TELEGEI

Home

Тау, қаңбақ және бүркіт

Ертегілер

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тау, қаңбақ және бүркіт

Халық прозасының ең көне жанры жан-жануарлар туралы ертегілердің түп-төркіні тотемизмге, анимизмге және магияға сенген кезеңнен бастау алады. Бұл ертегілерде кейіпкерлердің арғы жағында адам бейнесі тұспалданып, оның ақылдылық, ақымақтық, қулық-сұмдық сияқты қасиеттері қарапайым аллегориялық форм...

Тау, қаңбақ және бүркіт Бір қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау:

– Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, не қып келдің мұнда? – деді. Қаңбақ тұрып:

– Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат жер астынан шығып, алып деген атағыңды естіп, алысу үшін әдейі сені іздеп келдім, – дейді.

Тау бұған жымиып күлді. Сол кезде құйын соғып, қаңбақты дедектеткен бойы аспанға алып шықты. Аспаннан қайта жерге әкеліп, ары-бері аунатты. Ойға–қырға домалатты. Ақыр аяғы өлдім-талдым дегенде, таудың бетіне өскен бір шоқ тобылғының басына іліп тастап, жайына жүріп кетті. Қаны қашып, қабағы түскен қаңбақтың қасына бір бүркіт келді. Ол:

– Е, қаңбағым, не қып жатырсың? – деді.

Қаңбақ:

– Алты батпан ауырды арқалаған едім. Жеті қабат жер астынан шығып, алып деген атағын естіп, астымда жатқан таумен әдейілеп келіп алысып едім, алты күн алысып, жеті күн дегенде, әрең деп жығып, желкесінен басып жатырмын, – дейді.

– Болса болар! – деді бүркіт оған. – Тобылғыға зорға ілініп қалған екенсің!

– Әлбетте, – деді қаңбақ, – одан басқа қолайлы жер болмаған соң, тобылғысынан ұстап жатқаным ғой.

Сол кезде құйын соғып, қаңбақты тағы да дедектете жөнелді. Бүркіт тұрып:

– Е, батыр, қайда барасың, тауды тастап? Тұрып кетпей ме ол енді орнынан? – деді.

Уақа емес, бүркітім. Алдымда алысатын әлі де көп алыптар бар еді. Соларға жетуге асығып барамын! – деуге ғана шамасы келді қаңбақтың. Құйынмен бірге құлдырап, ұшып кете барды. Ақырында күліп, бүркіт пен тау қалды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙