Аудармалары. С.Маршактан
Сырбай Мәуленов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең жазу үлгісін дамытқан Сырбай Мәуленовтің шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қорына қосылған зор үлес болып саналады. Әр жайтқа, құбылысқа өз қатынасын, көзқарасын, сезімін, ойын лирикалық кейіпкер арқылы, көбіне өз атынан сөйлеп білдіретін ақын шығар...
ДОНКИХОТ
С.МАРШАКТАН
Жатар мезгіл. Көз ілмейміз сонда да
Кітап оқу қызық түнде – жатарда.
Дон Кихотты тұңғыш ашып толғана
Оныменен бір шығамыз сапарға.
Испан шаңын жел көтеріп қағады,
Естиміз біз жел диірменнің өр үнін.
Зырылдайды шыр айналып қалағы
Төбесінде салт атты сол серінің.
Суреттен білеміз біз ар жағын,
Қанатымен диірмен ойран салғанын.
Көреміз біз көк сүңгілі Дон Кихот
Қатты айқаста аттан ауып қалғанын.
Міне қайта ол келе жатыр тез ағып,
Кім ұшырар? Кімге ұрынар ол барып.
Соңғы сері, ұзын сирақ, өзі арық
Бізді ертіп шығар тұңғыш жолға алып.
Әр жүректен орын алып құрметті
Тозған сол том етті талай жұртты алаң.
Жалғыз өзі алып жатыр бір бетті
Найза ұстаған салт атты сол мұртты адам.
Оның даңқы ықыласпен оқылып,
Кең дүниеге жаяды еркін қанатын.
Жазған оны тар қапаста отырып,
Шал Сервантес әрі батыр, әрі ақын.
БҰРҚАСЫН
Жаяу боран бұрқасын
Иір жіпті кідірмей.
Үйір қардың ұлпасын
Аққудың ақ жүніндей.
Тоқымашы ежелден
Құйын, боран екеуің.
Оқалап бір безеңдер
Шыршалардың етегін.
Аяз ұста арқалы
Соқ дамылсыз бүгін де,
Қайың тағар алқаны
Жаңа жылдың түбінде!
КҮНДІЗГІ НӨСЕР
Көк аспанды сілкілеп,
Күн бұрқанды күркіреп.
Дүниені шайқаған,
Тынды да бір шу қайтадан.
Сәлден кейін сауылдап,
Ойнап жедел адымдап.
Жапырақтарды жайнатып,
Төбеде ат ойнатып,
Орындыққа, терекке,
Кеспектерге, шелекке
Шыны жаңбыр,
Тамды бір.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру