TELEGEI

Home

Алдан Смайылдың шығармалары. Көп томдық. 5-том

Алдан Смайыл

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Алдан Смайылдың шығармалары. Көп томдық. 5-том

Жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайылдың бесінші томына саяси-әлеуметтік публицистикалары еніп отыр. Онда ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамының саяси-рухани негіздері жан-жақты зерттеледі. Мемлекет пен халықтың өміріндегі тұлғаның орны және ұлттың тарихи рөлі жайлы жаһандық философиялық тұжырымдар арқылы кеңінен баяндалған. Ұлтшылдық, жаңа замандағы ұлттық сәйкестік,

Алдан Смайыл
Шығармалары. Көп томдық. – Астана: Фолиант, 2015.

ІSBN 978-601-302-229-1

Т. 5. – 272 б. Саяси-әлеуметтік публицистика.

ІSBN 978-601-302-258-1

Жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты Алдан Смайылдың бесінші томына саяси-әлеуметтік
публи­цис­тикалары еніп отыр. Онда ХХІ ғасырдағы қазақ қо­ға­
мының саяси-рухани негіздері жан-жақты зерттеледі. Мемлекет

пен халықтың өміріндегі тұлғаның орны және ұлттың тарихи
рөлі жайлы жаһандық философиялық тұжырымдар арқылы кеңі­
нен баяндалған. Ұлтшылдық, жаңа замандағы ұлттық сәйкестік,
ұлттық намыс пен ұлт тілі туралы толғаныстар деректердің мол­

дығымен және тың ой-байламдарымен құнды.
Өткен ғасыр шындығын арқау еткен публицистикалық мақа­
лалар бұрын белгісіз болып келген тарихи мәліметтерге бай.
Жазушының бұл еңбегі қазіргі қоғамтану ғылымына қосыл­ған

елеулі шығармашылық үлес болып табылады.

ӘОЖ 070

ББК 76.01

ӘОЖ 070

ББК 76.1

С 52

С 52

© Смайыл А., 2015
© «Фолиант» баспасы, 2015

ІSBN 978-601-302-258-1 (Т. 5)

ІSBN 978-601-302-229-1

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді

ЗАУЛАҒАН ЗАМАН, ҚҰБЫЛҒАН АДАМ І Қарсы ал, әлем, үмітпен мен келемін! Мен келемін, ғаламды меңгеремін! Өмірге осылай жар салып періште дидарлы сәби келді, сарқылмайтын арман, телегей теңіз сезім келді. Бітіспейтін күрес келді. Жылап көнер төзім келді. Қайрауы қатты кек, шешілмейтін жұмбақ келді. Адам атты құдірет келді! Құдірет дейміз-ау, шындығында солай ма? Оның есімі жай әшейін пенде емес пе еді: жат айбынар ісі жоқ, жау қашырар күші жоқ, бір күндік қызық үшін барын салатын, бір сәттік мансап үшін арын сататын елеусіз пенде ғой. Иә, пенде. Ғұмыры өлшеулі, тілеуі көгендеулі пенде. Бірақ мына қысқа тірлігінде ол осы пенделігін мойындап көріп пе, сірә. Арқырап – айға, күркіреп күнге шауып, ел тыншыса елі­ ріп, жұрт тыншыса жұлынып, сойқан да салған, ойран да сал­ ған, ғаламға да, заманға да алауыз пенде емес пе?! Жоныңнан тілер таспа бір, Адамға қандай айлаң бар. Айуаннан бетер тасбауыр Адамнан туған айуандар. (Қ. Мырзалиев) Қайтесің енді, адамның 50 мың жылдық саналы ғұмыры­ ның ұзына бойында атыс-шабыстың дабылы тынбай қағылып жатса, бар заманнан зар заман мол болса солай демеске лажың қайсы?!

АЛДАН СМАЙЫЛ

Қиын ғой, дәуірлесе тәңіріңді көзге ілмейтін, асқақтаса ас­
паныңды аласа дейтін кесірді тану қиын ғой. Айтса – біткен,
қайырылмай кеткен кесімді тану оңай ма?! Жер-жаһанда
6 миллиард адам болса, 6 миллиард сауал бар. Сол көп сауал­

дан сан сұрақ сандалып тарайды.
Екі аяқтының бәрін ақыл иесі, жұмыр бастының бәрін
ар иесі десең, тегінен тозған шаланы қайда қоясың, дәуірден
озған дананы қайда қоясың? Елім деп өткен ерді қайда қоясың,

елін есеңгіреткен езді қайда қоясың? Заманды алға ұмсын­
дыр­ған  кемеңгер адам болғанда, өмірді өксіткен кесапат кім
болмақ?!
Адам – ақылға сыймайтын қайшылық.

Адам өзінен-өзі ұялуды үйренгенде, сол қайшылықтың тоңы
жіби бастамақ. Ал ұялар шағы қайда? Шалғайда ма, маңайда
ма? Ананың көкірегі перзентіне иісе, перзенттің жүрегін кім
жібітпек? Адамы заманынан ба, заманы адамынан ба? Кімі

зор, кімі қор? Қоғамның түзелмегі неден, адамның оңалмағы
кімнен? Адамзаттың әлімсақтан бергі күмбіріне құлақ түр­
сең, күлгенінен күрсінгені, жайқалғанынан жабыққаны көп
болмағы қалай? Бал тамар тілден неге у тамады?

Құйрығы жоқ жалы жоқ,
Құлан қайтып күн көрер.
Аяғы жоқ қолы жоқ
Жылан қайтып күн көрер, –

деп, өмір, адам, заман бейнесін осылай кескіндеген, солай шер­
лендірген, шер түбіне жетпеген абыз Асанның қайғысы, сор­
лы сарын сыздауықтай сыздап неге егіледі де тұрады? Неге
үзілмейді? Дәуір сайын зорланып, ақын сайын жонданып,

қайта-қайта қоздайды, қай-қайдағыны қозғайды. «Қайғысы
тар заманның өзінен зор» демеген ақын қайда, дана қайда?
«Жүрегім менің қырық жамау, қиянатшыл дүниеден» деген
Абай күрсінісі ғасырлардың көгінде жаңғырығып жатыр.

Уф, Алла! Жан болды ма бізден мұңлық?!
Дариға! Не көрмедік, не көрмедік?
Көргенше сонша қорлық, сонша зорлық,
У ішіп, отқа түсіп неге өлмедік?

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Осылай айтқан, қажып айтқан, қайрап айтқан, түңіліп айт­
қан сорлы Мағжан сол күнәһар уақыттың көп құрбанының бірі
еді ғой. Зарлы құрбаны, арлы құрбаны болатын. Халқының
ұлы мұңы еді.

Ұлтының ұлтаны болып жайылған асылдардың сарынына
салсаң, Ұлт пен Рух – қос қасиет қатар тұлғаланады. Пендені
күйкі тірліктің күйбеңінен суырып алып, күрескерлік айбын­
мен шыңдайтын егіз құдірет сол шығар, бәлкім?! Мәңгілікке

қайрайтын қыран қайрат болар.
Ұлт. Адам. Пенде... Тереңіне бойлап, терезесіне үңілген кім
бар?! Абыз Асанның «Арғымаққа міндім деп, артқы топтан
адаспа» деген көсегелі сөзі көбейіп бара жатқан көп көсемнің

төркін сөзіне айнала ала ма? Самғауы сұңқар Үмбетейді сер­
гелдеңге салған тасырлықпен: бай болмаған бай болса, жай­
ламаған сай қоймай, би болмаған би болса, сөйлемеген сөз
қоймай, хан болмаған хан болса, қанамаған ел қоймай, халық –

кәде үшін, адам әжуа үшін желіп жүрмей ме?!
Талай да талай замандар солай болып келгенін кім жоққа
шығармақ?
Талай да талай ғасырлар солай бола бермесіне кім илан­

дырмақ?
Солай болып отырмағанына кім сендірмек?
Мына жарық дүниеге жар салып келген нәресте аруақты
ақын Дулатқа «Саудагер сарттай қайтты өмір, құмар ойнап

ұтылған» дегізген тірлік атты ғұмырыңды сауып тауысқанша
талай тар жолды тайғақ кешерсің. Сол жолдың талайы өзіңнің
ет пен сүйектен жаралған кәдуілгі адам екеніңді түсінгенше
құр бекерге өтіп те кетер. Ақиқатқа жүгінсек, адамның дені

өмірге кім болып келіп, кім болып кеткенін білмей ғайыпқа
аттанып жатады ғой. Тағы да Дулат жырауша толғансақ,
«мөңіреп жұртқа ой қайтар, бұзауы өлген сиырдай».
Анығында, өмірді жалған дегізетін өкініштердің бәрі адам­

ның өзін-өзі іздемеуінен. Иә, адамды іздеп жүрген адамды
кім көрген. Ал адамды адамдықтан тайдыратын амалды із­
деушілерден жер қайысады. Бұған шүбәң болмасын. Осы елде
бүгінде не көп, қалың қарындастың «қалған көңіл – шыққан

жан» дегізетін талмау шағы көп. Алаөкпе тірлікте адам сәт

АЛДАН СМАЙЫЛ

сайын мың өледі, мың тіріледі. Дарынсыздың – қызғанышы,
қызғаныштың – дауы, өкпенің өші бар. Өресіздікті бүркеудің
бағзы амалы – алаяқтық. Шамасы барда – түрпідей, шамасы
жоқта – арсыз күлкідей.

Жер-жаһанды жалқы күндей айналған ой мұңлық күңіре­
не-күңірене шерменде болғалы қашан. Тегінде бұл дүниеде
ұғылмаған ойдан сорлы не бар? Қабырғалы қалың ойдың
үміттен туып, бейшара мұң болып сөнгенінен өткен азап жоқ

шығар, сірә. Арғы-бергі замандардың асылдары мен абзал­
дарының бәрі ажалынан емес, азапты ойдан өлген.
Қайырылып келіп Ұлы Абайға жүгінсек, «ауыр ойды кө­
теріп ауырған жан» қашанғы төзсін, «тірі болса да анық тірі

еместің» күйін кешіп шөгеді де бір күн.
Ал «қайғысыздың бәрі асау». Қылығы бірде төре, бірде
төлеңгіт, орайы келсе – үйірін, ыңғайы келсе, рухын ат құй­
рығына байлай салады.

Тарихтың атасы аталған Геродоттың айтуынша, Сақ пат­
шасы Скил Эллин елінің тәрбиесінде болады да, туған халқы­
ның дәстүрінен, ата салтынан безінеді. Елін тәрк еткені сон­
шалық – сақпын деуге арланады. Эллиндерге келгенде соңы­

на ерген сақ нөкерін қалаға енгізбей, сыртқа иіріп тастап,
өзі бастан-аяқ сол жұртша киінетін болған. Эллин шаһары
Борисфенде үй салдырып, көбіне сонда тұрған.
Скилдің бұл қылығы сақтардың Эллин елі алдында әжуа

болуына әкеледі. Намысқа булыққан сақтар Скилді тақтан
тайдырып, басын шабады.
Ұлт! Рух! Адам! Жеке-жеке дара ұғым ба, ажырамас сара
ұғым ба?

Осылай бір қиналғанда ақын Шәкәрімнің адам жайлы сауа­
лы онсыз да күрмеуі қиын түйінді одан сайын шиеленістіреді.
«Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не?»
«Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара

ма, бұзылып бара ма?»
Қайтара қояр дайын жауабымыз жоқ. Адамның құбылмал­ы
мінезіне қарайсың да, сұрақтан сұрақ қуып белгісізге сіңіп
жоғаласың.

ШЫҒАРМАЛАРЫ ІІ Адам өзін-өзі таныған сәттен тарих басталады. Мексиканың философы Сеа осылай депті. Ал адам тарихты атамзаманнан бері сан қопарып, әр дәуір мен әр идеологияның тайқазанын­ да талай-талай қайнатқан. Тарихты тану арқылы ғаламды тануға ұмтылған. Алайда күні бүгінге дейін не адам, не тарих, не ғалам түгенделген жоқ. Адам тану да, басқа таным да әліп­пе шағында жүр. Қазіргі тұрпатты адамның қалыптаса бастағанына 50 мың жылдай уақыт өтсе, осы қыруар уақыт­ тың ішінде адамзатты түгел баурап, сүттей ұйытатын ортақ наным-сенімнің болмауы мұның айқын дәлелі. Адам әлі күнге өз санасының тапқаны мен танығанын ғаламның таразысы­ на сала алмай, зерденің сағымын сапырумен келеді. Бұған ең алдымен табылған шындықтардың қарама-қайшылығы себеп. Ғаламдық тарихқа жүгінсек, ақиқат әуелде жалғыз еді. Ол жаратылысқа бір құдіретті күштің ие екендігі туралы түсінік болатын. Адам баласы сол ұлы күштің алдында бас иіп, ортақ мәмілеге келіп, өзін де, өзге әлемді де қайырымдылық пен ме­ йірімділіктің шуағында жылытпақ еді. Бірақ ортақ құдайдың елдің бәріне жақсылықты тең бөліп беретін жалпақ әділдігі қажеттілік өскен сайын қоза түскен пенделік тойымсыздық­тың талғамына татымайтын болды. Жер бөлісі, ел бөлісімен бір­ ге құдайды бөлісуге кірісті. Дүние-әлем таным-түсініктер­дің шекарасын айқындауға құлшынды. Көктегі тәңірдің құ­діреткүші екі аяқты пенде Исаның бойына дарытылып, христиан діні етек-жеңін жинады. Жер қайысқан Шығыста шыңылтыр мінезді Будда тас мүсін болып қатты да қалды. Адамзат осынау пайымдардың иірімінде шыр айналған тал­ мау шақта жаратылыстың сырына сусыны қанбағандардың са­ насына ислам тәлімі сәуле түсірді. Наным мен сенімнің, рухани құндылықтың әр жүректе осылай алшақтауы адамзатты лайықтылар мен лайықсыздар­ ға, өмір сүруге хақы барлар мен жоқтарға бөлгізген ымырасыз жіктеуге алып келді. Тәңірлік ақиқатты іздеу адам баласын сол тәңірдің өзі араша бола алмайтын қырғиқабақ жатсынуға жетектеді. Діні бірлер мен діні бөлектер қан майданда бетпе-

АЛДАН СМАЙЫЛ

бет тұрды. Әлемдегі барлық соғыстардың жартысынан астамы
діни жатсынудан шыққан. Сонда жалғыз хақтың құшағына
сыймаған адам қай құдіреттің аясына аялдайды? Әркімнің
өз құдайы, өз ақиқаты болса, жер басып жүрген 6 миллиард

пендені түгел ұйытатын шындық, сірә да, табылмақ емес пе?!
Бәлкім, тарих үшін, ғалам үшін, болашақ үшін адамзатты
табыстыруды құдайларды табыстырудан бастау керек шығар.
Инквизиция өртеп жіберген кемеңгер Бруно: «Ғалам –

ұлы дененің санасы», – дейді. Бұл ұғымды ғалам – ғарыш,
ұлы дене – жаратылысты санамен билейді деп түсінуге болар.
Қазіргі ғылым мұны жоққа шығармайды. Ғаламның жанды-
жансыз денелері өзара үндестік заңына бағындырылған био­

энергетикалық байланыста болатыны дәлелденіп отыр. Сол
денелердің бір-бірін рух қуатымен, ізгілік қайнарымен нәр­
лен­діретіні де анықталды. Сол нәр ғаламдық биоэнергияның
ең ұлы жеңісі – адамның санасын, ақыл-есін, ой мен сезімін

туғызды. Керек десеңіз, рух құдіретінің ақиқат екеніне де
ғылыми дерек бар. Болгар ғалымдары осы заманғы аса се­
зімтал құрал арқылы өлген адамның қабірінен 360 күн бойы
жұмбақ толқынның есіп тұратынын байқаған. Ол толқынның

тірі адамның ми қабатынан бөлінетін биоэнергияға аса ұқсас
екендігі белгілі болуда. Кейін осы энергия ескі қабірлерден
де таралып жататыны анықталған соң, адамның рухы ешқа­
шан жоғалмайды деген қорытынды жасалыпты. Олай болса,

адам ғаламдық биоэнергетикалық қуаттың бір бөлшегі ретінде
жаратылып, өлген соң сол қуатпен қайта табысады. Бұл табы­
су дін тілінде адамның ақырзаманда қайта тірілетіндігімен
түсіндіріледі. Егер философ Августинше айтсақ, адам өзінің

азаматтық мақсаты – құдайдың патшалығына бірте-бірте өту
парызын осылай аяқтайды.
Ақиқатында ғалам мен адамның арақатынасы, саналық
байланысы Адам Ата жаралған сәтте айқындалған. Дәлелді

сөйлеу үшін Құран Кәрімге жүгінейік. «Адам баласы – жер
жүзінің халифасы» делінеді осы қасиетті кітапта. «Сендерді
әлемге үстем қылғанымды еске алыңдар» деген Алла тағала­
ның ескертуі қатар айтылады. Бұл ғаламдық сананың, құдіреті

күшті жаратушының адамға ой-сезімнен үлес алған айрық­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ша тіршілік иесі ретінде сыйлаған ерекше артықшылығы еді.
Бізге, адамзатқа, жер жүзінің халифасы болу үшін ғаламдық
сана мен өз санамыздың ұдайы үйлесімде болуы тапсырылды.
«Тәубә» атты таразы ұғым тудырылды.

Адамзаттың бүкіл жүріп өткен жолын сүзіп шықсақ,
сана нақ осы «Тәубә» ұғымын жоғалтқан сәттен жиырма
бір ғасырлық азапты сапарымыз басталыпты. Сол күнәһар
сәт Хауа Анамыздың бейіштегі жұмақ өмірге тәубә демей,

ібіліс ұсынған алманың дәмін татқан кезінен өріледі. Дәл
осы сағаттан жазғыру мен сату, екіжүзділік пен қатыгездік
тамырланған. Адам Ата жұмақта қалмаққа ұмтылып, бар
күнәні Хауа Анамызға үйіп-төккен деседі.

Сол екеуінен алғаш өнген ағайынды Қабыл мен Әбілдің
күнәсі бұдан да зор. Қызға таласқан Қабыл Әбілді таспен ұрып
өлтіреді. Осыдан да шығар-ау, Адамның баласына дәуірлер­
дің де, дәуірлік тұлғалардың да өкпесі қара қазандай, Нұх

пайғамбар жұртты мұсылмандыққа 700 жыл үгіттегенде, ері
бар, әйелі бар 80 адам ғана ұйығанына қатты налып, Алладан
сол сексеннен басқасын жазалауды сұраса керек. Топан су
осыдан дейді аңыз.

Бейішке сыймаған сол адам қатықсыз қара суға жарытпа­ған
жұмыр жерге қалай сыйсын. Жанары тойған дүниеге түпсіз
құлқыны тоймаған, ат жалында күн кешкен, арпалыс­қан
ғасырлар басталды. Сана ержеткен сайын жер атты жерік асқа

талас, адамға жасалатын үстемдікке талас өрши түсті. Құдай­
ға жағыну емес, сол құдайға ұқсаудың ақсайтаны атойлады.
Атақ пен мансап жолындағы ашкөздік ештеңеден тайынбай­
тын жауыздыққа ұласты, толарсақтан қан кештірді.

Тарих алдында әділ, адам алдында адал болу үшін сол
күнәһар өткеннің өзіне жүгінейік.
Әйгілі Ғұн көсемі Әділ 434 жылы немере ағасы Білдені
өлтіріп, Ұлы империяны жеке-дара билеп-төстеді. Өзбек ханнан

туған Жәнібектің баласы Бердібек хандық билік өз тұқы­мын­
да қалу үшін ағайын-туғандарын түгел қырған. Атақты Ақсақ
Темірдің кіндігінен тарайтын Аурангзеб Үндістанды билеген
әкесі Шаһ Жаһанды түрмеде шірітеді. Ішінен шыққан шірі­

ген жұмыртқаның қайғылы тұтқыны болған шаһ сүйікті әйелі

АЛДАН СМАЙЫЛ

Мұмтазға өзі соқтырған Тәж Махалға түрменің терезесінен
телміріп өтіпті. 1227 жылы Меккеде Бейбарысқа адал болуға
ант берген уәзір Қалауын сол сұлтанның өзін де, балалары Сайд
пен Ахметті де тақ үшін мерт қылған.

Осынау сұрапыл қатыгездік тойымсыз билікқұмарлықтың
ылаңы болсын. Ал сол жауыздықтың таққа қонған соң да
тоқтамауы неліктен?
Қатыгездігімен аты шыққан император Кампула гладиа­

торлардың қырқысын күнде көріп жалыққан соң, әйелдер
мен қариялардың қанды жекпе-жегін тамашалайтын әдет
тауыпты. Ал Венгр графинасы Елизавета ғұмырының соңына
дейін 650 шаруа әйелін құрбандыққа шалған.

Осындай адам жаны түршігетін қаталдық Еуропада жыл­
дар жылжыған сайын асқына берген. Инквизиция, крест
жорықтарының сұмдықтары әлі күнге дейін ұмытылған жоқ.
Бәлкім, сондықтан шығар философ Юнг: «Европа – матерь всех

демонов», – депті.
Біз бұл жерде Еуропаны Азиядан әдейі бөліп алып отырған
жоқпыз. Еуропа өркениеті мен ұқыптылығының арқасында
осы құрлықтың иманды және имансыз деректері қолымыз­

ға көбірек түсіп отыр. Сол деректер XVІІ ғасырдан бері қарай
аталған континенттің қырғиқабақ соғыстардан көз ашпағанын
көрсетеді.
Бұл жойқын қақтығыстар азаттық үшін немесе әділдік

үшін емес, үйіріп әкеліп үйірге қосу үшін, үстем болу үшін
жүргізілген.
Өзіміз тілге тиек еткен XVІІ ғасырдағы соғыстарда 8 млн
адам қаза тауыпты. XVІІІ ғасырдың қырғындарында 5,2 млн

адам көз жұмған. XІX ғасырдың атып-асқаны бес жарым
мил­лион жан. Ал XX ғасырдағы атышулы ІІ дүниежүзілік
соғыстың алғашқысында 10 млн, соңғысында 50 млн адам оққа
ұшты. Осы ақырғы алапатта 18 млн тұтқын құлақ естіп, көз

көрмеген қатыгездікпен азапталды, 11 миллионы айуандық­
пен өлтірілді. Бұған коммунистік режимнің концлагерлерін­
де, азамат соғысында, қолдан жасалған аштықта қынадай
қырылған 15 млн боздақты қосыңыз. Бас-аяғын түгендесек,

ажалы жеткенге заманақыр, ажалсызға айтақыр болған

ШЫҒАРМАЛАРЫ

XX ғасыр, жендет ғасыр, 75 млн адамның түбіне жетіпті. Ал
біз білетін, дерегі жеткен барлық соғыстардың жалмағаны  –
94 млн өмір. Жалаң қылыш жүзінде, сұсты найза ұшында,
ысқырған оқтың өтінде дірдек қаққан 94 млн жүрек. Тойдым

деген заман, қойдым деген адам бар ма?!
Жанары жасқанған осынау қағылез сауалға жүрегі шай­
лыққан жауап бар. Заман қанға тойған жоқ, адамзат озбыр­
лығын қойған жоқ. Дәуір алға озып, өркениет кемелденген

сайын тақ таласы мен дәулет таласы қыза түскенін кө­
ресің. Бізге қыр астынан қол бұлғап тұрған XX ғасырда
мемлекет басшылары мен ел тізгінін ұстамақ болғандарға
185 рет қастандық жасалыпты. Осы жүзжылдық мәңгілік

уақыттың табалдырығын құрбандықпен ашқан. 1901 жылы
6 қыркүйекте АҚШ-тың Президенті Мак Кинли жалдамалы
жендеттің қолынан мерт болды. Қастандықтың жемтігіне ай­
налғандардың ішінде Францияның Президенті Поль Думер,

Австрияның Федеральды канцлері Дольфус, Югославияның
Королі Александр І, Иорданияның Королі Абдаллах, АҚШ
Президенті Джон Кеннеди, Египет Президенті Абдель Насер
және басқалары бар.

Міне, осындай сұмдықтан Азия мен Еуропаның, Америка
құрлығының бір де бір мемлекеті ада емес. Сол зұлымдықтың
атыс-шабыс үйреншікті әдетіне айналып кеткен Батыста жиі
болуы аса таңдандыра қоймаса, Алла жолына елжіреген Сауд

Арабиясында көрініс беруі қайран қалдырады. Фейсал патша
жақын туысының қолынан қаза тапты. Оның өліміне себеп­
ші болған АҚШ-тың алпауыттары, өлтіруге бел байлатқан  –
таққұмарлық. Сонда араны ашылған аждаһа тойымсыздық

сәби сәтінен исламның уызын еміп өскен иманды елдің де
жүрегін қарайта алатын болғаны ғой.
Осынау жылымшы деректер, тарихтың мәңгүрт мәліметтері
адам баласы сана-сезімге ие болған 50 мың жылдың, табаны

күректей – 400 ғасырдың ұзына бойында кәмелетке толмаға­
нын қайта-қайта дәлелдейді. Адамзаттың есейіп, ақыл-ойы­
ның етек-жеңін жинап, мейірім шуағына бөленуі, ғаламдық
құдіретті сананың «тәубә» атты қасиетімен қылаусыз табысуы

үшін әлі қанша ғасыр қажет екен?!

АЛДАН СМАЙЫЛ ІІІ Хақ тағала сәбиді жарық дүниеге ізгілік бейнесінде әке­ леді. Періште дидарлы тазалықты, күн дидарлы шұғыланы сүйгізеді. Адамзаттың тас емшегін солай иітпек болады. Көр­ ген көз нәрестедей уылжығысы, сәбидей нұрланғысы, кө­ ңіл кірінен, өкпе-назынан арылып, кең дүниеге емін-еркін еркелегісі келеді. Сол нәрестемен бірге Адам-Ана да, Жер-Ана да қуаныш пен үмітке толғатады. Иә, әр сәби жарық дүниеге шырылдап келген сайын ЖерАнаны толғақ қысады. Себебі Алла тағала адамды қазіргі Қаһба тұрған жерден Әзірейіл әкелген топырақтан жаратқан. Отыз тоғыз күн Мекке мен Тайфтың арасына қойған. Қырқын­ шы күні жан салған. Араб тілінде «адам» сөзі «жер қыртысы» деген ұғымды білдіреді. Сөйткен адамның әлемге қадам басқанына 2 миллион жыл өтсе керек. Сол ғаламат уақытта бір сәтке болса да бақытқа қылаусыз бөленіп көрмеген адамды жарату Хақ тағалаға қа­ жет пе еді, жоқ па еді. Бұл сауал күнәдан арылып көрмеген пендесі жайлы толғанғанда Құдіретті де сан мәрте ойландыр­ ған шығар-ау. Ал осы сұрақ сол адамның өзін мазалап көрді ме екен. Біздер, жер шарында 6 миллиардқа жеткен пенделер, кім үшін, не үшін керекпіз? Баянсыз дүниенің сағымында сандалып қалған ар-ұятпен бірге ғаламның сайқал сарынына сіңіп кету үшін бе?! Ес кетірген ашкөздіктен түршіккен тіршілікті одан әрі азапқа сала түсу үшін бе? Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқын қорғау жөнінде­ гі комиссиясының мәліметтеріне жүгінсек, планетамыздағы әйелдердің екі пайызына жуығы ашық түрде жезөкшелікпен айналысады. Бес пайызынан астамы күнкөрістің қамымен қызмет бабында күйеуінің көзіне шөп салады. Пентагонның құпия тапсырмасымен жасалған вирустың сыртқа шығып кетуінен пайда болған ғасыр дерті – СПИД-ке шалдығушы­ лардың саны 40 миллионға жетті. Бұл дерттен бүгінде бірде-бір ел ада емес. Қатыгездік бұрын-соңды болмаған жауыздыққа ұласуда. Айуандықпен кісі өлтіру тәсілі 200-ден асқан. Қайыршылық

ШЫҒАРМАЛАРЫ

азаюдың орнына үдеп барады. XX ғасырдың соңында жер
жүзінде қайыршылыққа душар болғандардың қатары 1 мил­
лиард 300 миллион адаммен есептелді. Оның ішінде 840 мил­
лион адам аштықтан бұратылуда. Мұның 200 миллионы ба­

лалар. Кедей елдерде жыл сайын 14 миллион нәресте айықпас
дерттен өледі. Жарты миллион әйел босана алмай көз жұма­ды.
700 миллион адам тиіп-қашып жұмыс істейді. Планетаның
әрбір үшінші адамы электр жарығынсыз отыр. 1,5 миллиард

жан таза ауыз суға зәру.
Түбі осылай боларын сезбей өмірден озған Адам Ата кін­
дігінен тараған ұрпағы 400 мыңға жеткенде о дүниелік бо­
лыпты.

Қандай өсиет қалдырды екен?
Махаббат есімді кәусар сезімнің мәуелі бағы болған Хауа
Анамыз үрім-бұтағы 180 мыңды құрағанда көз жұмыпты.
Қай мұратына жетті екен?

Ол дәуірден бері қарай қайғы да, бақ та талай-талай өзгер­
ді ғой. Арман мен үміт те өңін сан құбылтқан. Бүгінде қоғам
түгілі, бауырыңдағы балаңның да нені толғап, неге тебіренерін
білу қиын.

Қытайдың ғұламасы Конфуций рас айтса, «Аса ақылды­лар
мен аса ақымақтар ғана өзгермейді». Ал аса ақылдылардың
қай заманда да саусақпен санарлықтай екені, аса ақымақтар­
дың жыртылып айырылатыны ақиқат десек, адамзаттың ақыл-

есі әлемдегі ең баяу дамитын құбылыс болады да шығады.
Асылында мінездің залымы, басым түсер қалыңы адамзат­
ты бауырым деп тұтас сүйген бірен-саранда емес, бас-басына
би болғысы келетін миллиондарда ғой. Сол миллиондардың

болмысын зерттеген Еуропаның XX ғасырдағы қайраткерле­
рі адам мінезін сараптай келіп, «бұқара адамы», «тобырдың
адамы», «Фауст адамы» деп жіктеген. Осы жіктеуде «ізгіліктің
адамы», «имандылықтың адамы» деген баға жоқ.

Неліктен? Бәлкім, алғашқы жаратылыс қағидаларынан,
әлемдік рухтан адасып қалғандығымыздан шығар.
Карл Маркске де ұстаз болған неміс ойшылы Гегель: «Әлем­
нің тарихи дамуы ғаламдық рухтың эволюциялық даму заң­

дылықтарымен реттеледі», – дейді. Олай болса, адамның
санасындағы эволюциялық даму жердегі жанды және жан­

АЛДАН СМАЙЫЛ

сыздың табиғи қалыптасу жолымен жүріп отыруы керек.
Адамзаттың «табиғаттың бермесін тартып алмақ болған» әре­
кетінің бәрі сол эволюциялық өркендеу процесін ырғағынан
жаңылдыруда. Жер атты жаратылысқа жасалып жатқан

биологиялық, химиялық, техникалық және өнеркәсіптік тә­
жірибелердің аяғы планеталық апатқа әкеліп соғатыны, сол
апатқа жақындап қалғаны бүгінде екінің біріне аян. Озон
қабатының шұрқ тесік болғаны өз алдына, ауа райы әлемдік

көлемде алғанда тез жылып келеді. 1961-1990 жылдармен
салыстарғанда 2001 жылы ауа райы 0,42о С-қа ысыған. Дү­
ниежүзілік ауа райы бағдарламасының жетекшісі Кен Дэ­
видсон егер көмірқышқыл газ қоршаған ортаға қазіргі көлем­

де үздіксіз тарала берсе, 2010 жылы температура 1,5о С-қа
жылитынын ескертіп отыр.
Табиғи эволюцияны осылай бүлдірсек, адамның биоло­
гиялық өсіп-өнуіне де имансыз араласа бастадық. «Известия»

газеті АҚШ-тағы «Қозғалысқа түскен технология» компа­
ниясының жаңалығын түршіге жазды. Компания адамды
қалағанынша биологиялық өзгертудің жолын тапқан. Сізге
Гитлер керек пе, Сталин қажет пе, клеткалардың орнала­

суын қалауынша реттей отырып, жасап шығарады. Оны аз­
сынсаңыз, жер бетіндегі ғұмырыңызды мәңгілік ұзартудың
мүмкіндігі тумақ. Ал еркексіз бала туғызу оп-оңай нәрсе.
Сөйтіп біз құдайдың құдіретіне қол сұқтық. Пенденің жанын

Тәңір емес, адам алатын болды. Жаппай қырып-жоюдың небір
үрейлі тәсілдері табылуда.
Көрнекті неміс иммунологы профессор Якоб Сегаль СПИД-
тің қолдан жасалған дерт екеніне нақты дәлел келтіріп

отыр. АҚШ Парламенті 1969 жылы Пентагонның гендік ин­
женерияның көмегімен адамның санын ретке келтіруге қа­
жетті вирус жасау жөніндегі тапсырмасын қолдайды. Дәл
осындай вирус Мэриленд штатындағы Форт-Детрикте құпия

лабораторияда жасалса керек. «СПИД-ке шалдыққандардың
алғаш рет 1979 жылы Нью-Йоркте тіркелгені тегін емес», –
дейді ғалымдар.
Әлем осындай сұмдықтарға жанталаса қарсы шығуда.

Фран­цияда адамды қолдан жасауға әрекеттенгендер – 20 жыл,
Германияда – 5 жыл, Жапонияда 10 жыл түрмеге отырады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Италия мен Австралия, Еуропа кеңесінің адам құқы және
биомедицина жөніндегі конвенциясы да тиым салды. Ал
Британ Парламенті құшағын жайып қарсы алған. Себеп дейсіз
ғой. Себебі медицина ғылымындағы бұл жаңалықтан қы­руар

ақшаның исі аңқиды. Ал бұл әрекет түптің түбінде немен
тынады?
Қолдан жасалған Гитлер мен Сталиндердің, басқа да кө­
семдердің адамзатты қайта дүрліктірмесіне кім кепіл. Био­

логиялық құрылымы өзгерген жаңа ұрпақ жыртқыш ұр­пақ
бола ма, жымысқы толқын бола ма?! Осынау сандалған сауал­
дан сеңдей соғыласың.
Ғаламдық рух пен санадан жаңылу адамның мүмкіндігін

асыра сезінуіне әкеліп соқтыратындығына әлемде мысал көп.
Кир, Македонский, Шыңғысхан, Гитлер... Осылай жалғасып
кете береді.
Гитлер өзін Мессия санаған. Ол жаңа рейхке, яғни ғұ­

мыры мыңжылдықпен есептелетін жаңа империяға ие бо­
луды, адамзаттан өзін үстем етуді ойлады. Бұған оны итер­
мелеген «рейх» туралы бұрыннан бар идея еді. Тарихта «әр
мыңжылдықта бір империя дүниеге келеді, оның орнауына

мессия құдіреті дарыған ерекше тұлға ықпал етеді» деген
тұжырым болған. Сол тұжырымға сәйкес Атлантиада алғаш­
қы, Еуропа екінші империя атануға тиіс екен. «Ал үшінші
империя неге Германия болмауы керек» деген желік Гитлерді

атқа қондырды.
Осындай қияли-ғажайып елестер еврей жұртында әлім­
сақтан бар. «Книга откровения» және «Книга пророка Иези­
киля» деген шығармалар аталған елде әлі күнге қасиетті деп

танылады. Солардың түпкі насихатына үңілсек, еврейлер
ешқашан жойылмайтын, сірә да құрып кетпейтін айрықша
халық болса керек, құдайдың үкімін жерге жеткізетін қасиет­
ке ие екен, тарихтың барометрі көрінеді. Діни қайраткер

Джерри Фэлуэлл «еврейлер үшін тәңір бәрін алдын ала кесіп-
пішіп қойған, олар тарихты аяқтап, жаңасын жасауға көшті.
Бұған сенгендердің бәрі азап атаулыдан ада болады» деген
уағыз таратуда.

Тарихта құдайдың рухына жақындап, өзін соған ұқсату
секілді күпірліктің көпшілік жағдайда дінбасылардан шыға­

АЛДАН СМАЙЫЛ

тыны туралы деректер де аз емес. Ватиканның алғашқы қа­
сиетті жиыны 1869-1870 жылдары болған. Сол тұста Папа
Пий ІX еді. Жиын осы Папаны күнәдан тыс деп жариялады.
Ал әлемдегі дін атаулының бәрінде күнәдан ада тек Жарату­

шы ғана.
Өзін тәңірге теңеу үрдісі Қытайда да ертеден бар. Хина
философтары оны осы елдің ерекше жаратылысымен түсінді­
ріп келді. XІX ғасырда Конфуцийге 1560 храм салған Қытай­

ға не болса да жараса беруге тиіс секілді еді. Сондықтан қы­
тай­лықтар император ханым Цысидің Мейірімді, Бақытты,
Бәрінен құдіретті, Сақтаушы, Денсаулығы күшті, Аса да­
нышпан, Нұрлы, Сабырлы, Ұлы, Сенімді, Ұзақ ғұмырлы, Құр­

меттелуші, Тәңір текті, Кемеңгер, Көкке өрлеген, Күн дидар­лы
деген қошемет атауларын қойдай жамыратқан.
Мұндай дәріптеудің ең асқынған түрі христиандарға тән.
Олар өзекті пенде Христосты Құдай деп жариялады. Жыл

есебін де соның туған жылынан бастады. 1468 жылы христиан
дінінің жетекшілері әлемдік жыл тізбені осылай өзгертті.
Христостың мерейін үстем ету үшін.
Американың ғалымы Бертран Расселдің зерттеу дерегі рас

болса, Христосты солай көкке көтергісі келгендердің өздері
оның туған күнін анықтай алмай лажы құриды. Амалдары
таусылған дінбасылары сенделіп отырғанда Дионисий деген
монах сөз сұрайды.

– Мен білемін, – дейді ол, – Христос жайлы барлық мә­

ліметтерді қарап шықтым, 532 жылы туған.
Мұның анық-қанығын бәрібір тексере алмайтын дін же­
текшілері Дионисийге сенеді. Ал осы монахтың тегі туралы
айта келіп Рассел: «Ол сақ жұртынан еді», – деген байлам

жасайды.
Өзін көкке көтеру орасан зор билігі бардың қолынан келеді.
Өзгені өзегі талғанша дәріптеуге ар-ұяты алаяқтанған екі жүз­
дінің дәрмені жетеді. «Кітабыңды Александр патшаға арна»

деген Наполеонға «Мен еңбегімді ешкімге арнамаймын, кейін
өкінбес үшін» деп жауап берген Гетенің бекзадалығы біздің
көбімізге бұйырмағанына өкінесің.
Бір-ақ қарғып көкке шығып, күн дидарлы құдіретке айналу

көне дүниеден жеткен жұқпалы дерт. Мұхаммед пайғамбар­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

дың тұсында жалған пайғамбарлардың аз болмағанын біле­
міз. Иеменде ал-Асвад, шығысында Масалама, солтүстігінде
әйел Саджах, Орталық Аравияда Тулайха өздерін құдайдың
елшісіміз деп жар салған.

Көктегі рухтан жаңылу, сол арқылы санадан адасудың се­
бебін жалғыз идеологиялық сарыннан іздесек, қателесеміз.
Рас, түрлі режимдер ақылдан алжастырып бақты. Соның ішін­
де марксизм мен ленинизмнің залалы діни адамгершілікке

жойдасыз болды. Ленин Құдаймен таласушылардың ішіндегі
ең зоры еді. Жер жүзі пролетариатының осы көсемінің өлі
денесіне жүргізілген зерттеулер ми клеткаларының 90 процен­
ті көптен бері өлгенін анықтайды. Адамның мұндай жағдай­да

тірі жүруі мүмкін емес-ті.
Осы медициналық деректі және Лениннің соңғы сәтінде
түнгі айға қарап ұлып отырып көз жұмғанын баяндай келіп,
публицист Игорь Бунич «Золото партии» деген кітабында

Ильичті Құдайдың алдына баруға қорыққан, дінсіздігіне
күйзелген әбілетке теңейді. Кім білген?!
Иә, діннің ұсақталуына тек режимдер ғана себепкер емес.
Оған діннің өз ішінде ыдырауы да кінәлі.

Исламның бүгінде қырық сегіз бұтағы бар. Христиан діні
өзара қырқысқан жүзге тарта буынға бөлінген.
Діннің тармақтануы бойынша Жапония рекорд жасап отыр.
Қазіргі таңда осы елде 300-ден астам діни ұйымдар әрекет

етеді. Теолог Ван Вольфреннің пайымдауынша соғыстан соң
Жапонияда дінге репрессияның тоқтатылуы жаңа наным-
сенімдердің қаптап шыға келуіне жағдай жасаған. Елде бас­
қаларын былай қойғанда эзотерикалық сектаның электрге

табынатын түрі де бар.
Мұндай жалған діни ағымдардың бетімен кеткені сонша­
лық, 1951 жылы ғана 700 жаңа түрі жарияланыпты.
Алланың құзырына осылай имансыз шабуыл жасаған адам,

егер реті келіп тұрса, «Сен өміріңді маған бер де, о дүниеге
аттан» демесіне кім кепіл?!
Халиф Абдрахман, өзінің пайымынша, бар ғұмырында он
төрт күн бақытты болыпты.

Өмірінде мыңдаған күнгі бақытқа да тоймайтын ашкөз­
дік тірлігіңдегі бірер сәттік күлкіңді де көп көріп, «қуаныш-
2-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ қызығыңды маған тарту ет те, ит қорлықпен жүре бер» демесі­ не кім кепіл?! Солай болып жатпағанына кім куә?! Осылай болдырудың амалы іздестірілуде екендігінен хабарыңыз бар ма? Мәскеудің құпия ғылыми орталығы адамның ой-қабіле­ ті мен талғам таразысын өзгертетін тәсілді зерттегеніне көп болды. Сіз жұмыр басты пенденің осыншалық құдіретке ие бо­ луынан қорықпайсыз ба? Қолындағы шексіз билігі мен білі­ мін тек ізгілікке ғана жұмсайтын тәңірлік кемеңгерлік оған қайдан келсін. Бар болғаны заманына қарай қырық құбыла­ тын бейшара пендеміз ғой. Данышпан Мөңке үкімін баяғыда шығарып қойған қорғансыз пендеміз. «Құрамалы, қорғанды үйі болатын, айнымалы, төкпелі биі болатын, ішіне шынтақ айналмайтын ежірей деген ұлы болатын, ақыл айтсаң ауырып қалатын бедірей деген қызы болатын, алашұбар тілі болатын, дүдәмалдау діні болатын» сергелдеңбіз. Қайрауы қатты би қанша қазып айтса да, бүгінгі шындық одан да ащы. Сол шындықтың шыңырауынан бізді кім шы­ ғарып алады екен? Өзіміз, әлде өзгелер? Бәлкім, ғаламдық рух! ІV «Алла мен ақ патшаның тұқымдас емес екенін түсінуге көп ғасырлар керек», – дейді сырбаз ойшыл Ғабит Мүсірепов. Ағылшын көсемі, атышулы Черчиль он екі жыл бойы ге­ нологияны зерттеумен айналысқан. Сондағы мақсаты – король билігі құдайдың әмірімен болатындығын дәлелдеу. Бұл бас қатыру әйгілі премьерге не үшін керек болды екен дейсің. Бәлкім, «Таққа жетудің қандай жолы болса да ке­ шірімді, өйткені билікке құдайдың жарлығымен ғана бара аласың» дегісі келген шығар. Бірақ Черчиль бұл ғылыми ізденісінен ештеңе өндіре алған жоқ. Алайда ел билегендер­ дің тәңірге таяу тұратыны жайлы ой сан ғасыр бойы сананы сансыратып келеді. «Мейлі!» дейсің, өткен замандардан жеткен кемғабыл түсі­ ніктің қара суығынан ықтасын іздеп. Ауыры сол, жаңа ғасыр,

ШЫҒАРМАЛАРЫ

жаңа сана өзінен бұрынғы күндердің дертті тұжырымдары­
нан арылғанша даму эволюциясы тежеледі.
Генологиядан сауға сұрамақ болған Черчиль де, басқа та­
лай билеушілер де өздерін сол эволюцияны көгертушілерміз

дей отырып, жеке тұлғаның астамшылығы тарихты жүрген
жолынан жаңылдыратынын мойындаған әрі ескерткен. Асы­
лында бір империяға немесе мемлекетке телінетін саяси ше­
шімдер әуелі жалғыз адамның идеясы ретінде көрініс береді.

Ол идея адамзатқа жайлы ма, жайсыз ба, өкінішке орай мұ­
ның жауабын кейін тарих беріп жатады. Себебі идея саясатқа
айналса, оған сол заман қарсы тұру мүмкін емес. Саясат қай
кезде де мұздай қаруланған жойқын күш.

Мұның дәлелі шаш етектен. Өткен ғасырда Карл Маркс
пен Владимир Ильич коммунизмнің елесін қуғызды. Елеске
сенбегендер қынадай қырылды.
Мына ғасыр – АҚШ Президенті Рузвельттің әлемде ха­

лықаралық капиталдың диктатурасын орнату, сол арқылы
дүниежүзілік экономиканы тәуелді ету жөніндегі идеясы қызу
жүзеге асырылып жатқан ғасыр. Оған қарсы келгендердің
төбесінен жай түсуде.

Сол халықаралық капитал біздің қойын-қонышымызды да
аралап жүр.
Әдетте мұндай идеялар дауласуға арыңды барғыза қоймай­
тын адамгершіл тіректерді тауып ала қояды. Коммунизм идея­

сы – теңдік ұранымен бет қаратпады.
Халықаралық капитал адам құқы мен демократияны кел­
денең тартуда. Сылтау іздесе, әлемнің кез келген түкпіріне
«сен балаңды неге жылатасың» деп жұдырық ала жүгіреді.

Қабылданған заңыңнан, айтылған ойыңнан сыныққа сылтау
табады.
Ал осы халықаралық капиталдың қызығын миллиондар
емес, бірен-сарандардың көріп жатқаны адам құқының тап­

талғаны деп саналмайды. Қазақстан Республикасының Мем­
лекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаев «Егемен Қазақстан» газе­
тінде жарияланған «Тәуелсіздік толғауы» атты кең тынысты
пайымында жер бетінде осы бүгін бізбен бірге ғұмыр кешіп

жүрген үш бай адамның қолында ең кедей 47 елдің дәулеті­
не тең қазына бар екені, 447 ауқаттының қалтасына жарты

АЛДАН СМАЙЫЛ

адамзаттың байлығына пара-пар дәулет сыйып отырғаны
туралы дерек келтіреді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы отызға жуық дамыған елдің өзге
елдерді шикізат өндірушінің тағдырына байлап қойып, ке­

дейлендіріп бітіргенін айтып отыр. 1960 жылы байлар мен
кедейлердің табысының арасалмағы 13:1 болса, бүгінде 60:1.
Дүниежүзі байлығының 86%-ы планета халқының бестен
бірінің қолында.

Қазақстанға келсек, республика халқының 31,8%-ы өмір
сүрудің ең аз мөлшерінен төмен қаржымен қалт-құлт етіп
ғұмыр кешуде. Осы ресми статистика бойынша еліміздегі аса
ауқаттылардың он пайызы әлгі көлемдегі жұрттың байлығы­

нан он бір есе асып түсетін дәулетке ие екен.
Қайтесіз, дамушы елдердегі демократия әлемдегі демо­
кратия секілді біреуге оңқай, біреуге солақай асықтай. Осы­ны
көріп-біліп отырып, Черчильдің: «Демократия да оңып тұр­ған

жоқ, бірақ әзірге одан оңтайлысы және жоқ», – деген сөзін еске
аласың.
Әсілінде кез келген қоғамда сол режимді құрғандардың өз
үлесін ойып алатыны заңдылыққа айналып кеткен құбылыс.

Игорь Буничтің «Золото партии» деген кітабындағы деректерге
сенер болсақ, байлыққа қарсы атойлап, кедейлікті уағызда­
ған пролетариаттың ұлы көсемі Ленин Еуропа банктеріне көзі
тірісінде 75 млн швейцар франкін аударыпты. Ал Дзержин­

ский мен Троцкий бастаған жеті большевик мырза 1921 жылы
ғана АҚШ банктеріне 102 млн 290 мың долларды жөнелткен.
Сталиннің қызы Светлана кеңес паспортын әуежайда қақ
айырып лақтырып тастап, шетелге кеткен соң әкесінің Швей­

цария банктеріндегі қаржысына жап-жақсы өмір сүрді.
Брежнев ақсақалдың ұл-қызы 8 млн кеңес рублі мен 1,5 млн
АҚШ долларын олжалап үлгергені белгілі. Ал Георгадзе­­нің
үйі  мен кеңсесін тінткенде 8 кг бриллиант пен алмаз, әрқай­сы

20 кг жүз құйма алтын, 40 млн рубль, 2 млн доллар, қаптаған
қымбат жүзік пен сырға, Леонардо да Винчидің, Рубенстің,
Ван-Дейка мен Айвазовскийдің төл туындылары табылған.
Кезінде саяси бюро оны елдің алдында ашық әшкереледі.

Компартияның XX ғасырдағы жырынды көсемдеріне осы­
лай түре тиіскен Андропов Георгадзеден кейін Лигачевке,

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Соломенцевке, Рекунов пен Афанасьевке, Требилев пен Гусевке
құрық салуға оңтайланған соң, өлтірілді.
Теңдік пен пәктікті үсті-үстіне ұран еткен кеңестің қо­ма­
ғайлығы осындай.

Адам құқы мен демократияны жалау еткен бүгінгі заман­
ның өңешіне үңілуге қорқасың.
Хрущев АҚШ-қа барып келген соң Микоянға: «Олар ком­
мунизді бізден бұрын құрып қойыпты», – деп қынжылыпты.

Жеке поместьесі бар, өз коммунизмін жасап алған Микоян
кейін Америкада болғанда, көл-көсір деп жүрген дәулеті
ондағы орта фермердің байлығындай ғана екенін көреді.
Осыдан соң олар кеңес шаруасының жағдайын ойлады ма?

Жоқ. Қайта Никитаның тұсында ел кебек жеді.
Жалпы XX ғасырдың екінші жартысында зиялы деп ата­
латын қауымның халықтан алыстап кеткені байқалады. Олар
ұлт немесе мемлекет тағдыры шешілетін тұлғалы оқиғалар­

дың қозғаушысы бола алмады. Рас, жоталы жағдайлардан соң
дабыл қағып, оқиғаның беделімен атқа жайдақ шапқандар
әркез табылып жатты.
Қазақ халқының кеңес заманының жетпісінші және сек­

сенінші жылдарындағы екі тарихи қаһармандығы кімнің кім
екендігін анықтап берген. Ең алдымен, ұлт өзінің дәуірлер­дің
жойқын қозғаушы күші екендігін дәлелдеді. Сонымен бірге
сол ұлттың қаймағын қалқып ішіп жүрген интеллигенция­

ның сатқындықтан қысыла қоймайтынын әшкере етті.
1979 жылы Ақмола өрендері КПСС Орталық комитеті сая­
си бюросының Орталық Қазақстанда Неміс автономиялық
облысын құру жөніндегі шешіміне батыл қарсы шықты. Ере­

уіл  екі күнге созылды. Қазақстан Орталық комитетінің хат­
шысы Коркин бастаған автономияның ұйымдастыру комите­
ті де, Венадағы кездесуінде АҚШ Президенті Картерге сол
облыстың құрылғанын мәлімдеуге тиіс Брежнев те бұлай

боларын сірә да күтпеген. Целиноградтың обкомы да есінен
айырылғандай болды.
Ереуілге қатысқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, сту­
дент-жастар мен жұмысшылардың талабы қаншалықты ор­

нықты болса, сол талап аяқасты етілтен жағдайда бүкіл рес­
публиканың дүр сілкінетіні де соншалық анық еді. КПСС
лажсыз шегінді, шешімнің күші жойылды.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Осы оқиғадан соң облыстық партия комитетінің бюросы
мәселеге баға беруге жиналған. Комитеттің сол кездегі бірін­
ші хатшысы Морозов ереуілге қатысушылардың ешқайсысы
жазаланбауын тапсырды. Бұған бюро мүшелерінің бәрі дерлік

үнсіз келіссе, хатшының бірі апыр-топыр қарсы болды. Сірә,
ұлты қазақ бола тұрып, қазақ ұлтшылдығын айыптап сөз
сөйлемеуді коммунистке жат қылық деп санаса керек. Сондай
бір қырағылық танытып, большевикте ұлт болмайтынын зор

жауапкершілікпен делелдегісі келсе керек. Бәлкім, осындай
сергектігімен қызметін одан әрі орнықтыра түскісі де ойында
болған шығар. Әйтеуір ереуілшілерді жазасыз қалдырмауды
талап етіп тұрып алған. Морозов «Бұл Қонаевтың нұсқауы»

деген соң ғана іркілген.
Ал ереуілге қатысқандар неміс автономиялық облысын
құру туралы шешімнің жүзеге асырылмайтындығына мәз еді.
Олар осы қуаныш үстінде өздерінің тарихи ерлік жасағанын

сезген де жоқ. Партия партия аталғалы ұлттық республика­
лардың ішінде Қазақстан тұңғыш рет өз жеріне өзі ие екенді­
гін мәлімдеп, халықтың да саясатқа баға беруге хақы барлы­
ғын паш еткенін, бұл қазақ шежіресіне мәңгілік жазылатын

қаһармандықтардың біріне айнала алатын батыл қадам бол­
ғанын ойлап та жатпаған. Туған бауырының сол үшін тас-
талқан тулағанынан да хабарсыз-ды.
* * *

Мен Желтоқсан көтерілісінде Алматыдағы жоғары пар­
тия мектебінде болдым. Саяси білімімізді жетілдіруге ша­
қырылғанбыз. Бір топ адам едік, аудандық партия комитет­
терінің идеология жөніндегі хатшылары, облыстық комитет­

тің бөлім меңгерушілері, журналистерден жиналған жеті-се­гіз
жанбыз.
Қолына қалам ұстағандар бірыңғай жүрсін деді ме, облыс­
тық «Целиноградская правда» газеті партия тұрмысы бөлімі­

нің меңгерушісі Лежнев екеумізді жатақхананың бір бөлме­
сіне жайғастырды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

– Жүр, партия мектебінің оқытушысына сәлем беріп ке­

лейік. Жақсы танысым еді. Түбінде керек болып жүрер, – деді
әріптесім орналасып алған соң.
Танысы мектептің тап-тұйнақтай кабинетінде жалғыз
отыр екен. Жас шамасы өзіміз қатарлы. Арнайы жүздесуге

кел­гені үшін Лежневке риза болып қалды. Шаңырақ иесінің
қонақжайлығына салды ма, әлде шын мәнінде солай ойлай ма:

– Тың облыстарынан келгендер саяси шыңдалғанын аң­

ғартып тұрады, – деп көтермелеп қойды. Содан кейін жан-
жағына қарап алып:

– Орталық комитеттің ұйымдастыру пленумы жүріп жа­тыр.

Бірінші хатшы ауыстырылады. Қонаевтың орнына Колбин
отырады, – деді.
Лежневті білмеймін, мен аңтарылып қалдым.

– Колбин деген партия қайраткері жоқ еді ғой. Белгісіз

адам екен, – дедім қайран болғанымды жасыра алмай.

– Олай демеңіз. Жоғары партия қызметінде ысылған адам.

Грузия секілді күрделі республиканы да басқарған. Саяси
Бюро  кімді таңдауды білетін шығар, – деп оқытушы даусын
қатайта қойды.

– Солай-ақ болсын, алайда бірінші хатшылыққа Қазақ­

станның өзінен лайықты адам табылмағаны ма? – дегенімде,
жақтырмағанын анық аңғартты.

– Менің уақытым аз еді, келгендеріңізге рахмет, – деп кете

беруімізге болатынын сездірді.
Лежнев екеуміз жатақханаға үнсіз оралдық.
Іле-шала Желтоқсанның дауылы дүр ете қалды. Сол кү­
ні қалада болғандар Брежнев алаңына жастардың жиналып

жатқанын айтып келді. Себебін бірден түсіндік. Оқиғаның
ортасында болайық деп сыртқа шықсақ, қақпаның бәрі тарс
жабылыпты. Құлып салынған. «Бұларың қалай?» деп сұрай­
тын жан жоқ. Мектептің басшыларынан ешкімді таба алмадық.

Ертеңіне «Жастар ішіп алып, алаңда төбелес шығарып жа­
тыр. Сендер соларды тәртіпке шақыруға барасыңдар деген
жарлық берілді. Білегімізге байлайтын қызыл шүберек үлес­
тірілді. Қақпа ашылды. Тыста екі автобус дайын тұр екен.

Адамға лезде лық толды да, біразымыз сыймай қалдық.

АЛДАН СМАЙЫЛ

– Сендер жаяу барыңдар, – деді басшы болып жүрген біреу.

Абай көшесімен алаңға қарай жүріп келеміз. Ауыл шаруа­
шылығы институтынан аса бергенде көшені кернеген халық
көрінді. Тротуарға дейін кең жайылған. «Жасасын Қазақ­
стан!» деп салған ұран бүкіл қаланы дүр сілкіндіргендей аса

қуатты естілді.
«Қонаев! Олжас!» деген дауыстарды да Алматы серпе жаң­
ғырықтырып, көкке көтеріп әкетті.
Аяңдаған қалпымыз орталарына сіңіп кеттік. Кілең өрім­

дей жастар, бозбала жігіт, бойжеткен қыз. Қауіп-қатер күтпе­
ген алаңсыз, бейбіт шеру. Әр тұстан транспаранттар көрінеді.
Асығыс жазылса керек, жақыннан болмаса, анық оқылмайды.
Қол ұстасқан, жұптары жарасқан жастар бір сәт Шәмші­

нің «Менің Қазақстаным» әнін шырқай жөнелді. Сол лекпен,
осы әннің жетегімен кері қайттық. Партия мектебінің жанына
келгенде қақпаның алдында әбігершіліктің бары байқалды.
Тұсына жеткен шеру мұндағылардың есін шығарып жібер­се

керек. Сыртта апыр-топыр болған алты-жеті адам ішке зып
беріп, есікті жауып ала қойды.
Салған әні Алматының, осынау шаһарды бауырына басқан
Алатаудың гимніндей асқақтаған шерумен бірге кетіп бара

жатқанымызды өзіміз де аңғармаппыз. Әлдебір тылсым құ­
дірет тұла бойды кернеп барады. Беймәлім қуатты сезім жү­
ректі дүрс-дүрс соқтырған.

– Сендерге не керек? – деген дауыс селк еткізді. Ұзын

бойлы, қара торы жігіт жолымызды кес-кестеді. – Ағалар, кім
болсаңыздар да жөндеріңізге кетіңіздер. Бізге бөгде көз, бөтен
сөздің қажеті жоқ.
Жанары өткір, үні үстем еді. Тәрізі бізді шеруге әдейі қо­

сылған үндеместің жансыздары деп күдіктенген болуы керек.
Айтқанын орындататын айбат танытқан. Еріксіз бөліне бердік.
Шеру әні үзілмей, жұбы жазылмай Ленин көшесімен төмен
түсті.

Партия мектебінде бізді жайсыз хабар күтіп тұр екен.
Алаңдағы жастарды қуып таратуға спецназ жіберіліпті. Әр­кім
әртүрлі болжам айтып жатты.

– Қару жұмсай қоймас.

– Жастардың алғашқы екпіні ғой, ендігі өздері де тараған

шығар.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

– Жаңағы шеру де жайына кетті ғой.

Сөйтіп алакөңіл болып тұрғанда мана алаңға автобуспен
кеткендер келе бастады. Өңдері әлемтапырық, қайсыбірі бұрқ-
сарқ қайнап жүр.

– Қырып жатыр! Қанға бояп жатыр!

– Бүйткен партияңның да, Горбачевтің де...

Олардан мән-жайды сұрап үлгергенше әлдекімді сүйрете
жүгіре басқан үш-төрт жігіт көрінді. Жетектеріне алғанның
бет-аузын қан жауып кетіпті. Бәріміз көмекке ұмтыла бер­
дік. Дәл сол сәтті аңдып тұрғандай мектептен бейтаныс, қа­

нын ішіне тартып алғандай сұп-сұр ықшам топ шыға келді.
Жаңағыларды ыңғайына ала, ішке сұғындыра жөнелген, лезде
бөліп әкетті.
Мән-жайды бәрімізді ішке үйіріп, есік-қақпа тарс жабыл­

ған соң білдік. Жастарды сабырға шақыруға барған жігіттер
алаңға ене алмапты. Әудем жерден көліктен түскен олар әуелі
ашынған, жанұшырған дауыстарды естиді. Содан сақтанған
біраз адам бойтасалап кері серпіледі. Бір шоғыры не де болса

көзбен көруге таяла бергенде, қарулы солдаттар түре қуады.
Қолдарына ілігіп қалғандар соққыға жығылады.

– Амал жоқ, бас сауғалауға тура келді, – деді көрші бөл­

меде тұратын қызылордалық жігіт. Аты есімде қалмапты.
Ұмытпасам, қалалық партия комитетінде нұсқаушы бола­­
тын.  – Арт жаққа қарайлап жүгіре басып келе жатқанымда,
әйел­дің шырқыраған үні жетті. Жалт бұрылсам, о сұмдық-ай,

бір солдат екі қолын жан-дәрмен сермелеп, қорғана қашқан
қыз­ға төне түскен сәтте шолақ күрегін құлаштай сермеді.
Сорлы қыз жерге бұратыла құлады. Сірә, басы қақ айырыл­ған
болуы керек.

Осыны айтып жігіт аңырап қоя берді. Төрден есікке, есік­
тен төрге аунады.
* * *
Сол күні партия мектебі жедел сақтық шараларына көш­

кен. Телефон атаулы үзілді, сыртпен байланысудан мүлде қал­
дық. Сақшылар көбейді. Бізден қауіптенетіні айқын аңғары­

АЛДАН СМАЙЫЛ

лып тұрды. Қалың тындаушының жастарға қосылып кетуі де
мүмкін болатын. Олардың кейбірі елді-еліне шұғыл аттанып,
Алматыдағы сұмдықтан бейхабар өңірледі дүрліктіруі де кә­дік
еді.

Ертеңіне барлық оқу топтарын акт залға жинады. Жағдай­
ды түсіндірмекке партия-совет, комсомол қызметкерлері жі­
беріліпті. Жай қызметкерлер емес, басшы кадрлар.
Мен олардың кімдер екенін ашып айтпай-ақ қояйын. Дені

осы күнге дейін аман-сау, белді орындарда тәуелсіздіктің сөз­
ден дауыл тұрғызған патриоттары болып жүріп жатыр. Бәрі
мінсіз, түгел абыройлы.
Мән бергім келгені, сол зиялылардың тайғанақтығы мен

жүрексіз бейшаралығы еді. Сөздеріне қарасақ, біз білмей ке­
ліппіз. Қазақстанды ұлтшылдық жайлап алыпты. Жайлатып
бара жатқан анау-мынау емес, Дінмұхамед Қонаевтың өзі
көрінеді.

– Не деген масқара, – дейді олар, – Алматының дәл төрін­де

қазақ балабақшасы ашылады. Оған қазақ ертегісінің батыры
Ер Төстіктің аты беріледі. Ол ол ма, Қонаев бұдан да әріге сіл­
теп, армияға қазақ офицерлерін арнайы даярлатады.
Сөйлеушілердің екпіні күшейе түседі.

– Жеке балабақшасын ашу деген сүттей ұйыған орыс-

қазақты ала тайдай бүлдіру деген сөз. Қазақстан Компар­
тиясының басшысы оны білмейді емес. Біле тұра, жол ашып
отыр. Ол бұдан да асқынып, кадрларды іріктеуде ұлттық
сыңаржақтыққа бой алдырған. Қазақтан партия совет және

шаруашылық мамандарын даярлауға тапсырма берген.
Осылай төпелейді, төгілдіреді. Айыптайды, асқындырады.
Осы сатқындық Желтоқсан күндерінде қалай өршігенін
арнайы зерттеу арқылы қазақ интеллигенциясының ұлттық

деңгейін дәл өлшеуге болар еді.
Сол кездегі айыптаулар мен жазғырушылардың пікірлерін
талдау арқылы ел зиялысының халықтық сипаттағы ойлау
дәрежесін айна-қатесіз анықтай алар едік.

Сол сұрапыл сәтте, жендеттердің қолында суық қару сесті
жарқылдаған тұста, Орталық Комитетке елдің сөзін ашық
айта алған, топырағың торқа болғыр Сағат Әшімбаев секілді
тағы бір ұлтжанды шоғырдың ерлігін түсінуге ұмтылу арқылы

ШЫҒАРМАЛАРЫ олардың азаматтық қуаты қайдан, қандай қасиеттерден бастау алғанын пайымдау да рухани қажеттілік еді. Халқының сөзін сөйлегендерге сол шақтағы ең ауыр жаза қызметтен кету болатын. Біразы лауазымды таңдады. Неге деп толғандық па? Адам болу, ұлттың азаматы болу қандай қиын еді. Желтоқ­ сан көтерілісі нақ осы жағынан әлі күнге зерттелген жоқ. Христиан доктринасында мынадай ұғым бар: Жұмақтың ортасында екі ағаш өсіп тұр. Бірінің жемісін жесең – жануар­ ға, екіншісінің жемісін жесең – адамға ұқсайсың. Адам Ата алғашқысынан дәм татты. Жануар ұрпақ өрбітті. Ақиқат болып жүрмегей. V Көрнекті этнограф Рудольф Итс: «Алғашқы адамдар табиғатты және оның құбылыстарын, ал кейінгілер өзін зерттеді», – дейді. Егер ойлау қабілеті бар саналы адам осыдан 40-50 мың жыл бұрын қалыптасты десек, содан бері өзіміздің жүрегімізге үңілуде екенбіз. Бірақ адамтану әлі күнге шырқау шыңына көтерілген жоқ. Адам әлемдегі шешуі қиын ең күр­ делі жұмбақ күйінде қалуда. Сол жұмбақты шешкісі келген, адамның саяздығынан әбден қажыған Абай: Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын, – деп қиналады. Ұлы ақынға осынау трагикалық хал туған халқына қатал сын айтқыздырды. Адам деген атым бар, Адам қылмас халқым бар. Өтірік пен өсекке Бәйгі атындай аңқылдар. Адам жайлы шыңырау ой сарсаңға салған тағы бір дана, Ғабең, Ғабит Мүсірепов:

АЛДАН СМАЙЫЛ

Адам екеніме сенбеймін,
Адам болғаныма ұяламын, –
деп түңіледі.
«Адам болдым ба деп ойлаймын», – деп үміттенеді.

Жер бетінде саны 6 миллиардқа жеткен адамды түсіну оның
осынша көптігінен бе, әлде басқа рухани себептері бар ма?
Американдық генетиктер адамзат бір әйелден туғанын, бұдан
190 мың жыл бұрын ерлі-зайыптық қатынаста болған еркек­

тен өрбігенін дәлелдеп отыр. Яғни 6 миллиард пенденің қаны
да бір, жаны да бір, сөйте тұра өзді-өзі ұқсайтын, мінезі, ойлау
қабілеті, талғамы, т.б. ортақ адамдардың табылмайтынын
анықтап, ғалымдар және таң қалуда.

Адамзаттың сорына ма, әлде бағына ма, бұл дүниеде адам
ғана емес, ел де, жұрт та сан алуан. Жер шарында 160 мем­
лекетке біріккен 2500-3000 ұлт бар. Олар өз ішінде алты нәсіл­
ге бөлінеді. Көрнекті этнограф әрі антрополог Карл Линней сол

нәсілдерді былай жіктейді: 1. Тағы адам (Жердің жаралғанына 5 млрд жыл өтсе де

жабайы өмір кешетіндер әлі бар) 2. Жартылай тағы 3. Америкалық қызғылт терілі холерик 4. Еуропалық ақ түсті етжеңді сангвинник 5. Азиялық сарғыш түсті денелі меланхолик 6. Африкалық қара түсті флегматик

Карл Линней тағы мен жартылай тағы адамға анықтама
бермейді. Жабайының аты жабайы. Америкалық холерикті
бағындырып алып, қалауыңызша жұмсай беруіңізге бола­
ды. Еуропалық етжеңді сангвинник оған көнбейді, қит етсең

заңды ала жүгіреді, есептескенде есіңді кетіреді. Азиялық
меланхолик задында бірбеткей, қатал әрі сараң, байлыққұ­
мар және ырымшыл. Африкалық ұйысқан шашты флегма­
тик нағыз кержалқаудың өзі, өмірдегі өзгерістерге, тірлігіне

немқұрайлы, әмірге жүгінгіш.
Мейманасы асқан еуропалықтар нәсілдерді осылай жіктеу­
ден гөрі бір сөзбен үкім айтып, қақ жарып тастауды ұнатады.
Нәсілдерді дәуірлеп келе жатқандар мен дәурені өткендер­

ге бөліп тастау керек те, алдыңғысымен ғана санасу қажет.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Соңғысына бас ауырту артық. Отарлау саясаты қарқын алып
тұрған тұста осылай болған, қазір де сол ызғардың салқыны
ауық-ауық есіп тұрады. Ассирия патшасы Ашшурбанипал адам
терісінен қайыс илетсе, Британия мен Ресей өздері бұратана

атаған халықтардың жонынан таспа тілді. Құл саудасы Афри­
ка халықтарының 100 миллион адамын сатып жіберді. Алек­
сандр  Исаев бұратана халықтарсыз Ресей империясын құру
туралы идея ұсынып, олар үшін қаржы жұмсап шығындану­

дың керегі жоқ деп даурықты. Өздерімен өздері жоқшылық
пен надандықтан құрып біткені керек.
XX ғасыр өзге ұлттарды төмендете отырып қалай пайда­
ланудың наразылық туғызбайтын сұңғыла жолдарын іздеу­

ден бір сәт жаңылған емес. XX ғасырда отарлаудың күйреуін
Еуропаның ұлағатынан деп келдік. Солай да шығар. Алайда
бодан елдерге бостандық берілгеннен кейінгі дүниежүзілік
экономикалық саясат кімдерді көтеріп, кімдердің ернін ке­

зертіп отырғанын тиянақты зерттеп, соның нәтижесіне үңіл­
ген адам саяси отарлаудың материалдық отарлауға аса епті­
лікпен ауыстырылғанын көреді. Алпауыт мемлекеттер құрған
континенттераралық ірі компаниялар дүниежүзі шикізаты­

ның орасан зор бөлігін дамушы делінетін елдерден арзан жұмыс
күшіне өндіртіп, сутегінге сыпырып алып жатыр. Сол тегінге
жуық шикізаттан жасалған тауарды әлгі елдерге қайта сатып,
қыруар пайдаға және кенелуде. БҰҰ-ның дерегіне жүгінсек,

екі жүзден астам ірі корпорациялар арқылы Америка Құра­
ма Штаттары, Британия, Жапония мен Германия, Еуропаның
басқа да алдыңғы қатарлы елдері дүниежүзілік жалпы өнім­
нің 40%-ына жуығын қанжығасына байлап отыр.

Ал шикізат беруші мемлекеттер ше? Дамушы елдер хал­
қының 80%-ы сауатсыз. Теріскей Америкада әр жүз мың
адамға шаққанда – 37, Араб елдерінде – 3, Азияда 2 адамның
ғылыми дәрежесі бар.

Бұл елдер дәуірлеп тұрған Еуропаға қай заманда иық те­
ңестіре алады? Аталған сауалды сол Еуропаға қойсаң, мынау
не сандырақтап тұр деуі мүмкін.
КСРО ыдыраған соң кедей-кепшіктің о жақ, бұ жағында

қалған Ресейдің өзі жан басына шаққандағы табыстың дең­гейі
жөнінен АҚШ-қа теңелу үшін қиялда ғана болатын серпіліс

АЛДАН СМАЙЫЛ

жасауы керек. Американың осы бақталас республикадан оза
шауып кеткені соншалық – оның бір жылғы соғыс шығыны
Ресейдің жылдық мемлекеттік бюджетінен он есе көп.
Батыс адамының ірі держава АҚШ арқылы жасап отыр­

ған және жүзеге асыруды жоспарлаған үстемдік саясаты
уақыт өткен сайын асқынып келеді. Сол үстемдік олардың өз
экономикалық әдісін, қоғамдық құрылымы мен тауар сау­
дасындағы жүйесін таңу арқылы көріне келе, моралі мен дәс­

түрін, мінез-құлқын таңуға ұласты. Батыс өркениеті адам­
затты қазіргі заманғы басқару мен қоғамдастырудың жал­
ғыз дұрыс жолы ретінде қарастыруда. Егер бұған келіспесең,
ұлттық ерекшеліктер мен экономиканы жүргізудің тек өз еліңе

тән үрдісін ұсынсаң, қорғаныс қабілетің нығайып бара жатса,
әлемдік «сегіздік» барлық жағынан қысым жасауға, оқшаулап
тастауға әркез әзір. Тең құқықтық қай салада алсаңыз да,
АҚШ-тық немесе Батыстық өлшемнің дүрбісімен қаралады,

сол өлшемнен тыс теңдік танылмайды. Латын Америкасының
көрнекті философы Леопольдо Сеа АҚШ-тың тендік жайлы
тұжырымдары мен нақты әрекеттерін зерттей келіп, мынан­дай
түйінге тіреледі: «Проект равноправия, по их мнению (США),

наносит ущерб их могуществу и влиянию, которые они считают
своей прерогативой, а также их личной свободе, обожествлен­
ной со свободой всего мира. Не высказывают малейшей го­
товности ограничить свои интересы во имя свободы других

народов».
АҚШ-тың өзін осылай асқақ ұстауына бүгінде мүмкінді­
гі зор. Бірақ тарихтың сан ғасырғы сабағына сүйенсек, адам
тек басқа адамға, халық тек өзге халыққа қатысты ғана еркін

болады. Анығырақ айтсақ, басқа адам байғұс болып отырғанда,
сен өзіңді ешқашан да толық бақыттымын деп санай алмай­
сың. Сократ сенген баршаға бірдей абсолюттік шындық осыған
саяды.

Өмірде естілердің бәрінің көзі баяғыда жетуге тиісті бір
құдіретті ақиқат бар, адамды толық білмеген адам әлемді де,
қоғамды да, тарихты да қанық ұға алмайды, өзінен де, бо­
лашақтан да адасады. Бұрынғылардың да, біздің де тарихқа

қайта-қайта айналып соға беруіміздің бір сыры осында. Өйтке­
ні тарихта адамның балаң шағы қалған. Өзін-өзі ұққысы кел­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ген пенде сол сәби кезінен бастап түсінуге тырысады, жеткін­
шек дәуірдің қойны-қонышын ақтарып, кеткен қате, шалыс
басқан қадамынан сабақ алмақ болады, түзелмек болады.
Ерте ме, кеш пе, адам қоғамның қарым-қатынасын қоғам­

дық  құбылыстармен емес, адамдардың арасындағы қарым-
қа­тынас арқылы талдауға көшетін болады. Бұл қарсылық­
ты қойдай жамырататын аса күрделі қадамға айналады. Се­
бебі қоғамдық қарым-қатынасты ұқсатпағандардың әрекеті

зерт­теледі. Қоғамның сөзі дұрыс, ісі бұрыс болуына соқтыр­
ғандардың іс-қимылы сарапқа салынады.
Адам XXІ ғасырға дейін ғаламды, табиғатты, қоғам мен
тарихты қанша зерттесе, енді адамның әлемін соншалықты

зерттеуге борышты. Табиғатты адамға қызмет еткізудің ұң­
ғыл-шұңғылын білген адам енді адамның адамға еңбек сіңі­
руі туралы адамзаттық ілім мен этикалық-моральдық және
заңдық негіздерді қалыптастыруға тиіс.

Бұған көшпеген заманның бәрі – қам-қаракеті қоғамдық
қатынастан биік тұрғандардың қанжығасында кеткен, та­
рихтан да, халықтан да, адамнан да ұрланған заман.
Қытай ғұламасы Конфуций елінің адамдарын былай жік­

теген:
• Жоғары ар-ұяты барлар.
• Соларды билеп-төстейтін парықсыздар.
Шығыстың қысыңқы жанары қадалған жерінен осындай

шындық олжалаған. Конфуцийдің бұл жіктеуіне қарсы уәж
айтатындар табылар, алайда халыққа салсаң, Қытай дана­
сының тұсынан табылатыны анық.
Асылында замандарды кілең ақылдылар мен абзалдар бас­

қарып келді дегенге арғы тарих та, бергі тарих та сенбейді.
Әсіресе XІX- XX ғасырлар көнбейді. Осы жүзжылдықтардың
көсемдеріне жанарың тоқтаса, жүрегің бірге тоқтайды. Ат
ойнатқан – ақ тер, көк тер еткен, от қойған – орамымен өртеген

сол билеушілердің дүниежүзілік ылаңға айналған ойранда­
рын еске алыңыз. Планетаны шарпыған немесе бір елдің
ішінде тұтанған соғыстар мен төңкерістердің, қуғын-сүргін
мен жаппай атып-асудың бәрі қоғамдық дамудың барысын­

да туған қажеттіктер дегенге кім иланады? Бұл қырғындар­
дың дені сол XІX-XX ғасыр тирандарының жеке мүддесіне
оңтайластырылған қатыгездіктер болатын.

АЛДАН СМАЙЫЛ

«Біздің пәтуамыз – соғыс пен диктатура!» – дейді өзін бірде
барысқа, бірде маймылға теңеген «ұлы асыраушы» Мао Цзе
Дун.
Ойы мен ісінде кедір-бұдыры көп болған Черчиль өмірі­

нің соңына дейін большевиктерді қыруды армандады. Саяси
ағымдарды жеке басына сапырылыстыра пайдаланғаны сон­
шалық, Англияда «Черчиль партияларды қалпағынан гөрі жиі
ауыстырады» деген сөз мақалға айналып кеткен.

Ленин өз халқын өзі аяусыз талаған тирандардың алдыңғы
сапында тұр. Күнәһар сөйлемеу үшін Ильичтің нұсқауларын
қаз-қалпында берейік:
«Наша важнейшая задача – это задача натравить сначала

крестьян на помещиков, а затем, и даже не затем, а в то же
самое время натравить рабочих на крестьян!»
«Следует добиваться подчинения, и притом беспре­кослов­
ного, единоличным распоряжением советских руково­ди­те­

лей, диктаторов, выбранных или назначенных, снабжен­ных
диктаторскими полномочиями».
«Замаскируйтесь под «зеленых» (а позднее мы на них это
свалим), проскочите 10-20 верст и перевешайте всех кулаков,

священников и помещиков».
«Изъятие ценностей, в особенности самых богатых лавр,
монастырей и церквей, должно быть произведено с беспощад­
ной  решительностью, безусловно ни перед чем не останавли­

ваясь и в самый кратчайший срок. Чем больше число представи­
телей реакционной буржуазии и реакционного духовенства
удастся нам по этому расстреливать, тем лучше».
Лениннің осындай кезекті декреттік нұсқауына қол қо­

йылған сәтте Халық Комиссарлар Кеңесінің іс басқарушысы
Бонч Бруевич:

– Ресейден не қалады?! – деп түршігеді.

– Есіңде ұста, көкешім, Ресейге түкіргенім бар, мен боль­

шевикпін! – дейді қызынып алған Ленин. (И. Бунич. «Золото
партии»).
Белгілі ғалым-публицист Д. Волкогонов пен Р. Медведевтің
келтірген деректері бойынша Сталиннің құрбанға шалған

боздақтары мынандай түрде сұрыпталады:
• 7 миллион адам жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшы­ра­
тылып, концлагерде азап шекті, өлді, атылды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

• Одақ республикаларында 20 миллионға жуық халық
аштан қырылды.
Осынша қаны қатқан қаталдық пен миллиондаған халық­
тың өмірін қандай «жарқын келешекпен», нендей «жайлы

қоғаммен» ақтауға болады? Ақтау үшін есің ауысуы керек, не
адамдық қасиеттен біржола арылуың керек.
Ленин де, Сталин де сол зұлмат тәжірибені, қанға бояу
тәжірибесін, Ресей мен оның аймақтарындағы елдің 80%-ына

жуығы коммунизм орнату кезінде аяққа оралғы болады деп
санағандықтан іске асырған.
Осы екі «көсем» жүзеге асырған сұмдықты айтып кел­
ген ажалдың өзіндей болған Гитлер неміс ұлтына жаса­ма­

ған. Коммунистерге қарсы қуғын германдықтарға Ресей­
де­гідей жаппай қырғын мен аштық әкелген жоқ. Ол зәрлі
жанарын басқаларға қадады. «Мы должны развить технику
обезлюживания» деп атқа қонған Гитлер көп кешік­пей түп­

кі ойын айқара ашып тастайды. «Я освобождаю людей от
отягощающих ограничений разума, от грязных и унижающих
самоотравлений химерами, именуемыми совестью и нрав­
ственностью, и от требований свободы и личной независи­мости,

которыми могут пользоваться лишь немногие».
Нацизм адам баласын үш категорияға бөлді:
• Нацизмнің жаулары;
• Жоғары адам, яғни таза нәсілді;

• Құл болатындар.
Гитлердің маңындағылар неміс ұлтын асқақтатып, басқа
нәсілдерді аяққа таптауға келгенде Адольфтен кем соққан
жоқ. «Адамның ең тұрпайы түрінен біздің барынша дамыған

нәсіліміздің арасындағы алшақтық – сол тұрпайы адам мен
жетілген маймылдың арасындағы қашықтықпен бірдей», –
дейді Розенберг.
Адамзатқа деген осыншалық жеккөрініштілік еврейлерге

келгенде өрши түсті. «Соңғы еврей өлмей, күн сәулесі тө­гіл­
мейді» деген Штрейхердің қолдаушылары Еуропаның бүкіл
еврейлерінен тірі конвейер жасап, Украинадан Германяға дейін
тұрғызып қойып ұн мен мал жеткізуге пайдаланбақ болған.

Міне, XX ғасырда әлемді билей жаздаған үш адамның сиқы
осындай, Қытай ғұламасы Конфуцийге енді сенбей көріңіз.
3-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

* * *
Осы тирандар өмір сүрген XX ғасырдың дәмін татып үл­
герген Лев Толстой көсемдерге табынудың әлеуметтік зар­
дабына тоқтала келіп, ең сорақысы олардың мінезі мен ісінде­

гі кемшіліктердің бүкілелдік үлгіге айналатындығы екенін
айтады.
Түрколог ғалымдар біліп айтса, ұлы далада адамға табыну
ІX-X ғасырда Баба Түкті мен Қорқыттың кезінде төбе көр­

сетіпті. Содан бергі табаны күректей он ғасырдың ішінде шал­
қайғаннан шалық кеткен жоқ, жүгінгенге жүрек біткен жоқ.
«Басы барлар иілуде, тізесі барлар бүгілуде».
Егер тірлікті кешегі Никита Сергеевич Хрущев секілді

сезініп қабылдай алсақ, «Мен бастықпын – сен ақымақсың, сен
бастықсың – мен ақымақпын», – деп жүре берер едік.
Осының бәрін баяндай отырып, ой елегінен өткізе келе,
адам жайлы ешуақытта айтып тауыса алмайтынынды ұға­

сың. Тарихтағы арғы-бергі даналардың бәрі адамзатты бір
шаңырақтың астына ұйытып, бір ошақтың отына жылыту­
ды көксеумен күрсініп өтті. Көктеп көркейетіндігіне, тіле­гі
тоғысатынына сеніп кетті. Сол сенім рухқа айналып, ға­ламды

үмітпен кезіп жүр. Шарль Фурье адам жер бетінде 3 мил­
лиардқа жеткенде Гомерге тең 37 миллион ақын, Ньютон­ға тең
37 миллион ғалым, Мольерге тең 37 миллион драматург болады
деп болжаған. Осы болжамның миллиондарын алып тастап,

отыз жетісін қалдырыңыз, алты миллиард адамның ішінен
соны да таба алар ма екенсіз.
Көне дүниеден қалған бұлыңғырлау наным бар. Адам бұл
жалғаннан рух түрінде көшумен шектелмейді, босқын түрін­

де де қопарыла ауады. Жер-Ана біздің тойымсыздығымыз­дан
тұралап біткен талмау шақта ұлы көш галактикаға бет түзейді.
Келешекке болжам жасаушылар мұны жоққа шығарып
отырған жоқ. АҚШ XXІ ғасырдың ортасында ғарыштағы са­

налы ғұмырмен байланысқа шығатын тәрізді. Ал осы елде
галактикалық тіршілікті іздеуге арналған мемлекеттік бағ­
дарлама Президент Эйзенхауэрдің кезінен бар екенін публи­
цист Кейт Такетт «Теория заговора» атты кітабында қадап

айтады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ Қалай десек те, адамзат талғамы да, моралі де, парқы да өзгеше жаңа заманға беттеп келеді. Енді XXІ ғасырға дейін­ гі мінез-құлықпен өмір сүре алмайтынымыз анық. Гарсиа Маркестің бір кейіпкері айтқандай, адамның сан ғасырлық жойқын күнәсінен арылатын шағы қол бұлғап тұрғандай. Со­ ған бүкіл жан-тәніңмен бейімделмесең, су аяғы құрдым екені және анық. Жаратылыс адамдық бейнеңді жоғалта бастаға­ ныңды жиі еске салатын болды. Маркес сомдаған бейненің нә­ рестесі жатырда жатып жылайды, көзін ашып туады. Бетін аулақ қылсын дегізетін, түршіктіретін хикмет. – Қайтеміз, ел тыныш болсын, – дейді момын жұрт. Осыдан басқа тілегінің бәрінен күдер үзген соң айтады. – Адам бол, – дейді сол адамнан қажыған рух. Айтады да күрсінеді. VІ «Адамзаттың бүкіл ғұмыры Бодлердің бір жол өлеңіне татымайды», – дейді жапонның классик жазушысы Акутага­ ва. Бодлер дәуірінің дүрбелеңді сөзін жамыратты. Әдетте ащы ойды ащы заман туғызады. Жылымшы күндердің сөзінде тұздық жоқ. Елі мен кезеңін өрге салған уақыттың тілі өткір. Ғасырдың өресін айтылған ойдың деңгейінен танисың. Көшіп кеткен көп күнге осы пайыммен оралсаң, қазақ за­ маналарының ішінде Абай дәуірі оқ бойы озық тұр. «Сүйсе – жалған, сүймесе – аянбаған» сол заман ұлы ақынға исі қа­ зақтың түгел сөзін айтқызды. «Біріңді – қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос». Егер таза ұлттық Конституция жазылар болса, осы ой сол Ата заңның ұранына айналары хақ. Егер қазақ деген қарабайыр халқын сүйген азамат болса, сол ұран жүрегінде жалын боп жанары хақ. Өткеннің ескірмеген озық ойын бүгінгінің бүтінделмеген бәсіре сөзіне жалғағанда, сол Абайдың тұсындағы «Өтірік пен өсекке бәйге атындай аңқылдаған, қу тілмен қулық сауып, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, сәлемі борыш, сөзі қулық батырдан барымташы даңғой туған» қазақ оңалды ма деген сауал суырылып шығады. Ұлы ақын қажып сынайтын

АЛДАН СМАЙЫЛ

қазақ – қай қазақ? Жалпақ далада жайдақ жүрген жадағай
қазақ па, әлде сол жайдақты қанжығасына үйіріңмен үш то­ғыз
деп байлап алған аз қазақ па?
Бұл сауалдарға бүгінгі күннің жауабы жоқ. Өйткені ұлт

туралы дара ой жоқ, жүре айтылған, жүгіре басқан пікір бар.
Әлемдегі айтулы елдердің бәрі бірдей ұлтын өркендету ар­
қылы ғаламды ерттеп мінген. Ұлты туралы таусылып айтпа­ған
ұл қалмаған.

Сөзі мен ісіндегі трагедиялық қайшылықтарға қарамастан,
тарихта қалатын тұлғалардың бірі Ленин Максим Горький­
мен әңгімесінде: «Ақылды орыстың әдетте не еврей, немесе
евреймен қан араластырған адам болып шығатынын көресің», –

деп қынжылады.
Лев Толстой сол Горькийден: «Сен орыссың ғой», – деп
сұрайды да, «Иә, сен орыссың. Нағыз орыссың!» – деп, солай
болғанына қуанады.

«Құдайдың өзі берген ата-бабаларымыздың тарихынан
басқа тарихты қаламас едім» деген Пушкиннің жан-тәнінде де
орыс адамына арналған ғажап махаббат бар. Ал Достоевский
орыс халқын адамзаттың ағасы деңгейіне көтеріп көрмек

болды. Осы асыра сілтеу әсіре қызық ойларды туғызды. Ре­
сей Думасының депутаты Марков: «Қырғыз-қайсақтар Шың­
ғысханның тікелей ұрпақтары, сондықтан Шыңғысхан бізге
XІІІ ғасырда не жасаса, біз оларға дәл соны жасап өш алуы­

мыз керек», – деп мәселені төтесінен қойды.
Талай заман солай болды да. Өшпенділіктен, иттің етінен
жек көруден, жерлеу мен қорлаудан, ашық геноцидтен қауса­
ған жылдардың сүйек сықыры әлі естіліп тұрғандай. Бәрінен

де ауыры – өз қолыңмен өзіңді бауыздағаны. Ұлт зиялылары
бір-бірімен ұстараның жүзінде арпалысты.
«Бейімбет – ұсақ буржуазияның ауылдағы бөлігінің, Сә­
кен қаладағысының жыршысы еді, Абай – саудашыл байдың

ақыны», – деді Әзімбай Лекеров.
«Абай ешуақытта көпке сенген емес. Ұлтшыл ақындарға
Абай пікір жағынан да аға болды», – деді Ғаббас Тоғжанов.
«Абайдан бізге жаңа сөз табылмайды. Абай сөзі бізге ескі,

кешегі көшкен жұрттағы қалған қойма секілді қазан», – деді
Ілияс Жансүгіров.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Найзаның ұшында осылай безек қаққан жесір жылдардың
да жарасы жазылар деп кім ойлаған?!
Үш ғасыр рухы ұрланған, жады жаңылған, тарихы талан­ған
халық кекке қайта қайнап, қайратын қайрап, түгел дүниеге

түлеп шықты.
Сол сайын халық есесі еселеп кетсе де, түре тигендер түбіне
талай жетсе де арнасынан аспаған, өзгені өңірінен баспаған.
Қазақтың арғы-бергі ұлтшылдығы, әрі кетсе Мағжан ақын­

ның «ұйқы басқан қабағын, бастыра киген тымағын, жалқау­
лықты жар көрген, жүрген ескі заңымен» момын елін оятпақ
болып серпілген тұсындай, «Ерте күнде отты Күннен Гун ту­
ған, Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам» деп ширыққанын­

дай серке сезім ғана. Ара-тұра Сұлтанмахмұттың жүрек
бұл­қынысымен: «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбей­
міз!» – деп өршілденген болады. Шымыр ойға шым болатты
суарған Дулат жырау «ту ұстап, тұлпар жаратады, алдынан

топ таратады». Атақты Мөдеден арыстан туған Хан Кенеге
дейін елінің есендігін, жерінің бүтіндігін ойлайды. «Менің
қалауым екі иеліктегі халықтың тыныш өмір кешуі екендігін
сізге хабарлауды құрмет деп есептеймін, бірақ қазір сіз мені

өзіңіздің қол астыңыздағы халықты өзіне қаратып алу­да
деп күдіктенесіз, менің айтарым, қайта сіз біздің ата­мыз
Абылай­ға тиісті жерлерде округтік дуандар құрып, қыр­
ғыздардан алым-салық аласыз, олай болса, сіз төмендетіп

отырсыз, ал біз бұған наразымыз және салық төлеп, сіздің
басқаруыңызда өмір сүру ешқандай мүмкін емес, мысалы, Ре­
сейді басқа бір ел басқарса, қалай болар еді», – деген, 1838 жы­
лы Батыс-Сібір генерал-губернаторы Горчаковқа осылай хат

жазған Кенесарының бар жазығы – халқының азаттығын
көксегені болатын. Бәсіре болған бауырдың, бәсең тартқан
баланың еңсесін есіктен төрге сүйресем деген-ді. Өткен-кеткен
дәуірлердің бәрінде ұлы даланың адамға іңкәр философиясы

өзге жұрттың төліне өгей қарамайды. Қос тізгінді кере ұстап,
«ат болатын тай-үйірсек» деп, адамзаттың ұлы дүрмегіне
талпынады. Ғұн және азуы алты қарыс Түрік империялары
асқақтап тұрған шақтар да шарасынан шықпаған. Әредікте

ақберен Ақтамберді болып, «Мұртымыз өрге шаншылып, бұ­
рын да сөйлер ме екенбіз» деп тақымын қысқан, қомданған,
сарыала қамшы қолға алған тоқбасары болмаса.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Қазақ табиғаты әлімсақтан «жұмсақ мінез жібектер, сүттей
таза жүректер» болып, нәзік жанды ақындай, мөлдір ағып
алқынбай майда еседі. Сол жібек мінез қазақ баласы тасыр
мінезді тақсыр заманға тастай батып, судай сіңе ала ма? Олжа

қуған – омақаса асырған, тиынға тиын қасынған ғасыр қай
қияныңнан табылады?
«Адал адам адалдығы үшін салық төлеп тұрады», – дейді
Чехов. Қазақ халқы адалдығы үшін атанның құнын емес,

адамның құнын төлеп келді.
Адалдығы үшін мына ғасыр не сұрар екен?! Шекарасы бар,
шебі жоқ, есігі бар, ілгегі жоқ жөңкілген жолаушы ғасыр­дың
қабағын таныған кім бар? Қабағын тану үшін өзімізді таныдық

па?! «Қазақтың ұлттық мүддесі, ұлттық дүниетаным, ғалам­
ға ұлттық көзқарас, ұлттық болашақ» делінетін сара бағыттар
сайрап жататын күн туған жоқ па?!
Құдайға таяу тұрудың бір жолы осы деп бабаларымыз:

«Жебірейіл түркі тілінде сөйлейді», – деген аңыз таратыпты.
Мұны естіген парсылар: «Періштелер біздің тілде сөйлеуді
ұнатады екен», – деп ду ете қалса керек.
Көкке қол созу күпірлік емес, тәңірден биік құдірет жоқ.

Халықты асқақтату астамшылық емес, ұлтыңнан асқан асы­
лың жоқ.
Мұны өзге жұрттардың ұранға айналдырғанына ықылым
заман өтті. Оларда ұлтты өрге оздырудың сырбаз саясаты да,

әміршіл идеологиясы да баяғыда қалыптасқан.
Ресейде Вологда қаласында 1985 жылы 29-30 мамыр
күн­­дерінде «Кеңес әдебиетіндегі қара топырақты емес ай­
мақ­­тың мәселелері» атты республикалық ғылыми-прак­ти­

калық конфереңция болды. Оны ұйымдастырған Ресейдің
Мемлекеттік Баспа комитеті. Жазушылар одағы мен кітап­
құмарлардың ерікті қоғамы. Негізгі баяндаманы әділет ғы­
лымдарының докторы Литвинова Галина Ильинична жа­са­

ды. Кеңес империясы ыдыраудың алдында тұрған тұста орыс
зиялыларының қандай ұлттық саясатты ұстанғанын аңғар­
тып өту үшін осы баяндамадан үзінділер келтірейік.
«Бір кезде артта қалған халықтарды жедел қарқынмен

қатарға қосу үшін жасалған жеңілдіктер өзінің нәтижесін
берді. Енді ондай жеңілдіктерді сақтау қауіпті болып отыр.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Кешегі кенже елдер өздеріне қол ұшын созған халықтан озып
барады. 1979 жылғы халық санағының қорытындылары жо­
ғары білімді мамандармен ең аз қамтылғандар орыстар мен
белорустар, Балтық жағалауы елдері екендігін көрсетіп берді.

Бұл ретте Кавказ халықтары, Қазақстан мен Орта Азия жұр­
ты жоғары көрсеткішке ие. Батыс Сібір, Шығыс Сібір, Орал,
Волговятск, орталық қара топырақсыз аймақ Волга бойы
жоғары білімді мамандармен Грузияға қарағанда үш есе аз

қамтылған.
110 ғылыми қызметкерге орыстарда – 9,7; белорустерде –
13,4; түркімендерде – 26,2; қырғыздарда – 28,8, қазақтарда
32,6 аспиранттан келеді.

Грузия мен Әзірбайжанда армяндар мен орыстардың,
украиндардың қатары азайып, ұлттық оқшаулану процесі
жүріп жатыр. Революцияға дейін құрып кетуге шақ қалған
қазақтар, қырғыздар, түркімендер, азиаттық басқа да ха­

лықтар бүгінде табиғи өсу қарқыны жағынан әлемдегі ал­
дыңғы орында, ал орыстар депопуляция (жойылу) қатеріне тап
болуда».
Г.И. Литвинова орыстардың жағдайын осылай жұтаң­

датып келіп, әр ұлттың табысына дейін санайды. Өзбек кол­
хозшыларының табысы ресейлік шаруалардан біршама ар­
тық екеніне ерекше мән береді. Содан кейін халықтардың де­
мографиялық және әлеуметтік ахуалына қайта оралды. Бұдан

30-40 жыл бұрын Қазақстан мен Орта Азия халқының санын
қосып есептегенде орыстардан аз болғанын, бүгінде жастар­
дың қатары теңелгенін, Ресейде бірте-бірте кему байқалғанын
қынжыла хабарлайды. Өндіріс интеллигенциясының арасын­

да орыс еместердің басымдануы байқалғанын, бұлай бола бер­
се, КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық тізгіні азиаттардың
қолына көшетінін қатты ескертеді. Осы жерде айқын ұлт­
шылдық көзқарас ұстанады. Орыс еместердің ғылымға көптеп

араласуы ғылыми-техникалық прогресті тежейді деген ой
түйеді. Өзге ұлттардың патриоттық, отансүйгіштік қасиетіне
күмән келтіріп, әскери-стратегиялық қатер төніп келе жат­
қанына сендірмек болады. АҚШ ғылыми орталықтарының

мәліметі бойынша, 2000 жылы КСРО әскерінің тең жартысын
мұсылмандар құрайтындығынан шошынады.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Бұл «хикметтерден» арылудың бірнеше жолын атап көр­
сетеді. Ресей зиялыларын басқа ұлттардың өкілдеріне жоғары
білім беруді шектеу, барлық жергілікті басқару орындарын­
да орыстарды көбейту, орыстардың басқа ұлттармен некеле­

суінен туған балалардың орыс болып жазылуының салдарын
зерттеу, халықтың туу көрсеткішін жақсарту, орыстарды қара
жұмысқа жегуді тоқтату үшін күресуге шақырады.
Ресейде үздіксіз жүріп жатқан осы сарындағы озбырлық

идеологиясы сол 80 жылдары шырқау шегіне жетті деуге бо­
лады. Өйткені алып держава өзін-өзі басқарудың өркениетті
тетіктерін табуға дәрменсіз еді. Ұлан-байтақ жерді сан алуан
елдерді ұстаудың бір ғана жолын, ертеден келе жатқан күш

көрсету жолын меңгеруге мүмкіндік беретін тұрпайы мә­
дениеттен басқа мәдениет жасалмаған-ды. Егер КСРО халық­
тарды барлық жағынан ымыраластырудың, екінші сөзбен
айтқанда, тең дәрежеде дамытудың, әр ұлтты өз жерінде кө­

гертіп, ортақ мақсатқа келгенде, нәсіліне қарамай топтасудың
рухани қажеттіліктерін тапқанда, Одақтың шаңырағы шай­
қалмайтын да еді. Экономикасының 90%-ы орталыққа ба­
ғынып, фосфордың – 90, цинктің – 70, қорғасынның – 60,

мыстың 33%-ын және жыл сайын 13 млн тонна астық беріп
келген Қазақстан бұдан әрі Г.И. Литвинова секілділердің үстем
саясатына төзе алмасы хақ-ты. Осынша шикізат үшін еліміз
Одақтан жылына 700 миллиард сом валюта алуға тиіс екенін

сол әсіре ұлтшыл білмеуге тиіс емес-ті.
Әсіре орысшылдық көзбен қарасаң, аталған конференция­
ның шарасыздығын түсінуге болатындай. Қандай тәсілмен
болса да, осы жиынға қатысушылар өзінің туған халқына

қызмет етіп отыр ғой. Олар сол басқосуда Ресей идеологиясы­
ның ең зор жетістігін ескермегені болмаса, басқа сарындарды
мұқият қарастырған. Ал бұл жетістік қандай жетістік десек,
ол өзге ұлт зиялыларының санасынан елдік ұғымның өшірі­

ле бастағандығы еді. Мұның шырқау шегіне жеткендігі сон­
ша­лық,  сол зиялылар, яғни аз ұлттар интеллигенциясы бей­
біт жолмен келген, бүкіл халық сан ғасырлар құдайдан бұр­
шақ салып тілеген тәуелсіздікті тұтастықпен қарсы алуға

дәрменсіздік танытты. Өздерінің ұлттың адамынан гөрі ке­
ңестің пендесі екендігі туралы түсінік меңдеп алғандардың
қомақты сап түзегенін көрдік.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Бұған менің дәлелім жеткілікті.
1995 жылдың ақпан айының аязды күндерінің бірінде
Целиноград қаласындағы тың игерушілер сарайына халық лық
толды. Олар белгілі ақынмен кездесуге жиналған еді. Осынау

дүбірлі жиынды «Лад» Славян қоғамы ұйымдастырғандықтан
келушілердің дені сол ыңғайдың нөпірі болатын.
Ақын сөзді бірден республиканың саяси ахуалынан бастады.

– Маған осы қалада жолыққан бір әйел «Шаһарымыз

астана бола берсін, тек үкімет Алматыда қалсын, басшылар­
ды өзімізден табамыз» деді, – деп елді желпіндіріп алып,
тоқетеріне көшкен. Атағы алысқа кеткен даңқына сымбаты сай
ақын жұртты баурап, ұйытып бара жатты. Сондағы түйінде­

рін «Қараөткел» газеті он үш буынға жіктеп жазған еді. Қаз-
қалпында келтірейік.

1. Қазақстанда тоқырау осыдан 7-8 жыл бұрын ғана бас­

талады, оған дейін бәрі ойдағыдай болатын. Сондықтан эко­
номиканың социалистік тіректерінен айырылмауымыз ке­
рек. Ал нарықтық экономика, яғни Қазақстанның қазіргі
экономикалық бағыты – халыққа қарсы бағыт.

2. Бізден өзгеше ойлайтын, қате ойлайтын республиканың

бір топ басшысына қалайша сенбекпіз. 3. Маған АҚШ-қа барғанда кешегі Кеңес Одағының қайта

кұрылуы мүмкін деген ой айтты. Сондықтан Батыстың қа­
зіргі мақсаты – экономикамызды әбден құрту. Ертең қайта
қосылғанда мықты болып кетеді деп қорқады.

4. Жапондар Карл Маркстің «Капиталын» бізден тереңірек

оқыған. Біз Маркстен үйренуіміз керек. 5. Қазақстанның басшылығы халық тоқ, мұқтажы жоқ деп

ойлайды, сондықтан оның әл-ауқатын жақсарту мәселесімен
шұғылданбай отыр.

6. Қазақстан бүгінде Батыстың көмегіне сүйенуде, ал

біздіңше, тек өз күшімізге сенуіміз қажет. 7. Қазақстанда жекешелендіру тоқтатылсын. 8. Республиканың басшысы уақытында ауысып тұру керек.

Біз Шығыс деспотизмінің тәртібін қабылдай алмаймыз. Ха­
лықты өмір бақи басқару құқы ешкімге берілген жоқ.

9. Біздің ұлттық белгіміз – Қазақстанның біріккен халқы. 10. Орыс тіліне мемлекеттік дәреже беру жөнінде 1991 жыл­

дан бері айтып келемін. Конституция өзгертуге болмайтын

АЛДАН СМАЙЫЛ

Құран емес. Ал біздің Конституциямыз әлі шала. Ішкі тату­
лық үшін орыс тілін мемлекеттік тіл етейік. Сонда бәрі Қа­
зақстанның патриоты болады.

11. Президенттің елге көп уәде бергені рас. Оны орындамаса,

халық неге төзеді? Бар кінә – халықтың төзімділігінде. 12. Республиканың облыстары, қалалары, аудандары өзін-

өзі басқаруы керек. Орталыққа жалтақтамасын. 13. Біз Кеңес Одағының тарауына қарсы болдық, оның

формасын өзгерту ниетінде едік, мәселен конфедеративтік
түрде. Ал ондай одақ әйтеуір бір кезде құрылады.
Тың игерушілер сарайына жиналғандар орындарынан тұ­
рып кете жаздады. Айтылған ойлардың оларға ұнағаны сон­

шалық, сол сәт тарих кері қарай дөңгелей жөнелетіндей
еді. Облыс бойынша халықтың – 70, ал қалада 80%-дайын
құрайтын славян тектес жұрт көктен тілегені жерден та­
былғандай шаттанды. Ақынды президент болуға шақырды.

«Лад» қоғамының президиумдағы басшыларының айдарынан
жел есті.
Көрнекті шайырдан шындықты там-тұмдап сауғанымыз
үшін ғафу өтіне отырып, Ақмола өңірінде оғаш ойлар бұдан

бұрын да аз болмағанын айтпақ едік. Соның бірі Қазақстан
Халық конгресі партиясы жанын сала насихаттаған «Қала­
лар одағы» құрылымы болатын. Оның алғашқы хабары бізге
1992 жылы жеткен-ді.

Түпкі мәніне терең үңілсеңіз, бұл одақ Қазақстанды өнді­
ріс орындарынан айырудың қитұрқы құралы екенін көру
қиын емес еді. Одақтың 1992 жылғы 21 сәуірде Екатерин­бург
қаласында қабылданған жарғысында жүректі күпті ететін

жайлар көп болатын. Жарғының алғашқы бабында құрылым
«қоғамдық-саяси одақ» делінеді. Түрлі республикалардағы
54 қаланы біріктіретінін мәлімдейді. Бұл шаһарлардың қата­
рына Қазақстаннан Ақмола, Қостанай, Павлодар, Петропавл,

Теміртау, Өскемен, Екібастұз қалалары тіркелген. Олар эко­
номикалық саясатын республикамен емес, Екатеринбургтегі
одақпен келісіп жүргізуге тиіс. Жарғының 2.17-бабы бойынша
аталған одақ бұл өндіріс орындарына «қаржылай – материал­

дық және басқа көмек көрсетеді». 2.5; 2.15; 3.3; 3.4; 1.3-бап­
тар­ға сәйкес одақ мемлекеттік билік органдарының өндірісті

ШЫҒАРМАЛАРЫ

қалалар орнаған аймақтар жөніндегі шешімдеріне комплексті
тескеріс жүргізеді, оларды экономикалық дербес аймақтарға
бөліп, дамытудың нұсқауларын белгілейді, бұл жерлерде дер­
бес саясат ұстанады, өзінің туы, гербі және басқа белгілері

болады. Міне осылай мемлекеттің ішінен мемлекет құрады.
Бұл Орталық және Солтүстік Қазақстанды республикадан
бөлудің сол кезде жасалып жатқан жымысқы әрекетінің бірі
болатын. Еліміздің алты өнеркәсіпті қаласын экономикалық

жолмен бірте-бірте ажыратып әкету арқылы қазақ жерінің оң­
түстігін бірыңғай оқшаулаудың, ақыр соңында Алматыға сол
өңірге қанағат тұт деудің суық саясаты еді. Осы бағытты ха­лық
конгресі Целиноград облыстық ұйымының төрағасы, өзі­міз­

дің ағайынымыз Хамит Тұрсынов барынша насихаттап бақ­
ты. Мәжілістеріне қаладағы басқа қоғамдардың басшы­ларын
қайта-қайта шақырып, қостап қолдауға үгіттеп-ақ бақты. Ол
соның бәрінде әлгі ақынның беделін пайдаланатын.

Мәселе осылай ушығып бара жатты. Жер мен билік бөліні­
сіне Степногорск қалалық советі де білек сыбана араласқан. Осы
советтің XX шақырылған үшінші сессиясы мынандай шешім
қабылдады. «Учитывая национальный состав Казахской ССР

внести изменения в статью 1 Закона о языках Казахской ССР
о  признании государственными языками республики казах­
ского и русского и соответствующие изменения в другие статьи
Закона, обеспечивающие добровольность изучения языков.

Мы требуем, чтобы исполнительная власть всех уровней Казах­
ской ССР обеспечивала безусловное верховенство и выполне­
ние Законов Союза. В случае непринятия наших преддожений
оставитъ за собой право, на основе Закона СССР «О свободном

национальном развитии граждан СССР, проживающих за
пределами своих национально-государственных образований
или не имеющих их на территории СССР» использовать воз­
можность создания национального административно-терри­

ториального образования на территории нашего Совета».
«Лад» қоғамының Ақмолада өткен ІІІ конференциясы
бұл талаптың тамырын тереңге жаюдың барлық мүмкіндігін
жан-жақты ойластырып барып шақырылған еді. Оған дәлел

конференцияда территориялық бөліну идеясы негізгі мақсат­
қа айналған. Делегат Супрунюк Қазақстанның Моңғолиядан

АЛДАН СМАЙЫЛ

қазақтарды қабылдауына үзілді-кесілді қарсы шығып, олар
кілең сифилис, ауру әрі жұмыс істемейді деген қорлауға дейін
барды да, Ақмоланы республиканың астанасы етіп үлгерген­
ше славяндардың астанасына айналдыруға шақырды.

Орыс ұлтшылдығы осылай қоза түсті. Жоғарғы Кеңестің
депутаттығына кандидат, локомотив депосының директоры
В.И. Скориков Ресей мен Қазақстанға ортақ Парламент пен
үкімет құруға, Орта Азия Республикалары Славяндарының

одағын ұйымдастыруға үндеді. Тағы бір үміткер Никулин
Қазақстан Республикасының Президенті мен басшыларын
түрмеге жабу керек деп ұрандады. Өзіміз әлгінде атын атаған
Хамит Тұрсынов қазақ ұлтшылдығының асқынғанын айтып

атойлады. Жоғарғы Кеңес депутаты В.П. Михайлов «Лад»
газетінде Конституцияға реформа жасай келіп: «Необходимо,
на наш взгляд, и 15 статья этой главы в следующей редакции.
«Гражданам Республики Казахстан любой национальности

в местах проживания предоставляется право на образование
культурно-национальных автономий», – деп уағыздады.
Саяси шиеленіс осылай қызған кезде қалай қарап оты­
расың. «Қараөткел» газетінде «Ақынға ашық хат», «Жер

қазақтікі, билік кімдікі?», «Асыңды ішіп, аяғыңды теуіп»,
«Көпке топырақ шашқан көмусіз қалады», «Намысың қайда,
қалың ел!», «Саясаттағы барымташылар», «Ертең қалай өмір
сүреміз», «Қазақтың сыртынан тон пішіп», «Екіжүзділік»

секілді ұзын саны жиырмадан астам мақалалар жаздым.
Облыс­тық прокуратура мен әділет басқармасына жіберген
талап-шағымдар өз алдына бір төбе.
Осымен бірге славяндық сыңарезу саясаттан украин, не­

міс, корей, шешен-ингуш мәдени-ұлттық орталықтарын бө­
ліп әкетуте біраз күш жұмсалды. Олар біздің, яғни қазақ хал­
қының тарихи мүддесін түсінді. Түсінуіне барынша ықпал
еттік. «Қараөткел» газетінде осы орталықтар басшыларының

«Ладтың» саясатын айыптаған мақалалары шыға бастады. Бұл
үлкен жеңіс еді.
Ал алғашқы жеңіске біз бұдан бұрын, 1991 жылдың қара­
ша айында, жеткен болатынбыз. «Тіл және мәдениет» қоға­

мының ұйымдастыруымен Ақмолада әділет басқармасы тір­ке­
ген Казак қоғамының жарғысы күшін жойды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Оқиға былай өрбіген еді. 1991 жылғы қараша айының 10
жұлдызында Казак қоғамының жарғысы тіркеледі деп естіп,
таңертең облыстық әділет басқармасына бардым. Басқарма
бастығы В. Андриановтың кабинетінде 15 казак әскери киім­

мен отыр екен. Мені көріп тіксініп қалды. Андрианов та
жақтырмай қараған, бірақ бөлмені босатыңыз дей алмады. Тек:

– Шаруыңызды тезірек айтыңыз, – деді.

– Шаруа сол, мына қоғамның жарғысын тіркемейсіз, –

дедім.

– Неге тіркемеу керек? – деп тіксінді ол.

– Біріншіден, казактар этнос та, ұлт та емес. Сословие

де бола алмайды. Ресейде олар 1920 жылы сословие ретінде
таратылған, заңсыз деп танылған. Екіншіден, бұлардың ұс­
танып отырған саясаты Қазақстан Республикасының Конс­
титуциясына қайшы, – деп келе жатқанымда сары ала киім­ді,

қылыш асынған казактар дүрсе қоя берді.

– Бұл дәлелденбейтін тұжырым. Сіз жала жаппақ ойда­

сыз, – деп шу етті.

– Дәлел жеткілікті, – дедім мен. – Осы күндері Ақ­

молада Батыс Сібір және Дала өлкесі казачествосының ай­
мақ­аралық үлкен жиынының Қазақстан мен Ресейдің Жо­
ғары Кеңестері мен Президенттеріне жолдаған талаптары
жасырын таратылуда. Онда екі бірдей азаматтық туралы заң

қабылдау, қалалардың тарихи атауын қайтаруды тоқтату,
өзгертілгендерін қалпына келтіру, Қазақстаннан казачество­
ға автономия сұрау секілді республиканың тәуелсіздігіне ке­
реғар шарттар бар. Ең сорақысы, осы талаптар орындалмаса,

Ресейдегі он бір казак әскері Қазақстанға басып кірмек. Мына
қоғам дәл осы саясатты жүзеге асыруды көздеп құрылуда.
Казактар тоқсан тоғыз сылтау айтып, дес бермеді. Андриа­
нов соларды ашық қолдап, қоғамның жарғысы мінсіз екенін

дәлелдеуден танбады.

– Жақсы, – дедім мен, – бұл тәжікелесуден ештеңе шықпас.

Тек ескертуім керек. Жарғының күшін бәрібір жойдырамыз.
Ертең тіркеген құжатыңыз заңсыз деп танылады.
Осыны айтып шығып кеттім. Кешке облыстық теле­ви­
дениеден уақыт алып, болған жайды елге хабарладым. Бұл

ретте қазақ редакциясының сол кездегі бас редакторы Смағұл
Рахымбеков көмек көрсетті.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Ертеңіне ел орталық алаңға топ-топ болып жинала бастады.
Біздің күткеніміз де сол еді. Жұртты тым даурығып кетпеуге
шақыра жүріп, облыстық кеңестің төрағасы А.Г. Браунмен
кездесуге сұрандық. Ол аяқ астынан жоқ болып кетті. Бізбен

жүздесуге орынбасары Б. Жүсіпов шықты. Оған жалғыз та­
лап қойдық. Облыстың прокурорына барлық құқық қорғау
орындарының басшыларын жинап, мәселені біржола шешу
сұралды. Б. Жүсіпов келісті.

Осыдан кейін елге шығып, мән-жайды айттым. Мәселенің
ақырын үйде тосуды, қазір тарауды өтіндім.
Оқиғаны әрі қарай болған ізімен тарата берсек, ұзақ әңгіме.
Тоқетеріне көшсем, облыс прокуроры О. Гайдановта өрбіген

пікірталастардан соң, В. Андриановқа казак қоғамының
жарғысын тіркеген құжаттың күшін жою туралы нұсқау
берілді. Сол күні Андриановтың өзі де өтініш жазып, қыз­
метінен кетті. Ал кешке телевидение арқылы елге шығып,

болған жайды жеткіздім, халық сабасына түсті.
Менің осы әрекеттерімді «Лад» қоғамы да, Қазақстан
Халық Конгресі партиясының облыстық ұйымы да, казактар
да кешірген жоқ. Алғашқысы прокуратураға шағымданып,

екі жақ та ескерту алумен тарастық. Екіншісі сотқа берді. Екі
айға жуық соттасып, бейбіт бітіммен жөнімізге кеттік. Үшін­
шісі баламды соққыға жықты. «Әкеңе айт, келесіде бұдан да
жаман болады», – депті ұрып жатып.

Осындай тартысты жылдарда мен қазақ әулетінің төрт
жікке бөлінгенін көрдім. Бірінші топ – барып тұрған сатқын
топ еді. Олар қазақтың елін де, жерін де, намысын да қызметі­
не кез келген уақытта айырбастай салуға дайын болатын.

Бұлардан 30 жылдардағы имансыз алаяқтардың исі аңқып
тұратын. Солардың арасында кейін ГКЧП-ны қолдағандар
да шықты. Мені А.Г. Браунға айдап салушылар да көптеп та­
былды. «Қараөткел» газетіндегі мақалаларымның осы облыс

басшысына ұнамайды-ау деген жерлерін орыс тіліне аударып,
ұдайы жеткізіп отыратын. Браун сол айдап салумен маған
талай шүйлікті де, бірақ жеме-жемге келгенде ымыраға келіп
жүрдік. Оның Ақмола облыстық драма театрын ашу, Ақмола

атауын қайтару жөніндегі талабымыздың орындалуына үлесі
айтарлықтай болды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Екінші топ – беті қазақтан мүлде ауып кеткен нағыз ке­
ңесшіл топ еді. Бұлар орысша тәлім алған, тілі де сол жұртша
шыққан, ұлттық қаны әбден сұйылған әсіре большевиктер­дің
нақ өзі болатын. Бәрін күні өтіп бара жатқан компар­тияның

таразысына салады да, қызыл саясаттан өлсе де аттап бас­пай­
ды. Олар біздің ұлттық мүддедегі ойларымыздан түршігумен
жүрді.
Үшінші топ – бәріне сақтықпен қарайтын аса қырағы топ.

Олар пікірін әдетте ішінде ұстайды. Үнсіз тыңдап, ыңыранып
қана отырады. Қай жақтың түбінде ұтатынын дүрбі салып,
қас қақпай қадағалайды. Міне, еңсереді-ау дегенде, жедел үн
қоса қояды. Сенің әуелден дұрыстығыңа көзі талайдан жетіп,

тілектес болып жүргенін алдыңа көлденең тартады. Төріңе
шығып алып, ал кеп сайрайды дейсің.
Төртінші топ – қазақ халқының нағыз адал перзентері
болатын. Олар 90 жылдарда ұлттың мүддесі үшін аянбай кү­

ресті. Сол жолда ештеңесін аяған жоқ, ешқандай қиындық­тан
тартынған емес. Бұл орайда, әсіресе қарапайым ел мен жастар
айрықша қайратымен көзге түсті.
Тегінде халық өз зиялыларының сатқындығын да, алаяқ­

тығын да, озбырлығы мен жемқорлығын да кешірумен және
түзетумен келеді ғой. Сол халықтың бойында биліксіз дана­
лық бар, ол осы кемеңгерлікті бойына тұтас сіңіре алар ұлға
зәру. Асылында кез келген қоғам – биліктің қолдан жасаған

белгілі бір кезеңі ғана. Ол биліктің өресі қандай болса, қо­
ғамның мінез-қаракеті де сондай болмақ. Халық ешқашан
қоғамдық режимдерді кұрған емес.
Ал биліктің басында әдетте нақты адам тұрады. Соған

сәйкес тұтас халықтың жеке адамның ой-парасатына тәуелді
болатын кезі көп. Сірә, мұндай тәуелділіктен заманалардың
да, халықтың да тыс тұратын шағы тумас та. Адамзаттың қа­
сіреті нақ осында ма дейсің.

Соны ойлағанда, адам құқы, демократия деген ұғымдар
әлгі  тұйықтан шығудың әлжуаз талпынысы секілді ғана се­
зіледі. Толыққанды демократия абсолютті шындық биліктің
тәңірісі болғанда орнайды десек, адамзат бүгінде ақиқат та­

банның астында жатқан дәуірде жүр. Осыдан да болар, адам
атаулы шындықты әлімсақтан тарихтан іздеп әуре. Сол

АЛДАН СМАЙЫЛ

тарихтың жүрегіне үңілсең, адамның өз шындығынан өзі
қор­қумен ғасырлардан-ғасырға жасқана өтіп келе жатқанын
көресің. Гарсиа Маркестің бір кейіпкері: «Досыңның ең жақ­
сысы – бұ дүниеден өтіп кеткені, өйткені онымен бірге сен

туралы шындық та бірге өледі», – деуді жақсы көреді екен.
Билік атаулы да сондай, сырын білгеннің соңына шырақ алып
түсуден танған емес.
Қазіргі танда ТМД елдерінде 20 миллион адам психикасы

бүлінгендер ретінде есепте тұрады, солардың дені өздерін
шындықты іздеушілерміз дейді екен.
Ал біз білген шындығымызды айтуға батылымыздың бар­
майтындығына қорланып жүрміз бе? Әлде «ақиқат Тәңір­

ге ғана жарасады» деп, сытылып шыға келетін сәтіміз көп
пе?! Кейде шындықты айту бізге тиесілі емес тылсымдай
сезіледі. Ойын батыл айту бүгінгі заманда тек АҚШ пен
Батыс саясатшыларының үлесіне тигендей. Американың по­

лито­логы  Р. Райт «Жаңа, онша үлкен емес және біркелкі
ұлттарды жасау» жолындағы ұсыныстарын әлемге ашықтан-
ашық мәлімдеуде. Осыған ұқсас ойды бұдан бұрын осы елдің
президенті Вильсон таратқан болатын. Оның пайымдауын­ша,

жер бетінде «бір ұлт – бір мемлекет» болғанда планета жұ­
маққа айналады.
Адамзаттық көлемдегі, қала берді континенттік шең­бер­
дегі идеяларды жамыратуға еврей ғалымдары мен қалам­

герлері де бейім тұрады. Белгілі ғалым Сахаров барлық
ұлттық-территориялық субъектілерден – 53 халықтық рес­
публикалардан тұратын жаңа федерация құруды ұсынған
болатын. Еуропа мен Азия Кеңестік Республикалары Одағы­

ның Конституциясын жазғаны да белгілі. Мұндай бірлік
«Еуразия Құрама Штаттары» аталуға тиіс еді.
Бұл идеяны Ресейдің саясаткерлері Еуразия елдерін бір
қосып, бір ыдырату арқылы әлсіретіп, тізе қосып қимылдап

отырған АҚШ пен Израильдің әлемге үстемдігін жеделдету деп
айыптады. Бәлкім, рас та шығар. Қалай десек те, Американың
үстемдігі бүгінде айқын біліне бастағаны шындық. Басқа ел­
дің әскері екінші елге қырғын соғыстарда ғана енген. Қазіргі

заманда айдаладағы террористердің атымен үркітіп, іргеге
қоныстанып жатыр. Осы қауырт қимылдан АҚШ Президенті

ШЫҒАРМАЛАРЫ

У. Тафттың саяси айналымға түскен «Доллар дипломатиясы»
идеясының қарулы дипломатияға айнала бастағанын аң­
ғарғандай боласың. Г. Тафт жаһанды ақшаның құдіретімен
басып алуды үйреткен еді. Орта Азияға алдымен доллар келді,

соңынан әскер төбе көрсетті.
Атақты Құбылай: «Бұл әлемді ат үстінде жаулап алдық,
ер үстінде ұстап тұруымыз керек», – деген ғой. Ғаламнан дә­
мелілердің аузынан осындай ой жамырамауын тілеңіз.

Адамның, бүгінгі қазақ адамының бас қатыратын шын­
дықтары осылай жалғаса береді. Сол күрделі, қайшылыққа
толы ақиқат оны шамырқандыруға тиісті. Ширыға алдық па?
Әлде доллар дипломатиясы құлқын дипломатиясына айна­

лып, жаһандасу үрдісіне өзіміз құлшынудамыз ба?
Құран сүресінде «Алла жерді сендер үшін көнбіс қылып
жаратты» делінеді. Жұмыр жердің осы көнбіс мінезін ерек­
ше қабылдаған елдің бірі біз шығармыз. Оған дәлел жет­

кілікті, тек сол көнбістікті ұлттық биік қасиет ретінде на­
сихаттайтынымыз түсініксіз. Асылында көнбістік намыстың
жұқаруына, талпыныстың тауы шағылуына, ұдайы жетекке
еру дағдысының дәстүрге айналуына әкеліп соқпай ма?!

Ал жер-жаһанның жүйкесі күн өткен сайын жұқара түсуде.
АҚШ пен Германияда жұмысын жоғалтқандар сары уайым­нан
бес жыл ғұмырын жоғалтады екен. Жұмыссыздық тұрақты
құбылысқа айналған біздің елде миллиондар қанша өмірін

қысқартты екен? Оны есептеп жүрген, есептеу ұлттың қамы
үшін керек екендігіне мән беріп отырған кім бар?! Жүйкенің
осылай жұқаруы арқылы XXІ ғасыр ұсақ сезімдер ғасырына
айналғанын БҰҰ-ның арнаулы комиссиясы дәлелдеп берді.

Олай болса, адамның да ұсақталғаны ғой. Бүгінде өзара сенім­
нің сұйылу себебін осыдан іздеу керек шығар. Бұл құбылыс
жаңа тұрпатты адамның қалыптасуына әкеле жатыр. Философ
Джозеф Нидем ондай адамды өзін бір мезгілде әрі қанау­

шы, әрі қаналушы ретінде сезінетін, соған орай мейірімділігі
қатыгездікке оп-оңай ауыса салатын, өмір сүрудің ешқандай
да тұрпайы жолынан тартынбайтын жан түрінде бейнелейді.
Бұған күмән келтіру қиын.

Ғылыми философияда саналық дамудың үш кезеңі белгі­
лі. Олар: ғарыштық эволюция, табиғи эволюция және тарихи
немесе мәдени эволюция.
4-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

Ғарыштық эволюция бізге дүние жаралғаннан бері белгі­
лі ақиқат. Біз дін арқылы тегіміздің ғарыштық екендігінен
жаңылмай келеміз. Адам Ата мен Хауа Анамыз көктегі жұ­
мақта жаратылған.

Бүгінгі ғылым осы эволюцияның хақтығын дәлелдейтін
нақты мәліметтерге ие. 1988 жылы Египеттің «Розе эль-Йусуф»
журналында әлемді елең еткізген мақала жарияланды. Осы
жылы француз египтологы Луи Капара Хеопс пирамидасы­

нан аса ұқыпты жасырылған камера табады. Сонда сақталған
хрусталь саркофагта гуманоидық тіршілік иесінің денесі сақ­
талғанын көреді. Саркофагтың жанына қойылған қораптан
шыққан папирус бүктемесінен Хуфу (Хеопс) фараонның

жұлдыздан келген қонақты қабылдағаны, оның осы жерде өз
ажалынан өлгені, көз жұмардан бұрын пирамиданың құры­лыс
жобасын сызып қалдырғаны, соның ішіне денесін жерлеуді
өсиет еткенін оқиды.

Есі шыға қуанған Луи Капара дереу Испаниядағы әріпте­
сіне  телеграмма салады. Египетологтарды жинап, тез же­
туін өтінеді. Ғалымның бұл әрекеті сол заматта мемлекет
басшыларына хабарланған. Луи қамауға алынып, асығыс

келген білімдарлар әуежайдан кері қайтарылады.
Бірақ ашылған жаңалықты біржола жауып тастауға Еги­
петтің құдіреті жетпеді. Бұл күнде ол барша әлемге белгілі.
Сөйтіп пирамидаларды ғарыштан келген өркениет өкілдері­нің

салғаны туралы айтылып жүрген болжам ақиқатқа айналып
отыр.

– Олай болмаған күнде, – дейді ғалымдар, – ежелгі еги­

петтіктер күннің жерден қандай қашықтықта орналасқанын
қалай білген. Пирамиданың биіктігі осы екі ғарыш денесінің
өзара қашықтығының миллиардтан бір үлесіне тең. Алып
құрылысты салушылар қолданған ұзындық өлшемі жер ра­

диусының оннан бір миллион бөлігін құрайды.
Ал қабырғаларының биіктігі әлгіндей 365,23 өлшем, яғни
жыл ішіндегі күндердің санымен бірдей. Ең биік пирамида­ның
параметрлері арқылы осы күнге дейін болған және болатын

соғыстар мен табиғи апаттардың мерзімін дәл есептеп шыға
аласың. Хеопсқа серіктес пирамидалардың саны химиялық
элемент атомындағы электрондардың санына тең.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Ғарыштық эволюцияның хақтығына бұдан көп бұрын,
1969 жылғы 16 шілдеде, АҚШ астронавтары А. Армстронг,
Майкл Коллинс пен Эджуин Е. Олдрин көз жеткізген бола­
тын. Олар Айдағы белгіленген меже тыныштық көліне қонған

соң, Армстронг ұшу кемесінен түсуге ыңғайланады. Сол сәтте
оның үрейлі даусы шығады Хьюстондағы басқару орталығы
аяғы­нан тік тұрады. «Маған жарты миль жерде бірдеңе зорая­
ды, – дейді ғарышкер дегбірі қашып. – ені 6-15 метрдей. Өзде­

рі қозғалатындай. Қарсы алдымда із жатыр. Танк жүріп өткен
секілді».
Осы тұста Хьюстондағы орталыққа теміржол локомотиві­
нің ысқырығына ұқсас дыбыс жетеді. «Бұл не? Түк түсінсем

бұйырмасын! – деп безектейді Армстронг. – О, Құдайым! Мына
жерде ғарыш кемелері тұр. Бізді бақылауына алған».
Айда болған осы оқиғаны алғаш рет «Контакт КЭЦ» Ха­
лықаралық Ғылыми-инженерлік орталығының президенті

Марк Мильхикер жариялады. Ол осы сапарда ғарышкерлер
әлгі кемелерді түсірген суретті көргенін де айтады. Ал кейін
АҚШ-тың «Меркурий», «Апполон», «Джелини» ғарыш ке­
меле­рінде болған ғарышкерлер белгісіз ұшу аппараттарының

өздерін талай рет айналып өткенін мәлімдеген екен.
Ғарышкерлер мұнымен бірге көкте әлдебір дауыстың әре­
дік  естіліп тұратынын да айтқан. Бұл дауыс ғылымда «элек­
тронды дауыс» деген атпен 70 жылдардан белгілі. Енді ке­

ңістікте адам санасынан тыс электронды сана бар екендігі
дәлелденіп отыр. Бұл жаңалықтар ғарыштық эволюцияның
әлі күнге жүріп жатқанын айғақтайды. Яғни адамзат гал­акти­
када жалғыз емес.

Табиғи эволюцияға келсек, оның сыры бесенеден белгілі.
Бұл даму біздің жер шарындағы биологиялық өмірбаянымыз­
ды қамтиды.
Мәдени эволюция болса, адамның санасына тәуелді. Дәлі­

рек  айтсақ, саналық өркениетпен бірге жетіледі. Осы өрке­­
ниетті бұдан әрі кемелдендірудің оңтайлы жолы ретінде АҚШ-
тағы халықтық үлгі ұсыныла бастады. Онда ұлт жоқ ұлттар­
дың тарихи тамырынан үзілген өкілдері бар. Әлемде тек осы

елде ғана халықтың атауы ұлттың атауымен емес, құрлық­
пен анықталған. Дүниенің төрт бұрышынан шұбырып жеткен

АЛДАН СМАЙЫЛ

жүздеген нәсіл өздерін американдықпыз дейді. Оларда ұлт­
тық қан бірлігінің мәні жоғалуға айналған. Сондықтан халық
құқынан адам құқы жоғары тұрады. Әлемге тек сол құқық­тың
талаптары бойынша баға береді. АҚШ үшін ауғандық немесе

қазақтық, ирандық немесе орыстық ұлттық мәселе ескірген
архаикалық түсінік секілді. Жерде нәсілдер емес, адамдар өмір
сүретіндей.
Осындай тұжырымды темірқазық еткен ұлы держава ұлт­

тар болып емес, адамзат болып бірігудің қамында жүр. АҚШ
политологтары мен философтары ғаламдағы саяси және эко­
номикалық түйіндер ұлт түрінде тұтас дамудан әлемдік адам
ретінде дамуға көшкенде тезірек шешіледі деген ой айтуда.

XXІ ғасыр сол идеяны жүзеге асырудың ғасыры болмақ. Нақ
осы кезеңде экономиканы жүргізу тәсілінің біркелкіленуі,
коммунистік ымырасыздық идеологиясы секілді кедергілер­­дің
жойылуы, әлемнің сегіз қуатты мемлекетінен басқа елдердің

доллар үстемдігіне тәуелділігі бұл процесті жеделдетуге тиіс.
Батыстың осы заманғы ойшылдары аталған пайымды адам­
заттың бастапқы қалпымен қайта табысуы деп бағалайды.
Әуелде ұлттар емес, тек адамдар ғана болды ғой. Бұл тұ­жы­

рымға қазіргі күнде ғылыми негізде қарсы шығып отыр­
ғандар – Латын Америкасының философтары. Олар табиғи
эволюцияның ағысына қарсы жүзуге болмайтынын, ұлтсыз­
дану гендік тоқырауға ұрындыратынын, мәдениеттің бір­

келкіленуі саналық апатқа бастайтынын дәлелдеуге барын
салуда.
XX ғасырдың ірі мәдени және қоғам қайраткерлері адам­
заттың ақылынан алжасуы туралы айта бастағаны белгілі.

Атақты қылқалам шебері Пикассо өзін адамның жан дү­
ниесіндегі сол алжасуды бейнелеушімін деп есептеген. Сурет­
шінің еңбектерінде адамның дене мүшелері сапырылысып
жатуы санадағы шатысулардың кескіндемесі еді. «Қазіргі за­

манғы адамды танығың келсе, менің картиналарыма қара», –
дейді екен ол.
Күрделі психологиялық салмағы сезіліп тұратын осы тәсіл
сурет өнерінің әлем қабылдаған беделді ағымына айналды.

Сөйтіп Пикассоның даналығы арқылы адамзат өзінің шын
бетпердесін көре алды, сол әлемтапырық кескінін мойындады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ Табиғи және мәдени эволюциялардың жүздеген ғасыры ішінде біз өзіміздің шын бейнемізді алғаш рет осылай айныт­ пай салған шығармыз. Бұл Пикассоның өнердегі, анығы­ рақ айтсақ, адамтанудағы революциясы еді. Оның жаңалығы қандай да құрметке лайық. Жаңа мыңжылдық осындай кемеңгерлерді ардақтай білу жағынан да үздік шыға қойған жоқ. Мұның да үлгісін өткен күндерден табасың. 1416 жылы Леонардо Бруни Флоренция­да ұлтқа сіңірген еңбегі үшін салықтан босатылған. Ол сол жы­ лы «Историяның» бірінші томын жариялаған еді. Жұлдызшы Нострадамусқа емшілігі мен көріпкелдігінің құрметіне өмір­ лік зейнетақы тағайындады. Қазақ халқында ұлтына елжіреген жүрегі мен қайраткер­ лігі үшін мемлекет салық төлеп тұратын асылдар жоқ емес. Алла біз үшін төзімді етіп жаратқан жұмыр жердің тола­ ғай ойлардан белі қайысқандай. Сол Жер-Ананы көк түріктер аялдамаға теңеген. Таққа кіріптар бектер, Сендер жаңылғышсыңдар ғой. Бұрын бұл аялдама болса, Қазір де аялдама жер болса. Мәңгі тас қалаттым, жаздырдым. Күлтегін ескерткішіне осылай ойылған. Иә, жер жарықтық толассыз көшкен адам керуенінің ат шалдырар алаңы. Бір аяғың жерде, бір аяғың ауыздығымен алысқан уақыттың үзеңгісінде. Айдынында дәуірлер ағып өтіп жатқан мәңгілік­ке кімдер бұйым болған. Адамның өлшемі – қас-қағым сәт. Ілесе келген толқын оны сезгенше қай заман?! Өмір өтпестей, ғұмыр өшпестей сезінбек. Сол ұрпаққа жанарын сүзіп халық атты кие тұр. Азамат атты ұлының бір-бірлеп емес, біртіндеп емес, тұтас есейгенін тілеп тұр. VІІ Адамзаттың, жалпы алғанда жер-жаһандағы барлық сана­ лы-санасыз тірліктің мәңгілік рухани қуаты және ізгілік

АЛДАН СМАЙЫЛ

қай­нары үш пайғамбар туралы біз қаншалықты терең білсек,
өзімізді, яғни адамды соншалықты дәйекті тани аламыз. Ол үш
пайғамбар: Мұса, Иса және Мұхаммед.
Қазіргі теологияда пайғамбарларды Ғарыштың, яғни Алла­

ның жер бетіне ұлы мақсаттармен жіберген елшілері деп
қарап, оларды адам атаулыдан тыс қою дәстүрі бар. Бұл орайда
келтіретін нақты дәлел де жоқ емес.
1947 жылы сахарада қой жайып жүрген бәдәуи қозысын

жоғалтып алады. Соны шарқ ұрып іздеп жүріп, үңгірге тап
болады. Оның ішінен қаптаған қыш құмыраларды көреді.
Ашып қараса, толған қағаз, сарғайған, шаң басқан орамдар.
Өлі теңіздің жанындағы Құмран қойнауынан ойда жоқта

табылған осы мол мұра – кейін ғалымдар «Ғарыш архиві» атап
кеткен манускриптер көне тарихтың талай құпиясын ашуға
мүмкіндік берді. Зерттеушілердің дәлелдеуінше бұл жазбалар
еврейлердің б.д.д. ІІ ғасырдан б.д. 68 жылына дейін мұқият

жинақтап келген шежіресі. Ол 48 мың жазба парақтардан
тұрады, 600 шығарманың қалдықтары бар.
Ғалымдар анықтап оқыған беттердің бірінде Синай тауына
ғарыштан кеме келіп қонғаны баяндалады. Кемеден түскен

адамдардың басы алмұрт секілді, ал терілері жасыл-қоңыр
түсті екені ұқыпты суреттелген. Әсіресе олардың басшысы,
негізгі ғарыштық туралы кеңірек әңгімеленеді. Жалындаған
жасыл көзі, қою қызғылт шашы, еңгезердей биік тұлғасы

көрген елге ерекше әсер етсе керек. Жерден өлшегенде 9 фут
екені де қағазға түсірілген. Бір фут – 30 см. десек, бойының
биіктігі 2 метр 70 сантиметр болып шығады.
Манускрипте оны Құдай деп атаған. Ол Мұсаны Алланың

жерге көктен келген елшісі деп жариялайды.
Мұсаның нақты өмірбаяны Библияда да бар. Ол левия
бұтағынан тарайтын еврейдің отбасында дүниеге келеді. Туған
жері – еврейлер 400 жыл езгіде болған Египет. Аштыққа

ұшы­раған еврейлер Египетке бас сауғалап келіп, соңынан
жаппай құлға айналады. Мұса туған тұста Фараонға Египетте
еврейлер шамадан тыс көбейіп кеткен секілді болып көрінеді
де, осы нәсілден жарық дүниеге келген барлық ер балаларды

суға лақтыруға бұйрық береді. Ал еврей қыздары балиғатқа
толғанда египеттіктерге тұрмысқа шығуға тиіс болады. Сөйтіп
кірме халықтың өсімін біржола тоқтатуды ұйғарады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Мұсаны шешесі қалай аман алып қалғаны көпке белгілі.
Бізге керегі оны теологтардың және манускрипті жазушы­
лардың неге көктен түсті дейтіні болса, Алла тағаланың Мұ­
саны ғарышқа әкетіп, қайта әкелуі де мүмкін ғой. Синай

тауына сол заманда ғарыш кемесі секілді әлдененің қонғанын
бүгінгі ғылым жоғары дәлдіктегі техника арқылы дәлелдеп
отырған кезде осылай ойламасқа лажың да жоқ.
Ғарыш елшісі тегінде ғарыштық энергиялық қуатқа ие

болады. Оның бойына Алла дарытқан дарын бүкіл адамзат­
тың игілігі, ізгілік қайнары бола отырып, пайғамбарлар адам
баласын төніп келе жатқан қатерден имандылық жолымен
құтқаруды мақсат етеді. Қажет ілімді қажет жерінде және

қажет уақытта үйретеді. Адамзат пен Алланың арасында
үзіле бастаған байланысты қайта орнықтырады. Дәл осы
парыз Мұса пайғамбарға жүктелген еді. Ол үшін адам атау­
лының адамгершілік заңы болып есептелетін он өсиетті ға­

рыштан қабылдап алады. Ал Иса пайғамбар Алла мен адам­
заттың арасын жақындатудың Жаңа кезеңіне жауапты еді.
Ол Алланың жалғыздығын уағыздады, сол жалғызға діни
нұсқаулар арқылы емес, махаббатпен, шын пейілмен сенуге

насихаттады. Әр адамның рухында құдіреттілік болатынын,
адам Алланың теңдесі жоқ қазынасы екенін жеткізуге асық­
ты. Рухани жетілу арқылы адамның эволюциялық дамуына
жол ашылатынына сендіруге тырысты. Өзі жарық сәуле бо­

лып табылатын адамның жан дүниесінде нұр болатынын, сол
нұрдың шұғыла шашуына ізгілік қана ықпал ете алатынын
жүректерге сіңірсем деді.
Иса пайғабар арқылы ғарыштың «арылу» туралы қайы­

рымдылық заңы таралды. Күнәсін тәубәмен мойындаған,
соған жан-тәнімен өкінген, шын тазарғысы келген адам ке­
шіріледі. Энергоинформациялық арналар жаңа, кіршіксіз
энер­гоинформацияны қабылдау үшін ашылады. Адам екінші

рет рухани қайта туа алады.
Осының бәрі адамның өзін-өзі тануы арқылы жүзеге асуға
тиіс. Ал Алланың бірлігі туралы ұлы ұғым адамзатқа ортақ
ұғым болуы қажет. Ғарыш ілімі, яғни дін ұлттық шеңберде

қала алмайды, адамзаттың ортақ игілігі ретінде бәрінен жо­
ғары тұрады.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Христиан дінін алғаш қабылдаған еврейлер еді. Ал бұл сөз,
діннің атауы Израильде емес, Сириядағы Антиохияда пайда
болды. Иса пайғамбар және оның апостолдары, ең алдымен
Павел, Христиан дінін барлық халықтарға арналған әмбебап

дінге айналдырды.
Уақыт өте Иса пайғамбардың уағыздары әр елде әр басқа
түсіндіріле бастады. Жалғыз Құдайға деген сенімге көлеңке
түсті.

Мұхаммед пайғамбарға Алланың хақтығын және оған жа­
қындататын жол дін тәліміндегі ізгілік мұраттары екенін
тағы да дәйектеу парызы жүктелді. Ол Ыбыраһым, Мұса,
Иса пайғамбарлардың уағызы шынайылығына куәлік етуге

тиісті еді. Ғарыш ілімін қаптап кеткен қасаң пайымдардан,
философтар мен шала діншілдердің қате тұжырымдарынан
арылту мұратын ұстанды. Діннің қарапайымдылығы оны жү­
рекпен қабылдауды жеңілдететінін ескеру керек болды. Дін

басы артық міндеттерден босатылды.
Алланың бұйрығы адамзат үшін ортақ, ол адам бала­сы­
ның есепсіз және тәубәсіз айтылатын ойларымен және қо­
рытындыларымен сәйкеспейді. Ізгілік пен имандылық әртүр­

лі бола алмайды. Ислам адамзатты жалпыға жайлы жалғыз
құндылыққа – үйлесімді өмірге ұйыта отырып, діндер мен
халықтарды біріктіруге қызмет етеді.
Мұхаммед пайғамбар уақыттан озық тұрды, қоғамның

мүмкіндіктерінен биік ойлады, адамзаттың бірігуіндегі негіз­
гі белгі ұлттық этникалық ерекшеліктер емес, рухани тұтас­
тық екенін дәлелдеді. Дінді әркелкі түсіндіру, әр халықтың
мүддесіне лайықтау оның тұйықталуына әкеліп соқтыратын

еді. Пайғамбарымыз уағыздаған ғарыштық Ақиқат – Аллаға
сенгендердің бір ұлт, тұтас халық бола алатындығы.
Ислам барлық жағынан қарапайым дін еді. Оған сенгендер
Мұхаммедтің өзінің қарапайымдылығына еліктейтін. На­маз­

ға тұрушылар ашық аспан астында парызын орындай бере­
тін. Пайғамбардың Мединеде салған мешіті төбесіне паль­ма
бұтақтары жабыла салған жұпыны сарай еді.
Осы дәстүрді Әбу Бәкір де ұстанды. Халиф қаланың сыр­

тындағы шатырда тұрды. Қызметін өткеріп болған соң, сол
елеусіз баспанасына жетуге асығатын.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Ислам тәлімінің осы артықшылығы екінші халиф – Омар­
дың тұсында бұзылды. Ол туған-туыстарын көтермелей бас­
тады, өзі де салтанатқа үйір болып алды. Қарудың күшімен
жаулап алынған елдерден тарту-таралғылар ағылды. Хали­

фаттың ішінде бақталастық өршіді, билікке талас қозды.
Біреулер Мұхаммед пайғамбардың үрім-бұтағы ғана халиф
бола алады десе, екіншілері еркін сайлау арқылы ғана тан­
даймыз деген пікірден айнымады. Дау жанжалға ұласып,

Әзірет Әлі мерт болды. Жаңа халиф араб жерінде тұруды қа­
жет деп таппай, елді Дамаскіде отырып басқарды. Сол жақтан
Мединеге түрлі қауесет жетіп жататын. Салтанатын асырған
билеуші ән салдырып, би билетіп рахатқа кенелуде деген сөз

мединеліктерге ауыр тиетін. Өйткені мұның бәрі, мейманасы
асу, дін жолынан ауытқу болатын. Ақыры Медине халифты
заңсыз деп тапты.
Бұл шешім қалаға қырғын әкелді. Ашуға булыққан халиф

Мекке мен Мединені тас-талқан қылды. Мұхаммед пай­ғам­
бардың серігі болғандар мен күрейіш руынан бес мың адам
өлтірілді.
Араб қылышы қынабына қайта сұғылған жоқ, Атлант

мұхитынан Гималай мен Үндіге дейінгі жер бағындырылды.
Осылайша ислам діні ұлан байтақ аймаққа тарады. Бірақ бұған
жаулап алушылардың қаруы емес, ислам дінінің құдіреттілігі
ықпал еткен еді. Мұхаммед пайғамбар дінге әкелген қара­

пайымдылық оның көпке ұғымдылығы мен шынайылығы
өзіне сара жол ашты.
Үш пайғамбар – бір тоқтам. Алланың хақтығы және жал­
ғыздығы. Алла тағала мұны адамзатқа үшінші рет ескертіп

отыр. Төртінші ескерту болар ма екен?!
Пайғамбарлар адамға қазы емес. Адам Алланың алдында­
ғы күнәсі үшін сол жасағанның, қоғамдағы қылмысы үшін
сол қоғамның алдында жауап береді. Пайғамбар адамзаттың

өміріне түзету енгізеді, рухани немесе біржола құрып кетуден
сақтайды. Сондықтан қиын уақытта келеді. Қоғамды, сананы
игілікке қарай өзгертуге күш бере келеді.
Өзіміз жоғарыда сөз еткен манускрипте адамзаттың жаңа

түр мен мағынада басқа планетада ғұмырын жалғастыраты­
ны жазылған. Сол планетаны суреттеп те берген, сипаттауына
қарағанда Марсқа келеді.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Бұған таңданудың қажеті де болмас. Ғарыштық ғұмыр жер
бетіндегі өмірмен тұйықталмайды ғой. Жер-Ананың мүм­
кіндігі де шексіз емес. Ол да біздің, адамзаттың, күнәлары мен
қылмыстарынан бір уақ дем алуы керек.

Ал әзірге адамға жұмыр жерде аялдай тұруға мұрсат беріл­
ген. Жалғыз шартпен... Егер адамдық кейпіңді жоғалтпасаң
және рухани тазалығыңды сақтай алсаң.
Пайғамбарлардан соң да адасқан адам мұны түсінер ме

екен?!

VІІІ

Сіздер Аллаға сенетін, ал дінге сенбейтін елдің қатары
молайып кеткенін білесіздер ме? Олар Хақ тағалаға иланады,
тәубәсіне келеді, бірақ не мешітке, не шіркеуге, не пұтханаға
бармайды. Ораза ұстау, басқа да үшін парыздарды сақтау

ойларында жоқ. Осындай адамдардың саны бүгінде 768 мил­
лионға жетіп отыр.
Аллаға осылай дінсіз сенудің себебі неде? Жүз емес, мың
емес, миллиондардың жер бетіндегі бір де бір діннің уағызда­

рын қабылдамауында терең сыр болуға тиіс қой.
Бәлкім, біз білетін діндер адамзаттың рухани талап-тіле­
гін қанағаттандыруға толық қабілетті емес шығар?! Мүмкін
діндер өзінің әуелгі тазалығынан айырылып, пенделік мүсә­

пір ой-идеялармен кірленген болар?! Әлде біздің дінге деген
кіршіксіз сезімімізді дінді уағыздаушылар әлдеқандай күнә­
һар қаракеттерімен сейілтіп жібере ме?!
Иә, бұл жалғанда адам ластамаған қандай қасиет қалды

дейсіз. Діннің бүгінгі тармақтары мен ағымдарына қарап
отырсаңыз, ислам да, христиандық та белгілі бар ықпалды топ­
тардың мүддесіне лайықталып, кей ретте тіпті таптық сипатқа
ие болғанын көресіз.

Исламның ішінде ваххабистік ағым бар. Ол XVІІІ ғасырда
араб көшпенділерінің арасында туған. Құм арасында қиын
күн кешкен бәдәуилер қалаларда тұратын елдің тым тәуір
өмір сүруін әділетсіздікке балады. Салтанатты байлар мен

саудагерлер халықты қанаушылар деп жарияланып, соларға

ШЫҒАРМАЛАРЫ

қарсы қарулы көтеріліс бұрқ ете қалды. Көтерілістің ұраны –
тең тұрмыс, артық байлықтан бас тарту еді.
Арабтарды қанаушылар мен қаналушыларға бөліп тастаған
ваххабистер XX ғасырда Еуропаның ықпалына қарсы шық­ты.

Мекке мен Мәдинені өздеріне қаратты.
Ал осы қозғалыс, байларға қарсы ат ойнатып ұрандау, Ре­
сейдегі таптық революцияға ұқсап тұрған жоқ па?!
Исламның ішінен туып, кейін біржола бөлініп кеткен тағы

бір тармақ – бахаизм интернационалдық бағытты ұстанады.
Тегеранда 1817 жылы туған Бахаулла есімді діндарды Алла­
ның елшісі деп мойындайды. Осы жалған пайғамбар барлық
адам бір ұлт болып бірігу керек деп уағыздаған. Ол үшін бес

шарт орындалуы керек.
• Рухани қайта түлеу;
• Барлық адамдардың бауырластығы;
• Әйелдер теңдігі;

• Дінбасыларына көзсіз бағынудан арылу;
• Дінге соқыр сеніммен берілуден және ырым-жырымнан
босану.
Бахаистер әр адамның және халықтың өз діндерінде қа­

луын қалайды, өйткені дін атаулының түбі бір, өзара тығыз
байланыста әрі бір-бірін толықтырып отырады. Олардың үн­
десуіне ұлттық мүдделер ғана кедергі болып келеді, сондық­
тан жалпы адамзаттық ынтымақ пен бірлік үшін сол мүдде­

лерді садақа ету парыз.
Бахаистердің осы уағызымен танысқан Лев Толстой: «Аса
ұлы әрі таза діни ілім», – деп жоғары баға беріпті.
Аталған ағым бүгінде дін ретінде әлемнің барлық түкпі­

ріне  таралған. Индияда, Америка Құрама Штаттары мен
Израильде, Сиднейде, Франкфуртте бахаистердің салтанатты
храмдары көз тартады. 1948 жылға дейін осындай храм Аш­
хабадта да болыпты.

Исламнан бөлінген бұл ағым заманның тынысын бағып
отыратын секілді. Ғылыммен байланысты қуаттайды және
өркениеттің жаңалықтарын оңтайлы пайдаланады. Адамның
рухани азат болуын үндейді. Әр адам ақиқатты өз қалауынша

іздеуі керек, қоғам соған жағдай туғызуға тиіс.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Біз жоғарыда баян еткен, діндерге сенбейтін, тек Аллаға
сенетін 788 миллион адамның бахаистерге ұқсастығы бар еке­
нін байқау қиын емес.
XX ғасырдың соңғы он жылдығында адамзаттың дінге сенуі

күшейді. Сонымен бірге әр дінге сын көзімен қарау, талғап,
таңдау ұлғайып келеді. Өйткені діндердің шығу және өзгеру
тарихын табуға, оны мен танысуға мүмкіндік көбейді. Әсіресе
христиан дүниесі туралы пайымдар жиі айтыла бастады.

Бүгінде әлемде 1 миллиард 990 миллион христиандар бар.
Олар өз ішінде былай жіктеледі:
• Католиктер – 1 миллиард;
• Протестанттар – 321 миллион;

• Православиялықтар – 222 миллион;
• Ағылшын шіркеуіне сенушілер – 74,5 миллион.
Христиан діні деп аталатын осы төрт буынның арасы
әр кездегі дін басылары енгізген түзетулердің салдарынан

едәуір ашылып кеткен. Ашылатындай жоталы себептер де аз
болмаған. Соның бірі – Рим епископы Геласияның XVІ ғасырда
Иисустың төл өсиеттерін жойып жіберу туралы бұйрығы.
Новый Заветтегі Иисус өсиеттерін тілге тиек етіп, епископтың

жаңа уағыздарына қарсы шыға берген діндарларға ол осылай­
ша тиым салды.
Кейін католик шіркеуі бұдан да батыл қадамға барды. Енді
Библияны насихаттап түсіндіру тоқтатылды. Осының бәрі

шіркеуге деген іштей сенімсіздікті оятты. Соның салдарынан
1054 жылы Рим империясы ыдырап, германдықтар жаулап
алған кезде православие католиктерден бөлініп шықты. Бұл
ағымды жақтаушылар католик шіркеулерінің әлемдік со­

боры құрастыратын уағыздардың қасиетті деп танылуынан
шошынған еді.
Христиан дінінің жіліктеліп кетуіне инквизиция да ықпал
жасады. Еркін ойға тағылық шабуыл түршіктірмей қойған

жоқ. XVІ ғасырда Еуропада католиктерге қарсы қозғалыс
жан­дана бастады. Неміс князьдері өздеріне және қол астында­
ғыларға дінді жүрек қалауымен таңдап алу құқын беруді талап
етті. Империяның бес князі мен бірқатар қалаларынан осы

мазмұнда «протест» жіберілді. Міне, осылайша протестанттар
пайда болды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Қазіргі күнде православиенің өзі дара басқарылатын 15
шіркеуден тұрады. Кипр, Грузия, Серб, Румын, Болгар, Поль­
ша, Америка, Словакия болып кете барады.
Бір діннің ішіндегі мұндай текетірескен қайшылық сол

діндегілердің көңіліне шіркеу түсірмей қоя ма?! Көзі ашық
діндар Иса пайғамбардың әуелгі өсиеті қалай бұрмаланға­
нын көрген сайын тарам-тарам ағымнан арылып, тек жалғыз
Аллаға жүгінуді ойламайды дейсіз бе?! Ал бүгінгі алыс-бе­

ріс көбей­ген  заманда, белгілі бір аймақты тек менікі деу
қиынға соғып бара жатқан шақта, жер шарын келісіп игермей
болашақтан қол үзіп қалу мүмкін екендігі күн өткен сайын
айқын аңғарылған тұста рух біріктіру идеясы өміршең бола

түседі десек, бұл да ақиқат. Анығында Мұса, Иса, Мұхаммед
пайғамбарлардың Алладан алған аманаты да осы, діндердің
тоғысуы – адамзаттың тоғысуы екендігі туралы ілім.
Заман озып, сана-сезім байсалды шағын тапқан сайын дін­

дердің арасалмағы өзгеріп келе жатқаны байқалады. Әлемде­
гі ең жас дін – исламның беделі арта түскені аңғарылып отыр.
Бүгінде мұсылмандардың қатары 1 миллиард 190 миллион
адамға жетті. Басқа діндерге статистикалық көзбен қарасақ:

• Индуизмге сенетіндер – 774 миллион;
• Будда дініне сенетіндер – 359 миллион;
• Тайпалық діндегілер – 252 миллион;
• Жаңадан пайда болған діндегілер – 101 миллион;

• Иудаизмді ұстанушылар – 14,2 миллион.
Осынау тармақтарға бөлінген миллиондар ұлы ақиқатты
сарыла іздеу жолында адасқан жазықсыз жапа шегушілер
секілді болып көрінеді. Әлемнің барлық даналары ғаламдық

маңызын елжіреп айтқан дін исламның сара бағыты табан
ізінен жаңылған сол көпті түбі бір өз даңғылына салатынына
сенгің келеді. Мұхаммед пайғамбарға Алла табыстаған ұлы
борыш адамзаттың саналық толысуы арқылы, шексіз сабыр­

мен осылай орындалары хақ.
Ал діндердің күні бүгінге дейінгі тарихында адамзатты
табыстырудан гөрі тартыстыруға көбірек қызмет еткеніне
мысал көп. Діни сыйыспаушылықтан туған соғыстар бұрын

да аз болмаған, қазір де жеткілікті. Жаңа мыңжылдыққа
жа­салып жатқан көп болжамның бірінде бұл дәуірде діни

АЛДАН СМАЙЫЛ шиеленістің асқынуы мүмкін екені айтылады. Діннің қайта­ дан мемлекеттік билікке ұмтылуы ғажап емес. Әлемде адамзатты тұтас ұйыта алатын діннен басқа рух сезімі жоқ, 6 миллиард жанды түріне, тегіне, тіліне қарамай, түгел ұйытуға қабілетті идея ұсынуға қабілетсіз мына дүниеде бәрі де ықтимал. ІX Ұлы ақиқатқа жету ұлы сабыр мен кіршіксіз құрметті қажет етеді. Бүгінде соның бәрін пайғамбарымыз туған топырақтан табасыз. Мұхаммед пайғамбардың, адам баласына Алланың ақ жо­ лын  ашқан ұлы тұлғаның, туған топырағы – Сауд Арабиясы жайлы сөз болса, қасиетті Қағба мен Мединедегі ғажап мешіт, содан кейін Жойқын құм дариясы көз алдыңа келеді. Сауд елі сол қос қасиеттің қадірін арттырған, құм теңізін ырыс мұхитына айналдырған, экономикасы мен мәдениеті барын­ ша дамыған, көсегесі көгерген ел, Алла жарылқаған, әлемге Алланың шапағатын жолдаған осынау алаңсыз ел әлімсақ­тан исі мұсылманға айрықша қымбат. Сауд жері – дін мұсылман­ ның құбылысы. Жаратқанға иман тілеп жалбарынған жанның жүрегін қасиетті Қағба иітсе, қария өңірдің ыстық құмы сол Қағбаны бауырына басқан. Ізгілік пен тазалықтың, имандылық пен мәңгіліктің құ­ быласы болған Қағбаны айналған, сонда ізгі ниетпен болған мұсылман әлемдегі барша пендеден бақытты. Осынау әңгімемізде Сауд Арабиясының Қағбаны ерте дү­ ниеден күні бүгінге дейін қалай қастерлеп келе жатқаны жай­ лы баян етпекпіз. Қағба жайлы сөз қозғауды мүмкін еткен Жаратқанның жақсылығына мың да бір шүкіршілік демекпіз. Ыбыраһым пайғамбар мен оның ұлы Ысмайыл ғибадат ету үшін салынған Қағба қай заманда да ықылас-құрметтен кенде болмаған. Оны көркейту алғаш рет б.д. 605 жылы қолға алынған екен. Бізге жеткен әңгіменің бірінде былай делінеді. Меккені мекендеген екі тайпа Қағбаны жөндеуге таласа­ ды. Әрқайсысы өз артықшылығын айтып, дау қызады. Осы

ШЫҒАРМАЛАРЫ

тартыстың үстінен шыққан Мұхаммед бір-біріне дес беруден
кеткендерді сабасына түсіреді. Желбегейін ше­шіп: «Мынаны
екеуің екі жағынан ұстап, Қағбаға керек тасты бірге тасың­
дар», – дейді. Қағба содан бері ымыра мен ынтымаққа қызмет

етуде екен. Бұл исламнан бұрынғы оқиға болса, дін ислам ор­
ныққан соң Қағбаға қамқорлық жасап, сәл кеңейткен адам
Омар халиф. Кейін Омея дәуірінде Абдел Мәлік халиф алдын­
дағы алаңды тағы да ұлғайтады. Египет пен Сириядан ар­

найы сыр алдырып, сол заманға лайық безендіреді. Аббасид­
дер дәуірінде Әбу Жаппар әл Мансұр төбесі жабық галерея
тұрғызады. 776 жылы әл Мағди халиф Әл-Харам мен Маса­
ның аралығындағы үйлерді сатып алады да, мешіттің алаңын

едәуір кеңейтеді. Алаң 120 шынтақ өлшеміне ұлғаяды.
Қағбаны кеңейтумен бұдан соң айналысқандар – Муата­дет
және Моктадер халифтар. Бұл 918 жылдардың шамасы еді.
Арада талай заман өткен соң Әл-Харамға айрықша қамқор­

лық жасаған адам, көрнекті мемлекет қайраткері, Сауд Араб
мемлекетінің іргесін қалаған ірі тұлғалардың бірі – Абдул
Азиз ибн Абдул Рахман әл-Хайзал әл Сауд. Сол күндерде,
яғни XX ғасырдың табалдырығында Меккеге аман-есен жету

үлкен олжа болатын. Құмды жайлаған бедеуиндер шалғайдан
қажып жеткен елге тұтқиылдан тап беретін. Абдул Азиз осы
қарақшылыққа бүкіл Сауд жерінде тосқауыл қойды.
Құла дүздегі құба шөлді мекендеген халықты Алла тағала

ырзықсыз жаратпаған. Мұнай атты ен байлыққа кенелткен.
Осы жер асты қазынасынан түсетін табыстың мөлшерін аңғар­
ту үшін 1995 жылы ол 60 миллиард АҚШ долларын құраға­нын,
ал 2000 жылы 69 миллиард долларға жеткенін айта кетейік.

Сол ен байлықты Алланың ақ жолымен адал жұмсау арқылы
Сауд халқы бүгінде әлемнің өндірісі мен ауыл шаруашылығы
қатар дамыған іргелі еліне айналып отыр. Жалпы жылдық
өнім бұл мемлекетте – 140 миллиард доллардан асып түседі.

Дүние жүзінің 118 елімен экспорт байланысын орнатқан.
Осының бәрін жіліктеп отырғандағы мақсатымыз – дін
исламға адалдық пен қасиетті Қағбаға құрметтің ұшан-теңіз
құт-берекеге ұласқанын бөле-жара айту еді. Ағайынға ой салу

еді. Осы мол байлық Қағбада аса ауқымды құрылыс жұмыста­
рын дүркін-дүркін жүргізуге ұдайы жұмсалып келеді. Сауд

АЛДАН СМАЙЫЛ

патша 1955 жылы Әл-Харам мешітін көркейтіп кеңейту жө­
нін­де  бұрын-соңды болмаған ұлан-ғайыр жоспар жасады. Ол
бірнеше кезеңге бөлініп атқарылды. Сол 1955 жылы Масаның
маңы тұрған үйлер мен сауда орындарынан тазартылып, Ма­

руаның жаны құрылысқа ыңғайландырылды. Осыдан соң
Маруадан Катараға және Шалиге дейін жол тарту қолға алын­
ды. Көп күш-жігерді қажет еткен осы қыруар шаруамен бірге
Масаның үстіне тағы бір ғибадат қатары тұрғызылды. Оның

ішкі бөлігі едәуір кеңейтіліп, ұзындығы 395 метрге жеткізіл­
ді, екінші қатар тоғыз метрге көтерілді. Масаның шығыс жа­
ғынан 16 қақпа ашылды.
Коммуникациялық жабдықтар да толығымен жаңартыл­

ды. Төменгі қабаттың астынан ені 3,5 метр кеңістік жасалып,
құбыр тартылды. Зор ықыласпен атқарылған осы істің әр сәтін
Сауд патша ұдайы қадағалап отырды.
Екінші кезең 1959 жылы басталды. Мешіттегі галереяның

іргесі қаланып, қабырғалары гранитпен көмкерілді. Арқа­
лықтар мен маңдайшалары асыл тастармен безендірілді. Құ­
рылыстың ауқымы бас айналдырғандай еді. Әл-Харамның
іргесінде мәрмәр төселген бес алаң кең көсілді. 64 қақпа жер

асты туннельдерімен жалғасты.
Бұл жолдар қажылық күндерінде жиналатын қисапсыз
елдің қиындықсыз жүріп-тұруы үшін жасалды. Ал қажылық
рәсімі мешітті қайта салу кезінде тоқтаған емес. Мыңдаған

адамның емін-еркін ғибадат етуіне құрылыс қызған шақтың
өзінде жағдай туғызылып отырылды.
Сауд патшаның бастамасымен бүкіл мемлекеттің назарын
ерекше аударған осынау ерен еңбектің нәтижесінде Әл-Харам

193 мың шаршы метрге кеңейтілді. Бұл осыған дейінгі көлем
163873 шаршы метрге ұлғайтылды деген сөз. Енді мешітке
бір мезетте 400 мың адам еркін сыятын болды. Қағбаның
төңірегіндегі алаң да кеңейіп, ғибадат етушілердің айнала

жүруі едәуір жеңілдеді.
Сауабы ұшан-теңіз, алғысы шексіз Алла қалаған іс еді бұл.
Жаңарған, ерекше ажарланған Әл-Харамға келген ел Жа­
ратқанға құлшылық етумен бірге мешіттің айрықша сәулеті­

не қуанып, иманға құштар жүректерді мақтаныш кернейтін.
Ал Қағбаға таза ниетпен бет түзеушілердің қатары жыл өткен

ШЫҒАРМАЛАРЫ

сайын толыға берді. Олар әуемен де, жермен де, теңізбен де
ағылып жатты.
Алланың ақ жолына түсушілер исламға ертеден иіген мұ­
сылман жұртынан тысқары елдерде де көбейді. Олардың

Меккеге жетуі де жеңілдеді. Енді Сауд патша қыруар күш
пен қаржы жұмсаған алып құрылыстың өзі тарлық ете баста­
ды. Мұрагерлік жолмен таққа отырған Фахд патша мен оның
ізбасарлары Абдел Азиз әл-Харамды одан әрі кеңейтудің

жаңа жоспарын ойластырды. Мешіттің батыс қапталына Әл
Омар мен  Әл Мәліктің аралығындағы кіші базардың жерін
қосу туралы шешім қабылдады. Айнала алаңды мәрмәрмен
көмкерудің жайы да қарастырылды.

Ықылас пен ырзалық қыздырған жойқын еңбек қайта
жаңғырды. Қойылған талаптың зоры – Әл-Харамға сабырлы
сұлулық сипатын беру еді. Таудан кесілген мәрмәрдің өңінде
салиқалылық танылуы мақсат етілді.

Ою мен нақыш халықтық өнердің дін исламнан нәрленген
мазмұнымен суарылуы айрықша ескерілді.
Жаңадан бой көтерген, биіктігі 89 метр екі мұнарадан
сымбатпен қатар мән тереңдігі есіп тұруы арман етілді.

Сап түзеген 1453 бағананың әрқайсысы жеке өнер туын­
дысына айналды.
Осы бағаналардың биіктігі 4,5 метрден асса, Әл-Харамның
еңсесі 22,5 метрге көтерілді. Ол бүгінде үш қабаттан тұрады.

Бірін-бірі әсем толықтырған осы сәулет ғажаптарын 71
алып люстра одан әрі көркейтті. Әл-Харамдағы шамдар шо­
ғырын қосып санасақ, 160-қа жетеді. Олар түгелдей мыс пен
хрустальдан жасалған. Әрқайсысы 13 метрге бой созған үш

күмбез заңғарлықтың белгісіндей қараған сайын баурай түседі.
Әл-Харам кеңдігімен және сәулетімен ғана емес, ғибадат
етушілерге барлық қолайлы жағдайдың жасалуымен де ерек­
шеленуге тиіс болатын. Мешіттің төменгі және жоғарғы қа­

баттарына жеңіл көтерілу үшін 56 эскалатор іске қосылды.
Оның әрқайсысы сағатына 15 мың адамды ерсілі-қарсылы
өткізе алады. Ал мұнараларға лифттермен шығасыз.
Қазақы ұғыммен айтсақ, ауқымы ат шаптырым деуге сыя­

тын Әл-Харамның іші ауа райының кез келген жағдайында
қоңырсалқын қалпын жоғалтпайды. Жанға жайлы самал бо­
5-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

йыңды сергітеді. Осы заманғы желдеткіштер жүйесіне қо­
сылған, мұзды судың салқынын үрлейтін насостардың қуа­ты –
13500 тонна.
Мешіттің жол тармақтарына дейін жүз ойланып, мың

толғанып барып жасалған. Автокөлік те, адам да алаңсыз
қозғалады. Қосымша салынған 4 көпір, жаяу жүргіншіге ар­
налған туннельдер инженерлік үздік шешімдер саналады. Ал
қажылыққа келген қалың ел аялдайтын шатырлы мекеннің

өзі қалаға бергісіз.
Сәулет өнерінің озығын, жоғары талғам мен зергерлік
шеберлікті қажет еткен осы құрылыс жұмыстарына 30 мил­
лиард Сауд реалы, яғни 11 миллиард АҚШ доллары жұмсал­

ған. Сөз орайында айта кетейік, Фахд патша билік құрғаннан
бері елдегі мешіттерді күтіп ұстауға және көркейтуте 18,6 мил­
лиард АҚШ доллары бөлінген екен. Дін исламның сауабына
бағышталған қаржының соңы да бұл емес. 1985 жылы ашыл­

ған Құран басып шығаратын ғылыми орталықтың бюджеті
бөлек қаралады. Шаңырақ көтерген 15 жылдың ішінде осы
жерде 160 миллион дана Құран кітабы басылып, мұсылман
елдеріне тегін таратылған екен.

Орталық Құран пайымы жайлы 700-ден астам зерттеу ең­
бектерін де әзірлеген.
Осы қыруар кітаптар аса сапалы қағазбен, ерекше мұқа­
бамен, алтынмен апталып шығарылатынын ойласаңыз, жыл

сайын ұшан-теңіз қаржы жұмсалып жатқанын зерделей ала­
сыз.
Біздің сол қаржының көлемі туралы сауалымызды орта­
лықтың жетекшілері ебін тауып жауапсыз қалдырды. Қасиет­

ті Құранға жұмсалған дәулетті санау әбестік екенін аңғарып,
бұл тақырыпқа қайтып оралған жоқпыз.
әл-Харам мешіті бүгінде сәулет өнерінің әлемдегі айтулы
ғажаптарының бірі. Сол ғажаптың тағы бір ерекшелігі –

қажылыққа келген елге барлық қолайлы жағдайдың жаса­
латындығы. Шалғайдан ізгілікке шөлдеп жеткен халық­
тың құжатын тіркеуден межелі жерге бастап апару, орна­
ластыру, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дейінгі қызмет аса

зор ерекшелікпен, мұсылман баласына тән ілтифатпен ат­
қарылады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Қажылықтың жүректерді иман-сауаппен әлдилейтін ға­ла­
мат сезім кәусары қайырымдылықтың қылаусыз шарафа­тына
ұласып жатады. Құрбандыққа шалынған мыңдаған малдың
тоңазытылған еті алыстағы мұқтаж елдерге жөнелтіледі.

Түгендеп айтсақ, Сауд Арабиясы жарты құрсақ халық­
тарға көмек түрінде жыл сайын 500 мың қой мен ірі қара
жұм­сайды  екен. Мұның сыртында берілетін миллиардтаған
доллар жәрдем және бар. Мемлекеттің бұлжымас қағидасы­

на айналғанындай, ішкі табыстың бес пайыздан астамын
әлем халықтарына көмекке ұдайы бөліп келеді. Біздің қолы­
мызға түскен дерекке сүйенсек, 1995 жылы Сауд Арабиясы
Африканың – 38, Азияның 22 еліне және дамушы 10 мемлекет­

ке 70 миллиард доллардан астам жәрдем көрсетіпті.
Дін исламға ұйыған осынау елге, барша мұсылман қауымы­
на Алланың нұры жаусын!
Дініміз – ислам. Қай қазақтан сұрасаң осылай дейді. Бірақ

сол қазақ өзінің тұрмыс-салтында, мінез-әрекетінде исламды
үнемі құрмет тұта ма? Бұл сауалға «иә» деп жауап берсек,
өтірікші боламыз.
Ғұсман халифтың (644-656) тұсында басталған ислам жо­

рығы тоқтаусыз жалғасып келіп, Кутейба ибн Муслим қазақ
жеріне күштеп таңған бұл дін біздің халықтың жүрегі мен
санасына әлі күнге дейін орнығу үстінде. Құран қағидаларын
бұлжытпай орындайтын жай қазақ былай тұрсын, шариғатқа

бүкіл жан-тәнімен адал молланы табу да оңай емес. Ал жал­
пыға аян осы ақиқаттың себебі неде?
Біздіңше, оның тамыры тереңде, тарихта, тарихпен біте
қайнасып кеткен көне сенім мен халықтың рухында. Исі қазақ

шыр етіп, жарық дүниеге келген күннен ежелгі Тәңір дінінің
нанымдары бойынша өмір сүре бастайтынын аңғара бермейді.
Ықылым замандар өтсе де, жадымыздан «Тәңір» атты құді­
рет тылсымы өшкен емес. Жүрегімізде сол Тәңірдің баламасы

болып табылатын ұлы Табиғатқа деген құрмет пен табыну,
тұрмысымызда жаратылыспен санасудан туған салт-дәстүр
ғасырлар бойы сақталып келеді. Сонда осынша иландырып,
бүкіл саналы тіршілігімізбен етене сіңісіп кеткен бұл қандай

құдірет? «Тәңір» деген не? Оған ата-бабаларымыз қай заман­
нан бастап сенген?

АЛДАН СМАЙЫЛ

Тарихтың атасы Геродот «История» атты әлемге әйгілі
еңбегінде Сақтар туралы айта келіп: «Единственный бог, ко­
торого они почитают, это – Солнце. Солнцу они приносят в
жертву коней, полагая смысл этого жертво-приношения в том,

что самому быстрому богу нужно приносить в жертву самое
быстрое существо на свете», – деп баяндайды.
Енді белгілі ғалым Лев Гумилевке жүгінейік. Түркі дүние­
сін терең зерттеген ғұлама «Хұндар» кітабында: «Хұндар жыл

сайын көктемде өздерінің ата-бабаларына, аспан мен жерге,
аруақтарға құрбандық берген. Күн сайын шаньюй (қаған) екі
рет – таңертең шығар күнге, кешқұрым айға тағзым еткен. Бір
іске айлар мен жұлдыздардың тууына қарап кіріскен», – деп

жазады. Ал «Көне түріктер» еңбегінде осы наным-сенімнің
түркілер әлеміне кеңінен тарап кеткенін айта келіп, Қытай­дың
«Вэйшу» және «Суйшу» шежірелерінен деректер келтіреді.
Вэйшу түркі дінінің бірнеше салтын атап көрсеткен: «Олар Хан

ордасына шығыстан кіреді. Жыл сайын ата-бабалар үңгіріне
барып құрбан шалады. Бесінші айдың ортаңғы онкүндігінде
қара халықты жинап, өзен бойында Көк аруағына бағыш­
тап құрбан шалады». Лев Гумилев осы деректерді салыстыра,

сабақтастыра келіп, түркілердің табынатын құдіреттерін бы­
лай саралайды:

1. Күнге табыну. Көк Тәңіріне табыну. Көк Аспанға табыну.

Аспан аруағына табыну. 2. Ата-бабалар аруағына табыну. 3. Тауға табыну.

* * *
Енді осы наным-сенімге ата-бабаларымыз қалай келді, соны
өзімізше таразылап көрелік.
Күнге табыну – Тәңірлік сенімнің ең жоғарғы сатысы. Ол –

жаратылысқа көзсіз табынып қана қоймай, шығармашылық­
қа, әлем сырын терең білуге, сол арқылы ғаламмен үндесуге
бастайтын қайнар көз, адамзаттың барлық игілікті ісіне шабыт
беруші. Бүкіл жаратылыс, аспан әлемі, жер мен көк, жан иесі

түгелімен Күннен нәр алып, мәңгілікке беттейді. Бұл орайда

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Күн саналы және санасыз өмірдің тамыршысы және реттеу­
шісі. Дүниедегі бірде-бір қозғалыс, ойлы немесе ойсыз қадам
мен өзгеріс Күннің қатысуынсыз жасалмайды. Магниттік
өріс, зат алмасуы, әлемдік тартылыс заңы, көненің тозып,

жаңаның көктеуі – бәрі Күн атты ғаламат энергиялық қуатқа
тәуелді. Күн құдіретінің әлемдік байланыстағы анық мыса­лы –
планеталар атаулының Күнді айнала қозғалатындығы. Осы
қозғалыс, солдан оңға қарай айналу бүкіл уақыт өлшемін өзіне

мәңгі бағындырған.
Саналы ғұмырдың тәңірі – адам миы клеткаларының ин­
формация қабылдау, оны қорыту және ой дамыту мен әрекетке
әмір беру жүйесі солдан оңға қарайғы болатын процестер­

мен реттелетіні баяғыда дәлелденген. Біздің тәніміздегі қан
айналымы да осы бағытта жүріп жатады. Табиғаттың аса
ай­батты құбылысының бірі – жел планетаны солдан оңға
қарай қыдыратыны, алып мұхиттардағы ағыстар да осы заң­

дылық­қа  бағынатындығы және анық. Сіз бұдан хабарсыз
болғандықтан, қолыңыздағы сағаттың тілі неге оңға қарай
айналатындығына, әрине, мән берген жоқсыз. Егер сағат тілі
керісінше қозғалса, адамзат уақытты секунд, минут және

сағатқа бөліп, дәл өлшеу мүмкіндігінен айырылар еді. Өйтке­ні
ол Күн реттейтін әлемдік тартылыс заңына қайшы келеді.
Бүл жаңалықты алғаш ашқан, сөйтіп Көк Тәңірі іліміне
ғұмыр берген ғұлама – Заратуштра. Біздің дәуірімізге дейінгі

жетінші мыңжылдықта өмір сүрген осы Тәңір текті даныш­
пан әлемдік қозғалыстың, тіршілік қозғалысының бағытын
төмендегі жобамен белгілеп беріп кеткен.
Осындағы крест – әлемнің төрт құбыласы. Ал олардың

ұшындағы төрт сызық планеталар қозғалысының бағытын
белгілейді. Заратуштраның бұл ғаламдық схемасын адамзат
мәңгіліктің белгісі деп қабылдаған. Заманалар өте келе осы
белгіні Гитлер фашизмнің мәңгілік билік құратындығының

АЛДАН СМАЙЫЛ

бейнесі ретінде таңдап алды. Ал крест христиан дінінің ажары
түрінде бүгінге жетіп отыр.
Талай ғалымдар Заратуштраның іліміне ілтипат біл­
діргенімен, оны терең зерттеген адам әзірге жоқ. Бертінде

Мурад Аджи Тәңір дінінің кереметтеріне назарымызды аудар­
ғаны рас, алайда бұл қадам да жазушының әсерлі пайым­
дауынан әріге ұзаған жоқ. Қазақ қаламгері Ә. Байбатша
«Қазақ даласының ежелгі тарихы» еңбегінде Заратуштраға

сәл ғана ат басын бұрады. «Дала халықтарының жоғары өр­
кениеті сақ тайпаларына біріккен кезенде тарих сахнасына
шыққан, дала мәдениетін жаңа сатыға көтерген кемеңгер»
деп тоқтайды. Басқа білімдарлар шығармаларындағы түйін

де осының төңірегінде. Біз мұны азсынып жүргенде, кейбір
замандастарымыз Тәңірлік нанымды түркі әлемінен алыс­
татып тастап, сонау Мысырдан іздейді. «Түркілер күнінің
батуы мен шығуы» атты мақаласында Олжас Сүлейменов:

«Бала күнге табыну, шамалауымызша біздің эрамызға дейін­
гі ІІІ мыңжылдықтың басында Мысырда пайда болған» деп
келте қайырады. Оған нақты дерек келтірмей, «бұлай табыну
көптеген тайпаларды Шығысқа қарай ұлы көшке, Батыста

сөнген Тәңір шамшырағын қайта жағатын күн Отанын іздеуге
жігерлендірді деген» тарихи сенімсіз уәж айтады. Егер бұған
сенсек, Шығыстағы халықтар мен дала жұртының арасы­
на батыстықтар келіп сіңген де, батыста пайда болған Күнге

табыну нанымын үйреткен.
Біз бұған келіспейміз. Біріншіден, Сақтардың Көк Тәңіріне
сенетінін баяндап кеткен Геродот б.д.д. 431-425 жылдар­
да туған. Сондықтан оған сол кезде қай халықтың қай дінге

сенгені, қай діннің қандай елде туғаны бес саусағындай анық.
Егер Күнге табыну О. Сүлейменов болжағандай, Мысырда
пайда болып, Батыстан Шығысқа тараса, Геродот Сақтардың
діні туралы айта отырып, бұл жайды назарынан тыс қалдыр­

мас еді.
Екіншіден, Батыс теологтарының бірде-бірінің еңбегінде
және Египет (Мысыр) тарихы жайлы жазбаларда Күнге, Көк­
ке, Тәңірге табыну туралы тура дерек жоқ. Оның орнына сол

Көкті, аспан денелерінің сырын бақылаған абыздар (жрецы)­
жөнінде көбірек айтылады. Ал мысырлықтар б.д.д. ІІІ мың­­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

жылдықта кімге табынды десек, жергілікті жарыл­қау­шы­
ларға, кейін аңыздық құдай – Птахқа, Атумға, құдай ана
Нейтке табынған.
* * *

Сонымен Көк Тәңірі, Күнге табыну таза далалық ілім дей­
міз. Сол даланың дана перзенті Заратуштра аспан денелерін,
ғарышты кемеңгерлікпен зерттей келе «Жетіқат» ұғымын
туғызды. Ғарыштың жеті белдіктен тұратынын анықтады.

Олардың, яғни Жетіқаттың жеті иесі бар. Бұлар: Санжар
(Сатурн), Шоңай (Юпитер), Аңырақай (Марс), Шолпан, Болпан
(Меркурий), Күн мен Ай. Осы жеті планета жиылып келіп
Көк Тәңірі құдіретін құрайды.

Тәңір дінінде жеті санының ерекше қасиеттелуі осыдан.
Дүние салған адамның жетісін беру – оның рухын жеті пла­
нетаның қамқорлығына тапсыру. Ата-баба рухы үшін немесе
қайғы-қазадан соң жеті нан атау – сол жеті аспан денесінен

қайырымдылық тілеу. Осы жерде жеті планетаның, Жетіқат­
қа сену мен оның жаратылысқа, сана мен қанға әсерін терең
білудің тағы бір кереметі келіп шығады. Жеті планета – жеті
иеден жеті ұрпақ туып, өсіп-өнбей, яғни жеті ата өтпей қан

араластырмау кемеңгерлігі туған. Осы ілім, осы сыр біздің
жан мен қан тазалығымызды, сол арқылы рух пен сана та­
залығымызды мәңгілік сақтап келеді.
Заратуштра данадан қалған ілім бойынша, Жетіқаттың

жан иесіне жолдайтын қырық жақсылығы мен қырық зауалы
бар. Нәресте ана құрсағынан жарық дүниеге шыр етіп келген
сәттен бастап қырық күн бойы осы жеті планетаның қырық
жақсылығына нұрланады. Сәбиді қырқынан шығарып, қы­

рық қасық сумен шомылдыру оның тәні мен жанына сол жақ­
сылықты тіршіліктің тағы бір қасиетті нәрімен сіңіру болып
табылады.
Баланы қырқынан шығару ата-ананың ғана парызы емес,

алқа-қотан ағайынның, бүтін рудың өнегелі ісі. Ол күні қуа­
нышта шек болмайды, мал сойылып Жетіқатқа құрбандық

АЛДАН СМАЙЫЛ

шалынады, ән айтылып, сәбиге арналған ақ тілек қылаусыз
ақтарылады.
Қайтыс болған пенде ол да нәрестедей таза, бұ дүниелік
аярлықтан мүлде ада болуға, Көк Тәңіріне күнәсіз аттануға

тиіс. Жұмыр басты пенденің бұл дүниеден күнәсіз өтуі қиын.
Оны күнәһарлыққа итермелейтін күш жер бетінде жыртылып
айырылады. Жоқшылық, қоғамның қатыгездігі, әділетсіздік
тағы басқа оралғылар сүріндірмей қоймайды. Марқұмның

сол қателіктері үшін оны Жетіқаттың, Көк Тәңірінің қырық
зауалы күтіп тұрмақ. Осы жазадан дүние салған адамды араша­
лауға асығу артында қалған ағайынның парызы. Туған-туыс
сол себепті марқұмның қырқын беріп, Тәңірдің алдынан өтеді,

рухқа айналған пендеңе кешірімді бола гөр деп жалбарынады,
құрбандық шалады.
Заратуштра ілімі адам мен ғаламды осылай үндестіреді,
табиғат пен жан иесінің мәңгілік байланыста екенін солай

тия­нақтайды. Бұл таным адамды басқа діндердің аңыздық
сарындарындай белгісіздікке, мифтік бұлыңғырлыққа үйір­
мейді, жаратылыстану ғылымының анық дәйектерімен бау­
райды.

* * *
Қазақтың ұлы даласы сол кемеңгердің жойқын лабо­
раториясы болған. Ұлан жазықтағы обаларды зерттеген ға­
лымдар олардың аспан планеталарының қозғалысын зерттеу­

ге арналған астрологиялық құрылымдар екенін дәлелдегелі
қай заман?! Бұған күмәнданғыңыз келсе, мына ұқсастыққа
зер салыңыз. Обалар көбіне жетеу болып келеді, яғни жеті
планетаны мегзейді. Олардың орналасу реті де сол жеті пла­

нетаның ғарыштағы орын тәртібіне бағындырылған.
Бұл не? Жай еліктеу ме? Жоқ. Ол Күн сәулесінің жеті
планетаға түсу ретін білуге жасалған талпыныс, сол арқылы
әлемдік табиғи құбылыстардың сырын ұғудың жолы, астро­

логиялық көрегендік. Дәл осы даналық жылдың қанша айға,
айдың қанша аптаға, аптаның тәулікке, тәуліктің сағатқа,
сағаттың минутқа, минуттың қанша секундқа бөлінетіні тура­
лы мәңгілік маңызы бар жаңалық ашқызды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Сәуле қозғалысының жеті планетаны қыдыру ретін ұдайы
бақылау жер бетінде болатын табиғи апаттарды алдын ала
болжауға, жыл маусымдарының қабағын тануға мүмкіндік
туғызды. Жаратылыспен тілдестірді. Бұл ұлы далада сонау

ерте заманнан өркенді шаруашылықты дамытуға жол аш­
ты, ғылымның басқа да салаларына ғұмыр берді. Тәңірге
тағзым еткен ұлы далада әлемді аузына қаратқан айтулы
ғалымдар, дүние жүрегінің соғысынан сыр сауған кемеңгер­

лер сомдалды. Талай ғаламат жаңалықтар ашылып, қоғам
мен адамның түңғиығын түгендеген сұңғыла ойлар қанаттан­
ды. Жаратылыстың көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын
қарапайым заңдылықтарынан бастап Жетіқатқа астасқан алыс

құпияларын игере келіп, енді соның өз тілінде, төл сезімінде
сөйлеуге кұштарланды. Түркі кемеңгері Әл-Фарабидің да­
налығымен жеті планетаның жеті әуені, жеті музыкалық
нотамен өрілді. Дүние үні, әлем сазы, шексіз сезім даусы сол

жеті нотаға сыйып келеді, жеті әуез Көк Тәңірінің ана тәлімді
әлдиі болып тербетіп келеді.
* * *
Біз мал баққан ауылда тудық. Төрт түлікті қадірлеген ел­

дің салтын, табиғатпен тілдесу ғұрыптарын әдейі бақылама­
сақ та, әкелеріміздің даладағы кейбір мінезі жадымызда.
Менің атам Смайыл деген кісі сол даланың әр тасын танушы
еді. Жазда жылқыда жүргенде таң рауандап атқанда, тал

түсте және ақшамда көк жиекті ұзақ шолатын. Тас обаларға
қарап күбірлейтін. Содан соң жылқыны бүгін түн және алдағы
күндері қай жерге беттетіп, қалай қадағалауды құлағымыз­
ға сіңіретін. Ал түн баласы айдан, үркер мен сүмбіледен сыр

сауатын. Шалқасынан туған айға қарап: «Білгенінді істеп ал
деп шалжиып жатуын», – деп қабақ шытатын. Ай шалқасы­
нан туса, ауа райы тынышсыз, құбылмалы болатынын содан
аңғаратынбыз.

Орақтың жүзіндей иілген жаңа айды көргенде, айрықша
бір имандылықпен тізе бүгіп, Хақ тағалаға мүлгігендей жү­
гініп:

АЛДАН СМАЙЫЛ

Ай көрдім, аман көрдім,
Ескі айдан есірке,
Жаңа айдан жарылқа, –
деп мінәжат етуші еді.

Көненің көзіндей болған қарт кешкі қарауытқан тауға да
тағзым етіп, еліте күбірлеуші еді. «Тау тәңірі Алтай, алтын
бесігіміз, жарылқай гөр» деуші еді, «Түнгі аспанға ұзақ қа­
рамаңдар, киесі бар» дейтіні де есте. Осының бәрі Көк Тәңіріне

табынған әлімсақтағы ата-бабалардың ұлағаты екенін сонда
білдік пе. Жоқ, сезген де емеспіз. Бірақ Күн құдіретіне, Ай
қуатына, Табиғат тылсымына сендік. Сеніп тұрып медет
еттік, жасқандық. Ешкім соған баулымаса да ұйыдық. Жара­

тылыстың өзі ұқтыруымен, бізді туған халықтың рухына
сіңген наныммен, Тәңір тәлімімен иландық.
Ата-бабалар санасы мен рухының ғарышпен сіңісіп кетке­
ні соншалық, олар күнделікті өмірде сәт сайын қауышатын

кіші әлемге талпынды. Ал ол кіші әлем – сол бабалардың
даналығынан туған кәдімгі қарапайым киіз үй.
Жезқазғандық ғалым Ғұзыхан Ақпанбек «Қазақтардың
дүниетанымы» еңбегінде киіз үйдің ғажаптығын ғылыми не­

гізде әдемі баяндайды.
Керегенің бір қанатындағы желілер 14 ересіннен, 9 саға­
нақтан, 9 балашықтан тұрады. Алты қанат үйдің сағанақ­тары
мен балашықтарының саны – 108. Бұл сан ежелден аспан саны

болып есептеледі... Үй сыртынан айналдырыла тартылған
белдеу – аспан белдеуі – зодиактік шеңбер. Шаңырақ шеңбер
тәрізді тоғыннан және күлдіреуіштерден тұрады. Күлдіреуіш­
тер парабола тәрізді иіледі. Түндік жабылған шаңырақтың

айналу параболоиды. Бұл пішін көк күмбезінің кішірейген
бейнесі. Түндік шаршы тәрізді жасалады да, әлемнің төрт
бағытын нұсқап тұрады.
Енді уық санына назар аударайық: 45, 60, 72, 90, 120. Бұл

сандардың барлығы 360-ты қалдықсыз бөледі.
Күн тұсау бойы, шідер бойы, арқан бойы көтеріледі. Осы
өлшемдер шаңырақтан түскен күн сәулесінің жүрген жолы­нан
көрінеді, уық санымен есептеледі. Басқаша айтсақ, уақытты

1-5 минутке дейін дәл өлшейтін күн сағаты. Уықтары конусты

ШЫҒАРМАЛАРЫ

жасаушылар деп есептесек, төбесіндегі бұрышы 108 градусқа
жуық болып шығады. Жоғарыда айтылған аспан саны тағы да
кездеседі.
Ғұзыхан Ақпанбектің бұл сипаттауына қосып-аларымыз

жоқ,тек 108 саны – аспан саны туралы бір ғана мәліметті
келтіре кетсек дейміз. Бұл санды түркілер ғана емес, шы­
ғыс халықтарының біразы қастерлеген. Мәселен, жапондар
адамның денесіндегі сүйектің саны 108 деп біліп, пенденің

Көкпен осылай үйлескеніне сенген. Сол 108 сүйекті қайта
жинаса, өлген адам тіріледі деген түсінік болған. Ғибадатханаға
кірер алдында барабанды 108 рет ұрған. Біздіңше, 108 саны –
аспан құрылымының 108 дәйегі. Адам денесіндегі 108 сүйек –

сол 108 дәйектің жан иесін де жетілдіруге жүргенін, оның
барлық жанды-жансыздың құрылу, түзелу шарты екенін
аңғарғандай боламыз.
Анығында. Тәңірлік ұғымда адам кіші әлем болып сана­

лады. Ал кіші әлемнің барлық болмысы – үлкен әлемнің көшір­
месі. Сол кіші әлем – адам тас обалар мен киіз үй арқылы үлкен
әлеммен сәтті жалғасып, сәт санап, тілдесіп, астасып отырған.
* * *

Иә, Тәңір діні – қанға сіңген, санаға сіңген, рухқа сіңген
дін. Жаратылыс – құдірет, Табиғат – Ана. Ауылда туған әр
азамат осы құдіретпен әкелер нанымы, даладағы тірлік ғиб­
раттары мен қазақ шаңырағындағы салт-дәстүр арқылы

тілдесіп өсті. Түн баласы Айды қастерледі, жүлдыздарға
тағзым етті. Құс жолынан қасиет, Темірқазықтан тектілік
таныды, ағып түскен жұлдыз күрсіндірді, өмірдің өткінші
екенін еске түсірді. Тас қараңғыда аспан асты қақ айырылып,

жасын тілгілегенде Көктің құдіреті күшті екендігіне илана
түсті. Айлы түнде айдалада қара қоста айналаға әлдебір се­
зікпен, әлдеқандай үмітпен үнсіз қарап жатып, әлемнің тыл­
сым сарынына құлақ түрді. Сонда не естіді, нені аңғарды? Ға­

ламдық ұлы қозғалыстың ғайыптан талып жеткен беймә­лім
үніне қанды. Сол үн, сол тылсым сарын, ғарыш демі бал­қытты
да маужыратты. Көк Тәңірінің әлеміне сездірмей баурап бара

АЛДАН СМАЙЫЛ

жатты. Жанарына жұлдыз ұялады, түнгі айдың сүт сәулесі
тал бойына шым-шымдап сіңіп, барша мұңнан аршыды, тәтті
мұңға ұйытты. Сол мұң, тәтті мұң, әдемі әлди мұңы Тәңірге
деген сағыныш, Тәңір есімді жақсылыққа іңкәрлік, Көк есімді

Әлем-Анаға перзенттік махаббат мұңы екенін сезді ме ?!
* * *
Тәңір дінінің етенелігін адамды көкке көтерген рух ас­
қақтығынан да танимыз. Ол бұл өмірден озғандар мен ті­рі­

лердің арасын мәңгілікке байланыстырып, ата-баба аруағын
әспеттеді. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан «Ежелгі жыр-
аңыздар» еңбегінде: «Исламнан бұрынғы табынатын ұлы
күштің бірі – ата-бабаның қабірі жатқан ұйық жер», – деп

жазады. Лев Гумилев «Ата-бабалар аруағы демеуші және Көк
Тәңірімен арадағы өкіл ретінде сыйындырғанын» дәлелдейді.
Осы сенім Көк Тәңіріне парапар Аруақ ұғымын туғызды.
Аруақ – адам жанының мәңгілік екендігінің, өшпейтіндігі­

нің, қайта о дүниелікте тылсым құдіретке, ерекше желеп-
жебеушілік қасиетке ие болатындығының көрінісі. Егер бұған
күмәндансаңыз, иісі қазақта ата-баба аруағы аян бермеген,
желеп-жебемеген адам жоқ екенін ойға алыңыз. Қай пенденің

болсын, қысылғанда тілінің ұшында алдымен аруақ тұрады.
Қуанғанда және үміттенгенде де солай, аруаққа сиынып іс
бастау, перзентіне ата-баба рухынан медет күту, аруақтың
разы болуын үнемі есте ұстау қанға сіңіп, жүрекке ұялаған,

төр­кіні адам баласының жаратылысында жатқан ұлы ізгілік,
тәңір­лік ілімнің ұлағатты шындығы, имандылық бастауы.
Аруаққа сену мен тағзым етудің себебін іздесек, ата-ана –
жаратушылық қасиетке ие құдіреттің бірі. Біз әке мен шеше­

нің қанынан жаралдық. Екеуінің махаббатынан нәр, рухы­­
нан жан бұйырды. Олай болса, ата-ана – өмір иесі. Көк Тәңірі
берген әуелгі тірлікті жалғастырушы. Бұл ретте ол кіші Тәңір
түрінде табындырады. Ұлы Тәңірмен байланыстырушы ерекше

қасиет бейнесінде тұлғаланады. Егер ата-баба рухы жоғалса,
соңғы ұрпақ пен Жетіқаттың арасындағы саналық байланыс
үзіледі, табиғи сабақтастығын жоғалтып, ғаламды мағына­
сыздық билейді, зерделі тірлік жабайыланады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Біз Тәңірлік ілімнен қол үзгеннен бері, «аруақ» ұғымына
ғылыми мән берген емеспіз. Оған қанға сіңген қасиетпен
сенгеніміз болмаса, түсінуге талпыныс жасалған жоқ. Ал
мұны жаратылыстың табиғи, ғаламдық заңдылықтары ар­

қылы пайымдау адамның өзін-өзі тануына, әлемдік саналық
байланыстарды ұғуға, сол арқылы рухани асқақтауға бас­
тайтын ғаламат қадам болмақ.
Заратуштра кемеңгерден кейінгі түркі ғалымдары әл-

Фараби, Бируни мен Ибн Синаның еңбектерін зерделеп оқы­
ған кісі дүниеде жанды-жансыздың бәрі бір-бірін өмірлік қа­
жетті қуаттармен нәрлендіріп отыратынын білер еді. Бұл қуат
қазіргі ғылымда биоэнергия деп аталады. Осы биоэнергия­

ның екі тармағы бар, алғашқысы – бізге Күннен және басқа
планеталардан келетін инфрақұрылымдағы қуаттар болса,
екіншісі – бізден ғарышқа бағытталатын сана энергиясы,
ешқашан өшпейтін – жан, оның рухқа айналу қасиеті.

Сана әлемде өздігінен жеке-дара тұратын ештеңе жоқ еке­
нін, сол сананың әрбір лүпілін ғарыш, оның ішінде жеті
планета, Көк сезіне алатынын, біздің пиғылымыз бен ние­
тімізге жауап беріп отыратынын, жақсылықтан қуатта­на­

тынын терең түсінген сайын ғаламдық жоғары даму са­тысына
көтеріле түседі. Сананың жаратылыстағы орнының ерекше­
лігі соншалық, табиғат оны ұдайы жетілдірумен келеді. Өзі­
нен үйрету, құбылыстарының сырын үйрету, жаратылысқа

деген құрметін ояту арқылы шыңдап отырады. Ал сананың
жоғары даму сатысы дегеніміз – адамның табиғатпен толық
үндесуі, жаратылыстың барлық тылсымын меңгеруі. Сол
тұста адам мен қоршаған ортаның арасында сезім жүреді, біз­

дің әрекеттеріміз табиғатқа, әлемдік құбылыстарға зәредей де
зардабы тимейтін, қажеттіктерді рухани алмасу арқылы өтеу­
ге мүмкіндік туғызатын ғылыми жетістіктер дүниеге келеді.
Адамзат бұған қол жеткізу үшін Жетіқатпен биоэнергиялық

қуат алмасуының қалыпты болуына ұмтылуы керек. Ал біздің
ғарышқа және жаратылысқа беретін биоэнергиялық саналық
қуатымыз қандай? Олар:

1. Адамзатты ізгілікке бастайтын философиялық даналық; 2. Адамзаттың мәңгілік ортақ рухани игілігіне айналған

шығармашылық дарынның туындылары: әдебиет, музыка,
сурет, ғылым ғажаптары;

АЛДАН СМАЙЫЛ

3. Баршамыздың ізгілігіміз.

Кемеңгерлік философиялық ой адамдар мен халықтар ара­
сындағы, қоғамдағы қарым-қатынастарды жетілдіру, Жер
атты планетада бейбітшілік пен әділдік орнату, биік адамгер­
шілік қағидаларын қалыптастыру арқылы әлемдік тепе-

тендіктің сақталуына ықпал жасайды.
Ақыл мен сезімге бірдей айрықша қозғау салатын, жан
мен рухты ананың ақ сүтіндей нәрлендіретін, адамды өзіне,
ізгілікке, жанарына сыйған дүниенің бәріне ғашық ететін,

мәңгілікке кететін өлең мен ән-күй, қыл қаламның құдіреті,
өмірлік мұрағаттарға қол жеткіздіретін ғылыми жетістік­
тер – әлімдік қозғаушы күшке ие құдіреттер. Біз солар арқы­
лы адам жанының терең иірімдерін жүрекпен қабылдап қана

қоймаймыз, дүниенің, барша жаратылыстың рухына қанамыз!
Ар-рухқа жақындау – періштелік ғұмырға жақындау, сана­
лық аса жоғары даму биігіне көтерілу. Сондықтан адам өзінің
осындай керемет таланты арқылы әлемнің нұрлануына қыз­

мет етеді.
Баршамыздың ізгілігіміз – адамзаттың осы даналық ақыл-
ойы мен дарынының жеңіске жетуі.
Сол заңғар бағамдардың шыңынан түркі-қазақ дүниесіне

көз салсақ, Тоныкөк, Әл-Фараби, Ибн Сина, Асан қайғы,
Қорқыт, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Абай, Құрманғазы мен
Тәттімбет, Мұхтар Әуезов, Нұрғиса... – қуатты рухқа айнал­
ған, екі дүниелік сипат алған ғаламдық тұлғалар. Кемеңгер­

лігі ұрпақтан ұрпаққа ұлағат болған, шығармашылық та­
ланты ғасырларды тамсандырған, ойды заманнан оздырған
осы даналардың ұлы рухына қалай табынбайсың?! Ата-баба
аруақ ұғымын сондай кемеңгерлердің ерекше қасиетін қас­

терлей отырып асқақтатқан. Сөніп жатқан сезімге, өшкен
үмітке, күйзелген жүрекке жан салатын дарын – ешқашан
жоғалмайтын мәңгілік рух. Аруақ мәңгілігі.
* * *

Иә, Көк Тәңірі мен пенде, жаратылыс саналық тұрақты
байланыста. Заратуштра данышпан сендіргендей, адам Жеті­
қаттың жерге жолдайтын биоэнергиясын тәні мен жанына

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ізгілікпен сіңіре алса, ғұмыры көктейді. Керісінше жағдай­да –
өмірде тозады.
Көктің осы қуатын санасына мол дарытқан жан адамзат
таңқаларлық тосын қасиеттерге ие болады. Мұндай қасиет

қазақ бақсыларына қонған. Ғұлама Шоқанға жүгінсек: «Бақ­
сылардың атақтысы Бағаналық Қойлыбай, ол бақсылардың
бақсысы әлде пірі. Тағы Балақай деген бар, ол да бағаналық
Көкшетау округінде Шүмен деген бақсы бар. Көкаман мен Ер

Шойлан – Қойлыбайдың жындарының аты».
Шоқан Уәлиханов бұл бақсыларды Тәңір дінімен орайлас
қарайды. Атақты ғалым Әлкей Марғұлан да бақсылықтың
анықтығын қуаттаған. Бұл пайымды Мағжан Жұмабаев өлең­

мен өрнектеді:
Ертеде ел бар екен қалың Найман,
Қытайға қалың Найман қанат жайған.
Қалың Найман ішінде Бағаналы,

Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,
Алдында жорғалаған шашты шайтан.
Қойлыбай қобыз алса-ақ қалбалаңдап,

Көкаман жетіп келед әлдеқайдан.
Өр ақын Күнді, сол арқылы Көкті дәріптеді:
Ерте күнде отты Күннен Гун туған,
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам.

Жалғыз бұл емес, Мағжан шығармаларында Тәңір, Күн,
От құдіреттері жиі асқақталады. Осыдан оңаша ой түйеміз:
түркі-қазақтың аруақты дарындарының бәрі дерлік Тәңірді
әспеттейді. Шоқан Уәлиханов пен Әлкей Марғұлан бақсылар­

дың атасына бағалаған Қорқыт баба: «Тәңірге сиынбаған
адамның тілегі қабыл болмайды», – дейді.
* * *
Тәңірлік наным табиғатты жанды дей отырып, әр нәрсенің

иесі мен киесі бар деген ізгілік ойға шақырады. Бұл түйін –

АЛДАН СМАЙЫЛ әлемдік имандылық түйіні. Мұны теріске шығару бізді обалсауаптан алыстатады. Жанды-жансызды иесіз санау арқылы қатыгездік пен жауыздық көктейді. Түркілік даналық, індетіп айтсақ, тәңірлік даналық сол жанды-жансыздың саналық байланыста болатындығы туралы ілімді әлемдік философия­ лық бәйге төріне шығарып, Жақсылық атты ұғым туғызды. Содан бері адамзаттың ақыл-ойы сол Жақсылықтың төркінін тану мен оған жетудің жолындағы ізденіс пен қиналыс үстінде келеді. Осы ізденістің шырайын шығарып, қиналысты жеңіл­ дететін, ұлы дүниені құрайтын ақиқат – жанды-жансыздың киелі Рух арқылы мәңгілік байланыста болатындығы. Бұл шындық түптің түбінде жалпы әлемдік дамуға кедергі бола­ тынның бәрінің жалғандығын анықтайды. Мұндай жал­ ғандықтың түрі мен сипаты сан алуан. Олардың сорақысы – қолдан жасалған дін. Қоғамдағы жеке тұлға не үркердей топ әкеліп таңған жетесіз идеология, өз тұсындағыдан басқаның бәрін талақ ететін астамшылық пиғыл. Белгілі бір діни ағым немесе қоғамдық танымнан зәредей де болса, зорлықты күштеп таңуға ұмсындыратын уағыз тап­ саңыз, оған күмәнмен қараңыз. Адамзатпен әлімсақтан бірге туған, арада неше заман өтсе де ұмытылмаған, қанмен дарып келе жатқан өркендінің бә­рін қастерлеңіз. Ол жаратылыстың сынынан, даму тезінен, арұяттың қыл көпірінен өткен. Дүниені бөліп-жармайтын, адамзатты жікке бөлмейтін, көзқарастар сойқанын өршітпейтін, бірді көптен дараламай­ тын, сонысымен зорлықсыз әлемді уағыздайтын таным – Ата – баба танымы. Жан сабақтастығы арқылы сәбидің сезімімен бірге келіп ғұмыр бойы рухани желеп-жебейтін құдірет – Аруақ қүдіреті, ата-баба Рухы. Тәңір жар болсын саған, саналы дүние! Аруақ қолдасын сені, адамның ақ ниеті! XІ Тәңірлік сенім қасиетінің бірі – тектілік. Тектілік деген киелі ұғым – ертеден қалыптасып, жігіттің сынын, аталы ел­дің қадір-қасиетін айқындап келе жатқан нышан. Тегін

ШЫҒАРМАЛАРЫ

жоғалтқан түгел жоғалатынын, түбінен айырылғанның түгі
қалмайтынын бүгінгі заман айқындап берген жоқ па? Қазақ
жан сүйсіне риза болудың белгісін «Е, ол текті атаның тұяғы
ғой, сүйегі асылдығына басады да» деген төркіні түгел төбе

сөзбен білдірген. Түңілу мен түршігу «тексіз неме емес пе, одан
не үміт, не қайыр» деген тірідей көмер суық сөзбен сездіріл­
ген. Азаматқа алғашқысын естуден артық мәртебе, соңғысын
естуден өткен қорлық болмағандай.

Бұдан ұғар сыр мынау: әкенің тексіздігі – балаға сор, бала­
ның нашарлығы – ата-бабаға сор. Тегінің ар-намысын ойла­
ған жігіт арғы-бергі үрім-бұтағының қамын қатар күйттеп,
жанын арына садаға етер еді.

Өткен тарихымызды, сол тарих қалыптастырған ұлттық
қадір-қасиетімізді, қанға сіңген әдет-ғұрыпты сараласақ,
тектілік деген ұғымды үш мағынада алып қарауға болатын
сияқты:

• Тұқым мен қан тектілігі;
• Азаматтың өз басының тектілігі;
• Халықтың тектілігі.
Алғашқы мағынада ол әулет пен үрім-бұтақтың өн бойын­да

үзілмей келе жатқан түпкі тектілікті білдіреді.
Исі қазақтың бәрі мойындаған осындай ұлы тектілік әріде
Шыңғысханнан басталатын төре тұқымына, беріде Абылай
балаларына қатысты айтылған. Бұл ұрпақтан тараған ұл-

қыздың осалы жоқ, бәрі қазақ жеріне қаһармандығымен,
ұлтжандылығымен, кемеңгерлігімен мәшһүр болды. Азды-
көпті ғұмырларын елдің қамын ойлап, ат үстінде жүріп, кү­
респен өткізді. Бұл бір. Ұсағы жоқ, ірісі көп киелі тұқым еді.

Абылай ханның өз басы сарқылмайтын ерлік дастаны десеңіз,
Кенесарының даңқы құдіретті уақыттың өзін табындырып,
мәңгі жасай бермек.
Тілесе, берер тілек бір құдайдан,

Орта жүзде хан өтпес Абылайдан, –
дегізіп, Шал ақынды тамсандырған тарихи тұлғадан өрбі­
ген ұрпақ ауыз толтырып айтар біліктілер мен бірегейлерге,
ерендер мен өрендерге, шүкір, кенде емес.

6-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

Заман зымырап өткен сайын қадірі арта түскен, ұрпағы­
ның алғысына бөленіп, пір тұтар әулиесіне айналған екінші
бір дара тұқым – ұлы Абайдың айналасы. Өнер әлемінде, ақыл
әлемінде Абай топырағының бәрінен де мәртебесі биік, сал­

мағы басым. Қадыр ақынша толғансақ, күпі киген кемеңгер өзі
ғана, макинтожды миғұла толып жатыр. Бұл тұқымның тым
әріден басталған киесі бар, қанға сіңген тектілік қасиеті бар,
үзілмей жалғасқан желісі бар. Кеңгірбай – Құнанбай – Абай –

Ақылбай болып өріле береді.
Ақмола топырағында осындай қасиет Бөгенбай тұқымына
қонған. Атақты, аруақты батырдың кемеңгерлік сыр-сипаты
мен ірілігі өз басымен сап тыйылмай, Бапан, Саққұлақ Нұралы

шешендермен әдемі өрім тапқан. Асылы, дара тектіліктің
сара белгісі осында, атадан балаға дарып отыратын қан асыл­
дығында. Уақыт өтер, қалың қанжығалының Бөгенбай өнген
саласынан батырдың өзіндей, не көзіндей ұрпақ дүниеге келер,

исі қазақ текті ұлына кенелер. Бұған күмән келтіру мүмкін
емес.
Қазақ ұғымындағы осы тұқым тектілігінің құлдырауына
бұдан 300 жыл бұрын басталған отаршылдықтың зардабы

қатты әсер етті. Ресей қазақты бөліп алып бір билесе, текті
тұқымдарды шілдің қиындай тоздырып екі биледі. Хандықты
жойып, ел басына сұлтандар мен болыстарды әкелгенде, оның
түпкі саясаты – халықтың тізгінін тектілердің қолынан алу

еді. Текті әулеттерді жұрт көзінше тексіздерге айналдыру
еді. Төре тұқымы, қазақтың басқа да атақты әулеттері осылай
бірте-бірте қадір-қасиетін жоғалтып, әр ит бір шабаланатын
көлденеңдеп өткен көк аттының кебін киді. Қырағыдан көз

кетті, би аузынан сөз кетті. Мылқау шешен болды, дүлей көсем
болды. Дулат ақынша айтсақ:
Қайран қазақ қайтейін,
Мынау азған заманда,

Қарасы – антқор, ханы – арам,
Батыры көксер басы аман,
Бәйбіше – тантық, бай – сараң,
Бозбаласы – бошалаң,

Қырсыға туды қыз балаң,

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Ебі кеткен ел болды,
Енді қайда мен барам? –
деген кез келді.
Тектілердің қатарын сиретіп, қасиетінен айырудың түбі

немен тынарын Үмбетей жырау да ерте болжады.
Бай болмаған бай болса,
Жайламаған сай қоймас.
Би болмаған би болса,

Айтылмаған сөз қоймас.
Хан болмаған хан болса,
Қанамаған ел қоймас, –
деп күңіренді.

Бұл өзіміз куә болған кеңестік жетпіс жылдың айна-қате­
сіз көрінісі еді? Талай тексіз ел мен жерді астындағы тағы­
на, қолындағы жөн-жосықсыз бағына сатып, діңкені құртып
біткен жоқ па? Сор маңдайға біткен сондай сан тексіздің әлі

күнге кежегесі кері тартып жүр емес пе?!
Текті тұқымдарды тентіретіп жіберген, қараны ханға те­
ңеген, сорлы болған сайын сорпаның бетіне шыққан заманда
азаматтың өз басының тектілігі айрықша бағаланады.

Әкем бар – жетесіз,
Шешем бар – некесіз.
Өзі болған жігіттің
Тегін сұрап не етесіз, –

дейтін алдаспан мінез, айбарлы Сырымды текті емес деп кім
айтар?
Кешегі өткен Бауыржан ағамыз да қай тектіден кем еді?
Ханнан тарамағанымен, бай-патшаның деңгейінде көрінді,

төреден тумағанымен бүкіл елге төрелік айтты емес пе?!
Өкінішке орай, мұндай асылдар аз, жасықтар көп. Бұған
менің дәлелім көп.
Баяғыда, компартияның дәуірінде, Целиноград облысын­

дағы Астрахан ауданын билеп-төстеп тұрған Еренковтың

АЛДАН СМАЙЫЛ

озбырлықтары жайында «Коммунизм нұры» газетінде мақа­
ла жарияланды. Оны жазған партия тұрмысы бөлімінің қыз­
меткері Серік Шайманов еді.
Еренковты сынап жазуымыздың себебі – шовинизмнің

дертінен таза емес. Аудандық атқару комитетінің төрағалары
болған қазақ жігіттерін адымын аштырмай қағып түсіп жа­
татын. Оның қазаққа шүйілгені сонша, шөп әкеле жатқан
ақсақалдың арбасына от қойып жібереді.

Мақалада сол ауданда тұратын біраз адам Еренковтың
осындай талай-талай қыспағына куә болғанын айтады. ша­
ғымдары шалқаңнан түсіргендей. «Мың асқанға – бір тосқан»
деген осы дестік. Бірақ көп кешікпей су сепкендей басылдық.

Жазылған жайға байланысты обкомның комиссиясы шық­
ты да, мақаладағы деректер дәлелденбеді деп қайтып келді.
Серікке мәлімет берген ағайындарымыз әуелгі сөзінен бас
тартып, бұғып қалыпты. Сөйтіп журналист бәрін өз ойынан

жазған суайтқа айналды.
Міне, тексіздіктің сорақылығы.
Екінші мысалды Атбасар жақтан келтірейік. «Қараөткел»
газетінде осы ауданның әкімі Пашковтың қазаққа әпер­ба­

қандығы жөнінде баяндайтын мақала жарияланғаны бүкіл
Ақмолаға аян. Ал сол мақалаға қол қойған біраз азаматтың
артынан «білместік болды, жаздым, жаңылдым» деп орта
жолда сүрініп-жығылғанын көпшілік білмейді. Бұл да әлгі

тексіздіктің салдары емей немене?..
Үшінші мысал: Ақмола қаласынан. Осындағы 2552 авто­
колоннада тақырыбы қиын екі жиналыс болды. Кәсіпорында­
ғы жүргізушілердің отыз пайыздайы қазақ азаматтары болса

да, басшыларға сөзін өткізе алмай жүрген. «Ескі мәшинелер
беріледі, үй кезегі сақталмайды, әділетсіздік көп» деген ша­
ғым түсті. Алғашқы жиынға арнайы қатыстық. Біраз жай
анықталды, колоннаның директорына сөгіс беріліп, жіберіл­

ген кемшіліктерді жою жөнінде қатаң ескертілді.
Арада бірер ай өткен соң, жүргізушілердің өкілдері тағы
келді. Директор түзелудің орнына асқына түскен. Айтулары­
на  қарағанда, ел әбден ызалы көрінеді. Ертеңгі жиналыста

тура отыз адам ашына сөйлемек екен.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Айтылған уақытта «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі
Мұратбек Тоқтағазы екеуміз жетіп бардық. Зал толған ел,
төрде бір қора басшы. Облыстық атқару комитетінің өкілде­рі,
транспорт басқармасының басшылары және басқалар бар.

Көп қауымның ішінен бір жігіт суырыла сөйледі. Сөзі ор­
нықты, дәлелдері көңіл толтырарлық. Одан соң директордың
жағындағылар судай сапырылды. Мінбеге бірінен соң бірі кө­
терілді. Бұлар да шетінен шешен, жап-жақсы әзірленгендері

көрініп-ақ тұр. Ал сөйлейді деген отыз адамнан әлі белгі жоқ
Манағы қазақ жігіті жан-жағына қарап қолдау күтеді, бірақ
қозғалар ешкім көрінбейді, бәрі міз бақпай мелшиіп қалған.
Ақырында директордың сойылын соғушылардың айда­

рынан жел есті. Жаңағы жалғызға тұс-тұстан жабылсын келіп.
«Соттау керек, жала жапқаны үшін жазалау керек»,– деп, тап-
тап береді. Бауырларымыз сонда да селт етпеді.
Ағайындарымыздан түңіліп, жер болып қайттық. Отыз

қазақ жігіті, кейін білгеніміздей, директордың құрғақ уәдесі­
не сатылыпты.
Өзімізді-өзіміз қаншама көкке көтергенмен, кемшілігі­міз­
дің көптігін ұмытпауымыз керек. Қазіргі азаматтардың тек­

тілігі бүкіл халыққа тән олқылықты көре біліп, соны түзету­
ге ұмтылумен, елдің мүддесі жолындағы жанқиярлығымен
өлшенеді. «Мен қазақ едім, халқымның ұлы едім» деп үйде
де, түзде де зар еңірегеннің бәрі текті емес. Атақты Шоң айт­

қандай: «Нар баласы бақырауық болмас». Арлы ер аз сөйлеп,
көп тындырар. Тек осындай табанды азаматтардың қатары
толыққан сайын халық тектілене түседі.
Атақты Шортанбай былай шерленген екен:

Таңда мақшар күнінде
Атаның тілін ұлы алмас,
Ананың тілін қызы алмас,
Айта беріп қайтейін,

Өлінің тілін тірі алмас,
Жақыннан шыққан жақсыны
Ағайын-жұрты көре алмас.
Заманақыр белгісі –

Бірге туған бауырың
Тату да болып жүре алмас.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Осыны бүгінде жиі көріп отырмыз ғой. Қазақтың басы қо­
сылып болған жоқ, жікшілдікпен жілігіңді шағып жүрген­
дер жетіп жатыр. Ал біздің қазіргі шағымызда, ғасырлар
бойы аңсап күткен тәуелсіздіктің туы қолға тиген тұста,

бірлі-жарымның емес, әркімнің, бүкіл елдің Хан Тәңіріндей
тектілігі керек. Осы тұста тағы да ақынға, қайран Махамбет­ке
жүгінейікші:
Қабырғасын қаусатып,

Бір-біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек,
Біздің бүйткен бұл іске, –
деген ғой қайсар шайыр. Шіркін, дәл осындай нар қылықты, ер

қалыпты азаматтар қайда?
1986 жылы желтоқсан қырғынында мен Алматыда партия
мектебінде болдым. Жастар көшеде жазықсыз жапа шегіп
жатқанда, сол кездегі басшы қызметкерлер біздің алдымызда

кезек-кезек үгіт жүргізді. Не айтпады олар сонда. Қонаевты
ұлтшыл деді, әскери офицерлердің құрамын қазақтандыруға
тырысқан, ұлттық балабақша ашқан, жоғары оқу орындарын­
да қазақ жастары көбейіп кеткен, ана жерде ана қазақты, мына

жерде мына қазақты көтерген деді. Бар пәлені үйіп-төкті. Қазір
солардың кейбіреулері өз ұлтының жанашыры болып, үл­кенді-
кішілі мінберлерден жар салып жүр. Ал текті азамат осылай
қырық құбылар ма еді?

Қазақ ақсақалдары алдына келген азаматтың ататегін екі
мақсатпен сұраған. Бірі – жалпы жөн білу үшін, екіншісі –
тегін танып барып, сөз өрбіту үшін. Тегіне көңілі толса, месе­
лін қайтармаған, түбі жұтаң болса, емексітіп қана шығарып

салған. Өйткені түбі күдіктінің сөзіне қырық кісі куә керек.
Қай атаның болмасын пір тұтқан ардақтысы бар. Олар
ұмытылған сайын ұрпақтың санасындағы тектілік ұғымы да
жұтаңдайды. Сондықтан өз басым әкенің атымен бірге атақ­

ты бабасының есімін келтіріп, оған «тегі» деген анықтаманы
қосып жазу дұрыс деп есептеймін.
Мақалада біраз бабаларымыздың тектілігіне тоқталған бол­
дым. Бұл қазақта содан басқа текті ата жоқ дегеніміз емес.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Халықтың қай буыны болсын тарихта өзіндік із қалдырған.
Атырау мен Алтай арасын жайлап, кіндігін Ұлытауға байла­
ған Алаш ұранды қазақ жұртынан тектіліктің талай таңдай
қақтырған қасиетін танисың. Қысқасы, тексіз ата жоқ, тек­

тілігін ұмытқан ұрпақ бар. Сол ұрпаққа тектілік рухын ұяла­
тар ұлағат әлі де аз. Біздің сорымыз, міне нақ осында.
Айтсаң – тәкаппар да айбатты, кең де кемеңгер халықты
айт. Ерінің ерендігін қосып айт. Текті ер елін көкке көтереді,

тексіз арын төктіреді. Тектілікті, осы бір киелі қасиетті қайта
тірілтіп, азаматқа – ту, жұртқа ұран етейік!
Алдымен, Аға буын, сен ойлан. Ағалыққа бет алған, жа­
ғалыққа жете алған, орта буын, сен де толған. Үкілі үміт – жас

толқын соңыңа ерер серт етіп.
Бабамның қанына біткен, Атамның бойына біткен, қай­
дасың, қайран тектілік!

АЛДАН СМАЙЫЛ

ЖАНТАЛАСҚАН ЖАҺАН

Жаһандану: теория мен әрекет
Жаһандану туралы пайымдар мен қаракеттер планетада
бірін-бірі жоққа шығаратын екі көзқарасты қайшыластырып
отыр. «Шекаралар символикалық мәнге ие болып, мемлекет­

тер саяси мүдделерін өзара тиімді экономикалық мүддеге
бағындырғанда, адамзат дамудың жаңа даңғыл кезеңіне аяқ
басады», – дейді оны жақтаушылар. «Бұл тұжырымның ас­
тарында қой терісін жамылған бөрі пиғыл жатыр. Жаһанда­ну –

әлемді тұтас билеуге бағытталған державалық ашкөздіктен
басқа ештеңе емес», – дейді қарсы тұрушылар.
Мұның қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екенін айыра алмай
аңтарылған елдің күдігі көп, «Глобализация» деген сөзді ес­

тіген сайын ұлтқа, оның территориялық тұтастығы мен дәс­
түрлі мәдениетіне, тілі мен рухына ғаламдық қатер төніп
келе жатқандай үрейленеді. Қай континентті алып қара­
саңыз да, мейлі ол Латын Америкасы, Кіші және Орта Азия,

Африка болсын, осы сезіктен ада емес. Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Әзірбайжан секілді «ресейлік-кеңестік жа­һан­
данудан» зорға құтылған республикаларда да солай, қо­ғам­дық
пікір қобалжулар мен шарасыздықтан, ішінара мо­йын­сұнудан

тазара алмай әуре. Аталған елдер зиялыларының қай­сы­бі­
рі: «Глобализациядан қашып құтыла алмайсың, оған бейім­
делу керек», – деген Шыңғыс Айтматовты қолдаса, көпшілігі
«ортақ өгізден – оңаша бұзау» принципінде. Енді бір шоғыры

осы құбылыстың түпкілікті мәніне көз жеткізе алмай үнсіз.
Шындығында «Жаһандану» деген не? Ол тарихи-фило­со­
фиялық ағым ба, әлде XXІ ғасырмен ере келген мылтықсыз
отарлау саясаты ма? Бәлкім, адамзаттық-қоғамдық дамудың

болмай қоймайтын заңды жалғасы шығар. Біз әлемді тұтас
жетілдіретін, бұрын-соңды кездеспеген жаңа өркениетті фор­
мацияның табалдырығында тұрған болармыз. Егер солай бол­
са, жаһанданудың идеологиясы қандай?

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Арғы-бергі саяси-философиялық және көркемдік-эстети­
калық ағымдарға барлау жасасақ, жаһандану құбылысы тыл­
сым жұмбақ емес екенін, өзінің ұзақ мерзімдік тарихы мен
теориялық институтын жасап үлгергенін көреміз. Тым әріге

кетсек, ол Александр Македонский, Еділ (Аттила), Шың­ғыс­
хан әрекеттері болып, жаһанды түгел билеуге ұмтылу секілді
тұрпайы түрінде кездеседі. Осы атышулы тирандар­дың  қай-
қайсы да әлемді тізгіндеу идеясының құлы еді және дү­ниені

жаулап алуға болатындығы, бұл жойқындықтың ғаламдық
даңққа бөлейтіндігі жайлы даңғаза желікті кейінгілерге мұра
етіп кетті.
Аталған жаһанқұмарлар әлемдік фольклорда ұлы тұлға­­

лар ретінде дәріптеледі, өткендегі және бүгінгі жазба әдебиет­
те де солай. Македонский жайлы Плутархтан бастап талай
тарихшылар мен қаламгерлер тебіренді. Еділ Ұлыбритания­
ның батырлық дастаны «Видсидте» ұлы корольдердің қата­

рында мадақталса, Италияның дарынды композиторы Джу­
зеппе Вердидің «Аттила» операсы Еуропа сахнасын емін-еркін
шарлады. Шыңғысхан жайлы тамсанған шығармалардан атан
түйенің белі қайысады.

Бұдан мынандай түйін түйе алар едік: жаһанданудың,
нақтырақ айтсақ, көзсіз күшке сүйенген тұрпайы ғаламдану­
дың идеологиясы көне ауыз әдебиетінде жасала бастаған.
Сол ұшан-теңіз байлықтан нәрленген ғаламдық идея өзінің

бастапқы болмысында агрессивті сипатқа ие болды. «Біз әлем­
ді ат үстінде жаулап алдық, ер үстінде ұстап тұруымыз керек»
деген Шыңғысхан тұқымы Құбылайдан бастап, Британияға
«ұлы» деген атақты қосарлап қойған ағылшындық империя­

лық өктемдік пен Батыс холизміне дейін солай. Жаһанға
олардың бірі даңқ үшін, бірі жойқын байлық үшін, бірі нә­
сілдік үстемдік үшін аранын ашты. Державалық қуатқа ие
болу Британияны адам айтса нанғысыз байлықта шалқытты,

империя тоқыраған 1901 жылдың өзінде әр ағылшынға он отар
құлдан келген.
Батыста, оның ішінде Германияда холизм идеясы басым
еді. Бұл идеяны туғызушы Гермес Трисмегист «Әлемде бәрі

байланыста, біртұтас. Ғаламда өз бетінше тәуелсіз ештеңе
жоқ, жеке адам да, халық та жақындасу, араласу арқылы ғана

АЛДАН СМАЙЫЛ

тәуелсізденеді» деген ойды уағыздады. Бұдан нәсілдер болып
оқшауланудың негізі жоқ деген тұжырым таралған. Бертінде
осы ұғымды германиялық географистер басқа арнаға бұр­
ды. Неміс географы Фридрих Ратцель (1844-1904) оған ұлт­

тық астар берді. Мемлекеттер мен ұлттар өмір үшін тұрақты
күрес жағдайында болады, әлділері өздеріне шекаралас әл­
сіздерінің есебінен ғұмырын ұзартады. Егер экспансиялық
күшке ие мемлекет жаулап алу әрекетін тоқтатса, құлдырау­

ға ұшырайды, көп ретте жойылып тынады деген байламын
мемлекеттік мұратқа айналдырмақ болды.
Осы ұйғарымға толық қосылған неміс геосаясатшысы Карл
Хаусгофер (1869-1946) «Экспансия – өмірлік кеңістікке ие

болу. Сондықтан ол мемлекеттік саясаттың өзегіне айналу
керек» деп нығарлай түсті.
Бірте-бірте жаһандық нәсілшілдікке ұласқан осы фило­
софиялық ағымның терең тамыры еврей жұртының ұлттық

тарихында үстем болған географиялық концепцияда жатқа­
нын да айта кетейік. Әлемдік үстемдікке негізделген бұл кон­
цепция осы ұлт философиясында 3000 жыл бойы сақталған.
«Книга Откровения» мен «Книга Пророка Иезикиильде» әлем­

дік шырқау шыңында еврейлер тұратыны, олар тарихтың ба­
рометрі екендігі, еврей халқының мәңгіліктігі баяндалып,
Мессия туралы хабарланады. Кейін Мессия ұғымы әлемдік
рейх түрінде түрленіп шықты. Планета тұтастығын сақтау

үшін дүниежүзілік рейх керек делінді.
Осы байламды насихаттаушылар жаһандық биліктің мұн­
дай үлгісі көнеде болғандығына сендіріп, «алғашқы рейх
Атлантидада еді» деп жар салды. Ренессанс заманында оның

орнын Еуропа басыпты.
Неміс географшылары бұл тұжырымды іліп ала жөнелді,
үшінші рейх Германия болады деп құлшынды. Вашингтонда­
ғы Германия тарихи қоғамы Мессия төбе көрсетті дей отырып,

оның билік құру мерзіміне дейін тәптіштеді, 1000 жылдың
шеңберінде қарастырды. Гитлер атқа қонысымен: «Мессия –
менмін», – деп өршіді.
Жаһанданудың осы агрессивті теориясы әрекетке ұласу

арқылы екінші дүниежүзілік соғыс өртінің тұтанғаны белгілі.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Адамзат осыдан кейін күшпен жаһандандыру идеясынан
біржола бас тартуы керек еді. Алайда экспансияны жақтай­
тын холизм мен географияшылдық ойлар сол сұрапылдан соң
да естіліп жатты. Батысшыл ғылыми философ Карл Пеппер

адамдар өзі сенген ақиқатын басқаларға таңуға асығады де­
ген пайымын мемлекеттік, жаһандық ауқымда ұлғайтты,
еуропалық қоғамдық-саяси үлгіні әлемде орнықтыру идеясын
көтерді. Неміс Герденің көкейі де осыған ұқсас еді, ол жер

шарында төрт немесе бес нәсіл бар, қалғандары адамзат те­
гінің түрлі бояулары ғана екенін дәлелдемек болды. Сол бес
нәсілді әлемнің тағдырында жауапты етіп, «бояу» секілділер­
ді санаттан сызып тастады. Мұның астарында жаһанды түбін­де

таңдаулылар билейді деген емеурін бар еді.
Осы тұста Америка Құрама Штаттарының саясаттанушы­
сы Р. Райт онша үлкен емес және біртекті ұлт жасау идеясын
уағыздай бастады.

Бүгінгі жаһандану теориясында бұл идея аса ызғарлы
естіледі. Сараптап көріңіздер, Райттың «онша үлкен емесін»
қалай түсінеміз?! Ол таңдаулы ұлтқа ғаламдық үлес беріп,
өзгелерінен бас тартуды ұсынып отырған жоқ па екен?! «Бір­

текті ұлт» дегеннен де соның салқыны еседі ғой. Бәлкім,
еуропалықтар Американы, Австралия мен Океанияны жау­
лап алған кездегі оқиғалар көзіне елестейтін шығар. Осы
экспансияның салдарынан тасманиялықтар, оттыжерліктер,

бушмендер, азанделер, гаваялықтар, араукандар, тлинкиттер
жойылып кетті. АҚШ саясаттанушысының жаһанданудың
жойқын процесінде әлемдегі даму деңгейі төмен халықтар
солардың кебін киеді деп дәмеленуі де мүмкін.

Осы күдікті болжамдардың қай-қайсы да түршіктіреді,
әсіресе үш ғасырдан астам патшалық, соңынан ресейлік-ке­
ңестік «дөрекі жаһанданудың» ащы дәмін татқан біздер үшін
тым уытты. Славяндық еместерді ұлттық құқықтан жұрдай

еткен осы отарлау заманында да жекелеген нәсілдердің жойы­
лу құбылысы болмай қалған жоқ, вепстер із-түзсіз кетті, қайсы
бір ұлттар үстем халыққа сіңе бастады.
Н.Я. Эйдельман «Грань греков» деген еңбегінде мынандай

дерек келтіреді: 1762 жылы Екатерина ІІ таққа отырғанда
Ресейде 18 миллион адам болған, арада екі ғасыр өткенде

АЛДАН СМАЙЫЛ

олар­дың саны 146 миллионға жетеді. Сонда 128 миллион жан
қайдан келген? Соғыстан көз ашпаған, провинциаларында
індет пен аштық болып тұрған Ресейде табиғи өсім арқылы
бұлай толығу мүмкін емес еді, ендеше отар ұлттардың есебі­нен

шығар дейсің.
Мұны бертінгі Ресей саясаттанушылары мен зиялылары
жоққа шығармайды, олардың орыс болып кеткен басқа ұлт
өкілдері тым көп, бұлар тағдырлы кезеңдерде Ресей үшін бас

қатырмайды, сондықтан елдің ұлттық қауіпсіздігі үшін нақ­
ты есебін алып, таза қанды славяндардың қатарын анық­
тау керек деген идея көтергенін білеміз. Вологда қаласында
1985 жылғы 29-30 мамырда өткен «Кеңес әдебиетіндегі қа­ра

топырақты емес аймақтың мәселелері» атты ғылыми-прак­
тикалық конференцияда осындай шешім жасалды. Мұны аз
десеңіз, орыстардан басқа ұлттарға білім беру, ғылымға тарту
салаларында шектеу қоюға үндеді, бұл Ресейдің болашағы

үшін қатерлі екен.
Біз бастан өткерген КСРО-лық жаһанданудың түр әлпеті
осындай. Егер оның түпкі мұратына және тегі бөлектерге
жасаған экспансиялық-идеологиялық қысымына терең бой­

ласаңыз, исі ғаламданудан безе қашасыз.
Бұдан шығатын қорытынды – жаһандану аз ұлттар үшін
қалайда тиімсіз. Әйтсе де, соны көріп-біле тұрса да, сол шағын
ұлттар зиялыларының арасынан ғаламданудың дербес түрі

болып табылатын федерациялық бірігуге құштарлар әр кезде
де табылған, әлі де бар. Қазақстанда КСРО тарай бастаған
тұста кейбір қазақ беделділері Ресеймен конфедерациялық
одақта болу идеясын жанұшыра насихаттады. Дәл осын­

дай «одақшылар» Еуропаның қаруынан да, үстемдік идео­ло­
гиясынан да зәрезап болған Латын Америкасы елдерінде де
аз кездеспегенін Леопольдо Сеаның «Философия Американ­
с­кой истории» еңбегінен біле аласыз. Мексиканың осы әлем­

ге танымал философы Еуроцентризмге қарсы шыға отырып,
Батыс саясатының түпкі мәні басқа елдерге өзінің өркение­тін
таңу және сол өркениеттен басқаны мойындамайтын, дәстүр­
лі ұлттық мәдениетін жатсынатын зиялылардың қатарын

молайту  екенін дәлелдеп береді. Ал мұндай интеллигенция­­
ның сыртқы дүниеге әсіреқызылшыл болатыны, отаншылдық

ШЫҒАРМАЛАРЫ

се­зімін жоғалтатыны белгілі. Олар одақтанудың да, жаһан­
данудың да кез келген түріне ынталылығымен ерекшеленеді,
өйткені ұлттық мұраттардан жұрдай.
Осыған пейіл бере отырып, лажсыздықтан мынандай тү­

йінге тірелесің: жаһандану XXІ ғасырда екі жақты процеске
айналып барады, оның қозғаушы күші – Еуропа мен АҚШ,
жақтаушылары – ғаламданудан үріккен халықтардың ұлт­
тық қаны сұйылған өкілдері. Бұлар әдетте өздерін ұлтты

әлемдік өркениетке бастаушылармыз деп есептейді. Жерік
асындай жұтындырған сол әлемдік өркениет еуропалық не­
месе американдық реңде ғана бола алмайтынын, адамзаттық
мәдениетке негізделетінін түсінгісі келмейді, бұлар батыс­

тық не ұлттық рухани дәстүрлердің уызына жарымағандар.
Жаһандық мәдениетті туған халқының төл мәдениетінің
сүзгісінен өткізіп барып тану, мүмкіндігінше әлемдік өр­ке­
ниетті өз өркениетіңмен байытуға ұмтылу туралы сондықтан

да ойланбайды. Бұлардың: «Еуропалану – дамушы елдерде
өркениетті өмір салтын орнықтыру» деген ұраны әр аймақта
күн өткен сайын ащы естілуде.
Олар егер техникалық немесе экономикалық араласуды

дара насихаттаса, мұның жөні басқа, ал еуропалық салттың
көй­легін  әкеліп кигізе салу ақылға қонбайтын, ұлттардың
табиғи және тарихи дәстүрлерінің даму заңдылықтарын
өрес­кел бұзуға әкеліп соқтыратын теріс қадам. Осы күнге

дейін еуропалық мораль мен тұрмыс салты әлемдік үлгі бола
алады деп өзгелер түгілі, еуропалықтардың өздері де ашық
айтқан емес. Егер Батыс адамзат моралінің озық үлгісін қа­
лыптастырса, сол кәрі құрлықтың философы Юнг: «Европа –

матерь всех демонов», – демес еді.
Латын афоризмі бар: «Бір адамға ғана арналған өмір өзінің
мәнін жояды». Сондықтан да шығар Леопольдо Сеа: «Сырт­
қы елдердің дәстүрлеріне еліктеу – теңізді жыртумен бір­

дей», – деген. Ал біздің кейбір әсіре зиялыларымыз нәсілдерді
дәуірлеп келе жатқандар мен дәурені өткендер деп екіге бөле­
тін генетикалық-теориялық ағымға теріс қарамайтындар­
дың шылауында жүргенін сезбейді. Олар француз халқының

Жанна д’Аркті өлім жазасына кескен епископ Кошонды бес
жарым ғасыр бойы қарғап келе жатқанын әредік еске алып

АЛДАН СМАЙЫЛ

тұрса, дұрыс болар еді. Ал тәуелсіздікті, ұлттық дәстүрлер мен
рухани азаттықты дарға асу одан да ауыр қылмыс қой. Үнемі
мейірімді бола беруге тәңірдің де шамасы жоқ дегендей, ұдайы
кешірімді болуға халықтың төзімі жетпес, ұлттық мүдде­

мен жасырынбақ ойнағысы келгендерге әділ сот әйтеуір бір
шақырылатыны анық. Өйткені Хосе Гаос (Латын Америкасы
философы) айтқандай: «Басқалардан үйренуге болады, бірақ
өзіңнің өткеніңнен бас тарту мүлде мүмкін емес». Ал өтке­

нің – дәуірлер бойы қалыптасқан дәстүрлі өмір сүру салтың,
заманалар сынына төтеп берген танымың мен ұлт ретінде
сақтап келе жатқан мәдениетің.
Қария тарих халықтар қисапсыз араласқан сайын олар­

дың мәселелері күрделене беретінін дәлелдеуден жалықпай
келеді. Ұлттық қиын түйіндер бір ғана елдің, ол әлемдік держа­
валық қуатқа ие болса да пәрменімен түбегейлі шешілген емес.
Сондықтан да Джозев Нидемнің «Әлемдік мәселелер, олар тек

еуропалық көзқараспен талқыланатын болса, күрделі күйінде
қала береді» деген тұжырымына толығымен қосыласың.
Мексика ойшылының бұдан біраз бұрын, 1975 жылы,
айтқан осы пайымынан АҚШ-тың әлемге танылған мемле­

кет қайраткері Збигнев Бжезинскийдің Құрама Штаттар­дың
200 жылдық мерейтойында жасаған баяндамасы аса ал­шақ
кетпеген еді. Жазатайым жаңсақтық жасап алмау үшін оның
Америкаға әлемдік көзқарас жөніндегі тұжырымын орыс

тәржімасымен беруді жөн көрдік. Ол АҚШ-тың 1776  жы­
лы қабылдаған Тәуелсіздік Декларациясы ескіргенін, осы
Декларацияға негізделген бүгінгі халықаралық саясаттың
да еркіндік іздеген халықтардың тарапынан қолдау таппай

отырғандығын, тіпті кей ретте ашық қарсылық көрсетуде
екендігін айта келіп, былай дейді: «Современный мир про­
являет вражду к нам не столько в декларациях, хотя и это
имеет место, сколько складам своих ценностей и чаяний,

отличных от наших, североамериканских. Международная
политика сделалась скорее политикой равноправия, нежели
политикой свободолюбия, а народные массы, ориентируясь на
такую политику, нуждаются, главным образом в материаль­ном

равенстве, а не в конституционной или духовной свободе».

ШЫҒАРМАЛАРЫ

З. Бжезинский теңдік мәселесін айта отырып, материал­дық
теңдікті рухани бостандықтан неге жоғары қойып отыр?
Мұның мәнін АҚШ пен Еуропаның халықтар бостандығы
туралы бүгінгі философиясынан табасың. Олар әлемге идеал­

дар ұсынып отырған жоқ, өздерінің державалық мүдделерін
тықпалауда. Бұл мүдделер саяси ықпалды күшейту арқы­
лы шексіз материалдық игілікке жетуді көздейді, сондықтан
бостандық пен рухани теңдік ұрандары осы мұратты жүзеге

асырудың даңғаза идеологиясы ғана.
Міне, бүгінгі жаһанданудың Еуропалық және АҚШ-тық
тұрпаты осындай.
Көне ұғым бар: адам бәрінен қорқады, соның ішінде бос­

тандықтан. Иә, одан да қорқуға болады, егер ол сырттан та­
ңылған, ішкі есебі бар, мысыққулық бостандық болса. Осы
ретте жаһандық делінетін демократияға да сезікпен қарағың
келеді. Нақты елдердің экономикалық, әлеуметтік-ұлттық

ерекшеліктері мен формациялық даму жолын көпе-көрне ес­
кермей тықпалап жатқан батыстық демократияның да іші­
не бүккен қулығы жоқ па екен?! Оның да жаппай жедел
жаһандандырудың жымысқы құралы болуы ғажап емес қой.

Осындай аса күрделі сәттерде, дәуірлер ауысқан, форма­
циялар өзгеріп, планетадағы күштердің тепе-теңдігі бұзыл­
ған тұстарда өздеріне өздері халықтардың үстінен үкім айту
құ­қын беретін солақай саясатшылардың пайда болатыны бұ­

рыннан бар құбылыс. КСРО ыдырай бастаған шақта жаһан­
данудың одақтық түрін құбылтып әкеліп қайта орнықтыру­
дың жолдарын іздестіргендер табылды. Солардың бірі және
бірегейі академик Сахаров еді. Ол ұлттық-территориялық

субъектілерден және елу үш халық республикаларынан тұ­
ратын жаңа федерация құруды ұсынды, конституциясының
жобасын жасап, осы қияли-ғажайып федерацияға «Еуразия
Құрама Штаттары» деген ат берді.

Егер Сахаровтың бұл идеясы алда-жалда жүзеге асса, Еу­
разия кеңістігіндегі сан алуан ұлттар Еуразиялық жосықсыз
жаһанданудың машақатын бастан кешіріп жатар еді.
Жол-жөнекей айта кетейік, бір-бірін алмастырған екі қо­

ғамға да сіңе алмаған академик бұл идеяны тыңнан тудыр­
ған жоқ, мұндай долбар еуразийстердің 1927 жылы өткен

АЛДАН СМАЙЫЛ

дүниежүзілік конгресінде айтылған болатын. Сахаров оны
ғасырлар тоғысында өзінше реформаламақ болды.
Кім біледі, бұл оның жеке ықыласы да емес шығар, әлем
бөліске түскен кезеңде халықаралық беделі бар, демократия­

шыл болып алған ғалымның дуалы аузын белгілі бір күш­
тер­дің  пайдаланғысы келген де болар, әйтеуір еуразиялық
кеңіс­тікті федерация шеңберінде ұстау идеясы әлсін-әлі жаң­
ғырығып жатты. Сахаровтан соң Ресейде осы бағытты ұстан­ған

«К новому согласию» ұйымы құрылды.
Бұл идеяның алдағы уақытта қалай құбылатынын тап ба­
сып айту қиын, анығы сол – жаһандану түрлі үлгіде төңірегі­
мізде шыр айналып жүр. Оларды жақтаушылар не өндіріп,

не тындырады – бұған кесімді жауап жоқ. Бізге белгілісі –
жаһандану мен ұлттық тәуелсіздіктің бағзыдан жұлдызы қар­
сы екендігі, әлі де солай бола беретіндігі.
Мұны жаһандану процесіне дем беріп отырған АҚШ та

мойындайды, ұлттық эгоизм қазіргі саяси өмірдің басты ерек­
шеліктерінің бірі екендігі жөнінде осы азулы мемлекеттің
политологтары жиі айта бастады. Уильям Пфафф «Гнев на­
ции» еңбегінде: «Қазіргі заманғы технологиялық және эко­

номикалық интеграция ең анайы түрдегі ұлттық күреспен
қатар жүруде», – дейді.
Оның дәлелдеуінше, жаһандану тарихы осы құбылыстың
екі қарама-қайшы бағытта өрістеп барып, ақыр соңында

әлем­дік келісімге тірелетінін баяғыда дәлелдеп қойған. Әуе­
лі ұлттық автономияларға бөліну қарқын алады, соңынан
өзара тәуелділік сезімі күшейеді. Бұл процесс тізгінсіз кетсе,
планетада шағын соғыс ошақтары бірінен соң бірі тұтанады.

АҚШ саясаттанушылары бұл пайымнан осы алпауыт елге
қолайлы түйін түйіп отыр. Олар Америка Құрама Штатта­
рын жаһандық полиция түрінде әлемнің тануын хош көреді.
Америка 1998 жылы ғана 112 елде 2500 әскери операцияға

қатысқан.
Ирактағы соғыс тұсында АҚШ-тың мұндай қадамына қар­
сы шығушылардың даусы күн өткен сайын ащы естіле баста­
ды. Олар Америка билеушілерін Вашингтонның тарихи өсиет­

терінен бас тартты деп айыптады. Осы атақты президент ұлтпен
қоштасу мәлімдемесінде шетелдердің ісіне саяси араласуды

ШЫҒАРМАЛАРЫ

шектеп, қарым-қатынаста саудаға басымдық беруді аманат
еткен болатын. Бұл өсиет көрнекті мемлекет қайраткері
У. Тафт­тқа дейін ішінара орындалды да. АҚШ-тың халықа­
ралық беделіне қатты алаңдаған ол «Доллар дипломатиясы»

деген атпен елдің жаңа сыртқы саясатын жасаған соң, Құра­
ма Штаттар әлемге ақшаның құдірет күшімен үстемдік ету
бағытын ұстанды.
Бұл бағытты «доллардың интервенциясы» деп атасақ, жа­

ңылыса қоймаспыз. Дүниежүзінің көптеген елдері эконо­
миканы жандандыру ниетімен АҚШ-тан несиені күреп алып
жатты. Белгілі бір уақыт өткенде «кредит» дегеннің береген
қолынан алаған қолы әлдеқайда қомағай екені белгілі болды,

Африканың, Еуропаның, Латын Америкасы мен Кіші Азия­
ның талай мемлекеті қарызға белшесінен батып, Американың
айтқанын екі етпейтін халге жетті.
Осы саясаттың белсенді жақтаушыларының бірі болған

Рузвельт КСРО-ның әлеуметтік құрылымын өзгертіп, халық­
аралық капиталдың диктатурасына тәуелді етуді өле-өлгенше
армандаған. Егер кеңестер одағы ыдыраса, АҚШ-тың әлемге
олжа салуы қиын емес секілденетін.

Американы жаһандық полицияға айналдыру идеясы атал­
ған президенттің тұсынан бар. Рузвельт оған сын көзімен
қарады, бірақ үзілді-кесілді қарсы тұрған жоқ, өмірінің соңғы
жылдарында «АҚШ-тың әлемдік мүддесі» деген терминді

енгізіп кетті.
Батыс саясаттанушылары Рузвельттің бұл «жаңалығын»
американдық жаһанданудың «доллар интервенциясынан» ке­
йінгі қуатты идеологиялық құралы деп есептейді. АҚШ енді

дүниенің кез келген қиянын «Американың мүдделі жері» деп
жариялап, бес қаруын асынып жетіп бара алатын еді.
Билл Клинтонға әлемде емін-еркін ойқастауға бұлар да
жеткіліксіз көрінді, АҚШ-ты ғаламдық тұрақтылық пен

бейбітшіліктің кепілі деп жариялады. Оның 1996 жылғы
23 қаңтарда халыққа арнаған сөзіне назар аударыңыз: «Біз­
дің ұранымыз анық, АҚШ-тың планетада бейбітшілік пен
бостандықты сақтау жолындағы жетекшілік рөлін қуат­

таймыз. Американың араласуымен бостандық пен бейбіт­
шіліктің нұрына бөленгендердің қатары молайып келеді.
7-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

Әлем бізге үмітпен көз тігуде, азаттық аңсағандар қол ұшын
беретіндігімізге кәміл сенеді. Бүгінде, «салқын соғыстың»
ызғары қайтқан тұста, Америка өзінің осы парызынан бас
тарту керек деген дауыстар естіледі. Алайда олар қателеседі».

Осы саясаттың қандай қуатқа ие екендігіне АҚШ-тың
Иракқа интервенциясы айқын дәлел. Ирак халқын Саддам
Хусейннің диктатурасынан азат ету ұранымен Америка елдің
бүкіл саяси құрылымын қарудың күшімен өзгертуде. Әлсін-әлі

Иранға да көз алартып қояды.
Жаһандану идеологиясы уақыт өткен сайын құбылып
оты­ратын жанды құбылыс. XXІ ғасырда оны әлемдегі әлді
мемлекеттердің

арасындағы
саяси-экономикалық
бәсеке
ушық­тыра түсіп отыр. Бүгінде АҚШ пен Батыс «Таяу Шы­

ғыста Сирия, Ливан, Израиль, Иордания және Египеттің
ресурстарын бір жерге құятын ірі рыноктың құрылуы мүмкін
бе, оған Қытай қалыптастыра бастаған, Гонконг, Тайвань,
Жапония, Индонезия, Австралия, Жаңа Зеландия мен Ин­

дияны қамтитын рынок ықпал жасай ала ма?» деген сауалға
күні-түні жауап іздеуде.
Кәрі құрлық пен Құрама Штаттарға Жапонияның дүние­
нің барлық түкпірінен инвестициясын Азияға құю үшін қай­

тарып  алып жатқаны да ұнамайды. Екінші жағынан, бұл
Қытайдың Азиядағы ықпалын бәсеңдетуі мүмкін-ау деп үміт­
тенеді. Үшіншіден, осы аймаққа өздерінің мүддесін таңу­дың
төте жолдарын іздестіруде.

Әлемдік экономикалық болжам бойынша Қытай Тынық
мұхит рыногын бақылауына алып, дүниежүзілік сауданың
тепе-теңдігін өзгертеді. Жапонияның әлемдік стандартқа сай
тауарларды ұқсатып жасау тәсілдерін қарқынды меңгеріп,

техникалық прогресті шапшаң дамытады, сол арқылы АҚШ
пен Еуропа өнімінің жаһандық айналымын ықшамдайды. Бұл
өз ретінде, уақыт өте келе Батыс пен Американың айбынын
асырған Атлант мұхиты рыногының планетарлық саудадағы

беделін түсіруі ықтимал. Еуропаның көрнекті экономистері
қазірдің өзінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Гонконг,
Сингапур, Малайзия мен Вьетнам күшейтетін Тынық мұхит
рыногының жаһанның басы айналатын болашағы туралы

тамсана айтуда.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Бұған «КСРО-дан бөлініп шыққан республикалардың ора­
сан зор шикізат қорына кім бұрын ауыз салады?» деген сал­
мақты сауалды қосыңыз. Сонда жаһанданудың бәсекесі қыз­ған
үстіне қыза түседі.

Ал шикізат қоры әлем бойынша сарқылып келеді, тұты­
ну көлемі керісінше ұлғайған үстіне ұлғайуда. XX ғасырда
отынның қатты қорын тұтыну 11 есе артқан, мұнайды қолдану
геометриялық прогреспен еселенуде. Әлемдік өндіріс 1900

жылғы 0,6 триллионнан 1990 жылы 15 триллион долларға
өсіп, энергия көздеріне деген мұқтаждық фантастикалық мөл­
шерге жетті.
Ғасыр ішінде үш есеге көбейген адамзат болса, күн сайын

миллиардтаған тонна азық-түлікті жалмайды. Ал келешегіне
сенім үміті жанып-сөнген пенденің қатары үсті-үстіне толы­
ғуда. Бір ғана Қытайда халықтың саны жылына 12 миллион­ға
өседі. Жер шары болса, жұтаң тартып барады.

Осының бәрі жаһандану сөзсіз болады деген пікірге әлемді
бірте-бірте иландыра түскендей. «Ресурс тапшылығы қуатты
елдердің тарапынан экспансия тудырмауы үшін мемлекеттер
жаһандану өркениетін бірлесіп жасауы керек», – дейді дү­

ниежүзілік күрделі түйіндерден басы қатқан экономистер мен
философтар.
Мәселенің өткір қойылып отырғаны соншалық жаһан­
данудың батыстық мүддесі дін басыларына да қозғау сала

бастағандай, Иоанн Павел ІІ 1995 жылғы 30 мамырда «Олар
бірге бола алар еді» энцилике жариялап, жер бетіндегі бар­
лық христиан шіркеулерін бірігуге шақырды. Ал ислам
дүниесінің саяси белсенді күштері АҚШ пен Батыстың әс­

кери-экономикалық үстемдігіне қарсы жиһадқа шақырып
жатыр. Оларға қарсы Англия екі бірдей заң шығарып үлгер­
ді. Соңғы 2001 жылғы заңда ешқандай кешірім болмайтын,
қатаң жазалау шаралары қолданылатын исламдық лаңкестік

ұйымдардың тізімі көрсетілген. Бұлардың қатарында ИРА,
Аль-Каида, Аль-Джиһад, Аден ислам армиясы, Хезболла,
Хамас, т.б. бар.
Ислам әлеміне өзінің қатқыл саясатымен әйгілі болған

Маргарет Тэтчердің шүйлігуі тіптен де ерекше. Ол исла­
мизм­ді большевизммен қатар қояды («Гуардиан» журналы,

АЛДАН СМАЙЫЛ

2002 жыл), мұсылман дүниесін ауыздықтаудың жоспарын
құрып, үш кезеңге бөледі. Әуелі Ауғанстанға күйрете соққы
беріп, бұдан соң Африка мен Оңтүстік Азиядағы ислам тер­
рористерінің орталықтарын жою керек. Осыдан кейін «ала

жын мемлекеттер» (М. Тэтчердің теңеуі) Иран, Сирия, Ливан
мен Суданда дұрыстап «жұмыс жүргізген» жөн.
Тэтчердің алғашқы ұсынысын АҚШ жүзеге асырды, кейін­
гі екеуі сөз жүзінде жиі айтылып жүр.

Осы тұста мынандай ой келеді: АҚШ әлемді өзінің мүдде­
сіне  бейімдеуге әрекет жасамаса, мұсылман дүниесі тыныш
қалар ма еді. Жер бетіндегі қазіргі қарулы қақтығыстарға
жаһан­дану себепкер болып отырған жоқ па екен?!

Құрама Штаттар мен Батыстың жаһаншыл саясатшылары
бұған бас қатырып отырған жоқ, олар бүгінде әлемдік үкімет
туралы ойлауда. Астролог-саясаттанушы Ноэл Тилдің пікі­
рі­не сүйенсек, дүние бір орталықтан басқарылатын шағына

асығуда.
Өзінің астрологиялық болжамдарының расқа шығуымен
талай елге әйгілі болып үлгерген осы білімдардың «Прогно­
зы на новое тысячелетие» еңбегіндегі әлемдік үкімет туралы

пайымдарын оқырмандарға ой салу үшін қысқартпай келтір­
гім келіп отыр.
«2008 жылға дейін әлемдік үкімет туралы теориялық тал­
қылаулар халықаралық пікірталастың басты тақырыбына

айналады. Осы кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен христиан
дінін ұстанушылар арасында Ватиканның ықпалы артады деп
үміттенуге болады. Еуропа мен Тынық мұхит аймағындағы
рынок орталықтарында ірі өзгерістер жүзеге асырылады.

Қытайда және біріккен Кореяда философиялық көзқарастар­
дың өзгеруіне байланысты коммунизм идеясы саяси сахнадан
біржола жоғалады. Таяу шығыстағы шиеленістер Израиль мен
Иракты Американың «басып алуы» нәтижесінде бәсеңдейді.

Күрделі мәселелер ақпарат құрылымдарының, сауда мен
туризмнің, сондай-ақ ұлттар мен адамдардың қауіпсіздігіне
арналған халықаралық ынтымақтастықтың көмегімен ше­
шімін табады. Әлем ақпараттанған сайын күш қолдану бә­

сеңдейді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

2013 жылдың жазына қарай Құрама Штаттар авторитар­лық
тарихын артқа тастап, жаһандық бірігуге ұмтылады. Жаңа
әлемдік құрылымның үш жылдық кезеңі басталады. Оны пре­
зиденттің 2012 жылдың наурызында, бәлкім қыркүйе­гінде

болатын қазасы баяулатуы мүмкін. Бұл оқиға халықа­ралық
тоқырауға ұласып барып, АҚШ-тың әлемге билік орнық­тыру
мүмкіндігінің түйінді сәтіне айналады».
Бұған сену-сенбеуіңіз өз ықтиярыңызда. Ал біздің есімізге

осы жерде тағы да Шыңғыс Айтматовтың «Глобализация­дан
қашып құтыла алмайсың, оған бейімделу керек» деген сөзі
оралып отыр. Данышпан қаламгер жаңылыспаса керек-ті.

АЛДАН СМАЙЫЛ

ЖАҺАНДАНУ КІМГЕ ҚОЛАЙЛЫ?

Жаһандану терминін саясат айналымына алғаш енгізген –
АҚШ экономисі Левита. Ол 1983 жылы әлемде саяси, эко­
номикалық, мәдени және ақпараттық тұтасу үрдісі жүретін
болады деген болжам айтты.

Содан бері жиырма екі жыл өтті, бүгінде жаһандану құр­
лықтардың бәрінің есігін дүрс-дүрс қағып тұрғандай. Енді
ешкім де әлемде саяси-экономикалық құрылымдар мен таң­
даулар үйлесімін тапқан кезде ғаламданудан қашып құтыл­

майтынын түсінген. Ол шын мәнінде жүріп жатыр. Мәселе тек
ғаламданудың кімдерге қолайлы екендігінде.
Қазіргі кезеңде дамыған елдер саясаттанушыларының
арасында бұл орайда үш тұжырым қалыптасқан. Бұл тұ­

жырымдар әлемдегі ең ықпалды халықаралық байланыстар­
ды зерттей отырып жасалған. Ал ондай байланыстар әуелі
саясатта, содан соң экономикада жүзеге асырылғаны, бұл
байланыстардың кеңейіп келе жатқаны белгілі.

Батыстағы статистикалық орталықтардың деректеріне сү­
йенсек, қазіргі таңда әлем экономикасына аса ірі 500 концерн
күшті ықпал етіп отыр. Ал континенттераралық беделді ка­
питалдық құрылымдардың ұзын саны – 60000. Бұлардың

ақшалай қуаты биржалардағы ақша мөлшерімен анықталады.
Осы көрсеткіш бойынша экономикаға да, саясатқа да нақты
талаптар қойып, сөзін өткізе алатындары – 500.
2002 жылғы мәліметтер бойынша осы бес жүздің жалпы

капиталы 16019 миллиард доллар болған екен. Бұл қаржы
барынша дамыған жеті өндірісті мемлекеттің жылдық жал­
пы табысына тең. Осыған қарап, әлгі концерндердің бай­
лығы жағынан тұтас мемлекеттердің деңгейіне көтерілгенін

аңғарасың.
XXІ ғасырдың білікті саясаттанушылары мен экономис­
тері аса ірі капитал иелерінің қаржылық қуатын және мем­
ле­кеттер  басшыларына ықпалын ескеріп, жаһанданудың

автор­лары сол қисапсыз байлықтың иелері деп отыр. Екінші

ШЫҒАРМАЛАРЫ

сөзбен айтсақ, байыған үстіне байығысы келетін 500 концерн
ғаламданудың қарқынды жүруін қалайды.
Бүгінде бұл тұжырым ресми және ғылыми мойындалған.
Әлемдік экономикадағы әлгі 500-дің үлесі мойындатпай да

қоймайды. Африка мен Азияның, Қазақстанның ең құнарлы
мұнай көздерін игеріп жатқан да, ғаламдық деңгейдегі банк­
тердегі айналымда жүрген қисапсыз қаржының иелері де,
азулы телеарналар мен басқа да ақпарат құралдарының қо­

жайындары да солар.
Енді осы 500-дің ішіндегі ірі он концернді даралап көр­
сетейік.
Концерннің аты Нарықтық капиталы

1. Дженерал электрик /АҚШ/

372,1 млрд. доллар 2. Майкрософт /АҚШ/

326,6 млрд. доллар 3. Экссон мобиль /АҚШ/

299,9 млрд. доллар 4. Воллмарт /АҚШ/

279,2 млрд. доллар 5. Ситигруп /АҚШ/

255,3 млрд. доллар 6. Пфайцер /АҚШ/

249,0 млрд. доллар 7. Интел /АҚШ/

203,8 млрд. доллар 8. Бритиш Петролеум /Англия/ 200,8 млрд. доллар 9. Джонсон-Джонсон /АҚШ/ 197,9 млрд. доллар 10. Ройял-Датч-Шелл /Голландия/ 189,9 млрд. доллар Көріп отырсыздар, ең ірі, әлемдік деңгейдегі концерндер­ дің сегізі Америка Құрама Штаттарына тиесілі. Бұлардың арасында үлкен сегіздікке енген Жапонияның, Франция мен Германияның, Қытай мен Италияның, Ресейдің концерндері жоқ. Олардың кейбір фирмалары алғашқы ондықтан емес, алғашқы жүздіктен табылады. Ірі 100 концерн Саны Капиталы орналасқан елдер АҚШ

5948 млрд доллар
Жапония

396,7 млрд доллар
Швейцария

382 млрд доллар
Еуроодақ елдерінде
916,4 млрд доллар

АЛДАН СМАЙЫЛ

Германия

364,5 млрд доллар
Франция

349,6 млрд доллар
Италия

156 млрд доллар
Еуропаның басқа елдері де бұл үрдістен, әлемдік экономи­
каға ат қосу үрдісінен, шет қалып жатқан жоқ. Финляндия,
Гонконг, Испания, Тайвань және Оңтүстік Корея табысы мил­

лиардтаған компаниялардың қатарына бір концерннен енгі­зіп
отыр.
Енді осы елдер компанияларының ғаламдық жаһандану­
дағы  күш-қуатын саралап көрелік. Америка Құрама Штат­

тарына алқашқы ондыққа енетін – 8, әлді жүздікке енетін
55 концерн тиесілі. Яғни ғаламдық экономикада АҚШ ал­
пауыттарының салмағы анағұрлым басым. Оларға Еуропа
Англиямен тізе қосып қана ілесе алады. Ал Жапонияның дү­

ниежүзілік экономикалық саясаттағы сөзі соншалық өтімді
емес.
Қорытып айтсақ, АҚШ Еуропаға да, басқа әлемге де үстем
қарайды. Оның Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валю­

та қорына ықпалы да күшті. Соған орай Құрама Штаттар
континеттераралық ірі концерндері арқылы белгілі бір елде
экономикалық саясатты өзгерте алады, түсініктірек айтсақ,
нақты мемлекеттің шаруашылығын дамытуға не құлдыра­

туға құдіреті жетеді. Бұл АҚШ-тың экономикада жаһандық
рөлге ие екендігіне айғақ. Осыған сәйкес жаһандану процесін
Америка алпауыттарының экономикалық мүддесі туғызып
отыр деген тұжырым қалыптасқан. Азулы ел миллиардер­

лері жаһандық экономикалық билікке жету үшін АҚШ-тың
сыртқы саясатын соған бейімдей алады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ЖАҺАНДАНУДАҒЫ

САЯСИ ЭЛИТАНЫҢ ҮЛЕСІ

Бұл бағытты саяси айналымға енгізушілер саяси элитаны
алға шығарады.
Жаһандану дегеніміз, – дейді олар, – билеуші элитаның
эзотерикалық ұмтылысы.

Бұл ұмтылыс нені көздейді? 1. Жаһандық билеуші элита клубын құру; 2. Жаһандық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қою; 3. Жаһандық ортақ саяси және экономикалық құрылым

орнату; 4. Жаһандану арқылы әлемнің тең дамуын қамтамасыз ету.

Егер осылардан ұлттық мүддені жаһандық мүддеге жығып
беру ұғымын алып тастасаң, қалған мақсаттардан ат-тоның­
ды ала қашудың жөні жоқ секілді.
Неге?

Біріншіден, мемлекеттердің билік элитасы қазірдің өзінде
түрлі саяси клубтарға топтасқан, Шанхай бестігі, Еуроодақ
бірлігі, Еуропарламент, Жетекші сегіздік секілді саяси ұйым­
дар тұтастай алғанда, әлемнің, екшеп алғанда, жекелеген

құрлықтардың тағдырын шешіп жатыр. Бұл ұйымдарға мүше
елдердің қатары жыл санап толығуда. Әлем ортақ тіл табуға,
шиеленістер мен күрделі саяси-шаруашылық мәселелерді тізе
қоса шешуге ынталы. Құрлықтар соғыстар мен қақтығыстар­

дан қажыды, жаһанға тыныштық керек.
Екіншіден, ешқандай да мемлекет, мейлі ол АҚШ не Еуро­
па елдері болсын, жеке-дара өмір сүре алмайды. Тек өз күшіне
сүйеніп халыққа жұмыс пен тамақ тауып беру мүмкін емес.

Әлемге қарым-қатынастарды мейлінше оңайлататын ор­
тақ экономикалық құрылым керек. Дамушы елдердің жапа-
тармағай Дүниежүзілік сауда ұйымына ұмтылуы мұның жар­
қын көрінісі.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Үшіншіден, әлем тең дамымай, жерде тыныштық сақтал­
майды. Босқындар шекаралар арқылы шұбырған заманның
түн ұйқысы түгел дегенге кімді иландыра аласың. Монархтар
мен диктаторлар билеген елдер мен демократия өркениетіне

енген мемлекеттердің арасындағы алшақтық екі жақты бір-
біріне секеммен қаратады да тұрады.
Тең дамымаудың салдарлары қандай болатынын алысқа
бармай-ақ, іргедегі Өзбекстан мен Қырғызстандағы жағдай­

дан-ақ білер ең.
Осы пайымдардан соң жаһандану соншалықты үрейлі емес
секілденеді.
Державалық жаһандану

Жеке державаның әлемдік билікке ие болуы.
Жаһандануға қарсылар негізінен осыдан шошынады. Дүние
жүзілік валюта қоры арқылы несие беру саясатын ұстанған
АҚШ әлемді тізе бүктіруге көшті деп есептейді. Бұған олар­

дың дәлелі жеткілікті.
Әлемдік арасалмақ
Қазіргі таңда планета тұрғындарының 1%-ы жер бай­
лығының 40%-ына ие.

60 мемлекет әлемдік экономикалық даму қарқынына ілесе
алмай отыр.
Дамыған 20 мемлекеттегі жан басына шаққандағы табыс
кедей елдердегі осы көрсеткіштен 37 есе артық.

Әлемдегі ең бай үш отбасының жалпы байлығы кедей
елдерде тұратын 600 миллион адамның жылдық табысына
тең.
«Жаһандану осы арасалмақты одан әрі тереңдетеді», – дейді

оған қарсы шығушылар. Дамушы елдер шикізат пен арзан
жұмыс күшінің қоры болып қала береді, ал алпауыт елдер әлем
байлығын қылқ-қылқ жұтады да жатады.
Бүгінде «Алтын миллиард елдері» деген ұғым қалыптас­

қан. Ол елдер – АҚШ пен Еуропа мемлекеттері.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

«Алтын миллиард елдерінің» байлығы
Әлем жалпы өнімінің 84,7%-ына ие.
Әлемдік сауданың 84, 2%-ын жүргізеді.
Әлемдік банк депозиттерінің 85, 5%-ын уысында ұстап

отыр.
Әлемдік электроэнергиясының 70%-ын өндіреді.
Барлық металдың 75%-ын балқытады.
Байлық бөлісі

1960 жылы дамыған елдер мен кедей елдер байлығының
арасалмағы 13:1 болды.
2001 жылы бұл көрсеткіш – 74:1
Бір миллиард адам аштық жағдайында өмір сүруде.

Жер тұрғындарының үштен бірі электр жарығынсыз қал­
ған.
Жыл сайын 100 000 адам аштан өледі.
Жыл сайын 30 мың бала аурудан көз жұмады.

100 миллион бала мектепке бармайды.
1 миллиард адам таза суға зар.
Планетаның әрбір төртінші тұрғыны кедейлік деңгейінен
төмен жағдайда күн кешуде.

200 ірі халықаралық концерн әлемдік жалпы өнімнің үш­
тен біріне ие.
Жаһандануға қарсы қозғалыс
Жаһандануға ашық қарсы көтерілген алғашқы күрескер­

лер  Мексиканың партизан-сепитистері еді. Оған мынандай
себеп ұйтқы болды. 1994 жылғы 1 қаңтарда Солтүстік амери­
кандық еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылды да,
соның салдарынан Мексика жұмысшылары еңбекақысының

26%-ын жоғалтты. Чьяпас штатында қарулы көтеріліс бұрқ
етті. Кейін 1996 жылы осы штатта тағы бір ереуіл болды.
Қазіргі күнде Халықаралық валюта қоры арқылы жаһан­
дануға қарсы миллиондаған адам жұмылып отыр. Алғашқы

көше шайқасы Сиэтлде орын алды, оған 100 мың адам қатысты.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Бұлардың 80 мыңы сыртқы елдерден келгендер. Ал Генудегі
көше айқасында 300 мың адам автокөліктерді төңкеріп, сау­
да орындарын қиратқан, полицияға қатты қарсылық көрсет­
кен. Олардың 120 мыңы итальяндықтар, 200 мыңы сырттан

ағылғандар.
2002 жылы Бразилияның Порту-Алегри қаласында жа­
һандануға қарсылардың бүкіләлемдік форумы өтті. Оған
80 елден 2100 делегат қатысты. Форумда «Жаһанданудың

Маршалл жоспары» қабылданды. Ол үш талаптан тұрады.
Жаһандануды жүргізуші елдер үш жаһандық салық төлеу­
ге тиіс:

1. Барлық қаржы операциялары үшін; 2. Концерндердің табысына әлемдік салық; 3. Шетел инвестициясының табысына салық;

Осы үш салықтан түскен қаржы әділетті әлем құруға жұм­
салады.
Қаржы несие қатері
Жаһанданудың дамушы елдерге тигізетін салқыны осылай

аталады. Бүгінде әлем елдерінің 90%-ы Халықаралық валюта
қорынан, басқа да әлемдік қаржы нүктелерінен алған қарыз­
дың түңғиығына батып кеткен. Олар қарыз берушілердің
алдында саяси-экономикалық мүсәпірлерге айналуда. Бұл

елдердің қатарында Америка құрлығының, Азияның, ТМД
аймағының көптеген мемлекеттері бар.
Қаржы күресі бүгінде евро мен доллардың шайқасына
ұласқан. Енді АҚШ пен Еуропа жаһанданудың бітімге келуі

қиын текетіресінде алқынып жатыр.
Қаржы несие қатері терроризмді туғызуға басты себеп бол­
ды деген де болжам бар. Батыстың кейбір сарапшылары лаң­
кестікті жаһандануға қарсылықтың тұрпайы түрі деп есеп­

тейді.
Жаһандану жайлы қысқаша шолу осындай.
Жаһандану жайлы терең ойланатын күн жетті.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ТӘУЕЛДІЛІК ИІРІМДЕРІ

XXІ ғасырда тәуелсіздік пен тәуелділік мәселесі әлемнің
әр қиянында өткір қойыла бастады. Бұған әсіресе қоғамдық
формациялар ауысқан тұста көптен күткен саяси бостандық­қа
ие болған елдер айрықша алаңдауда.

Мұның себебі неде? Толық тәуелсіздік деген ұғым адамзат
қоғамында әуелден жасқаншақ екендігінде ме, әлде жекеле­
ген ұлттың абсолютті бостандығы саяси-экономикалық жаһан­
дану процесі жүріп жатқан кезеңде шартты мағынаға ие болып

қалуда ма?! Бәлкім, мемлекеттер арасында уақыт өткен сайын
тереңдей түсетін экономикалық өзара тәуелділіктің түптің
түбінде саяси-ұлттық тәуелсіздіктен басым түсетіндігі жайлы
теориялық пайымдар үрейлендіретін шығар?

Дүниежүзілік интеграцияға бойлап еніп келе жатқан Қа­
зақстанда да осындай сауал-күдіктер әредік белгі беріп қоя­
ды. Ал Батыстың саясаттанушылары тәуелсіздік пен тәуелді­
лікті  егіз категория ретінде әлдеқашан қарастыра бастаған.

Олардың дәлелдеуінше бір халықтың екінші халыққа тә­
уелділігі табиғи құбылыс, өйткені өркениеттер деңгейі еш­
қашан бір деңгейде болған емес, болмайды да.
Осынау пайымның тарихын қозғасақ, тамыры тереңге ке­

теді. Тәуелділіктің жаратылыстан екендігін алғаш айтқан грек
философы Аристотельге барып тіреледі.
«Шырылдап жерге түскен сәттен, – деп жазады ол атақты
«Политикасында», – кейбір жан иелерінің бірі бағынышты

болуға, екіншісі үстемдік етуге бейім жаратылғандығымен
ерекшеленеді».
Көне дүние ғұламасының бұл тұжырымы жер-жаһанға
аранын ашқан Александр Македонскийге ерекше ұнаған жә­

не есімі мәңгілік философтың өмір сүрген кезінен бастап
есептегенде екі мың жыл бойы дау туғызбай келген. Кейін
оның орынын еуропалық экспансиялық концепция басты,
тәуелділік философиясы енді «Адам-Табиғат» ауқымында

ши­ратылды. Бұл бағытты туғызушылар табиғатты ырқына

АЛДАН СМАЙЫЛ

бағындыра алғандарды адамзаттың ерекше қабілетті бөлігі деп
санады, ал жер-анаға табыну деңгейінде қалғандарды құлдық
санадан арылмағандардың қатарына жатқызды. Соңғылары
алғашқылардың үстемдігін мойындау арқылы өздерін құрып

кету қатерінен қорғайды.
Аталған пайым келе-келе ұлттардың ассимилизацияға
түсу арқылы өзара тәуелділіктен арыла алатындығы туралы
тұжырымды туғызды. Енді бір халықтың екінші халыққа

материалдық және рухани тәуелділігі әлсіз ұлттың басым
ұлтқа сіңіп кетуіне әкеліп соқтырады деген ой үстем болды
және еуропалық деңгейде қуатты қолдау тапты. Осы құр­
лықта ерте дүниеден бері жүріп жатқан қан араластыру

түрлі мәдениеттердің ерікті түрде тоғысуын қамтамасыз ет­
кені, соның нәтижесінде әлемдегі ең озық Еуропа өркениеті
жасалғаны дәріптелді.
Мұның астарында: «Егер сен өзіңнің ұлттық болашағыңа

сенбесең, мәдениетіңнің келешегіне күмәнмен қарасаң, нә­
сілдік эгоизмді сілкіп таста да, еуропалана баста» деген ой
жаңғырығып жатты. Халықтардың метисация тарихы зерт­
телді, әлемде алғашқы нәсілдік тазалығын сақтап қалған

бірде-бір ұлт жоқтығына, дүниетанымдар мен өмір сүру дағ­
дыларының араласуы адамзаттың дамуын жеделдеткен про­
грессивті құбылыс болғанына айрықша мән берілді.
Осы әлеуметтік-философиялық науқан қызған тұста ис­

пандықтар өздерінің өрлеу дәуіріне араб мәдениеті мен білімі
арқылы жеткенін мойындауға дейін барды. Нормандықтар
болса, сакстармен қан араластыру арқылы ағылшын ұлтының
негізін қалағандықтарын мақтан етті.

Аталған ағымның кейбір қайраткерлері халықтар мети­
сациясын саналы түрде ұйымдастырып тұру қажет деген түйін­
ге де тірелген. Олардың дәлелдеуінше, қандай озық мәдениет
болмасын белгілі бір уақыттан соң көнереді де, өркениеттің

дамуын тежейді, сондықтан оны өзге мәдениеттермен жаң­
ғыртып, байытып отыру керек. Ал мұның бір ғана жолы бар –
ұлттардың ассимилизациясы.
Олар бұл түйіннің өміршеңдігін дәлелдей түсу үшін «мәде­

ниеттердің жатсынуы» ұғымын туғызды. Оның мәні мынада
еді – халықтардың арасындағы қарым-қатынас заман озған

ШЫҒАРМАЛАРЫ

сайын құлашын кеңге жаятыны қаншалық ақиқат болса,
сол қарым-қатынастың барысында түрлі мәдениеттердің те­
кетіреске түсетіні соншалық шындық. Бұл айналып-үйіріліп
келгенде, ұлттардың дамуы үшін ауадай қажет көпжақты

байланыстың тоқырауына, көп жағдайда халықтараралық
шиеленістерге әкеліп соқтырады. Ендеше бірге өркендеуді,
өзара тәуелсіз одақта болуды көксегендер мәдениеттерін ерік­ті
түрде тоғыстыруды ойластыруға тиіс.

Алайда дәуірлер мен ғасырлар тарихы мұндай байлам­
дардың ешқайсы да адамзаттың табиғи-эволюциялық даму
заңдылықтарымен үйлесе алмайтындығын қайта-қайта дә­
лел­деумен болды. Испандықтар жаулап алып ұзақ уақыт ас­

симилизация процесін бастан өткеруге мәжбүр еткен Латын
Америкасының халықтары да, ағылшын отарында болған
үндістер мен азиялықтар да төл мәдениетін жоғалтпаған еді.
Керісінше ұлттық мәдениет жұқарған сайын жаулап алу­

шылардың мәдениетін жатсыну сезімі күшейе берді. Дәл
осындай күйді Ресейдің боданында болған халықтар да басы­
нан кешірді.
Бұдан шығатын қорытынды айқын еді: мәдениеттердің

әркелкілігі бір ұлттың екінші ұлттың алдында тәуелді бо­
луының негізгі себебі емес. Сондай-ақ өркениеттердің тоғы­
суы  баршаға бірдей қолайлы тәуелсіздіктің кепілі бола ал­
майды.

XX ғасырдың бас кезінде бұрынғы отар елдер, оның ішінде
Латын Америкасы ұлттық мәдениеттің туын асқақтатып шыға
келді. Олар тәуелділік төл мәдениетіңнің жоғалуымен асқы­
на түсетіндігіне, тәуелсіздік дегеніңіз сол мәдениеттің сақта­

луы және халыққа рухани қызмет етуі екендігіне көз жеткізе
отырып, ұлттық бостандықтың философиясын жасауға кірісті.
Сол тұста Мексикада «Философия идеяларының мектебін»
құрған испан философы Хосе Гаостың: «Басқалардың талғам-

пайымын түсінуге болатын шығар, ал өзіңнің өткеніңнен
бас тарту тіптен де мүмкін емес», – деген сөзі қанатты сөзге
айналды.
Бұл Еуропа отарлаушыларының жүйкесін жұқартты, қол

астындағы елдерді тәуелділікке рухани иландырудың то­
лып жатқан жолдары ойластырылды, солардың ішінде жап­

АЛДАН СМАЙЫЛ

пай христиандандыру амалы да бар еді. Ал саяси-әлеу­мет­
тік таныммен айналасып жүрген ғалымдар Америка құр­
лығының байырғы халықтарын табиғи жарымжан деп есеп­
теуді және дүлей күшпен ауыздықтауды ұсынды. Француз

жаратылыстанушысы Жорж Луи Леклерк Бюффон (17071788) «Естественная история» еңбегінде осы ойдың тарихи

дұрыстығын дәлелдемек болды. Пруссия ғалымы Корнелий
де Пауф 1867 жылы жазылған «Философские изыскания об
американцах» трактатында латынамерикандықтардың өр­ке­
ниетті халықтармен теңдікте болуына өршелене қарсы шықты.

Еуропа бетпердесін осылай сыпырып тастады, басқа ұлт­
тардың Батыспен тәуелсіздік тілінде сөйлесуін ешқашан
қаламайтындығын бүкпесіз аңғартты.
Ал Латын Америкасы азаттық деп ұран салып жатты.

Философ әрі мемлекет қайраткері Х. Мартидің үндеуімен
өзін-өзі тануға, барлық рухани құндылықтарды, соның ішін­
де тәуелсіздік ұғымдарын санадан сылып тастайтын ұлттық
қуаттарды іздеуге көшті.

Еуропа мәдениеттер тоғысуының лабораториясы санаған
Латын Америкасының осы сілкінісі Гегель «диалектикалық
тарих» деп атаған ұлттар ассимилизациясы дәуірінің аяқ­
талуына әкеліп соқты және мұндай араласудың дамыған

отарлаушы елдер үшін ғана тиімді екендігіне көз жетті, жау­
лап алған халықтың мәдениеті де жаулап алу қабілетіне ие.
Осы кезеңнің саяси-әлеуметтік болмысын зерттеген бүгінгі
латынамерикандық қоғамтанушылар ұлттар ассимилизация­

сы мен мәдениеттер тоғысуының екінші, түпкі мәнін ашып
көрсетуде. Еуропа тұтас құрлықты тәуелділікте ұзақ ұстап
тұра алмайтындығын ойлап, байырғы халықтардан Батыс
мәдениетіне ғана табынған, этникалық негізінен қол үзген

мүлде басқа халық жасау арқылы мәселені түбегейлі шешуді
көздеген еді.
Сонымен, мәдениеттерді сұйылту немесе біржола жою жо­
лымен тұтас халықтарды тәуелділікте ұстау саясатының абы­

ройы айрандай төгілді. Еуропа енді басқа амал іздеуге кіріс­
ті. Экспансиялық саясатын идеологиялық қорғау мен қолдау
үшін философиялық тұғырлар жан-жақты іздестірілді. Көне
дүние, қайта өрлеу және одан кейінгі кезеңдер философта­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

рының еңбектері мұқият зерттелді, солардың ішінен Гегельдің
«Феноменология духа» туындысы таңдалып алынды.
Әйгілі философ осы еңбегінде Еуропа тарихына басымдық
береді, оның өз сөзімен айтсақ, дүние тарихы Ертедегі Гре­

циядан басталып, Француз революциясына келіп тіреледі
және адамзаттық сипатқа ие, себебі еуропалық экспансия
жаңа құрлықтардың ашылуына, әлем халықтарының руха­
ни азаттық жолын таңдауына және адамның өмірдегі мәнін

түсінуіне ықпал жасады. Сөйтіп Еуропа адам баласының азат­
тық туралы түсінігін өзгертті, тиранның ғана бостандығын
мойындайтын азиялық деспотизмнің сағын сындырып, жеке
пенделердің де еркін бола алатындығына сендірді, халықтар

бостандығы туралы ұғым қалыптасты. Сондықтан Еуропа
тарихы азаттық тарихы ретінде әлем тарихы бола алады.
Бұдан дүниежүзі Еуропа тарихын төл тарихы деп қабыл­
дай отырып, осы құрлықты азат етуші ретінде мойындауы

және оның артықшылығы мен үстемдігін жатсынбауы керек
деген түсінікті сүзіп алу қиын емес еді. Міне, осылай Гегель
Батыс саясатшыларының бейімдеуімен жалғанның Еуропаға
тәуелділігін дәріптеушіге айналып шыға келді.

Аталған көзқарас өзінің толысу тарихында талай сұрып­
таудан өткен. Уақыт өте келе, егер әлемдік тарих Еуропаға
тиесілі болса, әлемдік мәдениет те соның еншісінде деген
ой тірілді. Ендеше осы мәдениеттен басқа мәдениет туралы

бас қатырудың қажеті жоқ. Яғни дүниежүзілік өркениеттің
даму кепілі – Еуропа мәдениетін әлем халықтарының тұтас
мойындауы және соған көшуі.
Кәрі құрлықтан тысқары тұрған халықтарды біржола

рухани тәуелді етудің жаңа саясатына айналған бұл пайым
түптің түбінде нәсілдік жіктеуге бастап әкелді, ұлттар дәуір­
леп келе жатқандар мен дәурені өткендер деп сұрыпталды.
Соңғыларын жойылып кету қатерінен сақтайтын жалғыз

жол – тағы да еуропаландыру.
Тәуелділік философиясының біз келтірген осы дәйектері
соңғы уақытта өңін өзгерткенімен, түпкі аңсарын қазіргі күн­
ге дейін сақтап қалған. Адамзат енді жаңа заманғы техника­

лық прогресті жасаушылар мен сол прогрестің жетістіктерін
қарадүрсін пайдаланушылар деп жіктелуде. Кейінгілер гео­
8-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

саяси тілде «дамушы елдер» делініп жүр. Бұл сұрыптау бо­
йынша ТМД республикалары соңғысының сапында.
Тәуелділік адамзат жаратылысының табиғи әрі тари­хи
заңдылығы екендігін дәлелдегісі келетін тағы бір фило­со­

фиялық ағым «нақтылы адамға екінші адам өзінің осы өмірде
бар екенін және сол өмірдегі орнын анықтау үшін керек» деген
антикалық қағиданы халықтарға қолданғысы келеді. Олар­
дың сүйіп айтатын философиясы – өз ортасындағы орнын

қабі­летіне  қарай анықтай алмаған адамның коғамынан тыс
қалатындығы сияқты, халықтар да даму деңгейіне сәйкес
әлемде бұйырған орнын қанағат тұтпаса, тарих тәрік етеді.
Олай болса, ұлттық соқыр эгоизмді лақтырып тастап, өзіңнен

озық кеткендердің артықшылығын мойындауың керек.
Мұның астарында да әлемдік өркендеу қарқынына ілесе
алмағандарды бәйге төрін дүбірлеткендерге ерікті түрде тәуел­
ді ету ниеті жатыр.

Толғауы тоқсан осындай көзқарастармен бірге «қандай
да халық өзін бір мезгілде әрі тәуелді, әрі тәуелсіз сезінеді»
деген ой да қылаң береді. Астарын арылтсақ, ұлттардың өзара
тәуелділігі әлеуметтік тәуелсіздігінің кепілі болып табылады

екен, өйткені төрт құбыласы тең, барлық мұқтажы шешіліп
қойылған пенде де, халық та жоқ.
Бұл пайым белгілі бір ұлт тәуелсіздікке басқа ұлттар ар­
қылы ғана жетеді деген ауқымда да қарастырылып жүр, яғни

дара ұлттық тәуелсіздік болған емес, болмайды да, халықтар
тарихтың ұзына бойында бірінің мүддесін бірі арқылы шешу­
де және солай жалғаса бермек. Мұндай тәуелділік өз ретінде
ұлттық бостандықты (ол кейде саяси, кейде экономикалық

болуы мүмкін) шектеуді талап етеді.
Әрине, мұндай шектеулер екі немесе көп жақты сипат алып
және ұлттық мүдделер теңдігіне негізделсе, көкейге қонады,
ал әңгіме тағы да әлсіздердің әлділер алдындағы шарасыз

шегіністері жайлы болса, келісе алмайсыз.
Тәуелділік философиясын зерттеп тану арқылы тәуелсіздік
тіректерін айқындауды мақсат еткен елдерде экономикалық
тәуелділік жеке категория ретінде қарастырылып, оның та­

рихи-этникалық негіздері іздестіріліп келеді. Шығарылған

ШЫҒАРМАЛАРЫ

қорытындылар әртүрлі, солардың ішінен үш пайымды сұрып­
тап алайық.
Латын Америкасында континент халықтарының ұлттық
тарихи және табиғи даму жолынан жаңылуы әлемдік тех­ни­

калық-экономикалық өркендеу үрдісінен адасып қалуына
бірден-бір себеп деген байлам бар. Бұған оларды еуропалық
экспансия мәжбүр етті.
ТМД елдеріндегі пайым да осыған ұқсас, тек мұнда даму

қарқынының бәсеңдігі коммунистік режимнің салдарынан
деген ой қосақталып айтылады. Большевиктік-кеңестік қоғам
тарихи процестің жемісі емес, күштеп таңылған идеология­
лық формация еді.

Үшінші түйін этникалық себеп-салдарларға негізделген.
Бұл бағыттағылар жекелеген халықтардың әлемдік ғылыми-
техникалық прогрестен кенже қалуын ұлттық мәдениеттер­
ден іздестіреді. Табиғаттың мырзалығы мен ырзалығын көбі­

рек күйттеген далалық қанағатшыл мәдениет пен жақсылық-
жамандықты ғайыптан дегізген исламдық дүниетаным адам
факторын ұмыттырды дейді олар.
Аталған тұжырымдардың алғашқы екеуі шынайылығына

дау туғызбаса, соңғысы арнайы зерттеуді қажет етеді. Біз
әзірге ұлттық мәдениет – ол далалық па, таулық па, батыстық
па, әлде шығыстық па – прогрессивті немесе регрессивті деп
бөлуге көнбейтіндігін ғана айта аламыз.

Осы көзқарасты, яғни экономикалық тәуелділіктің этни­
калық салдарын күйттеушілер бүгінде антропологиядан дәйек
табуға ұмтылып жүр. Олар 1707-1778 жылдар аралығында
ғұмыр кешкен белгілі этнограф әрі антрополог Карл Линней­

ді жиі еске алады. Ол адам атаулыны: «тағы», «жартылай
тағы», «американдық жұмсауға ыңғайлы қызыл түсті», «азия­
лық ырымға сенгіш», «африкалық қара түсті әмірге сенгіш»,
«еуропалық ақ түсті заңшыл» деп жіктеп, соңғысын бәрінен

жоғары қойған болатын. Енді «бұқара адамы», «тобырдың
адамы», «шығармашылық тұлға» деген терминдер өмірге
келді. Алғашқысының өзіндік пікірі жоқ, көптің аузын кү­
зетумен болады, негізінен дамушы елдер тұрғындарына тән

қасиет. Екіншісі тобырлық өмір салтына бейім, табиғатқа
біржола тәуелді, бұларға логикалық ой-талғам мүлде жат –

АЛДАН СМАЙЫЛ

үшінші дүние өкілдері. Соңғысы – өркениет иелері, қазіргі
заманғы прогресті жасаушылар. Сіздің бұған келісе коюыңыз
екіталай. Ал тәуелділіктің осындай этникалық себептеріне
пейіл беретіндер өз ішіңізден табылып жатса, күйінгеннен тас

шайнайтыныңыз да рас.
Осы тұста Мексиканың көрнекті философы Леопольдо
Сеаның «Философия Американской истории» еңбегіндегі мына
бір ой еске түседі. Ол саяси немесе экономикалық тәуелділік­

тен толық арыла алмаған елдерде ұлттық тәуелсіздікті жат­
сы­натын ғылыми және әлеуметтік топтардың пайда бола­
тын­дығын және олардың белгілі дәрежеде ұлттық идеяның
қалыптасуына кедергі келтіретінін атап көрсетеді.

Мексика білімдарының осы түйінінен өз ақиқатың да аң­
дыздап шыға келетіндей. Көзіқарақты жұртқа белгілі, ғасыр
табалдырығында, ұлттық ар-намыс тарих таразысына салын­
ған тұста, тәуелсіздікке жатырқай қарап, өзара тәуелділік

идеясын көтергендердің даусы ащы шығып жатты. Туған
топырағының ғасырлар бойғы саяси-идеологиялық қысымнан
рухани жұтқа ұшырағанын көре тұра республикадағы өзге
нәсіл өкілдерінің этникалық, тілдік мәселелерін қолдан жа­

сап даурықты. Төл ұлтын тәуелсіздік арқылы дара өркендеуге
қабілетсіз жарымжан ұлт кейпінде көрсетуге дейін барды. Сол
күрделі кезеңде республиканың алты өнеркәсіпті қаласын
Ресейдің басқаруына беруді ұсынғандардың болғанына, мұның

себебін қазақ елінің экономикалық білімсіздігінен іздеген­
дігіне өзіміз куәміз.
Ең сорақысы – ұлттық тәуелсіздікті жатырқаушылар өз­
дерін халықтан рухани-саяси биік тұрмыз деп есептеді.

Бүгінде осы тараптағылар өзгерген саяси ахуалдың ыңға­
йымен шұғыл түрде батысшыл болып алған. Солардың әсіре
демократияшылдығы мен еуропалық саяси реформаларға тым
әуестігіне қарап, қазақ халқы әлеуметтік-мәдени дербестігі

ұзаққа созылса, сыртқы ықпалдың кез келген түріне төтеп
беретін, рухы берік ұлтқа айналатындығынан қорқатын шығар
деп ойлайсың. Мұндай елді өзіңнің жалаң еуропашыл даңғаза
ұрандарыңмен желіктіре алмайсың. Адамзаттың болашақта

қайғы-мұңсыз өркендеуінің кепілі – этникалық негіздердің

ШЫҒАРМАЛАРЫ

жойылып, географиялық атаумен өмір сүруі дейтіндер үшін ол
қатерлі ғой.
Не ұлттық, не еуропалық мәдениеттердің уызына жары­
маған, төл мәдениетінен тек қараңғылықты танитын, рухани

құндылықтарды соқыр сезіммен сырттан іздеуге құштарла­
нып кеткен осы дүбәраларды байырғы қазақ жөнімен «тексіз­
дер» десек те жарар еді. Ал санадағы ассимиляцияның бейша­
ра төлдері екендіктеріне сәйкес «Ғасыр метистері» деп атасақ,

орынды секілді, олар генетикалық емес, рухани тастандылар
ғой.
Бүгінде бұлар «адам жоқ болса, мәселе жоқ» деген солақай
қағиданың тонын өзгертіп, «Ұлт жоқ болса, этникалық қақ­

тығыстар жоқ» деп, ғаламдық жаңалық ашқансып жүр.
Өздерін жаңа дәуірдің озық ойлы, прогресшіл зиялыла­ры­
на балайтын осы дүбәралар Батыстың өз ұлтынан, ол мәңгілік
деген ойдан ешқашан бас тартпайтынын біле ме екен. Еуропа

мен АҚШ әлемдік этникалық үстемдікке ұдайы ұмтылумен
келе жатқанынан да хабарсыз шығар. Билл Клинтонның
«Құдай қаласа, XXІ ғасыр АҚШ ғасыры болады» деген әйгілі
ұранының желігі сірә да басылмайтындығын, ол кіші Буштың

тұсында екпіндей түскенін де аңғармайтын болар. Әлде көре
тұра көргісі, біле тұра білгісі келмей ме. Асылында «Ғасыр
метистері» өзге дүниені төл ұлты үшін емес, сол жұртының
рухы мен мәдениетінен қол үзіп қалғаны, оның тұнығына сіңе

алмайтындығынан сескенетіні үшін іздейді. Осылайша ұлттан
безіну дертіне шалдыққан және адамзат алдында да, өз халқы
алдында да заманалық кешірілмес қылмыс жасап жатыр.
Бұлар соңғы жылдары қатарларына бизнес саласынан қо­

сылғандардың ықтиярымен «шекарасыз экономика» идея­
сын уағыздай бастады. Олардың пайымдауынша саяси дер­
бестік дегеніміз экономикалық халықаралық еркіндіктің ты­
нысын тарылтатын саяси эгоизм болып табылатын көрінеді,

сондықтан мұндай дербестікті есік-терезесі жоқ, мемлекеттік
бақылаудан тыс экономикалық интернационализмнің жолы­
на құрбандыққа шалу керек.
Аталған ой Ресейде Ельциннің тұсында пайда болған мил­

лиардерлердің аузымен айтылған еді, бара-бара өзге елдер
байсымақтарының көкейін күмбірлете бастады.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Сөз орайында бұл идеяның XXІ ғасыр «жаңалығы» емес,
ертеден бар ағым екенін аңғарта кетейік. Оған алғаш кон­
тинентераралық алпауыт корпорациялардың идеологтары дем
берген болатын. Бұлардың қазіргі ұзын саны 200-ге жуық,

дүниежүзілік ішкі өнімнің 34 %-ына ие, дамушы және үшінші
әлем елдері байлығының 86%-ын планета халқының бестен
бірін құрайтын өркендеген мемлекеттердің қалтасына құюға
ерекше үлес қосып келеді.

«Ұлтсыз экономика» деп ат берілген осы идеяның негізгі
мақсаты – өндіріс қуаты жоқ немесе өнеркәсібі қарадүрсін
елдерді шикізат көзі түрінде ұстау және сол арқылы эко­
номикалық тәуелді ете беру.

Аталған мақсаттың, яғни «шекарасыз», «ұлтсыз» эко­
номика идеясының жүзеге асырылуы салдарынан болатын
тәуелділіктің дамымаған елдер үшін қандай қиындықтар әке­
летіндігіне көз жеткізу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы тарат­қан

статистикалық мәліметтерге жүгінейік.
Қазіргі таңда дамушы және үшінші әлем елдерінде 1 мил­
лиард 300 миллион адам қайыршылық жағдайда өмір сүріп
жатыр. 700 миллионы уақытша жұмыстан түсетін мардым­

сыз ақыға қалт-құлт етіп күн көруде. 840 миллионы, оның
ішінде 240 миллион бала аш. 1 миллиард адам антисанитар­
лық жағдайға душар, 1,5 миллиарды таза суға зәру. Айықпас
дерттен жыл сайын 14 миллион бала өледі.

Осыдан соң есік-терезесі жоқ, мемлекеттік бақылаудан тыс
экономика туралы ойлардан төбе шашың тік тұрады. Оны
«жүгендеусіз байлық эгоизмі» демеске лажың қалмайды.
Жеке тәуелсіздік үшін ұлттық тәуелділікті қалап алуға дайын

ғасыр сатқындығына балауға да әзірсің.
Міне, осылайша XXІ ғасырда бірін екіншісі тәуелді ету
жолында өркениеттер де, жалған демократияшылдар мен
өздерін ұлттан жоғары қойған неокапиталистер де сауырына

қамшы басып жатыр.
Француз жазушысы Веркар романдарына «Адам әлде
жануар», «Толық немесе жартылай адам» деп ат қойып, шы­
ғармаларының өнебойында соған жауап іздейді екен. Қа­

зіргі қазақ қаламгерлері жазылмақ еңбектеріне «Ғасыр ме­
тистері әлде сананың адасуы» деген тақырыпты таңдап, осы

ШЫҒАРМАЛАРЫ

құбылыстың көркемдік-философиялық шындығына бойласа
жөн емес пе?! «Өркениеттің ең маңызды міндеті – адамды
ойлануға үйрету» деп Эдисон Томас Алва айтқандай, ұлттық
идеологияның ақыл мен жүрекке бірдей әсер ететін құдірет­

ті саласы – әдебиеттің парызы әлемді туған топырағыңның
мүддесі арқылы тануға баулу ғой.
Осы жерде ойыңа тағы да Леопольдо Сеаның кесімді па­
йымдары оралады. «Біз, латынамерикандықтар, Батыс өр­

кениетін адамзат пен тарихты азат етудің жалғыз ғана мүм­
кін жолы ретінде дәріптейтін идеяны қабылдай алмаймыз.
Біз халықтар арасындағы қарым-қатынастың басқа үлгісін
марапаттаймыз: ол – тікелей де, өзара да тәуелділік емес,

баршаға тиімді ынтымақтастық», – дейді ол.
Бұған белгілі жазушы Жорж Сименонның «Кейінгілерге
қалдыратын ең асыл мұрамыз – тәуелділік сезімінен таза сана»
деген ойын қосыңыз.

Ал тәуелсіздік пен тәуелділік адамзат таразысының екі
басында әлі теңселіп тұр.

АЛДАН СМАЙЫЛ

ЕУРАЗИЯ ГЕОСАЯСИ КЕҢІСТІКТЕ

Еуразия! Алапат соғыстар талай қансыратқан, өркениеті
адамзаттың бағы мен сорына қатар қызмет еткен, бір-біріне
кереғар идеялар мен идеологиялар тынымсыз қайшыласқан
қария құрлық. Континентте қойдай жамыраған көп идея­

ларды аударып-төңкерсеңіз, олардың ел мен елдің арасын
жақындатудан гөрі алыстатуға, табыстырудан гөрі шабыстыру­
ға көбірек бейім болғанын көресіз. Тамыры орта ғасырдағы
түрлі утопиялық сарындардан нәр алған коммунизм идеясы

Еуразияны бір-біріне қатыгез екі саяси лагерьге қақ жарып
тастады. «Континентальды еуразиялық және батыс атланттық
өркениеттер ешқашан тоғыса алмайды, табиғатынан кере­
ғар мәдениеттерге негізделген» деп уағыздаған «еуразийстер»

де құрлықтың саяси-әлеуметтік тұтастығын ойлаған жоқ.
Хин­ганнан Карпатқа дейінгі халықтарды бөліп алып, бір
мемлекеттің, империялық Ресейдің қол астында ұстамақ бол­
ды. Кейінірек, XX ғасырдың 70 жылдарында, олар жаңа «сая­

си жаңалық» ашқансыды, шығыс славян және түркі-моңғол
ұлыстарының мәдени-тарихи тамырластығы туралы сөз қозғай
бастады. Мұның астарында түркі тектестерді «туысқандық»
желеумен Ресей державасына сіңіріп алу мақсаты жатты. Бұл

идея көрші елдің кейбір саяси бірліктерінде әлі күнге беделді,
«біз Шыңғысхан империясының тікелей мұрагеріміз» деген
дауыстар естіліп қалады.
Саяси-философиялық өрісі тар мұндай күмәнді идеялар мен

идеологиясымақтардың орны – тарихтың шаң басқан архиві.
Еуразияда, оның шығыс қапталында жаңа идея – адамзатты
бауырым деп тұтас сүюге шақырған, өркениеттердің ізгілікке
қылаусыз қызмет етуіне бастайтын, қанаттаса қатар дамуға

кең жол ашатын ұлағат идеясы көктеп келеді. Ол – Қазақ­
стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Еуразиялық одақ идеясы.
Қазіргі заманғы әлемдік экономикалық даму дәстүрлеріне

бейімделіп, барынша тиімді, бәсекеге төтеп беретін саяси-

ШЫҒАРМАЛАРЫ

индустриялық қауымдастықтар арқылы өркендеуге үндейтін
бұл өміршең бастаманың уақыт өткен сайын қанатын кеңге
жаятындығы анық. Ол Еуразияның шығысында тағы бір
келешегі зор құрылымның – Бірыңғай экономикалық кеңіс­

тіктің шаңырақ көтеруіне ықпал етті.
Еуразия құрлығы, оның еуропалық аймағы ортақ нарық
арқылы толысуды жүзеге асырып жатқан кезеңде Қазақстан
төңірегін соған шақырып қана қоймай, жұмылдыра алса –

бұл тарихи ерлік, саяси көрегендік, экономикалық ойдың ал­
ғырлығы.
Бүгінгінің бағасын келешектен сұра дейді. Қазіргінің құ­
нын тарихтан артық кім айтсын. Қазақ топырағында сәуле­

ленген  континентальды стратегиялық идеялардың дәуірлік
салмағын терең сезіну үшін сол тарихтың өткен екі-үш ға­
сырында Еуразия құрлығын қуалай соққан салқын ойларды
әредік уақыт сүзгісінен өткізіп тұрсақ дұрыс-ты.

* * *
Брукс Адамс: Американың империялық мүддесі Еура­зия­
ның саяси кеңістігін жаулап алуға итермелейді.
Хальфорд Маккиндер: Хартлэнді (Еуразияны) билесең –

әлемді билейсің.
Спайкмен: Еуразияны тізгіндеген – әлем тағдырын қолын­
да ұстайды.
Жер көлемі 53,4 миллион шаршы километр, мұхиттар

айдынында тербеген алып құрлықтың геосаяси кеңістіктегі
маңызын Батыс пен АҚШ-тың ғылыми элитасы ХVШ-ХІХ ға­
сырларда осылай бағалаған. Шындығына келгенде, бұл па­
йымдар әлем үшін тың жаңалық емес еді, Еуразияның қа­

дір-қасиеті төңірегіне ертеден мәлім болатын. Еуропа мен
Азияны қатар жаулап алу арқылы ғана жер-жаһанға әңгіртаяқ
ойнатуға болатынын атышулы Александр Македонский де,
Ұлы Даладан Батысқа қарай арыстанша атылған Еділ де біл­

ген. Жаңа геосаясатшылар сол жойқындардың географиялық
стратегиясына АҚШ пен Батыстың экспансиялық мүдделеріне

АЛДАН СМАЙЫЛ

сәйкес қайта үңілді, Еуразияны державалық, онда да әлемдік
империялық ауқымда зерттеуге кірісті.
Бұл бағытта алғаш ой толғаған АҚШ адмиралы А. Мэхэн
еді. 1840-1914 жылдардың аралығында өмір сүрген әскери

қайраткер Американың сол тұстағы геосаяси көзқарастары­
ның сарынымен жаңа өмірлік кеңістіктер іздеуге кірісіп,
«Теңіз державасы» теориясын ойлап тапты. Оның пайымдары
қарапайым әрі дәлелді болатын. Әлемдегі төрт ұлы айдын –

Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттарындағы
қолайлы су тораптарына кім ие болса, сол жер жүзіне сөзін
өткізеді.
Мэхэн осы тұжырыммен Еуразияға ерекше назар аударды.

Алып құрлық аталған төрт шалқарды тел емеді, батысы мен
шығысында, оңтүстігі мен солтүстігінде барлық жағынан
қолайлы теңіз қақпалары бар. Осы ғаламат географиялық
мүмкіндік арқылы XVІІІ ғасырдың өзінде халықаралық эко­

номикалық маңызға ие болып үлгерген Атлант және Тынық
мұхит рыногына мықты бақылау орната аласың. Ал соғыс
қимылдары кезінде оңтайлы стратегиялық су жолдарының
бәрі ашсаң – алақаныңда, жұмсаң – жұдырығыңда болады.

Экономикасы, соған сәйкес әскери күш-қуаты күн санап
артып келе жатқан АҚШ-та адмиралдың «Теңіз күштерінің
тарихқа ықпалы» атты еңбегі жоғары бағаланды. Бұл еңбек
державалық желік желдей естірген ел үшін әлемді билеудің

нақты жолын айқындап берумен бірге, сол жолдағы әскери-
саяси тактиканы белгілегендігімен де қымбат еді. Мэхэн
Еуразияны Еуропаның көмегімен жаулап алу жоспарын
ұсын­ды. Кәрі құрлықтың еуропалық мемлекеттерімен ауыз

жаласа отырып, алдымен Азияны талқандау керек, содан
соң шайқастарда діңкелеген одақтастың омыртқасын опыра
саласың.
АҚШ-тың XІX ғасырдың бас кезінде батыл ойларымен

танылған геосаясатшысы Брукс Адамс бұл экспансиялық
идеяны одан әрі нақтылады. Ол Еуразияны жаулап алу кезінде
Еуропа мемлекеттерінің АҚШ-қа одақтас болатындығына
сенген жоқ. 1911 жылы жарық көрген «Америка империясы»

еңбегі Еуропаға қарсы агрессиялық ойларға толы. Ғалымның
бұл орайдағы таным-түсініктері төрт салаға жіктеледі.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

1. Америка империя болуға міндетті. 2. Империяға айналудың бірден-бір жолы – Еуразияны

жаулап алу. 3. Еуразия үшін Еуропамен соғысуға тура келеді. 4. АҚШ-тың Еуропадағы негізгі қарсыластары – Франция,

Германия, Ресей.
Брукс Адамстың бұл дәйектерінен АҚШ саясатшылары
әлемнің кіндігі – Еуразия, Еуразияның жүрек тұсы – Еуро­
па деген қорытынды шығарып, оны әскердің бе, әлде саяси

дипломатияның ба, қайсысының күшімен тізе бүктіру ке­
ректігін ойлап бас қатырды. Енді Ұлыбритания мен Жапо­
нияның жолымен жүріп, Еуразияның азиялық бөлігін же­
ке-жеке басып алу тиімсіз еді. Аталған екі ел Азиядағы отар­

ларынан Еуропаның қысымымен айырыла бастаған.
Осының бәрін саралай келіп, АҚШ Еуразияны, нақты­
рақ айтқанда, Еуропаны іштен ірітудің саяси айла-тәсіл­
дерін іздестірді. Кейбір сарапшылар мен тарихшылар Еуро­

па мемлекеттерінің арасында болып келген қарулы қақты­
ғыстардың бәрінде Американың қолтаңбасы бар деп есептей­
ді. Құрама Штаттар, әсіресе Германия мен Ресейдің әлсін-әлі
текетіресіп тұрғанын қаласа керек.

Бір жағынан империялық аңсар асқынып, екінші жағы­нан
Еуропа жүректі шайлықтырып дел-сал болған талмау шақ­
та АҚШ-тың айқын агрессиялық ниеттегі саяси қайраткер­
лері президент Дж. Монроның 1823 жылы жария етілген

державалық идеясын еске алған. Бұл идеяның мәні мынада еді:
Монро Батыс жарты шарын қақ жарып тастап, оның бір бөлі­
гін «американдық», екінші бөлігін «еуропалық» деп жарияла­
ды. Еуропа «американдық» қапталға ешқашан аяқ баспауға

тиіс. Бұл аймаққа Еуразияның көптеген жері енетіндіктен де
қызыға алмайды.
Тарихта «Монро доктринасы» деген атпен қалған бұл идеяда
екі саяси түйін түйілген:

1. Еуразияны тұтастай басып алу мүмкін емес, оның еуро­

палық бөлігі тізе бүкпейді. 2. Еуропаның Еуразиядағы орнын тарылтып, жер көлемі

жағынан ауқымды азиялық өңірін еңсеру керек.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Еуразия осылай әлемдегі ең маңызды геосаяси орталыққа
айналды. Оны жаулап алудың тактикасы мен стратегиясы
сол кездегі саясатшылар мен саясатқа жақын ғалымдардың
жерік асы болды. 1919 жылы Оксфорд университетінің геог­

рафия профессоры, ағылшын Хальфорд Маккиндер «Әлем­
дік саясаттың аймақтық кіндігі» идеясын көтерді. «Демо­
кратиялық идеалдар мен қазіргі шындық» еңбегінде сол кін­
діктің аты алғаш аталды. Ол Еуразияны жаһан саясатының

аймақтық кіндігі деп жариялап, «Хартлэнд» деген ат берді.
Маккиндердің анықтауы бойынша «Хартлэнд» дүниені
жер ортасына жұмылдырушы айрықша табиғи орта, оның
шекарасы географиялық тұрғыда барынша дәл белгіленуі

керек. Еуразия дегеніміз – Орталық және Шығыс Еуропа,
Ресей, Моңғолия мен Тибет.
Оксфорд профессоры бұдан кейін географиялық білім-
танымын әуелі Еуразияны, сол арқылы әлемді қалай бағын­

дыруға болатындығын саралауға арнайды. Ғалымның бұл
орайдағы нақтылы тезистері төмендегідей:

1. Шығыс Еуропаны кім билесе – Хартлэнді сол билейді. 2. Хартлэнді билеген – әлемдік аралды билейді. 3. Әлемдік аралды билесең – Әлемді билейсің.

Маккиндер Еуразияға үстемдікке талас кезінде Еуропа
негізі қарсылас екенін ескертуді де ұмытпайды. Оның бұл рет­
тегі пайымдары Брукс Адамстың байламдарымен сарындас.
Америка империясы жайлы агрессиялық идеяға алғаш дем

берушілердің бірі болған осы қайраткерден сәл өзгешелігі –
АҚШ-тың Еуропадағы дұшпандарының қатарына Франция­
ны енгізбеген, Ресей және Германиямен шектелген, сол екеуі­
нің әскери одақ құруына еш уақытта жол беруге болмайды деп

санаған.
XX ғасырдың бас кезінде АҚШ-тың саяси айналымына
енген осы тұжырымдардың жаңғырығы әлі күнге басылма­
ған­дай. Олардың қайсыбірі араға ұзақ жылдар салып жүзеге

асырылып жатыр.
Маккиндер сол 1919 жылдың өзінде Еуропадағы қарулы екі
мемлекеттің – Ресей мен Германияның шекарасын мәдениеті
олардан кем емес, ұлттық намысы биік елдермен бөліп тастау­

ды ұсынған болатын. Осы аралық кеңістіктен тарихтың ұзына

ШЫҒАРМАЛАРЫ

бойында орыстың да, немістің де тізесі көп батқан Польша,
Эстония, Литва, Латвия, Румыния, Чехословакия секілді ел­
дерді көргісі келген.
Еуропаның осы өңіріне қазір көз салыңыз, Маккиндердің

арманы тап-тұйнақтай орындалғанын көресіз. Германия мен
Ресейдің ортасында АҚШ-қа пейілді, әлемдік өркениетке бе­
йім, саяси діні берік, киіктің асығындай шымыр елдер сұлап
жатыр. Олардың неміс жұртына түпкілікті көзқарасы бізге

беймәлім, ал Ресейге тоңы жібімейтіні анық.
Еуразиялық экспансиялық идеялардың бүгінгі нәтижеле­
рін әрі қарай тереңдетпей, XX ғасырдың бас кезіне қайтып
оралсақ, дүниені осы құрлық арқылы тұзақтаудың ой-жоспар­

лары Маккиндермен шектелмегенін көреміз.
Хартлэндінің әлемдік стратегиялық құндылығы жайлы
қадап айтқан ғалымдардың бірі – Йель университетінің
халықаралық

қатынастар
жөніндегі
профессоры
болған

Н. Спайкмен. Оның еуразиялық теориясы мемлекеттердің
геосаяси күш-қуатын айқындауға арналған он ерекшелігімен
дараланды.
Олар: орналасқан жерінің бедері, шекараларының оң­

тайлылығы, халқының саны, пайдалы кен қазбаларының
болуы, экономикалық және техникалық даму деңгейі, қар­
жы қуаты, этникалық біртектілігі, әлеуметтік интеграцияның
деңгейі, саяси тұрақтылық, ұлттық рух.

Сол тұстағы Еуразияда мұның бәрі дерлік бар еді, табиғи-
географиялық қолайлылығы дау туғызбаса, экономикалық-
техникалық өркениеті АҚШ-тың өзін ойландыратын. Еуро­
палық бөлігі мұнымен қатар халқының этникалық дара­лы­

ғымен де ерекшеленетін. Азиялық қапталындағы ежелгі мә­
дениет көзін ашсаң, сарқырап қоя беретін тау бұлағындай еді.
Спайкмен алтын табақтағы гауһар секілді осы құрлықты
Америка империясы, оның демократияның сырғасын салған

өркениеті гүлжазираға айналдырады деп үміттенді. Еуразия­
ны өзге әлемнен бөліп алып, одан сыртқы дүниеге «Римлэнд»
деген ат берді.
Римлэндке Йель университетінің саясат сауған профессоры

Батыс және Орталық Еуропаны, Турция, Иран, Сауд Арабия­
сы, Ирак пен Пакистанды, Индия, Қытай, Қиыр Шығысты

АЛДАН СМАЙЫЛ

енгізді. Африка мен Австралия континенттерін үшінші әлем
түрінде жеке жіктеді де Еуразияға барар жолды сызып берді.

1. Римлэндке кім бақылау орнатса – сол Еуразияны билейді. 2. Еуразияны билеген – әлемнің тағдырын қолында ұс­

тайды.
Сонымен Еуразияға барар жолда Римлэнд есімді қыруар
ел жатыр, ғалам империясы болғысы келген держава әлемге
сапарында әуелі соларды баса көктеп өтуі керек. Сөз қозғалып

отырған тұстағы халықаралық ахуалға қарасаң, Римлэндке
дәл осы кезде жасалған жорықтың ішінара сәтті болуы да
мүмкін-ау деген ой туады. Бұл тұста Қытай мен оның маңайы
Жапонияның, Индия мен кейбір араб елдері Ұлыбритания­ның

қоластында еді. Осы екеуі сүрінсе, Римлэнд түгелдей болмаса
да бауырыңа қарай дөңгеленуі ықтимал-ды.
Замандас геосаясатшылары секілді Спайкмен де АҚШ-
тың Еуразияға барар жолдағы азулы қарсыласы Еуропаның

техникалық өркениетке қол жеткізе алған ірі мемлекеттері
деп білді. Мұндай байламдардың Батыстағы әлді елдердің
бүйрегіне шаншудай қадалғаны анық. Геосаяси идеялық те­
кетіреске солардың ішінде алғаш Германия түсті.

Реті келіп тұрғанда айта кетейік, Батыстың, оның ішінде
Германияның геосаяси ізденістері қорғанысқа негізделді.
Бұған Карл Хаусхофердің Ресейде 2001 жылы жарық көрген,
бізге там-тұмдап жеткен «Геосаясат туралы» деген еңбегін

парақтап отырып илана аласың.
Карл Хаусхофер – Мюнхен университетінің профессоры,
континентальдық жарты орта теориясын дамытуға елеулі
үлес қосқан, 1974 жылы осы қалада геосаясат институтының

шаңырағын көтерген.
Ол әуелде әлемге Германия үстемдігін орнатудың саяси
және әскери жолдары туралы толғанды. Неміс жұртының
жан­ды-жансыз ресурстарын қайта-қайта түгендей келіп,

көп кешік­пей бұл бағыттағы ізденістерін тоқтатты, ғаламға
Германияның шекпенін кигізем деу ұлттық әсіре сезімнен
туған далбаса екендігіне көзі жеткен.
Осыдан соң неміс халқының тарихи орнындағы есен-аман­

дығына алаңдауға көшкен. «Еуразияны англосаксон тек­тес­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

тердің құрығынан қалай құтқаруға болады?» деген сауалдың
соңында кетіп, «Континентальдық одақ» идеясын тірілтті.
Хаусхофер осы идеясы арқылы алғаш рет Германияның
әлемге қожалық ету түгілі, Еуразияның тұтастығын сақтауға

қауқарсыз екендігін мойындайды. Бұл неміс геосаясатын­дағы
тарихи батылдық еді. Мың ойланып, жүз толғана келе Гер­
мания Еуразия үшін Ресеймен және Жапониямен одақтасуы
керек деп шешті. Ресей континенттің өз ішінде сүйеу болса,

Жапония теңіз арқылы қорғай алатын еді.
Ол осы ойынан бұ дүниеден озғанша айнымаған, Ұлы
Отан соғысының алдында Германия билеушілеріне АҚШ-
Англия одағы күшейіп келе жатқанын, Еуразиядағы саяси-

экономикалық катынастарды сақтап қалу үшін КСРО-мен
одақта болу керектігін ескерткен.
Осынау қайшыласқан идеялар мен сапырылысқан саясат­
тың тасасынан қажыған ғасырларды, сақал-шашы ағарған

кәрі құрлықты көресің. Ол континентті саяси-экономикалық
болмысы жағынан біркелкілендіре келген XXІ ғасырға үміт­
пен қарайды. Батыс саясаттанушылары Еуразияның ендігі
мұраты – осы бірыңғайлылықты даму жолында тиімді пай­

далана білу деп отыр. Жер-жаһанның жерік асы болған
Хартлэнді бір кезде коммунизм елесі кезсе, бүгінде өзара сенім
мен ынтымақтастыққа шақырған өркениет үні естіледі.
Қазіргі таңда, адамзат өзінің ұлан-ғайыр тарихында алғаш

рет күш біріктіре даму мүмкіндігіне ие болып отырған тұста,
қанаттаса өркендеуге шақырған ой-бастамалардың маңы­
зы айрықша. Біз сондықтан да Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақ тура­

лы идеясын жоғары бағалаймыз. Осы ой алғаш жарияланған
1994 жылдың 28 наурызын тарихи күн деп білеміз.
Еуразия, қария құрлық бүгінде өзінің жаңа тарихын жа­
зып жатыр. Сол тарих авторларының бірі – Қазақстан.

АЛДАН СМАЙЫЛ

РЕСЕЙДІҢ ЖАҢА ЕУРАЗИЙСТЕРІ

А.Г. Дугин: Еуразия толық геосаяси тәуелсіздікке қол
жеткізуі керек.
Г.А. Зюганов: КСРО шеңберінде біртұтас Еуразия мем­
лекетін құрамыз.

В.Л. Цымбурский: Ресей – Еуразияны күйретуші.
Ресейде ертеден бар Еуразия идеясы қазіргі орыс зия­лы­
ларының жерік асына айналғалы біраз уақыт болды. Олар
КСРО-ның шаңырағы ортасына түскен күннен бастап осы

идеяға жаңа маңыз беріп, оны орыс империясын қайтадан
қалпына келтірудің өтімді идеологиясы етуге күш салып ба­
ғуда. Себебі дәл осы шақта, әлемнің әлді-әлсіз елдері өзара
үндесуге ұмтылған тұста, орыс идеясының бұрынғы үстемдік

пен белден басуға негізделген түрлерінің қай-қайсы да саяси
астамшылық болып табылатын еді және Еуропаның да, Азия­
ның да қарсылығын туғызатын еді. Ал еуразиялық идеяны
қалай құлпыртам десең де еркің, өйткені оның әуелгі астарын­

да – тізе қоса өркендеу, бейбіт қатар өмір сүру концепциялары
өрілген. Осы жылы шырайлы, ізгі ниетті ебін тауып Ресейдің
жеке мүддесіне ыңғайласаң, сырт көзге күнә емес. Асылын­
да Еуразия атанған ұлан-ғайыр құрлықта тыныштық пен

өркениет дәуірлесін деген ойды кім жатырқамақ. П.Н. Савиц­
кийдің анықтауына сүйенсек, Еуропа мен бергі Азияны, Иран
мен Индияны, Үнді-Қытай мен Жапонияны біріктіретін және
осы алып кеңістіктің кіндігі болып табылатын Еуразияны

көктемесін деуге тілің бара ма?! Бірақ...
Бар гәп осы «бірақтан» басталады. Ресейдің жаңа еура­
зийстері жамыратып жүрген ой жалпы жұртқа жайлы, қа­
наттаса даму идеясынан гөрі жеке ұлттың мүддесін көбірек

күйттейді. Олар бұл ретте Ресейдің Г. Вернадский, Н. Трубец­
кой секілді ұлтшылдық ағымдағы еуразийстерімен астасып
кетеді. Еске салайық, аталған ойшылдар Ресейді Еуразияда­
ғы ерекше әлем деп білді, іргелес және құрлықтас халықтар

ШЫҒАРМАЛАРЫ

мемлекеттігінің мән-мазмұнын айқындайтын орталық күш
түрінде әспеттеді. Егер біз бұл тұжырымды қабылдайтын
болсақ, Ресейді тағдырымызды айқындайтын құдірет кінді­
гі деп мойындаймыз. Ал мұның соңы ұлттық дербестік пен

ұлттық тәуелсіз даму дегендерді ұмытуға, онда да өз еркіңмен
ұмытуға әкеліп соғады.
Бір ғажабы, арғы-бергі еуразийстердің бәрі де, тіпті біз
мадақтап жүрген Л. Гумилев те, айналып-үйіріліп келгенде,

Еуразия халықтарының Ресейдің алдында осылай мүлгіп
отырғанын қалайды. Лев Николаевич «Конец и вновь начало»
деген еңбегінде этностардың симбиоз, ассимиляция арқылы
және өз еркімен суперэтносқа айналуы мүмкін екендігін дә­

лелдей келіп, орыс жұртын сол суперэтносқа жатқызады.
П. Савицкий болса, құлашты бұдан әргіге сілтейді. Ол
Еуразияның басқару жүйесін «идеократия» деген терминмен
анықтады. Бұл принцип бойынша Ресей біріктіруші күш,

оған нарықтық экономика мен демократия жат, билік басында
идеократтар, яғни рухани көсемдер тұрады, мұндай мемлекет
партиялық та, ұлттық диктатуралық та болуы мүмкін.
Ресейдің бүгінгі еуразийстері көбіне осы тұжырымды

ұнатады, ал ой-түйіндері мен мұрат-мүдделері жағынан бір-
бірінен алшақ түрлі тармақтарға жіктелген. Саясаттанушылар
оларды мына бағыттарға бөліп қарауда:
• атлантикалық – батысшылдар;

• шығысшыл – батыспен кез келген байланысты тоқтатуды
ұсынушылар;
• жаңа еуразийстер – батыс пен шығыстың тепе-теңдігіне
ұмтылушылар.

Ресей саясаттанушыларының бұл жіктеуін ғылыми тұр­
ғыдан алғанда нақ солай деп қарауға болмайды, әр ағымның
осылай таратуға келе қоймайтын ішкі ағыстары бар. Мәселен,
жаңа еуразийстердің бірегейі болып табылатын А.Г. Дугин

Батыс пен Шығыстан гөрі Ресейдің геосаяси үстемдікке жету­
ге мүмкіндігі көп деп тұжырымдайды. Оның қайшылықтар­
ға толы пайымдарының ішіндегі дұрысырағы мына пікірге
саяды: Бүгінгі біржақтылығы басым әлем жаңа биполяр­

лық рең алуы қажет, тек сонда ғана Еуразия шын мәніндегі
геосаяси тәуелсіздікке ие болады. Биполярлық рең бірте-бірте
9-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

көпполярлыққа бастайды, бұл әр халықтың, әрбір геосаяси
шоғырлардың өз құндылықтары негізінде өркендеуіне жол
ашады.
Егер А.Г. Дугин осы тұжырымында тұрақтап қалса, жал­пы

еуразиялық даму жолын біршама әділ белгілеп берген саяси
қайраткер ретінде «бәрекелді» дегізер еді. Ол алайда көп­
полярлыққа беттейтін сүрлеулер мен даңғылдарды Ресейге
қарай кілт бұрады, орыс отанын Шығыс та емес, Батыс та

емес дей келіп, осы екі әлемді біріктіре алатын жалғыз қуат
көзі түрінде асқақтатып, құрлықтардың тұтқасы ретінде
ерек­шелен­діреді.  Мұны аз десеңіз, Дугинше шырқасақ, Ре­
сей өркениет­тер шыр айналып жүретін «тарихтың кіндігі»

көрінеді, планетадағы бірде-бір ел ондай дәрежеге көтерілме­
ген. Ресей әлем атынан сөйлеп, батыс пен Шығыс өркениетін
сызып тастауға ерікті.
Жаңа еуразияшыл бұдан әрі қарай («Введение в геополи­

тику. Геополитическое будущее России», Москва, 1997) орыс
халқын Ресейге балайды да оны мессиондық желікпен жел­
діреді. «Орыс халқы, – дейді ол, – бір емес, бірнеше мемлекет
құруға қабілетті, өркениетті ел ретіндегі міндеті – Еуразия­

ның  солтүстік шығысына бақылау орнату, стратегиялық
мақса­ты – Батысқа қарсы тұру, болашақта оны мәдени экс­
пансиялау».
Шығыс пен Батыс зиялысының мұндай астамшыл оймен

келіспейтіндігі белгілі. Сол секілді Дугиннің орыс дүние­та­
нымының бүкіл планетарлық маңызы туралы пайымын да
қабылдай алмайсыз, русьтің құдай таңдаған ұлт екендігіне де
күмән келтіресіз. Осы байламдардың өзегінде Ресейде әлім­

сақтан бар сыңаржақ өркөкіректіктің салқыны есетіндігін
аңғарып, секеммен қарайсыз, Ресейде дугиншілдер көбейсе,
Еуразияда тағы бір дүрбелеңді идея қанат жаятындығына
көзіңіз жетеді.

Ресей еуразияшылдарының басқа өкілдері де орыс отанын
әлемнің кіндігі етеміз деп әуре. Олар осы мұратқа жетудің
алғашқы кезектегі міндетін айқындап үлгерді. Бұл міндет
аясында Ресейдің қазір кімдермен одақтасуы керек екендігі

қарастырылған. Сол одақтастардың алдыңғы сапында, Батыс
аймағы бойынша Германия мен Франция, Шығыста Қытай

ШЫҒАРМАЛАРЫ

мен Жапония, оңтүстікте Иран тұр. Ресей осы елдер арқылы
күшейіп, келе-келе жер-жаһанға билік жүргізе алар еді.
Мұны утопия дегеніміз дұрыс, аталған мемлекеттер эко­
номикалық даму деңгейі жағынан (Ираннан өзгесі) Ресейді

шаң қаптырып кеткен, мәдениеті мен осы заманғы технология­
сы орыс жұртының бүгінгі ахуалына аянышпен қарата алады,
оның үстіне бәрі дерлік әлемге сөзін өткізуге дәмелі және сол
жолда құралақан емес.

Ресей коммунистерінің «көсемі» Г.А. Зюганов осы идея­
ларды өзінше таратып, нақты практикалық мән беруге ұм­
тылған. Оның ұйғаруынша, бұрынғы кеңестер одағының
шеңберінде біртұтас Еуразия мемлекетін құру керек, бұған

Ресейдің дәстүрлі одақтастар мен Балқандағы, араб дүние­
сіндегі кешегі байланыстарын қайтадан қалпына келтіру
арқылы қол жеткізуге болады. Осы мақсат үшін АҚШ-қа
қарсы күштердің бәрімен ауыз жаласудың ешқандай әбесті­

гі жоқ (Н.Н. Ашенкампф, С.В. Погарельская «Современная
геополитика»).
Зюганов бұл ойын әрі қарай тарата келе құлашын кеңге
сермейді, Ресейдің географиялық жағдайын алға шығарады,

орыс жері коммуникациялық және кеңдік ыңғайда алғанда
маңдайынан үстем тұруға лайық деген түйінге тіреледі де
түлкі дәмесін ашық жайып салады. Ресей, осы еуразияшыл­
ша түсінгенде, геосаяси үйлестіруші ретіндегі көп ғасырлық

дәстүрлі беделіне қайтсе ие болуға тиіс, өйткені ол әлемдік
геосаяси тепе-теңдік пен әділдіктің кепілі.
Мұның қаншалықты ақиқат екендігі Зюгановтың өзіне
белгілі болмаса, бізге жұмбақ. Анығы, Шығыс пен Еуропа Ре­

сейдің кісілігінен гөрі қаруын көбірек біледі. Орыс империясы
ХVІІІ ғасырда өзге елдің жерін басып алу мақсатымен 17 рет
соғыс өртін тұтатты. ХІХ ғасырда сыртқы елдерде 121 соғыс­
қа қатысып, 67 жылын атып-шабумен өткізді. 1900 жылдың

алдында құрлықтың алты да бір бөлігіне ие болды. Қазіргі
күнде федерациялық негізде ондаған ұлтты тақымына басып
отыр, бұлқынғанына – бұғауы, жұлқынғанына – жұдырығы
дайын. Шешенстандағы соғыс қатыгездігі мен ұзақтығы жа­

ғынан АҚШ-тың Ирактағы сойқанымен теңеседі. Жылжып

АЛДАН СМАЙЫЛ

жылдар өткенде осы екі соғыстың адамзат тарапынан барын­ша
қатал айыпталары анық.
Ресей еуразийстері өз идеяларының түптің түбінде әлем­
дік екі соғыс секілді қантөгістерге алып баратындығын ескер­

мегенсиді. Олар үшін орыс халқынан басқа ұлттардың ерік-
жігері мен арман-аңсауы есеп емес, Ресейді державаландыру­
ға қарсы тұратын былайғы елдің тәуелсіздік жолында құрбан
болуға даяр екендігі жай әшейін бірдеңе.

Зюганов кейбір тұжырымдары бойынша орыс ұлттық гео­
саяси мектебін қалыптастырушыларға жақындайды. Бұл
мектептің белсенділері В. Аксючиц пен Н. Павлов орыстан
өзгелерді сыртқа тебу идеясын ұстанған. Олардың ойынша

түркі тектестермен және мұсылмандармен жақындасу қас­
терлі. Түркі дүниесі кеңейе келе орыстарды Еуразия кеңісті­
гіне шашыратып, ұлттық қанын сұйылтып жіберуі мүмкін
деп сескенеді. Бұлардың тіреліп отырған геосаяси түйіні тө­

мендегідей:
• православия шіркеуі беделді орыстың ұлттық мемлекетін
құру;
• Украина мен Беларусьті қосып алу арқылы әлімсақтағы

Киев русін қайтадан қалпына келтіру;
• Ресейдің Орталық Азия мен Кавказдан кетуі;
• идеологиялық және экономикалық күш-қуатты орыстың
ұлттық мәселелерін түбегейлі шешуге бағыттау, коммунистік

мұраттардан біржола бас тарту.
Бұдан ХІХ ғасырдың басындағы панславянизм мен пан­
православия ағымдарының желі еседі. Осы ағымның «көсемі»
Н. Данилевский таза орыс мемлекетін құру мақсатына Ре­

сейдің дәстүрлі еуразиялық идеясын құрбан қылған болатын.
Ол державалық желіктен бас тартуға шақырды, Ресей Батыс
та, Азия да емес, өзге ел деп жариялады. Аталған қадам­
ға қарағанда батысшыл еуразийстердің ой талпынысы жаңа

заманға біршама жақын секілді еді. Өткен ғасырдың 90 жыл­
дарында көтеріліп, КСРО күйреген тұста саяси-эконо­мика­
лық басшылыққа алынған бұл бағыт екі ұстанымға сүйенеді:
• Батыс Ресейге Орталық Еуропадан кеткені үшін қаржы-

экономикалық көмек көрсетеді

ШЫҒАРМАЛАРЫ

• Нарықтық экономикаға көшіріп, демократиялық инсти­
туттардың орнығуына атсалысады.
Ельциннің тұсында дәл осылай болды, анығырақ айтқанда,
соған талпыныс жасалды, Ресей қас-қағымда өзгеріп шыға

келді, орыс әлемі асты-үстіне шықты. Сол кезге бүгінгі күннің
биігінен көз салған саясатшылар КСРО-сыз Ресей жаңа қо­
ғам­ға долбармен, орыс болмысына тән қарадүрсіндікпен енді,
сондықтан нарық талан-таражға ұласты, жекешелендіру ел

үшін емес, елді билеп келгендер үшін жүргізілді, жемқорлық
пен саяси таққұмарлық өршіді деп түйіндейді. Саяси және
экономикалық реформалардағы қателіктер, әлеуметтік то­
қыраулар мен бағдарсыздық Ресейдің шын мәнінде Батыс

та емес, Шығыс та емес даму жолында сабақтастығынан гөрі
бұралаңы көп бөлек әлем екенін көрсетті.
Осыдан соң жаңа еуразийстер естерін жинаған тәрізден­
ді, тоқыраған елге қарап державалық астамшылдық төрткүл

дүниенің алдында абыройдан айыратын желік екендігін ой­
лады. Ресей бұдан былай Еуразияның құдай қалаған кінді­
гі бола алмайтындығын түйсінді. Еуропаның жалына қол
тигізбейтіні атқан таңдай анық болса, Азияның айбары күн

өткен сайын артып келе жатқаны соншалық кәміл еді. Сол
алып дүниеде заңғарлана бастаған Қытай секемдендіре сұсты
қарап тұрған.
Осы ақиқат Ресейді үйлесімді геосаяси үлгі жасауға мәж­

бүрледі. Бұл үлгіні ұстанушылар әсіре ұлтшылдық та, шым­
қай батысшылдық пен шығысшылдық та орыс еліне опа
бермейді деп отыр. Енді қалыптасқан халықаралық ахуал­
ды анық бағалап, орыс дербестігін сақтау қажет, мына ала­

сапыран заманда соның өзі үлкен олжа. Ал бұған мына саяси
тұғырнамалар арқылы қол жеткізе аласың:
• Ресейдің әскери, басқа да мүмкіндіктерін әлемдік саясатта
ұтымды пайдалану;

• Әлемде жаңа геосаяси ықпалды орталықтардың пайда
болуына жол бермеу;
• Планетарлық әл-қуаты бар державалардың өзара қай­
шылықтарын Ресейдің сыртқы мүддесі үшін ұтымды пай­

далану;

АЛДАН СМАЙЫЛ

• Ішкі саясатта елдің дербестігін сақтауға септігін тигізетін
шегіністерге бара білу;
• Аймақтық саясатта Ресейдің бұрынғы үстемдігін сақтау,
әсіресе бұрынғы кеңестік кеңістікте;

• КСРО-дан мұра болып қалған геосаяси мүмкіндіктерден
айырылмау;
• Экономика мен саясатта Еуропалық үлгіге бейімделу және
АҚШ-тың әлемге ықпалына тосқауыл бола білу;

• Еуропаның экономикалық қуатын шектеу үшін Азияны
өркендетуге мұрындық болу;
• Ресейдің транзиттік артықшылығын ұмытпау.
Бұл бағытты қолдаушылар оңшыл күштердің одағына топ­

тасып жатыр.
Ресейде әлі де беделді саясаткерлер Г. Явлинский мен В. Чу­
байстың төңірегіне шоғырлануда.
Осы ыңғайдағылардың ой-танымын В. Чубайстың «Либе­

ральдық империя» деген терминімен түйіп тастауға болады.
Бұл империя АҚШ-қа ұқсауға тырыспайды, яғни әлемнен
ашық түрде дәметпейді, орыстың ұлттық құндылықтарын
нығайту арқылы этникалық дамуды қамтамасыз етеді.

Біздіңше, Ресейге қазіргі таңдағы ең ұтымды өркендеу
жолы осы. Державалардың түбіне жететін күш сол держава­
ның өзі. Бұл әлімсақтан дәлелденген ақиқат. Сен үстемдігіңді
жа­һанға таңған сайын дұшпаныңды көбейтесің. Дұшпанды

тізгіндеу адамның да, байлықтың да ұдайы шығынын қажет
етеді. Ол шығынның орнын үнемі толтырып отыру мүмкін
емес. Қазақша айтқанда, «су аяғы – құрдым».
Г. Явлинский мен В. Чубайс осылай ойласа, Ресейдің қа­

зіргі заманғы философы В. Цымбурский («Земля за Великий
Лимитрофом: цивилизация и ее геополитика») басқаша тол­
ғайды. Оның дәлелдеуінше, Ресей ешқашан да өзімен-өзі қала
алған емес, қала алмайды. Ресей – Еуразияны күйретуші.

В. Цымбурский Еуразиядағы өркениеттерді былайша жік­
тейді: роман-германиялық (Батыс Еуропа), араб-ирандық
(Таяу және Орта Шығыс), ресейлік, қытайлық, үнділік (Ин­
дия). «КСРО ыдыраған соң, – дейді ол, – осы өркениеттердің

аралығында тәуелсіз кеңістіктердің тосқауылсыз аймағы

ШЫҒАРМАЛАРЫ

пайда болды. Бұл – Ұлы Лимитроф аймағы. Нақ осы аймақ
Ресейді көгерте алады, онсыз орыс ұлысы өркендемек емес».
Философты мазалайтыны: «Лимитроф атанған Шығыс
Еуропа мен Кавказ, Орталық Азия өздері бөліп тастаған өрке­

ниеттерді байланыстыра ала ма, жоқ па?» деген сұрақ. Егер
байланыстыра алмаса, яғни тәуелсіз кеңістіктердегі елдер
әлеммен бір ырғақта өркендей алмаса, өңір алдағы елу жыл
ішінде түрлі қақтығыстардың ошағына айналады, дүниені

қайта бөлісудің көрігі осында қызады. Сондықтан да Ресей
Ұлы Лимитрофты өзінің геосаяси аймағы деп жариялауға тиіс.
Цымбурский осы тұжырымын мынадай нақты геоэко­
номикалық қорытындымен дәйектейді: Ресей Лимитрофқа

қол салу үшін осы өңірде Еуропа одағы мен Азия Тынық
мұхит аймағы секілді плацдарм құруы керек. Бұл тәуелсіз
кеңістікке өзге өркениеттердің кеулеп енуін тежейді, Батыс
пен Шығыстың байырғы арасалмағын сақтап қалады.

Аталған ойдың астарына үңілсеңіз, сол баяғы ұлтшылдық
кейіптегі орыс еуразийстерінің сарынын сезесіз. Ресей Еура­
зияның кіндігі болып табылатын Қазақстан, Өзбекстан се­
кілді бұрынғы одақтас елдерді уысынан шығармауы керек.

Цымбурский осы жолда Ресейді арандатушы болуға шақыру­
дан  да тайынбайды, аталған аймақта жаңа геоэкономикалық
ахуал орнатып, тәуелсіз республикаларды өзара қақтығыс­
тырып қоюға үндейді. Сол қақтығыстың барысында олар

Ресейді іздеп келуге мәжбүр болар еді деп армандайды.
Ресейдің жаңа еуразийстері таратып отырған ағымдар
осындай. Олар орыс отанының империялық тұлғасын іздеп
жанталасуда. Сол жанталастан өз елінің рухани және іскер­лік

мүмкіндігіне сенбеген, өзгенің есебінен еңсе көтеруді көздеген
саяси кемғабылдық танылғандай болады. Саясатта ежелден
дүмшелер көп болған ғой.

АЛДАН СМАЙЫЛ

БАТЫС: ГЕОСАЯСИ ҰСТАНЫМДАР

Қырғиқабақ соғыстар тоқтап, коммуникациялық бай­
ланыстар орнығады.
Ұлттық мемлекеттер этностық-діни үйлесімдерді таң­
дайды.

Өркениеттер қақтығысы әлемдік дамуды тежейді.
Азия тарихи беделін қайтарады.
Бұл тұжырымдар қазіргі заманғы Батыс ойшылдарының
қадау-қадау пікірлері. Олар бүгінде «АҚШ әлемдік беделін

түпкілікті сақтап қала ала ма? Дүниенің тұтқасын келешекте
­кім ұстайды? Еуропа ықпалының шегі бар ма?» деген сауал­
дардың төңірегінде бас қатыруда. Аты әйгілі Киссинджердің
сөзіне сенсек, XXІ ғасырда жаһанда халықаралық мәнге ие

алты орталық қалыптасады, олар: АҚШ, Еуропа, Қытай, Жа­
пония, Ресей, Индия. Бұл орталықтар бес беделді өркениеттің
ошағы, сондықтан жаңа жүзжылдықты өркениеттердің жа­
рысы деген жөн.

З. Бжезинский аталған орталықтарды халықаралық ты­
ныштыққа құштарлар мен оны қажетсінбейтіндер деп жік­
тейді. Алғашқысына Еуропа одағы мен Жапонияны жатқы­
зады. Қытай болса, Батыстың ың-шыңсыз өмір сүруіне тек

экономикалық мүддемен ғана ынталы, оған жаңа сауда ке­
ңістігі қажет. Ал Ресей амалсыздан сондай тілекте, өйткені
қазір әлсіреген шағында.
Белгілі саясаткердің бұл ұйғарымына үнсіз келісесіз, тек

оның Еуразия тағдырын осы құрлықтағы ұсақ мемлекеттер­
сіз шешпек болуы күмән туғызады. З. Бжезинский АҚШ-қа
Еуразияда бір-бірімен тығыз байланысқан екі геостратегия­
лық үшбұрыш құруды ұсынады. Мұның алғашқысына – АҚШ,

Еуропа одағы мен Ресей, екіншісіне – АҚШ, Жапония мен
Қытай кіруі керек. Міне, осы одақтар ұлан-ғайыр аймақтың
тағдырын анықтайды.
Осы жерде айта кетейік, Бжезинский Ресейді бұл қатарға

айқындаушы мемлекет ретінде емес, географиялық орны үшін

ШЫҒАРМАЛАРЫ

енгізген. Оның пайымдауынша, Ресей үштікке кіру арқылы
Еуропа одағы мен НАТО-ның ауқымы кеңеюіне ықпал ете
алады. Керісінше жағдайда қандай да болсын геостратегия­лық
мәнін жояды.

Геосаяси ұстанымдардың Батыс назар аударып отырған
бір парасы – Э.Рубинстайнның пайымдары. Ол «Россия и
Америка: от соперничества к примирению» деген еңбегінде
әлемді тек АҚШ-тың беделі арқылы ғана таниды. Осы негізде

алты геосаяси аймақты айқындайды. 1. АҚШ-тың қарамағындағы Солтүстік Америка. Ол бүкіл

Батыс жартышарын бақылауында ұстауы керек. 2. Еуропа. Бұл құрлықтың саяси бірлігі экономикалық

интеграциядан көш кейін қалады.
З. Шығыс Азия. Бұл өңірде Жапония экономиканың тұт­
қасын қолында ұстайды. Аймаққа Орыс Қиыр шығысы мен
Оңтүстік-Шығыс Азия, Австралия мен Жаңа Зеландия тәуел­

ді болады. 4. Оңтүстік Азия. Индия қозғаушы күшке айналады. Осы

төңіректегі мұсылман мемлекеттерінің арасында қақтығыс­тар
болып тұруы мүмкін.

5. Мұсылман жарты айы аймағы. Солтүстік Африка мен

Таяу Шығысты, Түркия мен Парсы шығанағы мемлекетте­рін,
Ирак, Иран, Ауғанстан мен Пәкістанды, Орта Азия елдерін
қамтиды.

6. Еуразия. Бұл өңірде Ресей АҚШ, Еуропа және Жапония­

ға қарсы одақтаса алады.
Рубинстайн бастап, басқа саясатшылар қостаған мұндай
байламдарды жасаушылар мондиалистер, ал тұтастай алғанда
теориялық ағым мондализм деп аталады. Осы мондализм­

нің соңғы дәйектері бойынша әлем ірі орталықтарға ғана
емес, ұсақ мемлекеттерге де тәуелді. Бұл халықаралық сау­
даның әлем­дік қарым-қатынастағы рөлінің артуына бай­
ланысты болып отыр. Күш қолданылмайтын, бәрі келі­сім­

дер арқылы шеші­ле­тін өркенді дүниеде ірілер мен ұсақтар
өзара тәуелділікте қатар өрістейді. Оның үстіне дамушы елдер
нарықтық экономика мен интеграциялар арқылы әлемдік
өндірістік қауым­дастыққа ену мүмкіндігіне ие. Екінші жа­

ғынан, әлемдік саудада бұдан бұрын да беделі шағын мем­

АЛДАН СМАЙЫЛ

лекеттер геосаяси қуат орта­лық­тары ретінде таныла бас­
тады. Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея осындай әлем мо­
йындаған республикалар. Қазіргі таңда олардың қатарына
ТМД елдерінде алғашқы болып Қа­зақстан қосылды.

XX ғасырдың соңы мен XXІ ғасырдың басындағы саяси
өзгерістер мен шиеленістер мондализмнің жаңа түрін өмірге
әкелді. Ол неомондализм делінеді. Осы ағымның көрнекті
өкілі, АҚШ-тағы Дж.Олин есімі берілген стратегиялық зерт­

теу институтының директоры С. Хантингтон бүгінгі әлем
көптеген өркениеттердің дүниежүзілік саясатқа ықпалын
ескеруге мәжбүр деп есептейді. «Столкновение цивилиаций и
преобразование мирового порядка» деген еңбегінде геосаяси

кеңістікке ие – сегіз өркениетті айқындаған. 1. Атлантикалық, католик-протестанттық. Батыс Еуропа

мен Солтүстік Америка; 2. Славян-православиелік; 3. Конфуцийлік. Қытай; 4. Исламдық; 5. Индуистік; 6. Латынамерикалық; 7. Жапондық; 8. Африкалық.

Жаһандық ауқымда алғанда бұл өркениеттер ұдайы қара­
ма-қайшылықта болады, күтпеген қақтығыстардың негізіне
айнала салуы да ғажап емес. Өркениеттер жатсынуы әсіресе
христиандық Еуропа мен исламдық Шығыс арасында анық

байқалуда. Алдағы мүмкін алауыздықтардың жаңа себепте­
рі ретінде С. Хантингтон еуропалық менмендікті, исламдық
илікпеушілік пен Қытайдың қасарыспалығын атап көрсетеді.
Осы саясаттанушының анықтауынша Батыс пен басқа

әлемнің арасын ашып отырған үш негізгі себеп бар. Олар: 1) Батыстың әскери артықшылығын күшейтуге ұмтылуы; 2) Батыстың саяси және рухани ұстанымдарын өзге өңірлер­

ге міндеттеуі (адам құқығы, батысша демократияландыру); 3) Батыстың этностық, әлеуметтік және мәдени құнды­

лықтарын көзінің қарашығындай сақтай отырып, эмигрант­тар
мен босқындардың ұлттық дәстүрлерін аяқ асты етуі.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Дж. Мэйсон универ­
ситетінің профессоры Ф. Фукуяме («Конец истории и послед­
ний человек») КСРО-ның ыдырауымен бір тарих аяқталып,
жаңасы басталды деп есептейді. Өркениеттерді Хантингтон

секілді жіктей келіп, ол дамыған елдер мәдениетінің де біркел­
кі еместігіне назар аударады. Оның пайымдауынша:
• Жапония мен Германия қоғамдық жоғары сенімге ие;
• АҚШ – жеке тұлғалар бағындырған, әлі де бағындырып

отырған ел;
• Ресей – отбасы мен қоғамдық құрылымдары әлсіз, қыл­
мыстық топтары мықты ұйымдасқан мемлекет.
Фукуяме Жапония мен Германия түбінде оза шабады,

АҚШ-тың геосаяси көсемге айналуы дүние үшін маңызды деп
түйіндейді.
Батыс саясаттанушыларының ішінде француз ғалымы
Б. Варюсфельдің пайымдары неғұрлым орнықты. Ол таяу

жылдарда әлемде екі үрдіс басым болады деп есептейді. 1. Орталық және Шығыс Еуропаның, бұрынғы КСРО ай­

мағының экономикалық әрі әскери кайта құрылуынан жаңа
халықаралық шиеленістер туындайды.

2. Қару-жарақтың жаңа түрлерінің көптеп шығарылуы

және таратылуы халықаралық қақтығыстарды басуға кедергі
келтіреді.
Бірқатар елдер ішкі қайшылықтардың зардабын шегумен
болады. Латын Америкасы, Африка мен Азия демография­

лық, азық-түліктік, экономикалық қиындықтардан шыға ал­
майды. Дамыған елдерде бақылаудан кеткен технологиялық
даму жұмыссыздық пен экологиялық апаттарға алып келуде.
Осының бәрі және өркениеттер жатсынуы италяндық ға­

лым К. Сантороның ойынша «өркениеттер апатын» туғызады.
Бұрынғы социалистік елдерде ұлттық сезім күшейеді. Кішігі­
рім соғыстар адамзатты күйзелтеді. Жер-жаһан өркендеудің
жаңа жолын іздеп, түптің түбінде «Әлемдік үкімет» құрады.

Ағылшын саясатшысы Р. Купер («Разлом нации. Порядок и
хаос в XXІ в.») барлық мемлекеттерді үш түрге бөледі.

1. Шала-жансар мемлекеттер. Ішкі күш-қуаты шекарала­

рын қорғауға дәрменсіз (Либерия, Ауғанстан, Сомали).

АЛДАН СМАЙЫЛ

2. Модернистік мемлекеттер. Халықаралық қатынастарда

күш көрсете алатын ұлттық мемлекеттер (АҚШ). 3. Өзара қарым-қатынасты күшпен емес, ерікті түрде

бір-біріне берген өкілеттіліктер арқылы шешу деңгейіне кө­
терілген мемлекеттер (Еуропа одағы елдері).
Купер үшін осы соңғы елдердің әлемдегі орны ерекше. Ол
Еуропа одағын геосаяси тұрақтандырушы күш деп есептейді.

Кез келген мәселені дипломатиялық жолмен шешуге ұмтылу
адамзат қоғамының үлгісі бола алар еді.
Әзірге әлем саясаттанушылары геостратегиялық ойларын
осылай жамыратуда. Дүние құбылмалы. 2006 жыл қандай

өзгерістер әкелерін уақыт көрсетер.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

Кейінгі кезеңде қазақ зиялылары ұлттық идея туралы сөз
қозғай бастады. Бұл – жақсылықтың нышаны, ұлттық есею мен
зерделенудің белгісі. Ұлттық идеяны іздеу – халықтың өзін-
өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге, тарихында тәлімі бар

ел төл дәуірінің толғақты сәттерінде өзіне-өзі есеп беріп, қош
айтысқан замандарды санасында қорытып, төрт құбыласын
түгендейді, көшкен ғасырлардан сыр сауады, маңдайы тірел­
ген кезеңнің тамырын басады, келер күнге барлау жасайды.

Етек-жеңін осылай түгендегеннен соңғы ойды ұлттық идея
деңгейінде қорытуға талпынады. Анығында, ұлттық идея де­
геніміз – тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгінгінің
талабын тарихта кеткен қателіктерден арыла отырып қана­

ғаттандыру, келешекке халық тарихының философиясы ар­
қылы үңілу.
Батыстың саясаттану ілімі мен философиясында кең зерт­
телген орыс идеясының тереңіне зер салсақ, аталған идеяның

қалыптасуына атсалысқан Ресей ғұламаларының бәрі мәсе­
леге  біз айтып отырған қағида арқылы келуге тырысқанын
көреміз. Олар ұлттық идеяға халықтың өткен кезеңдері мен
нақты өмір сүріп жатқан шағын табыстыратын рухани күш

деп қараған. Соған сәйкес орыс идеясы әуелде ұлтты тарихи
санасымен қауыштыру және этникалық жетілдіру мақсатын
көздеді, оған Ресейді құтқару деген дағарадай ат берді.
Иә, ұлттық идея – шын мәнінде ұлтты құтқару идеясы.

Н.М. Карамзиннен Н.А. Бердяев, Н.С. Трубецкой, И.А. Иль­
ин­ге дейінгі Ресей тарихшылары мен ойшылдары аталған
идеяны тек осы мақсатпен іздеді, «Ортақ мұрат философия­
сы» деді, орыстың жеке-жеке әлеуметтік топтарының мүдде­

сін бір ұлттық мүддеге біріктіруге күш салды. Келе-келе бұл
талпыныс тұтас философиялық категорияға айналып, үш
негізге – халықтың тарихи тәжірибесіне, православия дініне,
неміс диалектикасына сүйенді.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Аңғарып отырғандарыңыздай, ұлттық идея – халықтың
уақытша қиындықтары мен кезеңдік қажеттіктерін өзек ете
салатын тыз етпе идея емес, халықтың бері салғанда ғасыр­лық,
әрі салғанда дәуірлік мұратын айқындайтын, келер ұрпақ­

тарға  да шамшырақ бола алатын заманалық рухани филосо­
фия. Мәселеге дәл осы тұрғыдан келгенде, қазақ зиялыла­
ры ұсынып жатқан кейбір ой-ұсыныстар ұлттық идеяның ат
шалдыруына да жарамайды.

Философия ғылымдарының докторы Әбдеш Қалмырзаев
(«Тағы да ұлттық идея туралы», «Егемен Қазақстан», 9 та­
мыз 2005 жыл) ұлттық идеяға атқарушы биліктің кезеңдік
шаруаларын арқау етпек болады. Егер біз ғалым ұсынып

отырғанындай, кедейшілік пен жұмыссыздыққа, ұйымдас­
қан жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күресті, шағын
және орта бизнесті дамытуды ұлттық идеяға айналдыратын
болсақ, мұндай идея туралы жалпы бас қатырудың қажеті

қанша? Әуреге түспей-ақ, үкімет жүзеге асырып жатқан қара
жұмыстың жетегінде жүре бермейміз бе?
Тағы бір ғалымымыз «қазақстандық ұлт» идеясын ұлттық
идеяға айналдырмақ болып көшқұлаш мақала жазды. Бұл

идея  Қазақстандағы қазақ ұлтының тарихи орнын ұрлап,
азаматтық делінетін ығы-жығы қауымдастық құруға итер­
мелейді. Мұндай жағдайда исі қазақ этникалық қанын сұ­
йылтып, жер мен мемлекеттің мұрагері ретіндегі құқынан

айырылады. Бұл ештеңемен ақталмайтын, тарих та, бүгінгі
күн де, ертеңгі келешек те кешірмейтін күнә болар еді.
Халық заманалардың белгілі бір кезеңдерінде түрлі сая­
си жағдайлардың салдарынан жерінің бір пұшпағынан айы­

рылуы, селдіреуі, әр елдің құрамына жырымдалып сіңуі
мүмкін, солай болып та келді, бірақ қандай ауыр күйге ұшы­
раса да ұлттың атын жоғалтқан емес, оны әлдебір мақсат үшін
саудаға да салған емес.

Кәне, ақыл тезіне салайықшы, елімізде «қазақстандық
ұлт» құрудың қандай саяси-әлеуметтік қажеттілігі бар. Біз­
ді мұндай қадамға не мәжбүрлеп отыр? Бәлкім, бір заман­
да еуропаның түрлі ұлттарынан жырымдалғандар керегесін

кер­ген Америка Құрама Штаттарына еліктегеніміз шығар?
Әлде өзге ұлт өкілдерінің этникалық сезімін сұйылтып, қа­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

заққа айналдыруға ұмтылған түріміз бе? Жаһанданудың қа­
зақстандық үлгісін жасағымыз келді ме екен?
Осылардың қайсын алып қарасаңыз да бүгінгі Қазақстан
үшін сұранып тұрған жоқ. «Қазақстандық ұлт» деген ұғым

мына мақсатта ғана, елге ой салып, көкейін тану ниетінде
айтылғанда ғана өзін-өзі ақтайды. Ол, бәлкім, рухани-әлеу­
меттік айналымға осы орайда енгізілген де болар.
Ал қазіргі ақиқат, қазіргі ғана емес, тарихи ұзақ сынақтан

өткен ақиқат ұлттың этникалық негізін білдіретін киелі ат­
тың реформалауға жатпайтынын үсті-үстіне дәлелдеуде. Біз
өзге ұлт өкілдеріне қазақ баласымен бірге берілген «Қазақстан
азаматы» деген қасиетті аттың құдіретін барынша ықпалды

пайдалана алсақ та аз жетістік емес. Асылында не саяси, не
рухани қажеттігі айқындалмаған және айқындалуы мүмкін
де емес жалпақшешей атаудың елесін қуғанша, конституция­
лық құқықтарға ие, әлеуметтік те, экономикалық та теңдікке

кенелтетін осы мемлекеттік мәртебенің күш-қуатына сүйен­
ген жөн ғой.
Тоқетерін айтсақ, біз «қазақстандық ұлт», «Қазақстан
халықтары» деп қайта-қайта жариялау арқылы қазақ хал­

қының жер мен Отанның иесі ретіндегі тарихи құқын сұйыл­
тып  әуреміз. Бұл идеялар сондықтан да ешқашан да ұлттық
идея бола алмайды. Керісінше ұлттық идеяның күрес объек­
тісіне айналады.

Сөз етіліп отырған тақырыпқа қалам тартқан Серік Ер­
ғалидың («Ұлттық идеология туралы бас қатыру», «Жас
Алаш», 22 қаңтар 2005 жыл) мына ойларын да құптамас едік.
Ол қазақ тілділер, орыс тілділер және аз сандылар үшін жеке-

жеке идеология жасауды ұсынады. Бұл қазақтарды өзгелер­
ден, өзгелерді қазақтардан ашықтан-ашық бөліп тастау болар
еді. Әрі демократияға біржола бет бұрған елдің саяси-рухани
ұстанымына сай келмейді.

Егер С. Ерғали ұлттық идея (идеология емес) ең алдымен
республиканың тарихи ұлты – қазақ ұлтының саяси-рухани,
экономикалық өркендеу идеясы болады, елдегі ұлттар өкіл­
дерінің кемелдену идеясы содан қанаттанады және сонымен

үйлестіріледі десе, көкейге толығымен қонар еді.
Енді «Ұлттық идея дегеніміз не?», «Оның мақсат-мұраттары
қандай?» деген сауалдарға жауап іздеп көрейік.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Ұлттық идея дегеніміз – белгілі бір тарихи кезеңге ұлттың
сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық мұрат­
тар және оларды жүзеге асырудың жолдары. Оның негізгі
нысанасы – ұлттық мемлекет құру. Бұл мынандай үш өмір­лік

міндетті алға тартады: 1. Ұлттық саяси элита қалыптастыру. 2. Ұлттық экономикалық буржуазия қалыптастыру. 3. Ұлтты жетілдіру.

Бүгінгі қазақ қоғамына ұлттық құндылықтар (саяси, ру­
хани, материалдық) әлемдік додаға түскен кезеңде жеке мүд­
десін ұлттың мүддесіне толық бағындыра алған, отаншыл,
халықтың тарихы мен мәдениетіне жетік әрі оны құрметтей­

тін, азаматтық және ұлттық намысы биік, саяси білім-танымы
планетарлық деңгейдегі элита ауадай қажет. Тек қана осын­
дай элита халықты жиырма бірінші жүзжылдықтың өткелде­
рінен  жігерін жасытпай алып шыға алады. Қазақстанда Рес­

публика Президентінің тарапынан сол элитаны қалыптас­
тыру жолында табанды күрес жүргізіліп келді, ол әлі жалға­
суда. Жалпы бұл төзімділікті, парасаттылық пен байсал­
дылықты  қажет ететін, ТМД елдерінің бәрі басынан кешіріп

жатқан ұзақ та күрделі процесс.
Ресейдің ұлттық идея іздеген зиялылары да әңгімені осы­
дан, билік элитасынан, бастауда. Олардың саяси жетекшіле­
ріне беріп отырған бағасы қатқыл. Бірнеше ғылымдардың

докторы, қоғам қайраткері И. Панарин «Технология информа­
ционной войны» деген еңбегінде былай дейді: «Ресейдің қазір­
гі саяси элитасы өзінің мән-мазмұны жағынан романов-кеңес
кезіндегі деңгейде. Ол уақыттан ұтылған элита. Кейінгі жүз

жылда өзгерген емес».
Басқа орыс білімділерінің пікірі де оңып тұрған жоқ. Жый­
нақтап айтсақ, бүгінгі Ресей элитасы жалғыз қасиетімен көз­
ге түсуде, ол – пайдакүнемдік. Ақпарат тасқыны ғасырындағы

ақыл мен білім бәсекелестігіне төтеп бере алмай, шаң қауып
қалған.
Көрші ел зиялылары осылай қажып келіп, «жеңімпаздар­
дың саяси элитасын» армандайды. «Ұлттық рухтағы шығар­

машылық элитаны» көксейді. «Державалық ауқымда сілкіне
алатын жойқын элитаны» аңсайды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Біздер де осылай құлшына алар едік. Асылында Еура­
зияның кіндігіндегі әлемдік державалар көз қадаған, кен
байлығы алыптар мен алпауыттардың жерік асына айналған,
жер көлемі бас айналдырған, халқының құрамы ала-құла

Қазақстанға ерекше элита, Назарбаев сынды тұлғалардан
сом­далған айбынды элита ғана жарасады. Нақ осындай элита
ұлттық идеяның ұлы мұратының бірі – ұлттық экономика­
лық буржуазияны қалыптастыра алады.

Біз ұлттық экономикалық буржуазия деп қазақтың жер
байлығына ие болып, оны тиімді игере алатын, осы заманғы
жоғары технологиялы өндіріс ошақтарын құруға қабілетті,
әлемдік бәсекеге төзімді өнім беруге бейім, патриоттық се­

зімі күшті, табысының белгілі бір бөлігін ұлттың рухани
өркендеуіне бақай есепсіз ықыласпен жұмсайтын, саяси
билікке ашқарақ емес буржуазияны айтамыз.
Ол үш деңгейде болуы мүмкін: аймақтық, республика­

лық және континенттік. Аймақтық буржуазия – орын тепкен
өңірінің экономикасын өрге бастырады. Республикалық –
жалпы ел экономикасының жүрек соғысын реттейді. Кон­
тиненттік – Қазақстанның халықаралық экономикалық бе­

делін арттырады.
Әлемдік тәжірибеге қарасақ, дүниежүзілік ықпалға ие
болған әлді мемлекеттер қазіргі державалық күш-қуаты
үшін ең әуелі осындай ұлттық экономикалық буржуазиясына

қарыздар. Қазіргі таңда жаһан мойындаған, жылдық кірісі
16019 миллиард долларға жетіп, барынша дамыған жеті мем­
лекеттің жылдық жалпы табысынан асып кеткен 500 ірі
кон­церн бар болса, олардың бәрі дерлік атақты сегіздікке

тиесілі. Солардың ішіндегі ең бай жүз концерннің 55-і АҚШ-
та, 17-сі Англияда, 7-еуі Германияда, 6-ауы Францияда, 5-еуі
Жапонияда. Осындай алпауыттардан Швейцария мен Ита­
лия да құралақан емес.

Қазақ халқына әзірге мұндай элита қиял ғана. Біздің
осы күнгі байлар деп, бизнесмен деп жүргендеріміз «атақты
жекешелендіру» кезінде жіліктің майлы басын ұстап қалған­
дар, елдегі тауар тапшылығының есебінен қалталы атанған

саудагерлер мен билік элитасының қорғап-қоштауындағы іс­
керлер. Бұлардың ешқайсы да стратегиялық өндірістер мен
10-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

шикізат қорына ие емес. Ие болуға білім-қабілеттері де, қаржы
мүмкіндігі де жетімсіз. Олар өзіндегі ұлттық тарихи парызын
зерделеп бола алмаған. Мұрты майланғандары – төрге, ұрты
майланғандары өрге таласып арамтер.

Осыдан тағы бір өзекті мәселе туындайды. Егер елдің
стра­тегиялық экономикалық тұтқаларын ұстаған шетелдер
компанияларының үлес салмағы 15%-дан асып түссе, бұл
ойландыруға тиіс. Себебі оның соңы экономикалық дербестік­

тің босаңсуына әкеліп соқтырады. Бұл әлемдік сараптаудың
дәйегі.
Ұлттық идея осындай тағдырлы, мемлекеттік стратегия­
лық және жалпыхалықтық мұраттармен ұлттық бола алады,

ұлтқа тікелей қызмет етеді, басты мақсаты ретінде сол ұлт­
ты нақты тарихи кезеңнің саяси-экономикалық, рухани та­
лаптарына сай жетілдіру міндетін таңдайды.
Ұлтты жетілдіру дегеніміз – оның бойындағы тарихи дәс­

түрлі игі қасиеттерді адамзаттық деңгейде байытып, қа­зақ
адамын әлем адамы дәрежесіне көтеру.
Дәл осы мақсатты өз заманында Ататүріктің ұлттық идея­
ға негіз етіп алғаны белгілі. Оның ғасырында түрік жұрты

дамудың еуропалық қарқыны туралы ойлаудан да сескене­
тін. Соған қарап, ұлтты жетілдіру көштен кейін қалғандардың
ғана  сыбағасы деп қабылдауға болмайды. Жетілу – жүзден
озған жүйріктің де, мыңнан озған тұлпардың да еншісі.

Әйгілі саясаткер, Нобель сыйлығының лауреаты Г. Кис­
синджер «Дипломатия» атты еңбегінде Америка халқына қа­
жет екі мұратты атап көрсетеді. Олар – өзін құрметтеу және
қайта бейімделу.

Нақ осы қос қасиетке келгенде американдықтардың алды­
на жан салмайтыны белгілі. АҚШ-тың әлемдік державаға
айналуына экономикадағы буржуазия қаншалықты үлес қос­
са, халықтың өрлігі мен өзін-өзі көкке көтеруі, ұлттық на­

мыс пен жігер, заманға бейімділік соншалықты ықпал еткені
анық. Алайда Киссинджер оған қанағаттанып отырған жоқ.
Державалық мәртебе жетілген үстіне жетілуді талап етеді.
Енді осы мемлекеттер таныған қайраткердің әлгі екі тұ­

жырымын өз ұлтымызға лайықтап көрейік. Қазақ елі заман
заңғарынан дәмеленуі үшін өзін-өзі ардақтауды үйренуі ке­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

рек. Халықтық ұлы серпіліс, Лев Гумилевше айтқанда,
пассионарлық содан қайнарланады. Өзін құрметтеуге дағ­
дыланған ел тарихы мен мәдениетін, атадан балаға мұра бо­
лып келе жатқан ұлттық идеалдарын дәріптеуді дәстүр етеді.

Ұлттық негізде жетілу нақ осы жерден басталады. Өйткені
сен тек ұлт адамы, төл халқыңның рухани құндылықтары­
мен  нәрленген адам ретінде ғана толыса аласың. Басқаша
көктеу жоқ, бар болған күнде ол тамырсыз, қансыз есею, дү­ние-

әлемге ұлт перзенті бітімінде көз салу бақытынан айыры­лып,
ұлттық мақтаныш сезімі мен намыстың рахатынан жұрдай
болған механикалық ержету.
Ұлттың өзін-өзі ардақтау қасиеті рух құдіретін асқақтата

отырып, жаңа толқынды сондай бақытсыздықтан қорғайды.
Халықтың жер мен заманның мәңгілік иесі бола алатынды­
ғына деген қайсар сенімі де содан нәрленеді. Сол сенім сауырға
қамшы бастырады, әлемдік аламанға ақыл-ойдан ат қостыра­

ды, ғасыр бойы суырылып шыққандарға қарап «ондай болмақ
қайда» демейді, айшылықты алты аттауға жігерленеді. Өзін-
өзі ардақтау осылайша ұлттық сілкініс қуатын оятады. Ал ұлт­
тық сілкініс, барға – мәзір, жоққа – қанағат психологиясынан

арылу, заман биігінен табылуды намыс мұраты ету – ұлттық
идеяның күретамыры.
Ұлттық идея, оның ішінде ұлттық жетілу мұратына үн
қос­қан қайраткерлердің бірі – Ресей президенті В. Путин.

Ол 1999  жылы халыққа арнауында («Россия на рубеже ты­
сячелетий») орыс ұлысы патриотизм мен державалық құл­
шыныс арқылы шыңдала алатынын атап айтты. Мұндағы
патриотизмнің қыр-сыры әмбеге аян, ал державалық, Путин­

ше таратқанда, ұлттық мүддеде Невский мен Суворовша,
Пушкин мен Есенинше, Матросов пен Гагаринше тұлғалану.
Осыны өз кеңістігімізге көшірсек, қазақ ұлтының жетілуі  –
ұлттық мұраттардың жолында Бөгенбай мен Қабанбайша

қайраттанып, Абай мен Ахметше толғанып, Шәмші мен
Нұрғисаша тебіренуі.
Қазақстан бұл жолда құрқол емес, тарих, ұлттық сабақ­
тастық, т.б. жылдардың мемлекеттік деңгейде өтуі, кейін

қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы елімізде ұлттық
идеяның іргесі қаланғанын аңғартады. Мақсат – осы қозға­

АЛДАН СМАЙЫЛ

лыс­ты уақыт өткен сайын мазмұндандыра, елдік идеалдармен
байыта беру.
Бірде көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев
әңгіме үстінде қазақта кәсіп жоқ екенін сөз етті. Мал бағуды

ата кәсіп десең, ол күнкөрістің көзі ғана. Егіншілікке толық
сіңіп кете қоймағанымыз да белгілі. Тіпті осы екеуін терең
меңгердік деп өзімізді-өзіміз көтергіміз келсе де алысқа шаба
алмаймыз. Олардан алынатын өнімді тұтынуға дайын, өтімді

азық түріне айналдыру – біз игермеген сала. Голландиялық
сыр, үнді шайы секілді әлемді аралап кеткен тағамымыз жоқ.
Ал техника туралы айту артық, осы заманғы көлік түгілі, үтік
шығару ойда жоқ.

Сонда не істейміз, осылай жүре береміз бе?
Әлемге көз салсаң, бізден басқаның бәрінің ұлттық ерек­
шелік  пен мақтанышқа айналған кәсібі бар. Жапондар мен
кәрістер электрониканың құлағында ойнайды. Қытай ұқ­

сатып тауар шығару (иммитация товаров) арқылы Еуропа
мен Азияның рыногын жаулап алды. Кезінде Жапония да
осы жолмен экономикасын түзеген. Орыстар соғыс тех­ни­
касында алдына жан салмайды. Неміс ұлты жеңіл көлі­

гімен әйгілі. Үнділер компьютердің, финдер қалта телефо­
нының технологиясын игеру арқылы ғаламға танылды.
Швейцарлықтар қол сағатымен бағзыдан белгілі. Ал қазақта
ұлттың атын осылай шығаратын, бүгін де, ертең де, тамағын

тоқ, көйлегін көк ететін кәсіп жоқ. Бұл бізді ойландырып
отыр ма, әлде «таңғы тамақ тәңірден» дейтін мінезімізге са­
лып, жер байлығына сеніп жайбарақат жүрміз бе? Тегінде
толғанатын, толғанып қана қоймай, қолға алатын жай. Қазақ

әлемдік рынокқа сай осы заманғы бұйым шығаратын елге,
технологияның ұлтына айналуы керек. Ұлттық идеология­
ның бір буыны, сірә, осы болса лайық.
Ойсыз қоғам болмайтыны секілді, идеясыз ұлт болмай­

ды. Ғұмырлық идеалсыз халық – жел қуған қаңбақ. Әлемдік
тәжірибеге барлау жасасақ, сол идеялар мен идеалдарды
туғызған және туғызатын қажеттіктердің әркелкі екенін кө­
реміз. Ол қажеттіктер нақтылы ұлттың ғаламдағы тарихи

орнына, әл-қуаты мен дәстүрлі мінез-бітіміне, географиялық
жағдайы мен халық санына, басқа да ерекшеліктеріне қарай

ШЫҒАРМАЛАРЫ

анықталады. Қытай нәсілін «Аспан асты елі» дегізген құдірет
не екенін білеміз. АҚШ-ты әлемді реттеуші держава түрінде
айбаттандырып отырған күш те бізге белгілі. Ресей жұртын әлі
күнге дейін империялық дәмемен желіктіргісі келетін саяси

топтардың тамыры неден нәрленетіндігі де анық, ол – ғасыр­
лар бойға алыс-жақынды аузына қаратқан үстемдік.
Мұның бәрін жіпке тізіп отырғанымыз, ұлттық идея жай­
лы ой қорытқанда, айналадағы елдердің ау-жайын назарда

ұстау керек болады. Қазіргі таңда әлемде ақпарат соғысы жү­
ріп жатқаны көзіқарақты елге аян. Бұл соғыстың астарында
геосаяси мүдде және игеруге таңдалып алынған мемлекетке
мәдени интервенция жасау пиғылы бар. Оған АҚШ пен Қы­

тай тарапынан ашылған ақпарат майданының стратегиялық
мақсаттары дәлел бола алады.
Теориялық үрейлендіру, экономикалық ақпарат агрес­
сиясы, мәдениет ақпарат агрессиясы, бейбіт үрейлендіру,

психологиялық қысым – міне, Қытай стратегиясының мәні.
Мұның ішінде бейбіт үрейлендіру – негізгі тәсіл, психология –
басты нысана деп аталған.
АҚШ тактикасы да осыған ұқсас, көп баптың ішінен ұлт­

тың ерік-жігеріне қарсы операция және ұлттық мәдениеттер
деңгейіндегі операция деген бөлімдерін даралап көрсетейік.
Сонымен державалар тарапынан сезімің мен рухыңа
майдан  ашылып, ұлттық қаныңды сұйылтуға қам жасалып

жатыр. Сен бұған дайынсың ба? Ішіңе еніп алған компания­
лар, қаржы берген елінің идеологиясын шым-шымдап са­
наңа сіңіретін үкіметтік емес ұйымдар, күні-түн эфирлерді
босатпайтын ығы-жығы әндер мен экрандарды жаулап алған

атыс-шабыстар, кімге не үшін өшігетінін өзі білмейтін, әйте­
уір ызалы, түрі – ұлттық, мазмұны – космополиттік ағайындар
арқылы кеулеп кеткен мылтықсыз шайқасқа төтеп бере ала­
сың ба?

Ұлттық идея осы сауалдарға да жауап тауып беруге тиіс. Ол
сондай-ақ іргедегі елдің, қыруар жылдар еріксіз тағдырлас,
ырықсыз мүдделес болған жұрттың қабағын бағуға мәжбүр.
Ресейдің қазіргі саясат сахнасында аузы дуалы болып жүр­

ген ұлтжандылары (бәлкім, ұлтшылдары) геосаяси ұстаным­
ға келгенде ашқарақ болып барады. Психология ғылымының

АЛДАН СМАЙЫЛ

кандидаты, саясат ғылымының докторы, әскери ғылым ака­
демиясының профессоры, саясат, экономика және әскер са­
лаларындағы ақпараттық күрес бағдарламасының теоретик-
авторы И. Панарин жоғарыда аталып кеткен еңбегінде Ресей

«Москва – үшінші Рим» доктринасына қайтып оралуы керек
дейді. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялысының байламы
осындай. Оған әлемдегі ең үлкен территория – Ресейдің 17 мил­
лион шаршы шақырымнан астам қисапсыз жері тар болып

көрінеді екен.
Негізін Иван ІІІ қалаған, Иван Грозный жүзеге асырған
бұл доктрина әуелде Алтын Орда аймағын жаулап алуды көз­
дегені, сол мақсатпен Қазан, Астрахан мен Сібір Ресейге қа­

ра­тылғаны тарихтан мәлім. Панарин сол доктринаның орыс
ұлысы үшін державалық маңызы болғанын қадап айтып,
1480 жылы бар-жоғы 2 млн адамды құраған Ресейдің 1880 жы­
лы 84 млн жанға өскенін, оған әлгі геосаяси басқыншы­лық

әрекеттерінің нәтижесінде қол жеткізілгенін ризалықпен
баяндайды. Сол екпінмен XІX ғасырда Н. Данилевский жаса­
ған панславизм концепциясының мәнін таратады. Концепция
бойынша астанасы Константинополь болатын бүкілславян­дық

федерация құрылу керек еді.
Бұдан кейін түрлі ғылымдардың білгірі еуразийстердің
империялық ниетіне ат шалдырып, Кеңес Одағының да орыс
кеңістігі үшін қызмет істегенін еске салады. Ақыр соңында

қазіргі Ресейдің саяси элитасын либеральдық идеологиядан
державалық идеологияға көшуге шақырады.
Панарин осының бәрін ұлттық идеяның аясында қарасты­
рып отырып, бұл идеяның орыс зиялыларының бәріне бірдей

сіңімді емес екені туралы жақ ашпайды. Ал бізге А. Яновтың
«Русская идея и 2000 год» еңбегінде орыс идеологиясын –
«орыс империализмнің идеологиясы» деп жариялағаны,
1992 жылы Горбачев қоры ұйымдастырған «Орыс идеясы жә­

не Ресейдің жаңа мемлекеттігі» конференциясында саясат­
шы Драгунскийдің де солай мәлімдегені, АҚШ славянисі
Скэнланның орыс идеясын архивке тапсыру керек дегені бел­
гілі. Бірақ орыс державашылдарының тізгінін тартар түрі

жоқ. Бүгінгі еуразийстер таяуда ғана ТМД республикалары­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ның шеңберінде, астанасы Қазан қаласы болатын империя
құру үшін күресетіндіктерін ашықтан-ашық жариялады.
Біз ұлттық идея, өз атымен атағанда, қазақ идеясын із­
деуге кіріскен XXІ ғасырдың басындағы ахуал, арғы-бергі

елдердің бірінде мемлекеттік идеологияға айналған, бірінде
соған айналуға дәмелі ұлттық идеялар осындай. Оларды ес­
кермеу және есептеспеу табан жолыңнан жаңылдырады. Ұлт­
тық идеяға әлемдік ақыл-ой мен оны қажет еткен ұлттың

даналығы, бүгінгі есті ұлдарының көрегендігі мен біліктілі­гі,
мемлекеттің саяси қуаты керек.
Пушкин өзімен кеңескен ұлтжандыларға: «Халықтың ру­
хына сеніңдер, құдірет санаңдар, бізді құтқаратын ұлы күш

сол ғана», – деген екен.
Абай ақылын сұраусыз-ақ айтты.
«Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос».

АЛДАН СМАЙЫЛ

ҰЛТШЫЛДЫҚ

Ұлтшылдық деп нені айтамыз? Оның қоғамдар мен халық­
тар мойындаған, тарихи және ғылыми сараптаудан өтіп, ортақ
қисынға тоқтаған біртұтас анықтамасы бар ма? Ол қандай
саяси немесе рухани қажеттіктерден туындайды. Табиға­тында

ұдайы реакциялық сипатқа ие ме, жоқ, ұлттардың этника­лық
өмірінде прогрессивті мәнге де ие бола ала ма? Ұлтшылдық
сезім мен намыс халықтың қандай қиналыстары мен құлшы­
ныстары тұсында оянады? Оған сыртқы ықпалдың әсері қан­

дай?
Аталған сауалдарға жауап іздеп, саясаттану мен ұлтта­
ну іліміне жүгінсеңіз, пікірлер мен тұжырымдардың әркел­
кілігінен аяқ алып жүре алмайсыз. Олардың қабысуынан

гөрі шабысуы, тоғысуынан гөрі соғысуы көп. Бұл ең алдымен
аталған мәселеге етене араласқан, әлемдік ойға ат қосқан,
континенттер таныған ғұламалар мен қайраткерлердің ұлт­
шылдықтың себеп-салдары жөнінде әр кезеңде әркелкі сөй­

леуінен, пайымдар тұрақсыздығынан, әлемді Абайша «бауы­
рым деп тұтас сүйе алмауынан» көрінеді.
Б. з. 38 жылы туып, жүз жасаған еврей ғұламасы Иосиф
Флавий «Иудейские древности» кітабында иудаизмның элли­

низмнен артықшылығын дәлелдей келіп, ұлтшылдықты –
ұлттық сезімнің шыңы, туған халқына арналған ұлы махаб­
бат деп түсіндіреді. Италияда қайта өрлеу дәуірінде өмір
сүрген тағы бір еврей білімпазы әрі ақын Леоне де Модена­

ның «История еврейского ритуала» еңбегін оқып отырсаңыз,
ұлтшылдық мүлде басқа мағынада таратылады. Моденаның
ұғындыруынша, ұлтшылдық – белгілі бір ұлттың асып-тасқан,
өзін өзгелерден үстем еткісі келген, ауыздығымен алысқан

кезеңдерінде асқынатын дойыр сезім. Ал үндінің төрт мың
жылдық тарихы бар «Панчатантра» атты халық кітабында
ұлтыңды шамадан тыс артық сүю оны шектен тыс жек көрумен
бірдей, екеуі де зардапты деген ой айтылады. Біз болсақ, күні

кешеге дейін ұлтшылдық – ұлттар арасындағы алауыздықты,

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ұлттық оқшаулықты насихаттайтын буржуазиялық идеоло­
гия, ұлыдержавалық шовинизм және жергілікті ұлтшылдық
деңгейлерінде көрініс табады деп келдік.
Ұлтшылдықтың нақ осы маркстік тұрпаттағы анық­

тамасына талдау жасаған Мұстафа Шоқайдың дәйегіне сү­
йенсек, («Шовинизм туралы») ұлтшылдық дегеніміз – басқа
ұлттардың өмірлік мүдделерін тек өз ұлтының мүддесі үшін
құрбан ету. Қазақ қайраткері шовинизм мен ұлтшылдықты

бір шеңберде қарайды, өзге ұлттарға бағытталған орыс шови­
низмінің жыртқыштық сипатқа ие ұлтшылдық болғанын атап
көрсетеді.
Осы жерде бөле-жара айта кетейік, ұлтшылдыққа баға

берген немесе оны айыптаған данышпандардың бәрі бірдей
ұлттық мүдде саясаттың таразысына салынған кезде ғұла­
малық тазалығын сақтап қала алмаған. Бұл әлем таныған
қайраткерлер мен философтардың біразына, оның ішінде Ле­

нин құдайдай табынған Карл Маркс пен Фридрих Энгельске де
тән.
Сөзіміз деректі болуы үшін ағылшынның көрнекті сове­
тологы Эдвард Каррға жүгінейік. Ол «История Советской

России» еңбегінде Еуропа ойшылдары ХІХ ғасырда шағын
ұлттардың тәуелсіздікке талпынысы шексіз бола алмайды
деген түйінге тірелгенін айта келіп, Маркс пен Энгельстің де
осы пікірді қостағанына, Батыстың геосаяси мүддесін қай кез­

де де жоғары қойғанына, нақ осы тұрғыда ұсақ халықтар­дың
дербестігін тарихи-этникалық қажеттілік емес деуге дейін
барғанына бұлтартпас деректер келтіреді.
Энгельс Еуропадағы славян тектестер ұлттық тәуелсіз­

дікке ұмтылған тұста, олардың бұл талпынысын ұлтшылдық
деп айыптаған «Турция, Венгрия және Германияның құра­
мындағы серб, хорват, русин, словак, чех секілді славян ха­
лықтарының қалдықтары қойып отырған талаптарды еш­

қашан да қолдауға болмайды, – дейді ол. – Өйткені олар­
дың ұлттық құлшыныстары ойдан шығарылған, яғни пан­
славяншылдардың желігі ғана».
Бұл пайымға қарағанда славян тұқымдастардың дербес­

тік аңсауы – ұлтшылдық, ал оларды еуропалықтардың ба­
сып ұстауы – ұлтшылдық емес. Энгельстің дәл осылай еуро­

АЛДАН СМАЙЫЛ

палық үш елдің үстемдігін қолдауына не түрткі болғанын
індетсеңіз, әсіре батысшылдығының, қазақша айтқанда, қа­
нына тартпағанның қары сынсынның сарыны екендігіне көз
жеткізіп тоқтайсыз. «Бұл халықтар, – деп жалғастырады

ол, – артта қалған шаруалар. Олардың жеңісі өркениетті
Батысты – жабайы Шығысқа, қаланы – деревняға, сауда мен
өндірісті, интеллектілікті – славян құлдардың қарабайыр жер
шаруашылығына жығып берумен пара-пар».

Ұлттық кемсітушіліктің анайы түрлерін іздесеңіз, бұдан
да зоры табылар, бірақ мына тұжырымның уыты мен зәрі
осал түсіп жатқан жоқ. Шығыс – жабайы, славян – құл деген
пайымнан Батыстың ертеден бар, ағысы әлі күнге үзілмеген

нәсілдік астамшылдығының салқыны еседі. Энгельс сол Ба­
тыстың адамы ретінде еуропалық еместерге табиғатынан ұлт­
шылдық көзқараста болғанын аңғартады, гуманист түрінде
жалпы адамзаттық биікке көтеріле алмағандығын дәлелдей­ді.

Ол ұлтаралық мәселелерде мұнымен де шектелмеген, Еу­
ропа  славяндарын іске алғысыз етіп болған соң Шығысты
тұқыртуға көшкен. «Ресей, – дейді осы «данышпан», – Шығыс
үшін шын мәнінде прогрессивті мәнге ие. Тұрпайылығы мен

славяндық топастығына қарамастан Ресейдің билігі Қара Теңіз
бен Каспий теңіздері, Орта Азия мен башқұр, татарлар үшін
өркениетті роль атқарады» («История Советской России», 253-
бет).

Дүние Энгельсше дөңгеленсе, қос теңіз бен бүкіл Орта
Азияның халықтары төменгілерден де төменде өмір сүруге
тиіс. Екінші сөзбен айтқанда, Батыс-Ресейден, Ресей – Шы­
ғыстан көш ілгері тұр деген ойға мүлгіп, дербестік ұғымын

біржола ұмытуымыз керек. Бұл қатардағы қарадүрсін ұлт­
шылдық емес, континеттераралық бітімгерлікке тосқауыл
қоятын, шағын халықтардың санасынан тәуелсіздік сәуле­
сін ұрлайтын, отаршылдық үстемдік идеясын желіктіретін

тұрпайы ұлтшылдық.
Энгельс осындай зардапты тұжырымдарымен атышулы
ұлтшылдық ағымдар – космополитизм мен еуроцентризмге
сіңіп кетеді. Еуроцентризм осы күнге дейін Батыс Еуропа

мен Солтүстік Американы Грек-Рим мәдениетінің мұрагері
санайды, осы екі құрлық өркениетінің құдіреттілігін дә­ріп­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

теумен келеді. Шығыс адамзат мәдениетіне айтарлықтай үлес
қосқан жоқ деген түйінді дәлелдемек болады, ең сорақысы
Шығыс халықтарын шығармашылық пен мәдениетке бейім
емес деп есептейді. Космополитизм болса, державалық, яғни

Еуропалық мәдениеттің өміршеңдігін насихаттап, ұлттық мә­
дениеттерді мойындамайды, әмбебап мәдениет идеясын жақ­
тайды.
Бұлар өз кезегінде Шығыстың шығармашылық және руха­

ни артықшылығын дәріптейтін Востокцентризмді туғызды.
Аталған ағым бойынша Батыс рухани құндылықтарды жа­
саушы емес, Шығыс мәдениетін қабылдап, одан әрі жетіл­
діруші. Сондықтан да Еуропа төлтума мәдениетімен ешқашан

да мақтана алмайды.
Шығыстың, оның ішінде араб-парсы әлемнің нақ осылай
мәлімдеуіне біржола болмаса да бірсыпыра хақы бар еді.
Шығыстанушы А. Игнатенко «В поисках счастья» деген ау­

қымды зерттеу еңбегінің «О становлении арабо-исламской
философии» бөлімінде таңғажайып ғылыми деректер келті­
реді. Араб ғұламалары ХІІ ғасырдан XІV ғасырдың соңына
дейін Платон мен Аристотельдің атынан ғылыми-филосо­

фиялық трактаттар жазумен болған. «Афоризмы Платона»,
«Завет Платона о воспитании юношей» шығармалары мен
Платонның алхимия жөніндегі туындылары өмірге осылай
келіпті. Аристотельге телінетін «Книга Яблока», «О чистом

благе», «О растении», «О минералах», Плутархтікі делінетін
«О гневе», «О гимнастике», «О душе» трактаттары да араб
ғалымдарының жемісі.
Мұндай мысалдарды аталған еңбектен көптеп келтіруге

болады. Таңдай қақтыратыны сол, әлемнің түрлі мемлекет­
терінің кітапханалары мен архивтерінде араб ғұламалары­ның
екі миллионнан астам қолжазбалары жатыр, оның 44 мың­
дайы қазіргі ТМД елдерінде.

Ғылым әлеміне осылай құлаш ұрған Араб Шығысы еуро­
палықтар мәдениеттің ауылынан ит қосып қуып жатса, өре
тұра келмей қайтеді.
Батыс пен Шығыс солай бір текетіресе кеткенде, Ресей

ұлтшылдары, анығырақ айтқанда, орыс жұртын Еуропаның
ықпалынан, оның кеулей бастаған мәдениеті мен дәстүрінен

АЛДАН СМАЙЫЛ

арашалап қалмақ болған зиялылары Еуразия идеясын көтерді.
Әуелде ұлттық рух тазалығын көксеген бұл идея көп ұза­май
Ресейдің державалық ұлтшылдық желігін қоздырып шы­
ға келді. Енді Батыстан Ресей ғана емес, оның маңайындағы

елдер қызғыштай қорғалды, континентальды Еуразия деген
ұлан-ғайыр аймақ Еуропадан бөлініп алынып, оны империя­
ға айналдырудың жолдары қарастырыла бастады. Осы аймақ
пен атлантикалық батыс өркениетінің арасында ежелден қа­

лыптасқан өшпенділік бар, бұл басараздықтың уыты ешқа­
шан да қайтпайды деген ой жамырады.
Тарихшы әрі философ А.М. Хазанов «Кочевники и внеш­
ний мир» деген танымдық еңбегінде: «Шын мәнінде еуразийс­

терге бұл тезис саяси мақсат-мұратын жүзеге асыру үшін керек
болды. Ол мақсат – Ресей империясын кез келген түрде қайта
құру, оның жаңа ауқымын анықтау, – деп жазады. – Олар
нақ осы арман-аңсарына орайластырып Хинганнан Карпат­

қа дейін жайлайтын халықтардың бәрі экологиялық және
мәдени-тарихи себептермен бір ортақ мемлекет құруға тиіс
деп мәлімдеді. Бұл ретте Ресейдің әлгі болашақ мемлекеттегі
автократиялық орнын айқындап беруді де ұмытқан жоқ».

Еуразийстер, сірә, соңғы кезеңдерде Хинган мен Карпаттан
біржола күдер үзді ме екен, ХХ ғасырдың жетпісінші жыл­
дарында славяндардың түркі-моңғол әулетімен мәдени және
саяси тектестігін насихаттауға көшті. Бәлкім Ресейдің әлем

сахнасына шығуына түркі мәдениеті мен Шыңғысханның
ықпалы зор болғандығы естеріне түскен шығар, бәлкім, Ұлы
Даласыз ешқашан да державалық биікке көтеріле алмай­
тынын мойындаған болар. Дәл қазір бұл бізге маңызды емес,

сөз етілген «центризмдер» ұлтшылдық әсіре қызыл се­зім­
дердің философиялық ағымдар арқылы континенттік дең­
гейге көтеріле алғандығын айту мәндірек. ХХ ғасырда шо­
винизм құрлықтық сипатқа ие болды. Еуропа мемлекеттері

экономикалық жағынан қанша дамыса да жеке-жеке дер­жа­
валарға айнала алмайтынын, ХІХ ғасырдың соңында қылаң
берген әлемді қайта бөліске салу бәсекесіне түбінде шығыстың
да білек сыбана қосылатынын, осы қапталда ояна бастаған

ұлттық сезім мен намыстың дүмпуі күшті болатынын түсі­
ніп, континенттік империяға бірігудің жолдарын қарастыр­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ды. Кәрі құрлық халықтарының ұлттық сезімін осы мақсат­
қа тоғыстырудың идеологиясы жасалды, ол өзіміз әлгінде
қысқа қайырған еуроцентризм мен космополитизм еді. Бұл
ұлтшылдық ағымдар ХХІ ғасырда Батыс пен АҚШ-тың ға­

ламдық үстемдігін нығайтуға қызмет ететін жаһандану идея­
сына ұласып отыр.
Ойымызды осы жерде бір түйіп тастасақ, ХХІ ғасырдағы
ұлтшылдық – жеке ұлттар мен мемлекеттердің шеңберінен

шығып кеткен, құрлықтарды көктей өтіп, ғаламдық дең­
гей­ге көтерілген, нәсілдік және саяси-экономикалық қыр-
сыры мейлінше аз зерттелген құбылыс. Қазіргі заманғы ұлт­
шылдық немесе шовинизм ұғымдарын белгілі бір ұлтқа таңу

кемдік етеді, оны геосаяси ауқымда қарастыру арқылы тү­
бегейлі тани аласың. Нақты халықтың ұлттық сезімі мен
ұлттық мүддесі оның жеке бас ауруы, континенттераралық
ұлттық геосаяси мүдде адамзаттық тағдырға ие. Бар гәп сол

құрлықтараралық ұлттық мұраттың Шығыс пен Батысқа
бірдей жайлы бола алмай отырғандығында. Әлемді жайлап
бара жатқан жаһандану тек Батысты асқақтатады. Оны сол
Батыстың идеологтары өркениеттің жаһандануы деп жүр.

Шығыс осы жаһандануды адам және жер байлығы мүм­
кіндіктерін бетке ұстап өз пайдасына шешкісі келеді. Әлем­
нің бұл қапталы шығыстың дәстүрлі өркениеті қайта өр­
леу дәуірін табатындығынан дәмелі. Соның нәтижесінде ға­

ламдық екі ұлтшылдық ағым бәйгеге қосылып отыр: Олар –
Батыс ұлттық мүддесінің жаһандануға ұмтылуынан көріне­тін
Еуропа ұлтшылдығы және панисламизм мен пантюркизмге
негізделген шығыс немесе мұсылман ұлтшылдығы.

Қазіргі таңда әлемнің 120 елінде мұсылман идеясы маздап
тұр, олардың 42-де исламды ұстанушылар – халықтың басым
көпшілігі. ТМД елдерінің өзінде мұсылман сеніміндегілердің
қатары 80 миллион адамнан асып кетті.

Ғаламдық саясатта исламның ықпалы уақыт өткен са­
йын артып келеді. Оған адам саны және жер байлығының
мол­дығымен бірге мұсылман Шығысының әлемдегі страте­
гия­лық қолайлы аймаққа орналасуы, сауда-экономикалық

бай­ланыстарға оңтайлылығы, осы ұлан-ғайыр аймақ елдері­
нің дәстүрлі мәдениетіне беріктігі ықпал жасап отыр. Егер

АЛДАН СМАЙЫЛ

ХХ ға­сырдың 90 жылдарына дейін АҚШ пен Батыс Кеңестер
Одағымен арпалысса, ол ыдыраған соң бақталас пен тақталас­
ты исламдық Шығыстан тапты.
«Қысық көзді Күншығыс, бұл тұруың қай тұрыс?» – деп

сонау жиырмасыншы жылдары кекті ақын Мағжан Жұма­баев
қайраған Шығыс, ислам дүниесі етек-жеңін жинап жатыр.
Мұсылман мемлекеттері құрған түрлі үйлестіру ұйымда­
ры­ның халықаралық беделі артып келеді. Олардың ірілері:

Ислам конференциясы ұйымы, Ислам даму қоры, Ислам даму
банкі, Ислам әлемі лигасы, Бүкіләлемдік ислам қаржы-ассам­
блеясы, штаб-пәтері Тегеранда орналасқан Ислам бағыттарын
жақындастыру ассоциациясы, Ислам халық конгресі. Мұның

сыртында ислам ұранымен әрекет етіп жүрген қарулы құ­
рылымдар бар. Көріп отырсыздар, ислам ғаламы әлемге олжа
салудан дәмелі және сол жолда құр қол емес. Араб елдері
мен табиғи байлыққа ие басқа да мұсылман жұрты жылдар

бойы жиналған дәулетті жамбасына басып, ішіп-жегеніне
мәз болып, алаңсыз отыру кезеңінен өтіп, енді дүниежүзілік
саясатқа ат қосқан. Жай ғана қоспай, ислам идеологиясы­ның
пәрменділігін күшейте қосқан. Олар бұдан былай қарай Батыс

пен АҚШ-тың момақан тыңдаушысы бола алмайды, әлемге
айтар тілегі мен талабы бар, жаһанда ислам халифаты атты
империя құрудан да үмітсіз емес.
Сонымен Шығыста, дәлірек айтсақ, араб-ислам дүниесінде

діни жаһандануды көздейтін мұсылман ұлтшылдығы бой
көтеріп отыр. Оның дүмпуі планетаның әр түкпірінен естіле­
ді, Ауған, шешен, ұйғыр жұртының азаттық күрестерінен де.
Бұл ұлтшылдық ағымның атап айтарлық ерекшелігі – ин­

тернационалдығында.
Күншығыста осы ағымға бүйрегі бұратын, бірақ діни та­
ным-сенімге ұлттық құндылықтарды құрбан ете алмайтын
екінші бағыт бар, ол – пантюркизм. Саясаттанушылар оның

орталығын Түркия деп жүр. Шындығында, аталған ел түрік
әлеміндегі орнын бағзыдан бергі саяси дербестігіне, халқы­
ның  санына және дәстүрлі мәдениетіне адалдығына орай
жоғары бағалайды.

Осы бағыттың сыры неде? Оны жақтаушылар этникалық
тегі жағынан түрік болып табылатын ұлттарды біріктіріп, Ұлы

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Тұран мемлекетін құруды көксейді. Бір замандарда әлемге
шоқтығы биік өркениетімен, әскери-империялық айбынымен
және ұлттық қалыптасу белгілерінің айқындығымен таныл­
ған ұлыс сол деңгейіне қайта көтерілуі керек деп біледі. Оның

жалғыз жолы – бір тудың астында тізе қосу деп отыр.
Бұл шақыруға түркі тектес елдердің кейбір зиялылары
елеңдейтін де секілді. Қайсыбірі бой салып құба-құп демесе де,
түркі дүниесі ғалам сахнасына түркі рухын қайта тану және

қайта жаңғырту арқылы көтеріледі деген ойды қостайды. Ке­
йінгі кезде жәдитшілдік жайлы әңгіме қозғала бастауы соны
аңғартады.
Әрине, түркі әлемі өзін-өзі қайта түгендеуі, тарихына те­

рең бойлап, уақыттың және сыртқы саяси қысымның зарда­
бынан жоғалған рухани құндылықтарын оралтуы қажет-ақ.
Этникалық тегі бірлердің мақсат-мүддесі, шығар биігі бір
болғанына не жетсін. Алайда бүгінгі түркі әлемі даму деңгейі

әрқилы, менталитетінде ұқсастықтан гөрі алшақтық көп, өмір
сүру дәстүрі мен тәсілдері ұқсай қоймайтын, ХХІ ғасырдан
күтетіні де әр алуан, ұлттық мүдделері сан текті халықтардан
тұрады. Олардың бір мемлекеттің астына топтасуы үшін, дәл

осы дәуірде, соншалық қажеттілік те жоқ.
Қалай десек те, қысық көзді Күншығыста елдераралық
ауқымдағы тамырластық – ұлтшылдық ағымы төбе көрсетуде.
Оның есімі – пантюркизм. Ерекшелігі – халықаралық танылған

ұйымдары да, жүйелі идеологиясы да, нақты қадамға бастай
алатын дәулеті де жоқ. Жаңа саяси жағдайлардан емес, өтіп
кеткен түркілік идеялардан қуаттанған сыңайы бар.
Біздің жоғарыда сараланған ағымдарды ұлтшылдық деп

отырғанымыз, олардың ешқайсында бір тудың астына шо­
ғырландырмақ болған елдердің ұлттық мүдделері ескеріл­
ме­ген және құрметтелмеген. Бұл жағынан барлық ұлттық
құндылықтарды коммунистік идеяның табанына лақтырып

тастаған кеңес режимін еске салады. Біріне – ислам, екіншісі­
не  бағыт-бағдарсыз түркілік қымбат. Ал кімге қандай опа бе­
ретіні белгісіз жалпақ ұранның қызуы ұзаққа бармайтыны
белгілі.

Қалай десек те, Батыс пен АҚШ-тан көктеп шыққан жа­
һандану, мұсылман әлемінде тұтанған панисламизм мен түр­

АЛДАН СМАЙЫЛ

кі дүниесінде бұлыңғырланған пантюркизм әлемді дертті
қозғалыстар түрінде алаңдатып отыр. Мұны аз десеңіз, же­
ке державалардың нақтылы бір ұлттарға психологиялық
астыртын әрекет жасап жатқаны белгілі болуда. Бүгінде АҚШ

пен Қытай тарапынан жүргізіліп жатқан әлемдік ақпарат
соғысынан үркушілер көп. Енді қалай, бұл соғыстың негіз­
гі мақсаттарының бірі – ұлттың ерік-жігеріне және ұлттық
мәдениеттерге қарсы күрес болса. АҚШ ақпарат соғысының

психологиялық нысанасы ретінде нақ осы екі желі таңдалып
алынған. Бұл әрекет Қытай қолданысында «мәдени ақпарат
агрессиясы» деп аталады.
Ресей саясаттанушылары бұл қадамдарды ХХІ ғасырдағы

гегомондық ұлтшылдық деп атаған және оған тойтарыс беру­
дің мүмкін жолдарын анықтап жатыр. Саясат ғылымдары­
ның  докторы Игорь Панарин «Технология информационной
войны» деген еңбегінде сол жолдардың бірқатарын атап көр­

сетеді. Олар мыналар: 1. Ресей өзіне қауіп төндіретін Еуропаға өзі ұмтылып,

Германия, Австрия, Франциямен интеграцияға баруы керек. 2. 2010 жылы Бірыңғай – Еуропалық ақпараттық қауым­

дастық құрып, Ресей оның белді мүшесіне айналуға тиіс. 3. Сол жылы Ресейдің беделі күшті Бірыңғай Азия – Тынық

мұхит ақпарат қауымдастығын ұйымдастыру қажет болады.
Көріп отырсыздар, ХХІ ғасырда бой көрсеткен жаһандық,
континенттік және гегомондық ұлтшылдықтан құтылудың
төте жолы – сол ұлтшылдыққа дем берушілермен саяси

ымы­раласу,  тең дәрежедегі әріптес болуға ұмтылу. Осыған
қарағанда, жаңа жүзжылдықта оқшаулану сені ұлт ретінде
нығайтпайды, керісінше әлсіретеді, алып кемелер жүзіп жүр­
ген адуын мұхиттағы жалғыз қайықтай қалтылдатады. Мына

ғасырдың қатқыл да дұрыс үкімі осындай. Ұлтшылдықтың
реңі мен қуаты күрт өзгеріп, дүние құрлықтық, одан асып
жаһандық мүдделерді ғана қаперіне алатын кезеңде қазақтың
«У ішсең – руыңмен» деген мақалын «У ішсең – ғаламмен» деп

кеңейтіп айтуға тура келеді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН БИЛІК

Масондар нені көксейді?
«Масон» деген тосын сөз зиялы ортада әредікте айтылып
қалады. Әңгіме әуеніне қарасаң, осынау сөздің тереңінде қа­
натын жаһанға жайып жіберген тылсым күш буырқанып

жатқандай болады. Кілең алпауыттар мен азулылардан құ­
ралған, құрлықтарға жұтына қараған мығым топ жақын жер­де
тепсініп тұрғандай.
Кейде «түгенше масон екен» дегенді де естисің. Ол түген­ше

елдің игі жақсысы болып шығады да сенгің келмейді.
«Сенбейтін несі бар, – дейді айтушы. – Масондардың ха­
лықаралық ұйымы әр елдің беделді, сөзіне жұрт тәк тұратын
қайраткерлерін өзіне қаратып алу арқылы сол елдердің мем­

лекеттік ісіне араласады».
Осындай әңгімелерден соң ойланатын болдық, тылсым
ұйым туралы мәліметтер іздестіре бастадық.
Сонымен, масон дегеніміз не? Ол қандай мақсат көздейді?

Қайдан тамырланады?
Б. Печниковтың Мәскеудегі саяси әдебиет баспасынан
1991  жылы шыққан «Рыцари церкви. Кто они?» деген еңбе­
гіне сүйенсек, масондардың ғұмырбаяны 1248 жылдан баста­

лады. Дәл осы жылы Германияда Кельн соборының іргетасы
қаланған.
Бұл кезең кәрі құрлықта сәулет өнері қызу бәсекелескен
тұс  еді. Соборлар мен шіркеу архитектурасының шеберлері

кәсіби машығын құпияда ұстайтын және өздерін құдайдың
ерекше жаратқан құлдары деп білетін.
Олар елден оқшау орамдарда бірыңғай қоныстануды өмір­
лік дағдыға айналдырды, мекенжайлары әдетте шіркеу құ­

рылысы жүріп жатқан жерге таяу ірге тебетін. Араларынан
сәулетшілер, мүсіншілер, суретшілер мен тас шеберлері мол
табылатын.
11-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

Кельн соборын салуға кіріскен осындай кәсіп иелері одақ
құрып: «Біздер, діни ғимараттардың құпиясына қанықтар,
тәңірдің сүйіктілеріміз!» – деп жариялады.
Арада отыз жыл өткенде мұндай одақтар Еуропаның басқа

елдерінде де құрылды. «Тәңір сүйіктілері» енді өз ұйымдарын
«Ложа», ал өздерін масондар деп атайтын болды.
«Сендер неге бөлектенесіңдер?» дегендерге олар былайша
жауап беретін: «Ей, байғұс пенделер! Сендерді Құдай таға­

ла­мен жалғастырушы екенімізді білсеңдер етті. Шіркеулер
сәулеті арқылы қара жерге хақтың нұрын төгіп жатырмыз ғой.
Сондықтан да күнәһар елмен бірге бола алмаймыз.
Академик И. Минц «Метаморфозы масонской легенды»

деген көлемді мақаласында «ерекше жаратылғандардың» ая­
сы жыл санап кеңігеніне мол деректер келтіреді. 1717 жылы
Англияның астанасы – Лондонда «Ұлы масон ложасы» құ­
рылады. Айрықшалар ұйымдары Италияға, Франция мен

Ирландияға қанат жаяды, 1762 жылы Мәскеуде шаңырақ
көтереді.
* * *
Масондар нені көксейді?

Біріншіден, қазіргі бар шіркеулерді «Адамгершілік храм­
дарымен айырбастау. Ондай храмдардың кірпіші – адамдар,
байланыстырушысы – төзімділік пен бауырмалдық, кұрылыс
жобасы – Библия, архитекторы – Құдай». Масондар Құдайға

«Әлемнің ұлы сәулетшісі» деген ат берген.
Германдық
зерттеуші
Юрген

Хольторф
«Молчаливое
братство» деген еңбегінде масон ложасына қабылдау рәсімін
былай суреттейді.

Храм төріндегі альтарға масондардың үш қасиетті заты
қойылған. Олар: Библия, темір үшбұрыш, циркуль.
Библия – Әлемнің ұлы сәулетшісінің дүниені иманданды­ру
жоспары. Үшбұрыш – төзімділікті меңзесе, циркуль адамды

адамға мейріммен қарауға шақырады.
Альтарды айнала масон – бауырластар тұр, бәрі бірың­
ғай қара киімді, қолдарына ақ қолғап киген, бастарында  –

ШЫҒАРМАЛАРЫ

цилиндр. Киімнің бұл түрлерінің де символдық мәні бар,
еркіндік пен теңдік белгісі.
Тақ шебері мен жоғарғы магистр төрде отыр. Кіші шендегі­
лер храмның солтүстік және оңтүстік қапталына жайғасқан.

Хатшы мен масондыққа үміткерді таныстырушы альтарға
жақын жерде қаққан қазықтай қаздиып тұр.
Храмның іші сесті де салқын, жұрт қанын ішіне тартып
алған.

Тақ шебері орнынан көтеріліп «кемеңгерлік бағанасында­
ғы» башауыз шамды жақты. Әмірлі үн жаңғырығып басылды.

– Жаратылысты кемеңгерлік билесін! Бауырластар жа­

мыраса іліп әкетті.

– Құдірет-күш қолдасын!

– Дүниені сұлулық көмкерсін!

Тақ шебері енді үміткерге жақындады.

– Адамның парызы – жетілудің шыңына шығу, алайда оған

бастар жол тым ұзақ.
Осылай үш рет қайталап, хатшыға иек қақты. Ол үміткерді
үш сапарға аттандыруға кірісті: кештен түнге, таңнан талтүс­
ке, қайтадан кешке.

Тылсым сезім билеп алған үміткер өзін-өзі ұмытқан, же­
текке ессіз еріп, лаулаған оттан өтті, су кешті, жалаңаяқ жер
басты, салқын ауаға кеудесін тосты.

– Өзіңді-өзің таны! – деп жар салды шебер.

Храм күңгір-күңгір құдіреттенді. «Таны! Таны!» деген үн
күмбез астында тулады.
Шебер альтарды айналып өтіп, үміткерге бет тиістіре кілт
тоқтады.

– Масондықтың мақсаты – ішкі парасаттылық пен рухани

толысу. Сен жасаған рәсім надандықтан жерітіп, кемелділік­
ке бастасын!
Тұла бойы дір етіп тынған үміткер барынша ширығып,
жанары жалқынданып сілкініп қалды. Альтарға ұмтыла же­

тіп, тізерлеп отыра кетті, қолына ұстатқан циркульдің инесін
жүрек тұсына батырды.

– Ант етемін! – деп саңқ етті.

– Ант етеді! – деп жаңғырықты храм.

– Адамгершілікке, қоғамға адал болуға ант етемін!

АЛДАН СМАЙЫЛ

Шебердің қолындағы балға үміткердің жүрек тұсына қа­
далған циркульге сарт тиді.

– Еркін де арлы жанға жол беріңдер! Нұрға бөлеңдер!

Қаракөлеңке храмның іші жарқырап қоя берді, қуатты шам­
дардан төгілген сәуле күн дидарланып шалқыды.
Шебер салтанатты үнмен суырыла жөнелді.

– Әлемнің ұлы сәулетшісіне табына отырып мәлімдейміз:

– Масондардың құдай туралы нақты байламы жоқ, өйткені

масондық дін емес және дінге уағыздамайды.

– Масондық қатып қалған қағидаларсыз этикалық өмірді

талап етеді, оған символдармен және рәсімдермен қол жет­
кізеді.

– Масондар дербес ложалар арқылы бауырластық бірлікте

әрекет етеді. Жер шары бауырластық сезіміне бөленген.

– Масондар ар мен сенім, еркіндік принциптерін құрмет­

тейді, сол принциптерге қарсы күштердің бәрін айыптайды.
* * *
Масондар жайлы әдебиеттерде олардың қатары XVІІІ ға­
сырда айтарлықтай көп болғаны, қазіргі күнде де аз емес

екені  айтылады. XX ғасырда Англияның «Великая ложасы»
8 мың ұйымды біріктіріпті. Олардың қатарында 750 мың
адам болған. Қазіргі күнде үлкен Лондонда ғана 300 мың
масон тұрып  жатыр. Бұлардың бәрінің шебері (жетекшісі)

Ұлыбритания королевасының жақын туысы – герцог Кентский.
Ирландияда 730 ложа ашық жұмыс істеуде, мүшелерінің
саны – 50 мың.
Бүгінгі таңда масондардың қанатын кеңге жайғаны сон­

шалық, олардың ұйымдарын Австралиядан, Жаңа Зелан­
диядан, Араб елдерінен, Ганадан, Индиядан, Ямайкадан,
Кениядан, Малайзиядан, Мальтадан, Нигериядан, Зимбаб­
веден, Сингапурден, Гонконг пен Гибралтардан кездестіре

аласыз.
Шотландиядағы
масондық
ложалардың

қатары
1066-ға жеткен. Бұған Бельгия мен Бирмадағы, Чили мен
Исландиядағы, Жапония мен Иорданиядағы ұйымдарды қо­
сыңыз. Солтүстік Америкадағы «Таным жөніндегі ақпарат

ШЫҒАРМАЛАРЫ

комиссиясы» осы құрлықтағы (Мексиканы қоса есептегенде)
барлық ложалардың қызметін үйлестіреді.
Америка Құрама Штаттары масондар ұйымдарының ау­
қымдылығы жағынан алдыңғы орында тұр. Бұл елдегі ма­

сон бауырластарының қатары 4 миллион адамнан асқан.
Франциядағы 83 ложаның мемлекеттік билікке араласа бас­
тағаны туралы мәлімет бар.
Осы жерде айта кетейік, масондардың конституциясында

саяси мәселелер бұл қозғалысқа жат делінеді. Алайда түрлі
елдердегі ложалар мүшелерінің арасында мемлекеттік маңы­
зы зор оқиғаларға ерекше ықпал еткен қайраткерлер аз емес
екенін ойласаңыз, бұған күмән келтіресіз.

Париж қаласында 1979 жылы жарияланған «Көзге көрін­
бейтін билеушілер» («Невидимые властители») кітабының
авторы, Орталық барлау басқармасының бұрынғы агенті
Гонсалес-Мат Ұлы Отан соғысынан кейін талай-талай мар­

қасқаның масон екені анықталғанын баян етеді. Солардың
ішінде АҚШ-тағы Орталық барлау басқармасының негізін
қалаған Аллен Даллес, НАТО-ның бас секретары болған
Манлио Брозио бар.

Түрлі елдер мемлекеттерінің ішкі-сыртқы құпияларын
бір кісідей білетін Гонсалес АҚШ масондары ұйымының құ­
рамындағы поляк бауырластары туралы айта келіп, аты
мәшһүр Збигнев Бжезинский жайлы да мәлімет береді. Аме­

рика Құрама Штаттары Прензидентінің көмекшісі болған
көрнекті саяси қайраткер осы елдегі поляк масондарының
серкесі көрінеді.
Поляк ложасы атақты «П-2» банкіне ие екенін, осы ұлт

бауырластарына Ватикан қаржыгерлерінің жетекшісі Поль
Марцинкустың бүйрегі бұратынын ескерсеңіз, масондарды
саясаттан тыс тұрған күш дей алмайсыз.
Б. Печников жоғарыда аталған еңбегінде американ­дық­

тардың тәуелсіздік жолындағы қарулы күресін ұйымдас­
тырған Джордж Вашингтонның да масон екенін дәлелдейді.
Мұны аз десеңіз, осы елдің Бенджамин Франклин, Джеймс
Отис, Самуэль Адамс, Александр Гамильтон, Джон Маршалл,

Джеймс Мэдисон секілді тарихи тұлғалары да масон ложа­
сында ант бергендер.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Заманның әр кезеңінде АҚШ масондары президенттік тақ­
қа ие болып, әлемдік саясатқа араласты. Олар: Джексон,
Маккинли, Теодор, Рузвельт, Тафт, Гартинг, Д. Рузвельт,
Трумэн, Эйзенхауэр, Форд, Картер.

Осындай заңғарлар, қолдарында билік те, байлық та бар
кілең марқасқалар кірген ұйымға дарындардың кетәрі бол­
масы анық. Француз халқының мақтанышына айналған,
әлем мойындаған қаламгерлер Дидро, Вольтер, Гельвецкий,

Бомарше, Талейран масон екендіктерін жасырмаған.
Масондардың планетарлық ықпалын пайдаланғысы келді
ме екен, тарихи мәлімет бойынша Мұстафа Ататүрк те осы
ұйымға кіріпті. Б. Печников оның көз жұмғанша, яғни

1938 жылға дейін «Масһеdonіa Resorta et Verіtas» ложасының
мүше болғанын атап көрсетеді.
Атақты масондардың тізімін әрі қарай созсақ, Чехос­
лавакияның бұрынғы Президенті Эдуард Бенеш 1924 жылы

«Ян Амос Коменский» ложасында ант берген. Пруссия фельд­
маршалы Гебхард Блюхер, Латын Америкасының тәуел­сіздік
жолындағы қозғалысының көсемі Симон Боливар, Ұлы­
британияның атақты премьер-министрі Уинстон Черчилль,

ірі автомобиль зауыттарының қожасы Генри Форд, АҚШ-
тың мемлекеттік қайраткері, ғалым Бенджамин Франклин,
Италияның ұлт-азаттық күресіне жетекшілік еткен Джузеп­
пе Гарибальди болып жалғаса береді.

Түпкі мақсаты адамзатты бауырластыру және әлемді құ­
дай жолымен ізгілендіру болған соң бұл қозғалыстан ірі өнер
қайраткерлері де шет қалмаған. Иоганн Вольфганг Гете,
Вольфганг Амадей Моцарт масондармен тізе қосып дүние

жалғанды түземек болыпты. Осындай ниет фин ұлтының да­
рынды композиторы Ян Сибелиус пен АҚШ астронавы Эдвин
Олдринді де, масондарға алып келген.
Саяси биліктің тізгінін ұстаған әлдемді масондарға фран­

цуздар да кенде емес. Осы елдің бес бірдей президенті мен
жиырма екі премьер-министрі кезінде шымқай қара киініп
масон храмының альтарына тізе бүккен, адам атаулыны ба­
уырым деп тануға ант берген. 1989 жылы Франция Ұлттық

жиналысы депутаттарының тоқсаны масондар болған екен.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Өкінішке орай, ТМД елдеріндегі масондық ағым жайлы
деректер жоқтың қасы, бола қалса, қауесет деңгейінде. Бізге
мәлімі – Ресейде масондар храмдарының бұрыннан бар екен­
дігі және қазірде кездесетіндігі.

Осы ретте НТВ арнасынан Бельгияда 2007 жылдың қаң­
тарында өткен әлемдік масондар жиынына орыс жерінің бір­
неше қалталылары барғанын білгенмізді айта кетуімізге
болады.

Масон ложаларының жай-жапсарын біршама талдаған
сол хабар авторлары масондық идея Тәжікстанға да жат емес
екенін емеурінмен жеткізді.
Кім білген, негізгі мақсаты адам баласын жақындастыру

болған ағымға илігушілер бізден де табылар. Ұлттық парызын
анықтай алмай әлемдік идеялар тасқынына бір батып, бір
шыққан, туған топырағынан тілдік, дәстүрлік белгілер бо­
йынша бөлініп қалған талайлар масондық таным-сенімді жат­

сынады дейсіз бе?!
Тарихы тереңге кеткен, құрлықтардың саяси-әлеуметтік
және рухани-діни мінез-құлқын жете зерттеген, көш басында
әлеуетті елдер қайраткерлері тұрған ағым өзінің жолындағы

кедергілерді ысырып тастап, дүниені шырмап алғандай. Оған
азуы алты қарыс Ватикан да тосқауыл бола алмай отыр.
Масондармен католик дінінің басшылары 1738 жылдан
ашық майданға шығып, алысып-ақ бақты. Сол жылы папа

Климент XІІ католиктерге масон идеясынан аулақ болу жө­
нінде нұсқау берген. Италияда масондар храмдары бірінен соң
бірі өртелген.
Арада ғасырдан астам уақыт өткенде, француз журналисі

Лео Таксиль масондардың албастымен рухтас екенін дәлел­
деуге кірісті. Масон ложасына 1881 жылы енген ол бауыр­
ластардың ішкі әлеміне үңіле келе ат-тонын ала қашады.
1885 жылы жарық көрген мақалаларында американдық масон

ложасының мүшелері Гибралтар жартастарында тозақ отын
жағып, албастыға табынатын секталардың біріне тән рәсім­
дерді орындайтынын баяндаумен болады. Америка Құрама
Штаттарындағы Чарлстонда Пайк деген масон басқаратын

ложаның храмында албасты өз қолымен жасыл сиямен жаз­ған
«Апандо» кітабы сақтаулы тұрғанын дәлелдеуге тырысады.

АЛДАН СМАЙЫЛ

1896 жылы осы Таксильдің ұйымдастыруымен солтүстік
Италиядағы Тренто қаласында масондарға қарсы конгресс ша­
қырылды, оған 36 еписков пен Германия, Франция, Австрия,
Бельгия, Нидерландия, АҚШ, Канада мен Мексиканың 700-

ден астам священниктері қатысты.
Ватикан мен масондар арасындағы ғасырларға созылған
күрестің хикаясын ұзынсонар тарата бермей, қорытындысын
айтсақ, 1983 жылы екі жақ ымыраға келді. Сол жылдың

қаңтарында Ватикан: «Масондыққа өткен адам бұрынғыдай
шіркеуден аластатылмайды», – деп мәлімдеді.
Әлемге кең таралған католик дінімен осылай тіл табысқан
масондардың түпкі мақсатын «П-2» ложасының ұлы шебері

болған Личо Джелли баяғыда айқындап берген-ді.
«Масондар көзге түспейтін ықпалды биліктің тұтқасы болу­
ға тиіс, – деген еді ол. – Бұл билік ұлттар тағдырларын шеше­
тін тұлғаларды біріктіру арқылы әлемдік билікке айналады».

Осыдан соң қай ұлттың тағдыры қандай ағымның арна­
сында ағып бара жатыр екен деп елеңдейсің. Төл жұртыңның
бүгіні мен ертеңіне алас-күлес үңілесің.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

АҚПАРАТ СОҒЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ақпарат әлемді билейді.
АҚШ ақпарат кеңістігін жаулап алуда.
Қытайша ақпарат соғысы.
Ноосфера – адам санасын өзгерту.

Ресей ақпарат «спецназын» құрмақ.
Ресейдің қазіргі саяси элитасын елдің намысшыл сая­
саткерлері Романовтар мен Кеңес заманының деңгейінде қал­
ған, державалық ойлау қабілетінен жұрдай элита, соңғы 100

жылда Ресейді жетілдіруге ықпал ете алмады деп есептейді.
Соның салдарынан Ресей әлемдік тағдырлы құбылыстарға
тым  кеш қосылып отыр. Сондай құбылыстардың бірі және
біре­гейі – ғаламда жүріп жатқан ақпарат соғысы.

Бұл қандай соғыс?
Әзірге қалыптасып отырған анықтамаға сүйенсек, ақпарат
соғысы – әлемде саяси және экономикалық үстемдікке ие болу
жолындағы идеологиялық күрес. Дамыған және державалық

деңгейге көтерілген немесе сондай деңгейге ұмтылып отырған
елдерде бұл соғыстан стратегиясы да, тактикасы да жасалып
қойылған әрі аса мұқият жүзеге асырылуда. Сөзіміз дәлелді
болуы үшін екі мемлекеттің ақпарат майданына зер салайық.

Қытай үлгісі 1. Теориялық үрейлендіру; 2. Ақпарат қуатын қарсы қою; 3. Ақпарат стратегиясының бәсекелестігі; 4. Әскердің ақпараттануын күшейту; 5. Экономикалық ақпарат агрессиясы; 6. Мәдени ақпарат агрессиясы; 7. Ақылдың ақпараттық соғысы:

• бейбіт үрейлендіру – басты тәсіл;
• психологиялық үрейлендіру – негізгі нысана.
Қытайда осы мақсаттарды орындауға ерекше көңіл бө­
лінген, бұқаралық ақпарат құралдары қатты дамып келеді.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Журналдардың жылдық таралымы 2,5 млрд данаға жетті.
Газеттер таралымының жалпы құны – 20 млрд доллар. 538 ірі
баспалардың жұмысында толас жоқ. 1,5 мың радиостанция
күні-түні кірпік қақпайды.

Ақпарат соғысының америкалық үлгісі қытайлық нұсқаға
ұқсас. Онда бізді мына екі нысана көбірек алаңдатты:

1. Ұлттың ерік-жігеріне қарсы операция; 2. Ұлттық мәдениеттер деңгейіндегі операция.

Ақпарат арқылы жүргізілетін осы екі шараны Қытай үл­
гісіндегі «мәдени ақпарат агрессиясы» ұғымымен салыстыра
отырып, қос мемлекеттің тарапынан ұлт мәдениеттеріне, яғни
ұлттық рухқа қарсы қимыл жасалып жатқанын аңғарасың.

Бұл кез келген ел үшін қатерлі, себебі ұлттық мәдениетке
шабуыл дегеніңіз – сол ұлтты тарихи тамырынан үзіп, ықпал
етуші ұлттың ырқына жығу деген сөз. Осы жерде Ресей сая­
саткерлерінің қынжылысы түсінікті бола түседі. Ұлттық қа­

уіпсіздікке айқын қатер төндіретін ақпарат соғысы қызғанға
дейін орыс элитасының қамсыз отыруы шымбайға бататын-ақ
бейғамдық.
Ельцин намысшыл саясаткерлердің қамшылауымен  1996

жылы бұл мәселеге назар аударды, Ресей Федерациясы Қа­
уіпсіздік Кеңесінің жанынан Ақпараттық қауіпсіздік жө­
ніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазіргі таңда тек
қана ел президентіне бағынатын ресейлік Ақпараттық-талдау

бюросы да жұмыс – істеуде. Құрамында 1500 адам бар, бірне­ше
басқармаларды біріктіреді. Олар:

– Электронды бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы;

– Баспасөз бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы;

– Интернет басқармасы;

– Ресей мемлекеттік билік органдарымен іс-әрекет үйлесті­

ру басқармасы;

– Аналитикалық;

– Батыс Еуропа басқармасы;

– Латын Америкасы басқармасы;

– Оңтүстік Азия басқармасы;

– Оңтүстік-шығыс Азия басқармасы.

Ресейде бүгінде басқа елдер ақпараттарының рұхсат беріл­
меген жолдармен таралмауына ерекше бақылау орнатылған.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Ал АҚШ-қа қайта оралсақ, оның ақпарат соғысын жүргізу
мүмкіндігі Ресейге қарағанда мол. «Ақпараттық стратегия
және саясат орталығы» көптен жұмыс істейді. «Мемлекеттік ақ­
парат агенттігі» мен «Мәліметтер жинау және зерттеу бюросы»

қанатын кеңге жайып жіберген. 1995 жылы Вашингтондағы
Ұлттық қорғаныс университеті ақпарат соғысының алғашқы
мамандарын даярлап шығарды. Олар:

– қазіргі заманғы саясатты;

– әскери өнерді;

– бұқаралық ақпарат құралдарының қыр-сырын;

– бақылауына алатын елдің тілі мен дәстүрін;

– психологияны, социологияны, тарихты, антропологияны

жетік біледі.
Осындай жан-жақты әзірлігі бар, мемлекеттен қолдау та­
батын, қаржы жағынан тапшылық көрмейтін ақпарат ма­
ман­дары АҚШ-тың әр елдегі түрлі компанияларында аз емес.

Бұларға қол ұшын созатын ақпарат құралдарының жүйесі
әлемді шырмауықтай шырмап алған.
АҚШ-тың радио-теле жүйелері

1. «Голос Америки» 53 тілде аптасына 660 сағат хабар

таратады; 2. «Уорлдент» телекино қызметі; 3. Марти радио және телевидение қызметі; 4. «Радио Свободная Европа»; 5. «Радио Свободная Азия»; 6. «Радио Свобода»; 7. Интернет-провайдер Америка онлайн; 8. «Тайм Уорнер».

Соңғы екеуі 2000 жылы біріктіріліп жаһандық американ­
дық меншікті ақпарат империясы құрылды, жалпы құны –
350 млрд доллар.
Теле-радио хабарларды әлемнің кез келген түкпіріне за­

матта тарататын екі ғарыш спутнигі шер шарын шыр айналып
жүр. Бір мезгілде 150 телеарна арқылы хабар бере алады.
Жылдық аренда құны – 2 млн доллар.
Ақпарат арқылы әлемді билеуге болатыны жайлы ой өт­

кен ғасырдан бар. АҚШ зерттеушісі Г. Лассуэлл (1902-1978)

АЛДАН СМАЙЫЛ

ақпаратты қоғам туралы айта келіп, ақпаратты өмір жайлы
көзқарастарды өзгертудің құралы деген еді. Ол ақпараттың
құдіретін екі нысанаға бағыттауды ұсынды. Олар:

– Қоғамдық ойды қалыптастыру;

– Мәдениетті тарату.

Қазіргі күнде тағы бір американдық С. Нилустың «Про­
токолы собраний сионских мудрецов» еңбегіндегі ойлар кө­
бі­рек  ілтипатқа алынып жүр. Даналар протоколдарының ақ­
паратқа қатыстылары мыналар:

ПРОТОКОЛ 1

«Ақпарат – тұрғындарды қайта программалаудың құ­
ралы».

ПРОТОКОЛ 2

«Бүгінгі таңдағы мемлекеттердің қолында ұлы қуат-күш
бар, ол – халықтардың ойын қозғалысқа түсіретін баспасөз».

ПРОТОКОЛ 12

«Ешқандай ақпарат қоғамға біздің бақылауымыздан тыс
таратылмайды. Біз әлемнің барлық түкпірінен хабарлар тү­
сіп жататын агенттіктерді қолымызда ұстаймыз. Олар басы
бүтін біздікі болады және тек бізге ғана қолайлы ақпаратты

таратады».
Осыдан соң ғаламдық ақпарат жүйелерінің күнделікті жа­
ңалықтарына сенімің азаяды. Аты белгілі радио және теле
компаниялар «сион даналары» секілді түрлі алпауыттардың

қолында болса, олар халықтардың санасын өздеріне қажет
идеологиямен шырмап жатқанын білсең, ақпарат атаулыға
илануың қиын.
Тегінде ноосфера дегеніміздің өзі осы шығар. Ғылым тілін­

де ноосфера – адам санасының сферасы делінеді, биосфераны
өзгерту арқылы адамзаттың ақыл-ойын қажетіңе қарай ба­
ғыттайсың. Әзірге бұл ғылыми шешілген сала емес. Ал қызу
жүріп жатқан ақпарат соғысының қуат-күшіне қарасаң, он­дай

күн де алыс емес-ау дейсің.
Сонымен «Ақпарат соғысы» ақиқат. Ол төрт майданда қатар
жүруде...

1. Ұлттық; 2. Аймақтық;

ШЫҒАРМАЛАРЫ

3. Континентальдық; 4. Жаһандық.

Үш түрге жіктелген: 1. Жағымды ақпарат; 2. Жағымсыз ақпарат; 3. Бейтарап ақпарат.

Таратудың жолдары 1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы; 2. Арнаулы қызметтер арқылы; 3. Ресми емес құрылымдар арқылы (үкіметтік емес ұйым­

дар); 4. Дипломатиялық көздердің көмегімен; 5. Бизнес құралдары арқылы.

Уинстон Черчиль заманына баға бере келіп, алдағы қо­
ғамдарға да болжау айтқан екен: «Болашақтағы империя –
интеллектің империясы».
Иә, ақылдың әлемді билейтіні рас. Ақпарат дегеніміз – сол

ақылдың майданға шығуы. Ендеше ақпарат соғысын ақылдар
соғысы деуге де болады.
Ал біз ақылдымыз ба?
Ойланатын сауал.

АЛДАН СМАЙЫЛ

ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚҚА ҚАЛАЙ ІЛЕСЕМІЗ?

• Ресей пассионарлық саяси элита құру арқылы әлемнің
жалына жармаспақ.
• АҚШ ұлтты жетілдіруді прогрестің қозгаушы күші
деп санайды.

• Макроэлектрониканың қарыштап дамуы еңбек өнім­
ділігін миллион есе арттырды.
• Саяси қызмет дегеніміз – саяси элита мен әлеуметтік
топтардың психологиясына ақпараттық шабуыл.

* * *
Әлемде ықпал ету әдістері мен құралдары кейінгі он жылда
күрт өзгергені соншалық, бүгінде монархтар мен тирандар
басқарған, барынша тұйықталған елдердің өзі сыртқы әсер­

дің өкпек желінен қорғана алмай отыр. Орасан зор қарқын­
мен кеңістікке шыққан ақпарат тасқыны саясат пен ғылымда
пайда болған жаңалықтарды қас қағымда жер шарына тара­
тып  үлгереді. Сен енді ғаламның жай ғана бөлшегі емессің,

қарша бораған ақпарат өтінде тұрған, әлемде не болып, не қо­
йып жатқанынан хабардар, өзгерістерге саналық тұрғыдан ара­
ласа алатын, адамзатпен коммуникациялық желілер арқылы
жалғасқан тұлғасың. Этникалық немесе территориялық ор­

таңның шеңберінде қалу каупі бұдан былай сені алаңдата
алмайды. Ғаламдық өркениет жетістіктерінен сәт сайын ха­
бардар болу арқылы өзіңнің де, өз елің мен қоғамыңның да
кемшілігін қалт еткізбей танисың. Сондықтан да сені орын­

далмайтын даңғаза идеялармен алдаусырату мүмкін емес.
Ғаламда өзгеріс, ғаламда ақпарат революциясы жүріп
жатыр. Ол халықтардың санасындағы революцияға ұласуда.
Бұл мемлекеттерді басқару жүйелерін шұғыл жаңаландыру­ға,

нақтырақ айтқанда, неғұрлым адамзаттандыруға жетелейді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Ақпарат революциясының осыншалық ықпалға ие бола­
тыны – ол ең алдымен ақыл-ойдың революциясы. Бүгінде
ақпарат ақылға әсер ете отырып, идеологияға айналып жата­
ды. Белгілі бір елдің белгілі бір жетекшісі қарамағындағы

халқын өзі емес, әлемдік ақпарат басқарып әкеткенін сезбей де
қалуы мүмкін. Солай бола да бастады. Бұған Грузия, Украина
мен Қырғызстан дәлел.
Егер сен еліңді жаһанмен жалғастыра отырып халық есім­

ді пырақтың тізгінін еркін босатпасаң, сол халықтың шаңын
қауып қаласың. Ресейдің қазіргі отаншыл, көкірегі ояу эли­
тасы осыған ден қойған. «Ресейдің пассионарлық элитасы, –
дейді ол, – екі сатыдан тұратын жаңа геосаяси доктрина құруы

керек».
Мұның мәнісі мынада: Ресей ең алдымен өз ішінде геосая­
си тұтастануға тиіс. Бұдан былай қарай алдымен дамитын
және кейін дамитын аймақтар дегендер болмайды. Орыс жері

біркелкі өркендейді. Мәскеуліктердің санасы мен сібірлік­тің
санасында алшақтық сезілмейтін деңгейге қол жеткізіледі.
Санкт-Петербургтегі білім мен тұрмыс сервисі неге орыс де­
ревнясында көрініс таппауы керек?

Ресей элитасы ел ішінде осылай геосаяси теңестіру бағы­
тын жүзеге асыру арқылы орыс адамын әлемдік деңгейге
көтермек. Содан кейін адамзаттың жалына жармасуға бола­
ды. Тегінде ғаламның дәрежесіне жекелеген қайраткерлер­

дің кемеңгерлігімен де жетесің, бірақ бұл төзімді сарқатын
ұзақ процесс. Нақты лидердің ұмтылысы – жалпы өркендеу­
дің себепшісі, халықтың тұтас интеллектуалдық биіктігі
мен өркениетті талпынысы – негізгі қуат. Анығында қазіргі

заманға, ақыл-ойдың ақпараттық тасқынына ұлттық тұтас
көсемдік қана ілесе алады.
Зер салыңыз, соңғы 50 жылда ақпарат беру жылдамдығы
300000 есе артып, 3 секундқа жетті. Күн сайын компьютер­

лер мен телекоммуникацияның көмегімен әлемде триллион
долларға жуық қаржы айналымға түседі. XX ғасырдың 70 жыл­
дарында білім көлемі 10 есеге артса, 90 жылдан бері қарай әр
он екі ай сайын екі еселенуде. Саяси-экономикалық делінетін

ақпараттың күндік мөлшері бірнеше триллион.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Осынша ақпаратты саяси немесе экономикалық элитамен
бірге халық та қорытып игеруі керек, онсыз ұлттық, мем­
лекеттік өрлеу жоқ. Бұған жетудің жүйесі дамыған мемле­
кеттерде ұлтты жетілдіру деп аталады. Оларда ұлттың өсу

деңгейін анықтайтын көрсеткіштер анықталған. Америка Құ­
рама Штаттарында мұндай көрсеткіштердің ұзын саны – 167.
Соның ішінде айрықша басшылыққа алынатындары «Әлеу­
меттік көрсеткіштер» деп аталады. Бұлар сегіз тармақ:

1. Халықтың денсаулығы; 2. Интеллектуалдық деңгейі; 3. Білім; 4. Жылдық табысы; 5. Демография; 6. Еңбекпен қамтылуы; 7. Демалысы; 8. Тұрғын үй.

Денсаулық көрсеткіші көш бастап тұруының себебі бел­
гілі. Ал интеллектуалдық деңгей АҚШ-та ұлттық өзекті сая­
сатқа айналдырылған. Державада ұлттың қауіпсіздігі мен
бола­шағы жаңа заманның саяси-экономикалық және ғы­лыми

деңгейіне сай ойлай алатын және идеялар ұсынатын эли­
таның бар-жоқтығына қарай анықталады. Әлімсақтан бері
америкалық дамудың негізіне нақ осы көрсеткіш алынып
келеді.

XX ғасырда АҚШ-та аталған салада арнаулы зерттеулер
жүргізіліп, мынадай қорытынды жасалды: елде ғылым, мә­
дениет, басқару, технология, т.б. буындарда тың әрі пәрменді,
ұлттық тағдырлық маңызды идеялар бере алатын қабілетті

адамдар халықтың 3-5%-ынан аспайды.
Бұдан соң интеллект пен оның жетілу ерекшелігі қауырт
зерттеле бастады. «Интеллектуалдық элита мыңжылдықтар
бойында қалыптасады, өзін-өзі сомдайтын, генетикалық дер­

бестікке ие әрі тез күйрейтін жүйе» деген анықтама берілді.
Жеті ерекшелігі атап көрсетілді.

1. Генетикалық фактор. Дарын иелерінің басым көпшілігі

талантты, текті ұядан шыққандар. 2. Қабілетті балалардың дені жоғары білікті, мәдениетті

шаңырақтар мен белгілі мамандықты терең меңгерген ата-

ШЫҒАРМАЛАРЫ

аналардың тәрбиесінде өскен. Егер сәби 3-5 жасынан осын­
дай  ортаның ықпалында болса, қатарынан ерте озады. Бұл
АҚШ-та «Әлеуметтік фактордың әсері» деп аталады.

3. Баланың таланты 5-7 жасына дейін анықталып, сол

шақтан ерекше қамқорлыққа алынуы керек. Керісінше жағ­
дайда қабілет-бейімділігін біржола жоғалтуы мүмкін.

4. Талантты ұстаздардың болуы. Әдеттегі мектепке тап

болып, өз ұмтылысын қанағаттандыра алмаған дарынды жет­
кіншек көп ұзамай барға қанағаттануға дағдыланады, талант
ретінде сөнеді.

5. Талантты адам қабілет-мүмкіндігін алаңсыз жұмсау үшін

тұрмыста қысылмауы керек. 6. Дарындар кінәмшіл, өзін құрметтеу сезімі терең, сөй­

те тұра тез күйрегіш, дара жүруді ұнатады, әріптестеріне де,
билік иелеріне де сенімсіз.

7. Олардың көпшілігі жағдайға бейімделе алмайды, жеке

мүддесіне немқұрайлы қарайды, қоғамдық заңдылықтармен
есептесе бермейді.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып, АҚШ-та таланттарды
қамқорлыққа алудың мемлекеттік жүйесі жасалған. Соны­

мен  бірге «Сырттан шақыру жүйесі» де жұмыс істейді. Аме­
рикаға дарындардың ұлты, көзқарасы есеп емес, қашан да
құшақ жая қарсы алады, ештеңеден тарықтырмайды.
Әлемдік держава осылай жетілген және солай жетіліп те

жатыр. Жалпы ғалам елдері ұлттық жетілуі жағынан үш
түрлі  өркениетке жіктелген. Алғашқы екеуінің символы  –
орақ пен конвейер, үшіншісінікі – компьютер. Әлі күнге қо­
лынан орақ түспегендер – аграрлы елдер мен өнеркәсібі

шикізат өндіру түрінде қалғандар. Конвейер таңбалылар –
арзан жұмыс күші мен көпшілік қолды арзан тауардың кө­
зі. Компьютер бейнелілер әлемге жаңа идеялар мен ақпарат
сатады, озық мәдениет пен жаңа технология таратады.

Білімнің ошағы да осылар.
XXІ ғасырға ілесу үшін осы дамыған елдер ұлттың энер­
гиясын сақтау идеясын көтерді. Өмір сүру нарқының қым­
баттауы, ішкі және саяси тартыстар, санаға ақпарат тасқы­

нының салмағы халықтың биоэнергиялық қуатын үсті-үсті­не
тонап жатыр. Оны тежеу үшін мемлекет құрылысы ұлттың
12-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

мінезі мен дәстүрлеріне негізделуі керек. Ал бүгінгі ғаламда
көбіне керісінше. Саясат саяси элита мен әлеуметтік топтар­
дың, елдің психологиясына шабуыл жасап отыр. Толып кеткен
партия тоқсан тарау идея ұсынады. Демократия айтысуға да,

өшігуге де, көшеде улап-шулауға да ерік берген. Ой сайыс­
тары  мен ой жатсынуларының психологиялық салмағы сон­
шалық, ғалымдар планета жасынан ерте қартаюда дейді.
Бүгінгі заманның рухани-саналық кейбір кескіні осындай.

Біз оны ескеріп отырмыз ба? Қазақ ұлтын жетілдіру жайлы
кімдер ойланып жүр?
Жалпы ұлттық деңгейдегі сауалдар көп. Ғасыр тола сұрақ.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАТЫГЕЗДІГІ МЕН ІЗГІЛІГІ

Жаратылыстанушылар бүгінде әлемнің алдында үш күрделі
түйін тұр деп есептейді. Олар:

1. Планетаның экологиясы; 2. Адамгершілік қарым-қатынас экологиясы; 3. Ғылыми-техникалық прогрестің табиғи-эволюциялық

дамуға кері әсері.
Экологтар, психологтар мен қоғамтанушылар өздерінің ал­
дына «Планета неге кері процестерге бейім болып барады, адам
заманнан-заманға озған сайын жұқарады деген қатыгездік­тің

тоңы неге қалыңдай түсуде, соғыстың жер бетінде дағдылы
іске айналып кеткені қалай, емі жоқ ауру түрлерінің тосын­
нан  пайда болуының себебі неде?» деген сауалдар қойып,
олардың жауабын әлгі үш түйіннен іздеп отыр.

Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы мен ғылыми-тех­
никалық прогрестің қарыштап дамуының кері ықпалы мұ­
ны­мен де шектелмейтін сияқты. Ғалымдар іштен ақыл-есі
кембағал болып туатын балалардың көбеюі, жасына жет­

пей қартаю секілді үрейлі құбылыстарды да ғылымның қа­
тыгез­денуінен деп есептейді. Ақылдан кемтарлар бүгінде
адам­зат­тың үш пайызына жеткен. Олар дәл мағынасындағы
жынданғандар немесе психикалық ауруға шалдыққандар

емес,  қалыпты ойлауға, қоғамға қызмет етуге және өзін-өзі
асы­рауға қабілетсіз дүмбілездер.
Ал соғыстың шын мәнінде үйреншікті кәсіпке айналып
кеткені дәлелдеуді қажет ете қоймайтын шындық. Америка

Құрама Штаттарының белгілі социологы Ноэл Тилдің зерт­
теулеріне сүйенсек, 1816-1995 жылдар аралығында жұмыр
жерде 74 халықаралық соғыс болған. Оларда оққа ұшқан,
азаптан өлген, аштан қырылған елдің саны 100 миллионнан

асып жығылады. Бұған соңғы қарулы шайқастарды – АҚШ-
тың Ауғанстан мен Иракқа жорықтарын қосыңыз.
Қайсы бір елдердің өз ішіндегі қырғындар жан түршігер­
лік. Қытайда 1958-1960 жылдардағы «үлкен секіріс» кезінде

АЛДАН СМАЙЫЛ

30 миллион адам аштан өлді. Солтүстік Корея Ким Ир Сеннің
заманынан халықты аштықтан тұралатып келеді. КСРО 1990
жылға дейін Қазақстанның бірқатар аймағын ядролық сы­
нақ аймағына айналдырды. Чернобыль апатының зардабы әлі

күнге дейін жойылған жоқ.
Бірқатар ғалымдар әлемдік моральдық және психология­
лық ауытқулар ғылыми-техникалық прогрестің имансызда­
нуының салдары бола отырып, дәуірлераралық өтпелі ке­

зеңдердің де болмысын айқындайды деген тұжырым айтуда.
Олардың дәлелдеуінше, адамзат қазіргі таңда бір-біріне мүлде
кереғар екі дәуірдің өліарасында тұр. Егер өткен мыңжылдық
адамның иелігіне біржола берілген, информациялық өрістің,

яғни көктегі ой-сананың (жаратқанның) араласуынсыз дербес
өмір сүрген кезең болса, үшінші мыңжылдық ғарыштық дә­
уір болмақ. Бұл дәуірде адамзат өткеніне қайта оралады, оны
ізгілік көзімен саралайды, тарихи құндылықтарды екшеп,

бүгінгі даму заңдылықтарын ескереді, қателіктерден нақты
қорытынды шығарады. Осындай жарқын заманға алып ба­
ра­тын өтпелі кезең жүз жылға созылмақ, ол 1910 жылы
басталған, 2010 жылы аяқталуға тиіс. Бұл – 2000 жылы

Антверпенеде ЮНЕСКО-ның жанынан құрылған «Тұрақты
даму технологиясын ұсыну» департаменті халықаралық ка­
федра жүйесінің мәліметі. Департаменттің негізгі мақсаты –
табиғи және қолдан жасалатын апаттардың алдын алу.

Осы жерде айта кетейік, бір қоғамдық режимнен екінші­
сіне ауысу мерзіміндегі өтпелі кезеңді дәуірлераралық өтпелі
кезеңмен шатастыруға болмайды. Кешегі КСРО республика­
лары бетпе-бет келген өтпелі қиындықтар ғаламдық немесе

табиғи-адамзаттық болмыстың заңдылықтарынан туындаған
жоқ, оның негізінде әлемдік саяси текетірестің дүмпуі жатыр.
Батысты әлемдік даму эволюциясы жайлы батыл пайым­
дармен елеңдетіп жүрген көрнекті жаратылыстанушы Пьер

Тейяр де Шарден дәуірлераралық өтпелі кезеңде экология­
лық, ғылыми-техникалық және рухани апаттар жиілейді
деген пікірде. Бұған оның дәлелі жеткілікті және сол көп
дәлелдің ішінде рухани апаттарға айрықша назар аударады,

XX ғасырды адамзаттың моральдық құлдырау ғасыры деп
атайды, соның айқын көрінісі ретінде ушығып кеткен террор

ШЫҒАРМАЛАРЫ

мен террорды туғызып отырған халықаралық әділетсіздікті
айрықша атап көрсетеді. Осы имансыздану процесінде тех­
никалық прогрестің ықпалы зор дей отырып, «Ғылымның қа­
тыгезденуі» концепциясын ұсынады.

Ғалымның бұл пайымын жіліктесек, ғылым барлық ізгі­
ліктің Хауа Анасы болып табылатын табиғат пен санаға қарсы
қызмет атқарумен келеді.
Шындыққа жүгінсек, Калашниковтың автоматынан бас­

тап атом бомбасына дейін жасаған, адамды адамға әзірейіл
еткен, жер бетіндегі тіршілікті қас қағымда жойып жіберуге
жол ашқан, планетаны улы газдармен тұншықтырып жат­
қан ғылымды адамгершіл ғылым деуге аузың бара ма?! Сон­

дай жойқын жаңалықтарға ғұмыр берген ғалымдардың есі­
мін мәңгілік етуге ұмтылып, қалаларға аттарын беру, зәулім
ескерткіштер соғудың моральдық негізі қайсы? Адамзатты
жаппай қыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айту қандай

адамгершілік жобаға сыяды? Егер ғылымның осы жетіс­
тік­тері  соғыс атаулыны ауыздықтауға ықпал етсе бір жөн,
керісінше әлемдік ядролық апаттың ошақтары уақыт өткен
сайын көбейе түсуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректе­ріне

сүйенсек, қазіргі таңда әлемнің алты елі атом қаруына ие, үш
елдің оны жасап шығару мүмкіндігі бар.
Ғылыми-техникалық прогрестің осы бағытта шырқап кетуі
адам санасын өзгерте бастады, планетада үрей психологиясы

қара танытты, бүгіннен, ертеңнен, таяу келешектен ұдайы қа­
тер күту өмір сүру дағдысын қатқылдандырып жатыр. Бұған
тосқауыл қою үшін адамзат дамуының бірден-бір қайнар көзі­
не айналған ғылымды ізгілендіру қажет.

Дәуірлердің жүрегін адамның игілігі үшін жібітуді ой­
лаған арғы-бергі ғалымдардың түйіні де осы. Тарихқа үңіл­
сек, мұндай сарын адам баласын ерте кезеңнен алаңдата бас­
тағанын кө­реміз. Александриялық Климент Тит Флавий

б.д. ІІ ғасырында діни таным мен білімді үйлестіру идеясын
ұсынған екен. XX  ғасырда бұл идея қайтадан жаңғырды.
Нобельдік сыйлықтың лауреаты, электронды ашқан физик
Джозеф Дж.Томпсонның ғылым мен діни танымдарды то­

ғыстыру жөніндегі ұсынысы кезінде батыста қолдау тапты,
осы ғасырдағы ірі әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылды.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Оның пайымдауынша бізге, яғни адам баласына ғарыш (Алла
тағала) арқылы берілген діни адамгершілік қағидалары
ғылымның моральдық негізіне айналуы қажет, тек сонда ғана
техникалық прогресс ғаламдық табиғи даму заңдылықта­ры­на

сәйкес өркендейді және планета мен адамзаттың болашағына
қатер тудырмайды.
Бұл тұжырымды Нобельдік сыйлықтың лауреаттары,
Квант теориясының атасы Макс Планк пен уранның радио­

активтілігін ашқан Антуан А. Беккерель де қостаған. Ал
әлемдік діндерді зерттеуші Э. Шюре болса, ғылым дінге, дін
ғылымға сүйенсе, ғаламдық ізгіліктің көгін бұлт торламайды
деген пікірін күн тәртібінен түсірмей келе жатыр. Әлемтану

және адамтану сындарлы болуы үшін ғылым мен діннің қара­
ма-қайшылықтарынан түбегейлі арылуға шақыруда.
Өркениетті Батысты аузына қарата алған ғұламалар, түп­
теп келгенде, дін мен ғылымның шекарасын біржола жоюды

ұсынбайды, екеуін жақындастыру, бірін-бірі толықтыру ар­
қылы бүгінгі ауыздығымен алысқан техникалық прогресті
табиғат пен адамзаттың апатсыз келешегін қамтамасыз етуге
бағыттауға үндейді. Нақтырақ айтсақ, ғылымды ізгіленді­

ру арқылы қатыгезденген ғасырды, өзіміз табалдырығынан
жаңа ғана аттаған дәуірді ізгілендіруді көздейді.
Иә, ғылым мен ғалым иманды болмай қоғам ізгіленбейді,
өйткені XXІ ғасырдың да, үшінші мыңжылдықтың да қоз­

ғаушы күші – ілім, ол жердегі тәңірге айналды. Әсіресе әс­
кери-техникалық прогресс әлемді ашса алақанында, жұм­са
жұдырығында ұстап отыр. Оның соңғы жаңалықтары жой­
қындығымен бірге нәсілшілдік жыртқыштығымен де түр­

шіктіреді.
Батыс және мұсылман елдерінің баспасөзі осыдан екі жыл
бұрын АҚШ-та адамды ұлтына қарай іріктеп қыратын қару
ойлап табылғаны туралы жарыса жазды. Бұл мәліметті Ба­

тыстың бұқаралық ақпарат құралдары да біраз сөз қылды.
Қарудың бұл түріне «ұлттық белгі бойынша жоятын қару»
деп ат та қойды. Сол тұста Ресей Мемлекеттік Думасындағы
өнеркәсіп, құрылыс және ғылыми технология жөніндегі ко­

митеттің төрағасы А. Кокошин журналистерге берген баспа­
сөз конференциясында ұлттардың геномын зерттеу арқылы
мұндай қаруды жасаудың мүмкіндігі бар екенін ашық айтты.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Сонымен бұл қандай қару, оның нендей саяси және тех­
никалық сипаттары бар?
Батыс баспасөзі арқылы интернетте тараған қадау-қадау
мәліметтерге жүгінсек, ол жаппай жайпайтын биологиялық

қарудың жетілдірілген түрі, бактериялары әсер ететін ны­
санасын өзі іздеп табады, арнайы бағдарлау арқылы ақ немесе
қара түстілерді, көк немесе қой көзділерді жеке-жеке құр­тып
жібере алады. Қайсыбір деректерге қарағанда бұл қаруды

Үнді-Пакистан қақтығысында қолдану қарастырылған да.
Әлемнің әр түкпірінде қылышын жалаңдатып жүрген
ұлтшыл топтар аталған қаруды күндіз шырақ алып іздеуде
екен. Міне, осылай ғылыми ұлттық жатсыну адам баласының

үш ұйықтаса түсіне кірмеген сұмдықты дүниеге әкеліп отыр.
Мұны адамзаттың адасуы десеңіз де, ғылымның жендеттенуі
десеңіз де сыйымды.
Ғылыми-техникалық прогресс осы қатыгездікпен шектел­

се де бір сәрі, гендік инженерия геномондық қаруды місе
тұтпай, қасиет-қабілеті бізден мүлде бөлек жаңа тұрпатты,
соғысу мүмкіндігі қиял-ғажайып адам жасаудың қамында.
Бұл ғылыми шаруамен айналысып жатқан ғалымдар түнде

күндіздегідей көретін, ультрадыбыс диапазонында еститін,
жараланса демде жазылатын, түр-түсін оңай өзгерте ала­
тын; жаудың радио хабарларын арнаулы құралдарсыз-ақ қа­
былдайтын, дұшпанның электронды техникасын басқаруды

алыстан жүзеге асыратын, кейбір қаруларды ерекше қабі­
летімен алмастыруға бейім адамды жаратуға күш салуда. Қол­
дан пенде жасауды игерген (клонирование) ғылымға мұның
әбден мүмкін екендігіне күмән келтіру қиын.

Аталған ізденістің қатерлілігі сонда, әлгіндей тұрпаттағы
адам біздер секілді өсіп-өнеді, бойындағы қабілеті ұрпағына
қанмен беріледі.
Осы іспен шұғылданушылар олардың жер бетіндегі жаңа

нәсілге айналуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды, өзін
жасап шығарған адамзатпен санаспауы, тіпті қарсы қи­мыл­
ға баруы да ықтималдығын айтады. Соған қарағанда бізді
болашақта планетамызда осыдан 150 мың жыл бұрын өмір

сүрген неандерталдықтардың тағдыры күтіп тұрғандай. Олар­

АЛДАН СМАЙЫЛ

ды өздерінен кейін өсіп-өнген кроманьондардың құртып жі­
бергені белгілі.
Осындай «ғаламаттардан» соң көрнекті ғалымдар Макс
Планктың, Антуан А. Беккерель мен Э.Шюренің ғылымды

ізгілендіру жайлы ойлары толғандыра түседі.
ЮНЕСКО-ның жанынан құрылған «Тұрақты даму тех­
нологиясын ұсыну» департаменті халықаралық кафедра жү­
йесінің деректеріне сенсек, әлемдегі ғылыми қуаттың 60%-

ынан астамы қырып-жоятын қару жасаумен айналысады.
Мұнымен қатар саяси-әскери күштер жалпы ғылымның кез
келген жетістігін өз мақсатына пайдалана алады. Қазіргі күн­
де дамыған елдерде ғылым толық бақылауда ұсталуда.

Осы тұста салыстырмалық теориясының авторы, кеңіс­
тіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттерін аш­
қан көрнекті физик Альберт Эйнштейннің мына бір ойы еске
оралады. Ол ғылыми-техникалық жаңалықтар адамның

са­насынан туып, бара-бара сол санаға билігін жүргізе бас­
тайтындығы туралы айтқан болатын. Ленин «табиғатты өз­
гертушілердің бірі» деп мадақтаған ғалымның бұл пікіріне
кезінде күмәнданғандар көп болса, бүгінде сол пайымның

шындыққа айналып бара жатқанынан үрейленушілердің
қатары күн санап толығып келеді. Солардың бірі – академик
И.И. Юзвишин. Ол – ақпараттың дербес әлемге айналғаны
туралы теорияның авторы.

Егер осыдан бір ғасыр бұрын ақпараттың екі еселенуі үшін
ондаған жылдар қажет болса, бүгінде бірер аптаның ішін­
дегі ақпаратты қорытып шығуға тұтас бір институттың да
шамасы жетпейді. Жер шары радио толқындарымен, түр­

лі телеантенналардың өрістерімен, компьютер жүйелерімен
шыр­малып тасталған.
Ғалымдар енді біртұтас ғарыштық ақпараттық кеңістік
немесе ғарыштық ақпарат банкі туралы айта бастады. Ол

әлемдегі аса қуатты сәуле таратушы орталыққа айналған,
жарықтан да ұшқыр жылдамдыққа ие, біздің ырқымыздан
тыс әрекет етеді, информацион деп ат берілген дербес сана
түрінде көрініс табатын сәттері де бар. Екінші сөзбен айтқанда,

планетада күн сайын пайда болатын, бір жерден екінші жер­
ге беріліп жататын ақпаратты қабылдап алады да өз бетінше
қорытып, қайта таратады. Сіз оның сол ақпараты бойынша

ШЫҒАРМАЛАРЫ

шешім шығарасыз, болжам жасайсыз, жоспар құрасыз, яғни
адамзаттық хабар емес екеніне ешқандай күмәніңіз болмас­
тан дара әлемге айналған информациялық ағынның еркінде
кетесіз.

Міне, Альберт Эйнштейн айтқан болжамның расқа шық­
қандығының бір дәлелі осы. Ғылыми-техникалық жаңа­
лықтың адамның санасынан туындап, сол санаға билігін
жүр­гізе бастағандығына және бұл құбылыстың уақыт өткен

сайын қуаттана түсетіндігіне енді физика, электроника са­
ласындағы ғалымдар күмәнданбайтын болды. Олар бүгінде
информациялық ағынның адамның ақыл-ойына ықпалын
зерттеумен әуре. Осыдан келіп күдіктен күдік тіріле баста­ды.

«Кім біледі, – дейді көңілі күпті ғалымдар, – адамзат бара-
бара әлдебір күрделі мәселелер жайлы бас қатыруды қойып,
әлгі құдіретті ағынның дайын шешімдері арқылы қимыл­дауға
дағдыланып алатын шығар. Бұл өз ретінде адамның ойлау

қабілетін тоқырауға ұшыратуы ықтимал».
Ақиқатында, соған бағыт ұстап бара жатқандаймыз, қазір
адам үшін компьютерлер ойланып-толғанатын болды, дайын
ақпаратты игере білсек жеткілікті, бұрынғыдай есте жинақ­

тау қабілетінің енді керегі шамалы, қорыту қызметі де белгілі
дәрежеде электронды техниканың үлесіне айналған. Бұл уа­
қыт өте келе адамның ойлау машығы әлсіреуіне әкеліп соғуы
ғажап емес.

Қазір Ресейде ғылымның көне дүние мен бүгінгі заманды
салыстыра зерттей отырып, болашақты болжауға арналған
саласы қалыптасып келеді. Осы саланың негізін салушылар­
дың бірі Э.Р. Мулдашев «От кого мы произошли» деген ең­

бегінде бізден бұрын үш өркениеттің болғанын дәлелдейді.
Ғалымның көп тұжырымдарының ішінде бізге мына пі­
кірі мәндірек болып көрінді, ол үш өркениеттің үшеуі де өзін
өзі жойғандығы, бір-біріне эволюциялық жолмен жалғаса

алмағандығы. Мұның жалғыз және басты себебі – сол өр­
кениеттер тұсындағы ғылымның ізгілене алмауы, табиғат пен
адамзатты апатқа алып келуі.
Э.Р. Мулдашевтің көз жеткізгеніндей, үшінші өркениет­тің

шырқау шыңында ғылым генетика мен гендік инженерия­ның
тылсымдарын барынша жетік меңгерді, адамды қолдан жасау
(клонирование) дағдылы іске айналды. Жұмыр басты пенде

АЛДАН СМАЙЫЛ

өзіне көңілі толмай, жан-жақты дамытпақ болды, кентаврлар,
свинкстер дүниеге келді, адамның ең асыл, мейлінше қабі­
летті, құдай текті генофондын жасау жүзеге асырыла бастады.
Бұл айналып-үйіріліп келгенде планетада жаңа нәсілдің

пайда болуына әкеліп соқты. Ол уақыт өте келе, жердегі би­лікті
қолына алған соң өзіне ғұмыр берген нәсілді жойып жіберді,
бірақ жарық әлемде ұзақ қала алған жоқ, барлық жасан­ды­
лық секілді құрып тынды. Себебі жаңа тірлік иесі табиғаттың,

табиғатқа дем берген жаратылыстың төлі емес еді.
Ғалымдар осындай жолмен, ғылымның қарыштап дами
келе адамзатқа көр қазуының салдарынан бізге дейін төрт
нәсіл жойылған деп есептейді. Бесінші нәсіл, біздер солар жүр­

ген соқпақпен қазіргі өркениеттің шыңына шығып барамыз.
Дәл баяғыдай, адасқан, келмеске кеткен өркениеттердегідей
адамды қолдан жасауға кірістік. Әлемнің бірқатар елдерінде
тыйым салынғанына қарамастан бұл ізденіс жалғасын табу­

да. Пенде осылайша құдай болуға бет алды. Оның соңы немен
тынарын қария тарих айтып беріп отырса да іркілетін түрі жоқ.
Осының бәрі ғылымның – ғылымға, техниканың тех­
никаға қызмет етумен болғандығынан, адам мен табиғат кө­­

леңкеде қалуынан. Анығында ғылыми-техникалық прогресс
бір халықтың екіншісіне үстемдік жасауы, ірі өнді­ріс­тік
құрылымдардың орасан зор пайда табуы үшін тер төгіп отыр­
ғандығын жалған дей алмайсыз. Адамды қолдан жасау­

ға көшкендердің құлқын-ниеті де белгілі, олардың көз ал­
дында қыруар қаржы күні-түн көлбеңдейді. Ғылымның осы
күнәһар саласындағыларға қазірдің өзінде миллиардтаған
долларға тапсырыс берушілер табылған көрінеді. Ал гендік

инженерияның алдында шаш етектен байытатын тағы бір
жаңалық қылаң беріп тұр, ол – адамды ажалсыз ету.
Пьер Тейяр де Шарден де, академик Н.И. Конрад та ге­
нетиктердің бұл қадамын адамзат пен жаратылысқа қарсы

жасалып жатқан қылмыс деп отыр. Олар табиғаттың ең құ­
діретті тылсымдарының тілін білген қазіргі адамға анықтама
іздеп әлек.
Шындығында, қолында ақырзаман тудыра алатын жой­қын

қаруы бар, жер бетіндегі экологиялық тепе-теңдікті техни­
каның күшімен бұзып жатқан, ғарышты игеруге көшкен,

ШЫҒАРМАЛАРЫ

басқа планеталарға көшіп-қону туралы батыл ойлай бастаған
тойымсыз адамды кімге теңесең дұрыс? Оны жай ғана пенде
деудің енді ешқандай жөнін таппайсың. Құдай деуге аузың
бармайды. Жарты тәңір десең, оған да дәтің жетпейді. Тегінде

өркениеттің адасуы тұсындағы шектен шығып бара жатқан
жойқын сана иесі деуге болатын шығар.
Австрия геологы Эдуард Зюсс, одан соң француз ғалымы
Эдуард Леруа «Ноосфера» деген ұғымды ғылыми айналымға

енгізген болатын. Бұл термин «биосфераның жаңа жай-күйі»
деген түсінікті береді.
Аталған ғалымдар адамзат ғылыми-техникалық прогрестің
ықпалымен биосфераны жаңа эволюциялық жағдайға әкелді,

өзінің ақыл-ойы, білімі және ғылыми қуаты арқылы табиғи
апаттарды қолдан тудыра алатын геологиялық күшке айналды
деп есептейді. Бұл ғылымның прогресі ме, әлде регресі ме? Тап
басып айта қою қиын. Анығы сол – адамның табиғатты ша­

мадан  тыс билеп-төстеуі жердегі тіршілікке қатерлі екендігі
даусыз. Техникалық ғаламат жаңалықтар арқылы биосф­
ераны  сана иесіне тәуелді күйге түсіре отырып, оны одан
әрі өзгертуден бас тартпайтыны анық. Олай болса, планета

ғаламдық апаттың қарсаңында тұр деген суық ойдан арыла
алмайсың. Мәселеге осы жағынан келгенде, бұл ретте де ғы­
лымның ізгілікке емес, табиғатқа бағытталған қатыгездікке
қызмет істеп отырғанына көзің тағы да жете түседі.

Біз, қазіргі заманғы құдіреті күшті жиырма бірінші ға­
сырлықтар, суын ішіп отырған жер мен өзімізге ғана емес,
ғарышқа да қауіп төндіруге айналдық. Ноосфера, яғни био­
сфераның жаңа жай-күйі көкке де тарала бастаған. Жара­

тылыстанушылар осыдан келіп, ғаламдық ноосфералық да­
му жайлы сөз қозғауға көшті. Олардың бұл дамуды ар­найы
бөліп алуының мәні – өзіміз амалсыз еніп отырған жаңа
әлемдік жағдайға үндесе өркендеуді қамтамасыз етуге шақы­

ру. Табиғаттан тыс әрекетке көшкен адамзат ендігі жерде
ғарышпен, планетамен және ғаламдық биологиялық заңды­
лықтармен үйлесім таппайтын болса, тарихтан көшкен, өзі­
нің ізгіліксіз жетістіктерінің салдарынан біржола өшкен

өркениеттердің кебін киеді. Ноосфералық даму кезінде сон­
дықтан да, адам өзінің табиғаттың бір бөлігі екенін айрықша

АЛДАН СМАЙЫЛ

сезініп, оның заңдарына бағынуға тиіс. Адамзат пен ғылым­
ның ізгілену негізі де осында, жаратылысқа бас ие білуінде.
Ол өз тарапынан экономикалық-техникалық заңдылықтарды
табиғаттың заңдылықтарымен сәйкестендіруді талап етеді.

Сымсыз телеграфты ойлап тапқан Гульельмо Маркони
«Ғажайып дегеніміз не?» деген сауалға төмендегідей жауап
берген екен: «Ғажайып – сенің мені, менің сені түсінуім».
Біз «Адамның табиғатты, табиғаттың адамды түсінуі –

ғажайыптың ғажайыбы» десек, қателеспеспіз. Әлемдік ізгі­
лік содан бастау алады, ғылымның имансыздығы жердің
күрсіністерін естуге құлықсыздығында.
XІX ғасырда Лондонда көліктің дамуы экологиялық апат­

қа ұшыратады деген тұжырым кеңінен тарапты. Сондағы
үрейлендіргені теміржол болатын. Ал біз әуе мен жерді да­
мылсыз уландырып жатқан көліктің жойқын түрлерін пай­
даланудамыз.

Атақты К.Э. Циолковский болса, XX ғасырдан, осы жүз­
жылдықта барынша жетілдірілетін техникадан тек қана ізгі­
лік күтті. Ғылымның иманжүзденуі өлгендерді қайта тіріл­
туге жол ашады деп сенді. Сол кезде адамдар жер бетіне сый­

май кететіндіктен ғарышты игеріп, қоныстануға жаңа планета
іздеуге шақырды.
Шын мәнінде қалай болып отыр? Адам өлгендерге жан
салудан аулақ, керісінше тіршілік көздерін көмумен әуре.

Энергияға деген ғаламат сұраныс планетаны асты-үстіне шы­
ғаруға итермелеуде. Өндірістің миллиардтаған тонна қалдық­
тары жердегі өсімдік атаулымен және атмосферамен бізге
белгісіз реакцияға түсіп жатыр. Сол қисапсыз удан табиғатта

жоқ удың басқа түрлері бөлінуде. Оның зардаптары әлемге
тарап жатқан жаңа індеттерді тудыруда. Соған орай ғалым­дар
адам организмі ноосфера жағдайында өмір сүруге бейім емес
деп жар салуға мәжбүр.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің екінші, апатты
астары осындай. Өзінің ақыл-ойынан өзі шошынған адамзат­
тың алдында аса күрделі міндет түр. Ол – ауыздықсыз кеткен
ғылымды ізгілендіру, табиғат пен жалпы тіршілікке кереғар

бағытынан айнытып, өзінің зардаптарын өзіне жойдырта алу.
Бұл түйін шешілмесе, ғылым өзі негізі болып табылатын
өркениеттің түбіне жетіп тынады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ӨРІС ҚҰДІРЕТІ

Адамзат ғылыми-техникалық және мәдени өркениеттің
бүгінгі биігіне қалай көтерілді? Өзінің ақыл-ой құдіретімен бе,
әлде ғарыштық сананың көмегімен бе?
Осы сауал әлемнің ғұлама ғалымдарын ойландыра бас­

та­ды.  Ресейдегі адамның миын және психикалық қызметін
зерттеу жөніндегі институттың директоры Н.П. Бехтерева
ұзақ жылғы талдау жұмыстарынан соң мынандай қорытын­
дыға келген: адамның санасы мен рухы Дербес Информация­

лық Өріске ақпараттық арна арқылы жалғасқан. Бірімізде бұл
арна тар, бірімізде кең. Осыған сәйкес адам ала-құла, наданы
бар, данасы бар, зерегі бар, миғұласы бар.
Бехтерева ғылыми бағытқа айналдырған осы салада ең­

бектеніп жүрген психологтар адамзаттың өткен жолын зерт­
тей келіп, өте ерте замандағы ата-бабаларымыз әлгі ақпа­рат­
тық арна арқылы Табиғатпен және оны Жаратушымен еркін
тілдескендігін дәлелдеуге тырысуда. Академик В.П. Казна­

чеев сол тым көне дәуірде адамның телепатиялық қабілеті
күшті болғанын, бір-бірін қашықтан голографиялық бейне­
де көре, сезіне алғанын айтады. Кейін сөз дамыған кезеңде
телепатиялық сезіну көмескіленген, тіл басқа байланыс түй­

сіктерін әлсіреткен.
Алайда адам баласына тән сол ерекше сезімге ие пен­делер
арамыздан әлі де табылатын сияқты. Әрине көне заман­
дағы адамдардай емес, қазіргі түйсігі дамығандардың айыр­

машылығы ғылыми қабілеттілігінен, шығармашылық қуа­
тынан және халық өміріндегі қайраткерлігінен көрінеді.
Кей­бір психолог ғалымдар соларды ғана сана иесі деп атауға
бейім. Олардың тұжырымдауынша, жер бетінде тіршілік етіп

жатқан 6 миллиард пенденің тек 2 миллиарды ғана адам. Осы
2 миллиардтан басқасы өзінің болашағына арқасын беріп,
келешегінен теріс айналғандар. Екінші сөзбен айтқанда, Дер­

АЛДАН СМАЙЫЛ

бес Информациялық Өріспен еркін байланыс орната алмаған­
дар немесе мұндай байланыстан құр алақан қалғандар.
Дербес Информациялық Өріспен жалғасу Жердің тілін
түсіну қабілетін дарытады. Адамзат сол тілді терең білген

сайын ғылыми-техникалық және рухани өркениетті қарыш­
ты дамытады. Өйткені бүкіл даналық табиғатта, Жер-Ананың
құрылымында.
Мұндай қабілетке адамзат өзінің тарихында бір емес, бір­

неше рет ие болған. Бізді таң қалдырып келе жатқан, кұпия-
сыры әлі күнге дейін ашылмаған көне дүние ғаламаттары адам
баласының сол қабілет дарыған ғасырларының жемісі. Егер
біздің бұл түйінімізді жоққа шығарсаңыз, Египеттің ежелгі

халқы б.з.д. XXVІІ ғасырда Жер мен Күннің арақашықтығын
қалай есептеп шығарғанын басқаша түсіндіріп беріңіз. Ең
үлкен пирамиданың биіктігін метрмен өлшеп, бір миллиардқа
көбейтсеңіз, сол қашықтыққа тең болады.

Мұны аз десеңіз, осы пирамиданың төс табанының қыр­
ларын оның екі еселенген биіктігіне бөлсеңіз, лудольфов
саны алынады. Бәрінен биік пирамиданың параметрлері ар­
қылы жер шарында болған барлық соғыстар мен табиғи апат­

тардың жыл мерзімін есептеп бере аласың. Әр үлкен пира­
миданың айналасына салынған серіктес пирамидалардың
саны химиялық зат атомындағы электрондардың санына,
пирамидалардың диагоналы молекула атомының радиусына

тең.
Аса жетілдірілген электронды өлшеу аспаптарынсыз мұн­
дай  дәлдік мүмкін емес екендігі анық. Ал ежелгі египет­
тіктер ондай құралдан да құр алақан болмапты. Гиза пира­

мидаларындағы саркофагтардан «Ковчег завета», «Дуга за­
вета» және «Хенкок» деп ат қойылған үш ғажайып аспап та­
былған. Олар қазіргі компьютерлер секілді ықшам, салмағы
30, 15, 4 кг ғана.

Пирамидалардың кереметі мұнымен де шектелмейді. Ең
зор пирамидаға жұмсалған құрылыс заттары Жерорта теңі­
зінің Египет жағындағы жағалауын өрлей отырып, әс-Сал­
лумнан Газаға дейін ені бір метр, биіктігі 2,5 метр тоған салуға

жетеді. Ірі алты пирамиданың тас плиталарынан ұсақ текше

ШЫҒАРМАЛАРЫ

дайындап, ені 6 метр, ұзындығы 12 000 км жол салуға болады.
Бұл Вашингтон мен Мәскеудің аралығынан да алыс қашық­
тық.
Әлгінде атап кеткеніміздей, алғашқы пирамида б.з.д.

XXVІІ  ғасырда салыныпты. Археологтардың дәлелдеуінше,
Египетте алғашқы адам б.з. 10 000 жыл бұрын өмір сүрген.
Тұрақты мекендер б.з.д. VІ және V мыңжылдықтарда пайда
болған.

Радиокөміртегі әдісі арқылы Фаюм оазисіндегі бағзы ме­
кеннен табылған бидайдың б.з.д. 4600-4300 жылғы егіннің
өнімі екені анықталып отыр. Пирамидалардан табылған ең
көне жазба ескерткіші б.з.д. ІV және ІІІ мыңжылдықтың ен­

шісіне тиеді. Қазіргі күнде лингвистика ғылымына 20000
Египет сөзі белгілі. Олардың бірқатары бүгінде қолданыста,
мәселен: папирус, оазис, ибис, эбонит, базальт, натр, химия,
адам атынан – Сусанна.

Египет иероглифінен б.з.д. XVІ ғасырда синай жазбасы, одан
б.з.д. ХІV-ХІІІ ғ.ғ. финикия жазбасы, одан арамей жазбасы
арқылы б.з.д. ІX ғасырда грек әліпбиі, одан латын, латыннан
славян алфавиті туды.

Бүгінгі жан-жақты білімді делінетін адамның басын шыр
айналдыратын осынау ғылыми ғажайыптар психолог ғалым­
дардың жоғарыдағы тұжырымын, адамның санасы (миы)
Дербес Информациялық Өріске жалғанғанын, осы өріс пен

адамзаттың байланысы есте жоқ ерте замандарда күш­ті бол­
ғанын, ғаламдық ауқымдағы көне өркениет сол байла­ныстың
нәтижесі екенін растай түседі.
Бұған Египет пирамидаларынан басқа да деректер жетіп

артылады.
1844 жылы Британияның солтүстігіндегі Кингуд карьері­
нен болат шеге табылды. Эквадорда жүргізілген қазба жұ­
мыстары кезінде табылған платин әшекей бұйымды көрген ел

сенер-сенбесін білмей аңтарылды. Өйткені платинді балқы­
тып, оған өрнек салу үшін +1800°С қызу керек. Иракта табыл­
ған гальваникалық элементтің жасы – 4000 жыл. Керамика
ыдысқа мыс жапырақшалардан цилиндр орнатылған, оның

өзегіне темір кіндікше бекітіліпті. Мыс цилиндрдің жиек­
тері қорғасын мен қоладан құйылған құлақшалармен жал­

АЛДАН СМАЙЫЛ

ғанған. Электр тогын бөлетін мұндай аспап бүгінгі электр
мамандарының тілінде «Треник» деп аталады. Бір ғажабы әлгі
цилиндрге электролит құйғанда, жедел ток бере бастаған.
Невада штатынан табылған жоғары вольтті фарфор ста­

канының не үшін керек болғанын болжау қиын емес. Ресей
жеріндегі археологиялық қазбаларда кезіккен темір болт,
индукциялық катушка мен металл шариктер күрделі тех­
никалық құралдардың бөлшектері екендігі даусыз.

Башқұрт жерінен 2000 жылғы наурызда табылған тас кар­
та туралы баяндасақ, бұларға таңдай қағуды қоясыз. Чандар
маңында ежелден жатқан бұл картаның ғұмыр жасы –
50 мил­лион жыл. Онда Уфа қыратынан қазіргі Салауат қала­

сына дейінгі аймақтың рельефті бедері түсірілген. Ғажайып
ескерткішті зерттегенде, өзендердің гидродинамикасына де­
йін картографиялық барлық шарттар сақталып берілгендігі
анықталды. Табиғи бедерлермен бірге екі су каналының жүйе­

сі де дәл көрсетілген, оның ұзындығы – 12000 километр.
Чандар өңірін әрі қарай сүзгенде, картаның жалғыз емес­
ті­гі анықталды, сондай тағы да 200 плита табылды. Оларды
аса мұқият зерттеген ғалымдардың қайран қалғаны сонша­

лық, өздері ашқан ғаламат жаңалыққа өздері сенбей дағдар­
ды. Плиталарға планетаның тұтас картасы түсірілген болатын.
Ал мұндай керемет ауқымдағы, аса күрделі дүниені қазіргі
заманғы аэрофото түсірімдерінсіз жасау ақылға сыймайтын іс

еді.
Салыстыру тұрғысында айта кетейік, АҚШ картограф­т­ары
планетаның толық картасын спутниктердің көмегімен ширек
ғасыр жасауда. Қазіргі біз қолданып жүрген әлем картасы

мамандардың айтуынша соншалық дәл емес.
Осы тектес карталардың бұдан бұрын да табылғанын айта
кетейік. XVІ ғасырда Антарктида түсірілген карталар бол­
ған. Ал бұл континенттің қазіргі адамзатқа XІX ғасырда ғана

ашылғаны белгілі. Осындай құнды мұраның бірі Оронтия
Финея картасында Антарктида мұз құрсаусыз бедерленген.
Көзіқарақты жұрт Антарктида осыдан 25 миллион жыл бұ­
рын жасыл желек жамылғанын оқып білуге тиіс. Олай болса,

Орантия Финея картасы сол заманда жасалған картаның кө­
шірмесі шығар деген ойға жүгінесің.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Көне дүние бұдан басқа да көптеген ғажайыптарды бірінен
соң бірін ұсынуда. Перуден табылған Ики тасын алып қара­
йық. Онда адамның сырқат дене мүшесін сылып тастап, бас­
қа органды қондырып жатқан дәрігер, динозаврларды қолға

үйреткен аңшылар бейнеленген.
Осының бәрі Жер шарында талай өркениетті дәуір гүл­
деп, талай заман өтіп кеткенін дәлелдейді. Мұны тағы да сол
көне уақыттың өзі растап отыр. Ацтектерден қалған жазба

ескерткіштерде адамзаттың төрт толқыны өмір сүргені, бә­
рі ғайыпқа сіңгені жазылған. Сол жоғалған дәуірлерде адам
баласының басқа планеталардағы сана иелерімен қарым-
қатынаста болғандығына да тарихи дерек көп. Жатп­ла­не­

талықтар бізге күні бүгінге дейін келіп кетуде. Олармен
көрнекті ғалым, тарихшы, Лев Гумилевтің де байланыста
болғанын біреу білсе, біреу білмес. Атақты ғұлама «Этногенез
и биосфера Земли» деген еңбегінде жатпланеталықпен теле­

патиялық ой алмасу арқылы тілдескенін, ғылыми мазмұн­
да әңгіме болғанын жазады. Бұл жайында көпке дейін ашық
айтуға батылы бармағанын, әріптестері сенбей әжуа етеді деп
тартынғанын да айтады. «Ақыр соңында, – дейді ғалым, – осы

кітапта баяндадым. Біздің ғалымдарымыздың бірінің кіта­
бын бірі оқымайтынын ойладым».
Жат планетаның жаһанкездерімен кездескен адамдардың
бірі – Америка Құрама Штаттарының көріпкелі, психолог

ға­лым Эдгар Кейс. Ол жатпланеталықтың ғарыш кемесінде
болып, құс көтерілетін биіктен жердің келешегіне көз сал­
ған, АҚШ, Жапония және Солтүстік Еуропаның болашағы­
мен танысыпты. Сан-Франциско, Лос-Анджелес, т.б. қалалар­

дың қирап жатқанын көрген. Бұл апат соғыстың лаңы емес,
табиғаттағы құбылыстың нәтижесі екеніне көзі жетіпті. Жат­
планеталық Жердің тектоникалық плитасы жылжитынын
түсіндіріпті, бірақ оның қай жылдары болатыны туралы тіс

жармапты.
Қазіргі геологиялық және геофизикалық ғылым Жердің
геомагнитті өрісі өзгере бастағанын нақты дәлелдермен анық­
тап беріп отыр. Планета континенттеріндегі жер сілкі­ністе­

рі, Еуропадағы топан су, ауа райының жылынуы осы өзгеріс­
пен түсіндіріледі. Магнит өрісі ауытқи келе Кейс айтқан сөзді
13-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

расқа шығармақ, Жердің тектоникалық қабаты бұзылуына
әкеліп соқпақ.
Ғылым дәлелдеген тағы бір шындық – мұндай құбылыс­
тар­дың Жерде бұрын да әлденеше болғандығы, дәуірлердің

шекарасын айқындағаны, өркениеттер осылай жоғалып, солай
келмеске кеткені.
Көріп отырсыздар, Ацтектердің «бізден бұрын адамзаттың
төрт толқыны өтті» деген дерегін бүгінгі дамыған ғылым

ақиқатқа айналдырып отыр.
Эдгар Кейске жатпланеталық Жерде келесі ғарыштық
дәуірге өту кезеңі жақындап келе жатқанын, оның екінші
дүниежүзілік соғыс жылдарында басталып, бір ғасырға со­

зылуы мүмкін екенін де сездіріпті. Осы тұста адамзат талай-
талай саяси және табиғи кері құбылыстарды бастан кешіреті­
нін де айтса керек. Саяси құбылыстар дегенде, сол соғыстан
бері қарай ұдайы жүріп жатқан дүниені қайта бөлу арпалысын

еске алсақ болады. Табиғи апаттар да аз дүрліктірген жоқ, әлі
де алаңдатуда.
Кейстің басынан өткен осы оқиға кезінде күлкі тудырса,
бүгінде мемлекеттік ілтипатқа алынған. АҚШ-та оның бол­

жамдарын ғылыми негізде зерттейтін орталық жұмыс істей­ді.
Осы орталықтың басты мақсаты – ғарыштағы санамен, яғни
Жоғары Информациялық Өріспен байланыс орнату.
«Асылында, – дейді психолог ғалымдар, – ондай байланыс

бар, адамзат сол байланысты күшейту үшін рухани тазаруы
керек. Ғылыми-техникалық жетістік бұл жерде көмекке келе
алмайды».
Бұған қосып-аларымыз жоқ, тек бір мәселені айта кет­

сек дұрыс-ты: Жоғары Информациялық Өріспен, яғни Жа­
ратушымен байланыстың жақсаруы жалғыз-жарымдардың
емес, бүкіл адамзаттың тазаруын қажет етеді.
Бұл тазару жер бетіндегі 6 миллиардтан астам адамның

ұлттар мен ұлыстардың жалғыз хаққа, бір Аллаға жүгінуін
тілейді. Мұны адамзат сезінбей отырған жоқ, тым көне за­
мандардан бері түйсінуде. Талай-талай діндарлар мен қай­
раткерлер теологиялық реформалар да жасап көрді, бірақ

күткендегідей нәтижеге жете алмады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Бұл екінші жағынан күнәға жуық қисынсыз қадамдар бо­
латын. Дінге адамның құдіретімен араласу оны бүлдіргеннен
басқа ұшпаққа шығарған емес. Жалғыз хаққа сендіре отырып
оған жүгінудің жолдарын өзгертіп жіберген христиан, иу­

даизм  дінінің басшылары адасып жүргендерін әлі күнге біле
қойған жоқ.
Иә, адамзат әлімсақтан Алла тағалаға жол іздеуде, тарихта
сол жолға бізді алғаш бастаған ғұлама түркі жұртынан шық­

қан Заратуштра еді. Ари елінің осы кемеңгері көп құдай­
лардың ішінде жаңылысқан жұртты бір иеге жүгіндірмек
болды. Оның уағыздауынша Хақ тағала жалғыз-ды, ештеңе­
ден  жаратылмаған-ды және мәңгілік-ті. Сол хақтың мейірі­

міне ақ ниеттен айнымай, жылы сөзден суынбай, игі істен
жаңылмай имандылыққа ұдайы талпынған кенеле алатын еді.
Адамзаттан дәл осы тілекті Мұса Иса, Мұхаммед пайғам­
барлар да тіледі. Бұл жағынан Заратуштра уағызы ислам тә­

ліміне жақын. Бәлкім сондықтан да шығар, батыстың тео­
логтары оны «пайғамбар» деп әспеттеген. Кім білген, жал­ғыз
иемізге жүгіну туралы хабар кемеңгер бабамызға Жоғары
Информациялық Өріс арқылы жеткен де болар.

Сонымен, адам баласы ұлы шындыққа талпынуда. Ол
шындық – Алланың хақтығы. Осы ақиқатты мойындау ар­
қылы адамзат өзінің келешегін жарқын етпек, Жоғары Ин­
формациялық Өріспен байланысын күшейтіп, ізгілік, ғылым

жолында жетіле түспек.
Дәйім солай болғай.

АЛДАН СМАЙЫЛ

АУЫЗДЫҚПЕН АЛЫСҚАН АҚШ

АҚШ президенті Джордж Буш 2002 жылғы 17 желтоқ­
санда елдегі ракеталық шабуылға қарсы қорғаныстың жаңа
жүйесін жасауға арналған жұмыстарды кеңінен өрістететінін
қадап айтқан болатын. Осы заманғы технологияға негіздел­

ген бұл жүйе, Ақ үйдегілердің мәлімдеуінше, халықаралық
террористер мен «қорқау елдерден» сақтану үшін қажет екен.
Ресейдің әскери мамандары бұған иланбайтындықтарын,
жаңа жүйе, ең алдымен, Ресей мен Қытайға қарсы қимыл бо­

лып табылатындығын ашық айтып отыр. Қалай десек те, АҚШ
әлемдегі әскери арасалмақты түбірімен өзгертетін бұл қадам­
ға түбегейлі кірісті. 1999 жылы сегіз сынақ өткізіп үлгерсе,
2002  жылдың шілде айында Аляска штатындағы Форт-Гри­

лиде арнаулы шахталардың құрылысы басталды. 2002 жыл­
дың аяқ шенінде қарсы жақтың ядролық ракеталарын тосып
алып залалсыздандыратын алты қондырғы іске қосылады. Ал
2005 жылы олардың саны 20-ға жеткізіледі.

АҚШ-тағы ракетаға қарсы қорғаныстың осы жаңа жүйесі
қандай ғылыми жаңалыққа негізделген? Ол неге әлем ға­
лымдарын қатты алаңдатып отыр? Бұл қадам толық іске асса,
экологиялық апатқа алып келмей ме?

Дүние жүзі қазіргі таңда осы сауалдарға жанталаса жауап
іздеуде. Әскери сарапшылардың есептеуінше, жаңа жүйе док­
тор Истлундтың 1985 жылы ашқан ғылыми жаңалығынан
соң ойластырыла бастаған. Бұл жаңалық «Иносфералық про­

цестерге жоғары толқында ықпал ету механизмі» деп ата­
лады. АҚШ әскерилері осы жаңалық жария болысымен оған
қызығушылық танытты, арнаулы «Арфа» бағдарламасы әзір­
леніп, Алясканың қиянындағы Гакон қаласына таяу жерде

қуатты ғылыми орталық салына бастады. 1993 жылы оның
құрылысына АҚШ бюджетінен қомақты қаржы бөлінді. Ресми
мәлімдемеде аталған орталық иносфераны байланыс жүйесін
жетілдіру үшін пайдалану мәселесімен шұғылданады делі­

неді. Ал экологтардың 1995 жылы жарияланған «Періштелер

ШЫҒАРМАЛАРЫ

мұндай арфада ойнамайды» деген еңбегінде Аляскадағы ғы­
лыми орталықтың әлемдегі күштердің арасалмағын түбі­
рі­мен  өзгерте алатын жаңа қару жасаумен айналысып жат­
қандығы айтылады.

Енді АҚТТТ сенатының қару-жарақ жөніндегі комитетінің
баяндамасынан деректер келтірейік. Онда «Арфаның» негізгі
элементі жоғарғы толқындағы аса зор генератор екендігі атап
көрсетілген. Бұл қондырғы иносфераны қыздыруға қабі­лет­

ті, басқаша айтсақ, атмосфераның жоғарғы қабатындағы
ион­дардың қозғалысын жылдамдата алады. 48 антеннадан
тұратын алып аспап қуаты жағынан әлемдегі осы тәріздес
барлық қондырғылардын асып түседі.

Аталған генератор иносфераның белгілі бір бөлігін қыз­­
дыру  арқылы көзге көрінбейтін ауқымды «айна» жасай­
ды, жерден берілген электромагнитті өріс сол айнаға шағы­
лысып, планетаға қайта оралады. Бұл аса төмен жиілік­

тегі радиотол­қындар арқылы тым тереңдегі су асты қайық­
тарымен байланысты жақсартуға, әскери назарға іліккен
жерасты полигондарды, қоймаларды табуға мүмкіндік бе­
реді. Ең маңыздысы: бұл жаңалық АҚШ-ты кез келген кон­

тинентаралық балластикалық ракетадан сенімді қорғайды.
«Жаудың» спутниктері мен ракеталарын істен шығарады,
телекоммуникациялық жүйелерін бүлдіреді, белгілі бір ай­
мақтарда ауа райын және адамдардың психикасын бұзу мақ­

сатымен атмосфераның жоғарғы қабатының құрылымын
өзгертеді. Ресейдің соғыс ракеталары Солтүстік полюстің
магнитті қабаты арқылы өтіп барып АҚШ-қа жетеді. Жаңа
қорғаныс жүйесінің ұтымдылығы сол, егер әлгі магнитті

қабатқа жеткен ракетаның компьютерлік басқару тетігін ағы­
тып тастаса, ол ауа кеңістігіне енген метеор секілді жанып
кетеді.
Эколог ғалымдар сөз етіліп отырған генератордан бөлінетін

жоғары жиіліктегі ток адамдардың денсаулығына қатерлі әсер
ететіндігіне алаңдауда. Аризона штатында тұратын доктор
Патрик Фланаган «Арфа» айнасы арқылы пайда болатын өте
төменгі жиіліктегі толқын тірі организмнің бәрін бүлдіре

алатындығын дәлелдеп берді.
Гарвард университетінің физикалық химия маманы Ричард
Уильямс, неміс зерттеушісі Аль Цилински электромагнитті

АЛДАН СМАЙЫЛ

толқындар атмосфераның беткі қабатымен соқтығысқанда
жердің гравитациялық өрісіне орасан зор ықпал жасайты­
нын, мұның соңы табиғи апатқа айналатынын айтып, әлемге
жар салып жатыр.

АҚТТТ мұндай дабылдарға құлақ асып отырған жоқ. Ра­
кеталық шабуылға қарсы қорғаныстың жаңа жүйесі, кейбір
мәліметтерге қарағанда, жасалып та болған. Бұл шындыққа
айналса, Америка Құрама Штаттары үшін Ресей мен Қытай­

дың континентаралық балластикалық ракеталары бұйым
емес. Джордж Буштың Иракқа шабуылы, басқа да «батыл»
мәлімдемелері осыдан да ма екен дейсің. Осы Президент
үстіміздегі жылы Вест-Пойнтта сөз сөйлеп тұрып: «Америка

әлемге талқылауға жатпайтын мәселелерді түсіндіріп жатуды
басы артық шаруа санайды», – деуі тегін бе?!

ШЫҒАРМАЛАРЫ

АДАМЗАТТЫҢ АДАСУЫ

НЕМЕСЕ ҮРКЕК БОЛАШАҚ

Әлемнің политологтары мен жұлдызшылары төртінші
дүниежүзілік соғыс басталды деп жар салуда. 2001 жылғы
11 қыркүйек сол сұрапылдың тұтанған күні көрінеді. Осы
соғыстың ақырында евро-американдық өркениет ыдырайды

деген жорамал жасалуда. Тек бұл соғыс қанша адамның өмі­
рін қиятындығын ешкім де дәл айта алмай отыр. Ал мұның
алдындағы дүниежүзілік қырғындардың құрбандары есепте­
ліп қойылған.

1914-1918 жылдардағы Бірінші дүниежүзілік соғыста
9,5 млн адам қаза тапты. Қан майдан Ресей, Австро-Венгр жә­
не Осман империясының күйреуімен аяқталды.
1939-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс 72 ел­

ді шарпыды. 62 миллион адамның өмірін қиды. Фашистік
идеологияны ұстанған елдер күйретіліп, Британ және Жапон
империясы ыдырады.
1946-1985 жылдардағы Үшінші дүниежүзілік соғыс ызғар­

лы соғыс деп аталды. Ол Черчильдің 1948 жылғы 5 нау­
рызда Флутонда сөйлеген сөзінен басталды. Ағылшын көсе­
мі коммунистік режимге қарсы күреске шақырған болатын.
Батыс пен Шығыс державалары қаруланудың жойқын бә­

секесін қоздырды. Әлемді экономикалық және күш қолдану
жолымен қайта бөлісу қызу жүріп жатты. Екі империяның
қарулы күштері әлемнің әр елінде текетіресті.
Политологтар басталды деп отырған төртінші дүниежү­

зілік соғыс АҚШ пен мұсылман әлемінің арасында жүріп жа­
тыр. Америка ашық қарулы қимылға көшсе, мұсылман дү­ние­
сі терактілерді таңдап алған. Осы қақтығыстан әзірге Ресей
мен Қытай секілді ядролық елдердің тыс тұруы соғыстың

өрті аса өршімеуін қамтамасыз етуде. Егер Қытай күндердің
күнінде мұсылмандар жағына шықса, Ресей де қаруын қайрай
бастамақ. Мұндай жойқын 2015 жылы төбе көрсетіп қалуы
мүмкін.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Өркениетті, яғни ғылыми барынша дамыған елдер бұл со­
ғыста жеңіске жету қиын екенін осы бастан аңғарған. Олар,
анығырақ айтсақ, Батыс пен АҚШ өздеріне ұнамаған халық­
ты таңдап жүріп қырып-жоятын гендік қару жасауды қолға

алғандай. Бұл жөнінде сол елдер мен мұсылман жұртының
баспасөзі жабыла жазып жатыр.
Аталған қаруға ұлттық белгі бойынша өлтіретін қару деген
ат қойылып та үлгерілді. Ресей Мемлекеттік Думасындағы

өнеркәсіп, құрылыс және ғылыми технология жөніндегі ко­
митетінің төрағасы А. Кокошин баспасөз конференциясында
журналистерге берген сұқбатында ұлттардың геномын зерт­
теу  арқылы мұндай қаруды жасаудың мүмкіндігі бар екенін

ашық айтты. Бұл қару жаппай қырып-жоятын биологиялық
қарудың жетілдірілген түріне айналмақ. Оның бактерияла­
ры әсер ететін «нысанасын» өзі іздеп табады. Қазірдің өзінде
ерекше программалау арқылы ақ түстілерді немесе қара нә­

сілділерді, көк көзділерді немесе қысық көзділерді жеке-же­
ке апатқа ұшыратуға болатын көрінеді. Ол үшін таңдаған
адамдарыңды түсіне қарай бөліктеудің қажеті жоқ, бактерия­
ны тарата салсаң, әлгі түстілерді қаптаған елдің ішінен өздері

іздеп табады.
Әлемнің әр түкпірінде шоқпарын асынып жүрген ұлтшыл
топтар бұл қаруды күндіз қолына шырақ алып іздеуде екен.
Қайсыбір деректерге қарағанда, Үнді-Пакистан қақтығысында

қолдану қарастырылыпты да.
Міне, осылай ұлттық жатсыну, XXІ ғасырдағы расизм адам
баласының түсіне де кірмеген сұмдық қаруды ойлап тауып
отыр. Мұны «адамзаттың адасуы» демегенде, енді не демексің.

Нәсілшілдік қатыгездік аталған зұлымдықпен шектелсе
бір сәрі. Гендік инженерия гендік қаруды да қанағат тұтпай,
қасиет-қабілеті бізден мүлде бөлек жаңа тұрпатты адамды
жасаудың қамында екен. Мұндай адамдар соғысу мүмкіндігі

ерекше жауынгерлерге ие болу үшін керек көрінеді. Олар
түнде күндіздегідей көреді, ультрадыбыс диапазонында ес­
тиді, жараланса тез жазылады әрі түр-түсін оңай өзгертеді,
дұшпанның радио сигналдарын арнаулы құралсыз-ақ қабыл­

дайды, жаудың электронды техникасын басқаруды оп-оңай өз
қолына алады, компьютерлік жүйені қашықтан ми арқылы

ШЫҒАРМАЛАРЫ

жұмыс істетеді. Кейбір күрделі қарулардың орнына өзінің
керемет қабілетін жұмсайды.
Осы аса жоғары мүмкіндіктің бәрі оған жаратылысы ар­қы­
лы дарытылады. Олардан туған ұрпақ тұқым қуалайды, яғни

жер бетінде мүлде жаңа гендік түрдегі адамдар пайда болады.
Ғалымдар бұл сана иесінің біздерге қалай қарайтынын
білмекке бас қатыруда. Білімпаздардың көпшілігі ерекше
қа­білеттегілер байырғы адамдармен санаспайды деген пікір

айтуда. Олай болса, бірте-бірте тықсырады, тіпті жойып жі­
беруі де ғажап емес. Жер бетінде 150 мың жыл үстемдік еткен
неандерталдықтарды кейіннен өсіп-өнген кроманьондар, яғни
біздер келмеске кетіргеніміздей, тарих қайталануы мүмкін.

Төртінші дүниежүзілік соғыста қалай да жеңудің жолда­
рын осылай қарастырып жатқан евро-американдық өркениет
адамзаттың түбіне жетіп тына ма деген қауіп есті дүниені
ұстараның жүзінде ұстап отыр.

АЛДАН СМАЙЫЛ

КАПИТАЛИЗМ МЕН ДЕМОКРАТИЯ

Демократия және капитализм, яғни нарықтық экономика
егіз ұғым екендігі туралы теориялық та, өмірлік те үлгілер
аз емес. 1960 жылдары әлемге таныс тарихшы әрі экономист
Баррингтон Мур «Буржуазиясыз демократия болмайды» десе,

бұл сол көп үлгінің бірі және бірегейі. Баррингтон Мурдың
бұл тұжырымын екінші сөзбен айтсақ, күшті орта тапсыз,
оның мықты әлеуметтік негізінсіз демократия орнықпайды.
Нарықтық экономикаға бет бұрған көптеген мемлекеттер

демократияны таңдағанымен, Мур айтқан орта тапты өркен­
дете алмады, елді гүлдендірудің орнына құлдыратты. Олар
нарықтық экономика жағдайында авторитаризмге мүлде жол
жоқ екендігін ескермеді. Бұл дерттен Еуропа да ада емес.

Мысалға Португалияны алайық. Бұл елді Антонио Сала­
зар 1932-1968 жылдар аралығында 30 жылдан астам уақыт
басқарды. Салазардың басты мақсаты нарықтық экономика­
ға көшу арқылы демократиялық мемлекет құру болатын.

Бұл көшуді ол бірте-бірте, асықпай жүргізу керек деп білді.
Сайланбалы парламент пен оппозицияға жол ашылды. Бірақ
олар елдің арнаулы қызметі ҒЮЕ арқылы қатаң бақылауға
алынды. Сайлау өткізілген сайын берілген дауысты тек қана

билеуші «Ұлттық одақ» санады. Газет пен электронды ақпарат
құралдары үкіметтің қоластында болды. Саясатқа теріс пікір
айтқан кез келген күш түрмеден бір-ақ шықты немесе елден
аластатылды.

Мұның соңы Португалияның экономикалық құлдырауына
әкеліп соқты. 1938-58 жж. жалпы ұлттық табыс 3%-ды ғана
құрады. Салазардың тұсында португалиялықтардың еңбек­
ақысы Францияға қарағанда 4 есе аз болды. Тұрғындар та­

бысының 50%-ы азық-түлікке кетті.
Әйтсе де АҚШ Салазардың «демократиясын» қолдады,
1949  жылы Солтүстік Атлантикалық Альянсқа, 1955 жылы
БҰҰ-на қабылданды. 1946-1965 жж. АҚШ Португалияға

516,7 млн доллар көмек берді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Нарықтық экономика арқылы демократия орнатуға көш­­
кен Азиядағы кейбір мемлекеттердің жағдайы да осы тақы­
леттес. Егер Португалияның демократиясы «автори­тар­лық
демократия» деп аталса, Индонезия «басқарылатын демо­

кратия» құрмақ болды. Президент Сукарна 1959 жылы
Индонезия демократиясын дәл осылай атады. Ал мем­ле­
кеттің басына 1965 жылы келген генерал Сухарто парла­
мент пен баспасөзді қолына алды. Парламент сайлауы көп­

пар­тиялық жүйемен өткенімен, депутаттардың басым көп­
шілігі Сухартоның «Голкар» партиясы арқылы жеңіп шығуы
дәстүрге айналды. Елде нарық экономикасының негізгі тұт­
қалары болып табылатын орта және шағын бизнесті дамы­

тудың орнына мемлекет басындағылардың қалтасын қалың­
дататын «мемлекеттік капитализм» қанат жайды. Бұл жүйе­
нің аясында билік иелеріне тікелей немесе жанама қатысы
бар ірі корпорациялар құрылды. Бұл корпорациялар үшін

орталықтандырылған күшті билік әбден тиімді еді.
Нәтижесінде табыс санаулылардың игілігіне айналды, кор­
рупция асқынды, экономика тұралады, Сухартоның билігі
әлсіреді, елде бас көтерулер жиіледі.

Дәл осындай демократия мен нарықтық экономика Фи­
липпинде де төбе көрсетті. Президент Фердинанд Маркос 1962-
1986 жылдар аралығында елді қайыршылыққа ұшыратты.
Халықтың басым көпшілігі жарты құрсақ күй кешті. 1987

жылғы тамызда Маркос пен оның әйеліне, төңірегіндегі
300 адамға 35 қылмысты іс қозғалды, мемлекеттен ұрланған
90 млрд доллардың қайтарылуы талап етілді. АҚШ осыған
қарамастан Маркосты қолдады, 3 млрд доллар көмек көр­

сетілді, Джордж Буш (әкесі) Филиппиндегі демократиялық
принциптерге риза екендігін ашық айтты.
Мұндай «құнсыз демократияландыруды» Пиночеттің ке­
зінде Чили де бастан өткерген. Испания авторитарлық демо­

кратияның шарпуынан әлі күнге толық құтылған жоқ. Ал
нарық экономикасы мен демократияға бет бұрған Қытайдағы
жағдай қандай?
«Независимая» газетінің 2003 жылғы 23 мамырдағы ма­

қаласына сүйенсек, бұл елдегі жағдай да мәз емес секілді. Газет
Қытайдағы «экономикалық таңғажайып өрлеудің» Еуропа мен

АЛДАН СМАЙЫЛ

Жапониядағы өркениетті капитализмге үш қайнаса сорпасы
қосылмайтынын жазады. Газет тұжырымын одан әрі таратсақ,
Қытайда мемлекеттік-бюрократтық капитализм орнаты­луда.
Ол жүздеген миллион адамның жанкешті еңбегіне негіздел­

ген. Қытай Халық Республикасындағы Әлеуметтік ғылымдар
академиясының ең жұмсартылған деректеріне қарағанда орта
тап (бұл тап Қытайда басқаша аталады, жоғары табысы бар
азамат делінеді) ел тұрғындарының 15%-ын ғана құрайды. Ал

беделді халықаралық «Вuіsness Wеек» журналының мәліметі
бойынша – 6,7%. Бұл көрсеткішті демократиялық АҚШ,
Англия, Франция, Жапониямен салыстырсақ, оларда орта тап
қоғамның 60%-ын құрайды.

Қытай үшін әлгі 6,7% орта тап пен қалың елдің арасында­
ғы табыс алшақтығының тым асқынып кеткендігі елеулі
проблемаға айналып отыр. Қытайдағы ауыл адамдарының
жағ­дайы мәз емес. 800 млн тұрғын айына 22,5 доллар ғана

еңбекақы алады. Олар кез келген әлеуметтік сілкіністің қайнар
көзі. Егер сонша халық наразылықпен көшеге шығар болса,
Қытайдың нарықтық тәжірибесі оп-оңай су түбіне кетеді.
Соны ойлаған мемлекеттік билік экономикалық көші-

қон­ды болдырмау үшін елдің белгілі бөлігін күшпен қоныс
ауда­руды  қолға алған. Мұның бәрі Қытайдағы демократия­
ландырудың шырайы шыға қоймайтынын білдіреді.
Әлемнің әр түкпірінен келтірілген бұл мысалдардан қандай

қорытынды шығаруға болады?
Шағын және орта бизнеске негізделген нарық эконо­мика­
сының қалыпты дамуы үшін азаматтық қоғам орнатылуы
керек. Ондай қоғам еркін демократиялық мемлекетсіз дү­

ниеге келмейді. Бизнес атаулыға тәуелсіз институттар: дер­
бес парламент, тәуелсіз сот, еркін баспасөз ауадай қажет.
Заңның үстемдігі, ашық бәсекелестік, инициатива атаулы­ның
жазаланбауы, тәуелсіз азаматтық арбитрлердің болуы, де­

мократиялық сайлаулар арқылы үкіметтің есеп беріп тұруы,
жергілікті биліктің автономиялығы – демократияның, сон­
дай-ақ нарықтық экономиканың тіректері.
ТМД елдерінде бұл тіректердің қайсы бар, қайсы жоқ неме­се

нендей деңгейде? Бұл сауалға жауапты әркім іздей алады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

АҚШ-ТАҒЫ ҰЛТТАР

Әлемдік державаға айналған Америка Құрама Штатта­
рында халық жоқ, түрлі ұлттардың өкілдері бар. «Біз Аме­
рикандықпыз» деген сөздің астарында ұлттық мағына емес,
жағрафиялық мән басым. Егер тарихи әділдік сақталса, Штат­

тардағы миллиондаған құрама ел өзін: «Біз индеецтерміз» дер
еді. Мұхиттың арғы жағында жатқан осы құрлықтың түпкі
иесі үндістер екені әлімсақтан белгілі.
Ұшы-қиырына көз жетпейтін апайтөс далалар мен ағынды

алып өзендерді, асқар-асқар тауларды жер жаралғалы мекен
еткен сол халық құрлыққа еуропалықтар жаппай ағылған
заманда мекенінен де, еркінен де – бәрінен айырылды. Батыс
статистикасының деректеріне қарағанда, үндістердің жалпы

саны бір кезде 50 миллион болыпты. Бүгінде осынша қалың
елден қалғаны 800 мың жан ғана. Ғаламға адамгершілікті
үсті-үстіне уағыздайтын Құрама Штаттардың адам мен ұлт құ­
қын сақтаудағы сиқы осындай, 49 миллионнан астам үндістер

атылды, асылды, аштық пен азаптан қырылды.
Олардың бүгін де шырайы шығып отырған жоқ, ұлт ретін­
де тең құқыққа әлі күнге ие емес, арнаулы резервацияларда
шектеулі өмір кешуде. Ал АҚШ кино сахналарынан еуро­

палықтардың үндістерді қалай қырып-жойғаны жайлы фильм­
дер қазіргі таңға дейін түскен жоқ.
Мұны қандай қажеттікпен түсіндіре алар еді? Еуропа­
лықтардың қаһармандығын көрсету үшін бе, әлде өздерінен

дамуы жағынан төмендерді құртып жіберудің күнә еместігін
насихаттау үшін бе? Ұға алмай сансырайсың.
Тағдыры үндістер секілді қиын да күрделі болған тағы бір
ұлт – негрлер. Олар Африка құрлығынан АҚШ-қа құл ретінде

әкелінді. Әуелде босқындар мемлекеті аталған елде құл сауда­
сы ең тиімді саудаға айналды. Тағы да Батыс статистикасы­
на үңілсек; АҚШ-қа, Англияға, Еуропа елдеріне XІX ғасырға

АЛДАН СМАЙЫЛ

дейін 150 млн негр жеткізіліп, қара жұмысқа жегілген екен.
Бүгінде Америкада солардан қалғаны – 25 млн адам.
Ұзақ уақыт құл мен күңнің деңгейінде өмір сүрген мек­
сикандықтар мен пуэрторикандықтардың қатары да осы ша­

малас. Бұлар АҚШ-тағы демократияның пәрменімен бүгінде
теңдікке, ел азаматының құқықтарына ие.
Испандықтар 11,3 миллион, олар негізінен Калифорния,
Техас, Нью-Мексико, Аризон, Колорадо штаттарында тұрады.

Еврейлер – 6 миллион адам, АҚШ тұрғындарының 3%-ын
құрайды. Бұлар өздерінің оралымдылығы мен іскерлігінің
нәтижесінде Американың экономикасы мен идеологиясында
үстемдікке ие. Мемлекет ішінде аса беделді «Нью-Йорк Таймс»,

«Вашингтон Пост» газеттері еврей апайтөстері Сульцбергер­
лер мен Грэхем-Мейерлерге тиесілі. «Нэшнл бродкастинг
кор­порейшн» (Эн-Би-Си), «Американ бродкастинг систем»
(Си-Би-Эс) телекомпаниялары, көп таралымды журналдар да

солардың қолында.
«Тайм» журналы былай деп жазады: «Вашингтон басшы­
ларын халық мүддесі емес, сионистердің қаһары алдындағы
қорқыныш алаңдатады». Мұндай ұғым Араб елдерінде күні

бүгінге дейін сақталған.
Еврейлер Нью-Йорк, Калифорния, Иллинойс, Пенсильва­
ния, Нью-Джери штаттарына шоғырланған. Осы штаттардың
қолдауынсыз АҚТТТ президенттігінен үміткерлер сайлауда

жеңіске жете алмайды. Еврейлер демократиялық партияның
сайлау науқанындағы шығынының 60%-ын, республикалық
партия қаржысының 40%-ын төлейді.
Мұны аз десеңіз, еврей миллиардерлері өз мүдделерін

күйт­тейтін беделді ұйым құрған. Вашингтондағы «Америка-
Израиль қатынастары жөніндегі комитет» барлық ірі сио­
нистік ұйымдарды біріктіріп отыр. Оның басты мақсаты –
Израильдің мүддесін АҚШ мемлекеті арқылы оңтайлы шешіп

отыру. Америка Құрама Штаттарының Тель-Авивке жылы­
шырай білдіруден жаңылмай келе жатқанына қарап, аталған
комитеттің держава басшыларына сөзі өтімді екенін аңғара
аласыз.

Бұл өз ретінде елде қарсылық туғызып отырғанын да айта
кетейік. АҚШ-та мемлекетті еврейлердің үстемдігінен азат

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ету мақсатын көздейтін «Азаттықтың ұлттық-социалистік
майданы» деген ұйым бар. Бұл ұйым сионистік идеялардың
бәрін жатсынады және ұзақ жылдардан бері күрес жүргізіп
келеді.

Мұның сыртында еврейлерді шеттететін 700 клуб әрекет
етуде.
Соңғы жылдарда АҚШ-та қытайлықтардың ықпалы артып
келеді. Олардың қаржы топтары елдің экономикасына терең­

деп еніп алған. Осындағы 12 миллион қытайдың арасында кім
жоқ дейсіз: бизнесмен де, ірі сауда орталықтарының қожа­
лары да, білікті өндіріс мамандары да, көрнекті ғалымдар да,
мафия әпербақандары да бар. Қазіргі заманғы үздік техноло­

гияны жетік меңгерген 15 мың қытай техниктері елде жоғары
бағаланады. 7 мың қытай ғалымы беделді университеттерде
дәріс беруде.
Қытайлықтар иелік ететін 13 мың фирманың (банктер, экс­

порт-импорт компаниялары, жеңіл және электроника кәсіп­
орындары) жалпы табысы жылына – 1,2 миллиард доллар.
1955 жылы АҚШ-тан Қытайға Америка Әскери Әуе Күш­
терінің полковнигі, ядролық ракета техникасын дамытуға зор

үлес қосқан ғалым Цянь-Сюэсень тарихи отанына оралады.
Жай кетпей, тегі қытай 39 американ ғалымын, салмағы 1 тонна
ғылыми-техникалық құжаттарды ала кетеді. Осыдан соң көп
кешікпей Қытай ядролық қаруға ие болды.

Сөз соңында АҚШ-та 20 миллион неміс бар екенін айта
кетейік.
Сонымен халқы әр ұлт өкілдерінен тұратын Америка ерек­
ше үлгідегі елді топтастырып отыр. Мұны кейбір саясаткер­лер

әлем халқының болашақ моделі деп қарауда. Жаһандасудың
түбі жақындасу болса, континенттер бір заманда АҚШ секілді
құрама ұлттардан тұруы мүмкін.

АЛДАН СМАЙЫЛ

ДЫБЫССЫЗ ЖАРЫЛАТЫН БОМБА НЕМЕСЕ

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ САЛҚЫНЫ

Қазақстан әлемге өзін ашық демократиялық қоғам құру
жолында екенін жариялады. Оны өркениетті, дамыған елдер
құптады, саяси және экономикалық ынтымақтастық орна­
ды. Еліміз тыныш, әл-ауқатымыз біртіндеп жақсарып келе

жатқан, дүние жүзінде тұрақтылықпен танылған иманжүзді
мемлекетпіз.
Осы тыныштық пен тұрақтылықты біржола тиянақты ету
бағытында атқарылып келген, жүзеге асырылатын шаралар да

көңілді көркейткендей. Алайда ішкі рухани, діни және дәстүр
секілді маңызды мәселелерге ұлттық мүдде көзімен үңілсең,
ойландыратын жайлар әлі де бар-ау дейсің.
Бүгінде республикамызда 2980 діни бірлестіктер бар. Олар

2215 діни ғимараттарға иелік етеді. Мұның 1408-і мұсыл­ман
мешіттері, православиялық, католиктік және протестанттық
600 шіркеу бар. Аталған діни бірлестіктер 37 мерзімдік баспа­
сөз құралдарын шығарып таратады.

1633 мұсылман бірлестігінің көпшілігі сунит бағытында,
шиит және софылық бірлестіктер бір-бірден, Ахмадистер жа­
мағаты бірлестігі – үшеу.
Орыс православие епархияларындағы шіркеулерде 214

при­ход, 8 монастырь әрекет етеді. Өскеменде тағы бір шіркеу
салынып жатыр. Талдықорғанда да іргесі көтеріле бастады.
Астана мен Қостанайда жер бөлінді.
Рим-католик шіркеуі де қол қусырып қарап жатқан жоқ.

Шіркеу саны 68-ге жетті, төрт апостолдық әкімшілік құрылған.
Еврей синагогалары мұсылман елдерінің ішінде бізде ғана
бар, Евангелия, христиан-баптист, лютеран, адвентистер, ха­
ризматия бірлестіктерінің жұмысы да жандана түсуде. Мұның

сыртында кімге қалай қызмет ететіні түсініксіз 263 шетелдік
миссионерлер тіркелген.
Бұл діни деректерді мемлекеттік хаттамалардан оңай табу­
ға болады. Ал сайда санын, құмда ізін білдірмей жүрген, жай

ШЫҒАРМАЛАРЫ

жүрмей бұқпа әрекетке көшіп жүрген, қызмет-насихатының
мәні күмәнді діни қауымдар туралы тиісті орындар да, ха­
лық та біле бермейді. Тек ниет-пиғыл салқындығы оқта-тек­
те аңғарылғаны, әредік сөз етілгені болмаса, бұларға назар

аударып жатқан жан жоқ.
Енді қолға түскен деректерге сүйеніп, сол күмәнділердің
жұмысын талдап көрелік.
Қазақстанда бөлімшесі бар дүние жүзі христиандарын бі­

ріктіру жөніндегі қасиетті Рух немесе пастор Мун шіркеуін
бір кезде Оңтүстік Корея мен АҚШ Кеңес өкіметіне қарсы
идеологиялық күрес жүргізу үшін құрған.
Бірлестіктің басшысы Сан Мен Мун АҚШ-тың бірнеше

әскери кәсіпорындарының иесі. Бүгінде бұл діни бірлестік
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін босап қалған идеология­
лық кеңістікті өз уағыздарымен толтыруды мақсат еткен.
Араласпайтын саласы кем де кем, саясат, экономика, білім

беру, медицина арқылы ықпалын күшейтуді көздейді.
Секталары жабық тоталитарлық тәртіпте тығыз топтасқан.
Қатал иерархия, темірдей тәртіп пен сақтық ерекшелендіреді.
Осындай діни ұйымдар әдетте жұмысын гуманитарлық

көмек көрсетуден бастайды. Тегін тамақ пен киім үлестіріледі.
Сектаға кіргендерге қаражат, үй-жай беріледі. Сенушілер мен
жақтастары көбейген кезде саяси күшке айналады.
Қазақстанда аккредитациядан өткен бірқатар секталар­

дың билікке өтуде мол тәжірибесі бар. Мұндай секталардың
бірі – сайентологтар жекелеген мемлекеттерде көрнекті сая­
саткерлердің үстінен мәліметтер жинағаны үшін айыпталған.
Республикамызда дәл сондай секталар «Центр Дианетика»

деген атпен жұмысын жүргізіп келеді.
Ал бірқатар діни ұйымдардың идеологиясы мемлекетке
қарсы тұжырымдарға негізделген. «Иегов куәлері» сектасы
үшін кез келген ресми билік дұшпан болып саналады, әскери

қызметке баруға тыйым салынады, мемлекеттік ел таңбалар­
ды (Герб, Ту, т.б.) құрметтеу сайтанның ісі деп есептеледі.
Шығыстың көптеген діни ағымдарына да осындай түсінік тән.
Аталған бірлестіктер мен секталардың ешқайсысы қар­

жыдан тапшылық көріп отырған жоқ. Насихаттық қызмет сол
мол қаржының күшімен кеңінен өрістетілген. Өзіміз әлгінде
14-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

айтып өткен «Иегов куәлері» «Сторожевая башня» журналын
үзбей шығарып келеді. «Пробудитесь!» атты тағы бір басылым
да сананы діни жат идеялармен улап келеді. Екеуі де ақпарат
министрлігінде тіркеуден өтпеген.

Жеке баспасөз құралдарын қойша жамыратқан «Новая
жизнь» шіркеуі де өзін осы күнге дейін еркін сезінуде. Оның
газеті, интернет-сайты, CNL серіктік телеарнасы, Алматы
теледидарында арнаулы хабары бар. Мұндай идеологиялық зор

мүмкіндікті шіркеу саяси бағытта пайдаланып жүрмегеніне
кім кепіл?!
Осы діни секталар мен шіркеулер шетелдердегі орта­
лықтарына көзсіз бағынады, нұсқаулар мен қаржы алып

тұрады. Сананы улауда осынша қолдауға және Қазақстандағы
еркіндікке ие болған олар жақтастары мен сенушілерінің
қатарын тез көбейте алады. Ал еліміздегі арнаулы қыз­
меттер қазіргі күнге дейін қай діни ағымды қанша адам қол­

дайтындығының есебін жүргізе алмай отыр.
Республикада шетелдер үзілді-кесілді тыйым салған сек­
талардың төбе көрсете бастауы да бізді алаңдатпай отырған
секілді. Мәселен, атышулы «Аум синрик» сектасына Токио

тыйым салып, діни басшысы сотталған болатын. Соған қа­
рамастан Алматыда осы ағымды қостайтын 300 адептер емін-
еркін жүр.
Дін мәселесімен айналысатын арнаулы қызметтер бұл

жағдайды оларға қарсы күресті тиімді ете алатын заң не­гіз­
дерінің нашарлығымен түсіндірмек болады. Толып кеткен
секталардың қызметін шектейтін заң шығаруға алғаш рет
1998 жылы ұмтылыс жасалды.

Алайда жобаны талқылауға әлгіндей күмәнді діни ұйым­
дардың жетекшілері шақырылды да, олар өздерінің саяса­
тын жүргізуге кедергі келтіретін заңды түрлі құқық қорғау­
шылар  арқылы жөргегінде жоқ қылды. Келесі жобаға ха­

лықаралық ұйымдар қарсы шықты.
Әлемдік тәжірибеге қарасақ, діни рухани шектеу демо­
кратияға нұқсан келтіретін өрескелдік емес, АҚШ-та 1999 жы­
лы қабылданған «Шетелдердегі діни бостандыққа бақылау

туралы» заңды алып қараңыз. Онда мемлекеттің дәстүрлі емес
діни бірлестіктердің қызметін реттеп отыруы керектігі айқын

ШЫҒАРМАЛАРЫ

атап көрсетілген. Қазақстанда осындай діни ұйымдардың
40-қа таяуы ресми тіркеуден өткен. Кейбір деректерде тіркеу­
сіз жүргендері 60-қа жуықтайтыны келтіріледі. Анығында
елімізде жасырын әрекет етіп жүрген күмәнді секталар аз емес.

Солардың бірі «Албастының шіркеуі» («Церковь сатаны») және
«Өрмекшілер» («Пауки») сектасы. Бұлардың аттарының өзі-
ақ айтып тұрғандай, имандылық түгілі қарапайым адамгер­
шілік сезімінен аулақ осы діни орындар қаншама бейкүнә

сананы улап үлгерді екен?!
Қазақ халқына ұлттық иманы мен зердесін азат ететін күн
жеткен жоқ па еді?!

АЛДАН СМАЙЫЛ

ӘДІЛДІК ПЕ, ӘЛДЕ...

Әлемнің 108 елі өлім жазасынан бас тартты. Бұл елдердің
ойынша мемлекет қандай жағдайда да адамның қанына қо­
лын былғамауы керек. Мұның үстіне Еуроодақ өлім жаза­
сын қолданбау туралы үсті-үстіне жар салып жатыр. Егер

бұл ұсыныс қабыл алынбаса, Еуроодақтың есігі сіз үшін
жабық. Сондықтан да шығар Ресей ТМД елдерінің ішінде ал­
ғашқылардың бірі болып өлім жазасын қолданбау жөнінде
міндеттеме алды. Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Назарбаев өлім жазасына мораторий жариялауды
ұсынды.
Ал халықтың сөзіне қарасақ, көпшілік бұл жазаны қал­
дыруды қалайды. Қазақстандықтардың үштен бірі осындай

ойда. Бірқатар заңгерлердің өздері де мұндай қатал үкімнің
керек екендігін дәлелдеп бағуда.
Осы жерде ойланайықшы. Адамгершілікке жатпайтын
қы­лықтарға адамгершілікпен қарауға бола ма? Имансызға

имандылықпен құшақ жаюдың қандай негізі бар? Жауыз­
дыққа жазылып жастық бол деудің моральдық немесе дәс­
түрлік дәлелін тауып бере аласың ба? Адамдықтан мүлде
кеткен, жыртқышқа айналған қарақшыны адам деуге келе ме?

Осы сұрапыл сауалдарға мына қанды оқиғаны әңгімелеп
алып жауап іздеп көрсек.
Алматы облысының Үшарал ауылында болған жағдай
төбе шашыңды тік тұрғызады. Кривожихан деген біреу Бу­

ханцевтердің үйін тонамақ болады. Пәтерге кіргенде сегіз
жасар қыз алдынан шығады. Оны ойланбастан атып салады.
Мылтық даусын естіп жүгіріп келген 11 жасар Сережа да оққа
ұшады. Сол тұста жұмыстан оралған әке де өлтіріледі. Не

болып, не қойғанын білмеген, төргі бөлмеден алаңсыз шығып
келе жатқан шал-кемпір де қанға боялады.
Өткен жылдың 12 тамызында болған тағы бір қайғылы
оқиғаны тыңдаңыз.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Қалиев деген жауыз Салтанат Қарлығашқызының пәтері­не
ұры оймен түсіп, 7 жасар қыз баласы мен 16 жасар ұлын әуелі
балғамен басынан ұрып құлатып, содан кейін тұншықтырып
өлтірген.

Ал алты бірдей адамды айырмен түйреп өлтіріп, үй иесі­
нің келінін қасақана шақырып алған, шырқыратып зорлап,
жанын алған Мамбетовтың осы қатыгездігі жүрегіңді қалай
қарайтпайды?!

Қарапайым адамдық және дәстүрлі қағидалық жүйеде мұн­
дай зұлымдықтың үкімі біреу: жанға – жан. Дін ұғымында
адам өмірі – жаратқанның қолында. Шариғат өлім жазасын
Хақ тағаланың құзырына қол сұққандық үшін де енгізген.

Көптеген мемлекеттер бұл жазаны ұлттық құндылықтарын
көздің қарашығындай сақтау үшін де қолданады. Мысал,
деректер келтірейік.
Қазақстанда өлім жазасына ұлттық қауіпсіздік пен елдің

ынтымағына, елбасыларының, қоғам қайраткерлері мен сот­
тардың өміріне қатер төндірген, мемлекетке сатқындық жа­
саған, кісі өлтірген адамдар кесіледі.
Америка Құрама Штаттарында мұндай жаза 34 тармақ бо­

йынша қолданылады. Мұның ішінде адам өлтіру, кісі ұрлау,
ұшақтарды басып алу, 12 жасқа дейінгі қыз балаларды зорлау,
тапсырмамен біреудің өмірін қию секілді қылмыстар бар.
Қытай, Иран, Мавритания, ОАО, Сауд Арабиясы, Судан

мемлекеттерінде жұбайының көзіне шөп салған адам да аты­
лады.
Иеменде ауа мен суды қасақана ластаған кісіні де өлім
жазасы күтеді. Иракта ресми құжаттарды қолдан жаса­

саңыз, өміріңізбен қоштасасыз. Иран мен Мавританияда пәт­
шағарлықпен (гомосексуализм) айналысқан адамға кеші­рім
жоқ. Мозамбикте заңсыз сауда жасағандар дар ағашынан бір-
ақ шығады.

Пакистанға барсаңыз, Мұхаммед пайғамбар жайлы ғайбат
сөйлемеңіз. Руанда да әулиелікке салынып бал ашпаңыз.
Иранда жезөкшелік, Аллаға күмән келтіру, Ораза айында
төртінші рет тамақ ішу, шылым шегу, арақ ішу туралы ой­

ланбаңыз да. Мұндай жағдайда шыбын жан кеудеңізден шы­
рылдап ұшады. Сингапур мен Сауд Арабиясында есірткімен

АЛДАН СМАЙЫЛ

ұсталған адам сотсыз атылады. Осы соңғы елде жолымыз түсіп
болғанымызда арақ ішсең, сотсыз, тергеусіз бес жыл абақты­да
шіритініңді естігенбіз.
Ашығын айтайық, мұндай қатаң тәртіп аталған мемле­кет­

терде ұлттық имандылық дәстүрлерін сақтап қалуға, сырт­
тан таңылатын сорақы ғұрыптардың ішке енгізілмеуіне, ха­
лықтың түн ұйқысы төрт болмауына ықпалын тигізіп келеді.
Ол тәртіптер БҰҰ-ның немесе Еуроодақтың қытығына тие ме,

жоқ па, бұл өлшем емес. Негізгі өлшем – ұлттың ар-ұяты мен
адамгершілік деңгейі.
Сырттан ентігіп жеткен мінез-әрекеттердің қаншалықты
зардабы болатынын бір айта алсақ, біздер, қазақтар айта

алар едік. Тыйымсыз кеткен қыздардан туған тірі жетімдер,
қараусыз қалған шал-кемпірлер, ұлының тілі, кішінің таяғы
тиген сақалдылар айта алар еді. Ұрпағы маскүнем, азаматы
дінсіз, оқығаны тілсіз жасқаншақ ел айта алар еді.

Ал осыншалық рухани індеттің емі бар деп кім айта алады?
Емделгісі келген халыққа сырттан берілетін нұсқаудың қа­
жеті бола ма? Алыстағы ақылшы азған үстіне аза түстің кебі­
мен аңқау елге арамза молла болып отырған жоқ па екен?

Осы күні «данышпан» көбейіп кетті. Олар жалпақ жұрт
пен тұтас халыққа жөн сілтегенде аузы қисаймайды. Жовтис
деген  біреу бар, қазақ атты халықтың табиғатынан аулақ
екенінде шаруасы жоқ, әлемдік делінетін, алайда неліктен

әлемдік делінетіні түбегейлі дәлелденбеген қағидаларды
тықпалағанда шашасына шаң жұқпайды. Соның айтуынша:
«Өлім жазасы – жазалау шарасы, сондықтан қылмыскерді
қайта тәрбиелеуге жол бермейді».

Енді өзіміз мысалға келтірген, бірі алты адамды, екіншісі
бір үйлі жанды, үшіншісі екі баланы айуандықпен өлтірген
жауызды қайта тәрбилеудің қажеті бар ма деп сұрайықшы.
Олар қайта тәрбиелеуге көне ме? Жовтис мырза сондай жен­

деттің ең болмаса біреуінің тілін кәлимаға келтіріп көрді ме
екен?
Осы құқық қорғаушы тағы бір сөзінде: «Мемлекет адамның
өмірін қиюға құқылы емес», – дейді. Сонда дейміз, мемлекет

ішіндегі қанішер сол мемлекеттің азаматын өлтірсе, өлген
азаматтың өмір сүруіне жауапты әлгі мемлекет құныкердің
өмірін сақтауға неге мүдделі болуы керек?

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Қазақстанда 1995 жылы – 101, 1996 жылы – 86, 1999 жы­
лы – 63, 2000 жылы – 48, 2001 жылы 39 жауыз кісі өлтірге­
ні үшін өлім жазасына кесілген. 2001 жылы адам өлтіріп
сотталғандардың жалпы саны 718 екен. Әр жылдары осындай

жаза алғандардың 15-сінің кесімі өзгертіліпті.
Жиынтық дерекпен айтсақ, бес жылда 1016 адам кісі
өлтірген. Олардың қолынан 1100-ге жуық адам мерт болған.
Егер адам өмірі Алла ғана тарту ететін ең негізгі құнды­

лық десек, осы деректер төңірегінде терең ойлануға тиіспіз.
«Кісі өлтірген адамды өлім жазасына кеспеу керек пе?» деген
сауалға «Иә!» деп нақпа-нақ жауап беруге болмайды. Мұндай
трагедиялы сұрақтың төңірегінде толғанғанда көз алдыңда

ең алдымен өлген жанның азабы, ата-ана мен бауырдың
қайғы-қасіреті тұруы керек. Содан кейін ғана кісі өлтірушінің
кескініне жалпы адамгершілік көзімен сақтана қараған дұрыс
шығар.

Мұның үстіне ешкімнің де адам жанын алғандарды олар­
дың өмірінің аяғына дейін өз қалтасынан асырағысы келмес.
Бұл да адал адамдарға моральдық ауыр салмақ.
Жаңа заманның өткен заманнан ауысқан қарым-қа­ты­нас­

тық, құқықтық және дәстүрлік өлшемдерге қайта қара­ғысы
келетіні анық. Сол су жаңа заман өткен замандағыдан артық
бірдеме ойлап таба ала ма, жоқ па?! Мәселе осында ғой. Сын­
нан  өткенді сындыра бергеннің көп ұзамай қаусап түсетініне

дерек көп емес пе?!

АЛДАН СМАЙЫЛ

ДІН ЖӘНЕ ПОРНОГРАФИЯ

Дін – адамзат санасының Әлемнен тыс тұрған Ұлы Әділдік­
ті іздеуі дейтін қағида бар. Біз дінді сол Ұлы Әділдіктің, яғни
Жаратушының адамға жанмен және рухпен бірге берілетін
иманы дер едік. Адам ғаламының бір бөлшегі бола отырып,

сол ғаламды реттеуші күштің бар екендігін ана құрсағында
сезе­ді, Хақ тағала туралы наным оның алғашқы жүрек лүпілі­
мен бірге болады. Егер осы иман болмаса, сана өзінің тежеу­
ші, бағыттаушы күш-қуатынан айырылады. Бұл санадағы

адасуларға бастайды.
Осындай ауытқулар, басқа ортада емес, ең әуелі дін тізгінін
ұстаған әулеттерде байқалғанын білесіз бе?
Иә, дәл солай. Дін тарихқа және сол тарихты жасайтын

адамның санасына ықпалды идеологиялық күш ретінде әсер
ете отырып, билікке жеткен тұстарында ақсүйектік тойым­
сыз­дық пен тыйымсыз құмарлықтың желігін ысырып тастай
алмаған. Бұған мұсылман әлемі мен христиан және католик

дінінде мысалдар жеткілікті.
Шариғат төрт әйел алуға рұқсат береді. Оның мұндай қа­
дамға баруына, әуелі араб халқының ұлттық дәстүрі себеп
болды. Атадан балаға беріліп келе жатқан дәстүрді бұзу қиын.

Екінші жағынан, ислам діні өсіп-өнуді, ұрпақ молдығын наси­
хаттады. Халықтың қатарының көптігі оның бұл жалғанда
жойылып кетпеуінің бірден-бір кепілі болатын. Үшіншіден,
соғыс тағы басқа апаттарға байланысты ер адамдардың

азайып, әйелдердің көбейіп отыратын арасалма­ғын осылай
реттеу де көзделгені айқын. Егер төрт әйел алу мораліне атал­
ған себептер арқылы келсек, бұл қадамның өзін ұзақ уақыт
ақтағанын болжауға болады.

Ал осы мәселеге адамдық биік сана тұрғысынан келсеңіз,
аналық жынысты атаулыны үйірлеп иемденетін жануарлық
тәртіптің нышанын аңғарасыз. Адам табиғаттың төлі бола
отырып, жаратылыста бар сол тіршілік дағдысынан онша ұзап

кете алмағанын байқайсыз.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Мұхаммед пайғамбардан соңғы халифтер тамыры осындай
жаратылыстық түйсікте жатқан үйірлік мінезге өзі ұстанған
діннен қаймықпастан талай-талай бой алдырған.
Халиф Омар қылышынан қан тамып жүріп, Араб әлемін

түгелге жуық бағындырады. Билік салтанатына Мекке мен
Мәдинаны олқы санап, сол заманда дәуірлеп тұрған көрікті
шаһар – Дамаскіге орнығады. Оның гареміне бүкіл араб ел­
дерінен сұлулар жеткізіледі. Шарап судай төгіліп, жартылай

жалаңаш арулар құмарлықтан қанталап кеткен жандардың
алдында мың бұралады. Талай-талай бейкүнә сұлулар сол
жанарға із-түссіз жұтылады. Әрі халиф, әрі ислам дінінің
тазалығына кепілдік ету билігі берілген Омар мұсылмандық

жолынан мүлде жаңылады.
Мұның соңы немен тынғаны белгілі. Мекке мен Мәдина
Дамаскіге қылышпен келіп, Омарды тақтан тайдырды.
XV ғасырда бастапқы діни нанымын католиктік бағытқа

айырбастаған Еуропаның шектен шығуы бұдан да өрескел.
Осы ғасырдағы гуманист Понтано монастырьлардағы масқа­
ралықтар туралы түршіге баяндайды. Ол Испаниядағы әйелдер
монастырының кез келгеніне еркектер еркін кіретінін, бұл

тәубә үйлерінің жәлепханалардан айырмашылығы шамалы
екенін айтқан.
Еуропаның басқа жерлеріндегі жағдай бұдан асып түспесе,
кем емес еді. Монастырьлар мен шіркеулерде дінбасылары

ойларына не келсе, соны істеді. Вакхиялық оргиастикалық
культтың бойлап енуі осы континенттің моральдық азғын­
дауының басы болды. Академик Н. Морозов «Христос» ең­
бегінде католиктердің діни құлшылық ету рәсімдерінің бәріне

жезөкшелер шақырылатындығына нақты деректер келтіреді.
Бір қолымен мемлекеттің, екінші қолымен шіркеудің
тіз­гінін ұстаған діндарлар мұны да қанағат тұтпаса керек.
«Агапы», яғни «Ғашықтар түні» деген рәсім ойлап табылады.

Бұл түні ерлер мен әйелдер ар-ұяттан мүлде айырылған.
Ресей ғалымы А. Фоменко «Откровение и наука» еңбегінде
Батыс Еуропадағы христиан діні ұятсыздану бағытын күнәдан
аршылудың бір жолы ретінде насихаттағанын дәлелдеп бере­

ді. Франция, Германия мен Англия сол заманда жалаңашта­
на бастаған-ды. Аталған елдердегі шіркеулерде Христос және

АЛДАН СМАЙЫЛ

басқа да әулиелердің суреттерімен бірге адамның жыныс
мүшесін салу дағдыға айналды. Көптеген храмдардың көзге
түсетін жерлері солай әлеміштенді. Бұл орайда Париждегі
атақты Құдай Ана шіркеуі оза шапты. XІІ ғасырда маңдай

қабырғаға есекпен, текемен жыныс қатынасына берілген
әйелдердің суреті салынды. Сол жерден өзді-өзімен әлекке
түскен сұлулардың, ығы-жығы араласқан жалаңаш елдің
бейнесін көре алатынсың.

Осындай арсыздық, былыққа бату тері ауруының көбеюі­
не әкеліп соқты. Венерический деген диагноз сұлулық құдай-
анасы Венераның атына байланыстырылып, сол Батыс Еуро­
падан шыққан.

Өздерінің осыншалық шектен шығуын қалай да ақтап
алмақ  болған католиктер мен христиан дінінің басшылары
Адам Ата мен Хауа Ананың бейнесін көлденең тартты. Олар­
дың жалаңаш бейнесін бейкүнәліктің белгісі ретінде әспетте­

ді. Келе-келе Францияда көшеде киімсіз жүретіндер көбейді.
Олар бөлек сектаға бірігіп, қарсы шыққандардан жанталаса
корғанды. Германияда осы бағыттағы «пикарлар» сектасы
құрылды. Көп ұзамай Амстердамдағы анабаптистер де солар­

дың жолына түсті.
«Жалаңаштанушылардың» бел алып кеткені соншалық,
Кардинал Диаминнің өзі оларды қызғыштай қорыды. Ал Папа
Пий ІІ қаулап бара жатқан арсыздыққа тосқауыл қою­дың

орнына эротикалық еңбектер жазуға кірісті.
Сондай шығармаларына Иисустың атын беруден тай­сал­
мады. Папаның қаламынан шыққан «Христос» комедиясын
орындаған актерлер сахнада, елдің алдында жыныстық қа­

тынасқа баруға мәжбүр болды.
Әулие-әмбилерінен осылай «бата» алған діндарлар монас­
тырьларда ақылдан адасудың небір жабайы түрлерін ойлап
тауып жатты. Олар коммуналдық неке дегенді дәстүрге енгіз­

ді. Монастырьға алып келінген әйелдер күйеу таңдамайтын
болды. Бүгін біреумен, ертең басқамен ахахулап жүре беретін.
Мұндай арсыздықтың төбе құйқаңды шымырлататын қа­
тыгездікке ұрындырары хақ. Батыс Еуропа монастырь­ла­рында

әлгіндей некеден туған сәбилер жаппай өлтірілетін. Орта ға­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

сырда осы діни орындарда нәрестелер тірілей лақтырылатын
шыңыраулар болған.
Библияда бұл сұмдықтар аса баяндалмаған. Десек те,
одан «порнос» деген сөзді кездестіреміз. Ол сөз халықаралық

терминге айналып кеткен «порнография» сөзінің түбірі.
Ресей теологтары ортағасырлық Ресейді мұндай сора­қы­
лықтардан аулақ ұстауға барын салғанымен, Романовтардың
тұсындағы оғаштықтарды жасыра алмайды. Осы әулеттің

кезінде патша сарайы мен дворяндар ортасында қанат жайған
анайы эротикалық қылықтарды елге кеулеп енген Француз
мәдениетінің салқыны деп түсіндіреді.
И. Кон «Сексуальная культура в России» деген еңбегінде

осы пікірді ұстана отырып, Екатерина ІІ-нің бұл ретте барлық
билеушілерден асып түскеніне көптеген мәліметтер келтір­ген.
Соның біреуіне ғана тоқталсақ, әйел патша көңілдесі Орлов­
пен кездесетін төсектің аяқтарын еркектің жыныс мүшесі­

нің түрінде жасатыпты. «Ал бөлменің қабырғаларындағы
суреттерді айтуға аузым бармайды», – дейді ғалым.
Христиан және католик діни сенімінің бірқатар тармақ­
тарында жоғарыда баяндалған порнографиялық өрескелдік­тер

күні бүгінге дейін сақталған. Ал қазіргі моральда арсыздық
атаулының қандай түріне болса да қатаң тыйым жоқ. Әйел
затына арналған шариғаттағы имандылық та көмескіленіп
біткен. Жезөкшелік қайтадан сорпаның бетіне қалқып шықты.

Бұл не? Тарихтың қайталануы ма, әлде арды жоғалтудың
кезеңдік рухани-әлеуметтік жұтына ұшырадық па?
Осынау сауалға жауап іздегенде, екеуі де төбе көрсетіп тұр
ма деп қорқасың.

АЛДАН СМАЙЫЛ

РЕСМИ ТІЛ МЕМЛЕКЕТТІК

ТІЛМЕН ҚАТАР ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ

Қазақ тілі, ана тіліміз жайындағы әңгіме тәуелсіздіктің
алдында қаурыт басталып, егемендікке қол жеткізілгеннен
кейінгі кезеңде өртке тиген дауылдай қызды. Солай болатын
реті бар еді. Тәуелсіздік дегеніміздің өзі, толық мағынасында­

ғы ұлттық азаттық ұғымы, ана тілінің ажарлануына тікелей
тәуелді ғой.
Әлемде «тәуелсіздік» атты саяси-әлеуметтік, рухани ғы­
лыми-философиялық категория бар. Ол ықылым заманнан

бері қарай талай-талай зерттелген, тоқсан тарау анықтама
беріл­ген. Осы көп зерттеудің үш түйінін атап көрсетейік.
Бірінші түйін: Тәуелсіздік халықтық ауқымда болуы керек.
Ал халыққа керегі үш азаттық: саяси, рухани және тілдік.

Екінші түйін: Тәуелсіздік ұлттық дәстүрлік бостандықты
қалпына келтіруі қажет. Ұлттық дәстүрлі бостандық дегені­
міз – ұлттық бағзы мәдениет пен тілдік еркіндік бостандығы.
Үшінші түйін: Тәуелсіздік ар-ождан бостандығынсыз ұзақ

бола алмайды. Ар-ождан бостандығы – дәуірлер бойы ана
тілінде дүниеге келіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған
діни, әдеби-өнер құндылықтарының мемлекеттік деңгейде
ардақталуы.

Көріп отырсыздар, тәуелсіздік ұғымының үш тірегі түгел­
дей ана тілінің қадір-қасиетімен суарылған.
Батыс пен Шығыстың, төрткүл дүниенің дамыған елдері
осы үш түйінді мемлекеттің үш алмас тұғыры етіп алған және

сол тұғырлардың болаттай берік болуы үшін барын салып
келеді.
Мен телевидение саласында біраз жыл қызмет атқардым.
Батыс елдеріндегі атышулы талай телерадио компаниялары­

ның өкілдерімен тілдестім. Әрине, біз оларды іздеп барған
жоқпыз, ондай мүмкіндікті кім берген. Олардың өздері түрлі
жолдармен жалғасып жататын. Француз, неміс, ағылшын, т.б.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

мемлекеттердегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары
сәлемшілерінің өтініш-тілектері әлі күнге есімде.

– Сіздер біздердің дайын ақпараттарымызға эфирден бі­

рер минут уақыт бермес пе екенсіздер, – дейді олар. – Эфир
уақытының құнын төлер едік.

– Ұсынатындарыңыз қандай ақпарат? – дейміз біз.

– Неміс тілін дамыту, – дейді германдық.

– Ағылшын тілін өркендету хақында, – дейді ағылшындық.

– Француз тілінің әлемдік өркениеттегі маңызы жайында, –

дейді француздық.

– Қалдырып кетіңіз, танысып шығайық, – дейміз біз.

Жұмыстан соң кассеталарды аударып-төңкересің. Сапасы
өте жоғары, телетехниканың соңғы жетістіктері молынан пай­
даланылған ақпараттардың түйіп айтар сөзі таңқалдырады.

– Ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту керек, – дейді

ағылшын.

– Неміс тілін үйрену арқылы еуропалық өркендеу деңгейі­

не көтерілесің, – дейді неміс.

– Француз тілі – әлемдегі ең көркем тіл, – деп тамсанады

француз. Тыңдап шығып ойланасың. Төл мемлекеттерінде
дәуірлеп тұрған, туған топырағының аясынан асып, әлем­
ді шарлап кеткен тілдерін осыншалық ардақтай алған еуро­
палықтардың ұлттық сезімі қандай жоғары еді?! Тіліңді сүй­

сең, осылай сүй! Құрметтесең, солай құрметте.
Дүниежүзінің тіліне айналған ағылшын тілін жан салып
насихаттау үшін халықтың мүддесіне кез келген сәтте шыбын
жанын қиып бере алатын перзенттік ұлы жүрек керек шығар.

Ал сондай жүрек бізде бар ма? Сондай жүрек ұлты ес көрген
естияларда бар ма? Қазақ мемлекетінің жүрегі қазақ тілі деп
соға ма?
Қинайтыны осы сауалдар.

Жоқ деуге дәтің жетпейді. Бар деуге арың жібермейді.
Тұйыққа тірелгендей болған тұста есіңе Ұлы Абай түседі.
«Мен осы тірі болсам да анық тірі емеспін» демеуші ме еді
қуыс көкіректерден, бірінен бірінің сөзі ұзын өңкей қызыл

өңештерден, пәтуасыздық пен парасатсыздықтан өлердей қа­
жыған қайран данышпан.
Қазақтың тілі бүгінде тірі болса да анық тірі емес.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Осының бәрін ойлай-ойлай ой жауыр. Сол жауыр ойды жай­
дақ мініп қамшылағанда, ана тілінің арындауына тосқауыл
болып келе жатқан үш кедергі қылаң береді.
Олар мыналар:

Бірінші кедергі: Мемлекеттік биліктегі лауазымды қызмет
иелерінің туған тілінде ел басқаруға қабілетсіздігі.
Екінші кедергі: Қазақ тілінің шамадан тыс саясаттан­
дырылуы.

Үшінші кедергі: Славян тілділер мен басқа да ұлттар өкіл­
дерінің осы екі себепке сәйкес қазақ тілінің шын мәнінде
мемлекеттік тілге айналатындығына сенбеуі, соған орай үй­
ренуге ниеттенбеуі.

Бірінші кедергі бәрімізге белгілі, одан арылудың жолын
Республика Президенті тайға таңба басқандай көрсетіп берді.
Тілсіздерді ел тізгініне жолатпау керек.
Екінші кедергінің дерті асқынып кеткен. Қазақ тілі туралы

айта бастасақ, қазақ еместер үдере көшетіндей үркеміз. «Үй
сыртында адам бар» деп айнала жалтақтаймыз. «Аңысын аң­
диық, аптықпайық» дейміз.
Аңысын аңдығалы да, аптықпағалы да он бес жыл. Қазақ­

тан басқаның көңіліне қараған сол он бес жыл бізге не берді?
Тұрақтылық әкелді, экономика жоғары деңгейде дамыды,
мәңгілікке бет бұрған ұлы көштің жүгі аумайтын болды.
Бұл, әрине, ғажайып жеңіс, мемлекеттік ұлан-ғайыр же­

тістік. Бірақ сол жеңістің тәтті дәмін ана тілің тата алмаса,
тоғайып тұрып аш қалғандай боласың, күліп тұрып күрсінесің.
Күрсініп тұрып туған тіліңнің ел төріне шығар жолын іздей­сің.
Менің көзім жеткен ақиқат мынау: қазақ тілін шамадан тыс

саясаттандыруды бұдан былай тоқтатуымыз керек. Қазақ тілі
саясаттың қандайынан болса да жоғары тұруы керек. Саясат
қазақ тіліне қызмет етсін.
Мұны қадап айтып отырғанымыз – қазақ елінде жетпіс жыл

бойы үстемдік құрған орыс тілі әлі күнге дейін ұлтаралық
тұрақтылықтың негізгі кепілдіктерінің бірі ретінде қаралу­
да. Оған ресми тіл деген конституциялық мәртебе берумен
бірге жатпай-тұрмай қолдау көрсетіп жатқанымызды мақтан

етудеміз. Ресми тілдің мемлекеттік тілмен терезесі тең тұр­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ғандығы республиканың саяси-рухани жетістігі түрінде ұдайы
дәріптеледі. Орыс тілін ана тілімен бірге үйренуге үгіттейміз.
Ал мұның бәрі мемлекеттік саясат емей немене?! Мемле­
кетте қазақ тілімен бірге тағы бір тілге мемлекеттік қамқор­

лықтың барынша күшейтілгені емей немене?!
Дәл осындай жағдайда славян тілділер мен сол тілде іңгә­
лап өскендердің қазақ тіліне махаббаты оянатынына өз басым
сенбеймін.

Қазақ тілін саясаттан жоғары қоюдың бірден-бір жолы –
орыс тілінің ресми тіл ретіндегі мәртебесін қайта қарау. Ана
тіліміздің бүгіні мен болашағы үшін, қазақ деген байырғы
ұлттың ар-намысы үшін, рухани-елдік мүддесі үшін.

Мына ақиқатқа ешқандай дәлелдің қажеті жоқ: қос тілді
мемлекетте туған тіліңнің шырайы шықпайды.
«Ресми тіл» деген тіркестің саяси-әлеуметтік мәнін зерт­
теп көрсеңіздер, іс-қатынасы тілі деген ұғымды беретіндігін

білесіздер. Яғни ресми тіл – мемлекеттің ішкі және сыртқы
қарым-қатынастарында ел басқару құралына айналған тіл.
Осы дәрежесінде ол мемлекеттік тілмен терезе теңестірген.
Сонымен Қазақстанда мемлекеттік тіл Ата Заңның шең­

берінде біреу емес, екеу болып отыр. Осы екі тілдің қайсын
таңдайсың, өз еркің. Бірін шектеп, бірін дамыт деуге конс­
титуциялық хақың жоқ.
Мұны қазақ тілді еместер жақсы біледі, мемлекеттік тіл­

ді үйренсе де, үйренбесе де мемлекеттік қызметте желдей есе
алатынына сірә да күмәнданбайды. Тіл үйренбеуге консти­
туциялық құқы бар болса, несіне күдіктенсін, қазақ тілін
үйреніп, неге әуре-сарсаңға түссін?!

Қазіргі таңда қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тілге
айналдырудың ондаған-жүздеген жолдары айтылуда, қыруар
жұмыс та жүргізіліп жатыр. Дұрыс шығар, біз әйтеуір қол
қусырып отыра бермеуге тиіспіз ғой. Алайда тілдің негізгі

кедергісі жайлы ойлар төңірегінде белгілі бір нәтижеге қол
жеткізбейінше, сол әрекеттер құмға сіңген судай бола ма деп
қорқасың.
Көпшілікті қайдам, мен кейінгі кезде мынандай бір тұ­

жырымға тіреле беремін. Қазақстанда тағы бір тілдің ресми
тіл деп жариялануы белгілі кезеңде прогрессивті роль атқар­

АЛДАН СМАЙЫЛ

са, енді кері ықпалымен таныла басталғандай. Ол маған қазақ
тілділер мен славян тілділердің арасында тартылған рухани
шекара сызығы секілді елестейді. Сол сызық жоғалса, ел мен
ел бұрынғыдан да тез табысатындай, осыған дейінгі ынтымақ

жаңа мазмұнда жараса түсетіндей көрінеді.
Біздер, республиканың тұрғындары, ұлттық белгілер ар­
қылы бөлінбейік десек, тілдік белгілерді Конституция дең­
гейінде даралап көрсетпеуге тиіспіз. Ата Заң – жердің та­

рихи иесі болған ұлттың мүддесі арқылы өзге ұлт өкілдерін
топтастырудың киелі заңы.
Қайырып айтсақ, ресми тіл мемлекеттік тілдің жолын
кескен тіл, кесе де беретін тіл. Оны Ата Заңнан алудың реті

мүлде жоқ емес. Республика тұрғындарының 30%-ына жуығы
славян еместер. Солардың және халықтың 50%-ынан астам
қазақ жұртының ерік-жігерін осы мақсатта тоғыстыруымыз
қажет. Орыс тілділердің арасында да мемлекеттік тілдің рес­

ми тілсіз дамуын қостайтындар табылады. Мәселе – олармен
жұмыс істей білуде.
Меніңше, республикадағы қазақ тілі қоғамдары өзге ұлт­
тардың мәдени орталықтарымен тізе қоса отырып, аталған

бағытта табанды күрес жүргізуге тиіс.
Қазақ тілінің болашағына шын алаңдайтын болсақ, ресми
тілден арылайық.

ШЫҒАРМАЛАРЫ ҰЛТТЫҚ СӘЙКЕСТІК: ТАЛАП ПЕН ТАЛҒАМ Бүгінгі заманның екпінінен тау теңселеді. Қашаған айлар мен жылдарды ауыздығымен алысқан ұшқыр ойлар желдей естіреді. Өзгеріске толы дүниенің тамырын тап бассам деген ойшылдар «түн ұйықтамайтындай, күндіз отырмайтындай». Қайшыласқан пікірлер мен сеңдей соғылысқан пайымдар ақпарат әлемін жайлап алған. Сол көп тұжырымның ішінде айтыла-айтыла жауыр болған көсесі де, көңіл көркейтетін көсемі де бар. Бәрінің көксегені біреу – адамзат дамуының алдағы ұзақ сапарында адастырмайтын темірқазығын табу, ұлтын ардақтау, дәстүрін ұлықтау, еңсесін тіктеу. Батыс оза шабамын деп тулайды, Шығыс көштен қалмаймын деп шу­лайды. Қиянда қалғандар қия шапқысы келеді, қия ша­ будың қисынын тапқысы келеді. Төрткүл дүние бұрынсоңды болмаған ғаламдық аламанға қиқулап қосылған. Сол аламандағы көп ұранның ішінде ұлттық сәйкестік туралы дабылдың жаңғырығы басым. Ұлттық сәйкестік (национальная идентичность) дегеніміз не? Оған берілген көп анықтаманы сүзгіден өткізіп сипатта­сақ, ұлттық сәйкестік – нақты бір ұлттың ғаламдану жағдайында бәсекелестікке төтеп беру қабілеті және сол бәсекелестікте тірек ететін ұлттың күш-қуаты. Қазіргі таңда осы сәйкестік ұлттың өркендеу мүмкіндігінің көрсеткішіне айнала бастады. Егер сен бүгінгі жаһандық экономикалық, техникалық және әлеуметтік-мәдени оң өзгерістерге дер кезінде бейімделе алсаң, алаөкпе уақыттың шаңын қауып қалмайсың. Сырт қарағанда барынша түсінікті. Кімнің жұрттан қал­ ғысы келеді дейсің. Түлкі заманды тазы болып шалуға бәрі пейілді. Алайда сәйкестенудің де қыры мен сыры бар. Дер­ бес елдер, әсіресе тәуелсіздікке қолы зорға жеткен бұрын­ ғы отар елдер, ұлттық қадір-қасиеті ғасырлар бойы үстем­ дік еткен режимдердің қанжығасында кетіп, түпкі қасиетін қалпына келтіруді күні-түн ойлаған елдер ғаламға ұлттық 15-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

қанын суытпай бейімделудің жолын іздеп тоқсан толғануда.
Дәл осы жерде ұлт пен ұлттың тағдырын қолына ұстаған тұл­
ғалардың саяси-рухани біліктілігі, жаңаша ойлау қабілеті
сынға түскен. Адамзаттық жалпыға ортақ өркениетті жат­

сынып, іштей де, сырттай да тұйықталған мемлекеттер де
бар, ғаламдық жаңғыруға ұлттық беделін сақтай отырып
еркін қосылудың орайлы жолын тапқандар да жоқ емес. Қай­
сыбір елдер бұл бейімделу кезеңінде ХІХ-ХХ ғасырларда­

ғы Батыстың тәжірибесін ұстануда. Әлемдік дамудағы АҚШ
пен Жапонияның, Қытайдың ұлттық идеяларын ескерген
Германия ФРГ-ның бұрынғы федералдық канцлері Конрад
Аденауэрдің «Мен неміспін, әрқашан болғанмын және өзімді

ылғи осылай сезінемін» деген сөзін ұлттық саясатта түп қазық
етіп отырғанына дерек көп. Францияның ұлттық идеясынан
Де Гольдің «Франция, егер француз алғашқы қатарда тұрса
ғана нағыз Франция болып табылады» деген қағидасы анық се­

зіледі. Еуроодақтың өзге мемлекеттеріне келсек, олар Ұлыбри­
танияда сонау ХVІІІ ғасырда көтерілген күштердің тепе-тең­
дігі  концепциясын ұстануды қалайды. Ғаламдық бәсекелес­
тікте ұлттық мүдде үшін саяси күшке салуды жақтаған Бис­

марктың ой-байламы да көнере қойған жоқ.
Мұндай кесімді ұлттық идеялар этникалық тегін және құн­
дылықтарын ұзақ ғасырлар бойында мемлекеттік деңгейде
сақтап қалған елдерде дәйекті жүзеге асырылуы мүмкін. Ал

көп  этносты мемлекеттерде таза ұлттық өктемдікті саясатта
алға шығару олардың түптің түбінде ыдырауына алып ке­
луі ғажап емес. Бұған саясаттанушылар кешегі КСРО-ны,
Югославия мен Чехословакияны мысалға келтіреді. Аталған

федерациялық мемлекеттерде бір ұлттың мәдениеті мен тілі­
не басымдық беру олардың тарих сахнасынан кетуіне әкеліп
соқты.
Екінші жағынан қазіргі мемлекеттердің бәрі бірдей ға­

ламдық бәсекеге және ұлттық сәйкестікке қабілетті емес.
Ағылшын саясаткері Р. Купер «Разлом нации. Порядок и хаос
в ХХІ веке» еңбегінде бүгінде бар мемлекеттерді үшке бөледі.

1. Псевдомемлекеттер – өзінің ұлттық қуатын елдің ішінде

жүзеге асыра алмайды, шекарасын сақтауға мүмкіндігі жоқ.
Мәселен, Либерия, Сомали, Ауғанстан.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

2. Модернистикалық мемлекеттер – ұлттық мемлекеттер,

ішкі қуатын халықаралық қатынастарда еркін қолдана алады.
Олардың қатарында Америка Құрама Штаттары, Жапония мен
Қытай бар.

3. Сыртқы дүниемен қарым-қатынасын күш-қуатының

ық­палымен емес, өзара келісімдермен реттейді, саяси-эко­
номикалық даму мұраттары үшін тәуелсіздігін өз ырқымен
шектей алады, ішкі және сыртқы байланыстары жариялы,
ашық. Бұлар негізінен дамушы мемлекеттер.

Осы үш топтағылардың алғашқылары үшін ұлттық сәй­
кестік мәселелерін басқа қуатты елдер шешеді. Екіншілері
осындай сәйкестікті аса қажет етпейді, керісінше өзгелерді
өзіне бейімдеуді ойлауда. Үшіншілерге ұлттық сәйкестіктің

тиімді жолдарын тауып жүзеге асырудың өмірлік маңызы зор.
Олар экономикалық дамудың өтпелі кезеңінде тұрғандықтан
халық шаруашылығы мен мәдениеттің барлық саласында
озық атаулының бәрін сіңіруге және барынша тезірек сіңіру­

ге тиіс. Мұндай мемлекетке ТМД шеңберінде Қазақстанды
жатқыза алар едік. Империялық ниеттен толық бас тартып
үлгермеген, әскери қуаты мен жер байлығы шексіз, белгілі
деңгейде индустриалы болып саналатын Ресей де бүгінде осы

жолды таңдап отыр.
Р. Купердің жіктеуіне мән берген Батыс саясаткерлері
екінші топтағы алпауыт мемлекеттерді ерекше бөліп алып,
дүние соларға бейімделеді деген қорытынды шығаруға әуес.

Олардың пайымдауынша, әлемнің экономикасы осы елдердің
әл-ауқатымен өлшенеді және соған тәуелді. Бұл мемлекеттер­
дің этникалық негізін құрайтын ұлттардың мәдениеті де өзге­
лерге үлгі. Алайда соңғы уақытта бұған күмән келтірушілер

табыла бастады. Мұндай көзқарас соңғы әлемдік дағдарыс
кезінде күшейе түсті. Еуроодақ елдеріндегі экономикалық то­
қыраулар, Грецияның, Испания мен Португалияның елеулі
қаржы тапшылығына тап болуы кәрі құрлықтың алдағы

тағдырына күмәнмен қарата бастады. Батыстың өзінде Еуро­
одақтың мүмкіндігі таусылды, оны ыдырау күтіп тұр деген
ойлар естілетін болды.
Біз бұл пайымдарды күмәнсыз дей алмаймыз. Мұндай бай­

ламдар АҚШ саясаттанушысы, профессор Ф. Фукуяменің әлем­

АЛДАН СМАЙЫЛ

нің барлық аймақтары ұдайы қайта құрылу үстінде болады,
енді жаһан дамыған елдердің емес, экономикалық мүмкіндігі
мол дамушы мемлекеттердің төңірегіне шоғырланады деген
тұжырымын еске салады. Шындығында солай болып жатқан

жоқ па?! Бүгінде әлемге олжа салып келген Америка Құрама
Штаттары да, өзін жаһанның жарылқаушысы ретінде сезіне­
тін Еуропа да, ерекше қарқынмен дамып келе жатқан Қытай
да Еуразияға, оның ішінде осы ұлан-ғайыр аймақтың тәуел­

сіз шығысына үйіріліп отыр. Сол шексіз-шетсіз кеңістіктің
кіндігіндегі Қазақстанның бір өзі ғана дүниенің төрт қиырын
саяси жағынан да, экономикалық мүдделер жағынан да белгілі
дәрежеде ымыраласуға ықпал жасап келеді.

Осы тұста атап өтейік, ұлттық сәйкестік пен бейімделудің
біржақты немесе екіжақты болуы белгілі бір өңірдің эконо­
микалық және транзиттік тартымдылығына ғана емес, сол
өңірдегі мемлекеттер басшыларының уақыт тынысы мен та­

лабын сезе білу қабілетіне де тәуелді. Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев бұл орайда Еуразия аймағында оқ
бойы озық тұр. ХХІ ғасырдың әлем таныған мемлекет қай­
раткерінің көрегендігі сонда – ұлттық ішкі сәйкестік пен

ұлттық сыртқы сәйкестікті бір-бірімен үндестіре ойлады жә­
не саяси зеректікпен сәтті жүзеге асырды. Елбасының бұл
орайдағы қызметіне жасалған зерттеулерді қайталамай, жаңа
қырынан келсек, қазақстандық ұлттық сәйкестікте әлемдік

жүйенің жеке ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, бүкіл
адамзаттық әмбебап құндылықтарды өгейсімей қабылдай­
тын тұтастыққа бет алғаны әуелден ескерілген еді. Сондық­
тан да біздің көп этносты еліміздегі ұлттық ынтымақ, ұлттық

мәде­ниеттердің үндесу үлгісі көп ұлтты ғаламның ұлттық
сәйкестенуінің үлгісі ретінде қабылданды. Бұл тарихи жеңіс
болатын. Олай дейтініміз – туған Отанында өзін барлық
жағынан еркін сезінген ел ғана адамзаттың толыққанды мү­

шесі екендігіне көз жеткізе алады. Ал Қазақстан Президенті
республика азаматтарының бәріне шығу тегіне қарамастан
толық рухани бостандық сыйлады. Қазақ мемлекетінде тұ­ра­
тын әр этнос өкілі ұзын саны он ба, жүз бе, миллион ба, тіл­

дік, әлеуметтік, саяси өмірде тең дәрежеде. Дәл осы теңдік
еліміздегі 100-ден астам этностардың әуелі өзді-өзді үндесуі­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

не, сол үрдіс жетіле келе мемлекет құрушы ұлттың төңірегіне
топтасуына ұласты.
Ақиқат үшін айтайық, мұндай теңдік пен ұлттық сәйкестік­
ке қол жеткізудің тәжірибесі бұдан бұрын да бар еді. Еуропада

ондай саяси қадам алғаш Францияда қолға алынды. Өткен
ғасырдың 80 жылдарында елге ағылған мигранттардың қата­
ры көбеюіне байланысты «ықшам мәдениет» бағыты таң­
далды. Түрлі этнос өкілдеріне өздерінің мүдделерін ашық білді­

ріп, ұлттық мәдениетін қорғап дамыту үшін ассоциациялар
құруға рұқсат берілді. Мемлекет олардың діни және рухани
талаптарын барынша қанағаттандыруға тырысты.
Арада он шақты жыл өткенде Францияның саяси және

шығармашылық элитасы мигранттарды жарылқаудың мұн­
дай үлгісінен бас тартуға шақыра бастады. Оларды ел прези­
денті Валери Жискар д’Эстен қолдады. Неге? Біріншіден, «ық­
шам мәдениет» бағыты бойынша құрылған этностық ассоциа­

циялар мемлекеттің бақылауынан шығып кетті. Ұлттық талап­
тарда шек болмады, әр этникалық топ өздерінің дәстүр-салтын
билікпен бірге Француз халқының мойындауын қалады.
Мұндай талаптар көпшілік жағдайда этностық мүддені емес,

олардың жетекшілерінің жеке мүддесін көздеді. Мемлекеттің
унитарлық жүйеден федералдық құрылымға көшуін қарас­
тыру туралы ойлар естілетін болды.
Осының бәрі Жискар д’Эстен президенттік жауапкер­

шілікпен: «Біз енді бұл бағыттан бас тартамыз. «Ықшам мә­
дениет» бағыты кезінде француз қоғамына жалпыға ортақ
мәдениеттен бас тартып, көптеген этникалық мәдениеттерге
бөліну қаупі төнді. Мұның соңы жеке-жеке ұлттық бірліктер­

ге ыдырауға әкеліп соғады. Ал біздер, француздар, ежелгі
тарихымыз бен төл мәдениетімізді бұлай құнсыздандыра
алмаймыз», – деп мәлімдеді. (Ж. д’Эстен, «Французы»).
Сол тұста Францияның тұрғындары мигранттардың есе­

бінен 40 миллионнан 54,6 миллион адамға көбейген еді. Би­
лік элитасының қателігі осы 10 миллионнан астам түрлі
ұлт өкілдерінің этникалық мүдделерін мемлекеттік ұлттық
мүддемен сәйкестендіре алмауы болатын. Соның салдарынан

француздар елдегі азиялықтар мен африкалықтарға, басқа
да көшіп келушілерге төзімсіздікпен қарады, ішкі ахуал

АЛДАН СМАЙЫЛ

шиеленісіп кетті. Француздардың 36%-ы магриб жағынан
жеткендерге, 41%-ы африкалықтарға ашық қарсы. Бұған әсіре
ұлтшылдық бағыттағы элитаның келімсектерді ассимиляция
арқылы француздандыру, соның есебінен біртекті (гомоген­

дік) ұлт құру туралы идеяны саяси ұстанымға айналдыруға
ұмтылуы да ықпал етіп отыр. «Францияда тұрғың келеді
екен, – дейді осы бағыттағы зиялылар, – күнің үшін әйтеуір
өмір сүрме, французша өмір сүр».

Еуропаның ғана емес, планетаның дамыған демократия­
лық мемлекеті болып саналатын бұл елдің ұлттық сәйкестікке
жету бағытындағы тәжірибесінен мынаны айқын аңғарамыз:

1. Этностардың ұлттық мүдделері мемлекет құрушы ха­

лықтың ұлттық мүддесінен тысқары тұра алмайды. Осы екі
мүддені үйлестірудің Қазақстан Президенті ұсынған үлгісі
ең алдымен мәдениеттердің дербестігін сақтай отырып, мем­
лекеттің байырғы тарихи мәдениетіне бірте-бірте кірігуін

көздейді және соған сабырмен қол жеткізуде. Бұл бүгін де,
ертең де саяси тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ал төл мәдениеттерін үндестіре алғандардың уақыт ағымы­
мен түбінде бір ұлт болып ұйысуына жол ашық. Барлық тарап­

қа қолайлы осы бірігу жолы қазақстандықтардың адамзат­пен
ұлттық сәйкестікте болуы үшін тамаша алғышарт.

2. Көп ұлтты мемлекеттерде этносаралық саяси және руха­

ни өзекті мәселелердің шешімін атқарушы биліктің қолына
басыбүтін беріп қоя алмайсың. Біріншіден, билік ондаған,
жүздеген ұлт өкілдерінің талап-тілегін қанағаттандыру үшін
сол талаптарды саясиландыруға мәжбүр болады. Бұл билік

үшін де, этностар үшін де тиімсіз. Екіншіден, этникалық
мүд­делердің қанағаттандырылу жолдарын ұлт өкілдерінің
өзде­рі ашық талқылауына, қорытындыларының ұдайы жа­
рия болуына мемлекет барлық жағдайды жасау арқылы

олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Қа­
зақстан халқы ассамблеясы осыған қызмет етіп келе жат­
қан ұйым. Елбасының тікелей бастамасымен құрылған бұл
ұйым республикада өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерін дербес

мүддені ойлағанда тұтас қазақстандық мүддені негізге алуға
жұмылдырды. Тек сонда ғана этностар мәдениетінің кедергісіз
және мемлекеттің қолдауымен дамитындығына көз жеткізді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Ұлттық өзара сәйкестіктің осы заманғы шығармашылық орта­
лығына айналды.
Барша қазақстандықтар жаппай қолдап отырған осындай
тәлім барда, ел Президентінің әлем құптаған ұлттық сәйкес­тік

тағылымы барда ұлттық тұйықталу туралы ойлау өз қолың­
ды өзің кескенмен бірдей. Кейде кейбір зиялылардың тара­
пынан Батыс пен Шығыстың айқын ұлтшылдық бағыттағы
сарындарын жөн санаған, соған икемдеген байламдарын ес­

тисің де жаңару мен үндеуге бет түзеген ғасырдың ағымына
ілесу қандай қиын деген ойға келесің. Ал ондай сарындар
алыстан да, жақыннан да жалқынданады.
Ресей саясатшысы Д.О. Рогозин («Россия между миром

и войной») ғылым мен саясаттан, іс-тәжірибеден «Ресейдің
көп ұлттылығы» деген құқықтық күші бар идеяны біржола
алып тастауды ұсынады. Әйтпесе осында орыс ұлтының бар
екендігі, жерге сол ие екендігі ұмытылып кетпек. Сондықтан

конституцияға өзгеріс енгізіп, маңдай алдына «Біз, ұлы орыс
халқы!» деп жазып қою керек.
Тағы бір саясатқа жақын ғалым В.А. Тишков («Очерки тео­
рии и этничности Росии») татарлар, башқұрлар мен басқалар

ұлт болып қалыптаспаған күйінде орыс ұлтына сіңіп жоғалуға
тиіс деген пікірде. С.А. Голубев («Русский вопрос в контексте
региональных интересов и федеральной политики») Татар­
стан мен Башқұртстанға, Бурятия мен өзге де автономияларға

берілген заңды жеңілдіктерді орыс ұлтының конституция­
лық  құқын бұзу қаракеті ретінде бағалап, күшін жоюға ша­
қырады.
Есімдері елге белгілі мұндай ғылыми-шығармашылық

элита өкілдерінің астамшылдық тұжырымдары асқынған
ұлт­шылдық ұйымдардың тууына және ашық әрекетке кө­
шуіне ықпал етуде. Олардың мақсаты тегі бөлектерге өшпен­
ділік пен төзімсіздікті күшейту. Сөзіміз дәлелді болуы үшін

«Орыс ұлттық бірлігі» ұйымының халыққа үндеуінен үзін­
ді келтірейік. «Орыс идеологиясы мен православияның тө­
ңі­регіне топтасыңдар, – делінеді онда. – Қаны мен рухы
жаттарды араларыңа енгізбеңдер. Қаны бірлер мен ой-мұра­

ты ортақтарға ғана қол ұшын беріңдер». (О.Д. Волконогова
«Руский национализм: политический проект для России»).

АЛДАН СМАЙЫЛ

Мұндай шектен шыққан үндеулер мен шақырулардың елге
салқыны тимей қоймайды. Татарстан ғалымдары ұлт ретінде
X ғасырда қалыптасқанын, Ресей тарихы атақты Алтын Орда
тарихының құрамдас бөлігі ғана екенін дәлелдеуге кірісті.

Бурятия Тибеттің ғажайып өркениетінен бастау алатын ұлт­
тық  мәдениетін дәріптеуге көшті. Башқұртстанда түркі дү­
ниесінің ұлылығын баяндайтын шығармалар көбейді. Ал Қап
тауының баурайындағы елдердің Ресей билігін мойындағы­

сы келмейтін содырлық сипаттағы топтары әлгі ұлтшылдық
мәлімдемелерді жөнсіз, көп ретте қатыгез әрекеттеріне сылтау
етуде.
Осындай жағдайда Ресейдің билік партиясы – «Единая

Россия» ұлттық тұтастық пен сәйкестіктің қажет екенін, со­
ған қол жеткізу түпкі мұрат екенін қайта-қайта айтуда және
бірліктің жалынды ұранын іздестіруде. Партия жетекшілері
өздерінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерінде:

бұрынғы орыс ұлты, орыс жері секілді терминдердің орнына
Қуатты Ресей, Ұлы Ресей, Ресей өркениеті, Ресей ұлты деген
тіркестерді жиі қолданатын болды.

* * *
Жаһанмен ұлттық сәйкестенудің қай елдерге тиімді, қай
елдерге тиімсіз екендігі жөнінде Батыста да, Шығыста да көп­
теген зерттеу мақалалары жарияланды. Сол ғылыми еңбек­

терде бұл процеске қатысушыларды екі топқа бөледі: ұлттық
сәйкестіктің объектісіне айналғандар және оның субъектісі
болып отырғандар. Бұлардың алғашқысы – бейімденушілер,
екіншісі – бейімдеушілер.

Әлемде ұзақ уақыт бойы Еуропа үлгі, яғни бейімдеуші ре­
тінде  танылып келеді. Бұған алғаш қарсы болғандар еура­
зийс­тер еді. Олар Ресей аристократиясының батысшылдығын
сынап, мына сауалдарға жауап іздеді:

1. Роман-германдық мәдениеттің басқа мәдениеттерге қа­

рағанда барынша жетілдірілгенін дәлелдеуге бола ма? 2. Бір ұлттың екінші ұлт жасаған мәдениетті толық қа­

былдауы мүмкін бе?

ШЫҒАРМАЛАРЫ

3. Еуропа мәдениетіне бейімделу игілік пе, әлде қасірет пе? 4. Әлемнің еуропалануы болмай қоймайтыны құбылыс па? 5. Еуропаланудың зардаптарымен қалай күресуге болады?

Осы сауалдар төңірегінде толғанған Ресейдің ұлтшыл
элитасы жүздеген еңбек жазған. Олардың көшін Н.С. Тру­
бецкий, П.Н. Савицкий, Г.Ф. Флоровский, Л.П. Карсавин,
Н.П. Сувчинский секілді еуразийстер бастады. Солар шы­

ғарған «Евразийская хроника» журналы мен «Евразия» га­
зеттерінде «Еуропа мәдениеті – Еуропалықтар үшін. Біз төл
мәдениетімізді ардақтаймыз» деп үзілді-кесілді мәлімденді.
Еуропа мен Азияның қоспасы болып табылатын кеңістікте

Еуразия мемлекетін құруды ұсынды. Сол арқылы Батыстың
ықпалынан азат болуға шақырды. Мұның астарын әркім
әртүрлі түсінді. Мәселен, әлемге әйгілі жазушы, шамадан
тыс орысшылдығымен көзге түскен Ф.М. Достаевский еура­

зийстерді жан-тәнімен қолдай отырып: «Біз Еуропада бейім­
делушілер мен құлдармыз, ал Азияда билеушілерміз», – деген
болатын. Осы қаламгердің «Еуропада – татарлармыз, Азия­
да – еуропалықтармыз» деген ұлтшылдық сарындағы ұраны

да белгілі. Еуропаның қол жетпейтін өркениетіне ақ тер, көк
тер болып босқа ұмтылғанша, жайбарақат жатқан Азияны
ауыздықтауға үндеген ол Ресей тарихында «Орыс идеясының»
негізін қалаушылардың бірі ретінде мәңгі қалды.

Әрине, Еуропада ұлтан болғанша, Азияда сұлтан болу әл­
деқайда тиімді. Патшалық Ресей бұл саясатты қылыштың
жүзімен жүргізді. Коммунистік Ресей де тарап кеткенше сол
бағытты ұстанды. Осылайша Ресей империясы ғасырлар бо­

йында қол жеткен жерді өзіне бейімдеумен болды. Ал бүгінде
бұл алпауыт ел бейімделушінің кейпінде Батыс пен Шығыс­
қа алма-кезек қарайды. Ұлттық сәйкестіктің шарттарын да
жасап қойған. С.В. Кортуновтың «Становление национальной

идентичности» еңбегінде ол шарттар былай жіктеледі:

– Ресейдің дәстүрлі өркениетін сақтай отырып, Еуропа

өркениетіне интеграциялану;

– Тұйықталудан толық ашықтыққа қадам жасау;

– Ұлттық сәйкестік үрдісінде объектіден субъектіге айналу;

– Әлемге бейімделе жүріп саяси зерделі империялық ұлт

құру.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Бұлар ресми қабылданған принциптер болса, Ресейдің бір­
қатар саяси элитасы ұлттық сәйкестікте бәрі ұлттық өрке­
ниеттің сүзгісінен өтуі керек деп есептейді. Әсіресе Батыс пен
АҚШ-тың ақпараттық агрессиясына қатты шүйлігуде. Бүгін­

де Ресей телеарналарында көрсетілетін көркем фильмдер­
дің үлес салмағы отандық өнімдерден үш есе артық екендігін
ақпараттық апат деп санаған зиялылар қазіргі таңда әлемде
120 телеграф агенттігі, 46 мың телестанция, 30 мың радио­

станция бар екендігін есептей келіп, 86 мемлекеттің шетелдер­
ге хабар тарататынына, олардың талайы Ресейдің ақпарат­
тық кеңістігіне енгеніне, соның салдарынан жастардың өзге
мәдениеттер мен дәстүрлерге әуес болып бара жатқанына

қынжылады. Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатия­
лық академиясының профессоры И. Панарин («Технолигия
информационной войны») ұлттық бәсекеде және ұлттық сәй­
кестік үрдісінде Ресей объектіге емес субъектіге айналу үшін

сыртқы дүниемен батыл ақпараттық интеграцияға баруды
ұсынады. Оның ойынша, Ресей әуелі Германиямен, Австрия­
мен, Франция және Испаниямен осындай байланыс орнату­
ға тиіс. Содан кейін Ресей толық мүшесі болатын Еуропалық

бірегей интеграциялық ақпараттық арна құру қажет. Оны
2010 жылы еуропалық ақпараттық қоғамға айналдырып, ақ­
парат алмасуда өзара тиімді келісімге қол жеткізуге болады.
Ал түпкі мақсат – Ресей басты ойыншы болып табылатын

Азиялық – Тынық мұхиттық ақпараттық қоғамдастығын құ­
ру. Бұл қоғамдастық әлемдік ақпарат айналымында әр елдің
талап тілегін ескереді, ақпараттық агрессия ұғымы жоғалады.
Ресей зиялыларын алаңдатып отырған мәселелер біздің

елде де бар. Ұлттық фильмдер Қазақстан телеарналарында
көрсетілетін киноөнімдерінің 3%-ын ғана құрайды. Ресей
элитасы Батыстың ақпарат ағымынан қорғануды ойласа, біз
осы мемлекеттің телеарналары республикаға еркін енгеніне,

қазақ тіліндегі төл хабарлардың солардың көлеңкесінде қал­
ғанына алаңдаудамыз.
Әрине, қазіргі кезеңде, теле-коммуникациялық техноло­
гия  барынша дамыған уақытта, сыртқы ақпарат ағымына

тосқауыл қою мүмкін емес. Оның қажеті де жоқ. Өзің бере
алмайтын немесе өндіре алмайтын ақпаратты әлемдік арналар

ШЫҒАРМАЛАРЫ

арқылы халыққа жеткізуге міндеттісің. Сол ақпараттардың
айқын зардапты түрлерінен елді қорғау да парызың. Әлемнің
дамыған елдерімен ақпараттық технологияда бәсекеге түсе
алмайтының да белгілі. Олар құрып отырған ақпарат жүйесі­

нің қуаты бас айналдырады. Би-Би-Си, СНН секілді алпауыт­
тарды былай қойғанда, АҚШ-та ғаламдық тағы бір жекемен­
шік ақпараттық империя құрылған. «Америка – онлайн» әлем­
дік Интернет – провайдері мен бұқаралық ақпарат құралдары

саласындағы ең ірі компания «Тайм Уорнер» бірігіп күшейе
түсті. Олардың ортақ құны 350 миллиард долларға жуық.
1994  жылы «Хьюз» компаниясына тиесілі екі байланыс жер
серігі ұшырылды. Ол бір мерзімде 150 телеарнаның хабарын

таратуға қабілетті.
Осындай жағдайда И. Панариннің ұсыныстары орынды
секілді көрінеді. Қазақстан әуелі ТМД аймағында ақпарат­
тық қоғам құруға ынталы болып, сол арқылы қауымдастық

шеңберінде ақпарат алмасудың барлық тараптарға тиімді
жүйесіне қол жеткізе алар еді. Мұндай қоғам республика
Президентінің жүзеге асып отырған Еуразиялық идеясының
аясында осы ұлан-ғайыр кеңістікте дүниеге келсе, құба-

құп емес пе?! Жаһандық үрдіске айналған ұлттық сәйкестік
өрісін­де ақпарат ағымы мен ақпарат алмасудың қаншалықты
маңызды екенін ескерсек, бұл ойлардың түбінде қолға алы­
натынына сенесің.

* * *
Ұлттық сәйкестіктің қажет екеніне және оның болмай
қоймайтынына көз жеткізген елдердің қатары уақыт өткен
сайын толығып келеді. Ғаламдану ғасырында ешкім де

өзгелерден тыс дербес өмір сүре алмайды. Алайда бұл сәйкес­
тіктің де жөні мен жосығы болуы керек. Дамушы мемле­
кеттердің саяси-шығармашылық элитасы бүгінде осы үн­
десудің объектісіне ұзақ уақыт айналу қаншалықты тиімді

және қаншалықты зиянды деген ойға берілген. Егер сен
экономикалық-мәдени даму жолын өзіңе үлгі тұтқан елдің
өркениетін талғаммен қабылдап, ұлттық тарихи қалыптасу

АЛДАН СМАЙЫЛ

дәстүрлеріңмен сәйкестендіре алмасаң, алдымен рухани,
соңынан саяси тәуелділікке ұшырауың мүмкін. Осыған орай
нені сәйкестендіреміз, нені қабылдамаймыз деген сауалға
ғы­лыми-философиялық негізделген дұрыс жауап табудың

маңызы зор. Араб Африкасының елдері бұл ретте барынша
принципшіл. Олар рухани және діни салада басқа өркениет­
ті мүлде мойындамайды, мың жылғы ұлттық дәстүрлері қаз
қалпында сақталған. Экономикалық ашықтықтың өлшем­

дері де соған бағындырылған. Бұған осы елдердің ұлттық тұ­
тастығы, басқа этностардың аздығы және араб рухы оларды
баяғыда сіңіріп алуы мүмкіндік беріп отыр. Ал қария тарих­
тың ұзына бойында діні де, ділі де бөлек іргелес әлді мемлекет­

тердің шырмауында болып, өздеріне жат өркениетті еріксіз
мойындаған, тәуелсіздік алған кезеңде соның ықпалынан
арылу оңайға түспей отырған жерлерде көбіне «жартылай
жабық, жартылай ашық» принципі басым. Бұл көбіне ТМД

мемлекеттеріне тән.
Осы жерде назар аудара кетейік, ұлттық сәйкестікте Еуро­
паның Франция, Германия, Англия секілді барынша дамы­
ған елдерінің өзі барынша сақ. Олар қазіргі деңгейіне саяси-

экономикалық құрылымды әлемнің озық үлгілерін талғам­
мен  қабылдай отырып сабырмен модернизациялау арқылы
жетті және сол жетілу жолында ұлттық мемлекет принципін
бірінші кезекке қойды. Әлі де солай. Дәстүрлі өркендеу жолы­

нан  жаңылдырмайтын әрі әлеммен қатар дамуға бастайтын
мұндай бағытты бүгінгі Қазақстан да таңдаған. Республика
Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев ұйтқы болған Еуразиялық
одақ секілді халықаралық ұйымдар арқылы Қазақстан өзінің

мемлекеттік, яғни ұлттық мүддесін алыс және таяу елдер­
мен экономикалық-рухани сәйкестікте дәйекті шешіп келе­
ді. Елбасы тәуелсіздік стратегиясы аясында талай мәрте атап
көрсеткеніндей, бұл одақтар ең алдымен әр елдің ұлттық

мүдделері өзара тиімділік жағдайында жүзеге асырылуын,
таңдау еркіндігі сақтала отырып күш біріктіру мақсатын
көздейді. Нақ осы ұстаным жекелеген мемлекеттер арасын­
дағы және адамзаттық деңгейдегі сәйкестікте адастырмас те­

мірқазық болуға тиіс.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Ғаламмен ұлттық сәйкестікке ұмтылудың қазіргі заман­
ғы ерекшеліктері туралы зерттеулер аз емес. Батыстың сая­
сат­керлері мен ғалымдары кешегі Кеңестер Одағы рес­пуб­
ликаларының осы ыңғайдағы ахуалын талдай келіп, бұл

орайда Қазақстанның іргелес мемлекеттерден көш ілгері
кетке­ніне, республиканың қысқа мерзімде серпінді эконо­мика­
лық даму жолына түсіп үлгеруі соның нәтижесі екеніне назар
аударады. Олар сонымен бірге кейбір мемлекеттердің «жабық

есік» жағдайында өмір сүріп отырғанын айта келіп, бұлардың
қатарына Өзбекстан мен Түркіменстанды қосады. Батыс ел
танушылары мұны аталған мемлекеттерде кешегі коммунис­
тік режимнің тұсында дәстүрлі ұлттық құндылықтардың сұ­

йылып кетуінен, оларды қайта жаңғырту үшін белгілі мер­
зімге тұйықталудың қажет болғандығынан емес, мемлекет
билігін қолға алғандардың әлеммен ашық араласып, ұлттық
сәйкестікке баруға дайын болмай шыққандығымен түсінді­

реді. Бұл пайыммен белгілі дәрежеде келісуге болатын шығар.
Ұлттық сәйкестікке талпынған елдердің біразында мәде­
ниеттер алмасуының тарихы да зерттелуде. Ұзақ уақыт Бри­
тания мәдениетін сіңірумен болған Индияның тарихи қысқа

мерзімде ұлттық рухын тауып, барлық жағынан қарқынды
дамып келе жатқандығының сырын білу артық болмас еді.
Кеңестік мазмұндағы коммунизм идеясын елді қырып-жойып
жүзеге асыруға асыққан Қытай жалт бұрылып, Батыстың

нарығын қалай тез игереді деген сауалға айқын жауап тапсаң,
төңірекпен тізе қоса ілгерілеудің тетігін табар ең.
Осындай зерттеуді ТМД аумағында ерте бастаған Ресей
ғалымдары жарамсыздығы тарихи дәлелденген режимдік

идеологиялардың зардабынан жедел арылып, әлеммен ұлт­
тық сәйкестікке түсудің бірден-бір тиімді жолы – мемлекет­
тік ұлттық құндылықтарды әмбебаптандыру деп отыр. Бұл
жердегі ұлттық мемлекеттік құндылықтар дегеніміз – елді

экономикалық және рухани дамытудың саяси шешімдері,
сыртқы дүниемен осы салаларда жасалатын қарым-қаты­
настың басым бағыттары. Егер осы таңдаулар мемлекеттің
ішкі қажеттігінен туындап, жүзеге асыру мүмкіндігіне сай

келсе және өзге елдермен байланыста қатаң ескеріліп, нақты
нәтижелерге негізделсе, ұлттық құндылықтардың әмбебап­

АЛДАН СМАЙЫЛ

тандырылғаны. Қазақстанның даму жолы, Елбасының өркен­
деу жолы осы талаптардың айрықша ескерілуімен дараланады.
Ал Батыс пен Шығыстың ойшылдары болса, жекелеген
ұлттардың сәйкестігі адамзаттық сәйкестікке бастайтынын

дәлелдеуден жаңылған емес. Профессор К.С. Ито («Волна
новой цивилизации, исходящая от Японии») әлемдік жүйе
құндылықтан әмбебап құндылықтарға ұмтылып жатқанын
айта келіп, Жапонияның сондай құндылықтарды жасап үл­

гергенін, себебі адамзатпен ұлттық сәйкестікке ерте түс­ке­
нін, сондықтан жаңа жаһандық әмбебап өркениеттің отаны­на
айналғанын мақтан етеді. Франция Еуроодаққа 2001 жы­лы
ұсынған «Еуропа – держава» жоспарындағы ұлттық мем­

лекеттердің конфедерациясын құру туралы идеясынан бас
тартқан жоқ. Бұл идея бойынша ұлттық сәйкестік жаһандық
сипатқа ие болуы үшін ұлттық республикалар осылай бірігуі
керек. Италия профессоры К. Баймонте («Поиск национально-

цивилизованной идентичности») ұлттық сәйкестік әлемдік
сәйкестікке айналғанда Италияның негізгі құндылығы –
футбол, ұлттық тағам мен пляж қызығы ғана болып қалады
деп уайымдайды. Осы байламдардың ішінде С. Хантингтон­

ның («Столкновение цивилизации») ойы оқшау тұр. Ол ұлт­
тық сәйкестік қанатын кеңге жая келе адамзаттық біркел­
кі өркениеттің құрылуына әкеледі, жаңа адам, әлем адамы
жасалады дейді де, оған «хомоглобалис» деп ат қояды.

Кім білсін, екпінінен тау теңселетін заманда ол да ғажап
емес қой.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ҰЛТ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК

Еліміз тәуелсіздік алған күннен бергі уақыттың ұзына
бойында қазақ ұлты мен тілін тарихи тағына отырғызып,
мәртебесін биіктету жолындағы күрес негізінен екі бағытта
көрініс тауып келеді. Оның бірі – республиканың этникалық

құрамы мен Қазақстанның халықаралық қатынастағы сая­
си-әлеуметтік ұстанымдары терең зерделенген мемлекеттік
қадам. Екіншісі кейбір қоғамдық ұйымдар мен жекелеген
ұлт зиялыларының тіл мен ұлт үстемдігіне қол жеткізудің

шұғыл шараларын жедел жүзеге асыруға шақырған ұшқыр
талаптарына толы. Осы екі таңдаудың мән-мазмұнын ашып
көрсету қазіргі күннің рухани-философиялық қажетіне ай­
налып отыр. Бұл ұлтты, оның ішінде мемлекет құрушы ұлт­тың

тілін тарихи және саяси-әлеуметтік, рухани категория ретінде
талдауға жетелейді. Осы орайдағы зерттеулер ұлт пен тілдің
тәуелсіздікті сақтау мен нығайтудағы ықпалын жан-жақты
анықтауға, соған сәйкес оның мәртебесін көтеру жолындағы

қадамдарды айқындауға арналса, біз бүгінгі күнде кездесіп
жүрген көп түйіннің күрмеуін шешер едік.
Тіл мен ұлт және тәуелсіздік ұғымдары бір-бірінен бөліп
қарауға келмейтін егіз қасиеттер болғандықтан олардың өзара

байланысына аз-кем тоқтала кетейік. Әлемде «Тәуелсіздік»
атты саяси-философиялық ілім бар. Ол ықылым заманнан
бері қарай толығып келеді. Уақыт озған сайын жаңа ғы­лыми
пайымдармен жаңартылуда. Осы саладағы қыруар зерт­теу­

лердің мына үш түйіні аса маңызды.
Бірінші түйін: Тәуелсіздік бүкілхалықтық, ұлттық ауқым­
да  болуы керек. Оның ұлттық ауқымын үш азаттық айқын­
дайды: саяси, рухани және тіл азаттығы. Бұлар бірін бірі

толықтырады және өзара ажырамас бірлікте. Бірінің олқы
соғуы екіншісінің мәртебесіне нұқсан келтіреді. Бәрі қатар,
үндесе өркендемеген жерде толық тәуелсіздік те жоқ.
Екінші түйін: Тәуелсіздік ұлттық дәстүрлі бостандықты

қалпына келтіруі керек. Ұлттық дәстүрлі бостандық дегені­

АЛДАН СМАЙЫЛ

міз – елдің сан ғасырлық бағзы салт-дәстүрлерінің мемлекет
ауқымында құрметтелуі, сол дәстүрлерден қайнарланатын
ұлттық мәдениеттің ардақталуы және ана тілінде жасалған
рухани құндылықтардың қастерленуі.

Батыс фолософы әрі тіл зерттеушісі В. Гумбольдтің сөзі­
мен айтсақ, адамның жаратылу сәтімен бірге қанға сіңетін,
оның рухани қуаттануы үшін шексіз мүмкіндік беретін,
шығармашылық қабілетін ұдайы дамытатын және сананың

интеллектуалдық сезім-түйсігі (инстинкті) болып табылатын
тілді ұлттың дәстүрлі бостандығының тұғыры ету мемлекеттік
ұлттық саясаттың арқауына айналуға тиіс. Сол саясат арқылы
тілді, осы тілде жасалған барлық рухани құндылықтарды ең

алдымен ел мен жердің тарихи мұрагері саналатын ұлттың өзі
терең игеруінің және құрметтеуінің маңызы зор. Бұл оларды
басқа ұлт өкілдерінің қастерлеуіне жол ашады, тілдің ортақ
қажеттілікке айналу үрдісін жеделдетеді, этникалық рухани

жақындасу процесін тездетеді.
Үшінші түйін: Тәуелсіздік ұлттық ар-ождан бостандығын­
сыз баянды бола алмайды. Ар-ождан бостандығы дегеніміз  –
өмірді ұлттық мінез арқылы танып, сыртқы саяси-рухани

ықпалдардан ұлттың мәдениеті мен дәстүрін, тілін, ділі мен
дінін қорғау еркіндігі. Тәуелсіздік елдің ұлттық мінезімен
өзгелердің санасуына кепілдік беруге тиіс. Ал ұлттық мінезді
қалыптастыруда ұлт тілінің маңызы ерекше. Біз егер белгі­

лі бір төңіректе қауымдасқан, бір мемлекеттің туы астында
одақтасқан адамдардың этнакалық әркелкілігіне қарамай
ру­хани-психологиялық бірігуін, мемлекет құрушы елдің ар-
ожданын құрметтеуін қаласақ, олардың өмір тану талғамы­

ның  үйлесуіне қызмет етуге міндеттіміз. Бұған ұлт тілінің
баршаға ортақ болуы арқылы жетесің.
Біз бүгінде тіл мен ұлт төңірегінде қайшыласып жататын
пікірталастарда осы үш түйінді ескере отырып, тәуелсіздік­

тің ұлттық, саяси, рухани және тілдік негіздерін жеке-жеке
категория ретінде терең талдауға, олардың өзара үйлесе даму
заңдылықтарын жан-жақты зерттеуге тиіспіз. Бұл орайда
бірқатар ғылыми-сараптау жұмыстары жүргізілгенімен жа­

салған қорытындылар мен байламдарда ортақ пәтуа жоқ. Кей­
бір философтар ұлт жайындағы зерттеулерінде мәселеге бі­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

рың­ғай еуропалық солқылдақ көзқараспен келіп, ұлтты этнос,
ел деген жасанды теңеулерге телуге дайын тұрса, екіншіле­рі
тарихи қалыптасқан классикалық пайымдарды таңдайды.
Бізге осы соңғы тұжырым жақын. Ұлт, яғни нация ұғымын

қазіргі жаһандану кезеңіндегі халықтар мен мемлекеттер­
дің саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени араласуы­
ның қарқынына қарай өзгертудің қандай шаралары болса да
адамзат өркендеуінің табиғи эволюциясына кереғарлығымен

қарсылық туғызады.
Ұлт және сол ұлттың белгілі бір кезеңдегі мүддесі туғыза­
тын  ұлтшылдықты зерттеумен нақты айналысып келе жат­
қан әлем ғалымдарының интегралистік әдісі он екі ережеге

негізделген. Осы он екі сараптаудың бәрінде де ұлт этностан
биік, оның ең жоғары сапалық көрсеткіші. Ғаламды өзіне ба­
рын­ша тиімді демократиялық өлшемдерге бейімдеп, сол арқы­
лы саяси-экономикалық тиімділікке жетуді ойлаған Еуропа

фило­софтары қазіргі еркін қарым-қатынас заманында ұлт­
тық мемлекет идеясы неге ерекше мәнге ие болып отырғанын,
ең ұсақ халықтарға дейін тәуелсіздікке неге жойқын құш­
тарлықпен ұмтылып жатқанын, осындай талпыныс ұлт ұғымы

сұйыла бастады деуге әуес кәрі құрлықтың өзінде неге өршіп
кеткенін, шотландықтар мен уэльстіктердің, валлондар мен
фламандықтардың, баскілер мен каталондықтардың тәуел­
сіздікке ұмтылысын зерттей келе адамдарды қауымдастыру

үшін жайлы жұмақ өмір де, территориялық ортақтық пен
мақсат бірлігі де аздық ететініне, тұтастық пен бауырластық­
тың құдірет күші ұлт ретінде ұйытқан тіл болып табылаты­нына
ден қойды. Ұлттық қауымдастықты этностың тарихи форма­

сы түрінде қараған, осы заманғы ішкі және сыртқы фактор­
лардың эволюциясын егжей-тегжейлі талдаған, әлеуметтік-
тұрмыстық салдарлардың белгілі бір этностың генетикалық
ерекшеліктеріне әсерін екшеген, этнос, халық, ұлт, мәдениет

және тіл категорияларын жеке әрі өзара байланыста сарала­
ған еуропалық философтар М. Манн («Нации государства в
Европе и на других континентах: разнообразие форм, развитие
неугосания»), З. Бауман («Национальное государство – что

дальше?»), Ресей ғалымы М. Мнацаканян («Культура. Этно­
сы. Нации. Размышления об истоках и природе национальной
16-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

общности») және басқалары осы түйінге тіреліп отыр. Олардың
ұлт жөніндегі пайымдары жаһандану арқылы жаңа жаһан­
дық ұлт туғызуға барын салып жүрген әріптестері Э. Гидденс­
тің («Навстречу глабальному веку») ұлттық құндылықтар­

д­ы сақтауға ұмтылған ұлтшылдық атаулының бәрі күйрету­
ші сипатқа ие, сондықтан бізге космополиттік мемлекет пен
космополиттік ұлт керек деген идеясын жоққа шығаруда.
Э. Гидденс Еуроодақты космополиттік мемлекеттің үлгісі деп

біледі. Оның шамалауынша, осы одақтағы жаңа мәдени қа­
рым-қатынас тарих пен тарихи сезімді сұйылтып жатқандай.
Алайда Еуроодақ елдерінің өзі бұл байламға қарсы. Франция
мен Голландия Еуропа Конституциясын қолдаған жоқ. Одақ­

қа кірген ұлттық мемлекеттер саяси-экономикалық, тілдік
тәуелсіздіктерін сақтаумен бірге көздің қарашығындай қор­
ғап отыр.
Космополиттік ұлт ешқашан да қалыптаспайтынын дәлел­

деушілер: «Әлемде жоталы Қытай, Жапон, Ағылшын мен
Француз ұлттық мемлекеттігінен жаһанданудың жолы осы
екен деп неге бас тартуы керек?» деген сауал қояды да оның
мүмкін емес екендігін қайта-қайта дәлелдейді. Негізгі дәлел­

дері – қытай да, жапон да, ағылшын да, француз да этнос емес,
тарихи шыңдалған ұлт. Ұлтты этностың деңгейіне түсіргісі
келетіндер Еуропаның космополитизміне емес, ұлт жайында­
ғы парасатты ғылымына назар аударуы қажет. Сол Еуропа­

да ұлттық белгілер бойынша болып жатқан дау-дамайлар­
дың себеп-салдарын терең зерделегендері жөн. Кәрі құрлық­
та 90 жылдары ғана 10-нан астам жаңа ұлттық мемлекеттер
пайда болды. Олардың біразын, атап айтқанда, Хорватия

мен Словенияны, Македонияны ұлттық қозғалыстарды жақ­
тырмайтын Еуропаның өзі мойындады.
Сонымен, адамзат бой түзегелі тарих сахнасынан түспей
келе жатқан, дербес өмір сүріп жүріп бүгінгі ғаламдық өрке­

ниетті жасауға қатысқан, ғасырлардың талай сұрапылдарына
төтеп беріп, өзінің табиғи-тарихи болмысын сақтап қалған ұлт
дегеніміз не? Бұл сауалға осы заманғы ғылыми-философия­
лық жауап мынандай: Ұлт – адамдардың буржуазиялық дәуір­

дің шарттары мен факторларының қуатты ықпалы арқы­лы
модернизмнің айрықша тарихи жағдайында туған, ұлттық

ШЫҒАРМАЛАРЫ

тілімен дараланатын мәдени-психологиялық қауымдастығы.
Ұлт қуатты интеграторға, яғни ұлттық қайратқа ие, ол ұлт­
тың ішкі байланыстарын уақыт талабына сай жетілдіру­
ге және қайта ұйымдастыруға қызмет етеді, ұлттық дамуға

нұқсан келтіретін кедергілердің бәрін күйретумен болады.
Бұл интегратор, Мұстафа Шоқайдың сөзімен айтсақ: «Ұлт­
тың зиялы қауымы мен ол тән болып отырған халық бұқарасы
арасындағы ортақ сана». Осы Алаш қайраткері атақты алман

философтары Кант пен Фихтлердің еңбектеріне сүйене оты­
рып, «Ұлттық зиялы» мақаласында: «Халық бірін-бірі және
өзін-өзі басқара алмайтын, басқалардың басқаруында ғана
болатын тобырлар. Ұлт басқаларға тәуелді болмаған, өзінің

мекемелеріне ие және өзінің бірыңғай мүддесі бар халықтар
жиынтығы. Философияның тұжырымдауынша, халық –
объект, ұлт – субъект», – деген еді.
Осы анықтамаларды жинақтасақ, ұлт ұлттық мемлекет

құрай алатын саяси ұйымдастырушылық қабілетке ие. Ол
ұлт­тық мемлекетті қажетті заңдылықтармен қамтамасыз ете­
ді. Ұлттық мемлекеттер ғана халықаралық қатынастардың
толыққанды субъектісі ретінде өмір сүре алады.

Этнос туралы өркениетті елдер ғалымдарының байлам­дары
әртүрлі. Фредрик Барт оның негізгі белгісі ортақ мәде­ниет
емес, этнос әлеуметтік қауымдастық деген пікірде. Ю.  Бром­
лей («Человечество – это народы») әлі рухани тұтастығы

жоқ тайпаның ішінде рулар пайда болып, дәстүр ортақтығы
жақындастырған топ түрінде қарастырады. Л .Дробижеваға
сүйенсек («Ценности и символы в контексте новых концеп­
ции этничности»), этнос – этнографиялық әрекеттер формала­

ры ұқсас, дүниетаным жақындығы қауымдастырған бірлік.
Ал М. Вебер сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының ұқ­
састықтарына қарай немесе отаршылдық не көші-қонды ба­
сынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу

тектерінің бір екендігіне сенетін топты этносқа жатқызады.
Кейбір зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығы бо­
йынша анықтама беріп келсе, Л. Гумилев бұл белгілердің
этностың бәріне бірдей тән емес екенін дәлелдеген болатын

(«Саяси түсіндірме сөздік»).

АЛДАН СМАЙЫЛ

Аталған пайымдардан шығатын қорытынды – жекелеген
ұқсас қасиеттеріне қарамастан ұлт пен этностың арасы жер
мен көктей. Ұлтты этностың деңгейіне дейін төмендету сол
биікке дәуірлер бойғы қыруар қиындықтарды еңсере отырып

жеткен ұлттарды, оның ішінде қазақты тарихи мәртебесі­
нен, мемлекет құру бақытынан, халықаралық саяси субъект
болу мүмкіндігінен айыру, республикада тұрып жатқан
диас­поралардың санатында қарау деген сөз. Мұның саяси-

әлеуметтік зардаптары қандай болатынын аңғару қиын емес.
Ол жайындағы ой-байламдарды көзіқарақты елдің өзіне қал­
дырып, мына мәселені арнайы атап көрсеткіміз келеді. Ұлт
пен этносты шатастыру мемлекеттің республика тұрғында­

рын қазақ ұлтының төңірегіне топтастыруға арналған, ұзақ
мерзімге белгіленген, төзімділік пен парасаттылықты қажет
ететін саясатын қатардағы көпшіліктің дұрыс түсінбеуіне
әкеліп соғады. Этносты ұлттан жоғары қойғандардың қателі­

гін кейбір қозғалыстар мен ұйымдар биліктің кінәсі ретінде
қарай бастады. Бұл бізді ойландыруға тиіс.
* * *
Ұлт пен тәуелсіздік аясында толғанған қайраткерлер

мен философия саласындағы ғалымдардың бәрі белгілі бір
мемлекеттің шеңберінде түрлі тарихи себептермен тоғысқан
этностардың саяси-рухани жағынан барынша жақындасуы­
на қалай қол жеткізуге болады деген сауалға жауап іздеуден

жалықпай келеді. Себебі осы қиын күрмеу шешілсе, мем­
лекетте баянды тыныштық орнайды. Ал ішкі бейбіт өмір –
даму атаулының алтын тұғыры.
Қазақ ұлты республика Президентінің күш-жігерімен бұл

бағытта тәуелсіздік жылдарының ұзына бойында страте­
гиялық маңызы зор саяси шараларды табандылықпен жүзеге
асырып келеді. Осы орайдағы қадамдар уақыт озған сайын жаңа
мән-мазмұнмен байытылуда. Біз сол қам-қаракеттің қанша­

лықты саяси салмағы бар екенін, олар қандай жағдайларда
нендей жолдармен нәтижелі бола алатынын айқындай түсу
үшін аталған мақсатқа бізден бұрын қол созған елдердің іс-
тәжірибесін байыпты зерттеуге мүдделіміз.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Азаматтық қоғам құру және түрлі этностарды бір ұлт тө­
ңірегіне топтастыру жайында сөз қозғалса, алдымен Аме­
рика Құрама Штаттары аталады. Осы елде америкалық
жаңа халықтың (ұлттың) қалыптасу жолы туралы түрлі пі­

кір-тұжырымдар бар. Кейбір этнограф ғалымдар мен тарих­
шылар американдықтарды саяси-азаматтық құрылым деп
біледі және ұлт-мемлекет болып тұтасудың ерекше үлгі­
сіне балайды. Қайсыбірі мұны жоққа шығарып, АҚШ тұр­

ғындарын алуан түрлі мәдениеттер өзара үндескен көп эт­
никалық қоғамның өкілдері деп есептейді. Бұл пайымды
қостаушылардың дәлелдеуінше американдықтар ұлттық не­
гізде бірігіп үлгермегендер, бір тұтас жұртқа айналу құш­

тарлығы сүттей ұйытқан, бұрын-соңды болмаған ерекше
қауымдастық. Үшінші тұжырым бойынша АҚШ-тағы этнос­
тар өкілдерін топтастыруға осы мемлекетті әр кезде басқар­
ған қайраткерлердің америкалық державалық ұлтшылдықты

бірінен бірі іліп алып, ғасырлар бойы ұдайы насихаттауы, оны
елдік пассионарлық қуатқа айналдыруы ықпал етті.
Осы түйіндердің қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екеніне көз
жеткізу үшін американдықтардың қалыптасу тарихына бар­

лау жасап көрелік.
Ағылшындар Америка құрлығына 1620 жылы ат басын
тіреді. Олар мінген «Мэйфлауэр» кемесі еуропалықтар бұрын-
соңды аяқ баспаған жерге сол жылдың қараша айында жетіп

тоқтады. Арада он жыл өткенде Англия құрлықты игеру­
ге жоспарлы түрде кірісті, Массачусетс мүйісіне алғашқы
отарлаушылар келіп орнықты. Олардың арасында туған жерін
саяси себептермен тастап шыққан оппозиция белсенділері

де бар еді бұлар табаны тиген топырақта өздеріне қарсы тұра
алатын өркениетті күштің жоқ екендігіне көз жеткізген соң
қиялға берілді: Америка Еуропаға ұқсамайтын, Адамға да,
Құдайға да қолайлы, жұмаққа бергісіз жерұйыққа айналуға

тиіс. «Біз құратын қоғам мен мемлекет қыр үстіндегі әсем
шаһар секілді дүниенің назарын өзіне аударатын болады», –
деді ағылшын кезбелерінің көсемі Джон Уинтроп. «Өзімізге
қолдау көрсетіп келген Құдайды алдамасақ, оның сенімін

ақтасақ, әлем біз жайлы барлық тілде тамсана әңгімелейтін
болады» (Д. Бурстин. «Американцы: колониальный опыт»).

АЛДАН СМАЙЫЛ

Джон Уинтроп өзі «жақын әрі алыс арман» деп суреттеген
осы мақсатына мына негіздер арқылы жететініне сенді.
Олар: ағылшын мәдениеті мен ағылшын тілі, протестант ді­
ні және кәсіпкерлік қызметінің этикасы. Мұның алғашқы

екеуі Америка құрлығына дүниенің шартарапынан толас­
сыз ағылатын түрлі ұлт өкілерінің бір тілде сөйлеп, бір дінге
сенуі арқылы бір ұлтқа айналуына ықпал етсе, соңғысы елде­
гі экономиканы дамытудың өркениетті жолдарын құрмет­

теуге және таңдауға жұмылдыру үшін қажет еді. Алғашқы
кезеңнен дұрыс қабылданған осы үш қағида ұсақ этникалық
эгоистік қарсылықтарды жеңе отырып, жаңа американдық
өмір сүру дағдысына айналды, бірін бірі толықтырды, уақыт

өзгерістеріне сәйкес жетілдірілді, ақыр соғында Масса­чу­
сетсте қабылданған «Негізгі заңдар» арқылы бекітілді. Жаң­
бырдан соңғы саңырауқұлақтай жапатармағай құрылған Пен­
сильвания, Мэриленд, Виргини колонияларының бәрі осы

заңдарды ұстанды.
АҚШ-тың ХІХ ғасырда өмір сүрген көрнекті ойшылы
Ральф Эмерсон Конституция іспетті осы «Негізгі заңдарда» ұлт
туралы сөз қозғалмайтынына назар аударады. «Философия

жизни» еңбегінде құрлыққы тұс-тұстан құйылғандардың
«Құдай және біз» деген қағидаға жүгінгенін, әлемнен, ондағы
толып жатқан нәсілдерден өздерін осылай түпкілікті бөліп
алып қана мақсат-мұраты бір, мемлекеттің жеңістері мен

жеңілістеріне этникалық әркелкілігіне қарамай тұтас қуа­
нып, жағалай қынжыла алатын қауымға айналуға болатынын
білгенін, оларды сол ниет-тілекке ұйытқан қайраткерлердің
көрегендігін деректі баяндайды.

Америка Құрама Штаттарының алғашқы жылдарындағы
қоғамдық құрылыс пен рухани-әлеуметтік қарым-қатынас
ере­желері туралы құжаттардың ешқайсында ұлт жайлы ай­
тылмайды. Этникалық атау – ағылшын атауы тілге, онда

да ортақ деп танылған ағылшын тіліне қатысты ғана еске
алынады. Сен неміссің, бұл испан, анау француз деп даралап,
әрқайсының мәдениеті мен тілін дамыту жайлы ой да, ниет
те жоқ. Осыған орай ежелгі үндістердің атамекеніне тұрақта­

ған елдің бәрі ағылшын тілінде сөйледі, соған сәйкес ағыл­
шын мәдениетін қабылдады, араға ұзақ жылдар салып, жүрегі

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ағылшын, заты америкалық ұлтқа айналды. Миллиондаған
итальяндықтар мен голландықтар, гректер мен ирландық­
тар, қырық рудан құралған жұрт өздерінің тарихи қысқа
мерзімде рухани өзгеріп шыға келгенін сезбей де қалды. Тіл

арқылы сіңген ағылшындық салт-сана мен мәдени дәстүрлер
құрлықты Ұлыбританияның үстемдігінен азат ету жолын­дағы
қарулы көтеріліс кезеңінде де сұйылған жоқ. Ал Англия­ның
астамшылдығына наразылықтан тұтанған соғыстың уыты

қатты еді. Бұл сұрапыл шайқас Британия бақылауында ұста­
ған Солтүстік Американың қысымынан Оңтүстік Америка­
ны азат ету ұранымен басталып, бес жылға созылды. 1861-
1865 жылдар аралығында Америка азамат соғысының барлық

қияметқайымын бастан кешірді. Англия жеңіліп, АҚШ-тың
тәуелсіздігін мойындады. Алайда азат етілген құрлықтағы
ағылшын рухының сағы сынған жоқ, сынуға тиісті де емес
еді, өйткені, жоғарыда атап кеткеніміздей, ағылшын тілі ор­

тақ тіл еді және осы жерде тағдыр тоғыстырған ондаған ұлт
өкілдерінің ана тіліне айналып үлгерген болатын. Сондықтан
да АҚШ бірнеше штаттарға бөлінгенімен, Федерация түрінде
емес, ұлттық мемлекет болып құрылды.

Осы баяндалғандардан мына ақиқатты сауып алуға бола­
ды: түрлі этнос өкілдерін рухы мықты бір ұлтқа айналдыруда
тіл шешуші маңызға ие. Мұны осы мәселемен білек сыбанып
айналысқан саясаткерлер де, философтар мен қоғам қайрат­

керлері де мойындаған және қайта-қайта дәлелдеген. Солар­
дың қатарында АҚШ-тың саяси ұстанымдарын зерттеуге ұзақ
жылын арнаған ғалым А. Токвилл де бар. Ол «О демократии
в Америке» еңбегінде: «Англияның үстемдігін жойған он үш

колония бір дінге ұйып, бір тілде сөйледі, салт-дәстүрлері мен
мінез-құлығы, заңдары да ұқсас болды және ортақ жауға қар­
сы тізе қосып шайқасты, сондықтан да бір біріне сіңісіп, тұтас
ұлт түрінде бірікті», – деп жазады.

А. Токвилл бұдан әрі ұлт болып тұтасудың басқа да ай­
қындаушы алғышарттарына жан-жақты талдау жасайды.
Ол алғышарттардың ішінде өркениеттер деңгейлестігі де бар.
Америка Құрама Штаттарының халқын құраған этностар:

ағылшындар, испандықтар, итальяндықтар мен немістер және
басқалары бір тілде сөйлеу арқылы талай ғасырлар бойында

АЛДАН СМАЙЫЛ

үздік саяси, экономикалық, техникалық, мәдени идеялардың
қайнар көзі болған ағылшын өркениетін мемлекетті дамы­
ту­дың діңгегі етті және сол өркениетті қаурыт игеру арқы­
лы өздері де жетілді. Ашып айтсақ, құрлықтың этникалық

негізін қалаған диаспоралар бір-бірімен барлық жағынан
тең еді. Осы теңдік олардың арасында өзара құрмет сезімі­
нің орнауын, табиғи этникалық айырмашылықтардың саяси-
рухани мәнге ие болмауын қамтамасыз етті. «Мен этникалық

жағынан Америка халқы секілді әр текті елді Еуропадан
кездестіре алмаймын», – деп жазады А. Токвилл. – Сол әр текті
халық Еуропаның жартысынан астам жерде тұрып жатыр.
Мэн штатынан Георгии штатына дейін 400 лье. Алайда осы

штаттар өркениетінің арасындағы айырмашылық Норман­
дия мен Бретан өркениеттерінің арасындағы алшақтықтан
аз. Сондықтан бір бірінен шалғайда жатқан Мэн және Георгии
араларын жалғыз өзен ғана бөлетін Нормандия мен Бретанға

қарағанда одақтасу үшін тез тіл табысады».
Жоғарыда баяндалғандардан қандай түйін түйеміз? Тегі
бөлек этностар бір ұлт болып тұтасуы үшін ең әуелі бір тілде
сөйлеуге тиіс. Екіншіден, олардың мәдени, экономикалық

дамуында алшақтық болмауы қажет. Үшіншіден, тарихтың
қалауымен бір жерде өмір сүру бұйрығы маңдайына жазыл­
ған ұлт өкілдері сол топырақтың тағдыры үшін бір сапта, бір
майданда күресуі, осылайша ортақ саяси шайқастарда табысуы

керек.
Ресей саясаттанушысы М. Мнацаканян да ұлт болып тұ­
тасу жолдарын зерттеп жүрген ғалымдардың санатында. Ол
«Национализм и глобализм» атты сараптамалық еңбегінде

АҚШ ұлтын қалыптастыруда америкалық патриотизмнің
ық­палы зор болғандығын атап көрсетеді. Ол патриотизмнің
ұраны – Америка Құрама Штаттарының әлемдегі ерекше
орны. Жалпақ тілмен айтсақ, Америка мен америкалықтар

ғаламдық үстемдікке ие болуы керек. Бұл үстемдік Америка
үшін де, жер шарының өзге халықтары үшін де қажет, өйтке­
ні даму деңгейлері әркелкі ұлттар АҚШ секілді ұлы елдің
экономикалық, техникалық және демократиялық жетістік­

тері арқылы ғана жетіле алады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Осы ұранды идеяны алғаш рет АҚШ президенті Джемс
Монро 1823 жылы көтерді. Әуелі «Америка америкалықтар
үшін» деген доктринаны саяси айналымға енгізіп, құрлық
халқының ұлттық сезімін күшейтті, содан кейін өзіне өзі

сенген, басқалардан қай жағынан да оқ бойы озықсың деген
насихатпен қуаттанған америкалықтарды ғаламның тізгініне
ие болуға шақырды.
Президент Вудро Вильсон Монро арманының астарын аша

түсті. 1902 жылы халыққа арнауында: «Америка Құрама
Штаттары өркендеп, өз ішінде тұйықталу кезеңінен өтті. Енді
оның жаңа дәуірі басталды, бұдан былай әлемге АҚШ қана
билік етуге тиіс», – деп мәлімдеді. Президент Теодор Рузвельт

соған асықтыра түсті. Өзге елдер ғаламдық үстемдік үшін
жанын қиюға әзір дей келіп, планетаның тізгініне ие болу
жолындағы күреске қайрап салды. Осы дүбірлі шақырулар
мемлекеттің ұлттық идеясына айналды, құрлықта тарихи

абсалютизмге негізделген американдық ұлтшылдық өршіді.
Америкалықтар енді ғаламға төрелік айту үшін бұрынғыдан да
тығыз топтасты.
Шығу тегі сан алуан этностардың бір тіл, бір мәдениет ая­сын­

да ұлттық тұтасуы планетаның басқа қиырларында да бай­қал­
ға­ны белгілі. Мексикандықтар мен никарагуалықтар, перуан­
дықтар мен колумбиялықтар, чилиліктер мен венесуэлықтар
тарихи этникалық негізде емес, испан тілі мен өркениетінің

желісінде жаңа ұлттық сипатқа ие болды. Бразилиялықтар­
дың қалыптасуына Португалияның ықпалы зор еді. Аталған
елдерде жергілікті халықтар Америка үндістері секілді түгелге
жуық құртылып жіберілген жоқ, тарихи тамырынан үзілді,

тілінен айырылды.
Жұмыр жерде осындай үрдістер қайталануы үшін адамзат
сондай саяси-этникалық өзгерістерге қолайлы болған ХVІ-
ХVІІ ғасырларға кері оралуы керек. Бүгінде планетада сол

заманда тайпалық деңгейде болған үндістер де, зәңгілер
мен мулаттар да, самбалар да жоқ. ХХІ ғасырдың өркениеті
мен демократиясының дәмін татқан, есейген, жетілген, тә­
уелсіздікті мұрат еткен ұлттар бар. Олар саяси ойындар мен

тәжірибелердің қандайына болса да қарсы тұрады және күй­

АЛДАН СМАЙЫЛ

ретіп тынады. Бұған өзін қай жағынан да кіршіксіз санайтын
Еуропа мен Ресей дәлел.
Э. Гидденстің («Навстречу глобальному веку»): «Жаһандану
үрдістері билікті ұлттық мемлекеттен бейсаясиландырыл­ған

азаматтық қоғамға алып береді», – деген үстірт ойына кәрі
құрлықтағы көп этносты елдердің біразы иланды. Олар сая­
сатта,  ұлттық мүдде мен ар-ожданда шаруасы жоқ, санасын
тұрмыс билеген қоғам құруға кірісті. Олардың кейбірі бұл

райынан тез қайтса, Бельгия соңына дейін бармақ болды.
10  миллион тұрғындардың 60%-ын құрайтын нидерландық­
тар мен  40%-ына жуық франко тілдестерді ұлттық сезімнен
бас тартуға насихаттап бақты, соған икемдейтін заңдар да

қабылданды. Алайда ұлыттық намыс бәрінен күшті болып
шықты, ел бельгиялық деген атпен тексіз азамат санатында
жүргенше, бөлініп, жеке өмір сүруді жөн көрді. Нидерландық­
тар қалың қоныстанған фламанд жұрты Конституциялық

реформа жасап, үкімет құзырының көбін аймақтарға беруді
талап етті. Әсіре ұлтшылдар мемлекеттен біржола бөлінуге
шақырып: «Бельгия жойылсын!», – деп ұрандады.
Ресейдегі ұлтшылдардың көп ұлттан орыстанған бір ұлт

жасауды көксеген әрекеттері де кері әсерін беруде. Мұнда әлі
күнге дейін Д. Рогозинше («Время быть русскими»): «Ғылым
мен саясаттан, тәжірибеден Ресейдің көп ұлттылығы секілді
зиянды доктринаны құрту керек. Елде барлық ұлттық топтар­

ды сіңіріп алып, тек орыстар ғана қалса, русофобия өзінен өзі
жоғалады» – деп ойлайтын саясатшылар аз емес. Солардың
бірі В. Ильин («Россиская цивилизация: содержание границы,
возможности»): «Мұнда татар, башқұр, осетин т.б. ұлттар жоқ.

Олар бұдан ары қарай мәдени және рухани дамудан бас тар­
туға тиіс, өйткені Ресей кеңістігінде өзге этногенездік мүмкін
емес» – деп мәселені төтесінен қойды.
Осы сарындас ішкі шовинистік мәлімдемелер Ресей Феде­

рациясындағы өзге ұлттарды орыс халқынан кері серпілуге
әкеліп соғуда. Олар саяси дербестік туралы ашық айта бас­
тады. Әлгіндей содыр саясатшылардың қол шоқпарына ай­
налған «Легион Вервольф», «Славянский союз СС», «Насле­

дие предков», «Союз венедов» «Черная сотня», «Опричное
брат­ство» тәріздес ұлтшыл-фашистік күштердің қаһарынан

ШЫҒАРМАЛАРЫ

қай­мықпастан
автономиялы
республикалардың
байырғы

халқы славян тектестерді бірте-бірте ығыстыруға көшті.
1997 жылдан бастап Дағыстанды жыл сайын 3-4 мың орыс
тастап шығуда. Тувадан он мыңы кетуге мәжбүр болды. Та­
тарстан, Башқұртстан мен Чувашияда славян жұрты бұрын

тұрғындардың көпшілігін құраса, енді азшылыққа айнал­ған.
Осының бәрі айналып-үйіріліп келгенде, Ресей билігін бір ұлт
жасау туралы емес, федерацияны сақтап қалу жайында кө­
бірек ойлануға мәжбүр етіп отыр.

Әлемнің Бирма, Филиппин, Индонезия, Тайланд, Шри-
Ланка секілді дамушы елдерінде мұндай әрекеттер қарулы
қақтығыстарға жалғасты. Бирмада халықтың 67,8%-ын құ­
райтын бирмандықтардың саяси-экономикалық үстемдігіне

шыдаған 2,65 миллион карендер, 2 млн шандар мен 1,75 млн
аракандықтар бір ұлт идеясы жүзеге асырыла бастағанда
қылышын қайрап шыға келді, азамат соғысы бұрқ ете қалды.
Елдің 35%-ын бисайлықтар, 25%-ын тогальдықтар, 10%-ын

илокандар құрайтын Филиппинде де Президент Ф. Маркостың
бір ұлт жасау жөніндегі қадамы қолдау таппай отыр. Ал Шри-
Ланкада томулдер сингалдарға сіңуден бас тартып ондаған
жыл бойы соғысуда.

Осынау этносаралық және ұлтаралық қатынастардағы
сәтсіздіктерге Бельгияда экономиканың тізгінін қолында ұс­
таған нидерландықтардың оларға қарағанда әлеуметтік бел­
сенділігі төмен франко тілділерді ашықтан ашық кемсітуі себеп

болса, Бирма тәріздес елдерде халықтың тұрмыс деңгейінің
төмендігі мен демократиялық реформалардың жүргізілмеуі,
ұзақ мерзімді ұлттық стратегиялық саясаттың жоқтығы әсер
етуде. Ал Ресей әсіре шовинистік мәлімдемелердің салқынын

сезуде.
Мұның бәрі қазіргі кезеңде, сан-салада қым-қуат байланыс­
қа түскен шақта, ұлттық эгоистік ұрандардың күні өтіп бара
жатқанын аңғартады. Қазақстан жолы, республика Прези­

денті сабырмен жүргізіп келе жатқан ел бірлігі саясаты бірден
бір дұрыс таңдау екенін көрсетеді. Бұл жол – азаттыққа ұзақ
отарланудан соң жеткен елдерде мемлекет құрушы жұрттың,
ұлттық тіл мен ұлттық рухтың мәртебесін көтеру шаралары

сол ұлттың тәуелсіздік алғанға дейінгі қоғамда алған орны мен

АЛДАН СМАЙЫЛ

беделіне сәйкес таңдалатыны ескерілген сара жол. Өз алдына
отау тігіп шыққанша басқа халықтардың мәдениеті мен тілі
қоғамдық қарым-қатынастың барлық саласына молынан ен­
ген  ұлттарда өтпелі кезең экономикада ғана емес, рухани

өмірде де болатыны түбегейлі ойластырылған қайырлы қадам.
Біз бүгінде осындай әлеуметтік-рухани өтпелі кезеңнің
алғашқы сатысын еңсердік. Тәуелсіздік туы көтерілгенде
рес­публика халқының 40 пайызына зорға жеткен ұлттың

және ұлттық рухтың тұғыры болып табылатын туған ті­
ліміздің тарихи беделі қайтарылды. Қазақ тілін мемлекетті
басқарудың барлық саласына енгізу, сол тілге қазақтың бел­
гілі бір бөлігімен бірге өзге ұлт өкілдерін бейімдеу мақсаты

тиісті деңгейде жүзеге асырылды. Ең бастысы Қазақстанның
келешегі – қазақ тілінде екендігіне, бірлік пен кемелдену
тілі болатындығына елдегі этностардың көзі жетті. Сабырлы
ұлттық саясаттың нәтижесінде өзге ұлт өкілдерінің тағдырын

қазақ ұлтымен күдіксіз байланыстырған жаңа буыны жеті­
ліп келеді. Бұл сонау солқылдақ жылдарда атойлаған этника­
лық, ұлттық эгоистік сарындарды дер кезінде тежей алған,
сол арқылы тәуелсіздіктің алғашқы ең күрделі сәттерінде

халықты зардапты дау-дамайдан азат ете алған Елбасының
тарихи жеңісі еді.
Қазақстан бүгінде осы сәтті қадамнан соң әлеуметтік-ру­
хани өтпелі кезеңнің келесі сатысына көшіп отыр. Бұл кезең­

де мемлекет құрушы ұлттың республика тұрғындарының
65 пайызына жеткендігі ескерілетіні анық. Енді ұлт тілінің
мемлекеттің қолдауымен ортақ тілге айналу процесі бұрын­
ғыдан да тереңдей түседі. Алдымызда өзіміздің ғана емес,

өзгелердің де осы тілде, ана тілімізде сөйлейтін шағы тұр.
Ол республика тұрғындарының қазақ ұлтының төңірегіне
топтасып, рухани мүдде тоғыстыратын тұсы. Бұл үрдістің
республикадағы ішкі ахуалға тәуелді эволюциялық пісіп-

жетілу жолы бар. Оған тосыннан араласу, саяз ғылыми пәл­
сапалық тұжырымдармен килігіп, қазақтың ұлт болуы ел­
дің бірлігіне кедергі келтіретіндей этносқа айналдыруға
әре­кеттену, сондай-ақ ұлттық қызба сезімдерге бой ұру мем­

лекеттің нәтижесін беріп отырған саясатына кері ықпалын
тигізеді. Ұлттық мүдде ұлттық биіктен қарауды талап етеді.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ЫНТЫМАҚ-БІРЛІК ЖАПЫРАҚ ЖАЙСЫН,

ДІҢГЕГІ ҰЛТТЫҚ БОЛСЫН

«Қазақстандық ұлт» жайлы бірер сөз
«Қазақстандық ұлт» идеясының саяси айналымға енгізіл­
геніне біраз уақыт болса да оның төңірегінде мемлекеттік
басқару орындары мен ғылыми сараптау орталықтары терең

әңгіме қозғамай келеді. Бұл мәселе жөнінде әредік ой білді­
ріп жүргендер жекелеген саясаткерлер мен зиялы қауым өкіл­
дері. Олардың баспасөз бетінде жарияланған мақалаларында
аталған идеяға ашық қарсылық та, ішінара қостау да, басқа

балама ұсыну да бар.
Қарсы шығушылар бұл идея жүзеге асса, қазақ ұлтының
тарихи этникалық тамыры үзіліп, жер иесі ретіндегі мұра­
герлік құқынан айырылатындығын, елдегі диаспораларға

сіңіп кететіндігін алға тартады. Отанымызда тұрып жатқан
ұлттар өкілдерін біріктіріп, ынтымағын жарастыруға «Қазақ­
стандықтар», «Қазақстан азаматы» деген саяси да, әлеуметтік
те мәні зор атаулар жеткілікті деп есептейді.

Ішінара қостаушылардың ой-байламдары анық емес. Олар
бұл идеяны бірде америкалық, енді бірде ғылыми дәйек­
телмеген осы замандық тәжірибелер мен талаптарға үйлес­
тірмек болады, бірақ сол тәжірибелер мен талаптардың Қа­

зақстан үшін қазіргі күндерде қаншалықты қажет екен­
дігін айқын дәлелдей алмайды. Балама іздеушілердің де тұ­
жырым-пайымдары толқымалы, бұлар атажұртымыздағы
диас­пораларды біріктіруге қызмет ететін ортақ атауда «ұлт»

ұғымының болмауын қолдайды, «халық», «ел» деген сөз­
бен ауыстыруды ұсынады. Осы пікірдің дұрыстығына көз
жеткізу үшін бірі қазақтардың ұлт деңгейіне көтерілмегенін
дәлелдеуге күш салады. Енді бірі ұлттың этникалық мән-

мазмұнын «халық» пен «елден» төмен қояды. Оның ғылы­
ми-философиялық анықтамасын талдап-саралап жатпайды.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Ұлт  – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этника­
лық қауымының жоғары түрі екенін, құрамына енгендердің
тұрмыс дағдылары, салт-дәстүрі, білімі мен мәдениеті, жері
ортақ болатынын ескерусіз қалдырады. Ал халық дегеніміз –

бір елдің барлық тұрғын жұрты, тарихи өзгеріп отыратын
қауымы.
Ұлт мәселесі төңірегінде бізден бұрынғы зиялылар да аз
толғанбаған. Алаш көсемі Мұстафа Шоқай «Ұлттық зиялы»

деген мақаласында неміс ғұламаларына сілтеме жасай­ды.
Атақты алман философтары Кант пен Фихтлердің түсінді­
руінше: «Халық бірін-бірі және өзін-өзі басқара алмайтын,
басқалардың басқаруында ғана болатын тобырлар. Ұлт – бас­

қаларға тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие және өзінің
бірыңғай мүддесі бар халықтар жиынтығы. Философияның
тұжырымдауынша, халық – объект, ұлт – субъект».
Халық пен ұлттың аражігі әлемдік ауқымда баяғыда осы­

лай ажыратылған. Олай болса, тәуелсіз мемлекеті, дүние­
жү­зілік  қауымдастық мойындаған территориясы мен дербес
саясаты, бай тілі мен мәдениеті бар қазақтың ұлт екендігін
дәлелдеп жатудың өзі артық. Оны елемеу немесе жоққа шыға­

ру бос әурешілік.
Әңгімемізге өзек болып отырған мәселенің қиындайтын
жері де осы. Бұл орайда қалың ойда жүрген ел тарихи өзге­
ріп отыратын, этникалық тамыры атажұрттарымен жалғасып

жатқан және олардың тарапынан саяси қолдауға ие, барыс-
келісі үзілмеген диаспораларды әлгіндей терең астарлы ұлт­
қа жоспарлы мерзімде қалай айналдыруға болатынын біл­
мей іркіледі. Мұның үстіне олардың кейбірі саны жағынан

мемлекет құраушы ұлтқа жуықтаса, экономикалық әл-ауқа­ты
кем түспесе, белгілі бір аймақтарда тығыз отырса, әлеумет­тік-
рухани талаптарын батыл көтерумен бірге орындатып жатса,
туған тілі мемлекеттік тілмен тең тұрса мәселе күрделене

түседі. Жасыратыны жоқ, елімізге ХVІ ғасырда келе бас­
таған, қоныс аударған жерінің саяси-экономикалық билігін
ұзақ жылдар қолында ұстаған диаспора сырттан таңылған
этникалық өзгерістерді оңай қабылдамайды. Оның қазақ же­

рімен байланысты тарихы да, бүгінгі еділ-жайық өмірі де
этникалық дербестігін сақтап қалуға ұмтылдырады.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Біз бүгінде Қазақстандағы ұлыстар тарихының күншуа­
ғын бөліп алып дәріптеуге құштармыз. Дұрыс әрине, заман
ортақ, тағдыр ортақ болған соң бірлікке қызмет ететіннің
бәрін игілікке жаратуымыз керек. Алайда ұлт мәселесі, эт­

ни­калық  төркін саяси айналымға түскен кезде тарихты да,
қазіргі кезеңді де барлық ақиқатымен тұтас зерделеуге тиіспіз.
Онсыз бірігуге тиістілерді біріктіретін дәнекерлерді түгендай
алмаймыз.

Өткен төрт ғасырға жуық уақыттың тарихы негізінен
қазақ жеріне сырттан келген, жай келмей қалың келген
жұртқа қызмет етті. Жаңа қоныста империялық екпінмен,
держава­лық  қарқынмен асқақтатты. Режим ауысты, бірақ

бұл бағыттағы саясат өзгерген жоқ. Терең ойластырылған
идеология арқылы үсті-үстіне күшейтілді.
Біз осы тарихтың салдарынан әлі күнге арылу үстіндеміз.
Ал одан тазарып болмай бір ел, бір ұлт идеясының көсегесі

көгермейді.
Ашығын айтсақ, қосарланған тілі бар, қос-қосынан діні бар
ұлт болмайды. Болған күнде де идеологиялық жарнама тү­
рінде  көрініс табады.

Осыдан кейін ел тағы да ойдан ой қуады. Атажұртымыз­
дағы бір емес, екі емес, жүзден астам ұлыстар өкілдерінің
саяси және рухани мақсат-мүддесі қылаусыз үйлескен, қо­
ғамдық өзгерістердің барлық сілкіністерінде тегіне тартып

толқымайтын бір ұлт болып қалыптасуы үшін біз өмір сүріп
отырған уақыт аздық етпей ме дейді. Бүгінгі буын келешек
толқынға сондай ұлттың негізін қалап кетсе де жарар еді деген
ойын қосып айтады.

Бұл көкейге қонатын пікір. Елімізде мұндай бетбұрыс бар.
Республика тәуелсіздік алған жылдардың ішінде мемлекет
басшысының ақыл-парасатымен елдің бүгіні мен ертеңін тү­
гендей отырып ортақ ойдағыларды, саяси-әлеуметтік мін­

деттерді тізе қосып шешетін халықты қалыптастыра алды.
«Біз Қазақстан халқымыз» деген байрақты сөз заманның ыр­
қы­мен емес, көңіл қалауымен айтылады және құрметтеледі.
Нақ осы ынтымақ мемлекеттің саяси-экономикалық да­

муының кепілі ретінде қастерленіп, елдің алдында тұрған

АЛДАН СМАЙЫЛ

мақсат-мұраттарға сәйкес жаңа мазмұнда байытыла бермек.
Оған қажетті алғышарттардың бәрі бар.
Республика Президенті елге жайлы өмір сыйлады. Ал
жайлы өмір дегеніміз – оның ішкі сұраныстарын қанағаттан­

ды­ратын, әлеуметтік және рухани болмысына сәйкес келетін
өмір. Нақ осындай өмірге ие болған ұлт өкілдері ел жетекшісі
мен мемлекетті құрушы ұлтқа сенеді әрі құрметтейді, өздерін
игілік атаулының бәрі ортақ тұтас халық ретінде сезінеді.

«Қазақстандық ұлт» шеңберінде ой қозғағанда ең алдымен
осыған зер салып, халық ұғымы ауқымында ұйысудың пси­
хологиялық астарларын зерттеуге тиіспіз. Бұл елдегі диас­
поралардың бірігу процесі қоғамдық және экономикалық

өмірдің қай саласында қандай мазмұнда қаншалықты терең
жүріп жатқанын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Сол секілді бізге мына жайларды зерделеп алу да артық
етпес еді.

90-ыншы қиын жылдары этникалық қауымдардың белгі­
лі бір бөлігі атажұртына бет алды. Бірі күнкөріс қамымен,
екіншісі төл отанына деген сағынышпен.
Алғашқыларының жайы түсінікті, санасын тұрмыс билей­

тіндердің табаны тайғақ. Кешегі кеңес кезінде алып держа­
ваның ұланғайыр кеңістігінде 60 миллионға жуық адам
жайлы жерлердің бірінен соң біріне көшіп-қонып жүрген.
Сондайлардың талайы кетті, талайы ой үстінде. Ал күрделі

күндерде ірге аудармағандарды Қазақстанда ұстап қалған не
себеп?! Ұлт өкілдерінің қайсы елімізге біржола бауыр басты,
қаншасы атамекеніндегі әл-ауқаттың жақсаруын күтіп отыр?
Қазақ жеріндегі қандастарына қай мемлекет қандай деңгейде

ықылас танытуда.
Біз осы мәселелердің жай-жапсарына қанып болмай, «Қа­
зақстандық ұлт» жөнінде не «иә», не «жоқ» деп кесіп айта
алмаймыз. Ел ішінде халық немесе ұлт болып ұйысуға қазір­

гі заманда ішкі ахуал қаншалықты ықпал жасаса, сыртқы
фактор да соншалықты әсер етеді.
Осы жерде Ресейдің ТМД елдеріндегі қандастарымен ор­
натып жатқан байланысының астарына, атүсті болса да, тоқ­

тала кетейік.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Әлемде қай жағынан да ықпалды осы алып елдің тізгінін
Ельциннен кейін қолына алған, атқа қонған күннен дер­
жавалық идеологияны қайта жаңғыртқан В. Путин орыс
адамы қай жерде жүрсе де қай мемлекеттің азаматы екеніне

қарамастан қорғалатынын, ол Ресейдің тарихи патриоттық
борышы екенін ұдайы айтумен болды. «Россия на рубеже
тысячилетий» мақаласында («Технология информационной
войны». – Москва, 2003 ж. – 298 бет) соған айрықша мән бе­

ре келіп, мемлекеттің ұлттық идеясының өзегі державалық
айбындылық, патриоттық берілгендік, этникалық тұтастық
екендігін атап көрсетті. Президенттің осы ұстанымына жаға­
лай түсінік берген саясаттанушылар аталған идеяның елдегі

және сырттағы Ресейліктерге ортақ екенін жарыса жариялады.
Билікке В. Путиннен кейін келген Д. Медведев болса,
бұл мәселеде кенже қалған жоқ. Ол Грузия оқиғасы кезінде
тарихи отанынан басқа жерлерде өмір сүріп жатқандардың

бәрі Ресейдің назарынан тыс қалмайтынын әлденеше рет еске
салды.
Ресей мемлекеті мұндай қолдауды сөз жүзінде ғана емес,
заңмен дәйектеуде. 1999 жылғы 24 мамырда республиканың

шетелдегі отандастарына қатысты мемлекеттік саясаты тура­
лы заңы қабылданды. Онда туған топырағынан шалғайда
тұрып жатқан тегі ресейліктердің бәрі саяси, әлеуметтік, эко­
номикалық, мәдени және азаматтық құқықтарын сақтауды

жүзеге асыруда федерацияның қолдауына ие болатындығы
нақты атап көрсетілген.
Заңның аясы кең, онда отандастардың туған топырағы­
нан алшақтамауын, жеке бостандығы, ана тілі мен дәстүрі

сақталуын, тарихи отанына еркін келіп-кетуін қамтамасыз
етуге арналған баптар бар. Негізгі мақсат – бауырларға қатыс­
ты саясатты Ресей Федерациясы саясатының құрамдас бөлігі­
не айналдыру, шалғайдағы ағайындарды атамекеннің осын­

дай қуатты қамқорлығына қай кезде де сүйене алатындығына
сендіру.
Аталған заңның сырттағы орыс диаспораларына қолдауы
осымен шектелсе, әрі қарай таратпай-ақ қояр едік. Ресей мем­

лекеті Госдумадан кедергісіз өткен осы саяси құжат арқылы
басқа мемлекеттердің ішкі өміріне араласады. Бесінші бап­
17-0181

АЛДАН СМАЙЫЛ

тың көп тармақтарының бірінде федерацияның шетелдердегі
диаспоралары тұрған жерлерінде ұлттық-мәдени автономия­
лар құрады. Ресей сол автономиялармен жан-жақты байланыс
орнатады делінген. Ал мұның тәуелсіз республикалар үшін

қандай саяси салмағы бар екендігі белгілі.
Көрші мемлекеттің бұл бағыттағы ұстанымдарын ондағы
саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың үстемелеп оты­
руы да дәстүрге айналған. Өткен жылы көтерілген «Орыс кар­

тасы» ТМД елдерінде қызу талқыланып, қарсылық білдіріл­ді.
«Картаны» ойлап табушылар Ресей азаматтарына берілетін
құқықтар мен жеңілдіктердің сырттағы отандастарына ортақ
болуын қалайды, оларды федерацияның мүддесін бәрі­нен

жоғары қоюға, орыс тілі мен салт-дәстүрін қорғауға, право­
славие дінін қабылдауға шақырады. Бұл ретте, әсіресе Украи­
на, Литва, Латвия, Эстония, Молдавия мен Қазақстандағы
ресейліктер белсенділік танытуға тиіс екен.

Мұндай қолдап-қолпаштау шетелдердегі диаспораларға зор
саяси демеу болатындығы анық. Ал тегі ресейліктер әлемде аз
емес, олар әсіресе ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда
қалың отыр. Сол көп қауымды Ресей басшыларының қайта-

қайта тілге тиек етуінде не сыр бар?
Бұл сауалға мынандай болжам жасауға болар еді. Бірін­
шіден, отандастарын таза бауырмалдық парызбен желеп-же­
беу. Екіншіден, жерлестерінің ұлттық сезімі көмескіленуіне

жол бермеу. Үшіншіден, сырттағы ағайындарының туған то­
пырағына деген патриоттық құлшынысын күшейту арқылы
оларды тұрған жерлерінде Ресейдің мүддесіне қызмет етуге
бейімдеу.

Мұның бәрі республикамыздың ұлтаралық саясатында ес­
керілетіні анық. Сонымен бірге бір ұлт идеясының жүгін
ауырлата түсетіндігі де даусыз.
Осы идея туралы ой бөліскендердің бәрі дерлік оның

АҚШ пен Еуропадағы тәжірибесін де тарқатып жүр. Ресейде
Путиннің кезінде көтерілген «Ресейлік ұлтқа» ұйысу сая­
сатының астарына да үңіле бастадық. Сонда нені аңғардық?
Аталған термин саяси айналымға енгеннен кейін бұқара­

лық ақпарат құралдарында жазушы Ф.Достаевский арқылы
философияның зерттеу объектісіне айналған «Русская идея»

ШЫҒАРМАЛАРЫ

«Российская идея» деген атқа ие болды. Архивте жатқан
«Москва – Үшінші Рим» геосаяси концепциясы жарыққа
қайта шығарылды. Жаңа кеңістіктерге құлшындырған осы
концепция жүзеге асырыла бастаған 1480 жылы Еуропалық

Ресейде екі миллион адам болса, 1648 жылы Солтүстік мұзды
мұхит арқылы Тынық мұхитқа жол ашылып, халық саны
12  миллионға, 1880 жылы жер көлемі барынша ұлғайғанда
84  миллионға жеткені дүркін-дүркін еске алынды. 2005 жы­

лы жеті автономиялық округтің таратылуы ішкі шекарасыз
Ресейге бастайтын жарқын қадам ретінде насихатталды. Мұ­
ның астарында ішкі тұтасумен бірге құлашты шартарапқа
жайып жіберу мақсаты жатқандығы да байқалып қалды.

Осыдан кейін «Ресейлік ұлт» идеясын «Қазақстандық ұлт»
идеясымен ойланып барып салыстыру керек. Ал «американ­
дық ұлтқа» келсек, ол алып мұхиттың арғы жағында жат­
қан оңаша құрлыққа шартараптан ағылған еуропалықтар­

дың территориялық бірлігі арқылы жасалды деп жүрміз.
Шындығында солай ма?
Ұлттың қалыптасу жолын зерттеген арғы-бергі ғұлама­лар­
дың бәрі мұндай этникалық мызғымас бірлікке айналу үшін

территорияның ортақтығы аздық ететінін, түрлі тайпалық
қауымдарды саяси-әлеуметтік жағынан жақындастыратын
тағдырлы оқиғалардың бастан кешірілуі шарт екенін, тари­
хи ұзақ мерзім қажет болатынын талай мәрте дәлелдеген.

«Америкалық ұлттың» пайда болу кезеңі де бұл тұжырымның
дұрыс екендігіне иландыра түседі.
ХVІ ғасырда Англия, Испания, Франция, Швеция мен
Нидерландия Солтүстік Американы жарыса жаулап алуға

кірісті. 50 миллион (кейбір деректерде 150 млн) үндістерді
қырып салды. Еуропалықтар адамзат тарихында бұрын-соң­
ды болмаған қатыгездікпен ұланғайыр өңірді байырғы иесі­
нен осылай тазартты. Жаңа құрлықта дарақы анархия да,

екі иығын жұлып жеген қарақшылық та дәуірледі. Әр елден
жырылып жеткендер атыс-шабыстың өтінде әр аймаққа сө­
гілді.
Осындай аласапыранда ағылшындар экономикалық жа­

ғы­нан басқалардан бұрын күшейді, этникалық тұтастығын
нығайтып, құрлыққа құрық салуға кірісті. ХVІІІ ғасырдың

АЛДАН СМАЙЫЛ

60 жылдарында Солтүстік Америкаға толық үстемдік орнат­
ты. Енді олар отарлаушыға, қалғандары отарланушыға айнал­
ды. Ен аймақта ағыл-тегіл байлыққа емін-еркін кенелемін
деген француз бен неміс, испандық пен швед ағылшынның

айтқанынан шыға алмайтын болды. Қысым уақыт өткен са­
йын күшейіп, наразылық ұлғайды. Ақыр соңында қарулы
қарсылыққа айналып, 1775 жылы азамат соғысына ұласты.
Сегіз жылға созылған осы шайқас кәрі құрлықтан келген қы­

рық ру елді саяси да, рухани да тұтастырды, американдық
патриот атану, тәуелсіздік жолында қан төгу ұлы мұрат болды.
Түйіп айтқанда, әлемдегі ең жас ұлт тексіз сурагат ұлт емес,
екі ғасырлық буырқанған тарихы бар, жан беріп, жан алыс­

қан қиын тағдыры бар.
Ең бастысы – қырық ру ел бір тілде бірікті. Ортақ тілге
айналған ағылшын тілі жаңа американдық ұлттың құры­
луына айрықша ықпал жасады. Сондықтан бізге, әр тілді

қазақстандықтарға, неге американдықтар секілді біріге сал­
маймыз деу үшін жүз ойланып, жүз толғану керек. Қазақ
тәуелсіздігін аңсаған да, сол жолда арпалысқан да қазақ қана
екенін ескеру қажет.

Осы тарихи ақиқаттар бізге: «Ақ дегені – алғыс, қара деге­
ні – қарғыс болған, әлемді ауыздықтағысы келген, айдары­
нан  жел ескен кеңестер одағы неге тұтас ұлт жасай алмады»
деген сауалға жауап іздетеді. Оның жалғыз жойқын есебі  –

одақтың құрсауындағы елдердің одан бұрын ұлт болып қа­
лыптасып үлгеруі және күшпен бірігуі, ұлттың азаттығын
аңсаудан жаңылмауы, соған іштей ұдайы ұмтылуы.
Талқылап отырған мәселемізді тағы бір түйін күрделенді­

ре түседі. Этникалық тамырынан үзіліп қалған ұлыстарды
Қазақстаннан табу қиын. Жеке мемлекеттік құрылымы жоқ
халықтар өкілдері болмаса, басқаларының бәрі тарихи ота­
нымен тұрақты байланыс орнатқан. Төл мәдениеті мен өнерін,

тілі мен дәстүрін сақтап отыр. Ұлттық-мәдени орталықтары
екі бірдей қолдаудың: Қазақстан мен төркін жұрттарының
қамқорлығымен өрісін кеңейткен. Осының бәрі еліміздегі ұлт
өкілдерінің этникалық тазалығын сақтауға, көптің ішінде

дербес сезінуіне, өткен ғасырдың жағалай тыйым салуымен

ШЫҒАРМАЛАРЫ

көмескіленген рухани және діни әдет-ғұрыптарын қайта
жаң­ғыртуға, ұлттық тарихқа шөл қандырып, табиғи кескін-
келбетімен танылуына ықпал етіп келеді.
Мұндай талпыныс ұлт өкілдерінің аз-көптігіне тәуелді емес.

Қазақстандағы 400-ден аспайтын абхаздық та, 50 мыңдай
шешен де, бір мың кабардин де, үш жарым мың балқар да,
16 мың болгар да ататегі туралы тебірене айтады.
Әдетте біз республикада 130-ға жуық ұлттардың өкілдері

бар дейміз. Олар кімдер?
Анығына келсек, солардың жартысына жуығы ұлт болып
қалыптаспаған, мемлекеті түгілі автономиясы жоқ, атажұр­
ты  баяғыда дербестігінен айырылып, еңсеріп әкеткен елдің

елеусіз шоғырына айналған ұлыстардың бөлшектері. Ұзын
саны бес-он адамнан аспайтын юкагирлер, эскимостор, энц­тер,
эвендер, шорцтар, чукчалар, чуванцтар, цахурлар, ханттар,
халха-монголдар, ульчтар, удиндер, удэгейлер, тувалықтар,

таттар, талыштар, табасарандар, селькуптер, саамдар, пу­
тульдер, орочилер, нивхилер, нганасандар, негильдар... Қата­
ры 100-ден зорға асып жығылатындары да жеткілікті.
Әрине, бір ұлт идеясы осындай сиректерге бола көтеріл­

ме­ген шығар. Таразының бір басына олардың көзқарасы
салын­ған күнде, қай жағына қарай тартатындығы белгілі.
Атаме­кені  дербестігін баяғыда жоғалтқан, талайы діні мен
тілінен қатар айырылған, қазақ жерінде ғана емес, туған

топырағында селдіреп қалғандар үшін Қазақстан жарат­қан­
ның жарылқағаны. Олар өздерін негізгі ұлтпен көп қырлы
өмірдің барлық саласында тең сезіндіретін мемлекет қадам
басқан сайын табылмайтынын, сондай артықшылыққа осы

жерде ғана кенеле алатынын, қазақ секілді қысылғанда қам­
қорлығы, сүрінгенде сүйеуі дайын, сарқыраса сабырмен,
арындаса ақылмен жөн сілтейтін халық та сирек екенін тү­
сінгендер оған жылдан жылға үйіріле түсуде. Республика­

ның бүгінгі экономикалық жетістігі де, ертеңгі алар асуы­
ның заңғарлығы да зор топтастырушы қуатқа ие. Еліміздегі
ұлт­аралық саясаттың этникалық мүдделерге адалдығы да
барынша қанағаттандырады. Көрші іргелі мемлекетте әлсін-

әлі байқалып тұратын нәсілдік кемсітушілік секілді тұрпайы
әрекеттер Қазақстан үшін мүлде жат.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Ресейдегі шовинистік пиғылдағы ұйымдар мен расизм­
ді жалтармай жақтайтын скинхедтер сол елдің ұлтаралық
саясаты көп қырлы екендігін аңғартады, олардың талай жыл­
дан бері ашық қимылдап жүргені осындай ойға жетелейді.

Мұны Қазақстандағы ұлт өкілдері көріп білмей отырған жоқ.
Республикамыздағы этникалық топтарға ТМД елдерінің
кейбірінде кешегі тоталитарлық әкімшілік жүйенің тетіктері
сақталып қалғаны, ұлттық саясатта тегіне қарай бөліп жа­

ру­ға жол берілгендігі де белгілі. Украина мен Балтық жаға­
лауы мемлекеттерінде ұлттық құндылықтардың төңірегінде­
гі дау-дамайдың сарқылатын түрі көрінбейді. Тағы бір шет
аймақтарда негізгі ұлттың кімдердің есебінен өсіп-өніп, де­

мографиялық жағынан дамып отырғаны да көпшілікке аян.
Бұл өңірлерде діни еркіндік пен сөз бостандығы туралы көсі­
ле  көсемси алмайсыз. Әркім қауқарына қарай қарманады,
өрісіне қарай өлшейді.

Ұсақ ұлт өкілдері осыдан кейін Қазақстанды жұмақ емес,
жұмақтан кем де емес десе жарасады. Олар Республика Пре­
зидентіне саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік өмірдегі
заңмен дәйектелген тегеурінді теңдік үшін сәт сайын риза бо­

ла отырып, сол теңдіктің аясы қоғамның демократиялық да­
му кезеңдерінде жаңа мазмұнда байытылып келе жатқанына
да куә. Ел Конституциясы Қазақстан халқы Ассамблеясына
Парламент Мәжілісіне депутат сайлау мүмкіндігін берді. Бү­

гінде тоғыз миллион қазақтың өкілдерімен бірге екі мың
қарашай мен жүз мың ұйғырдың, 12 мың болгар мен үш жүз
мың өзбектің ұл-қызы жоғары билік тұғырында қатар отыр.
Мұндай биік мәртебеге сан мөлшеріне қарамастан кез келген

этникалық топтың азаматы ие бола алады.
Қазақстанның, Республика Президентінің ұлтаралық қа­
рым-қатынастағы аңызға бергісіз абыз саясаты осындай. Сол
саясат арқылы төрт құбыласы тең болған ықшам ұлттардың

бір ұлт түрінде тұтасуға ынталы болары даусыз.
Талқыланып отырған идеяның төңірегінде айтылып жүр­
ген және өзіміз жобалаған пікір-байламдарды сараптай келіп,
мынандай қорытынды жасауға болатындай. Бір ел, бір ұлт­

қа айналуға Қазақстанда еркіндік пен жайлы өмірге кенел­

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ген ықшам ұлт өкілдері ықыласпен қосылады. Атажұртымен
алыс-берісі үзілмеген кейбір этникалық қауымдар бұл орай­
да бақылаушы түрінде қалып, әліптің артын бағады. Сан
мен сапаға ие жұрт аталған мәселедегі көзқарасы салмақты

екеніне сәйкес өз ұстанымын батыл айта алады және дербес
ұлттық тегін жоғалтпауға ұмтылады. Биліктің стратегия­лық
бағдарламалары бағыттаушы қызмет атқарады. Ал идеяның
тағдыры мемлекет құрушы қазақ ұлтының қолында.

Стратегия
демекші,
біздің
негізгі

мұраттарымыздың
2030  жылға дейінгі жоспарларына ден қойсақ, онда бір ұлт
идеясы түбінде конституциялық айқындаушы мәнге ие бола
ма, әлде бірлік пен ынтымаққа жұмылдырушы идеологиялық

маңыз атқара ма, кесіп айтылмаған. Онда көзделген мақсат­
тар: «Барлық азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне
деген сүйіспеншілігін дамыту», «Мүмкіндіктердің теңдігіне
негізделген бірыңғай азаматтықты нығайтуға кепілдік беру»,

«Этникалық түсініспеушіліктің себептерін жою», «Қазақстан­
ға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стра­
тегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұ­
рақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап нығайта беру».

Бірлік идеясы осындай. Ел оны қуаттай отырып, соған
бастайтын саяси-рухани тетіктердің анық болуын және
тари­хи дәйектелуін қалайды. Ұлттық бірігудің сан қырлы
аста­рын  терең зерделеп барып нақты қадам жасау қажет

екендігін қадап айтады. Біз ортақ санап жүрген дәстүрлер
мен мұраттардың бәрі бірдей тағдырлы сәтте ықпалды бола
бермейтінін еске салады. Асылында диаспоралардың отан­
шылдық сезіммен этникалық әртектілікті ұмытуы үшін мем­

лекеттің ортақ болуы жеткіліксіз. Тағдырдың жазуымен бір
шаңырақтың астына шоғырланғандардың тоғысуына құштар
саясат оның берік тарихи діңгегін табуға тиіс. Қазақстандағы
ондай діңгек – қазақ ұлты.

Кез келген мәселеде мұхиттың арғы-бергі қапталындағы
«үлгі-өнегелерді» жалаулата жөнелетін демократтар дәл осы
жерде Еуропаның ұлттық бірігу тұжырымдамасына қайта-
қайта зер салса болар еді.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Кәрі құрлықтағы мемлекеттердің бәрі көп этносты. Сол көп
этносты Англия ағылшынша, Франция французша, Герма­
ния немісше, Испания испанша, Италия итальянша сөйлетіп
отыр, яғни атажұрттың тілін ұлттық бірігудің құдіретті дің­

гегіне айналдырған. Олардағы ұран – бір тіл, бір ұлт. Ортақ
тілсіз ортақ отан жоқ. Тілі бөлектің тілегі бір бола алмайды.
Қабылдаушы ұлттың тілін құрметтеу арқылы оның мемле­кет
иесі ретіндегі тарихи құқын қастерлейсің, соның төңірегінде

топтасасың.
Батыстың дамыған гуманист елдері осылай дейді. Ұлттық
саясат мемлекет құрушы ұлттың жұмылдырушылық ықпа­
лын ұдайы күшейтуге бағытталуын қалайды және солай

жасап отыр. Басқаша бірігудің бәрі уақытша.
Жер бетінде қырғын соғыстарсыз бейбіт өмір болуын,
адам­заттың алаңсыз дамуын армандаған арғы-бергі кемең­
герлердің талайы әлем халықтарынан бір ұлт жасаудың жол­

дарын іздестіріп көрген. Шешуі қиын мына түйінге тіреліп
тоқтаған: жаһандағы сан алуан жұртты топтастырушы қай ұлт
болмақ? Бұған Ф. Достаевский: «Дүниежүзілік бірігу идеясын
жүзеге асыруға барлық халықтардың ішінде орыс халқы­ның

кемеңгерлігі ғана қабілетті», – деп жауап берді («Русская
идея», Москва. – Айриспресс, 2004 ж. – 164-бет). Мұнымен де
шектелмей, орыс адамының тарихи миссиясы бүкіл еуропа­
лық және бүкіл ғаламдық миссия екенін мәлімдей келіп, оны

адамзаттың ағасы болуға шақырды.
Осыдан кейін туған халқын әлемнің ағасы мен атасы етуге
асыққан Достаевскийлер көбейді. Еуропа дүр етіп көтерілді.
Азия мәдениет шығыста қайнарланғанын еске алды. Қытай

өзін баяғыда аспан асты елі деп жариялап қойғанын ескерт­
ті. Дүниежүзілік ұлт жасауға талпынғандар тұйықтан шығар
жол таба алмай тоқтады.
Қазақстанда ұлт болып тұтасу идеясына осы әлемдік із­де­

ністер арқылы қарасақ, қазақ халқы кешегі кеңес заманында
іні болып көрген, бүгінде аға боламын деп асқақтап отырған
жоқ. Ол елдегі диаспораларды республиканы туған отаным
деп тұтас сүюге шақырады және мұны өзінің тарихи парызы

санайды. Осы жолда ынтымақ пен бірліктің берік тұғыры бола

ШЫҒАРМАЛАРЫ

алатынын сабырлылығымен де, кеңдігімен де, жаңа ғасырға
жарасқан парасат-пайымымен де дәлелдеп келеді. Қазақ­
станда  тамырланып үлгерген ынтымақ жайқалып жапырақ
жайсын, тек діңгегі ұлттық болсын дейді. Сан ғасырлар бір тіл,

бір ұлт болып қалыптасқан және этникалық дамуында шыр­
қау шегіне жеткен ол талай да талай қиын-қыстаулардан соң
шаңырағы көтерілген төл мемлекетінің төрінде отырып жаңа
тұрпатта қайта топтасудың тәжірибе алаңына айнала алмай­

ды. Бұған тарихи да, басқа да тағдырлы себеп те жоқ.
Мемлекеттің міндеті – өзінің тұғыры болып отырған қастер­
лі жұртының ұлттық ділі мен ұлттың егемендігін сақтауына,
этникалық арман-мұратымен және бітім-болмысына тән мінез-

құлқымен өмір сүруіне қызмет ету, оның бүгінгі және ертеңгі
тарихи орнын айқындау, жаңа заманның жаңа талаптарына
бейімдеп, айнала елді соның төңірегіне топтастыру.
Ұлт болу дегеніміз – ұлт жоқ жерде жалпыдан жалқы­

ға ойысу, түрлі нәсілдердің бір этносқа бірігуге талпынуы.
Сон­дықтан тарихи ұлты бар, сол ұлттың атымен құрылған
мем­лекетте тағы бір ұлтқа қажеттілік тумайды, ол туралы
ойланбайды да. Әлемдік тарихи тәжірибеге және ұлт пен

мемлекеттің осы заманғы ғылыми-саяси сараптамаларына
сү­йеніп айтсақ, ұлттық мемлекет өзінің шеңберінде, қандай
ізгі мақсат көздесе де, жаңа ұлттың пайда болуына жол бер­
мейді.  Бұл тарихи және саяси дербестігіне нұқсан келтіре­

тінін, даму үрдісі саяси мақсатпен шапшаңдатылған жасанды
ұлттың ыдырауы да шапшаң болатынын, оны тұғыр еткен
мемлекеттің түп қазығы босаң жерге қағылатынын біледі.
Дүниеде көп ұлтты ел жалғыз біз емес. Құрамындағы кей­

бір диаспоралардың саны бірінде байырғы ұлтқа жуықтап
қалған, бірінде он-жиырма миллионға жеткен Балтық жаға­
лауы мемлекеттері, Түркия мен Малайзия жаңа ұлт туралы
толғанып отырған жоқ. Себебі белгілі. Ұлт та, ұлттық мемле­

кет  те тарихтың еншісі. Сол алдияр тарих атамекенің мы­
нау, тілің мен дінің осы деп әлімсақта отау тігіп берген ұлт
пен ұлттық мемлекет қана халықаралық қатынастардың то­
лыққанды субъектілері бола алады.

АЛДАН СМАЙЫЛ

Көптің көңілін бөліп жүрген, ел зиялылары талқыға сал­
ған, әлі де талай әңгімеге тақырып болатын идея жайлы азын-
аулақ ой-пікірімізді осы жерде түйіндей келіп, қайырып ай­
тарымыз мынау: Қазақстанның алмас тұғыры – қазақ ұлты.

Ұлттың бірлігі – мемлекеттік тіл. Осы екі қасиетті қадірлеген
елдің ынтымағы баянды.

МАЗМҰНЫ Заулаған заман, құбылған адам.............................................. 3 Жанталасқан жаһан............................................................ 88 Жаһандану кімге қолайлы?.................................................102 Жаһанданудағы саяси элитаның үлесі..................................105 Тәуелділік иірімдері..........................................................109 Еуразия геосаяси кеңістікте................................................120 Ресейдің жаңа еуразийстері.................................................128 Батыс: геосаяси ұстанымдар................................................136 Ұлттық идея.....................................................................141 Ұлтшылдық......................................................................152 Көзге көрінбейтін билік......................................................161 Ақпарат соғысы жүріп жатыр..............................................169 Жаңа жүзжылдыққа қалай ілесеміз?...................................174 Ғылымның қатыгездігі мен ізгілігі.......................................179 Информациялық өріс құдіреті.............................................189 Ауыздықпен алысқан АҚШ................................................196 Адамзаттың адасуы немесе үркек болашақ............................199 Капитализм мен демократия...............................................202 АҚШ-тағы ұлттар..............................................................205 Дыбыссыз жарылатын бомба немесе діни экстремизмнің салқыны..............................................208 Әділдік пе, әлде.................................................................212 Дін және порнография........................................................216 Ресми тіл мемлекеттік тілмен қатар жүре алмайды................220 Ұлттық сәйкестік: талап пен талғам.....................................225 Ұлт және тәуелсіздік..........................................................239 Ынтымақ-бірлік жапырақ жайсын, діңгегі ұлттық болсын......253

Алдан Смайыл

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Көп томдық
Бесінші том
Саяси-әлеуметтік публицистика

Редакторы Айдана Сыдықбай
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Гүлжан Смағұлова

Компьютерде беттеген Ұлжан Бердібекова

Басуға 10.06.15 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 17,0.
Тапсырыс №0181. Таралымы 2000 дана.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙