TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 1 том

Әзібаева Бақытжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 1 том

1 том Хикаялық дастандар. «Бабалар сөзі» сериясының алғашқы томына «Сыршы молда», «Ға-яр қатын», «Қисса Зейне Зайуб», «Жетім көдек», «Орқа—Күлше», «Қисса Таһир» атты хикаялық дастандар енді. МАЗМҰНЫ Бас редакция алқасынан ...................................................................5 Құрастырушыдан ............................................................................8 Қазақ дастандары

Астана

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Мағауин М.М.
Мәмбеев С.
Нұрпейісов Ә.К.
Рахмадиев Е.Р.

Сұлтанов Қ.С.
Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

БАС РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ АЛҚАСЫ

1 том

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Хикаялық дастандар

ББК 82.3 (2 қаз) Б12 «Мәдени Мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Тұрғанбаев А. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әзібаева Б. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Қирабаев С., Рақышева Ж. (жауапты шығарушы) Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындаған: Әзібаева Бақытжан, филология ғылымдарының докторы Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2004. Т. 1: Хикаялық дастандар.—2004.—360 бет, суретті.

ІSBN 9965-619-61-1 «Бабалар сөзі» сериясының алғашқы томына «Сыршы молда», «Ғаяр қатын», «Қисса Зейне Зайуб», «Жетім көдек», «Орқа—Күлше», «Қисса Таһир» атты хикаялық дастандар енді. Б 00(05)—04

ББК 82.3 (2 қаз)
ІSBN 9965-619-61-1 (т. 1)
© Әдебиет және өнер институты, 2004

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2004

Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті өзінің құнары мен көлемі
жөнінен әлемдік фольклор мұраларының арасында алдыңғы
қатарда тұр. Осынау мол рухани құндылықтарымыздың тарихи-
мәдени мәні мен көркемдік деңгейі жөнінде осыдан екі ғасырдай

бұрын бірқатар шетелдік ғалымдар оң пікір білдірсе, кейін орыс
фольклортанушылары мен отандық зерттеушілердің еңбектерінде
де жан-жақты, салиқалы да терең ой-тұжырымдар жасалып, жо-
ғарыдағы көзқарас ғылыми тұрғыда дәлелденді.

Қазақ фольклоры ғасырлар бойы ауыздан-ауызға тарап, халық
жадында сақтала келіп, тек ХІХ ғасырдың отызыншы жылда­
рынан ғана бастап қағазға түсіріліп, кітап болып жарияланып,
ғылыми қауымның назарына іліне бастады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында фольклорымыздың сан
алуан жанрды қамтитын таңдаулы нұсқалары, сондай-ақ шығыс
сюжеттері желісінде жырланған көптеген дастандар жеке-жеке
кітап болып басылып, мыңдаған данамен елге тарады.

Дегенмен, фольклорлық туындыларымыздың көбірек жария-
ланып, жүйелі зерттеле бастаған кезеңі—кеңестік дәуір. Осы
уақытта (1920-1991) қазақ фольклоры жанрлық жағынан сара­
ланып, олардың ең маңызды үлгілері әр түрлі хрестоматиялық

оқулықтар мен жинақтарға, сондай-ақ халық ауыз әдебиетінің
алғашқы сериялық басылымдарына енді.
Алайда, күні бүгінге дейін жарияланған фольклорлық жинақ-
тар халқымыздың көнеден келе жатқан қымбат та асыл мұрала-

рын түгелдей қамтыды деп ешкім де айта алмаса керек. Әрине,
мұның түрліше себептері болды.
Біріншіден, қоғамдық-идеологиялық мүдделерге сай келме­
гендіктен, бірқатар фольклорлық шығармалар зерттелмеді және

жарық көрмеді. Бұлардың арасында діни дастандар, мифтік

БАС РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫНАН

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

аңыздар, магиялық жанрдың көптеген үлгілері, тарихи жырлар,
тағы да басқа фольклорлық мәтіндер бар.
Екіншіден, фольклорлық туындылардың табиғаты ескерілмей,
оларға жазба әдебиет шығармаларына қолданылатын талаптар

қойылып, сол өлшеммен баға берілді. Осының нәтижесінде, кей­
бір фольклорлық шығармалардың эстетикалық құндылығы ша­
малы, көркемдігі төмен деген қорытынды жасалып, олар ғылыми
айналымнан мүлде шығарылып тасталды.

Үшіншіден, жарияланған мәтіндердің көбісі саяси-идеология-
лық, қатаң цензуралық бақылаудың салдарынан әдейі жасалған
қасақана мәтіндік қысқарту мен редакциялық түзетуге ұшырады.
Бірсыпыра фольклорлық шығармалардың мәтіндері ішінара бұр-

маланса, кейбіреулерінің сөздері, тіпті, тұтас сөйлемдері мен шу-
мақтары ауыстырылып, өрескел өзгертулермен жарыққа шықты.
Баспа редакторлары, әдетте, мәтіндерге көркем өңдеулер де жасап
отырған.

Айтылған олқылықтардың орнын толтыру үшін М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты Қазақстан Республика-
сының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Мәде-
ни мұра» бағдарламасы шеңберінде орындалатын «Бабалар сөзі»

атты ғылыми басылымды дайындауды және шығаруды қолға
алды.
Басылымның басты мақсаты—халықтың рухани мұрасын
сол күйінде өзіне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материал-

дарды түгел жарыққа шығару. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін: 1) Қолжазба қорларында сақталған барлық фольклорлық мә-

тіндерді жариялау. Оның құрамында: а) Қазан төңкерісіне дейін
кітап болып басылған шығармалар; ә) қолжазба күйінде жеткен
материалдар; б) кеңес дәуірінде саяси-идеологиялық бақылауға
алынып, «цензура сүзгісімен» жарияланған мәтіндер; в) әр түрлі

себептермен жариялануға тыйым салынып, осы күнге дейін ғылы-
ми айналымға түспеген шығармалар бар;

2) Фольклорлық шығармалардың мәтіні бүгінге қандай күйде

жетсе, оларды сол бастапқы қалпында жариялау. Демек, ешқан-
дай редакторлық өңдеуге жол берілмейді.
«Бабалар сөзі» сериясы—ғылыми басылым. Оның негізгі прин-
ципі—шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыс-

тыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен жанрлық
белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді таңдап, оқырманға

БАС РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫНАН ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше варианттары жариялана­ ды. Ол варианттар бір томда жинақталмаса, ғылыми жұмыстардың барысына қарай кейінгі томдарда басылады. Аталмыш серияның томдары жанр бойынша топтастырылады. Белгілі бір жанрға жататын шығармалар бір томнан асып жатқан жағдайда олар бірін-бірі жалғастырып отыратын бірнеше томға жинақталады. Бірнеше том құрайтын тізбектің алғашқы томы жарияланып отырған шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін сипаттайтын кіріспе мақаламен, ал әрбір том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелерді және олардың табылған вариантта­ ры жөнінде мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ, бұған сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кіреді. «Бабалар сөзі» атты бұл көптомдық серия қазақ халқының аса бай, әрі көп жанрлы рухани мұрасының барлық үлгілерін түгелге жуық қамтиды. Осыншама мол материал әрқайсысының көлемі— 21 баспа табақ мөлшерден тұратын 100 томға енеді. Аталған басылымның жарық көруі—қазақ халқының өткен өмірі мен рухани мәдениетінің тарихын әділетті де жан-жақты бағалауға мол мүмкіндік туғызады. Осы уақытқа шейін халық шығармашылығының барлық жанрларын қамтитын тұтас серия ешбір халықтың мәдени тари­ хында болған емес. Әдетте, түрлі халықтардың ауыз әдебиетіндегі сериялар жеке жанрларға тиесілі шығармаларды жариялаумен шектеледі: бұл көбінесе, ертегілер немесе эпикалық шығармалар және т.с.с. Сондықтан, «Бабалар сөзі» сериясы түркі халықтары арасында ғана емес, әлемдік фольклор тарихындағы осы мақсатқа арналған алғашқы талпыныстың бірі болмақшы. Ұлттық мәдениетіміздің тарихын қайта жаңғыртумен қатар, бұл серия әр түрлі саладағы мамандардың назарына ілігері сөзсіз (фольклортанушылар, тарихшылар, этнографтар, философтар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, әлеуметтанушылар, тіл­ шілер, т.б.), сондай-ақ ол төлтума қазақ мәдениетінің әлемдік ру­ хани-интеллектуалдық, ғылыми үрдіспен байланысын дамытуға көмектеспек.

Кеңестік дәуірге дейін қазақ фольклорының мәтіндері, негізі­
нен, араб әрпінде басылғаны белгілі. Ал, араб жазуында дауысты
дыбыстардың жасырын тұратыны, бас әріптің болмайтындығы,
тыныс белгілерінің қойылмайтындығы мәтіндерді дұрыс оқуға

едәуір қолбайлау болады. Сонымен қатар қазақ және араб тіл­
дері әр түрлі тілдік жүйеге жататындықтан, араб әліпбиі тілі­
міздегі төл дыбыстарды таңбалауға да, оның өзіндік ерекше­
ліктерін байқатуға да дәрменсіз. Сондай-ақ, ХІХ ғасырда араб

жазуын пайдаланудың жалпыға ортақ ережелерінің болмауы
да өз әсерін тигізбей қалмады. Сондықтан томдарды дайындау
барысында қолжазбаларды дұрыс оқу үшін мәтіндерге мұқият
талдаулар мен сараптау жұмыстары жүргізілді.

Бұған қоса, төңкеріске дейінгі кезеңдегі халық әдебиеті
үлгілерін жинап көшірушілер және кітап етіп шығарушылар
татар медреселерінде білім алды. Қазақ кітаптарының басым
көпшілігі Қазанда жарық көрді. Сондықтан болар, қазан төң-

керісіне дейін жарық көрген мәтіндерде кейбір қазақ сөздерінің
өзгертіліп, татар тілінің жазу қағидалары бойынша жазылып
кеткенін көруге болады.
Сондай-ақ, дастандарда араб, парсы тілдерінен әлдеқашан

еніп, төл сөздерімізге айналған көптеген сөздер түпнұсқасы
бойынша, мысалы: нәр—наһар, ақыл—ғақыл, өнер—һөнер,
перзент—фарзант, т.б. болып жазылған.
Мұндай жағдайдың бәрінде де, көбіне, қазақ тілінің қалып-

тасқан жазу нормаларын сақтауға тырыстық. Сонымен бірге
кейбір жағдайларда жыр ұйқасын бұзбау үшін түпнұсқалық
формалар сақталды. Ал көне түркі сөздеріне келсек, бұл топтағы
сөздер қолжазбадағы жазылуы бойынша берілді. Мысалы:

қара-сәна; білән, бірлән; ерүшті; андан соң, андан; жылағаш,

ҚҰРАСТЫРУШЫДАН

ҚҰРАСТЫРУШЫДАН

біткеш; болұр; берлесе; түрлік-түрлік; инану; тіріклік; деплер,
дейлер, дерлер, жіберділер, тастадылар, келерлер; өлтіретұр-
ған; болғандан соң, ішкенден соң, т.б.
Кейбір шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтардың

түсіп қалу фактілері кездеседі. Мұндай жағдайда қажетті сөздер
жақшаға алынып беріледі: [деп], [деді], т.б.
Аталған серия фольклорымыздың алтын қорындағы маңыз-
ды саласы болып табылатын дастандық эпостың бір тармағы—

тақырыптық, сюжеттік ауқымы өте кең хикаялық дастандар­
дан басталады. Олар сегіз том құрайды.
Серияның алғашқы томына енген дастандар: «Сыршы мол­
да», «Ғаяр қатын», «Қисса Зейне Зайуб», «Жетім көдек», «Ор-

қа—Күлше», «Қисса Таһир».
Бұл шығармалардың сюжеттері өте көне, мысалы, «Ғаяр қа-
тын» дастанының сюжеті б.д.д. І ғасырда қағазға түсірілген, ал
«Сыршы молданың» сюжеті біздің дәуіріміздің V-VІ ғасырла-

рында құрастырылған «Шукасаптати» кітабынан белгілі.
«Ғаяр қатын» дастанынан басқа, томға енгізіліп отырған шы-
ғармалар кирилл әрпінде алғаш рет баспаға ұсынылып отыр.
Томның көлемі—22,5 б.т.

Қазақ фольклорының құрамында жалпы мазмұны мен
көркемдігі, кейіпкерлері мен сюжеттік құрылымы жағынан
дәстүрлі ұлттық эпостан бөлек, ерекше болып келетін және сан
жағынан да үлкен бір топ құрайтын шығармалар бар. Олардың

атауы—дастандар. Әдетте, дастандарды біз шығыстан келген
дүниелер деп есептейміз. Солай екені даусыз. Алайда, бұл жағ-
дайды тек бір елдің екіншіге әсері ғана деп түсінуге болмайды.
Мәселенің түбірі тереңіректе. Біріншіден, қазақ халқы ешқашан

томаға-тұйық ғұмыр кешкен емес. Ол да шығыс халықтарының
бірі ретінде, тіпті солардың біразымен туыстас болғандықтан
да, бүкіл шығыс мәдениетіне ортақтас мұрагер, сол мәдениетті
жасаушылардың бірі. Демек, бұл жерде «шығыстың әсері» де­

ген сөз—белгілі дәрежеде шартты ұғым. Екіншіден, кейінгі
замандарда бөлектеніп кеткен шығыс халықтары әр түрлі сая­
си, мәдени, қоғамдық жағдайда болды да, олардың әдебиеті мен
фольклоры өзіндік сипат алды. Міне, осы тұста қазақ мәдениеті

шығыстың көне заманғы және орта ғасырдағы мәдениетінен бас-
қаша түрде дамыды. Ал, жаңа заманда қазақ халқы өзінің төл
мәдениетімен қатар шығыстың фольклоры мен әдебиетін де
жатсынған жоқ, кәдесіне жаратты. Мұны сол кездегі қазақ қо-

ғамының болмысы мен рухани сұранысы қажет еткен еді.
Дастан—көптеген Шығыс пен Оңтүстік Азия елдеріне
ортақ фольклорлық әрі әдеби жанр. Кейбір елдердің, айталық,
Иран, Үнді, Пәкістан, Орта Азия мен Кавказ жұртының ерте

замандардағы фольклорында, сондай-ақ орта ғасырлардағы
классикалық әдебиетінде дастан деп қаһармандық және ға-
шықтық мазмұндағы ірі шығармаларды, тіпті Фердаусидің
«Шаһнамасындағы» жекелеген көлемді бөлімдерін де атаған.

Сонымен бірге дастанға ауызша туып, ауызша тараған эпикалық

ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ

ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ туындыларды да және «Сейфүлмәлік» тектес ғажайып сипаттағы шығармаларды да жатқызған. Қазақ даласына дастан ерте кезден-ақ, сонау Дешті Қыпшақ заманында, парсы әдебиеті мен фольклорының үлгілерімен бірге келген деп саналады. Парсы дастаны көп жағдайда тек қана қара сөз немесе тек өлең түрінде баяндалған. Ал, қазақ дастаны, негізінен, жыр үлгісінде, ішінара қара сөз араласқан түрде, міндетті түрде әндете, домбыраның сүйемелдеуімен орындалған. Рас, ХІХ ғасырдың соңында жарық көрген дастандарды ел арасындағы сауатты адамдар домбырасыз, бірақ әуенмен оқитын болған. Бұл машық ХХ жүзжылдықтың екінші жартысына дейін жалғасты. Басқа халықтардағыдай қазақ дастаны да фольклорға, кейде кітаби шығармаға негізделген. Сонымен қатар қазақ дастаны та­ рихи оқиғалар бойынша да туындаған. Бұл жерде баса көңіл ауда­ рып айтатын нәрсе—қазақ дастанының таза фольклорлық жанр екендігі. Ол мейлі шығыстың сюжеті бойынша болсын, мейлі ұлы бір ақын туындысының сарынымен болсын, мейлі қазақтың төл фольклорына негізделсін, бәрібір ауызша туып, ауызша орындалған, соның нәтижесінде ұлттық фольклорымыздың көптеген ықпал-әсерін, элементтері мен түр-сипатын бойына сіңірген. Сөйтіп, ол қазақ фольклорының дәстүріне сәйкес ғұмыр кешкен. Оның үстіне, қазақтың ежелден келе жатқан жазба әдебиетінде дастан жанры қандай түрде болса да, тіпті фольклордағы үлгіде болсын, немесе шығыс дастанының түрінде болсын, толыққанды қалыптасқан жоқ, тек ХХ ғасырдың бірінші жартысында жекелеген әуесқой ақындар кейбір төл ертегілерді дастанға айналдыруға тырысты және жазба әдебиеттегі «Сұлушаш», «Қамар сұлу» секілді поэмаларға еліктеп, әлеуметтік-таптық сипаттағы дастандарды жазуға ұмтылды. Алайда, бұлардың бәрі фольклорлық дәстүрдің аясынан аса алмады және ел арасына да ескі эпостай кең тараған жоқ. Солай бола тұрса да, оларды фольклорлық дастан жанрының ХХ ғасырдағы жағдайын көрсететін дүниелер деп қарауға болады. Дастанның басқа фольклорлық жанрлардан басты ерекше­ ліктері мыналар деуге болады: көлемінің өте үлкендігі, компо­ зициясы мен мазмұнының күрделілігі, бір шығармада бірнеше жанрдың тоғысуы, оқиғалардың тым ғажайыпты әрі шым-шытырық болуы, бас кейіпкердің шамадан тыс романтикалық немесе қаһармандық сипаты, т.б. Шығыстық қазақ дастандарын ұлт-

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

тық төл фольклордан оқшауландырып тұратын тағы бірнеше
белгілер бар. Егер дәстүрлі қазақ фольклорында оқиға көбінесе
сайын далада, тау ішінде, қалың қамыста, яғни ашық табиғат
аясында өтсе, дастанда оқиға көбінесе шаһарда, патшаның сарай-

ында, немесе қала базарында, яғни феодалды мемлекет ішінде
өтеді. Рас, қаһармандық іс-әрекеттер кей-кейде далада орында­
лады, бірақ соның өзінде олар мемлекет территориясында неме­
се шаһар сыртында болады. Бас кейіпкерлердің сапары теңізде

кемемен жүзуі, я болмаса басқа бір аралға тап болуы, яки бөтен
қалаға келуі түрінде көрінеді. Сондай-ақ, кейіпкерлердің басы­
нан кешкен оқиғалары да айрықша: олар диюлар мен жындар
патшалығында, маймылдар мен зеңгілер тұратын жерлерде, не-

ше түрлі мақұлықтар мекенінде, т.б. фантастикалық жерлер­
де өтеді. Тіпті қаһармандардың жекпе-жегі де, қалың қолдың
соғысы да майдан алаңында болады, кейіпкерлерді жазалау қала
ішінде, арнайы алаңда, яки ел көп жиылатын базарда жүзеге

асады, т.т.
Дастандар өзінің көркемдігі мен бейнелілігі жағынан бір табан
жазба әдебиетке жақын. Бұларда кейіпкерлерді суреттеу, оларға
мінездеме беру, кей-кейде кейіпкерлердің ішкі сезімдерін көрсе-

ту бар және олар біршама әдебиленіп, көркемделіп баяндалады.
Көбінесе, бас қаһарманды, оның ата-анасын, шыққан тегін, ме­
кен-тұрағын нақтылап айтуға көңіл бөлінеді. Бұл дастандардың
құрылымдары да, тілі де, көркемдік-бейнелеу құралдары да

дәстүрлі фольклордікінен гөрі ерекшеленіп тұрады. Мәселен,
ежелден келе жатқан эпоста қыздың әдемілігін сипаттау үшін
дала өсімдіктері мен жануарлар дүниесі пайдаланылса, дастан­
дарда қала тұрғыны өсіретін гүлдер мен алуан түрлі қымбат тас-

тар қолданылады (Рас, бірте-бірте бұл образдар біздің дәстүрлі
фольклорымызға да енген).
Дастандардағы кейіпкерлер құрамы да біздің төл фольк-
лорымыздағыдан гөрі өзгешелеу, бірақ мүлде басқа емес. Әдетте,

басты кейіпкерлер болып патша, уәзір, олардың балалары, сон­
дай-ақ дін адамдары, саудагерлер жүреді. Ал, діни дастандарда
пайғамбарлар мен халифтер, сахабалар—басты кейіпкерлер.
Сондай-ақ, діни дастандардағы дұшпандар, негізінен, исламға

қарсы елдер. Ал, дастанның басқа түрлерінде дұшпандар болып
көрінетіндер—дию мен перілер, әр түрлі мақұлықтар мен мифо-
логиялық кейіпкерлер және бөтен бір патшалықтың кісілері.

ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ

Алайда, осыншама өзіндік белгілері бола тұра дастандар таза
қазақ ұғымында жырланған. Жыршылар шығыстық ауанды
сақтай отырып, дастандарға қазақ рухын сіңірген, оларды ұлттық
сөз өнері етіп жіберген. Мұны дастандардың композициясынан,

поэтикасынан, тілінен, өлең түрінен, сөз орамдарынан, соны­
мен қатар мәтінге кіріккен қазақтың этикалық, эстетикалық
ұғымдарынан, т.б. сипаттарынан көреміз.
Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларына қарағанда

дастандардың бейнелейтін болмысы да, суреттейтін кеңістігі мен
мезгілі де, баяндайтын тәсілі де басқаша. Ондағы география да,
мекендер де, кейіпкерлер де, олардың іс-әрекеттері де өзгеше.
Рас, барлық көркем шығармадағыдай, дастандарда да басты на­

зарда—негізгі кейіпкерлердің тағдыр-талайы, олардың басынан
кешкендері, басқа адамдармен қарым-қатынасы. Солай бола
тұрса да, дастандарда бас кейіпкердің қаһармандық жойқын ер­
ліктерінен гөрі оның қайғысы, уайымы, сүйгеніне қосылу немесе

мақсатына жету жолында көрген тауқыметіне көп көңіл бөліне-
ді, оның адами мінез-құлқына, пейілі мен ниетіне, ақылы мен па­
расатына мән беріледі. Осы тұрғыдан келіп, дастандар өзінің бас
қаһарманына тән ізгі қасиеттермен қоса оның қарсыластарының

зымияндық пиғылы мен мінез-құлқын да ашып көрсетеді.
Соның нәтижесінде жалпы адам табиғатындағы екіжүзділік,
сатқындық, дүниеқоңыздық, қатыгездік, билікке құмарлық,
аярлық сияқты жағымсыз мінез бен пиғылдар байырғы қазақ

эпосына қарағанда көбірек, кеңірек ашылады. Мұның өзі дастан
жанрының жазба әдебиетке жақын екенін тағы да бір айғақтаса
керек.
Дастандардың тілі орта ғасырлық түркіге жақын болып ке­

леді. Мәтіннің ішінде ежелгі түркі сөздері де, араб пен парсы
лексикасы да жиі ұшырасып отырады. Исламға қатысты ұғым-
түсініктер түркілердің көне заманғы наным-сенімдерімен арала­
сып, сіңісіп кеткен, сондықтан бір дастанда әр тарихи дәуірдің

ұғымдары мен пайымдары қатар жүреді.
Қазақтың төл фольклорына қарағанда дастандарда түс көру
мотиві жиі қолданылады. Бұл мотив дастанның барлық түрінде,
әсіресе, хикаялық және ғашықтық дастандарда көбірек кездесе­

ді. Оларда түс көру мотиві кей-кейде бүкіл шығарманың негізі
болып, бас кейіпкер сол түсті жүзеге асыру үшін әрекеттенеді.
Жалпы, түс көру мотиві бүкіл әлем халықтарының фольклоры­

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

на тән және оның атқаратын қызметі әр қилы: алдағыны болжау,
кейіпкерді сақтандыру, кейіпкерге көмек беру, адамдарды бел­
гілі бір іс-әрекетке шақыру, т.т. Бұл мотив қазақ фольклорына
да жат емес. Алайда, шығыстық сюжетке құрылған дастандарға

қарағанда, қазақ фольклорындағы түс көрудің функциясы,
көбінесе, алдағыны болжау мен кейіпкерді сақтандыру болып
келеді.
Дастанда басты оқиғалар көбінесе шаһарларда, немесе оның

сыртында, жанында өтеді дедік. Ал, дастанның бас қаһарманы
сырты қоршалған, есігі күзетілген әдемі бақ ішінде тұрады.
Өзінің қарсыластарымен де көп жағдайда осы бақтың ішінде
кездесіп, соғысады, немесе сүйіктісімен жолығып, рахат сезімі­

не бөленеді. Бір қызығы—дұшпандардың да мекен-тұрағы қала,
саябақ болып келеді. Рас, кейбір тұстарда бас кейіпкердің нақ
сүйерін ұрлап әкететін дию қалада да, тау ішінде де, жер астын­
да да мекендейді, бірақ оның батырмен шайқасы қалада, кейде

алаңда өтеді. Батырлар соғысатын шаһардың, бақтың өзі дастан­
да көркем суреттеледі. Дастанды айтушылар қиял арқасында
қаланы, бау-шарбақты жұмақ тәрізді етіп бейнелейді. Бұл жер­
де, сөз жоқ, қарапайым халықтың жұмақ туралы, ешбір бейне­

ті жоқ, рахатқа толы пейіштегі өмір жайындағы арман-аңсары
көрініс тапқан деуге болады.
Дастандардағы оқиғалар алыста, қазақ жұртына таңсық ел-
дерде, Мысыр, Шын Машын, Бағдат, Шам сияқты қалаларда,

мемлекеттерде өтеді. Кейіпкерлер де қазақ баласы емес. Олар—
жырақта жатқан, бөгде халықтардың перзенттері. Бірақ бәрі
мұсылман болып келеді. Кейіпкерлердің ата-аналары да—қазақ-
тың байы да, ханы да емес, қазақ көріп-білмеген, тек қисса-дас-

тандардан ғана естіген ғажайып елдердің патшалары, әмірлері,
уәзірлері. Бұл ғана емес, дастандағы география да, жануарлар
да, өсімдіктер де басқа.
Соған қарамастан, дастандар ел арасына кең тарап, қазақтың

төл туындысы ретінде қабылданған, өйткені олар қазақ фольк-
лорының көп сипатын алып, ұлттық фольклордың дәстүріне сәй-
кес өзгерген, жырланған, сөйтіп өзіміздің шығармаға айналған.
Бұл процесте қазақ ақындары мен жыршыларының еңбегі зор

екенін айту қажет. Олар шығыстан келген дастандардың сю­
жетін сақтай отырып, өз жанынан қазақ жұртына етене таныс
батырлық пен ғашықтық жырлардан, ертегілерден жекелеген

ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ

мотивтер мен эпизодтарды, халықтың тұрмыс-салтына байла­
нысты дүниелерді енгізіп отырған, сөйтіп шығыстық туындыға
қазақи колорит берген. Әрине, дастан жанрын орнықтыруда
ақындар мен жыршылар мұнымен ғана шектелмеген. Олар

өзіміздің өмірімізден, фольклордан алған сюжеттер бойынша
дастан үлгісіндегі өзіндік шығармалар туғызған, олар ел арасы­
на тарап, таза фольклорлық сипат алған. Осының нәтижесінде
қазақ дастандары бірнеше түрде болған.

Қазақ фольклорының құрамындағы дастандар үлкен екі
топқа бөлінеді. Бірінші топқа шығыс елдерінен келген сюжет­
терге құрылған шығармалар жатады. Екінші топты қазақтың өз
жерінде пайда болған сюжеттер бойынша шығарылған дастан­

дар құрайды. Бұл екі топтың әрқайсысы іштей өзіндік түрлерге
бөлінеді. Мәселен, шығыстық сюжетке құрылған дастандарды
хикаялық, ғашықтық, діни, қаһармандық деп, ал қазақтың өз сю­
жетіне дастан үлгісінде жырланған шығармаларды әлеуметтік-

сүйіспеншілік және ертегілік дастандар деп топтауға болады.
Әрине, бұл топтаудың өзі белгілі дәрежеде шартты, өйткені
аталған түрлердің ешқайсысы саф таза күйінде кездеспейді, әсі-
ресе шығыстық дастандар көп жағдайда бір-біріне ұқсас болып

келеді. Оларды көбіне кейіпкер мен сюжеттің тақырыбы жә-
не кейбір өзіндік эпизодтары мен мотивтері бойынша даралау-
ға тура келеді. Жалпы, бүкіл фольклорлық жанрлардың таза
күйінде болмайтынын ескерсек, бұл таңғаларлық жайт емес.

Керісінше, бұны фольклордың заңдылығы десе де болады. Қазақ-
тың топырағынан өнген дастандарда да мұндай жағдай біршама
байқалады, бірақ бұларда ежелгі халық эпосының поэтикасы
молырақ пайдаланылған және бұл дастандар ұлттық жазба әде-

биетінің әсерінен тыс қалмаған.
Дастан жанрының түрлері бір-бірімен тығыз байланысты бо­
лады дедік, олардың қайсысын болса да таза бір жанрға жатқызу
қиын. Айталық, ғашықтық пен діни дастандарда қаһармандық

іс-әрекеттер аз емес, бірақ шығарманың мазмұны мен сюжеті,
кейіпкердің алдына қойған мақсаты мен тағдыры, қимылы, оның
жанрлық белгісін анықтауға негіз болады. Сол сияқты, хикаялық
пен ертегілік дастандар да оқиғалар тізбегімен, кейіпкерлердің

басынан кешкен жайттарымен өзара ұқсас болып келеді. Бұл
жағдайда да ертегіге не тән, хикаяға не тән, олардың басты сипа­
ты не екендігіне мән беріледі.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қазақ дастандары сюжеттік негізі мен құрамы жағынан да әр
алуан. Мұнда ежелгі шығыс елдерінде айтылып жүрген авторы
жоқ хикаяттар және атақты классиктердің шығармаларының
жекелеген тараулары мен сюжеттері, сондай-ақ жергілікті ескі

қазақ аңыздары мен әпсана-ертегілері, шығыс пен қазақ сарын-
дарының қосынды түріндегі шығармалары да кездеседі. Бұл
қатарға тағы да Құраннан алынған сюжеттер бойынша және
қазақ өмірінде болған оқиғаларға негізделген дастандарды да

жатқызуға болады. Олардың бәріне ортақ белгілерімен қатар әр-
қайсысының өзіне тән ерекшеліктері де жоқ емес.
Ғашықтық дастандардың мазмұны, әдетте, біртектес болып
келеді. Оларда бірін-бірі сүйетін екі жастың қайғылы тағдыры

баяндалады. Мұндай тақырып қазақтың өзінің махаббат тура­
лы жырларында да әңгімеленеді. Бірақ дастанның сюжеті мен
құрылысы, поэтикасы басқаша. Дастанда кейіпкерлер бір-бірін
түсінде көріп, ғашық болады, кейде бір-бірі жайында біреуден

естіп, я болмаса суреттерін көріп, махаббат сезімі оянады да, жі­
гіт сұлу қызды іздеуге шығады, бірақ бірден сапар шекпейді. Ол
ғашық дертіне ұшырап, сырқаттанады, немесе дүниені тәрк етіп,
тентіреп кетеді, я болмаса қызды тағы да түсінде көргенше, тосып

жүреді. Кей жағдайда ол өзінің махаббат отына өртеніп жүргенін
көп уақытқа дейін жасырып жүреді, ата-анасына да айтпайды.
Баласының сағыныштан сарғайып жүрген түрін көріп, әке-ше­
шесі неше түрлі ем қолданады, әр алуан балгерлерді шақырады.

Содан кейін ғана кейіпкердің не себепті ауырғаны ашылып, ата-
анасы оған жолға шығуға рұқсат береді.
Дастанда бас кейіпкердің сапарға дайындалуы кең баяндала-
ды. Ол Қозы мен Төлегендей қызды жалғыз іздеп шықпайды.

Оның қасында ондаған, жүздеген нөкерлері және міндетті түрде
өзімен бір күнде туған сенімді досы болады. Осы досы оның бар-
лық тауқыметін бірге көріп, көп жағдайда оны қиын жағдай-
лардан құтқарады. Досы оған әрі ақылшы, әрі көмекші, әрі қыз-

метші ролін атқарады.
Дастандағы ғашық қызды іздеген жігіттің жол сапары да
өзгеше. Ол тұлпар таңдамайды, атпен шөлден өтіп, дала кезбей­
ді. Дастанның кейіпкері жүздеген қызметші алып, бірнеше кеме­

ге мінеді, теңізде жүзіп, басқа қалаларға, аралдарға тап болады.
Сапар барысында ол қилы-қилы оқиғаларды бастан кешіреді.
Кемелері апатқа ұшырап, қасындағы серіктері түгел опат бола­

ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ

ды да, бас кейіпкер жалғыз қалады (Досы басқа жерде қалып,
артынан оны тауып алады). Кейбірде қасында аз ғана нөкері тірі
қалып, төресінің тағдырын бөліседі, олар оны аман-есен іздеген
шаһарына жеткізеді. Сол шаһарда неше түрлі айла-әрекетпен тө-

ресін қызға жолықтырады.
Дастандағы бұл жігіт қазақ эпосындағы жігіттерден басқа мі­
нез көрсетеді. Ол Қозыдай, Төлегендей саяқ жүрген, өзіне ғана
сенген азамат емес. Барлық іс-әрекетті нөкерлерімен бірге атқа-

рады, немесе өзі Құдайға сиынып, мінәжат етіп, Құдайдың, пір-
лердің көмегі арқылы қиындықты жеңеді. Сонымен қатар қызға
жолыққанда да ол өзгеше көрінеді. Қызға өзінің көрген жол аза­
бын айтып, мұңын шағады, тіпті көзіне жас та алады.

Ғашықтық дастандардың мазмұны осымен ғана аяқталып
қоймайды. Қызды тауып, уағдаласқаннан кейін дастанға тағы
бір шытырман сюжет қосылады. Әр түрлі себептермен жігіт
қыздан айырылып қалады, немесе қыз ғайып болып кетеді, т.т.

Осыдан былай қарай жаңа оқиғалар тізбегі басталып, дастанның
құрылымы күрделене түседі. Мұндай жалғасудан пайда болған
қосымша сюжетте кейде кейіпкер екінші әйел іздеп, сапар ше­
геді.

Ал, қаһармандық дастандар шығу мезгілі жағынан ежел­
гі батырлық эпостан кеш пайда болған. Бұл жанр дастанның
кейбір түрлерінен де кенже тәрізді. Егер ғашықтық және хи-
каялық дастандар орта ғасырдың ерте тұсына сәйкес келсе, қа-

һармандық дастан орта ғасырдың соңында қалыптасқан болу
керек. Бірақ соған қарамастан бұл дастанда көне сюжеттер
мен кейінгі заман мотивтері аралас жүреді. Сол себепті кейбір
шығармаларды нақты қаһармандық дастанға жатқызу қиын.

Бұларда батырлардың ерлігі мен басқа да іс-әрекеттері кей­
де діни, кейде жаудан кек қайтару, кейде сүйген жарын азат
ету түрінде болып келеді. Демек, қаһармандық дастан таза ба-
тырлық сипатта болмайды. Мұнда кейіпкердің ерлігінен гөрі

басынан кешкендері көбірек әңгімеленіп, оның қаһармандығы
елге шапқан жаумен шайқаста емес, оған кездейсоқ кездескен
қауіпті жандарды, немесе айдаһар, дию, дәу сияқты мақұлық-
құбыжықтарды өлтірген тұста көрінеді. Осы жағынан алғанда

бұл дастандар классикалық батырлар жырына емес, батырлық
ертегілерге ұқсайды. Мұны кейіпкердің іс-әрекетінен ғана емес,
дастандардың сюжетінен де байқауға болады: олардың сюжеті,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

негізінен, ертегілік болып келеді. Сондықтан қаһармандық дас-
танды кейбір зерттеушілер жеке дараламайды, оны новеллалық
немесе ертегілік дастанға жатқызады, я болмаса діни дастандар
құрамына енгізеді, өйткені ондағы батырлар кейде исламның

атақты қайраткерлері болып келеді. Алайда, соған қарамастан
дастанның бұл түрін қаһармандық деп бөліп алуға болады, се­
бебі оның баяндалуы, жалпы поэтикалық болмысы батырлық
эпостың табиғатына жақын.

Кеңес өкіметі тұсында тыйым салынып, жарияланбай да,
зерттелмей де қалған мол дүниенің бірі—діни дастандар. Бұл
шығармалардың мазмұны мен тақырыбы ислам дініне, оның
пайғамбарлары мен сахабаларына арналған, ал күллі поэтика­

сы, кейіпкерді бейнелеу тәсілдері, сюжеттік құрылымы—бәрі
дәстүрлі эпостың және дастанның аясында, солардың шарты­
на сәйкес. Діни дастандар қазақ арасына, әсіресе, ХІХ ғасырда
өте кең тараған («Қисса әнхәзрет-и Расулның Миғражға қонақ

болғаны», «Һаза кітап Мұхаммед-Ханафия», «Қисса Зарқұм»,
«Әбушаһма», «Қисса Салсал», «Қисса Сейітбаттал», т.б.).
Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады: а) таза дінді уағыз дай­
тын дастандар; ә) мұсылман пайғамбарлары мен әулиелерінің

өмірін, кейбір кезеңдерін баяндайтын туындылар. Бірін­
ші топтағысы—көркемдігі жоғары, сюжеті қызғылықты, эс-
тетикалық әрі эмоциялық әсері күшті шығармалар. Ал, екінші
топтағылары, негізінен, ғұмырнамалық, бірақ соның өзінде де

фольклор поэтикасын жақсы пайдаланған, көркем қиялды да
ұтымды қолданған.
Жалпы, діни дастандардың басты мақсаты—исламды уағыз-
дау әрі мұсылмандық өмір салтын орнықтыру. Осы тұрғыдан

алғанда, оларды былайша топтауға болады: 1) исламның ере­
кше шарттары мен тыйымдарын және оларды бұзғаны үшін
қолданатын жазаларын баяндайтын дастандар; 2) исламның ба­
тырлары туралы, олардың мұсылман дінін тарату жолындағы

ерлік істерін көрсететін шығармалар; 3) Мұхаммед пайғамбар-
дың, одан кейін төрт халифтің исламды орнықтырудағы іс-
әрекеттерін суреттейтін туындылар.
Шығыстық сюжеттегі дастандармен қатарласа туған қазақ-

тың әлеуметтік-сүйіспеншілік және ертегілік дастандары
жеке бір топ құрайды. Олар өзіміздегі ежелгі сюжеттерді, ді-
ни-кітаби хикаяттарды пайдаланумен қатар өмірде болған оқи-

ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ

ғаларды да жырлайды. Әсіресе, XVІІІ-XІX ғасырларда қазақ
даласының әр түкпірінде орын алған тарихи оқиғалар мен
әлеуметтік-сүйіспеншілік мәселелер дастан мазмұнына айна-
лады да, ондай шығармаларда махаббат қана емес, тарихи және

әлеуметтік сарындар пайда болады. Мұндай дастандардың қата-
рына «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан»,
«Ақбөпе-Сауытбек» сияқты шығармаларды жатқызуға бола­
ды. Бұлардың біразының авторы болған, бірақ сол авторлық

дүниелер ел арасына тарап, бірте-бірте фольклорлық сипат қа-
былдаған. Соның нәтижесінде олардың халықтық варианттары
пайда болған. Сондай шығармалардың ішінде, әсіресе, елге кең
тарағандары—«Құл мен қыз», «Назымбек пен Күлше», «Талай­

лы мен Айымқыз» сияқтылар. Бұл дастандарда екі жастың ма-
хаббаты әлеуметтік мазмұнда баяндалады. Олардың сюжеттік
желісі, әдетте мынадай болып келеді.
І. Қыз бен жігіт бір-біріне ғашық болады, жігіт—кедей, қыз—

бай тұқымы. Бірақ қызды басқа біреуге атастырып қойған;
ІІ. Жастар қосылу жағдайы болмаған соң бірге қашып
кетеді;
ІІІ. Оларды қуғыншылар тауып алады, кейде екі ру дау-

дамайға түседі;
ІV. Жігіттің руы айып төлейді, немесе екі жасты қызды
даулаған рудың еркіне тапсырады;

V. Екі жасты өшіккендер өлтіріп тынады, кейде оларды ажы­

ратып, қызды атастырған жұрты алып кетеді.
Осындай типтік сюжетке құрылған шығармалар қазақ
қоғамының болмысын, рулардың ара-қатынасын барынша
шыншылдықпен көрсетуге тырысады. Бұларда пәлендей бір

архаикалық сарын, мифологиялық ұғым кездеспейді, қиял-ға-
жайыптық жағдайлар да жоқтың қасы.
Ертегілік қазақ дастандары ескі әпсаналар мен хикаялар­
ды негізге алады да, сол сюжеттерді дәстүрлі эпос пен шығыс

дастанының поэтикасын ұштастыра жырлайды. Мұндай дастан­
дар, негізінен, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бірінші
жартысында пайда болған, ал мұның өзі қазақтың фольклорлық,
әсіресе эпикалық дәстүрі кеңес өкіметі кезінде де өшпегенін

айғақтайды. Осындай шығармалар деп «Құбағұл», «Жаскелең»,
«Құламерген», «Аяз би», «Қыдыр, ақыл, бақ», «Жетім мен уәзір»
сияқты дастандарды атауға болады. Бұлардың қиял-ғажайып

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

сипаттағысы ХІХ ғасырда, ал тұрмыс-салт сипатындағылары ХХ
ғасырда дастанға айналған. Алғашқылары көбінесе батырлық
эпос үрдісінде болса, кейінгілері хикаялық (новеллалық)
дастанға жақын. Мәселен, ХІХ ғасырда пайда болған ертегілік

дастандардың мазмұны әр түрлі болғанымен, бәріне ортақ мына­
дай типтік сюжетті анықтауға болады:
І. Перзентсіз ата-ана, кейіпкердің ғажайып тууы мен өсуі;
ІІ. Қыз бен жігіттің бір-біріне түс көріп ғашық болуы;

ІІІ. Жігіттің қызды іздеуі, қыздың ауылына келуі, екеуінің
кездесуі;
ІV. Жігіт пен қыздың қашуы, қуғыншылардың жетуі;

V. Қуып келген қолмен жігіттің шайқасуы, жеңуі, еліне аман-

есен келуі.
Дастандар қыз бен жігіттің қосылып, ұлан-асыр той жасауы­
мен аяқталады.
Хикаялық сипаттағы ертегілік дастандарда түпнұсқаның сю­

жеті толық дерлік сақталады, сол себепті оларда ортақ типтік сю­
жет байқалмайды, оның есесіне ертегінің көптеген белгілері бой
көрсетеді, әсіресе, жағымды кейіпкерлердің ізгілікті қасиеттері
мен іс-әрекеттері төркінімен ұқсас болып келеді. Мұнда қазақтың

төл фольклорына тән далалықтар өмірі шаһармен қатарлас
көрінеді. Оқиғалар далада басталып, қалада жалғасады, хандық
мемлекеттің нышандары көрініс табады.
Сонымен, күллі мұсылман жұртына тараған дастан жанры

қазақ топырағында да кең қанат жайып, ұлттық фольклорымыз-
дың құрамында толыққанды дербес сала ретінде орнықты. Шығу
тегі мен мазмұнының сюжеттік негізі және кейіпкерлердің алу­
ан түрлі болғанына қарамастан дастандар қазақ фольклорлық

дәстүріне сәйкес жырланып, ұлттық фольклордың поэтикасы
мен көркемдік әдісіне, жалпы заңдылығына бағынған. Соның
арқасында шығыстан енген сюжетті баяндайтын дастандар
«қазақыланып», төл туынды ретінде қабылданған. Дастан­

ды тудырған белгісіз ақындар мен жыршылар шеттен келген
шығармаларға ұлттық сипат пен қазақ рухын сіңірген. Сөйтіп,
олар ел арасына қазақ дастандары болып тараған.
* * *

Қазақ дастандарының қомақты бір бөлшегі—хикаялық
(новеллалық) дастандар. Олар мазмұны мен сюжеті жағынан
дастанның басқа түрлерінен біршама оқшауланып тұрады. Хи-

ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ каялық дастандардың сюжеттік негізін, көбінесе, әдеттегіден тыс жағдайлар, таңғажайып істер, бұрын естілмеген, қоғам қабылдаған әдет-ғұрыпқа, ережелер мен тәртіпке сай келмейтін, оларға кереғар, қалыптасқан өмір нормаларынан ауытқыған, яғни өмірде болған кез келген кездейсоқ, новеллалық мәні мен сипаты бар оқиға, басқа сөзбен айтқанда хикая құрайды. Ондай ерекше факт, эпизод, оқиға, әдеттегідей, күлкілі немесе адам нанғысыз таңғаларлық, қарапайым, шытырман, шым-шытырық болып келеді. Басқаша айтқанда, оқиға әрленіп, сюжеттің өзегі мен өмірлік материал бір оқиға маңына жинақталады. Хикаялық сипаттағы шығармаларға күрделі шиеленіс тән және ол анық та айқын композициямен өріледі. Сюжеттің логикалық шешімі қимыл-әрекеттің күтпеген, ойламаған жағдайда бітуімен ерек­ шеленеді. Сонымен, жеке адамдардың басынан өтіп, бүкіл ел, қоғам үшін айтарлықтай мағына-маңызы жоқ болғанымен, нақты өмірдің өзінен алынған немесе болуы мүмкін деп саналатын сан алуан құбылыстар мен түрлі таңғаларлық оқиға, жағдай, фактілер бір-біріне ұқсамайтын туындыларға негіз болып, оларды бір жанрдың аясында жинақтап, біріктіреді. Бұл тұжырымдарға бірнеше дастандардың мәтінін талдау арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы, бас кейіпкер белгісіз сұлуға ғашық болатын классикалық сюжетке құрылған «Сыршы молда» дастанын алайық. Тоты құстың мекиені балапандарын қорғап, қаза табады. Осы көріністі сырттай немқұрайлықпен бақылап тұрған тоты құстың әтешін көрген ханша ешқашан күйеуге шықпауға бекінеді. Міне, осыдан былай сюжеттің да­ муы осы іспеттес сюжеттердің дәстүрлі канондық даму жолдарынан ауытқи бастайды. Жігіт қалай да қызға үйлену керек. Бірақ эпикалық жолмен емес. Ендеше, ол басқа жол тауып, қызды бекінген шешімінен қайтару керек. Балапандармен болған көрініс жай мотив қана емес, мотив-жұмбақ, оның жауап-шешімін табу қажет. Қызды қабылдаған шешімінен қайтаратын айланы уәзір таба­ ды. Ол қыздың тәсілін өзіне қолданады. Сыршымын деп танысқан уәзір сарайды безендірген кезде қыздың көрген оқиғасын сурет етіп салады. Тек айырмашылығы—лақтарын қорғап, еліктің ер­ кегі өледі. Осы суретті көріп, аң-таң болған қызға енді еш уақытта үйленбеуге ант еткен ханзада туралы аңызды айтып береді. Со­

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

дан қыз жігітке ғашық болып, алға қойған мақсат орындалады.
Демек, дастанда бас кейіпкер қыздың көңіл-күйін, ойын жақсы
түсіне білген уәзірдің тапқырлығы арқасында арманына жетеді.
Яғни, бұл дастанда эпосқа тән рулық қоғамның заңы, әдет-ғұрпы

емес, дара адамның тәжірибесі, байқағыштығы дәріптеледі.
Хикаялық дастанның классикалық үлгісін «Ғаяр қатын»
мәтінінен көруге болады. Бұл жерде сұлу әйелдің қулығын су­
реттеу қазақ эпосына тән емес екенін ескертіп кету керек. Рас,

«Құламерген-Жоямерген» эпосында күйеуін, баласын тастап кет­
кен сатқын әйел бейнесі суреттелген. Бірақ, біріншіден, ол мұнда
басты тақырып емес. Екіншіден, Қаншайым мыстан кемпірдің
алдауына түседі. Ал, «Ғаяр қатын» дастанында мұндай «сатқын

әйел» мотиві көрінбейді. Мұнда, керісінше, әйелдің күйеуіне
деген адалдығы көрсетіледі. Ол әр түрлі айла, іс-әрекеттерін
күйеуін жақсы көргендіктен, соған көмектесу ниетімен жасай­
ды. Дастанның фабуласы мынандай: байлықтан жұрдай болған

күйеуіне көмектесу үшін оның сұлу әйелі базарға барып, теңге
үшін бетін ашып көрсетеді. Кейін тіпті ақша табу үшін қаланың
сыйлы адамдары—дүкенші, қасапшы, қазыны үйіне ғейіш-
ғишрат жасау үшін шақырады.

Бірақ әр кезде қонақтар үшін ретсіз, ал «қиянатшыл»
әйелдің жоспарына сәйкес ертеректе және мүлдем тастап кет­
ті-мыс деген күйеуі келіп қалады. Солай үш рет қайталанады.
Әйел қонақтарды ылғи ыңғайсыз жерлерге жасырады. Мыса­

лы, біреуін үстіне жабу жауып, төрт аяқтатып, бұзау түрінде
көрсетеді, т.б. Ақырында шығынға батып алданғандар сұлу
әйел мен оның күйеуінен өш алуға кіріседі… Бірақ айлалы әйел
мен күйеуі арсыз ашық ауыздардан әр уақыт ептірек, тапқыр

болып шығып отырады. Екеуі аңқауларды бірнеше рет алдайды
әрі жазалайды.
Мазмұны мен фабуласы бір-біріне ұқсамайтын бұл халық ту­
ындыларын жақындастырып тұрған—хикаялық сюжеттер. Екі

шығармаға да арқау болған—қарапайым, бірақ әдеттегіден тыс
таңғажайып, шытырман оқиғалар.
Новелла әдеби жанр ретінде қайта өрлеу дәуірінде Италия­
да, кейінірек Англия, Франция және Испанияда пайда болғаны

белгілі. Сондай-ақ «новелла» ұғымы келе-келе тек әдебиет
саласында ғана емес, фольклортану ғылымында, Батыспен
қатар Шығыс әдебиеті мен фольклорының және осы ұғымнан

ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ

көп бұрын пайда болған құбылыстарды белгілеуге жұмсала
бастағаны да мәлім.
Қазір «новелла» терминімен бірге «хикаялық сюжет» (но-
веллалық сюжет) термині өте жиі және кең мағынада қолданы-

лады. Себебі, хикаялық сюжет деген ұғым барлық дерлік ха-
лықтардың фольклоры мен әдебиетінде көне замандарда пайда
болып, бүгінгі күнге дейін көркемдік дамудың фольклорлық, кі­
таби және әдеби формаларында әрі қарай дамып, сақталып жет­

кен құбылыстарды қамтиды.
Хикаялық сюжеттердің генезисіне келсек, олар көбінесе,
«трикстер», «трюкач» сияқты мифтік тұлғалармен байланыс-
ты. Мифтік кейіпкерлердің тумысы (болмысы) туралы көптеген

анекдоттар мифтерді пародиялық тұрғыдан түсіндіру, шамандық-
қа қарсылық көрсету, я ғұрыптарды карикатура тұрғысынан
суреттеумен танылады. Бұл—халықтық демократиялық сатира-
ның бастауы, адам мінезін қатал тезге (регламентация) салатын

тәртіпке, алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан шамандар
кастасына қарсылық нышандары.
Белгілі бір уақытқа дейін «трикстер» туралы әзіл әңгімелер
ел аузындағы ойлы әңгімелермен (аңыздармен) қатар өмір сүріп,

түрлі діни ұғым-түсініктердің белгісін бойына жинақтады.
Мұндай жағдайлардың көріну мүмкіндігі жасампаз қаһарман
мен алдамшы (плут) образының бір тұлғада бірігуінен мүмкін
болды. Жасампаз қаһарман мен алдамшының қызметі әлем

құрылымы реттелгенге дейінгі, яғни «табу» жүйесі қалыптас-
қанға дейінгі уақытқа жатады. Уақыт өте келе халық демок-
ратиялық сатирасының осы нышандары әрі қарай дамыды,
күрделенді, қайта жаңғырды, сапалық жағынан өзге де мазмұн-

дармен толықты.
Қазақ хикаялық дастандары—шығыстық һәм жергілікті,
төл сюжетке негізделгендері де ұлттық эпикалық дәстүрдің ар­
насында дамыды. Сондықтан бір оқиға, факт, хикаяға құрылған

хикаялық (новеллалық) сюжет көптеген жағдайда эпикалық
сипатқа ие болды. Мұны біраз хикаялық дастандарда пролог пен
эпикалық түйіннің қосылып, сюжет баюынан көруге болады. Со­
нымен бірге кейбір шығармада бірнеше хикаялық сюжеттің қа-

тар дамуы, кейбіреулерінде батырлық немесе романдық эпостар-
ға тән баяндаудың орын алуы мүмкін. Көп жағдайда хикаялық
шығармалардың негізін ертегілер құрайды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шығыста хикаялық сюжеттер прозалық үлгіде (әңгіме, по­
весть, хикаят) болып келеді. Ал, қазақ дастанының өлеңдік
формадағы сипаты осы жанрдың басты белгілерінің бірі бо­
лып табылады. Демек, шығыстық хикаялық сюжеттердің не­

гізінде қазақ халқында бөлек болмысты сөз өнерінің үлгілері
туындаған.
Қазақ хикаялық дастандарының бұдан тыс басқа да ерекше­
ліктерін атауға болады. Мысалы, қаһармандық эпос кейіпкерінің

басты қасиеті—батырлық пен ерлік, қиял-ғажайып ертегіде
кейіпкердің көмекшілері—сиқырлы зат немесе керемет көмекші,
ал хикаялық дастанда кейіпкер жаңа сапаға ие. Оған ашық ақыл
мен айқын сана тән. Сонымен бірге адам табиғатының қарама-

қайшы қасиеттері де қатар көрінуі мүмкін.
Хикаялық шығармалардың басты кейіпкерлері—ақсүйек
өкілдерімен қатар қарапайым адамдар—саудагер (көпес), оның
балалары, кедей, ағаш сатушы, діни адамдар және т.б. болуы

мүмкін.
Дастан кейіпкерлері бір-біріне ұқсамайды. Олардың алда­
рына қойған мүдде, мақсат, аңсаған армандары әр түрлі. Бірақ
қалай болса да ақырында әділдік, адамгершілік, шындық, зерек­

тік, адалдық, тапқырлық жеңеді.
Қазақтың хикаялық дастандары басқа халықтардікі тәрізді
қайғылы, трагедиялы, ғибраттық, көңілді, оптимистік, т.б. рух­
та болады. Сондай-ақ, мұнда баяндауға өткірлік пен ерекше әсер

беретін күлдіргі, күлкілі көріністер де жиі кездеседі.
Демек, хикаялық дастандар—дастандық эпостың қомақты
бір саласы ретінде халықтың рухани байлығына айналған, ва­
рианттары ел ішіне кеңінен тараған, халық сүйсіне тыңдаған

құнды шығармалар.
Жоғарыда көрсетілгендей, хикаялық шығармалардың тақы-
рыптары мен сюжеттері сан алуан. Сонда да оларды жиі кезде­
сетін тақырыптарына сай шартты түрде төмендегіше жіктеуге

болады: әйелдің айлакерлігі туралы («Ғаяр қатын»), әйелдердің
даналығы мен адалдығы туралы («Марғұба»), достық пен дана-
лық туралы («Сыршы молда»), дін өкілдерін сынайтын («Болат-
Жанат»), алдауыштар мен аярлар туралы («Үш аяр»), тарихи

кейіпкерлердің кеңдігін, зейінділігін, жомарттығын, қайырым-
дылығын, т.б. тұлғалық қасиеттерін суреттейтін («Әбуғалисина»,
«Шаһмаран», «Хатымтай жомарт») дастандар, т.б.

ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ Кезінде шығыстық, сондай-ақ жергілікті төл сюжеттер­ ге құрылған шығармалардың бәрі қисса деген атпен басылып, ел арасында да сол атаумен белгілі болған. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың басында жарық көрген қазақ фольклорының басқа да көптеген үлгілері—соның ішінде қаһармандық, ғашықтық, тарихи эпос мәтіндері де, айтыстар да—қисса деген атпен жарық көрді. Мысалы: «Қисса Қыз Жібек» (Қ., 1876), «Қисса Қозы Көрпеш» (Қ., 1878), «Қисса Ал­ памыс» (Қ., 1901), «Қисса Нәріктің ұғлы Шора батыр» (Қ., 1884), «Қисса Шортанбай» (Қ., 1888), «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» (Қ., 1898), «Қисса Наурызбай төре Қасым ұғлы Абылайханов» (Қ., 1912), т.б. Кейбіреулері хикая, хикаят деп аталып жүрді: «Хикаят Көрұғлы сұлтан» (Қ., 1880), «Хикаят Бұлғарның сұлтан Ғәділ Тоқтамысхан қызы Халиманың бәһәсі» (Қ., 1897), «Хикаят дастан Хатымтай» (Қ., 1891), т.б. Келтірілген тізімнен аңғаратынымыз: өлең, жыр түрінде айтылған шығармалардың бәрі Қазан төңкерісіне дейін кітап бо­ лып басылған шақта қисса деп аталған, яғни қисса деген термин жанр туралы түсінік, ұғым бермейді. Ал зерттеушілік әдебиетте (шығыстану және түркі тілдес фольклортану ғылымдарында) біз сөз етіп отырған шығармалар «дастан» терминімен аталады. Қазақ зерттеушілері де оны қабылдаған. Себебі, талқыланып отырған шығармалардың негізгі жанрлық қасиеттері, белгілері олар­ ды шығыс және түркі халықтарының әдебиеті мен фольклорында қалыптасқан дастан жанрына жататындығын дәлелдейді. Біз дәлдік пен нақтылықты сақтай отырып, томдарда жа­ рияланатын дастандардың атауларын қолжазба және кітап мұқабаларында қалай жазылса солай беріп отырмыз. Назар аударатын тағы бір жайт: «…Қисса шығарған, әдебиет нұсқаларын жинап бастырған ақындар, авторлық мәселесін өзінше, осы күнгіден басқаша түсінген… Тіпті жинап бастырған, өзінше өңдеген халықтық шығармаларды да (олардың вариан­ тын) кейбір ақындар өзімдікі деп санаған. Қисса өлеңдерінің ішіне кейде қазақтың батырлар жырынан кесек-кесек үзінді алып кіргізіп, болмаса екінші бір ақынның сөздерін пайдалана берген… Сондықтан кейде тақырыбы екі басқа шығарманың көп жері бірінен-бірі айырғысыз, ұқсас болып келуі де ғажап емес1». 1 Бөжеев М., Ахметов З. Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы //Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, 1-кітап.—Алматы: Ғылым, 1961.— 539 б.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дастандық шығармаларды ел ішінен жинап, айтушы­
лардан жазып алып, өзінше жөндеп баспаға жіберіп отырған
бастырушылардың басым көпшілігі өз аттарын міндетті түрде
мәтінге қосып отырған. Өз еңбегін олар былай бағалаған: жырла­

дым, жаздым, шығардым, қазақшаға аудардым, қазақша жыр­
ладым, нәсірден назым еттім, көшірдім, т.б.
Әрине, дастанның пайда болып, дамып, жеке жанр ретінде
қалыптасып, ұлттық фольклорымыздың қомақты, мағыналы са­

ласына айналуында ақын, жыршылардың рөлі зор екені сөзсіз.
Сондай-ақ, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келген
шығармаларды қағазға түсіріп, кітап етіп шығаруда жинаушы,
бастырушылардың еңбегі айрықша. Сондықтан «бұрыннан бар,

қалыптасқан суреттеу амал-тәсілдерін, дәстүрлі үлгілерді пайда­
лана» жырлап, дастан шығарған ақындарды сол дастанның бірін­
ші жырлаушысы деп, ал мәтіндерде аттары кездесетін көшіруші,
сақтаушы, айтушы, бастырушылардың еңбегін, әсіресе бір

шығарманың бірнеше варианттары болған жағдайда, жинаушы,
редактор деп бағалаған жөн.
Көлемі шектелген кіріспе мақалада бүкіл халықтық дастанға,
соның ішінде хикаялық дастандарға жан-жақты әрі толық тал­

дау беру мақсат етілмеді, сол себепті осы жанрдың басты-басты
ерекшеліктерін ғана сипаттауға көңіл бөлінді.
Сейіт Қасқабасов,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым

академиясының академигі
Бақытжан Әзібаева,
филология ғылымдарының докторы

М Ә Т І Н Д Е Р

Қолыма қалам алдым жұма күні,
Жазып тамам әйладым күн мен түні.
Мұсаның заманында бір падиша
Болыпты, әлеуметтер, тыңла мұны.

Өзі патша уа және қазынасы көп,
Бұл дүния мақсұтына көңілі тоқ.
Сексенге келген бар-дүр оның жасы,
Арманы бір-ақ оның—перзенті жоқ.

Падиша перзент үшін жеді уайым,
Әзелде жазбаған-дүр бір Құдайым.
«Бір Алла маған перзент берер ме?»—деп,
Падиша үміт етер жыл-жыл сайын.

Сексенге келді патша, әлі үмітте,
Құдайым рахман ерүр һәр үмітке.
Мұсаның бір күн патша жолын тосты,
«Бір дауа бола ма,—деп,—ішкі дертке».

Айтады:—Раббым мені патша қылды,
Һәм өзі жарылқағай біздей құлды.
Құданың дәргаһына жеткіз, тақсыр,
Бере ме, иә бермей ме маған ұлды.

Жөнелді Тор тауына Мұса Кәлим,

—Уағда бердім, айтпасқа жоқ-дүр шарам.

Құданың дәргаһына айтқан шақта,
Жауап берді Мұсаға Алла Тағалам.
Сыршы молда

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Махфузда оған перзент жазбадым мен,

Сұрама жазбағанды, Мұса, енді сен.
Барша бақытын дүнияның берсем дағы,
Еткенмін оның басын перзенттен кем.
Пайғамбар мұны естіп қайтады енді,

Айтқанын бір-бір бастан айтады енді.
«Махфузда сізге перзент болма»,—дегеш,
Мінәжат патша Аллаға айтады енді.

—Иләһи, бендең бар ма мендей ғаріп,

Басыма мехнат істі қойдың салып.
Тұяқсыз мен падиша болғанымша,
Жасымда қойсаң еді жанымды алып.
Үйі-дүр перзенттінің гүлістандай,

Үйі-дүр перзентсіздің шерістандай.
Тұяқсыз мен падиша болғанымша,
Жасымда жатсам нетті көрістанда-ай.
Зарланып бір күн патша тағы келді,

Ғаріптің көңілінде толған шер-ді.

—Тағы барып Құдадан сұрап көрші,

Тіпті бала бермесе, лаж бар ма?
Пайғамбар Тор тауына келеді енді,
Айтқанын бір-бір бастан айтады енді.
«Оған бала бермеймін» дегеннен соң,

Есітіп және мұны қайтады енді.
Тағы да патшаға айтты үшбу жайды,
«Бермеді,—деп,—бір бала» баяндайды.
Сізге бала болмады дегеннен соң,

Патша ғаріп бейхал боп зар жылайды.
Үшіншілей зарланып тағы келді,
Баяғы сөзін Мұсаға айтады енді.

—Бір тілегін бенденің бермей ме Алла,

Біз түгіл, тілек алған шайтан,—деді.

СЫРШЫ МОЛДА

Аяңлап Тор тауына келді Мұса,
Тоқсан ауыз сөз айтты енді Мұса.

—Бұ құлың сізге зарлық етер тілеп,

Берсеңіз бір ұғыл нетер?—дейді Мұса.
Құдайым пайғамбарға берді жауап:

—Мені ойласа тапқаны оның сауап.

Бір ұғыл бердім енді оған, Мұса,
Өмірі үш күн болар оның бірақ.
Мұса қайтты Тәңірімен сөйлесіп сөз,
Алдынан тағы патша жолықты кез.

—Бір бала берді,—дейді,—сізге Алла,

Өмірі қысқа—үш күнде алады тез.

—Шын ба екен, өтірік пе екен осы сөзің,

Перзент деп сарғайды менім жүзім.
Бергені маған бала рас болса,
Бермеспін оны қайтып Аллаға өзім.
Падиша бұл сөзімен келді үйіне,

Бір қиял түсіп мұның және ойына.
Халқын жинап падиша той қылады,
Келділер көп халайық бұл тойына.
Той қылып, қазынаның кілтін ашты,

Ғаріпке мүсәпірмен қайыр шашты.
Бір уақта бала бітті ханымына,
Патшаның мұны көріп көңілі тасты.
Күнде есіктен кетпейді көп халайық,

Ғаріп-міскін жатады алтын алып.
Тоғыз ай, он күн тамам болған шақта
Ханымнан туды айдай боп бала ғаріп.
Дүнияның төрт бұрышына салды хабар,

Той тойлап, сауық құрып жатты олар.
Күн өткенін білмейді, түн өткенін,
Жиылып халайықтар ойын салар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ат жетерде қалмады келмеген жан,
Танымайды бір-бірін—сонша адам.
Ғаріп-міскін теңелді үлкен байға,
Қайырды сонша көріп падишадан.

Күнде той патша үйінде, күнде сауық,
Һеш пенде жүре алмайды жолды тауып.
Жеті жыл өткеннен соң тақсыр Мұса
Патшаға келді бір күн көңілі ауып.

Көреді көп халайық тойлар тойды,
Мұсаға да әкеліп тағам қойды.
Бір бала қызмет қылып алдында жүр,
Пайғамбар мұны көріп ойлайды ойды.

Баласын падишаның енді білді,
Аяңдап Тор тауына келеді енді.

—Не себепті бұл жеті жасқа келді?—

Деп сауал бір Аллаға береді енді.
Айтады:—Неге мұнша жасар ұзақ,
Айтып едің өмірі үш күн—аз-ақ.
Пенде өтірік айтса әгар, иә, Иләһим,

Айтасыз: орның дозақ, қатты азап.
Келіпті патша ұғылы жеті жасқа,
Деп едің үш күн өмір әуел баста.
Иә, Раббым, өтірік сөз сіз айтсаңыз,

Жалған сөз нағып айтпас сізден басқа.
Құдайым пайғамбарға жауап берді:

—Ей, Мұса, жауабым тұр тыңлап,—деді.

Садақа қайырменен ол падиша
Тапқан-дүр зияда үлкен сауап,—деді.
Естігеннен ол патша той қылып жүр,
Садақа беріп шығарды патша көп пұл.

Һәр адам ұғылының өмірін тілеуші еді,
Дұға әйлап жасының ұзарғаны сол.

СЫРШЫ МОЛДА

Мұны келіп патшаға айтты тағы:

—Ұғылыңның көтерілді бүгін бағы,

Құдайым ұғылың жасын ұзақ етті,—
Деп айтты,—көңіліңнің кетсін дағы.
Падиша «шүкірлік» деп той қылады,
Бұл тойда Мұсаға да сый қылады.

Жеті жасар балаға оқу—парыз,
Молдаға берейін деп ой қылады.
Бір молданы патша алды баласына,
Сарай сап берді шарбақ даласына.

Сегіз жылда молдаға жетті оқып,
Қарашы бұл баланың данасына.
Молдасы бек ғалым, ахун еді,
Уа және бек зияда ақылды еді.

«Менім білген өнерім тамамлады»,
Деп бір күні баланы алып келді.
Баласын падишаның алып келді,

—Бақ берді перзентіңе Алла,—деді.

Менім білген өнерім тамам болды,
Табыңыз менен басқа молда,—деді.

—Оқыт деп беріп едім балам саған,

Мен риза, ей, молда, енді саған.
Сенің білген өнерің білсе әгар,
Соған да тәубе Аллаға, болар маған.
Сен, молда, жасың үлкен, көп көрдің жол,

Мен сені молда ғой деп тапсырдым қол.
Патшалық салтанатын құрсын балам,
Әуелден ақырына сен басшы бол.
Он бестен он алтыға келді бала,

Ақылы кәміл толған уа құтты және.
Бой көтеріп аз қызық көріп келсін,
Шәкіртің ертіп, молда, шық сахараға.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұл сөзбенен сахараға жүрді бала,
Атына бисмилла деп мінді бала.
Ұстазын басшы қылып нөкер алып,
Жөнелді тәуекел деп сахараға.

Қайтады үйлеріне үш күн жүріп,
Патшаға сәлем берді үйге кіріп.
Көрген-білген һәммасын баяндады,
Уа және келдік деді ойнап-күліп.

Әлқисса, Әбділмәлік шаһизада бір күн базарға бармақ бо­
лып, ұстазын алып базарға келіп көрген нәрселері:
Ақылды бенде азар ма,
Асылдан кисең тозар ма?!

Ақылы кең ханзада
Түсті көңілі базарға.
Енді келді базарға,
Қағазым аз жазарға,

Бір дүкеннің ішінде
Жолықты бала базарға.
Ол дүкенде тон көрді,
Табылмастай жол көрді.

Бір суретке ғашық боп,
Табыларын зор көрді.
Тонда сурет сайланған,
Баланың басы айналған.

Ашық оты дерт болып,
Мұнда тілі байланған.
Молда жаман сасады,
Көңілін бөліп басады.

Мұны көрген жамағат
Қорыққанынан қашады.

СЫРШЫ МОЛДА

Молда келді үйіне,
Хабар берді ханына.

—Ұғылыңа пәле кез болып,

Қайғы салды жаныңа.
Бір дүкенге келген соң,
Ішіне оның кірген соң,
Баланың жайын білмедім,

Жолықты қандай залымға.
Баланың тілі байланды,
Менім сорым қайнады.
«Балама не іс болды»,—деп,

Ата-анасы зарланды.
Алып келді молдасы,
Тамды жерге көз жасы.

—Ұғылымның есі кеткендей

Не бәле берді Алласы?
Осы маған еп пе еді,
Һәр нәрсе біреу деп пе еді?
Ұғылыма бәле кез болды,

Бір бала маған көп пе еді?!
Падиша қып мені жараттың,
Бір балаға қараттың.
Оны маған көп көріп,

Өмірімді тар еттің.
Балама болған не қайғы,
Табылар ма бір хайла.
Табылар хайла болмаса,

Не керек дүния бір шалға.
Көзімнен аққан қан болды,
Басыма атпас таң болды.
Опасыз жарық сұм дүния

Тұмандатқан шаң болды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жан-жан балам, жан балам,
Сен едің менім бір панам.
Басыңа түсті не бәле,
Сырыңды айтшы, сен маған.

Сен сырыңды айтпасаң,
Мен де өлейін, жоқ шарам.
Һеш жауап бермес бала атасына,
Көз салмас сөздің дұрыс-қатасына.

Молдаға үкім қылды енді патша:

—Жанында бұл баланың жатасың да.

Патша балгерлердің жиды бәрін,
Жиып алып айтады ішкі зарын.
Қожа, молда, тәбипті жиып айтты:

—Дауасын тапқан алсын дүние малын.

Шаһарда барша тәбип шулады,
Падиша «жаз ұғлымды» деп бұйырады.
Үш күн қарап тәбиптер жаза алмады,
Құлағы жоқ, тілі жоқ, не қылады.

Шығармас үшбу бала һеш дыбысын,
Тамам халықтың алып тұр бала есін.
Үш күн қарап тәбиптер таба алмады,
Қызға ашық екенін қайдан білсін.

Һәркімнің қайғысы бар өз басында,
Бала тіпті сөз қатпас жолдасына.
Бұл халыққа бала сөз қатпаған соң,
Сөйлетіп көр деді енді молдасына.

—Ұстаз хақың айтып көр, молда, оған,

Жоқ еді онан басқа мұнда туған.
Біреуге айтса сырын сізге айтар,
Болмаса дауа жоқ-дүр тіпті бұған.
Молда келіп шәкіртіне айтады сөз:

—Неге тілің байланды, айтыңыз сіз.

СЫРШЫ МОЛДА

Ата-анаң жолынан ауырырақ,
Жоқ па еді ұстаз хақын білуіңіз.
Не бәле кез болды, жаным, сен балаға,
Басыңды салды Раббым не бәлеге.

Айтпасаң үшбу сырыңды, жаным балам,
Артармын ұстаз хақым мойныңызға.
Осынша молда айтса да сөз қатпады,
Баяғы өз ойынан һеш қайтпады.

Молда жалынып осынша сұраса да,
Құлағы жоқ, тілі жоқ, сөз қатпады.
Шығармас үшбу бала һеш дыбысты,
Тамам халық баланың қамын жесті.

—Бір себеп бұл тіліне болар ма екен,

Шаһзада ауға шығып келсін,—депті.
Бұл сөзбен шаһзада мінеді атқа,
Һеш тіл қатпас бұл бала адамзатқа.
Жол жүріп бұлар келе жатыр еді,

Кез келді балалы үйрек жамағатқа.
Баласын тастап үйрек аспанға ұшты,
Басына ұшқан үйрек бәле түсті.
Бір уақта көктен кеп бір қаршыға

Ұшып кеткен үйректі іліп түсті.
Әлқисса, шаһизада Әбділмәлік қаршыға іліп, үйректің
өлгенін көрген соң айтқан сөзі:

—Бой таса болса әгар құтылғаның,

Иә болмаса ажалға тұтылғаның.
Тіл таса қылсаң бәле қағас болар,
Тілге тоқтау бермесең құтырғаның.
Деп осылай шаһзада шықты тілі,

Есітті нөкерлердің бәрі мұны.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Сүйінші падишадан сұрайын»,—деп,
Шапқылап елге қарай кетті бірі.
Мұны естіп падиша той қылады,
Сүйіншіге биқисап сый қылады.

Баласы сахарадан келгеннен соң,
Ал енді сөйлетуге ой қылады.
Бұрынғыдай сөйлемес тағы да ұғылы,
Патшаның мұны көріп қалды көңілі:

—Сүйіншіні өтірік неге алады,

Жалладтар, ас дарға қазір мұны.
Жалладқа осылайша қылды бұйрық:

—Сүйінші неге алады ойлап сұмдық.

Баланың тілі шықты деп өтірік,
Келемеж қыламысың, яки қулық.
Жалладтар алып мұны жөнеледі,
«Тоқта» деді хан ұғылы, бөгеледі:

—Бой таса қылсаң бәле қағас болар,

Тілге тоқтау бермесе тек өледі.
Шаһзада бұл сөзді айтып және қойды,
Мұны да қуаныш көріп қылды тойды.
Тағы тілсіз болды да жатып қалды,

Падиша сөйлер ме деп ойлайды ойды.

—Білмедім бұ ұғылымның пиғылын бұрын,

Айтпас па сізге, молда, сырын ұғылым.
Сұраңыз шәкіртіңнен енді барып,
Біреуге айтса, сізге айтар,—деді,—сырын.
Молда келді сөз сұрай шаһзадаға,

Шаһизада отыр еді оңашада.
Жалынып сырыңды айт деп қоймаған соң,
Сөйледі падиша ұғылы енді мұнда.

СЫРШЫ МОЛДА

Әлқисса, молда шаһизадаға келіп, хал-жайыңды айт деп сұраған
соң, шаһизада Әбділмәлік көрген суретті тағриф қылып айтқан
сөзі:

—Сіз бірлән мен базарға барып едім,

Қолыма мен бір тонды алып едім.
Салыпты бек тамаша бір суретті,
Мен соған қарап көзім салып едім.
Бір қыздың суреті-дүр ай сипатты,

Білмеймін мағлұм емес оның аты.
Қай жерлік, қай шаһарлық, мен білмеймін,
Жоқ екен тым болмаса жазған хаты.
Көзіме көзі оның кетті түсіп,

Қанат болса іздер ем құс боп ұшып.
Мұны қайдан табамын деп айтар деп
Атама айта алмаймын мұны шошып.
Пері ме, я адам ба мағлұм емес,

Сипаты бар, жаны жоқ, сөз сөйлемес.
Сипаттап мың да бірін келтіре алман,
Ұжмақта хор қызы да ондай емес.
Бір суретті көрдім мен

Ашып тонның ішінде.
Күндіз ойдан кетпейді,
Түнде уа һәм түсімде.
Сіздің сағың сындырар,

Молдеке, менім ісім бе?
Ашып тонның ішінде
Бір суретті көрдім мен.
Ашық оты дерт болып,

Оған мұқтаж болдым мен.
Іздеуге атам қимас деп,
Тілсіз, сақау болдым мен.
Мұрадым хасыл болмаса,

Өмірімді жойдым мен.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тұрарым жоқ жерімде,
Жүрерім жоқ елімде.
Жар-ғашығым шықпайды,
Жатсам-тұрсам көңілімде.

Дауасы мұның табылар,
Атам жисын елімді.
Жылаумен күні өтсін деп,
Бір назарат көрінді.

Ол жарымды көрмесем,
Тірі болып жүргім жоқ.
Хор қыздары келсе де,
Мойынымды бұрғым жоқ.

Атам ақыл таппаса,
Өткені-дүр дүния боқ.
Молда естіп бұл сөзді қуанады,
Көңілінде үшбу сөзді құп алады.

«Балаңыз қызға ашық болыпты»,—деп,
Патшаның құлағына сөз салады.
Падиша бұл сөзбенен жиды жұртын,
Жинап алып айтады ішкі дертін.

«Бір қызға ұғылым ашық болыпты»,—деп,
Айтады перзентінің хикаятын.

—Бүгін-дүр сіздерге, жұртым, мехнат күні,

Сіздерге баяндайын енді мұны.
Жиылған көп халайық, ақылын тап,
Қалайша табылады мұның жөні.
Жиылып келген әлеумет,

Қайғыға салды Құдірет.
Бір суретті көрумен
Ғашық бопты ол перзент.
Ақылы мұның болмаса,

Ішіне түсер қайғы-дерт.

СЫРШЫ МОЛДА

Я адам ба, пері ме,
Перзентім мұны көрер ме?
Іздеп барса перзентім,
Аман болып келер ме?

Хан адасса ақылынан,
Жұрты ақыл берер ме?
Әлеумет, ақыл табыңдар,
Бұл қайғыны жабыңдар.

Үйде бекер тұрмаңыз,
Һәр тарапқа шабыңдар.
Жер жүзінде бар болса,
Оны іздеп табыңдар.

Айттырып оны келіңдер,
Қалың малға сөйлесіп,
Бар малымды беріңдер.
Бар малым әгар аз болса,

Өз басымды беріңдер.
Перзентім бізден кетпесін,
Қайғылы бізді етпесін.
Бізге деген дұшпандар

Мұрадына жетпесін.
Жиылып барша жұрты келіседі,
Бәрі де тонды ашып көріседі.
«Жаһанда мұндай жанды көрдің бе?»—деп,

Жамағат бір-бірінен сұрасады.
Хан байғұс қайғы-дерттен жүре алмады,
Жиылған жұрт бір хабар бере алмады.
Бір адам білер ме деп ойлап еді,

Һеш де бір мұрат хасыл бола алмады.
Көрмедіңіз мұндайды,
Хан сөзіңді тыңдайды.
Болмаған соң бір хабар,

Жалғызы үшін зарлайды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Тағы да ақыл табыңдар,

Һәр тарапқа шабыңдар.
Қол астымда, халайық,
Келмеген адам бар шығар.
Келмеген адам бар болса,

Шақыруға барыңдар.
Бұл сөзімді ол жанның
Құлағына салыңдар.
Ол адам да есітсін,

Ханының қандай зары бар.
Хан сөзін жария қылды қарындасқа,
Кім ие, балам кетсе, мал мен басқа.
Бар екен келмей қалған бір кәрі шал,

Қарт адам келген екен үш жүз жасқа.
Бір жігіт шақыруға келді барып,
Атқа салып әрең деп келді алып.
Хан шақырды деген соң, лаж бар ма,

Жағын байлап келіпті бұ шал ғаріп.

—Хан тақсыр, не мақсұтқа шақырдыңыз,

Келіп тұр шақырған соң пақырыңыз.
Хан сонда тонды әкеліп салды алдына,

—Мағлұм болса, айтыңыз, сізге осы қыз.

Әлқисса, шал тондағы суретті көріп патшаға қарап айтқан сөзі:

—Көпке келген қарт едім,

Дүнияны кезген сарт едім.
Бұл заманның алдымын,
Бұрынғының арты едім.
Һәр тарапқа жүргенмін,

Талай жерді білгенмін.
Талай шаһар кезгенмін,
Өз елімнен безгенмін.
Керуен болып қыдырып,

СЫРШЫ МОЛДА

Талай дәурен сүргенмін.
Ханға талай барғанмын,
Талай тарту алғанмын.
Мейман болып һәр жерге,

Талай да қызды көргенмін.
Көргенім жоқ мұндай жан,
Көрдім сурет, болдым таң.
Мұны менен сұрама,

Мен білмеймін, тақсыр хан.
Сонда да ақыл айтайын,
Менім тілім алсаңыз,
Тоғыз жолдың торабы,

Соған бір үй салсаңыз,
Алып барып бұл тонды,
Үй ішіне жайсаңыз.
Өткен-кеткен керуеннің

Бәрін мейман қылсаңыз.
Келтірсе мейман Құдірет,
Жайылып тұрса бұл сурет,
Танымас па бір адам.

Жөнін айтса бір адам,
Сонда қайғың кетпес пе,
Жұрт иесі, тақсыр хан!
Хан кәрінің бұл сөзін қабыл алды,

Баласы баяғыдай жатып қалды.
Хан тапсырғаш молдасы алтын алып,
Жолына шалдың айтқан бір үй салды.
Көп керуенді тоқтатып мейман қылар,

Керуеннің жолын тосты енді бұлар.
Өткен-кеткен һәммасы тек кетпейді,
Атты-жаяу болса да мейман болар.
Бұл бойменен молда бір жыл жатты,

Қолынан талай керуен тағам татты.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір жыл болды, бермейді һешкім хабар,
Молдаға бұл суреттің дерті батты.
Бір күні үш жүз түйе келді керуен,
Мейманхана үйіне кірді керуен.

Жаюлы тұрған тонның суреттерін
Баршасы ғажап етіп көрді керуен.
Суреттен көз айырмас керуенбасы,
Өтпейді тамағынан ішкен асы.

Қойған тағам алдында тек қарап тұр,
Суретте баршасының тамашасы.
Астарын ішіп тамам болды керуен,
Молда айтты:—Үйге әкеліп қылдым мейман,

Қойған тағам бәрі де текке қалды,
Суретке қарайсыздар сіздер неден?
Керуенбасы сөйлейді ішкі сырын:

—Қалмасын көңіліңде, молда, кірің.

Жаны болса, хан қызы дер едім мен,
Суреті-дүр құр жасалған жаман жерің.
Бар еді патшамызда осындай қыз,
Себебі үшбу ерүр тамашамыз.

Һеш бұзығы жоқ, тұрар тап осындай,
Құдайым айттырмасын өтірік сөз.
Сол қыздың қырық кәнизагі қасында тұр,
Алтын тәж, бақ-дәулеті басында тұр.

Көрген жан мүптала боп кетуші еді,
Жаны жоқ сол ханшамыз осында тұр.
Қуанып молда сөйлер тіл мен жақтан:

—Сұрап, мейман, күтемін иман Хақтан,

Шаһарың не-дүр, керуен, жерің қайда,
Уа және келесіздер қай тараптан?

СЫРШЫ МОЛДА

Керуен басы сөйлейді:—Тыңла сөзім,
Сапар әйлап ашылған менім көзім.
Тоғыз айлық жол болар үшбу жерден,
Ирияның керуенімін менім өзім.

—Үшбу қыз, керуен, бар ма, яки жоқ па,

Бар болса, және айтқыл қай тарапта?
Күйеуге берілген бе, бермеген бе,
Керуенбасы, тағы да мұны анықта.

—Ирия шаһарында патша қызы,

Дүнияда бар, тиген жоқ күйеуге өзі.
Күйеуге тимеймін деп уағда қылған,
Шарт қылған бір уақытта бар-дүр сөзі.

—Не шарты бар, күйеуге неге тимес?

Серт екен мынау өзі пенде сүймес.
Күйеуге тимейтұғын себебі не?
Қыз ерге тимей ме екен, еркек емес.
Керуенбасы сөйлейді бастан-аяқ:

—Нетейін мен сырымды сізден аяп,

Қызы үшін патша салып алтын сарай,
Орнатқан айналасында бір бақ шарбақ.
Айтайын ол бақшаның мен сипатын,
Көрсе ғажап қыла-дүр жамағатын.

Сандуғаш, бұлбұл, тоты—бәрі сонда,
Келтірмен мыңнан бірін сөзбен шартын.
Кірсең, шыққың келмейді ол бақшадан,
Бір тоты ол бақшадағы салыпты ұя.

Балапан ұшар мезгіл болған шақта,
Ол бақтан бір өрт шықты, тыңда және.
Күйдірді ол бақшаны өрт шыққан соң,
Сөндірді көп халайық өрт шыққан соң.

Ханыша қарап сол кезде тұрған екен,
Жалыны терезеден кеп шыққан соң.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ханыша сол уақытта тұрды қарап,
Ой ойлап көңлі болып һәрбір тарап.
Ұясы ағашымен күйгеннен соң,
Тоты құс төбесінде жүрді зарлап.

Ағаштың төбесінде жүрді тоты,
Шалады бұл тотыны өрттің оты.
Еркек тоты жоламай қашып кеткен,
Ханшаның мұны көріп кетті құты.

Балапаны үшін ұрғашысы өліп қалды,
«Аһ» деп ханша сол кезде ойына алды.
«Бала үшін ана ғаріп өледі екен,
Мен де осындай болармын, не етем байды.

Тимеймін, не қылсам да енді байға,
Өтсе дәурен айналып, келу қайда».
Ханышаның қылған шарты осылайша,
Келді ме көңіліңіз, молда, енді жайға.

Молда есітіп бұл сөзді қуанады,
Көңілінде үшбу сөзді құп алады.
Патшаға алып барып керуендерді,
Бәріне алтын-күміс сый қылады.

Патша керуенге көп берді малды,
Беріп барша сырларын тамамдады.
«Бұ алтын, күміспен кестім тілің,
Жеріңе айтып барсаң не лаж бар-ды».

«Айтпаймыз» деп керуендер ант ішеді,
Бірқатар сол арада күн кешеді.
Қырық қашырға азық пен алтын артып,
Молдекең керуенменен жол түседі.

Жүрмекші керуенмен болды молда,
Шаһзада бұл халді білді сонда.
Молдасымен сапарға бір баруға
Атасына хабарды берді сонда.

СЫРШЫ МОЛДА

Атасы рұқсат берді баласына,
Көзінің ағы менен қарасына.
Алтын шатыр, арымас ат, тон алып,
Қырық қызметкер және алды өз қасына.

Әлқисса, Әбділмәлік керуенмен жүрмекші болып, шаһардан
шыққан соң, атасына, ел-жұртына айтқан сөзі:

—Қайран атам, жан атам,

Айрылмас едім, жан атам.
Басыма қайғы түскен-дүр,
Өрт болып ішім піскен-дүр.
Кетемін деп ойлап па ем,

Қоймады үйге бұ қапа.
Бұл суретке дос екен
Не Раббым-дүр, не шайтан.
Сурет тонға сызылған,

Көріп көңілім бұзылған.
Көріскенше күн жақсы,
Қош, аман бол, атажан.
Қай уақытта келермін,

Жүзіңді қашан көрермін.
Өзім туып көрмеген
Жерлерде, ата, жүрермін.
Ата, аман бол көргенше,

Және айналып келгенше,
Жыл он екі ай болғанда
Бір хабарды берермін.
Зар жылап шаһизада жолға түсті,

Зар жылап елін қимай зорға түсті.
Алты ай жүріп келеді сапар шегіп,
Талай жердің дәмін татып, суын ішті.
Келділер тоғыз ай сапар жүріп,

Көрмеген ғажаптарды жолда көріп.
Қадам басса жер-суы бәрі бөлек,
Қабылан, шері, жолбарыс жүр жүгіріп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Киік пен арқар, бұғы, маралдары,
Жағында жүгіріп жүр балалары.
Неше түрлі құс, аңның бәрін көріп,
Айтысып кетті естен сәналары.

Бұл сипатпен тоғыз ай жүреді жол,
Ат арымас, киім көп, тамағы мол.
Тоғыз ай тамам болған уақытында
Ирия шаһарына айрылды жол.

Керуен мен шаһизада уа һәм молда,
Ирияның шаһарына келді сонда.
Керуенге алтын-күміс беріп айтты:

—Һеш жан келді демеңіз еріп мұнда.

—Айтпайық,—деді керуен,—тірі жанға.

Жатқызып шаһзаданы сол араға,
Сыршы тонын үстіне киіп алып,
Керуенмен кірді молда Ирияға.
Шаһарды қыдырады бастан-аяқ,

Бір қолында шелегі, бар-дүр таяқ.
Жолықты бір бай бұған келген жерден,
Үйім бар, сырлаймысың, ей, сен саяқ?

—Сырлаймын мен үй, жанмын сырлай жүрген,

Талай үйді мен бұрын сырлап көргем.

—Ақына не аласың, сыршы, айтқыл,

Аласың оның үшін қанша менен?

—Ақымақсың ба, ақылың бар ма сенің,

Аласың қанша баға дейсің менен.
Әуел менім өнерім көріп баға қой,
Алмаймын жақпаса ақы сенен.

—Жарайды, олай болса, сырла үйім,

Берейін жақса өнерің, көп бұл-бұйым.
Бұл сөзбенен сырлады үйін молда,
Алмайынша сол байдан жалғыз тиын.

СЫРШЫ МОЛДА

Бір уақта үйін сырлап молда болды,
Әуелі бір үй сырлап салды жолды.
Сонан соң бірден-бірге кетті алып,
Бірінен-бірі береді артық пұлды.

Бірінен-бірін сырлар молда артық,
Болмайды хатқа жазып, тілмен айтып.
Бұл хабар естіледі падишаға,
Үйі бар, шақырмасын о да қайтіп.

Шақырғаш молда келді падишаға,

—Бір үй салып беріп едім ханшаға.

Сол үйімді сырлап бер, сыршы, маған,
Аласың оның үшін қанша баға?

—Ақылсыздың айтасыз сөзін, патша,

Аласың дейсіз маған баға қанша.
Мен һеш нәрсе алмаймын сізден бұрын,
Бірақ маған нөкермен келсін ханша.
Ханшаңыз жолдасымен маған келсін,

Боларсыз, патша, разы сырлап берсем.
Бұл сөзбен қызын шақыртып алды патша,

—Ал, сыршы, қызым мынау,—деді,—көрсең.

Сыршы көрді бұл келген ханышаны,
Қырық кәнизак келіп тұр бұған бәрі.
Ғажайып мұндай дидарды пенде көрмес,
Тағат қып тұра алмас адам жаны.

Һәрқайсын сипаттап көреді анық,
Адам қызы болды екен бұлар неғып.
Киімдері хале тон деп ойлайсың,
Дидарлары хор қызы тұрса бағып.

Көріп болып молда «жарар» деді,
«Бар ма адам үйге алып барар»,—деді.
Үйді сырлай бастады келгеш молда,
Крилсадан әуелі сырлайды енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сырлайды әуелгі үйге молда кіріп,
Сипатын жаза алмадым мен келтіріп.
Қанша өнері болса да аямайды,
Қайсыбірін жазайын мұның теріп.

Бірінен-бірін сырлар бұл зияда,
Көрген адам қылғандай жанын пида.
Ең төр үйіне келген соң ханышаның,
Суретін қыздарымен жасайды енді.

Бойындай әрқайсының бойы бар-ды,
Ханшаның қырық қызымен нұры бар-ды.
Һәрқайсысын өзіндей жасап қойып
Тағы да бір қиял іс ойына алды.

Қарсы алдынан жасайды ханның ұғылын,
Қырық жігіті жанында салар ойын.
Алтын тақтың үстіне отырғызып,
Көрсең, жаққа таянып отыр қолын.

Алдына орнатады бақ шарбақты,
Ішінен ағызады бір бұлақты.
Неше түрлі шарбақтың құсын жасап,
Төрт киік бұлаққа әкеп және орнатты.

Орнатты төрт киікті су басына,
Екеуі ерген лақ анасына.
Бірі—ата, бірі анасы лақтардың,
Жасады шаһизаданың дәл қасына.

Су іше келген киік лақтардың,
Ағыны қатты екен бұлақтардың.
Суға кетіп барады екі лақ,
Жамағат, салғыл бұған құлақтарың.

Байқамай суға кетті екі лақ,
Соңынан еркек киік түсті жылап.
Ұрғашысы анадай жерге барып,
Ғажаптанып тұрады шыдап қарап.

СЫРШЫ МОЛДА

Осылай сырлап болып берді хабар,
Үйді көре болған соң келділер.
Бірінен-бірі артық сырланғанын,
Баршасы тамаша етіп көрділер.

Ең төр үйге келеді бұлар ақыр,
Көрісіп бастан-аяқ келе жатыр.
Бөренеге жабысып тұрған өзін,
Көреді қырық қызымен ханша пақыр.

Шошып біраз тұрды да келді жақын,
Ғажайып дәл өзіңдей көрді қалпын.
Бірақ сурет, жаны жоқ демесеңіз,
Тап өздері, ұқсасты екен, халқым.

Ханша ғажап болмасын бұған нағып,
Тағы да оңды-солға тұрды бағып.
Дидары өздерінің порымындай,
Жүргізіп, сөйлетпеген нағып жан қып.

Тағы ханша қарайды оңды-солға,
Тағы да ғажап сурет көрді сонда.
Алтын тақтың үстінде бір шаһзада,
Көрсе, жағын таянып отыр қолға.

Алдында қырық өнерпаз бар жігіті,
Көрген адам ақылы қалмас тіпті.
Ханның ұғылын көрген соң, ханышаның
Ақылы қалмай басында сауал етті.

—Мұның кім, сыршы, айт маған,

Болайын разы мен саған.
Суретін ғажап жасапсың,
Айтқыл жайын, не адам?
Сауалына ханышаның,

Сыршыдан шықты бұл кәлим.

—Сүйеді һәркім өз елін,

Өз елімде гөзәлім.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жақсыға жақсы әуес деп,
Шаһзадамды көрсін деп
Жасап едім, жақпаса,
Өшірейін, жоқ шарам.

—Рас па, сөзің жалған ба,

Бойдақ па, қатын алған ба?
Шаһзада ма, қара ма?
Айтшы жайын сен маған.
Сыршы жауап әйлайды:

—Қатыны жоқ, алмайды,

Өзіне-өзі серт қылған,
Басына бәле салмайды.

—Қатыннан еркек ұялмас,

Себебі не-дүр, неге алмас?
Серт екен мынау бек жаман,
Сырыңды бізге айтпасаң,
Дертке түсер ғаріп бас.

Сыршы сонда айтады:

—Менен сауал қылғанша,

Сүгіретке, ханыша, көзің сал.
Шаһзада бір бақ жасатқан,
Ысырап етіп бек көп мал.
Ғажап бақша еді ол,

Ішінде аққан бұлақ бар.
Дағды алып бұлақтан
Су іше-дүр киіктер.
Бір уақытта бір-екеу

Су ішерге келіпті.
Жанында екі лағы бар,
Су ішіп олар тұрғанда,
Іліп алып кетіпті

Ағыны қатты бұлақтар.
Шығарып судан алам деп
Екі лақпен бірігіп,
Атасы кетіп барады,

СЫРШЫ МОЛДА

Аллаға әйлап зар-зар.
Анасы көріп оларды,
Үркіп барып бой таса,
Қылды олардан қаша,

Кең дүниясы болып тар.
Сайранда еді хан ұғылы,
Көзі көріп ол мұны,
Ақылы болды оның дал.

«Тіпті қатын алмайын,
Басыма бәле салмайын.
Енді маған тауфиқ бер,
Айналайын, Хақ Жаппар.

Қатын алып не етейін,
Елімнен безіп кетейін.
Киіктей болып өлермін,
Менен бала туса әгар».

Деп осылай, ханышам-ау,
Қатын алмас шаһзадам,
Осындай қылған шарты бар.
Ханша айтты сыршыға:—Тыңла сөзім,

Мен де шарт қылып едім өзіме-өзім.
Мен дағы «ерге тимен» деп уағда қылып ем,
Күйген тоты көріп көзім.
Мен бұздым бүгін енді уағдамды,

Ол қабыл жұптылыққа көрсе мені.
Жақында болса, сыршы, айтқыл маған,
Келейін барып көріп, келсе жөні.

—Алыс емес, шаһизада жақын жатыр,

Тұсында қақпаңыздың алтын шатыр.
Жанында қақпаңыздың, шаһ жаһан
Елден безіп, жолаушы болып жатыр.

—Олай болса шаһыңа айтқыл мені,

Барайын бүгін оған жарым түні.
Барып айт, шаһзадаңа келеді деп,
Айтамын өз кісімдей көріп сені.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шелегін сыршы қарға іліп алды,
Көңілін ханышаның біліп алды.
Тәмамдап барша жайын шаһзадаға,
Баяғы өз киімін киіп алды.

Түн ортасы болғанда келді ханша,
Қасында нөкер қыздар ерген қанша.
Көрісіп екі ғашық бір-бірлерін,
Ғажап емес биһұш боп талып қалса.

Көрісіп екі ғашық талып қалды,
Жүзіне бір-бірінің есі ауды.
Жанындағы жолдастары екеуін де
Су бүркіп таң сабахта әрең алды.

Екеуі бір-біріне жаяр құшақ,
Көзінен жасы ағады селге ұқсап.
Сөз орнына көздерінен жас ағады,
«Ғашық жарым» деседі, сөздері осы-ақ.

Бойымен сөз қатпаған ханша қайтты,
Барды да өзі жайын патшаға айтты.

—Мен таптым өзіме тең бір шаһзада,

Мені соған берсін,—деп хабар айтты.
Келіпті қақпаңызға ханның ұғылы,
Мен қабыл жұптылыққа көрдім соны.
Оған атам бермесе мені әгар,

Қайтейін, баяғымдай болдым сорлы.
Атасы естіп бұл сөзді қабыл алды,
Той қылып биқисап көп сойды малды.
Сүннеті Пайғамбардың осылай деп,

Шақырып шаһзаданы жанына алды.
Сүннетін Пайғамбардың қылды патша,
Көп жасаумен ұзатып қызын патша.
Қырық түйе, қырық қашырға жүгін артып,

Және қырық піл, қырық қыз күң берді патша.

СЫРШЫ МОЛДА

Падиша сексен нарға жүгін артты,
Ұзатып қызын бұлай арызын айтты.
Суреті ғашық болған қолға тиіп,
Шаһзада шад хиррам елге қайтты.

Әлқисса, патша қызын ұзатып, жолға шығарып, артынан
жылап айтқан сөзі үшбу-дүр:

—Япырым-ай, шын айырылдым жалғызымнан,

Жалғызым, жаным нұры, бар қызымнан.
Кім көтерер айырылмақ заһарын,
Басыма орнатылды ақырзаман.
Жылармын сені ойласам күн мен түні,

Иләһи, күнәлі етпе, мен құлыңды.
Жыламаймын десем де тірі айырылғаш,
Жатырмын көтере алмай енді мұны.
Күнәға жазылмасын менім мұным,

Ішімде үшбу ерүр барша мұңым.
Отыз қызым болғанша, ә, дариға-ай,
Аяқ-қолы жоқ жалғыз болмады ұғылым.
Ұғылым болса ол менен кетер ме еді,

Орны құрып қалыпты бүгін енді.
Бір перзентім бар еді айырылдым мен,
Сүйермін қуаныш құрып енді кімді?
Патша жылап, зарлап кетті қайтып,

Бар сөзін уа һәм сырын бәрін айтып.
Ғашық болған суреті қолға тиіп,
Шаһзада жөнеледі шеру тартып.
Шаһзада қырық құл, қырық күң бәріменен,

Сексен нар, алтын-күміс жасауларыменен,
Ойын-күлкі, сауықтың бәрін көріп,
Көңілінің келеділер нәріменен.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Келеді баршалары күн-түн қатып,
Болмайды шаттықтарын тілмен айтып.
Ойын-күлкі, сауықпенен енді бұлар
Салған мейманханаға келді қайтып.

Сайлады жеріне бір жігітті,
Сүйінші сұрай жігіт озып кетті.
Жол екен үш айшылық екі арасы,
Болғанда бір ай он күн жетіп кепті.

Падиша отыр екен, келсе, жылап,
«Ұғылымды есен көрсет» деп Хақтан сұрап.
Сабырсыздық қылғанмен келер жоқ деп,
Падиша отыр екен тағы шыдап.

Бір жыл, он ай болмаған хабарлары,
Падиша оның үшін етер зары.
Көңілі қапаланып отырғанда,
Көреді келген патша бір адамды.

Қараса, өз шаһарының адамы екен,
Сүйінші барша сөздің кілті екен.
«Сөз көтерер көңілді» деген бар-ды,
Алдың жар болса дағы, етер бекем.

Хабарын естіп патша талып қалды,
Қуанып бір Аллаға налып қалды.
Сүйінші деп алдына келген жігіт,
Патшадан дүние-малын алып қалды.

Падиша көп жұртымен шықты алдына,
Сапар ұзақ болмайды бар малдыға.
Көрісіп ұғылыменен амандасып,
Келінін алып келді шаһарына.

Қуаныш той падиша етеді енді,
Баршасы мұрадына жетеді енді.
«Мен қартайдым, ұғылым таққа мінсін»,—
Деп патша жұртқа үкім етеді енді.

СЫРШЫ МОЛДА

Ақыры патша болды жалғыз ұғылы,
Шат болды баршасының тегіс көңілі.
Молданың себебімен һәм қарияның
Ақылыменен таптылар олар мұны.

Баршасы жетті ақыр мұрадына,
Қосылып ғашық болған суретіне.
Үміткер біз де жүрген ғаріп құлмыз,
Алланың қиын емес құдіретіне.

Ақыры бұл дүниядан олар да өтті,
Бір-бірлеп бізге ақыр нәубет жетті.
Халайық, қол көтеріп бір дұға қыл,
Ақыры осылайша тамам бітті.

Ертегі ертедегі кәрі күйге,
Жібіне сабақталып отыр ине.
Бетіңнің бедеріне жұқпалы екен,
Опалап жаға берсең, шіркін дүние!

Ертектің ертегісін құрайын да,
Шықпаса елден құрақ сұрайын да.
Дастанбай деген кісі бай боп өткен,
Туысы Түркістанның кірайында.

Дейді екен қошаметпен әркім «Дастан»,
Түркістан қаласынан байлығы асқан.
Қайыры қарындасқа мол кісі екен,
Әркімге қарайласып қажет ашқан.

Байлықпен сегіз күмет үй салдырған,
Төбесі көк қаңылтыр, көз талдырған.
Алтыннан босағасын әшекейлеп,
Ішіне асыл тартып от жандырған.

Иісі дүние гүлдің жұпар аңқып,
Гүл қойып неше жерден ырғалдырған.
Әр жерден жақұт ойған, күміс шауып,
Ұжмақтың сарайындай сырландырған.

Ол үйге шығып кетті дүние пұлы,
Қалсын деп мұра болып салған мұны.
Қалғанда егде тартып зорға көрген,
Базарқан Дастанбайдың жалғыз ұлы.

Ғаяр қатын

ҒАЯР ҚАТЫН

Боған соң бай баласы өзі малсақ,
Қаңбақтай Базарқанға бітті саңлақ.
Солқылдақ жаңа жігіт болған кезі,
Аяғын тәлтек басар шалдуарлап.

Ер жетіп есер өскен байдың ұлы
Болыпты елден таңлап қатын алмақ.
Дастанбай баласына айтады екен:

—Алсаң ал, сұлу [қатын] елден таңлап.

Сұлудан сұлу талғап қашпай малдан,
Сұлудан қызық өтпес дүние жалған.
Жалғызым елден өткен сұлу алса,
Мінезі басылар деп шалдуардан.

Бойынша әкесінің лұқсаты,
Баласы айдай сұлу қатын алған.
«Иншалла, қарағымның қарызынан,
Дастанбай: құтылдым» деп айтып салған.

—Айтайын ақылымды,—депті,—саған,

Базарқан, бері келші, жалғыз балам!
Ие боп мұрасына тұра алмасаң,
Қорлығы замананың болар жаман.
Атаңның дәулетінен айрылған соң,

Бола алмас бес тиындық елге бағаң.
Мүлкіңді шашпа төгіп, күтіп ұста,
Алланың ақ өлімі келсе маған.
Таңдайын осылай деп бір-ақ қақты,

Аузынан көзі алаңдап көбік ақты.
Бір ауыз содан басқа тілге келмей,
Ұсынып аяқ-қолын қаза тапты.
Кенеттен Базарқанның әкесі өлді,

Әр үйге шапқылатып хабар желді.
Жиылып елі-жұрты жаназаға,
Арулап Дастанбайды көрге көмді.
Кезінде қара құрттай толып тұрған,

Себебі қазасының болып тұрған.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әкесі өлгеннен соң байдың ұлын
Қырсықтың қызығына жолықтырған.
Салынып құмарпаздық дәрткемеге,
Дәулетін байдың шайқап урот қыған.

Дейтұғын «шашпа-төкпе» қайран әке,
Қызғыштай қор мал екен құрып тұрған.
Бітелеп төрт асықты алады да,
Соғады дәрткемені барады да.

Қисапсыз байдың малы түгесіліп,
Әуейі, ақымақ боп қалады да.
«Ой, менің ақылды екен атам!»—деді,
Бір ат пен бір сиырға тақалды енді.

«Қарайтын ел бетіне бет қалмады,
Бүркеніп үйде тыныш жатам»,—деді.
Ұтқызды ата малын дүркін-дүркін,
Таусылды ысырап болып дүние шіркін!

Баяғы таңдап алған сұлу қатын
Кетпекке ұйғарады сонда бір күн.

—Базарқан, ысырап еттің ата малын,

Бүлдірдің дүниесінің барлық сәнін.
Қара жер өлмегенің болсын дағы,
Тақалдың жалғыз атқа енді, жаным.
Болған соң байдың ұлы сүйіп едім,

Көркіңе келгенім жоқ, Базарқаным!
Қолында аз қажеті болмаған соң,
Басында малды еді деп не қыламын!
Алғаны болмаған соң бір өнерлі,

Қатыны «кетемін» деп жүре берді.
Қатынның мінезіне қапаланбай,
Базарқан өз алдына күледі енді.

—Ей, соққан, сонша мәз боп нені білдің,

Қуанып қу далаға не бітірдің?!

ҒАЯР ҚАТЫН

Мен бе едім саған қырсық болып жүрген,
Санасыз, кеткеніме неге күлдің?!

—Ей, қатын, Құдіретке таң қаламын,

Сен кетсең есім кетіп сандаламын.
«Баласы ақыры байдың аштан өлді»,
Дегендей болғаныма арланамын.
Төрт түлік біткен малдың сай күнінде,

Емес пе ем сүп-сүйкімді бай күнімде.
«Иесі шығасыға басшы» деген,
Есіме келсең еді жай күнімде.
Мәселен «ит болдырса үрер» деген,

«Адамзат ұялғанда күлер» деген.
Күйсем күйіп, жансам да бірге жанып,
Жалынға жаның бірге күйер деп ем.
Кезімде кедей боған кетем дейсің,

Ішім ғой, іш өткенді білер деп ем.
Асылық айтқаныңа күлгенім сол,
Басымды өлген жерде сүйер деп ем.
Қатыны бейшараның ұғынады,

Дәлелін дәл тапқан соң жығылады.
Сенімен өлген жерде бірге өлем деп,
Ол бетін сол қайыра бұрылады.

—Базарқан, болмақ болсаң менің байым,

Маған бер саған келген сөз ыңғайын.
Өзіңнен деме кетсе не қыласың,
Қу малды сен таппаған мен табайын!
Бетіме бет пердемді салайын ба,

Шаhардың базарына барайын ба?
Мынау деп хордың қызы бір теңге бер,
Көрімдік көргенің деп алайын да.
Береді мені көріп әркім теңге,

Теңгені телегей қып табайын да.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жан сақтау қиын болып бара жатыр,
Айтпалық сырымызды ағайынға.

—Табылған табылғанда мынау ақыл,

Бәрінен жан сақтасақ бәрі мақұл.
Әуелі жан сақтамақ парыз деген,
Болады сен кетпесең,—деді,—мақұл!
Сұлудың сымбаты да биік еді,

Бұралса тал шыбық боп иіледі.
Теңінен таза-таза асыл киім
Аңқытып әтір майлап киінеді.
Лайық осы қатын қандай ерге,

Саудырлап теңге моншақ, маржан перде.
Ерінің ездігіне шыдай алмай,
Барады өзі түсіп тәуекелге.
Сонда қатын секілді

Қоғалы көлдің құрағы.
Бой нұсқасын қарасаң,
Бектердің мінген пырағы.
Екі көзін қарасаң,

Нұрдың жанған шырағы.
Алтын шолпы, сырғасын
Көтере алмас құлағы.
Сабағындай алманың

Үзіле жаздап бұғағы.
Дәл жиырма екіге
Жетеқабыл жасы бар.
Оймақтай болған ауызы,

Қаламдай ғана қасы бар.
Жазық маңдай, бота көз,
Түймедей болған басы бар.
Сере құлаш мойылдай,

Қап-қара болған шашы бар.

ҒАЯР ҚАТЫН

Жібектей болған тұлымы,
Пістедей болған мұрыны.
Отыз тісі меруерт,
Бет біткеннің сұлуы.

Айдай болған беті бар,
Қардай болған еті бар.
Сондай қатын, бозбала,
Талабың болса етіп ал!

Орта бойлы дембелше,
Жорға қаздай жүрісі,
Сылаңдай басқан сұлудың
Әтір май сасып иісі.

Хор қызындай жымиып,
Езу тартқан күлісі.
Аузынан шыққан лебіздің
Тәттілігі қанттай!

Екі емшектің арасы
Құрқылтай салған мамықтай.
Базардағы халыққа
Өзін-өзі танытпай,

Аралап өтіп барады,
Суға жүзген балықтай.
«Бұл нағылған сұлу?» деп,
Базар халқы қарады.

Қарағанда қадалып,
Екі көзі талады.
Қарсы алдынан Базарқан
Қарсыласып қалады.

Хордың қызы екен деп,
Бір теңгені алады.
Көрімдігі мынау деп,
Қолына қатын салады.

Бір көтеріп пердесін,
Бетін ашып-жабады.
Базар толған халықтың

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құмарланды талабы.
Көргеніне көрімдік,
Бір теңгеден санады.
Көрмеген адам қалмады,

Бермеген пенде тамамы.
Теңге салған дорбасы
Толайынан толады.
Сол базардың әммасы

Солайынан соғады.
Үйге келіп санаса,
Бар ақшаның қоғамы,
Екі жүз елу теңгенің

Есебінде болады.
Береді санап-санап Базарқанға:

—Сырыңды білгізбе,—деп,—ешбір жанға!

Жалғыз ат сатылуға шақ қалды ғой,
Жоқшылық қарар емес ұят-арға.
Көркімді көптен бері пайдалансаң,
Себебім тимес пе еді талай малға.

Құпия байыменен қулық жасап,
Тағы да шығып кетті ол базарға.
Кеткені мәлімсіз бе қандай сырға,
Табады қандай ақыл, қандай шырға.

Аңшының тазы итіндей сылаң қағып
Бет алып келе жатыр наубайшыға.
Бөленіп үлде-бүлде жөнеледі,
Қылаптың қылуасы бөлек еді.

Дейтұғын Әмірақын үлкен қасап,
Төрт болып екі көзі төнеді енді.
…* сарт пен ноғай аралады,
Басқаның дүкеніне қарамады.

Қадалып Әмірақын қалғаннан соң,
Соның кеп дүкеніне паналады.
* Бір сөз танылмады.

ҒАЯР ҚАТЫН

—Шырайлым, көркем, сұлу қандай едің,

Келіпсіз дүкеніме,—деді,—менің.
Көңіліңнің көксегенін айта бергін,
Болайын тілегіңе,—деді,—сенің.
Үшүке, бар ма сенің ерің,—деді,

Қонаққа келдіңіз бе, келің?—деді.
Қуырдақ, манты, палау, иә, самса
Жей бергін жегеніңше тегін,—деді.

—Саудаға кетіп еді менің ерім,

Қатының бар ма, қалай,—деді,—сенің?
Сегіз жыл шамасында болып қалды,
Білмеймін тірі жүр ме, өлі екенін.
Үй салып сегіз күмет кетіп еді,

Болмады берекеті берекемнің.
Кеткелі төрт жүз теңге қарыз бопты,
Ұстаған зейнетіне мерекемнің.
Төрік боп ертең үйім сатылмақшы,

Елу ғой ел құлағы елекемнің.
Үй-мүлкім кем баға кетеді-ау,—деп,
Күрсінді: қорлығы-ай деп келекенің.

—Дүние бұлбұл ұшқан көзімізге,

Сенбейді сенері жоқ сөзімізге.
Біреуге не де болса тисем деймін,
Ұқсаған түс-тұрпаты өзіңізге.
Керіліп кер маралдай керіледі,

Баптанып бір сөйлеуге ерінеді.
Көзіне әлгі сарттың әлдене боп,
Барабар хордың қызы көрінеді.

—Қаласаң, қалқам, сені алам,—деді,

Қамданып керегіңді табам,—деді.
Әзірлеп төрт жүз теңге кеш болғанша,
Қонаға сіздікіне барам,—деді.

—Бүгіндік қаражатым болмай отыр,

Қасапқа: мұның жолы қалай,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қарбаңдап қалтасынан Әмірақын,
Ақшаны жүз елу сом санайды енді.
Шай-қант, өрік, мейіз қоржынға сап,
Қатынға құртып жатыр талайды енді.

Бар болса не керегі даяр қылды,
Бұл қасап не қылғанмен жарайды енді.
Қипақтап қатын сонда болды қайтпақ,
Қасапқа болып отыр «қош-қош» айтпақ.

Болмады бас тартатын Әмірақын,
Қу қатын аңқауланып алса байқап.
Қасаптың қолын ұстап көзін қысты,

—Қайтпаспын айтқанымнан,—деді,—тайсап.

Ізінше келген күйше қайта берді,
Базардан түс қайтқанда қудай жайқап.
Қатынды кешке қасап алмақ болды,
Басыла ел аяғы бармақ болды.

Бейшара кешке дейін ақтабан боп,
Әркімнен ақша іздеді қасап сорлы.
Теңгенің бар жерінен сұрастырып,
Ақшаны түгендейді құрастырып.

Жуырда бұл қасапқа күн батпайды,
Үстіне киім киді ұнастырып.
Айнаға дүкендегі бетін қарап,
Бипаздап сақал-мұртын сұлу тарап.

Түгендеп төрт жүз теңге дәсмиясын
Жөнін де қалың малдың алды санап.
Бетінің бүркеніш боп ұятына,
Қызарып күн де кірді ұясына.

Қатынның қақпасынан кіріп бармай,
Минутке қасап жазған шыдасын ба?!
Келген соң сүйген жары құмарланып,
Кіргізді қақпасынан қатын танып.

ҒАЯР ҚАТЫН

Астынан қолтығының сүйемелдеп,
Қасапты отырғызды төрге апарып.
Жанына төрт жүз теңге жып еткізді,
Қу қатын сандығына қойды салып.

Сұлудың сыбдыр басқан жүрісіне
Отырды қасап жазған аң-таң қалып.
Қайнатып ішкізеді қызыл шайды,
Ет асып жегізеді аппақ майды.

Жегізіп ас-тамағын әбден сыйлап,
Жатуға екі кісі төсек жайды.
Дей көрме өте момын бұл қасапты,
«Ертерек тез жатқыз» деп мазаны апты.

Қасапты әзіл сөзге айналдырып,
«Ол-бұл» деп қу қатын да қисақтатты.
Екеуі әзілдесіп отырғанда,
Есікті біреу келіп тақылдатты.

Аңысын аз кідіріп абайласа,
Қақпаны онан бетер қатты қақты.
«Жолаушы кеткен байың кеп тұрмын»,—деп,
Сыртынан қақпаның жауап қатты.

—Құдай-ай, сорлы қылған, енді қайттім,

Қасапқа деді:—Байым келіп қапты!
Кептірді мысымызды бүгін,—деді,
Күтіңіз игіліктің түбін,—деді.
Жанымыз бүгінгіден аман қалса,

Түңіліп кетіп жүрме, күнім!—деді.

—Байыңыз қышқырды ғой, үке жаным,

Дауысы ашуланған шығады анық.
Есімнен өле-өлгенше ұмытпайын,
Осыны сездірместей айла табың!
Ыңғайлы өзі пана жерің болса,

Тезірек жасырудың ойла қамын.
Кіруге қара жердің тесігі жоқ,
Бетімнің беті құрсын,—деді,—жабың.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Болмады қасап кірер жер тесігі,
Ішінен ілгек салған сыртқы есігі.
Құдайдан үміткер боп сақтап жүрген,
Қатынның абажадай бар бесігі.

Қасаптың қасақана көңілін жебеп,
Бесікке жас баладай жатыр бөлеп.
Тербетіп қол тартпасын босаң тартып,
«Қақсамай ұйықташы,—деді,—ертерек».

Бесіктің қашап салған түбегі бар,
Түйенің жілігінен шүмегі бар.
Мәшігін шүмегіне дәл түсірді,
Азамат демейсің жүрегі бар.

Бесіктің бет көрпесін жабады да,
Далаға қатын шығып барады да.
Кіргізіп қақпасынан Базарқанды,
Кісі боп амандасқан қалады да.

Екеуі ерлі-байлы келе жатыр,
Үйіне жолаушы боп кірді батыр.
Бесікке кірген жерден көзін салса,
Сирағы сала құлаш шығып жатыр.

—Болды ғой мен кеткелі,—деді,—талай,

Не сұмдық, тапқанбысың зина бала-ай!
Ойнастан бала туып алғанбысың,
Бесікте жатқаныңның мәні қалай?!

—Болды ғой сен кеткелі сегіз жылдай,

Ойлама жаман сұмдық,—деді,—мұндай!
Өзіңнен екіқабат қалмап па едім,
Есіңнен алған екен тегі Құдай!
Сондағы іште қалған осы бала,

Бекіндім содан бері бала тумай.
Даладан кірісіміз болмаған соң,
Тауыстық үйдегіні болып жұрдай.

ҒАЯР ҚАТЫН

Тауыстық хан қызына біткен малды,
Болған соң жетім-жесір малға жарлы.
Бейшара артымыздан осы балам
Мешел боп екі аяғы жүрмей қалды.

Ашылған абыройға болған қымтау,
Осы үйде не жоқ болса осы сылтау.
Өзімнен көп ішпесе, аз ішпейді,
Бейшара туды білем іштен мылқау.

Қалжаға қара қойды сойып едім,
Етіне неше қабат тойып едім.
Жолаушы өзің түзде жүргеннен соң,
«Аманжол» мұның атын қойып едім.

Ойлашы, сен кеткелі заман болды,
Біздерге кедейшілік жаман болды.
Жолыңды сенің күтіп ерге тимей,
Отырмын ермек қылып Аманжолды.

Әкесі тірі келіп ақжолтай боп,
Мешелің пешенелі адам болды.
Сапардан аман-есен келдің,—деді,
Келгенде шілдехана көрдің,—деді.

Өлгенде зорға көрген нәрестең ғой,
Сандалмай көрімдігін бергін,—деді.
Баламды байы айтады көрейін деп,
«Көрген соң көрімдігін берейін»,—деп.

Бесіктің бетін ашса көзін жұмып,
Қападан қасап жатыр өлейін деп.

—Бұл балаң алпауыттың атанындай,

Тұрмасын бізге бәле тақалып-ай.
Бесіктен белі шықпай неткен сұмдық,
Күйектей болып жатқан сақалын-ай!
Сүйегі сом-сомынан біткен бөлек,

Өзі де, Құдай білер, өте зерек.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Осы ғой нысаналы туған бала,
Сақалы туа шыққан болса керек.
Өзінде жүз кісілік бар ғой қуат,
Болды ғой, Құдай қосса, бізге мият.

Сақалы қауғадай боп жалғыз ұлдың,
Болмасын көрген елден тіптен ұят.
Шығарып ұстарасын жалаңдатты,
«Қылам,—деп,—жас баладай мұны зият».

«Бір жерін кесіп алмай абайлап нет,
Жарығым осы ғой»,—дер қатын қылап.
Алады ұстарасын білеп-білеп,
Ұстара қылпылдайды сақал тілеп.

Қасаптың сақалынан мекем тұтып,
Базарқан ту құйрықша отыр күзеп.
Бақшиып екі көзі бұл қасаптың,
Жылмақтай жігіт болды бетін түзеп.

Ер бала Құдай қойса есен,—деді,
Мұрындық елге болар көсем,—деді.
Сүндетке отырғызбай әлі күнге,
Есінен кетсе керек шешең,—деді.

Басынан мұсылманша пішпе болып,
Баланың жақсы болмақ төселгені.
Есерсоқ ер жеткен соң бола берер,
Сәурікше етін сылып кесем,—деді.

Қатынға сол қалай деп ақылдасты,
Бесікті «кессең кес» деп қатын басты.
Жаман ғой жанды жерден жабысқан соң,
Орнынан сонда қасап тұра қашты.

Арқалап ағаш бесік арқасына,
Қақпаның өзін таппай қатты састы.
Бесікті арқасынан лақтыра сап,
Қораның қақпасынан қарғып асты.

Салдырлап қараңғыда қалды бесік,
Адымды кере қашты алға көсіп.

ҒАЯР ҚАТЫН

Шұп-шұнақ сақал-мұрттан дәнеме жоқ,
Ентігіп өз үйіне келді жетіп.
«Ұрындың не пәлеге, үке?»—дейді,
Қасаптың өз қатыны тани кетіп.

«Қатыным, бір қатерден құтылдым»,—деп,
Жылайды сонда қасап без-без етіп.

—Сырттағы сауда малға барып едім,

Кешігіп сауда-саттық қалып едім.
Ұрындым орта жолда басмашыға,
Ұқсата пайданы да тауып едім.
Алдымнан екі ұры кез кеп қалды,

Ілбемді үстімдегі тонап алды.
Жанымнан төрт жүз теңге пұлым кетті,
Тып-типыл сақал-мұртты күзеп салды.
Турайтын қару қылсам болғаннан соң,

Еркіне көне бердім пәтшағардың.
«Жаныңның қалғанына шүкір қыл»,—деп,
Қатыны бір тоқтысын айтып шалды.
Қасаптың қалмады ғой адам сиқы,

Қылмас па ертең мазақ жұрты күлкі.
«Пендеге көрінбесем екен»,—дейді,
Ұялып жоқ болған соң сақал-мұрты.
Бұл қасап өзі біліп өз ұятын,

Ойлады өшті ғой деп қасап атым.
«Астыңғы жер үйге жасыр,—деді,
Сақалым жеткенінше мені, қатын!»
Кіргізіп астыңғы үйге құлып салды,

Қасаптың өз қатыны таңға жақын.
Қасаптың пайда-шерік болып жүрген
Дейтұғын бақалы бар Қасымақын.
Дүкені екеуінің бірге қатар,

Дейтұғын Қасымақын қауға сақал.
Дүкенде мәліш бұйым сатушы еді,
Ертеңмен жетіп келді осы бақал.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Жан досым, қасапеке,—деді,—қайда?!

Саудамыз қасат болды сарт,ноғайға.
Бүгінгі сауда жөнін сөйлеселік,
Кешегі не болды екен түскен пайда?!
Қақпадан қорасына енгізбеді,

Қатыны бажалаңдап:—Кетің, әйда!
Үйде жоқ қасапекең, кетің,—депті,—
Қылғалы кеше кеткен сыртқа сауда.
Бақалды қақпасынан енгізбеді,

Қасаптың мәні-жайын білгізбеді.

—Өзіңше пайда-бақыр қыла бер,—деп,

Ізінше қайтыңыз,—деп жүргізді енді.
«Қасаптың қатыны,—деп,—бір албасты»,
Аяғын Қасымақын жылдам басты.
«Ертерек сауда-саттық қылайын»,—деп,

Дүкеннің құлып салған кілтін ашты.
Қолына кілті менен құлпын алып,
Дүкенші дүкеніне кірді барып.
Мәлішін қағып-сілкіп жайып жатса,

Көзіне елес еткен түсті жарық.
Жалт етіп жарқ еткенге қарай қалса,
Барады сұлу қатын сыпсың қағып.
Қасаптың ләпкесінен ағып өтіп,

Келеді дүкеншіге қайта оралып.
Сұлудың сылаңдаған сымбатына
Аузынан сілекейі кетті тамып.
Тоқтатып сөйлесуге құмарланды,

Жасаурап екі көзі бал-бұл жанып.

—Үшүке, келің мұнда,—деді,—қарақ,

Менде бар сізге лайық айна-тарақ.
Әтір май, жұпар сабын, иісті май бар,
Алсаңыз шеттік, ноқа бетке қадап.
Шеттейін пұлыңыздың керегі жоқ,

Алыңыз алғаныңша,—деді,—қалап.

ҒАЯР ҚАТЫН

Аяғын сыздай басып зорға келді,
Шақырған дүкеншіге мен мұңдалап.
Күрсінді басын шайқап:—Шіркін өмір,
Сіз қандай адамсыз,—деп,—кішіпейіл!

Жесірмін сегіз жылдан бермен қарай,
Түңіліп қалған екен ерден көңіл.
Есепке менің байым жетік еді,
Басында саудаменен кетіп еді.

Сол жақтан қатын алып келмеді ме,
Хат-хабар болмады-ау,—деп өкінеді.

—Біреуді алса дағы менен бөлек,

Бір хабар сонан бері болса керек.
Өзім де үмітімді үзіп жүрмін,
Сол жақта қаза жетіп өлсе керек.
Сарғайып жолаушының жолын күтпей,

Біреуге тисем деп ем енді ертерек.
Ескеріп есіңізге ала жүргін,
Көзі ашық жігіт болса көңілі зерек.
Өлді ғой менің байым сорым жеңіп,

Үй салып кетіп еді сегіз күмет.
Кеткелі төрт жүз теңге қарыз бопты,
Сатылмақ ертең үйім болып төрік.
Қолда жоқ болғаннан соң дүние тапшы,

Үй-мүлкім ертең тура сатылмақшы.
Өтейтін жігіт болса қарызымды,
Дәл соған тиіп алсам не қылмақшы!
Дүкенші:—Тиемісің,—деді,—менге,

Көңілім кетіп қалды, жаным, сенге.
Бір көрген көркіңіздің садағасы,
Табамын табан аумай төрт жүз теңге.

—Сізге мен сіз ұнатсаңыз тием,—деді,

Сіз сүйсең, сізден бетер сүйем,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Келіскен келбетіңе сымбатыңыз,
Бола ма сізден өткен күйеу,—деді.
Қарбаңдап қалтасынан табан аумай,
Жанынан төрт жүз теңге түгендеді.

Ақшаны түгел санап түгел беріп,
«Сізбенен өмір дәурен сүрем»,—деді.
Көзбе-көз дүкеншіден санап алды,
Жымыңдап қалтасына қатын салды.

Өзі биік қырық алтыншы нөмір үйге,
Көрсетті келіңіз деп жорамалды.
Кезінде апақ-сапақ келерсіз деп,
Жөнелді сылдыр қағып сұлу жары.

Киініп таза киім дүкенінен,
Бек жүдә Қасымақын сұлуланды.
Жүрегі аттай тулап лүпіл қағып,
Ентігіп елегізді одан ары.

Ас батпай жүрегіне кеш батқанша,
Күн бата салаң етіп жетіп барды.
Нөмірін дәл айтқан соң таппасын ба,
Тұр екен қатын тосып қақпасында.

Кіргізіп қақпасынан ішкеріге,
Жүрегі бақалшының қақпасын ба?!
Алдына төр үйінің отырғызып,
Мәнімен шайын демдеп баптасын да.

Пісіріп әр алуан дәмді тағам,
Бақалды сыйламақ боп жатпасын ба.
Кешегі белгілі ғой қылған кәсіп,
Базарқан сыртқы есікті қақпасын ба?!

Бақалдың екі көзі адырайып,
«Пәлеңнен,—деді,—Құдай сақтасын да!»

—Кім,—деді,—есік қаққан?—тыңдай қалып,

Қақпаны сықырлатқан ашуланып.

—Жолаушы кеткен байың келіп тұрмын,—деп,

Қораның сыртынан тұр айғай салып.

ҒАЯР ҚАТЫН

—Кеп қалды менің байым, бақал,—деді,

Бір пәле екеумізге тақалды енді!
Осыдан көріспейтін заман болса,
Өлімнен қатаң болар қапаң,—деді.
Өлелік құшақтасып қайда өлсек те,

Осыған кел, қылалық қасам,—деді.
Шыдасаң осы сертке жігіт болып,
Құшақтап көз алдыңда жатам,—деді.
Қатыны Базарқанның кешігеді,

—Ит қатын, жылдам шық!—деп екіленді.

Өкініп басын шайқап бақал жүрсе,
Қу қатын бетін сүйіп мекіренді.

—Көрсетпе, беті құрсын бетпағыңның,

Бір жерге тасала,—деп өтінеді.
Бір арқан босағада отын жатқан,
Бұқалап соған қарай бекінеді.

—Келді ғой алабөртіп мұның,—деді,

Отынға, үке, мені тығың,—деді.
Пәледен басымды аман құтқарсаңыз,
Құрысын төрт жүз теңге шығын,—деді.
Бақалдың зар-иманы қалмаған соң,

—Беліңді тәуекелге буын,—деді.

Отынды жамылғы қып жата бергін,
Табармын бір айланың ығын,—деді.
Жалма-жан етпетінен бақал жатты,
Үстіне бар отынды қатын жапты.

—Тіл шықпай біздің үйден қалған ба?—деп,

Базарқан ашуланып айғай сапты.
Қу қатын өшіреді шамын үрлеп,
Далаға қарғып шығып «бұ не, кім» деп.
Қақпаның аузын ашып Базарқанға,

Айтпайды «қораға кір, үйге жүр» деп.
Базарқан ашуланды зілді, суық,

—Есіңнен болған екем сенің ұмыт.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жақтырмай келгенімді тұрсың ба?—деп,
Қатынын келе жатыр үйге қуып.
Байынан сасқалақтап қашқан болып,
Үрпиіп қатын кетті төрге шығып.

—Үйіне жарық қылып от жақ,—деді,

Дәл менен өлмей тұрып,—деді,—бұзық.

—Таусылған көптен бері шамның майы,

Жағуға жоқ болып тұр отын жайы.
Біреуді сенен ұрлап тұр дейсің бе,
Құрысын деп көрінеді осындайы.

—Тұр еді мен келгенде шамың жанып,

Жеткенде таусылды ма?—деді байы.
Базарқан сіріңкені дір еткізіп,

—Қайда,—деп,—қатын, шамың?—жалаңдайды.

Жалма-жан сіріңкені шағады кеп,
Жап-жарық шамын жағып қарады кеп.

—Айтасың «отын жоқ» деп, анау не?—деп,

Қатынның етегіне сабады кеп.
Қамшымен тарсылдатып сабаған боп,
Отынды босағадан табады кеп.

—Қызғанған отыныңды өртейін,—деп,

Отынды ашуланып жағады кеп.
От қойып жан-жағынан өртеген соң,
Қоңырсып киімдері жанады кеп.
Отынды ашуланып жағып жатыр,

Қоңырсып киімдері жанып жатыр.
Быжылдап сақал-мұрттан түк қалмады,
Күйбеңдеп бақал байқұс нағып жатыр?!
Жанынан жалын өтіп бара атқан соң,

Орнынан қарғып тұра қашты батыр.
Қорадан тапыр-тұпыр қуып шықты,
Адымдап сасқанынан басты батыр.
Көшемен тарсылдатып келе жатса,

Алдынан «сен кім?» депті қасап бақыр.

ҒАЯР ҚАТЫН

—Жүгірген алаң-жұлаң сен кім?—деді,

Келе жатқан бақал айтты:—Менмін,—деді.

—Осынша қорыққандай, бақалеке,

Не қорлық сенің өзің көрдің?—деді.

—Мен бүгін, қасапеке, қатын алдым,

Қатынды алмақ болып түнде бардым.
Жаңадан жатайын деп жатқанымда,
Жолаушы кеткен байы келіп қалды.
Қатынның байы келе ашуланды,

Қоярға жер таппадым шыбын жанды.
Жатуға төсегіне таш қалып ем,
Сондықтан сақалымды өртеп салды.
Қасап айтты:—Мені әм кеше құртты,

Сақал мен күзеп алған мына мұртты.
Мені ұрған Құдай сені қоса ұрыпты,
Көруге бет қалмады осы жұртты.
Күзеді кеше мені, бүгін сені,

Не болды, бақалеке, мұның жөні!
Қазыға білдірейік оқиғаны,
Қалмады мұнан басқа мұның емі.
Қасапты өз қатыны тыққан екен,

Ұялып сақалынан бұққан екен.
Күн бойы астыңғы үйде қапада боп,
Іңірде түзге отыра шыққан екен.
Түнімен қасап, бақал ақылдасты,

Екеуі ақылдасып мақұлдасты.
Қазыға барлық жайды білдірмек боп,
Бергеннен таң қылия қадам басты.
Қазыға қасап, бақал жетіп келді,

Есіктен қол қусырып сәлем берді.
Халықтың әділ қорған қазысы екен,

—Сұраңыз әділдікпен бізді,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қазеке, сөзімізді ұқшы,—деді,
Бір қатын ғаяр болып шықты,—деді.
Мың сомдай екеуміздің пұлымызды ап,
Күзеді сақал менен мұртты,—деді.

Мынаның бар киімін жіберді өртеп,
Солай қып сақалымды құртты,—деді.
Алғызып абақтыңа салғызбасаң,
О қатын бұзады екен жұртты,—деді.

Кездесті пәле қатын бізге түнде,
Бұзады тыймасаңыз жұртты мүлде!
Есімнен ұмытпасам дәл көшесі,
Өзі биік, қырық алтыншы нөмір үйде.

Анығын ашып айтпай жасырады,
Алдына қазекеңнің бас ұрады.
«Алдыма залым қатын тез келсін»,—деп,
Жасауыл, шабарманын шақырады.

Өзі биік, қырық алтыншы нөмір үйдің
Қатынын қуып кел деп ақырады.
Халқымда мұндай бұзық болмасын»,—деп,
Аузынан ащы көбік шашырады.

Жасауыл тұра шапқан шабармандар,
Шамдағай елің-желің өткір жандар.
Нөмірін санап жүріп тауып алды,
«Осы үйде болыпты,—деп,—түнде жанжал».

Қақпадан сұлу қатын шыға кепті,
Кісідей түк қылмаған болып аңғал.

—Үстіңнен қазы алдына арыз түсті,

Шақыртып жатыр сізді,—деді,—хандар.

—Өзім де бармақ едім қазы алдына,

Түнімен сол кеткізген мазамды да.
Осыдан хан алдында тентек болсам,
Өтініп сұрамайын жазамды да.
Шабарман осы сөзбен қатынды ертіп,

Қу қатын орамалмен бетін желпіп.

ҒАЯР ҚАТЫН

Сылаңдап, сылдыр қағып, кербез басып,
Алдына қазекемнің келді-ау жетіп.

—Сұрқия, бері таман келші,—деді,

Кәнеки, жауабыңды берші,—деді.
Бақал менен қасаптың мүлкі қайда,
Бұлардың түр-әлпетін көрші,—деді.

—Япырым-ай,—қатын сонда,—қазы-ау,—деді,

Қазеке, ақылыңыз аз-ау,—деді.
Арыз қып ұялмай-ақ кеп отыр ма,
Екеуі қасап, бақал анау,—деді.
Қазекем, қарыныңыз тоқ-ау,—деді,

Үйімде менің байым жоқ-ау,—деді.
Екеуі елден шыққан анық бұзық,
Отырған қасап, бақал сонау,—деді.
Келмей тұр сегіз жылдай менің байым,

Айтайын қасап, бақал енді жайын.
«Қойныңа аласың ба, қайтесің»,—деп,
Қиқандап келуші еді түн сайын.
Байымның үйде жоғын білуші еді,

Қиқандап осы екеуі жүруші еді.
Кей күні әзілдесіп қалушы еді,
Кей күні мәз-мейрам боп күлуші еді.
Жатқалы өткен түні отыр едім,

Сып етіп қасап, бақал жетіп келді.
«Өзіңе көптен ғашық, ынтықпыз»,—деп,
Екеуі ұялмастан «бергін» деді.
Жүзіқара, беті құрғыр шімірікпей,

«Зорламай өз бетіңмен көнгін»,—деді.
«Ұят жоқ ұлы сөзде» осы жөнді,
Үстіме екеуі де келіп төнді.
Хайуанның қатарында екі доңыз,

Шынымен зорламақшы болды мені.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Айтып ем қорыққаннан соң «алайын» деп,

—Төсекті әдемілеп салайын,—деп.

Біреуің жат, біреуің үйіңе қайт,
Ығыңды өзім біліп табайын,—деп.
Төсекке қасап айтты:—Мен жатам,—деп,
Бақал:—Алдыменен мен басам,—деп.

Даурығып түн ішінде бақал, қасап,
Төсекке екеуі де таласты кеп.
Төсекке бақал келіп жатып алды,
Сақалын мына қасап жіберді өртеп.

Қасапты ана бақал жығып алды,
Бас салып сақал-мұртын күзеп салды.
Жүр еді таң атқанша жағаласып,
Жоқ болып таңға жақын кетіп қалды.

Білмеймін бұдан басқа ештемені,
Екеуін сайтан түртіп жаным қалды.
Түксиіп Нүсіп қазы ашуланды,
Шақырып жендеттерін жиып алды.

Байғұсты қасап, бақал жалаңаштап,
Көтіне қырық шыбық дүре салды.
Алдында қазекемнің құстай сайрап,
Түрленді сонда қатын гүлдей жайнап.

«Әтказ,—деп,—сенің ісің, қасап, бақал»,
Қазекем дүре соғып жіберді айдап.
Жүрегі қазекемнің алып-ұшып,
Сұлуға қырындады көзін қысып.

—Қатыным жақында өліп қалып еді,

Сонда да кетіңіз,—деп,—шай-пай ішіп.
Сұлуды үй жағына ертіп барды,
Әр түрлі қиял ойлап қазы Нүсіп.

—Үй-мүлкім азып-тозып кетпес еді,

Бір қатын жібі түзу болса пысық.
Сұлуды ертіп барып өз үйіне,

—Үй-мүлкім аңырап тұр бұл дүние.

ҒАЯР ҚАТЫН

Шырағым, жібің түзу көрінеді,
Болыңыз, мені сүйсең, бұған ие.

—Қазеке, үй-тұрмысың жарайды екен,

Өзіңе күллі жұрт та қарайды екен.
Аузыңнан әділетті сөзді естіп,
Алдыңнан топ-топ болып тарайды екен.
Тиермін байға тисем енді сізге,

Ешкімнің керегі жоқ сізден бөтен!
Қазеке, сіздің үйден он есе артық,
Үйімді кешке барып көрсең екен!
Бағасыз байсыз қатын болған заман,

Біреуден бір мың теңге қарыз алғам.
Төлейтін мезгілінен өтіп кетті,
Өтірік ұшығынан шықты тамам.
Мың теңге бүгін тауып төлемесем,

Сатылмақ төрік сауда болып оған.
Ұрғашы үйдің мүлкін қимас екен,
Жасынан көзі құрғыр үйір болған.
Сұлуға деді қазы:—Қынжылмағын,

Мың теңге керек болса, міне, алғын!
Сіздің үй, өмір берсе, біздің мүлік,
Екеуміз бір тілекте болдық, жаным!
Қарызың қанша болса алғын, қарақ,

Ұмтылды сандығына кілтін ала-ақ!
«Қарағым, қарызыңнан тез құтыл»,—деп,
Мың теңге бұлжытпастан берді санап.
Жөнелді «күн батқан соң келерсіз»,—деп,

Ақшаны санап алған әлгі жәлеп.
Сылаңдап сылаң қаққан жүрісіне,
Қазекем екі көзін қалды қадап.
Артынан алағызып күн де батты,

Қазекем түзетеді бой-сипатты.
Қарыс ұрып қатыны өлген кәрі бойдақ,
Мейлінше сұлуланып қаздаң қақты.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қазының анық жасы алпыс бесте,
Көреді сондай тәуір махаббатты.
Түзетіп бой-сипатты күн батқанша,
Ентелеп бейуақытта келе жатты.

Келе жатыр қазекең
Аса таяқ қолында,
Айландырып Әзәзіл
Сендірмектің жолында.

Ақ шапаны желбегей,
Ақ сәлдесі басында,
Кәрі бойдақ қазекем
Алпыс бестің жасында.

Көзінің алды көлкілдеп,
Буындары селкілдеп,
Бейуақытта беймезгіл
Ентелей басып еңкілдеп,

Аппақ қудай сақалы
Желменен бірге желпілдеп,
Келе жатыр қазекең
Елбіреңдеп, елпілдеп.

Іңір түнде қазының
Екі өкшесі тырсылдап,
Қақпасына қатынның
Жете бере тың тыңдап,

Көкірегі кірілдеп,
Ентігеді ыңқылдап.
Қатын шықты қақпадан,
Еркелей басып былқылдап.

Сыр алғызбай сұлуға,
Қуанды қазы қутыңдап.
Жүріп берді екеуі
Үйге қарай сыртылдап.

Сұлу қатын секілді
Сынаптай сөзге жылтылдап,
Сылаң қақты қазыға
Неше түрлі қылтылдап.

ҒАЯР ҚАТЫН

Мырс-мырс күлер қазекең,
Мұртынан күліп ырсыңдап.
Қазыны үйге кіргізіп,
Отырғызды төріне.

—Қызықтым,—деп,—қазының

Әділ басқан мөріне.
Сенер болсаң сөзіме,
Шөп салмаспын көзіңе!
Қалай салсаң, қазеке,

Көне берем тезіңе!
Шал болсаң да жұлдызың
Ыстық болды өзіме.
Сізге берер ас-тағам

Дайындадым кезіне.
Өрік, мейіз, бауырсақ
Дастарқанға салады.
Майын салып, қантын

Жаны қалмай шағады.
Қайнап жатыр қазаны,
Қазекемнің тамағы.
Қазы-қарта, жал-жая

Қазыға тартқан табағы.
«Ал, қазеке» дегенде,
Қақпаны байы қағады.
Суқаны кетіп қазының

Үрейленіп қалады.
Есігінен сығалап,
Еңкейе қатын қарады.
«Жолаушы кеткен байың»,—деп,

Айғай-сүрең салады.
Сонда қатын өкініп,
Қабағын қарс жабады.
«Байыңыз ба сіздің?»—деп,

Қазекем алды мазаны.
Келді ғой деп ойлады
Сақалымның тажалы.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Кел, тәуекел, қазеке,

Арқаламай жаланы
Бір-ақ көріп алалық,
Осыдан келген жазаны.
Сонда қазы сөйлейді:

—Жаладан болды-ау қаза,—деп,

Атасы едім бұл жұрттың,
Ата-бабам Манакөк,
Қазысы едім халықтың,
Мүлде болдым қара бет.

Бұл пәледен құтқарсаң,
Ұмытпаспын және,—деп,
Қайта-қайта жалынды:

—Жылдамырақ тыққын,—деп,

Өлім болды бұл маған,
Қазысы едім жұрттың,—деп.
Табағыңды жасырып,
Тамағыңды құртқын,—деп.

Еріңізге көрсетпе
Маған асқан етіңді.
Енді мені тасала,
Таса жерге бетімді.

Мүдіуәр боп қатынға
Қазекем солай өтінді.
Шыны-аяғын, табағын,
Дастарқанын жинады.

Қазекемді ноқталап,
Мал құсатып сайлады.
Ешбір қайда тығуға
Қазының бойы сыймады.

Қазық қағып бұрышқа,
Тапты солай айланы.
Бұйдасынан қазыққа
Қазекемді байлады.

Топан төкті алдына,
Малжаң-малжаң шайнады.
Өлген бұзау терісі

ҒАЯР ҚАТЫН

Үстіне жауып жайлады.
Екі көзі бақшиып,
Қазының соры қайнады.
Қазыны байлап қазыққа,

Сыртқы есікке барады,
Базарқанды кіргізіп
Қақпасынан алады.
Қудай жорға қу қатын,

Көтіне байлап шаланы
Байыменен мәз болып,
Арсалаңдап қалады.
Жамылып жатқан жабағы,

Қазекеме манағы
«Не нәрсе?» деп Базарқан,
Тесіле кеп қарады.
«Бұрышта жатқан нәрсеңіз

Немене?»—деп көреді.
«Мынауың не, қатын?»—деп
Байының көзі төнеді.
«Мәнісін айтам малдың»,—деп,

Қатыны сөйлеп жөнеді:

—Өзің түзге кеткенде,

Жалғыз сиыр бар еді.
Ата малы жануар,
Түсі-түгі қара еді.
Жылда-жылда бұзаулап,

Мал болғанда мал еді!
Сен кеткелі мал етіп,
Жалғыз сиыр бағушы ем,
Жылда туған бұзауын

Жылда сойып алушы ем,
Ел қатарлы ақ ішіп,
Жаздың күні қалушы ем.
Ақ боранға көктемде

Ұшып өлді ол енді.
Ата малы жануар,
Жан сақтаған сол еді,
Бір сауғанда бір шелек,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сүті де оның мол еді.
Өлгеннен соң енесі,
Жетім бұзау көдегі,
Топан төгіп алдына,

Асырауға көнеді.
Енесіне ұқсаған,
Өсіп-өніп келеді.
Тірі болса бұзауым,

Сиырымды төлейді.

—Ата малы жануар,

Ұрғашы ма, еркек пе?
Үлкен малдың түріндей
Жетім бұзау көнтек пе?
Жүні жаман сабалақ,

Қотыр бұзау көнтек пе.
Ата малы өсімтал,
Бұ да боса тұқым,—деп,
Ескі малдың көзінен

Қалған екен құтым,—деп,
«Еркек пе?» деп бұзаудың
Ұстай алды бұтын кеп.
«Еркек бұзау екен» деп,

Қысып ұстап тұрады.
Қазы жұлып қазықты
Кеудесіне ұрады.
Тұра қашып қақпадан

Қазы сасып шығады.
Аттан салып артынан
Ерлі-байлы қуады.
Ішінен оқып қазекем

Есім ағзам дұғаны,
Ноқтасы бар басында,
Топаны бар аузында,
Көшеменен тарсылдап,

Келе жатқан сияқты.

—Не болды?—деп алдынан

Қасап, бақал екеуі
Қарсы шығып сұрады.

ҒАЯР ҚАТЫН

Сақалын жұлып қазекем,
Қара бет боп жылады.

—Кешегі күн ісіңді

Әтказ қылып сендердің,
Қара басқан қазыны
Құдайдың шығар ұрғаны.
Мені мұндай қылды-ау,—деп,

Жәлеп қатын кешегі
Қазық пенен ноқтаны
Сонда қазы шешеді.

—Қазысы едім халықтың,

Болдым-ау,—деп,—есегі.
Қазыменен сырласып
Қасап, бақал екеуі
«Өлтірелік қатынды»

Ақылдасып деседі.
«Жер астымен бармасақ,
Алдырмайды есебін.
Дайындайды қазылар

Балта, күрек, кісенін.
Кетпен, күрек, балтасын
Өткір қайрап алады.
Қорасының артынан

Үйін түсіп қазады.
Жердің астын кеуектеп,
Қазып кетіп барады.
Үш күн қазып үшеуі,

Ошағының басынан
Теспек болып қалады.
Дүрсілінен оянып,
Қатын шамын жағады.

«Қасап, бақал, қазылар,
Осылар» деп табады.
Ерлі-байлы екеуі
Балта, пышақ алады.

Ұйықтамай күзетіп,
Үйдің ішін бағады.
Ошағының басынан

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Аяқтай жері тесіліп,
Тыңдағалы құлағын
Бақал келіп салады.
Аңдып тұрған қу қатын,

Жерден құлақ шыққан соң,
Пышақпен отап алады.
Сонда бақал ыңырсып,
Құлағын баса қалады.

—Не болды?—деп бақалға

Қасап, қазы барады.

—Ояу екен, бұлар,—деп,

Нәлді етікті біреу кеп,
Басып кетті құлақты,
Мыжып кетті табаны.
«Нағып жатыр екен»,—деп,

«Иіскеп мұны білем»,—деп,
Қасап мұрнын тығады.
Жер астынан бір бастың
Мұрны бүтін шығады.

Пышағымен қу қатын
Сипай қағып жіберді.
Жұлынып мұрны қалады.
Сыр білгізбей тістеніп,

Шыдамды қасап жылады.

—Не болды?—деп қасаптан

Қазекем келіп сұрады.

—Ояу екен сүйек қас,

Залым қатын өшті,—деп,
Кекті Құдай қайтарса,
Ажалы мұның жетті,—деп,
Май тұшытып жатқандай

Бауырсағы пырсылдап,
Мұрныма тиіп кетті,—деп,
Қасап та сырын айтпады,
Қазекем болар епті,—деп.

Сонда қазы ойлайды:

—Қазанына шаптырып,

Сідігімді сиейін.
Бар тамағын арамдап,

ҒАЯР ҚАТЫН

Сонан үйге кірейін.
Ерлі-байлы екеуін
Тірсегінен тілейін.
Етікті шаншы істікке,

Кебеп қылып ілейін.
Осылай деп қазекем,
Дәсмиясын шығарды.
Аңлып тұрған бұл қатын

Мұны көріп қуанды.
Бүрік жері қазының
Қожантыға ұнамды.
Кесіп алып қазыны,

Сүндеттеді бұларды.
Қазының даусы баж етті:

—Қасап, бақал келсеңші,

Бағанадан, ит бақал,
Кесіп алды десеңші!
Жалбыратып менікін,
Кесіп алды оңдырмай!

Есім ауып барады,
Екеуің мені көтерші!
Қасаптың жоқ мұрыны,
Бақалдың жоқ құлағы.

«Менен, сенен болды» деп,
Бірін-бірі ұрады.
Төбелесіп екеуі,
Сабаласып үшеуі,

Бірін-бірі қуады.
Қызыл ала қан болып,
Әлемдерге таң болып,
Сәске мезгіл болғанда

Көшеге кеп шығады.
Үшеуінің сипатын
Шаhар халқы көреді.
Сол шаhардың әкімі

Дәлел ханның жанжалға
Уәзірлері келеді.

—Не жетпейді сендерге,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Не болды?—деп олардың
Жөнін сұрай береді.
Сонда үшеуі кетеді
Әңгіменің шынына.

«Қорлығы,—деп,—қатынның»
Өзді-өзінің мұңына.

—Ханға бізді апарсаң,

Қатынды сал сынына.
Бізбен бірге ала жүр,
Қалдырма,—деп,—мұны да!
Уәзірлері Дәлелдің

Байы менен қатынды
Үйінен қуып алады.
Дәлел ханның алдына
Қасап, бақал, қазыны

Айдап кетіп барады.
«Асқынған іс екен»,—деп,
Бесеуін де ап келіп,
Хан алдына салады.

Қасап, бақал, қазекем
Хан алдында танбады.
Айтқаны[мен] манағы
Қатын мен Базарқан

Олда-білда танады.
Қасап, бақал, қазыға
Пәле-жала жабады.
Бесеуін де Дәлел хан

Зынданға салып қамады.
Неше күндей Дәлел хан
Жеке-жеке басынан
Жеке жауап алады.

Ақырында ақиқат—
Анық шынын табады.
Бес арқан отын жиғызып,
Әділдігін білгізіп,

Бесеуін де жағады.
«Бұзылған өңкей бұзықтың
Өспесін,—деп,—өркені»,
Бесеуін де Дәлел хан

ҒАЯР ҚАТЫН

Отқа жағып өртеді.
Кімі тентек, кім мақұл?
Осылай бітер ертегі.
Сол уақытта Дәлел хан

Халқына бұйрық қылады:

—Жоғалтыңдар көшеден,

Өлімі жаман мынаны!
Тозаңы мұның ұшпасын,
Бәлесі жұртқа жұғады.
Тозаңы тисе біреуге,

Жұрт бұзылар мұнан,—деп,
Мұндай бұзық құмардан
Осындай бәле туар,—деп,
Бұлардың күлін шаhардан

Аулақ жерге шығар!—деп,
Арамға тауып артыңдар,
Адалға бәле жұғар,—деп,
Айуанда арам мал,

Артатын мұны мынау,—деп,
Есегі кімнің бар болса,
Алып келіңдер ылау,—деп.
Есегі кімнің бар болса,

Ылаң болды еліне.
Шомын таңып егесі,
Алып келді беліне.

—Өртенген өлік күлдерін

Таста,—деді,—апарып
Ит ішпестің көліне!
Тозаңы шығып ұшпасын,
Таста,—деді,—апарып

Адамның баспас жеріне!
Өртенген өлік күлдерін
Қырық есекпен тартады.
Орынын қырып, сыпырып,

Бір қашырға артады.
Ит ішпестің көліне

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Өлігін төгіп қайтады.
Соны тартқан адамдар:

—Бір қатынның кесірі

Бір қашырға, қырық есек
Жүк болды,—деп айтады.
Базарқан, қатын, қазы, қасап, бақал
Жазаға ұшырасты үлкен қатал.

«Кесірі бір қатынның қырық есекке,
Жүк болды бір қашырға» деген мақал!

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Бірталай заман болды жұрт азғалы.
Бүгін көрген таңда жоқ болып жатыр,
Азырақ хикаят қылып сөз қозғалы.

Қор болмас күнәһлі істен пенде қашса,
Адамнан ақыл кетер қарны ашса.
Ғалам деген падишаның заманында
Болыпты дәулеті асқан бір байбатша.

Нәсіпке Құдай берген кімдер тасқан,
Пенде иман сақтаса құп жарасқан.
Ғалам деген падишаның заманында
Бір байбатша болыпты дәулеті асқан.

Жігіттің жиырма бес деген шағы,
Сөйлейді бұлбұл адам тіл мен жағы.
Шаһарында оған жетер жан болмады,
Тәңірі о да болса берген бағы.

Патшаның әділ екен жұртқа сөзі,
Халқына жағады екен һәр мінезі.
Көрсетпей тірі жанға сақтайтұғын
Патшаның Зейне Зайуб жалғыз қызы.

Зейненің сөзі тәтті шекер балдай,
Тұрады көрген жанның сабыры қалмай.
Көркін көрген жандар кетер емес,
Нұры-дүр он төртінші туған айдай.

Қисса Зейне Зайуб

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мінезін сол сұлудың жан білгендей,
Жаманның маңайына кім келгендей.
Патшадан сондай көркем бір қыз туды,
Патшаның бала туып көңілі тынды.

Осыған той-тамаша қыламын деп,
Патша халық билеген жұртын жиды.
Әділдікпен жұрттарын қинайды екен,
Қорқытып қойдан жаман санайды екен.

Ұрлық пен қарлығын қойдырам деп,
Аптада шарбаққа елін қамайды екен.
Патша жұртқа қылады қатты тарлық,
Қылмысты патшадан көрер зарлық.

«Шаһарда сұлу қыздарды қызыма нөкер

қыл, жиып кел»,—деп,
Бады Сұлтан уәзіріне қылды жарлық.
Бады Сұлтан сұлу қыздарды келген жиып,
Бәрі келді атлас пен қамқап киіп.

Олардың да баршасы да сұлу екен,
Көрген жан тоқтау қылмас нәпсін тыйып.
Зейненің күн түседі қабағына,
Жетпейді ай сәулесі тамағына.

Шаһардан таңлап алып келген қыздар
Һешбірі тең келмейді тырнағына.
Жаратқан бұл жаһанды Құдай шебер,
Құданың құдіретіне пенде көнер.

Шаһарда одан артық қыз болмады,
Қырық қызды ылажсыздан қылды нөкер.
Қырық қыздар бір сарайда отырысты,
Тамаша қылды ойнап һәрбір істі.

Байбатша екі ат жегіп келе жата,
Қыздардың сарайына душарласты.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

Әйнектен бірталай қыз көрінеді,
Бәрі де басарға аяқ ерінеді.
Қырық қыздардың бәрі де аққу құстай,
Зейне қыз тоты құстай түрленеді.

Байбатша жұрттан асқан жомарт еді,
Мырзаның күнде базар жүрген жері.
Зейнеге ғашық болып ол байбатша,
Күзетті сол әйнекті күні-түні.

Мұратқа иманды адам шапшаң жетті,
Құдайым сүйген құлын пендем депті.
Байбатша салтанатты адам екен,
Хан қызы үйде отырып көңіл етті.

Хан қызы үйде отырып көңлі кетіп,
Әйнектен бір нәрсені тастайды енді.
Өзі алар өзі берген аманатты,
Һәр жерде қорлық көрмес қолқанатты.

Білмейді не екенін ол нәрсенің,
Қойнына салып алып үйге қайтты.
Жарасар мұсылманға Алла десе,
Қор болмас ақыреттің қамын жесе.

Қойнындағы нәрсені қолына алса,
Алтыннан қақпағы бар асыл кесе.
Байбатша келе жатып ой ойлады,
Ішінде ойламаған ой қалмады.

Кесені қолына алып ойлап-ойлап,
Бергенін не жәйменен біле алмады.
Әлқисса, байбатша қатыны «қожам неге кешікті?» деп түн
болған соң көшеге шығып тұр екен, байбатшаны көрген соң

айтқаны:

—Байбатша, басы піспей алма жеме,

Ақылы жақсылардың үлкен кеме.
Келуші ең күнде ерте сарайыңа,
Кешіктің не жұмысқа мұнша неге?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Шашылған малдарымды жия алмадым,

Жылаған көзім жасын тыя алмадым.
Әйнектен хан қызына көзім түсті,
Құрметі өзгеше екен қия алмадым.

—Душар кез Құдай Тағала қылған шығар,

Қолыңа қалағаның тиген шығар.
Әйнектен дидарыңды көрген болса,
Бір нәрсе көңіл етіп берген шығар.

—Ендеше, біздің қатын Құдайға жақ,

Құдайға жаққан адам күнәдан пәк.
Қыз берді алтын қақпақты асыл кесе,
Мінеки, мұның, қатын, ақылын тап.

—Әйнектен дидарыңды көрген екен,

Қолыңа қалағаның берген екен.
«Әкем[нің] алтын қақпақты құдығы бар,
Табысалық бүгін сонда келсең» деген екен.
Дүниеден ойнап-күлмей кім өтеді,

Адамды дәулет бітсе түрлентеді.
Киімін екі ат жегіп киіп алып,
Құдығын падишаның күзетеді.
Байбатша жұрттан асқан дәулет бай-ды,

Адамға дәулеті жоқ бейнет бар-ды.
Түн ортасы болғанша отырды да,
Түн ортасы болғаннан соң ұйықтап қалды.
Ол жүрген хан қызынан үміт етіп,

Сол түні бек қайғырды есі кетіп.
Қызыл гүлдей жайнаған нұры балқып,
Қырық қызбен Зейне Зайуб келді жетіп.
Келіпті уағдасына енді батыр,

Һәр жерде хайласыз жан бейнет тартар.
Қырық қызбен Зейне Зайуб келгенінде
Қорылдап құлдан жаман ұйықтап жатыр.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

Қасына қырық қыз шулап өлең айтты,
Сонда да оянбайды—ұйқы қатты.
Бір күміс теңге, бір алтынды қойнына салып,
Мырзаны оята алмай үйге қайтты.

Барады дүние өтіп баяны жоқ,
Азырақ баян қылсам көңілім тоқ.
Байбатша тұра келсе, күн шығыпты,
Қасында Зейне түгіл, дәнеме жоқ.

Байбатша күйме мініп той тойлайды,
Дүниеге бай адамдар һеш тоймайды.
«Қатыным біреуменен ойнас екен,
Мені қулық қылып жіберген екен» деп ойлайды.

Оқиды жетік молда жазған хатты,
Һәр жерде хайласыз жан бейнет тартты.
«Асықпай тұр, қатыным, мықтармын»,—деп,
Еркексініп ашуланып үйге қайтты.

Әлқисса, кешіккен соң сәскеге дейін байбатшаның қатыны
шыдай алмай көшеде тұр екен, байын көріп айтқаны:

—Дәулеттің қызығымен жүрдіңіз бе,

Жерінде уағдалы тұрдыңыз ба?
Көңілің қараңғы көрінеді,
Ай, ерім, қыздың жүзін көрдіңіз бе?

—Өзімде аманатым, өлгенім жоқ,

Һешкімнің үкіміне көнгенім жоқ.
Азғырдың мені неге шайтан болып,
Сүйткенмен қыздың жүзін көргенім жоқ.

—Дүниені кім ойламас еске түссе,

Сарайыңа жан келмес қолынан дәулет ұшса.
Білейін Зейне қыздың келмегенін,
Кәнеки, түрегеліп белің шешші.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қандай жан құлақ қоймас мына сөзге,
Нұр сипаты жарасады қызыл жүзге.
Шешініп кәнеки деп тұра келсе,
Бір алтын, түсе қалды күміс теңге.

—Қасыңа Зейне Зайуб келген екен,

Ниеті саған кетіп жүрген екен.
«Мен жеттім уағдаға, сен жетпедің,
Мынадай алтын сенің басың» деген екен.
Байбатша, ұйықтап жатып түске дейін,

Һешнеме ойламайсыз кешке дейін.
Зейне қыз патшадан туған болса,
Еркем деп сені сынар үшке дейін.
Жаяудың атты жемес несібесін,

Пенденің шайтан бұзар көрген түсін.
Көңілі болса бір нәрсе берер тағы,
Ап келші бүгін [барып] бір белгісін.
Байбатша болып өткен бұл бір шағы,

Сөйлейді бұлбұл адам тіл мен жағы.
Киімін екі ат жегіп киіп алып,
Тұсына терезенің келді тағы.
Байбатшаны көрген соң Зейне Зайуб

Әйнектен үш дүркін үш нәрсе тастады.
Байбатша дәулетіне болады мас,
Табылмас Зейне сынды қиылған қас.
Байбатша аттан түсіп қолына алса,

Бір алтын тарақ, бір топ маржан, бір гауһар тас.
Байбатша қайта жүріп үйге келді,
Ақылы қатынының кемеңгер-ді.
Байбатша әлгі үшеуін қолына алып,

Мәнісін қатынынан сұрайды енді.

—Қолыңа қалағаның берген екен,

Әйнектен дидарыңды көрген екен.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

«Әкемнің алма егетін алтын шарбағы бар,
Табысайық бүгін сонда келсең» деген екен.
Байбатша шарбағынан қызды тосты,
Құданың бұрыс кетпес болса құсты.

Қыз келгенше шыдамай ұйықтап қалды,
Қайтып адам тоқтатар байлық масты.
Пендеге қиын жұмыс—ғашық оты,
Сүйегі Зейне қыздың мисле тоты.

Тағы да Зейне келсе ұйықтап жатыр,
Зейне қыз оята алмай толғаныпты.
Толғанып Зейне Зайуб зар илейді,
Алланың бұйрығынан кім қалмайды.

Тағы да қырық қыз шулап өлең айтты,
Сонда да ұйқысынан оянбайды.
Қасына қырық қыз шулап өлең айтты,
Сонда да оянбайды—ұйқы қатты.

Бір күміс, бір мыс теңге қойнына салып,
Мырзаны оята алмай үйге қайтты.
Оянса күн шығыпты сәске болып,
Ішінен нала болды қайғы толып.

Ішінен құса болып ой ойлайды,
Мені сол алдап жүр ме қатыным деп.
Үйіне сол байбатша келеді тез,
Құдайдан тілегінің қылады кез.

—Осы [қыз] алдап жүр ме, рас па?—деп,

Әуелі қатынынан сұрайды сөз.

—Мен саған білдірейін білмегенің,

Нәсібі таусылмайды өлмегеннің.
Кәнеки, түрегеліп белің шешші,
Білейін Зейне қыздың келмегенін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатынның бұл сөзіне құлақ салды,
Жоқ болса қылайын деп ашуланды.
Шешініп кәнеки деп тұрып еді,
Бір күміс, бір мыс теңге түсе қалды.

Сонда қатынның байбатшаға айтқаны:

—Көңілің сенің қызбен хош болыпты,

Бақытыңа Зейне Зайуб тұс болыпты.
Құп масқара болдың ғой осы жолы,
Кешегі алтын басың мыс болыпты.
Жете алмай уағдаңа болдың ғаріп,

Тым болмаса келмедің сөзге жарып.
Көңілі болса бір нәрсе берер тағы,
Ап келші бір белгісін бүгін барып.
Байбатша болып тұрған ол бір шағы,

Сөйлейді бұлбұл адам тіл мен жағы.
Күймеге екі ат жегіп мініп алып,
Тұсына терезенің келді тағы.
Қырық қыздар қарамайды жауап айтып,

Жоғалып байбатша тұр бейнет тартып.
Қырық қыздар күндегідей қарамайды,
Қалыпты байбатшадан көңлі қайтып.
Ол қыздар байбатшаны көзі көрді,

Байбатша қайтамын деп жауап қылды.
Зарықтырып күн батып түн болғанда
Әйнектен бір нәрсені алып берді.
Байбатша Зейне үшін болып жүр зар,

«Жеткіз деп мұратыма, Қадір, Жаппар».
Байбатша аттан түсіп қолына алса,
Бір күміс бетінде мың бір ғалам жауабы бар.
Үйге қайтып жөнелді қолына алып,

Мұратқа жете алмай жүр кейіп-налып.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

Ішінен құса болып ой ойлайды,
Жете алмай кетем бе деп құры қалып.
Үйіне қайтып келіп жылайды зар:

—Жете алмасам бойыма болады ар.

Енді осының, қатыным, ақылын тап,
Бір күміс теңге бетінде мың бір ғалам жауабы бар.
Қатынның берген жауабы:

—Жетеді мұратына ердің ері,

Сөз сөйлесе ашылар көңіл кірі.
Табысайық бүгін сонан деген екен,
Әкемнің алтын тақыт құрған жері.
Мен саған білмегенің білгізейін,

Қолыңа қалағаның тигізейін.
Даладан ат алдырып өзің мінші,
Үйден мен киіміңді кигізейін.
Қарашы Құдай берген оған бағын,

Көтергей байбатшаның аруағын.
Бір ақыл осылайша қылайын деп,
Тіледі байбатшадан сол қолының шынашағын.
Балапты байбатшаны қыздың бәрі,

Зейне Зайуб қыз сері сүйген жары.
Тілген соң байбатшаның шынашағын,
Ашуы ұйықтатпайды, жақты дәрі.

—Шынашақ, ұйқы келсе ашығайсың,

Ұйықтаса өне бойға шашылғайсың.
Қыз келіп амандасып тұрған шақта
Сертімше сахат тауып басылғайсың.
Дүниеден ойнап-күлмей кім өтеді,

Адамды дәулет бітсе түрлентеді.
Киімін екі ат жегіп киіп алып,
Патшаның кеңсе үйін күзетеді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тұрады түні бойы таң атпайды,
Бойына һеш пәлені жолатпайды.
Ұйықтайтұғын мезгілі болғанында,
Дуылдап шынашағы ұйықтатпайды.

Ол жүрген хан қызынан үміт етіп,
Ол жерде біраз тұрды есі кетіп.
Шыдамай шынашаққа тұрғанында,
Қырық қызбен Зейне Зайуб келді жетіп.

Адамға гауһар иман—жан жолдас-ты,
Бергейсің ата-анаңа ықыласты.
«Байбатша не асыл, не жасық емессіз»,—деп,
Көрісіп Зейне Зайуб амандасты.

—Шаһарың алыс емес күнде барсаң,

Жаһанда дәулетің мол жұрт аларсың.
Жаһанда дәулетің мол жаннан асқан,
Сүйегің асыл, жасық емессіз арсаң-сарсаң.
Мұратқа сабыр қылған сонда жетті,

Құдайым сүйген құлын пендем депті.
Көрісіп Зейне Зайуб тұрғанында,
Ашуы шынашақтың сонда кетті.
Жігітке екі келмес жалған дүние,

Ғашық қылып шайтан салды мұндай күйге.
Қырық қыздар құрмет етіп өлең айтып,
Кіргізді күйеулетіп оңаша үйге.
Ол дүние бұл дүниеден қатты дейді,

Қызығы бұл дүниенің тәтті дейді.
Екеуі ғашық болып қосылған соң,
Екеуі түске дейін жатты дейді.
Жарлығы падишаның сондай қиын,

Жүрекке қорыққан болар түйін.
Біреудің ат шаптырған жиын тойға,
Шақырды падишаны, болды жиын.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

Бұл тойдың патша келмей қызығы жоқ,
Патшаның жұрттан бөтен бұзығы жоқ.
Патша тойда отырып билік қылса,
Қолында мөр басатын жүзігі жоқ.

Патша қаһарланса қылар тарлық,
Қылмысты патшадан көрді зарлық.
«Үйдегі мөһірімді алып кел»,—деп,
Бады Сұлтан уәзіріне қылды жарлық.

Бейнеттен құтылады бұрын қашса,
Адамнан ақыл кетер қарны ашса.
Зейне қыз бір жігітпен бірге жатыр,
Бады Сұлтан бұрылып есік ашса.

Есікті ашуланып қатты салды,
Бір бүлік қылайын деп есіне алды.
Есірік сол жасауыл келді дағы
Патшаға іркілместен айтып салды.

Патша бір ой ойлап бастайды енді:

—Оятпай төсегінен ұста,—дейді.

Екеуін оятпастан ұстап алып,
Апарып бір зынданға таста,—дейді.
Тастауға байбатшаны жұрт ұялды,
Мырза еді дәулеті көп қайғыланды.

Мырза еді дәулеті көп ұйықтап қалған,
Түскенде ор түбіне сонда оянды.
Бастайды һәрбір жолға Алла Тағала,
Патшаның үкіміне бар ма шара?!

Хан келгенше қашып кетіп қалмасын деп,
Қойыпты күзетшіге екі-үш бала.
Қыз айтады:—Әй, үш бала, сыйла-сәна,
Қиын жерде жатыр деп қылма сәна.

Сіздерге айтатұғын арызым бар,
Үшеуің құлақ салып тыңда-сәна.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Сені патша қызы екен деп сыйламаймыз,

Қиын жерде жатыр деп қиналмаймыз.
Сөзіңнің айтатұғын керегі жоқ,
Не болса да жауабың тыңдамаймыз.
Қыз айтты:—Әй, үш бала, өлемісің,

Патшаның үкіміне көнемісің?
Сіздерге айтатұғын жауабым сол,
Үйлерін байбатшаның білемісің?

—Күніне екі барып келуші едік,

Шәй ішіп самауырдан қанушы едік.
Жаһанда қайыры мол байбатшаның
Сарайын мекен қылған танушы едік.

—Балалар, не құп еді мұнан барсаң,

Міскін деп біз ғаріптен хабар алсаң.
Үшеуіңе үш уыс алтын берер едім,
Үйіне байбатшаның барып келсең.

—Пенде иман көрмейді харам болса,

Бейіштен иман арзан Алла десе.
Біреуің қайда десе, біз не дейміз,
Дұшпанның тыста жүрген бірі көрсе.
Сонда баланың біреуі айтады:

Алтынды тегін жатқан алайық та,
Киімді қарақшы ғып қояйық та.
Біріміздің орнымызға киім тұрсын,
Біреуміз жап-жалаңаш барайық та.

Әлқисса, сонда Зейненің жалаңаш бармақшы болған балаға
айтқан сөзі:

—Тұрған қатын көңілін тындырғайсың,

Дүниелігін үйіне жидырғайсың.
Күншығыстағы әйнекте қатын отыр,
Таспен ұрып әйнекті сындырғайсың.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

Әйнекті таспен ұрып сындырғайсың,
Көңілім менің келіп тындырғайсың.
Қатын сонда бетіңе жалт қараса,
Бір таспен үйдің үстін тағы ұрғайсың.

Ғаріп болып жатырмын сөйлеспестен,
Ғаріп адам жатады көңілі өлместен.
Бір тасты жерге тастап үш теп тағы,
Бері қайт онан басқа тілдеспестен.

Адамдар аты бірге болады адас,
Жігіттер, халал болсаң дінге талас.
Бар киімін тастады ол жас бала,
Қатынға жетіп келді жап-жалаңаш.

Тұрған қатын көңілін тындырады,
Дүниелігін үйінде жидырады.
Күншығыстағы әйнекте қатын отыр,
Таспен ұрып әйнегін сындырады.

Әйнегін таспен ұрып сындырады,
Көңілін қыз ғаріптің тындырады.
Қатын сонда бетіне жалт қараса,
Бір таспен үй шатырын тағы ұрады.

Сонда қатын «тоқта» деп жауап айтты,
Алма берді балаға өзі тәтті.
Бір тасты жерге тастап үш тепті де,
Алманы алмай, сөйлемей кейін қайтты.

Қол жайса дұға қабыл батасына,
Қанбайды сөздің қулық қатасына.
Үстіне қызыл қамқап тон жамылып,
Жүгіріп қатын келді атасына.

—Әй, ата, мұнша дәурен сүрдіңіз бе,

Һешкімнің үкіміне көндіңіз бе?
Қу бала әлгі келген не деп кетті,
Баланың не айтқанын білдіңіз бе?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Өзімде аманатым, өлгенім жоқ,

Ешкімнің үкіміне көнгенім жоқ.
Балам-ау, мен кәріден не сұрайсың,
Баланың не айтқанын білгенім жоқ.

—Әй, ата, бай едің бұл шаһарда жалғыз өзің,

Жұртыңа нанымды еді айтқан сөзің.
Сындырды күншығыстағы әйнегіңді,
Шықты деп айтып кетті жалғыз көзің.
Жалғызың уағдада тұрды,—дейді,

Өлімге балаң мойын бұрды,—дейді.
Үйіңнің төбесіне тас тастады,
Төбеңнен сенің Құдай ұрды,—дейді.
Жалғызың жұрттан [асқан] батыр еді,

Қолында Бады Сұлтан жатыр,—дейді.
Бір тасты жерге тастап үш тепті ғой,
Жалғызың жер астында жатыр,—дейді.
Ақылмен қатын байғұс мұны білді,

Бұл неден болды екен деп іші күйді.
Қызыл ала орамал қолына алып,
Үш уыс алма, үш уыс алтын түйді.
Ана емшек береді жас балаға,

Сөз айтса құлақ қоймас масқараға.
Қызыл ала орамал қолына алып
Жүгіріп қатын келді үш балаға.
Қатын кеп үш балаға көзін салды,

Үш бала шырайланып тұра қалды.
Әуелі тасты еріткен ас еді деп,
Алманы алып алдына төге салды.
Соқпақта көрмеген жан адасады,

Дін сақтаса пендеге жарасады.
Күні бойы аш жүрген үш балалар
Алмаға опыр-топыр таласады.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

—Әйнектен үшеуіңді көріп едім,

Жасымда мен де сендей болып едім.
Күні бойы ыстыққа шөлдеп тұр деп,
Бір қайыр қылайын деп келіп едім.
Әйнектен сен үш бала қарағаным,

Құдайдан халал ниет сұрағаным.
Өзімдей мұсылманның баласы деп,
Сіздерді бек қиналып аяғаным.
Үш бала қатын айтқан тіліне ерді,

Жақсылық жамандықтың бәрін көрді.
Осылайша баланы алдайын деп,
Үш балаға үш уыс тілла берді.

—Әй, бәйбіше, құлағың сал мына сөзге,

Һеш жақсы адам көрмедік сенен өзге.
Біз тараптан қалаған нәрсең бар ма,
Арманың жеткізелік, айтшы бізге.

—Пәледен қырық жыл бұрын қашып едім,

Дәулеттің арқасымен тасып едім.
Жалғыз-ақ арманым бар осы күнде
Жер астын бір көрмекке ғашық едім.
Жер асты жаман дейді көрген адам,

Бізден бұрын қазадан өлген адам.
Не қылса да жер асты жаман дейді
Кітап Құран ашып білген адам.
Келдім мен соның үшін байқайын деп,

Жаман болса нәпсімді тартайын деп.
Рас па жамандығы, өтірік пе?
Сіздерден келдім біліп қайтайын деп.
Үш бала қатын айтқан тілге нанды,

Қатынның жауабына қайран қалды.
Қолында қырық бір құлаш арқаны бар
Қатынды байлап алып құдыққа салды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Хан қызын білмегенін білгізеді,
Жолымен өзі жүрген жүргізеді.
Өзіндей ханның қызын қатын қылып,
Киімін тамам біткен кигізеді.

—Балалар, енді мені тартшы,—дейді,

Жаман-жақсы іс болса айтшы,—дейді.
Арманым жоқ, мен көрдім құдық түбін,
Балалар, енді мені тартшы,—дейді.
Үш бала қатын айтқан тілге нанды,

Қатынның жауабына қайран қалды.
Қолында қырық бір құлаш арқаны бар
Зынданнан ханның қызын тартып алды.
Байбатша жер астында күңіреніпті,

Хан қызы тысқа шығып түрленіпті.
Қайдан білсін, қатын деп бала қалды,
Қыз жөнін білдірместен жөнеліпті.
Дүниенің кім шалқымас толығында,

Дүниені қиын көрмес жігіт күнде.
Келді дағы құдықтан Зейне Зайуб
Отырды қырық қызбенен қалыбында.
Әлқисса, бұлар мұнда тұрсын, патшаның тойда отырып қапа

болып жылағаны:
Бастаған һәрбір жолға Құдай дейді,
Шәрменде пенделерді қылма дейді.
Патша тойда отырып наза болып

Қапа болып шыдай алмай жылайды енді.
Һауада жарқыраған жұлдызымнан,
Баста жаға, маңдайда құндызымнан,
Бір перзент қыз да болса беріп еді,

Залал көрдім бұ сынды жалғызымнан.
Жылында жұртымды екі қинаушы едім,
Қорқытып қойдан жаман санаушы едім.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

Ұрлық пенен қарлығын қойдырам деп,
Аптада шарбаққа елім қамаушы едім.
Бүгінде көріп тұрмын көп қорлықты,
Атағым патша болып жұртқа шықты.

Жұртыма қаншама үгіт беруші едім,
Бұ күнде қызым мені жерге тықты.
Патша болып тұрғанымды жұрт не қылсын,
Өзіндей болғаныма кім күйінсін.

Бұрын айтқан насихатым тыңдаушы еді,
Бір итті харами асқан жұрт не қылсын.
Патша сонша жылап қайғы тұтты,
Қасында көп жамағат арыз етті.

Патша тойда отырып жылап-жылап,
Айлы уақыт болғанда үйге қайтты.
Инедей қайыр болмас кей малдыда,
Ес болмас сыйласаң да кей жарлыда.

Патша тойдан үйге жылап қайтса,
Тұр екен үлкен ханым қарсы алдында.
Патша айтты:

—Ей, қатыным, қосағымсыз Құдай қосқан,

Тамам жұрт патша деп алдым тосқан.
Сарайда бар ма екен, жоқ па екен Зейне Зайуб,
Бір дұшпан айтып жүр ме екен харами асқан.
Халалдайын харамнан татып жүр ме,

Кей адам өзін надан етіп жүр ме.
Зейнежанды бар ма екен көріп келші,
Бір дұшпан харами асқан айтып жүр ме?
Бейнеттен құтылады бұрын қашса,

Ажалдан құтылмайды малын шашса.
Қырық қызбен Зейне Зайуб бірге отыр,
Жүгіріп ханым келіп есік ашса.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Есікті қуанғаннан қатты салды,
Кім екен мұны айтқан деп ашуланды.
Патшаны сүйінші деп қуантқалы,
Патшаның сәлдесін келіп жұлып алды.

Патша мұны естіп бек қуанды,
Орнынан қуанғаннан түрегелді.
Патшаның қуанғаны сондай болды,
Қызына көремін деп өзі келді.

Патшаның әділ екен жұртқа өзі,
Халқына жағымды екен һәр мінезі.
Патша келіп есігін ашып еді,
Еңіреп қоя берді жалғыз қызы.

—Перзент қылып берді маған Алла Тағалам,

Көрсем көзім сүйінген сен бір панам.
Сағынған соң көргелі келіп едім,
Неге мұнша жыладың, жаным балам?

—Ай, ата, қызметіңе жұрт таласты,

Күн көріп дәулетіңмен көзін ашты.
Сол себепті жылаймын, жан ата-еке,
Бір адам рұқсатсыз есік ашты.
Әлқисса, патшаның қуанып үйіне келіп Бады Сұлтан илән

қырық жігітті шақырып айтқаны:
Патша қаһарланса қылар тарлық,
Қылмысты патшадан көрер зарлық.
Құдықтағы қыз-жігітті алып кел деп,

Бады Сұлтан уәзірге қылды жарлық.
Жөнелді қырық жігітті ертіп алып,
Зынданда қызды алмаққа көңлі барып.
Мақтан қылып сөйлейді қырық жігітке,

Бады Сұлтан уәзірі келе жатып.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

—Қандай жан құлақ қоймас мына сөзге,

Нұр сипат жарасады қызыл жүзге.
Жеткізді Құдай мені мұратыма,
Жүруші едім қылайын деп осы қызға.
Зейне қыз жансыз оқтай бұлғақтайды,

Сөйлесем тіпті сөзімді ұнатпайды.
Менің сөзім тікендей тиіседі,
Өзі тауып алыпты жақсы байды.
Пендесі Алла деген көрмес бейнет,

Көреді өлмеген құр көп ғанибет.
Жігіттер, мені дағы осал деме,
Әкесін баласына қылдым жендет.
Қырық жігіт сөйлеп келіп арқан салды,

Заулатып ор түбіне жетіп барды.
Ханның қызметіне белін бағлап,
Мырзаны қатынымен тартып алды.
Қырық жігіт жаны тәтті өле алмайды,

Кім өліп, дүниеде кім қалмайды.
Ханның қызы дегені жазым шығып,
Қырық жігіт не қыларын біле алмайды.
Бес намаз және иман—жан жолдас-ты,

Бергейсің ата-анаға ықыласты.
Ханның қызы дегені бекер шығып,
Қырық жігіт қырылдық деп амандасты.
Қырық жігіт Бады Сұлтан тіліне ерді,

Қатынын байбатшаның көзі көрді.
Патшаның үкіміне амал бар ма,
Мырзаны қатынымен алып барды.
Патша айтты:—Уәзірлер, сайра,—дейді,

Ажалың жақындады, ойла,—дейді.
Байбатша, Зейне Зайуб демедің бе,
Әй, иттер, менің қызым қайда?—дейді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әлқисса, «қызыңызды танымаймын» деп қырық жігіттің
берген жауабы:

—Тақсыр-ау, адам жақсы көрінер пұлыменен,

Халалдың жүруші едік жолыменен.
Біз сіздің қызыңызды көрмедік—танымаймыз,
Тастадық Бады Сұлтан тіліменен.
Анда патшаның байбатшадан жауап сұрағаны:

—Байбатша, сенің көңілің әлдеқалай,

Көңілің жасып қалыпты жылай-жылай.
Қатыныңмен қалыпсың қолға түсіп,
Түскенің біздің қолға жайы қалай?

—Бейнеттен құтылады бұрын қашқан,

Ажалдан құтылмайды қара басқан.
Жатырмын қатыныммен ор түбінде,
Бағана түрегеліп бетімді ашсам.

—Мынау сенің қосағың Құдай қосқан,

Тамам жұрт патша деп алдым тосқан.
Бар еді қырық жігітім, уәзірлерім,
Бар ма еді осыларда саған дұшпан.
Әлқисса, сонда байбатшаның енді қатыны сөйлеп патшаға

жауап бергені:
Патша өзі дана ақылы кең,
Қатынның патшаменен ақылы тең.
Бады Сұлтан уәзірді өлтірмекке,

Сөйлейді сонда қатын хайламенен.

—Бұл іске жаман болған көңілім толмас,

Болғанда Тәңірі—қазы, Құран—жолдас.
Бады Сұлтан бір іске ренжіп еді,
Нәрсе емес ондай үлкен, болар-болмас.
Бады Сұлтан бір күні мені көріп еді,

Қасыма қалжыраңдап келіп еді.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

Бір күні оңаша үйде отырғанда
Нәпсімнен тілеп маған бер деп еді.
Көңілім ол ісіне ермеп еді,
«Асықпа, қылармын» деп кетіп еді.

Біздің ашқан бал болса, тақсыр ханым,
Бұл іс Бады Сұлтаннан болды,—дейді.
Адам әділ болмайды жалған бір сөз болғанда,
Қисық ағаш жатпайды керулі тез болғанда.

Осы қылды ғой деп келеді көңіліме,
Айтқан сөз уағдаға кез болғанда.
Патша мұны естіп ашуланды,
Семсерін ашуланып қолына алды.

«Бұзық іс қылғанға—міне осы» деп,
Бады Сұлтан батырдың басын алды.

—Бұл іске жаман болған көңілім толмас,

Болғанда Тәңірі—қазы, Құран—жолдас.
Қосайын байбатшаға мен қызымды,
Харамға бір шыққан соң халал болмас.
Жұртына шапан жауып ат мінгізді,

Және жазып қолынан хат бергізді.
«Естігенді өсек қылып айтпаңдар»,—деп,
Барша жұртқа аузынан ант бергізді.
Сонда жұрт шапан киіп, ат мінеді,

Және сызып қолынан хат береді.
«Тақсыр-ау, сізге өсек айтпаймыз»,—деп
Барша жұрт аузынан ант береді.
Той қылып қырық сегіз күн дулатыпты,

Қызықпен тамам жұртты шулатыпты.
Сексен нарды толтырып қазына артып,
Сонымен Зейне қызды ұзатыпты.

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Бірталай заман болды халық озғалы.
Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Дейтұғын жетім көдек сөз қозғалы.

Ертеде бір шал болған Түркістанда,
Бейшара қасіретпен өткен онда.
Екі ұлы қолқабысар жас еді әлі,
Күн кешіп жарлылықпен, болған кемда.

Жарлы шал жүруші еді жусан шауып,
Байғұстың кемтарлықпен көңлі ауып.
Жусанды әдетінше шауып жүріп,
Ол жерден бір жұмыртқа алды тауып.

Шалда бар адал малдан жалғыз түйе,
Оған да жарлылықпен болған ие.
Қолымнан бұл шыққанда болмайды деп,
Жанындай сақтар еді оны сүйе.

Бір күні жусан артып базар кетті,
Көріңіз онда болған ғадалетті.
Алдынан қарсы шығып бір бай жөйіт оған:

—Сатыңыз жусаныңды маған,—депті.

—Жусанды мен сатамын, балам, саған,

Пұлын бер базарқы сен де маған.
Ол жөйіт те пұлын беріп алды дағы,
Және айтты:—Сізге айтам маған қараң.
Жетім көдек

ЖЕТІМ КӨДЕК

Бұл сөзбен ол жөйітке шал да бақты,
Есептеп жусанның пұлын апты.

—Жан балам, не айтасың маған?—десе,

Жөйіт айтты:—Бар нәрсеңді маған сатшы.
Менде жоқ ешбір нәрсе, жаным балам,
Жусанды кеше шауып, бүгін салам.
Қалайша басқа бір зат менде болсын,

Күнделік ауқат болмас пұлын алған.

—Қарашы өз бойыңды, ата, келіп,

Сөзіме менің айтқан анық сеніп.
Сізде бар бір нәрсенің нышанасы,
Сол затың балқытып тұр мені ерітіп.
Менде жоқ ешбір нәрсе, қараққанам,

Қайталап сұрай берме, сөзіме нан.
Басқа зат қай түріммен болсын менде,
Шал едім бала жастан жарымаған.
Осылай бір ишарат жөйіт сұрады,

—Бар, ата, маған бергін,—деп сұрады.

Жусанда қалтадағы жұмыртқасын
Шал дағы қоймаған соң ап береді.

—Ақына қанша аласың мұның?—деді,

Беріп кет осы затты маған енді.

—Білмеймін, өзің берші, жаным балам,

Әуелден емес еді мәлім маған.
Шырағым, қанша берсең, өзің бергін,
Ат-түйе деп ойладың ба менен алған.
Ол шалға жөйіт берді бірқанша пұл,

—Әй, ата, және болса алып кеп тұр.

Мен сізге артықша ақша беріп тұрмын,
Һәр күні маған мұны келтіріп тұр.
Ол жөйіттен қуанып шал пұлын алды,
Бейшара ұстамаған мұндай пұлды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қашанда жарлылықпен күні кешіп,
Құдайға нала болып зарлар еді.
«Қалайша мұнша ақшаны жөйіт берді»,—деп,
Бейшара қайта-қайта санар еді.

«Бір мұнша ақша берді ол жөйіт маған,
Адам ем әуел бастан жарымаған.
Япырым-ау, өңім болса жарар ед,—деп,
Болмасын ол жөйіт мені және алдаған».

Осындай қиялменен бейшара шал
Санайды қайта-қайта пұлын алған.
«Жарлы едім қазір ғана бір пұлға зар,
Қалайша берді маған ол ақылдар.

Бұл ақша алғандығым рас болса,
Және де түсім болмай, өңім болса,
Әр түрлі қымбат баға матаны алып,
Түйемнің жүгін біт қып қайтсам жарар».

Базардан сауда қылып мата алды,
Көрген жан танымады жәудір шалды.
«Базарда бір жұмыртқа бір пұл болса,
Не үшін ол жөйіт маған көп пұл берді».

Бір ғана жұмыртқаның ақшасына
Қаншама хараж қылып қайтады енді.
Үйіне өлеңдетіп жәудір келді,
Дүниеде көрмеген ед мұнша пұлды.

«Жұмыртқа күнде мұндай табылса,—деп,
Жөйіттен аламын,—деп,—мен көп пұлды».
Алдынан қатын шықты, бала шулай:

—Өзгеше күндегіден бүгін шырай,

Неліктен өлеңдетіп қайттың, шалым,
Берді ме ғайыптан пұл саған Құдай.
Болмаса бар ақшаңа арақ ішіп,
Келдің бе масқара боп, сен сұмырай.

Қақақтап қартайғанда тауыққа ұсап,
Неліктен сонша есірдің, байғұсым-ай.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Өміріңде жарымаған шал едің сен,
Құдайдың ұшырапсың қарғысына-ай.
Бұл сөзді есіткен соң шал да састы,
Жәудір шал ұялғаннан бетін басты.

Жауабын толық қылып айта алмастан,
«Пұл таптым, пұл таптым» деп тұра қашты.

—Япырым-ау, жын ұрды ма сен байғұсты,

Қалайша кәріп басың болған күшті.
Ап келдің мұнша затты қайдан тауып,
Қылдың ба әлде ұрлық, қылмас істі.
Ол бастан жарымаған шал едің сен,

Әлдекім мұнша ақшаны саған берген.
Япырым-ау, қайдан алдың, шыныңды айт,
Мата екен өмірімде мен көрмеген.
Дұрыстап шыныңды айтшы енді, шалым,

Тапқансың қандай түрде мұның бәрін.
Қай түрлі Алла берді мұны саған,
Баян ет раушан етіп ахуалын.

—Сен, кемпір, айтпасыма еш қоймадың,

Ал, тыңда, мұның жайын енді айтайын.
Есіркеп бай жөйіт өзі маған берді,
Ап келдім соның үшін мұның бәрін.

—Мұнан да анығырақ айтшы, шалым,

Раушан істің қалай болғандарын.
Бұл нешік жерден ақша тауып алдың ба,
Болмайды жай табуға мұның бәрін.

—Мен барып мұнан тұра жусан шаптым,

Жусаннан бір ғажайып жұмыртқа таптым.
Базарға оны апарып жөйітке сатып,
Пұлына мұнша затты алып қайттым.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Жусаннан бір жұмыртқа тауып алған,

Базарға ат-түйедей оны салған.
Нәйеті сатқаныңыз бір жұмыртқа,
Қалайша мұншама зат пұлы болған?
Ақылға бұл айтылған тура келмес,

Һеш уақытта көп ақшаны жөйіт бермес.
Алдамай шыныңды айтшы қартайғанда,
Бір жұмыртқа мұнша болу жөні келмес.

—Базарға мен жусанды салып едім,

Жақындап жөйіт үйіне барып едім.
Алдымнан қарсы шығып бір науша жөйіт:
«Маған сат жусаныңды, ата»,—деді.
Жусанды жөйітке саттым пұлын алып,

Қалтама жұмыртқаны қойғам салып.
Жөйіт айтты маған қарап:—Тыңда, ата,—деп,
Сізде бар және бір зат, бер,—деді,—алып.
Маған бер ол затыңды, ата,—деді,

Ақына аласыз пұл, яки мата,—деді.
Сізді мен құрсант етіп қайтарармын,
Болмассыз менен, ата, қапа,—деді.
Таңғалдым мен де бұған ойланып көп,

«Менде жоқ бұдан басқа еш нәрсе»,—деп.
Жұмыртқа қалтамдағы ойға түсіп,
Ап бердім сұрағаның бұл болар,—деп.
Ол жөйіт те ырза болды мұны көріп,

Жанынан бірқанша ақша тағы беріп.

—Бұл нәрсе екінші рет және болса,

Сатып тұр пұлын алып әр күн келіп.
Ақына не берейін мұның саған,
Осындай тағы бар ма алып қалған.
Бар болса осы заттан қалдырмай бер,

Пұлына ырза болып менен алған.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Мен кеттім пұлын алып қош болғай деп,
Базардан мұнша затты және алдым көп.
Осындай құрсант қылды мені Алла,
Сұрасаң ахуалым бұл болар деп.

Қуанды мұны есітіп қатын-бала,
Әр момынды қуантқай Алла Тағала.
Жәудір шал бұл әлпезбен сатып тұрды,
Бейшараға жар болған соң Қыдыр баба.

Мұнымен бірнеше күн шал өткізді,
Жөйітіне уағда еткен беріп тұрды.
Алла иіп Қыдыр баба жар болған соң,
Жәудір шал кедейліктен есін жиды.

Әр іс бар таңғаларлық табиғатта,
Дәмі мен ырзық берген ұшқан құсқа.
Зарлаған кеше ғана жарлы еді,
Теңелді бірдей болып әр тарапқа.

Саулықтың жүретін ед саясында,
Жас еді екі бірдей баласы да.
Бағыт және Сағыт деп ат қойылған,
Көзінің ағы менен қарасы да.

Жәудір шалдың бір күні науқастанып, әлі нашарланған соң,
екі баласына айтқан өсиеті:
Бір күні шалда қатты болды науқас,
Жәудірдің науқастығын айтып болмас.

Дәрігер, молда, тәуіп қараса да,
Әл кетіп жәудір шалдан, жүдеді рас.
Осындай шалдың әлі болды қатты,
Тағдырлы сапарына жолын сапты.

Шақыртып балаларын өз алдына,
Наслихат соңғы сөзін айтып жатты.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Балалар шақырған соң келді шауып,
Атамыз не айтар деп көңлі ауып.
Айықпас бұл кеселден жәудір шал да,
Әрекет көп етсе де молда, тәуіп.

—Сіздерді шақырған соң келдің, балам,

Болайын мен де разы енді саған.
Атаңның өсиетін еш ұмытпа,
Алладан ажал келіп жетті қазам.
Құлыным, етсем керек ақтық ісін,

Адамзат тоқтата алмас Құдай ісін.
Жақында қазам жетіп мен өлермін,
Балларым, көп қайғырма оның үшін.
Біздерге хазірет Адамнан мұрас қалған,

Бұл дүние өте шығар бәрі жалған.
Мен көрдім қуанышыңды, балаларым,
Кәзір де өлсем де жоқ менде арман.
Адамнан туған ұғыл екеу болған,

Оны да аман қоймай бұл сұм жалған.
Шайтанның азғырушы тіліне еріп,
Пышақтап бірін-бірі олар сойған.
Осындай қысастықпен өлтіргенмен,

Қимастан көпке дейін алып жүрген.
Көмбестен көпке дейін жүргенімен,
Бір күні тағы шайтан жол көрсеткен.
Өліп жатқан қарғаны шайтан тапты,

Апарып оны жерге көме сапты.
Топырақпен денесін көмді дағы,
Көрсетіп бір қанатын сыртқа ап қапты.
Ағамды мен де осындай етейін деп,

Бұл дағы топырақпен мықтап жапты.
Осындай ол ағасын көмсе дағы,
Шапанның бір шалғайын сыртқа ап қапты.
Көргендер сен ағаңды өлтірдің деп,

ЖЕТІМ КӨДЕК

Жан-жақтан айқай-ұйқай дауға қапты.
Әуелде көмуді де білмейді екен,
Шайтаннан жерге көміп өрнек сапты.
Мұндай іс тіпті істемес өзін білген,

Шайтанның азғырылған тіліне ерген.
Осындайдан сақтанған адам болар,
Ақымақ ол шайтанның тіліне ерген.
Мекем тұт наслихатым, балаларым,

Мен айттым, сіз ұғыңыз мұның бәрін.
Ақымақ азғырушы тілге ермей,
Мықтап ұқ атаң айтқан өсиетін.
Әуелден өлім бізге болды мұрас,

Мұрас іс ақ жолында бәрі де рас.
Жамандық надан адам қас қылады,
Ондайдан дәйім түрде сіздер де қаш.
Жамандық жақсылыққа болар ма тұс,

Жақсы адамда болмайды жарамас іс.
Әуелден қастық қылмақ—наданшылық,
Жаманда тек болмайды ғазабат күш.
Құлыным, мұндай істен сіздер жирен,

Жаманнан аулақ болғын жаны күйген.
Жақсылық—жақсылыққа тәліп болар,
Өлген соң сөз сөйлемес менің мүрдем.
Және бір наслихатым сіздерге бар,

Тағы да табылмаспын кетсем изһар.
Ізет ет өзім деген тірі жанға,
Дос болғын жақсылармен, етпе қаһар.
Жәудір шалдың балаларына екінші айтқан тапсырмасы мен

өсиеті төмендегіше:
Және бір тапсырық іс бар-ды сізге,
Жан балам, ырза болғын енді бізге.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Досыңмен өзің біліп ойнап-күлгін,
Дуадан дәйім бізді етпе кемде.
Сен, балам, мұнан тура жусанға бар,
Болсаңдар сіздер жақсы, болмассың қор.

Қарақшы белгі болар мен істеген,
Сол жерде бір ғажайып жұмыртқа бар.
Қалада пәлен бай жөйіт үйіне бар,
Мен айтқан жұмыртқаны соған апар.

Ол жөйіттен әрқашанда пұлын алып,
Сонымен пайдаланып тұрғайсыңдар.
Балларға ата осындай өсиет айтты,
Дүниеден мұны айтып жәудір қайтты.

Қаншама ғұламаны жинап алып,
Атасын салтанатпен дәпін етті.
Жәудір шал өсиет айтып дүниеден өтті,
Баллары жақсы етіп жаназа етті.

Ол марқұм өлер шақта ақыл айтып,
Мейірбан мархабатпен ырза етті.
Мұнан соң айтқан жерге баллар барып,
Ол жерден жұмыртқасын тауып алып,

Қалада бай жөйітіне беріп тұрды,
Ол жөйіттен есептесіп пұлын алып.
Мұнымен бірнеше күн өтті арада,
Құдайым, рақым етсең жас балаға.

Жеті мен сегіз жаста тым жас еді,
Сақтасаң рақым етіп өзің, Алла.
Сақтай гөр жас балларды өзің, Алла,
Атадан жастай қалған бұл бейшара.

Бұл қу жөйіт бұйрық етті «ұстап бер» деп,
Құтылар енді бұдан амал бар ма?!

ЖЕТІМ КӨДЕК

Жөйіттің [баллардың] анасын қызмет етуге бұйырғаны және
жұмыртқаны туғанды ұстау әдісі:
Бір күні ол жөйіт былай әмір етті:

—Қызметкер анаң маған босын,—депті.

Жассыңдар әлі сендер күнің кешпес,
Анаңыз біздің кірді жусын,—депті.
Табиғым мархабатты жас балаға,
Атадан жастай қалған бейшараға.

Өзі жас екі бала жастай қалған,
Адам жоқ оны былай басқарарға.
Анасын өзі ертіп жөйітке апарды,
Кір жуып, отын тасып көп сандалды.

Баллар да жұмыртқасын жөйітке апарып,
Әдетте бірнеше күн пұлын алды.
Бір күні жөйіт айтты басқа мәнді,
Бір сұмдық тағы келді бастағалы.

—Осыны туып жүрген не зат болса,

Ұстап бер маған оны, балам,—деді.
Ұстап бер бұл нәрсені, балам, маған,
Ол үшін ақша берем мен көп саған.
Не түрлі зат екенін көрмек дәркар,

Соның үшін айтамын, балам, саған.
Бәлеге қалып жүрме ұстап бермей,
Мен енді тұра алмаймын оны көрмей.
Құлдықта азат басың қалар, балам,

Науада оны ұстап маған бермей.
Балалардың «мұны қалай ұстаймын» деп анасына келіп жы­
лап айтқаны:

—Әй, ана, сізге айтамын бір ахуал,

Бұл сұм жөйіт бізге етті тағы қаһар.
Жұмыртқаны туғанды ұста,—дейді,
Қалайда құтылуға не айла бар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Айналайын, жан ана,
Бір айла тауып бер, ана.
Бұл нәрсені ұста деп,
Қорқытады мені, ана.

Бұл залымнан құтылуға
Бір айла тауып бер, ана.
Амал таппай мен бұған,
Қорқамын бұдан мен және.

Жылады бұған жас бала,
Қайғырды оған қарт ана.

—Бұл құсымды ұстауға

Себеп бер,—деп,—бір Алла.
Келмейін деп ем мен бұған,
Балалық болды себепкер.
Жад етіп Аққа жылатып,

Алла, өзің медет бер.
Өзіңнен медет болмаса,
Азат басым құл етер.
Табамын қайдан бұл құсты,

Құлдықта өлем құр бекер.
Жаратқан мені Құдайым,
Бір өзіңе жылайын.
Жад етіп саған жыласам,

Менде қалмас уайым.
Балалары тарығып жылаған соң, ана сор[лы] зарланып
құсты ұстау әдісін айтқаны:

—Зарламашы, қарағым,

Күйіп-жанып барамын.
Ол құсыңды ұстауға
Оңласа Тәңірім табарын.
Қол тұзақ деген тұзақ бар,

Оны құрып қарағын.
Құтыларсың бәледен,
Жар болса бабаң, қарағым.
Тақия тұзақ мен істеп,

ЖЕТІМ КӨДЕК

Көрсетейін құруын.
Әжеп емес ілінсе,
Ол құс келіп, құлыным.
Істеді ана тұзақты,

Көрсетті және құрмақты.
Тәуекелге бел байлап,
Анасы ғаріп жылапты.
Құрды келіп жас батыр,

Масқара қылма деп жатыр.
Бабам өзі жар болса,
Ұстармыз құсты біз пақыр.
Тұзақты құрды жас бала,

Түссін деді құс қана.
Өзің медет ойласаң,
Тосқау болмас еш шара.
Осымен тұзақ құрып алды көп,

Құдайым, өзің иіп жар болғай деп.
Көктен келіп бір көк құс жұмыртқаға,
Түсіпті Бағыт құрған бұл тұзаққа.
Қараса, түсіп жатыр бір көк тауық,

Тәңірім иісе, бендеге болмас қауіп.
Осы екен жұмыртқаны туып жүрген,
Жөйітке алып барды мұны тауып.
Бұл тауық көк реңді тауық еді,

Жерге туып, аспанға ауып еді.
Бұл затты Бағыт бала таппағанда,
Өміріне осы жолы қауіп еді.
Құдайдың құдіреті сондай күшті,

Бұрында көрген бе едің бұндай істі?
Аспанда жай уақта ұшып жүріп,
Кезінде жұмыртқалар жерге түсті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Осыны көп қуанды жөйіт көріп,
Бағытқа риза болды сыйлық беріп.
Сағыт жас Аққа нала еткеннен соң,
Тілегін берген екен Құдай иіп.

Мұнымен бұл жөйіт қылды тағы жарлық:

—Асып бер,—деді,—маған мұны сарқып.

Бір түгін түсірместен тірідей ас,
Болмайды сойсаң әгар мұны қан қып.
Жарлығын жөйіттің ана етпек болды,
Соймастан ол тауықты суға салды.

Қайнаған қазандағы суға түсіп,
Тапырлап ыстық суға өліп қалды.
Қайнатты онан әрі тауық етін,
Болмады ешкім біліп жөйіттің ниетін.

Елжіреп ет сүйегі ажырады,
Солайда қайнатуда жағып отын.
Қайнауда тауық әлі тұр қазанда,
Айтпайды не қыларын еш адамға.

«От жағып қайната бер әлі»,—дейді,
Көрмеген адам туып бұл заманда.
Далада екі бала ойнауда еді,
Жүгіріп анасына баллар келді.

Қараса қазанды ашып екі бала,
Көк тауық қайнатулы көзі көрді.
Балалар бұл ахуалға көп таңғалып,
Әр түрлі сөз айтады ойға қалып.

«Япырым-ай, жүнін жұлмай сағаны»,
Таңғалып тұрар еді қайран қалып.
Анасын даладағы шақырып кеп,
Сұрады тауық халін «бұл қалай?» деп,

Неліктен бұл тауықтың халі бұлай,
Ол жөйіттің қарны ашқан ба, не үшін?—деп.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Бұл нешік маған айтшы, апа,—деді,
Не үшін жүнін жұлмай салғаны тек.
Ажалы жануардың жеткен екен,
Жүнімен ол қазанда қайнады көп.

Анасы балларға айтты тауық халін,
Асқызған залым жөйіттің пәрмені оның.
Тірідей қазанға сап қайнатқанын,
Тоқтаусыз қайната бер дегендерін.

Анадан баллар сұрап сыбағасын,
Бересің сыбаға үшін бұдан несін.
Барлық етін залымға беріп қойып,
Ол жөйіт жеп, балаларың құр қамасын.

—Дәметпе бұл тауықтан, балаларым,

Жөйіттің көрдіңіз ғой жалаларын.
Бұл тауықтың етінен сізге берсем,
Залымның және көрем қаһарларын.
Баллар айтты анасына:—Бізге қара,

Ол жөйітке жегізбеспіз бәрін және.
Өзіміз алайық деп сыбағасын,
Шөмішті ап жетіп барды ол қазанға.
Қимастан балаларын ана пақыр,

Қаншама айтса дағы болмады ақыр.
Ылажсыз балларына рұқсат беріп,
Болар ма әлдеқалай заманақыр.
Үлкені басын алды шөміш салып,

Кішісі жүрек алды о да барып.
Екеуі ілінгенін алды дағы,
Далаға ойнағалы кетті алып.
Білмейді не қыларын ана ғаріп,

Жөйіттен қорықты қатты көп сандалып.
Ол залым сұрамаса жарар еді деп,
Қазанды қайнатуда отын жағып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қазанда қайнатулы отын жағып,
Анаға жөйіт ұрыспасын енді нағып.
Балалар сыбағасын алып кеткен,
Бір уақта жөйіт те келді енді лағып.

—Кәне, енді маған әпер ол тауықты,

Керегін алып жейін өзім тауып.
Қараса, басы менен жүрегі жоқ,
Бөксермек сорлы ананы иттей қауып.
Келтірдің бас, жүрегін алып қалып,

Бәлеге қалдың менен сен жасырып.
Маған еш басқа етінің керегі жоқ,
Тауып бер қайдан тапсаң онан тауып.
Таппасаң, өлтіремін мен сені,—деп,

Зәлім жөйіт енді мінді қаһарына.
Басың мен жүрегіңді алам және,
Алып кел қайда қойсаң, ғаріп ана.
Өзің жесең, шыныңды айт, маған қара,

Ол үшін бас, жүрегің алам және.
Рас айт жасырмастан, ғаріп ана,
Жүрмесін алып кетіп екі бала.
Әгарда олар мұны алған болса,

Әкеп бер басы менен жүрегін де.
Сенуге маған рас болсын десең,
Қанына бояп әкел көйлегін де.
Балларын айтуға ана көзі қимай,

Көлдетті көздерінен жасын тыймай.
Балларым еркелікпен алып еді деп,
Жөйітке «рақым етің» кешірім сұрай.

—Қайтейін, баллар еді мұны қылған,

Айтпасқа қоймадың ғой өзің, балам.
Мархабат екі ұлыма етсеңші,—деп,
Қамығып ана пақыр зар жылаған.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Жөйіт айтты ол кемпірге:—Ана ғаріп,
Басын ал бас жегеннің тездеп барып.
Жүрек жеген баланың жүрегін ал,
Көйлегін маған ап кел қанға салып.

Болмайды мархабат қып енді бұған,
Қылармын ашулансам тіптен жаман.
Тезірек бұл бұйрықты сен орындап,
Алдыма айтқанымды келтір маған.

—Бас пен жүректі балаларым еркелікпен алып еді. Жас бал­

лар ғой, кешір, шырағым,—деді кемпір. Жөйіт бұл жауапқа
өршеленіп, «кешірмеймін» деп байлаудағы қара төбетше ар­
пылдап анаға әкіреңдеген соң:

—Қап, балам, балларымның көз жасы сені жібермес,

қалайда бір айламен балларымды аман алып қалармын,—деп
кемпір жылап балаларына барды. Балларының көйлегін алып,
бір өлейін деп жатқан иттің қанына көйлегін қандап және басы
мен жүрегін алып балтамен шапқылап жөйітке жегізеді.

Анада ес қалмады титтей буын,
«Құдай-ау, оңдай көр,—деп,—істің түрін».
Зар жылап балаларға келе жатты,
Етсін деп өзі түзер ақыр түбін.

Далбақтап аяқтарын зорға басар,
Сүйтсе де бұған айла табады ақыр.
«Сен жөйітті бір айламен түсірем»,—деп,
Зарлана балларына келді ақыр.

Бұрыннан жатар еді бір ит аунап,
Ол итке ана келді «иә, Құдайлап».
Көйлегін балларының алды дағы,
Балтамен итті шапты артын ойлап.

Баллардан ана пақыр көйлек алып,
Қараса өлер халде итке барып.
Дыбысы әлі шығар өлімсіреп,
Қанына боямақшы көйлек салып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Балтамен шапқылады итті ана,
Қан ақты қара қошқыл иттен және.
Баллар тұр төбесінде мұның қарап,
Қанына көп бояды көйлек сала.

Бұл іске таңырқады екі бала,
Селтиіп шүметейі тұрды және.
Жалаңаш, көйлек қанға боялған соң,
Бұл істі анасынан сұрап қана.

Кемпірге баллар айтты:—Е, ана,—деп,
Бұл итті не себептен өлтірдің кеп.
Сіз шаппастан өзі де өлер еді,
Балтамен шапқыладың мұншама көп.

Және де бұл күшіктен аққан қанға
Көйлекті бізден алып боядың бек.
Ит қаны ұстамаққа харам болар,
Көйлекті тазалап жу, бізге бер,—деп.

Ана айтты балларына бұлайша деп:

—Шырағым, бұл ісімде себеп көп бек.

Сіздерді өлтіруге жарлық етті,
Құлыным, соның үшін жыладым көп.
Сіздерге мен айтамын көп насихат,
Балларым, ұмытпастан ойыңа ал жад.

Кешегі көк тауықтың бас, жүрегін
Кәзірде керек қылды мына қу жөйіт.
Басың мен жүрегіңді аламын деп,
Қаншама маған берді көп ақырет.

Бас жесең, басың жеймін сенің де,—деп,
Сол үшін жүрегіңді алсам керек.
Науада балаң мұны алған болса,
Басы мен жүрегін де келтіргін,—деп.

Сенуге маған дұрыс болсын десең,
Көйлегін қанға бояп көрсет әкеп.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Осындай залым жөйіттен болды пәрмен,
Көнбеді кешір десем одан да әрмен.
Бұл істі істемекте мақсатым сол—
Көрсету ол залымға мұны қанмен.

Құлыным, енді тыңда айтқан зарым,
Ұмытпа не айтсам да нақылдарым.
Қандаған бұл көйлекті соған беріп,
Ажалдан құтқармақпын сізді, жаным.

Басы мен жүрегін ап мынау иттің,
Жегізем жөйітті алдап мұны апарып.
Көйлекті қанға бояп көрсеткен соң,
Ол залым нанса керек көзі ағарып.

Енді зыт, бекер қарап тұрма мұнда,
Қашумен құтылады әрбір пенде.
Көрінген анау тұрған қалың орман,
Көрінбей жасырынып тұрғын сонда.

Ол жерге мен тұрамын күнде барып,
Бақшадан қайтар едім отын алып.
Тезірек киім, ауқат жеткізермін,
Отынға күндегідей мен де барып.

Ана күндегі әдетінше отынға барған адам болып, қапқа са­
лып балаларына ауқат, киім-кешек алып барып берді. Және
иттің басы мен жүрегін апарып жөйітке алдап жегізді. Жөйіт
алданып бұған риза боп разылық ойын айтты.

Басы мен жүрек алып келді ана:

—Шырағым, сөзімді ұқ, маған қара.

Орнына бұйрығыңды мен келтірдім,
Тағдырда солай болса, бар ма шара.
Көйлегін және ап келдім екі балам,
Сақтасын біз ғаріпті Алла Тағалам.

Әуелде тағдыр солай болған шығар,
Есімнен тіпті шықпас екі балам.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Сөзіңе бек сенемін, ғаріп ана,

Өлді ме қаза тауып екі бала.
Әуелде тағдыр солай болса керек,
Өлімнен құтылдың ғой сен, бейшара.
Сұрамай рұқсатсыз жегені үшін

Өлтірдің, әжеп болды мұның және.
Жазасын әркім солай тартса керек,
Қысаспен мен де жейін, маған қара.
Тексермей жөйіт те жеді бас, жүректі,

—Әй, ана, сауап болды мұның,—депті.

Мен жейтін заттарымды жегені үшін
Қастықпен мен де жейін дайын етті.
Осылай жөйіт те жеді көзі ағарып,
Құтқарды айламенен ана ғаріп.

Әгарда мұндай ақыл таппағанда,
Баллардан айрылар ед жалғыз қалып.
Балларға жолықты ана шарбаққа кеп,

—Көрінбе тірі жанға, шырағым,—деп.

Бейшара бастан-аяқ өсиетін
Балларға айтар еді «ұққайсың» деп.
Мұнымен киім-кешек, ауқат беріп,
Әр күні жүретін ед көзбен көріп.

Бұл жерде тұра берсе білінер деп,
Жіберді алыс жаққа рұқсат беріп.
Жол азық, балаларға ақша беріп,
Насихат айтар еді күнде келіп.

Ол жөйіттен ақыл тауып құтқарғанмен,
Таба алмай тоқтарға бермеді ерік.
Тоқтама енді мұнда, балаларым,
Не түрлі жөйіттің көрдің жалаларын.

Біледі мұнда тұрсаң біздерді деп,
Онан соң өлтіреді жанның бәрін.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Балларын ана салмақ ұзақ жолға,

—Құдай-ау, жас балларым өзің қолда.

Әгарда сізден медет болмағанда,
Балларым өлер еді осы жолда.
Балларын ұзақ жолға салмақшы болып, ана сор[лы]
далбырақтап басқа сөз айтуға аузы бармады. Тек «Құдайға

тапсырдымнан» басқа сөз айта алмай, буыны босап, әлі құрып
тұрды. Анасымен қоштасып балаларының айтқаны:

—Айналайын, анамыз,

Алла оңдаса барамыз.
Жеткерсе Тәңірім ниетке,
Жаһан кезіп шоламыз.
Қам көңіл болып жыламай,

Алладан сіз де сұраңыз.
Жеткізсе Тәңірім мақсатқа,
Жөйіттің көзін оямыз.
Табанға сап жүн етіп,

Кекті сүйтіп аламыз.
Ажал жетіп күн бітсе,
Тағдырға оны санаңыз.
Жас еді деп ойлама,

Жас та болсақ барамыз.
Рақым етсе бар Құдай,
Және сізді табамыз.
Ажал келсе Алладан,

Ақ сүтіңе риза боп,
Тәуекелге бел байлап,
Біздерді жоққа санаңыз.
Сабыр берсе ажалға,

Қабыл боп сіздің табаңыз.
Шаттыққа бала беліңді,
Бар деп біздей балаңыз.
Сағыт бала жылайды,

Жыламасқа болмайды,
Табиатты өлең қып,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Көзінің жасын бұлайды.

—Жад еттім сізді, Жаппар Ақ,

Рақым етіп сөзге бақ.
Бір жақсылық көрмедік,
Жастай жетім біз бейбақ.
Рақым етсең өзің біл,

Анамды сізге тапсырдым,
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы Жаппар Ақ.
Қолдан келер шара жоқ,

Залым жөйіт қылды ғазабат.
Өзің рақым етпесең,
Анамыз көрер зұлымат.
Соның үшін зарладым,

Он сегіз мың ғаламға
Патша болған Зұлзалат,
Анамызға рақым ет.
Ішім—жалын, сыртым—сау,

Залым жөйіт болды бізге жау.
Қайдан ғана кез болдық
Бұл залымға, япырым-ау.
Айналайын, жан ана,

Қам көңіл болып жылама.
Сабыр берсе ажалға,
Балларың жөйітті қояр ма?!
Көргенше енді аман бол,

Балларыңа тұс келер
Нендей таулы биік өр,
Нендей шыңды жартас, бел,
Нендей сулы шалқар көл,

Нендей сусыз жапан шөл,
Нендей ғажап қотан жер,
Нендей рахат салқын бел.
Бәрінен, ана, өтерміз,

Алла оңдаса нетерміз,

ЖЕТІМ КӨДЕК

Жөйітті іреп сетерміз,
Сізді алып кетерміз.
Аман бол енді, жан ана,
Жылама бізге зарлана.

Тәңірім өзі оңдаса,
Оярмыз жөйіттен көз және.
Бұл сөзді айтып балалар екеуі қол ұстасып жөнеп қалды.
Баллардың бет-аузы, қол-басынан, маңдайынан сүйіп, ана

«Құдайға тапсырдым» деп, дал болып зар жылап, арттары­
нан көзін айырмай қарап тұрды. Баллар көз қарасынан ұзап
көрінбей кеткен соң, ана бүкіл табиатты өлең қып шыдап тұра
алмай зар-зар жылап айтқаны:

Баллар кетіп, бұл ана жалғыз қалды,
Қайдағы қасіретті ойына алды.
Балалар көз шалымынан ұзаған соң,
Зарлана бар даусымен айқай салды.

—Айырдың өзің беріп, Құдірет Кәрім,

Зарлана мен де айттым арзы-халім.
Балларды өзің беріп тірі айырдың,
Жылаттың ақырында, Пәруардәрім.
Ғаламды он сегіз мың жаратқан Ақ,

Көп беріп біреуге мал, біреуге бақ.
Біреуді ғалым етіп, біреуді залым,
Жараттың біреуді мұңды, біреуді шат.
Тамаша аспан менен жері қандай,

Зеңгір тау, дария шалқар көлі қандай.
Гүлденген орман, тоғай, бақшалары,
Соларды пайдаланған елі қандай.
Қарасам көзім тоймас тамашасын,

Ми жетпей қисабына адасасың.
Заң түзеп, закон жайып патша тұрып,
Қараған әділетпен қарашасын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Таласқан аспанменен таулар биік,
Мекендер аю, қасқыр, марал, киік.
Ұжмақтың шашмасындай бұлағына
Кеткендей қарап тұрсаң іштен күйік.

Аспанда ай мен жұлдыз күні қандай,
Қалғыған мұнарланып түні қандай.
Көлде құс, суда балық, тоғайда аңдар
Шулаған неше түрлі үні қандай.

Жаннаттай тамашасы жазы қандай,
Келетін ұшып аққу, қазы қандай.
Ескеріп өткен күнді кәрілері,
Жастардың және де айтқан назы қандай.

Сықырлап келіп қалған қысы қандай,
Қар жауып су қатырған мұзы қандай.
Берген соң Алла қуат жан сақтарлық,
Жүреді-ау мақұлықтар үсік алмай.

Біз ғаріп сол панаңда саялаған,
Зұлым жөйіт рақымсыз аямаған.
Жіберсең жалғыз тамшы рақымыңнан,
Болса да құтылар-ек қай арадан.

Балалар жолға түсіп жүреді көп,
Жаладан аулақ болып ажалға сеп.
Жол жүріп бірнеше күн әлі құрып,
Бейшара баса алмады аяғын бек.

Демалмай жеті күнде таудан асты,
Табаны көп ойылған тастар жырып.
Ақыры жапан түзге барып шықты,
Көп күндей тыным алмай әлі құрып.

Тірелді сар далаға баллар барып,
Солайда тыным алмай болды ғаріп.
Жүреді ұзақ күнде жолға салып,
Және бір мұнарланып тау көрініп.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Түн болып, қас қарайып, күн де батты,
Жас баллар қарны ашып, шөлдеп қатты.
Ақыры шаршап барып тапқан еді,
Жолдағы сылдыр аққан бір бұлақты.

Жуынып ол бұлақтың суын ішті,
Көрмеген туылғалы мұндай істі.
Азырақ ауқаттанып демін алып,
Тағы да қалыбындай жолға түсті.

Келеді жолға түсіп Құдайым деп,
Қасірет, жүрегінде уайым көп.
Бағыт пен Сағыт бала жүріп,
Айтар ед бір-біріне жүрсейші деп.

Алыс жол жас балларды шаршатты бек,
Айтар ед бір-біріне жүрсейші деп.
Қашанда ағасы алда, інісі—артта,
Ұйқы да бір жағынан шаршатты кеп.

Демалып осы тауда үш күн тұрды,
Тынығып есін жинап ойнап-күлді.
Жан-жағын тамашалап бұлар көрді,
Шың жартас, сылдыр бұлақ, өзен-көлді.

Бұл таудың ғажап біткен құрылысы,
Көрмеген адам туып бұл жұмысты.
Көрінді таңғаларлық дарақтары,
Жемісті, тым көрнекті ағаш бәрі.

Бұл дарақ таңырқатты екі жасты,
Алмасы қызыл-шұбар тым сымбатты.
Асыл тас құндызға ұқсас жылтылдады,
Балларды қуаныш кернеп, шаттық асты.

Таңғалып баллар бұған елден ерек,
Тағы да жан-жағына қарады көп.
Шулаған неше түрлі үн шығады,
Ол тауда жабайы аң да болса керек.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қарады және артына ол бұрылып,
Көрінді жартастарда марал, киік.
Бұларға жақын келіп маңырап тұрды,
Оларды баласынып ғажап көріп.

Көтеріп тұмсықтарын бұлар маңырап,
Балларға ұстатқалы келе жаздап.
Бұлардан киік, марал қашпаған соң,
Халіне жастар тұрды бұған таң қап.

Бұл түрде ағасы айтты:—Кетелік біз,
Бұл таудан тездеп асып кетелік біз.
Және де аю, қасқыр мұнда болар,
Бұл таудан асығыспен өтелік біз.

Науада аю, қасқыр бізді көрсе,
Жеп қояр бұл араға олар келсе.
Бұлар да екеумізді баласынып,
Қашпауын марал, киік көрмейсің бе.

Деді де баллар кетті таудан асып,
Қасқырдан қорыққаннан соң асып-сасып.
Тездікпен асығыстан асты таудан,
Үш күндей асқан екен қия жардан.

Болғанда төртінші күн таудан асты,
Демалмай асығыстап қадам басты.
Ол таудан тездікпенен асқаны үшін,
Тағы да әлі құрып шаршап қапты.

Кез болды таудан асып құла түзге,
Безектеп жүріп келед жапан түзде.
Аршындап қадам басып келе жатыр,
Адамдай рұқсат алып қайтқан үйге.

Балалар осы түрде көп күн жүрді,
Ойылып, табандарын тастар жырды.
Тынбастан бірнеше күн жолда жүріп,
Және де сар далаға келіп кірді.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Түн болды қас қарайып, күн де батты,
Баллар шаршап, бейшара, жүре алмапты.
Бұл түрлі сандалумен келе жатып,
Екеуі жол айырықта ажырапты.

Жас баллар жол айырықта ажырасты,
Сонда да тоқтамастан жүрді қатты.
Ойында ағасы алда, інісі—артта,
«Жүрсейші, жүремін» деп інісі айтты.

Осы әлпез сандалумен көп жер алды,
Жүре алмай айдалада жатып қалды.
Екеуі екі жақта жатты дағы,
Шаршаумен әлі құрып ұйықтап қалды.

Балалар жатқан еді әлі құрып,
Шошынып ерте оянды Бағыт тұрып.
Қараса, артына ерген інісі жоқ,
Тағы да зар жылады іші күйіп.

Бағыт інісінің қайда қалғанын білмей ыза болып айтқаны
және Қыдыр әлейһиссаламға жолығып айтқан сөзі:

—Құдай-ау, маған берген ісің бе бұл,

Айырдың жалғызымнан, түсім бе бұл?!
Сандалып сар далада жүргенімде,
Әлжеттік маған қылған күнің бе бұл?!
Атадан екеу едік әуел бастан,

Жүруші ек күні-түні айырылмастан.
Айырдың бұл арада құдіретіңмен,
Көрсеттің қасіретті бала жастан.
Қаңғырып табам мұны қайда барып,

Қойдың ғой мұндай халге өзің салып.
Жаратқан, мені мұнша зар қылғанша,
Менің де қойсаң едің жанымды алып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сағытжан, менің қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Бас айналып, көз тынды,
Білмедім қалай боларын.

Қай жақта қалдың, білмедім,
Алла оңласын барарын.
Жолсыз шөлде қай жерде
Қалдың, Сағыт қарағым.

Бір шығаршы даусыңды,
Қай бағыт екен талабың.
Есітпей шыққан даусыңды,
Мен сор[лы] білмес қайда барарын.

Қазаң жетіп бұл жолда,
Қасіретпен жөнелсең,
Алла оңдап, қарағым,
Жұмақтан болсын сарайың.

Екеу едік әуелде,
Жалғыз қалдым, қарағым.
Тәңірі оңдаса сапарды,
Көрем бе деймін талабын.

Бағыт жас мұны айтып зар жылады,
Сағытты әрдайымда ойға алады.
Бағыттың зарыққанын Алла біліп,
Сол жерде Қыдыр баба кез болады.

Қыдыр бабаның Бағытқа айтқаны:
Бағытқа Қыдыр айтты:—Ғаріп бала,
Өзіңе сөз айтамын, маған қара.
Қырық күнде жолығарсыз ініңізге,

Құр жылап бұл арада тұрма және.
Мен айтқан, Бағыт балам, сөзіме бақ,
Көрінген күншығыста үлкен дарақ.
Тезірек бұл арада жылап тұрмай,

Дәулетке онда барсаң боларсың тап.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Бұл жерде босқа жылап тұрма қарап,
Көңіліңе шығыстағы дарақты ап.
Жиналған ол шарбақта көп адам бар,
Дәулетке онда барсаң, боларсың тап.

Ол жерден ініңді іздеп кетпе, балам,
Ініңе жәрдем берер Алла Тағалам.
Сар дала, жолсыз шөлде інің қалған,
Оны сен іздегенмен таба алмайсың.

Бұл жерден ініңді іздеп сен де кетпе,
Сабыр ет Құдай ісі, Құдіретке.
Қырық күнде Сағыт інің өзі келер,
Жетерсің, иншалла, көп дәулетке.

Көзінен бұл сөзді айтып болды ғайып,
Бағытқа жүрмегін деп жолдан тайып.
«Япырым-ау, бұл көрінген неме ед»,—деп,
Жас Бағыт дал болады қайран қалып.

Сүйтті де күншығысқа жүріп кетті,
Көрінген бау-шарбаққа келіп жетті.
Алыстан мұнарланып көрінген ед,
Сәскеде шаршап барып зорға жетті.

Жиналған бірнеше адам қабақ салық,
Сөйлейді бір нәрсені ойына алып.
Бағыттың сұрауына адам болмай,
Қасына барып тұрды қайран қалып.

Көрінді бір мард кісі жылы шырай,
Бағытқа кез қылған-ды мұны Құдай.
Көз түсіп жас баланың порымына,
Таңырқап әл сұрауға келді мұнда-ай.

—Қай жақтан келіп тұрсың, жаным балам,

Нәсілің кім, қайсы шаһар, асыл задам.
Осынша жол бейнетін көп көріпсің,
Кез келдің қандай іспен, шаһизадам.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жөніңді айт, мұнда келдің не себептен,
Етермін ол ісіңе мен де жәрдем.
Қарасам порымыңа—шаһизатсың,
Қалдырмай сырыңды айт, шаһизадам.

Шыныңды айт енді маған, шаһизадам,
Өзіңді ренжіткен қандай адам.
Алыстан жол азабын көп көріпсің,
Пері ме сені айдаған, әлде адам.

Бағыттан жөн сұрады ақыл Дана,
Тұруға жауап бермей бар ма шара?!
Туғаннан көргенінің бәрін де айтты,
Ол ер де көп рақым етті және.

Сұрады ол кісіден Бағыт тұрып:

—Жиналған мұншама адам сенім құрып.

Ойына бір нәрсе алып сөйлесер сөз,
Қарамас еш адамға мойын бұрып.

—Себеп бар бұл шарбаққа жиналмақта,

Патшамыз отырушы еді алтын тақта.
Күн кеше ажал жетіп қаза тапты,
Жүреді бұлар патша сайламаққа.
Сен енді, жаным балам, сөзім тыңда,

Құданың құдіретімен келдің мұнда.
Осындай бұл шаһардың рәсімі бар,
Ұшырар дәулет құсты қазір мұнда.
Дәулет құс кімнің қонса басына кеп,

Сол адам патша болар біздерге деп.
Сондықтан, жаным балам, саған айтам,
Қалайда бұл арада сабыр ет деп.
Науада саған келіп қонса дағы,

Сізді біз патша етіп сайлаймыз кеп.
Бұл адам бас уәзір падишаға,
Атқарған талай істі ақыл, Дана.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Бағытқа Құдай өзі кез қылған ед,
Көз көріп мейірбан боп сүйіп және.
Жас Бағыт бас уәзірден мұны біліп,
Барады айтқан сайын іші жылып.

—Япырым-ау, мынау кісі атамдай-ақ,

Көп айтты мейірбандық мені сүйіп.
Бұл кісі қасиетті адам болғай,
Азаптан құтылармын Құдай иіп.
Кез болып Сағыт жаным өзі келсе,

Қайғыдан құтылар ем жаным тынып.
Құдай-ау, енді ісімді оңдағай,—деп,
Ол жерде тұрды қарап көп сүйініп.
Осымен біраз ғана уақыт өтті,

Дәулетті ұшыратын мезгіл жетті.
Ақырын не де болса көрейін деп,
Сол жерде Бағыт бала сабыр етті.
Ұшырды дәулет құсты алтын тақтан,

Ер Бағыт қасіретпен мұны тапқан.
Қонар деп қайсымызға дәулет келіп,
Шулаған дауыс шықты әрбір жақтан.
Дәулет құс аспанға ұшып бір айналды,

Ол көптің басына кеп еш қонбады.
Айналып және қайтып оралғанда,
Бағыттың басына кеп қона қалды.
Бағытқа жүгіріп келді уәзір Дана,

Көтеріп аспанға атып мұны және.
Тигізбей аяқ-қолын көтеріп ап,
Мінгізді алтын таққа оны апара.
Бұл Бағыт дәулет қонып патша болды,

Қасіретпен кезген еді талай жерді.
Қасында баста көрген Дана уәзір,
Балаға насихатын көп береді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бағытқа өсиет қылып уәзір Дана:

—Әй, ұлым, саған айтам маған қара.

Ініңді анаңменен көп ойламай,
Аз уақыт сабыр етіп тұрсаң және.
Әй, балам, менің айтқан сөзіме бақ,
Дәулетке өзің келіп болдың ғой тап.

Көңіліңде қасіретті бола бермей,
Қашанда өзі рақым етсе бір әл-Хақ.
Балаға жұрттың көзі тоймады көп,
Айтар ед «қалай патша болады?»—деп.

«Баласы қайсы патша болады екен,
Халыққа бас болмаққа бала ғой бек».
Бұл халықтардың Бағытты баласынғанын Дана уәзір былай
деп басар еді:

Бұл сөзді басар еді уәзір Дана,
Халқына былайша деп айтты және:

—Бала деп мұны қашан кемсінбеңіз,

Жеткізді бізге мұны Алла Тағала.
Баланың атасы—Нұр, анасы—Үр,
Нұрдан да бұл шаһизат артықша-дүр.
Ойланса дегдар жердің баласы бұл,

Порымына қара дағы патша деп біл.
Бұл бала баласы еді Нұр патшаның,
Кез болған патша бол деп бізге оның.
Келіпті соның үшін бұл жас ұлан,

Келтірген өзі айдап Тәңірім менің.
Халқына Дана уәзір ақыл айтып көп,
Патшамыз дана ұлан, әсілі тек.
Қашанда бізге бұйрық етер болса,

Жарлығын екі қылмай жүреміз деп.
Бағыт жас Тәңірім қалап патша болды,
Дәулетке жас Бағыттың көңлі толды.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Бұл Бағыт патша болып тұра тұрсын,
Ізделік Сағыт бала қалған жолды.
Жас баллар келе жатқан жолда шаршап,
Қашанда момындарды Тәңірім жақтап.

Көп шаршап екеуінен әл біткен соң,
Жүрші деп айтқан еді сандырақтап.
Жапан түз Сағыт қалған сар далада,
Іздеген оны қайдан таба алар ма?!

Жолынан шығып барып құлаған ед,
Елсізде айтып болмас шөл далада.
Сол жерден сәске түсте Сағыт тұрып,
Жан-жаққа қараған ед мойын бұрып.

Қасында ағасы жоқ артына ерген,
Сандалды жүре алмастан әлі құрып.
Қай жақтан білмес еді келген жерін,
Жүрерін және білмес қайда тағы.

Жас бала түс көргендей болды дағы,
Басы ауған жаққа қарай жүрді тағы.
Жүреді басы ауған жаққа қарап,
Сандалды сар далада жалғыз жылап.

Жан-жаққа қарағанмен түк көрінбес,
Шамада ел, отау жоқ еткен тұрақ.
Төменде жерді көрді, көкте—аспан,
Көңілде арылмастай қайғы басқан.

Шырылдап көкте ұшқан торғай көріп,
Торғайға мұңын айтып зар жылаған.

—Е, шырылдап ұшқан бозторғай,

Рас айтшы, япырым-ай.
Қайда қалды Бағытым,
Көрдің бе оны, бозторғай?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Аспандап ұшып қарашы,
Көрінер ме қарасы.
Көрінбесе қарасы,
Алладан болған қазасы.

Қай жерде көкем қалды екен,
Жер жүзін шолып қарашы.
Жалғанда көкем болмаса,
Маған да тисін қазасы.

Сағыт мұны айтып зар жылап жүр еді, Бағытқа жолыққан
Қыдыр баба: «мен тосыннан көрінсем, бұл жас бала қорқар және
маған елігіп жұбанар»,—деп әлдеқайдан көрініп, қолында аса,
қолтығында алашасы бар бір көрнекті қарт кісі боп келді. Жол­

да тауда көрінген марал, киік бақ пен қыдыр еді. Сағытқа және
жолықты.
Жолыққан Бағытқа да Қыдыр баба,
Кез қылды Сағытқа да Алла Тағала.

Зарығып сар далада жүргенінде,
Рақыммен кезі келді бұған және.
Балларға Тәңірім берген бастан медет,
Қолдаған әулиелер бәрі жебеп.

Тауында Шөгірлінің шаршағанда,
Марал мен киік болып бұлар кеп ед.
Бақ пенен қыдыр еді киік, марал,
Бәледен құтылады болмаса ажал.

Сол жердің қасқыры жеп қояр еді,
Науада жүрмегенде сол күн бұлар.
Киік пен марал келді Құдай иіп,
Оларды жіберген ед Ақ бұйырып.

Қорқуды қасқырдан да білмей ме деп,
Балларға сездір деп ед Ақ бұйырып.
Тауында Шөгірлінің шулаған аң,
Ол жерді мекендеген сондай жаман.

Жер еді сол сағатта баллар жүргенде,
Құдайдан сақтау болып қалды аман.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Сол үшін бақ пен қыдыр марал, киік,
Жіберді бұл екеуін Ақ бұйырып.
Жастықпен жыртқыш аңнан қорықпай ма деп,
Келген ед сездірмек боп марал, киік.

Маңырап ед бастарын да сол жаққа иіп,
Бұлардың нұсқауларын баллар біліп.
Және де қашпағанын ғажап көріп,
Ол таудан асқан еді жүрек күйіп.

Сол киік және келді Сағыт жасқа,
Қолдады тарыққанда әр тарапта.
Тосыннан көрінгенмен қорқады деп,
Көріп әлдеқайдан келді баба.

Жолықты Қыдыр баба балаға кеп,
Жас бала көп шаршаған далада бек.
Қолтықта алашасы, қолында аса,
Бір шал да тұра қалды алдына кеп.

Қуанды шалды көріп бала және,
Нұрлы жүз, бурыл сақал, мұны қара.
Еркелеп құшақ жайып тұра ұмтылды,
«Баба» деп бар даусымен айқай сала.

Бабасы Сағытты бауырына қысып жұбатып, Сағытқа айтқан
сөзі:

—Е, балам, жыламастан жасыңды тый,

Бұл күнде әлің бітіп, қалмаған күй.
Шаршадың жаяу жүріп қанша, балам,
Же дағы бұл тағамды, есіңді жи.
Балаға Қыдыр баба берді тамақ,

Қаншама жолда көрген бірнеше азап.
Бабадан ауқаттанып әлге кіріп,
Сол жерде ойын керек болды бірақ.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бабаға Сағыт айтты:—Айтшы, баба,
Бағыт та көрінді ме сізге жолда.
Қай жерде қалғандығын мен білмеймін,
Айрылғам келе жатып түнде жолда.

Баланың Қыдыр келіп көзін сүртті,

—Көр, балам, Құдай ісі құдіретті.

Ағаңа жолығарсың жақын күнде,
Бір елге ағаң болған патша,—депті.
Жақында жолығарсыз ағаңызға,
Бір шаһарға ағаң болған патшазада.

Жылама, мақсатыңа жетерсіздер,
Боларсыз жақын күнде шаһизада.
Балаға Қыдыр айтты:—Сөзім тыңда,
Ағаңа кез боларсың жақын күнде.

Зарлаған жөйітте қалған анаң келер,
Иншалла, жетерсіздер мақсатыңа.
Анаңыз жақын күнде мұнда келер,
Патшалық салтыменен дәурен сүрер.

Берейін алаша мен бұл асаны,
Жеріңе мұғадалы бұл жеткізер.
Деді де Қыдыр кетті өз жолымен,
Алаша асаменен Қыдыр берген.

«Жеріңе ойыңа алған жеткізер»,—деп,
Балаға Қыдыр баба кезі келген.
Ат қылып бала ойнады бұл асаны,
Үстіне алашаны жапты оның.

«Көтер, деп,—е, алаша» дегенінде,
Аспанға көтеріп ап ұшты оны.
Іс болды табиғатта өте күшті,
Бұрында есітпеген мұндай істі.

Аспандап осы әлпезбен ұшып жүріп,
Қонатын мезгілінде жерге түсті.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Алаша асаменен болды кеме,
Демалсын уақты болмай жерге неге.
Аспандап осы әлпезбен ұшып жүріп,
Жолықты аспанда ұшқан бір періге.

Бұл еді ұшып жүрген пері қызы,
Сағытқа Құдай айдап келді кезі.
Қимастан айналқастап жас баланы,
Қасынан кете алмастан жүрді өзі.

Балаға махаббаты қыздың құлай,
Қасында бірнеше күн жүрді бұлай.
Қанша күн ұйықтамастан ұшып жүрді,
«Ұйықтайық жерге түсіп,—деді,—апай».

Ұйықтатты жерге түсіп баланы қыз,
Сағыт та жата қалып ұйықтады тез.
Қасынан дәйім түрде ұзап шықпай,
Мысалы анасындай мейірбан қыз.

Пері қыз өте сұлу жаннан асқан,
Балаға ашық қылды оны бастан.
Көрген соң айналқастап кете алмады,
Ашықтық жүрегінде от тұтасқан.

Оянды ұйқысынан бала тұрып,
Ол қызға қарамады көңлін бұрып.
«Ағамды бар арманым тапсам»,—дейді,
Қарайды көкте шарлап ұшып жүріп.

Және де қыз бен бала аспанға ұшып,
Қонады уақытында жерге түсіп.
Осындай қыз бен бала бірге ұшқанмен,
Қалар ед екі жаққа ол тартысып.

Тартады бала ағаға, қыз періге,
Екі жас бармақ болып өз жеріне.
Осындай қыз бен бала тартысқанда,
Алаша алып ұшты өз жөніне.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Алаша қоя берді қыз еркіне,
Тұп-тура алып барды ол періге.
Бек ғажап бір шарбаққа алып барды,
Айласын пері қыздың көрмейсіз бе.

Қараса, бір ғажайып көрді шарбақ,
Бұл жерді өңшең пері қылған тұрақ.
Қолынан ешбір жанның келер емес,
Жаһанда таң-тамаша өскен дарақ.

Пісіп тұр дарақтарда түрлі жеміс,
Бұл шарбақ адамзаттан көрген емес.
Сайраған түрлі құстар бұтағында,
Бұл түрлі таңғажайып көрген емес.

Сайраған ол шарбақта бұлбұл, тоты,
Жас бала қарап тұрды кетіп еркі.
Ауызбен қанша айтқанмен келтіре алмас,
Суреттеп болар емес бұл шарбақты.

Әр жерден фантан суы аспанға атқан,
Гауһар тас ол шарбақты жарық қылған.
Жолбарыс, арыстанның суретінен
Фантан ғып ауызынан су атқызған.

Әдейі апарған ед ол пері қызы,
Сағыттың тамашалап көрді көзі.
Балаға бұл шарбақты көрсетуде
Мақсат сол—елігер деп үміт қылды.

Бұған да елікпеді Сағыт бала,
Салған-ды сарсаң күйге Алла Тағала.
Қалайда бұл баланы ап қалмақ боп,
Көрсетті бұдан басқа қызық және.

Сонда да бала бұған болар емес,
Ауғанмен көп қызыққа және де ес.
Баланың елікпейтін пейілін біліп,
Ол қыз да былайша деп қылды кеңес.

ЖЕТІМ КӨДЕК

—Сен енді, Сағыт бала, сөзіме бақ,

Бұл жерге меніменен келдің ғой тап.
Бұл жерден мені тастап сен де кетпе,
Бұл шарбақ екеумізге болады нақ.
Бұл сөзге жас бала да тұрды көнбей,

Тағат жоқ ол ағасын қарай алмай.
Болмаса мен ағамды қарайын деп,
Ол жерден көтерілді сөзге ермей.
Қыз қалмас бұл балаға болған ашық,

Жүре алмас ашықтықтан қадам басып.
Баладан тағы қалмай жүрмек болды,
Ақыры көндірем деп, болса нәсіп.
Екеуі алашамен ұшты былай,

Балаға ашық қылды қызды мұндай.
Осындай аспанда ұшты бірнеше күн,
Дем алмас жерге қонып және тынбай.
Дем алды бір күн бұлар жерге түсіп,

Неше күн ассыз-сусыз, ұйқы қысып.
Жата сап ол жас бала ұйықтап қалды,
Таң атты қыз ұйықтамай іші пысып.
Бота көз пері қызы, қайқы кірпік,

Ләззатты қызыл гүлдей ашаң бүртік.
Баланың елікпейтін пейілін танып,
Алады көзден жасын іркіп-іркіп.
Балаға пері қызы болған ашық,

Қасынан ұзамады қадам басып.
Осындай бір қанша күн бір жүргенмен,
Жас бала сөз қатпады оған ашып.
Қараса бұл балаға, жасы әлі жас,

Қаншама қарағанмен қызға болмас.
Мұнан да кетейін деп өз жолыма,
Алуға алаша, аса қойды ықылас.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бала ұйықтап алашада жатты шетте,
Құдай-ау, жас балаға мұның еп пе.
Сұмдықпен алашадан қағып тастап,
Аса мен алашаны алып кетті.

Қатты ұйықтап жатқан еді ол жас бала,
Далада қалдырды қыз жалғыз және.
Оянып қарап еді, жатыр жерде,
Орнынан түрегелді айқай сала.

Бала да орынынан тұрды жылай,
Түсірдің мұндай халге және, Құдай.
Тағы да бабам оған тұс келер ме,
Аса мен алаша алған пері қызға-ай.

Япырым-ау, не істермін бұған шара,
Қалдырды жапан түзде мені және.
Бейнеттен бабам шынымен құтқарып ед,
Оңдай гөр жалғыз өзің, Ахир Алла.

Жүреді бет алдына бала ғаріп,
Аштық пен жаяулыққа бірдей қалып.
Зар еңіреп сар далада келе жатыр,
Ағасын анасымен ойына алып.

Табармын мұны іздеп енді қайдан,
Бар Құдай, медет бердің әрбір жайдан.
Алаша, асам еді бабам берген,
Қу жәлеп алып кетіп, қылдың ойран.

Кез қылдың мұны маған, бір Құдайым,
Дем бітіп қуат кетіп, таусылды әлім.
Тағы да бабам маған кез келер ме,
Япырым-ау, арылмайтын болды уайым.

Атадан екеу едік әуел баста,
Ол бастан серт жасап ек айрылмасқа.
Айырдың қасіретпен өзің, Алла,
Қайғылы көкірегім, көзім жаста.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Көп азап, жастайымнан қайғы тартып,
Көл болып көзде жасым, қасірет артып.
Айырып ата-анадан, ағадан да,
Қор болып ақырында жалғыз қаппын.

Көп бердің қасіреттің бәрін маған,
Туғаннан мен бейшара зар жылаған.
Мұншама зар жылатып қойғаныңша,
Айдасаң ақырет сапар, Алла Тағалам.

Осындай ғаріп бала жылады зар,
Ағамды көрем деген ойымда бар.
Зарланып лағуменен келе жатып,
Көрінді алдында бір жақында ел бар.

Жақындап ол елге де келді бала,
Салған-ды сарсаң күйге Алла Тағала.
Бір үйде жарық сәуле шыққан еді,
Сол үйге сәлем беріп кірді және.

Қараса, ол үйде отыр жалғыз кемпір,
От жағып, қазан асқан көзі соқыр.
Астына құрмет етіп, көрпе салып,
Және айтты:—Жоғарыға шығып отыр.

Баланы отырғызды көрпе салып,
Қуанып бала отырды таңға қалып.

—Жол болсын, қайсы жақтан келесің,—деп,

Балаға кемпір айтты сөзге салып.
Келесің қайсы жақтан, жаным балам,
Көріпсің жол азабын, қараққанам.
Ойыңда қасіреттің белгісі бар,

Пері ме сені айдаған, әлде адам.
Осындай жөн сұрады кемпір жастан,
Не үшін жүрегіңді қайғы басқан.
Бұл жердің баласына ұқсамайсың,

Неліктен қасіретте қалдың жастан.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кемпірдің жауап беріп сұрауына,
Жай адам мұнда келіп тұрады ма.
Туғаннан бастан-аяқ бәрін де айтты,
Не көрген қасірет, азап бұларын да.

Баладан мұны есітіп рақым келді,
Қалайша келгеніне таң қалды енді.
«Туылған қандай болып бала едің»,—деп,
Балаға кемпір енді сырын айтты.

—Мен едім жәудір кемпір бұ заманда,

Жалғыз ұл ер баладан бар ед менде.
Жалғызым ер жеткен соң батыр болып,
Аттанды жау қалмаққа жақын күнде.
Сен енді бала болғын маған,—деді,

Боламын мен де сенің анаң,—деді.
Менің де балам аман келер болса,
Қосармын інің ед деп оған,—деді.
Осымен енді сөзді ұзартпалық,

Кемпірге бала болды Сағыт барып.
Бала боп бұл кемпірде тұра тұрсын,
Көрелік туған елден хабар алып.
Мұнымен тұра тұрсын екі бала,

Хабарын жөйітте қалған ғаріп ана.
Ғазаппен залым жөйітте қалған еді,
Япырым-ау, не болды екен сол бейшара.
Бір күні ол ұйқыда көріпті түс,

Анаға жорытуға бұл жақсы іс.
Тұңғиық суға кетті ол түсінде,
Шығыпты бір жартасқа болған соң тұс.
Жартасқа шығып тұрды ана қарап,

Жартас та биік болған сондай бірақ.
Әлемнің дүние жүзін бәрін көріп,
Биік құз шың жар болып шыққан құлап.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Ананың жорытып айтқан сөзі және жорушы сөзі:
Ұйқыда ана көрген бір ғажап түс,
Жақсылап жорытуға келді ғой тұс.
Түсінде ай мен күнді көріп еді,

Жеткізді қолын созып көп етіп күш.
Түңғиық суға түскен ол басында,
Тағдырда құдіретті іс болмасын ба?!
Шың құздың ең басына шығып тұрып,

Қараса, күн мен айы тұр қасында.
Қарады шың жартасқа шығып тұрып,
Күн мен ай қасында тұр жақын келіп.
Таңқалып қолын созды ұстайын деп,

Қуанды, ай мен күнге қолы жетіп.
Басында ана кеткен бір тұңғиық суға,
Қуанды қолы жетіп күн мен айға.

—Япырым-ау, жаңа ғана су ішінде алқынып ем,

Жартас та қай йағымнан болды пайда.
Тұңғиық суға кетіп алқындым көп,
Тірелдім қандай қылып жартасқа кеп.
Шошынып ұйқысынан ана оянды,

Балаған ай мен күнге, шырағым,—деп.
Қараса, атқан екен таң саз беріп,
Шолпан да раушанданған көтеріліп.
Оңдағын бұл ісімді, Құдай, өзің,—деп,

Жорытты көрген түсін ерте келіп.
Әуелі түсін айтты күн мен айды,
Жалынып жалбарушы ед бір Құдайдан.
Осындай ықыласпен айтқанында,

Жаулығын ол ананың жұлып алды.

—Сүйінші, ана, маған берші,—деді,

Сөзіме менің айтқан сенші,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Көрінген ол ай мен күн—екі балаң,
Бәледен құтылыпсың енді,—деді.
Сүйінші, ана пақыр, берші маған,
Етіпті мархабатты Алла саған.

Түсіңде ол көрінген күн мен айың,
Болыпты патшазада екі балаң.
Тұңғиық суға кеттің әуел баста,
Шығыпсың көп алқынып сен жартасқа.

Жеткіздің ай мен күнге қолың созып,
Жеткенің қасіреттен сен мақсатқа.
Ақиқат басыңда еді мынау жұмыс,
Көрінген раушан болып ол тұспа-тұс.

Жартастай ауыр еді және терең шың,
Бәрінен құтылыпсың енді, байғұс.
Тұңғиық судан шықтың қасіретпен,
Ағылған көз жасыңды Тәңірім көрген.

Бейшара, бұл жауыздан құтылыпсың,
Ақиқатты нақақ қылмас Құдай білген.
Көріпсің ай мен күнді, ғаріп ана,
Сынбайды-ақ иіліп Ақ Тағала.

Көрінген қасындағы барлық жұлдыз,
Бұқара болар бәрі күн мен айға.
Бұл істің ақиқаты осы болар,
Уайымнан, иншалла, көңілің тынар.

Істеген бұл жауыз жөйіт сізге зұлым,
Жалынып аяғыңа ол бас ұрар.
Осындай жақсылыққа жорыды көп,
Бұл түсің патшалыққа тұс болғай деп.

Тапқанын палбасысын оған беріп,
«Балларым аман болса жарар ед»,—деп.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Ана айтты жорушыға «әумин» деп,

—Жорыдың жақсылыққа сіз мұны көп.

Ем болғай ауызыңнан шыққан сөзің,
Періште құлағына шалынсын,—деп.
Ана бұл жоруға қуанып және балаларын сағынып, айтқан
сөзі:

—Е, бұл ғаламның қорғаны,

Жад еттім сізді, Жаппар Ақ.
Бір өзіңе тапсырдым,
Екі балам—аманат.
Еттім сізді мінәжат,

Жөйіттен көрдім ғазабат.
Он сегіз мың ғаламға
Патша болған Зұлзалат.
Сіздерден медет сұраймын,

Құдайдың досы Мұхамбет.
Біз ғаріпке жәрдем ет,
Құдіретті керемет.
Қыдыр Ілияс жолдасың,

Көп жебегей бақ-дәулет.
Балларым сізге аманат,
Түркістанда—құл Қожа Ахмет.
Түсімде көрдім күн мен ай,

Рас болғай, япырым-ай,
Балгердің айтқаны-ай,
Көрсеттің өзің, бір Құдай.
Ақ жарылқап күн туғай,

Зарладым сізге, бір Құдай.
Көз жасым көл боп жүргенде,
Екі ұл бердің мен құлға-ай.
Ақырында зар еттің

Ізіне басқан, япырым-ай.
Өзің беріп айырдың,
Тілегін келіп мен құлды-ай.
Ботасынан айырған

Боздаттың мені түйедей.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Күні-түні аңырадым,
Тапсырдым сізге ұлымды-ай.
Мұнымен жөйітте тұрсын ғаріп ана,
Бір елде қалған еді Сағыт бала.

Кемпірге өзі барып бала болған,
Тұрма екен анасындай болып және.
Кемпірге бала болған Сағыт жастан,
Туғаннан ғазап көріп көзін ашқан.

Ол жасқа Қыдыр баба көп сөз айтып,
Алаша, аса берді әуел бастан.
Осымен енді сөзді ұзартпалық,
Кемпірге бала болды Сағыт барып.

Бұл үйде ауқаттанып жатпақ болды,
Шешесі бергеннен соң төсек салып.
Төсекте енді ұйықтап Сағыт жатты,
Түс көріп рахаттанып құп ұйықтады.

Төсегін таң атқан соң жинарында,
Көрпенің қабатынан көп ақша тапты.
Ақшаны шешесі алып сүйінді бек,
Қалайша жас балада мұнша ақша көп.

Айтпастан сол күйімен ала берді,
Таңқалып жүретін ед «бұл қалай?» деп.
Сағыттан жәудір кемпір көп ақша алды,
Ақшаның көптігіне таңға қалды.

Арада осы түрлі көп күн өтті,
Сағытты аңдымақ боп ойға қалды.
«Япырым-ау, неткен ақша балада көп,
Азаймас күннен-күнге, көбейер,—деп.

Жай адамда болмайды мұндай ақша,
Асады күннен-күнге сомасы бек».

ЖЕТІМ КӨДЕК

Баланы кемпір енді аңдымаққа,
Жай салды Сағыт жасты жатқызбаққа.
Сағытты төсегіне жатқызып сап,
Отырды өзі барып босағада.

Қолына кемпір отыр қылыш алып,
Қорлықпен мұнда келген бала ғаріп.
Мақсат сол—ол баланы аңдымақта,
Қылт етсе тастамақшы басын қағып.

«Бұл өзі жас та болса ұры бала,
Алдамақ бала болып мені және.
Ұйықтатып күнде мені тастаған соң,
Патшаның барып түсер қазынасына.

Алады ақша қайдан бұл жүгермек,
Басын кесіп тастасам болар өрнек.
Патшаға басын кесіп апарайын,
Зиянын бұл жүгермек көп келтірмек».

Және де бұл сөзді айтты кемпір ойлап,
Бір жастың мақұл ма екен көзін жоймақ.
Далаға тысқа шығар әрбір пенде,
Ақырын абайлайын соңын байқап.

Бұл бала заһар қыштап шықса тысқа,
Тастасам басын кесіп қапылыста.
Ол ісім өзіме ақыр жақсы болмас,
Нақақтан бір жас бала қаны ақса.

Деді де және айтты кемпір ғаріп,
Қылт етсе тастамайын басын қағып.
Артынан қайда барса мұны аңдиын,
Сабыр қып байқап қарап қылыш алып.

Бұл сөзбен кемпір отыр босағада,
Жас Сағыт қозғалмастан төсегінде.
Тырп етіп таң атқанша қозғалмайды,
Кемпірдің босқа шықты өсегі де.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол шеше кірпік қақпай таң атырды,
Сағытты шаппақ болып ол отырды.
Төсегін және дағы жинарында,
Кемпірдің көзі көрді қанша пұлды.

Япырым-ау, қасиетті болар бала,
Аңдаусыз шаба жаздап мен бейшара.
Шайтанның тіліне еріп шаппақ болдым,
Алладан тоқтау болды, мұны қара.

Сағыттың ақша табар себебі бұл,
Жақсылар, құлық салып көңілді бұр.
Әуелде ол жүректі жеген еді,
Тауық еді қасиетті ол, емес құр.

Ол тауық қасиетті тауық еді,
Жерге туып, аспанға ауып еді.
Жусанның арасында жұмыртқасын
Жәудір шал кезі келіп тауып еді.

Жөйіттің пәрменімен тұзақ құрып,
Ұстап ап жөйітке апарып беріп еді.
Тауықтың сол жүрегін жегеннен соң,
Сағытқа қасиеті ауып еді.

Тауықта жөйіт білген қасиет барын,
Сондықтан жұмыртқасын алды оның.
Пәрмен ғып жас балларға «ұста» деді,
Қорқытып балаларды жөйіт залым.

Жас бала бұл ақшаның қадірін білмес,
Көрсе де тастап кетер, керек емес.
Ойында бұл ақшаны керек қылмай,
Жасынан мұңаюда, ойнап-күлмес.

Сағыттың дәйім түрде көңлі алаң,
Алаң болмай тұруға бар ма шараң.
Бір күні ойнап жүрсе балалармен,
Мынадай сөз есітті одан арман.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Балалар көп кеңесті әрбір жақта:

—Күні ертең барамыз,—деп,—пәлен жаққа,

Ақша алып бір ғажайып көрмек үшін,
Отырар ханның қызы алтын тақта.
Көреміз ақша беріп қызды біздер,
Талапкер болғандарың жүріңіздер.

Онда бір ғажайып сурет көріп,
Ақшамен оны барып көресіздер.
Сағыттың кемпірге келіп ақша сұрап тұрған жері (налалық
жыры):

—Е, көпті көрген анамыз,

Бұл сөзді тыңдап қараңыз.
Баллардың бәрі барады,
Олардан қалай қаламыз.
Есіркесең ақша бер,

Мұнша ақшамен барамыз.
Ханның көріп қыздарын,
Қайтып сізді табамыз.
Ақша бергін, жан ана,

Сізге болдым мен бала.
Осы ақшаны бермесең,
Мұнда тұрмайым мен және.
Баладан мұны есітіп кемпір састы,

Барды да бір сандықтың аузын ашты.
Сұраған ақшасын да бере салды,
Осымен риза қылды Сағыт жасты.
Балалар ақша беріп сурет көріп,

Алдынан бір нешік зат өтті келіп.
Жылт етіп алдарынан өте шығар,
Болмады раушан қылып анық көріп.
Балалар өз-өздері сөз сөйлесті:

—Бұл көру көріс емес бізге,—десті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ауылға қайта барып ақша алып кеп,
Көреміз анық өзін мұның,—десті.
Сағыт та келе жатып ойланып көп,
Қалайша бере берсін ақшаны деп.

Мен өзім бір мүсәпір жетім болсам,
Зарлана ақша сұрай кемпірге кеп.
Сағыт та ақша бер деп анасына,
Анасы ол ақшаны аясын ба?!

Сұраған ақшасын да бере салды,
Сағыттың жолыққан ол қазынасына.
Көп берді сұрағаннан бірқанша пұл:

—Сағытжан, қараққанам, енді өзің біл.

Ол қызды ақша беріп көргеннен соң,
Кеш қалмай үйге қарай қайтуды біл.
Сағыт та ақшаны алды қош болғай деп,
Баллармен қызды көрді ол мұнда кеп.

Ақиқат айтқанындай сұлу екен,
Алдында жайтаңдады бірнеше рет.
Бек сұлу патша қызы еді сондай,
Аш белі қыпшамалы тартқан сымдай.

Сайраған сәрі уақта бақта бұлбұл,
Жаратқан адамзаттан оны мұндай.
Бота көз, ақ маңдайы ақ күмістей,
Бөлекше бұл адамнан құдірет күштей.

Қолаң шаш, арқасында өрген бұрым,
Көрсеткен покіс* пенен ол бір істей.
Тілменен еш болмады түсіндіріп,
Мысалы ай туғандай раушанданып.

Адамнан қандай түрде туылған деп,
Сәулелі күн шыққандай өте жылып.
* Покіс (о)—фокус.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Суреттеп еш болмады қыздың түрін,
Сұлулық артық біткен оның порымын.
Адамнан мұндай болып туған емес,
Бітпеген тірі жанға мұның көркін.

Безелген қыз мекені бау-шарбақта,
Отырған қыз патшасы алтын тақта.
Себеп бар балаларды шақырмақта,
Жақында хабарланған әр тарапқа.

Сағыттың ағасының хатын алып,
Шақырған балаларды жинап алып.
Сондықтан картина қып көрсетілген,
Сағыт та келе ме деп бұл мақсатта.

Жан-жақтан көреміз деп баллар келер,
Сағыттан тірі болса хабар берер.
Қалайда көрсетейін суретімді,
Балларға бұл ойыншық мақұл көрер.

Бұл ақыл патша қызы ойлап тапқан,
Есітіп баллар келген әрбір жақтан.
Бар болса бұл жалғанда келеді деп,
Отырған тақты құрып бұл мақсатпен.

Сайраған ол шарбақта сандуғаштар,
Жиналған бұл шарбаққа өңшең жастар.
Жұлдыздар қоршалаған айдай толып,
Әлемді патша қызы жарық қылар.

Қасында қырық қызы бар жолдас еткен,
Қасіреті бұл жас бала күнге жеткен.
«Қалайда Сағыт жасты табамыз»,—деп,
Хан қызы жолдасы мен көп кеңескен.

Өйткені хат жазған ед патшазада,
Тиген ед ол хат келіп бұл патшаға.
Ол зада ағасы еді Сағыт жастың,
Қайғырып хатты жазған ол көп және.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол хатты атасынан қыз да алып,
Оқыды жолдас қыздар құлақ салып.
Ол хатты оқып көрсе былай жазған,
«Қасіретпен айырылдым,—деп,—жалғыз қалып».

Хатында Бағыт патша жазған мұндай:

—Айырды жалғызымнан мені Құдай.

Сандалып сар далада келе жатып,
Айырылған менен жалғыз Сағытым-ай.
Және айтқан жаздым сәлем, достым, сізге,
Ләззатпен құлағың сал айтқан сөзге.

Баладан бір хабарын білген болсаң,
Сіз де жаз мархабатты сәлем бізге.
Бір елге падишамын, атым—Бағыт,
Жақында дәулет қонған маған нақыл.

Сандалған сар далада жетім едім,
Бір Алла өзі қойған падиша қып.
Мұны айтып қолын қойған жазып сәлем,
Мөр басқан сәлемнен соң айтып әлем.

«Хабарын Сағыт жастың берсеңіз»,—деп,
Мархабат жалынышты жазған сәлем.
Мұны оқып қайғыланды патша қызы,
Бір қанша қаржы етті ол көп пұлды.

Суретші шаһарынан ол алдырып,
Суретін картина ғып шығарды енді.
Бұл қыздың рақымы келіп жас балаға,
Қаншама сарып етіп жаратты ақша.

Балларды еліндегі жинаған сол,
Картина көрсетуі көп балаға.
Жаратқан артық қылып қызды Құдай,
Балаға мейірбандық етті мұндай.

Қасында қырық қызы бар жолдас еткен,
Жүгірер қыз бұйрығын екі қылмай.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Сағыттан сұрады енді қыз да былай:
Қай жақтан келіп едің,—деді,—мұнда-ай.
Нәсілің кім, қайсы жақтан келіп тұрсың,
Көрсетті сені ыстық маған Құдай.

Сағыт та қызға расын, шынын айтты,
Қалдырмай көргенінің бәрін де айтты.
Сандалып сар далада жүргенінде
Қыдыр баба жолыққан сырын да айтты.

Алаша, асаменен Қыдыр берген,
Ұшып жүріп періге кезі келген.
Ол қызбен бірнеше күн бірге ұшып,
Ұйқыда алаша, аса қыз алып кеткен.

Сағыттан бұл жауапты есітіп қыз,

—Кетпестен бұл арада сіз тұрыңыз.

Ағаңа жақын күнде жолығарсыз,
Анықтап сүйіншіні біз сұрармыз.
Басқа балаларға жауап беріп, жіберіп, Сағытты қыз алып
қалды. Және балаларға айтты:—Кемпірге айтып барыңдар «хан

қызы Сағытты алып қалды, кейін келер деп айтасыңдар»,—
деді. Және де Сағытты өзінің бөлмесіне алып барып, мына сөзді
айтты:
Қыздың сөзі:

Сағытты қыз ап қалды елден ерек,
Жас Сағыт тым сүйкімді болса керек.
Ап қалды ажыратып көп баллардан,
Қыз айтар мұғадасы болса керек.

Отырды бөлмесінде қыз толғанып,
Бір уақта бұл сөзді айтты ол ойланып.
Сағыттың порымынан байқап еді,
Аузынан емшек сүті тұрған тамып.

—Шын айттың, мен разы болдым саған,

Жасыңнан жетім қапсың сен атадан.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сырыңды нендей көрген бәрін де айттың,
Бұрын да жолы солай адамзаттың.
Қаншама жас күніңнен қорлық көріп,
Бұл жерде Құдай айдап мені таптың.

Қам жеме азап күнің кетер бастан,
Зарладың жас басыңмен көзіңді ашқан.
Рахатқа бұдан былай жолығарсың,
Мархабат болып саған жалғыз Ақтан.

Қарасам порымыңа, жас ұлансың,
Қиянат көп көргендей адамзаттан.
Көзіме от көрсетті сені баста,
Ойланбай еш болмады сөз қатпасқа.

Сүйінші, шынымды айтсам не бересің,
Бір елге ағаң сенің болған патша.
Жылама, рахат күнің болар,—деді,
Басыңа бақыт құсың қонар,—деді.

Қаңғыртқан сені мұндай жас басыңнан,
Залым жөйіттің көзіне құмды тас толар,—деді.
Және де анаң келер салтанатпен,
Бұл ісің мәлім еді маған көптен.

Хабарың ағаң жазып бізге және,
Жақында бір пошташы келіп кеткен.
Ағаңыз сіз туралы берді хабар,
Е, Сағыт, сабыр етіп тұрсаң жарар.

Шаһардан әскер жинап сізді апарып,
Ағаңа салтанатпен ол көрсетер.
Бұл істі атама айтып беріп хабар,
Әскердің шаһардағы бәрін жинар.

Мұратың хасыл болды Құдай қалап,
Патшалық салтыменен сізді апарар.
Қуанды мұны естіп Сағыт бала,
Бұл жұмыс түс көргендей болды және.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Сандалып сар далада сорлап едім,
Бұл істі өңім қылғай өзің, Алла.
Менің бұл ойлар еді түсім ғой деп,
Қасында ханның қызын көреді бек.

Балаға қыздар келіп тәуелді боп,
Ағаңа апарамыз біз сізді деп.
Қуанды қыздан былай Сағыт бала,
Не түрлі азаптанған көптен және.

—Е, ханша, олай болса жарар ед,—деп,

Шаттықпен жауап берді қызға о да.
Хан қызы атасына беріп хабар,
Бұл істі істемекте бір себеп бар.
Ағасы сәлем бұған жолдаған соң,

Сол үшін көп балларды жиындылар.
Мақсат сол—балаларды қыз жимақта,
Әр жақтан баллар келсе бұл шарбаққа.
Сағыттың бір хабарын береді деп,

Көрсеткен картинаны сол мақсатта.
Қыз айтты атасына беріп хабар:

—Әй, ата, сізге айтатын арызым бар.

Баллар мен Сағыт бала өзі келген,
Сол үшін әскерлерді жинаңыздар.
Патшалық салтыменен мұны апарып,
Жасынан кемдік көрген осы ғаріп.

Бізге арнап сәлемнама жіберген ед,
Сол үшін бір жақсылық біз қылалық.
Падиша есіткен соң бұл хабарды,
Әскерін шаһарындағы жинап алды.

Жау-жарақ бірқаншама сиясатпен
Сағытты ізет етіп жолға салды.
Бағыттың бұған жазған сәлеміне
Бұл патша мархабатпен бір хат жазды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бағытқа сүйіншіге адам салды,
Арада алты күн қонып, онда барды.
Патшаға патша жазған хатты беріп,
Сарбаздар әдеп сақтап тұрып қалды.

Бұл хатты патша оқыса ішін ашып,
Ол патша былай жазған мөрін басып:
Бұл хатта патша оқыса:—Достым,—деген,
Бізге сіз бір аманат қостың,—деген.

Бұл бала өзі келді Құдай айдап,
Жібердім ініңізді әскерменен.
Ол үшін қыздың айтқан қылғандарын,
Балларды еліндегі жиғандарын.

Суретті көремін деп келер Сағыт,
Суретті сол мақсатпен құрғандарын.
Айтыпты мұны жазып сәлем деп көп,
Ініңді, достым, сізге жібердім,—деп.

Қасына әскер қостым бірнеше адам,
Қол қойып, мөрін басқан дос болдық деп.
«Қуанған мен қорыққан бірдей» дегендей, Бағыт патша шы­
дап тұра алмай әскерменен шаһар халқын сап түзеп, інісінің ал­

дына шығып айтқан қуанышты сөздері:
Уәзір, патша әліне қуанып көп,

—Тақтыңа отыр,—деді патшаға кеп,

Бұған сіз қуанудан жылауың не,
Жеткізген фазылымен бір Алла,—деп.
Падиша сабыр етіп таққа мінді,
Әскерін, шаһар халқын бәрін жиды.

Қаншама жау-жарақпен мүзіке алып,
Алдынан інісінің қарсы жүрді.
Әскерлер дабыл қағып мүзіке тартты,
Сап түзеп қала халқы алға басты.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Патшалық салтанаты—сырнай-керней,
Балқытар адамзатты әнге сапты.
Сондай-ақ сиясатпен шықты алдынан,
Ол жақтан көп әскерді көрді алдынан.

Олар да сырнай-керней дабыл қағып,
Жер-көкті жаңғыртумен шықты алдынан.
Қарасын інісінің патша көріп,
Жақындап келген сайын бойы еріп.

Алдында жарқ-жұрқ еткен сиясатпен,
Інісі жақындасып қалған келіп.
Падиша мынаны айтты оны көріп,
Болмады сөйлемеске бермей ерік.

Жақындап Сағыт бала келген сайын,
Патшаның тұла бойы бірден еріп.

—Көресіздер ме, жарандар,

Алдыңызға қараңдар.
Көрінеді мұнша көп,
Әскерші адам, сарбаздар.
Қарағым менің келеді,

Мейірбаным, қараңдар.
Жарылар ма жүрегім,
Сағыт па рас, жарандар.
Келе жатыр қарағым,

Жарқылдатып жарағын.
Құтты болып қадамың,
Оңласа Алла барарын.
Сар далада қалып ең,

Жеттің бе, Сағыт қарағым.
Тәңірім саған жар бол деп,
Ертелі-кеш сұрадым.
Жарылсаңшы жүрегім,

Табылғанда тірегің.
Ашылсаңшы қабағым,
Жанғанда өшкен шырағың.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жүгірсеңші қадамым,
Жоғалған тап боп пырағың.
Өңім бе, әлде түсім бе,
Келдің бе, Сағыт шырағым.

Мұндай деп зарланады екі бала,
Жүгірді екеуі де құшақ жая.
Құшақтап бір-біріне қадалады,
Бұл күнге өзі салған Алла Тағала.

Екі баланы жұбатып Дана уәзірдің айтқан сөзі:

—Бағыт, Сағыт шырағым,

Құтты болсын қадамың.
Жоғалған інің келсін деп,
Құдайдан мен де сұрадым.
Жоғалған інің келіп тұр,

Тәңірім тілек беріп тұр.
Қабыл болып тілегің,
Анық көзің көріп тұр.
Дәулетке, міне, жолықтың,

Бағыт, Сағыт шырағым.
Ақ жарылқап күн туды,
Хасыл болып мұрадың.
Қамығып бұған жылама,

Өмірлерің сұрағын,
Қуанышты күн бүгін,
Жанғанда өшкен шырағың.
Құдай көріп көз жасың,

Қабыл болды мұрадың.
Ақ жарылқап күн туды,
Бағыт, Сағыт шырағым.
Қонды дәулет, атты таң,

Мейірбан өзі жасаған.
Міне, келді сиясатпен,
Кем емес мысал патшадан.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Осынша-ай саған атты таң,
Кемі жоқ ешбір патшадан.
Құдай көріп көз жасың,
Қуаныш қыл, шаһизадам.

Жұбатып уәзір Дана:—Қойғыл,—деді,
Көз көрді анық мұны енді,—деді.
Бұған сіз қуаныш қыл, қос бекзада,
Атырапқа ат шаптырып той қыл,—деді.

Осындай сиясатпен екі бала,
Патшалық сарайына келді және.
Жан-жаққа ат шаптырып, жар салдырып,
Қырық күн той ұдайы қылды онда.

Атыраптың бәрі келді шақырған соң,
Патшаға Ақ жарылқап күн туған соң.
Күн ұдай қырық күн көрді тамашаны,
Ақыры ғажап болып тарқады оның.

Той тарқап елдеріне қайтпақ болды,
Бұл тойды уәзір Дана өзі басқарды.
Тон беріп, ат мінгізіп сый қонаққа,
Тарқатты разы қылып бәрін де енді.

Той тарқап разы болып қайтты бәрі,
Сағыттың ағасына айтқан арызы.
Анасын көрмей шыдап еш болмады,
Бағыттан рұқсат сұрап айтты арызды.

—Ей, аға, арызым тыңда, құлағың сал,

Сізге мен арыз айтам бір ахуал.
Жөйіттегі азап көрген анамызға
Мен барам, бұл сөзімді есіңе ал.
Бала деп сұрады ғой сіз бен бізді,

Төрт бөліп түн ұйқысын, бізді емізді.
Анасыз бұл жалғанда тұрып болмас,
Құлақ сал, рұқсат бер, бұл арызды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Қарағым, айналайын, Сағыт жаным,

Сен едің бұл заманда менде барым.
Баруыңа саған онда мен тілектес,
Бірақта жалғыз өзің барма, жаным.
Тіледім мен де сені жалғыз Ақтан,

Айырып сенен мені зар жылатқан.
Тауында Шөгірлінің көріп ең ғой,
Мекені ол жер еді айуанаттың.
Ол тауды мекендеген аю, қасқыр,

Біздерді Құдай өзі қаққан ақыр.
Сол жыртқыш онда барсаң жейді сөзсіз,
Бәлеге жолығарсың барсаң ақыр.
Баруың жалғыз өзің, мақұл болмас,

Сен жассың, ол жөйіт саған бере қоймас.
Қалайда баруыңа тілектеспін,
Әскер ал бірқаншама болар жолдас.
Сағыт жас анасына бармақ үшін,

Әскер ап жау-жарақ пен жиды күшін.
Қалайша ол залым жөйіт бермес екен,
Сынасып мен көрейін оның күшін.
Жау-жарақ бірқаншама әскер алып,

Анаға бармақ болды қаһарланып.
Тарттырып сырнай-керней жолға түсті,
Анасын алып қайтпақ жөйіттен барып.
Арада бірнеше күн жүрді олар,

Бел асып шың-құз, таудан өтті бұлар.
Жолында көл де, шөл де қалып жатыр,
Адамзат өте алмастай биік таулар.
Жон асты орта жолда таудан бұлар,

Шалқар көл, сахара шөл, биік шыңдар.
Әскерлер бәрінен де өтіп жатыр,
Басында қалай өткен ғаріп баллар?!

ЖЕТІМ КӨДЕК

Ол баста қалай өткен таудан бұлар,
Жолшыбай бірнеше азап көрді олар.
Сар дала нендей қиын жерден өтіп,
Осымен Түркістанға келді бұлар.

Сағыт әскерлерін баяғы өздері жасырынған бау-шарбаққа
қойып:—Сіздерді керек қылсам сырнай тартармын, құлақ са­
лып тыңдап тұрасыздар,—деді Сағыт.—Және мен ескерусіз ду­
ана бала болып барып, ананың әлін білейін. Жөйіт қалай азап­

тады екен, оны байқайын деп барып тыңдаса, ана мына зарлы
әуенге салып балларын жоқтағанын есітті. Ананың балаларын
жоқтағаны:

—Е, балларым құны бір тауық,

Сатылып кетті базарға.
Атасы басқа залым жөйіт
Қарамады ажарға.
Бір бас пенен бір жүрек

Кез болған ба ед ажалға.
Жаны ашыған жарандар
Ала жүрсін назарға.
Басымнан кешкен оқиға,

Есім лайық жазарға.
Көрмеді Алла лайық,
Балларым маған базарда.
Көрген түстей күні өтті,

Болған соң солай әзелде.
Қуанышында көрсетіп,
Тартқызған қайғы жаңда.
Қараңғыда қалдым мен,

Шам-шырақ сөнген заманда.
Сендерден қалып не көрдім,
Жетпеді менің қазам да.
Ішіме толды ыстық дерт,

Қайнаған судай қазанда.
Бұзылды күлкі, түнгі ұйқы,
Тіледім Ақтан азанда.
Қайдан ғана тапты екен,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жұмыртқа берген сазаң ба?!
Ажалыңа мен шұнақ,
Тақия тұзақ салам ба.
Сол тауықтың киесі

Қасірет болды саған да.
Осындай қылып зарласып,
Көрсетер ма екен маған да.
Қайдан тапқан атаң сор,

Жөйітке сатқан сазаң ба.
Қасіретте қалды балларың,
Жолықты жала таңда.
Қай пейілімнен тапты екем,

Мұндай азап маған да.
Мәшһүр күні болғанда
Көруге Алла жазар ма?!
Арасында екі оттың

Мені, Алла, қор еттің.
Ғаріптің көңілін мұңайтып,
Залым жөйітті зар еттің.
Мұндай зарлы қылғандай

Мен бейшара не еттім.
Жыладым зарлап, балам жоқ,
Ісіне көндім Құдіреттің.
Мұны айтып зар жылады ғаріп ана,

Бейшара жүретін ед етіп нала.
Көз жасын Ақ Тағала қабыл көріп,
Келген ед Сағыт атты кіші бала.
Құдайдан жүруші еді мұны сұрап,

Айтылған жоғарыда мұңын айтып.
Бейшара жүруші еді зарлап жылап,
Бұл зарын есітіп тұр Сағыт тыңдап.
Ана сорлы балларын айтып жыласа, жөйіт зекіріп ұрсып тас-

тайтын еді. Осы күні өлтіріп жіберсе де, арманымды айтып шерімді
тарқатайын деп осы жоқтауды айтып тұрғанын Сағыт тыңдап,
әбден есітіп дуана бала болып жөйітке Сағыттың айтқан ғазал сөзі:

ЖЕТІМ КӨДЕК Жөйітке дуана боп Сағыт барып, Ол жөйіттен қайыр сұрап әнге салып. Алланы аузына алып айтар еді, Ғаріптік өзін-өзі жолға салып. Ақ Алла ақ сардары, Жөйітке келдім алғалы. Қайыр-зекет бермесе, Жаһаннам кеткей жандары-ақ! Диуана, пәлекет! Уа, Алла Ақ, жарандар, Осы жөйітте анам бар. Бад ықыраж етпесе, Малы-басын талаңдар-ақ! Уа, Алла Ақ, жөйіт баба, Алыстан келген мен бала. Қолыңда ғаріп анама Азап бердің сен және-ақ! Балларынан айырдың, Өлген бе еді ол баллар. Сізден көріп ғазабат, Жылауда қалған сорлы ана! Тауып бергін анамды, Кетті қайда ол ана. Әгар тауып бермесең, Кереметім көр және ақ! Өлген бе еді баллары, Қайда кеткен ол бала. Тауып бермей анамды, Бәлеге қалма, жөйіт баба. «Аһ, пәлекет, диуана! Ана диуана баланың сөзі маған жақпады, айдап жібер әрі»,—деді жөйіт. Ана аңқаусырап таныма­ ды. Жөйіттен мұны есітіп ана пақыр, Далаға шығайын деп келе жатыр. Жөйіттің кірін жуып, отын жаққан, Қасіретте зар жылаумен қалған ақыр.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Баласын танымады көзбен көріп,
Жаратқан салған күйге оны көр қып.
Зарланып жалғыз бала есікте тұр,
Бірақ та ағытылған емшегі иіп.

Сонда бала сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді:

—Е, ғаріп болған анамыз,

Қайда кеткен балаңыз.
Тірі ме еді, өлі ме ед,
Нешеу еді балаңыз?
Ұқсар ма еді мен сорға,

Анықтап маған қараңыз.
Тірі айырып балаңнан,
Берді ме қу жөйіт сазаңыз.
Балаң келді, қарашы,

Қабыл боп сіздің тобаңыз.
Алла берді тілекті,
Жөйіттің көзін оямыз.
Қандай еді балаңыз,

Анықтап маған қараңыз.
Менен үлкен балаңыз—
Бағыт патшазадаңыз.
Алдыңда тұрған мен сорың—

Сағыт атты кіші ұлыңыз.
Танымай, ана, балаңды,
Мақұл ма екен мұныңыз.
Сағыттан мұны есітіп ғаріп ана,

Жығылды есін танып жерге және.
Ана деп басын бала сүйеп отыр,
Бұл халге қайран болды жөйіт таңғала.
Орнынан бір мезгілде ана тұрып,

Құдіретке риза болды есін жиып.
Бір күні түсте көрген күн мен айы,
Келтірді міне бүгін бір Құдайы.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Жылады ғаріп ана:—Түсім бе бұл,
Болмаса мархабатты ісің бе бұл?!
Қалайша жас балларым патша болсын,
Көрсеткен құдіретіңмен күшің бе бұл?!

Сағытжан, рас болса келші маған,
Болайын екеуіңнен мен садағаң.
Мамаң ед мынау сенің жасыңда емген,
Және емші рас болса, қараққанам.

Сағыт та бұған келді сендіргелі,
Мамасын анасының келіп емді.
Ғажайып бұл кемпірдің бойы балқып,
Шандырдан ағытылып сүт жөнелді.

Бұл істі көрген жандар таңға қалды,
Жөйіт те шыдай алмай көп сандалды.
Сағыт та қырға шығып сырнай шалып,
Әскерін бау-шарбақтан шақырып алды.

Малғұнды жағасынан буындырып,
Қылышпен екі жаққа салды бөліп.
«Мард кессін басың кессе» деген мысал,
Тағдыры ол, залым жөйіт қалды өліп.

Бұл түрлі ананы алып Сағыт бала,
Әскермен сырнайлатып қайтты және.
Бұлайша сиясатпен келед ханға,
«Қалайша ғадиса» деп айтады ана.

Бейшара білмес еді өң мен түсін,
Тосыннан мұғадасы болған үшін.
Шүкірлік көргеніне көп келтіріп,
Таңғалып әр қалайда өткен ісін.

Мұнымен бірнеше күн өтті арада,
Жол жүрді сахара шөл, биік шыңда.
Бұл тауда көп әскерлер мүзіке тартып,
Күллі әлем айқайлады тау жаңғыра.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұл тауда сырнай-керней әскер тартты,
Нақышты көркем әуен әнге сапты.
Қосылған тау жаңғырып сай-салалар,
Балқытты әдден аса табиғатты.

Бұл тауда осы әлпезбен екі күн жатты,
Демалып оқтын-оқтын сырнай тартты.
Тағдырын табиғаттың шешкеніндей-ақ,
Ананы құп жақсы етіп тамашалатты.

Осындай тамашамен аңдар атты,
Жыртқыш аң тұс-тұсынан қарсы шапты.
Еркіне жабайы аңды қояр ма әскер,
Әр жақтан тым-тырақай қырып сапты.

Осындай сиясатта ғаріп анам,
Болам деп екі ұлына мен садағаң.
Тәуба деп шүкір етіп жолға түсті,
Талабым тез көрсем деп үлкен балам.

Өңім деп ойламас ед бұл жұмысын,
Тосаттан мақсатты ойы болған үшін.
Менің бұл көргенім өңім болса,
Тезірек көрейін деп патша ұлын.

Ана айтты:—Тез жүгіргін деп әскерге онда-ай,
Бір минүт алда болмас нақ бір жылдай.
Ұшуға қанаты жоқ, келе жатыр
Көргенше патша ұлын жаны тынбай.

Шаңғытып жүрді қатты әскерлер де,
Тау асып, қыр қалдырып орта жолда.
Осындай қатты басып жүрді дағы,
Жетіпті Бағыт тұрған байтақ елге.

Бағыт та шығар еді тау басына,
Есінде ана, Сағыт болмасын ба.
«Сағытжан ананы алып келеді»,—деп,
Дүрбімен қараған ед жол басына.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Дүрбімен Бағыт ер де қараушы еді,
Келе жатқан жол басында әскер көрді.
«Мақсатқа Тәңірім мені жеткізді»,—деп,
Алдынан көп адаммен қарсы жүрді.

Әскерлер құрмет етіп дабыл қақты,
Мұңды күй сырнай-керней әнге сапты.
Ол жерде қатты тартқан мүзікеге
Ғаламды тау жаңғырып таңырқатты.

Жақындап келе жатты әскерлер де,
Ат қойды шыдай алмай Бағыт енді.
Әскерден озып шықты құйындатып,
Қарқынмен жалғыз шығып жетіп келді.

Жығылды мұны көріп сорлы ана,
Қайғырып мұны сүйеп екі бала.
Мұңдығы ғаріп ана тәсір етіп,
Қоршаған күңіренді әскер және.

Ана сорлы талып жатты есін білмей,
Шүкірлік Аққа айтып тілге келмей.
Жылаған мейір түсіп дүйім әскер,
Жан-жаққа жүгіруде ананы емдей.

Ол бастан мейірбан ед уәзір Дана,
Қоршаған көп әскерді сырды және.
Қолында дәрісі бар неше түрлі,
Алып кеп гүл су бүрікті ол анаға.

Бір уақта ана есін жиып алып, шүкірлік келтіріп разы бо­
лып айтқан сөзі:
Анаға гүл су септі уәзір Дана,
Жақсылық көп істеген падишаға.

Көргеннен атасындай мейірбан боп,
Әр күні насихатын айтқан онда.
Гүл суы уәзірдің дәру болып,
Ана да есін жинап келді өзіне.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Орнынан жерде жатқан ана тұрып,
Құдайға шүкір деді анық көріп.

—Құдай-а, мың қатира құдіретіңе,

Күн туды Ақ жарылқап біз жетімге.
Айырылған тірлікте сағыр едік,
Қосқаның өзің айдап бұл жетімге.
Жалғаннан кәзір өлсем, арманым жоқ,

Көзіме көрінбеуші еді, дүние боқ.
Құдайдан жатсам-тұрсам өлім сұрап,
Зар жылап тисін деп ем ажалды оқ.
Қазір де құдіретіңмен жарылқадың,

Кемтарды дәйім түрде бек қолдадың.
Бізге де өзің, Алла, мейірбан бол,
Бір елге жетім балам патша қылдың.
Бұл істің боларлығын түсте көріп,

Мархабат біз ғаріпке өзің беріп.
Жұбаттың құдіретіңмен өзің, Алла,
Шың тастан күн мен айға қолым созып.
Мен созып қолым жетті күн мен айға,

Жад етіп жалбарып ем бір Құдайға.
Кез қылдың сол түсімді енді бүгін,
Разымын қазір өлсем бір Құдайға.
Мұнымен ордасына патша тартты,

Жақындап патша үйіне келіп қапты.
Қараса үй түзелген салтанатпен,
Көп адам қол қусырып қарсы апты.
Ананың патшалық салтанатымен дәурен сүруі:

Мұнымен ана келді падиша ордасына,
Құдайым әр міскінді оңдасын да.
Қараса, қызметінде көп адам жүр,
Кемпір ед жөйітте қалған ол басында.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Көреді алтын тақта Бағыт бала,
Қасында бір тақта отыр уәзір Дана.
Құдайға мың қатира шүкір етті,
Қалайша қолдаған деп Қыдыр баба.

Бір бөлме көрсетіпті уәзір Дана,
«Бұл үйде сіз тұрасыз»,—деді анаға.
Безелген бек ғажайып бір үй еді,
Тамаша таңға қалды көріп ана.

Осымен Дана келді падиша ордасына:

—Мақсатқа жеттің,—деді,—Бағыт бала,

Жан-жаққа ат шаптырып тойыңды қыл,
Қалмасын жан атаулы бұл шамада.
Падиша жар шақыртып істеп тойды,
Жан-жақтан жанды кісі бәрі келді.

Тамаша ақсақалдар тойды көріп,
Тарқады ырза болып бәрі де енді.
Ана жүр таңға қалып мына тойға,
Жәудірдің істегені мұндай той ма.

Жаһанда мұндай тойды көрмедім деп,
Ұқсамас жәудір шалы қылған той да.
Ана да рахатта патшалық салтанатпен,
Сыйлайды қол қусырып көп ізетпен.

Анасы патшамыздың болады деп,
Барлық жан, үлкен-кіші ізет еткен.
Осындай құрмет көрді ғаріп ана,
Жеткізді мақсатына Алла Тағала.

Балаға көп жақсылық қылған еді,
Келейік патша қызы Мәликаға.
Ол патша қызының жақсылығын айтып Сағыттың арыз еткені:
Патша мен тақтында отыр уәзір Дана,

Әдеппен қол қусырып келді бала.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Е, шаһым, сіздерге айтар арызым бар,—деп,

Мәликадан сөз қозғады аузына ала.
Тыңдады патша Дана құлақ салып,
Сағыттың порымына тұр таңғалып.
Бұлардың рұқсаты болғаннан соң,

Мәликаның жақсылығын айтты барып.
Құлақ сал мына сөзге, патша Данам,
Өмірлік жүрім берсін Алла саған.
Сандалып сар далада жүргенімде,

Мәлика көп жақсылық еткен маған.
Мәлика көп жақсылық қылған маған,
Гүлденген өмір берсін Алла оған.
Қалайда меймандыққа шақырмасам,

Тумаппын адам болып мен атадан.
Ол қыздың маған қылған жақсылығы көп,
Қалай мен шақырмастан тұрамын деп.
Данаға және де айтты Сағыт бала:

«Сол қызды жеңгелікке айтыңыз»,—деп.
Сағыттың бұл сөзіне уәзір Дана,
Таңғалып бұлайша деп айтты және.
«Бұл жұмыс біздің болған планда»,—деп,

Сәлемін ол патшаға жазды және.
Дана уәзірдің сәлеммен ол патшаға жазған арыз сөзі:

—Құрметті сәлем жаздым, патшазада,

Мен достың Дана уәзір ғайыпана.
Құрметтеп көп өтініш еткеннен соң,
Айтпақпын рұқсат етсең арыз және.
Жақында сіз жіберген шаһизада,

Ағасы ол баланың патшазада.
Шақырар сізді мұнда ләззатпен,
Е, шаһым, бұл хатты алып, келмей қалма.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Ала кел ханым менен ханышаны,
Қалайда мұнда келіп көрсін әні.
Қызыққа лайық көрдім бұл патшаны,
Сол үшін арыз еттім болса імкәні.

Шаһзадаға қызың қылған көп жақсылық,
Адамнан еш көрмеген ондай сыйлық.
Ісіне, ақылына разы болған,
Жаһанда айтып болмас ондай қылық.

Сол үшін жаным құрбан ол қызға дер,
Қызыңа Сағыт бала ырза болып.
Шаһизада бізге келіп етті арыз,
Арызын өтемесем маған қарыз.

Мен дағы шаһизадаға қайран қалдым,
Ақылына ол баланың ырза болдым.
Бұл істер біздің болған планда деп,
Сол үшін асығыспен арыз жаздым.

Сондықтан сізге жаздым сәлемнама,
Бұл хатты алған заман келгін мұнда.
Өзіңе ләззатпен өтінер көп,
Жақында бізге болған патшазада.

Науада бейәдептік болса бұл сөз,
Азапқа бұйырмаңыз бізді әр кез.
Әгарда мақұл көрсең бұл арызды,
Тез күнде кешікпестен келіңіз сіз.

Қараймыз ертелі-кеш сіздің жолға,
Қалайда бұл хатты алып келмей қалма.
Басқа істің жинастырып бәрін қойып,
Тез күнде асығыспен келгін мұнда.

Мұны айтып көп өтінді уәзір Дана,
Қол қойып мөрін басып бұл қағазға.
Тездікпен ғафу етіп келерсіз деп,
Тоқтатты сәлемменен артын және.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұл хатты пошташыға тапсырды көп,
Тоқтамай күні-түні тез жүргіл деп.
Арада алты қонып ол патшаға
Апарып сәлем хатын береді кеп.

Ол патша бұл хатты оқып аң-таң қалды,
Білместен көп ойланып басын салды.
Қалайда бармағаным болмайды деп,
Хатына жауап жазып топсынды енді.

Пошташы жауап алып қайтып келді,
Данаға келісімен хатты берді.
Ол хатты патша жазған оқып көрсе,
Кешікпен деген онда тез күнде енді.

Бұл хаттан құрсант болды уәзір Дана,
Тез келіп мұны айтты падишаға.
Ол патша мархабатты жауап жазған,
Етейік ол тұратын бір бақша да.

Безеді уәзір Дана бір бақшаны,
Көрмеген бұл заманда ешкім оны.
Адамзат айтып болмас халде түзеп,
Суретін арыстан, жолбарыс қойды тағы.

Бұл заттар суреті еді арыстан, жолбарыс,
Тұс-тұстан тоты, бұлбұл, сайратып құс.
Адамзат айтып болмас әлде түзеп,
Ол тастан істетілген бір ғажап іс.

Ғаламды бір гауһар тас етер жарық,
Бір көрген ұмытпастан есіне алып.
Бұл бақша болған емес адамзатта,
Хауызда шапшып ойнар алтын балық.

Бұл шарбақ түзетілген жаннан асқан,
Бір көрген түсте көрер ынтығы асқан.
Исі гүл, түрлі гүлдер дүниеде бар,
Жаһанда адамзаттың көңлін ашқан.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Тамаша бұл шарбақтың көркі асқан,
Әр жерден жарық қылған асыл тастан.
Шыққан су жолбарыстың ауызынан,
Шапшыған құйрығынан аспанға атқан.

Осындай бұл шарбақты құп түзетіп,
Тілімен айтып болмас халде етіп.
Ханым мен ханышаны қасына ертіп,
Ол патша сиясатпен келді жетіп.

Қасында жау-жарақты көп әскері,
Осындай сиясатпен патша келді.
Қаншама сырнай-керней мүзікемен
Келе жатқан падишаны көзі көрді.

Бұрыннан бұлар көрген көп даярлық,
Әскермен бұ да шықты қарсы алып.
Көрген жан сиясатын айтып болмас,
Ол күнгі екі патша еткен шаттық.

Мүзіке сырнай-керней жер жаңғыртты,
Мұндайды көрмегендер бас қаңғыртты.
Өзіне орнатылған шарбаққа әкеп,
Құрметті ол патшаны мейман қыпты.

Осындай зияпатта патшазада,
Қасында бұл патшаның уәзір Дана.
Күндіз-түн, ертелі-кеш тамашада,
Арналған таңғажайып бау-шарбақта.

Шарбақтың тамашасын патша көріп,
Ғажайып көргендей боп айтты келіп.
Есітіп ханым, ханша шығып көріп айтты:

—Ойлаған қандай сабаз осындай ғып.

Ғажайып тамаша екен,—деді,—ханым,
Қалайша орнатты екен мұның бәрін.
Мал түгіл, жаның құрбан мұндай ерге,
Жаһанда асқан шебер екен ерім.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұл түрлі тамашада жатты бір ай,
Еліне бір айдан соң қайтты бұлай.
Көргенін бастан-аяқ бірін қоймай,
Еліне патша барып айтты ондай.

Еліне бір айдан соң қайтты патша,
Бағыт та қарыздар боп қызға анша.
Бағыттың қызға түскен махаббатын
Патшаға Дана уәзір айтты анша.

Бағытқа мейірбан боп ол патша да,
Айтқанын мақұл көрді бұл балаға.
«Барған соң беремін,—деп,—мен қызымды»,
Қоштасты бұларменен ол падиша.

Бағыт та бұл патшамен қайырласты,
Қош айтып қайын атасын жолға салды.
Артынан іле-шала көп әскермен
Бірқанша сиясатпен бұ да барды.

Ол патша дәулетті еді амалы асқан,
Әлемге әйгілі боп даңқын шашқан.
Барлығын сұлу қыздың білсе дағы,
Қорқар ед сырттан патша келе алмастан.

Мысалы қыз порымы бір перизат,
Жаһанда ұқсамаған еш адамзат.
Жұмақта үр қызының мүшесіндей,
Ашылған сәруақта қызыл гүл ед.

Сайраған сәруақта бозша бұлбұл,
Ақ жүзі алтайыдай жанар гүл-гүл.
Жайрадай кірпіктері дана-дана,
Құндыз қас, оймақ ауыз ол бейне гүл.

Бағытқа дәулет берген өзі Құдай,
Мәлика қырық қызымен тұрды мұндай.
Патшаның көп әскерін күтіп алды,
Мүзіке әнге салған еді тынбай.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Ойнады бұл шарбақта Бағыт патша,
Қоршаған бау ішінде өңшең жасқа.
Топ атып, мүзіке тартып ойын етті
Қырық қызы ханышамен бірге мұнда.

Бағыт жас бір ай жатып ойын қылды,
Тамаша күнде көрді неше түрлі.
Жұлқылап жас патшаны қыздар ойнар,
Көкпарша өңгеріп ап жөнелді енді.

Бір айдай неше түрлі көрді ойын,
Қылмақ боп патша ойда қыздың тойын.
Жан-жаққа жар шақыртты ат шаптырып,
Бермек боп төңірекке қырық күн тойын.

Бұл түрде шақырған жан келді қанша,
Тамаша қырық күн ұдай көрді барша.
Шақырған көрші болған патшаны арнап,
Олар да көп әскермен келді қанша.

Бұл күнгі айтып болмас зияпатты,
Қалайда келтірілген салтанатты.
Және де хатқа жазып тауыса алмайсың,
Шығарар ең жаза берсең бір кітапты.

Осындай сыйды көрді жанның бәрі,
Үлпат боп өз алдына жас пен кәрі.
Бекзада, хан, жасауыл бір жағында,
Патша мен састап болған уәзірлері.

Зияпат күннен-күнге жөні бөлек,
Патша еді даңқын шашқан өте зерек.
Мәлика патша қызы көп айтылған,
Бұл іске бастағалы жүрсе керек.

Сағыт ер нысанаға қойғанында,
Сындырған тобатайын етіп бөлек.
Мұрады екі жастың асыл болып,
Ойлаған шаһарға алып қайтсам ба деп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қырық күн той қызық болып өтті тамам,
Жеткерсін әр момынды тойға ғалам.
Барша жан қайтпақ болды елді-еліне,
Қалаға бұ да қайтпақ шаһизадам.

Той тарқап қайтты еліне шаһизадам,
Жарылқар әр момынды Алла Тағалам.
Аяғы таң-тамаша тартыс болды,
Жұлмалап жас патшаны қырық қыз тамам.

Белінен жабысады қыздың берік,
Күлер ед патша қызы мұны көріп.
Мысалы кенже туған шартық теке,
Әр қызға жабысады бала келіп.

Мінеки, тамашамен өтті мұндай,
Бақ берген Бағыт жасқа өзі Құдай.
Ол бастан атасындай мейірбан боп,
Дана да хабар алар жаны тынбай.

Ежелден жан салмаған Дана көсем,
Кісі еді тым ақылды сөзге шешен.
Бұл тойға патшалардың бәрі таң қап,
Айтар ед бұл дүниеге бір келген сен.

Дана уәзірдің еліне қайтпақ болып арыз еткені:
Той болды бек ғажайып бұл заманда,
Мұндай той адамзаттан көрген бар ма.
Көрмеген бұл қызықты болды арманда,

Е, шаһым, жүрім берсін саған Алла.
Патшаға Дана уәзір етті арыз,
Е, шаһым, құлақ салып сіз тыңдаңыз.
Бұл еді мойныңда сізге қарыз, сіз дағы енді

Мұнан құтылдыңыз, рұқсат енді бізге етіңіз.
Үш айдың жүзі болды мұнда келгелі,
Болмаған бұдан бұрын қызық көрдік.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Егесіз біздің халық жатқан болар,
Е, шаһым, рұқсат болса қайтсақ дедік.
Данадан есіткен соң бұл арызды,
Қызын да ұзатудың қамын қылды.

Қазынаның аузын ашып кілтін салып,
Қызына қазынадан көп мал берді.
Қалайда ұзатпақшы қызын патша,
Қазынадан алтын, күміс берді ақша.

Одақтас көрші болған патшалар да,
Олар да ермек болды қызға анша.
Қоңсылас, одақ болған патшалары,
Олардың әскерімен ерді бәрі.

Қоршаған көп әскердің мүзікесі,
Ғаламды әдден аса таңырқатты.
Жаны бар кеудесінде барлық адам,
Бұл жерге жиналған-ды жақсы-жаман.

Күйіне мүзікенің олар балқып,
Бір жерде тұра алмады ешбір адам.
Қайдағы тәтті күйге салды бұлар,
Патшалар жіберген-ді көп әскерлер.

Бағытқа патша қызы нақты тиіп,
Еліне қуанышпен қайтты олар.
Қызды алып жолға түсті бала пақыр,
Көкпеңбек темір киген өңшең батыр.

Топ атып әуен қосып мүзікеге,
Жер-көкті солқылдатып келе жатыр.
Топ атып, сырнай тартқан әскер жолда,
Мүзіке әр тарапта оң мен солда.

Үстінде пәуескенің патша қызы,
Қырық қыз бен қосылар ед мүзікеге.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Келе жатқан айдалада шаһар көшіп,
Салады түрлі күйге құп түзетіп.
Осындай сиясатпен келіп жетті,
Бағыттың байтақ елі болып несіп.

Бұлар да сиясатпен бірнеше әскер,
Қарсы алып алдарынан шықты бұлар.
Сол жерге екі жақтың бас қосқандар,
Тамаша не күйлерге салды олар.

Бақшаның айтқан едік бұрын түрін,
Дананың ақылымен болған сырын.
Есіткен мұндай шарбақ бір періден,
Кітаптан Дана оқып оның түрін.

Бұл шарбақ істеген-ді Дана бұрын,
Ғажайып түзетілген оның порымын.
Арыстан, жолбарысты отырғызған,
Болмаған еш патшада мұнан бұрын.

Бір шарбақ ақылымен Дана құрған,
Фантан ғып арыстаннан су атқызған.
Жарық қып әр жерде тұр гауһар тастар,
Бұлбұл құс әр тарапта сайрап тұрған.

Әзірлеп тойдың Дана аспаптарын,
Мал сойып аузын ашты қазынаның.
«Қырық күндей күн ұдайы тамаша бар»,—деп,
Әр жаққа ат шаптырып жар шақыртқан.

Істеді қырық күн ойын, қырық күн тойын,
Бастады тамашасын, көрсетті ойын.
Бір жерден ғажап бұлар көріп,
Палуан мен айтыс, тартыс айтты өлеңін.

Бір жақта бірнеше адам көкпар шауып,
Келеді айтысуға ауық-ауық.
Мақтанып есер соғып алып қашар,
Қыздардан алым алмақ көкпар салып.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Мұнымен қырық күн ұдай той да өтті,
Жан-жақтан келген адам тарқап кетті.
Тон беріп сый қонаққа ат мінгізіп,
Әскерін достарының құрмет етті.

Той тарқап келген адам қайтып кетті,
Анасы мұны көріп шүкір етті.
Әскерін патшалардың әскер алып,
Бірқанша сиясатпен еліне елетті.

Қырық қыз да тамашамен жатты бір ай,
Ойнады жас Бағытпен күнде тынбай.
Осындай қыздар қайтты елді-еліне,
Әскерлер мүзікемен апарды ондай.

Аяғы сексен күннің тамаша болды,
Жалғанда түрлі-түрлі заман болды.
Ол басы зар жылаған жетім-жесір
Ақыры Құдай оңлап адам болды.

Мұнымен қырық қыз қайтпақ елдеріне,
Бұл жақтан және айтпақ көргенін де.
Мәлика бұрын беріп қойған еді,
Күміс пен алтын соғар зергеріне.

Білезік, алтын балдақ сақинасын
Қыздардың Мәлика беріп келгеніне.
Мұнымен бәрін де ырза етті дағы,
Сәлем деп ол жақтағы елдеріне.

Бұл түрлі сәлем-сауқат хараж беріп,
Қыздармен қош айтысты Мәлика кеп.
Тарқады той-тамаша, шат болып бек
Мәликадан ырза болып қайтады көп.

Ол жақтан бірге келген әскерлермен,
Көп әскер бұл жақтан да оған ерген.
Арада бірнеше күн тамашалап,
Осындай салтанатпен алып келген.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тақтына Бағыт патша енді отырып,
Халқына ғадалатты патша болып.
Жетім мен ғаріп-қасір теңдік алды,
Қақ жарған қара қылды патша болып.

Бағыттың таусылмайды ғадалаты,
Халқына көп жаңалық іс көрсетті.
Осындай жер жүзіне даңқын жайып,
Мәлика жар досымен қоса ағарды.

Мәлика жар досымен қоса ағарған,
Ақылмен Дана уәзір жолға салған.
Сағытты Құдай айдап онда апарып,
Сондықтан Бағыт патша қызын алған.

Әрдайым ақыл айтар уәзір Дана,
Бағытқа тұс келтірген мұны Алла.
Жар болып жаратқан күш барлығына,
Пақырлар жеткен екен мұратына.

Аяғы бұл қиссаның болды тамам,
Баршаны жарылқасын жалғыз Аллам.
Жылаған кеше ғана жетім еді,
Тұс қылды бақ-дәулетке ғарзуғам.

Айтылған халық аузында ермек еді,
Өлең қып мен ертектен жаздым мұны.
Бұл күнде бірнеше адам мұңды болып,
Баладан ата айрылған, бала атаны.

Басында қастық қылған ол залым жөйіт,
Жалынып жығылды өзі аяққа кеп.
Залымның әскер келіп жазасына,
Жай берді жаһаннамнан бұл саған деп.

Бақ-дәулет патшалықтың саясында,
Ананың түстегі ай мен күн қасында,
Зарлаған әр жерде қап жетім-жесір,
Оңлаған ісін Алла ол басында.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Бұл сөздің басы ондай, соңы мұндай,
Отырыпты жәудір шал да тым жарымай.
Жетімге өсиетін айтқан зарлай,
Ақыры дәулет қонды міне осындай.

Қиссаның басы қандай, соңы дардай,
Жалғаннан жәудір шал да өткен зарлай.
Барлығы сол кісінің шарапаты,
Мақсатқа бәрі жеткен бірі қалмай.

Мен жаздым мұны ертектен, етпе айып,
Дықат боп кетпесін деп қолым тайып.
Бұл сөздің қата жерін көрсетсеңіз,
Сөкпестен әр қалайда болса да айып.

Халық аузы ертегіден қисса қылдым,
Сөз теріп әлдеқайдан болдым мылжың.
Нұсқаудан кетем бе деп шығып тысқа,
Ізінше халық айтқан мен көп жүрдім.

Жалғызбын, көп шаршадым жаяу тасып,
Алыстап кеткен еді балалар қашып.
Бұларды бір-біріне білдірсем деп,
Арада көп жүрдім мен хабарласып.

Арада көп жүрдім мен хабарласып,
Қоссам деп мұңлыларды болса нәсіп.
Сағыттың сар далада қамын жедім,
Пері қыз кеткенінде алып қашып.

Пері қыз Сағыт жасты қайтармас деп,
Ойлар ем, япырым-ай деп, асып-сасып.
Ақыры адам қызы жәрдемімен
Опалы іске жетті халден асып.

Арабтың бір қаласы шаһар Бағдат,
Өткені талай ғасыр, бұл ақиқат.
Халқында Нәби Шайбан бір туысқан,
Дос болды ақыреттік екі адамзат.

Бекілген қияметтік достық шарты,
Бірі—Қамам, бірінің Қалел аты.
Жан қиған екеуінің достығына,
Таң қалды Нәби Шайбан барлық халқы.

Екеуі екі қышлаққа әкім болған,
Жүргізген әділдікпен үкім қолдан.
Перзентсіз елу жасқа келді екеуі,
Болмады еш перзенті қыз бен ұлдан.

Әйелі екеуінің жүкті болып,
Уақтылы тоғыз ай мен он күн толып,
Қамамның әйелінен ұғыл туды,
Қалелдің әйелінен бір қыз туып.

Қыздан ұл бұрын туды алты сағат,
Дүниеге келіп қалды екі бекзат.
Той жасап қыздың атын Күлше қойып,
Балаға Орақа* деп қойылды ат.

Күлше қыз сұлу ерді артық анша,
Күлім көз, оймақ ауыз, белі қылша.
Орқа—Күлше
* Бас кейіпкердің есімі мәтінде екі түрде берілген.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Ішінен ішкен асы көрінер-ді,
Әркім тамағына назар салса.
Дүниеге мұндай сұлу келген емес,
Еш жерде естіп, көз көрген емес.

Әлемге келіп қалған бір перизат,
Түгендеп сипаттауға шама келмес.
Бала да сұлу еді бек айбатты,
Балаға Орақа деп қойған аты.

Палуандық тұлғасында белгісі бар,
Дұшманға көрінгендей сиясатты.
Бұлардың туғанына қырық күн толды,
Той жасап Қамам, Қалел халық жиды.

Екеуін сол той күні атастырып,
Бір жерге қосып бақты қыз бен ұлды.
Таң қалды екеуіне көрген кісі,
Қыз сұлу, балада бар ер белгісі.

Әлқисса, жеті жасқа бұлар келді,
Бір ойнап, бірге жүріп жазы-қысы.
Мектепке екеуін де берді апарып,
Молдада бес жыл жүрді сабақ алып.

Келгенде он екіге өр кеуделі,
Орақа жүз кісілік болды алып.
Дұшманнан халықты қорғайды деп,
Қуанды Нәби Шайбан барлық халық.

«Күлше мен Орақаны қосалық»,—деп,
Қалелге Шайбан халқы айтты барып.

—Бірге ойнап, бірге өскен бала шақта,

Бұл күнде жетті екеуі балиғатқа.
Қосылмақ ер мен әйел әуел бастан,
Атадан мирас қалған барша халыққа.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Мақұл» деп Қалел әкім халқын жиып,
Екеуін некеледі тойын қылып.
Қамамның қышлағына ұзаттырды,
Тамаша керней, сырнай ойын қылып.

Қосылып жата берсін екі ашық,
Шаттыққа түпсіз теңіз кеулі тасып.
Бар еді Бәни Омар деген патша,
Өзі кәпір он күндік жері қашық.

Күлшенің сұлулығын білген еді,
Бір сапар хабар айтып келген еді.
Кәпірге қыз бермейміз дегеннен соң,
Таба алмай бір амалын жүрген еді.

Есітіп Орақаға қосылғанын,
Ашумен әскерінің жиды бәрін.
Деп айтты:—Нәби Шайбан халқын шауып,
Күлшені алсам,—деді,—бар арманым.

Жатқанда жұрт ұйқыда түнде барып,
Жау тиді Орақаға ойран салып.
Орақа дабыспенен сыртқа шықты,
Болды деп не уақиға қайран қалып.

Дұшпан көп, қайтып ішке кіре алмады,
Мәнісін бұл ұрыстың біле алмады.
Қолында қаруы жоқ, киімі жоқ,
Аралап жаудың ішін жүре алмады.

Көршілес халық оянып жатқан ұйықтап,
Тау-тасқа қашып кетті жылап-сықтап.
Орақа шеттеп жүріп жалғыз өзі,
Өлтірді он адамын жұдырықтап.

Күлшені көп адамдар алды байлап,
Мінгізді бір жақсы атқа мұны жайлап.
Артына мінгестіріп бір жігітті,
Жетелеп кете берді біреуі айдап.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Дұшпандар барлық мүлкін талап алды,
Төсек-орнын, үй-жайын тонап алды.
Талқан боп дарбаза, есік, терезелер,
Қазынаны түгел алды, тамы қалды.

Біреуді біреу білмес қараңғы түн,
Дұшпан қайтты, таң атты, басылды үн.
Түндегі сай-салаға қашқан жандар,
Көшеге қайтып келді шыққанда күн.

Күн шығып, жарық болып раушанланды,
Қашқандар өз жайына қайтып барды.
Кім өлген, қанша дүние талан болған,
Есептеп барлығынан хабар алды.

Қараса, Күлшені де алып кеткен,
Дұшпандар қолын байлап пенде еткен.
Омардың Күлшеге ашық екендігі
Бұларға есітіліп жүрген көптен.

Орақа хабарланды мұны естіп,
Басына қолын қойып зарлық етіп,
«Уа, Күлше, уа, Күлше» деп жылауменен
Жығылды өзін білмей есі кетіп.

Деп айтты: «Күлше, жаным, мейірбаным,
Сен едің тірлікте тәнде жаным.
Дүниеде сені көріп бірге жүрмей,
Не болар тірі болған менің халім.

Туғаннан ажырамастан бұл күнгеше,
Қосылып ойнап-күліп жүрдік қанша.
Бір сағат көрмегендей болып кетті,
Бұрынғы көрген қызық, тамам барша».

Орақа бұл сөзді айтып, бір «аһ» ұрып,
Көзінен жасын төгіп жылап тұрып.
«Күлшежан, әл-ахуалың не болды?» деп,
Айтарды мына сөзді ғазал қылып:

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Күлшежан, халің не болды,

Дұшпанның кетіп қолында.
Қай түрлі жанмен жолдас боп,
Отырсың қандай орында?
Опасыз Орқа екен деп,

Болмасын, жарым, ойыңда,
Ажырайтын түні өзіңмен,
Жоқ еді мұндай ойымда.
Басында көзім жеткенде,

Ақыры мұндай болуға,
Аянбай тұрып соғысып,
Берер едім жаным жолыңда.
Әлде болса кеулім жоқ,

Дұшпанға сені қоюға.
Аламын, не өлемін,
Бұл істі алдым мойынға.
Ашықтар басын тартпайды,

Жары үшін келген өлімге.
Мұны айтып көздерінен төгіп жасын,
Көтеріп жоғарыға кәміл басын,
Қасында тұрғандарға бұл сөзді айтты,

Бекітіп қуат беріп өз ағзасын.

—Ей, халқым, беріңіздер рұқсат маған,

Мен барып соғысайын жау артынан.
Күлшені, шамам келсе, ажыратайын,
Ажалдың шеңгелінен болсам аман.
Есітіп аталары Қалел, Қамам,

Деп айтты:—Сабыр еткін, жаным балам,
Барамыз көп әскерменен барлығымыз,
Бекерге қайғыланып жемегін қам.
Артынан жалғыз бармақ лайық емес,

Бұл сөзің ақылға да тура келмес.
Бір емес Нәби Шайбан адамдары,
Кемшілік бұл жұмысқа қалап өлмес.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Халқына Қалел, Қамам хабар берді,
Жиналып, даярланып бәрі келді.
Әскерге Орақа өзі басшы болып,
Артынан Бәни Омардың жолға енді.

Бұлар да келе берсін жолменен тез,
Омардан Күлшені алған айтайын сөз.
Шаттықпен көп қуанып бара жатыр,
Кеулінде қайғы қалмай әр кез.

Жол жүріп екі күндей алмай ирам,
Қылмас-ты Орақадан келер деп қам.
Орқа да бір бұлақтың жағасына
Қондылар түнде барып алмаққа дем.

Көзінен Күлше байғұс төгіп жасын,
Жастыққа жатыр еді қойып басын.
Жақындап бас жағынан Омар келді,
Кеулінде бітірмекке мұддағасын.

Деп айтты:—Иә, Күлше, бол хабардар,
Мен Омар—бұл қосынға әкім, сардар.
Бәни Сайб барша халық үкіміме
Бағынып, мойынсынып тұрады олар.

Атыңды Күлше деген мен есітіп,
Кеуліме сұлулығың тәмсіл етіп.
Сыртыңнан көрмесем де ашық болып,
Жүр едім алайын деп қиял етіп.

Естідім хабарыңды неке қиған,
Мен келдім әскер алып көп қосынмен.
Өзіңді түн ішінде қолыма алдым,
Қоймаққа кеулім болмай Орақамен.

Мұнан соң Орақаны аузыңа алып,
Жүрмесін қапалыққа кеулің барып.
Сен онан құтылғанға шүкірлік қыл,
Менімен қосылғанға көп қуанып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ойыңнан шығармасаң Орақаны,
Жоқ қылып өлтіремін майданда оны.
Бекерге обалына сен қаласың,
Өзіне ол байғұстың олжа жаны.

Осындай неше түрлі сөз айтып көп,
Өтінді ойнап-күліп отырғын деп.
Күлшенің өз кеулінен қайғы кетіп,
Орақаның тірі қалған хабары кеп.

Омардың бұл сөзіне құлақ салмай,
Өлімді отырады кеуліне алмай.
Жастықтан бас көтермей жылар еді,
Орақадан басқа сөзге аузы бармай.

Омардың мұны естіп реңі қашып,
Ашумен сөз сөйледі зәрін шашып.

—Шашы ұзын, ақылы қысқа, ақымақ қатын,

Өзіңді сыйлағанға кеттің асып.
Көрсетіп дұшпандықтың саған түсін,
Істейін әмір етіп ердің ісін.
Мекем қып қол-аяғын байлатайын,

Келеді ажыратпаққа қалай күшің.
Ылажсыз айтқанымды қыла-дүр сен,
Қолымнан кетпекке жоқ-дүр імкан.
Қосылып енді саған отырмақ жоқ,

Қаншама Орақа деп жылағанмен.
Мұны айтып жігіттерге хабар әйлап,
Күлшенің қол-аяғын қойды байлап.
Күлше де айтқан сөзден бір қайтпады,

Өлімді мойнына алып Орқаны ойлап.
Шатырда Күлше сұлу жатып жалғыз,
Байлаулы қол-аяғы, жылауда көз.
Жаратқан бір Құдайға жалбарынып,

Айтар-ды ғазал етіп бұл түрлі сөз.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Жаратқан жалғыз Құдай-а,
Пендеңе қылдың құп істі.
Қай түрлі жұмыс қылсаң да,
Өзіңе мақұл, дұрыс-ты.

Лағнеті Омар ойланар,
Қылмаққа маған жұғысты.
Өлімге басым ырзамын,
Көрсетпе, Құдай, бұл істі.

Мені жаудың алғанын
Артымдағы халқым білісті.
Әскермен келіп Орақа,
Кәпірмен қылса ұрысты.

Ажыратып алса қайрат қып,
Оқ атып, жұмсап қылышты.
Арманым менің болмас еді,
Бұл айтқан көрсем жұмысты.

Өлімнен жаман көремін
Омармен бірге тұрысты.
Осылай деп Күлше жылап жатыр-ды,
Тірлікте Орақаны көрсем дер-ді.

Омарға түн ішінде «жау келді» деп,
Күзетші бір жігіті хабар берді.
Есітіп Омар мұны қайран қалды,
Қамданып соғысуға даярланды.

Таң атып, дүние жарық болғаннан соң,
Алдына сап түзетіп қарсы барды.
Әскерге Қалел, Қамам тартып беріп,
Бұлар да қатар тұрды қарсы келіп.

«Ұрысқа бірің кел» деп айқай салды,
Майданға Омар өзі жалғыз кіріп.
Омарды Орқа көріп іші күйіп,
Ойланды ұрыспаққа өзі кіріп.

Атасы Қамам патша тұра алмады,
Баратын баласының пиғылын біліп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Орқаға әкесі айтты:—Сабыр қылсаң,
Алдына ол Омардың барайын мен.
Жауабын жалғыз барып берсем керек,
Омардан болмас менің қуатым кем.

Лажсыз Орқа қалды бармай тұрып,
Майданға жетіп барды Қамам кіріп.
Екеуі ұрыспаққа талап етті,
Сұрасып бір-бірінің атын біліп.

Қылышын Бәни Омар қолына алып,
Ұрмаққа жетіп барды қаһарланып.
Басына Қамам патша қалқан тұтты,
Қынапқа өз қылышын қайтып салып.

Ұрғанмен қалқанынан өтпей тұрды,
Қылышын Қамам да алып талап қылды.
Басына Бәни Омар қалқан ұстап,
Қамамның ұрмағына кезек берді.

Кезегін қалқан ұстап өткереді,
Қырық мәрте бір-біріне қылыш ұрды.
Қамамның бір қылышы қата тиіп,
Омардың мінген атын тез өлтірді.

Жығылды Омар жерге атымен тез,
Орнынан тұра келді айтқанша сөз.
Қамамның қылышпенен атын шапты,
Кетпекке басын бұрып қоймай әркез.

Атының бір аяғын кетті бөліп,
Жығылды атпен Қамам жерге келіп.
Қамамға Бәни Омар қылыш ұрды,
Орнынан тұрғанынша бас көтеріп.

Тоқталмай желкесіне қылыш жетті,
Қалқансыз мойнын түгел кесіп өтті.
Алпыс алты жасында ажал келіп,
Қайран ер қапылыста өліп кетті.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Атасы өлгендігін Орқа біліп,
Ішіне жалын түсіп бауыры күйіп.
Көзінен жасын төгіп көп жылады,
Өз кеулін тоқтата алмай айқай қылып.

Айқайлап Омар айтты:—Орқа, тыңда,
Атам деп көп қайғырып жылап тұрма.
Атаңа жолдас қылып мен қояйын,
Ажырап әскеріңнен келгін мұнда.

Орқаның мұны естіп қаһары келіп,
Бармасқа шақырғанға намыс көріп,
Атына қамшы ұрып ашуменен,
Омардың майданына барды кіріп.

Екеуі келген жерден қылыштасып,
Майданда бірі қуып, бірі қашып.
Кезекпен бірін-бірі ұрар ерді,
Қайраты бойындағы әдден асып.

Екеуі ұрыс қылып қанша жүрді,
Кезегін қалқан тұтып өткерерді.
Дүниені қараңғылық түн жамылып,
Кеш батып, күннің көзі жерге кірді.

Екеуі екі жаққа айырылысты,
Өзінің жайларына келіп түсті.
Қамамның шейіт болып өлгеніне
Қайғырып, аза тұтып отырысты.

Күлшенің шатырына барып Омар,
Байлаудан қол-аяғын шештірділер.
Деп айтты:—Орқаны айтып қоймаған соң,
Байладым мен өзіңді беріп азар.

Себеп не, маған ырза болмай-дүр сен,
Қалайша кем боламын Орқадан мен.
Патшалық салтанатым бәрі даяр,
Ол Орқа қатар болмас менің бірлән.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дүниенің атлас, қымқап, мауыттары,
Асыл тас, алтын, күміс тіллалары.
Патшалар қазынасында көз көрмеген,
Гауһардың қымбат баға менде бәрі.

Өзіңе мен беремін баршасын һәм,
Өміріңде еш нәрседен болмайсың кем.
Менімен бір ауылда ойнап-күліп,
Дүниеден өткеніңше көрмейін ғам.

Күлшежан, бір мәрте ауызыңды ашып,
Меруерттей тістеріңнен дүрлер шашып,
Сөзіме менің айтқан жауап берші,
Ылайықты өз бойыңа құп мінәсіп.

Омардың айтқан сөзін Күлше естіп,
Ойланды бұл қиялға кеулі кетіп.
«Бұған бір ырзалық сөз білдірмесем,
Және де іс көрсетер азап етіп.

Күшпенен жаман пейіл бәлкім етер,
Онан соң әр тұрадан бағам кетер.
Залымды бір айламен тоқтатайын,
Машақат көргенімше құры бекер».

Мұны ойлап Омарға айтты:—Шаһ жаһан,
Болдыңыз мұнша маған сіз мейірбан.
Мен сіздің қадіріңізге жете алмадым,
Шашым ұзын, ақыл қысқа әйел-дүр мен.

Кешіңіз ол білмеген күнәмді өтіп,
Ырзалық мен қылмайын сізге нетіп.
Арада тоқтау болған бір жұмыс бар,
Айтайын өзіңізге арыз етіп.

Өзімнің жас кезімде атам мені
Орқаға атастырып қойған еді.
Той жасап өткеннен соң неке қиып,
Халқымның әдетімен оған берді.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Орқамен отырғанда болып бірге,
Сіз мені ап кеттіңіз келіп түнде.
Орқаға кеулім ырза болған емес,
Ата-анам берген уақта әуелінде.

Арызым бұл, сіз білесіз, біз—мұсылман,
Орқаға молда мені неке қиған.
Өзімнің көз алдымда Орқа өлгенше,
Алмаққа басқаға әйел болмай-дүр мен.

Күшіңіз мәлім болды құп сыналып,
Майданға ат ойнатып ертең барып,
Орқаны пенде қылып өлтірместен,
Келсеңіз қолын байлап маған алып.

Ол мені ұрып-соғып аза берді,
Кеулімде кінә болып жүрер еді.
Өлтірсем өз қолыммен Орақаны,
Мақсатқа жетер едім мен дағы енді.

Өлген соң шариғаттың шарты бітіп,
Қайтадан сіз алсаңыз неке етіп.
Сонан соң ойнап-күліп отырардық,
Кеулімнен қайғы-қамның бәрі кетіп.

Есітіп Омар мұны шаттанып көп,
Басына бір табақ зер шаштырды кеп.
Күлшеге қасам айтып уәде берді,
«Орқаны ертең алып келемін»,—деп.

Таң атып Омар келіп ат ойнатты,
Бір мәрте айқай салып нағыра тартты.

—Орақа, ажалыңа асық болсаң,

Жылдамдап майданыма кел,—деп айтты.
Орақа Бәни Омардан мұны естіп,
Ұрыстың жабдықтарын даяр етіп,
Атына қамшы салып қайраттанып,

Майданға жалғыз өзі келді жетіп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кез келсе бір-біріне сілтеп қылыш,
Аянбай ат жүгіртіп қылды ұрыс.
Ілгері аты шыққан көп батырлар
Қылмаған заманында мұндай жұмыс.

Екеуі жүрер еді ұрыс етіп,
Майданнан ат жүгіртіп шауып өтіп.
Астында Орақаның мінген аты
Жығылды бір шұқырға тайып кетіп.

Тұрғанша Бәни Омар тезлік қылып,
Орқаның көкірегіне барып мініп.
Өзінің адамдарын шақырып ап,
Байлады қол-аяғын мекем қылып.

Орқаның байланғанын Күлше көрді,
Елжіреп шыдай алмай іші күйді.
Ат мініп білдірместен сауыт киіп,
Өзінің шатырынан шығып жүрді.

Майданның ортасына барды жетіп,
Омарға бұл сөзді айтты тағзым етіп.

—Орқаны пенде қылып байладыңыз,

Бұл күні қайратыңызды құп көрсетіп.
Бұл Орқа не қылмаған бұрын маған,
Қолынан құтылмас ем жүргенде аман.
Мәртебе, қайратыңыз артық болып,

Майданда байладыңыз үшбу заман.
Өлтіріп өз қолыммен төксем қанын,
Кеулімде қалмас еді арман менің.
Алайын өзімді ұрған қысасымды,

Өлімін сіз беріңіз маған оның.
Ойлады осы түрлі қиял жетіп,
Күлшенің бұл айтқанын Орқа естіп.
«Күлше деп мен қайғырып жүрер едім,

Кеулімде қапалығым жаннан өтіп.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Бұрынғы өткендердің айтқаны рас,
Ешкімге әйел жынысы опа қылмас.
Кеулінің сүйгенімен кетіп қалар,
Біреумен уәдем бар деп қарап тұрмас.

Бұл залым бұл уақытта мені қойып,
Омарға кеткен екен жақын болып.
Ұялмай және келіп тұрғаны-дүр,
Қолымен өлтірмегін мақұл көріп.

Білгенде әуелінде бұл жұмысын,
Қылатын бейопалық мұндай ісін,
Кетті деп бейнет шегіп күймес едім,
Жаныма жапа қылып мұның үшін.

Әйелге кеуіл қоймақ асыл бекер,
Ақыры өз жаныңа зиян жетер.
Көзіңнен бір уақытта ғайып болса,
Кеулі кеткен бәзбіреумен еріп кетер».

Осындай көп қиялды кеуліне алып,
Отырды өлмегіне ырзаланып.
Күлшеге Омар айтты:—Жан жолдасым,
Өлтіріп қысасыңыз алғын барып.

Күлше айтты:—Омар патша, бір арызым бар,
Қасыма қайратты бір адамды дәркар,
Әр түрлі найза, қылыш аспабымен
Менімен жолдас болып бір барсынлар.

Өлерде байқаусызда бір іс етіп,
Қолымнан ажыраса шығып кетіп.
Қайратсыз менің өзім әйел адам,
Жүрмесін бұл залымнан зиян жетіп.

Бәни Омар Күлше сөзін қабыл көрді,
Қасына бір адамды қосып берді.
Мойнына Орақаның арқан байлап,
Майданның бір шетіне алып келді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Күлше айтты араб тілімен:—Әй, Орқажан,
Қолыңды өлтірмекке шештіремін.
Сөйлесіп бұл адаммен мен тұрайын,
Артынан ғапыл уақытта өлтіргін сен.

Сен мұның астыңа мін атын алып,
Қолыңа жарағын ал даярланып.
Құдайға тәуекел ғып кәпірлермен
Қайтадан қайраттанып ұрыс барып.

Күлше айтты ол адамға:—Бұл бадтар,
Ілгері жаман маған іс қылдылар.
Қолыммен осы күні қанын төгіп
Алмақтық қысасымды кеулімде бар.

Арқанның өзің ұстап тұрғын ұшын,
Бір түрлі қайрат қылса келер күшің.
Қолдарын шешіп қойып өлтіремін,
Мен істеп бұл залымға мардтың ісін.

Ол адам Күлше сөзін мақұл көріп,
Арқанның ұстап тұрды ұшын келіп.
«Бұл араб арманменен өлмесін»,—деп,
Байлаудан қолын шешті қалыс беріп.

Күлше айтты ол адамға:—Бер найзаны,
Қорлықпен өлтірейін шаншып оны.
Қолымнан Орақаның өлгендігін,
Қосынның екі жақта көрсін бәрі.

Найзаны бермек болды ол ұсынып,
Ұмтылды Орақа да жылдам тұрып.
Күлшеге жеткізбестен найзаны ұстап,
Қолынан ол адамның алды жұлып.

Өзінің найзасымен оны өлтірді,
Атынан есін білмей ол жығылды.
Керекті жарағының бәрін алып,
Ол атқа жылдам барып Орқа мінді.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Қалел де назар салып тұрар еді,
Орқаны атқа мінген анық көрді.

—Сіздер де қарап тұрмай ат қойғын,—деп,

Өзінің әскеріне жарлық берді.
Омардың мұны көріп қосындары,
Майданға ат қойдылар қалмай бәрі.
Біреуі Орқаны ұстап пенде қылмақ,

Бірінің мұддағасы—құтқарғалы.
Орақа көп зор беріп қайраттанып,
Омардың әскеріне кірді барып.
Алдына кез келгенін өлтірерді,

Арыстан мысалында қырғын салып.
Қосылып екі қосын араласты,
Майданды тұман басып, шаң тұтасты.
Ол күні ешкім біліп болмас еді,

Ұрыста қайсы жеңіп, қайсысы қашты.
Аз уақытта өліп кетті бірнеше жан,
Әр жерден судай болып ақтылар қан.
Соғысып араласып жүрген кезде,

Орақа қарсы келді Омарменен.
Тезлікпен қылышына қолын ұрып,
Омарға сілтеділер қайтпай тұрып.
Жығылып Бәни Омар жанын берді,

Басының сүйегіне қылыш кіріп.
Тұра алмай қалған әскер кетті қашып,
Шатырын мұсылмандар алды басып.
Ажыратып Күлшені алып қалғанына

Қуанды барша халық кеулі тасып.
Ол күнде Қалел, Қамам қосындары,
Шаттанып майдан жайдан қайтты бәрі.
Өзінің мекеніне қайтып келді,

Ат пен тон олжа қылып көп дүниені.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Атасы Қамам патша кетті өліп,
Ордасы қалып еді ойран болып.
Қалелдің отыратын ордасына
Жайланды Орақа мен Күлше келіп.

Неше күн қарар алып бұлар тұрды,
Кәпірден құтылғанға шүкір қылды.
Бұрынғы некелеген қалпыменен
Күлшені береді деп ойланұрды.

Екі ай бұл арада кетті өтіп,
Жақындық іс қылмады еш көрсетіп.
Қамамның адамдары бір күн барды,
Қалелге білдірмекке мағлұм етіп.

Ортадан біреу айтты:—Сіз Күлшені,
Бердіңіз неке қиып Орқаға оны.
Атасы Қамам патша ордасына
Екеуін жіберсеңіз отырғалы.

Бұл сөзді Қалел патша мақұл көрді,
«Болсын,—деп,—айтқаныңыз» жауап берді.
Мейманды бір ауылға отырғызып,
Алдына әйелінің Қалел келді.

Қатынға Қалел айтты:—Сөзім тыңла,
Орқамен отырады Күлше мұнда.
Бұларға жауап беріп қайтаралық,
Отырсын атасының ордасында.

Қалелге әйел айтты:—Бұл қалай сөз,
Орақа жетім болды көрмекке көз.
Барлығы мал-мүлкінің талан болды,
Қолында бірде-бірі қалмай әр кез.

Патшалық салтанатты аспаптары,
Таланып жау қолында кетті бәрі.
Түгендеп қалың малын берген де жоқ,
Мойнында Күлшенің жарты малы.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Қатынға Қалел айтты:—Бұл қалай кеп,
Орқаға неге айтасың бермеймін деп.
Күлше үшін дүние малы талан болды,
Және өзі бейнет шегіп ренжуі көп.

Анадан бір күн туып бұл екісі,
Мектепте бірге оқыды жазы-қысы.
Мойнына екеуінің қанын жүктер,
Ойланса ажыратпаққа қайбір кісі.

Қалелге әйелі айтты:—Бұл сөзің рас,
Орқадан бөлек болып қыз да тұрмас.
Күйеуге малын алмай қыз бермексіз,
Еш ақыл ойлағанмен мақұлдамас.

Әуелі малын берсін даяр қылып,
Баршасын айтылғанның құп бітіріп.
Онан соң өз ордасын жақсыласын,
Барғанда отыратын қызым кіріп.

Патшалық жақсы жайда қызым тұрар,
Ішінен іздегені табылұрлар.
Дұшпан кеп бұзып кеткен ойранада
Қалайша рахат тауып Күлше отырар.

Осындай бірнеше сөз айтып қатын,
Тоқтатты қыз бермеске сөздің артын.
«Әйелім мұндай жауап айтады»,—деп,
Білдірді келгендерге ақиқатын.

Қалелдің бұл сөздерін Орқа естіп,
Қайғырды қапалығы әдден өтіп.
Дүниені қайдан тауып беремін деп,
Ойланды неше түрлі пікір етіп.

Бар еді нағашысы Орақаның,
Арабта тағасы деп айтар оның.
Шаһардың Йемен деген патшасы еді,
Қаратқан өз аузына халықтың бәрін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Орақа тағасына жазып нама,
Білдірді болған істің бәрін:
«Күлшені алмағыма керек болды,
Тілла, зер, көп дүние, мал бер деп маған».

Шақырып бір жігітін алдына алып,
Деп айтты:—Тезлікпенен Йемен барып.
Сәлім деп ат қойылған патшасы бар,
Жолығып амандасқын іздеп барып.

Ол патша нағашы-дүр, білгін, маған,
Қолыңмен бұл қағазды бергін оған.
Қағазды оқып көріп дүние берсе,
Айналып тоқталмастан келші маған.

Ол жігіт Орқа сөзін қабыл алып,
Йеменге жүріп кетті жолға салып.
«Дүние алып нағашымнан келеді»,—деп,
Орқа мен Күлше жүрді көп қуанып.

Жүр еді өткен күнін есеп етіп,
Тезлікпен келмегіне кеулі кетіп.
Жігіттен ешбір хабар болмай кетті,
Алты ай кеткеніне кәміл жетіп.

Айтар-ды бәз адамдар:—Жігіт келмес,
Қағазын Сәлім патша қабыл көрмес.
Үй түзеу қалың малға жететұғын,
Көп қылып алтын, күміс дүние бермес.

Күлше айтты бір күн тұрып Орақаға:

—Йеменде өзіңіз бар тағаңызға,

Айтылған дүниесін келтірмесең,
Бұл залым ырза болмас анамыз да.
Орқа айтты:—Сағынғанда кеуілге алып,
Жүруге дайым қарап назар салып,

Салынған қолыңдағы жүзігің бер,
Келгенше қырық күнгеше Йемен барып.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Орқаның Күлше сөзін мақұл көрді,
Жүзігін қолындағы алып берді.
Күлшеге өз жүзігін Орқа беріп,
Екеуі қош айтысып жолға енді.

Жол жүріп жалғыз өзі кеше-күндіз,
Бір мезгіл айтар еді ашықтық сөз.
Йеменнің жақынына келген шақта,
Керуенге жол үстінде ұшырады кез.

Сұрады керуеннен Йемен халқын,
Халқының қайсы алды тұрғандарын.
Керуен Орқаға айтты:—Есітіңіз,
Айталық болған істің сізге бәрін.

Бір патша ат қойылған Мәлік Әнтар,
Қасында алты мыңдай қосыны бар.
Йеменге келгеніне алты ай болды,
Шаһардың бәрін қамап жата-дүрлар.

Ұрысты Сәлім патша қарсы барып,
Кәпірлер бәрінде де болды қалып.
Сәлімді алпыс уәзір сардарымен
Қолына пенде қылды байлап алып.

Қалада Сәлімшаһтан бір уәзір бар,
Шықпастан тысқарыға іште тұрар.
Аз күнде дарбазаны ашып беріп,
Йеменді Мәлік Әнтар талан қылар.

Орақа мұны естіп қайран қалды,
Ойланып әр қиялға кеулі барды.
«Бейнеттен құтылдым деп жүргенімде,
Басыма бұл жұмысты және салды.

Ақиқат керуендерден мұны естіп,
Намарттық шаһарға енбей қалсам кетіп.
Тірі боп жүргенімнен өлген жақсы,
Сәлімді ажыратпасам халас етіп».

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Білінбей дұшпандарға шаһарға енді,
«Ашқын,—деп,—дарбазаны» хабар берді.
Есітіп қарауылшы түн ішінде:

—Бұл жерге жалғыз келген кімсің?—деді.

Орқа айтты:—Нәби Шайбан—менің халқым,
Орақа Қамам ұлы болады атым.
Сәлімшаһ әпкесінің баласымын,
Ілгері бір адамнан келген хатым.

Бұл сөзге қарауылшы көп қуанып,
Уәзірге естігенін айтты барып.
Уәзірдің қуанғаннан өзі келіп,
Аштырды дарбазаның кілтін салып.

Орқаның амандасып сұрап халін,
Ақиқат ахуалының білді бәрін.
Уәзір де бастан-аяқ айтып берді,
Дұшпаннан қорлық көріп тұрғандарын.

—Шаһардың азық, ауқат-тамақтары,

Бұл уақта ада болып, бітті бәрі.
Аштықтан ылаж болмай дарбаза ашып,
Әнтарды енді тұрмыз кіргізгелі.
Орқа айтты:—Мен жолықтым керуенге,

Ол айтты болған істің бәрін мұнда.
Сырттағы дұшпандарға білдірместен,
Түн қатып жасырынып келдім мұнда.
Қамалып жатқанменен бітпес жұмыс,

Болмайды мард адамға ылайық бұл іс.
Ертемен дарбазаның құлпын ашып,
Шығалық дұшпанменен қылмаққа ұрыс.
Ол уәзір мұны естіп көп қуанды,

Ұрғызып ұрыс дабылын, кернай шалды.
Шаһардың сыртындағы көп кәпірлер
Есітіп бұл қалай деп қайран қалды.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Аттанып Мәлік Әнтар қамын ойлап,
Майданға барып тұрды сапын байлап.
«Қалайша бұлар бүгін күшейді?»—деп,
Тұрарды Әнтар патша кеулінде ойлап.

Йеменнің әскері де келіп тұрды,
Оң-солын бірдей қылып сапын құрды.
Орақа көп әскерден жалғыз шығып,
Майданға ат ойнатып барып кірді.

Бір кәпір Орақаға жетіп келді,
Екеуі бел байласып ұрысқа енді.
Орқаның бір сілтеген қылышымен
Белінен тең бөлініп жанын берді.

Көргеннің тәнсін етті бәрі әмма,
Бір кәпір ат ойнатып келді және.
Орақа қылышпенен басына ұрды,
Қалқанын тұтқанына болмай шама.

Мұның да басын кесіп қатыл етті,
Кәпірден бір палуан және жетті.
Орқаның бір сілтеген қылышымен
Басынан тең бөлініп өліп кетті.

Бірі өлсе, келер еді және бірі,
Келгені қайтпас еді әр кез тірі.
Кезекпен кешке дейін майданға еніп,
Кәпірден алпыс өлді ошал күні.

Бұл іске Мәлік Әнтар қапаланып,
Кеш болып шатырына түсті барып.

—Бұл жалғыз қайдан келген бала-дүр?—деп,

Білмекке ақыл жетпей қайран қалып.
Орқаны құрмет етіп артық анша,
Тұрарды қызметінде тамам барша.
Ол түнді шаттықпенен өткізерді,

Тамаша ойын-күлкі қылып қанша.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Таң атып жердің жүзі жарық болып,
Майданға Орқа келді ат ойнатып.

—Біреуің басын кесіп ап кел,—деді,

Әскерге Мәлік Әнтар бұйрық қылып.
Бір палуан шауып келді қамшы ұрып,
Шаншыды найзаменен қарсы тұрып.
Орақа ақырында бір ұрғанмен,

Өлтірді ол палуанды набут қылып.
Палуандар кезекпенен келіп тұрды,
Орақа бір-бір ұрып өлтірерді.
Сол күні түс уақыты болғанынша

Кәпірден жүз адамды набут қылды.
Әнтардың онан кейін тілін алмай,
Орқаның ұрысына тұрды бармай.

—Жабылып бәрің бірдей ат қой,—деді,

Жалғыздап бар демекке лажы қалмай.
Есітіп патшасынан бұл хабарды,
Ат қойды қарап тұрмай тамам бәрі.
Орқаны ортаға алып қамар еді,

Көптікпен күш көрсетіп өлтіргелі.
Орақа ұрыспаққа өзін сайлап,
Барлығын жарағының даяр әйлап.
Ішіне жалғыз өзі араласты,

Жасқанбай жалғызбын деп кеулінде ойлап.
Кәпірдің әскері һәм қылып қайрат,
Орқаға ұмтыларды жүгіртіп ат.
Кеулінде намыстанып ұрсар еді,

«Қырды,—деп,—бәрімізді бір адамзат».
Орақа жалғыз өзі бұзып бәрін,
Қосарды біреуіне біреулерін.
Майданнан бет қайтарып қашырарды,

Тұрмаққа тағат етіп қоймай әлін.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Аз уақта көп адамдар кетті өліп,
Арықтан қандар ақты судай болып.
Әскердің бет қайтарып бәрі қашты,
Батырлық Орақаның сұстын көріп.

Кеш болып жай-жайына кетті қайтып,
Алдынан қарсы шығып уәзір барып,
Шаһарға құрметпенен алып келіп,
Сарайға отырғызды төсек салып.

Әр түрлі тамақтарды даяр етіп,
Қоярды мезгіл-мезгіл алдына алып.
Зауық етіп тамашамен отырарды,
Кеуліне баршасының шаттық жетіп.

Бар еді Әнтаршаның бір уәзірі,
Өзімен бір тұратын әрбір күні.

—Ахуалын бұл жалғыздың білемін,—деп,

Әнтарға да қол қусырып айтты мұны.

—Ей, патшам, бұл жалғыздың араб заты,

Орақа Қамам ұлы болған аты.
Біздегі Сәлімшенің жиені бұл,
Үкімінде Нәби Шайбан тамам халқы.
Палуан батыр туған бұл шері, нар,

Патшасы Бәни Сайбтың Бәни Омар.
Майданда бұл Орқаға қарсы келіп,
Омардың басын кесіп өлтірділер.
Болмайды ұрысқанмен мұны жеңіп,

Кеуліме менің тұрар бір іс келіп.
Әгарда оны істесең ұрысбақтан,
Тоқтарды өз кеуліне қиял кіріп.
Майданның ортасына дар құрдырып,

Сәлімді пенделермен әзір қылып.
Барлығын арқан байлап дарға тартсақ,
Көзіне Орақаның көрсеттіріп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кеуліне Орақаның қайғы жетер,
Онан соң өз жұртына қайтып кетер.
Сәлімше нағашысы өлгеннен соң,
Біздермен ұрыс қылмас құры бекер.

Уәзірдің мақұл келіп бұл айтқаны,
Майданға таң атқан соң келді бәрі.
Айтылған алпыс уәзір сардарымен
Тартқалы алып келді Сәлімшені.

Майданның ортасына құрдырып дар,
Тартқалы пенделерді апардылар,
Орқамен Йемен халқы мұны көріп,
Көзінен жасын төгіп жылады зар.

Дер еді:—Есіл патша пенде болып,
Ақыры дар басында кетер өліп.
Біздердің өлгеніміз көп жақсы еді,
Тұрғанша кемшілікте мұны көріп.

Орқаның мұны көріп қайғысы артты,
Қайраты ашуланып келді қатты.

—Сіздер де қарап тұрмай ат қойғын,—деп,

Орақа әскерлер мен уәзірге айтты.
Атқа мініп, қамшы ұрып ғазаптанып,
Дар тұрған жерге ұрды өзін барып.
Сәлімді ажыратпаққа талап етті,

Әнтардың әскеріне қырғын салып.
Уәзірмен Йемен халқы тұрмай қарап,
Баршасы ат қоймаққа қылды талап.
Дар тұрған Сәлімшеге ұмтыларды,

Ешбірі шегінбеді жан сауғалап.
Халқына Әнтар айтты қылып пәрмен:

—Ұрысқын жан аямай Орақамен.

Сәлім мен пенделерден ажырап қалсақ,
Кеуілден өмір бойы кетпес арман.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Кәпірлер патшасынан мұны естіп,
Қайраты баршасының әдден өтіп,
Майданға бәрі бірден ат қойдылар,
Кеулінде тіккен дарды нышан етіп.

Пенделер дар түбінде тұрып қалды,
Ат қойып екі әскер ортаға алды.
Бір-бірін дардан айдап шықпақ үшін,
Аянбай қан төгісіп ұрысарды.

Орақа ол ұрыста қылып қайрат,
Ілгері ұмтыларды жүгіртіп ат.
Ажыратып Сәлімшені алмағына,
Кәпірлер қоймас еді беріп пұрсат.

Бұл ұрыс қатты болды әдден асып,
Қылыштан су орнына қандар шашып.
Қырылып қанша адамдар өліп кетті,
Бармаққа дар түбіне көп таласып.

Орқаның ашуланып қайраты асты,
Алдына кез келгенін шауып, шанышты.
Аралап көп әскердің ішіменен,
Ақыры дарға келіп жақындасты.

Кәпірдің қысылғаны әдден өтті,
Аянбай жаннан кешіп ұрыс етті.
Алмаққа пенделерді шама болмай,
Сәлімді кейін қарай алып кетті.

Сәлімнің кеткендігін Орқа көріп,
Қайғы-қам, көп қапалық кеуліне еніп,
Тағасы Сәлімшені ажыратпаққа
Аянбай ұрыстылар көп зор беріп.

Бұл ұрыс қатты болып әдден асты,
Кәпірлер жеткізбестен алып қашты.
Ақыры Әнтар патша тұрған жайға
Орақа жалғыз өзі жақындасты.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қылышын қолына алып жалаңаштап,
Әнтарға жетіп барды өзін растап.
Ұрғызбай Әнтар патша аман қалды,
Атының бір жанына өзін тастап.

Үстіне тездікпенен Орқа барды,
Мойнына тұзақ қылып арқан салды.
Әнтардың ажырауына шама келмей,
Орақа ат үстінен тартып алды.

Ұстады белбеуінен қолын салып,
Өңгерді доптай қылып алдына алып.
Атының мойнын бұрып қайта жүрді,
Алдына кез келгенін қойдай қырып.

Кәпірдің мұны көріп қосындары,
Ат қойды аянбастан тамам бәрі.
Ажыратып патшасын алмақ үшін,
Жібермей ортаға алды Орақаны.

Орақа қарсысына келгендерін
Қылышпен өлтірерді ұрып бәрін.
Ешбірі жақынына келмес еді,
Бұрыннан көргеннен соң күшін оның.

Йеменнің әскері мен уәзірі және,
Артынан келер еді бәрі әмма.
Бұлардың ортасына келгеннен соң,
Кәпірлер қайтып кетті болмай шама.

Әнтарды уәзір көріп көп қуанып,
Орқаның үзеңгісін сүйді барып.

—Орқажан, баһадүрлік іс қылдыңыз,

Әнтарды пенде қылып ұстап алып.
Біздерге бұл Әнтарша не қылмаған,
Қамады алты ай жатып бермей аман.
Батырлық қайратыңыз сабасында,

Дұшпанды пенде қылдың үшбу заман.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Осындай мақтау айтып бірнеше сөз,
Шаһарға қуанышпен қайттылар тез.
Бұл Әнтар қолда тұрған уақтысында,
Сәлімді өлтірмес деп асыл әр кез.

Дардағы алпыс уәзір әмірлерін,
Ажыратып байлауынан алды бәрін.
Сәлімнің ордасына барып түсті,
Шығарып кеуілдегі қайғы-қамын.

Әнтардың қосындары қайғыланып,
Өзінің шатырына түсті барып.
Қай түрлі қыламыз деп кеңесерді,
Бас қосып бір-біріне ақыл салып.

Бар еді ақыл дана бір уәзірі,
Халқына хабар беріп айтты мұны.
Орқаға таң атқан соң қағаз алып,
Біздерден елші болып барсын бірі.

Арада дұшпандықтың бәрін қойып,
Тұралық бұдан кейін тату болып.
Тағына патшаларды отырталық,
Тоқтатпай қолымызға қайтып беріп.

Кәпірлер осы түрлі жазып нама,
Қол қойды кәттәсінің бәрі және.
Ортаға елші қылып жіберділер,
Белгілі бір адамын ақыл, дана.

Орқаға елші келді беріп сәлем,
Тапсырды қолындағы қағазды һәм.
Мазмұнын барша халық хабарланды,
Қағаздың оқып көріп бәрін тамам.

Оңаша бір бөлмеге елшіні елітті,
Отырып көп халайық кеңес етті.
Ажыратып Сәлімшені алалық деп,
Әнтарды қайтармаққа кеулі кетті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Алып кел таң атқан соң Сәлімшені,

Біз дағы апаралық бұл патшаны.
Қасына ешбір адам жолдас болмай,
Халқына жалғыз келсін екеулері.
Елші адам бұл айтқанын қабыл етіп,

Тездікпен қосына қалды кетіп.
Таң атып дүние жарық болғаннан соң,
Майданға патшаларды келді ертіп.
Шаттықтың екі жақ та сазын шалып,

Өзді-өзі патшаларын қайтты алып.
Патшалар тәжін киіп таққа мініп,
Отырды жайларында рахаттанып.
Орқаның Сәлім патша көріп түсін,

Есітіп бастан-аяқ қылған ісін,
Жығылып аяғына бетін сүйді,
Таңырқап артық көріп қайрат-күшін.
Әнтарша қайтып барып таққа мініп,

Отырды уәзірімен кеңес құрып.
Залымдық бұл қиялды ойлар еді,
Кеуліне қапалықпен қайғы кіріп.
Отырды өткен іске қайғыланып,

Қорлығын байлаудағы ойына алып.
Өзінің ақыл дана уәзірімен
Сөйлесті әрбір түрлі ақыл салып.

—Халық айтар:—Әнтар патша Йемен барды,

Атырабын алты айғаша қамап қалды.
Патшасын алпыс уәзір сардарымен
Күшпенен тірі байлап тұтқынға алды.
Бағдаттан Орақа атты біреу келіп,

Аштырып дарбазасын ұрысқа еніп,
Әнтардың өзін байлап ап қойды дер,
Өлгенше сүйегіме бұл кемшілік.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Жалынып Орақаға хат жіберіп,
Сәлімді уәзірі қайтып беріп,
Өзінің басын зорға босатты дер,
Осынша бір адамнан қорлық көріп.

Жүргенше осы түрлі сөз есітіп,
Өлгенім көп жақсы еді ажал жетіп.
Бұл жерден кетпей тұрып бір амал тап,
Орқаны өлтірелік ылаж етіп.

Бұл сөзге ақыл таппай уәзір, сардар,
Бастарын төмен салып отырдылар.
Бас уәзір ақыл дана бас көтеріп,
Деп айтты:—Сөзім тыңла, ей, шаһариар.

Майданнан терең қылып ор қаздырсақ,
Дұшпанға білдірместен бетін жапсақ.
Соғысқа ертеменен дабыл ұрып,
Майданға ат ойнатып және барсақ.

Шақырса «жекпе-жек» деп біреу барып,
Сол уақта Орқа шығар ашуланып.
Жақындап келген уақта қайта қашса,
Қуам деп Орқа құлар орға барып.

Көп әскер бізден барып байлап алар,
Дұшпаннан бізге жан жоқ қарсы тұрар.
Ақылым тапқан осы, тақсыр патшам,
Амал жоқ мұнан басқа айла қылар.

Баршасы «дұрыс,—деді,—осы ақыл»,
Патша да көп қуанып көрді мақұл.
Ор қазып майдан жерден түніменен,
Білдірмей айламенен жапты ақыр.

Ұзыны қырық кез болды, ені—он кез,
Таң атпай асығыспен бітірді тез.
Алысқа топырағын тасып кетті,
Ор бар деп ойламас-ты көрмеген көз.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Майданға таң атқан соң біреу барды,
«Орақа, жылдам кел» деп айғай салды.

—Мен жоқта палуан боп жүр екенсің,

Қоймаспын мың жаныңнан бір жаныңды.
Есітіп Орқа мұны қаһарланып,
Майданға қылыш ұстап барды шауып.
Есіл ер залым дұшпан айласымен

Құлады қазған орға атпен барып.
Әнтардың көп әскері шауып келіп,
Жан-жағын қоршап алды мекем етіп.
Артына екі қолын мықтап байлап,

Апарды Әнтаршаға жетелетіп.
Артықша Мәлік Әнтар көп қуанып,
Бұл сөзді Орақаға айтты барып.

—Бұл күні басың кесіп өлтіремін,

Қолымнан кім алады ажыратып.
Орқа айтты:—Ей, бейопа, кісі өлтіріп,
Майданда алу керек күш көрсетіп.
Сен сипат тірі болып жүргенімше,

Өлгенім көп жақсы-дүр ажал жетіп.
Бұл сөзге ашуланып Мәлік Әнтар,
Деп айтты:—Майдан жайға мұны алып бар,
Қылышпен басын кесіп алып кел,—деп,

Сенімді бір жігітін жұмсадылар.
Ол жігіт қылыш алып атқа мінді,
Алдына Орақаны айдап жүрді.
Орқаны өлтірмекке ап келгенін,

Сәлімше уәзірімен бәрі көрді.
Бармаққа ұрыс қылып келмей шама,
Зарланып жылар еді бәрі һәмма.
Ат мініп келе жатқан әскер жігіт,

Сөз айтты «тыңлағын,—деп,—ей, Орақа».

ОРҚА—КҮЛШЕ

Деп айтты:—Палуаным, бар ма арманың,
Бар болса біреуге айтар арыз халің.
Маған айт, сәлеміңді жеткіземін,
Дүниеде аман болса жалғыз жаным.

Орқа айтты:—Өлтіргелі барасың сен,
Қалайша мұндай сөзді айттың маған.
Ғапылдың себебіменен орға түсіп,
Амал не, мазағыңа ұшырадым мен.

Жігіт айтты:—Есіңде бар ма, Орақа,
Жібердің қағаз беріп Сәлімшеге.
Мен едім хат жіберген сол жігітің,
Дұшпаннан бара алмадым нағашыңа.

Мен келсем, жатқан екен дұшпан толып,
Шаһарға өте алмадым жолын тауып.
Қызметін күндіз-түні істей бердім,
Алдына Әнтаршаның жігіт болып.

Қызметім бұл патшаға қатты жағып,
Жалладтық қойып еді орын беріп.
«Майданға сізді апарып өлтір»,—деді,
Басқадан мені артықша тәуір көріп.

Қолыңды босатайын қойған байлап,
Қылышымды ал, атыма мінгін жайлап.
Қауіпсіз қазір бейғам отырғанда,
Дұшпанмен қайта соғыс «иә, Құдайлап».

Атынан жігіт түсіп қолын шешті,
Жүрегі Орақаның алып-ұшты.
Атқа мініп қосынға араласып,
Басталды өте қиын соғыс күшті.

Сәлімше көп қуанып мұны көріп,
Майданға көп әскермен келді кіріп.
Әнтардың қосынына қырғын салды,
Сәлімнің әскерлері ұрысқа еніп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дұшпанның әскерлері кетті қашып,
Шатырын Йемен халқы қалды басып.
Орақа Әнтаршаның басын кесіп,
Алдына Сәлімшенің келді алып.

Орқаның үзеңгісін сүйіп Сәлім,
Жолына құрбан етіп мал мен жанын.
Той жасап бір жеті күн тамаша етті,
Тойынтып жетім-жесір, ғаріптерін.

Орақа демін алып жата тұрсын,
Сәлімше тағасымен мәжіліс құрсын.
Басталды ойда жоқтан бір уақиға,
Қандырар бұл уақиға құлақ құрышын.

Саудагер жердің жүзін қаптап жүрген,
Түйемен шөл даланы таптап жүрген.
Әр шаһардың ханына сыйлық беріп,
Жолын ақтап дүниесін сақтап жүрген.

Патшасы Шам шаһардың Мәлік Мақсан,
Білімі, ғылымы да жаннан асқан.
Қырық елу керуен басы саудагерлер,
Мақсанға сыйлық тартып болды мейман.

Патша айтты:—Саудагерлер, құлақ салғын,
Дүниенің көп кезесіз шаһарларын.
Түркия, Иран, Тұран, ажам, Парсы,
Саудамен аралайсыз соның бәрін.

Айтыңдар әр халықтың сұлу қызын,
Аралап жүресіңдер жердің жүзін.
Сыртынан жалған мақтап айтпаңыздар,
Өздерің ақиқаттап көрмей көзің.

Біреулер «Фераң қызын сұлу» деді,
Біреулер «сұлу қыздар түрікте» деді.
Біреулер «үнді» деді, біреу «парсы»,
Әрқайсысы өз көргенін мақтай берді.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Куфа, Бағдат, Мысыр, шаһар Басыра,
Таласып кезек бермей айтты асыға.
«Мен айтқан қыз сұлу» деп, «мен айтқан қыз»,
Мақтады біреуінен біреуі асыра.

Желмаядай жеткізбей судыр сөзге,
Сырттан ғайбат, қошемет көрер көзге.
Көп адамның ішінен не шықпайды,
Мақтаншақ та бар екен, мылжың езбе.

Қара пейіл, ақ пейіл ойлы қырлы,
Адам ұлы бөлінер әр мінезге.

—Мен көрген қыз артық,—деп таласады,

Сұлу жоқ,—деп—е, тақсыр-ау, бұдан өзге.
Қалдырмай саудагерлер айттылар тез,
Қай сұлу қай шаһарда болғанын кез.
Атақты дүниедегі шаһарлардың

Мәжілісте бәрін айтты қоймай әр кез.
Бір жігіт отыр еді болып бірге,
Өзіне кезек келген мезгілінде
Патшадан түрегеліп жауап сұрап,

Сонан соң мына сөзді алды тілге.

—Арабта Нәби Шайбан бір қышлақ бар,

Ол халықтың Қалел, Қамам бегі болар.
Күлше деп ат қойылған Қалел қызы,
Бұл күнде балағатқа жетіп тұрлар.
Сұлулық мәртебеде мысал адам,

Тең емес ол періге бәрі тамам.
Жүзінің сұлулығы күн секілді,
Болмаса он төртінші маһи әлем.
Кірпігі оқ, қамзасы шоқ, көзі нәркес,

Ай мысал жаңа туған қиылған қас.
Лағыл ләб, аузы ғұнша, белі қылша,
Дүниеде еш адам жоқ оған ұқсас.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ақтығы денесінің жауған қарша,
Жіңішке нәзіктігі қылдан анша.
Ішінен ішкен асы көрінеді,
Әр кісі тамағына назар салса.

Құмар көз, оймақ ауыз, мұрны пісте,
Суретін жасай алмас ешбір ұста.
Сипаттап порымының оннан бірін,
Келтіріп айта алмаймын, тілім қысқа.

Жаннаттың бар деп айта-дүр ғұлманы,
Еш адам көрген емес көзбен оны.
Көз көрген бұл дүниенің адамының,
Үр деп айтса болар ол Күлшені.

Дәріп қып айтқанменен қанша түрін,
Болады айтпағандай мыңнан бірін.
Күлшенің суретіне ұқсас емес,
Сұлулар өткен болса қанша бұрын.

Аралап шаһарлардың көрдім бәрін,
Бұлардың дәріп етіп айтқандарын.
Күлшенің бір қылына арзымайды,
Көргенде қатар қойып бәрін оның.

Жаралып бұл дүниеге әркім келсе,
Күлшені бір мәртебе барып көрсе.
Еш нәрсе көрмегенге есеп болар,
Күн мысал Күлше жүзін көрмей өлсе.

Осындай неше түрлі сөз көрсетіп,
Тоқтатты жігіт сөзін тамам етіп.
Күлшеге көрмей тұрып ғашық болды,
Артықша Мақсаншаның ақылы кетіп.

Патша айтты ол жігітке:—Ей, сөзі-дүр,
Дүрден һәм айтқан сөзің артықша-дүр.
Не қылсам ол Күлшеге мен жетемін,
Бұл істің ақиқатын маған білдір.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Патшаға жігіт айтты:—Ей, шаһариар,
Қаншама салтанатты шаһзадалар
Күлшенің күйігінде жынды болып,
Тәркі етіп патшалығын жылап жүрер.

Күлшенің оларменен жоқ-дүр ісі,
Мақсатқа жеткен емес ешбірісі.
Бұл уақта сіз істейтін бір жұмыс бар,
Қылмаққа кеуліңіздің болса хошы.

Бір кеулім—сіз болсаңыз бай саудагер,
Түйеге көп артылса ділда мен зер.
Сарып етіп есебі жоқ көп дүние
Орынсыз әр адамға берілселер.

Атырапқа сақилықпен атың кетсе,
Бұл сөзді Нәби Шайбан халқы естісе.
Дүниеге адамзаттың бәрі мұқтаж,
Жолыңды келе жатқан әркім күтсе.

Халқына Нәби Шайбан жатсаң барып,
Сақи деп әркім келер хабарланып.
Қалелдің қышлағында адамдарға
Аямай дүниеңізді қылсаң сарып.

Кез келсе ғажап емес Күлше сізге,
Адам жоқ айналмайтын алтын жезге.
Қалелді көп дүниемен шат қылыңыз,
Айтатын ақылым жоқ мұнан өзге.

Мақсанша айтқанының бәрін істеп,
Жөнелді бес жүз нарға дүние жүктеп.
Арада бірнеше күн сапар етіп,
Халқына Нәби Шайбан келді тіктеп.

Шыққан соң үш күн жолға қадам басып,
Көрсетті сақилығын дүние шашып.
«Бір сақи, бай саудагер бар екен»,—деп,
Өзінен кетті бұрын даңқы асып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Есітіп Нәби Шайбан адамдары,
Сақиды көреміз деп келді бәрі.
Қалел де көп ішінде келген еді,
Шамада тоқсан адам еді саны.

Қымбаттан барлығына шапан жапқан,
Зияпат неше түрлі тағам тартқан.
Шапанның әрқайсысының жағасына,
Қымбатты жүз ділдалық гауһар таққан.

Қалелге бір арғымақ ат мінгізген,
Алтын мен жабдығына гауһар тізген.
Үстіне екеуінің салып берді,
Толтырып бір қоржынды алтын, зермен.

Мақсанның Қалел көріп бұл жұмысын,

—Артықша сақилықпен қылған,—десін.

Ерлердің суретінде пормы келген,
Патшаға лайық келген реңі-түсін.
Мұндай бай бұл дүниеге ешбір келмес,
Бұл мысал ілгеріде болған емес.

Өмірінде бір көрмеген адамдарға
Осындай есебі жоқ дүние бермес.
Қалелдің әйелі де жақсы көріп,
Кеуліне дүние үшін достық еніп.

Қалелдің отыратын ордасына
Бір күні Мақсан қонды жақын келіп.
Қалел әм таза күтіп үйдің ішін,
Жасатып кілемменен іші-тысын,

Мақсанды хабар беріп шақырдылар,
Ауылға мейман болып кетпек үшін.
Есітіп Мәлік Мақсан көп қуанып,
Матаның қымбатынан артып алып.

Қалелге бір бедеу ат алып жүрді,
Үстіне алтын-күміс жабдық салып.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Отырған мейман болып мәжілісте әм,
Зер беріп сақилығын қылмас-ты кем.
Қалелдің өзіменен әйеліне
Әр түрлі гауһар берді қымбатынан.

Кеш болып қайтпағына жауап берді,
Өзінің шатырына Мақсан келді.
Алдына сәлем беріп келгендерге
Дүниені аямастан көп береді.

Сол жерде Мақсан жатты қарар етіп,
Қалел де жүрер еді келіп-кетіп.
Дүниені әр келгенде берер еді,
Артықша сақилығын құп көрсетіп.

Бар еді бір адамы келген еріп,
Әр іске жұмсайтұғын кеулі сеніп.
Қалелге жаушы қылып жібермекке,
Келтірді ол адамды хабар беріп.

Қалелге жұмсадылар қағаз беріп,
Жолықты барған адам ішкері еніп.
Мақсанның сәлем-нама жазған хатын
Қалелдің өз қолына берді елтіп.

Қалелше оқып көріп мұны есітті,
Қиялы әр тарапқа ауып өтті.
Ылажсыз бір себебін айтпақ үшін,
Хат жазып мына сөзді баян етті.

«Ағамыз Қамам патша бірге туған,
Күлшені баласына атастырған.
Екеуін бір-біріне неке қиып,
Қосылып бірнеше күн бірге тұрған.

Бергенбіз Орақа атты ол балаға,
Йеменге кеткен еді, жоқ-дүр мұнда.
Некелі күйеуінен ажыратпаймын,
Қызығып опасы жоқ дүние-пұлға».

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қайтарды жауап жазып осылай деп,
Қалелдің хатын берді Мақсанға кеп.
Мақсанша қағазды оқып қапаланып,
Ойланды әрне қиял кеуліне көп.

Күндіз-түн көтермеді төсектен бас,
Көзінен жатар еді ағызып жас.
Нала қып бұл ғазалды айтар еді,
Әуезі мысал болып бұлбұлға ұқсас.

Мәлік Мақсанның жылағаны
Қай түрлі жұмыс көрмедім,
Күлшежан, сенің жолыңда.
Мен үшін қайғы ойлар деп,

Болар ма ешбір ойыңда.
Тәжі-тақтымды тәркі етіп,
Біреудің қойдым қолында.
Өзіңді іздеп мен келдім,

Саудагер түсіп порымға.
Бәрін шаштым дүниемнің,
Пайдасыз бекер орынға.
Сапар шектім бейнетпен,

Келер деп ісім орынға.
Елші қып адам жұмсадым,
Атаңа перзент болуға.
Ырзалық атаң бермеді,

Менмендік болып бойында.
Сұрасам сені бермес деп,
Жоқ еді ешбір ойымда.
Бар өмірім мұнда өтсе де,

Кеулім жоқ сені қоюға.
Өлемін, иә аламын,
Сөзімді білме ойынға.
Халқымды сенсіз көрмейін,

Бұл істі алдым мойынға.
Жолыңда сенің ырзамын,
Өлтіріп терім союға.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Осылай деп жатты Мақсан зарлық етіп,
Әркімге бұл жұмыстан хабар жетіп.
Қалелден басқа адамдар тұрар еді,
Күлшені бермектікке кеулі кетіп.

Бір кемпір Мақсанға айтты:—Жаным балам,
Бұл жұмыс оңай болар, жемегін қам.
Алдыңа аз мезгілде келтіремін,
Жеткізгін айтқанымның бәрін тамам.

Патша айтты:—Мамажаным, бол хабардар,
Өзімде асыл заттың бәрі де бар.
Алсаңыз қандай нәрсе, бәрі дайын,
Қайсысы өзіңізге болса дәркар.

Көз көріп, құлақ естіп білмеген жан,
Жауаһыр аспаптары бәрі нұрдан.
Зерлеген кесе-шәйнек, алтын табақ,
Мармар, күміс көсеу, шәй дастархан.

Кемпірдің даяр болды тілегені,
Сары алтын жалтылдаған легені.
«Әйелдің алданатын бұйымы»,—деп,
Қу кемпір есі шығып күледі енді.

Ішіне табақтардың алтын салып,
Бетіне жеміс қойды оның жауып.
Қалелдің әйеліне жүріп кетті,
Дүниені дастарханға орап алып.

Бір барған қызметіне жүз ділда алып,
Келеді сұмырай кемпір көп қуанып.
Қалелдің әйеліне алып келді,
Ешкімге көрінбестен уақытын тауып.

Қатынға саудагерді мақтайды көп,

—Бұларды сізге беріп жіберді,—деп.

Күлшенің әсіретінде кесел болған,
Төсектен бас көтермей уайым жеп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұл байға қанша жерден табылар қыз,
Күлше емес бұл дүниеге келген жалғыз.
Біреудің күйеу болып қызын алса,
Артынан өздеріңіз өкінерсіз.

Осындай неше түрлі сөз көрсетті,
Әйелі «беремін» деп уағда етті.
Кемпірдің келген ісі орындалып,
Алдына саудагердің келіп жетті.

Есітіп Мақсан патша көп қуанып,
Қолынан ол кемпірдің сүйді барып.
Кемпір де қолын жайып бата беріп,
Үйіне қайтып кетті көп дүние алып.

Алдына әйелінің Қалел келіп,
Шаттанды дүниенің бәрін көріп.
Қалелге әйел айтты:—Бұл дүниені
Жіберген бай саудагер бізге беріп.

Күлшені берелік ол саудагерге,
Іздесең табылады онан әрне.
Сақилық турасында жұмыс қылмас,
Бұл байдан артық етіп ешбір пенде.

Қырық күнде Орқа кетті келемін деп,
Бұл уақта болып кетті үш айдан көп.
Келуге ол дүние таба алмай жүр,
Көре алмас енді бізді бекерге кеп.

Кеткендік себебінен уағдасы өтіп,
Біздерге өкпелемес кінә етіп.
Орақа ылажы жоқ, ақыр көнер,
Бұл Күлше саудагерге қалса кетіп.

Қатынға Қалел айтты:—Бұл сөз бекер,
Бұл істен Күлшеге де қайғы жетер.
Күлшені басқа адамға бергеннен соң,
Орақа бізді қайтып көрмей кетер.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Қалелге қатын айтты мағлұм етіп:

—Бір көрді қаздыралық біз түзетіп,

Күлшенің өлігі деп құрмет тұтып,
Қоялық қой өлігін оған елтіп.
Келгенде қарсы шығып Орақаға,
Құшақтап көріселік жылап анға.

«Дүниеден Күлше ғаріп кеттілер»,—деп,
Жыласын барғандардың бәрі және.
Бұл сөзге ылажы жоқ Орқа сенер,
Күлшенің өлгендігін рас көрер.

Біраз күн қайғыланып жылап жүріп,
Тағдырға ырза болып ақыр көнер.
Білдірді бұл хабарды Мақсанға әм,
Саудагер көп шаттанып болды құрдам.

Қалелге есебі жоқ көп мал берді,
Дүниенің турасынан қылып бейғам.
Күлшемен басқа бір қыз жақын еді,
Жасынан бірін-бірі дос көрерді.

—Атаңыз саудагерге береді,—деп,

Күлшеге ол қыз келіп хабар берді.
Ол қыздан Күлше сұлу мұны естіп,
Далада оңашаға шықты ертіп.
«Орқаға бұл қағазды тапсыр»,—деді,

Хат жазып мына сөзді баян етіп.

—Орақа, жаным, жолдасым,

Мен түстім және телімге.
Арам анам ойланды
Дүние үшін беруге.
Түсімде көрмес бұл жұмыс,

Басыма түсті өңімде.
Қайғымен кетіп барамын,
Амалым болмай менің де.
Білмеймін, неден болмады

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Уақытыңыз жылдам келуге.
Артымнан мұнда келсеңіз,
Ол барған тұрмай жеріңде,
«Ырза боп Күлше кетті»,—деп,

Келтірме, жаным, кеуліңе.
Жүзікті бердім бұл қызға,
Кеуліңіз толық сенуге.
Өзіңізден басқа жан

Жүзімді келсе көруге
Ішімді жарып пышақпен,
Боламын ырза өлуге.
Артымнан мені іздеп кел,

Мардтығың болса сенің де.
Қорқыныш, қайғы болмайды
Ғашықтардың елінде.
Орқаға осы түрлі жазып нама,

Жылады кеулін тыймай қылып нала.
«Айт,—деп,—аузыңмен де сәлемімді»,
Ол қызға бұл сөздерді айтты және.

—Келгенде хабар бергін Орқаға сен,

Денемде ажал жетпей бар болса жан.
Қорқытып, иә жалынып өтінгенмен,
Бұл байға ешбір ырза болмай-дүр мен.
Дүниеден өлгенімше мен Орқаны,

Кеулімнен шығармаймын әр кез оны.
Бастағы уағдасында тұрған болса,
Артымнан іздеп келсін Орқа мені.
Йеменге кеткенінде Орқа ғаріп,

Қолымнан жүзігімді менің алып,
«Екеуміз көзіміздей көрейік»,—деп,
Кетіп ед өз жүзігін маған салып.
Аманат бұл жүзікті бердім саған,

Орақа келгенінше жүрсең аман.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Бұл айтқан сәлемімді түгел айтып,
Тапсырғын жүзік, хатын келген заман.
Күлшенің қайғысына құлақ салмай,
Орқаның қапалығын кеуліне алмай,

Зорлықпен саудагерге басып берді,
Тұрса да Күлше байғұс ырзаланбай.
Жүретін мезгілінде Мәлік Мақсан,
Өз жайын баян етіп айтты бастан.

—Жиналған халайықтар, естісеңіз,

Мен өзім Шам шаһарының патшасымын.
Жалғаннан саудагер болып келіп едім,
Күлшені бұл ақылмен алсам дедім.
Ойлаған бұл қиялым дұрыс болып,

Іздеген мақсатымның жүзін көрдім.
Атым деп Мәлік Мақсан амандасып,
Күлшені алғанына кеулі тасып,
Сапар ғып Шам шаһарына жүріп кетті,

Бұрынғы келген жолымен қадам басып.
Жол жүріп шаттықпенен сырнай шалып,
Шаһарға қуанышпен кірді барып.
Той беріп, бірнеше күн халқын жинап,

Тағында отырдылар қарар алып.
Бір түні Мәлік Мақсан ішке енді,
Сарайға Күлше отырған жалғыз келді.
Қасына жақын келіп қолын созып,

Кеулінде ойнамақтан хабар берді.
Мақсанның жаман пейілін Күлше біліп,
Орнынан тездікпенен жылдам тұрып,
Ашумен осы түрлі сөз сөйледі,

Өзінің қанжарына қолын ұрып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Күлше айтты Мақсаншаға:—Бұл қалай?—деп,
Бір әйел екі ерге тимегей еш.
Мұсылман шариғаты Ислам дінде,
Бұл түрлі болған істі ешкім білмес.

Орқаға сізден бұрын мені берді,
Молдалар неке қиып қосып еді.
Дүниеде Орқа тірі тұрған уақта
Боламын сізге әйел қалайша енді.

Жолына шариғаттың ырзаланып,
Бұл істі қоймасаңыз тілімді алып,
Қолыма ұстап тұрған бұл қанжармен
Өзімді өлтіремін ішім жарып.

Осындай Мақсаншаға сөз айтып көп,
Қанжарын көкірегіне таяды кеп.
Өлмекке жанын қиып қиял етті,
«Қаныма, Мақсан патша, қаласың»,—деп.

Күлшенің Мәлік Мақсан пейілін танып,
Тездікпен қанжарынан тұтты барып.
Күлшежан бекер өліп кетпесін деп,
Сөйледі мына сөзді аузына алып.

Айтты:—Мәлім болды бұл жұмысың,
Қайратпен жаның қиып қылған ісің.
Ақиқат көзім жетті, өлсең керек
Қосылған неке қиып Орақа үшін.

Тастадым мен нәпсімді мүлде беріп,
Бекерге жаның қиып кетпе өліп.
Бұл үйде қайғы көрмей отыра бер,
Сен маған ақыреттік сіңілі болып.

Орқаны есітемін палуан деп,
Егерде мәлім болса артыңнан кеп,
Өзіңді ырзалықпен мен беремін,
Уағдама опа қылып шаттанып көп.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Мақсаннан Күлше сұлу мұны естіп,
Орнынан түрегеліп тағзым етіп,
Аяғын көзге сүртіп құшақтады,
Кеулінде қуанғаны әдден өтіп.

«Болдың,—деп,—қарындасым» көп сөз айтып,
Ордаға Мәлік Мақсан кетті қайтып.
Рахатта Күлше сұлу отырдылар,
Шаттығы кеуліндегі әдден артып.

Отырсында рахаттанып Күлше мұнда,
Орқадан сөз айталық, енді тыңда.
Ішіп-жеп рахаттанып бір ай жатты
Сәлімше тағасының мәжілісінде.

Осындай бірнеше күн арада өтті,
Қайтпаққа Орақаның кеулі кетті.
Сәлім нағашысы ырзалықпен
Орқаны қайтармаққа талап етті.

Келтіріп қатар қойып көп түйені,
Мата мен қымбат баға жүктеді әні.
Шайы, әдірес, атлас, қымқап, торғын, мауыт,
Асыл тас, алтын-күміс, тілла, зері.

Жабдықты ат, бес жүз түйе қазынамен,
Дүниенің турасынан қылды бейғам.
Босатқан Орақаны ол жігітке,
Көп берді алтын-күміс, дүние-малдан.

Отыз құл және берді отыз шоры,
Есепсіз дүниеге жетті қолы.
Алтыннан қазан-ошақ, аяқ-табақ,
Артылды түйелерге қазына толы.

Орақа қош айтысып жүріп кетті,
Шайбанға бір күндерде келіп жетті.
Түйені жігіттерге жетелетіп,
Қалелдің ордасына жақын келді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір жүз төрт күн жол жүріп Орқа келді,
Қазынасы үш жүз түйе бірге келді.
Мақсанның Күлшені алып кеткеніне
Жаңадан он екі күн болған еді.

Орқаны бұлар көріп жылапты зар,
Құшақтап «Күлше өлді» деп көрістілер.
Орақа аттан құлап, естен танды,
Қалелше басын сүйеп отырдылар.

Бір уақытта есін жиып бас көтерді,
Паралап киімдерін жыртар еді.

—Бұл дүние енді маған арамсың,—деп,

Әр заман жерге басын ұрар еді.
Айтады:—Күлше жаным, кеттің өтіп,
Артыңа мені тастап сарсаң етіп.
Өзіңе жылдам барып жолығар ем,

Тездікпен өліп кетсем ажал жетіп.
Барша халық Орқаға айтты:—Сабыр әйла,
Бекерге өлгеніңнен жоқ-дүр пайда.
Қаспенен өлгендерге кәпірліктің

Қаупі бар, мұсылмансың, оны да ойла.
Орқа айтты:—Күлшежанның қабірі қайда?
Алып бар сіздер мені ошал жайға.
Топырағын көзге сүртіп құшақтасам,

Жаныма болар ма екен менің пайда.
Бұл сөзді көп адамдар мақұл көрді,
Қой көмген мазаратқа алып келді.
«Күлшенің гүлі солған жайы бұл»,—деп,

Көрсетіп топырағын айтып берді.
Мазарға Орқа келіп өзін ұрды,
Ұстап топырағын көзге сүрді.

—Күлшежан, халің қандай, мен келдім,—деп,

Көзінен жасын төгіп зары қылды.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Дер еді:—Күлше ғаріп қамда қалған,
Мехнатқа өз ашығын тастап барған.
Аз мезгіл мен келгенше сабыр етпей,
Астынан қара жердің орын алған.

Бұл күні тіленемін аузыма алып,
Қасыңа бірге жатсам мен де барып.
Жатқаным жер астында көп жақсы еді,
Дүниеде жүргенімше сенен қалып.

Уағдам сол, қалған өмірім болса қанша,
Дүниеден ажал жетіп өлген аңша.
Мүрдеңді мекен етіп отырамын,
Басыңда өтсе керек өмірім барша.

Осындай көп сөз айтып жылады зар,
Аһ ұрып болар еді көп бейқарар.
Өз кеулін тоқтата алмай зары қылып,
«Күлше» деп бұл ғазалды айтардылар:

—Жатырмысың, Күлшежан,

Қараңғы көрдің ішінде.
Бұл халде сені көрем деп,
Жоқ еді өңім-түсімде.
Теріс жұмыс болмайды

Тағдырдың жазған ісінде.
Жүзіңді тоя көре алмай,
Арманым кетті ішімде.
Құдайдан және қорқамын

Тірідей көрге түсуге.
Бұрынғы болған жұмыстай,
Біреудің кетсек күшінде.
Болмаса да жанымда

Өзімнен басқа кісім де.
Ұрысып өліп ырза едім,
Ажалдан шарап ішуге.
Құм-топырақпен бір жатып,

Қай түрлі болды ажарың.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Басыңа келіп отырмын,
Түсе ме маған назарың.
Құлағыңа бара ма
Бұл айтқан менің ғазалым.

Тағдырда егер жазылып,
Жақында жетсе ажалым,
Қуанар едім шат болып,
Іздеген бұл деп базарым.

Мүрдеңді күтіп отырмын,
Мен күтіп уақтын қазаның.
Ендігі кеулім—өзіңмен
Бір болса мүрде, мазарым.

Осылай деп қылар еді аһ зары,
Есітіп Нәби Шайбан адамдары,
Ілгері қылғанына көп өкініп,
Өзінің жайларына қайтты бәрі.

Қабірде Орақа өзі жалғыз қалды,
Кетпестен күндіз-түні отырарды.
Бір сағат бөтен жаққа мойын бұрмай,
Қабірде қырық күн, қырық түн жатып алды.

Ілгері айтып едік қыздың халін,
Күлшенің қағаз беріп кеткендерін.
Халықтан жасырынып түнде барды,
Орқаға білдірмекке бұл хабарын.

Қыз айтты:—Кеселіңнің дауасы бар,
Өзіңе баян етсем жазылурлар.
Бір сағат бас көтеріп құлақ салсаң,
Дертіңе бір жақсылық болғай хабар.

Орқа айтты:—Бұл қабірден бас көтеріп,
Сөзіңе отырмаймын жауап беріп.
Дауасы бұл кеселдің дүниеде жоқ,
Қалайша мен тыңдаймын кеулім сеніп.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Қыз айтты:—Орақажан, тыңдағын сен,
Күлшенің білдірейін хабарын мен.
Дүниеде тірлігін есіткен соң,
Қуанып жазыларсың кеселіңнен.

Орақа мұны естіп бас көтеріп,
Аяғын құшақтады қыздың келіп.
Деп айтты:—Жаным құрбан, баян еткіл,
Күлшеге жолыққансың қайда жүріп?

Қыз айтты:—Мүрдесі емес бұл Күлшенің,
Бір қойдың өлігі бар ішінде оның.
Сөзімнің растығына бұл жүзік пен
Қағазын қолыңа алып оқып көргін.

Мұны айтып жүзік, хатын берді алып,
Орақа оқып көрді назар салып.
Аһ ұрып есін білмей жатып қалды,
Жүзік пен Күлше жазған хатын танып.

Орқа айтты есін жиып:—Бұл қалай сыр,
Себебі жүзік, хаттың қалайша-дүр?
Тездікпен ақиқатын баян әйла,
Денемнен шықпаққа жан жақындап тұр.

Қыз айтты:—Өлген емес, Күлше тірі,
Бұл халықтың өлді деген бекер тілі.
Көр қазып, қой өлігін жерге көміп,
Өзіңді сендірмекке қылған мұны.

Шам шаһы Мәлік Мақсан мұнда келіп,
Күлшенің ашық болған жүзін көріп.
Өзіне барша халықты жақын қылды,
Есепсіз алтын-күміс дүние беріп.

Көп беріп алтын-күміс Қалелге һәм,
Дүниесін сан жетпейтін берді оған.
Күлшені Мақсаншаға некеледі,
Уағдасын қолдан бұзып сізге айтқан.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мақсанға кететінін Күлше біліп,
Оңаша меніменен бірге отырып,
Өзіңе, Орақажан, сәлем айтты,
Кеулінің сізде екенін ол білдіріп.

Күлше айтты:—Тәнде болса аманат жан,
Мақсанға өлгенше ырза болмаймын мен.
Өзімді пышақ салып өлтіремін,
Бірігіп жатқанымша оныменен.

Орқаны ұмытпаймын, әсілі, әр кез,
Кетсем де алыс жерге, көрмеске көз.
Ажалдан, апаттардан аман болса,
Артымнан мені іздеп келсінлер тез.

Орқажан, сенбесеңіз айтқан сөзге,
Қараңыз бұл мүрдені ашып тезде.
Ішінен өліп жатқан бір қой шығар,
Мүрдеде еш нәрсе жоқ одан өзге.

Орақа мұны естіп көп қуанып,
Мүрдені өз қолымен ашты барып.
Ішінен кебіндеген бір қой шықты,
Қараса тысқарыға өлігін алып.

Орқа айтты:—Ей, жаным қыз, айтып мұны,
Кеулімді қуандырдың үшбу күні.
Баршадан дәрежеңді асырамын,
Дүниеде өліп кетпей жүрсем тірі.

Орақа қаһары келіп қайраттанып,
Көтеріп қой өлігін қолына алып,
Қалелдің өзі менен әйеліне,
Тастады қой өлігін алып барып.

—Ұялмай басқа халықтан менен және,

Күлшені күшпен бердің Мақсаншаға.
Айла қып қой өлігін жерге көміп,
Бар еді дұшпандығың қанша менде.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Жүресің мұсылмандық ләпін ұрып,
Тұтпайсың шариғатты біліп тұрып.
Құдайдан қорықпай, ұялмай адамдардан,
Екі ерге қалай бердің неке қиып?

Қай оймен, қай пиғылмен қылдың мұны,
Бұл істі кәпір қылмас, басқа діні.
Қырық күндей қой өлігін күзеттіріп,
Кеуліңнің менде бар ма дұшпандығы?!

Егерде болмағанда аталығың,
Көрсетіп дұшпандықтың саған түрін,
Басыңды қылышпенен кесер едім,
Әнтарменен Бәни Омардың салып күшін.

Егерде дүние болса іздегенің,
Құлдар мен түйелерге артқан малын
Йеменде Сәлімшеден алып келдім,
Еге боп жинап алғын соның бәрін.

Орақа осы түрлі әр сөзді деп,
Қалелді әдеп тұтпай сөктілер көп.
Қалелше сөйлей алмай тұрар еді,
Қорыққаны, ұялғаны кеуліне кеп.

Орақа найза, қылыш жарақтарын,
Қалдырмай даяр етіп алды бәрін.
Атына ашуменен қамшы басып,
Артынан жүріп кетті Мақсаншаның.

Әлқисса, Орақаның жолда бара жатып айтқан ғазалы:

—Күлшежан, сенің жолыңда,

Қай түрлі мехнат көрмедім.
Көрмеген ісім жалғыз-ақ—
Ажалым жетіп өлмедім.
Бұл түрлі жұмыс көргеннен,

Жақсы еді менің өлгенім.
Мүрдесін қойдың күзеттім,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Айтқан соң сен деп көмгенің.
Қыз келіп хабар бергенде,
«Жалған,—деп,—сөзің» сенбедім.
Кеулімді ақыр сендірді,

Жүзік пен хатты бергенің.
Жөніңді біліп артыңнан,
Барайын іздеп мен дедім.
Келсін деп маған айтқанда,

Кеуліңе қайсы келгенің.
Мақсанның сансыз қолымен
Қалайша болар тең дедің.
Ақылға тура келе ме,

Ұрысып бәрін жеңбегім.
Арманың екен де, жолыңда
Жанымды менің бермегім.
Мехнатпен іздеп келген соң,

Жақсы еді сені көргенім.
Бір көрмей өлсем дүниеде,
Бекерге кетер еңбегім.
Тәуекел етіп келемін,

Ғазалым болып ермегім.
Осылай деп көп сөз айтып жолды басып,
Далада рахат көрмей арып-ашып,
Бір күні Мақсан тұрған Шам шаһардың

Қасына келіп қонды жақындасып.
Хабарсыз еш нәрседен келер еді,
Алдынан пайда болған бір шаң көрді.
Кигені өңшең темір үстіндегі,

Қырық адам шаң ішінен шығып келді.

—Ей, жалғыз, қайда кетіп барасың?—деп,

Сап тартты Орақаның алдына кеп.
Деп айтты:—Ат-тоныңды тастап шыққыл,
Бекерге аял етіп тоқталмай көп.
Болмаса басың кесіп өлтіреміз,

Жаныңнан үміт қылсаң, тастағын тез.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Әлемге аты шыққан қырық палуан біз,
Қашқанмен құтылмайсың бізден әр кез.
Орқа айтты:—Мен тұрмын сізді көріп,
Ажалға ұшырадыңдар мұнда келіп.

Ат-тоны әр адамның өзіне олжа,
Қайтып кет, жібергенім рақым етіп.
Орқаға бәрі бірден ашу айтып,
Біреуі жалғыз шықты ат ойнатып.

Оқ салып садағына даяр қылды,

—Өлместен кетесің,—деп,—енді қайтып.

Орқа да садағына қолын салды,
Көкірегі ортасынан нышан алды.

—Ажалың жеткен екен, әзір бол,—деп,

Өзінің қуатымен тартып қалды.
Оқ келіп көкірегіне ұшырасып кез,
Тоқталмай арқасынан өттілер тез.
Атынан омақасып жерге түсіп,

Денеден жаны шықты айтқанша сөз.
Жығылып аттан жерге өліп жатты,
Бұл істен өзгелері хабар тапты.
«Бұл қандай бізге келген бәле-дүр?»—деп,

Жабылып бәрі бірдей қойды атты.
Орақа бет қайтармай қарсы тұрып,
Қылышын қынабынан әм суырып.
Алдынан айғай салып тұра ұмтылды,

Арыстан мысалында өзін ұрып.
Орқаға жақын келсе қайсыбірі,
Қылышымен шабар еді Орқа оны.
Не басын, не денесін кесіп кетіп,

Өлерді жанын беріп қалмай тірі.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Олар да шабар еді, шаншар еді,
Іс қылып бұл жалғызды алсақ дерді.
Есіл ер дұшпанының көптігінен,
Денеге жарақатын өткерерді.

Кеулінде Орқа айтарды: «бұл адамдар,
Баршасы палуан екен, құп шері, нар.
Қаншама күш көрсетіп өлтіргенмен,
Қашуға ойламасты, қарсы тұрар».

Жарақат Орқаға да артық өтіп,
Жүрерді сыр берместен ұрыс етіп.
Қашырды майдан жайдан дұшмандарды,
Қайратпен жалғыз өзі күш көрсетіп.

Ұрыға отыз екі ажал жетті,
Сегізі жаралы боп қашып кетті.
Орқаның жарасынан көп қан ағып,
Жанына қиналғаны жаман өтті.

Жолымен жүріп кетті бір тоқталмай,
Рахат қайдан болар, жан қиналмай.
Сол күні күн батқаннан таң атқанша,
Жол жүрді бір мәртебе демін алмай.

Ат тоқтап оттамаққа басын салды,
Орақа бір ағашқа түсіп қалды.
Жарақат денелері, қып-қызыл қан,
Сол жерде есін білмей жатып қалды.

Орқаны бұл ахуалда қоя тұрып,
Айтайын және бір сөз мен білдіріп.
Сол күні Мәлік Мақсан жігіттермен,
Далаға шығып еді сайран қылып.

Қасына ол ағаштың келді жақын,
Орқаның оттап жүрген көрді атын.
Ат тұрған ол ағашқа бұлар келді,
Көзімен көрмек үшін ақиқатын.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Қараса, бір жас жігіт жүзі нұрлы,
Айбаты, саясаты әрбір түрлі.
Мақсанша жолдастарымен жерге түсіп,
«Бұл қалай әдиса?»—деп тәнсін қылды.

Деміне қарадылар құлақ салып,
Леп тартып жатыр екен демін алып.

—Бұл ердің жарасына лажы қыл,—деп,

Әмір етті лоқтырына жүрген алып.
Бас локтыр жарақаттың тігіп бәрін,
Әр түрлі жағып қойды дәрілерін.
Орақа сол уақытта есін жиып,

Өзінің көзін ашып білді халін.
Бір адам Орқаға айтты бұл хабардар:

—Шам шаһы Мәлік Мақсан мұнда тұрар.

Өзінің бас лоқтырын алып келіп,
Тіктіріп жараларын дәрі жағар.
Әй, жігіт, сенің өзің кім ерүрсан,
Денеңнің сау жері жоқ, қып-қызыл қан.

Қай жерден түн ішінде мұнда келдің,
Өзіңді қайсы дұшпан мұндай қылған?
Кеуліне Орақаның қиял келді:
«Күлшені Мақсан алып кеткен еді.

Бұрынғы атастырған күйеуі деп,
Атымды хабарланған, бұл біледі.
Жасырмай өз атымды айтсам егер,
Бұл халде жатқанымда өлтірерлер.

Күлшенің турасында кетпейтұғын,
Кеулінің меніменен қысасы бар».
Мұны ойлап Орақа айтты:—Жайым—Бағдат,
Өзіме Жаһия деп қойылған ат.

Бұл жұртқа сауда қылып келер едім,
Мата артып түйелерге әрқандай зат.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жақындап бұл араға келіп едім,
Жол тосқан қырық ұрыға қарсы келдім.
Алғалы олар мені ұмтылған соң,
Таласып дүниеме, ұрысқа ендім.

Болғандық себебінен ұрылар көп,
Әлсіреп қалған едім жарақат жеп.
Атымның жалын құшып естен танып,
Білмеймін жығылыппын бұл жерге кеп.

Олар да қылыш жұмсап, найза шаншып,
Ұрысты дұшмандығы әдден асып.
Ұрыны отыз екі мен өлтірдім,
Қалғаны малымды алып кетті қашып.

Мақсанша Орақадан мұны естіп,
Ойланды өз кеуліне қиял жетіп:
«Бұл адам хабар берген қырық ұрыдан
Халқыма тұрар еді зиян жетіп.

Жібердім бірнеше мың бұрын әскер,
Сап байлап қатар тұрып ұрыстылар.
Қашырып әскеріме қырғын салып,
Ренжітіп жүруші еді беріп азар.

Бұл адам жалғыз өзі қарсы тұрып,
Бел байлап аянбастан ұрыс қылып.
Әскерінің бес мыңына күші келген,
Қашырса қырық палуанның көбін қырып.

Саудагер мұндай істі қылмас әр кез,
Ақылға тура келмес бұл айтқан сөз.
Порымында батырлықтың белгісі бар,
Дүниенің палуаны-дүр көрмекке көз».

Мақсанша лоқтырға айтты осы күні:

—Ордаға тездікпенен апар мұны.

Жарасын дәрі жағып жылдам жазғын,
Қасынан кетпей тұрып күндіз-түні.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Егерде бұл кеселін түзетсең сен,
Дүниені қалауыңша беремін мен.
Жазылмай осы кесел өліп кетсе,
Өзіңді бір көмемін мұныменен.

Жатқызып ызба ішікке Орақаны,
Ордаға лоқтырменен қайтарды оны.
Ұрымен соғыс болды деген жайға
Падиша көп адаммен барды бәрі.

Қараса, айтқанының барлығы рас,
Қол сынып, бел үзіліп, кесілген бас.
Томпайып әрбір жерде өлік жатыр,
Толқында шығып қалған томарға ұқсас.

Мақсанша мұны көріп тәнсін қылды,
Жігіттің қайратына кеулі тынды.
Даланы кеш болғанша тамаша етіп,
Өзінің ордасына барып кірді.

Үйіне аттан түсіп демін алып,
Шәй ішіп, тамағын жеп рахаттанып,
Далада көргенінің бәрін айтты,
Күлшенің ордасына Мақсан барып.

Орақа қырық күн жатты ол сарайда,
Дәріні лоқтыр жақты әр күн жаңа.
Күн санап жарақаты тәуір болып,
Жазылды кеселінің бәрі және.

Лоқтырға патша берді көп дүниені,
Рұхсатпен өз жайына қайтарды оны.
Орқаны одан кейін күтіп тұрды,
Патшаның шоры әйелі қызметкері.

Бір үйде отырады Орқа жалғыз,
Ішіп-жеп рахаттанып кеше-күндіз.
Кеулінде қиял етіп ойлар еді,
«Қалайша боламын,—деп,—Күлшеге кез».

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір әйел жүруші еді келіп-кетіп,
Алдына күндіз-түні қызмет етіп.
Ақыры сол әйелге айтпақ болды,
Кеуліне Орақаның қиял жетіп.

Бір күні әйел келіп отырғанда,
Білдіріп бұл сөзді айтты Орқа сонда.
Деп айтты:—Құлақ салып есітіңіз,
Айтарлық азырақ сөз бар-ды мұнда.

Күлше атты Мақсаншаның бар әйелі,
Үйінде көрген едім бұрын оны.
Артымнан алып келіп бергін деген,
Аманат менде бар бір жүзіктері.

Бар еді Орақаның бір кемері,
Асыл тас, қызыл тілла тамам бәрі.

—Бір барған қызметіңе мұны алғын,—деп,

Әйелге сыйлық етіп берді мұны.
Әйелдің ол кемерге кеулі кетті,
Аздырып дүние шіркін ақылын елітті.
«Жүзікті алып барып берейін»,—деп,

Орқаның бұл тілегін қабыл етті.
Ол әйел кеуліне алды: «Жүзікті мен
Күлшеге көрсетейін айламенен.
Қолына мен Күлшенің ұстатайын,

Кесенің түбіне сап шәрбат құйған.
Сұраса, жүзік жайын хабарланып,
Білмеймін деп айтайын сөзден танып.
Жігітке ауылдағы бұл кесемен,

Шәрбатты бердім дейін алып барып».
Бұл әйел Күлшеге де қызмет етіп,
Кесеге беруші еді шәрбат құйып.
Шәрбатқа жүзік салып алып келді,

Күлшенің ішетұғын уақытын тауып.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Шәрбатын қолына алып Күлше ішті,
Жүзікке түбіндегі көзі түсті.
Айғайлап бар даусымен бір аһ ұрып,
Айырылып ақылынан жерді құшты.

Күлше айтты есін жинап ол әйелге:

—Бұл жүзік қайсы жақтан болды пайда?

Тез білдір, сабыр-тағат қылмай тұрмын,
Егесі саған берген мұның қайда?
Күлшеге әйел айтты:—Білмей-дүрмін,
Кесемен шәрбат бердім жігітке мен.

Күлше айтты:—Қауіптенбей айта бергін,
Жүзіктің егесіне жаным құрбан.
Әйелдің қуанғаны әдден өтті,
Көңілінен қорқынышы, қапа кетті.

—Сарайда палуан жігіт беріп ед,—деп,

Қалдырмай бастан-аяқ баян етті.
Күлше айтты:—Ол жігітке жылдам барып,
Ішіне бұл сарайдың келгін алып.
Ашығым Орқа жаным болар ма екен,

Көрейін өз көзіммен назар салып.
Ол әйел Күлше сөзін қабыл көрді,
Орқаға «жүріңіз» деп хабар берді.
Артықша өз кеуліне шаттық кіріп,

Ішіне ол сарайдың Орқа келді.
Орқаны Күлше танып назар етіп,
Кеулінде қуанғаны әдден өтіп.
Зар жылап жоғарыдан жерге түсіп,

Жығылды өзін білмей ақылы кетіп.
Күлшеге жатқан жерде Орқа барып,
Мойнына ашығының қолын салып,
«Көргенім өңім бе екен, түсім бе?»—деп,

Жылады қуанғаннан бек зарланып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мақсанша мұны естіп қайран қалып,
Хал-жайын екеуінің көрді барып.

—Орқажан, аман ба?—деп қолын алды,

Ақылмен көрмесе де оны танып.
Патша айтты:—Орақажан, қош келдіңіз,
Көз тұтып жолыңызға тұрарлық біз.
Кешіңіз, келгеніңе қызмет етіп,

Қылмадық құрмет-сыйлық артықша біз.
Өзіңіз айтқан сөзбен саудагер деп,
Меймандық қызметін қылмадым көп.
Сарайда кесел болып жатқаныңда,

Уақтымен тұра алмадым алдыңа кеп.
Білмедім әуелінде бұл жұмысты,
Күлшемен араңызда болған істі.
Мұнда кеп ақиқатын есіткен соң,

Кеуліме ынсап кіріп тауфиқ түсті.
Күлшені қияметтік сіңлімсің деп,
Сақтадым құрмет етіп артықша көп.
Әр заман дуа қылып тіленердім,

Бұл жұртты көрмегіңді өзіңіз кеп.
Осындай бірнеше сөз баян қылып,
Орқаны сыйлар еді құрмет тұтып.
Патшаға Орақа да ұзыр айтты,

Тағзыммен әдеп сақтап тіке тұрып.
Орқа айтты:—Мақсан патша, рахмет сізге,
Жақсылық іс қылдыңыз мұнша бізге.
Күнәмді көңіліңе алмай кешіріңіз,

Атымды айтпағаным өзіңізге.
Бұл түрлі мархабатыңды есіткенде,
Тоқтаусыз айтар едім атымды онда.
Жомарттық, тақуадарлық жұмыс қылмас,

Дүниеде сізден өтіп ешбір пенде.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Есітсе бұл ісіңді әр адамзат,
Айтады мың мәртебе сізге рахмет.
Дүниеде бұдан жақсы жұмыс болмас,
Қылмақтық бір ғаріптің кеулін шат.

Бір емес, қуанышты екі ғаріп,
Туғаннан біз жүрердік қамда қалып.
Өміріміз барлығынша пенде-дүрміз,
Қайғыдан шығардыңыз сіз құтқарып.

Халқына Мақсан айтты:—Уәзір, сардар,
Орақа Қамам ұғлы бұл шері, нар.
Палуанның отыз екі басын кесіп,
Майданда жалғыз өзі өлтірділер.

Күлшені мен өзіме харам біліп,
Қойып ем қияметтік сіңлі қылып.
Орқаны бұл араға келсе деп ем,
Кеуліме содан бері қиял кіріп.

Сол үшін қарындасым мен Күлшені,
Той жасап мен беремін Орқаға оны.
Қуаныш осы түрлі хал-жайымнан
Естісін, хабарланып халықтың бәрі.

Халық айтты Мақсаншаға:—Ей, шаһариар,
Ақиқат болған болса бұл айтқандар.
Дүниеде бір мәртебе сіз қылдыңыз,
Еш адам сізден бөлек қылмадылар.

Халқына хабар беріп шақыртты жар,
Білдірді «патшамыздың тойы,—деп,—бар».
Тағамның әрбір түрін даяр етіп,
Қаншама қой-жылқыны сойдырдылар.

Бұл тойдан халықтың бәрі тамақ жеді,
Тон жауып, бәз біреуге ат мінгізді.
Бұл тойдың ақиқатын есіткендер
Патшаға мақтау айтып, рахмет дер-ді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шаһардың тойға келген адамдары,
Кеш болып жайларына қайтты бәрі.
Зейнетті бір сарайға төсек салып,
Күлшемен отырғызды Орақаны.

Бір үйде екі ашық қарар етті,
Мақсаты-мұратына бұлар жетті.
Шаттықтың жарық болып шамы жанып,
Қайғының қараңғылық түні кетті.

Орқаға Мақсан айтты:—Құлағың сал,
Қайтатын егер болса кеуліңде бар,
Күлшемен екеуіңізді жұртыңызға
Көп адам жолдас болып апарсынлар.

Орқа айтты:—Кеулімде бір жұмыс бар,
Жұртыма қайтып барсам, болса ықтияр.
Жақсылық сіздің мұндай ісіңізді
Есітіп барша халық хабарланар.

Айтарды бір-біріне болып қайран,
«Нысапты, діні мекем, бұл қалай жан?!»
Әлемге атыңызды шығармаққа
Барсам деп өз жұртыма ойланамын.

Мақсанша Орақадан мұны естіп,
Қазынадан жол-жабдығын даяр етіп,
Халқына ертіп барып қайтпақ үшін,
Қасына отыз адам жіберді ертіп.

Жол жүріп бірнеше күн ашып-арып,
Халқына Нәби Шайбан жетті барып.
«Орақа Күлшені алып келеді»,—деп,
Есітті Нәби Шайбан барлық халық.

Қалмастан екі қышлақ адамдары,
Алдынан қарсы шықты тамам бәрі.
Әдеппен қол қусырып тағзым етіп,
Артықша құрмет етті Орақаны.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Қалел де көп адаммен келіп бірге,
Орқаның басқан ізін сүртіп көзге,
Күлше мен екеуінің қолын алып,
Сөйледі мына сөзді келіп тілге.

—Орақа, Күлше, құлыным,

Есепсіз көріп қорлықты,
Келдің бе аман, шырыным.
Басын кес мендей залымның,
Мұнан былай дүниеге

Таралмасын ұрығым.
Өлуге ылайық жазам бар,
Мұсылманға бітпеген
Құрысын менің пиғылым.

Дүниені былғармын,
Өз қолыңмен, Орқажан,
Басын кес мендей ұрының.
Баласында адамның

Болмаған менің бұл ісім.
Өлтіруден басқа жоқ,
Ойлаған уақта дұрысын.
Азғырған тілге ілестім

Опасыз дүние, пұл үшін.
Айналдырдым арамға
Біреудің адал жұмысын.
Көре алмаймын ел бетін,

Тезірек, қалқам, өлтіргін,
Адамдық ісім құрысын.
Кессең бас, кешсең өзің біл,
Аяғыңа жығылып,

Алдыңа келіп тұрысым.
Орақа сонда сөйледі:

—Атажан, кештім күнәңді,

Азғырып сізді көп адам,
Әзәзіл салған …*
Өткен шығар қателік,
* Бір сөз танылмады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сабырлы едің, шыдамды.
Кеуліңіз сіздің ақ еді,
Қиянат жұмыс болған-ды.
Қорлыққа көрген ырзамыз,

Баршасын Құдай қылған-ды.
Құрметі үшін Күлшенің
Жолдан сізді шығарған,
Күнәсін кештім анамды.

Дүниеге сатпалық
Опасыз мынау жалғанды.
Біз де соның біреуі,
Опасы жоқ дүние

Талайлардан қалған-ды.
Аман-есен бас қосып,
Қуанышпен шығардық
Кеуілдегі арманды.

Орақа осылай дегенде,
Қалелдің кеулі шаттанды.
Хан көтеріп Орқаны,
Қышлаққа бәрі аттанды.

Орақа мен Күлшеге
Ата болып Қалелше,
Күнәдан пәк боп ақталды.
Дұшпанды басып табанға,

Орқаның қайрат-күшімен
Ағайын халқы мақтанды.
Солардың өмір тарихы
Бетіне түсіп қағаздың,

Бұл күнгеше сақталды,
Мақсаншаның жұмысын
Есіткенде барша адам
Рахмет айтып таң қалды.

Қанағатты, нысапты
Бар екен деп мұндай жан

ОРҚА—КҮЛШЕ

Адамзатқа мейірімді,
Туған ата-анадан
Сақи туған қайырлы
Порымында жоқ айыбы.

Қарындас етіп сақтапты,
Екен деп Орқа зайыбы.
Некесін бұзбай біреудің,
Аманат бағып отырған,

Шын жомарттық зайыры,
Орқаның жолын күтіпті.
Жолаушы кеткен Күлшенің
Табылғай деп ғайыбы,

Түзелер еді замана,
Мәлік Мақсан патшадай
Таза пейіл, ақ кеуіл
Әркімнің болса пайымы.

Әлқисса, жеті күн той жасалып, тамашалар болып жатты.
Күлшенің жүзік беріп кеткен қызы келіп, Күлшемен көрісіп,
жылап, Орақа көріп қызды көп жылап көрісті. Күлше білегін­
дегі алтын сағатын қыздың білегіне тағып қуанышта болды.

Мәлік Әнтардың соғысында Орақаның қолын шешіп өлімнен
алып қалған жігіт келіп Орқаға сәлем берді. Орқа жігітті көріп
көп жылап көрісіп, мақсатына жетіп, қыз бен жігітті Орқа мен
Күлше артықша құрмет етті. Жігітте әйел жоқ еді, қыз да бос

отырған еді. Той бітіп сегізінші күн болды.
Қолын шешіп қылышпен атын берген,
Құтқарған Әнтаршада бір өлімнен,
Он түйе алтынымен бұ да алып,

Қайтқанда Сәлімшеден бірге келген.
Орақа ол жігітті қылып құрмет,

—Сан жетпес сізге,—деді,—мың рахмет.

Қазынаның кілтін ұстап тұрыңыз,—деп,
Қасынан бас уәзірлік берді қызмет.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Орқаға мазаратта жүзік берген,
Сол тойда айтып едік қыз да келген.
Қазынаның кілтін берген уәзіріне
Той жасап, осы қызды некелеген.

Бұлар да жетті сөйтіп тілегіне,
Тағылды алтын сағат білегіне.
Қыз, жігіт бірін-бірі көрген заман,
Ашықтық оты кірді жүрегіне.

Ұстатты сол жігітке қазынаны,
Есеп жоқ керегінше алғызады.
«Өлімнен алып қалған жан досым»,—деп,
Уәзірлік қосып берді дәрежені.

Алты күн той, алты күн ойын болды,
Аш-арық кедейлерге тойым болды.
Хан қойып екі қышлақ Орақаны,
Халқына Нәби Шайбан әкім болды.

Патшалар қатар жатқан хабарланды,
Орқаның қайратына қайран қалды.
Қорлықтың зорлықпенен бәрін көріп,
Тілегі ақырында орындалды.

Құдайға сиынайын әуелінде,
Аз қисса сөз жазайын қағазында.
Қалам алып Құдайға сиынайын,
Сөз тапса жазар шағым осы күнде.

Қалам алып жазайын қисса сөзді,
Жазған жан ғаріптікпен жаһан кезді.
Ойласам ақыл жетпес ой түбіне,
Құдайым есен қылсын баршамызды.

Бұрынғы әділ өткен халифалар,
Әділ патша бейіштен орын алар.
Жақсы өткен дүниеде, жаман өткен,
Жақсының өзі өлсе аты қалар.

Ғаріптер қисса оқыса, біледі хат,
Қалам алып жазайын аз қисса хат.
Һарон Рашид өтіпті бір халифа,
Құдайым оған берген көп салтанат.

Һарон Рашид халифа салтанатты,
Бір уәзірі бар екен Фазыл атты.
Халифа уәзір бірлән отырғанда,
Біреу келіп үш дана гауһар сатты.

Қараңғы үйге қойса қылар жарық,
Халифа тасты көрді қолына алып.
Мұндай тас бұ жаһанда көргені жоқ,
Тұрады қараңғы үйде оттай жанып.

Қисса Таһир

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бағасын білер ме екен жиылған көп,
Тасты көр[се] ас ішпей болады тоқ.
Адамның ақыл-ойы жете алмады,
Мұндай тас бұ жаһанда көргені жоқ.

Мұндай тас болар ма екен тірі жанда,
Дүнияда кәпір, орыс, мұсылманда.
Һарон патша сұрайды уәзірінен:

—Бар ма екен бұ дүнияда һеш адамда?

Уәзір айтты:—Жасыңыз болды ұзын,
Мысырда бір жігіт бар, көрсең жүзін.
Мұндан артық гауһары толып жатыр,
Итпарас деп айтады тағы да өзін.

Мысырда бір жігіт бар Таһир атты,
Бау-шарбақ мүкәммалы салтанатты.
Үйінде асыраулы екі иті бар,
«Итіге табына» деп иман атты.

Падиша естіген соң бұған күлді,
Гауһар жақтан уәзірге ашуланды:

—Дүниеде мұндан артық гауһар болмас,

Гауһардан итпарастық ғажап болды.
Әй, тақсыр, құлағың сал, тілге нанып,
Мен берейін аты-жөнін хатқа салып.
Мысырға жіберейін екі жігіт,

Таһирді гауһарымен келсін алып.
Уәзір хатқа аты-жөнін салып берді,
Мысырға жіберіпті екі ерді.
Халифа шақырған соң амал бар ма,

Таһирді гауһарымен алып келді.
Таһир келіп есіктен сәлем берді,
Отырған көп Таһирдің жүзін көрді.

—Мұндайын гауһар қолыңа түсті ме?—деп,

Амандасып қолына гауһар берді.

ҚИССА ТАҺИР

—Менде бар мұндан артық отыз дана,

Жанынан бір қалтаны алды және.
Құдайым қандай артық жаратпаған,
Алланың құдіретіне қара-сәна.
Қалтадан отыз дана гауһар шықты,

Халифа да көрген жоқ ондай тіпті.
Халифа, отырған көп қалды қайран,
Жаһанда ондай тасты көрген жоқ-ты.

—Жүзің жарық жігітсіз, жаным, сенің,

Көп екен дүнияда жиған малың.
Тал бойыңнан бір айып таба алмадым,
Таһир сенден тағы бар бір сауалым.

—Бар болса сұрай берің һәр сауалың,

Алдыңға құлың келді, тақсыр ханым.
Білсем жауап берейін сауалыңа,
Жолыңда пида болсын шыбын жан[ым].
Падишаның жауап сұрағаны:

—Мен сенен есітемін иман атты,

Үйіңде асырайсың бір-екі итті.
Итке сені табына деп есітемін,
Неден сенің басыңа зауал жетті.
Не себептен табындың екі итке,

Лайық па итпарастық ер жігітке.
Итке құлдық қылғаның лайық па деп,
Таһиржан, естіген соң есім кетті.
Итпарас деплер сені көрген адам,

Құп мүләйім жігітсің өзің мәдам.
Һеш нәрсе таппадың ба табынғалы,
Дүниядағы қуатты көп жандардан.
Табынсаң аю бірлән жолбарыс көп,

Арыслан һәммасындан қуатты бек.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Көңілің иман-нұрдан ғапыл емес,
Аң жігіт, фаррарсың, ақылың жоқ.
Жаратқан бір деп ойла бір Құдайды,
Құдіретімен жаратқан күн мен айды.

Менім сенден сұраған сауалым сол,
Итпарастық болғаның жарамайды.
Патшаға Таһирдің берген жауабы:

—Сауалыңа берейін жауап, ханым,

«Иә, Алла» деп сүйенген ғаріп [жаным].
«Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммед Расул Аллаһ»,
Мұхаммедтің үмбеті—мұсылманмын.
Мұхаммедке үмбетпін, Құдайға құл,

Айта берсем кеудемде кеңесім мол.
Үйімде асыраулы екі итім бар,
Қатеріңіз болмасын, тақсыр, малул.
Мойнында екі итімнің алтын шынжыр,

Астында торғын төсек төсеулі тұр.
Білезігі, кигені бәрі алтын,
Инанбасаң, тақсыр ханым, алдырып көр.
Ас бергенім итіме алтын аяқ,

Тәңірім дәулет, бақ берді аямай-ақ.
Екі итімнің сырын сізге айтсам,
Қапа болып жүрмеңіз итімді аяп.
Һәр күнде жегіземін түрлі тағам,

Итке қызмет қыламын өзім мәдам.
Көңілімдегі айтайын әңгімемді,
«Сөйле» деп рұқсат берсең маған.
Халифа рұқсат беріп:—Сөйле,—деді,

Ұмытқаның бар болса, ойла,—деді.
Әуел бастан сөйлей көр, Таһир жаным,
Бізге айтпаған бір нәрсе қойма,—деді.

ҚИССА ТАҺИР

Таһир халифаға сөз сөйлейді,
Ішінде енді айтпаған сөз жимады.
Әуел баста сөйлейді халифаға,
Таһирдің айтқан сөзін жұрт тыңлады.

—Енді айтайын мен сізге сөзім бәрін,

Шаһарым—Мысыр, атам аты—Ғасым.
Атам кісі дүнияда бай кісі екен,
Неше дүкен толтырған асыл тасын.
Атамыз тағдыр жетіп, дүния салды,

Қисапсыз мал, артында үш ұл қалды.
Атамыз өлгеннен соң мал үлестік,
Екі ағам тиген малын бөліп алды.
Екі ағам малын алып бөлек кетті,

Дүнияда жамандықтың бәрін етті.
Түні-күні арақ ішіп, құмар ойнап,
Қолынан аз заманда дәулет кетті.
Қылмаған һеш қоймады жамандықты,

Қолында мал қалмады, зар етті.
Күтпесе адамзатта дәулет тұрмас,
Атаның ауыр дәулет бәрі бітті.
Мен сақтадым енші алған малды,

Бір Құдайым кеудеме ақыл салды.
Енші малым көп болды бұрынғыдан,
Сапар шығып қинадым шыбын жанды.
Атамнан да көп болды менім малым,

Көп жиған дүнияда мүкәммалым.
Әй, жақсылар, тыңдаңыздар жақсы кеңес,
Қандай мехнат көрді менім жаным.
Бақ берсе адамзатқа дәулет табар,

Бақ болмаса адамнан дәулет кетер.
Малын алар Құдайым, басын да алар,
Құдайым қарғағанын әуара етер.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ағаларым жалаңаш болды кедей,
Менім дәулетім бар, көңілім жай.
Пақырлар елден-елге нан сұрайды,
Ойласам құдіретің кең, Құдайым-ай.

Екеуін есіркедім бір күн көріп,
Үйіме алып келдім соңына еріп.
Киім сарпай кигіздім екеуіне,
Бір мыңнан екеуіне тілла беріп.

Алып кетті екеуі мың тілланы,
Арақ ішіп сап қылды дахи оны.
Мен тағы мұндан былай үміт үздім,
Өлмесе екеуінің шықсын жаны.

Жалданды енді екеуі боқ қазарға,
Ақыл керек қағазға сөз жазарға.
Сол екеуін бетіме қылды салық,
Сен ақыр екі ағаңды қолыңа алып.

Екі ағаң кедей болып тентіреп жүр,
Мен жүремін сол сөзге намыстанып.
Бұл сөзді естігенсін намыстандым,
Үйіме алып келуге іздеп бардым.

Іздеп барып тағы да бердім сәлем,
Екеуін алып келдім үйге таман.
Алып барып жегіздім түрлі тағам,
Бастан-аяқ кигіздім түрлі шапан.

—Ниет қылдым жүрмекке дария сапар,

Жолдас болып мен бірлән сіздер де бар.
Мынаны жеп, мынаны ішіп сіз барыңыз,
Берейін екеуіңізге мен кәр динар.
Екеуі менім бірлән жүрмек болды,

Екеуі маған қайыр дұға қылды.
Қисапсыз мал мен алдым көп нығмет,
Алтын бірлән күміске үй толды.

ҚИССА ТАҺИР

Екі ағаммен үшеуміз кеме кірдім,
Бес-алты күн кемеде рахат көрдім.
Жолдас қылып ап кеткен екі ағамдан,
Ақырында жапаны сондан көрдім.

Бір тақтайда ұйықтадым бір күн жатып,
Көтерділер тақтайды тақылдатып.
Көзімді ашып қарасам—ағаларым
Тақтаймен жіберділер дарияға атып.

Атқан тақта дарияға келіп түсті,
Ағалардан мен көрдім мұндай істі.
Кеме бірлән екі ағам жүре берді,
Құдіреті Құдайымның сондай күшті.

Берік ұстадым тақтайдан мен қолымды,
Жел шығып, дария жүзі толқын болды.
Ішерге мен байқұстың тамағым жоқ,
Сарғайып зағыпырандай жүзім солды.

Һешкімге опа қылмас жалған дүние,
Көрінбес судан басқа һешбір неме.
Үш күн, үш түн ағызды жел тақтаны,
Адамзат ажал жетпей өлер деме.

Көрінді үш күннен соң бір құры жер,
Құрыға айдап келді тақтаны жел.
Жамандықтың ақырын жақсылық қыл,
Құдай-а, һәр мүміннің тілегін бер.

Құрыға шыққандан соң қылдым шүкір,
Тақсыр ханым, Құданың құдіретін көр.
Судан шығып тамаша қылып тұрсам,
Алдымда су шетінде өз кемем тұр.

Көргеннен соң таныдым өз кемемді,
Тәңірім есен сақтады шыбын жанды.
Мал, асбаб, алтын-күміс һеш нәрсе жоқ,
Күзетшіге қойыпты бір адамды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мені көріп ол адам қарсы жүрді,
Алдыма қарсы келіп сәлем берді.

—Жөніңді айт, қайдан келген бейшарасың,

Көрмедік бұл шаһарда сендей ерді.

—Мен бір ғаріп бейшара, алыс жол-ды,

Сарғайып зағыпырандай жүзім солды.
Айтар сөзім бар еді мырзаларға,
Иесі бұл кеменің қайда болды?
Күзетшінің жауабы:

—Дәрулмәлік патшаның шаһарында,

Саудагер көп жиылған осы күнде.
Бес-алты жүз түйеге нәрсе артып,
Мырзаларым кеттілер бәрі сонда.
Мен сұрап күзетшіден тамақ жедім,

—Шаһардың қайсы болар жөні?—дедім.

Тек жүрсем басыма менім бәле бар ма,
Жөнім таппай дұшпанға өзім жеттім.
Бар екен ол шаһарда керуен сарай,
Мен таптым ағаларым қарай-қарай.

Мен сықылды дүнияда әуре қылмай,
Һәр пенденің тілегін берсін Құдай.
Есіктен үй ішіне келіп кірдім,
Төрдегі ағаларға сәлем бердім.

Көргенден соң жылаймын екі ағама:

—Бауырларым, сіздерді есен көрдім.

Екі ағам отыр киіп киімімді,

—Не еттіңіз алтын-күміс бұйымымды?

Өлер деп-ақ кеттіңіз мені сіздер,
Тәңірім сақтап келтірді мені мұнда.
Екі ағам—мал иесі отыр төрде,
Есіктен кіріп келген мені көрді.

ҚИССА ТАҺИР

Айландырып қараса—өз інісі,
Інісін көріп, біліп таныды енді.
Екі ағам мені көріп таңға қалды,
Екеуі тұра келіп айғай салды.

Қатты ұра бастады мен ғаріпті,
Көрген адам бәрі де таңға қалды.
Екеуі қолына алды жуан таяқ,
Мен байғұсты қатты ұрды аямай-ақ.

«Күнәһі бейшараның не болды?»—деп,
Мұсылмандар жиылды бәрі де аяп.
Мен таяқтан жығылдым есім ауып,
Екі ағам кеңесті ақыл тауып.

—Танымаймыз бір залым келген бізге,

Малым бар деп біздерге жала жауып.
Екі ағам көп қылып тарту алды,
Шаһардың падишаһына алып барды.

—Айлық жолдан келген бейшарамыз,

Патшаға кіреміз,—деп хабар салды.
«Кірсін,—деп,—саудагерлер» жарлық болды,
Қол қусырып падишаға сәлем берді.

—Тақсыр ханым, сіздерге арызымыз бар,

Айталық алдыңызда арызымызды.
Алыс жолдан келген біз ғаріптерміз,
Арыз айта алдыңа келдік біз.
Тақсыр хан, бір адамдан қорлық көрдік,

Қорлық көрген залымнан саудагерміз.
Патшаның жауабы:

—Бұларға зорлық қылған неткен адам,

Біреудің менікі деп тамам малын.
Салмақ керек зынданға ол залымды,
Бұлар бірлән бара гөр, уәзір жаным.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Есім кетіп көтердім басым әрең,
Бас-көзімден қан кетті тарам-тарам.
Өзім малым өзіме зиян болды,
Осындай күйге салды Алла Тағалам.

Таяқты көп жегеннен есім кетті,
Тақсыр ханым, қан жуды қызыл бетті.

—Әй, залым, қайдасың?—деп өлтірмекке,

Бірқатар жасауылдар келіп жетті.
Сендерге пәле қылған залым қайда,
Мұндардың екі қолын артқа байла.
Базар күні асармыз дарға мұны,

Зынданға барғанынша жаяу айда.
Жөнелді жасауылдар жаяу айдап,
Мойныма шылбыр тағып қолым байлап.
Үш күнден соң болады базар күні,

Зынданда жата тұрсын күні-түні.
Алып барып тастады зынданына,
Алып шығып асармыз базар күні.
Жалғыз жаттым зынданда ғаріп басым,

Ғаріптікпен ағады көзде жасым.
Сегіз құлаш зынданның тереңдігі,
Һәр мүмінді Құдайым жарылқасын.
Өлгенде бір Алладан пана бар ма,

Бір Алладан басқа да дана бар ма.
Қараңғы жер ішінде жатып жалғыз,
Алла ісіне көнбейтін шара бар ма?!
Кеудемде кеңесім бар диан-диан,

Иман бер деп тілеймін бір Құдайдан.
Ассыз-сусыз білмеймін түні-күні,
Қараңғы зындан болды менім жайым.
Бір адамды тастады және бір күн,

Мен ғаріпке білінбес күн білән түн.

ҚИССА ТАҺИР

Бір жан келіп түбіне және түсті,
Қасына бардым жетіп отырған соң.
Түскеннен соң қасына бардым жетіп,
Бейшара жылап жатты есі кетіп.

Есін жиды, сөйлестік екі ғаріп:

—Несін түстің бейшара күнәһ етіп?

Отырып мұңдасамыз екі зарлы,
Зынданның түбі терең, ауызы тар-ды.

—Сенің қандай, бейшара, қылмысың бар,

Ағаларым қас болып салды мені.
Ол жігіт өзі көркем, кіл асыл,
Тақсыр хан, не көрмеді ғаріп басым.
Бастан-аяқ сөйледім уақиғамды,

—Енді сен сөйле,—дедім,—замандасым.

Ағасы қылған екен оған да қас,
Біраз күн екеуіміз болдық жолдас.
Бір кәнизім бар еді, аһ, дариға,—деп,
Қатра-қатра көзінден ағады жас.

Зынданның түбі терең, ауызы тар,
Пақырдың көкірегінде құсасы бар.
Бейшара ғашық жарын жадына алып,
Аллаға мұңлық ғаріп қылады зар.

Жыласып отыр едік екі пақыр,
Һеш нәрсе жоқ біздерге өлім ақыр.
Құдаға налыс қылып отыр едік,
Арқан түсіп зынданға келе жатыр.

Отырдық иман айтып өлеміз деп,
Бір адам айғай салды «бармысың?» деп.
«Тірі болсаң ұста!» деп айғай салды,
Жолдасым ұстай алды тұра келіп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жалғыздық тағы түсті мен байғұсқа,
Қан аралас толады көзім жасқа.
Жолдасым жоқ, зынданда қалдым жалғыз,
Жақсылық һеш болмады мен байғұсқа.

Жылаймын, жолдасым жоқ жалғыз қалып,
Бір адам айғай салды арқан салып.
Тәңірім берді халастық мен ғаріпке,
Арқандан мен де шықтым ұстай алып.

Тәңірім сақтап зынданнан құтылдық біз,
Қарасам, арқан салған бір сұлу қыз.
Екеуі құшақтасып қылды зары,
Аллаға шүкір қылдық үшеуіміз.

Ол қыз менім жолдасымның ғашық жары,
Тіл бірлән айтып болмас көрісім[ді].
Болар ма мұндай көркем адамзатта,
Қызыл жүзді ғашық жар, сүттей ағы.

Енді шықтық сахараға кеңесіп біз,
Екеуміз жолдасымыз—бір сұлу қыз.
Тәуекел деп Аллаға қылып зары,
Алланың рахматына қоямыз жүз.

Тәуекел деп келеміз құла түзге,
Алып жерге тамақ жоқ тіпті бізге.
Үш күн, үш түн жүрдік, тақсыр ханым,
Бір қара көрінеді көзімізге.

Көрінген біздер келдік жалғыз тамға,
Ол тамның ішінде жоқ бір тірі жан.
Неше күн жүріп аш, кетті дәрмен,
Жүре алмай бейшаралар жаттық анда.

Жолдасым қызбен жатты там ішінде,
Көлеңкеде мен жаттым там тысында.
Төгірекке қарасам, тақсыр ханым,
Көп керуен келе жатыр көз ұшында.

ҚИССА ТАҺИР

Анадай керуен келіп жерге түсті,
Һәр күйге Тәңірім салды мен байғұсты.
Құдамның шүкірлік мұнысына,
Көрсетті мен ғаріпке талай істі.

Керуен келіп тіктілер бәрі шатыр,
Керуенге қарап жүрдім мен бір пақыр.
Тамақ сұрай керуенге келіп едім,
Енді түсті басыма заманақыр.

Керуенге ақырындап бардым жетіп,
Нәпақа тамақ керуенден үміт етіп.
Екі ағам бір шатырда тағы да отыр,
Қайран қалып тұрдым мен есім кетіп.

Екі ағам мені көріп айғай салды,
Қолына тұра келіп құрық алды.
Және ұра бастады мен ғаріпті,
Керуен халқы бәрі де таңға қалды.

Тағы да жараланды басым, көзім,
Ем болмас қанша айтсам менім сөзім.
Қанша ұрғанын білмеймін, тақсыр ханым,
Биһұш болып қалыппын тағы да өзім.

—Сендерге не іс қылып бұ бейшара,

Салдыңыз бейшараға мұнша шара.
Керуен халқы есіркеп мен ғаріпті,—
Қане мұның күнәсі, айтып қара.

—Бұ залым, қарақшы өзі жүрген,

Неше мұндай керуенді ойран қылған.
Мұның шерік, нөкері толып жатыр,
Керуенді байқамаққа өзі келген.
Андан соң мені ағашқа байлағанлар,

Қылышын өткір қылып қайрағанлар.
Артымыздан өлтіріп келе ғой деп,
Бір құлды өлтірмекке сайлағанлар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Өлтіруге қасыма бір құл қалды,
Қолына өлтірерге қылыш алды.
Керуен бәрі көшіп кеткеннен соң,
Рақымсыз құл басыма қылыш салды.

Рақымсыз құл қылышпен шапты мені,
Басымнан су орнына ақты қаны.
Аттанып құл кетіпті өлтірдім деп,
Ғаріптің шықпай қалған шыбын жаны.

Ажалсыз адам һәркез өлмейді екен,
Ғаріптің көңілі сынық болмайды екен.
Тура ажал жетпесе, тағдыр жетіп,
Құдайым һәр бәледен қорғайды екен.

Сақтаса бір Құдайым бәле кетер,
Тәңірім өзі сақтаса пенде не етер.
Біреу бас, біреу жары бұл дүнияда,
Құдайым сүйген құлын падиша етер.

Көзім ашсам, байлаулы екі аяғым,
Қайда ашылған, тақсыр хан, менім бағым?!
Есім жиып қарасам төгірекке,
Толып тұр атты адамға екі жағым.

Бәрі қыз тұрған адам, көзім ашсам,
Қарайды-ай ғаріп деп бәрі маған.
Арасында бір қыз бар алтын киген,
Қарадым көзім ашып қызға таман.

Менен де қыз алмайды екі көзін,
Толған айдай балқиды көрсең жүзін.
Ақылым кейде кіріп, кейде шығып,
Сәрһұш болып жатыр ем менім өзім.

Қыздың бәрі бір жолы аттан түсті,
Менім келіп аяғым, қолым шешті.
Қанымның бәрін жуды үшбу қыздар,
Тақсыр хан, құлың көрді талай істі.

ҚИССА ТАҺИР

Қылдылар бір көйлекті пара-пара,
Бар екен қылыш тиген жетпіс жара.
Бәрін қыздар байлайды жараларым,
Тақсыр хан, құлағың сал, тыңлап қара.

Қыздар менім байлады жараларым,
Ажалсыз шықпайды екен жан мүрдәрің.
Алдына алып өңгерді мені қыздар,
Тақсыр хан, мен сөйлейін сөздің бәрін.

Мені бір қыз жөнелді алдына алып,
Жамағат, құлағың сал, тілге нанып.
Бір жаққа қыздар мені алып келді,
Бұ іске мен келемін қайран қалып.

Көрінді бақ ішінде алтын сарай,
Келемін төгірекке қарай-қарай.
Һәр түрлі ой ойлаймын, тақсыр ханым,
Қандай күйге саласың, Құдайым-ай.

Көтеріп аттан алды қыздар мені,
Құлыңның кеудесінде бар-ды жаны.
Меһірбандық көп қылды қыздар маған,
Тыңласаңыз, айтайын сіздерге оны.

Көтеріп мені үйге енгізділер,
Түрлі тағам алып келіп жегізділер.
Алтын тақыт үстіне төсек салып,
Үстіме түрлі киім кигізділер.

Салады һәр жарама түрлі дәру,
Мен болдым тамам қыздың ғашық жары.
Меһірбандық көп қылды қыздар маған,
Қызмет қылып тұрады қыздың бәрі.

Қыздар құрмет қылады бәрі тұрып,
Жарамды күнде-күнде шешіп көріп.
Су дәріні береді шекер мен бал,
Оңалдым күнден-күнге тәуір болып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Біреуі бар ішінде хан қызындай,
Біреудің ардақтаған жалғызындай.
Қыздар менің шықпайды һеш қасымнан,
Өзі қызмет қылады жалғыз тынбай.

Алып келіп жегізді түрлі тағам,
Өзі қызмет қылады жалғыз маған.
Ойлаймын бұ қыздардың қызметінден,
Не себептен қылады қызмет маған.

Оңалып жараларым бәрі бітті,
Қызметі бұ қыздардың маған өтті.
Ұқсатты деп ойлаймын бір адамға,
Болмаса не себептен қызмет етті.

Мені бір күн қасына шақырды қыз,
Оңаша үйде отырдық екеуіміз.

—Қай жерліксің, енді маған айт сырыңды,

Сырыңды енді маған айтыңыз сіз.

—Мен бір ғаріп бейшара жаһан кезген,

Мен көрдім көп жақсылық, жаным, сізден.
Бастан-аяқ сөйлейін уақиғамды,
Айтайын сіз сұрасаңыз, жаным, бізден.
Қызға айттым мен көрген уақиғамды,

Мен айтқан соң сөзіме құлақ салды.
Бастан кешкен мен айттым уақиғамды,
Естіген соң қыз өзі қайран қалды.

—Мұнша мехнат көріпсің, ғарібім-ай,

Зынданға салған падишаһ қызы едім-ай.
Маған ғашық дүнияда шаһзадалар,
Сұрай елші келеді бір өтініп-ай.
Һешбіріне түспейді көңілім менім,

Байлауда жүзіңді көрдім сенің.
Көңіліме махаббатың түсті сенің,
Жүзіңді көргенден соң өтті жаным.

ҚИССА ТАҺИР

Жүзіңді көргеннен соң болдым күпті,
Өтірік сөз мұнда жоқ зәррә тіпті.
Атамның ұлы да мен, қызы да мен,
Менден басқа атамда перзент жоқ-ты.

Ей, жігіт, болма қапа, мехнат кетті,
Мехнат кетіп, өзіңе рахат жетті.
Жұртқа патша боларсың Тәңірім берсе,
Өзің жұртқа қыларсың хүкіметті.

Атым—Қамар, Алжарқан қызы едім мен,
Айтатұғын шаһзаданың дәл өзі мен.
Жұртқа падишаһ қылайын, болма малул,
Атамның ардақтаған жалғызымын.

Түрлі тағам алып келді алуан-алуан,
Һәр нәрсеге көнеді бейшара жан.
Шаһарына алып жүрейін деп,
Қыз киімін кигізді тағы маған.

Көрсетті Тәңірі маған көп қызықты,
Алтын сарай салдырды тас жүзікті.
Қыз киімін киген соң, тақсыр ханым,
Қыздардан айырмассың көрсең бетті.

Аттанып енді жүрдік шаһарға біз,
Жолдасы хан қызының бірқатар қыз.
Төгіректеп келеді қыздың бәрі,
Ортасында келеміз екеуіміз.

Қыз келді деп жұрт шықты атты-жаяу,
Қасында мен келемін қызға таяу.
Келе жатып, тақсыр хан, ой ойлаймын,
«Қандай күйге саласың, Құдайым-ау».

Хан қызының қасына келді жетіп,
Арғымақ алтын жабду әсемдетіп.
Оңаша үй бар екен хан қызының,
Екеуіміз төсекте қалдық жатып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Күндізінде тамаша, кеште ойын,
Ертеңді-кеш жатқаным жылы қойын.
Ішкенім бал мен шекер, ойын-күлкі,
Хан болғандай көреді менім ойым.

Ғейіш-ғишрат біз қылдық күндіз-кеше,
Күн өтті бұл арадан әлденеше.
Құдайым меһірбанға жолықтырды,
Жанын пида қылады мені десе.

Қайсыбірін айтайын, көп күн өтті,
Нағып теріп жазайын, есім кетті.
Хан қызындан бір қауым дәурен сүрдік,
Рахат кетіп біздерге мехнат жетті.

Бір күні бір кәнизак бізді көрген,
Біздерді сығалапты тесік жерден.
Қыз бірлән жатқанымды көргенден соң,
Барған да падишаға хабар берген.

—Тақсыр хан, қызыңызға келдім барып,

Мен келдім бір іс көріп қайран қалып.
Бір жігіт бар үйінде қызыңыздың,
Екеуі қалды жатып төсек салып.
Қызыңызбен бір жігіт мойындасып,

Жатып қалды екеуі қойындасып.
Менім айтқан сөзіме нанбасаңыз,
Қараңыз, тақсыр ханым, есік ашып.
Хан келіп сығалапты өзі бізді,

Менімен бірге жатқан көрген қызды.
Уәзірін хан алдырған ашуланып,
Өлтірейін деп ойлап екеумізді.
Хан келіп уәзірімен үйге кірді,

Төсекте қызбен жатқанымда мені көрді.
Ашуланып уәзірге қылды жарлық:

—Екеуін жатқанында өлтір,—деді.

ҚИССА ТАҺИР

Уәзірі ақылы кең данышпан-ды,
Тәңірі тағы сақтайды ғаріп жан-ды.

—Бір уақиға бар шығар бұ жігітте,

Өлтіргенмен не бітер бір адамды.
Бар шығар бұ жігітте бір уақиға,
Бұл қайдан пайда болған екен деме.
Мәнісін екеуінің тыңдайық,

Тақсыр хан, есін жисын, пәлен деме.
Екеуінің байлайық қол-аяғын,
Күзеттіріп қояйық төгірегін.
Тағы да біз пақырға болды қызық,

Қайда ашылғай, тақсыр хан, менім бағым.
Хан, уәзір бізді байлап шығып кеткен,
Рахат кетіп, біздерге мехнат жеткен.
Есіктен жан шығармай күзетіп тұр,

Бір-екі жасауылға жарлық еткен.
Мен ғаріп таң атқанша аштым көзді,
Байлауда қасымда көрдім қызды.
Өзімнің байлаулы қол-аяғым,

Байлапты қыз ғаріппен екеумізді.
Ойладық: біреу бізді көрген екен,
Падишаһқа барып хабар берген екен.
Жыласып екеуміз қылдық зары,

Бір бәле тағы бізге болған екен.
Жыласып ханышамен қылдық фаған:
«Енді падишаһ біздерге бермес аман.
Ақыретке барғанда табысармыз,

Біз ғаріпке Құдайым берсін иман».
Хан кірді уәзірімен түсі суық,
Қылышын қолына алып, белін буып.
Маған табан ұмтылды шабайын деп,

Өлемін деп отырдым ішім суып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Әй, ата, мен айтайын, сөзім тыңла,

Күнәһ жоқ бұ ғаріпте, күнәһ менде.
Не қылсаң да маған қыл, күнәһармын,
Ол менім зорлығыммен келді мұнда.
Уәзір айтты:—Тақсыр хан, сөзім тыңла,

Халықтың естімейік өлсе сөзін.
Өлтіргенменен не табар, тақсыр ханым,
Не қылсам да қылайын бұларға өзім.
Жұрт білер бұл екеуін өлтірген соң,

Жұрт, жамағат бұл сырды білмей қалсын.
Бұларды не қылсам да мен қылайын,
Жұрт білмес бұл сырды, тілімді алсаң.
Айтқан соң ханы үйден шығып кетті,

Уәзір менім аяғым, қолым шешті.
Қыз бен мені ордадан алып шығып,
Уәзір бізді өзінің үйіне ертті.
Қайыққа азық бірлән салды бізді,

Қыз бірлән бірге салды екеумізді.
Дарияға ағызып қоя берді,
«Аллаға тапсырдым енді сізді».
Қайықты жел айдады оңды-солды,

Жел шығып дария жүзі толқын болды.
Енді өлімге байладық басымызды,
Дарияда біз білмейміз барар жөн[ді].
Бірде былай ағамыз, бірде былай,

Құдайға жалбарамыз жылай-жылай.
Алланың құдіретіне мойынсұндық,
«Себеп бер біз ғаріпке, Құдайым-ай».
Он бір күн біз дарияда ағып жүрдік,

Зар қылып төгірекке бағып жүрдік.
Құдаға зары қылып жүргенімде,
Теңізде келе жатқан кеме көрдік.

ҚИССА ТАҺИР

Кеме жүзді көрген соң бізге таман,
Көрінеді ішінде он шақты адам.
Көргенден соң қорықтық біз ғаріптер,
Бәрінің адам сиқы тым-ақ жаман.

Қайықты тіркеділер кемесіне,
Қызды алып қойдылар өз қасына.
Қайда менім ашылған бағым менім,
Мені тағы байлады қайығына.

Мен ғаріпті болып жаттым тағы,
Зары қылып Құдаға жарымды ойлап.
Байлаулы ғаріп болдым, жаттым тағы,
Қайықтарын кеттілер жөніне алып.

Бәрі қызды көрген соң ғашық болды,
Таласып кеме ішінде ғауға толды.
Бір-бірі мен алдым деп төбелесіп,
Бірі қалып кемеде, тоғызы өлді.

Ұғры екен кемеде бұлар жүрген,
Қайықтағы байлаулы мені көрген.

—Мұның кім?—деп сұрайды мені қыздан,

Қайыққа сенің бірлән бірге жүрген.
Қыз айтты:—Қайықтағы ағам,—деді,
Меһірбаншылық көп қылған маған,—деді.
Қайықтың жібін кесті жігіт тұрып,

Кемемен кетіп қалдым көзім көріп.
Айырылған қиын екен ғашық жардан,
Құдаға налыс қылдым ағып жүріп.
Бірде былай ағамын, бірде былай,

Ғаріп болып бір Құдаға жылай-жылай.
Көрдім мен бұ дүнияда қанша бәле,
Жолымды оңғармадың, Жаппар Құдай.
Көзімден қайық толды аққан жасым,

Бос емес тым болмаса аяқ-қолым.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қарасам, көрінбейді судан бөлек,
Су жүзі көрінеді дөп-дөңгелек.
Дарияда бес-алты күн жүрдім ағып,
Бір күні бір кемеге келіп ағып.

Құдаға налаш қылып қылдым зары,
Қарайды кемедегі жұрттың бәрі.
Ажал жетпей адамға, тағдыр жетпей,
Шықпайды екен адамның жан ғазизі.

Қайық келді кемеге жақын ағып,
Қайықты ұстадылар арқан тағып.
Қол-аяғым көргенсін шешіп алды,

—Байлаулы неткен жансың жүрген ағып?

Дарияда неткен жансың ағып жүрген,
Байлаулы аяқ-қолың нағып жүрген?
Керуен бәрі сұрайды мен ғаріптен,—
Ұғры болма біздерді бағып жүрген.

Керуен халқын шақырды енді бәрін,
Жегізді мен ғаріпке тағамдарын.
Жүз бәлеге жолықты ғаріп құлың,
Бар екен сол кемеде ағаларым.

Таныды көргенден соң екі дұшман,
Зәре кетті көрген соң мен байғұстан.
Енді ажал жетті деп ой ойлаймын,
Құдайым сақтап едің талай жерден.

—Қайда, ей, жүрсің әлі өлмей, ұғры залым,

Атамызды өлтіріп алдың малын.
Иттей сені тепкілеп өлтірейін,
Құтылмас енді бізден сенің жаның.
Тағы да маған түсті ақырзаман,

Екеуі айғай салып келді маған:

—Неше өлімден құтылдың, ұғры залым,

Өлімді көрсетейік енді саған.

ҚИССА ТАҺИР

Және ұрдылар екеуі сүйреп жүріп,
Мен ғаріпті өлтірді тағы да ұрып.
Иттей сүйреп ұрыпты мен ғаріпті,
Керуен қайран қалыпты мені көріп.

—Күнәһысын бұл ғаріптің айтшы бізге,

Бұл қылды қандай жәбір екеуіңізге.
Сұрайды керуен халқы екеуінден,—
Бұл қылды қандай зорлық екеуіңізге?

—Өлтірді малын алып атамызды,

Неше дүркін талады малымызды.
Өлтіріп құтылмасақ бұ залымдан,
Жамағат, ойран қылар бәрімізді.
Әкемізді өлтіріп кетті талап,

Арыз қылдық бұларды ханға барып.
Хан жіберді жүз кісі таудан іздеп,
Байлап келді бұларды ұстап алып.
Бір тауды қылған екен бұлар мекен,

Азаймас бұ залымдар көп кісі екен.
Шешіндіріп қараңыз, нанбасаңыз,
Жаралары бар шығар қылыш тілген.
Бұларды хан өлтірді қылыштатып,

Өлтіріп тастадылар дарға асып.
Жаны шықпай қалыпты кеудесінде,
Тіріліпті далада жатып-жатып.
Өлтірдік деп жұрт келген мұны тастап,

Өлген болып қалыпты амал сақтап.
Үстіндегі киімді шешіндіріп,
Көрділер жараларым жалаңаштап.
Андан соң көп ұрдылар және мені,

Ажалсыз шықпайды екен жан арызы.

—Құрыға шыққандан соң өлтірерміз,

Дарияда төгіп болмас адам қаны.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шығармыз екі-үш күнде құры жерге,
Өлтірген жарамайды су үстінде.
Тастаңыз аяқ-қолын бұның байлап,
Һәрне қылсақ қылайық бұған сонда.

Алдымызда тағы бар бір залым хан,
Не өлтіріп, болмаса берің оған.
Кісендеп алып барып оған берің,
Әгар жаны мың болса қалмас аман.

Мың болса бірден қоймас мұның жанын,
Дарияға біз төкпелік мұның қанын.
Кісендеп дахи қойды мен ғаріпті,
Бұ құлың не көрмеді, тақсыр ханым.

Мен жаттым, тақсыр ханым, кісендеулі,
Адамзат ажал жетпей тіпті өлмейді.
Қайда жүрсем көремін жамандықты,
Жақсылық мен ғаріпке һеш болмады.

Енді айтайық хан қызынан азғана сөз,
Кісендеулі кемеде жатыппыз біз.
Біз ғаріптің кеңесі тұра тұрсын,
Қандай күйге түсті екен бейшара [қыз].

Ұғры жібін қайықтың кесіп кетті,
Бір аралға екеуі барып жетті.
Құры жерге шыққан соң кемесінден,
Жолдасы қыз байғұстан үміт етті.

Хан қызына апарды қолын жігіт,
Қыздан дәме қылмас па, сірә, жігіт.

—Сенден басқа кімім бар енді менім,

Пақыр қыз жалынады «тұра тұр» деп.
Қайықпен ағып кеткен менім ағам,
Қарным аш, тамақ, сусын берші маған.
Мен сенен қашамын ба бөтен жаққа,

Тәңірі бұйрық қылған соң мені саған.

ҚИССА ТАҺИР

Тамақ келтір, жиелік ойнап-күліп,
Екеуміз қосылалық тәуір болып.
Менім үшін бір қыз пақыр зар жылайды,
Ғаріп міскін дарияда қалып па деп.

Жиелік, тамақ келтір, қарнымыз аш,
Жігіт кетті тамаққа, қыз жылағаш.
Жүзігінде бар екен қыздың уы,
Асқа қосса адамды қылады мас.

Жігіт келді кемеден тамақ алып,
Қыз айтқан соң тұрып барып.
Жүзігінің қасынан жонып алып,
Бір аяққа жігітке салып берді.

Қыз берген соң аяқты жігіт алды,
Бейшара қайдан білсі[н], ішіп салды.
Іші жана бастады бейшараның,
Лазым болмай ішкен соң өліп қалды.

Қыз қуанды өлгенін көргенден соң,
Жылап ойран-ботқа болғандан соң.
Құдаға шүкір қылды қыз бейшара,
Өзінің тілегенін бергенден соң.

Қыз қуанды Құдаға шүкір қылып,
Көзінің аққан жасқа алды толып.
Кемеге жалғыз мініп қыз жөнелді,
Көзі жас, көкірегіне қайғы толып.

Кемесіне қыз мініп кетті дейді,
Көкірегінде қайғысы көп-ті дейді.
Неше күндер ағызды қызды дария,
Бір заманда құрыға шықты дейді.

«Неше күндер ағызды мені дария,
Көп көрген ғаріптікті жарым қайда?»
Аллаға шүкір қылды қыз бейшара,
Ғаріпке бір құры жер болды пайда.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Келіп жетті құрыға миуасы көп,
Миуа жеді ғаріп қыз, тамағы тоқ.
Жүре алмай құры жерде жатты байғұс,
Пақырдың өзі жалғыз, жолдасы жоқ.

Қыз қасында тұрады жалғыз кеме,
Менде бар, тыңласаңыз, көп әңгіме.
Кісендеп босағаға салып қойды,
Екі ағам кеңеседі күнде-күнде.

Құры жерге жеткен соң бәрі шықты,
Керуен шығып бәрі де шатыр тікті.
Ағашы көп миуасы алуан-алуан,
Халайық бәрі тамаша қыла кетті.

Керуен бәрі кетті өз ісіне,
Екі ағам барып шыққан қыз үстіне.

—Далада нағып жүрген адамсың?—деп,

Ертіп алып келді қызды және.
Қыздан бұлар сұрайды:—Айтшы мұның,
Шаһарың, қай жақта жерің сенің.
Неткен жансың жаһанда нағып жүрген,

Сен бізге уақиғаңды сөйле,—деді.
Бұларға сұраған соң айтады сөз:

—Мен бір жүрген жаһанда бейшара қыз.

Дәрулмәлік падишаһтың қызы едім мен,
Ғарық болдық кемеде бірқатарымыз.
Дариямен бір шаһарға бара жатып,
Кемелер бәрі кетті суға батып.

Тәңірі сақтап құтылдым жалғыз өзім,
Қырылды жұрттың бәрі қаза жетіп.
Хан қызына екеуі ас жегізді,
Үстіне түрлі-түрлі тон кигізді.

Тәңірі берді бізге деп қуанады,
Біріміз аламыз деп ғаріп қызды.

ҚИССА ТАҺИР

Кісендеулі ол қыз қарап мені көрді,
Көргенсін сөйлесем деп маған жүрді.
Тістедім бармағымды «Үндеме» деп,
Қыз пақыр үндемей-ақ жүре берді.

Бір күн кетті шаһарға ағаларым,
Қасыма келді менім ғашық жарым.
Амандасып, көрісіп, құшақтасып,
Сөйлестік екеуміз сөздің бәрін.

Мен:—Бұларға сырымды айтпа,—дедім,
Қыз берді алып келіп, тамақ жедім.
Құдаға шүкір қылдым ғаріп басым,

—Тәңірі сақтап жүзіңді көрдім сенің.

Бұлар біліп һеш мені қоймас аман,
Олар барда қарама маған таман.
Келділер кешке таман жүріп-жүріп,
Шаһардан қайтып келді сәйір қылып.

Түбінде баяндамас үшбу қыз деп,
Екеуі кеңес қылды енді отырып.
Хан қызы баяндамас аслан бізге,
Қызықпайық алам деп үшбу қызға.

Мұны ханға берелік алып барып,
Түбінде бәле болұр екеумізге.
Екеуі баралық деп ханға барды,
Һәр түрліден мақұл қылып тарту алды.

Барып ханға айттылар қыз хабарын,
Хан есітіп бұ сөзге қайран қалды.
Бұ қызға ғашық екен бұрындан хан,
Жіберді көп шапқыншы қызға таман.

Көп сарпайлар кигізді екеуіне,
Той қылды жұртын жиып қуанғаннан.
Хан жіберген адамдар келіп жетті,
Қыз ғаріпті ордаға алып кетті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Хан көрді алып барған қыздың жүзін,
Екі ағам мені ханға арыз етті.

—Тақсыр, сізге айталық арызымды,

Айтуға іздеп келдік әділ сізді.
Көп жапалар көрсетті залым бізге,
Шерінден сол залымның құтқар бізді.
Залымды ұстап келдік кісен салып,

Әкемізді өлтірді малын алып.
Жіберіп жасауылдар алдырыңыз,
Өлтіріңіз бұлардан алып қалып.
«Алып кел» деп жіберді екі кісі,

Пендеге не қылса Тәңірі ісі.
Қылыштап жасауылдар жаяу айдап,
Зынданға тағы салды мен байғұсты.

—Өлтірейін бір түрлі қылып сені,

Мың да болса құтылмас мұның жаны.
Бір түрлі азап бірлән өлтірейін,
Һауада есіркесін құстар мұны.
Мені беріп кеттілер керуен көшіп,

Құтылдық деп кеттілер қуанысып.
Үміт үзіп мен жаттым ғаріп жаннан,
Қай күні өлтірер деп дарға асып.
Хан жатты ойнап қызбен қызығында,

Шықпайды қыз қасынан күндіз-түнде.
Неше түрлі хан ойнап жалынса да,
Болмайды қыз ғаріптің көңлі онда.
Хан қызға түрлік-түрлік қызық айтты,

Бұл арадан бірқатар заман өтті.
Һешбір оған көнбейді қыз бейшара,
Бір күні патша қызға ашу айтты.

ҚИССА ТАҺИР

Бір күні ашуланды ғаріпке хан:

—Ақылы жоқ дүнияда бұ неткен жан?!

Қара тасты қақ жарар бір шапқанда,
Сен менім қорықпаспысың қылышымнан.

—Қылышың мақтаға өтпес шапсаң сенің,

Мен емеспін дүнияда сенің теңің.
Менім басым қылышпен шапқылай бер,
Құтылмаспын ажалым жетсе менім.
Хан қолына ашумен қылыш алды,

Уәзірге мұнда кел деп айғай салды.

—Қылыш бірлән өлтіріп көрсетейін,

Зындандан алып келші бір адамды.
Уәзір келіп сұрайды зынданшыдан:

—Өлтіретұрған бір адам берші маған.

Белгілі құрбанға еткен тоқтысындай,
Мені берді алып шығып зынданынан.
Уәзір сұрап зынданға келді дейді,
Уәзірге мені алып берді дейді.

Шаш-тырнағым алусыз не замандан,
Ордаға жаяу айдап жүрді дейді.
Жаяу айдап келеді уәзір мені:

—А, жігіт, иманың айт, өлдің,—деді.

Иманыңды айта бер, әй, бейшарам,
Қылыштап өлтіреді сені,—деді.
Һешкімге опа қылмас дүния боқ,
Базарда малы бардың көңілі тоқ.

Қол-аяғым шынжырлы келдім жаяу,
Тырнақтай ғаріп жандан үмітім жоқ.
Ордаға уәзір айдап алып келді,
Көңілім ғаріп жандан қалып келді.

Өлтіретұғын жеріне олтыртқаннан соң,
Қыз пақыр анадайдан мені көрді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Көрейін де қылышымның өтпегенін,

Бір шапқанда қоймайын мұның жанын.
Қыз келді, қол қусырып қылды тілек:

—Бейшараны маған бер, тақсыр ханым.

Қыз мені білдірмеді танығанын,

—Бір шапқанда қоймаймын мұның жанын.

Сенің менден тілесең, ғашық жарым,
Мұны түгіл, берейін өзім жаным.
Бергенден соң падишаға қылды құлдық,

—Тақсыр хан, құдіретіңді жаңа білдік.

Бір ай маған пұрсат бер, тақсыр ханым,
Бұрынғы өткен іске тәубе қылдық.
Шақырды бір адамды:—Ғаріпті шеш,
Шашын ал, бейшараның тырнағын кес.

Ас пісіріп, үстіне киім кигіз,
Дүнияда мұндай ғаріп болар ма һеш.
Дүнияның кім жетеді жалғанына,
Алланың кім көнбейді салғанына.

Падишаһтың ордасынан жалғыз шықтым,
Жанымның шүкір қылдым қалғанына.
Шықсам да таба алмаймын кетер жолды,
Сарғайып күнден-күнге жүзім солды.

Сағынып ғашық жарым зар жылаймын,
Көзім жас, көкірекке қайғы толды.
Көзімнің тия алмаймын аққан жасын,
Һәркімнің айырмасын жар-жолдасын.

Өліп айырылмай, жанындан тірі айрылған,
Мұндай мұңлы Құдайым һеш қылмасын.
Өлімнен де бұ қайғы болды қиын,
Һеш ойыма келмейді тамақ, киім.

Сағынып ғашық жарым зар жылаймын,
Мен ғаріп қарап тұрып қыздың үйін.

ҚИССА ТАҺИР

Келіп жылап тұрамын күнде-күнде,
Қасындан һеш кетпеймін күндіз-түнде.
Һешкімнің менің бірлән жұмысы жоқ,
Зар қылып кеш-күндіз жатам сонда.

Сол күні бір кәрі шал берді сәлем,
Шақырды:—Бері кел,—деп,—маған таман.
Әрі-бері көзімнің жасын сүртіп,
Шақырған соң қасына бардым жетіп.

Шақырып орын берді маған кәрі,

—Бейшара неткен жансың жүзің сары.

Күнде сені көремін жылап тұрған,
Әуарада бар адамдай ғашық жары.
Әй, бейшара, сырыңды айтшы маған,
Аяғандан айтамын, тілім алғансың.

Жасырмай айт сырыңды, әй, бейшарам,
Қайғыңдан-ақ танимын, мұсылмансың.
Мен дүнияда ғаріппін, бейшарамын,
Айтарға уақиғамды ұяламын.

Сұраған соң айтамын енді сізге,
Дүнияда ғаріп болған бейшарамын.
Бастан кешкен мен айттым уақиғамды,
Есіткен соң шал өзі қайран қалды.

Жасырмадым, сырымның бәрін айттым,
Басыма мұндай істі Құдай салды.
Шал жылайды есітіп менім сөзім,
Бармағын тістеді, жұмды көзін.

Ойлап басын көтерді, ашты көзін,

—Жүрші маған еріп сенің өзің.

Бір дарияның шетіне алып келді шал,
Маған айтты:—Ары жаққа көзіңді сал.
Фердаус деген жазира үшбу,—деді,
Жәдугер сол арада бір Кәнбар бар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Арада бір Кәнбар бар, кәрі қатын,
Тиме, жәду дерлер оның атын.
Бұл жердегі шаһарлар, ханның бәрі
Береді сол Кәнбарға аманатын.

Ондай жәду һеш болмас бұ жаһанда,
Бейшарам, тәуекел деп барсаң анда.
Арызыңды құп көрсе Құдай оңлап,
Жарыңды берер алып бір заманда.

Хандардың бәрі соған береді алым,
Бұ хандар ол Кәнбарға бәрі мағлұм.
Барып жылап Кәнбарға қылып зары,
Иншалла, оңалар етсең [зары].

Әгар сенің арызыңды алмаса құп,
Қасында тұрмағыл Кәнбардың көп.
Ондан дәрмен болмаса, жұртыңды тап,
Бөлек саған айтатын ақылым жоқ.

Ондан дәрмен болмаса, жұртыңды ізде,
Ақыл жоқ онан бөлек бізден сізге.
Жұртыңда екі ағаңдан малың алсаң,
Дәулетің тағы табар өзіңізге.

Мен ойладым Кәнбарға жүрейін деп,
Құдайым һәрне салса көнейін деп.
Жылап ақыл сұрадым мен кәріден:

—Мен қайтіп бұл дариядан өтемін?—деп.

—Өтерсің бұ дариядан қайық мініп,

Шал маған қайық берді алып келіп.
Қайыққа жалғыз міндім кеш болған соң,
Жөнелтті мен ғаріпті дұға қылып.
Дариядан қайық мініп өттім,—деді,

Құдаға көп зарлық еттім,—деді.
Көрмеген жерлерімді тамаша етіп,
Жүре-жүре бір баққа жеттім,—деді.

ҚИССА ТАҺИР

Көп екен ол бақтың түрлі ағашы,
Һәр ағашқа асылған адам басы.
Тәуекел деп келемін бір Аллаға,
Көзімнің тиылмайды аққан жасы.

Жемістің түрлі-түрлі бәрі анда,
Жүреді адам ғаріп жаны болса.
Құданың таң қаламын құдіретіне,
Жаратқан қандай жерлер бұ жаһанда.

Топырағы жұпар, тастары інжу-маржан,
Һәр түрлі жемісі көп алуан-алуан.
Бұлбұлы, сандуғашы сайрап тұрған,
Алтындан ортасында сарай салған.

Алтын сарай қасына бардым жетіп,
Көрмеген көп ғажайып, тамаша етіп.
Екі қабат темірден есігі бар,
Бірқатар кірмей тұрдым есім кетіп.

Есікті аштым дағы үйге кірдім,
Үй ішінде бірқатар қызық көрдім.
Алтын үйдің тірі жаны жоқ,
Аяңдап байғұс басым төрге жүрдім.

Бір ат пенен алтын тақыт төрде тұр,
Алтын таққа құрғаны торғын шатыр.
Алтын тақтың үстіне шығайын деп,
Аяңдап байғұс басым келе жатыр.

Қайран қалдым бұ үйде адам жоққа,
Аяғым келіп салдым алтын таққа.
Тақыттан ала алмадым екі аяғым,
Екі шынжыр көрінді мен бейбаққа.

Тақыттан ала алмадым аяқты егіз,
Сөзімді құлақ салып тыңласаңыз.
Екі алтын шынжыр жоғары тұр,
Шынжырдан екі қолмен ұстадық біз.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Аяқ төмен ұсталды, қол жоғары,
Мен тарттым аяқ-қолым әрі-бері.
Шынжыр тағы қолымнан айырылмады,
Керіліп аяқ-қолым қалды бәрі.

Керіліп тұрып қалдым кешке дейін,
Енді амалым құрыды, мен не дейін.
Кезек-кезек тартамын аяқ-қолым,
Қаттырақ жабысады тартқан сайын.

Есіктен біреу келді айғай салып,
Зәрем кетті менім, тұрдым қайран қалып.
Аузынан от шығады бір айдаһар,
Келеді екі көзі оттай жанып.

—Бәдпиғыл неткен жансыз жүрек жұтқан,

Қорықпай нағып келдің жұрт құртқан?
Менден қорықпай бұ жерге нағып келдің,
Дүниеде сендей болмас зәресіз жан.
Бұл жерге қорықпай келген неткен адам,

Мен саған көрсетейін ақырзаман.
Қасыма келді менім оттар шашып,—
Не жұмысқа келіп едің, айтшы маған?

—Мен бір ғаріп дүниеде мұңлы болған,

Көзім жас, көкірегіме қайғы толған.
Қорыққанымнан арызымды айта алмаймын,
Сізге арыз айтуға іздеп келген.
Өзінден қорыққанымды Кәнбар білді,

Айдаһар бір сілкінді, Кәнбар болды.
Топыраққа бір нәрсені оқып шашты,
Босатты мұнда келіп аяқ-қолды.
Кәнбар мені отыртты алтын таққа,

«Сөйле» деп жарлық қылды мен бейбаққа.

—Мұнда кел,—деп қасына отырғызып,—

Қане, балам, сөйлей бер, сөзді ұзатпа.

ҚИССА ТАҺИР

Кәнбарға айттым ғаріп бар мұңымды,
Дүнияда жаман-жақсы өткен күнді.
Қызды айтып Кәнбарға қылдым зары,
Бірін қоймай сөйледім уақиғамды.

Кәнбар жылап айтады:—Сұбхан Алла,
Мұндай сөз естімедім һеш заманда.
Жарыңды алып берейін Ирамшаһтан,
Бейшара, һеш қайғыны көңліңе алма.

Қызды саған берейін онан алып,
Соғысып алып берер әскер барып.
Ол шаһарға өзіңді патша қылып,
Ирамшаһты қырайын ұстап алып.

Бұл Кәнбар естіген соң ашуланды,
«Ғарібім, мұнда кел» деп қасына алды.
«Ираншаһқа қылайын, асықпа»,—деп,
Там үстіне шықты да айғай салды.

Шер осы жерге толды айғай салған,
Есітіп зәрем кетті айғайындан.
Төгірекке қарасам, тақсыр ханым,
Аралға жиылыпты бірқатар жан.

Жиылды дию бірлән арыстандар,
Аю, бөрі, жолбарыс, керкүдандар.
Көрмеген жануарлар бәрі сонда,
Пілге мініп келділер бұ адамдар.

Толдылар аждаһалар көзі жанып,
Пілге мініп келділер қамшыланып.
Құс кейіпті жануарлар алты аяқты,
Көргенден соң мен өзім қалдым талып.

Көргенден соң хошым кетті көрмегенді,
Тақсыр ханым, ғарібің қайран қалды.
Қорыққанымдан қаштым мен ғаріп басым,
Өлімге енді байлап ғаріп жанды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кәнбар мені шақырды:—Мұнда кел,—деп,
Бұл біздің әскеріміз, бірге бар,—деп.
Ерлеп бір жануарды алып келді,
Бұлар барып соғысар бірге бар,—деп.

Жануарды мініп алдым ерленген,
«Жарлық бұ, бірге бар» деп қылды маған.
Су жүзінде жүреді құры жердей,
Тыңласаңыз, айтайын, тақсыр, саған.

Шаһарды төрт-бес орап түсті,
Көрген соң адамзаттың есі кетті.
Жаһанда қандай мақұлық жаратпаған,
Құдіреті Құдайымның сондай күшті.

Адамзат пен жануар айғай салды,
Көрген адам бәрі де таңға қалды.
Бұған адам һеш хайла таба алмады,
Жануарлар Ирамшаһты ұстап алды.

Құдаға қылдым шүкір қызды көріп,
Падишаһты алып жүрді кісен орап.
Жарымды қолыма алып, көңлім тынып,
Кәнбарға алып жүрдім қайтып келіп.

Кәнбар мені құшақтап:—Балам,—деді,
Патшалықты берейін саған,—деді.
Бала болдың қыз бірлән екеуіңіз,
Мен болайын сіздерге анаң,—деді.

Менде жоқ саған берер ішік-шапан,
Жарқыным, не берейін енді саған.
Үшбу отыз гауһарды қызға берді,
Қазынам менім берген сізге, балам.

Хандықты сізге бердім, балаларым,
Сол ханның сізге бердім қалаларын.
Келіп-кетіп жүрерсіз жылында бір,
Сағынар енді сізді аналарың.

ҚИССА ТАҺИР

Балаларым, сағынсаң туған жерің,
Хабар бер қайтамын деп маған бұрын.
Әділ падишаһ бола гөр, залым болма,
Ирамшаһты тапсырдым сізге, барын.

Кәнбар маған май берді екі шыны:

—Жарқыным, алып бар,—деп,—сақта мұны.

Мұны сен таза сақта, жарқын балам,
Мұның саған бір болар керек күні.
Шынының бірі—сары, бірі—жасыл,
Екеуін қолыма алдым байғұс басым.

Бұрынғы өткен істер еске түссе,
Үшбу күнде ағады көзде жасым.
Екі шыны май берді Кәнбар маған:

—Екеуі керек болар, балам, саған.

Ішетұғын асына қосып берлесе,
Не бол десе, болады ішкен адам.
Сарыны қосып берлесе, адам болар,
Дәулетім менім, балам, саған болар.

Бар, балам, енді жұртқа падишаһ бол,
Бір күні керек болар саған бұлар.
Қайтып келдік баяғы шаһарға біз,
Бірқатар дию, пері әскеріміз.

Хан болдық талай жұртқа, тақсыр ханым,
Сөзімді құлақ салып тыңласаңыз.
Тұра-тұра сағындық туған жерді,
Құдайым «ал, құлым» деп дәулет берді.

Бір жұртқа падишаһ болып тұрсам дағы,
Таһирдің ата жұрты еске түсті.
Қыз бірлән екеуіміз кеңесеміз:

—Кәнбардан көп жақсылық көрдік-ау біз.

Жан есенде табайық жұртымызды,
Жәдудің қаһарына жолығармыз.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қыз дағы мақұл көрді айтқанымды,
Ұнатты жан есенде қайтқанымды.
Кәнбардан бір жамандық көреміз деп,
Ойымызға аламыз өткен күнді.

Кәріні падишаһ қылдық жұртымызға,
Айтайын бірін қоймай бәрін сізге.
Он кеменің ішіне алтын салып,
Жүз құл жолдас алдық өзімізге.

Жөнелдік «иә, Алла» деп елімізге,
«Тигіз,—деп,—есен-аман жерімізге.
Мехнатты көп көрген бейшарамыз,
Оң жолды бере көр деп енді бізге.

Бұрын көрген мехнаттар ойдан кетпей,
Қорқамыз үйімізге барып жетпей.
Мехнаттан көз ашпаған бейшарамыз,
Құдай-а, жеткізе көр әуара етпей».

Біз келдік елімізге бір ай жүріп,
Бір ай келдік дарияда сейіл құрып.
Құдаға шүкір қылдық бейшаралар,
Құры жерге кемеміз шықты келіп.

Кемемізден шығардық малымызды,
Тәңірі есен сақтады жанымызды.
Мал-жанды алып бардық үйімізге,
Мұсылмандар келділер көріп бізді.

Жиылды көрісуге мұсылмандар,
Жиылды амандасып барша жандар.
Көп заман көрмегелі болып еді,
Қуанды бізді көріп ағайындар.

Ағаларым жоқ екен келгендері,
Сұрайды ағаларды жұрттың бәрі.

—Олар кейін қалды,—деп жауап айттым,—

Өтпей қалған бар еді біраз пұлы.

ҚИССА ТАҺИР

Келгендері жоқ екен мұндан бұрын,
Айтпадым ағаларым асластарын.
Кейінірек келерлер деп айтып едім,
Білер ме деп бұрынғы қылғандарын.

Есен-аман біз тұрдық біраз заман,
«Келділер,—деп хабар берді,—екі ағаң».
«Екі ағаң көп малмен келділер»,—деп,
«Сүйінші» деп бір адам келді маған.

Сүйіншіге келгенге шапан бердім,
Ғаріптікпен дәм тарттым талай жердің.
Қуандым ағалардың келгеніне,
Аттанып ағаларға қарсы жүрдім.

Қарсы келіп көрісіп бердім сәлем,
Қайран қалып қарайды бәрі маған.
Құдаға шүкір қылдым ойнап-күліп,
Қарайды қайран қалып анлар маған.

Екі ағама қосылып бірге келдім,
Бұларға һеш сырымды білдірмедім.
Ойнап-күліп үшеуіміз бірге отырып,
«Есен-сау ағаларды көрдім»,—дедім.

Бұлардың келгеніне шүкір қылдым,
Баяғы жасыл майды алып келдім.
Алдына түрлі тағам әзір қылып,
Ішіп тұрған асына қосып бердім.

Ішіне қосып бердім жасыл майым,
Екі ағам ішіп салды берген асым.
Бергенімді екеуі ішкенден соң,
«Ит бол» дедім бұларға байғұс басым.

«Ит бол» дедім, болдылар тазы-тазы,
Құдаға болдым бек разы-разы.
«Кет» дедім, шығып кетті екі ит болып,
Пендеге бір Құдайым болар қазы-қазы.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ел иттері, жат иттері таладылар,
Жиылып ортаға алып қамадылар.
Шаһардың иті талап бұл екеуін,
Сахараға шығып кетті енді бұлар.

Бір жыл бұлар кезділер шөл-биабан,
Тәңірі тағы рақымды салды маған.
Екі итті даладан алып келіп,
Тағы да алтындан үй салдым оған.

Алтындан ас құятын аяқ алдым,
Торғын маңлық астына төсек салдым.
Ішіне алтын үйдің байлап қойдым,
Құданың құдіретіне қайран қалдым.

Бұларға түрлі тағам жегіземін,
Қызмет қылып тұрамын өзім мәдам.
Бұл екі итке көп қызмет қылғанымдан,
Итпарас дерлер-міс көрген адам.

Білмейді сырымды һешбір адам,
Сөйледім бар сырымды, тақсыр, саған.
Итке қызмет қылғандан әладдауам,
Итпарас дегендері содан маған.

Мұндан басқа, тақсыр, жоқ һеш күнәһым,
Бұл сырды сізден аяп нағылайын.
Жапаларды көп көрді ғаріп құлың,
Енді сіз, бізді сақтасын бір Құдайым.

Таң қалды мұны естіп көп халайық,
Таһирге бата берді қолын жайып.
Халифа, отырған көп берді бата,
Жағасындан бір тілек біз тілейік.

—Екеуінен көрдің бе көп жапалар,

Таһиржан, баршамыздан дүние қалар.
Жамандыққа жақсылық қыл деген соң,
Жазаларын тарттылар дүниеде алар.

ҚИССА ТАҺИР

Жамандықтың жазасын тартар адам,
Тілеуінің Тәңірі тағы саған.
Һарон Рашид халифа қылды тілек:

—Тілегенім, жарқыным, берсең маған.

Бөлек емес екеуі тілегенім,
Таһиржан, маған бер деп сұрағаным.
Соларды есіткен соң жылағаным,
Берейін, Таһир, саған малым-жаным.

—Мен бір ғаріп құлыңмын, қызметкерің,

Бұйрығыңдан шығарға бар ма халім.
Сіз сұрсаңыз, бермейтін халім бар ма,
Сізге пида қылайын малым бәрін.
Сізге пида қылайын мал-жанымды,

Аямайын жолыңызда бар малымды.
Көзіңізден көріңіз, тақсыр ханым,
Жіберіп алдырыңыз оларды енді.
Басыраға екі жігіт хан жіберді,

Таһир һәм алып кел деп рұқсат қылды.
Басыраға үш күнде барды дағы
Бір үлкен сандықпенен алып келді.
Бұл сандықты аштылар келтірген соң,

Екі ит қайран қалды жұрт көрген соң.
Сандықтан шығардылар екі итті,
Ұмтылдылар бейшара ас көрген соң.
Сондағы асқа қостым сары майдан,

Құдірет көр, әй, жігіттер, бір Құдайдан!
Ішкен соң қышқырдым «адам бол» деп,
Адам болып екеуі қалды қайран.
Екеуі адам болып қалды таңға,

Қарайды төгіректе мұсылманға.
Құданың һәрне қылса құдіреті кең,
Зауал жоқ деп ойлама ғаріп жанға.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патшаға құлдық қылды бұлар тұрып,
Халифа алды Таһирден мұны сұрап.
Қылдылар халифаға көп дұғалар,
Жамағат қайран қалды мұны көріп.

Бұ іске таң қалады көп халайық,
Һәр мұсылман азбасын жолдан тайып.
Таһирдің бұ ісіне қайран қалып,
Жамағат бата берді қолын жайып.

Халифа: «Таста,—деді,—жамандықты»,
Таһир шақырып жылады ағаларды.
Көп сарпайлар кидірді ағаларды,
Той қылып хан шақырды баршаларды.

Таһир берді он меруерт халифаға,
Жарым малым сіздерге бердім, аға.
Екеуіне беріпті жарым малын,
Олардай жақсы келмес бұ дүнияға.

Таһирді Басраға падишаһ қылды,
Ағасына тақ бөліп малын берді.
Екі ағасы мал алып риза болып,
Үшеуі бірге қайтып елге келді.

Үшеуі ойнап-күліп кетті қайтып,
Падишаһ болып жіберді бұйрық айтып.
Көп жұртқа падишаһ болды Таһир енді,
Олардың ауылынан жақсылар көп.

Таһир падишаһ болды көп жыл әділ,
Әулиелер көп туды олардан, біл.
Опа қылмай бұ дүния онан да өтті,
Олардың рухына бір дұға қыл.

Опа қылмай бұ дүние онан да өтті,
Ол жақсылар дүниеден келді-кетті.
Төре де өтті дүниеден, қара да өтті,
Енді ойласам, біздерге кезек жетті.

ҚИССА ТАҺИР

Дүниеден олар да өтті, біз де өтерміз,
Тәңірі тағдыр етсе, жан берерміз.
Көрген соң бұ қиссаны жазған ғаріп,
Бір күн көшіп дүниядан біз шығармыз.

Бізге де опа қылмас үшбу заман,
Иман берсін Құдайым ақырзаман.
Келіспесе түзерсіз қалған жерін,
Білгенімді мен жаздым жақсы-жаман.

Мұны жазған ғарібің Сабыр молда,
Данышпан өзі шешен, өзі молда.
Неше күндік жерлерде сапар жүріп,
Кешке жазып бітірдім ұзын жолда.

Мұны жазған Сабырдың ақылы мол,
Молдаларға табылар һәр түрлі жол.
Келіспесе сөкпеңіз, жамағаттар,
Бұ қиссада, жігіттер, білгенім сол.

Иә, Алла, сиынамын, қолда мені,
Құлыңның бір күн шығар ғаріп жаны.
Қолыма қалам алып қисса жаздым,
Жалынып, жад қыламын, Тәңірім, сені.

Иә, Алла, ғаріп құлың жад қылайын,
Желдей гулеп өмір өтер күн-күн сайын.
Дүниеде міскін болған мен ғаріпті,
Панаһыңда сақтай көр, бар Құдайым.

Иә, Алла, сиынайын ғаріп құлың,
Надандықпен білмедім, өтті күнім.
Көргенден соң мен жаздым бұ қиссаны,
Дұға қылып жүріңіз, аға-інім.

Ажал жетсе кетерміз дүния салып,
Бізден бұрын өтіпті қанша халық.
Бұ қиссаны мен жаздым ғибрат үшін,
Жұртқа ғибрат болса екен бізден қалып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол жақсылар дүниядан өтті-кетті,
Көп мехнатты дүниеде көріп кетті.
Олар өтті дүниеден, біз де өтерміз,
Ойлап тұрсам жақсылар бәрі кетті.

Нұһ өтті, Лұқпан өтті, біз де өлерміз,
Рүстем, Жәмшид, Наушаруан, бәрі кетті.
Дүниедегі патшалар бәрі өліп,
Ендігі жамандарға кезек жетті.

Біреуді бұл дүниеде бай қылыпты,
Біреуді жалғыз малға зар қылыпты.
Біреу мұңлы, біреуді ғашық қылып,
Сүйтіп жүріп дүниеден жөнеліпті.

Би өтті, батыр да өтті, шешен де өтті,
Не жақсылар дүниеден өтіп кетті.
Жалғаншыға жақсылар жан береді,
Ақырзаман, жігіттер, жақындапты.

Бұрынғының билері пара алмайды,
Пара берген кісі[ге] көз салмайды.
Алдында сөзім бар деп арыз қылсаң,
Ендігі би парасыз қозғалмайды.

Бұ заманның билері пара алады,
Қайда даулы кісіге көз салады.
Жалған дүние малына қызықпаңыз,
Бұ дүниеден өлмейтін кім қалады.

Бұрынғы[лар] параға жуымады,
Жаман билер Құдайдан қорықпады.
Он теңгеге сатады бар … ,
Ақыретте байғұстың соры бар-ды.

Тұғры жолмен жүрмеді молдалары,
Ұрлық, ойнас қыз-жігіт қылғандары.
Ата-анасын сыйламас ұл мен қызы,
Не болар деп ойлаймын жұрттың бәрі.

ҚИССА ТАҺИР

Ғаріптер бұ қиссадан бәһра алар,
Мұңлы байғұс көңілге қайғы салар.
Иман бер деп тілеймін бір Құдайдан,
Ажал жетсе ғарібің өліп қалар.

Әй, Құдай-а, жарылқа ата-анамды,
Ұстадым мен жарылқа мұсылманды.
Өлгенде иманымды жолдас қылсаң,
Құрметтер ақыретте ғаріп жанды.

«Иә, Алла» деп өзіңе сиынайын,
Ғұмыр бер бұ дүниеде, бар Құдайым.
Екі дүние рахатын бірдей берсең,
Өңге нәрсе тілеп мен нағылайын.

Сол сапар Қаракесек барып жаттық,
Сегіз кезден қазаққа ситше саттық.
Берген ситше он күнде оңып қалды,
Оңдақ ситше екен деп көп шулаттық.

Нәрсе өтпей ол елде бір ай жаттық,
Соны елдерге қолқа көп бұл саттық.
Үш сауырға бір қойды таңдап алдық,
Сауырдан бірталай олжа таптық.

Таңдап алдық қазақтың біз қойларын,
Қалдырмай сатып неттік бұлдың бәрін.
Бір қойға бір топ нәнке сұраушы еді,
Алдына біз келтірдік қылғандарын.

Бір қойға он бес кезден нәнке алды,
Киім шықпай елтірі қосып салды.
Алар ойы жоқ еді байғұс қазақ,
Күн асып күпілері биттей қалды.

Сатқан нәнке көбі өзі шірік,
Әрең саттық құрып жүріп-жүріп.
Сарт келсе бір кез нәрсе алмас еді,
Сатып біттік Тәшкенші келмей тұрып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сауда біткеш жөнелдік елімізге,
Есен-аман тигіз деп жерімізге.
Айдап барған қойымыз қимат сатып,
Құда, абырой бере гөр енді бізге.

Құдай-а, саламатын қыл бәдәнімді,
Өлерде асандықпен ал жанымды.
Жамағатым, баламды тауфиқты қыл,
Ақыр демде иманымды жолдасым қыл.

Жақсы қисса оқысаң—құлақ құрышы,
Қалың төсек, қатты ұйқы—жан тынышы.
Сұлу қатын, жүгірік ат, түзу мылтық,
Мал мен перзент—адамның дәулет-кеніші.

Сабыр пақыр дүниеде барды айтады,
Мұңлы жігіт дүниеде зар айтады.
Өтпес пышақ, жаман ат, жаман қатын,
Ер жігітті үшеуі қартайтады.

Қанша айтсам да бұл сөзім табылмайды,
Еске алып жаза берсем бір Құдайды.
Күнәһымды кеше көр деп Құдайыма,
Сабыр пақыр Құдайға зар жылайды.

Құдай-а, өзің сақта, Жаппар Кәрім,
Мен жазамын қағазға білгендерім.
Жұрттан асқан молда емен,
Ерігіп жаза салдым мұның бәрін.

Құдай-а, дұшманыңдан өзің сақта,
Көретұрған дұшманның көзін қапта.
Мұндай-мұндай қиссаны жазушы едім,
Көңілім бөлінбесе бөтен жаққа.

Ей, Сабыр, күнәһыңнан тәубе қылғыл,
Жақсыларды көрейін, ғибрат алғыл.
Бұ дүниенің һешкімге опасы жоқ,
Қуатыңның барында тағат қылғыл.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

СЫРШЫ МОЛДА Дастан алғаш рет 1913 жылы Қазан қаласында араб әрпінде жарық көрген. Жариялаған Бөгенбайұлы Әбіш. Шығармаға арқау болған сюжет үнділерде «Шукасапта­ ти», ал басқа елдерде «Тотынама» деген атпен белгілі болған жинақтан алынған. Дастаннан басқа бізде осы тақырыптас «Да­ нышпан уәзір» атты ертегі де бар. Оның мәтіні 1892 жылы ел аузынан жазылып алынып, «Дала уалаяты газетінің» № 23-25 сандарында жарық көрді, орыс тіліндегі аудармасын Г.Н.По­ танин 1916 жылы жариялады: Живая старина. 153-155 б. Кеңестік кезеңде ертегі бір рет қана баспа бетін көрді1. «Данышпан уәзір» ертегісі «Тотынамадағы» әңгімемен салыстырғанда көлемі жағынан қысқа, бірақ «түпнұсқа» сюжетінің барлық бөлшектерін қайталайтыны анықталды. «Сыршы молда» дастанында да түпнұсқаның сюжеті толық сақталған. Сонымен бірге мұнда түпнұсқада жоқ көптеген сарындар мен деталдар көрініс тапқан. Оларды былайша топтауға болады: перзентсіздік; кейіпкердің ерекше жағдайда тууы; болашақ патшаны оқу-білімге үйрету; сурет көру мотиві; махаббат азабы; ата-ана дағдарысы; кейіпкерлердің монологтары; сұлуды іздеп, алыс сапарға шығардағы ұлының әкесімен қоштасуының ерекше көрініс табуы; кейіпкерлер санының өсуі, т.б. Аталған жағдайлардың ішіндегі ең қызықтысы—түпнұсқада қысқа қайырылған перзентсіздік мотивінің дастандағы ерекше сипаты. Төрт құбыласы сай, әмірі күшті патша 80 жасқа ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ 1 Қараңыз: Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина. Составление и комментарии С. А. Каскабасова, Н. С. Смирновой, Е. Д. Турсунова.—Алматы: Ғылым, 1972.—С.145-147.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

келгенше бір перзентке зар болады. Бірақ оның бұрынғы
эпикалық жырлардағы перзентсіздік зарын шеккен әкелерден
басты айырмашылығы—ол киелі жерлерді араламайды, емшіге
қаралмайды, тек дұға оқумен шектеледі. Ол Мұса пайғамбарға

тіл қатып, Алла Тағалаға өзінің зарын жеткізіп, ұл сұрауын
өтінеді. Пайғамбар үш рет жалбарынғанда ғана Алла Тағала
қарт патшаға ұл беретіндігін, бірақ оның өмірі өте қысқа, бар
болғаны үш күн болатындығын білдіреді.

Арада біраз жыл өтеді, Мұса пайғамбар баланың жеті жасқа
келгенін көріп, таң қалады. Содан соң Алла Тағаламен тілдескенде
одан патшаның ұлан-асыр той өткізіп, барлық халықты өзінің
мырзалығымен риза еткендігін, сол үшін баланың жасын

ұзартқанын біледі.
Мұса мен Иса пайғамбарлардың Құдіретті Жаратушымен
тілдесу мотиві [Жебірейіл періштенің делдалдығы арқылы] шы-
ғыс халықтарының аңыз, әңгіме, ертегілерінде жиі кездеседі.

Осы мотивтің бұл дастандағы ерекшелігі—патшаның Алла
Тағаланы райынан қайтару үшін жақсылық жасау арқылы
мейірімін түсіретіндігі.
Осы аталған сарындар мен түрлі оқиғалардың сюжет

құрылымындағы өрілімі патшазада образын романдық типтегі
бас кейіпкерге жақындатқанымен, ол романдық дастан кейіпкері
сияқты әрекет үстінде көрінбейді. Оның күйеу жігіт ретіндегі
рөлі солғын, ғашықтықтан азап шегуші, жадап-жүдеуші ретінде

көрінумен ғана шектеледі. Мұнда бас кейіпкер—молда, ол
ақылды әрі тапқыр, сюжеттің негізгі қозғаушысы.
Демек, бұл шығармада, біріншіден, типтік тақырып (белгісіз
сұлуға ғашық болу тақырыбы) дәстүрден бөлек жолмен шешілген:

кейіпкер сұлуды өз ұстазының ақылы мен тапқырлығы,
ептілігінің арқасында алады; екіншіден, көне хикаялық сюжет
қазақ топырағында шығармашылықпен пайдалану арқылы жаңа
сарын, эпизодтармен молықты, әрі кейіпкердің жан әлеміндегі

эмоциялық өзгерістер мен көңіл-күйінің көріністерін жаңаша
бейнелеумен жанданды.
Нәтижесінде, көне шығыс сюжетінің негізінде, бөлек бітімді,
жаңа жанр түріндегі тек сюжеті ғана емес, эстетикалық бағалығы

да құнды шығарма туған.
«Сыршы молда» дастанының көркемдігі тәуір, тілі жатық.
Мәтінде біраз байырғы жалпытүркілік сөздер мен грамматикалық

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР формалар кездеседі: әйла, үшбу, дегеш, айырылғаш, жоқ-дүр, үйідүр, ерүр, менім, т.б. Олар түпнұсқалық қалпында берілді. Ал мәтінде қолданылған бір топ араб, парсы сөздері қазақ тіліне аударылып, томның соңында арнайы сөздікте топтастырылды. «Сыршы молда» дастанының ел арасында «Патшаның ұлы Әбділмәлік» деген атпен тараған нұсқасын Дайыр Әбдікәрімұлы 1936 жылы қағазға түсіріп, ОҒК-ның қолжазба қорына тапсырған. Нұсқа сонда сақтаулы: Ш.837, 2-дәптер, латын әрпінде. Д.Әбдікәрімұлы жазып алған нұсқа 1990 жылы ғылыми-көпшілікке арналған жинақта жарық көрген: Дастандар. 1-том.— Алматы: Жазушы.—192-218 б. Бұл басылымда кейбір сөз, сөз тіркестері дұрыс оқылмай қате басылған. Мысалы: қылдым деп басылған, дұрысы: әйладым; гүрістан деп берілген, дұрысы: көрістан; ойлайды енді—дұрысы: ойлайды ойды; дерт—дұрысы: серт; қолына—дұрысы: қарына, т.б. Осы сюжетті арқау етіп, бірақ та біраз өзгертулермен Қ.Әйтпенов жырлаған көлемі шағын дастан Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Шардара ауылында жазылып алынған. Мәтін аяқталмаған, ӘӨИ-дің ҚҚ-да сақтаулы [Ш.920/71]. Тапсырушысы—Қ.Саттаров. Мұнда осы тақырыптас тағы бір дастан мәтіні сақтаулы [Ш. 126]. Бұл нұсқада 1892 жылы жарық көрген ертегінің оқиғалық желісі негізге алынып жырланған. Томға еніп отырған мәтін 1913 жылғы кітаптан дайындалып, кирилл жазуында алғаш рет баспаға ұсынылып отыр. ҒАЯР ҚАТЫН Шығармаға арқау болған сюжет өте көне. Көрнекті орыс шығыстанушысы С.Ф.Ольденбург көрсеткендей, оның ең бірінші бізге жеткен нұсқасы—ғылымда «Бхархутская ступа» деген атпен белгілі болған ескерткіште шамамен біздің дәуірімізден бұрын бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында тасқа қашалған көрініс2. Одан кейін осы мазмұндас әңгіме көне үнділердің джатака3 жинақтарында кездеседі. С.Ф.Ольденбург көне сюжеттің он бес шығыстық версиясын жинақтап тыңғылықты талдау жасап, алдамшы әйелдің типін анықтайды. 2 Ольденбург С. Ф. Фаблио восточного происхождения. ІІІ// ЖМНП. Новая серия. Часть ІХ.—1907.—№5.—С. 49.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР 3 Джатака—Будданың өмірін, оның іс—әрекеттерін, қайта дүниеге оралу тарихтарын баяндайтын әңгіме. Джатака жинақтары б. д. д. 483, 383, 250 жылдары құрастырылған. Бірақ та бізге олардың «Типитака» атты палилік нұсқасы ғана жетті, ол нұсқа б. д. д. І ғасырда қағазға түскен, құрамында—547 әңгіме (джатака). Ғалым зерттеген нұсқалар мыналар: үш көне үнділік, бір көне араб, екі кітаби араб, бір кітаби парсы, бір кітаби түрік, ел аузынан жазылып алынған үш үнді, бір ауған, бір жаңа арамейлік және екі, өткен ғасырда жазылып алынған араб тіліндегі мәтіндер. Аталған нұсқаларда кейіпкер әрекетінің мотивировкасы әр түрлі болуы мүмкін: а) күйеуінің сапарға кетерде біреуге сақтауға немесе жұмсауға берілген ақшасын қайтару; ә) әйелдің өз арын қорғау үшін әрекеті; б) күйеуінің намысын қорғау үшін әрекеті; в) ақшақұмарлық, дүниеқорлық. Олардың басым көпшілігінде әйел-кейіпкер әр түрлі айлаға күйеуі тастап кеткен ақшаны қайтару үшін, я өзінің арын қорғау үшін барады. Кейде әйел билік басындағыларға (ханға, патшаға) мұңын шағып, қылмыскерлерді жазалауды өтінеді. Ал енді бір жағдайда ешкімге шағым жасамай-ақ жәбірлеушілерді күйеуімен екеуі жазалайды. Үйіне келіп мазасын алған арсыздарды әйел ыңғайсыз жерлерде, қорада, үлкен бір тұрмыстық зат ішінде жасырады, немесе сиырдың шөп қорасына қамап, ері келгенде жем-шөп жеуге мәжбүрлейді, я болмаса әкесі жоқта туған бала ретінде көрсетіп бесікке бөлейді. Демек, жәбірлеушілердің өздері жәбірленушіге айналады. Осы сюжетті баяндайтын барлық шығыстық новеллалар прозалық үлгіде және оларға төменде келтірілген бастама [зачин] тән: «Мен бір әңгіме айтайын»,—деп әңгімелеу [онда пәлен ауылда [қалада] бір жігіттің тұрғаны [я тұратыны], атқаратын ісі, әйелінің аты айтылады да, әйелдің мейірімді, қайырымды тұлғасынан хабар беріледі]. Бұл шығармалардың негізгі кейіпкері—әйел. Шарт бойынша, ол ақылды, әдемі, қайырымды, епті, әңгімешіл-шешен деп сипатталады. Мысалы, сюжеттің түпнұсқасы саналатын джатака жинағының палилік версиясында патша кеңесшілері Махосадхи әйелін «оның өзінен де ақылдырақ» деп бағалағаны белгілі. Шығыстық новеллалардың түйініне келсек, әйел-кейіпкер үшін соңы жақсылықпен бітеді. Көптеген шығармалар әңгімелеушінің ой-түйінімен аяқталады. Мысалы: «Міне, әйел қулы-

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР ғы деген», «Міне, ол қандай керемет, қажеттісін алу үшін ол осылай істеді», т.б. Кейбір әңгімелерде қиын тапсырмаларды беретін күйеулерінің өзі әйелінің айлалы әрі дана екендігін мойындайды. Ал А.А.Ромаскевич4 зерттеген версияда—патшаның өзі әйелдің қулығы мен ептілігіне қызығып, қызметке шақыратындығы туралы айтылады. Демек, шығыс әңгімелерінде әйел жазаға ұшырамайды. Онда әйел жеңісінің салтанат құруымен аяқталып, оның тапқырлығы, ептілігі, ақылдылығы дәріптеледі. Бұл новелла логикасы үшін заңды һәм нанымды. Ал қазақ дастанында зұлымдық қашанда жеңілуі тиіс дейтін эпикалық ойлаудың басымдылығын байқаймыз. Сонымен бірге дастанды шығарушы, айтушы және таратушылар танымынан патриархалдық сананың әсерін аңғарамыз. Ол—әйелі мен күйеуі өздерінің аярлық әрекеттері арқылы адамшылықтың шекарасынан аттап өтті, сондықтан да жазалануы тиіс дейтін тұжырымдар. Сонымен бірге мұнда кейіпкердің бүкіл іс-әрекеті баяндалуымен бірге сол іс-әрекеттің қозғаушы күші (мотивировкасы), табиғаты терең ашылады. Осы арқылы адамдықтан азғындаудың себеп-салдары анықталады. Мысалы, әйел бастапқыда кедейленген күйеуін құтқару үшін көп алдында бетін ашатын ұятты іске барады, жеткілікті дәрежеде мол ақша жинап алады. Бірақ әйел мұнымен тоқтай алмайды. Адалдыққа кереғар алғашқы әрекет әрі қарайғы зұлымдық істердің негізі болады да, әйел оны тұрақты кәсіпке айналдырғысы келеді. Бұл дастанда әйелдің күйеуіне айтатын «Көркімді көптен бері пайдалансаң, себебім тимес пе еді талай малға»,—деген сөздерінен байқалады. Демек, кейіпкер образы динамикалық даму үстінде көрсетіледі де, сонысымен өзге шығыс әңгімелері кейіпкерлерінен өзгешеленеді. Жоғарыда айтылғандардан тыс қазақ дастанына мынадай белгілер тән. Ол шағын проза үлгісіндегі шығыстық новеллалармен салыстырғанда көлемді және өлең түрінде хикаялық дастан үлгісінде жырланған. Оған эпостың атрибуты—перзентсіздік мотиві қосылады. Сондай-ақ, ақша үшін бетін ашып көрсету оқиғасының мұнда өз шешімі бар. Ол шығыста тек қана қы4Ромаскевич А. А. Персидские фаблио Constant Du HAMEL //С. Ф. Ольден­ бургу. К 50-летию научно-общественной деятельности. Сборник статей.—Л., 1934.—С. 447.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

зықтыру мақсатында алынса, қазақ дастанының кейіпкері екі
түрлі мақсатты көздейді: а) қызықтыру, ә) ақша табу. Демек,
«Ғаяр қатын» дастаны кең таралған, өте көне шығыс сюжетіне
құрылғанымен, өзіндік ұлттық ерекшелігімен сипатталады.

Сонымен бірге көне сюжет өзінің кең таралу барысында
жаңа деталь, тың эпизодтармен байып, кейіпкерлер құрамы мен
олардың іс-әрекеттерінің мотивировкасы өзгергенімен, сюжет
негізі өзгеріссіз қалған.

Назар аударатын жағдай, «Ғаяр қатын» дастанының айту-
шысы баяндалып отырған хикаяны Түркістан қаласында нақты
өткен, болған оқиға ретінде түсіндіреді. Ол заңды және жиі кезде-
сетін жағдай. Себебі, әр халық кірме сюжетті өзінікі деп ұғады.

Екіншіден, осындай оқиға, әр жерде, әр елде болуы мүмкін.
Үшіншіден, біздің дәуірімізден бұрын тасқа қашалып, қағазға
түскен, кейін кең тараған бұл сюжет әуелі фольклорлық туынды
ретінде шығыс халықтары арасында белгілі болуы да мүмкін.

Сонымен бірге, ғалымдардың пікірінше, джатака жинақтарына
кірген әңгімелердің біразы буддалық монахтардың жеке
шығармашылығының жемісі болуы мүмкін.
Шығарманы Қозыбағар ақынның айтуынан 1935 жылы

жазып алған халық ақыны Саяділ Керімбеков. Нұсқа ОҒК-ның
қолжазба қорында сақтаулы: Ш.923, 4-дәптер, араб әрпінде.
Мәтіннің ерекшелігі—мұнда араб, парсы сөздері мен көне
түркі формалар сирек кездеседі; оның есесіне орыс тілінен ауысқан

сөздер бар: мысалы, ләпке, төрік, әтказ, күмет, урот, кірай.
Шығарма 1990 жылы ғылыми-көпшілікке арналған жинақта
жарық көрген: Дастандар. 1-том.—Алматы: Жазушы.—169-196
б. Бұл басылымда кейбір сөздер, сөз тіркестері дұрыс оқылмай

қате басылған, сонымен бірге редакцияға ұшыраған жайттер де
жоқ емес. Мысалы, болып деп берілген, дұрысы: боп; келді—
дұрысы: желді; шыбықтай—дұрысы: шыбық боп; әмині—
дұрысы: әммасы; көрінді—дұрысы: күрсінді; бұралып—дұрысы:

керіліп; беретұғын—дұрысы: дәсмиясын; әнің—дұрысы: анық;
күткелі—дұрысы: кеткелі; мекен—дұрысы: мекем; ұшты—
дұрысы: өшті; сұлу—дұрысы: қатын; мекерленді—дұрысы:
мекіренді; сүртіп—дұрысы: желпіп; жатам—дұрысы: басам;

жайы болмады—дұрысы: соры қайнады, т.б.
ҚР Білім және ғылым Министрлігі ОҒК мен ӘӨИ-дің
Қолжазба қорларында осы сюжетті арқау етіп жырланған тағы

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

екі дастан сақтаулы, мысалы: «Молда мен қатынның хикаясы»
[ӘӨИ, Ш.920/9], кирилл әрпінде, жырлаған Қалдыбек Әліқұлов;
«Жамал қыз» [ОҒК, Ш.779], жинап араб әрпінде хатқа түсірген
Ертай Құлсариев.

Томға енген мәтін ОҒК-ның қолжазба қорында [Ш.923] сақ-
таулы тұрған түпнұсқадан дайындалды.

ҚИССА ЗЕЙНЕ ЗАЙУБ

Дастан алғаш 1897 жылы Қазан қаласында араб әрпімен
Шамсутдин Хұсайынұлы қаражатымен жарық көрген. 1901, 1906,
1912, 1914, 1916 жылдары кітап қайтадан басылып шықты.
Шығарма сюжеті—таза хикаялық сюжеттердің бірі; ол жеке

мотив, эпизод түрінде көптеген шығыстық ертегі, әңгіме, хи-
каят, дастандардың құрамында кездеседі. Бұл сюжет бірнеше
мотивтерді қамтиды.
Сондай мотивтердің бірі—киім ауыстыру мотиві. Шығыс

халықтарының фольклоры мен әдебиетінде ол төніп тұрған ажал-
дан құтқару үшін, зынданнан шығарып алу үшін, қалыңдықты
қаламаған күйеуден құтқару мақсатымен, т.б. жағдайларда
пайдаланады. «Қисса Зейне Зайубта» бұл мотивтің классикалық

үлгісі көрініс тапқан. Дастанның бас кейіпкері патша қызымен
кездесіп ләззат мұхитына батып ұйықтап қалғанда жендеттер
екеуін байлап зынданға тастайды.
Сонда тапқыр, зерек Зейне Зайуб бір қарауылшыны байбатша-

ның үйіне жұмсап оған былай деп үйретеді:

Күншығыстағы әйнекте қатын отыр,

Таспен ұрып әйнекті сындырғайсың…

Қатын сонда бетіне жалт қараса,

Бір таспен үйдің үстін тағы ұрғайсың.
Ақылды, зейінді байбатша әйелі болған істі түсініп, қайын
атасына былай деп хабарлайды:

Сындырды күншығыстағы әйнегіңді,

Шықты деп айтып кетті жалғыз көзің…

Бір тасты жерге тастап үш тепті ғой,

Жалғызың жер астында жатыр,—дейді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Содан соң өзі айла тауып, қарауылшыларды алдап, зынданға
түседі. Киімін Зейне Зайубқа беріп оны жоғары шығарады да,
күйеуімен зынданда қалады…
Жалпы, бұл дастанда бас кейіпкер белсенді емес, ол көздеген

мақсатына жету үшін ешқандай әрекет жасамайды. Оның есесіне
әйел кейіпкерлер өте ақылды, зерек, тапқыр, айлалы. Бұл—хи-
каялық дастандарда жиі ұшырасатын жағдай, осы жанрға жа-
татын шығармалардың генезисі мен табиғатынан туындайтын

заңдылық.
Дастанды
баспаға
дайындап

жариялаушы—Ж.Шайхы-
сламұлы. Ол қазақ фольклоры шығармаларын жинап бастыруда
көп еңбек сіңірген. Өкінішке орай, Ж.Шайхысламұлы халық әде-
биеті үлгілерін ел аузынан жинап, қағазға түсіру ісін шығармашы-

лық, авторлық шығарма тудыру процесімен теңестірген. Сондық-
тан баспаханаларға жіберіп отырған мәтіндерге міндетті түрде өз
атын қосып отырған. Мысалы, сөз болып отырған дастан «Қолыма
қалам алдым хат жазғалы» деп басталады. Ал мәтін соңында

жинаушы тарапынан қосылған төмендегідей жолдар бар:

Жазған қиссам мұныменен тоғыз болдың,

Айыбы жоқ мүсәпір жазған құлдың.

Мың сегіз жүз тоқсан бес июнь числа,

Двадцат сем дни вторникте мұны болдым. Келтірілген шумақтан Ж.Шайхысламұлы өзін дастан шығарушы ретінде ұғынатыны анық көрініп тұр. Керісінше, «Қолыма қалам алдым хат жазғалы» сөйлеміндегі «хат жазғалы» сөз тіркесі тек «сөз ретінде қағаз бетіне түсірілген графикалық таңбалардың жүйесі»5 мағынасында ғана пайдаланылғаны, яғни Ж.Шайхысламұлы біреуден алынған мәтінді қағазға түсірмекші болғанын айтып отырғаны айқын сезіліп тұр. Дастанның мазмұны өте қызық, оқиғасы шытырман, сондықтан болар, ол ел арасында кең тараған, оған қолжазба қорларында сақтаулы тұрған мәтіндер дәлел. Солардың бірі 1915 жылы Семей өңірінде жазылған қолжазба [ӘӨИ, Ш. 679, 9-дәп., араб әрпінде, тапсырған Мақатаев Жүсіп]. Қолжазбада дастанның жыршысы деп Бижанов Әзімбай жырау [1854-1922] 5 Қазақ тілінің сөздігі /Құрастырушылар: Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев, т. б.— Алматы, 1999.—708 б.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

көрсетілген. Бірақта салыстыру нәтижесінде бұл мәтін 1897
жылғы кітаптың дәлме-дәл көшірмесі екені анықталды. Сондай-
ақ, қазақ фольклорын жинап жариялаушы А.Васильев 1935
жылы тапсырған қолжазба да [ОҒК, Ш. 1164, араб әрпінде, ХІХ

ғасырдың аяғында жазылған]—аталған кітаптың көшірмесі.
Шығарманың тілі таза, араб, парсы сөздері жоқтың қасы;
бір-екі ғана көне түркі грамматикалық формалар кездеседі.
Мысалы, тілек-өтініш мәнін білдіретін -шы, -ші орнына қол-

данатын сәна жұрнағы: тыңда-сәна [тыңдашы], сыйла-сәна
[сыйлашы], т.б.
Томға еніп отырған мәтін жүз жылдан астам баспа бетін
көрмеген 1897 жылғы кітаптан әзірленіп, кирилл жазуында

алғаш рет баспаға ұсынылып отыр.

ЖЕТІМ КӨДЕК

Шығарманың сюжеті «Мың бір түн» ертегілерінен белгілі.
Сонымен бірге ол көптеген шығыс әдебиеті нұсқаларын
қамтитын жинақтарда кездеседі. Мысалы, Ю.Борщевский құ-
растырған «Плутовка из Багдада»6 атты жинақта осы сюжетке

негізделген «Рассказ о Сааде, Саиде, еврее Шамуне и птице
счастья» деп аталған прозамен баяндалған парсы хикаяты жа-
рияланған.
Оның фабуласы фольклортану ғылымында «жазықсыз жапа

шеккендер» деп жіктелген сюжетті құрайтын біраз ертегілік,
хикаялық сюжеттер, мотивтер мен эпизодтарды қамтиды. Олар
көптеген ертегі, хикаят, дастандардың құрамында жиі кездеседі.
Қазақ дастанында түпнұсқаның сюжеті мен оны құрайтын

бөліктерінің бірінен соң бірі қат-қабат орналасу тәртібі, баяндау
логикасы толық сақталған.
Бірақ та мұнда түпнұсқалық сюжеттің негізгі қаңқасы сақ-
талғанымен көптеген өзгерістер енгізіліп, бас кейіпкерлердің

тұлғалары басқаша сомдалған.
Дастан ӘӨИ-дің қолжазба қорында сақтаулы: Ш.132. Қазіргі
қазақ әрпімен жазылған. Қолжазбаны көшіріп, қорға тапсырған
Артықбаев Полатбек. Қолжазбаның соңында «Мың тоғыз жүз

қырық алтыншы жылы жаздым» делінген.
6 Плутовка из Багдада.—М., 1963.—С. 236-251.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ал Артықбаевтың Институтқа жазған хатында «… ертедегі
әңгіме болғандықтан өте аралас сөздері көп, араб, түркі тілдері
де кездеседі» делінген.
Бұдан қолжазбадағы «жаздым» дегенін араб әрпімен

жазылған, бізге әзірше белгісіз болып отырған қолжазбадан
көшірген деп түсінген жөн. Осы мәліметтермен қатар Артықбаев
Полатбек мәтіннің соңына дастан оқиғасына қатысы жоқ, өзі
туралы дерек беретін төрт шумақ қосқан. Олар алынбады.

Назар аударатын жайт: дастанда баяндалып отырған хикая
Түркістан қаласында нақты өткен, болған оқиға ретінде түсін-
діріледі. Ол заңды және жиі кездесетін жағдай. Себебі, әр халық
кірме сюжетті өзінікі деп ұғады. Екіншіден, осындай оқиға әр

жерде, әр елде болуы мүмкін.
Бұл мәтінде біраз орыс сөздері қолданылған: фантан, пош-
ташы, картина, минут, пәуеске, мүзіке, т.б.
«Жетім Көдектен» басқа бізде осы сюжетті арқау етіп жырлан-

ған «Қисса Алмас, Полат» атты дастан бар. Ол келесі томдарда
жарияланады.
Дастандармен бірге осы сюжетке негізделген бірнеше ертегі бар.
Солардың бірі—Г.Н.Потанин жариялаған «Аби, Таби» ертегісі

[«Живая старина», вып. ІІ-ІІІ за 1916-1917 г., С.145-146]. Кейін
бұл ертегі бірнеше ғылыми-көпшілікке арналған жинақтарда
және 1972 жылы жарық көрген «Казахский фольклор в собрании
Г.Н.Потанина» атты кітапта жарияланған. Г.Н.Потанин ертегі

мәтінін Сырымбетте белгісіз біреуден жазып алған.
Көлемі шағын «Аби, Таби» атты ертегіден басқа Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Орталық
ғылыми кітапханасында өте көлемді «Жетімдер» ертегісі

сақтаулы [Ш.143]. Мәтін И.Байзақовтың айтуынан жазылып
алынған. Бұл ертегіде де парсылық нұсқаның сюжеті толық
сақталған.
Дастан мәтіні түпнұсқадан дайындалып, алғаш рет баспаға

ұсынылып отыр.

ОРҚА—КҮЛШЕ

Шығарманың сюжеті өте көне. Ол арабтардың ежелгі жазба
дерекнама, байырғы әдеби нұсқаларынан, мысалы VІІ-VІІІ ға-
сырларда өмір сүрген атақты Жарир ақынның жазбаларынан
белгілі. Бұл сюжетпен Жалаледдин Руми де таныс болған.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Ал, ең бірінші осы сюжетті жырлап дастанға айналдырған— ХІ ғасырдың бірінші жартысында, сұлтан Махмұд Ғазнауи заманында өмір сүрген Айюки ақын. Содан кейінгі ғасырларда бұл сюжет араб, парсы, түркі тілдерінде жырланған біраз дастан, поэмаларға арқау болған. Айюки поэмасының қолжазбасы ХХ ғасырдың 50-жылдарында ғана табылды. Оны Ахмед Атеш деген ыстамбұлдық шығыстанушы Топқапы сарайы кітапханасының 841-бумасынан тауып, оған ғылыми сипаттамамен қатар алғашқы зерттеу мақала жазып, ғылыми айналымға енгізді. И.С.Брагинский өзінің «Из истории таджикской и персидской литератур» атты еңбегінде Айюки поэмасының кейінгі ғасырларда басқа тілдерге аударылып бірнеше дастан, поэмаға арқау болғанын айта келіп, мысал ретінде 1915 жылы Тәшкенде жарық көрген «Хикаят ачиба аз ахволи Гүлшоһ уа Варқа» атты кітапты [өзбек тіліне қара сөзбен аударып жариялаған Абдулла ибн Миркәрім] және түрік тіліндегі варианты Испания арқылы Францияға жетіп «Floіre et Blancheflor» романына негіз болғанын7 көрсетеді. Өкінішке орай, 1915 жылғы өзбек тіліндегі басылымнан 22 жыл бұрын дәл сол Тәшкенде жарық көрген қазақ ақыны Шәді Жәңгірұлының «Хикаят Уарқа-Гүлшаһ ғашық уа мағшұқ» дастаны И.С.Брагинскийге беймәлім болып қалған. Шәді ақынның шығармасы алғаш 1893 жылы жарық көріп, кейін 1913, 1917 жылдары қайта басылып шыққан. Ш.Жәңгірұлы Айюки поэмасының мазмұнын еш өзгертпей, байырғы сюжетті толық сақтаған. Қазақ даласында бұл сюжет ауызша түрінде ертеректен белгілі болғанымен, оның ел арасына кеңінен тарауына Шәді ақын дастанының басылымдары айрықша маңызды болды. Өйткені араб әліпбиі негізінде сауатын ашқандар қызықты, жиналғандар сүйсініп тыңдайтын кітаптарды түрлі жиын-тойларда, жеке отбасында оқыған, көп жағдайларда жаттап алып ауызша таратқан. Сонымен бірге қазақ қоғамында ежелгі замандардан қолжазбаларды, кейінгі дәуірлерде кітаптарды да көшіріп, ел арасына қолжазба ретінде тарату әдетке айналған. Оған қолжазба қорларында сақтаулы тұрған жазбалар дәлел. 7 Брагинский И. С. Из истории таджикской и персидской литератур.—М., 1972.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір қызығы, Шәді нұсқасы ел арасында өте кең тарап, айтушы,
жыршылардың репертуарында фольклорлық үлгілермен бірге
айтылып күрделі өзгеріске ұшыраған. Ол табиғи құбылыс, себебі
ауызша айтылған шығарма өзгеріссіз, фольклорлық дәстүрдің

ықпалын сезінбей қайталануы мүмкін емес. Айтушылар мен жыр-
шылар Айюки поэмасын арқау еткен Шәді нұсқасын негіз ете
отырып, мазмұнын өңдеп, мәтін сөздерін өзгертіп, шумақтардың
орнын алмастырып, араб, парсы, көне түркі сөздерін қазіргі сөз

қолданысымен ауыстырып, көлемін ықшамдап, тыңдаушы
қауымға ыңғайлап Шәді ақынның мәтінінен айырмашылығы
айтарлықтай мол фольклорлық үлгілерге жақын нұсқа туғызған.
Сондай нұсқаның мысалы ретінде М.Сейітмағамбетұлы тапсыр-

ған мәтінді атауға болады.
Жалпы, көне араб хикаятын арқау еткен Айюки поэмасы да,
оған негізделген Шәді дастаны да, солардың ізімен жырланған
М.Сейітмағамбетұлы нұсқасы да сюжеті жағынан өзіміздің төл

«Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырына өте жақын, ұқсас. Жігіт те,
қыз да бір күні туады. Жаңа туған балаларды әкелері атастырады.
Ұлдың әкесі қайтыс болғаннан соң, қыздың ата-анасы «жетім ұлға
қыз бермейміз» деп тулап, қыздарын ғашығынан айырып басқа

күйеуге береді. Аталған шығармалардың аяқталуы да әр қилы: бір
варианттарда әр түрлі қиындықтарды жеңіп екі жас қосылады,
басқа біреулерінде қос ғашық мейірімсіздіктің, дүниеқорлықтың,
қатыгездіктің құрбаны болады, ал тағы бір нұсқаларда дүние

салған ғашықтарды әулие, я пайғамбар тірілтеді.
Сонымен қатар «Орқа-Күлше» дастанының фабуласында
көптеген хикаялық [новеллалық] мотивтер мен эпизодтар орын
тапқан. Мысалы, қатыгез, жексұрын Омардың қолына түскен

Күлше одан құтылу үшін өтірік Орқадан көп азап тартқанын,
Орқаны өз қолымен өлтіргеннен кейін ғана онымен қосылуға
дайын екенін айтып жұбатады да, жолын тауып Орқаны босатады.
Күлшеге сырттай ғашық болған Шам патшасы Мақсан қызды

қолына түсіру үшін патшалығын тастап, көпес киімін киіп,
саудагер болып Нәби Шайбан жеріне келеді. Мұнда жомарттық
жасап мал-мүлкін шашады да, сонымен Күлшенің ата-анасының
көңілін баулиды. Сондай айлалықпен ғана қызды алады. Қыздың

шешесі құдалықты бұзып, оны басқа біреуге беріп жібергенін
жасыру үшін Күлшені өлді деп жариялайды да, қабірге қойдың
өлігін салады.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Дастанда жүзік мотиві толық көрініс тапқан: алыс жерге
еріксіз кетіп бара жатқан қыз ғашығына жүзігін сәлем ретінде
қалдырады. Кейін Орқа оны өзін білдіру үшін даяршы әйел
арқылы Күлшеге жібереді. Яғни, сақина—махаббаттың және

адалдықтың символы.
Келтірілген мотив, эпизодтар генезисі, табиғаты және
мазмұны бойынша хикаялық болып табылады. Сондықтан
М.Сейітмағамбетұлы тапсырған «Орқа-Күлше» нұсқасын өзге

хикаялық дастандармен бірге жариялауды жөн санадық.
ӘӨИ-дің Қолжазба қорында «Орқа-Күлше» дастанының
бірнеше қолжазбалары мен ХХ ғасырда жарық көрген кітап
үлгісі сақтаулы:

1) «Хикаят Орқа-Күлше ғашық уа мағшұқ». Бірінші бетінде:

Назым еткүші сұлтан Шәді Жиһангерұлы. Бірінші басылымы.
Сеид Ахмар қажы Сүлеймен қажы ұғлы уа һәм Керімжан
Хакімжан ұғлының қаражаты илән басма болды деген жазу бар.
Бұл—1893 жылы Тәшкенде жарық көрген кітап. Кітап ХІІ-

ХІІІ ғасырларда парсылар ұсынған тәлик жазу үлгісінде басылып
шыққан. Мұқабасы жоқ, түптелмеген, парақтары бөлек-бөлек.
Көлемі—82 бет. Кітапты 1984 жылы Институтқа тапсырған
жинаушы К.Майлыбаев [Ш.900, 9-дәптер].

2)«Уарқа-Күлше» қиссасы. Мәтін әр бетке екі қатардан
орналасқан, араб әрпінде, сиясы көк. Көлемі—92 б. Тәшкен
облысы, Сексенбай ауылының тұрғыны, көптеген дастан-
дарды жатқа біліп айтушы Ә.Ахметовтың үйінен табылған.

Қолжазбаның соңғы бетінде «Жазушы Әбдірайым Ахметұлы
шығарған 48-жылғы кітап. Аударған сонан мұны Бақтыбаев.
1953 жылы жетінші қыркүйекте тамамдап жазып болдым
зорға аударып» деген жазу бар. Салыстыру нәтижесінде

бұл мәтін Ш.Жәңгірұлы дастанының көшірмесі екені анық-
талды.
Ш.Жәңгірұлының 1893 жылы Тәшкенде жарық көрген кітабы
ескі қадым жазуымен басылып шыққан, оның үстіне мәтінде

көне түркі, көптеген араб, парсы, өзбек сөздері кездеседі. Демек,
мәтінді оқу, тану қиынға түседі. Сол ауыр ұғылатын жазбадан
көшіріп қайтадан араб әрпінде (жәдидше) жазып шыққанын
Ә.Бақтыбаев

аудардым
деген.
Сонымен
бірге

көшіруші
қателесіп, дастанды шығарған Ә.Ахметов деп жазған. Көшіру
үстінде Ә.Бақтыбаев біраз араб, парсы, көне түркі сөздерді қазақ

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

сөздерімен берген. Ал кейбір тани алмаған сөз, сөз тіркестерін
басқа сөздермен ауыстырған.
Қолжазбаны ХХ ғасырдың аяғында Оңтүстік Қазақстан мен
Өзбекстан Республикасы Тәшкен өңіріне ұйымдастырылған

фольклорлық-этнографиялық экспедиция жинап тапсырған.
Қолжазба ӘӨИ-дің ҚҚ-да сақтаулы [Ш.920/27].
3)«Уарқа-Күлше» дастаны. Мәтінді Ш.Жәңгірұлы дастанын
кітаптан жаттап, айтып берген Өмірзақ Бейсенұлынан жазып

алғандар: Қ.Саттаров, Г.Бейсенбаева, Л.Түлеева. Қолжазба
қазіргі қазақ әрпімен қалың дәптерде жазылған, көлемі—175 б.
ХХ ғасырдың аяғында Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан
Республикасы Тәшкен өңіріне ұйымдастырылған фольклорлық-

этнографиялық экспедиция институтқа тапсырған. Қолжазба
ӘӨИ-дің ҚҚ-да сақтаулы [Ш.920/27].
4)«Орқа-Күлше». Қолжазбаны 1962 жылы ӘӨИ-ге тапсырған
Оңтүстік Қазақстан, Арыс ауданының тұрғыны Мұратов

Әбдірайым. Қазіргі қазақ әрпінде жазылған, сиясы көк,
көлемі—87 б. Мәтіннің соңында былай делінген: Мен Мұратов
Ә. бұл қиссаны ақын Әлімжанов Әбдіғаппардан аударып алдым.
Аудардым дегені—араб әрпінен кирилл әрпіне көшіргені.

Ал Ә.Әлімжановтың араб әрпінде жазылған қолжазбасы
Ш.Жәңгірұлының Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген
кітабының көшірмесі екені анық.
Ә.Мұратов тапсырған мәтінде Ш.Жәңгірұлы дастанының

кейбір сөздері, жолдары өзгертіліп, ауыстырылғаны бай-
қалады, мысалы: рауаилер орнына раббымдұр, буаз болып
орнына екіқабат, мехнат орнына бейнет, сұхбат етіп
орнына ойнап-күліп, сөйлесіп аталары кеңес қылып орнына

сөйлесіп ата-анасы келіс қылып, тәрбиат орнына тәрбие,
жоқ еді мұндай ойымда орнына жоқ еді менің ойымда деп
берілген, т.б.
Ә.Мұратов қолжазбасы ӘӨИ-дің ҚҚ-да сақтаулы [Ш.101].

5) «Қисса Орқа-Күлше ғашық мағшұқ». 1976 жылы араб

әрпімен шақпақты қалың дәптерге жазылған қолжазба, көлемі—
90 б. Ш.Жәңгірұлы кітабынан көшірген Рахмет Байболұлы.
Қолжазба ӘӨИ-дің ҚҚ-да сақтаулы [Ш.883, 8-дәптер].
6)«Орқа-Күлше». Қолжазба араб әрпімен шақпақты қалың

дәптерге жазылған, көлемі—102 б. ӘӨИ-ге 1966 жылы тапсырған
Сейітмағамбетұлы Мәлім.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Қолжазбаның соңғы бетінде—«Орқа-Күлше» арабша қисса-
сын кемпір-шалдар «оқып бер, жасың ұзақ болсын!» деп бата беріп
қол жаяды. Соларға көп оқып жүріп жиырма жасымда жаттап
алып кеттім»,—деген жазу бар. Демек, М.Сейітмағамбетұлы

осы дастанды бізге әзірше белгісіз қолжазбадан оқып, ал жаттап
алғаннан соң ауызша айтып таратқан. Кейін қағазға түсіріп
Қолжазба қорына тапсырған.
Томға М.Сейітмағамбетұлы нұсқасы ұсынылып отыр. Бұл

мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы [Ш.641, 8-дәптер].
Дастан бірінші рет жарияланып отыр.

ҚИССА ТАҺИР

Шығарманың сюжеті арабтардың Һарон Рашид халифаның
есімімен байланыстырылып айтылатын ертегілер топтамасынан
алынған. Бұл топтамадағы шығармалар белгілі «Мың бір түн»
атты ертегілер жинағының әжептәуір бөлшегін құрайды және де

басқа жинақтарда кездеседі.
Дастанның мазмұны әлем халықтарының қиял-ғажайып жә-
не хикаялық ертегілерінде жиі кездесетін, ғылымда «жазықсыз
жапа шеккен» деп жіктелген сюжетке негізделген.

Дастанның бас кейіпкері еш жазығы жоқ Таһир іші тар
екі ағасының қаһарына душар болып, көп қиындық көреді.
Әкесінен қалған байлықты аз уақытта шашып жоқ қылған аға-
лары Таһирдің мүлкіне қызығады да одан құтылғысы келеді.

Сол үшін көп әрекет жасайды. Мысалы, бір тақтайға отырғызып
теңізге ағызып жібереді; зынданға салады; үстінен істемеген
күнә тағып, патшаға арыз айтады; олардың әмірімен жендет
Таһирдің басын қылышпен шауып өлтірдім деп жапан түзге тас-

тап кетеді, т.б. Бірақ та одан түк шықпайды. Ақырында Таһир
сиқырлы күш арқасында барлық қиындықтарды жеңіп, патша
болады.
«Қисса Таһирдің» тілі мен стилі осы томға кірген өзге де

шығармалар, мысалы, «Қисса Зейне Зайуб», «Сыршы молда»
секілді дастандық эпостың кітаби үлгілеріне тән.
Мәтінде біраз араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер
қолданылған, олар қазақ тіліне аударылып томның соңында

арнайы сөздікте топтастырылды. Сондай-ақ шығарма тілінің
мынандай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады: мен тұлғалы

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР 8 Табахана—баспахана. 9 Баспа бетін көрді деген мағына береді. шылау білән, бірлән түрінде қолданылған; тілек-өтінішті білдіретін -шы, -ші жұрнағының орнына сәна жұрнағы жиі қолданылған: қара-сәна; көптеген жағдайда етістіктердің көне формалары сақталған: деплер, дерлер, болұр, енгізділер, жегізділер, ұмтылдылар, тастадылар, келерлер, берлесе, жылағаш, біткеш, шыққандан, өлтіретұрған, т.б. Мәтінде жоғарыда келтірілгендерден басқа да көне грамматикалық формалар көп кездеседі, мысалы, анлар [олар], үшбу [осы, бұл], андан соң [сонан соң], түрлік-түрлік [түрлітүрлі], сенден, мұндан, ондан, ағамдан, т.б. Осындай сөздердің бәрі түпнұсқалық күйінде берілді, яғни шығарманың сөз қолданысы толық сақталды. Дастан алғаш рет Қазанда 1877 жылы жарық көрген. Кітаптың мұқабасында мынандай жазу бар: «Бұ кітап Қазан Университетінің табаханасында8 баспа үлінімішді9, Тобен Қорса әулиенің Шамсәддин Хұсайын ұғылының қаражаты илән әуел мәрте 1877 жылда». Дастанды жариялаушы өзін молда деп таныстырған қазандық Әлиуллаұлы Сабыр Лутфулла. Мәтінде «Аз қисса сөз жазайын қағазында», «Мұны жазған ғарібің Сабыр молда» деген жолдардағы жазу сөзін белгілі бір мәтінді көшіру, қағазға түсіру деген мағынада түсінген жөн. Әлиуллаұлы Сабыр өзі де «Көргенден соң мен жаздым бұ қиссаны» деген сөздермен біздің пікірімізді қуаттап тұрғандай. Шығарманың басқа нұсқалары әзірше табылмады, дегенмен ОҒК-ның қолжазба қорында 1877 жылғы кітаптың А.Васильев тапсырған көшірмесі бар [Ш. 923, 13-дәп., араб әрпінде]. Томда жарияланып отырған мәтін 1877 жылғы кітаптан еш өзгеріссіз дайындалып, кирилл жазуында алғаш рет баспаға ұсынылып отыр.

Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қия-
мет-қайымды жаратушы, Ислам дінінің баршаға бірдей, жалғыз
және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: Алла—жалғыз, Алла—мәңгілік,

ол тумайды да туылмаған, әрі оған ешкім тең емес*.
Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла

барлық өлгендерді тірілтеді де, пәниде істеген қылықтарын
таразылап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін тозаққа жібе-
реді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға
мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Атап айтқанда,

Мұса (Моисей) мен Иса (Иисус) осындай өкілдер болды.
Мұхаммед—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған
Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен 23
жылда толық түсті.

Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес.
Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті
білдіруге болады. Ал, табынудың басты орны—Меккедегі Қағба
болып саналады: онда аспаннан Алла жіберіпті деп есептелетін

қасиетті қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымдылы-
ғын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз тамаша
есімдері көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары),

Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық
(жаратушы), Шәріф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі),
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді), т.б.

МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ

ЖӘНЕ ДІНИ ЕСІМДЕР

* Құран Кәрім. 112—«Ихлас» сүресі.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу Акбар, Сұбхан Алла, Әлхамдулиләһи деген мадақ сөздерді отыз үш реттен іштей күбірлеп, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады. Адам ата, Хауа ана—діни аңыздар бойынша Алла Тағала ең әуелі Адамды топырақтан жаратады. Балшық-мүсін ұзақ жылдар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала оған жан кіргізеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасайды. Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олардың арасында «беделді», «құрметті» орынды иемденеді. Періштелер Алланың жарлығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібереді. Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш алудың жолын іздейді. Ақырында Ібіліс шайтанның сөзіне иланған олар алдауға түсіп тыйым салынған жемісті жейді. Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, Көктен Жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды. Әзәзіл—діни аңыздар бойынша «Адамға сәжде қылыңдар» деген Алла Тағаланың бұйрығын орындамаған Ібілістің есімі (бұрын оның есімі Әзәзіл немесе Әл-Харис болған делінеді); азғырушы, жолдан тайдырушы. Әмір Темір—Ақсақ Темір, Темірлан [1336-1405]—Орта азиялық қолбасшы, әмір [1370-1405]. Моңғолдың түркіленген Барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Жәмшид—Ежелгі Иранның есімі аңызға айналған патшасы, ол 700 жыл билік еткен. Аңыз бойынша, ол шарап ішкен ыдысынан бүкіл дүние тіршілігін көріп отыратын болған. Қаракесек—Орта жүз Арғын тайпасының руы. Шежіре деректеріне қарағанда, Қаракесек Арғын тайпасының «Бес мейрам» атанатын рулар бірлестігіне кіреді, яғни Мейрам сопының кіші әйелі Қарқабаттан туған Болатқожа деген баласынан тарайтын ру. Қаракесектен Майқы, Бошан, Танас тарайды. Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы Арғын тайпасымен бірдей болғанымен, Арғын ішінде Болатқожаның шешесі—Қарқабат атын ұран еткен. Қожа Ахмет Иасауи—Ахмет бин Ибраһим бин Әли—атақты сопы, түркілік суфизмнің негізін салушы, философ, ақын. Шамамен 1093 жылы Түркістан шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туып, ХІІ ғасырдың аяқ кезінде қайтыс

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР болған. Оның есімі Түркістанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Қожа Ахмет Иасауидің мол мұрасынан бізге жеткен негізгі шығармасы—«Диуани хикмет». Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ. Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қыдыр бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе, кейбір ғалымдар оны тек Ислам ықпалымен пайда болған деп түсіндіреді. Қыдыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан түсінігі бар. Қазақ фольклорында Қыдыр баба—ел аралап жүрген ақ киімді, адам бейнелі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы. Лұқпан—ол туралы Исламға дейінгі араб хикаяларында біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға 31-сүре арналған. Мұнда Лұқпан «бір Құдайлық» бағытын насихаттаған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам ретінде аталады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-Хаким, яғни, хәкім Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші делініп, оның есімі көптеген Шығыс халықтарының ертегі, жыр, аңыздарында құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да «Лұқпан хәкім айтыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар. Мұса—Құран кейіпкері, пайғамбар. Інжіл бойынша Моисей. Алла Тағаладан кітап жіберілген төрт пайғамбардың бірі. Аңыз бойынша Мұса (ә.с.)*—Алла Тағаламен тілдескен және онымен жүздескен бірінші Пайғамбар (Адам атадан соң). Алғаш рет Алла Тағала Мұса (ә.с.)-ға Мысыр маңында «от» болып көрінеді. Оны перғауынға (фараон—Мысыр патшасының титулы) өзінің елшісі етіп жіберетінін, перғауын елінде бір Алланың жолын уағыздауы тиісті екенін білдіреді, көмекші етіп, оның бауыры Харонды қосады… Алла Мұсаға: «Өз халқыңды Мысырдан түн жамылып алып шық»,—деп бұйырады. Мұса таяқ сермеп қалғанда теңіз қақ жарылып, ашылады. Израилдықтар сол жолмен өтіп шығады. * Ә. С.—Әлейһиссалам /а/—оны Алла жарылқасын! Пайғамбарлардың атына жалғаса айтылатын сөз.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Перғауын мен оның қалың қолы жеткен кезде теңіз тұтасып
кетеді де, олар суға батып өледі. Тек күнәсін мойнына алған
перғауын ғана кешірім алып аман қалады. Мұса өз халқын
бастап, шөл далаға шығады. Сол жерде таяғының құдіретімен

он екі бұлақтың көзін ашады. Алла Тағала оның тілегін қабыл
алып, адамдарына азық береді.
Мұса Алла Тағаламен екінші рет Синай тауында кездеседі.
Алла Тағаламен сөйлескендіктен, Мұса пайғамбарды Мұса Кәлим

(Алламен тілдесуші) деп дәріптеген.
Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, Ислам дінінің негізін салу-
шы. Мұхаммед (ә.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген.
Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай

бұрын қайтыс болған. Ал, анасы Әмина Расул Алла* алты жасқа
толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (ә.с.) алғашында сүт
анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс
болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған.

Алғашқы уахи рамазан айында хазірет Мұхаммед Меккеден
үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні
таң алдында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында Алланы,
яғни бір Құдайға табынатын дін—Исламды уағыздай бастайды.

Мұхаммед (ә.с.) Ислам дінін жария еткенде арабтардың басым
көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам дініне қарсылық білдіріп,
түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед
(ә.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдина қаласына

қоныс аударады. Бұл жыл Ислам жыл санауының басы деп
есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс аудару»
деген сөз.
Мұхаммед Мұстафа (ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина

қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі), т.б. эпитет есімдері бар.

Наушаруан—Иран шаһы Хосрой І Анушаруан [531-579].
Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран
Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх пайғамбар
мен оның әулеттеріне арналған.

Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су
оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін
* Расул Алла—[Расул (а)—елші]—Алланың елшісі.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен
алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адамдар
мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі кемеге
мінгізеді, осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман қалып,

өмір қайта жалғасады.
Рүстем—Ежелгі Иран аңыздарының әйгілі батыры, «Шаһ-
наме» эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс халықтарында
қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.

Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иерусалим
қаласындағы Яхус храмын салдырған.

Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір
күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей
қаза болыпты. Сонда Дәуіт (ә.с.) еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған

Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен (ә.с.) мұсылман елдерінің ертегі
дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануар,
құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.

Һарон Рашид [763—809]—Аббас әулетінен шыққан бесінші
халиф. Һарон Рашид тұсында арабтардың ұзақ уақытқа созылған
Византияға қарсы күресі одан әрі жалғастырылды, сонымен бірге
халифатта ауыл шаруашылығы, қолөнер, сауда және мәдениет

едәуір дамыды. Сондықтан болар тарихи тұлға—Һарон Рашид
есімі халық аузында аңыз-әңгіме мен ертегі-жырға айналып
кетті. Көптеген ертегі мен аңыздарда ол әділ билеуші, халық
қамқоршысы бейнесінде суреттеледі.

Шаһариарлар [шаһар /п/—төрт, яр /т/—жар, серік]—
тарихта «ал-Хулафа ар-Рашидун» деген атпен белгілі, араб мем-
лекетін бірінен соң бірі кезекпен билеген төрт әділетті халиф—
Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли.

Олар Мұхаммед пайғамбар уағыздаған жалғыз Құдайлық
дінді ең бірінші болып қабылдап, оның ең жақын, шын берілген
сенімді серігі, жолдасы болды және Ислам дінін тарату, нығайту
ісін ары қарай жалғастырды.

Абад, абат /п/—халқы жиі қоныстанған қызу, думанды, базарлы жер; елді мекен; бай, берекелі орын Ажам /а/—парсылар; араб еместер, шетелдіктер Азар—қорлық, азап Ағза /а/—адам денесінің мүшелері; кейбір мәтіндерде жүрек деген мағынада алынған Ақ—Хақ деген сөздің х әрпі түсіп, қысқартылып айтылатын түрі. Хақ /а/—шындық, күмәнсіз ақиқат; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Анда /т/—сонда; андан соң /т/—кейін, содан кейін, сонан соң Анлар /а/—олар Анша—сонша Арзымайды—тұрмайды, тең келмейді Асан /а/—жеңіл Асандық—жеңілдік Аслан /а/—асылы Аслас /а/—қате; пиғылы жаман, пейілі тар адамның іс-әрекеті. Ахир /а/—соңғы; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі; жандының бәрі, бүкіл әлем дүниесі, ғарыш жоқ болып кетсе де Алла Тағала жоқ болмайды, ол—мәңгі деген мағынаны береді Ахирет, ақырет /а/—ақырет күні. Мұсылмандардың ұғымы бойынша бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық сезіледі. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы. Ахун /п/—діни ұстаз, жетекші; Ислам діні қызметкерлерінің лауазымы, мүфтиден кейінгі діни атақ; білімді, сауатты адам СӨЗДІК* * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Олар кейде ауыспалы мағынада да қолданылған. Сондықтан біз ұсынып отырған дастандарда кездесетін осындай сөздердің мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Ашық, асық /а/—ғашық, сүйікті
Ашықтық /а/—ғашықтық, махаббат
Әгар—егер
Әд, хәд /а/—шек, шекара

Әдиса—таңғажайып оқиға; хикая; сөз; сыр
Әдірес—жұқа, қымбат мата
Әзел /а/—мәңгілік, бақилық; басында, әуелде
Әжеп—ғажап

Әзірет, хазірет /а/—ұлы мәртебелі, мырза. Патшалардың,
хандардың, әмірлердің, діни қайраткерлердің атына, титулына
қосылып айтылатын құрметті атақ
Әйла /т/—жасау, істеу

Әладдауам /а/—ылғи, үнемі, кілең
Әләйһиссалам /а/—оны Алла жарылқасын! Пайғамбарлар-
дың атына жалғаса айтылатын сөз. Қысқартылған түрі—ә.с.
Әлпез—құрал; жол; түр

Әлқисса /а/—сонымен; қысқасы, қысқаша айтқанда
Әмма, һәмма—бәрі, барлығы
Әсірет /а/—қасірет
Әтказ /о/—бас тарту, айну; болмайды

Әуара /а/—әуре; есуас
Бад, бәд /п/—жаман, нашар
Байбатша—бай баласы; мырза
Бақал /а/—ұсақ-түйек сатушы; саудагер

Бәдән /а/—дене
Бәдпиғыл—ниеті жаман, қара ниетті
Бәни /а/—ұл, ұрпақ
Бәни Сайб [Сайб—ру аты]—Сайб ұлдары, Сайб ұрпағы,

халқы, Сайб руы
Бәһра /т/—ләззат; ғанибет; ғибрат
Бейқарар—мазасыз, тыныштықсыз; қайғылы; ессіз
Бейхал /а/—көңілсіз; нашар

Бек /т/—өте, тым; феодал, ел билеуші бай
Биабан /п/—құлазыған шөл дала, жапан түз
Биқисап /п.а./—өте көп, сансыз, өлшеусіз
Бипаздау—әдемілеу, мәнерлеу

Бисмилла /а/—Алланың атымен. Мұсылмандар әрбір игі
істі, әрекетті осы сөзбен бастайды
Биһұш /п/—көңілсіз; ессіз болу, естен танып қалу

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бөксеру—жарып жіберу, бір жерін тістеп алу
Бұл—мата; зат, нәрсе; дүние-мал
Білән, бірлән, бірлә, илән /т/—мен; бірге
Гөзәл /т/—сұлу, әдемі

Гүзер /п/—лаж; шығу; пәледен құтылу
Ғадалат /а/—әділет
Ғадалет /а/—оқиға, хикая
Ғадиса /а/—әдиса, таңғажайып оқиға; хикая; сөз

Ғазал /а/—соңғы екі жолы ұйқасып келетін шығыс
халықтарының лирикалық өлең өлшемі
Ғазабат /а/—азап
Ғазиз /а/—қадірлі; қымбатты; аяулы, ардақты

Ғайбат /а/—өсек, жала сөз; өтірік сөз
Ғам /а/—қам, уайым
Ғанибет /а/—олжа, баға жетпес, қолға түспес, жарастық
Ғарық болу /а/—суға кету, бату; суға түсу

Ғарзуғам /а/—кездейсоқ жағдай; күтпеген жерде пайда бол-
ған олжа
Ғаріп, қарып, кәріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін
Ғау /п/—айқай, шу

Ғаяр—аяр, мекер, алдамшы, сиқыршы
Ғейіш-ғишрат /а/—сауық-сайран; қызық; қызойнақ
Ғұлман /а/—жас жігіт, бозбала; діни ұғым бойынша жұмақта
қызмет көрсетуші мәңгі жас, сұлу жігіт, бозбалалар

Ғұнша /п/—гүл
Дарбаза—қораның, мекен-жайдың сыртқы үлкен қақпасы
Дахи—және, тағы да
Дәпін, дәфін ету /а/—жерлеу, арулап қою; көму

Дәргаһ /а.,п./—Құдай құзыры; қақпа, есік; салтанатты сарай
Дәркар /а.,п./—керек, қажет; іске жарайтын
Дәрткеме—құмар ойыны
Дәрулмәлік /а/—патша сарайы

Дәсмия /п/—байлық, қор; күш-қуат; сайман, құрал
Дегеш /т/—деген
Дерлер /т/—дейді
Диан-диан /п/—азды-көпті

Динар /а/—алтын ақша; Ирак, Иордания, Алжир, Ливия,
Йемен, т.б. елдердегі ақша өлшемі
Диуана, дуана—ризығын көктен тілеп, кәсіпсіз жүретін адам

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Дүр—інжу, гауһар; зор, атақты, әйгілі
Дықат—дақ мағынасында алынған
Ділла, ділда, тілла, тіллә—алтын ақша; кейде алтын, зер
мағынасында да қолданылады

Дықат—дақ мағынасында алынған
Ерүр /т/—еді
Есім ағзам /а/—Ұлы есім; Алла Тағаланың 99 есімін түгел
атап, өз қалауын тілейтін дұға.

Жад ету /п/—еске алу, есте ұстау
Жаллад /а/—жендет, жазалаушы; баскесер
Жаппар /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Жауаһыр /а/—жауһар сөзінің көпше түрі

Жаһаннам /а/—діни ұғым бойынша дүние салғаннан кейін
күнәға батқандар баратын жер. Аллаға сенімсіздік білдіріп, оған
құлшылық етпегендер жаһаннам отында мәңгі жанады.
Жәдугер /а/—жәдігөй, залым, сұрқия; сиқыршы

Жеһ /п/—құдық, шұңқыр
Жиелік /т/—жейік
Жөйіт—жөһүд, яхуди, еврей; Мұса пайғамбардың үмбеті
Жұптылық—ерлі-зайыптылық; серіктік

Жүгірік—жүйрік
Жүдә /п/—өте, тым, тіпті; бөлек, өзге
Зағыпыран—сары түсті гүл; мәтінде ауыспалы мағынада
қолданылған: сарғайып зағыпырандай.

Зина /а/—нәпсіқұмарлық, жезөкшелік; неке бұзушылық
Зина бала—некесіз туылған бала
Зияда /а/—өте, тым, қатты; үлкен; жақсы; артық
Зияпат /а/—біреудің немесе бір нәрсенің құрметіне берілетін

қонақасы, салтанатты кеш; банкет; құрмет; сый-сияпат
Зият /п/—артық, жақсы
Зұлмат /а/—қараңғылық, қара түнек; зобалаң
Зұлзалат, Зұлжалал /а/—жоғары мәртебелі; Алла Таға-

ланың 99 есімінің бірі
Изһар ету /а/—таныту, көрсету; нық, ашық; ауыспалы ма-
ғынада: қайтыс болу
Иләһ /а/—Құдай, Құдірет, Тәңір; иләһи, иләһим—Құдайым

Иншалла /а/—[ин шаа Алла: ин—егер, шаа—қалау] Алла
қаласа
Ирам /а/—байсалдылық; тыным

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ислам /а/—Құдайға берілу, Құдайға құлшылық ету; VІІ
ғасырдан бастап араб елінен дүние жүзіне кең тараған, ықпал-
ды, соңғы дін
Итпарас—итке табынған

Йақ—жақ
Катта, кәттә—үлкен
Кәлима /а/—сөз; әңгіме; тілін кәлимаға келтірді, яғни кә-
лима шаһадатты айтты

Кәлима шаһадат /а/—куәлік сөз. Алла Тағала мен оның
елшісі Мұхаммедке сенім, иман білдіретін шарт
Кәниз, кәнизак—хан сарайындағы қызметші қыз
Кәпір /а/—пұтқа табынушы, көпқұдайшыл; шындықты

мойындамаған; Ислам дініндегілер Аллаға сенбеген бүкіл мұ-
сылман еместерді кәпір деп атаған
Кәр /а/—жүз мың
Кәрім /а/—жомарт, мейірімді; Алла Тағаланың 99 өзіне ғана

лайықты есімінің бірі
Кемер—белбеу
Керкүдан—керік; мүйізтұмсық
Көдек, гөдек /п/—сенгіш, аңғал; жасөспірім бала, сәби

Көнтек—малдың терісінде болатын қышыма, қотыр
Көрістан—бейіт, зират, мола деген мағынаны береді
Крилса /о/—дәліз, есік алды
Күмет /о/—бөлме, үй

Күнәһ—күнә
Кірай /о/—өлке, аймақ
Қадір /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі.
Қам—қайғы

Қарар /а/—тыныштық; келісім
Қасап, қасапшы—малды сойып сатып кәсіп етуші
Қасат болу /п/—зиянға ұшырау; банкрот болу
Қаст, қасад /а/—мақсат; ой; қара ниет, арам ой

Қатира /а/—бірыңғай заттың тәртіппен тізілген тізбегі; қо-
са, қабат, мәрте
Қатра /а/—тамшы
Қатыл /а/—өлген

Қатыл ету /а/—өлтіру
Қимат—қымбат
Қисса /а/—тақырыбы әр қилы, сюжеті шытырман, қара

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

сөз үлгісінде айтылатын шығарма. Қисса көптеген шығыс
халықтарының әдебиеті мен фольклорында кездесетін жанр
Құда, Құдай /п/—бүкіл ғаламды жаратушы, Алла Тағала,
Құдірет.

Құдірет /а/—керемет күш, ғажайып қасиет; Құдай, Алла,
Тәңірі, Жаратушы
Құран /а/—мұсылмандардың ұғымы бойынша Алла Тағала-
ның сөзі жазылған, Ислам дінінің негізгі ереже, уағыздары то-

лық көрініс тапқан ең басты қасиетті кітап
Құрдам болу—құрсант болу: қуанышты, шат көңілді, шадыман
Қылап—әділетсіздік; қиянат
Қылуа—машық болған әрекет, қылық

Қысас /а/—қас, өш
Қышлақ /т/—қыстақ
Лағыл—қызыл түсті асыл тас
Лазым /а/—белгілі, анық, мәлім

Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммед Расул Аллаһ /а/—Алла-
дан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі—мұсылмандарда
иман білдіретін куәлік сөз
Ләб /п/—ерін

Ләп /п/—сөз
Лоқтыр /о/—доқтыр
Мағлұм /а/—белгілі, анық, мәлім
Мазарат—қабір, бейіт, зират

Малул /а/—шер, мұң, қайғы; қайғылы
Мард /п/—ер адам, ержүрек, батыр
Мардтық /п/—батырлық; бекзаттық; адамгершілік
Махфуз, мақпуз, мағбұз /а/—сақталған, жадында ұсталған;

тағдыр, пешене; Құран Кәрім бойынша адамдардың тағдыры
жазылып тұрған орын; Лаухул Махфұз [лаух /а/—тақта]—
Құранның 85-«Буруж» сүресінің 22-аятында көрсетілгендей
Жерде болған және болашақта болатындардың бәрі жазылған,

барлық қасиетті кітаптардың түп негізін сақтаған жазба, тақта
Маһ, маһи /п/—ай
Мәдам /п/—әрқашан, әрдайым
Мәліш /о/—ұсақ-түйек

Мекем /а/—мықты
Мехнат /а/—қиыншылық, азап
Мисле /а/—мысалы, мәселен

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мият—көңілге медеу, сүйеніш, тірек
Мөһір /а/—мөр
Мұғада, мұддаға /а/—мүдде, мақсат, ой
Мүдіуәр—басы айналу; біреуге тәуелді болу

Мүкәммал /а/—дүние-мүлік, қазына-байлық
Мүләйім /а/—сырттай қарағанда қулық-сұмдық дегеннен
жаны таза, күнәдан пәк, жуас; екі жүзді
Мүмін /а/—Ислам дініндегі адам, мұсылман

Мүптала /п/—душар болу, бірнәрсеге ұшырау, жолығу;
кіріптар болу, азап шегу
Мүрдәр /п/—лас, былғаныш; арамдалған; жемтік, өлімтік;
жансыз дене

Мінәсіп /а/—лайықты, жарасымды
Набут /п/—жоқ болып кеткен; жойылған
Набут қылу /п/—өлтіру, жою, құрту
Нағыра /п/—музыка аспабы; ұрыс барабаны; дауыс, айғай

Назарат /а/—керемет сұлу көрініс
Нала қылу—дауыстап жылау, зарлау; қайғы-қасірет шегіп
күйіну, қиналып қамығу, ренжу
Налыс, налаш /т/—қайғы-қасірет, мұң-шер

Нам /п/—кісі аты, есім
Нама /п/—жазылған хат; кітап
Намарт, нәмарт /п/—тексіз; нашар; қайырымсыз, қорқақ;
жексұрын

Наслихат—насихат
Науада—егер
Наубайшы—нан пісіруді кәсіп еткен адам
Науша—ұзын бойлы; ашаң; жас жігіт

Нәби Шайбан—ру атауы
Нәйеті—ең ақыры, тіпті, тым болмаса
Нәнке—матаның түрі
Нәпақа /а/—қаражат; азық; пайдаланатын нәрсе

Нәубет /а/—ретімен келген кезек; апат; өлім
Нығмет /а/—ырыс, игілік; сыйлық; рахаттық; бақыт;
шапағат; Құран Кәрімде баяндалатын бір жәннаттың аты
Олтырту /т/—отырғызу

Оңласын—оңдасын
Ошал /т/—сол
Палбасы—бал ашушыға берілетін ақы

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Пардоздау /п/—әдемілеу, ажарлау; сәндену
Пәрмен /п/—бұйрық; күш-қуат; екпін
Пәруардәр, Пәруардигар /п/—Жаратушы, Жасаған, құді-
ретті Құдай

Пәтүніс /о/—таба, леген
Пәтшағар /п/—оңбаған, жексұрын; бұзық, тентек
Пәуеске /о/—күйме
Пұл—ақша

Пұрсат /а/—мұрсат; сәт, орай
Рабб /а/—тақсыр; ие, еге, қожа, патша; Алла Тағаланың
99 есімінің бірі. Мағынасы: жоқтан бар етіп, толықтырып
асыраушы, тәрбиеші, бүкіл әлемнің қожасы, патшасы.

Раушан—анық, ашық
Рахман /а/—мейірімді, рақымды; Алла Тағаланың 99 есімі-
нің бірі
Рахмат /а/—рақым, мейірім

Сабах /а/—күн сәулесі, таң, таңсәрі; ертемен
Сағыр /а/—кішкентай, жас
Сақи /а/—жомарт, ақ көңіл, ақ пейіл; қайырымды; шарап
құюшы

Сардар /п/—сарбаздардың басшысы; қолбасы
Сарпай /п/—той үстінде тартылатын сый-кәде
Сахар /а/—ертемен; таң, таңертең; сәресі, таң атып келе
жатқан мезгіл

Сахат /а/—дені-бастың саулығы
Сауыр—малдың белдеме мен сан үсті терісінен жасалатын
былғарының қалың түрі
Сәна—қайғы; тілек-өтінішті білдіретін -шы, -ші орнына қол-

данылатын жұрнақ: бар-сәна [баршы].
Сәруақ—таң алдындағы алагеуім кез
Сәрһұш /п/—естен тану
Сәйір /а/—сейілдеу; көңіл көтеріс, қыдыру

Сәурік—жаңадан үйір ала бастаған жас айғыр
Ситше /о/—сиса
Сиясат /а/—салтанат; алаң, ашық жер; өнер; мәтіндерде
үкімет орны деген мағынада да қолданылған

Сиясатты /а/—ақылды, өнерлі; айбатты, дұшпанға үрей
көрсететіндей
Сұбхан /а/—мадақтау, мақтау

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сұбхан Алла /а/—Аллаға мадақ! [Құран Кәрімде бұл мадақ
93 мәрте кездеседі]
Табиат /а/—мәтінде тағдыр деген мағынада қолданылған
Табиғ /а/—мінез-құлық; әрбір адамның өзіне ғана тән

ерекшелігі, қасиеті
Таға—аға; нағашы
Тағала /а/—бәрінен жоғары, ең жоғары мәртебелі; Алланың
99 есімінің бірі

Тағат /а/—шыдам, төзім, сабыр; құлшылық
Тағриф /а/—түсіндіру, таныстыру
Тақыт, тахыт—ою-өрнектеліп, безендірілген, арқасы жә-
не жақтауы бар мүлік [қазіргі диван тектес]; тақ; монархтың

отыратын орындығы, билікке ие болу белгісі
Тауфиқ /а/—ынсап, қанағат; жәрдем, көмек; табыс; бақыт
Таш—жақын, жуық
Тәбип /а/—дәрігер, емші

Тәліп /а/—үлгі, сабақ, мысал
Тәмсіл /а/—әсер; пікір; өсиет
Тәнсін ету—таң қалу
Тәсір /а/—әсер

Төгірек—төңірек
Төрік [торг] /о/—саудалау, сауда
Уа /а/—және
Урот /о/—мәтінде бұл сөз ауыспалы мағынада пайдаланыл-

ған: әкесінен қалған мал-мүлікті шашып-төкті, ысырап қылды,
рәсуа етті
Ұғыл—ұл
Ұзыр (ғұзыр) айту—кешірім сұрау, ақталу

Ұстад—ұстаз, ақылшы
Үлпат—жақын, үйір
Үр—[хор деген сөздің фонетикалық өзгеріске түскен түрі]—ді-
ни наным бойынша жұмақта болатын мәңгі жас, өте сұлу қыздар

Үшбу /т/—осы, мына
Фаған /а/—зар; айқай; мұң-шер
Фазыл /а/—артық, ең жақсы; көргенді, өнегелі, абзал; адам аты
Фаррар /а/—қашқын, дезертир

Хайла /а/—айла, ылаж, шара; құлық; тәсіл, амал
Хақ /а/—шындық, күмәнсіз ақиқат; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Халал /а/—шариғат бойынша рұқсат берілген; адал, таза;
заңды; некеленген; некелеп алған жұбай
Халас /а/—құтылу, арылу, құтқарылу
Халас ету—босату, ажырату, азат ету

Хале тон—бағалы тон, шапан
Халиф, халифа /а/—Ислам орнағаннан ХІІІ ғасырға дейін
араб елдерінде дін мен үкімет билігін бір қолға ұстаған мемлекет
билеушісі

Хараж /а/—шығын; төлем; садақа; салық; алғашында
мұсылман мемлекеттерінде тұрып жатқан басқа дін өкілдері
ғана төлеуге тиіс жер салығы.
Харам /а/—шариғат бойынша тыйым салынған, яғни ішіп-

жеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік
71 жерде қолданылған]; таза емес, заңсыз
Харами /а/—арамза, жүзіқара, жауыз
Хасыл /а/—нәтиже, қорытынды; арманына, мақсатына

жету; хасыл болды—тілегі орындалды
Хауыз /а/—бассейн, су қоймасы
Хош—көңілдің жан сүйсінерліктей жай-күйі, ықылас-зауқы
Хошы кету—есі кету

Хүкім /а/—үкім, бұйрық
Хүкімет /а/—әміршілдік, үкім
Һауа—ауа
Һәр, һәрбір, һәрне, һеш—әр, әрбір, әрне, еш

Шад хиррам /а. п./—өте қуанышты, көңілді
Шартық—тарттырғанда ен тамыры толық үзілмей, шала
үзілген еркек мал
Шашма—бұлақ

Шерік—әскер, сарбаз
Шерістан—қайғы, уайым әлемі, рахаты жоқ тіршілік,
бақытсыздық мағынасында қолданылған
Шеттік—кимешектің жағасына қадайтын әшекейлі күміс

Шом—түйенің беліне жүк батпас үшін қабаттап салынған
киіз, ескі-құсқы киім, т.б.
Шоры—кәнизак, күң
Ықыраж /а/—салық, төлем, шығын

Імкан, імкән /а/—мүмкіндік
Ішкері—ішке таман, ішке қарай

Бағдат—(кей жорамалдарға қарағанда ежелгі парсы тілінің
«бага»—Құдай, «дад»—берген, яғни «Құдай сыйы» сөздерінен
шыққан)—1921 жылдан қазіргі Ирак мемлекетінің астанасы.
Тигр өзенінің екі жағасын бойлай салынған.

Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) деген
атпен халиф Мансур 762 жылы салдырған. Бағдат—орта
ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған
қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары

[Насреддин Туси, Әл-Фараби, т.б.] оқып, білім алған.
Басра, Бассара—Ирактың оңтүстігіндегі қала. Шат-әл-
Араб өзені бойындағы ірі порт, жол торабы. Басраны 637-38
жылдары халиф Омар салдырған.

Йемен—Араб түбегінде орналасқан араб мемлекеті. Бұл
атау шығыс халықтарының ауыз әдебиет нұсқаларында мол
байлықтың символы ретінде жиі қолданылады.
Ирия—көне үнді-иран тілдерінде сөйлеген тайпалар өздерін

«арилер» деп атаған, кейін осы сөзден бірнеше географиялық
және этникалық атаулар шыққан, мысалы, қазіргі Иран
[Арианам: арилер елі]. Ирия деген атау ежелгі Ариана, Арианам
сөздерінің қысқартылған түрі болуы мүмкін.

Қазан—Ресей
Федерациясы
құрамындағы
Татарстан

автономиясының орталығы, Еділдің сол жағасында орналасқан
қала.
Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап
тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан

құралған, ал ең биік шыңында вулкан орналасқан. Жер
бетіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала
осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер
сілкінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжуж бен мәжүж

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

деген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын
тауды егеу сияқты тілдермен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы
қалпына келеді, сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға алмайды.
Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланысты көптеген

аңыздар бар.
Құфа, Куфа—ортағасырлық Ирактағы қала. VІІ ғасырдың
басында Ефрат өзені жағалауында пайда болған. Бағдат қаласы
салынғаннан кейін кезінде ірі сауда және мәдениет орталығы

болған Құфа бірте-бірте құлдырай бастады, қазір жойылған.
Машын—Орта Азия, Иран, араб елдері орта ғасырларда
Қытайдың оңтүстік уәлаяттарын, Шығыс Түркістанды осылай
атаған.

Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы
Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша
атауы.
Петропаул—Солтүстік Қазақстан облысының орталығы.

Есіл өзенінің оң жағасында орналасқан. Көне атауы—Қызыл-
жар.
Тәшкен [/т.,п./—тас қала]—Өзбекстан мемлекетінің
астанасы. Шыршық өзенінің аңғарында, теңіз деңгейінен 440-

480 м. биіктікте орналасқан.
Тор тауы (Синай тауы)—аңыз бойынша, осы арада Мұса
пайғамбар Алла Тағаламен тілдескен делінеді, қазірге дейін
мінәжат тауы деп аталады. Құран Кәрімде бұл атау он мәрте

кездеседі.
Түркістан—Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан
ауданының орталығы, Сырдарияның оң жақ аңғарында орна-
ласқан. 2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы тойланды.

Арабтардың географиялық жазбаларына қарағанда, ІV-X
ғасырларда бұл қаланың орнында Шавгар (арабша Шавагар)
мекені болған, бірақ бұдан із қалмаған. XІІ-XІV ғасырларда
Түркістан «Ясы» деп аталады. Қожа Ахмет Иасауи ғимараты

салынғаннан кейін түркілердің діни орталығына айналған.
Үрім, Рұм—Шығыс халықтары орта ғасырда Византияны
осылай атаған. Сол халықтардың фольклоры мен әдебиетінде
Рұм атауы өте алыс, ғажайып тамашаның символы ретінде қол-

данылған.
Фераң, Фераңстан—шығыс халықтарының Еуропа елде-
ріне берген жалпы атауы.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Фердаус—дәл мағынасы: жұмақ бағы. Құран Кәрім бойынша
жұмақ бірнеше бөліктен тұрады. Біреуінің атауы—Фердаус.
Бертін келе мұсылман елдерінің фольклоры мен әдебиетінде
«Фердаус»—мәңгі гүлдеп тұратын мәуе бақтың символы .

Шам шаһары—Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ре-
тінде «шариф» сөзі қосылып, көбінесе «Шам шариф» делінеді.
«Шариф»—арабша құрметті, қадірлі, ұлы мәртебелі деген мағы-
наны береді. Кейде Дамаск [Димишк] қаласының атауы ретінде

қолданылады.
Шын—Орта Азия, Иран, Араб елдері өткен ғасырларда
Қытайдың солтүстік уәлаяттарын «Чин» деп атаған. Бұл—
біздің дәуірімізге дейінгі 221 жылдан бастап Қытай елін билеген

Цинь династиясының өзгертілген атауы.

Артықбаев Полатбек—жинаушы, ақын. «Жетім көдек»
дастанын ескі араб әрпімен жазылған қолжазбадан кирилл жа-
зуына көшіріп, 1946 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.

Әлиуллаұлы Сабыр Лұтфулла—ақын, ауыз әдебиетін жи-
наушы, мұсылманша оқып, білім алған, молда. Қазан жерінде
туып, Петропаулда өскен. «Қисса Таһирды» қағазға түсіріп, өң-
деп, редакциялап 1877 жылы Қазанда жариялаған.

Әлімбетов Көпбай (1906-1986)—халық ақыны, «Жетім
көдек», «Қисса Алмас, Полат», тағы басқа дастандарды жыр-
лаған. Туып-өскен жері—Оңтүстік Қазақстан облысы. Нұралы
Нысанбайұлының шәкірті, өз аймағының белгілі ақыны, жы-

рауы; фольклор үлгілерін орындаушы. Көпбайдың айрықша ең-
бегі—өзіне дейінгі өткен жырау, ақындардан халық мұрасын
үйреніп, біздің заманымызға жеткізуінде. Ол көптеген айтыс-
тарға түскен суырыпсалма ақын.

Бөгенбайұлы Әбіш—руы Қаракесек Байбөрі. Туғанда қойыл-
ған аты—Фатах. Әбіш—лақап аты. «Сыршы молда» дастанын
қағазға түсіріп, Қазан қаласында 1913 жылы кітап етіп жария-
лаған.

Керімбеков Саяділ (1895-1954)—Алматы облысы, Қаскелең
ауданында туып, сонда өмір сүрген. Руы—шапырашты. Жас-
тайынан мұсылманша оқып, сауатын ашқан, Жамбыл мектебі-
нен тәлім алған төкпе ақын. «Ғаяр қатын» дастанын 1935 жылы

Қозыбағар ақынның айтуынан жазып алып, Қолжазба қорына
тапсырған.
Қозыбағар ақын—«Ғаяр қатын» және басқа дастандарды
жырлап, ел арасында айтып таратқан. Жинаушының айтуы

ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДАРДЫ

ЖЫРЛАУШЫ, АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР

ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

бойынша, бұл дастанды Қозыбағар ақын домбыраның сүйемел-
деуімен орындайды екен.
Сейітмағамбетұлы Мәлім—жинаушы. Институттың Қол-
жазба қорына бірнеше ауыз әдебиет үлгілерін тапсырған. «Орқа-

Күлше» дастанын араб әрпімен жазылған ескі қолжазбадан әуелі
оқып, жаттап алғаннан соң ауызша айтып таратушы. Кейін қа-
ғазға түсіріп, 1966 жылы Қолжазба қорына тапсырған.
Төреқұлов Нысанбек (1921 жылы туған)—фольклортану-

шы, филология ғылымдарының докторы. Кезінде М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған
бірнеше фольклорлық экспедицияларға шығып, ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаған.

Шайхысламұлы Жүсіпбек (1857-1937)—ақын, ауыз әде-
биетін жинаушы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
Қожатоғай аулында, қожа әулетінде дүниеге келген. Нағашы-
лары—Ұлы жүз, Албан руынан. Жасында мұсылманша оқып,

білім алған. Жүсіпбек қожа Жетісуда тұрып, ел арасынан жыр-
дастандарды, айтыстарды, т.б. жинап, редакциялап, Қазан
қаласындағы Хұсайыновтар баспасына жіберіп отырған. Оның
қазақ фольклоры шығармаларын жинап, бастырудағы еңбегі

ерекше. Өмірінің соңғы жылдарын Шығыс Түркістанның Іле
аймағында өткізіп, сонда қайтыс болды.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Қ—Қазан қаласы
ҚҚ—Қолжазба қоры

Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб
о—орыс

п—парсы
т—түркі, көне түркі
тат—татар

Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде
жарық көрген кітаптар

1. Патшаның ұлы Әбділмәлік. ОҒК, Ш.837, 2-дәп, латын

әрпінде. Жинап тапсырған Дайыр Әбдікәрімұлы. 2. Мәлік. ӘӨИ, Ш.126. 3. Жаһанша. ӘӨИ, Ш.920/71. Кирилл әрпінде. Тапсырған Қ. Саттаров. 4. Ғаяр қатын. ОҒК, Ш.923, 4-дәп., араб әрпінде. Қозыбағар

ақынның айтуынан 1935 жылы жазып алған халық ақыны Саяділ
Керімбеков.

5. Молда мен қатынның хикаясы. ӘӨИ, Ш.920/9, кирилл әрпін-

де, жырлаған Қ. Әліқұлов. 6. Жамал қыз. ОҒК, Ш.779. Жинап араб әрпінде қағазға түсір-

ген Ертай Құлсариев. 7. Жетім көдек. ӘӨИ, Ш.132, 4-дәп., кирилл әрпінде. Ескі араб

әрпіндегі қолжазбадан көшірген Болатбек Артықбаев. Институт-
қа 1952 жылы түскен.

8. Қисса Зина Зайып. ӘӨИ, Ш.679, 9-дәп., араб әрпінде. Қолжаз-

ба 1915 жылы Семей өңірінде жазылған. Жинаушысы Жүсіп Ма-
қатаев.

9. Зина Зайуб өлеңі. ОҒК, Ш.1164. Араб әрпінде. ХІХ ғасырдың

аяғында жазылған. Тапсырған А. Васильев. 10. Орқа—Күлше. ӘӨИ, Ш. 101, кирилл әрпінде. Тапсырған

Әбдірайым Мұратов. 11. Орқа—Күлше. ӘӨИ, Ш.641, 8-дәп., араб әрпінде. Институтқа

1965 жылы түскен. Тапсырған Мәлім Сейітмағамбетұлы. 12. Қисса Орқа-Күлше ғашық-мағшұқ. ӘӨИ, Ш.883, 3-дәп.,

араб әрпінде. 1893 жылы жарық көрген Ш.Жәңгірұлы кітабынан
көшірген Рахмет Байболұлы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

13. Уарқа-Күлше дастаны. ӘӨИ, Ш.920/27, араб әрпінде.

Ш.Жәңгірұлы кітабынан көшірген Ә. Бақтыбаев. Тапсырған
Қ. Саттаров .

14. Хикаят Орқа-Күлше ғашық уа мағшұқ. Тәшкен, 1893, араб

әрпінде. Жариялаған Шәді Жәңгірұлы. 15. Сыршы молда. Қ., 1913. Жариялаған Әбіш Бөгенбайұлы. 16. Қисса Зейне Зайуб. Қ., 1897. Жариялаған Ж.Шайхыслам-

ұлы. 17. Қисса Таһир. Қ., 1877. Жариялаған Сабыр Әлиуллаұлы.

Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

18. Әуезов М.О. Шығармалар. Т.12.—Алматы, 1969. 19. Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос.—Алматы, 1998. 20. Ахметов З., Бөжеев М. Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен

байланысы //Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.2. 1-кітап.—Алматы,
1961.

21. Борщевский Ю.Е. Персидская народная литература //

Плутовка из Багдада (Предисловие).—М., 1963. 22. Брагинский И.С. Из истории таджикской и персидской лите-

ратур.—М., 1972. 23. Гринцер П.А. Древнеиндийская проза.—М., 1963. 24. Дастандар /Құрастырып, алғы сөзін, ғылыми түсініктемесін

жазған Б.Әзібаева.—Алматы, 1990. 25. Досмухамедов Х. Казахская народная литература. Краткий

очерк.—Ташкент,1928. 26. Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанмина [Архивные

материалы и публикации] /Сост. и комментарии С.А.Каскабасова,
Н.С.Смирновой, Е.Д.Турсунова. Отв.ред. Н.С.Смирнова.—Алма-
Ата:Наука, 1972.

27. Қасқабасов С. Жаназық. Таңдамалы.—Астана: Аударма,

2002. 28. Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі /Аударған

Халифа Алтай.—Мәдина, 1991. 29. Литературно-энциклопедический словарь.—М., 1987. 30. Мелетинский Е.М. Герой волшебной сказки.—М., 1958. 31. Ольденбург С.Ф. Фаблио восточного происхождения. ІІІ /

ЖМНП. Новая серия. Часть ІХ.—М., 1907.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

32. Ромаскевич А.А. Персидские версии фаблио Constant Du

HAMEL // С.Ф.Ольденбургу. Сб.статей. Л., 1934. 33. Арабско-русский словарь /Составитель Х.К.Баранов—М.,

1968. 34. Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 35. Қазақ тілінің сөздігі /Құраст.: Ә.Болғанбаев, Б.Қалиев,

т.б.—Алматы,1999. 36. Персидско-русский словарь. Под ред. Ю.А.Рубинчика. І-ІІ т.—

М., 1970.

Многотомный Свод казахского фольклора «Бабалар сөзі» вы­
полняется в рамках государственной программы «Мәдени мұра»
[«Культурное наследие»], осуществляемой по инициативе прези­
дента РК Н.А.Назарбаева.

Многовековое народно-поэтическое творчество составляет не­
отъемлемую и очень важную часть духовной культуры народа.
Первые публикации образцов его появились почти два столе­
тия назад, благодаря подвижнической деятельности европейских

и российских путешественников и исследователей, которые были
поражены и восхищены жанровым и эстетическим богатством
казахского фольклора. Во второй половине XІX века казахский
фольклор становится объектом научных интересов многих ка­

захских и русских ученых, а процесс сбора и издания его приоб­
ретает более постоянный и целенаправленный характер.
Системное изучение, а также плановое собирание и публика­
ции фольклора начались в советский период истории Казахстана.

В этот период были изданы основные тексты словесного ис­
кусства народа. И все же немало текстов, до сих пор не изданных;
тому причин несколько:

1) В советский период истории Казахстана в силу известных

политических и идеологических причин был наложен запрет на
публикацию и изучение таких фольклорных жанров, как рели­
гиозные дастаны, магические жанры, большинство историче­
ских эпосов и т.д.

2) По той же причине многие публикации прошлых лет подверг-

лись целенаправленной цензуре, в результате многие тексты изда­
вались с купюрами, с искажениями, заменой слов, строк и даже
куплетов. Очень часто практиковалась художественная правка
текстов.

РЕЗЮМЕ

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

3) Вплоть до последнего времени превалировала инерция ли­

тературоведческого подхода в изучении и оценке фольклора. То
есть не учитывались природа и сущность его. В результате неко­
торые фольклорные образцы забраковывались как «якобы» ху­
дожественно неполноценные.

Отсюда главная цель данного Свода: 1) издать все тексты, хра­
нящиеся в рукописях, а также изданные до 1917 г. на арабской
графике; 2) издать все ранее опубликованные тексты в восстанов­
ленном, то есть в адекватном первоисточнику виде; 3) издать текс-

ты в первоначальном виде, в том, в каком они дошли до нас, то
есть исключить любое вмешательство в текст.
В ходе подготовки томов проводится обстоятельная разыска­
тельская, а также текстологическая работа для обеспечения дос-

товерного прочтения источников.
Многотомный Свод текстов народно-поэтического искусства
«Бабалар сөзі»—представляет собой научное издание. Основной
принцип расположения материала в нем жанровый, то есть сказоч­

ные тексты, например, по возможности будут объединены и изданы
в серии «Ертегілер», количество томов которой будет не менее шес-
ти, героические эпосы—в серии «Қаһармандық жырлар» и т.д.
Первый том каждой серии будет снабжен вступительной ста­

тьей, посвященной данному жанру, а все тома научными при­
ложениями, которые включают в себя: сведения о публикуемых
текстах и их вариантах; краткий историко-фольклористический
и текстологический анализ текстов; словарь древнетюркских,

арабских и персидских слов, терминов и понятий религиозного
характера, а также географических названий; сведения о скази­
телях, собирателях и публикаторах; список использованной ли­
тературы; резюме на русском и английском языках.

Подобный Свод не имеет аналогов. Существующие у различ­
ных народов серии ограничиваются публикацией произведений
отдельных жанров: либо это сказки, либо эпические жанры и
т.д. Кроме того, обычно практикуется издание лучших образцов.

Между тем известно, что «лучший» не всегда отражает такие па­
раметры фольклорного произведения, как полнота сюжета, дос-
товерность записи, соотношение между ранними и поздними за­
писями, наличие вариантов и т.д.

Основной принцип данного Свода—охватить те варианты
фольклорного произведения, которые имеют принципиальное

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

значение для воссоздания достоверной картины функционирова­
ния и бытования сюжета, а также дальнейшего изучения его.
Таким образом «Бабалар сөзі»—первый шаг в создании по­
добных сводов, во всяком случае, в тюркологии. Выпуск дан­

ного уникального издания будет способствовать более полному
освещению истории духовной культуры народа, адекватному,
системно-целостному восприятию прошлого и настоящего каза­
хов, а также процессу интеграции самобытной казахской куль­

туры в мировой духовно-интеллектуальный, художественный и
научный процесс.
Первый том Свода «Бабалар сөзі» составляют новеллистичес-
кие дастаны. Всего будет подготовлено и опубликовано восемь

томов произведений данного жанра. То есть дастанов этих, хра­
нящихся в рукописях и изданных арабским письмом в период
до 1917 г., очень много. К сожалению, лишь недавно они стали
объектом научного анализа.

Тематика и сюжетика новеллистических дастанов чрезвычай­
но разнообразна и разнохарактерна, она поистине неисчерпаема
как сама жизнь, из которой и черпается все многообразие сюже­
тов новеллистики, ибо, по существу, новеллистическим сюжетом

может стать любой необычный жизненный материал, вышед­
ший за рамки традиционного и привычного. Другими словами,
сюжетную основу новеллистического дастана составляет событие
неординарное, непривычное, то есть хикая, отсюда эта группа

произведений и названа нами «хикаялық дастандар».
Новеллистический сюжет в чистом виде является одним из
древних, возникающий как обобщение конкретно-практической
деятельности человека, генетически он связан (во всяком случае

часть) с мифическим образом «трикстера», «трюкача», который
становится «воплощением комической стихии первобытного
фольклора…»1.
Относительно проблемы источников известных у многих на­

родов новеллистических сюжетов надо отметить, трудами многих
ученых было показано, что древняя и средневековая индийская
литература представляли собой значительный фонд новеллисти­
ки и питала своими сюжетами и жанрами фольклор и литературу

многих и многих народов Востока и Запада. Несомненен также
вклад иранской и арабской новеллистики.
1 Мелетинский Е. М. Герой волшебной сказки.—М., 1958.—С. 10.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Попадая на другую этно-культурную почву, эти сюжеты в
каждом конкретном случае получали специфически региональ­
ную интерпретацию, обусловленную целым комплексом причин
и закономерностей исторического, мировоззренческого, нравст-

венного и художественно-эстетического характера.
Казахские новеллистические дастаны, наиболее бурно разви­
вавшиеся в XІX в., являются отражением возросшего внимания
общества к рядовым своим членам, к разным сторонам жизни

обыкновенного человека, к его проблемам.
Основу этих произведений составляют как общевосточные,
так и собственно казахские сюжеты, но первые превалируют.
При этом каждый пришлый сюжет творчески осмысливается,

причем он используется не сколько сам по себе; восточный мате­
риал используется для новеллистической трактовки традицион­
ного сюжета, либо на его основе создается самостоятельное ори­
гинальное произведение, в котором сюжет и главные персонажи

могут обретать новое содержание и характеристики, нередко про­
тивоположные тем, что они имели в оригинале. Безусловно, при
этом сохраняется и занимательность и броская запоминающаяся
ситуация восточного оригинала.

Казахские новеллистические дастаны как восточного, так и
регионального происхождения обладают совокупностью специ­
фических особенностей и признаков, которые выделяют их из
числа других, что и позволило нам объединить их в рамках одно­

го жанра и классифицировать его как жанр новеллистический.
Этими признаками и особенностями являются: нетрадицион­
ность, неординарность сюжетов дастанов (относительно эпоса).
Ядро сюжета в них, как правило, составляет необычный, порой

из ряда вон выходящий, но в любом случае надолго запоминаю­
щийся, будоражащий и привлекающий внимание случай, острая
жизненная ситуация. Методы разрешения таких нетрадици­
онных коллизий также нестандартны. Например, если в эпосе

главное средство героя—храбрость и мужество, в сказке вол­
шебной—чудесный предмет или чудесный помощник, то здесь
главное средство героя (героини)—трезвый ум и здравый смысл,
определенные черты характера, либо сущностные черты челове­

ческой природы и т.д. То есть, средством достижения цели в од­
них дастанах является рациональное отношение к действитель­
ности, осознание необходимости видеть в окружающем мире то,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

что он собой действительно представляет, в других—житейская
мудрость, гибкость, наблюдательность, смекалка, в третьих—
плутовство, порой откровенное мошенничество. Коллизии и кон­
фликты, разрабатываемые в этих дастанах, на первый взгляд не

имеют общенародной значимости, кажутся неактуальными для
общества в целом, ибо носят частный характер. Но это далеко не
так. Цель новеллистического дастана—утверждение определен­
ной житейской истины, выведение конкретной морали, восхва­

ление определенных достоинств и качеств, сущностных черт че­
ловеческой натуры, мягкая, ненавязчивая критика обличаемых
пороков. Еще одна особенность этих произведений—сложная
интрига, сочетающаяся с правдивостью изображения, «трезвый

бытовой элемент» как сюжетообразующий фактор.
Казахский новеллистический дастан, наряду с вышеотмечен­
ными, обладает рядом специфических особенностей, объясняе­
мых, в первую очередь, воздействием мощной эпической тради­

ции, в общем русле которой он развивался. К этим особенностям
следует отнести эпизацию новеллистического сюжета, а также
обогащение его за счет вступления, пролога, эпической концов­
ки. Очень часто в одном произведении параллельно могут разви­

ваться несколько сюжетов.
Несмотря на широкий спектр охватываемых жизненных си­
туаций и проистекающее отсюда многообразие сюжетов, возмож­
но выделение нескольких доминирующих тем, соответственно

которым казахские новеллистические дастаны можно сгруппи­
ровать следующим образом: дастаны о женских плутнях («Ғаяр
қатын»); дастаны о женской верности и целомудрии («Марғұба»);
дастаны, воспевающие трезвый ум, житейскую мудрость рацио­

нализм («Айман—Шолпан»); дастаны о мудром визире и верном
друге [о помощниках] («Сыршы молда»); дастаны, осмеивающие
служителей религии («Болат—Жанат»); дастаны о плутах и мо­
шенниках («Үш аяр»); дастаны «о памятных и поразительных

чертах характера» исторических персонажей, о учености и вели­
кодушии («Абу Харис», «Шаһмаран», «Қасым жомарт») и т.д.
Сюжеты этих произведений очень древние. Например, сю­
жет дастана «Ғаяр қатын» восходит к древнеиндийскому фольк-

лору и литературе. Обстоятельный анализ восточных фаблио
на этот сюжет был сделан крупнейшим русским востоковедом
С.Ф.Ольденбургом в начале ХХ в. Им были собраны и изучены

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР пятнадцать разноязычных версий его. Ученым было установлено древнеиндийское происхождение как западных, так и восточных новелл о женских плутнях анализируемого типа, а также время первой документальной фиксации этого сюжета. Он пишет: «На первое место по древности мы должны поставить рельеф на Бхар­ хутской ступе… Бхархутская ступа и ее рельеф дают нам древней­ шую версию рассказа о том, как добродетельная женщина зама­ нила к себе преследовавших ее обольстителей и наказала их…»2. Следующей по древности является палийская версия джатаки3, повествующая о похождениях Махосадхи, мудреца, бывшего од­ ним из перерождений Будды… Содержание казахского дастана «Ғаяр қатын» основано на этом сюжете, сохранена последовательность звеньев и эпизо­ дов, логика развития его. Но, как и следовало ожидать, сюжет этот получил у нас ярко выраженный национальный характер. То есть, в казахском дастане «Ғаяр қатын» древний, широко из­ вестный новеллистический сюжет при сохранении доминантных звеньев был переосмыслен в дастанном духе и разработан в рам­ ках национальной фольклорной традиции. Героиня здесь резко отрицательный персонаж, хотя ее находчивость и уловки порой и вызывают восхищение. Другими словами, здесь при сохранении стереотипа сюжета переосмыслен замысел сюжета, а также образ главной героини. В первый том «Бабалар сөзі» вошли такие произведения, как: «Сыршы молда», «Ғаяр қатын», «Қисса Зейне Зайуб», «Жетім көдек», «Орқа—Күлше», «Қисса Таһир». Четыре из них извле­ чены из рукописей, три подготовлены с типографских изданий XІX—начала ХХ века; оригиналы эти написаны и изданы араб­ ским шрифтом. Все произведения данного тома за исключением дастана «Ғаяр қатын» на кириллице публикуются впервые. Объем тома—22,5 п.л. 2 Ольденбург С. Ф. Фаблио восточного происхождения. ІІІ //ЖМНП. Новая серия. Часть ІХ.—1907. №5. С. 49. 3 Джатака—рассказ о предшествующих существованиях Будды. Консолида­ ция учения Будды и оформление его в трехчастный священный канон произо­ шло на первых соборах буддистов (в 483,383 и 250 гг. до н. э.). Полная версия буддийского канона сохранилась только на языке пали: Палийская версия джатак, носящая название «Типитака» была записана в І в. до н. э., включает в себя 547 джатак.

Multіvolume Collectіon of Kazakh folklore «Babalar sozі» іs un­ dertaken іn the frame of the governmental program «Madenі mura» («Cultural legacy»), іnіtіated by the Presіdent of Kazakhstan N.A. Nazarbayev. Many century folklore-poetіc creatіon іs constіtutіng an іntegral and very іmportant part of spіrіtual culture of the people. Fіrst publіcatіons of the іts samples appeared almost two centu­ rіes age, thanks to the selfless devotіon of the European and Rus­ sіan travelers and researchers who were amused and admіred by the genre and esthetіc rіchness of Kazakh folklore. Durіng the second part of the XІXth century Kazakh folklore became an object of scі­ entіfic іnterests of many Kazakh and Russіan researchers and the process of іts collectіng and publіshіng becomes more permanent and purposeful. Systematіc study and planned collectіon and publіshіng of folk­ lore started durіng Sovіet perіod of the hіstory of Kazakhstan. 1. Durіng thіs perіod maіn texts of the oral art of the people were publіshed. Stіll many texts are not publіshed; due to the several rea­ sons: 2. Durіng Sovіet perіod of the hіstory of Kazakhstan due to the well known polіtіcal and іdeologіcal reasons publіcatіon and research of such folklore genres as relіgіous dastans, magіc genres, most hіs­ torіcal epos etc. was prohіbіted. 3. Due to the same reason many publіcatіons of the past years were subject to purposeful censorshіp , as a result many texts were publіshed wіth cuts, dіstortіons, substіtutіons of words and lіnes and even stanzas. Very often artіstіc correctіon of the texts was used. Up untіl recent tіme the іnertіa of lіterary crіtіcіsm approach іn studyіng and evaluatіng folklore prevaіled. Іt means that іts nature SUMMARY

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР and essence were not taken іnto consіderatіon. As a result some folk­ lore samples were rejected as «as іf » artіstіcally іnferіor. The maіn aіm of the Collectіon: 1) publіsh all texts that are kept іn manuscrіpts and publіshed before 1917 іn Arabіc scrіpt; 2) pub­ lіsh all earlіer publіshed texts іn restored way і.e. adequate to the orіgіnal source; 3) publіsh texts іn orіgіnal way that was preserved untіl present tіme, і.e. any іnterventіon іnto the text іs excluded. Durіng preparatіon of the volumes the profound research and textologіcal work was undertaken for provіdіng authentіc readіng of the sources. Multіvolume Collectіon of the texts of folklore-poetіc art «Baba­ lar sozі» іs a scіentіfic edіtіon. Maіn prіncіple of arrangіng materіal іn іt іs a genre prіncіple і.e. for example, tale texts wіll be joіned and publіshed іn the serіes «Ertegіler», іn not less than sіx volumes, he­ roіc eposes—іn the serіes «Kaharmandіk jyrlar» etc. Fіrst volume of each serіes wіll be provіded wіth іntroductіon artіcle devoted to thіs genre and all volumes wіll be provіded wіth scіentіfic annexes that іnclude data on publіshed texts and theіr ver­ sіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous figures whose names are present іn the texts; dіctіonary of old Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms and іdeas of the relіgіous character and geographіc names; data on narrators, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summa­ ry іn Russіan and Englіsh. Such collectіon has no analogues. The exіstіng serіes іn dіffer­ ent natіons are restrіcted wіth publіcatіons of the works of certaіn genres: eіther tales, or epіc genres etc. Apart from thіs usually the publіcatіon of the best samples іs common. Іt іs known that «the best» doesn’t always reflect such parameters of folklore genre as: completeness of the plot, authentіcіty of the record, correlatіon be­ tween early and late records, avaіlabіlіty of versіons etc. Maіn prіncіple of thіs collectіon іs to scope those versіons of folk­ lore work that have prіncіpal sіgnіficance for restoratіon of the re­ constructіon of the pіcture of the plot functіonіng and exіstіng and іts further research. So, «Babalar sozі» іs a first step іn creatіng such collectіons at least іn Turkology. The іssue of thіs unіque edіtіon wіll provіde more complete hіghlіghtіng of the hіstory of spіrіtual culture of the na­ tіon , adequate, system-іntegral perceptіon of the past and present

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР of Kazakh people and the process of іntegratіon of the orіgіnal Ka­ zakh culture іnto the world spіrіtual-іntellectual, artіstіc and scіen­ tіfic process. Fіrst volume of the Collectіon «Babalar sozі» іncludes novelіs­ tіc dastans. Іn total eіght volumes of the works of thіs genre wіll be prepared and publіshed. Іt means that there many such dastans that are kept іn manuscrіpts and publіshed іn Arabіc scrіpt durіng the perіod before 1917. Regretfully only recently they became an object of scіentіfic research. Themes and plots of novelіstіc dastans are extremely dіverse, they are іnexhaustіble as the lіfe іtself from where the dіversіty of plots іs taken, because any unusual lіfe materіal that іs beyond the tradіtіonal and usual lіfe can serve as novelіstіc plot. Іn other words the plot of novelіstіc dastan іs based on extraordіnary event, unusu­ al і.e. hіkaya, therefore we named thіs group of works «hіkayalyk dastandar». Novelіstіc plot іn pure type іs an ancіent plot occurrіng as a gen­ eralіzatіon of concrete-practіcal actіvіty of human, genetіcally іt іs related ( anyway partіally) to mythіc type «trіckster», «crafty» that becomes « embodіment of comіc element of prіmіtіve folklore…»1 Іn regard of the іssues of sources of the well known іn many peoples novelіstіc plots, we have to note that the works of many re­ searchers show that ancіent and medіeval Іndіan lіterature repre­ sented sіgnіficant foundatіon of novelіstіc and served as a source for many n that mostly rapіdly developed іn XІX century are reflectіng the іncreased attentіon of the socіety to іts common persons, to dіf­ ferent sіdes of the lіfe of a common person, hіs problems. These works are based on both general Orіental and Kazakh plots but the first prevaіls. Each new plot іs creatіvely thought over, іt іs used for novelіstіc treatment of the tradіtіonal plot, or on іts basіs the іndependent orіgіnal work іs created, іn whіch the plot and maіn personages can acquіre new content and characterіstіcs that are of­ ten opposіte to those that they had іn orіgіnal. The entertaіnment and the brіght sіtuatіon of Orіental orіgіnal іs preserved. Kazakh novelіstіc dastans both of Orіental and regіonal orіgіn have combіned specіfic features and sіgns that dіstіnguіsh them from the others and enabled us to joіn them wіthіn the frame of one 1 E. M. Meletіnsky. Hero of faіry tale.—M., 1958.—p. 10.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР genre and classіfy іt as a novelіstіc genre. These features and sіgns are: nontradіtіonal character, extraordіnary character of the plots of dastans (іn regard of eposes). The core of the plot as a rule іs un­ usual , sometіmes extraordіnary but іn any case іnterestіng, excіt­ іng event and attractіng attentіon lіfe sіtuatіon. Methods of solvіng such non tradіtіonal collіsіons are also non standard. For example, іf іn the epos the maіn means of the hero іs brave and courage, іn the faіry tale—іs wonderful subject or wonderful helper, and here the maіn tool of the hero (heroіne) іs sober mіnd and sensіbіlіty, cer­ taіn features of character or essentіal sіgns of human nature etc. Іt means that the means of achіevіng goal іn one dastans іs ratіonal at­ tіtude to realіty, realіzatіon of the need to see іn the envіronment the real pіcture, іn otherslіfe wіsdom, flexіbіlіty, observatіon, sharp­ ness, іn thіrdcheatіng, sometіmes swіndlіng. Іt seems at first that collіsіons and conflіcts developed іn these dastans don’t have publіc sіgnіficance, seem to be non actual for the socіety іn general, or have prіvate character. But thіs іs not so. The aіm of novelіstіc dastan іs confirmatіon of the certaіn lіfe truth, determіnatіon of concrete moral, appraіsal of the certaіn merіts and features, essentіal fea­ tures of human nature, soft crіtіcіsm of the denuncіatory defects. One more feature of these works іs a complіcated іntrіgue combіnіng wіth the truth of the pіcture, «sober lіfe element» as a plot formіng factor. Kazakh novelіstіc dastan alongsіde wіth the abovementіoned has a number of specіfic features that can be explaіned first of all by the іmpact of the strong epіc tradіtіon, іn whіch іt had developed. To these features the epіzatіon of novelіstіc plot can be related and en­ rіchment of іt due to іntroductіon. Prologue, epіc endіng. Very often іn one work several plots can develop іn parallel. Despіte the wіde spectrum of lіfe sіtuatіons and dіversіty of plot, several domіnatіng themes can be outlіned іn accordance wіth whіch Kazakh novelіstіc dastans can be grouped іn the followіng way: das­ tans about women cheats («Gayar katyn»); dastans about woman de­ votіon and chastіty («Marguba»); dastans about sober mіnd, lіfe wіs­ dom and ratіonalіsm («Aіman—Sholpan»); dastans about wіse vіzіer and devoted frіend (helpers) («Syrshy molda»); dastans about cheats and swіndlers («Ush ayar»); dastans «about remarkable and strіkіng features of character» of the hіstorіc personages, about erudіtіon and generosіty («Abu Harіs», «Shahmaran», «Kasym jomart») etc.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР 2 S. F. Oldenburg. Fablіo of Orіental orіgіn. ІІІ // JMNP. New serіes. Part ІX.— 1907.—№ 5.—p. 49. 3 Jataka—story about prevіous exіstence of Buddha. Consolіdatіon of the study of Buddha and arrangement of іt іnto three part holy canon took place durіng the first gatherіngs of Buddhіsts (іn 483, 383 and 250 years B. C.). Complete versіon of Buddhіst canon was preserved on іn Palі language: Palі versіon jatak, under the tіtle «Tіpіtaka» was recorded іn the І c. B. C. іncluded 547 jataks. Plots of these works are very ancіent. For example, plot of dastan «Gayar katyn» orіgіnates from ancіent Іndіan folklore and lіtera­ ture. Profound analysіs of Orіental plots of thіs story was undertak­ en by Russіan Orіental studіes specіalіst S.F.Oldenburg іn the begіn­ nіng of XX century. He collected and іnvestіgated fifteen dіfferent language versіons of іt. The researcher determіned ancіent Іndіan orіgіn of both Western and Eastern novels about women’s cheats of the analyzed type and the tіme of the first documental record of thіs plot. He wrote: «On the first place we should put relіef on Bharhut feet… Bharhut feet and іts relіef provіde us wіth the ancіent ver­ sіon of the story about how a kіnd woman entіced seducers chasіng her and punіshed them…»2. The next ancіent versіon іs paly versіon jatakі3 tellіng about adventures of Mahosadhіa wіse man who was one of the regeneratіons of Buddha… Content of Kazakh dastan «Gayar katyn» іs based on thіs plot, the consequence of the unіts and epіsodes and logіc of іts develop­ ment are preserved. However thіs plot receіved vіvіdly expressed natіonal character і.e. іn Kazakh dastan «Gayar katyn» the ancіent well known novelіstіc plot preservіng domіnant unіts was reconsіd­ ered іn dastan way and developed іn the frame of natіonal folklore tradіtіon. The heroіne іs a negatіve personage, although her sharp­ ness and trіcks sometіmes cause admіratіon. Here іn preservіng ste­ reotype of the plot the іdea of the plot іs reconsіdered and also the type of the maіn heroіne. The first volume «Babalar sozі» іncluded such works as: «Syrshy molda», «Gayar katyn», «Kіssa Zeіne Zayub», «Jetіm kodek», «Orka—Kulshe», «Kіssa Tahіr». Four of them were taken from manuscrіpts, three prepared from typographіc edіtіons of XІX-be­ gіnnіng of XX centurіes; these orіgіnals were wrіtten and publіshed іn Arabіc scrіpt. All works of thіs volume except for the dastan «Gayar katyn» are publіshed for the first tіme іn Cyrіllіc.

МАЗМҰНЫ Бас редакция алқасынан ....................................................... 5 Құрастырушыдан ................................................................ 8 Қазақ дастандары (алғы сөз) ............................................... 10 Мәтіндер Сыршы молда ................................................................... 29 Ғаяр қатын ....................................................................... 58 Қисса Зейне Зайуб ............................................................. 93 Жетім көдек ....................................................................114 Орқа—Күлше ..................................................................194 Қисса Таһир ....................................................................261 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме ....................................309 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ..................325 Сөздік .............................................................................330 Жер-су атаулары ..............................................................340 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәліметтер ..................................343 Шартты қысқартулар .......................................................344 Пайдаланылған әдебиеттер ................................................345 Резюме ...........................................................................348 Summary .........................................................................354

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ І том НОВЕЛЛИСТИЧЕСКИЕ ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Тұрлынова Редакторы Ұ. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Ж.Салтақова Компьютерде беттеген М. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 1386 Теруге 11.05.04 жіберілді. Басуға 14.06.04 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 22,5. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №420. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Регис СТ—Полиграф» ЖШС баспаханасында басылды

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙