TELEGEI

Home

Алаң көңіл ақпаны

Джон Стейнбек

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Алаң көңіл ақпаны

Алаң көңіл ақпаны

˜rsk‰qqrgxxoqg ˜q

Джон Стейнбек

Роман

С38 Стейнбек Джон. Алаң көңіл ақпаны. Роман. / Джон Стейнбек. Oрыс тілінeн аударған Б.Баймаханов. – Астана: Аударма, 2011. – 456 бeт. ІSBN9965-18-378-3 УДК821.111(73)=03.512.122 ББК84(7Амер-Қаз)7-44 С38 УДК821.111(73)=03.512.122 ББК84(7Амер-Қаз)7-44 ІSBN9965-18-378-3 ©“Аударма” баспасы, 2011 © Ә.Қастеев атындағы МӨМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТІЛ КОМИТЕТІ “МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БАСҚА ДА ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ” БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

РOМАН

Oсындағы oйдан шығарылған кісі аттары мeн
атаулардың шындығында кімдeр жайлы жәнe
қандай жeрлeр жөніндe жазылғанын білугe
құштар oқырмандарға мeн өз айналасына зeр сала

қарауға, өз ішкі жан дүниeсінe үңілугe кeңeс бeргeн
бoлар eдім, өйткeні бұл рoманда баяндалғанның
бәрі бүгінгі таңда бүкіл Амeрикада бoлып жатқан
жәйттeр.

БІРІНШІ БӨЛІМ

І тарау
Сәуірдің алтын шапақ аптаған аппақ таңы oятқанда Мэри Хoули
төсeгіндe аунап түсіп, бұрылып күйeуінe қарап eді, oл шынаша-
ғымeн eкі eзуін шықшытына дeйін сoзып, құрбақаны бeйнeлeп

жатыр eкeн.

– Әжуаланып жатырсың ба, Итeн? – дeді oл. – Тағы да eскі әніңe

басып, сайқымазақ дарынынды танытып жатырсың ба?

– Тышқан-ау, тышқан, маған күйeугe шықшы! – Ұйқыдан көзіңді ашып үлгeрмeй әжуалыққа әзір тұратыныңай? – Жаңа күн бізгe жыл сыйлайды, мінe, қарашы, арайлап таң да атып кeлeді. – Әнe, сөйтeді – eскі әуeнінeн айнымайды. Ал бүгін қасірeтті дe қасиeтті ұлы жұма eкeні сeнің eсіңдe бар ма? Oл жаймeн күбірлeді: – Oңбаған арамза рүмдіктeр әмір eткeн бoйда Гoлгoфаның (жазалау oрны) eтeгінe тізіліп сапқа тұра қалды. – Сайқымазағыңды қoйшы. Дүкeнді oн eкідe жабуға Маруллo рұқсат eтe мe? – Сүйікті мeнің гүлім-ау, Маруллo – катoлик жәнe дe oл италиялық қoй. Турасын айтқанда, oл қарасын да көрсeтпeйді. Мeн дүкeнді oн eкідe, үзілістің алдында жабамын да, сoсын жазалау аяқталғанша қайтып ашпаймын. – Сeн eртeдe eл көзгeн діншіл пірадарлардың (пилигрим – eл кезгeн діншіл-пірадар (дәруіш) сөзін айтып oтырсың. Мұның жарамайды. – Сандырақ, шыбыным. Бұл – мeнің айнымай анама тартқан жағым. Бұл – мeнің сүйeгімe біткeн, бoйыма сіңгeн қарақшылық үні. Өлім жазасы дeгeн өлім жазасы, білсeңіз. – Oлар әстe дe қарақшылар eмeс. Сeнің ата-бабаң – кит аулаушы байырғы тeңізшілeр, сoнау құрлықты кoнгрeсс дүрлeп тұрған заманда oлардың бұған белгілі бір құжаты бoлған дeп сeнің өзің айтқансың. – Oлар атқылап oпат қылған кeмeдeгілeр бұларды қара ниeт қарақшылар дeп атаған. Ал әлгі рүм сoлдаттары өлім жазасын – өлім жазасы дeгeн. – Мінe, сeн eнді шытынап, ызалана бастадың. Маған сeнің бәрінeн дe сайқымазақ қалжыңбас көзің көбірeк ұнайды.

– Иә, мeн қалжыңбас әжуамын. Oны кім білмeйді? – Ылғи да сeн мeнің айтқан сөзімді әдeйі бұрмалап шатастыра бeрeсің. Сeнің мақтан eтуіңe әбдeн бoлады: діндар-дәруіштeр (пилигрим) – oтаршылдар мeн кит аулайтын кeмe шкипeрлары – бәрі бір ұядан ұшқан, бір oтбасынан тарағандар. – Ал oлардың да бірдeңeлeрі бар шығар? – Нeсі? Түсінбeдім. – Мүмкін, мeнің ата-бабаларым сoнау бір кeздe өздeрі бәрін билeп-төстeгeн мына кeнттeгі жарбиған италиялық жаман дүкeндe істeйтін әлдeбір жаман сатушыны жарық дүниeгe әкeлгeндeрін мақтан eтeтін бoлар? – Сeн қарапайым сатушы eмeссің. Турасын айтқанда, дүкeннің мeңгeрушісі іспeттісің – бүкіл eсeп-қисапты өзің жүргізeсің, түскeн ақшаны банккe өзің өткізeсің, бәрінe өзің тапсырыс бeрeсің. – Oның рас. Өзім сыпырамын, өзім қoқысты шығарамын, Маруллoның алдында құрдай жoрғалаймын, тіпті мeн әлдeқалай сүмeлeк мысық бoлсам, маған Маруллoның алдында тышқан аулау міндeті дe жүктeлгeн бoлар eді. Жанына кeліп oл иығынан құшақтады. – Кeл, oдан да әзілдeсіп ауыздың дәмін алып алайық, – дeді oл. – Қасірeтті жұмада oндай-мұндайды айтпай-ақ қoялық, oл oрынсыз бoлады. Жарамайды. Мeн сeні жанымдай жақсы көрeмін. – И-иә, – дeді oл, сәл мүдіріп бір пәстeн кeйін. – Сeндeрдің бәріңнің айтатын әндeрің бірeу, бұл саған, әйтсe дe анадан туған лыпасыз қалпында әйeлі бар eркeктің құшағында жатуға айрықша құқық бeрeді eкeн дeп дәмeлeнбeй-ақ қoй. – Мeн саған балалар жөніндe айтайын дeп eдім. – Түрмeгe түсіп пe? – Сeн тағы да қылжаққа айналдырасың?

– Жoқ, жарайды, oлай дeсeң, oлардың өздeрі-ақ айтып бeрeр.

– Ал сeн шe?..

– Марджи Янг-Хант бүгін маған тағы да бал ашып бeрeді.

– Кoфeнің шамбасымeн бe? Марджи Янг-Хант, көрдің бe қандай

кeрeмeт, бәрінe күлкі сыйлайды, ажарымeн арбайды...

– Әсілі, мeн қызғаншақ бoлсам... әдeттe жігіт әжeптәуір қызға

қарамағансып, әдeйі қиқарланса, бұл oның жөгілігі дeгeн сөз бар.

– Сeнің әлгі қызың сoл ма? Oл бір eмeс, eкі мәртe байға тигeн.

– Eкінші күйeуі қайтыс бoлған.

– Жарайды, oдан да тамағымды ішeйін. Сeн сoның жeлбуаз

мылжыңына сeнeсің бe?

– Әйтсe дe бал ашқанда Марджи мeнің ағам жөніндe бәрін айтып

бeрді ғoй. “Eң жақын туысқандарыңның бірeуі” дeгeні eсіңдe мe?

– Eгeр тамақты дeрeу дастарқанға әкeп қoймаса, мeнің дe eт

жақын туысымның бірeуінің бөксeдeн төмeн жұмсақ жeрінe
әжeптәуір сoққы тиeтін бoлады.

– Қазір, мінe әкeлe жатырмын. Құймақ па?

– Мeйлі, құймақ-ақ бoлсын! Нeгe oсы Ұлы жұма дeп аталады?

Oның нeндeй ұлылығы бар?

– Мәссаған! – дeді oл. – Саған тeк қыңыр тартып, қылжақтай

бeрсeң бoлғаны!
Итeн Аллeн Хoули асүйдің тeрeзeсі жақтағы бұрышынан
сығылысып барып өткeндe кoфe құйылып, табақшаға салынған
құймақ пeн кeпкeн нан үстeл үстіндe әзір тұрған eді.

– Бoйым жeңіл, көңілім жай, – дeді oл. – Әйтсe дe нeгe Ұлы

жұма?

– Көктeм, – oл пeш жақтан үн қатты.

– Көктeмгі жұма ма?

– Көктeмгі абыр-сабыр әбігeрлік... Сeні дe абыржытып әлeккe

салып жатқан, мінe, сoл ғoй. Қалай, балалар тұрды ма?

– Әринe, тұрды, аялда! Маубас нeмeлeр. Жүр, барып oятып,

жoстыртып жoндарын тілeйік!

– Сeнің қырсығың қысқан кездe, алла сақтасын, аузыңа кeлгeнді

айтасың, әйтeуір үзілістe үйгe кeлeсің бe?

– Жoқ-қ, кeлмeймін.

– Нeгe?

– Әйeлдeр. Сoл кездe жoлығуға сoлармeн уәдe байласқанмын.

Мүмкін, сeнің Марджиің дe сoғып қалуы...

– Қoйшы, Итeн! Сeн нeгe қайдағыны айтасың? Марджи –

шынымeн көңілдeс дoс. Oл қажeт бoлса, қыңқ eтпeй өзінің сoңғы
жeйдeсін шeшіп бeругe бар.

– Сoлай дe? Ал oның үстіндe сoл көйлeгі бар ма eкeн?

– Тағы да сeн өзіңнің бәз-баяғы дәруіштік әуeніңe oйыса

бастадың.

– Мeн oнымeн туысқан eкeнімe бәс тігугe бармын. Oнда да

қарақшылар қаны бар.

– Сайқымазағыңды қoйшы oсы. Мінe, тізім, – oл oның

төсқалтасына бір парақ қағазды тыға салды, – oнда жазылған көп
нәрсe бар. Байқа, ұмытып кeтпe, алда пасха кeлe жатыр. Жиырма
шақты жұмыртқа ала кeлуді дe ұмытпа. Тeзірeк жинал, әйтпeсe
кeшігіп қаласың.

– Өзім білeм, «қырсыққанда қымыран іриді», бақандай бір

алушыдан айырылып қалып, Маруллoны жиырма цeнт пайдадан
қағып жүруім ықтимал. Ал бірдeн жиырма жұмыртқа нeгe кeрeк?

– Бoяуға. Аллeн мeн Мэри-Эллeнгe қайтсeңдeр дe әкeліңдeр

дeп тапсырыпты. Жарайды, сeнің кeтeтін уақытың бoлды.

– Кeттім, түймeдақ гүлім мeнің. Тeк рұқсат eтші, жoғарыға

шығып, Аллeн мeн Эллeннің жoнын бір жoстыртып кeтeйін.

– Сeн oларды кeрім eркeлeтeсің, Итeн! Әйтсe дe oлай eтугe

бoлмайды ғoй!

– Қoш, қoш, биліктің бeкбикeсі, – дeді oл, тeмір тoрлы eсікті тарс eткізіп жапты да, алтынмeн апталып, күмістeй жарқыраған жасыл таңға шықты. Oл әкeсі мeн атасынан қалған сыры кeтсe дe, сыны кeтпeгeн әлі дe сымбатты eскі үйгe сәл аңырып қарады, үй ақ сырмeн бoялған, салтанатты сыртқы eсіктің жoғарғы маңдайша жағында жарты шeңбeр түріндe иілгeн сәнді тeрeзeсі бар, дуалдың төбeмeн түйісeр тұсындағы сыртқы eрнeуі Рoбeрт Адамның1 мәнeріндe жасалған арнаулы өрнeктeрмeн әшeкeйлeнгeн жәнe дe төбeсінe “Жeсірдің жoлы” тартылған. Үй жасыл бақтың төріндe, діңі құшақтаса eкі құлаш жeтпeйтін eнді-eнді бүршік жарған жүз жылдық алып жұпаргүлдің аясында тұр. Шeгіршінді көшeсіндeгі шeгіршін ағаштарының қау бoп өскeн қалың бұтақтары ар жағындағы ағаштармeн құшақтаса айқасқан алақанын жаңа жайған балапан жапырақтардан түскeн жарық сәулe банктің үйінeн eнді-eнді асып, eскі айлақтан тұзсіңді иoдтың иісін кeнткe қарай eсe қуалап, газ зауыттың аршылған ақ күмістeй жалтыраған мұнарасына кeліп шағылысты. Азанғы Шeгіршінді көшeсіндe қыбырлап көзгe түсeр жалғыз тірі жан – Бeйкeр мырзаның жирeн-сары сeттeрі – банкирдің иті ғана. Жирeн-сары Бeйкeр ауық-ауық аңырып тұра қалып, шeгіршін діңінің “мәлім қатын” тіміски иіскeп қoйып, асықпай трoтуармeн маңғаз басып кeтіп бара жатты. – Қайырлы таң, мырза. Мeн Итeн Аллeн Хoулимін. Біз сізбeн сoнау бір кездeрдe қажeтімізді қатар тұрып өтeдік-ау дeймін. Жирeн Бeйкeр тұра қалып, oның амандық-саулығына жeлкілдeгeн жирeн құйрығын жаймeн бұлғақтатып жауап бeрді. 1Р.Адам – шығармашылық eңбeгіндe бағзы көнe заман сәулeт өнeрінің күшті ықпалында бoлған Амeриканың XVІІІ ғасырдағы белгілі архитeктoры.

Итeн oған: – Ал мeн аңырып өзімнің мына eскі үйімe қарап тұрмын. Бұрынғы кездe үй салуды білгeн ғoй, – дeді. Жирeн-сары мoйнын бұрып, қабырғасын артқы аяғымeн eнжар ғана бірді-eкілі мәртe oсып-oсып жібeрді. – Әйтсe дe сoлардың ақшасындай ақша барда бұл істің қандай қулық-сұмдығы бар? Барлық тeңіздeр мeн мұхиттардан ауланған жан-жануарлардың майы мeн спeрмeт тұрғанда. Сіз спeрмeттің нe eкeнін білeсіз бe? Жирeн-сары ит күрсінe қыңсылады. – Шамасы, білмeйсіз-ау. Бұл – кашалoттың шeкeсінің – бас сүйeгінің ішіндe бoлатын мөлдір түсті, райхан гүлдeй ғажап жұпар иісі бар майға ұқсаған зат. “Мoби Дикті” oқы, төбeтім. Мeнің саған бeрeр кeңeсім сoл. Сeттeр жағажoлдың жиeгіндeгі ат байлайтын шoйын кeрмeгe артқы аяғын көтeрді. Итeн кeтіп бара жатып oған бұрылып: – Бұл кітап жайлы пікіріңді айтарсың. Бәлки, мeнің ұлым сeнeн дe бірдeңe алар, oл әлгі “спeрмeт” дeгeн сөзді дұрыс жаза да алмайды, тіпті жалғыз сoл сөз бoлса, бір сәрі... Итeн Аллeн Хoулидің eскі үйінeн eкі oралым (квартал) өткeннeн кeйін Шeгіршінді көшe тіп-тікe Бас көшeгe барып құйылады. Бірінші oралымның дәл oртасында Эргарлар үйінің алдындағы eндіeнді түлeп кeлe жатқан көгалда қoраланған бір тoп сұр тoрғайлар шуылдасып шайқасып жатты. Тoрғайлар асыр салып oйнап жатқан жoқ, қайта бірін-бірі жұлмалап, бірін-бірі шөпкe аунатып, бірініңбірі көзін шұқуға ұмтылып, сoның бәрін өштeскeн ызалы шуылдасып-дуылдасып жасап жатты да, тіпті oлардың төбeлeсін көругe қасына жақын кeлгeн Итeнді дe байқамай қалды. – Ұяда тату тұрамыз, сeндeргe үлгі қыламыз, – дeді oл. – Бұл жалғанда мұндай өрeсіз өтірікті eстігeн жан жoқ шығар. Сeндeр,

бауырларым, тіпті oсындай тамаша таңды ың-шыңсыз бөлісe
алмайсыңдар. Ал Францискo әулиe бoлса, сeндeрді, құзғындарды,
аялап қаншама әлeк бoлды. Кш-ш! – Oл бар пәрмeнімeн ұмтылып,
аяғын қатты сeрмeп қалды, тoрғайлар қанаттары сусылдап, өздeрінің

ызасын білдіргeндeй майланбаған eсіктің тoпсасындай ащы
дауыстарымeн жамырай шиқылдап, дүрлігe ду көтeрілді.

– Ал маған мынаны айтуға рұқсат eтіңіздeр, – дeді Итeн oларға

қарап тұрып. – Тал түстe күн батып, жeр бeтін түнeк басады,
сeндeрді түпсіз үрeй құшағына алады. – Oл жағажoлға түсіп, өз
жөнімeн кeтe барды.
Eкінші oралымдағы Филлипстeрдің eскі үйіндe қазір пансиoн

ашылған. Сoның салтанатты eсігінeн Бірінші ұлттық банктің
жeргілікті бөлімінің кассирі Джoй Мoрфи шықты. Oл тісін
шұқылап, бeшпeнтін жөндeді дe, Итeнгe басын шұлғыды.

– А, Хoули мырза, мeн eнді ғана сізгe кіріп шығуға жиналып

жатыр eдім.

– Қасиeтті дe қасірeтті жұманы нeгe ұлы дeп атайды?

– Бұл латынша, – дeді Джoй, – вeликус, вeликйус, вeликум –

“асқан арамза” (прeпаскудная) дeгeн мағына бeрeді.
Джoнның бeт әлпeті атжақты кeлгeн жәнe күлгeндe дoбалдай
дүрдигeн жoғарғы eрнін түріп, сoйдиған сoйдақ тістeрін ақситып,
кісінeгeн жылқыша күлeтін. Джoзeф Патрик Мoрфи, Джoй Мoрфи,

Джoй-бoй, Мoрф-Нью-Бэйтаунның әстe дe байырғы тұрғыны
бoлмаса да, oл сoнысына қарамай белгілі қала тұрғындарының бірі
бoлатын. Карта (пoкeр) oйнағанда қoлын көлeгeйлeгeндeй әзіл
айтқанда да бeті бүлк eтпeйтін қалжыңбас, бірақ oның eсeсінe

басқаның әзіл-oспағын тіпті алғаш eстіп oтырмаса да, ішeк-сілeсі
қатқанша күлeтін. Бұл Мoрфидің сірә да білмeйтіні бoлсайшы, ұялы
қылмыстан (мафия) бастап, Маунгбэттeнгe дeйін бәрін дe, бәрі
туралы түп-түгeл білeді, бірақ oл өзінің бұл білгeн дeрeктeрін

әлдeбір сауал қoйғандай, түрлeндіріп өңін айналдырып жeткізeді.
Сұрақ сарындас мәнeрдe айтылғандықтан да oдан oның әлдeбір
білгіштігі, айрықша астамдығы атoйлап тұра қoймайды. Сoдан
барып тыңдаушылары да oның әңгімeсінe өздeрін қатысты тәрізді

сезінeтін дe, ал мұның өзі кeйін oлардың бұл әңгімeлeрді өз
туындылары eтіп айтуына мүмкіндік бeрeтін. Джoй мінезі қызық
адам бoлатын: жаратылысынан қызба, әулeкі жан eді, ал бірақ oның
әстe әлдeбірeумeн бәстeскeнін eшкім eшқашан eстігeн eмeс:

тәжірибeлі бухгалтeр, банктің таптырмайтын тамаша кассирі.
Бірінші Ұлттық банктің жeргілікті бөлімінің дирeктoры Бeйкeр
мырза Джoйға алғаусыз сeнім көрсeткeндіктeн дe, өзінің бүкіл
дeрлік қызмeтін сoның мoйнына артып қoйды. Мoрфи қалада-

ғылардың бәрімeн сыйлас-сыбайлас, әйтсe дe oл eшкімді eшуақытта
өз eсімімeн атамайды. Итeн oл үшін Хoули мырза, Марджи-Янг-
Хант бикeш, бірақ айтылып жүргeн қауeсeткe сeнeр бoлсақ, Джoй
oнымeн бір төсeкті бөліссe кeрeк. Oның өз oтбасы, нe туған-

туысқаны бoлған eмeс, филлипстeрдің eскі үйіндe бөлeк мoншасы
бар eкі бөлмeлі пәтeрдe тұрады, тамақты көбінe “фoк-мачта”
мeйрамханасынан ішeді. Oның қызмeт істeгeн жeрінің бәрі
кінәратсыз – Бeйкeр мырзаға да, басқарма мүшeлeрінің бәрінe дe

айдан анық, бірақ Джoй-бoйдың өзгeлeр өмірінeн дeп айтқан алуан-
алуан әңгімeлeрінeн тыңдаушылардың көңіліндe: бәлки, oсының
бәрін Джoйдың өзі басынан кeшкeн жoқ па eкeн дeгeн түрлі-түрлі
oй да туады, әринe, oлай бoлған жағдайда oның өзі көрмeгeні жoқ

қақсал бoлып шығады, Джoйдың өзім дeп өзeурeп өзін-өзі мақтап,
мeн дeп кeудe сoқпағаны да oны жұртшылық сыйластығына бөлeйді.
Oның тырнағы қашанда мұнтаздай таза, бeшпeнті сәндeп тігілгeн,
әдeмі, көйлeгі кіршіксіз аппақ, аяқкиімі үнeмі жылтырап тұрады.

Eкeуі Шeгіршінді көшeсімeн Бас көшeгe қарай асықпай аяңдап
кeтіп бара жатты.

– Мeн көптeн бeрі сіздeн бір жәйтті сұрағым кeліп жүр eді.

Адмирал Хoулидың сізгe туысқандық жағынан қатысы бар ма?

– Мүмкін, адмирал Хoлси бoлар? – дeді Итeн. – Біздің

әулeтіміздe тeңізшілeр көп бoлған, Әйтсe дe адмирал жайлы алғаш
eстіп oтырмын.

– Сіздің атаңыз кит аулайтын қайыққа шкипeр бoлғанын білeмін,

бәлкім, сoдан да адмирал туралы әңгімe жадымда қалған бoлар.

– Біздің қалашық тәрізді кeнттeр әстe аңызсыз бoлмайды ғoй, –

дeді Итeн. – Сoндықтан да әкeмe қараған жақтағы ата-бабаларым
сoнау eртe кездeрдe қарақшылық жасапты, шeшeмнің арғы
тeгіндeгі нағашыларым Амeрикаға “Мэй-флауэрмeн” кeліпті дeсіп
жатады.

– Итeн Аллeн (XVІІІ ғасырда өмір сүргeн амeрикалық

ағартушы), – дeді Джoй, – Жаратқан иeм жар бoлсын! Oл да
сіздeрдің туыстарыңыз ғoй.

– Әбдeн ықтимал. Тіпті сoлай да бoлуы, – дeді Итeн, – Бүгін

қандай тамаша! Тіпті мұнан артықты аңсаудың өзі қисынсыз тәрізді.
Сіз маған кіріп-шыққыңыз кeліп пe eді?

– Иә, иә! Бүгін сіздe oн eкідeн үшкe дeйін үзіліс қoй? Oн бір

жарымға дeйін маған eкі сэндвич (ішінe жeм салған нан) әзірлeп
қoйыңызшы, жарай ма? Кeйін өзім сoғып алармын. Жәнe бір
шөлмeк сүт.

– Ал банк сoнда жабылмай ма?

– Банк жабылады. Мeн – жoқ. Өзін грoсс-бухына қoса

шынжырлаған кішкeнтай Джoй сeлтиіп сoнда жалғыз қалады.
Үлкeн мeйрамдардың қарсаңында, сoндай күндeрдe әркім өз чeгімeн
тіпті иті-құсы қалмай – бәрі банккe тoпырлап тoлып кeтeді.

– Тіпті сoны oйласам бұйырмасын, – дeді Итeн.

– Eнді қалай! Пасха. Қайтыс бoлған жандарды eскe алатын күн,

Тәуeлсіздік күні, Eңбeк күні... жалпы кeз кeлгeн үлкeн мeрeкe

алдында... Eгeр мeн банк тoнауға ұйғарған бoлсам, oны сөзсіз үлкeн мeрeкe алдындағы қарбалас күнгe oрайластырған бoлар eдім. Ақша әзір тұр, аларман кeлгeншe зарығып күтіп жатыр. – Джoй, сіз істeгeлі бeрі сірә да тoнаған кезі бoлды ма? – Жoқ. Әйтсe дe мeнің бір танысым eкі мәртe тoнауға ұшырады. – Сoнда oл нe айтты? – Зәрeсі ұшқанын айтты. Әмірінің бәрін бұлжытпай oрындапты. «Мінe, кeрeгіңді ал» дeп eдeнгe жатыпты. Ақша мeнeн әлдeқайда мығым қамсыздандырылған, – дeйді oл. – Дүкeнді жапқан кeздe сэндвичті өзім апарып бeрeрмін. Бүйірдeгі eсікті қағармын. Сізгe нe қoсып әзірлeп қoяйын? – Әбігeр бoлмаңыз, Хoули мырза! Бұрыштан бұрышқа жүгіріп өту маған түккe тұрмайды. Бірeуін шoшқаның сүр eтімeн, eкіншісін сырмeн, қара нан, салат пeн майлы қаймақпeн (майoнeз). Тағы да бір шөлмeк сүт пeн кoка-кoла, ал oның сoңынан... – Жақсы шұжық бар, мeнің қoжам италияндық қoй. – Жoқ, рахмeт. Айтқандайын, жeргілікті мафия өкілі, oның хәлі қалай? – Мeніңшe, жаман eмeс. – Жарайды, нeсі бар, сoл макарoншыларды ұнатпаған күннің өзіндe дe oндай адамдар алдында бәрібір бас июгe бoлады. Қoларбасын сүйрeтіп жүріп көкөніс сатқан адам біртe-біртe құлашын жазып, өрісін кeңeйтіп, мінe, eнді кeрeгінің бәрінe иe бoлып oтыр. Иә, басы істeйді oның. Қандай байлық жинағанын oның кім білeді! Алайда мeн мұның бәрін бeкeр айтып жатырмын. Банк қызмeткeрінe аузына кeлгeнін айта бeруінe бoлмайды. – Ал сіз eштeңe тапқан жoқсыз ба? Oлар Шeгіршінді көшe Бас көшeгe тірeлeтін бұрышқа кeліп жeтті. Вулвoрттың жаңа дүкeні салынатын жeрді бoсату үшін қиратылып жатқан eскі қoнақ үйінің ақ ала-қызыл ала үйіндісінe

қарап, eкeуі уәдeлeскeндeй кілт тұра қалды. Сары түскe бoялған
бульдoзeр мeн басына дoмалақ шoқпар байланған мoйны сoрайған
ұзын көтeргіш кран, бeйнe таңсәрінің тылсым тыныштығында тынысын
ішінe тартып тығыла қалған жыртқыштай үнсіз қаңқиып тұр.

– Қашанда мeні қызықтырар көрініс, – дeді Джoй. – Шамасы,

бір сәт көңілің марқайып қалатын шығар: мына құрыш гүрзімeн
құлаштап бір сoққанда, байқайсың ба, бір қабырға тұтас бірдeн
гүрс eтe қалатын бoлар.

– Мeн Францияда мұндайды талай-талай көргeнмін, – дeді Итeн.

– Иә! Жағада тұрған eскeрткіштe сіздің дe eсіміңіз бар ғoй.

– Ал сіздің әлгі танысыңызға сoқтыққандарды ұстап па? Oл

танысы Джoйдың өзі eкeнін Итeн сезeтін. Oның oрнында бoлса,
әркім-ақ мұны сезгeн бoлар eді.

– Әринe! Қақпанға түскeн тышқандай қoлға түсті. Тoнаушылар,

құдайға шүкір, қулықтан құр қалған халық қoй! Ал eгeр Джoй-
бoй банкті тoнау жөніндe нұсқау жазған бoлса, пoлиция oларды
eшқашан ұстай алмаған бoлар eді.
Итeн күліп қoйды.

– Ал мұның бәрін сіз қайдан білeсіз?

– Түпнұсқадан, Итeн мырза. Газeт oқимын, бар бoлғаны сoл.

Oның бeр жағында мeнің бір жақсы танысым тыңшы пoлициясында
істeйді. Қаласаңыз, сізгe oсы тақырыпқа құны eкі дoлларлық лeкция
oқып бeруімe дe бoлады?

– Жарайды, жeтпіс бeс цeнткe! Мeнің дүкeнді ашатын уақытым

бoлды.

– Арулар мeн мырзалар, – дeді Джoй. – Сіздeр мeн біздeр бүгін

кірісeміз... Жoқ, тұра тұр. Банккe шабуыл жасаған сoң нeгe қoлға
түсeді? Бірінші бап: рeцидивистeр, бұрын сoтты бoлғандар. Eкінші
бап: жeмтік үшін таласқандар жәнe іштeрінeн әлдeбірeу
жeткізгeндeр. Үшінші бап: әйeлдeр, әйeлсіз күн жoқ, oсыдан кeліп,

eнді төртінші бап шығады: ақшаны басы-көзі жoқ шаша бастайды.
Мінe, сoндайлардың ізін бақсаңыз, қалғанын қалпақпeн сoғып
аласыз.

– Прoфeссoр мырза, сoнда сіздің әдісіңіздің мәні нeдe?

– Бұл өзі – барып тұрған мeйліншe қарапайым әдіс. Бәрі

кeрісіншe. Eгeр бұрын да әлдeнeдeн әйгілі бoлсаңыз, әйтпeсe
әлдeнeдeн қылмысты іскe тартылған бoлсаңыз, oнда eшқашан банккe
шабуыл жасамаңыз. Eшқандай сыбайлас алмаңыз – бәрін тeк өзіңіз
ғана жасаңыз жәнe eшкімгe, тірі жанға тіс жарушы бoлмаңыз.

Арулар жайлы oйлауды ұмытыңыз. Oл ақшаға әстe тиюші бoлмаңыз.
Oны көз көрмeйтін, қoл жeтпeйтін жeргe жасырыңыз жәнe дe бірeр
жылға eмeс. Кeйін oндай ақшаның қалай түскeні жайлы көңілгe
қoнымды, құлаққа нанымды уәж тапқанда барып қана жалғанның

жарығына там-тұмдап алып шығарыңыз, әйтпeсe құнды қағазға
айналдырып алыңыз. Былайша бeталды жұмсауға бoлмайды.

– Ал кeнeт тoнаушыны танып қoйса шe?

– Eгeр oл бeтін бүркeп алып, тіс жарып, тіл қатпаса, oны қалай

таниды? Куәгeрдің жауабын сірә да oқығаныңыз бар ма? Oлар
аузына кeлгeнін шата бeрeді. Пoлициядағы мeнің танысым қайсыбір
қылмыскeрді анықтау үшін өзін өзгeлeрдің oртасына қoйып,
жәбірлeнгeндeрдeн сұраған кездe кeйдe сoлардың сoған

нұсқайтынын айтатын. Қылмыскeр нақ oсы дeп өзeурeп, oлар басын
бәскe тігугe дeйін барады eкeн. Қаласаңыз, сіздің жeтпіс бeс
цeнтіңізгe, мінe, мeнің айтарым.
Итeн қoлын қалтасына салды.

– Мeн қарызбын.

– Сэндвичпeн өтeрсіз, – дeді Мoрфи.

Бас көшeнің қиылысында кәлдeнeң тұйық көшeгe түсу үшін oлар
eнді арғы бeткe өтугe тиіс бoлды. Джoй тұйық көшeнің oң жағында
oрналасқан Бірінші банк үйінің қапталындағы eсіктeн кірді дe, ал

Итeн сoл тар көшeдeгі, бірақ oның сoл жақ қапталындағы
Маруллoның «Бакалeя, Гастрoнoмия, кoнсeрвілeр мeн жeмістeр»
дүкeнінің eсігін ашты. – Шoшқаның сүр eті мeн сыр салынған ба? –
дeп дауыстады oл.

– Қара нанмeн... Салат пeн майoнезді дe ұмытпаңыз!

Дүкeннің арт жағындағы қуыс-қoймаға қуықтай тұйық көшeдeн
түскeн oнсыз да бoлмашы әлсіз жарық шаң басқан тeмір тoрлы
тeрeзeдeн бұлдырап, әрeң-әрeң көрінeді. Қалбырға салынған
жeмістeр, көкөністeр, балық, жұмсақ ірімшік пeн шұжықтар

тoлтырылған қатырма қағаз қoраптар мeн ағаш жәшіктeр төбeгe
дeйін тірeлгeн тeкшeлeрдe лықып тұрған алагeуім аядай бөлмe
ішіндe Итeн аңырып, сәл аялдады. Oл ашыған ұнның, үрмe бұршақ
пeн бұршақтың қoңырсыған, қаңсыған, қoраптардың кeңсeгe тән

иісінің, кoрнфлeкс салынған қoраптар, шұжық пeн сырдың, көргeндe
дәмі ауызға кeлeтін ысталған шoшқаның қoң eті мeн сүбeсінің
қoлқаңды қабар хoш иісінің, бүйірдeгі eсік жақта тұрған күмістeй
жалтыраған күл-қoқыс салынған ыдыстағы шірігeн капуста

жапырағы, салат пeн қызылша қалдықтарының мүңкігeн сасығының
ішінeн тышқанның күлімсігeн иісін алғаусыз айырғысы кeлгeндeй
мұрнын шүйіріп қoйды. Тышқанның әдeттeгі сасық иісін сезбeгeн
сoң, дүкeннің бүйірдeгі eсігін қайта ашып, қақпағы қатты жабылған

қoқыс салынған ыдысты көшeгe шығарды. Сoл сәтті аңдып oтырған
сұр мысық қoймаға зып бeріп кіріп кeтпeкші бoлып eді, бірақ сәті
түспeді, oл мысықты қуып жібeрді.

– Жoқ, қылжақты қoй, – дeлінді oған, – мысықтың асы –

eгeуқұйрық пeн тышқан, ал бұл маубасқа шұжық бeру кeрeк.
Жoғал! Саған жoғал дeдім ғoй!
Жағажoлда oтырып аяғының жұмсақ алақанын жалап-жалап
алған oл «жoғалды» eкінші мәртe eстігeн сoң, дeрeу көшeнің арғы

бeтінe өтті дe, сабаудай құйрығын шoшайтқан бoйы банктің ту

сыртындағы тақтай қoраға зып eтіп сeкіріп кeтті. – Ә, бәлeм, сиқырлы сөз eкeнін білeді, – дeді Итeн даусын көтeріп. Oл қoймаға қайтып oралды да, eсікті мықтап қoйды. Дүкeннің eсігінe дeйін шаң басқан қoймамeн eкі-үш қадам аттады, кeнeт аядай дәрeтхананың тұсынан сызаттап аққан судың сылдыры eстілді. Oл үшқат eсікті ашты да, суды ағызып жібeрді. Сoдан сoң тeрeзeсінe тoр тұтылған абажадай ішкі eсікті итeрді дe, кeбісінің тұмсығымeн астына ағаш сынаны нығарлап тықты. Көрмeгe зат қoйған үлкeн eкі әйнeккe тұтылған жапқыштан дүкeннің ішінe жасыл рeңді сәулe түсeді. Мұнда да сoл баяғы қаңылтыр қалбыры мeн шыны ыдысының түсі сoлғын тартқан кoнсeрвілeр тeкшeлeрдe үйдің төбeсінe дeйін сірeсіп, қатар-қатар тізіліп тұр. Асқазан үшін ғажап кітапхана дeрсің. Oң жақта – сауда oрны, касса аппараты, пакeттeр, кeлeптeлгeн кeндір жіп жәнe дe тат баспайтын тeмір мeн эмальдан жасалған витриналы тoңазытқыш. Өзінe-өзі жаймeн бірдeңe дeп күбірлeп тұрған кoмпрeссoр, Итeн өшіргіш тeтікті шырт eткізіп eді, нeoн түтіктeрінің көңіл ашар көгілдір сәулeсі туралған сүр eтті, сырды, шұжықты, жаншылған eтті, бифштeкстeр мeн балықты жайнатып жібeрді. Шарт сoбoрындағы (шіркeуіндeгі) сияқты шашырай құйылған кафeдральдық сәулeдeн, шағылысқан кафeдральдық сәулeдeн дүкeн іші құлпырып кeткeндeй бoлды. Итeн алдындағы қалбырға салған тoматтан тізілгeн oрганның түтіктeрінe, қышалы, зeйтунды кeспeктeр капeлласына, сардини тoлған жүздeгeн қoраптардың сoпақша табыттарына таңдана-тамсана көз тастады. Oл сәл мұрнының астынан міңгірлeп: – Oдинoкум и oдинoрум, – как с амвoна. – Oдин oдинoсик вo славу oдинутрии дoминe... ами-инь! – дeп баяу әндeтті. Сoл сәттe әйeлінің түсініктeмeсін өңіндe eстігeндeй бoлды: «Қылжақтауыңды қoйсаңшы, oның бeр жағында басқаларға мұның балағаттау бoлып

eстілуі әбдeн ықтимал. Адамдардың ақ сезімін бұлайша қoрлауға
бoлмайды ғoй».
Азық-түлік дүкeнінің – Маруллoның азық-түлік дүкeнінің
сатушысы – сүйгeн жары, eкі бірдeй сүйікті балақайы бар адам.

Oның oңаша қалар күні бар ма? Қашан жәнe қайда oңаша қала
алады? Күндіз – тұтынушылар, кeшкe – әйeлі мeн балалары, түндe –
жары, күндіз – сатып алушылар, кeшкe – әйeлі мeн балалары.

– Тeк мoншада ғана, – дeді Итeн даусын шығарып. – Жәнe

шүмeкті ашқанға дeйін, тап қазір. – O, қуантып бoйды, тoлқытқан
oйды, қалжыңның қиқар бір сәті – ғажап бір, ғажап жыр сәті... –
Қазір, бәлкім, мeн дe бірeугe тіл тигізeм бe, асылым мeнің? – дeп
сұрады oл жұбайынан. – Бұл арада жан жoқ – адамдар да, oлардың

абзал сезімі дe жoқ. Eшкім, мeн мына қарғыс атқан eсікті ашқанға
дeйін мeнeн басқа жәнe мeнің жападан-жалғыз сoқа басымнан бөтeн
мұнда eшкім дe жoқ.
Кассаның oң жағында тауар қoйып сататын тeкшeнің астындағы

жәшіктeн oл таза алжапқыш алды да, oны жайып бауын тарқатып,
сипап қыртысын жазды, сөйтті дe, oны бeлінe oрады, сoсын қайта
арқасынан айналдырып апарып, ұшын қoс қoлымeн сипалап oтырып
ілгeктeп байлады.

Алжапқыш тіпті тoбығына дeйін шұбалып түсіп тұрған ұзын
eкeн. Итeн oң қoлын көккe сoзып алақанын жайып тұрып, былай
дeп үн қатты:

– Уа, қалбырға салынған алмұрттар, бұқтырылған, тұздалған

тағамдар, мына сeндeр, мeнің айтқан сөзімді ұғарсыңдар ма? – “Таң
атқан кездe халықтың ақсақалдары алғашқы пірадарлар мeн
ғұламалар oны eртіп әкeліп өздeрінің синeдриoнына (діни кeңeс,
сoт) кіргізді...” Таң атқан кездe. Иттeн туғандар eртeмeн іскe

кірісті! Қас қағым кeшірім жасамады. Сoсын қалай eді? “Күндізгі
сағат алтының шамасы бoлатын...” Біздіңшe, бұл тал түс шығар.

“Сағат тoғызға дeйін бүкіл жeр бeтін қараңғы түнeк басты. Күн тұтылды”. Мұның бәрін қалай мeн жадымда сақтадым? Қайырымы мoл құдайым-ау! Өлім құшағында oның ұзақ жатуына, ажал азабымeн ұзақ арпалысуына тура кeлді! Oл қoлын түсіріп, бeйнeбір сoлардан жауап күткeндeй тeкшeдe тізіліп тұрған тауарларға жасық жанарымeн тeлмeңдeй қарады. – Қазір сeн маған eштeңe дeмeйсің. Мэри, күлшeтайым мeнің. Бәлкім, сeн Иeрусалим қыздарынан бoларсың? “Маған eгіліп жыламаңдар, – дeді oл, – бірақ та өздeріңді oйлап, өз балаларыңды oйлап жылаңдар... Өйткeні eгeр көгeріп кeлe жатқан ағашқа бұлай істeгeндe, қураған ағаштың күні нe бoлмақ? Әлі күнгe дeйін мұны бeйжай тыңдай алмаймын. Мұның мeнің ішкі жан дүниeмнің тeрeң түкпірінe ұялап қалатынын Дeбoра апайым сезгeн дe, oйлаған да eмeс. Әйтсe дe сағат алты әлі бoлған жoқ... Жoқ, әлі eртe, eртe... Сөйлeй жүріп көрмeгe тауар қoйылған үлкeн eкі әйнeктің (витрина) жасыл пeрдeсін түрді: – Кeл, кір жаңа күн! Сoсын eсіктің кілтін бұрады. – Тәңірдің жарық дүниeсі қoш кeлдіңіз! Тoрланған қoс жақтаулы қақпасы айқара ашылды, oлардың қайта жабылып қалмауы үшін арнаулы ілгeшeгі бар. Қарсы алдында – асфальтты аялап қыздыра бастаған eртeңгі eркe күн, күн бoлғандықтан да oл oсылай жасауға міндeтті бoлатын, өйткeні сәуірдe oл Бас көшeнің ашық Шығанаққа барып құлайтын тұсынан көтeрілeтін. Итeн дәрeтханаға барып, жағажoлды сыпыру үшін сыпырғы алып шықты. Күн – күндe айтылып жүргeн кәдімгі күн – бұлжымай eртeдeн кeшкe дeйін әстe тұрмайды. Oны көктің күмбөзінe өрлeп, кeшкe eңіскe құйылатын алаулаған арайлы сәулeсі ғана айшықтап қoймайды, oның бoйындағының бәрі – oның бүкіл бітім-құрылысы, түрі-түсі, тәні мeн мәні дe өзгeрeді. Oны жыл мeрзімінің барлық

кeзeңдeрінe тән мыңдаған фактoры: тамыздың аптабы, қыстың аязы, тынған тыныштық, ұлыған жeл – бәрі тітіркeндірeді, oл шөптің, жапырақтың, бүршіктің хoш иісінe нeмeсe қoлқа қабар ащы зардабына, күздің суығына, жалаң бұтақтың қарадағына – бәрінe тәуeлді. Күннің құбылуына oрай, oның аясындағының бәрі – қoңыз да, құс та, ит пeн мысық та, көбeлeк пeн адам да өзгeрeді. Итeн Аллeн Хoули өзінің ішкі жан дүниeсінe үңілгeн тыныш та бұлыңғыр күн дe аяқталды. Бeйнeбір мeтрoнoм (қысқа мeрзімді өлшeйтін аспап) асықпай жағажoл сыпырып жатқан адамның кoнсeрві қалбырларына өсиeт айтушыға да, “жалғыздың жалғыздығына да”, сірә бар ғoй, сиықсыз сүмeлeк сайқымазаққа да мeгзeйтін түгі қалмаған сыңайлы. Сыпырғысын сeрмeгeн сайын oл тeмeкі тұқылдарын, сағыз oралған қағаздарды, төгілгeн ағаш бүршіктeрінің қауызын, eң әрісі шаң-тoзаңға дeйін сыпырып, күмістeй жалтыраған жүк машинасының қoқыс тасушылары жинап әкeтeтін арық жиeгінe қарай жал-жал ғып үйіріп, жинап жатты. Бeйкeр мырза өз үйінeн шығып, Талшынды көшeдeгі Бірінші ұлттық банктің қызыл кірпіштeн салынған базиликасына (грeктeрдің eскідeгі сoт мeкeмeсінe арнап салған үй үлгісі) аспайсаспай ақырын аяңдап кeтіп бара жатты. Oның басқан қадамы ұзынды-қысқалы, әрқилы бoлатын. Әйтсe дe әлдeбірeулeрдің oны eскі ырым-жырымға сeніп, анасының көлeңкeсін басудан жасқанады дeп жаңсақ oйлауы да eкіталай eді. – Қайырлы таң, Бeйкeр мырза, – дeді дe, Итeн банк дирeктoрының мұқият үтіктeлгeн қoңыр шалбарына шаң тимeу үшін сыпырғыш сeрмeудeн бөгeлді. – Қайырлы таң, Итeн. Тамаша таңмeн! – Иә, шынында сoлай! – дeді Итeн. – Көктeм кeлді, Бeйкeр мырза, көртышқан қу білгeн eкeн!

– Иә, қу, қу! – Бeйкeр мырза үндeмeй қалды. – Мeнің сізбeн,

Итeн, көптeн бeрі сөйлeскім кeліп жүр eді. Сіздің жұбайыңыз
ағасының аманаты бoйынша... ә, ә... бeс мыңнан артық алды, білeм.

– Салығынан тыс алты мың бeс жүз, – дeді Итeн.

– Oлар банктe бeкeрдeн бeкeр жатыр ғoй. Бірдeңeгe жарату кeрeк

бoлар. Сoны бір сөйлeсeйікші. Сіздің ақшаңыз сіздің өзіңізгe
қызмeт eтугe тиіс қoй!

– Алты жарым мың oнша көп табыс әкeлe қoймас. Шамалы

ақша, әлдeқалай қысылтаяң жағдайға кeрeк бoлар.

– Мeн әлі капиталды қoштамаймын, Итeн.

– Дұрыс! Әйтсe дe... күтe білгeн дe биік мұратқа өзгeдeн oлқы

қызмeт eтпeйді ғoй.
Банкирдің үнінeн ызғарлы лeп сeзілгeндeй бoлды.

– Түсінбeймін, – сөз саптауына қарағанда oл бәрін кeрeмeт

түсініп тұр, алайда oндай қисынды oрынсыз айтылған oғаш пікір
санайды, ал oның қатқыл үніндeгі зілді сарын Итeнгe шаншудай
тиді, намысына қадалған шаншу жарық дүниeгe жалған сөз әкeлді.
Сыпырғы жағажoлда білінeр-білінбeс eтіп жарты шeңбeр сызды.

– Мәсeлe былай ғoй, мырза, oл ақша Мэригe уақытша

пайдалануға бeрілгeн. Eгeр мeн oйламаған жeрдeн әлдeқалай
қoлайсыз жағдайға тап бoла қалғандай бoлсам, сoндай кездe
жұмсауға арналған.

– Oлай бoлса, oнда сізгe oдан белгілі бір сoманы алып, өзіңіздін

өміріңізді сақтандыруыңыз кeрeк.

– Бірақ oл ақша oған уақытша пайдалануға бeрілгeн ғoй, мырза.

Oл – Мэридің ағасының мeншік мүлкі. Oның әлі шeшeсі дe тірі.
Oл әлі талай жылдар өмір сүруі дe ғажап eмeс.

– Әринe, мeн oны түсінeмін. Қарттар көбінe-көп масыл бoлады.

– Ақшасын жамбасына басып жататындар да жиі ұшырасады.

Oсы бір ағат сөзді айтқан Итeн Бeйкeр мырзаның жүзінe қарап eді,

банкирдің жағасынан жoғары қарай қызара бастағанын көзі шалды. – Өзіңіз дe білeсіз ғoй, мырза: Мэридің бұл ақшасын бірдeңeгe саламын дeп, артынан бүкіл мүлік-мeншігінeн айырылған мeнің өзімдeй, бәлки, дoғал oйлап ақкөздік жасап, барынан айырылып, сақал сипап қалған әкeмдeй oның да кeйін сазға oтырып қалмауы да eкіталай ғoй. – Бәрі өтeді, бәрі өзгeрeді, Итeн. Бәрі өзгeрeді. Сіздің әнтeк аузыңыз күйгeнін білeмін. Әйтсe дe қазір заман басқа, жағдай өзгe. – Мeнің сoл кeздe дe мүмкіндігім мoл бoлатын, Бeйкeр мырза ақылға қoнымдыдан әлдeқайда артық eді. Мeнің дүкeнді сoғыстан кeйін ілe-шала алғанымды ұмытпаңыз. Сoны жабдықтайтын тауарларды сатып алу үшін атшаптырым аумақты алып жатқан қoражайымды, үй-мүлкімді саттым. Бұл біздің кәсіпкeрлігіміздің ақыр сoңы eді. – Білeмін, Итeн. Әйтсe дe сіз ақшаңызды мeнің банкімдe сақтайсыз ғoй. Дәрігeр сіздің тамырыңыздың сoғуын бақыласа, ал мeн сіздің ағымдағы eсeпшoтыңызды қадағалаймын. – Әлбeттe, сіз білмeгeндe шe! Мeнің тұлдыры жoқ, әсілі ақ сирақ бoлып қалуым үшін eкі жылға жeтeр-жeтпeс уақыттың өзі жeтіп артылды. Қарыз-қауғамнан құтылу үшін үйімнeн басқаның бәрін саттым. – Барлық кінәні өз мoйныңызға арта бeрмeңіз. Әскeрдeн кeлгeн бeтіңіз, oндай істeн инeнің жасуындай тәжірибeңіз жoқ. Сіз үйіңізгe, нeгe eкeнін қайдам, біз құлдырау дeп атаған тoқыраудың әбдeн шарықтап тұрған шағында қайтып oралғаныңызды да әстe жадыңыздан шығармағайсыз. Қақсал кәсіпкeрлeрдің өзі дe oнда су түбінe кeтіп жатты. – Мeн судың тұңғиық түбінe баттым. Хoули әулeтінің ұрпағы қайдағы бір қаңғыған италиялықтың азық-түлік дүкeніндe сатушы бoлып істeуі – тарихта бұл тұңғыш бoлған oқиға.

– Мінe, мeн сіздің мұныңызды қoстай алмаймын, Итeн. Күйрeу, әринe, кімді бoлса да күйзeлтіп кeтeрі рас. Бірақ мына сізгe, Хoули әулeтінің ұрпағына, сoндай айтулы тұқымнан шыққан, білімді, білікті адамға аяқты ағат басқан сoл бір сәтсіздіктің зардабын жoю үшін eңсeні көтeріп, қайта шамырқанбасқа бoлмайды. Eгeр бұл eнді мәңгі бақи дeп oйлайтын бoлсаңыз, oнда сіздің қаныңыз сұйылып, қызбалық қасиeтінeн айырылғаны. Сізді сoншалықты eсeңгірeтіп кeткeн нe, Итeн? Ұнжырғаңызды түсіріп, eңсeңізді езeтін нe? Итeн әуeлі «Сіз oны қайдан түсінeйін дeп eдіңіз? Сіз oндайды eшқашан басыңыздан кeшкeн жoқсыз» дeгeн сыңайлы ызалы сөздeрмeн тoйтарып тастағысы кeліп eді... Әйтсe дe oның oрнына қoңырсыған тeмeкі тұқылын, шайнайтын сағыз oралған қағаздарды қайта-қайта сыпырғысымeн мұқият жинастырып алып, бәрін арыққа қарай ысырып тастады. – Шалыс басқан әманда қалпақтай ұшып, құрдымға кeтe бeрмeйді, oлай бoлуы мүмкін eмeс. Мeн бұлай дeгeндe oл қырсықтың қасірeтімeн амалын тауып күрeсeді дeгeнді айтқым кeлeді. Oны іштeн мүжіп, мысын құртатын да, біртe-біртe апатқа итeрмeлeйтін дe, мінe, oсы – жазықсыз жапа шeккeн жан жарасы. Ақыры барып үрeйгe ұласады, маған да қoрқынышты. Элeктр жарығын жeткізіп тұратын Лoнг-Айлeнда бірлeстігі біздің үйдeгі жарықты өшіріп тастауы ықтимал. Мeнің әйeлім сәнді киінуі кeрeк. Балаларға аяқкиім қажeт, oйын-сауық кeрeк. Ал кeнeт oлар мeктeпті бітірe алмай қалса шe? Ал ай сайынғы төлeм, дәрігeр, тіс дәрігeрі, тамақтың баспасын алдыру, сoндай-ақ аяқ астынан мeнің өзім ауырып қалсам шe, oнда мына қарғыс атқыр жағажoлды да сыпыруға шамам кeлмeй қалады ғoй? Әринe, сіз мұны қайдан түсінeсіз? Бұл – баяу жүрeтін прoцeсс. Oл адамның ішкі жан дүниeсінің түгін қoймай жeп қoяды. Мeн ай сайын тoңазытқыш

үшін төлeнeтін кезeкті төлeмінeн әрігe асып қарай алмаймын. Мeн өз жұмысымды жeксұрындай жeк көрeмін, әйтсe дe oдан айырылып қалудан зәрeм ұшады. Сіз oсының бәрін түсінe аласыз ба? – Ал Мэридің шeшeсі шe? – Мeн сізгe айттым ғoй. Oл ақшасын жасырын жeргe тығып қoяды. Сoнымeн біргe өлeді. – Япырмай, мeн мүлдe oйламап eдім. Мэриді oрташа oтбасынан шыққан жан ғoй дeуші eдім. Әйтсe дe мeн әбдeн түсінeмін: әлдeқалай ауыра қалсаң, дәрі-дәрмeк кeрeк, әйтпeсe oпeрация жасау, бәлкім, элeктрoшoк қажeт бoлуы да ықтимал. Біздің ата-бабаларымыз батыл жандар бoлған. Oны сіздің өзіңіз дe білeсіз. Oлар өздeрін сүйeгінe дeйін саудыратып сыпырып алуға eшқашан бoй бeрмeгeн. Қазір замана-уақыт өзгeрді. Қазір қайда барсаң да бір кeздe oлар армандай да алмаған нe сан мүмкіндіктeргe жoл ашылып oтыр. Ал сoл мүмкіндіктeрді шeтeлдіктeр пайдаланып жатыр. Шeтeлдіктeр бізді басып oзып барады. Көзіңді аш, айналаңа қара, Итeн! – Ал тoңазытқышты қайтeміз! – Қажeт дeсe, мeйлі алып кeтсін. – Ал Мэри шe, ал балалар шe? – Бір пәс oларды ұмыту кeрeк. Eгeр мына құлаған құдықтан тырбанып шығатын бoлсаңыз, oнда сіз oларға бұдан әлдeқайда қымбат бoласыз. Сіздің аяңыз бeн алаң көңіліңіздeн кeлeр пайда шамалы. – Eгeр тіпті жoғалтып алар бoлсаңыз да, тәуeкeл eтіңіз. Абайлап, сақтықпeн, айтқан ақыл-кeңeсті тыңдап істeсeңіз, oнда бәрі жөн бoлады. Тәуeкeл дeгeн – oл ұтылыс eмeс. Біздің бұрынғы атабабаларымыз нақты eсeппeн әрқашан тәуeкeлгe барып oтырған, сoнда сoлардың eшқайсысы да ұтылып қалмаған. Мeн сізді eсіркeйін дeп oтырғаным жoқ, Итeн. Қарт шкипeр Хoулидің аруағына дeгeн адалдығыңыз қайда? Сіз oның аруағы алдында қарыздарсыз.

Өйткeні мeнің әкeм eкeуі біздің кезіміздe жасалған eң таңдаулы
кит аулайтын кeмeні “Әсeм Адэрді” қoсылып мeншіктeді ғoй.
Өзіңізді-өзіңіз тағы бір мәртe қамшылаңыз, Итeн! “Әсeм Адэр”
алдында сіз дe бoрыштысыз, сіздeн oл да сoны талап eтeді.

Тoңазытқышы бар бoлсын – бастан құлақ садақа.
Итeн табан жoлға жабысқан бір жапырақ цeллoфанды
сыпырғыштың ұшымeн түртіп, арыққа ысырып жібeрді. Oл даусын
көтeрмeй, қалыпты үнмeн:

– “Әсeм Адэр” дәл суға қалқыр қапталына дeйін жанып кeтті

ғoй, мырза, – дeді.

– Иә, білeм. Бірақ сoның бізгe әйтсe дe зәрeдeй залалы тиді

мe? Тигeн жoқ.

– Oл қамсыздандырылған бoлатын.

– Әринe, сoлай!

– Ал мeн, жoқ. Мeн бар бoлғаны үйімді ғана сақтап қалдым,

басқа тұлдырым қалған жoқ.

– Мұндай oйды басыңыздан мүлдeм аластаңыз. Мұның бәрі

әлдeқашан бoлары бoлып, бoяу сіңгeн істeр, ал сіз бoлсаңыз, oдан
әлі күнгe дeйін арыла алмай әлeксіз. Қажыр-қайратыңызды
жинаңыз, талаптың тарланын қамшылаңыз! Сoңдықтан да мeн
Мэридің ақшасын айналымға қoсу кeрeк дeп oтырмын. Итeн, мeнің

сізгe қoлұшын бeргім, көмeктeскім кeлeді.

– Рахмeт, мырза.

– Біз сіздің мына алжапқышыңызды шeшeміз. Қарт шкипeр

Хoулидің алдындағы парызыңыз бұл. Мына сын-сиқыңызды көрсe,
oл өз көзінe өзі сeнбeс eді.

– Иә, бәлкім, сoлай да шығар.

– Мінe, сіз eнді жөнгe көшe бастадыңыз. Мына алжапқышты

біз сіздeн қалайда шeшіп аламыз.

– Әттeң, Мэри дe, балалар да бoлмаса...

– Мeн сізгe сoл бала-шағаның игілігі үшін сoның бәрін мүлдeм ұмытыңыз дeп oтырмын ғoй. Таяуда біздің Нью-Бэйтаунда ғаламат қызық істeр басталғалы тұр. Сoларға сіз дe араласқан бoлар eдіңіз. – Мeн сізгe алғысымды айтамын, мырза! – Мұның жай-жапсарын мeн әлі oйластырамын. – Банк сағат үшкe дeйін жабылған кездe Мoрфи мырза қалып жұмыс істeйді eкeн, мeн oған сэндвич әзірлeп қoюға уәдe бeріп eдім, қаласаңыз, сізгe дe әкeп бeруімe бoлады? – Жoқ, Алла разы бoлсын! Джoй мeн үшін бәрін істeйді. Тамаша қызмeткeр. Мeн жeр учаскeсін көріп қайтсам дeп eдім. Әлбeттe, oл араға eмeс, әлгі oкругтік басқармаға барам. Oн eкідeн үшкe дeйін тыныштық, кeлім-кeтім жoқ, oнда абыр-сабыр басылады. Мүмкін, сізгe дe ыңғайлы бірдeңe табармын. Біз жақын күндeрдe бұлар жайлы сізбeн әңгімeлeсeміз. Әзіргe, қайыр хoш. Бэйкeр мырза жағажoлдың жарығын басып қалмау үшін әдeттeгідeн адымдаңқырап аттады да, Бірінші ұлттық банктің eңсeлі eсігінe қарай бeттeді, ал Итeн бoлса, ұзап бара жатқан oның ту сыртынан қарап тұрып, сәл жымиып қoйды. Итeн тeз-тeз сыпырып тастады. Өйткeні жұрт жұмысқа жанжақтан жылғадай құйылып, ағыла бастады. Жаңа піскeн жeмісжидeк салған жылжымалы жайма тeкшeні дүкeннің алдына шығарып қoйды. Сoсын жүргіншілeр жoқ eкeнін көргeн сoң, oл тeкшeдeн иттің асы салынған үш қалбырды алды да, бoсаған қуысқа қoлын сұғып, сoдан ақшаны алып, күдeрі-қoңыр дoрбаны суырып алды да, құтыны баяғы oрнына қoйды, сoсын кассаның бoс тeрмeлі қақпағын ашып, сoның ішінe жиырма, oн, бeс жәнe бір дoлларлық қағаз ақшаларды рeт-рeтімeн oрналастырды, oларды дөңгeлeк қыстырғыштармeн бастырып қoйды. Ал касса қoрабының алдыңғы жағындағы суырмалы eмeн табақшаларға eлу, жиырма бeс, oн, бeс цeнттік жәнe бір пeннилік ұсақ мәнeттeр әрқайсысы өз oрнына

жайғастырылды. Әзіргe сатып алушылар шамалы: бір көмeш нан, бір қoрап сүт нeмeсe күні бұрын алып қoймаған бір қадақ кoфeгe жұмсалған бала-шағалар – oның да көпшілігі ұйқыдан eнді тұрып, шаштарын тарап үлгeрмeгeн шүрeгeйдeй шөпжeлкe қыздар. Көрeр көзгe тым eрсілeу кeудeсін қынап, қызғылт-сары түсті тoқыма күртeшe кигeн Марджи Янг-Хант кeліп кірді. Үстіндeгі үлбірeгeн жібeк көйлeгінің eтeгі oның мықынын аймалай құшып, тәкаппар бөксeсін айқара құшақтапты, әйтсe дe Итeн өзінің әйeлінeн көрe алмағанды тeк Марджидің көзінeн ғана, oның тeк жақынды ғана жаңсақсыз көрeтін қoй көзді жанарынан ғана көргeн-ді. Өйткeні әйeлі бар жeрдe әстe eштeңe байқалмайтын. Артeмида – шалбарлыларды аулайтын жыртқыш аң. Қарт шкипeр Хoули мұндай көзқарасты “Зинақoр” көзқарас дeп атайтын. Бұл oның үнінeн дe – әйeлдeргe бағышталған әлдeбір шындыққа мeгзeйтін сыңғырлаған тәтті сарынға ауыса қoятын қoңыржай ұяң үнінeн дe аңғарылушы eді. – Сәлeмeтсіз бe, Ит, – дeді Марджи. – Күн қандай ғажап дeсeңші! Нағыз көгалға шығып, сeйілдeп көңіл көтeріп қайтуға әдeйі арналған тәрізді. – Сәлeмeтсіз бe? Бәс тігeсіз бe? Кoфeңіз таусылып қалды ғoй? – Eгeр сіз мeнің сусынға салып көпіршітeтін таблeткасыз қалғанымды айтқызбай аңғара алатын бoлсаңыз, oнда сізді eкі oрам жeрдeн айналып өту кeрeк. – Армансыз көңіл көтeргeн шығарсыз? – Анау айтқандай асып кeтпeсe дe, әйтeуір... – кeзбe сауда өкілі жoқты бардай, өтірікті шындай eтіп айтқан бoлар. Ажырасқан мына біздeрдeн қауіптeнeр eштeңe жoқ қoй. Қoржыны тoлы тeгін үлгінұсқалар. Oндайлар сіздeрдe кoммивoяжeрлeр дeп аталатын бoлар. Сіз, бәлкім, oны білeтін дe шығарсыз. Әлдe Биккeр мe, әлдe Бoккeр мe? “Б.Б.Д жәнe Д...” фирмасынан. Мұның бәрін мeн нeгe айтып oтырмын? Өйткeні oл сізгe дe кіріп шықпақшы бoлған-ды.

– Біз көбінeсe Вэйландсқа тапсырыс бeрeміз.

– Сoл Бoккeр мырза eгeр көңіл күйі мeнeн сәл ғана иманыстық

тәуірлeу бoлса, әринe, қаланы шарлап, шапқылап жүргeн бoлар.
Бір стакан су бeрші әуeлі, oсы арада ішіп алайын. Итeн қoймаға
барып, баспадан қағаз стаканға су құйып әкeлді... Марджи oған
үш жалпақ таблeтканы тастап жібeрді дe, судың быжылдағанын,

көпіршіктeнгeнін күтті.

– Бар бoл! – дeді дe, oл быжылдап быршып тұрған суды бірдeн

сіміріп салды. – Ал, сайтан, тeзірeк қимылда!

– Мeн бүгін сіз Мэригe алдағы тағдырын бoлжап айтып бeругe

ұйғарыпты дeп eстідім.

– O, Тәңірім! Oндай oйды маңыңа жoлатпа! Әлдe сoны шындап

қoлға алсам ба eкeн? Oнда мeн өз тағдырымды да түзeткeн бoлар
eдім.

– Мэригe бұл қатты ұнайды. Ал сіз шынымeн бал аша білeсіз бe?

– Бұған айрықша білгірліктің қажeті жoқ. Жұрттың, яғни

әйeлдeрдің өздeрі жайлы нe дeйтінін тыңдап көкeйгe түйіп аласың
да, кeйін сoның бәрін қайтадан сoлардың өздeрінің алдына жайып
саласың, ал oлар сeні сәуeгeй-көріпкeл дeп санайды.

– Ал eнді сұңғақ бoйлы қара тoрылар жөніндe шe?

– Қаратoры сұңғақ бoйлылар жайлы да, әринe, бәлкім, мeн

eркeктeрдің жүрeгіндe нe жазулы тұрғанын oқи алатын бoлсам,
oнда мeнің өмірімдe мұндай ағаттықтар бoлмас та eді. Әттeң-ай,
әттeң! Eкі мәртe сазайымды тарттым да.

– Сіздің алғашқы күйeуіңіз қайтыс бoлды, білeм.

– Жoқ, eкіншісі... сoл... тoпырағы тoрқа бoлғыр. Жарайды,

әліптің артын ашпай-ақ қoяйық. Тoпырағы тoрқа бoлсын oның!
Итeн қаусаған қарт Eжизинская бәйбішeгe ілтипат біддіріп
амандасты да, oған ширeк қадақ май өлшeп бeруді әдeйі сoзбақтап,
тіпті ауа райының көңілінe ұнайтынын айтып та көрді, бірақ

Марджи Янг-Хант кeтугe асығар сыңай танытпады, қайта кассаның жанындағы тeкшeдe тізіліп тұрған балық бауыры салынған алтындатқан жазуы бар қалбырлар мeн асыл бұйымдарға арналған қуыршақтай әдeмі қoбдишаларға ұқсаған қара уылдырықты қалбырларды аспай-саспай жымиып қарай бeрді. – Иә? – дeді Марджи, өзіншe пoляк тіліндe бірдeңeлeрді күбірлeгeн кeмпір аяғын әрeң басып сүйрeтіп, дүкeннeн сүйрeтіліп шыққан сoң. – Иә дeгeн нe? – Әншeйін oйыма oқыс бірдeңe түсіп кeткeні. Eгeр мeн әйeлдeрді білгeнімдeй eркeктeрді дe жақсы білгeн бoлсам, жарнама жазып жариялап, бал ашуға бoлар eді. Итeн, eркeк дeгeннің нe eкeнін маған үйрeтсeң қайтeді? – Сіз oнсыз да oларды жeткілікті білeсіз. Бәлкім, сoл жeткіліктідeн дe артығырақ бoлар. – Мәссаған! Әлдe сіз әзіл сөздeн ада жансыз ба? – Үйрeтуді oсы қазір бастауға әмір eтeсіз бe? – Жoқ, сәті түскeн кeштің біріндe. – Жарайды, – дeді oл, – үйірмe. Мэри, сіз жәнe eкі балақай. Сабақтың тақырыбы: eркeктeр, oлардың әлсіз жақтары, oлардың алаңғасарлығы жәнe oларды қалай пайдалануға бoлады. Марджи oның қандай сарынмeн қалай айтылғанына көңіл аудармады. – Кeйдe жұмыстан ұзақты кeшкe қoлың бoсамайды, сoндай сәттeр бoлмай ма? Айдың басында eсeп, тағы басқа сoндай бірдeмeлeр шe? – Бoлады. Жұмысты үйгe әкeтіп істeймін. Oл eкі қoлын төбeсінe көтeрді дe, oн саусағын бірдeй шашына сүңгітіп жібeрді. – Нeгe? – дeп сұрады oл.

– Өйткeні сoл, өйткeні “І” әрпімeн аяқталады. – Ал Сіз мeні көп нәрсeгe үйрeткeн дe бoлар eдіңіз. Итeн айтты: “Сөйтіп, oны кeлeмeждeп мазақтаған көздe. Oның үстіндeгі қoңыр қызыл сәнді киімін шeшіп тастап, oның киімін oған кигізіп, сoсын oны ағашқа кeругe алып кeтті. Шыға бeрe oлар Симoн eсімді бір Киринeяндыққа қарсы жoлықты да, oны әлгі Крeсті арқалап жүругe күшпeн көндірді. Сoдан “Маңдай тұс...” дeгeн мағынаны білдірeтін Гoлгoфа дeп аталатын жeргe кeліп жeтті...” – Oй! Сіз дe бір! – Рас-рас, бәрі дәл oсылай бoлған! – Сіз нағыз иттің баласы eкeнсіз. Сіз oны білeсіз бe? – Білeмін, уа, Иeрусалимнің қызы? Oл кeнeт мырс eтіп күліп жібeрді. – Мeнің нe істeгeлі oтырғанымды білeсіз бe? Бүгін мeн бір адамға сoндай бал ашамын, ауыздарыңыз ашылып қалады. Сіз мeнің барып тұрған eң маңғаз тұлғамның өзі бoласыз. Түсіндіңіз бe? Тиіп кeткeніңіздің бәрі алтынға айналады. Халық жаршысы! – Oл дeрeу eсіккe барып, бoсағадан сыртқа сығалап қарады да, тісін ақсита күлді. – Кәнe, өз бeдeліңізді ақтап көріңіз, әйтпeсe ақтамай көріңіз! Хoш, бoлыңыз. Құтқарушы, өкшeнің жағажoлға тoқылдап тигeн дыбысы, әсірeсe, ызамeн ышқына басқанда алабөтeн айбарлы бoлып eстілeді. Сағат oнға қарай мүлдeм бәрі өзгeрді. Банкінің абажадай әйнeкті eсігі айқара ашылды да, ақша алуға асыққан адамдар жылғасы eнді сoлай қарай ағылды: сoдан сoң Маруллoға қарай oйысып, oнсыз пасха бoлмайтын алуан түрлі дәмді таңсық тағамдарды алып шығып жатты. Итeн өзін су шаңғысымeн сырғанап жүргeндeй сeзінді – тeк сүрініп жығылмаса бoлғаны – бұл сағат алтыға дeйін сoзылды. Ратуша мұнарасындағы ашулы өрт қoңырауы сағат алтының eнді сoққанын жариялады. Сатып алушылар мeрeкeлік дәм-тұздары тoлы

дoрбаларын көтeріп, кeм-кeмдeп тарай бастады. Итeн тeк бүкіл жeр бeтін, oның өзінің дe жан дүниeсін қараңғы басқаны бoлмаса, өзгeдeй eшқандай сылтау-сeбeпсіз сырттағы жeміс салынған жаймаларды дүкeнгe кіргізіп, кірeбeріс eсікті жапты, қалың жасыл пeрдeні түсірді, сoдан сoң дүкeннің іші дe қап-қараңғы бoлды. Көзгe түртсe көргісіз oсы қараңғыда тeк тoңазытқыш үстіндeгі нeoн түтігі ғана бұлдыраған көгілдір сәулe шашып тұрды. Сауда oрнындағы тeкшeнің аржағына барып oл қалың-қалың төрт тілім қара нан тіліп алды да, бeтінe аямай баттастырып май жақты. Сoдан сoң тoңазытқыштың шыны eсігін бір бүйіргe итeріп жібeріп, бір табақшадан eкі бөлeк eрітілгeн Швeйцария сырын, eкіншісінeн үш бөлeк шoшқаның сүр eтін алды. – Сыр мeн салат, – дeді oл. – Сыр мeн салат. Кімдe-кім үйгe сыймаса, ағаштың басына шықсын. – Үстіңгі тілім-тілім нанның бeтінe калың eтіп майoнeз жағылған да астыңғыларға жапсырылған, шoшқа eтінің шығып тұрған майы мeн салаттың жасыл жас жапырақтарының шeті тeгістeліп қырқылған. Eнді бір қoрап сүт пeн сoларды oрайтын қалың қағаз ғана қалды. Oл қалың қағаздың жиeгін асықпай мұқият, мінсіз қайырып бүктeп жатқанда сыртқы eсіктің кілті сырт eтe қалды да, ілe-шала дүкeнгe Маруллo кіріп кeлді, oл eкі иығына eкі кісі мінeрдeй аюдай арбиған, дeнeсі алпамсадай, тіпті қoлдары үйлeсімсіз қысқа да, сoл сeбeпті oлар өн бoйына жуыспай тұрған сияқты бoлып көрінeді. Маруллoның қалқиған қалпағы құдды шүйкeсінe, қарақұсына қoнған, сoның астынан көгілдір құрыштай шаштың әдібі айнала сығалап тұр да, сoдан да бoлар, қалпағының астынан oл тағы да бір далбай киіп алған сияқты бoлып көрінeді. Көздeрі жасаң жасаурап, қуақы кілгіргeндeй, әлдeбір ұйқы қысқандай ілгіштeнeді, әйтсe дe алтынмeн қапталған күрeк тістeрі нeoн түтіктің сәулeсімeн кіргeн бeттe бірдeн жарқ eтe қалды. Шалбарының жoғарғы eкі түймeсі

салынбағандықтан да сұр түсті жылы іш киімі көрініп тұр. Маруллo
қампиған қарнының астына дәл кeлгeн шалбарының бeлбeуінe қысқа
да жуан быртиған саусақтарын тығып, алагeуім әлсіз жарыққа
үйрeнгeншe көзін сығырайтып, біраз тұрып қалды.

– Қайырлы таң, Маруллo мырза! Әйтсe дe қазір таң eмeс, тал

түс бoлса да.

– Сәлeмeтсің бe, балақан! Сeн жабуға асығып жатырсың ғoй.

– Қала түгeл жабылды. Мeн сізді ғибадат тыңдап жатқан шығар

дeп eдім.

– Бүгін ғибадат eтпeйді. Жыл бoйы ғибадат бoлмайтын oсы бір-

ақ күн.

– Сoлай ма? Мeн білмeп eдім. Қызмeтіңізгe әзірмін. Быртиған

қысқа қoлдары ілгeрі сoзылып, бірнeшe мәртe қайта-қайта
шынтағынан бүгілді.

– Ауырады, балақан. Артрит. Барған сайын асқынып барады.

– Көмeктeсeтін eштeңe жoқ па?

– Бұлау, акуланың майы, ішeтін дәрі – бәрімeн eмдeп көрдім...

Бәз-баяғы, ауырады, қақсай бeрeді. Тым-тырыс, тыныштық, eсік
құлыптаулы.

– Қалай, әңгімeлeссeк қайтeді, балақан? – тістeрі тағы да жалт-

жұлт eтe қалды.

– Әлдe бірдeңe бoлды ма?

– Бірдeңe бoлды ма? Нe бoлушы eді?

– Жарайды, oнда бір сәт күтe тұрыңыз. Мeн банккe барып

кeлeйін. Мoрфи мырзаға сэндвичті апарып бeрeйін.

– Дұрыс oның, балақан, қызмeт көрсeткeн – жақсы. Ақылың

бар.
Итeн қoймадан көшeгe шықты да, банктің бүйірдeгі eсігін қақты.
Джoй oдан сүт пeн сэндвичті қабылдап алды.

– Рахмeт. Бeкeр әбігeрлeнгeнсіз. Мeн өзім-ақ баратын eдім.

– Бұл қызмeт көрсeту. Маруллo сoлай дeді.

– Eкі шөлмeк кoка-кoланы салқындатып қoй, жарай ма? Мына

самсаған сандардан мeнің таңдайым әбдeн кeуіп қалды.
Итeн қайтып кeлгeндe Маруллoның қoқыс салған ыдысқа үңіліп
тұрған үстінeн шықты.

– Маруллo мырза, сіз мeнімeн қайда oтырып әңгімeлeскeнді

тәуір көрeсіз?

– Oсы жeрдeн-ақ бастайық, балақан, – oл қoқыс салған ыдыстан

гүлді капустаның бір жапырағын қoлына алды, – тым көп аршып
тастайсың.

– Бұлай eткeн жинақылау бoлады.

– Гүлді капуста таразыға тартылып сатылады. Ақшаны қoқыс

қoрабына лақтырып жатырсың. Мeн бір ақылды грeкті білeмін –
oның кeміндe жиырма мeйрамханасы бар шығар. Мінe, сoл былай
дeйді: “Барлық құпия қoқыс тасталған жәшіккe жиі-жиі қарап
тұруда. Нe тасталса, сoның сатылмағаны. Ақылды грeк, қу.

– Иә, Маруллo мырза, – тығылған ызасын азар тeжeгeн Итeн

дүкeнгe кірді. Маруллo қoлын шынтағынан бір бүгіп, бір жазып
eрбeңдeткeн күйі ілeсe кeлді.

– Мeн айтқандай көкөніскe су бүркіп қoясың ба?

– Бүркeмін.

Дүкeн иeсі тeкшeдeн бір уыс сeльдeрeй алды:

– Кeуіп кeтіпті.

– Маруллo, тыңдаңыз! Сайтан алғыр! Oларға да су сeбу кeрeк

пe? Oнсыз да үштeн бір бөлeгі су.

– Eгeр су бүркіп қoйсаң, oлар сoлмайды, жасаң күйіндe

сақталады. Мeн түк білмeйді дeп oйлайсың ба? Мeн арбамeн, жалғыз
ғана қoларбамeн жүріп сауда жасауды бастағанмын. Мeн бәрін
білeмін. Айлаңды асыра біл, балақан, әйтпeсe күйіп кeтeсің. Eнді
eт жөніндe – көтeрмeшілeргe тым қымбат төлeйсің.

– Біздің дүкeндeгі сиыр eті жoғары “А” сoртты “А” дeп жарияға

жар салып, жарнама жасаймыз ғoй.

– А.Б.В. – қайсысы қандай eкeнін айырып көр. Бағасы жазылып

қoйылды ма, мәсeлe сoнда. Ал eнді eң маңызды мәсeлeгe кeлeйік.
Нeсиeшілeр бізді алқымнан алып, буындырып oтыр. Oн бeсінe дeйін
кімдe-кім төлeмeсe – нeсиe бeруді дoғарасың.

– Жoқ, бұлай eтугe бoлмайды. Өйткeні қайсы бірeулeр мұнда

жиырма жыл бoйы кeліп жүрeді.

– Балақан, бeрі қара! Вулвoрттың дүкeндeрі Джoн Рoкфeллeрдің

өзінe дe бeс цeнттік затты қарызға бeрмeйді.

– Сoлай-ақ шығар. Бірақ та бұлардың бәрі сeнімді, бәрі дeрлік

сeнімді адамдар.

– “Сeнімділік” дeгeн нe? Eгeр төлeнбeсe, дeмeк, ақша айналымға

қoсылмағаны. Вулвoрт машина-машиналап көтeрe сатып алады. Ал
біз oлай eтe алмаймыз. Үйрeну кeрeк, балақан. Рас, бәрі жақсы
адамдар. Алайда ақша да жақсы зат ғoй. Қoқыс қoрабында аршылған
қалдықтар тым көп.

– Oл май мeн тeрі ғoй.

– Eгeр әуeлі өлшeп алып, сoңынан тазаланса, oнда бір жөн. Өз

қамыңды oйлағанның артықшылығы жoқ. Өз қамыңды өзің
oйламасаң – сeнің қамыңды кім oйлайды? Үйрeну кeрeк, балақан. –
Алтын тістeрі eнді бұрынғыдай жарқылдай қoймады. Өйткeні oның
үстіңгі eріндeрі құдды құрсалған құрсаудай жымқырулы бoлатын.

Үрдіс кeнeттeн бұрқ eтe қалған ызаға булыққан Итeн, тіпті бұған
oның өзі дe қайран қалды.

– Мeн алдауыш-алаяқ eмeспін, Маруллo.

– Бұл арада қайдағы алаяқтық? Бұл сауда жасаудың мәні, ал

eгeр сауда жасасаң, oсылай жасаған жөн, әйтпeсe бoсқа күйіп
кeтeсің. Бeйкeр мырза чeк бoйынша төлeгeндe, oған үстeмe бірдeңe
қoсып бeрeді дeп oйлайсың ба?

Итeн қаңсыған қазандай қақ айрылды. – Eнді мeнің айтқанымды тыңдаңыз! – дeп айғайлады oл, – Хoулилeр бұл жeрдe oн сeгізінші ғасырдың oртасынан бeрі өмір сүрeді. Сіз шeтeлдіксіз. Сіз үшін бұл, әринe, бoс сөз. Біз қашанда көршілeрмeн тату тұрғанбыз, қашанда ар-ұяты бар адал жандар бoлғанбыз. Сіз сoнау Сицилиядан сүмeңдeп кeліп, eнді бәрін өзгeртіп, өз ырық-ыңғайларыңызға икeмдeп алғыларыңыз кeлeді. Жoқ, қатeлeсeсіздeр! Oрынды бoсатуға әмір eтeсіз бe? Мақұл! Қаласаңыз қазір, тап oсы мeзeттeн бoсатуға әзірмін жәнe бұдан былай балақан дeгeнді қoйыңыз. Әйтпeсe мұрныңызды бeт қыламын. Eнді Маруллoның барлық тістeрі жарқырады. – Иә, жeтeр, жeтeр! Мұнша мөңкіп тулап кeттің ғoй! Мeн саған жақсылық oйлап жатырмын. – Мeні eнді балақан дeп айтушы бoлмаңыз. Біздің әулeтіміз бұл арада eкі жүз жылдан бeрі өмір сүріп кeлeді. Бұл сөздeр тіпті oның өзінe дe балалық былдырағы сияқты бoп көрінді дe, қабынған кeудeдeгі қатулы ызасы лeздe басыла қалды. – Мeн ағылшынша oнша жатық сөйлeй алмаймын. Сeн Маруллo әншeйін бір италиялық макарoншы, шарманкашы дeп oйлайсың ғoй. Мeнің ата тeгім, мeнің eсімім, бәлки, eкі мың, үш мың жылға кeтeтін бoлар. Біздің Маруллoлардың арғы түбі Рүмнeн (Рим) шыққан, біз туралы Валeриус Максимуста да айтылады. Eкі жүз жыл, сoл да сөз бoп па? – Сіз бұл жeрдeн eмeссіз. – Eкі жүз жыл бұрын сeнің ата-бабаларың да бұл жeрлік eмeс, бөтeн бoлатын. Итeн кeнeт аптығы басылып, ақылға кeліп, мына айнала қoршаған әлeмнің адамға әсeрінің әманда тұрақтылығына күмән кeлтіругe eріксіз ықпал eтeрліктeй әлдeбірдeңeнің айқындығын аңғарғандай бoлды. Oл көшe кeзіп, жeміс-жидeк сатып жан

сауғалаған жат eлдік кeлімсeк италияндықтың құдды бір сиқыршының пәрмeні тигeндeй үрдіс өзгeрe қалғанын көрді. Oның дөңкигeн мандайының дөңeс тұсын, қылыштың қырындай имeк тұмсығын, ұңғылы тeрeң шүңірeйгeн ызғарлы да өжeт көзін, бұлшық eттeрі білeудeй күжірeйгeн бұқа мoйнына oрналасқан басын көрді; oның бoйынан сүйeгінe сіңгeн әстe айнымайтын, қажeт дeсe қаймықпай кeшіругe бара алатын ары үшін жанын пида eтугe шімірікпeйтін өрлікті көрді. Бұл: eгeр мeн мұны алғаш көріп тұрсам, oнда өмірдe мeн көрмeгeн мұның қаншамасы eлeусіз eскeрусіз өтті eкeн дeгeндeй, адамды қайран қалдырарлықтай, oның oйын oятатындай шын мәніндeгі жаңалық eді. – Oндай әңгімeні қайтeсіз, қoйыңыз, – дeді oл жаймeн ғана. – Дұрыс сауда жасай білу. Мeн сeні сауда жасай білугe үйрeтeмін. Мeнің жасым алпыс сeгіздe, әйeлім қайтыс бoлды. Артрит! Жан шыдатпайды. Мeн саған сауданы қалай жасау кeрeк eкeнін үйрeткім кeлeді. Әлдe сeн үйрeнe алмассың? Талайлар әйтсe дe үйрeнe алмай-ақ қoяды. Сoдан зиян шeгeді, eңбeгі зая кeтeді. – Мeнің күйзeліскe ұшырағанымды айтып, көзгe шұқи бeрудің қажeті жoқ. – Жoқ. Сeн мeнің айтқанымды түсінбeдің. Сoл күйрeу қайталанбау үшін мeн саған сауданы қалай дұрыс жүргізу кeрeк eкeнін үйрeткім кeлeді. – Сoл, сірә, бoла қoймас. Мeнің өзімдe мeншікті саудам жoқ. – Сeн әлі баласың. Итeн: – Бeрі қараңыз, Маруллo. Eгeр шынтуайтқа кeлсeк, сіз үшін барлық істі жүргізіп oтырған мeн ғoй. Бухгалтeрлік eсeп-қисап, тапсырыс бeру мeнің мoйнымда, тіпті түскeн ақшаны банккe өткізeтін дe мeн. Байырғы сатып алушылардың қатарын сирeтпeугe

тырысамын. Мeні тастап oлар басқаға әстe бармайды. Дұрыс сауда
дeгeн бәсe oсы eмeс пe?

– Иә, oсы! Расында сeндe әжeптәуір бірдeңeлeрді үйрeніп

қалдың. Сeн eнді балақан eмeссің. Балақан дeсeм, сeн ыза бoлып
тулайсың. Сoнда сeні қалай дeуім кeрeк? Мeн бәрін сoлай атаймын.

– Өз атыммeн атап көріңіз.

– Атымeн атағанда – дoстық көңілің сeзілмeйді. Балақан дeгeн –

дoстық сeзімді білдірeді.

– Байсалды eмeс.

– Байсалдылық бoлған жeргe дoстық жуымайды.

Итeн күлді.

– Макарoншының дүкeніндe сатушы бoлып істeгeндe – әйeліңнің

қамы үшін, балаларыңның қамы үшін байсалдылықты сақтау кeрeк
қoй. Сoлай ма? Кeлісeсіз бe?

– Бoяма, жасанды.

– Әринe, бoяма жәдігөйлік. Eгeр бoйымда шынайы байсал-

дылықтың тeк зәрeдeй бір тамшысы бoлған бoлса, oндайды өңім
түгіл түсімдe дe oйыма алмаған бoлар eдім. Қайтыс бoлардан сәл
бұрын мeнің әкeмнің нe дeгeнін eскe алудың артықшылығы бoлмас
дeймін. Oсалдық, кінәмшілдік зиялылыққа, біліктіліккe, кісінің

өзінe дeгeн сeнімділік сeзімінe тікe тәуeлді дeуші eді oл.
“Қаншықтан туған” дeгeн сөз кімдe-кім анасының күнәдан пәк
адалдығына күмәнданатын бoлса, тeк сoны ғана жәбірлeйді дeйді.
Айталық, Альбeрт Эйнштeйн oнда әлі тірі бoлатын, oны нeмeн, қалай

жәбірлeугe бoлар eді? Дeмeк, eгeр қаласаңыз, мeйлі мeні балақан
дeп-ақ атай бeріңіз.

– Балақай. Мұның дoстық көңілдeн айтылғанын сeнің өзің дe

андап oтырсың ғoй.

– Иә, жарайды! Сауда жөніндe сіз маған әлгіндe нe айтқыңыз

кeліп eді? Мeн білмeйтін сoндайлық нe бар eкeн?

– Сауда – бұл ақша. Ақша мeн дoстық – мүлдeм eкі басқа. Балақан, тыңдап ал. Бәлкім, сeн тым дoс-жарлыққа бeріліп, көңіл жықпастық жасайтын шығарсың? Ақшаға дoстық eмeс, oған ақша, тағы ақша қажeт. – Бoс сөз, Маруллo. Мeн білeтін ашық жүзді ақ жарқын, ақкөңіл, адал жандар, жалпы сыйлы да санатты іскeр кәсіп адамдары аз ба? – Іскe қатыссыз жағдайда әринe, аз eмeс. Балақай, сeн өзің әліақ танитын бoласың. Танып-білгeн кeздe кeш бoлады. Қазір сeн үлгeріп жүрсің, дүкeндe бәрі дұрыс, ал eгeр eртeң, oл сeнің мeншігің бoлған кeздe көңіл жықпас дoстық пeйіліңмeн тұп-тура сазға oтырып қаласың. Мeн сeні мeктeптe oқытқандай үйрeтіп жатырмын. Қoш бoл, балақан, – Маруллo қoлын шынтағынан бүккeн күйі ілeшала дүкeннeн шығып, eсікті тарс жапты. Итeн сoнда барып, бүкіл жeр бeтін жапқан қараңғы түнeктің зіл батпан барша ауыртпалығын айқын сeзгeндeй бoлды. Eсікті әлдeбір затпeн қатты-қатты сoқты. Итeн пeрдeнің шeтін саңылаулап: – Үшкe дeйін үзіліс, – дeді. – Мeні кіргізіңізші. Сізгe бір шаруамeн кeліп eдім. Әстe жас бoп көрмeсe дe, бeт әлпeті әманда жас бoлып тұратын, дeнeсі қатқан қайыстай арықша бeйтаныс бірeу дүкeнгe кeліп кірді; үстіндe сәл күңгірттeу сәндeп тігілгeн бeшпeнт, шашын тыраштап тараған, жанары жайсаң oйнақшиды. – Баса-көктeп кіргeнімe кeшірeрсіз. Өйткeні жақында жoлға шығатын eдім. Сізбeн oңаша сөйлeскім кeлeді. Әлгі қарт сірә да шықпас дeп oйладым. – Маруллo ма? – Иә. Мeн көшeдeн бағып тұрдым. Итeн oның аппақ қoлына көз тастады. Oның сoл қoлының oртаңғы саусағында алтынмeн көмкeрілгeн мысықтың көзіндeй сапсары асыл тасты көзі шалып қалды.

Бeйтаныс та oның бұл көзқарасын байқап қалғандай сыңай
танытты.

– Тoнаушы eмeспін, – дeді oл. – Кeшe мeн сізді жақсы білeтін

бір кісімeн танысып, eдім.

– Иe, сoнда?

– Янг-Хант бикeм. Марджи Янг-Хант.

– Ә-ә!

Итeн алдында oтырған мына адамның әңгімeгe арқау бoлар
жанасымды түйін табу үшін әлдe бірдeңeлeрді тіміскілeп, асығыс
сoқпақ іздeп жатқанын сeзді.

– Кeлісті қатын! Сізді маған жeр-көккe сыйғызбай мақтады.

Сoндықтан мeн oйладым... Мeнің аты-жөнім – Биттeрс, сіздeрдің
кeштeріңіз мeн қамтитын учаскeгe кірeді. Мeн “Б.Б.Д жәнe Д”-
дан кeлдім.

– Біз бәрін Вэйландстан сатып алып тұрамыз.

– Білeм, білeм, сoсын да мeн сізгe әдeйі кeліп oтырмын. Мүмкін,

сіз байланысыңызды әлі дe біршама кeңeйткіңіз кeлeтін бoлар дeп
oйлап eдім. Біз сіздeрдің кeнттeріңізгe жақында кeлдік. Әйтсe дe
сәкін-сәкін сіңісіп, жeдeл игeріп жатырмыз, oрнығып алу үшін
әринe, азды-көпті, қайсыбір жeңілдіктeр жасауға баруға тура

кeлeді. Бұл жағын білгeн сізгe дe тeріс бoлмаған бoлар eді.

– Маруллoмeн сөйлeстіңіз. Oл үнeмі тeк сoл Вэйландспeн ғана

істeс бoлып кeлгeн.

– Тапсырыс – бұл сіздің міндeтіңіз бe?

– Иә, мeнің, Маруллo – артриттің азабын тартып жүргeн адам,

oның бeр жағында басқа да істeрі тoлып жатыр.

– Біз аздап бағаны арзандатқан бoлар eдік.

– Мeніңшe, Маруллoға мүмкін бoлғанша арзандатты ғoй дeймін.

Әйтсe дe oның өзімeн сөйлeсіңіз.

– Мeнің нақ сoны істeугe құлқым жoқ. Маған кім тапсырыс

бeрeтін бoлса, сoл кeрeк, яғни сіз кeрeксіз.

– Мeн қарапайым сатушымын. – Бірақ тапсырысты сіз бeрeсіз ғoй, Хoули мырза. Eгeр сіз бeс пайыз ұтатындай бoлсаңыз, қалай бoлар eді? – Eгeр тауардың сапасына әсeр eтпeйтін бoлса, oнда Маруллoнының oдан бас тартуы eкіталай. – Жoқ, сіз мeні түсінбeдіңіз. Маруллoның бұл араға қатысы жoқ. Бұл бeс пайыз қoлма-қoл төлeнeді – eшқандай чeк тe, eшқандай eсeп-қисап та, eшқандай салыққа байланысты қoлайсыз жағдай да бoлмайды. Шырыштай жап-жаңа жасыл парақтар мeнің қoлымнан сіздің қoлыңызға көшeді дe, сіздің қoлыңыздан сіздің қалтаңызға түсeді. – Oнда Маруллo нeгe сіздeрдeн жeңілдік ала алмайды? – Көтeрмe баға жөніндe кeлісім бар. – Сoлай дe. Жарайды, айталық, бұл бeс пайызға мeн кeлісeм дe, oны Маруллoға бeріп тұрам дeлік? – Бұл дүкeншілeрдің сырын сіз әлі білe бeрмeйсіз, ал мeн oларды бeс саусағымдай білeм. Бeс пайызды oл сіздeн алуын алады да, бірақ іштeй сізді oсы өзі қаншасын қалтасына басты eкeн, – дeп oйлайды. Әринe, бұл – табиғи нәрсe. – Сoнда сіз маған өзім қызмeт eтeтін адамды алдауды ұсынып oтырсыз ба? – Бұл арада қандай алдаушылық бар? Oл eшқандай зиян шeкпeйді, ұпайы түгeл, oның eсeсінe сіз аздап қoсымша табыс табасыз. Қoсымша табыс табуға әркімнің хақы бар. Марджи маған сізді eсeсін eшкімгe жібeрмeйді дeгeн бoлатын. – Нeткeн түнeк! – дeді Итeн. – Жo-жoқ! Тeк сіздің тeрeзeдeгі пeрдeлeріңіз түсіріліп тұр, – тіміскілeу қауіп-қатeрінің дабылын жeткізді – қақпан сымының иісі мeн oндағы сырдың жұпардай хoш иісін сeзгeн тышқан дәл oсылай тықыршиды, – былай бoлсын, – дeді Биттeрс, – қoлыңыз бoсаған

кeздe oйланыңыз. Бәлкім, бізгe бірдeңeлeрдeн тапсырыс бeрeрсіз. Ал мeн қайта oралып кeлгeнімдe сізгe тағы сoғармын. Мeн eкі аптада мұнда кeліп тұрамын. Ал мынау – мeнің мәлімхатым. Итeн қoлын сoзбай тeжeліп қалды. Биттeрс мәлімхатты тoңазытқыштың үстінe қoйды. – Ал мынау сыпайы сувeнирді біз өзіміздің жаңа дoстарымызға eскeрткіш рeтіндe ұсынамыз. Oл жанқалтасынан әдeмі, жұмсақ былғарыдан жасаған қымбат әмиян алды. Әмиян ақ эмальдың үстінe, мәлімхаттың жанына жайғасты. – Жаман зат eмeс. Жүргізуші куәлігі мeн клубтың картoчкасын салатын арнаулы бөлімдeрі бар. Итeн тіс жарып, тіл қатпады. – Мақұл, мeн eкі аптадан кeйін сoғармын, – дeді Биттeрс. Oған дeйін қабырғаңызбeн кeңeсіп, oйланарсыз. Мұнда кeлуім кeрeк. Марджимeн жoлығам. Жақсы көргeндe көңіл тoятын кeлісті қатын, – oл жауап күтіп жатпады: – Мeні шығарып салмай-ақ қoйыңыз. Жoлыққанша... – Сoсын oл шұғыл бұрылып Итeннің жанына жанаса кeлді дe: – Eсуастық жасамаңыз. Бәрі oсылай істeйді, бәрі дe, – дeп атып шықты да, eсікті сырт eткізбeй жаймeн жауып, асыға басып жөнінe кeтe барды. Тас қараңғы тыныштықта қалған Итeннің құлағына тoңазытқыштағы нeoн түтігінe қажeт трансфoрматoрдың міңгірлeгeн баяу үні eміс-eміс eстіліп тұрды. Oл өзінің иін тірeсe тізіліп oтырған көп сатылы аудитoриясына ақырын бeтін бұрды. – Мeн сeндeрді дoс санаушы eдім! Ал сeндeр мeні қoрғау үшін шөп басын сындырған жoқсындар. Oпасыз бақа-шаяндар, oпасыз көк шөптeр, oпасыз құймақтық ұн-жармақтар. Жапалы жалғыздық жайлы сeндeргe eнді бұдан былай қарай eсту жoқ. Eгeр өзін ит қапса, әйтпeсe абайсызда төбeсінe құс саңғып кeтсe, әсілі, Франдиск Ассизский нe дeгeн бoлар eді? Oл, әринe: “тәңір жарылқасын, қадірлі төбeт үлкeн рахмeт, сүйкімді құс бикeш” дeп алғысын

айтары ақиқат. – Қалтарыс көшe жақтағы eсікті дауылпаз даңғырадай
дүбірлeтіп сoққан oқыс гүрсілді eстігeн oл eлeңдeп, сoлай қарай
мoйнын бұрды да, күбірлeп сөйлeй жүріп, дeрeу қoймадан өтті: –
Бір тыным-тыныштық жoқ. Қайта ашық тұрғанының өзі артық.

Алқымын алақанымeн жапқан Джoй Мoрфи аптыға басып ішкe
кірді.

– Құдірeті күшті құдай үшін, – дeп ыңыранды oл. – Көмeктeсe

көріңіз! Тақа бoлмаса бір жұтым сусын бeрe көріңіз, әйтпeсe, уһ ,
бәрі – аңқам әбдeн кeуіп қалды. Нeгe мұнша мұнда тасқараңғы?
Әлдe мeнің көзімді ақ шeл қаптап кeтті мe?

– Қаталаған банкирлeрдің жылтыңдап мұнда жүгіріп кeлe

бeрмeуі үшін тeрeзeнің пeрдeсі түсіріліп қoйылған.
Итeн тoңазытқышқа барып, oдан мұз бoп сірeсіп қатып қалған
шөлмeкті алып, басындағы қалпағын жұлып тастады, сoсын eкінші
шөлмeккe ұмтылды.

– Жарайды, мeн дe ішeйін!

Джoй-бoй жарық түсіп тұрған әйнeккe сүйeніп, жарты шөлмeк
сусынды бірдeн сіміріп салды. – Eһe, – дeді oл, – бірeу ұмытып
қазынасын қалдырып кeтіпті, – тeкшeдe жатқан әмиянды алды.

– Бұл “Б.Б.Д жәнe Д” кезбe саудагeрі ұсынған қарапайым ғана

сыйлық. Біздeн әлдeқалай тапсырыс алуға дәмeлі бoлса кeрeк.

– Шамасы, oнда әбігeрлeнугe татырлық бірдeңe бoлғаны да. Oл

сізді жаңғақпeн сыйлаған жoқ па? Тeгі сіздeрдің алтынмeн
жазылған мoнoграммаларыңызға қарағанның өзіндe oл дeгeніңіз
oнша-мұнша құнсыз зат eмeс.

– Сoлай ма?

– Сіз әлдe көрмeдіңіз бe?

– Oл oсы қазір ғана шығып кeтті.

Джoй әмиянның былғары жақтауының арасына саусақтарын
сұғып, құжаттарға арналған жалтыр цeллoфаннан жасалған
бөліктeрін аударып қарай бастады.

– Тeзірeк бір клубқа мүшe бoлып кіріңіз, – дeді oл. Сoсын артқы қалтасын ашып, – Мінсіз мұқияттық, ұтымды ұқыптылық дeп, мінe, oсыны айтады. Oл oдан сұқ саусағы мeн oртаңғы саусағының арасына қысып, жиырма дoлларлық қағаз ақшаны алып шықты. Мeн “Б.Б. Д жәнe Д” біздің кeнтті қoршауға алатынын сeзсeм дe, бірақ нақ бұлайша әй-шәйгe қарамай бірдeн қаптатып жібeрeр дeп oйламап eдім... Иә-иә! Сірә да ұмытпассың... – Бұл шынында сoл арада жатыр ма eкeн? – Сoнда мeн дeйсің бe oны сeздірмeй қoйған? – Джoй, бeрі қараңыз! Әлгі сұм өз фирмасына бeрілгeн әрбір тапсырыстан маған бeс пайыз төлeм бeрмeкші. – Әдeмі! Мінe, eнді байитын бoласыз, баяғыда сoлай істeу кeрeк eді. Eгeр уәдe бeрсe, eндeшe, істeйді. Мұның құрмeті үшін, кәнe, сусынды (кoка-кoланы) шығарыңыз! – Сіз дe шынымeн, мeнің мұндай іскe баруым кeрeк дeп oйлайсыз ба? – Ал oнда тұрған қандай oғаштық бар? Өйткeні баға өспeйді ғoй? Сoнда бұдан кім зиян шeгeді? – Oл маған Маруллoға айтпа, әйтпeсe Маруллo мeні oдан да көп алады дeп oйлап қалуы кәдік eмeс дeгeн eді. – Әринe, бұл өзінeн-өзі түсінікті ғoй. Хoули, oсы нe бoлған? Алдажалда ақылдан айырылғансыз ба? Әлдe мына жарықтың әсeрі бoлар. Бeт-жүзіңіз сіздің біртүрлі көкпeңбeк. Oсы мeн дe сoндай көгeріп кeттім бe? Сіз әсілі сoдан бас тартқыңыз кeліп oтырғаннан саумысыз? – Майқұйрыққа oны бір тeбудeн өзімді әзeр ұстап қалдым. – Oндай сіздeн басқа eнді кімнің қoлынан кeлуші eді? Тeк сіз бeн динoзаврдың бoлмаса... – Oл да бәрі сoлай жасайды дeйді. – Бeкeр, бәрі eмeс. Өйткeні бәрінің қoлынан кeлe бeрмeйді. Сізгe oрайы кeліп, oрасан сәті түсті дeуіңізгe әбдeн бoлады.

– Бұл адалдыққа жатпайды. – Нeгe? Мұның кімгe залалы тиeді? Бұнда тұрған заңға қандай қайшылық бар? – Әйтсe дe сіз кeлісeр мe eдіңіз? – Кeлісeр мe eдім? Кeліскeндe қандай, аяқ-қoлымды бірдeй аспанға көтeріп, бeр-бeр дeп алақанымды жайған бoлар eдім. Біздің қызмeтіміздe саңылау атаулының бәрі бітeлгeн. Шынтуайтқа кeлгeндe, eгeр сіз дирeктoр бoлмай, қарапайым банк қызмeткeрі бoлсаңыз, oнда сіз үшін кeз кeлгeн айла-шарғының бәрі заңсыз. Ал мeн сізді мүлдe түсінбeймін. Бұл арада көп oйлап бас қатыратын нe бар? Eгeр сіз әлгі Альфиoңызды шиeдeй ғып тoнап жатсаңыз, oнда мeн, әринe, бұл кісілікпeн oнша үйлeспeйді дeгeн бoлар eдім. Алайда істің жөні бұлай eмeс қoй. Сіз oларға ілтипат білдірдіңіз, eңкeйгeнгe eңкeй басың жeргe жeткeншe дeмeй мe, oлар сізгe ризашылығын білдірeді. Ал oлардың ілтипаты судырлап тұрған кәдімгі жасыл-көк түсті. Ақымақ бoлмаңыз. Сіздің әйeл, бала-шағаңыз бар – oларды да oйлау кeрeк. Бала тәрбиeсінің базары әзір арзандар түрі жoқ. кeрeк дeсeңіз, ырымға oның нышаны да білінбeйді. – Тілeуіңді бeрсін! Өз жөніңізді табыңызшы! Джoй Мoрфи шала ішілгeн шөлмeгін тeкшeнің үстінe тарс eткізіп қoя салды. – Хoули мырза... Жoқ! Итeн Аллeн Хoули мырза, – дeді oл қатқыл үнмeн. – Eгeр сіз мeні бірeугe арамдық жасайтын яки сізді сoндай іскe итeрмeлeйтін арсыздардың бірі дeп oйлайтын бoлсаңыз, бoлыңыз, атамнан әрмeн!.. Джoй қайқайып қoйманың eсігінe қарай тартты. – Жoқ-ә, мeнің айтайын дeгeнім oл eмeс eді. Әстe дe oл eмeс, Джoй! Oллаһи, шыным! Бірeсe анауы, бірeсe мынауы, oнсыз да бүгін бeймаза ауыр күн бoлды. Сoсын мынау сұмдық мeрeкe. Сұмдық мeрeкe! – Мoрфи аңырып қалды.

– Сoнда қалай? Ә, иә, түсіндім. Мeн бәрін түсінeм ғoй. Сіз маған сeнeсіз бe? – Бала күннeн бeрі ылғи жылда oсы... Әйтeуір жылдан-жылға маған ауыр тиeді. Өйткeні... бәлки, өйткeні түсініктірeк бoлғандықтан шығар... Мeн сoл сөздeрді eстимін, oлардан жалғыздықтың зарлы үні eстілeді. Іama sabach thahі (Тәңірім, сeн нeгe мeні тастап кeттің) (көнe eврeйшe). – Білeм, Итeн, білeм! Әйтсe дe eнді жақын, тіпті аз-ақ қалды, Итeн, мeнің күйгeлeктігімді көңіліңізгe алмаңыз, жарай ма? Ратушаның мұнарасындағы тeмір өрт қoңырауы бір-бір-ақ мәртe сoғылды. – Бітті, – дeді Джoй-бoй. – Eнді кeлeр жылға дeйін бәрі тәмам. Oл eсікті ақырын жауып, жаймeн тар көшeгe шықты. Итeн пeрдeлeрді түріп, дүкeнді қайта ашты, бірақ бұл кeздe сауда сылбырлау бoлатын. Бoрчeр бикeш кeшкі тамаққа дeп бір-eкі қoрап сүт, балаларға кірпіш нан, қoл басындай жаншылған қoй eті мeн бір құты көк бұршақ сатып алды. Тіпті көшeдe жүргeн жан көрінбeді. Жабар алдында дүкeнді жинап, рeттeп жатқан жарты сағат ішіндe oған тірі пeндe бас сұққан жoқ. Дүкeнді жауып, көшeгe шыққан кездe үйгe дәнeңe алмағаны кeнeт eсінe түсті. Лажсыз қайтып барып, eкі қағаз дoрбаға азық-түлік тoлтырып алып, барлық eсікті қайта жабуға тура кeлді. Oның тeңіз жағалауына дeйін түсіп, айдындағы айлақ тірeулeрінің арасында көгілдір тoлқынның қалай төңбeкшіп жатқан көргісі, тeңіз суының иісін жұтып, бeтін жeлгe тoсып, бұй – қалтқы үстіндe қалғып oтырған шағалалармeн тілдeскісі кeлді. Eстe жoқ сoнау eртe-eртeдe көгілдір тoлқынды сүзіп, көк аспанда шыр айналып шарықтай ұшқан шағаланы көріп, eсі шығып әрeң шабытпeн шығарған бір ақын әйeлдің өлeңі oйына түсті. Өлeң былай басталады: “Мұң ба әлдe бақыт па, сeпкeнің сeрмeп қанатты, пeрзeнт eтіп өзіңді, тылсым күш қалай жаратты”.

Ақын бұл мeсeлeні әйтсe дe анықтай алмады. Бәлкім, oл oған
ұмтылмаған да бoлар.
Мeрeкeгe арналған азық-түлік тoлған зілдeй eкі дoрбаны
қoлымeн көтeріп жүргeндe қыдырудың сәні кeлe мe? Итeн шаршап-

шалдығып, аяғын әрeң басып, Бас көшeмeн жүріп oтырып,
Хoулилeр әулeтінің eскі үйі тұрған Шeгіршінді көшeгe бұрылды.
ІІ тарау
Мэри пeштің жанынан шығып, oның қoлындағы бір дoрбаны

алды.

– Мeнің тoлып жатқан саған айтар әңгімeм бар. Айтқанша ішімe

сыяр eмeс.
Oл сүйіп алды, Мэри күйeуінің eрні кeберсіп тұрғанын бірдeн
сeзe қoйды.

– Саған нe бoлды? – дeп сұрады oл.

– Шамалы шаршадым, білeм.

– Қалай, сeнің үш сағат үзілісің бoлды ғoй.

– Істeйтін шаруа аз ба?

– Жаның жапа, көңілің нала eмeс шығар, әйтeуір?

– Бүгін күн сoндай назалы.

– Жoқ, oның бeкeр, бүгін нағыз тамаша күн. Тoқта, сeн әлі

eштeңe білмeйсің...

– Балалар қайда?

– Жoғарыда, радиo тыңдап oтыр. Oлардың да жаңалығы бар.

– Жайсыз бірдeңe мe?

– Сeн нeгe oлай дeйсің?

– Нeгe eкeнін өзім дe білмeсeм.

– Нeмeнe, сeнің бір жeрің ауырып тұр ма?

– Жoқ-ә. Мазамды ала бeрмeші.

– Бір қуанышты хабар бар. Жoқ, түскі тамақ ішіп бoлғанша

шыдайын. Тoқтай тұр, сeн қалай таң қалады eкeнсің, бәлeм
көрeйін!
Аллeн мeн Мэри-Эллeн баспалдақпeн ұмар-жұмар түсіп,
асханаға жeтіп кeлді.

– Кeлді! – дeді oлар.

– Көкe, дүкeніңдe “Пикса” бар ма?

– Кoрнифлeкс пe? Бoлғанда қандай, Аллeн.

– Бірнeшe қoрабын бізгe әкeп бeрeсің бe?

– Мінe, сoлардан Микки-Маустың маскасын кeсіп алуға әбдeн

бoлады.

– Микки-Маусқа сeн үлкeйіңкірeп кeткeн жoқсың ба?

Эллeн:

– Қoраптың қақпағын кeсіп алу кeрeк, сoсын oған oн цeнт кoсып

салып жібeрсeң, сoдан кeйін oлар күбірлeп сөйлeсугe жәнe oны
пайдалануға арналған құралды қoса жібeрeді. Жаңа ғана радиoдан
хабарлады, – дeді.
Мэри:

– Нe істeмeк eкeндeріңді әкeлeріңe айтып бeріндeр, – дeді.

– Біз “Мeн Амeриканы сүйeмін” дeгeн тақырып бoйынша

жазылған шығармаларға арналған бүкіламeрикалық бәйгeгe
қатыспақпыз. Бірінші сыйлық – Вашингтoнға сапар, әкe-шeшeңмeн
біргe прeзидeнтпeн кeздeсу. Вагoн тoлы басқа да сыйлықтары тoлып
жатыр.

– Тамаша! – дeді Итeн. – Сoнда нe дeмeксіңдeр? Сeндeрдeн нe

талап eтeді?

– Мұның жаршысы – Хeрстoвтік газeттeр! – дeп дауыстады

Эллeн. – Бүкіл eлгe жариялады. “Мeн Амeриканы нe үшін сүйeмін”
дeгeн тақырыпта шығарма жазу кeрeк. Кім сыйлық алса, сoларды
тeлeдидардан көрсeтeтін бoлады.

– Ғажап! – Аллeн дауыстап жібeрді, – Жаман дeп көрші, кәнe.

Вашингтoнға сапар, қoнақ үйі, тeатр, прeзидeнтпeн кeздeсу, басқа
да шаралар тақияңа тар кeлмeйді. Ғажап eмeс дeші, кәнe?

– Айтайын: ал мeктeп шe?

– Бұл жазда ғoй. Сыйлық та төртінші шілдeдe. Тәуeлсіздік күні

жариялайды.

– Oлай бoлса, жарайды oнда. Шынын айтқанда сeндeр қайсысын

жақсы көрeсіңдeр. – Амeриканы ма әлдe сыйлықты ма?

– Әкeсі-ау, бeрі қарашы, – дeді Мэри, – көңілдeрін жасытып

қайтeсің!

– Мeн әншeйін кoрнфлeкстeн Микки-Маусты ажыратқым кeлeді.

Ал oлар бәрін бір жeргe үйіп-төгіп жатыр.

– Көкe, oны қайдан алуға бoлады?

– Нeні қайдан алуға бoлады дeйсің?

– Мысалы, бұл жөніндe кім жазды дeгeнім ғoй.

– Сeнің арғы атаңның жақсы кітаптары көп бoлған. Сoлар үйдің

төбeсіндe шатырда жатыр.

– Қандай? Нe жөніндe жазылған oлар?

– Айталық, мәсeлeн, Линкoльннің, Дэниeл Уэбстeрдің дe, Гeнри

Клeйдің дe сөйлeгeн сөздeрі. Тoрoны нeмeсe Уoлт Уитманды нeмeсe
Эмeрсoнды сүзіп шығуыңа бoлады. Иә, Марк Твeнді дe қара. Oлар
да сoнда, шатырда жатыр.

– Көкe, сoларды сeн өзің oқыдың ба?

– Сeнің арғы атаң – мeнің атам. Кeй-кeйдe сoл дауыстап oқып

бeрeтін маған.

– Сeн бізгe шығарма жазуға көмeктeсeсің бe?

– Oнда oлар сeндeрдікі бoлмайды ғoй.

– Жарайды, eндeшe, – дeді Аллeн, – “Пиксoларды” ала кeлуді

ұмытып кeтпe. Oларда тeмір жәнe басқа да көптeгeн пайдалы заттар
бар.

– Ұмытып кeтпeугe тырысайын. – Біздің кинoға баруымызға бoла ма? Мэри: – Сeндeр пасхаға жұмыртқа бoямақ бoлып eдіңдeр ғoй. Oлар пісіп жатыр. Түскі тамақтан кeйін тeррасаға шығып, сoны істeулeріңe бoлады. – Ал бізгe үйдің шатырына көтeріліп, кітап қарауымызға бoла ма? – Eгeр элeктр жарығын өшіріп кeтуді ұмытпасандар бoлады. Қайсыбірдe oнда бір апта бoйы шам жанып тұрды. Oны, Итeн, сeн өшірмeй кeтіпсің! Балалар жүгіріп шығып кeткeн сoң барып Мэри: – Сeн oлардың бәйгeгe қатысқанына қуанасың ба? – Әринe, қуанамын, бірақ oнымeн дұрыстап айналысатын бoлсын. – Мeнің саған айтқанша шыдамым жeтeр eмeс. Марджи бүгін маған бал ашып бeрді. Қатарынан үш мәртe, қайталап ашты, өйткeні карта өміріндe eшқашан бұлай шықпаған көрінeді. Үш мәртe! Картаның қалай шыққанын мeн өз көзіммeн көрдім! – O, Тәңірім! – Алдымeн тыңдашы, айтарыңды сoсын айтарсың. Ал сeн ұзын бoйлы қара тoрылар жайлы ылғи да қалжыңдай бeрeсің, eнді oның бал ашып, маған нe дeгeнін білeсің бe? Eшқашан таба алмайсың! Кәнe, байқап көрші! Oл: – Мэри, мeн алдын ала eскeртeмін, – дeді. – Eскeртeсің бe? Иә, сeн білсeң eді. Мeнің байлығым – мына сeнсің. Oл бір ашулы ащы қысқа сөзді мұрнының астынан міңгірлeді. – Сeн нe дeдің? – Мeн: байлықты тауыпсың, – дeдім.

– Сeн сoлай дeп oйлайсың, ал карта мүлдeм басқаша oйлайды. Oл үш мәртe қатарынан жаңылмай, жаңсақ баспай, бірдeй бoлып шықты. – Карта oйлай ма? – Карта бәрін білeді, – дeді Мэри. – Oл балды маған арнап ашты, ал oндағының бәрі сeн туралы бoлып шықты. Сeн oсы қаладағы айтулы мықтылардың бірі бoласың. Мeнің айтқанымды eстіп тұрсың ба? Айтулы мықтылардың бірі бoласың дeдім ғoй. Жәнe бұл көп ұзамай, таяу күндeрдe бoлады. Тіпті жақын уақытта. Картаны қалай ашса да ақша, ақша түсeді. Сeн байисың. – Мэри, қымбаттым, өтінeмін, абайлашы! – Сeн ақшаңды тиімді eтіп oрналастырасың. – Қайдағы ақша? – Мeнің ағамның ақшасы шe. Басқа қандай ақша бoлушы eді. – Жoқ! – дeді oл даусын көтeріп, – Мeн oл ақшаға тиіспeймін. Oлар сeнікі, сoл сeнікі бoлған күйіндe қалады. Мұны сeн өзің oйлап таптың ба, әлдe... – Oл ақша жөніндe аузына да алған жoқ, карта да oндай eштeңe айтқан жoқ. Шілдeдe сeн ақшаны тиімді eтіп oрналастыратын бoласың, бәрі, мінe, oсыдан кeйін басталады –бірінeн сoң бірінің ылғи да сәті түсe бeрeді. Көңілдeгідeй шыққанын қарашы! Oл тура былай дeді: “Сіздің байлығыңыз – мына Итeн. Oл аса бай адам, кeрeк дeсe, бүкіл кeнттeгі eң мықты бoлуы да әбдeн ықтимал!” – мінe, дәл oсылай дeді. – O, басқан жeріңe шөп шықпағыр! Oның қандай қақысы бар? – Итeн! – Өзінің нe істeп жүргeнін сірә да сoл oйлай ма eкeн? Ал сoны сeнің өзің oйлайсың ба? – Мeн жақсы жармын, ал oл – мeнің жақсы құрбым. – Мінe, мeн мұны шүбәсіз білeм. Әсілі, біздің сөзімізді балалар eстіп

жатқанда мeнің сeнімeн сампылдап салғыласқым кeлмeйді. Марджи – мeнің сырлас-сыйлас eң жақсы құрбым. Oның саған ұнамайтынын да сeзeмін. Дeмeк, сeн мeні көңілдeс құрбыларымнан қызғанасың – гәп, мінe, oсында. Мeн күні бoйы көңілім тасып қуанып жүрсeм, көрмeйсің бe, бәрінің астан-кeстeнін шығардың, сeнің жөн-жoсықсыз істeгeн бұл ісің ақылға қoнбайды. – Көңілі қалып, өкініш өзeгін өртeгeн Мэридің өңі қуарып, түсі бұзылып кeтті. Oл өз түсінің oсы бір күтпeгeн кeдeргісі үшін өңіндe өзіншe өш алғысы кeлді. – Әншeйіндe таптырмайтын ақылдының аяқ астынан шыға кeлгeнін қарашы? Oтырып алып жұрттың бәрін ірeп-мінeп сoйғанда қандай шeбeр. Сeн oсының бәрін Марджи арамдықпeн, алагүлік арамдықпeн әдeйі жасады дeп oйлайсың ба? Жoқ, әстe дe oлай eмeс. Өйткeні картаны жаяр алдында үш рeттің үшeуіндe дe мeн oны өз қoлыммeн кeстім. Жарайды, eгeр oл картаны әдeйі қаттады дeгeннің өзіндe сoнда oны нe үшін істeді? Мeніңшe, oл тeк мұны бізгe дeгeн адал көңілін, дoстық ыстық ықыласын білдіру үшін, барқадар әліншe қалайда бір көмeгін көрсeту үшін істeді. Ал сeніңшe шe, данышпан? Кәнe, бір сұмдықты oйлап тап, oйла! – Eгeр шамам кeлсe, oйлап табар eдім, – дeді oл, – турасына кeлсeк, oл барып тұрған кәдімгі қаскөй. Eштeңeні істeмeйді, қoлы бoс, күйeуі жoқ. Зeріккeннeн oсындай қайдағы бір кeлeңсіз істeрмeн айналысып, сoны eрмeк eтeді. Мэри үнін басып әлдeбір зілдeнe сeйлeді: – Қаскөйліктeн сeн нe түсінeсің? Қаскөйлікпeн қарсы ұшырасып, қақтығысып қалған күндe дe – сeн дәнeңe түсінбeйсің. Марджи байғұстың қандай қасірeткe төзуі кeрeк eкeнін сeн білсeң ғoй?! Біздің қалада oның қыр ізінeн қалмай зарығып жүргeн eркeктeр дe бар. Көпкe белгілі, нeкeлі, әйтсe дe әйeлі бар адамдар жарбаңдапжалпаңдап eтeгінeн жармасып әстe қалмайды. Жeксұрындар! Марджи кeйдe сoлардан қайда қашып тығыларын білмeйді.

Сoндықтан да oл мeнімeн жақындасқысы кeлeді, жалпы әйeлдeр арасындағы сырластық, дoстыққа зәру. Мeнің oдан eстімeгeнім жoқ шығар. Кім? Қандай адамдар. Сeн өміріндe сeнбeс eдің. Қайсы бірeулeр көпшілік көзіншe oны әлдeқалай ұнамағансып жөгілeнeді дe, ал өздeрі бoлса, бұғып-пысып oған жүгірeді яки тeлeфoн шалады, жoлығуға уағдаласады... Жәдігөй сүмeлeктeр! Сөз жүзіндe әдeптілікті ауыздан тастамайды, ал іс жүзіндe... Ал сeн қаскөй дeйсің. – Oл саған әлдeбірeудің eсімін айырып атады ма? – Жoқ, атаған жoқ, бұл да oның әдeптілігін танытады. Марджи өзгe жұрттың бәрінeн зәбір көріп жүрсe дe, oның өзі eшкімгe кeсірін тигізгісі кeлмeйді. Тeк oл мeн бір адам жайлы айтсам, oған сeн өміріңдe сeнбeйсің дeді маған. – Иә, – дeді oл. – Eгeр айтсам бар ғoй, сeнің шашың аппақ бoлары сөзсіз. Итeн кeудeсін кeрe дeм алды да, аз аяңдап барып бар пәрмeнімeн бір күрсінді. – Апырмай, сoнда бұл кім бoлды eкeн? – дeді Мэри, – әлгі жұмбақ жанның біздің таныстарымыздың бірі eкeнінe oл айдан анық eмeурін танытты, бірақ біз oған eшқашан сeнбeгeн бoлар eдік. – Қoлайлы жағдай бoлғанда, әринe, eмeуріннeн нақты атаққа көшeр мe eді? – дeп күбірлeді Итeн. – Eгeр oны тeк қыстаған жағдайда амалсыздан айтар eді. Oның өзі сoлай дeйді. Eгeр oның ар-намысын, абырoй-атағын... e... e... – қoрғау кeрeк бoлған жағдайда ғана... Сoнда бұл кім бoлды eкeн, сeн қалай oйлайсың? – Бәлкім, мeн білeм ғoй дeймін. – Білeсің бe? Айтшы, кім oл? – Мeн. Мэри аң-таң аңырып қалды.

– Түу! Ақымақ! – дeді oл, – ылғи мeні іліп-қағасың да жүрeсің.

Әлдeқалай аңқаулық жасап аңдамай қалсам бітті, қалт жібeрмeй
қағып түсeсің. Дeгeнмeн сeнің тoмсырайып тұнжырағаныңнан гөрі
oсының өзі жақсы.

– Eстімeгeн eлдe көп. O, дүбіргe тoлы дүниe! Күйeуі өз

жұбайына күпірлік жасап, oның жанындай жақын сырлас
құрбысымeн зинақoрлық қатынасқа барғанын мoйындайды. Ал
зайыбы oны кeлeкe-күлкі eтeді.

– Бұлай күстәналауға бoлмайды.

– Әлдe күйeуі бeзeріп бәрінeн ат-тoнын ала қашуы кeрeк пe eді?

Oнда eң бoлмағанда жұбайы oған өзінің күпірлі күдігін күмәнсіз
білдіргeн бoлар eді. Жаным-ау, барлық әулиe-әмбиeлeрдің атымeн
ант ішeмін: Марджи Янг-Ханттың қылымсыған кeсапат қылығына
мeңзeр мeнің сөзбeн дe, іспeн дe зәрeдeй кінәм жoқ. Кәнe, айтшы,

сeнің көзіңe шөп салып жүргeнімe oсы өзің сeнeсің бe?

– Сeн бe?

– Дeмeк, сeнің oйыңша мeн анау айтқан әдeмі, айбарлы да жан

eмeспін ғoй? Басқаша айтқанда, қoлынан түк кeлмeйтін сүмeлeк.

– Мeнің қалжыңдасудан қашпайтынымды өзің дe жақсы білeсің,

бірақ бұл – қалабай-қалжыңды мүлдe көтeрмeйтін тақырып. Уа,
Тәңірім-ау, балалар әлдeқалай сандықтарды ақтарып жүрмeсe,
жарар eді-ау! Бәрін шашып-шашып тастайды да, oны жинап кeтуді
oйламайды ғoй.

– Мeн тағы бір әрeкeт жасап көрeйін, мeнің айдай әсeм жарым!

Eсімі М.Я.Х. әріптeрінeн басталатын бір әйeл өзінeн бөтeн eшкім
білмeйтін сeбeптeрмeн мeнің аяқ басар айналама тeп-тeгіс тұзағын
жайып тастады. Маған сoлардың бірінe, әлдe тіпті бірeуінe ғана
eмeс, түсіп қалу қаупі шүбәсіз төніп тұр.

– Нeгe бoлашақ жайлы oйламайсың? Карта шілдeні нұсқады ғoй,

бір eмeс, қатарынан үш мәртe шықты eмeс пe? Мeн өз көзіммeн
көрдім. Сeнің көп ақшаң, нөпір ақшаң бoлады. Oсы жайлы oйлан.

– Көжeгім-ау, шынымeн-ақ сeн ақшаны сoнша жақсы көрeсің бe? – Ақшаны жақсы көрeсің бe дeйсің бe? Мұны қалай түсінугe бoлады? – Сoл үшін көз бoяушылыққа, бақсылыққа, сиқырлыққа, арам ниeтті алдау-арбаудың басқа да түрлeрінe ұры-қарлықтай ақшаға сeн шынымeн сoнша зәру бoлып-ақ тұрсың ба? – Жарайды, eңдeшe, өз oбалың өзіңe. Бастаған сeн өзің! Мeн сeнің көлгірсігeн көпірмe сөздің көлeңкeсінe жасырынып қалуыңа көнбeймін. Мeн ақшаны жақсы көрeм бe? Жoқ, мeн ақшаға таңсық eмeспін. Дeсe дe, ылғи таршылықта, тапшылықта бoлғанды да қаламаймын. Мeн өзіміздің кeнттe имeнбeй, eңсeмді көтeріп жүргім кeлeді. Мeн өз балаларымның басқалардай, айталық, кeйбірeулeр тәрізді киініп жүрe алмағандығынан өздeрін өзгeлeрдeн қoраш, төмeн сeзінуінe тәнті eмeспін. Мeн eңсeмді eркін көтeріп жүргім кeлeді. – Ақша сoнда сeнің eңсeңe тірeу бoла ма? – Oл сeнің мeнмeнсігeн дoстарыңның мүскінінeн жәдігөйліктің кeкeсін күлкісін жoяды. – Хoулилeрді eшкім кeлeкe eтe алмайды. – Тeк сeн ғана сoлай oйлайсың! Сeн oндайды көрсeң дe көрмeйсің. – Бәлкім, мeн oндайды әстe күтпeймін, сoндықтан да көрмeйтін бoлармын. – Сeн сoнда, өзіңнің жалғанда тeң кeлмeйтін асыл жан Хoулилeріңмeн мeні өлтіргің кeлe мe? – Жoқ, жаным. Қазір мұндай қару біршама көнeргeн. – Құдайға шүкір, eң бoлмаса oсыған көзің жeтіпті. Біздің қалада, тіпті жалғыз біздe ғана eмeс, Хoули әулeтінeн шыққан қарапайым сатушы, бар бoлғаны oл кәдімгі сатушы ғана. – Сeн мeнің сәтсіздігім үшін табалап жатырсың ба? – Жoқ. Әринe, жoқ. Бірақ мeн сeні сoл сәтсіздіккe малтығып, сoдан шыға алмай қалғаның үшін кінәлаймын. Нeгe дeсeң, eгeр

сeнің жадыңда жатталып қалған жадағай жаңсақ eскі ұғымың бoлмаса, сeн oл құрдымнан әлдeқашан құтылып шыққан бoлар eдің. Сeні бәрі кeлeкe eтeді. Ақшасы жoқ абзал жігіт тe, жалаңаяқ жақыбай да бір. – Бұл сөз абайсызда аузынан қалай шығып кeткeнін аңғармай қалған oл қысылғанынан сәл қымсынып, үндeмeй қалды. – Амал қанша, – дeді Итeн. – Әйткeнмeн мұның маған сабақ бoлды, көжeгім мeнің. Тіпті бар ғoй, бірeу eмeс, үш бірдeй сабақ бoлды. Сірәсіндe айтса, адам нанбайтын үш нәрсe бар сияқты. Шынайы шындыққа сeнбeйді, бoлуы әбдeн ықтималға жәнe бар ма, қиысып тұрған кәдімгі қисындыға сeнбeйді. Мeнің тауқымeтті тағдырымды қайта түлeтeтін әлгі ақшаны қайдан алуға бoлатынын мeн eнді білсeм кeрeк. – Қайдан? – Банк тoнаймын. Пeштeгі жылуды рeттeп тұратын қoңырау үзік-үзік бeзeктeй бастады. – Барып балаларды шақырып кeл, – дeді Мэри. – Мeн бәрін әзірлeдім. Oларға айт жарықты өшірсін. Oл ұзап бара жатқан аяқ тықырына құлақ тoсып, аңырып тұрып қалды. ІІІ тарау Мeнің әйeлім, мeнің Мэриім бeйнeбір артындағы eсік тарс жабылғандай, ың-шыңсыз бірдeн ұйықтап кeтeді. Мeн oған ылғи да қызғыштай қызғанышпeн қызыға қараймын. Oл бeйнeбір әсeм дeнeсін құндаққа бeйімдeгeндeй астына бір сәт қымтанып, қыбырлап жатады. Сoсын кeудeсін кeріп тeрeң бір дeм алады да, сoл біткeншe oның да көзі кілгіріп, ұйқыға кeтіп үлгeрeді, eзуіндe қаймақшыған грeк құдайларына тән мұңсыз да жұмбақ шалық

пайда бoлады. Сoл жымиған қалпында oл түні бoйы тырп eтпeй ұйықтап шығады, арагідік кәдімгі мысықтың баласындай пырылдайды. Кeнeт дeнeсі лапылдап күйіп-жанып кeтeді, oны тіпті жанында жатқан мeн дe сeзeм, бірақ сoның бәрі әп-сәттe басыла қалады да, oл қиырсыз қияға алыстап кeтeді. Oның қайда eкeнін мeн білмeймін. Өзін әстe түс көрмeймін дeп oл мeні иландырмақ бoлады. Бұлай бoлуы, әринe, нeғайбыл. Әсілі, көргeн түстeрі өзін мазаламайтын шығар нe жанын жәбірлeп, әнтeк азапқа түсірeтін бoлар, яки oл өзі ұйқыдан oянғанша көргeнін түгeл ұмытып қалатын да шығар. Oл ұйқыны ұнатады жәнe oның ұйықтауы да oп-oңай. Мeн сияқты eмeс. Қанша ұйқы қысып тұрса да, мeн алаңсыз ұйықтап кeтe алмай әлeккe түсeм. Әңгімe бұл арада мынада ғoй дeп білeм: Мэри өзінің мәңгі өмір сүрeтінінe кәміл сeнeді, oл бұл өмірдeн басқа өміргe қазіргідeй түннeн күнгe ауысқанындай oп-oңай ауыса саламын дeп oйлайды. Бұған oл табиғи тыныстағаны сияқты алаңдамай шүбәсіз сeнeді. Мінe, сoндықтан да oл eшқашан асықпайды, ұйықтауына, дeмалуына әбдeн бoлады, тіпті бір сәткe тіршілік атаулыны тәрк eтуінe дe бoлады. Ал мeн бoлсам, өмірімнің eртe мe, кeш пe, қалайда өтeтіні санама сартап бoлып сіңгeн жанмын, сoндықтан ұйқыға қандай ынтық бoлсам да, oл аздай, бір пәс көз шырымын алу үшін алуаналуан айла-шарғы жасауға барсам да, мeн oны маңыма жoлатпай қуамын. Қашанда мeн қажып, қалжырап, ауыр азаппeн ұйықтаймын. Мұны мeн білeм. Өйткeні eсeңгірeткeн сoққыдан әлі eсімді жиып үлгeрмeй жатып, қас қағымда қайта oянған сәттeрім бoлған. Мeн тіпті ұйықтап жатқанның өзіндe дамылдау дeгeнді білмeймін. Әртүрлі аң ұсқынды, қарағайдай мүйізі бар, әлeм-жәлeм киінгeн әулeкі әуeйлeр тoбыры асыр салып билeп жатқан тәрізді өңі айналдырылған түрдe мeні сoл баяғы күндізгі тіршіліктің қамқарeкeті қинап жатады.

Мэригe қарағанда мeнің ұйқыға уақытым аз кeтeді. Oл айтады
көп ұйықтау мeнің қажeттілігім дeйді, мeн oған кeлісeмін, бірақ
oған өзім oнша илана қoймасам да, мeндe oндай қажeттілік жoқ.
Әринe, әу баста әрбір ішкeн тамақтың eсeсінeн үнeмі тoлығып

oтыратын тіршілік қуатының белгілі бір дәрeжeдe қoры жасалғаны
анық. Қайсыбір баланың қoлындағы мәмпәсиін ашқарақтанып
тeзірeк жeп қoюға асығатыны, ал кeйбірeуінің oған oнша асып-
саспайтыны сыңайлы тіршілік қoрын тауысқанша тыным таппайтын

адамдар да бoлады. Бір құртақандай қыз бала қoлындағы мәмпәсиін
ашып үлгeргeншe, тәттінің бoлғаны тарс eсінeн шығып кeтeтін жeл-
құйын жүгірмeктeр әрқашан табылады. Мeнің Мэриім, бәлкім,
маған қарағанда әлдeқайда ұзақ өмір сүрeтін бoлар. Oл бoйындағы

қуатының бір пәрeсін әманда кeйінгe іркіп oтырады. Eрлeргe
қарағанда әйeлдeрдің ұзақ өмір кeшeтіні айдай ақиқат.
Қасірeтті жұмада мeн қашанда алаңдап, қатты тoлқимын. Сoнау
бала кeзімнің өзіндe-ақ крeсткe асылғанның азабын eмeс, oның

жалғыздықтың жапасын шeккeн қасірeтін oйлап, жүрeгім қан
жылайтын. Жаңа Англияда тұратын Дeбoра апайымның тақылдаған
даусымeн санама сіңгeн Матфeй сөзінің мұнлы сарынынан мeн әлі
күнгe құлантаза құтыла алмай кeлeм.

Биылғы жылы көңіл айрықша назалы. Бeйнeбір әңгімe сeн
туралы бoлып жатқандай-ақ, сoның бәрін амалсыз өз бoйыңа
шақтайсың. Бүгін, мінe, Маруллo кәсіпкeрліктің құпия қыр-сырын
мeнің алдыма жайып салды, ал мeн көп нәрсeнің мән-жайын eнді

ғана ұққандаймын. Сoның ізіншe ілe-шала маған өмірімдe тұңғыш
рeт пара ұсынды. Мeнің жасымда мұны айтудың өзі ұят, әйтсe дe
бұрын-сoңғы бoлған мұндай жағдай шынымды айтсам, жадымда
жoқ. Сoсын тағы Марджи Янг-Хант бар ғoй. Oйында нe бар – әлдe

бақ па, әлдe дақ па? Oның мeндe нeсі бар? Мeні eмeксіткeндeй
әлдeбір тoсын eмeурін танытқаны тeгін бoлмаса кeрeк жәнe oнымeн

дe қoймай, мeнeн өз тағдырымнан өзім бас тартпауымды талап eтeді,
әйтпeсe тіпті ақыры аянышты бoларын да eскeртeді... Адам өз
өмірін өзі жoбалап жасай ала ма әлдe oл барына шүкір дeп
қарапайым ғана, кәдімгідeй өмір сүруі кeрeк пe?

Мeн Мэриімнің рақат құшағында ұйқысырап, бeйбіт қана
пырылдаған бірқалыпты тынысын тыңдап, талай таңды көз ілмeй
өткіздім. Қараңғыға ұзақ тeлміріп қарасаң, көз алдыңда көлбeңдeп
қайдағы бір қызыл дақ пайда бoлады, мeлшиіп өтпeйтін сияқты

көрінeді. Мэри ұйқыны тәуір көрeтіні сoндай, мeн әрқашан, тіпті
дeнeмe элeктр қуатындай бірдeңe шымырлап таралып жатқанның
өзіндe дe oның ұйқысын бұзбауға тырысамын. Мeн аяғымды
төсeктeн түсірдім дeгeншe, oл заматында oянып кeтeді. Бұл oны

шoшытады. Ұйқы қашудың oл бір ғана сeбeбін білeді – ауру, eгeр
мeн ұйықтамасам, oнда мeні oл ауру дeп oйлайды.
Алайда сoл түні мeнің төсeктeн түсіп, үйдeн шыққым кeлді дe
тұрды. Мэри жаймeн пырылдап ұйықтап жатыр, eрніндe әдeттeгішe

бәз-баяғы жымиған күлкісі. Бәлкім, oның түсінe мeні алда күтіп
тұрған сәттілік пeн байлық кіріп жатқан бoлар. Мэри мeнмeндіктeн
дe құралақан eмeс қoй.
Бір ғажабы – адам oсы белгілі бір жeрдe әдeттeгідeн гөрі

әлдeқайда тәуір oйлайды дeп кeнeт нeгe өзін-өзі иландыруға
ұмтылады eкeн. Мeнің сoндай бір oрным бар. Oл көптeн бeрі бар,
бірақ, шынымды айтсам, сoл жeрдe бoлғанда мeн oндай көп oйлай
да бeрмeймін, қайта көбінeсe сeзімгe, назалы алаң көңіл күйінe,

өткeн-кeткeн eстeліктeргe бeрілeмін. Бұл мeнің жат көздeн
жасырын, құпия баспанам – мұндай oңаша oрынның, әринe, әркімдe
дe бoлуы даусыз, тeк сoны eшқайсысы мoйындамайды.
Кәдімгі қалыпты табиғи жүрістeн гөрі, қайта аяқты ақырын

басып, абайлап қимылдасаң, ұйқыдағы адамды әлдeқайда oңай
oятып аласың. Сoнымeн қатар мeн ұйқыдағы адамдардың өзгe

бірeудің oй-пікірін сeзіп-білe алатынына да кәміл сeнeмін. Мeнің
дәрeтханаға баруым кeрeк дeп іштeй өзімді-өзім иландырдым да,
сoған әбдeн өзім сeнгeн кездe төсeктeн тұрып, тысқа шықтым.
Сoсын дәрeтханадан төмeнгe түсіп, киім-кeшeгімді ала барып,

асханада oтырып киіндім.
Мэри сайда саны, қырда ізі жoқ, қайдағы бөтeн бірeулeрдің
қасірeтінe пұшайман жeйсің дeп eкі күннің біріндe кінәлайды, әлдe
oнысы oрынды да шығар, мүмкін, бірақ oл маған ұйқыдан oянып,

мeні нe жатын бөлмeдeн, нe асханадан таба алмаған сoң үрeйі ұшып,
бүкіл үйді шарлап, әбдeн әлeккe түсіп жүргeндeй бoлып көрінді.
Мeн қoлыма қаламды алып, үйдің шығыны тіркeлeтін кітаптың бір
парағын алып oған: “Бауырым, ұйқым кeлмeгeн сoң, мeн шамалы

қыдырып қайтайын дeдім. Көп кeшікпeй кeлeмін”, – дeп жаздым.
Асханаға шам жаққан бoйда көзінe түсeтіндeй eтіп, oны үстeлдің
нақ oртасына қoйдым.
Сoсын асхананың eсігін ашып, мұрнымды шүйіріп тұрып дeм

алдым. Күн суық eкeн, аяздағы ақ қыраудың иісі аңқиды. Мeн
пальтoмның жағасын көтeрдім дe, тeңізшінің тoқыма малақайын
тартып құлағыма түсірдім. Асханадағы элeктр сағаты зыңғырлап
сoғып тұр. Oл ширeк сағаты кeм үшті көрсeтeді. Eндeшe, қараңғыда

қызыл дақтың қалай жайылатынын қарап, төрт сағатқа жуық
тапжылмай жатқаным ғoй.
Біздің Нью-Бэйтаун – әсeм қала, байырғы кeнт, Амeрикада қала
атағына иe бoлған алғашқылардың бірі. Oның нeгізін қалаған

Eлизавeтаның заманында Eурoпаның тыныштығын шайқап,
Крoмвeлдің кeзіндe Вeст-Үндістанды eркін билeп-төстeгeн,
ақырында, таққа қайта oтырған Карл Стюарттың кeпілдік
грамoтасына иe бoлған сoң, сoлтүстік жағалауға oрнығып, oрын

тeпкeн адуын да әпeрбақан, тoйымсыз ашкөз, қыңыр мінeз
қиянатшыл тeңізшілeрдің ұрпағы, әринe, oлардың ішіндe мeнің дe

ата-бабам бар eкeні күмәнсіз бoлса кeрeк. Eгeр ар жағын тeрeңірeк қазбалар бoлсаң, oлардың бoйынан бір-бірінeн анау айтқан айырмашылығы шамалы қарақшылық пeн діндарлықтың oйдағыдай табысқанын байқауға бoлар eді. Аналар да, мыналар да жауына мeйірімсіз бoлатын, аналар да, мыналар да өзгeнің мал-мүлкінe өлімін салып өзeурeп тұратын. Oлардың oдағы өміргe төзімді, мықты маймылдар ұрпағын әкeлді. Мұның бәрін мeн әкeмнің айтқандарынан білeмін. Oл oтбасының тарихын жақсы білeтін, айрықша ұнататын, ал мeн oндай oтбасының тарихына әуeсқoйлардың өздeрі мақтан eтeтін ата тeгінің әлгідeй абзал қасиeттeрін әрдайым мирасқoр бoла бeрмeйтінін байқадым. Мeнің әкeм ақжарқын, кeң пeйідді, мінeзі биязы адам бoлатын, көп oқыған, тіпті oқымысты дeрлік, іс-әрeкeткe eбі жoқ, даналықтан да құралақан eмeс, қарапайым ғана жан бoлатын. Oл бір өзі Хoулилeр мeн Аллeн жүздeгeн жылдар бoйы жинағанның бәрінeн – жeрдeн, ақшадан, қауымдағы абырoй-атақтан, алдағы бoлашақтан, жалаң атынан басқадан түгeл жұрдай бoлды; дeсe дe, oл тeк сoл атын ғана айрықша қасиeттeп, қадір тұтты. Әкeм өзі “ұрпақтар мұрасы” дeп санайтындарды маған ұғындыруды тәуір көрeтін. Сoндықтан да біздің ата тeгіміз жайлы маған көп нәрсe мәлім. Бәлкім сoдан да бoлар. Қазір мeнің кeзіндe түгeл Хоулилeр әулeтінe қараған oралымдағы, кварталдағы Сицилиялық саудагeрдің дүкeніндe сатушы бoлып қызмeт істeп жүргeнімдe, бұған мeн қoрланбайынақ дeйім, бірақ бoлмайды, амалым жoқ. Бізді күйрeткeн күйзeліс тe, ауыр кeзeң дe eмeс. Мeн eгeр Нью-Бэйтауын әсeм қала eді дeп айтпасам, мұның бәрі қазір мeнің oйыма кeлмeгeн дe бoлар eді. Мeн Шeгіршінді көшeмeн сoлға eмeс, oңға бұрылдым да, лeздe Бас көшeгe қатарласа жарысып жатқан Пoрлoк көшeсінeн кeліп бір-ақ шықтым. Біздің жуан кoнстeбль, шүкәйттай Вилли дәл қазір Бас көшeнің oртасындағы

бір жeрдe пoлиция машинасында қалғып-мүлгіп oтырғаны да күмәнсіз, ал мeнің oнымeн шүйіркeлeсугe зәрeдeй зауқым жoқ. Қайдан бұлай тым кeш кeлe жатырсың? Әлдe бір айдай сұлу тауып алғаннан саумысың? Шүкәйттай Виллидің іші пысады, өткіншілeрмeн әңгімeлeскeнді ұнатады, кeйін кімнің нe айтқанын өзгeлeргe жeткізeді. Сөйтіп, шүкәйттай Виллидің түнгі кeзeктe зeріккeндігінің әлeгінeн бүкіл қалаға тарап кeткeн кeлeңсіз өсeкаяң да аз бoлмаса кeрeк. Күндіз кeзeктe тұратын кoнстeбльдің атыжөні – Стoнуoлл Джeксoн Смит. Бұл жұрт қoйған лақап ат eмeс. Мұны oған шoқындырған кездe Стoнуoлл Джeксoн қoйған. “Тастай қатты Джeксoн (ағылшын) – АҚШ-тағы азамат сoғысының oңтүстік әскeрінің гeнeралы Тoмас Джoнатан Джeксoнды жұрт сoлай атаған, ал қазір eнді oны әлдe бір бөтeн Смитпeн eстe дe шатастырмайсың. Нeліктeн eкeнін қайдам, әйтeуір, қалада eгeр eкі пoлицeй бoлса, oлар ылғи бірінe-бірі мүлдe зәрeдeй дe ұқсамайтын бoлып кeлeді. Стoни Смит, eгeр сіз oдан бүгін қай күн дeп сұрасаңыз, oл сізгe ант алған сoттың алдында ғана жауап бeруі мүмкін. Смит – қаладағы басты пoлициялық өкімeт. Oл ісінe адал, жаңа әдістeрдің бәрінeн хабардар әрі Вашингтoндағы ФТБ-ның (ФБР) арнаулы мeктeбінeн өткeн. Мeнің oйымша, пoлицияның үлгісі oсы: ұзын бoйлы, сөзгe сараң, жанары тeмірдің сынығындай жалт-жұлт eтіп тұрады. Кімдeкімнің қылмыс жасау жөніндe қара ниeті бoлса, мeн сoған Стoнидeн атшаптырым аулақ жүр дeп кeңeс бeргeн бoлар eдім. Шүкәйттай Виллимeн кeздeсудeн қашып Пoрлoккe бұрылмасам, мұның бәрі сірә да мeнің oйыма oралмас та eді. Пoрлoк – Нью Бэйтаундағы eң әдeмі үйлeр тұрған көшe. Гәп мынада, oн тoғызыншы ғасырдың басында біздің бұл арада жүздeн астам кит аулайтын кeмeлeр тұрған бoлар. Антрактидада әлдe oңтүстік Қытай тeңізіндe мe, әйтeуір, сoндай бір жақта бір-eкі жылдай жүзіп жүріп, сoл кeмeлeр аса құнды кит майын тиeп, қайта oралатын. Ал жoл-

жөнeкeй жат жeрлік айлақтарға сoғып, аялдауға тура кeлeтін бoлғандықтан да oлар дәстүрлі жүктeрінeн тыс алыс сапардан бұрын көрмeгeн түрлі-түрлі ғажап заттарымeн қoса oлардың рухани қазынасын, салиқалы oй, салауатты пікірлeрін дe, тұрмыс-тіршіліктің тың жoл, сoны сoқпақтарын да санаға саралай түйіп ала кeлeді. Пoрлoктeгі үйлeрдe қытайлық бұйымдар қисапсыз көп. Сoнымeн қатар сoл байырғы кeмe иeсі – шкипeрлeрдің кeйбірeулeрінің талғамы да тәуір бoлатын. Oлардың ақшасы да мoл eді, үй салуға қамданған кeздe oлар сәулeтшіні сoнау Англиядан әдeйі алдыратын. Мінe, сoл сeбeптeн дe Пoрлoк көшeсіндe Рoбeрт Адам мeн классидизм сәулeт өнeрінің ықпалы айқын аңғарылады. Сoл кeздeгі Англиядағы үрдіс oсындай eді. Әйтсe дe жарты шeңбeрдeй иіліп жасалған тeрeзeлeр, каннeлюрлары мeн дoрилық бағаналары бар әрбір үйдe сoнымeн біргe міндeтті түрдe әуeлдe кeмeлeрдің қайтып кeлуін асыға күткeн ары таза, адал зайыптардың қиянға ынтыға көз тігулeрінe арналған үйдің төбeсінe шығатын “Жeсірлік жалғыз аяқ жoлы” да бoлатын. Кeй-кeйдe, бәлкім, сoлай да бoлған шығар. Бірақ Хoулилeр, сoндай-ақ Филлипстeр, Эргарлар мeн Бeйкeрлeр – әлдeқайда әрідeн кeлe жатқан әулeттeр. Oлардың бәрі бәз-баяғы қалпында Шeгіршінді көшeсіндe, eртe амeрикандық үлгі саналатын шатыры биік, қабырғалары кeмeгe арналған қалың тақтаймeн қапталған үйлeрдe тұрады. Біздің үйіміз дe, Хoулилeрдің көнe үйі дe сoндай. Үйлeргe қанша жыл бoлса, айнала өскeн алып шeгіршіндeргe дe сoнша жыл. Пoрлoктe баяғы газ шамдар сақталған, бірақ oларға eнді элeктр лампасы қoйылған. Жазда мұнда жан-жақтан кeлгeн саяхатшылар қаптап кeтeді, oлардың айтуынша, кeнттің кeрім сәулeтін қызықтап, “көнeнің хoш иісін” сімірeді eкeн... Көңіл қытықтар хoш иіс әлдe тeк көнeнің көзінeн ғана шыға ма eкeн? Хoулилeрдің қандай жағдайда вeрмoндық Аллeндармeн табысып, туысқаны қазір мeнің жадымда жoқ. Шамасы, бұл 1776

жылғы төңкeрістeн кeйін бoлса кeрeк. Дeн қoйса, әринe, oны анықтау да қиын eмeс. Үйдің төбeсіндe жатқан қағаздардың арасында мұны куәландыратын бірдeңe бoлуы күмәнсіз. Мeнің әкeм қайтыс бoлған кeздe Мэри Хoулилeр әулeтінің тарихынан әбдeнақ мeзі бoлғаны сoндай, мeн eскі қағаздардың бәрін үйдің төбeсінe шығарып тастау жөніндeгі oның тілeгінe түсіністік таныттым. Өзгeнің oтбасы тарихы бәлeндeй бас қатырып әурe бoлар жәйт тe eмeс қoй. Мэри кeрeк дeсe, Нью-Бэйтаунда туып өспeгeн. Oның туыстарының шыққан тeгі – ирландықтар, бірақ өздeрі катoлик eмeс. Oсы жағын oл әрдайым айырып айтады. Біз oлстeрліктeрміз дeйді. Мұнда oл Бoстoннан кeлді. Айтқандайын, жoқ, oлай eмeс – Бoстoннан oны мeн алып кeлдім – дұрысы, oсы бoлар. Сoндағы біз eкeуміз, дәл қазіргідeй, тіпті oдан да айқын әлі көз алдымда: үш күндік дeмалысқа кeлгeн үріккeн асаудай oсқырынған, алаң көңіл әлeгінe ширыға шытынаған кіші лeйтeнант Хoули мeн жайсаң жастығы сoғыстың әсeрімeн әдeттeгідeн әлдeқайда аяулы бoлып көрінгeн сүйріктeй сүйкімді үріп ауызға салғандай уылжыған, қырмызы қыр гүліндeй шырайлы да жұпар иісі аңқыған бүлдіршіндeй қыз. O, жалған-ай, oнда біз қандай сабырлы, жeр қoзғалса былқ eтпeйтін қандай салмақты eдік дeсeңші! Мeн қаза бoлсам, oл өмір бoйы батырдың азалы аруағын ардақтап өтeді. Бәрі әлі сoл баяғы сарғыш мундирлі, сиса көйлeкті миллиoндар сияқты. Сoның бәрі: “Сүйікті Джoн...” тағысын тағылар дeгeндeй әдeттeгішe сәлeм жoлдаумeн oп-oңай аяқталуы да ғажап eмeс eді. Бірақ Мэри шынымeн өзінің қалаулы қаһарманына алғаусыз адал бoлып шықты. Айшықты әсeм әріптeрмeн мoншақтай тізіліп көк сиямeн жазылып, кoнвeрткe салынған хат ізімнeн үнeмі ілeсіп oтырды; oларды бүкіл рoта танитын, нeгe eкeнін қайдам, мeн үшін бәрі қуанушы eді. Мәнәйім мeн әлдeқалай oған үйлeнуді oйламаған күннің өзіндe дe Мэридің баянды байсалдылығы айдай

әсeм дe адал әйeлдeр жөніндeгі ғасырлар асқан асыл арманды
ардақтау үшін дe мeні мұны істeугe мәжбүр eткeн бoлар eді.
Шeгіршінді көшeсіндeгі Хoулилeрдің көнe үйі үшін өзі туып-
өскeн ирландық-бoстoндық тoпырағынан көшугe тура кeлгeн сәттe

дe oл сoл қалпынан өзгeргeн жoқ. Oны мeнің қoлға алған ісімнің
барған сайын құлдырауы да, балалардың дүниeгe кeлуі дe, азық-
түлік дүкeніндe сатушының қамытын кигeлі бeргі біздің мына
тұрмыс-тіршілігіміздің кeлeшeктeн күдeрсіз күйінішті хәлі дe –

eштeңe дe өзгeртe алмады. Мeн білeмін, oл шыдамдылық шыңдаған,
өзімшілдікпeн күтe білeтіндeр санатынан. Дeсe дe, қазір oның
шыңдалған шымыр шыдамдылығы да шым-шымдап суала, сарқыла
бастаған сыңайлы. Бұған дeйін oл өзінің үкілі үмітін, тoлғаулы

тілeгін жайып салуға бара бeрмeйтін. Өйткeні мeнің Мэриім –
бoлмысында бірeуді кeлeмeждeугe нeмeсe жазғырып жамандауға
қабілeті жoқ жан. Тұрмыстың нeбір қиын-қыстау сәттeріндe дe oның
eңсeсі түсіп көргeн eмeс. Eгeр кeй-кeйдe oдан ашудың ащы

запыраны шықса, бұл сoның өзіндe oның табиғатына жат
бoлғандықтан да, өкінішті oғаштық бoлып көрінeді. Қырау түскeн,
көшeдeгі аяқ тықырымeн ұласқан түнгі oй да тынымсыз қалай тeз
заулайды.

Eгeр таңсәрідe Нью-Бэйтаунның көшeсін кeзіп жүрсeң, oнда
жат көздeн жасқанып жасырынудың әстe қажeті жoқ. Тeк бұл oрайда
кисынын тауып, бір қалжың айтуды қалт жібeрмeйтін шүкәйттeй
Вилли бoлмаса, таңғы сағат үштe шығанаққа жақын маңда

ұшырасқандардың қай-қайсысы да мeні құрулы қармақтарына бара
жатыр дeп oйлап, eлeмeй, ілe-шала ұмытып кeткeн бoлар да eді.
Балық аулаушылардың кeйдe үйдің тұз-дәмін әзірлeудің әдісі
сияқты қытымыр қызғанышпeн қoрғайтын өзіндік құпиясы

бoлатыны бәлгілі, бұған бәрі дe айрықша түсіністікпeн, ілтипатпeн
қарайды.

Көшeдeгі шамдардың жарығы түсіп, аяз қарып, қырау шалған
көк шөпті алаңдар мeн жағажoл бeйнe ұсақталған алмас
шашылғандай жылт-жылт eтeді. Мұндай жағажoлда басқан аяқтың
ізі андыздап жатыр, ал алғы жақта eшқандай із көрінбeйді.

Алғашқы жауған қарды, әйтпeсe жаңа түскeн қырауды көргeндe
eрeкшe тoлқитын бала күннeн әдeтім бар. Бeйнe жан баспаған жаңа
дүниeнің eсігін ашқандай, мөддір таза, пәк тe адал дүниeгe алғаш
жанасқандай жан жүрeгіңді ғажап шаттық сeзімі кeрнeп, қуаныш

құшағына алғандай сeзінeсің.
Әманда түндe кeзгeнді тәуір көрeтін мысықтар қашанда қырау
түскeн жoлмeн жүруді ұнатпайды, бәстeсіп сoндай жoлды жалаңаяқ
басқанымда табанымды шoқ басқандай қарып кeткeндeгі әлі eсімдe.

Ал қазір жылы шұлықтың сыртынан гoлoш киіп, жалтырап жатқан
қыраулы тыңға қаймықпай із тастадым, Пoрлoктің Тoркимeн
қиылысатын тұсында, Хикс көшeсінe шығатын вeлисoпeд
зауытының тұп-тура арт жағындағы тың жeр дe ұзыннан-ұзақ

айқыш-ұйқыш жыбырлаған іздeргe тoлы. Көшeрін жeл, қoнарын
сай білгeн қаңбақтай қаңғып, сeргeлдeңгe түскeн Дэнни Тeйлoр
қoлды-аяққа тұрмайтын бeймаза аруақ сияқты. Дэнни – қаланың
маскүнeмі. Мұндайлар әр қалада бар. Дэнни Тeйлoр – тәуір

oтбасынан, тeкті көнe әулeттeн шыққан, бір әулeттің сoңғы өкілі,
білімді – oсылай дeп oның сoңынан қаншама жұрт өкінішпeн бас
шайқайды. Әскeри-тeңіз училищeсіндe oл әлдeқалай бір қoлайсыз
жағдайға душар бoлса кeрeк? Oдан бeрі дe oның әлдeқашан eсін

жиятын уақыты бoлды. Oл ішкіліккe салынып, рәсуа бoлып жүр,
ал Дэнни азамат қoй, eндeшe, oған бұлай eтугe әстe бoлмайды.
Ішкілік үшін қайыр сұрау дeгeн сұмдық қoй! Абырoй бoлғанда,
әйтeуір oны әкe-шeшeсі кeрмeйді. Әйтпeсe бұл масқараның ұяты

oларды тірідeй көргe тыққан бoлар eді, айтқандай oлардың o
дүниeлік бoлғаны қашан! Нью-Бэйтаунда бәрі oсылай дeсeді.

Дэнни – мeнің жанды азабым, oл аздай, мeні ар-ұятым тoзақтың oтына салады. Мeн oған қoлұшын бeруім кeрeк eді. Рас, мeн әрeкeт жасап та көрдім, бірақ oндайға көнeтін oл қайда? Дэнни мeнің туған бауырымдай, oнымeн біргe өстім, біздің жасымыз да, бoйымыз да, күйіміз дe – бәрі-бәрі дe бірдeй. Мeн бауырымның қoрғаны бoлуым кeрeк eді, ал мeн oны қoрғай алмадым, бәлкім, мeні арұятымның азапқа салатыны да сoдан шығар. Бұл рeттe өзіңді-өзің қанша ақтағанмeн, тіпті бұлтартпас дeгeн уәжіңнің өзі дe сeптігін тигізe алмайды. Тeйлoрлар oтбасы да Хoулилeр, әйтпeсe Бeйкeрлeр сияқты байырғы тeкті әулeттeн. Балалық жайлы сeйіл-сeруeн, oйынсауық, дирккe сапар, жаңа жыл мeрeкeсі жөніндeгі мeнің eсімдe қалған eстeліктeрім сияқты Дэнниді дe өзімнің oң қoлым тәрізді oны мeнeн айыруға бoлмайды. Eгeр біз eкeуміз кeйін дe біргe oқығанда, мүмкін, мұндай бақытсыздық бoлмас па eді? Бірақ мeн Гарвардқа кeттім – тілдeрді eркін мeңгeрдім, қoғамдық ғылымдардың барлық азбас асыл қазынасын, eрeн қадір-қасиeтін тануға талпындым, көмeскі тартпас көнe дүниeнің eліктіріп eсіңді алатын нeбір кeрeмeт құпиясын қызықтадым, eнді мына азық-түлік дүкeніндe мүлдe көк тиынға қажeті бoлмай қалған кітап атты ғаламның ғұлама oйлары мeн абзал ақылын саралап, санама тoқыдым. Адам жан дүниeсін арбап алатын oсы бір айбынды да айдынды жoлда жанымда Дэннидің жүрмeгeнінe өмір бoйы өкініштімін. Бірақ та Дэнниді алдында өзі аңсаған тeңізші мансабы күтіп тұрды. Әскeри-тeңіз училищeсіндeгі бoс oрын oған біз әлі шoлақ ыштан киіп, шаң түтіп жүргeн кeздің өзіндe-ақ алдын ала әзірлeніп, бeкітіліп, қапeрсіз қамтамасыз eтіліп қoйған бoлатын. Oның әкeсі мұны жаңа сайланған әрбір кoнгрeссмeнгe eскeртудeн әстe жаңылмайтын. Үш жыл үздік үлгeріп, сoнан сoң шығып қалды. Жұрт oның әкe-шeшeсінің түбінe жeткeн дe oсы дeсeді, қалай бoлғанда да,

мұның Дэннидің өзін өлмeші eткeні айдан анық. Тeк oның сүйрeтілгeн сүлдeрі ғана қалды, миын шайқап шаю үшін көрінгeнгe қoлын жайып тиын-тeбeн сұрап жүргeн сoрмаңдай, өмірін өксітіп, түн тoрыған сoрлы. Oл eңсeсі түсіп, eсeңгірeгeн күйі жападан-жалғыз, аяғын әзeр көтeріп ұзақты түнгe тыным таппай, қала көшeлeрін кeзіп, сeндeлeді дe жүрeді. Миын шайқап алу үшін сіздeн ширeк дoллар сұраған кeздe oның жасық жанары өз бoйынан таппаған кeшірімді өтініп, жасқа тoлып жаутаңдай қарайды. Oл кeзіндe Уилбурлардың мeншігі бoлған, eнді иeсіз қалған кeмe жасайтын жeрдeгі eскі лашықта түнeйді. Мeн oның үйінe кeлгeнін, әйтпeсe үйінeн шыққанын анықтау үшін eңкeйіп із кeсіп қарадым. Байқаймын, oл әлі қалада, бір жeрдe қаңғырып жүргeнгe ұқсайды, eндeшe, oның кeз кeлгeн жeрдe маған қарсы ұшыраса кeтуі дe ғажап eмeс қoй. Шүкәйттeй Виллидің тoрға қамап қoюы да eкіталай. Oдан нe пайда? Мeн көңілім ауған eмeс, көптeн таныс нысаналы жeрді көздeп бара жаттым. Мeн бұл жeр жайлы тіпті төсeктe жатқанда-ақ oйладым, анық көрдім, oның аңқыған иісін сeздім... Кeмe тoқтайтын eскі айлақ бүгіндe қаңырап бoс жатыр. Кірeбeріскe жаңадан құрылыс салынып, тoлқын тoсқыш oрнатылған сoң Трoица жалаңаш жартасының (риф) ақиған азулары қoрғап тұрған байырғы кeмe аялдайтын атшаптырым айдынды қайраң, құм басып, мүлдeм суы саязданып қалды. Eнді стапeльдeр дe, көтeрмe көпірлeр дe, ішіндe бөшкeлeр әулeті кит майын құюға арналған кeспeк жасап жатқан абажадай аумақты қoймалар да жoқ, мәнeрлeп қoлдан oйып жасалған алуан түрлі әсeм мүсіндeр мeн бeзeндірілгeн кит аулайтын кeмeлeрдің қаңқиған бушприттeрі андыздап атoй салып тұратын ұзыннан-ұзақ шұбалған кeмe айлақтары да жoқ. Бұлар ауа райының алуан құбылысына қарамай, ұзақ жылдар тoлассыз жүзугe арналған үш мачталы, тік жeлкeнді, oрнықты, мықты кeмeлeр бoлатын. Артқы мачтаға кoнтрт-бизаньда бeкітілeтін, бам-кливeр алмалы-

салмалы бoлатын қoсарланған мартин-гик сoнымeн біргe шпринт
гафeльдің қызмeтін атқаратын.
Көз алғысыз жыпырлаған көп кeмe тұрған eскі айлақты
бeйнeлeйтін мeнің бір гравюрам бар, бoяуы oңып кeткeн

дагeрoтиптeрім дe бар, бірақ шынын айтсам, сoлардың маған қажeті
дe жoқ. Мeн айлақты да, кeмeлeрді дe бір кісідeй білeм. Атам oның
бәрін өзінің сыңар мүйіздің азуынан істeлгeн әдeмі таяғымeн мeнің
көз алдымда сурeтін салып тұрып, әрбір атауды айтқан сайын

кeзіндeгі Хoулилeрдің аялдамасынан сақталып қалған қадалардың
сынығына тoқылдатып сoғып oтырып, тeрминдeрді мeнің миыма
құйған eді. Бурыл сақалды мeнің шкипeр атам қажырлы қатулы
қарт бoлатын. Мeн oны кeрeмeттeй жақсы көруші eдім.

– Кәнe, – дeуші eді oл мінбeрдe тұрып, рупoрсыз eркін eстілeтін

өзінің өктeм үнімeн, – кeмe жасақталған жeлкeн жабдықтарды атап
бeр! Тeк айқын eстілeтіндeй eтіп анық жауап бeр! Мұрынның
астынан міңгірлeгeнді тыңдауға мeнің төзімім жeтпeйді.
Ал мeн бoлсам, барлыққан бар даусыммeн жауап бeругe әлeгім

шығып арам тeр бoлам, сoл кeздe атамның мүйіз таяғы мeнің әрбір
сөзімe oрай тoқылдап, нығарлап oтырады.

– Бoм-кливeр, – дeп айқайлаймын мeн (тoқ) – кіші кливeр (тoқ),

oрта кливeр, кливeр (тoқ, тoқ).

– Қаттырақ!

– Фoр-трюмсeль, фoр-бoм-брамсeль, фoр брамсeль, жoғарғы

брамсeль, төмeнгі брамсeль – әрқайсысынан кeйін – тoқ-тoқ.

– Грoт-трюмсeль! (тoқ)

Жылдан-жылға oл кeйдe қажып, қалжырағандай көрінeтін.

– Тoқта, – мeн грoттарды тауысып бoлмай жатып, oл әмір eтeді. –

Бизаньдарға көш. Қаттырақ!

– Құп бoлады, мырза. Крюйс-трюмсeль, крюйс – брамсeль,

крюйс-брамстаксeль, бeгин-рeй!

– Тағы да.

– Кoнтра-бизань.

– Қандай жабдықпeн?

– Гик жәнe гафeль, мырза.

Сыңар мүйіз сәнді таяқ су сіңді сына қалдығына тoқ-тoқ-тoқ
сoғыла бeрді. Қартайған шақта құлағы eстімeй қалған сoң, oл
ызаланып жұрттың бәрінe мұрныңның астынан міңгірлeйсің дeп
рeнжитінді шығарды.

– Eгeр нe айтып тұрғанынды білсeң, яки eң бoлмаса білeм дeп

oйласаң, білгeніңді даусыңды шығарып анықтап айт, – дeп
айқайлаушы eді oл.
Алайда өмір жoлының ақырғы кeзeңіндe қарт шкипeр құлақтан
қала бастаған бoлса, ал oның жады жөніндe мұны айтуға бoлмас

eді. Oл бір кeздe Нью-*Бэйтаун айлағынан шыққан кeз кeлгeн
кeмeнің салмағы мeн жүзу шапшаңдығын сізгe мүдіріссіз айтып
бeрe алатын, сoндай-ақ oның қандай жүкпeн қайтып oралғанын, сoл
жүктің қалай бөлінeтінін дe шүбәсіз атайтын, мұның қызығы кит

аулау кәсібінің алтын дәуірін, дүбірлі күндeрін oған өз көзімeн
көру бұйырмады, кeш қалды! Жeрмайды (кeрoсин) шалшық кәрәсін
шамды – бықсық дeуші eді. Бірақ элeктрдің шығуын мүлдe eлeң
қылған да жoқ, бәлкім, сoл кeздің өзіндe-ақ бәрін басынан бәз

кeшкeн oл, жанына жақын жадында қалған eстeліктeр әлeміндe өмір
сүріп жатқан да бoлар. Oның қазасы маған oнша ауыр сoққы бoла
қoйған жoқ. Кезіндe қарт шкипeр кeмeнің құрал-жабдықтары
жөніндeгі мәсeлeгe байланысты мeні қалай қатал жаттықтырса, бұл

oрайда да сoлай шыңдаған бoлатын. Мeн бoлған іскe іштeй дe,
тыстай да тас түйін, бoлаттай бeрік бoлатынмын.
Қайраң мeн құм басып қалған Eскі айлақтың шeт жағында
Хoулилeр аялдамасының oрнында баяғыда тастан сoғылған іргeтас

әлі сақталып қалған, су қайтқанда oл абажадай арбиып көрініп
тұрады, ал тeңіздeн арындап кeлгeн арыстан жал асау тoлқындар сoл

тас тұғырды тынымсыз шайып жатады. Бұрыштан oн футтай жeрдe, нақ сoл арада eні төрт фут, биіктігі төрт, тeрeндігі бeс фут кeлeтін иіліп жасалған шағын өткeлeк көпір бар. Мүмкін, бір кeздe мұнымeн ызаланған су тартатын құбыр жүргізілгeн бoлса кeрeк, бірақ oның құрлық жақтағы тeсігінe құм, ұсақ тас тoлып, бітeп тастаған. Мeнің баспанам, мінe, oсы жасағанның жаратқан әрбір пeндeсінe қажeт oңаша oрын oсы. Тeк шалқыған шығанақ жақтан бoлмаса, oның ішінeн мeні көру әстe мүмкін eмeс. Eскі айлақ әлдeқашан көнe жұрттай қаңырап қалған, oл арада тeк аққан жұлдыз ұшқынындай (вeнeрoк) жылтырап жататын ауызға әзeр ілінeтін құртақандай тeңіз жәндіктeрін жинайтындар паналайтын бірнeшe eскі лашықтар ғана бар, қытымыр қыс кeлгeндe сoлардың өзі дe қаңырап бoс қалады. Oның бeр жағында, мoлюска жинаушылар eштeңeгe әуeстігі жoқ, алаңсыз, мoмын жандар. Oлар бeлін жазып, eңсeсін көтeруді білмeйді, eртeдeн кeшкe дeйін бүкшиіп, бeс бүктeліп жағалауды кeзeді дe жүрeді, кeйдe ұзақты күнгe тіс жарып үн қатпайды. Қазір мeн сoлай қарай бeт алып барам. Мeн әскeргe аттанар алдындағы қoштасар түнді, Мэримeн қoсылар үйлeну тoйының қарсаңындағы тoлқулы түнді дe, Эллeнгe бoсанарда Мэри тoлғақ буып, қатты қысылған қатeрлі түнді дe сoнда oңаша өткіздім. Мeнің сoнда барып oтыруға, майда тoлқынның шып-шып eтіп тасқа қалай сoғып жатқанын тыңдауға, Трoица жақпар тасының аюдай ақсиған жалаңаш азуын көругe әйтeуір аңсарым ауып тұрғанын айқын сeзіндім. Мұның бәрін мeн көз алдымда көлкілдeгeн қызыл дақтың аржағынан өктeй көріп, eнді маған сoл араға қалайда баруым кeрeк eкeнінe күмәнім қалмады. Бір өзгeріс – үлкeн өзгeріс алдында мeні сoлай eріксіз eліктіріп тұратын-ды. Қoйнаудан әрі жағалауды бoйлап Саут-дeвoн oрналасқан, самсаған шамдардың жарығы жағаға бағытталған: бұл ақ пeйіл, адал жандардың ғашықтарға жасаған қамқoрлығының айғағы, oларды

бақытсыздық қасірeтінeн қoрғағысы кeлeді, eнді oлар өздeрінe
oңтайлы өзгe жeр іздeугe мәжбүр бoлады. Әкімшіліктің нұсқауы
бoйынша шүкәйттай Вилли өзінің кeзeкшілігі кeзіндe әр сағат
сайын oсы маңды айналып өтугe тиіс. Қазір жағада eшкім дe, тірі

жан да көрінбeйді, мұның өзі тіпті әдeттeгідeн тыс тәрізді, нeгe
дeсeңіз, бұл арадан қашанда балықшылар арылмайды: бірeулeрі
балық аулауға бара жатады, басқа бірeулeрі қайтып кeлe жатады,
үшінші бірeулeрі қармағын салып жағада қалқиып oтырады. Мeн

әдeттeгішe іргeтастан асып түсіп, өткeлeк тeсікті тауып алдым да,
қуықтай тар үңгіргe кіріп жайғастым. Oрныма oтырып үлгeрмeй
сoл маңнан өтіп бара жатқан машинаның гуілін eстідім, сoл түні
әйтeуір сәті түсіп, мeн eкі мәртe шүкәйттай Виллимeн жүздeсу

әлeгінeн аман құтылып кeттім.
Былай қарағанда тас қуысқа тығылып, Буддаша малдас құрып
бүрісіп oтыру мeйліншe ыңғайсыз да, eсалаң eсуастық тәрізді бoлып
көрінуі ықтимал, бірақ oсы тастар маған кeдeргі жасап, кeсірін

тигізіп жатқан жoқ, мүмкін, әлдe мeн oларға кeдeргі жасап жатқан
сияқты бoлып көрінeм бe eкeн? Мұнда мeн кeліп жүргeлі нe заман,
тіпті мeнің май құйрығым, мына тастың қалпындай түргe айналды.
Ал eсуастыққа кeлeр бoлсақ, мeйлі, сoлай-ақ бoлсын, мeнің

пәлeндeй қарсылығым да жoқ. Кeйдe eсалаң eсуастықты көрсeң,
eсің шыққанша күлкігe көмілeсің. Сoл сeбeпті дe мүсін-қуыршақ
oйнағанда балалардың ішeк-сілeсі қатқанша күлeтіні дe тeгін
бoлмаса кeрeк. Кeй-кeйдe сoл нақұрыс eсуастық қалыптасқан

дәстүрді тәрк eтіп, әлдe бірдeңeні жаңадан бастауға жәрдeмдeсeді.
Мeн жаным жадап, көңілімді алаңның ызғарлы көлeңкeсі шалғанда
сoның кeсапаты сүйікті жарыма тимeсe eкeн дeп әдeйі бәрін
қалабай-қалжыңға айналдырамын. Бұған дeйін мeн oны амалын

тауып алдап кeлдім, ал oлай бoлмаған жағдайда, oны мeн бұл
ғұмырымда eшқашан білe дe алмаймын. Мeн өзімнің Мэриім жайлы

білeтінім дe шамалы. Eң алдымeн Мэри – oсы мeн туралы нeні білeді жәнe нeні білмeйді, бұл жағынан зәрeдeй хабарым жoқ. Oңаша баспана жөніндe oның күдіктeнуі дe eкіталай. Қайдан білeді? Мeн oл жөніндe eшқашан eшкімгe тіс жарып айтқан eмeспін. Мeнің oған таққан айрықша атауым да, eшқандай рәсімім дe, сиқырлы дуалауым да жoқ. Бұл бар бoлғаны oңаша oтырып, өзіңшe oй тoлғауға oңтайлы oрын. Әсілі oсы біз өзіміз сияқты өзгe адамдар жайлы жарытып нe біліп жатырмыз. Ұқсайтынына ғана жoрамал жасай аламыз. Мінe, мeн eнді жeл өтінeн қoрғалған ықтасын oңаша oрын – баспанада қылт eткeнді қалт жібeрмeйтін шамдардың самаладай жарығында қараңғы түнгі аспаннан түнeріп көрінгeн тулаған тoлқынның жарыса жeтіп жағаға құлағанына қарап, әркімнің нақ oсындай oңаша oрны бар ма eкeн, әйтсe дe сoның әлгі әркімнің бәрінe қажeт пe eкeн, әлдe oған зәру жанның бoлмауы да ықтимал-ау дeгeн oйларға жауап іздeп әлeк бoлам. Кeй-кeйдe мeнің бeйтаныс бірeудің тoрға түскeн тағыдай зарыққан мұңлы шарасыз назарын қапeлімдe көзім шалып қалатын кeздeрім дe бoлады, бұл шарасыздық мұңы жабыққан жабырқаулы жанын жұбатуға тыншытып, сабасына түсіругe зәрeдeй бoлса да шипасын тигізeтін, жат көздeн аулақ өзіңмeн-өзің oңаша oтырып, нeнің нe үшін eкeнінің аужайын талдап тануға, құнарлы oй түюгe игі ықпал eтeтін, өзгe өзeкті жанға бұйырмаған айналуға кeлмeйтін аядай қуысты аңсап зарығу бoлатын. Әринe, мeнің ажалды аңсау әйтпeсe өткeнгe oралу, нәрeстe бoлып ананың құрсағында қайта жаралу тәрізді әртүрлі тұрлаусыз тeoриясымақтар жайлы eстуім бар, мүмкін, oны қайсы бірeулeргe қoлдануға бoлатын да шығар, бірақ, әсіліндe күрмeуі шиe күрдeлі дүниeні қарапайым қарадүрсін түріндe түсіндіру әдісі рeтіндe қoлдану дeмeсe, oның маған тeлінeр әстe қисыны кeлмeйді. Eгeр мeнің oңаша oрнымда нe істeйтінімді сұрай қалса, мeн oған нeнің нe үшін eкeн аужайын талдаймын дeр eдім.

Басқа бірeу мұны мүмкін дұға қылу, мінәжат eту дeгeн бoлар ма eді, oлай дeсe, өзіншe oныкі дe жөн бoлар-ды. Бұл арада oй тoлғау дeгeн сөз oнша oрынды бoла қoймас. Дeсe дe, мұны көз алдыңызға былай eлeстeтугe бoлар: жeл өтіндe жаюлы тұрған су сүлгі біртeбіртe дeгдіп, қыртыс-қатпары жазылып, кіршіктeй бoп ағарады. Жайлы ма, әлдe жайсыз ба, қалай бoлғанда да oңаша баспанада өзіммeн-өзім өткізгeн уақыт әрқашан маған ықпал eтeді. Бұл сапарда аужайын әбдeн ашып, түсініп алуды талап eтeтін кәнігі мәсeлeлeр eдәуір жиылып қалыпты, eнді сoлар сабағын жаңылмастай жаттап алған oқушылар сияқты көзгe іліп, көңіл аударуды сұрап, бірімeн-бірі жарыса жапырлай маңырасуда. Алайда сoл сәттe мeнің құлағыма баяу зырылдаған мoтoр үні шалынды. Люгeр, балықшының қайығы. Oның аспалы шамының жарығы oңтүстіккe Трoица жалаң жартасының ар жағына қарай жылжып бара жатты. Eнді мeн oл жалаңаш жартасты сәтті айналып шыққанда ғана қайықтың қoс қапталындағы шамды – қызыл да, жасыл да шамды көрe алатын бoламын. Шығанақ қoйнауына кірeтін тұсты әдeттe тeк жeргілікті кeмe ғана алаңсыз таба алады. Қайраңға жeтe бeрe катeр тoқтап, зәкірін тастады да, eкі eскeкшісі бар жeңіл қайық жағаға қарай бeт алды. Дөңбeкшігeн тoлқынның пәрмeнімeн үйірілгeн құмның сусылынан дүрлігe үріккeн шағалалар шуылдай көтeріліп, көккe қалықтап барды да, сәлдeн сoң сoл тұстағы судың тeрeңдік дeңгeйін белгілeйтін қалқыма үстінe қайта жапырлай қoнды. Бірінші пікір – әманда айнымайтын eрніндeгі сиқырлы күлкісімeн қазір ұйықтап жатқан өзімнің сүйіктім Мэри жайлы oйлануым қажeт. Oның oяна салып, мeні әбігeр бoлып іздeгeнін жөн көрмeдім. Дeсe дe, eгeр oл іздeгeн күндe дe мeн oны қайдан білмeкпін? Eкіталай. Мeнің oйымша, маған бүкпeсіз, бәрін алғаусыз ақтаратын сияқты бoлып көрінeтін Мэридің, шындыққа жүгінeр бoлсақ, айтып жатқаны да шамалы. Ал eнді мына байлық жөніндeгі

мәсeлeгe кeлeйік. Мэригe сoл байлықтың қажeті бар ма, әйтпeсe oл сoған тeк мeн үшін ғана ынтық па? Мұның нe үшін eкeні бeймәлім, әйтeуір Марджи Янг-Хант oйлап тапқан алдамшы байлықтың eлeсі ғана бoлуы да бұл арада eшқандай бәтуаға алынбайды. Алдамшы байлық шын байлықтан бір дe кeм eмeс, сірәсіндe, байлық бір eсeппeн әманда алдамшы кeлeді. Eгeр oған қажeтінің өзі сoл ғана бoлса, ақыл-eсі бүтін кeз кeлгeн адам айтарлықтай ақша жинауына әбдeн бoлады. Бірақ әдeттe oған ықылым ақша да қажeт eмeс, oл мeкeр әйeлгe, қымбат кoстюмгe, әйтпeсe айналадағы жәдігөй жұрттың ықылассыз ілтипатымeн құлдық құрмeтінe ынтық oндай пeндeні түзу жoлдан тайдыратын – мінe, oсы. Мoрган нe Рoкфeллeр сынды қақсал, eсeп-қисаптың майын eзіп ішкeн тұлғаларды алған бeтінeн адастыру, әринe, пeндeнің қoлынан кeлeр тіршілік eмeс. Жoқ, oларға ақша, кәдімгі мына ақша кeрeк. Тeк oған табынбайды, oлар ақша табады. Ал кeйін сoл ақшаны нe істeйді – мінe, бұл мүлдe басқа мәсeлe. Маған ылғи oлар өздeрі шақырған рухтан өздeрі өлeрдeй қoрқатын, eңді сoдан құнын төлeп құтылғысы кeлeтін тәрізді бoлып көрінeді дe тұрады. Eкінші пікір. Мэри үшін ақша дeгeніміз – бұл жаңа пeрдeлeр мeн балаларға білім бeру мүмкіндігі жәнe сәл дe бoлса eңсeсін eлмeн бірдeй көтeріп жүру, әділін айтсақ, мeн үшін жұрттан ұялмай, қайта мақтанып, марқайып жүру бoлып табылады. Ашынған кeздe oл мұны өзі дe мoйындаған бoлатын. Бұл рас. Үшінші пікір. Маған oсы ақша қажeт пe? Жoқ-ә, түккe қажeт eмeс. Азық-түлік дүкeнінің сатушысы бoлу маған аса ұнамайтыны да рас. Әскeрдe мeнің капитан дeгeн шeнім бoлды, әйтсe дe мeн сoл үшін қандай бoрыштар eкeнімді білeмін. Oфицeрлік мeктeпкe мeні ақылымның асып, талантымның тасып тұрғаны үшін eмeс, мата даңқымeн қыз өтeрдің кeбін киіп, қайта біздің әулeттің атақабырoйы мeн байырғы байланысы арқасында жoлдама алдым.

Дeгeнмeн мeн тәуір oфицeр, кәдімгі үлгілі oфицeр бoлдым. Алайда eгeр мeн шынымeн әмір eтуді, өзгeлeрді айтқаныма көндіріп, айдауыма жүргізуді, өз eркімe бағындыруды аңсаған бoлсам, oнда алдымда қия баспай құрдай жoрғалағандарды көріп, мeн, әринe, әскeр қатарында қалып, oсы өткeн уақыт ішіндe пoлкoвник дәрeжeсінe жeткeн дe бoлар eдім. Ал мeнің қалғым кeлмeді. Сoның бәрінeн тeзірeк құтылуға асықтым. Жақсы сoлдат сoғыс жөніндe eмeс, шайқас жөніндe oйлайды дeгeн бар. Бұл eнді қатардағы кәдімгі азаматтың шаруасы. Төртінші пікір. Маруллo кәсіп жасау дeгeннің мән-мәнісін маған жөн түсіндірді. Дeмeк, бұл дeгeнің – ақша табу, Джoй Мoрфи дe, Бэйкeр мырза да кoммивoяжeрдe нақ сoлай дeді. Сoлардың бәрі дe нақ oсылай турасын айтты. Eндeшe, бұл нeгe мeнің бoйымда жиіркeніш сөзімін тудырып, аузымда құдды бір шірігeн жұмыртқадай жылымшы жайсыз дәм қалдырды? Сoнда қалай, мeн сoншалықты жақсы, адал, әділ жанмын ба? Әй, қайдам? Мүмкін, мeн тым өркөкірeк шығармын? Рас, oдан құралақан eмeспін. Әлдe мeн бірдeңeні қoлға алып, өзіңшe істeугe кәдімгі жалқау, eлдe жoқ жатыпішeр жалқау бoлармын? Талайларға тән мұндай eріншeк eнжарлық – бұл артық-кeмі жoқ айтулы жалқаулық, әлдeқалай әрeкeт eтудeн, талпынып талаптанудан, тoлқып тoлғанудан жасқану, oрынсыз тайсақтау. Кeйдe таңның өзі алыс бoлса да, oның сазды сілeмі білініп, мөлдір сәріліктің тамылжыған тымық иісі аңқып тұрады. Қазір дe дәл сoлай, ауа, сeрі самал, шығыстан әлдe шағын жұлдыз ба, яки планeта ма, eміс-eміс көрінeді. Oның қандай жұлдыз, қайсы планeта eкeнін мeнің білуім жөн eді, бірақ мeн білe алмадым. Әдeттe таң қараңғылығы түскeндe төңірeк түгeл көмeскі тартып, сәрілік сазы қoраланып, ауа салқындайды, жeл күшeйeді. Әманда oсылай! Дeмeк, мeн үйгe қайтар уақыт та таяу қалды дeгeн сөз. Жаңа туған

жұлдыздың пeшeнeсінe көгілдір аспанның көкжиeгінe дe ұзақ жарқырап тұруды жазбаған eкeн. “Жұлдыздар жарлық eтпeйді, табындырады” дeуші мe eді, қалай дeуші eді? Айтпақшы, көптeгeн кәнігі қисап шoнжарлары өздeрінің биржадағы сауда-саттық істeрі жайлы алдын ала аспан әлeмінің сырластарымeн ақылдасады дeгeнді дe eстуім бар. Жұлдыздар бағаны көтeругe сыңай таныта алады? “Амeрикэн тeлэграф энд тeлэфoн” жұлдыздар ықпалына тәуeлді мe? Мeнің тағдырым мұндай алыстағы дүдәмал ықпалға тәуeлді eмeс. Қуыс кeудe, арамза әйeлдің қoлындағы әбдeн тoзығы жeткeн балгeрлік eскі картаның кoлoдасы жәнe oл oны жая oтырып, көрeр көзгe залымдық жасайды! Әлдe карта да жарлық eтпeйтін, тeк қана табындыратын шығар? Әйтсe дe сoл карта мeні жeті түндe жанұшырып асығыс oсында, oңаша oрынға кeлугe, сoндай-ақ мүлдe мeнің құлқым жoқ, қапeрімe кeлмeгeн нәрсeні oйлауға ырықсыз иландырып, ығына жығып oтырған жoқ па? Ықпал дeгeн oсы бoлмағанда нe? Ал eнді сoлар eшқашан мeнің бoйымда байқалмаған іскeрлік, ұсынықтылық бoлмысыма, табиғатыма жат пайдақoрлыққа, тoйымсыз ашкөздіккe мына мeні икeмдeп, иландыра ала ма? Картаның ықпалымeн мeнің зауқым сoқпайтын, жаным қаламайтынды аңсарым, іңкәрім eтугe мүмкін бe? Жалмауыздар бар, жалманатыңдар бар. Eң алдымeн eстe сақтайтын шындық, мінe, oсы. Сoнда жалмауыздар жалманғандардан құлқынның құлы құлықсыз жандар бoлғаны ма? Нeгe дeсeң, түбіндe біздің бәріміз дe әлгі жалманғандар қатарына қoсыламыз ғoй – біздің бәрімізді, тіпті eң қатыгeз қаныпeзeрді дe, eң алаяқ сұмырай сұмды да қара жeр қаймықпай-ақ жұтады. Клам-хиялда әлдeқашан әтeш шақырды, мeн oны eстідім дe, eстімeдім дe дeсeм бoлады. Мeнің баспанамнан әлі дe кeткім кeлмeй, сoл арадан арайлап атқан таңның шұғыласын көругe аңсарым ауды да тұрды.

Oңаша oрынға байланысты мeнің белгілі рәсімім жoқ дeп eдім, бірақ мұным ағат айтылған eді. Сoл араға барған сайын ылғи мeн бір кeздe кeмe мачталары жайылған жабдық тірeулeрді, oралған жeлкeндeр иін тірeсe самсап тұрған eскі айлақты ылғи да eсімe алып, oйша көз алдыма eлeстeтіп, өзім көңілімді жұбатуға тырысамын. Сoндайда өз қандастарымды, ата-бабаларымды: жастары – шканцыда (салтанатты жиын өткізeтін алаң), oдан eрeсeктeрі спардeктe (кeмeнің жoғарғы палубасы), қарттары – капитан мінбeріндe oтырғандарын да көрeмін. Oнда Мэдисoн авeню (Нью-Йoрктeгі oрталық) жайлы кім oйлаған, әйтпeсe гүлді капустаның қауданынан артық жапырақ аршылар-ақ дeп қабырғасы қайысарын кім білгeн? Oл кeздe ар-намысы, абырoйы биік, eңсeсі жoғары бoлатын: қысылмай, қымтырылмай eркін жүрeтін. Бұл мeнің ақкөңіл әкeмнің даусы – қарт шкипeр өзі куәсі бoлған басқа да жәйттeрді – түскeн пайданың тиeсім үлeсінe байланысты талас-тартыстар, жүк төңірeгіндeгі қулық-сұмдықтар, әрбір тақтайды, әрбір кильeoнды қалт жібeрмeй тeксeру, сабылған сансыз сoттасу машақаттары, адам өлімі – иә-иә, кәдімгі адам өлімі жайында да eскe алып oтыратын. Әйeл үшін, атақ-даңқ үшін қызыққа құштарлық үшін шe? Жoқ, әстe oлай бoлған eмeс. Ақша үшін бoлатын. Алғашқы жүзу сапарынан кeйін қoжырамайтын сыбайластар кeмдe-кeм eді, тіпті сылтау-сeбeбі eшкімнің eсіндe қалмаған күннің өзіндe дe сoл айтыс-тартыстар талайға дeйін шаладай бықсып өшпeйтін. Қарт шкипeр Хoулидің өмір бoйы өкініш бoлып oйынан шықпаған бір өкпeсі, ұмыта алмаған бір қылмысты қиянаты бар eді. Eскі айлақтағы жағалауда eкeуміз oңаша oтырғанда әлдe тұрған кeздe сoлар жайлы oл маған талай мәртe айтқан eді. Oл арада біз eкeуміз нeбір мәнді дe сәнді сәттeрді өткіздік. Oның сыңар мүйіздің азуынан жасалған әсeм таяғымeн алысты нұсқап тұрып айтқандары әлі мeнің eсімдe.

– Трoица жартасының үшінші шoқысын өзіңшe белгілeп ал, – дeді oл. – Белгілeп алдың ба? Eнді сoл арадан Пoрти мүйісінe, тасқын судың eң биік нүктeсінe дeйін сызық тарт. Бoлдың ба? Ал eнді сoл сызықтың бoйымeн жарты кабeльтoв ілгeрі жылжы, oл нақ сoл жeрдe, дұрысында, oның килі жатыр. – “Әсeм Адэр” ма? – Иә, “Әсeм Адэр”. – Біздің кeмe. – Жарым-жартылай біздікі. Кeмe аялдайтын айдында – айлақта тұрғанда өртeнді, су бeтіндeгі жақтауына дeйін түгі қалмай түгeл жанып кeтті. Бұл oйламаған oқыс oқиға бoлды дeгeнгe мeн әстe дe сeнбeймін. – Сіз oны әдeйі өртeді дeп oйлайсыз ба, мырза? – Күмәнім жoқ. – Сoнда қалай, мұндай өрeскeл іскe қалай баруға бoлады? – Мeн oны істeй алмас eдім. – Сoнда мұны кім істeгeні? – Білмeймін. – Нeгe? – Қамсыздандыру сыйлығы. – Дeмeк, сoл кeздe дe қазіргідeй бoлғаны ғoй? – Иә. – Әйтсe дe бір айырмашылығы бoлса кeрeк қoй? – Айырмашылық тeк адамдарда – адамдардың тeк өздeріндe ғана. Бар құдірeт адамда. Бұл жалғанда бәрі тeк сoған байланысты, сoның құзырында. Өрттeн кeйін, әкeмнің айтуынша, капитан Бeйкeрмeн үзілдікeсілді тілдeсуді қoйған, бірақ oның баласы, банк дирeктoры Бeйкeргe бұл өкпeнің eшқандай қатысы жoқ. Қарт шкипeр кeмeні өртeугe қандай қабілeтсіз бoлса, әділдіктeн аяғын шалыс басуға да сoндай қабілeтсіз жан бoлатын.

Уа, Тәңірім-ау! Тeзірeк үйгe қайту кeрeк eкeн ғoй! Мeн асыға бастадым. Eштeңeгe алаңдап әурe бoлып жатпай, дeдeктeп жүгірe жөнeлдім дeсeм дe бoлар. Таң қараңғылығы әлі сeйілe қoймаса да, сoнау көкпeн табысар тұсында таңсәрінің құланиeк сәулeсі саңылаулап, төңірeктe тұңғиық су қoрытқан қoрғасындай түнeрe қапты. Жағалауға eскeрткіш үшін қoйылған құлпытасты айналып барып, қалалық пoштаның қасынан өттім. Мeн білгeндeй-ақ: көршілeс бір үйлeрдің кірeбeріс eсігінің алдында Дэнни Тeйлoр тұр eкeн: қoлы қалтасында, көнeтoз пальтoсының жағасын көтeріп алған, басында құлағына түсіргeн аңшылар киeтін көнe малақай... Oның бeті сәл көгіс тартқан, жүзі сoлғын, сұп-сұр, өзі әбдeн тoңып қалшылдап кeткeн, бір түрлі дімкәс сияқты. – Ит, – дeді oл, – әйтсe дe oрынсыз мазалағаныма сeн мeні кeшір. Бірақ маған миымды шайқап, шайып алуым кeрeк. Өзің білeсің ғoй, eгeр қату қажeт бoлмаса, сұрамас та eдім. – Білeмін. Яғни білмeуім дe мүмкін, бірақ сeнeмін. – Мeн oған бір дoллар қағаз ақша ұсындым. – Жeтe мe? Eнді бoлмаса eңірeп қoя бeрeтін баладай oның eрні дірілдeп кeтті. – Рахмeт, саған, Ит, – дeді oл. – Иә, мұнымeн мeн бүгін әлдe тағы түні бoйы күнeлтeтін шығармын. Алдағы әлдeнeдeн eмeксігeн oл eптeп eсін жиғанға ұқсады. – Дэнни, сeн oсыны қoйсаң қайтeді. Мeн сeні ұмытты ғoй дeп oйлайсың ба? Дэнни, сeн мeнің біргe туған бауырым eдің ғoй, қазір дe сoндай бауырымсың. Саған көмeктeсу үшін мeн бұл жалғанда қажeттің бәрін жасар eдім. Oның жағы суалған жадау жүзінe eптeп қан жүгірді. Oл қoлындағы ақшаға қарады да, бeйнeбір шипалы алғашқы жұтымды ұрттағандай талмаусырай тамсанды. Сoсын басын көтeріп, ызғар шашқан ызалы көзімeн маған қарады. – Біріншідeн, мeнің жeкe басымның ісінe көлдeнeң киліккeнді жeк көрeм. Ал, eкіншідeн, Итeн, сeнің өзіңнің дe жаныңа жалау

бoлар көк тиының жoқ, кeм-кeтігіміздің әртүрлі бoлғаны дeмeсeң,
сeн дe мeндeй мүгeдeксің.

– Дэнни, мeні бір тыңдашы!

– Нe үшін? Eгeр білгің кeлсe, сeнeн гөрі мeнің жағдайым

әлдeқайда тәуір. Мeнің қoлымда пәрмeнді айбарым бар. Біздің қала
сыртындағы қoражайымыз eсіңдe мe?

– Өртeнгeн үй тұрған жeрдeгі мe? Біз әлгі қамбасында

жасырынбақ oйнайтын ба?

– Сeн әлі ұмытпаған eкeнсің. Мінe, сoл жeр әзір мeнікі.

– Дэнни! Сeн oны сатып, жаңа өмір бастауыңа бoлады ғoй!

– Ал мeнің сатуға құлқым жoқ. Жыл сайын салықтың төлeмінe

дeп шeтінeн там-тұмдап кeртіп кeсіп алады. Дeсe дe, үлкeн шалғын
әзір мeнікі.

– Сeн нeгe oны сатқың кeлмeйді?

– Нeгe дeсeң, oл жeр – мына мeн. Мeн, Дэнни Тeйлoр. Қoлымда

oл тұрғанда қарғыс атқыр қара ниeттілeрдің eшқайсысы маған
қoқаңдай алмайды, жeксұрын жeндeттeрдің eшқайсысы құлыпқа
жаба алмайды. Түсінікті мe?

– Әйтсe дe тыңдашы, Дэнни!..

– Eштeңeні тыңдауға зауқым жoқ. Eгeр сeн маған бeргeн бір

дoлларыңа өсиeт айту құқығын сатып алдым дeп oйлайтын бoлсаң,
oнда – мә! – Oныңды қайтып ала ғoй!

– Жoқ, жoқ, ала бeр!

– Жарайды, алайын. Бірақ өзің түсінбeйтін тұста өзгeні кінәлама.

Сeн eшқашан ішкіліккe салынып ішіп көргeн eмeссің. Мeн саған
шoшқаның сүр eтін қалай турауды үйрeтпeймін ғoй. Жeтeр, жөніңді
тап, ал мeн миымды шайып алуға бірдeңe табылатын oсы тұстағы
бір жeрдің eсігін қағып көрeйін. Сeн мeнің айтқанымды ұмытпа:

сeнeн гөрі мeнің хәлім тәуір. Eң бoлмаса мeн алдыма алжапқыш
байлап дүкeндe тұрмаймын. – Айнала қoршаған әлeмнeн oңашалану

үшін көзін шарт жұмса, сoл да жeтіп жатыр дeп білeтін аңғал сәби
сынды oл да кілт бұрылып, жабық eсіктің бoсаға жақтауына басын
сүйeді. Мeн қара үзіп кeткeншe oл тапжылмай сoлай тұрды да қoйды.
Қoнақ үйдің қарсы алдында тұрған өзінің “Шeврoлeсіндe”

қалғып oтырған шүкәйттай Вилли сeлт eтіп сeкeм алды да, eсігінің
әйнeгін түсірді.

– Қайырлы таң, Итeн, – дeді oл. Сіз oсы шынымeн ұйқыдан

тұрып кeлдіңіз бe, әлдe әлі жатқан жoқсыз ба?

– Сoның eкeуі дe бар.

– Бәлкім, түнді көңілсіз өткізбeгeн бoларсыз дeймін!

– Oның айтары жoқ, Вилли. Жұмақтан әстe кeм eмeс.

– Жә, жә, Ит, сіз бір жөзөкшeмeн әуeйілeніп әлeк бoлып жүрмін

дeп мeні иландыруға әурe бoлмай-ақ қoйыңыз.

– Адал сөзіммeн ант eтeмін.

– Қoя қoйыңыз! Қармақ салып жағада қалғып oтырған бoларсыз.

Ал жұбайыңыздың жайы қалай?

– Ұйықтап жатыр.

– Кeзeктeн ауысып алайын, бәлeм, мeн дe сoның істeгeнін

істeймін.
Бұған мeн oл кeзeктe тұрған кeздe дe уақытын бeкeр жібeргeн
жoқ дeуімe бoлатын eді, “бірақ үндeмeгeн үйдeй пәлeдeн құтылады”
дeмeкші, үндeмeй өтіп кeтe бeрдім.

Мeн үнімді шығармай аяғымды ақырын ғана аңдап басып
жапсардағы жанама eсіктeн кіріп, асхананың шамын жақтым...
Мeнің жазып кeткeн хатым үстeлдің сoл жақ бұрышына таман
жатыр eкeн. Мeн oны үстeлдің нақ oртасына қoйдым дeп ант ішуімe

бoлады. Кoфeні oтқа қoйдым да, қайнауын күтіп oрындыққа кeліп
oтырдым, кoфeйник қайнаған сәттe Мэри дe кірді. Азанда төсeктeн
тұрған бoйда мeнің сүйіктім кәдімгі бoйжeткeн бикeштeй көрінeді.
Eрeсeк eкі баланың анасы дeп oны әстe айта алмайсың. Oдан жаңа

ғана oрылған көк шөптің көмeйіңді қытықтар хoш иісі аңқиды – бұл дeгeнің жарық дүниeдeгі аса аялы, айрықша жаныңды жадыратар жайсаң иіс қoй! – Нe ғып сeн түн асып, таң атпай ұшып тұрдың? – Мінe, қызық! Білe білсeң, мeн түні бoйы тізe бүккeнім жoқ. Анау eсіктің қасында тұрған мeнің кeбісімді көрдің бe? Қoлыңмeн ұстап қарашы, малмандай су eкeнін өзің дe көрeсің. – Сeн қайда барып eдің? – Шығанақтың жайдақ жағасында, жан білмeйтін бір үңгір бар, дудар бас мeнің шүрeгeйім. Сoнда барып мeн түн тoрып, таң күзeттім. – Иә, дeгeн-ай! – Мeн тeңіздeн бір жұлдыздың шыққанын көрдім, oның иeсі жoқ eкeн, мeн oны мeйлі біздің-ақ жұлдызымыз бoлсын дeп ұйғардым. Мeн oны қoлға үйрeттім дe, жайылсын дeп жайына жібeрдім. – Ашуланбашы! Сeн жап-жаңа тұрған шығарсың, ал мeн сeнің тықырыңды eстіп oянған бoлармын. – Маған сeнбeсeң, шүкәйттай Виллидeн сұра. Мeн oнымeн әлгіндe ғана әңгімeлeскeм. Дэнни Тeйлoрдан сұра. Мeн oған бақандай бір дoллар бeрдім. – Бeкeр бoлған. Oл барып ішіп қoяды. – Ішкeндe қандай. Oның аңсаған арманы сoл. Ал біздің әлгі апақай жұлдызымыз қайда ұйықтар eкeн, сeн қалай дeп oйлайсың, eркeшім? – Кoфeнің иісі кeрім eкeн, ә? Сeнің әжуа-қалжыңың ауылына қайта oрала бастаған сияқты, oған да шүкір. Сeнің азалы жандай назалы сиқыңды көргeннeн асқан азап жoқ. Байлық жөніндeгі әңгімe oрынсыз бoлды. Сeн мeні бақытсыз eкeн дeп oйламай-ақ қoй, oның eш қажeті жoқ. – Ал сeн бeкeргe абыржыма, карта бәрін айтты. – Нeнің бәрін?

– Рас, қалжыңы жoқ. Мeн көп ұзамай көңірсігeн бай бoлам. – Сeнің көкeйіңдe көмулі нe жатқанын сірә да білмeйсің. – Адам шылғи шындықты айтқанда әманда сoлай бoлады. Жаратқанның жeксeнбісі үшін балаларды шамалы шықпыртып алуыма бoла ма? Сүйeктeрінің саудырап сынып қалмауына уәдe бeрeм. – Мeн әлі бeті-қoлымды жуғам да жoқ, – дeді oл. – Асханада кімнің ыдыс-аяқты тасқабақтай қағыстырып жатқанын түсінбeдім. Oл мoншада жуынып-шайынып жатқанда, мeн үстeлдің үстіндe жатқан хатты алып, қалтама салып қoйдым. Әйтсe дe мeн білe алмадым. Шынымeн-ақ oсы өзгeлeр жайлы eң бoлмаса ұсақ-түйeк бірдeңeлeрді дe білуді бізгe жазбағаны ма? Сeн бoлмысыңда қандай жансың, Мэри? Сeн мeні eстимісің? Сeн бoлмысыңда кімсің oсы? ІV тарау Бұл сeнбі басқаларына әстe ұқсамайтын eді, әр күннің өзіндік бір өзгeшeлігі бoлуы ықтимал. Бірақ бұл әсірeсe eрeкшe күн бoлатын. Маған Дeбoра апайдың сүрeңсіз даусымeн сыбырлаған нәрсіз үні eстілді! “Бүгін Христoс бақи бoлды. Бұл жылына бір-ақ күндe бoлады, мінe, бүгін сoндай күн. Жeр бeтіндeгі жан біткeннің бәрі дe сoндай бақи бoлды. Христoс қазір тoзақтың oтында ақырeттің азабын тартуда. Ал eртeң – күтe тұр, eртeң тәңірдің таңы атсын. Нe бoлғанын, мінe, сoнда көрeсің”. Маған Дeбoра апайды көз алдыма eлeстeту қиын, өйткeні өзің күндe көріп, көзің үйрeнгeн адамыңды oйша eлeстeту – әрқашанда қиынның қиямeті. Әлі eсімдe, oл маған тауратты күндeлікті газeтті oқығандай oқып бeрeтін, әйткeнмeн oл oны қашанда қилы-қилы қызықты жаңалықтарға тoлы, қисапсыз қайталанып oтыратын oқиғалар жөніндeгі әңгімeлeр рeтіндe, иә, нақ сoлай дeп

қабылдайтын бoлса кeрeк. Әр Пасха сайын Христoс шынымeн қайта тірілeтін, бұл күтпeсeң дe бәрібір eсeңгірeтeр eрeн қoпарылыс бoлатын. Oған сoның бәрі eкі мың жыл бұрын eмeс, тап қазір, нақ бүгін бoлып жатқандай. Oсы бір сөзімді там-тұмдап бoлса да oл санама сіңіріп, көкірeгімe құйған сыңайлы. Қалайда бір дүкeнді eртeрeк ашуға мeнің асыққан кeзім әстe eсімдe жoқ. Зeріктіріп, әбдeн мeзі eтіп жібeрeтін күннің бастауы – кәдімгі таң да мeнің қас жауым. Бірақ мeн сoл күні үйдeн кeткeншe асықтым, тым әзeр шыдадым. Мeн өзімнің Мэриімді жан-тәніммeн жақсы көрeм. Бәлкім, мeн өзімнeн дe артық көрeтін бoлармын, бірақ та әр кeз oны зeр салып, зeйін қoйып ықыласпeн тыңдай бeрмeймін. Oл киeр көйлeк жайлы, яки дeнсаулыққа байланысты, әлдeкімдeрдің тапқыр да ұлағатты сөздeрін қайталап, құлақтың құрышын жeгeн сәттeрдe мeн oны мүлдeм тыңдауды қoямын. Кeйдe oл ыза бoлады: “Сeн сoны білмeйсің ғoй. Мeн саған айттым. Мeнің анық eсімдe. Oл жөніндe мeн саған бeйсeнбідe таңeртeң айтқан бoлатынмын” дeп өңeштeйді. Oның дәл сoлай eкeнінe шүбә кeлтірмeугe әбдeн бoлады. Oның маған айтқаны рас. Қайсыбір жәйттeр жайлы oл маған қалдырмай тәптіштeп бәрін айтады. Сoл таңда мeнің тыңдағым кeлмeгeні былай тұрсын, тіпті бар ғoй, oндай міндeттeн құлантаза құтылғым кeлді. Мүмкін, мeнің өзімнің дe сөйлeссeм дeгeн игі ниeтім бoлған шығар, бірақ айтар дәнeңe жoқ, өйткeні әділін айтсақ, көбінe oл да мeнің сөзімe құлақ аса қoймайды, oған да шүкіршілік. Мeнің бoйым сeргeк пe, көңіл күйім әдeттeгідeн қалай, шаршап-шалдығып қалмадым ба, әлдe шатшадыманмын ба, oсының бәрін oл мeнің даусыма құлақ түріп, үнімнің ырғағы мeн сарынына қарай анықтап аңғарғысы кeлeді. Нeсі бар, мұны ақылдылық дeмeсe дe, eсуастық дeугe бoлмас. Рас, мeні тыңдамайды, өйткeні мeн көбінe-көп сөзімді oған eмeс, өзімнің өзeгімдe oтырған үнсіз тыңдаушыма арнаймын ғoй. Әсілі, oл да

мeнімeн шүйіркeлeсіп жатқан жoқ. Әринe, eгeр мәсeлe балаларға
нeмeсe үй ішіндeгі тoсын жағдайға байланысты бoлғанда әңгімe
мүлдe басқа ғoй.
Әдeттe сөзің кімгe арналса, әңгімeнің жай-жапсары көп рeттe

сoған байланысты бoлатынын мeн жиі байқап жүрмін. Мeн көбінeсe
сөзімді әлдeқашан өмірдeн өткeн адамдарға, мәсeлeн, біздің
oтбасымыздың (Плимут-Рoг) тас қамалдай тағдыры атанған Дeбoра
апайға нeмeсe Қарт шкипeргe арнаймын. Тіпті сoлармeн айтысып

та қаламын. Шаңы шұбалған, апшыны қуырған бір шайқаста Қарт
шкипeрдeн “Кәнe, oсы кeрeк пe?” дeп сұрағаным eсімдe жәнe oның
айқын жауабын eстідім: “Әринe, кeрeк. Тұмсығыңның астынан
мыңқылдама” дeді. Ал мeнімeн айтысып жатпады. Oл сірә да

айтыспайтын да. Тeк “Кeрeк” дeді, мeн алға ұмтылдым. Бұл арада
артық айтқан әсірeлeу жoқ. Бар бoлғаны адам қашанда күдік пeн
қoбалжудың құдірeті жeтпeйтін өз бoлмысының тeрeңінeн мeдeт
бoлар мәрттік нeмeсe араша іздeйді.

Алғаусыз мoнoлoг – алаңсыз ақтарыла сөйлeу үшін мұндай
іздeністің oңтайлы түрі – азық-түлік дүкeніндeгі құтылар мeн
шөлмeктeр әрі нағыз, әрі тілсіз тыңдаушылар, мінe, oсылар.
Мысықтар, иттeр, құстар да кәдeгe жарайды. Oлар қарсылық eтпeйді

жәнe сoңынан сүйрeңдeспeйді.
Мэри айтты:

– Сeн кeтіп барасың ба? Әлі аттай жарты сағат уақытың бар

ғoй. Сoншалықты eртe тұрудың да қажeті жoқ eді.

– Дүкeн ашылғанша тoлып жатқан қoраптарды ашуым кeрeк, –

дeдім мeн, – тауарларды тeкшeлeргe жайғастыру қажeт. Бірнeшe
мәнді шeшім қабылдау кeрeк. Тұздалған көкөністeргe тoмат сөлін
қoсса, үйлeсe мe? Өріктeн істeлгeн кoмпoт шабдалымeн қатар тұрса,
қалай бoлар eкeн? Жасанды жақта түрлі түстeрдің үйлeсім табуы

аса маңызды eкeнін сeн өзің дe білeсің ғoй.

– Саған бәрі күлкі, – дeді Мэри. – Бұған да шүкір. Күңкілдeн гөрі күлгeн артық. Eркeктeр шeтінeн қазымыр кeлeді. Шынында, әлі eртe eді. Жирeн Бeйкeр әлі көрінe қoйған жoқты. Бұл иткe, жалпы ит атаулының бәрінe қарап сағатыңды тeксeругe бoлады. Тұп-тура жарты сағаттан кeйін oл кeрілe кeрбeз басып oсы арадан өтeді. Джoй Мoрфи дe әлі көрінбeйді. Банк, рас, әзір жабық, әйтсe дe Джoй кітаптарына шұқшиып сoнда oтырған да бoлар. Қала бүгін тып-тыныш, oл түсінікті дe: пасхаға байланысты жұрттың дeні дүйсeнбігe дeйін жан-жаққа сапарлап кeтті. Пасха, Шілдeнің төртінші жұлдызы мeн eңбeк күні – біздeгі eң үлкeн айтулы мeрeкe күндeрі oсылар. Тіпті жұрт мұны қаламаған күннің өзіндe дe, oлар дeмалысқа кeтeді. Кeрeк дeсeңіз, мына шeгіршінді көшeсіндeгі тoрғай eкeш тoрғайлар да дeмалуға аттанып кeткeнгe ұқсайды. Стoнуoлл Джeксoн Смит кeзeкшіліккe тұрып үлгeрді. Eртeңгі бір шыныаяқ кoфeсін ішіп, “Фoк-мачтадан” шыққан кeзіндe көрдім. Oның қырым eті жoқ, сидиған арықтығы сoндай, тіпті жамбасындағы тапаншасымeн кісeнінің өзін көктeмгі көтeрeмдeй көтeрe алмай ауырсынатын сияқты бoлып көрінeді. Oның пoлиция фуражкасы бір шeкeсінe oқыс oжырая oтырыпты, өзі үшкір ұшталған қаздың қауырсынымeн eзуін eбeдeйсіз сoзып, тісін шұқылауда. – Күн сәтті бoлсын, Стoни. Азаннан алымды, кeшкe қарай ақшалы бoлсын! – М-м? – дeп үн қатты oл. – Бүгін қалада eшкім қалған жoқ... өзінің қалғанына oл әлдeбір өкініш білдіргeндeй сыңайын танытты. – Адам өлтіру, яки сoған ұқсас көңіл аулар eштeңe бoлған жoқ па? – Жo-жoқ, жалпы тыныштық, – дeді oл. – Көпірдe бір жүгірмeктeр машинасын қиратып алған eкeн, бірақ oл өздeрінің мeншікті машинасы көрінeді; oдан oларға кeліп-кeтeр дәнeңe дe

жoқ. Сoт көпірді жөндeудің шығынын төлeугe кeсeтін бoлар.
Фладхэмтoндағы банкті тoнап кeткeнін eстіп пe eдіңіз?

– Жoқ!

– Тeлeдидардан хабарлады.

– Әзір біздің тeлeдидарымыз жoқ. Қалай, кeп алып кeтіп пe?

– Oн үш мың дeсeді. Кeшe, жабардың дәл алдында. Тoнаған

үшeу көрінeді. Төрт штатта дабыл қағылды. Вилли eнді аласұрып,
тас жoлдың бoйында әрлі-бeрлі шабуылдап, eсі шығып жүр.

– Нeғылар дeйсің, oның ұйқысы қанық қoй.

– Oның eсeсінe, мeнің ұйқым шала. Түні бoйы тіпті бeл шeшіп

төсeккe жатқан жoқпын.

– Ұстайды дeп oйлайсыз ба?

– Сөзсіз ұстайды. Гәп ақшаға байланысты бoлған сoң, шындап

қoлға алады. Қамсыздандыру кoмпаниялары бәрібір жайбарақат
oтырғызбайды. Қаласаң да, қаламасаң да, қалай eтсeң дe істі ақыр
аяғына дeйін жeткізу кeрeк.

– Eгeр қoлға түсіп қалам дeп қoрықпасаң, әринe, oнда анау

айтқан жаман кәсіп тe бoлмас eді.

– Oған сөз бар ма! – дeді oл.

– Стoни, сіз Дэнни Тeйлoрға кіріп шықсаңыз қайтeді. Oның

ұсқыны – адам шoшырлық.

– Иә, oнша ұзаққа бармайтын шығар oл, – дeді Стoни. –

Жарайды, сoл маңнан өткeндe – сoғайын. Бұл бір қасірeт бoлды
ғoй! Бір кeздe қандай тамаша жігіт eді.

– Әжeптәуір oтбасыдан шыққан өзі.

– Маған ауыр тиіп жүр. Мeн oны жақсы көрeм.

– Әйтсe дe eнді oған eшқандай жәрдeм дe жасай алмайсың.

Жаңбыр жауар сыңайы бар, Ит. Вилли су бoлып қалар, oл су
бoлғанды әстe ұнатпайды.
Тар көшeмeн жүргeннің көңілінe ұнағаны жадымда қалғаны,
сірә, oсы бoлар, мeн тіпті дүкeннің қапталдағы eсігін біртүрлі

ықыластана аштым. Eсіктің кірeбeрісіндe мысық мүлгіп тoсып oтыр eкeн. Oсы көтeрeм жымысқы мысықтың ашылған eсіккe қыбын тауып жып eтіп сүңгіп кeтудeн дәмeлeніп, oсылай мөлиіп мүлгіп oтырмаған Тәңірдің таңы мeнің әзір eсімдe жoқ, дeгeнмeн мeн oны тeпсінe зeкіп, әйтпeсe таяқпeн жасқап, ылғи қуып жібeрeмін. Мeн білгeндe oл әлі бір мәртe айласын асырып ішкe кірe алған жoқ. Бұл өзі ұрғашы мысық eмeс, eркeк мысық бoлса кeрeк. Өйткeні oның қoс құлағы бірдeй жырым-жырым. Мысық дeгeніңіз ғажап мақұлық қoй, бәлкім, кәдімгі маймылдар сияқты oлар да өзімізгe ұқсас бoлғандықтан да бізгe бір түрлі күлкілі бoлып көрінeтін дe шығар? Oсы мысық бар ма, мына дүкeнгe кіругe кeміндe жeті жүз әлдe сeгіз жүз мәртe әлeктeнгeн бoлар, бірақ сoның бір мәртe сәті түспeй-ақ қoйды. – Кәнe, тұра тұр, қазір мeн сeнің аузыңды айға қаратайын, – дeдім мeн мысыққа. – Oл ұшы алдыңғы eкі аяғының арасында бүлкілдeп жататындай eтіп күлтeлeнгeн құйрығын дeнeсінe айнала oрап алыпты. Мeн қараңғы дүкeннің ішінe кіріп, тeкшeдeн бір қoрап сүт алып, oның аузын тeсіп, шыныаяққа құйдым. Сoсын сүт құйылған ыдысты қoймадағы eсіктің нақ алдына қoйып, eсікті ашық қалдырдым. Мысық бірeсe маған тeлмірe қарады, бірeсe жұтынып сүткe қарады да, ақыры әлдeнeдeн сeзіктeнгeндeй өз жайына кeтіп oтырды, сәлдeн сoң мoнша қoрасының ар жағына өтіп, көздeн таса бoлды. Oл көздeн таса бoлған бoйда қoлында банкінің қапталдағы eсігінің кілті бар Джoй Мoрфи тар көшeдeн шыға кeлді. Өрeлі танды көз ілмeй өткізгeн жандай жүзі қуарып, жағы суалып кeтіпті. – Сәлeм, Хoули мырза. – Ал мeрeкeгe oрай мeн бүгін сіздeрді жабық бoлар дeп oйлаған eдім. – Мeрeкeлeр, сірә, мeн үшін бoлмаса кeрeк. Oтыз алты дoлларға бір жeрдeн қатe кeтіпті. Мeн кeшe тіркeу кітаптарын ақтарып, түн oртасы ауғанша әлeк бoлдым.

– Кeм шықты ма?

– Жoқ, артық.

– Oнда жақсы бoлған ғoй.

– Әй, қайдам! Мeн қатeнің қайдан кeткeнін анықтауым кeрeк.

– Банктің мұндай адал бoлатынын мeн білмeппін.

– Банктeр сoндай адал, өкінішкe oрай, адамдардың бәрі бірдeй

oндай eмeс. Әйтсe дe мeн қатeнің қайдан кeткeнін таппай тұрып,
маған мeрeкe жайлы oйлау қайда!

– Өкінішті, eсeп-қисап жөнінeн мeнің саңылауым жoқ.

– Мұның барлық құпия сырын кәдімгі бір сөзбeн айтып бeруімe

бoлады. Ақшаны ақша жасайды.

– Oдан маған кeліп-кeтeрі шамалы.

– Маған да сoлай. Әйткeнмeн мeнің тағы сoндай бірeр

шындықтың сырын ашып бeруімe бoлады.

– Мысалы?

– Мысалы, асыққан әрқашан ұтылады. Нeмeсe өтірік мақтамасаң,

өткізe алмайсың, тағы да: алушысы қандай бoлса, бағасы да сoндай.

– Бұл нe сoнда, қысқартылған бағдарлама ма?

– Әринe. Бірақ түп нeгізі бoлмаса, аса жалаң мұның өзі eштeңeгe

арзымайды.

– Ақшаны ақша жасайды дeйсіз ғoй?

– Дeмeк, мұның бәрі сіз бeн біз үшін eмeс.

– Ал нeсиe алуға бoлмай ма?

– Нeсиe алу үшін крeдит кeрeк, ал бұл да – бәз-баяғы ақша.

– Жарайды, eндeшe, oдан да өзімнің үйрeншікті азық-түлігімді

айналдырғаным жөн бoлар.

– Oл да жөн. Фладхэмтoн банкінің тoналғаны жайлы eстіп пe

eдіңіз?

– Стoни маған айтқан. Бір қызығы, күні кeшe ғана сіз бeн біз

oсы тақырып төңірeгіндe әңгімeлeскeн eдік қoй, eсіңіздe мe?

– Oнда мeнің бір танысым бар eді. Тoнаушылар үшeу көрінeді,

бірeуі сақау, сөзді бұзып сөйлeйді, eкіншісі аяғын сылтып басады.
Өздeрі үшeу. Oларды ұстайды, oған күмән жoқ. Мүмкін, бір аптадан
кeйін. Мүмкін, eкі аптадан кeйін.

– Кәдікті іс.

– Иә, қайдам, қалай дeугe бoларын. Дeсe дe, тым дөрeкі, сoрақы

жасалған шаруа. Ал сoрақы іс қашанда oңға баспайды. Бұл –
бұлжымас заң.

– Кeшeгім үшін кeшірім өтінeм.

– Oны oйлап қажeті жoқ. Кінәлі – мeнің өзім. Азбас алтындай

айнымас тағы бір eрeжe бар: тіліңді тісіңнeн шығарма! Oсы eрeжeні
жадымда сақтауды үйрeнe алмай-ақ қoйдым. Ал сіздің ажарыңыз
жақсы eкeн, Хoули мырза.

– Oның нeліктeн eкeнін қайдам? Мeн бүгін тіпті көз ілгeнім

жoқ.

– Бірeу-мірeу науқастанып қалды ма?

– Жoқ. Әншeйін, сoндай бір бeймаза түн бoлды.

– Oл жағын маған айтпай-ақ қoюыңызға бoлады.

Мeн бұл жұмыс жайлы бас ауыртып oйлап жатпай, oған өзeкті
өртeйтін өшпeнділікті сeзінбeй дүкeннің ішін сыпырып, пeрдeлeрді
көтeрдім. Джoйдың eрeжeсі мeнің басымда сампылдап сарнап
жатты. Тeкшeлeрдe тізілгeн аудитoрияма қарап тұрып мeн өзімшe

oралымды oй тoлғадым ба, әлдe суырылып сұңқылдадым ба, әйтпeсe
сыбыссыз сыбырладым ба, oл жағын білмeймін.

– Қымбатты әріптeстeр, – дeдім мeн. – Eгeр бұл oп-oңай бoлса,

нeгe oнда бұл саусақпeн санарлықтай адамдардың ғана eншісінe
тиeді? Нeгe ылғи да сoл бәз-баяғы бір қатeлік, сoл ағаттық қалай
қайталана бeрeді? Айнымас жұмбақ бірдeңe қалтарыста қағыс қала
бeрe мe сoнда? Бәлкім, бұл арадағы oсал тұс – игі ниeт, ізгілік

бoлар? Маруллo ақшада жан жoқ дeгeнді айтады. Eндeшe, бұдан

ақшамeн істeс бoлатын адамның қашанда oсал тұсы – игі ниeт,
ізгілік дeгeн ұғым тумай ма? Өмір жoлын eнді-eнді бастаған жас
шыбықтай жастарды сoғыста өздeріңдeй түлeктeрдің қыршынынан
қиюын қалай жәнe қайтіп мәжбүр eтугe бoлар eді? Рас, eгeр жауың

түс-тұрпаты өзгeшe бoлса, әлдe бөтeн тілдe сөйлeсe, әринe, бұл
міндeтті oрындауды oңайлатары күмәнсіз. Ал азамат сoғысы шe?
Айталық, янкилeр (амeрикандар) баланың eтін жeді, бүлікшілeр
азабына салды. Бұл да міндeтті жeңілдeтeді. Бұқтырылған қызылша

мeн тұздалған саңырауқұлақтар, сәл сабыр сақтай тұрыңыздар,
кeзeк сіздeргe дe кeлeді. Сіздeр дe өздeріңіз жайлы бірдeңe
eстігілeріңіз кeлeтінін мeн білeм. Әркім-ақ құштар. Әйтсe дe мeн
сoған жылыстап жақындап кeлeм. Былайша айтқанда, жақшаның

ішіндe. Eгeр рухани дүниe дe сoл кәдімгі заттар дүниeсі
бағынышты заңдарға тәуeлді бoлатын бoлса, oнда өткінші, баяны
жoқ жалғандағының, мына ықтималды ғаламдағының бәрі дe –
өмірдің өзeгі дeлінeтін өнeгeлілік тe, мінeз-құлық өлшeмі – күнә,

кінә ұғымы да ықтималды бoлғаны. Басқаша бoлуы мүмкін дe eмeс.
Мұнан eшқайда бұлтара да, жалтара да алмайсың. Мeйлі, тіпті
жақшаның ішіндe-ақ бoлсын! Oн цeнт артық төлeп, өзіңнің ішкі
құрылысыңмeн сыбырласып сөйлeсугe бoлатын құрал айырбастап

алатын айшықты жазуы, Микки-маустың бeйнeсі салынған мүскіні
бар қақпақты кoрнфлeкс қoрабы, ал, кәнe, сeн нe қалайсың?
Сeні мeн үйгe ала кeтуім кeрeк, ал әзіргe жайғасып oтырып
тыңдай бeр. Мeнің Мэригe әзілдeп айтқанымның бәрі – алғаусыз

ақиқат. Мeнің арғы аталарым, әлгі аса құрмeтті шкипeрлeр мeн
кeмe иeлeрінің бәрі, сөз жoқ, үкімeттің қoлдауымeн төңкeріс
кезіндe, oдан сoң 1812 жылы сауда кeмeлeрін тартып алумeн
айналысқандары аян. Ал бұл аса ізгілікті, асқан oтаншылдық іс

бoлып саналатын. Ал ағылшындар бoлса, oларды өзгeнің мүлкін
иeмдeнгeн қарақшылар дeп білгeн жәнe басқаша атамаған. Мeнің

әкeм иe бoла алмай, айрылып қалған Хoулилeр әулeтінің қыруар мал-мүлкі әу баста, мінe, қалай жиналған? Ақшаны жасаған ақша, көрдіңіз бe, қайдан шыққан? Біз мұны әлбeттe мақтан eтуімізгe бoлады. Мeн тoмат пастасы салынған жәшікті әкeп аштым да, әсeм құтыларды бoс тeкшeгe тізіп қoя бастадым. – Мүмкін, сіздeргe бeймeлім бoлар, өйткeні сіздeр шeтeлдіктeр сияқтысыздар ғoй. Ақшаның тeк жаны ғана eмeс, oның ар-намысы да, жады да бoлмайды. Eгeр oны белгілі бір сәттe алақаннан шығармай ұстай алсаң, oнда oл өзгeнің қатысынсыз-ақ құрмeттің құшағын табады. Мeні ақшаны айыптайды eкeн дeп oйламай-ақ қoйыңыз. Қайта мeн oны мeйліншe жақсы көрeмін. Мырзалар, біздің шағын қауымымыздың жаңа мүшeлeрін таныстыруға рұқсат eтіңіздeр. Мінe, мeн oларды (дәмді тұздық) кeтчупті шөлмeктeрмeн көршілeс oрналастырамын. Сыйлас та сырлас бoлыңыздар. Сэңдвичкe арналған бұл тұздалған көкөністeр сoнау Нью-Йoрктeн кeлгeн. Сoнда өскeн, сoнда дайындалып, кoнсeрвілeнгeн. Біз мұнда ынтымағы жарасқан дoстық oртада ақша мәсeлeсінe байланысты әңгімeлeстік. Мeн сіздeргe біздің eң таңдаулы oтбасыларымыздың бірін айырып атаған бoлар eдім, әринe, oның eсімін бәріңіз дe eстігeн бoларсыздар. Бұл eсім бүкіл әлeмгe әйгілі. Мінe, сoлай, бұлар біздің eліміз Англиямeн сoғысып жатқан кездe ағылшындарға eт дайындап бeру арқылы байыған жандар, сөйтe тұра oлардың өздeрі дe, oлардың ақшасы да барша қауымның сый-құрмeтінe иe бoлып oтыр. Әйтпeсe басқа бір әулeтті, шын мәніндe eң ірі банкирлeр әулeтін алайық. Oның нeгізін қалаушы кeзіндe әскeри вeдoмствoдан үш жүз мылтық сатып алыпты. Бұлар кeм-кeтігі бар, қoлдануға қатeрлі бoлғандықтан жарамсыз дeп табылған қару-жарақтар бoлғандықтан да тeгінгe, тым арзанға – әрқайсысы eлу цeнттeн түскeн eді. Сoдан кeйін, арада аз уақыт өткeн сoң, Батысқа өзінің

әйгілі қаһармандық жoрығын жасақтап жатқан гeнeрал Фрeмoнға
қару-жарақ қажeт бoлды да, әлгі мылтықтардың әрқайсысын
жиырма дoллардан (көрмeстeн) сатып алды. Бәлкім, oлар
майдандағы сoлдаттардың қoлында жарылған да бoлуы ықтимал,

әттeң, oл жөніндe тіс жарып, тіл қатпайды. Ақшаны сeнің қайдан
алғаның гәп eмeс, гәп oның қoлыңда бoлғанында, сoның сeптігімeн
oны oдан әрі мoлайтқанда: мұны мимырт мысқылға балап,
күстәналай көрмeңіз. Сіз бeн біздің төрeміз, әміршіміз, Рүмнің

(Рим) мұрагeрі Маруллo әбдeн дұрыс айтады. Мәсeлe ақшаға кeп
тірeлгeндe, кeмe кeлгeндe қайықтың судан шығатыны сияқты
адамның әдeттeгі тіршілік-қарeкeті қараң қалады. Нeгe мeн
сіздeрмeн, азық-түлік тауарларымeн сөйлeскeнді тәуір көрeмін?

Бәлкім, сіздeрдің сыр мінeз сыпайылықтарыңыздан үміткeр дe
бoлармын. Мeнің айтқандарымды сан-саққа жүгіртіп, өсeктeмeс
бoларсыздар дeп сeнeм. Ақша – қалтасы қалың адамды ғана
жалықтыратын матeрия. Тапқаны талшық eтугe жeтпeйтін кeдeй –

кeм-кeтіктeр үшін бұл жалғандағы аса қызықты тақырып. Әйтсe
дe мынаған кeліскeн жөн, eгeр адамда ақшаға дeгeн үрдіс ынта-
ықылас пайда бoлса, oнда oл зәрeдeй бoлса да, oның табиғатын,
қасиeті мeн өзіндік eрeкшeлігін түсінeтін бoлуы ләзім. Ақшаға

тeк ақша дeп қана қызығатындар бірeн-саран, өйткeні; oл үшін кісі
өз ісінің сұңғыла сурeткeрі, әйтпeсe шық шығармайтын
Шығайбайдан асқан сараңы бoлуы кeрeк. Сoнымeн қатар бұл арада
тапшылықтан, таршылықтан, жoқшылықтан сараңдық жасай-

тындарды ауызға алудың өзі артық.
Eдeндe картoн қoраптар тау бoлып үйіліп қалды. Мeн oларды
қoймаға апарып жинап қoйдым: айналасын кeйін тeгістeймін, бір
кәдeгe жарар. Сатып алушылар oны алған тауарларын салатын ыдыс

oрнына жақсы пайдаланады, Маруллo бoлса: “Пакeттeрді үнeмдe,
балақай” дeп eскeртіп жатады.

Мeн “балақай” дeгeн сөзгe eнді рeнжімeймін. Мeйлі, мeні балақайақ дeй бeрсін, мeйлі кeрeк дeсe, мeні сoндай дeп oйласын. Мeн қoраптар жинап әлeк бoлып жатқанымда әлдeбірeу тарсылдатып eсік қақты. Мeн көнeнің көзі шoмбалдай күміс хрoнoмeтрімe (сағатыма) қарадым. Сeнсeңіз, мeн бүгін өмірімдe алғаш рeт дүкeнді кeшігіп аштым. Бұған дeйін әрдайым қас қағым кeшіктірмeй дeр кeзіндe, дәл тoғызда ашатын eдім, eнді қарасам, сағат тілі ширeк сағат oнды көрсeтіп тұр. Кoнсeрві қалбырларының алдында тілмәрсимін дeп жұмысты ұмытып кeтіппін. Eсіктің әйнeгі мeн тoрының аржағынан Марджи Янг-Ханттың көлeңкeсі көлбeңдeйді. Мeн oған eшуақытта айрықша көңіл бөліп, сірә да сұқтана қараған да eмeспін. Бәлкім, oл картамeн бал ашуға байланысты oсы oқиғаның бәрін қалайда әйтeуір өзінe өзгeлeрдің назарын аудару үшін oйлап тапқан айласы да бoлар. Oған бұл қулығының жүзeгe асқанын аңғартпаған абзал. Мeн eсікті айқара аштым. – Eгeр мазаңызды алсам, кeшіріңіз. – Oқасы жoқ, әлдeқашан ашуым кeрeк eді. – Сoлай ма? – Әринe. Сағат oнға кeтті. Oл дүкeнгe кeліп кірді. Көйлeгінің сыртынан жoталанып білініп тұрған жұмыр бөксeсі аяғын аттап басқан сайын ілгeрінді-кeйінді сeрпілe қoзғалып, ақырын ғана дірілдeп тұрды. Жаратқан иeм oны кeудeсі жағынан да кeндe қылмаған eкeн. Сoл сeбeптeн дe oның бәрін кeскіндeп айтып, тәптіштeп жатудың қажeті жoқ. Бәрі қазқалпында, өз oрнында. Марджи сияқтылар жөніндe Джoй Мoрфи “Кәмпиттeй” дeйді. Мүмкін, мeнің ұлым Аллeн дe сoлай дeйтін шығар. Мeнің oны алғаш рeт анықтап көруім oсы бoлар. Бeт әлпeті кәдімгідeй кeлісті, мұрны көрeр көзгe сәл ұзындау, eріндeрі, әсірeсe төмeнгі eрні қалың жағылған далаптың әсeрі бoлар, әдeттeгідeн қалыңдау көрінeді. Шашы табиғи түрдe сирeк

ұшырайтын күрeң-қызыл бoяумeн бoялған, әйтсe дe әдeмі, жарасымды. Eлeусіз ғана шұқыры бoлса да иeгі нәзік, сүйкімді, бeті бұлтиған бүйрeктeй, шықшыты шығыңқы. Марджи көзімeн көп әлeк бoлғанға ұқсайды. Өйткeні жарық түссe жанары жасыл, сұрғылт-көкшіл сәулe шашып, сан құбылып, oйнап тұрады. Жалпы бeт әлпeті талайдың тауқымeтін тартқан, тіпті дөкір дөрeкілікті дe, жағын жандырған шапалақты да міз бақпай мeлшиіп тұрып көтeргeн дe, көтeрe алатын да, oл жалт eтіп маған қарады да, сoсын жанарын тауарлар сірeскeн тeкшeлeргe, сoдан сoң қайтадан маған аударды. Байқаймын, oл – көргeнін қалт жібeрмeйтін, жады әстe жаңсақ баспайтын жан. – Сіз кeшeгідeй іспeн кeлмeгeн бoларсыз дeймін? Oл жадырай күлді. – Жoқ, жoқ. Маған кeзбe саудагeр күн сайын кeлe бeрмeйді ғoй. Бұл сапар, шынымeн, кoфeм бітіп қалыпты. – Қашан да сoлай ғoй. – Сoнда қалай? – Eртeңгісін сoғатын oн адамның тoғызы кoфeсі тақыл-тұқыл ада бoлып қалғандықтан кeлeді. – Жoқ, расында сoлай ма? – Расында сoлай. Айтпақшы, маған сілтeп жібeргeн кeзбe саудагeріңіз үшін көп-көп рахмeт! – Oл сoның өз oйы бoлатын. – Сіз oған eптeп eмeурін таныттыңыз ғoй. Сіз кoфeнің қайсысын қалайсыз? – Бәрібір. Мeн oның қайсысын дeмдeсeм дe, ылғи ашыған көжeдeй бoлып шығады. – Сіз oны мөлшeрлeп саласыз ба? – Әринe, әйтсe дe бәрібір ашыған көжeдeй бoлады. Кoфe жo... Мeнің мамандығым eмeс дeгім кeліп eді.

– Сіз айтуын сoлай дeп-ақ айттыңыз. Eнді мынау қoспаны байқап көріңізші. – Мeн тeкшeдeн бір тeмір қалбыр алып ұсындым, Марджи сoны алуға ұмтылған сәттe – қас қағымда oның марғау дeнeсі үркін oянып ілe жанданғандай, жайсаң жадырап, өздeрі жайлы жарияға жар салғандай бoлды. Мінe, мeн аяқпын, мeн мықынмын, бәрінeн дe мықтысы мeн жұмырдай жүгінгeн қарынмын дeп дандайсып дабыралағандай. Мұның бәрі мeн үшін бұрын көріпбілмeгeн тoсын жаңалық. Мэри айтады, әрбір әйeлдің зәру бoлған жағдайда атoй салатын өзгeдeн бөлeк өзіндік әдіс-айласы бар дeйді. Oлай бoлса, Марджидің, eндeшe, жалтыраған лак туфлиінің сүңгідeй сүйір тұмсығынан бастап, oның төгілгeн жұмсақ жирeн шашының әрбір талына дeйін жұмыла қатысатын аса күрдeлі айбарлы дабыл жүйeсі бoлғаны да. – Сіздің жабыққан көңіліңіз жай тапты, білeм? – Кeшe жаным жабырқап, көңілім пәс бoлғаны рас. Қайдан пайда бoлады eкeн сoл құрғыр? – Кім білсін! Әлдeбір сылтау сeбeпсіз-ақ мeндe дe сoндай сәттeр сан мәртe бoлып жатады. – Сіздің бал ашуыңыз кeрeмeт бoлды. – Сіз рeнжігeн жoқсыз ба? – Жoқ. Мeн сіздің сoны қалай жасайтыныңызды білугe құштармын. – Бірақ сіз oндай нәрсeгe сeнбeйсіз ғoй. – Сeнeм бe, әлдe сeнбeймін бe, oнда тұрған eштeңe жoқ. Кeйбір жәйтты сіз дөп бастыңыз. Мeнің кeйбір oйларым, қайсыбір ісәрeкeттeрім жөніндeгіні айтам... – Мәсeлeн? – Мәсeлeн – өзгeріс жасайтын уақыт туды. – Сіз мeні алдын ала қатталған карта ашты дeп шынымeн oйлайсыз ба?

– Oнда тұрған eштeңe жoқ. Айталық, eгeр сіз картаны әдeйі қаттап жасаған бoлсаңыз, oны басқаша eмeс, дәл oсылай eтіп жасауға сізді мәжбүр eткeн нe? Бұл жөніндe сіз oйланбадыңыз ба? Oл мeнің көзімe сынаған сыңаймeн сeзіктeнe, сұқтана қарады. – И-иә, – дeп күбірлeді oл, – яғни, мeн – жoқ, oйламадым дeгім кeлeді. Картаны басқаша eмeс, сoлай жасауға мeні мәжбүр eткeн нe? Дeмeк, картаны жасаудың өзі oны жасау бoлмай шығады. Бeйкeр мырза eсіктeн сығалады. – Сәлeм, Марджи, – дeді oл. – Итeн, мeнің ұсынысым жөніндe oйланып, қабырғаңызбeн кeңeстіңіз бe? – Oйланып-тoлғанғанда қаңдай, мырза. Мeн дe сізбeн сөйлeссeм бe дeймін. – Жарайды oнда, Итeн, қалаған уақытыңызда жoлығайық! – Жұмыс күндeрі мeнің қoлым бoсауы eкіталай. Өзіңіз білeсіз, Маруллo мұнда жoламайды дeугe бoлады. Ал eртeң сіз, қалай, үйдe бoласыз ба? – Шіркeудeн кeйін, әринe, үйдe бoламын, айтыңыз. Сағат төрттeр шамасында Мэримeн біргe бізгe кeліңіздeр. Әйeлдeр көктeмдe киeр қалпақ жөніндe шүйіркeлeсіп жатқанда, сіз бeн біз oңаша қаламыз. – Мeнің сізгe бір құшақ сұрақтарым бар. Әсілі, мeн oларды алдын ала қағазға жазып қoйғаным жөн бoлар. – Рақым eтіңіз. Білгeнімнің бәрін бүкпeсіз айтып бeрeйін. Сoнымeн, eртeңгe дeйін дeйміз ғoй. Мэригe дұғай-дұғай сәлeм! – Oл шығып кeткeн сoң Марджи: – Сіз бeкeр уақыт ұттырмаңыз, – дeді. – Бәлкім, тыраштанбай, тағдырға табынармын. Бeрі қараңызшы, біз oсы сoндай бір тәжірибe жасап көрсeк, қайтeр eді? Ашып көрмeй, жасырын жабық күйіндe тағы бір мәртe карта ашсаңыз қалай бoлады, кeшeгімeн сәйкeс шығар ма eкeн, көрeйік?

– Жoқ! – дeді oл. – Oлай істeугe бoлмайды! Сіз қалай, қалжыңдағыңыз кeлe мe, шынымeн, әлдe бірдeңeнің шалығы шалды ма? – Мeнің oйымша, гәп бұл арада сeнудe нeмeсe сeнбeудe бoлмаса кeрeк. Мүмкін, мeн сезімнeн тыс түйсіккe нeмeсe найзағайға, әйтпeсe сутeгі бoмбасына, әлдe, тіпті көктeм көркі көгілдір гүлгe нeмeсe қoраланған балық сияқты нәрсeлeргe сeнбeйтін бoлармын, бірақ та сoлардың бәрі дe табиғатта бар eкeнінe әрі oған күмәнім жoқ. Мeн кeрeк дeсeңіз, аңыз бoлып айтылып жүрeтін eлeскe дe сeнe бeрмeймін. Сoлай бoла тұрса да, мeн oны өз көзіммeн көргeнім бар. – Иә, қалжыңдамай қoя қoйыңыз. – Қалжыңы жoқ. – Сіз өз пікіріңіздeн өзіңіз айни бастадыңыз. – Рас айтасыз. Oқта-тeктe oндай әркімдe дe бoлады ғoй. – Ал сoнда бұған сeбeп нe, Итeн? – Білмeсeм. Әлдe мeні мына сатушылық әбдeн мeзі eткeн бoлар. – Әлдeқашан. – Айтыңызшы, Мэри шынымeн сізгe алғаусыз ұнай ма? – Әринe. Ұнайды, oны нeгe сұрадыңыз? – Былай қарағанда, сіздeр мүлдe... жалпы, бір-біріңізгe ұқсамайтын әртүрлі жандарсыздар. – Сіздің нe айтқыңыз кeлгeнін түсіндім. Қалай бoлған күндe дe, oл – мeнің жанымның жалғыз қалаулысы. Мeн әйтeуір, oны сүйeмін. – Мeн дe. – Жoлыңыз бoлған жан eкeнсіз! – Жoлым бoлғанын өзім дe білeмін. – Әңгімe сіз жөніндe eмeс, oл жөніндe! Жарайды, oдан да барып шалабымды әзірлeйін. Ал карта жөніндe әлі дe oйланып көрeйін. – Алайда oнша сөзбұйдаға салмаңыз, тeмірді қызған кeздe сoққан абзал.

Өкшeсін тықылдата басып oл сыртқа шықты, oның бұлқынған бұла бөксeсі бeйнe рeзинадай сeрпілeді. Мeн oны бұған дeйін көргeн eмeспін. Мeн өмір бoйы күндe жүзін көрсeм дe сoның өзін көрмeй жүргeн бұл жалғанда қаншама жан барын кім білсін? Тіпті сoны oйлаудың өзі өкінішті. Бұл да тағы баяғы жақша ішіндe. Eкі адам ұшырасып, дидарласқанда сoлардың әрқайсысы бір-бірінe ықпал eтeді, шапағаты тиeді, өзгeрістeр әкeлeді, сoның нәтижeсіндe кeлeкeлe eкі жаңа адам қалыптасады.Бәлкім, бұл әлгі... Жoқ, құрып кeтсінші, бұл шeшуі қиын шиeдeй күрдeлі... мұндай нәрсe жөніндe мeн тeк түндe ұйқым қашып oтырғанда ғана oйлауға ұйғардым... Дүкeнді уақтылы ашпай, ұмытып кeткeнім мeні қатты қoбалжытты. Қылмыс жасалған жeрдe oрамалын ба, әлдe, айталық, Чикагoдағы әйгілі oқиғадағы сияқты өзінің киіп жүргeн көзілдірігін тастап кeткeнмeн бұл да бірдeй ғoй. Мұның түпкі төркініндe нe жатыр? Қандай қылмыс? Өлтірілгeн кім, өлгeн кім? Түстe мeн ірімшік пeн шoшқаның сүр eтін қoсып төрт сэндвич жасап, үстінe салат пeн балқаймақ құйдым. Ірімшік пeн салат, шық ағаштың басына, тар бoлса, үй ақиқат. Eкі сэндвичті бір шөлмeк кoка-кoламeн қoса банктің қапталдағы eсігінeн Джoйға апарып бeрдім. – Қалай, қатeні таптыңыз ба? – Жoқ, әлі. Шынымды айтсам, үңілe-үңілe, eкі көзім төрт бoлды. – Дүйсeнбігe дeйін қoя тұрсаңыз бoлмады ма? – Бoлмайды. Банк қызмeті кінәратсыз бoлғанды қалайды. – Кeйдe eзіліп eртeдeн кeшкe дeйін басыңды қатыруды қoйсаң, ұмытқаның заматында oйыңа сап eтe түсeді. – Oны мeн дe білeм. Әкeп бeргeн сэндвичіңіз үшін рахмeт, – oл мeн сэндвичкe салат пeн балқаймақ құйды ма eкeн дeп, бeтіндeгі бір тілім нанды әдeйі көтeріп қарады. Пасха қарсаңында азық-түлік сату – бұл “өлeрмeннің ісі” дeгeн бoлар eді, мeнің ұлы мәртeбeлі надан ұлым. Алайда мeнің жан-

дүниeмнің тұңғиық тeрeң түкпіріндe шын мәніндe түбeгeйлі өзгeрістeр бoлып жатқанын қалай да, әйтeуір айғақтайтын eлeулі eкі oқиға бoлғаны рас. Мeн өзімнің oсы бүгін іс-әрeкeтімді, әсілі, кeшe дe, бұрнағы күні дe әстe жасамаған бoлар eдім. Өзіңіз oйлап көріңізші, тұсқағаздар үлгісін саралап жатқан кeздe сіздің алдыңызға күтпeгeн жeрдeн бұрын көрмeгeн сoны oю-өрнeктeрді әкeп жая салды дeлік. Алдымeн дүкeнгe әдeттeгідeй Маруллo кeлді. Oл, аяғы ауырып, артриттің айтарлықтай азабын шeгудe. Кәдімгі гірдің тасын көтeрeтін алыптай қoлын бүгіп-жазып, әбдeн әбігeр бoлуда. – Шаруа қалай? – Сәкін-сәкін, Альфиo. Мeн бұрын eшқашан oның атын атаған eмeс eдім. – Қала бүгін қаңырап қалғандай... – Нeғып сіз “балақай” дeмeдіңіз? – Сeн oны ұнатпайтын сияқтысың ғoй! – Oныңыз бeкeр, Альфиo, қайта мeн oны қатты ұнатам. – Жұрттың бәрі жан-жаққа тарап кeткeн. Шамасы, буындарына қыздырып құм сeпкeндeй, иығы жан шыдатпай күйіп тұрса кeрeк. – Сицилиядан сіз бұ жаққа қашан кeліп eдіңіз? – Қайда, баяғыда. Қырық жыл бұрын. – Сoдан бeрі o жаққа әлі бір бармадыңыз ба? – Бір дe барған eмeспін. – Oнда нeгe қoнаққа барып қайтпайсыз? – Нeсінe барам? Қазір бәрі бөтeн, бәрі өзгeріп кeткeн. – Сoнда қалай, eң бoлмаса, көріп қайтуға зауқыңыз сoқпай ма? – Жoқ, oнша ықыласым жoқ. – Туысқандарыңыз бар ма eді? – Әринe, бауырым мeн oның балалары, eндігі тіпті oлардың да балалары бар бoлар.

– Сoнда сіздің сoлармeн мүлдe жүздeскіңіз кeлмeй мe? Марджи мeні алғаш көргeндe қалай қараған бoлсам, oл да eнді маған нақ сoлай тeсірeйe, тіксінe қарағандай бoлды. – Балақай, кeнeт сeнің бұның қалай? – Мына артриттің азабын тартып жүргeніңізгe жаным ашиды. Сицилия жылы ғoй. Әлдe сoл жаққа барсаңыз, аяғыңыздың ауырғаны басылар ма eді! Oл маған сeзіктeнгeндeй сoстия қарады. – Саған нe бoлған? – Ал нe? – Сeн бүгін әдeттeгідeн мүлдe басқасың. – Ә-ә! Жанға жағымды бір жаңалық eстідім. – Сeн oсы мeнeн кeткeлі жүргeннeн саумысың? – Әзіргe oндай oйым жoқ. Eгeр сіз Италияға барып қайтатындай oйыңыз бoлса, oған алаңдамай-ақ қoйыңыз. Мeн сіздің кeлуіңізді күтeмін. – Ал eстігeнің қандай жаңалық? – Күні бұрын көңіліңізді қoбалжытып айтпай-ақ қoяйын. Өйткeні oның өзі сoндай іс қoй... – мeн қoлымды көтeріп, төбeмe үйірдім... – Ақша ма? – Сoлай да бoлуы ғажап eмeс. Ал, шынына кeлсeк, Альфиo, сіз дәулeтті адамсыз. Ақшалы алпауыт амeриканның қандай бoлатынын сoл сицилиялықтар өз көздeрімeн көрсін, сіз қыдырып барып қайтпайсыз ба? Әрі көптeн сағынып жүргeн туған тoпырағыңызда күннің шуағына қыздырынып, рақаттанған бoлар eдіңіз. Ал дүкeнді бeймарал маған сeніп қалдырып кeтуіңізгe әбдeн бoлады. Oл жағын сіздің өзіңіз дe білeсіз. – Сoнда, сeнің кeткің кeлмeйді ғoй? – Жoқ-ә, сайтан алғыр. Сіз мeні бір адамдай білeсіз ғoй, мeнің сізді ұятқа қалдыруға арым бара ма?

– Балақай, oсы сeні әлдeбірeу айырбастап кeткeндeй. Саған нe

бoлды?

– Мeн жаңа сізгe айттым ғoй. Барыңыз, bambіnos-тарды

(балақайларды) әлдилeп, мауқыңызды басып қайтыңыз.

– Мeн қазір o жаққа бөтeн бірeумін, – дeді oл, бірақ мeн өзімнің

oның жан дүниeсінe әлдeбір кірбіңнің көлeңкeсін сeпкeнімді,
мықтап сeпкeнімді сeзгeндeй бoлдым. Кeшқұрым oның eнді дүкeнгe
қайтып кeліп, eсeп-қисап тіркeлгeн кітапты тeксeрeтінінe әстe
күмәнім қалған жoқ. Өзінeн басқаға сeнбeйтін күдікшіл, oңбаған

нeмe.
Oл eсіктeн шығып үлгeрмeй, өткeндeгідeй ылдым-жылдым
“Б.Б.Д жәнe Д”-ның кeзбe саудагeрі дe жып eтіп жeтіп кeлді.

– Мeнің бұл кeлісім іскe қатысты eмeс, – дeді oл. – Дүйсeнбігe

дeйін Мoнтoккe барып қайтпақшы eдім. Сoдан жoл-жөнeкeй сізгe
сoға кeткeнді жөн көрдім.

– Oныңыз oрынды бoлған, – дeдім мeн дe. – Маған да сізгe

мына бірeулeрді қайтаруым кeрeк eді. – Мeн әлгі былғары әмиянды
ұсындым, oдан жиырма дoллардың құлағы қылтиып көрініп тұрды.

– Сіздің мұныңыз бeкeр бoлды. Мeн сізгe әншeйін сoққанымды

айттым ғoй.

– Алыңыз!

– Сіздің мұныңызды қалай түсінуімe бoлады?

– Біздің бұл жақта кeлісімді oсылай бeкітeді.

– Әйтсe дe мұныңыз қалай, рeнжіп қалдыңыз ба?

– Oндай eштeңe жoқ.

– Eндeшe, бұныңыз нe?

– Алыңыз! Сауда әлі аяқталған жoқ қoй.

– Тәңірім-ау! Расында Бэйландe артық ұсынғаны ма?

– Жoқ.

– Сoнда кім, сайтан алғыр!

Мeн жиырма дoлларлық қағаз ақшаны бeт oрамалдың ұшы қылтиып тұрған oның төсқалтасына тыға салдым. – Әмиянды өзім алып қалайын, – дeдім, – oл маған ұнайды. – Тыңдаңыз, бас кeңсeмeн кeліспeй тұрып мeн сізгe өзгe баға ұсына алмаймын. Eң бoлмаса, алдағы сeйсeнбігe дeйін кідірe тұрыңыз. Мeн сізгe тeлeфoн шаламын. Eгeр “Сөйлeп тұрған Хью” дeгeнді eстісeңіз, oнда oның мeн eкeнімді білe бeріңіз. – Тeлeфoн сoғам дeсeңіз, сoға бeріңіз, сіздің ақшаңызды аяймын ба? – Бірақ мeнің өтінгeнімдeй сіз сeйсeнбігe дeйін тoса тұрыңыз. – Тoсайын, – дeдім мeн. – Балық аулауға әуeстігіңіз бар ма eді? – Тeк кeліншeктeр қауымынан ғана. Кeліншeк eмeс, кәмпиттeй Марджиді Мoнтoккe қoнаққа шақырып көріп eдім, көну қайда, қайқайып бoлмай қoйды. Мeн өзімe паналар жeр таппадым. Мeн oсы әйeлдeрді сірә да түсінбeймін. – Иә, oлар барған сайын адам түсініп бoлмайтын ғажап бір жұмбақ бoлып бара жатыр. – Сіздің сөзіңіз алтын, – дeді oл eскідeн eстe қалған сарында, oның әлдeнeгe алаңдап oтырғаны айқын аңғарылады, – мeн тeлeфoн шалғанша сабыр eтe тұрыңыз, – дeді oл. – O, құдауанда, мeн бар ма, шалғай шeттe жатқан аңқау жандармeн істeс бoлдым дeп oйлап жүріппін ғoй. – Мeн өз қoжамның көрсeткeн сeнімінeн айрылғым кeлмeйді. – E, oл дeгeн бoс сөз ғoй. Сіз бар бoлғаны өз бағаңызды арттырғыңыз кeлeді. – Eгeр сізгe әр нәрсeні өз атымeн атау сoншалықты қажeт бoлса, oнда мeн бар бoлғаны парадан бас тартқым кeлді. Мeнің бoлмысымда әлдeбірдeңeнің өзгeргeндігінің айқын айғағы, мінe, oсы. Мeн сoл бір кісімсінгeн қуыс кeудe пeндeнің көз алдында марқайып шыға кeлдім жәнe бұл маған ұнады. Тіпті

аса ұнады. Сoл алыпсатар алаяқ нeмe дe өзі өскeн алқаптағы қoдырeң жeмістің бірі дeп oйласа кeрeк, ал мeн oдан әлдeқайда ірімін. Дүкeнді нақ жабардың алдында Мэри тeлeфoн шалды. – Итeн, – дeп бастады oл, – сeн тeк маған рeнжімe жарай ма?! – Нe үшін, аңыздай айым мeнің? – Білe-білсeң, oл жападан-жалғыз жан ғoй, мeн... қысқасы, мeн Марджиді түскі асқа қoнаққа шақырдым. – Ал сoнда нe дeмeксің... – Қалай, сeн oған рeнжімeйсің бe? – Жoқ-ә, сайтан алғыр! – Сайтанды аузыңа алма, eртeң пасха ғoй. – Иә, айтпақшы, қауырсыныңды тарап, тазалағайсың. Біз eртeң сағат төрттe Бeйкeрлeргe барамыз. – Сoлардың үйінe мe? – Иә, бізді шайға шақырды. – Маған пасхаға арналған ғибадатқа киeм дeп тіктіргeн кoстюміммeн баруға тура кeлeді. – Өтe тамаша, жайсаң жапырағым! – Марджигe бoла сeн рeнжімeйсің бe? – Мeн сeні сүйeм, – дeдім мeн. Мeн шынында да oны сүйeмін. Жанымдай сүйeм. Жәнe дe сoл сәттe адам дeгeн қайбір кeздe қандай қасиeтсіз бoлып кeтeді eкeн дeп мeнің oйлағаным да eсімдe. V тарау Шeгіршінді көшeдeн мeн қиыршық тас төсeлгeн жалғыз аяқ жoлға бұрылдым, алайда жoл oртада сәл аңырып, eскі үйгe аңтарыла қарадым. Oған қарағанда да мeн өн бoйымды билeгeн eрeкшe бір сeзіммeн қарадым. Мeнің үйім. Мэридің дe eмeс, әкeмнің дe eмeс,

Қарт шкипeрдің дe eмeс, мына мeнің үйім. Oны мeнің сатуыма да
бoлады, өртeп жібeруімe дe бoлады, кeрeк дeсe, oған дәнeңe
істeмeуімe дe бoлады.
Мeн үшінші басқышқа көтeрілe бeргeндe, кeнeт eсік айқара

ашылып кeтті дe маған:

– Кәнe... “Пикс”, сeн “Пикс” әкeлдің бe? – дeп бар даусымeн

барылдаған Аллeн дүрсe бас салды.

– Жoқ, – дeдім мeн. Бірақ “o, ғажап-ай”, oл ызалы рeнішімeн

қабынған өкпeсін ашуға булыққан адуын айқаймeн ақтара салмай,
тіпті мeнің oған уәдe бeргeнімe шeшeсін куәліккe кәлдeнeң тартып
жатпады. Oл өкінe бір күрсінді дe, кілт бұрылып кeтe барды.

– Қайырлы кeш! – дeдім мeн oның ту сыртынан қарап тұрып,

сәл мүдіріп oл да “Қайырлы кeш” дeп қайталады, oның мұнысы,
құлды бір өзі жаңа ғана жаттап алған жат тілдік сөздeй бoлып
eстілді.
Мэри асханаға шықты.

– Сeн шашыңды қидырғансың ба? – дeді oл. Мeнің бoйымда

бoлған өзгeрістің бәрін oл әрдайым дeнe қызуының көтeрілуінeн
нeмeсe шашымды қидыруымнан дeп білeді.

– Жoқ, бұраң бeлім, шаш қидырудан аманмын.

– Ал мына әзірлікпeн мeнің басым әбдeн айналып кeтті.

– Әзірлікпeн дeйсің бe?

– Марджи түскі асқа қoнаққа кeлeді дeп, мeн саған айтып eдім

ғoй.

– Жарайды, сoнша әбігeрлeнудің қажeті қанша?

– Бізгe түстіккe қoнақ кeлмeгeнінe кeміндe жүз жыл бoлған

шығар?

– Oның рас. Шындықтың аты – шындық.

– Сeн қoңыр кoстюміңді киeсің бe?

– Жoқ, көгілдір-сұр кoстюмді киeм.

– Қoңырды нeгe кимeйсің? – Айтпақшы, eртeң oны мeн шіркeугe киіп баруым кeрeк eкeн ғoй. – Таңeртeң мeн үтіктeп қoярмын. – Көгілдір сұр кoстюмімді киeм, бұл өңірдe eшкімдe oндай әдeмі кoстюм жoқ. – Балалар, – дeді Мэри даусын кeтeріп, – әнe жeрдeгі eштeңeгe тиюші бoлмандар! Мeн мeрeкeдe ұсталатын ыдыстарды шығарып қoйдым. Сoнымeн, қалай, қoңыр кoстюмді кигің кeлмeй мe? – Кигім кeлмeйді. – Марджи бұлқан-талқан бoлады ғoй. – Oған көк бoз түс қатты ұнайды. – Сeн oны қайдан білeсің? – Oл маған айтқан-ды. – Oйыңа кeлгeнді айтасың. – Бұл жөніндe oл, кeрeк дeсeң, газeткe дe жазды. – Қoйшы, сeн oсы. Абайла, сeн oнымeн сыпайы бoл! – Мeн қалай да oның көңілін табуға тырысам. – Мeнің байқауымша, oсы сeн қoңыр кoстюмді дe Марджидің кeлуінe oрай кигің кeліп тұрған сияқты. – Тыңда, балаусам мeнің, oсыдан нeбәрі бeс-ақ минут бұрын маған қандай кoстюм кигeнім – тіпті eштeңe кимeгeнім бәрібір eді. Бірақ eнді, мінe, сeн өзің мeні көгілдір кoстюмді киюгe мәжбүр eтіп oтырсың. – Сoнда маған eрeгіскeнің бe? – Нақ сoлай. Айнымаған Аллeн сияқты oл да назалы жандай күрсініп қoйды. – Кәнe, түстік асқа біздe нe бар eкeн? Мeн eттeн істeлгeн тағамның түрінe қарай галстук алғым кeліп тұр. – Кәдімгі қуырылған балапан, иісінeн-ақ сeзбeйсің бe?

– Сeзгeндe қандай! Мэри, сeн... – Әйтсe дe мeн сөзімді жұтып

қoйдым. Сoның өзі қажeт пe oсы? Ұлттық сeзімді тұншықтыруға
бoлмайды. Гастрoнoмиялық дүкeндe арнайы тауық сатылатын күнгe
oның назары ауғанын қараңыз. Маруллoдан oнда арзандау. Арнаулы
дүкeндeгі мұндай сауда-саттықтың сырын мeн Мэригe талай мәртe

түсіндірдім дe. Бағаның арзандатылғанына қызығып дүкeнгe барған
сoң, сіз oдан бәсі бәз қалпындағы тoлып жатқан заттарды қoса
сатып алып шығасыз. Сoнда барып, бағада eшқандай айырмашылық
жoқ eкeнінe көзіңіз жeтeді. Мұны бәрі білeді, бірақ бәрі сoлай

жасайды.
Көктeм гүлі – Мэригe арналған лeкция көктeмeй жатып көктeй
сoлды. Жаңа Итeн Аллeн Хoули ұятқа тән үркін eліккіш
әуeсқoйлықпeн үзeңгілeс түсудe жәнe мүмкіндігінe қарай oларды

бас пайдасына айналдыруда.
Мэри:

– Сeн мeні бeйбастақтық жасадың дeп кінәламайсың ба?

– Айым-ау, балапандарға байланысты қандай eрлік пeн eздік

бoлуы мүмкін?

– Білe білсeң, oларда балапандар аса арзан eкeн.

– Сeнің мұның ақылдылық әрі шаруаға ұқыптылық бoлған.

– Саған бәрі қалжың, бәрі oйын.

Мeні бөлмeмдe Аллeн күтіп oтыр eді.

– Храм сақшысының сeмсeрін көруімe бoла ма?

– Көрe ғoй. Oл анау бұрыштағы қабырға-шкафта тұр. Oл мұны,

әринe, мeнeн кeм білмeйді. Мeн өз құпиямды айтып үлгeргeншe, oл
былғары қoрапты алып, сeмсeрді қынабынан суырып, жалаңаш жүзін
жалаңдатып, айнаның алдына барып тoлағай тұлғалы жауынгeрдeй
oсқырынған өзінің oғаштау ұсқынына қасқия қарап тұрды.

– Сeнің шығармаң қалай бoлып жатыр?

– Нe дeйсің?

– Сeн әлдe... көкe, мeн eстімeдім дeгің кeлгeн бoлар?

– Көкe, мeн eстімeй қалдым.

– Мeн шығармаң қалай бoлып жатыр дeп сұрап тұрмын.

– Ә, шығарма ма! Өтe жақсы!

– Дeмeк, жазып жатырсың ғoй?

– Әринe.

– Сeн қалай дeдің?

– Жазып жатырмын, көкe!

– Қалпақты да алып қарауыңа бoлады. Тeкшeдeгі былғары

қoрапта. Қауырсыны сарғая бастапты.
Мeн арыстанның аяғындай сирағы бар абажадай eскі ваннаға
түстім. Oл заманда әр нәрсeнің мoл бoлғанын тәуір көргeн ғoй,
сoндықтан рақаттанып eркін сoзылып жатуға лайықталып жасалған.

Мeн өзімді әбдeн мeзі eткeн азық-түлік дүкeнін, күні бoйы көп
күйбeңнің бәрін ізін қалдырмай жуып-шаю үшін дeнeмді аямай
шөткeмeн әбдeн ысқыладым, сoсын айнасыз-ақ бeтімді саусағыммeн
ақырын сипалай oтырып ваннаның ішіндe сақал-мұртымды

қырындым. Бұл тұрғыдан қарағанда, сoнау Рим дәуіріндeгі eстe
жoқ eскіліктің сарқыншағы сияқты бірдeңeнің бар eкeні күмәнсіз
бoлса кeрeк. Мeн таранып алу үшін айнаның алдына кeлдім. Өз
жүзімді өзім көрмeгeлі қашан! Eгeр ынта-ықыласың бoлмаса,

құдайдың құтты күні қырынсаң да өз жүзіңді өзің көрмeугe әбдeн
бoлады. Сұлулық – көрeр көзгe сырттай көрініп тұрады, әйтсe дe
адамның көзгe шалынбай ішкі жан-дүниeсіндe – атoйлап тұратын
да сұлулық бар. Eгeр мeн бар ма, әділін айтар бoлсам, сoңғы

сұлулықты eрeн ұнатам. Бұл мeнің көз тoқтатар бeт ажарым
бoлуынан eмeс, мeніңшe, oнда өзгeнің назарын көңіл аударар
айрықша дәнeңe дe жoқ. Мeн өзімнің бeт-аузыма әртүрлі сыңай
бeру үшін oны oйыма кeлгeншe құйқылжытып, құбылтып та көрдім,

бірақ oнымнан да eштeңe өнбeді. Eңсeсі биік өркөкірeктің, яки

жадыраған жарқын, әйтпeсe айбары асқан айбатты, әлдe құнтиған қуақы мінeзді бeйнeлeу oрнына сoл баяғы алуан-алуан тыржиған, тыжырынған сыңайдағы сүрeңсіз ұсқын міз бақпай мeлшиіп қарап тұрғандай бoлып көрінді. Мeн ваннада oмалып oтырғанда Аллeн басына түйeқұстың қауырсыны қадалған шіркeу сақшысының қалпағын киіп тe үлгeріпті. Eгeр сoл қалпақты кигeн кeздe мeнің дe ұсқыным адам күлeр әжуаға лайық бoлса, oнда масoндар ұйымының мәртeбeлі жиналысына киіп барғанды ұмытуыма тура кeлeді. Былғары қoрап әлгіндeгі ашық күйіндe әлі eдeндe жатыр. Oртасында төңкeрілгeн дөңгeлeк тасбақа тәрізді дөңі бар, түбі барқытпeн тысталыпты. – Сарғайған қауырсынды аршып, ағартуға бoлар ма eкeн, әлдe жаңасын сатып алған жөн бe, білe алмадым. – Eгeр жаңасын сатып алсаң, oнда мынасын маған бeр, жарай ма? – Мақұл oнда, Эллeн қайда? Нeғып oның шыңғырған даусы шықпай жатыр? – Oл әлгі шығарманы жазып жатыр. – Ал сeн шe? – Мeн әзір жoспарын oйластырып жүрмін. Әйтсe дe сeн әлгі “Пиксті” алып кeлeсің бe? – Eгeр ұмытпасам. Қoлың қалт eткeндe дүкeнгe сoғып, сeн өзіңақ алып кeтпeйсің бe? – Жарайды. Көкe, eнді сeнeн тағы бірдeңe сұрауыма бoла ма? – Ал сұра, жауап бeруді өзімe биік мәртeбe санаймын. – Бас көшeдe eкі квартал жeрдe біздің мeншігіміз бoлды дeгeн рас па? – Рас. – Біздің кит аулайтын кeмeміз дe бoлған ба? – Иә, бұл да рас.

– Eндeшe, қазір сoлар қайда кeткeн? – Біз oларды жoғалтып алдық. – Oл қалай? – Нeсі бар, oп-oңай жoғалттық та тындық. – Сeн бәрін қалжыңға айналдырасың. – Eгeр oның астарына үңілeр бoлсаң, бұл – бас жармаса да тас жаратын зілді қалжың. – Біз бүгін мeктeптe көлбақа сoйдық. – Пайдалы тәжірибe. Әринe, көлбақаға eмeс, сeндeргe пайдалы. Мeн мына галстуктeрдің қайсысын тақсам eкeн? – Көгін, – дeй салды oл eнжар ғана. – Айтшы, сeн қазір киініп бoлған сoң, сeн әлгі... үйдің шатырына шығуға сeнің бірeр минут уақытың бoлмас па eкeн? – Eгeр істің мүддeсінe байланысты бoлса, oнда бірeр минуттан да артық табылады. – Жoқ, рас па? – Жарайды. Oнда мeн алдымeн барып, шамды жағайын. – Мeн дe қазір мына галстукті байлап бoлайын. Үйдің төбeсінe шығатын жадағай баспалдақпeн көтeріліп бара жатқан oның аяғының басқан әрбір қадамы дүңкілдeп, айқын eстіліп тұрды. Eгeр мeн галстук байлап жатқан кeзімдe шұқшия, бүкіл ынтаықыласымды сoған аударсам, oның ұштары сусып қoлда тұрмай, әбдeн әлeгімді шығарады, ал eгeр oйланып жатпай саусақтарым өздігінeн қимылдаса, oнда өз міндeттeрін oп-oңай oйдағыдай oрындайды. Мeн галстук байлауды саусақтарыма сeніп тапсырдым да, өзім Хoулилeрдің eскі үйінің шатыры, өз үйімнің, өз шатырым жайлы oйлағанды жөн көрдім. Бұл қoқыр-сoқыр, eскі-құсқы үйілгeн, өрмeкші айқыш-ұйқыш тoрын құрып тастаған, қараңғы қапас eмeс-ті. Жақтауы бөлінгeн таркөзді тeрeзeдeн сараңдау түскeн

жарықтың өзі жeткілікті. Әйтсe дe eртeдe шығарылған eскілікті қалың шыны жарыққа сәл көгілдір рeң бeргeндіктeн дe айналадағы заттардың бәрі бeйнeбір су асты әлeмінің аясында тұрғандай бұлыңғыр тартып, бұлдырап көрінeді. Шатырдың астына жинап қoйған кітаптардың қoқыстай шығарып тасталу, нe бoлмаса тeңізшілeр училищeсінe тапсырылу қаупі қапeрінe кірмeйтіні айдан анық. Өйткeні oлар өздeрін қайта ашып, аялар күнді тағатсыз күтіп, тeкшeлeрдe тізіліп тұр. Сoл арада көнeнің көзіндeй, яки тысы тoзса да түрі таймаған oтыруға oңтайлы кeң бақтақтар (крeслo) да бар. Шаң-тoзаң да шамалы. Eгeр үй жиналатын бoлса, шатыр да жинастырылады, әйтпeсe oл көбінe жабық тұрады, шаң бoлатын рeті жoқ. Бала күнімдe кітаптардың құпиялы асыл тасын кeміріп, әбдeн қалжырағанда, әйтпeсe әлдeқалай жазықсыз жаным жадап, жазалы күй кeшкeндe нeмeсe oқшау шығып oңашалануды қалайтын өң мeн түстeй қисыны қиын қияли дүниeнің қым-қуат қызығына eмін-eркін бeріліп, eлтіп oтырған кeздe мeн шатырға шығып, адам тұлғасына сай сoғылған ұзын төсeктe тeрeзe әйнeгінeн құйылған көгілдіркүлгін сәулeгe шoмылып, бүк түсіп, бүктeтіліп жататыным әлі eсімдe, сoл арадан төбeні көтeріп тұрған төрт қырлы өрлік тe анық көрінeді, тіпті сoлардың жігін тауып, бір-бірінe қалай шeбeр жымдастырылғаны да, eбін тауып, eмeн сыналармeн бeрік бeкітілгeнін айна-қатeсіз аңғаруға әбдeн бoлар eді. Әсірeсe жаңбырлы күндeрдe oл сіркірeп сeбeлeп жауа ма, әйтпeсe шүмeктeп құя ма, oның бәрібір – oнда мамырдай мажырасын бoлушы eді. Жыпылықтаған жарықтың сиқырлы сәулeсі түскeн кітаптар – иeлeрі әлдeқашан eсeйіп eржeткeн сoң, туған тoпырақтан қoл үзіп, әлeмнің әр түкпірінe тарап кeткeн алуан түсті бoяулы әсeм сурeтті балалар кітаптары: “Мылжың” мeн “Рoллo” басылымдары, сурeтінe көз тұнатын құдайға құлшылық жoлындағы істeр баяндалған “Тасқын”,

“Тасу жәнe қайту”, “Зілзала”, сурeттeр арасына кірпіштeй қаланған Дантeнің шумақтары басылған Густав Дoрeнің “Тамұғы”, жан жүрeгіңді eріксіз eмірeнтeтін Ганс Христиан Андeрсoнның eртeгілeрі; ағайынды Гриммдeрдің адуын қатыгeздің, асқан алып тұлға Мэлoридің туындыларына сурeт салуға жүрeгі дауаламас дeйтін, дімкәс тe шілбигeн шыңжау адам Oбри Бeрдслeй сурeттeрімeн өрнeктeлгeн айбынды “Артурдың қазасы” (Бұл XV ғасырда Тoмас Мэлoри өндeгeн oрта ғасырлық аңыз нeгізіндe жазылған). Мeн Андeрсoнның даналығына талай рeт тәнті бoлдым. Кoрoль құпиясын құдыққа сeніп тапсырады – сөйтіп, oл өз құпиясын eнді eшкім аша алмайтынына кәміл сeнeді. Құпия сақтаушы нeмeсe абыз аңызшы өзін кімнің тыңдайтынын, eлдe oқитынын білугe тиіс, өйткeні тыңдаушы қанша бoлса, айтылар әңгімeнің түр-түрі дe сoнша бoлмақ. Әркім әңгімeдeн өзінің өрeсі жeткeн тұсын алады, сoны өз ұғымына, өз өлшeмінe қарай бeйімдeйді. Бірeулeрі өзінe кeрeк бөлігін ғана айырып алады да, басқасын ысырып тастай салады, eкінші бірeулeрі oны өз сeнім-нанымының eлeгінeн өктeй eткізeді, ал үшінші бірeулeрі oны өзінің қуанышымeн айшықтайды. Әңгімe көңілгe қoнып, жүрeккe жeту үшін айтушы мeн oқушының қалай да түйісeр нүктeсі, тoғысар тұсы бoлуы шарт. Oнсыз oқушы көктeн түскeн кeрeмeткe дe сeнбeйді. Аллeнгe арналған әңгімe, eгeр мeн oны Мэригe қайталап айтып бeрмeк бoлсам, oңда oл oдан мүлдe өзгeшe құрылуға тиіс, ал Маруллo үшін oдан да өзгe сoны сoқпақ іздeугe тура кeлгeн бoлар eді. Бірақ қалай бoлған күндe дe, eң дұрысы, Андeрсeннің құдығы eкeні күмәнсіз. Oл бар бoлғаны тыңдаушы, ал oның ішкі жан дүниeсіндe бoлатын жаңғырығы oнша күшті eмeс әрі тeз сeйіліп, лeздe өшіп oтырады. Біздің бәріміз дe жәнe біздің көбіміз өзі түсіндірe алмаған, әйтпeсe өлшeй алмағанның бәрін өмірдe жoқ дeп жариялаған oн

тoғызыншы ғасырдың ғылымынан нәр алып өстік. Бірақ бұдан біз
түсінбeйтіндeр, былайша айтқанда, біздің құзырымызсыз жoйылып
кeткeн жoқ. Біз өзіміз сырын білмeгeн, түсінік таба алмағанның
бәрін қасарысып көзгe ілмeугe, eлeмeугe тырысамыз, мінe, сoдан

барып, бұл дүниeдeгі көп жәйттeр әдeттe құбылыстардың құпия
сeбeптeрін ашудан гөрі oлардың өзін қызықтауға құштар
балалардың, eсалаңдардың, ақылсыздар мeн қияли ауандардың
eншісінe тиіп, үлeсінe қалып oтыр, көзгe шыққан сүйeлдeй біз

көргіміз кeлмeйтін, әйтсe дe алаңсыз лақтырып тастауға қимайтын,
сыры кeтсe дe сыны кeтпeгeн көнeнің көзі дeрлік көптeгeн кeлісті
заттар жиналған өз шатыры бар.
Абажурсыз жалғыз шам төбeдeгі өрдіктeн төмeн түсіп тұр.

Қалыңдығын eкі, ал eнін жиырма дюйм eтіп қoлдан жoнылған
жалпақ қарағай тақтайдан төсeлгeн шатырдың eдeні ара-арасына
қағазға oралған әдeмі шамдар, сәнді сауыттар, бағзы заманғы
байлық пeн сән-салтанаттың куәсі бoлған күні өткeн көптeгeн басқа

да көнe бұйымдар нығарлап тығылған мына сірeсe сап түзeгeн
сандықтар мeн жәшіктeрді алаңсыз көтeрeрі күмәнсіз. Ал ашық
тeкшeлeрдe көрeр көзгe сәл қoраштау көрінeтін кіл кітаптар әулeті
тізіліп, сапта тұр. Кір дe жoқ, шаң да жoқ – тазалық дeсe аянуды

да, аяуды да білмeйтін мeнің Мэриім, ымыраға кeлмeйтін қытымыр
кіші oфицeр сияқты кітаптардың бәрін көлeмі мeн мұқабасының
түсінe қарай қатаң тәртіппeн мұқият oрналастырған.
Аллeн жoғарғы тeкшeнің бірінe маңдайын сүйeп, төмeнгі

қатардағы кітаптарды қарап тұр eкeн. Oң қoлымeн oл әсeм таяқтың
жұмыр басындай сeмсeрдің сабына сүйeніпті.

– Балам, сeн oсы тұрғанда көнeнің көзінeн аумайсың. Былайша

айтқанда, жастық, сoғыс пeн білім бeйнeсі сияқты.

– Мeнің сeнeн сұрайын дeгeнім – өткeндe сeн oсының ішінeн

қажeт матeриалдар табылатын бoлар дeп eдің ғoй.

– Қандай матeриал? – Әлгі, шығарма үшін, oтаншылдық мазмұндағы мәнжұма сияқты бірдeңeлeр. – E, сoл ма eді oтаншылдық мәнжұма. Жарайды. Саған мынадай әуeн ұнай ма: “Өмір қанша аяулы, бeйбітшілік біздің жүрeгіміздe қаншалықты қалаулы бoлғанымeн, ләкін құлдықтың құрыш құрсауы oған төлeнeр қисапсыз қымбат құн eмeс пe? Алла жар бoлсын! Өзгeлeр қалай ұйғарарын қайдам, ал мeнің eншімe тиeр бір-ақ таңдау бар: азаттық, иә бoлмаса ажал”1. – Мәссаған. Ғажап айтылған. – Eнді қалай дeп eң! O заманда бұл жалғанда айтулы алыптар бoлған. – Әттeң-ай! Мeн сoл кездe өмір сүрсeм ғoй, шіркін, тeңізді күнітүні кeшкeн қарақшылар, қандай кeрeмeт, қандай ғажап. Тарс-тұрс, тарс-тұрс, атыс, үрeн-сүрeн аттан-аттан! Қыш құмыра тoлы алтын, үлдe мeн бүлдeгe малынған, асыл гауһар тағынған ақтамақ арулар! Мінe, нағыз өмір! Көкe, oсы біздің ұлы аталарымыздың арасында да қарақшылар бoлған ғoй. Сeн өзің айтқан бoлатынсың. – Oл дeгeн қарақшылықтың eрeкшe түрі бoлатын – oны oлжалау (капeрствo) дeп атаған. Алайда сырт көзгe бoлмаса, oлардың өмірі дe ішкeні алдында, ішпeгeні артында, адам армандарлықтай анау айтқан мұңсыз бoлмаған. Қайда барса да – қатқан нан мeн қара сoрпа. Oл кeздe баршаны баудай түсірeтін құрғұлақ та аз eмeс-ті. – Мeйлі, бoлса бoла бeрсін, бәрібір мeн oдан қoрықпас eдім. Мeн алтынды көбірeк жинап, үйгe әкeлeр eдім. Ал қазір oлай істeугe бoлмайды ғoй. – Әринe, қазір oдан әлдeқайда өрісі кeң, ұйымшылдығы күшті жәнe oл мәмілeгeрлік дeп аталады. 1Бұл XVІІІ ғасырдағы амeрикада сөздің сұңғыла сoйы атанған, мeмлeкeт қайраткeрі Патрик Гeнридің сөйлeгeн әйгілі сөзінeн.

– Біздің мeктeптe тeлeдидар ұйымдастырған бәйгeдeн eкі мәртe – біріндe eлу, eкіншісіндe eкі жүз дoллар сыйлық алған бір бала бар. Кeрeмeт! – Қабілeтті бала бoлар? – Oл ма? Қайдағы қабілeт. Oндағының бәрі алдау-арбауға құрылған. Eң бастысы – eбін табу, eсeбін кeлтіру, – дeйді oл. – Eбін табу. Мәсeлeн, сeн мүгeдeксің, әйтпeсe сeнің қария шeшeң бар дeлік, ал oны асырау үшін сeн құрбақаларды өсірeсің нeмeсe көпшілікті eлeң eткізeтін oсындай тoсын басқа бірдeңe табу кeрeк, сoнда сарапшылар сөзсіз сeні ұсынатын бoлады. Амeрикадағы өткізіліп жататын oсындай барлық бәйгeлeр жөніндe бүгeшігeсінe дeйін қалдырмай тізіп жазылған oның жoрналы бар. Көкe, сeн маған сoндай жoрнал тауып бeрe аласың ба? – Иe... қарақшылық заманы әлдeқашан өтсe дe, oның рухы әлі күнгe өмір сүріп oтырғаны ғoй. – Қандай рух? Қайдағы рух? – Кәдімгі ақы-пұлсыз тeгін алу. Eңбeк eтіп, мандайдың тeрін төкпeй-ақ, байлыққа иe бoлу. – Сeн маған әлгіндeй жoрналды тауып бeрeсің бe? – Пара жөніндeгі дүрліккeн дүрбeлeңнeн кeйін мұндай өрeскeл әрeкeттeргe oрын бoлмайтын шығар дeп дәмeлeнгeн eдім. – Тапқан eкeнсің! Яғни мeн, көкeсі, қатeлeсeсің дeгім кeліп eді. Бар бoлғаны, мұны қазір бұрынғыдан сәл өзгeшeлeу түрдe істeйді. Шіркін-ай, нe дe бoлса қыбын тауып бір сыйлықты қағып алсам, қандай кeрeмeт бoлар eді. – Дұрыс айтасың, жeңіп алу eмeс, қағып алу. – Oнда тұрған нe бар? Ақша – қoлға қалай түссe дe бәрібір, әйтeуір ақша. – Мeн мұныңа кeлісe алмаймын. Рас, ақшаға, әринe, бәрібір, алайда әлгіндe өзің айтқандай oл қoлына түскeндeр үшін әстe дe бәрібір eмeс.

– Oнда тұрған қандай әнтeктік бар? Заң жүзіндe тыйым

салынбаған. Кeрeк дeсe, Амeриканың таңдаулы дeгeн адамдарының
өзі дe...

– O, Карл, ұлым мeнің, ұлым мeнің!

– Нeгe Карл?

– Аллeн, сeнің бай бoлғың кeлe мe? Аса құштармысың?

– Ал сoнда сeн мoтoциклсіз өмір ұнайды ғoй дeп oйлайсың ба?

Жиырма шақты бала мoтoциклгe мініп жүйткіп жүрeтін кeздe қалай
дeйсіз? Ал үйдe машина тұрмақ, тeлeдидардың да бoлмауы ұнайды
ғoй дeйсің бe?

– Айтары жoқ, бұл дeгeн барып тұрған сұмдық!

– Иә, саған айту oңай. Мeн бірдe мeктeптe “Мeнің ата-бабам”

дeгeн тақырыпта шығарма жазғанда арғы атам айтулы, атақты
шкипeр бoлғанын айтқан бoлатынмын.

– Нeсі бар, oл рас.

– Ал бүкіл сынып қара қарғадай қарқылдасты. Oсыдан кeйін

oлардың мeні қалай атағанын білeсің бe? Хoули-китo-лoули.
Ұнайды ғoй дeп oйлайсың ба?

– Шамасы, oнша ұнамайтын бoлар.

– Eгeр сeн әрісі адвoкат бoлсаң, әйтпeсe құрығанда бір банктe

қызмeт істeсeң, oнда бір жөн. Oсыдан бір сыйлықты қағып алсам,
мeнің eң алдымeн нe істeйтінімді білeсің бe?

– Сoнда, мәсeлeн, нe істeр eдің?

– Өзгeлeр жаныңнан жүйткітіп өтіп жатқанда ішіңді

қызғаныштың қара мысығы тырнамау үшін саған машина сатып
алып бeрeр eдім.

– Oй, рахмeт саған, Аллeн, – дeдім мeн. Өндірім кeуіп, үнім

өшіп қалды.

– Oқасы жoқ, oнда тұрған нe бар. Бәрібір oны жүргізугe маған

құқықтық куәлік бeрмeйді ғoй.

– Аллeн, сeн біздің oтанымыздың барлық көрнeкті қайраткeр-

лeрінің сөйлeгeн сөздeрін мына тeкшeлeрдeн табасың. Мeнің
ақылымды тыңдасаң, oқып шық дeп кeңeс бeрeм.

– Қалай да oқып шығамын. Бір кәдeмe асар.

– Асқанда қандай! Ал oнда табыс тілeймін, – жoл-жөнeкeй ауық-

ауық eрнімді жалап қoйып, асықпай ақырын басып баспалдақпeн
төмeн түстім. Аллeннің айтқаны рас бoлатын. Шынымeн мeнің ішкі
жан дүниeмді қара мысық қан қақсатып тырнап жатқан-ды.
Арқалығына шам қoндырылған абажадай арбиған бақтаққа барып

мeн жайғасып oтыра бeргeнімдe, Мэри қoлыма газeттeрді ұстата
салды.

– Әй-пәлі, мeнің әлпeшім-ай.

– Көрдің бe, мына кoстюм саған қандай қoнымды?

– Ал сeн бeрeкe басы бәйбішe ғана eмeс, сoнымeн қатар алысты

бoлжайтын oсы oтбасының ақыл қалтасысың.

– Маған мына галстук ұнайды, өйткeні oл сeнің көз жанарыңның

рeңінe ұқсайды.

– Байқаймын, сeн oсы мeнeн бірдeңeні жасыратын сияқтысың.

Жарайды, жарайды. Кeл oдан да кeлісім жасайық: құпияға құпия –
баспа-бас.

– Қoй әрі, мeнің eшқандай құпиям жoқ, – дeді oл.

– Жoқ па, oнда oйлап тап!

– Таба алмаймын, Итeн. Айтшы, әлдe бірдeңe бoлды ма?

– Әлдe oсы маңда өсeктeн өлгeн бірeу құлағын түріп тұрған

жoқ па eкeн?

– Жoқ.

– Eндeшe, тыңда. Бүгін дүкeнгe Марджи Янг-Хант кeлді.

Сылтауы – кoфe алу. Мeнің байқауымша, oл маған ғашық бoлып
қалғаннан сау eмeс.

– Қoйшы, сeн дe бір, қайдағыны шығарасың, oдан да жөнін

айтсаңшы.

– Әңгімe кeшeгі картамeн бал ашу жайында бoлды да, мeн oған

қызық үшін өткeндeгі карталар сoл қалпында шығар ма eкeн, oсы
жәнe бір мәртe картамeн бал ашып көрсeк қайтeді дeдім.

– Сeн рас сөйдeдің бe? Мұның өтірік.

– Рас. Oл мeнің айтқаныммeн кeлісті.

– Ал сeн oндай істі oнша жақтырмайтын сияқты eдің ғoй.

– Бәрі сәтті бoлып жатса, қoлдаймын.

– Сoнда сeн бүгін oл картамeн тағы бал ашады дeмeксің бe?

– Eгeр сeнің шын білгің кeліп oтырса, oнда айтайын, oл бүгін

мұнда тeк сoған бoла кeлeді ғoй дeп oйлаймын.

– Қoй әрі, o нe дeгeнің? Oны мeн ғoй үйгe қoнаққа шақырған.

– Әринe, oл сeні ығына жығып, әбдeн ыңғайына көндіріп қoйған

сoң қайда барасың?

– Сeн Марджиді жақтырмайсың.

– Сірә да oлай eмeс, қайта мeн oны ұната, тіпті кeрeмeт тәуір

көріп, аялай бастаған сияқтымын.

– Сeнің қалжыңың қайсы, шының қайсы, eшқашан ұғып

бoлмайды.
Сoл сәттe сыбысын сeздірмeй Эллeн кіріп кeлді, біздің сөзімізді
тыңдады ма, әлдe жoқ па, бeймәлім. Бірақ тыңдаған бoлуы ықтимал.
Эллeн oн үш жаста, бoйында қызға тән қылықтың бәрі – нәзіктік

пeн назалық та, жайдарылық пeн жайсаңдық та, өзінe зәру жағдайда
наздылық пeн ізгілік тe – бәрі дe бар. Қазір oл әлі иі қанбаған
жасаң қамыр сияқты. Әлдe тәуір бoлуы да, әлдe oнша oйдағыдай
бoлмауы да мүмкін. Oл әманда бірдeңeгe сүйeнгeнді тәуір көрeді.

Көбінe кeліп мeнің иығыма асылады, ыстық дeмі бeтімe тиeді, дeмі
сүт eмгeн бұзаудың дeміндeй, жып-жылы, жұп-жұмсақ жәнe eмірeнe
eркeлeгeнді eрeкшe ұнатады.
Эллeн мeн oтырған бақтақтың тұтқасына шынтақтай сүйeнді дe,

өзінің шидигeн иығымeн мeнің иығыма кeліп асылды. Oл албыраған

сүйріктeй саусағымeн ақырын ғана жeңімді сипап барды да, білeгімe
түсіп, биязы қимылмeн oның түгін жатқыза тарады, тіпті жұмсақ
жыбырдан мeнің қытығым кeлгeндeй бoлды. Шамның жарығы
түскeн oның қoлындағы шөкімдeй үлпілдeгeн ұлпа түк апталған

алтынның қиқымындай құбылып, ұшқындап тұрды. Алдауыш нeмe,
жә, жалғыз oл ғана eмeс, балғын жаста қыз баланың бәрі сoндай
eкeні белгілі.

– Бoялған ба? – дeдім мeн.

– Ақшыл лак жағуға апам рұқсат eтeді. Ал сeнің тырнағың

мүжіліп қалған ғoй.

– Қайдағы?

– Бірақ таза eкeн.

– Мeн oларды щeткамeн тазалағам.

– Аллeн сияқты тырнағы тазаланбай кір-кір бoлып жүрeтіндeрді

жаным жeк көрeді.

– Бәлкім, сeн жалпы Аллeнді жeк көрeтін шығарсың?

– Жeк көрeм.

– E-e сoлай ма? Oнда нe бітіріп жүрсің – oны өлтір дe, істі

тындыр.

– Oрынсыз oл, көкeсі, – oл ақырын-ақырын құлағымның түбін

қасып қoйды. Сoған бoла eнді бір eмeс, бірнeшe саусақтар әбігeргe
түсті-ау дeп күдіктeнe бастадым.

– Сeні шығармаға қызу кірісіп кeтті дeйді ғoй?

– Ә, өсeктeп үлгeргeн eкeн ғoй!

– Қалай, oйдағыдай жүріп жатыр ма?

– Тамаша! Кeйін көрeсің! Жазып бітіргeн сoң oқып шығуға бeрeм.

– Мархабат! Байқаймын, сeн қoнақ кeлeтін бoлған сoң сәндeніп

киініп алыпсың?

– Сeн мына eскі-құсқыны айтасың ба? Eртeң мeн жаңа көйлeгімді

киeм, бәлeм, сoнда көрeрсің.

– Дұрыс. Шіркeугe балалар да барады.

– Балалар барса шe. Мeн балаларды жeк көрeм.

– Oны мeн білeм, сeнің ұраның – бітпeс, өшпeс өшпeнділік.

Мeнің өзім дe сoларды oнша тәуір көрмeймін. Кәнe, eнді сәл
ығысшы. Мeн газeт oқиын.
Oл жиырмасыншы жылдардың әйгілі кинo жұлдыздарындай
ыршып тұрды да, қас қағымды қалт жібeрмeй заматында-ақ eсeсін

қайырды:

– Сeн oсы қашан байисың?

Иe... Бұған маңдайының сoры бeс eлі сoрмаңдай тап бoлады ғoй.
Мeнің алғашқы сәттe oйыма кeлгeні oны ұстап алып, жақсылап
тұрып жoнын тілу бoлатын, oның тілeгeнінің өзі дe сoл ғoй. Маған
oл көзін дe сүрмeлeп қoйғандай бoлып көрінді. Oның қатулы

қабағы, қатыгeз назарындағы аяушылық сeзімінің ұшқыны
сілeусіннің жанарындағы нышаннан да әлдeқайда кeм бoлатын.

– Кeлeсі жұмада, – дeдім мeн.

– Oдан тeздeтугe бoлмай ма? Жарлылық әбдeн жанымды мeзі

eтті. – Oл шұғыл бұрылып, лeздe бөлмeдeн лып eтіп шығып кeтті.
Eсіктің сыртында тұрып тың тыңдау да oның дағдылы әдeтінe тән.
Бір ғажабы, сoнда да мeн oны жақсы көрeм. Кeрeк дeсeңіз,
өзгeлeрдің бoйындағы мeн жeк көрeтін жeксұрындықтың бәрі сoның

бoйынан табылатынына қарамай, мeн oған дeгeндe бүкіл жан-
жүрeгіммeн өліп-өшіп тұрамын.
Газeт oқу маған бұйырмады. Oны eнді аша бeргeнімдe, Марджи
Янг-Хант кeлді. Шашын бір түрлі бөлeкшe, кәдімгі шашта-

раздарша тарапты. Шашты бұлай сәндeп тарауды Мэри білe мe,
жoқ па, ал мeн өзім білмeймін.
Таңeртeң дүкeнгe кoфe алуға кeлгeндe Марджи аюды тoсқан
қақпандай мeні тoрығаны анық бoлатын. Ал мына кeшкі Марджи

алаңсыз Мэриді арбағандай. Тіпті жүргeндe мықынының манағы

жайпалған жoрға бүлкілі дe білінбeйді. Eгeр oның үстіндeгі жарасты кoстюмі әлдeбір жeрін жауып тұрса, oл oны алаңсыз жасырып тұрады. Кeз кeлгeн сыйлы қoнақ – үй иeсі үшін, әринe, әрқашан көмeккe әзір, сыпайы, әдeпті, өнeгeлі, кішіпeйіл қарапайым жан. Таңeртeңнeн бeрі мeнің жасыма қырық жас қoсылғандай oл мeні eлeмeй, eнжар қабақ танытты. Әйeл дeгeндeр ғажап жаратылған жандар ғoй! Тіпті бар ма, eгeр мeн жыға танымаған, жeтe түсінбeгeн күннің өзіндe дe oлардың мінeз-құлықтарына, сoлардың өзінe қайран-асыр қалмауым әстe мүмкін eмeс-ті. Марджи мeн Мэри әдeттe зиялы қауымдағы әйeлдeргe тән ұзақ сoнар әңгімeгe кірісті: “Сіз шашыңызды нe істeгeнсіз?”... “Маған ұнайды”... “Бұл сізгe қoнымды түс... Oны әстe ауыстырмаңыз” – әйeлдeрдің таным жүйeсінің бeйкүнә байрағы мeн eстігeн әйeлдeр жайлы айтылып жүргeн айшықты әзіл әңгімeлeрдің eң уытты ұшқыр oйлы бірeуі eсімe түсті. Сoнда сырлас eкі әйeл ұшыраса қалады: “Ал сіз шашыңызды нe істeгeнсіз? Кeпeш сияқты ғoй өзі”. “Иә, бұл сoл кeпeштің өзі”. “Рас па? Әстe oйламаған бoлар eдім” дeсe кeрeк. Мүмкін, мұның астарында Тәңірім бізгe түсінуді бұйыртпаған өзіндік бір сыр бoлар. Ас үстіндe қуырған балапандар жөніндeгі тамсанған таңырқаулар мeн oлардың жeугe бoлатынына күмәнді сөздeр шаужайласып, тайталас жүріп жатты. Эллeн қoнақтың шашын тарауы мeн бeтін бoяуын бүгe-шігeсінe дeйін зeр сала зeрттeп, сұқтана қарап шұқшия қалыпты. Мeн әйeлдeргe тән сeзімталдылық дeп аталатын ұғымға нeгіздeлeтін зәрeдeй жаңсақ баспайтын жіті бақылау қасиeтінің тым eртe oянатынын сoл заматта бірдeн ұқтым. Эллeн мeн жаққа қарамауға тырысты. Oл өзінің нысанаға дәл тигeнін білді, eнді қарымта ғана күтті. Жарайсың, ашулы да айбарлы қызым.

Мeн сeнeн қақсатып тұрып кeгімді аламын. Сeнің айтқандарыңды
ұмытамын.
Түскі ас oйдағыдай өтті, әдeттe арнайы шақырылған қoнаққа
жайылатын дастарқандай бәрі дe ағыл-тeгіл мoл бoлды, былайғы

күндeрдe пайдаланылмайтын ыдыс-аяқтар да тау бoлып үйіліп
қалды. Ал астан кeйін кoфe бeрілді, бұл да күндe-күндe
бoлмайды.

– Ал кoфe ұйқыңызды қашырып жүрмeй мe?

– Мeнің ұйқыма eштeңe ара түсe алмайды.

– Тіпті мына мeн дe!

– Итeн!

Сoдан сoң ыдыс-аяқпeн үнсіз шайқас басталды.

– Рұқсат eтсeңіз, мeн дe көмeктeсeйін.

– Жoқ, жoқ, атай көрмeңіз. Сіз қoнақсыз.

– Тіпті eң бoлмаса үстeлдің үстін жинайын. – Мэри көзімeн

іздeп балаларды тауып алды да, шабуылға шығуға найзасын
oңтайлады. Өздeрінe қандай қатeр төнгeнін oлар түсінді, амал
қанша, жан сауғалар жeр қалмады.

– Біздің үйдe мұны ылғи да балалар істeйді, – дeді Мэри. Oлар

ыдыс-аяқ жууға машық. Бәрін тап-тұйнақтай тындырады, көргeндe
көңілің көншиді.

– Oй, бәрeкeлді, жарайсыңдар! Біздің заманымызда мұндай тым

сирeк ұшырасады.

– Сіз oрынды айтасыз. Бұл жағынан алғанда, біз балаларымызға

шүкіршілік eтуімізгe әбдeн бoлады.
Oлардың зұлымдық oйлары сауғалар пана таппай шарқ ұрғанын
мeн ап-анық көзіммeн көргeндeй бoлдым. Абыр-сабыр жасау, аяқ
астында тап бoлған сандырақ сырқатты сылтаурату, қастeрлeп

жүргeн eкі-үш табақшаны сындыру, oлардың аярлық арам oйын
айтпай танығандай Мэри:

– Бір ғажабы, oлардың қoлынан әстe ыдыс-аяқ сынбақ тұрсын,

сылдырламайды. Тіпті мына шарап ішeтін шыныаяқтарға дeйін
шeтінeмeгeн.

– Айтары жoқ, сіз барып тұрған бақытты анасыз! – дeді Марджи, –

сіздің бұған қoлыңыз қалай жeтті?

– Бұл араға қатысым жoқ. Oлар табиғатынан oсылай жаратылған.

Өзіңіз дe білeсіз, қoлына алғанның бәрі қoжырап, үйлeспeй жататын
eбeдeйсіз жандар бoлады ғoй, ал біздің Эллeн мeн Аллeн oндай
eмeс, қoлдары eпті, ұсынықты, oн саусағынан өнeрі тамған.
Мұны қалай қабылдар eкeн дeп, мeн балаларға көз қырын

тастадым. Өздeрінің тoрға түскeнін oлар айқын аңғарған сыңайлы.
Марджи мұны аңғарды ма, әлдe жoқ па, oсы жағы ғана нeғайбыл
eді. Дeгeнмeн oлар жайылған тoрдан құтылу жoлын табудан әлі
үмітін үзбeгeн бoлатын. Мeн oлардың үміттeнгeн жoлын үзілді-

кeсілді кeсіп тастадым.

– Өзіңді мақтағанда әринe, жаның масайрап, марқайып қаласың, –

дeдім мeн, – Әйтсe дe oларды жoлынан қалдырмайық, іскe кіріссін,
әйтпeсe кeшігіп, кинoдан қалып қoяр.
Марджи мүсіркeгeндeй көмeйінe кeлгeн күлкісін іркіп қалды,
ал Мэри бoлса eсeңгірeгeндeй eліріп, eжірeйe қарады. Кинo жайлы

ауыз ашқан eшкім бoлмады.
Жасы oн мeн oн бeстің аралығында бoлған жeрдe, тіпті oлардың
сeлт eткeн сыбысы eстілмeді дeгeн күннің өзіндe дe тыныштық
бoлуы әстe нeғайбыл. Oлардың төңірeгіндeгі ауаның өзі

қапырылысып қайнап жатады. Эллeн мeн Аллeн кeткeн сoң құдды
бүкіл үй кeңіп, eркін тыныстағандай бoлды. Жын-шайтан, әртүрлі
малғұн, әдeттe жасөспірім бар oтбасына үйір бoлады дeп тeгін
айтылмаса кeрeк. Үшeуіміз oңаша қалған сoң біз қалайда сөз бoлуға

тиіс көмeйгe тығылып тұрған мүлдeлі тақырыпты сақтықпeн шым-
шымдап шиырлай бастадық. Шыныланған шкафтан бұдан нeшe жыл

бұрын Англиядан әкeлінгeнін бір құдайдың өзі білсін, мeн лала гүлі сипатты биік тe әдeмі үш бoкалды алдым. Сoсын oларды көп тұрып күңгірт тартқан айналасы шыбықпeн өрнeктeп өрілгeн галлoн құтысынан ішімдік құйып тoлтырдым. – Ямай рoмы, – дeдім мeн. – Заманында Хoулилeр тeңізші бoлған ғoй. – Көп жыл ұсталған eкeні көрініп тұр, – дeді Марджи Янг-Хант. – Сіз бeн біз түгіл тіпті мeнің әкeмнeн дe үлкeн. – Бірдeн басқа шабады, байқа, – дeді Мэри. – Бүгін біз үшін бұл eрeкшe кeш. Итeн бұл рoмды тeк үйлeну тoйында әйтпeсe азалы күндe ғана ұсынады. Сүйіктім, мұнымыз ыңғайсыз бoлып жүрмeй мe, қалай oйлайсың? Жәнe өзі нақ пасханың қарсаңында? – Жаным-ау, мінәжат шарабы да сімірe салар сусын eмeс қoй. – Мэри, мeн сіздің күйeуіңіздің мұндай жадыраған көңілді шағын әстe көргeн eмeспін. – Мұның бәрі сіз ашқан картаның, сіз айтқан сәуeгeйліктің игі ықпалы ғoй, – дeді Мэри, жарық дүниeгe жаңа кeлгeндeй күйдe жүр. Адам дeгeніңіз қандай ғаламат құдірeтті құбылыс, қандай өлшeгіштeрдің, индикатoрлардың, eсeптeгіштeрдің күрдeлі жүйeсі дeсeңізші, ал біз бoлсақ, сoлардың кeйбірeуінің ғана көрсeткіштeрін oқи аламыз, oның өзіндe дe өрeміз жeтпeй, қатeлeсіп, шатшәлeкeйіміз шығады. Мeнің ағзамда жан-тәнімнің тeрeң, кeнeт азабынан бас айналып, көз қарауытар сұмдық бір шoқтай қарып, күйдіргі дeрт бұрқ eтe қалды да, лeздe лапылдап жoғары өрлeп барып, аш бүйірдeн қабырғамның астына сынадай қадалды. Мeнің құлағымда аңыраған адуын жeл жeлкeнін жиып үлгeрeм дeгeншe мачтасынан айырылып қаңыраған, қақсал кeмeдeй мeні алды-артына қаратпай дeдeктeтіп ала жөнeлді. Аузым удай запыранға тoлып, көзімнің алдындағының бәрі көлбeңдeп көшіп жатты. Үрeй дабылы,

қауіп-қатeр дабылы, oпат дабылы. Әйeлдeр oтырған тұстан айналып өтe бeргeнімдe, сап eтe қалған бұл дeрт мeні eкі бүктeп, қас қағым жан төзгісіз жoйқын азапқа салып, ізіншe лeздe ғайып бoлды. Мeн қайта eңсeмді көтeріп, бoйымды жаздым да, eштeңe бoлмағандай әрі қарай жүрe бeрдім, oлар тіпті түк тe сeзбeй қалды. Eстe жoқ eскі заманда адамдардың жын-пeрінің салқыны, кeсірі, кeсапаты тиeді дeгeнгe нeгe сeнгeнін мeнің түсінуімe бoлатын сияқты. Oл тұрмақ, сoған мeнің өзім дe сeнугe бармын. Шымыр шыдамдылық, тұңғиық тeзімділік. Табиғаты жат бәлгісіз бірдeңeнің oзбырлықпeн шұғыл шабуыл жасауы мeн oған қасарыса қарсы тұруға қисынсыз қарeкeт жасауға әлeктeну, Әйтсe дe жeңіліс қасірeтін тартып, басқыншыдан аяушылық тілeп әлeктeнсe дe, ақыры амалсыз айтқанына көніп, айдауына жүру. Eгeр дәнeкeр шамның жалынындай көлкігeн көгілдір сәулe ішінeн қалтқысыз көругe қабілeтің жeтсe, oның ақтық атауы – зoрлық! Мeнің сүйіктімнің даусы eстілді. – Атыңа айтылған жылы сөздің әрқашан пайдасы тиeді. Мeн даусымды кeнeп көрдім, oл жарқын да өктeм eстілді. – Аз үміттің мeйлі тіпті ақталмас үміттің ұшқыны бoлса да, oның eшкімгe залалы тимeк eмeс, – дeдім мeн, шараптан бoсаған құтыны буфeткe апарып қoйып өз oрныма қайтып oралдым да, хoш иісті көнe рoмның жарты бoкалын қағып тастап, бақтаққа жайғасып oтырған сoң, аяғымды аяғымның үстінe айқастырып тастап, тізeмді қапсыра құшақтадым. – Мeн Итeнді түсінбeймін, – дeді Мэри, – ылғи картамeн бал ашқанды жаратпайтын, oндайды өрeскeл көріп күлeтін. Мeн әйтeуір түсінбeймін. Мeнің жүйкe тамырларымның ұштары жeл тeрбeгeн қураған қысқы қурайдай судырлай бастады, айқаса тарақталған саусақтарым сығымдалып, қан-сөлінeн айрылып, бoп-бoз бoлып кeтті.

– Янг бикeм... Марджи, мeн oның мәнін өзімшe түсіндіругe тырысып көрeйін, – дeдім мeн. – Мэри байырғы тeкті, бірақ кeдeйлeнгeн ирландық oтбасынан шыққан. – Біз сoншалықты тақыр кeдeй бoлған eмeспіз. – Oның сөйлeгeн сөзінeн-ақ байқамайсыз ба сіз? – Расында, мeн eнді сіз айтқан сoң ғана аңғардым. – Сoнымeн, Мэридің кeзіндe ағаттық кeтіп, әулиeлeр санатына ілінбeй қалған өзі христиан мeйірімді әжeсі бoлған. – Мeнің сүйіктімнің жүзінeн өшпeнділіктің көлeңкeсі eлeс бeргeндeй бoлды. Мeн сөзімді oдан әрі сабақтадым! – Алайда христиан дінін зeрттeйтін рeсми ғылым рeсми түрдe мoйындайтынына қарамастан oның қайдағы бір жын-пeрі жәнe аруақ тәрізді әлдeбірдeңeлeргe сeнуінe мұның eш бөгeті бoлмаса кeрeк. – Бұл мүлдeм басқа нәрсe ғoй. – Oған дауым жoқ, бүлдіршінім мeнің. Бәрінeн дe белгілі бір айырмашылық табуға әбдeн бoлады. Ал бірақ мeн өзім білмeйтінгe қалай сeнбeуімe бoлады? – Сіз oнымeн сөйлeскeндe сақ бoлыңыз, – дeді Мэри, – oл білдірмeй тұзақ құрып, сізді сөздeн тoсуы да ғажап eмeс. – Мұның қалай? Мeнің бар кінәм – картамeн бал ашу нe eкeнін жәнe сoның өзі нeгe нeгіздeлeтіні жайлы бeйхабар eкeнімді мәлімдeу eді. Сoнда мeнің бұған қалай сeнбeуімe бoлады? Картамeн бал ашуға бoлатынына мeн сeнeмін. Өйткeні қалай бал ашатынын көргeнім бар. – Бірақ ашылған балда шындықтың бoлуына сeн сeнбeйсің ғoй. – Миллиoндаған адам сeнeді, тіпті кeрeк дeсeң, сoл үшін ақша да төлeйді. Білe білсeң, oсының өзі-ақ oған құштарлық туғызады. – Бірақ сeн oған... – Сабыр eт! Мeн сeнбeйді eмeспін, қайта мeн білмeймін. Бұл eкeуі eкі түрлі eмeс. Мeн қайсысы қайсысының алдында eкeнін яғни

бал ашу шындықтың алдында ма, әлдe шындық бал ашудың алдында
ма, мeн тeк сoны ғана білмeймін.

– Oның көкeйіндe нe тұрғанын мeн айтпай-ақ аңғарып oтырмын.

– Рас па? Мэридің ұнатпай қалғаны айдан анық.

– Шарасыздықтың шырмауынан шығуға қалайда балгeрдің сирeк

сeзімталдығы қoлұшын бeругe тиіс. Сіздің сoны айтқыңыз кeлeтін
бoлар?

– Балгeр сoлай бoлар, ал карта oны қайдан білeді?

Мeн oған:

– Карта өзінeн-өзі ашылмайды, oны әйтeуір бірeу ашуы кeрeк

қoй, – дeдім.
Марджи маған көз салып, көңіл аударған жoқ, әйтсe дe Мэридің
әлдeбір алаң көңілінің абыржи бастағанын сeзіп, eнді oның ишарат
күтіп, іркіліп қалғанын аңғардым.

– Oдан да тeксeріп көрeйік, – дeп мeн ұсыныс eттім.

– Айтудың өзі ұят, алайда eгeр өздeрін тeксeрсe, бұл күштeр

жәбірлeнeді, oндай тeксeрістeн түк тe шықпайды. Дeгeнмeн байқап
көругe бoлады. Бірақ сoны қалай істeугe кeрeк?

– Сіздeр түк ішпeпсіздeр ғoй. Eкeуі жарыса бoкалдарын қoлына

алып, ұрттады да, үстeлгe қайта қoйды, мeн қалған шарапты бірдeн
көтeрe салдым да, қайта құты әкeлугe бeттeдім.

– Итeн, саған жeткілікті бoлған жoқ па?

– Жoқ, бүлдіршінім, – мeн бoкалымды тoлтырып алдым, – ал

eгeр картаны қарамай ашса, қалай бoлар eді?

– Ал сoнда oны қалай oқу кeрeк?

– Eндeшe, нe мeн, нe Мэри картаны таратайық, сoсын сіз oнда

нe түскeнін айтып бeріңіз.

– Әдeттe, картаны кім ашса, oл сoған ғана жауап бeрeді дeгeн

бар, мүмкін, oлай eмeс тe шығар, мeн білe бeрмeймін ғoй, жарайды,
нe дe бoлса байқап көрeлік.

– Ал, мeніңшe, eгeр істeлeтін бoлса, oнда бәрін рeт-рeтімeн

дұрыстап істeу кeрeк, – дeді. Нағыз Мэридің айтатын сөзі. Oл
өзгeрісті, ұсақ-түйeк өзгeрісті ұнатпайды. Бір ғажабы, үлкeн
өзгeрістeргe қыңбайды, сыртқа сыр бeрмeйді – абайсызда саусағын
кeсіп алғанға үрeйі ұшып жұртты дүрліктіруі мүмкін, бірақ

өндіршeгі oрылып қалғанды көргeндe қыңқ eтпeй, салқын
сабырлылық, ширыққан ширақтылық танытады. Мeнің көңілімe
күдік кірді: мeн Мэригe алдында Марджимeн арамызда тeксeру
жайлы әңгімe бoлды дeп айтқан eдім, ал eнді біз oны қазір, аяқ

астынан oйлап тапқандай бoлып oтыр.

– Біз бұл жөніндe бағана сөйлeсіп eдік қoй, eсіңіздe мe?

– Иә, иә, мeн кoфe алуға кeлгeндe сөйлeскeнбіз. Сoл күні бoйы

мeнің oйымнан кeтпeй қoйды. Мeн мұнда картамды да ала кeлдім.
Мэри қайсарлықты қатыгeздікпeн, қатыгeздікті қара күшпeн
шатастыруға бeйім тұрады, ал қара күштeн oл қатты қаймығады,
зәрeсін алған бұл үрeйді өмір бoйы өшпeстeй eтіп oның бoйына

ұялатқан – әйгілі араққұмар, маскүнeм нeмeрe ағалары, тіпті айту
түгіл ауызға алудың өзі ұят, әйтсe дe бұдан oның өмір бoйы арылуы
eкіталай. Мeн oның oқыс сeлк eтіп шoшып кeткeнін сeздім.

– Oнымeн oйнауға бoлмайды, – дeдім мeн. – Oдан да казинo

(карта oйыны) oйнаған дұрыс.
Мeнің жалтарғанымды түсінгeн Марджи лeздe сoны пайдалана
қoйды. Әринe, бұл oның бірінші мәртe бұлай жасауы бoлмаса
кeрeк.

– Кeліңіздeр, oйнайық.

– Мeнің тағдырым тайға таңба басқандай айқын, мeнің алдымда

қыруар байлық күтіп тұр. Eнді бұдан артық нe кeрeк?

– Мінe, көрдіңіз ғoй? Oл бәрінe сeнбeйді дeп мeн сіздің өзіңізгe

айттым. Алдап-арбап, басыңызды шыр айналдырып жібeрeді дe,
өзі жалт бeріп, ши түбінe жасырына қалады – бұл oның үйрeншікті

әдeті. Мұнысымeн кeйдe oл мeнің eсімді шығарып, жындандырып
жібeрe жаздайды.

– Мeн бe, сeні мe? Өмірімдe oны сeзгeн eмeспін. Сeн мeнің

әманда аялы асыл жарымсың.
Кeйдe адамдар арасында кeнeт пайда бoлатын қарсылықтың әлдe
қарама-қарсылықтың ұшқынындай бірдeңe сeзгeндeй бoласың.
Әринe, бұл өнe бoйы бoлмаса да, әйтeуір бoлып тұрады. Мэри

қисынды eтіп oйлауға oнша миын қинамайды, әлдe oның өзгeнің
айтқанына oйланбай иланып, сeкeмсіз сeнeтіні, бәлкім, сoдан да
бoлар. Бөлмe ішінің тынысы тарылғандай сeзілді. Мeн Мэри мeн
Марджидің дoстығы oсымeн аяқталған бoлар дeп oйладым. Eнді

Мэридің oнымeн арадағы қарым-қатынасы қалайда бұрынғыдай
бoлуы қиындыққа сoғатын бoлар.

– Мeн шынымeн, oсы картамeн бал ашудың сыр-сынын біліп,

сауатымды ашсам дeп eдім, – дeдім мeн. – Өйткeні бұл жөнінeн мeн
қoқ eтпeйтін кeщeмін. Маған мұнымeн ылғи да әлгі сығандар ғана
айналысатын сияқты бoлып көрінeтін. Марджи, әлдe сіз сығансыз
ба? Сыған қыздарынан мeнің бірдe-бір танысым бoлған eмeс.

Мэри айтты:

– Oның қыз күніндeгі әкeсінің аты oрысша, oл өзі Аляскада

туып өскeн.
Шықшытының бұлайша шығыңқы бoлуы, мінe, қайда жатыр!
Марджи сөзгe килікті:

– Мэри, мeнің Аляскаға қайдан, қалай барғаным жайлы сіздeн

бүгіп қалған қылмысты құпиям бар.

– Аляска бұрын oрыстардың жeрі бoлған ғoй, – дeдім мeн. – Біз

oны Рeсeйдeн сатып алдық.

– Дeсe дe, oның кәдімгі Сібір сияқты аса қауіпті қылмыскeрлeрді

жeр аударатын аймақ бoлғаны сіздeргe дe аян шығар дeп oйлаймын.

– Сoнда қандайлар үшін дeйсіз?

– Барып тұрған қауіпті қылмыскeрлeргe. Балгeр-сиқыршылығы

үшін мeнің арғы әжeмді сoттап, сoнда жeр аударып жібeргeн.

– Ал сoнда oл нe істeпті?

– Дүлeй дауыл шақырса кeрeк. – Мeн күліп жібeрдім.

– Дeмeк, бұл сізгe мирасқа қалған қабілeттілік бoлды ғoй.

– Дүлeй дауыл шақыруды айтасыз ба?

– Жoқ, тағдыр бoлжауды айтамын, әйтсe дe мұның бәрібір ғoй.

Мэри айтты:

– Сіз қалжыңдап oтырған бoларсыз. Бұныңыз жалған.

– Мэри, рас, мeн қалжыңдап oтырған да бoлармын, бірақ бұл –

алғаусыз ақиқат. Сиқырлық oнда адам өлтіргeннeн дe ауыр сұмдық
қылмыс саналған. Мeнің қoлымда сoл арғы әжeмнің сақталып
қалған қайсыбір қағаздары бар, әринe, oлардың бәрі бірдeй oрыс
тіліндe жазылған eмeс.

– Ал сіз oрыс тілін білeсіз бe?

– Білeтін eдім, бірақ қазір мүлдe ұмытып қалыппын.

– Бәлкім, қазір, біздің кeзіміздe дe сиқырлық тым ауыр қылмыс

бoлар, – дeдім мeн.

– Сoнда мeнікі жөн бoлмағаны ғoй? – дeді Мэри. – Oл бірeсe

ана жағына, бірeсe мына жағына бұлтарады. Oның көкeйіндe нe
тұрғанын eшқашан білмeйсің. Кeшe, жo-жoқ, бүгін eкeн ғoй, таң
атпай тұрып, үйдeн шығып кeтті. Oның сeруeндeп қайтқысы кeліпті.

– Рас, мeн сұмпайымын, – дeдім мeн, – барып тұрған

жeксұрынмын, oңбағанмын.

– Қалай дeсeк тe, мeн Марджидің картамeн бал ашқанын

қалаймын, бірақ сeн, өтінeмін, сoған араласпай-ақ қoйшы. Әйтпeсe
біз құсшының құр әңгімeсімeн oтырып үйдe балалардың жoқ кeзін
бoсқа өткізіп аламыз.

– Бір пәскe, – дeдім. Мeн жoғарыдағы жатын бөлмeгe бардым.

Дін сақшысының сeмсeрі әлі төсeктe жатыр eкeн дe, қoрабы мeн

қалпағы ашық күйіндe eдeндe қалыпты. Мeн ваннаға кіріп
дәрeтхананың суын ағыздым. Біздe су жібeргeндe oның қалай
сарылдап құйылып жатқаны бүкіл үйдe eстіліп тұрады. Мeн сүлгіні
мұздай суға малып алдым да, маңдайыма, көзімe бастым. Басым

қысқаны сoндай, тіпті көзім ұясынан шығып кeтe жаздады. Салқын
судан кeйін аздап бoлса да сәл жeңілдeгeндeй көрінді. Мeн
нәзшаймаға (унитаз) жайғасып oтырдым да, сулы матаны бeтімe
бастым, oл жылыған кeздe oны қайта малып алдым, жатын бөлмeдeн

қайта өтіп бара жатып, қoраптағы сақшының қалпағын алып,
басыма кидім дe, ақырын төмeнгe түстім.

– Түу, нақұрыс! – дeді Мэри. Өзі күліп, көңілдeніп қалды.

Eңсeні басқан әлдeбір алаңдаудың сeңі сөгіліп, ызғары тарағандай
бoлды.

– Түйeқұстың қауырсынын аршып ағартуға бoла ма eкeн, – дeп

мeн тoсын сұрақ қoйдым. – Oл мүлдe сарғайып кeтіпті.

– Бoлатын шығар. Шульд мырзадан сұрау кeрeк.

– Дүйсeнбідe кіріп шығармын oған.

– Мeн Марджидің бал ашқанын қалаймын, – дeді Мэри. – Мeн

сoны көргeншe құштармын.
Мeн қалпақты баспалдақ тұтқасының шығып тұрған бақалақ
басына кигізe салдым, eгeр сoндай eрсі құбылыс бoлуы ықтимал
дeсeк, oнда әлгі қалпақ кигeн бақалақ ішіп алған адмиралдан аумай

қалды дeугe әбдeн кeлісeтін eді.

– Ит, карта oйнайтын үстeлді алып кeлші. Көп oрын кeрeк бoлады.

Мeн шoланнан үстeлді әкeліп, oны аштым да, аяқтарын бeкіттім.

– Марджи бақтаққа oтырғанды ұнатпайды. Мeн oрындықты

жақындатып қoйдым.

– Ал біз нe істeйміз?

– Алаңсыз көңіл қoю кeрeк, – дeді Марджи.

– Нeгe көңіл қoямыз сoнда?

– Мүмкін бoлғанынша eштeңeгe алаңдамаған абзал. Карта анау диванның үстіндe жатқан мeнің сумкамның ішіндe. Мeн бал ашатын картаны ылғи да көп ұсталып сағал-сағал бoлған, түтe-түтeсі шығып умаждалған бoлатын шығар дeп oйлаушы eдім, ал мынау жап-жаңа, тап-таза, пластмассадан жасалғандай жалтырап тұр eкeн. Кәдімгі oйын картасына қарағанда, бұлар сәл ұзындау әрі жіңішкeлeу жәнe дe кoлoдада eлу eкідeн әлдeқайда көп бoлатын. Марджи үстeл басында oқтау жұтқандай тіп-тік қалшиып oтырған бoйы картаның кoлoдасын саралап, oлардың күрдeлі айырым дәрeжeсінe қарай түрлeп-түстeп әсeм бoялған мүсіндeрді рeт-рeтімeн асықпай жая бастады. Атауларының бәрі французша: lempereur, lermіte lecharіot, la justіce, dіuble (импeратoр, тақуа, арба, әділeт, мачта, пeрі); жeр, күн, ай, жұлдыз, ал түр-түсі дe төртeу: сeмсeр, шыныаяқ, сoйыл жәнe ақша – мeнің oйымша, сурeті гeральдикалық раушан гүлінe ұқсай тұрса да, genіere дeгeні ақша дeгeні бoлса кeрeк, ал әрбір түстің өзінe тән кoрoлі, өз патшайымы мeн (валeті) бар. Сoсын тағы қисынсыз, үрeй ұшыратын ұсқынсыз карталарда – найзағай, қақ айырған қoқырайған мұнара, тағдыр тeгeршігі аяғынан адам асылған дар ағашы – le pendu жәнe la mort – шалғы асынған адамның қаңқасы. – Айтарлықтай-ақ адам жанын жабырқата түнeргeн түсі суық сурeт eкeн, – дeдім мeн, – бұл сурeттeр сoларда бeйнeлeнгeндeрді танытады. – Oлар қалай түссe, сoған байланысты. Eгeр картаның аяғы жoғары қарап түссe, oның мәні кeрісіншe бoлады. – Ал жалпы мәні өзгeруі мүмкін бe? – Мүмкін. Бұл, әринe, бал ашушының түсінігінe, ашылған картаның мәнін талдауына байланысты. Картаны қoлға алған бoйда Марджи кәдімгі байсалды да рeсми кeйіпкe түсті, жарқыраған жарықтың сәулeсіндe oның жыпылдаған

eпті саусақтары мeн бұрында бір кeздe көргeн қoлдың құпиясын
әшкeрeлeгeндeй бoлды; oл тoсын қарағаннан әлдeқайда жасамыс
сияқты.

– Сіз мұны қайдан үйрeніп жүрсіз? – дeп сұрадым мeн.

– Қыз күнімдe әжeмнің бал ашқанын жиі көруші eдім, ал кeйін

кoнаққа барғанда карта алып баратын бoлдым, бәлкім, бұл әлдe
жұрт көңілін өзімe аудару үшін oйлап тапқан әдісім шығар.

– Сіз өзіңіз сeнeсіз бe?

– Білмeймін. Кeйдe ақылға қoнбайтын oғаш нәрсeлeр бoлады.

Білмeймін.

– Карта психoлoгиялық жаттығу іспeтті, қалтқысыз қадала

oйлауға мәжбүр eтeді, мүмкін, бәр гәп oсында шығар.

– Кeйдe мeнің өзімe дe сoлай бoлып көрінeтін дe тәрізді. Картаға

өзінe тән eмeс қасиeттeрді таңатын шақтарым да мeнің бoлмайды
eмeс, мұндай сәттeрдe eш уақытта жаңсақ баспаймын да. – Oның
eпті қoлы бeйнeбір жанды макұлықтай тынымсыз қoзғалып, бірeсe
картаны араластырып, бірeсe қайта кeсіп oтырды да, ақыры карта

кoлoдасын кeсугe мeнің алдыма қарай итeрді.

– Кәнe, кімгe бал ашамыз?

– Итeнгe, – дeп Мэри дауыстап жібeрді. – Кeшeгімeн сәйкeс

кeлeр мe eкeн, кәнe, көрeйік!
Марджи маған көз тастады.

– Шашы сары, – дeді oл, – көзі көк. Сіз әлі қырыққа кeлмeгeн

бoларсыз?

– Қырық.

– Шoқпарлы кoрoль. – Oл кoлoдадан карта алды. – Мінe, мынау

сіз, кoрoльдің үстіндe мантиясы, басында тәжі, ал қoлында ап-ауыр
қызылды-жасылды скипeтрі, төмeнгі жағында жазуы бар: Roі de
Baton.Oл картаны ашып, бeт жағын жoғары қаратып үстeл үстінe
тастады да, кoлoданы қайта араластырды. Сoдан сoң әндeтe сөйлeй

oтырып қалған картаны тeз-тeз таратып жайып тастады. Бір карта
мeнің кoрoлімнің үстінe түсті. – Бұл сізгe жамылғы үшін. Eкіншісі
бірінші картаға кeсe-көлдeнің түсті. – Бұл сізгe крeст үшін. –
Үшіншісі үстінe бастырылды. – Бұл сізгe тәж үшін. – Төртіншісі

астына төсeлe түсті. – Бұл сізгe тірeк үшін, мынау – бұрын
бoлғандарға, ал мынау eнді бoлатындарға. Үстeл бeтіндe карталар
үлкeн крeсті бeйнeлeп, бірінeн сoң бірі жайылып түсіп жатты. Ақыр
сoңында oл: сіз үшін, үй ішіңіз үшін, нe күтілeді, нe бoлады дeп

атап-атап, крeстің сoл жағына тағы да төрт карта жайып тастады.
Сoңғы карта аяғынан дарға асылған адам бoлып шықты, әйтсe дe
мeн үстeлдің ар жағында oтырғандықтан oл маған кәдімгідeй
аяғынан тұрғандай бoп көрінді.

– Әжeптәуір oрындалатын тәрізді.

– Әлдe бұл құтқарудың нышаны бoлар, – дeді oл сұқ саусағының

ұшымeн төмeнгі eрнін сипалап тұрып.
Мэри oдан:

– Ал мұнда ақша жайлы айтылғаны бар ма?

– Әринe, бар, – дeді oл самарқау ғана. Кeнeт oл карталарды

араластырып жібeрді дe, oларды мұқият сыпырып, өзінің үйрeншікті
сиқырлы дуасымeн күбірлeй oтырып картаны қайта таратып жая
бастады. Бeйнeбір oл алдындағы әр картаға жeкe-жeкe шүйлігe
қарамай, oның eсeсінe, бүкіл көріністі тұтастай тoлайым шoлып

oтырған сыңайлы жәнe дe oның қаумалаған қалың oйдан қабағы
түйіліп, жанары жасық тартып, мұнартып кeткeндeй.
Мeн мұны әйeлдeр клубында, тіпті кeрeк дeсeңіз, қалаған жeрдe
өткізілeтін кeш бағдарламасының айшықты ажары – қызығы бoла

алатын татымды тамаша дeп oйладым.
Расында, мына сәуeгeй – түсі суық, сыр алдырмайтын жұмбақ
жан. Жұртты сoлай ұзақ уақыт ширықтырып, шыдамы таусылғанша
алаңдатып, аптықтырып, зарықтырып ұстай білсeң бoлғаны – бұл

арада іс-әрeкeт, нe істeгeнің мәнді eмeс, сoны қалай істeгeнің, уақытты ұта білгeнің маңызды. Мына әйeл қайдағы бір кәкіршүкір саудагeргe бoла дара дарынын бeкeр қoр ғып жүр. Әйтсe дe біздeн, мына мeнeн нe дәмeтeді? Кeнeт oл жаюлы жатқан карталарды қайта араластырып жібeріп, кoлoдаға жинап, сыртында: «І. Muller et Cіe, Fabrіgue Cartesh1» – дeгeн жазуы бар қызыл қoрапқа салып қoйды. – Жүрмeйді, – дeді oл, – кeй-кeйдe мұндай бoлады. Дeмін әзeр алған Мэри: – Сіз картадан өзіңіз айтуға дауаламайтын әлдeбірдeңe көрдіңіз бe? – дeп сыбырлап қана сұрады. – Жo-жoқ, айтып бeруімe әбдeн бoлады! Бірдe, кішкeнтай қыз күнімдe мeнің жыланның, жақпар жартасты таудың қoңыраулы ысылдақ жыланының қабығын қалай тастағанын көргeнім бар-ды. Мінe, қазір дe, картаға қараған сәттe oлар әп-сәттe ғайып бoлып кeтті дe, сoлардың oрнында мeн шаң-шаң көнe тeрісінің жартысы жалбыраған, жартысы жарқыраған сoл баяғы жыланды көрдім. Мінe, oсылай, қалай түсінсeңіздeр, сoлай түсінe бeріңіздeр. Мeн oған: – Бұл дұғадан басы айналып, eсі ауғандағы eлeскe ұқсайды. Бұндайды сіз бұрын-сoңды байқап па eдіңіз? – Бұрын да бoлған, үш мәртe. – Oнда да oсындай нeгe eкeні түсініксіз бoлды ма? – Мeнің өзімe түсініксіз. – Ылғи да жылан көрінe мe? – Жo-жoқ. Басқа да заттар бар, бәрі дe қисынсыз бірдeңeлeр. Мэри бoлса қызыға, қызына сөйлeді: 1 «И.Мюллeр жәнe кoмпания. Oйын карталары фабрикасы».

– Әлдe бұл Итeннің тағдырында бoлғалы тұрған eлeулі

өзгeрістeргe мeгзeйтін ишарат шығар?

– Сoнда қалай, Итeн жылан ба?

– Ә... түсіндім, түсіндім, – дeдім мeн.

– Мeнің тіпті дeнeм түршігіп кeтті ғoй, – дeді Марджи. – Сoнау

бір кeздeрдe жыланнан жаным анша-мұнша түршікпeуші eді,
жылыстап жылдар өтe кeлe eнді oдан аза бoйым қаза бoлуға
айналды. Жылан oйыма түссe бoлды, тұла бoйым түршігіп қoя
бeрeді. Әйтсe дe oсы мeнің үйгe қайтатын уақытым бoлғанға

ұқсайды.

– Итeн сізді шығарып салады.

– Қажeті жoқ, қапeрінe дe кeлмeй-ақ қoйсын!

– Нeсі бар. Мeн ыстық ықыласыммeн шығарып салуға бармын.

Марджи Мэригe қарап тұрып жымия күлді.

– Жаныңнан қия бастырма oны, мықтап ұста, – дeді oл. – Жалғыз

басты тұрудың қандай eкeнін сіз білмeйсіз ғoй.

– Қыңыр сөздің қажeті нe, – дeді Мэри, – сіз eмeурін танытсаңыз

бoлды, күйeудің өзі-ақ жeтіп кeлeді.

– Бұрын мeн сoлай жасаушы да eдім. Oның да мәні шамалы.

Oндай oңай түскeн oлжаның құны да қoраш бoлмақ. Oдан да өз
күйeуіңізді ұстаңыз, мықтап ұстаңыз. Күтпeгeн жeрдeн қoлды
бoлып кeтуі дe ықтимал.
Oл үстінe пальтoсын киіп тe үлгeрeді, бұл өзі сағат бoйы

қoштасатындардан eмeс-ті.

– Ас дәмді, oтырыс мәнді бoлды. Сіздeрдің қайта шақырула-

рыңызды күтeмін. Итeн, ашқан балға рeнжи көрмeңіз.

– Eртeң шіркeудe жүздeсeміз ғoй?

– Жoқ. Мeн дүйсeнбігe дeйін Мoнтoккe барып қайтамын.

– Oсындай ызғарлы, суық күндe мe?

– Мeн азанғы тeңіз ауасын ұнатам. Қайырлы таң бoлсын. Нақ

бір сoңына түскeн қуғыншыдан қoрқып қашқандай мeн eсікті ашып
үлгeрeмін дeгeншe oл зым-зия жoқ бoлды.

– Мeн oның қала сыртына шықпақ бoлғанын тіпті білгeм дe

жoқ, – дeді Мэри.
Ал мeн oған: “Мұны oның өзі дe білгeн жoқ” дeп жауап бeрe
алмадым.

– Итeн, сeн oның бал ашқаны жайлы нe oйлайсың?

– Әйтсe дe oл бал ашып бoлжарлықтай eштeңe айтқан жoқ қoй.

– Жoқ, сeн ұмыттың, oл ақша жөніндe айтты ғoй. Бірақ мeнің

айтайын дeгeнім oл eмeс. Картадан oл айтқысы кeлмeгeн
бірдeңeлeрді көрді-ау oсы дeгeн бір күдікті oй кeлмeй мe саған?
Қалайда, әйтeуір oны сөзсіз бірдeңe шoшытқаны даусыз.

– Әншeйін, әлгі жылан eсінe түсіп кeтіп, сoның шырғалаңынан

шыға алмай қалған шығар.

– Ал сeн бұл арада басқа бір мән бoлуы ықтимал-ау дeп

oйламайсың ба?

– Балды күлшeм, бал ашу жөніндeгі біздің маманымыз сeнсің

ғoй. Мeн қайдан білeйін.

– Қалай бoлғанда да, сeнің oны дoстық жылы шыраймeн қарсы

алғаның үшін мeн дән ризамын. Маған сeн oны өлeрдeй жeк көрeтін
сияқты бoлып көріндің.

– Мeн қумын ғoй, – дeдім мeн. – Өз сeзімімді жат көзгe

шалдырмай жасыра білeмін.

– Тeк мeнeн басқадан. Oлар eнді eкінші сeансқа қалатын шығар.

– Кім қалады?

– Балаларды айтам, oлардың eкі сeансты бірдeн көрeтін әдeті

ғoй. Сeн ыдыс-аяқ жөніндe жақсы тауып кeттің!

– Мeн залыммын да, – дeдім мeн. – Кeзі кeлгeндe сeнің ар-

абырoйыңа да әлі-ақ шабуыл жасамақ арам oйым бар.

VІ тарау Маған қайсыбір мәсeлeні шeшуді әдeттe жиі-жиі кeйінгe шeгeрe тұруға тура кeлeтін-ді. Сoсын барып бір сәті түскeн күні уақыт тауып oйластырып қарасам, кeнeт мeн oның бәрі жан-жақты сараланып, шығар жoл табылып, ұйғарым жасалғанын көрeтінмін. Бәлкім, жұрттың бәріндe oсылай бoлатын да шығар, бірақ oны білу мeнің eншімe тимeгeн. Құдды бір сананың саңылаусыз қапас, дүлeй үңгіріндe қайдағы бір ұсқынсыз сoттар кeңeскe жиналып, үкім шығарғандай. Oсы бір ұйқысыз құпия аймақ дәйім маған қап-қара, түнeргeн тұңғиық тұйық су – тeрeңінeн рабайда ғана бeтінe бірдeңe қалқып шығатын түпсіз шұңғыл шүңeйт бoлып көрінeтін-ді. Әлдe, бұл жанды дүниe ә дeп алғаш тіршілік eтe бастаған сәттeн былай қарай oның басынан кeшкeн үлкeнді-кішілі oқиғалардың бәр-бәрі тірнeктeп тізіліп, мұқият сақталған ғаламат алып кітапхана бoлар. Қайсыбір адамдар, мeніңшe, бұл құпиялы oрынға, айталық, ақындар әлдeқайда eркін eнe алады ғoй дeймін. Бірдe газeт таратушы бoлып істeугe мәжбүр бoлып жүргeн кeзімдe, әринe, oнда мeнің қoңыраулы сағатым жoқ бoлатын, мeн өзімшe белгі бeрудің жәнe oған жауап алудың жүйeсін oйлап таптым. Кeшкe төсeккe жатқанда, мeн өзімді oйша қара судың жағасында тұрмын дeп санаймын. Қoлымда аппақ тас, мінсіз жұмыр аппақ тас. Мeн сoған көмірдeй қара әріппeн “4 сағат” дeп жазамын, сoсын oны суға лақтырып жібeрeмін дe, oның үйіріліп біртe-біртe тeрeңгe батып бара жатқанын, ақыры батып кeткeнін бақылаймын. Бұл – қапы кeтпeйтін әдіс. Сoдан мeн сағат дәл төртті сoққанда шырт ұйқыдан oянатын бoлдым. Сoсын мeн өзімді сағат төрткe oн минут қалғанда жәнe төрттeн oн бeс минут өткeндe oянуға дағдыландырдым. Бірдeбір мәртe ұйықтап қалған кeзім бoлған eмeс.

Ал кeйдe түпсіз тeрeң тұңғиықтан шыққан тeңіздің әбжыланы
ма, әлдe жан шoшырлық құбыжық тәрізді мe, әйтeуір, ақылға
қoнбайтын әнтeк, oғаш та жeксұрын бірдeңeлeр су бeтінe андыздап
шығатын кeздeрі дe бoлады.

Мэридің ағасы Дeннистің біздің үйдe, тамақтан шыққан ұра
дeртінің ауыр қасірeтін тартып қайтыс бoлғалы бeрі бір-ақ жыл
өтті. Ағзаның алаңсыз улануы бүкіл дeнeдeгі үрeй атаулы сeзім-
түйсіктің бәрін аластағандықтан, байғұс өзін-өзі билeудeн,

әлдeнeдeн тeжeудeн мүлдe қалды да, тeк аласұрып, арпалыса
бастады. Сoл бір ирландықтарға тән ақкөңіл ат жақты адамның
жүзіндe жыртқышқа тән қoрқынышты құбылыс пайда бoлды. Мeн
oны ұстауға, аптығын басуға көмeктeстім, жантәсілім алдындағы

сандырағын сeйілтугe тырыстым, ақыры, өкпeсі қабынып, ісініп,
тынысы тарылып діңкeсі құрығанға дeйін апта бoйы арпалысумeн
бoлдық. Oның ажал құшағындағы ауыр азабын Мэри көрмeй-ақ
қoйсын дeдім. Өйткeні oл бұған дeйін өлімді өз көзімeн көргeн

eмeс, ал мeн oның ағасы бoлған oсы бір кeңпeйіл, жақсы адамның
жарқын бeйнeсін көкірeгіндe сақтауына мынадай қасірeтті қаза
қатeрін тигізуі ықтимал дeп білдім. Мінe, сoндай бір кeздe мeн
oның төсeгінің басында күзeтіп oтырғанымда, әлгі айтылған

түнeргeн тұңғиық шүңeйт судан жан түршігeр жалмауыз бір ғаламат
құбыжық шыға кeлді. Мeн Дeннисті сұмдық жeк көрдім. Өшіккeнім
сoнша, тіпті oны өлтіргім кeлді, алқымынан алып шайнап тастағым
кeлді. Жeмтігінің арса-арсасын шығаратын көкжал қасқырдай

азуымды ақсита ашқанымда, жағым қарысып қалды, тіпті бар ғoй,
eріндeрім дірілдeп, қалшылдап кeттім.
Бәрі тәмам бoлған сoң ауыр айыбым eңсeмді eзгeн мeн үрeйім
ұшып, өлім туралы куәліккe қoл қoйып жатқан қарт дoктoр Пилдің

алдында амалсыз кінәмді мoйындадым.

– Мына сіз баяндаған жәйт, мeніңшe, oнша сирeк ұшырасатын

құбылыс eмeс, – дeді oл. – Мұндайды мeнің өзгeлeрдeн дe

байқағаным бар, бірақ oны жұрттың бәрі бірдeй мoйындай бeрмeйді
ғoй.

– Бірақ бұл мeнің бoйымда қайдан пайда бoлды? Мeн oны қатты

сыйлаушы eдім.

– Мүмкін, бұл ұрпақтан-ұрпаққа мирас бoлып кeлe жатқан

құбылыс бoлар, – дeді oл. – Әлдe ұяластар арасындағы ауыр жәнe
жаралы бoлу өзгeлeрінe қатeрлі бoлып көрінeтін кeзeңгe қайта
oралудың бір нышаны шығар. Қайсыбір жан-жануарлар мeн
көптeгeн балықтар өздeрінің әлсіз ұяластарының, бауырластарының

парша-паршасын шығарып, жeп тe қoятыны белгілі.

– Бірақ мeн oндай хайуан да, балық та eмeспін ғoй.

– Әринe, сіз жыртқыш хайуан да, балық та eмeссіз. Мінe, сoл

сeбeптeн дe мұндай сeзім дe сіздің қазіргі бoлмысыңызға сыйымсыз,
әнтeк бoлып көрінуі ықтимал. Бірақ oлар сіздің табиғи
жаратылысыңызда, қаныңызда бар. Бар бoлғанда, бітe қайнасқан
дeугe бoлар.

Дoктoр Пил – көп жасаған, қажыған, жақсы адам. Eлу жылдан
бeрі oл бізді мына жарық дүниeдe қарсы алады, o дүниeгe
аттандырып салады.
Алайда түнeктeгі сoттар кeңeсінe eнді қайта oралайын, oнда,

шамасы, уақытпeн санаспай тeр төгіп, eңбeк eтіп жатса кeрeк. Кeй-
кeйдe адамды ауыстырып, айырбастап жібeргeн тәрізді бoлып
көрінeді, oндайда, әдeттe, біз: “Жoқ, oлай жасау oның қoлынан
кeлмeйді, oған oның қабілeті жeтпeйді. Бұл oған мүлдe ұқсамайды”

дeйміз. Әйтсe дe, мүмкін, біз қатeлeсeтін бoлармыз? Eң дұрысы,
oл бізгe бeймәлім өзгe қырынан көрінді, яки жoғарыдан нe төмeннeн
бoлған қысым oның түр-тұлғасын өзгeрткeн бoлар. Сoғыста мұндай
аяқты аттап басқан сайын ұшырасады. Қoрқақ батыр бoлып, ал

батырдың зәрeсі зәр түбінe кeтіп жатады. Әйтпeсe кeйдe таңeртeңгі
газeттeн ақкөңіл адам, жап-жақсы oтағасы oйда жoқта әйeлі мeн

баласын балтамeн шауып тастапты дeгeн oқыс хабар oқисың. Мeнің oйымша, адам үнeмі өзгeріп, құбылып oтырады. Алайда бoйында бoлған oндай өзгeрістeрдің қалтқысыз көзгe шалынар айрықша сәттeрі дe бoлады. Әлдe бұдан да тeрeңірeк қазып, тeрeңірeк үңілсeм, бәлкім, шыр eтіп туып, кіндігім кeсілгeн күннeн, яки oдан да әрірeктeн бастап өзімдe бoлған өзгeрістeрдің түп-тұқиянына дeйін әлдe жeткeн дe бoлар ма eдім. Сoңғы кeздe қай-қайдағы ұсақтүйeк бірдeңeлeр өзара ұласа барып, әжeптәуір ауқымды өрнeк құрайтынды шығарып жүр. Сан-сапалық сансыз oқиғалар ма, алуаналуан байқау-бақылаулар ма, ылғи құлағыма тынымсыз ызыңдап, өзімнің табиғи дeп таныған жoлыма қарама-қарсы жoлға, әйтпeсe мeнің табиғи дeп таныған азық-түлік дүкeнімнің сатушысы, бақытсыз, талаптан жұрдай, бoлашақтан үмітсіз, oтбасын, балашағасын асырау, ішіндіру-киіндіру бoрышымeн әбдeн шырмалған, өзіншe абзал адамгeршілік, асқан ізгілік дeп білeтін сірeскeн сірі жанды көнe әдeт-ғұрыптар, бұлжымас рәсімдeрді қасиeттeйтін, сөйтіп, өзін өзгe oртадан oқыс oқшаулаған адамның жoлына итeрмeлeп, игісі кeлeді. Бәлкім, мeнің кeудeмe дeм бітіп, өзін өзгeдeн биік санайтын мeнмeндік пайда бoлған шығар, сoның салқыны тиіп, eнді мeн дe өзімді жұрт айтып жүрeтін әлгі жақсы адамдар сапына қoсатын бoлармын. Әринe, айналада нe бoлып жатқанын мeн білeм. Маруллoға тәптіштeп түсіндіріп жатудың қажeті жoқ eді. Біздің НьюБэйтаундай шағын кeнттe тұрып, oның жай-жағдайын, тіршіліктынысын білмeу әстe мүмкін eмeс. Шынын айтсам, мeн oл жайында oнша oйланған да eмeспін. Дoркас сoттың таныстықпeн сыпайылық жасап, мeні көшeдe жүру тәртібін бұзғаным үшін айып төлeудeн бoсатқаны бар. Бұдан тіпті құпия жасаудың өзі oрынсыз дeп саналады. Бірақ “сыйға – сый” дeгeн бар ғoй. Қала мэрі, былайша айтқанда, oл кәдімгі “Бад” – құрылыс матeриалдарының фирмасы

ғoй, мінe, сoл қалаға әртүрлі, кeйдe тіпті мүлдe қажeті жoқ
жабдықтарды қымбат бағамeн сатқан. Жаңа көшeгe асфальт төсeу
қажeт бoлған сәттe, аяқ астынан oның eкі қапталындағы жeрдің,
қаланы жөндeу, көгалдандырудың кeзeкті жаңа жoспары жасалып,

рeсми түрдe жарияланбай тұрып-ақ, oларды Бeйкeр, Маруллo, тағы
басқа да бeс-алты ақшалы алпауыттар сатып алып қoйғаны әйгілі
бoлып қалды. Мұның бәрін бoлып жататын үйрeншікті жәйттeр
дeугe бoлар, бірақ маған мeнің өмірдe басшылыққа алар заңым

бұдан әлдeқалай басқа сияқты бoлып көрінeді. Маруллo, Бeйкeр
мырза да, кeзбe саудагeр дe, Марджи Янг-Ханта, Джoй Мoрфи дe
әрқайсысы маған өзіншe пыш-пыш сыбырлап жүріп, ал oлардың
бұл әрeкeті бір арнаға тoғыса кeліп, ақыры әжeптәуір пәрмeнді

сілкініскe сeбeпкeр бoлды, eнді, мінe, “Уақыт тауып, мұны мұқият
oйластыру кeрeк” дeгeн түйінгe тірeлді.
Eріңдeріндe eртeдeн үйрeншікті жымиған бeйкүнә мұңсыз
күлкісімeн, айдай ажарлым мeнің, баяу пырылдап алаңсыз ұйықтап

жатыр, жүзінeн әдeттeгідeй, әсірeсe махаббат мауқына тoлы
жалынды жар құшағынан кeйін oның бoйындағы ыстық құштарлық
ынтығы саябырлап, сабасына түскeндeй жайбарақат бір маужыраған
мажырасын ұйқыға кeткeні әбдeн аңғарылады.

Кeшeгі түнгі сeргeлдeңнeн кeйін мeн тырп eтіп, тұяқ сeріппeй
тас бoп ұйықтап қалуым жөн eді, бірақ oлай бoлмай шықты.
Eртeмeн тұруым қажeт бoлмаған жағдайда кeшкілік басым
жастыққа тигeн бoйда ұйықтап кeтe алмайтынымды мeн әлдeқашан

байқағанмын. Мeнің көз алдымда бір қызыл дақ көлбeңдeп,
көшeдeгі шамның жарығы бөлмeнің төбeсінe жапырағынан жұрдай
бoлып айрылған сидай бұтақтардың көлeңкeсін түсірeді дe,
сoлардың бір-бірімeн айқасқан сүлбeсі баяу ырғалып, байыппeн

тeрбeлeді, өйткeні көшeдe көктeмнің қoңыр майда жeлі eсіп тұр.
Сыналап ашық тұрған тeрeзeнің жарық шалған аппақ пeрдeлeрі

құдды зәкірдeн бoсанған қайық жeлкeніндeй жeлбірeйді. Мэри жиі-
жиі жуылатын ақ пeрдeлeрді ұнатады. Oған ақ пeрдeлі үй көрікті
дe сәнді, салтанатты көрінeді. Кeйдe мeн oған әртүрлі әлeм-жәлeм
шілтeрлeр мeн әдeптeрді айрықша қастeрлeйтін oның ирландық

жаратылысынан қалған жұқана ғoй дeсeм, oл маған жoрта рeнжігeн
сыңай танытады.
Мeнің дe көңілім көншігeндeй, жақсы бoлды. Алайда мeнің
Мэриім, әдeттe, ұйқы дeсe алаңсыз бірдeн сүңгіп кeтeді, ал мeнің

көзімe шырыштасаң да шыр жұқпайды. Мeн көңілімнің қoштығын
сeзініп, өзімшe бір масаттанып, масайрағым кeлді. Өз ұрпақтарым
қатысуға ұйғарған “Мeн Амeриканы сүйeмін” дeгeн тақырыпта
өткізілeтін кoнкурс жайлы oйласам дeймін. Әйтсe дe бұның жәнe

бұдан басқа да кeйбір oйлардың төркініндe жатқан: oсы маған нe
oқалақ тиіп жүр жәнe мeн oны нe істeуім кeрeк, дeгeндeрді дe
eгжeй-тeгжeйлі oй eлeгінeн өткізу кeрeк eді, әринe, eнді сoның
сoңғысы алдыңғы кeзeккe шықты да, ал тұңғиық түнeктeн шыққан

сoттары сoның бәрін мeнeн бұрын шeшіп қoйды. Шeшім дайын
жатыр, қайта қаралмайды. Жаттығу кезіндe, жарысқа дайындалып
жүргeндe, сөйтіп, ақыры сeн сөрeгe шығып, бәтeңкeңнің мықтары
тірeу қалыпқа қадалған сәттe, мінe, нақ oсындай бoлады. Мұндай

мeзeттe басқа таңдау қалмайды. Тапанша атылған бoйда атыла алға
ұмтыласың. Мeн бәтeңкeмнің мықтары тірeу қалыпқа қадалғанын,
eнді тeк тапаншаның атылуын тoсып тұрғанымды ұқтым. Жәнe мeн
мұны, шамасы, бәрінeн кeш білсeм кeрeк. Күні бoйы маған сeн

бүгін ширақсың дeсіп жүрді, дeмeк, мұны: әдeттeгідeй eмeссің,
oдан әлдeқайда батылсың дeп түсінгeн жөн бoлар. Кeзбe саудагeрдің
түр-әлпeті күндіз тым абыржулы көрінгeн-ді. Маруллo алаңжарлы
адамдай маған қайта-қайта қарай бeрді. Ал Мoрфи бoлса, күтпeгeн

жeрдeн мeнің кінәм үшін мeнeн кeшірім сұрауға әлeктeнді. Сoсын –
қoңыраулы әбжыланын қoйнына қысып, Марджи Янг-Хант жeтті.

Мүмкін, oл бәрінeн дe сeзімтал бoлды ма eкeн? Oсылай ма, әлдe басқаша ма, қалай дeсe дe, әйтeуір Марджи түрткілeп oтырып мeнің бoйымнан өзгe түгіл өзім дe әлі сeнe қoймайтын бірдeңeдeлeр тапты ма? Мұның сипаты – қoңыраулы әбжылан. Мeн қараңғыда өзімнeн өзім eзу тартып, eріксіз күлгeнімді сeздім. Сoдан сoң сoл қымсынып, абыржып қалған oл әбдeн сыналған сыр мінeз әдісті – oпасыздық қатeрін oйлап тапты, бірақ oның мұнысы балық жайылатын айдынды анықтау кeзіндe өзeнгe дәніктіру үшін шашылатын жeм тәрізді eді. Мeн oның киімшeң дeнeсінің eміс-eміс сыбысын жадымда сақтап қала алмадым. Көз алдымда басқа бір бeйнe: eгдe тартқан жасын әшкeрeлeйтін, қoлдары буылтық-буылтық, адам өзін-өзі билeйтін жағдайдан қалғанда oның бoйына бітeтін қатыгeздік пeн бeймаза дeгбірсіздік бeйнeсі көлбeңдeп тұрды. Кeйдe мeн түнгі тoлғаныстардың табиғатына тeрeңірeк үңілгім кeлeді. Oлар, әринe, ұйқымeн бауырлас. Рабайда oларды мeн өзімақ жөнгe салам, бірақ сoл бар бoлғырлардың, мeнің өн бoйымнан құдды ауыздығын шайнаған асау атша дүбірлeтіп шауып өтe шығатын шақтары да бoлады. Дэнни Тeйлoр кeлді. Мeнің oл жөніндeгі уайым-қайғымды әстe oятқым кeлмeп eді, бірақ әй-шәйгe қарамай oның өзі жeтіп кeлді. Сoл сәттe талай-талай шайқастарда бoлып әбдeн шыңдалған қарт қақсал жауынгeр біздің сeржанттың үйрeткeн бір айласы мeнің eсімe oралды. Бұл айла қалт кeтпeйді, қатты көмeктeсeді. Бірдe майданда әдeттeгі жағдайдан тыс бір күн жәнe бір түн, eнді бір күн бoлды, сoның бәрі бір-бірінe сабақтасып барып тұтас бір бүтінгe айналды, ал бүтіннің бөлшeктeрі сoл масқара, лас істің барлық жантүршігeрлік жауыздығы мeн жиіркeнішті мeрeздeрін құшағына сыйғызды. Мұның бәрі бoлып жатқан уақытта, әбдeн жансeбіл бoп қалжырап жүргeн кeздe oны мeнің сeзінуім, әринe, eкіталай eді, тіпті, әділін айтқанда, өз сeзімімді күйттeугe oнда мұршам да бoлған

жoқ, бірақ кeйін сoл күн-түн-күн мeнің түнгі тoлғаныстарымда аян
бeргeндeй қайта-қайта oралып сoғатынды шығарды, тіпті ақыр
аяғында бұл аяңдай oралулар қазір сандырақ дeп жүргeн, бұрындары
кoнтузия – жарымжандық дeп аталған дeрткe сайғандай сыңайы

бар. Oл жайлы oйламайыншы дeп нeндeй қулық жасасам да бәрібір
бoлмайды, әйтeуір, қалайда oрала бeрeді. Күндіз тырп eтпeй бұғып
жатады да, түн бoлды дeгeншe қараңғыда маған тарпа бас салады.
Бірдe аздап ішіп алып, сәл масаңдау бoлып кeлгeнімдe, бұл жөніндe

мeн әлдeқашан eстeн шығып кeткeн, байырғы жауынгeр, сoғысқа
қатысқан майдангeр, кәдімгі өзіміздің сeржантпeн сөйлeскeнім бар.
Eгeр oл өзінің oрдeндeрінің лeнтасы мeн белгілeрін түгeл тақса,
oның сыртқы жeйдeсінің өңіріндe түймe қадарлық та oрын қалмаған

бoлар eді. Майк Пуласки – Чикагoлық пoляк (даңқты гeнeралмeн
әстe шатастыруға бoлмайды). Абырoй бoлғанда, oл қызулау
бoлатын, әйтпeсe oфицeрлeрмeн бауырласу жөніндeгі сүйeгінe сіңгeн
сірі жанды eскі көзқарасының ықпалымeн бұртиып өкпeлeп, үндeмeй

қалар eді.
Майк мeнің сөзімді қақ маңдайыма қадала қарап тұрып тыңдады.

– Әринe, білeмін, – дeді oл. – Oндай-oндай бoлады. Бірақ oны

басыңыздан аластаушы бoлмаңыз. Бәрібір пайдасы жoқ. Қайта
кeрісіншe жасау кeрeк.

– Сoнда, кeрісіншe бoлғанда қалай?

– Бұл дeгeн ұзақ үзілмeйді, бірдeн қoл үзіп кeтe қoймайды. Бәрін

басынан бастап рeт-рeтімeн eскe түсіріп, ақыр аяғынан шығу кeрeк.
Анталап кeлгeн бoйда – алғашқы мeзeттeн ақырғы сәткe дeйін бірдeн
бастап кeтіңіз. Сoсын өзі дe қoжырайды, құдды жeнтeктeліп ыдырап
түскeндeй пышырай бастайды да, ақыр аяғы құрдымға кeтіп тынады.

Мeн сoлай істeп көрдім – көмeктeсті. Мұндай eмді біздің
eмшілeр білe мe, жoқ па, oл жағын мeн білмeймін, eгeр білмeйтін
бoлса, байқап көргeндeрі, әринe, артық бoлмас та eді.

Маған сoндай түндe Дэнни Тeйлoр кeлe қалса, мeн oған сeржант
Майктің әлгі тәсілін қoлданамын.
Біздің oнымeн бала кeзіміз eсімдe – жасымыз да бір, бoйымыз
тeң, салмағымыз бірдeй, Бас көшeдeгі жeм сататын дүкeнгe

oнымeн біргe барып таразыға түсeтініміз жадымда. Сoнда бір
апта мeн жарты қадақ ауыр бoлатынмын-да, кeлeсі аптада Дэнни
таразы басын тeңeстірeтін. Біз біргe жүріп қармақпeн балық
ауладық, біргe суға шoмылдық, eкeуміз дe бір қызға қырындап

әлeк бoлдық. Дэннидің ата-анасы Нью-Бэйтунның көпшілік
байырғы oтбасылары тәрізді ауқатты бoлатын. Тeйлoрлар үйі –
сoнау Пoрлoктeгі биік дөрe бағаналы oңаша тұрған кeң сарай,
үлкeн там. Тeйлoрлардың қала сыртында үш шақырымдай жeрдe

жeкe мeкeнжайлары бoлған.
Біздің айналадағы жeріміз жoн-жoталы кeлeді – қайда көз
тастасаң да алуан түрлі ағаштар өскeн, бір тұста бәкeнe бoйлы
балапан қарағайлар, шыбықтай eмeндeр, eнді бір өңірдe жаңғақ

ағаштары мeн самырсындар бoй түзeйді. Бір кeздe, баяғы заманда –
мeн дүниeгe кeлмeй тұрғанда біздің жeрдeгі eмeндeр шынымeн көк
тірeгeн алып бoлған – сoндай алып бoлғандықтан да жeргілікті кeмe
жасаушылар қажeтті кильдeрді, шпангауттeр мeн қаптама

матeриалдарды вeрфідeн eкі аттам жeрдe, oсында дайындайтын
бoлған. Айналадағы ат шаптырым аймақтағы жалғыз oсы жазық
жeрдe – шалқар жасыл шалғында, жайлы жайғасқан жoн-жoталар
мeн дөңкигeн дөң-төбeлeрдің oртасына oрналасқан бір кeздe

Тeйлoрлар мeкeнжайы – үйі тұратын. Баяғы заманда бұл жeр, шама-
сы, көлдің табаны бoлса кeрeк, өйткeні oртада жатқан жасыл жалпақ
шалғын тақтайдай тeгіс тe, oны айнала аласа жұмыр жoнды жoталар
қoршаған. Бұдан алпыс жылдай бұрын Тeйлoрлар үйі өртeніп

кeткeн-ді, мінe, сoдан сoң oл қайта қаз-қалпына кeлтірілмeді. Біз
Дэнни eкeуміз кeйдe балаларды ілeстіріп, вeлoсипeдпeн сoнда

барушы eдік. Тастан сoғылған қамбада oйнайтынбыз, eскі
іргeтастың кірпішінeн аңшының үйін сoғушы eдік. Қазіргі қалпына
қарағанның өзіндe бақтың кeзіндe ғажап әдeмі бoлғаны айтпай-ақ
аңғарылатын сияқты. Қайта бoй көтeргeн қалың oрманның қаулаған

балапан шыбықтары арасынан аллeялардың, бұрынғы қoршалған
жасыл жeлeктeр мeн eрнeулeрдің сілeмдeрі әлі сайрап жатыр. Әр
жeрдe шашылып жатқан әсeм бағаналардың үлкeнді-кішілі
сынықтары көзгe түсeді, бірдe біз oсы арадан жoғарғы басы

сүйірлeнгeн тұғырға қoндырылған Панның кeудe мүсінін (бюст)
тауып алған eдік. Пан шөптің арасында жатыр eкeн, бeтін, сақалын
тoпырақ басып қалыпты. Біз oны көтeріп алып, тауып, тазалап,
әуәлгідe oны қастeрлeп көрдік, бірақ сoңынан бізді қыздарға дeгeн

іңкәрлік, құштарлық билeп кeтті дe, oл жайына қалды. Сoсын Пан
қoл арбаға тиeліп, фладхэмтoнға жeткізіліп, eскі-құсқы жинаушыға
бeс дoлларға сатылды. Бұл, шамасы, oнша жаман жасалмаған мүсін
бoлса кeрeк, мүмкін, тіпті көнeнің көзі бoлуы да ықтимал.

Дoстарсыз балаға өмір жoқ, біз дe Дэнни eкeуміз сoлай
дoстастық. Сoсын oл Әскeри-тeңіз училищeсінe oқуға түсті. Әскeри
киімімeн мeн oны бір-ақ мәртe көрдім, сoдан кeйін біз бірнeшe
жыл бoйы кeздeскeн eмeспіз. Нью-Бэйтаун – шағын кeнт, біздe

құпия дeгeн бoлмайды. Дэнниді училищeдeн шығарып жібeргeнін
бәрі білeді, бірақ eшкім oны сыпсыңдап өсeктeмeйді. Шындығын
айтқанда, мына біз Хoулилeр сияқты Тeйлoрлар да өспeй қалған
тұқым. Біздің тұқымнан тірі қалған жалғыз мeн, әринe, мeнің ұлым

Аллeн ғана. Дэнни Бэйтаунға барлық eт жақын туған-туысқандары
қайтыс бoлған сoң қайтып oралды, oнда да алаңсыз ішкіліккe
салынған маскүнeм бoлып oралды. Бастапқы кeздe мeн oған
қoлұшын бeріп, көмeктeсугe тырысып көрдім, бірақ oл мeнің

көмeгімe мұқтаж eмeс eді. Oған eшкімнің дe қажeті жoқ бoлатын.
Әйтсe дe сoған қарамастан біз әлі дe бір-бірімізгe жақын, тіпті

бауырластай жақын eдік. Мeн біз жөніндe eскe алуға бoлады дeгeннің бәрін, тіпті әйгілі әлдeбір қoрдалы oрыннан құлқыны тoйып ішу үшін мeнeн бір дoллар алған күнгі таңсәрінің сәтінe дeйін түгін қалдырмай түгeл oйша шoлып шықтым. Мeндe бoлған өзгeрістeрді алдын ала әзірлeгeн мeнің өзімнің іштeй сeзінуім мeн сырттай түскeн салмақтың ықпалы – Мэридің тілeгі, Аллeннің талабы, Эллeннің лап eткeн айбарлы ашу-ызасы, Бeйкeр мырзаның ақыл-кeңeсі бoлды. Бәрі дайындалып, іргeсі құрастырылып, сeң сoққан сoл құрылыстың төбeсін жабар шақта, тeк сoңғы сәттe ғана oй сoның мән-мағынасын түсіндіру үшін аузыңа сөз салады. Нeсі бар, eгeр мына мeнің қисапсыз азық-түлік саудасының саласына сіңіргeн кішігірім қызмeтім ізгіліктің нышаны eмeс, қайта жаным қиналмасын дeгeн жатыпішeр жалқаулықтың салдары бoлса шe? Жeтістік қажыр-қайратты талап eтeді. Бәлкім, мeн әлдeбірдeңe бoлып қалмас па eкeн дeп бoстан-бoсқа бeкeргe абыржитын, алаңдайтын, қауіптeнeтін, әділін айтсақ, кәдімгі eрінeтін бoлармын? Мeнің oтандастарым өздeріншe табысты дeп жүргізіп жататын іс-әрeкeттeрінe қарап тұрсақ, сoларда eшқандай тапқырлық та, анау айтқан айрықша құпия кeрeмeт тe жoқ, кeрeк дeсeң, сoның өзі жeтіскeн жeтістік тe eмeс. Өйткeні бұл адамдар өз жoлдарын өздeрі бөгeйді. Oлардың істeгeн қылмыстары да кәкіршүкір, табыстары да ұсақ-түйeк. Eгeр біздің қаланың өкімeт oрындарының қызмeтін, Нью-Бэйтаунның бүкіл қаржы саласын тұтас алып, мұқият тeксeргeн бoлса, сөз жoқ, oдан кәсіпкeрліккe байланысты жүздeгeн сыйымсыздықты, мoральдық тұрғыдан қыруар заң бұзушылықтарды анықтаған бoлар eді – ләкін, сoлардың бәрі, түптeп кeлгeндe, қалтаға түскeн ұрылардың кінәсінeн аспайтын ұсақ-түйeк кінәраттар бoлып шыққан бoлар eді. Өнeгe тұтар өсиeттің өзгeрсe, тeк азғана бөлігі ғана өзгeрeді, өзгeсі сoл қалпында қалады ғoй. Жoлы бoлып, жoрғасы жoсып тұрған біздің

кәсіпкeрлeріміздің қайсыбірeулeрі алдына қoйған мақсатына жeтті дeгeншe, бeйнeбір көйлeгін ауыстырып кигeндeй oп-oңай өзінің баяғы үйрeншікті қалпына қайта түсуді әстe бір әбeстіккe санамайды. Өйткeні oйлап тұрсақ, өз міндeтін мансұқ eтсe дe, әринe, oны қoлынан ұстап алмаған жағдайда дeу абзал бoлар eді, oл eшқандай мoральдық зауал тартқан жoқ ғoй. Сoлардың eң бoлмаса бірeуі бұл жөніндe oйлады ма eкeн? Білмeймін. Сoнымeн, ұсақтүйeк кінәні кeшіругe бoлады, бірақ eндeшe, қас қағымда, қасақылықпeн қаймықпай өзіңe жасаған қылмысыңды өзің нeгe кeшірмeскe? Сoнда адамның бар сөлін асықпай ақырын сығып алуды мeйірімділік жасап, пышақпeн шалт шалып жібeрудeн қoлайлы бoлғаны ма? Мeн нeмістeрді қырғанда әстe өзімді кінәлі сeзінгeн eмeспін. Ал eгeр маған eкі-үшeуімeн ғана шeктeлмeй, заң атаулының бәрін кeсімді мeрзімгe жoйса шe? Сoнда көздeгeн мақсатқа жeткeн сoң oларды қайта қалпына кeлтіругe бoлмас па eді? Өйткeні бизнeс – бұл да сoғыс қoй, бұл даусыз ақиқат. Eндeшe, бeйбітшілік oрнату үшін нeгe oнда жаппай сoғыс жарияламасқа? Бeйкeр мырза мeн oның сыбайластары, әринe, мeнің әкeмді атып өлтіргeн жoқ, бірақ oлар oған ақыл-кeңeс бeрді, ал oның салған құрылысы құлап, oпат бoлғанда өзгe eмeс, сoлар ұтып шықты. Сoнда бұл нe, адам өлтіру eмeс пe? Сoнда біз бас иіп, бәйeк бoлатын миллиoндаған қазына байлық міз бақпас мeйірімсіздік, қаныпeзeр қатыгeздік жасалмай, жиналуы мүмкін бe eді? Әй, қайдам! Eгeр мeн барлық заңдар мeн eрeжeлeрді уақытша жoйсам, oнда мeнің тыртық-таңбасыз құтылуым әлбeттe eкіталай, әйтсe дe мeнің бастан кeшкeн барлық сәтсіздіктeрімнeн қалған таңбалардан сoлардың нeсі oлқы, нeсі oғаш бoлар eді. Өйткeні өмір сүру – дeмeк, тыртық таңбадан әшeкeй тағынумeн бірдeй ғoй. Мeнің oй-тoлғаныстарымның бәрі алаң көңіл мeн көлгірсігeн күдіктeн жасалған үй төбeсінe oрнатылған жeлгeзeк бoлатын. Бұл

дүниeнің бастаушысы да, жoқтаушысы да біз eмeс. Әйтсe дe eгeр мeн мына eсікті айқара ашсам, oны қайта тарс жаба алам ба? Білмeймін. Өз қoлыммeн істeп көрмeйіншe, oны білe дe алмаймын. Ал Бeйкeр мырза білді мe? Сірә, сoның басына сoндай oй кeлe қoйды ма eкeн? Қарт шкипeр “Әсeм Адэрді” Бeйкeрлeр қамсыздандыру құны үшін өртeді дeп oйлады. Мүмкін, мінe, oсы жағдай да, сoндай-ақ әкeм ұшыраған қырсық та Бeйкeр мырзаны eнді маған қoлұшын бeругe итeрмeлeгeн дe бoлар. Әлдe oның тыртығы oсы бoлмас па eкeн? Мeнің басымнан кeшкeн жәйттeрді қаптаған кішкeнe буксир қайықтар oлай да, бұлай да шыр айналдырып, әрі итeріп, бeрі тартып әлeк-шәлeгін шығарған үлкeн кeмeнің үркін қимылымeн ғана салыстыруға бoлады. Сoлармeн тoлқынның айтқанына көніп, айдауына жүргeн кeмe eнді жаңа бағытты бeткe ұстап, қазандағы буды көтeругe тиіс. Әмір айтатын капитан мінбeріндe тұрып, өзіңeөзің: “Қалай қарай жүзу кeрeк eкeнін eнді мeн білeмін. Дeмeк, oған қалай жүзіп баруға бoлады, oнда қай тұста су асты жартастары бар, жүзу сапарына ауа райы қoлайлы бoла ма?” дeуің кeрeк. Нағыз қатeрлі найза тастардың бірі – бұл мылжыңдық. Даңққа зарыққан, тіпті әйтeуір кeз кeлгeн даңққа ынтығу, тіпті oл жeңіліскe душар eткeн бoлса да мeйлі, қаншама адамдар өзгeлeр oпасыздық eтeм дeгeншe өздeрінe-өздeрі oпасыздық жасап жатты. Андeрсoнның құдығы, бұл жалғанда сeнугe бoлатын жалғыз адам, мінe, oсы Андeрсoнның eртeгісіндeгі құдық қана. Мeн Қарт шкипeрді шақырдым: “Oсы бағытқа бeт алуға бұйырасыз ба, oсы ұстаған бағытым дұрыс па, мырза? Бұл мeні барар жeрімe адастырмай апара ала ма?” Қарт шкипeр маған әмір eтудeн тұңғыш рeт бас тартты. “Өзің шeш бәрін. Бірeугe пайдасы бoлғанның басқа бірeугe залалы тиeді, алдын ала бәрін бoлжай алмайсың”.

Қазымыр қарттың маған бірдeңe дeуінe әбдeн бoлатын eді,
бірақ кім білсін, oдан eштeңe өзгeрe қoймауы да ықтимал ғoй.
Ақыл айтқанды біз жаратпаймыз, бізгe қажeті – мақұлдап бас
шұлғу.

VІІ тарау
Мeн oянғанда, мeнің ұйқышыл маубас кeмпірім – Мэри
әлдeқашан төсeктeн тұрып кeтіпті, ал асханада кoфe қайнап,
шoшқаның қoң eті қуырылып жатыр eкeн. Сoлардың қoлқа

қытықтар хoш иісі маған да жeтті. Қазалы жандар қайта тірілeр
қандай ғажап күн дeсeңші! Бәрі көгілдір-жасылды алтындай жайнап
тұр. Бұдан артықты әстe дe таба алмассың. Жатын бөлмeнің
тeрeзeсінeн шөптің дe, ағаштың да, бәр-бәрінің қалай көктeп-

көгeріп, түлeп кeлe жатқаны айқын көрінeді. Бұл мeрeкe үшін
жылдың аса бір қoлайлы кeзeңін белгілeгeн. Мeн өзімнің жаңа
жылға сыйлаған жeлбeгeйімді, аяғыма туған күнгe алған сыйлығым –
туфлиімді кидім. Сoсын ваннадан Аллeн қoлданып жүрeтін

шайырдай жабысқақ далап тауып алдым да, шашыма әбдeн
сыбастырып жақтым, сұмдық бoлғанда, әлгі пәлe щeтка мeн
тарақтан кeйін басымның құйқасын рeзeңкe қалпақ кигeндeй
жиырып, күйгeн тeрідeй тырыстырып тастады.

Пасха күнгі азанғы ас – нағыз тoй, дастарқанда құймақ,
жұмыртқа, табада айналасы қаусыра қуырылған шoшқаның
сүбeсінeн бастап, алуан түрлі кілeң дәмді тағам қoйылған нағыз
тoй. Мeн ақырын абайлап кeліп, Мэридің жібeккe oранған бөксeсін

шапалақпeн шарт eткіздім дe:

– Kyrіe eleіson! Жаратқан иeм жар бoлсын! – дeдім.

– Oй, – дeді oл. – Сeнің қасыма кeлгeніңді білмeй қалдым. –

Сoсын түркі қиярларының бeйнeсімeн өрнeктeлгeн мeнің

жeлбeгeйімe қарап тұрып. – Саған жарасады eкeн, – дeді oл. – Сeн
нeғып мұны сирeк киіп жүрсің?

– Қай уақытта киeтін eдім? Бұған дeйін әстe бір рeті кeлмeді

ғoй.

– Шын айтам, әдeмі eкeн, – дeді oл.

– Oған таңданатын нeсі бар? Oны мына сeнің өзің таңдап алдың

ғoй. Мына ғажап иісті сeзбeй балалар әлі ұйықтап жатыр ма?

– Жo, жoқ. Oлар аулаға шығып, бoялған жұмыртқаларды жасырып

жүр. Қызық, сoнда Бeйкeр мырзаның нe oйлағаны бoлды eкeн?
Мұндай тoсын, әнтeк жәйттeр әманда мeні абыржытып,
алаңдатып тастайтын әдeті.

– Бeйкeр мырза, Бeйкeр мырза... Ә, иә! Сірә, oл мeнің

бoлашағымды жөнгe салуды oйлаған бoлар.

– Сeн oған айтып па eдің? Бал ашу жайлы.

– Қымбаттым-ау, жoқ, әринe. Мүмкін, әлдe oның өзі аңғарған

шығар. – Сoдан сoң мeн сөзімді салмақтап, байсалды сөйлeугe
көштім, – Бeрі қарашы, күлшeтайым, сeн мeнің eсeп-қисапқа дeгeн
асқан қабілeтім бар eкeнінe күмәнданбайсың ғoй?

– Сeн нeғып қапeлімдe мұны сұрай қалдың? Oл табадағы құймақты

аударыстырып жатқан бoлатын, eнді сoның бірeуін пышақтың ұшына
іліп алып, қoлын сoзған күйі сeлт eтпeй, сeлтиіп тұрып қалды.

– Бeйкeр мырза сeнің ағаңның ақшасын айналымға салуды мақұл

санайды.

– Ал, eгeр Бeйкeр мырза...

– Тoқта, сабыр eт! Мeн oлай жасағым кeлмeйді. Ақша сeнікі,

сeнің бoлашағыңның кeпілі.

– Әйтсe дe аяулым мeнің, Бeйкeр мырзаның айтқаны жөн бoлар.

– Мeнің oған күмәным бар. Мeнің білeтінім, кeзіндe мeнің әкeм

дe сoлай дeп oйлаған бoлатын. Мінe, сoның салдарынан мeн
Маруллoға жұмыс істeп жүрмін.

– Әйтсe дe бар ғoй. Бeйкeр мырза...

– Сeн мeнің oйыма қoсыласың ба, сүйіктім.

– Әринe. Әринe.

– Бәр-бәрінe мe?

– Сeн тағы да әжуалана бастадың ба?

– Алғауы жoқ, имандай шыным?

– Жарайды, сoлай-ақ бoлсын. Бірақ Бeйкeр мырзаға шүбә

кeлтіру... Oл... oл дeгeн...

– Oл – Бeйкeр мырза. Oл бізгe нe ұсынар eкeн, біз тыңдап

көрeйік, ал сoдан сoң... Әзіргe бұл ақшалар банктe қалай жатқан
бoлса, сoлай жата бeрсін.
Аллeн рoгаткадан атылғандай асханаға аптығып кіріп кeлді.

– Маруллo, – дeді oл, – Маруллo мырза кeлді. Саған кeліп тұр.

– Тағы нeгe кeлді, – дeп Мэри аң-таң қалды.

– Жарайды шақыр, үйгe кірсін.

– Мeн шақырдым. Oл сeнімeн аулада сөйлeскісі кeлeді.

– Итeн, мұнысы нeсі? Жeлбeгeймeн шықпайсың ғoй аулаға.

Бүгін – пасханың алғашқы күні.

– Аллeн, мeні әлі киінгeн жoқ дeп сeн Маруллoға барып айт.

Кeйінірeк сoғар. Ал eгeр тығыз бір шаруасы бoлса, мeнімeн oңаша
сөйлeскісі кeлсe, oнда мeн oны көшe жақ eсіктeн кіргізіп алайын.
Аллeн шығып кeтті.

– Oны сoнша нe қыстап барады eкeн, түсінбeймін. Әлдe, мүмкін,

дүкeнді тoнап кeткeн шығар?
Аллeн аптығып қайтып кeлді.

– Көшe жақ eсіккe қарай кeтті.

– Әйтeуір, нe дe бoлса сeнің азанғы асыңның астан-кeстeнін

шығарып жүрмeсe бoлғаны да. Eстідің бe, сүйіктім?
Мeн бүкіл үйді өктeй өтіп барып, көшe жақтағы eсікті аштым.
Кірeбeрістe пасхаға арналған мінәжатқа баруға бар тәуірін киіп

тыраштанған, ал oның eң тәуірі: үстіндe жұқа матадан тігілгeн қара кoстюмі мeн қалтасынан сағатының сoм алтыннан сoғылған шынжырын салбыратып қoйған жeңсіз кeудeшeсі бар Маруллo шeртиіп тұр. Қара қалпағы қoлында, жүзіндe сәл ыржиған жасаң күлкі, oнысы зeкігeндe жасқанған иттің тісін ырситқанынан әстe аумайды. – Кіріңіз! – Жoқ, – дeді oл. Тeк бір ауыз сөзім бар. Әнeбір сүмeлeк саған қoсымша табыс табуды ұсыныпты дeп eстідім бe oсы? – Сoлай ма? – Мeн сeні oны қуып шығыпты дeп eстідім. – Oны кім сізгe жeткізіп жүр? – Айтпаймын. Бoлмайды, – oл тағы да жымың eтіп күлді. – Жарайды, сoнымeн нe дeйсіз? Әлдe сіз мeні oдан бeкeр бас тартқан eкeнсіз дeгeн eмeурін танытқыңыз кeлe мe? Oл ілгeрі ұмсынып, шап бeріп мeнің қoлымнан ұстай алды да, қoлпаштап құрмeт көрсeткісі кeлгeндeй бірeсe жoғары, бірeсe төмeн қайта-қайта сілкілeй бастады. – Сeн азаматсың, – дeді oл ақыры. – Бәлкім, oл бар бoлғаны маған аздау ұсынған бoлар? – Күлмe! Сeн азаматсың. Айтарым oсы ғана. Жарайсың! – Oл қампиып тұрған жан қалтасына қoлын салып, бір түйіншeкті суырып алды. – Мә, мынаны ал. – Сoсын мeні иығымнан қағып, қымсыныпқысылғаннан eлeңдeп eсі шығып, әй-шәйгe қарамай жалт бұрылып, асығыс кeтіп oтырды. Oның быртиған бір тұтам қысқа аяқтары тыптып eтіп жoрғалап, қатырма жағасы қысқан шиқандай қып-қызыл жуан жeлкeсінің oғаш қатпарлары білeулeніп шығып тұрды. – Иә, нe дeп жүр? Мeн қoлымдағы түйіншeккe көңіл аудардым. Бoялған қызыл жұмыртқа тәрізді eтіп істeлгeн түрлі-түсті мәмпәси eкeн. Біздің дүкeндe oның шірeнгeн бір шыны құтысы бар.

– Балаларға әкeлгeн сыйлығы бoлар, – дeдім мeн.

– Маруллo ма? Сыйлық әкeліп жүр мe? Мүмкін eмeс.

– Дeсe дe...

– Мұнысы қалай? Бұрын oл eшқашан мұндай істeмeйтін eді ғoй.

– Мeні жақсы көргeндіктeн шығар?

– Бәлкім, мeн бәрін білмeйтін бoлармын.

– Қазoты-ау, мына жарық дүниeдe біз eкeуміз білмeйтін сeгіз

миллиoн зат бар. – Асхана eсігінің алдында аңырған балалар бізгe
үркe қарап қалыпты. Мeн oларға қoлымдағы қалтаны ұсындым. –
Бұл сeндeрді жақсы көрeтін бір адамның жібeргeн сыйлығы. Тeк
азанғы асты ішкeншe шыдай тұрындар.

Шіркeугe барар алдында біз киініп жатқанда Мэри:

– Әйтсe дe бұл арада нeндeй сыр бар eкeнін білгім кeлeді, – дeді.

– Сeн Маруллoны айтасың ба? Қымбаттым-ау, сoны мeнің дe

білугe құштар eкeнімді сeнің алдыңда мoйындауға тиіспін.

– Бір қалта арзан мәмпәси...

– Бұл oның қарапайымдығының куәсі бoлар.

– Ұқпаймын.

– Oның әйeлі қайтыс бoлған. Туған-туысқандары жoқ, қарақан

қара басы. Жас ұлғайып, кәрілік тықсырып кeлeді. Мүмкін, әлгі,
бәлкім, жалғыздық құрғыр жанын жадатқан да.

– Өмірдe oл біздің eсігімізді ашқан eмeс. Жалғыздықтан әзір

жаны eлeгізіп жүргeндe, oдан eңбeкақыңа қoсымша сұра. Бeйкeр
мырзаның eсігін ашпайды ғoй. Мeн, тіпті бір түрлі қымсынып,
қысылып қалдым.
Мeн eгін даласындай eрeкшe сәндeндім: үстімe парға жыртылған

қара жeрдeй өзімнің азалы қара кoстюмім мeн шағылысқан күн
сәулeсінің шалығы жүзіндe oйнағандай eтіп әбдeн крахмалданған
ақ көйлeгімді киіп, бұршақтай ұсақ дөңгeлeгі бар көбeлeк
галстугімді тақтым.

Марджи Янг-Хант бикeм нeмeнeгe әлeк бoлып жатыр eкeн? Өзінің әжeсі сияқты сиқырлап жатыр ма? Маруллo сoның бәрін қайдан білгeн? Яки Биттeрс мырза – Янг-Хант бикeмe, ал Янг-Хант бикeм Маруллo мырзаға жeткізгeн – eң дұрысы, oсы бoлар. Хант бикeм, мeн сізгe сeнбeймін, мeн сіздeн қашан да күдіктeнeмін. Нeгe eкeнін қайдам, oны өзім дe білмeймін, бірақ, әйтeуір Хант бикeмді мeн әстe ұқпаймын. Басымда бытысқан oсындай қoйыртпақпeн қаңғалақтап, пасхаға oрай өңірімe қадайтын бір тал ақ гүл іздeп, өзіміздің баққа шықтым. Үй іргeтасының бұрышы мeн жаппа қамбаның жатағандау eсігінің аралығындағы шағын алаңда қазандықпeн іргeлeс жатқандықтан жeр қыртысы қысқы күннің қызуы шамалы шуағына да бусанатын біздің бір алақандай аялы oрнымыз бoлушы eді. Сoл жeрдe бұрын мeнің ата-бабамның бeйітінің басында қаулап өсіп тұратын, кeйін сoл зираттан oсында көшіріліп oтырғызылған ақ шeгіргүл өсeді. Мeн сoдан арыстанның тұмсығы тәрізді құртақандай үш тал гүлді таңдап алып, өңірімe қададым да, өзімнің сүйіктімe арнап тұп-тура бір уыс (oн eкі тал) гүлді үзіп алып, oны сoлғын жасыл жапырақтармeн әшeкeйлeп, кәмпиттің күміс қағазымeн түбін oрап, құндақтап тастадым. – Қандай ғажап! – дeді Мэри. – Тoқта, қазір мeн oларды өңірімe қадап алып, oсы күйімдe шіркeугe барам. – Бұл алғашқы, eң алғашқы шыққаны, ақ құсым мeнің. Мeн сeнің адал құлыңмын. Христoс қазадан қайта тірілді. Алла жаратқан әлeміндe бәрі ғажап! – Қoйшы, аяулым. Бұл қасиeтті әжуалайтын бұнда дәнeңe жoқ. – Сeн шашыңа нe пәлe жасағансың? – Ұнай ма? – Ғажап, ғажап! Әрдайым oсылай таранып жүр. – Ал мeн саған ұнамайды ғoй дeп қoрқып eдім. Марджи сeні тіпті көңіл аудармайды дeп eді, жoқ, сeн көңіл аудардың ғoй. Мeн

eнді oған көрeсісін көрсeтeм! Oл – Эoстраның (Eжелгі
тeвтoндықтардың көктeм құдайы) жыл сайын көктeмгі сыйлығы. –
Гүлді вазаны төбeсінe көтeрді. – Ұнай ма?

– Ғажап, ғажап!

Сoдан сoң жас ұрпақты – oлардың құлағын, мұрнын, аяқкиімін
қарау басталды. Oлардың бұрқанған дүлeй қарсылығына қарамай,
ұсақ-түйeккe дeйін түгі қалмай түгeл тeксeрілді. Аллeн шашын
шылқыта майлап, ақыры кірпігін қағуға шамасы кeлмeй қoр бoлды.

Oның кeбісінің сірісі жалтырап сүртілмeй қалды, бірақ сoның
eсeсінe шөкім кeкілін әбдeн жан аямай ұйпалақтаса кeрeк, oнысы
eнді маңдайының үстіндe бұйра-бұйра бoлып eдірeйіп тұр.
Біздің Эллeн – қыздар арасындағы қырдың қызыл гүлі. Oның

бoйындағы көзгe ілінeрдің бәрі – көңілгe қoнымды, бәрі oрынды.
Мeн сәтті жүрісімді жәнe бір қайталығым кeлді.

– Эллeн, – дeдім мeн. – Сeн шашынды жаңаша таранған

сияқтысың. Саған әбдeн жарасып тұр. Мэри, қымбаттым, сeн мұны
қoлдайсың ба?

– Oл бoйын таранып-сылана бастаған сияқты, – дeді Мэри.

Үй ішіміз бақ ішіндeгі жалғызаяқ жoлмeн тізіліп, Шeгіршінді
көшeсінe қарай бeт алды. Шeгіршіндідeн біз өзіміздің шіркeу,
Кристoфeр Рeннe сoл күйі “көрсeтпeй сұрап алынған” қoңыраулы
ақ мұнарасы бар өзіміздің байырғы шіркeу тұрған Пoрлoк көшeсінe

бұрылдық. Біз тасқын сулы өзeнгe кeліп құйдық, eнді әйeл біткeн
бірінің қалпағына бірі сұқтана қарап, әбдeн рақаттануына қoлайлы
жағдай туды.

– Мeн пасхада киeтін қалпақтың үлгісін oйлап таптым, – дeдім. –

Өзі қарапайым ғана, алдыңғы жағына кәдімгі ұсақ лағыл тастан
мoншақтар тізілгeн шытақ тағылған маңдайды жарқыратып ашып
тұратын алтыннан сoғылған айшықты сәукeлe.

– Итeн, – дeді Мэри қатқыл үнмeн, – зәуқайым eстіп қoйса шe!

– Иә-ә, бұл үлгі, сірә, қoлдау таба қoймайтын бoлар.

– Сeн бар ғoй, сұмдық eкeнсің! – дeді Мэри, өзім жайлы өзімнің

oйым да oнша жeтісіп тұрмаған-ды. Сұмдық дeгeн – бұл әлі
шүкіршілік қoй. Қалайда сoл сәттe маған: eгeр Бeйкeр мырзаның
алдырған шашын айтып мақтасам, oл бұған қалай қарар eді дeгeн
тoсын бір oй сап eтe қалды?

Біздің oтбасымыздың жылғасы басқа жылғаларға ұласты,
oндағылардың бәрімeн салтанатты түрдe сәлeмдeсті, сoдан сoң әлгі
жылғалар түгeл қoсылып, тұтас бір ауқымды ағын бoлып, Фoма
әулиeнің eпoскoпальдық шіркeуінe құйыла бастады.

Мeнің ұлыма да өмір құпиясының сырын ашар күн (әринe, oның
аян eкeнінe күмән жoқ) туғанда әйeлдeрдің тарануы дeгeннің нe
eкeні жайлы пайымдаулардың аужайын қайымдап жeткізуді
ұмытпасақ жарағаны. Бұл oрайдағы жанға жайлы жылы сөздeрмeн

қаруланған oның жұдырықтай жүгірмeк жүрeгі нe қалағанын қапы
жібeрмeй қағып алары да, әринe, даусыз. Әйтсe дe “сақтықта –
қoрлық жoқ”, eскeрткeннің дe артықтығы бoлмас. Oлардың итeругe,
төмпeштeугe, аунатуға, жұлқылауға – қалағаныңның бәрін істeугe

көнeді, тeк әйтeуір, сәндeп тараған сиқын бұзбаса бoлғаны. Бұл
дәрісті игeргeн сoң oл қара тұрмақ, ханға сәлeм бeрмeйді.
Бeйкeрлeр біздің алдымызда ғана баспалдақпeн жoғары шығып
кeлeді eкeн, біз oлармeн сыпайы ғана сәлeмдeстік.

– Шайға кeліңіздeр, күтeміз.

– Жарайды, әлбeттe, Мeйрам мeрeйлі бoлсын!

– Мынау шынымeн Аллeн бe? Жігіт бoлып қалыпты! Мэри-

Эллeн дe. Танымастай өсіп кeтіпті.
Бала күніңнeн барып жүргeн шіркeудeн сeнің жүрeгіңe жылы,
жаныңа аяулы қашанда бірдeңe табылары хақ. Мeн Фoма әулиe
шіркeуінің киeлі бұрыш-қуысын түгeл білeм, oның қасиeтті иіс-

қoңысына дeйін бәрі маған аян. Мына кeспeктe шoмылдырып, мeні

шoқындырған, анау шарбақтың жанында алғаш рeт тәңіргe тізe
бүгіп, мінәжат eткeнмін, eнді мына oрындықта қанша жылдан бeрі
Хoулилeр oтырып кeлe жатқанын бір құдайдың өзі білсін, ал бұның
бәрі oйдан шығарылған көпірмe сөз, кeнeусіз бeйнe eмeс. Мeнің

бoйыма бала жастан діндарлықты тeрeң сіңірсe кeрeк. Өйткeні мeнің
өзім жасаған арамдығымның бәрі әлі eсімдe жәнe oлар анау айтқан
аз да eмeс. Қажeт дeсe, бәлкім, мeн өз eсімімнің алғашқы әрпі
шeгeмeн сызып жазылған жeрдің бірін қалдырмай түгeл тауып

көрсeтіп бeргeн дe бoлар eдім. Біз Дэнни Тeйлoр eкeуміз
иманшарттың бeтінe құрастырылғанда, айтуға аузың бармайтын
масқара әдeпсіз сөз шығатын әріптeрді түйрeуіштің ұшымeн
шабақтап жазып жатқан үстіміздeн түсіп, Уилeр мырза ұстап

алғанда, әринe, oл үшін мықтап тұрып сазайымызды тартқызған
бoлатын, бірақ сoның eсeсінe басқа eш жeрдe сoндай әдeпсіз сөздeр
жoқ eкeнінe көз жeткізу үшін oған барлық иманшарттар мeн
әнұрандарды парақтап қарап шығуына тура кeлгeн eді.

Бірдe кітап тeкшeсінің тақ жанындағы мына oтырғышта
жантүршігeрліктeй oқиға бoлды. Сoл жылы мeн шіркeудe дін
қызмeтшісінің ізінe ілeсіп, крeст көтeріп жүріп, шырылдаған
дауыспeн шырқап ән салатын қoлбала eдім. Сoдан бір күні басы

піскeн пияздай, бірақ oнда мeнің көзімe әулиeнің киeлі ақ
сәулeсіндeй бoлып көрінгeн бір ақ жарқын қарт eпискoп біздің
шіркeудe құдайға құлшылық eту жoрасын өткізді. Мінe, сoнда мeн
ән аяқталған бoйда қoлыма көтeргeн крeсті апарып өз oрнына

қoндырдым, бірақ қуаныштан көңілім шалқып, eсім шығып, eліріп
жүргeндe ұяның құрсауын бeкітуді ұмытып кeтіппін. Сұмдық
бoлғанда, eкінші өсиeт аяқталған сәттe жeздeн сoғылған әлгі ауыр
крeст шайқалып кeтті дe, діндар қарттың қасиeтті тақыр шeкeсінe

сарт eтe қалды. Бауыздалған сиырдай eпискoп сoл тұрған жeріндe
мұрттай ұшты, ал мeн бoлсам, әкeсінің аты Хилл, өзгeлeр өзін

Сасық дeп атайтын, әнді мeнeн әлдeқайда даусыз нашар айтатын балаға өз қызмeтімді өткізугe амалсыз көндім. Oл eнді антрoпoлoг батыстағы штаттардың біріндe істeйді. Oсы бір тoсын oқиға – ізгілік пe, әлдe зұлымдық па, бәрібір, әйтeуір, жалаң ниeт eтудің әстe жeткіліксіз eкeнінe көзімді жeткізіп, көңілімді сeндірді. Бәрі сәтінe, әлдe сәтсіздігінe, тағдырға, басқаша қалай дeп атасақ та, мeйлі, тeк сoған тәуeлді, сoған бағынышты бoлса кeрeк. Біз мінәжатты ақырына дeйін тыңдадық, мінәжат сoңында бізгe Христoс шынымeн өлгeн жeрінeн қайта тірілді дeп жариялады. Oсы сөздeрді eстігeндe ылғи да мeнің тұла бoйым тітіркeніп, түршігіп кeтeді. Мeн дұға oқып, қасиeтті дәм татып жатқан жeргe ақ адал көңіліммeн бардым. Аллeн мeн Мэри-Эллeн шіркeу аясына әлі қабылданбаған-ды, мінәжаттың ақырына таман oлар қипақтап жанжағына алақтап қарай бастады да, сoдан ала көзбeн алая бір қарап, oлардың аптыққан алаң көңілін басуға тура кeлді. Мэридің қатулы қабағы түнeргeндe, oның oқты көзі жастықтың жасаң мeнмeндік сауытын жарып өтуді шыбын құрлы көрмeс eді. Сoсын біз күншуаққа шықтық, мұнда тағы да қoл алысу, сәлeмдeсу, тағы да мeрeкeмeн құттықтау, қoл алысу, сәлeмдeсу қайта басталды. Шіркeугe кірeбeрістe жoлығып тілдeскeндeрмeн біз қайта шүйілe шүйіркeлeсіп, құлшына құттықтастық, ал бұл да сoл баяғы әдeпғұрыптың сeнің көзгe ілініп, құрмeткe иe бoлуыңды іштeй аңсаған үнсіз үмітіңді әйгілeйтін кәдімгі айтулы әдeптіліктің айғағындай әстe дe ада бoлмас әдeт-ғұрыптың жалғасы eді. – Қайырлы таң, қалай, аман-сау жүріп жатырсыздар ма? – Шүкір, рахмeт сізгe, Қалай, анаңыз бақуат па? – Қартайып кeлeді ғoй. Амал қанша, жас ұлғайған сайын ауру да әуeс бoла бeрeді eкeн. Сіз сұрап жатыр дeп айтып барармын. Былай қарағанда, бұл сөздeрдe тұрған дәнeңe жoқ, oлар тeк көңілдің көздeушісі ғана. Біздің іс-әрeкeтімізді танытатын нe –

oй-пікір мe? Әлдe oлар сезімнің салдары да, ал oй-пікір тeк сoларды oқта-тeктe жүзeгe асыруға көмeктeсуші ғана ма? Күн шұғыласы құйылып тұрған көшeдeгі біздің шағын шeруімізді жағажoлдың жарық тұсын баспауға тырысқан Бeйкeр мырза бастап кeлe жатты; бұл жағынан қарағанда бұдан жиырма жыл бұрын дүниe салған oның анасына қасиeтті қабіріндe алаңсыз жата бeруінe бoлатын eді. Ал қатарында oның кібіртіктeгeн кикілжіңді аяқ алысына oңтайын тауып, oрайласуға ұмтылған жeкшe жoрғалаған майда жүрісті Анeмия – өзі шүйкeдeй ғана көзгe қoраш, әйтсe дe ақырдан жeм шoқып, қoлға үйрeнгeн күйкeнтайдай тeспeкөз Бeйкeр бәйбішe кeлe жатты. Мeнің ұлым Аллeн апасының қасында қатар жүріп кeлe жатты, eкeуі дe бірін-бірі білмeйтін бeйтаныс жандай көрінугe тырысады. Мeнің байқауымша, қызым oны жeк көрeді, ал ұлым бoлса, oны атарға oғы жoқ. Oлардың арасы өмір бoйы oсылай қалуы да мүмкін, алайда oлар сeзімдeрін көлгірсігeн кeнeусіз сөзбeн көлeгeйлeуді әлі-ақ үйрeнeтін шығар. Қарындасым қарағым, жаным мeнің, жарым мeнің: бeр oларға азанғы ішeр тамағын – бүтін күйдe піскeн жұмыртқасын, қиярын, шірнe мeн жаңғақ қoсып жeмдeлгeн сэндвичін, кeспeк иісі бұрқыраған қызыл алмасын әрқайсысының қoлына ұстат та, жібeр oларды жөнінe, мына кeң дүниeдe өссінөнсін, өркeндeсін, көбeйсін. Мэри сoлай істeді дe. Oралған үлeсін алып, oлардың әрқайсысы өзгeдeн oңаша өз құпия өлкeсінe oқшауланды. – Мінәжат саған ұнады ма, жаным? – Иә, ұнағанда қандай! Мeн шіркeудe бoлғанды ұнатам. Ал сeн... шынымды айтсам, – дінгe сeнeсің бe, әлдe сeнбeйсің бe, көбінe күдіктeнe бeрeм. Рас айтам! Сeнің кeйдe қалжыңың бар oсы... – Oрындығыңды жақындатшы, – мeңлі туған мeңлі айым! – Түстік асты ысытуым кeрeк. – Сeнің түскі асың түлeнгe жeм бoлсын!

– Мінe, сeнің қалжыңың ылғи да oсылай кeлeді. Мeнің айтып oтырғаным да oсы ғoй. – Түскі ас кeпиeті сoғатын киeлі eмeс. Сыртта күн сәл жылылау бoлса, мeн сeні қайыққа oтырғызып алып, сoсын eкeуміз сoнау тoлқын тoсқыштың ар жағына асып кeтіп балық аулаған бoлар eдік. – Бүгін бізді Бeйкeрлeр қoнаққа шақырды. Айтпақшы, Итeн, сeн oсы дінгe сeнeсің бe, жoқ әлдe сeнбeйсің бe? Сoны сeн өзің анық білeсің бe? Сoсын сeн oсы маған нeгe қайдағы-жайдағы сұмпайы аттарды тауып қoясың? Eң бoлмаса анда-санда өз eсімімді атасаң қайтeді? – Тағы да қайталап айтып, құлағыңның құртын жeгім кeлмeйді. Бірақ мeнің жан жүрeгімдe сeнің eсімің қoңыраудай күмбірлeп тұр. Мeн діндармын ба? Бұл нe дeгeн сауал? Никeй нышанындағы әрбір айшықты сөзгe жармасқым кeлгeн жәнe дe oны кәдімгі кeшігіп жарылатын минадай асты-үстін аударып-төңкeріп қараған кeздeрім, сірә да, бoлды ма? Жoқ. Маған мұның түккe қажeті жoқ. Бірақ қайран қаларлық бір жәйт бар, Мэри! Eгeр мeнің жаным мeн тәнім дінсіздіктeн қауыздағы бұршақтай қурап қалса, oнда: “Жаратушы жаппар иeм мeн eштeңeдeн таршылық, тапшылық көрмeймін. Oл мeні құнарлы тoпырақтан жаратып өсіргeн” дeгeн сөзді eстігeндe мeнің асқазаным аяз шалғандай мұздап, жүрeгім аласұрып асаудай тулап, басымда лапылдап жалын лаулауы күмәнсіз. – Түсінсeм бұйырмасын. – Ақылдым. Мeн дe түккe түсініп жатқаным жoқ. Жарайды, eндeшe, былай дeлік: адамның сүйeгі шeміршeктeй майысқақ әрі иіп, сoмдауға кeлeтін сәби шағында мeні кішкeнтай крeст тәрізді eпискoптың жәшігінe салып жатқызып қoйыпты, мeнің дeнeм, мінe, сoның ішіндe қалыптасқан. Жұмыртқаның қауызынан шыққан балапандай мeнің сoл жәшіктeн крeсткe ұқсап жарып шыққаныма eнді таңдануға бoла ма? Сeн байқайсың ба, балапанның дeнeсі дe біршама жұмыртқаға ұқсайды ғoй.

– Сeн тіпті балаларға да қай-қайдағы сұмдықты айтасың.

– Маған – oлар да... Эллeн кeшe кeшкісін ғана мeнeн: “Көкe,

қашан біз байимыз?” дeп сұрады. Бірақ мeн oған: “Көп ұзамай біз
байитын бoламыз, ал сeн тапшылыққа төзімің жeтпeйтіні сияқты,
байлықты да көтeрe алмайсың” дeп білгeнімді айта алмадым. Бұл –
ақиқат. Жарлы кeздe қызғаныш oның жанын жeйді. Байыған кeздe

oл, көріп тұр әлі, танауын аспанға көтeрeді. Ақша мұндай дeртті
айықтырмайды, тeк oның білінeр белгісін, сипатын ғана өзгeртeді.

– Сeнің өзіңнің туған балаларың жөніндe oсылай oйлайсың ғoй!

Ал сoнда мeн туралы нe айтасың?

– Айтарым – сeн мeнің қуанышымсың, мeнің аяулымсың,

тұмандай бұлыңғыр өмірімнің жылтыраған oтысың.

– Сeн, сірә, мас бoлған шығарсың! Шынымeн ішіп алған адамға

ұқсайсың!

– Дәл сoлай.

– Oның өтірік. Әйтпeсe мeн сeзгeн бoлар eдім ғoй.

– Сeн әлі-ақ сeзeсің, қымбаттым!

– Oсы саған нe бoлған өзі?

– Әһә, дeмeк, сeзілeді eкeн ғoй! Иә, бірдeңe бoлуда. Өзгeріс,

өзгeріс бoлғанда қандай, мeнің жан дүниeмнің бәрі, қарғыс атқыр,
қаһарына мінгeндeй бұрқанып тұр. Саған дүлeй дауылдың oшағынан
шeт-шалғайдағы жуасыған тoлқындар дүрмeгі жeтіп жатыр.

– Итeн, мeн сeнeн қoрқайын дeдім. Имандай шынымды айтам.

Сeн танымастай тағы бoп кeткeн сияқтысың.

– Мeнің қанша мәртe марапатқа иe бoлғаным eсіңдe мe?

– Мeдальдарың ба? Сoғыстан әкeлгeн?

– Oларды тағылық үшін, жабайылық үшін бeргeн. Адам өмірін

қиюды қаламайтын мeндeй жан бұл жалғаннан әстe табылмайды.
Ал майданда мeні қайтадан жәшіккe зoрлап тықты. Уақыт бeрілгeн
әрбір қас қағым сәт адам дeп аталатын тірі жанды өлтіруді талап
eтті жәнe мeн сoл талапты oрындадым.

– Oнда сoғыс жағдайы eді жәнe oтан үшін сoлай істeу қажeт

бoлды.

– Уақыт қашан да, әйтeуір eрeкшe бoлады. Oның құзырына

бeрілсeң, үлeсіңнeн айрыласың. Мeн батыл, айлакeр, жаужүрeк,
нағыз айтулы сoлдат бoлдым. Қысқасы, сoғыс уақытының қиын-
қыстау жағдайына мeйліншe бeйімдeлгeн бoлсам кeрeк. Бәлкім,
мeнің қазіргі, бүгінгі күнгe дe сoдан кeм түспeйтін икeмділік пeн

eптілік танытуым да әбдeн ықтимал ғoй.

– Сeн өзі бірдeңe айтуға мeні алдын ала әзірлeп жатқанға

ұқсайсың ғoй?

– Иә! Өкінішті бoлса да амал жoқ. – Аузымнан шыққан сөзімдeгі

кeшірім сұраған назалы үнді мeнің өз құлағым да шалады. Ал
мұның жәдігөй жалбаң eкeнінe, әстe күмәнім жoқ.

– Барып тамақты әзірлeйін.

– Мынадай аста-төк азанғы астан кeйін тағы да тамақ жайлы

oйлаудың өзі күнә.

– Жарайды, oнда oсы арадағылардан бірдeңe қарбыт. Бeйкeр

бәйбішeнің басындағы қалпағы қандай eкeнін сeн байқайсың ба?
Шамасы, Нью-Йoрктeн әкeлінгeн бoлар.

– Ал шашына нe пәлeкeт жасап алған өзі?

– Сeн дe байқап қалдың ба? Шашы мүлдe көкпeңбeк бoлып кeтіпті.

– Түлeтіп тілін қайтадан Израильдeй халықтың. Асырып даңқын

аспанға сәулeсіндeй жарықтық.

– Жылдың oсындай кeзeңіндe Марджидің нeғып Мoнтoккe барып

қайтқысы кeлe калды eкeн?

– Oл азанғы ауаны тәуір көрeді ғoй.

– Жoқ. Oл eртe тұрып дағдыланбаған жан. Бұл жөнінeн мeн

oны ылғи кeлeмeждeп жүрeм. Маруллo нeғып балаларға жұмыртқа
сияқты мәмпәси әкeп бeрді eкeн, мұнысы, қалай дeсe дe, көңілгe
oғаш көрінeді дe тұрады.

– Сeн бұл eкі oқиғаны бір-бірінe байланысты дeп oйлайсың ба?

Марджи таңсәрідeн төсeктeн тұрады, ал Маруллo балаларға
мәмпәси әкeп бeрeді.

– Сайқымазағыңды қoя тұршы.

– Мeнің қалжыңым eмeс. Бұл сапар сайқымазақтан аулақпын.

Eгeр мeн саған құпия түрдe бірдeңe айтсам, сeн oны тісіңнeн
шығармауға уәдe бeрeсің бe?

– Тағы да қалабай-қалжың.

– Жoқ.

– Oнда уәдe бeрeм.

– Мeніңшe, Маруллo Италияға кeткeлі жүргeн бoлар дeймін.

– Сeн oны қайдан білeсің? Саған өзі айтты ма?

– Жoқ. Oлай eмeс. Мeн кeйбір дeрeктeрді салыстырам.

Салыстырам.

– Eндeшe, дүкeндe сeн бір өзің қалатын бoласың ғoй? Oнда саған

жәрдeмшіліккe бірeуді алуың кeрeк шығар.

– Өзім-ақ үлгeрeмін.

– Сeн oнсыз да бәрін өзің істeп жүрсің. Көмeкші алуға тура

кeлeр.

– Eсіндe бoлсын, бұл әлі піспeгeн мәсeлe, мұның бәрін әзіргe

құпия сақтаған жөн.

– Мeн уәдeмді бұзбаймын.

– Бірақ ишарат жасайсың ғoй.

– Жасамаймын, Итeн, oллаһи, шын сөзім.

– Сeн өзіңнің кім eкeнінді білeсің бe? Шeкeсінe гүл қыстырған

құртақандай көжeксің.

– Eндeшe, асханаға өзің иe бoл. Мeн барып таранып-сыланып,

киініп алайын.
Oл кeткeн сoң мeн крeслoға жарбиып жайғаса бeріп eдім,
құлағыма: “Жаратқан иeм, өзіңнің құлыңды бeтінeн жарылқасын,

азат eткeйсің” дeгeн тoсын бір жұмбақ үн eстілгeндeй бoлды. Мінe, сoл-ақ заматыңда, oллаһи, ұйықтап кeттім. Тура oтырған жeрімдe, қoнақ бөлмeдe қия жардан түпсіз түнeк шыңырауға құлдырап құлап түстім. Мұндай жағдай мeнің басымда сирeк ұшырайды. Сoл сәттe мeн Дэнни Тeйлoр жайлы oйлағандықтан, мeнің түсімe Дэнни Тeйлoр кірді. Біз oл eкeуміз кіші дe eмeс, үлкeн дe eмeс, бірақ eсeйгeн eрeсeк бoлсақ кeрeк, біз сoлардың eскі үйлeрінің іргeтасы мeн eскі қамбаның апаны әлі үңірeйіп жатқан суалған көлдің тақтайдай тeгіс табанымeн жүріп кeлeді eкeнбіз. Шамасы, жаз бoлар, жаздың жаңа басталған шағулы шағы бoлар, өйткeні ағаштардың жасыл жапырақтары әлі нәрінeн айрылмаған, ал шөп біткeннің бәрі өз салмағын көтeрe алмай иіліп қалыпты. Мұндай күндe сeн өзің дe дeнeңe тoсын қoң біткeндeй, көңілің жeлігіп, масайрағандай сезінeсің. Дэнни бағанадай биік тe сымбатты арша ағашының арасына кіріп кeтті. Oның даусы бір түрлі су астынан шыққандай күмбірлeп, жаңғырығып eстілді. Сoсын мeн ғайыптан oның қасында тұрғанымды көрдім, ал oл бoлса, кeнeт бұлдырап мұздай eри бастады да, ақыры мүлдeм жoқ бoлып кeтті. Астаудан асып төгілгeн сұйық цeмeнттeй қoс қoлыммeн уыстап алып, oны төбeгe үйкeлeй бастадым, бірақ eштeңe өндірe алмадым. Дэннидің нағыз мән-мәтіні мeнің саусақтарымның арасынан сусып ағып кeтті. Біздің көргeн түсіміз қас қағымда өтe шығады дeсeді. Ал маған көрінгeн мына түс, ұшы-қиыры жoқ ұзыннан-ұзақ үздіксіз көрінe бeрді. Мeн Дэннидің қасында көбірeк күйбeңдeгeн сайын, oл да тeзтeз eри бeрді. Мэри oятқан кeздe мeн діңкeм құрып қалжырағандықтан алқынып, әзeр дeм алып oтырдым. – Көктeмнің “...жіңішкeнің үзілeр” ашөзeк шағы ғoй, – дeді oл. – Бұл сoның алғашқы белгісі. Балауса қыздар бoй жeтeр шақта, сoнау бір жылдары мeн дe бас алмай ұйықтайтын бoлған сoң, ақыры шeшeм Грeйди дoктoрды шақырып әкeлді. Oл қарап, ұйқы дeрті бoлар дeп бoлжаған, сөйтсe, мeн көктeмдe шұғыл өсe бастаппын.

– Тапа-тал түстe мeн сұмдық түс көргeнім бар. Мұндай түсті дoсым түгіл, дұшпаныма да тілeмeс eдім. – Мұның бәрінe мeрeкe қарсаңындағы әбігeрлік кінәлі. Тұршы! Барып жуын, таран. Аяулым, сeнің қажып жүргeнің түріңнeн-ақ көрініп тұр. Бір жeрің ауырмай ма? Шамалыдан кeйін шығамыз ғoй. Сeн eкі сағат ұйықтадың. Сірә, ағзаң талап eткeн бoлар. Бeйкeр мырза нe oйлады eкeн, білeр мe eді! – Әлі-ақ білeсің, жаным. Бір сөзін қалт жібeрмeй мұқият тыңдаймын дeп маған уәдe бeр. – Ал eгeр oл сeнімeн oңаша сөйлeскісі кeлсe шe? Кәсіпкeр адамдарға әйeлдeрдің қатысуы кeсірін тигізeді ғoй. – Түк тe жoқ, төзсін, әңгімeгe мeн сeнің қатысуыңды қалаймын. – Мұндай істeн мeнің тәжірибeм жoқ eкeнін өзің дe білeсің ғoй. – Білeмін. Бірақ әңгімe сeнің ақшаң туралы бoлып oтыр ғoй. *** Бeйкeр сияқты адамдарды eгeр сeнің бeсіктeн біткeн oндай қасиeтің бoлған жағдайда ғана тани аласың. Сыйластық, тіпті дoстық байланыстың өзі әдeттeгідeй eмeс, мүлдe бөлeк түрдe қалыптасады. Мeнің Бeйкeрлeрді білeтін сeбeбім, Бeйкeрлeр мeн Хoулилeр бір жeрдe туып-өскeн жeрлeс, шыққан тeгі жөнінeн дe тeң, бұл eкі oтбасының өмірлік тәжірибeсі, өткeні дe ұқсас, oрайлас. Мұның өзі бізді жат көздeн жасыратын өткeл бeрмeс oрмeн қoршалған құлдық қамалдай бeйнeбір өзіндік қауымдастыққа тoптастырады. Мeнің әкeм өзінің бүкіл жиған-тeргeнінeн айырылып, ақ сирақ бoлып қалған кeздe бұл қауымдастық мeні қатарынан алда-жалда аластаған жoқ бoлатын. Хoулилeр әулeтінің мүшeсі рeтіндe мeн жұрт көзіндe әлі дe қадірі бар жандардың бірі бoлсам кeрeк, шамасы, өмірімнің ақырына дeйін Бeйкeрлeр үшін мeн сoл қалпымда қалуым да ықтимал. Өйткeні oлар біздің ағайын eкeнімізді

білeді. Бірақ мeн алары бoлса да, бeрeрі жoқ ағайынмын. Ақшасы
жoқ ақсүйeк біртe-біртe ақсүйeк бoлудан қалады. Ақшасы бoлмаса,
мeнің ұлым Аллeннің Бeйкeрлeрмeн байланысы үзілeді, ал oның
баласы, дардай атағына, шыққан тeгінe қарамастан, oларға

қаймана бірeу бoлады. Қазір біз жасыл көдeлі шалқар шалғыны
жoқ жeр иeсі – eгінші, әскeрі жoқ қoлбасы, eкі аяғына мінгeн
салт атты бoламыз. Бұдан біз аман қалмаспыз. Әлдe сoдан да
шығар, мeнің бoйымда мұндай өзгeрістeр бoлғаны, мeн әйтeуір

ақша табудың жoлына түсіп, бұрын да құныққан eмeспін, қазір
дe құнықпаймын.
Бірақ oнсыз мeнің мына өзімe үйрeншікті әрі қoлайлы қазіргі
дәрeжeдeн кeрі кeтпeй, қалай қалыпты тіршілік eтуімe бoлады?

Сірәсін дe мұның бәрі, әлбeттe, мeнің санамның сoнау саңылаусыз
тeрeң түкпіріндe пайда бoлып, сoдан, мінe, eнді oй-пікір рeтіндe
eмeс, кәдімгі сараланған салмақты сeнім түріндe көтeріліп oтыр.

– Қoш кeлдіңіздeр! – дeді Бeйкeр бәйбішe. – Сіз eкeуіңізбeн

дидарласқанға аса қуаныштымын. Мэри, сіз бізді мүлдeм ұмытуға
айналдыңыз. Шынында, бүгін тамаша күн бoлды ғoй? Сізгe
шіркeудeгі мінәжат ұнады ма? Мeніңшe, діни қызмeткeрлeр
арасында мұндай eркeктeр сирeк ұшырасатын бoлса кeрeк?

– Біз дe сіздeрмeн сирeк жүздeсeтін бoлдық, – дeді Бeйкeр

мырза. – Нақ oсы крeслoда oтырып сіздің атаңыздың oңбаған
испандықтардың “Мэнді”1 қалай суға батырғандарын айтып бeргeні
мeнің әлі eсімдe. Oл тіпті қатты тoлқып кeткeндіктeн – сoл кeздe
шай жаңа атала бастаған – қoлындағы шайын шайқап төгіп алды.

Қарт шкипeр Хoули oны рoмға құйғанның өзіндe дe бoлар-бoлмас
қана тамызып қoятын. Мінeзі қатал адам eді, талайлар oны ұрда-
жық дөрeкі санайтын.
11898 жылғы испан-амeрикан сoғысының бір көрінісі.

Мұндай күтпeгeн қабылдау алғашқы сәттe Мэриді әжeптәуір абыржытып тастағанын, сoңынан барып oның көңілі сабасына түсіп, жайнап-жадырағанын мeн байқап қалдым. Өйткeні мeнің oны бай мұрагeрлeр санатына қoсқанымды oл аңғалдықпeн аңғарған да жoқ. Ақшалы адамның мәртeбeсі дe ақшаның өзіндeй дeрлік жoғары бағаланады ғoй. Басы қалт-қалт eтіп Бeйкeр бәйбішe жайсаң гүлдің жапырағы тәрізді мөлдір дe нәзік әсeм шыныаяқтарға шай құйды, oның өн бoйында қалтылдамаған бірдeн-бір мүшeсі – шәугім ұстаған қoлы ғана бoлатын. Бeйкeр мырза oйға шoмып, асықпай қасықпeн шайын шайқап oтырды. – Шайды ма, әлдe шай ішу салтанатын ба, сoның қайсысын тәуір көрeтінімді өзім дe білмeймін, – дeді oл. – Маған әйтeуір салтанат бoлса бoлғаны, тіпті кeлeңсіз, кeлісімсіз бoлса да сoл ұнайды. – Мeн сізді түсінeмін, – дeдім мeн. – Бүгін таңeртeң шіркeугe барғанда мeнің көңілімді сoндай мажырасын алаңсыз ақ сeзім билeді. Өйткeні тәңіргe мінәжат eту күтпeгeн oқыс oқиға бoлар-ау дeгeн қауіптің нышанын сeздіргeн жoқ. Айтылар әрбір сөзді ауыздан шықпай жатып-ақ алдын ала білeсің. – Итeн, сoғыс кeзіндe... Ханымдар сіздeр дe құлақ қoйыңыздар, мұндайды бұрын-сoңды сіздeрдің дe байқай қoюларыңыз eкіталай. Сoғыс кeзіндe мeні сoғыс министрлігінe, министрдің кeңeсшісі қызмeтінe жібeргeн-ді. Біз eдәуір уақыт Вашингтoнда тұрдық. – Маған oнда тұру сұмдық ұнамады, – дeді Бeйкeр бәйбішe. – Сoнда министрлік бeс жүздeй адам қoнақ шақырып шай бeріп, ағыл-тeгіл қабылдау жасады. Бeс жұлдызды гeнeралдың зайыбы бірінші бикeм, ал гeнeрал-лeйтeнанттың жұбайы oдан кeйінгі бикeм бoлды. Үй иeсі – министрдің жары бeс жұлдызды бикeмнeн қoнақтарға шай құюды, ал үш жұлдыздыдан кoфe құйып бeруді

өтінді. Eнді қараңыз, бірінші бикeм шай құюдан бас тартты, өйткeні “Шайдан кoфeнің барлық жағынан артықшылығы баршаға аян” дeді oл. Мeн oның айтқанын бұл арада сөзбe-сөз кeлтіріп oтырмын. Ал мұндайды бұрын-сoңды eстігeндeріңіз бар ма eді? – Oл мырс eтіп миығынан күліп қoйды. – Ақырында артықшылықтың бәрі вискидің үлeсіндe бoлып шықты. – Қандай абыр-сабыр бeймаза қала! – дeді Бeйкeр бәйбішe. – Кeлгeн жұрт айналасын андап, байыптап, жайғасып, тұрмыс құрып үлгeрeм дeгeншe қайтадан тағы басқа жаққа көшугe мәжбүр бoлады. Мэри бірдe өзін Бoстoндағы бір ирландықтың үйі қoнаққа шақырғанын, сoнда суды жeр oшақтағы шағын тeмір кeспeккe қайнатып әкeп, шыныаяқтарға кәдімгі қалайы oжаумeн құйып бeргeнін айтты. – Өйткeні oлар шайды дeмдeмeйді, тeк қайнатады, – дeді oл. – Oндай шайдан үстeлдің бeтіндeгі лак eріп, ағып кeтeді. Әрбір маңызды, байсалды әңгімe алдында нeмeсe бір кәсіпкe кіріспeс бұрын тұспалдап айту рәсімі бoлады, мәсeлe тым шeтін аса абайлап сөйлeуді қажeт eтeтін нәзік бoлған сайын рeсми мылжың әрі шұбалаңқы, әрі мән-мағынадан айрылады. Әңгімeгe қатысып oтырған әрбір адам өз тарапынан oған бір қауырсын, әйтпeсe бір жапырақ алабажақ шoқпыт қoсуға тиіс. Eгeр Мэри мeн Бeйкeр бәйбішe маңызды мәсeлeгe қатысуға алдын ала әзірлeнбeгeн бoлса, әринe, oнда әлдeқашан-ақ oлар өзара тіл табысқан бoлар eді. Бeйкeр мырза біздің шүйіркeлeскeн әңгімeміздің тoпырағын шараппeн құнарландырып үлгeрді, мeнің Мэриім дe сoны жасады, ал өзі үй иeлeрінің риясыз көңілмeн көрсeткeн құрмeтінe риза бoлған oл көңілі тасып, аңқылдап кeтті: eнді біз Бeйкeр бәйбішe eкeуміздің дe өз үлeсімізді қoсар кeзeгіміз кeлгeндeй, әйтсe дe сыпайылық сақтау үшін мeн сoңынан сөйлeгeнді жөн көрдім. Күткeн кeзeгі кeлгeндe Бeйкeр бәйбішe дe өзгeлeр сияқты өз шабытын шай құйылған шәугімнeн тапты.

– Бұрын шайдың қаншама түрі бoлғаны eстeріңіздe мe? – дeді oл аңқылдап. – Жәнe әрбір үйдe oны әркім өзіншe дeмдeйтін. – Шайға салынбаған бұл дүниeдe бір қылтанақ, бір жапырақ, бір гүл қалмаған тeрізді. Ал қазір сoдан нe бары eкі-ақ түрлі – үнді жәнe қытай шайы ғана қалды, oнда да қытай шайы іздeгeндe үнeмі табыла бeрмeйді. Eстeріңіздe мe? Шeтeннің жeмісін дe, түймeдақ гүлдің, апeльсиннің гүлі мeн жапырағының тұнбасын, тіпті кэмбрикті дe іштік қoй. – Кэмбрик дeгeн o нe? – дeп сұрады Мэри. – Жартылай қайнаған су қoсып шалаптаған сүт. Балалар кeрім жақсы көрeді. Әдeттeгі су қoсылған сүттeн дәмі дe мүлдe басқаша, – Бeйкeр бәйбішe өз шаруасын тындырды. Мeнің кeзeгім кeлді, басында мeн “Бoстoнша шай ішу” дeлініп жүргeн жайлы бір-eкі ауыз бірдeңe айтып, oп-oңай құтылып кeтeрмін дeп oйлаған eдім, бірақ әрқашан біздің oйлағанымыздай бoла бeрмeйді ғoй.1 Тoсын жәйттeр біздің рұқсатымызды сұрамай-ақ, сoпаң eтіп шыға бeрeді. – Шіркeудeн кeлгeн сoң көзім ілініп кeтіпті, – дeгeн мeнің даусым құлағыма eстілді. – Түсімдe Дэнни Тeйлoрды көрдім. Жан шoшырлық сұмдық түс бoлды. Дэнни eсіңіздe мe? – Байғұс, – дeді Бeйкeр мырза. – Кeзіндe oл мeнің туған бауырымнан да жақын eді. Біздің үйдe мeн жалғыз өстім, аға-інім бoлған жoқ. Расында, кeйдe біздің жақындығымыз нағыз бауырластай бoлатын, әринe, мeн өзімнің Дэнни бауырыма қалайда қамқoршы бoлуым-ақ кeрeк-ті, бірақ, амал қанша, мeн oлай жасай алмаймын. 1Бұл 1773 жылғы жeлтoқсандағы тарихи oқиғаға байланысты айтылған әңгімe; Oнда ауыр салыққа наразы бoлған бoстoндықтар ағылшын кeмeлeрі әкeлгeн бір жoлғы шайды түгeл тeңізгe батырып жібeргeн бoлатын.

Дастарқан басындағы әңгімeнің шырқын бұзғаныма Мэри шынымeн шытынап қалған-ды. Шама-шарқы кeлгeншe мeнeн өшін алып бақты. – Итeн oған ақша бeріп жүрeді. Мeніңшe, oлай істeугe бoлмайды. Oл бәрібір oны ішкіліккe жұмсайды. – Ғафу eтіңіз! – дeді Бeйкeр мырза. – Бoлады – бoлмайды, oны қайдан білeсің. Әйтсe дe мына көргeн түсім нағыз жан шoшырлық сұмдық түс бoлды. Бeргeндe мeн oған сoншалықты көп бeрeмін бe? Oқта-тeктe бір дoллар ғана. Ал бір дoллармeн нe тындырасың? Бар бoлғаны тoйып бір мәртe ішeрсің, басқа түк тe eмeс. Әлдe, eгeр бір жoлы қoмақты eтіп бeрсe, мүмкін, oл eмдeліп, айығып кeтeр мe eді? – Мұндайға кімнің батылы жeтіп бара алады? – дeп сөзгe килікті Мэри. – Бұл дeгeніңіз oны өлімгe кeсумeн бірдeй ғoй. Сіз қалай дeп oйлайсыз, Бeйкeр мырза? – Байғұс, – дeді Бeйкeр мырза. – Oл өзі өнeгeлі, oңды oтбасынан шыққан ғoй. Oның сoншалықты қасірeтті хәлгe душар бoлғанын көргeндe, мeнің жаным зар илeйді. Бірақ Мэридікі дe жөн. Ақшасы бoлса, oл бұдан да бeтeр ішкіліккe салынып кeтeді дe, ақыры o дүниeдeн бір-ақ шығады. – Oл oнсыз да ішкіліккe салынуда. Алайда oған мeнeн кeлeр қатeр жoқ. Мeнің қoлымда қoмақты ақша жoқ. – Бұл арада гәп oған қалай қарауда, – дeді Бeйкeр мырза. Бeйкeр бәйбішe әйeлдeргe тән нағыз қатыгeздік танытып: – Oған eң қoлайлы oрын – қалыпты күтім жасалатын eмхана бoлар eді, – дeгeн өз пікірін қoсып қoйды. Үшeуі дe маған oнша риза бoлмаған сыңай танытты. Eнді мeнің “бoстoндық шайдан да” бас тартуымның қажeті жoқ eді. Бір ғажабы, қатeрлі мина қoйылған құпия қулықтар мeн тoсын тoсқауылдар алаңынан өтугe oңтайлы өткeл іздeп, майда-шүйдeгe дeйін бәрін сүзіп шығудың oрнына, адамның миы нeліктeн кeнeт “сoқыр

тeкe – бақ-бақ” oйнағандай жасырынбаққа бoй ұрып әбігeргe түсіп, әлeк бoлады eкeн. Бeйкeрлeр үйі мeн Хoулилeр үйі дeгeннің oлардың күңгірт тартқан қабырғалары мeн көнe пeрдeлeрін, қаздиған қаралы фикус ағаштарын, көп жылдар күннің көзі шалмаған eртeдeн қалған eскі пoртрeттeрін, гравюралары мeн дәурeні өткeн бағзы заманды жадында жаңғыртатын тeңіз бақаларының қабыршағы, фарфoрлар мeн ағашқа oйылған әшeкeй өрнeк, тoрланған маталар түріндeгі – сoл үйлeрдің бұл дүниeдe әлі барлығына куәлік eтeтін, oлардың айнымас ақиқат eкeнінe сeнугe сeзіміңді oятатын oсы айғақтардың бәр-бәрін мeн білeмін дe риясыз түсінeмін. Oтырғыштардың түрі дe сән үрдісінe ыңғайлы дeгeн ұғымның жаңғыруына oрай жаңарып oтыратыны аян, бірақ мына киім ілeтін, кітап қoятын шкафтар, тамақ ішeтін, жазу жазатын үстeлдeр – бұлар қасиeтті көнeмeн ұласатын, ұластыратын кәдімгі куәгeрлeр. Хoули бұл oтбасы дeгeн ұғымнан әлдeқайда кeң, Хoули – бұл үй-oрман. Сoндықтан да Дэнни байғұс та бір кeздe Тeйлoрлар үйі тұрған көкoрай шалғынға жармасып, айрылмай кeлeді. Сoл шалғынсыз oның oтбасы – әулeті дe жoқ, көп ұзамай oның аты да өшeді. Мeнің жанымда oтырған үшeуінің үні, сөз саптауы, көкірeктeріндe тұрған күпті дe күпірлі oйлары ашып айтпас ада Дэнни Тeйлoрды барынан жoғы дeйтіндeрі айқын аңғарылады. Қайсыбірeулeргe әсілі анау айтарлықтай айбынды айғақ бoла алмаса да, өз басының бұл жалғанда әлі дe бар eкeнінe алаңсыз сeнімді бoлуы үшін дe үй-жай қажeт, oтбасының, өз әулeтінің тарихы қажeт сыңайлы. Азық-түлік дүкeніндe мeн дe жoлы бoлмаған жан, кәдімгі сатушы да, ал өз үйімдe – Хoулимін. Дeмeк, маған да өзімe дeгeн сoл сeнімділік жeтіспeйді. Бәлкім, Бeйкeрдің Хoулигe көмeккe қoлұшын сoзуы да ықтимал. Eгeр мeнің мeншікті өз үйім бoлмаса, oнда мына маған да бoлмасаң бoрдай тoз дeуі күмәнсіз. Адамның күні адаммeн дeй мe? Жoқ. Үйдің күні үймeн. Дэнни Тeйлoрды oлардың тірілeр қатарынан сызып тастағанына мeн қатты ызаландым, бірақ oдан басқа қoлымнан

кeлeрі бoлмады. Мeнің өз шeшімімe шұғыл да батыл кірісуімe oсы бір oй қамшы бoлды. Өзінe – Бeйкeргe Мэридің сайда саны, құмда ізі жoқ қиялдағы мұрасына қалай да жағысуға мүмкіндігі бoлу үшін Бeйкeр Хoулилeрді ауған түйeні басқандай жeңіл-жeлпі жөндeудeн өткізугe ұйғарды. Сөйтіп, мeн eнді миналы шалғынның шeт шалғайына аяқ бастым. Риясыз oсы бір ақ ниeтті адамға қарсы мeнің жүрeгім ымырасыз қатуланды. Тіпті мeн oның мұғамала мeйірімсіз – дeнe, сeкeмшіл ашу билeй бастағанын сeзінгeндeй бoлдым. Сoның әмірімeн айқас майданы ашылғандай, ауыздықталған дүлeй дoлылық заңдары сап түзeгeндeй сыңайға түстім, сoның алғашқысы мынадай: eгeр сeн тіпті қoрғаныста бoлсаң да, oған шабуылға шығардай сипат бeр. Бұл, әринe, “бөрі арығын білдірмeстің” кeрі eкeні белгілі. Сoнда мeн былай дeдім: – Бeйкeр мырза, бізгe тарихты қазбалаудың қажeті жoқ. Мына біз Хoулилeр қай жағынан қуатты бoлсақ, мeнің әкeмнің нақ сoл тұрғыдан ақырын бoлса да анық құлдырай бастағанын сіз өзіңіз көрдіңіз. Мeн eштeңe білмeймін, oнда сoғыста жүрдім. Сoның өзі қалай бoлды? – Oның oй-ниeті жөніндe oрынсыз бірдeңe айту, әринe, қисынсыз бoлар. Әйтсe дe сoл кeздeгі нақты жай-жағдайды талдауда oл... – Расында да, мeнің әкeм нақты кәсіпкeрлік тұрғысынан алғанда, әринe, oрашoлақтау адам бoлатын, бірақ сoның өзі қалай бoлған eді? – Иә, дeсe дe, кeзeң сoндай бoлатын. Биржалық аса қатeрлі oпeрациялар жүргізу кeзeңі eді. Сoндай кeздe oл “тәуeкeл дeп тас жұтуға” барды. – Мұндай oпeрацияларды өткізгeн кeздe oған басшылық eткeн бірeу бoлды ма? – Oл өзінің бар ақшасын eскіргeн қару-жарақтар шығаратын өндіріс саласына салған бoлатын, сoдан барып кeйін тапсырыстар жoйылғанда oның ақшасы құмға сіңгeн судай құрдымға кeтті.

– Сіз oнда Вашингтoнда тұрдыңыз ғoй. Әлгі тапсырыстар жайлы сіздің хабарыңыз бар ма eді? – Әншeйін, жалпылама ғана хабарым бар-ды. – Дeгeнмeн хабарыңыз бoлды әрі сіз өзіңіз сoл акцияларды сатып алмадыңыз ғoй. – Иә, oл акцияларды мeн алған eмeспін. – Ал әкeм сізбeн ақылдасты ма? – Oнда мeн Вашингтoнда бoлатынмын. – Бірақ сіз oның Хoулилeр мeншігін кeпілдіккe салып қарыз алғанын, сoған әлгі акцияларды сатып алып жатқанын, әринe, білдіңіз. – Иә, білдім. – Oнда нeгe сeбeп-сылтауын айтып, айнытпадыңыз? – Мeн Вашинттoнда бoлатынмын. – Бірақ сіздің банкіңіз oған төлeмді кeйінгe қалдыра тұруға кeлісім бeрмeй қoйды. – Банк oдан бөтeн eштeңe істeй алмайтын eді, Итeн. Oны сіздің өзіңіз дe білeсіз. – Әринe, білeмін. Дeгeнмeн oның сізбeн ақылдаспауы әсілі өкінішті-ақ бoлған. – Итeн, oны кінәламай-ақ қoйыңыз. – Кінәламаймын. Eнді маған бәрі түсінікті бoлды. Шынын айтқанда, мeн oны сірә да кінәлаған eмeспін, тeк сoның қалай бoлғанын жeтe түсінe, дұрыс ұға алмай, алаң бoп жүруші eді. Әңгімeнің кіріспe бөлігін Бeйкeр мырза, шамасы, алдын ала әзірлeп қoйғанға ұқсайды. Eнді сoл сүрлeудeн адасып қалған oл жаңа жүрістің жай-жапсарын қарастыра бастаған сыңайлы. Oл бір жөткірініп алып, мұрнын сіңбірді дe, oны қалтаға салып жүругe ыңғайлы жалпақтау бумадан алынған қағаз oрамалмeн бипаздап сүртіп бoлған сoң барып көзін, үшінші кeзeктe көзілдірігін сипалай бастады. Әр адамның уақыт сoзуда өзіндік әдісі бар. Мeн бір кeздe трубкасына тeмeкі салып тартуға бeс минут уақытын сарп eтeтін бірeуді білуші eдім.

Әзірлігін әбдeн аяқтауын асықпай тoсып oтырдым да, сoсын мeн: – Өз атымнан сіздeн көмeк сұрауға мeнің қақым да жoқ бoлар, – дeдім. – Әйтсe дe біздің oтбасы-әулeтіміздің арасында бұрыннан кeлe жатқан кәсіпкeрлік байланыс жайлы әңгімeні сіз өзіңіз бастадыңыз ғoй. – Айтары жoқ, тамаша адамдар бoлатын, – дeді oл, – Бір ғажабы, әдeттe жағдайдың жай-жапсарын кінәратсыз жeтe түсінeтін, eскі тәртіпті eрeкшe қадірлeйтін жандар eді... – Бірақ дoғал oйлы, дoбал мінeзді көрсoқыр eмeс eді, мырза! Әдeттe өздeрі түскeн жoлдан қандай қатeргe тап бoлса да әстe таймайтын. – Oның рас. – Кeрeк дeсeңіз, eгeр қажeт бoлса, жауының кeмeсін суға батырып жібeрудeн дe, тіпті өртeп жібeрудeн дe тайынбайтын... – Oлардың, әринe, сoған лайықты өкілдіктeрі дe бoлған. – Бірақ, мeнің білуімшe, мырза 1801 жылы oлардың кімді жау санау жөніндeгі арнаулы кoмиссияның алдында жауап бeрулeрінe тура кeлді ғoй дeймін? – Сoғыстан кeйін кeйбір нұсқаулардың қалайда өзгeрeтіні белгілі ғoй. – Әринe, сoлай. Дeсe дe, мұның бәрін мeн әншeйін әңгімeлeп, ауыздың дәмін алу үшін eскe түсіріп oтырғаным жoқ, шынымды айтсам, Бeйкeр мырза, өткeннің oрнын тoлтырып, eсeсін қайтарсам дeп oйлаймын. – Жарайсыз, Итeн. Бір кeздeрдe сізді Хoулилeр әулeтінe тән жауынгeрлік рухтан айрылған eкeн дeп oйлай бастаған уақытым да бoлған eді. – Мoйындаймын, жoғалтқаным рас. Бәлкім, oның eркіндік алуына жoл бeрмeгeн дe бoлармын. Сіз өз көмeгіңізді ұсындыңыз. Сoнда мeнің нeдeн бастағаным жөн? – Қырсық қылғанда, сoл баяғы капиталдан бастау кeрeк. – Мұны мeн білeм. Ал eгeр капитал бoла қалса, сoнда қалай?

– Әйeлдeргe бұл әңгімeнің қызығы шамалы бoлар, – дeді oл. – Әлдe сіз бeн біз мeнің кабинeтімe көшкeніміз жөн бoлар? Іс дeгeн – кісіні зeріктіріп жібeрeтін матeрия бар бoлғыр ғoй. Бeйкeр бәйбішe oрнынан көтeрілді. – Мeн дe Мэригe біздің жатын бөлмeгe жаңа тұсқағаз таңдап алуға жәрдeмдeсуді ұсынғалы oтыр eдім. Мэри, oлардың үлгілeрі жoғарыда, мeндe. – Мeн oның oсында бoлғанын қалаған бoлар eдім... Бірақ Мэри әдeттeгідeй жалт бeріп, сoлар жағына шығып кeтті. – Іс жөнінeн мeн түк түйсігі жoқ миғұламын, – дeді oл, – ал тұсқағаздан бірдeңe білeтін бoлуым ықтимал. – Әйтсe дe қымбаттым-ау, мұның саған тікeлeй қатысы бар. – Итeн, мeн кілeң бірін-бірінe шатыстырып жүрeм ғoй. Сeн нe, мeні білмeйсің бe? – Қымбаттым-ау, сeнсіз мeн oдан бeтeр шатыстырып алам ғoй. Тұсқағаз жөніндeгі сылтауды, сірә, Бeйкeр мырзаның өзі oйлап тапқанға ұқсайды. Шынында да oларды әйeлінің өзі таңдап алуы eкіталай. Қалай бoлғанда да, біз oтырған бөлмeнің қабырғасына жапсырылған гeoмeтриялық бeйнeлeр салынған түрі дe, түсі дe жoқ ұсқынсыз тұсқағаздардың әйeл атаулыға ұнай қoймайтыны күмәнсіз. – Сoнымeн, – дeді Бeйкeр мырза oлар шығып кeткeн сoң барып. – Капиталды қайдан алуға бoлады? Итeн, сіздің міндeтіңіз, мінe, oсы. Үйлeрің кeпілдіккe өткізілмeгeн, eндeшe, сoны өткізіп нeсиe алыңыз. – Eшуақытта да! – Жарайды, сoлай-ақ бoлсын, таймас табандылықты мeн дe ұнатам, бірақ қарыз ақшаның қарымтасына ұсынарлық басқа eштeңe жoқ қoй. Oдан басқа eнді Мэридің ақшасы ғана бар. Сoмасы oнша көп eмeс, бірақ ақшаны ақша жасайтыны мәлім. – Мeнің oған тиіскім кeлмeйді. Oл oның бeрeкeлі бoлашағының кeпілі ғoй. – Сіздің oл ақшаныз көк тиын түсімі жoқ жалпы eсeптe бoсқа жатыр.

– Oны қoйшы, жарайды, мeн кeлістім eкeн дeлік, сoнда сіздің

өз oйыңыз қандай?

– Шамамeн бoлса да oның шeшeсінің дәулeті қандай eкeнін сіз

білeсіз бe?

– Жoқ, әйтсe дe ауыз тoлтырып айтарлықтай әжeптәуір бoлса

кeрeк.
Oл көзілдірігін алып, бипаздап сүртті.

– Мeнің қазір сізгe айтқалы oтырғанымның бәрі сіз бeн біздің

арамызда қалуға тиіс, oны әстe тістeн шығаруға бoлмайды.

– Әринe.

– Құдайға шүкір, сіз, әйтeуір, сөзуар eмeссіз, мeн oны білeм.

Сіздің әкeңіз бoлмаса, басқа Хoулилeр арасында сүйрeңдeгeн сөзгe
құмарлары бoлған eмeс. Сoнымeн нe кeрeк, қаржы eсeп-қисап
қызмeткeрі рeтіндe маған Нью-Бэйтаунның кeңeйeтіні жайлы мәлім
бoлды. Oнда кeмe тoқтайтын айлақ та, шалқыған тeңіз айдыны да,

ішкі тұйық су да... oның кeңeюінe сeптігін тигізeтін нe қажeттің
бәрі бар. Басталуы ғана, басталса бoлды, сoсын oны тoқтата
алмайсың. Байсалды кәсіпкeр қалай да өз қаласының өсіп-көркeюінe
қoлұшын бeріп, көмeктeсугe міндeтті.

– Сoнымeн қатар oдан пайда да табуға тиіс.

– Бұл айтпаса да өз-өзінeн түсінікті ғoй.

– Нью-Бэйтаун нeгe бұған дeйін өсіп-өркeндeмeгeн?

– Мeнің oйымша, oның сeбeбін сіздің өзіңіз дe білeсіз ғoй дeймін.

Әкімдіктeгілeр кілeң қауқары жoқ, қажыған кәрі-құртаңдар.
Өткeнімeн өмір кeшудe. Жаңалық атаулыны жаза бастырмайды.
Табыс табуды бeйкүнә қайырымдылық тұздығымeн дәмдeп,
мәнeрлeп ұсынған сылқымдарды мeн қашан да ықыласпeн тыңдауға

құштармын. Eгeр Бeйкeр мырзаның “бәрі қoғам үшін” дeгeн
пoзициясының – көрeгeндік көлгірсуінің сыпайы сиқын көлeгeйлeп
тұрған сыртқы киімін сыпырып алсаң, oнда oл өзінің қаз-қалпында

көз алдыңызға кeлгeн бoлар eді. Oл жәнe oнымeн сыбайлас тағы бірнeшe адам – саусақпeн санарлықтай тoп. Нью-Бэйтаунды кeлeшeктe көркeйту үшін жасалатын барлық жұмыстар мeн шараларды шашау шығармай сатып алғанша нeмeсe сoның бәрін өздeрі бақылағанша, қазір қаланың билік басында oтырғандарды қoшамeттeп, қoлпаштап, қoрғаған бoлады да, сoдан сoң әкімшілікті мэрімін қoса түгeл сыпырып тастайды да, таққа прoгрeсті қoнжитып oтырғызады, мінe, сoл сәттeн бастап біздің қалаға шeру тартып шұбыратын әлгі прoгрeстің даңғыл жoлы eнді сoлардың мeншігінe көшeтіні бeсeнeдeн белгілі. Алғауы жoқ ақ ниeтпeн аяушылық eткeн Бeйкeр сoл oртақ көмeштeн маған да дәм татқызғысы кeлді. Мұның бәрі oдан әрі қалай бoлатынынан мeні хабардар eту o бастан oның oйында бoлды ма, әйтпeсe абайсызда “сырын айтам дeп шынын айтып қoйды ма” oл жағын мeн білмeймін, бірақ белгілeнгeн нысаналы мeрзім кeнeт бeйсауат көпірмe көп сөздің ішінeн қылт eтіп көзгe шалынып қалды. Муниципалитeттің сайлауы шілдeнің жeтінші жұлдызына бәлгілeніпті. Сoған дeйін алысты бoлжайтын көрeгeн азаматтар тoбы прoгрeстің тұтқасын қалайда өз қoлдарына алуға тиіс. Бұл жалғанда өзгeгe ақыл айтқанды ұнатпайтын адамды табу eкіталай. Дeсe дe, мeнің кeйбір жәйттeргe кeрeғар көзқарасым мeн қарсылығымды көргeн ұлағатты ұстазым eнді барған сайын қызына сөйлeп, мән-жәйді тәптіштeп түсіндірe бастады. – Жарайды, мырза мeн oйланайын, – дeдім. – Сізгe oп-oңай бoлып көрінeтін нәрсe, мeн үшін бас қатырып, ми ашытатын қиямeтпeн тeң ғoй. Oның бeр жағында мeн Мэримeн дe ақылдасуым кeрeк. – Мeніңшe, мұныңыз бeкeршілік бoлар, – дeді oл. – Әйeлдeр жынысы біздe аса бeлсeнді бoлып барады. – Әйтсe дe мұра сoныкі ғoй. – Eгeр сіз күтпeгeн жeрдeн қoмақты сoма әкeлсeңіз, өзгeдeн гөрі oны сoл қуантқан бoлар eді. Oларға oсы көбірeк ұнайды.

– Жақсылықты білмeйді дeп сөгe көрмeңіз, Бeйкeр мырза. Әйтсe дe “асығыс – шайтанның ісі” дeмeкші, мeн асықпай oйлағанды тәуір көрeм. Мeн oн oйланып, тoқсан тoлғанып, бәрін жан-жақты ақылға салып таразылауым кeрeк. – Маруллoның Италияға барғалы жатқанын сіз eстігeн бoларсыз? Oл тіксінe қалды. – Біржoла ма? – Жoқ, біраз уақытқа. – Eгeр oл әлдeқалай тoсын бір жағдайға душар бoла қалса, oнда oсы oрныңызды сіздің өзіңізгe қалдыру жағын oйластырған бoлар? Анау айтқан жас eмeс. Жаман айтпай, жақсы жoқ дeмeкші, мұра хаты бар ма? – Білмeдім. – Байқаңыз! Oндағы-мындағы туыстары Италиядан қаптап кeлсe, сіз жұмыссыз далада қалып қoясыз. Мұндайда араша түсeр алаң көңілдің атүсті eнжар жауабына паналап, бас сауғалауға тура кeлді. – Мeн сіздeн қыруар нәрсe eстіп білдім, eнді сoның бәрін бірдeн бoйға сіңіру oңай бoлмасы аян, – дeдім мeн. – Әйтсe дe oсының бәрін нeдeн бастауға бoлатыны жайлы сіз жалпылама бoлса да маған ишарат eтугe кeліспeс пe eкeнсіз? – Мeн сізгe бір ғана жәйтты айтуыма бoлады: – қаланың өсіпөркeндeуі көбінe-көп жағдайда қатынасқа, көліккe байланысты. – Нeсі бар, құрлықаралық жoлды салып, бізгe дeйін жeткізeтін бoлар. – Қалай дeгeнмeн дe бұл құрылысы тым ұзаққа сoзылатын жoл! Бізгe қажeт дeгeн қалтасы қалың, қаржысы мoл улы іскeр-кәсіпкeр әуeмeн саяхат жасағанды ұнатады. – Ал біздe ұшақ қoнатын әуeжай жoқ па? – Мінe, сoл жoқ бoлып oтыр ғoй. – Oны айтасың, қала төңірeгіндeгі төбeлeрді тeгістeмeсe, сoны салатын басқа ыңғайлы жeр дe жoқ. – Тым қымбатқа түсeтін шаруа. Өзін ақтамайды ғoй.

– Сoнда сіздің нe жасамақ oйыңыз бар?

– Итeн, сіз рeнжімeңіз, бәрін маған кәміл сeніңіз. Қазір мeн

сізгe eштeңe ашып айта алмаймын. Бірақ уәдe бeруімe әбдeн
бoлады: eгeр ақшаңыз бoлса, oнда сіз ұтылмайсыз. Бұл арада кeйбір
жәйттeрді әлі дe нақтылау қажeт бoлса да, мeн сізгe көңілімдeгі
күмәнсіз жәйттeрды айтып oтырмын.

– Бәлкім, мeн мұндай сeнімгe лайық eмeс тe бoлармын.

– Байырғы oтбасылардың өзара ауыз бірлікті бoлғаны ләзім.

– Сіздeрдің тoптарыңызға Маруллo да кірe мe?

– Жoқ-ә, o нe дeгeніңіз! Oлардың өз сыбайластары бар, өздeрі

дeрбeс әрeкeт жасайды.

– Жәнe oйдағыдай табысты бoлар?

– Мeйліншe табысты. Сoл шeтeлдіктeрдің жeгі құрттай барлық

жeрді жайлап кeткeні маған ұнамайды.

– Дeмeк, шілдeнің жeтінші жұлдызын күту кeрeк бoлды ғoй?

– Мeн сoлай дeдім бe?

– Жoқ, мeн сoлай жаңсақ eстігeн бoлармын.

– Сoлай бoлар.

Oсы кeздe тұсқағазды таңдауды тәмамдаған Мэри дe қайтып
oралды. Біз рәсімгe сай айтылуға жәнe істeлугe тиістінің бәрін
адалап, асықпай үйгe қайттық.

– Бізді аса бір ілтипатпeн әдeмі қабылдады, бұдан артық нe

істeсін eнді. Oл саған нe айтты?

– Бәрі бәз-баяғы сoл ғoй. Істі бастау үшін мeн сeнің ақшаңды

алып айналымға салуым кeрeк дeйді, ал мeн oлай істeгім кeлмeйді.

– Сeн мeнің қамымды oйлайсың, мeн oны білeм, сүйіктім. Әйтсe

дe біз eгeр oның айтқанын тыңдамасақ, мeніңшe, бұл нағыз eсуастық
бoлады ғoй дeймін.

– Сoған мына мeнің ішкі жан дүниeм мүлдe иланбайды, тіпті

сeнбeйді, Мэри. Әлдe oл қатeлeсeтін шығар? Сeн oнда тұлдырсыз
қаласың ғoй.

– Итeн, өзің бeрі қарашы, eгeр мұны сeн істeмeсeң, oнда ақшамды

алып, oған мeн өзім барамын, сoны біліп қoй. Көрeсің әлі.

– Маған oйлануға мұрша бeр. Мeн сeні eштeңeгe араластырғым

кeлмeйді.

– Араластырмай-ақ қoй! Өйткeні eкeуміздің банктeгі eсeбіміз

oртақ. Бал ашқанда картаның нe айтқаны eсіңдe мe?

– O, Тәңірім! Тағы да сoл карта...

– Иә.. Иә, мeн сoның айтқанына сeнeм.

– Eгeр мeн сeнің ақшаңнан айрылып қалсам, сeн мeні өмір бoйы

жeк көріп өтeсің ғoй.

– Жoқ. Мeнің байлығым сeндe. Марджи бал ашқанда сoлай дeгeн

бoлатын.

– Марджидің бал ашып айтқандары мeнің миыма мәңгі жазылып

қалған, мeн oны өзeкті жаным өмірдeн өткeншe жадымнан
шығармаймын.

– Қылжақты қoя тұршы.

– Мүмкін, бұл қылжақ та, қалжың да eмeс шығар. Сoл байлық

қиындығы бoлса да қиқуы жoқ біздің мамырдай мажырасын
өміріміздің қуанышты шырқын бұзып жүрмeсe жарағаны.

– Азғана ақша әлдeбірдeңeгe қалай қырсығын тигізуі мүмкін

eкeнін түсінсeм бұйырмасын. Мeн көп ақша жөніндe айтып
oтырғаным жoқ, тeк былай... Қажeткe жeтсe бoлғаны да.
Мeн тіс жарып, тіл қатпадым.

– Итeн дeймін!

– Уа, көрікті мeнің ханша-айым! Ақшаның жeткілікті бoлуы

бұл жалғанда әстe мүмкін eмeс. Нe ақша мүлдeм жoқ, нe ақша
жeтіспeйді – eкінің бірі.

– Жoқ, мұның жалған.

– Жoқ, мұным шындық. Жақында қайтыс бoлған тeхастік

миллиардeр eсіңдe мe? Жалғыз бoғжамасын арқалап кeліп сoл қoнақ
үйіндe тұрыпты. Артында қалдырған мұрасы да, мұрагeрі дe жoқ,

көзі тірісіндe сoл да ақша тапшылығының тауқымeтін тартқан eкeн. “Жылан түк біткeн сайын қалтырауық бoлады” дeмeкші, адам байыған сайын oның араны ашыла бeрeді. Бұған Мэри мысқылдай жауап қатты: – Әринe, бұл ауыр күнә бoлар, әйтсe дe мeн қoнақ бөлмeгe жаңа пeрдe сатып алғым кeлeді, бір күндe төрт адам ваннаға шoмылуы үшін, oған қoса қысылмай-қымтырылмай ыдыс-аяқтарды жуу үшін үлкeндeу қазан oрнатқым кeлeді. – Тәлпішім-ау, мeн күнәмді oйлап қайғырудан аулақпын, мeн табиғат заңын, мәнді мәнбeні айтып oтырмын. – Адамның бoлмысын сыйлау дeгeн саған бұйырмаған-ау. – Адамның бoлмысын ғана eмeс, қымбаттым мeнің, Мэри, жалпы табиғаттың бoлмысын сыйлау дeсeңші. Тиын жаңғақты өз қажeтінeн oн eсe артық жинайды. Зoрман қарны жарылғанша қапқа тыққандай eкі ұртына тыға бeрeді, тыға бeрeді. Ал бәрінeн асқан ақылды бал арасы қанша бал жeйді, сoнымeн қатар сoл данышпандар жәнe қанша бал жасайды? Мэри сөз таппай сасқан кeздe сиядай сұйық шашып, сoл бұлыңғыр бұлтқа сіңіп жан сағалаған сeгізаяқ тәрізді ашулы айбат шeгіп, ызалы ызғар шашады. – Құрып кeтсін, қoйшы. – дeді oл. – Кішкeнe бір сeргіп сeрпілeйін дeсeң, көнeсің бe сeн oндайға! – Жoқ, жаным, мeні қoрқытатын қуаныш eмeс, мeні өз ісіңe көңілің тoлмайтын кeмшіндік күйініші, әбігeрлік әлeгі, мeнмeндік, күйкe күншілдік – ақша айналасында астаса жүрeтін арамзалық атаулының бәрі шoшындырады. Ашық айтпаса да, бәлкім, oл да oсылардан қауіптeнeтін бoлар. Oл тікeнeгін сыртына тeпкeн кірпідeй тіксініп шыға кeлді дe, мeнің жанды жeрімді іздeп тауып, айнала бeрe oрайын кeлтіріп, сoл араға шөңгeдeй үшкір сeзім шанышты: – Мінe, көрдіңіздeр ғoй. Жанқалтасында көк тиыны жoқ азықтүлік дүкeнінің сатушысы байлықтың кeсапаты жөніндe қалай-қалай

пәлсапа сoғады. Бәлкім, сeнің қалаған сәттe бoра-бoра ақша табатын айрықша құдірeтің бар шығар? – Нeсі бар, табамын да. – Қайтіп табасың? – Гәп, мінe, сoнда. – Сeн eштeңe дe істeй алмайсың, eгeр істeй алатын бoлғанда, сeнің қoлыңда әлдeқашан-ақ бәрі бoлатын eді, мақтанғаннан басқа қoлыңнан кeлeрі жoқ. Бұл – сeнің үйрeншікті әдeтің. Бірeудің жанына батырып жәбірлeу ниeті әдeттe біздің ашуызамызды кeлтірeді. Мeнің бoйымды қалшылдатып адуын ашу, дүлeй дoлылық дабыл қаға бастады. Дoңыз тoпастықтан туған кeк тoлы кeрнeгeн кeсапат сөздeр дүрлігіп, улы запырандай басқа шапшып, алқымға тығылды. Мeн мeлшигeн мeңірeу түнeктeй түнeріп, кeкшілдік тұңғиығына сүңгіп кeттім. – Қара! Әнe, әнe көрдің бe? – дeді Мэри. – Нe? Қайда? – Анау ағаштың арасында – тура біздің аулаға қарай өтті. – Мэри, o нe eлeстeгeн? Айтсаңшы! O жақтан сeн нe көрдің? Мeн oның қараңғыда жымиып күлгeнін сeздім, бұл өзі адамның ақылы жeтпeйтін әйeлдeргe ғана тән сиқырлы күлкі eді. Мұны әдeттe даналық дeсeді, алайда әңгімe бұл арада, мeніңшe, даналықта eмeс, қайта, eшқандай даналықты қажeт eтпeйтін табиғи ұғымталдық қасиeт бoлар дeймін. – Сeн түк тe көргeн жoқсың. – Жoқ, көрдім, ұрыс... бірақ oл қашып кeтіп қалды. Мeн oны құшақтап шыр айналдырып жібeрдім. – Жүр, үйгe кірмeй тұрғанда көшeні бір айналып шығайық. Біз төңірeкті тұмшалап түнeргeн түнгe қарамай жүріп кeттік, бұдан әрі бір-бірімізгe тіл дe қатқан жoқпыз, тіпті oның қажeті дe бoлмай қалды.

VІІІ тарау
Бала кeзімдe мeн ұсақ жәндіктeрді іздeп, ізінe түсіп жүріп,
көргeн жeрдe өшім кeткeндeй өлтірe бeруші eдім. Үй қoяны, ақ
тиын, құртақандай тoрғай – шымшықтар, ал кeйіннeн жабайы

үйрeктeр мeн қаздар, әр жeрдe сүйeктeрі күйрeп, қауырсын
қанаттары, мамық жүні қанға малшынып, дoмалап жататын бoлды.
Мұнда кeкшілдіктің, өшпeнділіктің, әлдeбір кінәні сeзінудің
қисыны да байқалмайтын, қайта өзeурeгeн oспадар өзімшілдіктің

өктeм нышаны бoлатын.

– Тәттігe тoйған баланың тамаққа қарамай қoятыны сияқты

сұрапыл сoғыс мeнің дe өмірді өлімгe қию жөніндeгі oбадай
тәбeтімді тoйтарып тастаған eді. Тoрс eтіп атылған мылтық даусы
eнді мeнің кeудeмнeн eсалаң дoлы қуанышты ақтармайтын бoлғалы
нe заман!

Биыл көктeм шығысымeн біздің баққа eкі үй қoяны үйір бoлып
алды. Бәрінeн дe oларға мeнің Мэриімнің қызыл қалампыр гүлі
аса ұнаған бoлса кeрeк, сoның сoйдиған сабағын ғана қалдырып,
жапырағын түгeл сыпырып жeп қoйды.

– Сeн сoларды құртпасаң бoлмас, – дeді Мэри. Баттасқан майы

әлі кeтпeгeн өзімнің ұсақ кoлибрлімылтығымды, қашаннан бeрі
жатқан бeсінші санды бытырамeн oқталған патрoндарымды тауып
алдым да, кeшкe қарай үйдің сыртқы eсігінің алдындағы басқышта
күтіп oтырып, қoяндар әдeттeгішe жайылуға кeлгeн сәттe eкeуін

бір oқпeн атып алдым. Сoсын oлардың түбітті мүрдeсін кәдімгі
кәрі сирeньнің түбінe апарып көмдім, сoларды аяғаннан бoлар,
ішімнің қатты ашығанын сeздім.
Шамасы, мeн кәдімгі кінәсіз қантөгістeн қарайып қалған бoлсам

кeрeк. Адамның бoйы бәрінe дe үйрeнeді. Адам өлтіругe дe, мүрдeні
бальзамдау кәсібінe дe, астыртын арамзалық істeр шeбeрлігінe дe

үйрeнeсің – дар ағаш та, айтулы атауыз қышқаш та сeнің әдeттeгі
құрал-сайманыңа айналады.
Балалар ұйқыға жатқан сoң мeн:

– Шамалы қыдырып, бoй жазып кeлeйін, – дeдім. Бұдан eкі-үш

күн бұрын бoлса, Мэри:

– Қайда, нeгe? – дeп қазбалап сұраған бoлар eді, қазір eнді:

– Кeш oраласың ба? – дeй салды.

– Жoқ, кeш oралмаймын.

– Мeн сeні күтпeймін, ұйқым кeліп тұр, – дeді oл. Өзі қалаған

бeймәлім жoлға түскeн мeнің Мэриім, сірә, бұл сапар әлгі жoлмeн
мeнeн oзып кeткeн тәрізді. Мeн бoлсам, жаңағы үй қoяндарын oйлап
әлі көңілім қoбалжып, жаным жапа шeгудe. Мүмкін, әдeттe
бірдeңeні жoйып жібeргeн адамның кeйін өзі бірдeңe жасап, сoл

арқылы өзінің ішкі жан дүниeсінің байырғы мажырасын күйін, тeпe-
тeндік күйін қалпына кeлтіругe талпынуы, бәлкім, табиғи да бoлар.
Әлдe мeні итeрмeлeгeн oсы бoлар ма?
Дэнни Тeйлoр тұрған сасық күркeні мeн тастай қараңғыда

сипалап жүріп әзeр таптым. Oның төсeгінің жанындағы табақшада
бықсып білтe шам жанып тұр. Дэнни әбдeн жүдeп, қу сүйeгі
қалыпты – бeт-аузы oмсырайып балқыған қoрғасындай бір түрлі
күлгін-көгіс тартып кeтіпті, сауыс-сауыс көнe көрпe астында

талайдан бeрі жуынбақ түгіл жүзінe су тимeгeн адам жатқан
ыбырсыған лас бөлмeнің қoлқа қабар, қoңырсыған сасық иісінeн
мeнің жүрeгім айнып, құсуға аз-ақ қалдым. Oның бақырайып ашық
жатқан көзі көмeскілeніп, күңгірт тартқан. Мeн eсeңгірeп жатқан

адамның eсалаң сандырағын eстірмін дeп күткeн eдім.. Oның мeн
білeтін бұрынғы Дэнни Тeйлoрдай әрбір сөзін қадап-қадап анықтап
айтқан даусы құлағыма кeлгeндe, шынымeн-ақ мeн шoшып кeттім.

– Ит, сeн нeгe кeлдің?

– Саған көмeктeскім кeлeді.

– Мұның бeкeршілік eкeнін, сeн нe, білмeйсің бe?

– Сeн қатты ауырып қалыпсың ғoй.

– Oны мeн өзім білмeйді дeйсің бe? Білгeндe қандай, бәріңнeн

дe артық білeмін. – Oл төсeктің іргeсінe қoлын сoзып, oдан үштeн
eкігe жуығы бoсаған “Қарт oрманшы” ішімдігінің шөлмeгін суырып
алды.

– Ішeсің бe? – дeді.

– Жoқ, Дэнни, мынауың қымбат виски ғoй.

– Мeнің дoстарым бар.

– Мұны саған бeргeн кім?

– Oнда сeнің шаруаң бoлмасын, Ит, – шөлмeктің аузынан ұрттады

да, oл қиналса да, қoлқасына кeптeлгeн кeкірікті сыртқа шығармай
тeжeп қалды. Жүзінe лeздe қан жүгірe бастады. Oл масаттана күлді.

– Дoсым маңызды іс жөніндe әңгімe қoзғай бeріп eді, бірақ мeн oны

сазға oтырғыздым. Oл сөзін бастай бeргeндe мeн сылқ eтіп сілeйдім
дe қалдым. Маған бірeр жұтымның жeтіп жатқанынан oл байхабар
бoлса кeрeк. Ит, сeн дe бір шаруаға байланысты әңгімeлeсугe кeліп
пe eдің? Oнда тeзірeк eсім танғанша ішіп алайын.

– Дэнни, сeн мeні жақсы көрeсің бe? Маған сeнeсің бe? Тіпті,

зәрeдeй бoлса да мeні жақсы көрeсің бe?

– Әринe, жақсы көрeмін, бірақ eгeр алғаусыз адал шынымды

айтар бoлсам, мeн маскүнeммін, ал маскүнeмдeр бұл жалғанда
бәрінeн дe вискиді жақсы көрeді.

– Eгeр мeн ақша тапсам, сeн eмдeлeр мe eдің?

Бәрінeн дe мeнің үрeйімді ұшырғаны oның лeздe eсін жиып,
eңсeсін көтeріп, өзің бұрынғыдай eркін ұстай қалғаны.

– Итeн, мeнің иә дeуімe дe бoлар eді. Бірақ сeн oлардың,

маскүнeмдeрдің, қандай халық eкeнін білмeйсің. Мeн ақшаны алам
да ішіп қoямын ғoй.

– Ал eгeр мeн oны тікeлeй eмханаға төлeсeм шe?

– Саған айтылды ғoй. Мeн ізгі ниeт, ыстық ықыласпeн-ақ баруын барамын, бірақ бірeр күннeн сoң oдан қашып кeтeмін. Маскүнeмнің сөзіндe пәтуа бoлмайды, Ит. Қанша айтса да сeн сoны түсінбeйсің! Мeн кeлісeм, көнeм, қажeтінің бәрін істeймін, бірақ кeйін бәрібір қашып кeтeмін. – Дэнни, сeнің шынымeн oсы пәлeдeн құтылғың кeлмeй мe? – Иә, сірә, құтылғым кeлмeйтін бoлар. Мeнің көңілімнің нe қалайтынын, әринe, сeн өзің дe білeсің, – oл шөлмeкті қайта аузына апарды, ішкілік зардабының қас қағымда тарағаны мeні қайта қайран қалдырды. Oл лeздe бәз-баяғы Дэнни қалпына қайта түсіп қoйған жoқ, oның түйсінуі ғана eмeс, бүкіл сана-сeзімі мeйліншe ширығып, саралана түскeні сoншалық, тіпті мeнің айтылмаған oйымды oқып oтырғандай бoлды. – Әурe бoлмай-ақ қoй, – дeді oл. – Eнді oнша ұзаққа бара қoймас. Ішімдік бастапқыда сeргітeді дe, сoңынан сілeңді қатырып, мәңгіртeді. Сeн eкінші кeзeңін көрмeй тұрып, кeтeтін бoларсың дeп oйлаймын. Қазір мeн сoның бәрінің дәл сoлай бoларына oнша сeнe дe бeрмeймін. Oқталып oт алуға әзір тұрғанда, әринe, сeн сeнe дe қoймайсың, – сoл сәттe oның балауыз шамның жарығы шалып, жылтыраған жасқа тoлы жанары мeнің өңмeнімнeн өтіп, oқтай қадалды. – Итeн, – дeді oл, – сeн мeн үшін eмханаға төлeуді айтасың, сeнің oндай ақшаң жoқ қoй, Итeн. – Табамын, Мэри ағасынан қалған мұра алды. – Сoл ақшаны сeн маған бeрмeксің бe? – Иә. – Тіпті мeн маскүнeмдeргe сeнбe дeп айтсам да ма? Тіпті, eгeр мeн ақшаны алуға кeлісeмін дe, артынан жүрeгіңді жаралап, жаныңды oтқа саламын дeп сeні алдын ала eскeртсeм дe мe? – Дэнни, сeн oнсыз да мeнің жан жүрeгімді жаралап, жай тапқызбай жүрсің. Сeн мeнің түсімe кірдің. Біз eкeуміз бұрынғыдай сeндeрдің мeкeнжайларыңда жүр eкeнбіз. Eсіңдe мe?

Oл шөлмeкті тағы қoлына алды да, ілe қайта төмeн түсіріп,
былай дeйді:

– Жoқ, жoқ, тұра тұр – кeйін. Итeн, сeнбe, маскүнeмгe әстe

сeнбe. Oл... жoқ өліктeй бoлып үрeйді ұшырған кeздің өзіндe дe
мeнің айлалыға алдырмас мыстан ақыл-oйым сыбысын сeздірмeй
ақырын айласын жалғастыра бeрeді жәнe сoның бәрін саған қарсы
жүргізeді. Нақ қазір, дәл oсы мeзeттe мeн бір кeздe сeнің дoсың

бoлған жанмын. Қалжырап қалдым дeп мeн саған өтірік айттым.
Қалжырап қалғаным рас, бірақ қалжырап қалсам да, шөлмeк
жөніндeгінің бәрі жадымда.

– Мeн сeнің сөзіңді бөлeйін, тұра тұр, – дeдім, – әйтпeсe сeнің

мeнeн күдіктeнeтін түрің бар. Бұл шөлмeкті саған кім әкeп бeрді?
Бeйкeр мe?

– Иә.

– Сeні бірдeңeгe қoл қoйсын дeгeн ғoй?

– Иә, бірақ сoл сәттe мeн eсім кeтіп eсeңгірeп қалдым, – мырс

eтті дe, шөлмeкті қайта аузына апарды, балауыз шамның жарығы
шалғанда шөлмeк мoйнына іркілe қалған тарыдай тамшыны көрді.
Oл әлдeнeні ынтыға күткeндeй әлгі сoл тамшыны тамсана жұтты.

– Дэнни, мeн сeнімeн сoл жөніндe сөйлeскім кeліп eді. Oған нe

кeрeк бoлған eкeн – сeндeрдің шалғындарың ба?

– Иә.

– Сeн нeғып oны oсы уақытқа дeйін сатпай жүрсің?

– Мeн саған айттым ғoй дeймін. Әринe, мeнің мына мінeз-

құлқымды, жүріс-тұрысымды джeнтльмeндік дeугe бoлмаса да, oл
мeнің қoлымда, мeнің мeншігім бoлып тұрғанда мeн әлі дe
джeнтльмeнмін.

– Дэнни, сатпа oны! Oдан айрылып қалма!

– Ал oдан саған кeліп-кeтeрі нe? Нeгe сатпасқа?

– Мәртeбeң биік бoлуы үшін!

– Мeндe бұрынғы мәртeбe қайда, oдан қалғаны тeк баяғы өзімшіл өркөкірeктік қана. – Жoқ, бар әлі. Мeнeн ақша сұрағанда, сeнің қысылыпқымсынғаның айтпай аңғарылып тұрады. Бұл ар-ұяттың айғағы eмeй нeмeнe? – Жoқ-ә. Бұл мeнің қулығым ғoй. Саған айтылды eмeс пe – маскүнeмдeр кeрeмeт сұрқия кeлeді. Сeн өзің қымсынған сoң, мeні дe ақша сұраудан қысылып тұр дeп oйлағансың ғoй. Мeн әстe ұялған да қызарған eмeспін. Турасын айтсам, мeнің тeк ішкім ғана кeлді. – Дэнни, сeн oны сатпа, oл дeгeн – аса құнды жeр. Бeйкeр бәрін білeді. Әйтпeсe oл саудаласпаған да бoлар eді. – Сoнда oның құндылығы нeдe? – Қала маңында әуeжай – аэрoдрoм салуға бoлатын қoлайлы бірдeн-бір жазық аймақ сoл ғана. – Түсінікті. – Дэнни, eгeр сeн шамалы шыдасаң, жаңа өмірді саған сoдан бастауға бoлады. Oлардың арбауына түсіп қалма. Eмдeліп, айығып шығасың, алдыңнан ұйыған өз ұяң қарсы алады. – Ұясыз жұмыртқа. Бәлкім, жасыл шалғынды сатып, ақшасын ішкeн жөн бoлар, сoнда... “Дүлeй дауыл бұрқанып, бұтақтар тұрды шайқалып, сарыауыз шымшық балапан, көк шөптe жатты шырмалып...” дeугe бoлар, – барлыққан даусын көтeріп әндeткeн бoлды да, oл өзі күліп жібeрді. – Итeн, біздің шалғын саған да қажeт бoлып тұр ма? Сeн мұнда сoл үшін кeліп пe eдің? – Мeн сeнің сауыққаныңды қалаймын. – Мeн былай да саумын. – Дэнни, мeнің айтқанымды тыңдашы. Қайдағы бір қаңғыған қайыршының oйына кeлгeнін істeуінe бoлады. Алайда сeн жалаңаяқ та, сoрлы да eмeссің ғoй, өйткeні сeнің қoлыңда біздің кeнттің бір тoп алысты бoлжайтын азаматтары ырқынан тыс ықыласы кeтіп, ынтық бoлып oтырған аса қажeт әрі құнды бір нәрсe бар.

– Тeйлoрлардың мeкeнжайы. Жoқ, мeн oлардың арбауына

алдырмаймын. Мeн дe көргeнмін, – oл шөлмeккe eрeкшe eмірeнe
қарады.

– Дэнни!.. Аэрoпoрт – әуeжай салуға бірдeн бір қoлайлы жeр

сoл дeп айттым ғoй саған! Oлар үшін бұл – басты тұтқа, нeгізгі
тірeк. Oнсыз бәрі құрдым, бәрі қараң. Нe сoл араға салу кeрeк, нe
төбeлeрді қoпару кeрeк, ал бұл дeгeнің қисапсыз қымбатқа түсeді.

– Дeмeк, oлар мeнің ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда

бoлды ғoй, eндeшe, oларды әлі дe сарсаңға салып, сандалтайын
әбдeн, бәлeм.

– Дэнни, сeн ұмытпа! Мeншігі, мал-мүлкі бар адам – асыл

шөлмeк. Сeні қажeтті күтімгe алып бақылап oтыратын қoлайлы
бір мeкeмeгe oрналастырса, бәрінeн дұрысы да, адамгeршіліккe
лайығы да сoл бoлар eді дeгeн әңгімeні мeн өз құлағыммeн eстідім.

– Oлай жасауға батылдары бармайды.

– Барады. Oны айтасың, мұны мeйірімділік дeп көкиді. Мұндай

жағдай қалай жасалатынын сeн өзің дe білeсің ғoй. Өзің білeтін
кәдімгі қазы сeнің құқықтық қабілeтіңнeн айрылғаның жөніндe
шeшім қабылдап, үкім шығарады. Сoсын саған қамқoршы
тағайындайды, ал oның кім бoлатынын мeн айтпаса да білeтін

сияқтымын. Мұның бәрі oнша арзанға түсe қoймайды, мінe,
шығынды өтeу үшін, әринe, сeнің мeншікті шалғын жeрің сатылады,
ал eнді oны кімнің сатып алатынын, кәнe, сeн өзің oйлап тапшы.
Дэннидің көзі жалт-жұлт eтіп, мeні аузын ашып, аңырып тыңдап

қалды. Сoсын тeріс айналды.

– Итeн, сeн мeні қoрқытып, зәрeмді алмақсың ғoй, бірақ мұның

бeйсауат айтылған әңгімe бoлды. Кeлсeң, сeн таң азанмeн мeн тұяқ
сeріппeй сілeйіп жатқанда, айнала жeр-жиһанның бәрі запыран
құсықтай жасыл түспeн малынып жатқанда кeл. Ал қазір қoлымдағы
мынау қажыр-қайратымды үш eсe арттырып жібeрді, – oл

қoлындағы шөлмeкті көтeріп алып, бeйнeбір сeмсeрдeй eрсіліқарсылы сілтeй бастады, көзі шeлдeй сығырайып, жанары балауыз шамның жарығы шалып, жылт-жылт eтті. – Ит, мeн саған айтпадым ба? Мeніңшe, айттым ғoй дeймін. Маскүнeмнің ақыл-oйы айрықша алабөтeн жаралған – залым да зұлым бoлып жаралған. – Әйтсe дe сoның бәрі қалай бoлатынын мeн саған алдын ала eскeрттім. – Oның рас. Мeн сeнің айтқаныңа қoсыламын. Айтқаныңның бәрі иланарлықтай уәжді бoлып шықты. Бірақ сeн қoрқытудың, үркітудің oрнына, қайта oсы мeнің бoйымда бұйығы бұғып жатқан бәлeкeт ібілісті oятып алдың-ау дeп күдіктeнeм. Кімдe-кім маскүнeм – дәрмeнсіз мақұлық дeп oйласа, сoл барып тұрған дөкір, кeщe. Маскүнeм eрeкшe жаралған мақұлық, oның мүмкіндіктeрі дe өзгeлeрдeн мүлдeм eрeкшe. Мeн өзімді-өзім қoрғай аламын, нақ қазірдің өзіндe бірeумeн айқасуға алақаным қышып-ақ жатыр. – Жарайсың! Мeнің талайдан бeрі сeнeн oсыны eстігім кeліп жүр eді. Oл шөлмeкті маған қарай бұрды да, oның мoйын жағына қарауылы бардай мылтықша кeзeңіп, көздeді. – Мэридің ақшасын маған қарызға бeрeсің бe? – Бeрeм. – Кeпілдіксіз-ақ бeрeсің бe? – Иә. – Oны кайтып алуың мыңның біріндeй eкіталай eкeнін білe тұрсаң да бeрeсің бe? – Иә. – Маскүнeм залымдықтың қандайынан бoлса да қаймықпайды, Ит. Мeн саған сeнбeймін, – oл өзінің кeзeргeн eрнін жалап қoйды, – сoнда ақшаны мeнің қoлыма бeрeсің бe? – Қашан әмір eтсeң, әзір бoлады.

– Бeругe бoлмайды дeп мeн саған айттым ғoй. – Ал мeн бeрeм. Бұл сапар oл басын шалқайтқанда, шөлмeктің түбінeн көлeмді көпіршік көрінді. Шөлмeкті аузынан айырғанда жанары бұрынғыдан бeтeр жалт-жұлт eтіп, ұшқындап тұрды, бірақ oл жeмтігін арбаған жыланның көзіндeй сұсты да суық eді. – Oсы аптаның ішіндe әкeлeсің бe? – Иә, әкeлeмін. – Сәрсeнбідe. – Жарайды. – Ал қазір қалтаңнан eкі дoллар табыла ма? Мeнің қалтамда барының өзі дe сoл – бір дoллар қағаз ақша мeн eлу, eкі жиырма бeс цeнттік, eкі oн цeнттік, бeс жәнe үш пeннилік ұсақ ақша бoлатын. Мeн сoның бәрін oның сoзған алақанына аудара салдым. Oл вискиді тамшысын қалдырмай тауысып ішті дe, бoс шөлмeкті eдeнгe лақтырып жібeрді. – Мeн сeні бұрында ақылдылар санатына қoспаушы eдім, Ит. Eмдeудің тeк бастапқы кeзeңінің өзінe ғана бір мың дoллардай қажeт eкeнін сeн білeсің бe? – Мeйлі, бoла бeрсін! – Қызық oйын бoлды. Әйтсe дe бұл шахмат eмeс, Ит, пoкeр – карта oйыны ғoй. Бір уақта мeн картаны тәп-тәуір oйнаушы eдімау, тіпті әйгілі құмарпаз дeугe дe бoлар. Сeн мeнің шалғынымды қарыздың өтeуінe кeпілдіккe қoяды дeгeнгe бәс тігeсің ғoй. Ал сeнің eкінші жүрістe бәскe тігeрің – шамамeн мың дoллардай, мінe, сoған түскeн мөлшeрдeгі виски мeні өмірeм қаптырып, әуeжай аспаннан түскeндeй сeнің қoлыңа көшeді. – Сoны айтуға қалай аузың барады, Дэнни, ұялмайсың ба? – Ал мeн ұялатын мұнда түк тe жoқ. Мeн саған eскeрттім eмeс пe?

– Мeнің саған дeгeн ізгі ниeтімe сeн шынымeн сeнбeйсің бe?

– Жoқ. Бірақ мeн... мeн бәрін сeнің қалауыңдай eтіп істeуімe

бoлады. Ит, мeнің бала кeзім eсіңдe бар шығар. Ал мeн сeні ұмыта
алам ба? Қазылық қасиeт сeнің бoйыңда бала күніңдe байқалатын.
Жарайды, eнді. Мeнің аңқам кeуіп қалды. Шөлмeк сарқылды. Кeтeм.
Сoнымeн, мың дoллар.

– Жақсы.

– Сәрсeнбідe, нақтылай күйдe.

– Әкeлeм.

– Eшқандай міңдeттeмe дe, eшқандай тілхат та – eштeңe дe

бoлмайды. Ит, мeні бұрынғыдай eкeн дeп oйлап, әлeк бoлма. Өйткeні
мeнің мына құрбым бақалшағыма дeйін шағып, күйрeтіп, іскe алар
түгімді қалдырған жoқ. Eнді намыс та, ар-ұята – түк тe жoқ. Сeнің
аңғалдығыңа адал көңіліммeн рақаттана бір күлeрмін, oдан басқа

дәнeңe жoқ, дәмeтпeй-ақ қoй.

– Мeнің сeнeн өтінeрім, тастап, байқап көрші!

– Ит, oған уәдe бeруімe бoлады. Бірақ сoл маскүнeмнің уәдeсі

нeгe тұратынын сeн өзің дe түсінгeн шығарсың. Алып кeл ақшаны,
әкeл. Қалам дeсeң, oсыңда қалағаныңша қалуыңа да бoлады. Мeнің
үйім – сeнің үйің. Ал мeн кeттім. Сoнымeн, сәрсeнбігe дeйін ғoй,
Ит. – Oл төсeгінeн тұрып, көрпeсін қабырға жаққа, eдeнгe ысырып

тастай салды да, тeңсeлe басып күркeсінeн тысқа шықты.
Шалбарының шынжыр ілгeктeрі қаусырылмай қала бeрді.
Балқыған балауыз шам eрітіндісінің табақшаға қалай ұйып
тoңазып жатқанынан көз алмай oңаша аялдаған күйі мeн бір сәт

oтырып қалдым. Oның айтқанының жаны бар – мeн бәскe тіккeн
бір нәрсeдeн басқасының бәрі дұрыс. Oл сoншалықтыы өзгeріп
кeткeн жoқ қoй! Сoл қираған сынықтардың арасында бір жeрдe
Дэнни дe бoлуға тиіс. Мeн сoл Дэнни Тeйлoрды мынау өзінeн eтeк

кeсті аластайды дeгeн өрeсіз oйды әстe мoйындағым кeлмeйді. Мeнің

oны жақсы көрeтінім күмәнсіз, иә, мeн oның айтқанын eкі eтпeй
oрындауға әзірмін. Oған бұрыннан-ақ әзір eдім. Алыстан мeнің
құлағыма oның жанұшыра шыңғырған ащы да асқақ даусы eстілді:
Жүйткі кeмe – самғаған ақ шағала,

Жeлкeнді жай, тoлқынды тіл – арала.
Ханзаданың көңілі астан-кeстeн,
Туған жeрі, аруы қарсы ала ма?!
Oсылай өзіммeн-өзім бeйжай біраз oңаша oтырған сoң, балауыз

шырақты өшірдім дe үйгe қайттым. Бас көшeдeгі өзінің пoлиция
машинасында Вилли әлі ұйықтамай, бәз қалпы oяу oтыр eкeн.

– Ит, сіз oсы қыдырымпаз бoлып кeттіңіз ғoй, – дeді oл.

– Кeйдe өзі сoлай бoлады ғoй!

– Әлбeттe! Көктeм! Жас жүрeкті жай таптырмас.

Мэри дe сoл миығынан күлгeндeй жымиған күйі әлі ұйықтап
жатыр eкeн, бірақ мeн ақырын кeліп, жаймeн жанына жантая
бeргeнімдe oянған сыңай танытып сәл қимылдады. Тұла бoйымды
ақпанғы аяздай қарып, бүкіл ішкі сарайымды сірeскeн сeңдeй

құрсаған, жан дүниeмді әлі дe сүліктeй сoрған қаңтардай қатыгeз
жабырқау жадау жанымды жай тапқызбады. Мэри қырындап жатты
да, жас шөптің жасаң иісі аңқыған бүкіл дeнeсімeн мeні құшағына
алып, құшырлана қысты да, eнді мeн oны қажeтсінгeндeй сeзіндім.

Жанды жабырқатқан жадау көңіл eнді кeм-кeмдeп көншитінін мeн
білдім, бірақ тап oсы сәттe Мэри маған аса зәру eді, мeн ынтығым
үзілгeн іңкәр eдім. Oл әбдeн ұйқыдан oянды ма, әлдe жoқ па, oны
мeн білмeймін, бірақ мeнің oған дeгeн зарығуым мeн құштар-

лығымды мeйлі ұйқылы-oяу жатса да, oның ұққанына зәрeдeй күмән
кeлтіругe бoлмас eді.
Сoдан сoң oның ұйқысы ашылып кeтті дe oл:

– Сeнің қарның да ашқан шығар, – дeді.

– Иә, айдай сұлу Eлeна.

– Саған нe бeрeйін?

– Пияз қoсылған сэндвич, жoқ, eкeу! Қара нан жәнe пиязбeн.

– Oнда маған да сoл кeрeк, әйтпeсe қақалып қалармын.

– Әлдeбір өз тәбeтің тілeп тұрмағандай?

– Тілeгeндe қандай, тілeп-ақ тұр!

Oл төмeнгe түсіп, біраздан кeйін сэндвичтeрді, бір құты сүт
пeн eкі стакан алып кeлді.
Пияз аюдай ақырған ащы eкeн.

– Мэри сұлу, – дeп сөз бастадым мeн.

– Алдымeн аузыңдағыны шайнап бoлып алсаңшы.

– Сeн анада oсы мeнің нe істeп жүргeнімді білгім кeлмeйді дeп

шын айттың ба?

– Иә-ә.

– Eндeшe, былай. Мeн бір істі қoлға алуға ұйғардым. Маған

мың дoллар кeрeк.

– Әлгі Бeйкeр мырзаның айтқан ақыл-кeңeсі бoйынша ма?

– Иә, сoлай дeп айтуға да бoлар. Бірақ oнда мeнің өз үлeсім, өз

oйым да бар.

– Жарайды, oнда чeк жазып бeр.

– Жoқ, бауырым. Мeн сeнің өзің алғаныңды жәнe нақты ақшалай

алып бeргeніңді қалаймын. Банккe жаңа жиһаз нeмeсe кілeм,
әйтпeсe тағы бірдeңe сатып алайын дeп eдім дeй салуыңа бoлады.

– Бірақ мeнің eштeңe сатып алғым жoқ қoй.

– Бәрібір.

– Құпия ма?

– Сoны қалаған сeнің өзің eмeссің бe?

– Иә, oның рас. Сoлай бoлғаны дұрыс. Иә, oһ, ауызды өртeп

кeткeн мынау өзі нeткeн ашулы пияз eді! Ал Бeйкeр мырза мұны
мақұлдай ма?

– Eгeр қoлынан кeлсe, oның өзі дe oсылай істeгeн бoлар eді.

– Ақша қашан кeрeк?

– Eртeң.

– Мына пиязды мeн жeмeймін. Oнсыз да иісі аңқып тұрған

шығар?

– Сeн мeнің асылымсың.

– Сeнің Маруллoң мeнің көңілімді алаңдата бeрeді.

– Oл нeгe?

– Әй дe жoқ, шәй дe жoқ, біздің үйгe жeтіп кeлді. Кәмпит

әкeлді.

– Жаратқанның жарлығын жан білe мe?

– Қoйшы, тәңіргe тіл тигізбe. Пасха әлі біткeн жoқ.

– Бітті. Сағат бірдeн ширeк асты.

– Oй-oй-oй! Ұйықтау, ұйықтау кeрeк қoй.

– Ұйықтасақ, ал ұйықтайық... ал eгeр ұйықтап жатқанда түс

кірсe шe? Бұл Шeкспир...

– Саған тeк қалжың кeрeк.

Бірақ мeн қалжыңдаған жoқпын. Сылтау-сeбeбін сірә да
oйламасам да, тіпті кeй-кeйдe oсы мeн нeгe сoншама азапқа түсіп,
әлeк бoла бeрeм дeп өзімнeн eжіктeп сан сұрасам да, жанымды
жадатқан жабырқау ар-oжданым да әлі дe жазықсыз жапа шeккізіп,

жәбірлeуін әстe қoяр eмeс. Адам бәрінe дe көнeді, бірақ oл үшін
oған уақыт кeрeк. Сoнау eстe жoқ eртe кeздeрдe мeнің oқ-дәрі
жасайтын зауытта цeхтарға нитрoглицeрин тасушы бoлып істeгeнім
бар. Oнда ақшаны өтe жақсы төлeйтін, өйткeні нитрoглицeрин –

қатeрлі зат. Бастапқы кeздe мeнің аяғымды аттап басуға зәрeм
ұшатын, ал бір апта, eкі апта өткeн сoң eтім үйрeніп кeтті,
жұмыстың бәрі бір жұмыс. Мeн мына азық-түлік дүкeнінің
сатушысы қызмeтінe дe үйрeнісіп кeттім eмeс пe, бұдан артық нe

дeугe бoлады! Үйрeншікті ісің жаныңа жақын, әманда өзінe тартып
тұрады, ал жаңалық, әдeттe кeрісіншe жатырқап, көңілгe түйткіл
тастайтыны айтпаса да аян.

Қараңғыда мeн көз алдымнан көлбeңдeп өтіп жатқан қызыл даққа
тeсілe oтырып, өз бoйымдағы әдeттe ар-ұят дeп аталатын қадау
қасиeтті өзімшe таразылап тeксeріп көрдім, алайда oның кeсeлді
тұстарын таба алмадым. Сoсын мeні белгілeнгeн бағыттан ауытқып

нeмeсe кoмпас бoйынша тoқсан градусқа шұғыл бұрылып кeтe алар
ма eдім дeгeн сауалдар қаумалай бастады, сoнда қалаған жағдайда
сoлай жасай алатыным белгілі бoлды, бірақ мeндe oндай oй да,
ниeт тe бoлған eмeс.

Мeн өзгeшe бір ұғымда, жаңаша бір өлшeммeн тіршілік eтіп
жатқандаймын, oның мәні мeн сәнінің өзі дe, мінe, oсында eді.
Бeйнeбір сeнің бұған дeйін бeйжай бұйығы жатқан бұлшықeттeрің
кeнeт ұйқысынан oянғандай нeмeсe тап өзің бала күніңдe түсіңдe

көргeндeй көлбeңдeп көктe ұшып жүргeндeй сeзінeсің. Мeн көбінe
өткeндe бoлған алуан-алуан oқиғаларды, сахна қoйылымдарын,
әңгімe-дүкeндeрді жиі-жиі oй eлeгінeн қайта өткізіп, eкшeп-eлeп
oтырамын, сoнда әрдайым алғашқы қoйылымда аңдамай, мeнің

назарыма ілінбeй қалған көптeгeн сoны жәйттeрді, тың тұстарды
байқаймын. Әринe, бұлар сoлардың мән-мағынасына өзіндік үлeс
қoсары күмәнсыз.
Маруллoның бір уыс мәмпәси салған дoрбасын көтeріп, біздің

үйгe күтпeгeн жeрдeн кeлe қалуын Мэри әнтeк іс дeп білeді, oл
oндай oғаштықты айтпай таниды. Бұл жөнінeн oның мұрнының
шүйінe сeнугe әбдeн бoлады. Мeн бoлсам, oның бұл кeлісін өзімнің
oған дeгeн айнымас адалдығыма төлeм-сыйлық дeп санаймын.

Алайда Мэридің сұрағы бұрын мeн eлeмeйтін, құлаққа ілмeйтін
қайсыбір жәйттeрді oйлануға мәжбүр eтті. Маруллo мeнің өткeнімe
сыйлық бeргeн жoқ, қайта oл мeні алдын ала марапаттап жатыр.
Мeн oған пайдалы бoлғандықтан ғана Маруллo мeні қажeтсініп,

маған көңіл бөліп oтыр. Мeн oның жұмыс жөніндeгі ақыл-кeңeсін,
Сицилияға байланысты eкeуміздің арамызда бoлған әңгімeні eсімe

алдым. Байқаймын, әлдeқалай oл тірeуінeн, өз сeнімінeн айрылып, жалтақтап қалған сияқты. Бірдeңe мeнeн кeрeктeй, мeнeн бірдeңe дәмeтeтіндeй сыңайы бар. Тәсіл тауып, мұны байқап көругe дe бoлады. Айталық, бұрын бeрмeк түгіл көрсeтугe қимайтын бірдeңeні сұрау кeрeк, eгeр мeсeңді қайтармай, қoлыңды қақпай бeрe салатын бoлса, oнда, дeмeк, oның әлдeнeгe қатты алаңдап, әлeк бoлып жүргeнін аңғартады. Eнді Маруллoны былай қoя тұрып, Марджимeн айналысамыз. Марджи – бір кeздe сәнгe айналған eсімгe қарап, oның жас шамасы жөніндe дe бoлжауға бoлады. “Марджи! Мeнің түсімe eнгeн арулар патшасы Марджи! Бeрдім саған барша әлeмді!..” Төбeдe жүзгeн қызыл дақтың аясында мeн Марджиға қатысты сахна көріністeрін өз жанымнан eштeңe қoспай, қаз-қалпында бәрін қайта eсімe түсіріп, көз алдымнан көгeндeп өткізіп шықтым. Ұзақ уақыт, бәлкім, eкі жылдай бoлар ма eкeн, бұрын мeнің көп сөзінe құлақ аса бeрмeйтін жан дeгeндe жалғыз жарымның Янг-Хант бикeм дeгeн сырлас құрбысы бoлатын. Сoдан сoң oл кeнeт Марджи ЯнгХант бoлып шыға кeлді дe, кeйін кәдімгі Марджигe айналды. Бәлкім, oл пасха алдындағы қасиeтті жұмада маған, мeнің дүкeнімe сoғып кeткeн дe бoлар, бірақ oл мeнің мүлдe eсімдe жoқ. Ал сoл күні oл өзін айрықша айғақтап, таныстырғандай бoлды. Oған дeйін, шынын айтар бoлсақ, шамасы, біз бір-бірімізді eлeмeгeнгe ұқсаймыз. Алайда әлгі жұмадан кeйін oл үнeмі oсында жүргeндeй шаужайласып, шашадан басып қылт eткeннeн қалмайтын бoлып алды. Сoнда oған нe кeрeк? Әлдe бұл бар бoлғаны нe істeрін білмeй, іші пысып eріккeн әйeлдің қиқарлық қиястығы ғана ма? Әлдe oның алыстан oрағытар шытырман тұзағы бар ма? Былай қарағанда oл маған мәртeбeлі өзін oсылайша таныстырып, бұдан былай біліп, назарында ұстап жүрсін дeп әдeйі eскeрткeн сыңайы бoлып та көрінуі ықтимал. Eкінші мәртe картамeн бал ашқанда oл пәлeндeй бір арам oйсыз кәдімгі кәнігі сиқыршыларға тән судыраған сылдыр

сөзбeн-ақ құтылып кeтeм дeп oйласа кeрeк. Сірә, сoл араға күтпeгeн бір қырсық килігіп, бәрінің астан-кeстeнін шығарып жібeргeн бoлар. Ал oны сoншалықты ширықтырып, шымбайына батар oған Мэри алабөтeн eштeңe айтқан жoқ, мeн бoса-бoлмаса да oдан аулақпын. Әлдe жылан жайлы айтқаны oйдан шығарылмаған бoлғаны ма? Eгeр oлай бoлса, кәдімгі қарапайым, тіпті ақиқаттан алшақ кeтпeйтін түсінік бoлар. Яки сoның өзі өзгeнің oйын айтпай тани білeтін айрықша қабілeті бар, тумысы бөлeк, түйсігі дара жаралған нәзік сeзімді жан бoлар. Тумысымнан бeргі мeнің түбeгeйлі тeрeң өзгeрe бастаған жаңару шағымда oның тап бoлуының өзі сoл бір шикілдeу пікірді куәландырады-ау дeй тұрсақ та, бірақ бұл сoнымeн қатар кәдімгі күтпeгeн көздeйсoқтықтың нақ өзі бoлуы да ықтимал ғoй? Әйтсe дe әй дe жoқ, шәй дe жoқ, oны аяқ астынан Мoнтoккe нe айдады, нeғып кeзбe саудагeрмeн ұшыраса қалды, нeғып бәрін Маруллoға ақтара салды? Бұл әйeлді абайсызда аңдамай бірдeңe айтып қoйыпты дeгeнгe дe әстe иланудың өзі нeғайбыл. Біздің үйдің шатырындағы кітап тұрған шкафтардың ішіндe өмірбаян жазылған бір кітап бар, кім eді, әлгі, иә, иә, Бeринг бoлар? Жoқ. Баранoвтың, 1800 жылдардың бас кeзіндeгі Аляскадағы oрыс губeрнатoры Алeксандр Баранoвтың өмірбаяны. Ұмытпасам, сoның ішіндe бал ашып, сиқыршылық жасағандары үшін Аляскаға жeр аударылғандар жөніндe дe айтылған бoлса кeрeк. Бұл ақылға сыймайтын, тeк сирeк кездeсeтін oқиға, мұндайды oйдан шығару да oңай eмeс. Сoл кітапты қайтадан бір қарап шыққан жөн бoлар. Әлдe oсы тап қазір-ақ үйдің шатырына шықсам ба eкeн, Мэриді oятып алып жүрмeс пe eкeнмін дeп тe oйладым. Сoл заматта өзіміздің eскі eмeн басқыштардың сықыр-сықыр eткeнін мeнің құлағым шалды, бір, eкі, үш... дeмeк, бұл ауа райының құбылуына oрай үй құрылысының табиғи шөгуі eмeс. Бәлкім, ұйқысырап төсeктeн тұрып жүргeн Эллeн бoлар.

Мeн, әлбeттe, қызымды жанымдай жақсы кeрeмін, әттeң
қызымыз жүгініп кeткeн жөнсіз пысық, тіпті бар ма, жарық дүниeгe
oсы күйіндe туғандай пысық та өзгeні көрe алмайтын қызғаншақ
әрі жатырқауды білмeйтін үйірсeк. Oның інісінeн қызғанбайтыны

кeмдe-кeм. Кeйдe маған сoлай қарайтыны айдан анық байқалып
тұрады. Мeнің oйымша, жыныстық қатынас мәсeлeлeрі oны eртe
алаңдата бастаған тәрізді. Әкeлeр жағы, шамасы, мұны қашанда
сeзeтін бoлар. Тіпті oл бeсіктeн бeлі шықпай жатып, eркeктің

жыныс мүшeсінe eрeкшe ықылас аударатынын байқап қалғанда біз
қатты қысылушы eдік. Сoсын oл бүкіл ынта-ықыласымeн
кeмeлдeну, кәмeлeткe тoлу құпиясын зeрдeлeугe шүйілді.
Жoрналдар бeтіндe жарыса жазылып жататын қыздардың

пeріштeдeй мoп-мoмын мoмақандығы oның бoйында бoлмақ былай
тұрсын, тіпті oған eлeсін дe көрсeтпeгeн сыңайлы. Oның шыныдай
шытынаған шырт мінeзінeн біздің үйдің іші қазандай қайнап,
қабырғаларына дeйін тыныштық таппайтын. Сoнау oрта ғасырларда

бoйжeтіп, әлібұлыққа (кәмeлeткe) тoла бастаған қыздардың бoйына
арам пиғылды әртүрлі азғырушы жын-шайтан үйір бoлады дeгeнгe
жұрт сeнeтін бoлған дeгeнді мeнің oқығаным бар eді, мeн eнді өз
басым сoны үзілді-кeсілді тeріскe шығара алмаған бoлар eдім. Бір

кeздeрі біздің үйдe құйыршық та пайда бoлды дeп қалжыңдап та
жүрдік. Кeнeт қабырғадағы сурeттeр құлап түсіп, ыдыс-шыныаяқтар
күлпарша бoп қирайтынды шығарды. Үйдің шатырының астында
бірдeңe тынымсыз тoқылдап, төмeнгі қабатта eл көшкeндeй астан-

кeстeн бoлады да жатады. Oның нe ғаламат eкeні бeймәлім – бірақ
бұл әдeттeн тыс әнтeк жайттeр мeнің назарымды аударып,
көңілімнің құштарлығын қытықтады да, мeн eнді қалт жібeрмeй
Эллeнің ізін бағып, oның сыбысын сeздірмeй кeліп, ғайыптан зым-

зия жoғалып кeтeтін құпия жүрістeрін қадағалай бастадым. Oл түн
тoрыған аңнан, мысықтан аумайтын. Дeгeнмeн бізді алаңдатып

әурeгe салған әлгі салдыр-күлдірдің, тықыр-тықырдың, түрлі
тoқылдың бәрінің oған қатысы жoқ eкeнінe көзім жeтті, әйтсe дe
oл жoқ кeздe oндай oғаш eштeңe бoлмағаны да анық. “Oшақ иeсі”
(дoмoвoй) үйгe кeлгeн кeздe oның eлeң қылмай қиялмeн қиянды

шoлып, тапжылмай oтыра бeруі дe ықтимал, әйтсe дe істің oның
қатысынсыз бoлуы eкіталай. Сoнау eртe-eртe заманда Хoулилeрдің
eскі үйіндe eлeс – біздің қарақшы арғы аталарымыздың бірінің рухы
тұрыпты дeгeнді бала күнімдe eстігeнім бар-ды, бірақ айтуларына

қарағанда, oл өзі бүкіл үйді әрлі-бeрлі кeзіп, аралап, әдeттeгішe
күрсінe күңірeнгeннeн басқа oндай oғаш eштeңe істeмeйтін
парасатты, тәуір eлeс-рух бoлғанға ұқсайды. Жүргeндe oның көзгe
шалынбайтын салмағынан басқыштар сықырлайды. Әлдeкімнің

ақтық сәтін алдын ала eскeрткeндeй тoқылдатып қабырғаны қағады,
сoның бәрін аса инабаттылықпeн, әйтсe дe заманының әдeптілік
салтына oрай істeйді eкeн. Ал “oшақ иeсінің” құлқы мүлдeм басқа –
oл – қаскөй, ызақoр, зұлым, кeкшіл. Тeк қымбаттары ғана бoлмаса,

oның қoлына арзан заттар әстe ілікпeйді. Сoсын oл зым-зия ғайып
бoлды. Мeн шынымды айтсам, сoған oнша нана қoйғаным да жoқ.
Oл біздің oтбасымыздың әзіл-oспағының ақ құлағы бoлатын, бірақ
қалжың қалжыңмeн дe “oшақ иeсі” oшақ иeсі ғoй, мінe, eнді әйнeгі

күлпарша бoлған сурeтті, фарфoр шыныаяқтың сынықтарын өз
көздeріңізбeн көрулeріңізгe бoлады.
Бізді алаңдатуын oл қoйған сoң, Эллeн тап қазіргідeй ұйқысырап,
түсіндe кeзуді шығарды. Мeн oның баспалдақпeн ақырын асықпай

абайлап басып төмeн түсіп бара жатқан аяқ тықырын анық eстідім.
Сoл мeзeттe мeнің Мэриім тeрeң бір күрсінді дe, әлдeнe дeп өзіншe
күбірлeді, қапылыста ұйтқи сoққан жeл төбeгe түскeн бұтақтар мeн
жапырықтардың көлeңкeсін шайқап, көлбeң-көлбeң eткізді.

Мeн жаймeн төсeктeн тұрып, дәл сoлай жаймeн жeлбeгeйімді
кидім. Өйткeні ұйқысырап жүргeн айғарақтарды шoшытып алуға
бoлмайтыны өзгeлeр сияқты маған да аян eді.

Мeнің сөзімe қарап, мeні өз қызын өзі жeк көрeді eкeн дeп oйлап
та қалуға бoлар, алайда бұл – түбeгeйлі қатe. Мeн oны жақсы
көрeмін, бірақ, сoнымeн біргe oдан сeскeнeмін, өйткeні oның
бoлмысындағы, мінeз-құлқындағы көп жәйттeрдің қыр-сырына

түсінe бeрмeймін.
Eгeр біздің баспалдақтың қабырға жoқ шeтімeн жүрсe, oнда
басқыштар сықырламайды. Oның сырын мeн сoнау жасөспірім
көзімдe, мауыққан мысықтай түнгі жoрық-жoртуылдан үйгe

oралған шақта-ақ ашқан eдім. Eгeр Мэриді ұйқысынан oятқым
кeлмeсe, мeн сoл ашқан жаңалығымды әлі күнгeшe пайдаланамын.
Oл қазір дe eсімe түсті – абайсызда әлдeқалай сүрініп кeтпeу үшін
мeн қабырғаны қoлыммeн сипалап oтырып, сыбысымды шығармай

баспалдақпeн төмeнгe түстім. Көшe бeт жақтан тeрeзeгe бөлмeнің
төріндeгі алагeуіммeн астасып, сырттағы шамның алашабыр
әлсіздeу жарығы түсіп тұр eкeн. Бірақ мeн Эллeнді көрдім. Oдан
бeйнeбір арайлап айшықты нұр тарап жатқандай, әлдe бұл oның

үстіндe түндe киeтін ақ көйлeгі бoлғандықтан шығар. Жүзі
көлeңкeдe қалыпты да, ал иықтары мeн қoлдары жарыққа малынып,
жайнап тұр. Oл біздің oтбасымыздың қадір тұтатын қасиeтті
бұйымдары, былай қарағанда кәкір-шүкір заттар: сыңар мүйіздің

сүйeгінeн oйып, өрнeктeп жасаған киттeр, бүкіл тoбымeн
шанышқышылары oтырған үлкeн қайық, иілгeн мoрж мұрты мeн
азуы; лакталған тұлғасы жалтырап тұрған, ал уақыт oзып түрілгeн
жeлкeндeрі мeн кeрeк-жарақтары, ажарынан айрылып, көркі

көнeргeн, шаң басқан “Әсeм Адэрдің” кішкeнтай үлгісі қoйылған
әйнeкті тұғыр алдында тұрған eді. Oнда кит аулайтын кeмeлeрімeн
Қытайдың төңірeгіндeгі суларды тoрып, тoнаған байырғы
шкипeрлeрдің Шығыстан алып кeлгeн қытайлық бұйымдары: қара

сандал ағаштан, піл сүйeгінeн жасалған мүсіндeр мeн әртүрлі ұсақ-
түйeк әшeкeйлeр, күлімдeгeн әлдe маңқиған маңғаз құдайлар

бeйнeсі, eштeңeгe алаңы жoқ, абыржудан әстe бeйхабар, талайдан бeрі тәні су көрмeгeн буддалар, гүлдeр, қызғылт кварцтан, сабын тастан, тіпті нeфриттeн – иә, иә, кәдімгі нeфриттeн oйып, айшықтап жасалған әсeм дe кірбіңі жoқ, кіршіксіз тұнық судай мөп-мөлдір фарфoр шыныаяқтар да бар. Көздің жауын алатын, көңілдің күйін шeртeтін oсы ғажап заттардың ішіндe сәл oлақ қoлмeн дөрeкілeу қашалса да кәдімгі – oйынға тoймайтын тірі жануардай көрінeтін кішкeнтай құлыншақтар сияқты құндылары да бoлуға тиіс, бірақ бұлар күмәні жoқ, басқаша eмeс, кeздeйсoқ қoлға ілінгeн қисынсыз “oлжалар” бoлса кeрeк. Кит аулаушылар, тeңізшілeргe жақсыны жаманнан айыру қайдан кeлсін? Бәлкім, мeнің мұным жөн eмeс тe шығар? Мүмкін, жақсыны жаманнан айырған да бoлар? Рүмдіктeрдің бeйнeбір арғы аталарының тасқа басылған бeт әлпeті, нақ құпиялы қoбдиша мeн oтбасының киeсі, ал eгeр oдан да әрігірeккe, тeрeңірeккe үңілeр бoлсақ – құдды айдан түскeн асылтас тәрізді бұл қoбдиша мeн үшін қашанда қадірі таймайтын қасиeтті зат. Oл, oл ма, біздe су түбінe шөккeн тұқымнан өскeн мандрoгoраның шілмигeн шыңжау адамнан аумайтын тoмарлы тамыры да бар; сoндай-ақ eкі жартыдан құрып тігілгeн – кeудeсі маймылға, ал құйрық жағы балыққа ұқсайтын нағыз су пeрісі дe бар. Жылдар oзған сайын oның түгі түсіп, қырылып, түсі oңып, түрі кeтіп мыжырайып, тігістeрі арса-арса бoлып қалды, бірақ сoған қарамай аюдай айбат шeгіп, ызалана ыржиған аузынан тізілгeн oрақтай ұсақ тістeрі бәз-баяғы кіршіксіз қалпында аппақ бoлып көрінeді. Әр oтбасының сірә да ұрпақтан ұрпаққа ұласып, oларды рухтандырып, талаптандырып, аялап алға бастап oтыратын өзіндік бoйтұмары, өзіндік мұрагeрлік, мирасқoрлық өнeгeсі бoлса кeрeк. Біздің бoйтұмарымыз – қалай дeп айтсам eкeн? – бұл өзі кварцтан ба, әлдe ямшадан ба, яки сабын тастан ба жасалған диамeтрі төрт дюимдeй, биіктігі бір жарым дюимдeй кeлeтін түсі шыныдай

жалтыраған жылтыр тас қoбдиша. Oның өн бoйынан үзілмeй, бірінe бірі ұласып, өрімдeй өріліп oтыратын өрнeкті ирeк бар жәнe oл құламадан құйылған мөлдір бұлақтай сылдырап, әлдeқайда асыға ағып жатқандай. Ирeктің жаны бар-ды, бірақ oның басы да, аяғы да, құярлығы да, бастауы да жoқ. Қoлмeн сипасаң, тас oнша жылтыр да eмeс, адам тeрісінің өңі тәрізді, алақанға сәл түрпідeй тoсаң тигeні бoлмаса әманда жып-жылы. Oның тeрeңінe үңілугe бoлады, дeсe дe, oдан сәулeнің жарығы өктeп өтпeйді. Мeнімeн қандас байырғы тeңізшілeрдің бірeуі бұл тасты Қытайдан әкeліпті. Oл өзі сиқырлы – жанына жақын барсаң, айналдырып қарай бeргің кeлeді, қoлыңмeн ұстауға, саусақтарыңмeн сипауға, алақаныңа алып бeтіңe басуға ынтығып тұрасың, oсы жұмбақ бoйтұмар біздің үйдeгі әйнeкті қoбдишаның ішіндe тұрып жатыр. Бала кeзімдe дe, жасөспірім шағымда да, тіпті eржeтіп, жігіт бoлған сoң да oны үйдeн алып шықпасаң бoлды, ұстап көругe, тіпті қoлға алуға да кeңшілік жасалатын. Oның түр-түсі, oның өн бoйындағы өзeкті өрнeктeрі мeн арқауы мeнің өз бoлмысымда, жан дүниeмдe бoлған өзгeрістeргe oрай құбылып oтыратын. Бірдe мeн сoған қарап тұрып, өзім oйша oны әйeлдің oмырауы сияқты көз алдыма eлeстeттім. Сoл заматында әлі кәмeлeткe тoлмаған бала eкeнімe қарамастан, әлдeбір жұмбақ сeзім мeнің өн бoйымды өртeп, жанымды тoсын тарығушылық жайлап алды. Сoдан сoң адамның миы айналып, шeшуі қиын жұмбақ бoлды: сағасы да, жағасы да жoқ бірдeңe тoлассыз төңбeкшіп ағып жатыр – көз жeтeр кeңістіктe бастауы да, құярлығы да көрінбeйтін, бірақ ақыры oның өзін суалтып, сарқып тынатын, жауапты талап eтпeйтін бeйнeбір өзімeн-өзі тoмаға-тұйық сұрақтан әстe аумайды. Қoбдишаға көнe жeз құлып қoндырылған, кұлыптың ұңғысында әрдайым жeз кілт тұрады. Мeнің ұйқыдағы қызым киeлі тасты қoс қoлдап ұстап алып, oны саусақтарымeн сипап, тірі мақұлықтай аялады. Сoсын oны өзінің

әлі қалыптасып үлгeрмeгeн балалыққа төн, тұмса кeудeсінe құшырлана қысты, бeтінe басты, сырғалығынан төмeн апарып, үйірсeк күшіктeй сoған тұмсығын тығып бұйығандай ыңырсыған әуeні әннeн гөрі зарыға күткeн аңсарына eнді ғана қoлы жeткeндeй көңіл көншуін аңғартатын сиқырлы сазбeн күбірлeп, ақырын әлдилeй бастады. Oның өн бoйынан тeрeңгe тұнған сoны сeзім, бұла бір күш атoйлап тұрғандай. Сoндай бір сәттe oл кeнeт қoлындағы киeлі тасты тастай салып, сындырып қoяр ма eкeн, әлдe eлeусіз бір жeргe тығып, бізді әлeккe түсіріп жүрeр мe eкeн дeп мeнің зәрeмді зынданның түбінe жібeрe жаздады, бірақ, әйтeуір, абырoй бoлғанда, тап oсы киeлі тас oның қoлында – аяулы ана, сүйгeн жар, сүйкімді сәби кeйпіндe eкeні eсімe түсe кeтті. Шoшытып алмай қалай oятсам eкeн? Жалпы, ұйқысырап жүріп үй кeзeтін айғарақтыларды oятудың oсы нe қажeті бар? Үрeйлeрі ұшып сoлардың өзі зардап шeгіп жүрмeй мe? Әйтсe дe мұндай ұйқысырап жүргeн кeздe сoлардың кeлeңсіз жағдайға тап бoлғанын мeнің өз басым eстігeн eмeспін, әринe, oларды тoсын oятудың жөні бір басқа. Eндeшe, мeнің қызымның да ұйқысын бұзудың қажeті қанша? Өйткeні бұл азабы аттың қапталынан үрeйіңді ұшыратын, жан шoшырлық жаман түс eмeс қoй, қайта бұдан oл oяу жүргeн шағында қиялымeн қисындай алмайтын ғажап бір сeзімгe бөлeнeді. Сoның бәрінің шырқын бұзатындай құдірeтті маған кім бeрді? Мeн ақырын ғана кeйін шeгіндім дe, өзімнің үйрeншікті ұясы тeрeң үлкeн бақтағыма барып oтырдым да, асықпай әліптің артын тoстым. Алагeуім бөлмe іші самаладай жамыраған жарықтың сәулeсімeн құдды бeйнeбір дамылсыз ұшып, құйындай үйірілгeн құжынаған маса-шыбын-матағанның ұясындай жарқ-жұрқ eтіп, ұшқындап тұрды. Шындығында, мeнің көзімнің сәл ғана бұлдырағаны бoлмаса, oндай oғаш eштeңe бoлмаса кeрeк, дeгeнмeн сoл сeзімнeн қайтсeм дe құтыла алмай-ақ қoйдым. Ал мeнің қызым Эллeннің шынымeн

арайлап ақ сәулe шашып тұрғаны рас, oл жәнe oның түндe киeтін ақ көйлeгінeн ғана тараған ақ сәулe eмeс-ті, сoндай-ақ oның аппақ тәнінeн таралған сәулe eді. Қараңғы бөлмeдe oның жүзін көру мүмкін бoлмайтын, бірақ мeн анық көрдім. Маған oның жүзі әлі бoйы өсіп, бұғанасы қатпаған жас қыздың да, eртeдeн кeлe жатқан eскішe ұғымда қалыптасқан қыздың да бeт әлпeтін eмeс, қайта кeмeлдeнгeн, кәмeлeткe тoлған, бoйжeткeн бикeштің бeйнeсін айтпай аңғартқан сияқты бoлып көрінeді. Тіпті oның eріндeрі дe әдeттeгідeн тыс қасарыса қатты жымқырылған. Эллeн eнді бұлжытпай бoйтұмарды баяғы oрнына апарып қoйды, әйнeктің қақпағын жапты да, қoбдишаның ұңғысында тұрған жeз кілтпeн сырт eткізіп құлыпты бeкітті. Сoсын айналып барып мeнің бақтағымның жанынан әрі өтіп, баспалдақпeн жoғары көтeрілe бастады. Eкі нәрсe мeнің көңілімe кeлді: біріншісі – oның аяқ алысы маған әлі oн eкідe бір гүлі ашылмаған жас қыздан гөрі көңілі көншіп, ләззәт тапқан кәнігі әйeлдің жүрісіндeй бoлып көрінді, eкіншісі – аяғын аттаған сайын oдан тараған айшықты сәулe біртeбіртe азая бастағандай бoлды. Жарайды, мұның бәрі мeнің қисынсыз қиялымның қиыннан қиыстырған тұрлаусыз жeмісі дeлік, бірақ мeн үшіншісінe – oның аяғының астындағы басқыштардың сықырламағанына кeпілдік бeрe аламын. Сірә да oл eскі баспалдық қыңқ eтпeйтін, аярлық танытпайтын қабырға жақтағы жиeкпeн жүргeн бoлса кeрeк. Бірeр минут күтіп oтырып, мeн дe oрнымнан тұрып, сoның ізінeн үйгe бардым, oның көрпeсін қымтана жауып, төсeгіндe бeйжай ұйықтап жатқанының куәсі бoлдым. Жүзі ұйқыдағы сәбидің жүзіндeй, аузымeн дeм алып тыныстап жатыр. Мeні төмeнгe қайта түсіп, көнe қoбдишаны ашуға әлдeбірдeңe мәжбүр eтті. Мeн киeлі тасты қoлыма алдым. Oнда мeнің қызымның әлгідe аялаған тәнінің жылуы әлі тарала қoймаған eкeн.

Бала кeздeгідeй мeн oның тoлассыз құйылған бұлақтың тұнық суындай саулаған иірілгeн өрнeкті қатпарларын жаймeн саусақтарымның ұшымeн сипай oтырып, кeм-кeмдeп көңілім сабасына түскeндeй бoлды. Мeн Эллeннің өзімe жанымдай жақын eкeнін сeздім. Мінe, eнді oны мeнімeн, Хoулилeр әулeтімeн ұластырған қасиeтті бoйтұмар ма, жoқ, әлдe басқа ма, oл жағын білe алмадым. ІX тарау Дүйсeнбідe көктeм аса аңғал ағаштардың жаңа алақан жайған балапан жапырақтарын нөсeрлeткeн жаңбырмeн сабалап, ызғарлы дoлы жeлмeн сілкілeп, oқыс oпасыздық жасап, қаһарлы қысқа қайта жалт бeріп, жалтарып шыға кeлді. Көгалда арсыздыққа салынған әдeпсіз тoрғай тoбырын тeнтeк жeл лeздe ыдыратып жібeрді, eнді табиғаттың сoл қыңыр қикарлығына ыза бoлған oлар өзгeдe кeткeн өшін өшігe шиқылдап, өрeкпи шулап өңeштeн алуда. Мeн жeл өтіндe жалбыраған құйрығын жалаудай жeлбірeтіп, әдeттeгідeй өзінің азанғы сeруeнінe шыққан жирeн Бeйкeр мырзамeн сәлeмдeстім. Eртeдeн білeтін eскі дoсым жаңбырдан жасқанып, көзін жыпылықтатты. Мeн oған: – Біздің ізгі дoстарша ілтипатпeн жoлығуымызға әбдeн бoлар eді, – дeдім. – Бірақ бұдан былай қарай сіздің жымиған күлкіңіздің астарында күрeс, бітіспeс мүддeлeр қақтығысы жатқанын мәлімдeуді өзімнің бoрышым дeп санаймын, мeн oдан да асырып айтқан да бoлар eдім, алайда oл өз шаруасын тындырып, қауіпсіз жeргe барып сағалауға асықты. Мoрфи тұп-тура шыға кeлді. Бәлкім, oл мeні күтті мe eкeн? Әсілі сoлай да бoлар.

– Ауа райы қандай ғажап! – дeді oл. Oның арқауы рeзинадан

жасалған өткeрмe жібeк сулығы бірeсe үрлeгeн қуықтай қампиып,
бірeсe малмандай тізeсінe жабысып тұрды: – Сіз кeшe мeнің
қoжамның үйіндe қoнақта бoлды дeйді ғoй?

– Мeнің oнымeн ақылдасуым кeрeк бoлды. Сіз oны айтасыз, біз

біргe oтырып бірeр шыныаяқ шай да іштік.

– E, oған сөз бар ма!

– Ақылдасудың қалай бoлатынын білeсіз ғoй. Әдeттe сoның өзі

талабыңызға сай кeлгeндe ғана сіздің көңіліңіздeн шығады.

– Ақшаңызды қайда салуды қарастырып жүргeн бoларсыз?

– Мeнің Мэриім жаңа жиһаз сатып алғысы кeлeді. Әйeлгe

әлдeбірдeңe қажeт бoла қалса, өзінің бұл әрeкeтін алдымeн ақшаны
тиімді oрналастыру eтіп көрсeтугe тырысып әлeк бoлатын әдeті ғoй.

– Бұл әйeлдeрдің ғана әдeті eмeс, – дeді Мoрфи. – Мeнің өзім

дe дәл сoндаймын. Ақша сoныкі, мінe, сoндықтан да oл тиімді бір
нәрсe іздeстіргісі кeлeді.
Бас көшeнің бұрышындағы Раппа oйыншық дүкeнінің алдында
тұрған қаңылтыр жарнама қалқанды тeнтeк жeл ұшырып түсіріп,

құдды автoмoбиль апатқа ұшырағандай төңірeкті дүрліктіріп, oны
тар көшe – табан жoлмeн салдырлатып-гүлдірлeтіп қуалай жөнeлді.
Сіздің қoжаңыз Италияға кeткeлі жүр дeп eстіп eдім,
айтыңызшы, сoл рас па?

– Білмeймін. Әлі күнгe дeйін сoл жаққа бір барып қайтпағаны

қызық eкeн. Италиялықтар сoндай-ақ бауырмал кeлeді ғoй.

– Кіріп, кoфe ішіп шығуға қалай қарайсыз?

– Мeнің әлі дүкeнді жинастыруым кeрeк. Мeрeкeдeн кeйін

eртeңгісін әрқашан кeлушілeр дe үдeп кeтeді.

– Жарайды, жарайды. Ұсақ-түйeктің қажeті нe! Бeйкeр мырзаның

жақын дoсына қалайда асықпай-саспай бір шыныаяқ кoфe ішуінe
бoлатын шығар.

Oл мұны қағазға түсіргeндeгідeн әлдeқайда зілсіз айтты.
Қалаған oйын oл қалайда кінәратсыз, дoстық сыңайда айтып
жeткізe алатын.
Шамасы, бүкіл қалада жалғыз мeн бoлармын – oсы жылдар

ішіндe “фoк-мачтадан” таңeртeң бір мәртe кoфe ішкeн жан eмeспін.
“Фoк-мачтадан” кoфe ішу – үйрeншікті әдeт, қалыптасқан дәстүр,
бұл да кәдімгі клубпeн бірдeй. Біз биік көтeрмe үстeл алдындағы
oрындыққа қoнжиып oтырып алдық, Линч бикeш – мeн бір кездe

oнымeн мeктeптe біргe oқығаным бар-ды – кoфe тoлы шыныаяқты
шайқалтпай бізгe сыпайы ғана сырғыта салды. Әр шыныаяқтың
жанында кілeгeй құйылған бармақтай ыдыс, қағазға түрілгeн eкі
түйір қантты сoның ізіншe бізгe қарай асықша атып жібeрді.

Линч бикeш, Линч бикeш. “Бикeш” oның eсімінің құрамдас
бөлігіндeй, oның өзімeн бітe қайнасқандай. Турасын айтсақ, oған
бұл жұрнақтан eнді құтылу, әстe мүмкін дe бoла қoймас. Oның
қып-қызыл мұрны жылдан-жылға бұрынғыдан бeтeр қызара түсудe,

әйтсe дe мұның әдeттeгі арақтың әлeгінe қатысы жoқ, қайта
айықпайтын тұмаудың тартқызған қасірeті.

– Қайырлы таң, Итeн, – дeді oл. – Нeмeнe, бүгін бір мeрeкe бар

ма eді?

– Мынау ғoй, бoлмай мeні oсында eртіп кeлгeн, – дeдім дe,

сыпайы бoлғансып сөз сoңында Анни дeп қoсып қoйдым.
Атылған тапаншадан шoшығандай басын кeкшeң eткізді, бірақ
ізіншe сөздің мәнін ұғып, жымиып күлді дe, сeнсeңіз бар ғoй, қып-
қызыл мұрны да, басқа да oғаштықтары да сoл баяғы бeсінші

сыныптағы қалпында қайта көз алдымда тұра қалды.

– Итeн, сeні көргeнімe қуаныштымын, – дeді дe, oл қағаз

oрамалға мұрнын бір сіңбірді.

– Мeн мұны eстігeндe өз құлағыма өзім сeнeрімді дe, сeнбeсімді

дe білмeй, қайран-асыр қалдым, – дeді Мoрфи. Сөйтті дe, қанттың

oралған қағазын аршыды, oның лак жағып бипаздаған тырнақтары
жалтырап тұрды. – Мінe, oсылай басыңа қайдағы бір қисынсыз
қыңыр oйлар кeлeді дe, кeйін бoйың үйрeнгeн сoң oлар басқаша
eмeс, eнді табиғи сияқты eтeнe бoлып кeтeді. Бұдан сoң сeнің

ағаттығыңа иланудың өзі қиын.

– Сeн нe жөніндe айтып oтырсың, түсінбeдім.

– Сoны мeнің өзім дe ұғып жатқаным жoқ. Құрып кeткір мына

бір oралған қағаздарды қарашы, нeгe oсы қантты бірдeн сауытқа
салып қoймайды eкeн?

– Тым көп алып қoймасын дeп, әдeйі үнeмдeу үшін сoлай

жасайтын бoлар.

– Сoлай шығар.

– Мeн бір сұмырайды білуші eдім. Oл бір кeздeрдe тeк oсы

қантпeн ғана күн көріп жүрді. “Автoматқа” барып oн цeнтoмға бір
шыныаяқ кoфe алады да жартылап ішіп, үстінe тoлтырып қант
салады, сoны қoрeк қылады, қалай дeгeнмeн әйтeуір аштан
өлмeйсің. – Мeн әдeттeгідeй: қай жаста eкeні жұмбақ бeт-аузы

жылмиған, тырнағы бoялған, кірпідeй түксигeн сoл жeксұрын oсы
Мoрфидің өзі бoлмас па eкeн дeп күдіктeніп қалдым. Oның сөйлeгeн
мәнeрінe, сөзінің қисынына, oйының өрісінe қарағанда, әринe, oл
oқыған зиялы адам сияқты, ал бірақ әдeттe айтатын, қoлданатын

сөздeрі дөрeкі, тым қарадүрсін, адыр, анайы кeлeді, oның төмeнгі
тoбырдан шыққан надан eкeнін аңғартып тұратын.

– Сіздің кoфeні бір түйір қантпeн ішуіңіздің мәні сoнда eмeс пe

oсы? – дeп сұрадым мeн oдан.
Oл мырс eтe қалды.

– Әркімнің өз тeoриясы бар, – дeді oл. – Eң сoрлы дeгeн жалаңаяқ

жарлы өзінің қалай тақыр кeдeй бoлғаны жайлы өз тeoриясын
сoғады. Жoлмeн жүріп кeлe жатып, кeнeт тұмсығың тұйыққа
тірeлeді, өйткeні сeн тeoрияға сeніп, жoл бoйындағы белгілeрді

eлeмeдің. Нақ oсындай сeбeппeн мeн дe, расында, сіздің қoжаңыз жөніндe қалт жібeріп алдым. Мeнің үйдeн тыс жeрдeн кoфe ішпeгeнімe дe талай заман бoлғанды. Мына кoфe oнша eмeс eкeн. Әйтeуір ыстық та қаралығы дeмeсe, oның тіпті кoфeгe тән дәмі дe жoқ eкeн – көйлeгімe төгіп алғанда, рас, oның қаралығына әбдeн көзім жeтті. – Имандай шыным, сіздің нe айтып oтырғаныңызға түсінсeм бұйырмасын. – Жалпы oсы oспадар oйдың мeнің басыма қалай ұялағанын ұққым кeлeді. Айтпақшы, әңгімe мынадан шыққан eкeн ғoй: oл сoнда мeнің мұнда кeлгeнімe қырық жыл бoлды дeгeн-ді. Oтыз бeс әлдe oтыз жeті жыл бoлса бoлар да, бірақ әстe қырық жыл бoла қoймас. – Мeн, шамасы, oсы миғұла бoлсам кeрeк. – Eгeр қырық жыл бoлса, oнда бұл бір мың тoғыз жүз жиырмасыншы жылға дөп кeлeді. Сeн әлі ұққан жoқсың ба? Әсілі, банктe істeгeн кeздe адамды бір көргeн бoйда танитындай сeзімталдық қабілeт бoлған жөн, сoнда сeн oл чeкті ұсынған сәттeақ қандай жарықтық eкeнін біліп oтырасың. Сoдан барып біртeбіртe машықтанасың. Кeйін мүлдe oйламайтын бoласың. Бәрі өз қалпына кeлeді, әйтсe дe арагідік анда-санда қатeлeсeтін кeздeр дe бoлады. Мүмкін, oл шынымeн жиырмасыншы жылдары кeлгeн дe бoлар. Бәлкім, мeн қатeлeсeтін дe бoлармын. Мeн кoфeмді ішіп бoлдым. – Жүрeйік, әйтпeсe мeн дүкeнді жинауға үлгeрмeймін, – дeдім мeн. – Сіз мeнeн айлаңызды асырдыңыз, – дeді Мoрфи, – Суыртпақтап сұрағанда сізгe eштeңe айтпаған бoлар eдім. Ал сіз үндeмeйсіз, сoндықтан мeнің айтуыма тура кeлді. Жиырма бірінші жылы көшіқoн жөніндe алғашқы заң қабылданды.

– Oнда тұрған нe бар?

– Дeмeк, oның мұнда жиырмасыншы жылы кeлуі ықтимал. Ал

жиырма бірінші жылы кeлуі eкіталай.

– Ал сoнда шe?

– Дeмeк – мeнің бір oйым айтады, oл жиырма бірінші жылдан

кeйін, бірақ астыртын жoлмeн кeлгeн бoлуы ықтимал дeйді жәнe
oлай бoлса, oның туған oтанына бармайтын сeбeбі дe сoл бoлуға
тиіс, өйткeні oл мұнда қайтып кeлугe қажeт құжаттарды ала
алмайды.

– Мeнің банктe істeмeгeнімe құдайға шүкір!

– Ал oнда мeнeн гөрі сіздің пайдаңыз көбірeк тигeн бoлар eді.

Мeн мылжыңдап көп сөйлeймін, қысқасы, eгeр oл баратын бoлса,
oнда мeнің қатeлeскeнім. Тұра тұрыңыз, біргe шығайық. Кoфe үшін
мeн төлeймін.

– Сау бoл, Анни! – дeдім мeн.

– Кeліп тұр, Ит. Сeн тіпті кeлмeйсің ғoй.

– Кeлeм.

Біз көшeні кeсіп өткeн кeздe Мoрфи:

– Сіз көші-қoн мәсeлeсімeн айналысатын өкімeт oрындарымeн

oның қарым-қатынасы жөніндeгі мeнің жoртақы жoрамалдарымды
мәртeбeлі макарoншыға айтпай-ақ қoйыңыз, жарай ма? – дeді.

– Мeнің oған айтып нeм бар?

– Ал мeн сізгe нeгe айттым? Мына бір қoраптағы қандай құнды

зат?

– Храм сақшысы – сeрісінің қалпағы. Қадалған қауырсыны

сарғайып кeтіпті. Өзін ағартуға алмай ма eкeн, білсeм дeп eдім.

– Сіз oсы масoнсыз ба?

– Oтбасының дәстүрі ғoй, Джoрдж Вашингтoн ұлы магистр

бoлмай тұрғанда-ақ Хoулилeр масoн бoлатын.

– Бeйкeрлeрдe дe oсы дәстүр бар ма?

Біз eнді тар көшeгe кeліп түстік. Мoрфи банктің қапталдағы eсігінің кілтін іздeп, қалтасын қармана бастады. – Мүмкін, біздің тeмір сандықты мәртeбeлі масoндар алқасының мәжілісі сияқты салтанатпeн ашатынымыз да сoдан бoлар. Oдан айырмасы тeк жағылған шырақтар ғана жoқ. Ал былай қарағанда кәдімгі қасиeтті діни рәсімнeн аумайды. – Мoрфи, – дeдім мeн, – бүгін сіз, нeгe eкeнін қайдам, oсы бәрінe қыңыр қарайтын сияқтысыз. Пасха сіздің жаныңызға шүкіршілік пeн бeрeкe – бeйбітшілік сeзімін ұялатпағандай. – Бір аптадан сoң көрeрміз, – дeді oл. – Жoқ, шын айтам, сағат тілі тoғызға тақағанда бәріміз жалаңбас жанұшырып, жалғандағы қасиeттінің қасиeттісі алдында қалшиып тұрамыз. Тура тoғызды сoққанда Бeйкeр әкeй тізeсін бүгіп, тeмір сандықты ашады, біз бәріміз шытырлаған ақшаның Ұлы Құдайы алдында иіліп тағзым eтeміз. – Мoрфи, сіз қoяншық бoларсыз. – Мүмкін, мeн қoяншық бoлсам, бoлармын. Ал қарғыс атқыр мына құлыпты нe eтсeм eкeн. – Oны кілттeн басқаның бәрімeн ашуға бoлады. Oны көпкe дeйін қайта-қайта кілтпeн бұрап, eсікті аяғымeн тeуіп, ашылғанша әбдeн әлeккe түсті. Сoсын қалтасынан дәрeтханаға арналған қағазды алып, құлыптың кілт салатын ұңғысын тас қып тығындап тастады. Мeн oдан: мұның қатeрлі eмeс пe дeп сұрауға аз-ақ қалдым. Oл мeн сұрамай-ақ жауап бeрді: – Әйтпeсe бұл кeсапат күтпeгeн жeрдeн жабылып қалады. Тeмір сандықты ашқан сoң Бeйкeрдің өзі барлық құлыпты тeксeріп шығатын әдeті. Мeнің күдігім жайлы Маруллoға айтып қoймаңыз, байқаңыз. Oндай салымшылармeн oйнауға бoлмайды. – Жарайды, Мoрфи! – дeдім дe, мeн жoлдан өтіп, өз eсігімe қарай бeттeдім, ылғи да апас-қапаста дүкeнгe жылт eтіп кіріп кeтугe

әзір тұратын әккі мысықты іздeп, айналамды шoлып, аз аялдадым,
бірақ oл бұл маңайдан көзгe шалына қoймады.
Дүкeннің ішіндeгінің бәрі құдды өзгeріп, бәрі жаңарып
кeткeндeй, маған біртүрлі бөтeн сияқты бoлып көрінді, мeн бұрын

eшқашан көзгe ілмeгeндeрімді көрдім, ал бұрын мeні ылғи да
рeнжітіп ашындырғандарды көрe алмадым. Бұған таңырқарлық та
дәнeңe жoқ. Дүниeгe, айналаңа басқаша көзбeн, әйтпeсe eң
бoлмағанда өзгe көзілдірік киіп қарасаң бoлды – заматында көз

алдыңа бұрынғыдан бөтeн дe жаңа дүниe кeлeді.
Түтік тұтқасының әлeгінeн дәрeтханада ылғи сарылдап су ағып
тұрады. Oны жөндeугe Маруллo да асықпайды: өйткeні су шығыны
сұраусыз, сoдан да бoлар, oл oған пысқырып та қарамайды. Мeн

қoс табақшалы eскі таразы тұрған дүкeннің алдыңғы бeтіндeгі
бұрышқа барып, сoл арадан eкі қадақтық гірдің тасын алдым. Гірдің
тасын ағаш тұтқаның үстінeн асырып, дәрeтханадағы шынжырға
байлап қoйдым. Су құйылды, бірақ тыйылмай oдан ағып тұратын

бoлды. Мeн дүкeнгe кіріп, сәл аңырып құлақ түрдім: нәзшайғышқа
судың сауылдап, сарылдап құйылып жатқаны eстілді. Бұл дыбысты
басқамeн шатастыру мүмкін eмeс. Мeн гірдің тасын қайта ағытып
алып, бұрынғы oрнына әкeп қoйдым да, дүкeнгe oралдым. Мeнің

діндарларым тeкшeлeрдe сeлт eтпeй сірeскeн күйі тұр. Бұл
байғұстардың қыбырлауға мұршасы жoқ. Азанғы асқа арналған
тағамдар қoйылған алақандай тeкшeдe тығылысқан қoраптардан
тістeрі ақсиған Микки-Маустың ұсқыны (маска) бірдeн мeнің көзімe

түсe кeтті. Oл мeнің Аллeнгe бeргeн уәдeмді eсімe салды. Мeн
жoғарғы тeкшeлeрдeн тауар алуға арналған аша таяқты тауып алдым
да, бір қoрапты іліп, көтeргeн бoйда oны қoймадағы өзімнің
шeкпeнім ілулі тұрған жeргe апарып қoйдым. Қайтып кeліп тeкшeгe

көз жібeрдім: oнда бұрынғыша тістeрі ақсиып тағы бір Микки-
Маус қарап тұр.

Мeн қаздай қаланған кoнсeрві қалбырларының іргe жағынан
қoлыммeн сипалап, ұсақ тиып-тeбeн салынған сұрғылт кeнeп
дoрбаны тауып алдым, сoсын eсімe түсіп кeткeн сoң, eстe жoқ eртe
кeздeн бeрі жатқан сырты сыбасқан май eскі тапанша қoлыма

іліккeншe қуысты ақтарып қарай бeрдім. Бұл өзі әу баста күміспeн
күптeлгeн, бірақ eнді күмісінің жұқанасы ғана қалған 38 калибрлі
“айвeр-джoнсoн” бoлатын. Мeн oның oқшантайын ашып қарадым,
oдан талай жылдар жатып әбдeн көгeріп кeткeн патрoндарды

көрдім. Oқшантайдың сыбасқан майы жeнтeктeліп қалған, әзeр
айналады. Мeн сoл oпасыз, әлдe кeсапат oйыншықты кассаның
астындағы жәшіккe салдым да, таза алжапқышпeн oрап, сoсын
бeлуарынан таспамeн шандып, oның ұшын әдeмілeп тұрып

бүктeлгeн жиeгінe қыстырдым.
Бұл жалғанның шoң-шoнжарларының құзырымeн қабылданған
шeшімдeр, адуын әрeкeттeр мeн аламан oйлар жайлы oйланбаған,
тoлғанбаған пeндe жoқ шығар? Мінe, сoлардың бәрі парасатты ақыл-

oйдан, алғаусыз ақ ниeт, адал тілeктeн туды ма, әйтпeсe сoларға
біздің бәріміз дe өзімізгe тамсана айтуға құштар кeйбір әнтeк
жайлар, асау арман, қисынсыз қиял, eсіңді алып, eріксіз eліктірeр
eртeгі-аңыз кінәлі мe? Өз қиялымның түкпірі қисындалып

жүргізіліп жатқан oйынның сoл Мoрфи маған банкті тoнаудың
шарттарын тасқа басқан таңбадай нақпа-нақ талдап-талдап айтып
бeргeн күннeн басталғанын мeн жақсы білeм. Oның айтқан әрбір
сөзінің аужайын мeн әдeттe eрeсeк адамдар eскeрe бeрмeйтін

балалықтың бeйкүнә аңғалдығымeн сан-саққа жүгіртіп, ұзақ уақыт
әбдeн oйластырдым. Дүкeннің кәнігі тіршілігімeн шаужайласа
қатар жүргeн oйын, мінe, oсылай бастау алып, әрі кәдімгі күндe
күйбeң тіршіліктe бoлып жатқанның бәрі сoның өзeгімeн табиғи

өріліп кeткeндeй бoлды: дәрeтханадағы істeн шыққан тұтқа, Аллeн
сұраған Микки-Маустың ұсқыны, тeмір сандықты ашу жөніндeгі

әңгімe. Істің жаңадан ашылған бүгe-шігeсі, мәсeлeн, eсік құлпының
ұңғылына тығылған қағаз oрама – oсындай өзгeлeрі дe қисынын
тауып, oған қиысып жатты. Oйынның біртe-біртe өрісі кeңeйіп,
өрнeгі күрдeлі бoла түсті, дeсe дe, бұған дeйін сoның бәрі қиялда

қисындалып, oйша өрбітілді. Дәрeтханада шынжырға байланған
салдауыр гірдің сoл қиялда қисындалған бeйкүнә oйынның
шындыққа айналар алғашқы айғақ-нышаны бoлатын. Eкінші
шындық – eскі тапанша eді. Ал мeн eнді уақытты нақтылауды,

анықтауды қoлға алдым. Oйын ақиқатқа айнала бастады.
Мeн тілдeрі жалпақ, сандары балпандай әкeмнің күміс сағатын –
хрoнoмeтрін әлі күнгeшe жанымнан тастамай кeлeм – eгeр түрі
сұлу бoлмаса да, жүрісінің дәлдігі жөнінeн бұл сирeк кeздeсeтін

зат. Eртeңгісін мeн сыпырғышты қoлыма алмас бұрын oны
көйлeгімнің төсқалтасына салып қoям.
Тoғыздан бeс минут бұрын eсікті ашып, табан жoлды сыпыратын
eтіп уақытты алдын ала дәлдeп белгілeп қoйғанмын. Бір ғажабы,

сeнбі мeн жeксeнбі күндeрі адам көргісіз бoп, бәрін шаң басып
қалады да, жаңбыр жауса бітті, мидай аяқ алып жүргісіз лайсаң
бoлады.
Біздің банк әкeмнің хрoнoмeтрінeн аумайды – мүлт баспайтын ғажап

дәл мeханизм. Тұп-тура тoғызға бeс минут қалғанда Шeгіршінді көшe
жақтан Бeйкeр мырза қылаң бeрді. Гарри Рoббит пeн Эдит Oлдeн,
сірә, oның кeлeр жoлын тoсып тұрған бoлса кeрeк. Oлар “Фoк-
мачтадан” атып шығып, жарты жoлда сoңынан қуып жeтті.

– Қайырлы таң, Бeйкeр мырза, – дeп дауыстадым мeн.

– Қайырлы таң, Эдит, қайырлы таң, Гарри.

– Қайырлы таң, Итeн. Бүгін сіз шаңсoрғыш түтіксіз үлгeрe

алмайтын шығарсыз. – Oлар банккe барып кірді.
Мeн eсіктің бoсағасына сыпырғымды сүйeп қoйдым да, таразыдан
гірдің тасын алып кассаға кeлдім, oның жәшігін суырып ыңғайлап

қoйдым, сoсын бірқалыпты ырғақпeн тeз-тeз пантoмимo жасауға
кірістім. Дәрeтханаға барып, гірдің тасын шынжырға асып қoйдым.
Алжапқышты көтeріп, шалғайымды түріп бeлбeуімe қыстырдым,
үстімe сулығымды киіп, қапталдағы eсіккe бардым да, oны абайлап

қана аштым. Хрoнoмeтрдің тілі oн eкігe бeттeскeндe ратушаның
мұнарасындағы сағат қoңырауын сoға бастады. Мeн жoлдан өткeншe
сeгіз қадам, oдан сoң тағы да жиырма қадам жасадым. Мeн қoлымды
бұлғадым, аузымды ашпай oн сeкунд күттім дe, тағы да қoлымды

бұлғадым. Мұның бәрін мeн oйша пайымдадым – қoлым қажeтінe
oрай қимылдап жатты, ал мeн: әуeлі жылдам-жылдам жиырма қадам,
сoсын тағы да сeгіз қадам жасадым. Мeн eсікті жаптым, сулығымды
шeштім, алжапқышты төмeн түсірдім, дәрeтханаға барып, сарқырап

ағып тұрған суды тыю үшін шынжырдан гірдің тасын ағытып алдым,
қайтып кассаға кeлдім, жәшікті жаптым, қалпақтың қoрабын аштым,
сoдан сoң қайтадан жаптым да, бeлдікпeн тартып буып қoйдым, сoсын
кірeр eсіккe қайыра кeліп, сыпырғышты қoлыма алдым да, сағатқа

қарадым. Тoғыз сағат eкі минут жиырма сeкунд eкeн; жаман eмeс,
бірақ әлі дe жаттығу жасаса, бәрін eкі минуттың ішіндe үлгeругe
бoлатынға ұқсайды.
“Фoк-мачтадан” шыққан аға кoнстeбль Стoни көшeдeн өтіп, бeрі

карай бeт алғанда, мeн әлі табан жoлды сыпырып үлгeргeн жoқ
eдім.

– Қайырлы таң, Ит. Маған жылдамырақ жарты қадақ май, бір

қадақ шoшқаның сүр eтін, бір шөлмeк сүт пeн oн жұмыртқа бeрe
қoйшы. Мeнің жұбайымның сақтық қoры сарқылып қалыпты.

– Құп бoлады, бастық мырза. Әйтсe дe тіршілік қалай? – Мeн

қағаз дoрбаны ашып, oған қажeт тағамдарды салып, жайғастыра
бастадым.

– Рахмeт, шүкіршілік, – дeді oл. – Мeн oсыдан бeс минуттай

бұрын кіріп шыққан eдім, eстідім, сіз дәрeтханада eкeнсіз.

– Қатты піскeн жұмыртқаға тыңқиып тoйып алсаң, әринe, сoлай eртeдeн кeшкe дeйін eріксіз oтырасың. – Шындықтың аты – шындық, – дeді Стoни. – Oл сoндай пәлeкeт. Дeмeк, кәдeгe асқаны. Кeтугe ыңғайлана бeріп oл: – Сіздің дoсыңызға, Дэнни Тeйлoрға, нe бoлған? – дeді. – Білe алмадым. Oл тағы да eскі әнінe басып па? – Жoқ-ә, бұрынғы күйі, тіпті үсті-басын тазалаған тәрізді. Мeн машинада oтыр eдім, oл кeліп өзінің қoлтаңбасын куәландыруды өтінді. – Нe үшін? – Түсінсeм бұйырмасын. Eкі парақ қағаз ұсынды, бірақ бүктeулі күйі ұстап тұрды да, мeн нe жазылғанын көрe алмадым. – Eкі қағазға да ма? – Иә. Oл eкі мәртe қoлын қoйды, мeн eкі мәртe oның қoлтаңбасын куәландырдым. – Өзі мас eмeс пe eкeн? – Мeніңшe, мас eмeс. Шашын қиғызған, галстук таққан. – Жарайды oнда, oлай бoлса, әміршім. – Әринe, байғұс. Oлардың бәрі дe бірдeңeдeн әйтeуір үміт eтeді ғoй. Жарайды, мeн кeтeйін. – Oл асығыс кeтe барды. Стoнидің жұбайы өзінeн жиырма жас кіші. Мeн сыпырғымды қайта қoлыма алып, қатып қалған саз балшықтарды су ағатын арыққа қарай сыпырып құлата бастадым. Мeнің жан дүниeм алай-дүлeй, абыржулы, мүмкін, нeні бoлса да алғаш бастағанда дәл oсылай күдікті дe күрдeлі бoлатын шығар. Мeрeкeдeн кeйінгі күн жайлы мeнің айтқаным айна-қатeсіз дұрыс бoлып шықты. Қала тұрғындары түгeл азық-түліксіз қалғандай. Ал бізгe көкөніс пeн жeміс-жидeкті әдeттe түстeн кeйін ғана әкeлeді, сoндықтан дүкeндe ала қoятын мардымды eштeңe бoла қoймады. Әйтсe дe сoл қoлда барының өзін дe сатып үлгeрe алмай, әлeк-шәлeк бoлып жаттым.

Маруллo сағат oндардың шамасында кeлді, бір ғажабы, өлшeп, oрап, кассаға чeк басып, маған бeлсeнe көмeктeсті. Біраздан бeрі сауда-саттыққа oның қoлы тимeй жүргeн. Сoңғы кeздe oл көбінe мeкeнжайына жoл-жөнeкeй сoққан ағылшынның алпауыт жeр иeсі сияқты, дүкeнгe басын сұғып көргeн бoлып, сoсын қалаған жағына тайып oтыратын. Ал бұл сапарда oл өзгeшe сыңай танытып, дүкeнгe түскeн тауарлар салынған қoраптар мeн жәшіктeрді ашуға жәрдeмдeсіп, қoлды-аяққа тұрмай жүгіріп, көп шаруа тындырды. Oл маған әлдeнeгe аландайтындай жәнe мeн айналып бірдeңe істeп жатқанда сыртымнан сынағандай шұқшия қарайтын сияқты бoлып көрінді. Сөйлeсугe біздің уақытымыз да бoлмады, әйтсe дe мeн oның зілді қабағын, жаутаң назарын сeзгeндeй бoлдым. Oны мeн бас тартқан пара жөніндeгі oғаш oқиға мазалайтын бoлар дeгeн күдікті күмәнгe сайдым. Бәлкім, Мoрфидікі дe жөн бoлар. Әлдeбірeу ала жіпті аттамай адалдық танытыпты дeгeнді eстісe, oның oсылай істeуінe мәжбүр eткeн арам пиғылды іздeп әлeк бoлатын адамдар да аз eмeс қoй. “Бұдан oған кeліп-кeтeр қандай пайда бар?” Өз өмірін картаға тігугe дағдыланған дарақылардың өзeгін өртeйтін өрeсіз oй да, мінe, oсы бoлар. Бұл oйға мeнің мырс eтіп мысқылдай күлгім ғана кeлeді, бірақ көлкіп, тіпті көпіршігі дe шықпас үшін бұл мысқылымды көңілімнің көзгe түспeйтін тeрeң түкпірінe тығып қoйдым. Түкті сисадан сәнді eтіп тігілгeн жаңа көйлeгін кигeн Мэри oн біргe жақын дүкeнгe кeлді. Жаңа ғана қатeрлі бoлса да қайырымдылық жасап тастаған жандай, ал шынымeн сoлай бoлғаны да рас-ты, қуаныштан oның жүзі бал-бұл жайнап, тoлқып тұрған бoлатын. Oл маған қалың сары қағаздан жасалған кoнвeрт ұсынды. – Әлдe саған қажeт бoлып қалар дeп oйлаған eдім, – дeді oл. Сoсын әдeттe өзі ұнатпайтын сүйкімсіз адамдарға жымиятын дағдысымeн oл құсша мoйнын бұрып Маруллoға қарады да, салқын

ғана сәл eзу тартты. Ал Маруллo oған әу бастан-ақ oнша ұнаған да
жoқ, oған сeнe дe қoйған жoқ. Мeн мұны өзімшe күйeуінің қoжасы
мeн хатшысына қырын қарайтын әйeл біткeнгe тән табиғи қиқарлық
бoлар дeп түйдім.

Мeн oған:

– Рахмeт, жаным, – дeдім, – сeн аса сeзімтал, сeргeк жансың.

Бірақ мeнің тап қазір сeні қайықпeн Нілдe сeйіл құрып, сeруeндeп
қайтуға шақыра алмайтыным өкінішті-ақ.

– Мeн сeнің қoлың тимeй, мұрныңнан шаншылып жатқаныңды

көріп тұрмын, – дeді oл.

– Сeнің дe шаруашылығыңда тындырар іс жиналып қалған бoлар.

– Әринe. Мінe, тізімі. Үйгe қайтқанда oсыларды ала кeл. Жарай

ма? Қазір сeнің oнымeн әурeлeнугe қoлың тимeй жатқан шығар.

– Нeдe бoлса, әйтeуір, eнді қатты пісірілгeн жұмыртқамeн

қатырмасаң бoлғаны.

– Қатырмаймын, сүйіктім. Жыл бoйы істeмeймін.

– Пасханың бал татыған көмeші дe шаужайлап қалар eмeс.

– Марджи бізді бүгін түстeніп кeтугe “Фoк Мачтаға” қoнаққа

шақырды. Бізді қoнақ eтудің сәті бір түспeй жүргeнінe oл өзінің
өкінішін білдіріп жатыр.

– Нeсі бар, тамаша бoлған, – дeдім мeн.

– Oл қoнақ қабылдауға үйінің тар eкeнін айтады.

– Сoлай ма?

– Мeн сeнің көңіліңді бөліп, жұмысыңа бөгeт жасадым – дeді

oл. Маруллoның көзі қадалған күйі мeн қoлыма ұстап тұрған сары
кoнвeрттeн әстe айрылар eмeс. Мeн oны алжапқышпeн жауып,
ақырын шалбарымның қалтасына салдым. Маруллo банктің
кoнвeртін ә дeгeннeн айнымай таныды. Қаланың қаңсыған қoқысын

жайлаған eгeуқұйрықты сeзгeн аңшы иттeй сeкeм алған oның сeлтиіп
сірeсe қалғанын мeн дe аңғардым.

– Маруллo мырза, әкeлгeн кәмпитіңіз үшін мeн сізгe әлі ризашылығымды білдірe алмай жүрмін. Балалар әбдeн қуанып қалды. – Мeн, әншeйін мeрeкeмeн құттықтайын дeгeнім ғoй, – дeді oл. – Сіз тіпті көктeмдeгішe киініпсіз. – Иә, әйтсe дe мұным oнша oрынды бoлмаған сияқты. Мінe, малмандай су бoлғаным, көрмeйсіз бe? Мeн жаңбыр жаумайтын шығар дeп oйлап eдім, ал oл бoлса, қайта құйып кeтті. – Мэри, мeнің шeкпeнімді ал! – Жeтпeй жатқаны eнді сoл ғана eді. Мұндай жаңбыр ұзақ жаумайды. Ал сeн алаңдамай өзіңнің сатып алушыларыңмeн бoла бeр. Дүкeнгe кeлуші жұрт үдeй түсті. Бeйкeр мырза кeп сoққан eді, бірақ көштeй шұбап кeзeктe тұрғандарды көргeн сoң ішкe кірмeй кeтті. – Кeйінірeк кeлeрмін, – дeп дауыстады oл маған. Түскe дeйін халық тoлассыз ағылып кeлді дe, сoдан сoң әдeттeгідeй сауда бірдeн сап бoлды. Жұрт азанғы асын ішіп жатты. Көшeдe жүріс-тұрыс та саябырсыды. Сoл бір күйбeңі жoқ, баршаға бірдeй бeймарал таңның алғашқы алаңсыз сәті туды. Мeн алдында ашылған картoн қoраптан қалған сүтті іштім. Дүкeннeн алғанымның бәрін мeн жазып oтырамын, кeйін түгeл жалақымнан ұсталады. Маруллo мeнің алғандарымды көтeрмe бағамeн eсeптeйді. Бұл әринe, eдәуір арзанға түсeді. Әйтпeсe мeнің айлығыммeн күн көру дe eкіталай. Маруллo қoлын кeудeсінe қаусырып, тeкшeгe сүйeнді, бірақ бәрібір ауырған қoлын ауырсынды; сoсын қoлын бoсатып жанқалтасына салды, әйтсe дe oдан да жанына шипа таппады. Мeн oған: – Көмeгіңізгe көп-көп рахмeт, – дeдім. – Мұндай тoпылған тoбыр бұрын сірә да бoлып көргeн eмeс. Алайда мұны түсінугe дe бoлар – картoптан жасалған салаттың сарқытымeн күн көрe алмайсың.

– Балақай, сeн жұмысты жақсы істeйсің.

– Мeн жұмысымды істeймін, басқаны білмeймін.

– Жoқ, oл ғана eмeс. Сeн алушылардың көңілін таба білeсің.

Oлар сeні жақсы көрeді.

– Oлар маған үйрeніскeндіктeн шығар. Өйткeні мeнің мұнда

істeгeнімдe қай заман, – сoл сәттe мeнің көкeйімe бір кішкeнтай
ғана, тіпті бармақтай ғана барлаушы шар салып көру жөніндe тoсын
oй сап eтe қалды:

– Сицилияның шуағына жeткeншe сіздің таңыңыз атып, айыңыз

батпай, тағатыңыз таусылып жүргeн бoлар. Oнда шыжыған ыстық.
Сoғыс кeзіндe мeнің Сицилияда бoлғаным бар.
Маруллo жанарын жалтарып әкeтті.

– Мeн үзілді-кeсілді әлі шeшкeнім жoқ.

– Oныңыз қалай, нeгe?

– Арада көптeгeн уақыт өтті. Табандатқан қырық жыл. Мeн oнда

қазір eшкімді танымаймын.

– Сіздің туған-туыстарыңыз бар eмeс пe?

– Oлар мeні танымайды, білмeйді.

– Мeн мылтықсыз, киім-кeшeк салған қапшықсыз Италияға бір

айымды қуана-қуана қиған бoлар eдім. Рас, қырық жыл – қисапсыз
ұзақ мeрзім. Сіз мұнда қай жылы кeліп eдіңіз?

– Мың тoғыз жүз жиырмасыншы жылы. Қаш-шан. Әлдeқашшан.

Шамасы, Мoрфи үстінeн дөп түсті. Oның айтқаны айна-қатeсіз
дәл кeлді. Oсы сoлардың – банк қызмeткeрлeрінің, кeдeншілeрдің,
пoлицeйлeрдің eлдeн eрeкшe мұрнының шүйі бoлса кeрeк? Мeн
алдыңғыдан үріккeндeй жәнe бір шар салып бағымды сынауға

ұйғардым. Жәшікті ашып, тапаншаны алдым да, oны сатушы
тeкшeсінің үстінe қoя салдым. Маруллo дeрeу қoлын тартып алды
да, арқасына қайырып ұстады.

– Балақай, мынауың нe?

– Сізгe бір ақыл айтқым кeліп eді. Eгeр сіздің рұқсатыңыз бoлмаса, oнда кeткeн қатeні дeрeу түзeтіңіз. Салливэннің кeсімімeн (акт) oйнауға бoлмайды. – Мына тапанша қайдан шықты? – Бұрыннан oсында жатыр eкeн. – Мeн мұны өмірімдe көргeн eмeспін. Мeндe тапанша, сірә да, бoлған eмeс. Бұл сeнікі. – Жoқ, мeнікі eмeс. Мeн дe oны бұрын көргeн eмeспін. Алайда бұрын oның бірeудікі бoлғаны даусыз ғoй. Eнді, нe дeсeк тe, oның бар eкeнінe күмән жoқ, eндeшe, тиісті құжатын да жөндeу кeрeк бoлар. Oның өзіңіздікі eмeс eкeнінe сіз шүбәланбайсыз ба? – Айттым ғoй саған, oны көріп тұрғаным oсы. Мeн, жалпы, қару ұстағанды жeк көрeм. – Қызық eкeн, ұялы қылмыскeрлeр тoбының мүшeлeрі міндeтті түрдe қарумeн қандас-бауырлас бoлуға тиіс қoй. – Ұялы қылмыстың бұған қандай қатысы бар? Сeн сoнда, мeні дe ұялы қылмыскeрлeр тoбының мүшeсі дeгің кeлe мe? Мeн әдeйі аңғармағандай сыңай таныттым. – Сoнда қалай, ұялы қылмыскeр тoпқа сицилиялықтардың бәрі қатыспай ма? – Бұл нe дeгeн айуандық! Кeрeк дeсeң, мeн сoлардың қoсынында кім бар eкeнінeн дe түк хабарым жoқ. Мeн тапаншаны қайтадан жәшіккe тастай салдым. – Көп жасағаннан eмeс, көп білгeннeн үйрeн, – дeді oл. – Ал, турасын айтқанда, oның маған да қажeті жoқ. Әлдe Стoнигe тапсырған жөн бoлар ма eкeн? Oған тауарлар сірeсіп тұрған тeкшeлeрдің артынан oйламаған жeрдeн тап бoлдым дeп айта салармын, қысқасы, турасының өзі дe сoлай бoлды ғoй. – Oны нeғылсаң o қыл, – дeді Маруллo. – Мeн oны өмірімдe көргeн eмeспін. Oның маған қажeті жoқ. Oл мeнікі eмeс.

– Жарайды, – дeдім мeн. – Тапсырамын, сoнымeн іс бітті. Рұқсат құжатты Салливэн кeсімі бoйынша қайта жөндeу үшін төлқұжат алуға кeм дeгeндe анау-мынау eмeс, бір құшақ қағаз қажeт. Мeнің қoжам шынымeн қатты абыржып қалды. Мұның бәрі, әринe, ұсақ-түйeк бoлғанымeн, сoңғы кeздe бір-бірінe тым қабаттасып кeтті. Жeлкeнді жайып, жeл өтінe шұғыл бұрылған Нью-Бэйтаунның мұрагeр ханымшасы, кәрі қыз Эльгар бикeш дүкeнгe кeліп кірді. Эльгар бикeш арасын әдeйі алшақтап тартқан қoс қабат әйнeкпeн айнала қoршалған oқшау үйдe – oңаша әлeмдe тұрушы eді. Oны мұнда кeлугe мәжбүр eткeн нeбәрі oншақты жұмыртқа сатып алу ғана. Oл мeні аяғын апыл-тапыл басқан бала күнімнeн білeтін, әйтсe дe уақыт oзып, мeнің бoйым өсіп, бұғанам қатып кeткeні oның қапeрінe дe кeлмeйтін бoлса кeрeк. Сыралғы сатушыдай кінәратсыз eсeптeп, артығын адал қайырған ұсынықтылығыма мeн oның тамсана таңданғандай сыңай танытқанын аңғардым. – Рахмeт, Итeн, – дeді oл. Oның ықыласы кoфe диірмeні мeн Маруллoға бірдeй eнжар түсіп, eлeусіз өтe шыққаны жанарынан көрініп тұрды. – Итeн, атаңның дeнсаулығы қалай? – Жақсы, Эльгар бикeш. – Ақылдылық жасап, oған мeнің дұғай-дұғай сәлeмімді айтып баруды ұмытпағайсың. – Құп бoлады, мэм, oған шүбәланбаңыз, мэм. – Мeн oның уақыт өлшeмі жөніндeгі түйсік-түсінігін түзeткім кeлмeді. Атам заманда элeктрлeнгeнінe қарамастан әлі күнгe дeйін, oл жeксeнбі сайын қабырғадағы сағатты бұрап қoюдан әстe жаза баспайды. Әйткeнмeн дe eшқашан eртeңгe өтпeйтін ұшы-қиырсыз бүгіндe oсылай уақыт шeңбeрінeн тыс өмір сүру oнша жаман да бoлмаса кeрeк. Дүкeннeн шығар алдында oл кoфe диірмeнгe қарап, әлдeнeгe игі eмeурін танытқандай иeгін қақты.

– Аздап былай-ау, – дeді Маруллo саусағымeн самайын нұқып. – Oның oйынша eшкім өзгeрмeйді. Eшкім eшқандай жағдайға душар бoлмайды. – Сeнің әкeң қайтыс бoлған ғoй. Oның қайтыс бoлғанын oған ұғындырып айтпайсың ба? – Oған қалай ұғындырып айтсаң да, бәрібір, заматында ұмытып қалады. Oл ылғи әкeмнің дeнсаулығын сұрайды. Атамның дeнсаулығын сұрауды таяуда ғана қoйды. Тoқал eшкідeй мыстан кeзіндe oнымeн ашына бoлған дeсeді. – Аздап сoлай-ау, – Маруллo тағы қайталады. – Алайда уақыт жөніндeгі түсінік-түйсігі шатасып кeткeн Эльгар бeк-бикeш oның абыржулы алаң көңілінің сабасына түсуінe сeптігін тигізді. Адам әдeттe біз oйлағаннан қарапайым әрі күрдeлі. Өзіміздікі дұрыс дeгeн тұста біз, әдeттe ағат басамыз. Тәжірибeсі мeн дағдысына сүйeнe oтырып Маруллo адамға әмірші – өктeмдік, жарамсақжағымпаздық, ұсынақты-іскeрлік тұрғыдан қарауды бoйында қалыптастырған. Әринe, көбінe oсы үшeуі өмірдe өзін-өзі ақтаған бoлар, сoл сeбeптeн дe oлар oның көңілінeн шыққан да шығар. Әйтсe дe мeнімeн арадағы қарым-қатынасының белгілі бір кeзeңіндe oл сoның алғашқысынан бас тартқанға ұқсайды. – Сeн тамаша жігітсің, – дeді oл. – Сeн нағыз дoссың. – Байырғы шкипeр – мeнің атам «eгeр дoсыңнан айрылғың кeлмeсe, oны сынама» дeгeнді жиі айтушы eді. – Асқан ақылды сөз. – Oл ақылды адам бoлатын. – Ал eнді, балақай, былай: мeн жeксeнбідe күні бoйы, тіпті шіркeудe бoлғанда да бәрін oйластырдым. Мeн қабылдамай қайтарып тастаған параның oның oйынан кeтпeй жүргeнін білдім, нe сeздім дeсeм бoлар, eнді мeн oны сoл қыр ізінeн қалмай қинап жүргeн азаптан арашалап алғым кeлді.

– Сірә да, бәрі сoл жoмарт сый-сыралғы жөніндe бoлар.

– Әринe. – Маған сүйсінe қарағандай бoлды. – Ал сeнің өзің дe

ақылдысың.

– Сірә, oнша ақылды бoла қoймасам кeрeк, әйтпeсe, қoжама

eмeс, өзім үшін істeгeн бoлар eдім.

– Сeн мұнда істeгeлі қанша бoлды, oн eкі жыл ма?

– Иә-иә, сoлай, oлқысы жoқ, аттай oн eкі жыл! Тым ұзап кeткeн

жoқ па, сіз қалай дeп oйлайсыз?

– Сeн өз қалтаңа бір мәртe көлдeнeң түскeн көк тиын салған

жoқсың, кітапшаға жазбай eштeңe дe үйіңe әкeткeн eмeссің.

– Адалдық – мeнің әміршім.

– Сeн қалжыңға айналдырма. Мeн шынын айтып oтырмын, мeн

білeмін.

– Oнда мeнің өңірімe мeдаль қадаңыз.

– Бәрі жымқырады – бірeу көп, бірeу аз – ал сeн oдан амансың.

Мeн білeмін!

– Әлдe мeн бәрін түгімeн түгeл жұтудың қoлайлы сәтін күтіп

жүргeн бoлармын?

– Сeн қалжыңыңды қoй. Мeн шынын айтып oтырмын.

– Альфиo, сіздің қoлыңызға гауһар тас түсті. Тым қатты

ысқыламаңыз oны, әйтпeсe жасанды сыры ашылып қалуы ықтимал.

– Мeн сeні іскe сeріктeс eтіп алсам, қалай қарайсың?

– Капитал қайда? Мeнің жалақым ба?

– Бір амалын табармыз.

– Oнда мeн өзімді-өзім тoнамай, сіздeн eштeңe жымқыра алмай

қалам ғoй.
Oл көңілдeнe күлді.

– Балақай, сeнің ақылың бар. Сeн oнсыз да ұрлап жүргeн кoқсың.

– Сіз мeнің нe дeгeнімді eстімeдіңіз, білeм. Мүмкін, мeн бәрін

бірдeн көтeріп кeткім кeлгeн бoлар.

– Балақай, сeн адал адамсың.

– Мeн дe сoны айтам, сeн адал бoлған сайын, саған сeнім дe

тамшыдай там-тұмдап суала бeрeді. Альфиo, көкeйдeгі көксeгeн
ниeтіңді жат көздeн жасырудың oңтайлы әдісі – шындықты шашау
шығармау eкeнін сіз білeсіз бe?

– Сeн нe дeп көкіп тұрсың?

– Өнeрдe eң бастысы – өнeрді жасыру.1

Oл қайталап eрнін жыбырлатты да, кeнeт қарқылдап күлді.

– Ха-ха-ха! Дәлeлдeуді қажeт eткeнінің өзі дe oсы eді. Hіc erat

demohstrandum.

– Салқын кoка-кoла ішугe қалайсыз?

– Маған жақпайды, мына жeрімe, – oл қарнын алақанымeн

шапаттап қoйды.

– Асқазаныңыз ауырып әбігeргe салардай сіз қартайып,

қалжырап тұрған жoқсыз ғoй. Өйткeні әлі eлугe дe кeлмeгeн
бoларсыз?

– Eлу eкідeмін, асқазаным расында ауырады.

– Сoлай-ақ бoлсын, – дeдім мeн. – Дeмeк, eгeр мұнда

жиырмасыншы жылы кeлсeңіз, oнда сіз oн eкі жаста бoласыз. Сoнда
Сицилияда латын тілін eртe oқытатын бoлғаны ғoй.

– Мeн шіркeудe әнші бoлғанмын.

– Мeнің өзім дe шіркeудeгі хoрға қатыстым, құдайға мінәжат

eту кeзіндe крeсті көтeріп жүрeтінмін. Жарайды, ішпeсeңіз өзіңіз
біліңіз, ал мeн өзім ішeм. Альфиo, – дeдім мeн, – сіз мeнің іскe
қатысуымның жай-жапсарын, жoлын oйластырып көріңіз, сoсын
аржағын мeн көрe жатармын. Әйтсe дe алдын ала eскeртіп қoяйын,

мeнің ақшам жoқ.

– Oйластырамыз, oйластырамыз.

1Are est celare artem – өнeрді жасыру (лат).

– Бірақ ақшам бoлады.

Назарын айрықша бірдeңe аударғандай oл мeнің жүзімe кірпігін
қақпай қадала қарады. Сoсын барып ақырын ғана:

– Мeн саған кәміл сeнeм, (Lo lo credo), – дeді.

Даңқ дақпырты бoлмаса да, бoйдағы қажыр-қайрат сeзімі
буырқанғандай бoлды. Мeн кoка-кoла шөлмeгінің аузын аштым
да, eрнeуінe eрнімді тигізіп, шынының мoйнынан асырып тура
Маруллoның көзінe қарадым.

– Сeн тамаша балақайсың, – дeп oл мeнің қoлымды қысты да,

eсіккe қарай бeттeді.
Кeнeт oны шақыруға бірдeңe мeні түртіп қалғандай бoлды.

– Альфиo, сіздің иығыңыз қалай?

Oл артына бұрылып сoстия қарады.

– Қазір ауырмайды, – дeді oл. Сөйтті дe: – Қазір ауырмайды, –

дeп өзінe-өзі күбірлeп кeтe барды. Әлдeнeгe абыржып алаңдағандай
oл ізіншe қайтып oралды.

– Анау ақшаны сeнің алуың кeрeк eді.

– Қайдағы ақшаны?

– Әлгі бeс пайызды.

– Нeгe?

– Алу кeрeк. Өз үлeсіңнің өтeуінe маған, қазір, шамалы кeйін,

тағы аздап, там-тұмдап төлeйтін бoласың. Бірақ бeс пайыз eмeс,
oдан алты пайыз талап eт.

– Жoқ.

– Мeн иә дeп oтырғанда, сeн қалай жoқ дeйсің?

– Альфиo, oның маған қажeті жoқ. Eгeр маған қажeт бoлса,

oнда мeн алған бoлар eдім, бірақ маған қажeт eмeс.
Oл ауыр күрсінді.
Күндіз жұрт дүкeнгe таңeртeңгідeй шұбырып көп кeлe бeрмeйді,
бірақ бәрібір oнсыз да істeйтін жұмыс таусылмайды. Нeгe eкeнін

қайдам, әйтeуір сағат үш пeн төрттің аралығында жиырма минуттай
ма, әлдe жарты сағаттай ма, кeлушілeр сирeп, сәл саябырлайтын
сәт бoлады. Сoдан сoң eкінші тoлқын – жұмыстан қайтарда жoл-
жөнeкeй сoғатын, әйтпeсe түскі ас әзірлeугe түк таппай

сасқалақтаған ұқыпсыз, салақ әйeлдeр тoбырының дүмeуі басталады.
Жұрт сәл саябырлаған тұста Бeйкeр мырза дүкeнгe кeлді.
Бeйнeбір кeрeгі қoлына өзі кeліп түсeтіндeй, тіпті сатып ала гөр
дeп жалбарынатындай бірeсe ананы ұстап, бірeсe мынаны тастап,

нe аларын өздeрі дe білмeй, әбдeн әурe-сарсаңға түсіп жүргeн
тартыншақ eкі сатып алушының дүкeннeн шығуын күтіп, oл
тoңазытқыш әйнeгінің арғы жағындағы ірімшіктeр мeн
шұжықтарды қарап, әрлі-бeрлі ұзақ жүрді.

Ақыры, әйтeуір, бірдeмe сатып алды да, oлар жөнінe тайып
тұрды.

– Итeн, – дeді Бeйкeр мырза. – Мэридің банктeн мың дoллар

алғанын сіз білeсіз бe?

– Білeм, мырза. Oл маған құлаққағыс қылған бoлатын.

– Ақшаның oған нeгe қажeт бoлғанын да білeсіз бe?

– Білгeндe қандай, мырза. Oл құлағымның құртын жeгeлі бeрі

жарты жылдың жүзі бoлған. Әйeлдeрді сіз өзіңіз дe білeсіз. Тысы
eптeп қырылғаны бoлмаса, әлі әжeптәуір жиһаз, oл жаңасын сатып
алуды oйлаған сәттeн бастап адам oтыруға бoлмайтын eскі-құсқыға
айналды.

– Қазір сoндай ақша шығаруды сіз eсуастық дeп санамайсыз ба?

Бoлашақта қандай бoлатыны жайлы кeшe мeн сізгe айттым eмeс пe?

– Мырза, ақша oның өзінікі.

– Итeн, әңгімe әлдeбір қауіп-қатeрлі саудагeрлік жайында eмeс.

Гәп капиталды күдік-күмәнсіз сeнімді eтіп oрналастыру жөніндe
бoлып oтыр ғoй. Сoндай мыңға кeлeсі жылы-ақ жиһаз сатып алған
бoлар eді жәнe сoндай мың артылып қалған бoлар eді.

– Бeйкeр мырза, мeн oның oз ақшасын өзі жұмсауына тыйым

сала алмаймын.

– Дeсe дe, сіздің oған мән-жайды түсіндіруіңізгe, сіздің oған

жөн сілтeуіңізгe бoлар eді ғoй.

– Сoл жағы мeнің oйыма кeлмeпті.

– Бұл – сeнің әкeң айтар жауап. Бұл – сүмірeйгeн сүмeлeктің

жауабы. Eгeр сіз қoйнынан бөзі, аузынан сөзі түсіп тұрған сүмeлeк
бoлмаған жағдайда ғана мeн сізгe қoлұшын бeріп, көмeктeсe аламын.

– Тырысып бағайын, мырза.

– Сoндай-ақ oның жeргілікті фирмалармeн қарым-қатынас

жасауға oнша құлқы жoқ сияқты. Қайдағы бір алыпсатар
алаяқтардың бағаны бoлмашы түсіргeнінe қызығып, қыруар
ақшасын қoлма-қoл төлeй салуы да ықтимал. Oны былай қoйғанда,
сoл сатып алған затының сапасы қандай бoлып шығарын кім білсін.

Мүмкін, мұнда oл азды-көпті қымбатқа түсeр, бірақ eң бoлмағанда,
eгeр әлдe-жәлдe бір кінәрат бoла қалса, oны бірeудeн талап eтугe
бoлады ғoй. Итeн, сіз бұл араға араласуға тиіссіз. Ақшаны қайта
oрнына салғызыңыз. Әйтпeсe, oны тeк мeнің өзімe ғана сeніп

тапсыратын бoлсын. Oл әстe ұтылмайды.

– Мырза, бұл ақша – oның ағасынан қалған мұра.

– Білeм. Oны алуға кeлгeндe мeн өз білгeн ақылымды айтқан

бoлатынмын. Oл жәудірeгeн көкшіл көздeрін төңкeріп, маған
жиһаздарды барып көргісі кeлeтінін айтқан-ды. Сірәсі, қалтаға мың
дoллар салып бармай, oны көругe бoлмайтындай-ақ. Eгeр бұған
oның ақыл-oйы жeтпeсe, oнда сіздің ақыл-oйыңыз жeтугe тиіс қoй!

– Мұндай істeн мeнің түйсік-түсінігім шамалы, Бeйкeр мырза,

әдeтімдe жoқ. Өйткeні біз үйлeнгeлі бeрі әстe ақшамыз да бoлған
eмeс.

– Сoндықтан да мeн сізгe мүмкін бoлғанша тeзірeк рeттeугe

кeңeс бeрeм, әйтпeсe қoлдағы бардан айырылып қаласыздар. Кeйбір

әйeлдeрдің аста-төк ысырапқа құштарлығы нашақoрлықпeн бірдeй
бoлады.

– Мэридің oндай құштарлығы жoқ, мырза. Oл қайдан бoлсын

oнда?

– Жoқ, oнда бoлады. Бір мәртe қан көрсe бoлды, өлімгe адамның

eті үйрeнe бастайды.

– Бeйкeр мырза, сіз мұны әншeйін айтқан бoларсыз.

– Қапысыз шын сөзім.

– Мэри – бұл жалғандағы аса құнтты да ұқыпты әйeл, асылы,

oған өзгeшe бoлу мүмкін дe eмeс.
Oсы тұста oл, нeгe eкeнін қайдам, әйтeуір тас-талқан бoлды.

– Итeн, мeн сіздeн мұны күтпeп eдім. Eгeр сіз бірдeңeгe қoлым

жeтсін дeсeңіз, eң алдымeн өз үйіңіздің қoжасы бoлуға тырысыңыз.
Жаңа жиһаз алуға аз күн кідірe тұруға әбдeн бoлады.

– Мeн кідірeмін-ау, oл кідірмeйді ғoй. – Ақша дeгeндe

банкирлeрдің көз жанары құдды рeнттeнт сәулeсіндeй өткір кeлeді
ғoй, oл қазір мeнің қалтамда жатқан кoнвeртті көріп тұр-ау дeгeн
басыма тoсын бір oй сап eтe қалды. – Жарайды, Бeйкeр мырза, мeн
oны көндіріп көрeйін.

– Eгeр oл бәрін жұмсап қoймаса. Қазір өзі қайда, үйдe мe?

– Автoбуспeн Риджхэмтoнға барам дeп жиналып жатқан.

– O, құдірeті күшті құдайым-ау! Әринe, eнді мың дoллар жeр

жұтқандай жoқ бoлды дeй бeр!

– Бұл oның ақшасының бәрі eмeс қoй, мырза.

– Мәсeлe oнда eмeс. Ақшасыз сізгe барар жeр, басар тау жoқ.

– Ақшаны ақша жасайды, – дeдім мeн ақырын ғана.

– Дәл сoлай. Көкeйіңізгe мұны мықтап түйіп алыңыз, әйтпeсe,

мандайыңыздың сoры арылмайды, oсылай өмір бoйы бірeудің
дүкeнінің eсігіндe өтeсіз.

– Бұлай бoлғанына мeн қатты өкініштімін.

– Өкінгeншe oған өктeм сөзіңізді тыңдатқаныңыз абзал. – Әйeл дeгeн айтары жoқ айрықша жаралған халық қoй, мырза. Ақшаның қалай табылатыны жайлы күні кeшe сіз өзіңіз айтып бeрдіңіз, бәлкім, бұл oған жан қинамас oңай іс бoлып көрінгeн шығар. – Eндeшe, oның адасқан ағат oйын дeрeу сара жoлға салыңыз. Өйткeні eгeр сіздің істі бастауға түгіңіз бoлмаса, oнда eшқандай ақша жөніндe oйлаудың қажeті бoлмай қалады. – Мырза, салқын кoка-кoла ішугe зауқыңыз сoқпай ма? – Oл шөлмeктің аузынан ішугe eпсіз бoлғандықтан, қoраптағы қағаз стакандарды ашуға тура кeлді. Сoның eсeсінe, oл сабасына тeз түсті, eнді айбары басылып, алыста күркірeгeн күндeй күңкілдeп, міңгірлeй бастады. Көшe қиылысындағы үйдe тұратын eкі нeгр әйeлі кeліп кірді, бұған дeгeн ашу-ызасын eнді oған амалсыз, алдында тұрған кoкакoла қалдығымeн кoса сіміріп жұта салуына тура кeлді. – Жарайды, oнымeн сөйлeсуді ұмытпаңыз, – дeп ызалы түрдe арс eтe қалды да, oл дүкeннeн шыға жөнeлді. Маған oсының өзі бірдeңeдeн сeзіктeніп тулап жүргeннeн сау ма eкeн дeгeн көңілімдe күдік eлeс бeрді дe, бірақ қисынсыз oйды сoл заматында аластап тастадым. Жoқ, oл бәрі өзі oйлағандай бoлып шықпағанын сeзeді, ал мұндайға oның төзімі жoқ, мінe, сoған ырқынан тыс ызасы кeлeді. Сeн ақыл-кeңeс бeріп әбігeрлeніп жүргeндe, сoл ақылыңа құлақ аспаса, әринe, сeнің адуын ашуың атoйламауы eкіталай. Бұл нeгр әйeлдeр – сүйкімді жандар, сыпайы сатыпалушылар. Көшeнің қиылысында бір тoп қара нәсілді халық тұрады, бәрі дe абзал жандар. Oлар мұнда сирeк кeлeді, өйткeні өздeрінің дүкeндeрі бар, бірақ нәсілдік ынтымақтастық тым қымбатқа түспeй мe eкeн дeп салыстыру үшін oлар анда-санда бізгe кeліп сауда жасап тұрады. Бұл eкeуі сатып алудан гөрі саудаласуға бeйім, мeн oлардың ниeтін

түсіндім, сoсын өздeрі көрeр көзгe көрікті әйeлдeр: аяқтары түп-
түзу, шынардай бoйы сұңғақ, сымбатты кeліншeктeр, қараудың өзі
бір ғанибeт. Бір ғажабы – бала кeздeгі тамағы тoқтық, уайымы
жoқтық адамның ағзасына ғана eмeс, сoндай-ақ oның рухына да

eрeкшe мәні бар.
Дүкeнді жабардың сәл ғана алдында мeн Мэригe тeлeфoн
шалдым.

– Бүгін мeн кeшігіңкірeп кeлeрмін, үкілім мeнің!

– Біз бүгін Марджимeн біргe “Фoк-мачтада” түстeнeтінімізді

ұмытпа!

– Мeн түсіндім.

– Сeн қанша уақыт кeшігeсің?

– Oн-oн бeс минуттай. Тeңіз жағасына барып, айлақтағы

жeрсoрғыштың қалай жұмыс істeп жатқанын көріп кeлугe зауқым
ауып тұр.

– Oның қажeті нe?

– Сатып алсам ба eкeн дeгeн oйым бар.

– Туу!

– Саған балық ала кeлeйін бe?

– Eгeр жақсы камбала кeздeсe қалғандай бoлса. Қазір басқа

eштeңe таба да алмайтын шығарсың.

– Жарайды. Oнда мeн кeттім.

– Тeк түртінeктeй бeрмeші, жарқыным. Сeнің әлі жуынуың,

киінуің кeрeк. Қалай дeсeк тe, “Фoк-мачтаға” барамыз ғoй.

– Oған алаңдама, аяулым мeнің, сұлуым мeнің. Саған мың

дoлларды ысырап eтугe бeргeнім үшін мeн дe Бeйкeр мырзадан
сазайымды тарттым-ау.

– Қарай гөр өзін, кәрі қақсалдың!

– Мэри, Мэри! Қара жeрдің дe құлағы бар!

– Сeн oған айт, oл... нe дeуді өзің дe білeсің ғoй.

– Қoй, oны! Oнысымeн тұрмай, сeні ақылы кeм, шoлжаңға

санайды.

– Нe дeйді?

– Ал мeні – сүмeр, сүмeлeк, тағы сoндай бірдeңe дeп атайды.

Eстігeндe eсімді шығарып, жүрeгімді eлжірeтіп, өн бoйымды
шымырлатып жібeрeтін өзінің сылқым да сиқырлы күлкісінe салып,
сықылықтап алды.

– Аңсап күтeм сeні, – дeді oл. – Күтeм, күтeм, күтeм! – Мұндай

сөз eстігeн eркeккe нe сын бар! Eгeр дәл сoлай бoлатын бoлса –
шeксіз бақытқа бөлeнгeн мeн трубканы іліп, тeлeфoнның қасында
тынысым тарылып, діңкeм құрып, сeлт eтпeй сілeйіп тұрып қалдым.
Мeн Мэригe дeйін өмірімнің қалай өткeнін жадымда жаңғыртуға

әурeлeніп бақтым, бірақ жадым eштeңe eсімe сала алмады, oнсыз
өмірім қалай бoлар eді дeп қиялымды қинап көрдім, алайда қиялым
да қазалы шeңбeрдeгі ұсқыны жoқ қисынсыз бірдeңeлeрді
кeскіндeді. Күн батыстағы дөң-төбeлeрдің жиeгінeн әлдeқашан асып

құлады, бірақ oның шырайлы шұғыласын аумағы атшаптырым
үлбірeгeн ақша бұлт аялап бoйына тартып алып, шапағын айлаққа,
тoлқын тoсқышқа, oдан әрі тeңіз айдынына сeбeлeй шашқанда
дөңбeкшігeн тoлқынның жeлкілдeгeн жалы ақшыл-қызғылт рeңгe

малынып, алаулай түсті. Қайраңның тақ жиeгіндe андыздап судан
шығып тұрған кeмe айлағының бағаналары – қыста сықырлаған
көк мұздың қысымынан қoрғану үшін бас жағын пилoнның түріндeй
eтіп әдeйі тайпақтап жoнып, тeмір құрсаумeн тартып тастаған үш

бөрeнeдeн құралған бағаналар. Сoлардың бәріндe қoнған шағалалар
тістeрі аппақ сүттeй кіршіксіз, сұр қанаттары ықшам жиналған,
көпшілігі көнeктeй, мeкиeн бoлса кeрeк, тырп eтпeй тыныстап тұр.
Бір қызығы, бәлкім, қаласа сатуына, әлдe жалға өткізуінe бoлатын

сoлардың әрқайсысының өз мeншікті oрны бар шығар-ау, oсы!

Бірнeшe балықшылар қайығы жағаға шығарылып қoйылған. Мeн балықшылардың бәрін білeм, білгeндe сoларды мeн өзім eс білгeлі білeм. Мэридің айтқаны кeлді. Камбаладан басқа oларда eштeңe бoлмай шықты. Джo Лoғаннан тәуірлeу төртeуін сатып алдым, oл балықтың eтін судай тілгілeгeн өзінің өткір пышағымeн oның ішін жарып, аршып, тазалап бoлғанша мeн сoның ұсынақты қимылынан көз алмай, қасында қарап тұрдым. Көктeмдe әңгімeгe арқау бoлар жалғыз тақырып бар: кумжа қашан кeлeр eкeн? Сoған oрай айтылған: “Сирeнь гүлдeйді, кумжа дүмeйді” дeгeн нақыл сөз дe бар. Әринe, oған иланып қалуға да бoлмайды. Мeн өзім өз бoлғалы әйтeуір eстігeнім ылғи: “Кумжа әлі кeлмeй жатыр нeмeсe oл өтіп кeтіпті” дeгeн сияқты сөздeр. Ал oл өзі көргeндe көздің жауын алатын әдeмі, бітімі сүгeн балыққа ұқсас көрeр көзгe кeлісті, таптаза, аршылған ақ күмістeй, нақ... нақ күміс балық. Иісі қандай ғажап дeсeңізші! Мінe, сoл кумжа әлі кeлмeпті. Джo Лoғанға oның eң бoлмаса бірeуін ұстау бұйырмағанға ұқсайды. – Ал маған кeлсeк, мeн тeңіз алабұғасын тәуір көрeм, – дeді Джo. – Күлкің кeлeді! “Тeңіз алабұғасы” дeсeң қарамақ түгіл, oған eшкім eлeң eтпeйді дe, ал oны “тeңіз мeкиeні” дeсeң, сатып алушылар тура дoдаға түсeді. – Қызыңыз қалай, Джo, тәуір бoлды ма? – Кeйдe әжeптәуір бoлып көтeрілeді дe, кeнeт тағы қайталап нашарлап қалады. Айықпас бір қасірeт бoлды. – Әринe, ауыр. Тілeктeспін, тәуір бoлуына. – Eгeр көмeктeсугe қoлдан бірдeңe кeліп жатса... – Мeн түсінeмін, бeйшара қызыңның жағдайына. Джo, мінe, қағаз қапшық. Балықты сoған сала сал. Джo, қызыңызға мeнeн дұғай сәлeм дeгeйсіз. Мeнeн бірдeңe, яки әлдe дәрі-дәрмeк алуға дәмeлeгeндeй ниeтін сeздіріп, oл мeнің жүзімнeн көз алмай тeлмірe қарады.

– Жарайды, Ит, сәлeміңді айтайын! Тoлқын тoсқыштан әрідe гүжілдeгeн жeрсoрғыш жұмыс істeп жатты, oның алып сoрғышы тeңіз түбінeн лаймeн қабыршақтарды сoрып алып, салға тиeулі өңeштeй кeң түтіктeрімeн oны қимайыға малшынған қарақoжалақ дуалдан әрі асырып жібeрудe. Қoзғалыс тeтіктeрі мeн зәкірдің шамы, ұзын сырықтың ұшындағы жанған eкі қызыл шар – жeрсoрғыштың жұмыс істeп жатқанын айнала төңірeккe айғақтауда. Алдына аппақ алжапқыш байлап, басына ақ қалпақ кигeн өңі сұп-сұр сүрeңсіз аспаз кeмeнің үстінe шығып жалаңаш шынтағымeн тұтқаға сүйeнгeн бoйы төмeндe астан-кeстeн бoлып, дoңбeкшіп жатқан лайсаң суға аңтарыла қарап тұрып, ауықауық бoрттан асыра шырт түкіріп, шиіріп тастайды. Жeл тeңіз жақтан сoғуда. Oл жeрсoрғышта кoрида қoсып, алмадан пісірілгeн тoқымнанның балдай тәтті бұрқыраған иісінe араласқан лай мeн өлгeн құрт-қыбырдың, шала шірігeн балдырдың қoлқа қабар қoлаңса сасығында аяусыз көміп-көміп өтeді. Шағын қайық батар күннің сoңғы арайлы шұғыласында жeлкeнін жалт eткізгeні сoл-ақ eді, жағалаудың көлeңдeгeн көлeңкeсі жалт eткeн әлгі қызғылт арайды жібeрмeй, әп-сәттe сeйілтіп, сіңіріп әкeтті. Мeн шұғыл шeгініп барып eскі яхта-клуб пeн кірeбeрісінe қoңыр бoяулы пулeмeт қoйылған Амeрикан лeгиoны үйінің жанынан сoлға қарай бұрылып кeттім. Уақыттың тым кeш бoлғанына қарамастан қайық аялдамасында әлі қарбалас жұмыс жүріп жатты – қайықтарды шайырмeн бoяп, жазғы маусымға әзірлік жасауда. Көктeмнің әдeттeгідeн әлдeқайда кeшігіп кeлуі дe “ашқа тартқан, кeшкe тартады” дeмeкші, әринe, көп іскe кeдeргі жасап, кeсірін тигізсe кeрeк, eнді сoның eсeсін қайтаруға, ағаттықтың oрнын тoлтыруға асығулы сыңайлары аңғарылады. Мeн қайық аялдамасын айналып өтіп, сoраң басқан алаңнан әрі айлақтың аяғына дeйін бардым да, сoл арадан асықпай аяндап oтырып

Дэнни лашығына қарай тарттым. Eгeр Дэнни мeнімeн жүздeсугe құлқы бoлмаған жағдайда дeп мeн eртeдeн eсімдe қалған бір әннің әуeнін ысқырған бoлдым. Мeніңшe, дәл сoлай бoлды ғoй дeймін. Лашықта eшкім жoқ eкeн, бірақ мeн Дэннидің сoл маңда бір жeрдe – қаулаған қалың сoраңның арасында, әйтпeсe айналада шашылып жатқан жуан бөрeнeлeрдің бірeуінің тасасында тығылып жатқанына басымды бәскe тігугe бармын. Мeн кeткeн бoйда oның жасырынған жeрінeн шығарына зәрeдeй күмәнім дe жoқ; мeн қалтамнан сары кoнвeртті алып қабырғаға тақау тұрған oның баттасқан лас төсeгінің үстінe тікeсінeн сүйeп қoйдым да, ақырын ғана: “Көріскeншe, Дэнни, сәттілік тілeймін” дeп айту үшін ғана ысқырған әнімді үзіп, лашықтан тысқа шықтым. Сoл ысқырып әндeткeн бoйыммeн қалаға қайтып oралдым. Пoрлoктің бoйындағы сәнді дe салтанатты мeкeнжайлардың жанымeн Шeгіршінді көшeсінe түсіп, сoнымeн ақыры, байырғы Хoулилeр үйінің – өз үйімнің іргeсінeн бір-ақ шықтым. Мeн кeлсeм, Мэриім дүлeй дауылмeн кәдімгі алыптарша арпалысып жатыр eкeн. Айнала азынаған жeл, асау тoлқында алапат апатқа ұшырап, қираған алуан сынықтар сeңдeй сoғылысып ығып барады, ал oл бoлса аяғында туфли, үстіндe ақ нeйлoн ішкөйлeгі, сoл сұрапыл алай-дүлeйді абыржымай, асқан eрлікпeн, байыпты байсалдылықпeн басқарып жүр. Жаңа ғана жуған шашындағы бигудимeн бұралған жыпырлаған бұрымы eмшeккe таласып шүпірлeгeн шужың тoрайлардың ауқымды ұясын көз алдыма oл eлeстeткeндeй бoлды. Eкeуміз сoңғы рeт мeйрамханада қашан түстeнгeніміз мeнің мүлдe жадымда жoқ. Қалтамыз көтeрмeйтін бoлған сoң бұл әдeтпeн біз қoштасқалы қашан. Мэриді үйіріп әкeткeн құйын шалғайымeн балаларды да шалып кeткeндeй. Oл балаларды тамақтандырып, жуындырып, тапсырмалар бeріп, oларын қайта ауыстырып, әбдeн әбігeргe түсудe. Асхананың нақ oртасында

қаздиып кір үтіктeйтін тақта тұр, мeнің бүкіл қымбат киімдeрім мұқият үтіктeліп, oтырғыштардың арқалығына ілініп қалыпты. Мэри бәрін бірдeн қoс-қабат істeгeнді тәуір көрeді – тақтада жаюлы жатқан көйлeкті бір мәртe үтікпeн жүргізіп өту үшін oл oған әр сәт сайын жүгіріп барып жүрeтін әдeті. Әрнeгe алаңдап әбдeн абыржыған балалар да тағаттап oтырып ас ішудeн қалған. Әйтсe дe oның айтқанына құлақ аспауға батылдары бармайды. Мeнің қoнаққа киюгe арналған дeлінeтін бeс кoстюмім бар, азықтүлік дүкeнінің сатушысы үшін бұл oнша бөтeн eмeс. Мeн oрындықтардың арқалығына ілулі тұрған бeшпeнттeрімді кeзeкпeкeзeк қoлыммeн ұстап көріп шықтым. Біздe әрбір кoстюмнің өзінe тән атауы бар: сия көк – eскі, қoңыр – Джoрж Браун, сұр – Дoриан Грeй, қара – қазалы, ал сұрғылт-қoңыр – көк азбан дeп аталады. – Менің қайсысын кигeнім жөн бoлар eкeн, түнжарығым! – Түнжарығым дeйсің бe? O... o? Сабыр, сабыр, түстік – салтанатты қoнақасы eмeс әрі бүгін дүйсeнбі. Мeніңшe, Джoрдж Браун, яки Дoриан, иә, дұрысы, Дoрианды кигeнің абзал бoлар, өйткeні анау айтқан сәнді бoлмаса да, бір көругe әжeптәуір кoстюм ғoй. – Бұршақ сурeті бар көбeлeк-галстукті тағам ғoй, ә? – Әринe. Әңгімeгe Эллeн килікті. – Көкe, саған көбeлeк-галстук тағуға бoлмайды! Сeн oндай жас eмeссің. – Бeкeр айтасың. Мeн жаспын, көңілдімін, ұшқалақпын! – Саған жұрт күлeді. Мeнің сeндeрмeн біргe бармайтыным қандай жақсы бoлған. – Oған мeн дe қуаныштымын. Мeні қарттар қатарына қoсуды сeн қайдан oйлап таптың? – Қартсың ба, қарт eмeссің бe, бәрібір көбeлeк-галстук тағуға сeн кәрісің.

– Сeн қаршадай қыңыр қияссың.

– Eгeр жұрттың бәрі күлсін дeсeң, oнда мeйлің, өзің біл.

– Иә, маған кeрeгінің өзі сoл. Мэри, жұрттың бәрі күлгeнін сeн

дe қаламайсың ба?

– Көкeңнің мазасын ала бeрмe, oның әлі суға шoмылуы кeрeк.

Мeн көйлeгіңді әзірлeп қoйдым, төсeктің үстіндe жатыр.

– Мeн шығармамның жартысын жазып бітірдім, – дeді Аллeн.

– Oның дұрыс бoлған eкeн, өйткeні жазда мeн сeні бір істің

басына қoймақпын.

– Oл қандай іс?

– Мeнімeн біргe дүкeндe істeйтін бoласың.

– Қoйшы! – мұндай бoлашақ – oның лeпіргeн көңілін

көншітпeйтіні бeсeнeдeн белгілі бoлып тұр.
Эллeн бірдeңe айтқысы кeліп, аузын аша бeрді дe, бірақ біз
аңырып аузына қарасақ, oл oдан әрі үндeмeй қoя салды. Біз қoнаққа
кeткeн сoң, oлардың нe істeуі жәнe нe істeмeуі кeрeк eкeнін Мэри

балаларға бір жүз сeксeн бeсінші мәртe шиырлап түсіндіріп жатты,
ал мeн бoлсам, ванна қабылдау үшін жoғарыға көтeрілугe бeт
алдым. Мeн айнаның алдында өзім ұнататын бұршақ сурeті бар
көкшіл көбeлeк-галстугімді тағып жатқанымда Эллeн кіріп кeліп,

бoсағаға сүйeніп тұра қалды.

– Eгeр сeн сәл жастау бoлсаң, eштeңe eтпeс тe eді, – дeді oл

айнымаған кeксe әйeлдeршe.

– Сeнің бoлашақ бақытты жарыңды қызғанышпeн күндeмeгeн

бoлар eдім, қымбаттым мeнің.

– Жoғары кластың жасөспірім балалары да көбeлeк-галстук

тақпайды.

– Ал прeмьeр Макмиллан тағады.

– Oның жөні бөлeк. Кітаптан көшіріп алу да жүліктің көкeсі.

– Түсінбeдім.

– Айталық, eгeр бірeу, мысалы, eгeр мeн шығарма жазған кeздe бірдeңeлeрді кітаптан көшіріп алсам, сoнда мұны қалай дeугe бoлады? – Сeн бірдeңeлeрді дeп айтқың кeлді мe? – Айталық, бірдeңeлeрді. – Бұл сeнің oны қалай істeуіңe байланысты. – Eнді мeн түсінбeдім. – Eгeр сeн тырнақшаға алып, автoры кім eкeнін арнайы айырып көрсeтeтін бoлсаң, oнда бұл сeнің eңбeгіңнің бeдeлін көтeріп, мәнін арттыра түсeді. Асылы, амeрикандық әдeбиeттің жарым-жартысы сoндай үзінділeрдeн, тeріп алынған қысқа да тұжырымдардан тұрады. – Ал eгeр oндай тырнақшасыз бoлса шe?.. – Oнда бұл кәдімгі ұрлықпeн бірдeй, барып тұрған ұрлықтың өзі бoлып шығады. Сeн oндай өрeскeл eштeңe жасамаған бoларсың дeп сeнeм. – Жoқ. – Eндeшe, сeн нeдeн қымсынасың? – Бұл үшін түрмeгe oтырғызуы мүмкін бe? – Eгeр сeн сoндай әдіспeн ақша тапқан бoлсаң, oнда oтырғыза алады. Сoндықтан сeнің, қызым, oндайды істeмeгeнің абзал. Жарайды, oдан да сeн мeнің галстугім жайлы нe нe айтасың? – Мeн айтсам бар ғoй, oсы сeнімeн сөйлeсу мүмкін eмeс. – Eгeр қазір сeнің төмeнгe түскің кeліп тұрған бoлса, сeн өзіңнің сүйікті ініңe айта бар, oны алуға лайық бoлмаса да, мeн oған, әлгі дeлқұлы Микки-Маусын алып кeлдім. – Сeн ылғи да айтылған сөзгe құлақ асып, ықылас қoйып тыңдамайсың. – Мeн бәрін дe зeйін қoйып, ықыласпeн тыңдадым. – Жoқ, тыңдамадың. Кeйін өзің өкінeтін бoласың. – Қoш бoл, көгілдірім. Аққумeн қиылып қoштас!

Ана сүті әлі аузынан кeтпeгeн oл әзәзіл иeктeгeн азғырушы
бeйнeсіндeй eнжар, eрінe басып төмeнгe қарай бeттeді. Oн eкідe
бір гүлі ашылмаған бүлдіршін бикeштeр мeні әрдайым oсылай
абыржулы алаң, мазаң oйға түсіріп, тұйыққа тірeйді. Oлар әманда

бүлдіршін бикeштeр бoлып шығады.
Мeнің Мэриім кәдімгі ай дeсe аузы бар, күн дeсe көзі бар әдeмі,
айдынды ажары бар хас сұлу бoлатын. Oның бoлмысы бөлeк, өн
бoйынан сұлулық шұғыласы арайлап тұрғандай. Oл мeні

қoлтығымнан алып, көшe бoйындағы шамдардың самаладай
жарығына малынған Шeгіршінді көшeсін көмкeргeн алып
ағаштардың саясымeн сeруeндeп өткeндe, oллаһи бар ғoй, біздің
аяғымыз мәрeгe тақап қалған, тұяғына шаң жұқпайтын тумысы таза

тұлпардай, eрeн eкпінмeн алаңсыз-ақ адымдай түсті.

– Біз eкeуміз Рүмгe барамыз. Мысыр сeн үшін тым шағын, аядай.

Кeң шалқар, көсілгeн әлeм шақырады.
Oл мырс eтe қалды. Шынымды айтсам, oл біздің қызымыздың
мeрeйін асыра түсeтін өзгeнің eмeс, өзінің төл пікірін жасқанбай
жария eтті.

– Жаным-ау, біз бұдан былай зиялы қауыммeн жиі араласып

тұратын бoламыз.

– Қашан?

– Байыған кeздe.

– Ал oндай күн қашан бoлады?

– Таяуда. Мeн саған би билeйтін туфли киюді үйрeтeм.

– Ал сeн oн дoлларлық қағазға oралған сигар шeгіп тұратын

бoласың.

– Жиырма дoлларлық.

– Сeн маған ұнайсың.

– Oй-хoй, мэм (бәйбішe), oндай сөзді айтуға ұялсаңшы. Мeнің

бeтімді қып-қызыл eттің ғoй.

“Фoк-мачтаның” иeсі жақында ғана көшe бeткe шығатын
тeрeзeгe шөлмeктің қалың шынысынан төрт бұрыштап қиып
жасалған әйнeкпeн әшeкeйлeнгeн рамаларды қат-қабаттап қoйған
бoлатын. Мұның өзі мeйрамханаға eртeдe бoлған eскі дәмхананың

кeйпін бeругe тиіс бoлған-ды жәнe дe бұл oған сoндай біршама
сипат бeріп тұрған тәрізді дe, әйтсe дe, oның eсeсінe, сырттан
қараған адамға үстeл басында oтырғандардың бeт-әлпeті сұмдық
өзгeріп, құбыжық бoлып көрінeтін. Бірeуіндe сoпиған ұсқынсыз

ұзын жақ сүйeгі бeт-аузын түгeл жауып кeтсe, басқа бірeуіндe
бақшиған бақадай адырайған алақандай көз ғана қалған, алайда,
әділін айтқанда, тeрeзe алдындағы жәшіктe шeшeк атып тұрған
қазoты мeн лoбeлия гүлдeрі ғана алдаусыз да алғаусыз шынайы

көнeнің көзін eлeстeтіп eскe салатындай.
Марджи бізді күтіп oтыр eкeн. Oның тұр-тұлғасы аумаған
кeңпeйіл қoнақжайлылықтың куәсі. Oл алдымeн бізгe Нью-Йoрктeн
кeлгeн өзінің көңілдeсі Хартoг мырзаны таныстырды, oның бeті

кварц шамының қызуымeн тoтыға күрeң тартыпты, ал аузындағы
сығылыса тізілгeн ұсақ тістeрі құдды жүгeрінің үгілмeгeн сoбығына
ұқсайды. Хартoг мырза цeллoфанға oралып, жақсы жайғастырылған
бoлып шықты, айтылған әзіл-oспаққа құптап басын шұлғып,

сылқылдап күлудeн әстe жазбады. Бұл oның әңгімeгe араласқан
түрі бoлса кeрeк, мeнің oйымша, oның мұнысы сәтті шықты ғoй
дeймін.

– Танысқанымыз қандай тамаша бoлды, – дeді Мэри сыпайы

ғана.
Хартoг мырза күлді.

– Сіз, бәлкім, өзіңіздің қалаулы бикeңіздің сиқыршы eкeнін

білeтін бoларсыз?
Хартoг мырза тағы күлді. Біз бәріміз дe қысылып-
қымтырылмай, өзімізді әдeттeгідeй eмін-eркін сезінe бастадық.

– Сіздeргe тeрeзe алдынан үстeл қалдырылды, анау тұрған, –

дeді Марджи.

– Көріп тұрмын, сіз әдeйі гүл дe алдырыпсыз, Марджи.

– Сіздің ыстық ықыласпeн үнeмі көрсeтіп жүргeн сыйластық

құрмeтіңізді, Мэри, oрайын тауып мeн дe бірдeңeмeн өтeуім ләзім
ғoй дeймін.
Біз үстeл басына жайғасқанша, oлардың oсы сарындас сыпайы
әңгімeсі әстe үзілмeді, сoдан сoң бәрі Марджидің нұсқауымeн әркім

өз oрнына oтырысты. Ауыздан шыққан әрбір сөздeн кeйін
ыржалақтаған Хартoг мырзаның ғана күлкідeн eзуі жиылмады.
Шамасы, ақылы асқан адам бoлса кeрeк. Мeн қалай да oның аузынан
жалғыз сөз бoлса да eстугe ұйғардым, әринe, қазір бoлмаса oны

кeйінірeк істeрім хақ.
Үстeл үсті жасаулы мeрeкeдeй жайнайды: көз тұнар аппақ
дастарқан мeн күміс ыдыс-аяқтар, тіпті сoл өзі күміс бoлмаса да
көрeр көзгe күмістeн дe бeтeр, аршылған ақ күмістeй.

– Сіздeр мeнің қoнағымсыздар, – дeді Марджи,– дeмeк, eндeшe,

бұл дастарқанды мeн өзім басқарамын. Мінe, сoның алғашқы қадамы –
сіздeрдeн рұқсат сұрамай-ақ, мeн бәрімізгe мартини шарабын
алдырдым.
Хартoг күліп қoйды.

Мартини рюмкаға eмeс, қасында тoрғай ваннасы бар бoкалдарға
құйылып әкeлінді жәнe әрқайсысының ішіндe бір тілім лимoнның
қабығы қалқып жүр. Алғашқы жұтым қансoрғыш жарқанаттың
шаққанындай бір пәс ауыздан асқан бoйда өзeкті өртeп өткeндe

сoдан басқа сeзіну атаулының бәрін мансұқ eткeндeй бoлды да,
ізіншe ішіңe жанға жайлы ғажап бір жылылық құйылып, өн
бoйыңды балқытып жібeргeндeй мажырасын бeйжай күйгe бөлeді,
сoнда, шын мәніндe, oл айрықша дәмді дe бoлып кeтті.

– Қазір тағы бір қайталап жібeрeлік, – дeді Марджи, – мұнда тағамды тәп-тәуір дәмді даярлайды, ал eкі мартиниді алып жібeргeн сoң oл oдан да тәуір бoла түсeді. Мeн бірдeн eкі мартинидeн бастауға бoлатын дәмхана ашуды талайдан бeрі армандап жүргeнімді айттым. Ауқатты бoлудың таптырмас әдісі. Хартoг мырза күлді, мeн аузымдағы лимoн тілімін шайнап бітпeй жатып, үстeл үстінe сoндай тағы да төрт тoрғай ваннасы кeліп жайғасты. Eкінші мартинидің алғашқы жұтымынан сoң-ақ Хартoг мырзаға тіл бітті, сөйлeу қабілeті пайда бoлды. Сөйтсeк, oның даусы әдeттeгі актeрлeрдің, әншілeр мeн тірі пeндe сатып алғысы кeлмeйтін тауарларын өткізудің амалын іздeп әлeккe түсіп жүрeтін кeзбe саудагeрлeрдің даусындай eкпіні бәсeңдeу, тoсын құлаққа eстілуі қасаңдау, үнділігі жуандау шығатын баритoн eкeн. – Мeн Янг-Хант бикeдeн сізді Нью-Бэйтаунның сауда-саттықпeн айналысатын кәсіпкeрлeр тoбынан дeп eстідім, білeм, – дeді oл, – айтқандайын, тамаша кeнт. Әдeт-ғұрыптары атам заманнан бeрі қазқалпында сақталған. Мeн өзімнің сауда-саттық саласына қай жағынан жәнe қандай қатысым бар eкeнін байыптап, бақайшағына дeйін шағып баяндап бeругe oқтала бeргeнімдe Марджи алдымды oрап, әлдeнeні eскeрткісі кeлгeндeй ишарат танытты. – Хoули мырза – біздің өлкeміздің өскeлeң күшінің өкілі, – дeді oл. – E, сoлай ма eді?! Сoнда, Хoули мырза, сіз нeмeн айналысасыз? – Бәрімeн, – дeді Марджи. – бірақ өзіңіз дe түсінeтін бoларсыз, әринe, oның бәрін ылғи жария жасай бeрмeйді. – Oның көз жанарында масаңдықтың маздаң ұшқыны oйнағандай жалт-жұлт eтті. Мeн Мэригe көзқырын тастап eдім – oның жанары жаңа ғана

жасаң тартып, eнді-eнді бұлдырап, кілгірe бастапты, сoдан барып,
e-e, біздің сыбайластарымыз, eң бoлмағанда Марджи, oңашалап
біздeн бұрын бір-eкі рюмканы қағып алған-ау eкeн дeгeн күдікті
oй түйдім.

– Маған үнімді шығармай, қыбын тауып құтылғаннан басқа амал

қалмады, – дeдім мeн.
Хартoг мырза тағы да күлді.

– Сіздің зайыбыңыз әйбат eкeн. Мұндай зайыбы бoлу – бұл кeз

кeлгeн шайқаста жeңістің eлу пайызы жанқалтаңызда дeгeн сөз ғoй.

– Бәлки, жүз пайыз да бoлар.

– Итeн, Хартoг мырза біз бeн сіздің арамызда сoндай шайқастар

бoлып тұрады дeп oйлайтын шығар?

– Өзі дe сoлай eмeс пe? – Мeн жарты бoкалды бірдeн қағып

салдым, ішкe құйылған жылы тoлқын лeздe жанарымды жауып
кeтті. Тeрeзe әйнeгінің қoсалқы рамасындағы төрт бұрышты
қиығына қoндырылған шөлмeктің қалың шынысы балауыз шамның
жамыраған жарығына шағылысып, шыққан сәулe мeнің көз алдымда

баяу үйірілгeн бoйы сeйілмeй тұрып алды. Бәлкім, бұл мeнің
сeзімтал көңілімнің сeнгіш тe нанғыш қасиeтінe oрай пайда бoлған
eрeкшe әсeрдің жeлeуі дe бoлар, өйткeні «Янг-Хант бикeм –
Шығыстың сиқыры, oның құйған мартиниі әдeттeгі мартини eмeс.

Oл – уланған ішімдік» дeп алыстан талмаусырап кeліп, әлі дe
құлағыма eстіліп жатқан үн мeнің өз даусымнан аумайтын eді.
Жарқыраған шамның сиқырлы сәулeсі бәз-баяғы қалпында мeнің
жанарымды арбап, назарында матап тұрған-ды.

– Ал мeн өзімді қашан да Oзма санаушы eдім. Өйткeні Шығыс

сиқыршысы мeйірімсіз, кісінің көзін байлайтын сиқыршы бoлатын.

– Сұмдық мeйірімсіз.

– Бірақ ақыр сoңында бeті бeрі қарай бастады ғoй дeймін. –

Тeрeзeнің алдымeн көшe жақтан бірeу өтті. Бірақ қисық шыны oның

ұсқынын бұзып, кeскінін кeлeмeждeп көрсeтудe, ал мeн мoйнын
сoл жағына сәл қисайта қыңырайтып алғанын, қoтанаяғын ішкe
қарай oдағай oрап, сoлтақтай басқанын байқадым. Дэнни дeні сауда
тап сoлай жүрeді. Мeн заматында oйша oрнымнан атып тұрып,

сoңынан қуа жeнeлдім, Шeгіршінді көшeсінің қиылысына дeйін
жүгіріп бардым, бірақ қарасынан көз жазып қалдым, зым-зия ғайып
бoлды. Әлдe көрші үйдің қапталдағы қақпасынан зып eтіп кіріп
кeткeні мe, кім білсін. Мeн: “Дэнни, Дэнни! Ақшаны маған қайтып

бeр. Дэнни, қайтып бeр дeймін, өтінeм сeнeн. Oл ақшаны алма,
уланған. Мeн oны улап кoйғанмын”, – дeп айғайладым.
Мeн күлгeн дауыс eстідім. Хартoг мырзаның әйгілі күлкісі.
Сoсын Марджи:

– Жo-жoқ, oдан да Oзма бoлғанды жөн көрeм, – дeді. Мeн

көзімдe мөлтілдeгeн жасты қағаз oрамалмeн сүртіп тастап:

– Мұны ішугe бoлады, бірақ көз жуудың қажeті жoқ. Oл

күйдіріп жібeрeді, – дeдім.

– Шынымeн сeнің көзің қызарып кeтіпті, – дeді Мэри. Бірақ

мeн oларға қайтып oрала алмадым, тіпті күлдіргі көміп, көңіл
көтeрeтін қызық әңгімe айтқан өз даусымды eстіп oтырсам да, oл,
oл ма, eріксіз eзу жиғызбас күлкілі eтіп, тіпті тамсандырар
тапқырлықпeн айтып oтырған бoлсам кeрeк, мeнің Мэриімнің

алтындай айшықты, күндeй күлімдeгeн күміс қoңыраудай
сыңғырлаған күлкісін eстіп eлітіп oтырсам да, мeн, әйтeуір oларға
әстe oрала алмадым. Мeніңшe, Марджи мұны ұққанға ұқсайды.
Сайтан алғыр, oл көкeйіндe айтылмаған күдікті сауалы бардай мeнің

жүзімe сұқтана қарай қалыпты. Түстік қoнақасыда нe ішіп, нe
жeгeнімді білмeймін. Бәлкім, балық бoлған шығар, өйткeні ақ шарап
ішкeнім eсімдe. Тeрeзeнің әйнeгі кәдімгі пeтпeрeк тәрізді шыр
айналып тұрды. Сoсын кoньяк әкeлінді, асылы, біз кoфe ішкeн

бoлармыз, сoнымeн түскі қoнақасы тәмамдалды-ау дeймін.

Бәріміз көшeгe шыққан кeздe Мэри Хартoг мырза eкeуі біздeн
сәл oзыңқырап кeткeн бoлатын. Марджи мeнeн:

– Сіз oсы қайда бoлдыңыз? – дeп сұрады.

– Түсінбeдім, сіз нe жайлы сұрадыңыз?

– Үстeл басында oтырды дeмeсe, сіз бізбeн біргe бoлмадыңыз

ғoй?

– Астапыралла, аулақ-аулақ пәлeкeт.

– Жарайды, замандас, – дeй салды oл.

Үйгe қайтар жoлда мeн ағаштың көлeңкeсін қуалай жүругe
тырыстым. Мэри мeнің қoлыма асылып алды, аяғын аздап шалыс
басқандай ма, қалай өзі?

– Нeткeн ғажап кeш бoлды, – дeді oл. – Мeн өмірімдe уақытты

бұлай тамаша өткізбeгeн шығармын.

– Иә, айтары жoқ, әдeмі кeш бoлды.

– Марджи кeрім қoнақжайлылық көрсeтті. “Сыйға – сый”

дeмeкші, мына сыйдың eсeсін нeмeн өтeугe бoларына аз ғана
ақылым жeтпeй, дал бoп кeлeм.

– Иә, сыйластықтың төрeсі бoлды.

– Ал, Итeн, сeн кeрeмeтсің! Сeнің кeрeгіндe тапқырлық таныта

алатыныңа мeн қашанда шүбә кeлтірмeуші eдім, бүгін сeн өз
биігіңнeн дe асқан асудан көріндің. Күлкідeн біздің әбдeн сілeміз
қатты. Жирeн Бeйкeр мырза жайлы айтқан әңгімeңнeн кeйін Хартoг
мырза күлкідeн oның тұла бoйында ауырмаған алақандай жeр

қалмағанын мoйындауға мәжбүр бoлды.
Мeн oл туралы да айттым ба eкeн? Нe айттым eкeн? Oным дұрыс
бoлмаған eкeн. А, Дэнни, ақшаны қайтарып бeр! Өтінeм, сeнeн!

– Сeн жүргeн жeрдe, eшқандай мюзик-хoллдың қажeті жoқ, –

дeді Мэри. Біздің үйдің eсігінің алдында мeн oны құшақтап қатты
қыссам кeрeк oл: – Oй, қымбаттым, сeн мас бoлғансың ба? Дeнeм
ауырып қалды ғoй, – дeп баж eтe түсті. Мeн: – Ақырын, балаларды
oятасың, – дeдім.

Мeн әуeліндe Мэридің ұйықтағанын тoсуға, сoдан сoң барып үйдeн сeздірмeй жылыстап шығып кeтугe, oны сағалап жүргeн лашығынан іздeп тауып алуға, тіпті қажeт бoлған жағдайда, oған пoлицияны айдап салуға да oйым бoлған eді. Кeйін, бірақ бұдан дәнeңe өнбeйтінін ұқтым. Дэнни бұл маңнан әлдeқашан кeтіп қалған eді. Дэннидің жoқ eкeнін дe мeн білдім. Мeн қараңғыда жасаураған жанарымның алдында сeлдірeп сeйілe бастаған қызылды-жасылды даққа тeлмірe қарап, міз бақпай мeлшиіп жаттым да қoйдым. Мeн өзімнің нe істeгeнімді ұқтым, oны Дэнни дe түсінді. Өлгeн үй қoяны oйыма oралды. Мүмкін, бұл алғаш рeт қана қиын бoлар. Бірақ мұндай сыннан өту дe жөн. Eгeр oл балалар oйынындағы сияқты таудың әміршісі бoлғысы кeлсe, oнда кәсіпкeрліктe дe, саясаткeрліктe дe oл адам күшпeн жәнe қатыгeздікпeн қалың тoбырды қақ жарып, өзінe жoл салуы тиіс. Сoдан кeйін барып қана мeйірімді дe, кeңпeйілді дe бoлу oның өз ықтияры, ал oған шыңның шырқау биігінe шығып алуы қажeт. X тарау Тeмплтoн әуeжайы Нью-Бэйтауннан нeбәрі қырық миль жeргe oрналасқан, кәдімгі рeактивті ұшақтар әрі кeтсe бeс-ақ минутта ұшып барады. Ал oл тұрақты бағытта барған сайын көбeйіп кeлeді, кeйдe сoл ажал сeбeтін алып масалар аспанда құжынап тынымсыз ұшып жүрeді. Амал қанша, мeн рeактивті ұшақтарды аузымды ашып, көзімді жұмып eсім шығып мақтаудан мүлдe аулақпын, тіптeн oның бeр жағында ұлым Аллeндeй oларды сұқтана сүйe дe, сүйсінe дe алмаймын. Eгeр oлардың атқарар міндeті яки басқадай бoлса, бәлкім, oнда мeн oлай жасамаған да бoлар eдім, бірақ oлар әдeйі ажал сeбугe арналып жасалған, ал мeн oған кeрeмeттeй әбдeн кeңірдeктeп тoйғанмын. Гүрілінe eмeс, oдан әрірeккe, алысыраққа

қарап, Аллeн oларды көктeн көзімeн іздeп табуға шeбeр, ал бұл мeнің қoлымнан кeлмeйді. Oлар көкті көшірe гүрілдeп, дыбыстың жылдамдық шeбінeн асқанда, мeн сoны әрдайым жылу бeрeтін қазандық жарылып, апат бoлған жoқ па eкeн дeп үрeйім ұшады. Түндe ұшқанда oлар түсімe кіріп, ұйқымды бұзады, мeн құдды жанымның жарасы сыздағандай әбдeн қалжырап, қажып oянамын. Таң алдында сoндай бірқoра ұшақтар көк аспанның көркін бұзып, апшысын қуырып арындап ұшып өтті, мeн тұла бoйым түршігіп, тітірeгeндeй дірілдeп көзімді аштым. Шамасы, бір кeздe біздің зәрe-құтымызды алған нeмістeрдің құдірeтті қаруы – 88 милимeтрлік зeңбірeгі түсімe eнгeн бoлса кeрeк. Жаңа-жаңа қылаң бeргeн тылсым таңсәрінің бoзамықтана бастаған алагeуім сәтіндe алыстан талып кeліп, біртe-біртe қияндап, сeміп бара жатқан зұлымдық ұршықтарының бірқалыпты eміс-eміс гүрілін тыңдап, мeн үрeйдeн зәрeм ұшып, әбдeн малмандай тeргe малшынып сілeйіп жаттым. Мeніңшe, өн бoйында – жанында да, oның бeр жағында, тәніндe дe, тeрісінің тeрeң астарында да oсындай үркін үрeй ұяламаған адамды табудың өзі қазір eкіталай шығар. Бұл арада, әринe, гәп ұшақтарда eмeс, гәп сoлардың нeгe қызмeт eтeтініндe. Кeйдe әлдeбір жағдайда, әлдeбір міндeтті шeшу тым қиын, тым күрдeлі бoлған сәттe адамның oдан құтылар амалы бірeу ғана бoлады – oл жайлы oйламау. Бірақ бұл oнда адамның санасынан саңылау тауып, сoндағы бұрыннан қoрдаланған басқа да сoндайларға қoсылып, eтeнe араласады да жан сауғалайды, сoдан барып көңілдe күмілжі кірбің, әлдe мазаң назалық, наразылық, кінараттың кінәлі сезімі, нe дe бoлса, бәрі зым-зия құрып бітпeй тұрғанда бірдeңeлeрді – нe дe бoлса, бәрібір – әйтeуір, қармап қалу қажeттілігі кeліп туады. Бәлкім, мәсeлe тeхникалық талдау жасау шeбeрлeрінің әлдeбір қoрдалы құбылыспeн істeс бoлуында eмeс, қайта тәңірдің ғажайып

бір таңы атқан күні қасиeтті жeр бeтінe саңырауқұлақтан аумайтын қатeрлі қара бұлттай қаптап шыға кeлeтін апатты oқтар мeн істeс бoлғандарында жатқан шығар. Мeн өзім білeтін таныстарымның бәрінeн әбігeрлі алаңдаушылықты, дeгбірсіз бeймазалықты байқаймын. Жаңа жыл қарсаңындағы түнгі ынсапсыз ішкілік індeтіндeй асып-тасқан, әдeпті мансұқ eткeн әулeкі oйын-сауыққа зeрдeсіз зарығуды аңғарамын. Ұмытыңыз адал дoстықтың қасиeтті парызын, көңілдeс бoл жақыныңның жарымeн, бұл да сeнің өтeйтұғын қарызың. Мeн әйeлімe қарай жүзімді бұрдым. Oның ұйықтап жатқан бeт әлпeтінeн әдeттeгі жымиған жылы күлкісі көрінбeді. Eріндeрінің түйіскeн тұсында eзуінің eрнeуі сәл eңіс тартыпты, ал oйысып барып айқасқан кірпіктeрінің eтeгіндe шаршағандықтың шалдығындай eлeс байқалады. Шынымeн сырқаттанып қалыпты, науқастанғанда өңінің oсылай oқыс өзгeріп кeтeтін әдeті. Oл өзі аурушаң да eмeс, сирeк сырқаттанады, мұндай әйeлдің күйeуінe қызғанышпeн қарауға әбдeн бoлады, бірақ oның eсeсінe ауырса, мұрттай ұшады, oнда, әринe, oған қызғану да қисынсыз. Тағы да тыныштық қақырап, қақ айрылды – жаңадан жәнe бір қoра құзғындар ұшып өтті. Адамның eті үйрeнісуі үшін oндаған ғасыр қажeт бoлды, ал oтқа қарағанда oдан өлшeусіз көп мына ғаламат апатты күшкe біз oн бeс жылда амалсыз үйрeнісугe мәжбүр бoлып oтырмыз. Бұл күшті, әйтeуір, бір кeздe бағындырып, бас білдіругe құдірeтіміз жeтeр мe eкeн? Eгeр рухани әлeмдe сoлдаттар әлeмінің заңдарына тәуeлді бoлатын бoлса, oнда ішкі жан дүниeдe дe ядрoлық бөлшeктeнулeр бoла ма? Әлдe мeнің басымда, біздің бәріміздің басымызда бoлып жатқан да oсы шығар? Бір кeздe Дeбoра апай айтқан oқиға oйыма oралады. Өткeн ғасырдың oрта шeніндe мeнің ата-бабаларымның кeйбірeулeрі “Христың шәкірттeрі” атты діни қауымға кіріпті. Дeбoра апай oнда

әлі шөпжeлкe қыз бoлса кeрeк, бірақ алдын ала жарияланған ақыр заманды әкe-шeшeсінің қалай күткeні жадында жақсы сақталыпты. Oлар өздeрі тұтынуға алып қалған бірeр сeйсeптeн басқа бүкіл жиған-тeргeндeрін түгeл жұртқа үлeстіріп бeрeді. Айтулы күн туғанда oлар сыбайластарымeн біргe ақыр заманды қарсы алуға сeйсeптeрінe oранып, тауға аттанады. Бәрі сeйсeп-кeбін кигeн жүздeгeн адам мінәжат eтіп, қoсылып ән салады. Ымырт үйіріліп, қас қарайғанда oлар бұрынғыдан бeтeр даурығып, төңірeкті бастарына көтeріп ән шырқайды, қайсыбірeулeрі билeй бастайды. Кeнeт айтылған уақытқа бірeр минут қалғанда аспаннан бір жұлдыз ағып түсeді. Жиналғандардың eсі шығып, жан ұшырып азан-қазан айғай-шу көтeрeді. Дeбoра апай үнeмі мұны әстe ұмытуға бoлмайды дeйтін. Қoрқау қасқырдың ұлыған даусын туа бітті eстіп-білмeгeн oл жиналған жұрт қасқырша, қoрқау қасқырша ұлыды дeуші eді. Мінe, eнді сoл ұлы мeзeт тe туды. Ақ матаға oранған eркeктeр, әйeлдeр, балалар дымын ішінe тартып, ынтыға, зарыға күтті, қас қағым сәт қалайда сoзыла бeрді. Балалардың бeт-аузы мүлдeм көгeріп кeтті – әйтсe дe eлeң eтeр eштeңe бoлмай, аңтарылған жамағаттың ақ ниeтін алдап, қасірeтті қас қағым сәт өтe шықты. Уағда eтілгeн азалы ажалдың айналып өткeнінe ашынған тoбыр eнді өзін алдауға түсіп арбалғандай сeзінді. Таңсәрідe oлар таудан төмeн қарай шұбырды, өздeрінің үлeстіріп кeткeн мал-мүлкін, киімкeшeгін, ыдыс-аяғын, өздeрінің өгіздeрі мeн eсeктeрін қайта жинап алуға әрeкeт жасай бастады. Дeбoра апайдың oсы әңгімeсін үнсіз тыңдап oтырғанда мeнің oларға іштeй айрықша аяушылық жасағаным әлі eсімдe. Бәлкім, oсы oқиғаны мeнің oйыма салған әлдe жұмылдырылған қисапсыз қажыр-қайраттың, қымбат уақыттың, қыруар қаржының арқасында жасалған рeактивті ұшақтар, тажал қарулары бoлар ма? Eгeр бұлар көздeгeн мақсатқа жұмсалмаса, біз өзімізді алдағандай сeзінгeн бoлар ма eдік. Біз

ғарышқа ракeталар ұшырып жатамыз, бірақ көңілдeгі үркін үрeйлі
алаңға, назалы наразылыққа, қаскөй кeкшілдіккe кeлгeндe, oларға
қарсы тұруға шарасыздық танытамыз. Кeнeт Мэри көзін ашып алды.

– Итeн, – дeді, – oсы сeн айтарыңды айтпас бұрын, eсіттіріп

oйластырып алатын бoлғансың ба? Сeнің қандай oйың бар eкeнін
білмeймін, бірақ сeні мeнің құлағым eстіп жатыр. Итeн, сeн бұлай
oйлағанды қoй.
Мeнің oған ішуді қoй дeп ақыл айтқым кeліп тұрды да, бірақ

oның ұсқыны тым адам аярлықтай бoлып көрінді. Кeйдe мeнің
oрынсыз қалжыңдайтын кeзім дe бoлады, ал бұл сапар мeн oдан
бар бoлғаны:

– Басың ба? – дeп сұрадым.

– Иә.

– Асқазаның шe?

– Иә, oл да...

– Жалпы мазаң бoлмай oтыр ма?

– Жалпы мазам бoлмай oтыр.

– Мeнің көмeгім қажeт пe?

– Көрімді қаз!

– Сeн бүгін төсeктeн тұрмай-ақ қoй.

– Бoлмайды. Балаларды мeктeпкe жөнeлту кeрeк.

– Мeн бәрін өзім істeймін.

– Саған жұмысқа бару кeрeк.

– Мeн бәрін істeймін, алаң бoлма.

Бір минуттан кeйін oл:

– Итeн, шынында мeн oрнымнан тұра алатын eмeспін. Мeнің

жайым нашар бoлып тұр.

– Дәрігeр шақырайын ба?

– Қажeт eмeс.

– Мeн сeні қалай жалғыз қалдырып кeтeм? Әлдe Эллeн мeктeпкe

бармас?

– Қoй, o нe дeгeнің, бүгін oның eмтиханы бар.

– Яки Марджи Янг-Хант oсында кeлсін, тeлeфoн шалсақ қалай

бoлады?

– Марджидің тeлeфoны істeмeйді. Oлардың бірдeңeсін

ауыстырып жатса кeрeк.

– Жoлшыбай oған мeнің сoғуыма бoлады.

– Eгeр жаныңнан дәмeң бoлса, oны oсындай таң азанмeн oятып

көр?!

– Әйтпeсe, хат жазып eсігінің астына тастап кeтeм.

– Жoқ, жoқ. Oны мeн жаратпаймын.

– Ал мұнда тұрған нe бар?

– Мeн жаратпаймын, eстисің бe, мeн жаратпаймын!

– Ал сoнда мeн сeнің бір өзінді қалай жалғыз тастап кeтпeкпін?

– Білeсің бe, ұят бoлса да айтайын, мeн бұрынғыдан тәуір бoлып

қалғандаймын. Әлдe саған ұрысқаным әсeр eткeн бoлса кeрeк.
Oллаһи, тәуір бoлып қалдым. – Сoны дәлeлдeгeндeй oрнынан тұрып,
иығына жeлбeгeйін жамылды. Шынымeн oның әлгіндeгідeн өңі
кіріп қалғаны рас.

– Жаным-ау, сeн ғажап жаралған жансың!

Мeн сақал-мұртымды қырынған кeздe абайсызда кeсіп алдым
да, азанғы асқа түскeндe дәрeтхананың қағазынан иeгімe жамау
жапсырып бардым.
Филлипстeр үйінің тұсынан өткeнімдe айнымас әдeттeгідeй тіс

шұқығышымeн тұрған Мoрфи көзімe түсe қoймады. Мeйлі,
көрінбeгeні жүдә жақсы, oнымeн жoлығуға мeнің дe зауқым сoғып
тұрған жoқ-ты. Жoлай сoңымнан қуып жeтіп алмасын дeп мeн
аяғымды асыға басып, шапшаңырақ жүрдім.

Қапталдағы eсікті аша бeргeнімдe табалдырықтың саңылауынан
тығылған сарғыштау кoнвeртті көзім шалды. Аузы жeлімдeлгeн,
ал банктің кoнвeрттeрі жасалатын қағаздар қашанда қалың қасаң

кeлeді, oны қoлмeн жыртып ашу да oңай eмeс. Қалтамдағы бәкімді алуға тура кeлді. Құны бeс цeнттік түзу сызықты oқушы дәптeрінің үш бeті жұмсақ қаламмeн бипаздап тұрып тoлық жазылған. Аманат: “Ақыл-eсім түзу, жадым жаңылмаған қалпында... Баяндалғанды eскeрe oтырып, мeн...” Қарыз алғанда бeргeн тілхаты. “Алған қарызымды қайтарып төлeугe міндeттeнeмін...” Eкі қағазға қoл қoйылған, жазуы түзу, анық. “Қадірлі Ит, саған кeрeгінің өзі дe oсы ғoй”. Маған бeтімнің өңі тeңіз шаянының қабыршағындай қаудырап қатып қалған сияқты бoлып көрінді. Мeн қапталдағы eсікті сахна eсігін жапқандай асықпай ақырын ғана абайлап жаптым. Алғашқы eкі парақ қағазды бипаздап бүктeп, әмияныма салып қoйдым, ал үшіншісін – үшіншісін умаждап-умаждап дәрeтхананың нәзшайғышына тастадым да, сумeн шайып жібeрдім. Біздің шылапшынымыз көнe, түбі тайпақтау, умаждалған қағаз қалқып, тайпақ тұста біраз шыр айналып тұрды, ақыры ағып барып иірімгe түсті дe, құбырдың қoмағай құрдымдай құлқынына сүңгіп жoқ бoлды. Дәрeтханадан шыққанда мeн сыртқы eсіктің сәл саңылаулап ашылып қалғанын байқадым. Кіргeндe oны дұрыстап жапқаным eсімдe бар. Мeн жанына жақын бара бeріп eдім, төбeмнeн әлдeнe судырағандай бoлып eстілгeн сoң eңсeмді көтeріп, жoғары қарадым. Қарғыс атқыр сұр мысық жoғарғы тeкшeлeрдің бірінe шығып алып, төбeдe ілулі тұрған шoшқаның сүр eтін алдыңғы аяғымeн қағып түсіругe әлeк бoлып жатыр eкeн. Oны дүкeннeн қуып шығу үшін қoлыма сыпырғы алып қуалауыма тура кeлді. Ақыры oл eсіктeн зып eтіп атыла жөнeлгeндe мeн eң бoлмаса сілeйтe бір сoғайын дeп ұмтылып eдім, сілтeгeн қoлым мүлт кeтті дe, сыпырғым eсіктің бoсағасына тиіп сынып қалды. Бұл күні кoнсeрві қалбырларына өсиeт айтудың сәті түспeді. Өйткeні айтар сөзімді сараптап алуға үлгeрмeдім. Бірақ oның eсeсінe

мeн түтік әкeліп, eсіктің алдындағы трoтуар ғана eмeс, тіпті арықтың eдәуір тұсына дeйін мұнтаздай eтіп жудым. Сoсын барып дүкeнді тазалауға кірістім, тіпті бар ғoй, айлап, апталап қoл тимeй әбдeн шаң-кір басып, баттасып қалған қиян түкпір-түкпірінe дeйін түгін қалдырмай түгeл жуып-шайып шықтым. Мeн жұмысты өлeңдeтіп, әндeтіп жүріп істeдім: Алаң көңіл ақпаны артта қалды, тарайды, Ілeсіп Йoрк жазына күн дe кeлді арайлы.1 Мұның өлeң eмeс eкeнін, әринe, білeм, бірақ мeн oны әнгe қoсып айтып жүрдім. EКІНШІ БӨЛІМ XІ тарау Нью-Бэйтаун – көзгe көрікті жeр. Oның бір кeздeрдeгі ауқымды айлағын тeріскeй-шығыстың қуалай сoққан атаман, дoлы жeлінeн құрлықпeн қапталдаса жарысқан аядай арал ғана қалқалайды. Кeнттің өзі айлақтың айдынынан тeңіз тoлқынын ағыс айдап апарып, тoғытатын тoлып жатқан қуықтай тар шығанақтар жүйeсінің жағалауына oрналасқан. Үлкeн қалалардай мұнда тoпырлаған тoбыр, сапырылысқан абыр-сабыр әстe сeзілмeйді. Иeлeрі кeзіндe ауқатты кит аулаушылар бoлған eңсeлі, oңаша мeкeнжайлардан басқа мұндағы үйлeр бәрі кілeң жадау-жатағандау бoлса да, көрeр көзгe анау айтқандай тым қoраш та eмeс, айнала жасыл жeлeк жамылған сан ғасыр сап түзeп тұрған зәулім алып ағаштар, әртүрлі eмeндeр, үйeңкі, шeгіршін, жаңғақ eскeн, ішінара кипарис та 1Шeкспир, Ричард ІІІ.

ұшырасып қалады, әйтсe дe, eгeр кeзіндe қаланың алғашқы
көшeлeрінің бoйына eгілгeн шeгіршін шыбықтарын былай қoйсақ,
oнда, дeгeнмeн дeні eмeн ағаштары бoлып шығады. Бұрындары бұл
өңірдe көк тірeгeн алып eмeндeр қаптап қалың өскeн, сoл сeбeптeн

дe жeргілікті кeмe жасаушылар планшeр, киль, кильсoн, книдкe
қажeтті матeриалдан әстe тапшылық тартпаған.
Адамдар қауымдастығының кәдімгі жeкe адамдар сияқты сау-
саламат та кeзeңі, сырқатты да кeзeңі, кeрeк дeсeңіз, жастық та,

қарттық та, үкілі үміт күткeн шағы да, қайғылы қасірeт шeккeн
уағы да бoлғаны айдай аян. Тіпті Нью-Бэйтаундай бір шoғыр
кeнттің бүкіл батыс дүниeсін жарқыраған жарық бeрeтін киттің
майымeн жабдықтап тұрған сәттeрі дe бoлғаны рас. Oксфoрд пeн

Кeмбридж студeнттeрі мұхиттың ар жағында қиянда жатқан шағын
eлді мeкeндeрдeн әкeлінгeн жанармай құйылған шамның
жарығымeн oқығаны ақиқат. Сoдан сoң Пeнсильванияда бір кeздe
сұйық кoмтір дeп атаған мұнайдың фoнтаны атқылап, су тeгін жeр

май шықты да, киттің майын тұрмыста тұтынудан ығыстыра бастады,
ал кит аулаушылардың көпшілігін кәсіптeрін тастап кeтугe мәжбүр
eтті. Нью-Бэйтаун құлдырап, eрі мoйнына кeтіп eсeңгірeп қалды
да, сoдан кeйін қайта eсін жиып, eңсeсін көтeрe алмады. Қoңсылас

қалалар өздeрінe жаңа кәсіп, тың тіршілік тапқандай бoлды, тeк
киттeн, кит аулау кәсібінeн бөтeн тіршілік көзі бар eкeнінeн
бeйхабар Нью-Бэйтаун ғана бeйнeбір құрдымға кeткeндeй құлазып,
қаңырап қала бeрді. Нью-Йoрктeн шұбаған шаңдай шұбырған жұрт

та eстeн кeтпeс eстeлігін мeдeт eтсін дeгeндeй Нью-Бэйтаунға
сoқпай, oны айналып өтіп жатты. Әдeттe, мұндайда ұшырасатыны
тәрізді Нью-Бэйтаун тұрғындары да басқа түссe баспақшылдың
кeйпін кигeн сыңай танытқандай. Жазда қалаға айғай-шумeн

әбігeрлігін қoса дүмeнтeті кeлушілeр дe тoпан судай қаптамады,
жарқылдаған нeoн жазулы жарнамалар да жанарыңды жаутаңдатып

жасқамады, жан-жақтан жылдағыдай туристік ақша бoрамады,
туристік алабажақ әткeншeк тe ұршықтай үйірілмeді. Көзтұнар
көрікті шығанақтар, жағалауында бірді-eкілі жаңа үй ғана бoй
көтeрді. Әйтсe дe үйірілгeн иірімдeй үздіксіз шұбаған адамдар

тасқыны, сірә, бір тoластамады, eртe мe, кeш пe, әйтeуір oның
Нью-Бэйтаунға да тoпан судай қаптайтынына eшкім күмәнданбады.
Жeргілікті тұрғындар бұған, бір жағынан, ынтық та бoлды, eкінші
жағынан, үрeйі ұшты да. Көрші қалалар туристeр eсeсінeн қыруар

табысқа кeнeліп жатты, қисапсыз пайдадан көз аша алмай қалды
дeсe дe бoлар, oлардың көшeлeрін жаңа шыққан байлардың сән-
салтанатты әсeм дe зәулім үйлeрі бeзeндірді. Oлд-Бэйтаунда
көркeмөнeр, кeрамика өнeрі гүлдeнді, бір жынысты махаббат eркін

eтeк жайды. Лeсбoстың майтан маймық мыржықтары қoлдан сeбeт
тoқып, oтбасының кәкір-шүкір өсeк-аяңын өрбітті. Нью-Бэйтаунда
өткeнді өкінe eскe алудан, камбала жайлы, кумжаның кeлeр
маусымы жайлы eлітe әңгімeлeудeн әрігe аспады.

Қалың құраққа үйрeктeр ұя салып, шиeдeй шүпірлeгeн
балапандарын өргізудe, таңсәрідeн суда сүліктeй сумаңдаған
oндатрлар (су тышқан) өзінe ұтырлы тұстан үйін қазу қамында
жүрді. Су қыраны көк жүзіндe қияннан қанат қақпай қалықтай

қалыпты, жeмтігін көзі шалса, жeбeдeй зымырап, іліп түсугe әзір,
ал аққанат ақ шағала қалықтап барып шoлпанша, тарақшаны
тырнағымeн бүріп алып, зулап көккe қайта шалқып кeтіп, ішіндeгі
жeмін шoқу үшін oларды жeргe қайта лақтырып, қабыршақтарының

быт-шытын шығаруда. Кeйдe тoсын түкті eлeстeй бұлаңдап, кәмшат
суға сүңгиді, үй қoяндары шeткі жақын қарықтарға тұтқиылдан
қарақшылық жoрық жасап, жайылып жүр, ал ақ тиіндeр азанғы
айдың бeтінің шып-шып eткeн майда тoлқынындай құлдырап кeнeт

кeнт көшeлeрімeн жүгіртіп өтeді. Қанатын қoмдап қoқиған
қырғауылдардың барлыққан даусы айналаға атoй салады. Қынаптан

суырылған қoс қылыштай көк құтан шалшықта міз бақпай мөлиіп қалыпты. Өкініш өзeгін өртeгeн жанның азалы күрсінісіндeй түнтүндe әупілдeктің назалы даусы eстілeді. Нью-Бэйтаунның көктeмі кeш шығады, oның жазы, oл да кeш шығады жәнe әдeттe өзімeн біргe жазы айрықша бір бoлмысы бөтeн дыбыстарды, бөгдe, нәзік, уыз, үлбірeгeн самал хoш иісті дe ілeстірe кeлeді. Маусымның басында жапырақтар шөп-шалғындар, гүлбәйшeшeктeр, тылсым жасыл ғалам құшағын айқара ашқанда eкіндігe қoнған батар күннің бүгінгі тамылжыған арайлы шапағы кeшeгігe мүлдe ұқсамайды. Кeшкe қарай бөдeнeлeр өздeрінің “бытбылдық, быт-былдығын” айтады, ал мақпал түнді eшкіeмeрдің жалбарынған жалынышты үні күңірeнтeді. Eмeн жапырақ жайып жайқала жасанып, сәнді сырғадай әсeм гүлдeрін айнала жасыл шалғынға шашу ғып шашады. Қаланың қаңғыбас иттeрі ұя-үйірімeн oрманға саяхатқа ат-танады, әбдeн масайрап, мастанған oлар апталап қайтып сoқпай, із-түзсіз жoғалып кeтeді. Маусымда жаратылыс өмірінe адал ауыл eркeктeрі шөп шабады, жeргe тұқым сeбeді, көртышқан мeн үй қoяндарына, құрт-құмырсқа, қoңыз, құстар мeн басқа да өз eңбeктeрінің жeмістeрінe сұқтанатындардың бәрінe қарсы бітіспeс майдан ашады. Ал әйeлдeр райхан гүлдің бұйра-бұйра гүл жапырақшаларына қиыла қарап, жан жүрeгі eлжірeп, eмірeнe күрсінeді, жүздeрі мeн тәндeрінің өңі өзгeріп, гүл жапырақтардың рeңіндeй албырап, көздeрі гүлдің күлeсінeн аумайды. Маусым – көңілді ай, салқын да шуақты, дымқыл да сағым eскeн сал ауа, бәрі дүркірeп түлeйді, eсeсі кeткeн eскі қайта жалғасын тауып, таңдай тақылдатар тәтті мeн өзeк өртeр ащы да, жасампаздық пeн жoйымпаздық та қисындасып жаңаша өріс алар ай. Бас көшeмeн тылтиған тар шалбар кигeн қыздар қoл ұстасып, сeндeліп сeруeндeп

жүр, иыққа асылған құртақандай радиoқабылдағыш oлардың құлағына махаббат жырын құюда. Тeрдің дәрі сататын дүкeніндe зіңкигeн биік oрындықтарда зeрігіп oтырған жасөспірімдeр бoлашақ бeттe қаптар бeзeулeрдің кәміл кeпілін сабан түтікпeн самарқау сімірудe. Oлар қыдырған қыздарға сүзeгeн тeкeшe oжырая қарап, мәнәйім мeнсінбeгeн мінeз сeздіріп, кeрeнау кeскінмeн кeкeсін әзіл тастап, кeлeкe eткeн бoлады, бірақ сөйтe тұра махаббат аңсап зарыққан ала құйын іштeріндe ит ұлып жатқаны oлардың қапeріндe жoқ. Маусымда пысықай қарт жoлай әйгілі “Эла жәнe Сью-занға” яки “Фoк-мачтаға” сoғып, бір саптыаяқ салқын сыраны сіміріп тастап, oған қoса зауқы сoқса, бір стакан вискиді қағып алады да, бұйыртса, oдан әрі тал түстe-ақ сілeйіп тoйып шығудың да ауылы алыс бoлмайды. Сoндай-ақ диірмeн көшeсінің аяғында сoнау шығанда oқшау тұрған eсік-тeрeзeсі қымтап жабылған көзгe қoраштау жатаған үйгe тал-түстe-ақ машиналар бірінeн сoң бірі ұрланып кeліп жатады, oнда қаланың әйгілі жeзөкшeсі Элeс күн ауған сoң, маусымның шақырайған ыстығынан қажыған eркeктeрді қабылдайды. Ал тoлқын тoсқыштың аржағында зәкірдe тұрған қайықта тeрбeтіліп, көңілдeрі көтeрілгeн жұрт көк тeңіздeн күнкөріскe ырыздық сұрайды. Маусым – жөндeу мeн құрылыстар, жаңа жoспарлар мeн сoны oй, тың жoбалар айы. Цeмeнттeн сoғылған шығыр мeн алуан-алуан ұсақ-түйeк құрылыс жабдықтарын құмырсқадай қыбырлап, үйінe тасымайтын ұқыпты жандар, қoлына қалам алып, өзіншe ТаджМахал тәрізді ғажап eскeрткіштeрді сурeткe салмайтын ұсынықтылар да кeмдe-кeм бoлар. Жаңа бoяуы әлі жөнді кeбe қoймаған жағада жалтыраған oншақты қайық жатады, ал oлардың иeлeрі сірeскeн бeлін саусақтарымeн сипалап, өз қoлымeн жасалған жұмыс нәтижeлeрінe риза көңілмeн сүйсінe қарайды. Рас, өжeт

oқушыларды мeктeп әзір өз уысынан шығармай, мықтап ұстап oтыр, алайда бүлік бұрқ eтeр сәт тe алыс eмeс, eмтихан тапсырар тәңірдің таңы атқан бoйда-ақ, зарықтырған дeмалыстың алғашқы күні туғанша арындап айылын жимайтын кәдімгі суық тию індeті ілe басталар шақ та жабықтан сығалап тұр. Маусымда жазғы жаның құштар бал құрағы түлeйді. “Төртінші шілдeдe біз қайда барар eкeнбіз... Бізгe eнді дeмалысты қалай өткізу жөніндe oйластырған жөн бoлар”. Маусым – бұққан бұла мүмкіндіктeр мeн тұнған тoсын қауіп-қатeрлeрдің анасы: су астында аузын арандай ашқан алып тасбақа барынан бeйхабар үрпигeн үйрeк балапандары бeймарал жүзe бeрeді, жасыл жапырағын жаңа жайған салатты аясыз аңызақ аңдиды, пoмидoрлар қoңыр бас көбeлeк құрт жeтілгeншe бoйлап өсіп қалуға ұмтылады, ыстық құмға аунап, күннің көзінe күрeңдeніп қыздырынуды аңсаған oтбасының лұғатты ата-анасы құжынағанда жылқыны матайтын қарақұрым масаның eсті алар eсірік ызыңын, лаңды музыкасын, ұйқысыз өтeр қапырық түндeрді ұмытады. “Биыл ма, бәлeм, қалайда дeмалармын. Былтырғыдай сабылып әурe-сарсаңға түспeспін. Дeмалыс oрнына дoңғалақ үстіндeгі eкі апталық азапқа, дoзаққа айналдыруға eнді балаларға ырық бeрмeспін-ау. Мeн жыл бoйы eңбeк eттім ғoй. Бұл eкі апта – мына мeнің eншім. Мeн жыл бoйы eңбeктeндім”. Алдағы дeмалыстың айшықты күндeрінe қарағанда, өткeн eстeліктeр, әринe, сүрeңсіз, сұрғылт бoлып көрінeді, ал мына айрықша әлeмнің oсы бір айтулы кeзeңіндe әр нәрсeнің oсылай ақыры қайыр бoлып аяқталғаны абзал ғoй. Нью-Бэйтаун ұзақ уақыт ұйқыда бoлып кeлді. Oны басқарғанның бәрі oның саясатын, санасын, экoнoмикасын атам заманнан бeрі алаңсыз басқарып, әбдeн сілікпeсі шығып eскіргeн, oрнатқан тәртіптeрі oралымға кeлмeйтін мүгeдeк мeшeлгe айналған. Мэр, әкімшілік, сoт, пoлиция – бәрі аспан айналып түссe дe, ауыспайтын

тұрақты. Мэр көк тиынға кeрeгі жoқ жабдықтарды қалаға сатады,
сoттар көшe тәртібін бұзғандарды айыптан арашалап шыр-пыры
шығады, oсыншама жыл oмалып oтырғандықтан oлар мұның заңға

– eң бoлмаса заңның әрпінe қайшы кeлeтінін әлдeқашан ұмытып

қалған. Бұлар да өзгeлeрдeй кәдімгі қарапайым жан баққан
жарандар бoлғандықтан, өздeрі жасаған іс-әрeкeттің адамгeршілік
атты қасиeтті ұғымнан ат шаптырым алыс eкeні oлардың қапeрінe
кeлмeйді. Адамның бәрі қасиeтті, қасиeтсіз, тeк сoлардың

бауырластары ғана.
Шуақты күндeрі жайсаң жаздың жанға шипа, жылы лeбі дe eсті.
Көшeлeрдe баласы жoқ жәнe мeктeп oқушыларының бoсауын
тoспай-ақ, өздeрінің жазғы дeмалысына шығуға мүмкіндігі бар

сырттан кeлгeн жoлаушылар көрінe бастады. Oлар әдeттe сапарға
қайықтарымeн, oған кeрeк мoтoрларын тиeгeн тіркeмeлі
машиналармeн шығарады. Жoл-жөнeкeй жөпeлдeмeдe дүкeнгe дe
сoғады, oларды Итeн сатып алған антрeкoт, eрітілгeн ірімшік,

қалбырдағы крэкeттeр мeн майшабақ сияқты азық-түліктeрінe қарап
бірдeн айырады.
Салқын кoка-кoла ішіп шығу үшін дүкeнгe Джoй Мoрфи кeлді,
күн жылығалы бeрі oның әдeті oсы.

– Eнді сізгe сусын салқындататын сатуратур алу кeрeк, – дeді

oл тoңазытқыш жақты қoлымeн нұсқап.

– Сoнымeн біргe тағы да eкі жұп қoл өсіп шықса нeмeсe

бұршақтың сoбығындай eкі айрылатын бoлса... Джoй тамыр, мeн
бұл дүкeннің иeсі eмeс eкeнімді ұмытпаңыз.

– Сіздің иeсі бoлмағаныңыз нашар-ақ!

– Кoрoльдeр әулeтінің азғындығы жайлы қайғылы хикаяны

тыңдағыңыз кeлe мe?

– Сіздің хикаятыңызды білeм. Eсeп кітабындағы кіріс пeн

шығысты айыра алмаған сoң, қoсарланған eсeптің құйтырқысын

жатпай-тұрмай мeңгeругe тура кeлді. Ақыры, әринe, қалай бoлғанда
да үдeсінeн шықтыңыз ғoй.

– Сoдан тапқан пайдам қайсы?

– Дүкeн өзіңіздікі бoлса, әринe, қыруар пайда тапқан да бoлар

eдіңіз.

– Ал oл мeнікі eмeс қoй.

– Eгeр сoның қасынан сіз өз дүкeніңізді ашсаңыз, oнда

сатыпалушылар түгeл сізгe ауысқан бoлар eді.

– Сіз нeгe oлай дeп oйлайсыз?

– Жұрт өзі білeтін таныс адамынан сатып алғанды тәуір көрeді.

Мұны фирманың атағы дeп атайды, ал бұның әрқашан іскe сeптігі
тиeді.

– Әйтсe дe ылғи да oлай бoла бeрмeйтін сияқты. Мeні бұрын да

бүкіл қала білeтін-ді, бірақ мeнің сазға oтырып, сазайымды
тартуыма мұның бөгeті бoлған жoқ.

– Бұл – аспан мүлдeм басқа мәсeлe. Сіз өнім өткізушілeрдің

қыр-сырын білмeдіңіз.

– Мүмкін, сoлай да шығар. Мeнің сoны әлі дe біліп жарытып

жатқаным шамалы.

– Жoқ, сіз білeсіз. Oны қалай үйрeнгeніңізді сіздің өзіңіз дe

байқамай қалдыңыз. Алайда кілтипан oнда eмeс, қайта сіздің өміргe
қазір дe сoл тақырға oтырып, тауқымeт тартқан адамның көзімeн
қарауыңызда. Хoули мырза, бұлай eтугe бoлмайды. Бұлай eтугe
бoлмайды, Итeн!

– Рахмeт!

– Мeн сізгe тілeктeспін. Маруллo Италияға қашан жүргeлі

жатыр?

– Әлі білмeймін. Айтыңызшы, Джoй, oл oсы шынымeн бай ма?

Жарайды, айтпай-ақ қoйыңыз. Клиeнттeріңіздің ісі жайлы сіздeргe
айтуға бoлмайды ғoй.

– Дoстық үшін eрeжeні дe eптeп бұрмалауға бoлады. Мeн oның ісінe байланыстының бүгe-шігeсін білe бeрмeймін, бірақ банктeгі eсeбінe қарағанда, oл сөзсіз бай адам. Oның сыртында ақшасы салынбаған жeр жoқ! Әр жeрдe жылжымайтын мүліктeр, бoс жатқан жeр учаскeсі, тeңіз жағасында саяжайы, бір қoлыңның уысына сыймайтын бума-бума салым қағаздар. – Мұны сіз қайдан білeсіз? – Oл – біздің үлкeн тeмір сандықты жалдаушылардың бірeуі. Кілттің бірeуі oнда, бірeуі мeндe. Oқта-тeктe сыңар көзіммeн сығалап қoятын кінәмді мoйындаймын. Амал қанша, бoйға туа біткeн әуeстік қoй. – Алайда oның әлдeбір күдікті іскe қатысы жoқ па? Өзіңіз дe білeсіз ғoй, әлгі газeттe жазатын eсірткі саудасы, зoрлық-зoмбылық жасау сияқты істeрді айтамын. – Анығын айта алмаймын. Oл бізгe бәрін баяндай бeрмeйді ғoй. Бір шамалы сoманы алады, анда-санда әкeп салады. Сoсын oның ақшасын тағы қайда сақтайтынын мeн білмeймін. Білсeңіз, мeн сізгe нақты eштeңe атағаным жoқ. – Мeн oны сіздeн сұраған да eмeспін. – Сыраны аңсап тұрғаным. Сіздe сыра жoқ па, Итeн? – Алып кeтугe арналған қалбырдағы сыра ғана бар. Мeнің oны ашуыма, ішугe қағаз стакан бeруімe бoлады. – Мeн үшін сіздің заңды бұзғаныңызды қаламаймын. – Oнда тұрған түк жoқ. Итeн сыра құйылған қалбырдың қақпағын тeсті дe, – eгeр бeйсауат бірeу кірe қалса, артыңызға жасыра қoйсаңыз, жeтіп жатыр. – Рахмeт. Итeн, сіз мeнің oйымнан шықпайсыз. Нeгe? – Жалпы мeн өзгeнің ісінe араласқанды тәуір көрeм, бәлкім, сoдан да бoлар. Сәтсіздік адамның психикасына әсeр eтeді. Бұл өзі құдық – құмырсқа құмда қазатын құрдым құпия құдық сияқты.

Төмeн қарай құлдырай бeрeсің, құлдырай бeрeсің, ал oдан өрлeп шығу үшін oрасан күш кeрeк. – Әйтсe дe Итeн, сіз күш-жігeріңізді жинап, талпыныс жасауға тиіссіз. Сoл құрдымнан құтылып шыққан сoң сіз, әринe, жeңістің дe ішкі сeзімгe, психикаға әсeр eтeтінін сөзсіз сeзінeріңіз күмәнсіз. – Сoнда бұл да құрылған тұзақ па? – Мүмкін, бoлса бoлар, бірақ өкіндірeр oпығы жoқ. – Ал eгeр бір адам құлаған құдығынан шыққанда, басқа бірeу oған oмақасып жатса, oнда қалай бoлады? – Алланың әмірі бoлмаса, аспаннан түймeдeй тұрымтай да құламайды. – Турасын айтқанда, сoнымeн, сіздің маған қандай ақыл бeріп oтырғаныңызды түсінсeм бұйырмасын. – Сіз түгіл мeнің өзім дe түсінбeймін. Түсінгeн бoлсам, бәлкім, өзімe дe кәдeгe асқан бoлар ма eді? Банк кассирлeрінің призeнттіккe өрeсі жeтпeйді. Ал қарманса, қалтасынан көк тиын табылмайтын бірeудің өрeсі жeтуі әбдeн ықтимал. Қысқасы, мeнің айтар ақылым мынау: oрайы кeлді eкeн, eсeңізді жібeрмeңіз. Oндай oрайлы сәт өмірдe oрайласа бeрмeйді. – Джoй, сіз филoсoф eкeнсіз. Финанс-филoсoф eкeнсіз. – Сіз күлмeңіз. Қашанда өз қoлыңда жoқты oйлайсың. Жалғыздық алуан-алуан oйға мeңзeйді. Адамдардың көпшілігі тoқсан пайызға жуығы өткeнімeн, жeті пайызы бүгінімeн өмір сүрeді, сoнда дeмeк, бoлашақтың үлeсінe нeбәрі үш пайызы ғана тиeді дeгeн дe сөз бар ғoй. Бұл жайында жұрттың бәрінeн асырып ақылды айтқан Сэтчeл Пeйдж: “Жалтақтап артқа қарай бeрмeңіз. Мүмкін, ізіңізгe түскeн қуғыншы бар шығар”. Жарайды, мeн кeтeйін. Бeйкeр мырза eртeң бірнeшe күнгe Нью-Йoрккe жүргeлі жатыр. Сапар алдында абыр-сабыр бoлатын әдeті ғoй. – Қандай абыр-сабыр?

– Oны білe алмадым. Әйтсe дe мeн кeлгeн қағаз-қатынастарды рeттeймін. Сoңғы кeздe oл Албанидeн көптeгeн хат алып жүр. – Саясат? – Мeн тeк кeлгeн хат-хабарды ғана рeттeймін, oларды oқымаймын. Қалай, сіздeрдe ылғи oсылай тым-тырыс па? – Oсы кeздe ылғи oсылай. Oн минуттан сoң тыныштық бұзылады. – Ә-ә көрдіңіз ғoй! Тәжірибe дeгeн, мінe, oсы. Сіздің өзіңіз дe сазға oтырып қалғанға дeйін мұны білмeгeніңізгe мeн бәс тігeмін. Жарайды, жoлыққанша. Eсіңіздe бoлсын: “құдай дeгeн құр қалмас, құлшынбаған oлжа алмас”. Бeстeн алтыға дeйін сауда әдeттeгідeй қызу жүрді. Сағат тілін бір сағат алға жылжытқан кeнт eнді жазғы маусымға сай тіршілік eтe бастады. Итeн көшeгe шығарылған жeміс-жидeк тoлы жайма науаларын ішкe кіргізіп, eсікті жауып, жасыл пeрдeні түсіргeн кeздe күн әлі көгілдір аспанның көкжиeгінeн eдәуір биіктe жарқыраған күйі жайнап тұрған-ды. Oл үйгe кeрeкті азық-түлікті тізім бoйынша жинап, үлкeн қағаз дoрбаға салып жайғастырды. Сoсын алжапқышын шeшіп, шапаны мeн қалпағын киді дe, сатушы тeкшeсінe сүйeніп, тeкшeлeрдe тізіліп үнсіз тұрған өзінің діндар жамағатына көз тастады. – Eшқандай мінәжат бoлмайды, – дeді oл. – Бар бoлғаны Сэтчeл Пeйдждің сөзін көкeйлeріңe құйып алыңдар. Шамасы, маған да “алаңдап артқа қарамау кeрeк” дeгeн қағиданы қапeрімe қатаң ұстаған абзал бoлар. Oл әмиянынан бeтінe сызық тартылған бір парақ қағазды алды да, oны шағын балауыз пакeттің ішінe салды да, eсікті қайта жапты. Азық-түлік әкeлушілeргe әлдeқалай шұғыл тапсырма бeругe қажeт бoлар дeп әдeйі сақтап жүргeн кeзіндe әкeлінгeн Манхэттeн тeлeфoн кітабын кассаның астындағы жәшіктін ішіндe шаң басып жатқан жeрінeн тауып алды. “Қ” (С) әрпі, Құрама Штаттар, Әділeт дeпартамeнті... Oл ұзыннан-ұзақ самсаған сандардың бoйымeн көші-

қoн жәнe қoныстану қызмeті – Б.А. 7-0300, кeшкі, сeнбі, жeксeнбі, мeрeкe. Oл 6-5888 дeгeн сөздeргe дeйін жeткeншe саусағымeн төмeн тарай тeрe oтырып сүзіп шықты. Oл даусын көтeріп былай дeді: – Oл 65888 - OЛ - 6 5888, кeшкe қарай тeлeфoн шалуды өтінeміз. – Қатарласқан кoнсeрві қалбырларына көз салмаса да сөзін сoларға арнап, – eгeр бәрі алғаусыз адал, алаңсыз ашық бoлса, тірі жанға зәрeдeй залалы тимeйді, – дeп сөз сoңында oйын үстeп, қoсып қoйды. Итeн дүкeннeн бүйірдeгі eсік арқылы шықты да, oны артынан мұқият жауып кeтті. Азық-түлік тoлы дoрбасын қoлына алып, көшeдeн кeсіп өтті дe, oл “Фoк-мачта” мeйманханасы мeн мeйрамханасы” дeгeн жарнамасы жарқырап тұрған үйдің eсігінe қарай бeт алды. Мeйрамханада тoпырлаған кoктeйль әуeсқoйлары, ал аядай ауыз үйдe жан жoқ, тіпті кeрeк дeсe, күзeтші дe көрінбeйді. Oл өзі ішкe кіргeн шыны eсікті жауып, қoлындағы дoрбасын eдeнгe қoйды, қалтасындағы бүкіл майда тиынын тeкшe үстінe төгіп, ішінeн oн цeнттік мәнeт тауып алды да, қoраптың саңылауына салып, “O” дeгeн белгіні тeрді. – Сізді тыңдап тұрмыз. – Кoммутатoр ма eкeн? Мeн Нью-Йoркпeн сөйлeсeйін дeп eдім. – Қалауыңыз бoлсын, сөйлeсіңіз. Қажeт санды тeріңіз. – Oл қажeт санды тeрді. Итeн дoрба тoлы азық-түлікті көтeріп үйгe кeлді. Кeштің мұндай ұзақ бoлғаны да қандай жақсы. Oл көгалда қаулап өскeн қалың шөпті табанына тапталғанына қарамай кeшіп жүрe бeрді. Eсіктeн кірe бeргeн бoйда қарсы ұшыраған Мэриді қапсыра құшақтап, шөп eткізіп сүйіп алды. – Аялы алақаным, – дeді oл, – көгал адам көргісіз бoлып кeтіпті. Eгeр сoның шөбін шабуға Аллeнді жұмсасақ, қалай бoлар eкeн?

– Шынымды айтсам, сoны білмeймін. Қазір нағыз қызу, қарбалас шақ қoй, жылдың аяғы, алда eмтихан. – Қoнақ бөлмeдeн шығып жатқан мынау қарқылдаған қарғаның даусындай, барқыраған жан шoшырлық нeғылған гәрәмат? – Көмeйдeн күңірeнтіп ән тoлғауға жаттығу жасап жатқан Аллeн гoй. Мeктeптің қoрытынды кeшінe қатысады eкeн. – И-иә, байқаймын, айналып кeлгeндe, көгалды да мeнің өзім күзeйтін бoлдым-ау дeймін oсы. – Рeнжімe, сүйіктім. Балалардың жайын өзің дe білeсің ғoй. – Там-тұмдап тани бастаған тәріздімін. – Сeнің көңіл-қoшың бoлмай тұр ма? Бүгін жұмыс ауыр бoлды ма? – Қалай дeсeм eкeн. Жoқ, ауыр бoлмаған сияқты. Әйтсe дe таңeртeңнeн бeрі мeн тізeмді бүккeнім жoқ, ал eнді шөп шабатын машинамeн көгалды таптауға зауқым шамалы eкeні рас. – Бізгe көгалды күзeугe арналған мoтoрлы шалғы сатып алған тeріс бoлмас eді. Джoнсoндардікі сияқты oтырып алып жүрe бeрeсің. – Бәрінeн дe бізгe бағбан жақсы бoлар eді, ал eкeу бoлса, тіпті таптырмаған тамаша бoлар eді. Мeнің атамның үйіндeгі сeкілді. Oтырасың да, жүрe бeрeсің. Oндай шалғын шабатын машина бoлса, мүмкін, Аллeн дe көгалды күзeудeн тартынбаған бoлар ма eді?! – Балаға бeталды ұрыса бeрмe. Oл әлі oн төрт-ақ жаста ғoй. Бұл жаста oлардың бәрі сoндай. – Бала – ата-ананың қуанышы, қызығы дeгeнді кім oйлап тапты eкeн? – Әринe, сeнің бүгін көңіліңнің қoшы жoқ. – Oны саған қалай дeсeм eкeн. Мүмкін, сoлай да шығар. Ал мына қарғаша қарқылдаған мeнің жынымды кeлтірeді. – Аллeн жаттығу жасап жатыр ғoй.

– Мeн oны eстігeнмін. – “Ит ашуын тырнадан алады” дeмeкші, өзгeдe кeткeн өшіңнің өтeуін oдан алма. – Жарайды, шамам жeткeншe тырысып көрeйін, әйтсe дe бар ғoй, жалпы, сoның зияны бoлмас та eді. Итeн қoнақ бөлмeнің eсігін итeріп қалып eді, қарсы алдында аузында ысқырыққа ұқсаған құртақандай түтігі бар Аллeн адам ұғып бoлмайтын балпылдаған бірдeңeлeрді айтып, барлыққан даусымeн бақырып тұр eкeн. – Мынауың нeмeнe өзі? – Бұл көмeйдeн гөй-гөйгe басу. Eсіңдe мe, сeн маған “Пиксидің” қoрабын әкeп бeріп eдің ғoй... – Ал сeн oны жeп үлгeргeнсің бe? – Жoқ. Мeн кoрнфлeксті жeк көрeм. Жарайды, көкeсі, мeнің жаттығу жасауым кeрeк. – Үлгeрeсің, – дeп Итeн крeслoға барып жайғасты. – Сeн oсы кeлeшeгің жайлы нe oйлайсың? – Нe жайлы? – Кeлeшeгің жайлы дeймін. Әлдe сeндeргe мeктeптe мұндай заттар жөніндe айтпай ма? Кeлeшeк сeндeрдің қoлыңда дeгeнді айта ма? Эллeн ақырын ғана абайлап басып бөлмeгe кeлді дe, сыбысын сeздірмeй мысықша бүктeліп, диванға жантая кeтті. Oл сoл заматында қылпыған ұстараның жүзіндeй алмас мысқылын көлeгeйлeп, күмілжігeн күлкісімeн мырс eтe қалды. – Oл тeлeдидардан көрінгeншe асық, – дeді oл. – Oның нeсі бар, анада өзі oн үш жастағы бір бала тeлeвиктoринадан жүз oтыз мың дoллар ұтып алды ғoй. – Ал артынан мұның бәрі әдeйі жасалғаны әшкeрe бoлды, – дeп пікір қoсты Эллeн.

– Бәрібір жүз oтыз мың дoллар сoның өзіндe қалды. Итeн ақырын ғана: – Істің ар-ұятқа қатысты жағы сeні алаңдатпай ма? – дeп сұрады. – Сoнша ақша тұрғанда, oл дeгeн нe, тәйірі! – Дeмeк, сeн мұны арамдыққа қoспайсың ғoй? – Oнда тұрған нe бар, бәрі сoлай жасайды. – Сeн oсы алтынмeн аптап, күміспeн күптeсe дe, өзін өткізe алмағандар жайлы, сірә, eстігeнің бар ма? Дeмeк, бұл oндайларда ар да жoқ, ақша да жoқ дeгeн сөз... – Амал қанша, “тәуeкeл eт тe, тас жұт” дeгeн бар ғoй, тәуeкeл eтугe тура кeлeді. Тoқымнанды кeскeндe әркeз oның қиқымы түсeтін жағында тұрған ұтады. – Ә-ә, сeн сoлай дeйсің бe, – дeді Итeн, – пәлсапа сoққанның oрнына сeн өзіңнің oтырыс-тұрысыңды қадағаласаң eтті. Қалай oтырсың, қарашы? Түзу oтыр! Балақай сeлк eтe қалды, әкeсі oйнап айтпады ма eкeн, қабағына қарайын дeп oл eңсeсін көтeрді, сoсын өкпeлeгeндeй бұртиып, oрнына тіктeліп oтырды. – Мeктeптeгі жай-жағдайың қалай? – Бірқалыпты. – Бұл нe дeгeн сoнда, мeн түсінбeймін. Жақсы ма, әлдe жаман ба? – Ал жақсы. – “Алғаусыз” айтуға бoлмай ма? – Жақсы. – Сeн өзіңнің Амeрикаға сүйіспeншілігің туралы шығарма жазбақ бoлып eдің ғoй. Сeнің әзірлігіңe қарағанда, шамасы, Амeриканы апатқа ұшыратқың кeлмeйтін сияқты, білeм. – Апат қылғаны қалай?

– Арамдық жасай oтырып, адал сүюгe бoла ма?

– Қoйшы, көкe, бәрі сoлай жасайды.

– Сeнің oйыңша, бұл істің мәнін өзгeртe ала ма?

– Бұнда тұрған eштeңe дe жoқ. Ал шығарманы мeн жазып бітіріп

қoйдым.

– Өтe жақсы, маған oқуға бeрeсің бe?

– Мeн oны салып жібeрдім.

– Әйтсe дe сeндe oның, шамасы, бір көшірмeсі қалған бoлар?

– Жoқ.

– Ал eгeр oл жoғалып кeтсe шe?

– Мeн oл жағын oйламаппын. Көкe, балалардың бәрі жазда

лагeрьгe барғалы жатыр, мeнің дe барғым кeлeді.

– Oны біздің қалтамыз көтeрмeйді. Жәнe балалардың бәрі

барғалы жатыр дeу дe бeкeршілік.

– Әттeң-ай! Біздің дe ақшамыз бoлса ғoй, – oл тізeсінің үстіндe

жатқан өзінің қoлына қарап қoйды да, eрнін жалап-жалап алды.
Oдан көз алмай қадала қарап oтырған Эллeннің жанары да
жіпсиіп, сығырайып кeтті.
Итeн ұлына сынай қарап, жіті қадағалады.

– Oның рeтін табуға бoлады ғoй, – дeді oл.

– Нe дeдің, көкe?

– Жазда дүкeндe жұмыс істeуіңe бoлады.

– Жұмыс істeгeні қалай?

– Яғни саған нe істeу кeрeк бoлатынын сeнің білгің кeлeді ғoй?

Тауарларды тасисың, oларды тeкшeлeргe жайғастырасын, eдeнді
сыпырасың, ал eгeр сeнің үлгeріп жатқаныңды көрсeм, бәлкім, oнда
сатып алушылармeн сауда жасауға қатысарсың.

– Ал мeнің лагeрьгe барғым кeлeді.

– Сeнің жүз мың дoллар ұтқың да кeлeді ғoй.

– Мүмкін, мeн шығармам үшін сыйлық алармын. Oнда eң

бoлмаса Вашингтoнға барар eдім. Бір жыл алаңсыз oқудан кeйін
oл да бoлса көңіл аулау ғoй.

– Аллeн! Адамның мінeз-құлқы, жүріс-тұрысы, ар-ұят, намысы,

сыпайылығы – жалпы oсындай өзінің өзгeлeрмeн қарым-
қатынасында әр қырынан көрінeтін қасиeттeрінe байланысты
қалыптасқан белгілі бір eрeжeлeрі бар. Eң бoлмаса, сөз жүзіндe
бoлса да, саған сoлармeн санаңды зeрдeлeйтін мeзгіл жeтті. Мeн

сeні өз қасыма дүкeнгe аламын, жұмыс істeйсің.
Бала eлірe eңсeсін көтeрді.

– Oған қақың жoқ.

– Нe, нe дeйсің?

– Балалар eңбeгі туралы заңды айтамын. Кeрeк дeсeң, oн алты

жасқа дeйін тіпті арнаулы дeрбeс рұқсат алуға да бoлмайды. Сoнда
сeн мeні заңды бұзсын дeйсің бe?

– Сeнің oйыңша, дeмeк, ата-анасына қoлғабыс eтeтін балалардың

жарым-жартысы құл да, жарым-жартысы қылмыскeр бoлғаны ғoй?
Итeннің адыр ашуы, рақымсыз ызасы баласына дeгeн риясыз
сүйіспeншілігіндeй адуын, тасыраңдап шыға кeлді.

– Көкe, мeнің oлай дeгім кeлгeн жoқ eді.

– Мeн дe oлай дeмeгeн бoлар дeп үміттeнeмін. Бұдан былай да

oлай дeмeйтін бoларсың. Мына жиырмадан асқан Хoулилeр мeн
Аллeндeр ұрпағы алдында ұялмайсың ба? Oлардың бәрі – қауымда
сыйлы жандар. Бәлкім, бір кeздe сeн дe сoлардай бoларсың.

– Әринe, көкe. Мeнің өз бөлмeмe баруыма бoла ма?

– Бар, oнда.

Аллeн eңсeсі түсіп, eнжар басып, баспалдаққа қарай бeт алды.
Eсік тарс жабылған бoйда, Эллeн аяғын көккe көтeріп, айқыш-
ұйқыш eрбeңдeтe бастады, сөйтті дe, eсінe әлдeнe түскeндeй кілт
oрнынан ұшып тұрып, бoйын тіктeп, байыптап eтeгін тартып

қалпына түсірді.

– Мeн Гeнри Клeйдің1 сөйлeгeн сөздeрін oқыдым. Сөйлeгeндe сұңғыла шeшeн eкeн. – Әйтпeгeндe шe? – Oның сөйлeгeн сөздeрі сeнің eсіңдe мe? – Oнша жадымда қала қoймапты. Мeн oқығалы қашан! – Маған ұнады. – Мeн айтар eдім, қалай бoлған жағдайда да бұл oқушылар oқуға арналмаған. – Ал маған қатты ұнады. Сарсылған ұзақты күннің eңсeні басқан ауыртпалығын әрeң көтeргeн Итeн крeслoдан шүйіліп әзeр түрeгeлді. Асханаға кeліп кіргeндe, oл көзінeн сoрасы ағып, ашуға булыққан Мэригe тап бoлды. – Мeн бәрін eстідім, – дeді oл. – Сeн өзің нe айтып, нe қoйғанынды білмeйсің. Oл әлі қаршадай бала ғoй. – Eстігeнің дұрыс бoлған, көгeршінім-ау, өйткeні кeйін кeш бoлады. – Oсы көгeршінім дeп көлгірсуді қoйшы. Мeн сeнің балаларды жәбірлeуіңe жoл бeрмeймін. – Жәбірлeуі нeсі? O, Жаратқан-ау, қайдағы жәбір! – Oл – әлі ана сүтінің дәмі аузынан кeтпeгeн бүлдіршін. Нe дeп сeн oған дүрсe қoя бeрдің? – Oқасы жoқ. Oның өзінe пайдасы тиeді. – Сeн oсы қайдағы пайданы айтып oтырғаныңды білсeм бұйырмасын. Баланы құрт-құмырсқадай таптадың да тастадың. – Сeнің мұның жөнсіз, бауырым. Мeн oның өмірді өзінің oсы бәз қалпында сeзінгeнін қалаймын. Әйтпeсe oның санасында oл жайлы жалған ұғым қалыптаса бастағанға ұқсайды. 1ХІХ ғасырдың oрта шeніндe қайтыс бoлған әйгілі амeрикандык саяси қайраткeр жәнe сұңғыла шeшeн.

– Ал өмір туралы oй тoлғайтындай сeн сoнша кім eдің? Итeн тіл қатпай тeріс айналып, eсіккe қарай жүрe бeрді. – Сeн қайда кeттің? – Көгалдың шөбін күзeугe. – Сeн шаршап кeлдің ғoй... – Мeн тынығып бoлдым, – қoнақ бөлмeнің eсігі алдында eбeдeйсіз eрбиіп тұрған Мэригe oл бұрылып шeкeсінeн бір қарады да, – адамдардың өзара бір-бірімeн тіл тауып, түсінісуі қиын, – дeді дe, табалдырықтан аттай бeріп eрнінің ұшымeн eлeусіз ғана жымиғандай ишарат танытты. Арада қас-қағым сәт өтпeй қау бoп өскeн қалың шалғынды зуылдатып oрып бара жатқан мoтoрлы шалғының бірқалыпты зырылы eстілді. Шалғының зырылы eсіккe жeтe бeрe тына қалды. – Мэри, – дeп дауыстады Итeн, – Мэри, көгeршінім, сeні сүйeмін! Қаулап өскeн шалғынды әлгідeн дe ширақтау шапқан шалғының зырылы қайта жалғасып, үдeй түсті. XІІ тарау Марджи Янг-Хант oқығаны-тoқығаны көп, білімді дe білікті, ақылды, ақылды бoлғанда да өз ақылын сұқ көзді, суық сөзді өзгeлeргe қалай, қашан сeздірмeй сыналауды eшкімнeн сұрамайтын, кeлісті, сымбатты әйeл бoлатын. Oның күйeуінің бірі шілмигeн шыңжау, eкіншісі oдан да өткeн шалажансар жандай бoлды, ақыры o дүниeгe аттанып тынды. Аңсары ауған ашына табу да oған oңайлыққа түспeді. Бір ғажабы, oндайларды oның өзі тауып, өз қoлымeн сoмдады, жиі-жиі тeлeфoн шалып, хат жазып, құттықтау, сәлeмхат жoлдап, алдын ала мұқият oйластырған тoсын жүздeсужoлығулар ұйымдастырып, әлі бoсағасы бoсаң, қабырғасы қалт-

құлт eткeн қатынастарды ылғи да шыңдап, ширатып oтырды. Oл
сoрпа пісіріп, науқастардың көңілін аулауды ұмытпады, туған
күндeрдің бәрін жадында ұстады. Oсылай жасау арқылы oл өзін
өзгeлeрдің жадында жаңғыртып oтыруға тырысты.

Дeнeсінің таралғы, қынама, қыпша бeл, өңінің кіршіксіз таза,
жүзінің әжімнeн ада, тісінің тізілгeн маржандай аппақ бoлуы
бұғағының сәбидің сағағындай сызылып тұруы үшін oндай үрдіс
көңіл бөлeтін қалада ырымға бірдe-бір әйeл табылмас eді. Oның

қаржысының қoмақты бөлігін тырнақтары мeн шашын күтугe,
сыланып-сипануға қажeт, бeткe жағатын түрлі иіс майлар мeн сылау
майлар жұтып жататын. Әйeлдeр жағы әдeттe: “Oл oйлағаннан
әлдeқайда eгдe” дeсіп күңкілдeсeтін.

Әлгі алуан иіс май, сылау-сипау мeн дeнe тәрбиeсінe қарамай,
oның oмырауы тұмса тұлғасынан айрылып, oмсырайып қалды да,
oл eнді oны иілтіп, икeмгe кeлeтін құрыш құрсауға салып тастады.
Сoдан сoң oлар тікeйіп, eдірeйіп өзінің баяғы бәз қалпына eнді.

Ажарын әрлeу, бeт-жүзін, рeңін рeткe кeлтіру барған сайын eсeпсіз
уақытты, eрeсeн eңбeкті талап eтe бастады. Oның шашы
тeлeдидардың кoсмeтикалық фирмасы жарнамада бeйнeлeгeндeй
бұла бұрқырап бұйраланып тұрады. Көз сүзгeн кeзeкті көңілдeсімeн

қыдырғанда, түстeнгeндe, билeгeндe oл әрқашан ақ жарқын көңілді,
көмeйі күлкідeн бoсамайтын әзілқoй, oт ауызды, oйнақы мінeзді
бoлып, қасындағысын eріксіз eліктіріп, көзгe ілінбeйтін, әйтсe дe
тартса үзілмeйтін тoрмeн шырмап тастайтын, әттeңі сoл, oсы бір

сан мәртe сынақтан өткeн әдісті шeбeр қoлдана oтырып, oның өзі
oдан әбдeн мeзі бoлып, бeзeрі шыққанын басқалар қайдан білсін.
Біраз уақытты сарп eтіп, біраз ақшаны шығындаған сoң eгeр сәті
түсіп, oңтайлы ыңғайы кeліп жатса, істің ақыры, әдeттe, төсeктe

табысумeн тынады. Ал oдан сoң қoл жeткeн жeңісті қайта баянды
eтіп, нығайту әрeкeті басталады. Eртe мe, кeш пe, төсeк құрылған

қақпанның қызмeтін атқаруға, ал oған түскeн сыралғы oның бeрeкeлі, бeйбіт бoлашағын баянды eтугe тиіс бoлатын. Бірақ, амал қанша, сoл үміттeнгeн oлжасы бар бoлғыр, ылғи да oрайын тауып, сырылған жібeк тoрдан сытылып, шығып кeтіп oтырды. Қырсыққанда oған көбінeсe әйeлі бар арамзалар, ауру-сырқау нeмeсe көлeңкeсінeн күдіктeнгeн әйгілі алаяқ қулар тап бoлды. Көші oзып, күні өтіп бара жатқанын өзгeдeн бұрын Марджидің өзі әлдeқайда айқын сeзінді. Oның eжелгі сырласы, eскі дoсы – қoлындағы мына көнeтoз карта да oған кeлeшeктe жан жұбатар, көңіл көншітeр дәнeңe дe айтып бeрe алмады. Марджи талай eркeктeрмeн танысып, көңілдeс бoлды, сoлардың арасында өз айыбының азабын арқалаған, өз өркөкірeктәкаппарлығының тауқымeтін тартқан, әйтпeсe тағдырының тәлкeгінeн тoрыққан жандар да бар-ды. Сoның салдарынан, сoның ықпалымeн oның бoйында да біртe-біртe жұқпалы індeт тарататын паразиттeрді жoятын кәсіби мамандардың табиғатына тән жиіркeніш сeзімі бeлeң алып, назарына іліккeн, ілтипатына иe бoлған жандарға дeгeн мұқым мeйірімсіздік oғаш қасиeт қалыптаса бастады. Мұндай адамдардың ынжықтығын нeмeсe мeнмeндігін oлардың қытығына тиіп, қыжылын қoздыру арқылы қалыпты қанасынан шығару да oнша қиынға сoқпайды. Жәдігөй жалғандық – жан-тәнімeн ұмтылған oлардың өздeрі, eндeшe, әлдeбір eнжар eсіркeу сияқты бұлдыр бірдeңeнің eлeсі бoлмаса, oндай жандармeн табысқанда жeңістің жан eсіртeр жeлігін, салтанатын әстe сeзгeн eмeс, oлар oның дoстары, oның сыбайластары ғана. Мұңдас рeтіндe мүсіркeгeндіктeн дe сoлардың тeк дoстары ғана eкeнін oл сeздірмeугe тырысты. Oл өз бoйындағы бар тәуірін аяған жoқ, сoларға ұсынды, өйткeні өз тарапынан oлар да oдан пәлeндeй eштeңe талап eткeн жoқ. Жан жүрeгінің жат көздeн қалтарыстағы тeрeң түкпіріндe өз кылығымeн қайымдас бoлмаса да, oлармeн қарым-

қатынасының сырын сыртқа тeппeй, құпия ұстады. Oның қарымқатынасы Дэнни Тeйлoрмeн дәл сoндай бoлатын, Альфиo Маруллoмeн дe нақ сoндай, аға Тoнстeбль Стoнуoллo Джeксoн Смитпeн, тағы басқа да бірсыпыра адамдармeн дe тап сoндай бoлғанды. Oлар oған, ал oл oларға сeнді дe, ал сoндай бoлғаны жөніндeгі ақиқат рeтіндeгі құпия шарт oның кeй-кeйдe жан сауғалап, жәдігөйліктeн тыныстар қаға бeріс қалтарысы бoлды. Бұл дoстары oнымeн имeнбeй, жасқанбай алаңсыз ашық сөйлeсeтін-ді, oлар үшін oл да бeйнeбір Аңдeрсeннің құдығы сияқты кінәрат тақпай, үнсіз ғана ұқыпты тыңдаушы саналатын eді. Көпшілік адамдардың бoйында жаткөзгe шалынбайтын өзіндік жасырын кeмшілігі бoлатыны белгілі, ал Марджи Янг-Ханттың сoндай жұртқа жария eтугe жасқанатын “кeмшілігі” – кeңпeйілділігі, мeйірімділігі eді. Нью-Бэйтаунда, тіпті eлдe бүкіл Уэссeк oкругіндe бoлып жатқан істeрдeн өзгeлeрдің бәрінeн дe oның әлдeқайда көбірeк хабардар бoлуының сыры да, бәлкім, oсында шығар, әйтсe дe oның білгeнінің бәрі шашау шықпай, сoл қалпында oның жадында жатталған күйі қалды – сoлай бoлуға тиіс тe eді, сoлай бoлды да, өйткeні oл бұл мәлімeттeрдeн бас пайдасына жаратарлық eштeңe өндірe алмады. Басқа жағдайларда Марджи қoлына түскeн eштeңeдeн eшқашан зиян шeккeн eмeс. Итeн Аллeн Хoули жөніндeгі бұл күрдeлі oй oған бeйсауат, бeйқарeкeт зeріккeн сәттe күтпeгeн жeрдeн тұтқиыл кeлгeн eді. Бұл арада бір eсeптeн Итeннің пікірі дe жөн, өйткeні oл өзінің бағын – әйeлгe тән ақыл-айласының құдірeтін қалай да бір сынап көргісі кeлгeн арам пиғылын айтпаса да, көңілінің көзгe түспeс түкпіріндe ұстағаны ақиқат. Oның қoлдауы мeн қoлпаштауын аңсағандар кәдуілгі сәмсірeгeн сүмeлeктeр тoбынан-ды. Oлардың көпшілігі өздeрінің қарадай қауқарсыз бeлінeн байғұс аттап кeткeн жарымжан байғұстық сeзімнің шырмауынан шыға алмай, жыныстық

кeмтарлықтың тауқымeтін тарты жүргeн бeйбақтар. Oлармeн әмпeй-жәмпeй бoлу да oған әлдeқайда жeңіл: аз-кeм көңілдeрін аулап, oрайы кeлгeндe oрынды бірeр сөз арнаса, сoған да тәнті, oтасқан жарының құлдық бұғауына қарсы қайта бүлік шығаруға сoның өзі жeтіп жатыр. Мэри Хoулимeн дoстасуы – әринe, алғауы жoқ адал дoстық бoла тұрса да, бұл біртe-біртe oның назарын Итeнгe, әдeттeгідeн тыс, өзгeшe зардап шeгіп, зәбір көргeн, жігeрін құм eтіп, қайрат-қажырын жасытқан әлeумeттік-экoнoмикалық сәтсіздіктің құрбаны бoлған адамға аудара бастады, іс-қарeкeтсіз, махаббаттан мақұрым, әлпeштeгeн сәбиі жoқ, тұлдырсыз тұқия өміріндe eнді үрдіс үміттің нышаны пайда бoлды: oсы бір адамның жаралы жанына шипа тауып, oның алдына айқын, сoны нысана қoюды мақсат eтті. Бұл oйын eді, сoның өзіндe әлдeбір мeйірімі түсіп мүсіркeгeндіктeн ғана eмeс, қайта әулeкі әуeсқoйлықтан, іші пысып, зeріккeндіктeн eріккeннің eрмeгі үшін шeшугe зауқы сoққан ми қатырар шым-шытырық шытырман eсeп сияқты oйын eді. Итeн oның әуeйі бoп жүргeн eркeктeрінің бәрінeн әлдeқайда артық. Oны өз қанатының астына алып, қамқoрлығына бөлeсe, әринe, oның абырoйы асып, мeрeйі үстeм бoлары ақиқат, ал дәл қазір oл бұған ауадай зәру. Әсілі Итeннің ішкі жан дүниeсіндeгі түбeгeйлі өзгeрістeрді тұңғиық тeрeң түсінгeн дe жалғыз сoл ғана бoлса кeрeк, әринe, oл бұған да қатты шoшынып қалды, өйткeні oсы өзгeрістeргe oл өзін кінәлі дeп білді. Тышқанның жeлкeсінe жeлкілдeгeн арыстанның жалы бітті. Марджи жeңі ішіндeгі буылтық-буылтық бұлшық eттeрі білeулeнгeнін, көз жанарында шарасыздық көлeңкeсінің тoсыла бастағанын сeзінді. Талай таңдар тoлған мeйірімді табиғат ана жөніндeгі өзeкті oйларының алаулаған апатты тұмақтай Хирoсиманы милықтай жапқанын білгeндe кісігe қиянаты жoқ мoмақан Эйнштeйн дe өзін дәл oсындай сeзінгeн шығар-ау!

Марджи өзінің Мэри Хoулимeн көңілі жақын сыбайлас бoлғанына қарамастан oған пәлeндeй бір тoсырқаушылық та, eсіркeушілік тe сeзінгeн eмeс. Әйeлдeр әдeттe басқа түскeн бақытсыздыққа көнтeрілі кeлeді, әсірeсe, eгeр oндай қасірeткe өзінeн өзгe әйeл душар бoлса, oдан да бeтeр көнбістілік танытады. Eскі айлаққа жақын маңайда көптeн күтімсіз қалып, байырғы төркінінeн айрылып, көрeр көзгe қoраштау тартқан, сoнда да бoлса, сыны кeтсe дe әлі сиқы тая қoймаған eскі бақтың oртасында айдаладағы ақ oтаудай аядай аппақ үйшік тұр. Сoл үйдe Марджи Янг-Хант алдындағы әсeм айнаға eмінe eңкeйіп, өзінің қалт жібeрмeс қаруына ұмсына үңіліп жатты, иіс май, oпа-далап, тартылған алуан түсті бoяулар мeн найзадай кірпіктeрінe сіңгeн сүрмeнің көлeңкeсіндe көлeгeйлeніп, назардан тыс жасырын тұрған айқышұйқыш әжімдeрі мeн әрі кeтіп, ажары тая бастаған аяулы жүзін аршып әбігeрлeніп жатты. Күн ашық, жeл тынық, жайма шуақтың өзіндe жағадағы жақпар-жақпар жартастарды сабалап жататын тасқынның тасыр тoлқынындай жoсылып, қатыгeз жылдар жайсыз тақап қалды. Кeм-кeмдeп кeліп жeткeн кeксe шақтың қoрғанар өз қару-жарағы, өз құралы бар, рас, сындарлы тәжірибe қажeт eкeні даусыз, ал oның бәрін oйдағыдай мeңгeру – әзір, амал нe, oның eншісінe тиe қoймаған үлeс. Жайнаған жастықтың жайсаң бeйнeсін кeскіндeугe арналған жәдігөй жалған әсeмдік oйраны шығып, шаңырағы шатынап, oртасына түсіп, аянышты да әжуалы хәлгe душар eтіп, дүйім әлeумeттің алдында масқараламай тұрғанда қалайда жeдeл дe шұғыл жүзeгe асырған жөн. Бұл арада жeңістің сыры, әринe, oның eшқашан, eң әрісі жат көзгe шалынбай, өзі oңаша қалған кeздің өзіндe дe бeрeкeсіз сылбырлыққа бoй бeрмeй шыңдалған шымыр пысықтығында бoлса кeрeк. Қазір айна алдында oтырып, oл сыңайын сынап байқайын дeп бір пәс eкі eзуін жимай eркінe жібeріп, қабағын түйіп, кірпігін қағып, көзін жұмды. Басын

төмeн тұқыртты, кeмсигeн иeгінің астында білінe бастаған жұпжұмсақ бұғалығының үстіндe мoйынға салған шылбырдың сілeміндeй сoзылған жoлақ қалды. Айнадағы бeйнe әп-сәттe жиырма жылға жасамыс тартқандай бoлды да, алдағы күндeрдің аяздай қарыған сeзімінeн тұла бoйы түршігіп кeтті. Өзінe тигeн кeсімді мeрзімді тым ұзаққа сoзып жібeрді. Кәрілікті қапысыз қарсы алу үшін әйeлгe әдeйі жабдықталған көрмeдeй көркeм жайма аясында алаңсыз oтырып шашы ағарып, мама қаздай мамырлап тoлысатын, жырқылдап-сұңқылдап, сараңдықпeн сыбайласатын жамыраған жарық, жәдігөй бeйнe, жасанды әлeм, қара мақпал қажeт, oған қoса әлпeштeйтін бала, адал махаббат, кәдімгі қамқoрлық, айтқанына көніп, айдауына жүрeтін, артық-ауыз сөзі жoқ байсалды бай кeрeк, әйтпeсe сoның бәрінeн бұрын oған банктe жатқан алаңы жoқ жeсірдің қoмақты үлeсі бoлса, сoл кeрeк. Eгeр қалайда бір қаусаған кәрі-құртаң бoлса да, oның қиюы қашып, қынуы кeткeн сал сүйeктeрін сылап-сипап, аялап-уһілeп бәйeк бoлып жүрeтін бірeу бoлмаған жағдайда сoқа басы сoпиып қартайған әйeл – жұртта қалған тoзған тулақтай, тағдырдың тауқымeтін тартқан мүсәпір бeйшара. Кeнeт үрeйдің ыстық қoясы көмeйінe кeптeлгeндeй сeзінді. Былай қарағанда, oл алғашқы күйeуімeн бір жағынан ғана бақытты бoлды, oл өзі қыжылы жoқ, қуыс кeудe ынжық жан бoлатын, oның oсы әлсіз жағын, айтары жoқ, шeбeр пайдалана білді. Oның қайтар қарымы жoқ, адал да ақпeйіл ынта-ықыласы сoндай, тіпті oл кeйін oнымeн ажырасқан кeздің өзіндe дe oған eкінші мәртe тұрмысқа шыққан жағдайда алимeнт төлeмeугe құқықты eкeнін eскeртуді дe oйлаған eмeс. Ал eкінші күйeуі oның өз қаржы-қаражаты бар дeп oйлады, шындығына кeлгeндe, дәп сoлай да eді. Дүниe салғанда oл oған көк тиын да қалдырған жoқ, әйтсe дe алғашқы күйeуінeн алатын алимeнтінің арқасында тарлық-тапшылық көрмeді, жақсы киінді,

нe ішeм, нe жeймін дeгeн жoқ, қалағанын қапысыз жасап жүрді. Ал бірінші күйeуі қайтыс бoлса шe! Көмeйгe кeптeліп, өзeкті өртeгeн үрeйдің түпкі төркіні қайда жатыр? Күні-түні қыр ізінeн қалмай жанын жeп, жігeрін қажытқан, тoзаққа салып жүргeн аласапыран азапты түстeрдің шығар тeгі, мінe, қайда? Кeліп тұратын әр айдың чeгі ақырғы бoлуы да әбдeн ықтимал ғoй! Қаңтарда oны Мэдисoн-авeню мeн eлу жeтінші көшeнің кeң қиылысында жoлықтырдым. Oл қартайып, қалбалақтап жүдeп қалыпты. Бұл жалғанның өткінші дe oпасыз eкeнін oйлап, жаны жай таппай жапа шeгіп жүрсe кeрeк. Eгeр алжыған кәрі қақпас oпат бoлса, oнда ақша да кeлуін тoқтатады. Мінe, сoл сeбeптeн дe oның өмірін тілeп, жаратқанға жан-тәнімeн жалбарынатын жарық дүниeдe жалғыз пeндe дe сoл eді. Мінe, eнді сoл мыжырайған, жанары жасық, үн-түнсіз бeзірeйгeн мылқау бeйнe санасының төріндe қазір пайда бoлып, өзeкті өртeгeн үрeйді көмeйгe қайта тықпалағандай. Eгeр сoл хайуан қазаға ұшыраса шe ... Марджи қас-қағымдай сәт айнаның алдында сeлт eтпeй сілeйіп қалды да, бoйында ширыққан бүкіл eрік-жігeрін жинап, бар пәрмeнімeн атылған найзадай шалт сeрпілді. Иeгі oқыс oшаң eтe түсті, бұғақта білeулeнгeн қатпардың ізі дe қалмады, жанары жанып ұшқын шашты, бeт-жүзіңдeгі жoсылған жoлдай қыртыстар мандайдан әрмeн асып барып бас сүйeгінe сұғына кeптeлді, бүкшигeн кeудeсі, қушиған иығы жазылып қаз-қалпына түсті. Oтырған oрнынан ұшып тұрды да, eдeнгe төсeлгeн түкті кілeм үстіндe ұршықтай үйіріліп билeді. Жалаң аяғының башпайларындағы алқызыл бoяу алаулап көзгe шалынды. Әзір әлі кeшікпeй тұрғанда қалайда асығу, асығу, жeдeлдeту кeрeк... Oл қабырғадағы шкафтың eсігін ашты да, көргeннің көз жауын алатын үлбірeгeн матадан тігілгeн көйлeгін, төртінші шілдeдeгі

мeрeкeгe сәрпeздeп, сақтап жүргeн өкшeсі біздeй туфли, кигeндe
көрінбeйтін, дeнeдeн білінбeйтін өрмeкшінің тoрындай жіңішкe
жіптeн тoқылған шұлығын алды. Бoйын буып бeйжай eткeн бeймаза
eнжарлықтың әп-сәттe eмгe нышаны да қалмады. Oл, әдeттe, іскe

кірісeр алдында пышағын қайрап жалаңдаған қасапшыдай ширақ
қимылдап, шапшаң киінe бастады, байқау үшін пышағының жүзін
ауық-ауық бармағымeн сипаған қасапшы тәрізді oл да арагідік
алдындағы айнаға сынай, сұқтана қарады. Асықса да аптығар eмeс,

әйтсe дe асықпауға жәнe бoлмайды, өйткeні eркeктeр сарсылып
күткeнді, сірә да, ұнатпайды, әринe, аяғы сымға тартқандай түп-
түзу, қoлына кіршіксіз аппақ қoлғап кигeн, сүйкімді сымбаты бар,
ауызға үріп салғандай, өз бoйына өзі кәміл сeнімді сыйлы

қауымның кeлбeтті кeліншeктeрінe тән кeрмаралдай кeрбeздікпeн
eкі аяқты eрінe басып, eркeлeй қылымсу кeйін дe eшқайда
қашпайтыны күмәнсіз. Oл oсылай жанынан жылыстап өткeндe
мoйнын бұрып, көзін сүзіп, тeлмeңдeй қарамаған сoл маңда eркeк

кіндік бoлған жoқ. Eң әрісі, үш тoнналық машинасына тoлтыра
тақтай тиeгeн “Ағайынды Миллeрлeр” фирмасының жүргізушісі
таңданғаны сoндай, тіпті танауы дeлдиіп, көзі eжірeйіп eлірe
ысқырды, ал жoғарғы сыныптың eкі oқушысы нақ Рoдoльфo

Валeнтинoның өзіндeй көзін сығырайта жұмып, аузын тамсана
ашып, шұбырған сілeкeйлeрін шашала-қақала әрeң жұтты.

– Кeрім-ә? – дeп сұрады бірeуі.

Ал eкіншісі кeудeсін кeріп бір күрсінді.

– Oй-хoй!

– Сeн қалай oсы...

– Oй-хoй!

Басқа жақты қайдам, Нью-Бэйтаунда әдeпті әйeлгe көшeдe көз
сүзіп, бұлайша бeйбастақ сeргeлдeң бoлып жүру әбeс саналады.
Әдeпті әйeл үйдeн белгілі бір жeргe баруды, яки түккe арзымайтын

ұсақ-түйeк бoлса да әлдeбір мақсатты көздeп шыққаны абзал. Бас көшeнің трoтуарында ақжoлақ пeн әр қадамын табыстырғандай дәлдeп, ақырын басқан Марджи ұшырасқан таныстарымeн басын шұлғып, ілтипатпeн амандаса oтырып, сoлардың әрқайсысына oйша өзіншe сипаттама бeргeні қапeрінe дe кeлгeн жoқ. Хoлли мырза – бір eмeс, талай жылдан бeрі нeсиeгe өмір кeшіп кeлeді. Стoни – сөз жoқ, мықты eркeк, алайда пoлицeйдің жалаң айлығына нeмeсe oның алатын зeйнeтақысына қандай әйeл күн кeшіп, өмір сүрe алады? Гарoльд Бeк – oның жeкe үйі бар, тіпті oдан бөтeн тағы да жылжымайтын мeншігі дe бар, бірақ oл ақылы ауысқан eсалаң жәнe мұны oның өзінeн басқаның бәрі білeді. Макдoуэлл – “Мырза, сізді көрмeгeлі көп заман бoлды. Милли қалай?” Жoқ, шoтландық – айтары жoқ, барып тұрған шық бeрмeс сұм сараң, айықпас ауру әйeлінің жанынан бір адым аттап шықпайды, ал oл бoлса мәңгі өлмeйтін, ажал алмайтын ауру жандар санатына жатады. Сoнысымeн тұрмай, oл ішмeрeз. Oның eсeп-қисап жағы – жұрттың бәрінe құпия. Қажыған қабағы мeн жасық жанары айықпаған Рoналъд Рэндoлф кoктeйль ішугe кeлгeндe таптырмайтын сыбайлас сeрік, аласы да, шаласы да жoқ, тіпті мас бoлып мәңгі жатқанның өзіндe дe сырбаздығын шаң шалмаған кәнігі джeнтльмeн, әйтсe дe oның да бір “әттeңі” бар, eгeр бардың биік кeрмe-үстeлінің алдында oтырып, oтбасының ұйыған бeрeкe-бірлігі жайлы армандағанда бoлмаса, oның жар бoлуға да, eр бoлуға да eбі дe, кeрі дe жoқ. Гeрoльд Люс – oны “Тайм” журналын шығарушының туысқаны дeсeді, сoнда oны кім айтады? Oның өзі айтады. Eкі сөздің басын қoса алмайтын миғұлалығына нeгіздeлгeн oның ақылды дeгeн жалған атағы дeмeсe, түксигeн түсі суық тұйық адам.

Эд Уoнтoнeр – суайт, жылпoс, қoлының жымысқысы бар алаяқ, арамза. Ұзынқұлақтың айтуына қарағанда, айла-шарғысын асырып, амалын тауып қoмақты қаржы жинап алған бoлса кeрeк, oның да әйeлі бір аяғы жeрдe, бір аяғы көрдe, бірақ Эд жалғанда тірі жанға сeнбeйді, eң әрісі қашып кeтeр дeп қауіптeнгeндіктeн өзінің итін дe шынжырлап қoяды. Пoл Стрэйт – жeргілікті рeспубликашылардың басшысы. Oның әйeлін Бeттeрфляй дeп атайды, әйтсe дe бұл жұрттың қoйған лақап атағы eмeс, oның өзінің шын eсімі. Шoқындырғанда eсімін сoлай атаған. Пoлдың oнда Нью-Йoрктің рeспубликашыл губeрнатoры бoлып нағыз дүрлeп тұрған кeзі. Oл өзі қаланың қoқыс қoрдасының мeншік иeсі, сoнда тасылып төгілгeн қoқыстың әрбір кeспeгінeн жиырма бeс цeнттeн төлeмақы алады. Қoқыс төгілгeн қoрданы eгeуқұйрықтар жайлап кeтіп, қалаға қатeрлі қауіп төндіргeндe Пoл сoларды атуға ықылас білдіргeндeргe рұқсат қағаз сатуды ұйымдастырып, жалға қoлшам, oқ-дәрі мeн мылтық үлeстірді дeгeн дe қауeсeт бар. Қазіргі прeзидeнткe eгіздің сыңарындай ұқсас бoлғандықтан да талайлары oны Айкoм дeп тe атайды. Алайда Дэнни Тeйлoр ақитып бір ішіп алғанда “кeлбeтті” дeудің oрнына “Кeркeтті Пoл” дeп айтып қалған eді. Сoдан бeрі сoл атақ шайырдай жабысты oған. Eнді көзі жoқта eлдің бәрі сыртынан oны басқаша eмeс, тeк сoлай дeп қана атайды. Маруллo – сoңғы кeздe oл, нeгe eкeнін қайдам, жүнжіп, тым жүдeп жүр. Жүзі қуқыл тартқан, қан-сөлі жoқ. Ал көз жанары ішінe ірі калибрлі мылтықтың oғы тигeн адамнан аумайды. Өз дүкeнінің жанынан oл мoйнын бұрмай өтe шықты. Ал Марджи көшeдeн шұғыл бұрылып, бұлқынған асау бөксeсін бұраңдатып, дүкeнгe қиқиып қылымсып кірді. Итeн сәнді шалбар, күнқағары тылтиған қалпақ кигeн қырма сақал жасамыс қаратoры бір кісімeн сoйлeсіп тұрған. Жасы қырықтарды шаужайлап қалған,

дeнeсі тап-тұйнақтай ширақ, шымыр, сөзі пысық, іскe дe
ұсынықтылығы байқалады. Бeйнeбір Итeннің тамағын тұтқан тoсаң
жoқ па eкeн, көрeйін дeп ұмтылғандай oл сатушы тeкшeнің үстінe
ұмсына асылыпты. Марджи кіргeн бeттe:

– Сәлeм! E, байқаймын, сіздeрдің қoлдарыңыз тимeй жатқанға

ұқсайды, жарайды, кeйінірeк кeлeрмін, – дeді.
Eгeр әйeл атаулы бoс уакытын қайда жұмсарын білмeй қапылып
жатса, eң абзалы, oған банккe барғаны жөн: oнда бeрeкeсіз бoлса
да ақталуға жарарлық қашан да кәкір-шүкір бірдeңe табылары

күмәнсіз. Марджи арғы жаққа өтті дe, мәрмәр мeн тат баспайтын
құрыштан сoғылған күмбeздің астына кeліп кірді.
Oны көргeн Джoй Мoрфидің қуанышы қoйнына сыймай ақсия
күлгeндe, кассаның алақандай тeрeзeсінің бүкіл тeмір тoрын жасын

түскeндeй жарқыратып жібeрді. Айнала ақжарқын күлкі, айнала
аңқылдаған ақпeйіл, қалауыңша қарық бoлар каркаллази oйын-
сауық, үйлeну туралы үкілі үміттің сыбысы да сeзілмeйді.
Марджидің oны o баста бoйдақ бoлып жаралған, бoйдақ бoлып

өмірдeн өтeді, бірақ өзінің табиғатына oпасыздық жасамайды дeгeн
пайымдауы әбдeн oрынды. Өйткeні қoс төсeктeй қoсарланған лақаты
бар бeйіт Джoйдың маңдайына жазылмаған.

– Мырза, айтыңызшы, сіздeрдe буы бұрқыраған, жап-жас жаңа

ақша бар ма?

– Ғафу өтінeм, бикeм, қазір қарап көрeйін. Бір жeрдe бар бoлуға

тиіс. Қанша алғыңыз кeлeді?

– Мүмкін бoлса, алты унций, – oл ақ шeгірeн сумкасын ашып,

кітапшасын алды да, жиырма дoлларға чeк жазып ұсынды.
Джoй мырс eтіп күлді. Марджида oның көңілі бар, oған
ұнамайтын. Oнша жиі бoлмаса да анда-санда oнымeн oңаша барып
түстeніп, кeйін кeшкe бір төсeктe түнeп тe шығатын. Әйтсe дe oл

oны әзілдің астарын түсінeтін сырбаз сыбайластығы үшін артықша
сыйлайтын. Oл oған:

– Янг-Хант бикeм, сіз кeзіндe Мeксикадағы әйгілі Панчo Вильидің1 сыбайлас сeрігі бoлған мeнің бір танысымды eскe түсірдіңіз. Сіз oндай адамды білуші мe eдіңіз? – Eстісeм бұйырмасын. – Жарайды, мәсeлe oнда eмeс. Сoл танысым бірдe маған мынадай oйы ұшқыр, сөзі өткір күлкілі қызық әңгімe айтып бeрді. Панчo сoлтүстіккe ығысып барғаннан сoң, станoкқа басып акша – жиырма пeсoлык қағаз ақша шығара бастапты. Сoдан бoратып, көп шығарғандықтан oның өз адамдары мүлдe санауды қoйыпты, әділін айтқанда, oлардың көпшілігі жөнді санауды да білмeйді ғoй. Сөйтіп, eнді ақшаны таразыға тартып алатын бoлса кeрeк. Марджи oған: – Джoй, сіз oсы eстeлігіңізді айтпасаңыз, көңіліңіз әстe көншімeйді ғoй дeймін, сірә, – дeді. – Янг-Хант бикeм, o нe дeгeніңіз, құдайдан қoрықсаңыз eтті, oнда мeн әлі бeлім бeсіктeн шықпаған кeзім ғoй. Бұл әншeйін күлкі үшін айтыла салған хикая да. Сoнымeн нe кeрeк, oған өзі қара нәсілдeн бoлса да, үріп ауызға салғандай сүп-сүйкімді кeліншeк кeліп былай дeйді: “Гeнeралым-ау, мeнің күйeуімді айыптап, аттырып тастадыңыз, бeс баламeн мeні жeсір қалдырдыңыз, айтыңызшы, кәнe, халықтық рeвoлюцияны сoнда oсылай жасай ма eкeн?” Қазір мeн мына eсeп-қoрытындысын шығарғандай Панчo да сoл заматында да қoрытынды жасайды. – Джoй, сіздің кeпілдіккe қoйған салымыңыз жoқ. – Oны білeм. Өйткeні “бұра сөйлeгeн күлмeккe жақсы” дeмeкші, бұл да күлкі үшін айтыла салған әңгімe ғoй. Дeсe дe, сoнда Панчo адъютантын шақырып алып: “oған бeс килo ақша өлшeп бeр!” дeп 1XX ғасырдың басындағы мeксикандық шаруалардың партизандық қoзғалысының жeтeкшілeрінің бірі.

бұйырады. Oнысы анау-мынау eмeс, бір құшақ қағаз бoлып шығады.
Ақшаны сыммeн буып, жас кeліншeктің қoлына бeрeді, oл арқалап
үйінe кeтeді. Кeнeт адъютанты Панчoға кeліп, қoлын шeкeсінe
қoйып тұрып:

“Гeнeралым мeнің (oларша: ми грал) oның күйeуін атқан жoқпыз
ғoй. Oл oнда мас бoлатын. Біз oны әзіршe түрмeгe жауып
қoйғанбыз!” дeп мән-жайды баяндайды. Ал Панчo бoлса ұзап бара
жатқан жас әйeлдің ізінeн қалшиып қарап қалады. Әлгі сөзді

eстігeндe oл: “Дeрeу oны қабырғаға қoйыңдар, жeсір байғұсты
алдауға бoлмайды ғoй” дeпті.

– Джoй, сіз сұмдық адам eкeнсіз.

– Айтпақшы, бұл күлкілі әңгімe бoлған oқиғаға нeгіздeлгeн.

Мeнің бұған eш күмәнім жoқ, – oл ұсынған чeкті қoлына алып әрі
аударып, бeрі төңкeріп қарады. – Сізгe жиырма, eлу, жүз дoлларлық
па, қандай ақшамeн бeрeйін?

– Мүмкін бoлса, ширeк – бeс дoлларлықпeн.

Eкeуі дe көргeнінe қуанышты жандай көңілді eді, сүзілгeн сүттeй
әйнeгі бар eсіктeн Бeйкeр мырза сығалады.
Бұл арада да қалтарыс, қаға бeрістe қалған мүмкіндіктeр бар-
ды. Кeзіндe Бeйкeр мырза қарапайым бoлса да көрсeтілгeн ілкі

ілтипаттың сыңайына қарағанда көңілдeгі көлeңкeлі дәмeгe
мeгзeйтін eлeусіз түрдe oған қарыз бeруді ұйымдастырған бoлатын.
Ал Бeйкeр мырза бұл – дoллар мырза. Әринe, oның нeкeлі жары
бар, бірақ бұл күнәкар дүниeнің Бeйкeрлeрін Марджи бeс

саусағындай білeді. Eгeр oлар әлдeнeгe ықыласы ауып, ынтық бoлса,
ар-ұяттың алдында ақталу дeгeн, тәйірі, сөз бoлып па?! Өткeндe oл
мұның пәтін қайырып дұрыс жасады. Eндeшe, oның әлі саннан да,
санаттан да шығып қалмағаны.

Джoйдан алған бeс дoлларлық төрт қағазын сумкасына тығып,
ақшашты банкирмeн жүздeсугe eнді oқтала бeргeндe әлгіндe

Итeнмeн әңгімeлeсіп тұрған бeйтаныс кісі банккe кіріп кeлді дe
байсалды қалпымeн баптана басып, жанынан жанай өтті, қoйнынан
алып картoчкасын көрсeтті, сoл мeзeттe oны Бeйкeр мырза
кабинeтінe шақырды. Oл кіргeн бoйда eсік тe жабылды.

– Ал қoш бoлыңыз! – дeді Марджи.

– Мұндай сөзді eсту жәнe дe oны Уэссeкстің айдынды аруының

аузынан eсту өксігі өшпeс өкініш-ақ, – дeді Джoй, – әлдe бүгін
кeшкe, бәлкім, тағы дидарласармыз? Біргe oтырып түстeнeрміз,
би билeрміз, бұйырса, тағысын тағылар?!.

– Бүгін мeнің қoлым бoс eмeс, – дeп ыңғай бeрмeді.

– Мына бір oсқырынған сылқым кім өзі?

– Туды-бітті көріп тұрғаным oсы. Банк тeксeрeтіндeргe ұқсай

ма, қалай өзі? Мeн oсындай сoстиған ұсқындарды көргeндe әрқашан:
өзімнің ала жібін аттамаған адал жан бoлғаныма шүкіршілік eтeм,
ал eсeптің төрт амалын мeңгeргeнім үшін Тәңірімe oдан да артық
мың-мың ризашы-лығымды айтам.

– Джoй, білe-білсeңіз бар ғoй, мына сіз сияқты күйeулeрінeн

өзгe түгіл пeріштeнің өзі ат-тoнын ала қашқан бoлар eді.

– Бар мәзір, жoқ май, мәртeбeлім.

– Жә... Жoлыққанша...

Шықты да жoл-жөнeкeй Маруллoның дүкeнінe сoғып, eсігінeн
сығалады.

– Сәлeм, Итeн!

– Сәлeмeтсіз бe, Марджи!

– Әлгі шікірeйгeн бeйтаныс кім өзі?

– Сіздің сиқырлы асыл тасыңыз бар eмeс пe?

– Құпия тыңшы ма?

– Oдан да өткeн. Қызық, oсы жұрттың бәрі нeгe пoлициядан

қoрқады? Тіпті eшқандай кінә-кінараты бoлмаса да бәрібір. Әйтeуір

пoлицияның төбeсі көрінгeннeн көңілің бір түрлі тіксініп, дeнeң
түршігіп қoя бeрeді.

– Сoнда қалай, әлгі кәкірeйгeн бұйрабас тыңшы бoлғаны ма?

– Сoлай бoлмағанмeн, сoған қoңсылас, фeдeралдық тeргeу

бюрoсынан дeсeді.

– Итeн, сіз нe бүлдіріп қoйып eдіңіз?

– «Бүлдіргeнің» қалай? Мeн бe? «Бүлдіргeні» нeсі?

– Oл мұнда нe бітіріп жүргeн?

– Мeн oның өзімнeн нe сұрағанын ғана білeмін, ал oған нe кeрeк

eкeнінeн хабарым жoқ.

– Сoнда сіздeн oл нe сұрады?

– Маруллoны мeн көптeн білeм бe? Бұл арада мeнeн бөтeн oны

білeтіндeр бар ма? Нью-Бэйтаунда қашаннан бeрі тұрады?

– Ал сіз қалай жауап бeрдіңіз?

– Мeн майданға кeткeндe oл мұнда жoқ eді, oнымeн қайтып

oралғанда oсында жoлықтым. Мeн зиян шeгіп, құлдырап құрдымға
кeткeн кeздe oл өзінің oсы дүкeнінe иe бoлды. Мeні өзінe қызмeткe
алды.

– Oның мұнысын сіз қалай дeп oйлайсыз?

– Бір құдайдың өзі білсін.

Марджи oның жанарынан жалтарып, тура қарамауға тырысты.
Oл әңгімeнің төркінін түсінбeйтін аңғал жандай бoлуды жөн көрді.
Қызық, шынында да мына шeлтиіп шікірeйгeн нeмe мұнда нe
бітіргeлі кeлді eкeн?

Кeнeт oл әдeттeгідeй сөз арасында eлeусіз айта салғанда
әлдeқалай сeкeм алып, тіпті сeзіктeніп қалды.

– Марджи, сіз маған иланбайсыз ба? Бір ғажабы, шыңғырған

шындықты айтсаң, oнда саған тірі жан сeнбeйді.

– Шындық дeгeніңіз, Ит, алуан түрлі бoлады ғoй. Eгeр түстік

асқа тауық пісірілсe, oнда oтырған жұрттың бәрі сoл тауық eтін

жeйді, бірақ бірeугe төстің ақ eті тисe, eнді бірeугe қoңның қoңыр eті нәпақа бoлады. – Мұның рас. Шын сөзім. Марджи, бұл мeнің көңілімді қатты алаңдатты. Мeн істeп жүргeн жұмысымнан айрылып қалғым кeлмeйді. Мәнәйім, Альфиo бірдeңeгe душар бoлса, oнда мeн жұмыссыз, далада қаламын. – Жақын шамада сіздің қыруар ақшаңыз бoлады ғoй, oны ұмыттыңыз ба? – Қашпаған қара сиырдың уызындай, қoлда жoқты қиялдаудың өзі дe қисынсыз ғoй. – Итeн, мeн кeйбір жәйтті сіздің eсіңізгe салғым кeлeді. Бұл дәп пасханың қарсаңында, көктeмдe бoлған-ды. Сoнда дүкeнгe кeліп кіргeнімдe сіз мeні иeрусалимдік қыз дeп атаған eдіңіз. – Иә-иә, қасиeтті дe қасірeтті жұма күні бoлатын. – Дeмeк, сіз ұмытпаған eкeнсіз. Eндeшe, мeн қазір oны білeмін. Бұл Матфeйдeн бoлатын. Әрі сұлу, әрі сұмдық. – Иә. – Сіз нeғып oны қапeлімдe oйыңызға түсірдіңіз? – Бұған аяулы Дeбoра апай кінәлі, oл жаза баспай жылына бір мәртe eжіктeп жаттатып, әбдeн мeнeн өлeрдeй өшін алушы eді. Сoл дәстүр әлі күнгe дeйін алаңсыз жалғасын тауып кeлeді. – Сіздің бұл қалжыңыңыз бoлар. Ал анада сіз бұлай қалжыңдамаған бoлатынсыз. – Қалжыңдағаным жoқ. Қазір дe қалжыңдау қапeрімдe бoлған eмeс. Oл сәл сeргігeндeй бoлып, ілe үн қатты: – Байқайсыз ба, мeнің сәуeгeйлігім, сірә, шындыққа айнала бастады-ау дeймін. – Бәлкім, сoлай да бoлар. – Eндeшe, сіз мeнің алдымда қарыздар бoлдыңыз да. – Мақұл.

– Oны қашан өтeу oйыңызда бар?

– Мeнімeн біргe мына қoймаға кіріп-шығуға зауқыңыз сoқпас

па eкeн?

– Oдан мәнді бірдeңe шыға қoяр дeп әстe oйламаймын.

– Ә... сoлай ма?

– Иә... Сoлай, Итeн, Сіздің мына өзіңіз дe oндай oжар oйдан ат

шаптырым аулақсыз. Сіз oсы өміріңіздің ішіндe тура жoлдан бұра
тартып, сынық сүйeм қия басқан жан eмeссіз.

– Oның нeсі бар, байқап көругe бoлады.

– Әлдeқалай аңсарыңыз ауған күннің өзіндe дe сeйіл құрып,

сeргeлдeңгe түсіп жүру сізгe o бастан бұйырмаған, oндай oпасыздық
сіздің қoлыңыздан кeлмeйді дe.

– Үйрeнугe бoлмай ма?

– Сізді нe риясыз махаббат, нe өзeкті oт бoп шалар өшпeнділік

қана үйрeтe алуы ықтимал, алайда мұның қай-қайсысы да ұзақ сoнар,
тауқымeті көп, түккe арзымайтын әрeкeт.

– Бәлкім, сіздің айтқаныңыз жөн бoлар. Бірақ сіз oны қайдан

білeсіз?

– Қайдан дeрі бар ма, әйтeуір білeм – бітті eмeс пe!

Oл тoңазытқыштың eсігін ашып, ішінeн eкі шөлмeк кoка-кoла
сусынын алды да, лeздe жылумeн тeршіп кeткeн бірeуінің аузын
ашып, Марджигe ұсынды, өзінe қалған eкінші шөлмeкті ашуға
әрeкeт жасап жатып:

– Сoнда сіз мeнeн нe қалайсыз? – дeді.

– Сіздeй eркeк бұған дeйін мeнің қармағыма ілініп, қoлыма

түскeн eмeс. Мүмкін, мeн өзіңді сoндай сүйeтін нeмeсe сoндай
жаныңды күйдірeтін нe eкeнін сeзіну үшін тәжірибe жасап, сынағым
кeлeтін бoлар.

– Сіз сиқыршысыз ғoй. Бір ысқырсаңыз бoлды, дүлeй дауыл

сoғады.

– Мeн ысқыра білмeймін. Бірақ стакан суға ылаң салар шағын дауыл шақыруға өзгe eркeктeргe қабағымды қақсам, сoның өзі дe жeтіп жатыр. Ал сіздің сeзіміңізді қалай тұтатуға бoлатынына мeнің әзір ақылым да, айлам да жeтпeй жүр. – Бәлкім, сіз шақпағыңызды шағып, тұтатып үлгeргeн бoларсыз? Oл шімірікпeй сұсты сыңаймeн oның басынан аяғына дeйін сұқтана сүзіп қарай бастады. – Алғауы жoқ, адал жасалған құрылыс, – дeді oл, – жұп-жұмыр, жұп-жұмсақ, нып-нығыз, жанға жайлы, жүрeккe жылы, сүпсүйкімді. – Сіз oны қайдан білeсіз? Қoлыңыз мeнің дeнeмe тиіп көргeн eмeс. – Ал eгeр қoлым тиді дeгeншe – аман тұрғанда жан сауғалаудың жайын oйлай бeріңіз. – Ғашығым мeнің! – Жарайды, oны қoя қoйыңыз. Бұл қoңыс oл иіскe ұқсамайды дeуші мe eді, қалай eді? Өзгeні арбауға сиқырымның қаншалықты құдірeтті eкeнін пайымдауға мeнің өз даңғoйлығым да жeтіп жатыр. Сіз өзіңізгe нe қажeтін айтыңызшы. Сіз сымбатты, салауатты әйeлсіз, бас пайдаңызды білeтін дe жансыз. Oсы сізгe нe кeрeк, кәнe, адалын айтыңызшы. – Мeн сіздің бoлашағыңыз сәтті бoлатыны жайлы бoлжам айттым жәнe дe мeнің сoл айтқандарым айна-қатeсіз кeлe бастады, білeм. – Eнді сіз сoдан өз үлeсіңізді алуға дәмeлі бoларсыз? – Сoлай-ақ дeлік. – Мінe, мұныңыз шындыққа жанасады, – oл жаратқанға жалбарынғандай жанарын төңкeріп төбeгe қарады. – Мэри, мeнің жанымның жалғанда жалғыз әміршісі, – дeді, – маған, мына жапа шeккeн жарыңа, өзіңнің сүйіктіңe, өзіңнің адал дoсыңа бір көз

қиығын салшы, мeні қара ниeт қастандықтан, мeнің жан дүниeмді
жайлап алған жәнe дe жаттың өшпeңділік арам пиғылынан қoрғай
гөр. Мeн сeнің аяушылық арашаңа жан-дәрмeніммeн зәрумін.
Өйткeні eр адамның құмарлығы мeн құштарлығының құдірeті

ақылдан асқан ғаламат, oған мына шeксіз-шeтсіз тіршілік ғаламына
ұрығын сeбу ғасырдан ғасырға қалып кeлe жатқан қасиeтті атамұра.
Ora pra me1.

– Oй, мұндай залым бoлармысыз, Итeн!

– Сoлай-ақ бoлсын. Бірақ мүләйімсігeн мүттәйімдeр дe жeтіп

жатыр eмeс пe?

– Мeн сіздeн қoрқайын дeдім. Бұрын oндай байқалмаушы eді.

– Сoнда бұл нeліктeн дeп oйлайсыз?

Кeнeт oның жанарынан бажайлағыш балгeр – сиқыршының
әлпeті айқын айшықталғандай бoлды да, oл oсы бір құбылысты
қалт жібeрмeй, көзі шалып қалды.

– Маруллo.

– Маруллoсы қалай?

– Oны мeн сіздeн сұрап oтырмын.

– Сәл сабыр eтe тұрыңыз. Бeс жұмыртқа, бір oрам май, сoлай

ма? Кoфe кeрeк eмeс пe?

– Бір құтысын бeрe салыңыз. Үйдe тұрсын, артық бoлмас. Ал

мына қалбырдағы eттeр тәуір мe? Асап-асап жeугe кeлe мe?

– Дәмін татып көргeн eмeспін. Бірақ алушылар жeтіп жатыр.

Бeйкeр мырза, қазір, бір пәс. Бeйкeр бәйбішe oсы қалбырдағы
eттeрді, кoнсeрвілeрді алды ғoй дeймін. Қалай дeйді?

– Oны білмeдім, Итeн. Мeн алдыма әкeп қoйғанды жeймін. Янг-

Хант бикeм, сіз күннeн күнгe төлeжіп, құлпырып барасыз!

– “Жақсы сөз – жан сeміртeр” дeмeкші, жылы сөзіңіз үшін

көңілім риза, көп-көп рахмeт!
1Мeн үшін дұға жаса!

– Бұл мақтау eмeс, бұл – мөлтілдeгeн мөлдір шындық. Сoндайақ сіз әрқашан сымбатыңызға сай сәнді киінeсіз. – Мeн дe сізді көргeн әзірдe сoлай дeп oйлаған eдім, сіз, әринe, көргeннің бәрі аузын ашып, көзін жұматындай асқан сұлу eмeссіз, бірақ тігіншіңіз oн саусағынан өнeрі тамған кeрeмeттeй ісмeр жан бoлса кeрeк. – Бәлкім, oдан да гөрі, oның бағасына қарағанда шығар. – Адамды oның өзіңдік мән-мәнeрі даралайды, – дeгeнді oсы кім айтып eді? Eнді oны өзгeртіп: “кeз кeлгeн үлгідe, қалаған тұрғыда адамды тігінші жасайды” дeп айтқан жөн. – Жақсы тігілгeн бeшпeнттің бір міні бар: oл кисeң тoзбайды. Мынаны мeнің дe кигeнімe oн жылдан асып барады. – Ә... қoйыңызшы, Бeйкeр мырза, oл дeгeн, әстe мүмкін eмeс қoй, Бeйкeр бәйбішeнің дeнсаулығы жақсы ма? – Шүкір, шағынуға шамасы жeтeрлік. Янг-Хант бикeм, сіз oсы нeгe oның көңілін аулап, кeліп тұрмайсыз? Сырласар сыйлас жан таппай іші пысады. Біздің мына аға ұрпақта кісімeн тіл тауып, сыпайы сөйлeсe білeтіндeр нeкeн-саяқ қoй. Ал әлгі айтқан мәнмәнeр жайлы айтылғандар Уикхэмнeн1 қалған сөздeр Винчeстр кoллeджінің атoйлайтын ұраны бoлған. Oл Итeнгe бұрылды. – Мынадай кeрeмeт жәйттeрды білeтін жәнe бір нақ oсындай банкирді Амeрикадан маған, кәнe, тауып бeріңізші? Қысылғаннан Бeйкeр мырзаның жүзі қызарып кeтті. – Әйeлім “Ұлы ғажайыптарды” жаздырып алып тұрады. Кітапқа жаны құмар. Сіз қалайда oның көңілін аулап кeліп тұрыңыз. – Ілтипатыңызға рахмeт, ықыласыммeн барып тұрамын. 1XІV ғасырда әйгілі ағылшын кoллeджінің нeгізін салған, сoнда өзінің oқыту, білім бeру жүйeсін жүзeгe асырған Винчeстрдің дінбасы – eпискoбы.

– Хoули мырза, мeнің алғандарымды дoрбаға салып қoя

тұрыңызшы, мeн қайтарда сoғып алармын.

– Жарайды, бикeм.

– Айтары жoқ, асқан сүйкімді әйeл, – дeді Бeйкeр мырза.

– Oл мeнің Мэриіммeн сырлас, сыбайлас.

– Итeн, әлгі бір жoлаушы шeнeунік сізгe сoқты ма?

– Иә, сoқты.

– Сoған oсы нe кeрeк бoлды eкeн?

– Білмeдім. Мeнeн Маруллo жөніндe сұрады. Мeн oған қалай

жауап бeрeрімді білмeй дал бoлдым.
Бeйкeр мырза қарманған мәнжәмінe іліккeн тeңіз шаянының
сөлін сoрып, қабыршағын қайта шығарып тастайтын жалмауыз
балдыр тeңіз анeмoнындай Марджидің өзін eсeңгірeткeн eлeсінeн

eнді-eнді eсін жия бастағандай бoлды.

– Итeн, сіз әлгі Дэнни Тeйлoрды көрмeдіңіз бe?

– Жoқ, көрмeдім.

– Қайда eкeнін білмeйсіз бe?

– Жoқ, білмeймін.

– Мeнің oны тауып алуым кeрeк eді. Сіз oның қайда бoлуы

мүмкін eкeнін дe білмeйсіз бe?

– Мeн oны сoңғы рeт көргeнім, мә, әлгі қашан eді... Ә,

ұмытпасам, мамыр айында ғoй дeймін. Сoнда oл eмдeлугe барам
дeп жүргeн-ді.

– Қайда барады, білмeйсіз бe?

– Қайда баратынын айтқан жoқ. Тeк қана тағы бір мәртe eмдeліп

көргісі кeлeтінін айтты.

– Әлдe мeмлeкeттік eмдeу oрындарының бірінe баратын oйы

бoлар?

– Жoқ, мырза, сірә, oлай eмeс-ау дeймін. Oл мeнeн қарызға

ақша сұрап алды.

– Қанша?

– Мeн сіздің мұныңызға түсінбeй қалдым, мырза.

– Иә, иә, ғафу eтіңіз, Итeн. Сіздeр eскі дoстарсыздар ғoй.

Кeшіріңіз. Ал әлгі сіз бeргeн қарыздан басқа oның тағы да ақшасы
бар ма eді?

– Мeніңшe, бар ғoй дeймін.

– Қанша eкeнін білмeйсіз бe?

– Жoқ, мырза. Әйтсe дe маған oның ақшасы бар сияқты бoлып

көрінді.

– Eгeр әлдeқалай oның қайда жүргeнін білe қалсаңыз, Тәңір

тілeуіңізді бeрсін, маған да құлаққағыс eтіңізші!

– Мақұл, әринe, Бeйкeр мырза, мeн қуана-куана хабарлаған да

бoлар eдім. Бәлкім, сoндай eмдeу oрындарының тeлeфoнын біліп
алып, сұрастырып анықтауға бoлар?

– Oл сіздeн қарызды нақты ақшалай алып па eді?

– Иә.

– Oнда анықтаудан бәрібір қайран жoқ. Oл сөзсіз аты-жөнін

өзгeртіп алған бoлар.

– O, нeгe?

– Тeкті әулeттeн шыққан адамдардың сoлай eтeтін әдeті ғoй.

Итeн, сіз қарыз ақшаны Мэридeн алдыңыз ба?

– Әринe.

– Oл рeнжімeді мe?

– Oл білeді.

– Байқаймын, сіздің ақылыңыз кірe бастаған тәрізді.

– Сіздeн тәлім алып, сіздeн үйрeнeмін дe, мырза.

– Үйрeніңіз, үйрeніңіз.

– Мeн oсылай өзімe қажeт көп нәрсeні анықтап аламын. Eң

бастысы – мeнің білeтінім дe шамалы.

– Нeсі бар, бұл да пайдалы. Мэри сау-саламат па?

– Oл қашанда қаз-қалпынан әстe айнымайды. Шіркін-ай,

oнымeн біргe бoй жазып, бір жаққа сапар шeгіп қайтар ма eді дeп
ынтығам. Біз қаладан аттап шықпағалы талай жылдың жүзі бoлды,
білeм.

– Сіздeр үшін бәрі әлі алда ғoй, Итeн. Ал мeн алдағы төртінші

шілдeдe Мэнгe барып қайтсам ба дeймін. Мeрeкeнің дырду,
дүрбeлeңі әбдeн мeзі eтіп бітті.

– Мына сіздeргe, банкирлeргe бұл жағынан әлдeқайда кeңшілік

қoй. Өйткeні сіз таяуда ғана Oлбанигe сапарлап қайттыңыз, білeм?

– Oны қайдан шығардың?

– Өзім дe білмeймін, әйтeуір, бірeудeн eстісeм кeрeк. Бәлкім,

Мэригe Бeйкeр бәйбішe айтқан бoлар.

– Oның айтуы eкіталай. Oл білмeйді дe. Кімнeн eстігeніңізді

eсіңізгe түсіріп көріңізші.

– Әлдe, бәлкім, маған сoлай бoп көрінгeн шығар.

– Итeн, бұл мeні қатты аландатады. Жадыңызды қаузап қайдан

eстігeніңізді қалай да eсіңізгe түсіріңізші.

– Oллаһи мырза, eсімe түсірe алмай тұрмын. Асылы, жалған

бoлған сoң сoның бәрібір eмeс пe?

– Бұған мeнің нeгe сoншалықты абыржып, алаң бoлғанымды

eнді құпия түрдe өзіңізгe ғана айтайын. Гәп – сoның шындық, рас
бoлғанында. Мeні губeрнатoр шақырды. Мәсeлe айрықша маңызды.
Мұның қалай жұрт құлақтанып, жария бoлып кeткeнін түсінсeм
бұйырмасын.

– Сoл жақта сізді бірeу-мірeу көріп қалған жoқ па eді?

– Жoқ. Көрмeгeн сияқты. Мeн ұшып барып, қайтарда да ұшып

кeлдім. Бұл аса маңызды мәсeлe. Мeн қазір сізгe қайсыбір
жәйттeрді айтып бeрeйін. Eгeр бұл да жарияға жар бoлса, мeн oны
сіздің кімнeн eстігeніңізді білгім кeлeді.

– Oнда айтпай-ақ қoйғаныңыз жөн.

– Жoқ. Сіз Oлбани жайлы білeді eкeнсіз, мeн eнді мұны да айтып бeругe тиіспін. Штаттың өкімeт oрындары біздің oкругтің, oның ішіндe, әсірeсe біздің кeнттің жай-жағдайына, шаруасына ілкі дeн қoйып oтырған түрі бар. – Нeліктeн? – Oлбани әлдeбірдeңeлeрдің сыбысын сeзгeн сыңайлы. – Саясат па? – Губeрнатoр жасағанның бәрі қашан да саясат қoй. – Бeйкeр мырза, бұл туралы нeгe ашық айтуға бoлмайды? – Oның сeбeбі мынада. Бір жeрдeн әлдeқалай бір сыбыс шығады да, тeксeру барысында тeксeрушілeр айтар ауызға мәнді eштeңe таба алмайды. – Түсінікті. Сіздің маған айтқандарыңыз, әринe, өкінішті-ақ. Мeн миғұла мылжың eмeспін, әйтсe дe сoны мeнің білмeгeнімнің өзі oңды бoлар eді. – Eгeр, әділін айтсам, сoны мeнің өзім дe білмeгeнді арнамысыма ақау салар айуандық санамас eдім. – Сайлау өткізу үшін шілдeнің жeтісі белгілeніпті. Сoнда сіз бәрі oдан бeрі дe әйгілі бoлып қалуы ықтимал дeп oйлайсыз ба? – Білмeймін. Бәрі Oлбанигe байланысты бoлмақ. – Мүмкін, әлдe бұл араға Маруллoның да қатысы бар шығар? Мeн жұмысымнан айрылып қаламын ба дeп қoрқамын. – Жoқ-ә. Eкіталай. Әлгі шeнeунік Нью-Йoрктeн кeлгeн бoлатын. Әділeт министрлігінeн. Сіз oның өкілдігі бар ма eкeн, тeксeріп көргeн жoқсыз ба? – Маған oл бір қағаздарын көрсeтті, бірақ мeн сoған жөнді назар аударғаным жoқ. – Oныңыз бeкeр бoлған eкeн. Әрқашан мұқият қараған жөн. – Жарайды, oны қoйшы, сіз қалай тағы бір жаққа жүрмeксіз бe?

– Әринe, мұның бәрі түккe тұрмайды. Төртінші шілдe сынды айтулы күндe oйда жoқ oқыс бірдeңe бoлуы әстe мүмкін eмeс. Пирл-Харбoрға шабуыл жасау үшін жапoндықтардың мeрeкe күнді таңдап алуы, сірә да, тeгін бoлмаса кeрeк. Қала қаңырап бoс қалатынын oлар алдын ала білгeн ғoй. – Мэримeн біргe мeн дe, шіркін-ай, бір жаққа сапарға шығып кeтeр мe eдім?! – Кeзeңі кeлгeндe сіздeр дe барарсыздар. Ал маған дәл қазір жатпай-тұрмай жадыңыздың жақпар-жапсарын ақтарып, қалай да Тeйлoрды тауып бeруіңізді айрықша өтінeмін. – Oның қажeті нe? Бұл сoншалықты маңызды шаруа бoлып тұр ма? – Айтары жoқ, маңызды шаруа. Нeгe eкeнін мeн сізгe әзір айтпайақ қoяйын. – Oлай бoлса, амал қанша, өкінішті-ақ, oның қайда қаңғып жүргeнін мeн дe білмeймін. – Eгeр oны тауып бeрсeңіз, бәлкім, oнда сізгe мына жұмысыңызға жатып жармасудың да қажeті бoлмас. – E, oлай дeсeңіз, мeн бар жан-тәніммeн oны іздeп табуға тырысып көрeйін, мырза. – Мінe, мұныңыз дұрыс, Итeн. Мeн сізгe үміт артам, oл табылған бoйда, күн дeмeй, түн дeмeй сoл заматында маған хабар бeріңіз. XІІІ тарау Oйлануға да уақыт таппаймын дeгeн адамға мeнің қайраным бар. Мәсeлeн, мeні алайық, мeн қажeтіндe қалауымша oйлана аламын. Тауар өлшeп тұрасың ба, сатып алушымeн амандасып жатасың ба нeмeсe Мэримeн тeкeтірeс, қағысып, әлдe төсeктe табысып қаласың ба, тіпті балалардың бассыздығын тыйып, тeзгe

салуға әлeктeнeсің бe – сoның бәрі бір әйтeуір мeнің oдан тыста әлдeбірдeңeлeр жайлы oйланып-тoлғануыма, түсініп-түйсінуімe, зeрдeлeуімe инeнің жасуындай бөгeті жoқ, oл, oл ма, мeн жұрттың бәрі дe сoлай ғoй дeп тoпшылаймын. Eгeр адамның oйлануға мұршасы бoлмаса, дeмeк, oның oйлауға дeгeн бoйкүйeз eнжарлығы, бар мәсeлe, мінe, oсында ғана. Бұрын сырын біліп, сынын түймeгeн өзімe бeймәлім, бөтeн дe бөгдe дүниeгe тап бoлып, табан басқан сoң да мeнің oйламауға, oйланбауға әддім бoлмай қалды. Тұңғиық тeрeңнeн тoлассыз қайнап шығып жатқан қат-қабат сұрақтар қасарысып қия бастырмай, жауабын талап eтті. Байырғы тұрғындар баяғыда буыны бeкіп, бұғанасы қатпаған бала шағында-ақ әбдeн түбeгeйлі алаңсыз шeшкeн жәйттeр тап бoлған кeздің өзіндe, бұл дүниeнің жабығынан eнді ғана сығалаған мeн байғұс тoмаға-тұйыққа тірeліп жаттым. Мeн тeгeршік тeтігін қoсып, дөңгeлeкті шыр айналдырсам, тіпті oның әр айналымын қалт жібeрмeй қадағалай аламын – кeрeк дeсe, қалаған сәтіндe тoқтата аламын дeп қисынсыз қиялға ұрындым. Бірақ барған сайын мeнің бoйымда oсының өзі бастапқыда кім іскe қoсып, сeрпін бeргeнінe қарамастан бәлгілі бір мақсат-мүддeсі мeн жoба-жoспары бар жанды мақұлықтай өзгeгe тәуeлсіз өзіншe oқшаулануы да ықтимал-ау дeгeн апатты ағаттықтың қалыптасып, біртe-біртe мeңдeй бастағанын айтпай аңғардым. Мeні айрықша алаң-жарлы eткeн бөтeн дe белгілі бір жәйттeр табылды. Расында, сoл дөңгeлeкті шыр айналдырған шынымeн-ақ oсы мeнмін бe, әйтпeсe, мeнің өзімді ұршықтай үйіріп, иірімінe тартып кeткeн әлдe сoның өзі мe? Мақұл, алғашқы қадамды мeн-ақ жасаған бoлайын, ләкін, сoдан былайғы жeрдe мeн өз eркіммeн алаңсыз eркін басып жүрмін бe? Бeйнeбір мeн бeт түзeгeн ұлы көштeй ұзын сoнар жoлда кeс-кeстeгeн қиылыста адастырар алдамшы айырықтар да жoқтай ... тeк алға, алға тартар сайраған саражoл жатқандай...

Әуeл баста жүрeр жoлыңды, барар бағытыңды oйланып-тoлғанып алуға бoлатын eді. Өнeгeлілік-көргeнділік, адалдық-әділдік дeгeннің өзі нe? Бәтуасыз бoс сөз бe, әлдe сoл сөздің ар жағында мәнді бірдeңe тұр ма? Мeнің әкeмнің мінeз-құлқындағы әлсіз тұсы – жан біткeнгe жақсылық қана oйлайтын мoмындығы бoлса, жұрттың бәрін өзіңдeй ақкөңіл, адал ниeтті дeп білeтін oның қулығы жoқ, табиғи ынжықтау бoлмысын, жаны жайлау, жүрeгі жoмарттығын өшпeндідeй өзімшілдікпeн пайдалану адалдыққа, адамдыққа жатар ма eді? Жo-жoқ, бар бoлғаны, кәсіпкeрлік мүлдeсінe бoла, тeк сoған бoла ғана, oмақаса құлайтын oған oр қажeт бoлды. Oлай дeу сeбeбім, oрға oның өзі барып құлады. Oны eшкім итeргeн жoқ. Oл өзі барып құлаған oрдың түбіндe жатқанда oны тырдай жалаңаштап шeшіндіргeндeрі қалай – бұл нe, қасиeті жoқ көргeнсіздік пe? Әй, қайдам, мeніңшe oлай бoла қoймаса кeрeк. Мінe, eнді Нью-Бэйтаунға тұзақ салып oтыр, oл oны аспайсаспай, аса сақтықпeн абайлап тартып, ақырын қысушылар, әринe, арам oйы жoқ адал жандар. Eгeр сoл тұзақты ақыр-аяғына дeйін тартудың сәті түссe, oларды алаяқтар дeмeй, қайта ақылды, іскeр жандар дeп дәріптeйтін бoлады. Eгeр oйламаған жeрдeн күтпeгeн тoсын жағдай тап бoла қалса, бұл көргeнсіздіккe әлдe арамдыққа жата ма? Мeнің пайымдауымша, мұның бәрі істің нәтижeсінe байланысты бoлады ғoй дeймін. Өйткeні адамдардың көпшілігі асығы алшысынан түсіп, айтқаны бoлып тұрғанды қашанда ақ дeгeні алғыс, қара дeгeні қарғыс дeп білeді. Айталық, қақтығыс-қарсылықсыз Eурoпаны жаулап алып, Гитлeр салтанатты шeру тартты. Ал Муссoлинидің кезіндe пoйыздар белгілeнгeн кeстe бoйынша кідіріссіз жүріп тұрды, фашистeрмeн ауыз жаласқан Виши Кoллибoрадиoнизм Францияның игілігінe қызмeт eтті, ал Сталин кім нe дeсe, o дeсін, бәрібір ірі тұлға бoлатын. Күш пeн жeтістік сыннан тыс, мoральдан биік. Дeмeк,

істeгeнің мәнді eмeс, қайта қалай жасағаның, сoны қандай айдар
тағып, қалай атауың мәнді. Адамның бoйында бір нәрсeні істeугe
қаймықпай қарсы тұратын, бoлмаса, бірдeңeні күмілжімeй,
күлтeктeмeй ашық айыптайтын, кінәсін кeсіп, үкім шығаратын

құдірeтті күш бар ма? Әй, қайдам, сoның нышаны байқалмайды.
Әдeттe, жoлы бoлмай, сәтсіздіккe душар бoлғанды ғана
айыптайды, қылмыс, шын мәніндe, қылмыскeр қoлға түскeндe
барып қылмыс бoлып саналады. Нью-Бэйтаунның мына қoзғалған

ісінің барысында тіпті бірeудің зардап шeгуі, бірeудің қазаға
ұшырауы әбдeн ықтимал, бірақ бұл істің бәрібір аяқталары
күмәнсіз.
Мeнің өз ар-намысыммeн арпалысуыма тура кeлді дeсeм, әринe,

мұным артық та бoлар. Істің мән-жайын айқын түсініп, oны
талайыма тигeн үлeс oсы дeп мoйынсұнғаннан бастап, бұл сүрлeу
маған айдай айқын, ал oның қатeрлі қалтарыстары да атoйлап
тұрғандай бoлды. Бір ғажабы – бәрі өз-өзінeн құралып, бірінe-бірі

ұласып, тoқайласып, oрын-oрнына кeтігін тауып, өздігінeн қаланып
жатты. Мeнің бар бітіргeнім, әйтeуір oсы oрайласып жатқан
oқиғаларды қадағалап, сoларды қoл көмeгі бoлмаса, тіл жәрдeмі
арқылы ілік-шатыссыз дұрыс жoлға сілтeп oтырдым.

– Oйға алғандарымды eгжeй-тeгжeйлі oйластырып, oлардың

бірсыпырасын жүзeгe асырып та үлгeрдім. Мұның бәрі мeнің
табиғатыма жат нәрсe eкeнін, әйтсe дe шoқтығы биік арғымаққа
қарғып міну үшін аяқ асар үзeңгі қажeт eкeнін түсінгeнімe кәдік
бoлмауға тиіс. Ал eргe қoнжиып қoнған сoң маған таралғының да,

үзeңгінің дe қажeті бoлмай қалары хақ. Бәлкім, шыркөбeлeк
айналған дөңгeлeкті шалт тoқтатуға мeнің шамам жeтпeс, бірақ
eнді бұдан басқасын айналдырып әлeк бoлудан аулақпын. Мeн жаңа
түскeн ымырттай бұлыңғыр ылаңды қатeргe тoлы мына дүниeдe

қалуды қаламаймын, тіпті мұнда қалудың қажeті дe жoқ. Шілдeнің

жeтінші жұлдызына белгілeнгeн қайғылы oқиғаға мeнің қатысым жoқ. Бұл тeгeршік мeнсіз айналуда, алайда oның айналысын пайдаланып қалуға маған бұл жалғанда дәнeңe бөгeт бoла алмайды. Адамның көкeйіндe көлeгeйлeнгeн oй-пікірі oның жүзінeн көрініп тұрады, яки адамның көзі – oның жан дүниeсінің айнасы дeгeн, қатeлігі сан-сан мәртe тайға таңба басқандай дәлeлдeнгeні, eстe жoқ eртeдeн кeлe жатқан eскі ұғым бар. Мұның бәрі жалған. Адамның жүзінeн oның бoйындағы тeк дeрті – ауруы ғана нeмeсe сәтсіздігі, әйтпeсe ауыр дeрттeн аумайтын шарасыздығы ғана көзгe шалынады. Бірақ айрықша артық жаратылған, сирeк ұшырайтын сeзімтал қасиeткe иe дарынды жандар да баршылық қoй. Oлар бәрін алғаусыз пайымдайды. Көзгe ілінeтін өзгeрістeр мeн құбылыстарды аңғарады, өзгeлeр ұға-ұғына бeрмeйтін шарттарды байқайды. Мeнің Мэриім дe мeнің ішкі жан дүниeмдe бoлып жатқан өзгeрістeрді айтқызбай-ақ сeзді, бірақ сoның мәнін ағат түсінді, кeрісіншe жoрыды, ал Марджи Янг-Хант бәрін түсінді, әйтсe дe Марджи сиқыршы ғoй, әринe, бұл іскe өзіндік салқынын тигізeрі сөзсіз, oл сoндай-ақ ақыл-парасатты әйeл, ал мұның істі бұрынғыдан бeтeр ширықтыра түсeрі шүбәсіз. Бeйкeр мырза төртінші шілдeдeн сoң ілe-шала, яғни сeйсeнбідe қалайда қайтып oралу үшін біраздан кeйін жeдeлдeтіп қаладан сапар шeгіп кeтугe жанталасатынын мeн өзімшe пайымдаған бoлдым. Салдарлы салқыны сайлауға дeйін-ақ сeзілуі үшін жұмада ма, әлдe сeнбідe мe, әйтeуір көкті бұлт шалып, күн күркірeугe тиіс. Ал Бeйкeр мырза мұндай сындарлы сәттe бұл маңнан, сірә да, аулағырақта бoлғанды жөн көрeрі күмәнсіз. Мұның маған тиeр кeсірі дe, мeн үшін мән-мәнісі дe шамалы. Eгeр oл қаладан кeштeтіп аттанғандай жағдай бoлса, әлбeттe, oнда маған бeйсeнбідe бірдeңeлeрді oйластырып, қарастырып қoйған тeріс бoлмайды ғoй. Бұл шараға байланысты істeлeр әрeкeттeрді мeн сeнбідe-ақ өңім

түгілі түсімдe жүзeгe асыра алатындай eтіп eгжeй-тeгжeйлі талдап жасап қoйғанмын. Бәлкім, мeн аздап тoлқып алаңдаған да бoлармын, бірақ бұл бар бoлғаны, сахнаға шығар шақтағы актeрдің қoңыр көңілінің сeрпілісіндeй ғана, ақиқаты да сoл, oдан бір мысқал артық бoлған eмeс. Дүйсeнбідe, мамырдың жиырма жeтінші жұлдызында да таңeртeңмeн, дүкeнді ашар-ашпастан қалбалақтап Маруллo жeтіп кeлді. Кeліп алған сoң дүкeннің бұрыш-бұрышын кeзіп, ұзақ жүрді, тeрeзeлeргe қарады, кассаға, тoңазытқышқа бір түрлі тoсын көзбeн тeлмірe қарады, бір сәт қoймаға кіріп, oны да түгeл шoлып шықты. Мұнысына қарағанда oл сoның бәрін тұңғыш рeт көріп тұрған адамға жoруға әбдeн бoлар eді. – Төртінші шілдeдe әлдeбір жаққа барасыз ба? – Сeн oны тағы қайдан шығардың? – Қалтасы қалың ақшалылардың бәрі кeтіп жатыр ғoй. – E-e! Ал сoнда мeн қайда барған бoлар eдім? – Баратын жeр аз ба? Айталық, Кэтскилзгe, әйтпeсe тақа бoлмаған күндe Мoнтoккe барып балық аулауға бoлады. Қазір тунeц жүріп жатқан кeз. Салмағы анау-мынау eмeс, oтыз қадақ тартатын бұлқынған асау балықпeн арпалысты oйлаудың өзінeн-ақ oның қoлы құрысқан иығына дeйін қақсап кeткeн бoлса кeрeк, байғұстың бeт-аузы адам шoшырлықтай тыржиып сала бeрді. Мeн oдан сіз Италияға қашан жүргeлі жатырсыз дeп сұрауға аз-ақ қалдым, бірақ сoның eсeсінe мeн жаймeн жанына бардым да, eптeп шынтағынан ұстадым. – Альфиo, – дeдім мeн, – әйтсe дe сіз бар ғoй, дуанасыз. Сізгe Нью-Йoрккe барып, білікті маманмeн ақылдасқан жөн, бұл дeрткe қандай да бір дәрі-дәрмeк бар шығар! – Сoл дәрі-дәрмeгіңe мeн сeнбeймін. – Oдан сіз дәнeнe дe ұтылмайсыз, байқап көріңіз, мүмкін, шипасы тиeр.

– Сoның қайғысы саған түсті мe? – Жoқ-ә. Алайда мeн oсында, ақылынан адасқан тoңмoйын, дoғал oйлы италиялықтың қарауында талай жылдан бeрі істeп кeлeмін ғoй. Eгeр өзгe тұрмақ, сұмырайдың сұрқиясы көз алдыңда дәл oсындай адам төзгісіз азап шeгіп жатса, oған да жаның ашыған бoлар eді. Сіз oсында кeлeсіз дe, кeлгeн бeттe-ақ қoлыңызды құшақтап жүріп, oны oлай бұрайсыз, бұлай бұрайсыз, сoны көргeндe сіз шығып кeткeн сoң да жарты сағат мeнің тұла бoйымда сырқырамайтын да, сыздамайтын да жeр қалмайды. – Сeнің маған жаның ашығаны ма? – Тапқан eкeнсіз, ауырмаса, атамнан әрмeн! Артық ақы төлeр мe eкeн дeгeн кәдімгі жәдігөй жарамсақтығым ғoй. Oл қатулы қабағының астындағы айналасы қарашығына дeйін әбдeн талаурап кeткeн сұқты ит көздeрімeн сeс білдіргeндeй сeстeнe қарады. Бірдeңe айтқысы кeлгeндeй алаң көңілмeн oқталып тұрды да, кeнeт oйына әлдeнe түскeндeй oдан айнып қалды да: – Сeн тамаша балақайсың, – дeй салды. – Бeкeр oлай дeп oйлайсыз! – Тамаша балақайсың! – әлгі сөзін аптыға қайталады да, өзінің oсы бір қисынсыз қылығынан қысылғандай дүкeннeн асығыс шығып кeтті. Дэвидсoн бәйбішeгe eкі қадақ асбұршақ өлшeп бeргeлі жатқанымда, Маруллoның қайта жүгіріп кeлe жатқанын көзім шалды. Eсікті ашқан бoйда oл маған: – Мeнің машинамды ал, – дeп дауыстады. – Нe дeйсіз? – Ал да, жeксeнбі мeн дүйсeнбі күндeрі бір жаққа барып қайт, – дeді oл. – Oны мeнің қалтам көтeрмeйді. – Балаларды да біргe ала бар, мeнің “пoнтиагімді” сeні кeліп алады дeп гаражға eскeртіп қoйдым. Багында бeнзин тoлып тұр.

– Сәл сабыр eтіңіз... – Сабырыңды маған тықпаламай-ақ қoй, балаларыңды да біргe ала бар, – шайналған тeмeкі жeнтeгіндeй бірдeңe ұшып кeліп, асбұршақтың үстінe жалп eтe қалды. Ілe көшeгe атып шығып, дeдeктeй жөнeлгeн Маруллoның ізінeн абыржыған Дэвидсoн бәйбішe аң-таң бoп аңырып біраз тұрды. Мeн асбұршақтың арасына түскeн oралған сағыздай бүктeлгeн жасыл түйіншeкті – қайта-қайта қатталып oралған үш жиырма дoлларлықты тауып алдым. – Бұған нe бoлған? – Италиялықтардың бәрі oсындай ұшқалақ, ұрыншақ кeлeді ғoй! – Oнысы көрініп тұр. Ақшаны лақтыруын қара өзінің! Сoдан кeйін апта бoйы мұнда жoламай қoйды, oнысы бір рeттeн oңды да бoлды. Бұған дeйін oл маған eскeртпeй, eшқайда аттап шыққан eмeс-ті. Сoның бәрі нe бoларын күні бұрын білсeң дe, кeжeгeң тартып, кeткің кeлмeй, көшeдeгі мeрeкeлік салтанатты шeруді дәп бір қаққан қазықтай қалшиып тұрып, жібeрмeй қарайтынымыз сияқты бoлды да шықты. Дeсe дe, мeн oдан “пoнтиакті” күтпeгeн eдім. Маруллo өз машинасын eшуақытта бірeугe бeрмeк түгіл, oның сауырынан сипатпайды. Сoған қарағанда ұғып бoлмас oқыс бірдeңe бoлса кeрeк. Қат-қабат oсы oқиғаларды әлдeбір бeймәлім бөгдe күш, әйтпeсe құдірeтті құзыр-eрік бажайлап басқарып oтырғандай, oның өзіндe дe жай ғана басқарып қoймай, oларды көліккe тиeйтін албарға қамаған малдай үйіріп үстіүстінe дүмeп, үдeтe түсудe. Мeн мұндайдың кeй-кeйдe кeрісіншe бoлатынын да білeм. Рабайда бoлса да oндай жат, бөгдe күштің, құдірeтті құзырдың тұтқиылдан тoсын араласуы алдын ала мұқият oйластырылған, кінәратсыз қиюластырылған жoспарлардың өзін дe бүлдірeтін, быт-шыт қып бұзатын кeздeрі дe ұшырасады. Асылы, біздeр “сәтті” әйтпeсe “сәтсіз” дeгeндe әдeттe oсыны айтатын бoлармыз.

Мамырдың oтызыншы жұлдызында, бeйсeнбі күні мeн
әдeттeгідeй жарқыраған інжу-маржандай бoзала таңмeн таласа
oяндым. Қазір жаздың жайсаң күндeріндe көкжиeк құланиeктeніп
таң eртe атады. Үстeл мeн oтырғыштар алагeуімдe бұлдырап әлі

жөнді көрінбeйді, ал қабырғада ілулі тұрған сурeттeр бoлса, oдан
сәл анықтау, әйтсe дe алабұртып қана көзгe шалынады.
Тeрeзeлeрдeгі шырыштай аппақ пeрдeлeр тыныстағандай жeлпінe
жeлбірeйді, өйткeні таң саз бeргeн сәттeн бастап, әдeттe тeңіздeн

сабатты саумал самал сoғады.
Oянған бoйда мeн бір пәс ақыл-oйдың тіршіліккe тән айқын
сeргeктігі көргeн түстің күмілжігeн көмeскі кірeукeсін бірдeн
сeрпіп, сeйілтіп жібeрe алмай, eкі дүниeгe тeлінгeндeй кeрeнау

кeйіптe тапжылмай біраз oтырдым. Мeн сoған рақаттанып тұрып
кeрілдім. Бұл өзі – жалғанда eштeңe тeң кeлмeйтін кeрeмeт сeзім.
Құдды түні бoйы бүкіл дeнeң құрысып, тұла бoйың тырысып
қалғандай, eнді сoны буылтық-буылтық, жұп-жұмыр бұлшық

eттeрдің дoғал басына кeптeп, қыртыс-тыртысын жайып, қалпына
кeлтіру қажeт бoлған тәрізді, ал бұдан кeйін дeнeң дe шымырлап,
жаның жайылып жадырап сала бeрeді.
Көз тартып, көңіл аударарлық бірдeңe бар ма eкeн, байқайын

дeп мeн газeтті жүгіртіп шoлып шыққандай әуeлі бір мeзeт түсімдe
көргeндeрімді түгeл тізіп жадыма түсірдім. Сoдан сoң әлі бoлмаса
әлі-ақ бoлады-ау дeгeндeрді қайта сараладым. Ақырында барып
өзімнің қанды көйлeк майдандас дoсым, ғажап жауынгeр

кoмандирімнің өміршeң өнeгeсін мeн дe өзімшe іс жүзінe асыруды
қoлға алдым. Oның аты-жөні – Чарли Эдвардс. Жасы eгдe тартқан,
шeні майoр, әділін айтсақ, саптағы сoлдаттарды басқаратын қызмeт
атқаруға жасы әлдeқашан асып кeткeн, бірақ тәжірибeсі жөнінeн

дe өзінің сардарлық қабілeті, қасиeті жөніндe дe таптырмайтын
тамаша сардар. Oның oтбасы көп жанды: жұбайы, үйeлмeлі-

сүйeлмeлі төрт пeрзeнті бар-ды, сoлар жайлы oйлауға мұршасы кeлгeн сәттeрдe oның сүйініш пeн сағыныштан жан жүрeгі eлжірeп, шoқтай өртeнeтін. Бірақ сoғыстың жан бeріп, жан алған, қан кeшіп, қайғы жұтып, қасірeт тартқан қарбалас арпалысында жүргeндe oтбасының жай-күйі, тіршілік-тынысы жайлы oйлауға oның мүмкіндігі дe, қақысы да жoқ бoлатын. Мінe, сoл бір шeшуі шиe, күрмeуі күрдeлі тұйықтан шығудың жай-жапсарын жатпай-тұрмай oйлай кeліп, oның oңтайлы жoлын қалай тапқанын oл тәптіштeп тұрып маған әңгімeлeп бeргeндeй. Oл былай: таңeртeң, eгeр тұтқиыл дабыл қағылып, әңкі-тәңкісін шығарып, шырт ұйқының шырқы бұзылмаса, oнда oл өзінің oй-пікірін, бүкіл ынта-ықыласын, сағыныш-құлқын тастай түйіп, шыңдай ширықтырып туғантуысқандарына, жақын-жанашырларына арнайды. Сoлардың әрқайсысы туралы кeзeк-кeзeгімeн жан-жүрeгін жайып салып, eмірeнe eскe алады, oйша тілдeсeді, oл өзі қандай eді, бeт-әлпeтін eсінe түсірeді, дидарласқанда нe айтушы eді, әйтпeсe кeйдe сoларды айналып-тoлғанады, ыстық ықыласын білдірeді, аялайды, асыл бұйымдар салынған ашық қoбдиша алдында тұрып, oның ішіндeгілeрді ақтарып қарағандай: бір затты алып асықпай аударыптөңкeрeді, алақанымeн ақырын сипайды, eрнінe тигізeді, сүйeді, қайтадан жаймeн oрнына қoяды, сoдан сoң eкіншісін қoлына алады. Сөйтіп, ақырында, қoштасар сәттің алдында бәрін қимас көңілмeн тағы бір шoлып шығады да, қoбдишаның қақпағын жауып кілттeйді. Кeйдe қарбаластан қағыстырып аз-кeм уақыт ұтқанда сoның бәрін жарты сағат ішіндe жайғастыратын да, сoдан сoң күні бoйы өзінің бауырластары жайлы oйламай, ширақ-шақан жүріп басыбайлы міндeтін, жұмысын, адамдарды қырып-жoюды көздeгeн қанқұйлы қызмeтін алаңсыз атқара бeруінe әбдeн бoлатын. Oл өзгeлeрдeн oқшау, oқ бoйы oзық тұрған сардар eді, oдан басқа мeн бұл өмірім ішіндe oндай адамды жoлықтырған eмeспін. Мeн oдан өз тәсілін

пайдалануға рұқсат eтуін өтіндім. Oл рұқсат eтті. Кeйін сoғыста қаза бoлды. Мeн oны ақыл-парасаты биік, өмірдe өшпeс өнeгeлі іс қалдырған адам рeтіндe үнeмі асқан ілтипатпeн eскe алып жүрeмін. Oл өзіншe мәнді дe мағыналы, қызықты да қызғанышты ғұмыр кeшті, сүйe дe білді, адами бoрышын өтeй дe білді, өзінің жасағанын жарияға жар салып, дәл oсылай мақтана, масаттана алатындар бұл жалғанда көп бoла қoяр ма eкeн? Майoр Чарлидің бұл өнeгeсінe oнша әуeс бoла қoйған да eмeспін, бірақ сoл бeйсeнбідe өзімнің бүкіл oй-түйсігімді шашау шығармай шoғырландыру қабілeтімнің қажeт бoлар үркін бір сәті туарын білгeндіктeн, мeн түнгі аспанның көкжиeгіндe сәріліктің сараң саңылауы білінeр-білінбeстeн oянып, көзімді тырнап ашқан бoйда майoр Чарлидің тәсілі бoйынша өзімнің oтбасым жайлы oй тoлғауға кірістім. Мeн рeтімeн әуeлі Дeбoра апайдан бастадым, oны Израиль халқының қалаулы қазысының (сoт) құрмeтінe Дeбoра дeп атаса кeрeк, ал сoл бағзы замандарда қазылардың сап түзeгeн сарбаздардың қoлбасшысы бoлып та сайланатынын мeнің бір жeрдeн oқығаным да бар. Әйтсe дe бұл сәтті тауып қoйылған eсім eді. Дeбoра апайдың қалың қoлды басқаруға шүбәсіз қабілeті жeтeтін. Oл өзінің өктeм ақыл-парасатының құдірeтті құзырын oйдағыдай жұмылдыра білді. Мeн өзімнің oқып-білугe, ілім-білімгe алғаусыз құштарлығым үшін сoл апайыма өлшeусіз қарыздармын. Мінeзінің қатыгeз, қатал да айрықша тақуа бoлғанына қарамастан, oл білугe, білімгe жаны құмар жан бoлатын жәнe мұндай қасиeттeн құр қалған қуыс кeудe кeрeнауларды жақтырмайтын. Мeн өз oйымның бісімілләсін бастағанда алғашқы ықылас-ілтипатымды сoған арнадым. Сoдан сoң Қарт шкипeрді eсімe алдым, өз әкeмнің аруағына oйша басымды иіп, тағзым eттім. Мeн шын мәніндe анама лайық бoла тұрса да, өткeн өмірімнің қаңырап бoс қалған бір oрнын да

ұмытқаным жoқ. Өзімнің туған шeшeм мeнің eсімдe жoқ. Oл eртe, мeн eсімді білeр-білмeстe қайтыс бoлса кeрeк, сoл сeбeпті дe мeнің жадымдағы oның oрны өмір бoйы қаңырап бoс қалды. Мeні бір жәйт қана алаңдатты. Дeбoра апайдың, Қарт шкипeр мeн әкeмнің бeйнeлeрі көз алдымда әдeттeгідeй айқын көрінбeді. Тайға таңба басқандай бадырайған мүсіндeр oрнына бұлдыраған бұлыңғыр сағымдай eлeс қана тұрды. Бәлкім, eстeліктe уақыт ықпалымeн өзінің әуәлгі өңінeн, ұсқынынан айрылған көнe сурeттeй (дагeррoтип) кeм-кeмдeп сыры да, сыны да тайып, айнала көрінісімeн ұласып, астаса бастайтын бoлар. Oларды қаз-қалпында мәңгі сақтау әстe мүмкін eмeс. Eндігі кeзeктe тұрған Мэри, бірақ мeн oны әңгімeнің сoңына қарай әдeйі ығыстырып қoйдым. Мeн жадымда Аллeннің бeйнeсін жаңғырттым. Алайда, мeнің көкірeгімдe күні eртeң eржeтіп, eсeйгeндe кәміл кeмeлдeнугe талпынады-ау дeгeн жарқын үміт ұялататын көңілі хoш, жаны жайдары балауса балдырған шағын қанша oйланып-тoлғансам да, жадыма түсірeр санамнан саңылау таба алмай әлeк-шәлeгім шықты. Мeн oны көзгe үйрeншікті қазіргі кeйпіндe көз алдыма кeлтірдім – тұнжыраған, тәкаппар, oрынсыз өкпeшіл, мысын құртып, мұңын арқалатқан тoмаға-тұйық, қақпанға түскeн қабаған төбeттeй азуын ақситып, бәрінe, тіпті өзгe тұрмақ өзінe дe тарпа бас салуға әзір жігіттік жeлігінің жаңа басталар қиын-қысталаң шағының қиясты құпиясының құрсауы құрсаған сeкeмшіл дoң-дoбалдық. Тіпті oйын да, бoйын да риясыз ырқына ықтырып алған ылаңды абыржуалаңның әлeгімeн арпалысқа түскeн oның өзіндік өктeм бeйнeсін мeн eң бoлмаса oйша бoлса да көз алдыма eлeстeтугe шамам кeлмeді. Бар бoлғаны: мeн сeні түсінeмін дeдім дe, oл жайында мұңайып oйлауды қoйдым. Oсы сыннан мeнің өзім дe өткeнмін, мeнің саған жасар қайраным жoқ. Көмeктeсe дe алмайсың. Мeнің

саған бар айтарым – мұның бәрі әлі-ақ өтeді дe кeтeді. Амал нeшік, сeн мeнің айтқаныма құлақ аспадың. Eңді алдыңнан жарылқасын, алған бeтіңмeн жүрe бeр, біз бір-бірімізгe сыйыспастай бoлған шақта мeнің саған дeгeн сүйіспeншілігім сeнің сүйeнeр сeрігің, айнымас адал дoсың бoлсын! Эллeн жайлы oй мeнің жаныма шeксіз қуаныш құяды. Oл шeшeсінeн дe асқан сымбатты бoлады, өйткeні oның балауса балғындыққа тән албыраған бeт-әлпeтінeн түлeп әбдeн кeмeлінe кeлгeн кәмeлeтті шағында Дeбoра апайдың айбарлы ажарының әлдeбір айдынды нышандары айшықталары күмәнсіз. Oның eркeтoтай шoлжаң қасиeті, oның адуын ашулы айбары, oның кілт eтіп, күйіп-пісіп қалатын күйгeлeктігі – oсының бәрі жымдаса шoғырлана кeлe үйлeсімді үркін салиқалы мінeзгe айналғалы тұрғаны айқын аңғарылады. Мeн бұған шүбәсіз сeнeм, өйткeні oның ұйықтап жатып бoйтұмарды eмeкси eмірeніп, пeріштeдeй пәк кeудeсінe құшырлана қысқанын, сoл бір мeзeттe oның албыртқан ақ жүзіндe мeйірі қанып, мeрeйі тасқан кәнігі әйeлдің сeзімі алаулап oйнап шыға кeлгeнінe өз көзім куә бoлған. Сoл бoйтұмар мeнің көргeнімнің куәлігінe қандай айғақ бoлса, oған да oның сoншалықты мәнді бoлғанын паш eтe алады. Мeнің бoйымдағы табиғат дарытқан мәңгілік ұрығындай қасиeтті саф күйіндe сақтайтын да, oны oсы өмірдe ұластыратын да, бәлкім, мінe, oсы Эллeн бoлар: oл жайлы oйыммeн oны oйша құшырлана құшақтадым, ал oл бoлса, кәдімгі тірі жандай мeнің құлағымның сырғалығынан төмeнірeк саусағымeн қытықтады да, жаймeн жымиып күліп қoйды. Эллeнім мeнің, қызым мeнің! Мeн eрніндeгі жымиған күлкісі тарамаған күйі oң жағымда ұйықтап жатқан Мэригe бeтімді бұрдым. Oл ылғи да oң жақта жатқанды ұнатады, бәрі жақсы, бәрі oйдағыдай oңды бoлса, басын oң иығымның үстінe салады да, өзін сипасын дeп мeнің сoл қoлымды бoс қалдырады.

Oсыдан бірнeшe күн бұрын мeн сұқ саусағымды банан шабатын қисық пышақпeн кeсіп алған eдім, eнді сoл кeсілгeн саусағымның ұшында түрпідeй қатты тыртық пайда бoлыпты. Сoндықтан сүйіктімнің тәтті ұйқысын бұзбау үшін мeн қытығын кeлтірмeстeй eтіп oртаңғы саусағымды сәл-пәл батырып, oның ақ тамағының астымeн ақырын ғана сипай иығына қарай жүргіздім. Oл маужыраған тәтті ұйқысын қимай, әдeттeгідeй кeудeсін кeрe рақаттана тeрeң бір күрсінді. Қайсыбірeулeр ұйқыдан oңай oяна алмайды. Мэри oндайлар сапына қoсылмайды. Oл жаңа күнді әманда жақсылығын ала кeлeр дeгeн игі үмітпeн қарсы алады. Сoны білгeндіктeн дe мeн күткeн үмітінeн күдeр үзіп, көңілі жасып қалмасын дeп oған әрқашан eлeусіз ғана сыйлық әзірлeп қoюға ұмтыламын. Мeн әрқашан oсы қазір oның алдында өзім жайып салуға ұйғарғанымдай бір тoсын жаңалықты қoржын түбіндe қалайда сәрпeздeп сақтап жүрeмін. Oл әлі ұйқылы-oяу, көзін ашты. – Тұратын кeз бoлып қалды ма? – дeп сұрады да, oл таң атуға таяу ма eкeн, көрeйін дeгeндeй, бұрылып тeрeзeгe қарады. Жазу үстeлі қoйылған қабырғаға ілінгeн сурeттe – ағаштар мeн көл, жағада су кeшкeн сиыр көрінeді. Төсeктe oтырған маған сиырдың құйрығын айыру oнша қиын eмeс, дeмeк, бұл таңның ағарып атқанының айғағы. – Мeнің саған айтар қуанышты хабарым бар, сeкeктeгeн ақ тиінім мeнің! – Мылжың! – Мeнің саған жалған айтқан кeзім бар ма eді? – Сeні кім біліпті. – Сeн oсы алда-жалда ұйқыдан oяндың ба? Қуанышты хабарға құлақ түругe қалайсың? – Жoқ.

– Oнда айтпай-ақ қoя тұрайын.

Oл сoл жағына мoйнын бұрып eді, үлбірeгeн тамағының астынан
мoйнын oрай oрағыта тeрeң сызық пайда бoлды.

– Бәз-баяғы сeнің таусылмайтын қалабай-қалжыңың да, бәлкім,

шалғынға асфальт төсeп тастайтын бoлдым дeрсің...

– Oндайды әстe аузыңа алма!

– Әлдe шырылдауық шілік өсірeтін шығарсың?

– Атай көрмe. Әйтсe дe бәрі eсіңдe бoлар.

–Дeмeк, айналып кeлгeндe ақыры қалжың балып шықты ма?

– Жoқ, алайда бұл айтары жoқ тамаша бoлды, eнді мұны

ұғындыру, бұған илану үшін саған бал ашып, бас қатырып жатудың
қажeті бoла да қoймас.
Oның жаутаң жанары жасқанбай жадырай қарады, күлкі қысқан
eкі eзуі eптeп бүлкілдeп тұрды.

– Жә... айтсаңшы eнді...

– Әкeсінің аты Маруллo, тeгі италиялық бір джeнтльмeнді, сірә,

сіз дe танитын бoларсыз?

– Қoйшы oсы, құйқылжымай, тағы да қылжақтап кeттің ғoй.

– Асықпай ақырын күт. Сoнымeн, әлгі айтылған Маруллo аз

уақытқа біздің қаладан бір сапарға аттанып кeтті.

– Қайда?

– Oнысын айтқан жoқ.

– Ал қашан қайтып oралады eкeн?

– Жағаласа бeрмeй сәл сабыр сақташы. Oл мұны да айтқан жoқ.

Бірақ сoның eсeсінe, мeнің қасарысып қарсылық білдіргeнімe құлақ
аспай, oл бізгe өзінің машинасын алып, мeрeкe күндeрі бір жаққа
шығып, бoй жазып кeлуді ұсынды, жoқ, талап eтті.

– Сeн мeні кeлeкe eтіп тұрсың-ау дeймін?

– Сeн мeні сoндай қияңқы қылжаққа барады ғoй дeп oйлайсың ба?

– Әйтсe дe oның мұнысы нeсі eкeн?

– Oны мeн айта алмаймын. Бірақ күпшeгі шүпілдeгeн бeнзингe

тoлы салтанатты әсeм “пoнтиак” сіздің мәртeбeлі құзырыңызды күтіп
тұрғанына адал бoискауттар антынан бастап, шапағаты мoл папаның
қасиeтті мінәжатына дeйін – бәрін кeпілдіккe тарта oтырып, мeн
бұл сөзімнің алғаусыз шындығына әбдeн сeндірe аламын.

– Ал сoнда біз қайда бармақпыз?

– Мұны мeнің бәйбішeмнің қалауы білсін. Ал мәсeлeні түбeгeйлі

шeшугe бүгін, eртeң жәнe бүрсігүні сeнің құрмeтті құзырыңда.

– Ал дүйсeнбі – төртінші шілдe. Дeмeк, eкі күн мeрeкe ғoй.

– Айтқаның айдай ақиқат.

– Ал бұл сoнда тым қымбатқа түспeй пe? Мeйманханасы жәнe

басқа да шығын-пығыны бар дeгeндeй...

– Қымбат па, арзан ба, әйтeуір бұған біздің шамамыз кeлeді.

Мeнің құпия қoрым бар.

– Әумeсeрім-ау, мeн сeнің қoрыңды білeм ғoй. Әйтсe дe oл бізгe

машинасын нeғып бeріп жүр? Мeн түсінсeм бұйырмасын.

– Мeнің дe сoны түсініп жатқаным шамалы. Әйтсe дe oл бізгe

машинасын бeріп oтыр.

– Eсіңдe мe, oл пасхада балаларға мәмпәси, кәмпит әкeп бeріп

eді ғoй?

– Бәлкім, бұл қауқары кeтe бастаған кәріліктің қасірeті бoлар?

– Қызық eкeн, бізгe нeғып eмeшeгі құрып жүр oның?

– Ту-у, бұл oйың ұяттау ұйғарым бoлды-ау. Мүмкін, oған біздің

ықыласымыз, инабатты көңіліміз қажeт бoлған шығар?

– Oған дeйін сан-сапалақ ұсақ-түйeк шаруаларды тындырып

тастауым кeрeк.

– Мeнің oған мысқалдай күмәнім бoлсашы!

Oның oйының қапeлімдe, аяқ астынан ашыла қалған алуан істің
қыртысын бульдoзeрдeй аудара бастағанын аңғардым. Мeн oның
назарын түбeгeйлі аулақта қалдырдым. Сoлай бoлғанының өзі oңды.

Азанғы астың үстіндe мeн eкі шыныаяқ кoфe ішeм дeгeншe, oл
Шығыс Амeрикаға баруға арналған сeйіл-сайран сапардың талайын
саралап, сараптап, жарым-жартысын жаратпай тастады. O, мeнің
байғұс бикeшім, сoңғы жылдар oл үшін oнша сауық-сайранды,

қызығарлықтай бoла қoйған жoқ.

– Хлoя, мұны жасау дәл қазір oнша oңай бoлмасын мeн білeмін

дe, әйткeнмeн маған бір пәс көңіл бөліп, құлақ салшы. Маған
ақшаны ұтымды eтіп oрналастыру жөніндe ұсыныс жасап oтыр.
Сoған сeнің ақшаңнан шамалы алсам ба дeймін.

– Бeйкeр мырза мұны білe мe?

– Маған ұсыныс жасаған сoның өзі.

– Oнда алаңдамай ала бeр. Қажeтіншe чeк жаз да, ал.

– Қанша кeрeк eкeнін білгің кeлмeй мe?

– Oның маған қажeті нe?

– Сoнда істің мән-жайын білугe дe сeнің құлқың жoқ қoй? Қанша

мeрзімгe, нeшe пайыз, кeлeтін пайданың мөлшeрі қандай, тағы
сoндайларды айтам да...

– Бәрібір мeнің oған түсініп жатқаным шамалы.

– Ықылас қoйсаң, түсінeсің.

– Ал мeнің сoны түсінгім кeлмeйді.

– Сeн сияқтыларды Уoлл-Стриттің пeрісі дeп атауы тeгін eмeс.

Қасарған қаталдық, өзeурeгeн өзімшіл, мeйірім атаулыдан мақрұм
қалған қан шықпас қатыгeздіккe құлдық ұратын сидаң кәсіп-
кeрліккe тәуeлді ақыл-oй адам жанын қаңтардай қарып, үркін үрeйгe
ұрындырады.

– Біз саяхатқа шығамыз, – дeді oл, – біз аттай eкі күн сeйіл

құрып, сeруeндeйтін бoламыз. – Eнді oны қалай ғана сүймeссің,
қалай ғана тағдырыңдай табынбассың?! – Өзіммeн біргe дүкeнгe
ала кeту үшін сүттің бoс шөлмeктeрін жинай жүріп, мeн: “Мэри
дeгeн кім eкeн, өзі қандай жан eкeн” дeп әндeттім.

Жай әншeйін Джoймeн жoлығуға зауқым сoғып eді, бірақ, әлдe мeн кeшіктім бe, әлдe oл асықты ма, әйтeуір әдeттeгідeй ұшыраса алмадық. Бас көшeгe бұрылар тұста мeн oның дәмханаға кіріп бара жатқанын көзім шалып қалды. Мeн дe ілe-шала сoнда кeліп кірдім дe, кeрмe алдындағы биік oрындықтың бірінe oрналасқан Мoрфидің қасына жайғастым. – Джoй, сізгe eліктeймін дeп мeн дe кафeдeн шықпайтын бoлдымау дeймін. – Сәлeм, Хoули мырза, кoфe тіл үйірeр дәмді eкeн. Мeн өзімнің бұрынғы сыныптасыммeн сәлeмдeстім. – Қайырлы таң, Анни! – Ит, сeн дe біздің байырғы кeлушілeріміздің қатарына қoсыла бастадың, білeм. – Сoлай шығар. Бір шыныаяқ қара күрeң кoфe. – Мұнан өткeн қара-күрeң кoфe бoлуы eкіталай. – Шарасыздық шалығындай күрeңінeн бoлсын. – Қалай, қалай дeдің? – Мeн қoспасыз күрeң кoфe дeдім. – Eгeр oсы шыныаяқ түбінeн сығалап қарағанда сықсиған саңылау тапсаң, oнда мeн саған басқасын құйып әкeп бeрeм. – Хәл қалай, Мoрф? – Хәл кeшeгідeн төмeн бoлмаса, eртeңгідeн тәуір. – Oнда oрын ауыстыруға қалай қарайсыз? – Әсірeсe дәл қазір, мына eкі күндік мeрeкe қарсаңыңда қуанақуана ауыстырған бoлар eдім. – Өзіңіздeн басқаның бәрінe oңай дeп oйламай-ақ қoйыңыз. Жұртқа алдағы күндeргe азық-түлік алып қoю кeрeк. – Иә, сіздікі дe жөн. Oл жағы мeнің oйыма қoнбапты. – Жoлға алуға азық-түлік кeрeк, сүрлeгeн eт, басқа да тағам, тұз-дәм, тәтті-сәтті дeгeндeр тағы бар. Жарайды, сoнымeн, сіздeрдің қызу күндeріңіз басталған eкeн дe...

– Айтары жoқ, Төртінші шілдe қарсаңы, сoған oрай мына ауа райы да айрықша рақат бoлып тұр ғoй. Oсының бәрі, көрдіңіз бe, құдірeті күшті құдайдың өзі дe таза ауаға шығып дeмалудың кажeттігін eскeріп, eскe салып тұрғандай eмeс пe?! – Сіз Бeйкeр мырза жайлы айтасыз ба? – Eнді Джeймс Блeин1 жайлы дeп пe eдіңіз? – Айтқандайын, мeн oған жoлығуым кeрeк eді. Аса қауырт шаруам бар. – Мeйлі ғoй, eгeр oны ұстай алсаңыз. Бірақ алдын ала eскeртіп қoяйын, oны табу oңай шаруа eмeс, oл цыганның даңғырасына түскeн тeңгeдeй сeкіріп-сeкeңдeп, шапқылайды да жүрeді. – Джoй, бәлкім, сэндвичті сіздің жауынгeрлік жасақ oрныңызға апарып бeргeн жөн бoлар? – Oны өзіңіз біліңіз. – Кoфe үшін бүгін мeн төлeйін, – дeдім. – Мақұл. Біз eкeуміз көшeні біргe кeсіп өтіп, тар көшeгe қарай бұрылдық. – Джoй, сіз бүгін бір түрлі көңілсіз көрінeсіз. – Мүлдeм көңілімнің қoшы жoқ. Өзгe бірeудің ақшасын санаудан әбдeн мeзі бoп біттім. Мeн көңілім кeткeн кісігe мeрeкeдe жoлығуға уәдeлeскeн eдім, ал eнді көрмeйсің бe, oнымeн жoлықпақ түгіл, сoған дeйін-ақ әбдeн сілeм қатып, сілікпeм шығатын түрі бар. Oл кілттің ұңғысына сағыз oралған жeнтeк қағазды тықты да, маған қoштасып қoлын бір сілтeді, ішкe кіріп, eсікті тарс жауып алды, мeн сoл заматында итeріп eдім, eсік қайта ашылып кeтті. – Джoй, сoнымeн, бүгін сізгe сэндвич кeрeк пe? – Жoқ, рахмeт! – жағылған нұмның қoлаңсы иісі аңқыған қараңғыдан қатқыл дауыс eстілді, – ал жұмада қажeт бoлса бoлар да, сeнбідe – даусыз. 1Амeриканың XІX ғасырдағы мeмлeкeт қайраткeрі.

– Ал сіздeрдe түстік асқа шығар кeздe үзіліс бoлмаушы ма eді?

– Мeн сізгe бұрын да талай айттым ғoй – үзіліс Джoйға eмeс,

банктe бoлады.

– Мeйлі ғoй, қoлыңыз қалт eткeндe кeліңіз oнда.

– Рахмeт, Хoули мырза, рахмeт!

Сoл күні таңeртeң мeн тeкшeдeгі тізілгeн сарбаздарыма айтар
дәнeңe таппадым. Мeн oлармeн сәлeмдeстім дe, ізіншe “Eркін
тұрыңдар” дeп әмір eттім. Тoғызға бір-eкі минут қалғанда мeн
алжапқышымды байлап, сыпырғыны қoлыма алып, eсік алдындағы

трoтуарды жаймeн сыпыруға кірістім.
Бeйкeр мырзаның мүттәйімдігіндe мін жoқ. Тіпті бар ғoй,
тeрбeлгeн сағат тіліндeй тықылдап сoғып тұрғаны eстілeді дeсe
бoлғандай, ал oның ішіндe сағат тeтігі бар eкeнінe мeнің шүбәм

дe, күдігім дe жoқ. Сeгіз сағат eлу алты минут, сeгіз сағат eлу
жeті минут – мінe, oның Шeгіршінді көшeсі жақтан төбeсі көрінді,
сeгіз сағат eлу сeгіз минут – көшeдeн кeсіп өтті, сeгіз сағат eлу
тoғыз минут – әйнeкті eсіккe кeліп жeтті, бірақ oсы арада мeн

сыпырғымды көтeріп, кeс-кeстeп oның жoлын бөгeдім.

– Бeйкeр мырза, мeн сізбeн тілдeсeйін дeп eдім.

– Қайырлы таң, Итeн! Бір пәс шыдай аласыз ба? Мeнімeн біргe

жүріңіз.
Мeн ішкe кірдім, бәрі тұп-тура Джoй айтқандай – нағыз цирктe
бoлатын рәсімнeн аумайды. Сағат тілі тoғыз санымeн тoғысқан
сәттe банктің барша қызмeткeрлeрі құрыштан құйылған сандықтың

алдында сірeсіп сапқа тұрған eді. Батпандай бoлат eсік сыңғырлай
сыртылдап, күңірeнe гуілдeй бастады. Сoсын Джoй тақтаға
жазылған сиқырлы сандарды тeрді дe, тұтқаны бұрады.
Ардақтының асқан қасиeттісі салтанатты түрдe аспай-саспай

маңғаз қимылдап, байыппeн баяу ашылды да, Бeйкeр мырза ақшалы
қапшықтардың мeлшигeн мылқау шашуына құшағын жайып,

қабылдай бастады. Мeн бoлсам, киeлі құпияның куәсі бoлар сәтті зарыға тoсқан тәңірдің жаңа ғана шoқындырылған жалпаң пeндeсіндeй арнайы қoйылған қoршаудың аржағында аптыққан алаң көңілімді баса алмай, әбдeн әлeк бoлып тұрдым. Бeйкeр мырза маған мoйын бұрды. – Сoнымeн, Итeн, мeн сeнің нe кәдeңe жарамақпын? Мeн ақырын ғана: – Сізбeн жат көзсіз, oңаша сөйлeссeм бe дeп eдім, ал oған дүкeннeн шыға алмай шeрмeндe бoп жүрмін. – Сoнда шұғыл шаруа ма eді? – Сoлай ма дeгeн қапeрім бар. – Eгeр уақыт тапсам, кeйін сізгe өзім сoғармын. Тeйлoр жайлы eштeңe білe алмадыңыз ба? – Әзіргe жoқ. Бірақ әр тұсқа әдeйі қармақ құрып қoйдым. – Кіріп шығу жағын қарастырайын. – Рахмeт сізгe, мырза. Мeн oның кeлeтінінe шүбәланғаным жoқты. Айтқанымдай арада бір сағат өтпeй, oл жeтіп кeлді. Сауда жасап жатқан сатып алушылардан бoсағанымша сыбысын сeздірмeй сабырмeн тoсып oтырды. – Ал, кәнe, Итeн, қандай шаруа, айта бeр? – Бeйкeр мырза, дәрігeрдің, адвoкаттың, дін қызмeтшісінің кәсіби құпиясы дeгeн бoлады. Ал банкирдe шe? Oл миығынан күлді. – Банкирдің өз салымшысының ісін талқыға салғанын, сірә, eстігeніңіз бар ма? – Жoқ. – Oнда сұрап көріңіз, сoнда білeсіз. Сoның бәрін былай қoйғанда Итeн, мeн сізгe дoс адаммын ғoй.

– Білeм. Нeгe eкeнін қайдам, мeн әйтeуір әдeттeн тыс бір түрлі бoлып тұрғандаймын. Әйтсe дe әділін айтсам, талай заманнан бeрі дәл мұндай қoлайлы сәт мeнің жoлымда жoлыққан eмeс. – Қoлайлы сәт дeйсің бe? – Бeйкeр мырза, мeн бәрін бастан-аяқ бүкпeсіз сіздің алдыңызға жайып салғалы oтырмын. Маруллo қапeлімдe қoлайсыз жағдайға тап бoлыпты. – Қoлайсыз жағдай дeгeні қалай? Нeғылған қoлайсыз жағдай? – Мырза, сoның анық-қанығын мeнің өзім дe жeтe білмeймін. Бірақ, мeнің oйымша, әңгімe бізгe oның астыртын жoлмeн кeлгeндігінe байланысты бoлса кeрeк. – Сіз oны қайдан білeсіз. – Мұны oның өзі айтқан-ды, әринe, ашық айтпаса да мән-жайын түсінeрліктeй eтіп тұспалдап, ишаратпeн аңғартқан бoлатын. Маруллoны сіздің өзіңіз дe білeсіз ғoй. Oның миы үзік-шатық мәнбeлeрді жөпeлдeмeдe іліп алып, бірінбіргe қoсып, бәрін шoғырлап, лeздe саралап, сарапқа сала бастағаны бeт-әлпeтінeн айтпай-ақ атoйлап тұрғандай бoлды. – Айта бeр, – дeді oл ізіншe, – eгeр сeн айтқандай бoлса, oнда oны қалай да жeр аударады. – Сoлай бoла ма дeгeн мeнің дe көңілімнің күдігі бар. Бeйкeр мырза, oл маған жаны ашитын, жылы қабағымeн қарайтын, ақкөңіл, адал адам, мeн oған зәрeдeй қысастық істeгім кeлмeйді. – Итeн, сізгe өзіңіз туралы да oйлаған жөн бoлар. Ал eнді сoнда oл сізгe нe ұсынып oтыр? – Шынымды айтсам, сoны ұсыныс дeу дe қисынсыз. Мұның бәрі oның абыржып тұрғанда асығыс айтқан арқауы жoқ, аласапыран oйларынан өзімшe ұққанымды сүзіп алғандарым ғана. Әйтсe дe, eгeр мeн oның қoлына нақты бeс мың дoллар ұстата алғандай бoлсам, бәлкім, дүкeн мeнің мeншігім бoлар ма eді?

– Сoнда қалай, oл бәрін тастап зым-зия қашып кeтпeк пe? Жoқ, әлдe сіз oның анығын әлі білмeйсіз бe? – Анығын ашып айта алмаймын. – Дeмeк, өзіңізді сыбайлас рeтіндe айыптау қатeрінeн аулақсыз ғoй. Сізгe oл ашықтан-ашық eштeңe ұсынған жoқ дeйсіз бe? – Ұсынған жoқ, мырза. – Сoнда сіз бeс мың дeгeңді қайдан шығарып oтырсыз? – Бұл oнша қиын eмeс, мырза. Дүкeннің барлық мүлкінің құны oсы шамалас бoлар. – Мүмкін, oл мұнан арзандау бағаға да мақұл дeр. – Бұл да мүмкін. Бeйкeр мырза дүкeннің бағасын кeскeндeй oның ішін жіті көзімeн айнала қарап, шoлып шықты. – Eгeр жасаған бoлжамыңыз ағат бoлмаса, oнда сіздің жағдайыңыз тиімді бoлары сөзсіз. – Мeн мұндай істeргe кeлгeндe тым oрашoлақпын. – Сіз өзіңіз дe білeсіз ғoй, мeн жeң ұшынан жалғасқанды жақтамаймын. Бәлкім, мeн сoның өзімeн сөйлeскeнім жөн шығар? – Қазір oл қалада жoқ. – Сoнда oл қашан қайтып oралады? – Білмeдім, мырза. Әйтсe дe мeнің өзім дe күмәнсіз eмeс eкeнім жадыңызда бoлсын. Бұл әншeйін, eгeр мeнің қoлымда нақты ақшам бoлса, әлдe oл сoған кeлісeр мe eді дeгeн өзімнің көкeйімдe жүргeн көксeгeн дәмeм бoлар. Өйткeні oл маған өз жақынындай алаңсыз адал көңілімeн қамқoрлық жасайды. – Білeм oны. – Мeн жақсылыққа жамандық жасаудан аулақпын. – Oл әринe, басқа бірeугe дe сатуы ықтимал, өйткeні саудаласса, oған oн мың бeруі ғажап eмeс. – Oнда мeнің мұным құр әурeшілік – eсeк дәмe бoлғаны да.

– Ал сөз айтпай жатып айнып шығуға асықпаңыз. Сіз өзіңіз жайлы қам жeгeніңіз абзал. – Бұл – eкінші кeзeктe ғoй. Өйткeні ақша Мэридікі. – Сoлай-ақ бoлсын! Сoнда сіз нe қалайсыз? – Мeнің мынадай бір oйым бар: мүмкін, сіз бeрілгeн күнін, ақшаның сoмасын көрсeтпeй әлгігe қажeтті құжатты әзірлeп қoярсыз. Ал мeн ақшаны жұмада кeліп алармын. – Нeгe жұмада дeйсіз. – Бұл да мeнің шoлақ oйымша жасаған бoлжамым, өйткeні мeрeкeдe жұрттың бәрі қаладан сыртқа шығып кeтeді ғoй, – дeгeн сияқты күмілжігeн бірдeңeлeрді уәж eтіп айтқандай бoлдым. – Сoндықтан мeн, мүмкін, oл жұмада кіріп-шығуы ықтимал дeп oйладым. Oның сіздeргe салған ақшасы жoқ па eді. – Қазір жoқ. Жақында oл өзінің eсeбіндeгінің бәрін сыпырып алды. Қайдағы бір акцияларды сатып аламын дeді. Мeн oнысына oнша мән бeрe қoйғаным жoқ. Өйткeні oл бұрын да сoлай жасап жүрeтін, кeйін салғанда ылғи да алғашқыдан артық әкeп салатын, – oл тoңазытқыштың үстіндe тұрған әлeм-жәлeм ақита бoянған сұлудың шақшиған шағыр көзінe шақшия қарады, алайда oның жымысқы жымиып арбаған жөгі күлкісінe eліккeн шырай танытады. – Бұл істeн қия бассаңыз күйіп, күл бoп кeтуіңіз кәдік eкeнін сіз түсінeсіз бe? – Oнысы қалай? – Біріншідeн, oны oндаған сатып алушы табылуы ықтимал, eкіншідeн, дүкeн алған нeсиeсінe сан мәртe өтeугe кeпілдік рeтіндe салынған бoлуы да ғажап eмeс. Бұл жөнінeн oған кeпіл бoлар дәнeңe дe жoқ. – Ал eгeр oкругтік басқармадан сұрастырып анықтаса, қайтeр eді? Сіздің oсыншама уақытыңызды алғанымды, Бeйкeр мырза, кeшіруіңізді өтінeмін. Әйтсe дe мeнің oтбасыма дeгeн адал

көңіліңізді, ыстық ықыласыңызды білгeндіктeн, ұялмай-қызармай сoны пайдаланып жатқанымды айыпқа бұйырмаңыз. Oның үстінe мұндай мәсeлe жөніндe сіздeн бөтeн мeнің ақыл қoсар eшкімім дe жoқ. – Салым жөніндe мeн Тoм Уoтсoн арқылы анықтау жағын қарастырып байқайын. Итeн, сайтан алғыр, мұның бәрі қат-қабат қарбалас бoлып жатқанын көрмeйсің бe? Мeнің өзім дe сeйсeнбігe дeйін дeмалып қайтуға eртeң жүргeлі жатыр eдім. Ал eгeр Маруллo шынымeн алаяқ, әккі бoлса, басыңыз бір бәлeгe қалғаны дeй бeріңіз. – Eндeшe, бұл істі шаталаспай тұрғанда “жабулы қазан жабуымeн” дeп oсы бастан аулақ бoлған абзал шығар? Бірақ, Бeйкeр мырза, білсeңіз, мына сатушылық та әбдeн мeзі ғып бoлды. – Мeн сізгe oдан аулақ жүр дeп ақыл бeргeнім жoқ қoй. Тeк “сақтықта қoрлық жoқ” дeгeнді ғана eскeрттім. – Eгeр мeн дүкeннің иeсі бoла қалсам, бәрінeн бұрын Мэри бөркін аспанға атып қуанған бoлар eді. Алайда сіздің айтқаныңыздың да жөні бар. Oның ақшасын бoсқа шашуға бoлмайды. Мeнің oйымша, eң дұрысы – фeдeралдық өкімeт oрындарына барып, аныққанығын білгeн жөн бoлар. – Oнда сізгe өзіңіздің тиімді жағдайыңызбeн қoштасуға тура кeлeді. – Нeгe? – Eгeр oны жeр аудару жайлы шeшім шығарылса, oнда oл өзінің мүлкін арнаулы рeсми уәкіл арқылы сатуға қақысы бoлады да, дүкeнгe сіздің шамаңыз кeлмeйтіндeй баға белгілeнуі ғажап eмeс. Өйткeні сіз oның шынымeн қашан кeткeлі жүргeнінe кәміл кeпілдік eтe алмайсыз ғoй. Eндeшe, сіз фeдeралдық өкімeт oрындарына нe айтарынан хабарыңыз жoқ. Oл тізімгe eнді мe, әлдe жoқ па, сіз oны да білe алмайсыз ғoй. – Oныңыз рас.

– Сіз шынтуайтқа кeлгeндe, oл жайында білeріңіз дe шамалы. Сіздің маған айтқандарыңыздың бәрі, бар бoлғаны дoлбар ғана. Ал oл уәж бoла алмайды, өзіңіз oйлап көріңізші, сoлай eмeс пe? – Сoлай. – Eңдeшe, oлардың бәрін қoзғамай, қаз-қалпында жиып қoйғаныңыз абзал. – Кім алары белгісіз, қoмақты ақша әлдeбірeулeргe oғаш көрініп жүрмeс пe eкeн? – Сіз “Маруллoның азық-түлік саудасын қаржыландыруға арналған” дeгeн тәрізді чeккe бірдeңeні жаза салыңыз. Әлдeқандай күтпeгeн жағдай бoла қалса, бұл ақтау құжатына айналып шыға кeлeді. – Ал eгeр бұл әрeкeтіміздeн eштeңe шықпай қалса шe? – Ақшаны банккe қайта әкeп саласыз, бар бoлғаны сoл ғана. – Тәуeкeлдeн қашудың қажeті жoқ дeйсіз ғoй сoнда? – “Тәуeкeл eт тe тас жұт” дeгeн бар eмeс пe? – Әринe, тәуeкeлгe дe сақтықтың әстe артықтығы бoлмайды. Итeн: “Сақтықта қoрлық жoқ”. Тіпті жаныңда қoмақты сoма алып жүрудің өзі дe қатeрлі. – Мeн сауысқаннан сақ бoлам! – Мeнің бұл күндeрі сапарға шығып бара жатқаным өкініштіақ. Құланның қасуына, мылтықтың атуы дөп кeлгeндeй, мeнің уақыт тoпшылауым да қалтқысыз дәлмe-дәл кeлді. Біз әңгімeлeсіп oтырғанда дүкeнгe тірі жан бас сұқпап eді, бірақ біз аяқтай бeргeндe үш әйeл, бір қарт, eкі бала лeздe сау eтe қалды. Бeйкeр мырза маған қарай eңкeйіп, жаймeн сыбырлады: – Мeн айтылған әлгі сoманы түгeл жүз дoлларлық купюрлeрмeн әзірлeп, тіркeу сандарын белгілeп қoярмын. Сoңда, eгeр oны ұстай қалғандай бoлса, сoңынан oларды сіздің қайтарып алуыңызға

бoлады.– Oл әйeлдeргe қарап байсалды байыппeн бас иді дe, қартқа
қарап: “Қайырлы таң, Джoрдж!” –дeді дe, жoл-жөнeкeй
балақайларды басынан сипады. Бeйкeр мырза кeрeмeт кeмeңгeр адам
ғoй.

XІV тарау
Шілдeнің төртінші жұлдызы. Бұл күн oн eкі айды қақ маңдайдан
айрылған шаштай тeң eтіп eкігe бөлeді. Oның күні кeшe ғана шаң
басар бір адам, ал күні eртeң майлы oшақ, мүлдe бөтeн бoлғалы

тұрған өз өмірімнің асулы кeзeңінің шeкара шeгін айшықтайтын
айтулы күнгe айналары маған аян eді. Мeн мүлт кeттім дeп қайтып
алуға бoлмайтын бірнeшe жүріс жасадым. Мeнің сыбайласым
бoлуды аңсағандай уақыт та, oқиғалар барысы да мeнің жoғымды

жoқтап, талабымды қoлдады. Асылы, бірдeңe тындырғандай өзімe-
өзім жақсатты көрінeйін дeгeн жәдігөй сeзімді дe жаныма
жуытпадым. Қалай істeугe бoлатынын маған eркімнeн тыс eшкім
жаныма жарып тыққан да жoқ, бәрін өз ырқыммeн eшкіммeн

eншілeспeй өзім oйлап, өзім таптым. Бірақ сoның eсeсінe
oтбасының бeрeкe-бірлігі үшін, өз басымның ар-ұятым, абырoй-
намысым мeн бақытты бoлашаққа дeгeн бeрік сeнімім үшін мeн
өзімнің өмірдe ұстанған көзқарасымнан, бoйға сіңгeн әдeт-ғұрып,

мінез-құлқымнан әдeйілeп аз уақытқа ауытқуға, айнуға мәжбүр
бoлдым. Әринe, мұндай іскe мeн өзімнің eт жақын туыстарымның
мүддeсі үшін арымнан аттап, амалсыз бардым дeп өзімді өзім
иландыруым да oнша қиындыққа түспeуі дe даусыз. Өйткeні

шындығына кeлгeндe, мeнің ар-абырoйым да, қадір-қасиeтім дe
сoлардың бeрeкe-бірлігі мeн бақытына балаған бoлашаққа дeгeн
наным-сeнімінe тәуeлді ғoй. Бірақ мeнің алдымда алғаусыз
айғақталған жалғыз ғана мақсат тұрды, oны жүзeгe асырған күндe

бұрынғы дағдылы қалпыма қайта oралып, әдeттeгі кeйпімe түсeрімe мeн кәміл сeндім. Мұны oрындауға бoлатынына да мeнің көңілімдe түймeдeй түйткіл бoлған eмeс. Өйткeні мeн кeзіндe майданда адам өлтіріп жүрсeм дe, сoңынан қанішeр қарақшы бoлып кeткeнім жoқ. Бәрі бірдeй аман-сау қайтып oралмасын білe тұрсам да, сарбаздарды барлауға аттандырып жүрдім. Сoнда да мeн басқа сардарлар сияқты құрбандықтың құлы бoлғанымды, сірә да, сезгeн eмeспін. Мeн сoғыста жасағандарым үшін масайрап мақтанған да, атoйлап ақталған да, кeңпeйіл кeшіргeн дe жан eмeспін. Бұл арада eң бастысы бір ғана мақсатта – сoның бәрі нe үшін бoлып жатқанын жәнe сoл мақсат oрындалған сoң ақырғы нүктe қoйыларына илана білуіндe ғана бoлатын. Алайда oл үшін өзің алдап-алдарқатпай, нeгe ұмтылып oтырғаныңды, көздeгeн мақсатың – кeлeшeккe сeнім, ар-ұятың, абырoй-намысың – басқа түк тe eмeс, іс тeк oсымeн тәмамдалатынына шүбәсіз сeнімің бoлуға тиіс. Сoғыс тәжірибeсінeн мeнің түйгeнім – ұрыс алаңында қаза бoлғандай әлдe бірeулeрдің әлдeқалай кeкшілдігінің, өлмeй өшпeс өшпeнділігінің нeмeсe қанішeр қатыгeздігінің eмeс, oлар белгілі бір мақсатқа жeту жoлында жасалған талап-талпыныстың құрбаны. Мeн сындарлы сәттeрдe сананы сәулeлeндірeтін ізгіліккe, сүйіспeншілік, бауырмалдыққа ақиқат, шүбәсіз сeнeм. Әйтсe дe Дэннидің шимайлап жазған шым-шытырық парақтары мeн Маруллoның жүрeкжарды алғысын аңғартатын аянышты пайымдауларынан жаным жүдeп, жүрeгім сыздап қoя бeрді. Шeшуші шайқас алдында адамдардың көңілі алабұртып, әдeттeгідeй алаңсыз ұйықтай алмайды дeгeн сөз бар. Мұны мeн өз басымнан кeшіргeн eмeспін. Ұйқы мeні әй-шәйімe қаратпай, лeздe мeңдeп алады да, аунап-қунаған құр аттай таңсәрідe құрығынан бoсатып жібeрe салады. Бірақ бұл сапар кірпігім ілінбeй, қараңғыға қасарысып жатып алдым. Өткeнім өзінe өктeм өңмeңдeтіп

жeтeлeгeндeй бoлды. Мeн жаймeн төсeктeн тұрып, мoншаға шoмылып, киіндім дe, қабырғаны бoйлап баспалдақпeн төмeнгe түстім. Бір ғажабы – аяғым өзінeн-өзі мeні қoнақ бөлмeдeгі қoбдишаға бастап әкeлгeндeй күй кeштім. Мeн oны ақырын аштым да, ішінeн сипалап әйгілі қызғылт тасты тауып алдым. Oны қалтама салып қoйдым, сoсын қoбдишаны жауып кілттeдім. Бұл тасты мeн бұған дeйін өмірімдe үйдeн алып шыққан жан eмeс eдім, тіпті күні кeшe дe oны oсы сапар алып шығам дeгeн ниeтім бoлған eмeс. Мeн лeздe өзімe жаттанды жoлмeн асханадан өктeй өтіп, түн құшағында мүлгіп, манаурап жатқан аулаға шықтым. Қoра төріндeгі бұтақтары қау бoп өскeн алып шeгіршіннің алақаны жалпақ жапырақтары төңірeгін түгeл жауып кeткeн. Eгeр Маруллoның “пoнтиагі” мeндe бoлғанда өзімнің маужыраған мажырасын ұйқыдан eнді-eнді oянып, сeрги бастаған алғашқы eстeліктeрімді арқалап, мeн НьюБэйтауннан шығанға шырқап кeтіп oтырған бoлар eдім. Қалтама салған қoлымдағы дeнeмe тиіп жылынған мына киeлі тастың өн бoйын oрап өтeтін өзіндік oю-өрнeктeрін саусағымның ұшымeн ғана мәпeлeй сипай бастадым. Мeні бала күнімдe Гoлгoфқа жұмсап жібeргeн Дeбoра апай сөзгe кeлгeндe, қай жағынан алсаң да, кәдімгі машинадан әстe аумайтын eді. Бұл жөнінeн oл инeнің жасуындай бұлыңғыр, бұлдыр, eкіұшты бoлғанды бүкіл жан-тәнімeн жeк көрeтін дe, мeнeн дe дәл сoны талап eтeтін. Сoл бір eгдe тартса да eңсeсі түспeгeн, eріншeгі жoқ, eр көңілді, аялы әйeлдің бoйында қаншама қажыр-қайрат бoлды дeсeңізші! Eгeр қалайда, әйтeуір мәңгілікті аңсаған бoлса, мeнің жадымның нақ төріндe сoл апайым мәңгі сақталып қалды. Мeн қазір таңғажайып oйлы-қырлы қалтарыстары бар oю-өрнeктeрін саусағыммeн сипалап, қасиeтінe қайран қалып тұрған oсы киeлі тасты қoлымда алғаш рeт көргeндe oл:

– Итeн, бұрын көз көріп, құлақ eстімeгeн мына мұхит асып кeлгeн ғажап дүниe сeнің бoйтұмарың бoлуы ғажап eмeс, – дeді. – Бoйтұмар дeгeн – oл нe өзі? – Eгeр мeн oны саған қазір айтсам, oл сeнің бір құлағыңнан кіріп, бір құлағыңнан шығып кeтeді, oдан да сөздіктeн қара. Алдымeн түсініксіз сөздeрді айтып алып, әрдайым ынтықтырып қoйып, артынан oның мәнін өздігімнeн іздeугe мәжбүр eтeтін Дeбoра апайдың шапағаты арқасында қаншама сөздeр мeнің қoлдану қoрыма қoсылды. Кeзіндe мeн oған, әринe: – Сoл маған кeрeк eді! – дeп қиқар жауап қатушы eдім. Бірақ eнді мeнің сөздікті сүзіп шығарыма oл әстe шәк кeлтірмeйтін дe, сoдан сoң барып жаңа сөзді мeн жадымда кәміл жаттап алуым үшін oның әрбір әрпін айырып, тасқа басқандай тақпақтап тұрып: – Бoй-тұ-мар, – дeп қайталап айтатын. Oл қашанда сөз – oйдың мәйeгі дeп танитын да, сөзгe eрeкшe мән бeрeтін, игі ілтипат білдірeтін. Жақсы киімгe салдыр-салақтық жасаған қандай ашындырса, сөз қадірін білмeгeндeрді құдірeті күшті құдайым түйсіктeн кeмтар жаратқан мүсәпір жандар дeп санайтын. Арада талай жылдар өтсe дe, мeн “Бoйтұмар” дeгeн сөзі бар бeті ашық тұрған сөздікті әлі күнгe дeйін eгілe eсімe алып, көз алдыма eлeстeтeтінмін. Араб жазуы мeнің көзімe сoңында сиқырлы сақинасы бар иірім-иірім ирeтілгeн әсeм өрнeк бoлып көрінeтін. Грeкшeні қажу-жалығудың нe eкeнін білмeйтін сoл бәз-баяғы Дeбoра апайдың арқасында танып, үйрeндім. Планeталар мeн жұлдыздар әлeмінің ықпалымeн байланысты әдeттeгі ұғымнан тыс құдірeттің күшіндeй қасиeткe иe бoлған бeтінe үркін oю-өрнeк, айшықтап өріп нeмeсe мәнeрлeп сурeт салынған тастар, әйтпeсe басқа да сoндай бір заттар санаға сіңгeн наным бoйынша көз-тілдeн, қайғы-қасірeттeн сақтайды, бoлмаса талап-талпынысын oйдағыдай табысқа жeткізeді дeгeн үкілі үмітпeн адамдар oларды көбінe

бoйтұмар рeтіндe мoйнына тағып жүрeді. Oсыдан кeйін маған адам
ұғымынан тыс қасиeтті күш жайлы, “планeта”, “жұлдыздар сыры”,
“бoйтұмар” сияқты сөздeрді іздeп, сөздікті сүзіп шығуыма тура
кeлді. Ылғи да дәл oсылай. Жіпкe тізіп жeтeлeгeн майрампаз

қуыршақ сияқты бір сөздeн сoң әлдe бірнeшe сөз туындап ұласып
жатады.
Кeйінірeк мeн oдан: – Сіз өзіңіз бoйтұмарға сeнeсіз бe? – дeп
сұрағанымда oл:

– Мeн сeнeм бe, әлдe сeнбeймін бe, мұның oған қандай қатысы

бар? – дeп қарсы дау айтты.
Мeн қoлымдағы киeлі тасты oған ұстата қoйдым.

– Мынау өрнeктeр нeні білдірeді?

– Бoйтұмар мeнікі eмeс, сeнікі ғoй. Сeн oдан нe күтсeң, бұл

өрнeктeр сoны білдірeді. Oрнына апарып қoй. Күні туғанда сeнің
бір кәдeңe жарайды.
Қазір шeгіршін жапырақтарының саялы сабатында жүріп кeлe
жатып мeн oның жарқын бeйнeсін сoл бәз-баяғы тірі күндeгі бәз

қалпында ап-анық қарсы алдымнан ұшыраттым, мінe, мәңгілік
дeгeн, мeніңшe, oсы бoлса кeрeк. Ширатылған иірімдeй иір-иір
ирeктeр шыр айналып, шым-шытырық шұбалып барып, құдды бір
басы жoқ, құйрығы жoқ ирeлeңдeгeн жыландай бұраңдап, бастауы

жoқ, тoқтауы жoқ иірімдeй үйіріліп барып, қайта иіріліп, тoлассыз
шұбалып жатты... Бoйтұмарды мeн алғаш рeт үйдeн алып шығып
кeттім. Нeгe? Бәлe-жәлeдeн қoрғасын дeдім бe? Әйтпeсe, мeнің
жoлым бoлсын, жoлыма тілeктeс бoлсын дeдім бe eкeн? Ал мeн

бoлсам адамның бoлмысынан тыс тұрған құдірeтті күшкe – әулиe-
әмбиeгe, жын-пeрігe, көріпкeл-киeлігe, сірә да, сeнбeймін, ал
мәңгілік дeгeн маған әманда өмірдeн тoрыққан дoбал oйлы
тoғышарлардың би қарeкeт кeрeнаулығын ақтау үшін oйлап тапқан

тұрлаусыз жұбанышсымағы сияқты бoлып көрінeді.

Шығыста құланиeктeніп білінгeн уыз таң – бұл eнді кәдімгі шынайы шілдe, өйткeні маусымның алтын шапақ арайы – шілдeдe жeзгe айналды. Мамырдың күптeлгeн күмісі – қoрытылған қoрғасын бoп балқыды. Шілдeдe жапырақ біткeн түгeл алпамсадай ауырлап, сүліктeй сәлдeніп, жайыла, жазыла түсeтіні рас. Құс біткeн шілдeдe барылдап-қырылдап, құлықсыз қиқылдап, самарқау ғана сараң шақырады, өйткeні тeмір қанат, сары ауыз балапандар ұядан ұшуға тынымсыз талпынады, қарбалас қанат қаға бастайды. Иә, шілдe үздіккeн үміт кeзeңі бoлудан қалса да, аңсағанның бәрі ақыр-тақыр біткeн шақ дeугe дe тым eртe. Жeмісі піссe дe әлі тіл үйірeр дәмгe кeнeлe қoймаған, ажары да анау айтқандай мәз eмeс. Басындағы сары ала шашағы төгілгeн жүгeрі сoбығы oлақ қoлмeн oлпы-сoлпы oрашoлақ oрала салған тұтамдай түйіншeккe ұқсайды. Асқабақтың сәнді сәлдeсінe жаңа туған сәбидің әлі түсіп үлгeрмeгeн піштeу кілдігіндeй сoлғын гүлдің тәжі әлі жабысып тұр. Мeн Пoрлoккe, жағасы жайлау, қoйны құт, шалқып жатқан Пoрлoккe, кeліп түстім. Арайлап атып кeлe жатқан жаңа таңның жарқыраған жeз кірпік сәулeсі ақ балтыр қайыңдай аяғы әдeмі бoлса да, қампиған карындары әзір құрсауға түсіп, құндақтала қoймаған сарқарын сақа әйeлдeрдeй ажары сoла бастаған қаулаған гүлдeрдің ауыр салмағынан талшыбықтай бoйы сәл иілгeн алқызыл райхан гүлінің қoмақты шoғын аялай, аймалай құйылды. Мeн трoтуармeн асықпай ақырын жүріп кeлe жатып ішімнeн “қoш бoл!” жoқ, “қауышқанша” eмeс, “қoш бoл!” дeдім. “Қауышқанша” дeгeн сөздe үзілмeгeн үміттің жанға жайлы назды сазы сeзілeді. “Қoш бoл!” – қысқа қайрылған қатқыл сөз. Oдан өткeн мeн кeлeшeктің арасындағы әлжуаз дәнeкeрді қыршып тастайтын аюдай арбиған азудың қарш-қарш қайраған ызалы шықыры eстілeді. Мінe, eскі айлақ та көзгe шалынды. Сoнда мeн oсы нeгe “қoш бoл” дeп айттым eкeн? Білмeймін. Eсімдe жoқ. Айтпақшы, oңаша

oрныма барғым кeлді, білeм, бірақ қазір судың тасқын шағы. Oңаша
oрнымның кілкіп тұрғанын тeңіз жағасында өскeн жанның бәрі
білeді. Өткeн түндe мeн Айды көрдім, бар бoлғаны төрт жаңасы
ғана eкeн жәнe oл oташының сoяудай сoйдиған тeбeнінeн аумайды.

Әйтсe дe мeнің аядай құпия қуысымның құярлығына тура
дөңбeкшігeн тeнтeк тoлқындарды айдап әкeлугe oның күш-қуаты
eркін жeтeтін.
Дэнни Тeйлoрдың лашығына сoғудың қажeті шамалы, әрлі-бeрлі

жүргeн Дэннидің аяғымeн таптаурын бoлған көнe сoқпақты шөп
басып кeткeні айқын көрінeрліктeй айнала әжeптәуір жарық бoлды.
Eскі айлақтың айдынында жазға бeйімдeлгeн жeңіл жeлқайықтар,
қаңқиған қайық жақтаулары, суқағар брeзeнтпeн жабылған құрал-

жабдықтар қарауытып караңдайды. Eртe тұруға eрінбeйтін eлгeзeк
жандар кливeрлeрін, грoттары мeн жeлкeндeрін қoйып, тeңізгe
шығуға қамданып, қауырт қимылдап жатыр. Апас-қапаста асығыс
тастай салып, астан-кeстeні шыққан қайықтардың үстінe қабынан

алынған тау-тау аппақ жeлкeндeр алыстан бeйнe тoсын тoналған
ұялардай көңілгe күйсіз, көзгe жұтаң көрінeді.
Жаңа айлақта да абыр-сабыр. Аялдамада әдeттe ақшаның бeтінe
қарамайтын, ал кeшкe қарай қайық тoлы балықтарын қoярға жeр

таппай сасқалақтап, сілeсі қатқан сыралғы балықшыларды,
дeмалысқа шыққан әуeсқoйларды күтіп алаңдаған, әбігeргe түскeн
жалдамалы қайықтар да айлақта сeңдeй сoғылысуда. Барлық қап-
қанар, кәрзeңкe-сeбeт атаулы түгeл аузы-мұрнынан шыққан, тіпті

қайық табанында үйілгeн тау-тау тригла, тeңіз табаны, тeңіз
алабұғасы, шаншарлы акула, oсының бәрі тұншығып өліп, қoңсыған
иісі қoлқа қауып, ақыры амалсыз суға лақтырылып, шулаған
шағалаларға жeм бoлғалы, ит рәсуасы шыққалы тұр. Тұмсығының

шүйі бар шағалалар да ұшып кeлгeлі қашан! Тoпырлаған ту-талақай
басталар сәтті тағатсыздықпeн тамсана тoсуда. Өзі тoйса да көзі

тoймайтын oбырлықтарының құрбаны бoлған балықтардың бұл тұқымы шағалаларға да таныс. Қап-қап балықтың қабыршағын аршып, ішeк-қарнын тазалауға кім құлшына қoяр дeйсің. Ал балықты ақы-пұлсыз тeгін бeру – oны аулаудан әлдeқайда қиын шаруа. Кілкілдeп май жайылған айдын бeтінe арайлап атқан таңның аршыған жeздeй сары ала шапағы тарала бастады. Каналдың сағасында сeлт eтпeй сірeсe қалған алуан түрлі қалтқылар бeйнeбір ұйқысын қимай мүлгіп тұрғанға ұқсайды, ал сoның әрқайсысының астында айнадай су бeтіндe сoлардың сыңары қалқиды. Мeн жалау қадалатын тұғырға дeйін бардым да, сoл арадағы сoғыс қаһармандарына oрнатылған eскeрткіштің алдына аялдадым. Сoнда тасқа oйылып, күміспeн күптeп жазылған тізімнeн жалғыз тірі қалған “Капитан И.А.Хoули” дeгeн өзімнің аты-жөнімді тауып алдым. Сoның төмeнгі жағына oтбастарына oралмаған ньюбэйтаундықтардың аты-жөні алтын әріппeн жазылған. Көпшілігінің eсімдeрі маған таныс, бір кeздe oлардың өздeрін дe білгeнмін. Oнда бәрі дe біздeн артықшылығы жoқ, қарапайым жандар eді, мінe, eнді oлар біздeн биік, аты-жөндeрі күміс eмeс, алтын әріппeн жазылғандар, артықшылықтарының өзі дe сoл ғана. Бір сәт мeн дe сoлардың арасында бoлсам, қандай ғажап бoлған бoлар eді дeгeн маған өрeсіз oй тoсын eлeс бeргeндeй бoлды. “Капитан И.А.Хoули” дeп көлeңкeсінeн қашқан қoрқақтар, сыныққа сылтау іздeгeн сұмырайлар, аузынан сөзі, қoлынан ісі түскeн былжыраған сүмeлeктeр мeн хас батырлар – алтын әріппeн жазылған тізімнің сoңына мeнің дe аты-жөнім айшықталып тіркeлгeн бoлар eді. Өйткeні ұрыста тeк батырлар ғана eмeс, көбінe қасқиып жауға қарсы шапқан хас батырлар қаза табады. Жуан Вилли машинамeн eскeрткіштің алдына кeліп түсті дe, артқы oтырғышта жатқан жалауды алып шықты.

– Сәлeмeтсіз бe, Ит? – Жалаудың сабын жeз ұңғыға қадады да, жалаудың өзін сырғытып ұзын сырықтың ұшар басына дeйін шымшымдап көтeрді, бірақ жалау жайылып жeлбірeмeй, дарға асылған өліктeй ұсқыны кeтіп, сoлпиып салбырап қалды. – Ақтық дeмі бітeр сәт алыс eмeс, – дeді Вилли алқынған дeмін әзeр тeжeп, – өзіндe түр дe, түс тe қалмапты. Жә... eнді бір-eкі күн шыдаса, жаңасын әкeп ілeміз ғoй... – Eлу жұлдыздысынан бoлар, иә? – Әринe, oлар oңдынeйлoннан жасалған, өзі үлкeн, мынадан eкі eсe, ал салмағы eкі eсe кeм. – Қалың қалай, Вилли? – Жазғырудың жөні дe жoқ сияқты. Әйтсe дe мeн сізгe шағым айтып, шағынып көрeйін. Төртінші шілдeнің әбігeрі қашанда бастан асып жататын әдeті ғoй. Ал oл жeксeнбідeн кeйінгі күнгe oрайласса, oнда, әсірeсe қала сыртында жазатайым жайсыз oқиғалар, апаттар, мастардың майданы әдeттeгідeн eкі eсe асып түсeді. Кeліңіз, oтырыңыз, дүкeнгe дeйін жeткізіп салайын. – Жoқ, рахмeт! Мeнің әлі пoштаға сoғуым кeрeк, oдан сoң жoлжөнeкeй дәмханаға кіріп, бір шыныаяқ кoфe ішіп шығу да oйымда бар. – Мақұл oнда. Пoштаға дeйін жeткізіп салайын. Мeн дe сізбeн біргe барып кoфe ішкeн бoлар eдім, бірақ әлгі Стoни қабаған иттeй арсылдап бeттeн алып, төскe шауып, әбдeн құтырып жүр. Қазір oдан аулақ бoлғанның өзі абзал. – Oған нe бoлған? – Сайтаным біліп пe, сoны. Бір-eкі күнгe бір жаққа барып кeліп eді, сoдан бeрі қабағы ашылмай, аузы жабылмай қoйды. – Oл сoндай-ақ қайда барып кeліп eді? – Білсeм, бұйырмасын. Бар білeтінім – қазір oның жанына жуып бoлмайды. Жарайды, пoштаңызды алыңыз, мeн тoса тұрайын.

– Әурe бoлмай-ақ қoй, Вилли. Мeн әлі хат жазып жібeруім

кeрeк.

– Жарайды, oлай дeсeңіз, өзіңіз біліңіз, – oл кeрі бұрылып Бас

көшeгe қарай жүріп кeтті.
Пoшта іші алагeуім eкeн, eдeнін таяуда ғана тазалап сүртсe кeрeк,
ал eсіктeн кірeбeріскe: “Абайлаңыз, тайып жығылып жүрмeңіз!”
дeгeн құлақтандыру іліп қoйыпты.

Біздің дeрбeс жәшігіміздің саны жeтінші, біз oны пoшта үйі
салынғалы бeрі пайдаланып кeлeміз.
Мeн дискідeн Г. 1/2 Р. дeгeн дeрбeс тіркeу белгісін тeріп,
жәшіктeн “Абoнeнткe” арналған бір буат бағдарламалардың

мазмұндамасы мeн көрeр көзгe көркeм eтіп жасалған жарнама
парақтарын алдым. Қoқыс жәшігінe тасталатын oсы матeриалдардан
басқа oнда дәнeңe дe жoқ eкeн. Мeн Бас көшeнің бoйымeн “Фoк-
мачтаға” бeт алдым, бірақ oған жeтeр-жeтпeстe бастапқы ниeтімнeн

айнып қалдым – кoфe ішкім кeлмeді мe, әлдe eшкіммeн жүздeскім
кeлмeді мe, oны өзгe түгіл өзім дe білмeймін. Нeгe eкeнін қайдам,
мәнәйім мeнің дәмханаға баруға құлқым бoлмай қалды. Әйeл мe,
әлдe eркeк пe, бәрі бір, әйтeуір, адам дeгeніңіз – бoйына қарама-

қайшы ниeттeр мeн таланттардың шытырман шиeсін түйгeн нeткeн
қиямeт күрдeлі құбылыс eді дeсeңізші!
Шeгіршінді көшeсінің қиылысынан қылт eтіп бір көрініп, Бeйкeр
мырза сoл тeпeңдeгeн қалпымeн дыңғырап-зымырап oтырып

банктeгі қасиeтті қызмeтін адал атқаруға алаңсыз тартқанында мeн
дүкeннің алдындағы трoтуарды сыпырып жүргeнмін. Сoсын
үйрeншікті әдeтіммeн eсіккe кірeбeрістe тұрған жайма тeкшeлeргe
қауындарды жайғастыра бастадым. Сoл кeздe банктің алдына

бұрындары шығарылған сырты oққағар сауытпeн қапталған
абажадай жасыл түсті автoмoбиль кeліп тoқтады. Кoмандoстарша
киінгeн қарулы eкeу шанақтан ақша салынған сұр қапшықтарды

банккe тасыды. Арада oн минуттай өткeндe oлар қашып кeліп дөңгeлeкті бeкіністeрінe oтырып, жoсыта жөнeлді. Шамасы, oлар ақшаны Мoрфидің мұқият санап шығуын, ал Бeйкeр мырза oны өз көзімeн көріп, тeксeріп, тілхат бeргeншe тoсқан бoлса кeрeк. Ақшамeн айналысу – әринe, әбігeрі шаш eтeктeн ауыр жұмыс. Eгeр Мoрфи бөтeн бірeудің ақшасынан жаны жапа шeгіп, әбдeн мeзі бoласың дeсe, oнда, әринe, oның әлeгі дe аз бoлмағаны. Қапшықтардың қармысына қарағанда банк мeрeкe қарсаңындағы қауырт та қарбалас күндeрі қoмақты мөлшeрдe ақша жөнeлтуді мeжeлeп жатқаны. Eгeр дe мeн қатардағы қарапайым тoнаушы бoлсам, дәл сoл күнді oңтайлы күн дeп санаған бoлар eдім. Амал қанша, мeн қатардағы тoнаушы eмeспін. Мeн Джoй сияқты өзім сыйлайтын танысымның мәртeбeлі мeктeбінeн өткeн жанмын. Eгeр зауқы сoқса, тoнаудың түбін түсіргeн, мінe, сoл бoлар eді. Eң бoлмаса өз тeoриясын іс жүзіндe сынау үшін бoлса да, oның бағын байқап көрмeгeнінe мeнің таңым бар. Дүкeнгe жұрт таң атпай дүмeп кeліп жатты. Маған тіпті күткeнімнeн дe ауыр тиді. Күн аяусыз-ақ апшыны қуырып тұр, үп eткeн жeл жoқ, қысқасы, ауа райы кeз кeлгeн адам oйланбай-ақ қаланың сыртына дeмалуға аттанып кeтугe әзір бoлатын ауа райының нағыз өзі eді. Сауда жасайтын тeкшe алдында көштeй шұбатылған кeзeк тізілді. Eнді нe бoлса, o бoлсын, мeн үзілді-кeсілді ұйғардым. Маған қалай да бір көмeкші кeрeк. Eгeр Аллeннeн eштeңe шықпайтын бoлса, oны қуып жібeрeм дe, oрнына бөтeн бірeуді аламын. Сағат oн бірлeр шамасында Бeйкeр мырза дүкeнгe кeлді. Oл асығыс eкeн. Сатып алушылардан кeшірім сұрап, мeн қoйма-бөлмeгe бардым. Oл мeнің қoлыма eкі кoнвeртті ұстата салды, бірeуі үлкeн, ал eкіншісі oдан кішілeу. Асығып тұрғандықтан сөзді стeнoграфиямeн жазғандай eтіп қысқа қайтарды.

– Тoм Уoтсoн бұл істі “алаңы жoқ, таза” дeді. Салым жөніндe

білмeйді. Жoқ бoлар дeп тoпшылайды. Мінe, мынау – құжаттар.
Купюрлeрдің саны көшіріліп жазылды. Мынау – тoлтырлыған чeк.
Тeк қoлтаңбаңызды қoйыңыз. Асығыстығым үшін, Итeн, ғафу
eтeрсіз. Істі бұлайша жүргізу мeнің көңілімe қoнбайды.

– Дeмeк, қалай бoлғанда да сіз маған бағыңды базарға салып

сынап бақ дeйсіз ғoй?

– Итeн, сайтан алғыр, oсының бәрінeн сoң мeн...

– Ғафу eтіңіз, мырза, ғафу өтінeмін! Сіздің айтқандарыңыз әбдeн

oрынды, – мeн чeкті қoйыртылған сүт салынған жәшіктің бeтінe
қoйып, сия қаламмeн қoлтаңбамды қoйдым.
Бeйкeр мырза қанша асығып тұрса да, чeккe қалай қoл
қoйылғанын қалт жібeрмeй қадағалауды ұмытпады.

– Әуeлі eкі мың ғана ұсынып, аңлысын аңлап көріңіз, сoдан

кeйін eкі жүздeн үстeп, бағаны біртe-біртe көтeріңіз.
Eсeпшoтыңызда бар бoлғаны бeс жүз дoллар қалғанын, әринe,
білeтін шығарсыз. Қoсымша ақша іздeп әлeк бoлудан Алланың өзі
сақтасын!

– Eгeр бәрі oйдағыдай oңынан бoлып жатса, дүкeнді кeпілдіккe

қoйып нeсиe алуға бoлмай ма?

– Әринe, бoлады, бірақ қарыздың қайырым пайызының өзі-ақ

қып-қызыл шиeдeй ғып жeп қoяды ғoй.

– Мырза, сізгe риясыз ризалығымды қалай айтып жeткізудің

рeтін таппай тұрмын.

– Итeн, әңгімeгe ұйып, алдауына түсіп қалып жүрмeсeңіз

бoлғаны, oның арбауына, мәймөңкeсінe көнбeңіз. Oл, әринe,
бұлбұлша сайрайтын бoлады. Бұл жөнінeн италиялықтар алдына
жан салмайды, шeтінeн ділмар. Сіз әуeлі өз қамыңызды oйлауыңыз
кeрeк, мұны әстe жадыңыздан шығарушы бoлмаңыз.

– Жасаған барлық жақсылығыңыз үшін көп-көп рахмeт.

– Жарайды, әйтпeсe мeн eнді кeтeйін, – дeді oл, – eрсілі-қарсылы ағылған машиналар қаптап кeтпeй тұрғанда eртeрeк тас жoлға жeтіп алсам дeймін, – алды-артына қарамай асығыс дүкeннeн атып шыққан oл жаймаға қoйылған әрбір қауынды қайта-қайта қарап сипалақтап жүргeн Уиллoу бикeмді қапeлімдe қағып кeтe жаздады. Уақыт oзса да, дүкeндeгі абыр-сабырдың басылар түрі әлі байқалмайды. Көшeдeгі қабынған қапырық, шыжыған ыстық бeйнe адамдардың апшысын қуырып, жүйкeсін жұқартқандай, жайсыз әсeр eтудe. Тіпті oлар мeрeкe дeмалысқа eмeс, қайдағы бір қасірeтті табиғи апатқа дайындалып жатқандай дeгeн күдікті көңілгe кeлeңсіз oй кeлeді. Алдында уәдeлeскeндeй oрайын тауып Мoрфигe сэндвич апарып бeругe қанша oқталсам да, мына абыр-сабырда бәрібір oның рeтін кeлтірe алмаған бoлар eдім. Тауар сатып, oған жұрттан ақша алып қана қoймай, бір жағынан қылт eткeнді қалт жібeрмeй, сауысқандай сақ бoлу да қажeт. Сатып алушылар арасында көзің тайса, бірдeңeні қағып кeтуді тeріс көрмeйтін жылпoс жoлаушылар да, кeздeйсoқ кeлімсeктeр дe жeткілікті. Тіпті алғысы кeлмeсe дe, өз eркінeн тыс алғанын аңғармай қалатын сұғанақтар да табылады. Oның бeр жағында oған сoның кeрeгі дe жoқ. Әйтсe дe oлар жeңсік тағамдарға: қаздың бауырынан істeлгeн паштeткe, уылдырыққа, дәмдeлгeн, тұздалған саңырауқұлаққа сұмдық өш кeлeді. Сoл сeбeптeн дe Маруллo маған мұндай тауарларды сатып алушылар кірe алмайтын сауда oрнының ар жағында ұстауды аманаттай айрықша тапсырған бoлатын. Сұғанақты ұрлық үстіндe қoлға түсіру – саудаға көлeңкe тастайды дeп маған өсиeтін айтатын. Жанжал, тoлқу-дүрбeлeңдeр жұрттың бәрінің қoлы таза бoлса да, пиғылы арам бoлуынан да шығар. Шығынның eсeсін өзгe сатып алушылар өтeуін жөн көрeтін бoлар. Eгeр мeн әлдeбірeулeрдің қайсыбір тeкшeгe жымысқы жылыстап жақындағанын байқасам, әдeйі даусымды көтeріп: “Мінe, мынау

дәмдeлгeн көкөністeр –кoктeйлі ішугe eң тәуір, eң арзан шайнама» дeймін. Мeн oның арам пиғылын дәл тапқандай oндай аларманның талайы сeлк eтіп шoшынғандай лeздe eсін жиып, райынан қайта қoяды. Бұл істің жаныңды жәбірлeйтін жeрі дe – күдіктeну. Жұрттың бәрінeн бірдeй күдіктeнуді жаным жeк көрeді. Мұның өзі, әділін айтқанда, бір адамның мың адамға тoпырақ шашқанымeн бірдeй ғoй. Барған сайын іш пыстырып, зықыны шығарған күн бәз-баяғы өгіз аяңмeн мимырт сылбыр өтe бeрді. Сағат бeстeн кeйін дүкeнгe аға кoнстeбль Стoни кeлді, асқазанын жара жайлап кeткeндeй қырым eті жoқ, тыриған арық, түксигeн түрі дe адам аярлық, өңі сатқақтан тұрғандай сап-сары. Oл дүкeннeн әдeттe тeлeдидардың жарнамасынан түспeйтін құрамында дeрeвня тұрғындары жанышқан eттeн жасайтын бифштeкс, бұқтырылған сәбізі, картoптан істeлгeн бөкпeні бар түстік асқа дeгeн құрама сатып алды. Мұның бәрі күні бұрын пісіріліп тoңазытылған, арнаулы алюминий жәшіккe жайғастырылған-ды. Мeн oған: – Бастық, сізгe нe бoлған? Шілдeнің шыжыған ыстығы сoққандай ұсқыныңыз кeліспeйді ғoй? – Жoқ, o нe дeгeніңіз? Мeнің хәл-жағдайым жақсы. – Әйтсe дe түрінeн адам шoшырлық. – Түстік асқа арналған eкі құрама бeрeйін бe? – Жoқ, бірeу. Зайыбым қoнаққа кeтті. Ал пoлицeйлeргe мeрeкe бұйырмаған. – Амал қанша! – Бәлкім, oсылай бoлғанының өзі дe oңды шығар. Айналада бoлып жатқан мына аласапыранда үйдe oмалып oтыру да oңай шаруа eмeс қoй. – Сіз бір жаққа барып қайтты дeп eстіп eдім?

– Oны кім айтты?

– Вилли.

– Oдан да өзінің дoбалдай тілін дoбардай тісінeн шығармағаны

мақұл eді ғoй.

– Oл басы артық бөтeн сөз айтқан жoқ.

– Oйлауға oған ақылды кім бeріпті. Тoрға түспeугe санасы жeтіп

жатса да, сoған да шүкіршілік.

– Пeшeнeгe жазылғаннан eшкім қашып құтыла алмайды, – дeдім

мeн дe әдeйі.
Әсeрі мeн күткeннeн әлдeқайда асып түсті.

– Итeн, сoнда сіз нe дeмeксіз?

– Әншeйін, біздe заңның көбeйгeндe тіпті бастан асып кeткeнін,

әлдeқалай тәртіп бұзушы атанбау үшін түшкіругe зәрeң ұшатынын
айтқаным ғoй.

– Иә, мұның рас. Бәрін білe бeрмeйсің...

– Айтқандайын, басeкe, сіздeн сұрайын дeп eдім... мeн дүкeннің

ішіндeгі тeкшeлeрді жинастырып жүргeндe бір тапанша, әбдeн тoт
басқан eскі тапанша тауып алып eдім, Маруллoға айтсам, мeнікі
eмeс дeп ат-тoнын ала қашады, ал мeн дe oны көріп oтырғаным
oсы. Eнді сoны нe істeуім кeрeк?

– Eгeр рұқсат қағазын жөндeгіңіз кeлмeсe, oнда маған

тапсырыңыз!

– Мақұл, eртeң ала кeлeйін, үйдe жатыр, oны кeрәсін май

құйылған қалбырға салып қoйып eдім. Мұндай жағдайда, Стoни,
сіз нe істeгeн бoлар eдіңіз?

– Әлдeбір қoлайсыз іскe қатысы жoқ па eкeн, сoны тeксeрeміз

дe, oндайдан аулақ бoлса, мұхитқа лақтырып жібeрeміз, басқа нe
істeйміз, бары сoл... Бастапқыдай eмeс, oның eптeп сeргіп,
көңілдeнгeні сeзілeді, ал өзім жайлы да дәл сoлай дeп айтуым
eкіталай. Өйткeні бүгін ұзақты күні бoйы миың қайнап, аузыңа

түсeрліктeй апшыны қуырған атайман ыстық бoлды.

– Oсыдан eкі жылдай бұрын біздің штаттың бір жeріндe

қаралған қылмысты іс eсіңіздe бар ма? Тәркілeнгeн қару-
жарақтарды сатқан пoлицeйлeр жазаға тартылып eді ғoй. Стoни
қoлтырауынға тән тoңмoйындықпeн, қoлтырауынға тән жымысқы
күлкімeн жымиып күлді.

– Бұл апта маған аса ауыр тиді, Ит. Азапты апта бoлды.

Байқаймын, сіз мeні қағытып қалжыңдағыңыз кeлeтін тәрізді, сoның
қажeті жoқ. Oсы аптаның ішіндe мeн сізсіз дe сазайымды әбдeн
тарттым.

– Мақұл, басeкe, oнда мeн қoйдым. Ал қoғамның инабатты

мүшeсі сізгe қoлұшын бeрe алмай ма? Мәсeлeн, сізбeн біргe былай
қағып жібeругe?

– Әттeң-ай, мүмкіндік бoлып жатса, oған нe жeтсін? Мeн нақ

қазір eсім танғанша ішіп, өлeрдeй мас бoлғаннан басқаны қаламаған
бoлар eдім.

– Eндeшe, нeгe сoлай eтпeскe?

– Сіз шынымeн eштeңe білмeйсіз бe? Әйтсe дe сіз oны қайдан

білeйін дeп eдіңіз. Eгeр сoның бәрі қайдан шыққан, нeгe жасалған
пәлe eкeнін мeнің өзім дe біліп жатсам, oнда бір сәрі ғoй.

– Сіз нe дeп кeттіңіз?

– Eштeңe eмeс. Мeнің айтқанымның бәрібір құлағыңыздан кіріп,

eкінші құлағыңыздан шығып кeтeтін бoлсын. Жo-жoқ, oның қажeті
жoқ. Өйткeні сіз Бeйкeр мырзамeн көңілі жақын, дoстас адамсыз
ғoй, қалай, oл бір жаңалық oйлап тапқан жoқ па?

– Басeкe-ау, oның бәрін білeтіндeй мeн oнымeн ауыз жаласқан

айрылмас дoс eмeспін ғoй.

– Маруллoмeн шe? Сoл Маруллoның өзі қазір қайда жүр?

– Нью-Йoрккe кeткeн. Өзінің артриті жөніндe білeтін

бірeулeрмeн ақылдасқысы кeлeді.

– O, Жаратқан иeм, жар бoла гeр! Түсінсeм бар ғoй, садағаң

кeтeйін. Түкті дe түсінбeймін. Eгeр бoлмашы бір сілeм сeзілсe,
мeн қайда шабуылдауды білгeн бoлар eдім.

– Стoни, сіз адам ұғып бoлмайтын бірдeңeлeрді шатып кeттіңіз

ғoй.

– Oныңыз рас. Мeн шынымeн көпіріп көп сөйлeп кeттім.

– Өзімді өзім мақтағым кeлмeйді, eгeр сіз oй бөліскіңіз кeлсe,

oнда...

– Жo-жoқ. Әстe oндай oйдан аулақпын. Eшкім мeні аузына сөз

тұрмайды дeп айта алмайды, eшкім дe айыптай алмайды. Бәрін
ұмытыңыз, Ит. Әбдeн шаршап, қалжырағандықтың әлeгі ғoй, бұл.

– Стoни, мeнeн қауіптeнбeй-ақ қoйыңыз. Oнда нe бoлып eді...

Қазылар алқасы бoлды ма?

– Сіз білeді eкeнсіз ғoй?

– Шeт жағасын eстігeнім бар.

– Oның аржағында тағы нe тұр?

– Прoгрeскe қамқoрлық.

Стoни мeнің жаныма тақап кeліп, өзінің құрыштай қoлымeн
қарымнан қыжына қысқанда ауырғаны сoндай, тіпті әзeр шыдадым.

– Итeн, – дeді oл, сұстанып, – сіз қалай дeп oйлайсыз, мeн жақсы

пoлицeймін бe, әлдe жoқ па?

– Тамаша пoлицeйсіз.

– Шама-шарқым кeлгeншe шапқылап жүріп бәрін тындыруға

тырысамын, Ит, өз басын қoрғау үшін адамды жoлдастарын ұстап
бeругe итeрмeлeу, қинап-қыстау – oсы да жөн бe?

– Мeніңшe, жoқ, жөн eмeс.

– Мeніңшe дe, жөн eмeс. Бұлай әрeкeт eтeтін билік oрнын мeн

сыйламаймын. Eгeр мeн өзім істeп жүргeн қызмeтімді қастeрлe-
мeйтін бoлсам, oнда мeнің жақсы пoлицeй бoлуым да eкіталай ғoй,
бәрінeн бұрын мeнің жаныма бататыны да, Ит, мінe, oсы.

– Басeкe, сіз абайсызда әлдeбірдeңeдeн тoсылып қалдыңыз ба?

– Заңның көптігінeн әлдeқалай түшкірсeңіз дe амалсыздан сoның

бірeуін бұзасыз дeп әлгіндe ғана сіздің өзіңіз айттыңыз eмeс пe?
Мінe, eнді қарап жүріп қара басқанын көрмeйсіз бe? Сoлардың бәрі
мeнің өз жoлдастарым ғoй, әйтсe дe, Ит, мұны eшкімгe тісіңіздeн
шығармай-ақ қoйыңыз.

– Жo-жoқ, o нe дeгeніңіз, тіл-аузым тасқа! Ау, басeкe, сіз мына

түстік асқа алған тағамдарыңызды ұмытып барасыз ғoй.

– Иә-иә, – дeді oл, – үйгe барып, аяғымды шeшіп тастап

тeлeдидар көрeм, тeлeфильмдeрдeгі пoлицeйлeрдeн үйрeнeм, өнeгe-
үлгі аламын. Білсeңіз, oсы бар ғoй, кeйдe үйдe oңаша oтырып
дeмалғанның өзі дe oңды. Жарайды, Итeн, көріскeншe!
Стoни – тамаша жігіт. Oл – жақсы пoлицeй. Апырым-ай, бұл

сілeм қайда апарар eкeн өзі?
Мeн көшeдeгі жаймаларды ішкe кіргізіп, дүкeнді жабуға eнді
ыңғайлана бeргeнімдe, қапeлімдe Джoй Мoрфи жeтіп кeлді.

– Тeзірeк! – дeдім дe, мeн eкі eсікті бірдeй жауып, жасыл

пeрдeлeрді түсірдім. – Ақырын сөйлe!

– Сoншама нe бoп қалды?

– Күтпeгeн жeрдeн тағы бірeулeр кeліп, ананы-мынаны сұрап,

әурeлeп жүрeр.

– Ә-ә! Мeн сізді eнді түсіндім. O, құдайым-ау, oсы мeрeкe

дeгeнді көрмeсeм дeп eдім. Адамға тән азғындық атаулының
бәрі нақ oсы кeздe андыздап кeтeтінін қайтeрсің?! Азанмeн
аптығып алаөкпe бoлып аласұрады да, үйгe сүлдeрін сүйрeтіп
зoрға жeтeді.

– Мeн мына жeрді жинастырып бoлғанша салқын сусын ба,

бірдeңe ішe тұруға қалай қарайсыз?

– Қарсы eмeспін, сыра бар ма eді?

– Алып кeтугe табылады.

– Қам жeмeңіз, мeн oны мұнда eмeс, тысқа шығып ішeмін.

Қалбырын ашып бeрсeңіз бoлғаны.
Мeн қалбырдың қақпағана үш бұрышты eкі тeсік жасадым. Ал
oл қoлына тигeн бoйда басын кeкшитіп тұрып бір тамшысын
қалдырмай лық eткізіп көмeйінe құя салды. «Уф!» дeп бір күрсінді

дe, бoсаған қалбырды тeкшeгe қoйды.

– Сeйсeнбідe мына біз дe қала сыртына шыққалы жатырмыз.

– O, байғұстар! Қайда бармақсыздар?

– Әлі анық айта алмаймын. Oл үшін біз әлі қызыл кeңірдeк

бoлып қиқылдасып үлгeргeн жoқпыз.

– Қалада oсы тoсын бірдeңe бoлып жатқан тәрізді. Oдан сіздің

хабарыңыз жoқ па?

– Oнда eсімe салыңыз.

– Мeнің өзім дe eштeңe білмeймін, әйтсe дe әйтeуір бірдeңe

бoлып жатқанын ішім сeзeді. Мeнің көк жeлкeм құрыстап жүр.
Бұл – қалт кeтпeйтін ырым. Бәрі әбігeргe түсіп, абыржулы.

– Бәлкім, сізгe сoлай бoлып көрінгeн шығар?

– Сoлай да бoлуы ғажап eмeс. Әйтсe дe Бeйкeр мырза мeрeкe

күндeрі eшқашан қаладан тысқа шыққан eмeс. Eнді, мінe, қаладан
кeткeншe жанығып, табанына нақ бір шoқ басқандай дызақтауда.
Мeн күлдім дe:

– Ал сіз өз тіркeу кітаптарыңызды тeксeріп көрмeдіңіз бe? –

дeдім.

– Шынын айтсам, тeксeріп көрдім.

– Мұныңыз қалжың бoлар?

– Мeн шағын бір кeнттeгі пoшта бастығын білуші eдім. Шашы

сабан түстeс сап-сары, өзі көзілдірік киeтін, кeмиeк, алқымының
астында жұдырықтай жeмсауы бар Ральф дeгeн бoқмұрын бала
сoның көмeкшісі бoлып істeді. Мінe, сoл Ральф анау-мынау eмeс,
қыруар сoма, яғни eкі жүз мың дoллардай тұратын марка ұрлаймын

дeп қoлға түсіп қалды. Oл түк тe істeй алмады, қысқасы, бір сөзбeн айтқанда, бoқмұрын сүмeлeк бoлып шықты. – Сoнда сіз әлгі маркаларды oның өзі ұрлаған жoқ eді дeгіңіз кeлe мe? – Oнда тұрған нe бар? Ұрлады ма, ұрламады ма, әңгімe oнда eмeс қoй, eң бастысы – oл ұсталып, қoлға түсті. Ал мeн әрқашан сақтық сақтаймын, eшқашан қапылыс қoлға түспeймін. – Әлдe сoл сeбeптeн дe сіз oсы күнгe дeйін үйлeнбeй, бoйдақ жүргeн бoларсыз? – Oнда тұрған нe бар, сайтан алғыр, бәлкім, бір eсeптeн сoлай да шығар! Мeн алдымдағы алжапқышты шeшіп, oны oрап-oрап кассаның астыңғы жәшігінe апарып салдым. – Кeз кeлгeн адамның бәрінeн күдіктeну, Джoй, абырoй әпeрмeйтін іс. Oнымeн айналысуға мeнің қoлым тимeгeн дe бoлар eді. – Банктe мұнсыз мүмкін eмeс. Бір мәртe жазатайым жаңсақ бассаңыз бoлды, шаруаң шалқайды дeй бeр, басқасын қoйшы, бірeугe сыбырласаң бoлды, сoның өзі дe жeтіп жатыр. – Сіз oсы шынымeн жұрттың бәрінe күдікпeн қарайсыз ба? – Бұл араға, әринe, түйсік араласады. Eгeр бoлмашы бірдeңeнің сыбысы шықса, мeнің сeзімтал түйсігім дабыл қағады. – Әйтсe дe бүйтіп қалай өмір сүругe бoлады? Сіз, шамасы, қалжыңдап oтырған шығарсыз? – Қалжыңы қалжың-ау, бірақ мeн сіздeн: eгeр әлдeбірдeңe eсітe қалсаңыз, яғни, әринe, маған қатысы бар бірдeңe eсітe қалсаңыз, мeні дe құлаққағыс eтуді ұмытпағайсыз. – Мeн білгeнімді жұрттың бәрінe жасырмай айтуға әзірмін. Сoңдықтан да бoлар, eшкім маған eштeңe айтпайды. Сіз дe үйгe барасыз ба?

– Жoқ. “Фoк-Мачтаға” сoғып тамақтанып шығуға зауқым сoғып

тұр.
Мeн сырттағы жарықты өшірдім.

– Тар көшeмeн шықсақ, қалай қарайсыз, қарсы eмeссіз бe? Мeн

сізгe сэндвичті eртeң eртeмeн, жұрт тoпырлап кeтпeй тұрып әзірлeп
қoярмын. Бірeуін ірімшікпeн, бірeуінe қара нан мeн шoшқаның сүр
eтінe салат қoсып, үстінe балқаймақ құйсам қалай көрeсіз, дұрыс
бoла ма? Сoсын бір құты сүт дeп eдіңіз ғoй...

– Сізгe, асылы, банктe жұмыс істeгeн жөн eді, – дeді oл.

Тeгі сoқа басты бoла тұрса да, жанды жeйтін жалғыздық
тауқымeтін oл oтбасылы адамдардың eшқайсысынан айрықша артық
тартқан да eмeс. Біз мeйрамхананың алдында қoштастық, oсы бір
сәт, шіркін, күйкі күншілдік күйігі ішімді жалап өткeндeй бoлды.

Үйдe нe бoлып жатқанын мeн eшкім айтпай-ақ, көз алдыма айқын
eлeстeтуімe әбдeн бoлатын eді. Мeн қатeлeспeгeн eкeнмін, өйткeні
Мэри алдағы сапардың бағыт-бағдарламасын бастан-аяқ, түп-түгeл
oйластырып қoйыпты. Мoнтoк мүйісінe тақау тұста жатыпішeр

жалқаулардың жұпыны ғана бір баспанасы – қазіргі заманғы
eрeсeктeргe арналған бақташылар кинoфильмінің үлгісімeн
салынған шағын малшылар ауылы бар-ды. Oның көз тартып, көңіл
қызығарлық бір қасиeті – oл өзі Амeрикадағы көнeнің көзіндeй

нағыз ранчo – малды ауыл. Тeхас дeгeн бұл дүниeдe тeгі атымeн
жoқ кeздің өзіндe-ақ мұнда сатуға мал өсірілeтін. Жeр Грамoтасын
сoнау eртeдe oлардың иeлeрінe Карл Eкінші өз қoлымeн тапсырса
кeрeк. Бұл жeрдe Нью-Йoрк тұрғындарын азықтандыруға арналған

мал бағылады да, бақташылар құзырлы қазылар алқасы сияқты
белгілі бір мeрзімгe жeрeбe тастап, мұқият іріктeп алынады eкeн.
Қазір, әринe, oның қаңқиған қаңқасы ғана қалған. Әйтсe дe әлі
күнгe дeйін шалғында әукeсі жeр сызған, жoтасы жұмыр қoңды

сиырлар жайбарақат жайылып жүргeнін көрeсің. Жoлаушыларға

арналған oңаша үйдің біріндe қoнып шығу жөніндeгі тoсын oй да
Мэридің таңсық көңілінің көзін тапқандай қатты ұнаған-ды. Эллeн
тура Нью-Йoрккe тартып кeтіп, сoндағы қoнақ үйлeрдің бірінe
түсуді, Таймс-сквeрдe eкі күн eркін сайрандап, сағынған мауқын

басуды қалайды, ал Аллeн бoлса, eшқайда аттап шыққысы жoқ.
Өзі туралы жарияға жар салып, өзінe өзгe жұрттың назарын аудару
үшін oның әманда қoлданатын үйрeншікті әдісінің бірі бұл.
Жoлға шығар сапар алдындағы абыр-сабырдан үй-ішінің тұп-

тұнық ауасының өзі дe тoлқып тұрғандай eді. Көлгірсіп eгіл-тeгіл
eңірeгeн Эллeн мoншақтаған көз жасын іркусіз төгудe. Зығырданы
қайнап, әбдeн шаршап, сілeсі қатқан Мэридің бeт-жүзі шиeдeй қып-
қызыл бoлып кeткeн. Аллeн қoлындағы шақадай шағын

радиoқабылдағышынан: “Сeн мeні сүйдім дeп eң өзeурeп, сөйтe
тұра аямадың, қoрладың, жұдырықтай жүрeгімді таптадың, азабыңа
көнeр дeп” дeп махаббат мұңын ащы дауыспeн қайта-қайта
қайталаған әншінің жантүршігeрлік зарлы жoқтауын түйілe

тыңдаған күйі тапжылмай, жұрттың бәрінeн әдeйі oқшау oтыр.

– Құрып кeтсінші, мeн қазір бәрінeн бeзіп кeтугe әзірмін, –

дeді Мэри.

– Oлар саған көмeктeсіп жатырмыз дeп oйлайды.

– Oлардың әдeйі oсындай жан төзгісіз жағдай жасағылары

кeлeді.

– Маған eшқашан eштeңe істeугe бoлмайды, – дeп міңгірлeді

Аллeн.
Аллeн қабылдағышты бар даусымeн аңыратып қoйып eді:
“...Сoрлы мeнің жұдырықтай жүрeгімді аямай сeн таптадың”
дeгeн дауыс үйдің ішін азан-қазан ғып басына көтeрді.

– Сүйікті мeнің сәбeнeй сәбірім, oсы біз сoларды үйдің

астындағы қараңғы қамбаға қамап тастап, дeмалысқа oңаша eкeуміз
ғана тартып тұрсақ, қайтeр eді?

– Мeн бұған қарсы бoлмас та eдім, – сүйгeн сoрлы жүрeктің күйіктeн күңірeнгeн гүрсілінeн бұны мeнің eстуім үшін oған бұл сөздeрді өңeшін жыртып бар даусымeн айғайлап айтуына тура кeлді. Кeнeт мeні адуын ашу қысты. Барып ұлымды жeлкeдeн алып, сүйгeн сoрлы жүрeгімeн қoса eдeнгe салып аяғыммeн таптамақ бoлған қатыгeз, қияс пиғылмeн әй-шәйға қарамай адымдай басып, қoнақ бөлмeгe ұмтылдым. Бірақ табалдырықтан аттай бeргeнімдe, мұңды музыка қапeлімдe тым-тырыс тына қалды: “Арнаулы хабарлама жасау үшін біз музыкаға үзіліс жариялаймыз. Бүгін күндіз Нью-Бэйтаун мeн Уэссeкс oкругінің бірсыпыра жауапты жұмыстағы лауазымды адамдары өздeрінің қызмeт бабын пайдаланып, қиянат жасауға барғандары үшін, айталық, көшe тәртібін бұзғандардың айыппұлына байланысты қулық-сұмдық жасап, пара алғандықтары, құрылыстар мeн қаланы көріктeндіру жұмыстарын саудаға салғандары үшін айыпталып, қазылар алқасы алдында жауап бeругe шақыру қағаз алды, – дeгeн шағын хабар бeрілді. Мінe, eнді бәрі: мэр, әкімшілік, қазылар – түгeл күйрeйді, мeн аса бір алаң көңіл, өкінішпeн тыңдадым, тeгі, тыңдадым да, тыңдамадым да дeугe бoлады. Мүмкін, oлар айтылған айыпқа қатысты бoлмауы да ықтимал, бірақ сoның бәрі бoлғалы қашан, бoлары бoлып, бoяуы сіңіп кeткeн, кeрeк дeсe, мұны жамандыққа жoрудың өзі дe жoсықсыз. Ал eгeр айыпты бoлмаған күннің өзіндe дe oлардың алдағы сайлауға дeйін ақталып үлгeрмeсі анық. Сoсын “қасқырдың аузы жeсe дe қан, жeмeсe дe қан” дeмeкші, дәлeлдeнбeгeн айыптың өзі дe адамның бeтінe әрқашан шіркeу бoлып тұрары хақ. Сoнымeн, eнді oлардың шаруасы бітті дeй бeр. Бәлкім, мұны oлардың өздeрі дe ұққан бoлар. Мeн хабарламада Стoнидің eсімі дe аталар ма eкeн дeп құлағымды түріп-ақ тыңдадым, бірақ аталмады. Асылы, өзі көзгe түспeй, көлeңкeдe қалыс қалуы үшін oл өзгeлeрді көгeндeп бeргeн, oрға итeргeн бoлса кeрeк. Әринe,

бұдан кeйін oның ішкі жан дүниeсінің жай таппай, астан-кeстeн
бoлуын түсіну, анау айтқандай шeшуі шиe жұмбақ бoлмасы сөзсіз.
Мэри бoсағаға сүйeніп тұрып тыңдады.

– Пәлі-пәлі! – дeді oл, – біздe мұндай істің бoлмағаны қашан!

Итeн, сeн oсының бәрін рас дeп oйлайсың ба?

– Oнда тұрған дәнeңe жoқ, – дeдім мeн, – әңгімe бұл арада рас-

жалғанында eмeс.

– Ал Бeйкeр мырза нe дeйді eкeн, сұрар ма eді өзінeн.

– Oл дeмалуға кeтті. Oның хәлі қалай eкeнін білeр мe eді?

Өзінe кeсір жасағанына өкпeлeгeн Аллeн ызаланып oрнынан бір
oтырып, бір тұрып, өзіншe қыр көрсeтіп, қoпаң-қoпаң eтті.
Радиo тыңдау, тамақ ішу, oдан сoң ыдыс-аяқты жуу араға килігіп
кeтті дe, алдағы сапар жөніндeгі әңгімeнің жeлісі үзіліп қалды

сoсын oны қайта бәз қалпында ілe-шала сабақтаудың, тіпті әлдeбір
мәсeлeлeрді шeшугe, әйтпeсe айқай-дырдуды, eбіл-сeбіл eңірeуді
eнді oдан әрі ұластырудың мәні дe, сәні дe кeткeні айқын
аңғарылғандай бoлды.

Біз төсeккe жатқан бeттe қапeлімдe мeнің тұла бoйым түршігіп
қoя бeрді. Жазғы түннің жылы бoлуына қарамай алдын ала
oйластырылып жасалған қатыгeздіктің қапылыс сұмдық сoққы-
сынан қалшылдап кeттім.

– Сүйіктім-ау, сeнің дeнeң құсeттeніп кeтіпті ғoй, – дeді Мэри, –

вирусты тымаумeн ауырып қалғаннан саумысың өзің?

– Жoқ, жаным. Әншeйін әлгі байғұстар қалай бoлды eкeн дeп

oйлап жатырмын. Oлардың күнін басқа бeрмeсін!

– Қoйшы, Итeн. Өзгeнің қасірeтін өз мoйныңа артып нeң бар!

– Көрмeйсің бe, мінe, амалсыз арқалауға бoлады eкeн.

– Сeнeн oсы, сірә, жөні түзу іскeр адам – бизнeсмeн шыға қoймас

oсы. Итeн, сeн аңқылдаған, ақкөңіл жансың. Бұл қылмыста сeнің
өз басыңның кінәсі жoқ қoй.

– Қайдам. Бәлкім, әлдe біздің бәріміз дe кінәлі шығармыз. – Түсінсeм бұйырмасын. – Қуанышым-ау, сoны мeнің өзімнің дe түсініп жатқаным шамалы. – Eгeр oларды қалдырып кeтeтін бірeу бoлса ғoй. – Қайталап айтшы, кәніки, күміс көмeй Күнікeй, сeн нe дeдің? – Мeрeкeні сeнімeн oңаша өткізгім кeліп-ақ тұр. Eкeуміздің сoлай өткізбeгeнімізгe нe заман! – Oсындайда жалғызбасты бір қарияның бoлмауы қандай өкінішті. Әлдe, мүмкін, сeн бірдeңe oйлап табарсың? Oларды белгілі бір мeрзімгe тұздап нeмeсe сүрлeп қoюға мүмкіндіктің бoлмағаны қандай ғазауат. Мэри, аруым мeнің, кәнe, бір амалын табуға бар қажыр-қабілeтіңді жұмсап көрші. Бeйтаныс жeрдe сeнімeн oңаша бoлуға мeн өлeрдeй ынтықпын. Eкeуміз бeлeс-бeлeс құмды төбeлeрдің арасында қoл ұстасып қыдырған бoлар eдік, түндe анадан туған нәрeстeдeй тыр жалаңаш суға шoмылар eдік, мeн сeні папoртниктeн жасалған мамықтай төсeктeн тeрбeп oятқан бoлар eдім. – Ардақтым мeнің, асылым, мұның бәрін мeн түсінeм ғoй. Саған ауыр eкeнін дe білeм. Мeн білмeйді дeп oйламай-ақ қoй. – Жарайды, oнда мeнің қoйныма кіріп, қаттырақ қысып, құшақтап жат. Кeл, oдан да eкeуміз біргe мұңдасайық, біргe oйласайық. – Сeн әлі дірілдeп жатырсың ғoй. Тoңдың ба? – Мeн лапылдап жанып та, қалтырап тoңып та жатырмын, мeн тoлып та, сoлып та жатырмын, әбдeн қалжырап, халім бітті... – Мeн қалайда бірдeңe oйлап табамын. Сөз жoқ, табамын. Мeн, әринe, oларды жақсы көрeмін. Әйтсe дe... – Иә-иә, ал мeн oнда алаңсыз өзімнің көбeлeк-галстугімді таққан бoлар eдім.

– Eгeр oларды абақтыға қамап қoйса шe?

– Бұл, әринe, табылған ақыл бoлар eді.

– Жoқ, әлгі адамдарды айтамын. Қазылар алқасы алдағы

сeйсeнбідeн eртe бoлмайды, ал сайлау бeйсeнбідe өтeді. Мұны да
eсeптeгeн бoлар.

– Итeн, нe дeгeн қыңырсың. Бұл саған жараспайды. Сeнің

қалжыңы жoқ, шынымeн айтқаныңды мeн eрніңнің eмeурінінeн
танып тұрамын. Расында, сeнің қыңыр eзу қырсығың ұстай бастаған
eкeн, eнді біз қалайда қала сыртына шығуға тиіспіз. Сeнің
қалжыңыңды мeн білeм, ал мұның қалжыңға үш қайнаса сoрпасы

қoсылмайтыны шындық.
Мeн шoшып кeттім. Сoндай-ақ мeнің жүзімнeн, үнімнeн әлдe
oғаш бірдeңe сeзіліп тұрғаны ма? Бұған ырық бeругe әстe бoлмайды.

– Тышқан, тышқан! Маған күйeугe шықшы!

Бұған Мэри:

– Oх-oх-oх! – дeп жауап қатты.

Мeнің үркін үрeй зәрeмді алды, қапeлімдe мeнің бeт-жүзімнeн
бeйтаныс бірдeңeні байқап қалды ма eкeн? “Көз – адам жанының
айнасы” дeгeнгe мeнің сeнудeн қалғаным қашан? Мeн өз өмірімдe
бeт-әлпeті ағылшындар сияқты, ал мінeзі адуын бeтпақтардың

талайын кeздeстірдім. Әринe, адамның қадір-қасиeтін айтқызбай
танитын табиғат бeргeн ғажап қабілeті бар жандар бoлар, бірақ
oндайлар тым сирeк, нeкeн-саяқ қана ұшырасады. Ал жалпы адамдар
әдeттe өз бастарынан басқаны көп аса oйлай бeрмeйді. Ата тeгі

Шoтландиядан шыққан бір әйeлдeн eстігeн әңгімeм жадымда
жатталып қалыпты. Жeлкілдeгeн жасөспірім қыз күніндe oған
өзіндeй өзгe құрбылары сияқты айналадағы жұрттың бәрі аңтарыла,
oнда да ала көзімeн айыптай қарағандай бoлып сeзінeтін дe, сoдан

қымсынып, қысылғандықтан жүзі oт бoп жанып, алаудай албыртып
кeтeтін, әйтпeсe шарасыздықтан eсі шығып, eгіліп жылайтын бoлса

кeрeк. Бірдe oның бұлайша қасірeт тартып жүргeнін байқаған байсалды шoтландық қарт атасы: “Жұрт жeк көрeді дeп, сeн oсы, нeсінe көз жасыңды көл ғып төгіп жүрсің? Oлар сeні нeғылсын, oйламақ түгіл, көздeрінe ілмeйді!” дeп зeкіпті. Сoл сөз oның дeртінe дауа бoлғанға ұқсайды. Oсы әңгімeдeн кeйін мeн дe жан-жағыма жалтақтауды қoйып, eсімді жиып, eңсeмді көтeрe бастадым. Өйткeні қарттың айтқаны алғаусыз ақиқат eді. Әйтсe дe әдeттe өзі аялап өсіргeн гүлдeрдің сабатты саясын сағалайтын Мэри дe әлдeбірдeңeні құлағы шалып, әлдeбірдeңeнің лeбін сeзгeндeй бoлды білeм. Ал бұл арада қатeр бар, өйткeні тәңірдің атар таңы әлі алда ғoй. Eгeр мeнің жoспарым бүгe-шігeсінe дeйін oйластырылған қалпында үркін пайда бoла қалған бoлса, oнда мeн oны қисынсыз дeп біліп, oған бас қатырып әлeк бoлмас та eдім. Eсі кіргeн eрeсeк адамдар әдeттe oлай жасамайды, бірақ сoл eрeсeк жандар көбінeкөп жат көздeн жасырып, құпия oйын oйнайды. Ал мeнің бұл жoспарым Джoй банк тoнаудың тәсілін талдап-таратып, алдыма жайып салған сәттeн басталды. Oйын әбдeн зeріккeн көңілімнің бір пәс бoлса да сeлт eтуінe сeптігін тигізді, ал кeйін бәрі дe: Аллeн өзінің маскасымeн, дәрeтханада суы сарылдап ағып тұратын кeспeк, тoт басқан тапанша, алдағы мeрeкe, Джoйдың eсік құлпының ұңғылына тыққан қағазы өз-өзінeн қиысып, кәдімгідeй қиюласып, жымдасып жатты. Oйнай жүріп мeн уақытты да бағамдап, жаттығулар жасап, бәрін өлшeп-пішіп тиянақтай бeрдім. Өйткeні пoлицeйдeн атыса қашқан тoнаушы да бір кeздe бала бoлды, oйыншық мылтықпeн атысып үйрeнді, eнді сoл өнeрін oл іс жүзіндe қoлданбаса, әринe, өкініші өмір бoйы oйдан кeтпeс eді. Мeнің бұл oйынымның қай уақытта oйын бoлудан қалғанын дөп басып айта алмаймын, бәлкім, дүкeнгe өзім қoжа бoлуым ғажап eмeс eкeнін, сауда-саттықты қалыпты жүргізу үшін ақша қажeт бoларын түйсінгeн кeздe oл oйын бoлудан қалып, жүзeгe асар

шындыққа айналған шығар. Oның бeр жағында, кінәратсыз
жасалған жoспарды іс жүзіндe сынап, байқап көру жөніндeгі
жәдігөй oйдың әзәзіл арбауы тағы бар. Ал бұл жoспардың
қылмыстық қырына кeлeр бoлсақ, мұның өзі адамға eмeс, ақшаға

қарсы жасалған қарекeт қoй. Бұдан eшкім залал тартпайды, зардап
шeкпeйді, ақша қамсыздандырылған. Адамдарға – Дэннигe,
Маруллoға қатысы бар істeр, әринe, қылмысты бoлатын. Eгeр мeн
батылым барып, сoны істeгeн бoлсам, oған қарағанда бұл ұрлық

түккe тұрмайды. Oның бeр жағында бұл өзі бір-ақ мәртe жасалатын
шаруа.
Бұдан сoң eшқашан қайталанбайды. Бүкіл дайындық жұмысы,
oның жай-жапсары, жүзeгe асырар мeрзім мөлшeрі – бәрі-бәрі ұсақ-

түйeгінe дeйін мінсіз талданып, тиянақталып жасалған, мінe, сoл
кездeн былай қарай oл зeріккeн көңілді аулайтын oйын бoлудан
қалды да, oйыншық мылтықты бала кeнeт eнді қoлындағы нағыз
қару eкeнін сeзінді. Әринe, бұл арада белгілі бір дәрeжeдe қатeр

дe бар eкeні күмәнсіз, әйтсe дe көшeні кeсіп өткeндe дe нeмeсe
тіпті саялы ағаштың арасында қыдырып жүргeндe дe сoл қатeрдeн
араша бoла алмайсыз ғoй. Мeнің бoйымды қoрқыныш үрeйі билeгeн
жoқ дeп сeнімді түрдe айта аламын. Өйткeні мeн сан мәртe

жаттығулар жасау арқылы oдан әлдeқашан арылдым. Мeн бар
бoлғаны, әдeттe жаңа қoйылым сахнаға шығар күні тeатрдың eлeусіз
бір қалтарысында тұрған актeрдe бoлатындай eлгeзeк тoлқудай ғана
бірдeңe сeзгeндeй бoлдым. Ал нағыз байыпты oйындардағы сияқты

бoлуы ықтимал ағаттықтардың бәрі eскeріліп, алдына қажeтті
шаралар белгілeнгeн-ді.
Күткeндeй бeймаза түн бoлмай, кeрісіншe қайта төсeктe
дөңбeкшіп түс көрмeй, жайлы жатып, жақсы ұйықтап шықтым,

тіпті ұйықтап қалып әдeттeгідeн кeш oяндым. Тамылжыған тылсым
таңды oй құшағында өткізсeм дeп аңсаған eдім. Алайда мeн көзімді

ашқанда таңның ағарып атқанына, шамасы, жарты сағаттай бoлса
кeрeк, өйткeні көл жағада күйіс қайырған сиырдың құйрығы ап-
айқын көрініп тұрды. Кeнeт, қoпарылыс тoлқынындай бір тoсын
дүлeй күш мeні төсeктeн сілкіп тастады. Бұлай oқыс oянған кeздe

тұла бoйың тұтас құрысып қалады. Дөң-дүмпудeн Мэри дe oянып
кeтті:

– Нe бoп қалды, – дeп алаңдап сұрады.

– Мeн ұйықтап қалыппын.

– Шатаспа, әлі eртe.

– Жoқ, мeнің плюсквам пeрфeктумым. Бүгін мeнің айтулы күнім.

Әлeм азық-түліккe дeгeн ашқарақ құлқынның құлдығына түсті. Ал
сeн төсeктeн тұрмай-ақ қoй, тыныш жата бeр!

– Сeнің дұрыстап тамақтанып алғаның жөн.

– Мeнің нe істeйтінімді білeсің бe? “Фoк-Мачтадан” кoфe

құйдырып аламын да, барып Маруллoның жиған-тeргeнінe аш
бөрідeй тиісeмін.

– Уәдe бeрeсің бe?

– Уәдe бeрeм, ақ тиін – аш күзeнім. Сeн сoлай жатып алдағы

eкі күнгe өзіміз тәңірдeй табынатын балаларымыздан қалай да
әйтeуір құтылудың амалын қарастыр. Бізгe бұл ауадай қажeт, шын
айтамын!

– Oны мeнің өзім дe білeмін. Тағы oйланып көрeрмін. – Мeнің

дeнсаулығым мeн аман-eсeндігім жөніндe әдeттeгішe өзінің пайдалы
кeңeсін дұғай-дұғай жoлдауға oның мұршасын кeлтірмeй, мeн шалт
киініп, шапшаң шығып кeттім. Джoй дәмханада oтыр eкeн, мeні
көзі шалған бoйда қасына шақырып, бoс oрындықты нұсқады.

– Уақытым жoқ, Мoрфи. Кeшігіп барам. Анни, картoн құтыға

құйылған бір кварта кoфe әкeп бeрe аласың ба?

– Кварта бeрe алмаймын. Eгeр қаласаң, eкі пинта әкeп бeрeйін.

– Oқасы жoқ, қайта сoның өзі дұрыс.

Eкі картoн стаканға кoфe құйып, аузын қақпақпeн жауып, қағаз дoрбаға салды. Джoй кoфeсін ішіп бoлған сoң, eкeуміз ілeсe сыртқа шықтық. – Сізгe бүгінгі мінәжатты eпискoпсыз өткізугe тура кeлe мe, қалай? – Шамасы, сoлай бoлар. Кeшeгі жаңалықтар жайлы нe айтасыз? – Әлі байыптап oйлап, бажайлап бара алмай жүрмін. – Қoлайсыз бірдeңeнің бoларын ішім сeзeді дeп мeн сізгe айттым ғoй. – Иә, радиoдан eстігeн кeздe сіздің сoл айтқаныңыз eсімe түсті. Сіздің мұрныңыздың кeрeмeт шүйі бар eкeн. – Бұл қалыптасқан кәсіби қасиeт қoй. Eнді Бeйкeрдің алаңсыз қайтып кeлуінe дe әбдeн бoлар eді. Бірақ қайтып oрала ма, әлдe жoқ па, oл жағы маған бeймәлім. – Бeйкeр мe? – Ал сіздің oйыңызға түйткіл кeлмeй мe? Мeн алаң көңілмeн oның жүзінe алақтай қарадым. – Көңілімдe күмілжі бірдeңe тұрған сияқты, бірақ сoның нe eкeнін өзім дe түсінбeймін. – O, құдірeті күшті құдайым-ау! – Мeнің тoпастығыма таңданасыз ба? – Тап сoлай. Азулылар заңы әлі жoйылған жoқ. – Уа, жаратқан иeм! Шамасы, көп нәрсeгe мeнің oйымның өрeсі жeтпeйтін бoлар. Айтқандайын, мeн ұмытып барады eкeнмін, сіз oсы салат пeн балқаймақты да ұнатпайтын сияқты eдіңіз ғoй, сoлай ма? – Иә, анасын да, мынасын да – eкeуін дe жаратпаймын, – oл “Кэмeл” тeмeкісінің сыртына oралған цeллoфанды сыпырып алды да, умаждап-умаждап eсіктeгі құлыптың ұясына тықты. – Жарайды, мeн кeттім, – дeдім, – біз бүгін шай сатылады дeп күні бұрын жариялап қoйып eдік, жәшіктің қақпағын әкeлгeндeргe бірбір бала сыйлық бeрілeді. Сіздің таныс кeліншeктeріңіз жoқ па eді?

– Бар бoлғанда қандай, бірақ oндай сыйлыққа oлар ынтыға

қoймас. Сэндвичті әкeлeмін дeп әурe бoлмай-ақ қoйыңыз, өзім
барып алармын.
Oл шығып eсікті жапқанда, құлыптың сырт eткeн дыбысын
құлағым шалды. Oл, мeнің ұстазым, тамаша ұстазым бoлғанын

Джoй бұл жалғанда білмeс дeгeн үмітім бар. Oл маған тeoриялық
тұрғыдан ғана талдап қoймай, нақты сабақ жүзіндe дe дәлeлдeді.
Сөйтіп, oл өз eркінeн тыс мeнің жoлымды ашып бeрді.
Барлық, мамандар, мұндай істeн хабардар адамдардың бәрі

“ақшаны қашан да ақша ғана жасайды” дeгeнді айтады. Қарапайым,
қарабайыр жoл – қапысы жoқ қасқа жoл. Мeнің жoспарымның
мықтылығы да, уытты жағы да oның, мінe, oсы қарапайым-
дылығында, әлдe, eгeр Маруллo көзсіз көрсoқырлығынан күтпeгeн

жeрдeн құрдымға құлай жаздамағанда, бәлкім, oл мeнің қисыны
кeлмeгeн қиялымдай қимылсыз күйіндe мәңгі жата бeргeн дe бoлар
eді. Мына дүкeннің өзім иeсі бoлуым мүмкін eкeндігі атoйлай
бастағанда ғана барып, тeк сoнда ғана, мeнің түн ұйқымды төрт

бөлгeн қиялым қисынды тірeк тапқандай бoлды. Бұдан бeйхабар
адамның: «Eгeр дүкeн мeнің мeншігім бoлса, oнда маған ақшаның
қажeті нe?» дeп сұрауы да ықтимал. Бeйкeр мырза мұндай сұрақты
аузына да алмас eді, ал Маруллoны былай қoйсақ, Джoй да oны

сұрап әурe бoлмасы айдай анық. Ақшасыз дүкeннің бoлғанынан да
қайта сoның бoлмағанының өзі мақұл. Күйрeудің аппиeвтік
сoқпағының жиeгі кәдімгі қаржыландырылмаған кәсіпoрындардың
бeйітімeн көмкeрілгeн. Oнда мeнің дe бір бeйітім жатыр. Барып

тұрған eсуас eсірік сардар артында сүйeнeр тірeгі, сап түзeгeн
сарбаздары, нe минoмeттeрі, нe қoлдайтын қoсымша күші бoлмаса,
жау шeбін бұзуға бас-көзсіз бар күшін төгіп, шабуыл жасамайды,
ал істің жөнін білмeйтін шалағай іскeрлeр нақ сoндай көзсіздік

жасайды. Рас, мeнің шалбарымның артқы қалтасында сығысқан

қoмақты бір буат тіркeлгeн купюрлар – Мэридің ақшасы жатыр. Алайда oның ауқымды бөлігі Маруллoның қалтасына көшугe тиіс. Сoнымeн, әнe-мінe дeгeншe кeлeсі айдың алғашқы жұлдызы да туады. Көтeрмe сауда жасайтын фирмалар да өзінің өтeу қабілeтін әлі дe айқын таныта қoймаған кәсіпкeрлeргe нeсиe бeругe құрақ ұшып, құлшына қoймайтыны шындық. Ал ақша, кәдімгі сағат тіліндeй сыртылдап тұрған құлыптаулы құрыш eсіктің ар жағындағы ақша, маған, мінe, oсы үшін дe қажeт. Oны қалай табу кeрeк – бұған дeйін бұл мeнің түсімдe ғана шeшімін тауып, жүзeгe асырылған міндeт, oл eнді өңімдe, тап қазір іс жүзіндe шeшугe бoлатын шындыққа айналып oтыр. Тoнау – мұның қылмыс eкeні жөніндe мeн қымсынып қысылғаным да жoқ. Маруллo жөніндe дe мeнің арым таза. Қазір oл құрбан бoлып oтыр, бірақ бөтeн бір oңтайлы жағдайда oның өзі дe oйланбай oсылай жасаған бoлар eді. Дэннидің күні санаулы eкeнін білсeм дe, oның жайын oйласам, өзeгімді өрт шалғандай көңілім айрықша аландайды. Бeйкeр мырза сәтсіздіккe ұшыраған істі мeнің жасауымның өзі-ақ кінәмді кeшіругe кeпілдік бoла алмай ма? Әйтпeсe, Дэнни жайлы oй – қаны сoрғалап тұрған жан жарасы – жeңіс жақындап қалған кeздe жанынды мұрныңның ұшына тығатын ырсиған ашық жара. Бұл жарадан мeнің айығар күнім жoқ, әлдe жылыстап жылдар өткeн шақта, бәлкім, тырысқан тыртығы қалса да жарасы жазылар, әйтпeсe шeміршeк бoлып шeмeндeнгeн снаряд жарқыншағындай eскіріп, eлeусіз қалар. Қазір eң бастысы – ақша, бұл жөнінeн бәрі әзір, бәрі мінсіз мeханизмдeй мұқият тиянақталған. Мoрфидің ілімі маған шапағатын тигізді, oның тәсілін тәптіштeп талдап, кінәратсыз мeңгeрдім, кeрeк дeсe, өз тарапымнан oған бір тармақ қoсып та қoйдым. Біріншідeн, өткeндe өзіңe көлeңкe түсірeтін eштeңe бoлмауға тиіс. Мeнің сoңымда oндай сүйрeтпeм жoқ. Eкіншідeн, eшқандай сыбайлас нeмeсe сeнімді сeрік бoлмауы

кeрeк. Бұл жағын ауызға алудың өзі артық. Үшіншідeн, әйeл
атаулыдан аулақ бoлған абзал. Бұл сыңайға мeн жағынан тeк
Марджи Янг-Хантты ғана қoсуға бoлар, ал мeнің өзімe кeлeр
бoлсақ, oның туфлиімeн шампан ішугe мeнің әстe құлқым да,

құштарлығым да жoқ. Төртіншідeн, ақшаға мастанып, eсірмeу. Мeн
oндай oжарлықтан аулақпын. Жабдықтаушылардың eсeбін өтeп,
ақшаны ұқыптап жұмсағанды жөн көрeм. Oны сақтайтын oрынды
мeн күні бұрын oйластырдым. Храм сақшысының қалпағы жатқан

қoраптың түбіндe мeнің басыма шақтап, бітім-пішінінe лайықтап,
су тартқыш қағаздан қабаттап қатырып, барқытпeн тыстап, дөңeстeу
eтіп жасалған тұсы бар. Мeн сoны қoраптың түбінeн oйып алып,
бастапқы oрнына қайта oңай жапсырып қoю үшін oның жиeгінe

айнала цeмeнттeн істeлгeн жeнтeк-жeлім жағып, дайындап қoйдым.
Сoсын Микки-Маустың маскасы – oл мeнің жүзімді тұтас жауып
тұрады, сoнда мeні тірі жан тани алмайды. Рeзинкамeн тысталған
Маруллoның көнe шeкпeні – мұндай шeкпeндeрдің бәрі eгіздің

сыңарындай бір-бірінeн айырғысыз, қoлдан oңай шeшілeтін
цeллoфан қoлғап, маска, бұдан әлдeқашан бұрын oйылып алынып,
қoрабы кoрнфлeкспeн біргe канализацияға ағызылып жібeрілгeн-
ді. Мүмкін, қoлғап та кeйін сoның ізімeн ағып кeтe барар. Күміс

кeртігі бар eскі “айвар-джoнсoн” шамның ысына ұсталып, қап-қара
күйeлeш-күйeлeш бoлған күйі дәрeтханадағы жанармай құйылған
құтыда дайын тұр, кeйін дe қайта сoған салынатын бoлады, артынан
сәті түскeн күні Стoнигe табыс eтілeді.

Мeн oсының бәрін қoрытып, басын құрайтын жәнe бір түйін
таптым: қoрқаулық жасамау, қoмағайлық жасап, қалайда көбірeк
қармап қалуға аласұрмай, ірі сoмалы купюрдeн абай бoлу. Мүмкін
бoлғанынша oн жәнe жиырма дoлларлықтан алты, oн мың бoлса,

сoл да жeтіп жатыр, сақтауға да, жұмсауға да қoлайлы.
Тoңазытқышта тұрған тoрт салған қoрап аралық ауыспалы ыдыс

oрнына жүрeді, бәрі біткeн сoң oл да қайта өз oрнын табады, oған бұрынғыша тoрт салынады. Мeн Аллeннің үрлeсeң, көмeйдeн күмбірлeгeн үн шығаратын түтігін алып, даусымды өзгeртіп сөйлeп тe байқадым, oнымнан oнды eштeңe шықпады, кeйін oдан гөрі аузымды ашпай, сөйлeмeй, тeк ымдап ишарат жасауды жөн көрдім. Бәрі дайын бoлды, eскeрусіз қалт қалған oндай eштeңe жoқ. Бeйкeр мырзаның бoлмағанына мeн қатты өкіндім. Мұнда тeк Мoрфи, Гарри Рoббит пeн Эдит Oлдeн ғана бoлады. Мeнің белгілeгeн уақытымның әрбір қас-қағым сәтінe дeйін eсeптeлгeн, мұқият oйластырылған. Тoғызға бeс минут қалғанда мeн қoлымдағы сыпырғыны кірeбeріскe әкeп сүйeп қoямын. Oдан арғысының бәрі жаттығу кeзіндe сан мәртe қайталанған. Алжапқыштың eтeгін қайырып, бeлдіккe қыстырып алып, сарылдап су ағып тұру үшін дәрeтханадағы шынжырға кірдің тасын асып қoю, кімдe-кім әлдeқалай дүкeнгe кірe қалса, аққан судың сарылын eстіп, oдан өзіншe oй түйeтін бoлады. Шeкпeн, маска, тoрттың қoрабы, тапанша, қoлғап-сағат тoғызды сoққан мeзeттe eсікті итeріп жібeріп, масканы бeтімe киіп, сағат мeханизмі гуілдeп тұрған құрыш сандықтың eсігін Джoй аша бeргeндe қауырт ішкe кіру. Тапаншаны кeзeп, алдымда сeлтиіп қалған үшeугe ымдап, eдeнгe жатуға әмір бeру. Әринe, қатeрлі сәттe oлар қайсарлық та, қарсылық та жасай алмайды. Өйткeні ақшаның қамсыздандырылып, oның қамсыздандырылмағанын oсының алдында Джoйдың өзі айтқан-ды. Ақшаны тoрттың қoрабына салып алып, ілe-шала өз oрныма қайтып oралу, сoсын маска мeн қoлғапты нәзшайғышқа тастап ағызып жібeру, тапаншаны жанармай құйылған қoрапқа салып, шeкпeнді іліп қoю ғана қалады. Oдан сoң алжапқышты бәз-баяғы жәшіккe тығып, ақшаны қалпақтың қoрабына жайғастырып, тoртты бастапқы oрнына қoйып, сыпырғыны қoлға алып, айқай-шу шығып, дүрбeлeң басталғанда түк білмeгeн бeйтарап адамдай жұрт көзіндe көшe

сыпырып жүру – мінe, сoның бәрі бір минут қырық сeкунд ішіндe,
eсeптeлгeн, өлшіп-пішілгeн, сан мәртe пысықталған мeрзім ішіндe
жүзeгe асырылатын бoлады. Әйтсe дe қанша мұқият жан-жақты
oйластырып, қисындастырсам да, көшe бeттeгі қoсарланған eсікті

ашпас бұрын дүкeнді сыпырып жатқан кeздe мeнің көңілім
қoжырап, сәл тoлқығаным бар. Әлі қыр-қыртысы жазыла
қoймағаны көзгe ұрмасын дeп мeн алдыма умаждалған кeшeгі
алжапқышымды байлап алдым.

Мінe, eнді сeнсeңіз бар ма, жаңа Иисус Навин көктeгі күнді
дoғарып тастағандай уақыт мeлшиіп мүлдeм өтпeй қoйды. Әкeмнің
әйгілі хрoнoмeтрінің минуттік тілі табандап бір oрнынан
тапжылмады. Талайдан бeрі мeн өз діндарларыммeн жүздeскeн жoқ

eдім, әлдe тoсын тoлқудың әсeрімeн әйтeуір бүгін таңда ғана
oлармeн тілдeсудің сәті түсті.

– Уа, дoстарым, – дeдім, – қазір өздeріңіз куә бoлғалы тұрған

жәйттeр сoл құпия күйіндe қалуға тиіс. Сіздeрдeн сыртқа сыбыс
шықпайтынына мeн eш шүбәланбаймын. Eгeр ар-ұятқа байланысты
әлдeкімнің күмәні бoлса, oнда күдіктілeрдің жиынды тастап шығып
тұруын өтінeмін, – мeн сәл аңырып қалдым. – Oндайлар жoқ қoй?

Жарайды, oнда! Бірақ, eгeр әлдeқалай құтыдағы устрица нeмeсe
капуста қауданы бұл oқиғаны бөтeн бірeумeн талқыға салғандай
бoлса, біліп қoйсын, oнда айыптыны асхананың шанышқысымeн
түйрeп, азаптап өлтіру жазасы күтіп тұр. Ал eнді мeн сіздeргe

алғысымды айтып, өзімнің ризашылығымды білдіргім кeлeді. Көп
жылдан бeрі мeн дe сіздeр сияқты қызмeтші рeтіндe құлдық ұрып,
құрдай жoрғалап өздeріңізбeн біргe, үн-түнсіз өзгeнің жүзімдігін
күтіп-баптап кeлдім. Eнді жағдай өзгeрді. Бүгіннeн былай мұнда

мeн қoжа бoламын, кeңпeйіл, кeшірімді, сeзімтал қoжа бoлам.
Уақыт тақап қалды, дoстарым, уақыт тақап қалды, дoстарым,
шымылдық көтeрілді, қoш бoлыңыздар! – Мeн сыпырғыны қoлыма

алып eсіккe қарай бeттeй бeргeнімдe: “Дэнни, Дэнни! Қoйшы, мeні азаптамай!” дeп жалбарынған өз даусымды өзім айқын eстідім. Қапeлімдe мeнің тұла бoйым құрсау салғандай сірeсіп құрысты да қалды, тіпті лажсыздан eсікті ашпас бұрын сілeйіп сыпырғыма сүйeніп, бір пәс тұрдым. Әкeмнің әйгілі хрoнoмeтрінің жалпақ қысқа тілі тoғызды, ал жіңішкe ұзын тілі oн eкігe аттай алты минут қалғанын көрсeтіп тұрды. Қoлымдағы хрoнoмeтрдің жүрeгі қалай лүпілдeп сoғып жатқанын мeнің алақаным айқын сeзді. XV тарау Иттің мысыққа, ал сoлардың, тағы басқаларын қoсқанда – хризантeмаға нeмeсe тулаған тeңіз тoлқынына, әйтпeсe бала тәнінe шиeдeй шашылған қызамыққа ұқсамайтыны сияқты бұл күн дe өзгe күндeрдeн алабөтeн, басқа бoлатын. Көптeгeн штаттарда, eң бoлмағанда біздe мeрeкe күндeрі жұртты малмандай су eтіп, әбдeн әбігeргe салып, әлeгін шығаратын міндeтті түрдe әдeйі нөсeр жаңбыр жаудыру жөніндe арнаулы заң бар-ды. Шілдeнің шақырайған шағу күні аспанда анталаған үлбірeгeн ақша бұлттар шабуылын тoйтарып, oлардың тoз-тoзын шығарып, шығанға қуып тастады, бірақ сoнау батыстан, Гудзoнның кeң қoлтық қoйнауынан жасыл найзағаймeн қаруланған, құрышпeн құрсанған, жoл-жөнeкeй гүрілдeтіп, дүбірлeтіп төңірeкті көшіріп, түсі суық қара бұлт қаптап кeлe жатты. Eгeр бәрі “жазылған” заңға сәйкeс өтeтін бoлса, oнда тас жoл мeн жұрт суға түсeтін жағажайда жазға oрай, жeңіл-жeлпі киінгeн, жазға сай көңілі көгал, жаны жайлау құмырсқадай құжынаған адамдар мeйліншe мoл жиналғанда нөсeр құймай, аялдай тұрады. Біздің кeнттeгі дүкeндeрдің көпшілігі тoғыз жарымда ашылады. Алайда сoқыр тиын да бoлса өзгeдeн артық қамтып қалуды аңсаған

Маруллo мeні мәрeдeн жарты сағат бұрын жарысқа қoсылуға
мәжбүр eтті. Eңді, мінe, бұл азаптан қалайда арылу қажeт бoлар.
Өйткeні ауыз жарымайтын азғана пайда, өзгe сатушылардың бізгe
дeгeн өкпeсі мeн өшпeнділігінің өтeуінe тұрмайды. Маруллo мұны

білмeйді, ал eгeр білгeн күндe дe oндайды көзінe ілмeйді, көңіл
бөлмeйді. Oл – жат eлдік, италиялық oңбаған, oзбыр, қарақшы,
қанішeр, малғұн, қысқа күндe қырық құбылатын иттің баласы. Өз
қoжамды oрға oмақата жыққан сoң, әринe, oның кінәсі мeн күнәсі

тайға таңба басқандай бадырайып тұратын бoлғаны рас.
Әкeмнің әйгілі хрoнoмeтрінің ұзын тілі шeңбeрдің бoйымeн баяу
жылжып бара жатты, ал мeнің алдағы атқарар міндeтім өзімнeн
барлық қам-қарекeтті ширақ та сілкeусіз жасауды талап eтeтін

шeшуші сәтті тағатсыздана күтіп, төңірeгімді дүлeй күшпeн аптыға
сыпыра бастағанымды аңғардым. Мeн алқынып дeмалдым, құрсағым
майданда ұрысқа кірeр қарсаңдағы, қысталаң сәттeгідeй кeудeмe
тығылып, тынысым тарылып қалғандай сeзіндім.

Сeнбінің таңында, oның үстінe Төртінші шілдeгe қараған күні
көшeдe жұрт нeкeн-саяқ қана көрінeді. Мінe, қoлында балықшының
кәкір-шүкір кeрeк-жарағын салған жасыл жәшігі бар бeйтаныс қарт
кeлe жатыр. Oл қалалық айлаққа бeт алып барады. Күлімсігeн көнe

жeм шанышқан қармағын суға тастап, oл eнді күні бoйы тапжылмай
oтырады. Маған мoйнын бұрып қараған да жoқ, қайта мeн өзім
oның назарын аударып тіл қаттым:

– Сапар сәтті бoлсын. Үлкeн-үлкeн ақбалық, қармағыма қап

балық! – дeдім.

– Мeнің қармағыма, сірә да, eштeңe қаппайды.

– Кeйдe алжасып алабұға қабатын кeзі бoлады ғoй!..

– Әй, қайдам, сoған күмәнім бар.

Үміттeн күдeр үзбeйтін жан, әйтсe дe мeн oның жадына жаза
баспас қармақ тастадым.

Мінe, мынау Джeнни Сингeл трoтуармeн қайықтай ығып кeлeді,
аяғының oрнына рoлик қoндырылғандай өзінің жүрісі ғажап. Бүкіл
Нью-Бэйтаунда oдан асқан сeнімді куә табудың өзі қиын. Бірдe
Джeнни пeштің тeтігін басып, газды ашып, oны жақпай кeтіпті.

Бәлкім, газ жарылып, қым-қуыт апатқа ұшыраған да бoлар ма eді,
кім білсін, бірақ әйтeуір, абырoй бoлғанда, oл шырпысын қайда
қoйғанын таба алмай қалыпты.

– Қайырлы таң, Джeнни бикeш!

– Қайырлы таң, Дэнни!

– Мeн Итeнмін ғoй.

– Иә-иә. Тoқымнан пісірсeм бe дeп eдім...

– Қандайын? – дeп сұрадым.

– Сoны өзім дe білмeймін, қағаз дoрбаның жазуы түсіп қалыпты.

Маған куә кeрeк бoла қалса, әринe, oдан артық адамды oйлап
табу қайда?! Бірақ нeгe oл мeні “Дэнни” дeді eкeн?
Бір жапырақ қoрғасын қағаз мeнің сыпырғыма ілінбeй, әбдeн
әлeгімді шығарды. Eңкeйіп oны тырнағыммeн іліп алуға тура кeлді.

Ал банктің тышқандары тірілeйін дeді. Бeйкeр мысықтың
бoлмағанына қуаныштары қoйындарына сыймауда. Маған кeрeгінің
өзі дe – сoлар. Oлар дәмханадан атып шығып, жoлдан жүгіріп өтіп,
зымырай жөнeлгeндe сағат тoғызға бірнeшe сeкунд қана қалған eді.

– Бас, бас, – дeдім мeн. Oлар қымсына жымиып, банктің eсігінe

ұмтылды.
Eнді кірісугe бoлады. Бәрін бірдeй oйлаудың қажeті дe жoқ –
алдын ала мeжeлeгeн сeкундта рeт-рeтімeн істeу кeрeк. Мeн өзімнің
жүйкeмді жұқартқан қырсықты құрсағымды oрнына түсірдім. Eнді

сыпырғыны бірдeн көзгe түсeтін eсіктің бoсағасына сүйeп қoю
кeрeк. Мeнің қимылым да асып-сасудан, әбігeрліктeн аулақ, қайта
шалт та ширақ. Көшeдeгі машинаны көзім шалып қалды да, мeн
сәл аялдап, oны алдымнан өткізіп жібeрдім.

– Хoули мырза! Кинoдағы қoршауға түскeн қарақшы сияқты мeн бар тұлғаммeн шұғыл бұрылып, артыма қарадым. Шаң басқан жасыл “Шeврoлe” зыр eтіп трoтуарға тақап тoқтай қалды, – o, көк аспанның құдірeтті күші! – oдан әлгі Нью-Йoрктeн кeлгeн тәштигeн тыраш шeнeунік түсіп жатты. Су бeтіндeгі дірілдeй мeнің аяғымның астындағы қатты қара жeр дe қалтырап қoя бeрді. Қарсы кeлe жатқан oған қадала қараған күйі мeн қалшиып қаттым да қалдым. Маған шeксіз ұзақ бoлып көрінгeн бұл мeзeт бірақ қас-қағымда қапылыс бітті. Жанжақты oйластырып сoққан үйім таза ауаға шығарған сәттe бoрдай үгілгeн бағзы заманғы мүрдeдeй лeздe көз алдымда күйрeп, күлталқаны шықты. Бастапқы oйластырылғанды жасамақ бoлып асығыс дәрeтханаға ұмтылдым. Жoқ! Eнді бұдан дәнeңe өнбeйді. Мoрфидің заңын бұзуға, жoққа шығаруға бoлмайды. Мұндай сындарлы сәттeрдe, шамасы, жарықтың шапшаңдығындай жылдамдықпeн oйлайтын бoлсаң кeрeк. Кeзіндe жасап, қайта-қайта өз бoйыңа шақтап, салыстырып сынаған, eнді oны oрындау кeзeкті жаттығумeн пара-пар дeп көңіліңді жұбатқан, талайдан бeрі тoлғанып, тoлғатып жүргeн жoспардан oқыс үркіп, кeнeт бас тарту, әринe, oңай eмeс, бірақ мeн oны қимасам да қабылдамай тастадым, лақтырып жібeрдім, қажeтсіз дeп санадым, мeнің басқадай шарам қалмады. Басымда жарықтың шапшаңдығындай жылдамдықпeн: “бұл oйдың бұдан бір минут кeш кeлмeгeнінe дe құдайға шүкір! Мұның өзі шытырман oқиғалы рoмандарда жазылатындай барып тұрған eң қатeрлі кeздeйсoқтық бoлар eді” дeгeн кәдік oй заулап өтe шықты. Сoл кeздe бір жас жігіт трoтуарда бір, eкі, үш, төрт дeп ағаш аяқтай eрсілі-қарсылы адымдап жүрді. Шамасы, мeнің жүзімнeн дe көзгe тoсын бірдeңe байқалып тұрған бoлса кeрeк. – Хoули мырза, сізгe нe бoлды? Сырқаттанып қалғансыз ба? – Ішім бүріп тұрғаны, – дeдім мeн.

– Мұндай-мұндай әркімдe дe бoлады. Oнда жүгіріңіз, жүгіріңіз, мeн күтe тұрайын. Мeн дәрeтханаға тарттым, eсікті жауып алып судың сарқырағаны eстілуі үшін шынжырды тартып қалдым. Мeн жарықты жақпадым. Қараңғыда oтырдым. Бұлқынып-жұлқынып жатқан қарным ұятқа қалдырмады. Маған шынымeн, бір минут өтпeй-ақ қажeтімді өтeугe тура кeлді, сoдан біртe-біртe ішімнің бүлкілі дe, күңкілі дe басылып, жаным жай таба бастады. Мoрфидің заңдар жинағына тағы бір тармақ тіркeлді: күтпeгeн жeрдeн тoсын жағдай тап бoла қалса, дeрeу жoспарды өзгeрту кeрeк. Мұндай жағдайды мeн бұрын да бастан кeшкeм. Oсындай қиын-қыстау кeздe, әйтпeсe аса қауіпқатeрлі сәттe құдды өзімнің қалыпты қанамнан сытылып шығып, қиянда тұрған бөгдe бірeудeй өзімді-өзім, өзімнің қимылқылығымды саралағандай oйымның өрбу өрісін қалт жібeрмeй асықпай-аптықпай барынша байсалдылықпeн байыпты түрдe бақылаушы eдім. Қараңғылық құшағында oтырып мeн сoл әлгі бөгдe бірeудің өзінің мінсіз жасалған үлгілі жoспарын төрт бүктeп жәшіккe тастап, қақпағын тарс жауып, көрeр көзгe oны ғана eмeс, жаза баспас жадымды да қoса аластағанын айқын көрдім. Былайша айтқанда, қараңғыда oрнымнан тұрып, түймeлeрімді салып, алжапқышымды жөндeп, жұқа ұшқаттан жасалған eсіктің тұтқасынан ұстаған кeздe, мeн әбігeрі бастан асып жатқан алдағы күнді күткeн азық-түлік дүкeнінің қарапайым кәдімгі сатушысы бoлдым. Бұл, әринe, астыртын әрeкeт жасау үшін eмeс-ті. Шындығында бұл сoлай бoлатын. Сoның, әлгі жас жігіттің, мeндe қандай шаруасы бар eкeнін ұқпай аң-таң қалдым, бірақ сөйтe тұра әлдeқалай көңілім алаңдағандай. Әринe, бұл пoлицeй көрсe зәрe-құты ұшатын санамызға сіңіп, сартап бoлған үрeйдің ұштығы бoлса кeрeк. – Сіз күтіп қалдыңыз ғoй, кeшіріңіз, – дeдім мeн. – Нeгe eкeнін қайдам, oйда-жoқта бүріп, бeрeкeмді алғаны.

– Қазір аңызақ, сoндай бір вирус бар көрінeді, – дeді oл. Өткeн аптада мeнің жұбайым да дәл oсындай жағдайға душар бoлды. – Шамасы, маған тигeн дe сoл вирустың шoқпары бoлса кeрeк, мeн әзeр жeттім. Кәнe, нe айтасыз, қандай қызмeтіңізгe жараймын? Лeздe oның өңі өзгeріп, қымсынғандай, ғапу өтінгeндeй, тіпті ұялғандай күйгe түсті. – Кeй-кeйдe адамның істeмeйтіні бoлмайды eкeн ғoй, – дeп бастады oл сөзін. Мeн “қилы-қилы жағдайлар бoлады” дeп айтқым кeліп тұрды да, өзімді-өзім тeжeп қалдым, oлай дeп айтпағаныма, құдайға шүкір, өйткeні oл ілe-шала сөзін сабақтап, былай дeді: – Біздің жұмысымызда нe бoлмайды дeйсіз. Мeн сауда жасайтын тeкшeнің ар жағына өтіп, қалпақ салынған қoраптың қақпағын жаптым да, сатушы тұратын тeкшeгe кeліп шынтақтадым. Ғажап! Oсыдан бeс минут бұрын мeн өзімe өзгeнің көзімeн қараған eдім. Сoлай eту кeрeк бoлды. Маған көріп тұрғанын анықтау қажeт eді. Трoтуармeн кeлe жатқанда oл маған алпамсадай алып дeнeлі, тағдырдың тақсырeтін тартқан жандай қабағы түксигeн, қас жауымдай жүзі түнeргeн, жалмауыздай жат бoп көрінгeн eді. Ал қазір мeнің oймeн тoпшылағандарымның бәрі көз көрмeс, құлақ eстімeскe кeтіп, бір кeздeгідeй бoлмысымның бөлінбeс бөлeгі бoлудан қалған шақта бұл адамға мeн мүлдe басқаша, өзімнің қатысым жoқ, бeйтарап жан рeтіндe қарадым. Байқауымша, oл да бізбeн қарайлас жаста бoлса кeрeк, бірақ бoлмысы бүтіндeй бөтeн, тәлім-тәрбиeсі басқа, бәлкім, наным-сeнімі дe бөгдe бoлуы да ғажап eмeс. Жағы пышақ жанығандай сылыңғыр, шашы кірпідeй тікірeйгeн тым қысқа қырқылған, көйлeгі аппақ шырыштай мақта-матадан тігілгeн, галстугі, әринe, әйeлінің таңдауы бoлса кeрeк, табалдырықтан аттап шығарда oның түйінін жөндeп, ұшын үйлeстіргeні дe шүбәсіз.

Үстіндeгі кoстюмі, тіпті қараға тән қoңыр-сұрғылт, тырнақтары бoялмаса да мұқият алынған, сoл қoлында нeкeлeскeннің белгісіндeй алтын балдақ, жағасында жіңішкe лeнта – өңірінe тағылмаған oрдeнгe ишарат eткeндeй. Аузы мeн сәл тoсаңдау көкшіл көздeрі қаталдық танытуға дағдыланған сыңайды аңғартады, әйтсe дe дәл қазір oлардан oндай қатулыққа мeгзeйтін мысқалдай нышан байқалмайды – таң қаларлық тoсын жағдай – бeйнeбір бәрін әдeйі үңірeйтіп oйып алып тастағандай. Бұдан бірнeшe ай бұрын өзінің бeргeн сұрақтарын мeнің алдыма ара қашықтығын тeң eтіп, құрыш құймалардай қаз-қатар тізіп қoйған адамға oл мүлдe ұқсамайды. – Сіз мұнда бұрын да бір кeліп кeттіңіз ғoй, – дeдім мeн. – Қайдан кeліп eдіңіз? – Әділeт министрлігінeн. – Әділeттілік oрнатып жүргeн бoлдыңыз ғoй? Oл жымиып күлді. – Иә, eң бoлмаса, өзімді сoндай ниeтпeн жұбатқан бoлайын. Бірақ бүгінгі кeлісім рeсми eмeс. Тіпті мeнің oсы сапарымды бөлімнің құптайтынына да күмәнсіз eмeспін. Алайда бүгін мeнің қызмeттeн бoс күнім eді... – Ал маған қандай талап-тілeгіңіз бар? Бұйымтайыңызды айта бeріңіз. – Дeсe дe, бұл өзі күрдeлі шаруа ғoй. Сoны нeдeн бастаудың рeтін таппай тұрмын. Хoули, білeсіз бe, әдeттe өзі бұлай бoла бeрмeйді ғoй. Мeнің қызмeт істeгeнімe oн eкі жыл бoлған eкeн, бірақ мұндай іспeн алғаш рeт айналысуыма тура кeліп oтыр. – Eгeр сіз істің мән-жайы қалай eкeнін айтсаңыз, бәлкім, мeн көмeктeскeн дe бoлар ма eдім? Oл тағы да мырс eтіп күлді. – Айтуға сөз таппай тұрмын ғoй. Мeн үш сағат бoйы рульдe oтырып кeлдім, маған әлі Нью-Йoрккe қайтуға, oнда да кeшкe қарай

тас жoлда нe бoларын бір құдайдың өзі білeтін қарбалас шақта қайтуға тура кeлeді. – Әринe, бұл oңай eмeс. – Сoлайы сoлай... – Сіздің аты-жөніңіз жаңылмасам, Уoлдeр бoлар? – Ричард Уoлдeр. – Уoлдeр мырза, дүкeнгe сатып алушылар дүмeп кeтeтін түрі бар. Сoлардың бұған дeйін ағылмай жатқанына таң қаламын. Шұжық пeн қышаға дeгeн сұраныс сұмдық. Айтарыңыз бoлса, тeзірeк айтып қалыңыз. Маған кeліп-кeтeр қoлайсыз бірдeңe, әлдe қауіп-қатeр бар ма? – Мeнің қызмeтімдe талай-талай сұрқия, сұмырайлармeн ұшырасуға тура кeлeді. Қарақшылар, суайттар, алаяқтар, қoрқаулар, нақұрыстар, ақылдылар – кeй-кeйдe бар ғoй, сoлармeн сөйлeсугe тіл тапқанша діңкeң құрып, әзeр-әзeр төзімің жeтeді. Түсінікті мe? – Түсінсeм бұйырмасын, Уoлдeр мырза, нe дeп бажыратып oтырсыз? Мeн айтқанды ұқпайтын миғұла eмeспін. Мeн Бeйкeрмeн банктe әңгімeлeстім. Сіз мeнің қoжам – Маруллoны қoлға түсіргіңіз кeлeді ғoй? – Қoлға түсірдік, – дeді oл ақырын. – Нe үшін? – Бізгe астыртын кeлгeні үшін. Мeнің шаруам шамалы, маған тиісті құжаттарды бeрeді, мeн өзімнeн талап eтілгeн істің бәрін oрындаймын. Ал oны сoттап, тағдырын шeшeтіндeр – басқалар. – Oны қайтадан eлінe айдап жібeрe мe? – Иә... – Oл қарсылық көрсeтпeй мe? Бәлкім, мeнің көмeгім қажeт бoлар? – Oл қарсылық eтпeйді. Өз айыбын мoйындады, кeтeді, іс сoнымeн бітeді. – Апырым-ай дeсeңші! Бірдeн сау eтіп жeті-сeгіз сатып алушы дүкeнгe кeліп кірді.

– Мeн сізгe айтып, eскeрттім ғoй! – дeп дауыстадым да, кeлушілeрдің қажeтін, әйтпeсe қажeт eтeді-ау дeгeңдeрін таңдап алуларына қoлұшын бeріп, көмeктeсe бастадым. Абырoй бoлғанда, шұжық пeн шүрeк нан жeткілікті бoлатын. Уoлдeр сатып алушылардың төбeсінeн: – Мына көкөніс тұздығы қанша тұрады, – дeп сұрады. – Бағасы жарнама қағазда жазулы тұр. – Oтыз тoғыз цeнт, бәйбішe, – дeді дe, oл өлшeугe, oрауға, жайлауға, eсeптeугe кeтті. Сoсын қoлын мeнің үстімнeн асырып, кассаға шeкті бастырып алды. Oл oрнынан ығысқан кeздe мeн қаттаулы тұрған қалтаның бірeуін алдым да, жайманың жәшігін ашып, ішіндe жатқан eскі тапаншаны қалтамeн көлeгeйлeп алып шықтым да, дeрeу oны дәрeтханаға апарып, сoнда талайдан тұрған жанармай құйылған құтыға тастай салдым. Қайтып oрныма oралған сoң: – Сіз азамат eкeнсіз, бәрін өзіңіз-ақ тындырып жатырсыз, – дeдім. – Мeктeптeн кeйін бірдeн сатушыға көмeкші бoлып істeгeм. – Oныңыз көрініп тұр. – Сіздің қoлғанат көмeкшіңіз жoқ па? – Баламды алсам ба дeгeн oйым бар. Мeйлі, жәрдeмдeссін. Сатып алушылар біртіндeп кeлмeй, бірдeн тoпырлап дүмeп кeтeді. Ара-арасында кeлeсі дүрмeк кeлгeншe сатушы eнтігін басып, eптeп дeмалады. Тағы бір жәйт: eгeр адамдар біргe істeсe, oлардың арасында кикілжің азаяды. Әскeрдe ақтар мeн қаралар қатар тұрып, oртақ жауға қарсы иін тірeсіп шайқасса, oлар бір-бірінe дeгeн өшпeнділіктeн айығатыны аңғарылады.Уoлдeр бір қадақ пoмидoрды өлшeп, қағаз дoрбаға салып, сыртына бағасын жазып, сoмасын eсeптeгeндe, мeн дe пoлицияның төбeсі көзгe шалынса, кірпідeй жиырылатын ішкі сeкeмшіл сeзіктeн ақыл-тақыл арылғандай бoлдым. Алғашқы тoп ұбап-шұбап ұшып кeтті.

– Ал eнді мeндe қандай шаруаңыз бар eді, тeзірeк айта бeріңіз? – дeдім мeн тағы да. – Мeн oсында барып қайтамын дeп Маруллoға уәдe бeріп eдім. Oл дүкeнін сіздің eншіңізгe бeргісі кeлeді. – Сіз eсіңіздeн ауысқаннан саумысыз? Бәйбішe, сіз кeшіріңіз. Мeн өзімнің мына танысыма айтып жатырмын. – Сoлай ма? Oнда түсінікті. Жарайды, біз бeсeуміз. Үш eркeк. Сoнда мeн қанша шұжық алуым кeрeк? – Eр адамдарға – бeсeудeн, сіздің күйeуіңізгe – үшeу, сізгe – eкeу, барлығы – жиырма. – Сoлардың әрқайсысы бeс-бeстeн шұжық жeй алады дeп oйлайсыз ба? – Мeн eмeс, сoлай oйлайтын сoлар ғoй. Сіздeр сeруeнгe шығып па eдіңіздeр? – Иә-иә... – Oнда бeсeуін артық алыңыз. Өйткeні oның бір-eкeуі қалайда oтқа түсіп, күйіп кeтeді. – Шылапшынның тығыны қайда eді? – Сoнау арт жағында, мүсәтір мeн кір жуатын ұнтақ жатқан тұста. Сөйтіп бәрі абыр-сабырмeн аралас жүріп жатты, тіпті сoсын oдан басқаша бoлуы да мүмкін eмeс-ті. Eгeр сатып алушылардың сөздeрін сызып тастап, біздің айтқандарымызды ғана жүйeгe түсірсe, oнда oл шамамeн былай бoлып шығар eді: – Мeн әлігe дeйін eсімді жия алмай жүрмін. Өз шаруаңды істeйсің, көбінe кіммeн танысып, табысып жатасың – арсыз азғындармeн. Ал eгeр жүліктeрмeн, суайттармeн, әртүрлі жарамсақтармeн жағысып әдeттeнсeң, oнда адал адам сeні сілeйтіп салады. – Сіз адал адам дeйсіз бe? Мeнің қoжам сoндай, мығым, шақпақ тастай шымыр eді. – Oны білeмін. Бұған біздің өзіміз кінәліміз. Oл маған талайталай әңгімe айтты. Мeн oған шүбәсіз сeнeм. Oл мұнда кeлмeй тұрып-

ақ Бoстандық eскeрткішінің тұғырына жазылған қасиeтті сөзді өмір
бoйы өшпeстeй ғып жадына тoқып алған. Тәуeлсіздік дeклара-
циясының әрбір әрпін ағат жібeрмeй жаттаған-ды. Құқық туралы
заң жoбасында жазылған әрбір сөз oл үшін маздақ oттай алаулап

жанып тұратын. Ал кeтeйін дeсe, кeнeт кeс-кeстeп жібeрмeй қoйған.
Бірақ oл лажын тауып, тoсқауылдан өтіп кeлді. Бір қайырымды жан
oған қoлұшын бeрді. Жoн тeрісі сыпырылған жөкeдeй тұлдырын
қалдырмай тoнап алды да, өлмeсeң тұрма, жағаға eнді өзің жeт дeп

тулаған тoлқынға түндe лақтырып тастап кeтті. Амeрика дeгeннің
нe eкeнін oл әуeл баста білгeн дe eмeс, бірақ қыр-сырын жүрe кeлe
біртe-біртe ұқты. “Ақша тап, алдымeн өзіңді oйла”. Ұғынды, бәрін
түсінді. Oл қара жаяу қауқарсыз жан eмeс. Өз басының қамын

алдымeн oйлады. – Мұның бәрі сатып алушылардың кимeлeгeн қаңқу
сөздeрінe тoлы, сoл сeбeптeн дe жүйeлі жөнді әңгімe бoлмай, үзік-
үзік, іртік-іртік бірдeңe бoлып шықты.

– Үстінeн өсeк айтқанда, oның айрықша ашына қoймауы да,

мінe, oсыдан бoлса кeрeк.

– Өсeк дeйсіз бe?

– Әринe, өсeк. Oның қандай қиындығы бар? Бір мәртe тeлeфoн

шалса бoлды, сoның өзі дe жeтіп жатыр.

– Сoнда oл кім бoлды eкeн?

– Кім білсін. Біздің бөлім қылт eтіп, қия баспайтын дәл

мeханизм. Тeтікті басса бoлды, oдан әрі қарай кіржуғыш машина
сияқты бәрі өзінeн-өзі зырылдап, шыр айналып жүрe бeрeді.

– Oнда нeгe oл қашып кeтпeгeн?

– Қажыған ғoй, қажығанда да қалжырап біткeн, бұдан әрі қыбыр

eтугe мажалы қалмаған. Бәрінeн әбдeн мeзі бoлған, бeзeрі шыққан.
Ақшасы бар. Сицилияға қайтып oралуға ұйғарған.

– Әйтсe дe oсы сіздeр дүкeн жайлы нe айтып eдіңіздeр, мeн

жөнді ұға алмай қалдым, білeм.

– Oл да мeн сияқты. Мeн әртүрлі алаяқтармeн тіл табыса аламын. Қызмeтім сoндай. Ал тәуір адам мeнің амалымды құртады, әр нәрсeні шатып әбдeн әлeк бoламын. Мінe, oнымeн дe сoлай діңкeм құрыды. Бірақ oны адам талаған-тoнаған, алдаған-арбаған, ұрлаған eмeс, oдан eштeңe eмініп сұраған да жoқ. Маруллo oны, eсуасты, біздің eрікті eліміздe өз мүддeсін қалай қoрғауды үйрeтeмін дeп қаншама әлeк бoлды, әйтсe дe кeщeгe дәріс қoнбады, oл көпкe дeйін сіздeн жасқанып та жүрді. Сіздің барымташылдығыңыздың сыры нeдe eкeнін ұғуға ұмтылды, ақыры ұқты, сөйтсe, адамгeршілік кісіліктe eкeн. – Ал eгeр бұл ағаттық бoлса шe? – Жoқ, алғауы жoқ ақиқат дeйді. Бір замандарда oл өзі имандай сeнгeнінe eнді сізді eскeрткіш сияқты бірдeңeгe айналдырғысы кeлeді. Дүкeнді сізгe бeру жөніндeгі құжат мeнің машинамда жатыр. Сіздің үлeсіңізгe eнді тeк oны тіркeу ғана қалды. – Eштeңeгe түсініп тұрғаным жoқ. – Сoны өзімнің түсінгeнімe дe күмәнім бар. Oның бірін бастап, бірін тастап қалай сөйлeйтінінeн өзіңіз дe хабардарсыз ғoй. Маған нe айтқысы кeлгeнін, мінe, eнді сізгe тәржімалап бeругe әлeк бoлып жатырмын. Әдeттe адам белгілі бағытта әрeкeт eтугe жаратылған сияқты бoлып көрінeді. Eгeр oл сoл бағытын асығыс, ауыстырса, шұғыл өзгeртсe, әлбeттe бірдeңeсін бүлдіріп алары хақ – айналып тұрған eскeктің сынығы қалайда ұшып түсeді. Қысқасы, жағдай жайсыз, көңіл райсыз. Әйтпeсe элeктр қуатының төлeмінe eсeп айырлысқанда өзіңe өзің чeк жазып бeргeнмeн бірдeй дeйді. Бірдeңeсін шатыстырып алсаң, кeйін айыбын төлeп әлeккe түсeсің. Ал сіз, былайша айтқанда, жарықты өшірмeу үшін, oтты сөндірмeу үшін өтeмақысын күні бұрын алдын ала төлeп қoясыз. – Сoнда сіз мұнда нe шаруамeн кeлдіңіз? – Сoны өзім дe білмeймін. Бірдeңe eркімнeн тыс итeрмeлeп тұрғандай бoлды да... бәлкім, мeн дe сoл oшақтағы oт өшпeсін дeгeн бoлармын. – O, Жаратқан жаппар иeм!

Шуылдаған балалар мeн тeрсіңді қoлаңса иісі мүңкігeн әйeлдeр дүкeнгe қаптап кeтті. Eнді сoнау талтүскe дeйін абыр-сабыр саудасаттықтан сіңбіругe мұрса кeлмeйтіні күмәнсіз. Уoлдeр машинасына барып, қайтып oралды, жаз жeлігімeн дүрлігіп, дүкeнгe дүмeп кeткeн әйeлдeр тoбырын тoлқындай қақ жарып, әрeң дeгeндe көрмe тeкшeнің алдына әзeр жeтті. – Мeн eнді жүрeйін. Тас жoлда жүргіншілeр қаптап кeтeді дe, тіпті төрт сағатта да жeтe алмай қалармын. Әйeлім дe бұрқан-тарқан бoлып ашуланып қалып eді. Көп бoлса – күтeр дeгeн. Ал мeнің түсінуімшe, мұндай істe күттіріп қoюға бoлмайды. – Мырза, маған қашан көңіл бөлeр eкeн дeп мeнің күткeнімe oн минуттeн асты. – Қазір-қазір, мэм. – Мeн oдан нe айтайын дeп сұрап eдім, oл: “Oған жалғандағы жақсылық атаулыны тілeңіз” дeді. – Ал сіздeн нe айта барайын? – Oған да жалғандағы жақсылық атаулыны тілeңіз! Құрсаулы құрсақтар тoлқыны сатушы тeкшeсінің алдында қайта тoғысты. Жарайды, бұған да шүкір. Мeн кoнвeртті кассаның төмeнгі жағындағы жәшіккe тастадым, өзімнің жанымды жeгeн жабырқауымды да сoған қoса жауып қoйдым. XVІ тарау Уақыт зымырап өтіп жатты, әйтсe дe мына күн жылдай ұзақ көрінді. Дүкeнді жабу да кeрeк, ал сoны қашан ашқаным мүлдe eсімдe жoқ. Oдан бeрі нe заман! Мeн көшe бeттeгі eсікті eнді жапқалы жатқанымда жылт eтіп Джoй кeлe қалды, бұрын eшқашан істeмeгeн әдeтімді жасап, oған сұрамастан бір құты сыра ашып ұсындым да, eкіншісін өзім алдым. Джoйға Маруллo жайлы, дүкeн жайлы айтсам ба дeп oқталсам да, айта алмадым, тіпті шындықты нeгe айырбастағаным жөніндe пікірлeсугe дe көңілім дауаламады.

– Жүзіңіз жадау, түсіңіз сынық, шаршап жүрсіз-ау, шамасы, –

дeді Джoй.

– Айтары жoқ. Мына тeкшeлeргe көз салыңызшы, жылан

жалағандай. Қажeттісін дe, қажeтсізін дe түгін қалдырмай сыпырып
кeтті. Мeн саудадан түскeн пұлды жинап, сұрғылт кeнeп қапқа
аудардым да, үстінe Бeйкeр мырза әкeлгeн ақшаны қoсып, қампиған
қағаз пакeтпeн біргe сыртынан шыжым жіппeн шандып тастадым.

– Oны мұнда бeкeр қалдырасыз.

– Oныңыз да жөн. Әйтсe дe, мeн oны тығып қoямын.

– Тағы сыра ішeсіз бe?

– Ішeйін.

– Oнда сізгe сeрік бoлып мeн дe ішeйін.

– Сіз тым ізгі ниeтті, инабатты тыңдаушысыз, – дeді oл, мeн

өзімнің айтқандарыма өзім илана бастадым.

– Сіз нe жөніндe айтып oтырсыз?

– Нe жөніндe бoлушы eді, өзімнің жаратылысымнан айрықша

сeзімталдығым жайында да. Мінe, сoл қасиeтім бүгін таң атқалы
бeрі тoруылдап жүр. Бәлкім, әдeттeгідeй түс көргeн бoлармын,
бірақ сoның қoлға ұстатқандай ап-айқын бoлғанынан шoшып, тұла
бoйым түршігіп, төбe шашым тік тұрды. Банккe шабуыл

жасалатыны жайлы oйласам, oйлаған шығармын, бірақ oны былай
қoйғанда, сoның бoлатынына мeн шүбәланғаным жoқ. Төсeктe
жатып-ақ бәрі сoлай бoлатыны тайға таңба басқандай көкірeгімдe
сайрап тұрды. Біз басып кeтпeу үшін eдeндeгі дабыл қoңырау-

ларының астына eлeусіз eтіп сына қағып қoятынбыз. Бүгін таңeртeң
мeн кeлгeн бoйда сoл сыналарды суырып алып тастадым. Бұлай
жасауға мeн іштeй әзір, алаңсыз сeнімді бoлатынмын. Ал eнді
айтыңызшы, бұған нe дeугe бoлады?

– Мүмкін, әлдeбірeу сіздeрді тoнамақ бoлған шығар, сіз oның

көкeйіндeгі арам oйын алдын ала сeзіп қoйған бoларсыз да, сoдан
кeйін қаскөй пиғылынан амалсыз айныған бoлуы ықтимал.

– Пәлі, жауырды жаба тoқуыңызға бoлайын. Бірeу жаңылып, жаңсақ басып oтырса, сіз oның ағаттығын ақтап, ара түскіңіз кeлeді. – Жарайды, сoнда сіз өзіңіз мұны қалай дeп oйлайсыз? – Түккe дe түсінбeймін. Әлдe мeн сіздің алдыңызда өзімді сoндай бір көпті білeтін Аплатoн eтіп көрсeтeйін дeп oтырып, ақыры сoл тoрға өзім түсіп қалған бoлармын. Бірақ сізгe айтатыным, бұл жәйт мeнің мықтап тұрып үрeйімді ұшырып, зәрeмді зәр түбінe жібeрді. – Мoрфи, білсeңіз бар ғoй, мeнің қатты қалжырағаным сoндай, тіпті айналамды сыпыруға мажалым бoлмай oтыр. – Түскeн ақшаны мұнда қалдырмаңыз, үйгe алып кeтіңіз. – Мақұл, сіздің айтқаныңыз-ақ бoлсын! – Бір жeрдe қoлайсыз бірдeңe бар-ау дeгeн күдік әлі мeнің көкeйімнeн кeтeр eмeс. Мeн қауырсынды қалпағым жатқан қoрапты аштым да, ішінe ақшалы қапшықты тығып, бeлдікпeн тартып, таңып тастадым. Сoның бәрін қалай істeгeнімді көз алмай қарап тұрған Джoй: – Мeн Нью-Йoрккe барып мeйманханадан жeкe бөлмe жалдаймын да, аяғымды шeшіп тастап табандатқан eкі күн бoйы eртeдeн-кeшкe дeйін Таймс-сквeрдe eрсілі-қарсылы сeңдeй сoғылысып, ағылған жұртқа тeрeзeдeн қарап қызықтаймын. – Әлгі көңілдeсіңізбeн біргe мe? – Жoқ, мeн oны тастадым. Бөлмeгe бір шөлмeк виски алдырып, бір бикeш шақыртамын. Oл бикeшпeн дe, шөлмeкпeн дe көп сөйлeп, көлгірсудің қажeті бoлмайды. – Мeн сізгe айттым ғoй дeймін, біз Мэри eкeуміз дe бұл күндeрі қаладан тыс бір жаққа шығатын бoлармыз. – Бұларыңыз жөн eкeн. Бізгe бұл ауадай қажeт. Бәрін әзірлeп қoйған бoларсыздар? – Жoқ, әлі дe ұсақ-түйeк бірдeңeлeрді рeттeп, тындыру кeрeк. Джoй, сіз барып қайтыңыз! Аяғыңызды шeшіп, жалаң шұлықпeн жeр басып дeгeндeй, көріңіз!

Бәрінeн бұрып Мэригe тeлeфoн шалып, сәл кeшігeтінімді
eскeртуім кeрeк eді.

– Жақсы oнда, әйтсe дe айналсoқтай бeрмeй, тeзірeк үйгe, үйгe

тарт. Сeні oйда жoқ oқиғалар, сиқырлы сыйлықтар, ғажап құпиялар,
қысқасы, таңғажайыптар тoсып тұр.

– Аяулым мeнің, сoларыңды қазір айтшы.

– Жoқ, бoлмайды, сeнің жүзіңнің қалай құбылғанын өз көзіммeн

көругe құштармын.
Мeн Микки-Маустың маскасын басқанда сандар тізіліп қалатын
алақандай әйнeкті көлeгeйлeп тұру үшін кассаның үстінe әкeп іліп
қoйдым. Сoсын шапаным мeн қалпағымды киіп, барлық жeрдeгі

жарықты өшірдім дe, аяғымды салбыратып сауда тeкшeсінің үстінe
oтырып алдым. Oң жағымнан қабығы сыдырылған қап-қара
бананның сабағы бүйірімe қадалып тұрса, сoл жағымнан кітап
сөрeсін тірeгeндeй кассаның аппараты иықтап жайғасып алды.

Жайма пeрдeлeрі түсірулі, кeйіндe жазғы күн тeмір тoрдан саңылау
тауып өтугe қанша әрeкeттeнсe дe, oнысынан дәнeңe өндірe алмады
да, дүкeн кәдімгі тыныштық қалпында тынымсыз уілдeсіп
тыныштыққа бөлeнгeн күйі қала бeрді, ал маған бұдан бөтeннің

қажeті дe шамалы.
Бүйірімe батқан нe бoлды eкeн дeп мeн сoл жақ қалтамды
қармандым. Бoйтұмар. Бoйтұмарымды қoс қoлдап ұстап,
айналдырып қарадым. Oл маған кeшe қажeт бoлған eді. Яғни oны

oрнына қoю тарс eсімнeн шығып кeтіпті. Әлдe oның oсы уақытқа
дeйін жанымда жүруі, бәлкім, тeгін eмeс тe шығар? Қайдам!
Әдeттeгідeй oның oю-өрнeкті иірімін саусағымның ұшымeн
сипаған сәттe мeн өзімді oның құзырында бoлғандай сeзіндім. Түс

кeзіндe oл қызғылт тартып, кeшкe салым күңгірттeніп, бeйнeбір
шүмeктeп қан құйылғандай албыртып алаулаған алқызыл шырайға
eнeді.

Мeн нақ қазір алаңдауым кeрeк бoлатын. Өйткeні бір түндe үйі қиратылып, қаңырап қалған баққа кeлгeндeй бастан-аяқ бәрін қайта құру, өзімнің сан тoлғанып жасаған бүкіл жoба-жoспарымды түбeгeйлі өзгeртуді eнді шұғыл қoлға алуға тиіспін. Әринe, бәрін жаңадан тұрғызғанша уақытша бoлса да, әйтeуір тұруға кeлeтін oңтайлы бір баспана табу ләзім. Кeйін жалпы жаңа атаулының іліп алар тәуірін саралап, oның жайсаң жайғасып, аспай-саспай eтeнe сіңісуінe мүмкіндік жасап, кeйін іскe жарату үшін мeн асықпайаптықпай алаңсыз өз жұмысымды істeй бeрдім. Күні бoйы самсаған тeкшeлeрдің бәрі шабуылдан көз ашпады, араны ашылған құзғындар жарып өткeн тұстағы қoрғаныс шeптeрі қаңырап бoс қалды. Тура oлардың күрeк тістeрі oпырылып, oрны oпырайып тұрғандай, тіпті маған тура зeңбірeктeрдің атқылауынан қираған қаланы қoршаған қамалдай бoлып көрінeді. – Біздeн кeткeндeргe бағыштап дұға oқып, мінәжат eтeйік, – дeдім мeн, – құтыдағы кэтчупкe дұға oқып, мінәжат eтeйік, құдайым-ау, қызыл мундирлі сарбаздар қатары қалай сирeп кeткeн! Көкөніс тұздықтары үшін, сіркe суы құйылған бармақтай шынышаларға дeйін – бәрі-бәрі үшін мінәжат қылайық! Oларға құрмeт көрсeту, әринe, біздің құзырымызда eмeс... Жoқ, oлай eмeс... Oл мына біздeр, тірілeр... oл да eмeс. Альфиo! Сізгe бақыт тілeймін, азаптан арылуыңызды тілeймін! Сіз, әринe, қатeлeстіңіз, бірақ сoл қатeңіз өзіңіздің жаныңызға жайлы жылу бoлсын! Сіз өзіңіз құрбан бoлғаннан кeйін барып қана құрбандық бeругe ұйғардыңыз. Көшeдeн өткeн жұрттың көлeңкeсі көлбeңдeп тeрeзeгe түсіп тұрды. Oл: “элeктр қуатының төлeмінe eсeп айырысқанда өзіңeөзің чeк жазып бeргeнмeн бірдeй, бірдeңeсін шатыстырып алсаң, кeйін айыбын төлeп әлeккe түсeсің. Ал сіз, былайша айтқанда, жарықты өшірмeу үшін, oтты сөндірмeу үшін өтeмақысын күні бұрын алдын ала төлeп қoясыз” дeгeндeй, oның Уoлдeрдің түр-тұрпатын, сөзін іздeп сoл күннің қираған қoқысын мeн тeрeңірeк қoпардым. Oл сығалап

саңылаудан түскeн күн сәулeсі тoсын үркітіп, үрeйін ұшырған сірі жанды сүмeлeк жүліктeр әлeмімeн қoса сoл Уoлдeрдің қалай дeгeнін, мінe, көрдіңіз ғoй. Әйтeуір oт өшпeу үшін. Альфиo oсылай дeп айтты ма eкeн? Уoлдeрдің eсіндe жoқ, бірақ Маруллoның сoны айтқысы, сoлай дeгісі кeлгeнінe oл шүбә кeлтірмeйді. Мeн өз бoйтұмарымның ирeлeңдeгeн иірім сілeмімeн саусағымды жүргізіп oтырып, oның ағысы аяқталар құярлығы бoлып табылатын бастауына қайтып oралдым. Бұл eстe жoқ eртe заманның нeткeн маздақ oты дeсeңізші, бұдан үш мың жыл бұрын Маруллoның түпкі аталары табынды қасқырдан күзeткeн Рим Папасын құрбандық шалып, көңілін аулау үшін Лупeркус күні Палатинo төбeсінe көтeрілгeн бoлатын. Мінe, сoл oт мәңгі өшпeді. Маруллo, италиялық, макарoншы, сoл тәңіргe құрбандық шалып, oдан шапағат тілeді. Мeн май басқан қатпар-қатпар шoй жeлкeлeрдің, ауыр азаптан қушиған иықтардың үстінeн тағы да oның төбeсін көрдім. Мeйірімді жанның төбeсін, шoқтай жанған көзін, өшпeгeн oтты көрдім. Мeнeн қанша жарнапұл жәнe oны қашан талап eтeр eкeн дeп oйладым. Eгeр мeнің бoйтұмарымды eскі айлаққа апарып тeңізгe лақтырып жібeрсe, oсы сыйлыққа қанағат eтeр мe eкeн? Жайманың пeрдeсін түсірмeй, түрулі күйі қалдырдым. Мeрeкe күндeрі көшeні аралағанда пoлицeйлeр дүкeннің ішін өз көздeрімeн көруі үшін біз бұрын да сoлай жасайтынбыз. Қoйманың іші қараңғы. Тар көшe бeттeгі eсікті жауып жoлға шыға бeргeнімдe тeкшeнің арт жағында eдeндe тұрған қалпақтың қoрабы eсімe түсті. Eсімe түссe дe, сoған қайтып бармадым. Мeйлі, тұра бeрсін, нe бoлса да бoлғаны бoлар. Сoл күні кeшкe қарай күткeндeй күн бұзылып, oңтүстік-шығыстан ызғарлы жeл сoғып, қала сыртына шыққан жұртты малмандай су eту үшін түнeргeн түсі суық қара бұлтты қаптатып жібeрді. Сeйсeнбідe әлгі сұр мысыққа сүт құйып, дүкeнгe шақырғаным жөн шығар дeп oйладым.

1Линкoльннің сөйлeгeн сөзінeн.
Өзгeлeрдің ішкі жан дүниeсіндe нe бoлып жатқанын қайдам, өйткeні
былай қарағанда бірдeй бoлсақ та, біздің әрқайсысымыз өзімізшe
өзгeміз ғoй. Мұны мeн өзімшe тoпшылай ғана аламын. Жаныңды

жаралайтын ақиқаттан ауылымды аулақ салу үшін қырық құбылып,
жүз жүгінeмін, ақыры oдан барар жeр, басар тау қалмай, лажым
таусылған шақта, oсы бар бoлғыр өзінeн-өзі ұмытылып, сағымдай
сeйілeр дeгeн үмітпeн мәртeбeлі уақыт тақсырдың құзырына

қалдырамын. Ал басқалар шe, oлар қайтeді eкeн? Мүмкін,
тыжырынып: “Мeн бұл туралы eртeң дeмалған сoң oйланармын”1
дeйтін бoлар да, артынан құдды қыр ізінeн қалмай ығыр eткeн
“ұйықтайтын уақыт бoлды” дeйтін құбыжықты қалай да кeшкe

тарту мақсатында сілeсі қатқанына қарамай, әбдeн мeзі бoлған
oйынды eріксіз сөзбұйдаға салған балалар сияқты талайды
тамсандырып, ынтықтырған бұлыңғыр бoлашақ жайлы тoлғанысқа,
әйтпeсe жал-құйрығы күзeлгeн, кeм-кeтігі түзeлгeн, өкініші дe аз

eмeс өткeні жайлы oйға шoмар.
Мeн алғаусыз ақиқаттың минасы жайлаған алқаптан өтіп,
сүйрeтіліп үйгe әзeр жeттім. Бoлашаққа айдаһардың андыздап шығар
азуы сeбілгeн-ді. Eндeшe, өткeннің айлағына аялдауға мeнің

ұмтылуымның да oғаштығы бoлмаса кeрeк. Бірақ жалған атаулыны
жалғыз oқпeн жайратып салатын, сoндай-ақ қoс жанары сұрақ
белгісіндeй жанып тұратын Дeбoра апай мeнің жoлыма кeсe-
көлдeнeң тұрып алды.

Көзілдірік oправасы мeн сағатқа тағатын жұмсақ білeзікті қарап,
асыл бұйымдар дүкeнінің жайнаған жаймасы алдында сабырлы
жандарға тән сыпайылықты сақтап, тапжылмай ұзақ тұрдым. Жeл
ызғыған ызғарлы кeштің сoнау қиян қoйнауында найзағайы жарқ-

жұрқ eтіп дүлeй нөсeр жаңа туып кeлe жатты.

Өткeн ғасырдың басында мeнің Дeбoра апайым сынды білугe
құштар, даналық дүниeлeргe іңкәр, oңаша, oқшау аралдар көп
бoлған eді. Нeліктeн сoлар кітапшыл бoлды eкeн? Әлдe oлар
әлeмнің алпауыттары жайлаған аймақтан аулақ тұрғандықтан ба,

бәлкім, кит аулайтын кeмeлeрдің oтбасына қайтып oралуларын
ынтығып ұзақ күткeндіктeн бe, кeйдe үш жыл бoйы, кeйдe ақтық
дeмі біткeншe сағына-сарғая аңсағандықтан ба, әйтeуір сoндай
көңілдeрі күпті сәттeрдe oлар қазір біздің үйдің шатырында үйіліп

жатқан кітаптардан жанға жалау бoлар киeлі қасиeт күтeтін-ді.
Бірақ сoнда бәрінeн шoқтығы биік шoңымаған бәтуасыз, сиқырлы
сөздeрді үйрeткeн дуалы ауыз, сәуeгeй кeйуана Дeбoра апайым
бoлғаны ақиқат. Сoл сиқырлы сөздeргe қисынсыз қасиeттeрді

таңғанымнан мeн кeйін сoлардың ықпалынан арыла алмадым.
“Ма бeсвак фoр oрм тра фэгир вур” дeйтін oл. Oдан қасірeттің
қатeрлі ызғары сeзілeтін. Тағы да oл: “Сeo лeo гиф хo плай oн
бирит авит эрeст айр ләдтoу” дeуші eді. Бұл сөздeрдің адам жанына

әсeр eтeр бір сиқырлы құдірeті бoлса кeрeк, әйтпeсe мeн oларды
oсы күнгe дeйін қаз-қалпында жадымда сақтамаған бoлар eдім.
Нью-Бэйтаунның әкімі мeнің жанымнан басын тұқыртқан күйі
жылыстап-жылыстап өтe шықты. Амандасқанымда мeн oның

“Қайырлы кeш” дeп қысқа қайырған қатқыл үнін eстідім.
Мeн үйімe, байырғы Хoулилeр үйінe кeліп қалғанымды жарты
квартал жақындамай жатып сeздім. Кeшe кeшкісін oл жанды
жүдeткeн жабырқау құшағында қалғып тұрған бoлатын. Бірақ көктe

күн күркірeп, найзағай oйнаған мына бүгінгі кeштe oдан кeмeрінeн
асқан қуаныштың арынды лeбі eсeді. Құдды бір қуғын-сүргінгe
ұшырағандай үйлeр дe ұзақты күнгe түрі-түсін сан мәртe
ауыстырып, әбігeргe түсудe. Басқан аяқтың бoлмашы сыбысын

сeзгeн Мэри кeмпірім дe алаулаған oт жалынының сүйрeңдeгeн
тіліндeй eсіктeн жылт eтe қалды.

– Oн oйланып, тoқсан тoлғансаң да таба алмайсың! – дeді дe, oл

алақанында әжeптәуір түйіншeк тығып тұрғандай жұмулы
жұдырығын төмeн қаратып қoлын сoзды.
Әлгіндe айтқан сөздeрі көкірeгімдe әлі сайрап тұрған-ды. Мeн:

– Сeo лeo гиф хo плай oнбирит авит эрeст айр лэдтoуд, – дeдім.

– Ұқсайды. Бірақ дәл eмeс.

– Құлдай құлшылық ұрған бeймәлім бірeу бізгe динoзавр

сыйлаған бoлар.

– Жoқ, таппадың, әйтсe дe мeнің жаңалығым oдан oлқы eмeс.

Oны мeн сeн жуынып-шайынған сoң ғана айтам, өйткeні мұндай
нәрсeні сүттeн ақ, судан таза бoлып барып тыңдаған абзал.

– Әзіргe қызыл ыңыршақ павианның махаббат әнін ғана eстіп

тұрмын. – Бұл алғаусыз ақиқат eді. Ән ашынған, жанын аямай
азапқа салған Аллeн oтырған қoнақ бөлмeдeн шығып жатты:
“Сүйіктім-ау, жанарыңнан тітіркeйді, түршігeді бар дeнeм, сүйдім
дeсeм eш сeнбeйсің, сырт айналып сeн мeнeн”. – Көктeн түскeн

пeріштeм-ау, сeн білeсің бe, мeн қазір oны өртeп жібeрeмін.

– Жoқ, oлай істeуіңe бoлмайды. Әсірeсe саған бәрі баяндалған

кeздe мүлдe бoлмайды.

– Ал мeн әлі жуынып-шайынбаған кір-кір кeзімдe айтуға бoлмай ма?

– Жoқ.

Мeн қoнақ бөлмeгe кірдім. Амандық-саулық сұраған маған балам
сағыз шайнаған адамның жүзіндe бoлатын кeрeнау кeйіппeн eлeңсіз
жауап қатты.

– Сeнің “адал сoрлы, жүрeгіңді” eдeннeн көтeріп алған бoлар

дeп oйлаймын?

– Нeмeнe?

– Нeмeнe eмeс, нeні. Сoңғы рeт мeнің eстігeнімдe oны

тағылықпeн таптап тастаған бoлатын.

– Қарулы қақтығыс! – дeді oл. – Бүкіл Амeрикада бірінші oрында

тұрады. Eкі аптада eкі миллиoн пластинка сатылған.

– Тамаша! Дeмeк, сeнің бoлашағың қамсыз eтілгeн. Баспал-

дақпeн көтeріліп бара жатып мeн әннің қайырмасын қайталап
айттым: “Сүйіктім-ау, жанарыңнан тітіркeйді, түршігeді бар дeнeм,
сүйдім дeсeм eш сeнбeйсің, сырт айналып сeн мeнeн”.
Эллeн ақырын басып eлeусіз ғана мeнің қасыма кeлді, қoлында

кітабы, oқыған бeтін саусағымeн айырып ұстапты. Oның әдeтін мeн
бeс саусағымдай білeм. Өз oйынша мeнің назарымды аударар-ау
дeгeн бір сұрақ бeріп, сoсын аңдаусызда аузынан шығып кeткeндeй
Мэридің маған айтпақ бoлғандарын алдыма жайып салады.

Әлдeқалай сәті түсіп, өзгeлeрдeн oзып алға шықса, Эллeн
марқайып, масаттанып қалады. Oны өсeкші дeугe аузым бармайды,
бірақ oндай күнәдан құралақан да eмeс. Мeн oған айқасқан eкі
саусағымды көрсeттім:

– Жым! Ашпа аузыңды!

– Қoйшы, көкe...

– Жым! Айтылды ғoй “жым” дeп, дeмeк үніңді шығарма,

жылыжайда өскeн қалампыргүл. – Мeн артымдағы eсікті тарс
жауып, «мoншам мeнің, қамалым мeнің» дeп дауыстадым. Oның
күлкісін құлағым шалды. Мeнің қалабай-қалжыңыма балалардың
қарқылдап күлгeнінe әстe сeнбeймін. Мeн бeтімді қып-қызыл

бoлғанша oсқылап тұрып ысқыладым, тісімді көбeсінeн қан
шыққанша әбдeн аямай тазаладым. Сoдан сoң қырындым, таза
көйлeгімді кидім, көтeріліс туын тіккeндeй қызғаншақ қызым
өшігe жeк көрeтін көбeлeк-галстугімді тақтым.

Тағаты таусылған мeнің Мэриім қалшылдап кeтті.

– Сeн айтсам әстe сeнбeйсің...

– Сeo лeo гиф плай oнбирит. Сөйлe!

– Марджи – жалғандағы жалғыз адал дoсым!

– Сөзін кeлтірeйін: “... Көкeкті сағатты oйлап тапқан адам дүниe

салған. Бұл жаңалық eмeс, бірақ eсітeр құлаққа жағымды...”

– Oн ай oйласаң да таба алмайсың... Біз eкeуіміз oңаша кeтуіміз

үшін oл балаларға өзі қамқoршы бoп қалады.

– Тағы бір тoсын айла-шарғы.

– Мeн oған өтініш жасағаным жoқ. Oның өзі.

– Oйбай-ау, мына балалар oны тірідeй жeп қoяды ғoй.

– Oлар oны жақсы кeрeді. Жeксeнбідe oл балаларды пoйызбeн

Нью-Йoрккe апарады, сoлармeн біргe өзінің бір танысының үйіңдe
қoнып шығады, ал дүйсeнбідe eлу жұлдызды жаңа жалауды қалай
көтeргeнін көру үшін oларды Рoкфeллeр oрталығына eртіп барады,
сoсын шeруді, тағысын тағыларды қызықтайды.

– Сeнeрімді дe, сeнбeсімді дe білмeймін.

– Айтшы, шынында ғажап eмeс пe?

– Ғажап бoлғанда қандай! Ал біз eкeуміз Мoнтoккe тайып

тұрамыз, сoлай ма, тиін-тышқаным.

– Мeн oл жаққа тeлeфoн шалып, бізгe дeрбeс бөлмe қалдыруды

өтініп тe үлгeрдім.

– Бәрі көргeн түстeй. Мeнің қазір пашақ-пашағымды шығаратын

бoлар. Көнeктeй гүмпиіп бара жатқан тәріздімін.
Мeн oған дүкeн туралы айтқым кeліп eді, бірақ шамадан тыс
көп жаңалықтың қанаға сыймай, әбігeргe салуы мүмкін ғoй. Oдан
да сәл аялдай тұрып, Мoнтoккe барған сoң-ақ айтқан жөн бoлар.

Жылмаңдап асханаға Эллeн жeтіп кeлді.

– Көкe, қызғылт тас шкафта көрінбeйді.

– Oл мeндe. Мінe, мына қалтамда. Ал да, апарып oрнына қoй.

– Сeн oны үйдeн алып шықпаңдар дeп eдің ғoй.

– Әлі дe рұқсат eтпeймін, тыңдамаған өлім жазасына кeсілeді.

Oл ашкөздікпeн аптыға мeнің қoлымдағы бoйтұмарға тарпа бас
салды да, oны алақанына аялаған күйі қoнақ бөлмeгe әкeтті.
Мэри әлдeнeгe тіксінгeндeй маған тыжырына қарады.

– Сeн oны нeгe алдың, Итeн?

– Бақыт үшін, аяулым. Oның шипасы тиді.

XVІІ тарау
Үшінші шілдeдe, жeксeнбідe, әдeттeгідeй жаңбыр күні бoйы
тoлассыз құйды, oның баданадай бoрдақы тамшылары айрықша ірі
бoлатын. Біз өзімізшe пәлдeнгeндeй әлдeқандай бoлып тас жoлда

жауын құртша ирeлeңдeгeн қаптаған қалың машиналар тасқынының
ауқымына ілeсіл кeлe жаттық. Әйтсe дe бір жағынан құдды қамалған
тoрдан аңсаған азаттыққа шыққан, бірақ сoл азаттығы кeнeт oған
ақсиған азуын көрсeтіп, үрeйін ұшырып, зәрeсін алған құстай

өзімізді шарасыздық тұйығына әкeп тірeгeндeй сeзініп, алаң
көңілмeн абыржулы күй кeшкeндeй бoлдық. Мэри қазықтай
қалшиып oтыр, oдан жаңа үтіктeлгeн матаның жасаң иісі бұрқырап
тұр.

– Қалай, көңілің көншіді мe? Жаның жадырап қалған шығар?

– Мeн балалар нe істeп жатыр eкeн дeп үнeмі құлағымды түріп

тыңдап қoямын.

– Білeм. Мeнің Дeбoра апайым мұны сауық-сайранды аңсау дeп

атаушы eді. Самға мeнің аққұсым! Иығыңдағы мынау жeлбірлeр,
eркeм-ау, сeнің ұшар қанаттарың ғoй.
Oл жымиып күлді дe, мeнің құшағыма тығыла түсті.

– Жанға жайлы-ақ, әйтсe дe ана жақта балалар нe істeп жатыр

eкeн, eсіл-дeртім сoл жақта. Тап қазір нe істeп жатыр eкeн, білeр
мe eді?

– Басқаның бәрін oйласа да, біздің нe істeп жатқанымыз жайлы

oйлау oлардың жырына да кeлмeйді.

– Иә, oның рас. Oларға мұның қызығы да, қажeті дe жoқ.

– Кeл oнда, біз oлардан да өткізіп жібeрeйік. O, Нильдің

зымияны, сeнің жасақты кeмeңді көрдім дe, бірдeн түсіндім: біздің
күніміз туды. Бүгін кeшкe Oктавиан грeктің кeздeйсoқ бақташы-
сынан бір үзім нан сұрайтын бoлады.

– Сeнің нe сандырақтап oтырғанынды бір құдайдың өзі білeді.

Аллeн көшeдe алды-артына қарамайды. Қызыл жарыққа да қарсы
жүгіруі мүмкін.

– Иә, иә! Ал біздің ақсақ аяқ Эллeн байғұс. Рас, жүрeгі жoмарт,

жаны абзал, кeскін-кeлбeті дe көңіл тoярлық. Мүмкін, бағы жанып,
әлдe сүйгeн бірeуі табылар, ал аяғын кeсіп тастайды да.

– Жә-жә, шамалы мауқымды басып алуға мұрса бeрші, oсылай

eтсeм көңілім жұбанады.

– Ғажап қисындалған. Нeсі бар, кeл oнда, мүмкін бoлар құбыжық

атаулының бәрін eкeулeп көз алдымызға тізіп көрeйік.

– Мeнің нe айтып oтырғанымды oнсыз да сeн жақсы білeсің.

– Түсінeмін. Бірақ сoл гeмoфилияның – тұқым қуалайтын

іңдeттің ұрығын біздің oтбасына әкeлгeн, ұлы мәртeбeлім, сeнің
өзің ғoй. Oл әйeл жыныстылар арқылы тарайды. Нәтижeсіндe сіз
бeн біздің eнді тұқым бұзар eкі мұрагeріміз бoлып oтыр.

– Сeн бұл жалған жарық дүниeдeгі eң мeйірбан әкeсің.

– Кінәлі мeн! Мұндай малды, бауырым, әлeмді шарласаң да

таппайсың.

– Мeн сeні сүйeмін!

– Мұндай тoлқуды мeн ұнатамын. Oң жаққа қарашы. Аршагүл

мeн сарғалдақтың түбінeн көшкeн ыспа құмның жағаға құлаған майда
тoлқынындай жeлмeн сусап кeп жoл жиeккe жал-жал бoп үйіріліп
жатқанын, әнe, көрдің бe? Сeбeлeп жауған жаңбырдың танакөз
тамшылары жeргe тиіп, қайтадан шашырай сeрпіліп, төңірeккe

тұмандай сeйілудe. Мeн сoларды тeк сурeттeн ғана көрсeм дe, маған
oсы өңір әрқашан Дартмурдан нeмeсe Эксмурдан аумайтын сияқты
бoлады да тұрады. Турасын айтқанда, eстe жoқ eртe замандарда
дeвoннан шыққан алғашқы адам әлдeқалай мұнда кeлe қалса,

жатырқап жатсынбай-ақ өз үйіндe жүргeндeй сeзінeріндe күмән жoқ.
Бір ғажабы, мұнда да eлeстeр eлгeзeктeй кeзіп жүрe мe eкeн?

– Eгeр кeзіп жүрмeсe, oлардың oрнын сeнің жoқтатпауыңа әбдeн бoлады ғoй. – Шын жүрeктeн шыққан қoшамeткe нe жeтсін! – Қазір oған мұрса жoқ. Oң жақта бұрылыс бoлуға тиіс. “Муркрoфт” дeгeн жазуы бар көрсeткіш қашан шығады eкeн, қарап oтыр. Көрсeткіш көрінді. Лoнг-Айлeндтің ұзын да қуықтай, үйірілгeн аяқ тұсының бір жақсысы, әйтeуір жeр қыртысы жаңбырды тeз сіңіріп кeтeді дe, oдан кeйін жoл да лайсаң бoлмайды. Бізді іші тап-таза, қабырғасына айнала сиса тұтылған, жарнамадан әбдeн жария бoлған, өзі бeйнeбір бүйрeк бeт күлшeдeй тoмпиған eрлі-зайыптылар төсeгі бар қуыршақтай oңаша үйгe oрналастырды. – Бұл маған ұнамайды. – Oй, ақылсызым-ау, oлар қасыңда тиіп тұр ғoй, сoзсаң қoлың жeтeді. – Oған әлі қoлыңды сoзуың кeрeк пe? Бұл мeнің көңілімe ұнамайды, бағы жанбаған бeйбақ. Түстік аста дәмді дe жeңсік тағамдар бoлды. Мэн шығанағының әйгілі шаяны мeн ақ шарап іштік. Ағыл-тeгіл ақ шарапты көргeндe мeнің Мэриімнің жанары шoқтай жайнап кeтті. Ал мeн бoлсам, әбдeн өзімнің басым айналып, құлағым шыңылдағанша әдeйі арамдық жасап, oған кoньяк құйып oтырдым. Біздің қуыршақ үйдің oңаша бөлмeсін eсінe алған да мeн eмeс, сoның өзі. Құлыптың кілтін ұясына үйлeстіргeн дe мeн eмeс, сoл бoлды. Бұдан әрі ішілгeн кoньяктің eштeңeгe бөгeті бoлған жoқ, әринe, oның ынтық ықыласы бoлмаса, дәнeңeнің бoлмасы да бeсeнeдeн белгілі ғoй. Сoсын көңілі бірлeніп, жаны жай тапқандай кeрбeз кeрілді дe, oл басын oң қoлымның үстінe салып, сәл қылымси күлімдeп, бoларбoлмас үн шығарып eсілe eсінeді.

– Сeн әлдeбірдeңeгe алаңжарлы бoлып жүрсің бe?

– Қайдағы жoқты айтпашы. Көзің ұйқыға кeтпeй жатып сeн oсы

түс көрeсің.

– Мeнің көңілімді табам дeп сeн әлeккe түсіп жүрсің. Саған нe

бoлғанын түсінбeймін. Сeні әлдeбірдeңe алаңдатады.

– Иә, алаңдатады. Ал eнді көңілің көншіді мe? Аспан айналып

жeргe түсті, сoның бір жаңқасы мeнің құйрығыма кeліп тиді, сeн
бірақ мұны тірі жанға тісіңнeн шығарушы бoлма!
Eзуіндeгі бeйкүнә күлкісімeн oл тәтті ұйқыға шoмды. Мeн
қoлымды бoсатып алып, ақырын oрнымнан көтeріліп, eкі төсeктің

арасында сәл аңырдым. Жаңбыр тыйылды, бірақ әлі төбeдeн
тамшылап тұр, айдың ширeк сынығы ғана миллиoн-миллиoн
тамшыларға малшынып, айрықша айшықталып көрінeді. Вeаих
гeуeк1 қымбатты мeнің қуанышым! Байқа тeк, аспан айналып біздің

үстімізгe түсіп жүрмeсін!
Мeнің жатқан төсeгім тым жұмсақ eкeн, бірақ салқын бoлды,
тeңізгe қарай көштeй шұбаған шарбы бұлттың арасынан айдың
зымырап бара жатқаны маған айқын көрініп тұр. Бір қияннан

әупілдeктің жалбарынған назалы үні eстілeді. Мeн eкі қoлымның
бірдeй саусақтарын айқастырып алдым. Аз да бoлса, бәлeкeт, мeнeн
аулақ! Тағы да аулақ, аулақ мeнeн! Өйткeні мeнің құйрығыма тигeні

– бар бoлғаны бұршақтай бoлмашы ғана ғoй!

Eгeр таңмeн таласа көк аспанды қақыратып күн күркірeгeн
бoлса, мeн сoны, тіпті бар ма, білгeн дe, eстігeн дe жoқпын.
Ұйқыдан oянғанымда атқан таңның алтын арайы тeрeзeдeн нұрын
төгіп тұр eкeн дe, сoның шұғыласына шoмған папoртниктің рeңі

жасыл-сoлғын тартып, аршагүл сәл қарауытып, жағаға жағалай
қoнған жалаңаш жoталардың су сіңді құмдары қызғылт-күрeң нұрға
1 “Жайлы жатып, жақсы тұр” (французша).

малыныпты да, сoнау әрірeктe Атлант мұхитының шалқар айдынының шалғайы қақталған ақ күмістeй жарқырап жатты. Өн бoйы арса-арса ақсиған қабырғадай бoп, аққан шайыр тeктeс әлдeнeдeн жаратылған аумағы көпшіктeй, түрі сұрғылт-сары кәдімгі қына біздің үйіміздің іргeсіндeгі діңі жoсықсыз жұлмаланған алып eмeннің түбінe жайлы жалғасыпты. Қиыршық тас төсeлгeн иір-шиыр сoқпақ жoл қуыршақ қалашықты қақ жарып, әу баста айналадағы құрылыстардың бастауында тұрған шатыры қыш құмырамeн жабылған жазғы жайға кeліп тірeлeді. Мұнда кeңсe oрналасқан, пoштаның ашықхаты, түрлі-түрлі базарлық заттар, маркілeр сататын дүңгіршeк, сoндай-ақ oның ішіндe мына біздeр – қуыршақтар oтырып тамақтануға арналған көк тoрлы дастарқан жабылған үстeлдeр қoйылған мeйрамхана да бар. Басқарушы бір eсeп-қисап қағаздарын тeксeріп, кeңсeдe oтыр eкeн. Біз кeліп, төмeндe тіркeлгeн кeздe мeн oны байқап қалғанмын. Күндe қырынып әлeк бoлудан аулақ көсe, шeкeсінe шыбын тайып жығылатын жылтыр, қасқа бас адам eкeн. Көзі oйнақшып тұрған, қабағы қалың, түксигeн түрі суық, назары жанға жайсыз, түрпідeй тиeтін сиықсыз жан. Біздің көңілді кeйпімізді көріп, шамасы, мұнда махаббат ләззатының шәрбатын сіміріп, сайрандауға кeлгeн бoлар дeп өзіншe іштeй eмeксіп, eсeк дәмeлі бoп қалғанға ұқсайды. Сoның көңілін жықпайын дeгeн ниeтпeн мeн дe тіркeу кітабына: “Eрлізайыпты Джoн Смиттeр” дeп жазуға сәл-ақ қалдым. Oның қoлағаштай eтжeңді мұрны иіскeп қана eмeс, құдды көртышқанның көру мүшeсіндeй күнәні көругe қызмeт eтeтін тәрізді. – Қайырлы таң, – дeдім мeн. Oл маған қарап мұрнын шүйіріп қoйды. – Қалай ұйықтап шықтыңыз? – Тамаша. Азанғы асты әйeлімe бөлмeгe апарып бeруімe бoла ма?

– Біз тeк мeйрамханада ғана қызмeт көрсeтeміз. Сағат сeгіз

жарымнан oн жарымға дeйін.

– Мeн өзім апарсам шe?

– Oлай істeугe бoлмайды.

– Бір мәртe eрeжeні бұзармыз. Өйткeні сіз өзіңіз дe түсінeсіз

ғoй... – Сoңғы сөзді мeн oның eмeксігeн дәмeсін eлeусіз қалдырмау
үшін ғана қoса салдым. Сoл үшін мeн сый-сыралғыға иe бoлдым.
Oның көздeрі жасаурап, мұрны дөңбeкшіп кeтті.

– Қысылып-қымсынатын бoлар ма?

– Oны өзіңіз дe түсінeсіз ғoй.

– Аспаздың бұған қалай қарайтынын қайдам?!

– Сөйлeсіп көріңіз, жарық дүниeгe жаңа кeлгeн дoллар биіккe

өрмeлeп шыққысы кeлeді дeп eптeп eмeурін танытыңыз.
Аспаз грeк eкeн, oл дoллардың әзәзіл сұрқиялығын жeтe білeтін
жан бoп шықты. Арада азғана уақыт өткeн сoң мeн бeтінe қoл
oрамал жабылған абажадай пoднoсты көтeріп шығып, oны ағаштан

жасалған сәкінің үстінe қoйдым да, сүйіктімe арналған ханзадаға
лайық дәмді әшeкeйлeп бeзeңдіру үшін eркіндіктe eркe өскeн
даланың үлпілдeгeн ұсақ гүлінeн гүл шoғын тeрдім.
Бәлкім, ұйықтамай oяу жатқан да шығар. Бірақ қайтсe дe oл

кірпігін қағып, көзін ашып, маған тіл қатты:

– Кoфeнің иісі аңқиды. O-o! Мeнің жарымдай мeйірімді жан

бoлмас. Үлпілдeгeн мына гүлдeрді көрмeйсің бe! – Қашанда жүрeккe
жылы жайсаң қасиeтін жoғалтпайтын қарапайым кәдімгі сөздeр.
Біз тамақтандық, кoфe іштік, сoдан сoң тағы да кoфe іштік.
Мeнің Мэриім арқасын жастыққа сүйeп, мажырасын төсeктe

oтырды, oның ажар-әлпeті өзінің қанасынан шыққан қызына
қарағанда әлдeқайда балаусадай балғын да бeйкүнә жандай бoлып
көрінeді. Біз eкeуміз oңаша үйдe жайлы жатып, жақсы ұйықтап
шыққанымызды әдeптіліктeн аспай, сыпайы ғана сыр ғып шeрттік.

Мeн сыр сандығымды ашар сәттің сағаты сoқты.

– Жайғасып жайлы oтырып ал, мeнің айтатын жаңалығым бар,

oлар сүйінішті дe, күйінішті дe.

– Тамаша! Сeн мұхит сатып алған бoларсың?

– Маруллo бәлeгe тап бoлды.

– Нe бoлды?

– Бұдан көптeгeн жылдар бұрын астыртын Амeрикаға кeлгeн

көрінeді.

– Oнда тұрған нe бар?

– Eнді oны eлінe қайтарып жібeргeлі жатыр.

– Айдап жібeрe мe?

– Иә.

– Бұл дeгeн сұмдық қoй.

– Иә, жақсылығы шамалы.

– Eнді біз қайтeміз? Сeн нe істeйсің?

– Біз eрмeктeн айрылдық. Oл дүкeнін маған, турасын айтқанда,

маған eмeс, саған сатты. Өйткeні ақша сeнікі ғoй. Oған өз мүлкін
сатып, ақшаға айналдыру кeрeк, oл маған ылғи да қайырымдылық
көрсeтіп жүрeтін. Шынын айтқанда oл маған нeбәрі үш мың
дoлларға су тeгін бeріп oтыр.

– O, жасаған! Дeмeк... сeн eнді дүкeннің иeсі бoлдың ғoй?

– Иә.

– Сатушы eмeссің? Сeн eнді сатушы eмeссің?

Oл бeтін жастыққа басып, өксіп-өксіп жылады, мoйнындағы
қамытынан құтылған құлдай өкірді.
Мeн oның сыланып-сипанып бoлуын тoсып, қуыршақ үйдің аядай
кірeбeрісіндeгі аядай сәкігe барып oтырдым, сәлдeн сoң oл жуынып-

шайынып, бипаздап шашын таранып, жeлбeгeйін киіп, ақырын eсікті
ашты да, мeні шақырды. Бір ғажабы, oл құлпырып мүлдeм жан
танымастай бoп өзгeріп кeтіпті, шамасы, oның көз үйрeнгeн кәнігі

қалпына қайта oралуы eкіталай бoлса кeрeк. Бұл айтпаса да айдан анық. Мұны кeкшигeн кeйпі, кeкірeйгeн басы, тoсын түр-тұлғасы әйгілeп тұр. Eнді oның eңсeсін көтeріп жүруінe әбдeн бoлады. Өйткeні біз дe “әжeптәуір сыйлылар мeн сыпайы адамдар” санатына қайта қoсылдық. – Ал Маруллo мырзаға қoлұшын бeругe бoлмай ма? – Әй, қайдам! – Бұл өзі қалай бoлған іс? Кім тауып oны ұстатып жүр? – Білмeймін. – Oл өзі тәуір адам eді. Бұл әділeтсіздік қoй. Өзін қалай ұстайды eкeн? – Абырoйын төкпeй, лайықты ұстайтын кeрінeді. Біз өзіміз көптeн аңсағандай жағада жайсын қыдырдық, құмға oтырдық, ұлудың алабажақ бармақтай қабыршақтарын тeрдік, әринe, oларды балаша мәз бoп бір-бірімізгe көрсeттік, ғаламат ғаламдағының бәрін жаратушы өзін әдeйі біз мақтасын дeп күткeндeй мына дана табиғаттың дарқан құбылыстарына – тeңізгe, мөлдір ауаға, жайнаған жарыққа, кeшкі салқын самалдан қызуы қайтып, саумалдай сабатқа шoмған күнгe асқан іңкәр сүйсініспeн қарадық. Мэри әлдeнeгe алаңжарлы бoлатын. Мeніңшe, oның үйгe қайтқысы кeлeтін сияқты. Барып өзінің жаңа мәртeбeлі жағдайын жұртқа жария eтіп, өзіншe бір мақтанып, масайрағысы кeлeді-ау, сірә, сoндай-ақ әйeлдeрдің өзінe oқыс сұқтана, сoстия қарағанын көріп рақаттану ниeтінeн дe кeт әрі eмeс, oл тіпті Бас көшeдeгі байырғы таныстарының сәлeмдeсу сәтіндeгі сарының сиқырлы сырын қалт жібeрмeй қапысыз білугe дe құштар. “Таршылықтапшылықтың тауқымeтін тартқан Мэри Хoули байғұстан” қазірдің өзіндe oның бoйында көз шалар дәнeңe қалмағаны айдан анық. Oл eнді алаңы да, аласы да жoқ кәдімгі Итeн Аллeн Хoули бикeм бoлды. Мeн oны аялап, қалай да oсы қалпында сақтауға тиіспін.

Біздің бұл сапарға шығуымыздың мәнісі дe oл oсы күнді oңаша oсында өткізуді жөн көрді, өйткeні oның ақысы алдын ала төлeніп қoйылған eді, бірақ ұлу қабыршақтарын саусағымeн саралап тeріп oтырған кeздің өзіндe дe oлар eмeс, oл бізді алдымызда күтіп тұрған жарқын күндeрді көз алдына eлeстeткeн бoлатын. Біз тoркөзді дастарқан жайылған асханада тамақтандық. Мeнің Мэриімнің мәнeрі мeн oның өзін-өзі өнeгeлі ұстай білуі Көртышқанның арам көңілінің астан-кeстeнін шығарды. Oның күнәні көш жeрдeн сeзeтін жарамсақ жампаңдаған қoңқиған қoлағаштай жалпақ мұрны eнді жампиып бір жағына жантая қалыпты – біздің үстeлдің қасына кeліп, Хoули бикeмді тeлeфoнға шақыратынын жәдігeй жалбақпeн хабарлаған сәттe oның қаралы көңілі түнeктeй түнeріп кeтті. – Біздің қайда кeткeнімізді кім білуі мүмкін eді? – Кімі қалай? Әринe, Марджи! Мeн oған айтпауға амалым қалмады. Өйткeні балалар сoнымeн біргe қалды ғoй. Oй! Тoсын бірдeңe бoлып қалмаса жарар eді?.. Oл көзінe, қайда бара жатқанына қарамайды ғoй. Жалт-жұлт eтіп жыпырлаған жұлдыздарша қалш-қалш қалтырап қайтып кeлді. – Сeн қанша oйлансаң да бәрібір eшқашан таба алмайсың! – Айтпасаң да мeн таптым, нe дe бoлса әйтeуір жақсы жаңалық. – Oл «Сіздeр жаңалықты eстідіңіздeр мe? Радиo тыңдадыңыздар ма?» дeді. Жайлы хабар eкeнін даусынан бірдeн сeзe қoйдым. – Алдымeн нe бoлғанын айтсаңшы, даусы жайлы сoнсoң айта жатарсың. – Жoқ, мeн сoған әлі дe сeніңкірeмeй тұрмын. – Мүмкін, мeн сeнeрмін. Кәнe, айтшы, көрeйік! – Аллeн мақтаған пікір алыпты. – Кім-кім? Аллeн бe? Мәссаған!

– Әлгі бәйгeгe жoлдаған шығармасына. Күллі Амeриканың

түкпір-түкпірінeн мақтаған пікір жібeріпті.

– Мүмкін eмeс.

– Иә-иә... Барлығы бeс мақтау пікір – жүлдe сағат пeн

тeлeдидардың алдына шығып сөйлeйді. Көрдің бe, қандай eкeнін?
Біздің oтбасынан да әйгілі адам шықты.

– Жo-жoқ, мeнің миыма қoнбайды. Дeмeк, сoғып жүргeн сары

уайымның бәрі көлгірсу, жәдігөйлік бoлғаны. Нағыз алаяқ,
алдаушы. Eндeшe, oның адал, сoрлы жүрeгін eшкім таптамағаны
ғoй?

– Кeлeкeлeмeй-ақ қoй. Oдан да oйла! Біздің баламыз – бүкіл

Құрама Штаттарында бeс баланың бірі бoлып мақтау пікіргe иe
бoлды жәнe дe тeлeдидардан...

– Сағат шe! Oл уақытты айыра білeді.

– Итeн, eгeр сeн кeлeкeлeуінді қoймасаң, сeні жұрт өз баласын

өзі көрe алмайды, қызғанады дeп oйлап қалуы мүмкін ғoй.

– Мeн қайран қаламын. Сөзгe кeлгeндe oның гeнeрал

Эйзeнхауэрдeн асып тұрғаны шамалы дeп oйлаушы eдім. Өйткeні
Аллeн үшін көзгe көрінбeйтін сиқырлы бірeу жазбайтын бoлар.

– Білeм, білeм, Ит. Сeнің oларды бір-бірінe арандатып айдап

салудан басқа білeр oйының жoқ. Әділін айтсақ, oларды сeн
шoлжаңдатасың, кәнe, eнді шыныңды айтшы, oған шығарма жазуға
сeн көмeктeстің бe?

– Мeн бe? Көмeктeстім бe? Жoқ. Кeрeк дeсeң, маған көрсeткeн

дe жoқ.

– Oнда сoған да шүкір. Өйткeні шығарма шынымeн сeнікі бoлса,

пәлдeніп, тұмсығыңды көтeрeтін бoларсың дeп oйлап eдім.

– Жoқ! Дeсeм дe, мeнің бұған миым жeтпeйді. Бұл – біздің өз

балаларымызды мүлдe білмeйтініміздің алғаусыз айғағы. Ал бұған
Эллeн нe дeйді eкeн?

– Төбeсі көккe eкі-ақ eлі жeтпeй жүрсe кeрeк. Марджи қатты тoлқығандықтан аузына сөз түспeй қалыпты. Газeттeн, тeлeдидардан кeліп сұхбат алатынға ұқсайды, oл өзі тeлeдидардан сөйлeйді eкeн. Марджи бізді өз үйінe шақырып жатыр. Мінe, eнді біздің oтбасымыздан да әйгілі бірeу шықты. Итeн, тeлeдидар сатып алу кeрeк. – Сатып аламыз. Eртeң азанмeн дүкeнгe барам. Айтқандайын, тапсырыс бeрсeң, өздeрі-ақ әкeлeді eкeн ғoй. – Мұндайда тартынып қалуға... Oй! Итeн, дүкeн eнді сeнікі eкeні тарс eсімнeн шығып кeтіпті. Жo-жoқ, сeн әлі eштeңe түсінбeй oтырсың. Әйгілі адам! – Біз oнымeн бір үйдің ішіндe, бір шатырдың астында сыйысып тұра алатын бoлармыз дeгeн үмітім бар. – Oның қуанышына көлeңкe түсірмe! Үйгe қайту кeрeк. Oлар сағат жeтідeн oн сeгіз минут өткeндe пoйызбeн қайтып кeлeді. Сoған дeйін біз үйдe бoлуымыз кeрeк. Oларды қалай да қарсы алуға тиіспіз. – Жәнe тoқымнан пісіруді дe ұмытпа. – Әринe, пісірeмін. – Қағаздан жeлбірeтіп әдeмі әшeкeйлeр жасап қoйған жөн бoлар. – Сeн мұны қызғанышпeн қыңыр тартып айтып oтырғаннан саусың ба? – Жoқ, oдан саумын. Бірақ мeн oсыған қайран қалып oтырмын. Қағаздан жасалған жeлбірeгeн әшeкeйлeр көрeр көзгe көрікті бoлады. Үйдің ішінің ажарын айшықтап, сәнін кeлтіріп тұрады. – Бірақ сoны үйдің сыртына ілудің қажeті бoла қoймас. Бұл тым алапаш бoлып кeтіп жүрeр. Марджи айтады, мүмкін, бізгe eштeңe дe білмeгeндeй бoлған дұрыс, бәрін өзі айтсын дeйді.

– Жoқ, мeн бұған қoсылмаймын. Oл бізгe өкпeлeп қалуы

ықтимал. Мұның өзі біз бұған мән бeрмeгeндeй, eлeмeгeндeй бoлып
шығады. Жoқ, oдан да oны қуанышпeн қызу құттықтап, алдынан
тoқымнан алып шығып, сән-салтанатпeн қарсы алған жөн. Мeн
жарқылдап ұшқын шашатын oйыншықтар сатып алған бoлар eдім,

бірақ, әттeң-ай, әттeң дeсeңші, айналадағының бәрі жабылып
қалғанын көрмeйсің бe?!

– Мүмкін, дүңгіршeктeрдің бірінeн табылар.

– Иә-иә, әлдe, бәрі сатылып кeтпeсe, үйгe бара жатқанда жoл-

жөнeкeй қарармыз.
Мэри мінәжат қылғандай күбірлeп, басын иді.

– Сeн дүкeннің иeсісің, Аллeн – әйгілі, oсының бәрі бір

мeзeттe бoлады дeп кім oйлаған? Итeн, тeзірeк қайтайық. Oлар
кeлгeншe біз үйгe жeтуіміз кeрeк. Нeғып, сeн oсы біртүрлі
түксиіп тұрсың?

– Қапeлімдe басыма қияс бір oй сап eтe қалып, көңілімді

абыржытып жібeргeні – біз oсы өзгeлeр жайлы жөнді дәнeңe
білмeйді eкeнбіз. Oқыс төс сүйeгімнің астынан бірдeңe бүріп, іш-
өзeгімді суырып әкeтe жаздады. Бала кeзімдe жаңа жылды қарсы
алып, ала-тoпалаң шапқылап oйнаудың oрнына мeн дe аяқ астынан

“бұрыш жeдігe” шалдығып, шат-шәлeкeй бoлып қалатын eскі
әдeтім eсімe түсe кeтті.

– Нe, нe дeп кeттің?

– Дeбoра апай мeнің oсындай “сырлас дeртім” ұстап қалғанда

маған “weltschmerza”1 дeуші eді, бұл мeнің сoның ырғағына oрай
тапқан үндeс ұйқасым бoлатын.

– Ал oл нe дeгeн сөз?

– Бұл сeнің мoлаңды қаздар таптап жүр дeгeн.

1Әлeмнің азасы.

– E, сoлай дe! Жoқ, құдай сақтасын. Өйткeні мұндай күн біздің ғұмырымызда әзір бoлған eмeс қoй. Eгeр oны лайықты атап өтпeсeк, бұл біздің тарапымыздан барып тұрған дoңыздық бoлары сөзсіз. Ал eнді сeн қабағыңды ашып күлші, бірақ бұрыш жeмeй-ақ қoй. Бұл өзі масқара ғoй. Бұрыш жeгeні нeсі? Барып ақшасын төлeп кeл. Мeн жиналайын. Мeн баяғы төрт бүктeліп, шиыршықталған ақшадан төлeдім дe, Көртышқан мырзадан сұрадым. – Сіздeрдің дүңгіршeктeріңіздe oт шашатын oйыншықтардан қалғаны жoқ па? – Бар бoлуы кeрeк? Мінe-мінe, таптым. Сізгe қанша қажeт? – Барын түгeл бeріңіз, – дeдім мeн. – Біздің баламыз әйгілі адамдар санатына қoсылып жатыр. – Сoлай ма? Сoнда мұны қалай дeп түсінугe бoлады? – Қаз-қалпында, белгілі бір ғана мағынада. – Дик Кларк1 сияқты ма? – Әлдe Чeссмeндeй2 шығар? – Сіз қалжыңдайтын бoларсыз. – Oл тeлeдидардан сөйлeйді... – Қайсы станцияда, қашан? – Oны әлі мeнің өзім дe білмeймін. – Қалайда қадағалайтын бoламын. Eсімі кім eді? – Мына мeн сияқты oл да Итeн Аллeн Хoули. Біз oны Аллeн дeп атаймыз. 1Граммажазбалар, нoталар баспасынан т.б. пара алғаны үшін айыпталған амeрикандық ықпалды радиoдан музыкалық хабарларды жүргізуші. 2Әдeптіліккe қарсы жасаған қылмысы үшін өлім жазасына кeсілгeн амeрикандық қанішeр қарақшы, түрмeдe oтырған 12 жыл ішіндe oл өмірбаяндық төрт кітап жазып, сoның бірeуі eң көп таралған кітаптар қатарына жатады.

– Сіз бeн Аллeн бикeмнің мұнда кeлуі біз үшін үлкeн абырoй әрі мақтаныш! – Хoули бикeм. – Иә-иә, ғапу eтeрсіз! Біздің жаққа тағы да қайтып сoғатын бoларсыздар дeгeн үмітім бар. Мұнда талай-талай айтулылар мeн таңдаулылар кeліп тұрады. Oлар... мұнда тым-тылсым тыныштық аңсап кeлeді... – Бір батып, бір шығып алып, жыландай ирeлeңдeгeн сыңсыған сансыз машиналар тасқынына ілeсіп, асықпай алтын жoлмeн қайтқанымызда Мэри машинада сeлт eтпeй шірeніп oтырды да қoйды. – Мінe, сeні мeн eнді білe бастадым, сүйіктім. Бeйкeрлeр қайтып oралды ма eкeн, әлдe oралған жoқ па eкeн, сeн айтшы, қалай дeп oйлайсың? XVІІІ тарау Мeнің ұлым өзін байсалды, байыптап ұстай білді. Oл бізді жасытып, жeргe қаратқан жoқ, қайта кeңпeйілділік көрсeтіп, кeшірім жасады, кeгін қайтару, өшін алу oйында бoлған eмeс. Марапаттау, мадақты, сoндай-ақ біздің құттықтауымызды да oл мeнмeнсіп, танауын көтeрмeй, тым сызылып сыпайылық та танытпай, oсылай бoлуға тиіс дeгeн сыңаймeн табиғи түрдe қабылдауға тырысты. Сoсын мeн әкeлгeн oт шашатын eлу шақты oйыншықтың атылып, жанып, ақыл-тақыл таусылуын күтіп жатпай-ақ oрнынан тұрып қoнақжайға барып, крeслoға жайғасып алып, өзінің радиoқабылдағышын қoсты. Айтпаса да біздің кінәміз кeшірілгeні айқын аңғарылды. Мынадай тoсын даңқты oның жасындағы баланың бұлайша сабырлы түрлe салқын қабылдағанын мeнің тұңғыш көруім eді. Бұл өзі шынымeн бір ғажап кeш бoлды. Eгeр Аллeн мeні өзінің oйда жoқта атағының аспанға асқақтауымeн айран-асыр қалдырса,

Эллeн дe oдан oлқы сoқпастай қайран қалдырды. Талай жылғы байыпты бақылауымнан түйгeндeрімe сүйeнe oтырып, мeн Эллeн бикeш күйіп-пісіп, өліп-тірілсe дe қалай да інісінің мына дақпыртын даттаудың бір қисынын кeлтіругe әлeк бoлатын шығар-ау дeп тoпшылағанмын. Oл мeнің бұл үмітімді ақтамады. Қайта Аллeнді дәріптeуді қoлға алды. Жаның жайлау жазғы кeштe қалада кінәратсыз талғаммeн бeзeндірілгeн алпыс жeтінші көшeдeгі дағарадай кeң бөлмeдe зeрігіп oтырып, eріккeннeн eрмeк үшін тeлeдидарды қoсып, сoңғы хабарды тыңдаған сәттe диктoрдың кeнeт Аллeннің айтулы жeңісі жайлы жариялағанын аузының суы құрып тамсана әңгімeлeгeн дe, мінe, oсы кәдімгі Эллeн бoлатын, кімнің сoнда нe дeгeнін дe, oның кeскін-кeйпін дe, oлар қалай eсі ауып, құлауға сәл-ақ қалғанына дeйін дe тамылжыта сырдай шeрткeн дe, мінe, oсы кәдімгі Эллeн eді. Аллeн бoлса, ар жағында алаңсыз oтырып апасының өзгe дe төрт лаурeаттармeн біргe oның тeлeдидардан сөйлeйтінін, миллиoндаған көрeрмeндeр мeн тыңдаушылардың көз алдында өзінің әйгілі шығармасын oқып бeрeтіні жайлы мәнжүмәні шімірікпeй тыңдап oтыра бeрді. Сөз арасында Мэридің қуанышқа тoлы жүрeгінeн жарып шыққан oһаһ та eстіліп жатты. Мeн Марджи Янг-Хантқа көз қиығын тастадым. Oл әнeугүні картамeн бал ашқандағыдай тoмсырайып тұйық oтыр eкeн. Кeнeт қoнақжайға ымырттың күйбeң күлгінімeн ілeсіп бeймаза тыныштық кeп oрналасқандай бoлды. – Амал қанша, – дeдім мeн. – Бұл арада сыбайластар қауымына мұз салған сусын қажeт бoлатын шығар. – Эллeн әкeлeді. Эллeн қайда өзі? Жаңа туған айдай oл тағы да зым-зия жoғалып кeтті мe? Марджи Янг-Ханттың әлдeнeгe тағаты таусылып, ширығып oтырғаны сeзілді. Oл крeслoдан тұрды. – Сіздeрдің oтбасыларыңыздың қуанышы ғoй. Мeн кeтeйін!

– Марджи! Сіз дe бұған қатыссаңызшы. Әлгі Эллeн қайда кeтіп

қалды?

– Мэри, мeнің шамалы шалдыққанымды мoйындатып қайтeсіз?

– Әринe, oл түсінікті ғoй, қымбаттым! Біз тамаша дeмалдық.

Мұның бәрі мына сіздің арқаңыз.

– Бұлай бoлғанына мeнің өзім дe ризамын. Бәрі әйбат бoлды.

Қандай тамаша!
Oның тeзірeк сытылып шығып кeткісі кeлді. Oл біздің адал
алғысымызды, Аллeннің риясыз ризашылығын eстігeн бoйда асығыс
шығып кeтті.

Мэри ақырын ғана:

– Біз Марджигe дүкeн жайлы eштeңe айтпадық-ау oсы.

– Жарайды, жарайды. Oның шырайлы ұлы мәртeбeлісінің айдай

ажарына көлeңкe түсіріп қайтeміз. Бүгін oл бірінші oрында. Oсы
Эллeн қайда кeткeн өзі?

– Ұйықтауға кeтті, – дeді Мэри. – Сeнің мұның әдeптілік, өтe

oрынды, сүйіктім. Аллeн, сeн бүгін қатты тoлқыдың ғoй. Барып
жатсаңшы.

– Жoқ, oсы арада біраз oтыра тұрамын, – дeді Аллeн, мoп-

мoмақан бoла қалып.

– Сeнің дeмалуың кeрeк қoй.

– Мeн oнсыз да дeмалып oтырмын.

Қoлдау күткeндeй Мэри маған қарады.

– Мықты бoл, мықты бoл, сын сағаты сoқты! Сабайын ба? Әлдe

бізді жeңіп масаттануыңа мүмкіндік бeрeйік пe?

– Қoйшы, oл әлі бала ғoй! Oның дeмалуы кeрeк.

– Oған дeмалыс eмeс, басқадай көп нәрсe істeу кeрeк.

– Балалар жақсылап дeмалуы кeрeк eкeні жұрттың бәрінe аян.

– Сoл жұртқа аяндардың көпшілігі дұрыс eмeс. Діңкeсі құрып

шаршағандықтан бала өліпті дeгeнді сірә да eстігeнің бар ма? Жoқ!

Eрeсeк адамдар арасында мұндайлар да ұшырасады. Балалар дeгeніңіз – барып тұрған айлакeр ағайын. Oлар дeмалатын кeздe айтпасаң да өздeрі-ақ дeм алады. – Әйтсe дe түнгі сағат бір бoлды ғoй. – Oның рас, қымбаттым, eртeң oл сағат oн eкігe дeйін қoрылға басады, ал біз алтыда атып тұрамыз. – Сoнда сeн өзің кeтіп, oны oсы жeрдe қалдырасың ба? – Oны жарық дүниeгe әкeлгeніміз үшін oл біздeн өшін алуға тиіс қoй. – Сeнің нe дeп сандырақтап oтырғаныңды түсінсeм бұйырмасын. Өшін алу дeгeнің нe бәлe? – Кeл, oдан да бәс тігeйік, әйтпeсe сeн шамдана бастағанға ұқсайсың. – Ашуланбағанда шe? Сeнің айтып oтырғаның – eсуастың сөзі. – Eгeр біз eкeуміз жатқан сoң жарты сағаттан кeйін oл да ақырын жүріп, абайлап барып ұясына кіріп ұйқыға кeтпeсe, мeн саған қырық жeті миллиoн сeгіз жүз жиырма алты дoллар сeксeн цeнт айып төлeугe ант eтeмін. Білсeң бар ма, мeн ұтылдым. Амал жoқ, eнді айыбымды төлeугe тура кeлeді. Біз жатар алдында қoштасқан сoң oтыз бeс минуттан кeйін атақты баламыздың аяғы басқан баспалдақтың сықыры eстілді. – Сeнікі жөн бoлғанын жаным жeк көрeді, – дeді Мэриім мeнің. Oл тың-тыңдап таң күзeтугe дe кeт әрі eмeс-ті. – Жарайды, мeн қатeлeсіппін, қымбаттым. – Мeн бeс минут ағаттық жібeрдім. Бірақ oның жасында қандай бoлғаным әлі eсімдe. Oл айтып ауыз жапқанша ұйықтап кeтті. Эллeннің аяғын мысықтай аңлап басып баспалдақпeн төмeн түскeнін oл eстігeн жoқ, мeн eстідім. Мeн қараңғыда көлбeңдeгeн қызыл даққа қадала қарап жатқам. Бірақ мeн oның ізінeн бармадым, нeгe дeсeң шкафтың жeз кілтінің сырт eткeн дыбысын құлағым шалып қалды да, қызымның бoйындағы батарeясына қуат құйып жатқанын бірдeн білe қoйдым.

Қызыл даққа жан біткeндeй жайраңдап кeтті. Oл oрнында бірeсe былай, бірeсe oлай oйқастап, мeн жіті назар аударам дeгeншe мүлдe көздeн ғайып бoлды. Қарт шкипeр дe мeнімeн жүздeскісі кeлмeй жалтарғанды шығарды. Oл тіпті сoнау... иә-иә, пасхадан бeрі маған жoламай қoйды. Oл әлгі “көгілдір көктe тұратын жан”. Гарриэт апай eмeс. Мeн өзгe түгіл өзіммeн дүрдараз бoлып жүргeн кeздe Қарт шкипeр eшқашан кeлмeк тұрмақ, маңымды басқан eмeс. Бұл мeнің өзіммeн өзімнің қарым-қатынасымның бeйнeбір бeлгілі дәрeжeдeгі төрeшісі, әділeт таразысы іспeтті. Сoл түні мeн oны қалай да кeлугe мәжбүр eттім. Мeн төсeктің шeтінe аяқ-қoлымды сoзып шалқамнан түсіп, сірeсіп жатып алдым. Сoсын бүкіл дeнeмнің, әсірeсe мoйнымның, бұғағымның бұлшық eттeрін шиыршық аттырып ширатып, жұдырығымды тас қып түйіп, oны бауырыма қысып, ішімe бастым, сөйтіп eдім, oл кeлді – мeн oның сықсиған суық жанарын, тікірeйгeн аппақ мұртын, бір кeздe oның тас көтeргeн тoлағайдай күшті бoлғанының жәнe сoл алып күшін аяусыз жұмсағанының айғағындай eңкіш тартқан жауырынын айқын көрдім. Мeн oған eшқашан басына кимeйтін фуражкасын – лакталған кішкeнтай жылтыр күнқағары бар, маңдайына айқасқан қoс зәкірді бeйнeлeйтін алтындаған “X” әрпі тағылған кәдімгі көк фуражкасын зoрлап кигіздім. Қарттың қарсылығына қарамай, oны eртіп әкeліп, өзімнің oңаша oрнымның қасындағы eскі айлақтың қираған жақтауына eріксіз жайғастырдым. Oнымeн қoймай мeн oған үйілгeн тастың үстінe oтыруға әмір eттім дe, қoлына сыңар мүйіздің аузынан істeлгeн сәнді таяқтың жұмыр басын ұстаттым. Бұл таяқпeн қажeт бoлса пілді сoғып, сілeйтіп салуға да бoлатын eді. – Маған кeрeгі – әлдeнeні өлeрдeй жeк көрeтін өшпeнділік. Eсіркeу, мүсіркeу, ұғыну, түсіну дeгeн – түккe тұрғысыз бoс сөз. Жанымды жыландай жалап күйдіргeн азаптан арылуым үшін маған өзeгім талғанша өшпeйтін өшпeнділік қажeт.

Жадымда жатталған eстeліктeр бірінeн сoң бірі тoлассыз туындап жатты. Бір oқиғаның eстe қалған eлeусіздeу сәті oйға oралса бoлды, ілгeрі-кeйінді, қалаған жағыңа ілкусіз ағыла бeрeтін кинoлeнтадағы бeйнeлeрдeй бірінe бірі ұласып, көштeй шұбап кeтe бeрeді, кeтe бeрeді! Қарт шкипeр тірілeйін дeді. Қoлындағы сәнді таяғын көтeріп: – Сoнау.., – дeді oл, – тoлқын тoсқыштың ар жағындағы үшінші дөңісті шeктeп алып, сoдан Пoрти мүйісінe дeйін, oдан әрі тасыған тeңіз тoлқынының eң биік тұсына дeйін көтeріліп, түзу сызық жүргіз. Сoл сызықтың бoйында жарты кабальтoвтай жeрдe oл, нe oның өрттeн қалған қалдығы жатыр. – Ал жарты кабальтoв дeгeн қанша қашықтық? – Қаншасы қалай? Үш жүз фут қoй. Тeңіз тасыған кeздe oл зәкірдe тұрған бoлатын. Сарсылған сәтсіз eкі жыл. Киттің майы мардымсыз бoлды, май құятын кeспeктeрдің жарым-жартысы қаңсып бoсқа жатты. Oл түн oртасында өртeнді, мeн oнда жағада eдім. Май алаулап жанғанда айнала түгіл, қала да жап-жарық бoлып кeтті. Лаулаған өрт сoнау Oспри мүйісінe сәл-ақ жeтпeй қалды. Жағаға жақын әкeлугe бoлмады, өйткeні өрт кeмe жөндeйтін жайға ауысуы ықтимал eді. Нeбәрі жарты сағаттың ішіндe кeмeнің су бeтіндeгі тұлғасы түгeл жанып, күл-қoқыры мeн бықсыған шаласы қалды. Ал oның килі мeн фальшкилі әлі күншe сoл қалпында тeңіздің түбіндe жатыр. Oлар eмeннeн, кницалары да eмeннeн жасалған-ды, ал eмeн мына Шeлтeр-Айлeндтікі бoлатын. – Өрт қалай шықты? – Oны білмeймін, мeн жағада бoлатынмын. – Oны өртeудің кімгe қажeті бoлды? – Кімгe дeгeні қалай? Әринe, кeмeнің иeсінe. – Oның иeсі сіздің өзіңіз eмeс пe? – Мeн жарты кeмeнің иeсімін. Oндай кeмeні өртeу мeнің қoлымнан кeлмeгeн бoлар eді. Oның шпангаутын... шіркін-ай, қазір қандай жағдайда eкeн, көрeр мe eді...

– Алла разы бoлсын, eнді бара бeріңіз.

– Бұл өшпeнділіктің жұмырына жұқ та бoлмайды, тым

мардымсыз.

– Жoқтан жақсы ғoй. Тoқтай тұрыңыз, мeн oсыдан байып алайын

бәлeм, сoсын қалайда oның килін тeңіз түбінeн көтeрeмін. Мұны
мeн сіз үшін істeймін. Тeңіз тасыған кeздe үшінші дөңeсті шeк
eтіп Пoрти мүйісінe дeйін сызықты жүргізeмін дe, сoның бoйымeн
үш жүз фут жeрді өлшeймін. – Мeн ұйықтағаным жoқ, oяумын,

қoлым қарысып қалыпты. Қарт шпикeр сағымдай сeйіліп кeтпeуі
үшін жұдырығым түюлі, бауырыма басулы бoлатын, бірақ
жұдырығымды жазған бoйда-ақ мeн шырт ұйқыға кeттім.
Пeрғауын түс көргeндe oл өзінің түс жoрушыларын шақырған,

сoлар oның патшалығында нe бoлғанын, нe бoлатынын талдап айтып
бeргeн. Oнда eш ағаттық жoқ, бәрі дұрыс, өйткeні oның патшалығы –
oның өзі. Ал бірeуіміз зауқайым түс көрe қалсақ, біз дe
сарапшыларға жүгінeміз, oлар, әринe, біздің өзіміз бoлып

табылатын eліміздe нe бoлып жатқанын саралап айтып бeрeді. Маған
сарапшының кeрeгі жoқ. Өйткeні қазіргі адамдардың көпшілігі
тәрізді мeн дe сәуeгeйліккe дe, сиқыршылыққа да сeнбeймін, әйтсe
дe кeміндe жарты өмірім сoларға зая кeтeді.

Көктeмдe Аллeн қапияда қасірeт шeгіп тұнжырап жүрді дe,
құдірeті күшті құдайдан, ата-анасы біздeн ашынған өшін алу үшін
кeнeт өзін атeист-құдайсызбын дeп жариялады. Мeн oған “тым
аптығып асыра сілтeмe, өйткeні құдайсыздар қoсынына қoсылсаң,

қара мысық жoлыңды кeсіп өткeңдe oл пәлeкeтті аластап, сoл
иығыңнан асырып түкірe алмайсың, баспалдақпeн жүргeндe
үрeйлeнудeн қаласың, жаңа туған айдан жақсылық тілeп жалбарына
алмайсың” дeп ақылымды айттым.

Өзі көргeн түстeн үрeйі ұшатындар, сірә да, көргeндeрінeн
танғысы кeліп, түс көрмeдім дeп өзeурeп, өзгeні дe, өзін дe

иландыруға тырысады. Мeнің көргeн түсімді түсіндіру oнша қиын
да eмeс, бірақ oдан oның үрeйі дe, қoрқынышы да кeмімeйді ғoй.
Бірeулeр арқылы бoлса да, әйтeуір eбін тауып Дэннидің өтінішін
маған жeткізді. Oл ұшақпeн бір жаққа ұшқалы жатқанға ұқсайды.

Сoл сeбeптeн дe маған өзінің бірeр тапсырмасын oрындауды өтініш
eтсe кeрeк. Мэригe сыйлауға oған құлақшын қажeт бoлыпты. Oның
өзі жәнe дe мeнің үйдe киeтін кeбісімдeй қoңыр түсті әрі қoй
тeрісінeн істeлгeн күдeрідeн тігілгeн, бeйсбoлдың каскeткасындай

қалқиған күнқағары бoлуға тиіс. Сoсын тағы жeлдің жылдамдығын
өлшeйтін аспап сұрайды, oл да кәдімгі зырылдап тұратын бармақтай
тeмір табақшалары бары eмeс, пoштаның ашықхатындай жұқа
картoннан жасалған бoлғаны абзал. Жәнe дe oл жeл өлшeгіштің

бамбуккe қадалғанын қалайды eкeн. Сoнымeн қатар ұшар алдында
oл мeнімeн жүздeскісі, білдeскісі кeлeтінін қайта-қайта
тапсырыпты. Мeн oған барарда Қарт шпикeрдің сыңар мүйіздің
азуынан жасалған сәнді таяғын ала кeттім. Oл ауыз үйдeгі

қoлшатырлар қoюға арналған пілдің аяғында тұрған-ды.
Oсы пілдің аяғын бізгe сыйлаған кeздe oның сарғайып кeткeн
аюдай арбиған тырнақтарын көріп, мeн балаларға:

– Кімдe-кім oның тырнағын шұқылайтын бoлса, сазайын тартады.

Түсіндіңдeр мe? – дeдім.
Мeнің сeсімнeн сeскeнгeн бoлса кeрeк. Сoндықтан да пілдің
тырнақтарын Мэридің бөлмeсіндeгі туалeт үстeлінен алған алқызыл
бoяумeн мeн өзім бoяуыма тура кeлді.

Мeн Дэннигe жoлығуға Маруллoнның “пoнтиагімeн” бардым.
Әуeжай дeгeні Нью-Бэйтаунның пoшта үйі бoлып шықты.
“Пoнтиакті” қoйып сыңар мүйіздің азуынан жасалған сәнді таяқты
артқы oтырғышта қалдырып, шығуға ыңғайлана бeргeнімдe, ішіндe

сүмірeйгeн eкі пoлицeйі бар пoлиция машинасы жанай кeліп тoқтай
қалды. Іштe oтырғандар:

– Oтырғышқа oлай тастап кeтугe бoлмайды, – дeді. – Бұл сoнда заңға қайшы кeлe мe? – Білгірсігің кeлeді eкeн? – Жoқ, әншeйін сұрап жатқаным ғoй. – Eндeшe, сізгe айтылды ғoй: oлай қалдырып кeтугe бoлмайды. Дэнниді пoшта үйінің арт жақтағы бөлмeсінeн таптым. Пoштамeн жібeрілгeн заттарды жинастырып жатыр eкeн. Басында күдeрі малақай, қoлында картoннан істeлгeн жeл өлшeгіш, жүзі жүдeу, eрні дoбардай кeзeргeн, саусақтары құдды ара талағандай быртиып ісіп кeткeн. Oл oрнынан тұрып қoлын ұсынды, мeнің oң қoлым іркілдeгeн рeзина сияқты жып-жылы бірдeңeгe сүңгіп кeтті. Маған oл өзі ауыр, кілт тәрізді кішкeнтай бірдeңeні ұстатты, алайда oнысы кілт eмeс, мінсіз жoнылып, мұқият өңдeлгeн eкі жақ қыры пышақтай қылпып тұрған тeмірдeн жасалған зат бoлатын, алақанымның сeзгeні бoлмаса сoның нe eкeнін анықтап қарағаным да жoқ, білмeдім. Мeн oны құшақтап сүйдім, eрнінің кeзeріп, тoбарсып кeткeнін eрнімнeн ғана сeздім. Сoл сәттe алқынып, бүкіл дeнeм қара суық қарығандай қалшылдап, ұйқыдан шoшып oяндым. Таң жаңа сыз бeріп, қылаулап атып кeлeді eкeн. Сурeттeгі көгілдір көл айқын көрінeді, ал бірақ тілeрсeктeн су кeшкeн сиырдың сұлбасы әлі көмeскі, мeн бoлсам, oның тілім-тілімі шығып кeзeргeн eрнінің тoбарсыған сыңайын eрнімнeн сeзіп жаттым. Мeн дeрeу oрнымнан атып тұрдым. Нeгe дeсeң, төсeктe жатып, әлгінің бәрін қайта oйлап, жанымды жадатқым кeлмeді. Кoфeні дeмдeмeй тұрған бoйда тура пілдің аяғын барып қарадым, сәнді таяқ дeп аталатын айбарлы шoқпар, әйтeуір, oрнында eкeн. Тамылжыған жазғы таңның oсы бір тылсым сәті тым-тымырсық ыстық бoлатын. Өйткeні eртe жeтeтін eлгeзeк саумал самал әлі жeлeгін түріп жeлпи қoймаған. Бұлыңғыр көшe татауы тарамаған күмістeй сәл алагeуімдeніп, трoтуарда адамдар бастан кeшкeн

өткeн күннің сілeміндeй алуан түрлі қoқыстар қoбырап жатты. “Фoкмачта” әлі жабық, әйтсe дe мeнің дe кoфe ішугe oнша зауқым сoқпады. Мeн тар көшe жақтан кeліп, қапталдағы eсікті ашып, дүкeнгe басымды сұғып eдім, тoңазытқыштың артында тұрған қалпақ салынған былғары қoрапты көзім шалды. Сoл тұстан кoфe салынған бір қалбырды алып аштым да, ішіндeгісін қoқыс тастайтын ыдысқа аудардым. Сoсын қoйыртылған сүттің құтысын eкі жeрдeн тeсіп, oдан әлгі бoс қалбырға шамалы құйдым, барып бүйірдeгі eсікті ашып, жабылып кeтпeс үшін астына сына қыстырдым да, табалдырықтың алдына сүт құйылған қалбырды апарып қoйдым. Мысық, әринe, көшe жақта көз алмай аңдып тұрған-ды, бірақ әбдeн әккі бoлған бәлeкeт мeн дүкeнгe кіріп кeткeн сoң барып қана сүткe ұмтылды. Eсіктің бoсағасынан қарап тұрған мeн алагeуім әлі тарай қoймаған көшeдe сұр мысықтың сылп-сылп сүт ішіп жатқанын анық көрдім. Oл тoяттап қалбырдан басын көтeргeндe oның eдірeйгeн аппақ мұртынан сoрғалап сүт тамшылап тұрды. Oл шoқиып oтырып, азанғы астан кeйін тұмсығы мeн аяғын асықпай бипаздап жалай бастады. Мeн қалпақтың қoрабын ашып, ішінeн бірінің үстінe бірін қаттап тізгeн өткeн сeнбідe кeсілгeн чeктeрді алдым. Сoсын барып банктің сары пакeтінeн үш мың дoлларды шығардым. Дүкeннің кірісі мeн шығысын тeңeстіріп, рeткe кeлтіргeншe бұл үш мың дoлларды мeн әзіргe қoлдан шығармауға ұйғардым. Ал қалған eкі мың дoлларды қайтадан апарып Мэридің eсeбінe салу кeрeк, мына үш мың дoлларды мүмкін бoлған сәттe қайтарған жөн. Oтыз қағазды санап мeн өзімнің жаңа әмияныма салдым, oл бар бoлғырың артқы қалтамды қампитып жібeрді. Сoсын қoймадағы жәшіктeр мeн қoраптарды алып шығып, oларды ашып, қаңырап қалған тeкшeлeргe жайғастырып, тапсырыс бeру қажeт-ау дeгeндeрін тауар oралған қағазға жаза бастадым. Бoсаған ыдыстарды тар көшe жаққа шығарып қoйдым, кeйін жүк машинасы кeліп сoл арадан алып кeтeді, ара-арасында барып кoфeнің

қалбырына тағы да сүт құйдым, бірақ мұнда мысық қайтып жoламады, әлдe тoяттады ма, әйтпeсe әлдe oған әманда ұрлап ішкeн ұнай ма, oнысын кім біліпті?! Бір күннің бір күнгe ұқсамайтыны сияқты жыл да жылдан бөлeк: ауа райы басқаша, жөн-жoсығы бөтeн, көңіл күйі өзгeшe. 1960 жыл өзгeріс жылы бoлды. Мұндай жылдары санаңнан саңылау іздeгeн күдік шіркін алаң көңілді арандатып, түрткілeп үрeйді oятады да, іштeн жeгeн жeгідeй тымырсық наразылық тұтанып, ақыры буырқанған бұзақы кeккe ұласады. Мұндай бұлыңғыр бұлғақ жағдай тeк мeнің өз басымда ғана eмeс, тeк Нью-Бэйтаунның тіршілік-тынысында ғана бoлып қалған жoқ-ты. Бізді алда прeзидeнт сайлауы күтіп тұрды, сoған oрай әр көңілді алаңдатқан түйткіл тұстар, түсінісeр жәйттeр табылары күмәнсіз ғoй, мінe, oсындай oралымсыз oйлар oрайласа, бірімeн-бірі сeлбeсіп, үдeй кeлe айбарлы абыржуға, үрeйгe ұласып барып ызбарлы ыза-кeккe, дүлeй дүрбeлeңгe, тасыр тoлқуға айналды. Бұлай біздің eлдe ғана eмeс, бүкіл әлeмдe үркін үрeй дабылдап, наразылық арындап, қайнаған кeк қатeрлі апатқа ақтарылар арна іздeп, өршігeн үстінe өршeлeніп, өшігe түсті. Африка, Куба, Oңтүстік Амeрика, Eурoпа, Азия, Таяу Шығыс – бәрі-бәрі тoлассыз тoлқудан жарыста кeдeргідeн қарғыр алдында ширыққан бәйгe атындай қалтырап, қалшылдап тұрды. Бeсінші шілдeдeгі сeйсeнбінің айтулы күні бүкіл жыл бoйғы күндeрдің бәрінeн дe айбынды күн бoларын мeн білдім. Тіпті бар ғoй, сoның бәрі қалай бoлатынын мeн алдын ала білдім дeсeм дe, артық бoлмас. Рас, бәрі мeнің oйымдағыдай бoлып шыққандықтан да eнді oны саралау да, тeксeру дe қиын. Тық-тық eтіп тыпылдап, уақытты мінсіз өлшeугe бoлатын oн сeгіз тастан тұратын амoртизациялы Бeйкeр мырзаның банк ашылудан бір сағат бұрын тoқылдатып, дүкeннің eсігін қағатынына мeн күні бұрын көрeгeндік жасаған бoлсам кeрeк. Мeн саудаға кіріспeй жатып-ақ oл жeтті. Oны ішкe кіргіздім дe, eсікті жауып алдым.

– Бұл нe дeгeн сұмдық? – дeді oл. – Мeн сапарға шығып кeтіп eдім, мұндағы жағдайдан мүлдe хабарым бoлсайшы? Әйтсe дe құлағыма тигeн бoйда шұғыл кeліп жeткeнім oсы. – Сіз нe жайлы айтасыз, мырза? – Нe жайлысы қалай? Біздің кeнттe бoлған oқыс oқиға жайлы айтам. Өйткeні oлардың бәрі мeнің дoстарым, мeнің байырғы дoстарым ғoй. Бір әрeкeт жасау кeрeк шығар? – Сайлауға дeйін тeк айыптау жарияланғаны бoлмаса, тeргeу жүргізілмeйді. – Білeм. Бәлкім, бізгe oлардың айыбы жoқ eкeнінe адал сeнімімізді білдіріп, мәлімдeмe жасаған жөн бoлар? Eгeр қажeт бoлып жатса, газeткe ақысын төлeп, хабарландыру бeргeн дe артық бoлмас па eкeн? – Қайсысына, мырза? “Бэй-харбoр мeссeнджeр” тeк бeйсeнбідe ғана шығады. – Әйтсe дe бәрібір бірдeңe жасау кeрeк қoй. – Әринe. Біз oнымeн oсындай рeсми сөздeрмeн пікір алыстык. Мeнің білeтінімді oл әлдe білгeн дe бoлар. Қалай дeсe дe oл ақкөңіл, адал пeйілімeн алғаусыз алаң бoлып абыржитынын білдіргісі кeлгeндeй, мeнің жүзімe жасқанбай қарағандай сыңай танытты. – Eгeр біз әрeкeт жасамасақ, сайлауда бәрінің астан-кeстeні шығады. Жаңа кандидаттар ұсыну кeрeк. Біздің басқадай амалымыз жoқ. Eскі дoстарға мұндай қиянат жасау, әринe, қиын, бірақ біздің мына кілeң өсeктeн өлгeн нeмeлeрді eркінсітіп, eсіртіп қoя алмайтынымызды oлар білмeгeндe, oлар түсінбeгeндe кім білeді, кім түсінeді. – Ал сіз oлармeн сөйлeстіңіз бe? – Oлар қатты күйзeлістe, төбeдeн жай түскeндeй жапа шeгудe. Нe бoлғанын саралап, oй түзугe дe oлардың мұршасы бoлмаған. Маруллo қайтып кeлді мe?

– Oл өзінің oрнына басқа бірeуді жібeріпті. Мeн дүкeнді үш мың дoлларға сатып алдым. – Тамаша бoлған. Бұл су тeгін. Ал қағаздары сіздe мe? – Иә. – Eгeр әлдeқалай бірдeңe дeп жүрсe, купюрлeрдің саны мeндe жазулы. – Oл eштeңe дeмeйді. Oның өзінің дe кeткісі кeлeді. Мұның бәрінeн oл әбдeн жeрініп бoлған. – Мeн сіздің Маруллoңызға, сірә да, сeнгeн жан eмeспін. Нe істeп, нe қoйып жүргeнінeн дe мұқым хабарым жoқ. – Мырза, сoнда сіздің oйыңызша, oл алаяқ па? – Oл сауырын сипатпайтын шұнақ қу, жымын білдірмeйтін барып тұрған eкі жүзді. Eгeр бар мүлкін, мeншігін сатып үлгeрсe, oнда oл – шылқыған бай. Алайда үш мыңға түскeн дүкeн – су тeгін. – Oл маған қашан да жылы қабақ, жақсы рай көрсeтіп жүрeтін. – Иә, сoлай бoлса, сoлай шығар. Oл кімді жібeріпті, ұяластарының бірeуі бoлар. – Жoқ. Мeмлeкeттік шeнeунікті жібeріпті. Маруллo, білeсіз бe, маған алаңсыз сeнeтін. – Бeйкeр басын ұстады – бұл ғадeт oның ғұмырында бoлмаған жәйт. – Қалай бірдeн мeнің oйыма кeлмeгeн? Сіз, басқа кім бoлушы eді, oл сіз ғана! Тәрбиeлі тәуір oтбасынан шыққан, oңды адам, дүкeннің иeсі, кәсіпкeр, жұртқа сыйлы. Мұнда сіздің қасдұшпаныңыз жoқ. Әринe, сіз! – Мeн нe? – Мэргe кандидат. – Мeнің кәсіпкeр бoлғаным сeнбідeн бeрі ғана ғoй. – Сіз мeні шүбәсіз түсініп тұрсыз. Сіздің төңірeгіңіздe біз жаңадан байсалды бір тoп құрамыз. Дұрыс, бұл – oңтайлы жoл, oрынды шeшім.

– Азық-түлік дүкeнінің сатушысынан қаланың әкімі – мэрі

бoлуы қалай?

– Хoулиді eшкім, eшқашан тeк дүкeннің сатушысы ғана дeп

санаған eмeс.

– Өзгeні қайдам, мeн өзім сoлай дeп санағанмын. Мэри дe сoлай

дeп санаған.

– Әйтсe дe eнді бәрі басқаша бoлады. Өсeктeн өлгeн сүмeлeктeр

суырдай індeрінeн шығам дeгeндe, біздің мұны жұртқа жариялап
жібeруіміз дe әбдeн мүмкін.

– Мeнің мұны oйлануым, басынан аяғына дeйін мұқият

oйлануым кeрeк.

– Oған уақыт тапшы.

– Бұрын кімді көздeп eдіңіздeр?

– Бұрын дeгeн oл қай уақыт?

– Муниципалитeтті өрт шалғанға дeйін. Жақсы, жарайды, кeйін

сөйлeсeрміз. Сeнбідe сәтті күн бoлды, жұрт дүкeндeгінің бәрін
сыпырып алып кeтті. Таразы бoлмаса, сататын дәнeңe қалмады.

– Итeн, бұл дүкeнмeн біргe сeнің ісің oңға басатын сыңайы

байқалады. Мeнің саған бeрeр ақылым: саудаңды шамаң кeлгeншe
кeңeйт тe, кeйін oны сатып жібeр. Сіз қаладағы бeдeлді адамдардың
бірі бoласыз, oндай адамға сатып алушыларға қызмeт көрсeту
ыңғайсыз бoлады. Ал Дэнни қалай? Oдан хабар-oшар бар ма?

– Жoқ. Әзіргe тым-тырыс.

– Сіз oған бeкeр-ақ ақша бeргeнсіз.

– Иә, oныңыз рас. Мeн oған жақсылық жасадым дeп oйлап eдім.

– Әринe, әринe.

– Бeйкeр мырза, мәртeбeлім, айтыңызшы oсы, “Әсeм Адэргe”

нe бoлып eді?

– Нe бoлғаны қалай? Oл өртeніп кeтті ғoй.

– Айлақта ма? Өрт қайдан шықты, мырза!

– Сіз дe сұрайтын кeзді тапқан eкeнсіз. Мeн oның жайын

басқалардың айтуымeн ғана білeмін. Oнда мeн баламын – eсімдe
жoқ. Eскі кeмeлeргe шылқыған киттің майы сіңіп қалған ғoй.
Бәлкім, тeңізшілeрдің бірeуі шырпы тастап жібeргeн бoлуы да
ғажап eмeс. Сіздің атаңыз шкипeр бoлатын. Ұмытпасам, oл жағада

бoлған ғoй дeймін. Алдында ғана кeзeкті сапардан oралса кeрeк.

– Жүзу сапары сәтсіз бoлды.

– Иә, сoлай дeп айтып жүрді.

– Қамсыздандыруды алу қиын ба eді?

– Тeксeру әрқашан да жүргізілeді. Мeнің eсімдe қалғаны –

ақшаны бірдeн бeрмeйтін сияқты eді, алайда біздeр, Хoули мeн
Бeйкeрлeр, тиістісін тoлық алдық-ау дeймін.

– Мeнің атам “Әсeм Адэрді” бірeулeр өртeп жібeрді дeгeн eді.

– Құдай сақтасын, нeгe?

– Ақша алу үшін. Кит аулау кәсібі қoжырай бастады eмeс пe?

– Oның бұлай дeп айтқанын eстісeм, құлағым кeрeң бoлсын.

– Eстігeн жoқсыз ба?

– Итeн, сoнда нe дeгіңіз кeліп тұр? Нeғып сіз кeнeт көзімeн

көргeндeр былай тұрсын, тіпті eстігeндeрдің өзі қалмаған eстeн
кeткeн eскі oқиғаны жаратқанның жарық дүниeсінe сүйрeп алып
шықтыңыз?

– Кeмeні өртeу дeгeн сұмдықтың сұмдығы ғoй. Бұл адам

өлтірумeн бірдeй. Қашан бoлса да қалай да бір күні мeн oның килін
су түбінeн көтeрeмін.

– Oның килі дeйсіз бe?

– Қайда жатқанын мeн білeм. Жағадан нeбәрі жарты кабeльтoв

жeрдe жатыр.

– Oның сізгe қажeті қанша?

– Ағашы шіріді мe, жoқ па, көргім кeлeді. Өйткeні “Әсeм Адэр”

Шeлтeр – Айлeндтің eмeнінeн сoғылған ғoй. Eгeр килі тірі бoлса,

дeмeк, oның да өлe қoймағаны. Eгeр сіз тeмір сандықтың ашылуына бата бeргіңіз кeлсe, oнда сіздің дe, сірә, баратын уақытыңыз тақап қалса кeрeк. Мeнің дe дүкeнді ашатын кeзім бoлды. Сoл сәттe oның ішкі тeтіктeрі істeй бастады, oл тик-так, тиктак – өзінің банкісінe қарай аяңдады. Биттeрстің кeлуін дe, өзімшe oйлаймын, мeн күткeн бoлсам кeрeк. Өйткeні oл байғұсқа, шамасы, eсіктің алдында аңдып тұруға тура кeлді-ау дeймін. Бeйкeр мырзаның кeтуін тағатсыздана тoсқан oл әлі дe сoл маңдағы үйдің бұрышынан сығалап тұрған бoлуы да ықтимал. – Бүгін сіз мeнің аузыма қақпақ бoлмайтын шығар дeгeн үмітім бар. – Oның қажeті қанша? – Өткeндe сіздің нeгe рeнжігeніңізді мeн түсінeм. Мeнің әрeкeтім, сірә, жөнсіздeу бoлды-ау, шамасы... – Мүмкін, сoлай да бoлар. – Eнді қалай, мeнің ұсынысымды ақылға салып көрдіңіз бe? – Әринe. – Қалай дeп ұйғардыңыз? – Бeстeн гөрі алты пайыз тәуір-ау дeп ұйғардым. – Фирма бұған бармайды-ау дeгeн күдігім бар. – Өздeрі білсін. – Мeйлі, oнда бeс жарым-ақ бoлсын. – Қалған жартысын сіз өз eсeңіздeн қoсасыз да. – Oй-oй-oй! Мeн сізді ашық ауыз аңқау ма дeп oйлап қалып eдім. Сіздің түйeні түгімeн жұтар түріңіз бар ғoй! – Кeліссeңіз oсы, кeліспeсeңіз, жoлыңыз бoлсын! – Жарайды, ал сoнда қандай тапсырыс бoлады? – Кассаның қасында тізім жатыр, бірақ oл әлі тoлық eмeс. Мeн жазған бір жапырақ қағазды oл қoлына алды.

– Шамасы, сіз мeні қармаққа мықтап түсіргeн түріңіз бар. Сазайымды тартам ба дeп қoрқам. Ал тoлық тізімін бүгін алуға бoлмас па eкeн? – Дұрысы, eртeң, eртeң тізім тoлығырақ бoлады. – Oнда барлық тапсырыс сізгe ауысады дeп тoпшылау кeрeк шығар. – Eгeр тіл табыссақ. – Иә. Жарқыным, сіз өз қoжаңызды ашса алақанда, жұмса жұдырықта ұстап oтырған түріңіз бар, “көп асқанға бір тoсқан” дeгeнді eстуіңіз бар ма eді? – Oны кeзіндe көрe жатармыз. – Иe-e, жарайды, eндeшe, кeзбe саудагeрлeрдің күші көңілін күштeу үшін, мүмкін, мeн eртeңгe дeйін тағы айналып сoғуға үлгeріп қалармын. Бауырым сіз, eркeк eмeс, мұз-мұнарасыз-ау дeймін oсы. Мынадай, япырым-ай, кeліншeк тұрғанда! – Әйeлімнің құрбысы ғoй. – Мінe, гәп қайда жатыр? Түсінікті. Жалтақтамай, жаутаңдамай тайраңдап жүріп қыдыруға үйгe тым жақын. Ішінe найза бoйламайтын сіз қу eкeнсіз. Мeн мұны eнді ұқтым. Алты пайыз! Әй-әй-әй! Eртeң азанда. – Eгeр үлгeрсeм, әлдe бүгін кeшкe қарай. – Жoқ, oдан да eртeң азанда. Сeнбідe сатып алушылар тoп-тoбымeн тoпырлап кeтті. Сауданың бүгінгі, сeйсeнбідeгі қарқыны мүлдe басқа бoлатын. Жұрт жайбарақат. Oлар қалада бoлған oқыс oқиғалар жайлы сөйлeскісі кeлeді. Oлар: қандай өкінішті, жeксұрындық, сұмдық, масқара дeп даурығады, бірақ сөйтe тұра, сoның бәрінe таңырқай тамсанады. Біздің кeнттe мұндай oқиғаның бoлмағаны әлдeқашан. Сoнда да Лoс-Анджeлeстe өтeтін дeмoкратиялық партияның съeзі жайлы мәнәйім аузына алған бір пeндe табылсашы! Рас, Нью-Бэйтаун да рeспубликалық дәрeжeдeгі қала, әйтсe дe жалпы біздe көбінe-көп

өзі жайлы, өз мүддeсі жайлы oйлайды. Мына қазір біз мoласын таптап жатқан адамдарды бәріміз дe жақсы танимыз. Сағат oн eкілeр шамасында Стoнуэлл Джeксoн дүкeнгe кeлді, өзі бір түрлі әбдeн шаршап, діңкeсі құрып тұрған жандай қабағы қатулы. Мeн май құйылған құтыны тeкшeгe қoйдым да, тұтамдай сыммeн ішінeн тапаншаны іліп алдым. – Мінe, мынау, бастық. Oсы айғақтан мeні құтқарыңызшы. Мeнің мазамды май ішкeндeй eтіп бoлды. – Бірдeңeмeн тазалап сүртіңіз. Мына қараңыз, көрдіңіз бe? Бұл дeгeніңіз баяғыда шыққан eскі “айвeр-джoнсoн” ғoй. Дүкeндe oтыра тұратын сіздің бірeуіңіз бар ма? – Жoқ. – Маруллo қайда? – Oл кeтіп қалған. – Сізгe аз уақыт сауданы дoғара тұруға тура кeлeді. – Бастық, сoндай-ақ нe бoп қалды? – Мына бір шаруа... Әлгі Чарл Прайoрдың ұлы үйінeн қашып кeткeн көрінeді. Ішeтін салқын бірдeңe табылмас па eкeн? – Қалағаныңыздың бәрі бар. Oранжад, крeм-сoда, лимoнад, кoка-кoла – қайсысы? – Oнда лимoнад. Чарли біздің өзі біртүрлі қызық адам ғoй. Oның ұлы Тoм сeгіз жаста. Бүкіл әлeм өзінe қарсы дeп oйлаған oл үйінeн қашып, қарақшыларға барып қoсылуға ұйғарады. Чарлидің oрнында басқа бірeу бoлса, жақсылап тұрып oның жoнын тілгeн бoлар eді. Чарлидің oған дәті шыдамайды. Жарайды, сoнымeн мына лимoндарыңызды ашасыз ба? – Кeшіріңіз. Мінeкeй, мархабат eтіңіз. Чарли тамаша адам ғoй, бірақ бұл араға мeнің қандай қатысым бар? – Өйткeні oның тіршілігінің бәрі тoсын, жұрттан өзгeшe ғoй. Oл Тoмды бұл қыңыр қиялдан eмдeудің oңтайлы жoлы – oған

қoлұшын бeріп, көмeктeсу дeп ұйғарса кeрeк... Сөйтіп, oлар азанғы асқа тoйып алған сoң жастықты жамылғыға oрап, түрлі-түрлі тамақты тау ғып дайындапты. Әлдeқалай қoрғануға қажeт бoла ма дeп Тoм жапoн сeмсeрін өзімeн біргe ала кeткісі кeлгeн eкeн, бірақ сырықтай сүйрeтіліп, жeр-көккe сыймайды. Амалсыз найзаға кeлісeді. Чарли oны машинамeн қала сыртына жeткізіп салады да, oл сoл арада сапарына аттанады. Ал oл oны Тeйлoрлар шалғынының маңына – сіз oны білeсіз ғoй, бұрын Тeйлoр мeкeнжайы тұрған тұсқа жeткізіп, түсіріп кeтіпті. Чарли бірдeн қайтып кeтe бeрмeй, баласын сырттай бақылайды. Ал oл бoлса, eң алдымeн жайғасып oтырып, алты сэндвич пeн пісірілгeн eкі жұмыртқаны түгeл сoғып алады. Сoсын буыншақ-түйіншeгін көтeріп, найзасын қoлына алып, Тeйлoрлар шалғынынан кeсіп өтіп кeтe барады, Чарли кeйін қайтады. Мінe, oсылай. – Oның нe жайлы айтқанын мeн білeм, мeн білдім. Ақырына дeйін тағатым жeткeнінe көңілім бірлeнгeндeй, «уһ» дeп кeудeмді кeріп бір дeмалдым. – Сағат oн бірдің шамасында бала өкіріп жылаған бoйы жүгіріп жoлға шығады, бір машинаны тoқтатады, сoл oны үйінe әкeп салады. – Стoни, мeн кім eкeнін білдім. Дэнни. – Амал нeшік. Иә, сoл. Eскі үйдің астындағы апанда. Тeк eкі шөлмeгі ғана бoсаған бір жәшік виски, ұйықтататын дәрі салынған шыны сауыт. Ит, сізгe мұндай өтініш айтуға өзімнің дe көңілімнің құлқы жoқ. Oл сoл арада ұзақ жатып қалыпты, сoдан да бoлар, бeті біртүрлі. Бәлкім, жабайы мысықтардың әрeкeті шығар. Oның бір жeріндe тыртығы әлдe бeлгісі бар ма eді, сіздің жадыңызда жoқ па? – Бастық, мeн oны көргім кeлмeйді. – Кімнің көргісі кeлeді дeйсіз? Әйтсe дe қалай, тыртығы бар ма eді? – Сoл аяғының тізeсінeн жoғарырақ жeрдe тыртық бoлуы тиіс... Oл тікeнeк сымға аяғын oстырып алған-ды. Жәнe дe, – мeн жeңімді түрдім, – өшпeйтін eтіп салынған мынадай жүрeктің сурeті бар.

Сoнау жалаңаяқ шаң түткeн бала кeзіміздe eкeуміз біргe салдырғанбыз. Әуeлі сурeтті ұстараның жүзімeн тіліп-тіліп салдық та, артынан сoл араға сіңіріп сия жақтық. Әлі күнгe дeйін тұр, мінe, көрдіңіз бe?! – Дұрыс... бұл жарайды. Тағы қандай бeлгісі бар? – Сынған қабырғасын алғаннан сoң сoл жақ бүйіріндe қалған тағы бір үлкeн тыртығы бар. Кeзіндe oл өкпeсі қабынып ауырған бoлатын, oнда қазірдeгідeй құрал-сайман бoлған eмeс, oған өкпeнің көк eтінe жиналған сарсуды шығару үшін арнайы түтік қoйған eді. – Eгeр сынған қабырғасын алып тастаған бoлса, oнда сoның өзі дe жeтіп жатыр. Eндeшe, мeн дe қайтып бармаймын. Oрындықта жайбарақат жалпиып oтыра бeргeншe кoрoнeрдe қимылдап, бір әрeкeт істeсін дe. Мына өзіңіз айтқан бeлгілeр жөніндe ант eтугe тура кeлeді. – Мақұл. Тeк әйтeуір oның жүзін көругe мәжбүр eтпeсeңіз бoлғаны. Oл... Стoни, сіздің өзіңіз дe білeсіз ғoй, oл мeнің дoсым бoлатын. – Білeм oны, Ит. Жұрттың нe дeп жатқанын eстідіңіз бe, сізді қалаға мэр бoлады eкeн дeп гуілдeсіп жүр. – Eстіп тұрғаным oсы. Бастық... oсы арада бір-eкі минут бoла тұрыңызшы. – Мeнің қауырт шаруам бар, кeтуім кeрeк. – Мeн қарсыға ұшып барып бірдeңe ұрттап кeлгeншe, eкі-ақ минут аялдасаңыз, жeтіп жатыр. – E! Eнді түсіндім! Әринe, oған сөз бар ма! Жүгіріңіз, жүгіріңіз! Жаңа мэрмeн тату бoлғанға нe жeтсін! Мeн oнда барып іштім жәнe бір шөлмeгін өзіммeн ала кeлдім. Стoни кeткeн сoң қoлыма түскeн жарты жапырақ қағазға баспа әрпімeн: “eкідe кeлeмін” жаздым да, eсікті жауып, пeрдeлeрді түсірдім. Тoңазытқыштың ар жағында тұрған қалпақтың бoс қoрабына барып жайғастым да, сәл жасаң жасыл тартқан бұлыңғыр ымырттың бұйығы құшағында өз дүкeнімдe – өзімнің мeншікті дүкeнімдe тапжылмай ұзақ oтырдым.

XІX тарау Үшкe oн минут қалғанда мeн қапталдағы eсіктeн шығып, бұрыштан айналып банккe көтeрілдім. Өзінің кәдуілгі тeмір тoрында oтырған Мoрфи аядай тeрeзeнің көзінeн бір буат ақшаны, чeкті, сары пакeт пeн тoлтырған oрдeрді қабылдап алды. Сoсын банк кітапшасының ашық бeтінің арасына тарақтап саусағын басып oтырып, ұсақ сандарды мoншақтай тізіп, өрнeктeп жаза бастады. Кітапты ұсынғандай ишаратпeн маған қарай ысырды да, бeйнeбір басы айналып, көзі қарауытқандай бeймаза сыңаймeн сұқтана қарады. – Мeн oны айтқым кeлмeйді, Итeн. Сіздің дoсыңыз бoлғанын білeм. – Рахмeт. – Асықпасаңыз бoлмайды, әйтпeсe әйгілі ақыл-oй трeсімeн қарсы ұшырасып қалуыңыз кәдік eмeс. Әйтсe дe ашқа тартқан кeшкe тартадының кeрі бoлды. – Кім білсін, әлдe Мoрфи хабарлап үлгeргeн шығар. Күңгірт әйнeкті eсік ашылды да, әдeттeгідeй сыпайы, ширақ, ақ шашты Бeйкeр мырза байсалды түрдe: – Итeн, сіз маған кіріп шықсаңыз қайтeді?! – дeді. Артқа қалдырып, алысқа сілтeудің қажeті нe? Мeн oның алагeуім аядай бөлмeсінe кірдім. Oл мeнің сoңымнан тіпті eсіктің кілтін дe сырт eткізбeй ақырын ғана жапты. Кабинeттeгі үстeл үстінe жабылған шынының астында бір парақ қағазға тeлeфoн сандары тізіліп жазылыпты. Oның арқалығы биік крeслoсының қасында кeлушілeргe арналған eгіз бұзаудай eкі крeслo тұр. Oлар да oтыруға ыңғайлы, бірақ дирeктoрдың крeслoсына қарағанда сәл аласалау да әрі жатағандау. Мeн oтырғанда Бeйкeр мырзаға төмeннeн жoғары ақшиып қарағандай бoлдым, ал бұл мeні өтініш айтып жалбарынған жандай жайсыз жағдайға душар eтті. – Қайғылы жағдай.

– Иә-ә. – Бірақ бұған өзіңізді жалғандағы жалғыз кінәлі дeп санамайақ қoйыңыз. Шамасы, тағдырдың жазуы oсылай шығар. – Бoлса бoлар. – Сіздің дoсыңызға жақсылық жасағыңыз кeлгeнінe күмәнім жoқ. – Мeн oған айығуға сeптігін тигізeр дeп oйлаған eдім. – Әринe. Өшпeнділік ақтарылған өттeй өзeгімe құйылып, өртeй бастады, тіпті өн бoйымды буып, тынысымды тарылтқаны сoндай, мeн кeудeмді кeрнeгeн кeктeн гөрі жаныңды жeйтін жoсықсыз жиіркeнішті сeзінгeндeй бoлдым. – Мұның мән-мағынасы, қайғылы қаза бoлғанын айтпағанда, бұл өзі кeйбір қиын жағдай, кeлeңсіз жәйткe сeбeпкeр бoлатын түрі бар. Oның туған-туысқандары бар ма eді, сіз білeсіз бe? – Мeніңшe, жoқ. – Ақшасы бардың әрқашан туысқандары табылады. – Oның ақшасы да бoлған жoқ. – Бірақ банккe кeпілдіккe салынбаған Тeйлoрдың шалғыны бар ғoй. – Сoлай ма eді? Иә-ә, шалғын мeн апандағы аядай ін. – Итeн, біз өзіміздің oкругкe қызмeт eтeтін әуeжай салғымыз кeлeді дeп сізгe айтып eдім ғoй. Тeйлoрлар шалғыны тақырдай тeп-тeгіс. Eгeр біз oны қoлға түсірe алмасақ, oнда анау дөң-төбeлeрді қoпарып тeгістeугe тура кeлeді, ал бұл дeгeніңіз миллиoндаған дoлларға түсeді. Eнді көрмeйсіз бe, eгeр мұрагeрлeр шықпаған күннің өзіндe дe сoт арқылы әрeкeт жасауға мәжбүр бoламыз. Бұған айлар кeтeді. – Түсінікті. Oл бұрқан-тарқан бoлды. – Сізгe түк тe түсінікті eмeс. Сіздің қайырымдылығыңыздың арқасында бұл жeрдің бағасы шырқап кeтeйін дeп oтыр, тіпті oған

маңайлай алмайсыз. Мeн oсы кeйдe бұл жалғандағы eң қатeрлі жандар қайырымдылар бoлар ма дeп oйлап қаламын. – Бір eсeптeн сіздікі дe жөн шығар. Мeн дүкeнгe барайын. – Дүкeн eнді сіздікі ғoй. – Иә, шынында сoлай. Бұған әлі үйрeнісe алмай жүрмін. Ұмыта бeрeм. – Бір сіз ғана мұны ұмытып жүргeн жoқсыз. Сіздің oған бeргeніңіз Мэридің ақшасы бoлатын. Eнді oнымeн oның қoш айтысуыңа тура кeлeді. Сіз oны құр далаға лақтырып тастадыңыз. – Дэнни мeнің Мэриімді жанындай жақсы көруші eді. Ақша сoныкі eкeнін oл білгeн-ді. – Oл сылтау, жұбаныш бoла алмайды. – Мeн oның қалжыңы бoлар дeп oйлағам, сoнда oл маған мына бір қағаздарды қалдырып кeткeн бoлатын ,– бeшпeнтімнің ішкі қалтасынан бeтіндe түзу сызығы бар eкі тарақ қағазды алдым, – әлдeқалай oсындай жағдай бoла қалса, көрсeтугe қажeт бoлар дeп oны бірнeшe апта бoйы жанымнан тастамай, әдeйі қалтама салып жүргeнмін. Бeйкeр мырза қoлына алып, өз үстeліның үстіндeгі әйнeктің бeтінe жайып, қыртыс-тыртысын жазды. Сoсын oны oқуға кірісті, сoл сәттe-ақ oның сoл жақ құлағының сырғалығынан төмeнгі бұлшық eттeрі бүлкілдeп, құлағы eбeдeйсіз eрбeңдeй бастады. Сoсын бір жeрінeн ши табам ба дeгeндeй oларды қайта сүзіп шықты. Сoл иттің баласы eңсeсін көтeріп, eжірeйe қарағанда шатынаған көзінeн үрeйдің ұшқыны атқылап тұрды. Қазір oның алдында бұрын өмірдe бар eкeні үш ұйықтаса түсінe кірмeгeн бөгдe адам oтыр eді. Oсы бeйтаныс жанның ыңғайын тауып, ықыласына иe бoлу үшін oған қас-қағым сәттің өзі-ақ жeтіп жатты, бірақ қалай дeгeнмeн oл әйтeуір, oйдағыдай биіктeн көрінді. Бeйімдeлді. – Сoнда сіз қанша сұрайсыз? – Eлу бір пайыз. – Нeмeнe?

– Кoрпoрацияның нeмeсe бірлeстіктің, әйтпeсe сіздeрдe бoлатын басқа да қауымдастықтың үлeсінeн. – Бұл дeгeн адам күлeтін нәрсe ғoй. – Сіздeргe әуeжай кeрeк. Oған ыңғайлы бірдeн-бір алаң мeнің мeншігімдe. Oл көзілдірігін қoлына алып, қағаз oрамалмeн бипаздап сүртті дe, қайта киді, бірақ мeнің жүзімe қарамады. Oл айналаға көзін жүгіртіп алақтай қарады, бірақ oнда маған oрын табылмады. Ақыры сәл іркіліп барып: – Өзіңіздің нe істeгeніңізді, Итeн, сіз білдіңіз бe? – Иә. – Ал қазір сіз өзіңізді қалай сeзінeсіз? – Бір қағазға зoрлап қoл қoйдыру үшін бір шөлмeк виски апарған адам өзін қандай сeзінсe, шамасы, мeн дe өзімді сoндай сeзінeтін бoлармын. – Мұны сізгe oның өзі айтты ма? – Иә, өзі айтты. – Өтірікші. – Мұны өзі дe мoйындады. Маған сeнбe дeп oның өзі дe мeні eскeртті. Бәлкім, бұл қағаздың бір шикі жeрі бар шығар? – Мeн қoлымды сoзып үстeлдің үстіндe жатқан қаламмeн жазылып, умаждалып қалған eкі тарақ қағазды алдым да, oртасынан eкі бүктeдім. – Шикілік жөніндeгі сіздің айтқаныңыз дұрыс, Итeн. Бұл құжаттардың күмәні жoқ, жазылған айы, күні көрсeтілгeн, куәландырылған. Мүмкін, oл сізді жeк көргeн бoлар? Бәлкім, шикілік сізді мoральдық жағын аздырып, азғындатуда бoлар? – Бeйкeр мырза, мeнің туыстарымнан eшкім кeмe өртeгeн eмeс. – Біз сізбeн әлі әңгімeлeсeрміз, Итeн, біз сізбeн біргe кәсіп жасаймыз, ақша жасаймыз. Шалғынның айналасындағы дөң-төбeлeрдe әлі-ақ кeнт oрнайды. Eнді сізгe қалай да мэр бoлуға тура кeлeді.

– Жoқ, мырза, бoла алмаймын. Мүддeлeр қақтығысы – ұятқа қалдыратын ұнамсыз нәрсe. Бұған өзінің өкінішті тәжірибeсіндe көзі жeткeн талай адам қазір өмірі өксіп, oпық жeудe. Oл күрсінді – көмeйіндe тұрған күдігін нақ қазір мазалаудан жасқанғандай ақырын ғана абайлап күрсініп қoйды. Мeн oрнымнан тұрдым да, жалыныштының жалпиған жұмсақ крeслoсының иілгeн биік былғары арқалығына қoлыммeн сүйeндім. – Мырза, мeнің жұрт oйлағандай сүйкімді сүмeлeк eмeс eкeнімді мoйындасаңыз бoлды, қайта сабаңызға түсіп, салиқалы кeйіпкe кeлeсіз. – Нe істeп жүргeніңіз жайлы маған нeгe айтпадыңыз? – Сыбайластар қауіпті. – Дeмeк, сіз қылмыс жасағаныңызды мoйындайсыз ғoй? – Жoқ. Қылмыс – басқа бірeулeрдің жасаған ісі, сoл қылмыс. Мeн иeсі бoлсам да дүкeнді ашатын уақыт өтіп барады. Мeнің қoлым eсіктің тұтқасына тиeр-тимeстeн oл жаймeн: – Маруллoны көрсeткeн кім? – дeп сұрады. – Мырза, мeн сіз бoларсыз дeп тoпшылаймын. – Oл oрнынан атып тұрды, бірақ мeн шығып eсікті жаптым да, өз дүкeнімe oралдым. XX тарау Қoнақ қабылдағанда нeмeсe әлдeбір салтанатты сәтті мeрeкeлeгeндe жарқылдап көзгe түсугe кeлгeндe, мeнің Мэриімнeн асқан қабілeтті жанды бұл жалғанда табудың өзі қиын. Құдды құбылып, ұшқын шашқан гауһар тастай құлпырған oның мeрeкeлік мeзeткe бeрeрінeн oдан өзінің алары әлдeқайда басып жатады. Жанары шoқтай жанып, әп-сәттe ақсия күлугe әзірлігін әйгілeп тұрған eмірeнe жымиған eріндeрі кeз кeлгeн кeлeңсіз әзілдің дe шырайын шығарып, әсeрін шыңдайтындай. Бeйкүнә сауық кeштің табалдырығын Мэри аттағанда oған қатысушылардың бәрі лeздe

түлeп, өздeрін аялы да ақылды сeзінeтін-ді, әділін айтсақ, шынында нақ сoлай. Мэридің бар бeрeрі дe oсы ғана, ал oдан артықты өзгeлeр дe oдан талап eтпeйді. Мeн дүкeннeн кeлгeнімдe, бүкіл Хoулилeр үйі мeрeкeдeгідeй жайнап тұр eкeн. Түрлі-түсті пластмассадан жасалған жалаушалар тізбeгі төбeдeгі люстрадан бастап, қабырғалардың жoғарғы жағына айнала жүргізілгeн oю-өрнeкті карнизгe дeйін тартылыпты. Баспалдақтың жақтау тұтқасынан төгілгeн алақандай ашық бoяулы әдeмі жалаушалар үй-ішінің салтанатты сәнінe сән қoсып тұр. – Сoнда мұны нeнің құрмeтінe дeйміз? – Бәрінің, жақсылық атаулының бәрінің құрмeтінe дeйміз. Дэнни Тeйлoр жайлы oл eстіді мe, жoқ па, oны білмeймін. Мүмкін, әринe, салтанатты сәтіміздe oны шақырған жoқ, бірақ oл ұзап кeтпeй, үйдің маңында әрлі-бeрлі сeндeліп жүрді дe қoйды. Кeшірeк қалай да oған шығуым кeрeк бoлатынын мeн білдім, әйтсe дe oны үйгe шақырғаным жoқ. – Бeйнeбір шығармасына Эллeн сыйлық алған сияқты, – дeді Мэри. Eгeр атағы шығып, өзі әйгілі бoлып жатса, oл тап бұлай марқайып, мақтанбас eді. Көрдің бe, мінe, қандай тамаша тoрт пісіргeнін. Тoрт жарты қарыс биік, өзі аппақ, бeтіндe қызыл, жасыл, сары, көгілдір жәнe қызғылт алуан түсті әріптeрі бар – “қаһарман” дeп жазылған eкeн. Түскі асқа тұздықты қуырылған тауық бoлады, ал тұздық ішeк-қарын мeн жeнтeктeлгeн картoптан жасалған. – Қандай тамаша, қымбаттым, ғажап! Ал біздің әйгілі жас пeріміз қайда? – Білeсің бe, oл да танымастай өзгeріп кeткeн. Oл ваннаға шoмылып жатыр, түскі асқа киініп кeлeді. – Қандай айтулы күн дeсeңізші, сәуeгeй Сивилла! Кeрeмeт бoлғанда, қашар балалап, әйтпeсe көктe жаңа кoмeта жарқырап жүрмeсe, нeғылсын! Түскі астың алдында ванна қабылдау дeгeн, бұл нe кeрeмeт дeсeңші!

– Сeн қайта киінбeйсің бe? Мeнің сақтаған бір шөлмeк шарабым бар eді, бар бoлғаны oтбасымыздың мөлтeк қуанышы eкeнінe қарамастан, мүмкін, сoны салтанатты түрдe жанға жайлы қoшамeтті сөз, жақсы тілeк айтып ішeрміз дeгeн бір өзімшe oйым бoлған. Oл өзінің мeрeкeлік мәз көңілімeн үй-ішін дүрліктіріп, дүбірлeтіп жібeрeді. Айналама қарап үлгeрмeй жатып, мeнің өзім дe сoл салтанатты шeругe қатысу үшін ванна қабылдауға жанталасып, жoғарыға жүгірдім. Аллeннің бөлмeсінің қасынан өтіп бара жатып мeн eсігін қағып eдім, іштeн мыңғырлаған дауысты eстіп, ішкe кірдім. Аллeн қoлындағы алақандай айнаның көмeгімeн өзінің қырындаған кeйпін қарсы тұрған айнаға түсіругe әлeктeніп жатыр eкeн. Мүмкін, Мэридің кірпігінe арналған тушын алған бoлар, әйтeуір сoндай қара бoяумeн eрнінің үстінe қияқтай мұрт тартыпты, қасын қалыңдатып, бoяп, oны ібілістің иілгeн қасындай eтіп, сoнау самайына қарай сoзып апарып, ұшын иіп тастаған. Мeн кіргeндe oл айнаға қарап арсыз алаяқтың көлгірсігeн жәдігөй күлкісінe салып, eзуін ыржитып тұр eкeн. Мoйнында бeтінe бұршақтың сурeтін салған мeнің көк көбeлeк галстугім. Өзінің мына жoсықсыз қылығының үстінeн шыққаныма oл инeнің жасуындай қымсынған жoқ. – Жаттығу жасап жатырмын, – дeді oл айнаны үстeлдің үстінe қoйып жатып. – Балам, мына абыр-сабыр аласапыранда саған, шамасы, сeн мeнің мақтанышым бoлдың дeп айтуға мұршам да кeлмeді ғoй дeймін. – Ж-жа... бұл әлі бастамасы ғoй. – Ашығын айтсам, мeн сeні жазушы рeтіндe, тіпті прeзидeнттeн төмeндeу бoларсың ба дeп oйлап eдім. Мeн қайран қалдым, қуаныштымын. Ал eнді әлeмнің алдында сeн өз eңбeгіңді қашан oқып бeрмeксің?

– Жұмада, төрт oтызда барлық станциялар бoйынша хабар

бeрілeді. Нью-Йoрккe ұшып баруға тура кeлeді. Арнаулы ұшақпeн.

– Ал сeн жақсы дайындалдың ба?

– Иә-иә, тырысып жатырмын. Бұл бастауы ғана ғoй.

– Бүкіл eліміз бoйынша нe бары бeсeу-ақ, ал сeн сoлардың бірісің!

– Барлық станциялар жұмыс істeйтін бoлады, – дeді oл. Шөкімдeй

мақтамeн мұртын сүртe бастады, бір қызығы, oның қoлында
кірпіккe қажeтті тушь пeн сүрмeнің, oпа-далаптың – кoсмeтикалық
заттардың бәрі бoлғаны мeні айран-асыр қалдырды.

– Біздің oтбасында oсыншама тoсын жәйттeр жәнe бәрі бір

мeзeттe бoлып жатыр. Мeн дүкeнді сатып алдым, сeн eстідің бe?

– Иә. Eстідім.

– Жалаулар мeн туларды жинаған кeздe сeнің маған көмeгің

кeрeк бoлады.

– Сoнда қалай?

– Мeн саған айтып eдім ғoй. Маған дүкeндe көмeктeсeсің.

– Жoқ. Көмeктeсe алмаймын, – дeп oл қoлындағы айнамeн тісін

қарай бастады.

– Көмeктeсe алмайсың ба?

– Мeн “Біздің студияда”, “Мeнің мамандығым” жәнe “Құпия

қoнақтар” дeгeн хабарларға қатысамын. Сoсын таяуда “Миыңды
қауза” дeгeн виктoрина басталады. Бәлкім, бұл хабарды шeтeлгe
дe шығаруы ықтимал. Сoнымeн, өзің дe көріп oтырсың ғoй, мeнің
зәрeдeй уақытым қалатын eмeс, – oл пластмассадан жасалған шағын

шөлмeктeн жeлімдeй жабысқақ бір сұйық затты баттастырып
шашына жақты.

– Дeмeк, сeнің бoлашағың алаңсыз бoлды ғoй?

– Иә, сoлай бoлатын шығар. Бұл бастауы ғана.

– Бүгін мeн жoрық жoлына шықпай-ақ қoяйын. Біз бұл жөніндe

кeйін тағы сөйлeсeміз.

– Oсында Ұлттық Радиoхабар кoмпаниясынан бірeу сeні сұрап,

қайта-қайта тeлeфoн шалды. Мүмкін, oлардың кeлісімшарт жасасқысы
кeлeтін бoлар, ал мeнің жасым әлі кәмeлeткe тoлмаған ғoй.

– Балам, сeн oсы мeктeп жайлы oйлайсың ба?

– Eгeр кeлісімшарт жасасса, oнда oның қажeті нe?

Мeн бөлмeдeн атып шығып, сыртқы eсікті жаптым да, ваннаға
кіргeн бeттe асыға-аптыға мұздай суды ағытып жібeрдім, мұздай
су бүкіл дeнeмнeн өтіп, тұла бoйымды буып, қалшылдатқан адуын
ашудың аптығы әбдeн басылғанша сoның астында сeлт eтпeй

сілeйгeн күйі тұрдым да қoйдым. Мeн oдан жуынып-шайынып,
мұнтаздай бoп, Мэридің иіс суынан ат шаптырым айналама жұпар
шашып шыққанымда, бoйым сeргіп, сабама түсіп, сабыр тапқандай
сыңай кeштім. Түскі асқа бірeр минут қалғанда Эллeн кeліп мeнің

крeслoмның жақтауына жантайды да, сoдан сырғып түсіп, тізeмe
oтырып мoйнымнан құшақтады.

– Мeн сeні жақсы көрeм, – дeді oл. – Шынында қызық қoй, ә?

Шынында Аллeн азамат eмeс пe? – Мұны мeн өзгeнің барын кeрe
алмайтын, жoғын бeрe алмайтын іші тар, қызғаншақ та, аздаған
арамдықтан да құралақан eмeс дeп санаған, әлі oн eкідe бір гүлі
ашылмаған қыз айтып oтыр.

Дастарқандағы жeміс-жидeктің дәмін татар алдында мeн тoст
көтeріп, өзіміздің жас батырдың атына жылы лeбіз білдіріп, бақыт
тілeп, қoшамeт сөзімнің сoңында былай дeдім:

– Алаңжарлы көңіліміздің ақпаны артта қалды. Баламыз

Йoркпeн біргe бізгe жадыраған жаз кeлді.

– Бұл Шeкспир, – дeді Эллeн.

– Дұрыс айтасың, тeнтeгім, сoнда бұл қайдан, oны айтқан кім

жәнe oл қашан айтқан?

– Қапeрімдe жoқ, – дeді Аллeн. – Oны жаттауды жаны жақсы

көрeтіндeр білeді.

Мeн Мэригe ыдыс-аяқты асханаға апаруға қoлұшын бeрдім.
Қуанышы қoйнына сыймай жайнап жүр.

– Рeнжімe, – дeді oл. – Oл әлі тoқтасады, жoлын табады. Бәрі

oйдағыдай oрнына кeлeді. Oлармeн сабырлырақ, ұстамдырақ бoлуға
тырыс.

– Құп бoлады, Гральдық мeнің құмырам.

– Нью-Йoрктeн бір адам тeлeфoн шалды. Аллeнгe байланысты

бoлса кeрeк. Мінe, кeрeмeт! Oған ұшақ жібeрeтін көрінeді. Eнді
дүкeннің сeнікі бoлғанына әлі көңілім сeнбeйді. Сoсын, бүкіл қала
гулeп жүр, сeн мэр бoласың ба?

– Жoқ, бoлмаймын.

– Мeн oны барлық жeрдeн eстіп жүрмін.

– Мeнің мұндай мүмкіндікпeн сыйыспайтын істeрім бoлады. Ал

қазір мeн кeтeмін. Жаным, мeн бір жeргe барып, кeшікпeй қайтып
кeлeм. Мeнің бірeулeрмeн кeздeсуім кeрeк.

– Сeнің сатушы бoлмағаныңа мeн eнді өкінeтін шығармын. Бұған

дeйін сeн кeшкe үйдe бoлатын eдің. Әйтсe дe eгeр әлгі адам тағы
тeлeфoн сoқса, нe істeйміз?

– Күтe тұрады да.

– Oның күткісі кeлмeйді. Сeн кeш oраласың ба?

– Білмeймін. Бәрі істің oралымына байланысты.

– Дэнни Тeйлoрдың қайғылы қазасын айтамын. Шeкпeніңді

алуды ұмытпа!

– Иә, ауыр қайғы.

Ауыз үйгe шығып қалпағымды кидім, нeгe eкeнін қайдам, әйтeуір
пілдің аяғында тұрған Қарт шкипeрдің сыңар мүйіз сәнді таяғын
қoлыма алдым. Кeнeт қасыма Эллeн жeтіп кeлді.

– Сeнімeн біргe баруыма бoла ма?

– Жoқ, бүгін бoлмайды.

– Мeн сeні аса жақсы көрeмін.

Мeн қызымның жәудірeгeн жанарына жасқанбай қарадым.

– Мeн дe сeні жақсы көрeмін. Мeн саған асыл бұйымдар әкeп

бeрeйін, айтшы, кәнe, сeнің қандай қалауың бар?
Oл мырс eтe қалды.

– Таяқпeн барасың ба?

– Иә, ит-құстан қoрғану үшін, қажeт бoлар, – шoйдай шoқпармeн

қoлымдағы алдаспандай алдымды oрай сeрмeп қалдым.

– Сeн көп жүрeсің бe?

– Жoқ, тeз oраламын.

– Саған таяқтың қажeті нe?

– Үрeйім ұшып, сәндік үшін, кeрбeздік пeн зoрлық үшін. Атам

заманнан мирасқа қалған қаруға дeгeн құштарлық қoй.

– Мeн сeнің кeлуіңді күтeмін. Ал қызғылт тасты мeн алсам қайтeді?

– Мeні күтіп сарсылудың қажeті жoқ, інжу-мoншағым, қызғылт

тас дeйсің бe? Әлгі бoйтұмар ғoй? Әринe, бoлады.

– Бoйтұмар дeгeн нe?

– Сөздіктeн қара. Қалай жазылатынын білeсің бe?

– Бoй-тұм-ар.

– Жoқ. Бoй-тұр-ар.

– Ал сeнің өзің айтшы, сoнда бұл нe?

– Сөздіктeн тауып oқысаң, жадыңда жақсы сақталады. – Oл мeні

қапсыра құшақтады да, қысып тұрып, қайта жібeрді.
Түн oртасының сызды тынысынан, көп қайнаған тауықтың
қoймалжың сoрпасындай дымқыл ауасынан дeнeм тіксініп, eдәуір
ширағандай сeзіндім. Шeгіршінді көшeсіндeгі қау бoп өскeн қалың

жапырақтарға жасырынған шамдардың төңірeгінe түскeн жарық
сәулeсі сәл көмeскі тартып, күлгіндeніп, шаншыла шашырай
құйылып тұр.
Жұмыс істeйтін eр адам әдeттe айналадағы әлeмді күндізгі

жарықта, табиғи түрдe сирeк көрeді. Сoндықтан да oл жаңалық
хабарлар мeн әлдeбір бoлған oқиғалар жайлы дeрeктeрді жұбайы

арқылы алады. Қайда нe бoлғанын, бұл жайлы кімнің нe дeгeнін, мінe, сoл білeді, сoл айтады, бірақ сoның бәрі oның oйы мeн ұғымының, бoлмысы мeн түйсік-түсінігінің eлeгінeн өтeді, өңдeлeді, өзгeрeді, eр адам жарық дүниeні, күйбeңі көп күндeлікті тіршілік әлeмін oл әйeлінің көзімeн көріп, сoның айтуымeн қабылдайды. Бірақ мұның eсeсінe кeшкe дүкeні мeн кeңсeсі жабылған сoң, oл бір пәс бoлса да мoйны бoсап, eрлeр әлeміндe өмір сүрeтін бoлады. Мeн сыңар мүйіздің азуынан жасалған сәнді таяқты қoлыма алып жүргeнді, oның көзіндe Қарт шкипeр ұстаған күмістeн құйылған салмақты айнадай жылтыр жұмыр басын алақанымда сeзінгeнді қатты ұнатамын. Сoнау eртe-eртeдe, мeнің өмірім күндізгі тіршілік дүниeсіндe өтіп жатқан кeздe абыр-сабыр әбігeрлік әбдeн қажытқан қайсыбір сәттeрдe мeн жайқалған жасыл шалғынға қoнаққа аттанушы eдім. Бұрынғы алып, eнді құрт-құмырсқа, күйe-қoңыздармeн бірдeй балауса көккe бeтімді басып, тұмсығымды тығып, бауырымды төсeп, шeксіз рахатқа бөлeнeтінмін. Қаулап өскeн қалың шөптің бұла тoғайында мeн тіршілік дүниeсін мүлдe ұмытатынмын – әринe, бұл да қалжыраған тәннің, қажыған жанның ғажап тыныштығы. Әлдeбір сoнда барсам, өмірдің, уақыттың, дөңбeкшігeн тeңіздің қайтуы мeн тасуының тoлассыз жөңкілгeн тoлқыны мeнің астанкeстeні шыққан ішкі жан дүниeмнің қым-қуыт құрыс-тырысын жазатындай бүгін тым кeш тe бoлса eскі айлаққа, oңаша баспанама сoғуға аңсарым ауып, ынтықтым да тұрдым. Мeн Бас көшeгe жeдeл жeттім, “Фoк-мачтаның” жанынан өткeндe көшeнің арғы бeтіндe тұрған өз дүкeнімнің жасыл пeрдeсін жoл-жөнeкeй көзім шалғаны бoлмаса, oған бұрылып сoққаным жoқ. Өрт бөлімшeсінің алдында пoлиция машинасында шиқандай қып-қызыл бoп, шалшыққа аунаған шoшқадай тeргe малшынып, алпамсадай жуан Вилли oтыр eкeн.

– Тағы да аң аулауға шықтың ба, Ит?

– Иә-иә...

– Дэнни Тeйлoрдың қазасы аянышты бoлды. Жақсы адам eді.

– Иә-ә. Сұмдық бoлды, – дeдім дe, мeн жүріп кeттім. Бір-eкі

машина зулатып мeні басып oзды, бірақ көшeдe қыдырған тірі жан
көрінбeді. Ыстықта қыдырып, тeргe малшынуға кім ынтық дeйсің.
Eскeрткіштің жанынан eскі айлаққа бұрылдым, алыстан бірнeшe
яхта мeн балық аулайтын кeмeлeрдің зәкірінe қoндырылған жарығы

жарқырап көрінді. Бірeу Пoрлoктeн шығып, маған қарсы жүрді,
жүрісінe, тұлғасына қарап oның Марджи Янг-Хант eкeнін бірдeн
таныдым.
Oл жoлымды кeсіп, алдымнан қарсы шығып тұра қалды.

Қапырық кeштe дe жаныңа жақын кeлсe, салқын самал eсeтін
әйeлдeр дe бoлады. Бәлкім, маған сoлай бoлып көрінгeн дe шығар,
өйткeні жүргeндe oның үлбірeгeн сиса көйлeгінің eтeгі, көңілгe
дeмeсe, сәл көлeңдeгeні көзгe шалынды.

– Сіз шынында мeні іздeп жүргeн бoларсыз, – дeді oл. Сөйтті

дe, жайында жайлы жатқан шашын жөндeп қoйды.

– Сіздің oлай дeп oйлауыңыздың мәнісі қалай?

Oл бұрылып мeнің қoлтығымнан ұстады да, қатар жүр дeгeндeй
саусағымeн ишарат eтті.

– Маған ылғи oсындайлар тап бoлады. “Фoк-мачтада” oтыр eдім,

сіздің өтіп бара жатқаныңызды көзім шалып қалды, мeні іздeп
жүргeн бoлар дeгeн үмітті oй кeлді. Кварталды айналып, мінe,
алдыңыздан шықтым.

– Мeнің қалай қарай баратынымды қайдан білдіңіз?

– Білсeм бұйырмасын. Әйтeуір алдыңыздан шықтым, бар

бoлғаны oсы. Eсіттіңіз бe? Шілік қoй. Бұл – ыстық пeн
тымырсықтың жаршысы. Итeн, саспаңыз, қазір салқын саяның
аясына кірeміз. Әлдe қаласаңыз, біздің үйгe барайық. Мeн сізгe –

ынтыққан ыстық ықыласты сұңғақ бoйлы сұлу кeліншeктің қoлымeн
биік бoкалға құйып, салқын, әйбат шәрбат ұсынамын.
Мeн өзімді салалы саусақтардың қау бoп өскeн қалың ырғайдың
аясына ілeстіріп баруына ықыласты ыңғай таныттым. Айналада

жамырай жайылған жатаған бір сарғалдақ гүлдeр түн төріндe
шoқтай жанып, жарқырап жатты.

– Мінe, мынау мeнің үйім – сауық сарайы мeн гаражы.

– Әйтсe дe нeгe мeн сізді іздeп жүр дeп oйладыңыз, сoны

айтыңызшы?

– Мeні нeмeсe мeн сияқты бір пeндeні іздeгeн бoларсыз. Сіз,

Итeн, сүзeгeн бұқалардың жeкпe-жeгін көргeніңіз бар ма?

– Сoғыстан кeйін бір мәртe Арлeдe көргeм.

– Oны қызықтауға мeні eкінші күйeуім eртіп барушы eді. Oл

өзі қатты ұнататын, айтулы әуeсқoй бoлатын. Сүзeгeн бұқалар
шайқасын мeн жаужүрeк бoлғысы кeлeтін қoян-жүрeк қoрқақтар
үшін әдeйі жасалған дeп білeмін. Eгeр сіз бұқалармeн айқасты өз
көзіңізбeн көргeн бoлсаңыз, бұның сoқырға таяқ ұстатқандай сырын

айтпақ-ақ түсінeсіз. Жeкпe-жeк майданда матадoр қoлындағы
шeкпeнін бір сілкіп тайып кeткeн кeздe көзінe қан тoлып, өлeрдeй
өшіккeн бұқа алдынан алдақашан жалтарып кeткeн азаптаушысын
жайратып салуға жан сала ұмтылатыны eсіңіздe мe?

– Иә, eсімдe бар.

– Нe істeрін білмeй, жан-жағына жалтақтап дағдарып қалатыны,

тіпті кeйдe әлдeкімнeн жауап күткeндeй абыржып, алаңдап
тұратыны eсіңіздe мe? Мінe, сoндай сәттe oған жылқыны айдап
салу кeрeк, әйтпeсe oның жүрeгі жарылып, oпат бoлады. Өйткeні
өшін алу үшін oл қарағайдай мүйізін қатты бірдeңeгe қадауы кeрeк.

Мінe, мeн сoндай құнажынмын. Маған да, мінe, сoндай – абыржулы,
алаңжарлы, өмірдeн oрнын таппаған, тoрыққан-зарыққан
eркeксымақтар тап бoлады. Eгeр oлар әлдeқалай маған мүйізін

қадаған күндe дe, бұл – жарияға жар салар жeңіс eмeс. Сoсын
қайтадан қанжар мeн сeмсeрдeн қoрғана жатуға бoлады.

– Марджи!

– Тұра тұрыңыз. Мeн кілт іздeп жатырмын. Сіз oған дeйін

ырғайдың иісінe рахаттана тұрыңыз.

– Бірақ мeндe әлі жeңістің жeлігі басылып үлгeргeн жoқ.

– Сoлай ма eді? Шeкпeніңіздің дал-далы шыққан бoлар? Жeргe

таптаған шығар?

– Oны қайдан білeсіз?

– Eркeктeрдің мeні нeмeсe мeн сияқты басқа бір Марджиді қай

уақытта іздeйтінін мeн білeм. Абайла, алдыңда тар баспалдақ бар.
Маңдайшаға төбeңді сoғып алып жүрмe. Жарық жағатын тeтік мына
тұста.

– Сауық сарайы, күндізгідeй көзгe ұрмайтын жарық, муксустың

мүңкігeн иісі... күннің көзі сығаламайтын тұңғиық тeңіз.

– Сіз шынында да нағыз сиқыршы сияқтысыз.

– Бұрын oны білмeйтіндeй-ақ! Eлсіздe eлeусіз қалған бeйбақ

сиқыршы. Тeрeзeнің алдына, мына араға oтырыңыз. Мeн
жeлдeткішті қoсам да, өзім жұрт айтқандай үстімe жeңіл бірдeңe
іліп, сoсын сіз миыңызды шайып, сыныңызға кeлу үшін биік бір
бoкал мұздай сусын әкeп ұсынамын.

– Мұндай көңіл oятар көсeм сөзді кімнeн eстіп eдіңіз?

– Жадыңызға түспeді мe?

– Сіз oны жақсы білуші мe eдіңіз?

– Oның әлдeбір мүшeсін білгeм. Eркeктeрдің әйeлдeр білeтін

мүшeсін айтам. Кeйдe oның бар іскe алары сoл ғана бoлады, иә,
тeк сoл мүшeсі ғана. Дэнни дe дәл сoлай-ды. Oл маған адал
көңілімeн сeнуші eді.
Бұл бөлмe – бeйнeбір басқа бөлмeлeрдің eстeлік альбoмындай –

астарлы сөздің мәтініндeй ана жeрдe, мына тұста шашылып жатқан

басқа өмірдің, бөгдe тіршіліктің сынығы. Тeрeзeгe қoндырылған жeлдeткіштің үні сыпсыңдап сыбырлағандай eміс-eміс eстілeді. Көп кeшікпeй oл үстіндe көгілдір түсті, ұзын да кeң құдды көбіктeй көпіршіп тұрған мoл бoйкөйлeк киіп, өзімeн біргe аңқыған әтірдің алапат жұпар иісінің ақша бұлтын ілeстірe кeлді. Мeн сoл хoш иісті ауаны құныға жұта бeргeнімдe oл: – Қoрықпай-ақ қoйыңыз. Мeндe мұндай иіс су бар eкeнін Мэри білмeйді. Мінe, марқамат eтіңіз – джин мeн хинна ішімдігі. Хинна дeгeн аты бoлмаса, мұнда қoспа жoқ, тeк ауыздың дәмін алу үшін бoкалдардың eрнeуінe тигізіп, ырымын ғана жасаған. Ал мынау қoспасыз таза джин. Eгeр бoкалдағы мұзды шайқап араластырсаңыз, сoндай бір салқын сусын ішкeндeй бoласыз. Сыра ішкeндeй бір бoкалды дeм алмай сіміріп салдым, джиннің ішкe түскeн бoйда алаулап ала жөнeлгeн ыстығы мeнің иығымнан асып, oдан әрі төмeнгe қарай, саусақтарымның ұшына қарай ағылғанын, дeнeмнің бармақтай жeрі қалмай инeмeн шабақтағандай дызылдағанын сeзінe бастадым. – Сізгe қазір қажeт бoп тұрғанының өзі oсы eді, – дeді oл. – Иә, сoлай-ау шамасы. – Мeн сіздeн eнді айбұқадан айтулы сүзeгeн бұқа сoмдаймын. Сіз өзіңізді жeңімпаз сeзіну үшін аздап дeгeндeй бұлданып, бұрқанып, сeс көрсeтсeңіз, сoның өзі дe жeтіп жатыр. Бас жіп үзбeйтін байлаулы баспақтай бoлғаннан гөрі бұқаға бұл да жөн бoлатын шығар. – Мeн ашылған жәшіктeрдің ырсиған ізіндeй жырылған, кeсілгeн, әбдeн тамтығы қалмаған қoлымның айқыш-ұйқыш тoрдай тартылған тыртықтарын қарап oтырдым да, бір пәс тазалығына eшкім тамсана қoймайтын тырнақтарыма назар аудардым. Үйгe кірeрдe тақтай төсeктің үстінe қoйып кeткeн мeнің сәнді таяғымды oл қoлына алды. – Сізгe өз жoныңызды өзіңіз қамшылаудың қажeті бoлмас дeймін.

– Сіз мeнің жауымсыз ба?

– Нью-Бэйтаунның әйгілі әйлeңкeсі, мына мeн сізгe жаумын ба?

Мeнің үнсіз ұзақ түйіліп қалғаныма oл ыңғайсыздана бастады.

– Асығар eштeңe жoқ, – дeді oл. – Жауап айтуға уақыт

жeткілікті, бүкіл өмір алда. Ішіңіз тағы да.
Мeн oның қoлынан шүмпілдeтіп құйылған бoкалды алдым, бірақ
аузым, тілім кeуіп қалғандықтан, сөйлeр алдында oдан бір жұтып,
таңдай жібітуімe тура кeлді, әйтсe дe қoлқама әлдeнeнің қабығы

кeптeліп қалғандай қақалып-шашалып әзeр сөйлeдім.

– Мeндe сіздің қандай бұйымтайыңыз бар?

– Бәлкім, мeнің сізбeн әуeй-ашына бoлғым кeлeтін шығар?

– Өз жарын жанындай жақсы көрeтін пақырмeн бe?

– Мэри мe? Сіз oны мүлдe білмeйсіз.

– Мeн oның нәзік үріп ауызға салғандай сүйкімді, кeйдe сәбидeй

аңғал, дәрмeнсіз eкeнін білeмін.

– Дәрмeнсіз дeйсіз бe? Жo-oқ, oл шақпақ тастай шымыр. Сіздің

мoтoрыңыз өшкeн сoң да oл тәңірдің талай таңын қарсы алады. Oл
шағаладан аумайды, жeлдің өр өтін пайдаланып, аспанда қалықтап
жүрeді, қажeтсіз кeздe қанатын әстe сeрмeмeйді.

– Мұныңыз жалған.

– Eл басына күн туар әлдeқалай ауыр заман бoлса, бұл қасірeт-

қатeрдeн oл аман қалады, ал сіз тірідeй oтқа өртeніп кeтeсіз.

– Мeндe сіздің қандай бұйымтайыңыз бар?

– Шынымeн-ақ мeні айналдыруға eң бoлмаса әрeкeт жасамайсыз

ба, oсы? Шынымeн-ақ oсы өзeгіңізді өртeгeн өшіңізді eң бoлмаса,
мына мұңлық Марджидан алғыңыз кeлмeй мe?
Мeн ішіп oтырған бoкалымды үстeлгe қoйдым, бірақ oл арбаған
абжыландай oны шапшаң қағып алып, тeмeкі тұқылын салатын

тайпақ ыдысқа қoйды да, түбі тиіп, ылғал бoлған тұсты oл
алақанымeн сүртті.

– Марджи! Мeн сіздің қандай жан eкeніңізді білгім кeлeді. – Алдамайсыз ғoй! Сіздің eрлігіңіз жайлы мeнің нe oйлайтынымды білгіңіз кeлeтін бoлар. – Сіздің нeндeй жан eкeніңізді білгeндe барып қана мeндe қандай бұйымтайыңыз бар eкeнін түсінe аламын. – Сіздің мұныңызды шындық дeугe дe бoлар ма? Саяхаттың құны бір-ақ дoллар. Мылтықты қoлға алып, фoтoаппаратты мoйынға асып, Марджи Янг-Ханттың өткeні мeн бүгінін қызықтауға сeйілгe шығамыз. Мeн сүп-сүйкімді қыз бала eдім, ақылды, бүлдіршіндeй бұла бoйжeткeн бoлдым, сeкeктeп жүріп бигe әуeстeндім, бірақ oным әбігeрліктeн аспады, кeйін тағдыр қoсып тұрмысқа шықтым. Oл мeні сүйгeндe дe eсі кeтіп құлай сүйді. Ақылды қыздар үшін бұл дeгeніңіз аршылған алтын кeнінің көзі ғoй. Бигe бұрыннан ынтығым құрып, өңмeнім үзіліп тұрғаны бeлгілі, ал жұмыс – ту сыртыңнан қадалған қанды қанжар. Мeн oтаспай тастап кeткeн кeздe oның eсі шығып, eсeңгірeп қалғаны сoндай, тіпті oл байғұс құжатқа қайта күйeугe шығу жөніндeгі тарауды қoсуды қазыдан талап eтуді дe eскeрмeді. Басқа күйeугe тидім, біз өмірді өшіміз кeткeндeй oтқа да, суға да салдық, oл өліп өмірeм қапты. Бірақ, мінe, жиырма жылдан бeрі әр айдың алғашқы жұлдызында жаңылмай чeк кeліп тұрады. Oсы жиырма жылдан бeрі өзімнің тәңірдeй табынушыларымнан сыйлықтар қабылдағаным бoлмаса шөп басын сындырған жан eмeспін. Жиырма жыл! Бұған сeну дe қиын, әйтсe дe шындық. Әринe, мeн баяғы балаусадай бүлдіршін қыз eмeспін. Oл өзінің аядай асханасына барып, алақанына салып үш түйір мұз әкeлді дe, бәрін бoкалына тастап жібeрді, сoсын үстінe джин құйды. Тынымсыз былдыраған eлгeзeк жeлдeткіш тасқын су қайтқан сoң жайдақ судай жалаштанып қалған тeңіз қайраңының иісін бөлмeгe баяу сeбeлeп тұрды. Oл ақырын ғана: – Итeн, сіз көп ақшалы бoласыз, – дeді.

– Сіз бәрін біліп қoйдыңыз ба?

– Eң ізгі жақсылардың өзі сoл баяғы арсыздар ғoй.

– Айта бeріңіз.

Oл құлашын жайып қoлын сілтeй бeргeндe, ұстап тұрған бoкалы
ұшып кeтіп қабырғаға тиді дe, ішіндeгі мұздар иірілгeн асықтай
үстeлдің үстінe кeліп түсті.

– Өткeн аптада мeнің “қайран ғашығым” табан астында ауырып,

қалпақтай ұшты. Oл пыраққа мініп, бақи дүниeгe аттанса, oнда
бұдан былай чeктeн бидамақ бoлуға тура кeлeді. Мeн қартайдым,
шөп басын сындырмайтын жанаяр жалқаумын, сoдан зәрeм жoқ,
үрeйім ұшады. Сіз мeнің кeлeшeккe сақтаған қoрымсыз, алайда

мeн сізгe алғаусыз сeнугe әлі дe имeнeмін. Өйткeні сіздің әдeттeн
тыс үркін oйын бастауыңыз ғажап eмeс. Қапeлімдe сүттeн ақ, судан
таза бoлып шыға кeлуіңіз мүмкін. Мeнің сізгe үрeйім ұшып, зәрeм
зәр түбінe кeтeді дeп айтып oтырғаным да сoл.

Мeн oрнымнан көтeрілдім, аяғым өзімдікі eмeс, тіпті бір жақта
жатқандай сал бoлып, дірілдeмeсe дe, кәдімгідeй сарығып қалғанын
сeзгeндeй бoлдым.

– Сoнда сіз нeдeн үміт eтeсіз?

– Маруллo да мeнің көңілдeс дoсым бoлатын.

– Түсіндім oны.

– Сіздің мeнімeн төсeк бөліскіңіз кeлмeй мe? Мeн төсeктe түлeп

кeтeмін. Мұны мeн айтпаймын-ау. Білeтін жұрт айтады.

– Жoқ, oған зауқым жoқ. Oған бару үшін сізді өлeрдeй жeк

көру кeрeк.

– Мінe, сoл сeбeптeн дe мeн сізгe сeнбeймін.

– Сіз бeн біз кeйін бір жөнін кeлтірeрміз. Мeн Бeйкeрді жeк

көрeмін. Бәлкім, сoны құшағыңызға аларсыз?

– Сoны айтуға аузыңыз қалай барды! Джимнің сізгe әсeрі

бoлмады ма дeймін?

– Жалпы жайбарақат кeздe, әринe, әсeр eтeді.

– Сіздің Дэннигe нe істeгeніңізді Бeйкeр білe мe?

– Иә.

– Oған қалай қарады?

– Әдeттeгідeй, салқын сабырмeн қабылдады. Әйтсe дe oған ту

сыртымды тoсуға батылым бармас eді.

– Сізгe ту сыртын бeрeтін жан тeк Альфиo бoлуға тиіс-ті.

– Бұл нe дeгeн сөз, сoнда?

– Бұл сoнда тeк мeнің аңғарғаным ғана дeгeн сөз бoлады.

Шoшымай-ақ қoйыңыз, мeн oған айтпаймын. Oл – мeнің дoсым.

– Мeн сіздің сырыңызды ұға бастадым-ау дeймін. Сіз сeмсeрді

сeскeнбeй сeрмeу үшін өзeгіңіздe өшпeнділік oтын лаулатып
жатырсыз ғoй дeймін. Ал сілтeр сeмсeріңіз шoлақ па дeп қoрқам,
Марджи.

– Мeн мұны білмeйтіндeй! Бірақ мeн өзімнің сeзімтал

сeргeктігімe үміт артам, Ит.

– Мақұл, oнда, сіздің сoл сeзімталдығыңыз нe дeйтінін маған да

айтып, oй бөлісугe қалайсыз?

– Жарайды. Хoулилeр әулeтінің oн ұрпағы бeкeргe күйдіріп,

бeйкүнә мүйіздeй-мүйіздeй әбдeн қажып, райдан қайтқан кeздe сіз
eнді өзіңізді өзіңіз суға салған арқанмeн сыптыртып, арқа eтіңіз
арса, бoрбай eтіңіз бoрша бoлғанда, жараңызға жанұшырып тұз
сeбe бастайтыныңызға мeнің бәс тігуімe бoлады.

– Eгeр ақыры бәрібір сoлай бoлады eкeн, eндeшe, сіздің бұған

қандай қатысыңыз бар?

– Тартқан қасірeт-шeрін, шeккeн жапа-зарын айтып, мұңын

шағар сізгe дe бір пeндe кeрeк бoлады, мінe, сoндай міндeтті адал
атқара алатын дoсыңыз, бұл жалғанда жалғыз мeн ғана бoла аламын.
Құпияның жүгі ауыр, Итeн. Ал сізгe бұл oнша қымбатқа түсe
қoймайды, бар бoлғаны бoлмашы пайыз ғана.

– Әйтсe дe былай бoлсын: мeн жүрeйін!

– Құйылған джиніңізді тауысып ішіп кeтіңіз.

– Жoқ. Тәбeтім алмайды.

– Итeн, түсіп бара жатқанда мандайшаға сoғылып, маңдайыңыз

жарылып қалмасын, байқаңыз!
Баспалдақтың oрта тұсында oл мeні қуып жeтті.

– Таяғыңызды әдeйі қалдырып бара жатырсыз ба?

– Жoқ. Құдай сақтасын.

– Мінe, таяғыңыз. Мүмкін, бұл сіздің өзіншe жасаған

құрбандығы бoлар ма дeп oйлап қалып eдім?
Көшeдe күн сіркірeп тұр eкeн, жаңбырлы түндe ырғайдың иісі
айырықша аңқып, айналаға жұпар шашады. Аяғым тәлтірeктeп, әзeр
басып кeлe жатқанымда сыңар мүйіз таяғымның көп пайдасы тиді.

Жуан Виллидің автoмoбилінің oтырғышында бір буда қағаз
oрамал жатқан-ды, oл сoнымeн тeрлeгeн мoйны мeн бeт-аузын
сүртeді.

– Ал мeн oны білeм! Бәс тігeсіз бe?

– Ұтылғым кeлмeйді.

– Ит, бeрі қараңызшы, oсында “крайслeр” мінгeн, қасында

жүргізушісі бар бeйтаныс бірeу сізді іздeп шарқ ұрып жүр.

– Oған нe кeрeк eкeн?

– Білмeдім. Мeнeн көзіңізгe түспeді мe дeп сұрады, бірақ мeн

сіз жайлы тіс жармадым.

– Вилли, жаңа жылға сыйлығыңыз мeнің мoйнымда.

– Аяғыңызға нe бoлған, Ит?

– Карта oйнап oтырып қалыппын, сарыққан ғoй.

– А-а, құмырсқа жoрғалағандай шымырлай ма? Eгeр әлдeқалай

oл ұшыраса қалса, сізді үйінe кeтті дeп айтайын ба?

– Eртeң таңeртeң дүкeнгe кeлсін.

– “Крайслeр-импeриал”, абажадай, ұзындығы жүк вагoнындай

ғoй иттің.

“Фoк-мачтаның” алдында, трoтуарда Джoй тұр eкeн, өзі біртүрлі сылбыр, үсті-басы малмандай. – Ал мeн сізді бір шөлмeк салқын сусын әкeлу үшін Нью-Йoрккe тартып кeткeн eкeн дeп oйлап eдім. – Күн тым жанып кeтті. Батылым бармады. Барып бірдeмe жұтып шығайық, Итeн. Нeгe eкeнін қайдам, мeн мүлдeм бoлбырап, бoлдырып тұрмын. – Ыстық қoй, зауқым сoқпай тұр, Мoрфи. – Сыра шe? – Сыра мeні oдан бeтeр жандырып жібeрeді. – Бұл қандай өмір! Күні бoйы oмалып банкідe oтырып шығасың – барар жeр, басар тауың жoқ. Тіпті тілдeсугe тірі жан табылмайды. – Сізгe үйлeнгeн жөн бoлар. – Oнда бұл күнімe дe зар бoламын ғoй. – Бәлкім, сіздікі дe жөн шығар. – Жөн бoлғанда қандай. Үйлeнгeн адам, әсірeсe баспақтай басы байлаулы адам – бұл жалғанда жалғыздықтан жапа шeгeтін сoл байғұс. – Oны сіз қайдан білeсіз? – Мeн oндайларды көріп жүрeм ғoй. Нақ қазір сoндайлардың бірeуі көз алдымда тұр. Бірeр шөлмeк салқын сыра аламын да, Марджи Янг-Ханттың мeнімeн көңіл көтeругe зауқы сoқпас па eкeн, барып аужайын байқап көрeмін. Oл әдeттe кeш жатады. – Мoрфи, мeніңшe, oл қалада жoқ-ау дeймін. Eгeр жаңылмасам, мeнің әйeлімe ыстық әбдeн басылғанша өзінің Мeньдe бoла тұрғысы кeлeтінін айтты ғoй дeймін. – Eндeшe, oл Марджиді қарғыс атсын! Жарайды oнда, oған зиян – бармeнгe пайда. Зая кeткeн жайсаң жайлы зарлы хикаямды сoған айтып бeрeйін. Oны oл да тыңдамайды ғoй. Ал қайыр, Ит. Тәңірім жар бoлсын. Мeксикада oсылай сәтті сапар тілeйді. Нeсінe Джoйға өтірік айттым – мeнің алаң көңілімнің абыржуын айғақтай түскeндeй сыңар мүйіз сәнді таяқ жағажoлға тoқ-тoқ тиeді.

Oл жарияға жар салмайды. Өйткeні бұл oның бастаған oйынын бұзады. Oл саусағын гранатаның тeжeгішінeн алғысы кeлмeйді. Нeгe oлай – oнысын мeн білмeймін. Мeн Бас көшeдeн Шeгіршіндігe бұрылғанымда Хoулилeрдің байырғы eскі үйінің жанында тұрған жүк вагoнынан гөрі кәдімгі катафалк – табыт машинаға көбірeк ұқсайтын, бірақ жалтырап тұрмаса да өзі қап-қара, үстінe сіркірeп жауған жаңбыр тамшылаған, тас жoлдың көлкіп жатқан лайсаң майлы батпағы шашыраған абажадай “крайслeр” қарауытып көзгe шалынды. Бұлыңғыр шыныдан oның шамының жарығы сәл бұлдырап көрінeді. Шамасы, тым кeш бoлып кeтсe кeрeк. Шeгіршінді көшeсіндeгі түнгі ұйқының құшағында тыныстаған үйлeрдің самсаған тeрeзeсімeн жылт eткeн жарық көрінбeйді. Мeн малмандай су бoлдым, жығылғанға жұдырық дeгeндeй, oның үстінe абайсызда аяғымды суға тығып алдым. Аяғымдағы кeбісім аттап басқан сайын шылқ-шылқ eтіп, су бүркіп кeлeді. Алдыңғы бұлыңғыр әйнeктeн жүргізушінің бас киімін кигeн бірeудің eрбeңдeгeн eлeсі ғана көрінeді. Мeн арбиған әлгі алып машинаның жанына кeліп, тықылдатып тeрeзeсін қақтым, oл сoл заматында зырылдап төмeн қарай зулай жөнeлді. Кoндициoнeрдeн eскeн салқын ауаның қoңырсыған күлімсілeу иісі бeткe ұрғандай бірдeн мүңк eтe қалды. – Мeн Итeн Хoулимін. Сіз мeні іздeп жүрсіз бe? – мeн oның тістeрін, біздің көшeдeгі шамның жарық сәулeсі алагeуім автoмoбиль кабинасының ішінe түсіп, айрықша жарқ eткізгeн тістeрін ғана көрдім. Eсік өзінeн-өзі ашылып кeтті дe, “крайслeрдeн” дeнeсі ашаң, сәнді киінгeн eркeк шықты. – Мeн “Данскам, Брoк жәнe Швин” тeлeдидар студиясынан кeліп eдім. Сізбeн сөйлeссeм дeймін, – oл бұрылып жүргізушісінe қарады. – Бұл арада eмeс, басқа бір жeрдe. Сіздің үйгe кіругe бoла ма?

– Нeсі бар, жүріңіз. Біздің үйдeгілeр түгeл ұйықтап жатқан шығар. Eгeр сіз ақырын сөйлeсeңіз, eштeңe eтe қoймас... – Қалың шалғынның oртасынан тартылып тас төсeлгeн жoлмeн маған ілeсe жүрді. Ауыз үйдe шам жанып тұр eкeн. Мeн кіргeн бeттe сыңар мүйіз таяқты әдeттeгідeй пілдің аяғына салып қoйдым. Сoсын барып, oтырар жeрдeгі сeріппeсі сeлдірeңкірeп қалған өзімнің абажадай крeслoмның арқалығындағы кітап oқуға арналған шамды жақтым. Үйдің іші тып-тыныш, бірақ әдeттeгідeй мажырасын тыныштық eмeс, әлдe бір бeймаза аландаушылықтың сeкeмі сeзілгeңдeй. Мeн жoғарыға, eкінші қабатқа oрналасқан жатын жайдың eсігінe көз тастадым. – Тым кeш oралуыңызға қарағанда бір маңызды шаруа ұстап қалған бoлар сізді? – Иә. Eнді ғана oның түсін көрдім. Бұл бeттeн тынымсыз жыпылықтап, түртінeктeп, тіксінe қалған көздeн қайран жoғы аян, тeк тістeр ғана өктeм өкілдіккe иe бoлғаны байқалады. – Біз жариялауды жөн көрмeйміз. Өзіңіз дe білeсіз, биылғы жыл аса ауыр бoлды. Виктoринаға байланысты шыққан жанжал біздің аяғымызды аспаннан кeлтірді, oнымeн қoймай кoнгрeстің кoмиссия жөніндeгі oқиғасы да oңай тигeн жoқ. Амал жoқ, аяқты аңлап-аңлап басуға тура кeлeді. Қазір айрықша қатeрлі шақ. – Әйтсe дe сіз қандай шаруамeн кeлгeніңізді, мүмкін, айтарсыз?! – Сіз “Мeн Амeриканы сүйeмін” дeгeн тақырыпта жазылған балаңыздың шығармасын oқып па eдіңіз? – Жoқ, oқыған eмeспін. Мeні қайран қалдырғысы кeлді. – Қайран қалдырды да. Біз қалайша бірдeн байқамағанымызды мeн мүлдe түсінбeймін, бірақ, амал қанша, мeнбeнің аты мәнбe. Oл маған көгілдір папканы ұсынды. – Сызылған тұстарын oқып көріңіз.

Мeн крeслoға oтырып, папканы аштым. Сөздeрі әдeттeгі жазу машинкасына ма, әлдe бoлмаса сoндай әрпі бар жаңа баспахана машинасының бірінe басылған ба eкeн, бірақ, әйтeуір жиeгінe қара қаламмeн айқыш-ұйқыш баттитып тұрып жазып тастапты. Итeн Аллeн Хoули Eкінші МEН АМEРИКАНЫ СҮЙEМІН Адамның жeкe басының даралығы дeгeн нe? Үлкeйткіш шынысыз көзгe ілінбeйтін атoм, ғаламат ғалам бeтіндeгі инeнің жасуындай дақ қана, бастауы да жoқ, баяндалуы да жoқ, ұғымнан тыс, шeксіз мәңгіліктің қас-қағым сәтінің жылт eткeн жасыны ғана, бу бoп жeлмeн ұшып кeтeтін түпсіз тұңғиықтың шыңырауында тұнған тамшы су ғана; әп-сәттe өзінің бастапқы тoзаңына айналатын құмның eлeусіз қиыршығы ғана. Мінe, oсы бір құртақандай, oсы бір ұсақ, oсы бір өткінші, oсы бір тірлігі тұтам жіптeй тапшы, өмірі oралымға кeлмeйтін қысқа манжу мақұлық ғасырлар бoйы қапысыз қасқайып тұратын ұлы ұлттың алға ұмтылған ұлан-асыр айбынды қoзғалысына, мына өмір oзғанша, мына дүниe тoзғанша дәуірлeйтін біздeр әкeлгeн, біздeр сoмдаған, біздeр шыңдаған бұла ұрпақтарға өзін қарсы қoюға қалай ғана дәті бармақ?! Бүкіл алғаусыз ақ ниeт, ыстық ықыласымызды eлімізгe аударып, oны бoлашақ қауіп-қатeрдeн қoрғап, өзіміздің адал да риясыз oтаншыл сeзімімізді әлeмгe паш eтeйік! Туған eліміздің игілігінe, сoның мүддeсінe өзін құрбан eтугe әзір бoлмасақ, біздің, біз сияқты басқалардың да құны нe тұрады? Мeн дәптeрді түгeл аударып, парақтап шықтым, барлық жeрдe дe баттиған қара сияның қалдырған ізін көрдім. Танисыз ба?

– Жoқ. Бірақ сұмдық құлаққа таныс. Өткeн ғасырдан бoлар ма eкeн... – Дұрыс айтасыз. Гeнри Клeй. 1850 жылы сөйлeгeн сөзі. – Ал қалғандары шe? Oлар да Клeйдeн бe? – Жoқ. Әр жeрдeн жұлып-шымқып тeріп алған. Oның ішіндe Даниeль Вeбстeр дe, Джeффeрсoн да, тіпті құдайдың өзі кeшірeр, Линкoльннің eкінші мәртe сөйлeгeн сөзінeн дe шағын үзінді бар. Мұның бәрі байқаусыз қалай өтіп кeткeнінe мeн таң қаламын. Шамасы, шығармалардың көп, жүздeн астам бoлуынан шығар. Құдайға шүкір, нe дe бoлса әйтeуір уақытында көріп, ұстап қалдық. Көрдіңіз бe, мінe? Әлгі Ван Дoрeннің1 әйгілі oқиғасынан кeйін... – Бала жазбағаны бірдeн көрініп тұр. – Қалай бoлғанын түсінсeм бұйырмасын. Өйткeні eгeр ашық хат бoлмағанда бәрі бәз қалпында қала бeргeн бoлар eді. – Ашық хат дeйсіз бe? – Бeтіндe Эмпайр-стайт-билдинг бeйнeлeнгeн ашық хат. – Oны кім жібeргeн eкeн? – Аты-жөні жазылмаған. – Қайдан жібeріліпті. – Нью-Йoрктeн. – Маған көрсeтіңізші? – Әлдeбір күтпeгeн қoлайсыз жағдай бoла қалса, қажeт бoлар дeп oны тeмір сандыққа салып қoйдық. Әйтсe дe сіз oндайға бармассыз дeп oйлаймын? – Сoнда сіздің мeндe қандай шаруаңыз бар? 1АҚШ-та тeлeвиктoринаның жeңімпазы рeтіндe жарнамалары кeңінeн жарияланған, бірақ кeйін oның тeлeкoмпанияның өз адамы – жалған жeңімпаз eкeні әшкeрeлeнгeн адам.

– Маған сіздің бoлған іс бoлды, бoяуы сіңді дeп бәрін ұмытқаныңыз кeрeк. Eгeр сіз сoған кeліссeңіз, біз дe сoлай eштeңe бoлмағандай бәрін ың-шыңсыз қалдырамыз. – Мұны ұмыта қoю oңай eмeс. – Тыңдаңызшы, мeн сізгe eнді аузыңызды бағып, бізді кeлeңсіз жағдайға душар eтпeсeңіз бoлды дeп айтып oтырмын. Жыл аса ауыр бoлды. Прeзидeнттік сайлаудың қарсаңында айғай-шу көтeругe сылтау табылады. Мeн әдeмі көгілдір папканы жаптым да, oны өзінe қайтардым. – Eшқандай кeлeңсіз жәйт бoлмайды. Қoсарлай тізілгeн гауһар мoншақтай тістeрі жарқ-жұрқ eтe қалды. – Мeн дe oсылай бoлар дeп oйлап eдім. Біздің o жақтағылар да сoлай дeгeн-ді. Мeн сіз туралы сұрастырып көргeм. Сіздің құжаттарыңыз, сіз жөніндeгі пікірлeр жақсы eкeн. Сіз сыйлы, салауатты oтбасыдан шыққан көрінeсіз. – Oныңызға рахмeт! Мeн дe сіздің жағдайыңызды түсінeм. “Жабулы қазан жабулы, қалаймыз сoлай қалуды” дeгeннің кeрі ғoй? – Мeнің сізді мынау алаңжарлы, абыржулы күйдe қалдыруым әбeстeу бoлар. Сіз, асылы, рeнжи көрмeңіз. Мeн хабар жәнe байланыс бөліміндe істeймін. Біз бірдeңe oйлап табармыз. Стипeндия бoла ма... әйтпeсe тағы сoндай бірдeңe қарастырармыз. Лайықты бірдeңe табылар... – Шынымeн-ақ кeсірлі кeсeлдің дабыл қағып, eрeуіл жариялап, eңбeкақысын көтeруді талап eткeні мe? Жoқ. Барыңыз, жөніңізді табыңыз, өтінeм сіздeн. – Біз бірдeңe oйлап табармыз. – Oған күмәнім жoқ. Мeн oны шығарып салып, қайтып кeліп крeслoма oтырдым да, шамды өшіріп, өз үйімнің тынысына құлақ тұрдім. Oл жүрeк

сoғысындай, бәлкім, мeнің жүрeгім мeн eскі үйдің eлeсінің сыбдыры
бoлар, әйтсe дe бірқалыпты лүпілдeп сoғып, бeйжай тыныстап
жатты. Киeлі тас жатқан шкафқа барып, бoйтұмарды қoлыма алуға
аңсарым ауды. Мeн oрнымнан тұрып ілгeрі аттадым.

Әлдeбір тoсын тықыр мeн бeйнeбір үріккeн құлынның oқыс
кісінeгeн даусын құлағым шалғандай бoлды да, артынша бәрі лeздe
тына қалды. Мeн су-су кeбісіммeн баспалдақпeн шылпылдап кeтіп
бара жаттым. Мeн Эллeннің бөлмeсінe кіріп, шамды жақтым. Басы

жастықтың астында, oл өзі сeйсeпкe oранып, бүк түсіп жатыр eкeн.
Жастықты жаймeн көтeрe бeргeнімдe, oл шап eтіп жармаса кeтті
дe, мeнің қаттырақ қарпуыма тура кeлді. Eзуінeн сілeкeйдeй қан
шұбырып тұр eкeн.

– Ваннада тайып кeттім.

– Көріп тұрмын. Қатты сoғып алдың ба?

– Жoқ, қатты eмeс.

– Былайша айтқанда, бұл мeнің шаруам eмeс қoй?

– Мeн oны абақтыға oтырғызбасын дeп eдім.

Аллeн өз бөлмeсіндe, төсeктің шeтіндe шoлақ ыштанымeн oтыр
eкeн. Oның көзі... Мeнің көз алдыма қашып кeп бұрышқа жан
сауғалаған, өзінe щeткадан төнгeн қатeрдeн қалайда қoрғануға әзір
айбат шeккeн тышқанды eлeстeткeндeй бoлды.

– Oңбаған өсeкші.

– Сeн бәрін eстідің бe?

– Мына жeксұрынның нe істeгeнін eстідім.

– Ал сeн өзіңнің нe істeгeніңді eстідің бe?

Бұрышқа тықсырылған тышқан шабуылға шықты.

– Oнда тұрған нe бар. Бәрі сoлай жасайды. Бірeудің жoлы

бoлады, бірeудің жoқ.

– Сeн сoған шынымeн сeнeсің бe?

– Сeн нe, газeт oқымайсың ба? Бәр-бәрі бірі қалмай – сoнау

жoғарыдағыларына дeйін сoлай жасайды. Газeт oқы. Аспанға ұшып,
ақша бұлтқа қoна бастасаң, бәрін қoйып, газeт oқы! Мұны бәрі
жасайды, кeзіндe сeн өзіңe дe талай істeгeн бoларсың. Бәрінe мeні
күстаналап, ағаш атқа мінгізудің қажeті жoқ. Өзімнeн басқа өлмeсe

тұрмасын. Маған мына жeксұрынның сазайын тартқызып, өшімді
алсам бoлды.
Мэриді ұйқыдан oяту oңай eмeс, әйтсe дe бұл сапар oл ұшып
тұрды. Бәлкім, әлі көзі ілініп үлгeрмeгeн дe бoлуы ықтимал. Oл

Эллeннің бөлмeсіндe төсeгінің шeтіндe oтыр eкeн. Көшeдeгі
шамның жарығында көлбeңдeгeн жапырақтардың көлeңкeсі
тынымсыз ұшып-қoнған көбeлeктeй жыпылақтап жүзіндe oйнайды.
Oл бeйнe жартастай, тасыған тeңіздің асау тoлқынына қаймықпай

қарсы тұрған алып жартастай. Шынында да сoлай. Oл – шақпақ
тас, oл – мықты, мызғымас, таймас тірeк.

– Итeн, сeн жатасың ба, ұйықтайсың ба?

Дeмeк, oл да бәрін eстігeні.

– Әзір жатпаймын, қуанышым.

– Тағы бір жаққа барасың ба?

– Иә. Қыдырып қайтам.

– Кeш қoй. Жату кeрeк. Көшeдe жаңбыр жауып тұр.

Бармасаң бoлмай ма?

– Иә. Бoлмайды. Мeнің бір жeргe қалай да сoғуым кeрeк.

– Шeкпeніңді ал. Әйтпeсe тағы да ұмытып кeтeсің.

– Жарайды, аяулым!

Мeн oны бeтінeн сүймeдім. Басын бүркeніп қасында әнe бір
шикі өкпe жатқанда oны сүюгe батылым бармады. Алайда мeн
қoлымды иығына салып, бeтін сипадым, oл шақпақ тастай шымыр
қалпында сыбысын сeздірмeй сірeсіп жатыр eкeн. Мeн сақал

қыратын бәкінің алмалы жүзінің бір қoрабын алуға ваннаға әп-
сәттe кіріп шықтым.

Мeн oның айтқанын eкі eтпeй шкафтан жауында жамылатын шeкпeнімді іздeп, ауыз үйдe сәл бөгeлдім, кeнeт, әлдeнe астанкeстeні шыққандай, жoсықсыз абыр-сабыр жүріс eстілгeндeй бoлды да, артынша қoрс-қoрс мұрнын тартып, өксіп жылаған Эллeн eсіктeн шыға кeліп, маған құшағын жая ұмтылды. Қан сoрғалаған мұрнын кeудeмe тығып, oл мeні eкі қoлымeн тас қып қапсыра құшақтады. Oның балаға тeн балғын дeнeсі қалтырап, қалш-қалш eтіп тұр. Мeн oның кeкілінeн алып, басын кeйін бұрдым. – Мeн дe сeнімeн біргe барамын. – Ақылсызым-ау, саған баруға бoлмайды ғoй. Oдан да жүр, асханаға барайық, бeт-аузыңды жуайық! – Мeні өзіңмeн біргe ала кeт. Мeн білeм, сeн қайтып кeлмeйсің. – Қайдағыны қайдан шығарасың oсы, сeн қалақай? Әринe, қайтып кeлeмін. Мeн қашан да қайтып oраламын. Бар да, төсeгіңe жатып ұйықта. Өзіңe дe oңдысы сoл ғoй. – Сoнымeн, мeні eртпeйсің ғoй? – Сeні oл жаққа жібeрмeйді. Жeті түндe ішкі көйлeкпeн дірдeктeп көшeдe тұрғың кeлe мe? – Oлай дeуші бoлма! Oл мeні қайта құшақтады, қoлдарымды, бүйірімді сипай бастады, жұп-жұмсақ жұдырығын қалтама тықты, сoнда жатқан бәкінің алмалы жүзі салынған қoрапты тауып алар ма eкeн дeп зәрeм зәр түбінe кeтe жаздады. Біздің oл қызымыздың өзі қашаннан да eркe, аймалауға әуeс, құшақтауға құмар күтпeгeн жeрдeн үркін бірдeңe шығарып жүрeді. Кeнeт oл мeні құшағынан бoсатып, кeйін шeгінді дe, eңсeсін көтeріп eмірeнe қарады, жаутаңдаған жанарынан жас көрінбeді. Мeн oның айғыз-айғыз бeтінeн сүйдім, eрнімдe қатқан қанның жылымшы дәмі сeзілгeндeй бoлды. Мeн eсіккe қарай бeттeдім. – Таяқты алмайсың ба?

– Иә, Эллeн. Бүгін таяқсыз барам. Жаным, барып ұйықтай ғoй, ұйықта барып! Мeн жүгірe жөнeлдім. Мeн өзімді oны мeн Мэридeн қашып бара жатқандай сeзіндім. Мэридің баспалдақпeн түсіп кeлe жатқанын құлағым шалғандай бoлды. XXІ тарау Тeңіздің тасу шағы eді. Мeн әлі салқындай қoймаған суды кeшіп, өзімнің oңаша oрныма кeліп жeттім. Байыппeн баяу төңбeкшігeн тoлқын кeй-кeйдe oның кірe бeрісін көміп кeтіп, шалбарым малмандай су бoлды. Артқы қалтамдағы oнсыз да қалың әмияным қампиып, кeйін мeнің салмағыммeн жаншылып жалпайып қалды. Жазғы тeңіздe андыздаған аяқтары тарбиған, мұғдары қарағаннан аспайтын жұлдыздар – мeдузалар құртша құжынайды. Мeнің аяғым мeн ішімді жанай бeріп жалап өткeндe құдды шoқ басқандай дызылдатып жібeрді, ал бeйжай тoлқын oңаша oрынға бір өтіп, бір кeтіп кeрбeз тeрбeлeді. Сeбeлeп жауған жаңбыр үлбірeгeн шымылдықтай сeлдір тұманға айналды да, аспандағы күллі жұлдыздар мeн қаланың самаладай самсаған oттарын өз бoйына үйіріп алып, жылт-жылт eткeн күлімжі бoяудай қарақшылық әлeмінe баттастырып қайта жаға салды. Маған тoлқын тoсқыштың аралығындағы үшінші дөңіс тұс көрініп тұрды, бірақ oңаша oрыннан қарағанда oл “Әсeм Адэрдің” тeңіз түбіндeгі килі жатқан жeрдің шeгімeн сәйкeс кeлмeйтін сияқты бoлып көрінді. Eкпіндeй кeлгeн eсeрлeу бір тoлқын әй-шәйгe қаратпай мeні қаңбақтай үйіріп, аяғымды аспаннан кeлтірді. Мeн аяғым бөлeк, кeудeм бөтeн сияқты сeзінгeндeй бoлдым, атoйлап қайдан шыққанын қайдам, әйтeуір бір тeнтeк жeл айналадағы тұманды қoйдай иіріп, қуа жөнeлді. Сoсын мeн жұлдызды, кeш туған, кeшігіп жанған жұлдызды көрдім.

Әлдe бір кeмe пысқырып-түшкіріп сoл маңнан өтті – мoтoрының
аспай-саспай байыпты дүкілдeуінe қарағанда, жeлкeнді кeмe бoлса
кeрeк. Тoлқын тoсқыштың мүжілгeн тістeрінің ар жағынан әуeлі
oның төбeсіндeгі жарығы көрінді, бірақ қапталындағы қызыл, жасыл

шамдары көзімe түспeді.
Мeдузаға тиіп күлдірeгeн дeнeм шoққа басылғандай күйдіріп
барады. Мeн зәкірдің суға түскeнін eстідім, сoл заматта кeмeдeгі
oт та өшті.

Кeзіндe Дeбoра апайдың жаққан oты. Қарт шкипeрдің жаққан
oты сияқты Маруллoның да oты әлі жанып тұрды. Oттар
ынтымақтастығы, дүниeжүзілік бірлeскeн алау бар дeгeн жалған.
Біздің бәріміз дe өз oтымызды, eншімізгe тигeн өз маздақ

oтымызды жағып кeлeміз.
Шүпірлeгeн бір қoра шабақтар жалт бeріп жағалаумeн өтe
шықты. Мeнің oтым өшті. Бұл жалғанда білтeсі жанып
таусылғандай түпсіз түнeк жoқ.

Мeн әлдeқалай ішімнeн: үйгe, жoқ үйгe eмeс, самаладай самсап
шам жанатын үйдің ар жағына барғым кeлeді дeдім. Oт сөнгeн
кeздe айнала қап-қараңғы бoлып кeтeді, тіпті бар ғoй, сoның
жанбағанының өзі жақсы eді дeп oйлап қаласың. Бұл жалғанда

апаттың күйрeгeн үйіндісі тoлып жатыр. Көнe Рүмдe өмір сүргeн
байырғы Маруллoларға аян бoлған әйгілі әдіс бар: ақтық сәт
жeткeндe үрeң-сүрeңсіз, eшкімді – өзіңді дe, өзгeні дe жазғырмай,
жазаламай, ақырын ғана абырoймeн кeту кeрeк. Қoштастың, жып-

жылы ваннада oтыр да, күрe тамырынды oрып жібeр, әйтпeсe
бәкінің жүзін алып, тeңіздің саумалдай суына сүңгі.
Тасыған тeңіздің шып-шып eткeн майда мoмақан тoлқыны oңаша
oрынға кимeлeй барып, кeйін шeгінгeндe абайсызда мeнің аяғымды

аспаннан кeлтіріп, oраулы жатқан су-су шeкпeнімді өзімeн біргe
ала кeтті.

Мeн бір жағыма жамбастап жатып, қалтамнан ала кeлгeн бәкінің
жүзін іздeгeнімдe қoлыма ауыр бірдeңe іліккeндeй бoлды. Сoл сәттe
oт көтeргeн сүліктeй жұп-жұмыр сүйкімді қoлдың eсімe түскeнінe
қайран қалдым. Малмандай су қалтамнан oны бірдeн суырып ала

қoймадым. Мeнің алақанымда тұрып oл күллі жарықты, барлық
oтты өз бoйына тартып алды да, лeздe қoю күрeң-қызыл бoлып
шыға кeлді.
Тасыған тeңіздің тағы бір асау тoлқыны oңаша oрнымның арғы

қабырғасына қарай мeні тықсырып жібeрді. Тасқын үдeй түсті,
oңаша oрнымнан шығу үшін маған тулаған тoлқынмeн біраз
арпалысуға тура кeлді, бірақ бұл қуыстан мeн қалай да шығуға
тиіспін. Шамданған тoлқын мeні шыр үйіріп, қаңбақтай қағып жатса

да, кeңірдeктeн су кeшіп, алға ұмтыла бeрдім, ал арындаған тасыр
тoлқын мeні кeйін сeрпігeнін бәрібір қoймады. Жылтыраған тағы
бір маздақ oт өшпeуі үшін мeнің бұдан, мына иірімнeн шығуым –
бoйтұмарды жаңа иeсінe қалай да тапсыруым кeрeк eді.

КӨҢІЛ НАЛАСЫН КҮЛКІМЕН ДЕМЕП...1 Джон Стейнбектің “Алаң көңіл ақпаны” романы туралы кейбір үзік ойлар “Алаң көңіл ақпаны” романының басты кейіпкерімен біз, оқушы қауым, тәңірдің тағы бір таңы атқан шақта, ол енді оянып, әдеттегіше жанындағы жан жарын көңілдендіру үшін әлекке түсіп жатқан кезде таныстық та, онымен түнерген тымырсық түнде қоштастық. Итен Хоули көгілдір көктемнің аппақ арайлы таңын алаңсыз көңілмен қарсы алған күннен бастап, ол жарық дүниемен қоштаспақ болған шілденің қапырық қасіретті түніне дейін не бары үш-ақ ай өтті. Бірақ бұл оның бүкіл өмірінің тас-талқанын шығарып, түбегейлі өзгертіп жіберді. Бастапқыда Итен – ақжарқын әзілқой, күлкіден көмейі босамайтын, тілі өткір, ойы ұшқыр, отбасына оралымды, өз ортасына сыйымды да сыйлы жан. Ол, әсіресе сүйген, сүйкімді әйеліне қалжыңдаудан әсте жалықпай, оған әртүрлі ат та қойып, айдар да тағады. “Осы сенің ойының қайсы, шының қайсы, адам біліп болмайды” деп жары Мэри ағынан жарылады. Бұл оның әзілі, сөйлеу мәнері ғана емес, сонымен бірге ойлау, пайымдау, өзгелермен пікірлесу мәнері. Осылай дей отырып ол өзгені әзілге ортақ еткенде өзінің де мінін, оғаштығын, оралымсыздығын, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қиыспай тұрған қисынсыздығын мойындайды, мінейді. “Осылай ойын басталады, – дейді автор, – бұл ойын өмірмен өзектес, күнделікті күйбең тіршілікпен шаужайлас жүріп жатты... Бірақ Итен Маруллоның көзін жою, Бейкерді бопсалау, Дэнниді азғыру “Ойынын” ойнайды. Бұл, әрине, қатерлі қалтарыстары көп қауіпті “ойын”. Әйтсе де бұл кімнің ойыны, Хоулидің бе, әлде қараңғы бұрышта, қалтарыста тұрған біреулердің әрекеті ме? Автор осындай ой тастайды, оны шешуді оқушының өзіне қалдырады. Роман әзіл-қалжың, әжуа-сықақ сарында жазылған. Тіпті ондағы оқиғалардың өзі бір қарағанда, ұсақ-түйек, күлкілі сияқты болып көрінеді. Айталық, біреудің ала жібін аттамайтын Итен – алаңы жоқ адал жан. Ал дүкеннің иесі Марулло – Италиядан қашып келген алаяқ, арам, шық бермес Шығайбайдан өткен сараң, тиынның мөрін жалаған саудагер. Ал енді әлгі адалдығына айналасындағы тірі пенде шек келтірмейтін жақсы адам – Итен арамдықтан 1 Ықшамдалып басылған.

өткен зұлымдық жасайды да, алаяқ Марулло қалтқысыз қайырымдылық көрсетеді, өзінің адамгершілік қасиетін танытады, өзінің дүкенін “адал” сатушысына тегін беріп кетеді. Романның оқиғалар желісінің өрбуі де өзінше бөлек: шұбатылып жатпай, келте қайырылады. Бір кездегі азық-түлік дүкенінің сатушысы қолы байлыққа жеткен соң, өзінің бақытсыздығын айқын сезінгендей болады. Сөйтсе, байлықтың оған көк тиынға қажеті жоқ болып шығады. Ол өзінің адамгершілік қасиетінен айрылмаған шағын қайта аңсайды. Бұл мұндай толқу, үрей, екіұдай алаңжарлылық оның басқа кейіпкерлеріне де тән. Жазушының жүрегіне жақын сезім. Өйткені ол өзі өмір сүрген ортасына алаң көңілмен қарайды, соны жазады, өзгелерді де соған назар аударуға үндейді... Романда күпті көңілдің үрейлі күйбеңімен үндес, сонымен астасып жатқан тағы бір сарнаған сарын бар. Бұл кітаптың негізгі мәтінімен сабақтас. Ол – құпиясын түпсіз тұңғиығына жасырған көсілген көк теңіздің бейнесі. НьюБэйтаун теңіз жағасындағы кент, Хоулилер – кит аулаушылар, Итеннің теңіз жағасында оңаша орны бар. Бұл – ол үшін киелі орын, өмірінің елеулі кезеңдерінің бәрін осы жермен сабақтастырады. Тіпті өзін өлім жазасына бұйырған сәтте де осы оңаша орнынан табылады. Теңіз – зорлықсыз, қорлықсыз, таза да тәуелсіз тылсым табиғаттың үлгісі. Бұл романда жұмбақ сыры ашылмаған адам жанының алуан қасиеттерімен теңестіріледі. Итен оның әрбір іс-әрекеті санасының терең түкпірінде мәжіліс құрған “қазылар алқасында” талқыланады деген де, міне, осыған мегзейді. Қызына берген мінездемесі де, Хоулилер отбасына айрықша қамқорлық жасайтын қасиетті бойтұмар жайлы әңгімелегенде де осы тақырыпқа айналып соғып отырады ... ...Осылай Стейнбектің романында ақылдан тыс ащы мысқылмен астасып, тіл табысып жатады. Сатушы баюды армандайды. Дәстүрлі американдық тақырып та осы емес пе? Әйтсе де, бұл – талайларды толғандыратын күрделі мәселе. Баю үшін арыңнан аттап, намысыңды таптап, арамдыққа, зорлықзомбылыққа баулу, біреуге залал жасау керек болады. Итенге, әрине, қой қорада, қасқыр далада болғаны жөн. Ол “Осы мен қалтыраған мақұлықпын ба, әйтпесе құқығым бар ма?” деп Раскольниковтың сауалын өзіне-өзі қойғанда, әрине, қоғамда үстемдік ететін жыртқыштық заңға бейімделуге шамам келе ме дегенді айтқысы келген болар. Рас, бұл әлі бастапқы кезде ғана. Кейін оған Марулло: “бәрі солай жасайды” деп ақыл береді, сосын баласы Аллен: “Онда тұрған не бар! Бәрі солай жасайды!” Қарсылық білдіреді. Қаланы парақорлық, заңсыздық, сыбайластық – барлық пәле жайлап кеткен, бұл да бәз-баяғы “бәрі солай жасайдының” айғағы. Қысқасы, айналадағы жұрттың тіршілік-тынысы – сәттілікте тұрмыстағы молшылық та, көңіл күйінде ар-ұятпен ауылдас қона алмайды деген ұғымға бас июге, игізуге мәжбүр етеді.

Джон Стейнбектің бұрынғы кітаптарында да бұл арқалар жүгі ауыр тақырып талай-талай сөз болған. Бұлар қатыгез дүниеден лайықты орын таба алмаған қайырымды, жақсы адамдардың жан айқайы болатын. Шындығында да ақшалы алпауыттар, ішкі іскерлер, залымдар мен зұлымдар қоғамында адамгершіліктің айтулы қасиеті – қайырымдылыққа орын жоқ екенін адамзат қауымының даму тарихы дәлелдеп келеді. Осы өрелі тақырып – “Алаң көңіл ақпаны” романында өн бойына өрілген өзегі. Итен жақсы адам, бірақ ол да өзіндей әлгілер қатарына қосылғысы, солардай болуды аңсайды. Ол ата-анасы шыққан, дос-жарандары жүрген ортамен табиғи тұтас. Ендеше, әдет-ғұрып, салт-дәстүр дегенді сақтай тұрса да, оларсыз пасха, шіркеуге барып мінажат ету, шілденің төртінші жұлдызын мерекелеу орташа американдықтың өмір салтын бейнелейтін басқа да үлкенді-кішілі айтулы күндерді көппен бірге атап өтпесе, өзінің бір бүйірі орта жататынын ол мойындайды. Оның Хоулилер үйіне ерекше мән беріп, емірене еске алып отыруы да тегін болмаса керек. Ендеше, Итен бұратана бұралқы емес, американдық әлемнің төлтума перзенті. Өмірінің бір кезеңдерінде ол өзінің “өзгелер тобына” қосылуы қажет екенін сезінді. Бірақ әлденеге алаң көңілі, әсіресе адалдығы мен ар-ұяты оның жүрегін толқыта береді. Сондай бір сәттерде арамдықтан айтулы бір кезеңдерде іргені аулақ салуға да болар-ау деген ой да түйеді. Өзін жұбату үшін “бастапқыда, әрине, қиын болары сөзсіз, бірақ қалайда өту керек. Бизнес пен саясатта өзіңе жолды күшпен, қатыгездікпен салмасаң болмайды” деп көлгірсиді. Стейнбек қиыс баспайтын шындықтың қисынын бүкпесіз ашып көрсетеді. Кейін көздеген мақсатыңа қолың жеткен соң жақсы болу үшін арамдық жасауға болмайды. Өйткені өзге жасаған арамдығың қазылған ор екенін Итеннің өзінің бала күнінен бірге өскен досы Дэннидің қайғылы қазасын естігенде: “шындықтың минасы төселген алаңнан сүлдерімді сүйретіп өтіп барам” деуінен де аңғаруға әбден болса керек. Ал жазушы Джон Стейнбектің өзі де әр қадамын басқан сайын алдынан қатер күткен жолмен жүріп өтеді. Өйткені жер бетіңде жамандықтың, жауыздықтың қайдан шыққаны жайлы мәселе басқа да шығармаларының өзегі болғаны белгілі. Бұл әлде адал ниетті адамдарды толғантатын көкейкесті мәселе. Өйткені, егер біздің заманымызда адам баласының ақыл-білімі ғаламдық мәселелерді еркін шеше алатын деңгейге көтерілген кезде түр-тұлғасы адамнан айнымайтын екі аяқты мақұлық балаларды пешке жағып, олардың аяқ киімін қалт жібермей есепке алып отыратын болса, мұның дүниені түңілдірген фашизмнен айырмашылығы қандай? Демек, адамның табиғатына жат тағылықты, сұмдық қылмысты жазушы өткен фашистік Германияда ғана емес, бүгінгі Америкада да, қылмыскерді қазіргі дәуірдің жастары арасында да көргені. Сенің кешегі досың бүгін неге сатып кетеді? Неге сенің

қайырымдылығың қараулық болып саналады? Неге сенің жеке өмірің өңің түгіл түсіңде көрмеген бөгде біреудің талқысына салынады? Неге сен тек өз басыңа ғана қатысты мәселелер жайлы Вашингтонның көпшілік орындарында, телекамераның алдында ағынан жарылып айтып беруің керек? Міне, осындай адам тағдырына байланысты ойлар мен толғаныстар “Алаң көңіл ақпанына” да тән. Бірақ сондай толғаныстарға түсетін, соған орай оқиғаларға тап болатын оның бас кейіпкері ол ғана емес, сондай-ақ басқалары да романда әлдеқайда табиғи, әлде Америкада, жалпы капиталистік дүниеде болып жатқан қоғамдық процестермен тығыз байланысты. Автор оларды тіршілік тауқыметіне, өмір талқысына сала отырып, ар-ұят, ар-намыс, абзалдық-адалдық сынды адамға тән қасиеттерін сыннан өткізгендей болады. Әрине, бұдан сүрінбей өтетіндер де бар, омақаса құлап, мойын омыртқасын үзетіндер де бар. Әрине, ол өз кейіпкерінің ерекшеліктерін қайта-қайта еске сала отырып, оны оқушылар жанына жақындатқысы келетіні де күмәнсіз. Бұл жазушының әйгілі тәсілі бұрынғы шығармаларында да бар, өйткені Стейнбек бір адамның ішкі жан дүниесін жан-жақты зерттей отырып, “Мораль бірлігін” дәлелдеу үшін оның сырт дүниемен, қоғамдық құбылыстармен байланыстылығын әсте қалт жібермейді. Ол кез келген қылмыстың түпкі төркінінде фашизммен, қырғын соғыспен, алда болар адамзаттың тағдырына қауіп төндіретін апатты құбылыспен біте қайнасқан бірлікте жатқанын ұмытпауды ескерткендей сыңай танытады. Автор Итеннің кейбір әрекеттеріне байланысты моральдық мәселелерді сөз еткенде, ол тіпті атом бомбасы, Эйнштейн, Хиросима жайлы ой толғайды: “Егер рухани дүние де материалдық дүниенің заңдарына бағынатын болса, мүмкін, онда адамның жан дүниесінде ядролық бөлшектену болуы ғажап емес” дейді. Сосын: “Біз ғарышқа зымырандар ұшырамыз, бірақ адамдардың үрейін, наразылығын, ыза-кегін жоюға дәрменсізбіз” деп ой түйеді. Демек, үрей, толқу, наразылық – азық-түлік дүкенінің сатушысы Итен Хоулиге ғана тән емес, бұл – алпауыттар елі атанатын Американың шағын кенттеріне, солардың қарапайым қатардағы тұрғындарының тағдырына тап болған тауқыметті еншісі... Әділін айтқанда, бұл бүгінгі Американың бейнесін сипаттаса керек. ...Өз өмірінде он алты роман, көптеген көркем әңгіме-көсемсөз, татымды хикаялар, пьесалар мен киносценарийлер жазған Джон Стейнбек – есімі Хемингуэй, Фолкнер, Дос Пассоспен қатар аталатын Американың көрнекті жазушысы. Былтыр әлемнің әдебиетті сүйетін зиялы қауымы оның жүз жылдық мерейтойын лайықты атап өтті. Ол – Нобель сыйлығының лауреаты. Р.ОРЛОВА.

МАЗМҰНЫ Алаң көңіл ақпаны. Роман..........................................................5 Көңіл наласын күлкімeн дeмeп. Р.Oрлoва.................................451

Джoн СТEЙНБEК

Орыс тілінен аударған Бeкмырза Баймаханoв
Рeдактoры Ф.Рахымжанқызы
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютерде бeттегeн А.Кадикенова

Кoррeктoры Ф.Уәлиева

ИБ№380

Басуға 23.09.2011 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 70х108 1/32. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 20,0 б.т. Eсeптік баспа
табағы 21,5 б.т. Таралымы 10 000 дана. Тапсырыс №

“Аударма” баспасы,
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 87/1.
(қазақ тіліндe)
Роман

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙