Мазмұнға өту
Home

Іңкәр

Саян Есжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Іңкәр

Авторы: Саян Есжан

Саян ЕСЖАН ІҢКӘР Алматы УДК 821. 512. 122 ББК 84 (5 Қаз) - 44 Е-79 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ЕСЖАН С. ІҢКӘР. Өлеңдер/ С.Есжан. – Алматы, «Хантәңірі», 2014. – 114 бет. ISBN 978-601-03-0281-5 Қазақ өлеңіне соңғы жылдары қосылған жас буынның ішіндегі өзіндік қолтаңбасы айқындалған ақындардың бірі – Саян Есжан. Қаламгердің бұл жинағына жастық шақ әуендері, ой-толғамдары өрілген туындылары еніп отыр. УДК 821. 512. 122 ББК 84(5 Қаз) - 44 ISBN 978-601-03-0281-5 © «Хантәңірі», 2014 Е-79

ІҢКӘР ОРАЛУ Ақ көйлегін киінген сұр тұманнан, Анау қырда біздің ел жұрты қалған. Анау белде асыр сап балалығым, Алғаш рет ең тұнық жыр құралған. Бәрі есімде... Сол қырат, сол бір адыр, Сайтан сынды билеген шаңды дауыл, Періштедей қалықтап ақ ұлпалар, Тылсымына еліткен барлық ауыл.

Саян ЕСЖАН Жалған-ай, өшкені жоқ бәрі де есте, Тұнық көлі, орманы, кәрі кеш те... Қобыздың зарлы үніндей қоңыр желдің, Құйылар көкірекке сарыны еспе. Ақ тұмағын боранды жұлқып ақпан, Осы атырап ақ көкем жылқы баққан. Осы атырап ақ анам келін болып, Қара қазан көтеріп, шырпы жаққан... Осынау шексіздікті – «Өмір!» дедім, Шексіздік – ол мәңгілік жолым менің. «Өзіңнен қалған соқпақ мына менмін!» − Деп едім, күрсінді үнсіз қоңыр қорым.

ІҢКӘР Бір аяулы іңкәрлік төске еніп кеп, Оянады жадымда естелік боп. Мауқымды басып бір сәт, қайтып барам, Қарашығыма жалқындау кеш қонып көк. Көзіңе ыстық болғанмен айнала кіл, Қадіріңе кім жеткен қайран ауыл?! ...Жүз қараша үй кезінде мың үй болған, Бір күнде ғайып бопты-ау... ...қандай ауыр! Саян ЕСЖАН УӘДЕ ...Тұманға сіңген жарлы ауыл, Тұнып тұр қарашығымда. Қоштасу сірә, жанға ауыр, Дала, шынында. − Қол бұлғап қалған қыраттар, бетегелерім, ну орман, өзен, бұлақтар! ...Уақыт өте келемін. Келемін бір күн расында, «Ұлы» ақының болып! Мен туған дала тасына Жанымның жыры ақырын қонып;

ІҢКӘР ...Қимай-ақ кеттім, бір бұлғап қолымды үнсіз. (Жол бойы шопыр мың жырлап өмірді құнсыз.) ...Жылдар да өтті, үйрендім қалаға нөпір. Жырлар жазылды... «сый» көрдім – (Қалағаны оқыр). Уәдем бірақ, әлі күн орындалмады. − Барамын, ей-хей, жарығым Өмір алда әлі!.. Жусанды қырлар, қыраттар, бетегелерім, ну орман, өзен, бұлақтар! ...Уақыт өте келемін! – Деймін де, іштей көңілсіз, Ойға батамын... «Барамын» − деймін, сенімсіз... Менің шағын қайран, Отаным! Саян ЕСЖАН ...Тұманға сіңген жарлы ауыл, Тұр әлі түнеп қарашығымда. ...Бармайтындығым жанға ауыр, Қала, шынында.

ІҢКӘР ҚЫС. АУЫЛ КЕШІ. Төгілген асау күйдей домбырадан, Ұйытқып тұр алай-дүлей қарлы боран... Аяулысын күткен бір арудай боп, Ауыл кеші жабырқау, қалғымаған. Ақ қар емес, жауғандай жұлдыз көктен, Ұшқалақ ақ ұлпалар жүз құзды өпкен. Сайтан да ізін сала алмас жадау қырдан, Телмірем қырға сіңген күнді іздеп мен.

Саян ЕСЖАН ...Ой – жүзге, бөлінулі сана – мыңға, Ақ дүние оянғандай жанарымда... Бір мұң бар шер боп қатқан жүрегімде, Бір мұң бар кәрі қыстың қабағында. Түн сезер жүрегімде не мұң барын, Тарқатар жандүниемнің сорын қалың. ...Мезі боп қыстан, қардан, борасыннан, Бір сәтке көктемені сағынғаным. Төгілген асау күйдей домбырадан, Басылмас бұл түні де қарлы боран... Аяулысын жоғалтқан жесірдей боп, Іргеде солқ-солқ етіп жел жылаған. ІҢКӘР ...Жүректе белгісіздеу аңсар бардай, Елегізер, көңілім томсарғанда Ай. Көз жұмып, құлақ түрсем тылсым түнге, Сыңсытып Қар қызы әсем ән салғандай...

Саян ЕСЖАН САҒЫНЫШ Бұлт ішіне күмп етіп құлаған күн, Бұлың тартып, бұлыңғыр тұман алдым... Бетегелі беліңе бара қалсам, Боз жусанды бір иіскеп жұбанармын. Шулы шаһар... Қалды артта қоңыр ауыл. Көзге – сәуле құятын, жаныма нұр. Тоғыз жол торабында Тағдырым тұр, Білмеймін жан бағы ма, соры ма бұл?!

ІҢКӘР Келгенмен желік басып, арман қуып, Сол арман бүгінде рас қалған-ды ұмыт. Өзім де, сөзім де һәм мың өзгердім, Жанардың айнасынан Жалған күліп. Жылдар-ай, жүйткіп ұшқан зымырандай, Қадірін сол күндердің ұғына алмай... Осынау ғалам сыйған жүрегімде, Барады ауылымның бүрі қалмай. Жете алмай аңсарлы шақ – таңға бұла, Жеткізбей тарау-тарау жол да мына. Адасқан үйірінен құлыншақтай, Елеңдей берем үнсіз жан-жағыма.

Саян ЕСЖАН Кетіп ем бір кездері қолым бұлғап, Қош айтып қалған орман, қорым, қыр да ақ. ...Ауылдан адам қалай алыстаса, Ауыл да солай сірә, сағындырмақ. Мезі боп сұр қаладан сайтандалған, Теңіз-ой толқынында шайқалды арман... Өзендей өміріңнің тамшысы едім, Табылмай қойған бұл күн қайта арнаңнан. ...Бұлт ішіне күмп етіп құлаған күн, Бұлың тартып, бұлыңғыр тұман алдым... Бетегелі беліңе барам бір күн, Содан соң мәңгілікке жұбанармын.

ІҢКӘР КІНДІКҚАРАҒАЙ Бұлдырап көз алдымда бұла жалған, Сылдырап Хан көлі үнсіз тына қалған... Қоңыр жел күбірлеген құба дөңде, Құйғытып бара жатыр құлан-арман. Жасыл нұр саулап қоңыр топырақтан, Боз дала бұйдасында отыр ақ таң. Ұлы рух иісі сіңген ұлы түзде, Қасиет нілі тамған топырақтан.

Саян ЕСЖАН Төсінен жасыл шүйгін жалдың құлап, Таранған самал нұрмен балғын құрақ. Құба жон құлағында қырат мүлгіп, Пәк тілде былдырлайды тарғыл бұлақ. Тарихын табанына мәңгі көмген, Сарыны құйылатын әнді желмен. Ех, баталы белдер-ай, манаты нұр, Сырласқан таңдай тұнық Талдыкөлмен. Рауанның құшағында балбырап таң, Мезгілдің жанарынан солғын атқан. Ырғалған қарағайлар биіменен, (Тулайды қара орман Сорбұлақта). ІҢКӘР Шіркін-ай, кербез, көркем, керім далам, Өмірден қымбат сірә, белің маған! Қасиетіңнен айналдым, қайран Арқа, Обал жоқ төгілсе егер жолыңда қан!..

Саян ЕСЖАН ТҮС. АБЫЛАЙ. ДАТ. Түсім... Түн... сәулесі төгілген лағыл айдың, Кеудемде күмбірлеген қоңыр айбын... Буалдыр – көзім алды қалың елес, Бурабай... ақ ордасы Абылайдың. Сексен көл толқынындай толқып өмір, Әуезді жел гуіне елтіп өңір. Кісінеп қарагердей көңілім дүр, Ханға айтпақ дат бұйырды еркіме бір.

ІҢКӘР Ұстаған сөзбен мығым паң даланы, Қатулы қара түндей хан қабағы. Көзінің сұсыменен «сөйле» деді, Тыңдалық, қалай екен ар бағамы... Есінеп есі кеткен есіл жалған, Бүрлейді үмітімнің төсінде арман. Жүрекпен датымды айтып сөйлеп тұрмын, Күмілжіп, күткендейін «кесірді» алдан. − Хан ие, азат міне, халқың бүгін, Тірі ғой... әнім, күйім, салтым, жырым. Көгенде ойнақтаған қозы-лағым, Төбемде алып қыран, алтын Күнім.

Саян ЕСЖАН Елімнің түні – еркін, азат – таңы, Тегімнің Тектілігі – Қазақ қаны... (Тіл – шала, дінім – шұбар болмаса егер, Былайша, бәрі жақсы...ғажап бәрі.) Ер бабам, ұлың асқақ, қызың керім, Далаң – бай, әрі байтақ, түзің – көрім. Асанның Жер Ұйығы осы мекен, Аралап, қызықтаған Қызыр белін... ...Ес кетіп, шошынды екен дәтім неден, Тіл-мылқау, жүрек үнсіз, ақыл-керең. Сөзімді жалғай алмай тұрып қалдым, Тұрып қалдым, жалғыз-ақ датымменен.

ІҢКӘР Қояндай дір-дір етіп бойдағы Үміт, Хан сұсы тұла бойды жайлады нық... (Білмеймін, сүйінді ме, күйінді ме, Қара түн... сүйенеді айға бұлт...) Ұзақ бір маған қарап үңілді де, Елемеді сыбысты, күбірді де... Балбалдай мұңға батты үнсіздікпен, Мұң ілді ме көзіне, түңілді ме?! Хан үнсіз салды-дағы ойды елекке, Бекінді әлденені сөйлемекке. Сол бір сәт түс үзілді, құба таңмен бұлдырап бұзылды әттең, ой кенетте.

Саян ЕСЖАН Қан тулап, өрттей лаулап тамырымда, Білмедім, не болғанын анығында. ...Теңге-күн көз алдымда дөңгелейді, Дүние сол баяғы қалыбында. Белгісі екен сірә, түсім ненің, Белгісіз... ойым он сақ... түсінбедім. Көп елес көлбеңдейді көз ұшымда – Есіме басқа ештеңе түсірмедім... Шолпысын алтын күннен таң тағынып, Тауға үнсіз сүйенеді марқа-бұлт... Аспанға телміремін түсімді ойлап, Аспаннан түскендейін... аңтарылып...

ІҢКӘР Жанымды алғандай бір күш дуалап, Көзімнен кетпей қойды «сұсты қабақ» Абылай жанарындай өткірленіп – Рауандап атты үнсіз сұсты таң ақ. Тылсым түс... өшпей қойды өредегі, Қайран хан, ұрпағына не дер еді?! Ойымнан айыға алмай әлі жүрмін, Шайқалған адамдайын кемедегі... Білмеймін, жоритынды неге, нені...

Саян ЕСЖАН * Қобыздай күңіренген қоңыр Далам, Сор болып көрінеді-ау Бағың маған... Жалған сірә, Пенденің түсі шығар – Бұ дүниеде әлі ешбір жорылмаған. Өмір, Өмір... Ол жайлы не білермін? (Алжастырған бұл сұрақ көбін елдің.) Ақиқат – шексіздіктің шегі болса, Бір соқпақтың бойында көмілермін. Өтер Көктем, өтер Күз, өтер Жалған, Ұлы Ақиқат іздеумен өтем бе Аллам?!

ІҢКӘР Аруақтар шәһарынан Шындық іздеп, Жат көрініп, Өзіме бөтен болғам. Осы ма Ар ілімі, Өмір мәні – Таусылмас Шексіздіктің жолындағы?! Жанарыма күллі Әлем құйылған сәт – Жаныма ауыр... Тым ауыр соның бәрі... ...Ал, Сен айтшы, қарт Ғалам, қоңыр Далам, Қай Соқпақтың қалды екен соңында Мән?! ...Арды іздедім, мөп-мөлдір Жанды іздедім – Пенделер арасынан табылмаған...

Саян ЕСЖАН ТҮН. ПУШКИН АЛЛЕЯСЫ Алқымымнан жел жұлқылап, қағынған, Қалатүні... (олдамендей ауырған). Толқиды Есіл, күндерімдей тоқтаусыз – Толқындары ағысынан жаңылған. Сағым сынды көз алдымнан бұлдырай, Бұлт ішінде жүзеді үнсіз мұңлық Ай... Бұл қаланың аспаны да жылауық – Көзі жастан құрғамаған құрбыдай.

ІҢКӘР Сол жаңбырмен шайылса егер бар мұңым, Мұңаймас та ем мен осылай дәл бүгін... ...Қарашаның жапырағына ұқсаған, Қайран, менің қалт-құлт еткен тағдырым. Мезгілінен мезі болған бір мен бе?! «Өмір деген – түс» шынымен білгенге... Сөзім өтпей сұм жалғанға безерген, Жырымды оқып тұрмын өлі гүлдерге. Бұл мекенде талай-талай «жыр» қалды, Бұл мекенде талай-талай сыр қалды... Байырғы дос – Жалғыздықтан басқа бір, Айтшы, Уақыт жанымда енді кім қалды?! Саян ЕСЖАН ...Өзімді іздеп келгем кеше... ауылдан, Мың адасқам, жоғалғам һәм табылғам... Бүгін түнге көмдім барлық мұңымды – Қайырлы үміт боп келер деп таңымнан...

ІҢКӘР РЕДАКЦИЯ. КҮРСІНІС. ОЙЛАР... (Перизатқа) Жазғанымыз кімге керек тегінде, (Төрт кітапта төрткүл дүние жазылған.) ...Есіміміз шығар талай нөмірде, Мақалалар, хабарлар... Уақыттай созылған. «Уақыт» дейміз, Іштей ғана күрсініп. Тарпаң сынды аялдамас Уақыт. Осы ма екен біздер күткен Тіршілік – ...Осы деймін өз-өзімді жұбатып.

Саян ЕСЖАН Күйбең тірлік. Тапсырмалар, жоспарлар – Әрбір күннің белгіленген міндеті. Пайымдаулар, көлгірсулер, «астарлар» Сөз ғой бәрі... (Бәрі – әкімдік құрметі) «Нұрлы-нұрлы» Сөз жарқырап көздерде, Бір бақытты күтеміз рас, тағы алдан. Кейде шыдам таусылғандай, төзгенде... Төзуге де ойларды алдар көп арман. ...Солай, солай, ағады өмір өзені кейде тағдыр арнасына бағынбай. ...Шын бақыттың келер бір күн кезегі жаңа шыққан газеттің бір санындай. ІҢКӘР Жазылады әр сәт газеттегідей, Тағдыр атты редакторы бар оның. Бес күн жалған...өтер әдеттегідей, Бес күн Жалған... өтеуі не ал оның?!

Саян ЕСЖАН *** Армысың, Тәуелсіз Ғасырым, Армысың, Тәуелсіз Уақыт!.. Қош келдің, Еркіндік , асылым, Қош келдің, мұңымды уатып!.. Бабамның тілегі Сен едің – Киесі киелі даламның. Кәусардай мөп-мөлдір Өлеңім, Ұшында оянған қаламның. ІҢКӘР Көзімде бұлдырап Өткенім, Сөзіммен нұрланған Бүгін Күн... Қош келдің, тәуелсіз Көктемім, Бостандық, мен сенің ұлыңмын! Күй болып өрекпіп шаттығым, Арманым асаудай алқынған. Тәңірдің бақ-құты – Ақ Нұрым, Тәңірдің сыйысың тартылған. Сен мәңгі тірісің, жарығым, Сен мәңгі үнісің сертімнің. Мен мәңгі Далалық тағымын, Асылым, мен мәңгі Еркінмін!

Саян ЕСЖАН ...Дәл солай, тәуелсіз Ғасырым, Дәл солай тәуелсіз Уақыт. Сыр бүккен құпия «тас» үнім, Тұр әне, зарымды жұбатып. Кешегі кералаң уақытта - Біресе табылып, жоғалдым. ...Ордасы орнаған Бақыттан - Мен енді Қазақ боп оралдым. ІҢКӘР МОЛА БАСЫНДАҒЫ МОНОЛОГ Қобызын күңірентіп шал Уақыт, Толғайды «өлмес» күйін аңыратып... Мезгілсіз мезетте аға, келіп тұрмын, Мезгілдің жаныма ауыр табы батып. Тыншымас тоқсан торап Тірлік тегі, Тыншымас ақын жүрек дүрлікпелі... Басыңда тұрмын міне, басым қатып – Көмейден аңқ-аңқ етіп Шындық демі...

Саян ЕСЖАН Ойым – нұр, сөзім – жалын, дәтім – жасын, Өлеңмен дұғаланған пақыр басым... Тағдырдың кедір-бұдыр көшесімен Сандалып келем Сендей ақын Қасым. «Астана»... сол баяғы астана әлі, (Өліктің өңіндей түр, қас-қабағы,) Сенделген төсінде кең «серкелері», Сенделген төсінде кең «қасқалары»... Қимайтын адамдайын жаз құстарын, Қимаймын көңілімнің мәз құштарын... Аспаннан өлең аулап, жыр жазып жүр, Бүгінгі данасынған «жазғыштарың»!

ІҢКӘР Жерініп Ғалам-Заттан саудаланған, Өлеңмен көкірегімде қаулады Арман. Керіліп керқұлжадай Ғасырым жүр, Сол ғасыр... өзің көрген — аулақ ардан! Сөз өлген құлағында керең ғалам, Күйбеңмен күн кешуде елең де алаң... Сан Тағдыр баспанасыз балпаң басты, (Қойшы оны, өткен іс қой...сенен де Ағам!) Оралып иығыма Сөз білегі, Санамды ойлар жаншып, езгіледі... Жанымда қызылшеке іңір отыр, Көзімде үнсіз тынып мезгіл өлі.

Саян ЕСЖАН Өткеріп ғазиз бастан «солқылды» мың, Осылай толқи берер толқын-күнім... Жыландай иіріліп жатыр шұбап, Таусылмас өлгенімше жол-тірлігім... Біздерде солай Аға, ғұмыр бағы, Семсер Сөз қайраулы тұр қынында әлі. Біздегі Өмір бірақ, жай түс қана – Сіздегі Өмір ғой Хақ шынындағы. Қобызын күңірентіп шал Уақыт, Толғайды «өлмес» күйін аңыратып... Мезгілсіз мезетте аға, келдім, сөкпе, Мезгілдің жаныма ауыр табы батып...

ІҢКӘР ТАМЫЗДЫҢ СОҢҒЫ ТҮНІНДЕ Айқай салып қырда анау Күзім бұла, «Қош, Тамыз!» деп, күрсінді түзім мына. Іңір отыр ұшында кірпігімнің, Көкжиектің тырналап жүзін құба... Уақыт қағып мезгіл - көш қоңырауын, Боз тұманға оранған қоңыр ауыл. Жел ыңылдап өтпелі өмір әнін, Аймалайды адырдың омырауын. Саян ЕСЖАН Бұлт қалқалап бозғылтым орақ-айды, Жусан бүрін жұтынған торап ойлы. Жаздың соңғы түніне әлди айтып, Ұйқысырап тынды үнсіз Қарағайлы. Жаз дәурені құлпырып өткенімен, «Баянды өмір...» дейді ғой, текке білем. Баянсыз күн қош айтып өтіп барады(ы), Түн әуені тамшылап шөп демінен...

ІҢКӘР АДАСУ Мен кеше ғана Аспан жанарын жылатып, Арымды аппақ Жанымның шыңынан құлатып... Жындарға ергем... Жүрегімнің жыр жайнаған бағында күпірлігім бүр атып. Пенделіктің көшесінде адастым, Еліріп, Есім кетіп мәңгіріп, Қаңғырып!... Бойымда сайран сап сайтаным, Сайқал үн санамда сыбырлап, Көкірегімде күбірлеп, Ілімі оқылып ішімде... Саян ЕСЖАН Бес тиындық құны бар бес күндік мына жалғанның құмарына алдандым! ... Найзағай - көңілім күркіреп, Түйсігіме түн түнеп, Жаратқанды жан дүниеммен сезініп, Қу тірліктен безініп... Ұзақ тұрдым тағдырымның жолында, Күнәмнің табанында езіліп... 2007 жыл.

ІҢКӘР * Под шум и звон однообразный, Под городскую суету Я ухожу, душою праздный, В метель, во мрак и в пустоту... А.Блок Басылмай желік көңіл, Құстардың көшіне ердім. ...Тағы да елітті Өмір, Тағы да есірермін... Төсінде сор қаланың – Жазмышым таңбаланған. Адасты жолда бағым, Адасты аңғал арман.

Саян ЕСЖАН ...Түнемел. Қызыл іңір. Көшелер күрсінді үнсіз... Шыбынның ызыңы «жыр», Тағы сол...тылсым нұрсыз. Даладай кең көңілім Тар үйдей тарылғаны... Қанша екен енді өмірім – Қамшының сабындағы?..

ІҢКӘР АҚЫН Бір белгі жоқ жанарында мезгілдің – Уақыт – құм. О, Қараша, мұңыңды бір сездіргін, Бақытпын! Жұбатамын түніңді анау күрсінген, Күніңді. Жұбатамын кеудемдегі тылсыммен, Ғұмырды. Қара Жерді әлдилеймін бұл түні, Аспанды да уатам. Дүниенің ілінгенше кірпігі – Атқанынша құба таң. Саян ЕСЖАН Желді де анау аласұрған қырларда Әлдилеймін сен, оған! Ғазалымды тыңдатамын құмдарға, Жылдарға анау кералаң. Қол ұстасып кетіп барам мезгілмен, Сүрілмеген ғасырға. ...Ғаршы жақтан тамған нұрлы Сөзбін мен, Расында!..

ІҢКӘР Ж. МОЛДАҒАЛИЕВҚА Көмейінен төгіліп құба белдің, Кісінейді кеудемде құлагер-мұң. Бозаң дала бозғылтым күй шертеді, Азаттықтың әуенін – сынағы елдің. Гүлдер шырқап, тіреген көкке ерінін, Өктемдіктің тілгілеп өктем үнін, Қара Жер де, Аспан да дұға оқиды, Сарынымен киелі көк бөрінің. Қыртысында қырлардың сағым басқан, Именбестен, ешкімге табынбастан... Жанарынан жарқ етіп жасын жыры,

Саян ЕСЖАН Еркіндікпен тағдыры тамырласқан. Көзін бұлап тамсанса бұлдыр ғалам, Қабағымнан сескенген тұнжыр заман. Бахадүр ер бабамның рухы ойнап, Даламның әр шөбі азат былдырлаған. Бедерінде тарихтың кешкен күнім, Ғасырлардың түбінде – көшпенді үнім. Дәуірлердің төсінен көктеп шығып, Бодандықтан бостандық тескен бүрін. Тізбектеліп тырнадай тыраулар күн, Езгісіне төзгенмін бұғаулардың. Ерлігімммен еңсеріп дұспанымды, Өрлігімен хас батыр, жыраулардың.

ІҢКӘР Тәңірдің құйылғанда нұры көктен, Семсердей боп заманын тіліп өткен. Алдаспандай жарқылдап алаштықтар, Сахараның төсінде дүбірі өткен. Жазуынан тағдырдың қашпайды адам, Көкжал қаны толғанса баста ойнаған. Көкжал мінез болмысы айбарланса, Мына меңіреу ғаламға сес қайраған. Жұбан рухы төсінде кең даланың, Жұбан жырдың сөзі боп жалғанамын. Әр қазақтың қанында күнге айналған, Жұбан ақын рухы мен боламын!

Саян ЕСЖАН ЖАПЫРАҚ ЖЫРЫ Нені ұғындым?.. Жалғанда нені білдім?! Досым – өлең, білерім...серігім –мұң. Тағдыр сірә, өтпелі жаңбыр шығар Тамшылаған көгінен көңілімнің?! Солай, құрбым, (Бұл өмір – жаңбыр ғана, Жауынына жазмыштың көндім жаңа) Әр тамшысы жанымды қалтыратқан, Жапырақ боп иілдім тағдырға ана. Көндім, көндім... Көндікті жан да сірә,

ІҢКӘР Жетпеймін бе, жетем бе таңға шұға?! Жел жұлмалап тәнімді өмір тұнған, Жіберер ме лақтырып жар басына?! Күндер көшсін, баянсыз... бастан дәуір, Қайран, Жалған көзінен жас тамбағыр!.. Жанардағы саф тамшы мөлдіреген – Толағай көтере алмас тастан да ауыр. Тапталса да табанға бар мұратым, Жапырақпын кәдімгі, тағдыры – ақын… Қоңыр күздің көзінде қалтыраған – Өмір боп оқып тұрған соңғы датын...

Саян ЕСЖАН *** Тағы да кеш... Сезім. Ой. Сенім – өлі. ...Түн тағы да алдады, Сені, мені... Мен үшін... барың – қайғы, жоғың – арман, «Өмір» не? «Тағдыр» шығар?! Бәрі жалған... Менің жаным – парағы өкініштің, жүзінде сағыныштың табы қалған. Жанымды көктем сызы қалтыратып, Өтер-ау жалпы Тірлік, жалқы Уақыт.

ІҢКӘР ...Түнменен қол ұстасып кетіп барам, Бүгіннің алды – қайғы, арты – бақыт. Жанардың айнасынан күліп Көктем, Жаныма іңкәрлікпен сіңіп кеткен. Сол көктем боп оралам бір күндері, Сағынышпен, аңсармен...үмітті еткен. Сен қаларсың... Қол бұлғап, алдап, күліп, Секемшіл сөздеріңді жалғап күдік. Мен кетермін ендігі мәңгілікке – Аспанын көңілімнің торлап бұлт. Саян ЕСЖАН Жиылып көңілімнің көгіне мұң, Жек көремін. Сағынам. Жерінемін. ...Өз-өзімді жоғалтқан өз ішінде, Мен осындай дәрменсіз Өмір едім...

ІҢКӘР *** Жанарыммен астасқанда тұнық түн, Түнге сіңіп өзімді-өзім ұмыттым... Қоштасар сәт... Жылады алғаш жүрегің, ...Мен өтірік күліппін. Көмейімнен дүр еткенде есіл дем, Ләйліп кеттім сол адасқақ ғасырмен. Үнсіз ойлар тілсіз өлді ішімде, Бәрін, бәрін кешіремін, Кешіргем. Жүректе –мұң, өзегімде өрт бар-ды Ұмытармын, ұмытылмас дертті әлгі.

Саян ЕСЖАН Өкініш боп мәңгілікке қалды Сөз – Сағыныш боп орындалмас Серт қалды. Қоштасар сәт... Күнбатыста өлді күн, Бұлыңғыр ой, бұлдыр мезет, жол бұлың... Көк тұманға жылдар сіңіп жоғалар, Сағымдармен араласып сор-мұңым... Ғайып құсы – мендік үміт сенімім, Сенімімнен ботам, тағы жерідім. «Сүйемін!» деп айқайлап ем ішімнен, «Сүймеймін!» деп күбірледі ерінім. Толқын-жылдар толқып ақты осымен, Қоштастық біз... ІҢКӘР Жазмыштың сесімен. Сезім, сенім... Ұмыт қалды барлығы, Бәрін үнсіз кешіргенмін, кешірем...

Саян ЕСЖАН ТҮНГІ «КАРТИНА» Жолдар сұлық. Қалтырайды жиекте тоңған шілік. Ессіз көше қоңырқай есінейді, Жел сызымен ауаға қанжар сұғып. Бұлдыр ғалам. Айдың бозғылт сәулесі, Түн. Жыр... Далам... Мөлт-мөлт еткен тамшының мөлдір сөзі, Күміс су көмейінен былдырлаған. Қараңғы ауыл. Сан ойлар жамырайды санамда кіл. ІҢКӘР Сәмбі талға сүйеніп әлі тұрмын, Тапталып... табанда Гүл... Жолдар сұлық... Түн әлсіз күбірлейді: «Алдамшы Үміт!»

Саян ЕСЖАН *** Секунд. Минут. Сағат тілі...дірілі. Түн. Қоңыр Жел... Қоңыр Желдің күбірі... ...Уақыт. Қоғам. Қала. Өмір Ертеңі, Елес.Тағдыр. Сағыныштың Бүгіні. ...Желісінен жаңылмайтын Тіршілік, Таң атады, кеш батады, күн шығып. Сағынудың мезетінен жаңылып, Жабығудың мезетінен тұншығып,

ІҢКӘР Жалығудың жырын оқып бұла түн, Бұла түнмен салғыласып бір Ақын, Ең бір көркем жыр жазады Сен жайлы – Ең бір көркем мұратын... Соң-соң...Көше. Өзен. Жаңбыр. Қоңыр бақ. Сұр Ескерткіш. Түнгі оттар жалындап... Ескі орындық. Таныс орын. Бульвар. Ай. Төзім. Сенім. Көпір. Нөпір. Көңіл. Жад. ...Бәрі-бәрі – Естеліктер. Ой. Аңсар. Аялдама. Даңғыл. Тротуар. Ояу шал... Ағаш. Аспан. Үйлер. Сұрғылт балкондар. Кафе. Көлік. Бұлттар... жерге таяу сәл. Саян ЕСЖАН ...Соң-соң тағы: Секунд. Минут. Сағат тілі...дірілі. Түн. Қоңыр Жел... Қоңыр Желдің күбірі... ...Уақыт. Қоғам. Сенсіз Ақын Ертеңі, Елес.Тағдыр. Жалғыздықтың Бүгіні.

ІҢКӘР * ...Үнімді естігің келмеді, Оқығың келмеді хатымды... Бәрінің себебі сол ме еді – «Елемеу Ойыны» ақынды?! Бүгін Сен басқасың, мен-дағы, Сол «басқа» өзгертті біздерді. Көктемнің аяулы Жолдары, Іздемен Сені де, Күзді енді... Өткенде қалатын белгі көп, Белгі жоқ уақытта қазіргі –

Саян ЕСЖАН «Жүрегің сүймеуге көнді» деп, О, бәлкім, о баста жазылды. Жазушы-Тағдыр да шебер ғой, Бұл тірлік – дәл соның дәлелі. Бәріне, бәріне көнер ме Ой Көнер ме ақынның Әлемі? Сағыныш – көндігу амалы, Сүйем деп сендіру өзіңді. Сезім де Сенім де қалады Ауыртып жүрек пен төзімді... Көктемнің аңғалдау шағында, Тағдырым бір деп ем – жанымыз...

ІҢКӘР ...Ал қазір Жалғыздық жанымда, Сол Көктем алдапты-ау, Сары қыз! Жоқ реніш саған да, көктемге, Тек қана сағыныш басымдау. ...Үңіліп қарашы өткенге, Өзгеріп кетіппіз, расында-ау! ...Естімен үніңді енді мен, Сенің де құлқың жоқ тыңдауға. Шыдаймын. Ұмытам. Көндігем. Алдағы аяусыз жылдарда... Саян ЕСЖАН *** Басқаша бүгін көктемнің лебі, Сезімдей серттен айныған, Бақтардан аңқып өткеннің демі – ...Бәрінен көзді тайдырам. ...Сен жоқсың онда себебі, Күнім, Тек өткеннің елесі ғана. Жастық жолымен келеді бүгін Үр үміттерім келесі – жаңа. Көңілде мұң жоқ, налам да өшкен, Сағыныш қана тербеген. Елес-күндермен санамда көшкен Қалада кешкі сенделем.

ІҢКӘР Бәрі де тым жат, қызық дегенмен, Бәріне көнер жаным бұл. Теңіз-ойлармен жүзіп келем мен, Бұлдырап көзде сағым жыл. Сезім боп тұнып қаласың анық, Қош, болғын енді гүл көктем! Сары қыз салған жарасың алып – Кеудемде раушан бүрлеткен... Сағым жалдармен ұмыт қаламыз, Сен-дағы, мен де...бір күні. Ұлы Құрдымға сіңіп барамыз – ...Күлкілі! Саян ЕСЖАН ІЗДЕУ Құлаған Жапырақтан, Жылаған Аспаннан да, Жабырқау атыраптан, Жердегі тастардан да Сен жайлы білмек едім... Жапырақ күрсінді де, Мылқау көк тұнжырады. Жанына мұң сіңді ме, Күйге енді мұңды бәрі.

ІҢКӘР Теңізден сұрадым мен, Сен жайлы бір ақпарды. Сұрадым бұла күннен, Күн де үнсіз бірақ қалды. Аулама Жел қонақтап, Әлдене сыбырлады: − Сезімге сенгем аппақ, − Басқаша бүгін бәрі. Жел кетті. Оралмады, Бұл ғалам дым демеді. Үнсіздік... содан ба әлі− Жүрегім үндемеді.

Саян ЕСЖАН * Тағы да кеудемді бұл керіп күдік, Тағы да өзің жаққа желікті үміт. Далада жел билейді мың бұралып, Санада жын билейді еліктіріп. Ес өлі. Жаным ояу. Тәнім сұлық. Сергелдең сағыныштан сағым сынып. ...Ормандай қалың-қалың ойларыммен, Сормаңдай сезімімнен қаным суып... Қараша. Қалтыраған жер қабағы, Оңаша Аспан отыр шерге оранып.

ІҢКӘР Жұлдыздар көкшіл жасын бұлайды ұзақ, Жамалын ай сипаған желге налып. Еңсемді езсе табы есер күннің, Уақыттың қолындағы кесел-мұңмын. Көзіңнің кәусарынан тұнып ағам, Содан соң, кеуіп-семіп өшем бір күн. ...Ұйқыда қазір меңіреу мына ғалам, Ұйқыда қазір менің құба далам. Жіберіп үшбу сәлем ақ бұлттардан, Қалқатай, тағы да үнсіз тына қалам. Солай...солай...

Саян ЕСЖАН «АЛМАТЫ-2». ҚОШТАСУ. Ботам, қазір Сезім де бір, Серт те бір, Шалығына шалдықтырды, ә дертті Өмір... Қарс айрылған жүрек – жалын, лаулап тұр, Әр деміңнен үдей түскен өрт көңіл. Лаула, лаула...шаттығымның жалыны, Бұл іңкәрлік – шын іңкәрлік анығы. Алпыс екі тамырымды бойлап өт, Қараң жалған көзіндегі Жарығы!

ІҢКӘР Құшағымда тербеткендей ғаламды, (Сәттер үнсіз тыныштыққа оранды.) Вокзал... Перрон...елемедім еш үнді, Ғалам келіп жанарыңа қамалды. Дүр дүние қарашыққа құйылып, Ең бір ауыр қоштасудың күйі ұмыт. ...Дірілдеген қос еріндер – қос Әлем, Тынған іштен үнсіздіктей бұйығып. Тәңір өзің сүйген жанды сүйікті ет, Сезімдерден тұру үшін биік боп. ...Мен кетермін, ол қалады...не шара, Тек қалмасын өміріміз күйік боп...

Саян ЕСЖАН БАЯНСЫЗ... Қимай жүрмін әлі сол көктемені, Қимастай ғып сол көктем кеткен еді... «Екі жүрек, бір арман...» деуші еді жұрт Бола алмадық ерке қыз, сөкпе мені. Өзендей буырқанып, жылдар алдан, Ақты да, ғайып болды күндер арман. Содан күз келді менің сезіміме, Содан күз жүрегіңді мұңға малған.

ІҢКӘР Сезім де өткінші екен ақ жаңбырдай, Жаныңа тамшылаған маржан нұрдай. Сайтандай жүйткіп содан төрт жыл өтті, Төрт ауыз естелік боп қалған мұңды-ай!.. Жүрегімде жайғанмен үміт бүрін, Дәл осылай боларын біліпті кім? Кей-кейде сағыныштың үні болып, Сыңғырлап келетіндей қылықты үнің. Қимай жүрмін әлі сол көктемені, Қимастай ғып сол көктем кеткен еді... Сағынғаным болмаса ара-тұра, Сол көктемнің бүгінде жоқ дерегі...

Саян ЕСЖАН * Неге мұңды бұл мамыр, неге өкпелі, Сыздатты ма көңілін жел өкпегі?! ...Бәлкім, бізге өкпелеп тұрған шығар, Бәлкім, бізге кездеспеу керек пе еді?! Кесірі көп күндердің кесімі боп, Кеттік пе екен төзгісіз кешіріп от?! Өткен күннен бір әуен жеткенімен, Бүгін бірақ о, соның еш үні жоқ...

ІҢКӘР Неге мұңды бүгін бақ қызғалдағы?! Кетті ме екен айналып күзге арманы?! Өнбей жатқан сол гүлдей – мендік бақыт – Көңілімде о, қайран сыз қылғаны... Неге мұңды бұл мамыр, неге өкпелі? Әлде жазмыш жазуы себеп пе еді?! ...Қосқанымен қу Тағдыр бағымызды, Табиғаттың өзі де бөлектеді... ...Әлде бізге жолықпау керек пе еді?!

Саян ЕСЖАН * Мына Әлем бақытты ғой мен барда, Сен барыңда әрине... ...Жырым қалар тарам-тарам жолдарда, Ертеңгі күн оқылатын әр үйде. Ертеңгі күн әр үйден ол табылар, Жазылады ғашықтық бір хаттарда. Тармағында тағдырлардың табы бар, Ие болар мақтауға. Ертең әлі мойындайды бұл Ғалам, Қазіргі ессіз баласын, Сұлуды да ақын ойын шырмаған – асқындырған жарасын...

ІҢКӘР Қол жетпеске сөз жетеді түбінде, Мен осыған сенем бек! Сен де, мен де бақыттымыз бүгінде, Ғажапқа осы кенелмек... ...Шыныменен бақыттысың, Сары қыз, Кейіпкері – ертеңгі өлмес жырлардың! ...Мен Ғасырға қалдырамын алып із, Таңбасы қып жылдардың. Көктем жайлы, өткен жайлы білер ел, «Классик!» дер, біреуі... Сен жанымда болғаныңда бұл өнер – ...Мәңгі Өмір сүреді!

Саян ЕСЖАН *** Біз жақта Күз... Үнсіздік әуені − өктем, Кеңістікте билеп жүр әуелеп дем... Сен Көктем боп келер деп сеніп едім, Қане, Көктем?! Біз жақта Күз... Аспан – сұр, дала – сары, Мезгіл табы – анау гүл қауашағы. ...Аласұрып жанымда желіккен Жел, Қара сұры көшемен адасады. ...Тырналардың үнімен тыраулаған, Бір іңкәрлік санама қылаулаған. Жүректегі айықпас дерттей бүгін, Мына түн тұмаураған...

ІҢКӘР Әрнеге бір жалтақтап алаң көңіл, Сен жайлы жыр оқиды далам небір... Дәл өзіңдей алдымда шашын жайып, Дәл қазір таранды Өмір... Бәлкім, біздің Тағдырдың өрімі осы, Бәлкім, біздің сезімнің соңы да осы... Ақылынан дәл мендей адасыпты, әй, Сұр Күздің қоңыр есі... Біз жақта Күз және Мен...

Саян ЕСЖАН * Өткен күннің сене бер, наласы ұмыт, Бүр жарады сөзімнен жаңаша Үміт… Кездесуден көңілім қалтырамас, Қоштасудың жанымды жарасы үгіп… Секемшілдеу болса да, солай ғұмыр, Сенімімді өлтірді талай «күбір». Жұлдыз жауған тамшылап талайғы түн, Жаңбыр саулап жанардан талайғы іңір.

ІҢКӘР …Бүгін маған қызықсыз бақ та қоңыр, Біз сүйетін қызықты аппақ Өмір… Жетім бақтың қоп-қоңыр өксігімен, Жетімсіреп көңілсіз жатқан өңір. Сумаң етіп күндерім сұр жыландай, Сусып алға әйтеуір жылжығандай. …Мендік ғұмыр ғазалы бүгін осы − Басы, аяғы тұратын бір құралмай… Саян ЕСЖАН ТҮН. ҮМІТ. Қарағайлар көңілсіз қоңыр әнін ыңылдап, Ырғалады нәзіктік Жел күрсініп ымында ақ. Бүгін орман әуені − мендік үнмен тым үндес, Адыр – үнсіз, шөп – мылқау, түнерулі «қыңыр» кеш… Күнбатыстың жалқыны жанарыма құйылып, Анау тұрған қайыңдай қалдым несін бұйығып?! Тыныштықтың демімен күрең Өмір тыныстап, Бір күнді ертіп барады арада Іңір жылыстап.

ІҢКӘР Мына жатқан қорымдай көңіл бейбақ аңырап, Саусағымен самалдың таранды шаш қобырап. …Тағат қалмай бойымда Хан көліндей сарқылып, Үміт пенен Күдікке көкпар-сезім тартылып… «Сен келер!» деп, бұл маңға міне, тағы келіп ем, Әй, мен де бір пақырмын, қыз жайында не білем?!

Саян ЕСЖАН * Жарығым, қалай ғана сағынбауға болады? Көктемені аңсарымды түлеткен, Көктемені жас жүректе шым еткен – Әр күнінде – әр қайғымның обалы. ...Бүгін тағы ұйықтағам жоқ түнімен, Бүгін тағы бола алмады жырым – ем. Бәрі бір күн басталарын сездім де Бәрі бір күн тынарын да біліп ем...

ІҢКӘР Ілік іздеп Кінә менен Күнәдан, Өткен өмір қателігін шығарам... Оны бірақ шығарғаннан не амал, Шерлі жүрек желдей өксіп жылаған. Жарығым, қалай ғана ұмытуға болады? Сол көктемді, сол өзенді, жаңбырды, Сол көктемді... сол көктемгі тағдырды?! ...Көз алдымда біз табысқан жол әлі... Армандаған адамыңдай болмадым, Ойлап көрсең, ол да тағдыр, ол да мұң. Махаббаттан басы айналған ақынмын, Таба алмаған мұраты мен жолдарын.

Саян ЕСЖАН Артта қалды сол көктемнің бір мұңы, Баяғы өмір – баяны жоқ тірлігі... Ешкімге де енді керек емеспін, Ешкім маған керегі жоқ – шындығы... Жарығым, сені қалай ойламауға болады? Таба алмадым сол сезімнің дерегін, Таба алмадым салдары мен себебін, Қазір жаз ғой...күз келеді ертең-ақ, сосын гүлдер солады... ...Соң-соң бәлкім, бәрі жақсы болады!

ІҢКӘР * Жалғыздық. Мұңлы атырап. Астана түнерулі. ...Жел ғана жүр бақылап, Мені – және бұл Өмірді... Жаңа Алаң. Кәрі қала. Жалғыздық – жүдеткен ой. Сағыныш соңы – Нала, Қалғаны – жүректе ғой... Жүректе – сезім соңы, Соңының дерегі жоқ. Жолықпау сезілсе енді – Кездесу керегі жоқ. ...Біз жүрген (осы қала... Сол көпір... сол бір алаң) –

Саян ЕСЖАН Ғашықтар қосы ғана... Қызықсыз енді маған! ...Айтылмас басқа датым, Жазылмас басқа жырым. Сол Есіл... Астана. Түн. ...Тек Сенсіз, басқа бүгін...

ІҢКӘР * Телефон тағы да үнсіз, Тағы да үнсіздік түні. Қара түн ұйқыда мұңсыз, Ұйқыда көктеме гүлі. Тыныштық мүлгіген сәттер – Көзіңдей тұп-тұнық неткен! ...Тағдырым – шимайлы дәптер, Көктем ғой шимайлап кеткен...

Саян ЕСЖАН Сезімнің тілінде асқақ, Сөйлете алмадым Жанды... Кездесу кештерін бастап, Қоштаса алмадым мәңгі. Сен жайлы түс көріп көркем, Сен жайлы жыр оқып түнге... Ұмыта алмадым, Еркем, Ұмыта алмадым мүлде. Телефон тағы да үнсіз, Жүзінде келмеген «хаттар». ...Ғашықтық сөйлетті тілсіз, Сөйлетті мазасыз шақтар.

ІҢКӘР Құс түсі секілді өмір, Өлшемге сыймайтын – дара. ...Қалғанмен бір сәттік көңіл, Өшпейді мәңгілік жара?!

Саян ЕСЖАН * Жол бар ма адаспауға, жаңылмауға, Өмірдің жаңа ғұрпын қабылдауға?! Махаббат парақтарын тағы ақтарып, Тым болмаса өзіңді сағынбауға. Төзімнің жүзін тырнап мыстан-қайғы, Өң түгілі, тынымсыз түсте арбайды. Жәдігөйдей жалаңдап қалың күдік, Не кетпейді, не келіп ұсталмайды...

ІҢКӘР Үнсіздігің тілсіз қып жібергесін, Дым қалмады түгендер бұл елде шын. ...Жаныма бір жұбаныш – жырым ғана, Жалғыздық – сырларымды білер досым. Түн сайын жауап таппай сұраққа мың, Тағдырдан күттім үнсіз бір ақпарын. Жақындаған сайын мен жүрегіңе, Неге ғана Жарығым, жырақтадың?! Үнсіз кеттің... Ақыры үндемедім, Келер деп елеңдеумен бір дерегің...

Саян ЕСЖАН Үндемедім, әдейі үндемедім, ...Болмағаны шығар-ау шын керегім?! ІҢКӘР ҚОШТАСУ ХАТЫ Тағдыр дейсің, Тағдыр ғой сол, білемін. Қоңыр тірлік. Қоңыр үн... ...Содан менің тасқа айналды жүрегім, Содан сенің жасқа айналды өмірің. Тәрк еттім махаббаттың заңдарын, Тәрк еттім барлығын. Сезім түгіл өзімді де алдадым, Жан гүлім! Сезім деген – ақ жауындай өткінші, Жан жараңды емдер Күз. Тек осы хат өткінші емес деп білші, Өміріме Өлең болып енген қыз.

Саян ЕСЖАН Қоңыр бақ та бола алмайды жұбаныш – Өткен күндер куәсі. Кездесу мен Қоштасудан тым алыс, Расы. Суреттерді, өрте, барлық хаттарды, Өртенбесін тек кеудең! Мен – елеспін, Жанарыңда сақтаулы, Ғайып болған көктеммен. Тағдырыңа қайдан ғана тап келдім, Қайдан ғана жолықтың?! Енді саған мәңгілікке жат болдым, Бүгін...қазір...соны ұқтым! ІҢКӘР КҮЗ. ҚЫЗ ТАҒДЫРЫ «Жазған хаттар өртенді, өшті бәрі, Өткен күннің ең ыстық қош, құмары!» ...Кеудедегі алапат өрттей болып, Көкжиекке қып-қызыл кеш құлады. − Ештеңе де қызықсыз енді маған, Түнгі бақтар, көшелер...қалғымаған... Біз қауышқан сол кафе, сол саябақ, Біз білетін бар таныс, барлық адам...

Саян ЕСЖАН Сезім деген – дерт екен бір білгенім, Төзім деген – серт екен шын білгенім. Шын махаббат қоштасу... иә, қоштасу – Тек Мұң ғана аяулы құрбым менің. Расында «Жалған – Өмір, Өмір – Жалған!» Ал, Бақыт – бұлдыраған сағым алдан, − ...Сұлу қыз бар үмітін үзді осылай, Кеудесінде ауыр мұң табы қалған. Осылай жылап тұрды қыз жүрегі, Үзілген бір жігіттен жүз күдері. Біресе өмірді ойлап, өлімді ойлап, Ең соңғы рет үмітін үзді қолы...

ІҢКӘР ... «Сүймеймін! Сүймеймін!!!» − қыз деді-дағы, Жанарында жарқ етіп сенім, ары. Сүйгеніне хат жазды ақырғы рет – «Ақымаққа ақымақ жолығады...» Осылай соңғы үмітін үзді қолы, Жүзін өпті салқын жел күзгі долы. Сол бейбақтың баянсыз хикаясын, Бір білсе бүгін жалғыз Күз біледі.

Саян ЕСЖАН * «Жылауық» жырымдай бүгін, Тым ауық жылады Аспан... Көктемнің көңілсіз күнін, Өткіздім тағы да бастан. ...Театр. Жалғыздық. Жаңбыр. Ақынның ең басты рөлі. Режиссер – Өмір мен Тағдыр, Содан соң – шайырдың жолы.

ІҢКӘР ...Шайырға жолыққан Ару, Жолықпас ендігі мезет. Жанына Жалғыздық дәру – Дәл осы келесі кезек. Бүгінгі режиссер – Уақыт, Сезіммен ойнаған жандай... Қоюшы – әрине, Бақыт, Өмірі жазылған заңдай... ...Көрініс. Көңілді көктем. Көңілсіз көшелер ғана. Сезім. Жыр. Бүгін мен Өткен... Түйіскен ескі мен жаңа... Саян ЕСЖАН Ескі өзен. Жаңаша өмір. Сезімдер толқындай қалқып. Жайдарлы балаша көңіл, Жол бойы келеді шалқып... ...Ар жағы белгісіз сюжет, Белгісіз соқпағы жолдың. Әлі де тартылар күй көп, Тағдырдан Ойынын көргін. Дәруі Ақынның жалғыз – Аруы белгісіз жақта. О, бәлкім Өткенде сол қыз, О, бәлкім келер бір шақта?!

ІҢКӘР Әрбір жан бір актер мұнда, Театр – ең үлкен өмір. Батпасаң болғаны мұңға, Сатпасаң болғаны көңіл... ...«Жылауық» жырымдай бүгін, Тым ауық жылады Аспан. Ғұмырым – жазылар Жырым, Тағдырым – жазылмас Дастан...

Саян ЕСЖАН * Үнсіздігіңді ұғына алмадым, Тағдыр жазуы солай ма?! Тіл қатсаң болды, ұғынам бәрін, Түсінем Күнім, қалайда... Жоқ, әлде сынға салғаның бе екен? Сезімге мәңгі Уақыт – сын... Секемшіл сезім алдады ме екен, Қол бұлғап тұрып бақыт шын?!

ІҢКӘР Алдасаң, алда аңғал басымды, Тек жүрегімді алдама! Ақтарған назды таңдарға сырды – Жанға жұбаныш сол ғана. ...Өткен күн – елес, анық келмесі, Шайқалған көлдей бүгінім... (Ақылдың ғана ғаріп Пендесі болмай-ақ қойшы, құлыным!..) Асығып тағы Есілге бүгін келдім мен біреу күткендей... Адастым ба әлде есімнен Күнім, ...Шынымен бәрі біткен бе, ей!?

Саян ЕСЖАН * Сырғып жатыр мезгілмен сынап – Уақыт, Сезім мен Төзім жолын жырақтатып... Жүрегімде бар еді бір-ақ ару, Жүрегімде бар еді бір-ақ бақыт... Басқамен таптың ба екен өмір жолын, Жайладың ба өзгенің сенім көгін?! Ұштың екен қай жаққа Бақ құсым-ау, Жазған-ай, кеше ғана қолымда едің?!

ІҢКӘР ...Ой – солғын. Көңіл – сынық... Бүгін тағы, Аулада Жел өксігі – ымырт әні. Ымырт әні – жанымның мұңлы ырғағы, Кеудемде әлденені құбылтады. Бағым ба едің, жоқ, әлде сорым ба едің? Жазмыштың тілін ұғар тегінде кім? ...Кімді іздеп жүреді екен жас жанарың, Кімді атап шақырады еріндерің?! Сырғып жатыр мезгілмен сынап – Уақыт, Сезім мен Төзім жолын жырақтатып... Жүрегімде бар еді бір-ақ ару – Қолын бұлғап кеткендей бірақ, бақыт... Саян ЕСЖАН Өгей өмір көзімен өшігіп тым, Сыздатады жанымды... Есірік – Түн... Жақында жүргеніңді сезсем-дағы, Алыста қалды-ау сірә, көші үміттің? ... Шамасы, кешігіппін...

ІҢКӘР МАЗМҰНЫ Оралу ....................................................................3 Уәде ...................................................................... 6 Қыс. Ауыл кеші. ................................................9 Сағыныш .......................................................... 12 Кіндікқарағай ..................................................15 Түс. Абылай. Дат. ............................................18 «Қобыздай күңіренген қоңыр далам» ..... 24 Түн. Пушкин аллеясы .................................. 26 Редакция. Күрсініс. Ойлар.......................... 29 «Армысың, тәуелсіз ғасырым» ..................32 Мола басындағы монолог ............................35 Тамыздың соңғы түнінде .............................39 Адасу ...................................................................41 «Басылмай желік көңіл» ..............................43 Ақын ....................................................................45 Ж.Молдағалиевқа ..........................................47 Жапырақ жыры ...............................................50 «Тағы да кеш...» ...............................................52 «Жанарыммен астасқанда тұнық түн».... 55 Түнгі «картина» ..............................................58

«Секунд. минут. сағат тілі...дірілі» ........... 60 «Үнімді естігің келмеді» ..............................63 «Басқаша бүгін көктемнің лебі» ............... 66 Іздеу ....................................................................68 «Тағы да кеудемді бұл керіп күдік» ........ .70 «Алматы-2». Қоштасу. ................................ 72 Баянсыз... ...........................................................74 «Неге мұңды бұл мамыр, неге өкпелі» .... 76 «Мына әлем бақытты ғой мен барда» ..... 78 «Біз жақта күз...» ............................................80 «Өткен күннің сене бер, наласы ұмыт» .. 82 Түн. Үміт. .......................................................... 84 «Жарығым» ..................................................... 86 «Жалғыздық» .................................................. 89 «Телефон тағы да үнсіз» .............................. 91 «Жол бар ма адаспауға, жаңылмауға» ... 94 Қоштасу хаты .................................................. 97 Күз. Қыз тағдыры ........................................... 99 «Жылауық» жырымдай бүгін» ............... 102 «Үнсіздігіңді ұғына алмадым» ................ 106 «Сырғып жатыр мезгілмен сынап –уақыт» ............................................. 108

Саян ЕСЖАН ІҢКӘР Редакторы Алмагүл Ниязбекова Қате түзеуші Назерке Кәкен Көркемдеуші редакторы Айкерім Бақбергенқызы Техникалық сарапшы Ержан Жамалбаев ИБ №77 Басуға 15.10.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32. Офсеттік басылым. Қаріп түрі “MM Mekteptik”. Көлем 6,0 шартты баспа табақ. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №77 «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы ISBN 978-601-03-0281-5

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙