Гүл – сән
Гүлсара Шалқар
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Жас ақын Гүлсара Шалқардың бұл жинағына өмір, тағдыр, ғалам жайлы ойлы да сыршыл өлеңдері еніп отыр. Автордың сезім иірімдеріне толы нәзік әлемі әрбір туындысынан шымыр ұйқастармен, әдемі теңеулермен көрініс беріп отырады.
Гүлсара ШАЛҚАР
Алматы
УДК 821. 512. 122
ББК 84 (5 Қаз) - 44
Ш-21
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
ШАЛҚАР Г.
ГҮЛ – СӘН. Өлеңдер/ Г.Шалқар. – Алматы,
«Хантәңірі», 2014. – 108 бет.
ІSBN 978-601-03-0286-0
Жас ақын Гүлсара Шалқардың бұл жинағына өмір, тағдыр,
ғалам жайлы ойлы да сыршыл өлеңдері еніп отыр.
Автордың сезім иірімдеріне толы нәзік әлемі әрбір
туындысынан шымыр ұйқастармен, әдемі теңеулермен көрініс
беріп отырады.
УДК 821. 512. 122
ББК 84(5 Қаз) - 44
ІSBN 978-601-03-0286-0
© «Хантәңірі», 2014
Ш-21
Алғашқы жыр жинағымды Шалқаровтар әулетіне арнаймын. Бұл кітабым Гүлсән деп еркелететін жан анам Қарашаш Сопбекқызына және жан әкем Әлдибай Доңбайұлына деген перзенттік құрметім болсын. Автордан. ТАРАЗДА ТЕРБЕЛГЕН ОЙЛАР... «Аға жинақ шығарғалы жатырмын. Алғашқы жырларымды оқыған сіз едіңіз, алғашқы жинағыма да батаңызды беріңізші» деп келіпті ол. Оқыдым, оқыдым да шын қуандым. Қуандым деймін-ау, кейбір өлеңдерін қайталап оқып, тебірендім. Гүлсара Шалқар өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан ақын болыпты. «Байқадың ба?» деген өлеңінде ол көктемді еш ақынға ұқсатпай жырлайды. Жерді қара... Борпылдақ, бұрсаныпты. Елді қара... Жанары жұмсарыпты. Олар мендей қуанады. Байқадың ба? Құбылуда бейнесі қаншалықты. Байқадыңыз ба? Ақын көктемнің әрбір құбылысына өзі ғана назар аударып, қуанып қана қоймайды. Оқырманның назарын аударып, бірге
қуантады. Осылай табиғат құбылысы мен өзінің
жан құбылысын бірге сезініп жүрген бұла ақын
«Өлеңнің заңына бағынып, Өмірдің заңынан
Асқақпын» деп ірі сөйлейді. Тіпті «...Өмірдің заңы
тек көзімде, Жүректен кептер ғып ұшырғам...» –
деп тосын ой айтады.
Иә, мен әлі Әлдимін:
Қиялменен өмірімді сәндеймін.
Адамдарға Шынайылық тән деймін.
Қутыңдаған көздерге сенемін,
Сумаңдаған сөздерге сенемін.
Адам біткен ең қадірлі Жан деймін, –
деп оптимизм танытады.
.Осынау асқақ арман арқалаған ақынға үлкен
өмір – ересектер өмірі көп ұзамай-ақ:
Жұбанышым менің,
Жұбатпағын сен мені, жұбатпағын,
Бүгін тағы жылап қалдым.
Жердің бетін Жалғыздық кезіп келіп,
Жүрегімнің түбінде тұрақтады...,
– дегізіпті.
Бірақ қатал өмірге Гүлсара қайыспапты.
Қанша қиналса да, «Бәрі-бәрі кезімен реттелер,
Үміт деген – бүршік қыста көктеген» деп үмітін
үзбепті. «Ақын болып туылып, адам болып күн
кештім» деп шамырқаныпты
Бала көңіл сол қалпында аппақ тұр Аппақ көңіл – аппақ жүрек, аппақ нұр. Жаратқанның құдіретті күшімен Бойымдағы балалықты сақтап тұр, – деген бала көңіл ақынның ойы тез есейіпті. Ең бастысы Гүлсара Ерлан Жүніс бастаған интеллектуалды поэзияны әдемі жалғастырып әкетіпті. Бұл толқынның поэзияға әкелген жаңалығы екі әлемді төрт аяғы тайпалған жорғадай тең жырлауында. Екі әлем деп отырғаным, көрінетін әлем мен көрінбейтін әлем. Басқаша айтқанда, материалдық және рухани әлемдер. Қоғамның өткінші заңына мойынсынып жүрген ақынның Жаратушының мәңгілік заңына ұмтылуы. Жасыратын ештеңесі жоқ. ХХ ғасырдың басындағы Қазан төңкерісінен кейін кеңестік ақындар былай жырлай алмаған. Оларға тыйым болды. Керек болса білім де берілмеді. Тәуелсіздіктің төл перзенті Гүлсараның мұсылмандық, ізгілік, имандылық туралы өлеңдері де сол өткеннің олқылықтарының орнын толтыруға ұмтылған қазақ ақындарының жас толқынының талпылысы деп ойлаймын. Гүлсара, Сен «Жұбату» деген өлеңінде: Бәрі де өткінші ғой Күйініш, Өтті ғой Қуаныш, өтті ғой Сүйініш. Жақсылық – Жамандық қатарлас жүретін Ғаламда төменді қайтесін, биік ұш! –
деп өзіңді өзің қайрапсың. Мен бұдан артық
ештеңе айта алмаймын. Осы тілегіңді өзіңе
тілеймін. Тілеймін де Ерлан Жүніс, Өрнек Құлеке,
Азамат Есалы, Хамит Есаман бәрің шұрқырасып
жүрген шақтарыңды еске аламын. Сендердің де
ой-армандарыңды тербеткен Тараз еді...
Елен ӘЛІМЖАН,
жазушы - драматург
Гүл – Сән ҰЛТ (Қырғыз елінің жігітіне арналған ақ өлең) …Жақсы қызды жар еткіңіз келеді. Еліңізге келін болман, себебі: Том-тарихты ақтарғанда болашақ Қазақ болып қалу керек дерегім. Бастарында болғаннан соң бостандық, Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды. Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп, Қазағыма жасамаймын қастандық… Зор білекті батыр тусам, қайтемін? Жар астында жасырынған «жау» болар. Дүр жүректі хакім тусам, қайтемін? Ел арасын алшақтатар дау болар. Өте білгір әкім тусам, қайтемін? Қарашадан дара шығып хан болар. Өткір тілді ақын тусам, қайтемін? Тамырыма тартып текті жан болар. Жез таңдайлы әнші тусам, қайтемін? Өнер шіркін өзге ұлтқа жолданар. Шеберленген күйші тусам, қайтемін? Сатқындықтың сорақысы сол болар.
Гүлсара ШАЛҚАР
Ұрпағымды сүйгенмен,
Ұлтым үшін күйгенде,
Белгілі ғой жұлдызымның жанбасы.
Әйел-ердің қабырғасы білгенге,
Бір қазағым «қабырғасыз» қалмасын.
Үрдің қызы күтіп жүр-ау Сізді де
«Қабырғаңыз» болғасын.
Достық туын желбіретсек…
Достық сөзі − киелі!
(Адал дос деп сізге басты иемін).
…Өзге ұлтта алынбаған өшім жоқ,
Өз ұлтымды өзгешелеу сүйемін.
Сондықтан да, қазақ болсын күйеуім!
Гүл – Сән
ҰЛТШЫЛ БОЛУ
Ұлтшыл болу − сән емес,
Ұлтшыл болу − ауыр міндет, азап тым:
Ұлтшыл болу − қамын ойлау қазақтың.
Құлдық сана құрсаулаған қоғамда
Ұлттық сана ұялаған Азаттық.
Ұлтшыл болу − қадір тұту төл тілді.
Ұлтшыл болу − сақтап қалу өр ділді.
Өз мүддесін ойлап жүрген ортада
Ел мүддесін ескеретін Еркіндік.
Ұлтшыл болу − ел ісіне ептілік.
(Болмысыңды тәрбиелеу бекті ғып)
Тәуелділік тұсаулаған тобырда
Тәуелcіздік туын тіккен Тектілік.
Ұлтшыл болу − туысқандық, жегжаттық.
(Жұрағатта тәрбиелік, тек жатты!)
Шежіремен тарқатылған тарихы
Ақсүйектік, бекзадалық, бекзаттық.
Ұлтшыл болу − жүгі ауыр нар іс бұл.
Ұлтшыл болу − құны қымбат Ар іс бұл.
Құлдық дәстүр жасалынған жиында
Ұлттық дәстүр аңсайтұғын Намысшыл.
Гүлсара ШАЛҚАР
Ұлтшыл болу − өту уақыт-електен.
Ұлтшыл болу − салтты тану деректен.
Құлдық ойын қуыршағы − қоғамда
Ұлттық ойын өтуіне себепкер.
Ұлтшыл болу − тарихқа үлес қосқандық.
(Шайқастарда кең даланы жосқан кім?)
Ұрты үшін үздігетін ұйымда
Ұлты үшін үзілетін Бостандық...
Ұлтшыл болу − ойыңдағы Азаттық.
Ұлтшыл болу − бойыңдағы Озаттық.
Өзімшілдік сезімінен жоғары
Ұлтшылдық бұл − Қаныңдағы Қазақтық.
Ұлтшыл болу − ауыр міндет, азап тым...
Ұлтшыл болу − сәруәр-сәт, ғажап тым.
Гүл – Сән
БАҚЫТТЫҢ КӨЗ ЖАСЫ
Жамағатпен бірге намаз оқып болған соң, жанымдағы
мұсылман әйел: «Жылама, бекем бол, бәрі жақсы
болады», − деді. «Мен бақыттан...»
деуге ғана шамам келді...
Мен бақыттан тым егіліп, тым езіліп
жылап тұрмын,
«Бақытымнан айырмашы ешқашан», − деп
сұрап тұрмын.
Жаратқаным жарылқаумен бақыт берді,
сынақ емес.
Жүрегімнен аққан жасты жасыра алмай
бұлақ қылдым:
Аға берсін!
Аға берсін!
Бақыт жасын жасырмаймын!
(Жегідей жеп жүруші еді санамдағы
масыл қайғы)
Жүректегі ақша бұлтты аспаным еш ашылмаса,
Жанардағы ақ жауынның төгілуі басылмайды.
Басылмасын!
Басылмасын!
Осы − менің қалауымда.
(Жүрегімде дұға деген желбіреулі жалауым бар)
Гүлсара ШАЛҚАР
Жазмыштың әр баспалдағы жақсылыққа
жетелеп жүр,
Тағдыр атты шығарманың жастық атты
тарауында.
Шүкір!
Шүкір!
Айтамын тек −
Сансыз шүкір Жаратқанға:
Ой-тұңғиық тамақтан ап, тұншықтырып
баратқанда,
«Құтқарушы бір Алла тек, қауқарсыздық
Адамға тән»,
Нұр жүзімді шын жүрекпен құбылаға
қаратқанға −
Мадақ!
Мадақ!
Сансыз мадақ Алла атына.
Тартынам ба?
Мадақтаусыз, шүкірліксіз шын мұсылман
шалқыған ба?
...Жаратқанға жақындаумен жай тауып жүр
бұл жүрегім,
Қоғам атты көпшіліктен алыстаған, жалқыланған.
Алыстағам,
Алыстаймын.
Ет үйренген бұл қылыққа:
Гүл – Сән
Адам емес, тек Алламен сырласуға ұмтылып қал.
(Есептеулі уақыт өтсе, Ажал келер айбаттанып)
Көңіл мәні − дұға, шүкір,
Өмір мәні − құлшылықта.
...Міне, тағы азан даусын, дұға сөзін
тыңдатып тұр,
Азан даусы: «Ақыретке дайындал» деп
үн қатып тұр.
Жауапты іс пен сауапты істі иығына
жүктейтін тек
Мұсылмандық − шын бақыт бұл!
Мұсылмандық − шын бақыт бұл!
Гүлсара ШАЛҚАР
МҰҚТАЖДЫҚ
Қауқарсыз құл боп жаралып,
Қауқарлы Аллаға мұқтажбын.
Мейірімсіздерде тор анық,
Мейірімді Аллаға мұқтажбын.
Қайырымсыздардан безініп,
Қамқорлы Аллаға мұқтажбын.
Әлсіздігімді сезініп,
Құдіретті Аллаға мұқтажбын.
Сынақтан сынақ толығып,
Жәрдемші Аллаға мұқтажбын.
Рақымсыздармен жолығып,
Рақымды Аллаға мұқтажбын.
Жұрт мақтауынан тығылып,
Жарылқаушы Аллаға мұқтажбын.
Қателіктерді ұғынып,
Кешірімді Аллаға мұқтажбын.
Мұқтаж боп келгем өткенде,
Сәт сайын Аллаға мұқтажбын.
Мұқтаж боп өтем ертең де,
Мұқтажсыз Аллаға мұқтажбын.
Гүл – Сән
ДҰҒА
Уа, сүйікті АЛЛА!
Жанымды, тәнімді, Өзімді,
Сиқырлы һәм сұлу сөзімді,
Жалғыздау һәм жастық кезімді,
Құпиялы, тылсым сезімді,
Достарды, бақытты сәттерді,
Өкініш, сағыныш, әттеңді,
Сауаптар, қателер тізіліп,
Жазылудағы амал дәптерді,
Өтетін байқамай өмірді,
Аумалы-төкпелі қөңілді,
Тасыған арқалы өнерді,
Төгілген көмейден өлеңді,
Отбасым, ата мен анамды,
Бауырды, әпке мен ағамды,
Жүректі, жүзімді, тілекті,
Бойымды, ойымды, санамды,
Қызметті, ризықты, барымды,
Құлшылық, арманым, бағымды,
Болашақ ұрпақты, әулетті,
Болашақтағы адал жарымды,
Бір Өзіңе ғана тапсырдым.
Ақтарып сап асыл, ақ сырды,
Тек қайырлы ет деп сұраймын.
(Салиқалы дұғам – бақ сынды!)
Гүлсара ШАЛҚАР
Қайырсызын неге сұраймын?
(Қайырсыздық − деген кір айдын!)
Өңбейтін істерді қуалап,
Жағдайға түсірме жылайтын.
Әр істі сауапты, асыл ет!
Әр сөзді жауапты, асыл ет!
Жұмақта жолығып Елшімен,
Кәлима айтуды нәсіп ет!
АМИН!
Гүл – Сән
CЫНАҚ
«Қайтер екен?» деп
Көкейдегі сөзімді сынап отырсың.
Қас-қабағым, көзімді сынап отырсың.
«Мұсылманға тән әдебі бар ма?» деп,
Жүректегі сезімді сынап отырсың.
Қайткен едім бұрындары?
Бетін демей айта салар өр болдым.
(Шындық деген қадірлінің төр орны)
«Елін сүйген ермінезді ерке» деп,
Сыртымнан көп сүйсінуші ел болды.
Қайтпек екем?
«Өзгелерге жібермен» деп есемді,
Сындырам ба сабыр деген кесемді?
«Көзіме еш көрінбесе екен» деп,
Өзгертем бе қонысымды, көшемді?
Батырлыққа басамын ба өткендей?
Жә-жә, жетер...
Қылығыңды жек көрмей,
Түсінуге тырысамын Сені де
(Шын мұсылман күн кешеді кектенбей).
Гүлсара ШАЛҚАР
Әй, қусың-ау,
Сынақ беріп, амалыма сұқтандың.
(Кім ұтылды бұл жарыста ұтқан кім?)
Адамдардың назарында ұстаған
Бір Алланың назарына мұқтажбын.
Сондықтан да...
Ниет қылғам мұсылмандай сауатты,
Іс жасауға салиқалы, сауапты.
... Уақыт − сағат сыртылдайды тоқтамай,
Еске салып Мақшардағы жауапты.
Құлшылықпен атып жатыр таңдарым.
Сырға толы ,
Нұрға толы,
Жырға толы жан-жағым.
...Пиғылына алданбаймын Пенденің,
Сынағынан өтсем екен Алланың!
Гүл – Сән
ТАҒДЫР
Білмеймін, бағым ба?
Әлде, бұл сорым ба?
Қазақтың тағдыры – қыздардың қолында.
Ау, жазмыш, ал сөйле:
«Адамдар − өмірдің қонағы».
Бұл − мұңды.
Білесің, маңдайға жазғаны болады.
Он екі үміт боп,
Он екі жігіт кеп,
Сезімін қиыла білдірді.
Еліңді соңына тастап сен,
Өзге елде жаңа өмір бастап сен,
Күн кешем деп шешсең, (өз еркің) жол әні…
Ау, жігіт, ал сөйле:
Ешқашан сезімде болмайды шекара.
Қос жүрек лүпілі −
Қос тағдыр үкімі.
Үлкендер үмітін ақтайды.
Өзге ұлт пен өз ұлтым... екі ара...
Отанның жақұтын,
Отбасы бақытына сатпаймын.
…Салтымды сақтаймын.
Гүлсара ШАЛҚАР
Өзінің сезімін өзіне бақыт қып,
Күн кешкен бұл қыздар,
Тәріздес жұлдыздар.
Оларға кереғар Күн болып күлемін.
Ел-жұртым, ал сөйле:
«Қыздардың тағдыры − жат жұрттық,
Етегін ұста енді бір ердің».
…Білемін.
Жат жұрттық болсам да, жат елдік емеспін.
Сүйемін ұлтымды, сүйемін ұлтымды.
(Ертеңнен елші боп келіпті елес-күн)
Кеудем тар болса да,
Ең ұлы арманға жол сала,
Титімдей жүрегім бұлқынды.
Көп ұлдың анасы болу ол − қуаныш,
Бір ұлттың анасы болу ол − зор бақыт.
Бақытқа лайықты әркімнің таласы,
Сүзгіден өткізер тек Уақыт.
Апыр-ай, Құдайым қалашы…
Қыз деген − ертеңнің анасы,
Болса да бүгіннің баласы.
Жүрегім, ал сөйле:
Тарихқа үңіліп қарашы…
Бабамның ұрпағы мен қазақ болған соң,
Баламның ұрпағы қазақ боп көбейсін.
Болашақ ақ таңы атқанда,
Гүл – Сән
Мен көрде жатсам да,
Қазаққа болады қорған сол,
Тәңірім, ал сөйле не дейсің?..
Білмеймін…
Бағым ба?.. Әлде, бұл сорым ба?..
…«Адамның тағдыры − Алланың қолында!»
Гүлсара ШАЛҚАР *** Шалқар шабыт жүрегіме қонақ боп, Көкейге кеп тоқтады. Тілім − өткір, әрбір сөзім − орақ боп, Тоқтатуға жоқ хәлім. Тумай жатып шетінеген шарана, Арзу айтып кетпейді ме әр үйге? – Жыр-сәбиді өлтіруге бола ма? Болмайды ғой, әрине. Шайқап өтіп телегейлі теңізбен Жүрегімді толқындатшы, шабытым. Өлеңменен өмір бақи егіз ем, Жалғыздық. Мен. Тағы Түн. Алла маған ақындықты ұсынып, Өмір − өлең − уақыт берді жолыма. Өмір қалар жағдайымды түсініп, Өлім келіп ерткен кезде соңына. Қоғам іші − қап-қараңғы түнекте Сұрақтарға жауап іздеп сандалсам − Жанартаудай жарылып шық жүректен Ей, Өлеңім, қу тірлікке алдансам...
Гүл – Сән
Кесір көңіл − тесік қайық ұтылар,
Шабыт деген − шалқар теңіз шалқыма...
Қадірімнің қаншалықты құты бар,
Айтарымды айтпасам еш халқыма?
Гүлсара ШАЛҚАР
ӨЛЕҢІМ
Өлеңім ол − соғып тұрған жүрегім,
Өміріме тірек болар тілегім.
...Мен өлеңсіз өмір сүре алмаймын,
Өзімді-өзім жоғалтқандай жүремін...
Өлеңім ол – сағынышым, сенімім.
Ашық-жарқын еш кіршіксіз көңілім.
... Өмірім мен өлеңім қатарлас
Қос бұрымдай қазақылық өрімім...
Өлеңім ол − бойға біткен батырлық,
Ал тағдырым − арқалы аңғал ақындық.
...Жаратқаным жаратыпты о баста,
Жазмышымды жырлап өтер пақыр ғып...
Өлеңім ол − қайғым менен шаттығым.
(Шаттықсызда қаншама рет батты күн?)
Өмірімді жұбата алмай жазықсыз,
Өлеңімде елден ерең тапты мұң.
Өлеңім ол − көлге айналған көз жасым.
(Өмірім де өлең болып боздасын)
Сыр жасырып, жыр жасырып, қайтейін,
Жұмбақтықты жақтырмаймын өз басым.
Гүл – Сән
Өлеңім ол − соғып тұрған жүрегім,
Өмір − өзім. Өлең − өзім. Бір еді...
...Өлеңдерім қанша ғұмыр сүрсе егер,
Өмірімде сонша ғұмыр сүреді,
Көңілімде сонша ғұмыр сүреді...
Гүлсара ШАЛҚАР
ҚОҒАМ
Түлкі боп қаштым, бүркіт боп қуаладың.
Аңқау боп тостым, балшы боп дуаладың.
Жалын боп жандым, жаңбыр боп өшіргенсің.
Есерсоқ болдым, ана боп кешіргенсің.
Қайғы боп кездім, күлкі боп жолыққансың.
Қорқақ боп бездім, батырдай алып аңсың.
Шындықпын дедім, көз көрмес ғайыптансың.
Дімкәсшіл едім, аурудан айыққансың.
Арман боп жеткем, жалған боп шыға келдің.
Үгіліп кеткем, қасқайып тұра бердің.
Ақын боп жазсам, надан боп келеке еттің.
Надан боп азсам, білімді керек еттің.
… (Қисынсыз өмір кіл кесірлене берді).
Шырмауға салып қинайсың несіне енді?
Азабындамын арманшыл ақындықтың.
Керағар қоғам, есірме …
Өшірме мені…
Гүл – Сән
ЕСЕП БЕРУ СӘТІНДЕ
Жалғыздықпен жолықтым −
Тысқары қап қоғамнан.
Есеп берер сәт сайын жанкешті жан боп алғам.
Болмашы іс − ұрымен кеткен барса келмеске
Уақытым-ай тоналған, жақұтым-ай тоналған.
Қолда барда алтынның қадіріне жетпедім −
Қолда жоқта алтынды іздегенім неткенім?..
Сырт-сырт еткен сағаттың
сыртылымен үндескен
Өлшеуі бар өмірді босқа өтсін деп пе едім?
Адам болып туылып, ақын болып күн кешкем,
(Санасында жаттаулы қайсы жанның
жыр-кестем?)
Ақылына бағынып, жүрегіне жағынып,
Білгенімен жүреді білімді де, білмес те.
Шыңдығымды іздеймін −
Таба алмаған орыным.
Болашағым − белгісіз, өткен шағым,
соңым-мұң.
Өмір деген қақпадан өлім деген қақпаға
Қарай соққан Алланың адам деген добымын.
Гүлсара ШАЛҚАР
Бел ортаға келіппін −
Бүтіннің бір бөлшегі.
(Көрге барып жатамын бірде тастап төр сені!)
Қанша асу асыппын?
Алда қанша асу бар?
Бір Аллаға аян тек − ғұмырымның өлшемі.
Сұлулығы өзгеріп, салтанаты жоғалған
Жалғыздықпен жолықтым −
Тысқары қап қоғамнан.
Өткен күннің дәптерін парақтаумен біртіндеп,
Жоқтау жазып отырмын уақытыма тоналған,
Жақұтыма тоналған.
Орындалар қай кезде ойымдағы мол арман?
Гүл – Сән
АҚЫНДЫҚ БАҒЫТ
Өлеңнің заңына бағынып,
Өмірдің заңынан Асқақпын.
Сара жол сүреңі − әр үміт,
Бетке алдым сүрлеусіз тастақты.
Өзгелер өгейдей тұнжырар,
Өзім ше?..
Мықты боп, мұңайман:
Болашақ − бұлыңғыр. Бұлдырар...
Бәрібір жүрегім, жыр-айнам.
Белгісіз бағытқа жол тарттым,
Іздесең, білінбес ізім бар:
Көшірме болуға шорқақпын,
Маңдайға тағдырмен сызылған...
(Даралық − тек жалғыз нұсқалық.
Бағыда басқаша, сорыда.)
Тілек боп тербейді кұштарлық
«Нұр жаусын гүл − сара жолыма».
«Өлеңнің заңы тек Өзіңе» −
Дейсің бе?
Дей бергін.
Қысылман.
...Өмірдің заңы тек көзімде,
Жүректен кептер ғып ұшырғам...
Гүлсара ШАЛҚАР
АЙЫРМАШЫЛЫҚ
Әпке-еу,
Бейнем ұқсайды анама,
Бейнең ұқсайды әкеме.
Жұмысқа сен көп жегілдің, мені өсірді мәпелеп.
Бауырлас жандар болсақ та, бойымызда
бар қайшылық:
Қорықсаң, айттың: «мама», − деп,
Жыласам, айттым: «әке», − деп.
Әпке-еу,
Сені сын − өмір шыңдады.
Мені нұр − өлең шыңдады.
Сен тек ақылды тыңдадың, мен тек
жүректі тыңдадым.
Мың тағдыр − дауыл соққанда, майыстың,
бірақ, сынбадың.
Мың шабыт − дауыл соққанда, майыстым,
бірақ, сынбадым.
Әпке-еу,
Сен − өжет, өткір адамсың.
Мен − өжет, өткір ақынмын.
Сен өр − өмірге жақынсың,
Мен өр − өлеңге жақынмын.
Гүл – Сән
...Күш жинау үшін мезгілмен асыңды ішіп,
тынықтың,
Жыр жинау үшін ас ішпей, шабытпен таңды
атырдым.
Әпке-еу,
Сен үшін: «Өмір − Көңіл» ғой.
Адамға қарап, сөйледің.
Мен үшін: «Өлең − Өмір» ғой.
Тарихқа қарап, сөйледім.
Өмірің − үнсіз атқарған істерің, адал еңбегің,
Өлеңім − сөзбен көмкерген істерім,
адал еңбегім.
Әпке-еу,
Ісіңнің басы − тіршілік,
Күйеуің, үй, үш балаң бар.
Ісімнің басы − құлшылық,
(Сахна) өлең, еркелік − үш таған бар.
Үшбұрыш − өмір сүргенім...
Түсінер еді бір-бірін
Айналса адам ақынға, айналса ақын адамға.
Әпке-еу,
«Өлең бар болсын!» дейсің ғой.
Өлермендік бар санаңда.
(«Өмір бар болсын!» деймін ғой.
Әй, менде сенен қалам ба?)
Өмірім − басқан қадамдар.
Гүлсара ШАЛҚАР
Өлеңім − асқар қамалдар...
Жүрек жырлауын тоқтатсын өмірді
сәтте тәмәмдар!
Әпке-еу,
Соңыңнаң ерген сіңлің алдыға қарай жетеле.
(Жөні бар қыздың бауырға балаша
көркем еркелер!)
Өмірдің жүгін білекпен сен қаншалықты
көтерсең,
Өлеңнің жүгін жүрекпен мен соншалықты
көтерем.
Әпке-еу,
Алдымен лезде қуанам, артынан
лезде түнерем...
Адамнан сырлас таба алмай, Аллаға
келіп тірелем.
Сүргің келеді бір өмір...
Жазғым келеді жыр, өлең:
Сүргім келеді ірі өмір −
Жазғым келеді ірі өлең...
Сүргім келеді тірі өмір −
Жазғым келеді тірі өлең...
Жазғым келеді тірі өлең...
Әпке-еу!
Гүл – Сән
ӘКЕСІНІҢ ҚЫЗЫ
Өлі гүлдей солған еді өң деген,
Себебі: Мен мейірімге шөлдегем.
Ауылдағы жан әкеме жол тарттым,
Көптен бері нұр дидарын көрмеп ем.
Шексіз сүйген сезімінен нәр алам
Жүрегімді жылуымен емдеген.
Мейірімге мұқтаж болып жүрегім
Елге барып келсе ғой деп жүр еді.
...Ауылымнан көрінсе егер үй сырты
«Әке, келдім. Жылқы сой!»,- деп кіремін.
Бұйрықтарды беріп тастап жататын
Еркелікті көтереді үнемі.
Талабымды орындайды қашанда.
Өз әкем ғой тентектіктен қашам ба?
«Келесі де келмей қоям әйтпесе,
Бір келгенде барлығында тос алға».
Жүгіреді сыбағамды дайындап,
Сөздерімді екі етпей о шалда.
Қарап жатпай қырсықтыққа салынам,
Мойынында баласының қамы бар.
«Не жесеңде, әперемін саған», – деп,
«Қалауыңды айта қой», – деп жалынар.
Гүлсара ШАЛҚАР
Мың қамқор жан болсадағы жаныңда
Әкедей шын қамқор қайдан табылар?
Өзімсініп үйіп- төксем өкпені,
Өгейсітіп өзектен еш теппеді.
«Бопты онда. Керек емес енді», – деп,
Болмашыға көзімнен жас төккенім-
Жүрегінде найзағай –от жарқ етіп,
Кеудесіне қайғы жайлап кеткені.
Тентектікті кешіретін төзіммен,
Еркелікті көріп қара көзімнен.
... Толқын шашты саусағымен тарақтап,
Кеудесінде көөөөөп қаталдық көз ілген.
Жөн сілтейді сабырменен жай ғана
«Ақылың бар қызсың» деген сөзімен.
Сол әкемді сағыныштан сарғайып,
Жүзімнен тым кетіпті ғой әр тайып.
Артықшылық, кемшілікке қарамай,
Сүйген жанда бар ма айып?
...Шексіз сүйген жандар ғана ең асыл,
Шексіз сезім құрметтеуге ең лайық!
Гүл – Сән
ЖОҒАЛТУ
Анашым,
Бойымда қалыпты-ау балалық һәм кірсіз
бұрынғы ән,
Деп жүрсем, жүрегім − мұң толы кесе ғой
сырылған.
Асыр сап, ойнақтап, тентектік жасап ап аңдамай,
Қорқыныш билесе, талай рет бұрышқа тығылғам.
Ашуың қайтқан соң, жәудіреп келетін едім ғой,
Кешірім сұрамай, еркелей өбетін едім ғой.
Балалық санамда ақылдың аздығы сол кезде
Жаныңа батқанын білдірмей... көнетін едің ғой.
Таң қалам.
Таңданам.
Арада қанша жыл өтсе де,
Жасқа жас қоссам да, өзгермей қалыпты ештеңе.
…Сен сыйға тартқан ең.
Сол алтын сақина жоғалды −
Тоқтата алмадым жасымды жанардан кешке мен.
Сүйріктей саусаққа сән берген сақина елесін,
Еске ап жыладым, жаптымда есіктің шегесін.
Жүректі күйдірді саусақтан суырып ап берген
Жадыма оралып ап-анық өткен күн белесі.
Гүлсара ШАЛҚАР
«Мен берген сақина қайда?» деп сұраса,
не деймін?
«Жоғалттың, бұдан не пайда?» деп сұраса,
не деймін?
Ауылда жүрсең де, көзімнің алдына Сен келіп,
Бойымда барынша балалық үрейі көбейді...
Әңгіме өрбітсек,
Сақина жағдайын сұраушы ең.
(Балалық санамен сенімсіз жауапты
құраушы ем −
Жырыммен жүректі ақтарып саламын үнемі
Әйтпесе, сырымды мәңгіге айтпауға
шыдаушы ем)
Сыйыңмен бәріне сені көп мақтағым кеп еді,
Болашақ ұрпаққа көзіңдей сақтағым кеп еді.
«Артықтау нәпәқа таппақ боп шығып ем
бүгін мен
Алтынды жоғалттым. Айырбас сәт пе еді?»
деп едім.
Бір дауыс сөйледі:
«Жарайды. Айырбас болсын» деп.
«Бір жерде жатыр ол табасың жіберсем
жол сілтеп.
Сақина табылсын, анаңды жоғалтам бірақ та.
Керек пе?»
(Ол − Құдай дауысы)
Кеттім мен қол сілтеп...
Гүл – Сән
Тентектеу мінезді (кешірші) бұдан соң жөндеймін.
(Әке мен шешеге тасбауыр балалар өнбейді!)
Сен үшін бір емес, мың емес, миллион, миллиард
Сақина садақа.
Мен сені жоғалтқым келмейді,
Мен сені жоғалтқым келмейді!
АНАШЫМ!
Гүлсара ШАЛҚАР
БАЙЛАНЫС
Анаң үшін баласы бар бала ғанасың.
Әже-ана-немере тағдыры байланысқан үштік бұл...
Барлық бала қуанса ғой, күлсе ғой,
Барлық ана еш уайымсыз жүрсе ғой.
Барлық бала болуы үшін бақытты
Барлық ана ұзақ өмір сүрсе ғой...
...Ана қайғырмаса ғой!
Ана қайғырса,
Қорқыныштан бала үркіп қалады
Жәудіретіп, жасауратып жанарын.
(Балаларын аяққа тік тұрғызу −
Ата-ана тіршілігі, амалы)
Ұмыт қылып тентек болған тұстарды
Мейірлене құшағына қысқан кім?
Қалмау үшін күлкісіне достардың,
Қалмау үшін табасына дұшпанның
Ана − өмір бір-ақ тілек айтады:
(Барлық ана ашудан тез қайтады)
«Арман бар ма ұлым қонса, ұяға.
Қызым қонса, қиясына жайқалып».
Гүл – Сән
...Ана ауырмаса ғой!
Ана ауырса,
Балалардың жүзінен жас домалар.
Балғын жүрек тым уайымшыл боп алар.
Күбірлейді кеуде тұсы дұғамен
Еске түсіп ұмыт болған тобалар.
Сырып тастап тіршілікті, достарды
Дәрігерден жақсы хабар тосқан кім?
Қызық − қонақ кеткеннен соң сәтімен
Көңіл − бөлме қаңырады, бос қалды....
Бала − өмір тек бір тілек тіледі:
(Барлық адам көз жұмарын біледі)
«Әлі біраз аман жүрсе жанымда.
Еркелесем, риза етсем үнемі».
Бала жыламаса ғой!
Бала жыласа,
Ана көңіл жабырқайды, жүдейді.
Қайғы бұлты кабағына түнейді.
«Құлыныма не боп қалды екен?», − деп
Көбейтеді қорқынышты, үрейді.
Дәл анадай балаларға алаң кім?
(Барлық адам аналардан таралды!
Қуантсам деп бала жүр ғой анамды.
Жеткізсем деп ана жүр ғой баламды.
Балалар жүр еркелікке тұсалып.
Аналар жүр тіршілікке тұсалып.
Ана менен бала күнді кешеді
Бір-бірінен мейір алып, күш алып).
Гүлсара ШАЛҚАР
...Күлсе жүрек, күлсе көңіл, күлсе ой
Түзеледі бүкір жүріс, бүрсең бой...
Барлық бала болуы үшін бақытты
Барлық ана ұзақ өмір сүрсе ғой!
Гүл – Сән
СЕН АЙТҚАН СЫР −
МЕН ЖАЗҒАН ЖЫР
Иә, мен әлі Бөпемін:
Қоштаспаған әлдиімен Әкенің,
Перзенттіктің білмейтін еш өтемін.
Бой түзеп Мен үлгермесем де,
Ой түзеп Мен үлгермесем де,
«Бойжеткен», − деп шақырады көркем үн.
Иә, мен әлі Баламын:
Бал қылыққа толы жәудір Жанары,
Адалдықтан аттамаған Қадамы,
«Мен үшін Сен бұлай жаса» деп,
«Мен үшін Сен олай жаса» деп,
Мезі қылар шектен шыққан Талабы!
Иә, мен әлі Еркемін:
Бұл өмірім − кітаптағы Ертегі.
(Армандаумен өтіп жатыр келте күн.
Сабырлы боп күтуім керек,
Бақытты боп бітуі керек
Ертегімнің сынға толы Ертеңі!)
Иә, мен әлі Әлдимін:
Қиялменен өмірімді сәндеймін.
Адамдарға Шынайылық тән деймін.
Гүлсара ШАЛҚАР
Қутыңдаған көздерге сенем,
Сумаңдаған сөздерге сенем,
Адам біткен ең қадірлі Жан деймін.
Иә, Мен әлі Сәбимін:
Жүрегінен жыр боп шығар нәби-үн.
(Надандарды Адамдар деп танимын).
Жақсылыққа ортақ боп әркез,
Жамандыққа шорқақ боп әркез,
Шаттығына айналсам ғой әр үйдің!
Иә, мен әлі Аңғалмын.
Жетегінде жүрген асқақ Арманның,
(Ұнатпайтын Ұрыс-Керіс, Жанжалды).
Есейтпеген Өміріме бұл,
Сәбитектес Көңіліме бұл
Талай жандар Сен секілді таң қалды.
Мен осындай Аңғалмын.
Гүл – Сән
ҚАРЫНДАСЫҢНЫҢ ХАТЫ
Жан аға,
... Жүрегім − жапырақ сарғайған, қалтырап
аязға тоңады...
Тоғысқан тағдырды айырды тоқсан жол торабы.
Арманың шақырды Сені де, арманым шақырды
Мені де.
(Біздерге даңғыл жол жасауға уақыт пен
күш керек мол әлі.)
Көңілің әкетті Өзіңді, өмірім әкетті Өзімді:
Өзімді, мөп-мөлдір көзімді,
Өзіңе қарындас кезімді.
Өткенге көз тастап отырсам,
Мыңдаған азамат ішінен
Тек қана Өзіңнен шынайы
ағалық мейірді сезіндім.
Сан мәрте сағымды сындырып қатыгез
бұл өмір жылатты.
Жаралы жанымды ұғынып Сен ғана
жүректі жұбаттың.
Жат қала − жат орта, жат адам...
Қорғаным деуші едім Ағаны,
Қорғансыз қалды ма Қарындас?
Жауап бер, шынайы сұрақ бұл.
Гүлсара ШАЛҚАР
Көңілді өзгеше тербеген сүйкімді сыйластық
Қоштасу сағаты жеткенде сыйлады
кеудеме кимастық.
Сағыныш жайлапты санамды, қайтейін,
жаныма үңілсем:
Сағыныш, сағыныш, сағыныш!
Ақылға сыймас түк...
Жүрегім − жапырақ сарғайған, қалтырап
аязға тоңады,
Тоғысқан тағдырды айырды тоқсан жол торабы.
Бұл күні кетсеңде көзімнен, бәрібір
кетпейсің көңілден,
...Миллион ағалар болса да, мәртебең
бәрінен жоғары!
Гүл – Сән *** Бақытты болғанымды қалап, ӘПКЕ, Сен менің жағдайыма алаңдайсың. Жаратқан шеке тұсқа шиырлаған Жазмыштың жазуына шарам қайсы? Ал, кәне? Шараң қайсы? Шамаң келмес Оқуға шимай-шимай шиырларды Алланың бұйрығымен бекітілген Тағдырым маңдайыма бұйырған бұл. Қашпаймын, (Қашып та еш құтыла алман). Қумаймын бұдан былай көлеңкені − Жүректі қиялменен алдағанша, Алладан әмір күтем төбемдегі. Бақыттың қадіріне жету үшін Бақытсыз бола тұрсын деген шығар. Құламас жел соқса да құйындатып, Діні берік, тамыры терең шынар. Жоғалған уақытымның қайтарымы − Орнаған тілегіме тобалы шақ. ...Қонып ап басқа ерте, ұшқан емес, Кешіккен сайын БАҚЫТ бағалырақ!
Гүлсара ШАЛҚАР
ДОСҚА СЫР
Жұбанышым менің,
Жұбатпағын, сен мені жұбатпағын.
Бүгін тағы жылап қалдым.
Жердің бетін ЖАЛҒЫЗДЫҚ кезіп келіп,
Жүрегімнің түбіне тұрақтады...
Дастарханға түрліше толсын тағам,
Шаршап келген ол да бір жолшы маған.
Мәртебелі тағына шығып алып,
Әмір берер қатыгез болсын қаған.
Мейманымды мейлінше бағалағын,
Сырларымды сыртымнан саралағын.
Шырқ айналып шаңқылдап ұшып жүр-ау,
Шыбын жанда жанкешті шағала-мұң.
Әлсіздікті жаныма серік еттім,
Жүрегімді тағы да еңіреттім.
Жазмышымнан оза алмай, қырсық шалып,
Жоспарымның барлығы кері кетті...
Жалғыздықты жүрекке қонақ қылғын,
Қаталдыққа қашанда олақ құрбың.
...Жаратқаным жіберіп ЖАЛҒЫЗДЫҒЫН
Шаттығымды осылай тонап тұрды.
Гүл – Сән
Мұнан басқа амал жоқ.
Не етемін мен?
Жолаушылар қайтады мекеніне.
...Бір қайғыны бөлісіп, бәлкім бірде
Мың бақытты сыйлар-ау... кетерінде...
Жұбанышым менің...
Гүлсара ШАЛҚАР
ҚЫРСЫҚ ҚҰРБЫМА
Ақымағым-ау,
Ол сені ұмытты ғой, ұмытты ғой,
«Қайтадан келер» деген үмітті қой.
Жүрегіңе құлып сап кететіндей,
Осал тұсыңды әбден біліпті ғой.
Ақымағым-ау,
Санаңды түгелімен жаулапты ғой.
(Ойлашы, өтінемін салмақты ой)
Қарбалас тіршіліктің құрсауында
Сағыныш-сағым тағы алдапты ғой.
Ақымағым-ау,
Махаббат нұрын енді төкпейді ғой.
(Ғашықтар үшін: «сезім − серт» дейді ғой.)
Қиындық ортасына тастап қызды
Нағыз ер ешқайда да кетпейді ғой.
Ақымағым-ау,
Жігеріңді уақыт пен мұң жеген ғой.
(Жүрегі ғашықтардың бір деген ғой)
Жаныңды қайдан ұқсын сүймеген жан?
Қадіріңді білмеген, білмеген ғой.
Гүл – Сән
Ақымағым-ау,
Сезім түгіл сөзіңді ұқпаған ғой.
(Су мен май бір-біріне жұқпаған ғой)
Қайырсыз азаматтың несі кетті?
Тым нәзік жүрегіңде жүк қалған ғой.
Ақымағым-ау,
«Табыссам..» деген тілек ертегі ғой.
Жыламашы, жетеді, жетеді ғой −
Жаспен ерді қайтару мүмкін емес,
Кеткісі келгеннен соң, кетеді ғой.
Ақымағым-ау,
Жүрегің күйзелістен шаршады ғой.
(Білемін ата-анаң аңсады той)
Бақытың кезігеді кеш батқанша,
Өмірің үміт толы таңсәрі ғой.
Ақымағым-ау,
Бақытты боласың ба күйік ішсең,
Күйік ішсең, бокалға құйып ішсең?
Арылсын азаптанбай иық күштен:
Ол сені ұмытты ғой, ұмытты ғой.
Оны да ұмытуға тиіссің сен.
Гүлсара ШАЛҚАР
БІЛМЕППІН
Ең сенімді досың сатқындық жасаса,
содан асқан азап жоқ
(Күнделігімнен)
Мен Оны қараңғы өмірге,
Жарығын сыйлайтын Күн деппін.
Қаяуды қалдырып көңілге
Күн батты… Күнсізбін… Нұр кетті…
Осылай боларын білмеппін.
Мен Оны құлпырар мың түрлі
Сұлулық символы – Гүл деппін.
Қауызы жарылмай бір түрлі
Гүл солды… Гүлсізбін… Гүл кепті…
Осылай боларын білмеппін.
Мен Оны шаттығы сезілген,
Дүр рухты Жыр деппін.
Боздатып кеудемде бозінген
Жыр бітті… Үнсізбін… Құр кеттім…
Осылай боларын білмеппін.
Мен Оны жарықсыз болса да,
Жұмбақты сақтайтын Түн деппін.
Әлемді түнекпен қоршап ап,
Түн болды… Жүрекке Мұн кепті…
Осылай боларын білмеппін.
Гүл – Сән
Ол – Құйын, мен болсам Тыйым ем,
Жүректер, тілектер бір деппін.
Тағдырдың біздерге сыйы кем
Екен ғой, білмеппін.
Білмеппін, ешнәрсе білмеппін…
Гүлсара ШАЛҚАР
БАЛАША
Аштың деме сен ерекше жаңалық −
Өлшенбейді екен жаспен балалық.
Уакыт шіркін сырғыса да сынаптай,
Өзгермепті мінездегі аралық.
Бала көңіл сол қалпында аппақ тұр.
Аппақ көңіл − аппақ жүрек, аппақ нұр.
Жаратқанның кұдіретті күшімен
Бойымдағы балалықты сақтап тұр.
Біреу үшін бой түзеген Ару екем,
Біреу үшін қанды суық қару екем.
Бірақ олар білмейді ғой ешнәрсе,
Бар болғаны − есеюге зәру екем.
Зәру екем үлкендерше ойлауға,
Неге көңіл еркелікке тоймауда?
Ойыншықты алданыш қып келіппін,
Өмір атты тылсымы көп қойнауда.
Зәру екем жүректегі жылуға −
Кеуделерде қатыгездік тығылған...
Адамдарды ажырата алмаймын
...Сұлу сөздер − сұлу сезім, сұлу жан.
Гүл – Сән
Әрбір сағат − әрбір толқу қат міне,
Айырбастап ала алады сәтті не?
Ащысына бағынбаймын өмірдің
Кұмар болып өскендіктен тәттіге.
Ұят екен қатарластан, кұрдастан.
Уақыт неге өтіп жатыр кұр босқа?
Өлшенбейді екен жаспен балалық...
(Өзімді Өзім сынап жатыр... Сын қоспа!)
Зәру екем алыс-жұлыс ойынға,
Адамдардан неге сабыр жойылған?
... Көз ілеспей келте-ғұмыр өтеді
Ересектер балалықты қойыңдар!
Гүлсара ШАЛҚАР
ЖҮРЕГІМ АУЫРҒАНДА...
Өмір жолым − тым тайғақ,
Қалт-құлт етіп келемін.
(Жолға шықтым құлап ап.
Жығылмауым жөн еді!)
Қабағына қар жауып,
қарсы алар Қиындық
Ызғарына шыдатпас.
Тағдырымнан көремін...
Өмір жолым − тым тайғақ.
(Жарақаттар сыздайды.)
Ойларым жүр сабылып
Өмір, Өлім, Із жайлы.
Ертеректе ерекше қызуқанды жан едім,
Жылуы жоқ өліктей жаным неге мұздайды?
Өмір жолым − тым тайғақ.
(Құламауға бекіндім).
Жүріп келем, күш барда,
желге тосып бетімді.
...Ұрланды деп қызықты,
уайымдауға уақыт жоқ.
Мың қиындық соңында,
бір бақыт бар секілді.
Гүл – Сән
Өмір жолым − тым тайғақ.
Бастау алған бүкіл мұң,
Қуанышпен жалғасар
қайғы деген − үтір бұл.
...Өмірімнің соңына нүкте қояр сәт үшін
Өлім менің жолымның
қысқарғанын күтіп жүр...
Асау Жүрек тулайды
Жаратқаннан күтіп нұр!!
Гүлсара ШАЛҚАР *** Үнсіз ғана іштен тыну, Үнсіз ғана іштен тыну − Жанашырға жағдай айтпай, Жалғыз жылап, жұртпен күлу. Жасырынып жалғыз жылау, Жасырынып жалғыз жылау − Жүректегі жан-жараға Дәрі таппай әлсіз шыдау. Шыдамды боп сырын сақтау, Шыдамды боп мұңын сақтау − Дүлейлікпен дүр сілкінбей Ел алдында құнын сақтау. Үнсіз ғана іштен тыну − (Емес алып күштен бұғу) Надандықтың қаһарына Адамшылық іспен шығу. Үнсіз ғана жатқа налу − Қарсыласты отқа салу. Ит пен ит боп ырылдаспай, Адамдықты ақтап алу.
Гүл – Сән
Үнсіз ғана іштен тыну
Қадіріңді іштей білу −
Жүйесіз жүйке жұқартпай,
Тілді тіспен тістеп жүру...
Гүлсара ШАЛҚАР
СӘЛЕМДЕМЕ
Әлемнен өзгеше сыр іздеп көптеген,
Айқара ашылған есікке беттегем
Түрмеге тап болдым,
тыныштық-күзетші.
Аз жүрсем, аз көрем.
Көп жүрсем, көп көрем.
Аз өмір сүргем жоқ − бала да емеспін.
Көп өмір сүргем жоқ − дана да емеспін.
Шаладан данаға айналу жолында
Іздену − өмірлік мақсатым демес кім?
Жарқ етер, жұрқ етер
алдамшы Сәулелер...
(Сәулелі үмітпен түседі әуреге ел)
Бұл өмір − бақытпен
алдайтын сенделу,
Бұл өмір − арманмен
арбайтын әурелер.
Қайтейін қызығып қызылға, жасылға?
Табиғат тылсымын ішіне жасырған.
Ән қуған ақ көңіл, сән қуған мәрт көңіл,
Кездегі сезімім бойымнан басылған.
Гүл – Сән
Байсалды бейнеммен ұнаймын ұнасам.
(Дұшпанға ісімді көрсетіп, сын асам)
... Тұйықтық түрмесі тұтқынға алыпты
Дей салшы мен жайлы біреулер сұраса...
Гүлсара ШАЛҚАР
БҰЛ ӨМІР...
Бұл өмір − мың шаттық, мың қайғы,
Аумалы-төкпелі жауындай. Бүгінде ел −
Сыйлықты сыйласа бұлдайды
Түбінде.
Өмірде адамдар сықылды
Шаттықты сыйлап ап басында −
Алайда күтеді уақытты ұтымды
Қайғысын берерде…
Жасырман,
Мұң − ара кіршіксіз көңілге қонса сәл,
Қаншама қуарды гүл-өңім.
…Жұбатар жақының жаныңда болса да,
Жылатпай қоймайды бұл өмір.
Гүл – Сән
ТОЙТАРЫС
...Түсінбедің, түсінбедің, түсінбедің,
(Түсінбестен пікірлерді пайымдама!)
Өзім ғана өз әлемім ішіндемін
Көңілім мен өміріме дайындаған.
Жүрегіме орнатылған
мың құлыптың
Кілттерін ажырату емес мүмкін.
Тұрғынымын әлемімнің
тұрғылықты,
Қақпасынан қайтып жатыр елес бүкіл.
Көрмеген жан айта алмас
көргендей боп:
Көргенің тек − құлыптаулы қақпа ғана.
Білмеген жан айта алмас
білгендей боп:
Білгенің тек − жыр жазулы хаттар ғана.
Алла менен маған аян
мен жайында−
Сен сыртымнан тонды пішіп, кестеледің.
(Дерексіздік белгісіндей
нөль пайымдар,
Өсектерден мен несіне сескенемін?
Гүлсара ШАЛҚАР
Жалған сөздер− сүрінген жан, тайғанақ−ой).
Ішім − қатты, сыртым− тәтті.
Білдің нені?
Ұлға ғашық қыздың жаны жай ғана ғой,
Ұлтқа ғашық қыздың жаны тым күрделі!..
Гүл – Сән
СОҚПАҚ
Қайыңдар қатар тізіліп,
Арманның шыңын нұсқайды.
Құстар да маған қызығып,
Кесе көлденең ұшпайды.
Шегіртке шырыл әнімен,
Атыма мақтау айтар мың.
Сарғалдақ сұлу сәнімен
Болсын деп жолың жайқалды.
Шапалақ ұрып жапырақ,
Шабытқа шабыт қосады.
(Қызықтар қалар Ақымақ
Буының неге босады!?)
Қайыңдар қатар тізіліп,
Арманның шыңын нұсқайды.
Алдымнан шығып жүз Үміт
Сыр айтар сона-а-а-а-а-у тұс жайлы...
Сол шыңға шығып,
Биіктен,
Көз тастау керек Ғаламға.
...Тіршілік сыйы − Күйіктен
Әлсіреп кетер Адамдар.
Гүлсара ШАЛҚАР
(Әр жаратылыс сыйынар
Жаратқан маған үлес бер!)
Қостаушы кейін жиылар
Бастаушы болсам күрескер.
Жанымды пида етсемде,
Жетуім керек Арманға.
...Өмірден өтіп кетсе де,
Даңғыл жол салған жандар бар!
Гүл – Сән
КӨЗ ЖАСЫ
(цикл-өлең)
І. БҰЛ ӨМІР...
Бұл өмір− мың шаттық, мың қайғы,
Аумалы-төкпелі жауындай. Бүгінде ел−
Сыйлықты сыйласа бұлдайды
Түбінде.
Өмірде адамдар сықылды
Шаттықты сыйлап ап басында −
Алайда күтеді уақытты ұтымды
Қайғысын берерде…
Жасырман,
Мұң − ара кіршіксіз көңілге қонса сәл,
Қаншама қуарды гүл-өңім.
…Жұбатар жақының жаныңда болса да,
Жылатпай қоймайды бұл өмір.
ІІ. ШЫРАҒЫМ
Шырағым,
Келіп тұр жылағым.
Таусылған шығар-ау шыдамым.
Гүлсара ШАЛҚАР
Шаттықпен қоштасып амалсыз,
Қайғыға беттедім бір адым.
Шырағым,
Шаттығым-cыңарым,
Ол бүгін егіліп жылады.
«Неліктен? Неліктен? Неліктен?»
Орынды сұрағың.
Шырағым,
Мас қылды сыра-мұң.
Ой, ит-ай… (байқамай құладым).
Бойымды әлсіздік жайлапты,
Келіп тұр жылағым.
Шырағым,
Көздегі бұл ағын−
Көңілдің қураған құрағы.
Шаттық пен қайғысы кезектес
Бұл-дағы Алланың сынағы.
Шырағым,
(қарашы), жыладым.
Себепкер- таусылған шыдамым.
Мен бүгін жылайын…
Ал ертең
Қайтадан салтанат құрамын.
… Арасы бір адым.
Гүл – Сән
ІІІ. НАЗ
Мидағы айқай- шу, тасырды ұғып,
Ағылды жүректен зарым-мұңым.
Құсалық кеудемде жасырынып,
Өзімді іштей жеп арыдым тым.
Өмірде қанша рет қажысамда,
Жасырған сұлулық бетімдегі.
Өр кеудем қайғыдан басылса да,
Көрінгем бақытты секілденіп.
Тағы да мұңайдым бүгіндікке.
Қайтейін?
Қауқарсыз құл ғанамын.
...Әрдайым өмірдің түбін күткем,
Бұл өлім несіне бұлданады?
ІV. ӘЛСІЗДІК
Ей, көз- жасым, әлсізсің дәл өзімдей,
Мықты болсаң, жүректе жатар едің.
Қайғы құшсам құсадан әр кезімде,
Төгілесін мұңменен қатар келіп.
Гүлсара ШАЛҚАР
Мөлдірлігің жаныммен егіз (шығар)
Қиналғанда тамасың тамшы болып.
...Қайтем енді, қу тағдыр негіз қылар
Осып жатса өрмелі қамшы болып.
Өте ауыр өмірдің соққылары...
Жазғырмашы: «жылауық жансың,ә» деп –
Мұнан басқа тағдырға жоқ қыларым,
Жүрегімнің қандары тамшылар тек.
Ғұмыр кешпес армансыз бірақ адам.
(Өмірімнің өлеңім бетпердесі)
...Шаттығымды Алладан сұрап алам,
Бұл сәтті өткергесін...
V. ЖЫЛАП ТҰРЫП ҚАРСЫ АЛДЫ...
Мақсатты ту ғып ұстап: «Өмірде біл!»
Толтырып ап құштарлық, көңілге нұр
Жүргеніммен қаланың құшағында
Дархан далам жүректің төрінде тұр.
...Қым- қиғаш тірліктен сыр ұқпадым...
Ауыл десе лайланар тұнық жаным.
Тынық ауа, абат жер, қырмызы гүл,
Көк майсалы төбемді ұмытпадым.
Гүл – Сән
Білім іздеп қаламен табысқалы,
Есімде тұр құлынның шабыстары.
Маған ыстық – көшелер, аула, өзен...
Торғай, шымшық, қарлығаш, сауысқаны...
Қайран ауыл қол бұлғап шақырады.
(Соны ойлап жүрегім аһ ұрады)
Адалдық пен кеңдікті сыйға тартқан
Қарт жүрегі өкпелеп жатыр әлі...
Бойға бітіп даланың дархандығы
Сол елімнің сенімін артам жүгін,
Құрысыншы.Кеттім ал. Бәрі қалсын
Тартып тұр-ау ауылға арқам бүгін.
Артта қалды көп жолдың өрнектері.
(Кінә артпа, ауылым, тергеп мені.
Күт.Күте тұр. Көруге асық болып,
Келе жатыр ерке қыз «жөргектегі»)
Баяғы көше... Ақ үйлер... бары мынау...
Шөбі шүйгің, таза ауа, бәрі гүл-ау...
Түскен кезде көліктен,
Құйындатып,
Жауын жауды әп-сәтте... Тәңірім-ау!!!
Гүлсара ШАЛҚАР
VІ. АУЫСЫМ
Қуаныш тағы да көз ілген,
Кеудемді тағы да мұң басты.
Жастарым сырғанап көзімнен
Күнім боп күлімдер нұр қашты.
Жұбатпан, жүрегім егіліп,
Жылап тұр ешкімнен жасқанбай.
Мөлдір жас жаңбырдай төгіліп
Ал кеудем бұлт шалған аспандай.
Жауын боп жастарым құйылшы,
Қалайын тағы бір жеңілдеп.
(Әлсіздік жаныма бұйырсын,
Мықты боп бәрі тек көрінбек!)
Жас емес жыласам әрдайым
Жанардан өмірім тамады.
Амал не?
Мүжіліп қалмайын.
...Таусылып барамын...
Гүл – Сән
VІІ.
Мұхит болған Көл емес,
Көз жасым-ай,
Сен не деген түссіз едің?
Қатал Тағдыр Жүрекке басын ұрмай,
Мұңның шайын мұңайтып ішкізеді.
Қайғы сайын Жанымда жасырынбай,
Тама- тама Сен алғаш Көл болғансын.
Арман деген асқақтау асылым бар,
Жеткізбей келеді – Жол...Қорған...Сын...
Тама-тама айналдың Теңізге де,
Жиналғаннан мөлшерін мол ұлғайды.
Кезбе болып Жаһаннан көп іздегем,
Мұнарадан Бақытым қол бұлғайды.
Тама-тама мөп-мөлдір Тамшыларым
Мұхит болдың. Тереңге тұңшығыппын.
... Алла Нұрын қабылдап алшы, Жаным,
Көк аспанда Күн шығып тұр...
Гүлсара ШАЛҚАР
VІІІ. ӘКЕМНІҢ КӨЗ ЖАСЫ
Баса алмай алдыға бір адым (әл кеткен),
Таңылғам тұра алмай төсекке.
Сол күні... жан әкем… көз жасын көлдеткен...
Өрт тұрды өртеніп өзекте...
Қарап ем әкемнің көзіне үңіліп,
(Жастары жанындай мөп-мөлдір)
Ішінде өліп қап, өртеніп мың үміт
Күл болып кеткен-ді...
Үзілген мың үміт- қураған мың гүлдер.
Түстері қап-қара,
Ғұмыры бітіпті, жайқалмас (білдің бе?)
Сом дауыл – сом тағдыр таптаған....
Қорықтым...
Демеймін дәл бұлай мұңайдым-
Жығылған үміттің жалауы.
Мен ұқтым: үміті сөнсе ер жылайды
Ал Әйел болмаса қалауы.
(Жалғанса үзілген үкілі үміті
Адамның көңілі жай табар!)
Алладан сұрағам жәрдемді күні-түн,
Аяққа тұрғызды қайтадан.
Гүл – Сән
Аллаға шүкірлік!!! (Бағым бар бір елі).
Бұл күні жүрмін-ау дін- аман.
Әкемнің көз жасын еске алам үнемі
Жыласа бір адам...
Гүлсара ШАЛҚАР
ЖҰБАТУ
Таңым бар –
Не үшін?
Неліктен?
Қалай бұл?
Бәрі де өткінші: Өтті ғой талай Жыл.
Өтті ғой қабағы қатулы Түндерде,
Өтті ғой күлімкөз Күндермен Арай- Нұр.
Бәрі де өткінші: өтті ғой Шалалық,
Өтті ғой Асаулық, балғынды Балалық.
Өтті ғой Қиындық, өтті ғой Сынақтар
(Өтпесе екен тек ақылды Даналық!)
Бәрі де өткінші: өтті ғой Жалқаулық.
Өтті ғой Сенгіштік, өтті ғой Аңқаулық.
Өтті ғой Көсемдік, сөз саптар Шешендік.
Өтті ғой Үнсіздік, өтті ғой Сақаулық.
Бәрі де өткінші: өтті ғой Күйініш.
Өтті ғой Қуаныш, өтті ғой Сүйініш.
Жақсылық-Жамандық қатарлас жүретін
Ғаламда төменді қайтесің, биік ұш!
Бәрі де өткінші: өтті ғой Ақкөңіл.
Өтті ғой Күдікшіл,өтті ғой Сақкөңіл.
Гүл – Сән
Өгейлік жасайтын өзімшіл Қоғамда
Өтті ғой Өкпешіл, өтті ғой Жаткөңіл.
Бәрі де өткінші: өтті ғой Батырлық.
Өтті ғой Бауырмал, Жанашыр, Жақындық.
Өтті ғой Көпшілдік, өтті ғой Менмендік.
(Өтпесе екен тек өрмінез Ақындық!)
Өмірден өтемін бір күні мен-дағы.
Бәрі де өткінші. Сұрайсың не тағы?:
...Өткінші өмірде тұрақты Қайғы жоқ.
Бақытсыз жанмын деп жылайсың Сен нағып?
Гүлсара ШАЛҚАР
ҮМІТ
Тан атады, бұл қараңғы түннен соң,
Дәл осыны білген соң,
Отырмын мен ойға батып жай ғана,
Үміт күтіп ертен келер күннен сол.
Күн шыққанда, қараңғылық жоқ болар.
(Санамдағы сабылған ой тоқталар)
Сосын барып, көңілімде тоқ болар.
Өмірімде қуанышым көп болар.
Сол кезде шын жүрегіммен шаттанам.
(Бір күні мен іздеп жүріп бақ табам!)
Әрбір сәттер жеңістерге жетелеп,
Елімнін де сенімі шын ақталар.
Бәрі-бәрі кезегімен реттелер.
(Үміт деген- бүршік қыста көктеген)
Сынақ- көлде жанталасып жүрсемде,
Ешқашанда салым суға кетпеген.
Ал әзірге қараңғыдан қорықпан.
(Өліммен де талай мәрте жолыққам!)
Кеуде тұста иманменен қоршалған
Жүрек атты қарауымда қорық бар.
Гүл – Сән
Таң атады, бұл қараңғы түннен соң,
Дәл осыны білген сон,
Түн байғыздай сұнқылдасын бәрібір,
Үміт күтем ертен келер Күннен сол.
Таң атады, бұл қаранғы түннен соң.
Гүлсара ШАЛҚАР
ӨЗГЕРІС
Үнсіз жүрмін,
Үнемі,
Тілсіз доспен табыстым...
Тұйықтық пен Ашықтық ұза-а-а-а-а-ақ
уақыт алысты.
Қатпар- қатпар Жылдарда құрсауланған
Уақыттай
Тарпаңмінез- Тағдырдың тылсымымен танысқын.
Жүрегімнің түбінде шешілмеген Жұмбақ бар,
Табу үшін Жауабын Көңілдегі Сырды ақтар.
Тар-Қапаста тағатсыз тыпыршиды Ашықтық
Шырылдаған Сәбидей тұншыққан соң құндақта.
Босатпайды Тұйықтық тұсаулап ап Тәнімді.
(Жалғыздықтың әні бұл- Жүректегі әнім бұл).
Сауалыңа тіл қатпай, Жауабыңа үн қатпай
Үнсіз қалсам, айтқызбай Көзқарастың мәнін біл.
Сөзшеңдікті Үнсіздік басып озған тұсы бұл.
(Сөгіс алғам Сөз қуып жүргендігім үшін мың).
...Түсініксіз болған соң түсіндірмеу – Міндетім.
Өз еркіңде Жанымды түбінбегін, түсінгін.
Гүл – Сән
Сөйлей қалсам бұл күні Көңілдерге Сөзім Жүк.
Мәнсіз сөзбен алданған қызық емес Кезім түк.
Сырласпаймын сағаттап Сырларымды сарқылта.
Айтарымды және де Айтпасымды Өзің ұқ!
Үндемеуді үйрендім.
Үнсіздікпен жолдаспын!
Ойға баттым үн- түнсіз.
Енді Сөзшең болмаспын.
Жан айқайын Жанымның қарапайым Қауымға
Жеткізуге әрдайым Жаңғырық- Жыр қолдасты.
Үндемеуді үйрендім.
Үнсіздікпен жолдаспын!
Гүлсара ШАЛҚАР
КҮРЕСКЕР
...Мұңдануға еш зауқым жоқ.
Мұнның түбі- тек жұтылу:
Мұңданбағын- Жұтылмағын.
Жұтылғаннан не пайда бар?
Жеңімпаздық- күрескерлік.
Жеңіліс бұл- көп ұтылу.
Күреспей-ақ жеңілгеннен, ұтылғаннан
не пайда бар?
Жеңілген жан- күйінген жан.
Күйініштен не пайда бар?
Құр күйініш қиындықтың бетін ары қайтара ма?
Қайтармайды. Онда кәне өкініштен не пайда бар?
Өкінген жан- көп жылауға бейімдеу жан.
Жайқала ма?
Жылаған жан- құлаған жан.
Жатып алса, не пайда бар?
Өмір деген- құлап қалып,
нық тұруға көп жанталас.
Нәзік жүрек қара тастай қатып қалса,
не пайда бар?
Иманыңды әлсіретпей, тоқтамастан тек алға бас!
Гүл – Сән
Тоқтаған жан- шаршаған жан.
Шаршағаннан не пайда бар?
Жастық шақ бұл- шаршау білмей
шапқылайтын жалынды шақ.
Армандарға ұмтылмай-ақ аңсағаннан
не пайда бар?
Ұмтылу бұл- мүмкіндікті мүлт жібермес
жағымды шақ.
Жағымды шақ- бақытты шақ.
Бейшаралық- бақытсыздық.
Әр сәттерің- майда-майда күрес толы
мың кезеңдер.
Қашан қайғы? Қашан шаттық?
Төреші тек уақыт-үздік.
Зор жеңіске бастайтын жол- бір жеңіліс.
Шын сезем мен...
Қуанышпен қауыш тағы қайғы қалсын көлеңкеде.
Қош! Кәнекей! Қалдырып кет!
Жетімсіреп қала берсін!
Сөзіңде- нұр, көзіңде- күн.
Өмір сүрші беу еркелеп.
Күрес соңы жол- жөнекей жеңісіңді ала келсін!
Гүлсара ШАЛҚАР
БІР АДАМ БАР
ЖҮРЕГІ − қарт тау, асқақтап тұрар аспанда.
ТІЛЕГІ − бақ-бау, пыр-пырлап ұшар қасқалдақ.
ТАЛҒАМЫ − бақыт, арманға салған қос қармақ.
АРМАНЫ − саты, мақсатқа жетер баспалдақ.
ҚАЙРАТЫ − темір, таусыла күтер тағатын.
АЙБАТЫ − көмір, өшігіп-өршіп жанатын.
ОЙЫ − қырандай, қиядан қиқу салатын.
БОЙЫ − жыр-әндей, жаныңды жусап алатын.
КӨҢІЛІ − қардай, сөз киесінен еритін.
ӨМІРІ − жардай, аттаса болды… құритын.
ҚАМЫТЫ − өлім, өксікпен өмір кемитін.
ШАБЫТЫ − бөрі, аштықта ғана ұлитын.
ЖЫРЫ − алтын күн, шуағын жерге төгетін.
МҰҢЫ − салқын түн, қараңғылықпен төнетін.
ТАСУЫ − қапырық, күн ыстығына көметін.
АШУЫ жапырақ, күз мезгілінде өлетін.
СЫРЫ − асыл тас, теңіз түбінде жататын.
ТҮРІ − масыл мас, ақылын «аққа» сататын.
КӨЗІ − жалын от, алаулап жанып жататын.
СӨЗІ − (қару) оқ, дұшпанға ғана ататын.
Гүл – Сән
ЖАНАРЫ − гүлдей, мезгілі жетсе солатын.
ҚАЛАМЫ − желдей, әркімге жолай соғатын.
Аққу құстай алысқа жайған қанатын,
Біреуден төмен, біреуден биік − САНАТЫ,
Бір адам бар, ал атына келсек…
Ол − АҚЫН!
Гүлсара ШАЛҚАР
БАЙҚАДЫҢ БА?
Көктем келді!
Алақай,
Көктем келді!
Құлпырады жайқалып бөктер енді.
Жаратқаным жаңбырлы нөсерімен
«Өмір дәнін» әлемге сепкен еді...
Жерді қара...
Борпылдақ, бұрсаныпты.
Елді қара...
Жанары жұмсарыпты.
Олар мендей қуанады.
Байқадың ба?
Құбылуда бейнесі қаншалықты.
Күнді қара...
Нұр төгіп, күлімдеген.
Бұлтты қара...
«... Жаһанға үңіл» дегем.
Олар мендей куанады.
Байқадың ба?
Көрінбейтін түнектен бұрын төбем.
Талды қара...
Жайқалып, тербеле ме?
Гүл – Сән
Қарды қара...
Сайларда сенделе ме?
Олар мендей қуанады.
Байқадың ба?
Табиғатты бастадым енді көре.
Суды қара...
Сұлудың сыңғыры ма?
Желді қара...
Баланың былдыры ма?
Олар мендей қуанады.
Байқадың ба?
Көктеменің қадірін шын ұғына.
Көлді қара...
Мұз болып қатқан еді.
Шөпті қара...
Ол кеше жоқ та еді.
Олар мендей қуанады.
Байқадың ба?
Тіршілік бар. (Өмірі тоқтап еді...)
Аязды қара...
Арыстан ақыратын.
Гүлді қара...
Көктемді шақыратын.
Олар мендей қуанады.
Байқадың ба?
Елең етер естісе ақын атын.
Гүлсара ШАЛҚАР
Маған қара...
Бойдағы құндылықтың
Иесі боп көзімде нұр күліп тұр.
Көктем келді!
Күш келді!
Байқадың ба?
Шабыттанған жүректе жыр тұнып тұр.
.... Әлем кетер көктемде құлпырып тым.
Гүл – Сән
ШЕГІНІС
Хәл сұраспай, сырласпай, амандаспай,
Танымайтын жүрміз біз замандастай.
(Екі жүзді адамдар ең қауіпті:
Жақсы дұшпан секілді жаман достай).
Табысқалы екеуміз көріскелі:
Басқа жанға сырларды бөліспедік.
Екі жүрек түбінде сақталынған
Құпияны ашуды теріс дедік.
Бірімізді-біріміз тыңдап едік,
Бірімізге-біріміз қымбат едік.
Жаңалыққа жаны дос жандар үшін
Шешуі жоқ тым қиын жұмбақ едік.
Бірімізді-біріміз қолдап едік,
Жақсылықты аямай жолдап едік.
Жанымызды жанымыз түсінетін
Жанашырлық жүрекке орнап еді...
Бұл күндері арамыз алыстады −
Күлімдеумен күніге табыспадық.
Айқай-шусыз, ашусыз ажырады
Екі пікір − екі жан қабыспады.
Гүлсара ШАЛҚАР
Салқындық па?..
Шаршау ма?..
Арадағы.
Шалқар − көңіл, Гүл − өмір, Сара −жаным:
Қорықпаймын адамды жоғалтудан
Қажет болсам, қайтадан таба алады.
Көркем сөйлеп, әдеппен көркем жүрсем,
Қырсығуым қарамай бекер білсең.
...Жанымдағы алысым емес,
Маған
Алыстағы жақыным екенсің сен...
Гүл – Сән
СЕЗІМ САТЫЛАРЫ
Сүйікті болу – сүйген адамыңның жүрегін жаулау
үшін жасалған әрекеттердің жемісі.
(Күнделігімнен)
...Шынымен сүйеді екенсің...
Сүю бұл − адамға екен сын:
Сүйіктің паң мінез көрсетсе,
Ол үшін ешкімсің, бекерсің.
Сөйлесу мәнерін білмейтін,
Ешкімсің көзге де ілмейтін.
Тым сұлу болса да,
Жылусыз
Түн тектес тәрізді Күн кейпің.
Бәлкім сен бұл кезден өтерсің.
Сүю бұл − адамға екен сын:
Сүйіктің назарын салғанда,
Кірерге жер таппай кетерсің.
Кетерсің, тыпыршып қозғала.
Тіл қатпай тұрасың сөз баға.
Сезімнің тілінде сөз емес,
Сөйлейді жәудіреп көз ғана.
Бәлкім сен бұл кезден өтерсің.
Сүю бұл − адамға екен сын:
Гүлсара ШАЛҚАР
Сүйіктің сынаққа алғанда
Өзіңнің түбіңе жетерсің.
Ғашықтық көзімен ұқтыра,
Қипақтап, алмайсың тік тұра.
Халіңді түсінбес адамның
Қабағы қатулы, бұлттылау...
Бәлкім сен бұл кезден өтерсің.
Сүю бұл − адамға екен сын:
Сүйіктің сенен сырт айналса,
Өмірден баз кешіп кетерсің.
Сан сұрақ шаршатып сананы
(Жауапсыз махаббат − жаралы)
Жүрегін жаулауға өзгенің
Жүрегің ерлікке барады...
Бәлкім сен бұл кезден өтерсің.
Сүю бұл − адамға екен сын:
Сүйіктің сенімін білдірсе,
Ол үшін тәттісің, шекерсің.
Үлпілдеп үкілі үмітің
Ойлайсың толғанып күні-түн.
Қос жүрек құлпы да ашылар,
Табылса көңілдің кіл(і)ті...
Бәлкім сен бұл кезден өтерсің.
Сүю бұл − адамға екен сын:
Сүйіктің жүрегін ұсынса,
Бақытты етуге бекемсің.
Гүл – Сән
Әзірсің жаныңды қиюға.
(Сезім бұл − сыйлықты жию ма?)
Сезімнің бақытты сатысы −
Отауға ұрпақпен сыюда.
Некелі өмірге жетерсің...
Сүю бұл − адамға екен сын:
Сүйікті болуға ұмтылсаң,
Бар жүкті иығың көтерсін!
Гүлсара ШАЛҚАР
ТҮЙІН
Бәйбішенің уайымы − азаматын екінші әйелмен
бөліскісі келмеуі.
Ердің уайымы − баланың анасын сыйлауы,
сүйіктісін қимауы.
Тоқалдың уайымы − әйел бақытын
толығымен сезінбеуі.
Үш тағдыр − үш түйін,
Бір жіпке байланған.
Үш жүрек – үкімсіз, үмітке айналған.
Бақыты, уақыты, жақұты кем еді
Қай жаннан?
Жо-жо-жоқ, кем емес ақылы, сезімі...
Неліктен қауқарсыз күй кешті езіліп?
Тірлікпен титықтап шарасыз шаршайды
Қайғысы күшейіп, Шаттығы көз іліп.
Мен-дағы мұңайдым сыртынан бақылап.
(Адам мен адамның жүрегі жақын-ақ!)
Алладан берілген үкімге қарсылас
Адамның барлығы ақымақ.
Үнсіздік − бір күрес. Үн-түнсіз жатқаны...
Кірпияз көңіл мен жүрекке батқаны:
Гүл – Сән
(Ақ жаным ақ тілек тілейді адамға)
Түйінді тағдырлар шешімін таппадым.
Үш тағдыр − үш түйін байланған бір жіпке,
Өзгерсе деп үкім тағдырдан Үн күткен.
Үшеуі үштүрлі қарманып жатыр ғой,
Қоюға бір нүкте...
Неліктен үшеуге бір тағдыр бұйырды −
Неліктен жеңуге тиісті құйынды?
Я, Алла! Сынақпен сынап ап құлдарды,
Шеше гөр түбінде тағдырлас түйінді!
Гүлсара ШАЛҚАР
* * *
Ұмыту қиын деуші еді,
Қалай ғана ұмытқам?
Жүрегіме үңілсем:
...Бөлшек-бөлшек... сынықтар.
Жамай алмай айнаны басым қатып отыр ғой −
(Өткенімді ұмытар өмірімде ғұрып бар!)
Бөлшек-бөлшек сынықты бүтін қылып қарайын,
Өткен күннің өзгеше өрнектелген арайын.
Жақұттылау сәттегі қайғымды еске алайын,
Бақыттылау сәттегі күлкімді еске алайын.
Еске алайын амалдың дәптеріне жазылған
Көктемім бар көңілде күзім, қысым, жазым бар.
Көз тастап ал көрейін шаттығым бар шығар-ау,
Бәлкім... бәлкім... шығар-ау айтылмаған назым бар.
Еркелігім бар шығар күліп шығар алдымнан,
Тентектігім бар шығар көп төзімді сарқыған.
Өткен күннің белгісін білдіретін бағалы,
Естеліктер бар шығар жырақ кетпес жадымнан.
Сезімім бар шығар-ау сезінбеген басқа жан
(Сезім деген − серттескен сүйіктіңдегі асқақ ән!)
...Өте шығар бес минут кинодайын бес күндік
Өмірімнің лентасын үзіп-үзіп тастаған
Гүл – Сән
Алтын уақыт әр күннін айқара ашып сарайын,
Ұмыт қылды таңбалы тағдыр − тарих талайын.
«Зу етеді білдірмей, қадірін еш ұқпасаң» −
(Өктем уақыт бүгінде тағдырыма Төрайым!)
Бағынам деп уақытқа алды-артымды ойламай:
(Өткен өтті!)
Қиялмен Естелікке бойламай,
(Аллаға аян!)
Болашақ − бұлыңғырды болжаусыз,
Өмір кешіп жүр екем Осы шақта...
Ой, қалай?..
Гүлсара ШАЛҚАР
ҰЯҢДЫҚ
«Сезім жайлы неге өлең жазбайсыз?», −
деген сұраққа жауап.
Сезім жайлы сөйлемеймін,
Неліктен?
Сезім жайлы өлеңдерді кеміткем −
Сезім деген − жүректегі ерліктер.
Ерліктердің сөйлегенін көріп пе ең?
Сөйлесе егер,
Мақтаныш боп кетпей ме?
Мақтаншақтық − сатқын іс боп кетпей ме?
Сезім деген − адал болу сүйгенге.
Адалдықсыз ғашық жүрек көктей ме?
Көктесе егер,
Өзімшілдік құрбаны.
(Өзімшілдер кетер кейін мұң бағып)
Сөйлеу емес, сезінуді үйретер
Сезім деген − сүйіктіңнің зынданы.
Қамалса егер,
Тар кеудеге, қапасқа
Сүйген жүрек − сүйген адам...
(Нар қасқа!)
Гүл – Сән
Сезім деген − тулап жатқан толқын ғой,
Соғылатын кеуде деген жартасқа.
Соғылса егер,
Қайдан сыртқа атылсын?
(Сүйген жандар − ізгі жандар, батыр шын!)
Сезім деген − сөйлемейтін Үнсіздік
Ол қалайша арыстандай ақырсын?
Жүрек деген − бақыт атты зор-айна.
Жүрек деген − қайғы атты сор-айна.
Сезім жатыр жүректердің түбінде
Ең түбіне жету, айтшы, оңай ма?
Сезім жайлы сөйлемеймін,
Неліктен?
Сезім жайлы өлеңдерді кеміткем.
Сезім деген − көсілетін сөз емес,
Сезім деген − жасалынған ерліктер.
Сезім деген − жасалатын ерліктер!
Гүлсара ШАЛҚАР
ЖАУАПСЫЗ МАХАББАТ
(цикл-өлең)
І. ҚЫЗ СЕЗІМІ
Күндіз күлкісіз қалдым-ау,
Түнде ұйқысыз қалдым-ау.
…Мазасыз ойдың салмағы…
(Сен − Өлеңімнің ертеңі,
Сен − Өмірімнің желкені).
Оп-оңай ғана мен сені,
Ұмытам деп ем.
Болмады…
Елесің сенің жадымда,
Келеміз бірге адымдап.
…Тағдырдың тарам жолдары
(Жауапсыз сезім − келте бақ).
Қызғаныш оты өртеп ап,
Оп-оңай ғана ертең-ақ,
Жоғалтам деп ем.
Болмады...
Бір Өзің ғана сүйініш,
Бір Өзің ғана күйініш,
…Жазмыштың жазуы сол-дағы…
Гүл – Сән
Өлтірмес сірә, өгей-мұң,
Жұптасып мен де көрейін,
Біраз бақытқа бөлейін.
Басқаны деп ем.
Болмады…
Екі жарты жан − бір бүтін,
Бола алмаймыз. Бұл − үкім.
…Қауқары жоқ күш қолдағы…
Сиқырлы сезім сырларын,
Ғашық жүректе мұң барын,
Жазбаймын деп ем.
Болмады.
(Келіп тұр екен толғағы)…
Жауапсыз махаббатым-ай!...
Гүлсара ШАЛҚАР
ІІ. МЕН САҒАН ҒАШЫҚПЫН
Жауын тұр себелеп. Байқарсың.
Көз жасым – әр тамшы…
Мен саған ғашықпын, қалқам, шын.
Жалтақтап жан-жаққа алдан ба,
Ойпырмай, маған да
Көзіңнің қиығын салсаңшы,
Жүректі тербетер ән қалсын.
Жанымды түсінші…
«Бәрінде сыйғызар кең дала».
(Шығармын шын бәлкім мен бала),
Жақыным көп менің… Арман ба?
Жалғанда,
Көңілі кең адам мен ғана.
Тек мұны білмейтін сен ғана.
Анықтап қарашы…
«Гүлдерден сұлулық байқар жан»
(Апыр-ай, басқалар байқаған).
Өзіңсің − айтар ән.
Үзіліп,
Сызылып,
Сен үшін гүл болып жайқалам.
Гүл – Сән
Зер салшы,
«Бұл таулар − тәкәппар».
Өтірік!
(Шынымен отырмын өкініп).
Басқаға асқақпын…
Сенбегін, сен мейлі,
(Қолымнан келмейді).
Шіркін, бұл болса ғой өтірік,
Шіркін, бұл болса ғой өтірік…
Сөзімді тыңдашы…
«Бұл − бақыт шын емес».
Алдамшы өмірім бұл − егес.
Тірілер мекені − төркінім,
Өлілер өкілі −
Мен мынау шын елес.
Сыр емес.
Жүрекке үңілші,
«Тереңдік теңізде…»
(Кеттім-ау, теңеулер көп іздеп),
Сыр-сандық барлығын сақтаған,
Ал, айтшы, жақсы адам
Жүрегім теңізбен егіз бе?
Сен мені қияли дегізбе!
Мен саған ғашықпын, қалқам, шын.
Көзіңнің қиығын салсаңшы…
Гүлсара ШАЛҚАР
ІІІ. БАҚЫТ ҮШІН КҮРЕС
Менің бақытым − сен. Сенің бақытың − ол. Оның
бақыты − басқа жан. Әркім өз бақыты үшін күресуде.
Менің де бақытты болуға хақым бар.
...Мен сені ұнаттым,
Сен оны ұнаттың...
Жазықсыз Жүрегім жұбанбай жылап тұр.
Өзгені ойлайтын санаңа
Жетпейтін шығар-ау бірақ бұл.
Селк етсең,
Сенделген сезімге құлақ түр.
...Мен сені ойладым,
Сен оны ойладың...
Базына айтып тұр безеріп бойда Мұң.
Өмірлік сүйгісі келетін
Көңілге тосқауыл қоймадым.
Қызықсаң,
Жүрекке тереңдеп бойлағын.
...Мен сені сағындым,
Сен оны сағындың...
Жанымды қинайтын қызғаныш − Жалын тұр.
Жүректі қарыған Сезімнің
Отына өртенген шағым бұл.
Гүл – Сән
Аясаң,
Махаббат нұрына малындыр.
...Сен оған ғашықсың.
Мен саған ғашықпын...
Кеудемде ғаламат ғашықтық тасып тұр.
...Нәпсіге шекара қойылған.
Сезім мен Сезімді бөлетін қашық бұл.
Жолама,
Әрірек, қашық тұр...
Жанардан жылжитын жауын боп жастары
Неліктен мұңлы тек Махаббат аспаны?
...Мен сені сүйемін.
Сен оны сүйесің.
Сүйіктің сүйеді басқаны.
Қайтесің...
Менімен жаңа өмір бастағын.
Гүлсара ШАЛҚАР
ІV. ЖҮРЕКТІҢ ЕСІГІН ҚАҒА БЕРМЕ…
Жүректің есігін қаға берме!
Бәрібір, ашпаймын.
Құлыптаулы.
Сағыныш-моншақты таға берер
Өзімді үйрендім ұлықтауды.
(Көзсіз боп келіпті көңіл кеше,
Қайтара алады уақытты кім?)
Мен енді Өзіңсіз өмір кешем,
Мен енді Өзіңсіз бақыттымын!
Жазмышқа жазылған үкім ...(білем!)
Сөндірдім Сезімді алып-ұшқан.
Жолыңа қарайлай күтіп жүрер
Бағынғым келмейді Сағынышқа.
Жатыр ма бойыңда бұлқынып шер?
Ойлап ең сен мені жат емес деп.
Болмайсың жүректің тұрғыны сен,
Қателеспе!
Жүректің есігін қаға берме!
Көңілдің кілтімен құлыптаулы.
...Араға уақыт сап соға берер
Мен сені ұмытқанмын.
МАЗМҰНЫ Таразда тербелген ойлар.............................................3 Ұлт......................................................................................7 Ұлтшыл болу..................................................................9 Бақыттың көз жасы....................................................11 Мұқтаждық....................................................................14 Дұға..................................................................................15 Сынақ..............................................................................17 Тағдыр.............................................................................19 «Шалқар шабыт жүрегіме қонақ боп».................22 Өлеңім.............................................................................24 Қоғам...............................................................................26 Есеп беру сәтінде.........................................................27 Ақындық бағыт............................................................29 Айырмашылық.............................................................30 Әкесінің қызы..............................................................33 Жоғалту..........................................................................35 Байланыс........................................................................38 Сен айтқан сыр – мен жазған жыр........................41 Қарындасыңның хаты...............................................43 «Бақытты болғанымды қалап, Әпке»..................45 Досқа сыр.......................................................................46 Қырсық құрбыма.........................................................48 Білмеппін.......................................................................50 Балаша.............................................................................52 Жүрегім ауырғанда....................................................54 «Үнсіз ғана іштен тыну»...........................................56 Сәлемдеме.....................................................................58 Бұл өмір..........................................................................60 Тойтарыс........................................................................61 Соқпақ.............................................................................63 Көз жасы........................................................................65 Жұбату............................................................................74
Үміт..................................................................................76 Өзгеріс............................................................................78 Күрескер.........................................................................80 Бір адам бар..................................................................82 Байқадың ба?................................................................84 Шегініс............................................................................87 Сезім сатылары............................................................89 Түйін................................................................................92 Ұмыту қиын деуші еді...............................................94 Ұяңдық...........................................................................96 Жауапсыз махаббат....................................................98
Гүлсара ШАЛҚАР
Редакторы Алмагүл Ниязбекова
Қате түзеуші Назерке Кәкен
Көркемдеуші редакторы Айкерім Бақбергенқызы
Техникалық сарапшы Ержан Жамалбаев
ІSBN 978-601-03-0286-0
ИБ № 76
Басуға 15.10.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 80х100 1/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі “MM Academy”. Көлем 5,0 шартты баспа табақ.
Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс № 76
«ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру