Мазмұнға өту
Home

Жауқазын

Кәкей Жаңжұңұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жауқазын

Авторы: Кәкей Жаңжұңұлы

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кəкей Жаңжұңұлы ЖАУҚАЗЫН Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын УДК ББК Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитетінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы Кəкей Жаңжұңұлы. Жауқазын: Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2010 жыл. бет. ISBN

УДК

ББК ISBN

© Кəкей Жаңжұңұлы, 2012 © Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012

Алғы сөз Бұл кітапқа Моңғолия қазақтарының көрнекті ақыны марқұм Кəкей Жаңжұңұлының «Жауқазын», «Маусым» жəне «Қош, көктем!» атты жинақтарының таңдаулы өлең-жырлары енгізілді. Шығармашылығы 1965 жылдан басталған дарынды да талантты жас ақынның өлеңдері халыққа тез танылып, кең тарады. 1971 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін оқып бітіруі қазақ əдебиетінің үлкен арнасымен қауыштырып, ақындық болмыс-бітімін жаңа белеске көтерді. Кəкей қазақ əдебиетінің əр жанрларына сүбелі үлесін қосқан ақын. Əсіресе поэзия саласында өз халқына берері көп дарын иесі екендігін көрсетті. Амал нешік, ол ұшақ апатынан 1992 жылы қайтыс болды. Оның шығармаларының өзекті мəселесі атамекенге сағыныш, қазақтың дербес мемлекет құрып, өз тілінде сөйлеуі, қазақ тілінің қадір қасиетін бағалап, өз дəрежесіне көтеру еді. Жəне де ана мен бала арасындағы мейірім шапағаты, сағыныш, пəк сезімге толы махаббат лирикалары адамның жан дүниесін тербейді. Өзінің ұлтына, отанына, халқына деген жүрек жылуын барша қазаққа паш етуді армандаған Кəкей ұрпаққа ұлағатты мұра қалдырды деп айта аламыз. Елін, жерін, халқын сүйіп өткен Алтайдың ақиық ақыны Кəкейдің жарқын бейнесін еске ала отырып, жыр-маржанмен сусындаңыздар, оқырман қауым! Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ТУҒАН ЖЕР О, менің өскен жерім-бай алабым, Тербедің бесік болып, аяладың. Өзіңнен сүтін берген, күтім берген, Күніне мың мəртебе айналамын. О, менің мейірбанды бай алабым! Ғасырлар қасіретін артыпты адам, Туған жер сол үшін де артық маған. Өзің боп қарашығым, аяласам, Ал бірде бермесіңді тартып та алам! Туған жер сол үшін де артық маған! Тауларың сақтаушыдай қарап қырдан, Əскердей, орманың тұр, парад құрған. Құрағың желге иіліп майысады. Сұлудай сүмбіл шашын тарап тұрған. Туған жер, таңданамын қарап қырдан.

Өзіңнен өшпес бақыт құшамын да, Ақын боп тебіренем құшағыңда. Сұңқар боп қанат қағып ұшамын да, Батыр боп ерік берем күш-ағынға, Туған жер, тек өзіңнің құшағыңда. Жер жұмыр бейнесінде тоқтауы үшін, Енді еш қанды құйын соқпауы шын. Туған жер қасиетті кең кеудеңнен, Ешбір зар айтылмасын жоқтау үшін. Ешбір жан естімесін оқ дауысын!. 1965.

АУЫЛ ТАҢЫ Қылаң тартты шығыс жақ, Түн түнегі түріліп. Құстар сайрап дыбыстап, Қайнады сан тіршілік. Таң самалы өмірден, Түн ұйқысын жасқады. Көкшіл түтін өңірден, Көтеріле бастады. Нұрға толып жер үсті, Күннің жауып шапағы. Ертемен мал өрісті, Беттеп бара жатады. Жырға толып жер үсті, Таң да осылай атады. Ертемен ел əр істі, Бастай істеп жатады. 1965. ХӨХ ГОЛ

Жері бар ғой, басып туған жердің де, (Ері бар ғой асып туған ердің де), Жер жаннаты Хөх гол1 атты жайлау бар, О, ағайын! Көрмедің бе, көрдің бе? Жері бар ғой басып туған жердің де. Жолың болса қарсы алдыңда көлденең, Жатыр көлдер, көк белестер көлбеген. 1 Хөх гол – Көк өзен деген жер атауы

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Шығысында Мөнх-хайрхан2 бұлт киіп, Мұндалайды жан анаңдай кел деген. Жатыр жайлау көзді тарта көлбеген. Құшағына неше алуан күй енген, Жатыр төскей ақбас тауға сүйенген. Ол-Хөх гол, Алтын бесік, кең жайлау, Самаласын, сар даласын сүйем мен. Рухына бұл басымды ием мен. Кең кеудесін шаттық атты жел ескен, Көз жіберші гүл жамылған белестен. Жұмыртқадай аясында шайқалған, Жайлаудағы қалай шығар ел естен. О, Хөх гол жер ұйық сен емес пе ең?! Тау төсіне еркелей кеп асылып, Жатыр бұлақ көбік шаша асығып. Көлдер, көлдер ыңырана толқиды, Жөңкілгендей сұр дөңеске басылып. Жатыр өзен буырқана асығып!.. Нұрға бөлеп, жырға бөлеп дараны, Мейірлене күн сұлу да қарады. Сағым ойнап сары төске жан кіріп, Қора-қора қойлар қаптап барады. Жандандырып күллі өңірді даланы. Суылымен неше алуан жыр құрап, Желге иіліп, тəжім етіп тұр құрақ. Үйір-үйір жылқы жатыр жағалай, Тай-құлындар шапқыласып шұрқырап. Азан-қазан сан алуан жыр құрап. Шұбатылып ол тұсы мен бұл тұсы, Ұшып-қонған көл жағалай жыл құсы. Əне! Қырда құрығына сүйеніп, Ат үстінде ағытты əнін жылқышы. Үнін қосып неше алуан жыл құсы. Аңдары анау, қалың малмен теңескен, Қаптай өріп ойлары мен дөңестен. Уа, Хөх гол! Аялаған анашым, Мендағы бір құлыншағың емес пе ем! Көппен бірге еркін өскен, тең өскен!... Жүзі жарқын жасының да қартының, Мұндадағы алмас жандар бар тыным, Мұнда да бар еселі еңбек қайнаған. Жалындатып жаңа өмірдің қарқынын. Үлесі ол-жасының да, қартының! Күй бөлесе кең даланың өзегін, Жырлай бермей қалайша мен төземін. Күнде думан-ойын сауық құшағы, Жайлап отыр өз ауылым-өз елім, Жарандар-ау, қалайша мен төземін. Төсімді ашып самал құша шабайын, Осылайша бір рахат табайын. Азынатып дүлдүліңді мінгізші, О, ағайын, ақ көңілді ағайын! Жыр жолымен жүйіткіте бір шабайын! 2 Мөнх –хайрхан – Мəңгілік тəңірі дегенді білдіретін жер атауы

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын БАБАМ МЕНІҢ Ашпын деп отырмаған текке налып, Қолына айыр,соқа-кетпен алып. Бересін қара жердің тартып алған, Япырай, бабаларым неткен алып. Күштіге-күшсізбін деп жасымаған. Күшсізге-күштімін деп тасымаған, Көтерген қатал өмір тағдырларын, Япырай, бабам неткен асыл адам. Кетсе де дос сүрініп, қас ақталып, Жау болып аттанбапты жасақтанып. Көндіріп парасатпен адамзатты, Игілік талай істі жасапты алып. Ашқанда дүние атты бір есікті, Озбырлық үстемдікпен тіресіпті. Өмірден езу тартпай өтсе де өзі, Мені күлсін, шаттансын деп күресіпті. ***

Кек тасқындап, кеудеге мұң батқан шақ, Қас жауларын жайпап өткен аттан сап. Жығылғанда қан жамыла қайысып, Ұрпақ үшін келер күнді жатты аңсап. Болса да өзі «көн етікті пұсырман» Ақ арманы қара бұлтты ысырған. Кейінгіге ер рухым қалсын деп, Зеңгір көкке бейбіт құсын ұшырған. Қанын төгіп сол бір ауыр жыл үшін, Бабам менің қорғап қалған ұлысын. Дала төсін ат тұяғы қытықтап, Шауып өтті ол кекке қайрап қылышын. 1966.

ЖАЗҒЫ ТҮН Қақ айырып көк төсін, Баяу жүзіп барады Ай. Жер сұлуға телміріп, Қарады-ай кеп, қарады-ай. Таудан құлап тас бұлақ, Сылдырлайды тынымсыз. Жағалауда жас құрақ, Мүлгіп-шұлғып тұр үнсіз. Түн тынышын, ант етіп, Келгендей-ақ бұзғысы. Ауық-ауық саңқ етіп, Дыбыстайды түз құсы. Көк күмбезі жырақта, Көк жиекке тіреліп. Сақшыдай-ақ қыратта, Секейеді бір елік. Кең даланың тынышын, Бұзған əлде бөрі ме? Қақыратып түн ішін, Ит үреді еліре. 1965.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ЖАСТЫҚ ҮНІ Қалмайын деп өмірден қалыс, жасып, Тартып барам тартынбай алысқа асып. Бере жүрші ағайын, ақыл маған, Аяғымды алмайын шалыс басып. Жүрегі бар-дамылсыз тасып тұрған, Көңілім бар-шалқыған асып қырдан. Талабым бар-тау бұзып, тас жаратын, Арманым бар-ілгері асықтырған. Жанарым бар-жалын боп лапылдаған, Ақылым бар-түспеген арнасына, Бере жүрші ағайын, ақыл маған. 1966.

АҚЫН БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ Шөлдегенге көл болып, Толқып жатқым келеді. Шексіз-шетсіз ел болып, Шалқып жатқым келеді. Адасқанның жолында, Күн боп тұрғым келеді, Ғашықтардың қолында, Гүл боп тұрғым келеді. Сан жүректер сырына, Жақын болғым келеді, Қанат беріп жырыма, Ақын болғым келеді! 1966. МЕН... Бұл өмірден кенжемін деп айталман, Менде де бар бай талғам. Күш жігерім – Қобда болып арындап, Бақ берекем – Тұлба болып шайқалған. Алып-ұшып, алға тартып жас арман, Қайта туып жасағам. Көркемдігім – көзді тартар Бұлғын боп, Қайсарлығым – Бесбоғда боп қасарған. Талай таңды айқаспенен атырдым, Ез емеспін, батырмын. Бүгінгі күн қан төгілген сол жерге, Өмір үшін гүл өсіріп жатырмын. Достасу ма? Билеп бойды күш алған, Шын ашылып құшағым: Ақ шағала арманың боп ұшамын, Алтын айдай жан жарың боп құшамын. Қастасу ма! Жүрегіңе қақ тұрып, Адамдықты лақтырып. Қас қанжармын, күтпе менен жақсылық, Сол жүректі қолыңа берем қақ тіліп. «Жауыздыққа мынау əділ»– ісің де, Қан ішер деп түсінбе. Бейбітшілік бейнесі бар күшімде, Жарық əлем, бақытты өмір үшін де! Жалпақ басып мынау атом ғаламын, Сыбағамды аламын.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Ақ арманды ат қып мініп зымырап, Ақша бұлтпен араласып барамын. АҚЫН Əлде қашан тыным алған ел жатып, Жүргінші жоқ кештеп келген түн қатып. Кеудесіне шабыт құсын қондырып, Ақын отыр асау жырға толғатып. Ақша бұлттар ақ бас тауға аялдап, Көк жиекке барады əне Ай аунап. Алқынады ол бір сəтке,-- Алау сезім айдалада жаяу қап... Тау сілкініп жаңғырығы жар құлап, Тасығандай кеудедегі бар бұлақ. Арындайды ол бір сəтке,-- Алып қашып, асау қалам-арғымақ... ...Дір еткізіп жел қаққандай қияқты, Көкіректен шымыр-шымыр күй ақты. Жүрек тулап, тербеледі жыр сезім, Жапандағы жалғыз шынар сияқты. Сан түзелді, сан жазылды... сызылды... Жолдар, жолдар... қайтқан қаздай тізілді. Бітті өлең, нар шабыттың шəрбеті--, Кең маңдайдан жалғыз моншақ үзілді.

ХИРУРГ ҚҰЗЫКЕЙГЕ О, дариға! Жаңа төкті-ау таң арай, Шат кеудеме алтын нұрын тағар ай. Оралдың ба, қайран жарық дүние, Оралдың ба он жыл сөнген жанар-ай. Жабырқатып жаз көңілімді қыс алып, Көкірекке шер боп қатып құсалық. Он жыл бойы зəру болып жарыққа, Он жыл бойы отырдым-ау тұсалып. Жалбарыну жарық болып құймады, Қолынан кеп бір алла да қимады. Бұл бақытты мынау шаттық заманда, Құдіретті адам күші сыйлады! 1965.

СЫРЛЫ ƏУЕЗ Көк жиектен көтерілді алып таң, Əн келеді анау қырдан талыққан. Қыз тыңдайды ынтызар боп елеңдеп, Кім біледі танық па əн? Есіл жүрек, əуез сырын жаны ұққан, Күрсінеді кейіпте бір қамыққан. Əн қанаты жақындады мөлдіреп, Қыз қарайды жабықтан... 1971.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын СЕН БЕ ЕДІҢ? Дала боп жатайын көсіле, Киік боп ойнашы төсіме. Бал тамған ерніңнен сүйейін, Самал боп есіле. Əлемнің бар жарық нұр айын, Күнім бол, өзіңнен сұрайын. Үзіп ап, құшақтап қайтшы бір, Гүл болып тұрайын. Көл болып жатайын тулаған, Аруым, жүзіңді жу маған. Шабыт бер жанымды шалқыта, Жырым боп тумаған... Ақ айдын көңіліңді аптаған, Ақтаршы сырыңды сақтаған. Арманым сен бе едің іздеген, Жан-жарым сен бе едің таппаған?! 1967. СПЕКТАКЛЬ ҮСТІНДЕ Зал. Тыныштық. Күрсіністер: «жалған-ай. Жапырақтар жастайынан солғаны-ай..» Сахнада сұм соғыстың бейнесі, Сахнада күңіренген Толғанай. Қозғалды ма шіркін жара түптегі, Неге егілді, мынау əжей «үһ»-деді. «Үһ»-дегені қандай ащы япырай, О, қасырет, саған қанша жүкті еді?! Ей, көкірек, неге ғана жасыдың, Кетіппе еді сенің де өз Қасымың. Алапатпен арпалысып батыста, Бірге ғайып болып па еді асылың. Ширек ғасыр, шіркін мейір өппеді, Əлі іздейді-ау жосылып жас беттегі. Əжекем-ай, түсті ме еске ұлыңның, Дəл осылай аттанып бір кеткені?! ...Қарғыс апат солдырмады не гүлді, Қанша бүтін қабырғалар сөгілді. Қанша шерлі Толғанайлар егілді, Қанша жасы əжелердің төгілді.

Ау, адамдар-тарих, өзің сөйлеші, Соғыс түгіл шошытпай ма бейнесі. Ұстатпаңдар алқымынан өмірдің, Жыртылады тыныштықтың жейдесі.

Бағымыздан жастай солып бір шыбық, Бағбан ана егілмесін күрсініп.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Жұмыр жерді тұрсын дақсыз көтеріп, Толғанайды сүйеп қалған тіршілік! Алматы. 1968

  • *

Өзіңе барар, жүрек жолын салдың да, Тас бөгет болып жатып алдың алдымда. Не жете алмай, не кете алмай барамын, Жазылмай кеткен жырым болып қалдың ба? 1970. * Сылбыр үнмен жанарымды сүрткілеп, «Неге ғана кеттің,-дейсің,-күрт жүдеп?» Жүрегімді жарадар ғып ояттың, Жанар атты найзаңменен түрткілеп. Ояттың да күрт өзгерді қарасың, Күлкіңнен де таба алмадым жарасым. Маған соғар бір соқпағың бар еді, Соқпай кетіп барасың... 1968. АНА МЕЙІРІ Адым жерге құлап жүр, Аяғын нық баса алмай. Қуаныштан жылап жүр, Шашуын да шаша алмай. Иіскелеп бас, құлақтан, Сүйіп жатыр бетіңді. Аңсап келіп бұлақтан, Жұтып жатқан секілді. Қайта-қайта құшады, Қанбайтұғын тəрізді. Бұл көргені,-түс əлі, Нанбайтұғын тəрізді. Бəрін дағы ұмытты, Мейір неткен күшті еді. Аймалап жүр жігітті, Сəбиіндей үштегі. Сағыныштар жырақ қап, Көкіректе жыр қызған... Есіл ұлы: Сұйық мұртын сылақтап, Қысылып тұр бір қыздан! 1968.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын АТТАНАМЫН... Аттанамын алау шақта бір мақпал, Жанарыңмен жүрегімді ұрлап қал. Күрсіне бір қарай-қарай кетейін, Қыр басынан орамалың бұлғап қал. Аттанамын, таң бозарып атқанда, Шапақты күн шығып келе жатқанда. Қырда қыран саңқ етіп үн қатқанда, Ақ қайыңдар сүйенгенде ақ таңға. Аттанамын, əне, шығыс тұр жанып, Сенің маған қарасыңдай ұрланып. Жолыма əкеп дала гүлін тастап кет, Қызғалдақтар өсіп шықсын ырғалып. Аттанамын, қаздар қайтты тізіліп, Қарада тұр, қарада тұр сүзіліп. Жүрегіңде өкси-өкси қимастық, Жанарыңнан ыстық моншақ үзіліп... Самал есіп, сыңсып тұрса жырлап тал, Ақселеудің үкі басы бұлғақтар. Анау белден əрмен асып кеткенше, Қыр басында орамалың бұлғап қал! 1968. ЖАЛҒЫЗ СӨЗ Қайда жаңа ойнап тұрған бір елік, Тұр алдымда, тұр қалшиып, «тірі өлік», Бəрі айтылды, Айтылмаған жалғыз сөз, Жалғыз сөзге қиналдың-ау тіреліп. Жадырашы, елік ойнап тұрмай ма, Түсің боп-боз, бетіңдегі нұр қайда? Телміресің: мені оятқан қос жанар, Сенің дағы жүрегіңді ұрлай ма?! Алаулаған арманымның ақ құсы-ай, Жарқ етіп бір қарасыңның тəттісі-ай. «Сүйем» деген жалғыз сөздің тапшысы-ай. Бес əріпке жүрегіңнің қаттысы-ай! Аулақ, аулақ... Ей, қарақшы арамдық, Тұр қасқайып қас сақшыдай ар аңдып. Бар жаныңды дархан етіп, о, тəңір, Бір-ақ сөзге жаратқан ба сараң ғып?! ...Толқып тұрдың, тербеп тұрды ұлы ағын, Мас бола ішіп махаббаттың бұлағын. Бар сұлулық атаулыны сүйреп кеп, Құшағыма құладың. Алма жүзің, қызарып, бір сұрланып: «Сүйем» дедің жанарыңда нұр жанып. «Сүйем» деді гуілдеп бар табиғат, «Сүйем» деді ақ қайыңдар ырғалып. Бір сөзіңе бар төзімді ұттырдым, Жығылмадым, азар ғана тік тұрдым. Кірпігімнен күміс тамшы сықтырдың, Жалғыз сөздің құдіретін ұқтырдың... 1968.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ӨТКЕЛ Өзен бойлап дүрсілдетіп, іздеп жүрсем өткел бір, Су алып тұр қыр аруы қарақат көз мөп-мөлдір. Сəлем беріп ізетпенен, иіле кеп бір адым, Алты ай қақтан оралғандай бір жұтым су сұрадым. Іліп алып шелегінен ұсынды қыз наздана, Жұттым келіп, о, басым-ай, «шөлден» өле жаздаған. Мөп-мөлдір су, қыз жүрегі онан да өткен пəк пе екен. Тəп-тəтті су, қыз қарасы онан да өткен тəтті екен. Жарқ еткен бір жанарының өз жанымда нұры қап, Кете барды кербез басып, қос шелегін іліп ап. Кете барды, көкіректе сұлулықтың күйі қап, Шелегіне су емес-ау, төзімімді құйып ап!... Түсім бе əлде... жүрек тулап, зырқ-зырқ етті, ой, шекем, Құрғыр өткел, табылмаса, табылмай-ақ қойса екен! Құдай-қонақ уақыт қой...мазалайды шатақ ой, Ей, табақ күн, күтсең мені,- батсаң, барып бата ғой. Өткел қайда қашар дейсің, бұрдым кері ат басын, Тапсам-ау деп, ашсам-ау деп ару жүрек қақпасын...

  • * Кезігемін сан тосқауыл, күніне сан өткелге, Япыр-ау, жігіттікке жеткем бе? 1962.
  • Сен жымисаң, көз алдымнан өтеді, Көлбең қағып пері бақыт ертегі. Жадыратып жіберуге əлемді, Жалғыз рет езу тартсаң жетеді. Сен бір сəуле, ойнаған нұршыл өңің, Қас жанымда жарқылдап жүрші менің. Қиыс кетсең түнек төс бір қара бұлт, Жаба салардай болып түршігемін. Сен бір шарап шайқалмас сыршыл едің, Тұп-тұнық боп алдымда тұршы менің. Көз жазсам, бір есуас мөлдіретіп, Ақтара салатындай түршігемін. Көкше талға көктеген бүршік едің, Жап-жасыл боп саямда тұршы менің. Бір тас жүрек езілтіп табанымен, Таптап кетер ме екен деп түршігемін. Сенің күнің тал түсте батпасын деп, Сенің гүлің тапталып жатпасын деп. Мендегі махаббат па екен түршігетін. Қимастық па екен күрсінетін?
  • * Толқын атып иығыңа оралған, Қара шашың - қара орман. Көз сүзем де кете барам адасып: Бақытым боп жолыма кеп жаралған, Бəлкім, бəлкім сорыма кеп жаралған,- Осынау бір қара орман!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын * Саған деген асыл сөзім бар ізгі, Жүрегімнен ақтарарым парыз-ды. Амал қанша, айта алмай келемін, Қас мылқауға біткен тіл-жақ тəрізді. Саған барар бір соқпағым бар ізгі, Таппай жүрмін, кезіп жүрмін əр ізді. Амал қанша, көрмей келем адасып, Көр соқырға біткен жанар тəрізді. Саған сыйлар дала гүлі нəр үзді, Алып - ұшып көңіліммен бар ізгі. Ұсынар ем қалтылдайды қайран қол, Маған емес, масқа біткен тəрізді. 1968. О, ТІРШІЛІК Құлады емен, көгермеген кəрі емен, Аңсап тұрар, Əн сап тұрар қара желге тұншығып. Не көрмеген кəрі емен - Қурап қалған анау басқа бүр шығып. Қайда сол шақ: мыңқ етпейтін, Сең шайып, Дауыл шайқап, тасқын да кеп ұратын, Жап-жасыл боп, жапырағын кең жайып, Жарты əлемге сая болып тұратын. Өр еңсесі тік тұрған шақ, қайран шақ, Қыран құста ұшушы еді-ау тамсана. Саясында мың тіршілік сайран сап, Бұтағына қонған бұлбұл қаншама?! Өтті сол шақ, жалғыз-ақ күн «өлді» емен, Қара жердің түп тамыры түршігіп... Таңсəріде орнында желменен, Желкілдейді бір шыбық. 1969.

  • * Эх, тəңір-ай! Өтпей жатып бір апта, Тіптен сола қалғандай ма құрақта!? Ауыл көркін бірге ала кетіпті-ау, Қайран аққу қанат қағып жыраққа. Бұлғақтатып он сегіз жыл өсірді, О, сұм ажал енді неге есірді. Күллі ауылдың шырағданы еді ғой, Қатыгездік аямастан өшірді. Енді оған наз айтпайды сырласы, Гүлін ала жүгірмейді қыр басы. Енді сұлу су алуға бармайды, Бұратылып, сылдыр қағып сырғасы. Уақыт та болып алған өтпейтін, Сауық қайда осы ауылға беттейтін? Бозбалалар қайда ғана жоғалған, Қусаңдағы торауылдап кетпейтін. Ақбас əже, ауыл болып күрсініп, Ашынады сұм ажалға түршігіп. Ілгеріге үмітпенен қарайды, Тек тіршілік, қасиетті тіршілік! 1971.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын * Құммен сусап құлағанда құмығып, Демеп жібер, Əшейінде молшылығың не керек. Шыңнан тайып жатқанымда жығылып, Жебеп жібер, Əшейінде елшілігің не керек. Ерлігіңді таршылықта көрейін, Байлығыңды жаршылықта көрейін. Иығыма күш түскенде көрейін, Басыма бір іс түскенде көрейін. Досым болсаң сүйемелдеп алып қал, Қасым болсаң қасқая кеп шалып қал, Бұлаң құйрық, арзан күлкі ағайын, Таныр болсаң, кезеңінде танып қал! 1969.

  • * Жайлау түні. Ел ұйқыда таң қысқа, Жайбарақат тыным алған аң-құс та. Боз үйдегі тыныштыққа тұншығып, Екеу жатыр бірін-бірі аңдысқан. Ұйқы тəтті, төсек қатты, таң қысқа! Сықыр-сықыр сүйкенген не үйге кеп? Бара жатыр қыз жүрегін күй бөлеп. Əне, мыстан аунап түсті күбірлеп: «Қу қарасан тағы үйкелді-ау, кимелеп»

Терістіктен жел еседі шер үнді, «Ұмыттың ба келем деген жеріңді. Өгей шеше шоқ басқандай жеріңді, Бой жеткен қыз от күрсіне керілді. Көмескі айды көк жиекке батырып, Көлеңкелер шөгіп қалды қапырық. Көпке дейін шəу-шəу етіп ит үріп, Көпке дейін «Үкі» тұрды шақырып, Бүгінгі түн қапырық. 1971.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ШУМАҚТАР Тіршілік - емес тек күн кешу, Тіршілік - зор талғам талғайды, Тіршілік - бақытпен үндесу, Тіршілік - сан қызық, сан қайғы. Сонау бір орныма биіктегі, Шығармын еңбекпен тау үйіп тегі... Бұлақсыз тек ілгері құлшындырған, Ар қатал, өмір неткен сүйікті еді. Адамдар бар - күресіп, мақсат еткен, Бақытты боп өтуді жарық болып. Надандар бар бақытын басқа тепкен. Көлеңкенің өзіне қарық болып. * Мынау жерді белеңінен басқанда, Асығасың қырқалардан асқанға. Көтерілсең биіктерден биікке, «Шарықтап бір шықсам,-дейсің,-аспанға». 1966.

СҰЛУЛЫҚ Сұлу ғой көк зеңгір түсті аспан, Сұлу ғой сан тілек ұштасқан. Сұлу ғой, бəрінен сұлу ғой, Жұмысшы қолдары күс басқан. Сұлу ғой наз көңіл, кісілік, Сұлу ғой бауырмал кішілік. Ей адам! Мөп-мөлдір арыңды, Ұсташы, сұлулық күші қып! 1966. КҮЗ Сұрғылт тартқан айнала атырабы, Сағыныштар сазына батырады. Жүріп келем табанымның астында, Сытырлайды үйеңкі жапырағы. Сары алтындар жауып тұр, қызық анық! Жел ойнайды, жұлмалап үзіп алып. ...Күздер, күздер жылжып бір өтіп жатыр. Əжім болып маңдайда ізі қалып... 1967.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ҰЙҚЫ Ұйқы - пенсионер уақыт, Ұйқы - қоңырқай таза түн. Ұйқы - дəрігер, жұбатып, Сергітіп, шаршауды жазатын. Ұйқы - үмітің үшін де. Ертеңге апарар бір белес. Ұйқы - тоқтау деп түсінбе. Ұйқы шабыспен іргелес! Ұйқы - құс төсек рахат, (Өмірде тыныстар қайырма.) Болмасын енді еш бір апат, О, тəңір ұйқыдан айырма! 1967. ТҮС Саған деген, күші ме, Жүрек жыры дегеннің. Менің тəтті түсіме, Тəп - тəтті боп сен ендің: Жанарыңа оралып, Жаутаң қағып қалдым ба? Ақ жібекке оранып, Тұрдың қарсы алдымда. Езуіңде күн ұйып, Тұрдың баяу жымиып Көл - көсір боп құйылып, Көп қарадың қиылып. Тұрдың солай биікте, Тұрды шолпан төбемде. Қалай ғана сүйікті ең, Қарағанға төменде?! Дауысыңа жерік ем, Əн сап берші бар үнмен.. Гүл ұсына беріп ең, Сымдай саусақтарыңмен. Тербеп сол сəт жігердің, Тасығанда мың жыры. Оятып - ақ жіберді, Қоңыраудың сыңғыры!... ...Көк шұғыла бар маңым, Көктеменің ішінде. Алғаш рет, арманым, Көрдім солай түсімде. Бір сезімге дір етем, Ой кемесін сындырып. Аппағым - ай, жүр екен, Түсіңе сенің кім кіріп? Алматы, 1969.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын КҮТЕ - КҮТЕ... Мынау үйден орын алам, осынау бір арадан, Терезесі жолыңа сенің қараған. Тық - тық басып өтіп бара жатасың, Соққылайды есіл жүрек барабан. Көңілімде көлбең етіп көбелек, Алау сезім ақ жаңбыры себелеп. Бүкіл дүние саған қарап қалады, Мен де тұрам жанарымды шегелеп. Қарамайсың үнсіз өтіп барасың, Тамсандырып аспан мен жер арасын. Менің қайран аңсарымның жарасын, Тық - тық басып барасың. Ерте келіп күн жиектен шықпастан, Отырамын жолыңа қарап шық басқан. Отырамын бір кітапты парақтап, Бір де сөзін ұқпастан. Арманым - ай, көз алдымнан кетпедің, Жана-жана көкірегім от менің. Бүгін тағы көлбең етіп өтпедің, Сол сурет те көп пе еді?! Күте - күте қимастықпен жайғасам, Жоқсың əлі... туғалы да ай қашан? Бір үмітке арқандалып отырмын, Тоқтар ма едім тоғыз қабат байласа. Жоқсың əлі... күттім-күттім қарадым, Анау шетке Ай да аунап барады. Сенің өтер оң жолыңды қызғана, Ит көлеңке жалады... Алматы, 1969. ҚЫЗҒАНЫШ... Батар күннің шапағымен нұрланып, Көктеменің көк жиегі тұр жанып. Сен біреумен кетіп бара жатасың, Қызғанышпен қарап тұрам ұрланып. Ертеңінде жаныңа кеп-шырайлым, Дидарыңа шырмаламын нұр айдың. Ішім алау, Сыр білдірмей əзілмен. Шет жағалап сұраймын. Сол бір сəтте тына қалар бақ мына, Сен сəл ғана қызарасың аптыға. Ағаң болып, құдаң болып шығады, Мен қайтамын, бұлай қайту шаттық ə? ...Самал есіп, бұлбұл сайрап жыр малып, Бозша талдар иілгенде ырғалып. Сен біреумен кетіп бара жатасың, Күрсіне бір қарап қалам ұрланып. Жасып қалған жанарымды бұраймын, Үнсіз ғана жаныңа кеп-шырайлым. Күйіп тұрып қызғаныштың өртінен, Күліп тұрып сұраймын. Сол бір сəтте тына қалар қайран бақ, Сен қаласың сəл қысылып қайраңдап. Жездең болып, жерлесің боп шығады, Мен қайтамын жайраңдап...

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Мынау үнді-ай, тыңдар болсаң, əй, таңым, Мынау гүлді-ай, жырлар болсаң, айт əнін. Мен қайтамын күдік құсын атқылап, Тек бөгде жан болмасын деп қайтамын. ...Ай қарайды, қараса, нұр тарайды, Дəл өзіңнің ай жүзіңдей арайлы. Мен сенімен кетіп бара жатамын, Бір бөгде қыз ұрлана кеп қарайды. 1969. ТЫҢДА СЫРЫМДЫ Айтылар бір жырым бар, Ақтарар бір сырым бар. Толқи тыңдап тұрыңдар, Толқын атқан бұрымдар. Бұлаң қаққан бұрымдар. Тете өскен тел жүрек, Сыр тасқынын ұғып қал. Есіл жанар елжіреп, Мөлт-мөлт етіп тұнып қал. Тыңда, тірлік, тік тұрып, Тыныштықты сақтап бір. Тыңда айдың сүт нұры, Шомылдырған аппақ қыр. Тоқта, бұлбұл, жырласын, Соқпа, самал ызыңды! Тыңда сен де, сырласым, Төмен салып жүзіңді. Тыңда кəне, ал тыңда, Жаудыраған ақ марал. Жалпақ əлем алдында, Жан сырымды ақтарам! 1969.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын АНАҒА ХАТ Ақ көңіліңдей ақ шұға, Алау атып жаулығың. Апа, халің жақсы ма, Мықты ма денсаулығың? Он оралып ойыңа, Былтыр ұшқан бір құсың. Қара жолдың бойына, Қарай-қарай жүрмісің? Өз есебің ішіңде, Күнді жылдай өткеріп. Ойлай-ойлай түсіңде, Жүресің бе көп көріп? Киімімді көріп көзімдей, Сылап-сипап мың ауық. Сағынышпен көз ілмей, Жатасың ба түн ауып. Тілек тілеп бақ маған, Күбір-күбір еске алып. Құлыным деп жаттаған. Көкейіңде бес қарып. Тағат таппай елеңдеп, Күткендей боп жыл құсын. Хаты қашан келер деп, Алаң болып жүрмісің? Сағынышың қолыңда, Жанарыңа нұр сіңбей. САҒЫНДЫҢ БА, АНАШЫМ? Сағындың ба, жан ана, сағындың ба, Жанарыңа моншақ жас тағындың ба? Боз қайыңды бозша айға шомылдырған, Бозғыл түннің санынан жаңылдың ба? Сексеуілдей сыңсыған шағыл құмда, Сарғаюмен, бөленіп жаның мұңға. Қара жолды шөп басып кетсе дағы, Терезеге телміріп табындың ба? Сағындың ба, ұлыңды сағындың ба?... 1969.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Менің қайтар жолымда, «Бұзау көздеп» жүрсің бе? Барам, апа, көктемде, Жаңбыр сеуіп өткенде. Алтай алқа таққанда, Бұлғын сылдыр қаққанда. Жаздың алып бар əнін, Құстай ұшып барамын. Аймалатып шекемнен, Айлап жүріп кетем мен. Аман-есен ұлың жүр, Бір серпілсін сағыныш. Жан апатай, бүгін бір, Күрең шайды қанып іш. 1969. АНА СƏЛЕМІ Көпке кеттің, ұзап кеттің шеткері, Аңсап жүрмін, бір иіскейін, кет келіп. Төлім, саған саулық тілеп жатамын, Ұзақ таңды кірпік ілмей өткеріп. Жыл құсындай, аулыңа бір кет келіп. Көкешіңнің көңілі қалсын биіктеп, Ініңнің кеп маңдайынан сүйіп кет. Қарттар сөгер «Жөн білмейтін шірік» деп, Сəлем беріп, басыңды бір иіп кет. Күнім, саған айтатын бір сырым бар, Көрініп кет зар боп жүрген түрім бар. Атқа мініп, ауа жұтып, ақ ішіп, Жеп кет, жаным, сақтап жүрген сүрім бар. Кеп кет тыңдап, айтатын бір сырым бар... Жан көкешің атына өзі ұшып жүр, Анаңды да кəрілік кеп қысып жүр. Ажар кемпір жасап қалды келін ап, Айша шешең немересін құшып жүр, Жан анаңды кəрілік кеп қысып жүр. Көзін тігіп көрген пенде қызығар, Көршіміздің бір тамаша қызы бар. Саған деген сол бақшада алма тұр, Қарашығым, аялап кеп үзіп ал, Туған жерден əркімнің нан-тұзы бар... Көпке кеттің, ұзап кеттің шеткері, Аңсап жүрмін, айды жылдай өткеріп. Оқу сорып, шаршап, сырқап жүрсің бе. Алаң болам түсімде де көп көріп, Құлыншағым, аулыңа бір кет келіп. 1969.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ОРАЛУ Сыңсуменен тастап кейін жетімді Сыңар қайтқан ару ана секілді. Жүрегімді сағынышым сүйрелеп, Сортаң жаспен жуып келем бетімді. Қолын бұлғап бір қыраттан, бір қырат. Барады асып қасқа жолдар бұрқырап. Бабам жері-ай, бірге біткен кіндігі, Өлгенде бас, тірлігінде жұрты қап. Қанша пендең қиыр кетіп, шат мекен, Мендей болып сағынышқа батты екен? Жарасымың жаннан өткен бір сурет, Қара суың балдан өткен тəтті екен. Қадіріңді білдім мынау жалғанда, Аңсау менен ақ көкірегім толғанда. Қанатына сенен ұшқан құстардың, Қарай-қарай қара көзім талғанда... Қимастығын езе-езе еңсені, Құстай ұшып аңсап келем мен сені. Жұдырықтай жүрегімнің сазына, Жұмыр жер тұр теңселіп! Қарсы алдымнан айғай салып ақ бұлақ, Інімменен жарыса шық шапқылап. Көкшіл шыңдар көзің тігіп қатып қал, Сары белдер, сағымданып жат құлап. Асау бұлақ ақ гүлдерің тосқанда ап, Сағынышымды беріп келем мысқалдап. Жүргізбейді шаңқан көңіл шалдарың, Құшақ жайып, құрақ ұшқан дос жолда. 1969. КӨЛ КӨРІНІСТЕРІ Самал-балдыз асылса кім шыдайды, Бүлк-бүлк күлген көл беті тыншымайды. Бұлт пердесін бетінен сырып тастап, Күн-келіншек қайнысын шымшылайды. Тізбек-тізбек тырна əнін тыдатады, Теңге ілінгендей қаз суға шым батады. Бауырын төсеп саздаққа барқ-барқ етіп, Қоңыр үйрек «масаңдау» үн қатады. Күнге соғып маңдайын мұз «жылады». Суға төніп қуғыншы құз құлады. Көл серінің қойнына кіріп кетті, Қашып келіп төскейдің қыз бұлағы. 1969.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ЖАУҚАЗЫНДАР Көңіліңді жабырқатса тыныш бақ, Жүгіре шық белес қуып тыныстап. Жауқазындар жаутаң қағып тұрады, Көктеменің күміс шығын уыстап. О, кербездік! Гүл білегін сермесіп, Жерде туып, жерден нəр ап, жерде өсіп. Күн - серіге сүйгізеді еркелеп, Ашып қауыз-пердесін... Көктем-бикеш көк көрпесін өтектеп, Көтеріліп келе жатыр етектен. Жауқазындар алып шықты асқарға, Сұлулықты жетектеп. * ...Өтсін-өтсін, жыл артынан жыл мейлі, Жауқазындар қар астынан гүлдейді, Шыңға шығар, толар шағын біледі. Мұң-жасы бар солар шағын білмейді. Өр қуалай г ү л д е й д і ! 1969.

ДОСҚА НАЗ I

Қияс кетсек: сен жүруші ең мені іздеп, Мен жүруші ем сені іздеп. Қол басындай дос жүрегі-теңіз деп, Екеуімізге ел қарайтын егіз деп. Сен қуансаң, жаным күлкі өбетін, Сен мұңайсаң, жанарым жас төгетін. Екеу жүрсек: сөнгеніміз жоқ еді, Жеңгеніміз, өнгеніміз көп еді, Екеу едік «сен-меніміз» жоқ еді. Менің анам құшты сені «қозым» деп, Сенің анаң сүйді мені «көзім» деп. Қос ананың тел аймалап анарын, Қайран сол шақ, алыс қапты-ау сезілмей!... II Сен менен жырақ кеттің, жырақ кеттің, Жаныңа қандай ғана сыр ап кеттің. Аңқылдап алыс жерден іздеп келіп, Алдыңнан неге ғана жылап кеттім?! О, менің егіз досым - жыр өлеңім, Кеудемді бір ақтарсаң білер едің. Мен саған қиюшы едім тек жақсыны. Мен саған еш жамандық тілемедім.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ...Амал не кеш сезіндім, ұғынбадым, Арамыз неден ғана суынғанын. Жайқалған дос шыңында қос шынар ек, Осы ма дауыл тұрмай жығылғаның!... 1969.

САҒЫНЫШ Қаншама ай кешке келіп, түсте келіп, Терлеп-тепшіп шайыңды ішпегелі. Қанша ай, майда ернің тимегелі, Маңдайымнан иіскеп сүймегелі. , Басым менің ауырып отыр Апа! Қаншама ай, тəтті ұйқыға батпағалы, Жастана кеп тізеңді жатпағалы. Қаншама ай, зар боп мамық саусағыңа, Сылап-сипар сəтіңді аңсады ма?! Басым бүгін сырқырап отыр, Апа! Дерт келген жоқ еш қайдан алып ұшқан Ауырса, тек ауырар с а ғ ы н ы ш т а н, Сен болсаң ғой дəл қазір қасымда, Апа! Жіберер ең жазып-ақ басымды, Апа! Баспалдақсыз шығам деп биікке атып, Сезіміңді алмағай ұйықтатып. Терсіз шыққан биікте кетер болар, Бал қызықтың дəмі де күйік татып. Өлеңімді мақтадың кеп көлгірсіп, Не ұттық біз, екі езу құлақта. Əділ айтсаң ащы сын да - мөлдір шық, Бетім үшін мөлдірлікті жылатпа! 1970.

КҮТУ Қара жолға қарауменен тұрақ таппай, ас батпай Тырс еткенге елегізіп жатырсың ба, қас қақпай. Терезені шертті-ау деймін, естисің бе, анашым, Кештеп келген мен шығармын, ұлың шығар, қарашы! ...Сыңар мəсі, жаулық қолда, сылдыргүлдір шыққанда: Қайран əлгі сыбдыр қайда, түн тұр оқтау жұтқандай?! Шық тамшы ма... Құлап түскен сұрша күздің бұлтынан, Тентек жел ме... Талдың соңғы

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын жапырағын жұлқыған. Мазалаған бұл кім, ə?! Бір көлеңке барады өтіп, құлағында ай-сыңғыр, «Ат қораға түнде үңілген, əдіре қалғыр қайсың бұл?» Шаңқан көйлек еніп кетті көршілерге бұрылып, Сенің кəрі көкірегің дір етті бір сыр ұғып... Кер бестіні байқар болса, ат қорадан қыз өтіп, Жүрген шығар ол да өзіңдей қара жолды күзетіп. Бұлқына алмай бұла сезім құшағында қалдың ба, Ұзақ тұрдың жанарың жас, жаурап есік алдында. Ақ үмітпен кір үйге, Апа, тербеп қиял көгілдір, Тəтті ойға мас боп жатып, таң алдында көз ілдір! 1970.

АЙХАЙ РУСЬ! Айхай Русь, тербетіп өлеңіммен, Нар төсіңді қақ тіліп келемін мен. Ақ бөкендер артында шаңдақ қалып, Жоқ болады, қылт етіп белегірден. Артта қалды жаудырап арқа тұнып, Аттандырып салғандай қалқа тұрып. Самырсындар сайды өрлеп бара жатыр, Самал сүйген бұрымы тарқатылып. Қалып жатыр жанардан үзіліп қыр, Күн қолтықтап, таз шыңдар сүзіліп тұр. Көк теректер көлбеңдеп жүгіреді, Шешекеге шыққандай тізіліп бір. Ақ қайыңдар - арулар қыр алдында, Сұлулық-ай мойнымды бұра алдым ба? Жел кеулеген көйлегі көтеріліп, Ақ балтыры жарқырап тұр алдымда... Көк жиектен көтеріп таң балағын, Тайга көшіп келеді таңдана күн. Күміс моншақ қонады жағаға ыршып, Езуінен көк жалды Ангараның. Енді бір сəт: көл анау ырықты алған, Тас аяқта тамшыдай тұнып қалған. Көкпеңбек аспанында түтеленіп, Көшпей, қонбай ақ бұлттар тұрып қалған! Баста мені, болат жол, жайтаң қағып, Қарағанша жиектен ай таң қалып. Братскіден шықты əне от арқалап, Жез бұйдалы бағандар қайқаң қағып.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Дамылдайын, гудоктар боздағанша, Сирень3 басын таң лебі қозғағанша. Қайран Тайга-ай, көсіліп жатайын бір, Алқа-салқа, жусан төс боз даламша. Жүрем ерте, үнімен таңғы малшы, Жапырақ алақанда қалғыған шық. Уа, Есенин! Бір қара ұл келеді аңсап, Бидай шашың жалтылдап алдынан шық! 1970.

  • * О, Ангара, толқының толас ұрар, Анау тұста қабаққа жол асылар. Кіндік кескен жерінің топырағы, Бұйырмаған бір жанның моласы бар. Сол адамның, білдің бе, кім екенін? ...Кез еді-ау бір жимаған түн етегін. «Елім - айлап» егілсе есіл пенде, Мұз көкірек Сибирьде дір ететін. Ертіс түсіп есіне, қайран шынар, Күрсініспен құшағын жайған шығар, Сарыарқаның самалын сағынып кеп, Шөліркеген таңдайын шайған шығар... Бабам ғой ол, жол іздеп күртіктерден, «Итжеккенге» айдалған, Үркіт4 келген. 3 Сирень – гүл. 4 Үркіт – қазақтар Иркутскіні солай атаған Əже ақтығын басына кеттім байлап, Жаулығының ұшынан жыртып берген. 1970.

ҚАЗАҚПЫН Танымасаң, танып ал, мен қазақпын, Жағам - жайлау, көңілім - көл кең қазақпын. Ұлысым бай, іргелі ел қазақпын, Ырысым сай, нұр жері - кең қазақпын. Мен емеспін кешегі өшкен қазақ, Құба жонда тентіреп көшкен қазақ. Мен боламын: қойнауға қой қаптатып, Қала салып, білім ап өскен қазақ. Мейман болсаң - жаюлы дастарханым, Қымыз құям, алдыңа бас тартамын. Атыңды ерттеп, елпектеп, есік ашып, Əн-күйменен өтеді асқар таңым. Қазақпын: «тегің кім» деп тектемеген, Ере келген итке де «кет» демеген. Бір атын пейілі түссе, түсіп беріп, Бір атым насыбайға өкпелеген.

Қазақпын: Түнемеген төріне түн, Бар сыры домбырада төгілетін. Аңқылдаған ақ көңіл ел боламын, Аузын ашса жүрегі көрінетін. Қазақпын: қаз мойыны ойнақтаған, Ой да баққан,- тек қана қой бақпаған. Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Ер, елдігім - ешкімді жатсынбаған, Тереңдігім - ешкімді бойлатпаған. Жомарттық пен пəктіктен басталамын, Жаны-дана, жүрегі-жас баламын. Керек емес əулетің дəулетіңмен, Мен сенің көңіліңе-ақ мас боламын! Қобыланды қазақпын - батыр елмін, Қозы-Баян қазақпын - тату елмін. Қожанасыр қазақпын - аңқау елмін, Абай туған қазақпын - ақын елмін.

ЖАБЫРҚАП МЕН...

Көк жиектен көлбей-көлбей күн қайтып, Əсем кеште бұлбұл əнін тыңдайтын. Бақтағы айдың боз сəулесі астында, Отырсың сен наз сырыңды кімге айтып, Бұл əлемнің бақыттысы тыңдайтын. Күлкі бақта тасығанда, күй қызып, Бозша талды сабағынан игізіп, Гүл қауызды ерініңнен бал беріп, Жүрсің бе əлде сүймес жаңға сүйгізіп. Ақ қайыңды ақ төсінен игізіп... Жалғыздықтың жалбыр бұлтын жамылып, Мен отырмын сені ойлап жабығып. 1970. *

Бірге кешіп балалықтың бұлағын, Бір шырқап ек өмірдің де гүл-əнін. Батар айдай тас төбемнен жырақтап, Бара жатқан сені қимай жыладым. Көңілімді шая-шая, жыл-ағын, Сен біреудің құшағында құладың. Қайтқан қаздың қарап тұрып соңына, Сол күні бір ағыл-тегіл жыладым. Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ОСЫ ШЫҒАР ТУҒАН ЖЕРГЕ МАХАББАТ

Аңсаймын кеп алыстасам ел ішін, Арма екенсің, айналайын, шат алап. Бірі - ағайын, бірі-туыс мен үшін, Осы шығар саған деген махаббат. Қиыр жердің татсам да бал жемісін, Қақ - сазыңды сағынамын қаталап. Қойның - самал, құмың - сая мен үшін, Осы шығар саған деген махаббат. Ата - бабам кір шайқаған жерісің, Аунар ма едім шалғыныңа жата қап. Тауың - жазық, тасың - мамық, мен үшін, Осы шығар саған деген махаббат. Іздемеймін мен жер - ұйық кенісін, Сен тұрғанда керек емес жат алап. Қарғаң - бұлбұл, Жабың - дүлдүл мен үшін, Осы шығар саған деген махаббат! 1970.

ҮМІТ – Тұлпардың тұяғында ай таға, Ұлым менің осы жолдан қайта ма? Құмалақшы жасайды бір жорамал; «Жас арыстан мол олжамен оралар». Ұлы бірақ сол сапардан қайтпады. Құмалақ та не болғанын айтпады. Ай өткенде аты келді жетекте, Ана байғұс жасын төкті етекке... Ұлы жауда өледіге сенбеді, Мынау түтін сөнедіге сенбеді. Сан жыл өтті санауменен əр айды, Қара жолға қадала кеп қарайды. Көзін жұмды аңсап жатып жалғызын, Ит үміт-ай, арты қысқа, алды ұзын! Жол шетіне жерлеңдерші мүрдесін, Ұлы қайтса көрмей қалып жүрмесін! 1971. Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын «СЕН АР ЖАҚТА, ҚАЛҚАТАЙ...»

«Сен ар жақта, қалқатай, мен бер жақта, Кер арғымақ шұлғиды бау - шарбақта»... Кер арғымақ шұлғытқан қайран жастық, Қыз дүниенің қызығын тауыса алмақ па? Еміс-еміс естіліп даусың маған, Қаз ұшады қасымнан саусылдаған. Арғы жақта көлеңдеп көк көйлегің, Көп тұрдың-ау, қарағым, саусың ба аман? Күміс сырға дірілдеп құлағыңда, Көп отырдың көз тігіп құла ағынға. Аспан сынды... апырай, күрсіндің-ау, Бұлт егілді... немене, жыладың ба? Өшер-өшпес ізің қап бұла құмда, Есер-еспес ызың қап құлағымда. Ғайып болдың онан соң қайырылмадың, Қайырылмадың, дариға-ай, құла ағынға... Бер жақ қалды аңсаумен ататұғын, Ар жақ қалды қия алмай, бататұғын... Қос асықты қақ бөліп, қашаннан-ақ, Бір өткелсіз дария жататұғын. Жата берсін, еңсеңді кішіктетпей, Өзен екеш өзен де ісіп-кеппей. Арғы жақтан қолыңды бір бұлғасаң, Ер жігітке, немене, түсіп кетпей. 1971. БІР ƏН САЛДЫМ... Бір əн салдым жыл жүріп - ай, Көңілімді білдіріп - ай. Асқақ үнді төгілдіріп, Жас жаныңды күлдіріп - ай. Бір əн салдың жылатып - ай, Жанардан жас құлатып - ай. Қайтқан қазбен қатар ұшып, Қайда кеттің, қуатым - ай? Үнің қалып аспанымда - ай, Ғайып болдың қас қағымдай - ай... Бастамайтын əнім бе едің, Жаңылысып бастадым ба - ай?! 1971. * Мен сені қызғандым, Өзге түгіл, өзімнен. Мен сені қызғандым, Қолым түгіл, көзімнен. Əлде кім сұқтанса не шара, Жанардан шық тамса не шара. 1971.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Институтты бірге бітірген отыз ару, сендерге арнаймын. ОТЫЗ ЕДІ...

Шолпан жұлдыз шыққанда төріне түн, Көк жиектен көлбеп таң көрінетін. Көк жиектен көлбеп таң көрінгенде, Отыз ару сал тартып керілетін. Отыз бұрым ойнақтап өрілетін. Отыз тоты қанатын төгілдіріп, Отыз бұлбұл сайрайтын егілдіріп, Отыз аққу айдынға шығатұғын, Күміс суға ақ төсін көмілдіріп. Күн нұрына топшысын шомылдырып. Отыз еді, бөлінбес бүтін еді, Отыз үйдің ұласқан түтіні еді. Ойнай басып адырға шыға келген. Отыз елік-аумаған бітімі еді. Олар барда бөлмеміз сайрайтұғын. Алпыс жанар жарқ етіп қарайтұғын. Алпыс жанар жарқ етіп қарағанда, Алпыс күннің қызуы тарайтұғын. Отыз еді... Берік ед сынбайтұғын, Өнер қуған, іс қуған тынбайтұғын. Бір қазаннан бөлісіп ас ішетін, Бір лебізден тағылым тыңдайтұғын. Ұзақ түндер кітапқа үңілетін, Қыпша белдер шаршай кеп бүгілетін. Серуендеп сенекке шыға қалса, Отыз жігіт гүл алып жүгіретін. Берді ме екен, дариға-ай, бермеді ме, Отыз жігіт сұраушы ед сүгіретін. Ұлан асыр кешегі көк көліне, Отыз аққу оралмай кеткені ме? Отыз жаққа келемін алаңдаумен, Отыз ару аттарың жетпеді ме? Жалқы шақта бұл жүрек құлшынысқан, Мен бір бақыт табармын күн шығыстан. Аспанымнан сол күні өтермісің, Отыз аққу жұп жазбай сыңсып ұшқан. 1971.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын «АХАУ, СЕМЕЙ...» «Ахау, Семей...» салшы əніңе, серігім... Айхай, байтақ: даласы-дəн, төрі-гүл. Айналайын, атам қазақ қонысы, Айналайын, Абай, Мұхтар жері-бұл! Сар төсінен тарам-тарам жол асып, Жатыр сұлап ырысты өлке қолы ашық. Ата-бабам махаббаты көмілген, Анау тұрған Қозы - Баян моласы.

Көтерілді көкшіл түтін көлеңдеп, Сұлу Семей, Абай жазған өлеңдей. Мұнаралар мойнын соза қарайды, «Ассалаумағалейкүм» дегендей. Құшағыңды аш, шаңқан қала, көк қала, Абайыма сəлем беріп, тоқталам... Ақ қайыңның ар жағынан үңілген, Тоғжан қыздың сіңлісі ме деп қалам?! «Ахау, Семей...» əн сап келед серігім... Айхай, байтақ: даласы - дəн, төрі - гүл! Айналайын, атам қазақ қонысы, Айналайын, Абай, Мұхтар жері - бұл! 1971.

КӨБЕЛЕК ҚУҒАН КӨП КҮНДЕР...

Ақ көбелек, көк көбелек көп қуыппыз көктемде, Көлбең-көлбең гүлге қонып қырқаны асып кеткенде. ...Есейдік те мұрт шираттық, бір аруға қырындап (Балалықтың көбелегі қонды алаңсыз шырынға). Қыз емес-ау, ақ көйлекті, көк көйлекті көбелек, «Қон көбелек, қолыма кеп», - тағы қудың не керек. «Қон көбелек» əніміз боп айтып тындық үйлендік, Үйлендік те тағы бір күй, тағы бір əн үйрендік: «Əлди-əлди, ақ көбелек, көк көбелек, əлди-ай, Қанатың жай, бар, ұша ғой гүл бəйшешек алдың-ай» Көбелегің көлбей ұшып, шырын қуып кеткенде, Көп күрсініп қала бердің көзің тігіп көк белге... Ақ көбелек, көк көбелек, көбелек қуған көп күндер,

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Мынау, көзден бұлбұл ұшып қайда ғана кеттіңдер?! Қайран сексен, қалт - құлт еткен бүгін өзің - Көбелек, Сен де бір күн бұл дүниеден ұшасың - ау не керек! 1971. «ОҢАЙ ОЛЖА» Бодық есіп отыр, Көкейін Əдебиетшілік тесіп отыр. Ойы кетіп он бөлек, Өз заңынша толғанып, Отыр - ау, шіркін, дөңгелеп: --Сонда неден бастар ем... Əуелі ме, əуелі: Шағын ғана көлемді, Нелер ғажап өлеңді, Бір жарымын мұзға арнап, Бір жарымын құзға арнап, Бір жарымын қызға арнап, Қойшы, əлемді жүз барлап, Жазып қана тастар ем! Онан соң ба... онан соң, Ол да бізден асқан ба: Жаза салмай немене, Поэма да, дастан да!... Иə, жаздым, жаңылдым, Əжептəуір «ақынмын». Шыға қалсам, əй, тегі, «Ақын келе жатыр» - деп. Елпектемей қайтеді! Қой, оны сұрама... Айтсадағы драма?! Пьеса я көрініс. Жазудағы көрім іс,

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Дегенмен нақ дөкейлер, Бір жанрда тұра ма... Əй, осы проза! Бəрінен де тұр оза. Сонда неден бастар ем!... Ең əуелі мол етіп, Мақала жазып тастар ем, \Мұнан соң ба, о да оңай. Əңгіме жазам сомадай! Апыр-ау... əңгіме, əңгіме... Атыңызды сол соққан, Қалдыра ала ма мəңгіге? Қой, өйтіп мəңгіме! Қайдағы біреу құсап мен, Айналысып ұсақпен, Не түседі құр одан. Басымды көп қатырмай, Жазсам ба екен роман. Міне, міне, батыл ой, Пісіп тұрған ақыл ғой. Атақ та сонда, бақ сонда! Ақша деген нақ сонда! -Деп саралап, даралап, Роман жазуды толғады. Бірақта... бір шатағы, Сөйлем құрай алмады. 1966.

МАУСЫМ ТУҒАН ЖЕР ТЫНЫСЫ БҰЛА БҰЛҒЫН Бұлғыным – мейірім-ай, ырысым-ай, Сен мені шайқап едің жыр үшін-ай. Өзіңдей бір сұлу жыр жаза алмасам, О, менің ақындығым құрысын-ай... Асқақ шың екі жағың мінгесіп бір, Аспанмен тал, терегің тілдесіп тұр. Алтын түстес бұрымы тарқатылып, Ақ қайың тізесінен су кешіп тұр. Төсіңді таспа жолдар кесіп өтіп, Барады бағаналар көші кетіп. Арындап асау толқын асығады, Арудай сүйгенінен кешігетін.

Бұлғыным, мөлдірім-ай, тұнығым-ай, Суыңнан жұтайыншы құнығып-ай. Көгілдір иіріміңде дір-дір етіп, Көлкіген айдың жарты сынығын-ай! Сылдыр үн сылаңдаған қарағым-ай, Күміс көмей бір қызға баладым-ай. Қойныңа қойып кетіп айқассам да, Қана алмай лəззатыңа барамын-ай. Қаз қонған жағалауың қара су-ай, Қаптаған қалың малмен жарасып-ай. Естіліп сыңғыр-сыңғыр «Сырғаң» үні, Бұлықсып қайда кетіп барасың-ай?!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Бұлғыным, баба жолды сыйласым-ай, Бар мұра, бар байлығым, қимасым-ай. Сенің тұнық көркіңе көз алартып, Лайланып еш арна құймасын-ай. Суыңа сұғынамын сырадай-ақ, Əкемнен жеке тиген мұрадай-ақ. Сен асырап келесің тəмам елді, Қызыл тиын ақы-пұл сұрамай-ақ. Татиды суың балдай таңдайыма, Өзгенің баламаймын қандайына. О, сені мөлдіретіп бере сапты-ау, Айналайын табиғат маңдайыма. Өзгенің қай көркіне таласып ем, Не қыламын: саясын, даласымен. Сен ағып жатсаң болды көз алдымда, Сеңгір-сеңгір таулардың арасымен.

ТОЙҒА ШАШУ (Салтанат бірлестігі «Алтын жұлдыз» орденін алғанда) Таулы Бұлғын, ойлы Бұлғын, түз Бұлғын, Көктем Бұлғын, көк өрім тал жүз Бұлғын. Жұпар Бұлғын, жұмақ Бұлғын, жыр Бұлғын, Қызық Бұлғын, қымыз Бұлғын, қыз Бұлғын. Халқың сенің сындырмады сағыңды, Қала орнап ақтылы қой ағылды. Желпініп қал, мақтан етіп бағыңды, Серпіліп қал, төсіңе орден тағылды! Желпінетін, серпілетін келді күн, Жарасады не істесең де сен бүгін. Мынау мерей жерім, сенің ерлігің, Мынау жеңіс - елім, сенің елдігің. «Алтын жұлдыз» - ащы терің, ерлігің, Сен шаттанбай, шаттанады енді кім? Мен шаттанбай, шаттанады енді кім, Жыр кезегін, əн кезегін бер бүгін... Тауларыңның баурында мынау ақ маңдай, Ертегінің батырлары өмір сүріп жатқандай. Бұлғыным менің, мақтанышым мерейім, Өлкемсің сен тақсаң орден таққандай. Сенің жарқын пешенеңе бағы бар, Көре алмай да қарайтындар табылар. Өшірмекке алтын жұлдыз бейнесін, Арғы бетте күндеп, тілдеп сабылар.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Халқым, сенің қажырыңмен жайнады, Отанымның осынау шет аймағы. Саған қарап дұшпан қанша күйінсе, Сенің сонша өскеніңнің айғағы!... Ақ жүректің ашып тастап жаймасын, Еңбегінің көрген бүгін пайдасын. Ақ сақалды аталарым, қайдасың? Ақ жаулықты аналарым, қайдасың? «Əкелердің шақшасы мен найы ортақ, Шешелердің шүйірмегі мен шайы ортақ». Монгол - қазақ табысқаным, қайдасың? Апай төсті арыстарым, қайдасың?

Қыздырыңдар той - думанды қайнасын, «Салтанаттың» салтанаты жайнасын! Күміс көмей жеңгелерім, қайдасың? Құрыш білек жезделерім, қайдасың? Бұлғын бойы бұлбұл біткен сайрасын, Қарап тұрсын керіп тастап Ай қасын. Шат күлкіден бір де жан шет қалмасын, Сері жігіт, сұлу қыздар, қайдасың? Туған жердің даңққа бөлеп есімін, «Алтын жұлдыз» ашқан күні есігін. Ақбас Алтай, бір жасасаң несі мін, Асау Бұлғын, бір тасысаң несі мін?!

Қане, достар, еңбек тойын жасайық, Көкіректің күй сандығын ашайық. Отан өзі шалқытқан соң бүгін күн, Осылай бір шалқып қалсақ несі айып?! Ел еңбегін бағаладың, сен Отан, Рахмет, мерейлі Отан, кең Отан. Сеніміңді ақтаймыз біз, көр, Отан, Ұл-қызыңа, Бұлғыныңа сен, Отан! БҰЛҒЫНЫМ – МЕНІҢ АЙДЫНЫМ (Əні бар) Мейманым менің келіп көр, Оңынан туып ай күні. Толықсып жатқан көрікті ел, Бұлғыным - менің айдыным. Урианхай, қазақ қол ұстап, Жарасып бақыт тапқан жер. Баурына қала қоныстап, Төсіне орден таққан жер. Қ а й ы р м а с ы: Бұлғыным менің əн-күйлі, Бақыттан көңіл шалқиды, Қызыққа тола жайлаудан, Қымыздың иісі аңқиды.

Көңілден табы кеткен жоқ, Көзіңді салсаң өткенге. Қан, терін бекер төккен жоқ, Кешегі Зия, Өткерме. Талайға бұл жер арман жер, Тебісіп теңдік алған жер. Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Анамның жасы тамған жер, Бабамның басы қалған жер. Қ а й ы р м а с ы: Бұлғыным менің əн-күйлі, Бақыттан көңіл шалқиды. Қызыққа тола жайлаудан, Қымыздың иісі аңқиды.

КОНЦЕРТ БЕТАШАРЫ Сəлем беріп қадір тұта есімін, Ақ жүректің аштық келіп есігін. Армысыздар, құрбы-құрдас, ағайын, Оу, армысың, əсем Өлгий бесігім? Барша халқым бар үнімен келіп тұр, Дархан жүрек дарынымен келіп тұр. Ақбас Алтай өрлігімен келіп тұр, Асау Бұлғын арынымен келіп тұр. Көшелері көзді тарта жарасып, Тал, терегі көшкен бұлтпен таласып. Əніменен, сəніменен келіп тұр, Қанат жайған «Жаргалант» қалашық. Көңілдерге көктем туып гүлдесін, Даңқымызды қандай адам білмесін. Елтым мен «Салтанатым» келіп тұр, Жеңіп алған республика жүлдесін. Əрбір таңын сауықпенен атырған, Саба-саба сары қымыз сапырған. Күміс көлді кең жайлаулар келіп тұр, Ойда-бұлбұл, қырда көкек шақырған. Бақ дəулетті бірдей етіп үлескен, Қиындыққа қатар тұрып күрескен. Ағайындас урианхай-қазақ келіп тұр, Тай-құлындай асыр салып бір өскен. Туы қолда алғы күнге бастаған, Өрен елдің өрі бар ма аспаған. Еңбегімен ер көңілін паш етіп, Ал шырқалсын, алдарыңда асқақ əн. 1977.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ТУҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ШУМАҚТАР Елім, жерім! Сенсіз күйім келе ме? Екеумізді есі дұрыс бөле ме. Мені саған жоқтатпас ұл көп шығар, Сенсіз жерде менің күнім немене? Гималайдың керегі не сен барда, Ніл дарияның керегі не сен барда. Қырымым да, Мысырым да сенсің ғой, Кіндік кескен жерсің ғой...

  • *

Нар төсіңде ақ өлімің той емес пе ол дағы, «Жаудан өлді» деген сөзді естімесек болғаны. Арда емшегің суалып бір, күйік шалып солғанын, Жаудыраған қара көздер көрмесе тек болғаны Сен жайлы бір жыр жазғалы жүргенімде толғанып, Балғын өмір басқыншыдан қиылмаса болғаны...

  • Ақбас Алтай Гималайдан секілдісің еңселі, Асау Қобда, Ніл-дарияға теңемеймін мен сені. Менің Өлгий қалашығым жұлдыз - оттар шашқанда, Нъю-Йорктен де биік болып шаншылады аспанға! Қаншама ыстық болсаңдағы, о, туған жер, сен мейлі, Жұмыр жерден, ұлы жерден, бөле көргім келмейді. Сенде – бақыт, сенде – күлкі, өмір жарқын, тыныш бақ, Сонда да мен ұлы Жермен тұрам бірге тыныстап.
  • * Саған қонған түйір бақыт, маған да кеп қонады, Сені соққан тамшы қайғы - соқпай өтпес о дағы. Жұмыр жерім - планетам5, тағдырыңа мен алаң, Бір гүл өссе, бір оқ тессе-ысып, суып дем алам!
  • * Ана - Жер-ай, сен тербетіп өсірген бір боқмұрын, Қаз тұрған соң, қайта саған көтереді-ау шоқтығын. Санға қиған байлығыңды жанға қимай жатады, Тұнығыңды шайқалдырып, аққуыңды атады. 5 Планета – жер шары

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Батса менің қабырғама батады осы бір қайғы, Бетпақ неме бүлк етпестен бетіңді сенің тырнайды. ДОМБЫРА Бұл жиһанда еш аспабың, болса да жез таңдайлы, Қазақ үшін домбырадан шешен сөйлей алмайды. Қазақ халқы шешендікте алдына жан салмайды, Бірақтағы домбырадан шешен сөйлей алмайды. ТУҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ БАЛЛАДА Бұла Бұлғын, мен сені баласам ба, Баласам ба дария арасанға. Өтелер ед парызың бір тамшыңды, Қадірімен ішуге жарасам да.

  • * Бір қария басқа түсіп ғаріптік, Қиыр жүріп аурудан арыпты: «Тамшы суы болар ма еді, – дейді екен, Бұлғын өзен арасан ғой, жарықтық !»

Сол бір шалдың бес баласы бар екен, Қолы жеткен бəрі бір - бір нар екен, Күлісіпті: «Мынау дəулет тұрғанда, Қалай ғана қара суға зар екен?!» «Машина əзір сейілдеуге шыға алса, Қырымға да апарар ек құп алса. Алжыған шал жер-мерім деп көксемей, Сол Бұлғынның пайдасызын ұға алса». Кімдер туып, кімдер қайда өлмеген, Əй, қария - ай, шөлдемеске шөлдеген. Көп ұлдары салсын ба оған ерікті, Нелер шипа дəрі беріп көріпті. Қалдырмапты апармаған арасан, Бірақ шалың тек нашарлай беріпті.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Жатады екен армандаудан тыйылмай, Көкіректен бір үмітін сыйырмай: «А, дариға-ай, кетер ме екен топырақ, Бұлғынымның шұңқырынан бұйырмай». Шал төмендеп тіл қатудан қалыпты, Науқас меңдеп, ақыл-естен таныпты. Сонда ұлдары: «Өсиетін ең соңғы», «Орындайық»-десіп тілін алыпты. Қоя тұрып ем-домды да, Қырымды, (Ой түсті ме бес ұлына жырынды). Ап жүріпті кіндік кесіп, кір жуған, Мекеніне қырық жылдан бұрынғы... Əлде рас, əлде елдің өсегі, Ұлақшыннан салқын самал еседі. Туған жердің жұтқан кезде ауасын, Ақыл-есі енген екен деседі. Əлде рас, əлде елдің өсегі, Пенде деген талай кешу кешеді. Жете сала Бұлғынына бас қойып, Шалғынына сұлай кеткен деседі. Əлде рас, əлде елдің өсегі, Еске түсіп жастық шағы кешегі. Жауырыны бүлк-бүлк етіп уанбай, Жарты күнге жылап жатты деседі... Сонан ары не болғанын білмеймін, Бəз біреулер жалған шығар бұл дейді, Жершілдікті тым дəріптеп кеттің деп, Шалымды да, өзімді де міндейді. Бəз біреулер нағыз шындық бұл дейді, Сенімге əмір, жүрекке əмір жүрмейді. Туған жерге деген сол бір махаббат, Бұлғынында əлі аман жүр дейді.

«НƏРІН - ТАУ» «Нəрін тау, қайран тау, Қалдың кейін сайран тау, Жалғыз қойым қоздаса, Ішуші едім айранды-ау». Болашаққа сыйлаған, Осынау жыр жолдарын. Қайран бабам қимаған. Емес пе едің сол Нəрін. Аязға бет өпкізген, Ақпаныңды сағындым. Сауықпенен өткізген, Ақ таңыңды сағындым. Анашымдай аңқылдақ, Жаздарыңды сағындым. Қаздар қонар қаңқылдап, Саздарыңды сағындым. Жезделердің шымшыма, Əзілдерін сағындым. Жеңгелердің мың шұға, Наз үндерін сағындым. Ақ бұлт шөккен аймалап, Асқарыңды сағындым.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Сауық қуған қайдалап, Жас-кəріңді сағындым. Құрбыларым бармысың, Ақтармаған сырларым. Аңсап келем, армысың, Айналайын, Шың - Нəрін! Өзіңді, кеш ұғыппын, Балалығым қалғанын Қойынында Құдықтың, Қорығында Памбаның. Таусылды бек тағатым, Құс боп шарлап ұшайын. Оу, Зұсылың6, Даваатым7, Баурайыңды құшайын. Дариядай көремін, Бұлағыңды тулаған. Бүркеніп көк желегін, Бақалары шулаған. Арманым боп ақ бұлақ, Қойтасыңнан ырғысын. Шабытыммен атқылап, Ұшырайын жыр құсын. Ақ батасын үйетін, Алаураған арманы. Маңдайымнан сүйетін, Ескі көздер бар ма əлі?... 6 Зуслан - Зұсылын – жайлау деген сөз 7 Даваат – жер атауы * Туған жердің қыз күнін, Қызықта да тоя бер. Кер бестінің тізгінін, Керілтіп бір қоя бер. Сар жайлаудың самалы, Аймаласын тағы да. Айқай, мейірің қанады, Бас қамшыны тағы да! ОРАЛУ Сəлем, сəлем! Ескі көздер аман ба? Жыл жүрсем де құшағыңа қанам ба? Баптап қойған күреңіңді арытып, Сақтап қойған сүр етіңді тəмамдап, Жыл жүрсем де құшағыңа қанам ба? Нəзік қолдар, кəрі жүздер қаусардай; Мейірің неткен тəтті еді гаусардай. Ақ періште, əжелер-ай, сыйыңның, Кетемін-ау мың да бірін тауыса алмай. ...Жатыр сұлап бір қыраттан, бір қырат, Шүу, кер бесті, баурыңды жаз, зырқыра, Анау белде ақ көйлекті бір қыз тұр, Бұрымынан жусан исі бұрқырап... Шүу, кер бесті, баурыңды жаз, зырқыра!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын О, БАБАЛАР Қас қағымдай ғұмырымен бір сіңген, Өзі басқан жұмыр жердің астына. Қайран бабам, тірлігінде дүрсінген, Бір - бір томпақ тас мына. Қапас тірлік бой жазғызбай қарғылап, Ол өткен шақ шын-ақ арман секілді. Дүмбір - дүмбір шауып келіп арғымақ, Тына қалған секілді. Ат жалында от пенен оқ қамалып, Өтті өмірден өр төсіне мұз артып. Менің киер көйлегімді жаңалап, Менің жүрер соқпағымды ұзартып... О, бабалар, жазбаған жыр хатың бар, Бұл тірлікте бітпей қалған ақың бар. Бітіретін ұрпағың бар, атың бар, Май топырақ торқа болып жатыңдар!

КЕТПЕН Ақ батам: ата жолын қусаң балам, Күніңді бақ санама бусанбаған. Бар мұрам-саған қалар қара кетпен, Бар мұрам-жұпар иіс жусан далам! (Тарамыс қолыменен қалтыраған, Сипап бір кетпен жүзін жалтыраған). Көзі осы бақытыңның, ал, бақытты, Қадірлеу-ата-бабаң салты, балам! Бұл кетпен бізге жетіп ғасыр аман, Ас, тон боп талай жанды асыраған. Таттанған темірсініп теуіп кетпей, Бабамның көзі еді деп бас ұр оған. Жаңғыртып тың өлкеңді күн қақтаған, Сен осы кетпеніңмен үн қат, балам, Тұрайын саған қарап шаттанып мен, Разы болып жатсын тыңдап бабаң. Бұл күнде өнер қуған өрісің кең, Егіп ал бақытыңды ер ісіңмен. Осы ұлым, кетпен деген, нан-тұз деген, Бабаңның жасы тамып, тері сіңген!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын КЕШ Қой жамырап қора шуға толғанда, Бие бауды ағытар шақ болғанда. Көк төсінен үзіліп кеп шоқтай өрт, Көк жиектің шоқтығына қонғанда. Боз жусанның ащы исіне қапалап, Кешкі ауаны жұтады қыр қаталап. Тас төбеде тік шаншылып қалады, Азаншыдай жапалақ. Ауыл шеті, қыр басында осы уақ, Ақ сақалды күрек қолмен көсіп ап, -Е, балалар, не көрмедік,- деп алып, Əңгімесін бастап кетер сосын-ақ. Бастап кетер балаң шағын, көктемін, Бастап кетер от жылдарын өткенін. Тең тебіскен құрбыларынан айрылып, Мынау күнге селдіреп кеп жеткенін. Бəйге шапқан, бесті асау үйреткен, Көкпар тартып, құрық, сойыл сүйреткен. Көн етігін көтере алмас мынау шал, Өз кезінде жауларын сан күйреткен. Қау сақалы, дəу сақалы қыраулап, Қыр басында тұрар бір сəт сыр аулап. Тізбек-тізбек тырна өтіп барады, «Ассалаумағалейкум»-деп тыраулап. Қарап қалар сүйеніп ақ таяққа, Əңгіме де бітпей қалар аяқтап. Тізбектеліп барады өтіп бір дəурен, Тізбектеліп барады өтіп ай, апта. Тарлан көңіл сол сəт сеңдей бұзылды, Боз жанардан бор кемік жас үзілді: «Қанаттарын бұлғай-бұлғай тырна-өмір, Барады ұрлап сексенінші күзімді». АСАУ ...Сары қымыз жіберген бе желіктіріп, Қарттар да жан таласад көріп тұрып. Шыңғырып тағы асау, қырылдайды, Алқымын қылқындырып берік құрық. «Мықты ұста, жөнеледі жұлаттағы»,- -Деседі тұс-тұсынан шулап та-ғы. Сыбанған зор денелі қара жігіт, Шіркінді, тұқырта кеп құлақтады. Қарашы тағылықтың сұстысына! Дегендей шыңғырады; «күшті сына», Ер салып, ептілікпен мінді жігіт, Балалар қашып жатыр тұс-тұсына... ...Аспанға асау тіп-тік шаншылады, Сазды жер табанында жаншылады. Сауырын жел сипаған қамшы тіліп, Қара тер өн бойынан тамшылады. Езуі қанды көбік алас ұрып, Басымен екі жағын таласа ұрып. Жөнелді кесіп төсті құлап жатқан, Барады иттер дағы жал асырып...

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын * Танауы қусырылып, босап демі, Қалған-ау болдырып-ақ осы ат тегі. Тер сасып айғыз-айғыз байлаулы тұр, Дəрменің асау өмір, осы-ақ па еді?! 1966.

УЛАНБАТОР Менің Уланбаторым бас қалам - ау, Қанат жайған көркейіп баспана, бау. Азияның төсіне алғаш рет, Қызыл ту боп қадалған астанам-ау! Сен тұрғанда басқаша күй іздемен, Күй іздемен өзгеден сый іздемен. Мəрмар тасқа айналып шыға келді, Кешегі дұшпан күлген киіз денең. Дəл халқыңдай кең қолтық қала мына, Табылар ма əлемнен, қарағым-ау! Ватикандай бүтін бір мемлекет, Сиып кетер бір ғана алаңына. Көп-көгілдір, тұп-тұнық аспаны анау, Еш қалаға бергісіз баспана, бау. Париж, Лондон, Римдей жаутаңдатып, Көк тиын тілетпеген астанам-ау, Менің Уланбаторым, бас қалам-ау!

ӨЛГИЙ ОТТАРЫ (Əні бар) Өлгийім - өлеңім, Сені аңсап келемін. Самала оттарың шақырады, Көз тартып келбетің, Бір əуен тербетіп, Жұлдыздар етекте жатыр əні. Су соғып жағаны, Қобда өзен ағады. Шағала қонақтап айдынына, Қалаға арайлы, Қызыға қарайды, Бөкен тау шомылып ай нұрына. Өлгийдің аспаны, Хабарын бастады. Басынан күй шалқып бағананың. Жастықтың қаласы, Достықтың қаласы, Əз ұям, арналсын саған əнім! Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын АЛМАТЫ ҚҰШАҒЫ

Жыр бейнесін шаттық кернеп үн басып, Жасыл орман шөгіп жатыр жымдасып. Тамсана кеп мойнын созып Алатау, Тас төбеде қатып қапты Күн – ғашық. Құшағында құлаш жайған қаулай бақ, Еркелегің келеді бір аунай қап, Асан атам аңырап кеп іздеген, Па, шіркін – ай, жер ұйықтан аумайды – ақ! Қандай жарқын үлкен – кіші шат бəрі, Қандай сұлу парктері, бақтары. Еңбек соққан тұлғасында тұр əне, Бабалардың саусағының таптары. Шалқи басып, билеп бойды мың ұшпақ, Жүріп келем маңдайыма күн ұстап. Жүріп келем бойлап əсем көшені, Алматы боп, Алатау боп тыныстап. КазПИ

Алматыда бой көтерген таласа, Комсомолдар көшесінде тамаша, Бір орда бар саған да ыстық, маған да, Алдында оның Алатау да аласа: Бұл ордада бақыты бар талайдың, Бұл ордада арманы бар ақ айдын. Бұл ордада столы тұр Сəкеннің, Бұл ордада есімі бар Абайдың. Ғажап оның алау таңы атқаны, Ғажап оның алтын күні батқаны. Бөлмелерін ақ самайлар əлдилеп, Ақ парақтар аударылып жатқаны. Іздер болсаң ой да сонда, қыр сонда, Тайырыңдай тасқындаған жыр сонда. Мəлігіңдей бəйтеректер мəуелеп, Сəрсеніңдей сан ғалымдар жүр сонда. Шар тараптан тоғыса кеп жамырап, Қанша шілік сая төкті тамыр ап. Сан отауға өмір отын тұтатар, Секілді бір үлкен қара шаңырақ. Алматы, 1970.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын МҰХТАР ТОЙЫНДА О, ұлы жан! Сан жүрекке сəбиіндей бөленген, Нар тұлғасын парасаттың биігінен көрем мен. Көз алдымда: кең даланың самғап өтсе қыраны, Сол суреттей, ұлылықтың бір бейнесі тұрады. Өлмепті ғой, шаттана бір қараңдаршы, ағайын, Əне, Мұқтар əлем шарлап қыдыртып жүр «Абайын». Бір жүрегін ғасыр бойы сан мың жүрек ұрлайды, Халық жырын жырлады ол, халқы да оны жырлайды. Дария еді - ау! Дария суын сарықа ма, тауыса ма, Тірлігінде бітірген іс, тындырған іс қаншама? Ойхой, дүлдүл, уақыттан да озып кеткен екен ғой, Солайша бір, аз ғұмырын созып кеткен екен ғой.

Дархан жаны кең жазира дала болып қалыпты, Бала болып өтіпті де, дана болып қалыпты. Кіші болып өтіпті де, ұлы болып қалыпты, Сондықтан да бар жүрекке жылы болып қалыпты. Эх, көңілде толмас арман: биік болып шоқтығы, Бұл тойында төрде отырар сол ағаның жоқтығы. Жоқ, жоқ, сезім! Өгейсіме, құлазып бір көрінбе, Отыр Мұқаң өз орнында - бар жүректің төрінде! Алматы, 1967. СƏБИТ МҰҚАНОВҚА (Жетпіске толған тойында) Көзіндей көне асылдың, Көкірегіне жыр ғашық. Атомдық мынау ғасырдың, Алатау сынды құрдасы. Ғажайып өскен атырап, Өтіпті - ау қанша майдандар. Жетіде желген батырақ, Жетпіске келген пайғамбар... Табын кеп жылан шаққанда, Талқандап торын жоқтықтың. Еніп бір келді ақ таңға, Сойылын соғып «Шоқпыттың». Советтік сөзде айбыны, Жауларын жасқап адуын. «Жүйткіді қара айғыры». «Алыптың, аттап адымын». «Саяхат» кешті нелер мың, «Шыңнан шыңға» төтелеп. Цейлонның пілі, Севердің, «Ақ аюын» жетелеп. «Тыңда тұнған байлығы», Қарсы алып «Қазақ даласы». Бəйек боп атын байлады, «Бақташының баласы».

«Сырдарияны» жағалап, «Ботагөз» қызбен кеткенде. Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын «Сұлушаш» ару сағалап, Көз тігіп жүрген көк белде. Пайғамбар жасын асқанда, Қырындап барып неше күз. «Жұпарханды»8 ала қашқанда, Қызғанып қапты шешеміз. Өлеңмен тербеп ұл - қызын, «Өмір мектебін» ашқанда. Арқалап «Аққан жұлдызын», Алып бір шықты аспанға. Ортаймас көңіл тау - заңғар, Қартаймас қалам толғаса. Жетпіс рет жауған қар, Самайдағы ақ болмаса... Дəуірдің мынау сырлары, Көзіндей көне асылдың. О, шежіре - жыр басы, Жасаңыз жасын ғасырдың! Алматы, 1970.

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ Есіңде ме ең алғашқы қоңырау, Есіңде ме ең алғашқы қоңыр əн. Тұтап қана тұлымшағың желбіреп, Қарап қалған қайтқан ана соңынан. Балғын едің, мүлде балдыр бөбек ең, Балауса гүл, басталмаған өлең ең. Құртақандай жүрегіңді құндақтап, Сыңғыр - сыңғыр осынау үн бөлеген. Жылдар өтті жылжып белден асырған, Кекіл қалды, бантик қалды басыңнан. Қияқ мұртты ұл, ақ көйлекті бойжеткен, Аумайсыңдар жарқ еткен бір жасыннан. Қиыспас дос, қимас ұстаз, парта қап, Шақырады жаңа сапар, шартарап. Аттанарсың ауылына арманның, Соңғы қоңырау өсиетін арқалап. Студенттік бал жылдарды сағынсаң, Кітап ашып, көз ілмейтін түнімен. Балалықтың бал жырларын сағынсаң, Сағынарсың тек қоңырау үнімен. Үңілдірген ұлылардың томына, Гүл бітірген асыл арман жолыңа. Сені əлдилер бұл ең соңғы қоңыр əн, Бұл - ең соңғы қоңырау. 8 Жұпархан – ұйғыр қызы туралы поэма.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ҚЫСҚЫ ТҮН Шырт-шырт сынып түнгі ызғар, Шатынап тұр далада. Жымыңдаған жұлдыздар, Шөгіп қапты қалаға. Қозғалысқа қақтығып, Тыныштықтың етегі. Боз тұманды қақ тіліп, Такси ағып өтеді. * Қою түннің қонағы, Қалғып кетті Ай көкте. Қар түйірі қонады, Қалықтап кеп əйнекке. Құйын ойнақ салады, Жел жағадан жармасып. Сілкіп-сілкіп қалады, Ақ қыраулы тал басын. Жүрегінен малынып, Ақ махаббат, ақ қарға. Сөндіре алмай жалынын, Ғашықтар жүр бақтарда... 1969. ЕКІНШІ БӨЛІМ СЕЗІМ СУРЕТТЕРІ ДОСТАРҒА Өзімді өзім түсінбей, Елегізіп жүрегім. Қайнаған адам ішінде, Жалғызсырап жүремін.

Береке болмай ісімде, Самарқау тартып реңім. Жайнаған шаттық ішінде, Жабырқап кейде жүремін. Қайранда сол бір кездерім, Құлазып өтер арманда. Жайраңдап жүрер өздерің, Жанымда болмай қалғанда. * Баға беріп сыртынан, жүрміз бе əлде бас ұрып, Биіктікті қөре алмай, аласаны асырып. Бір көргенде құмартып, шаң жұқтырмас «періштең» Шайтан болып шығады, екі айналып көріссең. Бір көргенде - қуаныш, қайта айналсаң - уайым, Қуыршақ боп шығады, əлгі көрген «құдайың». Қолдағы асыл қадірсіз, айырбастап жасыққа, Белгісізді тəңір деп табынуға асықпа.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Жалтақтаумен өзгеге шындық деген жүр семіп, Өзіңе де бір сүйін, өзіңе де бір сеніп. * Тоқшылықта, Қадірсіз боп, қирап жатса бал құйылған кеселер, Жоқшылықта, Қара суды балдай көрген, бабам, өзің кеше гөр! Терлеп тегі, Көрместен-ақ, ерте жатып тұрар болсам кеш егер, Тербеп мені, Түн ұйқысын онға бөлген, анам, өзің кеше гөр! Кешіріңдер! Тоқшылықта жоқшылықтың тұзы барын көрейін, Кішілікте ұлылықтың ізі барын көрейін, Қайта айналып тəубеме бір келейін. КҮДІК Күдіктенем, күдікшіл демес пе екен, Кеш біліп қап уайым жемес пе екем: Төрт аяғы тең жорға деп жүргенім, Əшейін бір шалдуар емес пе екен. Сағымданған шың ба екен, белес пе екен, Біле алмадым шын ба екен, елес пе екен. «Арып-талып асармын»- деп жүргенім, Əшейін бір белегір емес пе екен. «Құлақ салар осы да кеңес пе екен, Ақын деген жоқты айтад»- демес пе екен. Əйтседағы осы бір күдік деген, Ақиқатқа барар жол емес пе екен?!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын БІР ДОСҚА Түсінбедің дедің оған, өкпеледің бір демде, Өзге түгіл, өзіңді-өзің түсіне алмай жүргенде. От сезімнің атойы бар ағыл-тегіл жасыңда, Қара бұлттай қайғы бар деп қалай ұқсын басыңда. Көз жасыңның кермек дəмі татып тұрған күлкіңде, Көкірегіңнің шаттығы бар деп түсіну мүмкін бе? Шығар болсаң биіктікке: шапақ та үйір, бұлт үйір, Көрінерсің біреуге-алып, ал біреуге-бір түйір... Сəттер де бар: жасықты ер, батылдықты ез еткен, Дес бермеде алтын өтпей, жылтыраған жез өткен. Сəттер де бар: қас тұлпарлар жабы шаңын құшатын, Сəттер де бар: қас сұңқардан қарға биік ұшатын. Бір көрмеге жерік болып қайран, қайран нұр мүсін, Жалт еткен бір сəттерге осы алданып қап жүрмісің? Тұяқ тепсең өз тұғырың биік тірек еді ғой, Жырақ кетсең «су мұрның» сүйіктірек еді ғой... ...Түсінбедің сен де оны, өкпеледің бекерге, Көйлек кірі кеткенімен, көңіл кірі кетер ме? 1970.

ЕЛЕГІЗУ Сезім таяз, жыр сұйық, Ой жалаңаш ырсиып. Еңсе еңкіш бүрсиіп, Жүдеу тартқан түр-сиық. Жадырап-ақ кетейін, Жазылып-ақ кетейін. Жаным сені бір сүйіп.

  • Бір алау ой маза бермей түртеді, Жарақатым жазылмаған жыр, тегі. Қараймын да қызғалдақты далаға, Жанарымды үмітпенен сүртемін. Сені біреу қолпаштайды; «Сабырлылық-сабаздың тоқтамы»- деп Сені біреу кінəлайды; Темірді қызуында соқпады»- деп, Сен не дейсің, тоқта, жүрек!

ШАЛҚУ Ықпалы емес шайтан, я құдайдың, Мен құласам барып-барып құлаймын. Мен жығылсам-кішіліктен жығылам, Мен жыласам-қуаныштан жылаймын.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Мен зар емес, əн айтуға құмармын, Бір жан ұқса, жайыңды мен ұғармын. Мен жас болсам-еркелігім еліме, Мен мас болсам-тек бақыттан шығармын. Заты басқа болса да көңілдері жарасып, Аңсап тұрар кей туыс алыстаса арасы. Бірге туған кей пенде дүйім шалғай жүреді, Кең аспанның астында сыйыса алмай жүреді. Жайсаңдар көңіліңді түлетеді, Жаманның жалғыз сөзі-ақ жүдетеді. Жасытып жақсыларды бапсыз ұстап, Жібекті түте алмаған жүн етеді. * Қасыңнан да көңіліңді суытпа, Достық ізде, сырлас, мұңдас, жуықта. Бар: шипалық қасиеті у шөптің, Жəне де бар: əсем гүлі-ұмытпа! Есте қалмай жүз реткі ұшпағың, Ұмытылмас көрген жалғыз қыспағың. Мың досыңа бірден ғана келсе де, Көп көрінер дұшпаның.

ОН СЕГІЗГЕ НАЗ 1-өлең Қарақаттай көзіңнен нұр жанып бір, Шыға келсең көшеге қырланып бір. Айналайын, он сегіз, көп қараймыз, Ар жағынан отыздың ұрланып бір. Дей көрмеңдер: «Қарай гөр дəмесіне!, «Көзін сүзген тамсанып жемесіне», Көңіл деген шақпылап сіз жақта жүр, Шықсақтағы өмірдің белесіне. Еске түссе қызу шақ, қызынамыз, Аяқ асты бұлттаймыз, бұзыламыз. Басымыздан он сегіз кешпегендей, Қызғанамыз, сендерге қызығамыз. Он сегіздер! Алаулар, от жалындар, Бір дəт айтам, жарқ етіп тоқталыңдар. Біз қарасақ, қараймыз сендерге емес, Балауса сұлулыққа-деп таныңдар! 2-өлең Бұрмай ма екен мойынын бұра ма екен, Құрмай ма екен бір сауық құра ма екен. Көбелектер көлбеңдеп көп торып жүр, Жанып тұрған қай жанның шырағы екен. Көп қымсынба, қарағым, томсырайып, Əзілдесіп бері отыр, жөн сұрайық.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Келіп қалдық біз дағы қатарыңа, Ар жағынан отыздың омсырайып. Қуыстанып мысың бір құрады екен, «Сіздікі не» дей ме деп тұрады екен. Не қалжыңың, не жөнің қиюласпай, Құдай сөйтіп төбеңнен ұрады екен... Он сегізді басыңнан атқарарсың, Бұрқыратып сен де əлі-ақ кеп қаларсың. Сонда ғана бұл күйді бастан кешіп, Қимастықпен артыңа көп қарарсың. САЛ ҰЙҚЫ Отау үйдің оң қанатын нұр қаптап, Оңашада ару жатыр бұлғақтап. Құмай төсті бүркеуге де бата алмай, Шайы көрпе сусып түскен сырғақтап. Қос анарды көтере ұстап жоғары, От көкірек алау атып соғады. Елік жанар зер кірпікпен бүркелген, Ояу да емес, ұйықтаған да жоқ əлі. Мас кербездік сал денені жия алмай, Былқ-сылқ қалған ақ сазан тəн қиялдай. Жанып жатыр өз қызуына өртеніп, Бұла түннің құшағына сия алмай. Аққу мойын, алшы иықта əр талы, Қанат жайған қара бұрым тарқалып. Саңылаудан созылып кеп Ай-жігіт, Құс төсекке боз білегін артады. 1969. СЕНІҢ ҚАРАСЫҢ... Қарасын-ай, қарашы қарасына, Шоқ тастайды-ау жүректің жарасына. Бота көзі сүзіліп шашқан ұшқын, Шарап болып бойыңа тарасы ма? Ех, шіркін-ай, қарашы қарасына. Жан пендеге бітпейтін қарас екен, Жарқ еткені жұмақтан тамаша екен. «Пері шығар,-деп қалсам көктен түскен», Қыр перзенті шопанның баласы екен. Қарай түсші қас қақпай елжіреп бір, Тебіреніп тереңнен көл дір етті. Қарақаттай, ой, сенің қара көзің, Тамып кете жаздап бір мөлдіреп тұр. Бұл ғаламға бітпеген дара сынды, Қайран жанар балқытқан қара шыңды. Мың жыл жазып мың ақын тауыса алар ма, Жалғыз рет жарқ еткен қарасыңды 1969. *

Алдаспанды нəзіктіктің рас шығар жеңгені, Атпай - шаппай, соғыспай - ақ жаулап алдың сен мені. Арулардың ақылына рас шығар сенгені, Кісен - шынжыр, түрмесіз-ақ тұтқындадың сен мені. Саған қарап дабырайып, саған қарап жөнделіп, Қыр соңыңда ішпей-жемей мас боп жүрмін сенделіп. Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Өзің-қайғы, қуанышым, өзің жəне өлеңім, Қайран менің көңілімнің шкаласы-сен едің. Шанақтағы жалғыз ішек, астыңғы ішек мен едім, Көмейімде тұнған күйді бір төге алмай келемін. Қыран да қос қанатымен самғайды бұлт ішінде, Қос ішексіз өмір жайлы күй туар деп түсінбе.

БОЙДАҚПЕН ƏҢГІМЕ – Ал бойдағым, нендей ғана ойың бар, Бізге қашан жасап берер тойың бар? – Алдымды орап ақ балтырлы қайыңдар, Бойдақтықты қимай жүрген жайым бар. Ақша бұлттың ар жағында Айым бар, Адасып қап таппай жүрген жайым бар. – Гүл солмай ма қуарған бөз секілді, Күн батпай ма суалған көз секілді. Жалқы жүрсің, жалаң төсек, жыр бағып, Жақсы жардың қызығынан құр қалып. – Қайдан білдің, бəлкім азат жүрмін бе, Жаман жардың күйігінен бір күнге. Беу, жүректен хабар келсе, тойым бар, Оған дейін мазаламай қойыңдар. АҚ ГҮЛ Самал сүйіп, ай нұрына малынып, Жас қайыңның жасыл бүрін жамылып. Ақ махаббат-раушан гүлі көктеп тұр, Үзіп алма жаңылып. Ақ, ұлпа түн! Ей, асықпа сауыс таң! Ғашықтар тұр еріннен бал ауысқан. Қос құшақтың арасымен қауышқан, Ұшып өтпе сауысқан! Бір шеру бар қос өмірде күш атқан, Бітпесін тек, қарыс жерде - үш аттам. Жан гүлдерін оттай ыстық құшақтан, Жұлып кетпе қыс - ақпан! 1967. ШУМАҚТАР Махаббат - арқар емес, атып алар, Махаббат - алтын емес, сатып алар. Ол - бақыт, құс боп қонар басыңа кеп, Ол - күйік көкіректе оты қалар. * Көлбең-көлбең көлеңкелер сырғақтап, Жұлдыздардың шық жанарын ұрлап қап. Қоңыраулы менің қайран жастығым, Көк көйлекті көктем - қызбен жүр бақта.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын * Сен шығыста, мен батыста жүрсем де, Алау атқан от жанарым бір сенде. Түсіме сан кірсең де, Төгіледі жыр сен деп. Хабарың жоқ қаран болдым, кеш мені, Күттім-күттім сен жақтан бұлт көшпеді. Ой, сағынышым-ау, Сен жақтан құс ұшпады, Сен жақтан жел еспеді. Шың басына гүл ап құшып жеттің бе? Шыңырауға бірақ түсіп кеттің бе? Оралмастай көп күнге, Жыраққа ұшып кеттің бе? Саған деген сезім тербеп еңсені. Сағынып жүрмін мен сені. 1969.

  • * О, зеренім, алыстасаң, шеттесең, Мен қайтейін, жүрегіңе жетпесем. Жаутаң қаққан жанарымды мүсіркеп, Аяғаннан өппе сен. Орта кесе мүсіркеумен толмайды, Махаббатты үміт деуге болмайды. Есіңе ал, не ұмыт деуге болмайды. Махаббатты үгіттеуге болмайды. Тұрады ол - ұшқын атып көзіңде, Тұрады ол - діріл қағып сезімде, Тұрады ол - бір жымиған езуде, Жалғыз ауыз сөзіңде... Мына екеуміз қатар тұрған жазықтық, Кедірлі екен, кедірлі екен аз ұқтық. Біз жүргенде қадірін де біле алмай, Кетті үзіліп нəзіктік... Кетті үзіліп, жалғай алар ма екенбіз, Бір жүректі екі рет алдай алар ма екенбіз... ...Əлі-ақ ұмыт, сезім ғана дір етіп, Бейтаныстай бас изесіп өтерміз.

О, зеренім, алыстасаң, шеттесең. Мен қайтейін, жүрегіңе жетпесем. Жаутаң қаққан жанарымды мүсіркеп, Аяғаннан өппе сен. 1969.

  • * Депсің-ау: «Сені аңсадым», Таң болдым алып хатыңды. Қалтырамай саусағың, Қалай жаздың атымды?! Расың ба, ойның ба, Тағы да салған шарғың-ау. Сайқал күлкің - мойнымда, Сыңғыр-сыңғыр қарғыбау. Қалай ғана «аңсадың» Талақ еткен атымды. Қалтырамай саусағым, Отқа жақтым хатыңды. 1971.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ЭЛЕГИЯ I Бəрі бітті: Сенен менде, менен сенде не қалды, Үзік-үзік үміттағы түтеленіп жоғалды. Қоңсы қонып арамызға əзəзілмен ат тұсап, Мені - қайғы, сені аңсап тұрыпты ғой жат құшақ. Назданасың əлдекімге, сүйе алмаған сүйіктім, (Жазық па едің, мен тайғанап шыға алмаған биіктік). Қайран біздің он сегіздер-ерте солған балауса, Кешіре көр, қадіріңді біз білмеген алау шақ. Тек бақытқа жаратылған жан едің-ау, мырза қыз, Таптың ба сол орыныңды, тапсаң болды, ырзамын. Қайда кетсең, қайда жүрсең, жүрегімде ақ тілек, Саған деген өмірімде өтер болам бақ тілеп. Көргеніңде шаңға батып жатқан гүлді жолдағы, Аппақ саусақтарыңменен іліп алсаң болғаны. Қысқаныңда сап-сары ала сағыныштың толғағы, Сол күндерді, мені де бір, есіңе алсаң болғаны! II Менің кермек ерініме сенің дəмің бұйырмай, Күйік отын өшіруге кетіп барам қиырға. Қош, қош енді, кербез бикеш, көріспесек қош енді, Қимас саған қоштастырар жол айрығы осы енді. Ең болмаса, алданып бір қалсын жүрек-жетімек, Аттанарда ойнап шықсын жылы шырай бетіңе. Қайыршының қолына əдей тас тастаған секілді, Мұздай суық ерніңменен бір сүйкей сал бетімді. Қоштасарда қолың бұлғап анау белге шыға сал, Мен «пақырды» мүсіркесең жанарыңды сыға сал. 1969.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ҚОШ, КӨКТЕМ! МОЙЫНДАУ Ғұмыр өтіп барады, мен не дейін, Өкінейін аһ ұрып, дөңгелейін. Еш алаңсыз келемін, о бетім-ай, Тағы жүз жыл жасайтын пендедейін.

Ақын деген қойсаңшы бұл ынжықты, Атой салмай, міңгірттеп үнім шықты. Таңдайланып қанша рет таңым атып, Тамырланып қанша рет Күнім шықты. Жетегінде желғұмыр сүйрелгем жоқ, Сүбеленіп бірақ та күйге енгем жоқ. Аз күймеді ауызым мына менің, Ұрттап ішіп сонда да үйренгем жоқ. Жоқ: даңқым, артық білім, атағым да, Ұрпағы емен аруақты атаның да. Желіксіз, қарапайым бір ұл болдым, Шақ қана өз бойыма шапаным да. Алдау етіп бірдеме-бірдемені, Сүйреп келе жатырмын бір денені. Күйкі тірлік күймеге жегіп қойды, Бостан-босқа кінəлап жүрме мені. Суыра алмай қанжар сөз-алмасымды, Айыра алмай көп жүрдім алдашымды. Білмей келем əлі күн, жалтақтаумен, Кімге нанып, ал кімге нанбасымды? Пір тұтуға тірі не өлі жанды: Бірі - алдамшы, бірінің - қолы қанды... Уəжіп қып əмірін тəубе ететін, Патшалық та ойыншық болып алды. Бұл ғұмырға зырлауық мен не дейін, Алды-артыма қаранып жөнделейін, Қалай ғана алаңсыз жүріп келгем, Мəңгі бақи өлмейтін пендедейін! ...Бір даңғаза əуенді малданып қап, Көп жүріппін алдап та, алданып та, Өкінермін, кешермін өзімді-өзім, Не бетімді айтармын, ал халыққа?! Кеше ғана желпілдеп аңқылдағам, Таңдайымнан тəтті сөз жалтылдаған. Өз үнімнен шошимын сол кездегі, «Коммунизм, міне!»-деп саңқылдаған. Ұрандадым, былайша шалықтадым: «Жылдамдықпен космостық шарықтадым»... Түйме жасай алмайтын қалде екенмін, Бүгін ғана осыны парықтадым. Жұртта қаппын жұрдай боп, мойындадым, Қуанышым-бір күндік тойынғаным, Бүгін ғана аңғардым саным соғып, Сан қасиет бойымнан жойылғанын. Ағайын, айтты деме, жоқты мына, Қарнымның көп алдандым тоқтығына. Нəубəт боп «Қызыл мизам» деген пəле, Жабысты жетпіс жылдай шоқтығыма.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Медеу қып: тыныш өмір, бас аманын, Аллаға құлшылық та жасамадым. Мəжбүр қып дін иманнан жырақтатқан, Заманның ағымынан аса алмадым. Тілім-таза, салтымды күтіп келдім, Мəжбүрліктен дінімді ұмтып келдім. «Патшаң шайтан болса да - əмірін тұт», Дегеннен соң əмірін тұтып келдім. Өзгенікін екі етіп қайтармадым, Өзімдікін елемей қайқаңдадым. Мысыр,Үрім тарихын жат білсем де, Жеті атамды түгендеп айта алмадым. Кешірсең де, өзің біл тілдесең де, Табындым талай-талай «Күн көсемге», Пирамида тарихын оқып өстім, Бабам басы қай жерде, білмесем де? Тəуап етіп өзгенің осалына, Табынбадым өзімнің ошағыма, Су мұрынын біреудің сұлу көріп, Сүйінбедім сүмбілдей қосағыма. Жаттамалы бір ізден жазбаппын ғой, Мəңгүрт болып кетуге аз қаппын ғой. «Ел дегенде елбіреп...» еліктеумен, Өз отымды өшіре жаздаппын ғой! Айта алар ма төр тола Төрелерім: Менің əлі белгісіз не көрерім? Алғы күнге зымырап барам десем, Алынбапты-ау тұсауым, өрелерім. Шыр айналып шындық бір келеді екен, «Ауруын жасырған өледі» екен. Жарқылдаған ұрандар қош аман бол, Менің «коммунизмім» бөлек екен! Жоғалтқаным көп пе деп тапқанымнан, Сөндіргенім көп пе деп жаққанымнан. Күдіктене қараймын көмес ізге, Көңіл толмай ісіме атқарылған. Тірі де емен жəне де өлгемін жоқ, Берерімді халқыма бергемін жоқ. Шаранамды кебінге айырбастап, Кету үшін өмірге келгемін жоқ! Ғұмыр өтіп барады, мен не дейін, Өкінейін аһ ұрып, дөңгелейін. Еш алаңсыз келемін, о бетім-ай, Тағы жүз жыл жасайтын пендедейін! 1990.

  • * Көңілімде бір шапақ төкті жарық, Бір бəйшешек келеді көкті жарып. Үміт пенен күдікті жарыстырған, Ызғар əлі қайтқан жоқ бетті қарып. Өзімді-өзім азғырам иландырып, Əдіре қал, күйкі өмір, жиған мүлік. Сен жанарсың жасыған жігерімді, Тəубе етерім, тəңірім - Имандылық! 1990.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Көкірегім бос күбідей даңғырлап, Өмір - арбам құр келеді салбырап, Шабыт - атым митыңдайды шау тартып, Біле алмадым қайсы жолда қалдырмақ? Өмір бойы өтсем дейсің шат күліп, Тек бақытқа асығасың аптығып. Бар ғұмырың қалауыңдай болса егер, Сезінбес ең тəттілігін тəттінің. Ертең барма, дəл бүгінгі шаттығың, Екі айналмай əз жаныңа батты мұң. Алдамшы өмір көңіліңді аулайды, Сылаңдаған сұм түлкіден аумайды. Қусаңқашып, қашсаң бір сəт қалмайды, Сөйтіп жүріп ғұмырыңды жалмайды. Түйтің-түйтің, басы жоқ, не аяғы, Өтіп жатыр өгей күндер баяғы. Қас - қағым, жаңа ғана таң атқан - ды, Артыңда тəулікке тең Сағат қалды, Із-тозсыз Күн жоғалды күйбеңменен, Ай қалды желе-жортып, имеңдеген. Жыл қалды ғасырға тең, қасыретті, Жұқ болмай жұмырыңа Ғасыр өтті. Өмірің түк бітірмей тынғандай -ақ, Көзіңді ашып қана жұмғандай - ақ. * Ханзада да шалқып өткен кең шіреп, Қайыршы да қаңғып жүрген елшілеп. Бақиғыда босаға мен төр демей, Қатар жатыр екі адым жер еншілеп Дүниеден өткен соң - не керегі: Əулиең де, жалшың да теңеледі!

  • Бұлбұл ұшып, бақ тайып көзімізден, Тайқып жүрміз уəде, сөзімізден. Жақсылық та бұл күнде өзімізден, Жамандық та, ағайын, өзімізден. Қисық ағаш шығып жүр тезімізден, Өзімізден, бəрі де өзімізден! Біреулерді алып жатсақ қайта ақтап, Біреулерге ит қосамыз айтақтап. Көкірекке құзғын жала ұялап, Жасалады шыт жаңа бір қиянат.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Тек жүрсең де тек жүргізбес шіркіндер, Ғайбат айтып, сырттан күндеп күңкілдер. Қос жанарым Көкжиекке телініп, Қой торыны қамшылаймын тебініп. Сағымданып бір шетінен бір шеті, Сайын дала жеткізбейді шегініп. Таңдайыма дəмі келіп шекердей Сылаңдайды сайқы Үміт, жетердей. Көкжиекке жетпесімді білемін, Біле тұра ұмтыламын, бекерге... Құлағымнан кетпейді бір жаңғырық: «Заманың да безді сөзден мəңгіріп. Ақын болдың, ей, алжасқан бейшора, Бір қоймаға кілтші болмай, қаңғырып!» Еш алаңсыз борсықтайын семірген, Сақта тəңір, құлқынқұмар жебірден. Əйтседағы... Итке берсін күнімді, Күндіз - түні құр қағазды кемірген!

  • «Ару қыздың» бəйгесі - алтын жамбы құнындай, Жыққан палуан жүлдесі - атан түйе пұлындай. Сөзі мəрмəр болса да киеліден киелі, Хас ақынға бəйгеде серкеш құны - тиері! 1991. Озық шықса ортамыздан күндейміз, «Мынау біреу бізден асар кім?» дейміз. Бақталасып бостан-босқа сырт беріп, Оралғы боп, ғайбат айтып тілдейміз. Өсер халық өзін-өзі сыйлайды, Өшер халық жауласуын тыймайды. Мың бұғының мүйізі сияр қазанға, Қос қошқардың басы неге сыймайды? Өзімізден шығар болса жау егер, Бізді қалай сыйдырады: ауа, жер. Қазақ дерті - бақталастық деген бар, О,Тəңірім, осыған бір дауа бер! 1990.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын * Қазақтың көтеріліп шаңырағы, Белгісіз қашан Ел боп танылары. Сиярдай сан патшалық жерімізге, Аз емес халқымыздың саны дағы. Жеке ел боп ұйымаппыз сондадағы, Білмедім бақтың неге қонбағанын? Келмейтін ширегіңе талай көршің, Ұлыс боп өз алдына қомданады. Жақ-жақ боп ру-ру тұйықтаған, Ыдырап сол себепті сұйықтаған. Би болып бас-басына күпінгендер, Берекелі ел етіп ұйытпаған.

Қастасып, бақталас боп бас аманда, (Қашанда дұшпаны көп жасанғанға). Қазақты ала алмаған сырттың жауы, Өз жауы өз ішінде қашаннан да! Шашылдық сол себепті ақ тарыдай, Байтақ ел боп басына бақ дарымай. Ұлыс боп енді ғана оянғанда, Көлденең көк аттыдан сақта құдай! 1991. * Таныстырып ұлт-ру, бабамызды, Табыстырып бала мен баламызды. Тозғындаған ұрпақтың басын қосып, Жалғап жатыр бұл дəуір арамызды. Хат алмасып қауышып, сыр сұрасып, Бір күннен де жолымыз бір күн ашық. «Жоғалып табылғандай» дейтін қайда, Жатырмыз жаңа ғана шұрқырасып. Шыдаған тозаққа да, азапқа да, Биліксіз көнген талай мазаққа да. Бүгіндер есін жиып ерікті ел боп, Күн туып келе жатыр Қазаққа да! Болса ұрпақ ұлтын білмес тексіз егер, Тəңірім, түзу жолға бет түзе көр! Ұзағынан бұл күнді баянды ғып, Жақсылыққа əмəнда жеткізе бер! 1991.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ЕСТИСІҢ БЕ, ДАУСЫМДЫ?!

Өткерсем де сан тозғын, қырқысуды, Түгендесең аз емес түр-түсімді. Шартарапқа тағдыры шаша салған, Менің халқым шашудың құрты-сынды. Кемшілік те бар менде, теңшілік те, Өмір көшім жүрмеген Жөншілікке, Жарты елінде Əлемнің жартым жүрсеЖібермеген ешкім де елшілікке! Көбейді «аға», онда да көбейді «інім»... Өз жұртындай өзгені жебейді кім?! Қанша бауыр бассаң да қоймас, сірə, Өгей емшек істемей өгейлігін! Тап-тұйнақтай өзгенің жұрты-сынды, Біріктіре алмадым пір - күшімді. Момын едім, тарихтың өзі үйретті, Қамшы үйіріп, жағаны жыртысуды. Кіналама, жақсым не, жаманым не, Соның бəріне айыпты заманың де, Ұланғайыр өлкеме кетсем сыймай, Сыйдырмаған тағдырға амалым не? Жанда - рух, бойда-қан күшіменен, Мазалаймын Ата жұрт, түсіңе енем. Іздегендей үйірін енді-енді, Естисің бе даусымды кісінеген! 1990. ТІЛІМ – ПІРІМ Пір тұтатын əулием, Ана тіл-ау, Ана тіл-ау, ұшатын қанатым-ау, Жүйріктейін қан түскен аяғыңа, Жүдеу тартып күн сайын барасың-ау! Жаутаң-жаутаң етесің есіл тілім, Есіл тілім, барады не боп күнің? Жарқ-жұрқ еткен жалынды мынау шақта, Неге бəсең шығады сенің үнің? Сенің күйің болса да еліңе сын, Мінбелерден тым сирек көрінесің. Есіктегі кірмелі құл емессің, Шықпай жүрсің неге сен төріңе шын? Заманың сай болса да құты басым, Бүйте берсең тозғындап жұтыласың. Кеңсе, іс-өз тілінде сөйлей алмай, Жиындарда ресми «тұтығасың». Қалмасаң да дамыстың еш көшінен, Зəбір жасап кімімен шектесіп ең? Өз үйіңде кім сені өгейсітіп, Кім шеттетті сабақтың кестесінен? Бақытқа мас бабамның кей «шешегі», Сеніменен тілмаш сап сөйлеседі. «Жалғыз белден аспайды» деп мұқатып, Қолын сілтеп: «Əй, оны қой» деседі. Бір бел емес, білсең сен Айда жүрсің, Бағаңды біл, бағыңды байлап жүрсің,

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын «Негізгі заң» ұсынған еркің қайда, Сыбағаңнан құрғалып қайда жүрсің? Ұрпақтардан - ұрпаққа жалғасулы, Артқа тастап келіп ең сан ғасырды. Кім шектеді еркіңді мұжықсынып Көрсет, кəне, көзіме алдашыңды! Ана тілім, сен үшін өлімдімін, Сенің күнің - емес пе менің күнім. Халқым өшіп кетпесе бұл тарихтан, Сен де өлмессің дегенге сенімдімін! * Ана тілден жүректер от алуда, Мұрасы өшіп, батпасын Ата мұңға. Тілін сатқан сатқындық, опасыздық, Сатар оңай халқын да, Отанын да! Ана тілмен игеріп қаншама өнер, Сол тілменен рухым шапақ төгер. Ұлт тілімді құрметте ең алдымен, Мені Ел деп елейтін болсаң егер! 1986.

ҚАҒАЗ БАРЫС «Азияның бесінші барысы боламыз...» (газеттен) Əу - Атадан болмаған ісік-желік қанында, Қоңыр мінез, қоңыр күй-рухында, жанында. «Жеңге жалғап етегін», күн кешкен сар далада, Монғол халқы қой мінез - Барыс бола ала ма? Сахараның мінезін сахнаға көшіріп, Қоңыр Қойдан жасанды Барыс тумақ есірік... Балапандай əлжуаз, жаңа жарған қауызынан, Сақта тəңір, Елімді Жолбарыстың аузынан!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ ЖЫЛ (Нəубетке-50 жыл) Отыз сегіз-шырқырап шерлі өткен жыл, Ел есінен шықпастай меңдеткен жыл. Ұрпақтардан ұрпаққа мəшһүр болған, Білесің бе, ұмтылмас ол неткен жыл? Ақиқатты ендеше тыңда, қарақ, Өтірікті көп жүрдік шынға балап. Əлі күнге сал болып отырады ел, «Кісі ұстаған жылы» деп жылнамалап. Адасты бір дəуірдің көші лағып, Несі кетті білмеді ел, несі қалып. Отырады үлкендер санамалап, «Мал құралған9 жылы» деп есіне алып. Отыз сегіз – «тірідей көм» деген шақ, Қайран халық, бүк түсіп меңдеген шақ. Ел іші, толып жетім-жесірлерге, Баласына əкесі сенбеген шақ. Отыз сегіз-қабырға сөгілген шақ, Көздің жасы көл болып төгілген шақ. «Есіркудің10 кесірі тиеді» деп, Ағайыннан ағайын бөлінген шақ... Білсек те өмірде өтпек, озбақ барын, Бүгінгі күн жатырмыз қозғап бəрін. Суалған жақ, қуарған шаштар қанша, Содан бері жоқтаумен боздақтарын. 9 Құралған (моңғю хураасан) – конфискеленген 10 Есірку (моңғю Эсэргүү - қарсы) – Халық жауы Кім нəубетті еске алмай қоя алады, Кемпірлердің жастығы боялады. Арын қорғап түсінде «кешуіндерден»11, Əлі күнге шошынып оянады. Қара таңба басылып бесігінде-ақ, «Есіркусің, – дейме деп, – есімің жат» - Кінəлідей жасырып ата – тегін, Қор боп өткен өмірі несі қымбат!

Ал сөйлеңдер, кəнеки, ашынғандар, Абыройы ашылып шашылғандар. «Есірку» деп, «ұрқы деп есіркудің», Маңдайына қара дақ басылғандар, Ал сөйлеңдер ашылып, асыл жандар! Бар мəйегін халықтың, қаймақтарын, Арғымағын, нелер боз тайлақтарын, Ар – ұжданын, жетекші ақыл – ойын, Қарақшы оққа берген кім байлап бəрін? О дүниеден күңіренсін есіл үндер, Аруақтар да, сөйлеңдер, шешіліңдер. Кімдер ол: китілділер, не шабарман, «Шаш ал десе, бас алар» кешуіндер... Солай – шығар, заманы солай – шығар, Айдап – ату ол кезде оңай шығар? Жоқ, атамын! Өзге емес өз əкесін, Оққа байлап беруге қалай шыдар? Болған солай тəңірден безінгендер, Сан күнəні арқалап көз ілгендер. 11 Кешуін (моңғ. Гишүүн – мүше) – «Шаш ал десе бас алар» шолақ белсенділер

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Əлі де жүр біразы мұрты сынбай, Айналдырып терісін сезілмеуге. Салса өзін салғандай тезге сені, Арлы болса əз жаны төзбес еді. Сол күнəһар бүгіндер моп – момақан, Көшелерден елеусіз кездеседі. Қайдан тисін өзіне өз кеселі, Шайқаумен жүр, ілместей көзге сені. Жасы жуған жесірдің жасаулары, Жаймасынан сол үйдің кездеседі. Хат білгенді көзі ашық, молда санап, Айдайтұғын кісендеп, қорлап, сабап. Сол құдайсыз бүгіндер құран оқып, Молдасымақ болып жүр далбасалап. Басып қайтем бетіне, басып қайтем, Жеңген түрмен желкелеп тасып қайтем. Халқым менің кең қолтық, кешірімшіл, Дəстүрінен осынау асып қайтем. Бар жазаның ауыры-ар жазасын, Өзі – ақ тартар, Бетіне басып қайтем! 1988.

ІКЕЙ Көкжиектің азайып нұр шуағы, Қаралы аспан қансырап тұншығады. Иесі жоқ, азынап ай – арғымақ, Қара бұлтқа бір батып бір шығады. Қалқынғолдың12 еңсеріп жүзін қайғы, Оқ осқылап су беті шыжылдайды. Отқа оранып, боздаған боз дөңесте, Жалғыз қурай сыңси кеп ызыңдайды. Аямастан қасық қан, тері, күшін, Аяулы отан, ардақты елі үшін. Айқасты ол аспан жер астасқандай, Қалқынғолдың бір сүйем жері үшін. Жай отындай лапылдап қаулады да, Жасын болып атылды жауларына. Жарқ-жұрқ етіп алдында жүргенінде, Жабылды кеп самурай аударыла. Жалын атып жанары шарасынан, Түрегелді мүрделер арасынан. Ақтарылған ішегін қолға уыстап, Жəне ұмтылды қан саулап жарасынан. Қызыл өртке оранып лапылдаған, Тас мүсінге айналды батыр бабам... Сескеніп жүр, дұшпаным, ескеріп жүр, Маузерінде бір оқ бар атылмаған. 1989. 12 Қалқынгол (моңғ. Халхын гол) жер атауы

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын АБЗАЛ АҒАМ МАЛҒАЖДАРҰЛЫ ҚАБДОЛДАНЫҢ ҚАЗАСЫНА Əйетай таянышым, жыр бағым-ай, Келмеске көшіңді ерте бұрғаның-ай. Төрдегі төрт бүктеліп отыратын, Орныңның үңірейіп тұрғанын-ай. «Қырық жыл қырғында» аман келгенің-ай, Жапонды жағадан ап жеңгенің-ай. Елеусіз ғұмыр кешкен, қайран сабаз, Секілді таңғы жұлдыз сөнгенің-ай! Бар еді өмірде алар мол сыбағаң, Кейінгі ұрпақтарың болсын аман. «Жас өсіп, жарлы байыр», сондадағы, Орныңды Əйе, қалай толтыра алам! Бір жүрер күн жоқ бағзы шақтағыдай, Телміртпе балаларды жатқа, Құдай. Ауылда шұлауышты үшеу қалды, Пана тұтар соларды сақта, Құдай! 1989 ж. тамыз. Нəрін. * Қарлығаштың күйік шалып қанатын, Туған шақта Ел басына қара түн. Біздер едік қырқыншы жыл ұрпағы, «Қара қағаз» оқып ашқан сауатын. Мезгілінен ерте есейген шерменде, Тірі жетім, көрмегенді көргендер. Бала жаста бала болып өсе алмай, Балғын шағын құрбандыққа бергендер. Жамау шарық, сіркелеген жүн-кенеп, Талғау етер табылмайды ұн-кебек. Болсақтағы қауақ қарын, ши борбай, Арқалаған азап жүгін тылда Ер ек... Бүгінгі сол-аппақ бурыл Тарландар, Артынан да алды жақын қалғандар, Жас қозыдай ене уызын ембеген, Есіл шағын əлі күнге армандар! Құрбан болған бала шағын армандар!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын САҚТА ЖЕРДІ, АДАМЗАТ! «Күллі əлем тұрған шақта алаңдап, Емес бұл сөз саған да жат, маған жат, Кнопкада13 жұмыр Жердің тағдыры, Сақ болыңдар, сақ болыңдар, адамзат!» Көкшіл Əлем оталынсын демесең, Көк мұхиттар қотарылсын демесең. Көгілдір Жер көлбең етіп жалғыз сəт, Асты-үстіне қопарылсын демесең. Өң болмасын Аспанымда демесең, Қан қалмасын жас жанымда демесең, Барлық байлық миллион жылдар жасалған, Ғайып болсын қас - қағымда демесең. Ей, пенделер! От бомбамен ойнама, Жер айналды дəрі тола қоймаға! Гүл Дүние-күл Дүниеге айналып, Заманақыр болмайды деп ойлама! Сол үшін де от бомбамен ойнама, Қара Жерді қарауылға байлама! Қара түнек «Жеңіскерсіз апаттың», Жеңіскері мен болам деп ойлама! Болсадағы ала-құла түр-түсі, Күллі Адамзат-бір кемеде, бір кісі, Жұлдыз жақтан енді қатер күтпейік, Жердіңдағы аз емес өз қырқысы. 13 Кнопка – ядролық қаруды іске қосу тетігін меңзеп отыр Сүрінер болдық ядролық қаруға, Жол бермеңдер есерлікке баруға! Тəңіріне оқ кезеген қарақшы, Аянбайды Жер құрсағын жаруға! Ей, Адамзат, Жұмыр Жерді сақтаңдар, Қол көтеріп еш күнəға батпаңдар. Ана ғой ол, бəрімізге Ана ғой, Оңған емес өз Анасын атқандар! Қару бомба Жерді құрсай жасанған Ол да өзінің топырағынан жасалған. Түу ғарыштан Жерді жоймақ қаскөйлер Ол да оның өз ұрпағы қашаннан! Тірлік сөніп, түнек төніп ақ таңдар, Қоламтаға айналудан сақтаңдар! Сатқындықпен жұлдыздарды сағалап, Қара жерді қарауылға ап жатқан бар. Ей, Адамзат! Сақта Жерді, сақтаңдар! Алпауыттар! Кел, байыпта отырып, Арандатпа қадіріңді кетіріп, Тарих бойы жеңіп келген əділдік, Ол бар жерде қоқан-лоқың өтірік! Жұлдызды əлем сөнетіні өтірік, Қара бұлттың төнетіні өтірік! Қасіреттің келетіні өтірік, Қаскөйліктің жеңетіні өтірік! Бүгіндері неше дай боп тұрсақ та, Тірлік мəні-бір мүддеде, бір сапта.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын «Жерім бүтін, көгім таза болсын!» деп, Келер ұрпақ шырқырайды құрсақта. Сақ бол, Адам! Жаза баспа адасып! Қас-қағым сəт – «Бар» мен «Жоқтың» арасы, Қас-қағым сəт – ағып қана түспесін, Жалқы Жерің – жалғыз ғана қарашық, Сақта Жерді, күллі адамзат баласы! 1985.

ЕТІКШІНІҢ СОҢҒЫ СӨЗІ Көк кебіс тіккен келтіріп, Қолдарым, қайран, қара күс. Жалаң аяқ кемпірім, Ширатады тарамыс. Дүние-ай, о бастан-ақ, Сүйретіліп шұлығым. Біте алмай келем таспалап, Жоқшылықтың жұлығын. Жетпедім əлі бүтіндеп, «Пышаққа ұста жарымай». Өмір-ай, өткен түтіндеп, Бір тоймаған қарын-ай! Үзілген мен бір таспамын, Бізіңе мынау кім ие? Басқа бір əн бастағын, Ей, жалаңаяқ Дүние! 1980. Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Оркеш - оркеш тауларым

ТАУЛАР, ТАУЛАР... Тауларыма шығайыншы бөктерлеп, Бұл жолменен өтпеген көп, өткен көп. Күлкімменен күн көтеріп тұрайын, Жақын барып аспанына көкпеңбек. Бұл жолменен өткен де көп, өтпеген, Бұл асқарға жеткен де көп, жетпеген. Биіктен бір келбетіңе қарайын, Балқи-балқи Күнге айналып от денем. Асқақ – асқақ тауларым – Асқақтаған арманым. Ақ жусаны – əтірім, Ақ бұлағы – саумалым. Шешек атқан жан-жағым, Шалғынына аунадым. Көк майсасы – кілемім, Көк аспаны – самғауым. Тауға шығып барладым; Таутекенің шаңдағын. Серектерде секиген, Селтеңдетіп аңдарын. Бұратылған, алдарым: Бал қарағай, талдарым. Балбырап дем алғамын, Балқып бал-бұл жанғамын. Көріп: Күннің самғауын, Гүлдің бүршік жарғанын, Тамашалап бар маңын, Тұнығына қанғамын. Жаз ойлаған мал қамын, Жайлауына барғамын. Малшы ауылдан алғамын, Сары қымыздың бал дəмін. Маржан қыздың аңдадым –, Майыстырып бармағын, Күрпілдетіп көнегін, Күреңдерді сауғанын. Жанарымды алмадым, Жүрегімді жалғадым, Ол – Баяннан аумады, Мен – Қозыдан аумадым. Оркеш – оркеш жан – жағым, Осы менің тау – жаным! Тау жаққа пырағың, Тізгінін бұрады. Жауқазын жолыңда, Жаутаңдап тұрады Ақ бұлақ қияны, Қақ тіліп құяды.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Көлкілдек көк саздың, Желкілдеп қияғы. Бір таудан соң бір тауым, Бір дəуден соң бір дəуім. Қыраннан соң қыраным, Бір əннен соң бір əнім. Тарылмайтын тынысым, Таусылмайтын ырысым Айналайын, Ұлаңғайыр Ұлысым! Шаңырақтан үзігіп, Нұр сəулесін төкті Күн. Көк жайлаудан сызылып, Көтерілді көк түтін. Ақтөс сүйек аңдиды, Жерошақтың қасында. Жирен сəурік қалғиды, Желібаудың басында. Күмбез үйдің таудағы, Күрпілдейді сабасы. Іркілдейді бағланы, Бүлкілдейді жорғасы. Бастап бір жыр - гөйгөйді, Көкірекке қондыра, Күмбір – күмбір сөйлейді, Домбыра – домбыра – домбыра! Сырлы ыдыста сырылдап, Қымыз мөлт-мөлт етеді. Қымыз құйған қырындап, Қыз да елп-елп етеді. Жігіт – сезім қонақтап, Табыссам деп бұ қызбен. Бір тəтті ойды сораптап, Қоса ішеді қымызбен. Періште қыз арбап та, Алдайтұғын секілді. Ол сапырған шəрбатқа, Қанбайтұғын секілді. Алдындағы «жұлдызға», Сұғынады тоя алмай. Сол аруды қымызға, Қосып ішіп қоярдай. Сəт таппай сыр ақтарар бір ыңғайлы, Бозбала сыр ұрлайды, қырындайды. Жас бүршік көкіректе гүлін жайды, Тоқтамай торғай жүрек шырылдайды. Бұла ару бұлықсиды, бұрылмайды, Арқада қос қанатын бұрым жайды...

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Есіктің дəл алдында күдірейіп, Қызыл көз кəрі төбет ырылдайды. Бірінен-бірі мойнын соза ұзартып, Бақталаса шаншылады құзар-тік. «Бекер, бекер» дегендей-ақ қасқа шың, Қасқаяды маңғаздана мұнартып. Сейіл құрып шықсаң кешкі уақта, Ауа жұтып, қуат қосып қуатқа. Ақ сазандай лағыл тəні жарқырап, Ай шомылып жатар төмен суатта. Менің жүзген айдыным-іргелі елім, Не көрсем де өзіңмен бір көремін. Қайтара алмас бетімді жау да меніңТауда тудым, тауда өстім, тауда өлемін! Тоқтағанда өмірім кемешігі, Сол таулардың мен де бір төбешігі. Анам болған бала жастан, Атырабыңнан айналдым. Алтын, күміс араласқан, Топырағыңнан айналдым. Көкірегі сара дастан, Қарияңнан айналдым. Арасанмен араласқан, Дарияңнан айналдым. Тау дедің, қызыл шың дедің, Білемін саған жақпады. Жерімді менің күндедің, Жерімді менің даттадың. Ит өлген қиыр шет дедің, Намысқа тидің соқтығып. Жөн еді-ау түзу кеткенің, Əдіреқалғыр, боқмұрын! Жаман да болса өз жерім, Жазыққа қиман шыңымды. Керегі жоқ өзгенің, Туған жер - тігер туымды!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын АҚЫНДАР – АУЫЛДА Сағал-сағал Сайырдың қойнауында төбелі, Сауыншылар аулына жол жетелеп келеді. Қожашөптер ақ бөрік есіктерден сығалап, Қарлы мұздақ қасқарып шаңырақтан төнеді. «Көріскенше айналып қош есен тұр жұртым» деп, Өртенген Күн жиекке сіңіп кетті біртіндеп, Берекенің14 желінде он саусағы ойнаса, Көпіршиді шелекте сауылған сүт күрпілдеп. Аулағырақ барып ап, желі басы тарлық қып, Жекпе-жекке шығады бұқалары сарлықтың. Жиылған соң бар шешен, жиылған соң бар мықтың, Күйін төгер кешкі ауыл байлық пенен барлықтың. Арқырайды зіл-зала асау бұлақ долданып, Қыран отыр тұғырда шаңқ-шаңқ етіп қомданып. Сілтеп тастап қолдарын өлеңдерін оқыған, Шабыттарын көрсең-ау ақындардың сондағы. Ұзын-ұзын желілер Құсжолымен жалғасып, Жұлдыздарды көгендеп, үйге енді ел жайғасып. Бата айтады Бронтой15 құрып алып малдасын: «Етегіңді ұл бассын, есігіңді мал басып». Мұнан кейін тым алыс Латвияда тұратын, Өз өлеңін оқыды Иулъдис деген бір ақын. Бурят Баир, Чимид пен Зуқай, Дорж қосылып, Сыр боп кетті Сайырың, жыр боп кетті Жыратың. 14 Береке – саңлақ сауыншы 15 Бронтой –Алтайлық ақын Ақ бұлттармен астасып өлең көшіп күркіреп, Көкіректе селдейді тасқын атып жыр түлеп. Плитченко, Ванчаарай тамсанады «шіркін» деп, Ақындарға жайлауға кету арман бір түнеп! Гүрілдейді мəңгіріп тау өзінің тілімен, Дірілдейді жаңғырып арынды өзен үнімен. Қонағы бар малшы ауыл ұйықтамайды түнімен, Айтысып көр, жеңеше, ақындардың бірімен. Қарт сөйлейді: «Бұл Тұлбаң-батыр халық, бай халық, Тілесеңдер, балалар, біраз тарих айталық. Анау төменгі етекте жұрты жатыр Хүрээнің, Сол арада шайқасқан Хасбаатар мен Байкалов...» Теледидар сөз алды, «Хондо» мотор селкілдеп, Қылап жеңгей əзілмен қымыз құйды елпілдеп. Кеңес қызды, жыр қызды, бар дүние еркіндеп, Жасап қалды Сайыр тау мұз түндігі желпілдеп. 1988 ж. тамыз. *1988 жылы тамызда Совет – Монгол қаламгерлер экспедициясы Тұлба сұмындық малшыларда қонақта болған еді.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын КҮРТІ Мұз еріп, жəйбарақат жылап ағып, Бірде орғып, бірде кілкіп тына қалып. Желігіп желіленген саумал сулар, Əпсəтте-ақ құйқылжиды құлаланып. Кезіккен: шықыр етіп, күтір етіп, Секілді жолын жайпап бітіретін. Зіл-зала, құныперен құлап жатыр, Тауды теңсеп, аспанды тітіретіп. Мұзтаудың тентегі осы-Күрті деген, Дауысы күндік жерден күркіреген. Ақбұйра аждаһа өзен допша қуып, Үйдей-үйдей қойтастар дүркіреген. Көргем жоқ алапат күш зор мынадан, Қақ жарып қара тауды орғылаған. Қойны-кең, аңғары-аң, жары-жидек, Іркіті іркілдеген қорлы сабам! Бір жырын көкіректің толғасам да, Шығамын аңсауменен жолға сонда. Қос арна қосылғандай күй кешемін, Ол-Терек16, Мен-Лермонтов болмасам да! 16 Терек – Кавказдағы өзен ЖОМАРТ КҮЗ О, Алтын күз, көтерер бір еңсені, Қайнаған қызу еңбек білем сені. Тер исі, жусан исі шомылдырған, Аңқиды алқаптарың күреңселі. Жайқалтып, Диқан-күзім, егісіңді, Жасайсың маңдай термен жеңісіңді. Қырыңа қия бассам, жомартым-ай, Тосасың аузыма əкеп жемісіңді. Қоңды күз, қоңыр жоның қой қаптаған, Бес түлік ой-қырыңда ойнақтаған, Көктемгі көтеремнің таңы айырылып. Байлығың көз жеткізіп бойлатпаған. Аспаның тырна əнін тыңдатады, Дамылсыз шаруамен күн батады. Далаңда алтын астық ырғатылып, Сары ала масақ мұртын ширатады. Көктемде құт қойныңды іздеп келген, Құстар да қайтып жатыр тізбектелген. Қауындар торсық шеке топырлайды, Алмалар үзіледі қыз беттенген. Кешегі ұмытылып арықтығы, Тоғайып Жер семіріп қарық бүгін. Келе бер бақытты елге байлық сыйлап, Бейбіт күз, шаруақор жарықтығым!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ТАСЫ, БҰЛҒЫН! Айдыныңды ақ жалды көзім көрді! Сыздатып кет суалған сезімдерді! Ақ тасысын, иісін жер емшегі, Тасы, Бұлғын: таситын кезің келді. Толтырып кет көлімді шарасына, Толықсысын қыры - мал, даласы - дəн. Тасып, тасып арнаңа түсерсің бір, Ешкім де асып кетпейді сабасынан! АУЫЛДА ДЕМАЛҒАНДА Жорғасына мінемін маймақтатып, Маясына мінемін тайлақтатып. Ақ дəнінен мəйек ап айлап татып, Күрең шайын ұрттаймын қаймақ қатып. Өзен кешіп, үлгірмей қыр айналып, Өте шықты қас-қағым бір ай неғып? Қыдырындай қиыспай аттанамын, Құп - қу өңім нарттай боп шырайланып.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын БОЗДАП КӨҢІЛ... Москваның лағыл-жақұт, сан сағым, Бар қызығын көріп қалай тауысамын. «Россия» қонақ үйінде отырып, Боз үйімді, боз анамды аңсадым. Жатсамдағы мамығында «Волганың», (Жаратқан-ау, астамшылық болмағын). Құмарландым ер салуға үстіне, Боз далада тайпалған боз жорғаның. Мезі болып тірлігінен қаланың, Ай өтпей-ақ аңсап, жүдеп барамын. Боздап көңіл қырға тартып тұратын, Боз ұланы-ай, боз ұланы-ай даланың. 1987 ж. тамыз.

ТОЙ КӨРІНІСТЕРІ 1. Той болады... Ақ жібек тұман бүркеп қарсы бетті, Ақ жаңбыр жайлау төсін аршып өтті. «Той болады, бір үлкен той болады!» Шақырып елді тегіс жаршы кетті. Тұлпардың тұяғына шаң жұға ма, Сыланып шыға кепті таңғы дала. Ал кеттік, жорғаңды мін, барыңды ки, Əн сайла, домбыраңды қанжығала. Кет, Ақтөс, не бар саған, ой, жасаған, Қойға ермей, керек болды-ау той да саған. Қара əжем күйбең-күйбең киінеді, Жарықтық бүгін ол да «бой жасаған». Қызыққа қыран дала үздігуде, Кім үйде отыра алар ізгі күнде. Сексендер селк-селк етіп ат ерттетті, Сегіздер жүйріктердің тізгінінде. 2. Қызқуар Алысқа сырласумен ап бара алмай, Сен қалдың бір ауыз сөз ақтара алмай. Жалт етіп бір тебініп жөнелді қыз, Адырдан тұра қашқан ақ маралдай. Бас қамшы, қуып жет те, сүй бетінен, Ой, шаң қапты-ау, құрып кет, илетілген.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Қойға мінер жабыны тойға мініп, Өзіңе де болайын сүйретілген. Қаш кейін, аттың басы шегерілді, Аруға ал жаздырып бедеріңді. Төменде - шаң, төбеңде қамшы ойнаса, Көрермін жігіт сонда өнеріңді. Жоныңды тос, қамшыға қиқаңдамай, Ол дағы тойдан жеген сый тағамдай. Əзілқой ақша жүзі күлім қағып, Ұрғаны сұлулардың сипағандай. ҚУАҢШЫЛЫҚ Туған жер, сені қалай жыр етпейін, Түтіккен түріңді бір суреттейін. Татырың шыт - шыт болып айырылып, Тауың тұр тұзға піскен сүрі еттейін! Даланың сұрқы мынау қашып кеткен, Көзден бір бұлбұл ұшып ғашық көктем. Қыртысы қара жердің құмға айналып, Қызыл тас күллі өңірді басып кеткен. Кешегі шалғын төскей, қияқты қыр, Жарамай ат арқанға «ұятты» бір. Шаңытқан ақшыл тартып аспаны да, Бозарып оңып кеткен сияқты бір.

Сай - сайдан бұлақ қайда құлап аққан, Қу татыр, шалғыны жоқ сұлап жатқан. Ат салып азар өтер Бұлғын анауЖыбырлап шала жансар жылап аққан! Сулары орта түсіп шарасынан, Қулары жазыла алмай жарасынан. Жаның бір күйзеледі: Жан біткеннің, Телміріп шөкім бұлтқа қарасынан, Үзілмес шіркін үміт, медеуің - ай, (Керек ед көңіліңді аулап не деуім - ай), Бір тамбай бедірейіп өте шыққан, Ақша бұлт, осығұрша бедеуің - ай! Көркіңді жырға қосып қаншама ақын, Саяңда сайрап бұлбұл əн салатын.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кезеріп, сол өлкенің құты қашып, Секілді ернін жалап тамсанатын. Жаз болып жазыла алмай қиындады, Ауылдың тозғындаған шиыр маңы. Тасырқап бүгжектейді қия баспай, Шілдеде жемге қарап сиырлары. Тұрған соң табиғатта басым қайғы, Қабағы жан біткеннің ашылмайды. Күндіз-түн шаң көтеріп, құм суырып, Аңызақ ыстық үргін басылмайды... Саған деген махаббат солмағанғаСілкініспен шығамын жолға əманда. Телім болып ит тірлік кетер ме еді, Халқым сенің қажырың болмағанда! 1983ж. Бұлғын.

ҚОЗЫНЫҢ ЗАРЫ (Қаракөл терісін дайындау орнында) Жарық дүние-ай, жалт етіп, Алақаныңа түстім бе?! Шаранам кепсе үстімде, Қоштасам қайта үш күнде! ...Кең өріс қайда? Ойнақтап, Көдесін көктеп өткем жоқ. Қонағыңа соймаққа, Қол жайып тұрсаң өкпем жоқ. Нең бар еді жасықта, Уыздың дəмі кеткен жоқ. Шалуға мені асықпа, Шаранам əлі кепкен жоқ... Аш құрсағың толғанда, Алты ай сақтап «адасып» Үш күндік мынау жалғанға, Əкелдің несін, анашым?! 1971ж. Талас.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын БАЙТАҚ ӨЛКЕ (Əні бар) Келбетіңе нұр қонғандай Делуін, Жер бетіне жыр болғандай Делуін. Қозы қуған Ікей батыр төсінен, Ерлер туған Ұлболғандай Делуін. Бақыт елім, жыр елім, Сенде жаным, жүрегім. Қай қиырда болсам да, Өзіңді аңсап жүремін. Айналайын Көксеркеңнен көлбеген, Қойнауларың қол бұлғайды кел деген. Қос қанатың бұлықсыған қос өзен, Дəл өзіңдей ару өлке көрмегем! Қазба байлық, көмірлі, Шабындықты, егінді. Арасаның атқылап, Сай-салаңнан төгілді. Мыңғырылған қызыл қойлы мекенім, Қыр-қырынан өрген құлжа, текелім. Саған қандай жер жаннаты жетеді, Сенен ұқтым ұжымақтың не екенін! Байлық тола байтағым, Бесігімді шайқадың. Ұрпағыңмын сенің деп, Мақтанышпен айтамын!

ДЕЛУІНГЕ

Еміп жатқан мама таулар желінін, Қос өзенің-қос бұрымың, Делуін. Төл еркесі, кең өлкесі-елінің, Қолыңды жай бата берем, Делуін! Жастарыңның қуғаны арман болсын, Жалғызағаш жайқалып орман болсын. Бүркітіңнің алғаны түлкі болсын, Шегіртайың үйірлі жылқы болсын. Аулың сайын ақылгөй кəрі болсын, Арасаның шипалы дəрі болсын. Тойлыбайың Абайдай ақын болсын, Топты ұрпағың Ікейдей батыр болсын. Көксеркең мыңғырған қой болсын, Көктөбең жаңғырған той болсын. Фермаңды қызыл қой бассын, Зердеңді сұңғыла ой бассын. Аллаһу əкбəр! 1984.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын АРАСАН Төскейінде тасқын атып тезірек, Саумал бұлақ саусылдайды еңіреп. Сол иығы-шалқайыңқы Шегіртай, Оң иығы-төңкерілген Төңірек Аспанынан қара сазы кеңірек, Асқарынан дара саны кемірек. Бастарынан бастау алған еңіреп, Тастарынан арасаны көбірек, Тамсандырар тұнып тұрған өң-рет! Мал мен аңы жамырасқан күй-тауы, Сары жайлау бұта-бүрген, құйқалы. Арша, жалбыз, қожа шөбі ем дəрі, Ең аяғы қойтасы да шипалы!

АРАСАНДЫ САТПАЙДЫ Арасанды айналдырмақ базарға, Ниетіңе шыдап тұрмын азарға. «Бес сом»-дейсің қожа шөптің əр талын, Бүлк етпестен бүйрек бетің сазарған. Қарағым-ау, бұлайша «мал таппайды», Тиын тілер аулақ болсын жат қайғы! Ақ бөрікті ару ғой бұл - қожа шөп, Аруларды сатпайды! Арасанды айналдырдың базарға, Тілдей жаздап, шыдап тұрмын азарға. «Бес сом»- дейсің құны бір түп аршаның, Бүлк етпестен бүйрек бетің сазарған. Қарағым-ай, осы саудаң жақпайды, Қылығыңды қандай пенде ақтайды?! Бұл өлкенің аршасы да - арасан, Арасанды сатпайды! Тозғындатып табиғатты тонама! Тонап тапқан дəулет бойға қона ма? Күллі арасан - қазынасы халықтың, Суық қолмен сұғынғаның бола ма, Ж о л а м а ! 1986 ж. тамыз.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын СЕТЕР ТАЛ Дүние кейде тəтті шекерің-ай, Қатыгез кейде удай, бекерің-ай. Қошқыл шың, қотыр тастың арасына, Қайдан кеп паналадың, Сетерім-ай. Еңсені көтертпеген езіп күнде, Кешегі кер заманға кезіктің бе? Етегін ақ көйлектің бүрген жырып, Қаштың ба сол түнектен безіп мүлде. Қайрылмай қара орманды туысыңа, Тығылдың неге таудың қуысына. Бұла ару бұлықсыған кезіңде бір, Түстің бе қаба сақал уысына. Қор болып шілік шағың сылқылдаған, Мұңыңды байғұсым-ай, кім тыңдаған. Сүлбеңді самал келіп тербегенде, Естимін əлі де өксік сұңқылдаған. Қандай сыр, қарағым-ай, басыңда екен, Қан жұтқан қара қошқыл тасың бөтен. Жас құрақ сұлап жатқан-шашың ба екен, Тас бұлақ жылап аққан-жасың ба екен? Қалайша өкпелетті бұл Бұлғының, Қалайша ерте өтті бұлбұл үнің. Сетер тал - Сетер ару, серігің кім? Кешегі құрғыр күнің бұлдыр бүгін. Ақын ем танығандай кісіні мен, Жан түгіл тас жүрегін түсініп ем. Ұрпаққа естелік боп тік шаншылған, Зарлы өткен арулардың мүсіні ме ең?! ТАС АДАМ Ассалаумағалейкүм, Тас адам! Бұл күнге де жеткенің бе бас аман. Қолда-көзе, қасқа қылыш беліңде, Қандай адам қашаған, кім жасаған. Келе жатқан ескі көзсің бір асыл, Қай ғасырдан, Кімнен қалған мұрасың? Сақшысындай байырғы Ата мекеннің, Қас қақпастан тікеңнен тік тұрасың, Жылы ұшырап тұрасың! Кезігесің батыстан да шығыстан, Сарбаз едің қалған қайсы Ұлыстан? Сен тұрғанда шебіңе жау баспайды, Сескенгендей жаныңдағы қылыштан.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын КӨНЕ ƏУЕНДЕР 1.Алғашқы түн Айдай ашық аспанды, бір қара бұлт бас салды. Қара жерді түн басты, Қара көзді мұң басты. Кер маралды күрделеп, Кəрі емен бүрлемек. Дірілдейді жас тоқал, Күлімдейді ақ сақал: Айналайын, Ерке - сал, Шымылдығын серпе сал... Бəйбіше еке, алайма, Билік сенде, жарайма? 2. Жұт А у ы л: Боз қыраулы бозша талдар сіресіп, Тыз - тыз етіп қылыш аяз тұр есіп, Кереге бой жал - жал үйме күресін: Шығатының - бір есік, Кіретінің - бір есік. Қ а р а ш а ү й д е: Күрк-күрк жөтел көз ілдірмей тыншын ап, Ауру жатыр көкірегін мұң шалып. Қарлы құйын жалпылдатып жапаны, Ит ұлиды қыңсылап. Жалғыз сиыр сіңірін созып баспайды, Жетімдерге жалап - жұқтар ас қайғы. Жалаңаш от бір жанады, бір сөніп, Барлық үміт көк көжеден аспай тұр. Ш а ң қ а н ү й д е Айдан асты ығып кеткен мал қайда, Бөрі азуы бөлінгенді талғай ма? Ер тоқыммен қара ат келді, бай қайда? Іздейтұғын хал қайда? Дар айырып отқа жағып желегін, Тоқал кетті. Бəйбішенің өлеңі: «Сүйреп барып көң кораға көме сал, Шуаш исін иіскеп жатып өлемін!» «СЕНДЕРДІ ЖЫРЛАМАСАМ...»

Көрсетіп өрлігімді, Көтеріп бел жүгімді, Келтіріп теңдігімді, Толтырып кемдігімді, Баптаған ерлігімді, Сақтаған елдігімді -- Сендерді жырламасам, Жырлаймын енді кімді?!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ОЯН, ДАЛАМ, ЕРТЕРЕК... «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған əйелдің бір ісі артық»- Ерте аттанған жолаушы жүрісі артық, Ерте оянған көңілдің тынысы артық. Сондықтан да ертерек оян, Далам, Жаңа шыққан шапақпен боял, Далам. Қашаннан да кеш қалған, аялдаған, Аялдаған - қанатын жая алмаған. Ерте тұрып жорыққа сайланбаған, Қалғуменен күн кешіп майдан далам. Ғасыр көші алыстап кеткенінде, Кеш оянып талпынған қайран бабам! Көшпенділік өмірдің есігінде, Көп жүріпсің танылмай есімің де. Есесі бар бабамның ғасырларда, Енді ешқашан болмайды кешігуге. Екпініңді көрсетіп қомсынғанға, Ерлігіңді көрсетіп зорсынғанға. Гудоктарың боздасын таң сəріден, Таңсəріден өрісің толсын малға. Толағайдай күн санап ер жетуге, Лаулап тұрсын жастығың келбетіңде. Шаруасы тыңқиған пысықтықты, Сенен үлгі ап, үйренсін Жер бетінде. Сондықтан да, ертерек оян, Далам, Кеш тұрғанның құрсағы тоя алмаған. Жылдамдық ал ғарышты дүбірлетіп, Шабысыңнан танбастан Ноян Далам! Ноян Далам, ертерек оян, Далам! 1983. МҰҒАЛІМ

Тəрбиелеп халықтың жас ұланын, Талайларға берген білім бұлағын. Қадір тұтып, көптен толғап жүр едім, Сен жайлы бір жыр жазсам деп мүғалім. Шуылдағың нағыз сонда ағайын, Тентектің де кездеседі талайы. Сондықтан да құрдасыңнан ертерек, Шашың сиреп, ағарады самайың. Адам жанын адам оңай ұққан ба? Көрсе сол сəт жарар еді - ау құптарға: Бар нəріңді сығып беріп шəкіртке, Соңғы сағат қалжырап бір шыққанда... Бір шəкіртің жаза басса қадамын, Ең алдымен сен бересің жауабын. Мына өмірге бəрінен де қажетсің, Қажетіндей тірлік үшін ауаның. Басын иіп, кішігің де ұлығың, Сенен алар жүрегінің жылуын, Бірге өтеді мектепте де, үйде де, Балалардың ортасында ғұмырың. Сияр сені нендей ұлы десем де, Туды алдыңнан ақын, ғалым, шешен де. Анасыз жан болмайтыны секілді, Мұғалімсіз болған емес көсем де. Алғы лекте жүресің тек, бір сапта, Жоқ сенде: шен, лауазым да, мəнсап та.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Сылақтанып, мода, сəн де қумайсың, Бəз біреудей баса алмайсың алшақтап. Көп болса да төккен терің борышың, Бұлдамайсың еңбегіңді ол үшін. Қоңыр қалта қалпыңнан бір жазбайсың, Мен өзіңе бас иемін сол үшін, Құрметтейді ел сол үшін. АЙТЫС - ƏЛЕМДІК САХНАДА (Айтыс ақындарының Алматыда алғаш өткізілген халықаралық сайысына қатысушылар мен ұйымдастырушылар алқасын құттықтау)

Еліңнің елдігінен бұл бір белгі, Шақырған шар тараптан білгірлерді. Төріне Алматыңның тоғыстырдың, Шаң жұқпас шашасына дүлдүлдерді. Жиылып жырау іні, ақын аға, Мəшһүр боп жақынға да, жатына да, Қазақтың ошағында қанаттанған, Айтысым шықты Əлемдік сахнаға! Майталман тіл мен көмей безенді енді, Сапырып саумал көл мен өзендерді. Құрлықты құрлықтарға жалғастырып, Жақ болса жырлап қалар кезең келді. Төгілсін ақындардан саулаған сөз, Жарқ еткен алдаспаннан аумаған сөз. Аунасын аруағы бабалардың, Көрсетсін құдіретін лаулаған сөз. Жаңару жол сап берді еркіндетіп, Айтысты алты Əлемнен төркіндетіп, Бабамның төл өнері түлесін бір, Түндігін Алатаудың желпілдетіп. Ассалаумағалейкум, дүлдүлдерім, Жаңғыртты дүниені дүбірлерің. Қабыл ал, Моңғолия Отанынан, Құттықтап шын ниетін білдірді елім! 1989 ж, қарашаның 26-сы.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын БАЙЛАНЫСШЫ АРУ Қалт етпейсің, күзеттегі жандайсың, Тəулік бойы бір сəт тыным алмайсың. Тілектер-мен тілектерді жалғайсың, Жүректер мен жүректерді жалғайсың. Жалғағандай жіппен жіптің бір ұшын, Жалғайсың сен Жермен Жердің бұрышын. Ең алдымен «Шүйіншілеп» талайдың, Жеткізесің бақыты мен ырысын. Елпек қағып отырсаң да елеңдеп, Соқпай қоймас көлеңке сөз көлеңдеп. Кім бар дейсің сөгіс естір сенен көп, Кім бар дейсің алғыс алар сенен көп. Сенсіз өтпес қуаныш та, қайғы да, Жалға, жалға қажет десе Айды да. Мазаңды алып өтінсе де кез-келген, Жалғама тек жүрегіңді ездермен!

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ƏУЛИЕ (Сүйікті аналарым Бəтиме мен Серенайға арнаймын) Самайыңның айналдым ақ қарынан, Маңдайыңның айналдым қатпарынан. Не көрмедің, біз үшін не көрмедің, О, əулием, ақ жүрек ақтарылған. Қалай жеңдің, қасқайып іс алдында, Қара сирақ біз үшін күш алдың ба? Шыныңды айтшы, періште анажаным, Шыны шайды бес бөлмей іше алдың ба? Жазмыш салған жазылып жауырыңнан, Тағдыр салған жеңіліп ауырыңнан. Бүгінгі таң серпіліп қалдың ба, анам, Балапандар есейіп бауырыңнан.

Сен шығарып басына белегірдің, Тұмауратсақ бəйек боп сен егілдің. Өмір жүгін көтеріп Толағайдай, Қиындықты қайыспай жеңе білдің. Ақ қағазға баттаумен құр сияны, Тындырғандай бос кеуде тырсияды. Əлі күнге, құдай - ау, асыратып, Көрсете алмай келеміз бір сый əлі. Есейсек те қалмайды бала машық, Сен жоқ күні қарнымыз қалады ашып. Сен жоқ күні жүреміз жетімсіреп, Үңірейіп орының алаң ашық.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Бізсіз жерде бір түйір батпаған дəн, Өз қолыңнан жоқ шығар татпаған дəм. Күні бүгін мұртымыз едірейіп, Иіскегіміз кеп тұрар ақ мамаңнан. АЗА Томпаңдаған, көз нұрым, қызығым-ай, Қысқа ма еді осынша сызығың - ай. Аспанымда жарқ еткен бір жұлдыз ең, Ағып түстің тым ерте үзіліп-ай. Мен не дейін тағдырға, мен не дейін, Іші-баурым өртеніп дөңгелейін. Сені бізге беріпті, ғайып құсы, «Көріп қана қайтып бер» дегендейін. Тым ертерек қызығым жамырады-ау, Пана болмай үйдағы қаңырады-ау. Емшек сүті құйылып қонышына, Анаң байғұс неше күн аңырады-ау! Қызықтаушы ем ұзақ түн ұйықтамай, (Қара жерге берді екем қиып қалай?) Маңдайыма сыймаған құлыншағым, Қарыс жерде жатырсың сыйып қана-ай! Өзіңдағы тəтті едің бүлдіргендей, Не белгің бар: бізбенен бір жүргендей. Түсім дер ем, момақан төмпешігің, Болғаныңды сол ғана білдіргендей. Сенің гүлің мезгілсіз солмағанда: Мұңлық жырын жүрегім толғаған ба?! Уатылып қайғыңнан кетер ме едім, Уататын ағайын болмағанда! 1981 ж. мамыр. АҚ БАТА

Бай-Өлгейлік бəріңе, Жасың менен кəріңе, Басымды иіп жалпыңа, Еңбеккерлік салтыңа, Ақ батамды берейін, Алты арыс халқыма: Моңғол - қазақ əулетім, Көркейе берсін сəулетің. Жарқылдасын көңілің, Сарқылмасын дəулетің. Мадақталып ер ісің, Малға толсын өрісің. Күллі Əлемге танылып, Көк жиегің кеңісін! Сəнге толсын сахараң, Əнге толсын саханаң. Дəнге толсын баурайың, Кенге толсын шалғайың. Уайым-қайғың жоқ болсын, Дастарханың тоқ болсын! Еңбегіңмен ел сыйлап, Көрер қызығың көп болсын! Нұрлы болсын аспаның, Жарлы болсын жас жаның! Құтты болсын жыл аттап, Жаңаға қадам басқаның!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын * Жастарың жалынды болсын, Шəкірттерің дарынды болсын! Қырандарың алымды болсын, Жүйріктерің шалымды болсын! Бейбітшілік заман болсын, Мал мен басың аман болсын. Қатарыңнан оза шауып, Құтқа тола қадам болсын! Терін төккен батыр шықсын, Сөзін төккен ақын шықсын. Жаманшылық жерге бұқсын, Жақсылықпен атың шықсын! 1984.

МАЛШЫЛАР МЕРЕКЕСІНЕ Шалқысын қыр да бүгін, ой да бүгін, О, менің құт мəйегім, қойлы ауылым. Тасқынды табысыңды тарту етіп, Мерейлі мерекеңді тойла бүгін. Қызығын еңбегінің көрген жері, Елінің мақтан тұтып сенгендері. Төріңде «маршалдарың» отырсын бір, Төсінде жарқжұрқ етіп ордендері. Бүгін күн жарасады қуанғаның: Алты рет қатарынан ту алғаның. «Еңбеккер сертке берік халық» - деген, Еліңнің сенімінен шыға алғаның. Аптығып кейбіреуше белеңдемей, Жарысса жалғыз өзім жеңем демей. Шықты əне, саңлақ көшін Қоншық бастап, Отыз жыл бір деңгейден төмендемей. Құтты болсын абырой атақтарың, Айтайын жүлдегерлер атап бəрін: Сансызбай, Қалидолда, Адай, Борхү, Бөдлө, Баймұхамет, Бақаттарым! Ғылымхан, Əбілмəжін, Пилэн, Шəріп, Ықылас, Күжікейлер топты жарып. Баймұрат, Қадыл, Жақыш, Əнес, Серхан, Айша мен Цэцэг шықты дараланып. Сейсенбай екінші рет ер екенін, Көрсетті: бəрін шешер тер екенін.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Мерейің үстем болсын жүлдегерлер, Ішінде, барша халқың берекенің. Өзгеден бүгінгі күн, тойда басқа, Сауық та салтанатты, ой да басқа. Төгіліп кемерінен тасқындаған, Бола ма бақ дəулетті тойламасқа! Даланың құлпырсын деп ертең өңі, Ерлерің сол үшін де тер төгеді. Аймағым - алтын ордам, мақтанышым, Бола бер жылдан жылға мəртебелі! 1987.

АҚ ОТАУЫ САҢЛАҚТЫҢ (Аймағымызда мемлекеттік саңлақ малшылар молайды) Қаһарлы қысты өткеріп, күзді өткеріп, Көктем кеп күңсігенде түз, бөктерім. Ақ ордалар Алтайды бетке алады, Қыз Жібектің көшіндей тізбектеліп. Айдындағы аққудай дөңгеленіп, Ақ отаулар қонады көңге келіп. Сатыр-сұтыр шашулар шашылады, Көкіректер желпініп əнге желік. Ат, абырой саңлақтың күйін тілеп, Біреу шабар сұмыннан, «шүйіншілеп». Ортақ табыс дегендей бəрімізге, Аймақ болып жабыла үйін тігед. Шопан разы тойына келгеніңе, Даяшы боп кетесің сен де, міне. Көрімдікке үкілі бір сəйгүлік, Көлденеңдеп байланар белдеуіне. Бұрылуға мұрша жоқ, ойлануға, Топ бастығы жүреді той қамында. Бір сезімде қызығып сен жүресің, Жеткізе алмай қолыңды қой бағуға. Қалмайтын ешбір жұмыс еңсерілмей, Ақ отау-ащы тердің өлшеміндей, Қотанды астанамен жалғастырған, Үкімет үйінің бір бөлшегіндей. 1988 ж. Наурыз.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын СӨЙЛЕ, ӨЛГИЙІМ! Сөз сұраймын, əдептен озбау үшін, Мерекелік мінбеден қозғау үшін. Менің ұлттық мерейім - радиом, «Сөйлеп тұрған - Өлгийім» - өз дауысым. Сөйле Өлгийім, Отаның сөз берген соң, Қайта түлеп замана өзгерген соң. Бабам үні жалғыз қыр аспап еді, Əлем тыңдар ұрпағың кез келген соң. Сен арқылы жиһанға тіл қатамын, Ана тілде жүректі жырлатамын. Іші күйсін дұшпанның, дос сүйініп, Шат үнімді эфирден тыңдатамын. Күймен тербеп үй төрін кешкіқұрым, Жап-жайдары, жып-жылы естілуің. «Сөйлеп тұрған Өлгийім» - өз дауысым, Ғасырлардан ғасырға жетсін үнің! 1984. АҚИЫҚ ЖЫР (Ақтан Бабиұлы аруағына)

Туса да неше алуан ағылып жыр, Бəрі де тек өзіңе табынып жүр. Алдыңа кеп басымды мен де иемін, Ассалаумағалейкүм, ақиық жыр! Жақтырмас «Жасыл шыңдар» аласаны, Биікпен қыран «Бүркіт» таласады. Халқыңның мерейі боп отырсың сен, Төрінде өлең - жырдың, қара шалым! Келесің əлі күнге дара шауып, Тойлаймыз бес жыл, он жыл ара салып. Тойлаттыру - саған да жарасады, Тойлап тұру - бізге де жарасады. Қос шалғың ақиықтың қанатындай, Қомданса жыр түлкісін алатындай. Ішегін домбыраңның қозғап қалса, Сау етіп бір дүлдүл жыр ағатындай. Көтеріп қара нардай ғасыр сынын, Ашылар жыл - жыл сайын асыл сыры. Жұлдыздай алдымызда бағыт сілтеп, Тұра бер, «Поэзия – Жасыл шыңы!» 1982.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын БАЯННУУРҒА СƏЛЕМ! Баяннуур - бақыт қонған жер, Төрт шұғыласы толған жер. Ойы - егін, қыры - мал, Жер жаннаты болған жер. Қордалы тоғай, көк белдер, Дүлдүлдер талай өткен жер. Жырына қосып Шəмелі, Құрманхан терін төккен жер. Толысып пісіп жеткен жер, Алуан өнім еккен жер. Саусылдаған саңлақтар, Төсінде еңбек еткен жер. Сауықшыл сайран елі бар, Мəйекті шүйгін жері бар. Айдынды шалқар көлі бар, Балығы бар, кені бар. Ақ басты асқар тауы бар, Орман - тоғай, аңы бар. Бақ-дəулет болып ағылар, Қаптаған сан мың малы бар. Еңбекте елге танымал, Жарасты жарқын жаны бар-. Елуге толған еңселі Ел, Сəлемімді қабыл ал! Жаңарып өсіп, жасар да, Жыл - жыл сайын бас алға! Уа, халқым, мəртебең, Биік болсын қашанда! 1987. МЕКТЕБІМНІҢ МЕРЕЙТОЙЫНА Жарыса кеп жамырап əрбір тұстан, Сан мың ұрпақ білім ап, түлеп ұшқан. Ұлтымның ұлағатты бір ошағы, Сұқтанған іші күйіп сыртқы дұшпан. Жыл салып көре алмасам сағынамын, Өзіңе əулиемдей табынамын. Қырықтағы қызығың құтты болсын, Айналайын, ақ орда шаңырағым! Ұстаздарым, армысың, тарландарым, Өздеріңнен білімнің алғам нəрін. Əлі күнге алдынан кесе өтпей, Кие тұтқан өңкей бір пайғамбарым! 1981.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ӨНЕР ТАРЛАНЫ (МХР-дың Еңбек сіңірген артисі Ахмерұлы Қабыкейге ) Сыңсытып сыбызғыны қуат-күшің, Қуырған домбырада күй апшысын, Дирижер, композитор, əртіс, күйші Бір өзің бір театр сияқтысың! Бес өнер аздық етіп атыңа да, Бес кітап жаздың жəне ақын аға... Сиқырлы таяқшаңды қозғап қалсаң, Сілкініп жан бітеді сахнаға. Қол соғып қастерлесе елің егер, Ұсынар қашандағы төрін өнер. Бурылдаған шашыңды сілкіп тастап, Жасарып сахнадан көріне бер! 1985.

КҮЙШІ ҚЫЗ (Əні бар) Қарақат көзі сүзілген, Күлкісі күміс сыңғырап. Теңіздей терең жүзінен, Тарайды мың шуақ. Ойнаса сүйрік саусағы, Аралап кетер күй бағын, Алыстан сүйіп аңсарым, Ұрпағы Динаның. Толықсы бұлбұл тағы бір, Толып-ақ кетті-ау жер гүлге, Өнері - алтын, жаны - жыр, Аруды көрдің бе? 1970.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ҚОШ, КӨКТЕМ! Əлі күнге қалған жоқ бала машық, Баяғыдай құс көңіл ала қашып, Жиырма бестің желікпе қиқуымен, Қырқасынан қырықтың барам асып. Шұқығандай оң көзім сол көзімді, Талақ етті бұл кезім сол кезімді, Мініп өскен мойынға інілерім, Келіп қапты қусырып ол да өзімді. Хас жүйріктей жанса да талай бағым, Қаскөй уақыт қоймады алайғанын, Бара жатыр шөмейіп бал айларым, Бара жатыр көбейіп самайда ағым. Бүршік жайған «Жауқазын» ол да семді, «Халіңді біл, ал Кəкей жолдас, енді!»-- Деп сыбырлап уақыт мазалайды, Қоштаспасам Көктеммен болмас енді, Қош көктем! 1987. * Қырық келіп өмірге: Қылау түсті көңілге, Қырау түсті шашыма, Құрау түсті сенімге. Қартаймастың бір емін, Кие тұтып жүремін: Жөн сегізде - тілегім, Он сегізде - жүрегім! СЕЗІМНІҢ КЕЙ СƏТТЕРІ Аһлап түніменен көз ілмедім, Атойлап астан-кестең сезімдерім, Алаңсыз сыртым тымық көрінгенмен, Алапат бір шайқастың кезіндемін. Ішімде толғаныстар қақтығысып, Сезімнің жалтылдайды ақ күмісі, Кетемін сыймай сол сəт кең əлемге, Күй кернеп көкіректі қатты қысып. Мезі қып мимырт жүріс, текірегің, Текке өткен көп күндерге өкінемін, Оталатын секілді, қопаратын, Дəрі тола бөшкедей көкірегім. Білмеймін нені көксеп, нені іздеймін, Бұрқанған дауыл күнгі теңіздеймін, Бусанған бір тыныс бар, сілкініс бар, Сонда да шыр айналып желі үзбеймін. Алданбай сыртқы момын бедеріме, Үңілсең үйірілген тереңіме, Көрер ең басқа күйді, басқа əлемді, Кім ұғар кімнің жанын керегі не! Атойлап астаң - кестең сезімдерім, Алапат бір шайқастың кезіндемін. Жанымды тыншытатын дауа қайсы, Дариға-ай, таппай жүрмін өзім де емін!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ҚИМАС ШАҚТАР АЛЫСТАП... Қиқулап бəйге шапқан күндерім-ай, Қия алмай əлі күнге жүргенім-ай, Құйрық, жалы сүзілген жүйріктердей, Құйғытып өтеріңді білмедім-ай. Қадіріңді білмесем кеш, бала күн, Теңгермеймін өмірдің еш парағын, Еске аламын би залын жалтылдаған, Бойжеткенді ақ көйлек еске аламын. Көңіл шіркін əлі де баяғыдай, Көнбеген уақыттың қаяуына. Жастықтың бəйгесінен дəметесің, Сүйеніп тұрсаңдағы таяғыңа.

КЕЛ, ДОСТАРЫМ... Кел, достарым, келіңдер, төрге өтіңдер, Өткен – кеткен күндерден тербетіңдер. Айырмасын күлкіден жанымызды, Аман-есен жүргенде Жер бетінде. Қалайық бір бас қосып, сыр сұрасып, Наз айтысып, көрісіп, шұрқырасып, Шалқып-тасып, дуылдап отырайық, Жүректердің пернесін бір күн басып. Қайда ғана баяғы əзілдерің, Əзілдерің, жарасты наз үндерің? Ұмытайық самайдың ақ шаштарын, Ұмытайық маңдайдың əжімдерін. Көз алдында бəрі де: кеше еді ғой, Адам деген мұнша тез өседі ғой, Ана отырған – түйнегі Мұқапидың, Мына отырған – Мəмейдің шешегі ғой. Кеше гана еді ғой, кеше еді ғой, Бастан дəурен осылай көшеді ғой. Ана отырған – Ыданның боқмұрыны, Мына отырған – Зет шалдың кеселі ғой. Кеше кім ек, кім болдық бүгінгі біз, Бал-бұл еске түседі-ау бұрынғымыз, Ана отырған байсалды бəйбішеңіз, Кеше ғана ед сепсекей тұлымды қыз. Кел, достарым, келіңдер, төрлетіңдер, Ақ жарылып жүректі тербетіңдер, Айырмасын күлкіден жанымызды, Аман – есен жүргенде жер бетінде!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ӨКПЕЛІСІҢ НЕГЕ СЕН? Өмірде қайғы жұтып, күрсінбеген, Пенде боп жұмыр жерде дүрсінбеген, Сенің пəк жүрегіңде гүл тербеліп, Көңліңе құс қонақтап жүрсін деп ем. Бал қантын балалықтың бөліп жейтін, Шіркін-ай, бүтін ек қой бөлінбейтін. Мені құшқан құшақ та сені аймалап, Біздерді еркелетіп «төлім» дейтін. Амал не кеш сезіндім, ұғынбадым, Көңілің неге ғана суынғанын, Жайқалған дос шыңында қос шынар ек, Осы ма дауыл тұрмай жығылғаның?! О, досым, махаббатым, жыр-өлеңім, Мен саған не бақытты тілемедім, Сен мені жырақ барсаң білер едің, Кеудемді бір ақтарсаң білер едің, Мен саған не бақытты тілемедім! 1971. ДƏМЕ Қатар мініп өсіп ек бала шақтың тал атын, Қатар қақсақ деуші едік болашақтың қанатын. Айырды жол сезімді: мен – қырда, сен – қалада, Көрдім содан өзіңді көп жыл өтіп арада, Торы жорға астыңда тойға келдің толықсып, Тобылғы өңді, толқын шаш, тоты ару болыпсың, Жадау көңіл, жамау тон, жабы жирен тыртыңдап, Көрінуге арланып, сығалаймын сыртыңнан, Аспан мен Жер арасы-екеумізде күй бөлек: Сені шаттық билемек, мендегі күй-күйгелек, Үйіріліп соңыңнан сал-серілер үймелеп, Өте шықтың жайқақтап, қағып-соғып кимелеп, Өзегімді өксітіп Дəме - күшік қыңсылы, Торы жорғаның шаңында қала бердім тұншығып... 1967.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын * Көңіл атты көлімнен, Құсы кеткен секілді, Бір қара бұлт төрімнен, Ұшып өткен секілді. Сағынышқа малынған, Сап-сары ала күздеймін, Күндізтүні жанымнан, Əлде кімді іздеймін. Елеңдеумен өмірі, Кетерме екем көрмей-ақ, Азынап тұр көңілім, Бетағашсыз көрдей-ақ. 1980. АДРЕССІЗ ПƏТЕРДЕ... Көз жасын шарап төгеді, Арыңның алақанына, Қалт-құлт етіп төнеді, Қарақшы саусақ саныңа. Қардан да аппақ етіңді, Қауға сақал түн сылап, Бұралқы қаншық секілді, Бұраласың қыңсылап. Көк таңба осып бетіңді, Көзіңнің алды ісінген, Сұлулық атты жетімдік, Суығы түспей үсінген. Тиынға тосқан етегің, Тасалай алмай түріңді, Жұлмалап құйын өтеді, Жұлынып түскен бүріңді. ...Масаңдап атқан ақ таңда, Тонаушы түнек манағы, Табыттың бетін жапқандай, Есігіңді жабады. Шашылған - шылым көк түтін, Қираған шөлмек, босаған, Бұл үйде қалған жоқ бүтін, Сықырлайды, əне, босағаң. Сақ-сақ күліп құлайсың, Жастана келіп мас тағын,

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Солқылдап бір сəт жылайсың, Өзгере қалып қас-қағым. Бұлтсыз күні найзағай, Аспаныңда шатырлап, Арыңа тиген найзадан, Қансырап жаның жатыр ма?! Көшкен жұртта көрінгір, Нанайын қалай сен деуге, Шошқа қазып төріңді, Ит ұлиды кеудеңде!

КЕЗДЕСУ Сол жылдары: Өрімтал аққұба қыз көзі күлген, Өлгийдің көшесінде кезігіп ең... Бүгіндері: Жолығам деп жоқ еді ойлағаным, Жараламай жанымды қой, қой Жаным! Қайдан жүрсің, қайдан жүрсің, қарағым! Жүрегімді елжіретіп қарадым, Өтіп кеткен көп жылдарға үңіліп, Мен дір етіп қарадым. Лапылдатып шарпып бойды бір екпін, Өн бойымды тоқ соққандай дір еттім, Көкіректе сауытынан бұлқынып, Шығып кете жаздағаны-ай жүректің. Болғаннан соң өз бұлағым, өз бағым, Жемісті аңсап, жетпеске қол созбадым, Тұнып жатқан қарасу ем, тас атып, Шолп еткізіп айдынымды қозғадың. Ең əуелі көзім түсті сырғаңа, Дір-дір еткен, құлағыңда бір жаңа! Сырғаң жаңа... Қайда бірақ сымбатың, Əжімді жүз қашқақтайды сұрлана, Баяғыдай қарамайды ұрлана. Құлазиды көңіл-бейне құла дүз, Əлдеқашан ұмыт болған бұл аңыз... Кездескенде жандардай-ақ бейтаныс, Бас изесіп үнсіз өте шығамыз. СЕЗІМ БҰЛҚЫНЫСЫ Қонақтай кіріп келіп шақырылмай, Түсіме неге ендің, апырым-ай, Сілкінтіп тау-тасымды жайын жатқан, Сезімім астан-кестең сапырылды-ай! Сүйді екен сені жар қып қандай ұлан, Біреу ғой бақ кетпеген маңдайынан, Түлкінің күшігіндей, беу қарағым, Бал берген балдай ерін, таңдайынан. Көлеңдеп көк көйлегің көлбіреген, Көкейде, жазылмаған сен бір өлең, Төгілсе қара көзің мөлдіреген, Тастың да тас жүрегі елжіреген!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Көркіңе мінезің сай жарасымды, Көремін өн-бойыңнан бар асылды, Желігіп бой жасаған тентек жүрек, Тепкілеп көкіректі аласұрды?! Өтесің қарсы алдымнан көлденеңдей, Қараймын көзім сүзіп шөлдегендей, Бұлаңдап бұла бұрым қолын бұлғап, Бұлықсып шақырады кел дегендей... Япырмай, қайтсем екен, барсам ба екен, Лап етіп мынау өртке жансам ба екен, Тəрк етіп дүниенің бар күйбеңін, Тоят ап, лəззатына қансам ба екен. Тағатсыз солай қарай ұшсам ба екен, Қу нəпсі əлде алдамшы дұшпан ба екен. Аршыған сарымсақтай аппақ тəнін, Аймалап өліп - өшіп құшсам ба екен. Шайтанның жетегіне ерсем бе екен, Шетінен шайы көрпе енсем бе екен. Жабықтан Айдың нұрын сығалатып, Мауыққан от құшақта өлсем бе екен. Балбырап, бал шырыннан татсам ба екен, Албырап, алау күйге батсам ба екен, Масаңдап өң мен түстің арасында, Жасаңдап былқ-сылқ етіп жатсам ба екен. Өмірлік жан азабын шексем бе екен, Өртеніп күл боп жанып кетсем бе екен, Қаңғырып қамқа қылып қайғы орманын, Мəңгіріп Мəжнүн болып өтсем бе екен. Қырқылжың қырық келіп тұнықсыған, Бастан шақ бұлбұл ұшты бұлықсыған... Тəңірім: Кенде етпесін қылықтыдан, Пенде еткесін - сынықсыман! 1991. * Сал, серілер болсадағы көп мейлі, Бұл əлемде сенен кербез өтпейді, Құлақтағы жалғыз ғана сырғаңа, Менің бүкіл мал-дəулетім жетпейді. Шамырқанып, тілдеп мені сөк, мейлі, Сондадағы жөнсізді кім жөптейді, Бірақ... Менің өлеңіме бір ауыз, Сенің бүкіл ен дəулетің жетпейді!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын АРАСАН БАСЫНДАҒЫ АЙТЫС Жігіт: Жеңеше-ау, əй жеңеше, сөзімді ұққын, Жарқ еткен жанарыңа мен бір тұтқын, Жылтатын өн бойымды дауа бар ма, Дірдектеп жаңа ғана судан шықтым? Келіншек: Жас дəурен - о дағы бір көшкен елес, Жігітке дірдектеген ештеңе емес, Желігіп бекер босқа ұрынбашы, Жылтатын өн бойыңды пеш мен емес. Жігіт: Келгем жоқ келіншек іздеп Арасанға, Біреудің бақытына таласам ба?! Ешқандай ар жағымда бөтен ой жоқ, Ұрланып анда-санда қарасам да... Келіншек: Соққылап жүрегіңнің барабанын, Соққан-ау, не қылғаның қарағаның, Жақпайды ұрлық жолы арасанға, Əй, қайным, жарамадың, жарамадың. Жігіт: Дегенің бекер шығар «жарамадың», Қалайша күнə болмақ қарағаным? Мен емес, нақ айыпты тап өзіңсің, Жүректі жайын жатқан жараладың. Келіншек: Демей ме: «татқан да бір, тойған да бір», Соны да білмейсің бе, ойланбағыр! Санаңды тазалап ал ұшықтатып, Күнəға батар пенде ойдан да бір. Əйелдің жанары - пеш, мысы басым, Жаныңа нұры түссе ысынасың, Жүрегің жараланса арасан іш, Жаутаңдап оған несін қысыласың. Жігіт: Кім білсін, ойға алу да күнə шығар, «Күнə» деп кəрілікке кім асығар, Жас шақта жарасымды əзіл-қалжың, Өзіндік ақтап алар дұғасы бар. Сондықтан соқтықпасқа ерте, кеш те, Жас дəурен жүрген жері өрт емес пе?! Жүректің түкпіріне түскен ұшқын, Жазылмас арасанға дерт емес пе? Келіншек: Шалықтап «тілек» дедің, «жүрек» дедің, Жарар ма жыр етпесті жыр еткенің, Тереңдеп бара жатсың барған сайын, Кетейін, жылап қалар шыр еткенім.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Жігіт: Жеңеше - ау, айналайын, тоқта, тоқта, Шынымен кеткенің бе салып отқа, Медеу ғып жүретұғын, жанға жылы, Жақсы əзіл, жалғыз ауыз сөзің жоқ па? Көйлегің көк сисадан көлбіреген, «Көмейде айтылмаған сен бір өлең», «Серіні» мен секілді көрген кезде, Жанарың шоқ шашпай ма мөлдіреген. Келіншек: Қара көз отыз жылдай мөлдіреген, Көрген жоқ сендей сері делбіреген, Сен болсаң садаға кет, қалған өкіл, Кешегі серілерден селдіреген. Күн сайын жылмақтай боп қырынасың, Қырындап қыз-келіншекке ұрынасың, Əркімнің маңдайында бір шоғы бар, Үрлесең өз шоғыңа жылынасың. Жігіт: Сабыр ет, бір азғана тоқта, тоқта, Болмаса, беріп кетер белгің жоқ па. Қойныңда қос алмаңа қол жеткізсең, Ырзамын жіберсең де байлап оққа! Келіншек: Білгенге əзілдің де жүйесі бар, Ұстасаң соғар оның киесі бар, Құрғыр сол, дəметпестен дəметпеші, Өзінің тиесілі иесі бар. Болса да кішкене алма - піскен алма, Топ етіп өзге баққа түскен алма, Сенің де өз бақшаңда несібең бар, Əр баққа көзің сатып қапы қалма! 1986. Арасан.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ДЕМАЛЫС ЖЕРІНДЕ Қию болмай өлеңде, Отырамын елеңдеп, Бойжеткендер өтеді, Серілікпен селеңдеп, Бес уақыт бес көйлек, Киіп шығар көлбеңдеп. Қызыл - жасыл не түрлі, Көбелектер секілді, Көлбеңдеген құрғырлар, Дегбірді əбден кетірді, Сипалаймын қырқылжың, Əжім басқан бетімді. Сан жүректі мекендеп, Жүргенінде секеңдеп, Өз өртіне лап етіп, Жанып кетер ме екен деп, Бір қара құс шеңбектеп, Алып кетер ме екен деп, Жанардағы жалғыз шық, Тамып кетер ме екен деп... Бибəтима-ау, тапсырам, Өзің сақта бекемдеп! Бозша талын жолдағы, Идірмесе болғаны, Отқа түсіп қанатын, Күйдірмесе болғаны, Қасіретке қара түн, Сүйдірмесе болғаны. Ұша берсін жебелеп, Неше түрлі көбелек, Гүлі - мынау, Күні - анау, Оларды кім бөгемек, ...Көбелек шақ өттің-ау, Не керек - ау, не керек! 1990. «Шалқар». ЖАНЫМ МЕНІҢ АШЫНАР...

Тоғышардың заманы өтті десек те, Сұғынып жүр текке ішіп-жесек деп, Тоңмойынның заманы өтті десек те, Башпайменен амандасар төсектен, Парақордың заманы өтті десек те, Азайған жоқ ап жүргендер кесектеп, Пəлеқордың заманы өтті десек те, Ит қосып жүр қадамыңды есептеп, Қызғаншақтың заманы өтті десек те, Адалдықты құрбан еттік өсекке, Бұл дамысты-тұлпар шабыс десек те, Жете алмай жүр жортақтаған есекке, Əлі күнге ұға алмаймыз мынаны: Мен бе, сен бе - осыған кім кінəлі? Көрмес білмес қалпымыздан жазбадық, Талай күйге салар бізді бұл əлі... 1985.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын САҢЛАҚТАР МЕН «ҚАҢБАҚТАР» (Құлаққағыс) Сырымды айта, жарылып бір ағынан, Хас саңлақтар, өздеріңе табынам! Ащы термен табақтас боп араңда, Жалғандық та жүргеніне шағынам! Артық айтсам, кешіріңдер саңлақтар, Кезің келді саңлақтықты салмақтар, Цифрлардың дауылына айдалған, Қатарыңда көбейіп жүр «қаңбақтар». Отырғам жоқ бəрін жоққа шығарып, Отырғам жоқ бəрін жəне құп алып, Мен, жасанды «ерліктерге» сенбеймін, Алақайлап жүрсем дағы қуанып. Олар үшін - түкке тұрмас қамалың, Тауып алған «саңлақ» болу амалын, Гектарынан он тоннаның орнына, Елу тонна картобыңды алады. Олар үшін - шақтау қиын шаманы: Он бес сиыр жиырма бұзау табады, Орта есеппен бір сауында-ақ селдетіп, Он литр сүт сарлық басы сауады. Олар үшін, озу ғана - керегі, Барын сала бақталасып көреді, Жүз саулығы - қозы тауып жүз отыз, Əрбір қойы төрт кило жүн береді. Ғажаптар көп десек тағы ғаламда, Талып қала жаздап жүрміз табанда, Жалғыз жылда ісін істер бес жылдың, Біле алмадық: робот па, адам ба? Қандай ғылым? Құдіреті бұл ненің? Ақиқат па, аңыз ба əлде, білмедім?! Алайда, осы бəсекеде жасырман, Көңілімде бір күдіктің жүргенін. Бұл деңгейге, шынымен-ақ жеттік пе? Күмілжиміз... Сөз аяғы көп нүкте, «Саңлақтықты» ұрып ап жүр тымақпен, Сүйенгендер байлық пенен көптікке, Додада осы талай жүйрік бұрлықты, Көріп жүрміз шет-жағасын сұмдықтың, Алдын бермей Жылпостықтың жирені, Шаң қауып жүр боз шолағы Шындықтың. Дерсің бəлкім: «Байқап сөйле, ау бала»! (Түскім келіп отырғам жоқ дауға да). Не қасиет қалар дейсің егерде, Саңлақтықты айналдырсақ саудаға.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын БАС (Тасқа сүрінбей, басқа сүрініп...) Басты сыйлап кие тұту əу бастан, Дəстүр еді бабаммен бір жасасқан. Ең əулие ұлығына бас тартып, Ең қадірлі мейманына бас асқан. Үлкен мəн бар бас деген бұл ұғымда, ( Бір шөкім ет, қу сүйек деп ұғынба!) Басты сыйлап-сыйлауды ұққан басшыны, Басқа ұрмаған малындағы, құлын да. Ең бергісі қу бастың да сүйегін, Биікке іліп, санайтұғын киелі... Бұл күндері талай басы соғымның, Күресінде жатқанына күйемін. Мұны көрген ұрпақ қалай азбайды? Кекірелік кесепаты аздай бұл - Жол шетіне төккен басты көргенде, Жауапкердей, жерге кіре жаздаймын. «Бар жазығым бергенім бе етімді, Енді қайтіп көрмейсің бе бетімді?» - Осылай деп, қоңыр үнді қоңыр қой, Мұңын шағып маңырайтын секілді. Тоқшылық-ай, не істетпедің шынында, ( Еш сұрауы болмас деме мұның да). Бүтін ауыл талшық етіп бір басты, Аман қалған ашаршылық жылында. Бабам басты деп санаған: «несібем», Сол дəстүрді шығарған кім есінен, Жол шетіне басты төгіп кеткенніңДастарқанды таптағаннан несі кем?! Əй, керімсал келіндер-ай, келіндер, Астамшылық басқа тиер тегінде, Жұмыс көрер сұрпы еттен басқаны, Бұл қылмысқа қатысың бар сенің де!... Жақсы дəстүр ұмтылмасын, тозбасын, Ол-халықтың ар-ұжданы, көз жасы, Ақымақтар басты сыйлай білмеген, Сыйлата алмас, сыйлай алмас өз басын. Бас тағдыры көкіректі қозғасын, Басты сыйла! Бассыздық іс озбасын! Əнебіреу бастар жатқан қоқыста, Тітіреймін жатқандай-ақ «өз басым». 1987.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ҚОРЛАНҒАН МҮСІН «Шалқар» демалыс үйінің алдында бұлбұл мүсінінде жасалған қоқыс салатын шелек тұр. Сүйкімді «құстың» кере ашылған көмейі қоқысқа толы... Теріс деші мына ісің, теріс деші, Табиғаттың титімдей періштесі, Əбес кеткен шебердің қылығының, Іштей сезіп отырмын келіспесін. Қалған емес пендеңнің балалығы, Табиғатқа аш көзді алалығы, Жаңадан бір құрылық ашқандай-ақ, Қай пысықтың тапқан бұл жаңалығы?! Қандай ғана жан екен ісі мұңлы, «Қоқ салғыш» қып жасапты мүсініңді, Кімнен ұқты көркеуде сол бір шебер, Сұлулықты осылай түсінуді. Қарағандай жаутаңдап бұл бір мүсін, Əлденеге ашиды құрғыр ішің, Осығұрша қорлардай, адамзатқа, Еш залалың жоқ еді-ау, бұлбұл құсым! Бар жазығың – саяда сайрағаның, Сан көңілді сергітіп қайрағаның. Бар жазығың – тазалап табиғатты, Қорек тауып күніңді алдағаның. Таңмен сайрап ашасың түндігімді, Қайда болса бұзбайсың бірлігіңді, Өзіңменен өзің боп ұшып – қонып, Қорғаштайсың құйтымдай тірлігіңді. Құбыжық қып бейнеңді, мерейіңді, Қоқыспенен толтырдық көмейіңді, Ашып қойып аузыңа түкірердей, Бар ма еді əдеп, ілгері не кейінгі? Бозторғайым, бармақтай базарлым-ау, Кінəлі боп алдыңда сазардым-ау, Сені емес, пендеңді қорлап тұр ғой, «Қоқ шелекке» айналған ажар мынау. Көзден бұлбұл ұшып бір жыр шағымыз, Сынар болса жақсы ма нұр сағымыз? Табиғатты бұлайша қорлағаннан, Не тəрбие алады, ұрпағымыз! Жаудыратпай байғұсты босағадан, «Ұшыра көр» ағайын, осы арадан, Мұнсыз сəнің келмесе келмей қалсын, Сұлулықты қорлауды кеше ме адам! 1989.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ТӨРЕШІЛДІК

Кеңседе курорттай-ақ керілесің, Жауапқа жалғыз ауыз ерінесің, Жастанып, телефонды, жайғап бəрін, Құқайлап бая-шая еліресің. Су жетпей қарап жүріп танауыңа, Аһлап бостан-босқа сөгілесің, Болса да тындырымды бір ісің жоқ, Тек өзің істегендей көрінесің, Топ құрған гу-гу өсек төңірегің, Сиырдың бүйрегіндей бөлінесің, Шақырып руыңның аруағын, «Пəленшем, түгеншем» деп егілесің, Өрекпіп арқаланып жүргендігің, Жоғарда бар: жебеуші-бөрілесің, Біріңді - бірің қолдап, қырық шатыс, Топтанып шырмауықтай өрілесің, Алдында «үлкендердің» кəукелектеп, Жорғадай жорғақ қағып төгілесің, Ықтырып қаһарыңмен төменгіні, Менсінбей еш қайсысын, жерінесің, Басыңнан сөз асырмай мініңді айтса, Кек сақтап қыр-соңынан берілесің, Жаныңа жағымпаздан жасақ жиып, Қыспақтап турашылдан безінесің. Басқаны мəлім сенің елемесің, Өзіңді қолпаштатып, кенелесің. Түсінбей дал боламын, осығұрдай, Сен өзің Құдайсың ба, неменесің? 1985.

КЕЙ БАСШЫ Кей басшының «химиялық құрамы»: Қағаз, жиын, өкілдіктен тұрады, Кей басшының жаңылмайтын ұраны-- «Таныстық» пен «туыстықтан» тұрады. Кей басшыны көрсеңіз де күнде сіз, Елестету мүмкін емес мінбесіз, Қасиеттен ада болған бар ізгі, «Газигімен» түсе қалған тəрізді. Кейбір басшы «бедел жияр» жалбақтап, «Көсемдікті» қолмен жасап алмаққа, Жуық тартып көпшілікпен табыспай, Суық тартып жүреді ылғи алыстай. Басшылардың бəрі осы деп ұғынба, Аз емес қой қалаулылар, шынында, Қолды бірақ сілтер ек деп: «Далбаса!», Салауатты ізгі жандар болмаса! 1982.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ӨКІЛ – Қайдан келесің? – Өкілден. – Қайда барасың? – Өкілге. Қымс еткенді орындату өкілмен, Жұмыстың бұл əдісі емес жетілген, «Түлкі алмайды қосқан тазы жетектеп», Шешу керек мəселені өз бетіңмен. Жауаптанған жұмысының тағдырын, Өзі шешсін, өзі істесін, барлығын, Отырмасын өкіл тосып жаутақтап, Күтуменен жоғартынның жарлығын. Жұмыс қалып, алқын-жұлқын аттанып, Бұрқыратып қырға бара жатқаны, Қағазбенен толтырып ап папканы, Бұрқыратып қырдан келе жатқаны. Мезі болдық өкілдіктен суынып, Кезі болды безінетін, ұғынып, Жауыр болды «газиктердің» арқасы, Ауыр болды қоғамға да шығыны. «Қыр мен ойда азайтуға өкілді, Жəне де бір өкіл керек секілді...» Жетер жолдас! Сөзден іске көшелік, Көрсет қане: Өз күшің, өз бетіңді! 1985. «БЕДЕЛ ЖИЮ» Бедел жиды – қылмыстыны ақтаумен, Тентектіктің шаужайынан қақпаумен, «Төменгі іске» араласып жатпаумен, Бақа есеппен басшыларын мақтаумен. Бедел жиды – «сарбаз» деген, «кең» деген, Бір де бір іс талап етпей өңгеден, Жалт-жұлт етіп мінбелерде сөйлеген, «Барлығын да тындырушы – мен» деген. Бедел жиды – тас мүсіндей «серілік», Жалғыз сөзге жауап қатпай керіліп, Міндет алғыш, ұрандағыш еліріп, Жиындарда белсенді боп көрініп. Пəтуасыз ісінің жоқ жүйесі, Өзгелерге жұқпай қоймас күйесі, Анаған да, мынаған да килігіп, Əзір астың боп шығады иесі. Шырқырауық сөзі басқа ісінен, Жылтырауық, сырты басқа ішінен, Жиып терген «беделінің» күшімен, «Жансақтап жүр»... Түсінем ғой, түсінем! 1985.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ƏДЕП

– Келмей жатып сұрадың: «Мал аман ба?» «Шал аман ба, - демедің, - бала аман ба!» Жұмыс қауырт, болса да мал қастерлі-- Соның бəрі жетер ме дəл адамға! Кір үйіме, əуелі жөн сұрасып, Қайдан жүрсің: ойдан ба, қаладан ба? Жағдайды біл, жалбақтап амандасып, Малың аман болмай ма жан аманда, Өкіл болсаң, өкіл бол, əдеп қайда, Сəлем берер алдымен аға адамға? Беріп жібер, əй, кемпір, таяғымды, Қайтер дейсің жөнсізді сабағанда! 1985. ƏКІМДІК ПЕН ƏДІЛДІК Əкіреңдеп əкімдік есіліп жүр, Əділдікке ор қазып өшігіп жүр, Түйедейді түйме етіп өшіріп жүр, Түймедейді түйе етіп өсіріп жүр. Жөнсіздіктің жорғасы көсіліп жүр, Тыйым түспей, тұсауы кесіліп жүр, Əділдіктің əлжуаз шабан аты, Əлі күнге шаң қауып кешігіп жүр. Кешірілмес күнəлар кешіліп жүр, Таныстықпен көп істер шешіліп жүр, «Байқа күшік!» дегендей қыр көрсетіп, Шайқап ішіп талайлар есіріп жүр. «Несі əділдік?» демеші: «Несі ғұмыр?» Бара жатыр сейіліп көшіп іңір, Келеді, əне, бəрін де қайта құрып, Кең ашылып шындықтың есігі бір! 1986. БІР СƏТ... Қоғамның ауасы, Қолқаны атады, Көңілдің дауасын, Тауып кім уатады? «Көсемдер» еседі, Таңдайы тақылдап: «Кеткендер кешегі-- Бəрі де ақымақ!» «Өткенді сызамыз, Біткенді бұзамыз, «Измнің» барлығын, Қайтадан құрамыз!» Даурығыс, сөз қуған... Нəтиже - баяғы, Алдымыз боз тұман, Не болар аяғы? «Бірлік» деп ұрандап, Тоздырып жүрген көп, Жөн істі бұралап, Қоздырып жүрген көп. Дүрлігіс бар маңың, Іске жоқ, сөзуар... Тасыған арнаның, Басылар кезі бар. 1991.

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын «ҚАЙТА ҚҰРЫЛУ» Қаулай өскен тікендей қырға тұнып, Жағымпаздық бой жазды ырғатылып, Рушылдық, жекжаттық алды торлап, Өрмекшінің торындай шырматылып. Тоғышарлық түбіне бойлатпайды, Төре мінез - шеніне жолатпайды, Тоңмойындық - тоғыз бас жалмауыздай, Бірін шапсаң біреуі жалақтайды. Өтірікпен бүгінгі іс өлшенбейді, Алдамшылар сонда да көнсең дейді, Ұрдажықтар кешегі, кілт өзгеріп, Жапа шеккен жан болып кемсеңдейді. «Құрылдық деп, қайтадан өзгердік деп, Жаңа ғана жұмаққа кез келдік», деп - Ең алдымен осылар ұрандайды, Күні өтіп кеткенін сезгендіктен... 1991. КЕЛІСПЕЙТІН «КЕЛІСІМ ДҮКЕНІНДЕ» Алушының сұрағы: – Анау зат қанша тұрады? – Бетіңізден ғана садаға, Бес-ақ есе бағаға... – Айта қойшы, қарғасы, Баға бар ма Арда осы! – Ар дейсіз бе, ағасы... Бес-ақ тиын бағасы! ҚҰБЫЛМА Кеше: «Дін дегенің - жын» дейтін, Молдасың деп жүндейтін, Ата - салтын міндейтін, Ана - тілін күндейтін, «Мен - қазақпын» дегенді, «Ұлтшылсың» теп тілдейтін - Болып еді «ең шенді», Тітіреткен белсенді. Бүгін: Момақансып бұл күнде: «Тілім, дінім, ұлтым»- деп, Сол қоғамнан нан жейді, Жұтқыншағы бүлкілдеп. 1991. * Айтпасын десең егер еш мініңді, Көрмесін деп көзімді ой, кес тілімді, Қиянаттың өртіне жаным күйіп, Нарттай боп мен сөнермін кешкірімгі. Бір сəтке жолы болып күлді көмеш, Есе алар жекжаттық пен құлқын-өңеш, Бірақта... Ақиқаттың көзін ойып, Шындықтың тілін кесу мүмкін емес!

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын ЖАУҚАЗЫН Туған жер Ауыл таңы Хөх гол Бабам менің Жазғы түн Жастық үні Ақын болғым келеді Мен Ақын Хирург Құзыкейге Сырлы əуез Сен бе едің? Спектакль үстінде «Сылбыр үнмен...» Ана мейірі Аттанамын... Жалғыз сөз Өткел «Сен бір сəуле...» «Саған деген асыл сөзім...» О, тіршілік «Эх, тəңір-ай!...» «Құммен сусып құлағанда...» «Жайлау түні...» Шумақтар Сұлулық Күз Ұйқы Түс Күте - күте... Қызғаныш Тыңда сырымды Сағындың ба анашым? Анаға хат Ана сəлемі Оралу Көл көріністері Жауқазындар Досқа наз Сағыныш Күту Айхай, Русь! «О, Ангара...» Қазақпын Жабырқап мен... Осы шығар туған жерге махаббат! Үміт «Сен ар жақта қалқатай...» Бір əн салдым... Отыз еді... «Ахау, Семей...» Көбелек қуған көп күндер... «Оңай олжа»

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын МАУСЫМ 1.Туған жер тынысы Бұла Бұлғын Тойға шашу Бұлғыным менің - айдыным Концерт беташары Туған жер туралы шумақтар Домбыра Туған жер туралы баллада «Нəрін - Тау» Оралу О, Бабалар! Кетпен Кеш Асау Уланбатор Өлгий оттары Алматы құшағы КазПИ Мұхтар тойында Сəбит Мұқановқа Соңғы қоңырау Қысқы түн 2. Сезім суреттері Достарға «Баға беріп сыртынан...» «Тоқшылықта...» Күдік Бір досқа Елегізу Шалқу Он сегізге наз Сал ұйқы Сенің қарасың... «Алдаспанды нəзіктіктің...» Бойдақпен əңгіме Ақ гүл Шумақтар «Сен шығыста...» «О, зеренім...» «Депсің – ау...» Элегия

ҚОШ, КӨКТЕМ! Естисің бе, даусымды! Мойындау «Көңілімде бір шапақ төкті жарық...» «Көкірегім бос күбідей даңғырап...» «Өмір бойы өтсем дейсің шат күліп...» «Алдамшы өмір көңіліңді аулайды...» «Қас – қағым...» «Ханзада да...» «Бұлбұл ұшып...» «Біреулерді...» «Қос жанарым...» «Құлағымнан кетпейді...» «Ару қыздың» бəйгесі... «Озық шықса ортамыздан күндейміз...» «Қазақтың көтеріліп шаңырағы...» «Таныстырып ұлт-ру, бабамызды...»

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Естисің бе, даусымды! Тілім - пірім Қағаз барыс Отыз сегізінші жыл Ікей М.Қабдолданың қазасына «Қарлығаштың күйік шалып қанатын...» Сақта Жерді, Адамзат! Етікшінің соңғы сөзі ОРҚЕШ-ОРҚЕШ ТАУЛАРЫМ Таулар – таулар... «Шаңырақтан үзігіп...» «Сырлы ыдыста сырылдап...» Ақындар ауылда Күрті Жомарт күз Тасы, Бұлғын! Ауылда демалғанда Боздап көңіл... Той көріністері Қуаңшылық Қозының зары Байтақ өлке Делуінге Арасан Арасанды сатпайды Сетер тал Тас адам Көне əуендер

«СЕНДЕРДІ ЖЫРЛАМАСАМ...» Оян далам ертерек... Мұғалім Айтыс əлемдік сахнада Байланысшы ару Ақжаулықты əулие Аза Ақ бата Малшылар мерекесіне Ақ отауы саңлақтың Сөйле, Өлгийім! Ақиық жыр Баяннуурға сəлем! Мектебімнің мерей тойына Өнер тарланы Күйші қыз ДӨҢГЕЛЕЙДІ ДҮНИЕ Қош, көктем! Сезімнің кей сəттері Қимас шақтар алыстап... Кел, достарым... Өкпелісің неге сен? Дəме Адрессіз пəтерде... Кездесу Сезім бұлқынысы Арасан басындағы айтыс Демалыс жерінде Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын

МАЗМҰНЫ Алғы сөз....................................................................................3 БІРІНШІ БӨЛІМ Туған жер.................................................................................4 Ауыл таңы ................................................................................5 Хөх гол .....................................................................................5 Бабам менің ............................................................................8 Жазғы түн ................................................................................9 Жастық үні ............................................................................10 Ақын болғым келеді ............................................................10 Мен..........................................................................................11 Ақын .......................................................................................12 Хирург құзыкейге..................................................................13 Сырлы əуез............................................................................13 Сен бе едің?..........................................................................14 Спектакль үстінде ................................................................15 Ана мейірі ............................................................................16 Аттанамын...............................................................................18 Жалғыз сөз..............................................................................19 Өткел.........................................................................................20 О, тіршілік................................................................................22 Шумақтар............................................................................... 26 Сұлулық.................................................................................. 27 Күз........................................................................................... 27 Ұйқы....................................................................................... 28 Түс........................................................................................... 28 Күте - күте...............................................................................30 Қызғаныш................................................................................31 Тыңда сырымды................................................................... 33 Сағындың ба, анашым?....................................................... 34 Анаға хат............................................................................... 35 Ана сəлемі............................................................................ 37 Оралу...................................................................................... 38 Көл көріністері.................................................................... 39 Жауқазындар.......................................................................... 40 Досқа наз............................................................................... 41 Сағыныш................................................................................ 42 Күту......................................................................................... 43 Айхай русь!......................................................................... 45 Қазақпын................................................................................ 47 Жабырқап мен... ...................................................................49 Осы шығар туған жерге махаббат..................................... 50 Үміт......................................................................................... 51 «Сен ар жақта, қалқатай...»............................................... 52 Бір əн салдым....................................................................... 53 Отыз еді.................................................................................54 «Ахау, семей...»....................................................................56 Көбелек қуған көп күндер.................................................. 57 «Оңай олжа»......................................................................... 59 МАУСЫМ Туған жер тынысы Бұла бұлғын........................................................................... 61 Тойға шашу............................................................................ 63 Бұлғыным – менің айдыным................................................. 65 Концерт беташары................................................................ 66 Туған жер туралы шумақтар................................................ 68 Домбыра................................................................................. 70 Туған жер туралы баллада..................................................... 71 «Нəрін - тау»...........................................................................73 Оралу...................................................................................... 75

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын О, бабалар.............................................................................. 76 Кетпен.................................................................................... 77 Кеш......................................................................................... 78 Асау......................................................................................... 79 Уланбатор............................................................................... 80 Өлгий оттары......................................................................... 81 Алматы құшағы..................................................................... 82 Казпи....................................................................................... 83 Мұхтар тойында................................................................... 84 Сəбит мұқановқа.................................................................. 85 Соңғы қоңырау..................................................................... 87 )ысқы түн.............................................................................. 88 Екінші бөлім Сезім суреттері Достарға................................................................................. 89 Баға беріп сыртынан, жүрміз бе əлде бас ұрып,................. 89 Тоқшылықта,.......................................................................... 90 Күдік....................................................................................... 91 Бір досқа............................................................................... 92 Елегізу..................................................................................... 93 Шалқу..................................................................................... 93 Он сегізге наз..................................................................... 95 Сал ұйқы............................................................................... 96 Сенің қарасың.......................................................................97 Бойдақпен əңгіме................................................................... 98 Ақ гүл...................................................................................... 99 Шумақтар............................................................................... 99 Элегия................................................................................... 102 ҚОШ, КӨКТЕМ! Мойындау............................................................................. 104 Естисің бе, даусымды?!..................................................... 114 Тілім – пірім......................................................................... 115 Қағаз барыс.......................................................................... 117 Отыз сегізінші жыл........................................................... 118 Ікей........................................................................................ 121 Абзал ағам малғаждарұлы Қабдолданың қазасына....................................................... 122 Сақта жерді, адамзат!......................................................... 124 Етікшінің соңғы сөзі.......................................................... 127 Таулар, таулар....................................................................... 128 Ақындар – ауылда............................................................... 134 Күрті..................................................................................... 136 Жомарт күз.......................................................................... 137 Тасы, бұлғын!..................................................................... 138 Ауылда демалғанда............................................................ 139 Боздап көңіл........................................................................ 140 Той көріністері.................................................................. 141 Қуаңшылық.......................................................................... 143 Қозының зары.................................................................... 145 Байтақ өлке........................................................................ 146 Делуінге............................................................................... 147 Арасан.................................................................................. 147 Арасанды сатпайды........................................................... 149 Сетер тал............................................................................ 150 Тас адам.............................................................................. 151 Көне əуендер.........................................................................152 «Сендерді жырламасам...»................................................. 153 Оян, далам, ертерек......................................................... 154 Мұғалім................................................................................ 155 Айтыс - əлемдік сахнада................................................... 157 Байланысшы ару................................................................ 158 Ақ жаулықты əулие........................................................... 159 Аза.........................................................................................160 Ақ бата................................................................................ 161 Малшылар мерекесіне....................................................... 163 Ақ отауы саңлақтың.......................................................... 165 Сөйле, өлгийім!................................................................... 166 Ақиық жыр..........................................................................167 Баяннуурға сəлем!.............................................................. 168 Мектебімнің мерейтойына................................................. 169 Өнер тарланы...................................................................... 170

Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын Күйші қыз............................................................................ 171 Қош, көктем!...................................................................... 172 Сезімнің кей сəттері.......................................................... 173 Қимас шақтар алыстап...................................................... 174 Кел, достарым.................................................................... 175 Өкпелісің неге сен?........................................................... 176 Дəме...................................................................................... 177 Адрессіз пəтерде................................................................ 179 Кездесу.................................................................................. 181 Сезім бұлқынысы............................................................... 182 Арасан басындағы айтыс................................................... 184 Демалыс жерінде................................................................ 188 ЖАНЫМ МЕНІҢ АШЫНАР.......................................189 Саңлақтар мен «қаңбақтар».............................................. 190 Бас......................................................................................... 192 Қорланған мүсін................................................................ 194 Төрешілдік........................................................................... 196 Кей басшы.......................................................................... 197 Өкіл....................................................................................... 198 «Бедел жию»...................................................................... 199 Əдеп...................................................................................... 200 Əкімдік пен əділдік............................................................ 201 Бір сəт................................................................................... 202 «Қайта құрылу»...................................................................203 Келіспейтін «келісім дүкенінде»...................................... 204 Құбылма............................................................................... 205 Жауқазын............................................................................. 206 Маусым................................................................................ 208 Кəкей Жаңжұңұлы ЖАУҚАЗЫН Редактор: Серік РƏСІЛОВ Көркемдеуші редакторы: Бейсен СЕРІКБАЙ Корректор: Жанар ЖАНАПИЯНОВА

Беттеген: Айнагүл АУАНОВА Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙