TELEGEI

Home

Өлеңдер, шығармашылығы І кітап

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Өлеңдер, шығармашылығы І кітап

Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...

ТІРЛІКТЕ КӨП ЖАСАҒАНДЫҚТАН, КӨРГЕН БІР ТАМАШАМЫЗ
Қыран құс - көңіл ашар - жүйрік тазы,
Жігітті мұңайтады малдың азы.
Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді,

Тыятын болмаған соң мүфти қазы.
Сөзі бар замананың теріс қақпай,
Жараспас бір-біріне айтқан назы.
Тұйғынға күшігендер ауыз салып,

Жем болып-қарға ұзаққа қоңыр қазы.
Басшымыз ел пайдасын сөйлемейді,
Білгіштер мұндайлыққа емес разы.
Көптен-көп іздегені - бүліншілік,

Қанша айтып таусылмайды еш аразы.
Данышпан, өтпей сөзі, шаһбазлардың,
Барады босқа кетіп қысы-жазы.
Ғақылсыз, аңқылдама құлап жарға,

Көбі - әркімнің аузында, өзінде - азы.
Әлі жүр біздің қазақ қоршылдықта,
Қор болып өрге баспай өнерпазы.
Әр істі ойлау керек әуел бастан,

Не пайда өнері жоқ жігіт, жастан?
Мәз болма мұнарланып көрінгенге
Кісі жер жемісі жоқ, тау мен тастан.
Дос қой деп, ішкі сырын түгел айтып,

Опық жеп жүрген жан көп аңдамастан!
Бір өрттен қалмайтұғын қалың қаудай,
Баянсыз, бақ-дәулетке болма мастан!
"Жау қайда - жар астында",- деген сөз бар,

Аяқты, баспа қадам, байқамастан.
Көз тігіп қарағанмен, көңіл бермес,
Не пайда нұр сипатты,сүмбіл шаштан?!
Біреуге селбесейін деп ойласаң,

Өзіңді жұтып қояр шайнамастан.
Сөз жөнін құрбыларға айта қалсаң,
Күн бұрын, ашуланар, ойнамастан.
Зиянға біздің қазақ аяқ басар,

Соқтығып өз пайдасын ойламастан,

2

Жігіттер, жақсы қайда үлгі шашқан
Жүдеген мұңлылардың көңілін ашқан?!
"Анау озық, мен кейін қаламын",-деп,
Кез салып, бірін-бірі шамаласқан.

Сүрініп ат аяғы кетер болса,
Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.
Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,
Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.

Өңшең сәурік, текешік, бұқашықтар,
Бір-бірін соғып, шаншып, жараласқан,
Жақсыны өзі болған, көре алмаған,
Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.

Ақылшы шықты бізге үй басынан,
Өзі боп өз үйінде(ойында) жұрттан асқан.
Биге - пара, байларға өсім болды,
Бой тартып, арамдықтан, бар ма қашқан?!

"Сен кімнен қорқасың?!"- деп, жел береді,
Кісі жоқ, қой дейтұғын, жұртты басқан, "
Пәленше солай дейді, мен қайтем?!"- деп,
Жылқыша изеп басын, ақылдасқан.

Біреудің адасуын біреу қоттап (құттап),
"Пәлі,- деп, - бәрекелді!",- мақұлдасқан.

3

Білімге жабысайық көңіл қойып,
Ерлердің жұмысына жүрмін тойып.
Болмаса бір Құдайдан медет, қуат,
Залымдар көзімізді алар ойып.

Сөйлесе, жұрт пайдасын, білген ерлер,
Хакімдер атып тастар көзін жойып.
Қалайша Россияның ғаділдігі
Мүшелер терімізді малша сойып?!

Мархабат, патшамыздан, кендік болды-ау,
Көз жасын нашарлардың тәңірім иіп!
Еркіндік, кеңшіліктің хабарларын
Шашпаған начальниктер іші күйіп.

Қолында хүкіметі тұрған күнде
Жіберсін біздің жаққа не ғып қиып?!
Білгіштер ұлпаттасып [1] арыз (ғарыз) айтып,
Шығарған манифесті басын жиып.

Қылғаны хакімдердің бізге зорлық,
Низамға [2] тура келмес ісі сыйып.

4

Ходқа алып тексермейді қазақ сөзін,
Жіберер келемеждеп оның өзін.
Сөтке, жұма, ай, жылда - бір жауап жоқ,
Сүзілтіп жүргенменен екі көзін.

Дәнекер тамағына түспей қалса,
Әдейі қисайтады құрған тезін.
Екінші хұзырына келсе қайта ,
Ақырар мойынға сап сары жезін.

Қазаққа әділ хүкім қылған болып,
Тұл қылып жібереді қатын, қызын.
Неке, талақ қамшысы қолында боп,
Жоқ қылды шариғаттың соқпақ ізін.

Алады неке ақысын ауылнайлар,
Молданың жаудыратып қойып көзін.
"Шариғат бұлайша емес!"- десе молда,
Боқтайды стражник түйреп бізін.

Сөз айтсаң бір-екі ауыз жалдамаға,
"Атам!"- деп, қорқытады, мылтығы ұзын.

5

Біздің жер мархабаттан қашық жатыр,
Хайласы хакімдердің асып жатыр.
Халқына мархабатлы сөзін айтып,
Мейірі (міһірі) патша ағзам тасып жатыр.

Бас - азат, дін мен жерге ерік беріп,
Манифест әрбір жұртқа шашып жатыр.
Қия алмай бір өзінен басқаларға,
Хакімдер залымдық қып басып жатыр.

Шаһбаздар ақ - қараны көріп тұрған,
Біздерге әбден жаны ашып жатыр.
Өгіздер тамағынан қаламыз деп,
Бас тартып бұл жұмыстан қашып жатыр.

"Бар Құдай, іс ақырын ондай гөр!"- деп,
Білімді, білімсіз де сасып жатыр.
Көп арман газеттерде жазылып жүр,
Жүзінде ақ қағаздың машық жатыр.

Сөз сөйлеп тарқатайық ішкі шерді,
Көңілден кетіруге әрбір кірді.
Мың сегіз, кеше, алпыс тоғыздан соң,
Халайық, көрмеп пе едің неше түрді?!

Нақақтан құсаменен қан жұтқызып,
Тұтқынға салған жоқ па талай ерді?!
Қорқытып бұл қазақтан ақша алмаққа,
Тексеріп жұмыс қылды көрді - жерді.

Шықпаса көңіліне алған ыңғайынан,
Қапасқа салып қояр кемеңгерді.
"Штраф, екі айналсаң, басыңа!"- деп,
Қолыңа: "повестка"- деп, қағаз берді.

Күзетші үшеу, болысың, артыңда тұр,
Аңдыған: құпиялап айтқан сырды.
Нақақтан бір-біріне жала жауып,
Дауласып, үш сыпырып аққан терді.

Жете алмай ақ - қараның анығына,
Болыс, би былш еткізіп басар мөрді.

7

Қызылгүл жасарсайшы көгерсейші солып жатқан,
Әр нәрсе шағымызда болып жатқан.
Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық,
Тастаңыз жамандықты толып жатқан.

Үлгісі чиновниктер осы болып,
Қасқырша ауыз салып жұлып жатқан.
Құрметті ел билеген әкімдер де
Жыландай зәрін төгіп, сорып жатқан.

Бас салып мұңлы-зарлы, кем-кетікті,
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.
Әркімді арбауына түсірем деп,
Түлкіше құйрықтарын бұлаңдатқан.

"Жүзіме көрінгендер көз салсын!"-деп,
Өз бойын тоты құстай сылаңдатқан.
Жатырмыз бір қараңғы ұзын түнде,
Көрінбей жарық сәуле, бір таң атқан.

Сырғытып қоныс-жайдан поселкелер,
Қасынан өткен жанды табандатқан.
"Бір пәле қорыққандықтан бола ма?!"- деп,
Арзанға асығумен малын сатқан.

Артық қып таксиядан доход алып,
Екінші частный (чачнай) сбор мойынға артқан.
Желкелер стражник бишараны,
Таба алмай кедей ақша, жапа тартқан.

Ұлыққа кімнің аузы жете берер,
Осындай жұмыстар бар жанға батқан.

8

Бір мың тоғыз жүз жылдан бес жыл асты,
Бес түгіл алтыменен жұрт араласты [4].
Теңдікті бір көре алмай ұлықтардан,
Халайық, қор болдың ғой аяқ асты.

"Учаске войсковой"- деген шығып,
Айырылды жерден қазақ ол ағашты.
Ата менен бабадан қалған жерге,
Мұжық кеп тіл білмейтін бидай шашты.

Жолаушы- жобаушыны атып тастап,
Маңына [5] жан жолатпай, бауыр басты.
Мүлгіп құнсыз, айтқан сөз пұлсыз болып,
Біле алмай не қыларын қазақ састы.

Жер - судан айырылған соң қаңғып кетіп,
Үйінде отыра алмай, кедей қашты.
Тыңдайтын мұның сөзін құлақ қайда,
Шұлғытып тұрғанменен қанша басты?!

Қазақты үшке бөлсең, біреуі жоқ,
Жоқ болмай қайтсін, зорлық ходтан асты?!
Көз жасы жылаулының болып қабыл,
Көбейді зорлықшылға өшті, қасты.

Кісіден көретұғын дәнеме жоқ,
Рәсуә боп өз абиырын өзі ашты.

9

Жазалы қылған жоқ па сөзімізден,
Табылмай айтуға ауыз өзімізден.
Көрген соң дінімізді қорлағанын,
Жас ағып жүре бердік көзімізден.

Шал болдық он бес пенен жиырмада,
Айырылып ойнап-күлер кезімізден.
Қор болдық айырылып қап [6] ақ шариғат,
Қисықты түзететін тезімізден.

Ширекке төрттің бірі болдық ділгір,
Айырылып бұрынғы аршын кезімізден.
"Қойнында өлген сарттың наны (не) бар"[7]- деп,
Қалмады - ау өле-өлгенше ізімізден!

Кірсек те өліп көрге, дәмесі бар,
Үш қабат, жаға, жеңсіз бөзімізден.
Жер - суға, мал мен басқа бостандықты,
Көрместен кетсек, арман, көзімізден!

ҚАРА ӨЛЕҢ

Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы,
Айырылмай жақсы менен жаман парқы.
Баласы дін мұсылман, ояныңдар,
Көрінер өз пайдасы, жұрттың нарқы!

Әркімнің өз пайдасы - ойлағаны,
Тереңге түсіп жатыр - бойлағаны.
"Хұрият"- деген сөзді жоқ қылам!"-деп,
Аш бөрі бізді жеуден тоймағаны.

Ойлайды бізді ілем деп бармағына,
Көрсетіп зорлық күшін жан-жағына.
Бас қамын, жан пайдасын ойлаңыздар,
Жақсы емес, түсе берсең қармағына.

Өнерге, ғылым-білім, болсаң жерік,
Берілер ақыр бір күн басыңа ерік.
Көп жұртты көз жасыңа қылсаң куә,
Табылар мұңлы-зарлы саған серік.

Айтқаның үйде отырып жел болады,
Көз жасы көп жылаумен сел болады.
Көп басын қосуменен жасын төксе,
Сай-сайдан ағып дария көл болады.

Оңдырмас мынау қойшы бізді бағып,
Сіңбей тұр ішкен тамақ бойға жағып.
Тұрғызып омақаны әрбір жерге,
Жер-суды ап кетті ғой қазық қағып!

Орысты біздің қазақ күндемейді,
Үстінен басып өтсе, үндемейді.
Аямас әлі жетсе өмір бойы,
Жұрт қылып түзулікпен жөндемейді.

Көшпелі мал сықылды жүрген халық,
Бір шаруа жалқаулықпен болар талық.
Жел болып жаққан шамға дамыл бермей,
Болмай тұр қанша айтқанмен бізге жарық.

Әр түрлі бұл қазаққа шықты форым:
Сатулы жүрген жер мен тұрған орын.
Сұраса, біз иіліп көне бердік,
Жұрт едік бейпіл жүрген мұнан бұрын [8].

Шарасыз, амалсыздан жүріп едің,
Қай түрлі айдауына көніп едің.
Басқаны мал мен жанның ақша болып,
Қысымдық талай жөннен[әр түрлі тамашаны] көріп едің! [9].

Таусылмай толып жатыр арманымыз,
Ерікті болмаған соң мал-жанымыз,
Болмаңыз алты ауызды, [ бауырларым ] дін-мұсылман [10],
Бұл тойдан не боламыз қалғанымыз?!

Пайданың ортасында өзі жатар [11],
Залалға мейлінше арзан бізді сатар.
Ынтымақ қылыңыздар[дін-мұсылман] бас қосумен,
Мейлің қазақ, мейлің бол сарт пен татар [12]!

Қазақтың қылып жүрген жұмысы
[Екінші рет сөз]
Жүзіне ақ қағаздың тартып қалам,
Сөйлеген мұң мен зарын бұл күнгі адам.

Болса да дария-сия, аспан-қағаз,
Мұң мен зар түгелденіп болмас тамам.
Көшпелі болған жұрттың шаруасы бар,
Сарт, ноғай жан сақтайды

[шаһардың алып сатқан] саудасы бар [13].
Кезқұйрық, жапалақпен жемтіктес боп,
Сұрайтын бір-бірінен сауғасы бар.
Таң атса, дүние жүзі қыбырлаған,

Сөзі бар екеу - екеу сыбырлаған.
Көкпары, бірін-бірі, қылып бұл жұрт,
Құпиялап бір-бірінен сөз ұрлаған.
Бөлініп жұрт екі жақ партиялап,

Қалмайды ұрғашыдай [14] сол қиялап.
Басқа орын босағадан тимейтінді,
Бас қылып, бас жегізіп тәрбиелеп (тарбиалап).
Көрініс, екі жақтан, топ көбейтіп,

Дау-жанжал, жанып тұрған шоқ көбейтіп.
Болмаса малға зиян, еш пайда жоқ,
Атарға бір мылтық жоқ, оқ көбейтіп [15].
[Айғырша тыша берген боқ көбейтіп.]

Қазақтың мұнан кетер берекесі,
Жоқ болып ынтымақты мерекесі.
Бір шалды төрге орнатып [16], бас жегізіп,
Сол болар ақырында келекесі.

Боп жамбасқа (жанбасқа) бір отағасы,
Жасында еркелеткен бар баласы.
Жілікті "мә!"- деп, соған ұстатады,
Әкесінің [әкенің] [17] баласы бар май жағасы.

Көп болып гуілдесер байлауы жоқ[18],
Партия,күнде кеңес, сайлауы жоқ.
Түп бұрын алас ұрып әуреленер,
Асулы күнде қазан, қайнауы жоқ.

Титықтап, жұмысы жоқ, шаршауменен,
Шыққан тіл ме, әуре боп, қамшауменен.
Өмірін өткізеді жазды - қысты,
Аузының дәмін алып тамсауменен.

Бай түсер төмен қарай шарасынан,
Айырылып азды-көпті қарасынан.
Аңдыған арам көңіл екі досты:
"Бір бұзық шыға ма деп — арасынан?".

Арасы ағайынның алыс болды,
Таласып, дамылы жоқ жарыс болды.
Жетіліп партиямен дәрежесі,
Жақсы - жат, жаман адам таныс болды.

Жаз болса, ауыл үй боп, ыңғай қонып:
"Қызық қой бұ жүрген,- деп,- мұндай болып".
Өңешін жылтыратып көп кедейлер,
Айырылып ат-тонынан жұрдай болып.

Біреуді пана қылып, сүйенгенсіп,
Мәз болып, отырғанға саумал ішіп.
Мырзасы қасына ерген нашарына
Шығынды баса салар сырттан пішіп.

Біреудің ерген ақымақ желігіне,
Жылп етер: "Жараймын,- деп - серігіне!"
Шақырса бір партия, жаназаға-
Бармайды туысқанның өлігіне.

Жиылса, сәлемдеспей қырын қарап,
Ac ішпес сарпалтаңмен атша жарап.
Ұзақ күн піскен [19] сөз жоқ: керіс, тартыс.
Кетеді күнде ертеңмен кешке тарап.

Сол түнде азғырушы толып жатыр,
Шайтан да помогайтшы болып жатыр.
Құда түсер, бата оқыр сықылданып,
Он, он бесі бір үйде қонып жатыр.

Ет, сорпа, болса кемдік қымыз, шайдан,
Ия болмаса, жататын орын жайдан.
Ертең тұра кетеді бұрқ-сарқ етіп:
"Саған мен табылам, - деп,- енді қайдан?!"

Қызады базарлары күз болғанша,
Түзеліп оңала алмас бір былғанса.
Ағайын кінәласып арбасады,
Әркімнің талас жері сөз болғанша[20]!

"Алаңдату бол!"-деп, біреу шыға [21],
Бұл өзіне пайдалы сөздерді ұғар.
"Жем қай жақтан түсед!"- деп, бір соны ойлап,
Сөз аяғы әр түрлі шарға соғар.

Тырс етіп бітіп қалған сөз табылмас,
Жазғы болған уағда күз табылмас.
Ақ-қараны айырып тексеретін,
Бұл жүргеннен құлақ пен көз табылмас.

Мал сойысып, болады татуласқан,
Жу үшін бас қосып, араласқан.
Апрель - майда тәп-тәтті тату болса,
Күмәнін шөп шабарда, август, ашқан.

Бата қылып, айтысып, аруақ, құдай,
Болады тату-тәтті бұрынғыдай.
Ұласып күзек, құдық, шабындыға,
Толуы тағы екіұдай тым - ақ оңай.

Таусылмай ала жаздай күнде жиын,
Жұмыс жоқ еш бітірген жалғыз тиын.
Сабылтып жалғыз атын, тулақ қылып,
Кедейге [мінері] мүбәрәк[22] жоқ, болды қиын.

Жыртылды байға ерумен кедей таңы,
Есінен адастырып [адастырды]байдың шаңы.
Күпілдеп [23] [Елді алып,], үйде отырып күжілдейді,
Жігіттің қоразданған кейбір паңы.

Көз салмас жақсы ниет жобасына[24],
Зор беріп туысқанның жұдасына [жұбашына].
Мал алып бесіктегі жас қызына,
Жалпылдап барысады құдасына.

Көрсетіп азына коп қуат күшін[25],
Суытып, илікпейді, өңі - түсін.
Бай, жарлы,төре, қара - тең (тек) талғамас,
Құдалық, бұл заманда, партия үшін.

Аңқауды алдаймын деп бәрі ептейді,
Жұмысын құрғақ тілмен реттейді.
Жағында жапырақ ет жоқ ашаң қудың
Сиқырына неше түрлі көз жетпейді.

Халық - жұрт өзі құмар қалың дауға,
Дау болса, екі ит шығар ырылдауға.
Алды-артын айтқан сөздің білмейтіндер,
Болмайды ұзақ күнге омырауға.

Мойнына жеңгенінің әбден мініп,
Семірген шайтанымен көңілі тынып.
Бозарған сұр жыландай, іші зәрлі,
Сүзектен тұрған жандай, өңі сынып.

Басына бостандық жоқ, дамыл алмай,
Сапырылып ертеңді-кеш жүрген талмай.
Сықылды ұзақ - қарға, шу-шу етіп,
Аттанар көтеріле бірі қалмай.

Мұратқа бірі жетер тас салғанда,
Би, болыс, ауылнай боп басқарғанда.
Шығыны партияның суға аққандай,
Таласып, саннан кеміп тас қалғанда.

Саны (сәні) жоқ қорқып енді тығылғанның,
Бәрі де пана іздейді жұлынғанның.
Мақсаты көңіліндегі болған жағы,
Үстінен баса берер жығылғанның.

Қайқияр сонда басы болыснайдың,
Майы үшін, жинап ақша, ет пен тайдың [26].
[Ақшадан майын сұрап ат пен тайдың]
Кигіз бен ақшасына дамыл бермес,

Шаруасын айналдырған бықсық байдың.
Жалаңдап аждаһадай ауылнайлар,
Беліне ақ кигізден күйек байлар.
Цифрын бес тиынның бес теңге деп,

Кедейдің хат білмеген соры қайнар.
Бұны сары жезден қарғы салып,
Түзетер бұ күнгіні тура шықты,
Бұрынғы қисық пенен шалыс болсын.

Шын жүйрік қызған сайын көтерілер,
Таласып әр уалаят жарыс болсын!
"Үмбеті [29] пайғамбардың"- дейміз соны,
Кімде-кім дін жолында халыс (қалыс) болсын!

2

Ынтымақ, мүшуәрә[30] әрбір жерде,
Талабы әркімнің - ақ биік өрде.
Жау ғой деп қараңғыда омақаны,
Жан сақтап, жалтаңдаймыз қазған көрде.

Өнерің әр тарапқа тегіс болса,
Барсаң да қай орынға, басың - төрде.
Болған соң жалқаулықта біздің қазақ,
Пәст [31] тартқан жұмысы бар төмен жерде.

Хакімде хұкіметші ғаділдік жоқ,
Параны көп жейтұғын сол өнер де.
Сабатып ат-айғырды қан сорпа қып,
Чиновник қырып-жойып жүрген елде.

"Былқылдап майға піскен қой, қозыны
Сұраусыз, ықтиярсыз соя бер!"- де.
Тауықтың қоразындай қоқиланып,
Боқтайды стражник тұрып төрде.

Протокол жасаймын деп тілмаш айтар,
Отырып пәрмен (парман) [32] етіп о да үстелде.
Кісімсіп зәреңді алып өңкей малай,
Әуре қып бұ қазақты көр мен жерде.

3

Қылады әркім мазақ ғылым жоқтан,
Надандар адасуда білім жоқтан.
Шаруаның берекесі кірмейді екен,
Мекен - жай, қоныс қылар орны жоқтан.

Заң, закон шариғаттан адастырып,
Би шықты қозы қарын формы жоқтан.
Кіргізіп дін жолына партиясын,
Жем болып, ақыл сұрап әр ұлықтан.

Жоғалса болыс сайлау, халық тынышланар,
Жылқы осал, қыс болғанда, жалы жоқтан.
Партия турасымен ұрласуда,
Қылмайды нашарлық пен малы жоқтан.

Қылмайтын атын беріп байдың өзі,
Таңдатып ұрыларға қалың топтан.
Қолтықтап бір іс келсе және сүйеп,
Ант беріп, ағартады, жаны жоқтан.

4

Жақындық, партия үшін,- құда шықты
Туысқан бір-бірінен, жұда (жүдә) шықты.
Бір-бірін сүйеймін деп, араз болып,
Шыбын жан болысқанға пида [33] шықты.

Бір жерге сход үшін талас болып,
Сыныққа сылтау болып бұ да шықты.
Әркімді, әлі жеткен, шайнаймын деп,
Шабынып көбікті ауыз бура шықты.

Тарылтып аймағыңды крестьян
Іргеңнен ата қоныс мұра шықты.
Мизам мен думада жатқан жұмысы жоқ,
Ұлықтан үкім,зорлық тура шықты.

Әркімнің өз тамағы табылған соң,
Төре ісі қисық жаққа бұра шықты.
Шын көңілі бірін-бірі жеуде болып,
Бұл жұртқа [34] [Халыққа] осындай бір жора шықты

5

Жақсыны, өзі болған көре алмаған,
Біреуді күндемесе жүре алмаған.
Білгеннің біліміне айып қойып,
Ол өзі жөн-жобаны біле алмаған.

Жұмысын теріс жаққа айналдырып (айландырып)
Айтса да: "Оңға бас!"- деп, тіл алмаған.
Айтуға аузы жетіп тұрған күнде
Ерлікпен оған қайрат [ғайрат]қыла алмаған.

Кімде-кім,- қорыққанына[35], алдауменен,
Түлкіше қылып хайла бұлаңдаған.
Болыснай (волостной) оязбенен жемтіктес боп,
Ұрыға тыю, тоқтау қыла алмаған.

Ұрыға үш жылқыға бір ат сатып,
Көбейтіп байлар тобын тыраңдаған.
Байлардан аты даяр боп тұрған соң,
Ұрылар ұрлығынан тына алмаған.

Би, болыс, бай мен ұры біріккен соң,
Кем-кетік, нашарлар күн көре алмаған.
Қисайып мойын біткен бұзықтыққа,
Бұл күнде жан қалмады сыналмаған.

6

Ұнайды дін-исламға мүфти-қазы,
Бұл өзі әуелде бар заман мазы.
Пайғамбар шариғаты тұрса ортада,
Тәңірге сонда жетер халықтың разы.

Қол күшпен ел билеген хакімдерге
Мұңдының өтер емес айтып назы.
Алаш боп қоссақ басты, қор болмаспыз,
Біз болып тұрсақ - тағы көптің азы.

Ынтымақ, партиясыз болып жүрсең,
Басыңа сағымданар күннің жазы.
Еркіңе желікпеске қоймай тұр ғой,
Қымызы қара саба, сары қазы.

Күжілдеп, шекең қызып, лағу сөйлеп,
Байлардың бас қосады көп буазы (муазы)[37].
Сыбырлап екеу-екеу үй сыртында,
Айтақтап әркім қосқан бір қу тазы.

Байға дос көп, кедейге бәрі - дұшпан,
Бар-жоқты теңгеретін жоқ таразы.
Қажы мен қожа, молда көбейген соң,
Күшейді өштік - қастық, ел аразы.

Құдай деп бір жанының қамын ойлап,
Тұратын жан көрмедім қысы-жазы.

7

Түлкінің басынды тарт, хайласынан,
Жырақ жүр соның айтқан [38]пайдасынан.
Ақ болсын, Хаққа көңілің, бұл сықылды,
Шынының жалтыраған айнасынан.

Ынтымақ, алаш болып, қосылмаса,
Көп сөздің зиян табар хаймасынан.
Поселке крестьян салып жатыр,
Үлгілі (Өлкелі) өзен (ұзын) жердің жалмасынан.

Күл төбе, қыраң жерге аударылды,
Бұрынғы ата-баба қоймасынан.
Алумен артық тәртіп кедейлер жүр,
Қуанып орын алса бай қасынан.

Бұл қазақ тік (тек) сөйлесе жалдамаға,
Жеке топ тиіп қалар май басынан.
Біз - түйе: тартынар деп мұрнын тескен,
Жетелеп алып кетер бұйдасынан.

Қазақты, бір начальник, өтсе аралап,
Шығын деп жияды ақша үй басынан.

8

Шариғат, хакім жүрсе, турасы бар,
Халықтың, иа болмаса, жорасы бар.
Баласы кейін туған, қайта қонса,
Атаның, отын қылған, мұрасы бар.

Екі қыс арқасынан бірден қысып,
Шабынсыз, дөңге салған, қорасы бар.
Түйеге ноқта қалай бұйрық болды,
Қазақтың кісі алатын бурасы бар.

Байлайтын, бұрап соққан, шынжыры жоқ,
Жабағы, қыл-қыбыр мен шудасы бар.
Мүйізден өгіз, сиыр бой бермейді,
Сәйгелді. ойнайтұғын, құрдасы бар.

Қазақта отарба мен отқайық жоқ,
Мінуге үш түліктің пайдасы бар.
Көшпелі, үй тігетін, болғаннан соң,
Осындай әр малына хайласы бар.

9

Тоспа(түспе) деп, тағы айтады, көптің бойын,
Бұл жұрттың қойдырам деп айт пен тойын.
Халқына Россияның - мейрамы бар,
Біз, айтқан пәрменіне қойдық, мойын.

Сауықтан, қазақ болып,біз тыйылсақ,
Басқа жұрт қарап тұр ма қылмай ойын?!
Көкпары - құнан, дөнен; атын шауып,
Жиылысар қонақ болып, сойып қойын.

Қымыздың, басын қосып, ортаға алған,
Жағалай қонып алып судың бойын.
Сонымен өз ермегі өзінде боп,
Салады шаруасына ғақыл-ойын.

Партия, болыстыққа таласқаннан,
Ас берген, ұмытып тұр, қалың тойын.
Ұры да (үриеде) қуаттанды партиямен,
Көрсетіп әлсіздерге жуан мойын.

10

Жазы жоқ, біздің халық, күнсіз болды,
Басқа жұрт, күні тұрып, түнсіз болды.
Ие болып көп қойға тоқты қошқар,
Начальник әр не қылса, мінсіз болды.

Аз айтып, ақша берсе, соған ауып,
Көп сөзі ақшасыздан, пұлсыз болды.
Тескенге түйе мұрнын - жиырма бес сом,
Қалаға бара қалсаң, бұл сөз болды,

Жазықсыз, қалашыны, мұжық атып,
Өлуі мұсылманның құнсыз болды.
Патшаға жете алмайды бізден арыз,
Дыбыс жоқ, қорқуменен, үнсіз болды.

Хұзыры сұлтан шаһым теңгермесе,
Кінәлы болса да орыс, кірсіз болды.
Таяққа біздің қазақ көніп тұр ғой,
Атқаны мылтық алып жөнсіз болды!

Қылмаса бұған қайран депутаттар,
Айтқаным құр далаға жел сөз болды!

11

Түн болса, рақат кетер жарлы, байдан,
Арықтап, семіз құр ат, қалың майдан.
Тамағы хакімдердің тоқ болған[тойғаннан] соң [39],
Тыйылсын бұ мінезге ұры қайдан?!

Абақтыны көреді өз үйіндей:
"Орнымыз - ағаш үй,- деп, жақсы жайдан".
Шақырып құзырына алдырған соң,
Жұмысы біте қалар тез оңайдан.

Жылт етіп жетіп елге келер қайтып [40]:
"Бостандық алдым мен,- деп,- оязнайдан".
Дәуірлеп онан сайын көтерілер,
Қорқыныш жоқ боп титтей ол Құдайдан.

Жаназа, некеқияр деген жұмыс,
Артылмас жалаңдаған ауылнайдан.
Еңбегі қожа, молда жалғыз-ақ сол:
Қанағат - қанып ішсе, қара шайдан.

Аяқты қыбырлатса [ бір аттаса][41], тиын сұрап,
Шығып тұр елге жыбыр осындайдан.

12

Пайда жоқ өтірік пен жалған-дағы [42]
Жалғанға құлақ құрышы қанған-дағы.
"Еркіндік бұл халыққа!"- деген публик-
Айтуға бар, көруге [ойлауы әр адамның]

арман-дағы[43].
Түбіне сол арманның жетемін деп,
Пәруана [44] ерлер шамға жанған-дағы.
Ойлай ма: "Дін жолына болыстым!"-деп,

Бас тартып бұл кеңестен қалған - дағы.
Манифест император берілген соң,
Қуаттап әркім дінін алған - дағы.
Патшаның қол астында: поляк, еврей,

Сарт, ноғай, орыс, қазақ, армян - дағы.
Газетпен көңіліндегі мұңын айтып,
Жұмысын бұлар ойға салған - дағы.
Көп дұға шаһымыздың құзырына

Жан рақат халқына айтқан пәрмен-дағы.
Құлағы біздей болған алыс - жұрттың,
Дәміне тәуір сөздің қанған - дағы.
Бәйгеге әркім баптап ат қосып тұр,

Арманда: алмаған да, алған - дағы!
Жұмысы депутаттың - жұрт [ел] [45] пайдасы,
Думаға государин барған - дағы.

13

Шын жақсы ішкі өнерін жасырмаса,
Халқынан бойын биік асырмаса.
Бәріне мұсылманның бауыр болып,
Аулаққа бойын тартып қашырмаса.

Бай адам малым көп деп теңгермейді,
Нашарлар бір Құдайға асылмаса.
Қазақтың берекесі ортасында,
Өзді-өзі партия боп шашылмаса!

Мезгілі ашылатын келе жатыр,
Бақ талай мұнан бұрын ашылмаса.
Әр қайда жақсыларды [жақсы болса,] [46] тану керек:
Жылқы мал үйір болмас қасынбаса.

Бұлақ деп [47] судың көзін ешкім ашпас,
Екпіндеп өзі тасып, шашылмаса [48].
Ерлерге жай жатумен қайрат кірмес,
Ғалідей [49] орда жатып ашынбаса!

14

Бұл заман сауыт қалған, қалам, сия,
Кеңестің шыңда тұрған, бәрі - қия.
Қаратар бір аузына тамам көпті,
Ақылға болған адам ніл - дария.

Сөйлесең, көтереді көңіліңді ашып,
Жарық қып шам жаққандай раушан зия[50].
Дін ислам баласына ашып жаны,
Ұнатқан бостандықты Франция.

Ішінде жанған оттың жатар басың,
Әр айтқан жарлығына десең зия.
Жоғалтты әділдік пен туралықты,
Болған соң жемтіктестер кампания.

Патшаның қол астында артық-кем жоқ,
Бәрі бір: еврей, поляк, Россия.
Милләтке [51] шам жағамын деген ерге,
Пайғамбар болсын шафиғ [52] ахмадия.

Әлиф, ләм, хи мен әлиф, ақыры-нун [53]
Болуға ләмнің асты керек бір ия.
Жисаңыз бас-аяғын бұл әріптің,
Аты бар жұрт аузында шаһбазия.

Би, батыр бұ кәфке [54] ұст иага сәкін[55],
Қосылса бұған қанық фамилия.
Ди-дименен (дей-дейменен) барады ғұмыр өтіп
Табылар біреуге айтсаң онан бір ия[56]...

Түзетеp шебер жамап қалған сөзін,
Тегістер кем-кетігін салған көзін.
Қой жылы, жұма күні Қызылтауда
Көріппіз туып сонда жалған жүзін.

Жалғанда бір ұшырамай айт пен тойға,
Құса боп түсіп кеттім ұзын ойға.
Бес жерде оннан - бірі кем тұрған жас,
Аман жетсе, аманат осы "қойға".

Беc жаста еді бисмилла бастағаным,
Ақ қағазды қаралап ластағаным.
Жасым жетіп он "беске" алқындырды,
Сонда да өсіп бес жастан аспағаным.

Біреу-ақ кем он "беске" жетті жасым [57], І
Иегімнің астында өш пен қасым.
Үрейімді ұшырды, зәремді алып,
Алып айна қарасам, сақал-шашым.

Қоян қуған тазыдай, шалмай жүрген,
Өмір бойы аң қуып, алмай жүрген.
Он бестегі жолдастар үйір болған,
Бұл он "беске" жеткенше, қалмай жүрген.

Жібермей жүр шығуға биік өрге,
Қорғалатар қайдағы тау мен жерге.
Ұйтқып соққан борандай ұйлықтырып,
Күнде-күнде түсіріп қара терге.

Келуі жоқ, ойласам, өткен түнгі,
Көшуінен көп керуен берді белгі.
Қалмай жүрген не дейсің сонша менен,
Ақымақтық та баяғы бала күнгі.

Өз сөзіме түсе алмай өзім оқып,
Бармағымды тістеумен жедім опық.
Ләйла жоқ, босқа Мәжнүн көргің келсе,
Қайда деп іздеңіздер ғиыр мыфық.

Ұстайтұғын жыным бар соқпа-соқпа,
Сөйлетеді кіргізіп шаршы топқа.
Кит пен лағыл таусыла ма,
Бір тарау сөз жібердім Боштаевқа.

1906-ыншы жылда сөйлеген

СӘЛЕМ ХАТ

Ғизатлұ, уа құрметлі, Арғынғазы,
Жігіттің үйде жатпас өнерпазы.
Жолында ғылым, білім өтсін өмір,
Алданбай бос жұмыспен қысы-жазы.

Жолына кеттің түсіп ғылым-білім:
"Болад – деп - қандай күйде жұртым - елім?!"
Дәрмен жоқ күресерге, іш қайнайды,
Айта алмай переводтап қызыл тілім.

Қарадан хан боп өткен бабаң Боштай,
Қолына, жұрт билігін, туған ұстай.
Халқына бақташы боп, болған қорған,
Шарықтап ағып түскен қыран құстай!

Боштай мен қатар шығып Шоң мен Шорман,
Сонда бір түзу заман болып тұрған.
Наурызбай, Кенесары толқынында
Боштай еді көп жұртқа болған қорған.

Көп жұртты Кенесары жаралаған,
Жаманды, жақсылардан саралаған.
Боштайғa келіп сонда қорғалаған,
Саудагер кезіп жұртты аралаған.

Жай тауып үйінде жұрт жата алмаған,
Жақсы бар ма атағы аталмаған?!
Қанша елді Кенесары шапса - дағы,
Боштайға өмірінде бата алмаған.

Құрытқан Қуандықтың малын айдап,
Кене хан Үшкеңгірдің бойын жайлап.
Жалғыз-ақ Боштайға ерген аман қалған,
Есіл менен Нұраны бірдей жайлап.

Еламанның баласы Тұрсынбай - ды,
Арманы жоқ жалғаннан мұңсыз бай - ды!
Бәзілі - бай, Боштайы - аға сұлтан,
Бір Алладан басқа[дан] қымсынбайды.

Уақытында болған Боштай милы кісі,
Дастан болып әр жұртқа қылған ісі.
олы (өлі) аруақ орынын құр тастамас,
Үміттіміз, болсаң да жасың кіші!

ХАЛ-АХУАЛ

Жігіттер, жақсы қайда үлгі шашқан,
Жүдеген ғаріплардың көңілін ашқан?!
"Анау озық, мен кейін қаламын!"- деп,
Көз салып, бірін-бірі шамаласқан.

Сүрініп ат аяғы кетер болса,
Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.
Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,
Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.

Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтар,
Бірін-бірі соғып, жаншып жараласқан.
Жақсыны өзі болған, көре алмаған,
Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.

Ақылшы шықты бізге үй басынан,
Данышпан ойы зерек жұрттан асқан[1].
Биге - пара, байларға өсім болды,
Бой тартып, арамдықтан, бар ма қашқан?!

"Сен кімнен қорқасың?!"- деп жел береді,
Кісі жоқ, қой дейтұғын, елді басқан.
"Пәленше пәлен дейді, мен қайтем?!"- деп,
Сол басын изеңдетіп ақылдасқан [2].

"Мен солай сол жұмысты қылдым",- десе,
"Пәлі!- деп,- Бәрекелді !",- мақұлдасқан.

2

Жүйрік ат, көңіл ашар - қыран, тазы,
Жігітті жібермейді малдың азы [3].
Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді,
Тыятын болмаған соң мүфти қазы.

Сөзі бар замананың теріс қақпай,
Жараса - шы бір-біріне айтқан назы!
Тұйғынға күшігендер ауыз салып,
Жем болып қарақұсқа қоңыр қазы [4].

Басшымыз ел пайдасын сөйлемейді,
Білгіштер бұл жұмысқа емес разы[5].
Көптен-көп іздегені - бүліншілік,
Қанша айтып таусылмайды еш аразы.

Данышпан өтпей сөзі, шаһбаздардың,
Барады босқа кетіп қысы-жазы.
Әлі жоқ, аңқылдама, түсер жарға,
Айтпаса, қайдан білсін ел сабазы?!

Әлі жүр біздің қазақ надандықта,
Қор болып сол себептен өнерпазы [7].

3

Әр істі ойлау керек әуел бастан,
Не пайда өнері жоқ жігіт, жастан?
Мәз болма құмарланып көрінгенге
Жеміс жоқ, миуасы жоқ тау мен тастан [8].

Дос қой деп ішкі сырын түгел айтып,
Көп болды-ау опық жеген аңдамастан!
Өрт қойса, қалың қаудай адамы бар,
Жігіттер.бақ-дәулетке болма мастан [9].

"Жау қайда - жар астында",- дегендейін,
Аяқты, қадам салма, байқамастан [10].
Көз тігіп қарағанмен, көңіл бермес,
Не пайда нұр сипатлы, сүмбіл шаштан?!

Біреуге кеңесейін деп ойласаң[ 11],
Өзіңді жұтып қояр шайнамастан.
Сөз жөнін құрбыларға айта қалсаң,
Күн бұрын, ашуланар, ойнамастан.

Зиянға біздің қазақ аяқ басар,
Соқтығар өз пайдасын ойламастан [12].

4

Білімге жабысайық көңіл қойып,
Ерлердің жұмысына жүрмін тойып.
Болмаса сондай ерлер бізге пана [13],
Залымдар көзімізді алар ойып.

Сөйлесе, жұрт пайдасын, данышпандар,
Хакімдер атып тастар көзін жойып.
Қалайша Россияның, ғаділдігі
Мүшелер кісімізді малша сойып?! [14]

Мархабат, патшамыздан, кеңдік тиіп,
Көз жасын нашарлардың тәңірім иіп!
"Еркіндік, сол кеңшілік"- деген сөзді [15]
Шашпаған начальниктер іші күйіп.

Қолында хүкіметі тұрған күнде
Жіберсін біздің жаққа не ғып қиып?!
Білгіштер ұлпаттасып ғарыз айтып,[16]
Шығарған манифесті басын жиып.

Қылғаны хакімдердің бізге зорлық,
Мизамға тура келмес ісі сыйып [17].

5

Хотқа алып тыңдамайды қазақ сөзін,
Жіберер келемеждеп оның өзін.
Бір жауап бір сөткеде ала алмайды [18],
Сүзілтіп жүргенменен екі көзін.

Дәнекер тамағына түспей қалса,
Әдейі қисайтады құрған тезін.
Екінші хұзырына қайтып келсе [19]
Ақырар мойынға сап сары жезін.

Қазаққа әділ хүкім қылған болып,
Тұл қылып жібереді қатын, қызын!
Неке, талақ қаншасы қолында боп,
Ғалымдар баса алмайды басқан ізін [20].

Алады неке ақысын ауылнайлар,
Молданың жаудыратып қояр көзін.
"Шариғат бұл емес!"- деп, қарсы келсе
Боқтайды стражник түйреп бізін.

Сөз айтсаң бір - екі ауыз жалдамаға,
Атам"- деп, қорқытады, мылтығы ұзын.

6

Біздің жер мархабаттан қашық жатыр,
Хайдасы хакімдердің асып жатыр.
Халқына мархабатлы сөзін айтып,
Мейірі патша ағзам тасып жатыр.

Бас - азат, дін мен жерге ерік беріп,
Манифест әрбір жұртқа шашып жатыр.
Қия алмай бір өзінен басқаларға,
Хакімдер залымия басып жатыр [22].

Шаһбаздар ақ - қараны көріп тұрған,
Біздерге шыбын жаны ашып жатыр [23].
Өгіздер тамағынан қаламыз деп,
Бас тартып бұл жұмыстан қашып жатыр.

"Бар құдай, іс ақырын ондай көр!"- деп,
Білімді, білімсіз де сасып жатыр.
Коп арман жазылып тұр газеттерде
Жүзінде ақ қағаздың машық жатыр.

7

Сөз айтып, тарқатайық ішкі сырды,
Ашайық осындаймен көңіл кірді.
Мың сегіз жүз сол алпыс тоғыздан соң,
Халайық, көріп ең ғой әрбір түрді (торды) ?! [24].

Еріксіз қолын байлап, басын айдап [25],
Тұтқынға салған жоқ па талай ерді?!
Қорқытып бұл қазақтан ақша алмаққа,
Тексеріп жұмыс қылды көрді - жерді.

Шықпаса көңілдегі ыңғайынан,
Жатқызар қапасына кемеңгерді [26].
"Штрафі екі айналсаң, басыңа!"- деп,
Қолына "повестка' деп, қағаз берді.

Күзетші үшеу болсаң (болысың), артында тұр,
Аңдыған құпиялап айтқан сырды.
Нақақтан бір-біріне жала жауып,
Дауласып, үш сыпырып аққан терді.

Жете алмай ақ - қараның анығына,
Басады алақандай, билер мөрді [27].
[Болыс-би былш еткізіп басар мөрді].

8

Қызыл гүл, жасарсайшы [көгерсейші] солып жатқан
Әр нәрсе шағымызда болып жатқан.
Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық.
Тастаңыз жамандықты толып жатқан.

Үлгісі чиновниктер осы болып,
Қасқырша ауыз салып жұлып жатқан.
Құрметлі ел билеген әкімдерім [хакімдер де]
Аждаһа [жыландай] зәрін төгіп, сорып жатқан[28].

Бас салып, әлі жетсе, бейшараны [мұңлы-зарлы,
кем-кетікті]
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.
Әркімді арбауына түсірем деп,

Түлкіше сол құйрығын [құйрықтарын]
бұлаңдатқан[29].
Жүзіме көрінгендер көз салсын деп,
Бір өзін [өз бойын] тоты құстай қылаңдатқан

[сылаңдатқан] [30]
Жатырмыз бір қараңғы ұзын түнде,
Көрінбей жарық сәуле, бір таң атқан.
Сырғытып қоныс-жайдан поселкелер

Қасынан жүрген [өткен] жанды сабап жатқан
[табандатқан].
Бір пәле - қорыққаннан, - шыға[бола] ма?!"- деп,
Бағасыз [Арзанға] асығумен малын сатқан [31].

Артық қып таксиядан доход алып,
Екінші частный сбор мойынға артқан.
Желкелер стражник бейшараны,
Таба алмай кедей ақша жапа тартқан.

Ұлыққа кімнің аузы жете берер,
Осындай жұмыстар бар [жанға батқан] толып
жатқан[32].

9

Бір мың тоғыз жүз жылдан бес жыл асты,
Бес түгіл сол алтыға жақындасты[араласты].
Теңдікті бір көре алмай [ұлықтардан] қарағаннан[33]
Халайық, қор болдың ғой аяқ асты!

Жазалы қылған жоқ па сөзімізден,
Еш қайран болмаған соң өзімізден[34].
Көрген соң дінімізді қорлағанын,
Жас ағып жүре бердік, көзімізден.

Жатқандай қатты ұйқыда қазақ халқы[35],
Айырылмай жақсы, жаман,- бізге парқы [36].
Баласы дін мұсылман, ояныңдар,
Көрінер өз пайдасы, жұрттың нарқы.

Әркім-ақ өз пайдасы ойлағаны[37],
Тереңге түсіп жатыр - бойлағаны.
Хұрият деген сөзді жоқ қылам деп,
Аш бөрі бізді жеуден тоймағаны.

Ойлайды бізді ілем деп бармағына,
Көрсетіп зорлық күшін жан-жағына.
Бас қамын, жан пайдасын ойламастан[38],
Жақсы емес, түсе берсең қармағына.

Өнерге, ғылым-білім, болсаң жерік,
Басыңа, мұны тапсаң, болдың берік.
Бас көтер, дін мұсылман балалары,
Шын тұр ма кетейін деп бізден ерік?! [39].

Еш тұрмас ғаділдікпен бізді бағып,
Бейрия қылған қызмет оған жағып.
Тұрғызып омақаны әрбір жерге,
Ап кетер жерімізді қазық қағып [40].

Орысты біздің қазақ күндемейді,
Үстіне басып өтсе, үндемейді.
"Аямас әлі жетсе"- дегендейін[41],
Жұрт қылып түзулікпен жөндемейді.

Көшпелі мал сықылды біздің халық[42],
Әр шаруа жалқаулықпен болар талық.
Жел болып жаққан шамға дамыл бермей,
Болмай тұр қанша айтқанмен бізге жарық!

Әр түрлі бұл қазаққа шықты форым,
Сатулы жүрген жер мен тұрған орын.
Бұраса біз иіліп көне бердік,
Жұрт едік бейпіл жүрген мұнан бұрын[43].

Шарасыз, амалсыздан жүріп едің,
Еріксіз айдауына көніп едің.
Басқаны мал мен жанның ақша болып,
Әр түрлі тамашаны көріп едің [44].

Таусылмай толып жатыр арманымыз,
Ерікті болмаған соң мал-жанымыз.
Шалмаңыз алты ауызды, жақсыларым,
Бұл тойдан не боламыз қалғанымыз?!,

Пайданың ортасында өзі жатар,
Әрқашан залалына бізді сатар.
Ыптымақ сағадатлу, жақсыларым [45],
Яки қазақ, яки бол өзбек, татар[.

1906. 4 август

БАЯННАМА

1

Бұ сөзім алты алашқа таныс болсын,
Азамат ермін десе, намыс болсын!
Құдайым насріт берсе, дұшпан оңай[46],
Көптігі тұнадағы (қопадағы) қамыс болсын!

Аруақты шақыртатын жерлер келсе,
Тілектес жүйріктерде шабыс болсын!
Іздеген табылатын болып тұрса,
Барып қал, жері қанша алыс болсын!

Түзетер бұ күнгіні тура (төре) шықты,
Бұрынғы қисық пенен шалыс болсын.
Шын жүйрік қызған сайын көтерілер,
Таласып әр уалаят жарыс болсын!

Сол пенде пайғамбардың, рас,үмбеті
Шын ниет дін жолында халыс (қалыс) болсын[47].

2

Ынтымақ, мүшәуәрә әрбір жерде,
Талабы әр халықтың биік өрде.
Жау ғой деп қараңғыда омақаны,
Жан сақтап, жалтаңдаймыз қазған көрде.

Өнерің әр тарапқа тегіс болса,
Барсаң да қай орынға басың төрде.
Болған соң жалқаулықта біздің қазақ,
Пәс тартқан жұмысы бар темен жерде.

Хакімде хүкіметші ғаділдік жоқ,
Параны көп жейтұғын сол өнер де.
Сабатып ат-айғырды қан сорпа қып,
Чиновник қырып-жойып жүрген елде.

"Бағлан, майға піскен: қой, қозыны
Сұраусыз, ықтиярсыз соя бер!"- де.
Тауықтың қоразындай қоқиланып,
Боқтайды стражник тұрып төрде.

Протокол жасаймын деп тілмаш айтар,
Отырып пәрмен етер бір үстелде.
Осындай кісімсініп өңкей малай
Әуре қып бұ қазақты көр мен жерде.

3

Қылады әркім мазақ ғылым жоқтан,
Надандар адасуда білім жоқтан.
Шаруаның берекеті жұрттан қашты,
Мекен-жай, қоныс қылар орны жоқтан.

Заң-закон шариғаттан адастырып,
Би шықты қозы қарын формы жоқтан.
Кіргізіп дін жолына партиясын
Жем болып, ақыл сұрап әр ұлықтан.

Жоғалса болыс сайлау, халық тыйыш,
Жылқы осал, қысқа қарсы жалы жоқтан.
Партия турасымен ұрласады,
Қылмайды нашарлық пен малы жоқтан .

Баулитын атын беріп байдың өзі,
Таңдатып ұрыларға қалың топтан.
Қолтықтап бір іс келсе және сүйеп,
Ант беріп, ағартады, жаны жоқтан.

4

Жақындық,- партия үшін,- құда шықты
Туысқан бір-бірінен, жұда шықты.
Бір-бірін сүйеймін деп, араз болып.
Шыбын жан болысқанға пида шықты.

Әркімді, әлі жеткен, шайнаймын деп,
Шабынып аузы көбік бура шықты.
Тарылтып аймағыңды крестьян
Іргеңнен ата қоныс мұра шықты.

Мизам мен думада жатқан жұмысы жоқ,
Ұлықтан өкім, зорлық тура шықты.
Әркімнің өз тамағы табылған соң,
Төресі қисық жаққа бұра шықты.

Көңілі бірін-бірі жеуде болып,
Халыққа осындай бір жора шықты.

5

Жақсыны өзі болған, көре алмаған,
Біреуді күндемесе жүре алмаған.
Білгеннің біліміне айып қойып,
Ол өзі жақсы жөнді біле алмаған.

Жұмысын теріс жаққа айналдырып,
Оңына бастап айтса, тіл алмаған.
Айтуға аузы жетіп тұрған күнде
Ерлікпен оған қайрат қыла алмаған.

Кімде-кім (кемде-кем) қорыққанын алдауменен
Түлкіше қылып хайла бұлаңдаған.
Халықты жексұрын ғып болыснайлар (волостнойла
Оязға жағымсынып бипаңдаған.

Қызылға, даушылардан, билер тойып,
Қарынын көтере алмай тойпаңдаған.
Тамағын толтырудың қамын ойлап,
Ақ-қара анық көзбен, байқалмаған.

Байлардан, жуан мойын, зорлық тиіп,
Шыбжыңдап нашар байғұс сипаңдаған.

6

Ұнайды дін - исламға мықты қазы,
Бұл өзі әуелде бар заман мазы.
Пайғамбар шариғатпен ғамал жүрсе,
Тәңірге сонда жетер айтқан разы.

Қол күшпен ел билеген хакімдерге
Мұңдының өтер емес сөйлеп назы.
Алаш боп басты қоссақ, қор болмаспыз,
Біз болып тұрсақ - дағы көптің азы!

Ынтымақ, партиясыз, болып жүрсең,
Басыңа сағымданар күннің жазы.
Еркіңе желікпеске қоймай тұр ғой,
Қымызы қара саба, сары қазы.

Күжілдеп, шекең қызып, лағу сөйлеп,
Байлардың майға піскен көп буазы.
Сыбырлап екеу-екеу үй сыртында,
Айтақтап әркім қосқан бір қу тазы.

7

Түлкінің, басынды тарт, хайласынан,
Жырақ бол соның айтқан пайдасынан.
Ақ болсын Хаққа көңілің, бұл секілді.
Шынының жалтыраған айнасынан.

Ынтымақ, алаш болып, қосылмаса,
Көп сөздің зиян табар шаймасынан.
Поселке крестьян салып жатыр,
Өлкелі, өзен, жердің жайлысынан.

Көл - төбе, қыраң жерге ақтарылды,
Бұрынғы ата-баба қоймасынан.
Алумен артық тәртіп кедейлер жүр,
Қуанып орын алса бай қасынан.

Бұл қазақ тік сөйлесе жалдамаға,
Жеке доп тиіп қалар май басынан.
Біз - түйе: тартынар деп мұрнын тескен,
Жетелеп алып кетер бұйдасынан.

Халыққа: "Шығыны!"- деп, ояз шықса,
Санайды қанша тиын үй басынан?!

8

Шариғат, хакім жүрсе, турасы бар,
Халықтың, я болмаса, жорасы бар.
Паласы, кейін туған, қайта қонса,
Атаның, отын қылған, мұрасы бар.

Екі қыс арқасынан бірден қысып,
Шабынсыз, дөңге салған, қорасы бар.
Түйеге ноқта қалай бұйрық болса,
Қазақтың кісі алатын бурасы бар.

Байлайтын, бұрап соққан, шынжыры жоқ,
Жабағы, қыл-қыбыр мен шудасы бар.
Мүйізден өгіз, сиыр бой бермейді,
Сәйгелді, ойнайтұғын, құрдасы бар.

Қазақта отарба мен пароход жоқ,
Мінуге үш түліктің пайдасы бар.
Көшпелі, үй тігетін, болғаннан соң,
Осындай әр малына хайласы бар.

9

Жазы жоқ, біздің халық, күнсіз болды,
Басқа жұрт, күні тұрып, түнсіз болды.
Ие боп қалың қойға тоқты қошқар,
Начальник әр не қылса, мінсіз болды.

Аз айтып, ақша берсе, соған ауып (аулып),
Көп сөзі ақшасыздың пұлсыз болды.
Тескенге түйе мұрнын - жиырма бес сом,
Қалаға бара қалсаң, бұ сөз болды.

Жазықсыз, қалашыны, мұжық атып,
Өлуі мұсылманның құнсыз болды.
Патшаға жетер ме еді бізден арыз?!
Дыбыс жоқ, қорқуменен, үнсіз болды.

Хұзыры сұлтан шаһим теңгермей ме
Кінәлі болса да орыс кірсіз болды.
Таяққа біздің қазақ көніп тұр ғой,
Атқаны мылтықпенен жөнсіз болды.

Қылмаса бұған қайран депутаттар,
Айтқаным айдалаға жел сөз болды.

10

Қужа (тоспа) деп, тағы айтады, көптің бойын,
Халықтың қойдырам деп айт пен тойын.
Халқында Россия - мейрамы бар,
Біз, айтқан пәрменіне, қойдық мойын.

Сауықтан, қазақ болып, біз тыйылсақ,
Басқа жұрт қарап жүр ме қылмай ойын?
Көкпары - құнан, дөнен; атын шауып,
Жиылысар қонақ болып, сойып қойын.

Қымызын, басын қосып, ортаға алған,
Жағалай қонып алып судың бойын.
Сонымен өз ермегі өзінде боп,
Салады шаруасына ақыл - ойын.

Партия, болыстыққа таласқаннан,
Ас берген, ұмытып тұр, қалың тойын.
Ұры да қуаттанды партиямен,
Көрсетіп әлсіздерге жуан мойын.

11

Түн болса, рақат кетер жарлы, байдан,
Арықтап, семіз құр ат, қалың майдан.
Тамағы хакімдердің тойғаннан соң,
Тыйылсын бұ мінезге ұры қайдан?!

Көреді абақтыны өз үйіндей:
"Орнымыз ағаш үй,- деп,- жақсы жайдан".
Шақырып дуанына барса-дағы,
Жұмысы біте қалар тез оңайдан.

Бес күнде елге қайтып жетіп келер:
"Бір қағаз мен алдым,- деп,- оязнайдан".
Дәуірлеп онан сайын көтерілер,
Екінші - қорқыныш жоқ бір құдайдан.

Жұмысы шариғаттың - некеқияр,
О - дағы артылмайды ауылнайдан.
Хақысы қожа, молда со боп қалды,
Қанағат - қанып ішсе, қара шайдан.

Аяқты бір аттаса, тиын сұрап,
Шығып тұр елге жыбыр осындайдан.
Пайда жоқ өтірік пен жалған - дағы,
Жалғанға құлақ құрышы қанған — дағы.

Еркіндік бұ халыққа деген публик
Ойлауы әр адамның арман - дағы!
Түбіне сол арманның жетемін деп,
Пәруана (паруана) ерлер шамға жанған - дағы.

Ойлайма: "Дін жолына болыстым?!"-деп,
Бас тартып бұл ақылдан қалған - дағы.
Манифест император берілген соң,
Қуаттап әркім дінін алған - дағы.

Патшаның қол астында: поляк, еврей,
Сарт, ноғай, орыс, қазақ, армян - дағы!
Газетпен көңілдегі мұңын айтып,
Жұмысын бұлар ойға салған - дағы.

Көп дұға шаһымыздың құзырына
Жан рақат халқына айтқан пәрмен - дағы!
Құлағы біздей болған алыс жұрттың,
Дәміне тәуір сөздің қанған - дағы.

Бәйгеге әркім баптап ат қосып тұр,
Құдайдан соны тілеп тұрған - дағы.
Жұмысы депутаттың - ел пайдасы,
Думаға государин барғандағы!

13

Шын жақсы ішкі өнерін жасырмаса,
Халықтан бойын биік асырмаса.
Бәріне мұсылманның бауыр болып,
Аулаққа бойын тартып қашырмаса!

Бай адам малым коп деп теңгермейді,
Нашарлар құдайына асылмаса
Қазақтың берекесі ортасында,
Орысқа партия боп шашылмаса!

Mезгілі ашылатын келе жатыр,
Бақ, талай мұнан бұрын ашылмаса!
Әр қайда жақсы болса тану керек:
Жылқы мал үйір болмас қасынбаса.

Бұлақ деп судың көзін ешкім ашпас,
Дария боп, өз екпіні, тасынбаса!
Ерлерге жайша жүріп қайрат кірмес,
Ғалідей орда жатып ашынбаса!

14

Әскері халық, жұрттың - қалам, сия,
Кеңестің шыңда тұрған, бәрі - қия.
Жығады ыңғайына көптің райын
Ақылға болған адам ніл - дария!

Жүрегін тәңірім қылып рәушән, зия,
Мархабат ер көңіліне салған ұя!
Дін ислам қанша болсын баласына,
Жәрдемі о да тиген Франция!

Ішінде жанған оттың басың жатыр,
Әр айтқан жарлығына десең: "Иа!"
Ғаділдік, ақ жөнімен туралықта
Партия демократ кампания.

Шаһымыз қол астында артық-кем жоқ,
Бір баға: мұсылман мен Россия.
Милләтке шам жағамын деген ерге
Пайғамбар болсын медет ахмедия!

Бағамдап (фаһамлап)байқасаңыз, бір хи бар
Әлиф, ләм, аяғы - нон, ортасы- иа (я)!
Сараптан санасаңыз кім болады –
Осындай бір асыл бар шаһбазия!

Тағы да арғы атасын мен айтайын:
"Би" мен "дәу", "кәф" пен "иа"(я) фамилия.
Алаштың көңілдегі мұңын айтып,
Аяғы бұ сөзімнің - тамамия.

1906 жыл 5 август

ПАРТИЯ ХАҚЫНДА

Сөзіне (жүзіне) ақ қағаздың тартып қалам,
Сөйлеген хихаясын барша ғалам.
Болса да аспан - қағаз, дария - сия,
Болмайды сөз аяғы түгел тамам!

Көшпелі болған елдің шаруасы бар,
Шаһардың алып сатқан саудасы бар.
Айырып жапалақтан жем түсірсе,
Сұрайтын бір-бірінен сауғасы бар.

Жиылып жер жүзіне қыбырлаған,
Құпия жұмысы бар сыбырлаған.
"Пәленше бір оңаша шық!"- дегені-
Көрсетіп, оның аты, сөз ұрлаған.

Бөлектеп қай жұрт болса партиялап,
Қалмайды ұрғашыда(й) сол қиялап.
Басқа орын босағадан тимейтінді
Бас қылып, бас жегізіп тәрбиелеп (тарбиалап).

Көрініс, екі жақтан,топ көбейтіп,
Дау-жанжал, жанып тұрған шоқ көбейтіп,
Болмаса малға зиян, еш пайда жоқ,
Айғыр да тышып жатыр боқ көбейтіп.

Қазақтың мұнан кетер берекесі,
Жоқ болып ынтымақты мерекесі.
Дуагөй - жеген басқа, төрде отырған
Әркімнің ақсақалды бір әкесі.

Ие боп жамбасына отағасы,
Қасында еркесіген бір баласы.
Жілікті соған "мә!"- деп ұстатады,
Әкенің, баласынан, май жағасы.

Көп болып гуілдесе, байлауы жоқ,
Тәңір ісін сол сағатта ойлауы жоқ.
Жел, боран: алас ұрып, шаршап бітер,
Әр істің күні бүгін(бұрын) сайлауы жоқ.

Титықтап, әлі қоймас, шаршағанмен,
Күні өтіп бірін-бірі арбағанмен.
Көп бидің жалғыз аты жауыр болар,
Қол жетпес гауһар бар деп қармағанмен.

Бай түсер темен қарай шарасынан,
Айырылып аз - ауқатты қарасынан.
Аңдыған арам көңіл екі досты:
"Бір бұзық шыға ма – деп - арасынан?!"

Арасы ағайынның алыс болды,
Таласып дамылы жоқ жарыс болды.
Жетіліп партиямен дәрежесі,
Жақсыға жаман адам таныс болды.

Жаз болса, ауылдасып ыңғай қонып,
"Қызық қой бұ жүрген,- деп,- мұндай болып!"
Өңешін жалтыратып көп кедейлер,
Жүрсе де ат пен тоннан жұрдай болып.

Біреуді пана қылып, сүйенгенсіп,
Мәз болып, отырғанға саумал ішіп.
Мырзасы қасына ерткен сол нашарын
Шығынын соған артар сырттан пішіп.

Біреудің ерген ақымақ желігіне,
Жылп етер: "Жараймын - деп,- серігіне!"
Шақырса бір партия жаназаға,
Бармайды туысқанның өлігіне!

Жиылса, сәлемдеспес қырын қарап,
Ac ішпес сарпалтаңда атша жарап.
Ұзақ күн біткен сөз жоқ: керіс, тартыс,
Кетеді ерте келіп, кешке тарап.

Со(л) күн-түн азғырушы толып жатыр,
Шайтан да помогайтшы болып жатыр.
Күнәға бата бер деп ғасы құлға
Жыл, күні, құдайымның толып жатыр.

Қызады базарлары күз болғанша,
Қуарып көк жапырақ боз болғанша.
Ағайын кінәласып арбасады,
Әркімнің талас жері сөз болғанша.

"Ал енді тату бол!"- деп, біреу шығар,
Екі жақ болған елдің сөзін ұғар.
"Жақсы атын екі ортада алам,- деп,- мен!"
Бір үлкен бұ да әңгіме құлақ тығар.

Шақырысып, мал сойысып.татуласқан,
Жамырасып бір-біріне араласқан.
Июньнің аяғында жақындасса,
Күмәнін шөп шабарда, авгус(т) ашқан.

Айтысып, бата қылып, аруақ, құдай,
Болады татулығы бұрынғыдай.
Таласып шөп уақытында шабындыға,
Болады тағы қайта ел екіұдай.

Таусылмас соныменен күнде жиын,
Жұмыс жоқ бітіп тұрған соқыр тиын.
Мінуге толып жатыр байдың аты,
Кедейге күнде мінсе, болар қиын.

Кедейдің жыртылмай ма бұған таңы ?!
Білмейді қалбыр етсе, байдың шаңы.
Елді алып, үйде отырып күжілдейді,
Шыртиып, қоразданып жігіт паңы,

Көз салмас жақсы ниет жобасына,
Зoр беріп туысқанның жыдасына.
Мал алып бесіктегі жас қызына,
Жа(м)пылдап барысады құдасына.

Көрсетіп азына көп қуат-күшін,
Суытып, илікпейді, өңі-түсін.
Бай, жарлы, тере, қара - теңдік емес,
Құдалық, осы күнде партия үшін.

Аңқауды алдаймын деп бәрі ептейді,
Жұмысын құрғақ тілмен реттейді.
Жағында жапырақ ет жоқ ашаң қудың
Сиқырына неше түрлі көз жетпейді.

Халық - жұрт өзі құмар қалың дауға,
Дау болса, екі ит шығар ырылдауға.
Арам ит, осындайда, балпылдама
Болмайды ұзақ күнге омырауға.

Мойнына жеңгенінің әбден мініп,
Семірген шайтанымен көңілі тынып.
Бозарған сұр жыландай, іші - зәрлі,
Сүзектен тұрған жандай, өңі сынып.

Басына бостандық жоқ, дамыл алмай,
Сапырылып ертеңді-кеш жүрген талмай.
Тобындай қоңыр қаздың шу-шу етіп,
Аттанар көтеріле бірі қалмай.

Мұратқа бірі жетер тас салғанда,
Би, болыс, ауылнай боп басқарғанда.
Шығыны партияның суға аққандай,
Таласып, саннан кеміп тас қалғанда.

Саны жоқ қорқып енді тығылғанның,
Бәрі де пана іздейді жұлынғанның.
Мақсаты көңілдегі болған жағы
Үстінен баса берер жығылғанның.

Қайқияр сонда басы болыснайдың,
Ақшадан майын сұрап, ат пен тайдың.
Кигіз бен ақшасына дамыл бермес,
Шаруасын айналдырған көңсік байдың.

Жалаңдап аждаһадай ауылнайлар,
Беліне бір кигізден күйек байлар.
Цифрын бес тиынның бес теңге деп,
Кедейдің хат білмеген соры қайнар.

Мойнына һайбаттанып знак салып,
Алдына шарылдаған даулар барып.
Күшіген, қарақұстай билер отыр,
Жемтігін өлексенің қоршап алып.

Осылай арамтамақ жеген бәрі,
Сақтанбас, обал ғой деп, жеткен әлі.
Жалықпай айта берсем толып жатыр,
Бұлайша заманада жұрттың халі.

Қорқатын адам қайда құдайынан,
Бұзық іс ойлағаны ұдайынан.
Тартылды биылғы жыл көк рахматы -
Халықтың пиғылы жаман ыңғайынан.

Қуаттап алып жүрсе әркім дінін,
Өткізсе ғаділдікте ай мен күнін.
Айтқанын жақсылардың кім ұғады?!
Сөйлеген қаламшылар сөздің шынын.

ҒИБРАТНАМА

Япырм-ай, кессем бе екен мен тілімді?!
Үйрендім қайдан өнер, көп білімді?!
Өткіздім қасірет пенен қапалықта
Қызықты, ойнап-күлер мезгілімді.

Жатпадым су түбінде садәф болып,
Күнінде шықпас па едім дүрге толып.
Байғыздай тас жастанып, тауда жатпай,
Сықылды болдым қарға, ұшып қонып.

Болдым ғой өнерімді тауысқандай!
Мерт болдым, айға шауып, арыстандай!
Сұңқардай биік шынды мекен қылмай,
Шықылықтап көзге түстім сауысқандай.

Сөйлеуден тыйылмаған, қызыл тілім!
Өттің бе зарланумен, қайран күнім?!
Түлкінің қызылдығы өзіне сор
Болғандай болдың(да) маған өнер-білім.

Ішім - от, сыртым - жалын қайнағаным,
Бұйырған, жұтқан күмән, шайнағаным.
Жаныма тыныштығы жоқ, өзіме қас:
Бұлбұлдай, жағып жұртқа сайрағаным !

Сайрауға дәрменім жоқ, тұрмын қажып,
Ұзын түн ұйқы көрмей, жүдеп, азып.
Әшһәрәт апат деп айтқан Хәдиш (хадис)
Мен жүрмін құтыла алмай, тілден жазып.

Айналдым, бұлт болып, биік тауға,
Іліндім, болып шортан, жібек ауға.
Тілі жоқ көп мылқаулар тыйыш жатыр ғой,
Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға.

Ақылды аузын жауып, дәллін ашқан,
Бұл күнде ғақыл, білім бізден қашқан!
Ішіне ақымақтықтан сыйғыза алмай,
Алтынды пұлын білмей, жерге шашқан.

Жатқанмен алтын жерде, кір болмайды,
Жай тас пен дүрдің құны бір болмайды.
Жаңбыры абрахмет жауғанменен,
Садәфқа төгілмесе, дүр болмайды.

Жаңбыры абрахмет нұр болады,
Жауғанмен басқа жайға, қор болады.
Жыланға - у, араға - бал, тасқа - қына,
Тамғаны тақыр жерге сор болады.

Тікенге кетсе тамып, гүл болады,
Көзсізге-көз, тілсізге тіл болады.
Жауғанмен тауға, тасқа, пайдасы жоқ,
Сай-сайдан ағып дария сел болады.

Ғаламға абрахмет нұрын шашар,
Үстім су болады деп надан қашар.
Бір тамшы сонан маған тама ма деп,
Дарияда жатып садәф аузын ашар.

Бұлттай жауатұғын менің өзім,
Көкірегім - қан, жаспенен толған көзім.
Жаңбырдың абрахмет тамшысындай
Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім.

Бораған қардай болып, бұрқырадым,
Жалғаннан суып көңілім, тоқырадым.
Бойыма алтынымды сақтай алмай,
Болмаған мұныменен еш мұрадым (мұратым).

Бұл күнде алтын азып жез болыпты,
Дүниеде жақсы, жаман сөз болыпты.
Гүл іздеп Гүлстанда жүрген бұлбұл
Бір күні қаршығаға кез болыпты.

Сұрапты қаршығадан сонда бұлбұл:
-Жалғанда ынтызарым — бір қызыл гүл!
Қаршыға, сен де құссың, мен де құспын,
Ақылың сенің менен емес қой мол!

Бектердің оң қолында тұрағыңыз,
Ерттеулі күнде жүйрік пырағыңыз.
Кекіліктің миы менен жүрегін жеп,
Табылған әрбір құстан мұрадыңыз (мұратыңыз).

Татисың қымбат баға қадір пұлға,
Жүресің патшалар мен шығып жолға.
Жазым боп жазатайым түссең торға,
Түсірмей ап кетеді қолдан-қолға.

Өткіздім мен әр түнді сайрауменен
Басымды тікенекке байлауменен.
Көрем деп қызыл гүлдін. ашылғанын,
Ұзын түн зығырланам, қайнауменен.

Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды,
Көзімше аузы ашылып, шашылмайды.
Оянсам, ұйықтап кетіп, ашылады,
Қасіретім, бір көре алмай, басылмайды!

Зарлаймын ұзын түні көрермін деп,
Көре алмай ашылғанын қасіретім көп.
Ғұмырымда бір ашылған уақытын көрмей,
Барамын бұл жалғаннан мен уайым жеп.

Гүл үшін, тікен болды, жатқан жерім,
Барады бір ашылмай ішкі кірім.
Зарығып бұ қападан қанлар жұтып,
Тарқамай бұ жалғаннан кеткен шерім.

Қаршыға келді сонда жақындасып,
Бұлбұлмен сөйлескелі жауаптасып:
-Құссың да сен бір ақымақ, ақылың жоқ,
Бір гүлге пайдасы жоқ болған ғашық.

Сайрайсың түні бойы ауыз жаппай,
Қонасың сабырсыздан әрбір шаққа-ай!
Жетпестен бір мұратқа мың сөйлейсің,
Сол үшін қалып тұрсың мұрат таппай!

Аузыңды, ақылың болса, жабар едің,
Үндемей сабыр қылып бағар едің.
Тілі жоқ мен сықылды мылқау болсаң,
Бір күнде мың мұратты табар едің.

Боласың сен ақылды менен қайтіп?!
Зарықтың бір гүл үшін жапа тартып!
Бір күнде мың мұратым болар хасил,
Адамға үндемеймін бірін айтып.

Қаршыға, мұны айтқан сен бір ерсің,
Тілегін әр пенденің тәңірім берсін [90]!
Табарын мылқау болып, мұрат болса,
Болмаған хасил мұрат кете берсін!

Мұрныңды шошайтасың мақтағанға,
Жүруші ең келемеж боп көп тағанға.
Қолында көрінгеннің болып тұтқын,
Мәз болып жүріпсің де сақтағанға.

Жегізбес саған етті қаныменен,
бір құстың тояттатпас саныменен.
Өзіңді ертеден - кеш ашықтырар,
Алсын деп құс көрінсе жаныменен.

Бір ұрттам қан ішесің, бір құс алсаң,
Сен - ақымақ, тамақ үшін болған сарсаң.
Арбакеш сарттарға құл болғанша,
Онан да жақсы емес пе, өліп қалсаң?!

Жаратқан бір құдайға жетер датым,
Зарланған ұзын түндер мүнаджатым!
Бітпесе бір мұратым, кетсін, барсын!
Ғаламға дастан болған, "бұлбұл" атым.

Мұратым бітпесе де, көңіліме тоқ,
Қарға мен сендей қаңғып, жемеймін боқ.
"Шіркіннің қаршығадай сайрауын-ай!"-
Деп айтқан бір қазақты естігем жоқ.

Құс болсаң, бозбалалар, бұлбұлдай бол!
Табылар іздегенге бір қызыл гүл!
Ет үшін бір-екі елі торға түскен,
Тіл алсаң, бола көрме қаршыға сол!

ТАМАМ

XXX

Біздің сахаралық көшпелі халық әңгімеден құлағы алыс болса да, хат-хабарларды білім[ді] даналар алып оқып, жәтһад- әбин құлақ қойып тыңдаған жанға естіртеді. Ноғай бауырларымыздың ғарайып-ғажайыптан жазған мектептерін оқып тұрамыз. Өзіміздің тілде мұсылман жазуы илан шықса, орысша тіл мен орысша хат илан жазылып шықса, оны да оқитұғын өнерпаздар бар. Бірақ қауым көпке өзінің мұсылманшасы тыйыш, перевод іздемейді. Бірақ переводқа сеніп тұрғанша, біздің қазақ халқы әрбір ғылым болса да, жалқау тартпай, біле беруге лайықлы дүр. Біз-дағы өзіміздің шамамызша, бұ қазақтың шаруа халін басқа халықтарға баян етуге мүнасиб. Бұрыннан белгілі көшпелі халық атанған. Міне, егін жоқ, сауда жоқ, кәсіп жоқ, баққаны мал; төрт түліктен ішіп-жеп, өсіріп, мініп, сатып, бағып-қағып; берекетін құдайдан сұрап, сонымен ауқат кешіреді. Екінші бір жұмысы бар: партия деген. Ол партия өзі халықтың ынтымағын бұзып, қуатты, күштілер зорлықшыл боп, екі жақ боп таласқанда, бір тарапы болыс болса, ана қалған тарапына жәбір — жапа көрсетіп, елге начальник, чинов[ник], урядниктер шықса, ат сол тарапынан, оның ішінде нашардан мініледі. Яки жалдаған ат болса, әлсіз, қуатсыз кедейлерге шығын ақшасын көбірек салып, би, болыс, ауылнай, елубасы ғайыры зор адамдар шығынды өздеріне аз қалдырады. Сондай жәбір-жапа көрген адам ұлығына арыз қылса, оның сөзі ходқа алынбай, кете барады. Сондайын ат зорығып өлсе, оған кесілген баға да жоқ.

САРЫАРҚАНЫҢ КІМДІКІ ЕКЕНДІГІ ҚАЗАҚТЫҢ ОСЫ КҮНГІ ӘҢГІМЕСІ

1

Сөз шықты біздің қазақ баласына
Петербург келіңіз деп қаласына.
Кеңшілік ойлай берсең келе жатыр,
Сахараның көшіп жүрген даласына.

Жақсылар өнер болса, енді аянба,
Қалмаңыз басқа жұрттың табасына.
Хұзыры патша ағзам рұқсат берді
Халқының бас қосуға данасына.

Бұрынғы партиялық жұмыс қалсын
Көңілдің бұл сыймайды аласына.
Ынтымақ, кеңеспенен болған істің
Кірмесін араздығы арасына.

Қолың бос, ауызың еркін, не қылсаң да,
Қарайды әркім ойлап шамасына.
Пейілі патшамыздың кеңіп жатыр
Алғай - ды бізді құдай панасына.

Құдайдың бір жарылғар уақыты келді
Алаштың ұраны үш жүз баласына.

2

Айырылып қалып едің су мен жерден,
Қуат-күш кеткеннен соң әрбір ерден.
Біреуі айрылғанның - тау мен ағаш
Мүлкіңнен шығып кеткен бәрі бірден.

Указбен түйе мұрынын теспе деген,
Белгіні көріп едің әрбір төрден.
Аяқты бір басқанда, екі есе ақша
Қапаны тартып ең ғой көр мен жерден.

Есіктен кіре алмайтын қара шекпен
Орынды қақ жарып кеп алды төрден.
Тұтқында сорлы қазақ қалмап па едің,
Қол қойып ақ қағазға басқан мөрден.

3

Биылғы үмітті едің өткен күзден,
"Октябрь он жетінші",- деген сөзден.
Жан-жақтан ұшпа бұлт көтерілді
Қызғанып күннің көзін мұңды бізден.

"Келді,- деп,- басыңа сот!"- қорқытады,
Іліп ап бес-алты ауыз айтқан сөзден.
Жылаған алым үшін нашарлар көп,
Жас ағып, бейшара боп, екі көзден.

Жыл сайын жат бұйрықтар зәрені алып,
Адасып қалып едік бұрынғы ізден.
Мақсатқа шын түбінде жеткізуші
Рақымын аяған жоқ құдай бізден.

Көз жасы жылаулының қабыл болып,
Мұсылман баласына тиді тізгін.
Ойға алсаң жақсылықты, кеңеске кір,
Жүре бер, жақсылықтан күдер үзсең.

4

Айырылған біздің қазақ Есілінен,
Өзінің болған емес кесірінен.
Жер-мүлкі шаруаның қызықты еді
Қойнында құшақтаған жесірінен.

Адасып осы күнде қазақ қалды
Бұрынғы ата-баба рәсімінен.
Жылқыға керек жерге егін салып,
Жер жыртып, мұжық қалмас кәсібінен.

Жайлауы баратұғын тарылған соң,
Айырылды мал да, жан да несібінен.
Мұжықтың кесірінен қыс көбейіп,
Кеміді төрт түлік мал өсімінен.

Зынданда не шаһбаздар нақақ жатыр,
Ұлықтың қылған зорлық кесімінен.

5

Айырылды біздің қазақ Нұрасынан,
Атаның мекен салған мұрасынан.
Законды жылқышы мен қойшы білді
Үйреніп мал қамайтын қорасынан[1].

Жұмысы партияның қуаттанды,
Халық-жұрттың жаман ырым жорасынан.
Ақша үшін ауызы ашылған жүзқараның
Сөзі жоқ айтар түзу турасынан.

Әртүрлі қысымшылық болып еді,
Сасқандай жұрт жаңылып тобасынан.
Халқына мархабатты[2] сөзін естіп,
Патшаны жұрт тастамас дұғасынан.

Орысқа мынау жерің керек десе,
Әркім-ақ жылап көшті ұясынан.
Ұлыққа бізден барып арыз айту
Шыңның да қиын еді-ау қиясынан.

Ұлықтың құзырына қалам тартқан
Айта алсаң, болар ердің сиясынан.
Қазақтан баса көктеп жер алуды
Әдет қып алып еді крестьян.

6

Қор болған біздің қазақ қолы жетпей,
Баруға басқа ұлыққа құны жетпей.
Жібермей тұншықтырып басушы бар,
Жүрген жоқ болмаса ат пен тоны жетпей.

Шарасыз амалсыздан жүрген сорлы
Көруге жақсы ұлықты көзі жетпей.
Алды кең мархабатлы ұлықтарға
Баруға басып қадам ізі жетпей.

"Сары алтын - сабыр түбі" деген сөз бар,
Тілектің жүрген екен кезі жетпей.
Кешпес кент, ұшпас тауық болып қазақ
Самұрыққа, қарлықты ғой, үні жетпей.

Қор қылып повесткелер, қамап тастап,
Өлді ғой бір босанар күні жетпей.
Көресің, жақсылықты көрмесең де,
Жүресің кел шет десе, жүрмесең де.

Әркімге ғылым, білім керек дейді,
Білерсің, бұрын байқап білмесең де.
Сүйінші, жүрек жарып, сұрап жатыр,
Күлерсің, езу тартып күлмесең де.

Бұ жолға қажет үшін беру керек,
Пейілің тар, бұрын сараң, бермесең де.
Соңынан жүрген ердің бәрің шұба,
Бұрынғы арсыздықпен ермесең де.

Құнына тұйғын құстың бағаң жетті,
Тауық боп, бұндай тары термесең де.
Көруге көзіңе арман мекемеге
Кіресің, бұрын барып кірмесең де.

Бұрынғы қысымшылық қапасынан
Өлуге жақын едің, өлмесең де.
Данышпан, ақыл, дана керек дейді,
Жиылып бәрің бірдей жүрмесең де.

8

Айтқан сөз, ақылға сал, жалған болса,
Немене естіп құлақ қанған болса.
Талабы талапты ердің қайда жатыр,
Әр тұстан әркім хабар алған болса ?!

Оянбай әлі күнге қазақ жатыр,
Арыз хат басқа жерден барған болса.
Айтушы: "Наныңыздар!" — деп айтады,
Бұ тілге мұсылмандар нанған болса.

Бір мың тоғыз жүз жылдан асты бесі,
Бес түгіл көрді алтыны тірі кісі.
Тиеді құлағыма еміс-еміс
Октябрь он жетінші манифесі.

Отырмыз, міне, марттың он бесінде,
Қазақтың дәнеңе жоқ тіпті есінде.
Мархабат патшамыздан кеңдік бар деп,
Сөйлеген бір сөз жоқ боп ел ішінде.

Талай ер күйіп жатыр дегенменен,
Дәнеңе жоқ бұған опық жегенменен.
Манифест бар деп айтқан айтушыны
Айта алмай ұстайды орыс дегенменен.

Орыстан біздің қазақ қойдай ықты,
Манифест бар дегенді бүктеп тықты.
Бар деушіні жазалы қылған жұмыс
Әшкере боп ғаламға қайдан шықты?!

Ғаламға патша күндей нұрын шашып,
Халқына мархабатты мейірі тасып.
Қазаққа бұл күнгеше есіттірмей,
Аты бар, өзі жоқ қып қойды басып.

Түңілді естіген жұрт мұнан таза,
Дәнеңе жоқ білмегенге, білгенге-аза!
Манифест бар деушілер тұтқын болып,
Кесілді еш себепсіз оған жаза.

Бар Құдай, бізге жарық таңыңды атыр,
Болар ек, атса таңың, біз де батыр.
Қазаққа құлақ пен көз болған ерлер
Тұтқында, білесіз бе, неден жатыр?!

Мақал бар: "Халық сүйгенді тәңірі сүйді"
Деп едік: "Бізге де бір дәурен тиді!"
Патшаның мархабаты жұртына бар,
Деп айтам деп шаһбаздар нақақ күйді.

Қазағым өнер... ұрлық-зорлық
Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?!
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Басыңа келген жоқ па талай қорлық?!

Жиылыс, дума деген хабар шықты,
Қайратты ерлер барар оған мықты.
Бас қамын, жан пайдасын ойлаңыздар,
Тастасып партия мен араздықты.

Думада анық болды сайлау бары,
Құны асар артылғанның сонда шары.
Бәрі де бір ауызды болып жатыр,
Оянып бізден басқа халықтың бәрі.

Бостандық болмақ болып әр руға,
Бас қосты бір ауызды боп тұруға.
Бір қазақтан басқа жұрт ыңғайланды
Бірігіп өз жынысымен жұрт болуға.

Тауып ал тұман түспей тұстасыңды,
Жолдас бол сынап алып қостасыңды.
Баласы дін-мұсылман ұрандасып,
Қосыл кісі санына, қос басыңды.

Партия болысуды қоймадың ба?!
Бұл істен көбің басты жоймадың ба?!
Телміріп әр есікке тентіреуден
Жалығып, өмір бойы, тоймадың ба?

Ашылмай, басымыздан тұман басты,
Сол үшін жол таба алмай жұрт адасты.
Мың сегіз жүз сол алпыс тоғыздан соң
Қор болып, болмадың ба аяқ асты?!

Даярлап күнде алдыңнан қақпан торын,
Шыңырау ғып сексен құлаш қазған орын.
Құранды-қор, молданы бордай қылып,
Тырысты сөндіруге ислам нұрын.

Арзан боп Құран құны болып тиын,
Бас қосар ғұламаға болмай жиын.
Орысша тіл білгенді жұлдыз қылып,
Жоқ қылды шариғаттың құрмет, сыйын.

Мешітті сылтау қылып жауып тастап,
Сала алмай қазақ мешіт қайта бастап.
Кітапты чиновниктер жинап алып,
Жылаған күндер болды-ау көзді жастап.

Мешітті ас үй қылды, молда сасып,
Көрген соң чиновникті құты қашып.
Кітапты тиеп алып шанасына
Астына сол к...інің алды басып.

Деп айтшы, кәне, өтірік, мұсылмандар,
Паналар жер таппады - ау қысылғандар.
Есіл аят, хадисті сөйткен шақта
Денеде құр шықпаған қадй,ы — ау жандар.

Тұл болды ерік алумен қыз бен қатын,
Міне алмай әркім баптап бір-бір атын.
Меншіктеп мекеніңді крестьян,
Не дейміз, қорлық демей мұның атын?!

Байланып, қорыққандықтан жүрді тілім,
Қазағым, қайран жұртым, халқым, елім.
Мұжық кеп қара шекпен, крестьян '
Жеріңді қылмады ма тілім-тілім?!

Көгорай көк шалғыннан еріксіз айдап,
Құлыныңды қор еттің шаңға байлап.
Никан жала жабысып, басың кетіп,
Жылап ең жағаңды ұстап: "Я, құдайлап!"

..Манифест, берді патша, басыңа ерік,
Барып қал хұзырына тауып серік.
Түсіңе үш ұйықтасаң, кірмейтұғын
Сықылды табылатын асың жерік.

Басыңнан әрбір түрлі күндер өтті,
Құр жылап екі көзге әлің жетті.
Өзіңді өзіңменен ұстастырып,
Тоздырып, иттей қор қып, быт-шыт етті.

Халық аң-таң әлі күнге басы қатып,
Тұрғанын білген жан жоқ таңның атып.
Көп болды: көз жасына қалған жандар
Зерлі шекпен, медальға жұртын сатып.

Ингам[4] деп медаль, наград ала берді,
Өз басы аман, жұртты отқа сала берді.
Пайдасын үрім-бұтақ ойламады,
Кебепте (Кибапте) кейінгілер қала берді.

Сөктелген тарыдай боп ақталыңдар,
Бәйге алсаң бұл жарыстан, мақтаныңдар.
Қулардан шекпен киіп, наград алған
Мұсылман, мұнан былай сақтаныңдар.

Ер болсын уағдасын бұзбайтұғын,
Алданып сый-құрметке қызбайтұғын.
Пайдасын милләтінің[5] түгел ұстап,
Жұрт қамын түптеп тартып қозғайтұғын.

Кеңшілік мемлекетке патша берді,
Қарақшы бас қосуға қылды жерді.
Тұқым-тұқым пайдасын ойлайтұғын
Сенімді жіберіңдер бұған ерді.

Қылмаңдар жанжал, талас бұған іреу,
Түзу ағаш болады үйге тіреу.
Қазақтан сайланады депутатқа
Теңдікке алса, екі жүз мыңнан біреу.

Бұл мәжіліс қызыл қия, шың болады.
Ескі қалып, жап-жаңа тың болады.
Семипалат, қазағы, облысының
Алты жүз және сексен мың болады.

Сайлауға, депутаттар, жиылыңдар,
Дін, ғылым үшін ынтымақ қылысыңдар.
Мұсылманнан қосуға санын көп қып,
Тырмысып, талап қылып, тырысыңдар!

Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосындар ерлігіне.
Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей,
Тілеу қыл дін мұсылман бірлігіне!

Сұраған мұсылман бар бізден бұрын,
Қазан, Қырым, Орал мен Орынборым.
Соңынан сол мұсылман сен де шұбал,
Көбейтіп, дін исламның көркейт нұрын.

Әр жұрттар қылған нұсқа баспасына,
Қылуға ауыз бірлік бас-басына.
Өзіңменен ыңғайлас жұртпен бірік,
Пұл берсе, бұрма мойын басқасына.

Арызын былтыр айтқан түгел Қазан,
Жер мен су, басқа азаттық, мешіт, азан.
Тілегі, дәлелі мен толып жатыр,
Қылайын қайсы бірін жарапазан.

Болып тұр мұсылманға Қазан басшы,
Сен де соған жейтұғын асынды асшы.
Дін исламның бір болып ынтымағы
Патшаның қол астында бір жарасшы.

Болатұғын мезгілің болды тірі,
Басшың тұр аузы жеткен алдында ірі.
Сол басшының соңынан ер бірісің (бірің),
Есепті санды алтаудың болдың бірі.

Шықпасаң, басың қалсын балағанда,
Жаның қалмас талай ит талағанда.
Империяға қараған дін мұсылман,
Алтыдан бір боп шығар санағанда.

Бұл бәйгеде талай ат шабылады,
Ашылған арт неменен жабылады?
Сенікіне муафиқ [6] тілегені,
Айлас, мұңдас сол көптен табылады.

Тексерме, сірә, ешкімнің тек пен затын,
Оқып көр программа қылған хатын.
Өзіңменен тілеулес бір боп шықса,
Таныс бол сол арада сұрап атын.

Бесінші, мың тоғыз жүз, жыл ішінде,
Жұлдыздың август деген он бесінде.
Бас қосқан мәкаржеде мұсылмандар
Айтайын тұрған күнде мен де есімде.

Көп болар айырылатын ақыл-естен,
Шыққан сөз көпке бірдей отыз тістен.
Құлақпен естуменен бұлақ болдым,
Болмаса туғаным жоқ оқып іштен.

Жиылған мәкаржеге мың сан кісі,
Кем менен көптікке бар кімнің ісі?
Ынтымақ, ауызбірлік қылу үшін,
Бас қосқан мұсылманның білімдісі.

Кезгендер үйде отырып дүние жүзін,
Жан-жаққа салған ашып көңіл көзін.
Ұнатқан ғылым, білім иелері
Жасаған программа Қазан сөзін.

Жігіттер, өнер алды - ғылым, білім,
Деген бас жан бұрмасын ислам дінін.
Жақсылар басын қосқан кеңес сөзін
Шеберлеп келтіре алмай жатыр тілім.

Патшаның құзырына тартып қалам,
Бас қосып өңшең жүйрік, білгіш адам.
Дін мен жалғыз жер емес сұраулары
Сұраған хұриятты тегіс тамам.

һәм жұртта не білімді, бар ғой зерек,
Зеректің күні туды болар керек.
Атпақ мұсылманның ынтымағы
Бір жерден шықса екен деп қылды тілек.

Екінші, ие болсын дін мен жерге,
Тұрса да қай орында кіммен бірге.
Құтылып таршылықтан, кеңіп тыныс
Ісіміз басса екен деп біздің өрге.

Жұрт бағынып патшаға қараса деп,
Халық ықыласы бек ұнап жараса деп.
Неке, талақ, мирастың дау-жанжалы
Ғұламаның алдынан тараса деп.

Дін көркейіп, көзге бір көрінсе деп,
Мұнан шалқып басқалар үйренсе деп.
Шариғаттың тізгіні қолымызда
Бостандық боп, қағусыз берілсе деп.

Ие болар табыншы бір табынға,
Баға алмаса қалмай ма сол заманға.
Имам болар кісіміз ішімізден
Бармайтұғын болса деп экзаменға.

Дінімізді кемітіп қорламасын,
Көзімізді бақырайтып ұрламасын.
Баламызды билетсін өзімізге
Оқытсын деп орысша зорламасын.

Кедергі талай бел бар жолымызда,
Жұмыс біздің оң мен солымызда.
Мешіт пен медресенің ықтияры,
Болса екен өзіміздің қолымызда.

Салушы болса құлақ сөзімізге,
Сөйлейтін келдік қой біз кезімізге.
Бұрынғы ықтиярсыз қолдан кеткен
Жер мен су қайтса екен деп өзімізге.

Қоялық өкінбей-ақ өткен күнге,
Надандық, білместік пен көндік кімге.
Шариғат низаммен қатарласып,
Бірдей боп келсе екен деп теңбе-теңге.

Қараңыз бұлбұлдардың сайрасына,
Бұлақтай, тастан аққан, қайнасына.
Бас та азат, орын да азат, форым да азат,
Еркімен жүрсе әркім деп пайдасына.

Азаттық, бәріне бар, дінде болса,
Сөйлеймін мылжыңдамақ менде болса.
Деуші жан: "Мұның қалай!?"- болмаса екен,
Жиын-той әңгімеміз күнде болса!

Бас қоссақ екеу-үшеу, деуші еді: "Қой!"
Қоймасаң деген сөз бар: "Ал, көзін жой!"
Баста билік жоқтықтан тырп ете алмай,
Өлгенге ас бере алмадық, туғанға- той.

Бір әріп қылдан тайып айтсаң өзге,
Набақты (абақты) бұрылады даяр бізге.
Өзіміз ие болсақ деп тіленген
Сөйленіп, ауызымыздан, шыққан сөзге.

Публик [7] боп бұл манифест шашылса деп,
Күн көзі бұлт жоқ боп ашылса деп.
Кітабы мұсылманның жиған, терген
Ерікті боп, цензорсыз басылса деп.

Тірілей тықпаса екен бізді көрге,
Бас азат сұрасаң дәурен жұртпен бірге.
Өзіміз ие болып отырсақ деп,
Күнелтіп үй орнымен тұрған жерге.

Келеді жаңа босап кірісіміз,
Өлдік қой оңға баспай бір ісіміз.
Ғылым, білім, өнерге кірісуге
Болса деп көппен бірдей жүрісіміз.

Шариғат ортамызда тұрса екен деп,
Бір дүкен дін ислам боп құрса екен деп.
Мешіт пен медресенің тексеруі-
Құран кітап жөнімен болса екен деп.

Патша ойламас өз халқын оңбасын деп,
Тынышталып, рақаттанып тұрмасын деп.
Біздің мектеп, мешітке тілегіміз
Көруші инспектор болмасын деп.

Ғылым бар дін исламда жете білген,
Жоқтықтан ерік өзінде қор боп жүрген.
Тізгіні шариғаттың қолға тисе,
Тамаша қылар еді-ау бізді көрген.

Шариғат қылса үкім қандай қатты,
Дер едік жарық сәуле, таң жаңа атты.
Қолына көптен бері тимеген соң,
Сағынды дін-мұсылман шариғатты.

Патшаға біз бағынып сұндық мойын,
Халқына қылса күнде айт пен тойын.
Әр түрлі өнерпаздар шығарса сөз,
Ашуға тұнып жатқан халықтың ойын.

Алайық қуанғаннан бастан бөрік,
Ғылым менен білімге әркім жерік.
Осындай әркім барын көрсетуге
Тоқтаусыз бостандық боп берілсе ерік.

Қазағы империяның - асыл затым,
Өзімді танытады жазған хатым.
Деушіге: "Мынау сөзің жарамайды!"
"Қайтейін, барым осы, азаматым!"

Депутат сайланады білімді ерден,
Талапты шығып жатыр әрбір жерден.
Ауызға алынған жан көрінбейді,
Кеңес қып мұндай сөзді біздің орден.

Ужиршик бір-бір кісі болыс басы,
Сол кісің болсын асыл жүзік қасы.
Дін үшін жан кешетін ерлер болсын,
Қызбайтын көрінсе де жерік асы.

Алдында алтын жатса, алмайтұғын,
Жан-жағын, қу болмасын, жалмайтұғын.
Өлген қоян терісін тұлып қылып,
Тартқан шырға көрінсе бармайтұғын.

Алланың ақ жолымен жүретұғын,
Ерік Аллада екенін білетұғын.
Қызыл жел, жемтікшілді жібермеңдер
Ит сықылды жетекке еретұғын.

Бір ниеттің қамы үшін бастаңыздар,
Бұрынғы араздықты тастаңыздар.
Сайлаңдар депутатқа кісі тауып,
Айдалып, атылудан қашпаңыздар.

Дініңді кім қорласа, сол - өш - қасың,
Қорлықтан ақпап па еді көзден жасың?!
Үйде өлген мың шіріктің бірі болмай,
Жұрт үшін арманың не кетсе басың?

Өз жұртын оңған бар мажатқа сатқан?
Ерді елдің пайдасы үшін хақ жаратқан.
Ойлайтын елдің қамын ерді жібер
Жерінен суырып алып көрде жатқан.

Күдер үз тірімін деп жүрген жаннан
Бір тілім, құны аса алмай, қара наннан.
Білімді өліп көрде мың жыл жатса,
Шықпайды сонда - дағы кісі саннан.

Әр тілді депутатың болсын білген,
Бас қосқан мәжілістерге бұрын кірген.
Қазағым, жұрт емессің тіпті бақсыз,
Қолыңа сондай ерді Құдай берген.

Патшаны көрмесін деп қазақ барып,
Жүрсін деп қолымызда болып ғаріп.
Жол тауып бас білетін ерімізді
Тірілей көмбеді ме көрге салып?!

Көрсетіп сол баяғы зорлық күшін,
Қорлыққа көніп қазақ қалуы үшін.
Айласы адастыру бірді - бірді,
Болмаса іс қылған жоқ тауып ісін.

Ағайын: егіз туған ұрлық, зорлық,
Зорлығы - ағасында, ініде - ұрлық.
Бірі қойса, бірі де қояр еді,
Тауып тұр, қоймағаннан, тегіс қорлық.

Зорлығын қоймай өзі, жаппай мінін,
Ініге алғыза алмас аға тілін.
Қасқырдай өз күшігін талаған жан
Түзетіп тыныш ұстайды қалайша елін?!

Жыртылып, тарта берсе, кетер перде,
Иманның билігі бар талапты ерде.
Қорлықпен тірі болып жүргеннен де,
Жатқандық жақсы емес пе өліп көрде?!

Кеңшілік болды уақыт жазғытұры,
Қар кетіп, лай, балшық жер болды құры (құр).
Құтырған ит аспанға қарап үргенменен,
Кеми ме ай мен күннің онан нұры?!

Болыңдар көтермеші жарысқанға,
Дұшпанмен жағаласып алысқанға.
Бір тиын онан құны кемімейді,
Салғанмен қанша кісен арыстанға?!

Жолыңнан сыбағалы құр (құры) қалма,
Жақсыны аты естілген естен салма.
Халық - жұртының қамы үшін қайрат қылып,
Айдалып, атылсаң да, арман бар ма?!

Түскен жоқ олжа болып шабындыдан,
Ұсталды деумен: "Кендік табылдыдан".
Жұрт үшін жорықта өлсе, арманы не?
Өлмей ме жаман да үйде қағындыдан?!

Алысып өмір бойы жалғанменен,
Шындыққа бір жете алмай, арманменен,
Ақырда бір жарыққа айналады,
Зынданға, қарая ма, салғанменен?!

Бір туар тірі болса күн мен айы,
Болысар анық аққа бір құдайы.
Зындан жаман жер емес ақ кісіге
Жақып ұлы Жүсіптің жатқан жайы[8].

Құл қылып бауырлары сатпады ма?
Зынданда он екі жыл жатпады ма?
Mысырға ақырында патша болып,
Жарқырап таңдай болып атпады ма?

Басы сол: кінәсы жоқ, аққа күйген,
Көз жасын жылаған соң тәңірім иген.
Сол Құдай - бәрімізге бірдей Құдай
Дәурен деп, білсең керек, бізге тиген.

Дүниеқорда құлақ пен көз болмайды,
Есі бүтін кісіде сөз болмайды.
Барды, жоқты сөйлейді жынды шатып,
Түзу ағаш әр қайда тез болмайды.

Ар жағынан келген соң судай ағып,
Тұра алмайды ақындар ауыз бағып.
Көрсоқырлар танымай тез екенін:
"Қисық қой!"- деп, қор қылар отқа жағып.

Бap болсам да дүниеде, болдым жоқтай,
Сөйлейтұғын сөзімнен тоқтай-тоқтай.
Өзі қисық болса да, тез ағашы
Талай қисық ағашты қылады оқтай.

Осы күнде көп болды оқып білген,
Дүние болып, мақсаты, жиған-терген.
Қайда тойса қарыны, сонда тоқтап,
Егіншінің өгізі болып жүрген.

Демейміз біз ондайды тіпті білген,
Хайуан көп тамақ асырап күнін көрген.
Ойлаған халықтың қамын білімді сол:
Қамы үшін ел-жұртының отқа кірген.

Жұртына білгенінен тисе пайда,
Ойлайтын халық пайдасын әр бір жайда.
Халық үшін жаннан кешкен шаһбаздарға
Қылатын жанын құрбан ерлер қайда?!

Жан кешпей көрген бар ма мақсат алып,
Көбелек түседі отқа тұрған жанып.
Жаннан жан аяулы емес, ойласайшы,
Не қылмақ онан аяп алып қалып?!

Ағады күндіз-түні көзден жасым,
Түйіліп тамағымнан ішкен асым.
Қажеті аз тіріліктің өз басыма,
Кісіге керек қылған, міне, басым!

Көре алмай жарық сәуле, таңды көзім,
Қартайдым қараңғылық тұманда өзім.
Өткен күн, жасаған жас,- бәрі аман бол!
Артымда бес-алты ауыз қалсын сөзім!

Асқынды болып жара жауырларым,
Тіпті жоқ жазулы істі ауырларым.
Бірлік қыл, басыңды қос, пайдаңды ойла,
Қазағым, қайран халқым, бауырларым!

Халық қылып атандырды бізді қазақ,
Іргелі көп жұрт емес, өзі де аз-ақ.
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Барасың көрінгенге болып мазақ.

Орынсыз мал шашасың сасқаныңнан,
Қасқырға қарай үркіп, қашқаныңнан.
Құдайдың жақсылығын көтере алмай,
Кез болдың да бір асып, тасқаныңнан.

ЖАРТЫ НАН

Айтатын құран сөзін молда қайда[ 1 ] ?
Дүние үшін ойлағаны амал, хайла.
Айтайын бұрынғының нақыл сөзін
Қайырдан аз да болса көрген пайда.

Дүние өтер бәйге атындай желіп шауып,
Шөп шығар тақыр жерге жаңбыр жауып.
Бір жаяу[2] жолаушы боп келе жатып,
Бір сандық жарқыраған алды тауып.

Қуанды алтын ғой деп көрген заман,
Ұмтылды алайын деп соған таман.
Жалтырап жатқаннан соң қолына алды:
" Кез болды жоқ жерден – деп - қайдан маған?

Сандықтың, ала сала, ауызын ашты,
Сап-сары көрді ішінде алтын тасты.
"Жоқ жерден берді ғой – деп - құдай маған[3]!"
Шаттанып қуанғаннан[4] судай тасты.

Қуанып ол сандыққа салды қолды,
Қолына алып еді, жылан болды.
Бір сәтте өсіп кетті айдаһардай,
Таппады қүтылуға қашар жолды.

Жылан айтты:

- Сен қайдан душарластың?

Жай жатқан сандық едім, ауызымды аштың.
Тірілттің мені қозғап қолыңа алып,
Құйрығын жатқан жылан өзің бастың.
Қолыңы алдың ойлап нені?- дейді,

Осынша әуре қылып мені!- дейді.
Ауызға ашылған соң қорек керек,
Жұтамын енді амалсыз сені,- дейді.

- Мекенім еді менің сандық іші,

Жоламай кетуші еді милы кісі.
Тынбайтын қолға алғанның басын жұтпай,
Құдайдың бұл әзелден жазулы ісі.
Кез қылды сені құдай маңдайыма,

Бұйрықты болғаннан соң таңдайыма.
Сен менен құтыламын деп ойласаң,
Сыйғызып бұрынғыдай сал жайыма.
Бекітіп бұрынғыдай ауызымды жап,

Боламын өсе берсем мен күһі қап.
Енді сені жұтудан басқа ісім жоқ,
Кәнеки, болысатын кісіңді тап!
Қайралып шықыр-шықыр азу тісі,

Қарасы көрінбейді таудан кіші.
Әлсіреп, сасып адам тұрғанында,
Көрінді көз ішінде отыз кісі.
Қуанды берді ғой деп құдай жәрдем [жардам],

Табылды бір отыз жан жоқтан, бардан.
Жалынды байғұс жаяу алдын тосып:
Құтқар,- деп,- мен сорлыны айдаһардан!
Мән-жайын бастан-аяқ көрді байқап,

Айдаһар жолатпайды бәрін жайқап.
Бәрі де көп тұра алмай кете барды:
"Болмас, болмас!"- десті де, басын шайқап.

- Келеді қалай жұтсам, саған шамам,

Бастырман аяғыңды жалғыз қадам!

- Деп ақырып айдаһар тұрғанында,

Кез болды құдай айдап бір бес адам.
Жалынып оларға да жылап бақты,
Зар тұтып, басындағы мұңын шақты.

- Бұған бір амал-хайла табындар!-деп,

Қарасып бір-біріне иек қақты.
Бірі айтты:

- Бұл айдаһар, емес кіші,

Жиылса, бүтін дүние жетпес[5] күші.
Бесеуміз бұған айла, не табамыз?
Біз түгіл түк қылмапты отыз кісі.
Келмейді саған лаж [ғылаж] қолымыздан,

Алмайды, берсек, ат пен тонымыздан!-
Олар да аяңдасып [6] кете барды:

- Өзіміз қалмайық,- деп,- жолымыздан!

Айдаһар ақырумен жақын келді,
Өлерін сорлы жаяу анық білді.
"Кеттім ғой су түбіне!"- деп тұрғанда,
Селтеңдеп бір жарты адам шыға келді.

Басына бір қиын іс түскен шағы,
Тынбайды жалынудан тіл мен жағы.
"Тал қармар суға кеткен"- дегендейін,
Жалынды жан хайласы оған-дағы.

Жарты адам ыңғайланып тұра қалған,
Сөзіне мұның айтқан құлақ салған:

- Айдаһар, айтқаныңның бәрі өтірік,

Нанбаймын мен орынсыз сөзге жалған!
Қыспаққа бұл сорлыны алып тұрсың,
Сен қалайша өтірікке нанып тұрсың?
"Ішінде көздей сандық жатып ем",- деп,

Жоқ жерден бір пәлені салып тұрсың!
Ынсапқа қарасайшы есің жиып,
Өтіріктен ау жасап, бұрыш қиып.
Көрінген мынау тұрған денеңменен

Жатасың сен сандыққа қалай сыйып?
Нандырдың талай жанды таңырқатып,
Өтірігің болды әшкере, таңдай атып.
Сөзіңді әуел маған рас қылшы,

Сандықты қылдың мекен, қалай жатып?
Жұлқынды, айдаһарды ашу қысты,
Жұлындай түтін болып аспанға ұшты.
Түтіннен ұшқын болып [7] көзге түсіп,

Сандыққа ұшып келіп қайта түсті.
Ойда жоқ жерден ойлап амал тапты,
Сандыққа айдаһарды сүйтіп сапты.
Бәрекелді, айтқаның рас екен!- деп,

Сандықтың, тарс еткізіп, аузын жапты.
Құтылдың халас,- дейді,- мұнан аман,
Бұл өзі малғұн еді сондай жаман.
Маңына енді қайтып жолай көрме,

Қарасын анадайдан көрген заман.

- Жүрегім менің қорқып, дүрсілдейді,

Сен не еткен тайсалмайтын ерсің?!- дейді.

- Пері мен періштенің бірісің бе?

Жөніңді айт, жаным, жарты кісім?!- дейді.

- Ақымақ, ақылың жоқ сенің өзің,

Осыған жетпей тұр ма әлі көзің?!
Не дейсің, бұл айдаһар, дәнеме емес,
Аузыңнан абайсызда шыққан сөзің.
Жамандық алтындай боп түсер көзге,

Қызықты нәрсе жоқ боп онан өзге.
Аузыңнан бір жаман сөз шығып кетсе[8],
Қаларсың әр орында жанжал сөзге.
Жамандық қайдан туар, тілден туар,

Әркім де ғақыл болса, тілін буар.
Шығарсаң бір жаман сөз сен аузыңнан,
Артыңнан айдаһар боп сені қуар.
Оразаң отыз күнгі - отыз кісің,

Бес кісі - бес намазың, білемісің.
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,
Бұлармен дәнемеге келмес күшің.
Қысылды, мен болмасам, шыбын жаның,

Дәрменің қалмап еді, құрып әлің.
Танып қой, танымасаң, мен боламын,
Дүниеде қылған қайыр - жарты наның!
Шықпаған, сараңдықтан, бүтін - қолдан,

Қалмас ең болса бүтін, мұнша жолдан.
Дүниеде қылған қайыр ықсаныңыз,
"Тар жер[9], тайғақ кешуде" пана болған.
Бозбала, бір көрерсің өлім бетін,

Тіл алсаң, өлім бетін көрмей, күтін.
Өлімнен күні бұрын күтінбесең,
Бұрқылдап әр тесіктен шығар түтін.
Жиылса бір араға тамам түтін,

Түтіннің не болатын көрдің бетін.
Қайыр, ықсан, сауапты,- жарты қылмай,
Қыла гөр күні бұрын соны бүтін.
Жеміссіз, құр қақайған болма терек,

Басқаға, бір отыннан, неге керек?
Ал хасанат из һыбын алсиат"- деп,
Мағынасын бұл аяттың білсең керек.
1880 жыл

АҢҚАУ АДАМ ТУРАЛЫ

Иеcі білер сырын мінген аттың,
Көз жетпес қулығына адамзаттың.
Іш пысып еріккенде күлмек үшін,
Айтайын әңгімесін аңқау сарттың.

Ертемен сарт үйінен шықты дейді,
Бар екен бір есегі мықты дейді:
Өзімнен кетіп дәрмен шаршағанша,
Есегім, мінбен саған!- депті дейді.

Есегін сарт бейшара жетелепті,
Арасын тау мен тастың төтелепті.
Жолменен жалғыз қаңғып келе жатып,
Қуларға кез болыпты өңшең епті.

Адамда ақыл, айла көп - ті дейді,
Әр түрлі білер қулар, епті дейді.

- Аңқиған, ақылы аз, ақымақ сарттың

Ұрлайық, кел, есегін!- депті дейді.

- Жол үсті, түссек жаман көзге,- дейді,

-Мал жоқ па алсақ мұнан өзге?- дейді.
Жұп-жуан аяқ-қолы дығырдай сарт
Есегін ұрлата ма бізге?- дейді.
Бірі айтты:

- Мен ол сартқа барамын,- деп,

-Есегін барсам, ұрлап аламын!-деп.
-Еріп жүр меніменен, көр қызықты,
Ойлама: "Қолға түсіп қаламын!"-деп.
Аяндап сарт бейшара жолмен жүрді,

Екі ұры - бұ да жаяу, соңына ерді.
Бұлармен артындағы жұмысы жоқ,
Ыңылдап ашула айтып жүре берді.
Ұрының сонда жетіп бірі барды,

Есектің басындағы ноқтаны алды.
Киді де, өз басына кете барды.
Сол жерде есекті алып, бірі қалды.
Ұрының есекті алып бірі қалды,

Біреуі еріп сартпен кете барды.
"Есегім жетегімде келеді!"- деп,
Деп қиял, көрместен, сарт ойына алды.
Бұл ұры есекті алған қалды кетіп,

Қарасы көрінбейтін жерге жетіп.
Есек әбден орнықты - ау деген кезде,
Тартынып тұра қалды кекең етіп.
Дүниеде болсаң жақсы, ат қалады,

Ұстадан - тат, молдадан хат қалады.

- Арам өлгір, немеге жүрмейсің?!- деп,

Ажырайып, артына сарт жалт қарады.
Қараса сарт артына, есегі жоқ,
Есегін мінбесе де, көңіліне тоқ.
Қолында ноқталаулы бір адам тұр,

Орнында есегінің есектей боп.
Сонда сарт аң-таң қалды ауызын ашып,
Болғанға есегі адам жаман сасып:

- Сен өзің неменесің, жөніңді айтшы,

Кез болып, маған қайдан болдың несіп?!
Мен сенің есегіңмін еріп жүрген,
Екенім менің есек, әркім көрген.
Біреуден біреу алып саудаласып,

Өтумен қолдан-қолға саған келген.
Мен өзім дәл өзіңдей адам едім,
Шешемді көп ренжіткен надан едім.
Жұмсаса, тілін алмай қарсыластым,

Дарақы бейпіл ауыз жаман едім.
Бір күні шешемменен қарсыластым,
Бетіне жерден алып, топырақ шаштым.
Қарғады сонда мені: "Есек бол!"- деп,

Қарғыстан осындайға душарластым[1].
Есек боп, амал бар ма, жүре бердім,
Пейнетке неше түрлі көне бердім.
Тәубе қып, бір Құдайға көп жалынып,

Көңілді, шешемді ойлап бөле бердім.
Аяды шешем мені ойына алып:
"Балам,- деп,- азап тартып, жүр ғой налып
"Оңал - деп,- адам болып!"- тілек қылды,

Мінеки, болдым адам енді оңалып!
Мұны естіп сарт бейшара кетті шошып
Адырайып екі көзі, зәресі ұшып.
Есегің қолыңдағы адам шықса,

Мал түгіл кетерсің сен жаннан кешіп.
Үйіне сарт сол жерден кетті қайтып,
Қоржынын ол-пұл нәрсе үстіне артып.
Сөйледі бастан-аяқ қатынына,

Әңгіме бастан өткен кебін айтып.
Қатын айтты:

- Ей, байғұс, неткен жансың?!

Білмеген неге мұны мұсылмансың?!
Мойныңда қанша сенің ақысы бар,
Есек деп талай оны қинағансың!
Қой сойып, құрмалдық бер бұған,- дейді,

- Көп бейнет тарттырғансың оған,- дейді.

Есектен айырылғаны есінде жоқ,
Қатын да өз білгенін езді дейді[2].
Өйтті, бүйтті, әйтеуір есек кетті,
Қой сойып, құрмалдық деп, әуре етті.

Есек жоқ ермек қылар сарт байғұсқа,
Отырумен үйде босқа өмірі өтті.
Бір күні қатыны айтты:

- Базар бар!- деп, -

Бір тәуір, жөні түзу есек ал! - деп.

- Сарт болған соң, есексіз жөні келмес,

Басқаны ол есектен бақпа мал деп.
Тұрды да, сарт басына сәлде салды,
Тастамай нашагасын[3] қолына алды.
Үш жерден орамалмен белін байлап,

Бір есек алайын деп базар барды.
Базарға бұрын сарт барып жүрген,
Нәрсесін керек-жарақ алып жүрген.
Есегін әнеу күнгі көрді дейді,

Сатуға жорғалатып салып жүрген.
Есегін көргеннен соң білді танып,
Қасынa жақындапты жуық барып.
Сыбырлап құлағына айтты дейді:

Пәлеге тұтылдың ба тағы қалып?!
Іштің бе үйге барып арақ?- дейді.
Болыпсыңтағы мұндай харап,-дейді.

- Алам деп тағы сені әуре болсам,

Қалармын дат деп бір күн қарап,- дейді.

- Сен, есек, көп жолама маған!- дейді,

Ренжіттің неге анаңды, надан?!- дейді.
Кетуің адам болып саған оңай,
Өлсем де, жоламайын саған!- дейді.
Үйіне, айтып соны, қайтып кетті,

Аяңдап кеш болғанда зорға жетті.
Солар да бір қатынға ие болып, -
Әйтеуір бұл жалғаннан өмір өтті.
Ұқпасқа айтқан сөзім кетер ағып,

Талайды қан қақсатқан тілім шағып.
Базарға бір ешкіні сарт айдады,
Мойнына ешкісінің қоңырау тағып.
Және бір есегі бар жетектеген,

Ежелден сарт қой сорды етектеген.
Табаны талқыдай боп жалаң аяқ,
Мініп ап есегіне тепектеген.
Жүрмеді жалғыз ешкі айдауына,

Сорының енді қара, қайнауына.
Ешкінің мойнында бар ұзын жібі
Есектің құйрығына байлауына.
Есекке ешкі тіркеп байлап алды,

Екеуін көп жүретін жолға салды.
Алдына екеуінің өзі түсіп,
Аяңдап ашула айтып кете барды.
Біреуі - адам.біреуі - малдың қоры,

Сарт пенен арылған ба есек соры?!
Жолменен жалғыз қаңғып бара жатса,
Кез болды жол үстінде бір үш ұры.
Бірі айтты:

- Мен бұл сартқа барам,- дейді.

-Ешкісін ұрлап мұның алам,- дейді.
-Бұл сартты аман-есен қоя беріп,
Не қылып тірі болып қалам?!- дейді.

- Жарайды, сен ешкіні ал, барып,- дейді.

- Алуың ебін тапсаң, анық,- дейді.

- Сен ешкісін бойыңа сіңірген соң,

Қалайын мен есегін алып!-дейді.
Бірі айтты:

- Кетті бұ сөз ұнап,- дейді,

- Барады сарттың несі қурап?- дейді.

- Ешкісін есегімен сендер алсаң,

Алайын мен киімін тонап!- дейді.
Үш ұры осылайша сөз байласты,
Бір сартты тонап алу болып қасты.
Білдірмей арт жағынан бұғып барып,

Біреуі ешкісіне жақындасты.
Ешкінің мойнындағы қоңырауды алды,
Есектің құйрығына байлай салды.
Қоңырау дауысы естілсе, бәрі түгел,

Сөйтіп ұры ешкіні алып қалды.
Жоғалып ешкіні алған кетті көзден,
Құлақтың құрышы қанар мұндай сөзден.
Алуға енді есекті бірі ойлады:

«Осы аман кетеді,- деп - не ғып бізден?"
Бұ жолда сарттан бөтен еш кісі жоқ,
Дауысы бар, қоңырауының, көңіліне тоқ.
Қараса бір мезгілде сарт артына,

Есекке тіркеп алған ешкісі жоқ.

- Бұ жануар қайда кетті, қашып?- дейді,

Иа шөлдеп, иа исе қарыны ашып?- дейді.

- Кешікпей, келсе керек хайуан өзі

Қоңырауын кеткен екен асып,- дейді.
Ұрының сонда жетіп бірі келді.
Ешкі, сен, көрдің бе?- сұрайды енді.
Бір ұры алып қашып бара жатыр,

Ішінe мына бақтың жаңа кірді.

- Жерде ме жететұғын жақын?- дейді,

Есекті мен келгенше, баққын!- дейді.
Бітта пұл, екі-нім шарик, біринжі бұғдай[4],
Беремін, байлап тұрған ақың,- дейді.
"Ұрыны, ешкі алған, келдім көріп",

- Деген соң сарт асығып кетті жүріп.

Есекті алып, зып беріп бұл жөнелді,
Сарт нанды өтірікке, құдай ұрып.
Ешкі мен есек шығып кетті қолдан,
Ер азығы ақымақ пен бейнетқордан.

"Киімді алам" деуші алдын тосып,
Салар судың бойынан түсті жолдан.
Сарт байғұс олай шапты, бұлай шапты,
Алқынып, алғаны сол тырлап қапты.

Ешкі онда, есек мұнда тып-типыл боп,
Адаспай өзі келіп жолды тапты.
Ұрғанын құдай әбден білді дейді, -
Есекке ешкі тіркемен, енді!- дейді.

Мерзімді су алдынан оқтай ұшырап,
Салар судың бойына келді дейді.
Таусылмастай сарт соры - мидай татыр,
Аз болса, оған қосылсын тұзды шақыр.

Екі көзі суда боп, етпетінен
Қарсы алдында көлденең біреу жатыр.
Осынша аңқау сарт сорлы қайдан туды?

- Талай көрген Жакеңмін сендей қуды.

Суға түсіп бірдемең жоғалды ма?
Көзің тесіп барады аққан суды.

- Айтайын, сен сұрасаң, менің жайым,

Құл едім қызмет қылып жүрген дайым.
"Ертеңмен ерте тұрып, бір қап алтын
Келтір!"- деп жарлық қылған сол қожайын.
Толтыра бір қап алтын салып едім,

Ұйқыдан өлген сорлы кәріп (ғаріп) едім!
Келгенде осы арықтың жағасына,
Кішкене ұйықтап, тыныштық алып едім.
Түбіме жүрген жанмын ұйқым жетіп,

Көремін байдың бетін енді не етіп?
Біле алмай не қыларым отырғаным,
Қабымен суға алтыным түсіп кетіп.
Жиренбей кім түседі суға салқын,

Айтамын саған ғана сөздің салтын.
Қабымды судан алып берген жанға
Бір уыс берер едім қызыл алтын.
Сол жерде сарт ойлады әртүрлі ой:

Алтынға ешкі түгіл алармын қой!
Ешкі мен есегімнің төлеуі үшін,
Құдайдың маған қосқан жылуы ғой!
Суым ғой күнде өзімнің түсіп жүрген,

Басы мен аяғынан кешіп жүрген.
Барсын деп үйге ұялмай абыроймен,
Құдайдың олжасы ғой маған берген!"
Жұлқынды киімінің бәрін шешіп,

Уыс алтын алам деп, көңілі өсіп.
Қолдай гөр иа, ер Хобби сұлтаным,- деп,
Күмп беріп, аққан суға кетті түсіп.
Түбіне сүңгіп судың барды жетіп,

Алтынды алам ғой деп үміт етіп.
Бұл суда азаптанып жүрген шақта,
Киімін жинап алып кетті жытып.
Салбырап[5] бір мезгілде судан шықты,

Киім мен кісі түгіл шайтан жоқ-ты!
Ақымаққа адам, сірә, күлер емес,
Өмірінде қарға жемес мұндай боқты.
Ешкі мен есек бірге мана кетті,

Қосылып оған киім және кетті.
Біреуді үйтіп, біреуді бүйтіп алдап,
Құдайым әрбір жанды тентіретті.
Мырзалық жұрттан асқан Ноғайда бар,

Шошқаның не қабаны тоғайда бар.
Қайсарлық қайыспайтын әр жайда бар,
Қас сорлы, іздей қалсаң, со қайда бар?!

КЕДЕЙЛІКТІҢ АРҚАНЫ

Балалар, жал.қау болма, шабан тартып,
Ілгері ұмтыла бас, күн - күн артып.
Арқаны кедейліктің - еріншектік,
Желкеңнен жібермейді мықтап тартып.

Қайрат қыл, жалқаулықтың жібін үзіп,
Көрген жан түңілмесін күдер үзіп.
Бойыңа жалқаулықты үйір қылсаң,
Жүресің көрінгенге көзің сүзіп.

Мал көзде, ертенді-кеш ұйқыңды бөл,
Кім жұмсаса ұшып жүр, қайтарма тіл.
Басы білгіш, елгезекке кедейлік жоқ,
Кежірлік - кедейліктің ордасы, біл.

Мал көзде: ертеңді-кеш ұйқыңды ашып,
Ой бөлінсе, кетеді ұйқы қашып.
Ілгері баспайтынды ертеңді-кеш
Орнынан тұрғызбайды ұйқы басып.

Кер кеткенге болады кедейлік өш,
Бір еңсеріп әкетсе, бермейді күш.
Аяғың мен қолыңды жіпсіз байлап,
Ұйқы үстіңнен басады ертеңді-кеш.

Па йда болар бір мінез сасық бектік,
Ар жағында жоқтықтан асыл тектік.
Қояншықтай бір ауру ұстамалы
Кернеп кетер өн бойын еріншектік.

Шын жақсының ойында болмас кегі,
Тіпті ойында болмайды зат пен тегі.
Ішіп-жейтін асынан құр қалдырар,
Қырық қаңтару - кедейдің еріншегі.

Жұмсағанда, тіл алып, ұшып жүрсең!
Аз ішіп, аз ғана жеп, ұйқы бөлсең!
Көздей тесік болады саған көлдей,
Сүп - сүйкімді боласың, шықсаң, кірсең.

Боқ ұстасаң, қолыңа жұғып қалмас,
Сыйлы қылар басыңды іске тармас(тырмыс).
Жігітлікте іс қылсаң жаннан кешіп,
Төр алдында отырып, жерсің жамбас.

Өш боларсың ұйқымен, болса санаң,
Кедейлікпен жағалас, келсе шамаң!
Ұйқы мен жалқаулықты үйден қусаң,
Ешкімге көз сүзбейді қатын, балаң.

Безерленер кедейлік белдеу ұстап,
Бас салар еріншекті ұйқы қостап.
"Құдай салды, мен көндім"- дегеннен соң,
Сенен қолын үзбейді, жайлап, қыстап.

Күн бұрын бекітіп бақ келер жолын,
Үйіңнің белдеуінен ажырат қолын.
Үйіңе кедейлікті бір түнетсең,
Бермейді ел көшкенде жұрттың соңын.

Қашаған, ұстатпайтын, қылады атын,
Жек көрінішті қылады жуық, жатын.
Кедейлік кет десең де, кете қалмас,
Кез болса, маңдайыңа жаман қатын.

Кедей болар кер кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келіп тұрады үш қара жол.
Кедейліктің бір үлкен жерік асы-
Жаман қатын бар үйден үзбейді қол!

Ергенексіз, жақтаусыз болады есік,
Ортақ ішер тамағын ит пен күшік.
Қазанының қақпағы жыртық келіп,
Құманының (Шайнегінің) қақпағы болар тесік.

Аурудай сыпырылмас үйдің іші,
Бітпей жатар қысы - жаз пішулі ісі.
Шашылған боқ есіктен төрге барар,
Орын таппас отырар келген кісі.

Төсек - орнын жинамас, ұстар шашып,
Алды-алдына әр нәрсе жатар қашып.
Есік - төрі үйінің бірдей болып,
Жалғыз-жарым көрпесі (келер) сасық.

Күнде-күнде айран боп сауылған сүт,
Бір күнгі ұйытқан айраны болып іркіт.
Төгіп, шашып, бояйды босағасын (керегесін),
Отырғандай қысы - жаз асырап бүркіт.

Жалғыз-жарым терісін күйе тесіп,
"Қайтейін, құдай салды!"- деп, жіп шуда есіп.
Қысқы қызыл, жазғы ағын тез тауысып,
Өзінен де иттері артық ішіп.

Жақсы қатын бойынан табылмас мін,
Түтіндей боп[1] бықсыған өтеді күн.
Орны-орнымен ұқсатып ұстай алмай,
Түте-түте әр жерде жатады жүн.

Ас-суын ұстай алмас басын құрап,
Долданып өз-өзінен, жыламсырап!
Бар да болса, күні боп жоқтан жаман,
Көрінгеннен бажылдап жіп, су сұрап.

Жанға ұрттатпай, тауысып үйдегі асын,
Көп сөйлеумен қатырар байдың басын.
Кіршіксіз қып ұстайтын қатын қайда,
Байы түгіл, баласының үсті-басын[2]?!

Қаңғырып әрбір үйде қылар кеңес,
Таусылмайды ұзақ күн мылжың егес.
Десе де: "Қайда жүрсің?", үндемейді,
Байының айтқан сөзі дәнеме емес.

От жақса, бу мен түтін тұмандатқан,
Ac қылса, жалындатар, құдай атқан!
Қи, тезек ыдысымен араласып,
Домалап от басында құман жатқан.

Орамал кір боп жатар он бес батпан,
Бырқырап[3] түске дейін ұйықтап жатқан.
Асының бар дәмдісін өзі ішіп,
Семіртіп әр мүшесін жуандатқан.

Кір болып өне бойы сегіз батпан,
Ұйқысы хайуанға ұқсап арам қатқан.
Шуылдап қозы, бұзау қорада тұр,
Ертеден кешке дейін ұлып жатқан[4].

Кірін жумай қолының, асқа тығып,
Майлы күйе бетіне таңба жұғып.
Қоқым, қоқыр, шөп-шар жоқ құр(ы) қалған,
Жабағыны қарынға май деп тығып.

Сөз айтса, дәл қолсырнай, тақылдайды,
Өз сөзін, құрғыр, өзі мақұлдайды.
Кеңеске қалжың, мылжың тым-ақ ұста,
Суырдың айғырындай шақылдайды.

Жөн сөзді айта білмес, ақылдасып,
Ыржаң - қылжаң өнері сықақ, машық.
Сыр-сымбат, өн бойында, өнеге жоқ,
Әдеп, ар кем, ұятсыз, надан, пасық.

Өкшесі етігінің мыжырайып,
Сүйреткен шанадай ғып сүйреп басып.
Дастарқан, ыдыс-аяқ,- күйе-күйе,
Кір мен шаң, қоқыр, қоқым,- түгел басып.

Ләззат жоқ, бабы да жоқ, дәмі де жоқ,
Құрысын істегені төгіп, шашып.
Көңілім тамақ ішіп тоймақ түгіл,
Сол үйден әрең шықтым қадам басып.

Жырақ жүр мұндайлардан алыс қашып,
Маңына жақын барма қадам басып[5].
Иіс, қоңыс, бу, түтін толып үйге
Отырсаң, шыдай алмай мұрның басып.

Жаманға жаман лайық бола берер,
Құдай-ау, ер жігітке қылма несіп!
Деген күнің солқылдақ, көк шыбық жас,
Жаңғырыға келесің көтеріп бас.

Қор болмайын жалғанда деп ойласаң,
Кедейліктен сақтанып күн бұрын қаш.
Hе болсаң да, боларың әуел баста,
Кежірлікті керексіз қылып таста.

Жауқаулықпен жағалас, шамаң келсе,
Үйір болмай ұйқы мен ішер асқа.
1885 жыл.

ЖАЗДЫҢ СӨЗІ

Сәуірде көтерілер рахмат туы,
Көрінер көк жүзінде (иүзінде) қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр (иаңбыр),жыралардан (жерлерден)
сулар ағып,

Жайылар (иаилар) жер жүзіне қардың суы.
Жұмақтың(ұжмақтың) бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер(өстірер) жерден шөпті нұрдың буы.
Жақындар (иақындар) Құдайымның көктен күні,

Теңелер (тиңайлар) жарлығымен күн мен түні.
Аспаннан рахматымен (ирахматыман) жібергенде,
Қуанып қыбырлайды еніс-жіні (нисі-жині).
Ұйқыдан көзін ашқан жас (иас) балаша,

Жайқалып (иайқалып) шыға келер жердің гүлі.
Шапақтан шынығар күн мұнарланып,
Жаңбырлы (иаңбырлы) күн түседі тұманданып.
Адамзат нұрдың исін судан жұтар (иұтар),

Шөл тарқатқан айуанша құмарланып.
Жетпеген үлкендікке жас балалар,
Жүгірер үйден - үйге жұмарланып (иұмарланып).
Сәуірдің әрбір күні - дертке дәрмен,

Құдайым зарман етіп, етер пәрмен..
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ел көшіп алуан-алуан.
Келісіп, құшақтасып, әзіл етер,

Қатын-қыз көш жөнелтіп, кейін қалған.
Сәуірде алуан-алуан жауар нөсер,
Нөсердің қуатымен жер(дің) шөбі өсер.
Көгорай дүние жүзі шалғын болып,

Адамзат, жын, хайуан баурын төсер.
Жұмақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Жұмақтан қош иісті (иіслі) желдер есер.
Жүгірер киік, құлан ор мен (орман) қырға,

Қуанып ықыласымен келген жылға.
Алыстан сағымданған мұнарлары,
Шақырып, тұрар күліп: "Кел-деп-мұнда!
" Көл бұзылып, қуанып, қойнын ашса,

Қаңқылдап қуанады қарға, тырна.
Кеш болса, Күн қонады таудан асып,
Шапақтан қызыл алтын нұрын шашып.
Аһ ұрып шүкірлікпен(шүкірлікман) құшақтасар,

Рақатпен кеш уақытта неше ғашық.
Боз үйден дәл таңертең күйеу шығар,
Артында қалар жары (иары) амандасып.
Құдайға шүкір қылар жас пен кәрі:

"Бердің - деп,- жанға рақат, имамласып."
Адамзат, жын-хайуан, құрт-құмырсқа,
Зарлықпен бір тәңірге айтар зары.
Қырда - орман, жер жүзінде бәйшешектер,

Шуылдап, шүкір етер оның (аның) бәрі.
Алланың не бергенін білер бәрі,
Іздейді шүкірлік қып бар шахзары.
Мақұлық, тау мен тас, шөп пен ағаш,

Білгізген баршасына Біреу бары.
1885-1888 жылы

ЖІГІТ НАЗЫ

Жастықтың заманы өтті жалдайтұғын,
Өмірдің уақыты жетті алдайтұғын.
Көз салып, көңіл қалап (қалып), тауды алып,
Баяғы күй[ің] бар ма таңдайтұғын?!

Қолға алып, жүрек (иүрек) танып, өрнек салып,
Бишіктен сегіз өрім талдайтұғын.
Дәм танып, ғашығың жанып сүйіп,
Сағызды шелегімен балдайтұғын!

Жоғалып бізден қалып, қайда барып,
Ұзақ түн әзіл-ойын қанбайтұғын!
Су шалып, өшіп қалып, бықсып жанып,
Бір отқа душар болдық жанбайтұғын!

Тұрса-шы буынға (бойға) ырғалып, қолын салып,
Қандай жан ақыл-естен танбайтұғын?!
Бұл қалыптан құр қалып, назаланып,
Күншілдер, жамандар (иамандар) көп шамдайтұғын!

Бойды көріп, көре алмай, шәу-шәу үріп,
Қаншық иттей түн бойы талмайтұғын!
Ежелден құны бардай өшіп-өліп,
Артыңнан сонша несі қалмайтұғын?!

Күн батар кешке таман таудан асып,
Шапақтан қызыл алтын нұры тасып.
Ақшамның қараңғылық мезгілінде
Қосылар екі ғашық асып-сасып.

Күн батар кешке таман мұнарланып,
Ойнайды екі ғашық құмарланып.
Ақ үйдің оң жағында жатар ма еді
Бүркіттей түлкі алған жұмарланып?!

Боз үйден күйеу шығар қадам басып,
Алдынан қалыңдығы есік ашып:
"Келгенше енді айналып, кім бар, кім жоқ,
Қалқатай, тілінді бер, аузыңды ашып!"

НАУРЫЗ ТІЛЕГІ

Біреуім екеу болып, мал қосылды,
Қорама жүз-жүз лақ, қозы толды.
Ызғарлы, қыс-зымыстан,суық кетіп,
Аспаннан күн күлімдеп, шырай[қонды] енді.

Ұзамай қар да кетер, жаз да болар,
Сай-сала күрілдесіп, суға толар!
Бөленіп жер жеміске, мың құлпырып,
Шалғынға көкорайлы ауыл қонар.

Жаз исі бүгін келді, жан жайланды,
Кешегі көрген бейнет артта қалды.
Өмірге жаңа жолдар ашатұғын
Жаңа жыл- бүгінгі күн - жаздың алды.

- Қатын тұр, көжеңді ішіп, асыңды сал!

Келейін түске шейін мен жайып мал!
Жаңа жыл - шілде күні - өмір басы,
Тойынсын бүгінгі күн жас балалар!
Бас қосқан: шалдар, жастар бөлек-бөлек,

Қамдаған үй қожасы мейрамды елеп.
Шараны шайқалдырып алып салды
Шалдардан енді бұған бата керек!

- Ақсақал, "илай-аумин"- батаңды бер,

Көгерсін көкірегінде ең кіші ел!
Бір малын келер жылға екеу қылып,
Кәсіпке жұмылмаған қалмасын ер!
Береке күннен — күнге таса берсін,

Кедейдің үстемдігі аса берсін!
Құдайдың не бергені қайырлы боп,
Ел өрлеп ілгері аяқ баса берсін!

АНАМА ХАТ

Алланың біз сыйындық панасына,
Баянтау бара қалсаң қаласына.
Сәлемді жолыққаның көп айтыңыз:
Мәшһүрдің кәріп (ғарыб) болған анасына!

Талпынған дінге Мәшһүр іштен туа[1],
Сол кеткен атасының жолын қуа.
Шар қардан[2] ғайып болып жиһан кезген,
Біз пақыр баласына қылсын дұға!

Дүниеде көп жүргенмен, келмен жүзге,
Жақсылық берер ме екен құдай бізге!
Әрқашан дуасынан[3]тастамасын
Сөзім жоқ айтатұғын онан өзге!

Түзелген дін жолына[4] менің бетім,
Жүргізген осылайша Құдіретім!
"Сәлемді қайта-қайта айтты!"- деңіз:
Балалар - қалған бізден тірі жетім.

Тапсырдым бір Құдайға мен басымды,
Өткіздім кәріплікпен дер жасымды!
Қаңғырып жапан түзге шығып кеттім,
"Бір Алла[5] көрер ме – деп - көз жасымды!"

Ешбір жан бұл сырымды сезбей қалған,
Балалар кемеліне келмей қалған.
Арманда балаларға дұға деңіз[6]
Қызығын атасының көрмей қалған!

Бір сапар талап ойлап шықтым мен жол,
Жалғанда өліп кетсем, арманым мол!
Тірі боп, көремін бе, көрмеймін бе,
Құл болды, қайран жұртым, хош - аман бол!

Мәшһүрдің дүр төгілер таңдайынан,
Пендені Хақ жарылқар қандайынан?!
Жар – досқа - есіне алған - бізден сәлем
Сипасын жетімдердің маңдайынан!

Сөзім жоқ айтатұғын мұнан басқа,
Келгенде, не бітірдің, мұнша жасқа?!
Жар - досқа есіне алған дұғай сәлем
Айтайын қайсы бірін басқа-басқа!

Жазушы осы сөзді – Мәшһүр - Жүсіп,
Әр түрлі бара жатыр күйге түсіп.
Айыпқа бұйырмаңыз, оқыған жан,
Барамын тоқтай алмай, көңіл көшіп!

ИСА ШОРМАНҰЛЫ

Аман ба, Сүйіндіктің айналасы?!
Әр жерде ауыр болды қыс шамасы.

- Аз ғана қажылардан соз қозға!- деп,

Қаржастың ортаға алды кәрі-жасы.
Тыңдарлық болса құлақ, сөз анасы,
Мәшһүрден тарайтұғын сөз сарасы.
Шолпаны, ұйтқысы еді Сүйіндіктің Шорманның,

Иса мырза, бел баласы.
Көп қажы Сүйіндіктен былтыр кеткен,
Мекке мен Мәдинеге барып жеткен.
Туған жанның бәріне бір өлмек бар,

Адамның арманы не сол жерде өткен?!
Өзіне түгел болып дүние жалған,
Жолдасын ақыреттік қасына алған.
Қызық - құрмет, мал-жанды керек қылмай,

Дүниені, өлмей тұрып, талақ салған.
Жолдасы Шөкіұлы Сәтбай ер-ді,
Жарасып тел қозыдай бірге жүрді.
Он бес пен жиырма беске бермей кетті

Жетпіс жеті жас пенен сексен бірді.
Малғозы - Алтыбасар және ерген,
Қостас боп, Қозған - Бұқа бірге жүрген.
Еp басына бір-бірден күтуші алып,

Дүниені төгіп-шашып, қызық көрген.
Басшы боп Мұхаммеджан қожа кеткен,
Тілеуі бір он жолдасы қасына ерткен.
Кісі екен айырылмайтын шарапатлы

Топырақ сонан болып, үміт еткен.
Бас болып, қасқа жайсаң елден кетті,
Құдай мен пайғамбарға түзеп бетті.
Ақшамен құстай ұшып қалтадағы

Жайларға көңіліне алған аман жетті.

- Бас қосып тамам қажы жүрдік,- дейді,

- Көрмеген көп тамаша көрдік,- дейді,

- Омбыда оразаның айтын оқып,

"Тәуекел!"- деп, пароходқа міндік!- дейді.
Қазаны өткеменің бұрқ-бұрқ қайнап,
Ту тігіп, неше жерден жалау байлап.
Шыққан соң Стамбулдан сегіз күнде

Иамбухқа түстік барып "Иа, Құдай!"- лап.

- Бұл дүние бәрімізден өтер!- дейді,

Өлмей тұрып өкшеңді көтер!- дейді.

- Шаһарын Стамбулдың көрмеген жан:

"Дүниеге келдім деуі - бекер!"- дейді.
Шыққан жоқ ешбір шығын, есен-аман,
Бас қосып жүрдік көп боп:жақсы-жаман.
Сәтекең Исакеңмен бірге жүрген

Дүние-ай, енді қайда ондай заман?!
Медине күннен түні жарық жанған,
Тұтылып күннің көзі тозаң шаңнан.
Ішінде екі патша төресі бар

Қапила Мақпал - Шәріф келді Шамнан.
Медине толып кетті іші-тысы,
Он екі ай жаз өмірінде, жоқ-ты қысы.
Еш титтей арманы жоқ бұл жалғанда

Өткізіп бәрін бастан, көрген кісі!
Мирасы пайғамбардың Мақпал-Шәріф,
Бесігін Фатиманың бірге салып.
Түріктің патшасы - Уәли, Ашшам,

Екеуін келеді екен бірге салып.
Түйенің бесік артқан формы басқа,
Жібек пен толған үсті асыл тасқа.
Шаһарға түйе боздап кіреді екен,

Көздері мөлт-мөлт толып қаңлы жасқа.
Келгенде даруазаға шөге қалып,
Жас ағып көзден, басын жерге салып.
Еңбектеп тізесімен жер бауырлап,

Кішілік әдеппенен кірер барып.
Мойнын созып, бөксесін кейін тастап,
Ұмтылып, босағаға басын жастап.
Көзінен аққан жасын көрген жанлар

Ес қалмай жылайды екен, көзін жастап.
Шам жұрты зиаратын тамам етті,
Тұрды ма, басымыздан, о да кетті?!
Қиылып тамам қажы ыңғайланды,

Баруға Байтоллаға түзеп бетті.
Қайтпай жүр бұл жалғаннан біздің тауан,
Бастас боп: ноғай, қазақ, сарт пен сауан.
Кісілер тәрбиелі мінетұғын

Ол жақта болады екен тақтырауан.

- Жомарт ердің иманы судай тасқан,

Намарттың мұндай жерде құты қашқан.
Түйеге тақтырауан мінеді екен,
Ол топта иығы басып, бақыты асқан.
Исекем талап қылып мінбек болды,

Өзгеден артылтуға үшбу жолды.
Төрт түйе жабдығымен түгел алып,
Қолма-қол жеті жүз сом берді пұлды.
Жаратқан, ғашық болып,

Иесіне, ат, айғыр , арманы жоқ, биесіне.
Көрді деп мал қызығын - соны айтыңыз,
Мінген соң тақтырауан түйесіне.
Өзгелерге түйе жоқ, екеу ара,

Бас-басына түйе жоқ дара-дара.
Бір басына төрт түйе жалдап алып,
Көп жаннан озып шықты жеке қара.
Төрт жағында төрт жаяу жалаң аяқ,

Әр жаяудың қолында бір-бір таяқ.
Бір аспазшы, бір қосшы - күтуші алып,
Шашып төкті ақшаны аямай-ақ.
Қонған, түскен жерінде даяр шатыр,

Мұндай бір күн қырық, отыз жылға татыр!
"Қазақтың ханы екен!"- деп, жұрт айтысып,
Мединеден Меккеге келе жатыр.
Байлықпен баршасына жетіп күші,

Он бестегі өңіне келіп түсі.
Исекем Мақпал Шәріф ол Уахишам,
Сол топта көзге түскен үш-ақ кісі.

- Шам, Шәріфтің әскері бізбен жүрді,

Үш патша болып, шаһарға бірге кірді.
Бәдәуидің керуені ол да келді,
Даңғыр-дүңгір думан қып жүрген жерді.
Өткіздік талай күнді біздер бастан,

Есімде жоқ, айтуға, тастамастан.
Өзімізден айрылған жолдастардан
Үш-ақ кісі қалыпты он жолдастан.
Жарастықты сәулет пен жүрген жері,

Болып жүрді сол топта үштің бірі.
Мұнан артық, бозбала, не табасың,
Жалғанда жүргенменен жүз жыл тірі?!
Әрқайсысына әр жерде қаза жетіп,

Өлшеулі, жол үстінде демі бітіп.
Mеккеге екі қонақ қалған жерде
Сәтекең "Забғыл"- деген нәзірілде өтіп.
Сары ауру көп қажыны киіп кетіп,

Ішкені ащы су боп, ыстық өтіп.
Бишара Алтыбасар жығылыпты
Жаннатіл Мұғаллаға келіп жетіп.
Таусылып жолдасымыз түгел бітіп,

Қалжырап, өзімізден дәрмен кетіп.
Ақырып бәдәуиге күж-күж етіп,
Бишара Қозған-Бұқа келді жетіп.
Сәтекең қаза жетіп жолда қалған,

Пайғамбар "Үмбетім!"- деп, қолқа салған.
Көре алмай қалғанына көп өкінді:
Не қылып, не етіп!?"- деп, көп қылды арман.
Той еді күнде жүзін көргенім! — деп,

Жарасып тел қозыдай жүргенім!-деп.
Көре алмай қалғанына көп өкінді:
Құрысын тақтырауан мінгенім!-деп.
-Махаббат екі жақтан табылысқан,

Жоқ еді татулықтан жаңылысқан!
Кісідей бірге туған жақын еді,
Қан төсеніп, қағанақ жамылысқан!
"Бір жерде болмадық!"-деп, қылдық арман,

Бас қосып бес - алтауымыз енді қалған.
Жүз алпыстан - үш жүз жиырмаға-
Исекең бір құл, бір күң сатып алған.
Тұрған соң күші келіп, еркі жетіп,

Бұ дүние, уа, дариға, естен кетіп.
Қуантып шатландырды байғұстарды
Күңдік пенен құлдықтан азат етіп.
Міне, осы-Исекеңнің қылған ісі,

Қылған жоқ мұнан бұрын басқа кісі.
Есен-сау Арафатта түскеннен соң,
Дерт тиіп, түсі қашып, ауырды іші.

- Әр түрлі тірілікте күйге түстік,

Қозғалып көп қажымен бірге көштік.
Қайтуға енді Арқаға даярланып,
Жидахи Мүбәракке келіп түстік.
Зиарат екі шәріф қылып тамам,

Бет қойып енді ел-жұртқа бастық қадам.
Исекең бұрынғыдан шабан тартып:

- Жүруге келмес енді – деді - шамам!

Шамасы келмеген соң, тілін алдық,
Төсегін, тынышландырып, жайлап салдық.
Білуге Исекеңнің халін байқап,
Бөлініп көп қажыдан кейін қалдық.

Ауруы басым болған соң, халі кетті,
Таусылып сегіз күнде демі бітті.
Кеудеден жан шыққанша, тіл байланбай,
Өзіменен өзі айтып, солайша өтті.

Байлықпен алмады ма жұмақ сатып,
Жұрт көзіне бір түсті таңдай атып.
Жидахи Мүбәракте мадпұн болып,
Қасында анасының қалды жатып.

Дәулет құс қонып тұрған басында еді,
Жылы-ит: жетпіс жеті жасында еді.
Тіріге кепіл, өліге ту болатын
Қожасы түнейтұғын қасында еді.

Басшы боп Мұхаммеджан қожа кеткен,
Тілеулі он жолдасы қасына ерткен.
Қырғын көк қырып-жойып аман келді,
Жасынан бас мүжумен күні өткен.

Биылғы, жыл ұмытты, өткен жұтты,
Айрылып отбасынан өңшең құтты.
Отбасынан бір жанды қалдырмаған
Қалайшадан қожекең жолы құтты.

Жаз өтіп, қыркүйекте, болады күз,
Жақсыға осындайда ереді сөз.
Ауылында Әкімбектің душарласып,
Қажыға Мұхаммеджан жолықтым кез.

Осы сөзді қожаға, өзіне айттым,
Сырттан айтпай, туралап, көзіне айттым.
Мұсылманбек әзіл қып айтқан екен,
Мен де сондай бұл жерде өзіне айттым.

Өкінішім жоқ олардың қалғанына,
Өздері әбден жеткен соң арманына.
"Менің дұғам,- деп айтты - ақыреттік,
Көп тілеулес емеспін жалғанына!"

Іздеп барған мақсаттан құр қалмастай,
Менің дұғам оларға ақ алмастай,
Шек-қарынын аршыдым тап-таза қып,
Дүниеге қайтып келіп, былғанбастай!

Ойлап па ек: "Көреміз-деп,- біз бұл елді?
Шыбын жан шықпаған соң, дене келді.
Артынан Исекеңнің көп кешікпей,
Бейшара Қозған-Бұқа сол жерде өлді.

Екеуін тынышландырып, жайлап салып,
Аманат қанша қалған пұлын алып.
Бір-екі қалған- құтқан баламенен
Мінеки, өлмеген соң келдік салып.

Баласы Шорман бидің Иса мырза,
Жайылған Мәшһүр аты ойға-қырға.
Жақсының өзі өлсе, аты өлмейді,
Ісіне Исекеңнің болдым риза!

НӘПСІҢДІ АТҚА МІНГІЗБЕ

Қалмады ойлай-ойлай басымда ми,
Оянып, көзіңді ашып, есіңді жи.
Ағыздым мен бір бұлақ көзін тауып,
Мес қылып құлағыңды толғанша құй.

Ойлайды: "Өлмей, көп жас жасайын!"-
Залалдан ойламайды қашайын деп.
Әркім жеткен жерінде сенделіп жүр,
Ілгері ойламайды басайын деп.

Базарға келіп едің ат терлетіп,
Бос жүрсің әр нәрсені тамаша етіп.
Сен бүйтіп далбаса боп босқа жүрсең,
Жұрт тарқап, сауда бітіп.қалар кетіп.

Жаслықта ұмтылып бақ ілгері өтіп,
Жұмысың жабдықтансын ерте бітіп.
Қолыңа қармағанмен түк түспейді,
Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп.

Ұғып ал құлағыңа айтқан сөзді,
Басқа (сыра), сірә[1], жіберме келген кезді.
Кісің тауып жолдас бол аз өмірге,
Ойлама кісі екен деп өнерсізді (һөнерсізді)!

Ғибрат ал атқан таң мен батқан түннен,
Шықпассың, адам болсаң, айтқан жөннен.
Басыңа қайғы келсе, қапа болма,
Тарылып, назаланып шықпа діннен!

Болмайды түн күндізсіз, күндіз- түнсіз,
Ай кірсіз",- деген сөз бар,- Құдай - мінсіз!"
Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе,
Бірінен соң бірі бар артық - кемсіз.

Түзу бас, тура жолдан теріс те аспа,
Өнерсіз надандармен араласпа!
Бір істен пайда көрмей, залал тартсаң,
Бой бағып екіншілей аяқ баспа!

Жатады су түбінде шын асыл тас,
Тұрмайды дәнемеге зор қара тас.
Түк білмей өзін-өзі: "Білімдімін!"-
Деп жүрген ақымақтардан лағып қаш.

Өзіңді, есің болса, өзің ая,
Іске ұрын болатұғын жанға сая.
Қолыңнан келмес іске әуре болсаң,
Еңбегің қанша қылған кетер зая.

Пайдасыз керек қылма құр "сіз - бізді",
Артық біл: "Мың сіз - бізден бір шыж - мыжды
Туралық әркімге ащы тиер, тынышсыз,
Сонда да болып үйрен тура сөзді.

Тіл алсаң, қол қысқартып, тіл ұзартпа,
Ауыр жүк асқар таудай мойныңа артпа!
Дұшпан біліп қоймасын сырды десең,
Жан күйер досыңа да сырыңды айтпа!

Үлкенді - үлкен, кішіні кіші біліп,
Жүргейсің мүсәпірді көзіңе іліп!
Өзіңнен дәрежесі артық жанмен,
Орынсыз тайталаспа, сөзге келіп.

Ғылым біл, жұмыс істе,- оған серік,
Жарлыға мал, бұл ғылым - байға[2]көрік!
Ғылым.білім, өнерсіз, қадірсізді,
Өлік біл, оны жан деп білме тірік!

Кеңдікпен өтсін десең, ерте - кешің,
Бір іске жұртқа ұнайтын сарып қыл күшің!
Өнермен жұрт аузына ілініп бақ,
Ұнамды охотникке[3] болсын ісің.

Жүрерсің жайлы болсаң, жұртпен тату,
Жұмсақ боп, жұғымды бол, болма қату!
Өзіңді өзің қайғысыз қылам десең,
Пайдасыз қылмағайсың алу-сату.

Жаманның міндеті көп дәмін татып,
Шатылып жүрмегейсің басың қатып.
һәмматсыз, намірд асын жеп тойғаннан,
Бетімен өлген жақсы аштан қатып!

Орынсыз жындылық қып, күлмегейсің,
Көңіліңді, дүние көріп, бөлмегейсің.
Мың түрлі жақсы мінез көрсең-дағы,
Кісіге сыналмаған сенбегейсің!

Кетірме тілемсек боп бастың сыйын,
Дүниені олжа көріп бірер тиын.
Өзіңнен төменгіге мұқтаж болсаң,
Кеңесін жоқ бұл жалғанда онан қиын!

Қамқадан сөз білгендер ұзатыпты,
Болғанмен бедері жоқ - бөз артық - ты!
Болғанмен, пасық болса, кішіпейіл,
Орынсыз менменсіген көп артық-ты!

Орынсыз өршеленбе, адырайып,
Орынға, қолың жетпес, құлаш жайып.
"Білем!"- деп, айтып қалып, біле алмасаң,
Зор ұят, бойыңа мін, өзіңе айып.

Не пайда, күш жоқ болса, нарлығыңнан,
Пайда жоқ, кең болмасаң, тарлығыңнан!
Көрінбеген нәрсені аламын деп,
Айырылма қолыңдағы барлығыңнан!

Біреудің бір адамға түссе ісі,
Келерлік сол жұмысқа болса күші.
Қолынан келер іске болыспаса,
Болмайды онан асар жаман кісі!

Сөйлессе бетпе - бетке ойнап-күліп,
Өсектеп кетсе сырттан бір сөзге іліп.
"Күле кіріп, күңірене шыққан!"- жаман,
Тұрғайсың мұнафиқ [4] деп, әбден біліп.

Бостан бос бір іс қылмай бекер тұрма,
Біліп қыл, бір іс[5] қылсаң: теріс пе, оң ба?
Біреуді дүние әдепке үйретпесе,
Оны үйретіп түзеуге әуре болма!

Ойланып бұ жалғанға көз салмаса,
Жақсы (иақшы) менен жаманнан үлгі алмаса
Оны үйретіп оң жолға салу қиын,
Құдай өзі түзетіп, оңғарамаса!

Түзелер қисық ағаш құрған тезбен,
Жара оңалар, тастаса орап бөзбен.
Ақымақты түзету қиын болар,
Насиқат, көркем айтқан жақсы сөзбен.

Көп жаман, қорған болмас, жинауменен,
Түзелмес ақылсыз жан сыйлауменен.
Сый-құрметпен түзелмей кеткен жаман,
Түзелер қорлықпенен, қинауменен!

Үлгі үйрен жолдас болып нұсқалыға,
Көзің сал сөзді сөзге қосқанына.
Наданның өз басына қылған ісін
Қылмайды ақылды адам дұшпанына!

Адалдың айырмассың адалдығын,
Көрмесең бір жаманның арамдығын.
Мақтаулы жұрт алдында болам десең,
Біреудің ауызға алма жамандығын!

Дос, жолдас қылам десең қауым, көпті,
Бойыңа үйір қылма өкпе, кекті!
Жамандыққа жақсылық мінез қылып,
Бола бер бәріне де ыңғайлы,епті.

Бір қадам аяғыңды теріс баспа,
Керек қып өтірік сөзді, құлаққа аспа!
Бейнетін бұ жалғанның іздесемең,
Ісіне басқалардың араласпа!

Жастықта біздің бастан бәрі кешті,
Ақыл-ой түс ауған соң жаңа түсті.
Жынды деп жұрт айтпасын мені десең,
Көп қума бекер шаршап болмас істі!

Қарайла, шамаң келсе, жолдасыңа,
Жолдасың еріп жүрсе өз қасыңа.
Абыройым төгілмесін!"- деп ойласаң,
Ұяттан қолшатыр қып ал басыңа!

Мол болса жақсы ашиды қымыз қоры,
Көгорай көк майсада жазғытұры.
Сыналмаған сырғалаң бозға бола,
Айырылып қалма атыңнан сырлас торы!

Зор ұрма бір ісіңе қыла алмаған,
Түзелмес әуел бастан оңалмаған.
Жалғанда алданбайын деп ойласаң,
Жұмыспен әуре болма сыналмаған.

Бір сөзді шығарады бір сөз түртіп,
Ағыздым алтын қылып, мен мысты ертіп.
Өз пердем жыртылмасын деп ойласаң,
Әрқайда сөз сөйлеме перде жыртып.

Әр түрлі қылып пікір, ойла сана,
Ғылым, білім іздесең, болдың дана[6].
"Жұрт артымнан күлмесін!"- деп ойласаң,
Аяғыңның астына жақсы қара!

Шайтанның, шамаң келсе, сындыр белін,
Ол иттің керек қылма:жауын, елін.
Бір іске өкінбейін деп ойласаң,
Нәпсіңнің достық айтқан алма тілін.

Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ,
Міне қалса, жортқызып, желгізбей бақ.
Өзін-өзі бағуға көп әл керек,
Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ!

Нәпсінің кім құтылар хайласынан?
Залалы асып кетер пайдасынан.
"Білімді, зерек адам болам!"- десең,
Қара өзіңді басқаның айнасынан!

Көзің сал басқаларға: жақсы, жаман,
Ұнай ма қылып жүрген ісі саған?
Көңілге ұнамаса қылған ісі,
Бір қадам сен де соған баспа табан.

Егер де ісі жақсы, болса ұнамды,
Талап қып зор жаһатпен бас қадамды!
Айна қыл өзіңді-өзің түзетуге,
Бұ жүрген жақсы, жаман көп адамды.

Не пайда маңдайдағы екі көзден,
Салмақта, ақылыңды қылып безбен.
Айтыпты Лұқпан әкім өсиет қып:
"Мен білім үйрендім,- деп,- білімсізден!"

Өнерге өзіңді-өзің ерте баулы,
Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы.
Қауіп-қатерсіз, қайғысыз болам десең,
Араз боп еш адаммен болма даулы!

Кетпесін жақсы әңгіме тіл мен жақта,
Алтын сырға боп жүрсін әр құлақта.
Қадірлі, халыққа сыйлы болам десең,
Қадірлеп жан біткенді жақсы сақта!

Қалмасын жерде десең айтқан сөзің,
Өзіңнің өз бойында болсын көзің!
Сөзіммен халқым амал (ғамал) қылсын десең,
Амал қыл өз сөзіңмен әуел өзің!

Байғыздай өзіңді-өзің жұрттан қашыр,
Ішіңді аш қып, үніңді таудан асыр.
Түгел адам болуға талап қылсаң,
Шала-шарпы жандардан сырың жасыр!

Ойласаң боламын деп халқыңа бас,
Қарасын аузыма деп кәрі мен жас.
Қойың сой, қымыз сапыр, қайнат шайды,
Жай - дағы дастарқанды, қазаныңды ас!

Жиылар маса, шыбын бал мен қантқа,
Ac, тамақ болады арқау адамзатқа.
Дастарқан мен қазанға мырза болсаң,
Тегіс жақсы сен болдың, жуық-жатқа!

Қадірлі болам десең қарындасқа,
Дуа жоқ бас айналар мұнан басқа.
Сүйкімді біткен[7], жұртқа, болам десең,
Ешкімнен дүние сұрап аузыңды ашпа!

Біреуден, соң берем деп, борыш алма,
Басыңды байлауда қып, кілтке салма.
Кісіден дүние алғаның - құл болғаның,
Кіріптар өз-өзіңнен болып қалма!

Жұртқа бер өз көңіліңе жарағанды,
Ас деп біл бойға сіңіп, тарағанды.
Аймағым көп болсын деп талап етсең,
Ренжітпе қол астыңа қарағанды!

Ac ішпе өз үйіңде ұрлап қана,
Жұмсама біреуді еріксіз зорлап қана.
Қойшыдай қорғандық қып қойды баққан,
Айырып ал залалдыдан қорғап қана!

Көзіңнің бір қарап қой ұшыменен,
Сырты түгіл үйірілсін ішіменен.
Кісілігі жоқ жанмен үйір болма,
Жолдас болсаң, жолдас бол кісіменен!

Пайдасы көпке тисе, әне, кісі,
Ұлғаяр өрге басып оның ісі.
Бір құлқын тамағынан құны аспайтын,
Жаман көп әлдеқандай көрінісі!

ШЕЖІРЕ ӨЛЕҢ

Қолыма: "Бисмилла!"-деп, алдым қалам,
Екінші - Мейрам атаң, Арғын - бабаң.
Келеді үшіншіде Қарақожа,
Төртінші - Ақжол батыр, білсең тамам.

Бесінші атаң - Құтан бай, аты шыққан,
Алтыншы - Қаракелімбет: дәулет жұққан.
Жетінші атаң – Жанарыс - Орта жүздің,
Сегізіншісі - Қарақпар еркін ұтқан.

Тоғызыншысы - Айырқалпақ, білсең атын,
Оныншы атаң – Сапиян - арғы затың.
"Он бірінші - Майқы"- деп, және айтады,
Он екіншісі - Жабалхан, жетсе датың.

Он үшінші атаң[ның][аты]- Алаш,
Он төртінші - Аламан, оған жалғас.
Он бесінші - Айбура(Аққора) деп естиміз,
Он алтыншы Сейіл ғой, етпе талас.

Атаңның он жетінші Мағаз заты,
Он сегізінші – Жабалдан - туған заты.
Он тоғызыншы - Әнестің дәл өзі екен,
"Мәлік"- деп - жиырмасыншы жазған хаты.

XXX

....Төрт арыс - Орта жүздің шын баласы,
Арқаның толған елге сары даласы.
Қарақожа бабамнан Арғын туып,
Дәулетке сондай толған айналасы,

Онан соң Мейрам сопы бабам өткен,
Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік пен.
Бес бала Мейрам сопыдан туған екен,
Қаракесек - анасы басқа тектен.

... Баласы Қуандықтың алтау болған,
Тінәлі, Темен, Алтай туған.
"Арғын болсаң, Алтай бол!"- деген сөз бар,
Енеден: Борыш, Қарпық - бөлек туған.

Келемін Сүйіндіктен бір-бір санап,
Мәжік пен өткен бабам, ол-Шуманақ.
Суғыншы, Оразкелді - бұл төртеуі
Жаратқан Құлболдыны Құдай қалап.

Жанболды Құлболдыны көп ренжіткен,
Жасы үлкен ағасы екен бұрын жеткен.
"Жанболдыға жар кешу береді!"- деп,
Лағып (ылағып) ақбоз атпен суға кеткен,

Тақ болып жеке туған Қаржас еді,
Ақсүйек, алтын сандық алмас еді.
Бақ қарап, қыдыр дарып, дуа қонған,
Бабаңның-Оразкелді баласы еді.

Төлебай Сүйіндікте болып өткен,
Шобалай мал мен басқа толып өткен.
Қаржаста: Мырзағұлға дәулет қонып,
Екі иінін Есен тентек жұлып өткен.

Қаржастан үш ұл туған, бірі-Бегім,
Төрті (төресі) бар ма түгел көргендердің?!
Шашылған Мәмбетәлі тұрсын былай,
Баласын түгендейін Құлыкенің.

Үлкені Құлыкенің Үйімбай ма,
Болмаған бекер адам бұ да жайға.
Қасиетін атасының бізге бермес,
Тастайық: Өтен, Баян, Жаулыбайға!

Бабамыз мұнан соңғы - тентек Телі,
Тартқызған байлықпенен атпен желі.
Мұнан туған Әлімбет, Анай бабам,
Қаржастың дуа қонған асқар белі.

Құлыкенің бір неме[ре]сі жасында өткен,
Қатыны сөзге ілінді жесірлікпен.
Некесіз, даулы туған Талас еді,
Айтады: "Анаймыз!"- деп, не себептен?!

Анайдан бесеу туды, ел көбейіп,
Бақ қонды Мырзағұлға шырай қонып.
Үлкені Нияз - "Шөмек"- ат байланған,
Не қылам, айтып оны кіна қойып?!

Құдайқұл мен біреуі Қолбай еді,
"Қойдай қоңыр"- жуастығы сондай еді.
Бақ қарап, әрқайсысы мыңды айдады,
Ежелден көтерілген талай еді.

Жәдігер - төртеуінің ең кенжесі,
Һулардан кем болған жоқ несібесі.
Тірлікпен бұ жалғаннан беті қайтпай,
Әжімге тиген екен көлеңкесі.

Құлболды тақсыр бабам әулие өткен,
Айбол, Күлік, Тұлпар - бұдан біткен.
Жортуыл: Қаракесек күңнен туып,
Қозған, Қақсал-Бегендік, Шегендік пен.

... Күліктің ең үлкені - Тілеуімбет,
Қайратты, қайсар екен, қайтпаған бет.
Бір өзінен он алты ұл туып, өсіп,
Тоғысып көп қалмақпен болыпты мерт.

Он алты ұлдың он төртін қалмақ алған,
Мен айтпаймын өтірік сөзді жалған.
Кесім, Қойтан-екеуі қалып тірі,
Мінеки, біз-солардан нәсіл қалған.

Ақжігіт-дәл Бесімнің өз баласы,
Толықсып бірдей өскен мал мен басы.
Санжасар, Мыңжасар мен, Жүзжасардың
Туысқан Көпей, Мағрұп ұяласы.

Дүниеден кім қалады кетпей көшіп,
Ойлаймысың уақытты жүрген тосып?!
Солардың біз бір қалған жұрағаты,
Көпеев - фамилиясы, Мәшһүр-Жүсіп.

МӘШҺҮРДІҢ ҚЫРЫҚ АЛТЫ ЖАСЫНДА СӨЙЛЕГЕНІ

Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,
Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.
Самарқан, Бұқар, Ташкент- бәрін кезген,
Жасында бір кем отыз Тәңірім айдап.

Жасында қойылған ат - Адам-Жүсіп,
Жұрт кеткен сүйгенінен: "Мәшһүр"- десіп.
Қолына қағаз, қалам алған шақта,
Кетеді қара сөзге желдей есіп.

Мереке - жүрген жері болған жиын,
Көп көрген жақсылардың құрмет сыйын.
Аққан су арнасынан асып кетіп,
Тұруы туған жерде болды қиын.

Сөйлеген қара сөзді жүндей түтіп,
Жібектен құны артылып, кеткен өтіп.
Дүниені биықтияр төгіп-шашып,
Біресе олай, біресе былай кетіп.

"Ешкімге жүрмейін - деп, көзім сүзіп",
Бір Құдайдан басқадан күдер үзіп.
Құстай боп қапастағы қалғаннан соң,
Шарыққа бір-ақ шығып, кеткен кезіп.

Белгісіз не болары ақыр соңы,
Осы боп ендігі арман, қайғы - мұңы.
Ағарып атқан таңдай түсер көзге,
Кез болса маңдайына жұлдыз оңы.

Алатау, Қаратау мен кездім Шуды,
Өз өнерім өзімді үйден қуды.
"Үйіңде сабыр қылып отырмастай, І
Басыңа дейсізлер ғой,- не күн туды?!"

Өзіме көрінемін өзім мінді,
Кісендеп, бекітпедім неге тілді?!
Жасырмай өз ойыма келген сөзді,
Айтайын әңгіме қып сіздерге енді.

Әңгіме естісеңіз, міне, бізден,
Адамға пәле-тілден, бейнет- көзден!
Адамның адамшылық, артықтығы-
Көрінер, түсіп көзге, сөйлер сөзден!

Кем де емес кейбір сөзім - жанған шоқтан,
Әркімге ауыр тиер қалақ оқтан!
Ұшқан құс, жүгірген аң, жануарлар,-
Атанды бәрі "хайуан"- тілі жоқтан.

Сөз осал бола қалды не қылғанда,
Шақпақтай от шығады шағылғанда!
Көңілдің дариясында – сөз - бір гауһар,
Кісісі танып алар табылғанда!

Болмайды соз болғанмен, бәрі тегіс,
Келтірер иесіне кей соз сөгіс!
Бас қосқан мерекеде жақсы-жаман,
Шешендер - мәуелі ағаш, сөз - бір жеміс!

Қылмасын бұған талас ешкім бізбен,
Әркім-ақ байқап тұр ғой, көріп көзбен!
Дүниенің дүние болып тұрғандығы-
Әр нәрсе тауып орнын сөйлер сөзден!

Құдайдан сөздің асылы – келген - аят,
Әуелден - ақырғаша бар хикаят:
"Бұ дүние - бір қараңғы тұман!"- дейді,
Сонда сөз тірілтетін абыхиат.

Бұ сөзде ойламаңыз: "Бар – деп - жалған!"
Аузыма сөздің шынын Аллам салған!
Дегендей: "Жан семірер - жақсы сөзге!"

- Көңілді — тірілтер сөз - өліп қалған!

Сөйлесең, шығанақтан топты жарып,
Түсерсің көзге шамдай тұрған жанып!
Қанғандай құлақ құршы, сөз сөйлесең,
Сүйсінер тыңдағандар мейірі қанып.

"Меруерт, маржан - бәрі тас - сөйлер сөзге-
Оның бар не керегі?!" — дейсің бізге.
Жай жатса, бір домалақ тас есепті,
Тізілсе қолға алынып, түсер көзге!

Қарайсың жақсы сөзге көзді сүзіп,
Кейбір сөз елжіретіп кетеді езіп!
Әр жерде бөлек-бөлек жүрген сөзді
Түсірер жұрт көзіне, өлең тізіп!

Болғанмен орнасы(урнасы) жоқ - кей сөз-жалған,
Ақындар өлең қылып, тіркеп алған.
Бірден кеп төрт аяғы үйлескен [сөз болған] соң,
Жақсылар жалған демей, құлақ салған.

Өлеңге мен жасымнан болдым ұста,
Аузымнан шыға қалды-ау асығыста!
Әркімдер әрбір түрлі өлең жазған:
"Мәшһүрден мен астым,- деп,- осы тұста!"

Базарға жақсы-жаман жатыр барып,
Ешкім жоқ - мәз-мейрам боп, жүрген жарып!
Жыр болған - жылқышыға, қойшыға - қор,
Бұл күнде кім бар дейсің бізден кәріп (ғаріб) ?!

Ешкімнен артық емен - менің өзім!
Аяқ-қол - жұртпен бірдей құлақ - көзім.
Қыдырдың қыдырғанда, басқанындай,
Шашылып жұрт көзіне түскен сөзім !

XXX

Жалғанда жеке қара озған жаман,
Екі ұшты, бәйге алуы, оның аман!
"Мен сонымен таласа шаптым!"-дейді-
Жете алмай жер түбінде қалған шабан.

XXX

Жүйрік ат мақтанады: "Бәйге алдым!" — деп,
"Алдымен қарақшыға мен бардым!"- деп.
Ел тарқап, ертең зорға келсе-дағы,
Есек айтпас: "Шаба алмай, мен қалдым!" — деп.

XXX

Аралап жүрген білер дүние жүзін,
"Жаман,- деп,- есептемес ешкім өзін!"
Күміс теңге - қалтада, көмір - қапта,
Біреудің - тоқтата алмас біреу сөзін!

XXX

Бір тамшы жаңбыр еді - әуел басы,
Садафтың дариядағы болды асы.
Көрінбей су түбінде жатуменен,
Басқадан құны артылған дүрдің тасы!

XXX

Құйынмен - жерде жатқан шөп-шар ұшты,
Әуелеп, аспанға ұшып, көзге түсті!
Желмен ұшып жүргені - есінде жоқ,
О да ойлар: "Ешкім жоқ,- деп,- менен күшті!"

Өзімді - артық, өңгені кем көрмейін,
Бір ат мініп, бір атты өңгермейін!
"Менен асқан кім бар? [жан жоқ!]"-деп,
Ақымақлықты семіртіп, жем бермейін!

XXX

Мен жүрмін дүние қуып, әлі жетпей,
Жас жетсе де, балалық ойдан кетпей!
Зер танитын зергердің жоқтығынан,
Алтын басым тот шалып, қалдым өтпей[1]!

XXX

Алдандық: ататұғын аң жоқ, шаңға,
Кез болмай бір ағарып атқан таңға!
Бұрынғыдан ырымға дәнеңе жоқ,
Көз салсаң осы күнгі жүрген жанға!

Бірталай келіп қалдық біз де жасқа,
Әр түрлі күлкі болып замандасқа!
Ай мен күн, күндіз бен түн қалыбында,
Болғанмен бұрынғыдан заман басқа [2]!

XXX

Жамандық- жақсылықтан- жоғары асып,
Сөз болып, шынға өтірік араласып.
" Уағдаға опа!" — деген бұл заманда
Ел-жұрттың ортасынан кеткен қашып!

Уағдаға опа жоқ боп, түгел бітті,
"Бүгінгі жан - демеңіз- уәде етті!"
Ол өзі кеткенімен, жалғыз кетпей,
Мүрууат, сахилықты ала кетті.

Үшеуі мүлде кетті басын қосып,
Ие боп тоқтата алмай, ешкім тосып.
Жан өткен құр алақан бос қалған соң:
Болад - деп - заман қандай?!" —тұрмын шошып.

Бұл күнде лаңке сиса - болды торғын,
Аз болды танитын жан сөздің формын!
Сараңдық, мұнафиқтық, күншілдік пен —
Бұлардың иеленді қалған орнын.

XXX

Бұрқылдап қаз орнына қонды қарға,
Жүйрік - жорға орнына - тақтақ арба.
Aй мен күннің орнына - бұлт жүрді,
Замана солай болды, шараң бар ма?!

XXX

Бетеге мен көделер сүнбіл болды,
Қарға - бұлбұл, есектер - дүлдүл болды.
Басты қанша қосқанмен, піскен сөз жоқ,
Бір қайнауы ішінде дүмбүл болды.

XXX

"Жұрт жақсысы"- атанды зорлықпенен,
" Ер" -атанды-жамандар-ұрлықпенен!
Қалған-құтқан өтірікке ие болып,
Есіл өмір, оттің ғой қорлықпенен!

He жақсымын дегендер арын сатып,
"Мал табам!"- деп, жамандар жарын сатып.
Бірін-бірі: "Жеймін- деп-қалайша алдап?"
Жақсы-жаман теп-тегіс жанын сатып.

Тірінің түгін қоймай, тегіс тонап,
Өліктен ұялмастан кебін сұрап[3].
Жанның бәрі өнерлі болып кетті,
Теп-тегіс қолға тұрмас болып сынап!

Шебер - қолын, шешендер сатып сөзін,
Ата-ана- құлын жастай сатып қызын[4],
Бардан-жоқтан қанағат тегіс қашып,
Тірілей жеп тауысып әркім өзін!

Риза[ырза] болған бір жан жоқ Иесіне,
Кіретұғын келмейді үй есіне!
Ишандығын ишандар айырбастап,
Ғауам халықтың ат пенен түйесіне!

Ғалымдар білген ғылымын пұлға сатып,
Оқу бар, ұғушы жоқ, Құдай атып!
Бұрқыраған тозаң-шаң - жүрген аң-таң,
Жас-кәрі - бәрі мең-зең басы қатып.

XXX

Былғарының орнына - көң мен сірі,
Теріс қарасар, ұнатпай бірін-бірі.
"Ал!","бер!"- деген сөз еді — екі ағайын,
"Ал!"- өліп,"бер!"- деген сөз қалды тірі!

XXX

Екі сөз: бірі айтылды, бірі-қалды,
Уақ [ұсақ] ақша таусылды, ірі қалды.
"Бар!"- деген сөз аты өшіп, тып-типыл боп,
Бұл күнде: "Жоқ!" — деген сөз тірі қалды.

XXX

Жұрт жайылып, ұйлыққан қойдай болып,
Иесіз (ессіз) жүрсе, күні айт пен тойдай болып.
Ел билеуші қасқырдай күнде талап [5],
Жүрген жері у мен шу, ойбай болып.

Екі даугер бір-бірін сөзбен ұрып,
Шарылдаған бақадай дымы құрып.
Етін шайнап, сүйегін күл-күл қылар,
Зәрін төгіп жыландай, билер сорып.

Айрылып жоқ-жанынан, бар-малынан,
Көне алмай ешкім хұзыр алғанынан.
Қан жұтып қайғыменен не шаһбаздар
Барады құтыла алмай ақ арманнан [арманынан]

Шұбыртып күнде малды санап жатыр,
Жайылтпай өрістетіп, қанап жатыр.
Қасқырдай кейбіреулер арсалақтап,
Жан-жағын бермей дамыл, талап жатыр.

XXX

Өтірік өрттей даулап жанып жатыр,
Ессіз жұрт көбелектей барып жатыр.
Бірін-торғай, біреуін бөдене қып, '
Өзімен-өзін жаулап алып жатыр.

Дүние үшін бірін-бірі көрмей безіп,
Ағайын - татулықтың жібін үзіп.
Арсалаң тазыға ұқсап [ұсап] жүрген жан көп,
Қанағат қашқандықтан, көзін сүзіп.

Көз жетті мына жұрттың оңбасына,
Не болды қожа менен молдасына [6]!
Түлкідей тышқан аулап кейбіреу жүр
Қастық қып құдай дескен жолдасына!

Таусылмас жұрт мінезі сызуменен,
Іс бітпес [айғайлап құр] айғай-ұйғай қызуменен!
Маймылдай [маймұндай] кейбіреулер құбылады
Әуре боп өзін-өзі [бүруменен] бұзуменен!

Жыландай кейбіреудің сырты шұбар,
Көрген жан анадайдан оған [болып] құмар!
Бойына жуықтатып алғаннан [бір алған] соң,
Аямай құйрығымен бір-ақ соғар!

Жел сөзді сөйлеуші едім мен тарықпай,
Табылса тыңдайтұғын ер жалықпай.
Жылпылдап кейбіреулер қолға тұрмас
Жылмағай, қабыршағы жоқ балықтай.

Сақа шықты.өкпелеп жүрсек мұртқа,
Жатқан зардап іштегі шықты сыртқа!
Қызыл көрсе, шабады айлық жерден,
Үймелеген қарғадай көшкен жұртқа.

Өсек сөзге гулесіп, желдей есіп,
Кісі ақысын, адал ас, біліп несіп.
Сауысқанша шықылықтап жүрген жан көп,
Сау жылқының арқасын еріксіз тесіп.

Шыға боқтап есіктен, кіре күліп,
Түндік қоймай ашпаған, тегіс еніп.
Күйкентайдың орнында кейбіреу жүр,
Алары жоқ бір тышқан, текке төніп.

Бұ заманда көп қалды - аз орнында,
Қырық күн шілде, қыс қалды, жаз орнында.
Қоразының тауықтың қызылы бар,
Әркімдердің басында тәж орнында.

Қиқу дауыс - қораздың өңешінде [7],
Аят, хадис - саулаған кеңесінде.
Жұрттың тынышын алады:
"Тұршы, тұр!"- деп

Жейтін боғы өзінің жоқ есінде.
Бара жатыр айтылмай тау іс қалып,
Сөз аяғын ұзартпай, тауыспалық!
Иненің жасуындай қасиет жоқ,

Өзін-өзі көтеріп топқа салып.

XXX

Қарай қойшы - тырнаның сасқанына,
Ми қалмастан басынан, қашқанына!
Таудан, тастан- өз басын ауыр біліп:
"Жер ойылып кетер!"- деп, басқанына!

XXX

Жаза берсе, жоқ ғайып болады сөз,
Мұндайларды көп көрдік адамнан біз.
Ін түбіне тығады кей жан өзін,
Оқпақтай: "Күндіз ұшсам, тиед-деп-көз!"

XXX

Сұмырай құс су іше алмас дария көлден[8]
Көл көрінсе, қызғанып тамам елден!
"Көл таусылып қалад!"- деп, су тата алмай[9]
Өз-өзінен отырып, өлер шөлден!

XXX

Жаза берсем қағазға, кетер сыймай,
Өрнек болсын соңғыға - бұл бір шимай!
Ішпей-жемей дүниені текке жиып,
Кейбіреулер кетеді көзі қимай!

Көк кептер ұшып кетсе, қайда жетпес,
Ұшқыр боп қанатты құс онан өтпес.
Тамақ үшін құл болып көрінгенге
Таяқпенен үркітіп қуса, кетпес.

Бұл дүние қанша ойласаң, келмейді епке,
Жақпайсың - жалбақтаумен қауым көпке!
Сиырға қант пен тоқаш қанша төксең,
Жүгіріп кетіп қалар сабан шөпке!

XXX

Дүниенің көз салмаңдар бар-жоғына,
Бірдей бол, шамаң келсе, аш-тоғына!
Шыбынды, қазір көрсең, қантқа қонған,
Кетеді жерік асы - ат боғына!

XXX

Жылы жаздың соңында - бір қысы бар,
Өз басында әркімнің жұмысы бар.
"Жаз болса, үйрек - қазды қоймаймыз!" —деп,
Сақтап жүрген әркімнің бір құсы бар.

Деп айтады: "Иа, сұңқар, яки лашын,
Ауаланып ешкімге бұрмас басын!"
Алған, салған, көз көрген дәнеме жоқ,
Осыменен өткізер өмір жасын.

Тоқтай алмай көргенде жерік асын,
Жорғалар қайқаңдатып қарға басын.
Жұрт күлер алақанын шапалақтап:
"Не ғып көрмей жүрген- деп- аяқ басын?!"

Басында бар әркімнің дәулет құсы,
Дауа(дәуе) жоқ, ниет болып қалған заман
Жапалақ боп жалп етер тышқан көрсе,
Боямас, тозған соң, шығып мысы.

ХХХ

Үрген қуық - бүгінгі жұрттың басы,
Бас болса, болар еді көзде жасы[10].
Таққа мініп, басына тәж қойғанмен,
Иттің кетпес ойынан жерік асы.

XXX

Ешкіден туғанменен, лақ емес,
Сарқырап саулағанмен, бұлақ емес.
Екі ашпалы есіктің тұтқасы да
Қалқайып қарайғанмен, құлақ емес.

XXX

Қаңтар мен ақпан болды күз орнына,
Сылдырлап сырнай шықты - сөз орнына.
Жылтыраған екі тас орнатылды-
Бұрынғы қайран сәуле көз орнына!

XXX

Сеңгір-сеңгір таулар бар - бұлағы жоқ,
Қопалы көл - жекен менен құрағы жоқ .
Өңшең үрген қарынға душар болдық,
Барлап тұрсаң, еститін құлағы жоқ!

XXX

Көрінгеннің бәрі-жау: ел жоқ болды,
Айнала-сор: мал қонар көл жоқ болды.
Үңгіріндей аюдың - ауыз біткен,
Ауыз баста болғанмен, тіл жоқ болды.

Үй басына қаптаған өлең-жыршы,
Не дейді екен, тыңдайық, тұра тұршы!
Дыңғыр-дыңғыр құр дауыс, айқай-ұйқай,
Қанбаған соң не керек құлақ құршы?!

Әр төбеде оба боп үйілген тас,
Не баспана болмайды, не ішер ас!
Бұл заманда коп болып, бас қосқанмен,
Жан сүйсінер бір соз жоқ, бәрі бір бас.

Екі көзі қатынның балтасында,
Қожа, енді қол балтадан тартасың да [11].
Жұртқа көзін салатын жақсы қайда,
Есіл-дерті әркімнің қалтасында!

Қуанады - болғанға қарыны тоқ [12],
Жайнап тұрған - ол өзі - қып-қызыл шоқ!
Ай мен күндей - ғаламға бірдей болған –
Айтуға бар-жақсылар- көруге жоқ!

XXX

Болдық малай-қарынға - бір парамыз,
Жан пайдасын білмеген жүзқарамыз.
Он шынжырмен бір итті байлай алмай,
Өмір бойы әуре боп, біз барамыз!

XXX

Ақылсыз, болдым ақымақ, мен жасымда,
Ескі жолдас айырылмай жүр қасымда.
Жұрттың қандай екенін біле алмаймын,
Бастан-аяқ айтылған сөз басымда!

Үстін оқып әліфтің, астын білмей,
Үтіріне барады тілім келмей.
Ноқат деген немене, айыра алмай,
Қарап тұрып зорықтым шаппай-желмей!

Ой түбіне жете алмай, миым қатып,
Зорыққаннан, жүре алмай қалдым жатып.
Надандықтың мастығы - айыға алмай [13],
Жатырмын жоқты-барды сөйлеп шатып!

Он төрт жылда - болады қақ жарты жүз [14],
Білімі [мағлұмы] жоқ: көре ме, көрмейме кез?
Дарбаза [даруаза]- ауыз, сөз-самал:тоқтау бар
Көрінгенді көзіме- қыламын сөз!

XXX

Піскен егін сықылды- аспан-жасыл,
Қыс пен шілде, жаз боп күз - бар төрт фәсіл.
Ай- орағы егінді оратұғын,
Әбден білсе, сөз бар ма мұнан асыл?!

Жазғытұрым - емес біз, болдық қой-күз,
"Қыс боп қалдық!"- дегенше, күдерді үз!
Жалаңдатып орағын, алып тұрған,
Оратұғын сондағы егіні - біз!

Бізді бір күн кетеді еріксіз орып,
Қала алмаспыз қисайып, мойын бұрып!
Тәңірі алдына апарар түк таба алмай,
Ойлап тұрсаң, аңқиып, қалдық тұрып[15]!

Естуге құлақ болса, мінеки, сөз,
Көрсейші, байқап көкті, бар болса көз?!
"Дүние-ақырет егіні-білгенге!" — деп,
Пайғамбар айтқан екен, білмеппіз біз.

Жер жыртып жазғытұрым, тұқым шашпай,
Күз болса, қаптың аузын қалдық ашпай!
Кім орғанын білмейміз, аңқиямыз,
Көрмеген ойын шығып, бір көз баспай.

XXX

Таң атса , жатамысың ұйықтап, бақытым?!
Менің де таянған-ды жүрер уақытым!
Қолымда аттанарда жоқ нәрсені
Барғанда тәңірі алдына, қайдан таптым?!

Не болды, бақытым, мұнша ұйықтап қалып,
Жалғанның азабына мені салып?!
Оянып, бір басыңды көтерсейші,
Шырадай бір ашылсын, көзім жанып!

Жер кезіп, салдым ғой шар мен қояндай,
Жанымды бір араға тыныш қоя алмай!
Басыңа жастады ма дию тақтайын [16],
Не болды саған, бақытым, мұнша оянбай?!

Бақытымның ұйқысы — ауыр, болдым кезбе,
Қайғы-ғам, ескі жолдас, менен безбе!
Құдайдың пендесіне рахматы мол,
Болғанмен қанша құр қол, күдер үзбе!

XXX

Қайғы-ғам: болдың үйір бала жастан,
Кешірдік- айтылған сөз, бәрін бастан!
Аспанға қанатсыз-ақ ұшқың келсе,
Дүниеден- өлмей тұрып- жалаңаштан!

Есі жоқ, есалаң бол, дүние жимай,
Қолға ұстаған дәнеңе жоқ, қалсын шимай!
Ішер ас, киер киім-ойға алмасаң,
Балқиды жер дүниеге нұрың сыймай!

Қызығын бұл жалғанның- білме- дәурен,
Аз емес, өлшеуге алсаң, бұрынғы әурең!
Ұйқы мен ең аяғы астан безсең,
Түседі аспандағы Күнге сәулең!

Аспанда: Күн күректеп, Ай айырлап,
Алмастан ешбір дамыл ол байырлап.
Бидайдай [бұйдайдай] желге ұшырып өміріңді,
Екеуі тауысуды, біл байымдап!

Ойласам, осы бір сөз дұрыс екен,
Деп айтпас миы бар жан:
"Бұрыс екен!"Бірі-күндіз, біреуі- түнде жорытқан,
Ай менен күн - өмірдің ұрысы екен.

Біреудің - кеш, біреудің - ерте бақытын,
Талай жанның басынан алған бақытын.
Ұрлап жүрген осы екен өмірімізді,
Патшалардың ұрлаған тәж бен тахтың (тағын).

Сықылды қашқан қоян - күнім зырлап,
Болмайды, қанша айтсам да: "Тұра-тұр"-лап,
"Кеткен-күн, өткен-өмір қайда?!"- десем,
Жүр екен білдірместен, бұлар ұрлап!

Кешегі кетіп қалды-ау күнім өтіп,
Айырып алып қала алман, қуып жетіп.
Күні кеше алғаны есінде жоқ,
Ертең тағы келеді жылтың етіп!

МӘШҺҮРДІҢ СӨЗДІ КИІНДІРІП, ЖҰРТ КӨЗІНЕ ТҮСІРГЕНІ
Айтушы мен болайын, құлақ қой сен,
Сөзде жоқ сен танырлық таңба мен ен.
Болғанда ұшсыз-ұзын, түпсіз- терең,

Таусылмас, шашсаң қанша, көңіл- бір кен.
Ешкім жоқ: таптан озып, шеннен шыққан,
Бос сөзге болыпсыздар діннен [деннен] шыққан.
Білуші зер қадірін зергер болса,

Сөз - асыл жауһар сондай кеннен шыққан!
Аузына кейбір жанның қыдыр дарып,
Ие бар тұратұғын кеңес салып.
Болғанда ғақыл-дария, ауыз-садап,

Сөз-гауһар: сол садаптан алған жарып.
Тіл деген-болат [фолат] метін өткір келген,
Дал-дал қып, қызыл қия тасты тілген.
Қатарлап інжу [иенжу] менен маржан тізіп.

Тигізген ақтан оғын кейбір мерген.
Жалғанда біреу- үлкен, біреу-кіші,
Біледі болса кімнің ғақыл-есі.
Сөз- бір жүк: басқа мақұлық көтере алмас,

Жебірейіл- Әмин болған-керегесі.
Бұл сөздің қандайлығын көріп тұр көз,
Көзі жоқ көрсоқырдан күдеріңді үз!
Танытты құдайлығын құдай өзі,

Жебірейіл періштеден жіберіп сөз.
Біледі мұны тегіс дүние жүзі,
Жоқтан бар қылған бізді Тәңірім өзі.
"Сөз басы қайдан шыққан?"- деп ойласаң,

Емес пе "Калам-Алла"-Хақтың сөзі?!
Тізілген аузындағы отыз тісің,
Бола ма тамақ жеуге онсыз күшің?
Назым сөз аузындағы- тұрған тістей,

Білерсің, тұрса өзінде ақыл-есің!
Кеткен соң тіс орнынан, құны қандай?
Жерде қалар, керек деп, ешкім алмай!
Қара сөз сол сықылды-ойлағанға,

Суырылар тәтті сөзге тіл мен таңдай!
Назым сөз-бақшада өскен бау ағаштай,
Жарасып[1] жапырақтары сүмбіл шаштай!
Аузынан кей шаһбаздың шыққан сөздер [сөзлер]

Тойғызар ішпей-жемей ләззатты астай!
Қара сөз-тауға біткен тал мен терек,
Басқаға бір отыннан неге керек?!
Болмайды, сөз болғанмен, бәрі бірдей,

Парқы бар сөзден-сөздің, болсаң зерек!
Адамның жай жүргенде, бәрі теңдей,
Сөз туғыз, шешен болсаң, сөзден мендей!
Сүйкімді, назым сөздің, екендігі-

Бақшада үлпілдеген қызыл гүлдей!
Келіспес-адам өзін жасырғаны,
О да онша емес-көтеріп асырғаны.
Үлпілдеп сабағында тұрған гүлдің-

Қара сөз — түсіп жерге шашылғаны.
Таудағы- емес едім зор қара тас,
Тас болсам, болмас па едім бір тауға бас?!
Кім бол, ол бол-алушың жоқ болған соң,

Болғаның, болмағаның,- бәрі бір бас!
Мөлтілдеп, қанды [қанлы] жасқа толып көзім,
Барады ішке сыймай айтар сөзім.
Алып, сатар боларлық жан жоқтықтан[2],

Білмеймін-екенімді қайта сөзім!
Өттің ғой қоршылықпен, ей, өмір жас?!
Жаратқан осылай қып Құдайға бас.
Бір жан жоқ-құрыш, темір, қу сақтаған

Кім нанар дегеніме: "Мен-шақпақ тас!"
Атқанда, тигіземін, оғымды ақтан,
Оғым көп жонып жатқан тіл мен жақтан.
"Өлмегенге- қара жер"- тиген соң сөз,

Өтірігі жоқ, бұл-шын сөз, емес мақтан!
Бақ жұлдыз бәсең тартып туысында,
Нем бар еді жерұйық қуысында?!
Бақырайып екі көзім, қалдым тұтқын

Ғелаз шәдадй,ының[3]уысында.

БҰЛ БІР ТҮРЛІ СӨЙЛЕГЕНІ

Ішінде әбдіренің садап жатыр,
Гауһар бар ол садапта, алсаң батыр.
Ие боп сол гауһарды сақтай алған-
Бір басы неше мың сан жанға татыр.

Болғанда: садап-жүрек, кеуде-сандық,
Біз қашан ол гауһарды қолдан салдық?!
Кім салып, кім қойғанын - біледі кім?
Ісіне құдіреттің аң-таң қалдық!

Қойдың бір құлағынан жүрек кіші,
Бір уыс қанмен толған оның іші.
Ет[ит] жүрек жаман үйде қалғандықтан,
Бұзылар өз-өзінен сонан кісі.

Құтылса ет[ит] жүректен көңіл аты,
Қандырар құлақ құрышын жазған хаты.
Қолмен жасап аларлық жұмыс емес,
Аспанға шығарсын ба жасап саты?!

Белгілі ат болары құлын-тайдан,
Болмаған құлын-тайда болсын қайдан?!
Аспан түгіл, өтеді ар жағына,
Күш-көмек келе берсе, бір Құдайдан!

Бір үй бар, басып оны адам кірмес,
Ол үйде бір қапас тұр - ешкім көрмес!
Бір құс бар - сайрап тұрған сол қапаста,
Даусы қайдан шыққанын - бір жан білмес!

Адамның - кеудесі үй, қапас - жүрек,
Орнаса ол қапасқа, көңіл - зерек!
Бойынан мұның бәрін тапқан жанға
Бұл дүние бары-жоғы неме керек?!

Жұмысым: өлең жазу - менің дайым,
Қылмаймын бұ жалғанды тіпті уайым!
Өзімді өз басыммен алдандырып,
Осындай күйге салған бар Құдайым.

Көзімнен неге ақпасын саулап жасым,
Жатыр ғой арзанға өтіп асыл тасым!
Көк пен жер - дәнемемен жұмысым жоқ,
Таусылмай тамашасы бір өз басым!

Дүниемен болып жүрмін мен екіұдай,
Әурелік, балалығым бұрынғыдай.
Қараумен өз бойыма күнімді өткіз,
Басқаға көз салдырма, патша - Құдай!

Қалады-ау анда-санда көңілім кетіп,
Құдайдың шеберлігін тамаша етіп!
Дағдарып, дал-дал болып отырамын,
Біле алмай бір де бірін зейінім жетіп!

Ішкен астың көңілім жүр жетегінде,
Бір үзе алмай бұйдамды кетемін бе?!
Басқа біткен құйрығы жандардың
Әлі күнге көзіміз етегінде.

Хайуандарға тамаша құйрық бітіп,
Ұят жерін жасырып, көз таса етіп.
Ешкінікі жалғыз-ақ ерсі болды,
Көкке қарай шош[айып] шығып кетіп.

Көре берсең, ғибрат бар, мұнда ерсі,
Құлағыңа айтайын, бермен келші!
Дәл басында құйрығы - жануар бар,
Ешкіден де бұл ерсі, жүріп көрші.

Құдіретіне Құданың есім кетіп,
Білмеген соң мәнісін, зейінім жетіп.
"Бізді құмар несіне қылды екен?!"- деп,
Соның үшін қараймын, тамаша етіп.

Демеңдер: "Неге миы ашымайды,
Миы өсіп, жастағыдай тасымайды?!"
Дағдарып, дәнемеге ойым жетпей,
Атамын дамыл-дамыл насыбайды!

Бұ сағат табылмайды барсам, баршы-ау,
Менікі - өз-өзінен шаңқап аңсау.
Емес пе миы ашыған, алжығандық,
Отырып - өзінен-өзі текке шаршау?!

1905 жылы

ДОЙБЫНЫҢ ОЙЫНЫ

Оттай боп қызыл гүлдің көрінісі,
Бұлбұлдың, шыдай алмай, күйеді іші.
Сайрайды дамыл таппай ауық-ауық,
Дәнеме (дәңке) жоқ оған түсер, Хақтың ісі.

Біp жарық түн басына таң атады,
Мейлің, мейлің Күн бол,- бір батады.
Дарияның толқынындай дүние жүзі
Толқында тауып тыныштық кім жатады?

Жан біткен әуре боп[болып әуре] жүр салын байлап,
Кім беріп тұр кеме мен қайық сайлап?!
Аман-есен мың саннан біреу өтіп,
Салы-суға кеткендер соры қайнап!

Астыңа - жер, үстіңе көкті жайды:
Күндіз Күнді көр - деумен,- түн болса, Айды!"
Мұның бәрін бекерге жаратқан жоқ,
Білмей қалсаң, мойныңа бұл бір пай-ды!

Дойбының тақтайындай қылды көкті,
Ай менен Күн, жұлдыздан - тасын тікті.
Күндіз - түнмен ұтысып, ойнап қал!"- деп,
Күн де бес жылда бір ай артты жүкті.

Өзге ойынның бұл ойын басы болды,
Ойнай мұны білмеген - ғасы[1] болды.
Жыл да - он[2]екі ай болғанда, ай да - он екі,
Жиырма төрт - дойбының тасы болды.

Ал, енді қарап тұрмай, баста ойынды,
Түңілумен күндіз - түн, қой мойынды!
Тас жегізбей, жоқ саған биге шығу
Тартып қалмай бойыңды, аш қойынды[3]!

Тілімді алсаң, қайта түс әлиф, би-ге [4],
Ұпайға (ұпайке) қыл, өзіңді тастап иге.
Бер, бер-дағы тасынды аямастан,
Бір отыршы қасқайып, шығып биге!

Аздан кешсең[5], жетеді қолың көпке,
Ешбір ісі жалғанның келмейді епке.
Қорғаладың, ұтылдың, қор болғаның-
Отырумен тасыңды сақтап түпке.

Тартынбай соқ, ойынды бұзып-жарып,
Тас бетіне қарама, кетсін алып.
Бірден үшті жегізсең, тасты аямай,
Отырасың оп-оңай биге барып.

Ойын емей бұ жалған, шын деймісің,
Қалсаң биге шыға алмай, үндеймісің.
Биге шығып алмасаң күні бұрын,
Көңілге алған жеріңнен тас жеймісің?!

Қапы қалма, бұл сөзді жалған тұтып,
Жалған болсын, шын болсын, жатыр жұтып.
Ай мен күндей маңдайың жарқырайды
Тәңірі алдына жалғанды барсаң ұтып.

Бұ жалғанмен дойбы ойна, маған нансаң,
Сенен асар ешкім жоқ, ұтып барсаң!
Су түбіне кеткенің, қор болғаның-
Қалың [топтың] көптің көзінше закот қалсаң!

Тас жегізген аянбай, биге барар,
Биге барған қақ төрден орын алар.
Не ұтпай, не ұта алмай, қалтақтаумен,
Аңда жоқ, даңда жоқ [даңда жоқтар босқа]

Сақи [сахи] қайда аяғын кейін салар,
Қашан болса омыраулап, озық барар.
"Тегін бір тас жегізбей, отырам!"-деп,
Сараң сорлы закотте оңдап қалар.

Кең жалғанның жүзінде закот қалған,
Сараңдықтан- ол бір шын- өздері алған.
Бізге Құдай, қайтейік, бермеді!"-деп,
Жамандайды Құдайды сөйлеп жалған.

Надандық пен сараңдық-дауасыз жын,
Толып жатыр пендеде[пендеге] әр түрлі сын.
Жомарт патша затында сараңдық жоқ,
Құдай неге бермейді [бермесін], сұраса шын!

Оңай жерден кім алған жоқты тауып,
Бұ жалғаннан бос кетер желіп, шауып.
Дүние-ақырет мақсаттан (мақсұлдан)
Бұ жалғанға тілеуі кеткен ауып.

Мақсатына жетеді дүние қиған,
Құр қалады мақсаттан, бермей жиған.
Тілегенін әркімнің береді Алла
Екі қылыш бір қынға қашан сыйған?!

Қоңыз болсаң, жылқының тезегін тер,
"Алам-десең-Құдайдан", аянбай бер!
Өзің қимай, ала алмай, құр(ы) қаласың[қалсаң құры],
"Бермеді!"-деп, Құдайға жұқтырма кір.

Қалтақ-құлтақ жалғанға амалдайды,
Сарандықпен көсіліп шаба алмайды.
"Бермеді,- деп, болмаса,-жазбады"-деп,
Жұрттың көбі Құдайды жамандайды.

Бір Алланың өз мүлкі- дүние-малы,
Дастарқан қып жайып тұр біздерге (бізлерге), әне (әні)!
Патша Құдай-патшалық берген тойы,
Татырмай тұр бұл тойдан кімге, кәне (кәні) ?!

Қысқа жерден ойлаған қарашы ойын,
"Бұ жалғанды- деп жүр ғой,- қалжың-ойын!"
Төгіп-шашып жалғанды, бұрқыратып,
Өткізелік ойынмен Құдай тойын!

Ең зор [үлкен] тойы-ақырет, татасың соң,
Онан болса үмітің, жалғанда оң!
Бұ жалғанның жүзінде оңбай өтсең,
Қайда барсаң, төсегің-мұз бенен тоң!

Сұм жалғанда қалған соң өзің оңбай,
Құдай ісін, жүре бер, мінеп, жонбай!
Жұртқа қылған жалғанның жазығы жоқ,
Толып жатыр жүрген жан мұздап, тоңбай.

Кім жасаған дүниені, Хақ жаратқан,
Тіл менен тіс, иек пен жақ жаратқан.
Бір өзінен басқаның бәрі де- жұп,
Нәрсесі жоқ, жалғыз қып, тақ жаратқан!

Қайда барып сөйлеймін сөзімді енді,
Бұл сөзімнен көріндім көпке мінді.
"Берік ұста, берме!"- десем, жақтым жұртқа,
Кім көрінген алатын онда тілді.

Жер қаз да, тышқан болып, жина қорық,
Мұрныңнан қан ағызып, күн-түн зорық.
"Орынсыз бір тиыным шығып кетсе,
Қалам-деп-кедей болып!"-аса қорық!

Ін қазып, үйден-үйге жаса тесік,
Тар болсын, кіре алмастай, кедейге есік.
Жалғыз тал шөп көрінсе, тастамай жи,
"Болад-деп,- заман жайы әлде нешік?!"

Кедейге келсін соқыр, көзің қисық,
Жұлынып бала- шағаң тұрсын пысық.
Қалады жер астында жиған дүниең,
Бас салса, бір тесіктен, аңдып мысық.

Жылан бол да, кен жастан, алтын жиып,
Кете алмастай болып жи, көзің қиып.
Дүние деген бір пұлдан жинай берсе,
Тыға берсе қапшыққа, жатар сыйып.

Жар астында жатыр кен, көңіліңе тоқ,
Ішіп-жеуге ол саған бұйрығы жоқ.
Шығып, кіріп жүргенде сен жылтыңдап,
Абайсызда [аңдаусызда] жайыңды табар бір оқ

Өзіңе-өзің дөп-дөкей ірісіңде,
Жаның- өлік, құр сүлдең тірісің де.
Азаптанып дүниені жинай берсең,
Тышқан менен жыланның бірісің де.

Адам болсаң, адамдық ісін ойла,
Көз жеткісіз дарияға сүңгіп бойла!
Өзің-жи, артылғанын кісіге бер,
Айтын айттап, Құдайдың тойын тойла!

Тілімді алсаң, әне, алмасаң да,
Бұл сөзді нансаң да, айттым, нанбасаң да!
Қаруың Тәңірі алдына Күннен жарық,
Ентелеп өз еркіңмен бармасаң да!

Дүние, мен бола алмадым сенімен дос,
Өзіңнің досың тап та, басыңды қос!
Уыстап уысыма тұра алмадым,
Астыңнан ит жүгіртіп, үстіңнен - құс!

ТҮРКІСТАН САПАРЫ

Шығып ек кешегі айда елімізден,
Мекен - жай, қоныс қылған жерімізден.
Хазіреттің ақ күмбезін зиарат қып,
Қол жайып бата алғалы пірімізден.

Еліміз Баянаула, Қызылтауда,
Төскейде мал жатады қалың қауда.
Аллаға тәуекел ғып шыға қалдық,
Тіпті үйде жатпайын деп денім сауда.

Ереймен, жүре бердік Есіл өтіп,
Тұсынан[1] Күйгенжардың кесіп өтіп.
Жас сығыра бір қияға боп ман ласқыра,
Құдайым түзден ырзық несіп етіп.

Ел-жұртым, қатын-бала,- бәрі қалып,
Он "бесте" түсіп жолға, болып кәріп [ғаріп].
Үйде қашқан, табылып, нәрсем түзден,
Келемін мен құдіретке қайран қалып.

Мүсәпір жолаушымыз біздер ғаріп,
Келеміз ұзын жолда ашып, арып.
Жал үзіп, қара қоңға таянып ат,
Тана алмай, пақырлықты, мойынға алып.

Бейшара өңшең сүлтік[2] жолдасымыз,
Жоқ болып көңіл аулар құрдасымыз.
Ілініп сұм жалғанның тұзағына,
Келеді тұтқындықта бір басымыз.

Шалдар - жетпіс, кемпірлер - алпыс жаста,
Түп-түгел малы[3] біткен біздің қаста.
Ғазап лим[4] деуіме бек лайықты,
Жазылулы күн бар екен жұмыр баста.

Жылым-қой, жетті жасым бір он "беске",
Енді oн "бестің" жоқтығы кірмейді еске.
Қатын-бала қамынан қашқандарды
Түзде үйір қылады екен мақау (фиске) пешка[5].

Қапаста сайрай алмай қызыл тілім,
Халық-жұрт, қадір білген, қалып елім.
Көңілімді күн-түн сайын жүдетеді.
Тұнжырлар томырықты қара жылым [6].

Жегенім зақым болып, ішкенім - зәр,
Ғаһұдым ныхли әр кез бермеді пар.
Тақады құсалықпен өлтіруге,
Қоршаған маңайымда көр менен кәр.

Ауаның (һуаның) ыстықтығы миды ашытып,
Келеді қамықтырып, жол жасытып.
Айдаған жер сібір қып[7] мені Құдай,
Кемпір мен, ұзын жолда, шал тасытып.

Мен қашан бұл жылаудан уанамын,
Көз ашып, көріп кімді қуанамын?!
Өткізіп дер жасымды келемін мен,
Муасеусе салқын сопы, диуанамен.

Жолдасым, су қараңғы алған үйден,
Құтылар бар ма күнім мұндай күйден?!
Надандар түк білмейтін бар қасымда,
Отыз жыл оқып білмес әліп биден.

Тұрады қай жерімде ғақыл ме не?!
Қайғымен ертеңгі күн болады кеш.
Ақшасыз арзан ғана табылатын,
Іздесең, маңайымнан не түрлі кес.

Атандым Мәшһүр-Жүсіп мен жасымда,
Мұң мен зар толып жатыр бір басымда.
Татырлық бір тиынға біреуі жоқ,
Бұ жолғы жаныма ерген жолдасымда.

Бір құдай ықтиярсыз айдауменен,
Мен шықтым басты өлімге байлауменен.
Қолыма ойға алғанның түспей бірі
Келеді зығырланым қайнауменен.

Өзің сад түзу жолға, иа, Раббым хақ,
Келеміз несие болып не түрлі нақ.
Ащы су, сүті жоқ шай жүрек кесіп,
Күн ыстық, қанбай сусын, сағынып-ақ.

Түйе өркештен айырылып, аттар-жалдан,
Не пайда қалған үйде қанша малдан?
Шараба Тыһурадай көрінетін
Жан болса, бір жұтқызар сүт, саумалдан.

Қыл медет: әулиелер, ұстаз пірлер,
Зарығып, тарығарлық келді жерлер.
Келеді күнде бірі қылып қапа
Жолдас боп Сүйіндіктен шыққан ерлер.

Мәшһүрдің қасындағы ұмытты атын,
Зергер жоқ танитұғын зердің затын.
Шыққанда , бәрі де ермін деген жандар
Келеді ұзын та...қ, болып қатын.

Бір-Алтай, Қараөткелден ерді Аманқұл,
Кісі екен ақ пейілді, сірә, аман жол.
Алласы разы болсын әрқашан да,
Келеді бет қайтармай жалғыз-ақ сол.

Ат-арық, көңіл- жарық, жолымыз-шөл,
Сырт қарап қоңырайысты жолдастар төл.
Мәшһүрдің түсті есіне айдалада
Күндері болып өскен екі елге тел.

Әр істі тірілікте көрсін көзің,
Үйіңде отыра алмай шыққан өзің.
Түңіліп, мен жолдастан үздім күдер,
Иа, Құдай, жаратушы болыс өзің!

Білместік, көп кемшілік - бар ғой бізде,
Ауыздан, түзулік жоқ, шыққан сөзде.
Досқа-күлкі, дұшпанға таба қылып[8],
Құдай-ау, көз сүздірме жапан түзде!

Шатыр боп, қырық жамаулы баспана үйім,
Бұ жолда болып душар тозған киім.
Кемпір, шал екі аяқты, жолдас боп мал,
Айтты не, айтпады не,кетті күйім.

Хазіретке, бәрі де ұмыт, аман барсам,
Пірлерден денсаулықта фатиқа алсам!
Бұрынғы түсер едім мен қалпыма,
Айырылып мылқаулардан, сонда қалсам!

Жау болды бұл заманда ескі досың,
Құса боп бұл қайғыдан қанлар құстың!
Іс болды бұл сапар да, маған бір сын,
Құдай-ау, қолайсызды қайдан қостың?!

Жыртық тон, қырық жамаулы, ескі болды,
Бастадық төмен тартқан ішкі[9] жолды.
Қой еті бір-бір ұшты көзімізден,
Бұл жолғы ырзық, несіп ешкі болды.

Душар боп жолымызға жоқ ел қойы,
Құрысын ешкі сойып, қылған тойы!
Темешті, Құлымбет пен кім көріпті,
Кең үйлі, кедей екен Нұра бойы.

Ешкіні Құлымбетте: Құлжан сойды,
Бейшара қайдан сойсын тауып қойды?!
Қойдан құны арзан деп қонағына
Байларға шайтан салған мұндай ойды.

Қарпықта: Құлымбеттің көрмен бетін,
Нұраның жағаламан енді шетін.
Құрысын елден бұрын ешкі хайуан,
Жегендей, қап-қара ғып, қасқыр етін.

Шөл, қоңыр жолыменен жүрдім қайдан?
Ат-тонын ала қашқан пейіл байдан.
Қанына жалғыз ешкі жазалымыз,
Отырған Ескенеде Аралбайдан.

Халықтан неден мұндай пейіл қашты?
Темеш пен Құлымбетте қарын ашты.
Зарығып жүдеп келе жатқан кезде,
Сайдалы-Жайылмада душарласты.

Сүлеймен Тұтқышұғлы екі қойды:
Бірін- түнде, біреуін күндіз сойды.
Кемпір-шал, жаман-жәутік қасымдағы
Кенеліп бейпіл асқа әбден тойды.

Ел болмас пейілге бай Сайдалыдай,
Тұр екен өзіне де беріп Құдай.
Мал шарқы аз, дастарқанға зор бай екен,
Төменгі Әлике мен Байдалыдай!

Тынығып бір-екі күн жаттық сонда,
Бір көрген сәулеміз боп осы жолда.
Бас салып бір тоқтыны сойды таңдап,
Баласы Жанбабаның Мәшік молда.

Атасу, Манақ сонда, Сарысу өттік,
Кім бар, кім жоқ үш суда, білмей кеттік.
Мұңлы, қулы, арқарлы Ақшидегі '
Әлиф жүк тамаға жаңа жеттік.

Арқарлы мен Қайнарда бар Мыңбұлақ,
Тамаға болып өттік аз күн қонақ.
Барсақ та қай ауылға бақыруда
Бірде арық, бірде семіз жазған лақ.

Наp жүгін, көтере алмас, айыр өркеш,
Мен жаздым көргенімді тіркес-тіркес.
Ақшиде Жақсылықтың ұлы Таймас,
Оңбаған жаздай от жеп, сойды, серкеш.

Бос жер жоқ, Сарыарқада ел қонбаған,
Құйғанмен, түпсіз ыдыс, бір толмаған.
"Кемпір ұлы-Көр ұлы"- деген бар-ды:
Жан екен оңбағанда, шын оңбаған!

Дөң асып неше күндер шықтық жалға,
Көп екен шоқынған жұрт хайуан малға.
Шабдардан шыққан күні келіп түстік,
Отырған Жиделіде Аташалға.

Тамаға кез келген соң құдай бастап,
Сөйледім бейпіл сөзді мен құлаштап.
Ыбырай, сұмырай, диуана- суаналар
Қарамай, озып кетті бізді тастап.

Тамадан бір төрт сабаз жолдас ерді,
Зарығып, тарыққанда, құдай берді.
Айдала-жазы жапан, бостан болды,
Сұрама онан соңғы жүрген жерді!

Өзіміздің иттердің көбі кетті,
Ит төлеуі кісіден түгел жетті.
Ер Танаштың баласы- Тама-Құлбек
Бірге жүріп он бес күн қызмет етті.

Арқаның ұмыт болды өзен-көлі,
Нұраның бойы тола құрысын елі!
Кез болып жақсы жолдас жапан түзде,
Жаннаттай жайлы болды Бетпақ шөлі.

Болған соң өзіңе сай жолдас ері,
Әр жерден қонақасы келді тірі.
Ешкі, лақты шұбыртып жолмен айдап,
Айт пен той, болды сауық, жүрген жері.

От-су жоқ, Бетпақ шөлі, мидай тақыр,
Елсізде ешкі сойып, астық бақыр.
Әр құдықтың басында бірін сойып,
Жейтін ауыз бар болса, дедік: "Шақыр!"

Самауырды қайнатып, бақыр асып,
Ойын, күлкі, сөзіміз қатты ұнасып. "
Сен же, мен же!"-тамаққа [10] болдық дарқан,
Қазан алып жатақтан палау басып.

Жігіттер, жаманнан қаш, жаманнан[11] қаш,
Жаманмен жолдас болсаң, ағарар шаш.
Он бес күн Тама жолдас болған соңғы
Дәуренім, бір жасаған, болды ғой жас!

Болғанда жолдас мұндай әуел баста,
Зарланбас едім, қалсам, тас[12] қапаста.
Айырылдық жыласумен қош айтысып,
Асуы Қаратаудың Жамантаста.

Ырзамын келген мейман- он "бесіме",
Кездеспей қаңғып өттім теңдесіме.
Қоштасып төрт Тамадан айырылған күн,
Жалғыздық жамандығы түсті есіме.

Келгенді мен ойыма қашан бүктім?
Көзімнің арзан жасын бейпіл төктім.
"Шықтым,- деп,-елден кімді серік көріп?![13]
" Өзімді ел аулақта өзім сөктім.

Бірікпес, басын қосып, жез бенен мыс,
Жақсы-жаз, жаман адам - зымстан қыс.
Жолдас тап, жолдас тап та, жолға шыққын,
Таппасаң жолдас егер, көтіңді қыс!

Ер егіз, болса жалғыз, еңбек сегіз,
Сөйлесем, көрген жапам ұшан - теңіз!
Кісі деп ертіп елден шыққандарым [14],
Демесең, мүйізі жоқ, сиыр, өгіз.

Болдырдым арып текке тулай-тулай,
Жалғаннан өтесің ғой құлақ шулай!
Белгілеп, елден ертіп ап шыққаным,
Көрсоқыр су қараңғы, қуыс, қурай.

Мен тұрмын көріп олжа тоңбағанды,
Ұнатып жайсыз[15] жерге қонбағанды.
Құдай-ау, әкеп қайдан қиыстырдың,
Әрқашан үйде- түзде[16] оңбағанды?!

ХАМЗА ӨЛІМІНЕ

Ауырып, тынышымды алды, күнде басым,
Бойыма бір тарамай ішкен асым.
Мезгілсіз шаш, сақалға ақ кіргізіп,
Көзімнен тарау-тарау аққан жасым!

Ішім-пеш, жүрек-бауырым болып отын,
Аузымнан, " аһ!"- дегенде, шығып түтін.
Өрт түсіп, өзегіме салды жара (пәре),
Көрініп жұрт көзіне сыртым бүтін.

Десеңіз: "Ненің оты-нарам пырақ?"
Лап етіп, сөне қалды-ау бір шамшырақ!
Бір бұлбұл гүлстаннан ұшып кетіп,
Көз көріп, құлақ естімес жерге жырақ.

Үзіліп жерге түсті қызыл гүлім,
Мезгілсіз батып кетті-ау күндіз күнім?!
Піспеген егін жастай орылған соң,
Дал болып тоқтап қалды-ау сөйлер тілім!

Айрылсаң сүйеріңнен-көрген жандай,
Шарасы екі көздің толар қанға-ай!
Әлифтей түзу бойың бүгілгеннен,
Шәрифтей сегізінші — болар далдай!

"Өкпем"- деп, жүрек-баурың, сүйсең, әне
Жалғанда онан тәтлі нығмет кәне(кәні)?!
Көзіңнен күш берместен аққан жасың,
Езілген өртенгеннен бауыр қаны!

Өлімнің түтіндеген есті желі,
Қараңғы бұл дүниені қаптап түні.
Көктемде жазғытұрым сола қалды-ау
Үлпілдеп жаңа шыққан жанның гүлі!

Өмірдің бақшасының көркін алып,
Бұлбұлсыз- қапас, гүлсіз-тікен қалып.
Айрылсаң жұпар иіслі, хош бойыңнан,
Тұратын анадайдан мұрын жарып!

Біз тұрмыз осы күнде мұндай күйде,
Сықылды шикі тері жатқан иде (іиде).
Жаққан шам май таусылмай, сөніп қалып,
Отырмыз жарығы жоқ қараңғы үйде.

Бір жеміс (болдым) балдан тәтлі болып несіп [нәсіп],
Бұйырмай аузымыздан кетті қашып!
Дауасыз дерт болған соң таппай лаж (ғылаж),
Күндіз-түн ауырады орны ашып.

Баспанa, үйіміздің шырағы, еді,
Көзімнің тұрақтайтын тұрағы еді.
Сәулені екі көзім сонан алып,
Бүркіттей тұрған күнде қырағы еді.

Ұйқымды бөліп кетті-ау ашып шайдай,
Толқытып кетті еріткен сары майдай.
Ұша алмай, әлім кетіп қалғаным ғой,
Молаға ұя салған күйкентайдай.

Қызықты жеміс еді-ау балдан тәтлі,
Жаралған бір өзгеше мұхаббатлы.
От салып денемізге Жаббар ием,
Шөлдетіп кең далада шаңырқатты.

Жатыр едім бір дарияның бойын алып,
"Мен ішпей, кім ішед?!"-деп, құлаш салып.
Жоқ болды жалғыз күнде жерге сіңіп,
Арманда қалдым, ішпей, мейірім қанып!

Шарқ ұрып бұл дүниені мен құлаштап,
Дәнеме қала алмадым қолыма ұстап!
Көңілдің қаршығасы кетіп қалып,
Лақтырдым мен бөркімді, суға тастап!

Бұзылған машинадай қалдым қирап,
Мезгілсіз-аса ауыр қонақ сыйлап.
Асылым қаяулы боп, ұшып кетті,
Сілтеме енді мені текке қинап!

Егінім қайда кеткен, аспанға ұшқан,
Алатын жем айырып ұшқан құстан!
Тарс еткен дауысы жоқ- бір оқ тиіп,
Жерлерде жатып қалдым- мен-зымстан!

Асыраған жұмыртқадан қоңыр қазым,
Буымен асып кеткен көптен азым!
Қолтықтан қоңыр салқын самал соққан,
Шыбынсыз, қайда кеттің, жылы жазым?!

Басымда үлгілі шоқ киген бөркім,
Болмады бұл туралы өзімде еркім.
Жақұттай жайнап шыққан жалт-жұлт еткен
Жүзімнен кетіп қалды-ау шырай-көркім!

Бақытымның кезі осы ма қайтатұғын,
Сөзімнің шырайы еді-ау айтатұғын!
Асылым, қолға түспей, жерде қалдың,
Тасындай магниттің (макаиттің) тартатұғын!

Ермек қып, еріккенде, ойнаушы едім,
Ойнағанда, жылатпай қоймаушы едім!
Көзім екеу болмасын, мың, жүз болсын,
Сонда — дағы көруге тоймаушы едім!

Езіліп, су боп ақты бауыр қаным,
Бастырмай, болып әлсіз екі саным!
Үйдей боп иесіз тұрған денем қалды-ау,
Құлындай ойнақтаған кетіп жаным!

Тамады дамыл-дамыл көзден тамшым,
Атқа мінсем, қолымда жоқ боп қамшым!
Бұл дүниеде бір жанды көргім келмес,
Кеткен соң көз алдымнан қуаныщым!

Тимеген жүген - құрық құлынымыз,
Құтқармас бір құрыққа жолықтым кез.
Біз тұрмыз айран-асыр, таң-тамаша,
Омыртқа сау, үзіліп жұлынымыз!

Қуат бер бұ құлыңа, өзің патша!
Шықпайтын жеміс еді бұл ағашқа!
Жүгің де өзің салған көтеруге
Жемістен жалғандағы бөлек басқа.

Жүк түссе мұндай ауыр титтей басқа,
Екі көз болмайды ие аққан жасқа!
Сау білмес, ауру халін, күліп өтер,
Біледі, білсе мұны, келген басқа!

Соқпайды көңіл, сірә, ішер асқа,
Ақ кірді, мезгілі жоқ, сақал-шашқа!
Иа, Раббым, әр не берсең, қайырымен бер,
Жылайын шағып кімге сенен басқа?!

Жерің жоқ, артық дүние, көрген түстен,
Тақалдық таусылуға тозып іштен!
Елестеп көз алдыңда әр мінезі,
Десең де ойламайын, шықпайды естен.

Қызықты мезгілі еді, тәтті шағы,
Жара боп жазылмастай қалды-ау дағы!
Бір сөзі мың ділдаға арзан туған,
Тілінің шала-шарпы шыққан уағы.

Пенденің не көрмейді кәріп басы,
Болмайын артық сөйлеп, Алла[ға] ғасы.
Тасыған топан суға болып қарық,
Денең[ді] жауып кеткен көздің жасы.

Жасымыз осы күнде: "Төрт-он үште",
Түтін көп бықсып жатқан біздің іште.
Жел бетін, бір жағына, тузеп шықпай,
Аһ ұрдым оның үшін ерте-кеш те!

Су бар ма неше ықылымда мен ішпеген,
Басымнан кәріплікте некешпеген?!
Бұтақты тамыры жоқ суарғанмен,
Артылып [бұ] қалпынан бір өспеген.

Бейнетпен өткізіп ем өткен жасты,
Бір-екі-ақ жыл жүріп ем тиіп- қашты.
"Менің жанған еңбегім осы ғой!"- деп,
Жаңа тұрған кезімде бір-ақ басты.

Басып енді, басымнан шаңым асты,
Изей бердім жылқыша шұлғып басты.
Жалған дүние, қызығың осы болса,
Енді керек қылмайын өмір жасты!

Пайдасыз көздің жасы аға берген,
Хатыма жазып тұрған тама берген.
Жүрегім:"Айны!"-десем, тілімді алмай,
Лапылдап тал отындай жана берген.

Пенденің өшірмесін бастан бағын,
Зарлантып қақсатпасын тіл мен жағын!
Ләйлідей жазғытұрғы даладағы
Мен ашып көрсете алман ділдің дағын!

Ісіңе амал бар ма Тәңірім еткен,
Бір кезек нәубет екен бізге жеткен!
Сықылды даладағы болдық тікен,
Басынан қызыл гүлі ұшып кеткен.

Жаралы, көңіл шіркін, азалымыз,
Қайтып тұр бұл жалғаннан назарымыз.
Жатырмыз мәңгүрт болған саудагердей,
Жәрмеңке, тарқап кетіп, базарымыз.

AҺ ұрсам, от шыққандай лебізінен,
Қайғының құтылмадық теңізінен.
Пендесін күшті Құдай өзі есіркеп,
Сақтасын егізі мен сегізінен.

Бұл дүние құтқармайтын тозақ болды,
Жұртқа - қысқа, бізге күн ұзақ болды.
Басынан жүрегіңнің оты өткен соң,
Ұсынып өз қолынан жөнелткен соң.

Ауызға адам алмас ащы дария,
Не керек ішіндегі дүр кеткен соң?!
От шығып өз-өзінен тұтанған соң,
Сөнбейді жүрек оты бір жанған соң.

Бұлбұл құс болып қалар торғайдан қор,
От түсіп гүлстанын, өрт алған соң!
Не пайда көздің тұрған шарасынан,
Айрылса көрер ақ пен қарасынан!

Жаннат деген бір сарай даладағы
Айырылса түбі атлық ағашынан!
Жатырмыз арқан, жіпсіз біз байланып,
Қылған іс оңға келмес ыңғайланып.

Барында бәрі бірдей толған қайттің,
Оны термей қалған соң, теріс айналып?!
Суырылды сиқан ағаш қазығымыз,
Бір пейіл болып жақпас жазығымыз!

Ішпей-жемей тоятын азық кетіп,
Қайғы-ғам: болды біздің азығымыз!
Түсерсің, түгел тұрса, миың баста,
Бермегейсің пендеңе өлім қыршын жаста!

Зарымды мұңым менен айтсам тамам,
Езіліп, су боп ағар қара тас та!
Айтуға бәрін аузым бата алмаған,
Ішіме түгел сыйып жата алмаған.

Жалғанды онан қиын не бар дейсің,
Қызығын аз өмірдің тата алмаған?!
"Шынымен менің дәмім бітті ме?!"-деп,
"Тағдырым, жасқа толмай, жетті ме?!"- деп.

Өтерде алас ұрып талпынады:
"Өз күшін байқайын,-деп-кетті ме?!"-деп.
Жұбатқан аз ғана күн көңіл бөліп,
Біледі - көрген пенде сүйгені өліп.

Қайрат қып сау кісідей тырысады,
Орнынан жатқан өзі тұра келіп.
"Сұм жалған, қалдың ба,- дүние-боқ!"- деп,
"Мұнан соң жарық дүние маған жоқ!"-деп.

Бір көріп кең дүниені қалайын!"-деп,
"Далаға- ерікке қоймай-алып шық!"-деп.
Пендесін жібермейді бір қайырмай,
Түк кеспес төске салып, Құдай ұрмай!

"Ақыры көргенімнің-міне, осы"-деп,
Қарайды сүйгенінен көз айырмай!
Әлсіреп, жатыр шаршап кетіп есі,
Құлпырып, неше түрге кіріп түсі!

Шіркін көңіл дәл сол кезде жек көрмейді,
Қалатын айырып алар болса кісі.
Өзінің байқап болды барлық күшін,
Әл-қуат, тегіс алып, ақыл-есін.

Жұмады енді көзін мойынсұнып,
Жалғаннан шын кетерін білгені үшін.
Күш-қуат өлер жаннан кетті [сол]жай,
Әл қайда оған енді бұрынғыдай?!

Алақтап сондай сасып қысылғанда,
Өзің бол есіркеуші, патша-Құдай!
Осының бәрі болды-ау өз алдымда,
Мен бұған қылып тағат тұра алдым ба?!

Дәнеме қыла алмадым, текке отырдым,
Ұсынып, жүре берді көз алдымда!
Әуелде тәуір көріп неге сүйдім?!
Алланың ғайратына өзім тидім!

Басқаны бір Құдайдан сүйгендіктен,
Сол үшін бұл жалғанда отқа күйдім!
Рахматың есіл-дертім- сағынғаным,
Иа, Құдай, бір өзіңсің-табынғаным!

Фазылыңмен ғафу айлап кешіре гөр,
Аса сөз- артық сөйлеп, жаңылғаным!
Білместік, әр кемшілік- бәрі бізде,
Ауыздан түзулік жоқ шыққан сөзде!

Әр не десек, жалынып, жалпаю да
Жоқ кезі түзуліктің есімізде.
Әбілдің-Қабыл ұрып басын жарған,
Миы ағып, тілге келмей, өліп қалған.

Жетпіс ұл, жетпіс қызы керек қылмай,
Аһ ұрып, Адам ата есін танған.
"Шырағым, шырай жүзлі, ұзын бойлым,
Қош қылық, балдан тәтлі-ғақыл-ойлым!

Суалтып ата-анаңды қан қақсатып,
Қуантып жаттың ба-деп- жердің қойнын!"
Жоқ па еді ұл мен қыз онан өзге,
Ешбірі көрінбеген одан өзге!

Жоқ болып онан өзге көрінбеген
Бір ұшқын шоқ боп келіп түтін бізге!
Екенін Жақып (Иақып)нәби, білемісің,
Неше жыл қан қақсатты Жүсіп (Иүсіф) үшін.

Айрылып екі көзден отырып қапты
Таныпты бұл қайғыдан ғақыл есін.

ШАЙТАННЫҢ САУДАСЫ

Сөз қылып жаза бердім жоқтан, бардан,
Далағa от жандырдым қалап қардан.
Бір нақыл жұртқа таңсық жәдігер (иәдігер) сөз:
Хазіреті Ғайса рухолла пайғамбардан.

Бос сөзді ауызға алып айтпаймыз біз,
Ынсапты (несаплы) шын құлақтан тыңдаңыз сіз.
Базаға жұрт жиылған келе жатса (иатсан)[1]-
Лағынға жол үстінде ұшырапты кез.

Қысқа айттым, қылмай мылжың сөзді ұзартып,
Тыңдаушы кетпесін деп жалқау (иалқау) тартып.
Ол малғұн келеді екен жолмен (иолмен) айдап,
Он қашыр, бес есекке жүгін (иүгін) артып.

Жаныңа шын сөйлесең пайда,- дейді,
Дінің қатты, құр тілің майда,- дейді.
Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып:
Барасың, лағын, айтшы, қайда?- дейді[2].

- Сен шықтың тура жолдан асып - дейді,

Біздерге жол қисығы несіп (нәсіп)- дейді.
Жалпақ жұрт барып тұрған ол базарға[3],
Барамын мен де қыла кәсіп!- дейді.
Топыраққа бас ұрмаймын!- деп,-қылып ар,

Бұрынғы дәуреніңе сен болдың зар.
Жұрт барса, тері-терсек, жүн сатады[4],
Сататын, малғұн, сенің не пұлың бар?
Жүгім бар, көрмейсің бе он бес көлік,

Келемін хайуанға артып екі түлік.
Жұрттың тыйышын, бүтінін ойламаймын[5],
Саламын бас қосылған жерге бүлік[6].

- Қашырды есек пенен танып тұрмын,

Өтірікті шындай қылып, нанып тұрмын.
Біле алмай артқан жүгің не екенін,
Тамаша қайран-асыр қалып тұрмын.

- Артқаным бір есекке - ылғи жалған,

Жалғанда өтірік жоқ бұдан қалған.
Нанбасаң, еріп бірге, көр көзіңмен,
Базарға қызығымды қалай салған!
Жүгім бар бір есекте мікір-хайла [7],

Мұнымен келтіремін үлкен пайда.
Бір тиынға он тиын пайда аламын,
Көптің басы қосылған жиын - тойда[8].
Күншілдік бір есекке тиеп артқан,

Жібек, кендір арқанмен бұрап тартқан[9].
Базарға бұдан бұрын көп барғанмын,
Жерім жоқ бұл саудадан залал тартқан.
Артқаным бір есекке - өңкей зорлық,

Есепсіз мал табамын, қылмай ұрлық.
Мен алмай, оның малын кім алады,
Иттер бар көріп жүрген малдан қорлық.
Пайдасыз бос орынға жүрмейміз тек,

Көрінген бір жерім жоқ ешкімге жек.
Мастанып артқандықтан тәкаппарлық,
Жүре алмай бара жатыр мынау есек.
Естумен тақсыр Ғайса таң қалады,

Көрумен, көңіл көзбен аңғарады[10]:

- Киер киім, ішер ас, тамақ емес,

Керек қып бұларыңды кім алады?
Базарға айдап барып салсам қатар,
Алдымен жетіп келер алыпсатар.
Түк қоймай өтірігімнен талап алып,

О да алдап көрінгенді, дәмін татар.
Көтерме өтірікпен менен алған,
Бар күшінше олар да сөйлер жалған.
Кім|де] болса жалғанда сол әкетер,

Қор болып қашан өтірік жерде қалған?!
Білмейді ешкім менің қулығымды,
Майлықпен көріп бірдей сулығымды.
Қатынның ең жаманы от әкетер,

Талаумен мекер-хайла қулығымды.
Закүн жоқ мұны босқа қалдыруға,
Оларға өзім ерікті алдыруға.
Білмейтін дәнемені жаман ұстар,

Мекермен алдап байын нандыруға.
Базарға алып барсаң нең қалады,
Қараумен әр нәрсеге көз салады.
Білмейтін күншілдіктің қадір құнын,

Оқыған көп оқуды молда алады.
Шаршарсың базар барсаң, басың қатып,
Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып.
Жұрт билейтін ұлықтар таласумен,

Зорлықты алады пұлға сатып.
Неге болыс болады малын шашып,
Қашан болып шыққанша жанталасып.
Текке тиын біреуге кім береді,

Зорлықпенен алмаса үкімі асып?!
Қарсы келсе бетіне, басын шайнар,
Құнсыз, пұлсыз кедейдің соры қайнар.
Өзі апарып ұлыққа тығар малын,

Ішпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар.
Біреуден біреу пұттап май алады,
Біреу - қой, біреу тайынша, тай алады.
Тәкаппарлық жүгімді қалтасы мол[11],

Жетілген надандыққа бай алады.
Томпитып қалтасына ақша сыймай[12],
Беруге ешбір жанға көзі қимай.
Алған соң тәкаппарлық менен сатып,

Дүрдиіп өз үйіне өзі сыймай[13].
Бай біткен болғандықтан қара бауыр,
Арқасы ер салмастан болар жауыр.
Не айтып, не қойғанын білмес өзі,

Тырнадай өзін-өзі біліп ауыр.
Сиырдай жүреді де [дәл] болған құрт,
Көмейде жоқ бос сөзбен толтырып ұрт.
Желбірер ентігумен екі танау,

Семіз деп құр көрумен айтсын деп жұрт.
Жүргенін білмес өзі батпақ саздап,
Үлкендік айтып қояр аздап-аздап.
Арлан тазы бұтындай бұлтиюмен,

Едірейіп екі көз шыға жаздап.
Ғайса айтты:

- Тоқта, малғұн, болды!- деді,

- Айтқан сөзің бәрі орынға қонды,- деді.

- Апарып оны қайда өткізесің,

Он қашыр тиеп артқан пұлды?- деді.
Бұл күнде тіліңді алған жас пен кәрі,
Азған жұртқа боп тұрсың бір ем дәрі.
Жүгің не он қашырға артып алған,

Немене толып жатқан соның бәрі?!
Ол бір жүк шиыр емес, соны,- дейді,
Бұлардан он есе артық құны!- дейді[14].
Бұл жерде алушы жоқ, шаршамаймын,

Өткізіп қайтқанда айтам оны!- дейді.
Мұнымен шайтан - лағын базар барды,
Он бес көлік жүкпенен топты жарды.
Лезде апа-сапа қылды бәрін,

Ұйқы - тұйқы көбейтіп дауды-шарды.
Алдынан алушылар даяр етті,
Қолдан-қолға түсірмей талап кетті.
Қайтқанда тағы ұшырады рухоллаға,

Мән - жайын саудасының кеңес етті.
Бес есек өз-өзінің орнына өтті,
Жүк еді он қашырда бір ретті,
Артқаным бәріне де тамиғ [15] еді,

Біреуін тіленшілер талап кетті.
Иініне әуел келіп қоржын салған алды,
Қайыр сұрап жұрт тыйышын алған алды. І
Пірге қол берген сопы, бірәдарлар,

Жұрттан пұл жинап, қажыға барған алды.
Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті,
Тоғызы өтпей біраз тентіретті.
Қожа, молда, ишандар елді жеген,

Дағдарып тұрған шақта солар жетті.
Ақсақал,қажы, қожа саттым шалға,
Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға.
Қожа, молда көтеріп алды бәрін,

Еңбексіз тапқан жұрттан тегін малға.

- Біз үйде қалай шыдап жатамыз!- деп,

- Мұны алсаң, қарық олжаға батамыз! - деп.

- Шайтаннан көтерме алған бұл тамиғты,

Қыдырып үйден-үйге сатамыз! - деп.
Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды,
Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды.
Біреуде шай, біреуде ет қайнаттырып,

Жұрттан пайда шығарып алмақ болды.
Олардың және айтайын қылған ісін,
Кейбіреуі бұлдайды сатып терісін.
Бас-басына бір мүсуәк [16] омырауында

Егеп өткір қылуға тамиғ тісін.
Басына дағарадай сәлде салды,
Жұрт қоршап, ой тақсыр деп, ортаға алды.
Түлкінің құйрығындай бұлаңдатып,

Құйрығымен сәлденің тапты малды.
Тәспіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап,
Надандық қисық - қыңыр жолға бастап.
Онысы жерге шашқан бидай, тары,

Торғайды келу үшін торғай бастап.
Бұлардың қылған ісін қылмай өзі,
Құйылған кеудесіне шайтан сөзі.
Мол қылып, жайнамазды жайып салып,

Алғуам, кәл һауамға [17] жайған торы.
Мал табу бәрініңде болып қасты
Мал сойғыш, мырза атанып қазан асты.
Жұрттың басын шынжырлап айналдыру,

Мақсаты сол: мойнына Құран асты.
Тамиғ үшін түгел тауып қару-жарақ,
Наданға жасап алып, бұдан арақ.
Тамиғтың тырнауышы болсын деп сол,

Қажы барып алып келген сақал тарақ.
Қапшығын қайыршылық тоқып алған,
Өнер жоқ бұлар білмей қапы қалған.
Жұрттан зекет алуды дұрыстауға,

Байлар бала оқытты жиып жалған.
Бір табақ ет пенен шай беріп пара,
Үміті сонда қылған бір-бір қара.
Жүзіқараның айтам деп арсыздығын,

Қылмайын ақ қағаздың жүзін қара.
Шайтаннан қылды сауда көтерме алып,
Орнына бұлар жүрді шайтан қалып.
Жүзіқараның айтам деп арсыздығын,

Сияға былғамайын қалам малып.
Армансыз кім кетпейді бұл жалғаннан,
Бұл шіркін опасы жоқ дүние жалған!
Атамыз Адамды топырақтан Иарұл жаратып,

Қоймай дүние диттан да алған.
Онан кейін келгені - Нух Нәби,
Опасыз бұл жалғанда жүрген кәне (кәні) ?!
Биопасыз панилығын білгеннен соң,

Қарамай алды-артына кетті бәрі.
Қағазға жаза берсем кетер сыймай,
Біз жүрміз дем таусылғанша дүние қимай!
Өлместей боп дүниеде біз жүреміз,

Барамыз әлі күнге нәпсі тыймай!
Байқамай жазып өттім бес-алты жол,
Еркіме қоймаған соң сырғанап қол[18].
Ақ қағаз, қара сия қосып басын,

Түсірдім жұрт көзіне, риза бол!
Дін қайда, осы күнде ғылым қайда,
Тұрған жоқ анық көңіл бір Құдайда!
Лақ, тоқты алам деп жүрген жаннан,

Ойлайсың тиеді деп кімге пайда.
Дүниеден қалған жан жоқ аяп күшін,
Қайраумен шықыр-шықыр отыз тісін.
Айт, тауып жастанайын босағасын,

Молданы бала оқытқан құдай үшін.
Дүние үшін жанның бәрі қайғы жеген,
Ешкімді күйдірмеймін тіпті деген.
Кісі тап та, айт маған, жаным құрбан,

Анық тілмен, шын көңілмен Құдай деген.
Айтсақ тілді алмайды қатын-бала,
Енді мұны айтамын кімге ғана.
Өзіңді "жынды" дейді, "шайтан" дейді.

Не қылсаң, қылдың өзің Хақ-тағала!
Бет алдыма мен лақтым аузым жаппай,
Бетімді жіберген соң ешкім қақпай.
Хақлық пен туралықта тұрамын деп,

Жалғанда жалғыз қалдым, жанға жақпай!
Ежелден болып өстім байға өш, қас,
Қожа, молда, ишандар - бәрі бір бас.
Қатын-бала солармен қабат бірге,

Далаада жалғыз қалған мен тесік тас.
Тас едім жергілікті құдай тескен,
Жалғанда жан емеспін көңілім өскен.
Белгісіз не екенім болып бір жан,

Кісі боп бір жерім жоқ көзге түскен.
Кісі боп шықпасам да өзім қырға,
Айтқан сөзім құлаққа болды сырға.
Сусынын қандырарлық болдым кеңес,

Еділ, Жайық, Ертіс пен дария Сырға [19].
Деймісің тесілген тас жерде қалар,
Шамшырақ Хақ жандырған саулап жанар.
Асыл, жасық екенін білмесе де,

Шелекке тағуға біреу алар.
Он жаста қалам ұстап, жаздым хатты,
Дүниеде көрдім бәрін қатты-тәтті[20].
Ат беріп, ақша беріп алғаным жоқ,

Жүзінде бұл жалғанның Мәшһүр атты[21].
Бұл атты жоқтан бар ғып тәңірім шашты,
Сөзімді жұрт сырға қып құлаққа асты.
Бойтұмар басқаларға болған сөзім

Өзімді қылмас тіпті аяқ асты.
Мен өзім өз сөзіммен уанамын,
Ләйлі[22] жоқ, қоржын да жоқ диуанамын.
Көрінбесем иләһи[23] көрінбейін,

Ешкім керек қылмаса қуанамын!

«МӘШҺҮР» АТТЫ ҚАЛАЙ АЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ

Жалғанда бір еңбегім жанбаған жан,
Тілімді жан деп адам алмаған жан.
Тапталып надандардың табанында,
Сәулесі, болмас мендей, қалмаған жан[1].

Атамыз берген екен әуел баста,
Мектепке доңыз жылы дәл бес жаста.
"Ысмайыл қызыл ағашы"- деген жерде
Бес шақырым жерде ауыл: Бұзаутаста.

Медресе Баянауыл қаласында,
Амалсыз, атаң қайтса, қаласың да.
Ойлайсың:" "Кім болды,-деп,-бізден кәріп,
Жиылған көп шәкірттің арасында?!"

Сонда молда Нәжмеддин хазірет екен,
Дәл сол қыс Баянтауды қылған мекен.
Қалаға бір қыс қыстап, пәтер алып[2],
Сәтқожа екен, молда ұстап, қылған дүкен.

Бес жаста несіп болып бізге дүкен,
Биқисап көрдік тағы қанша тікен?!
Нәжмеддин хазірет сүйіп шын көңілімен:
"Бұхарлығым!"- деп лепес қылған екен.

Бел босанбай өмірде бүгілуден,
Көз жасы бір тыйылмай төгілуден.
Себебі: "Бұхарлығым" - деп айтқаны,
Қаққан қазық сияқты жүгінуден.

Артына мінгестіріп алып келді,
Бес жаста бес шақырым жерге берді.
Ал, әкесі қайтқанда енді үйіне,
Соңынан жүгірмей ме жас бала енді?!

Атамыз дін жолына белін буды,
Бұл Мәшһүр сол секілді ерден туды.
Көшенің қақ басынан қуғанынан,
Жеткенше медресеге атпен қуды.

Басқа қамшы тиген соң, жаман састым,
Қарғаларға жер таппай, әбден қаштым!
Медресеге қуып кеп, бір-ақ тықты,
Қайтып әкем деместей, амандастым.

Байжан хазірет көшесі - қуған көше,
Қамшымен шықпыртқандай әлденеше.
Енесінен түңілген жас қозыдай,
Кім ойлапты: "Бар ғой,- деп- әке-шеше!"

Ұмытпаймын: торы ат бар сонда астында,
Атамыз шын ниеті дін қасында.
Кел, түйебас қылайық!"- деп балалар,
Біз жатамыз бәрінің ең астында.

Ауыл әлі баяғы Бұзаутаста,
Балалардың таяғы біздің баста.
Шөкелұғлы Дүржанбай халфе болды-
Келер жылы, онда біз алты жаста.

"Жеті жаста,-деп сұра- болдың қайда?"
Дүние-жастан келген жоқ бізге майда.
Тартуыл-халфе тұрған Қызылтауда,
Орманшы- "Қожан сопы"- деген жайда.

Туғаннан кәрілікті тудық ұстай,
Адасқан, бау-бақшадан, бұлбұл құстай.
Халфенің Бибісінен сабақ алып,
Өткіздік өмір сонда ала қыстай.

" Болам-деп-тірі жетім! "-кім ойлаған?!
Бізді үйге-ата-анамыз бір қоймаған.
Жерден майда, біз жұмсақ болдық сол құм
Балалар үстімізде көп ойнаған.

"Шар кітап"- алты жаста ұстағаным,
Сол күнде өлең жаттап қостағаным.
Екі жыл-Баян, бір жыл Қызылтауда,
Үш жылдай түнеп түзге қыстағаным.

Үйреніп бала жастан білдім тілді,
Сабадым шар кітапты мен жатқа енді.
Үш жастан соң орнығып көре алмадым,
Туған жер мен ағайын, бауыр елді.

Қой жылы бала екенмін жерге түскен,
Кіндігім Қызылтауда Тоқтық кескен.
Тауықта жұтап қалып малдан таза,
Жаз шыға Баянаула тауға көшкен.

"Мәні"-оқыған жоқ менен басқа бала,
Араб, парсы өлеңді жатқа және (жана).
Самардай қақсағаным-бар жазығым,
Үш жылдай жер аударды ата-ана.

Бір жерде жын бар десе, "оқу"-атты,
Жалма-жан даярлайды әкем атты.
"Тимеші, үйде отырсын!"-деп, айтпайды,
Шешем қандай, мінезі тастан қатты?!

Көзім жасын Құдайым иген емес,
Жастан маған жақсы орын тиген емес.
Бір жыл жатып бір жерде, келсем үйге,
Шешем иіскеп, бетімнен сүйген емес.

Жас та болып көргем жоқ құнды, пұлды,
Бала біткен бәрі де менен оңды.
Талай елдің баласы тулақ қылған,
Қыс та болса үстімдегі қатқан тонды.

Ауызы ашықтар аямай көп сабайды,
Пейіліме өзімнің доп сабайды.
Сен сабақты аласың жылдам-жылдам,
Бізге молда ұрсады!"- деп, сабайды.

Жазығым сол: зерекпін, неген емен,
Несие сөз жасымнан деген емен.
Сабақ білмей, болмаса ойын ойнап,
Мен таяқты молдадан жеген емен.

Ac келмейді алдыма толық аяқ,
Бес пен алты, жетіде жүрдім саяқ.
Қайда басы құралған көп баладан,
Тойып жүрдім жеуменен күнде таяқ.

Бейнет беру жағына Құдай мырза,
Құдай өзі берген соң, ни как нельзя!
Ойнағаны - қылады ақтүйебас,
Шындағаны-шыңғырған даусыма риза.

Алды-артымда серік жоқ, жалғыз өстім,
Бес жаста кәріплікке тұтқын түстім.
Жаға кір, шыбын-маса бізде қонақ,
Жең дал-дал, түте-түте болып өстім.

Бір үш жыл ұдайымен солайша өтті,
Өлмей тірі жүрумен сегіз жетті.
Құдіреті Құдайымның еріксіз айдап,
Келтірді Баянтауға хазіретті.

Атамыз үй салуға талап етті,
Бала үшін күзетем деп бір мешітті.
Тауық жылы салам деп бастаған үй,
Кемдікпен шатырсыз боп, сол жыл бітті.

Қыстады мешіт түбін, салған үйін,
Көңілінде бізді оқыту болып түйін.
Молдасы, Дүржанбай, халфе-салпе,
Олардың біз тауыстық гөй-гөй күйін.

Тұрмай ма Баянтауда хазірет енді,
Мерген Жақып үйіне пәтерге енді.
Гөй-гөйді тауыстым ғой деп тұрғанда,
Өмірге таусылмайтын дөй-дөй келді.

Елудің тоғызына келген жасы,
Он тоғызда, жалғыз ұл, бар баласы.
Бір қызы бар тоғыз жасар Бибісінен,
Төрт-ақ жан бір үйлі болған басы.-

Қалаға, Баянаула, бүгін келді.
Апарып ертеңіне мені берді.
Менен басқа оқыған бір бала жоқ,
Жарыдым мен әке мен шешеге енді.

"Биданнан бек біл!"- деумен сабақ берді,
Мен екі айтқызбаймын бір сөзді енді.
Ағузы, бисмилланы мәнісімен,
Қызығып үйрететін жөні келді.

Ғылымды он екі пән өзі білді,
Кісі еді: сөзге ұста, шешен тілді.
Айтқанын доптай қағып түсірмейтін,
Алдына дәл өзіндей бала келді.

Еңбегін жандыруға Құдай берді,
Көрсе де, көре алмаған талай жерді.
Сөзі жерде қалмасын білгеннен соң, .
Үйретті күн-түн демей төгіп енді.

Баласын серік қылып бірге қосты,
Берген соң Құдай қолға қыран құсты.
Құлболды - ишан баласы: Фазыл, Мағзұм [3],
Өткіздік осы үшеуміз бір жыл қысты.

Көз, көңіл құлын жастан нұрға тойған,
Таусылмас көл, теңіз қып Құдай қойған.
"Хазіретген сабақ алып, оқысын!"-деп,
Күттіріп [көшіріп] Мұса мырза бір қыс қойған.

Тойдырып ту бие мен семіз тайды,
Үйдіріп жан-жағына қант пен шайды.
Алдында тіке тұрып, [қызмет қыл] күтіп тұр!"-деп,
Сатылған, жалдап берген, Баянайды.

Жарасып екі Мағзұм қатар жүрген,
Сауық пен, ойнап-күліп, дәурен сүрген.
Біз жүрдік екеуінің ортасында,
Итіндей Асқап, Кәһап соңына ерген.

Не керек енді бізге: ұйқы, тамақ?
Ет жеусіз тұрумен[ен] қалды табақ.
Үш-ақ жанбыз ең алғаш келген жылы,
Хазіреттен ала қыстай алған сабақ.

Сол қыста көзі ауырып, хазірет жатты,
Қиналып өз жанына жаман батты.
Немене "Бидан"- деген сөз бе оларға,
Жатқа айтып, жүндей сабап тарсылдатты.

Жазады үйренгенін Мәшһүр хатқа,
Өлеңді жүре берді соғып жатқа.
"Бір бала іштен қақсай туыпты!"- деп,
Ілінді жұрт аузына сол күнде атқа.

Ал, енді аға бердік болып бұлақ,
Бермедік тыңдаушыға тыныс, қонақ.
"Сарып, нақу"- деген оқу бар екенін,
Қазақта естімеген бұрын құлақ.

Нұр болғыр жатқан жайың, қайран, Мұса!
Балалар, шамаң келсе, маған ұқса!
Жазылған хат жүзіне қаламменен,
Қазақта еш болмаған өлең, қисса.

"Тарғын" мен "Қозы Көрпеш" шықпай ма
Кім білген оқып бұрын мұндай тілді.
Өлеңі "Төрт жігіттің"- қосақталып,
Хазіреттің үйіменен бірге келді.

Көргеннен оны Мәшһүр жазып алды,
Соқтырып жұрт алдына жатқа салды.
Ауызынан сілекейі шұбырумен,
Тамаша, естіген жан (жұрт) аң-таң қалды.

"Сөйле!"- деп, ұмтылып тұр біздің өңеш,
Тілім тағы тақылдақ, көмес емес.
"Көпейдің бір баласы қақсап тұр"- деп,
Сол күнде жұрт аузында болдым кеңес.

Күні еді аға сұлтан сол күнде енді,
Баянтау қаласына Мұса келді.
Алдына көремін деп алдырғанда,
Тынбастан жазған Мәшһүр қақсай берді.

Парасат нұрыменен әбден білді:
Қаққай,-деп,-Құдай мұнан көз бен тілді!
Мынау Мәшһүр болатын бала екен!-деп,
Ер назары тиюмен нәфіс қылды[4].

Ей, сопы, бұл балаңды жақсы бақ!-деп,
Не болсын мұнан артық тіл мен жақ?!- деп.
Аяумен мейірі түсіп, бұлайша айтты:
Балаңа мұнан былай үкі тақ!-деп.

Жалғанда аз күн тірі тұрсын!-дейді,
Қандырар талай құлақ құршын!-дейді.
Мынау не ғып тұр деп сілтемеді,
Тапқыр-ай, көп жасағыр, болсын!-дейді [5].

Сол күнде айтқан сөзім жұртқа жақты,
Ерлер, назар қылған соң сондай бақты.
Қызының басындағы бір тал шоғын,
Қолымен Бибі Мәриям өзі тақты.

Табылды маған қамқор ата-ана,
Туысқан бауырдай боп Мағзұм және (жана).
Көз ашылды, жүзіме нұр шашылды,
Сүйкімді, көрінгенге, болдым бала.

Бетімді бір жан енді қаққан емес,
Ұстазға ешкім мендей жаққан емес,
Ұстаздың жамағаты қойнындағы,
Қызынан бір елі кем баққан емес.

Көңілімде сайрап тұрған бәрі дайын,
Менен аяп көрген жоқ көздің майын.
Ғабдолла, халфе қызы - Бибі Мәриям,
Аты аузымнан қалмайды жұма сайын.

Солардың сонда түскен махаббаты,
Сүйсінген, артылумен жан ләззаты.
Ерден, пірден ілтипат, назар болып,
Мәшһүрдің жұрт аузында қалған аты.

Қыс өтті, жер жібіді, жердің үсті,
Қаладан хазірет үйі елге көшті.
Мұстафа - болыс, Мұса-дуанбасы
Шорманның ордасына барып түсті.

Дүниеде табылған соң мұндай молда,
Атамыз не сақтасын бізді қолда?!
Бір көк қасқа құнанға мінгізді де,
Апарып тастап кетті тағы сонда.

Мұстафа Шорманұлы, өзі - болыс,
Ұстаған молдасы бар, молда Жүніс.
Күтуге хазірет үйін міндеттеніп,
Бір жазша іргесінен берген қоныс.

Хазіреттен оқымайды ұсақ бала,
Бала жоқ менен басқа тағы және Мұқтасар,
Шарық Ғабдолла қоса оқумен,
Оны есе тұтпаймын, деп: "Аз ғана!"

Хазіреттің он жас үлкен ұлы менен,
Және артық қадір, пұлы, құны менен.
Шорманның көп тобына кіргеннен соң,
Мен қалай бір жүре алам оныменен?!

Мәшһүрдің жас шамасы тоғыз кезі,
Менімен түйдей құрдас жалғыз қызы.
Ұл мен қыз бірге жүріп көрген бар ма,
Қаңғыды тағы Мәшһүр жалғыз өзі.

Үй тола бала оқытқан молда Жүніс,
Барады қаңғып Мәшһүр қылып жүріс.
Барғанмен үндемей жай отыра ма,
Шықпай ма айтысумен жанжал, керіс?!

Ауызын "ә" дегізіп, аштырмаймын,
Айтысуға келгенде, бас бұрмаймын.
Хазіреттен естіп, білген жат сөзбенен,
Бала түгіл молдасын бастырмаймын.

"Ей, сені ме? !"- десумен кіжінеді,
Мәшһүрдің өзі не еді, сөзі не еді?!
Тамам бала оқудан шығып алса,
Жазған Мәшһүр тапталып езіледі.

"Ал, қылайық,- деседі,- ақтүйебас!"
Мәшһүрдің бір шықпайды көзінен жас.
Ең аяған-астынан тұрғызып ап,
Бар болған болысқаны: "Ал,-дейді -қаш!"

Маған сонда жоқ шығар тимеген қол,
Мұстафада бықыған ұл мен қыз мол.
Бір Ақбура: хазіреттің жалшысы бар,
Адамзатта аяйтын жалғыз-ақ сол!

Аяғанмен жете ме әлі көпке,
Бір өшіксе, көп бала көне ме епке?!
Балалықта басымнан өткен күнді,
Қалай тізіп сөйлейін бәрін жіпке[6]?!

Аямастан Құдайдың бергенін біл,
Қыздар қалды тірідей әр жерде тұл.
Сонда аямай-ашымай ұрған жандар,
Тіке тұрды алдыма қусырып қол.

Айналайын Құдайдан қылған мұндай,
Сол кезде жүргем жоқ болып жымдай.
Кім кетіпті үндемей сырт айналып,
Тиген жанды қып-қызыл шие қылмай?!

Бала жастан емдедік талай тазды,
Саған.Мәшһүр, обал жоқ өзіңе аз-ды!
Хазіреттің үйі сонда жүруменен[7],
Сол ауылда өткіздік екі-үш жазды.

Өсумен Баянтаудың қаласында,
Құдайдың жан сақтаумен панасында.
Не берсе де Құдайдың берген бағы,
Сегіз бенен он бестің арасында.

Кеудеге он бес жаста ғылым толды,
Толумен тасып кетіп өлең қонды.
Әш-шәһрият апатқа татбиқ келіп,
Апат сол жұрт аузында Мәшһүр болды.

Кеудені кеткеннен соң өлең кернеп,
Ой кетті бет алдына сай-сайды өрлеп.
Бас жоқ, көз жоқ, бет алды шаба бердік,
Кім болдырып көріпті көзі терлеп?!

Біледі мұны тегіс бұл Орта жүз,
Жаз өтсе, тақау тұр ғой соңында күз.
Қыздарға тұмар қылып тақтыруға,
Өлеңменен ғашықлықтан қозғадық сөз.

Құдайдың, міне, шебер құдіретін көр,
Білмедік қайда екенін есік пен төр.
Өлеңін ғашықлықтың сезіп қалып,
Атамыз он алтыда аударды жер.

Бұлбұлдай қақсаған соң күн-түн сайрап,
Бекітіп тұра алмадық тілді байлап.
Бала оқыт, мал тауып бер, тұрма үйде!"- деп,
Жіберді жер сібір қып еріксіз айдап.

Ғашықлық, нем бар еді қыспай көтті?!
Өз тілім, өз басыма көп пәле етті.
Атаның қылған ісі мирас болып,
Сонымен жер сібір боп өмір өтті.

Жиырма тоғыз жаста Бұхар бардым,
Басымнан арылмастай сыбаға алдым.
Дамолда, Хамза қожа кездей ұшырап,
Тоғыз ай сонда алдында тұрып қалдым.

Бес жаста бисмилла айтып, жаздым хатты,
Бұл дүние тастай маған келді қатты[8].
Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса еді қосақтаған "Мәшһүр" атты.

Ілтипат көп жақсылар етіп еді,
Шарапат ұстаз пірден жетіп еді.
Ұстазым Қамар хазірет сүйгендікпен:
"Уай, құзғын-ай!"- деуменен кетіп еді.

Таппады жаным сая күйгенінен,
Маңдайға, тоқталмадым, тигенінен.
Дамолда хазірет күліп әр сөзіме:
"Уай, әулие!"- деуші еді, сүйгенінен.

Қолдаған әр орында ғайып пірім,
Тарқаған сөз сөйлеумен іште шерім.
Қайда барсам жоқ болған бұл жаһанда
Ұстазға жеккөрінішті болған жерім.

Деп кеткен біреуі "жынды", біреуі "бақсы"
Бір кісі көпке қалай ұнамақшы?!
Ташкенттегі ұстазым осы күнгі
Ықыласымды қош алып, көрген жақсы.

Келеді шығып жаңа ащы терім,
Шабуға бүктетіліп жетпей жерім.
Күндіз-түнде басыма пана болған,
Қожай - баһауалдин кәміл пірім.

Жүрген, тұрған жерімнен пәле қашқан,
Тас басып, қанша қиын таудан асқан[9]?!
Жанкешті: "қыр қыдырған, су сыдырған",
Қыдырдың қыдырғанда, ізін басқан!

Қаңғырып жүргендіктен, жүрген саяқ,
Жерім көп әр орында жеген таяқ.
Құдайға шүкір, Хақтың пендесімін
Мейірбан төккен лұтын аямай-ақ.

Иншалла, сөзімде жоқ титтей жалған,
Аузыма сөздің шынын Тәңірім салған.
Лұтыхи қандай есепсіз коп болса да,
Тағы өзі қаһарына сондай алған.

Жалғанда күйіп текке жасаған жас,
Бойыма өмір бойы бір сіңбей ас.
Ризамын қылған бәрін Ием өзі,
Қысқаны, жадыратқаны- бәрі бір бас.

Мен өлеңді өмірімше өттім қоймай,
Жібермес семіртумен және соймай.
Қайғы ғам-бала жастан құмар ісім,
Беруші өзі болған соң тіпті тоймай.

Ей, Алла, айналайын бергеніңе,
Ғибратпен, шын ықыласпен көргеніңе!
Керексіз бұл жалғанға қылдың бір жан,
Жүдемес, қажып ешкім өлгеніңе[10]!

Өлсең, саған, айтшы кім, қамығады?!
Түсінбеген сөзіңе, шала ұғады[11].
Тұра берсең жалғанда бұл қалыппен,
Қатын, бала күтуден жалығады.

Бұл сөзімнің бәрі шын, жалғаным жоқ,
Жалығумен тіпті өзім қалғаным жоқ.
Бұл жалғанда көңіліме алған істі
Қолым жетіп ешбірін алғаным жоқ.

Болмай кетті өмірімше маған тойым,
Хат, қаламым, өлеңім-жылқы, қойым.
Мен дегенде, жан біткен теріс айналып,
Орнына кеп көрген жоқ ешбір ойым.

Бұхар бардым, еңбегім онда қалды,
Ташкенттегі, жолдағы ел ұрлап алды.
Қыдырсаң да дүниені, таба алмассың:
Бір еңбегі жанбаған біздей жанды.

Кім-кімменен бас қоссам, ойы басқа,
Үйде отырып жаримын өш пен қасқа.
Үйде, түзде күн кештім жалғыздықпен,
Жари алмай өмірімде бір жолдасқа!

Деп ойлап: "Алданбайын болмашыға",
Білмедім бала күннен қырға шыға.
Кеудеге қуат біткен кетіп қалып,
Жерім жоқ хош көрінген ұрғашыға!

Жоғары қарай беріп, төмен бақпай,
Өзімді-өзім жасқаншақ, қылып қақпай,
Қара құлдың жұмысын қылмаған соң,
Қатын деген халық, жұртқа кеттім (қалдым)

Берген өнер құдайым тіл мен жақтан,
Бұл-шын сөз, біледі жұрт, емес мақтан.
Тіл мен жақтың қатынға керегі не,
Құлды артық көретін жұрт мал мен бақтан.

Наданнан бойыңды алыс қылып, сақтан!
Берілген ғылым, хикмет маған хақтан[12].
Ақ жағыңнан көретін көзді жоқ боп,
Өңшең соқыр қарайды қара жақтан!

Жүсіпті ақ жағынан Жақып көрді,
Қырық жыл жылап, көзі ағып, өмір сүрді.
Қара жағын көрумен ағалары
Жойылтып, жоқ қылуға аңдып жүрді.

Керуенге бақыртумен құл деп сатты,
Мысыр барып, зынданда нақақ жатты.
Зылиқа ақ жағынан керіп қалып,
Өрт болып өз-өзінен күйді қатты.

Бір жағың ақ болғанда, бір жақ - қара,
Тәңірің солай жаратқан, бар ма шара?!
Қара жақтан қараушы ортасында,
Жалғыз қалдың сопайып, ей, бейшара!

Білгенге болды тамам, енді сөз жоқ,
Елуден астың анық, саған жүз жоқ.
Тұр мейлің, бұл жалғанда, жөнел мейлің,
Ақ жағыңнан көретін бір де көз жоқ!

Жаудың басы өз нәпсің бермейді ерік,
Қосақталып лағын тұр оған серік.
Қанша айналсаң құдайдан, аз-ды саған,
Дұшпаныңа осынша қылған жерік!

Білмей жүрсің жүгінді мойныңдағы,
Өмір бойы қанбаған ойың-дағы.
Қара жақтан, қақ басы, қараушының
Өмір-жолдас қатының қойныңдағы.

Қартаюмен жастарға болдың суық,
Бас орнында бұл күнде - үрген қуық.
Емен болсын, көтерсін, қалайша үйді,
Іске жарап жалғанда жалғыз уық [13].

Жүрегіңнің басында қалды дағың,
Күннен-күнге жуықтап өлер шағың.
Ақ жағыңнан көруші жан жоқ болып,
Аймағыңа айқын боп қара жағың!

Бұл жалғанның жүзінде көңілің өспей,
Көрінгеннің жұртында қалдың көшпей.
Қашан көзге көрінген асыл нәрсе
Асылдықтан қор болдың, көзге түспей!

Бала күнде толумен кеудең нұрға,
Мастықпен түсіп кеттің талай сорға.
Шарқ ұрып ұшып жүрген дер күніңде,
Зерек құстай жаңылып, түстің торға!

Еске түсті-ау басымнан кешкен күндер,
Талай уын жалғанның ішкен күндер!
Бопаламдап ішінде кетіп жатыр,
Неше түрлі көкейді кескен күндер.

Тіршілік көрсетті бәрін мұның,
Сен қазбалап сұрайсың несін оның?!
Тілің сөйлеп, жүрегің оянғанмен,
Қайда жеткен созғанмен қысқа қолың?!

Текке шаршап, зарықпа, қызыл тілім!
Салған мені бейнетке ғылым-білім.
Зеректіктің сазайын көп тартумен [14],
Қақсауменен дамылсыз өтті күнім.

Жарық сәуле көре алмай, бір таң атып,
Кеткен күнді, айтасың, қашан батып!
Сату, сою жағына жарамсыз боп,
Қойға ере алмай қотанда қалдық жатып.

Арам болды жалғанда бізге базар,
Тірілей көрге түсіп, болдық мазар.
Міне, осындай мән-жайы кәріптердің (ғаріплардың)
Шарапатты ерлерден тиген назар.

АҚ ҚАҒАЗ, ҚАЛАМ, СИЯ КЕЛДІ БІЗГЕ

Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге,
Жабырқап жабы малдай жүрген кезде.
Қолына қалам, қағаз алғаннан соң,
Толғанып кірді Мәшһүр сөйлер сөзге.

Жөнелді ұйытқып соққан қардай борап,
Нәрсе емес, өлшеп, сатып, алған сұрап.
Әр жерде бұрыннан-ақ босатпайтын,
Ақ қағаз, қалам, сия алдымды орап.

Алдыма өлең жаз деп қағаз келген,
Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген.
Кеудеме Құдай кеңес берген шақта,
Қағазға он саусағым атша желген.

Кез келіп бояу, сия, қалам-қамыс,
Болмады бұрынғыдай мына шабыс.
Жасынан жер таныған жүйрік аяқ,
Сонда да шашылмайды[1] аяқ алыс.

Қосылдым ат бәйгеге құлын-тайдан,
Білмеймін кез болғанын маған қайдан?!
Ендеше мен бүгін болған Мәшһүр емес,
Келеді ат атанып бірталайдан.

Қызыл тіл сөйлеуші еді желдей есіп,
Жастықта жүрген күнде көңіл өсіп.
Жарыстан талай топта озып жүрген,
Жүргенде бәйге кердей күйге түсіп.

Жастықта қылдық күнә желіп, жортып,
Керек қой қылсақ тәубе Хақтан қорқып.
Қызығын жігітліктің көріп өттік,
Киіктей оқыралаған орғып-орғып.

Барады өтіп ғұмыр аттай шауып,
Жаңбырдай себелеген сөзім жауып.
Бозбала, тірілікте қимылдап қал,
Өрмектің асты-үстіне кетпей ауып.

Бес жастың не екенін білмей кеттік,
Доп ойнап, асық пенен онға жеттік.
Он бесте баламыз ғой деген оймен,
Ісінен бұ жалғанның ғапыл кеттік.

Жиырма - түзей алмай жүрісіміз,
Еш болмай жиырма беспен бір ісіміз.
Отызда ойлы-қырлы болып жүрдік,
Дүниемен болмай онша келісіміз.

Отыз бес - ойға кірдік, қолға алған жоқ,
Жүруге қырықта бізге жол қалған жоқ.
Қолыңды жеткен күнде сермемесең,
Артынан қанша қусаң, бұл жалған жоқ.

Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді
Талайлыға мол несіп беріледі.
Он бес пен жиырма бесті кім біліпті,
Енді артыңда бадырайып көрінбеді.

Күн сайын өзіңе-өзің жас боласың,
Жаспын ғой деп, әр істен жасқанасың.
Піскен астан ішпейсің мезгілінде,
Мезгілі өтіп кеткен соң, аш қаласың.

Құнан, дөнен - құлын мен тайдан өсті,
Ат болады толған соң, болып бесті.
Отыз-қырықтан асқан соң ойланамыз,
Он бес пен жиырма бесте қылар істі.

Өнерге, шыдай алмай, біз шабамыз,
Қанша шапсақ, бұрынғы жоқ бағамыз.
Әлі орынды бітірген бір жұмыс жоқ,
Мұнан былай ойлашы: не табамыз?!

Балалық өтті-кетті басымыздан,
Көп шығар көрген дәурен шашымыздан.
Түлкідей, таудан қашқан, бұлаң етіп,
Жалған-ай, өте шықтың қасымыздан!

Мен де қыршын жас болып өсіп едім,
Жарқырап топта көзге түсіп едім.
Қызыл тілім бұлбұлдай сайрағанда,
Талай жанның көкейін кесіп едім.

Көрген пенде ұнатқан шабысымды,
Жібермедім қолымнан намысымды.
Жұрт аузына ілінген Мәшһүр едім,
Алты алаш түгел білген дабысымды.

Сонда біз асып-тасып қатден(ходтан) астық.
Өнермен ілгергіге тайталастық. І
Қызыл тілді қылыштай сермеп жайқап,
Неше "Мен!" "Мен!" дегеннің көңілін бастық.

Бұ күнде кетіп қалды бізден жастық,
Бір күдір, ойлап тұрсақ, белден астық.
Тірілік қызығынан бой алыс боп,
Ауылына өлгендердің жақындастық.

Екен ғой өткен күннің бәрі мастық,
Кеткен соң мастық бастан, жаман састық.
Қызығы фәни жалған жоқ болған соң,
Өлімге мұндай күнде саудаластық.

Ұғып ал құлағың бар, замандастар,
Талап қыл, біздей болма, өңшең жастар.
Бұзылған замананың уақытысында,
Шын сөзің өтірікке болмайды астар.

Адам жоқ туралыққа жұртты бастар,
Бір жан жоқ шындық айтқан сөзді қостар.
Туралық, хақлықпенен жүрем десең,
Өзіңді керексіз қып әркім тастар.

Айырылды бір-бірінен жақын достар,
Бере алмай желге төтеп түбі бостар.
Бір шын сөзге он өтірік қосып айтсаң,
"Пәлі!"- деп, естіген жан соны қостар.

Келіспес, біле тұрып арам жесек[2],
Жаман ғой арамнан да өтірік-өсек.
Бұл заманның адамы сондай болар:
Келер менен кетерді қылмайды есеп.

Өсекті қожа менен молда айтады,
Қожа, молда өзгеден оқиды айтады.
Араз ғып балдай тату ағайынды,
Өстіріп дау-жанжалды зорайтады.

Ғайып істі балгер мен бақсы айтады,
Құмалақпен, тамырмен[3] тапса айтады.
"Сөзімді жалған айтты,- деп,- ойламас",-деп,
Ишандар мен қажылар жақсы айтады.

Шариғат кітап сөзі қалды тозып,
Бәйге алды талай өтірік шыннан озып.
Қожа, молда, қажылар көп болған соң,
Барады быт-шыт қылып [4] жұртты бұзып.

Айтады әмір мәғруф насихатын,
Ұлғайтып өсек сөздің түпкі затын.
Құрметлеп қожа, молда ап келген соң [5],
Қол жуып бұл өнерден қалды қатын.

Бой [6] тоқтатып өз аузын баға алмайды,
Онан басқа айтар сөз таба алмайды.
Екі үйге кезек-кезек күнде кіріп,
Біреуіне біреуін жамандайды.

Табынар пайдасы жоқ тасқа қалмақ,
Бұл қазақ үлгі жолды сонан алмақ.
Есіл малды орынсыз жерге шашып,
Іс көреp қиямет күн ауыр салмақ.

Қазақ тіпті жақсы еді аман күнде,
Дәнеме оқу білмейтін надан күнде.
Өсек сөзді осылай түзеп айтып,
Үйрете бір адам саған күнде?!

Қазақтың пайдалы еді надандығы,
Қоян мен қойдай еді адалдығы.
Қожа, молда көбейіп кеткеннен соң,
Қулық, сұмдық көбейді арамдығы.

Білмеген, ойлап тұрсам, надан озды,
Әбден біліп алған соң әркім қызды.
Қисық арба жол бұзар",- дегендейін,
Дүмше молда, қожалар жұртты бұзды.

Ішер ас пен, сатылып, мінер атқа,
Біле тұрып кірісіп қиянатқа.
Басқа жақтан қаңғып кеп, әулиесіп,
Бұл қазақты қалдырды жаманатқа.

Қазақ байғұс береді ет пен шайын,
Бар әлінше аямай аппақ майын.
Және тағы нияз деп даярлайды,
Үйден құр жібермеске қой мен тайын.

Жалғыз түндік қалдырмай кезіп жүріп,
Бұйырғанын Құдайдың алар теріп.
Бұрынғыдай емес жұрт, бұзылыпты",-
Деген сөзді айтады шыға беріп.

Ұстасамын қожамен елде тұрған,
Неге десең, бұзықшы көбі антұрған.
Сыр мен Түркістаннан келіп қайтқан,
Ишандардың ісіне жаным қ[ұрбан!]

...Қой мен жылқы аласың бұл қазақтан,
Бір ауыз сөз айтпайсың шындық жақтан.
Бұл жұрт тату болса екен деп ойласаң,
Дұға қыл: жұртқа таупық сұрап Хақтан!

Тегін мал, бұл қазақта жоқ-ты сату,
Кетті ғой тыныштықпен үйде жату.
"Сартты-боза, қазақты қожа бұзар"-
Дегендей: қожалы жер-жүрмес тату.

Шұқанақ жиғаныңмен [7], көл болмайды,
Айтпаса өсек екі үйге, тіл болмайды.
Жер жүзін, күннің көзін қаптағанмен,
"Қожа елі"- деген рулы ел болмайды.

Өзді-өзі, басын қосса, салады дау,
Бір-бірін аңдып тұрған көреді жау.
Мүйіздеп өзін-өзі жүргеннен соң,
Қазақты[8] не ғып қойсын жайына сау?!

Ел ішінде жүргеннің бір ісі өткен,
Қарыны тойған жеріне сіңіп кеткен.
Ата жұртын аралап, нәзірін [9] алып,
Жұмысым жоқ қожамен келген, кеткен.

Өнерге шыдай алмай ішім қайнап,
Жарқ етіп шыққан күндей гүл-гүл жайнап!
Қасқырдай қақпандағы ызаланып,
Жатырмын өз аяғым өзім шайнап.

Көңілім дария болғанда, қолым-қайық,
Өз-өзімнен боламын Еділ-Жайық.
Айдын шалқар көл қайда қылар шабыт [шабқа],
Құла түзде қу ілген мен - бидайық.

Ағалар, жүрген жерім күнде сауық,
Бәйгеден келе алмадым, бапсыз шауып.
Қырықты ілген қысқа күнде қыран едім,
Кісім жоқ қазға сілтер бағым тауып.

Жер жоқ па, бозбалалар, гүл ашылған?
Алашта менен сөзін кім асырған?!
Бозбала, бабым тап та, қазға сілте,
Қайыра [тәйірі] алсын - бір кем болсам лашыннан

Егерде [һибарде] гүл ашылса, бұлбұлымын,
Дананың сөзге жүйрік дүлділімін.
Басқаға қаз бен қудан шабытым жоқ,
Қыраны, қаршығаның тұйғыны[мын]!

Бұл сөзім бәрі де шын, емес мақтан,
Әлхәри мақтан болмай, болсын ақтан!
Атақты Сарыарқаның Мәшһүрі едім,
Құдайым өнер берген тіл мен жақтан.

Шығардым қанша кеңес бәрін жаттан,
Танырсың, көрмесең де жазған хат[тан].
Ауызының оқығандар дәмін алсын,
Жазайын бес-алты сөз насихаттан.

Болмағың жақсы, жаман әуел бастан,
Белгілі ат боларың құлын жастан.
Өң беріп жылтыратып ысқанменен,
Болғанын көрдің бе айна қара тастан?!

Қара тас ең болғанда қайрақ болар,
Балта, шот, пышақтарды қайрап болар.
Дөңгелек диірменіңе шарық болып,
Көзіне көрінгенді шайнап болар.

Ай орынын аспандағы бұлт алып,
Орнында дүр гауһардың су тас қалып.
Құр тікен, қызыл гүлсіз, қолға түсіп,
Ауызға қант орнына заһар салып.

Келмейді өткен ғұмыр жоқтағанмен,
Түк өнбес ұрып, соғып, боқтағанмен.
Жолаушы жол үстінде көрмес хызыр,
Далада отсыз, сусыз тоқтағанмен.

Дүниеде шапқан аттай өткен ғұмыр,
Қарақшы - көрдің басы, бәйгелі жер.
Кім озып, кім қалуы мағлұм емес,
Бәйге алсаң сол жерде озып, болдың ғой ер!

Тұқым салмай, алар ма егін орып,
Кім балалы болыпты бойдақ жүріп?!
"Еккен орар,- деген сөз,- берген алар",
Бәйге алғанды көрдің бе қарап тұрып?!

Түн болса белгілі тұр бір жатуы,
Үміті барша жанның - таң атуы. ...
Уысына штансыздың жүз кіреді,
Әркімнің жақсы көрер бір татуы.

Жасымнан өнер іздеп көңіл бөлдім,
Мән-жайын қожалардың көріп келдім.
Өгізтаулық сарттарды қожа дейсің,
Қазақ-ай, мен өлгенде, сенен өлдім!

Жел сөзге қызыл тілім ділмар еді,
Өнерім қожалармен тең бар еді.
Өзіңнен қожа шығып тұрғанында,
Сарт-сауан, Қызылбаста нең бар еді?!

Құдайдың бергеніне көп-көп шүкір,
Шүкірлікпен қыламын пікір-зікір.
Түрікстанға апарып сал базарға,
Жүз қожаға өтпесем, бетке түкір!

Айналайын құдайдан берген ғылым,
Арқасымен ғылымның сөйлер тілім.
Қуандық пен Сүйіндік, Қаракесек,
Бес Мейрамның баласы, бәрі - өз елім.

Біз жүрміз ауыр жүкті мойынға артып,
Пайданы арман итеріп, залал тартып.
Үсті-үстіне күнәні көбейтуге,
Көрінгенге кетеміз бір сөз айтып.

Бойымда, шықпай ащы, тер қалмады,
Көңілімде айтылмаған кір қалмады.
Бұл күнде қожа, молда көбейгеннен,
Мал басып жайылуға жер қалмады.

Жайылды қожа, молда мал орнына,
Отын боп, қуыс қурай, тал орнына.
Қол сандықтан айдаһар жылан шықты,
Сыйғызып енді өзінің, сал, орнына.

Бас-басына мінгізсе бір-бір атты,
Айтар емес: "Мұнымыз-қой, ұят-ты!"
Несие жиған кісідей жұртты жиып,
Былтыр қандай кездеме, мата сатты?!

Бас-аяғы еліктеп қылып машық,
Қаңғырғанға қазақтың есігі ашық.
Дөңгелек диірменіңе шарық болып,
Көзіне көрінгенді шайнап болар.

Ай орынын аспандағы бұлт алып,
Орнында дүр гауһардың су тас қалып.
Құр тікен, қызыл гүлсіз, қолға түсіп,
Ауызға қант орнына заһар салып.

Келмейді өткен ғұмыр жоқтағанмен,
Түк өнбес ұрып, соғып, боқтағанмен.
Жолаушы жол үстінде көрмес хызыр,
Далада отсыз, сусыз тоқтағанмен.

Дүниеде шапқан аттай өткен ғұмыр,
Қарақшы - көрдің басы, бәйгелі жер.
Кім озып, кім қалуы мағлұм емес,
Бәйге алсаң сол жерде озып, болдың ғой ер!

Тұқым салмай, алар ма егін орып,
Кім балалы болыпты бойдақ жүріп?!
"Еккен орар,- деген соз,- берген алар",
Бәйге алғанды көрдің бе қарап тұрып?!

Түн болса белгілі тұр бір жатуы,
Үміті барша жанның - таң атуы. ...
Уысына штансыздың жүз кіреді,
Әркімнің жақсы көрер бір татуы.

Жасымнан өнер іздеп көңіл бөлдім,
Мән-жайын қожалардың көріп келдім.
Өгізтаулық сарттарды қожа дейсің,
Қазақ-ай, мен өлгенде, сенен өлдім!

Жел сөзге қызыл тілім ділмар еді,
Өнерім қожалармен тең бар еді.
Бас-аяғы еліктеп қылып машық,
Қаңғырғанға қазақтың есігі ашық.

Қанша ғылымды қор қылып жеңіл тартып,
Есіл болат жауһарды қылды жасық.
Күлкі болдық мұнымен жуық-жатқа,
Жазылған сөз нұсқа боп қалар хатқа.

Ит мойнына гауһарды таққанменен,
Айналдырып жібермес басқа затқа.
Әңгіме боп мұнымен бұл сөз тұрсын,
Жақсы (неше) кеңес қандырар құлақ құрышын

"Төрт - бес қағаз, әріптен [ғаріптен] оқыдым"
Иттің көбі кетірді құлақ тынышын [тыншып
Сөзіме ойнап айтқан шын деп нанар,
Жаман үшін жақсының көңілі қалар.

Бұл сөзімді жалғанға шығармайтын[10],
Қожа мен, ел ішінде бар, молдалар.
Іс қылған халыққа ұнамды Хаққа жаққан,
Жан жоқ осы күнде ауызын баққан.

Жыланша жылтыратып сыртын ғана,
Табылса бір қапы жер, жаман шаққан.
Барады жеңілдікпен бір сөз қалып,
Сөйледім күйгендіктен, от боп жанып.

Жақсылар бар да болса, жоқ сықылды,
Қайтеріміз оны көптен бөліп алып?!
Кетейін бұл сөзімнен бермей хабар,
Мен өлмей, кісі емеспін, ауыз жабар.

Төрт мағзұм, екі қожа, үш молда бар,
Жұрт өзі кім екенін ойлап табар.
Жоқ деп қақсап отырып, тоғыз таптым,
Сегізін де жұлдыздай ағып шаптым.

Біреуін жаяу - жалға[11] көтермелеп,
Рухын сыйлап өлінің[ұлының] атып[айтып] бақтым.
Өсектеп қожа, молда ауызыңды жап,
Сор артам жаппағанға дәл он бес қап.

Құдай берген өнерді ешкім алмас,
Азар болса, дерсіңдер: "Қыдырдан тап!"
Кетеді кейде сөзім ерлігіне,
Кісі ырқына жүрмейтін өрлігіне.

Қожа, молда, қылмайсың неге дуа,
Бұл жұрттың азбас, тозбас бірлігіне?!
(1915-1920жылдар шамасы).

ТӨРТ АСЫЛ, БЕС БЕРЕКЕ

Ақыл-ақ: кіршігі жоқ, ашу-күйе,
Сақтауға күйелемей, керек ие.
Аққа күйе жұққан соң, оңбағаны,
Онан соң таусылмайды күйе-күйе.

Ғылым-білім сықылды күннің көзі,
Жап-жарық қып дүниені тұр ғой өзі.
Меңдей бұлт сол күннің басса бетін,
Қараңғы боп тұрады дүние жүзі.

Махаббаты (мұхаббаты) дүниенің бұлт болып,
Бір көңілге, орнығып қалса қонып.
Ғылым менен білімнен еш пайда жоқ,
Көрген - білген кетеді ұмыт болып.

Бұ дүниеге қадалтып тұрған көзді,
Айта алмайды туралық, хақлық сөзді.
Есіл-дерті дүние боп тұрғаннан соң,
Басшысынан әркім-ақ күдер үзді.

Бұ сөзіме құлақ сал үлкен-кіші,
Сөйлемесе Мәшһүрдің пысады іші.
Төрт асыл, бес береке - бір бойынан
Табылса, түгел болып, әне, кісі!

Адамға зәру керек төрт асыл-ды,
Білуге тырысыңдар бұл пәсілді.
Меңгеріп, жиып - теріп ала алмайды,
Төртеуден өсіп-өнген көп хасылды.

Бірі-төрт, бірі-бесеу,- болсын тоғыз,
Ат тезегін әуре боп жинар қоңыз.
Тоғызды түгендемей ұстағанды
Обалсыз, адам демей, деуге - доңыз.

Тоғызы - бойда адамның, өзімен-он,
Үш жүз алпыс үш күнде - бір келіп қон.
Таратып орны-орнымен шешкен жанға,
Ер өлтірмей, еңбексіз беремін құн!

Ойлағанға-сөзім бар таңғажайып,
Бұл сөзімді шешкенің - қалдың байып.
Қарасы бар ішінде, қожасы бар,
Бір айтылған таңсық сөз көпке жайып.

Былғары болар тері, жетілсе иі,
Сөз сөйлесе, ақынның түсер күйі.
Адаммын деп кеудесін көтергеннің
Байқалады бар-жоғы баста миы.

Бірі-тілде, біреуі- көңіл-ойда,
Енді бірі - теп-тегіс түгел бойда.
Бұл үшеуін жүргізсе, қара жолмен,
Бәйге алады жарқырап үлкен тойда.

"Құдай - бір, жоқ,- деп-басқа!"- айтса тілің,
Шын білсе, тіліңдегін-жан-ділің.
Дініңмен (денеңмен) аянбастан қылып ғамал,
Пайғамбар сүннетімен өтсе күнің!

Төрт асыл - анық осы бойыңдағы,
Орнына келе берсе ойыңдағы.
Түгелдеп бұл төртеуін қыла алмасаң,
Жүре бер тамағыңа тойын-дағы.

Береке - өз қарақан басың-дағы,
Әдетің (ғадетің)- ұзын өмір жасың-дағы.
Оқылған уақытымен бес намазың-
Қылатын көрде жолдас қасың-дағы!

Бұл басты әр нәрсеге бастайтын-көз,
Оңбаймыз көзден, тілден тыйылмай біз.
Бойыңа келер мұнан бір береке,
Аузыңнан шығармасаң несие сөз.

Кем емес кейбір сөзім халуа балдан,
Ләззатлы - қазы-қарта, жая-жалдан!
Бұ да адамның басының берекесі,
Берілсе- қайыр, ықсан, зекет - малдан!

Сөзіңді кім тыңдамас жүйе болса,
Кім термес балбыраған шие болса!
Адамға келер мұнан мол мереке,
Екі аяқ арасына ие болса!

Қиянат, аманатқа, қастық етпей,
Карантин қылған жерден, тоқталса, өтпей,
Уағда айтқан жерден сөз табылып,
Ұстаған жерден қолы тұрса кетпей!

Береке мұныменен болады бес,
Түсерсің енді сөзге, болмасаң кес!
Дап-даяр бұлар ойда болмағаным –
Хабарың болмағаны Құраннан еш!

ЖЫЛЫМ – ҚОЙ, ТАУЫҚ ЖЫЛЫ МЕН ҮШ ЖАСТА

Жылым - қой, тауық жылы мен үш жаста,
Кәріплік [Ғаріплік] бұл жалғанда біздің ,
Айырылып ел-жұртынан көшіп әкем,
Қыстаған Қызылағаш, Бұзаутасқа.

Баянтау қаласына болып жатақ,
Емес қой "жатақ"- деген- сол жақсы атақ
Атасы басқа румен ауылдас боп,
Әр түрлі кішкентайдан, көрдік шатақ.

Бала жоқ ата-анада менен өңге,
Жерім жоқ шыққан титтей бір күн дөңге.
"Бері кел, шырағым!"- деп, беттен иіскер,
Өмірімде жоқ боп маған аға, жеңге.

Жұрт білді оқуға үйір-шүйірімді,
Таяндым бала күннен бүйірімді.
Адасып құлынымда туған жұрттан,
Сонан соң таба алмадым үйірімді.

Ішінде орыс-орман, көп шатақтың,
Қызығын көп көргенмін бұл атақтың.
Елсіз, жұртсыз кісінің құны қанша,
Өстік те баласы боп бір жатақтың.

Кісі еді бек мүсәпір, әкем кәріп (ғаріп),
Мешітте күн өткізді жатып алып.
Дегендей: "Отындықтан оқтық мүсін"[1],
Әр жерде түстім көзге майсыз жанып.

Бар еді үш кітабы жазба түркі,
Белгілі жұртқа мағлұм дінге беркі [берігі].
Екеуін шала-шарпы білуші еді,
Жоқ еді біреуіне анық еркі.

Үйренген онан-мұнан басын құрап,
Сәлдені, білмеуші еді, түзу орап.
Күндіз - түні жалықпастан оқушы еді,
Зүдәтіл Масаилыны бізден сұрап.

Болмаған қолы толық дүние, малға,
Жасында ноғайларға жүрген жалға.
Кітабы бізге әперген "Мұхаммедия"-
Өзі ескі және жыртық далба-далба.

Болар ма мұнан артық қара қасқа?
Кісі еді болған үйір көзі жасқа.
Өнерді үш теңгеге бір "Мұқтасар",
Кітап жоқ енді бізде онан басқа!

Жалғыз-ақ көк құран бар ат басындай,
Біз бала жаңа өспірім, жауқазындай (жауқасындай).
Ол күнде "Сопыалдияр"- шарқы бізге,
Көрінді қолға түспес[2] дүр тасындай.

Бізге дерт бала жастан болды пайда,
Жүрдік те телміріп көз әр бір жайда.
Қиссасу-Әнбияны" бізге алуға,
Шарық қайда, шіркін дүние, шама қайда?

Баспаның ең алғашқы шыққан кезі,
Он бес қой, иа толық ат - құран өзі.
Әптиек [һаптиек] қозылы қойдан сатылады,
Оқуды көргені сол қазақ көзі.

Абыз деп, бес құранды білсе жатқа,
Жазбасын зорға алады бір-бір атқа.
Бас-басы бес құранның - бір бойдақ қой,
Қазақ [3] үйір күні емес қағаз, хатқа.

Білмейді хат жазуды қазақ қолы,
Шатпалап қожа жазар оны-мұны.
Баспасы Қазымбектің "Сопыалдияр",
Баспа бас бойдақ қойға алар соны.

Баспа жоқ Қазымбектен басқа басқан,
Бала едік жеті-сегіз жасқа басқан.
Көргенім мен білгенім жасымдағы,
Таңбадай жойылмайтын тасқа басқан.

Құлаққа естілген сөз,- бәрі жатқа,
Таңылды дәл он бесте "Мәшһүр" атқа.
Аузынан ұстаздардың шыққан сөзді,
Жалғыз-ақ ала бердік жазып хатқа.

Әкімбек он алтымда алып кетті,
Жалғызы Қабылбекке ұстаз етті.
Басында Ақшакөлдің жаз жайлауда
Әкемді он жылқымен бір жөнелтті.

Боз жорға ат қызыл ауыз, өзі шұбар,
Көп мінген сақ ермен тағып тұмар.
Ең аяғы жылқының - бір торы тай,
Жөнелді он жылқымен ұмар-жұмар.

Бергені келер жылы онан басқа,
Ақ түйе, көзі шағыр ат торы қасқа.
Екі жыл Әкімбекте бала оқытып,
Он сегіз, тұрып сонда, жеттім жасқа.

Кәні, енді Әкімбектей кісі кәне (кәні)?
Жұмсап тұр беру (біреу) үшін[4]Тәңірім, әні!
Ауыp айғыр үйірлі жылқы болды,
Төпелеп екі жылдай берген малы.

Бие[ге] көк қасқадан айғыр салды,
Екі-үш жылда отыз-қырық болып қалды.
Көшпелі қазақ болып қырға шықты,
Үш-төрт үйден басқаның болып алды

Әкімбек жақсы күтті құрмет етіп,
Әкеме беріп дүние, сыйлап күтіп.
Айғыр үйірлі жылқыны көтере алмай,
Болдым-деп-бай баласы!"- кеттім жытып.

Үш бесті атқа - мінуге[5], бір ат алдым,
Мал табатын жігіттің бірі атандым.
Құдай беріп тұрғанда, көр қимылды,
Бір тұмарға сеп-семіз құр ат алдым.

Қисса мен өлең болды-ау жаттағаным,
Қалтаға қағаз салып қаттағаным.
Мал, шіркін, жер тезектей қала берді,
Баққаным - қой, ат болып аттағаным.

Мен - жүрген сылқылдаған бір сері сал,
Өзімнен-өзім жүріп боламын дал (дәл).
Бір жылқы көрінгенге жетектетем,
Жимадым өмір бойы керек деп мал.

Жалғыз-ақ маған керек ажар, көрік,
Әр жерде өнеріме тілім серік.
Ат алмай мырзалардан, тымақ алып,
Аламын, құнан алмай, пұшпақ бөрік.

Дүниеге бір кетпеген біздің ынтық,
Жерім жоқ кем-кетік боп, болған тыртық.
Алдыма бар дүниесін салған жерден,
Аламын, дәнеме алмай, бір-ақ мылтық.

Ат пенен түйе алмай ма менен өңге?
Жерім жоқ өмірімде шыққан дөңге.
Ат-түйе алмай, айтайын, оқтаған мылтық,
Азар болса, құны бар сегіз теңге.

Кетеді оны тағы біреу алып,
Қалтаға көрген емен ақша салып.
Дүниеден осыменен өтті өмір,
Бүгінгі алған бір жерде ертең қалып.

Көп алдым, атасы өлсе, атамасын,
Көз қиып қалың малға матамасын.
Атымды Мәшһүр деген үш жүз білді,
Дүниеде мұнан артық не табасың?!

Келген-ді: талай сүтті, талай құтты,
Жалғанды қанша ойнаса, Мәшһүр ұтты!
Мал жиып, бай болайын демегеннен,
Өмірімде көрмей өттім қыс пен жұтты.

Нәпсімді өмір бойы тыйғаным жоқ,
Тығылып тар тесікке сыйғаным жоқ.
Қоян болсын, қой болсын, ақ қар болсын,
Өле ме [ештеңені] жиғаным жоқ.

Иншалла, бұл сөзімде жалғаным жоқ,
Ешкімге бай деп назар салғаным жоқ.
Бір Құдайдың өзінен басқа жаннан,
Бір тиын қылып үміт барғаным жоқ!

Бір белгі бұл жалғанға қалдыра алмай,
Отырмын енді ешкімді нандыра алмай.
Талай байлар мұңайып қала берген,
Беріп тұрған дүниесін алдыра алмай.

Бірталай мұныменен жеттім жасқа,
Маңдайым болуменен айдай қасқа.
Замандас өзімменен әм ғасырдан,
Қайда жүрсем, жүруші ем бөлек, басқа.

Жалғаннан әуре-сарсаң болып өттім,
Мақсатқа, ойыма алған, қашан жеттім?!
Бұхар, Ташкент Самарқан, Түркістанды
Бір түгіл үш-төрт барып тамаша еттім.

Нұра жайлап, Есілді қыстау еттім,
Әрлі-берлі Шу менен Сырдан өттім.
Мейрам сынды сабаздың бергенін де,
"Маған дүние не шот?!"- деп, алмай кеттім.

Бір ұстаған әдеттен кеттім танбай,
Сыр білмеген күйдірер тілге нанбай.
Садуақас пен Малатай, бұл Заркештен,
Үшеуінен бір қайттым бір тай алмай.

Бір Құдайдан, күш-қуат, тиген соң дем,
Арыстанның ауызынан асадым жем!
Керек қылмай дүниені жүргенменен,
Сонда-дағы болмадым ешкімнен кем!

Не болса да, дүниеде қалсын бір ат,
"Байлық-мұрат емес қой, жоқтық-ұят![6]"
Тауық жылы жұтығып жұрт тұрғанда,
Жиырма бес тайыншаға алдым бір ат.

"Жеті өгіз"-деп, Найманға аты барып,
Мәшһүр даңқы дүниені кеткен жарып.
Байнабайдың баласы,- ол-Қопабай,
Қолқа қылып астымнан қалап алып.

Дүние, саған мен кеттім көзді салмай,
Бар-ау, жоқ-ау деп тіпті ойыма алмай.
Бір ат бердім дегендей болмайын деп,
Шу бойында: аулына кеттім бармай.

Бай көрінсе, қарайтын көз алартып,
Бір нәрсе бар желкемде[7] тұрған тартып.
Қайда жүрсем, кем-кетік, кедейге өшпін,
Ынтам құрып, асына, сол құмартып.

Бармайын деп байларға көзім сатып,
Өлсе іші ерімейтін мұздап қатып.
Зекеті жоқ, кез келсе, кедей үйлер,
Аз асына ортақ боп қалам жатып.

ҰҚЫПТЫ ӘЙЕЛ

Бір емес, екеу емес, көп айтыпты,
Әңгіме ететұғын деп айтыпты.
Дүниенің ең артығы жалғандағы-
Нәрсе[сі] үш-ақ түрлі деп айтыпты.

Біреуі - жақсы болсын жатар орның,
Түзеп бақ үй-жайыңды күні бұрын.
Қош, жақсыны арлы зат - тура қыл үй,
Адамның артылтады ғақыл-ойын.

Екінші - тәтті (тәтлі) болсын ішер асың,
Ұмтылып, шауып тұрсын ықыласың.
Бір жанды күтпегенде, неге пайда,
Бар ма еді өз жаныңда- өзің қасың?!

Суымен (шуымен) қандыр мейман тойдың-дағы,
Бастадың, неге қайтып, қойдың-дағы?!
Жалғанның ең артығы, ойлап тұрсаң,
Жарыңыз жақсы болса қойныңдағы!

Сыйлайды жақсы қатын алған байын,
Түрлентіп сыпырады тұрған жайын.
"Қиғаш қас" — деген сөз әуел бастан,
Күтемін, тәубе - деген,- бір өз байын!"

Даяр тұрар ертоқым мінсе атқа,
Байын сыйлап жетеді ол мұратқа.
Қолтықтан көтереді, атын ұстап,
Құдай сондай жолықтырып халал зат[қа].

Келгенін бала деген тістен байқап,
Ішкен асын береді бетін шайқап.
Жатса, даяр тұрады өз қасында,
Әдеппен шешеді етік-байпақ.

Мұнан кейін салады көрпе, төсек,
Пай, кедей, жақсы, жаман - қылмас есеп.
Кәрі-жас маңдайыңа тап болған соң,
Артынан сол қатынның ермес өсек.

Кешікпей жетіп келсін қойыныңа,
Білегін салса жылдам мойыныңа!
Иіскеп, айқаласып тамақ, беттен,
Өзіммен жауап берсе ойыныңа!

Келеді тағы ұйқы жатқаннан соң,
Ойынға жақсы ғашират батқаннан соң.
Қолдарын әрең жазар құшақтаған,
Намаз өтті болып, таң атқаннан соң!

Тұрасың дәрет алып, қадам жасып,
Халаның бірге тұрса араласып!
Құманда су жоқ болып, суық болса,
Суын жылытып, бәйек болса, асып-сасып.

Дәреттен келгенінше даяр қылар,
Қолында құманы бар, қарап тұрар.
Іш дәрет алғаннан соң, даярланып,
Дәретін тәртібімен суын құяр.

Жаяды жайнамазын құбылаға,
Азан айтып, тәкбір оқыр бір Аллаға!
Табысқа, таһил намазын, болғаннан соң,
Ішер ас келеді, даяр боп құзырына.

Отырар орнын сабыр көрпе жазып,
Жуады: аяқ-табақ, ішкен қасық.
Шай самауыр ләззат тағам ішкен шақта,
Отырса қасыңызда сұхбаттасып.

Алған жарың осылай болса керек,
Ғылым, білім, өнерлі, болса зерек.
Ерлерін сондай қатын тәрбиелесе,
Жалғанның азы-көбі неге керек?!

Иман табар сол қатын қылған істен,
Қызметіне тік тұрса ерте-кештен!
Қылған ісі орынша (орнына) бажай келсе,
Ерлері тасып сонда күйге түскен.

Ишарат-айта салған бұл бір сөзім,
Айырман сондай жаннан екі көзім.
Жақсы әйел ерге несіп бола қалса,
Кім қияр сол қатынның басқан ізін?!

САЛАҚТЫҚ - ДЕРТ

Кіршіктен тап-таза ғып үсті-басын,
Қылшықтан жырақ қылып ішкен асын.
"Осындай тәрбиемен тұрса зайып,
Жігіттің бекер өтті,- деме-жасын!"

Алуға лайық қой мұның тілін,
Өзінен табылған соң нағыз білім.
Біреудің душар қылса бағына еніп,
Иражатпен өткізген ай мен жылын.

Ал енді кез боп қалса жаман қатын,
Білдірер пиғылынан есек затын.
Жыландай сүйір тілмен шағып-шағып,
Күннен - күн артылтпай ма кесепатын?!

Сөз айтса, қолсырнайдай тақылдайды,
Өз сөзін өзі қори мақұлдайды.
Бір шаруа бір кішкене біте қалса,
" Қылдым!"- деп, суыр[дың] айғырындай шақылдайды.

Қайда жаман қатын отырар бойын күтіп,
Үй ішінде байына күңк-күңк етіп:
"Тамақ кем, сен тауып бермесең де,
Бір күні мен кетермін күңірентіп!"

[Тамақ] қылса, үй ішін тұмандатқан,
Іс қылса былықтырар құдай атқан!
Ыдысы қи, тезекпен аралас боп,
Домалап әр бір жерде құман жатқан.

[Жа]ман қатын өзін-өзі ол көтерер,
Ғырырдан теріп байына сөзін берер.
Жақсы қатын, кәнеки, кім де барып,
Өзін-өзі сыбырлап мақтап жүрер.

[Бірде] тас, бірде май боп шайнек (суы)
Обалға жігіт адам сонан батқан.
[Ү]стелдің аппақ ұнға кірі жұғып,
Бауырсағы күйік болар сеніп (сынып) қатқап.

Бір үйде екеу болса жаман қатын,
Тағы да мен сөйлейін кесапатын.
Ішімен бірі-біріне ерегесіп,
Сөйлесем тауыса алман [машақатын].

[Ү]стін табақ, етегін орамал ғып,
Семіртіп әр мүшесін жуандатқан.
Енесі барды-жоқты сөзбен жұптап (иұптап),
Мейрімсіз, сараң қулар қуаң тартқан.

Бір үйде бірдей болса екі қатын,
Олардың мен сөйлейін ар-ұятын.
Менменсіп бір-бірінің тілін алмай,
Қағазға жазсам сыймас хикаятын.

Сонымен осы сөзді тоқтатайын,
Жаманның әркім білер әрбір жайын.
Қатынның айттым біраз әңгімесін,
Көп сөйлеп мұнан [әрі] не қылайын?!

ЖАҚЫП СҰЛТАНҒА

Арғы атаң мұсылманның (мұсылманның) ағаштай-ды
Қылғаның бір сапар ғамал жанаспайды.
Ту болған Орта жүзге, хан сұлтаным,
Сіздерге хыртиб айтсам, жараспайды!

Қағба[ға] жер ортасы, барар Мекке,
Ойна[п]-тасқан көреді көп мереке.
Сөйлейін Жақып сұлтан атаңызды,
Ту болған Орта жүзге жалғыз жеке.

Уәлихан - Абылайдың бел баласы,
Хандыққа толықсыған сол шамасы.
Аға сұлтан атаңыз болған күнде,
Болып ең перзентінің шын данасы!

Жақсының кім сыймаған панасына,
Мейрамның көзің салдың шарасына!
Ханымның аты кеткен бұл үш жүзге
Елші боп орыс, қазақ арасына!

Атаңа хандық орнап, бақыт қонған,
Дәулет, қыдыр тегіс боп, тамам толған.
Орынбор мен Сібірге хақы жүрген,
Қара түгіл, төре жоқ мұндай болған!

Жаралған топырақтан сол Адам-ау,
Сөйлейтін осы кезде мол шамам-ау!
Шоқан, Жақып, Мақы, Махымет (Мұхаммед),
Қозыке, Қоқыш- Саф алтын, өңшең жауһар ханзадам-ау!

Ғаділдігің Ғұмардай болған дастан,
Үш жүзден атаң Абылай бақытың асқан!
Құқ ал мансап Хадишаның нәмін(зәмін)
Бір-бірден Мұса мырза тұқым шашқан.

Ал, шық, үлгі салған Шорман биім,
Мырзадан толып жатыр көрген сыйым!
Дария Шанжыр, Ғиық қосылған соң,
Сөйлейтін осылайша келді күйім!

Уәлихан басына салған алтыннан тәж,
Орта жүз заманында болыпты мәз.
Шашу берген Шыңғыс сұлтан атаңызға
Патша император билігі князь (кез).

Сібірге западной аты кеткен,
Патшаға жеті ықылымда хаты кеткен.
Машырих-Мағриф пен арасында
Бұхара, Үргеніш (пен) Самарқанд даты жет

Шыңғыс сұлтан даңқы бар ма білінбеген,
Сайрам ғып патшаларға күлімдеген.
Хандағы бақ аруағы үзілмей-ақ,
Келгенше екен төртке сүрінбеген.

Жамантай - Қарқаралы билеп өтті,
Бөкейхан Кіші жүзде - о да кетті.
Қызыларыстан, Қырымнан бермен қарай,
Атаңа төре, қара - қашан жетті?!

Сөйлеуге тілге серік, берген көзді,
Өткірдің ғафылымен бастық кірді.
Кеше Мұса бақ қонған заманында
Қаратқан сол аузына Орта жүзді.

Шешеннің сөйлеу керек жөніменен,
Келісер жігіт көркі тоныменен.
Бірің-сұлтан қазақтың, бірің-ханы,
Жарасқан данышпаным соныменен!

Би өткен - үлгі бастан, кеше Шорман,
Бақ-дәулет төрт тарабы түгел толған.
Шаһзада тұқымындай затың бөлек,
Ғаламға Қап тауындай болған қорған!

Арғынды-ай қаздай қалқып, билеп өткен,
Қара қазақ Мұсекеме қашан жеткен?!
Түбінің жұмақтағы жемісіндей,
Сізлерден Муса мырза түқым еккен.

Уәли хан алты Алаштан асып еді,
Тұмардай ғаділдігі басым еді.
Мұса мырза Шыңғыс хан қатар болып,
Ұлпатың өзге жаннан асып еді!

Тобықты - Құнанбайдай шешен ерім,
Жиналған сан жүйрікте кемеңгерім.
Ғаламат хан ордасын көргеннен соң,
Аз ғана [сөз] сөйлейін, тарап шерім!

Мархабат, сұлтаным-ай, мың боп сәлем,
Көрген соң, жиенлерге тарқап санам.
Шарапат шатлық еткен жамалыңа
Аз ғана жүргізейін қағаз, қалам.

Билеген Қараөткелді қыпшақ-Ыбырай,
Аққошқар, елі Алтайда, паң Сегізбай.
Помощник Көкшетауға болған шақта
Жақыптай ғақылы дана сұлтаным-ай!

Алашқа Жақып сұлтан үлгі салған,
Атасы, ғибрат алып, Шыңғыс ханнан!
Сыйлы (Секілі) хан патшаға болғаннан соң,
Жылына алты жүз сом уәзипа алған!

Сибирский ұлықтар әзірлеткен,
Шоқан төре университет кончать еткен.
Жақып төре помощник болған кезде,
Әріптесін өз түсында басып өткен.

Жалғанға Аққошқарұлы қанат жайған,
Сүйінген [бір] өзіне Арғын, Найман.
Әлібек, Атығайда Зілқараұлы,
Патшаның қызметіне олар тойған.

Шар мырза - ел Қыпшақта Ыбырайұғлы,
Государ қызметіне болған ұғыры.
Ішінде төрт облыс бас қосқанда,
Жақыптай қыла алмаған қызмет тұғыры.

Алтын мен күміс медаль қабат алған,
Губернатор ғақылына қайран қалған.
Оязы Көкшетаудың еріп жүрген,
Теңдеспек бұл шолайымда жоқ дүр жалған.

Бұзылмай келе жатыр мінген тағың,
Тамаша болып еді-ау сол бір шағың!
Шоқан, Жақып, Мақы,Махымет(Мұхаммед), Қоқыш-
Ежелден бөгелмеген бақ, аруағың!

Қазанғап, Арғынғазы-Бәсентиін,
Мен барып бала жастан көрдім сыйын!
Он екі ұран: Алаш боп, бас қосқанда,
Шыңғыстың - алды дария, күнде жиын.

Орнынан Жақып төре таймай өткен,
Сібірде жарты патша қызмет еткен.
Қоқыш төре сүт кенже жиенім-ді,
Жігіт жоқ заманында бұған жеткен!

Шығады Мәшһүр сөзі қалай-қалай,
Көруің қайтып келіп екіталай.
Қозғайын ханзадамның бақ аруағын,
Жәрдем бер тіл-жағыма Хақ тағала-ай!

Полковник, һәм доверенный Шыңғыс аға,
Арғынға хандықпенен болдың жаға!
Түспеген тұғырынан ақ сұңқарым,
Тілінен гауһар тамған, ғақылы дана!

Тарқасын біраз ғана іштің буы,
Арғынның еркелеткен жасы, қуы.
Бас қосып Мұса мырза, Шыңғыс сұлтан,
Сібірде дін исламның болған туы.

Өнерге Мұса мырза судай тасқан,
Ғақылы ғылым-өнерден жауһар шашқан!
Төренің жүзін көріп зиаратқа
Жүйрігі Сүйіндіктің қадам басқан.

[Бір] шыққан Сүйіндіктен өнерпазбын,
Көп қылған өнер тілеп жайы бармын.
Көше Мұса мырзаның заманында
Бәйгеден күнде келген қырғын бозбын!

Бұл Мәшһүр бір көруге қылған талап,
Хан, қараны, төрені жүрдім жанап.
Хазіреті сұлтанның күмбезіндей,
Жаратқан бұл сізлерді Құдай қалап.

Төреде шалқып өтті Қоңырқұлжа,
Оған да құда болған Мұса мырза.
Ханзада, Хайролзас жиенлерім,
Нағашың нимла мен болды-ау дариға!

Көп ізлеп хан ордасын Мәшһүр тапқан,
Сөйлесем, дүр төгілген тіл мен жақтан!
Қоқыш сұлтан, ханзада, жиенім-ай,
Гауһардың шишма майданында қинап аққан.

Мәшһүрді емлес бердің дәміңізге(дамыңызға),
Келген соң іркілмейін, құлазыма!
Тауындай бес қазылық, пана тұтып,
Біз келдік айдап Тәңірі араңызға!

Қуандық: батыр өткен Жұман байым,
Мейрамның құп білесіз, айтпай жайын!
Тоқтамыс, Төбет пеңен шебер
Шаншар Тамызған Мәшһүр барып, елдің майын!

[Тап]Бүгін болғаным жоқ мұнда келіп,
Сөйледім талай жерде інжу теріп.
Кеше Мұса мырзаның заманында Сөйлеткен:
"Шешенім!"- деп, рұқсат беріп.

Жылында тоқсан бестің Алтай бардың,
Қуандық, Сүйіндіктің тобын жардың.
Бақ қонған басыңызға, ханзадам-ай,
Қоңырдың таптан таңдап қызын алдың.

Сипаты пейіш (биғын) хор жаққан шамдай,
Хамида мұнан артық болсын қандай!
Ханзада, құрбыңыздан асты бағың,
Сүмбіл шаш, қиғаш қасты, жазық маңдай.

Көңілінде ғашық оты барған қинап,
Отырған ақ маралға көзі жайнап.
Жолдасың құтты болсын ақ сұңқарым,
Қуандық, Сүйіндіктен алған сайлап.

Бәйгеге алған тұлпарымсың шабысқанда-ай,
Ол-ақ құс, сіз бір сұңқар бағысқандай!
Хан-қара, құрбыласың бола алмаған,
Ел шауып, қыз ататып жарысқандай!

Қалған бір ғажап іс қылдыңыз ойыңа алған,
Қуандық, Сүйіндік болып қайран.
Бұрынғы Шаһмарданның жорасындай,
Сіз бір ер — бозбала үлгі салған.

Мақсатқа ханзадамыз кәміл жеткен,
Төреде жігіт бар ма сізден өткен?!
Қуандық, Сүйіндік боп тамаша етті,
Бабаңның кәр аруағы қолдап кеткен.

Ғашықтар жанын қинап қимыл еткен,
Бұрынғы шаһзадалар - бәрі кеткен.
Өзің теңдес Сүйіндік мырзалары
Болам деп талпынса да, емес жеткен.

Жолдасың хұп ұнайды, ізлеп тапқан,
Тірлікте не бітірер ұйықтап жатқан?!
Болаттай затың бөлек, құрыш едің,
Қамалға ата-бабаң қарсы шапқан.

Орта жүз кеше атаңды хан сайлаған,
Халыққа хакім етіп мыңды айдаған.
Орнында бала сұңқар сүт кенже едің,
Жеті атаң тұлпар мініп, ту байлаған.

Саф алтын, нәсілі болат - шыққан тегің,
Жайылған Орта жүзге үшбу кебің.
Аспаннан бұлт тартқан асқар таудай,
Жұмақта хор ғаламандай тартқан лебің!

Баһадүр, затың бөлек дастаным-ай,
Мехнаттың түбі - рақат, көңілім жай.
Арасын екі елдің көпір қылған,
Естіген жұрт таң қалған арыстаным-ай!

Осылай даңқың барған Орта жүзге,
Тамаша кім іс қылды сізден өзге?!
Ғұмырыңа бір тілеулес дұғагөйің
Риза бол, Қоқыш жиен, енді бізге!

НАДАН БИ

Ғалының кәпір қашқан туларынан,
Дарияның бұлт шығады буларынан.
Тағы бір әңгіме бар ғакіш (қисса) болған,
Қазақтың ести берсең қуларынан.

Бір надан түк білмейтін адам өлген,
Жоқ екен құлдық жөнін бұрын білген.
Биі екен тіршілікте өз ауылына
Апарып өлгеннен соң халқы көмген.

Тепкілеп(текпілеп) терең қазып, халқы көміп
Жалғанда жаман болсын неге білген?!
Қырық қадам көмген жанлар кеткеннен соң,
Періште Мүңкір, Нәңкір бұған келген.

Қараңғы, сипаласа, айналасын:

- Жау тонап кетті ме, ойбай, сорлы басым!

"Бір келген жүгінгелі адам ғой!"-деп,
Көтеріп жерден биік алды басын.
Періште жауап сұрды (сұрады):-Ман раббік»
Бейшара шошып кетті: "Бұ не кеп?!"-деп.

- Қазақша айт, орысшаңды білмейтұғын

Бұлайша жауап берді:

- Тұршы тек! — деп,

Сұрайды: "Ман раббик!"- деп басқа тілмен.
-Ман раббик, сан раббыңды тіпті білмен!
Бұл қай жер, мені ап кеткен қай жау-шарам,
Бар болса, шақшаларың, aп кел бермен!

- Мә, шақша!-деп,күрзімен салып қалды,

Есі кетіп бейшара талып қалды.
Періште аялына қарағанда,
Көтеріп басын жерден, демін алды!
Беруге түк нәрсем жоқ жарайтұғын,

Адамды жерлерің бе тонайтұғын?!
Аңызы елдеріңнің қандай жаман,
Кісіні "шақша"-деген-сабайтұғын?!
Кімді ұр!"-деп, пайғамбарың айтқан жаза(және),

Биі едім төре бермес жемей пара.
Енді шақша демейін, жақтырмасаң,
Балалар, маған айтшы, бұл қай ара?
Күрзімен періште қалды салып,

Қапыда түстім қолға келіп қалып.
Біздің елден енді келе бермес,
Бүйтіп тыныш алсаңдар, мазаны алып!
Күрзімен періштелер ұрып кетті,

Қара жерге сол басы кіріп кетті.
Әуелде имансыз боп жаралған соң,
Түбіне жаһаннамның жаны жетті.
Тәубесіз өткен надан тәңірім қарғап,

Алладан таупық сұрап жүрмін зарлап.
Алғиаз билла сондай күннен
Ғазапқа шын жаратқан Тәңірім арнап.
Дүниеден жақсы да өткен, жаман да өткен,

Жын, пері, құрт, құмырсқа, адам да өткен.
Өзінің тағатына таңданам деп,
Тар сиса (зиса)былхым, бағұр тозақ кеткен.
Алма ақы сен адамнан үзіп-жұлып,

Жүре гөр жатсаң, тұрсаң тәубе қылып.
Қарақшы Ғиязұғлы фазыл пейіш
Өтіпті тәубесінен уәлі болып.

ИТ ДҮНИЕ

(екінші өлең)
Ит дүние, мұнша неге олақ болдың,
Ұстауға құйрық-жал жоқ, шолақ болдың.
Дүниеде жолдас болған достарыңның

Ит дүние, бәрін бірдей тонап болдың!
Ит дүние, ойлап тұрсам, диуанасың,
Кеш тұрып, ерте жатсам, суаласың.
Ілескен достарыңды отқа итеріп,

Шапақтап екі алақан, қуанасың!
Ит дүние, кәне, сенің болған жерің,
Әрқашан жақсыларға қонған жерің!
Жібердің Қарынбайды жер түбіне,

О, пәлі, кәне, сенің оңған жерің?!
Ит дүние, залымдарға жолдас па едің,
Жақсыға, жақсы болса, қонбас па едің?!
Ғалы мен пайғамбарға жоламайсың,

Мен сені сонан соң-ақ: "Оңбас!"- дедім.
Ит дүние, талайлардың көзін ойдың,
Мен саған сонан соң-ақ әбден тойдым!
Жаннатқа ақымақты кіргізе алмай,

Апарып жер ортаға дел-сал қойдың.
Ит дүние, жарға ойнаған лақтайсың,
Толқыған, кетеріңде, сынаптайсың!
Алланың береріне кез келсе егер,

Тасыған таудан аққан бұлақтайсың!

МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ ӘМЕН АТЫНАН СӨЙЛЕГЕНІ

Қолыма хат жазғалы алдым қалам,
Құбылып толқын боп тұр күллі ғалам.
Буылдырып құрбыларға өрнек үшін,
Кетейін бір сөз сөйлеп, келсе шамам.

Не келер қанша айтқанмен біздің қолдан,
Жазуы бір Алланың - не дүр шарам?!
Істемей ауыр жұмыс жүрген басым,
Тауына Кавказ арман(армян) қалай барам?

Қойша иіріп призывқа қамағанда,
Құр сүлдең, жүре алмайсың, басып қадам.
Патшадан құрық түсті басымызға,
Жан сақтап, паналауға қайда қалам?!

Солдаттар иіріп айдап қамағанда,
Бұраңдап жүре алмайсың, басып қадам.
Еш лаж (ғилаж) қолымыздан келмеген соң,
Қарата Керекуге бастық қадам.

Он тоғыз - отыз бірді список қып,
Жібермей қамағанда, толған аран.
Он тоғыз - отыз бірмен сорымызға
Айтқаны болды ма өтірік хадис-калам?!

Біреу-бай, біреу-нашар, біреу-жалғыз,
Үштен бір, аяғанмен, қалды ма адам?!
Бір үйден тегіс кеткен үшеу де бар,
"Патшадан льгот бар",- деп.болдық алаң.

Үйден бір қадам басып шыққан соңғы
Немене, көрген көзім, бәрі қараң?!
Мысалы ақыреттің тозағындай,
Жарқ етіп шығып жатыр қалған адам.

Тағдырдың кермесіне кез болыппын,
Дәрмен жоқ үзіп кетер, не дүр шарам?!
Басыма бұдан бұрын қалған орнап,
Таудан-зор, тастан-қатты бар бір жарам!

Құрбылар, қиын екен ойнап-күлген,
Бас қосып бір табақтан жеген тағам.
Жақсы күн тумай тұр ғой қалғанға да,
Айрылып қызық көрер заманадан.

Жарқырап ай мен күндей келер едік,
Құламай аман өтсек, бағанадан.
Не болар артта қалған үйдің іші,
Тұрған соң бала айрылып ата-анадан?!

Жоқтығы шешем үйде ойға түсіп,
Қаңғырып жүре бердім айдаладан.
Шығарып салған бір жан жоқтығынан,
Жөнелдім жұрттан бөлек, батып қарам.

Тетелес қарындасым Әмина-жан,
Айтайын саған енді кімнен сәлем (салам) ?!
Екеуміз бір ұяда қалып едік:
"Тұрар-деп-қылып дауа!"- ойыма алам.

Біз үшін кім жыласын, кім езілсін,
Суға аққан толқынында шөп-шар, салам?!
Кереку алыс жер ғой жер түбіндей,
Баяннан жөнелтерлік болмады адам.

Төрт бөліп түн ұйқысын тұратұғын,
Қайтейін жоқтығың-ды, қайран анам!
Әкенің ең жақсысы - жездедей-ақ",
Соны айтқан бұрынғыда әулие адам.

Дуасын кепке қылған аямасын,
Жадыраса, жарылқанып барша ғалам!
Жай-күйі, жетімдігі түссе есіме,
Дал болып айран-асыр (хайран-асыр) естен

Балалар, артта қалған, ал есіңе,
Дөкейі "жеті жетім"- қандай адам?
Жетімдік - пайғамбардың бір мирасы,-
Демесем, сөйлей берсем, естен танам.

"Үй іші артта қалған не болар?"-деп,
Әр түрлі ойға түсіп, кетіп барам.
Хабарсыз, дәнемеден уайымсыз
Кез болып жүрген күнде алаң-салаң.

Қам қылмай өз басыма кеткендігім,
Бір жұмыс басын ұстап, болдым алаң.
Түсіріп бәрімізге қызыл билет,
Ауылнайлар дүңк-дүңк етер, жалаң-жалаң.

Он тоғыз - отыз бірді список қып,
Жібермей қамағанда, толған аран.
Кедейлер, арманың жоқ, баймен бірге,
Бөлек қып, жұмыс бар ма ала алмаған?!

Болыстар байды іріктеп алып қалып,
Кедейді бірыңғай ғып саралаған.
Жарлыға бұ да тиген дәурен шығар,
Көшені патша жүрген аралаған.

Шын қиын бәрінен де мынау болды,
Ал енді жай-күйіңе қарамаған.
Тұрмайтын ұйқың қанбай боздақтарым,
Тұрдың ба алаң қарақ сары таңнан?!

Торланып талай жалғыз, талай маңғаз,
Асаулар үзіп торды қала алмаған.
Құнымыз біздің аттан оңай болды,
Жақсы атты еріксіз зорлап ала алмаған.

Келуге, жазсын Алла, жігіт-жасты,
Аллаға шын сыйынған құр қалмас-ты!
Бұл дүние бір қараңғы болды тұман,
Жүре алмай, ақылынан, жұрт адасты.

Қайтеді ақшасы жоқ кедей байғұс,
Қам қылып ат пен тонын ала алмаған?!
Жас бала жол көрсеткен боздақтар көп,
Аяғын бұрын қадам сала алмаған.

Ажалдай еріксіз айдап, ұшырып жел,
Шегініп ешбір мойын қала алмаған.
Мақал бар: "Аз сөз-алтын, көп сөз - көмір",
Мұны[мен] сөз аяғын тамамдаған".

МОМЫННЫҢ ӘЙЕЛІНЕ ШЫҒАРҒАНЫ

Қозғанға татулықты ауызға алдым,
Ақ өзек, Бүркіттіге қадам салдым.
Өліге бата, тіріге көңіл үшін,
Қаңбақтай жел аударған Момын бардым.

һумайун халал жұпты өткен екен,
Әркімдер-ақ келісіп кеткен екен.
Сырты-cay, алай-түлей іші-түтін,
Өлуге, өлмесе де, жеткен екен.

Сөз қаттым көңіл айтып, халін сұрап,
Шатпақтап онан, мұнан басын құрап.
Өздігінен кісі өлу оңай емес,
Сондықтан отыр екен зорға шыдап.

Жел сөздің тұнып жатқан кілтін аштым,
Бір түрлі тоқтау айтып, көңілін бастым.
Бұрынғыдан, соңғыдан түк қалдырмай,
Уатып, жұбату ғой менің қастым.

Мен қалып, ауыр тиді, ол өлген соң,
Қоштасып көз алдымда жөнелген соң.
Өшкен өніп, өлгенім тірілгендей,
Болды ғой, жан молдаке, сіз келген соң!

Молдаке-ау, баста бізді даңғыл жолға,
Мен айтайын, қаламды алшы қолға.
Алпыстан асқаныңда болшы жорға,
Шын болса, толғандығы кеудең нұрға.

Жарасын жүрегімнің білдің танып,
Сөз тыңда, қаламыңды қолыңа алып.
Ішкі лепті сыртыма бір шығаршы,
Мен-дағы ұмытайын тіліңді алып.

Кәпір-антқа, мұсылман тілге нансын,
Көңіл кірі айтумен кетсін, барсын!
Бірлі-байлы кісінің ғашықтығы
Артық-кемін, тыңдап жұрт, өлшеуге алсын.

Өзіңізге белгілі бастан-аяқ,
Ата-анадан жетім боп қалған саяқ.
Қалқайған, қарайғаннан дәнеме жоқ,
Құдайдың қалғаны жоқ мұнан аяп.

Мылжыңдамай қысқартып сөз айтайын,
Кешіктірмей сөзімді тез айтайын.
Алаңсыз тату-тәтті өмір сүрдік,.
Бәрі бір: мың айтайын, жүз айтайын!

Қосып ек махаббатпен шын ниетті,
Еттен өтіп, сүйекке дертім жетті!
Алты жыл, жеті ай, он үш күнгі өмір
Алты минут сықылды-болды, кетті!

Кешпеген нені білсін өз басынан,
Қалай кетіп жүргенмін мен қасынан?!
Молдаке, әлің келсе, бізді аяңыз,
Айырылған тату-тәтті жолдасынан.

Сөзіме шын ықыласпен құлақ салсаң,
Ауырлық, үстімдегі жүгімді, алсаң!
Сіз келген соң бір түрлі шаттыққа еніп,
Тірілгендей қуандым, маған нансаң!

Керек қылмай бар-жоғын мың мен санның,
Жалғызына бұрылмай жүрген жанның.
Аза тұтып бармаушы ең өліміне
Талай жерде құлаған арыстанның!

Ырзамын һумайунның өлгеніне,
Құдайдың жаңа тойдым бергеніне.
"Шын ұжмағы екен!"- деп, тынды көңіл,
Сіздей әз, ер ескеріп, келгеніне[1]!

Бірі кем отыз жасында дүние салып,
Жаңа туған жас төлмен қосақталып.
Шәріф айдың әуелгі онында өтіп,
Ақыреттің бәйгесін және де алып.

Арыстан, һумайун, қарашы атын,
Құдай артық жаратқан асыл затын.
Күйгенім бе, молдаке, сүйгенім бе,
Сүйегіне түсірдім он үш қатын?

Һумайун жиырма тоғыз жасында өтті,
Айының, ол рамазан, басында өтті.
Ыстық боп іңкарланып көрген жас төл,
Біp жеті кейін қалып қасында өтті.

Салмақты, сабырлы еді қара жердей,
Сүйкімді, қылықты еді, көпке бірдей.
Қиянат діндарлығы өзгеше еді,
Сөйлесем, қылған ісін, кәміл пірдей.

Қалайша берген тәңірім жас басына?
Бекінген дәретсіз жер бас-басына.
Сарт, ноғай, орыс, қазақ, қожа, молда-
Бажайлап күтуші еді бас-басына!

Қадіріне түгел жетіп кәрі-жастың,
Үлкен аға, кіші іні, замандастың.
Мейманға төбесімен тіке тұрып,
Татқызып ләззатынан әр түрлі астың.

Мәуелі, ағаш болып, көлеңкелі,
Жиын, той, күнде сауық, мерекелі.
Келісімен отау үйі ордадай боп,
Үй болып, кетіп еді, берекелі.

Жалғанда аз күн дәурен сүре алмады,
Аз айтайын: он жыл бір жүре алмады.
Екі құрсақ көтерді аз өмірінде (ғұмырында),
Ешбірінің қызығын көре алмады.

Қызыл гүл, үлпілдеген, үзіліп түсіп,
Бұлбұл құс гүлстаннан кеткен ұшып.
Жүзінде кең жалғанның бір перзентті
Еміреніп, сүйе алмастан, еріні тұшып.

Мыж-тыж боп аз ғана өмір кетті, барды,
Келмейді, қанша айтқанмен, қайғы-зарды[2]
Көк астын, жердің үстін жұрт: "кең!"-дейді,
Көрмедім, ей, бейопа, сенен тарды!

Ауыздан, қанша айтқанмен, дәмі кетпес,
Не керек, жерге кетті дауыс жетпес!
Айттым не, айтпадым не - бәрі бір бас,
Болған соң: ексе-бітпес, қуса-жетпес!

Бәйгігер, болғаның ба шаппас, желмес?!
Басына түспеген жан, айтсаң, білмес.
Құлағың естігенді көз бір көрмек
Осы екен:айтып болмас, қайтып келмес.

Бір нәрсе қолыңызда даяр, бардай,
Мен сөйлеп, тынышыңды алдым, зарлай-зарлай
Молдаке, жұрт көзіне дәнеме емес,
Өзіме ауырлығы болды дардай.

Дүниенің, опасыздық, шолағы ма?!
Ойымның жете алмаған олағы ма?!
"Қатын өлді. қамшының сабы сынды",-
Дейді жұрт, бір кірмейді құлағыма!

Жұмбақты анық шешкен, мінеки, сіз,
Сол үшін сіз құрулы болдыңыз тез.
Бар қылған бақытымызға сіздей жанды,
Құдайға өле-өлгенше ризамыз біз!

Ауырлығы өзіме бел талғандай,
Құтылмаспын,- деуші едім,- бұ жалғанда-ай!"
"Қырық күннен соң арқаңнан түседі",- деп,
Қуанттыңыз-үстімнен жүкті алғандай.

Момыныңның осылай жайы-күйі,
Неге мұны айтпайды мырза, биі?!
Тірі болсақ, алармыз сізді күтіп,
Деп кетпеңіз: "Зейне жан-қонақ үйі".

Мына бір сөз барады ұмыт қалып,
Қуандым ба мен көлден жұмыртқа алып?
Кешіп еді жетімдік басымыздан,
Өз анамыз ертерек өліп қалып.

Бір үй тола қалып ек ұл менен қыз,
Өтірік деп айтпассыз, көз көрген-сіз.
Бүгін келіп көрдіңіз: көптен бері
Отырмыз Ғабдұлғаппар,- міне, екеуміз,

Қайда кетті сол күнгі көрген жастар?
Қалғанымыз өлгенге болмайды астар.
Бұл келген соң, үймелеп бізді тапты
Бірді-екілі туысқан қарындастар.

Аялап әлпештеумен сыйлап күтіп,
Анасынан артық боп тәрбие етіп.
Ішімді өртеп мінезі көкейкесті,
Біреуінен, қылығы, біреуі өтіп.

Қылығының айтайын қайсыбірін,
Әр мінезі: бірінен бірі шырын.
Шер тыңдайтын тыңшыға кез келген соң,
Тарқатайын аз ғана іштің шерін.

Өткен өмір келмейді енді қайтып,
Басым, шатсам, алармын дертті ұлғайтып.
Көзі-жасты, көкірегі-қандыларға,
Жұбатсайшы, молдаке, ем-дем айтып[3].

Қасірет үшін жаратқан, тәңірім, арнап,
Кеудеңізде тұрғандай бәрі сарлап[саралап][4].
Тумаса да, туғаннан артық болған
Қақсап келді-ау Шаһида,- о да зарлап.

Екі бірдей аяулы кеткен жары,
Бұ жалғанда жоқ болып еш бір пары.
Өлсем-дағы кететін құлағымда
"һумайуным!"- деп қақсап шыққан зары.

Өзі кетті, һумайун аты қалды,
Жер қойнына барды да, жатып алды.
Жомарт патша, құдайым, берген өзі,
Деп тұрсыз ба біреуден сатып алды.

Ғабдұлғаппар десеңіз, ол не дейді?
Менен артық қайғырып уайым жейді:
"Саған қатын табылар тірі болсаң,
Маған келін кез болмас мұндай!"- дейді.

Жарық атқан, жалғанда, таң болғаны,
Көргендерге тамаша таң болғаны.
Қалғандардың ауызында сөз боп қалды,
Жан біткенге жағымды жан болғаны.

Жанға қимас жан еді, ажал алды,
Сүп-сүйкімді кезінде құрық салды.
Шілдехана беруге қол көтертпей,
Тана, моншақ саудырап текке қалды[5].

Ерлі-байлы болған жан көп қой елде,
Көрдіңіз әр түрлісін жүрген жерде.
Тоқтатуға, уатып, жұбатуға,
Дейді жұрт: "Қатын-жолда, бала-белде".

Жүзінде бұл жалғанның болған тәтті,
Құдай қосқан, кид құдай(шын еді), махаббатты[6].
Жалғанда жар табылу болар қиын,
Оң жұлдыз ізгі күнде туған сәтті.

Дүние - бір бұлаңдаған қызыл түлкі,
Қалмайды, қаза жетсе, кімнің мүлкі?!
Махаббат баласына кіріптар боп,
Біз-дағы жұрт аузында болдық күлкі.

Басына жаулық салса, бәрі қатын,
Асылдың, таниды ғой, асыл затын.
Молдаке-ау, ауызыңыздан айналайын,
Махаббат, не екенін, білген атын.

Махаббат - сәулесі зор, құдай нұры,
Көрген жан сол сәулені қалмас құры (құр).
Қалған соң күндізгі күн - түндей болып,
Қайғының аса қалың түсті зоры.

Бола алмас мақтағанмен суыр-сусар,
Біреуі-інге, біреуі көлге жусар.
Жалғанда еш қасірет көрмек емес,
Махаббат баласына болған душар.

Көңілдің, ел қалмаған, жайлауында,
Бұлбұлдың мүлтігі жоқ сайрауында.
Жалғанда бары-жоғы,- бәрі бір бас,
Нәпсінің, жүрген жанның, айдауында.

"Тар жер, тайғақ кешуде"-қосылғанда,
Ер қайда көңілді аулар осындайда?!
Даяр ғой ат-арбаңыз сборныймен (із бұруымы)
Кәнеки, көңілдегі кешір қайда?!

Өтпек пе пенде шіркін бір тосылмай?!
Кез болдың қайдан бүгін жыл құсындай?!
Білгенге-жыр, құр бір дым білмегенге[8],
Мінеки, жалған ісі бәрі осындай.

Сенбейді ғашық оты бір жанған соң,
Екі ағаш басын қосып тұтанған соң.
Жанбайды, жалбарынсаң, жалғыз ағаш,
Айырылып қосағынан бір қалған соң.

Айтқан сөзге түсуге (түсінуге) керек дана,
Сөзге түспей (түсінбей) күйдірер көп жұрт және
Неге тұлға болмақшы, ойлашы өзің,
Жұртта бықсып бір жалғыз жатқан шала?!

Құр сыртың сау болғанмен, ішің-түтін,
Жарған ағаш жартысы - болмас бүтін!
Құдай өзі күш беріп оңдамаса,
Ішкенмен ем болмайды аққу өтін.

1919 жылы

ӘМЕН ҚАЗАСЫНА

Қан түсті алпыс үште аяғыма,
Оқ тиіп түзде жүрген саяғыма.
Көп сойлеп ғақыл-естің жоқтығынан,
Кетіппін тағы түсіп баяғыма.

Келмеген қайдан білсін бастарына?!
Әркім өзі ұшырамақ тастарына.
Ағайын мен мұңымды бір аз ғана
Арғынның алаш білген жастарына.

"Бозінген, бозайғырдай"- түстік күйге,
Кете алмай бір кеткеннен, қайтып үйге.
"Атадан алтау болып туғанменен,
Бір жалғыздық бар!"-деген ұшырап күйге.

Толық боп көзге түсіп тұрған төлім,
Жұрт қолына алынған аққан сөлім.
Турашыл, түзушілдік сыбағасы-
Кесімді әуел ақыр нақақ өлім.

Жасымнан бұрылмаған бетім ыққа,
Ұл еді қарсы туған атқан оққа.
Құдайға көп ризамын (ырзамын) қат-қат шүкір,
Толық боп жарап кеткен құрбандыққа!

Құдайдың бір зор сыйы маған берген,
Толық қып бергендігін алаш көрген.
Жаманға ат айтқанмен жоқ сыбаға,
Мал арам: пышақ тимей, бітеу өлген.

Жазған соң жер қазылып, қойылуға,
Жем болған жаман-жәутік тойынуға.
Құдайға шүкір мұндай қылған семіз,
Жараған арық қашан сойылуға?!

Таңбасы ғарасатта қып-қызыл қан:
"Шаһит боп өткеніне-деп-бұған нан!"
Демейді: "Жаман өлім"- тіпті мұны,
Шаһитті кәрбаланы естіген жан.

Түскен жоқ олжа болып шабындыдан,
Жарамсақ, шықпайды өнер жағымдыдан.
Ұлт үшін жаннан кешіп, өлді шаһид,
Өлмей ме жаман да үйде қағындыдан?!

Өзімді, жыным бар ма өзім жойып?!
Отырмын Хақ ісіне мен ден қойып.
Жемісім ақыретлік толық болып,
Есірдім: ішпей мас боп, жемей тойып.

Құдайым бала берген махаббатлы,
Татымды жеміс қылып, бек ләззатты.
Сүйгенін: "Шұнағым!"-деп, у ішкізді,
Аузыма сүп-сүйкімді балдан тәтті.

Тәңір ісі бәрі оп-оңай, емес қиын,
Той болды естілгені - ұлы жиын.
Көтеріп ала алмадым, шамам жетіп,
Иемнің мейірмандық (мыһырбанлық) берген сый

Ешкімнен кем болған жоқ көріністе,
Жаманға өңі түгіл, жоқ қой түсте.
Кінәсыз жас жиының (хыбының) орнын берді,
Түсіріп жұрт көзіне отыз үште.

ӘМЕНДІ ЖОҚТАУ

Ташкентте қаза тапты Әмен өзі,
Көп жұрттың қоя ма тек тіл мен көзі?!
Мән-жайын көзі көрген бастан-аяқ,
Уәлихан Омаровтың айтқан сөзі:

- Ташкентте болдық бастас бір қыс бірге,

Бір бөлек көрнекті боп, түсті түрге.
Жолығып Орынбордан себептей боп,
Қамшы боп сөзім менің есіл ерге!
Үй қара ағаш Ташкенттің қаласына,

Көп жанның кетті сүңгіп арасына.
Бес интернат бар еді, бір институт,
Арналған қырғыз, қазақ баласына.
Мың жарымдай оқыған онда бала,

Сарт, поғайдың школы басқа және (жана).
Сегізі - орыс, мұсылман - жиырмасы,
Мұғалім өткерілген өңшең дана.
Ақсамақ тұлпар-ордан, сұңқар - тордан,

Ер жігіттің ажалы - бейнетқордан.
"Басқарып соның бәрін жөндейсің!"- деп,
Кир.край берген бұйрық Орынбордан.
Дүниеге жігіт еді берік, ұқыпты,

Шалдырмас-ау-деуші едік- жанға тіпті!"
Барған соң секретарь қып қосып еді,
Түбі-Тама: Садуақас Оспановты.
Екеуі жалықпастан тіке тұрды,

Таңырқантып, тамсантып қыр мен сырды.
Он төртінші интернат бос тұр еді,
Өзі барып, тіленіп, соған кірді.
Жалғанға кім бар дейсің жарып тұрған,

Қалжырап әркімдер - ақ арып тұрған.
Интернат Әмен кірген он төртінші,
Төрінің ең алды еді барып тұрған.
Дүниенің болып өткен бұл бір күні,

Ташкенттің қыбырлаған жаны жиі.
Артығырақ екі жүзден бала оқыды,
Сонда еді ас ішетін кәуап үйі.
Жаманға арам онда аяқ басу,

Жақсыға күйі түскен судай тасу.
Орысша-сад, қазақша бау-бақша бар,
Отыз, дисат (десять)- мөлшері онан да асу.
Бауында еккен түгел барлық жеміс,

Жасаған бір мүлтіксіз қылып тегіс.
Жаз күні бұ жалғанның жаннатындай,
Жарастықты бір жалған болған келіс.
Ежелден ерге бейнет ұрғашыдан,

Елжіреп іші ерумен көз жасынан.
Бір кедейдің сатылған қызын аяп,
Жоқ жерде жетті-ау ажал болмашыдан!
Мезгілсіз іңір кезі суға барып,

Дұшпанға андып жүрген ұшырап қалып,
Төрт переселен, ұрысы Қызылбастың
Екі бірдей бүйірінен пышақ салып.
Байқамай құр қол ғой деп араласып,

Қашпаған ә дегенде, топырақ басып.
Жаннан күдер үзген соң тұра қашқан,
Екі қолмен уыстап бүйірін басып.
Алқынып, өкпе аузына тығылады,

Төрт кісіге бір кісі не қылады?!
Жүз саржандай жер еді судың басы,
Келсаға келіп жетіп жығылады.
Іс болды таң-тамаша көргендерге,

Шыға алмай кетті есіл ер биік өрге.
"Кім етті, не болды?!"- деп сұраушыға
"Дұшпандар!'- деген ғана келген тілге.
Тасқа таңба басқандай аққан қаны,

Неден өлдім?!"- дегендей, міне, тамы!
Көр айт, жыр айт, тұру жоқ бас көтеріп,
Сағат он бір болғанда, шыққан жаны,
Начальник милиция хабарланып,

Мұғалімдер білдірген түнде барып.
Персианды ұстап ап жолдасымен
Түн ішінде түрмеге қойған салып.
Өлгені отыз үште, қыршын жасы,

Ташкентте екен тататын сыбағасы.
Алаштың аты атанған жастарының
Қосылды таң атқан соң тегіс басы.
Пәрі де оқымысты, уыз жастар,

Бірге ойнап, бірге жүрген замандастар.
Үш жүзден, жиылған жан, асқан шығар.
Ығай мен сығай өңшең асыл тастар.
Қыз-қырқын, толып кетті қатын-қалаш,

Орыс, қазақ, ноғай - бәрі аралас.
Өлімі көп тіріден артық болып,
Осындай сый-құрметпен көмілді жас.
Гүл - үйсің, ленталармен үсті толған,

Ұсталар өзіне арнап табыт жонған.
Үш рет формасына сурет басып,
Жөнелткен тәрбиелеп сөйтіп қолдан.
Ол-қазақ мектебінің мән-жайы бұл,

Топырақ қорған сыртында тұрады сол.
Гауфман памятнигі тұрған жерден
Саналса да отыз бес минуттік жол.
Қазақ бұрын бармайтын бір де бірі,

Теңеліп жұрт болды ғой бұл күнде ірі.
Бұрынғы жандаралдың қатындары
Шығатын жаз сейілге жайлау жері.
Таусылды сол жайлауда жүріп демі,

Орыннан табылады артық-кемі.
Күз болмай, көгал айда шөп қуартқан,
Күшті дерт ажал соққан, жоқ бір емі.
Басылған Құдіреттен мөр таңдайында,

Болды екен мұнша өнерпаз қандайында?!
Интернат он төртінші мектеп үйдің
Жазылған: Әмен" аты маңдайында.
Қысқа өмір ұзара алмай, жойылғаны,

Жұртқа әшкере ап-айқын сойылғаны.
Ол Қашқар махалласы жаңа мазар,
Бұйырып топырақ сонан қойылғаны.
Қақ маңдай Әмен аты төрде қалды,

Жай жауып, алтын кеуде көрде қалды.
Шымкентке тракт жол бойында
Демеңдер: "Кісі білмес жерде қалды".
Мектептен алыстығы мазар басы,

Екі жарым шақырым бар шамасы.
Музыкант сырнайлатып алып барды,
Ташкенттің жаңғырыққандай тауы-тасы.
Ғазымбек, Хамит, Сапа Уәлиханов,

Үшеуі қылған қайрат жанын салып.
Кашомқыз Спандияров өзі доктор
Қырағы-ер еңбегін білген танып.
Шаһидлар болмайды өлік, тірі өтеді,

Құдай сүйген пенделер: ер-үшеуі.
Калатин, Ғиных Колетов, Ибраһимов
Бірінен күйгендікте бірі өтеді.
Алаштың ат атанған науша жасы,

Жүзіктің көзіндегі асыл тасы.
Түбі - Тама: Оспанов Садуақас ер,
Сүйініп көзге түскен жан жолдасы.
Мұндай ұл туа бермес бұл алаштан,

Алашқа абыроймен атын шашқан.
Ташкенттен Уәли жазып алып келді:
Қандай боп өткендігін сурет басқан.

КҮЛІКТІҢ АТҚАМІНЕРЛЕРІНЕ

Бұл Күлік ежелден ел - ақ едің,
Айтуға ауыз толарлық бел - ақ едің!
Атаның атыменен аруақты боп,
Емгендей екі енені тел-ақ едің!

Тілеуімбет, Наурыз боп, Ақыл, Сексен,
Ұстасқанды қылушы ең жермен-жексен!
Бұрынғы өтіп кеткен аруақты ерлер
Бүгін енді шығар ма, қолдан ексең?!

Жалпағынан басып ең жалғаныңды,
Қылып өттің ойыңа алғаныңды.
Жақсы өліп, жаман біткен қала берді,
Біле алмай тұрмын тірі қалғаныңды!

Құдайқұл, Қарасордың Соры қалды,
Ақ ниет, алал кетіп, ұры қалды.
[П]артия, қулық-сұмдық сабасының
Әр жерде мол ашыған қоры қалды.

Ел болып, ойында жоқ, бір қыр асу,
Бас қосылса, гулесіп, бұрқырасу.
Ісінен бұл күнгеше үзілген жоқ
Баяғы сөз ұрласып, сыбырласу.

Әкімбек шын ер еді дуа тиген,
Көз жасын жалғыздықта Құдай иген.
Дуаның ерге тиген арқасымен,
Қабылбек бесті-алтылы күшік сүйген.

Кісі жоқ түк бітірген онан басқа,
Келгенмен жасап өмір, мұнша жасқа.
Солар басып жастарға тоқтау айтса,
Немене елтек-селтек тоқтамасқа?!

Онан соң бір ақсақал- Қарақылыш,
Ал жақсы үйде отырып дамыл, тыныс.
Жан жоқтан: тура тартар, түзу айтар-
Қашып тұр әр орыннан бақ пен ырыс.

Белгілі және бар ғой талмас Қара,
Сөз сөйлеп көрген емес алмай пара.
Кәрілер үйде неге тыныш жатпайды,
Болған соң атқамінер, сөйлер бала?!

Жасында ат атанған: "Ұры,жынды",
Елімде ақсақал бар солар сынды.
Күнелткен өтірікпен жанын жалдап,
Түзулік табады енді қайдан шынды?!

Қу ауыз, ұзын мойын, сүйір тілді,
Жұрт оны әжептәуір білгіш білді.
Жасынан аруақ сатып, әдет алған,
Ол қалайша: "Түзелсін!- дер сол елді!"

Жақсы өліп, дәл бүгінде жаман қапты,
Тәңір ісі, таң қалғандай, қалай бапты?!
Көп бейіттің түбінде, ел ішінде
Жұрт үмітті байталға айғыр шапты.

Қанша құнды болмақшы талыс баспақ?!
Етікшіден басқа онан алыс қашпақ.
"Ұйытқы, қаймақ болар!"- деп, ойламаймын,
Болса болар аштықта өңез қаспақ!

Шын басшысы оңған ел кер кете ме,
Құлан кәде ас болмас, [кер бетеге] ?!
Қырық қойдың сақасы бар болғанмен,
Ат үстінен [ұрғанмен дәл] жете ме?!

[Суан]мен Қуанның кім дейін бір бетіне,
Шыға жайлап, шет қонған ел шетіне.
Ортасына халқының барған жылы
Ертең не деп қарамақ ел бетіне?!

"Адамы бар — деседі- әрбір таптың",
Деме мұны: "Ойланып, қайдан таптың?!
Жұрт білмейтін айтайын қайсы бірін,
Тулақ, сабау, тарсылдақ шанаш қаптың?!"

Бір күнде кеткен асып мал шарадан,
Құт қашты етек сілкіп әр арадан.
Заманың ұйқы - тұйқы солай болмақ,
Дуагөйің болған соң таз-қарадан!

Намыстансаң, түзу бол, қыл елдікті,
Салыстырма, бұрынғы қой, белдікті.
Атқұйрығын шолақ қып жұлатұғын,
Тастаңдар қара бүрген шеңгелдікті.

Қандыкөз, жалмауызға қара жүрек,
Берілген соларға шын қабыл тілек.
Қолдан соғып түзетер ұста кетті,
Айттың не, айтпадың ненеме керек?!

Жоқтықтан адам дерлік түзу кісі,
Оңға титтей баспай тұр адал ісі.
Жыландай құр сыртымен жылтырайды,
Уменен кісі өлтірер толған іші!

Долданып сыймай кеттім мен шарама,
Демеңдер: "Сөйлемесе, іш жара ма?!"
Ілініп жұрт аузына бір бала жүр,
Тартайын жалғыз оны қай жарама?!

Келгенде: "Көремін,- деп- жұрт пен елін",
Ортаңа жаңа түскен болды келін.
"Жүрсін,- деп- жүзі жарқын, тілеулес боп",
Алдыңдар айтқан үгіт, қайсың тілін?!

Келді ғой жарқыраған таңдай атып,
"Бұзыл-жарыл!"-демейді, шетте жатып.
"Мынау біліп айтады, жаны ашып!"-деп,
Сүттей ұйып, қатқандай қалдың қатып.

Өнерімен әр жұрттан сый алып жүр,
Тезек теріп, қашан ол қи алып жүр?!
"Қандай жерден шыққан зат?!"- деушілерден
"Елім-Күлік!" - деуден сол ұялып жүр.

Естимін: "Жас бар-деп-бірге туған",
Іні қайда ағаның жолын қутан?!
Ақын Тоғжан Сақауды жеңе алды ма
Шырайымды дегенмен- өлең жуған!"

Таң қалғандай болмас па баста пішін,
Жалғаны жоқ сөзімнің, бәрі де шын.
Қолмен жасап біреуді бас етеді,
Іс не керек- қылған соң көттің ісін?!

Мен емес- әрі жаншы, әрі даушы,
Сүт бермеген: өгіз бен теке саушы!
Сөйлеп жатқан бұл сөзді көлденеңнен,
Кілт тоқтап, көп сынаған бір жолаушы.

1922жыл , 1- февраль.

БҰХАРА САПАРЫ

Бухара- таң қаламын барғаныма,
Өкіндім оқи алмай қалғаныма!
Дүниеден құр алақан мен барамын,
Жете алмай бұ жалғанда арманыма!

Барған соң жатсам не етті сонан шықпай,
Мен жүрмін әуре болып ғылым жұқпай!
Ғылымның апатына кез болдым ба,
Жастықпен[жаслықпен] жақсылардың сөзін ұқпай!

Бардырған әулиелер қоймай тартып,
Жасымда серт қылып ем, нәзір айтып.
Арқаны көрмей, білмей кетіп едім,
Несіне құр алақан келдім қайтып?!

Ойға алған жақсыларға ұшырасам кез,
Сөйлессем шер тарқатып, сол жүзбе-жүз!
Басынан кешкен білер, көрген білер,
Қанша айтсаң көрмегенге, нанбастай сөз!

Замандас қайда кетті жаста көрген,
Тигізген ақтан оғын болдық мерген!
Аяғым, айтшы сенде арман бар ма
Көшесін Бұхараның таптап жүрген?!

Алланың ақ жаратқан панасында,
Қазақтың туып, өсіп даласында.
Самарқанд, Бұхар, Ташкент- кездік бәрін,
Жиырма мен отыздың арасында.

Бүгін де келіп қалдық алпыс беске,
Сәске түс, бесін кетіп, қалдық кешке!
Қолыма қағаз бенен қалам алдым,
Кеткен күн, өткен өмір түсіп еске!

Бұйрықты түз несібе адамды айдар,
Барады күн-күн өтіп, жыл мен айлар.
Табылар барсаң қайда іздегенмен,
Фиіз абад, фітіх абадтай шәриф жайлар?!

Жастықта сіз де, біз де көрдік, әне (әні),
Дариға, сондай жайлар енді, кәне (кәні) ?!
Сасре саледе наурыздама той-тамаша,
Ғажап жай Бұхараның рикстаны.

Кәпір мен мұсылманның шекарасы,
Әдеплік (адаплік) барша пақыр бұқарасы.
Көрінер көз ұшынан сағымданып,
Әрік пен Масхыд каллан мұнарасы.

Дүние-ақырет қызығы Бұхарада,
Ондай жай саған қайда бұл арада?!
Бір өзінде он бес жан азан айтқан,
Жұма (жымға) күн әлгі айтқан мұнарада.

Әкірді (кішірі) Бұхараның - аһыл сәлік,
Күндізгі күннен жарық-шабтарик.
Хан алдына екі ғид, жұмада имам,
Мерекенде хазіреті Мианмәлік.

Күмбезі Мерғарабтың тұрған қатар,
Періште сипатлы жан сонда жатар!
Көкалдаш- айналасы толған базар,
Адамы көптігінен, басың қатар.

Көкалдашта ахон тұр Хитнархан,
Жеке қара медресе ол - Тұрсынжан.
Көзіңді, қарағанда, талдырады, !
Зейнетлі қош медресе-Ғабдоллахан.

Тамаша көрген жанды таң қалдырған,
Таңданып қарағанда, көз талдырған.
Шаршы базар шахардың ортасынан
Атақты Ғабдолла хан там салдырған.

Басыңды ойлай берсең, қатырады,
Түн ұйқысын көрмей таң атырады.
"Тым" деген бір мағазин, толық дүкен
Шаһи дүриа патшайы сатылады.

Көзіңдей арманда етіп пұлдың жоғы,
Ешбірін жоқтатпайды көңіл тоғы.
Өзінде шиле(шел) болып тұрып қалған
Қу жарғақ Төлебайдың атқан оғы.

Ұшырайды көп пәлеге дүние жиған,
Болады мұнан халас нәпсі тыйған.
Басында дүйсенбі күн ат базары,
Аузында дарбазаның (даруазаның)-хазірет Имам.

Медресе- мүфти, қазы, бәрі молда,
Ақ күміс ұстағаны алтын ділда.
Сенбі күн таңертеңгі зиаратқа,
Шайхы молда шат мұратхан жиып Алла.

Тамаша, таңғажайып әрбір жері,
Тарқайды барсаң сонда іштің шері!
Жойбарлық махалласы өңшең қожа,
Ғажап жай-Бұхараның үштен бірі!

Бұхара, қылсам сейіл базарына,
Ерлердің болсам душар назарына.
Басында қолым жайып тұрсам барып,
Хазірет имам Қазыхан мазарына!

Түбінде шынар ағаш екі соқыр,
Тапжылмай, қозғалмастан Дауам отыр.
Менде арман қалмас еді барып соған,
Сүйкенсем сиыр болып болған қотыр.

Басына, құшақтасам барып туын,
Әулие қатар жатқан буын-буын.
Гүл сурех Баһауалдин сейілінде,
Қант салған ішсем дүние хауыз суын!

Бәрі әулие, басында тұрған туы,
Қалмастан барар сонда жасы-қуы.
Ол күнде алаңдатып, әуре қылды,
Ғақылдың көзін шалып нәпсі буы.

Арман жоқ көрсем барып тамашасын,
Басында әр мазардың оқып иасин!
Насихат, мадақлардың сөзін естіп,
Ағызсам екі көздің қанды жасын!

Несіп боп, Бұхараның нанын татсам,
Бүк түсіп, бір хұжырада жалғыз жатсам.
Бұхара - қатқан нанын қорек (хорик) қылып,
Армансыз болар едім аштан қатсам!

Қадамжай-мешіт Махаке- жердің асты,
Ондай жай бұл жаһанда табылмас-ты!
Өң түгіл, түске кірмес мекен жайды,
Барған соң Тәңірім айдап, аяқ басты.

Білдік пе оның қадірін біз ол шақта,
Жүгіріп жүрді көңіл әрбір жаққа!
Айрылмай тіс, тырнақпен жабысар ек,
Кәнеки, бір көрінсе, осы уақта!

Серік болды Ғаділхан деген төре,
Барушы ек атасына сәлем бере.
Үстіне Мерғарабтың шығушы едік,
Жорабай қасапшының қызын көре.

Түн болса, көше-бойы жаққан фонар,
Бихисап толып жатыр тамашалар.
Шахарда ат ұрғаны ғарышқа жетіп,
Жер жарып һу зікірімен диуаналар.

Оянып шошығандай тамам будан,
Жүгіріп жан қалмастан жас пен қудан.
Өтеді он екіде қарилыққа
Балалар құлын жастан сонда туған.

Оқыған Калам шариф қандай оны,
Сықылды түннің бәрі- қадір түні!
Бар ғұмырыңа татиды қызықтығы
Маер-мазан шарифтің отыз күні.

Нануайлар айғай салып, деп: "Ыстық
Табылып бір көшеден мың түрлі жан.
Оқиды қош әуезбен кетіп һошы,
Жұма күн мешітлерде — "мышной-хуан".

Барған соң мен несіне келдім қайтып,
Сол жайда қалсам не етті топырақ тартып
Жүз алтыда Сейітжан мүфти отыр,
Іркілместен саулатып дәріс айтып.

Тұрған жан сондай жайда болмайды тек,
"Бәрі әулие!"- деп сөйле, келтірмей шек.
Көз алдымда елестеп көрінеді
Қос медресе: Зіргіран, мырза Ұлықбек.

Қарайды көрген жандар мойнын соза,
Мас болып, ішкен жандай арақ-боза.
Медресе- "Мырза Ұлықбек" медресесі,
Әулие шарапатлы Хамза қожа.

Алдынан шарт жүгініп алдық сабақ,
Ашылды сонан соң-ақ біздің қабақ.
Төрт ауыз жүрерде айтқан насихаты-
Бізге азық, өмір бойы болды тамақ.

Адам жоқ ешбір осал онда тіпті,
"Ішпей мас, жемей тоқ"- боп, болдық күпті.
Дәріс айтқан пай астана шариф жайда,
Атақты Сыражадаин ноғай мүфти (мүфті).

Алдына шарт жүгініп отырдық біз,
Сондықтан ерте шөкті, мінеки, тіз (тізе).
Көп шыққан хатымгерде өз алдынан
Шәкірті мыңнан аса бірнеше жүз.

Адамы Бұхараның- меруерт, маржан,
Жаманға қат, жақсыға бәрі де арзан.
Аталған"Құдай дат"- деп, Бұхарада
Кіші жүз: Тама, Табын- молда Қалжан.

Уа, дүние, жүріп сонда басқан іздер (ізлер),
Әр жайда қала берген жазған (иазған) сөздер.
Жалғанда арманым бар!"- дейді ме екен-
Қазы Ғабыд, Шүкірді көрген көздер?!

Алашқа әңгімесін Мәшһүр шашты,
Жері жоқ болған, сірә, аяқ асты!
Жалғыз тоннан жоқ басқа лыпа үстінде,
Отырған леп, род да жалаңаш-ты.

Тауық, кекілік, бөдене, мысық, күшік-
Алдындағы тамағын ортақ ішіп.
Тоқтылық тонауы жоқ көрер көзге,
Бір жалғанды қолымен өлшеп, пішіп.

Қызметінде жүгірдік құстай ұшып,
Бата берген аяумен мейірі түсіп.
Ерден назар, ұлпат тапқандықтан,
Алты алашқа атандық -"Мәшһүр-Жүсіп".

Құс салған, аң аулаған, мылтық атқан,
Хақ иадын айтқан құлдар (қыллар) түнде қатқан.
Басында әр төбенің мола болып,
Бәрі де біздей жан ғой солар жатқан!

Ащы менен тұщыны білер татқан,
Күнәға ғапыл пенде күнде батқан.
Бір тынышы жалғыз жанның бұ дүниеде
Дәріс оқып бір хұжырада жалғыз жатқан.

Ермегің еріктірмес кітап қолда,
Сол шығып маталғаның (мұталғаның) болсаң
Молданың сабақ алған бірі болып,
Дүниеден өтіп кетсең, жатып сонда!

Семейлік Фидахметті көзім көрді,
Бастас боп молда Ғали бірге жүрді.
Тоқбет қажы баласы Жағыпар сабаз
Мерғарабта көп тұрып, сол жайда өлді.

Тарқайтын жолыққанда іштің шері,
Қалмапты замандастың бірде бірі.
Түбі-Уақ, хатымгерде Ғабдолуахид
Бұл күнде жалғыз-ақ сол- қалған тірі.

Дүниенің ойға алмастан көбін, азын,
Құдайдың кім тауысар қысы-жазын?!
Оқысам мен әуел Бабайпәре түзде,
Сенбі күн өлерте таң намазын!

Бір тас жер Бұхарадан- мазар Шәріф,
Тарқаттық бір құмарды үш-төрт барып!
Меркалел қожа, қағба Лабар менен,-
Баршасын көріп қайттық шырқ айналып!

Өлуге, өлмесек те жүрдік таяу,
Ол күнде ойда бар ма бір жанды аяу?!
Қожа Жаһан әулие Ғыхдуанда
Жаз шыққан соң жағалап бардық жаяу.

Бір күні сондай күннің мыңға татыр,
Жастықтың арқасында болдық батыр.
"Шәкірттің перуайы (первыйы)"- деп аталған
Шайхы Ысқақ калабади- о да жатыр.

Онда көп: ноғай, қазақ, сарт.пен сауан,
Қайтқан жоқ бұ жалғаннан біздің тауан!
Қадамжай Ғалыхида бір зиарат,
Шайхы Жалал, Мағзұм мен ахон Хауан.

Көргенді ғақыл-естен таңдырыпты,
Төрт күмбезлі медресе қалдырыпты.
Түрікпен: Ниязғалы, өзі-халфе,
Шаһардың ортасынан салдырыпты.

Түгендеп тауысамыз қай базарды,
Біле алмай, сасып қалдым не жазарды!
Кепхоза Диуанбегі қасындағы
Айтайын медресе Ерназарды.

Ол жайды барып көрген болмайды қор,
Бұрқырап жерден кокке атылған нұр.
Бір өзінде тап отыз медресе бар,
Медресе "Жағыфар қожа",- тағы атағы зор.

"Хиябан көсғынд мыһтыр ғынбыр"- дейді,
"Беделбек, Диуанбегі әм бар!"- дейді.
"Қорхана, ханақаның есебі жоқ,
Әрбірінде мың, миллион жан бар!"- дейді.

Байлық пен біз бармадық дәулет артып,
Оқыдық құр қол жүріп, мехнат тартып.
Басқа жайдың сопысы, молдасынан
Бұхараның иті мен есегі артық.

Тартқан жан әулиелер — сонда барар,
Шын әулие қайта алмай, жатып қалар.
Көрмегенге сөзім жоқ, өкпе де жоқ,
Көрген жан: "Рас айтады, шын!"- деп, нанар.

Өткен күн, жүрген жерлер ойға түсіп,
"Барам-деп- тағы айналып",-көңіл көшіп.
Елтімес(естімес) дұғаңыздан қылған үміт:
Құрық-қол, бибзағит Мәшһүр-Жүсіп.

Бірлерден зат едіңіз тиген назар,
Алдың шақар болғанда, артың-базар.
Қасиет кәріпліктен пайыз тауып,
Табиб болдың, дауасыз дертті жазар.

Арқаға қайта шықтық аяқ тайып,
Көлден шөлге ұшқандай қанат жайып.
"Бұхарай-Шәріфтің нанын тат!"-деп,
Уыз батаң берсейші бір қол жайып.

БІР РЕДАКТОРГЕ

Бұзып-жарып кешу қылдым талай өрді,
Бір сен емес, "Алты алаш"- түгел көрді.
Сол қалыппен жүрсем жан танымады,
Сонан соң жорта жаздым бұзып түрді.

Қойдан басқа кім кетпек адал боймен,
Бізді заман жау қылды айтпен,тоймен.
Жүрекке соғып жүрек, тілдесе алмай,
Сонан соң тіл қатынасты арам оймен.

Мен кіші де, сен үлкен-тақсырым-ай,
Бекіре балық қайтпайды тасқа ұрынбай!
Әдетің алаңдаған қайда қалды,
Құдайқұл-Қарасордың қасқырындай.

Өлеңім толып жатыр кенде-кенде,
Кім иманын күтеді осы күнде?!
Қазан бір қайнайтұғын болғандықтан,
Сол қазанға түспекпіз мен де, сен де.

"Төрт жас үлкен ақсақал"-деп, ойыңа алып,
Сәлем берсең, не етеді, білсең танып?!
Құбыжық болып, дегенім, көрінейін,
Тонымды айналдыра кие салып.

Бет бұрып қарамадың қайда барсаң,
Сау жүрген жан кем де кем.болма сарсаң!
Қалай саған бұрылып қарамайды,
Шиқанының тап өзін жұлып алсаң?!

Әр қызықтан құр қалдым, мен: "Қой-қой-лап!"
Айтын айттап, қазақтың тойын тойлап,
Домаланған қу бастай жалғыз қаппын,
Көтеремін көңілді кіммен ойнап?!

1925ж.

МӘШҺҮРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЕРТЕГІ ҚЫЛЫП СӨЙЛЕГЕНІ

Шықпайды ертегісіз жел оңына
Түсейін жарық алып мен соңына.
Ертесі ерте, ешкісі бөрте күнде
Бір сұңқар түскен екен хан қолына.

Хан оның балақ бауын алтындатты,
Күнге жарқ-жұрқ еткізіп жалтылдатты.
Алғанына қызығып, салғанына
Талай атты сабылтып, салпылдатты.

Бұл сұңқар бір құс болды құста бақты (бақытты),
Хан оған саф алтыннан қоңырау тақты.
Қант бүркіп ерте-кеш те жегізген соң,
Мейлінше алғыр болып ұшып бақты.

Әддінен асты дейді, тасты дейді,
Алып жүру қиын ғой басты дейді.
Аса сыйлап күткенді көтере алмай,
Желігіп хан қолынан қашты дейді.

Әуелеп алғыр сұңқар аспанға ұшты,
Туған жер болып оған көкейкесті.
Аспанға шыққан құсқа жер алыс па,
Ұшқан ұя, мекеніне келіп түсті.

Көзіне ыстық көрініп тауы, тасы,
Қуанғаннан домалап көздің жасы.
Балақ бауды: "Жем ғой,-деп,-салақтаған",
Алып жеуге жиылды ұяласы.

Жем емесін білген соң күдер үзді:
"Құдай сендей қылмасын,-дейді,-бізді!"
Сылдыраған қоңыраудан үрейі ұшып,
Жиреніп, тітіркеніп бәрі безді.

- Міне, жоқ салпылдаған бізде аяқ-бау,

Немене шылдыр-шылдыр сұмдық қоңырау
Кет қоңырауды байлаған жеріңе!-деп,
Бірі ұрсып, бірі түртіп, көбейтті дау.
Бұл байғұс туған жерден кете алмапты,

Елдесіп туысқанмен біте алмапты.
Балақ бау аяғына байлау болып,
Еркімен жем алып жеп, түте алмапты.
Сазайы - хан қолынан қашып кетіп,

Балақ бау пәле болып, түпке жетіп,
Ортасында ұялас көрген күні:
Иттен қор қып өлтірді жұлып түтіп.
Біледі өз басынан кешкен кісі,

Талай уын жалғанның ішкен кісі.
Жалғыз шала болумен бықсып қалып,
От боп заулап жана алмай өшкен кісі.
Қуғаным бала жастан - ғылым жолы, І

Емес пе ғылым жолы - ханның қолы?!
Жазасы хан қолынан қашқандықтың
Ит қорлықпен күнелттің оны-мұны.
Әуре боп алас ұрдық, тыныш жата алмай,

Жалғаннан ауыз тұшып нәр тата алмай!
Өзін-өзі ұрлайтын қарақшымен
Бастас боп, өмір бойы түн қата алмай!
Сылдырлап тұрғаннан соң қоңырау жыры(зері),

Өлсе маған жолар ма ұятты ұры?!
Балақ баудан қорғалып бір ұша алмай,
Қызығынан жалғанның қалдым құры(құр)!
Жалғыз бүртік қалған жоқ көңілім өсер,

Көгерте алмас жауғанмен қанша нөсер.
Тапқан пайдам өмірден, алған олжам,
Аймағыма атандым: "Ақымақ, есер!"
1926ж.

МӘШҺҮРДІҢ АҚЫНДЫҒЫМЕН ҚОШТАСҚАНЫ

Таусылып сабырым менің түгел бітті,
Аң біткен: адал, арам - бәрі кетті.
Орнына арыстанның қалып қасқыр,
Аңға ертті тазы орнына төбет итті.

Орнынан көтеріліп ақылым ұшты,
Қайғы ғам болғандықтан аса күшті.
Қарғалар көгершіннің зікірін салып,
Құдайым дәуірлетті арам құсты.

Көрдің бе көзімізде жас болғанын,
Ерімес жұрттың көңілі тас болғанын?!
Көріп тұр көзі жіті қырағылар
Бас-аяқ, аяқ барып бас болғанын!

Қуат жоқ, қылар бұған, күшіміз де,
Ынсап жоқ қылып жүрген ісімізде.
Тізеден басқа - басты қояр жер жоқ,
Қасірет пен бармағымыз тісімізде.

Жасымнан өлең еді баққан қойым,
Жақсылар бас қосқан жер - айт пен тойым.
Гүл жүзлі, шырын сезді ерлер кетіп,
Тұрарға жер таппады ақыл-ойым.

Құс біткен қонағына кетті қайтып,
Осындай қыс боларын бізлерге айтып.
Таусылып қызыл гүлдер (гүллер), қалды тікеп,
Сайрайды гүлстансыз бұлбұл қайтіп?!

Бар еді жақсылармен жақындығым,
Жаманмен ежелден жоқ мақұлдығым.
Кеткен соң ақыл, сабыр қалай тұрсын,
Жөнелді бірге қаша ақындығым!

Үйде-мүлік, өлең болған, түзде-малым,
Баршаға мағлұм болған менің халім.
Кеткен соң ақындығым, тұра алмадым,
Құр сүлде - денем қалып, жоқ боп жаным!

Тіл қаттым ақындыққа мен сөз бастап:

- Шыныңмен кеткенің бе мені тастап?!

Ескі дос, көптен қимас жолдас едік,
Қалады о да, қайтсін, көзін жастап:
Замана жылдан-жылға болды өзге,
Бap жан жоқ құлақ қояр жақсы сөзге.

Сүйсініп сұхбаттасар жан қалмады,
Менің бар не керегім,- дейді,- сізге?!
Соқырлар қайдан білсін көз қадірін,
Танитын жан қайда бар сөз қадірін?!

Танысын: қарға, бұлбұл - қайсысы оңды,
Жамандар - білмей жүрген өз қадірін!

- Сақтамас, қадіріме ешкім, жетіп!- дейді,

Таусылды бастас кісім бітіп!-дейді.
Тікенге қонақтауға арланғаннан,
Барамын мен бұл жерден кетіп!-дейді.
Ғаламға жарқырадым шыққан күндей,

Бетімде болмай кіршік жалғыз меңдей.
Басқа жан жарқанаттан болмаған соң,
Қараңғы айсыз бұлт, болдым түндей!
Наданмен өмір бойы жүрдім дауда,

Соғыста, жүрген жандай, қалың жауда!
Біледі астың дәмін ауыз байғұс,
Жүргенде, өз басы аман, дені сауда!
Бәрі ауру, жүрген жанның, басы қатып,

Арбалап бейнет жиып, тыныштық сатып.
Көбінің бұрылуға мұршасы жоқ,
Білмейді бал екенін-дәмін татып!
Коп адам сенделіп жүр бостан-босқа,

Ала алмай жақсы сөзден үлгі-нұсқа!
Ақшасын, шығаруға, қимай көзі,
Кісідей кемтар болған, қолы қысқа.
Бай-қимай, жоқ-таба алмай, бос жүр бәрі,

Өлімге бәрі бірдей: жас пен кәрі.
Кеш болса, бір-біріне айтысады:

- Жұмысың, жүрмісің,- деп,- бітпей әлі?

Тарқасады күнде:

- Ертең аламыз!-деп, -алмасақ, құр алақан қаламыз!-деп.

Ертеңі жоқ бір күнге душар болса,
Ойламайды: "Қалай құр қаламыз?!"- деп.
Бізді Құдай бар қылып, қойды жоқтан,
Құтылмаймыз- тура атқан қалақ оқтан!

Жамандыққа келгенде, білгіш-ақпыз,
Құлақ саңырау, көз соқыр - жақсылықтан.
Денемізге жан берді жарық нұрдан,
Нәпсімізді жаратты күшті, зордан.

Қызыл көрсек, шабамыз айлық жерден,
Тіпті пәруай қылмаймыз жайған тордан.
Нәпсі залым болар ма мұндай күшті,
Ерікке қоймай, бізді отқа алып ұшты!

Жайған торға шабамыз бір жем үшін,
Көрсек те торға түсіп жатқан құсты!
Бозбала, бір көрерсің өлім бетін,
Тіл алсаң, өлім бетін, көрмей күтін!

Өлімнен күні бүрын күтінбесең,
Бұрқылдап әр тесіктен шығар түтін!

АҒАЙЫН

Аманыңда елжіреп, мақтайтын да ағайын,
Алыстамай, айналып, жақтайтын да ағайын.
Ауырыңды жеңіл ғып, жоқтайтын да ағайын,
Еркелетіп бетіңнен, қақпайтын да ағайын.

Жаман атақ бойыңа тақпайтын да ағайын,
Тарыққанда [1] рақым ғып, сақтайтын да ағайын.
Сабыры қалмай сағынып, жүретін де ағайын,
Есіне алып, елжірей білетін де ағайын.

Мақтағанда мамыққа бөлейтін де ағайын,
Алаңсыз сұрап алыстан жөнейтін де ағайын.
Сылдыр сөзбен сыбырлап, ерітетін де ағайын,
Ұйықтап жатқан жыланды түртетін де ағайын.

Айтқаныңа қалтқысыз сенетін де ағайын,
Аяқ тайса, алдымен көретін де ағайын.
Маңлайдағы күніңді жоқтайтын да ағайын,
Басыңдағы бағыңа тоқтайтын да ағайын.

Жаяу жүріп аттыға ұқсайтын да ағайын,
Адал айтқан ақылды ұқпайтын да ағайын.
Адасқанда аттарын беретін де ағайын,
Кем-кетікті көл қылып теретін де ағайын[2].

Туысқансып түрлі істі білетін де ағайын[3],
Қылға тізіп қимылды, күлетін де ағайын.
Жолы болып жортқанда, еретін де ағайын,
Еріксіз ұстап қолыңнан, беретін де ағайын.

Жан қысылса, жатырқап, үркетін де ағайын,
Көлгірсініп көз жасын сүртетін де ағайын.
Толып жатыр түрлі сөз, қайсы бірін жазайын [4] ?!
Әуел баста аңдамай ,тартып жүрме сазайын!

Түсінсе түйткіл сөзімді, улы тілмен шағайми,
Өскен ордам жамандап, жақсыны қайдан тиіп
Өкпелерге орын жоқ, қараңғы еді маңайым,
Өлмеген құл көреді-ау өзгерістің талайын|.'і|!

МҰҢ

Түсіпті кәріплікке (ғырыблікке) бұл басымыз
Тыйылмай ертеңді-кеш көз жасымыз.
Жалғызлық басқа түскен уақтысында
Көлеңке болып бізге жолдасымыз.

Еңбегім, кетемісің текке зая,
Жараттың қандай күнде, бар құдая?!
Паналап барар жерің болмаған соң,
Жапалақ басымызға болған сая.

Біз түстік кәріплікке жасымыздан,
Кетпеген бүрге, шыбын қасымыздан.
Болмаса құйынменен ұшқан тозаң,
Айналып, кім толғанар басымыздан?!

Кір киім, болдық ашна кіршікті асқа,
Жай болып: көзің-ғамға, көзің жасқа!
Бізлерге кәріплікте жетсе қаза,
Кім жылар жаға жыртып таңнан басқа?!

Көз жасың,- бар тапқаның, қолда барың,
Қалмаған бойда титтей ұят-арың.
Жеріңде қандайыңды көрген жан жоқ,
Шағасың кімге барып мұң мен зарың?!

Көңіліміз үшбу күнде жерден төмен,
Қараңғы, қайғы басып,болған түннен.
Құдайдың әр не болса, салғаны дүр,
Жүреміз енді мұны, айтшы, кімнен?!

ЖАЛҒАН ТУРАЛЫ

Жігіттен мал кеткен соң, құда кетер
Ауыз, тамыр, - баршасы, жүдә, кетер.
Жігіттен бақыт, дәулет сырт айналса,
Жеріне егін еккен - тікен бітер.

Бес жүз қой, бір жүз жылқы біте қалса,
Алдыңнан кеткен тамыр бұлаң етер.
Болса да көзі соқыр, аузы қисық,
Аш адам оның сөзін демес бекер.

Қотанда - қой, өрісте жылқың болса,
Досың түгіл дұшпаның, еркелеткен.
Қолында ер жігіттің мал көп болса,
Ойына алған жеріне құстай жеткен!

Болсаң да, малсыз болып, қанша өнерпаз,
Бейнетің қанша қылған босқа кеткен.
Бейнеттен қашқанменен құтылмайсың,
Соңыңнан, қайда барсаң, қуып жеткен.

Мал-басқа, қына қызыл тасқа бітер,
Жаманға қасақана қасқа бітер.
Біткен мал бір жаманға болып залал,
Жем болып ит пен құсқа о да кетер.

Дүние фәни жалған- қолдың кірі,
Жүрсең де қанша жумай, қолдан кетер.
Көрмеген дүние жүзін жарғанаттай,
Дәнеме жақсылықтан көрмей өтер.

Дүниенің ыстықтығы сондай тәтті,
Көзді-соқыр, құлағын саңырау етер.
Жақсыға айтқан сөзің- алуан шекер,
Жаманға ащы тиер удан бетер.

Шатлық та, қапалық та мәңгі қалмас,
Басыңнан ол һәм өтер, бұл һәм кетер.
Қараңғы, жатпас бұрын, тар қабірге
Оянып, бұл жалғаннан, басың көтер!

Өлімнің, өлмей бұрын, қамын ойла,
Абайсыз жүргеніңде ажал жетер!
Көргенің жалғандағы еш нәрсе емес,
Тыйышың, бір күн өлсең, сонда кетер.

Жігіттер, байлар қанша бай болғанмен,
Деймісің: "Малын көрге ала кетер!"

ТІРШІЛІК ҚАМЫ

Келмейді, іздегенмен, кешкен бастан,
Қасірет көп, айрылған соң құлын жастан.
Өкініш өткен іске пайда бермес,
Айрылып бір қалған соң қарындастан.

Тауып ал дер күнінде ғылым-білім,
Есер боп, жігітліктен болма мастан.
Еш нәрсе табарың жоқ мұнан былай,
Болған соң үміт-ойың қиғаш қастан.

Бір түссең ғашықлықтың дағуасына,
Қаларсың үйықтар ұйқы, ішер астан.
Бұл күннен күн бұрыннан жұм көзіңді,
Пайда жоқ, қарағанмен, сүмбіл шаштан!

Өнерге ғылым-білім кірген жақсы,
Өткізбе жігіт жасты байқамастан.
Білімге ие болсаң, шын [шен] табарсың,
Нала қып, жұмыртқаны шайқамастан!

Жұмыс қыл, талап, қайрат быхан һабын
Ол рас боп, кейінгіге болсын дастан.
Құдайым зауал берсе дұшпандарға,
Қылар жоқ, болғанменен сізге қастан.

Күткен соң іс ақырын бір Құдайдан,
Алдыңа өзі келер, байламастан.
Ғаділдік, туралықта тұрғаннан соң,
Көңесте би боларсың, сайламастан.

Жүрмейді, ақша бермей, маңайыңнан,
Парақор жеген болсаң шайнамастан.
Көпшіл боп көзді салсаң ілгергіге
Болмаңыз сұғанақтық байқамастан.

Нәрсеге, көз салсаңыз, пайдасы бар,
Ақырын, қылма жұмыс, ойламастан.
Жамандық қадап алар тіл найзасын,
Әсерден, қашқан жақсы, ойнамастан!

Назымды ойға келген айтса келел,
Ақылың, тұрған күнде, тарқамастан.
Бұл күнде мал табыңыз алас ұрып,
Күш-қуат кетіп қалмай арқа-бастан.

АҚЫЛ ТУРАЛЫ

Көрінген көзге жылы бет емес пе,
Құдайға имансыз құл шет емес пе?!
Адамның тіршілігі - тіл мен жүрек,
Екеуі екі-ақ жапырақ ет емес пе?!

Ақылды әуелде Алла мыңға бөлген,
Кім жақын құдіретіне, соған берген.
Тоғыз жүз тоқсан тоғыз тамам бітіп,
Біреуі бұл ғаламға ортақ келген.

Біреуін онан қалған алты жарған,
Төртеуін ғылым-білім иесі алған.
Күллі ерге біреуін қойған сайлап,
Тағы бірі бұл жерде жеке қалған.

Ол бірін жарты бөліп әйел алған,
Темірдің қорытылған боғындай боп,
Жартысы айдалада иесіз қалған.
Көшпелі, алған тауып, біздің қазақ,

Ақылың соның үшін болған аз-ақ.
Қатыннан қалған жарты ақылменен
Жүресің сендер қайтіп болмай мазақ?!

ТҮН ҚАРАҢҒЫ

Шаштым жұртқа Алланың берген сыйын,
Ешбіреуден ақы алмай жалғыз тиын.
Туған ұлдың қойғанмен атын: "Иосиф",
Мәшһүр болып атану болар қиын.

Елім-Күлік, Айдабол, Арғын-затым,
Алты алашқа жайылған Мәшһүр атым.
Қалам ұстап ұл тумас енді мұндай,
Бір мұхежзат басқаға жазған хатым.

Қылып құмар жасынан дүр тасына,
Қойған салып дарияның ортасына.
Фазылына алып бір Алла, ақ жарылқап,
Қанша өнерді сыйғызған бір басына?!

Түн қараңғы, дарияның толқын іші,
Айналмада су жұтып жүрген кісі.
Кімге даусы жетеді айғайлаумен,
Басы аманның мұнымен болмайды ісі.

Әркім солай, өз әлін шақтамаса,
Ол-арам (адам): ата тузын ақтамаса!
Не болып, не қойғанын білер жан жоқ,
Бір Құдай фазылына алып, сақтамаса!

Қажет емес ешкімнің мақтауына,
Аршыған соқтай қылып ақтауына.
Сөзің кірер құлақтың тесігі жоқ,
Патша Құдай өзі алсын сақтауына!

Өмір бойы алысып жалғанменен,
Үйір боп өңшең жұртта қалғанменен,
Көп соқырдың қайсысы керер дейсің,
Шамша саулап, лапылдап жанғанменен

Текке шығын — көзіңнің бейпіл жасы
Кімге қажет болғаның дүрдің тасы?!
Құлағында тесік жоқ бұл күнгі жан,
Саңырауға сәлем берсең: "Атаң басы!"

Неменеге жарайды жұртта қалған?!
Жақсы қоныс алады бұрын барған!
Көп саңырауға душар боп, қор болдың
Есіл сөзім әр топта құлақ жарған!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙