Өлеңдері
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: ISBN: Беттер саны: 18 Жанр:
"Балықшы" - Айналайын, көр де тұр, Ау құруға ұстамын!... Ұзындығы бір метр Семіз сазан ұстадым! Табаға сап қуырған Тамақ осы бірдегі. Балық екен бұйырған, Біздің үйге жүр!- деді. Белгілі не жегенім, Қайттым үйге таңдана: Сазан, сазан дегені Дүкендегі камбала! "Биолог" Біле тұра мінезін, Онымен кім таласқан?! - Бұл ауылда бір өзім Биологпын мен асқан! - Сөйтіп тағы құлады Оқ тиген құс сияқты: Көзімізше жұлады Ит жуа деп қияқты! "Қырық өтіріктің" әсері
Кез келгенге қырындап, Мысық бізге ұрынбақ. Төбет пештің үстінде Ұйықтап жатыр пырылдап. Өзім көрдім мұны мен, Жаңылмаймын тілімнен. Қораз біздің көз ілмей Үріп шықты түнімен. Арғымақ қой ақырғы, Аяп кеттім пақырды. Шайпау есек Дуалға Шығып алып шақырды. Азан-қазан төңірек. Аула қырдан кеңірек. Сиыр шықты қорсылдап, Шошқа шықты мөңіреп. Балалығы кәріге Келді айналып сәріде. ...Өтірік жыр оқыған Күні болды... бәрі де! Орашолақтар ортасы "Мерген"
- Самал желге дір еткен Түбінде көк мияның Жараладым бір оқпен Құлағы мен тұяғын. - Сөз екен деп жүйелі, Соған да жұрт сеніп пе?! Бір оқ қалай тиеді Екі жерден елікке?! - Анық айтқан сияқты ем, Сен аңғармай сынадың. Мен атқанда ол Тұяқпен Қасып тұрған құлағын! "Моншақтай микроб" Енді сөзбен шаршатпай Хайуанаттар қақында, - Бір микроб моншақтай Көрдім,- деді ол жақында. - Алма аузыңа ондайды! - Деді кейіп Кәрібай,- Бір микроб болмайды, Моншақ түгіл тарыдай! - Сенбеді деп сөзіме,- Деді Бөсер,- мен сөкпен. Моншақтай ғып көзіме Микроскоп көрсеткен! "Футболшы"
- Мен жүгірсем жүгірем,- Деп Бөсербай мақтанды,- Доп тепкенде Жіберем Қақыратып қақпаңды!- Таң қалдырып жүр бізді Растығы сөзінің: Бір соққанда-ақ кіргізді Қақпасына... өзінің! 0 адам! 0 адам! Өзіңе өзің қожасың ба?! Түреміз қашан құлақ сөзі асылга?! Қолымыз босап кетсе,
Бұл не пәле? Ішеміз сырасын да, Бозасын да! Не дейсің қызуласың, Мастасыңа? Кемінде литр кеткен бас-басыңа! Кәдімгі қолдан қуған жынды су да, Лосьон, Одеколон, Басқасы да! Шелектеп ішіледі шарабың да! Ағады арық болып арағың да! Барлығы: Адалың да, Арамың да Сіңгендей жоқ болады Қарақұмға! Күні өтер төренің де, Қожаның да! Күні өтер арақ-шарап, Бозаның да! Пайдасы болса спирттің... Қиналмай біз Жанармыз лап-лап етіп тозағыңда! Адам қызығатын алпыс
Өтебай Канахинге Елуінде жасатып баяндама, Әр ауылдан іздеп бір аялдама, Арып-ашып біреулер әрең жетсе, Алпысқа Сіз келдіңіз аяңдап-ақ! Бұйырмайды мұндай жас көп кісіге. Бұйырады оттысы, Тектісіне. Алпысына жеткен жан аяңдап-ақ, Желдіртіп-ақ жетеді жетпісіне! Жарты ғасыр Сіз үшін көпір анық, Жарты кітап Сөредён оқыр алып. Алпыста да көз салып көріктіге, Айналаға қарайсыз оқыранып! Дәл отыз жыл Сізді мен көріп келем, Көріп келем, Аға деп еріп келем. Тағы да бір алпысты - Тфә! Тфә! - Ұрып ала бересіз бөрікпенен! Алпыстағы... Көргендер демес олай.
Бәске түсу Сізбенен емес оңат Шарап ішсе, Жігітің жиырмадағы Өзіңізге қалады ілесе алмай! Не жоқ дейсіз өмірдің жүйесінде! Көрдіңіз Сіз киесін, Күйесін де. Алпыс деген сөз емес, Мәселе емес, Мәселеңіз - алпыстың иесінде! Сіз сөздің де, Істің де қожасысыз. Құрдастардың ішіңде ең жасысыз.. Он бірдегі баланың әкесісіз, Отыздағы жігіттің бажасысыз. Солай шығар жүректің қалауы да, Алдық Сізді құрметтің "қамауына". Сіздің қалам Алпыстың ақылы мен Суарылған жиырманың алауына! Жарты ғасыр Сіз үшін көпір анық, Жыр кітабы Сөреден оқыр алып. Алпыста да көз салып көріктіге, Айналаға қарайсыз оқыранып! Бұйырмайды бұл жылың көп кісіге, Бұйырады оттысы, Тектісіне. Алпысына жеткен жан аяңдап-ақ, Желдіртіп-ақ жетеді жетпісіне! Әлі талай көктем мен күз өтеді. Жеміс толы күзімен мәз етеді. Сіз секілді, шіркін-ай, қай жасқа да Жігіт болып жеткенге не жетеді!
Адам ұлы Күн мен Айдан нәр алған Бірақ соны түсінбейді, қайтесің! Хабар күтіп Арман атты аралдан, Адамдар тек сүю үшін жаралған. Бірақ соны түсінбейді, қайтесің! Ит боп өлмей, Дәріс алмай әр аңнан Адам ұлы Күн мен Айдан нәр алған Тек жақсылық жасау үшін жаралған. Бірақ соны түсінбейді, қайтесің! Аулақ жүріп арамдық пен арамнан, Адал болып қалу үшін жаралған. Бірақ соны түсінбейді, қайтесің! Хабар күтіп Арман атты аралдан, Адамдар тек сүю үшін жаралған. Бірақ соны түсінбейді, қайтесің! Ит боп өлмей, Дәріс алмай әр аңнан, Адам болып өлу үшін жаралған. Бірақ соны түсінбейді, қайтесің! Айлықты да, Байлықты да жоқтама!
Айлықты да, Байлықты да жоқтама! Басың сұқпа бұйда, жүген, ноқтаға! Мықты болсаң - алаңдама! Ауытқыма! Мықты болсаң - аялдама, Тоқтама! Сәті келді, Сәтіңді бос өткізбе! Айлықты да, Байлықты да жоқтама! Басың сұқпа бұйда, жүген, ноқтаға! Мықты болсаң - алаңдама! Ауытқыма! Мықты болсаң - аялдама, Тоқтама! Сәті келді, Сәтіңді бос өткізбе! Баратын жер,
Басатын тау көп бізде. Мықты болсаң - алдағыны басып оз, Мықты болсаң - арттағыға жеткізбе! Ойлануға, Толғануға жоқпыз ба? Жалтақтама! Жалбарынба көп қызға! Мықты болсаң - шоқалаққа сүрінбе! Мықты болсаң - тайғанама кек мұзға! Айбат шексін! Арпылдасын көк төбет! Шық онымен жекпе-жекке, Бетпе-бет! Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт! Мықты болсаң - заманыңды көктеп өт! Самға! Самға! Көз ұшында қалықта! Қону қиын, Оған бірақ қамықпа! Мықты болсаң - құлдырама төменге! Мықты болсаң - сол биікте қалып қал! Айналайын, абайла
Оразада беретін Тиының жоқ пітірлік. Кедейлік бар көретін, Кедейлікке - Шүкірлік! Айналайын, абайла, Тастайды жүк бүкір ғып. Аман болсаң алайда Бүкірлікке - Шүкірлік! Оразада беретін Тиының жоқ пітірлік. Кедейлік бар көретін, Кедейлікке - Шүкірлік! Адам мәңгі тұрмаған, Бәріміз бір шұқырлық. Он баладан бір бала Тірі қалса - Шүкірлік! Кейде доспен тіл таппай, Көмдік кейбір пікірді... Сүйген жарың ұл таппай, Қыз тапты ма? -Шүкірлік! Түсті талай көзіме Түсінбестік, Күпірлік. "Өз ақылың өзіңе!" Демесең сен - Шүкірлік! Айтып қалып жүрме біраз аңдамай!
Айтып қалып жүрме біраз аңдамай! Аяқ асты басталады дау-дамай! Кеше ғана алғандай ем сақалды, Бүгін, міне, көріп тұрсың, қауғадай Тәй-тәй басты. Сәби тұсау кестірді. Киім киді, Бой түзеді, Ес кірді. Кеше ғана сияқты еді туғаны... Кешегі алған үй де, міне, ескірді. Айтып қалып жүрме біраз аңдамай! Аяқ асты басталады дау-дамай! Кеше ғана алғандай ем сақалды,
Бүгін, міне, көріп тұрсың, қауғадай Тәй-тәй басты. Сәби тұсау кестірді. Киім киді, Бой түзеді, Ес кірді. Кеше ғана сияқты еді туғаны... Кешегі алған үй де, міне, ескірді. Әрине ғой! Жұлдыз болсаң сөнбейсің! Енді, міне, көктемдегі сеңдейсің. Кеше ғана сияқты еді мәңгі дос, Бүгін мүлдем өз көзіңе сенбейсің! Түйін! Түйін! Түйінді кім шешеді?! Түйдек-түйдек көңіл бұлты көшеді. Үлбіреген ару едің сен кеше, Кеше еді ғой! Кеше еді ғой! Кеше еді! Ақиба
Құлық сақтап ішіне Күлмейтін ол сызылып. Атам оның күшіне Алған екен қызығып. Бұрымын ол өргеңде Білеудей ғып өретін. Әли тектес жеңгем деп, Әкем жақсы көретін Дарияға арынды Төтеп бермес жар-қабақ... Қапшық-қапшық тарыңды Кететін-ді арқалап. Құрық салса, Құнанды Құлыншақтай көретін. Жалаң аяқ Жыланды Жаншып тастай беретін. Аяғьшда құр етік, Аязбенен ұстасып, Шағырмақта жүретін Шанаменен су тасып. Жырақ еді білімнен, Жаза алмайтын ол атын. Оқас деген ұлы мен Егіз қызы болатын. Атамызды құдайы Алды-дағы тым ерте, Ақибаға лайық Табылмады, бір еркек! Ақиқат пен өтірік - бөлек бесік
Болмағанмен дастанның тарауында, Біраз-біраз қызықтар бар ауылда. Дарыңдымыз Қырмызы дипломмен Дарынсыздың істейді қарауында. Ақиқат пен өтірік - бөлек бесік. Ар-ожданға жүрсек те көмектесіп, Ажыратып болмайсың ақ-қараны, Адамдардың өмірге көп өкпесі Ақиқат пен өтірік - бөлек бесік. Ар-ожданға жүрсек те көмектесіп, Ажыратып болмайсың ақ-қараны, Адамдардың өмірге көп өкпесі. Даулы сөздің көрдім де елеп көбін, Дұрыс пенен бұрысты бөлектедім.
Қаншалықты күдікпен қарасам да, Көңіліме қонады көбі өкпенің. Болмағанмен дастанның тарауында, Біраз-біраз қызықтар бар ауылда. Дарыңдымыз Қырмызы дипломмен Дарынсыздың істейді қарауында. Мұң айтады пікірлес, Шерлестерім. Мейманыңа біреулер бермес төрін. Біреулер жүр лайық жұмыс таппай, Біреу отыр жинап ап жерлестерін. Ақиқатын айталық, күрмелмелік, Арамдарға - үй емес - түрмең көрік. Бес бөлмеде біреулер әйелімен, Бес жаны бар үйде отыр бір бөлмелік. Өлмей, тірі кетпейді шал бастығы. Бір-бірімен өзара алмасты мұң... Кереметтей келбетті кейбір жігіт Күйеуі боп жүреді албастының! Жататұғын жан қайда мұны жұптап! Жақұттардың алдында қыбыжықтап, Күндей сұлу қыздарың кей кездері Көзін жұмып шығады құбыжыққа! Қақас қалып көбінен небір дарын, Қараулықпен май жиған жебір қарын. Кім кінәлі?!. Адамша істеңдер деп, Өзімізге тапсырған Өмір бәрін!
Аққан өмір құлдилап Аққан өмір құлдилап, Ырқымызға көнбейді. Байлық бізге ылғи да Бақыт болып келмейді. Болып қалды ақшамың, Базардан не күтесің? Қаттай берме ақшаны, Қашан жұмсап бітесің?! Сияқтанба кәрі құл, Сараңдыққа жүгінбе. Аққан өмір құлдилап, Ырқымызға көнбейді. Байлық бізге ылғи да Бақыт болып келмейді. Болып қалды ақшамың, Базардан не күтесің? Қаттай берме ақшаны, Қашан жұмсап бітесің?! Сияқтанба кәрі құл, Сараңдыққа жүгінбе. Артық алма! Бәрібір Қайырасың түбінде! Көмер болса егерде, Қазсын көрді кеңірек. Қатты жандар өлерде Қиналады көбірек. Тәңір тұтпа ұлықты, Таңда жолдың төтесін. Қыздар да көп қылықты, Қайсысына жетесің?!
Кейбіреуі сүрлеудің Апарады түрмеге... Қалай өмір сүрмеудің Керектігін білген Ел! Александр Дюма және астархан алабы Бір сәт шықпай ойынан Бұйра толқын, Ақ жазық, Атыраудың бойынан Отыр Дюма хат жазып: "Кітап болып ермегі, Қанша білім игерсін, Бірақ Дала көрмеген Түк көрмедім дей берсін! Армансыз бір демалып, Аунау қандай жаз құмда. Бақасындай Сенаның Бықып жүрген қаз мұнда! Салты бөлек басқа үйдің Ерте тұрар, Кеш жатып. Жағасында Каспийдің Салдық көбін қаусатып! Киіз үйден жасаулы Көз сүзеді үміттер. Шалма тастап асауға, __ Шіренеді жігіттер.
Жас балалар жарысар Жайдақ мініп атыңа. Алып келген алыстан Қызығады затыңа... Жүрек шіркін шерменде, Жаттап сезім дәрісін. Желігесің Көргенде Желмаялар жарысын. Түстім ұзақ, асықпай, Басқұншақтың тұзына. Көз жүгірттім Асықпай Қалмақтардың қызына. Жатырқағыш қарағым, Жат мінезден азатпын. Қиылып-ақ қарадым Қыздарына қазақтың! Қалай қонақ сыйлайды Сахараның сүйрігі! Қос табаққа сыймайды Қазақы қой құйрығы! Ақсүйектер баяғы Ас еместі ас депті. Дәмін татқан жаяның Жемес еді басқа етті! Күн қызарып батады Қызғылт нұрын шұбатып. Жапан қалғып жатады Жұтып алып шұбатын! Көргенің жөн көзіңмен
Қолыңның бір босында. Қырдың халқы сезінген Қызық тірлік осында! Кітап болып ермегі Қанша білім игерсін, Бірақ Дала көрмеген Түк көрмедім дей берсін!" Аман ба езі, айналайын, жан басы?!
Тағдыр бұлты тамбады ма? Тамбасын! Қимады ма? Қимасын сол дәмді асын! Аман ба езі, айналайын, жан басы?! Амаңдықтан тоза берсін жамбасың! Ұнатпаса ұнатпасын ұлықтар! Бақ жұлдызы жанбады ма? Жанбасын! Тағдыр бұлты тамбады ма? Тамбасын! Қимады ма? Қимасын сол дәмді асын! Қайсар деген сен туралы пікірден Замандастар танбады ма? Танбасын! Асығыңды бермеді ме? Бермесін! Асылыңды көрмеді ме? Көрмесін! Саябырсып қалмасын тек әйтеуір Сол баяғы сілтесің мен сермесің! Көбеймесе көбеймесін мал басы!
Қарсыласың жалдаптарын жалдасын! Қолыңда ма сол баяғы алмасың? Алмасыңның жүзін тозаң шалмасын! Жабылады! Тағылады күнде мін. Кім тоқтатпақ бірақ дарын дүрмегін! Құдайым-ау, бақытың ғой, Бакытың!- Қасақана Өлмей тірі жүргенің! Аңқау
Бедерлі бейне Күні бойы қайырып қажы малын, Қалжыңменен сергітіп қажығанын, Аз болғаңдай мазағы өзгелердің Қазақ өзін жүретін әжуа ғып. Жырға қосып жарыста озған атын, Жүрегінде жұлдыз-шоқ қозданатын. Жөнін тауып алдаса жолдастары, Ренжудің орнына Мәз болатын. Адам тұрса соз ұғар маңайында, Ақ күміс шаш жылтырап самайында, Алданғанын пәленше, түгеншеден Айтатұғын жыр ғылып ағайынға. Арасында аңырап азалының, Аңғалдықтан тартса да жазаны мың, Ақ көңіл ел. Аңғырт ел Аңғаратын Аңқаулықтан өзінің тазалығын. Пәктік атты барады бұлақ құрып, Құйып алшы көңілге, Құлақ түріп: Күндердің бір күнінде Аңқауларға Көрісетін боларсың жылап тұрып!
Аңшылардан, шамасы Жүрегіме бар сенім, Жырдың соңғы көшімін. Титімдей-ак нәрсенің Табу қиын шешімін. Аңшылардан, шамасы, Аузың күйген еліксің. Аға ғой деп жанашыр. Ақыл сұрай келіпсің. Қайнар көзі сарқылып Қалған кейде түздеймін. Шара таппай, Шарқ ұрып Мен де соны іздеймін. Жүрегіме бар сенім, Жырдың соңғы көшімін. Титімдей-ак нәрсенің Табу қиын шешімін. Қисық сөзді бүрып ап, Қалай жөнге саламын? Дұрыс ойлап тұрып-ақ, Бұрыс сөйлеп аламын. Күйіп-піскен сезімнің Кесірі ғой баяғы: Анық бастап, Сөзімнің Жұтып қоям аяғын. Жаның іштей жыласа, Қалайша мұң шақпайсың! Біреулерге ұнасаң,
Біреулерге жақпайсың! Асылындай қимайсың Ағайынның ортасын. Біреулерін сыйлайсың, Біреуінен қорқасың. Жақсы ғой деп шолуға Жоғарыға тырыспан. Жайсаң басшы болуға Жетпейді ақыл бір мысқал. Семьяның негізі - Сүйген жарың бар тағы. Ерегіскен егізің Екі жаққа тартады. Жамандықтың бықсығы Жүрегіңді ыстайды. Жеңіп жұрттың сыпсыңы, Жын-сайтаның ұстайды. Қызғанышты қас қағым Қай құдірет емдейді. Мықтылығын басқаның Мойыңдағың келмейді. Батыр жаңды кісің де Бере салмай бәйгені, Өзіңді өзің түсінбей Ит боласың бір күні. Бірақ жақсы көретін Бол үйімнің қонағы. Ақылым жоқ беретін, Ақылдасуға болады. Арғымақтан озған есек
- Үкісіндей қамыстың Үлпілдетіп қыр желі, Есек мініп жарыстым Арғымақпен бір жолы!- Күлмей қалай шыдарсың! Айналамыз толы қыз... - Иә... Озған шығарсың!- Деп кекеттік оны біз. - Шеттерінен шыбындап, Сөйлетпейді осылар. Озып кеттім, шынында, Озбайтындай несі бар?! Қанша жүйрік десек те, Пыраққа енді жоқ орын: Қойып алғам есекке «Жигулидің» моторын!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру