап
меңгерген шеберліктерін көрсету мақсатында мектебімізде
сабақтан тыс концерт, байқау, интеллектуалдық ойындар
ұйымдастырылады. Соның ішінде «Халық аспаптары»
бөлімінде өткізілетін «Жұмбақ әуен» интеллектуалды
ойыны соңғы жылдары дәстүрге айналды.Оқушылар бұл
ойынға белсене қатысып, халық күйлері мен домбыра, қобыз
аспаптарына өңделген классикалық музыкадан, халық және
қазіргі заман композиторларының шығармаларынан есте
сақтау қабілеттерін көрсетеді. Дарынды оқушылардың
алдына белгілі мақсат қойып, олардың ізденімпаздығын
арттыру, ойлау қабілеттерін шыңдау үшін жеке концерттері,
суретшілердің
жеке
көрмелері
ұйымдастырылады.
Биылғы оқу жылында М. Өтепбергенов, А.Түрікпенбаев,
А.Рамазанова, Р.Хамзадиндер жеке концерттерін берді. Жас
суретшілер Б. Тұрғынбаев, Ю.Завьяловалар жеке көрмелерін
көрсетті. Дарынды оқушыларымызға үлгі боларлықтай
жол көрсету – парызымыз. Осы орайда ұстаздарымыз өз
өнерлерін саханада көрсете білді. Атап айтсақ, ұстаздарымыз
Ж. Нәдірбеков, М.Ноғайбек, А.Мұхамедқалиевтер жеке
концерттерін берсе, жас маман З.Орынбасаров, өзінің жеке
көрмесін ұйымдастырды. Барлық өнер шаралары сүйікті
қаламыздың 70 жылдығына арналды. Жас ұстаз хореограф
Гүлжан Аханова жетекшілік ететін «Гүлдер-ай» бишілер
тобы өз өнерлерімен көпшілік көңілінен шығып жүр. Мектеп
түлектері осындағы өнер жолын өздерінің келешектегі
мамандықтары етіп таңдап алуда. Бірталай түлектеріміз
республикамыздағы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер
академиясында білімін жалғастыруда. Мәселен,Г. Құрманова,
Ю.Лобановская, Қ.Оразбековтер осы өнер ордасында білім
алуда. Сондай-ақ Алматы мемлекеттік консерваториясында
Қ.Төлебаев, О.Мырзахметовтер білім алып, өнерін шыңдап
жүр. Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер
колледжінде
А.Нұрбекова,
М.Серікбаев,
А.Үсембеков,
А.Айнабаев,Ә.Әбдуалиевалар өнерлерін теориямен шыңдау
үстінде. Қарағандыдағы дарынды балалар музыка мектеп
интернатында С.Қалиянұрова, Д.Жанғұтов, Г.Галлямовалар
оқуда. Мектебімізде халық әндерін дәріптеу жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мұнда «Музыка теориясы», қазақ музыка әдебиеті, әлемдік музыка әдебиеті ана тілімізде оқытылады. М. Ержанов атындағы дәстүрлі ән классы ашылды. Кластың шәкірттері әр түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға иемденуде. Үстіміздегі оқу жылында мектебіміздің оқытушысы, дәстүрлі әндерді шебер орындаушы, өзі сазгер, ғылым кандидаты Мәден Ноғайбектің авторлық бағдарламасы бойынша «Ақындық өнер класы»ашылды. Бұл өлке әуел бастан әнге тұнған, Естілер құлақ салсаң әуен судан, Толқыны һас сұлудай жағаны өбіп, Жерінде Манарбек пен Күләш туған, – дегендей біздің қаламызда өнерге таласы бар балалар көп-ақ. Соларды тәрбиелеп, өнерін дамыту, ұштау, білікті ұстаздарымыздың қолында.Қазіргі таңда радио, теледидардан жүріп жатқан «Айтыс чемпионаты», оның ішінде, күй, ән айтыстары, «Әлем Арт» сияқты тележоба көпшілік көңілінен шығып, балаларды өнер жолына баулуға оң әсерін тигізуде. «Әнге әуес, күйге құмар бала өмірге ғашық, жаны сұлу болып өседі» - деген ұлы Мұхтар Әуезов. Жасөспірімдерді өнерге баулып, рухани бай етіп тәрбиелеу басты борышымыз. Сөз жоқ, олар өмірде өз орындарын табады, егемен еліміздің бір-бір уығы болып қадалады. «Өнер мектебі» ұжымының түпкі мақсат мұраты да осы. Қорыта айтқанда, ұлттық өнеріміздің шын таланттарын тәрбиелеп, қанатын қатайтып, өрісін кеңейтуде іргелі істерді тындыра беретін боламыз. Қаламыздағы дербес өнер ордасы ұжымының алға мақсат мұраты осындай.
АКАДЕМИКТІҢ МАҢЫЗДЫ
БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖІ
Ұзақ жылдар бойы Е.Бөкетов атындағы ірі оқу орнына
басшылық еткен академик Ж.С. Ақылбаевтың Балқаш
маңызды білім беру колледжі егемен елдің жас мамандарын
оқытып, тәрбиелеуде игілікті істер тындырып келеді. Қалада
жоғары және кәсіби орта білім беретін оқу орындарында 5
мыңнан астам студенттер дәріс алуда. Соның біразы осы
академиктің колледжінде оқып жүр. Біз колледж директоры
Шілікбай Құсайынұлы Бейсенбаевқа жолығып, бүгінгі
күннің тынысы жайында айтып беруін өтіндік.
– Академик Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаевтың Балқаш
маңызды білім беру колледжі 2005 жылдың шілде айында
ашылған болатын. Бұған қоса жұртшылығы қуанып,
қолдау білдірді. Салтанатты рәсімге академиктің өзі,
сондай-ақ «Болашақ» маңызды білім беру институтының
ректоры Н.Дулатбеков бастаған оқытушы, ғалымдар келді.
Колледждің алға қойған мақсат-мүддесі бар. Білім мен
ғылым әрқашан да мемлекеттің құзыныда болып келген.
Қазір білім беру саясаты нарық заманында бәсекелестікке
сай мамандарды дайындауға бағытталған. Сондықтан
мемлекет кәсіптік орта білім беретін оқу орындарын
дамытуға ерекше мән беруде. Әсіресе жаңа модульге сәйкес
үздіксіз білім берудің орны бөлек. Еліміздегі алдыңғы
қатарлы ЖОО білім беру кешенін құруға ұмтылуда.
Солардың бірі Қарағанды маңызды білім беру «Болашақ»
институты. Институт – Балқаш маңызды білім беру
колледжінің құрылтайшысы. Балқашта тұңғыш рнет лицей-
колледж-институт кешені ашылды. Мектеп бітірушінің де,
ата ананың да көкейкесті қай жерде де тиянақты, сапалы
білім алу. Міне, біздің колледждің оқытушылар ұжымы
әрқашан осы сұраққа жауап беру үшін шығармашылық
ізденісін арттыруда. «Болашақ» институтының халықаралық
кадрлар академиясының «Білімге сіңірген еңбегі үшін»
орденімен марапатталғаны белгілі. Олай болса біздің
колледж ұжымы жас ұрпаққа маңызды білім берудегі
мүмкіндіктерін барынша терең пайдаланатындығы сөзсіз.
Елбасы Жолдауында «ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші
кезекте білім деңгейімен анықталады» – дегені көкейге
қонымды. Жас ұрпақтың білімге, біліктілікке ұмтылысы
қажет-ақ. Колледжде мынандай мамандықтар бойынша
дәріс оқытылады олар: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
мұғалімдерін дайындау, информациялық жүиелер, қаржы
мамандары,
банк
қызметкерлері,
заңгер,
аудармашы-
референт, автомеханиктер. Студенттердің терең де сапалы
білім
алуына
жағдай
жасалынған.
Құрылтайшымыз,
«Болашақ» институты оқу құралдарын, оқулықтар, жиһаз
сатып алуға қаржы бөлді. Жарық та көркем дәрісхана, заман
талабына сай жабдықталған компьютер залы, студенттердің
көңілінен шығады. Алғашқы жылы 275 студент күндізгі
және сырттай бөлімдеріне қабылданды. Информатика және
есептеу техникасын оқыту мамандығы бүгінгі күн талабына
сай жауап береді. Мұны бітірген мамандар информатика
және есептеу техникасын оқытудың маманы болады. Арнайы
дайындықтан кейін ол мынандай кәсіби қызметтерді жүзеге
асыра алады. Оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жоспарлау,
мектепте оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру, әдістемелік
экспериментальды
зерттеушілік
жұмыстарды
жүргізу.
Ал құқық тану мамандығы ұйымдастыру басқарушылық
құқықтық кеңестік, соттық құқықтық, шаруашылық құқықтық
жұмыстарын жүргізе алады. Қаржы саласы мамандығының
атқарар шаруасы ауқымды. Олар мемлекеттік бюджет
және қазынашылық, аудит қаржылық бақылау және аудит
жұмыстарымен шұғылданады. Автомобиль техникалық
қызмет көрсету жөндеу және пайдалану автокөліктің
жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу
және пайдалануға беру жұмыстарын ұйымдастыру сияқты кең
көлемді істерді тындыра алады. Колледждегі педагогтардың,
оқытушылардың 60 пайызынан астамы жоғары және бірінші
санатты мамандар. Біздер Р. Күлмағанова, Л.Балкова,
Н.Булычева,
Л.Колачева,
Н.Сатымбекова,
Н.Чутченко,
Л.Хан, А.Өтегенова, А.Ақшөкеева, З.Карина сияқты өз ісін
жетік білетін мамандарға үнемі арқа сүйейміз. Оқытушылар
оқушылармен үнемі шығармашылық қарым-қатынаста
болады. Әр оқушының жеке дара ыңғайын таба білуге
ұмтылады. Біздің ұжым лицей-колледж ЖОО жүиесіндегі
ұлттық білім беру моделін іске асыратын, қазіргі заманға
лайықты білім беру кешенін қолға алды. Әлемдік интернет
жүиесіне ену мүмкіндігі бар мултимедиялық кабинет
арнайы жабдықталған. Кең оқу залы, 11 мыңнан астам кітап
қоры бар кітапхананың есігі студенттер үшін қашан да
ашық. Оқу әдістемелік жұмысы арнайы құрылған жоспар
бойынша жүргізіліп, белгіленген бағыт бойынша іске
асырылады. Педагогикалық жұмыстың сапасын көтеруде
оқытушылардың өз істерін барынша назарға алып, бағалау
қалыптасуда. Сондықтан, жекелеп, және саралап оқыту
әдістерін қолданудың теориялық және әдістемелік негізін ой
санасынан өткізу, жеке тұлғаны дамытудың педагогикалық
негіздері
жүзеге
асыралады.
Білем
беру
үрдісінің
тиімділігін
анықтаудың
диагностикалық
құралдарын
пайдаланамыз. Әдістемелік қызметтің негізгі мәселелері,
мақсат-мүдделері, оқу әдістеме және ғылыми зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыру туралы жағдайлар әдістемелік
кеңестің отырысында қаралады. Кеңес отырысы екі айда
бір рет өткізіледі. Онда мынандай мәселелер қаралады.
Кафедра жұмыстарын үйлестіру, әдістеме қызметінің негізгі
бағыттарын құру, оқыту бағдарламасын дидактикалық
материалдармен қамтамасыз ету, оқытушылардың кәсіптік
біліктілігін
көтеруін
ұйымдастыру,
оқытудың
жаңа
технологияларын
енгізу,
педагогтарды
аттестациялау,
жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдау. Оқу тәрбие
үрдісінің сәттілігі педагогикалық ұжымның өз істерін ой
елегінен өткізіп, студенттерге жауапкершілік, біліктілік,
ұйымшылдықпен
білім
беруді
ұштастыра
білгенде
ғана жүзеге асады. Оқытушылардың кәсіби біліктілігін
қалыптастырудағы әдістемелік жұмыстың бағыттары мына
деңгейде жүргізіледі: оқу пәндерін оқытудың сапасын талдау,
оқытушылардың кәсіби біліктілігін байқау, мұғалімдердің
кәсіби сәйкестігін, олардың біліктілік санаттарын растау
және оны көтеруді анықтау, оқытушыларды әдістемелік және
ғылыми жұмыспен айналыстыруға тарту. Осындай бағытта
еңбек еткен колледждің педагогикалық ұжымы оқу үрдісін
танытуда жаңа қырынан танылды. Мәселен, сын тұрғысынан
оқыту, модульдік оқыту, Шаталовтың әдістемесі, ұжымдық
оқыту технологияларын ұтымды пайдалана отырып, соны
нәтижелерге қол жеткізді. Колледждің құрамындағы лицей
оқушылары қалалық және республикалық олимпиадаларға
қатысып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Колледж түлегі,
лицейді бітірген 11 сынып оқушысы Р.Әбдірахманов біріңғай
ұлттық тестілеуден 107 балл жинап, айрықша аттестатқа ие
болды. Қазір ол Қарағанды политехникалық университетінің
1 курс студенті, оқу грантының иегері, жоғары стипендиант.
Колледждің оқу әдістемелік базасын нығайту мақсатымен
кітапша шығару қолға алынды. «Анатомия және физиология»
сабақтарындағы ойын әдістері, математика сабақтарындағы
ойша санаудың ерекшеліктері, техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және автомобилді пайдалану мамандығы бойынша
сырттай оқитын бөлім студенттеріне арнап, Сызу пәнінен
оқу әдістемелік құрал шығардық. Сонымен қатар Қарағанды
маңызды білім беру институтының профессорлары В.Грузин,
С.Мамоновтың кәсіби орта оқу орындарының студенттеріне
арналған «Информатика пәнінен үш әдістемелік құралы»
«Болашақ» баспасынан жарыққа шықты. Мұғалімдердің
кәсіби құзырлылығын көтеруде және оқушылардың жеке тұлға
ретінде толыққанды дамуына ғылыми зерттеу жұмысымен
айналысулары игі әсерін тигізеді. Директордың ғылыми
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.Субботинаның
колледждегі жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеу жұмыстары
бірнеше бағытты қамтиды. Ал, «География және экология»
пәндерінің оқытушысы Н.Чутченко, геоэкология мамандығы
бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Профессор
Г.Грузиннің «Колледж оқытушыларына ғылыми зерттеудің
методологиясы», Ғылыми зерттеу жұмысының әдісі» сияқты
семинар факультативті сабағы өте мәнді болды. Колледж
оқытушыларының ғылыми практикалық қоғамы құрылған.
Қоғам оқушыларға ғылыми зерттеу жұмысының әдістері
жайлы қосымша бас қосу өткізіп, оларға шағын зерттеу
жобаларын құруға көмек көрсетіп, бағыт-бағдар береді.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары «Білім.Жастар.
Келешек» жинағына еніп, жарыққа шықты.
Оқытушылар мен оқушылар ұжымында колледждің
тәрбие беру жүиесі бірлесе басқару демократиялық принципі
арқылы жүзеге асуда. Тәрбие жұмысына тек ұстаздар ғана
емес, оқушылар да атсалысады. Мәселен, педагогикалық
кеңестің құрамына Ақбота Смағұлова есімді студент
енгізілді. Өзін-зі басқару оқушылардың бос уақытын ұтымды
өткізуге тірек болады. Мысалы, колледж оқушысы Наталья
Бобр би үйірмесін басқарса, Антон Москалев – колледж
газетінің редакторы. Сондай-ақ, лицей оқушыларының
талабы бойынша «Талқы» клубы ашылды.
Колледждің әдет-ғұрпы енді ғана қалыптасып келеді.
Дегенмен, бірлесе атқаратын іс-шаралар көбеюде. Қазақ
вальсінің мэтрі Ш.Қалдыаяқовтың туғанына 75 жыл
толуына орай сазды, әуенді кеш ұйымдастырылды.
Кештің негізгі мақсаты – жас ұрпақты, Отан ананы сүюге,
бағалауға, құрметтеуге баулу. Колледж қалалық деңгейде
өтетін іс-шараларға белсене атсалысады. Дене тәрбиесі
мұғалімі С. Қайырбеков жастарды салауатты өмір салтына,
спортпен шұғылдануға баулиды. Қаламыздағы студент
жастар фестивалінің өткізілуі өз нәтижесін берді. Бұған да
жастарымыз шығармашылық тұрғыдан атсалысты. Әйгілі
желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай «Желтоқсанның
мұзға жаққан алауы» деген тақырыпта әдеби музыкалық
композиция дайындалды. Әуезді әуенімен көрерменнің
көңілінен шыққан Ә.Ешкеева, домбырада қазақтың күйін
күмбірлеткен Алмасбек Дәкімов, көркемсөз оқудың шебері
Қанат Байыров, мың бұралған бишілер тобы, «Фестиваль
аруы» байқауының жүлдегері А.Омаровалар колледждің
мәдени шараларына белсене қатысады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтері бірінші кезекте
тұрады. Ұжым «Тіл мен тарих тамырлас» айлығына
белсене қатысты. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
интеллектуалды ойындары оқушылардың тілге, елге деген
құрмет сүйіспеншілігін байқатты. Педагогикалық ұжымның
табысты еңбегі, талапкерге кәсіптік бағдар беру жұмысының
дұрыс
ұйымдастырылғанына
байланысты.
Колледж
онкүндігі Балқаш қаласының 70 жылдығына арналып,
тартымды болды. Оқушылардың Қарағанды маңызды білім
беру институтының оқушылармен кездесуі, интеллектуалды
марафон, тест сынақтары, «Сабақ шеберханасы» атты жоғары
санаттық ұстаздардың ашық сабақтары, мәдени тарихи
тақырыптық блоктар, ғылыми-практикалық конференциялар
мазмұнды өтті. Оқушы жастарға көп мағлұмат берді, қатты
әсер қалдырды.
СҰҢҚАР КӨҢІЛ
Адам өмір жолаушысы. Бәріміз де солаймыз. Бірақ,
шыр етіп дүниеге келген соң маңдайыңа жазылған тағдыр
талайы болады, соны көресің. Үлкендер бата беруші еді.
Әсіресе, қолына су құйып, орамал ұсынғанда «бақытты бол
балам, жолың болсын» демеуші ма еді. Біз әңгімеге арқау
етейін деп отырған Досмұрат замандасымызға да ауылдың
абызы бата беріп, «өркенің өссін»- деп маңдайынан иіскепті.
Жаны дархан, пейілі кең үлкендер-ай десеңізші. «Баталы
бала ырысты болады», өмірден өз орнын алады, қоғамға
маңайына да пайдасы тиді. Сол рас-ау, тегі. Оңтүстіктің
шырайлы шиелі, жиделі Шымкентінде 1958 жылы туып
өскен Досмұраттың бала, бозбала қиялы да тым әріде еді. Ол
бірде көгілдір қыраттарға қарады, көз жетпейді. Арғымаққа
мініп алып, қасиетті бабалар тұяғының тұлпары тиген боз
даланы араласа, желмен жарысып. Азаматтық келбетін
қалыптастырып, ата-ана парызын қалай өтесе екен. Анау
ақбасты алатаудың ұшар басына қанаты жететін қырандар
құсап, қалықтаса қайтеді. Келісесіз, бәрімізде де осындай
арман қиял болды ғой. Бірақ, сол арманға жету әркімнің
пешенесіне бұйыра бермейді. Іркілмей ізденген, талмай
талпынған адам ғана көкейдегі, жан дүниесіндегі мұрат
мақсатын жүзеге асыра алады.
Ол 1982 жылы қазақ Химия технологиялық институтын
үздік дипломға бітірген. Енді ғана еңбек жолын бастаған
жас маманнның алдында өмірдің сан тарау соқпақтары
тұрған еді. Қашан да алғашқы еңбек соқпағы ыстық болады.
Ол өндіріске келді, аға инженер ретінде қызметін бастап,
маңайына салиқалы түрде барлау жасап, тәжірибелі, білгір
маман аға, апаларының ақыл кеңесіне, олардың жүріс
тұрысына, ішкі-сыртқы мәдениетіне назар аудара бастады.
Адамды орта қалыптастырады, бұл да шындық. Көп
кешікпей 1983 жылы дәл тамыз айында күні кеше өзі бітірген
оқу орны кафедраға шақырады. Дәл осы кезеңнен бастап,
болашақ ғалым, доктор, академик Досмұрат Қызылбиұлы
Айтқұловтың қазақ ғылымындағы соқпағы басталады.
Адамның бойындағы ұмтылыс, оның ішіндегі білімге
деген құлшыныс бір сәт те тыным бермейді. Асау теңіздің
тынымсыз толқындары секілді. Сөйтіп, 1985-1988 жылдары
аспирантурада оқып, «Орта Азия мен Қазақстандағы
поллиметалды кен байлығын кешенді өңдеу» тақырыпты
мемлекеттік тапсырыстағы ғылыми зерттеу жұмыстарымен
шұғылданады. Іздену көп кешікпей өз нәтижесін берді.
Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі және Шымкент
қорғасын заутыттарының өндірістік қалдықтарын өңдеу
технологиясын жасау жұмыстарына жүргізілген ғылыми
еңбектері тиісті орындардан жоғары бағасын алды. Ғылым
жолы – ұзақ жол, көз майын тауысып, түн ұйқысын төрт бөліп,
кітаптар ақтарып, шұқшия жазу жазып, мазасыз күндерді
өткізді. Қашан да қайсар, алға қойған мұратына жетпей
қоймайтын жігерлі жас, өзінің ғылым, білім саласындағы
алғашқы бағын сынап, онысы да көңілден шықты. Сөйтіп,
1990 жылы Қазақ КСРО ғылыми академиясының жанындағы
Металлургия және кен байыту институтында кандидаттық
диссертациясын қорғады.
Әңгіменің басында адам өмір жолаушысы дедік қой,
Досмұрат Қызылбиұлы мен біз де өмір жолаушысы ретінде
кездесіп, бір-біріміздің ішкі жан дүниемізді ұғысқандай
болдық. Бізді таныстырған ортақ мүдде, болашақ ұрпақтың
тағдыры. Олардың азамат болып қалыптасуына сәл де болса
қолдан келгенше қал-қадірімізше үлес қосу. Нақтылай
айтсақ, мысты өңірде іргелі білім ордасының іргесі
қалануына байланысты әңгіме дүкен құрған едік. Балқаш
қаласында 2003 жылға дейін бірнеше оқу орындарының
филиалдары жұмыс жасады. Сол кезде уақыт талабы солай
болды. Дегенмен, осы филиалдардың шағын қалада ашылып,
жергілікті мамандар даярлауға деген ынта-ықласын құптауға
болатын-ды. Алайда, жеке дербес оқу орны ашылып,ол
институт атынып өзгелермен терезесі тең тұрса тақиямызға
тар келе ме? Сөйтіп, 2003 жылдың ақпан айында Балқаш
білім концорсиумы құрылды. Оның атқарушы директоры
болып, 45 жастағы Досмұрат Қызылбиұлы Айтқұлов келді.
Сол кезде біреу сенді, біреу сенбеді, қашан да жақсылыққа,
жаңалыққа жатсына қарайтын әдетіміз ғой. Балқашта
жеке институт ашылып, жергілікті мамандар даярлап
шығаратындығына көз жеткізудің өзі де қиындау еді.
Экономика енді-енді тұрақталып, қалыптасып келе жатқан-
тын. Сол сәтте журналистік әдетімізге басып Досмұрат
Қызылбиұлымен бетпе-бет кездесіп, істің мән-жайын
анықтап алуға бел будық.
– Өздеріңіз білесіздер, қаладағы көптеген филиалдардың
ғылыми-техникалық ресурстарын біріктіру арқылы осы
концерсум өмірге келді. Ендігі арада өндірісті өңірге
білімді мамандар аса қажет болып тұр. Оның ішінде қазақ
жастарының
арасында
инженерлік,
кен-металлургия
өндірісін де кеңінен оқыту уақыт талабы. Әлеуметтік сала
да солай. Осы мұқтаждықты республикамыздың ғылым
және білім министрлігі қолдады. Мамандар даярлау
үрдісі материалдық-техникалық база күн тәртібінде тұр.
Ал, былай алып қарасаңыз, Балқаштың болашағы зор.
Республикамыздағы бірден бір өндірісті өңірге жатады.
Олай болса жас мамандар керек-ақ, оларсыз өндірісті қалай
өркендете аламыз. Мәселе, осы жағынан туындап отыр.
Сеніңіз, осы көптеген кешенді шаруаларды жаңа заманның
білімімен қаруланған мамандар ғана өз қолымен істеп,
дамытып, жалғастырып әкетеді. Бұған ешқандай күмән
болмасын. Ал сол мамандарды жүрегінде өз қаласына деген
сүйіспеншілігі бар жастардың арасынан даярлап, шығарудың
қандай маңызды екені өзінен өзі түсінікті болар. Сондай-ақ,
Қазақстан Республикасы Парламентінде республикадағы
білім берудің жай-күйі және оның даму болашағы туралы
мәселе қаралды. Сонда ЖОО-ның көптеген көкейкесті
сұрақтары көлденең тартылды. Депутаттардың ұсынысы
жерде қалмады. Білім және ғылым министрлігі өзінің алқа
мәжілісінде филиалдарды реттеуді алдына міндет етіп
қойды.
Досмұрат Қызылбиұлымен алғашқы әңгіміміз осы
тұрғыда өрбіді. Көп кешікпей сол 2003 жылдың шілде айында
Балқаш гуманитарлық-техникалық институты болып қайта
құрылды. Бірден айтайық, жақсы бастама іле қолдау тапты.
Балқаш қаласының әкімдігі «Балқаштүстіметалл» ӨБ-гі
басшылығы өзара келесіп, дербес ЖОО-на айналдыруға
бірауыздан шешім қабылдады. Бір айта кетерлігі Балқашта
филиалдары бар ЖОО-ның ректорлары құрылтайшылық
келісім-шартқа қол қойды. Түсіністікпен қарады, азаматтық
танытты. Ірге тасы жаңа қаланған институтта бес факультет
ашылды Олар тау-кен, информатика және автоматтандыру,
механика,
транспорт
педагогика
және
гуманитарлық
факультеттері. Уақыт өте келе 30-ға жуық мамандық даярлап
шығаруға лицензия алынды. Демек, өндіріске білікті
маман даярлаумен қатар қаланың әлеуметтік салаларына
да болашақта иелік ететін қожайындарды да дайындап
шығарады.
Ол кезде институтта бір ғылым доктары, 5-6 ғылым
кандидаты келіп, бар білім жігерімен институттың ірге
тасының қалануына берік кірісті. Сондай-ақ, бір мезгілде
ғылыми орталық ашылып, оқытушылардың ғылыммен
айналысуына да бірден қамқорлық, әрі мүмкіндік жасалынды.
Ал, бүгінде шет тілі, заңгер, есеп және аудит,
пайдалы қазбалар орнындағы жерасты өңдеулері қара
металлургиясы, түсті металлдар металлургиясы, электр
жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру,
басқа да мамандықтар бойынша жастарды даярлап шығару
өмір жүзіне асырылды. Қазір оның алды өндірісте еңбек
ете бастады. Ал, былтырғы жылы Балқаш гуманитарлық
техникалық университеті болып құрылды. Әрине, бұл
үлкен жетістік еді. Досмұрат Қызылбиұлының алдына
қойған мақсатындағы еңбек жеңісі біртін біртін осылай келе
бастады. Қазіргі таңда университеттің құрамында 3 ғылым
докторы, 16 ғылым кандидаты дәріс береді. Университетте
жас оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін арттыру
мақсатында арнайы курс ұйымдастырылды. Университет 3
оқу ғимаратына орналасып, жаңа заманның үрдісінде дәріс
берілуде. Мұнда 3 компьютер классы, электронды оқу залы,
Интернет және қос оқу ғимаратында да кітапхана жұмыс
жасайды. Тағы бір жетістік электрондық оқу кеңістігін
кеңейту керек, осы негізде «АSTEL» спутникті терминалын
қолдану жүзеге асырылды. Университет базасында Балқаш
өңірі бойынша біріңғай ұлттық тестілеу пункті құрылды,
үкімет қаулысымен бекітілген.
Бүгінгі таңда өндірістерден арнайы мамандар даярлау үшін
тапсырыс түсті, мемлекеттік гранттар берілуде. Мәселен,
«Балқаштүстіметалл» ӨБ-нің Байыту фабрикасымен осы
университеттің ғылыми инновациялық бөлімі бірлесе жұмыс
жасауда. Қалай болған күнде де өндіріс тиімділігіне қол
жеткізу керек. Жаңа технологияларды енгізуде институттағы
ғалымдардың, мамандардың анағұрлым пайда әкелетіні
сөзсіз.
Университеттегі ерекшеліктерге тоқталайық. Қазақтың
дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын жаңғыртуда, арнайы ұлттық
негізде ансамбль, «Көңілділер мен тапқырлар» клубын
құрып, солардың қатарына жас таланттарды тартуы
да білгендік деп ұққан жөн. Қазір осы университеттің
білім, өнер саласындағы шағын отаулары республика
деңгейінде көрініп, жүлделі орындар алып жүр. Елбасының
бастамасымен дүниеге келген «Жасыл ел» бағдарламасын
университет ұжымы жылма жыл қолдап, ағаш көшеттерін
отырғызуда, жасыл желекті бағып күтуде, ыждаҺаттылық
танытуда. Университтің дүниеге келгеніне бес жылдың жүзі
болды. Соған қарамастан еліміздегі іргелі де, байырғы оқу
орындарының ізін басып, тәуелсіз елдің дербес оқу орнының
бірі болып қалануы да көңілге қуаныш әкеледі.
Университеттің ректоры, техника ғылымдарының докторы,
профессор,
Халықаралық
инженерлік
академиясының
академигі Досмұрат Қызылбиұлы Айтқұлов «Нұр Отан»
ХДП атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер
ретінде тіркелді. Алға қойған сайлауалды тұғырнамасы да
көңілге қонымды. Дамыған коммуналдық инфроқұрылым қала тұрғындарының алаңсыз өмір сүруіне жетелейді. Озық ғылым – прогресстің кепілі, экологиялық қолайлы жағдайда өмір сүру – уақыт талабы. «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен кәсіпорындарында кен өндіру мен өңдеуді кешенді түрде жүзеге асыратын тек жоғары технологиялық және ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене жасалған технологиялардың қолдануына қол жеткізу. Сонымен қатар қаладағы орта кәсіптік, орта арнаулы және ЖОО-ның оқытушылары біліктілігімен материалдық базасын нығайту, жерасты қойнауын пайдаланудың, одан түскен табыстың негізгі бөлігін жергілікті тұрғындар игілігіне жарату, көл жағалауында туристік кластерін ашуға ұйтқы болу, кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға қолдау көрсету. Басқа да жоспар бағдарламасы жетерлік. Сәл шегініс жасайық. Досмұрат Қызылбиұлы Айтқұлов 1989-2003 жылдары қазақ Химия технологиялық институтында кафедра меңгерушісі, факультет деканы, кәсіподақ ұйымының төрағасы, 1995 жылы доцент ғылыми атағын алды. 1997-2000 жылдары доктарантурада оқып, 2001 жылы Металлургия және кен байыту институтындағы арнайы Ғылыми кеңесте докторлық диссертациясын қорғады, 125-тен аса ғылыми еңбектері бар. Мұның ішінде 4 монография, 14 авторлық куәлік, мемлекеттік тілдегі бір оқу құралы кіреді. Ол «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Жұбайы Гүлнар оқытушы, екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Досмұрат Қызылбиұлы қаладағы қоғамдық өмірге белсене араласады. Одан университет ұжымы да шет қалмайды. Ол «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының бюро мүшесі. Мемлекеттік тілдің өркендеуіне бірден бір атсалысып келе жатқан ел азаматы, жанашыры. Шәмші әнін шарықтатып, бірнеше байқау өткізуінің өзі неге тұрады, мықты педагог, айтулы ғалымдығымен қоса қазақтың ән өнерін, тарихын жанындай сүйеді.
Елін сүйген азаматтарды ел жақсы қабылдайды.
Балқаштықтар да Доскеңе жан дүниесіндегі осындай
ізгіліктерді байқап, құрмет көрсетті. Ал, бүгін үлкен сенім
білдіріп, саяси додаға қосып отыр. Облыстық мәслихаттың
депутаттығына кандидат.
Сұңқар көңіл самғайды.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ
САУЫҚТЫРУ ДЕНСАУЛЫҚ
КЕПІЛІ
Қоршаған ортаның тазалығы жайында әңгіме аз
қозғалып жүрген жоқ. Мұның ішінде Балқаш экологиясы
бірінші кезекте тұр. Осыған орай қоршаған ортаны қорғау
мемлекеттік инспекциясының Балқаш қалалық бөлімінің
бастығы Рымкүл Біләлқызы Мәшүрбековаға жолығып, мән-
жаймен танысқан едік.
– Әрине, Балқаш экологиясы туралы сөз қозғағанда
ауаның ластануы әңгімеге арқау болады. Қоршаған
ортаның ауасын жақсарту жөнінде үкіметке де дабыл
қағылды. Сондықтан, Балқаш төңірегінің экологиясының
жақсаруы «Балқаштүстімет» ӨБ-де салынып жатқан күкірт
қышқылы цехының іске қосылуына тікелей байланысты.
Біздің пайымдауымызша қоршаған ортаға шығарылатын
зиянды заттардың мөлшері артық. Нақтылай айтсақ, облыс
бойынша таза ауаға шығарымдарының 40 пайызын құрайды.
Айта кетейік, күкірт қышқылы цехы іске қосылған күнде де
ластану көзі жойылмайды. Мыс алыбы жұмыс жасап тұрған
соң өндірістік ластанудан арылу да мүмкін емес. Сондықтан,
кәсіпорын ресурс үнемдеу технологиясын қолдану, аз
қалдықты, экологияға залалы аз шикізатты пайдалану және
технологияны заманауи деңгейге көтеру талабы қойылады.
Қоршаған орта мониторингін «Гидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Балқаш көлі станциясы жүргізеді. Осы станция құрамындағы зертхана қала ішіне орналасқан екі қосын арқылы ауа тазалығын, Балқаш көлінде белгіленген 16 қосын арқылы көл суы тазалығын зерттеп отырады. Мониторингтің нәтижесіне жүгінсек, ауаға тастандылардың мөлшеріне қарамастан Балқаш қаласында орта есеппен алғанда ауа құрамындағы лас заттар (оның негізгісі – күкіртті газ) зинды шығарындының шектеулі концентрациясынан 1,2-1,5 есе асады.Басқа лас заттар мөлшері зиянды шығарындының шектеу концентрациясына жетпейді. Зертхана таза ауаның жоғары деңгейде ластанғаны жөнінде (лас заттардың мөлшерден 10 есе асып кетуі). ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне хабарлап отырады. Өткен жылы осындай хабарлау бес рет орын алды. Таза ауаның ластану фактілері қалаға батыстан және оңтүстік батыстан жел соққанда болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайларда орын алды. Іле министрліктің тапсырмасы бойынша мемлекеттік инспекцияның Балқаш қалалық бөлімі сол күндері «Балқаштүстімет» ӨБ-нің жұмыс барысына тексеру жүргізді. Бірден айтайық, тексеру барысында технологиялық кезек бұзылғандығы, ауа тазартқыш қондырғыларын дұрыс пайдаланбауы байқалды. Агрессивтік ортаға металл шыдамай газ құбырларының, шаң сорғыш айдауыштардың бүліну фактілері анықталды. Жіберілген қателіктер үшін өндіріске заңды тұлға ретінде, сондай-ақ өндірістің жауапты мамандарына айыппұл салынды, табиғат пайдаланудағы зиянды өтеу туралы талаптар қойылды. Талаптар қанағаттандырылды. Мұнымен қоса қаламызда «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Балқаш жылу электр орталығы, «СуЖылуТранс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және «Балқашуниверсал» ЖШС жұмыс істейді. Өз тарапымыздан жылу электр орталығына тексеру жүргіздік. Сонда кәсіпорынның табиғат қорғау шараларын орындамай отырғаны анықталды. Бұл кәсіпорын Балқаш
көлінің су қорғау аймағына орналасқан. Таза ауаға екі құбыр
арқылы шығарылымдар жасайды. Өндіріс және құрылыс
жөндеу қалдықтарын су қорғау аймағында орналастырады.
Кәсіпорын басшылары өздері жіберіп отырған кемшілікті
жойып, ауа тазалығын сақтауға мүдделі болса керек-ті.
Қаламызда шешілмей келе жатқан мәселенің бірі –
аймақты абаттандыру. Оның ішінде тұрмыста пайдаланылған
қалдық
заттарды
шығару
және
залалсыздандыру
мәселесі. Тұрмыс қалдықтарын шығару үшін «Қазақмыс»
корпорациясы арнайы көлік бөліп, «Балқаш-универсал»
ЖШС-ін құрған болатын. Қыс кезінде бұл кәсіпорын
қалдықтарды арнайы полигонның сыртына төге берген.
Жіберілген заң бұзушылығы үшін кәсіпорынға табиғатты
пайдалануда келтірілген 29 млн. теңгеге зиянды өтеу талабы
қойылды. Экологиялық кодекстің 322 бабына сәйкес табиғи
ортаға келтірілген зиянды жаңғырту шаралары арқылы
өтеуге болады. «Балқаш-универсал» «Балқаштүстімет»
ӨБ-нің басқаруымен зиянды жаңғырту шараларын жасады.
Сөйтіп, бір ай ішінде ластанған жерді қалпына келтірді.
Өкінішке орай мұндай кемшіліктің алдағы уақытта да
қайталануы мүмкін. Себебі, қалдық заттар төгетін полигон
«Горкомхоз»
коммуналдық
мемлекеттік
мемлекеттік
кәсіпорнына қарайды. Полигонды күтуге «Горкомхоз»
мүдделілік танытпай отыр. Кәсіпорынның не техникасы, не
өндірістік базасы, не келтірілген зиянды төлейтін қаражаты
жоқ. Тұрмыстық қалдықтарды арнайы қазылған орға
төгіп, орналастыру керек. Қазіргі таңда санитарлық және
экологиялық талаптар бұзылып отыр.
Тағы да Балқаш экологиясына қайта айналып соққанда
көл тағдыры бірінші ойға оралады. Көлге өндірістен су
құйылмайды. Мұнда айналма сумен қамту жүиесінің іске
қосылғанына 15 жылдан асты. Оған дейін ондаған жылдар
бойы лас су көлге құйылды.
«Гидромет» мониторингіне жүгінсек, су ластау көздері
жойылған соң Тораңғылық шығанағы және Бертіс айлағы
суларында лас заттардың зиянды шығарындының шектеулі
концентрациясы бұрынғы қалыптасқан деңгейден әлдеқайда
төмендеді.
Орта Азия аумақтық экология орталығы (ОААЭО) Іле-
Балқаш бассейнін интегралданған басқару жүиесі жобасын
жасады. Орталығы Алматы қаласында орналасқан. Бұл
жобада Балқаш көлінің солтүстік жағалауы назардан тыс
қалған. Сондықтан, ОААЭО Балқаш қаласында қоғамдық
тыңдауын өткізді, Балқаш қалалық әкімдігінде дөңгелек
стол ұйымдастырылды.Мұнда Солтүстік Балқашқа тэн
экологиялық мәселелер қаралып, Орта Азия аумақтық
экологиялық
орталығы
жасаған
жобаға
ұсыныстар
енгізілді. Іле-Балқаш бассейніндегі мәселелер өткір күйінде
қалып отыр. Суды тиімді пайдаланбау, биологиялық
ресурстардың жоғалуы, экожүиенің бұзылуы, даланың
шөлге айналуы, бассейннің өндіріс қалдықтармен ластануы,
ауыл шаруашылығының кері әсері, табиғи ресурстардың
жеткіліктілігіне қарамастан тұрмыс деңгейінің төмендігі
және бассейннің фрагменттік басқарылуы кері әсерін
тигізуде. Мәселен, көлді басқару, бөліну территориясы 4
облысқа қарайды. Мұндайда «сен салар да мен салардың»
туындап
отырғаны
шындық.
Жалпы
алғанда
көлге
қамқорлық, жанашырлық жетіспейді.
Осы орайда солтүстік Балқаш мәселесін сәл де болса
ортаға сала кеткен дұрыс деп ойлаймын. Ауыз су – тіршілік
көзі, Тоқырауын жер асты су қоймасының мемлекеттік
коммуналдық қоры үстіміздегі жылға дейін анықталды.
Ашығын айту керек, жылдан жылға су тұтынатын
кәсіпорындар саны өсіп келеді. Қаладағы барлық қажеттілікке
тек Тоқырауынның тұщы суы жұмсалады, өйткені басқа су
жүиесі жоқ. Жазда жасыл желек суаруға арналған көл суы
құбырлары жүйесі өз мәнінде емес. Суаруға арналған құбыр
толықтай тұтынушыға жетпейді. Мұндай жағдайда жеке
меншік иелері жасыл желек, бау-бақшасын Тоқырауынның
суымен суарады. Қала сусыз қалмауы үшін Тоқырауын су
көзінің қорын әлі де анықтай түскен жөн. Ол үшін ғылыми
сараптама жүргізген дұрыс болады. Балық шаруашылығы
ғылыми өндірістік орталығының Балқаш қалалық бөлімінің
бақылауы бойынша Тоқырауын өзенінде бұған дейін
жоғалып кеткен алабұға, қара балық кездеседі. Осы екі
биологиялық түрді сақтап қалу үшін ғылыми өндірістік
орталығы Тоқырауын өзенін «Ерекше қорғауға алынған
аймақ» деп жариялау керектігі жөнінде ұсыныс түсірді.
Тағы бір мәселе, көлден 300 метр жерде орналасқан
«Балқаштүстімет» ӨБ-нің қалдық сақтаушы орны арнайы
жобамен жұмыс істейді. Жоба 2010 жылға дейінгі кезеңге
арналған. Қалдық сақтауыштың солтүстік қорғанының
биіктігі жобадағы белгіге әлдеқашан жетті. Енді экологиялық
шиеленістер туғызбас үшін жаңадан қалдық сақтаушы
салып, ескісін консервацияға қою керек.
Орта Азия аумақтық экология орталығының (ОААЭО)
Іле-Балқаш бассейнін интегралданған басқару жүиесі
жобасынан
үлкен
үміт
күтеміз.
Солтүстік
Балқаш
маңайындағы күн тәртібінде тұрған 21 өткір мәселе сөз
болды. Экологиялық орталық жетекшілері қоғамдық пікірді
ескере отырып, нақты шешім қабылдайды деген ойдамыз.
Қаладағы кәсіпорындар экологиялық шаралар жасап,
алдағы кезеңдерге, қоршаған ортаға, эмиссияға рұқсат
алуға ұмтылып отыр. Қоршаған ортаны қорғау саласында өз
кәсібін жетік білетін мамандар жұмыс істейді. Табиғи ортаны
сауықтыру – ортақ міндет. Бір жағынан адамдар денсаулығын
сақтаудың берік кепілі. Осы орайда жұртшылық болып, өзіміз
тұрған ортаны таза ұстап, жанашырлық танытып, ауызбірлік
болса бітпейтін іс жоқ. Үстіміздегі жылы да экологиялық
мәселелерге байланысты жоспарланған шара, атқарылатын
мәселелер аз емес. Мақсатымыз, халық игілігіне, оның
басты байлығы денсаулық сақтау мүддесіне орай қызмет
ету. Қоршаған ортаны табиғи қалпында ұстау – мемлекеттік
маңызы бар басты қағидалардың бірі болып қала береді.
ТЫНЫШБЕК
Ауыл топырағы қашан да құнарлы. Небір талантты
жандар ауылдан қанаттанып ұшады. Тынышбек Оспанұлы
да қасиетті Тоқырауын өзенінің жағасындағы Нарманбет
ауылынан түлеп ұшқан білікті дәрігер, айтулы ғалымдардың
бірі. Медицина ғылымдарының кандидаты Тынышбек
Оспанұлы өзінің барлық білімін, күш-жігерін халықтың
денсаулығын түзетуге арнап келеді. Жылдар тізбегі артта
қалды, 40 жылдан астам ұстаздық қызмет етті. Ал, оташылық
мамандықты жете меңгеріп, адамдарға ғұмыр сыйлап келе
жатқанына 45 жылдың жүзі болды. Еңбегі елеусіз қалмады.
«Қазақстан Республикасы денсаулық саласының үздігі»,
еліміздің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», доцент.
Сонау 1964 жылы Тынышбек Қарағанды медицина
институтын ойдағыдай аяқтап, осындағы жалпы хирургия
кафедрасында зерттеуші, сынақтан өтуші болып қызметке
тұрды. Алға қойған мақсаты жетеледі, ғылым жолына
түсті. 1967 жылы аспирантураны тамамдап, осы кафедрада
ассисент болып орналасты.
Атам қазақ «оқу, білім инемен құдық қазғандай» деп бекер
айтпаған ғой. Талмай талпынды, іркілмей ізденді. Тынышбек
Оспанұлы 1982 жылы кандидаттық диссертацияны сәтті
қорғап шықты. Диссертацияның тақырыбы: «Аяқтағы
көк қан тамырларының білеуленіп түйілуі, соған қарсы ем
қолдану әдістері». Бұл ауру, әсіресе, әйелдерде жиі кездеседі.
1992 жылы мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы
берілді.
Тәжірибелі
хирург
ретінде
оның
үлгілі
істері,
кәсіби жетістіктері өз әріптестерінің арасында кеңінен
насихатталды, танылды. Еңбек ете жүріп, медицина
саласындағы ғылыми жетістігін баянды етуге ұмтылды.
Соның нәтижесінде 150-ден астам ғылыми еңбегі беделді
баспасөзде, журналдарда жарияланды. Бірталай еңбегі
алыс-жақын шет елдерге насихатталды. Жалпы хирургия бойынша оқулығы мамандардың арасында ғылыми тұрғыда сараланып, өз бағасын алды. Кеңес одағы кезінде екі авторлық куәліктің иесі атанды. Әрине, мұның барлығы ғылыми ізденістің арқасында келіп отырған жетістік еді. Тынышбек Оспанұлы 20-ға тарта медицина саласында жаңалық енгізіп, өнертапқыштық ұсыныс жасады. Соның ішінде электромагниттік өріс арқылы жараны емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты. Мұның өзі қан айналысы нашар сырқаттардың тез сауығып кетуіне бірден бір дәнекер еді. Ғалым ғылыми-практикалық конференцияларда, басқосуларда белсенділігін танытты. Республикалық және халықаралық білікті дәрігер мамандардың жиынында сөз сөйлеп, құнды-құнды ұсыныстар айтты. Ол өзінің ғылыми баяндамаларында клиникалық емдеуді одан әрі жан-жақты дамыту кезеңдеріне тоқталды. Диагностикалық және хирургиялық әдіспен шұғыл ем көрсету арқылы адам өмірін құтқаруға мүмкіндік жасалатындығын дәлелдеді. Соқырішек, оқ жарақаты, өкпе құрт ауруы, диабет, ишемиялық аурулардың жедел емделуіне ғылыми ұсыныстарын жасап, оны іс-тәжірибеде көрсетті. Үздіксіз 35 жыл бойы Қазақстанның денсаулық сақтау, медицина журналдарында жарияланды. Осы басылымдардың тұрақты авторы. Дәрігерлік, педагогика клиникалық хирургияның осындай жаңалық, ұсыныспен жоғары деңгейде дамитындығын дәлелдеп отыр. Тынышбек Оспанұлы дәрігер, оташы, әм оқытушы ретінде адамдардың денсаулығын сақтауда, емдеуде едәуір тәжірибе жинақтаған. Оны жүзеге асырушы маман ретінде есімі республика көлеміне кеңінен танымал болды. Адам еңбегімен ардақты, қастерлі. Ол дәрігер мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Барлығы да қазіргі заманның озық технологиясын меңгеріп, уақыт талабына сай жауап беруде. Оның студенттер аудиториясында оқылған лекциялары тартымды, мазмұнды, тыңдаушыларын қызықтырады. Шәкірттерінің басым бөлігі ғылыми орталықтардың жетекшісі, дәрігерлік емдеу
мекемелерінде жемісті еңбек етіп жүр. Оқу орындарында
сабақ береді.
– Тоқсаныншы жылдардың басында қоғам өзгеріске
ұшырады. Жарық болмай қалған күндері шахтерлердің жеке
шамдарымен сондай-ақ, керосинді май шаммен операция
жасаған күндеріміз болды. Өмір қашан да қозғалысқа
толы ғой. Апат айтып келмейді, адамдардың кездейсоқтық
жағдайларға душар болуы бәрі де аяқ астынан туындайды.
Шұғыл шақыртулар алып, операциялар жасайсың. «Жағдай»
деп күйттеуге уақыт жоқ, бар мақсат-мүддең – ауруды
ажалдан арашалап қалу. Шет елдік азаматтарға да қол
ұшын бердік. Ал, енді сонау ғарыштан аман-есен жерге
оралған ғарышкерлердің денсаулығын тексеріп, дәл диагноз
қоюдың өзі асқан жауапкершілікті қажет етеді, әрі қызықты.
Қашан да адамдарға өмір сыйлаудан артық бақыт жоқ деп
білемін. Өмір мен өлім арасында жатқан сырқаттың сауығып
кеткеннен кейін қолыңды алып, рахмет айтуының өзі неге
тұрады. Менің ойымша, мұның өзі дәрігерлік, оташылық
еңбегімнің ақталғаны деп білемін, – дейді сөз арасында
медицина ғылымының кандидаты, бесаспап маман-дәрігер
Тынышбек Оспанұлы.
Сонау 1942 жылы жарық дүниеге келген торсық шеке
ұл, бүгінде халық қадірлеген аймаңдай азаматқа айналды.
Қазір ол Қарағанды медициналық академиясында жемісті
еңбегін одан әрі жалғастыруда. Республика, облыстық
деңгейде марапаттаулары жетерлік. Ғылыми педагогикалық
еңбегі
үшін
республикалық
медицина
қызметкерлері
кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Балқаш қаласы Тынышбек Оспанұлы үшін де жат емес.
Осында әріптестері, туған туыстары тұрады. Қаланың
уақыт ағымына сай өсіп, өркендеп келе жатқанына қуанады,
тілеулес. Қолы босаған сәтте осында келіп, тілеулестерімен
әңгіме-дүкен құрып, біраз тынығып қайтады. Медицина
саласындағы жаңа игілікті істерге тың жігермен кіріседі. Атам
қазақ қолынан іс келетін шеберлерді, бесаспап мамандарды
«алтын қолды азамат» деп құрметтеген. Тынышбек
Оспанұлы да құрметке тұратын алтын қолды мамандардың
бірі. Ол денсаулық күзетінде қашан да тынымсыз.
Абзал Бөкен:
«БАРША БАУЫРЛАРЫМА
БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІК ТІЛЕЙМІН»
Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар талантты ақын
Абзал Бөкен 1949 жылы Ақтоғай ауданындағы Абайдың
шәкірті Нарманбет ақын атындағы ауылда дүниеге келген.
Е. Бөкетов атындағы университеттің филология факультетін
үздік бітірген. Журналистік еңбек жолын облыстық
«Орталық Қазақстан» газетінде тілшіліктен бастаған.
Тоқырауын аудандық «Ленин жолы» газетінде редактордың
орынбасары, «Жалын» баспасында, «Парасат» журналында,
«Егемен Қазақстан», «Түркістан» газеттерінде абыройлы
қызмет атқарды.
Бірнеше жыр жинақтары жарыққа шыққан. «Жалын»
журналының жабық бәйгесінде «Сейткүл» поэмасымен
жүлделі үшінші орынға ие болды. Қазір Алматы қаласында
тұрады.
АЛМАТЫҒА АТТАНУ
– Абзал аға, сіздің Алматыда тұрып жатқаныңызға ширек
ғасырға жуық уақыттың жүзі болыпты. Алыс қала астанаға
қоныс аударуыңызға не себеп болды?
– Негізгі себеп поэзияға деген құмарлығым болса керек.
Әдебиеттің қазаны қайнап жатқан ортаға жақын отырғанды
жөн көрдім. Жылы орнымнан жылжып кетуіме жанама
себептер де болмай қалған жоқ.
Сол жылдары Балқаш қаласы маңайынан құрылған
Приозерный ауданының «Ленин жолы» газетінде тоғыз
жылға тақау уақыт қызмет істеп едім ғой. Газеттің негізін
қалаушы әрі тұңғыш редакторы, жүйрік журналист –
Төлеухан Оразбековтың ұйтқы болуымен жаңа ұжым да
тез қалыптасты, жас газет те аяғынан тік тұрды. Өкініштісі
жаны жайсаң, кісілігі кемел сол бауыр өмірден ертерек озып
кетті.
Оның орнына аупарткомның нұсқаушылығынан келген
редактормен басым пісе қоймады. Ол өзінше бір керім
болғысы келді. Редакторлық іспен нұсқаушылықты жиі
шатастырып алатын «керімдік» кімге қажет?! «Өзін тым
еркін сезінеді» деген желеумен арыз жазып, мені аупартком
бюросының алдына да апарған. Бюро ол сұраған екі жазаның
біреуін ғана қолданды. Сөгісін арқалатты да қызметінде қала
берсін деп шешті.
1985 жылдың көктемінде кезекті өлеңдер жинағымның
қолжазбасын тапсыру үшін Алматыға келдім. Ондағы
жігіттер менің баспаға қызметке ауысуымды сұрады.
Баспаның сол кездегі екі үлкен басшысының бірі, белгілі
жазушы Бексұлтан Нұржекеұлының батасымен мен бір
сәтте баспа қызметкеріне айналдым.
– Жаңылмасам, баспапқы он жылда сіз кемінде бес рет
қызмет орнын ауыстырған екенсіз. Бұл отырықшылдықты
кеш мойындаған көшпелі қазақтан қалған мінез бе, әлде
басқа да себебі бар ма?
– Сырттан келген қазақ үшін үлкен қаланың үлкен
проблемаларының
бірі
баспана
мәселесі.
Қызметтен
қызметке ауысуым сол мәселенің оңтайлы шешімін табуға
деген талпынысым болса керек. Екіншіден бұл қызметтерге
мен өзім сұранып емес, сол редакция басшыларының
шақыруымен бардым.
«Жалында» қызмет еткеніме екінші жылға айналғанда
«Социалистік Қазақстан» газетінен маған «құда түскен»
хабар жетті. Аға газеттің бас редакторының орынбасарлары
– белгілі жазушы, аудармашы Сарбас Ақтаев пен белгілі
ақын, әдебиет сыншысы Әбірәш Жәмішевтің қабылдауында
болдым. Екі ағаның да сырттай атын естуім болмаса,
жүзбе-жүз кездесуім осы еді. Алдымен ауыл шаруашылығы
бөлімінің тірлігін дөңгелеттік. Көп ұзамай қазіргі үлкен
ғалым Құлбек Ергөбек екеуміз әдебиет және өнер бөлімінің
пұшпағын илей бастадық. Бастығымыз Қойшығара Салғарин
мінезге кең кісі. Кейде біз үшін бас редактордан ескерту
естіп жатса да бар айтатын ауыр сөзі: «төбеңді көрмеңдер»
болатын. Жалпы, Құлбек екеуміздің «төбемізді көрмейтін»
кезіміз анда-санда болып тұратын.
ҚЫЗМЕТТЕГІ КӨШПЕЛІЛІК
– Сіз атақты жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның
үздік Бас редакторы атанған шерхан Мұртазаның тұсында да
«СҚ»-ыда қызметте болдыңыз. Шерағаңның қарамағында
жұмыс істеу қалай болады екен?
– Шерхан аға қазақ баспасөзінің қаймағы деуге тұрарлық
қанша газет-журнал болса солардың бәрінде де бас
редактор болып, биік деңгейге көтерілген адам. Ол мұнда
«Социалистік Қазақстанның» ондаған жылдар бойы сіресіп
қалған тоң-мұзын жібітуге келген еді. Аз уақытта мақсатына
жетті. Бір ғажабы ол мұны сырттан талантты кадр сүйремей-
ақ, ескі құрам, байырғы ұжымның өзімен-ақ жүзеге асырды.
Бас редактордың жаңа қызметіне енді ғана кіріскен кезі
болатын, «шақырып жатыр» деген хабар жетті. Ұлытауға
іссапарға дайындал. «Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің
бе?» деген тақырыбында экология проблемасын қозғайтын
материал жазып келесің деді. Мен дәрменім жетіп, Қарағанды
облысына барсам қайтеді дедім. Аз-кем ойланып отырды
да: мақұл, ол жақта да Семей полигонының зардабы оңай
болып тұрған жоқ. Сен жылқы малына назар аударшы. Бұл
түліктің етін жеп, сүтін ішкен адамның радиация зиянына
қарсы қауқары күшті болады дейді. Жылқы малының өзі де
оған бой алдырмайтын көрінеді,» – деді. Мен бар өнерімді
салып «Жылқы жатыр шұрқырап жел өтінде» деген очерк
жазып қайттым.
Материал бас редактордың алдынан аман-есен шықты дегенді естіп, пендешілік қызығушылықпен терілуге кеткелі жатқан материалымды барып көрдім. Редактор бірнеше сөздерді ғана өзгерткен екен. Оның біреуі – А. Бөкен деген жазуда менің атымды қара сиясымен толық қалпына келтіріп қойыпты. Очерк шыққан нөмірді талқылауда менен бақытты жан жоқ еді. Талқылауды қорыта келіп Шерағаң: «Мына Абзал Бөкен барып тұрған очеркист екен. Бұл қазақтың Овечкині екен», – деп мені біраз көтеріп тастады. Овечкин – сол тұстарда Мәскеуде шығатын бір үлкен газеттің атышулы журналисі ме деп ойлаймын. Әрине, жүиелі жұмыс жөнінен мен Овечкиннің шаңына да ілесе алмайтын адаммын. Бірақ, ықласы құлап тұрған аға көтерсем көк аспанға бір-ақ көтерейін деген болуы керек. Бірде бас редактор менің тұрмыс жағдайымды сұрастырды. Мен баспанамның жоқ екенін айттым. Ол кезде пәтер бөлу мәселесі Г.В. Колбиннің «Тұрғын үй-91» бағдарламасы аясында ғана жүзеге асырылатын. Сырттан әрекет ету болмайтын. Мен әлдебір себептермен бұл бағдарламаға ене алмай қалғам. Тобықтай түйініне келсек, жуық маңда пәтер ала алмайтын болдым. Шерхан аға не бел шешіп кірісе алмады, не шынында да шарасыз еді. Жазған материалдарың мақталып жатқанымен, тірлік-тұрмысыңа өзгеріс әкелмесе ол мақтаудан не пайда? Ал, сауалыңның тоқ етер жауабы – Шерағаңның қарамағында істеген, көңілінде сәулесі бар азамат шар болаттай шыңдалып шығады екен. Сөйтіп жүргенде «Жалын» баспасындағы бұрынғы бастығым Бексұлтан ағамен кездесе қалайын. «Пәтер алдың ба?» – болды ол кісінің бірінші сұрағы. Үйреншікті жауабымды қайталадым. «Олай болса сен бізге ауыссаңшы. «Парасат» журналы қызметкерлерінің бәрінің де баспанасы бар. Заманбек Нұрқаділовке айтып, бір лажын жасармыз. Ол біздегі редакциялық кеңестің мүшесі»,- деді. Мен келісім бердім. Бірақ, өтініш жазып газеттен шықпайтынымды, редакторымнан өзінің сұрап алуын өтіндім. Бекең мені ертіп кеңсесіне кірді. Дереу телефон құлағын
бұрап, Шерхан ағаны іздей бастады. Сөйтсе, ол кісі
Совминнің ауруханасында емделуге жатыр екен. Ағаның
телефон нөмірін тауып алған болашақ бастығым амандық-
саулықтан соң әңгіменің төтесіне көшті. Бірақ екі бастықтың
арасындағы сөз ұзай берді. Телефонның арғы жағындағы
адам менің орныма басқа қызметкерлерді ұсынатын тәрізді.
Оны Бекеңнің жұртты күлдіре тауып сөйлейтін әдетімен
«Аян өзіме бастық болып алмай ма?» деген сөзінен аңғардым.
Мөлшері 20 минуттың мұғдарында телефон тұтқасын
тұғырына қондырған Бексұлтан аға маған қарап: Апыр-
ай, Абзал, Шәкең сені қалай керемет жақсы көреді. «Кеше
«Халық кеңесі» бір керегемдей Жұмабек Кенжалинді алып
кетіп еді, енді сен бір қабырғамдай Абзалды суырып әкетіп
отырсың»,- деп тіпті бой бермеді ғой,- деді. Сонымен мен
«Парасатқа» жауапты хатшы болып келдім. Бірақ мен
армандаған пәтердің төбесі мұнан да көріне қоймады. Бұған
Бекеңді кінәлаудың реті жоқ еді. Ол кісі де біреуден сұрап
от- ыр. «Кісідегінің кілті аспанда» деген. Бұл екі арада бас
редакторымыздың өзі де басқа қызметке ауысып, орнына
жазушы Смағұл Елубай келген болатын. Тағы бір қызмет
ауыстыратын уақыт тақап келе жатты.
ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ
ҚАРАМАҒЫНДА
– Сіз Қазақстан мен Түркия арасында ашылған еларалық
газет «Заман-Қазақстанды» меңзеп отырсыз ба?
– 1991 жылдың жаз маусымы болар, журналдың кезекті
саны шығайын деп жатқан. Баспаханада «СҚ»-дағы бұрынғы
бастықтарымның бірі Әбірәш Жәмішевпен ұшырасып
қалдым. Тағы да сол сұрақ алдымнан шықты. «Жоқ, әлі
пәтерсіз жүрмін»,- дедім. Әбекең еш ойланбастан: «Сен
журналды таста, Қалекеңе кел. Ол кісі жаңадан газет ашып
жатыр. Мен сонда жауапты хатшымын. Жаңа мекеме ашылып
жатқан алғашқы тұста өкімет оны керек жарағымен, қызмет
машинасымен, бірді екілі пәтермен қамтамасыз ететінін
білесің. Бір жағынан редакцияға қарымды қаламгерлер де
керек. Мен Қалекеңе сенің жағдайыңды әбден түсіндіріп
айтайын. Екі-үш күнде хабарласам деді.
Мөлшерлі мерзімде Әбекең хабарласты «Тез жет,
Қалекеңе алып кірем» – деді. Жедел басып, «Егемен
Қазақстан» мен «Каз.Правда» орналасқан үйге таяп келем.
Тоғыз қабат қызыл үйдің алдында Шерхан аға машинасына
мініп, кеткелі жатыр екен. «Абзал Бөкен, сені «Егеменнің»
қыздары сағынып жүр ғой, қайтып келмейсің бе?» – деді.
Мен: «кейінірек келермін, аға», – дедім.
Қалағаң көңілді отыр екен. Айтқан балаң осы ма? – деді
Әбекеңе қарап. Сөйдеді де: «Аты жөнін еміс-еміс бұрын да
естуім бар еді. Ал, енді бұл жігітке қандай жұмыс бересің»,
– деді. Әбекең бос тұрған бөлім меңгерушілігін ұсынды
да бұйрық дайындау үшін шығып кетті. Қалаекең мол
кеудесімен маған бұрыла қарап: «Жағдайыңмен Әбіраш
ағаң арқылы таныспын. Жазу қолыңнан келетін жігітсің.
Біраз шиырлап жүріп қалған екенсің. Уақасы жоқ, бір лажын
жасармыз», – деді. Менде пәтер мәселесі шешілер, деген
үміт оянды.
Айтқанымдай-ақ, үш-төрт күн өтпей жатып-ақ бас
редакторымыз шақырып алды да, үш және төрт бөлмелі пәтер
бар екенін айтты. «Сенің осы отбасы құрамың қандай еді,
ауылда қарияларың бар ма? – деді. Мен ауру кәрі шешем мен
бауырларымның бар екенін, бірақ, өзім пәтердің шағындау
болғанын қалайтынымды білдірдім. «Онда ертең үш бөлмелі
пәтердің кілтін берем, құжаттары кейінірек дайын болады,–
деді.
Ертеңіне Қалағаң кешегі сұрағын қайталап, аузыма сөз
салғандай болды. Мен: «Қалаға, маған үш бөлмелі пәтер
бұйырса, хан сарайынан да артық дедім. «Ой, жолбарысым-
ай!» – деп бастығым маған кеңес үкіметі салған ең соңғы
жаңа үйден жаңа пәтердің кілтін ұсынды. Әр жағындағы
сезім толқынын сөзбен жеткізу қиын. Тек, Қалтай ағаның
қиналған кісіге қолұшын беруге келгенде алдына жан
салмайтын Атымтай мінездің адамы болғанының бір дәлелі
осы емес пе?!
–Сіздің
әдебиетте
апыл-тапыл
басқан
алғашқы
қадамыңызға қамқор көзбен қарап, бағыт-бағдар берген
адам ретінде кімді атар едіңіз?
– Ақселеу Сейдімбеков. Әрине, сол кісі. Жастау кезімде
Қарағанды жағында жүргенде әдебиет дегеніміздің не
екенін, қандай кітап, газет-журналдарды оқу және оны қалай
оқу қажеттігін, уақыт ағынынан қалып қоймау үшін не істеу
керегін тәптіштеп түсіндірген сол кісі. Кезінде «Орталық
Қазақстан» газетінде қызмет істеп жүргенімде жатаханадан
орын алып беремін деп облыстық комсомол комитетінің
хатшысына дейін барған.
Алматыға жылына бір рет қолжазбамды құшақтап кеп,
қонақ үйге тоқтаймын да Ақаңа телефон шаламын. Ақаң:
Әй, сол қонақ үйің орнында тұра берсін, үйге кеп Орал
тәтеңнің шайын ішіп, жайланып жатпайсың ба, – дейді.
Мен қонақ үйден Ақаңның үйіне көшіп аламын. Ауылда
аузыма анда-санда тиетін айран мен ашыған көжені ағаның
үйінен ішемін. Ақаң өзі баптаған сарыала қазыны осында
кертемін. Ертесіне иір-қиыр колжазбамды «СҚ»-ның
машинисткаларына тапсырып, әп-сәтте бастырып тастайды.
Арасында аға газеттің «Бес өлең» деген айдары аясында бір
шоғыр жырымды да жариялатып жібереді. Мұны өзі емес,
кызметкері Кеңшіліктің қолымен жасайды. Бұл да саясат
болуы мүмкін. Менің өлеңім үлкен газетке ағам Ақселеудің
қолымен емес, торгайлық Кеңшіліктің қолымен кеткені жөн
ғой.
Менің сол жылдары ең беделді «Жалын» әдеби жабық
конкурсына қатысуыма қозғау салып, жазатын поэмамның
тақырыбы мен сюжетіне дейін тауып берген Акаң. Сол аламан
бәйгеде көмбеге Дәуітәлі екінші, мен оның құйысқанын
тістеп, үшінші болып жеткенде Ақтоғай ауданының алыс
ауылында жатқан маған «Сүйінші!» – деп хат жазуға уақыт
тапқан адам да – Ақаң. Сол басыма көлеңке болған Қалтай аға
мен бозбала шағымда бағдаршам болған Ақселеу көкеме не
көрсеттім «Аға»,– деп алақанын ұстауға жарамай жүргеніме
де көп жылдардың жүзі болды.
АҒАЛАРДЫҢ АЙНАЛАСЫНДА
– Аға, қолына қалам ұстаған кім үшін де әдеби ортаның
ордасы болған. Алматы арман қала. Халқының көркем
ойын арқалаған қалам қайраткерлерінен кімдермен жуық
жүрдіңіз? Естір құлаққа бұл да бір ғанибет әңгіме ғой.
– Оның бәрін айта берсек сөз аяғы ұзап кетеді. Сондықтан
жастар жағын жаба тұрып, ақсақал ағалармен ұшырасап
қалған бірер сәтке тоқталайын. Кезінде қырғыштың
қырындай ғана өлеңдер жинағымды тым жоғары бағалап,
«Қазақ әдебиетінде» толымды пікір білдірген Мұзафар
ағамен мен «Егемен Қазақстанның» тапсырмасы арқасында
кездестім. Ақын ағамыз межелі бір жасқа толып жатқан.
Мұндай оқиғаны газет шет қалдырмауы керек. Материалды
ақынды жақсы білетін және жанына жақын жүретін інісі
Қадыр Мырзалиев жазуы керек болатын. Алайда, ол кісі
депутаттық қызметінен қолы тиіңкіремей мақаланың
сұлбасын салуды маған аманат етті. Өзі үстінен қарап
шыққан соң, қосалқы автор болатынын мәлімдеді.
Мұзағамен тілдесу қажет болды. Болжаусыз келер
қонаққа деп сақтап жүрген сыңар қазының жартысын
пісіріп, жанына жұлдызы жымыңдаған тобылғы торыны
қосып тауда демалып жатқан атақты Әлімбаевқа тарттым.
Аға мені ежелгі танысындай қарсы алды. «Жақсыда жаттық
жоқ», деген сөз тура осы кісіге қарап айтылғандай екен.
Үш-төрт сағат әңгіме аясында ағаның кең пішілген кісілік
келбетін, дариядай шалқыған таным-талғамын барынша
бажайлағандай болдым. Қадыр аға екеуміз қол қойған осы
материал «Егемен Қазақстанда» жарық көрді.
Мен ақынның 80 жылдығына да арнап «Мұзарт шыңдай
Мұзағаны» жаздым. Атырау облыстық газетінің редакторы
Қабылов мырзаның осы мақаланы қабылдап алғаны туралы
пошта құжаты келген еді...
Сол жылдары қалың бұйра шашым өз қарамағымда
болатын. Бұйра шашым мен бақырайған көзіме қарап,
Мұзағаң мені «Мағжан бала» деп атады. Ағаның мені ұлы
ақынның мазмұнына ұқсатпаса да түріне ұқсатқанының
өзін дәтке қуат етемін. Менің пәтер жағдайыма үнемі
алаңдаушылық білдіріп жүретін Мұзағаң 1996 жылы
мамырдың 13-де «Қазақ елі» еларалық газетіне «Абзал
Бөкеннің қойын дәптеріне» деген өлең жариялап, онда
былай депті:
Бұлттанып, буырқанып күн кешесің,
Шайқай да бермесеңші мұң кесесін.
Қу тірлік қимай жүрсе құжырасың
Саған да ел қияды әлі бір көшесін.
Қазақтың шарлай-шарлай қыр, даласын,
Теңіздей сапырасың мұң-наласын.
Тіркемей жүрсе әзірге астанаға,
Атыңа қояды әлі бір қаласын.
(27.11.1992 ж.)
Ағаның ініге деген шынайы тілеуқорлығының бұдан
асқан үлгісін табу да қиын шығар.
Мен асылдың сынығындай, ағынның тұнығындай ағама
ұзақ ғұмыр тілеймін.
Кезінде алысқанмен алысып, шалысқанмен шалысып
белсенді тірлік кешкен Әлжаппар Әбішев ағамыз 80-ші
жылдардың соңына қарай шау тартып, шаршаңқырап қалған
еді. Қыран құстың қанша қартайса да, көңілі көкті аңсайтыны
тәрізді заманында ақсұңқар құстай түлеген, азуын айға
білеген ағамыздың да өткен дүрмекті күндерін сағына еске
алып, көңілі бір серпіліс-сергуді күтетіні анық еді.
Мен «Социалистік Қазақстанның» сол тұстағы редакторы
Көрік Дүйсеевтің қолдауымен Әлжаппар ағадан сұхбат
алдым. «Шындықтың шарайнасын шаң қаппасын» деген
атпен «СҚ»-ның бір бетін түгелдей иеленген бұл әңгіме
ағаның көңілін бір көркейтіп тастағаны анық.
– Сіздің әйгілі «Қазақта әнші көп те Шәмші біреу» атты
әйгілі мақалаңыздың да шығатыны да осы тұс емес пе? – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ өнерінің дауысын әлемге жеткізу мақсатында «Азия даусы» халықаралық конкурсы ұйымдастырылды. «Социалистік Қазақстанның» әдебиет және мәдениет бөлімінде істеймін. Жерлесіміз Мақпал Жүнісованың жаңа ғана шыға бастаған кезі. Негізі журналистикада материалды берген кезде тақырыбы құлпырып, оқырманды тартып тұруы керек. Тақырыбы тартып тұрса астындағы мақалаға да оқырман көз жүгіртеді. Ал, енді керемет асыл материал жазылып, тақырыбы, айдары келіспей тұрса оқырман оны атүсті қарап өте шығуы мүмкін. Менің журналистік тәжірибемде көбіне материалдың тақырыбы қабысып тұруына көп көңіл бөлемін. «Медеуден әуелеген меруерт әуен» деген сияқты тақырыптарды осылай қоюға машықтандым. «Қазақта әнші көп те Шәмші біреу» мақаласы да сондай ізденістің нәтижесі. Қадірлес редакторым Шерағаң осы тақырыпты да біразға дейін тамсана айтып жүрді... Оқырмандардың ықласы тіптен бөлек болды. Еңбек жолыңызды «Орталық Қазақстан» газетінде бастадыңыз. Қара шаңырақтың табалдырығын аттаған сәтіңізді есіңізге түсіріп көріңізші? Иә, мен журналистік қызметімді «Орталықтан» бастадым. Мұны әрі мақтан етемін. Университетте оқып жүргенімде ара-тұра осы газетке өлеңдерім шығып тұрды. «Жалын» альманағына, «Жұлдыз» журналына жырларым басылды. Соны редакциядағы ағаларым байқаған болуы керек, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін іле мені осы редакцияға қызметке шақырды. Курстасым, жаңарқалық әріптесім Сәбит Бексейітов бірер айдан кейін ол да осында қызметке шақырылды. «Орталықтағы» аға журналистерден кіммен қызметтес болдыңыз? Тікелей бөлім бастығы Қайыркен Сұлтанов қабылетті журналист болатын. Қарамағында әдеби қызметкер болдым. Белгілі ақын Матай Айнабековпен қолтықтаса қызмет
жасадым. Аға журналист Қағазбек Сәденов айтары бар
ағалардың бірі еді. Осы ағалар қалам-қағаз ұстамай-ақ
сағаттар бойы машинкаға диктовка жасап, бір сөзін де шашау
жібермей дарындылығын көрсететін. Асығыс кезде шағын
мақалаларды тездетіп айтып жіберуді біз сол кісілерден
үйрендік. Масғұт Халиоллин ағамыз Ақтоғай топырағынан,
қанатының астына алды. Рымқұл Сүлейменов жүйрік
журналист, қаламы қарымды прозашы еді. Жазған әңгімелері
алтын қасықтай, қорғасын құйған сақадай. Көп жазып, көп
берген жоқ. Бірақ, аз берсе де саз беріп, әдемі, дәмділеп берген
прозаик. Осы ағалар бізді тәрбиеледі, қалай жазу керектігін
үйретті. Газет шығарудың қыр-сырына баулыды. Сол кезде
«Орталық» «Социалистік Қазақстаннан» кейінгі, соның
оң жамбасын басып отыратын газет болды. Журналистері
қабілетті, ойлы, мектебі мықты газет болды. Ағалардың үміт
күткен інілері бүгінде сол дәстүрді жалғастыруда. Газеттің
мазмұн, көркемділігінен соны аңғарамын. Бүгінде жетекші
болып отырған Мағауия бауырым республикаға танымал
көсемсөзші, «Егемен Қазақстанның» шығармашылық қара
қазанында қайнап, ысылған журналист деп білемін.
Бірде Қарағандыдан Серік Ақсұңқарұлы келе қалды.
Әлжекеңмен әуелден жақын жүретін ол Дәуітәлі екеумізге
ақсақалға сәлем беріп шығайық деді. Ағаның үйі Жазушылар
одағының дәл іргесінде. Бала-шаға шаруасымен кетіп, жалғыз
отыр екен. Біздің келгенімізге қуанып қалғаны байқалды.
Жасаулы тұрған шай үстелге шақырып, «ақындар мұнсыз
жүрмейді», – деп бір коньяктың қалпағын қақты. Әлі де
қайта қоймаған етжеңді, дембелше дене бітімімен жорғалай
қозғалып, төрт рюмкаға тобылғы торыны тамызды. «Қош
келдіңдер»,– деп тартып салды да, «мен осымен болдым,
қалғанын өздерің көре беріңдер», – деді. Жұмакеннің «Ауыл
бару» деген өлеңінде: «Қош келдің деп ақсақал қағып салса,
сен де, әрине, далаға төкпейсің ғой»,– деген жыр тармақтары
бар еді ғой. Тура сол сурет қайталанды. Серік екеуміз де
«далаға төге алмай», ағамыздың әрекетіне көштік. Дәуітәлі
бөгеліп қалды. Оның сырқаттанып жүрген кезі еді.
Сонда бір таңқалғаным – жас айырмашылығымыз әрқилы
төртеуміздің төбеміз бір столдың басында қатар құрбыдай
жарасымды түйіскені. Бізді «қатар-құрбы» еткен жасартушы,
жаңғыртушы қасиеті кемел әдебиет атты құдырет болатын.
Сол жолы атамыз айтқан арналы әңгіме әлі де құлағымда
тұр...
90-шы жылдардың басы болар, қызмет телефоным шыр
ете қалды. Сафуан Шаймерденов ағамыз екен. «Кеңесетін
шаруа бар, үйге келіп кетсең қайтеді»,– деді.
Өз ұғымымда, Сафекең өмірде қандай кербез, сырбаз,
әсем адам болса оның шығармашылығы да сондай сырлы,
нұрлы нұсқалы әлем. Оның сондай екенін сол әлемді кезген,
сезген адам біледі. Оған қоса желтоқсан көтерілісі кезінде
Жұбан ағамен тізе қоса отырып, Қазақстанға қаскөй болып
келген Г.Колбинге айтар сөзін қаймықпай айтып салған
батыр мінезі және бар.
Ағаны осыдан екі-үш жыл бұрын қайтыс боп кеткен
классик
жазушымыз
Ғабит
Мүсіреповтың
аманаты
толғандырулы екен. Ғабең кезінде жасы ұлғайып келе
жатқанын әрі артына ие болар ұл баласы жоқ екенін ескере
отырып, тірлікте жиған дәулетін отбасы мүшелеріне, жақын
туыстарына қанша мөлшерде бөліп беру керек екенін екі
мәрте хатқа түсірген екен. Сол құжатта пәтерін мұражайға
айналдыруға, қабірінің басын түзеп, ескерткіш орнатуға
да қажетті қаржы мөлшері нақты көрсетілген. Және осы
құжатта аталған жұмыстарды жүзеге асыруды Әлжаппар
Әбішев пен Сафуан Шаймерденовке аманат етіп тапсырған.
Алайда, аға артында қалған дөңгелек дәулетті оның өсиет
еткеніндей емес, көрпенің шетін өзіне қарай тартып, көбірек
қарпып қалу тұрғысында бөлісуге тырысушылар да табылған.
Қазақта «аманат жүгі ауыр» деген сөз бар. Ескіден қалған
ереже бойынша егер саған сенім артқан біреу бір шаруасын
аманаттайтын болса, әрі сен оны қабыл алған болсаң, өз
шаруаңды тоқтатып қоюың бар, әлгі аманатты орындауың–
парыз. Кісілік қасиеттің бір өлшемі дегеніңіз – осы. Сафуан
Шаймерденов пен Әлжаппар Әбішев ағаларымыз ұлы
Ғабең аманат еткен шаруаны қиын да болса қисынын тауып
орындап шықты. Сафуан ағаның тартуымен бұған біз де өз
септігімізді тигіздік. «СҚ»– да проблемалық мақала жазып,
аманат жолынан ауытқушыларды ауыздықтауға атсалыстық.
Өзім жақын білген жазушылардың ішінде білімге кенені
де, кемелі де Қалтай Мұхамеджанов қой деп ойлаймын.
Бір саланы бекем игергендер көп те, бар саланың басын
қосқандар аз. Қалекең соңғысына жатар еді. Қай тақырыпты
қаузап, қай тарихты қозғасаң да тайпалған жорғадай жетелеп
ала жөнелетін.
90-шы жылдың ортасы болар, Қалекеңе Фарида тәтемді
8 наурызымен құттықтап шығатынымды айттым. Қалекең:
«олай болса, сен жалғыз келмей, келінді ерте кел. Түске
қарай үйден күтеміз», – деді. Үй үлкен екен. Қалағаң
соңғы екі мәрте пәтер ауыстыру кезінде орталық Комитет
хатшыларынан босаған пәтерлерге кіріп отырған ғой. 20
адам еркін жайласатын ұзын столдың төргі жақ басына
дастархан жасалған екен. Ағамыз мені төрдегі орынға қарай
икемдеп «ал отыр» – деді. Мен төрдің төбесіндегі орынға
отыруды ыңғайсыз санап, соның қасындағы орындыққа тізе
бүктім. Мен жайғасқаннан кейін Қалағаң былай деді: «Абзал,
мынау төрде тұрған кресло кезінде Мұхтар Әуезов отырған
кресло еді. Шыңғыс Айтматов кішкене ұлын ырым етіп, осы
орындыққа аунатып алған. Мен де іштей ырым етіп сені сол
орындыққа отырса деп едім. Сен отырмадың... деп өкініш
білдіргендей болды да, әңгіме желісін басқа жаққа бұрып
әкетті. Бұл екі арада жылқының қара қоңыр тартып әбден
дәмі кірген семіз еті салынған үлкен табақ та алдымызға
келіп қалған.
Бұл мысалды келтіре отырып айтайын дегенім – халық
таныған Қалағаңның аса қарапайымдылығы. Ұжымды
колхоздың әпербақан басқармасы құсап емес, демократиялық
тұрғыда басқарғаны. Әйтпесе, бәйбішеме бес тал гүл
сыйлайды екен деп қарауындағы жүдеубас қызметкерін
өзімен тең көріп, төріне шығарып, төре табақ сыбаға тартып
жатқан қай бастықты көріп едіңіз?!
Қалекең бірде мені Президенттің Павлодар облысына баратын сапарын жазып қайтасың деп Елбасының қызмет ұшағына салып жіберді. Менен басқа Мәскеудің «Труд», «Известия», «Литгазета» газеттері мен «Вести» телеарнасының тілшілері бар еді. Ұшақ әуеге көтерілген соң Президенттің баспасөз хатшысы Елбасының бізбен сәлемдесуге келетінін айтты. Сәлден соң біз отырған салонға спорт костюмін киген Нұрекеңнің өзі де келіп кірді. Әрқайсымыздың қолымызды ұстап, шығармашылық табыс тіледі. Президент шығып кеткеннен кейін қызметші қыздар бірнеше жылжымалы арбамен сусын әкелді. Арасында шет елдік сыралар да молынан көрінеді. Тағы біршама уақыт өткенде түскі асымызды жеткізді. Жеті қат көк үстінде, Президент ұшағы ішінде түскі ас ішем деп, ал күні бойғы жүгірісжүрістен кейін түн жарымда берілген банкетте Президенттің екі оққағарымен жамбас түйістіре отырып рюмка қағыстырам деп кім ойлаған?! «Алматыда қандай жақсылармен жолыңыз түйісті?» – деген сұрағыңа жележорта берер жауабым осындай. БЕРГІ КҮНДЕР БЕДЕРІ – Біреулер сізді бизнеспен айналысуына байланысты өлең ауылынан алыстап кетті дейді. Шынында да көп жылдар көрінбей қалғаныңыз рас. Себебі неде? – 1990 жылдар ел үшін ерекше қиын кез еді ғой. Сабан ақшаны жүндей сабасақ та, майы шыққан жоқ. Қазақтың Қалтайының: «базардан не көрдіңіз» – деп сұрағанда: «базардан бір келі алмаға бес келі ақша сұрап отырған кемпірді көрдім», – дейтіні осы тұс. Жоқшылыққа жол бермейінші деген ерегес сезімі оянып, ақша жасау қамына кірістік. Біраз көтерілдік. Осыны біреулер бизнес деп ойлапты. Әрине, бұл толық мағанасындағы бизнес емес еді... Дағдарыс дендегелі бері ол тірліктің өзі де тоқтап қалды. Алайда, менің жазуыма, жариялануыма селқос
қарауымның басқа да себебі бар. Жан-күйімде жарақат бар-
ды... Көңіл бүтін болмады. Қазақта көңілсізден қандай ұл
туатынын айтып кеткен мәтел бар ғой. Сондай боп қалмасын
деп аз жазсам да бабымен жазуға тырыстым. Жариялануға
бұрын да, қазір де мүмкіндігім бола тұра солай етуге асыға
қоймадым. Әлі де асығып тұрғам жоқ.
– Сіз – туған ауданыңыздың тұмар-әніндей болып 35
жыл бойы шырқалып келе жатқан «Ақтоғай – алтын бесігім»
әні авторларының бірісіз. Осы әннің туу тарихы туралы
әңгімелей кетсеңіз.
– Әннің өлең тексіне байланысты жағын айта отырайын.
Өткен ғасырдың 1974 жылы болар, аудан орталығындағы
шаруамды тындырып ауылға қайтқалы тұрғам. Кенеттен
«Тоқырауын толқындары» ән-би ансамблінің көркемдік
жетекшісі, сазгер Дәртай Сәдуақасовпен ұшырасып қалдым.
Ол өзінің жаңа бір ән туындатқанын, соған лайықтап өлең
мәтінін жазып беруімді және оны кейінге қалдырмай жедел
жазып беруімді сұрады. Мен қазір жүргелі тұрған автобуспен
елге жетіп алу қамында едім. Түрлі сылтаулар айтып, бұл
шаруаның қолымнан келмейтініне сендіруге тырыстым.
Бірақ Дәкең алған бетінен қайтар болмады. Қолымнан
жетелегендей болып, Мәдениет үйіндегі кабинетіне алып
кірді. Жұмыс столына отырғызды. Алдыма қағаз бен қалам
қойды. Әннің буыннан, бунақтан тұратын өлшемін беріп,
есікті сырттан құлыптап кетіп қалды. Кетерінде: «қашан
жазып болғаныңша есік ашылмайды»,– деді. Қамаудан босап
шығу үшін жазу керек болды.
Ет пісірім уақыттай айналдырып, бір жобаға келтіргендей
болдым. Ішкі жақтан есікті тықылдаттым. «Тындырдың ба?»
– деп сұрады ар жақтағы дауыс. «Солай сияқты»,– дедім.
Дәкең мен тындырған жұмысты қанағат сезімімен
қабылдады. Ал, мен бұл оқиғаға сол сәтте жеткілікті
мөлшерде мән бере алмаған едім. Дегенмен, екі жағымыз
да тағдырымызға дән риза едік. Сазгер әннің қос қанаты
бүтінденгеніне қуанса, ақын сазгер ағаның «қысымынан»
құтылғанына шүкіршілік еткен.
– Ал, осы әннің республикалық деңгейде насихатталуына
әрекеттеніп көрдіңіз бе?
– Мен радиоға құлақ төсегіш адам емеспін. өзіме қажет
хабар- ошарды басқа көздерден аламын. Алайда, осы ән
«Тоқырауын толқындары» ансамблінің орындауында өзге
әндермен қатар қазақ радиосынан соңғы жылдарға дейін
оқта-текте беріліп келгені есімде. Ал, арнайы насихаттау
қажет-ау деген ой басыма келе қоймапты.
–Атақ-дәрежеге қалай қарайсыз. Өзіңізде ондайдан
ештеңе бар ма?
– Сыйлық, мақтау-марапат мүлде қажет емес деуге болмас.
Әңгіме соның кімге берілуінде. Кейде жазғанының жілігі
татымайтын адамдарға да мәртебелі марапат ұсынылып
жатады. Үлкен сыйлық – үлкен арба. Оны тартуға белі жуан
бесті ат керек. Үкі тағылған есек бәрібір өрге тартып шығара
алмайды. Бұл жерде не есек майып болады, не үкі ғайып
болуы керек. Екеуінің басы бәрібір ұзақ мерзімге бірікпейді.
Өз басыма келсек, анау айтқандай, мәртебелі марапатым
жоқ. Қазақстан Журналистер одағының, түрлі әдеби
конкурстардың мерейгері деген сияқты майда-шүйде
нәрселер ғана бар. Меніңше жазған дүниең дәмді болып,
мың адамның ішінен он адам соған бейіл болса, сыйлықтың
үлкені - сол. Жуырда жаңа жинағымның версткасын жасап
жатқан қыз: аға, өлеңдеріңіз жақсы екен», – деді. Сезіне
білген жанға сыйлық дегеннің төресі осы емес пе?!
– Туған ауданыңыздың құрметті азаматы шығарсыз?
– Жуырда құлағыма осындай қуанышты хабар тиді. Мені
мұндай құрметті атаққа лайықты деп шешкен құзырлы
орындарға тілеулес азаматтарға ризашылық сезімімді
білдіремін.
– Жаңа ғасырдың басында сіздің шығармаларыңыздың
бір томдығы жарық көрген болатын. Сол кітабыңыздың
деңгейін қалай бағалайсыз?
– Мен жазған дүниелердің дені аталған «Шың мен
шыңырауда» бас қосқан болатын. Өкінішке орай, бұл кітапта
көңіл байырқалататындай деңгей сақталмады. Жақсысына
қосылып жаманы да, дәніне ілесіп сабаны да еніп кетті.
«Жазушы» баспасынан жарық көріп жатқан жаңа кітабымда
өткеннің қатесін қайталамауға тырыстым. Жаңа өлеңдерімді
жазу кезінде ой түзу мен сезімді сүзудің таптауырын болған
тәсілдерінен қаштым.
Әрине, бұл айтылғандар – менің жеке пікірім. Өз көңілім
олқысынған дүниеге өзгелердің көңілі толып жатса, немесе
керісінше болса, «мұның қалай»,– демеспін.»Талғамға талас
жоқ»,– деген емес пе?!
– Алпыс жасыңызды қалай сезіндіңіз?
– Алпыстың екі қапталында екі көршісі бар ғой. Бірі - бергі
жағындағы елу, екіншісі – арғы жағындағы жетпіс. Елудің
айтуына қарағанда, алпыс кәдімгідей кәрілік, ал, жетпістің
пайымдауынша, жайлауы жұтай қоймаған берекелі белес.
Демек, тең ортадағы алпыс адамды онша алаңдатарлықтай
кезең емес секілді.
Әйткенмен, бұрынғылар алпысты ақсақал жасы санап,
жауапкершілік жүгін артқан. Сол жүк – біздің де иығымызда
Асыл аға сізге мықты денсаулық, зор шығармашылық
табыс тілейміз туған елдің атынан. Қасиетті арқа жерінде
ыстық ықласпен кездесуге жазсын!
– Рахмет. Мен өзім танитын, танымайтын барша
бауырларыма ұзақ ғұмыр, берекелі тірлік тілеймін.
Ақтоғай - Алматы – Ақтоғай.
АБЗАЛ АҚКЕМ
ЕЛГЕ КЕЛДІ...
Мына қайнаған тіршілік, ойы мен қыры белгісіз,
байлығы мен бақуаты баянсыз өмір қағидасы үнемі қарама-
қайшылыққа толы, бітпес күрес. Әлгі ауызы дуалы зағип
жазушы бәлкім, сондықтан айтқан болар, «Өмір дегеніміз
– күрес». Ал, оны қалай жеңеміз, бақытты болуымыз үшін
күресе білуіміз керек қой. Мұны ақын, Абзал Ақккем
былайша жырлайды:
Бәрін де жеңдім,
Батыр – Мен.
Өзім кен және өзім кең:
Ақшаны жеңдім ақыммен,
Патшаны жеңдім төзіммен...
.. Дауыңды жеңдім ақылмен,
Жауыңды жеңдім қылышпен.
Абзал ақынның інісі Серік былайша толғайды. «Абзал
Ақкемді Алла алқап аруақ жебеді. Ол небір сиқыр әуен
миллион бояу, терең ой, тегеурінді сезімге сықаған қазақ
жырына өткен ғасырдың 70-ші жылдары ешкімге ұқсамайтын
өз болмыс-бітімімен келді, өзінше келді.»
Осы күнге дейін мен білетін Серік ағам кімді Ақкем деп
айтып еді, бір жас үлкендігі бар Абзалды өте қадірлейді,
талантына бас иеді.
Шындығы осы. Алаштың небір айтулы тұлғаларын
туғызған Ақтоғай өңірі қазақ мәдениетінің даму көшінен
кеше де, бүгін де қалған емес. Абзал ақын Ақтоғайға келіп,
ата қонысындағы жұртымен кездесті. Халқы сағынып
қалыпты ақынын. Ақын да батасын беріп, ұшырған елін де
қатты сағыныпты. Біз кейде айтамыз-ау, алыста жүрген ұлым
аман болсын дейміз, жақында жүрсе талантты перезентіне
кекіреие қараймыз. Түбінде байлығың да, мансап- қызметің
де, қос қабатты үйің де, құмды далада желмен жарысқан
Бен-Ладеннің алтын жалатқан «Мерседесі» де қалады. Қазақ
ұлтымен бірге жасайтын шын поэзия, мәдениет болса керек.
Ақтоғайдағы Мәдениет үйінде ақын Абзалдың ізбасарлары
арқаланып, балапан қыранша қомданып, шабыттанды-ай
келіп. Кімдер дейсіздер ғой, ақын ағасының кешін жүргізуге
Сағынтайдың Серігі жетті Қарағандыдан, толғап-толғап
ой кешіп, жыр кешін өлеңдете отырып жүргізді. Тағы бір
жас пері, Мүбарактың Бағдаты, Абзал әкесі жөнінде аталы
сөз айтты. – «Абзакеңнің өлеңдерінен 20 ғасырдағы қазақ
интеллектуалды поэзиясының бар сыр бояуы бойына жұққан
керемет үлгісін көре аласыз. Ал, ол поэзия өткен ғасырлар
шерткен терең толғаулы күйлер мен жырлардың, асқақ ән,
асыл қазынаның тікелей мұрагері. Мәселен, көшпелілердің
жаз жайлауға келіп, қыста үдере көшіп кетуі дала
табиғатының жаңғыруын, жасаруын, сол арқылы дамуын
танытады. Абзакең жырлары қашан да туған табиғатымен
үндес»,– деп толғады жас ақын өз сөзінде.
Сахана төріне Абзал Бөкен көтерілді. Жұрт орнынан тұрып
қарсы алды. Ақтоғайдың әрбір ресми басқосуларында, той-
томалағында, «Ақтоғай -– алтын бесігім» әні шырқалмай
кетпейді. Ән авторы – Дәртай Сәдуақасов, қасиетіңнен
айналайын жан аға, міне, өзіңді де сағындық. Ит тірлікте
қадіріңізді білмедік пе, кім білсін. Кеш пердесі Ақтоғайдың
талантты жігіт ағасы Аманолла Шайбеков жазған Дәртай
мен Абзалдың ақылдаса отырып, туған жерге деген
сағыныш, сүйіспеншілік, махаббатын, осы әннің туу себебін
баяндайтын көріністі көз алдымызға тартты. Бұдан кейін
мерейтой иесі Абзал ақын жыр төкті.
Көкірегіңнен туған жырды мәнерлеп оқу, жұртқа
жеткізу қандай ғанибет. Абзал ағаның жыр оқу табиғаты
да адамдық, ақындық өлшемнің абзал қасиеті іспеттес.
Сабырлы, салиқалы болмыс, қоңыр үнімен тыңдаушысын
баурап алып, тебірене жыр оқу – тек Абзал ақынға тән
сияқты. Философиялық ой иірімдері, жаратылыстың сәл-
пәл қозғалысының өзінен пәлсафалық астар іздеу, бұрынғы
абыздардың жыраулық өнерін тірілту, оқырманына ой салып,
тәлім-тәрбиеге бастайтын шыңыраудан тартылған насихат
сөз – ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Бәріміз де бұл
өмірдің қонағымыз, бір күнгі мансапқа, бәтуасыз байлыққа,
сыйластықты, адамгершілікті, бір-бірімізге деген құрметті
құрбан етеміз. Сондықтан, қысқа ғұмырда сыйласқанға, бір-
бірімізді қадірлей білгенге не жетсін. «Суық» деген өлеңінде
ақын былайша толғайды.
Кетік ой, кетік қағаз, кетік қалам...
Өмірден кетік жан боп өтіп барам.
Осылай тұйық күйі,
Суық күйі
Бір күні суық жерге кетіп қалам.
...Қазақстан Жазушылар Одағының мерейтой иесіне
арналған
«Құттықтау
хатын»
одақтың
облыстағы
филиалының директоры Серік Ақсұңқарұлы тапсырды.
– «Мен бұрынғы «Арқа еңбеккері», одан арғы кезеңде
«Қызыл ту» деп аталған аудандық газеттің баласымын.
Газет бүгін «Тоқырауын тынысы» деп аталады. Сол газеттің
4-ші бетінде апта сайын «Поэзия беті» берілетін. Кейбір
аудандық газеттен жыл бойы бір де бір өлең көре алмайсың.
Сонда газет басында жырды түсінетін асыл ағалар
отырды. Мәселен, Смағұл Ыбыраев, Қасым Орынбетовтер
нағыз қазақ жырларының жанашыры. Осы асыл ағалар
балауса жырымызды газет бетінде жарияламаса бүгін
кім боларымызды бір құдай біледі. Абзалдың да, менің де
тырнақалды жырларым осы газетте басылды. Аруағы жар
болсын, Жеңіс Қашқынов ағамызға тағзым етеміз. Біздер
сол Жекеңе еліктедік. Ақ- тоғайдан Жеңіс ақын шықпағанда
тағы кім болар едік, белгісіз, – деді Серік ақын.
Сонау Жезқазған қаласынан жеткен Абайдың шәкірті,
Нарманбет ақынның немересі Қасым Орманбетов, Алматыдан Абзал ақынның шашбауын көтеріп келген жерлесіміз, қазақ поэзиясының жанашыры Тілеген Айтжанов баталы сөздерін айтты. Талантты ақындар Мүсіркеп Сейдахмет, Ілияс Мұқай ағасына арнап жыр төкті. Ақынның інісі «Тоқырауын тынысы» газетінің бас редакторы Қазбек Ештанай өз тарапынан лайықты құрмет көрсетті. Абзал ақынның жары Гүлбану апамыз Егіндібұлақ-Балқантаудың тумасы. Ақынның жары болу оңай деймісің. Өзі әдебиетші, өзі аузы дуалы Шаншар абыздың ұрпағы болса неге төгілтіп сөйлемеске. Осы кеште Гүлбану халықтың Абзалға деген құрметін тебірене-тебірене жеткізді, аналық алғысын айтты. Ақтоғай ауданының әкімі Махмұт Жарылғап, маслихат хатшысы М. Оңғарқұловтар ақынға арнаған игі тілегін жеткізді. Ақтоғай өнерінің жанашыры, мәдениеттің ірге тасын қалаған Тұңғышбай Мұқан, – Алматыда жүрген Абзал ақынға Ақтоғайдың құрметті азаматы деген атақты неге бермейсіңдер, – деп облыстық газетте шыр-пыры шыққан Тұрсынбек Жақсыбайұлы ақсақалдар сөз сұрады. Сөз тимеді. Оқалы шапандарын арқалап үйлеріне қайтты. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген. Қадірлі ағалар-ай, не айтқыларыңыз келді екен. ***
Абзал ақын Балқаш қаласындағы Абай атындағы
мектептен 11 жылдықты бітірді, сонау 1966 жылы. Қаланың
билік тарапына: «ақын келе жатыр, алпысқа толып отыр»–
деген ұсыныс түсіпті. Олар үнсіз қалыпты... Иә, біз
солаймыз.. Патшасы ақынын іздеген ел бақытты деген
қағиданы есте ұстай бермейміз. Астанадан бүгін бар, ертең
жоқ бір департаменттің директоры келе жатыр десе қоғадай
жапырыламыз, біз сондаймыз...
Есесіне құрбы-дос, туған-туыстары, өлең сүйер қауым
ақынды қарсы алып, жыр кешін өткізді, жиналғандар рухани
байыды, қазақ жырына сусындады.
Сөйтіп, Абзал ақкем ақбасты Алатауға туған елінің жан
дүниесінен қуат алып, арқаланып қайтып барады. Келесі
кездескенше, арқа жерінде ыстық ықыласпен жүздескенше,
ұлт поэзиясының қоңыр құлжасының бірегейі – қазақтың
Абзалы !
КӨКШЕ ТЕҢІЗДІҢ ПЕРЗЕНТІ
Өткеннің бәрі сағыныш. Ығында жүріп, қамқорлығын
көріп,мейірімділік танытқан ағалардың біразы бізден
алыстап кетті. Әйтсе де, жақсы адамның болмысы жаныңда
үнемі жаңғырып тұрады екен.Балқаш төңірегіндегі қабілетті
журналистердің бірі Таңай Сембекұлы еді. Қадірлес
болдық, бір-біріміздің көңілімізге кіреуке түсірмеуді мұрат
етіп, сыйластық. Айтпақшы, адамдардың арасындағы
қандай қарым-қатынас болсын, оның бастауы, ең алғашқы
таныстығы болады. Біз де сөйткенбіз. Журналист ағайындар
үнемі бір-бірін іздеп, кездесуге құштар көңілін жасырмайды.
Жақсы ағамен танысқан шағым күні бүгінге дейін есімде.
Жайдары жазда таныстық. Журналист Төкен, Абзал,
Ізбасар ағаларым қалалық теледидарда қызмет жасайтын
әріптестер жайлы айтып отыр.
– Әй, сен «жынды бала», Тәңкең ағаңды танисың ба?–
деді Төкен.
– Жоға, сіздерден аты-жөнін жаңа естіп отыр емеспін бе?
–Көресің, ертең газетке кезекші болып барасың.
Біздің жауапты хатшы Құрманғазы Бәкіров екеуі дос. Сол
баспаханада жолықтырып қаларсың, – деді Ізбасар.
Баспаханадағы бөлме. Құрекең газет макеттерін ерсілі-
қарсылы ізін суытпай сызып жатыр. Түске таманғы мезгіл.
Табалдырықтан «Ассалаумағалейкум» деп, тығыз денелі,
палуан тұлғалы, екі иығына екі жігіт мінгендей маған
бейтаныс аға баяу қозғалып келе жатты.
– О, Тәңке, келдің бе? Өй, өзің көрінбей кеттің ғой. Қазір
міне, мен де бітіп қалдым. Макет дайын. Айтпақшы, ағамен
танысып қой. Тәңке, «жас пері» Оралбек атты інің осы
болады.
Ағамыз қапсағай денесін маған бұрып, мол алақанын
ұсына берді.
– Бұл «іздеп жүріп маңайды,әзер таптым Таңайды» –
деген әні бар Таңай ағаң деп Құрекең арамызда дәнекер
болып жатты...
Мен сол кезден бастап мейірімді, нәзік жанды, үлкен
жүректі ағаның мәңгілік ыстық алақанының жылуына
жылына беріппін ғой.
Бұл 1978 жылдың жайдары жазы еді.
Содан Таңай ағаға өкшесін басар іні болып шыға келдік.
Оның негізгі темір қазығы адалдық. Отбасына, ағайынға,
ұжымға соңынан ерген іні-қарындастарға деген адалдық.
Қыз-келіншектер жағы «нәзік жанды» десе, біздер мәрт
мінезділігіне сүйсінеміз. Ағамыз екі сөйлемейді. Берген
уәдесін орындайды. Орындай алмаса біреулер сияқты
соңынан жүгіртпейді, өзі келіп сабаңа түсіріп кетеді. Қатар
жүрген әріптестерді қатты сыйлайды. Әбден берілген адамы
көңілін қалдырса, Тәкең қайтып оралмайды. Шама-шарқы
келгенше жақсылық жасағысы келіп тұрады. «Тәкең сатып
кетті», «Тәкең анау туралы былай депті» дегенді естіген
жоқпыз. Қақ-соқпен шаруасы болмайтын. Майда қоңыр
мінезімен жанына үйіріп алып, әңгіме айтатын.
*** Біз газетте ұзақ жыл бірге жұмыс істедік, теледидарда да Тәкеңнің ыстық құшағында болдық. Теледидардан төмен орналасқан саябақ ішінде сырахана болатын. Жігіттер оны «шұңқыр» дейтін. Анда-санда сол «шұңқұрға» құлап, шөл басып тұрамыз. Білмеймін қазіргі сыраның дәмі ол кездегіге
мүлдем ұқсамайды. Әлде қасында жүріп, жаныңды түсінетін
жақсы ағалардың жоқтығынан ба екен?!
Тәкең кәсіби журналист. Әсіресе, ұтқыр, ұшқыр, жедел
хабар жазудың шебері. Теледидардың хабар дайындау
қиындығы, қызығы баршылық. Оның бәрін теңіз ұлы
жүрегімен
түсініп,
көрерменге
жеткізгенше
тыным
таппайтын. Теңіз демекші, ол көл жағасындағы Тасарал
ауылында 1939 жылы балықшы отбасында дүниеге келді.
Бүгінгі Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университеті
журналистика факультетінің түлегі.
Көлді жергілікті тұрғындар теңіз дейді. Тәкең табиғат
туралы жазғанда тіпті шабыттанып кетеді, балықшы өмірі
қаламының жемісіне айналды. Балапан толқынды жазды,
шаңқылдаған шағаланы жазды, сыңсыта ән салдырып
судыраған қамысты жазды. Соның бәрін көл жағалай
қоныстанған
адамдардың
тағдырымен
сабақтастырып
отырды. Мысшылардың кәсібін, қыр-сырын ашып иландыра,
оқырманға, көрермендерге жеткізе жазуда Тәкеңдей білгір
журналисті, әзірше, бұл өңірден көре қоймадық.
Тәкең атақ-мансап қуған жоқ. Теледидарда бас редактор
болды. Мұндайда кешегі қатар жүрген әріптестердің сынай
қарайтын әдеті бар. Ағамыз өзгерген жоқ, қарапайым, өз-
өзіне қоятын талапты қарамағындағыларға да мықтап қойды.
Көрерменге сапалы хабар ұсыну керек, бітті шаруа сол...
Орындамасаң басқа біреуге тапсырады. Ол орындайды. Сен
өз қателігіңді өзің түсініп, бармағыңды тістеп қала бересің.
Мұны да тәрбиенің бір түрі деп түсіндік кейіннен.
*** Тәкең көз жанарының сыр беруіне байланысты зейнеткерлікке ерте шықты. Мәйкен жеңгеміздің сүт қатқан қою шайын ішіп, немерелерінің ортасында аһарлы-шаһарлы әулет болып отырды. Өмір-өзен. Адам ғұмыры алға жетелейді. Құдай берген қалам қуатымен қырық жылдай халқына адал қызмет етті. Теңіздің текті мінезді сабырлы ұлының дүниеден қайтқанына да 15 жылдың жүзі болды.
Дастарханы үнемі жаюлы тұратын, қонақжай, кең пейілді
Мәйкен жеңгеміз де бақилық.
«Орнында бар оңалар», ұлы Зейін бастаған ұрпағы
түнеукүні ас беріп, ата-анасына дұға оқытты. Таңай ағайдың
очерк, мақалаларын жинақтап, әріптестерінің естеліктерін
қосып, кітап етіп шығарды. Адам ұрпағымен бақытты.
Сүйсіндік, журналистің екінші ғұмыры сол кітаптың әр
тарауында сайрап тұр.
Теңіздің
текті
мінезді
перзенті
жайлы
қысқаша
айтпағымыз осы еді.
ТЕЛЕДИДАР ТАРЛАНЫ
Ол бар болмысымен адамдарға жақын тұрды. Көпшіл,
ешкімді жатырқамайды. Сонау Өзбекстаннан Қарағандыға
білім іздеп келгенде де бозбаланың жүрегінде жалын
атып тұрған жастық шақтың ұшқыны болашағына бағыт-
бағдарбергендей еді. «Арман алдамайды» деп жатамыз.
Иә,арман жүрек әмірімен ғана жүзеге асырылады. Демек,
бозбала Әлидің арманы құр қиял емес еді. Сәті түсіп,
еліміздегі ірі оқу орны КарГУ-ге түсіп, филология мамандығы
бойынша бітіріп шығады. Адам баласының пешенесіне не
жазады соны көреді. Тағы да сол тағдыр дейміз. Біз әңгімеге
арқау етіп отырған елімізге белгілі тележурналист Әли
Тойжігітов әу бастан теледидар микрофонын жанына серік
етіп туған секілді. Міне, 35 жылдан бері қара орман халық
оны теледидар арқылы танып, күн сайын жүзбе-жүз кездесіп
отырады, әрине, теледидар арқылы.
*** Журналистиканың қызығы мен қиыншылығы мол. Соның ішінде теледидардың орны тым бөлек. Түс ауа болған қызық немесе жайсыз оқиғаларды кешкі хабардан жалпақ жұртқа
таратып жатады. Сәл шегініс жасайықшы. Кеңес кезінде
теледидардың қазіргіге мүлде ұқсамайтын қиындықтары
болды. Кинооператор түсіріп келген хабардың ленталарын
тас қараңғы бөлмеде өңдейді,жарық көрмеуі керек. Дыбыс
режиссерының да өзіндік тауқыметі бар. Хабардың
редакторы сөйлеушілердің алдын ала мәтінін дайындайды,
сценариін жазады. Бір хабар дайындау үшін бес-алты адам
жүруші еді. Қазір мүлде басқа. Оператор мен журналист-
редактор күн ұзаққа үздіксіз хабар дайындауға мүмкіндігі
бар. Техника жетістігі деген осы болар.
Әли Тойжігітов тележурналист ретінде шыңдалды.
Шығармашылық ізденіске толы күндер өтіп жатты. Қай
хабарды дайындамасын алдын ала пысықтап, материалдарды
жан-жақты зерттеп, тереңірек үңіле білу Әлиге тән қасиет.
Оның дайындаған хабарларын көрген сайын әріптес ретінде
шығармашылық ізденіс танытатынын біліп отырамыз.
Облыс төңірегінде Әлидің табаны тимеген елді мекен
жоқ шығар. Шаршамайтын, шалдықпайтын Әли әңгімеге
арқау ететін кейіпкерлерін сұхбатқа дайындау барысында
да еркіндік танытады. Мәселен, ой еркіндігін айтамыз
да. Әлидің сұхбат алып отырған кейіпкері ештеңеден
қысылмайды, пікірін ашық жеткізеді. Өйткені, алдында
жорғадай жорғалап, суыртпақтап сыр ақтарып, бауырына
тартып, ежелгі таныстардай сырласып кәнігі журналист Әли
Тойжігітов отырады. Бейне бір сағынысып көріскен туған
бауырларындай әсерге бөленеді. Әсіресе, еңбек ардагерлері,
өндірістің жұмысшы-мамандары, тіпті бала бақшадағы
бүлдіршіндердің өзі Әли микрофон ұсынған бетте мүдірмей
сайрай жөнеледі. Журналистің адамды өзіне тартатын ынта-
ықыласы, бейімділігі, жатсынбауы, кеудесін ашып тастауы,
сөйтіп, хабар дайындау барысында діттеген межесіне жету
Әли секілді бесаспап журналистің қолынан келер еді.
*** Әли замандасымыз радионың да құлағын бұрап көріпті. Әкесі Мүсәлі, анасы Тәбия арман қуып кеншілер қаласында
жүрген Әлидің хабарын радиодан естиді екен. Бүкіл ауылға
таратады.
– Қуанышымда шек жоқ, менің Әлиімнің хабарын
тыңдадыңдар ма, дейді екен жарықтық. Одан кейін
теледидардан бейнесін көріп ата-анасы мәз мейрам,
шаттыққа бөленген сәттерін де есіне жиі алып отырады
Әлекең.
Қаршадай кезінен батылдық танытып, Өзбекстанның
бірінші хатшысы Шараф Рашидовқа хат жазып, бас-аяғы
бір екі аптаның ішінде әкесіне үй алып бергенінің өзі неге
тұрады. Арнайы келген комиссия Мүсәлі ақсақалдың
үйіне жета алмай, батпақтап, жапанда қалған жалғыз үйге
жаяулатып әрең жетіпті. Бастарын шайқайды, қандай төзімді
жандар дейді. Әке балаға сыншы.
– Менің Әлиімнің алып берген баспанасы ғой, – деп
Мүсәлі жарықтық, бүкіл ауылға жаңа қоныс тойын тойлап,
мәре-сәре күй кешіпті.
Перезенттік парызы ғой, дегенмен мұндай әрекетке жасы
20-дан асқан жігіттің ілу де шалуы барар еді. Батылдық,
зеректік қасиет рух беріп тұр ғой.
Теле-радио журналистер арасында «микрофонмен жұмыс
жасау» деген қағида бар. Демек, қандай жағдайда болмасын
сұрақ қойып, суыртпақтап сыр тартып, кейіпкердің «өңешін
жұлып алуға» дейін дайын тұратын әріптестеріміз бар.
Яғни, оқыс оқиғалардың себеп салдарын анықтау үшін
жауапты адам түсінік беруі шарт. Кейде олар бас тартып
жатады. Ондай сәтте журналист өз ойын қорытындылап,
төкпелеп, өрнекті тілімен мән- жайды көрерменге жеткізеді.
Мүдірмеу керек, қақалып, шашалмау керек, ойы тиянақты
болуы керек. Нақты, дәйекті дәлме-дәл жеткізуі керек,
теледидар алдындағы көрерменін айрандай ұйытып ала
жөнелуі керек. Сонда хабар жедел, әрі мазмұнды шығады.
Осы микрофонмен жұмыс жасау қағидасы журналист Әли
Тойжігіттің қанына сіңген қасиет пе деп ойлаймыз. Оның
оқиға орнында жүргізген репортаждары үнемі тартымды,
әсерлі болып келеді. Сөзі анық, сөйлеу мәнері ерекше. Майда
қоңыр дауысы бүкіл облыс жұртшылығының құлағына етене
сіңімді десек артық айтқандық емес.
*** Біздің қолымызда Әлекеңнің «Сырсандық» кітабы тұр. Алпыс деген асқаралы асудың өріне шыққан журналистің 35 жыл ішіндегі жүріп өткен жолы, ізгілік іздері сайрап жатыр. Өмірбаяндық, естелік сипаттағы кітаптан Әлидің жан дүниесін ұғып, оңаша сырласқандай әсер аласыз. Халқымызға қадірлі ұл-қыздардан алған сұхбаттары, жәбір көрген жандарға араша түскені, журналистің жол тауқыметі, оны қайсарлықпен жеңе білуі сабақты инедей сәтімен баяндалады. Жоғарыда айттық, мінезі ашық, ақкөңіл Әлидің хабар дайындауда үнемі жолы бола беретіндігі де сондықтан шығар. Кекиіп тұрмайды, адамның іші-бауырына кіріп кетеді. Ашық әңгімеге көшеді. Шындық қой, мұнда да айтылмайтын сыр қалмайды. Осы қасиеті замандастарының, әріптестерінің арасында да жат емес. Сондықтан шығар құрдас, әріптес ретінде де бір-бірімізді тез түсінісіп, бауыр басып кеттік. Мерейлі мерекесі күні бір ауыз жылы лебізімізді білдіруді жөн көрдік. *** Ол бүгінде Қазақстан-Қарағанды телеарнасының редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық және республикалық «Алтын сұңқар», «Нұр сұңқар» және «Алтын қалам» сыйлықтарының лауреаты. Журналистер арасындағы бірнеше додада жеңімпаз атанды, құрметке бөленді. Ал, қазақ елі тәуелсіздігінің сан-салалы қырларын теледидар арқылы ашып көрсетудегі жемісті еңбегі үшін Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Ол Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығына арналған мерекелік медалдің иегері. Біз білетін Әлекең отбасы бақытын басынан өткеріп отырған жан. – Немереме біреу ұрысса, зекісе қоса жылағым келеді,– дейді Әлекең.
Жүрегі нәзік, балажан, адам ұрпағымен бақытты.Өмірлік
жары Мүслима екеуі аһарлы-шаһарлы әулетке айналды.
Алпысқа келдім деп еңкіш тартпа Әлеке, тізгініңді ірікпе,
теледидар тарланы.
Қарағанды қаласы.
ЕРКЕЛІГІҢ ЕСТЕН
КЕТПЕС...
Мазасыз маусымның соңғы күндері еді. Журналистердің
төл мерекесі. Мұндайда арқа-жарқа күй кешеміз. Облыс
әкімдігі ұйымдастырған журналистердің жылдағы мерекелік
бас қосуы қызықты өтті. Облыстың әр тарабында жүрген
әріптестерімізді кездестірдік, қауқылдасып қалдық. Қалам
ұстағандардың бір жақсылығы жатырқамайды, кеудесін
ашып, шат-шадыман балаша мәз болады. Кешкісін қимай-
қимай тарқадық. Дәулет замандасым қонақ үйге дейін
шығарып салды.
– Сен Қарқаралыға дем алуға бармайтын болдың ба,–
Дәуке деймін.
– Солай болып тұр Орке. Таңертең құдаларым келеді,
қарсы алу керек. Ол да той ғой, базарлы күндер алда. Жақсы
өткізіңдер,– деп иығымнан қақты.
Бөлмеде дастархан жаюлы тұрған. Дәукең жігіттермен
қоса дәм татып, сыртқа беттеді, шығырып салдым, кеуде
түйістірдік.
Білмеппін ғой, қайран бауырды соңғы рет көріп
тұрғанымды...
..Қарқаралының жайдары таңы арайлап атты. Бас
редакторымыз Мағауия Сламбекұлының Қарқаралыдағы
әпкесі Тұрсыкеңнің үйінде қонақта болып, таңертең
ертелете ұжым дем алып жатқан жерге жүріп кетпекші едік.
Жанымдағы інім Серік Сағынтай іргедегі таудың басына
шығып кеткен, серуендеп жүр. Мен де іле таза ауамен
тыныстап үйге оралдым. Айтпақшы, мен үйден шығып бара
жатқанда аудандық газеттің редакторы Рымбек суыт күйде
апайдың үйіне кіріп кеткен-тін. Есік алдында Мағауия,
Рымбек екеуі үн-түнсіз, түнеріп кеткен. Ішім бірдеңені сезді,
көңілсіздік жайлады.
– Айтсаңдаршы, не болды, тыныштық па – деппін
дегбірсізденіп.
– Өзіңді ұста Оралбек, жанымызға жақын, кешегі
шығарып салған Дәулетіңнен айырылып қалдық,– деді
Мағауия.
Мұндайда қандай мереке болсын, аяқ асты жиналып,
бүкіл ұжым еңіреген күйімізде Қарағандыға тарттық...
Бұл 2004 жылғы маусым айының аяғы еді.
*** Өмір-ай десеңізші. Өз дегенін істейді, енді, міне, өткен ғасыр деп айтып отырмыз. Иә, 1990 жылы Дәулетпен бетпе-бет келіп таныстық. Қазіргі Шабанбай би ауылында қадірлес, немере ағам Таймыр Қожахметов қайтыс болды. Тетелес інім Жандос Смағұловпен қатты сыйлас екенін білетінмін. (Жандос Таймыр ағаның туған інісі). Бұл кезде Дәукең республикалық «Халық кеңесі» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі еді. Астында жүйткіген қызметтік волгасы. Дәулет маған еңселі көрінген, сұлу көрінген. Өзі бауырмал екен, бір-бірімізді тез ұғыстық. Кейіннен білдім, Дәукең бүкіл бауырларының арқа сүйер асқар тауы болыпты. Ақыры облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жолығыстық, бірге қызмет атқардық. Дәулет қатар жүрген замандастарымның ішіндегі иық тірестірер, сенімдісі еді. Біреулер бүгін тату, ертең қату. Дәулеттің бойынан сырғып кетер мінезді байқамадым. Мінез тұрақтылығы... Бізге осы қасиет жетпей жатады
ғой. Тым ширақ көрінген бауырларымның көкейінде басқа бір мүдде тұрғанын байқай бермейміз. Кейінннен аяғыңды шалады ондайлар. Дәукең туралы ойым алдамапты. Қатарластарымның бәрі де оның ешқашан сатқындық жасамағанын жырдай ғып айтып жүрді.Тіршілікте сыйласқанға не жетсін. Талантты ақын Абзал ағам айтқандай: өлген соң да күтіп тұр ғой бір баға. *** Он жылдың жүзі болыпты сенімен мәңгілікке қоштасқанымызға.Ол 49 мүшелі жасында дүниеден озды. Жүрек шіркін кілт тоқтады... Шаршады ма екен?.. Еркелей келіп мойныма асылатын шадыман шағыңды сағынғалы қашан. Енді қос аттап қусаң да жеткізбейді ол шақ. Іздедік, таба алмадық, сен жүрген жолмен жүрдік, жолықтыра алмадық. Бұл енді саған деген мәңгілік сағыныш, аяулы дос. Біреулер айтады: Дәукең анда-санда,– Соқыр бабамның жанына қойыңдар, – деп айтушы еді. Біреулер айтады: Дәулет Соқыр өзеніне түсіп, еркін жүзіп, перінің қыздарымен сырласып жүр деп... Құрдастардың қалжыңы бақи болған соң да қалмайды екен.Иә, бетіңді топырақ жапқаннан кейін де артыңда айтып жүрер ізгілік қалған дұрыс-ау. Иә, Дәулетбек Мақаш бойында ізгілігі, кісілігі мол аяулы жан еді.
ДОМБЫРА КҮМБІРІ, КӘУСӘР
ЖЫР және САЗДЫ ӘУЕН
Арқаның жұмсақ самалындай, еңсеңді көтерер жусан
исіндей мың түрге бөленіп, сиқырлы дүниедей құлпырып,
табиғат нұрымен астасып жатқан өнер құдіреті ақтоғайлық
Қуандық Мақсұтұлы Сәденовтың ердің жасы елуге келуін
бүкіл жұртшылық тойлады, құрмет көрсетті. Туған киелі
топырағынан нәр алған сазгер, әнші, ақын, журналист,
шежіреші, әрі суретші Қуандық Мақсұтұлының «Алтын
анам» атты мерейтойында арқырап жыр оқылды, асқақтап
ән шырқалды.«Алыптар да анадан туады»-– деген шындық.
Кешті жүргізуші әнші, сазгер Қадыр Баймырза тебірене
сөйлейді. Қара сөзді төгілте отырып, кештің нәрін ашып,
түрлендіреді-ай келіп.
– Бір уыс топырағын суырса суылдап ән салатын, бір
шиін тартса сыбызғыдай сыңси жөнелетін Ақтоғай өңірі
қасиет тұнған өлке. Талай күміс көмей әншілерді, аймаңдай
ақындарды түлеткен киелі алқап ән-жырға кенде емес. Атақты
Әсет аспандағы аққуға үнін қосқан, Шашубайға – шабыт,
Манарбекке ән, Күләшқа сән, Әшімтай, Аққыз, Мағауия,
Жақсылықтарға күмбірлетіп, күй төктірген арқаның төсі.
Бүгінде сол ата буынның ұрпақтары арқа жұртының жұмыр
жүрегін ән-жырмен тербеп келеді. Ұрпақ сабақтастығы
деген осы болса керек-ті – дейді кешті жүргізуші.
Ақтоғай-Балқаш аралығында сонау сексенінші жылдары
Сәденовтердің отбасылық ансамблі жұртшылыққа кеңінен
танымал болды. Осындайда еске түседі. 1989 жылы
Шымкентте өткен орта Азия республикалары отбасылық
ансамблдерінің
байқауында
Жезқазған
облысынан
Сәденовтердің отбасылық ансамблі өнер көрсетті. Осы
байқаудан ой қорытқан Алаштың белгілі ақыны, қаламгер
Байбота Серікбаев: «Көрермендер, әсіресе, Жезқазған
облысы, Балқаш қаласынан келген Сәденовтердің отбасылық
ансамблінің өнеріне дән ризашылықтарын білдіріп, ду қол
шапалақтай құрмет көрсетіп отырды. Ансамбль жетекшісі
Қуандық Сәденовтың «Ару Балқаш» әнімен халық әні
«Гүлдерайымға» берген халықтың бағасы өте жоғары
болды» деп «Парасат» журалында жазған еді.
Иә, Қуандық Сәденов өзінің ән ғұмырында тыңдаушысын
баурап алатын, әуендерді еркін меңгеріп, жұртшылыққа
ұсынып келеді. Шындығында ән жазу ана сүтімен бірге
бітетін қасиет. Қуандықтың «Аңсаған менің әнімсің» әні
өзінше бір бөлек дүние. Сөзін қазақтың белгілі ақын қызы
Қатира Жәленова жазған. Шығармашылық байланыс
өнеріңді өрістетеді, қатарыңды кеңейтеді. Ақын Қатира
Жәленова сан мәрте рахметін айтып, әннің әуеніне
ризашылығын білдіріпті. Осы кеште аталған әнді құстың
қос қанатындай жұптары жазылмаған ерлі-зайыпты әншілер
Мейрамбек Зиятқажы мен Аққыз Құнарбекова толқындата
құбылтып айтып берді. Туған жер әркімге ыстық. Бұл ретте
Қуандықтың шығармашылығы тым бөлек, мәселен, өзінің
кіндік қаны тамған Қызылтас елді мекеніне шығарған
әні бүгінде қазақ радиосынан беріліп жүр. Сөзін жазған
ақтоғайлық ақын- журналист Мүсіркеп Сейтахмет. Осы
кеште «Қызылтас» әнін облыстық Қали Байжанов атындағы
концерттік бірлестіктің жанындағы «Арай» ансамблінің
әншісі Дәуренбек Әркенов шырқады. 1996 жылы орта
жүздің атақты биі Қараменде бабамыздың кесенесін қайыра
көтеріп, ас берілді. Бабалар рухын жандандыру деген осы
болар. Қуандықтың жан дүниесі тағы да тебіреніп, «Ақтоғай
– ұлылар мекені» деген ән дүниеге келді. Сөзін өзі жазды.
Ойлаған болашақ пен халық қамын,
Әйгілі алты Алашқа алыптарың,
Әлихан, Жақып пенен Әлімхан бар,
Ақтоғай, қандай мықты арыстарың?!
Осы әнді әншілер Жұмакелді Әбдіров, Қуат Қожамбаев,
Қадыр Баймырза жерлестерінің рухын асқақтатата шабытпен
орындады. Ал, Қуандықтың «Алтын анам» әнінің сөзін тағы
бір ақтоғайлық ақын қыз Айгүл Кептербаева жазған. Ана
деген қастерлі, Алламен ғана құдірет таластырмайтын ана
ұғымы киелі.
– «Адамның бір қызыға бала деген» дана халықтың
ұрпағымыз Атам қазақ баланы қашан да айналып, толғанып
еркелетіп өсірген Қуандық та тәй-тәй басқан сәби балаға ән
арнаған сазгердің бірі дейді, жүргізуші толғана.
Қуандықтың «Балапаным» атты әнінің сөзін Айгүл
Кептербаева жазған.Бесінші сынып оқушысы болашағынан
үлкен үміт күттіретін Нұрболат Ұзақбай тамылжыта
шырқады.
Қуандықтың 1980 жылдың қоңыр күзінде дүниеге
келген алғашқы әні «Құстар қайтып барады». Содан бері ән
жазуда оның сөзін өзі шығарып, өзі орындауда мол тәжірибе
жинақтап, тыңдармандарының көңіліне ұялады. Оның
ақындығы және бар. «Жырлайды жүрек» жыр жинағы нақты
оқырмандарын тапты. Ал, қалмақ-қазақ соғысында ерекше
ерлік көрсеткен Жалаңтөс бабасы жайлы арнайы кітап
жазып, бастырып шығарды. Бұл кітаптан осы күнге дейін
белгісіз болып келген, аңызға бергісіз шындықты дәйекті
түрде оқи аласыз. Қуандық өзінің журналистік еңбек жолын
қалалық «Балқаш өңірі» газетінде бастады. Тартымды-
тартымды суреттеме, очерк, мақалаларымен көзге түсті.
Қалалық «Сырлас» газетінде жауапты хатшы болып істеді.
Бұл күнде «Пульс» газетінің қазақ тіліндегі редакциясын
басқарады. Қуандықтың өсиет термелерді орындаудағы
шеберлігі және бар. Кәсіби музыкант, домбыра, баян,
гитарада еркін ойнайды. Бес мезгіл намазын қаза қылмайды,
Алласы аузында, дін жолын берік ұстанған, емші. Өмірлік
жары Үміт Сейтжанқызы – ұстаз. Отбасында Мұхтар, Сайыс
есімді ұлдары азамат болып, өсіп келеді.
Халық артисі М. Хамзин атындағы мысшылардың
мәдениет сарайына жиналғандар көп болды, бәрі де өздерінің
сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі бауырларына деген құрметін
көрсетті. Құттықтаушылар, игі тілектерін жеткізушілер
әлі де туған еліне бергеннен берері көп, өнерлі жігітке
шығармашылық табыс, мықты денсаулық тіледі.
Көл жағасында туып-өскен, республикаға танымал
сазгер Наурызбай Бейсекеев пен Қуандықтың арасында
шығармашылық тығыз байланыс орнаған. Екеуі бірлесіп
шығарған
«Ерке
назым»
әнін
халықаралық
және
республикалық байқаудың лауреаты Нұрсаят Серікбаев
нақышына келтіре орындады. Ал, қазақ жырының қоңыр
құлжасы Қадыр- мырза-әлінің сөзіне жазылған «Туған жер»
әнін ерлі-зайыпты күміс көмей әншілер Таңат Іргебаев,
Жансая Әбдуалиева әуелете шырқады.
Кеш соңында Қуандық жергілікті ақын інісі Нұрдос
Кәрімнің сөзіне жазылған «Сағыныш екен балалық» әнін
ұсынды. Әнді тыңдай отырып бәріміз де қос аттап қусаң
да жеткізбейтін бабалық шағымызды сағынып, елжіреп
отырдық. Ал, өзі оқып өскен Жамшы елді-мекеніне арнаған
«Аяулы Жамшы мекенім» әнін бүкіл жамшылықтар тебірене
айтып, өздерінің тойбастарына арқау етіп алған.
...Сарыала күздің қоңыр кеші көкжиекпен астасты.
Саханада шырқалған сұлу ән, оқылған кәусәр жыр,
домбыраның
күмбірі
шырайлы
кештен
шыққан
жұртшылықтың жан дүниесін баурап, тәтті сезімге бөлеп,
асқақтатып барады.
ЖҮРЕГІМЕ ЖАҚЫН
ТҰТҚАН БАУЫРЫМ
Бәріміз де өміртеңіздің тағдыр керуеніне мініп келе
жатырмыз.
Тағдыр
пешенемізге
әртүрлі
қасиеттерді
сыйлайды. Соның бірі ана сүтімен бірге сіңген – сөз өнері.
«Сөз өнері дертпен тең» – дейді атам қазақ. Бүгін де осы
залға сөз өнерінің, жыр жауһарының қадір-қасиетін асыл
сезімдерін, жүрек бұлқынысын ұғу үшін жиналып отырмыз.
Журналистік сапармен Айыртас өңірінде жүргентінбіз, аға
шопан Дүңгенбайдың ауылына соқтық. Білетіндер: «жиенің
келді өмірге, апаң шекесі торсықтай ұл туды» – деп жатты.
Сол шекесі торсықтай ұл – Ілияс Дүңгенбайұлы Мұқаев
еді. Қазақтың кең даласына аты жайыла бастаған бала
қыран, сонау Асанқайғыдан бастап, бүгінгі Ілияс Мұқайға
дейінгі жыр жауһарының, мәңгілік тоқтамас жыр кемесінің
желкенін керді. Алланың берген тұлымды қыздарының
ішіндегі жалғыз кекілді Ілиястың адамзат құрметтейтін,
қазақ құрметтейтін поэзия деген асау тұлпардың жібек
жалына мықтап жармасатынын ол кезде кім білген. Табиғаты
тамаша, аққайыңды, көк теректі көгілдір қыратты, жазы
жайдары, қысы қатал өңірде туып өскен бала Ілияс – бүгінгі
ақын Ілияс жүрегіне өмірдің, қоғамның, бүгінгі қаракеттің
ауыр салмағын артты. Сөйтіп, Абай атасы бастаған Қасым,
Мұқағали ағалары қоштаған поэзия пырағына мініп, ұзақ
сапарға шықты.
Былтырғы жылы қазақтың әйгілі ақыны, жерлесіміз
Ақтоғайдың әнұранының сөзін жазған Абзал БӨКЕН туған
қаласына соқты. Ізбасар інілерім қайда деді, – Ілиястың
өлеңдерін ұсындым, оқыды, сүйсінді, шақырт ақын
баланы, батамды берейін деді. Көрген бетте сен ақынсың,
– деп маңдайынан сыйпады, бауырына басты. Қазақтың
біртуар жазушысы, халықаралық «Алаш» сыйлығының
иегері, жерлес ағамыз Софы Сматай Ілиясты бір көргеннен танып, қаламгер ретінде жүрек арқылы тіл табысқанын мақтанышпен айтып, республикалық басылымда жырларын бастырды. Арқадан шыққан тағы бір арқалы ақын халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай Ілиястың ақын екенін әлдеқашан мойындап, жыр додасындағы бәйгеге үкілеп қосты, томағасын сыпырды. Ақындық – Алланың берген сарқылмас сыйы. Ілиястың жырларындағы адамзаттық негіздегі ойлы көзқарас ешкімді бей-жай қалдырмайтын болады. Ол шын мәнінде талант. Мұны сөз қадірін бізден де жақсы түсінетін , бізден де терең саралай алатын Алашқа тұлға болатын жоғарыдағы ағалары айтып өтті. Қазақтың тағы бір туар ұлы, «Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс ағамыздың рухани інісі Мұхтар Шаханов күні кеше Ілиясты арнайы шақыртып, ақиық ақын Төлеген Айбергенов атындағы поэзия жүлдесінің алтын медалін омырауына қадады. Теледидардан Ілиясты көрдік, Мұхтар ағасы қолын қысып сәт сапар тіледі. Дәл осындай бақыт әркімнің маңдайына бұйыра бермейді. Дәл осы оқу орнында бұған дейін қазақы рух, есігі түгілі тесігінен де енбейтін. Жүрегі ұлтжандылыққа толы Қажымұрат Әбілқайырұлы басшы болып келгеннен бері осы саханада қазақтың әндері шырқалып, жас талапкерлер жырларын оқу үстінде. Алматыға да Ілиястың тоқым қағарын жасап, сәт сапар тілеген де Қажымұрат бауырымыз болатын Сізге де алланың нұры жаусын, Қажеке! Жыр кешің құтты болсын Ілияс бауырым! Арқаңды қара орман елге, аяғыңды жерге тапсырдық. Әкең Дүңгенбайдың ғана емес, елдің рухын асқақтататын, қазақтың ұлы болатындығыңа кәміл сенеміз, осы жолда Алла сені тіл көзден сақтасын! *** Жас таланттың жыр әлеміндегі аяқ алысын ауызы дуалы ағалары әлдеқашан мойындап, батасын берген.
Жас ақын Ілияс Мұқай... Түнеукүні дауылпаз ақын Қасым
Аманжоловтың 100 жылдығы құрметіне арналған облыстық
мүшайрада бас жүлдені қанжығасына байлады. Қазақтың
бір туар ақын-жазушылары Мұхтар Шаханов, Софы Сматай,
Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлының назарына ілігіп,
жол ашарын жасады. Республикалық Т. Айбергенов, Н.
Мәукенұлы, Бұхар Жырау атындағы сыйлықтардың иегері,
жас ақын Ілияс Мұқайдың «Ғұмырымның көктемі» атты
жыр жинағы жарық көріп, республиканың түкпір-түкпіріне
тарап жатыр. Дау жоқ, жыр сүиер қауым өлеңнің жазу
мәнерін жаңа тұрпатта меңгерген, соны ой айта алатын жас
талантпен жолыққаны шындық.
Кел, өлең...
Аққу - өлең айдыныма,
Мен сенің шыдап өтем айбыныңа.
Жатсынба.
Кел, келе ғой, қайтесің сен,
Мен бейбақты батырып қайғы-мұңға.
Жас ақын қасиетті өлең сөзбен осылай сырласады,
осылай мұңдасады. Ілиястың туып- өскен жері табиғаты
сұлу аққайыңды, жасыл теректі Айыртас өңірі - Ақтоғайдың
алыс нүктесі. Жас ақын өзі туып-өскен жерде алғашқы жыр
жинағының тұсаукесерін жасап, жұртшылыққа таныстырды.
Айыртастың мөлдір тұмасындай, салқын самалындай
жырлары жиналғандардың жүрегіне жетіп, рухани азық
сыйлады. Кешті ашқан Айыртас селолық округінің әкімі,
өнерлі жігіт Қалибек Ақбергенов, кешегі бала Ілиястың
туған ауылына қасиетті Абай салған сара жолмен ақын
болып оралып отырғанын мақтаныш етті. Сонау Алматыдан
ат арытып келген ақын ағасы Абзал Бөкен Ілиястың
жырларын тұщына оқып, болашағынан зор үміт күтетіндігін
осылдан төрт-бес жыл бұрын айтқан еді. Ілияс – ақын,
ақын болғанда қандай, тәуелсіз елдің жыр жазуда жаңалық
әкелген, құбылыс әкелген жас дарындардың қатарынан
ойып тұрып орын алады. Сонау Алматыда отырып, мен жыр бәйгесінде Ақтоғай өңірінен кімдер келе жатыр екен деп алаңдайтынымыз шындық. Мен бақыттымын, соңымыздан мына Ілияс, анау Серік Сағынтай, Бағдат Мүбарак, Қамбар Ахметов, Мақсат Күземханов сияқты інілерім келе жатыр. Бұлардың нақ ортасында Мүсіркеп Сейтахмет есімді тағы бір талантты інім жыр бәйгесінде ауыздығымен алысып арқырап тұр. Рухани азық алған кештеріңіз құтты болсын. Ілияс бауырымның «Ғұмырымның көктемі» атты жыр жинағы сіздер үшін де жетістік. Мен үшін де асыл қазына. Қашан да екінші кітаптың салмағы біріншіден ауыр болады. Жауапкершілігі үлкен, осыған Ілияс дайын болуы керек. – Әйгілі Мұқағали айтты емес пе. «Көшеді өлең, немесе өшеді өлең». мектептегі шағын саханада бала Абайдың, бозбала Абайдың, есейген Абайдың ролін сомдап, қара сөзді тап-тұянақтай жұп-жұмыр етіп жаттап, мүдірмей оқитын осы Ілиястан үміт күтетінмін. Үміт ақталды. Менің Ілиясымның жыр әлемі ілгері қарай көше беруіне, мәңгілік көктей беруіне тілектеспін,– деді әдебиет әлеміне баулыған алғашқы ұстазы Әлия Зиядақызы Елеубекова. Айыртастағы тұсаукесері кешін сазгер, әнші, Ақтоғайдың мақтанышы Қадір Баймурзин жүргізді. Мөлдіретіп, жиналған қауымды ұйытып, жинақы жүргізді. Ерлізайыпты жас әншілер Мейрамбек, Аққыз Ілиястың сөзіне жазылған жергілікті сазгерлер Қуандық Сәденовтың, Қадір Баймурзиннің әндерін орындады.Өнердегі ағалары Қуат Қожамбаев, «Тоқырауын тынысы» газетінің бас редакторы Қазбек Ештанай, ақындар Мүсіркеп Сейдахмет, Бақытжан Әрінов т.б. қуанышына ортақтасты. *** Ақын академик Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманиатрлық техникалық колледжінде әдебиет пәнінен сабақ береді, осындағы «Ақ бұлақ» атты жас ақындар үйірмесіне жетекшілік етеді. Колледж директоры Қажымұрат
Төкішевтің басшылығымен жас ақынның жыр жинағының
тұсаукесері өткізілді. Ақынның сөзіне жазылған бірнеше
әндер орындалды. Жыр кешіне жиналғандар сәт сапар тіледі.
Келесі жинақты асыға күтетіндіктерін де жасырмады.
Екпінді, ойлы, салмақты өлеңдерімен оқырманын баурап
алған Ілияс Мұқайдың жыр әлеміндегі ғұмырының көктемі
енді-енді басталды. Жыр-ғұмыр көктемінің кәусар самалы
оқырмандарын жан ләззатына бөлей берсін деп тілейміз.
АШЫҚ ӘҢГІМЕДЕ
ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫ
КІРЕДІ
Ұлт тірегі-ұлттық құндылықтарда
Ата бабаларымыздан қалған аса бағалы, саф алтындай
құнды жәдігерлеріміздің бірі тіл. Тілі мүшкіл елдің
келешегі де бұлыңғыр екенін өтіп кеткен ғұламаларымыз
тасқа бастырып, өсиет еткен. Бүгінгі таңда тілімізді
сақтап қалудың бірден бір жолы ана тілімізде шығатын
газет-журналдардың бұқаралық беделін көтеру, кеңінен
насихаттау, сонымен қатар, әр қазақ отбасына жаздырып алу.
Жылма-жыл баспасөзге жазылу барысында облыс айнасы
«Орталық Қазақстан» газетінің басшылары, қызметкерлері
ел арасына шығады, жұршылықпен жүздеседі, ой-пікірлерін
біледі. Биыл да сол дәстүрді жалғастырудамыз.
Балқаш қаласы ірі өндіріс ошағы. Мұнда 80 мыңнан астам
халық тұрады. Экономикасы, әлеуметтік саласы, мәдениеті
дамып келеді. Бұрын орыс тілді қала болатын, оны жасырып
қалудың реті жоқ. Оған дәлел, тәуелсіздік алғанға дейін
қалада жалғыз ғана қазақ мектебі болды. Қалған онға тарта
орта мектеп тек орыс тілінде білім берді. Мұның өзі ана
тіліміздің тұншыға түсуіне әжептеуір септігін тигізді. Аллаға
шүкір, қазір қалада 6 мектепте біріңғай мемлекеттік тілде
дәріс береді. Балқаш қаласының әкімі Қадіржан Тейлянов
облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы,
ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан
республикасына еңбегі сіңген қайраткер, республиканың
үздік редакторы, облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия
Сламбекұлы Сембаймен зиялы қауым, оқырмандармен
кездесуін кіріспе сөзбен ашты.
– Қай мемлекет болсын, қай қоғам болсын, БАҚ-ның орны
қашан да ерекше, бөлек. Халықты жаңалықтармен өзгерістер
туралы хабардар ету, қоғамдық пікір қалыптастыру,
рухани тәрбие беру – бәрі де газет-журнал арқылы жүзеге
асады. Біздің тәуелсіз елдің дамуында да баспасөз теле-
радио қызметтерінің маңызы аса зор. Өздеріңізге белгілі
облысымызда мемлекеттік тілде жарық көретін жалғыз
газет «Орталық Қазақстан». Қоғамдағы өзекті де өткір
мәселелерді көтеріп, облыстың өсіп-өркендеуін халыққа
төл тілімізде жеткізетін басылымның орны бөлек. Өздеріңіз
білесіздер, «Орталық Қазақстан» газеті тек облыс қана емес,
қаламаздағы әлеуметтік экономикалық, саяси қоғамдық
және мәдени өмірді танытады. Бұл – рухани құндылықтарды
бекітіп,
адамгершілік
негіздерін
нығайтуға
белсене
қатысатын басылым. Осы басылым ұжымының кәсіби
шеберлік, жауапкершілік танытуының арқасында біздер күн
сайын болып жатқан оқиға туралы оқып, біліп, түрлі өзекті
мәселелерді талқылаймыз.
Оқырмандар алдында газеттің бас редакторы М.
Сламбекұлы бірден тіл туралы әңгіме қозғады.
Тіл біздің өзегіміз ана тіліміз қоғамдағы ролін бірте бірте
көтеріп келеді. Осыған орай сіздерді газетке жазылыңыздар
деп үгіт айтудан аулақпыз. Мына мсәселеге келейік,
тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл. Келесі жылы атап өтеміз.
Ана тіліміз – жан дүниеміз шын намысымыз болса үгіт
насихатсыз-ақ жазылғанымыз дұрыс. Тіпті ана тіліміздегі
газеет-журналға жазылыңыздар деп үгіттеудің өзі артық
сияқты. Сіздердің алдарыңызда мұндай ойдан аулақ болып,
газет келесі жылы нендей мәселелерді көтереді, нендей
қуанышты оқиғалар күтіп тұр соны айтқым келеді. Газеттің
сонау 1931 жылы алғашқы саны жарыққа шықты. Келесі жылы
80 жылдығын атап өтеміз. Үлкен оқиға. Ата бабаларымыз
аңсап кеткен тәуелсіздіктің 20 жылдығы тұғырға нық қонып
тұр. Бұл – елдің тойы. Сондықтан осы мәселе төңірегінде
газет бетінде келелі мәселелер көтеріліп, ашық әңгімелер
айтылады. Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жыл ішінде
облысымызда нендей өзгерістер болды, экономикамыздың
ілгері дамуы кеше қандай еді, бүгін қандай биікте тұр,
салыстырамыз, саралаймыз. Әлеуметтік салада нендей
жетістігіміз бар. Облысымыздағы барлық елді-мекендерде
жаңа заман үрдісіне сай жарқын өзгерістер бар. Менің
бұл пікіріме келісесіздер ғой деп ойлаймын, ол өздігінен
келген жоқ. Сіздердің еңбектеріңіз, «Орталықты» жаздырып
алатын, жанына серік еткен қадірлі оқырмандарымыздың
айтулы еңбегі. Қай қоғамда болмасын адам қозғаушы күш,
басты байлық гзеттің ұстанымы адамдардың игілікті істерін
асқақтата көртесу басқаларға паш ету, үлгі ету. Алаш көсемі
Әлихан Бөкейханов өткен ғасырдың басында былай деген
екен. «Әуелі – газета халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға
көз құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай
керек». Ғұламаның осы сөзінен-ақ біраз нәрсені аңғаруға
болады. Сол өткен ғасырдың өзінде бауырлас татарларда 30
газет шығып тұрған. 1909 жылы Америкада 12 мың газет
шығып тұрған. Германияда 8 мың газет шыққан. Аса қажет
болмаса мұншама газетті сол заманның өзінде өлермен боп
шығармас еді ғой.
Сондай-ақ газет бетінде ұлттық мәселелерді көтеретін
ақын-жазушылардың шығармаларына, көсем сөзіне кеңінен
орын беріле бастады. Ұлттық мәселеге келгенде газет
жасқанбайды, тартынбайды. Біз әлі де қалай қазақ елі болып
қаламыз, нендей олқы тұстарымыз бар соны саралап, жеріне
жеткізіп айта беруіміз керкек, жаза беруіміз керек. Негізгі
ұстаным осындай.
Кездесуде ашық әңгіме қозғалды. Ой-пікірін жеткізгісі
келгендер көп болды. Соның ішінде ең маңыздысы тіл
мәселесі болып қала берді. «Қазақмыс» корпорациясының
политехникалық колледжінің оқытушысы А. Сыздықова тіл
туралы заңның қабылданғаннан бері кейбір тармақтарының
жүзеге аспай келе жатқанына тоқталды. Тілді дамыту
отбасынан
басталатынын,
кейбір
ата-аналардың
балаларымен орыс тілінде қарым-қатынас жасайтындығын
жасырып қалмады.
– Атамыз қазақ ертеден айтып келе жатыр кейбіреулерге
көңілі толмағанда «ана сүтіне жарымаған» деуші еді мұны
да естіп өстік, – деді өз жауап сөзінде Мағауия Сламбекұлы.
– Тіл де ана сүтімен дамиды. Қазіргі балалар ертегі оқи
ма, бесік жырын тыңдай ма? Мәселе осында. Бала тілге
тұщынып өсуі үшін ата-анасы да сол тілді жетік білуі керек.
Бұл ретте газетімізде «Тілтұмар» атты арнайы бетіміз бар.
Ай сайын шығады, жер жерден түскен хаттар беріледі.
Көптеген оқырмандар тілімізге жанашырлық танытады.
Сондай ұсыныстарды, сыни көзқарастарды газетіміздің осы
бетінен оқисыздар.
– Осы Балқаш қаласының өзінде маңдайшадағы жазулар
орыс тілін қойып, енді ағылшынға көше бастады. Шағын
және орта кәсіпкерлікті дамытқан дұрыс. Елбасының
саясаты да осы, бірақ ағылшынша жазу міндетті ме, көптеген
дүкенденрдің бизнес орталықтарының маңдайшасында
міндетті түрде ағылшынша жазу тұрады. Әсіресе ауылдан
келген ағайынға қиын-ақ Кейбіреулері мемлекеттік тілде
жазуды ұмытып кетеді. Осыған өзіміз кінәлі емеспіз бе.
Менің ойымша бұл да мемлекеттік тілді дамытуға деген
селқостық деп білемін, деді өз сөзінде дәрігер Қ. Ысқақов.
– Бұл өзі бүкіл республика бойынша өріс алып кеткен
жағдай. Естуімізше қожайындар өзі қалаған атты қойып,
қалаған тілінде жаздыра береді екен. Қарағандыда мұндай
өрескел жағдайлар өте көп, біз оны газет бетінде үнемі
көтеріп келеміз. Ықпалды орындар қайда қарап отыр. Газет
қоғамдық пікір туғызады, мәселе көтереді. Ал, оны реттейтін
арнайы мекемелер бар. Солардың құлағына алтын сырға.
Мұндай келеңсіз көріністермен газет күресіп келеді.
«Қазақмыс» корпорациясы Балқаш аймағы бойынша
ішкі және кадрлық саясат жөніндегі директордың міндетін
атқарушы Еркінбек Төрежанов өз ойын бүгіп қалмады.
–«Орталық Қазақстан» газеті өндіріс орындарына
да тарайды, мысшылар да сүйсіне оқиды. Сіздердің
газеттеріңіздің бетінде әлі де болса жастар жөнінде, олардың
қоғамдық өмірдегі белсенділігі жайында материалдар
берілсе деген ұсыныс-тілегіміз бар сол жастар менің де
замандастарым. Сонымен қатар бір мезгіл газеттерңізде
«демелас
сағаттарында»
деген
сияқты
ойын-сауық
отауын ұйымдастырсаңыздар. Мынау өндірісті тұрғызған
алдыңғы буын ағалар, солардың ізін жалғап жатқан бүгінгі
ізбасарлары, ұрпақтары, осы мәселе төңірегінде көбірек
жазсаңыздар, газеттен кеңінен орын берсеңіздер. Өндірістің
жетістігін де бұқараға насихаттап отырған дұрыс болады.
– Бұрын өндіріс орнына цех бастықтарымен келісіп,аралап
материалдар алатынбыз. Онша қиындыққа түспейтін.
Қазір қаптаған күзет, маңына жолатпайды. Сондықтан
журналистерге ақпарат алу үшін «Қазақмыстың» жеңілдік
жолын іздестіргендері дұрыс болар еді, – деген жергілікті
журналистердің сұрағына Еркінбек Баянғазыұлы іле жауап
берді.
– Ұсынысыңыз орынды, біз алдағы уақытта БАҚ-мен
тығыз байланыс жасауға ұйғарып отырмыз. Ұсынысыңыз
ескеріледі.
– Қайсібір шет елдік сапарда белгілі журналист облыстық
«Индустральная Караганда» газетінің бас редакторы В.
Рыжков екеуміз Лондонда болдық. Сонда «Қазақмыстың»
акциясы кім кімге тиесілі, кімде қанша көлемде сонымен
таныстық.
Биржада
жарқырата
көрсетіп
тұр.
Олай
болса, «Қазақмыстың» өндіріс орындарында ешқандай
құпия болмауға тиіс. Өндіріс өтінде көз қарықтыратын
ыстықта, шаң-тозаңның арасында еңбек етіп жатқан маман
жұмысшылардың тыныс-тіршілігін неге дәріптемейміз.
Халықтың меншігін – халықтан жасыруға бола ма?
Сондықтан өндіріске журналистердің кіруін, қалауынша
ақпарат алуын жеңілдеткен дұрыс,– деді бас редакто Мағауия
Сламбекұлы.
Қалалық «Пульс» газетінің тілшісі Қ. Сәденов алдағы
уақытта газет бетінде аңызға айналған тұлғалар батыр, би,
абыздар туралы көбірек материалдар берілсе деген тілегін
жеткізді. Қарағандыдан ертеде Жезқазған облысы бөлініп
шықты. Бірнеше буын ұрпақтар алмасты. Ал, бұрынғы
Жезқазған төңірегінде елін жерін қорғаған көсем, шешен
болған тұлғалар баршылық. Олар жөнінде бүгінгі жас ұрпақ
білуі керек. Оқуы керек. Мұның өзі, патриоттық тәрбие
берудің төте жолы десем артық айтқандық емес. Советтік
кезеңде патриоттық киноларды көрдік. Мектеп балалары
соларға ұқсағысы келіп соғыс ойынын ойнайтын. Елін
қорғайтын патриот болғысы келгені ғой. Сондықтан елдік
ұранды, елдік мақсат мұратты көтеретін, насихаттайтын
салиқалы салмақты материалдар көбірек берілсе оңды болар
еді.
– Газеттеріңізді оқып тұрамыз, жаздырып аламыз.
Дегенмен соңғы бетте еске алуға, көбірек орын беріледі,
соны азайтпасқа болмай ма? – деді оқырман Қ. Сматаева.
– Біздің газет мемлекеттік тапсырысты орындайды.
Көптеген шығынды жарнама, ақылы матреиалдар арқылы
толтырамыз. Бұл да соның бір жолы. Біздің қазақ қашан
да бір бірімен бәсеке. Еске алу, қазанама беруге келгенде
алдына жан салмайды, төлеу ақысы қанша теңге болса да
жариялайды. Ал, жазылу бағасы одан әлдеқайда төмен.
Газетті жаздырып алуға келгенде бұғып қалады. Сұрағыңыз
орынды деді бас редактор.
«Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Ж. Башар ұлттық
рухты көтеретін материалдарға кеңінен орын берілсе деген
ұсыныс тілегін жеткізді.
Пікір айтушылар көп болды. Соның ішінде экология,
туризм, тазалық мәселелері әңгімеге арқау болды. Газетте
«Қала тазалығы – жан тазалығы» атты айдар бар. Жан
тазалығы шындығында ауладан, әр үйдің отбасынан
басталады. Өз жеріміз өзіміздің ел сөйте тұра өзіміз шашамыз
күл-қоқысты өзіміз жинаймыз. Апта сайын сенбілік өтеді,
мұның өзі әлі де болса тұрғындардың өзі тұратын қала,
ауылға деген сүйіспеншілігін, жанашырлық көзқарасының
олқы соғып жатқанын дәлелдейді.
Ұлттық намыс, ұлттық кеуде, ұлттық байрақ ендігі
арада ана тілімізде шығатын газет журналдан басталуы
керек. Өйткені, біздің бар байлығымыз, бар қазынамыз
ана сүтімен бірге сіңген қасиетті тілімізден басталады.
Тіл құдыретін асқақтату мерзімдік баспасөзге жазылудан
басталады. Шындығында ендігі арада қазақ тіліндегі
газет-журналдарға жазылдар деп үгіттеудің өзі ұят секілді,
намыс секілді ең бастысы ол ана тілімізде шығатын газет
журнал ғой. Ұлттық мәселені ұлттық тілде шығатын газет
журналдар ғана көтереді. Солардан тұщымды дүниелер оқи
аласыздар. Әркімнің жүрегінде, бойында осындай намыс
байрағы атойлап тұрса ұтарымыз көп. Бас редактормен қала
жұртшылығы өкілдерінің кездесуінің негізгі түп қазығы
осыған сайды.
Кездесу соңында «Орталықтың» бас редакторы М.
Сембай С. Сейфуллин атындағы орталықтандырылған
кітапхана жүиесіне әйгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің 13
томдық шығармалар жинағын тарту етті.
ГАЗЕТ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ
ҮШ БУЫНЫ КЕЗДЕСТІ
Ақтоғай ауданындағы Шашубай кенті бұрынғы аудан орталығы. Мұнда да «Орталықтың» көптеген оқырмандары бар. Осындағы Мектеп бала бақша кешенінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, білім беру ісінің үздігі Айман Бекболатқызы Түкбай әріптесі Мағауия Сламбекұлына мектептегі жас тілшілермен кездесіп, шеберлік класын өткізуге ұсыныс жасаған-тын. Соның орайы енді келді. Бір жағынан оқырмандармен кездесу, өзара пікір алысу, жас тілшілер, орта буын өкілдері, бүгінгі зейнеткерлер бас қосып, мемлекеттік тілді қалай өркендетеміз, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресеміз, ата-балалардан қалған ұлттық салт дәстүрді, әдеп ғұрыпты қалай жаңғыртамыз? - әңгіме тақырыбы осындай мәселелерге ауды. Ақтоғай ауданыынң әкімі Ғабдырахмен Игілікұлы Омаров облыс айнасы «Орталық Қазақстан» газетінің қоғамдық өмірдегі алатын орнын бағалай келе баспасөзге жазылу науқанының ойдағыдай жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Мектеп директоры Айман Бекболатқызы мектеп ұжымының білім берудегі жетістігін тілге тиек ете отырып, алыс-жақын шет елдермен байланыс жасап үлгергендігін қуана жеткізді. Мәселен, мектеп оқушылары Германиядағы сыныптастарымен үнемі байланыс жасап келеді. Соңғы жылдары Германия оқушылары Шашубай қонысына ат ізін салып, қазақ елінің кең өлкесімен танысып, тарихи жәдігерлерінен мағлұмат ала бастады. Әсіресе оларға қазақтың ұлттық тағамдары қатты ұнап қалыпты. Жыл сайын жазғы демалыста Қазақстанға келуге жалықпайтындықтарын қуана жеткізеді. Өз кезегінде Шашубай орта мектебінің оқушылары Германияға барып, Европа төрінде қиялдарын ұштап, танымдарын кеңейтіп, рухани қанаттанып
қайтады. Мектепте «Ақ желкен» баспасөз орталығы
жұмыс жасайды. 2008 жылы жас тілшілер, балалармен
жасөспіроімдерге арналған ақпарат құралдарының «Жас
қаламгер» ІҮ халықаралық фестиваліне қатысып лауреат
атанды. Осы феситваль ресурстық орталықтың талантты
және озық ойлы мұғалімдерінің оқушыларының басын
қосты. Жас тілшілер ізденуге, ой бөлісуге азаматтық
ұстанымын орнықтыруға ұмтылыс жасады. «Жас қаламгер»
халықаралық фестивалінен жас тілшілер жаңа идеямен
қанаттанып
қайтты.
Мектептің
ресурстық
орталығы
Ортадересін Тораңғылық, Тасарал орта мектебін біріктіріп
отыр. Соның нәтижесінде ресурстық орталықтың магниттік
мектептерінде қабырға газеттері жарық көре бастады. «Ақ
желкен» баспасөз орталығының жетекшісі, қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Бегдербекова жас тілшілермен
үнемі шығармашылық ізденісте жұмыс жасап келеді. «Ақ
желкен» газ етінде «Жасөспірім және заң» айдары тұрақты
беріледі. Заң туралы өзекті мағлұматтар, әр азаматтың
құқықтары мен бостандықтары міндеттері мен парызы
осы айдарда жиі көрініс табады. Шындығында өз құқығын
жақсы білетін адам қоғамның саяси-экономикалық дамуына
еркін араласады, өз абыройын ел намысын қажетті дәрежеде
қорғауға мүмкіндік алады. «Ақ желкен» газеті салауатты өмір
салтын, экология мәселесін, өмірлік танымдық мәселелдерді
үнемі көтеріп келеді.
Бас редактордың шеберлік класы қызықты басталды.
Жас тілшілер аға журналистке өздерін толғандырған
сұрақтарды қойып, нақтылы жауап алып отырды. Оның
ішінде журналистің қоғамдағы ролі, белсенділішгі саясатқа
араласуы құқық мәселесі әңгіме өзегіне арқау болды. жас
тілшілерді қоғамдағы келеңсіз көрініс – жемқорлық мәселесі
қатты толғандырады екен.
– Біздің газетте «Жемқорлық жегі құрт» атты тұрақты
айдарымыз бар. Осы айдардың аясында жемқорлыққа
байланысты материалдар үнемі жарияланады. Арнайы
заң беті бар. Осы тақырыптарда заң мамандарымен келелі
әңгімелер қозғалып, жарияланады, ашық әңгіме жүргізіледі.
Жас тілшілер қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты
аялауға үнемі мән береді, назар аударады. Мәселен, жер
бетінде сирек кездесетін Тораңғы тоғайын қоршауға алып,
мәпелеп ұстауды баптап күтуді үнемі көтеріп келеді екен.
Бас редактор өзі де қазіргі жас тілшілер сияқты мақала
жазуды мектептен бастағанын, журналист болуы үшін тілді
жетік білуін, ұлттық дәстүр-салтқа қанық болуын қадап
айтты. Бұдан кейін орта буын өкілдеріне сөз кезегі тиді. Тіл
жанашыры Байзақ Қасымов «Орталық Қзақстан» газетінің әр
нөмірін қадағалып оқитынын жасырмады. Әсіресе қазақтың
ақиық ақыны С. Ақсұңқарұлының өлеңдерін, көсемсөздерін
газет бетінен асыға күтетіндігін жеткізді.
– Ақынның көзқарасы – адамзаттың көзқарасы. Тағы не
айтады екен тағы не жазады екен деп алаңдап газетті күтіп
отырамын. Мен Каз Пи де оқыдым. Сіздер жариялағапн
Мұхтар Мағауиннің «Ұлтсыздану ұранын» бастан аяқ
оқыдым. Қадірлі ұстазымыз болды, дәріс берді. Мұхаң туралы
жазған соңғы материалыңызды оқыдық. Менің ойымша
мұндай материалдар ұлттық құндылықтарды асқақтатады,
оятады көбірек беріңіздер газет бетін аямаңыздар.
– Мұхтар Мағауин туралы әңгіме қозғалса менің де
арқам қозады. 70 жылдығын өткіздік, басы-қасында
жүрдім. Жазушы қазір Прагада тұрады. Бірнеше қалам
ұстаған бауырлары барып қайттық. «Тазының өлімі» деген
тамаша повесті жарияланған кезде көптеген қатарластары
жағымды пікір жазудан аулақ болды. «Тазысы не, тымақтың
қаншалықты қажеті бар, солай жазуға бола ма» деген саяз
әңгімелер ғой. Ал, Мұхаңның негізгі көтеріп тұрғаны
кеңестік дәуірде ұлттық дәстүріміздің жоғалып бара
жатқанын қаперге алу. Тек жаңарқалық жазушы ағамыз,
жаны жұмақта болсын, Асан Жұмаділдин қаламы арқылы
қолдау көрсетті.
– Тораңғылық орта мектебі қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Базар Әбділманапқызы ауылдық жердегі мұғалімдерге
жазылуға неге жеңілдік жасамасқа, оның уақытын неге
созбасқа деген пікірін жеткізді.
– Мұғалімдерге – жеңілдк берілген. Енді оның уақыты
өтіп кетті. Ал, сіздің мектеп жазылып үлгере алмаса, сол
жеңілдікті және бір пайдаланыңыздар көмектесеміз деді бас
редактор.
Мен осы Шашубай қонысындағы орталық кітапханының
жетекшісімін деді Б. Қалиева. Қазір оқушылар, жастар кітап
оқымайды дегенге өзім келісе қоймаймын. Бізде балаларға
арналған кітапхана бөлімі бар. Күн сайын оқушылар, студент
жастар келеді. Бұрын бір тақырыпта кітап іздеп келетін. Енді
мұғаліміміз арнайы тақырып берді осы тақырыпты тауып
беріңіз деп тұрып алады. Танымдық кітаптарды көп оқиды.
Жастарды кінәлай беруге болмайды. Ауыл оқырмандарына
жеңілдік берілсе, сонда жыл бойына жазылуға мүмкіндік
туар еді.
– Газет жартылай өзін өзі қаржыландырады. Балқаш
қаласында оқырмандармен болған кездесуде де осыны айттым.
Егер де мүмкіндік туып жатса ауылдық жерге «Орталықты»
тегін ақ таратар едік. Жата жастанып оқитын оқырманымыз
ауылда ғой. Малын жайғап, кешкі тамағын ішкен соң газет
журнал ақтарып отыратын ауылдағы ағайындардан айналып
кетсең болмай ма. Ертеңінде күлтөбеде бас қосып, ана газет
былай деп жазыпты, мына журналда анау туралы жазыпты
деп әңгіме көрігін қыздырады-ай келіп. Қала тірлігі басқаша.
–«Орталықтың» бас редакторына мына кездесуге келгені
үшін рахмет айтамыз. Бұрын мұндай болған емес. Менің
жасым 70-тен асты. Мына жастардың, әсіресе мектеп
оқушыларының қойған сұрақтарына, өмірлік көзқарастарына
риза болып, аталық алғасымды білдіремін. Алла алдарынан
жарылқасын. Айман қарындасымызға рахмет, бірлік бар
жерде тірлік бар дейді атам қазақ. Бірліктің тірлігі осылай
бастаплады бауырларым. «Орталықты» облыс қосылғаннан
бері жаздырып, оқып келемін. Жас кезімізде Қарағанды
облысы болып тұрғанда оқыдық. Ескі танысымызбен
қайта жүздескендей болып жатырмыз. Халықтың пікірін,
халықтың тілегін газет бетінде жасқанбай жариялап
отырсаңыздар ұтарымыз көп. Ашық, бүкпесіз әңгіме айтып отырсақ кемшілігімізді түзейміз. Болашағымызда бағдарлаймыз, – деді кенттің ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Сәтмағанбетов. Жасөспірімдер жастар газет оқымайды деп қалай айтасыз. Мәселен, соңғы кезде газет ішіндегі «Жас қанаттың» жүиелі шықпай жүргенін жастар қаперге алды. Сонымен қатар жастарддың шығармашылығына, өнеріне газет бетінде кеңірек орын берілсе деген тілектерін де айтып қалды. – Ақтоғай өңірінде 17 селолық округ бар. Соның бәріне жергілікті облыстық газеттерді көптеп жаздырып алуға ұйтқы болудамыз. Бүгінгі күннің әлеуметтік-экономикалық, саясат мәселелерін оқығыларыңыз келсе, хабардар болғыларыңыз келсе «Орталыққа» жазылуды естен шығармаңыздар. Осында жас тілшілер отыр, мектеп оқушылары қатысуда. Үйлеріңе барған соң ата-аналарыңнан сұраңдар. Облыстық «Орталық» газетіне жазылда ма екен. Жазылмаса жазылсын. Бұл газетте жас ұрпақтың мүддесі үшін аса қажетті материалдар жиі беріледі. Оқып тұрыңыздар. Оқырманмен кездесіп, емен-жарқын әңгіме құрған бас редактор Мағауия Сламбекұлына алғысымызды айтамыз. Әркімнің уақыты алтынға пара-пар. Осы кездесуге уақыт бөлгеніңіздің өзі қоғамдық пікірді қалыптастырады, игілікті, ізгілікті істерге жетелейді. Ақтоғайда да оқырмандарыңыздың саны арта түспесе кемімейді деді,- өз сөзінде аудан әкімі Ғабдірахман Омаров. *** Балқаш қаласы және Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде болған жұртшылық өкілдерімен жүздесуде «Орталықтың» сүйікті оқырмандарының қатары жаңа жылдан бастап біршама артатындығына көз жеткізгендей болдық. Халық пен билік арасындағы дәнекер ақпарат құралдарының мерейі әмсе биіктей берсін. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан айтқандай: «Баспасөзі қуатты елдің өзі де қуатты».
ТАҒДЫРЫМА ТУРА КЕЛГЕН...
Қаз-қалпында
Алғашқы редакторым, аяулы азамат
Қасжан АҒЕДІЛОВТЫҢ фәниден бақиға
озғанына жыл толды. Мен үшін үлкен жүректі,
мейірімді, қамқор, жан дүниесі мөп-мөлдір
асыл аға еді. Ақын айтқандай: жыл толды
үлкен жүрек тоқтағалы.
1974 жылдың күрең күзі. Әскери азаматтық борышымды өтеп келген кезім сол еді. Қамқор ағатайым Мағұз: «сені редакциядан іздеп жатқан көрінеді, дайындал ертең Ақтоғайға жүреміз», – деді. Қасиетті қара шаңырақ «Арқа еңбеккері» газеті редакциясының табалдырығын жүрексіне аттадым. Ағай редакторға кіріп кетті, мен қабылдау бөлмесінде күтіп тұрдым. Шақырды, кірдім. Төрде аппақ манардай, маңдайы кең әдемі жігіт ағасы отырды. Жүзі жылы, кеудесі ашық көрінді. – Отыра ғой, қарағым, әскерден келген екенсің ғой. Үйді, ауылды сағынған боларсың. – Иә, сағындық қой. – .Біз сені редакцияға тілшілікке алуға ұйғарып отырмыз. Журналист жігіттермен ақылдастым. Кадр тәрбиелеуіміз керек, дейді редактор бетіме сынай қарап. – Сенімдеріңізді ақтай алсам?... – Жаңа жылдан бастап жұмысқа шығасың. *** Бұл ақ жүректі, кең пейілді, мейірімді, әм қарапайым –Қасжан Ақеділов ағамыз еді. Содан бері тұп-тура 36 жылға жуық уақыт өтіпті. Мектепте, әскерде ауыл өмірі
шаруашылығынан
шимай-шатпақ
жазып
тұратынмын.
Редакциядағы ағаларым соны ескерсе керек, сөйтіп, бала
күнгі арманға қолым сәл жеткендей болды. Арманым
журналист болу еді. Арман шіркін тәтті ғой. Оңайшылықпен
жеткізбейді. Қалаған бақытың қолыңа келіп қона қоймайды.
Менің тағдырыма тура келіп, арманға жол сілтеп тұрған
Қасжан ағамыз екенін дәл сол кезде сезген жоқпын. Ал,
бүгін ше. Қаскең қызметке алмағанда одан кейінгі тағдырым
не болар еді? Әрине, жер басып жүрерміз, бірақ журналист
болам ба? Алматыға журналист оқуына құжат тапсырсаң
топырлатып құлатады, түңілесің. Қолымызда қатырма
қағазымыздың
жоқтығына
қарамай
тілшілікке
алды,
баулыды.
Баспаханадағы газет басатын бояудың иісін алғаш рет
сезіндік. Сол газет бояуының иісін қазір сағынамыз... Бүгінде
компьютердің заманы. Қасжан ағаның маман тәрбиелеудегі
ыстық ықыласы, құштарлығы керемет. Соны енді түсініп
отырған жайым бар. Жазу, сызу деген инемен құдық
қазғандай қыр-сыры жеткілікті сөз өнері. Түңілдірмеді, алға
ұмтылдырды. Мақаламыз тәуір шықса еңсемізді көтеріп
отырды. Дұрыс емес тұсын ағалық жүрегімен ұғындырды.
Тәрбиеледі. Ішкі-сыртқы мәдениет... Қонымды, жарасымды
киім киіп жүру. Адалдық, тазалық....
Иә, сіз болмасаңыз... бүгін кім едім.
...Алдыңғы жылы жазда Қасжан ағаммен кездестім,
Ақтоғайдың 80 жылдығында.
– Келші құшақтайын, – деп бауырына басты. Сонау
жылғыдай ақжарқын. Баладай пәк көңіл. Тағы да жүрек
жылуына бөледі. Ұстаздың шәкіртіне деген сағынышы.
Елжіреп кеттім, көңілім толқыды, көзіме ыстық жас келді.
Ағаның құшағынан кеткім келмеді. Мен есейсем де, әлі
күнге дейін Қасжан ағаның құшағындамын. Ажырамаймын.
Қамқор махаббатының шексіз сүйіспеншілігіне оранғанмын.
Жаныңыз жәннатта, нұрыңыз пейіште шалқысын, асыл аға!
Кейде адамның тағдырына біреулер дәнекер болып
жатады дейміз ғой. Қасжан аға мен үшін солай. Содан кейін
Ақтоғайдағы қадірлес Сейілхан ағама, Нәсен жеңгеме де
қарыздармын. Асқар тауым, Мағұз ағам енді мені жетектеп
осы үйге алып келді. Шағын пәтер.
– Көңіл сыйса бәрі сыяды, тілшілікке әркімді шақыра
бермейді. Бұл үлкен сенім, осы үйдің бір мүшесі боласың,
– дейді райкомда істейтін Сейілхан ағам. Сіздердің де ізгі
ниеттеріңізден айналдым!
...Кеше түс көрдім, бәріміз қара шаңырақ «Тоқырауын
тынысы» газетінің редакциясына жиналыппыз. Түгелдей көз
көргендер. Қасжан аға мені тағы да ыстық құшағына алып,
бауырына басып тұр екен деймін.
Тәтті түстен сергек, шаттанып ояндым.
АЛҒЫС АЛҒАН АРЫМАС
Ол өзінің бүкіл ғұмырын балалардың денсаулығын
қорғауға арнады. Алдына қаралуға келген әр балаға
ерекше аналық мейірімін төгіп, жан шуағын сыйлады.
Балаларды көрсе елжіреп кетеді. Мейірімді балалар
дәрігерінің қолы шипалы, сырқаттың себеп-салдарын дөп
басып қояды. Бәрінен бұрын жүрек жылуын айтсаңызшы.
Әңгімемізге арқау болып отырған балалар дәрігері – Дәмеш
Махамбетқызы Байжиқанова.
Ол өзінің сүйікті қаласын жан тәнімен сүйді. Айнымас
перезенті болып өсті. Сондықтан болар, туған қаласы
Балқаштың жұртына жан тәнімен қызмет етуге серт еткен-
тін. Соның ішінде балалардың денсаулығын қорғау оның
өмірлік мұратына айналды. Өмірдің жолы сан тарау деп
жатамыз. Сол рас, тарау-тарау өмір жолдары қайта киелі
топырағы Балқашына алып келген. Бала кездегі арманы
орындалды, 1966 жылы қара шаңырақ Абай атындағы
орта мектепті бітірген соң бірден Қарағандыға тартады. Не
нәрсенің сәті бар. Жолы болып Қарағанды медициналық
институтына оқуға түседі. Сөйтіп, 1973 жылы аталған оқу
орнының педиатрия бөлімін тамамдап, өскен қаласына
оралады.
Жылдар,
жылдар...
Есейтті,
тәжірибе
жинақтады.
Отбасын құрды. Балалардың сүйікті анасы қосағының
қадірлес, сырлас жары болды. Сәл шегініс жасайық.
Қаладағы Ленин көшесінің бойына орналасқан балалар
емханасында еңбек жолын бастады. Тәжірибелі балалар
дәрігерлері В.Л. Злотников, Г.М. Шубина, Д.М.Хан
сияқты іскер мамандар Дәмешті бірден бауырына тартып,
қамқорлығына алып, мамандығын жан-жақты меңгеріп
қалыптасуына айтарлықтай ықпал жасады. Уақыт өте
келе балалар мен ата-аналардың ықыласына бөленген
Дәмеш Махамбетқызын тіпті басқа учаскеде тұратын
тұрғындар іздеп келіп балаларын қарататын. Ол балалардың
денсаулығын сақтауға байланысты білімін үнемі жетілдіріп
отыратын.Медициналық ғылыми кітаптарға, оқулықтарға
жиі-жиі үңілді, ой қорытты. Сөйтіп, ата-аналарға балаларға
дәрігерлік кеңесін үнемі айта отырып, қамқорлығын аямады.
Дәрігердің парызы аялы алақан, сырқаттың жәй-жапсарын
анықтап, дәлме-дәл ем жасауға нұсқау беру.
Жаны жайсаң Дәмеш Махамбетқызы ұжым арасындағы
беделін, ықпалын көпшіл кішпейіл жан екенін басқалар да
мойындады. Кейіннен өзі еңбек етіп зейнет жасына шыққан
№2 қалалық емханада балалар бөлімінің меңгерушісі
болып ұзақ уақыт еңбек етті. Оның ұйымдастыру қабілетін
жанындағылар да біліп, құрмет тұтты. Сондықтан ұжымдағы
кәсіподақ жетекшісі етіп сайлады. Мұнда да ұжым мүддесін
бірінші кезекке қойды. Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын
үнемі жоғары орындардың алдына тартып, қамқорлық
жасауға ұйтқы болды. Жас мамандарға ұстаздық етті,
ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды насихаттауда үнемі
бастамашы, көшбасшы.
–Адам өмірінен қымбат не бар дейді, – Дәмеш
Махамбетқызы бізбен әңгімесінде. – Адам ұрпағымен
бақытты. Қолымыздан келгенше балалардың денсаулығын
сақтауға сымбатты, дені сау болып өсуіне тамшыдай болса
да үлес қостық қой деп ойлаймын. Бала қоғамның байлығы,
келешектің қожайындары. Дені сау ұрпақ қана, қоғамды алға
жылжытады, іргесін нығайтады.
Ол ҚР-сы денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет
грамотасымен марапатталған, басқа да сый құрмет,
мәртебесі жетерлік. Өмірлік жары Тілеукен Раев та терапевт
дәрігер болатын. Тағдырдың жазуы, Тілеукен өмірден ерте
кетті. Отбасы ауыртпалығын бір адамдай көтерді, мойыған
жоқ. Бүгінде үлкені Гүлнәр, ұлдары Тілек, Мирас аһарлы-
шаһарлы үш үй болып отыр. Немерелері өсіп келеді. Ол ІІ
категориялы балалар дәрігері ретінде, ортасына сыйлы,
қадірлі жан ретінде де ұжымның абыройын көтере білді.
Қазір зейнет жасында. Немерелерінің сүйікті әжесі.
Дәмеш Махамбетқызы үнемі халықтан алғыс алып жүрді.
Алғыс алған арымайды деген осы шығар.Алғыс алу сіздің де
нәсібіңізге бұйыра жүрсін, ағайын!
ЕСІКТІҢ АЛДЫ КӨК ТЕРЕК
Қаз қалпында
Қабыкей ақсақалдың әңгімесін көп тыңдаушы едім. Ауылға жолым түскен сайын үйге бірден тартпаймын. Әуелі осы ақсақалға сәлем беремін. Бір жағынан туған нағашым Төре жұртынан Бейсенбайдың үйіне бас сұғамын. Нағашым әдеттегідей үйде болмайды. Кеңседе есепші. Содан соң көп ұзамай Елубайдың әкесінің кең құшағына сүңги беремін. Әуелі осы үйдегі анамыздың қолынан тастай ашығанды тастап аламын. – Жол жүріп, шөлдеп келген боларсың? – дейді Қабыкей әкем. Өзі де ширатылған мұртын мала бір кесені көтеріп тастайды. Жарықтық қымыздай екен,– деймін. –Қарағым, қымыздың жөні бөлек. Мынау сиыр сүтінің ашығаны ғой. –Елубай жиі келіп тұратын шығар? Анда-санда, мерекелерде, үйге босатпайды екен. Енді аз күннен кейін Қарағандыға өзім барып келейін деп отырмын... – Балам, анау биікті – Ақсораң деп атайды. Жалпы тауды Қызыларай дегенімізбен ең биігі – Ақсораң. Туған жердің қадірін алыс кеткенде біледі екенсің. Соғыста жүргенде осы биік тау «Есен-сау орал, ұлым» дегендей өзіне шақырып, тілеулес болып тұрғандай сезінетінмін. Жассыңдар ғой, биіктікті аңсап жүріңдер. Онда тазалық, адалдық, мейірімділік жатады. Жазудағы талабың жаман емес, іздене түс. Елубай дәрігер болам дейді, сен сөз өнерін қудың, алдыңнан жарылқасын, балам! Қабыкей ақсақал әдебиетке құштар еді. Арғы-бергі
тарихты көп білетін, жеріне жеткізе талдайтын. Бұл жөнінде
тағы бір ұстазым, әдебиетші Зия Елеубеков ағамыз жап-
жақсы жазған болатын жергілікті газетке.
Соғыстан оралған Қабыкей Баймағанбетов ұзақ жыл
ұстаздық етті. Шәкірттері қандай, ылғи мүйізі қарағайдай
нарқасқа жігіттер, инабатты қыздар. Бүгінгі, кейінгі
ұрпақ үлгі тұтар асыл ағалар, ақ жаулықты аналар болды.
Біздің ауылдың табиғаты қандай тамаша? Көктемде
тіптен құлпырады. Сағымдай бұлдыраған сағынышты
жылдар парағын судыратып өтіп жатыр. Қабыкең айтқан
әңгімелер де санамда сағыныш болып сайрайды. Өмір
туралы толғаныстары...Кейде оны ақ қағазға түсіреді. Туған
нағашым Бейсенбайға, Сізге деген дұғам осы болды. Екеуіңіз
де соғыстың от жалынын көріп, бейбіт өмірде жер бесікке
жөнелдіңіздер...
Айтпақшы, Қабыкей ақсақалдың Елубайы бүгінде еліне
қадірлі азамат, кенжесі Қаламбай да өмірде өз орнын тапқан.
Қыздары Зәйкүл, Зәйпан, Тілеутай апалары аһарлы-шаһарлы
ел болып отыр. Сол үйдің алдына тамырын тереңге жіберген
жапырақты көк терек болушы еді. Ауылға барған сайын сол
көк терекке көз саламын. Жылдың төрт мезгілінде де ыстық
көрінеді мен үшін. Адам ғұмыры да табиғатпен үндес-ау. Сол
көк теректі отырғызған Қабыкей ақсақалдың өзі болатын.
*** Бірде Елубай телефон соқты. – Ораш, қуанышты болғалы жатырмын.Күні кеше құдалар келіп, қызымыз Динараға сырға тағып кетті. Оқуын бітірді. Қызметке тұрды, есеп-қисабын тез меңгеріп әкеткен сияқты. Әке-шешенің ұлдан көрген тұңғыш немересі ғой. Өкініштісі сол, олар тағдырдың жазуымен ертерек бақилыққа жөнелді. – Тағдыр талқысына не дерсің? «Орнында бар оңалар» деген.Балаң бақытты болсын.Біз де тілеулеспіз,– деп бірбірімізді ұғысқандай болдық. Арада көп күн өткен жоқ, Елубай үйге тағы да телефон соғыпты. Мен іссапардамын. Іле келісімен телефонмен
хабарластым.
– Ораш, Динараның ұзату тойына шақырамыз. Билетіңді
өзің келіп алып кетсең қайтеді? Той дайындығы мойын
бұрғызбайтын түрі бар, – деп Елубай ақ ниетімен ақтарылып
жатыр.
Қала ортасындағы «Сарыарқа» мейрамханасында Елубай
мен Тәкен ұлан-асыр той жасап, ағайын-туыс, жолдас-
жораларын шақырып, батасын алып, Динараны ақ жол тілеп
ұзатып салдық.
Динараның жолын соңынан желкілдеп өсіп келе жатқан
Дәнияр мен Жазираға берсін дедік. Басында көңіл-күйі
көтеріңкі жүрген Елекеңнің Динараны ұзатып салып
тұрғанда, сәл де болса босап, әкелік мейіріммен елжірегенін
біле қойдық. Тәкен де сыр бермеген сияқты. Әйткенмен,
«Қыз жат жұрттық», табиғат заңдылығы солай. Қай ата-ана
туған баласын бауырынан шығарып, оп-оңай бере қойсын.
Күйеу баласы Талғат – заң қызметкері.
Елубай Қабыкейұлы менің кластасым, мақтан тұтамын.
Бүгінгі Әлімхан Ермеков атындағы орта мектепті 29 жас түлек
бітірген едік. Ақсораңның сұлу қойнауына орналасқан біздің
ауылдың табиғаты жылдың төрт мезгілінде жүрек қылын
шертіп, сұлулыққа іңкәр етеді. 1972 жылы мектеп бітірдік,
жан-жаққа аттандық. Көңілде көп сауал,әрқайсымыздың
жүрегімізде бір-бір арман. Сыныптастарымыз Гүлдәрия,
Панаш, Марал, Төлеутай, Серғазы,Елубай, Бедеркүл, Сәуле,
Жанат, Күлғайын, Зәбира, Бейсен, Дүйсен, Сайрандар
жоғары және орта арнаулы оқу орнына түсіп, белгілі бір
мамандықтарды игерді. Сондай-ақ, Әділ, Баян, Бақыт,
Мұқатай, Рысқайша, Қалимаш, Саябек, Мереке, Малғаждар,
Қанат, Есентай, Көшен, Берік,Серікбек, Төлеухандар ауыл
шаруашылығында өз қолтаңбасын қалдырды. Қазір көбісі
жан-жақта, үйлі-баранды.
Сол мектеп бітірген жылғы жылауық күзде мен Мереке, Малғаждар азаматтық борышымызды өтеуге аттанып кеттік. Барған жеріміз Германиядағы Кеңес Одағының Әскери Қарулы Күштері, сонда қызмет еттік. Содан бері 40 жыл өтіпті-ау. Тағдырдың жазуы болар, қатарымыз селдірей бастапты. Асқан білімді, сұңғыла Бейсен, бауырмал Рысқайша, жаны таза Күлғайын, жұрттың бәрін өзіндей көретін Қалимаш, Қасабай өзенінің жағасында асыр салып өскен Аман, сол Қасабайдың бастауыш мектебінде бірге оқып, одан кейін бүгінгі Ә.Ермеков атындағы орта мектепті бірге бітірген, сонау Германияда әскерде 22 айдан кейін мені өзі іздеп тауып алған, Мереке, сабырлы Саябек, тектілігі байқалып тұратын Сейтхан, мәрт мінезді Дүйсендер бүгінде арамызда жоқ. Мектептегі, одан кейінгі қылықтарын еске аламыз,ойға түсіреміз, дұға жасаймыз. Көрмеген көшелеріңнен жарылқасын, бауырлар! *** Елубай қалалық мәслихаттың депутаты ретінде күрделі мәселелерді көтеріп, жұртшылықтың көкейін тап басады.Экологиялық ахуал, қаланы сәулеттендіру, көгалдандыру,жылу беру, су жүиесінің ахуалы оны жиі мазалайды. Тұрақты комиссияның отырысында, сессияда қаралатын мәселелер жан-жақты талқыланады. Депутаттар біраз «қызыл шеке» болады. Бірде қалалық мәслихаттың хатшысы Людмила Алексеевна Коробейниковамен сұхбат жүргіздік. Әңгіме арасында депутаттардың белсенділігі сөз болды. Людмила Алексеевна Елубайдың кең көлемде толғап, аса тартысты шаруаларда депутаттарды сабырлылыққа шақырып, ең оңтайлы жолын берік шешіммен айтатынын жасырмай жеткізген-тін. Ал, өзі қызмет ететін «Балқаштүстіметалл» ӨБ-гі емдеу сауықтыру кешенінің қызметі жылма-жыл алға басып келе жатқандығы көңіл қуантады. Жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып
алынуда, мысшылар денсаулығын түзейді. Әрине, бұған Елубайдың басшы ретінде қосып отырған үлесі ұшан-теңіз. Бүгінде халқына айтулы еңбек сіңірген Р.Кенбаев атындағы емдеу сауықтыру орны күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи шипажайға айналған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі келіп, аралап көріп, Елубай бастаған маман дәрігерлердің ісіне сәттілік тілеп еді.Сонау қиын кезеңде арнайы күзет ұстап, өз күшімен ірі ғимаратты сақтап қалған біздің Елубай еді. Біреу білер, біреу білмес. Азаматтың халық үшін атқарған игілікті шаруасын айтуға тиіспіз. Айтылмай қалса сөздің атасы өледі. Қазір шипажай әлемдік деңгейдегі құрал жабдықпен қамтамасыз етілген. Ел дамуын осыдан-ақ байқауға болады. ***
Биыл ауылға бардым, анам Сақанның басына кенже
баласы Шашубай, немерелері болып ескерткіш, көктас
қойдық. Содан соң бір кезде Қабыкей ақсақал тұрған өзен
жағасындағы үйді жанай өттім. Жарықтық көк теректер
тіптен асқақтап, жапырағын төге тербеледі. Саясында жас
балалар ойнап жүр.
Иә, жыл сайын көктей бер, жас ұрпаққа сая болып,
жапырағыңды жая бер туған ауылымдағы көненің көзіндей,
көк терек!
МӘУЕЛІ БӘЙТЕРЕК
Ертеректе Дересін атты ауылды біз де көргенбіз. Нағыз еңбек майданының ортасы дерсің.Тауарлы сүт өнімдерін өндірумен шұғылданады. Өзіндік қалыптасқан болмысы, жарасымды табиғаты бар, киелі топырақ. Жер жүзінде сирек кездесетін тораңғы тоғайы осы төңіректе. Айнадай жарқырап айдын көл жатыр. Қамыс-қоғасы және бар. Ірі-ірі фермалары да шаруашылықтың экономикасын көтеріп, іргесін мықтап тұратын. Әбдіқасен Дүрмағанбетұлы осында ер жетті, ат жалын тартып мінді, азамат болды. Шаруашылықтың әр саласында тиянақты қызмет атқарды. Есепші болды. Мал бордақылау алаңында жұмыс жасады, тракторге де отырды. Осының бәрінде де өзінің жан жүрегімен беріле еңбек етті, тапсырылған шаруаны тастай қылып атқара білді. Рас, адам қарапайым еңбегімен де мәртебесі биіктейді, өз ортасына қадірін арттырады. Әбдіқасен Дүрмағанбетұлы сондай жан. Бүгінде сексеннің үшеуіне келіп, аһарлы-шаһарлы әулет болып отыр. *** – Әбдіқасен атаң екеуміз 1957 жылы бас қостық дейді,– өмірлік қосағы Гүлжауһар Бекмағанбетқызы. – Тұп-тура тамыз айының 17 күні қосылдық. Әлі есімде, тағдырдың жазуынан асып кете алмайсың. Мына Ортадересінде ұрпақ өсірдік, еңбек еттік қолтаңбаңы қалдырдық. Сауыншы, бұзаушы болдым.Сауыншы болғанда қандай. Социалистік жарыстың үнемі алдында болдым, «Құрмет кітабына» жазылдым. Отыз жылға тарта мына он саусағым сиырдың желінінде болды. Ол кезде тілшілер де ауылымызға жиі келіп – балды бармақ сауыншылар деп,- газет бетінде мақтайтын. Алланың бергені, он бала тауып өсірдік. Зейнетке елу жасымда шықтым. Менің жасым қазір 76-ға келді. Туған жерім Орта дересін. Ал, Әбдіқасен атаңның туған жері
Ақтоғай төңірегі. Қал-қадірімізше еңбек еттік, ал, Балқаш
қаласына 2005 жылы көшіп келдік. Өмір зымырайды екен,
тоқтамайды. Көрген қиындық, қажырлы еңбек, бәрі де көрген
түстей, тек бала шағаңа қарап. өткен өмір көз алдыңнан
көлбеңдей береді. Осыларға қарап жасыңның ұлғайғанын
байқайсың.
Гүлжауһар апай осылай ойға берілді, толғанды. Өткен
өмір жолына үңілді.
Әбдіқасен атамыз ата-анасын көрмепті, екі жасында
қалыпты. Анасы 1932 жылы қайтқан болуы керек, зираты
да белгісіз. Ал, әкесі Дүрмағанбеттің зираты Ақтоғайдың
Ақтұмсық деген жерінде екен. Екі ағасы қиындық кезеңде
қал-қадірінше қамқор болыпты. Көп ұзамай соғыс басталды.
Қиындықтың үстіне қиындық келді, ортаншы ағасы Балқаш
қаласынан соғысқа аттанады. Жеңгесі екеуі Ақтоғай жағына
келіп, егіншілік ісіне араласады. Қаршадай бала, жас
келіншек күн көру қамын ойлап, таң атқаннан күн батқанға
дейін еңбек етеді.
– Ала таңнан оянып, көзімізді уқалай салып жұмысқа
кетеміз, содан қас қарая ораламыз, сөйтіп күн көрдік қой, мен
12-ге толғанға дейін мектепке бармадым. Сөйтіп жүргенде
Алматы жақтан Сейтқан Исаев ағамыз келді. Құжат жасатып,
Алматыда оқытты, сол жақта онжылдық мектепті бітіріп,
әскерге алындым. Айтпақшы, Сейтқан Исаев ағамыз кезінде
Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа дәріс берген ғой. Содан әскерден
оралып, Ортадересінде тұрақтандық. Екінші ағам бас-көз
болды, қол ұшын берді, – дейді әңгіме арасында Әбдіқасен
атамыз.
– Кеңес кезінде еңбек еттік дедім ғой, бала тәрбиесінен
қашқан жоқпыз. Осы он баланы өсіруде қиындық көрсетпеген
Аллаға шүкіршілік етіп отырамын. Әрине, жұмыс оңай
болған жоқ. Әр баланы екі айдан кейін бала бақшада
тәрбиеледік. Бала туғаннан кейін 15- ақ күн демалыс береді,
одан әрі жұмысқа шығып кетесің. Бала бақшада немістің
қыз- келіншектері болды, өздері тәрбиеледі, бағып күтті,-
дейді Гүлжауһар апамыз сөз арасында.
– Сауын фермасы көп болды ғой?
– Несін айтасың, Дересін тамаша еді.12 сауын фермасы
болды. Сүт зауыты бүкіл өнімді Балқаш қаласына, Қоңырат,
Шығыс Қоңырат кентіне өткіземіз. Сүт өнімдерін тексеретін
жерде сараптамашы болып еңбек еткенім бар. Қаймақ,
ірімшіктің сапасын тексереміз. Замандасым Марфуға
Шойбасова еңбек озаты болды. Менің ата-анамының көзін
көрген сол. Қанаттаса жүріп еңбек еттік. Ол сауыншылар
бригадасын басқарды.
– Бала тәрбиесі жөнінде не айтар едіңіз? Қазір екі-үш
баламен шектеліп қалатын келіндер көбейді?
– Бала тәрбиесінен қашпау керек. Жас кезіңде бейнет бер,
қартайғанда дәулет бер демей ме? Әр баланың өз несібесі
бар. Жас келіндер бала сүюден қашпағаны жөн. Кейін оның
рахатын көреді. Ана болып, бала сүюден артық қандай
бақыт керек. Биыл Елбасы Н.Ә.Назарбаев отбасы күнін атап
өтуге ниет етіпті. Еліміз үшін үлкен қуаныш, әрі бағалы
бастама. Әр отбасында береке-бірлік, татулық болса алтын
босаға Отанымыздың да іргесі мықты. Әр отбасы бақытты
ғұмыр кешсе Отанымызға да игі ықпал етеді. Мен мынаны
баса айтқым келеді. Отбасындағы бақытты еркек, сыртта
да бақытты. Үйінде күн сайын ыдыс-аяғы сылдыраған кей
еркектің сыртқа шыққанда қоқиланып, кеуде керіп жүретінін
білеміз. Ер адам қамқор болуы шарт. Әйел-ана үйдің алтын
діңгегі іспеттес, бар-жоқты ұқсату соның қолында.
– Бүгінгі заманға қалай қарайсыз, пікіріңізді білсек деп
едік?
– Бұл заман ата-бабамыз аңсап кеткен тәуелсіздік заманы
– деп Гүлжауһар апай әңгімесін жалғастырды. – Абай
бабамыз айтпап па еді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей», «қолы қимылдағанның ауызы қимылдайды»
деген. «Еңбек ете білгеннің есесі түгел». 1990 жылдардың
орта шенінде балаларымның біразы Астанаға кетті. Үлкен
қызым Гүлбақыт бірінші болып сапар шекті, содан кейін
бірін-бірі тарта бастады. Өз еңбектерімен баспана салып
алды, алғашқы кезде қиындық кездесті. Тіпті пәтерді 100 мың теңгеге дейін жалдап тұрған кездері болды қиындыққа мойыған жоқ. Міне, қазір соның рахатын көріп отыр. – Балаларыңыз туралы айта кетсеңіз? – Әңгіме басында он бала тәрбиелеп, өсіргенімді айттым, 3 ұл, 7 қыз. Үшінші туған қызым Айгүл Шымкентке тұрмысқа шыққан еді, қайтыс болып кетті, одан екі бала қалды. Бекболат есімді ұлым Балқаш өндіріс орнында еңбек етіп жүрген, кездейсоқ апаттан қайтыс болды. Болған іске бекем болдық, шалымыз екеуміз қалғандары аман болсын дедік, басқа қолдан не келеді. Қазір Гүлбақыт, Гүлдана, Жайна, Ғазиз, Қарлығаш, Сандуғаш, Гауһар, Болат есімді құлындарымның қызығын көріп жатқан жайымыз бар. Әрқайсының мамандығы бар, бәрі де үйлі-баранды.Үшеуі Астанада тұрады. Солардың анда-санда Балқашқа келгені шағын мереке десем, артық айтқандық емес. Астанаға барып бір жыл жатып келдік. Астана қандай әдемі қала. Жастардың, қазіргі заманның қаласы. Балаларым сонда немерелерімді оқытып, алды жоғары оқу орнын бітіріп, тәуелсіз елімізге еңбек сіңіріп жатқан жайы бар. Қиындықты жеңе білу керек, ол үшін өмірге деген құштарлық, нұрлы жүрек керек. Тіпті айтар едім, өмірді сүйген жан қиындықты жеңе біледі, қорықпайды, қаймықпайды. ***
Әбдіқасен атамыз бен Гүлжауһар апамыздың қосылғанына
55 жыл толуын бала-шағасы жиналып, ағайын туыс, құда-
жекжат, замандастарын шақырып, той жасап беріпті. Мұның
өзі бір бақыт. «Отан от басынан басталады» деген, Әбдіқасен
ата, алтын құрсақты Гүлжауһар апамыз ұл-қыздарынан 23
немере, 6 шөбере сүйіп отыр. Отбасының бірлігі келіндері,
қыздары, ұлдары. Өзара түсінісушілік, ортақ мақсатта
ғұмыр кешу бақыт жолына бастайды. Күні кеше тағы бір
немересі Аяулым мектеп табалдырығын аттады. Гүлжауһар
апайдың өзі алғаш әліппе ұстататын жас ұстазға аналық
батасын берді. «Ғұмырларың гүлдей жайқалсын» – деп, гүл
шоғын ұсынды.Гүлжауһар апай ән салудың шебері, ауылда
Әбдіқасен екеуінсіз той-томалақ басталмайды екен. Ал,
Балқаш қаласында өткен әжелер байқауында Гүлжауһар
апай бірнеше халық әнін шырқап, бас жүлдені жеңіп алғаны
бар. Жастық шақта Әбдіқасен атамыз мандалинде өте шебер
ойнапты. Өнерлері балаларына да жұғысты болыпты.
Айтуға оңай, әрине, 55 жылдан аса ерлі-зайыпты ғұмыр
кешіп, бала-шағаның ортасында отыру қандай ғанибет.
Отбасы шаттығы осы болса керек.
Иә, шаттығы шалқыған шаңырақтың үлгілі, өнегелі ісіне
басқалар да сүйсіне қарайды. Ал, маған асқарын ақ шалған
қос қария тамырын тереңге жіберген мәуелі бейтеректей
болып елестейді.
Балқаш қаласы.
ОТЫЗ ТІСТІҢ ҚАДІРІН...
Адам ғұмырының бәсекеге қабілетті болуы денсаулыққа
байланысты. Атам қазақ мұндайда «денсаулық зор байлық»
деп кесіп айтқан ғой. Бабаларымыз көреген. Сырқат болсаң
жиған-тергеніңнің, байлық-шайлығының қажеті не? «Жан
тазалығы – тән тазалығынан туындайды» депті тағы бір
ойшылымыз. Шындығында денсаулықтан артық қандай
қазына-байлық, рухани күш бар дейсіз.
–«Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің» деген. Тіс
– адам қуатының күнделікті дәнекері. «Ас – адамның
арқауы» дейміз ғой.Негізі тіс аурруы атақсыз ауру.Кейде
«е, тісің ауырып жүр ме», деп жеңіл айта саламыз.Ал, енді
асты жеріне жеткізе шайнап, жұта алмасаң, ұлтабарыңа
да салмақ түседі, қорытылуы да қиын. Мұны әркім біледі.
Сондықтан, отыз тісің бүтін болып, сән-салтанатымен тұрса
қандай жарасымды. Дауысың да жағымды естіледі, көңіл
күйің де көтеріңкі, асқа деген тәбетің де бәсеңдемейді –
дейді «Балқаш тіс емханасы» ЖШС-нің директоры Бақыт
Жәкібайқызы Бегімбаева.
Шындық сол, тіс дәрігеріне деген құрмет пен көзқарастың
өзгешелігінде болып отыр. Маржандай жарқыраған сап-
сау тісіңіздің ертең басқаша күйге түсуі әбден мүмкін. Тіс
дәрігерлері тіс күтіміне ерекше мән беруді үнемі айтып
келеді. Оның түрлі жолдары, ережелері бар. Ал, біз тек
қақсағанда ғана, қаңғырт түскенде тіс дәрігерінің есігін
қағамыз. Директор Бақыт Жәкібайқызының әңгімесінде
үлкен мән жатыр. Тәжірибелі маман 1978 жылы Алматы
медициналық
институтының
стомотолог
факультетін
бітірген. Содан өзінің еңбек жолын қазір өзі басқарып
отырған тіс емханасынан бастайды.
– Уақыттың құдыретін айтсаңызшы, – дейді Бақыт
Жәкібайқызы. – Осы мамандықты меңгергеннен бері
қаншама реформалар, өзгерістер басымыздан өтті. Бір сәт ойланып қарасам,қилы-қилы мінезді басшылармен, мамандармен жұмыс жасадым. Енді өзіміз де жас мамандарды тәрбиелеп, дәріс беріп, игілікті шаруаға баулып жатқан жайымыз бар. Алғашқыда балалардың тіс дәрігері болдым. Бөлім меңгерушісі қызметтерін атқардым, нарық кезеңі өз дегеніне бағындырады. Соңғы он жылдан бері осы серіктестіктің директоры қызметін атқарып келемін. – Мамандар жайлы айта отырсаңыз. Көбінесе іс тетігін шешетін солар емес пе? – Рас, бәрі де маманға байланысты, 40 шақты адамға жұмыс тауып беріп отырмыз.Біразы келісім-шартпен келіп, жұмыс істейді. Жалпы біздің емханада халыққа қызмет ететін үш бөлім бар. Оның біреуі балалардың тісін қарауға арналған. Бұдан кейін тіс салу, тіс емдеу бөлімі бар. Тіс емдеу бөлімі үлкендерге қызмет етеді. Ақылы қызмет, мемлекеттік кепілдендірілген бөлім өзіне жүктелген міндетті тиянақты атқарып келеді. Мұнда мемлекеттік кепілдеме туралы баса айтқым келеді. Яғни, жасы 18-ге дейінгі жасөспірімдерге, балаларға мемлекеттен кепілдеме беріледі. Жедел көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы жоқ, аз қамтамасыз етілген отбасына жеңілдік жасалады. Шындығында жұмыстың тиянақты, сапалы болуы мамандарға байланысты ғой. Бізде онға тарта жоғары білімді тіс дәрігері, осынша медбике, техниктер өз саласының жетік мамандары. Мемлекеттік кепілдік алған соң, қаржы бөлінеді. Бұл да бізге әжептеуір демеу болып отыр. Ал, негізінен өзімізді өзіміз қаржыландырамыз. Мына тұрған ғимарат өте үлкен. Оны ұсаудың өзі қомақты қаржыны қажет етеді. –Шындықты айтыңызшы, тіс емханасына деген қамқорлық, көзқарас қандай күйде? –Тіс емханасына мемлекеттен әлі де болса жете көңіл бөлінбей отыр. Мәселен, тіс дәрігерлерін оқыту, қайта даярлауды қолға алған жөн. Себебі технология өзгеріп жатыр, ілгері дамып кеткендері бар. Зейнеттегі тәжірибелі мамандарды шақыруға мәжбүр боламыз. Ақылы қызметтің
арқасында күн көріп жатқан жайымыз бар. Құрал-
жабдықтарды өзіміз сатып аламыз, кейде несие аламыз.
Дәрі-дәрмек жеткізу де оңай емес. Қарағанды қаласындағы
дәрі сататын фирмамен келісім-шартқа отырдық. Өзімізде
жедел жәрдем көлігі бар. Жүре алмайтын, үйде отырған
үлкендерге, мүгедектерге өзіміз барып қызмет етеміз.
Мемлекеттік кепілдендірілген қаржылай көмектің көлемін
ұлғайтса оңды болар еді. Өйткені, қоғам байлығы адамдар.
Денсаулығы мықты, жан дүниесі жарқын жан қоғамға пайда
әкеледі, қайтарымы болады, – дейді Бақыт Жәкібайқызы өз
әңгімесінде.
Тіс емханасының ішін аралап көріп жүрміз. Мұнтаздай
таза. Тіс емдеу бөлмелері босамайды, кезекте тұрғандар да
көп. Бәрі де ақ халатты абзал жандардан шапағат күтіп келіп
тұр. Иә, тісің сырқыраса жаныңызды қоярға жер таппайсыз...
Сондайда амалсыздан тіс дәрігерін іздейсің. Балалар бөліміне
де бас сұққанбыз, тіпті мектеп жасына ілікпеген балаларды
қаратып жатқан ата-аналарды да жолықтырдық.
– Экологияның әсері болуы мүмкін. Жап-жас баланың тісі
ауырғанын сирек кездестіреміз, – дейді осындағы мамандар.
Емханада интернет жүиесі іске қосылған. Бүкіл есеп-қисап
компьютерлік жүие арқылы жүзеге асырылады екен.
– Осы салада еңбек етіп келе жатқаныма 22 жылдың жүзі
болды деді, – өзін таныстарған жігіт ағасы. Бұл – Қаныш
Мәдениетұлы Ысқақов есімді маман екен.
Ой-пікірін жалғастырды. – Ұжым өте үлкен, ауытпалықты
да бастан өткердік. Ұйымшылдықтың арқасында осы күнге
жеттік. Күш-жігеріміз, білімімізбен халыққа қызмет етіп
жатқан жайымыз бар. Біздің емхананың ерекшелігі әрбір бес
жыл сайын сертификат алып отырады. Республикалық білім
жетілдіру, бас қосуына қатысамыз. Алматыдағы дәрігерлердің
білім жетілдіру институтынан шақыру аламыз. Қазіргі заман
талабына сай білімімізді тереңдетіп, жаңа технологияны
меңгереміз. Тіс емдеудің, тіс салудың өз әдісі, тәсілі бар
ғой. Білім жетілдіру институының директоры өзіміздің
қарағандылық, қамқорлық жасайды, көмек көрсетеді. Біздегі
мамандар өз ісінің шын шеберлері. Мәселен, Сәкен Арақбаева 20 жылдан бері істейді. Дәрігер Шырынкүл Төлеуова, Ирина Анатольевна Ни емделушілердің құрметіне бөленген. Ал, Көптілеу Елубаев тіптен тәжірибелі маман, 40 жылдан бері осы салада. Тістің де оташысы болады. Біздің қалада бұл саланың жалғыз маманы бар. Ол – Рахым Сәтбекұлы. Шын маман, іскер, әрбір емделушіге ерекше құрметпен қарайды. Мамандығымен мақтана алатын ұстазымыз десек те болады. Отыз жылдан бері қаншама адамның өміріне араша болды. Ауыз қуысындағы тіске ота жасау оңай шаруа емес, бұған да ептілік, шыдамдылық қажет. Медбике, техниктер Гүлнар Ысқақова, Орал Мусина, Маржан Қайсанова, Марат Әбеуов, Ирина Барволева нағыз еңбек торысы. Ал, өзім Қарағанды медицина институтын 1990 жылы бітіргем. Ұжымның әрбір мүшесі жүрегіме жақын. ***
Тіс емханасы апта бойына қарбалас. Бас ауырып, балтыр
сыздаса дәрігерге жүгінеміз. Ал отыз тісіңіз сырқырап
қақсаса... не істейсіз, амал жоқ тіс дәрігеріне қарай жүгіреміз.
Қала жұртшылығына мүлтіксіз қызмет етіп келе жатқан тіс
емханасының ұжымының алдағы істеріне сәттілік тіледік.
Мерекелеріңізбен, ақ халатты абзал жандар. Мейірімді
жан шуағын, ем шуағын жұртшылыққа бағыштай беріңіздер.
Балқаш қаласы.
ЕРМЕКОВ ӘУЛЕТІНІҢ
ТҰЯҒЫ ЕДІ
Тектілік деген жібермейді. Туған жер топырағы қашан
да адамзат үшін киелі мекен, алтын бесік. Қарқаралы, Кент,
Қызыларай, одан беріде Бегазы тауларының бір-бірімен
қанаттасып, көгенделе жатуының өзі табиғат берген ерекше
сән-салтанат дерсің. Ақ қайыңды, қарағайлы, тал-теректі
ормандары, ақ бұлақты сарқырап аққан сай саласы, гүл
көмкерілген өлкесі әркімнің жүрегіне сағыныш болып
ұялайтын. Осы өңір небір мықтыларды дүниеге әкеліп, қазақ
халқының болашағы үшін басын тауға да, тасқа да соқты.
Ақтоғайды ежелден үш арыстың мекені дейтіні де содан
болса керек. Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан
Ермектовтердің алаш үшін күрескен сұрапыл жылдардағы
соқпағы әлі де сайрап жатыр. Кейінгі ұрпақ соны түп-түгел
танып білді ме, жан дүниемізге жақындата алдық па?
Халқына қадірлі болған осы үш арыстың бірі Ермековтер
әулеті еді. Ағайын жат болмайды, жалқы да тумаса керек.
Осындайда дала шежіресіне жүгінетініміз және шындық.
Түп-тұқияны арғын, қаракесек жайлаған осы өңір бүгінде
тәуелсіз елдің шуағымен мамыражай күн кешіп жатыр.
Шежіре былайша сөйлейді, Ермектен үш бала туады.
Әбдірахман,
Әбеу,
Қожамбай,
Әбеуден
Әлімхандар
кетеді. Қожамбайдан Сейтмұқаш, Сейтжандар туады, ал
Әбдірахманнан Құсман, Сейтмұрат тарайды. Біздің бүгінгі
әңгімеге арқау болып отырған Сейтмұқаштегі Сейтжанұлы
Ғинаят жайлы аз кем әңгіме қозғау еді.
Оқу-тоқу, өнер қонған әулеттің соншама қарапайым,
адамгершілігі мол, кісілік болмысы ешкімге ұқсамайтын
ұрпақтарын көріп, құрмет тұтатынымыз да шындық. Алқын-
жұлқыны жоқ, Ғинаят ағамыздың білімді, өнерлі, мейірімді
екенін көріп өстік. Сейтжаннан туған ұл-қыздың бәрі де
өнерлі болды. Білімге де ден қойды.
Ғинаят Сейтжанұлы, 1941 жылы дүниеге келген. Ел
қатарлы кеңестік армия қатарында қызмет етті. Содан соң,
Алматыдағы
зоотехникалық-ветеринарлық
институтты
ойдағыдай аяқтап, ғалым-зоотехник мамандығын алып
шығады.
Осыдан
бастап,
қоғамдық
өмірге
белсене
араласып, өзінің еңбек соқпағын бастайды. Мамандығы
бойынша фермада зоотехник болып еңбек еткен Ғинаят
Ақтоғай
аудандық
ауыл
шаруашылығы
басқармасы
бастығының орынбасары, аудандық партия комитетінің ауыл
шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Ағадыр аудандық
кәсіподақ комитетінің төрағасы, Ақтоғай ауданы, «Ақтоғай»
совхозы партия комитетінің секретары сияқты беделді
қызметтерді абыройлы атқарды. Әрине, атқарған қызметін
бүге-шігесіне дейін тізіп щығуді міндет етпедік.
Ғинаят Сейтжанұлы өзіне қандай қызмет ұсынылса,
соның бәрін жан-тәнімен беріле атқара білді. Соның ішінде
адалдық, біреудің ала жібін аттамау сияқты қағидалар жүрек
түкпірінен атойлап тұратын. Қатар қызмет еткен әріптестері,
шәкірттері Ғинекеңнің досқа адал, ағаға қамқор, ініге
ізеттілікпен қарайтынын тамсана айтады. Жезқазған облысы
болып тұрғанда өңірдің бірталай жерлерін шарлады, өзінің
қолтаңбасын қалдырды. Перезентік парызын барынша
таза атқаруға ұмтылды. Ағадырда қызмет еткен жылдары
жақсы жолдастар тапты, қадірлес, сыйлас әріптестердің
құрметіне бөленді. Ағамыздың рухани байлығы ешкімге
ұқсамайтын. Өнерді жанындай жақсы көрді, бала кезімізде
саханадан көркем сөз оқып, кәдімгі кәсіби артистер сияқты
залдағыларды қыран-топан күлкіге қалдырғаны есімізде.
Көркем сөз өлеңінің тақырыбы, мазмұны шаруашылыққа
қырын қараған басшыларды сынау, кекету, сөйте тұра
тығырықтан шығудың жолдарын іздестіру, жүрекке жеткізу.
Ақтоғайда
Қожамбаевтардың
өнерлі,
тату-тәтті
ынтымақты әулеті қалыптасты. Ұзақ жыл ұстаз болған
Сейтжан әкеміз, Нәсима шешеміз шәкірт тәрбиеледі.
Ал, өнерлі Қожамбаевтар отбасылық ансамблі дүниеге
келіп, Қазақстанның әр саханасында өнер көрсетіп, жұртшылықтың құрметіне бөленді. Соның басы-қасында Ғинаят ағамыз жүрді. Мәдениет ағамыз бен Дариға жеңгеміз өнердің алтын қазығы, Қуат ағамыз діңгегіне айналды. Осынау шаттығы шалқыған әулетке елдің сүйіспеншілігін, қошаметін айтсаңызшы. Қызмет, мансап деген түк емес. Бұл тіршілікте адамды асқақтататын, мәртебеге бөлейтін өнер, білім болса керек. Ғинаят ағамыздың да өнерден қара жаяу емес екендігін айттық. Бұған қоса білімді еді, рухани бай болатын, көп оқитын. Қазіргі заманның тынысын жете түсінген ел ағаларының бірі болды. Анда-санда жолығып тұрушы едік. –Түнеукүні сіздердің газеттен оқыдым. Әлімхан Ермеков бабамыздың атына политехникалық институтты сұрап жатыр екен ғой. Халықтан айналайын, арыстарды ұмытпайды, есімдерін асқақтатады. Әлекеңе сол институт жарасып-ақ тұр. Ол кісінің балалары да сол Қарағандыда еңбек етті, білімнің биік шыңына шықты. Халық қолдаса, арман мұратымыз орындалар, Әлімхан бабамызға деген зор құрмет осы болса керек,– дегені бар еді бір жолыққанда. Өмір-өзен тоқтаусыз ағып жатады. Тіршіліктің қадірқасиетін ұға береміз бе, арпалысамыз, айтысамыз. Асылдың сынығы Ғинаят ағамыздан жуырда көз жазып қалдық. Осы жуырда ғана... Ажал айтып келмейді, оған дауа жоқ. Қадірлі жеңгеміз Шолпан екеуі бес бала тәрбиелеп, өсірді. Бәрі де өмірден өз орнын тапты. Отбасына деген сүйіспеншілігін, махаббатын аямады. Балаларын жанындай жақсы көріп, олардың қанаттанып ұшуына, қатарынан қалмауына күшжігерін жұмсады. *** Адамға ерекше мейіріммен қарайтын болмысы, бітімі бөлек, аяулы ағаны енді кездестіре алмайтынымыз өкініштіақ. Алланың ісіне кім қарсы келсін. Соңында қалған ұрпағына баянды тіршілік тілейік.
Ол қай ортада жүрсе де өзінің атақты Ермековтер әулетінің
тұяғы екеніне қылаудай кіреуке түсірмей өмірден өтті.
Балқаш қаласы.
ҚАРЖЫ ҚАЙНАРЫНЫҢ
ҚАРА НАРЫ
Ол өзінің бүкіл болмысын, білімін, табиғат берген
даралығын туған халқына қызмет етуге арнады. Адам туған
жеріне тартады. Сол елдің перезенті болады. «Тау баласы
тауға қарап өседі» – деген рас-ау. Арқаның асқар биік
Қызыларай тауларының ең биік шыңы Ақсораңның етегінде
1952 жылы туып-өскен Дәуренбек Мәжитұлы тумасынан
ақын жанды еді. Қазақтың дәстүр-салты, әдет-ғұрпына
жүйрік боп өсуіне де осы туған жердің әлдиі, ана сүтінің
құнарлығы, әке тәрбиесі бірден-бір дәнекер болса керек.
Жіңішке өзенін жағалай қоныстанған қалың ел, жаз жайлауда
ат шаптырып, көкпар тарттырып думандатып жататын. Осы
өзеннің Тоқырауанға құяр сағасы алты Алаштың көсемі
Әлихан Бөкейханның туған жері, кіндік қаны тамған жері.
Бүгінде осы өңір ұлы жазушы М.Әуезов бүгінгі ұрпаққа
ұлағат етіп кеткен ауызы дуалы Шабанбай бидің есімімен
аталады.
Туған жердің перезенті болып, қадіріңді арттыру да бір
бақыт-ау, осы. Әрине, ол үшін туған еліңе бір кісідей еңбек
сіңіре білгенің жөн. Шығыс ойшылы айтқан екен: «мені
ел танымай қалатын болды деп қорыққанша, мен осы елді
танымай қалмасам екен деп, қорқу керек». Яғни, қай салада
болмасын халқың үшін бір кірпіш болып қалана білсең,
ел-жұртың ұмытпайды асқақтатады, төрінен орын береді.
Жасынан білім, ғылымға ден қойған Дәуренбек Мәжитұлы
алпыстың асқарына шығып, қаржы саласының маңмаңгері
атанып үлгерді. Әсіресе, ел тәуелсіздігін алған тұста тәуелсіз
елдің теңгесін елге танытуда ауыр салмақты мойымайтын
қара нардай көтеріп, айшықты қолтаңбасын қалдырды.
«Дүниенің бар қызығы, ғылым мен ақылда,білім болса,
ғылым болса ардақтылар ардақталар атыңда» деп шығыстың
ойшылы, ғұлама ғалымы Баласұғын айтқан екен. Иә, алыста
қалған сағым жылдар.. 1970 жылы Ақтоғай селосындағы М.
Горький атындағы қазақ орта мектебін ойдағыдай аяқтады.
Сөйтіп, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағандымемлекеттік
университетінде экономист мамандығы бойынша оқыды.
Бүгінде Дәуренбек Мәжитұлы ғалым, республикалық
қаржы және банк саласының білгір маманы және көрнекті
ұйымдастырушыларының бірі болып қалыптасты. Қаржы
саласы болған соң әр тілде оқып, білім алуға, үйренуге тура
келеді. Әсіресе, шет елде аса қажет-ақ. Іздене жүріп, неміс
және ағылшын тілдерін меңгеріп алды. Ал, еңбек жолын 1978
жылы Қарағанды облысының қаржы жүиесінде бастаған.
Мемлекеттік кіріс бөлімінің инспекторы, бас бухгалтер,
аға бақылаушы қызметтерін атқарды. Сөйтіп, 1982 жылдан
1994 жылдарға дейін ғылыми жұмыстармен шұғылданды,
сонымен қатар жоғары оқу орнында оқытушылық қызметін
де одан ірі жалғастырды. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ–
дің аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі және
проректоры болып жұмыс істеді.
«Өмір-өзен» деп жиі айтамыз. Ескегің мықты болса
жағаға шығып қалмайсың. Алған бағытыңнан таймау үшін
өзіңнің біліміңе, қажыр-қайратыңа сенген жөн. Мұндайда
Абай бабамыздан асыра айта алмаспыз. «Өзіңе сен өзіңді
алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап». Дәукең
қаржы банк саласының қыр сырын меңгеруге, оны қазақ
жастарына үйретуге біріңғай ден қойды, ерінбеді ізденуден,
жалықпады. Сөйтіп, 1994 жылы республикалық банк
саласындағы қызметін сәтімен бастаудың орайы келді. Әуелі
республикалық «Әлем банктің» департамент директоры,
Алматы қалалық филиалының директоры, «ТұранӘлемБанк»
орталық филилының директоры қызметтерін абыроймен
атқарды. Әуелде айтып өттік. Еңбек жолын қаржы жүиесінен
бастаған Дәукең қаржы көзінің кіріс-шығысын, халыққа
әкелетін пайдасын, талан-таражыға түсірмеудің жолдарын
бір кісідей меңгерген-тін. Оқыды, тоқыды, әрине, мұндай
маманның банк жүиесіне қажет екені белгілі. Сөйтіп, көп
ұзамай республикалық «Алаш банктің» басқарма төрағасы
қызметіне тағайындалды. Ал, 1998 жылдан 2009 жылға
дейін Дәуренбек Мәжитұлы Қазақстан республикалық
Ұлттық Банкнің ақша айналысы саласын реттейтін қолма
қол ақшамен жұмыс департаментінің директоры қызметін
атқарды, Ұлттық банк директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Қаржы саласының қара нары Дәуренбек Мәжитұлы АҚШ,
федералдық резервтік жүиесінде тәжірибеден өтті. Еліміздің
банк саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірден
бір ұлтжанды азаматтардың бірі. Ол 2005-2008 жылдары
Вашингтон, Рим, Москва қалаларында республикада ақша
жүиесінің даму заңдылықтары туралы ғылыми практикалық
конференцияларға қатысып баяндама жасады. Ал, 2006
жылдың 15 қарашасында Дәуренбек Мәжитұлының тікелей
басшылығымен және ұйымдастыруымен ҚР-ның Ұлттық
валютасы – теңге және дизаинімен ақша айналысына
шығарылды.
Айналысқа шыққан жаңа дизаиндағы он мың теңгелік
банкнота 2007 жылы Тайландтың астанасы Бангкок
қаласында өткен халықаралық валюта конференциясында
дүние жүзіндегі ең сенімді қорғаныш элементтері мен
жабдықталған банкнота ретінде бірінші орынды жеңіп алып,
«Ең таңдаулы жаңа банкнота» номинациясына ие болды.
Иә, бұл табыс Дәуренбек Мәжитұлының банкир ретінде
шығармашылық ізденістерінің ең биік шыңы десе де болады.
Ұлттық
банк
шығарған
ескерткіш
монеталарда
нумизматикалық конкурста жүлделі орындарға ие болып
келеді. Нақтылай айтсақ, 2007 жылдың маусым айында
Италияның Виченза қаласында өткен «Vіcenza Numіzmatіka
Іnternatіonal
Award»
халықаралық
нумизматикалық
конкурста
Қазақстанның
«Ғарыш»
ескерткіш
күміс
монетасы бірінші орынды иеленді. Ғалым, әрі банкир
ретінде Дәуренбек Мәжитұлы осынау игі істердің барлығына
басшылық жасап, ұйымдастырушылық қабілетімен көрінді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін банк саласының дүние
жүзілік ақша жүиесімен қарым қатынас жасауы, тәжірибе
алмасуы заңдылық еді. Дәуренбек Мәжитұлы дүние жүзілік
ақша жасау индустриясының жетекші компанияларымен
атап айтқанда: Томас Делару (Англия), Сикпа (Швейцария),
Гизеке-Девринт (Германия), Австрия монет сарайы (Вена),
Гознак (Ресей) бірігіп жасаған жұмысының нәтижесінде
еліміздегі банкнот фабрикасымен Қазақстан монета сарайы
құрылып, заманауи технология жабдықталды және оған
қаржыгер ретінде айтарлықтай үлес қосты.
Дәуренбек Мәжитұлы ҚР-сы Ұлттық Банктің еңбек
сіңірген қызметкері, экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент, Тұран университетінің профессоры, елуден астам
еңбегі ғылыми және басқа да басылымдарда жарық көрген.
Негізгі ғылыми ізденістері ақша және несие саясаты, қаржы
мен банк жүиесінің маңызды мәселелерін қазіргі уақыт
талабына сай шешуге бағытталған. Ақша, несие және банк
жүиесі туралы жоғары оқу орындарына арнайы жазылған
оқулақтар мен оқу құралдары авторларының бірі. Ол 2009
жылдан бері Ұлттық Банктің Қарағанды филиалының
директоры қызметіне ауысып, табысты еңбек етуде.
Мемлекеттік тілде жасаған баяндамалары мен сұхбаттары
БАҚ-да жиі беріліп тұрады. Мемлекет алдындағы сіңірген
еңбегімен, белсенді қоғамдық қызметі лайықты бағаланып
келеді. Республиканың экономикасы мен әлеуметтік дамуына
қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» орденімен, сондай-ақ, «ҚР-
ның тәуелсіздігіне он жыл», «ҚР-сың тәуелсіздігіне 20 жыл»
медалдарымен марапатталған.
Отбасы шағын мемлекет, оның татулығы, тәттілігі
азаматтың көсегесін көгертеді, мерейін асқақтатады. Зайыбы
Лиза Қайдарқызы тектінің тұқымы, мамандығы дәрігер,
қазір құрметті демалыста. Үлкен ұлы Нұрлан Қарағанды облыстық сот жүиесінде абыройлы қызмет атқарып жүр. Ал, Нұржаны болса әке жолын қуып қаржы және банк саласында жемісті еңбек етуде. Дәукеңнің отбасында Санжар, Тоғжан және Мағжан атты сүйікті немерелері жас құрақтай бой көтере өсіп келеді. ***
Тіршіліктің тірегі, бүкіл мемлекет жүиесінің құрылысы
қаржыға тіреледі. Қаржы өмір сүрудің, дамудың, әлеуетті
тұрмыс құрудың тас бұлақтың суындай қайнар көзі. Дәл осы
салада қара нардай қажырлы еңбек етіп келе жатқан ғалым,
әрі тәжірибелі қаржыгер ретінде Дәуренбек Мәжитұлының
тәуелсіз қазақ еліне сіңірген еңбегін қысқаша айтып өттік.
Алда үлкен ғылым жолы, өмір жолы көсіле созылып жатыр.
Дәурен аға, там-тұмдап өлең жазады, онысын соңынан ерген
інілері – біздер жаттап өстік. Майда қоңыр дауысымен ән
салады, онысы жүрекке жылы тиіп, құлаққа жағымды
естіледі.
Қарағам-ай, еліктер осылай жосады екен,
Алдыңнан сені кім тосады екен...
Адами тұрғыда еркін ойланып, шаттанып, өзіңді
түсінетін ортада бір серпіліп қалған да дұрыс-ау осы. Дәукең
әсіресе ақын, жазушы, өнер адамдарының, журналистердің
ортасында көбірек жүреді. Спортты жанына ертеден серік
етті. Мінезге бай, бауырмал, қарапайым, кішпейіл, қазақ
жазушыларының тұрақты оқырманы.Бәлкім, сондықтан
шығар, рухани байлығы да ұшан-теңіз.
Ғұмырлы болыңыз ғалым, қаржыгер Дәурен аға!
Қарағанды қаласы.
АНА БАҚЫТЫ
немесе 14 бала тәрбиелеп өсірген
батыр ана туралы бір үзік сыр
Өмір кейде қаталдық танытады. Адам пешенесіне
жазғанын көреді, мұны тағдыр дейміз. Жол үстінде жүріп,
қаншама жандармен жүздестік. Қилы-қилы тағдыр кешкен
адамдармен сұхбаттасып, мейірімді жандардың шапағат-
шуағына шомылдық. Сонау бір жылдары бүгінгі Нарманбет
елді мекенін іссапармен аралап жүргенбіз. Жыл он екі ай
ішінде шаруа баққан қауымның қарбалас шағы таусылған
ба. Қоңыр күздің «кәрі құда» қысқа ұласар шағы. Малшылар
қауымы жайлаудан қыстауға көшіп, қоныстанып, абыр-
сабыр күй кешіп жатқан. Совхоз жұмысшылар комитетінің
төрағасы Дүйсентай Асылханов жан дүниесі таза, кеңпейіл,
өнерге, мәдениетке, адами қасиеттерге жете мән беретін.
– Тілші інім, мына алдымыздағы ауыл Тоқырауын
өзеніне тым жақын, көктемде қатты алаңдап отырамыз.
Қайсібір жылы Тоқырауын жарықтық, арнасынан аса, ақ
көбігін аспанға атып кең далаға жайылып кеткен-тін. Өзен
жағасындағы елді мекендерді жиі-жиі аралаймыз. Сол
жылы алдын-ала ақпар дер кезінде жетіп, қар жіпсіген
бетте-ақ шопандар ауылын қыр басына көшіріп алдық.
Айтқандай-ақ бір жетіден соң қызыл су жүрді, оның арты
тасқынға ұласты. Ал, енді осы қыстауда аса мейірімді ана
тұрады. Мұны неге айтып отырмын. Аға шопан Өмірғалы
Дүйсенбековтың зайыбы Мәрпіш шешеміз 1972 жылы жасы
отыздан аса фәниден бақиға озды. Ең үлкені Лиза 12 жаста.
Өмірғалы ағамыз жеті баламен қалды. Өмкеңнің жасы әлі
қырыққа толмаған еді, шаруа адамы. Тағдырдың жазуы
шығар, 1973 жылы жасы әлі 17-ге толмаған Әниямен бас
қосады. Алланың бергені, Өмкең осы Әниядан да ұрпақ
көріп отыр. Қараңыз, Өмкеңнің алғашқы жары Мәрпіштен
жеті бала, өз құрсағынан көрген балаларды тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай өсіру оңай ма? Бейбіт күнгі ерлік дерсің. – Япырай, дедік біз – шындығында кез-келген әйел затының қолынан келе бермейтін асыл қасиет қой. Балашаға түгелдей жер басып жүрген шығар,– Дүйсеке дейміз. – О, не дегенің, әр баланың маңдайына жазғаны бар ғой. Алды ер жетіп, аһарлы-шаһарлы отау болып отыр. Ұлы келін түсірген, қызы қияда. Өмкең шаруашылықтағы тиянақты шопандарымыздың бірі, қақ-соқпен шаруасы жоқ. Нағыз еңбек торысы. Әне-міне дегенше Тоқырауынның сәмбі талының қоршауын ала отырған қыстаудың да төбесі көрінді. Ауыл жаңа ғана қыстауға қоныстанып жатыр екен. Бұл жақтың қысы кештеу келеді. Дегенмен, өңменіңнен өтетін қара суық есіп тұр. Дүйсекең жол бастаушы. Үйге кіріп дәм таттық. Әния жеңгеміз жаңа қаланған пештің үстіне шойын қазанын қойып үлгеріпті. Әбден қақталып, шеміршек болған сары қи көмірше маздап жанады. – Жайлаудағы мазасыз маусым аяқталды, енді қаһарлы қысты өткереміз, төрге озыңдар деп бәйек болады Әния жеңгеміз. Сыртта шаруа қамымен жүрген аға шопан Өмкең де үйге кірді.Шаруа жайын, мал басын, бала-шаға қамын әңгімелеп жатырмыз. Дүйсентай ағамыз айтқан әңгіме көкейімде тұрды, бірақ, тосын сұрақ қоя алмадық. Уақыттың қарбалас сәті. Тағы бір орайы келер, жазармын, деймін іштей. Келесі ауылға қарай аттанып кеттік. *** Дүйсентай аға айтқан осы әңгіме әлсін-әлсін есіме түсетін. Бала-шаға өсірудің «бейнетіне» өзі барып түскен Әния жеңгеміздің батылдығына сүйсінемін. Бұл тағдыр дегенді қойсаңызшы. Сөйтіп жүргенде Өмірғалының үлкен қызы Лизамен ойда жоқта жолықтық. – Мұндай батылдыққа әркім бара бермейді. Әния
анамызды – ер жүрек ана деп атар едім. Әкем жеті баламен
қалды. Оны тәрбиелеп өсіру, оқыту әкейге оңайға соқпайтыны
белгілі. Өзі шаруа адамы. Осындайда маңдайымызға Әния
анамызды берді ғой. Мейірімді, жүрегі кең, тілеуі дұрыс,
балажан анамыздың арқасында бүгінде ер жетіп, тәуелсіз
Қазақстанның бір-бір шаңырағы болып отырғанымызды
мақтан етеміз. Әния анамыз әкейге қосылғанда 17-ге де
толмаған еді. Жастығына қарамастан бізге ана болуға
белін бекем буды. Өмірдің ащысы, тұщысы болады. Менің
ойымша өмір сонысымен де қымбат, қызық. Мал баққан
жандардың жағдайы белгілі, тыным жоқ. Қоғам малының
бір тұяғын шетінетсең, тіпті жауапқа тартылып кетесің.
Осы талап тұрғысында еңбек ете отырып, бізді бағып-қағып
өсірді. Мәрпіш анамнан қалған жеті баламыз, Әния анамнан
туған жетеу, бір-бірімізді түсінісіп, әй-шәй деспей тату
өстік. Бәріміздің қабағымызға қарап, мейірбандық танытқан,
ешкімді бөле-жармаған қасиетті ана жүрегінен қалай
айналмассың. Әния анамыз өте қонақжай, дастарханы үнемі
жаюлы тұрады. Балалардың бәрі жан-жақта, өз тіршілігі,
өз қаракеті бар. Сонда да екі анадан туған балалардың
ауызбірлігі, өзара түсінісуі осы Әния анамыздың дархан
көңілінің арқасында мүмкін болып отыр десем қателеспеймін.
Бәріміздің де көңілімізді табады. Мерекелі күндері әкеміз
Өмірғалының шаңырағын немерелері думандатып, ән-күйге
толтырады, қызықты-қызықты әңгімелер айталады. Өткен-
кеткен қиыншылық, бүгінгі салиқалы тату-тәтті әңгімеге
ұласады. Алдыңғы жылы анамыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
жарлығымен «Алтын алқаны» омырауына тақты. Бәріміздің
қуанышымызда шек болған жоқ. Қазір ата-анамыз кіші
ұлдарының бірі Бауыржанның қолында тұрады. Балқаш
қаласына көшіп келді, еңбегінің зейнетін көріп жатқан жайы
бар дейді, – Лиза қарындасымыз.
Он төрт баланың әкесі Өмірғалы 76 жаста, әлі тың, ширақ,
өзін сергек сезінеді. Елдің амандығын тілейді, отбасының
береке, бірлігіне қанағат етеді. Ал, Әния жеңгеміз болса
Аллаға шүкіршілік етіп, немере-шөберелерінің тілеуін
тілейді. – Мейірімді адамдар жоқ емес бар бірақ аз болуы мүмкін. Менің Әния анам да сондай сирек кездесетін аяулы жандардың бірі. Адамға ықылас, бауырмалдылық, мейірім жетпей жатады, ал,анамыздың кездескен сайын «айналайын, амансыңдар ма» – деп маңдайымыздан иіскеп, бауырына тартуының өзі неге тұрады. Жанымыз жадырап, рухани ләззат аламыз.Ана жүрегі елжірейді, толғанады. Біз де Әния анамызды қадірлеп,қастерлеп, сыйластықпен ғұмыр кешуге Алла нәсіп етсін деп тілейміз,– деп Лиза үзілген әңгімені қайта бір жалғастырған еді. ***
Өмірғалы ағамыз, Әния жеңгеміз 42 немере, 7 шөбере
сүйіп отыр. Махаббат сүйіспеншілігі – балалардың есен-
саулығы, тату-тәттілігі арқылы қоғамға шуық болып
тарайды. Отбасы бақыты – ең үлкен бақыт. Адал жар, аяулы
әке махаббаты ұрпақтың да мәртебесін өсіріп, аспандатады,
үлгі-өнеге тұтады, мақтаныш етеді.
Алда 8 наурыз әйел-аналар, қыз-келіншектер мерекесі.
Бұл күні Әния жеңгеміздің мейрімді жүрегі дүрсілдей
соғып, енді шөберелерін бауырына басады, көктегі күннің
шуағындай елжірейді.
Ана бақыты деген осы болар, бәлкім.
АЙНАЛДЫМ АНА
ЖҮРЕГІ
Ол үнемі алаңдайтын. Есіктен әне-міне, өмірлік жары
Мақсұтқан кіріп келетін секілді. Иә, жастайыңнан сүйіп
қосылған жарыңнан балаларыңның бұғанасы қатпай жатып-
ақ айрылу қандай өкінішті еді. Мақсұтханның балаларын
өліп-өшіп жақсы көргені, ойнат-қаны, олармен бірге мәз
болып күлгені әлі күнге дейін есінен кетпейді. Арқа сүиер
асқары, отбасының берекесі, таяныш-сүйеніші Мақсұтқан
1995 жылы ауыр сырқаттан дүние салды. Алланың ісіне
қарсы келесің бе. Басқа түскен соң қандай ауыртпалық болса
да көнесің де.
– Мақсұтхан дүниеден өткенде ең кішіміз Айнам екі
жаста еді. Айнамнан үлкен екі қыз бала бар. Алдымда айқын
міндет тұрды, осы үш қыздың әкесін жоқтатпай өсіріп,
қатарынан кем қылмауым керек. Қатты уайымдағаным да
шындық. Алдымда нендей жағдай күтіп тұр, балаларымның
тағдыры не болмақ? Кез келген әйел-ана қызметке, жұмысқа
ілігіп жүрсе балаларын аш қалдырмайтындығына көзім
жетті. Мен де қыздарым үшін «аспандағы айды әперуге»
дайын едім. Бірақ, мәселе тамақ тауып беру, киіндіру,
мектепке жіберумен шектеле ме? Баланың тәрбиесі дұрыс
болуы керек. Осы жағына қатты мән бердім. Ертең біреулер
«әкесіз өскен жетесіз» демесінші деп, бар күш-жігерімді
жұмсауға ниет еттім. Атам қазақ айтады ғой «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілесің». Меніңше өте жақсы мақал,
орнымен айтылған. Үйдегі ізгілік, жан-жақты тәрбие
баланың бойына ерте қалыптасады, қай ортада болса да
сол тәлім тәрбие шеңберінен шықпайтын болады. Сондай-
ақ, білім алуына, оқуға түсуіне, жан-жақты азамат болып
өсуіне қатты ден қойдым, – деп әңгімесін бастап еді заңгер
Шекертай Рәшқызы Егенова.
Өмірдің жолы сан тарау деп жатамыз. Шекертай
Рәшқызының туып-өскен жері Жамбыл облысы, Мойынқұм
ауданы, Көктерек ауылы. Ата-анасы совхозда қарапайым
шаруа адамдары еді. Осы шаруа баққан отбасында 1958
жылы дүниге келді. Арман алдамайды. Заңгер болғысы келді,
сөйтіп,1981 жылы Алматыдағы қазіргі Әл-Фараби атындағы
ұлттық мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіреді.
Алғашқы еңбек жолы қандай ыстық, Жамбыл облыстық
адвокаттар алқасының мүшесі бола жүріп, Шу қалалық заң
кеңсесінде адвокаттық сәтті қадамын жалғастыра берді.
Дәм-тұзың қайда тартса, содан бас тартпайсың. 1983 жылы
Мақсұтхан екеуі отбасын құрып, Балқаш қаласына қоныс
аударды. «Балқашрыбпром» ӨБ-де заңгер, қазіргі Ақтоғай
аудандық заң кеңсесінде адвокат болып, абыройлы қызмет
атқарды. Бұл күнде Шет ауданы, Ақадыр кентінде жеке
адвокаттық қызметпен айналысады.
– Сіз заңгерсіз, орын алған жағдайдың ақ-қарасын
айыруға, жәбірленушінің құқығын қорғауға жиі араласасыз.
– Сұрағыңыздың түп-төркінін түсіндім. Адвокат болып
қызмет атқару оңай емес.Біздер қылмыстық істермен ғана
айналыспаймыз. Әкімшілік, азаматтық істердің басы-
қасында жүреміз. Мүмкіндігінше адамдардың жазықсыз
сотталып кетпеуіне араша түсуге ұмтыламыз. Отбасылық,
тұрмыстық, еңбек, меншік құқығына байланысты дауларға
жиі араласып, заңды көмек көрсетеміз. Өмірде не кездеспейді?
Оқиғалардың ісімен жете танысып, ойланып, кінә қай
жақтан екенін айыруға күш саласың. Үлкен-кіші, жап-жас
азаматтармен бетпе бет келіп, мән жаймен танысасың.
Кеңес сұрап келген жандардың қызмет дәрежесіне қарамай-
ақ, бар жан тәніңмен көмек беруге даяр тұрамын. Әрине,
бәрі де заң шеңберінде болуы керек. Адамдардың бәрі заң
мәртебесін біле бермейді ғой. Кейде азаматтарымыз сол
білмегендіктен опық жейді. Кейбір алааяқтардың уысына
түсіп қалады. Ал, қылмыстық іске қатысудың жөні тым
бөлек. Сен қорғаушысың, бірақ, қылмыс істеген адам заң
алдында жауап беруге тиіс, тиісті жазасын алуы шарт. Ал,
егер кінәсіз болып, жала жабылған жағдайда көмектесуге
бар білімімді саламын. Өз басым әділетсіздікке көпе-көрнеу
жол бергім келмейді. Мынандай жағдайлар да болады. Кейде
жасаған қылмысы үшін жауапты, кінәлі екенін айтқанда
түсінбей жататындар кездеседі. Әйтсе де, тәтті өтіріктен,
ащы да болса шындық қымбат емес пе. Ал, азаматтық іс
құжаттары бойынша неше жылдық тәжірибе жинақтағаныма
байланысты болғандықтан шығар, қалай көмек беруге
болатынын, болмайтынын алдын ала біліп отырасың. Мен
де қоғамның бір мүшесімін. Заңгер ретінде ел-жұртыма
азды-көпті көмегім тиіп жатса еңбегімнің еш болмағаны деп
ойлаймын. Қазіргі таңда адамдардың бойында ізгілік жетпей
жатады. Кейде әріптестерім нарықтық қатынас ата-бабадан
қалған ізгілікті салт-дәстүрді бұзды дегенге сайып жатады.
Меніңше әр адамның өз болмысына байланысы ғой деймін.
Бақ-берекені, жақсы тұрмысты байлықпен өлшейтіндер
де кездеседі. Дегенмен, адамзаттың асыл мұраты ізгілік,
мейірім, қайырымдылықтан тұратынын ұмытпағанымыз
дұрыс, – дейді Шекертай Рәшқызы сөз арасында.
Ана жүрегі, ана арманы – бұдан артық қандай ізгілік
болуы тиіс. Шекертай Рәшқызы шын мәнінде қайраттылық,
жігерлілік танытты. Балаларын қатарынан қалдырмай өсірді.
Үлкен қызы Динара Алматыдағы республикалық академик
О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған физика-
математика мектебінде білім алды. Әл-Фараби атындағы
ұлттық мемлекеттік университетінің экономика факультетін
және осы университеттің магистратурасын бітірді. ҚР-
сы Президентінің «Болашақ» степендиясымен Англияда
оқуын жалғастырды. Бұл күнде Астанадағы Н.Ә.Назарбаев
атындағы университетте алған мамандығы бойынша қызмет
атқарады. Ал, екінші қызы Дана Қарағандыдағы академик
Е.А.Букетов атындағы университеттің заң факультетін
бітірді, тұрмысқы шықты. Бала тәрбиесімен айналысуда,
күиеу баласы әскери қызметкер. Кенжесі Айнам Астанадағы
Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті
дизайнер бөлімінің 3 курс студенті.
– Әже, әже деген үніңнен айналайын немерем. Ана арманы
қарапайым қазақ әйеліне тән: қыздарымның қияға қонуы,
бағы жануы, мәңгілік махаббат жұптарымен бақытты болуы
осы тіршіліктегі басты мұратым. Жолдасым Мақсұтхан да
осыны армандаушы еді. Жаны жәннатта болсын, балаларға
деген бар қамқорлығымды Мақсұтханның рухына арнаймын,
дұға етемін, – дейді Шекертай Рәшқызы.
Айналдым ана жүрегінен, ошақтың отын өшірмеген
қайсар рухты қазақ қыздары сіздей болса керек-ті.
Наурыз
АЙШЫҚТЫ ҚОЛТАҢБАСЫН
ҚАЛДЫРДЫ
Еліміздің құрылыс саласы жаңа бағытта дамып келеді.
Балқаш қаласындағы «Жібек жолы» ЖШС 2005 жылдан
бері аймақтың құрылыс тіршілігіне белсене аралысып,
өз қолтаңбасын қалыптастырып үлгерді. Ірі құрылыс
мекемесіне айналды. Құрылтайшысы осы серіктестіктің ірге
тасын қалаған, іскер жігіт Серік Төлегенұлы Қасымбеков. Біз
осы «Жібек жолы» ЖШС директоры Марат Ынтазарбекұлы
Түсіпбековке мереке қарсаңында жолығып, сұхбаттасқан
едік.
– Экономика ілгері дамып барады. Ал, тұрмыстық
қажеттілік – құрылыс салудан басталатыны белгілі.
Құрылыстың
сан-саласы
жеткілікті.Соның
ішінде
әлеуметтік-тұрмыстық ғимараттар салу, баспана тұрғызу
бірінші кезекте тұрады. Біздің серіктестіктің негізгі бағыты
үй құрылысын жүргізу. Ұжым қазіргі таңда әжептеуір
тәжірибе жинақтап, ауқымды-ауқымды тендерлерге белсене,
әрі батыл түрде қатысады. Біраз жылдың көлемінде тұрғын
үй салу құрылысымен айналысып келеміз. Әуелі тендерге
қатысамыз, тендерде ұтысқа ие болсақ, бағдарлама бойынша
белгіленген құрылысты жүргізе бастаймыз. Басқасын
былай қойғанда былтырғы жылы 10-шы мөлтек ауданнан
45 пәтерлік тұрғын үйді қысқа мерзім ішінде, әрі сапалы
түрде салып бітірдік. Бүгінде қаланың күншығыс мөлтек
ауданында екінші үйдің құрылысын аяқтауға жақындадық.
Бұл тұрғын үй қол жетімді баспана бағдарламасы аясында
салынуда. Негізінен бюджет қызметіндегі мамандарға,
баспанадан тауқымет көріп жүрген отбасыларына берілуге
тиіс. Қаланың құрылыс бөлімі біздің серіктестіктен құрылыс
біткеннен кейін қабылдап алады, одан әрі әкімдік кезекте
тұрған отбасыларына береді. Әрине, бәрі де заң жүзінде
болуы шарт. Өмір жалғаса береді. Соған орай құрылыс салу да қанатын кеңге жаяды. Үстіміздегі жылы тағы да екі тұрғын үй құрылысын салуға қол жеткіздік. Қаржыландыру «Тұрғын үй құрылыс банкі» арқылы жүргізіледі. Тұрғын үйдің әрқайсысы 45 пәтерлік. Салып бітірсек, қаншама отбасын қуанышқа бөлейміз. Қазірдің өзінде құрылыс қызу жүргізілуде. Бұрыннан тәжірибелі құрылыс прорабтары Манар Кенежанов, Аманкелді Төлетаевтар игілікті шаруаның басы-қасында жүр. Екеуі де бұрнағы жылдары күрделі құрылысқа атсалысқан мамандар. Ұжымда білімді, тәжірибелі қыз-жігіттер жетерлік. Мәселен, өндірістіктехникалық бөлімнің басшысы Елена Николаевна Татарчук қиыннан қиыстыра білетін құрылыс маманы. Сондай-ақ, қаржы мәселесімен шұғылданатын Мақсат Мырзабеков, тәжірибелі құрылыс шебері Жарылғасын Дәукеновтер шаруаның қисынын таба білетін жетекшілер болып табылады. – Сонда әр тұрғын үйдің салыну құны қаншаға түседі? – Әрине, қаржы көзі жеткілікті болса құрылыс сапалы жүргізіледі. Оның үстіне кезкелген құрылыс мекемесінің техникалық базасы назарға алынады. Тендер кезінде осының бәрі ескеріледі. Бізде алымды үш эксковатор, құрылыс автокөліктері, кран, электростанция, басқа да толып жатқан техника қажетімізді ашуға септігін тигізеді. Сұрағыңызға көшейін. Осы құрылыстың техникалық базасын ескере отырып, ірі құрылысты салуға кірісеміз. Мәселен, жоғарыда айтқан 45 пәтерлік бір үйдің салыну құны 300 млн. теңгеге жуық. Есептей беріңіз, оңай қаржы емес. Соны игеруіміз керек. Қазір құрылыс материалдары біршама қымбаттады. Дегенмен, бөлінген қаржыны дер уақытында игеріп, құрылысшылардың қажетін жеткізіп беріп отырсақ, бәріне де үлгереміз. Біз үшін бұл қалыптасқан жағдай. – Құрылыс компаниясы қосымша шаруамен де шұғылданатын шығар? Сондай-ақ, адам күшін қаншалықты пайдалана білесіздер? – Шаруаның тетігін жұмысшы-мамандар шешеді ғой,
серіктестікте 60-қа тарта маман тұрақты жұмыс жасайды. Ал,
жаз айында құрылыс қызған шақта 100 шақты адам құрылыс
алаңдарында еңбек етеді. Осындағы көптеген мамандардың
тұрақты еңбек етіп келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз.
Әрине
еңбекақысы
көтеріңкі.
Әлеуметтік-тұрмыстық
жағдайлары шешіліп жатса, неге біздің серіктестікте еңбек
етпеске? Сондай-ақ, құрылысшы мерекесі қарсаңында
берекелі ісімен көзге түскен мамандарды, сылақшы-сыршы,
механизатор,
дәнекерлеушілерді
көтермелеп,
сыйақы
береміз. Марапат қағаздарына ұсынамыз, бұл жылма-жыл
дәстүрге айналған қағида.
– Қосымша табыс көзін табу нарық кезеңінің қағидасы.
Сондықтан қажеттілік туындап жатса игілікті шаруаларды
атқара аламыз. Біздің серіктестік темір қақпалар, есік
жасаумен шұғылданады. Ірі қалалардан жүк тасымалдаймыз.
Сметалық жобалардың құжаттарын дайындауға атсалысамыз.
Мамандарымыз бар, мектепті ағымдағы жөндеуден өткізу
үйреншікті жайт. Ақтоғай ауданының бірнеше білім ордасын
жаңа оқу жылына дайындап бердік. Сондай-ақ, Шашубай
қонысындағы иесіз қалған 70 пәтерлік тұрғын үйді қайыра
жөндеуден өткізу үстіндеміз. Сәтін салса қазан айында
тапсырамыз. Шашубай кентіндегі мектепті, қаладағы
№3 мектеп-интернатты күрделі жөндеуден өткізудеміз.
Мұнымен қоса жертөлелерді тазалау, ағымдағы құрылыс
жұмыстарына қатысу үйреншікті жайт.
– Әлеуметтік-тұрмыстық көмек жайында не айтар едіңіз?
–«Қайырымдылық жақсы қасиет» дейді ғой. Ұлы Отан
соғысының
ардагері
Шағала
Кентаевтың
тұрмыстық
жағдайын қамқорлыққа алғанбыз. «Жетім көрсең – жебей
жүр» деген, ата-анасыз қалған мектеп оқушыларына үнемі
қолұшын беріп келеміз. Осындай оқушылардың жазғы
демалысын ұйымдастыруға қаржылай көмек береміз.
Біздің ұжым қала спортының дамуына ұдайы тілектес.
Қаланың «Металлург» командасының жүріп-тұруы үшін
біршама қаржы бөлдік. Ал, жылма жыл қариялар күніне
орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, қажеттілік
ашамыз.
–Соңғы жылдары қала құрылыса қарқын алды. Әлеуметтік
ғимараттар бой көтере бастады. Біздің серіктестік біріңғай
тұрғын үй құрылысын салумен шұғылдануда. Тәуелсіз
елдің құрылысшылары өз айшықты қолтаңбасын қалдырып
үлгерді. Қазіргі құрылыс бұрынғыға мүлдем ұқсамайды.
Сән-салтанаты жарасқан, жарық, кең пәтер кез-келген
қоныс тойын тойлаушының мерейін өсіреді. Ал, біз өз
тарапымыздан жүктелген міндетті абыроймен атқарып, әр
тұрғын үйдің құрылысын сапалы жүргізіп, көздеген межеден
көріне береміз.
– Әңгімеңізге көп рахмет, мереке құтты болсын.
Ғабдірахман Омаров:
«БІРЛІГІ БАР ЕЛ ОЗАДЫ»
Ақтоғай ауданының әкімі Ғабдірахман Игілікұлы
Омаровпен сұхбат
– Ғабдірахман Игілікұл, өндірісі жоқ, алайда, рухани
қуаты, мәдени бай мұрасы бар ауданға әкім болып келгеніңізге
жылдың жүзі болып қалыпты. Ел басқару тізгінін қолыңызға
алғаннан бері не толғандырады, осы уақытқа дейін нендей
шаруаны атқарып, үлгере алмадым-ау деп көңіл түкпірінде
сақтап жүрсіз?
– Бірден айтайын. Өзіме жүктелген міндеттің қаншалықты
салмақты екенін бар болмыс, неиетіммен түсініп жүрмін.
Өзіңе көрсетілген сенімді ақтау, халықтың мұң-мұқтажын
ойлап, жоқшысы болу оңай шаруа емес. Әйгілі Қасым
ақын бабамыз айтқандай «күніне жүз ойланып, мың
толғануға» тура келеді. Иә, шындығы сол, жер қойнауынан
көсеп-көсеп алып жатқан ырзығы жоққа тән, ел, біріңғай
мал шаруашылығымен шұғылданады. Күн көрісі де осы,
дегенмен рухани байлығын айтсаңызшы. Бұдан асқан
қажеттілік те жоқ шығар. Өнер, мәдениет, ата-бабадан
қалған рухани жәдігер ешқашан өшпейді. Туған жердің
атақ-даңқын алысқа әкететін осы рухани құндылықтар болса
керек. Алтын бесік Ақтоғай аймағы, қасиетті, қазақтың өнер
өрісіндегі мәйегін өркендетіп шалқытқан топырағы маған та
жақын, таныс еді. Әрі-бергісін айтпағанда қазақтың зиялы
қауымының қаймағы болып саналатын үш арыстың кіндік
қаны тамған өлкеде бей-жай қарап жүруге болмайды. Заман
ағысына қарай ілгері қарай дами берген дұрыс. Айтпақшы,
сол үш арыс аңсаған тәуелсіздіктің 20 жылдығы қыр астында
тұр. Оған лайықты тарту таралғы әзірлеп, ел еңсесін көтеру
бірінші кезекте тұрады.
– Жақсы. Ел еңсесін көтеру дегеннен шығады. Еңсені
көтеру үшін экономиканы бірінші кезекке қойғанымыз
дұрыс. Елбасының түпкілікті саясаты да осы емес пе?
– Оныңыз рас, экономиканың қай саласы болмасын уақыт
қанатына ілесіп, дами түссе жоқ-жітігіңді бүтіндей аласың,
елдің қажетін шешіп бере аласың. Ол үшін бюджеттің
қоржыны мықты болуы керек. Үстіміздегі жылдың 9 айының
көрсеткіші бойынша жергілікті бюджетке түскен салық
түсімдері 103,8 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, бюджеттің
шығыс бөлігінің орындалысы 99,9 пайызға орындалды.
Әрине, шығыс бөлігінің жоспары неге толықтай иегрілмеді
деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. Игерілмеген қаржы 1 млн.
798 мың теңге. Мезгілінде төленбеген салық көлемі 12,3 млн.
теңгені құрайды. Себебі бар, мәселен, «Восток майнинг»
және «Нұрдәулет» ЖШС кәсіпорны біраздан бері тоқтап
тұр. Салықтың төленбеген үлесі осы кәсіпорындардың
мойнында.
Экономиканың
нақты
секторына
келейік.
Ақтоғай ауданы бойынша өндірілген өнім көлемінің жоспар
бойынша орындалысы жылма-жыл жақсарып келеді.
Мұның өзі көңілге қуаныш. Осы 9 айдың ішінде өнім өндіру
көлемі 111,7 пайызға жетті. Өткен жылдың осы мерзімімен
салыстырғанда
анағұрлым
артық.
Тау-кен
өнеркәсібі
бойынша өнім өндіру 103,4 пайызға жетті. Салыстыра кетейік,
өткен жылға қарағанда көрсеткіш біршама төмендеді, тау-
кен өндірісінде шығарылатын доломит рудасына тапсырыс
беруші «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның тапсырыс
көлемі былтырғы жылға қарағанда біршама кеміді. Өңдеу
өнеркәсібі саласы бойынша көрсеткіш былтырғы жылмен
салыстырғанда біршама төмендеді. Мұны да мойындауымыз
керек. Халықты ток, сумен жабдықтау тіршілік тынысы.
Қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, осы
саладағы тиесілі жоспарлы көрсеткіш екі есеге дейін артты.
Сөйтіп, қаржылық көрсеткіш, экономиканың нақты секторы
тетігінде жетістігіміз бар, алайда тынымсыз атқаратын
шаруалар жетерлік. Сіздің жоғарыдағы сұрағыңызға жауап
ретінде нақтылай айтсақ, жоспарлы көрсеткіштің кейбір
тұстары олқы соғып жатыр. Күніне мың ойланып, жүз
толғанатын міндеттердің бірі осы болса керек.
– Шалғай аудан болғанымен сіздер де инвестицияға
арқа сүйейсіздер. Осы мәселе төңірегінде айта кетсеңіз.
Инвестицияның ел игілігі екені өмірлік қағидаға айналды?
– Жылдар өтер, дегенмен, уақытқа тәуелді бастамалардың
өміршең болатындығы айғақ. Инвестиция да солай. Табыс
көзі арқылы елдің әл-ауқаттық жағдайын көтеруге қол
жеткізуге болады. Тіпті әр меншік өзін-өзі дамытады.
Сөйтіп, ортақ мүддеге қол жеткізе аламыз. Тоғыз айда
ауданның барлық меншіктегі мекеме, кәсіпорындарының
негізгі капиталға салған инвестиция көлемі 541,1 млн.
теңгені құрады. Былтырғы жылғы көлеммен инфляцияны
да ескеруге тура келеді. Әр нәрсенің себеп-салдары бар.
Инфляцияның да кедергісі аз болған жоқ. Барлық меншік
мекеме, кәсіпорындардың негізгі капиталға, тұрғын үй
құрылысына
салған
инвестиция
көлемі
былтырғыға
қарағанда біршама төмендеді. Өткен жылы «Жол картасы»
бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық маңызды
жолдарды жөндеуге қомақты қаржы бөлінген. Оның көлемі
1 миллиард теңгеден астам. Биылғы жылы осы мақсатқа
бөлінген қаржы көлемі 50,3 пайыз көлемінде ғана болды.
Қазақстан-Қытай мұнай құбырына 2009 жылы 273,6 млн.
теңгенің инвестициясы құйылса, үстіміздегі жылы бұл жоба
бойынша инвестицияға қаржы салынбаған. Биылғы жылы
негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 2009
жылдың 9 айындағы көрсеткіш көлеміне жеткізу ойда бар.
Осы мақсатта жұмыс жасалуда. Ауданның барлық мекеме,
кәсіпорындарымен статистика органдарына «1-ИНВЕСТ»
есептерін тапсыру қажеттілігі жөнінде нақты міндеттер
жүктелді. Үмітіміз бар, жыл қорытындысымен аудандағы
36 кәсіпорындардың «1-ИНВЕСТ» есептерін тапсыруына
мүмкіндіктері
әбден
жеткілікті.
Әзірше,
нақтылы
орындалысын уақыттың еншісіне қалдыра тұрамыз.
–Ғабдірахман
Игілікұлы
әңгіме
ауанын
ауыл
шаруашылығына қарай ойыстырсақ.
–Ауыл шаруашылығында ілгері дамушылық бар. Осы
саланың өнімдерін өндіру 3755 жеке аула, 682 шаруа
қожалығы арқылы жүргізіліп отыр. Мұның ішінде 8
асыл тұқымды шаруашылық, 4 ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары бар. Ірі қара 47,7 мың басқа, қой-ешкі 223,2
мың басқа, жылқы 17,6 мың басқа жетті. Сондай-ақ, түие өсіру
дәстүрі де біртін біртін қолға алынуда. Аудан көлеміндегі
шаруашылық санаттары бойынша ет, сүт, жұмыртқа өндіру
кеөлемі біршама артты. Мал шаруашылығы өнімділігін,
сапасын арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығына
қолдау көрсету үнемі назарымазда. Осы мақсатқа арнайы
қаржы бөлінеді. Бүгінгі таңда 16 шаруашылық ірі қараны
арнайы бордақылап, етке өткізеді. Осы игілікті істі әрі қарай
дамыта беру ойда бар. Күзгі дала жұмыстары нәтижелі
аяқталды десек, артық айтқандық емес.Аудандағы 24
шаруа қожалығы егін салды. Кәсіптік лицей ұжымы
біраздан бері егін салумен шұғылданып келеді. Бидай және
арпа өнімдерін жинауда гектар берекесі көңіл көншітеді.
Ауданда 17 селолық округ бойынша 3 мал сою пункті, 6
мал сою алаңын салу жоспарланған. Осы уақытқа дейін 10
селолық округте тіркеу нөмірі алынған 11 мал сою алаңы
жұмыс жасап тұр. Ауыл тұрғындарына жеке меншіктегі
малдарын сою алаңдары арқылы сойып, сату үшін бірнеше
құжаттар беріледі. Мұның ішінде ветеринариялық төлқұжат, анықтама, ветеринарлық санитар сараптау актісі, басқа да құжаттар беріледі. Алайда, мал дәрігері, ветеринариялықсанитариялық инспекторлардың жетіспеуі қолбайлау болып отыр. –Кәсіпкерлікті дамыту уақыт талабы. Аудан экономикасының дамуына жеке кәсіп иелері үлес қосып отырған болар?. –Қандай бастама болмасын өмірлік қажеттіліктен туындайды. Нарықтық жүие жеке кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі етті. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 965 субъекті тіркеліп, жұмыс жасауда. Кіші және орта кәсіпкерлік саласында шаруа қожалықтарымен қоса, 38 әр түрлі саладағы заңды тұлғалар, 325 жеке кәсіпкер жұмыс жасап, нәпақасын табуда. Мұның ішінде сауда саттық қызметімен айналысатындар бар. Автокөлік және байланыс, қонақ үйі қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, халыққа ақылы қызмет көрсету салалары өз деңгейінде жұмыс жасап келеді. Жалпы кәсіпкерлік саласында 1757 адам жұмыс жасайды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20 пайызға өсті. Осыдан келіп, аудандағы халықтың экономикалық белсенділігі 16,7 пайызды құрап отыр. Өндірілген өнім көлемі арта түсуде. Мұның ішінде жекке кәсіпкерлердің үлес салмағы айтарлықтай. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түскен қаржы 49,7 млн. теңгені құрады. Тораңғылық, Саршыған өңірінде, Балқаш көлі жағалауында, Алматы-Астана жол бойында шағын кәсіпкерлік жедел дамып келеді. Ауданда жыл басынан бері «Айзик – Самұрық», «Ақтоғай инвест», «КАРСТРОЙ СІТҮ2010», «Өтеулі» ауыл шаруашылық» ЖШС-тері құрылып, әр түрлі деңгейде нарықтық қызметтер көрсетуде. Жер-жерде орналасқан сауда орындары бір жүиеге келіп, реттелуде. Алкаголь өнімдерін сатуды қалыпқа келтіру қолға алынуда. Квалификациялық талаптарға сай 88 нүкте арнайы рұқсат құжатымен спиртті ішімдіктерді бөлшек сауда арқылы сатуда.
Жыл басынан бері «Балқаш-тұз» ЖШС-гі 5833 тонна
тұз өндіріп, тұз өнімін импорттық алмастыруға шығарды.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында бұл да айтарлықтай
жетістік.
Орайы келгенде «Жол картасы» бағдарламасы аясында
атқарылған істерге тоқтала кетейін. Осы бағдарлама
бойынша аудан көлемінде 37 нысанды жөндеу қолға
алынған еді. Шаруаның басым бөлігі аяқталды. 238 адам
жұмысқа тартылды. Шашубай кентіндегі мәдениет үйі, Н.
Әбдіров, Қызыларай орта мектебі, Айыртас орта мектебінде
осы бағдарлама негізінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бөлінген қаржы біртін-біртін игерілуде. Сондай-ақ, аудан
орталығындағы саябақты жөндеуге де арнайы қаржы бөлінді.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша мына
мәселеге тоқтала кетейік. Шашубай кентінде бір қабатты қос
пәтерлік тұрғын үй салынды. Сонымен қатар жалға берілетін
бір қабатты қос пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталуға
жақын. Елді мекендерді электрмен жарықтандыру қолға
алынуда. «Ақсеңгір» елді-мекеніне электр желісін тарту
қолға алынып, бөлінген қаржы толықтай игерілу үстінде.
Шаруашылық жылы аяқталуға жақын. Қалған уақытта
қолға алған игілікті шаруаны мүмкіндігінше дөңгелете
отырып, аяқтау, халық игілігіне жарату, негізгі міндетіміз.
Ауызбірлік, ұйымшылдық өзара түсінісу жағдайында
қиындықты жеңуге болады, басымыз бірігіп, ахуалы
дамыған елге айналуға болады. Ақтоғайлықтар атына заты
сай берекелі, мерекелі елді мекен. Қай кезеңде болмасын,
ырысы тасып, дәулеті асқан. Алдағы уақытта да осы үрдістен
жаңылмай, асқақ рухын биікте ұстап, тәуелсіз елдің көк
байрағын желбіретіп, шаттығы шалқып, тынысы кеңи береді
деген ниеттемін. Бірлігі бар ел озады.
Келесі жылы тәуелсіздігімізге 20 жыл толады. Біз үшін
бұдан артық ұлы мереке болмауға тиіс. Барлық игілікті ісіміз
қазақ елінің тәуелсіздігіне арналсын, деген ізгілікті ойымды
жеткізгім келеді.
– Әңгімеңізге көп- көп рахмет.
Айман ТҮКБАЙ:
«БАҚЫТ ҚҰСЫН МӘПЕЛЕУ ӨЗ
ҚОЛЫҢДА»
«Сапалы
білім
беру
Қазақстанның
индустрияландырылуының және инновациялық дамуының
негізіне айналуы тиіс», – деген Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында айтқан сөзі бүгінгі таңдағы білім беру мазмұнын
айқындап, мемлекетіміздің даму бағытына сай білім беру
үдерісіндегі түбегейлі өзгерістердің қажеттігін дәлелдеп
тұрғандай. Өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін
интегралды құзыреттіліктер арқылы дамыту, әлеуметтік
белсенділігін арттыру, ең алдымен, оқушылардың өзін-өзі
кәсіби тану негізгі бағыттағы дамытумен ұштасады.
Осы мәселе төңірегінде біз Ақтоғай ауданы, Шашубай
кентіндегі «Мектеп-бала бақша кешені» ММ директоры,
облыстық мәслихаттың депутаты Айман Бекболатқызы
Түкбайға жолығып, әңгіме-дүкен құрған едік.
2001 жылы тұңғыш рет Қазақстанда Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы Шашубай орта мектебінің базасында
«Ресурстық орталық» инновациялық білім беру моделін
құрастыру және байқаудан өткізу бойынша эксперимент
ашылды. 2005 жылы «Ресурстық орталық» жұмысының
тәжірибесі Білім және ғылым министрлігінің коллегиясында,
ал 2006 жылы вице-министр Айсинаның төрағалығымен
Қарағанды қаласында болған коллегиялық сапарында
тыңдалды. 2007 жылы мектеп базасында Ы.Алтынсарин
атындағы республикалық Білім Академиясының вице-
президенті, профессор Ә. Т.Дүйсебектің қатысуымен
«Ресурстық орталықта» жүргізілген жұмыс тәжірибесін
тарату бойынша республикалық семинар өтті. «Ресурстық
орталықтың» шығармашылық мұғалімдер тобы облыстық
МББҚБА және ҚДИ-ң 2010-2020 жылдары Қазақстан
республикасындағы шағын кешенді мектептерді дамыту
Тұжырымдамасын құрастыру бойынша құрылған жұмыс
тобына кірді. «Ресурстық орталық» жұмысы халықаралық
деңгейде Алматы, Астана, Киев қалаларында да көрсетілді.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігінің республикалық кеңесінде ҚР Премер-
министрі К. Мәсімовтың төрағалығымен 2011-2020 жылдары
ҚР Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарлама жобасын
талқылау бойынша «Ресурстық орталық» тәжірибесін
енгізу туралы шешім қабылданды. Биыл Ақтөбе облысында
республикалық ресурстық орталықтарды ашу мәселелерін
оқытуға арналған бірлескен кеңес өтті. Оған төрт облыстан
өкілдер қатысты. Ендігі бірлескен кеңесті Шымкент
қаласында өткізу жоспарлануда. Республика бойынша 140
ресурстық орталық ашылды.
Ендігі әңгімені өз тараптарыңыздан атқарылған іс-
шараларға қарай ойыстырсақ, нәтижесі қалай?
– Шындығын айтайын, «Ресурстық орталықтың» мақсат-
міндеті артты. Ақпан айының екінші онкүндігінде Шашубай
кентіндегі «Мектеп-бала бақша кешені» мемлекеттік
мекемесінің тірек мектебінің базасында жұмыс істейтін
«Ресурстық орталықта» магниттік мектептерге арналған
кезекті оқу сессиясы өтті. Сессия мақсатына сай Тасарал,
Тораңғылық, Дересін магниттік мектептері оқушыларының
базалық және бейндік пәндер бойынша оқу материалын
өнімдік деңгейде меңгеруіне, өз бетімен білім алуына,
әлеуметтік және өзін-өзі кәсіби тану бағытындағы негізгі
құзыреттіліктерін қалыптастыруына жағдай жасалды. Бес
күндік сессияның жұмысы үздіксіз үдеріс түрінде бір іс
әрекеттен екіншісіне, бір шарадан екінші шараға ауыса
отырып, оқушылардың когнитивті әрекеттері арқылы
шығармашылық деңгейге жетуіне мүмкіндік берді.
Сесияның алғашқы күндерінен бастап-ақ магниттік
мектептерден келген оқушылармен тығыз қарым-қатынас
жасалып, ынтымақтастықпен достық аймағы орнады. Әр
оқушының мүмкіндігі мен қажеттіліктерін ескере отырып, пән бойынша қиындық туғызатын аймақтарын табу және оны жоюға деген қажеттіліктері ескерілді. Пән бойынша қиындық туғызатын аймақтарын табу және оны жоюға ықпалдасу әр алуан дербес білім алу маршруты бойынша атқарылған жұмыстар арқылы жүргізілді.Сессияның нәтижесі бойынша, оқушының танымдық және шығармашылық іс-қызметін жобалаумен портфолио арқылы диагностикалау жүзеге асырылды. Сессияның әр күні тығыз күн тәртібі кестесімен толық, әрі көлемді ісшаралар арқылы өткізілді. Бірінші күнгі қатысушылардың өзара түсіністік позитивтік бағдар беру және жағымды пікір қалыптастыру, психологиялық қауіпсіздік климатын орнықтыру үшін тренингтер мен сайыс ойындар ұйымдастырылды. Дамыту бөлігіндегі «Достығымыз жарасқан» интеллектуалдық танысу кеші барысында ортаға деген өзіндік көзқарасымен өзара қарымқатынастарға талдау жасалды. Әрбір қатынасушының дербес ерекшеліктерін диогностикалау және кері байланыс жасау жұмыстары жүзеге асырылды. Екінші күн оқушылардың денсаулық жағдайын бақылау және жаңа мәліметтерді картаға енгізу шарасымен басталды. Сессияның барысында әр күні оқу бөлімінде бейіндік пәндер бойынша оқытудағы жобалауда жүргізілетін практикумдар болды. Бұл тұста ақпараттық технологиялармен интерактивтік әдістерді қолдану және оқушылар бойындағы ақпараттықкоммуникативтік құзырлықтарды шыңдау көзделді. –Осы іс-тәжірибелердің өзі Елбасының биылғы Жолдауымен сабақтас келіп тұрған секілді. Шығармашылық ізденіс деген осы болар.. – Әрине, «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты ой толғау сәтінде Елбасының Жолдауы – мемлекетіміздің даму бағдарламасының пәрменді қозғаушы күші ретінде қарастыра отырып, әр бала өз ауылдарында болып жатқан игі әлеуметтік өзгерістер жайлы айтып, алдағы уақытта қолға алынғалы отырған жұмыстар жайлы ой бөлісті. «Бақыт
құсын мәпелеу өз қолыңда» психологиялық тренингінде қатысушылардың өзіндік бейінділктерін анықтау және оның болашақ өмірге тигізетін мүмкін ықпалын болжау, денсаулық сағатында тренажерлық залда шұғылдану оқушы құштарлығын арттырады. «Өткен тарихыңды біл де, бүгінгіні қадірле» атты таным уақыты бойынша Балқаш қалалық өлке-тану мұражайына саяхат жасалды. «Алғашқы медициналық көмек көрсету жайлы не білеміз» дайындығын өткізу шаралары, би сағатында классикалық және қазіргі заманғы би өнері элементтерін пысықтау, музыканы сезіне білу және полимәдениетті құндылықтарды сіңіру, ақылой және этномәдениет құндылықтарын қалыптастыру ісшаралары оқушылардың талабы мен талғамын жетілдіруге бағытталды. Ал, өз бетімен дайындалу уақытында оқушының консультация арқылы өздігінен оқу және білімін жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылды, өзіндік рефлекция өткізілді. Өзін өзі тану сағатында «Менің әлемім: табиғаттағы түстердің көңіл-күйге әсері» айдарымен қатысушылардың өзіндік, тұлғалық ерекшеліктерін сезіну деңгейін анықтау және оның болашақ өмірге тигізетін мүмкін ықпалын болжау сынды күрделі де маңызды іс-шаралар өз кезегімен жүзеге асырылды. Сессия күндері бір-бірімен жете танысып, араларында достық қарым-қатынас ұялаған оқушылардың ақпараттық танымдық клубында бас қосу өқткізілді. «Азиада – менің мақтанышым» ұранымен Азиада бойынша жинаған ақпараттарымен бөлісу және бейнефильм, презентация ұйымдастыру әрекеттері де сәтті, ойдағыдай орындалды. «Жеңіске жетелейтін сайыстар» спорттық ойындарда сессияға қатысушылар кешенді ойын-сауық, спорттық, әсем сазбен би қимыл, зияткерлік сайыстар бағдарламасы бойынша өздерінің білім мен біліктілігін көрсетті. Шымырлығы мен шапшаңдығын да ортаға салды. Сессияның мақсат міндеттеріне сәйкес соңғы күні қоғамдық гумманитарлық және жаратылыс тану, математикалық бағыттар бойынша жоба жұмыстарын
қорғау, қорытындылау және нәтижесін шығару, оқушы
портфолиосын бағалау, сессияға арналған оқу-жобалау
бағыттарымен
тақырыптарын
айқындау
жүргізілді.
Облыстық МББҚБА ҚДИ ректоры, профессор, С. Қонтаев,
институттың ғылыми қызметкерлері оқу сабақтарына
қатысып қана қоймай, сессияға қатысушылармен мастер-
класс жүргізді, пікір алмасты. Сессия соңында оқушының оқу
тәрбие үдерісі, денсаулығы мен мамандық таңдауына қатысты
кешенді сауалнама және болашақта жеке жетістікке жете
білу жолдарын жобалау әдістемесі бойынша шара өткізілді.
«Бітірушінің әлеуметтік мәдени келбеті» психологиялық
теренингінің берер нәтижесі де мол екені байқалды.
Осындай маңызды да мазмұнды әрі жауапты жұмыстарды
ұйымдастырудың өзі шеберлікті қажет етеді. Осы тұста
сессияға қатысушы магниттік Тасарал, Тораңғылық, Дересін
мектептерінің оқушыларын тасымалдау кезінде қиындық
тудыратын. Облыс әкімі С. Ахметовтың биылғы оқу
жылында Шашубай кенті «Мектеп-бала бақша кешені» ММ
ұжымына арнайы 25 орынды автобус берді. Үлкен көмегі
үшін терең алғысымызды білдіреміз. Бұл сыйлыққа мектеп
ұжымдары әсіресе, сессияға келген ата-аналар дән риза.
Өткен жылдарда балаларды сессияға тасымалдау барысында
автокөлік жағынан көптеген қиындықтар көретін. Сессия
барысында балаларды жатын орынмен қамтамасыз етуде
Балқаш қалалық медициналық колледжінің директоры
Б. Шаншаров айтарлықтай көмек көрсетті. Сессияның
қорытынды нәтижесін шығару кезеңінде магниттік мектептер
базасында өтетін сессияаралық және ресурстық мектеп
базасындағы қорытынды сессияның міндеттерін айқындау
уақыт талабы. Осы мақсатта ресурстық орталық ауыл
мектептерінде «12-жылдыққа көшу барысында оқытудың
жаңашыл моделінің проблемалары мен болашағы» атты
дөңгелек үстел өтті.
–Осындай
шығармашылық
ізденіске
қамқорлық
жеткілікті түрде байқала ма, қалай ойлайсыз?
–Жаңа бастаманы жатырқамау керек. Уақыт ағымына
ілескеніміз жөн. Әлемдік деңгейдегі білім үрдісінен қалып
қойсақ, экономика қалай дамиды. Ғылымды қалай көтереміз.
Әлеуметтік саланың ұтқыр тұстарына қалай қол жеткіземіз.
Сондықтан, сұрағыңыз орынды деп білемін. Қамқорлық
керек. Бүгінгі таңда бүкіл республикамызда Қарағанды
облысы бірінші болып осындай айрықша инновациялы
білім беру жобасын байқаудан өткізді. Өткізіп қана қоймай,
соны өмір жүзіне асыруға атсалысты. Облыс бойынша
барлығы 14 ресурстық орталық бар. Инновациялық білім
берудегі серпінді күш-қуаттың өзін осыдан-ақ байқауға
болады. Неге екені белгісіз, осы күнге дейін осы жобаны
қаржыландыру мәселесі шешілмей келеді. Білімге қаржы
қомақты түрде бөлінуде. Ендеше, болашақ ұрпақтың жан-
жақты біліммен қарулануына ұйтқы болғанымыз жөн.
Көп кешікпей бұл мәселе де орнына келіп, шешілуге тиіс.
Облыстық мәслихаттың сессиясында әңгіме көтеріле қалса
әріптестерім қолдайды деп сенемін.
Ал, бастамашыл мұғалімдер өз үміттерін үзбей, бүгінгі
күннің талабына сай ресурстық орталық жұмысының
жандануына
арманға
толы
белсенділікпен
ізденіс
танытып келеді. Тәуелсіздік, білім беру ісіндегі аялы
қамқорлық шындығында бақыт құсын мәпелеумен пара-
пар. Ел болашағын осындай-осындай іргелі істермен бірге
қалайтынымыз сөзсіз.
– Әңгімеңізге көп-көп рахмет!
МАЗМҰНЫ Кенді өлкенің тынысы...........................................................3 Жаңа өндіріс ошағы бой көтереді.......................................8 Балқаш мысы: Бүгін және ертең........................................11 Балқаш мысы – ел ырысы...................................................15 Балқытушылар....................................................................20 Балқаштың байыпты мысшылары....................................24 Мырыш өндірушілердің биік белесі..................................30 Сары алтындай сары мыс..................................................35 Әулет соқпағының керуені................................................40 Елулікке ену – өндірістің де еңсесін көтереді..................43 Өндірісті өрге тартқан өрендер..........................................48 Жөндеу зауытындағы жасыл шырша.................................52 Жер қойнауынан ырзық әкелгендер...................................56 Өндірісті өлкенің келешегі.................................................59 Тұғырымыз аласармайды...................................................63 Дағдарыс үнемдей білуге үйретеді....................................67 Мысшылардың мәртебесі–сапалы өнім...........................70 Келешегі келбетті Ақжал...................................................74 Нарықтық жүйенің нар жүгі..............................................80 Тегеуріні мықты теміржол..................................................84 Тасымалдаудың күре тамыры............................................89 Ақша қар жауған түн еді....................................................94 Жаса, жер бетінде бейбіт ғұмыр!.......................................98 Гүл шоғым болсын ұсынған.............................................102 Жауынгердің ұстаздық жолы...........................................106 “Барлық ұлтты бауырдай жарастырған”.........................110 Гүл жауған кеш.................................................................118 Сыр шертті Балқантаудың ақын қызы............................124 “Еңбекті жырлау азайғанда ұрлықты жырлау көбейеді”...........................................................................128 “Сұңқардай қолдан ұшқан қиядағы”................................136 Майдан даласының жауынгерлері...................................140 Мәкен апа..........................................................................143
Адамзаттың Әлиханы.......................................................147 Алаулаған жүректер..........................................................162 Бұлбұл да гүлзарын сүйеді...............................................165 “Қазақы болмыс – рухани байлығым”.............................172 Алқайдар Асқаров “Заңға, тек заңға сүйену керек”......177 “Сот билігі әділеттіктің айнасы”......................................183 Заңдылықты қадағалау ұдайы назарда болады...............189 Өзіміздің Райхан...............................................................193 “Адам өз атын кісілікпен көтереді”.................................197 Сарбаздар қайыра сапқа тұрды........................................202 Сарбаздар шықты сайысқа...............................................205 Лаңкестік әрекеттер – дінге қарсы күрес........................207 Қыз сағынышы. Очерк......................................................214 Дін. Дәстүр және халық....................................................221 Қорғаныс қуатына қызмет етеді.......................................226 Жасыл мүйіс, зымыран зеңбірек және сарбаз сағынышы..........................................................................230 Еліне еңбегі сіңген............................................................235 Жиһаз жасаушы шебер жігіттер......................................239 Тынымсыз тиышбала........................................................242 Туған тілдің жанашыры...................................................244 Химия пәнінің оқытушысы..............................................248 Өркенді өнер ордасы.........................................................252 Академиктің маңызды білім беру колледжі...................256 Сұңқар көңіл......................................................................262 Қоршаған ортаны сауықтыру денсаулық кепілі..............268 Тынышбек..........................................................................273 Абзал Бекен:”Барша бауырларыма берекелі тірлік тілеймін”.................................................................276 Абзал Ақкем елге келді....................................................293 Көкше теңіздің перзенті...................................................297 Теледидар тарланы...........................................................300 Еркелігің естен кетпес......................................................304 Домбыра күмбірі, кәусәр жыр және сазды әуен..............307 Жүрегіме жақын тұтқан бауырым....................................311
Ашық әңгімеде шындықтың шырайы кіреді...................315 Газет оқырмандарының үш буыны кездесті....................322 Тағдырыма тура келген....................................................327 Алғыс алған арымас..........................................................330 Есіктің алды көк терек......................................................332 Мәуелі бәйтерек................................................................337 Отыз тістің қадірін............................................................342 Ермеков әулетінің тұяғы еді............................................346 Қаржы қайнарының қара нары........................................349 Ана бақыты........................................................................354 Айналдым ана жүрегі.......................................................358 Айшықты қолтаңбасын қалдырды..................................362 Ғабдірахман Омаров: “Бірлігі бар ел озады”..................365 Айман Түкбай:”Бақыт құсын мәпелеу өз қолыңда”......371
Оралбек ЖҮНІСТЕГІ
Редакторы Әлсейіт Оспан
Қате түзеуші Қазына Нұрмаханова
Көркемдеуші редакторы Асия Жумадуллаева
Техникалық сарапшы Нүркен Сүйеубеков
ИБ №20
Басуға 04.08.2014ж. қол қойылды.
Пішімі 84х108 1/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі “Tіmes New Roman”. Көлем 20,0 шартты баспа табақ.
Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс №20
“ҚАЗақпарат”баспа корпорациясының баспаханасы
Оралбек ЖҮНІСТЕГІ
Редакторы Әлсейіт Оспан
Қате түзеуші Қазына Нұрмаханова
Көркемдеуші редакторы Асия Жумадуллаева
Техникалық сарапшы Нүркен Сүйеубеков
ИБ №20
Басуға 04.08.2014ж. қол қойылды.
Пішімі 84х108 1/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі “Tіmes New Roman”. Көлем 20,0 шартты баспа табақ.
Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс №20
“ҚАЗақпарат”баспа корпорациясының баспаханасы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру