Тарихи ойлаудың салыстырмалылығы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Арнольд Джозеф Тойнби — «Тарихи ойлаудың салыстырмалылығы». ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
/uploads/630290e0-ec76-5cca-b708-a089f312adb9/cover.png
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
(Аударған Қ. Затов)
Әрбір дәуірде және кез-келген қоғамда тарихты зерттеу мен тану басқа да әлеуметтік әрекет сияқты аталған уақыт пен орынның басым ағымына бағынышты болады. Қазіргі уақытта батыс әлемінің өмірін екі институт айқындайды: экономиканың индустриалды жүйесі және сондайлық күрделі және шым-шытырық саяси жүйе. Біз дербес ұлттық мемлекеттің жауапты парламентарлық өкілетті үкіметін ескере отырып, оны «демократия» деп атаймыз. Бұл екі институт-экономикалық және саяси - өткен ғасырдың соңында батыс әлемінде үстемдікке ие болды және уақытша болсын сол кезеңдегі басты мәселелерді шешті. Өткен ғасыр аман қалудың жолдарын іздеп тауып, бізге аманат етті. Өткен ғасырда құрылған институттардың осы күнге дейін сақталып келуі ең алдымен, біздің алдымыздағы буынның жасампаздық қуатын дәлелдейді. Біз индустриальдық жүйеде және парламентарлық ұлттық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан осы екі институттың біздің ой-санамызға және оның нақты өнімдеріне ықпал ететіндігі түсінікті.
Өнеркәсіптік жүйенің гуманитарлық қыры адаммен, еңбек бөлінісімен тікелей байланысты, оның басқа аспектісі адамның тіршілік ету ортасына бағытталған. Индустриалдық, яғни, өнеркәсіптік жүйенің міндеті - шикізаттарды белгілі бір өнімдерге өңдеп, өзінің өндірістік қабілетін арттыру және осы механикалық ұйымдастырылған еңбекке көптеген адамдарды тарту. Индустриалдық жүйенің бұл ерекшелігін батыс ойы өткен ғасырдың бірінші жартысында-ақ түсінді.Индустриалдық жүйенің дамуы физикалық ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетіндіктен, индустрия мен ғылымның арасында әлде-бір «белгіленген үйлесімділік» болды деп тұспалдауға болады1. Егер осылай болса, онда ғылыми ойдың индустриальдық қалыпта ұйымдастырылғанына таңдануға болмас. Кез-келген жағдайда бұл ғылымның дамуының ерте кезеңдеріне ғана қатысты, ал қазіргі ғылым, тіпті батыс қоғамыммен салыстырғанда да тым жас, өйткені дискурсивті ойлау үшін алдымен жеткілікті эмпирикалық деректер жинақтап алу қажет. Бірақ бұл тәсіл кейінгі уақыттарда арнайы ғылыми ортамен байланыспаған, 182 жансыз табиғатқа емес, Өмірге бағытталған білімнің көптеген аймақтарында, тіпті адамдық әрекеттік әртүрлі формаларын зерттейтін ойлауда кең таралымын тапты. Тарихи ойлауда өзіне жат индустриальдық жүйенің құрсауында қалды, атап айтқанда адамдар қарым-қатынасын зерттейтін салада қазіргі батыстық өнеркәсіптік жүйе көпшілік онда өмір сүріп, еңбек етуді қаламайтын режим екендігін көрсетті.
Бұл жерде Теодор Момзеннің өмірі мен шығармашылығын мысалға келтіруге болады. Жас Момзен батыстық тарихи әдебиеттің үлгісі болып қалатын қомақты еңбек жазды. Оның «Рим республикасының тарихы» еңбегі 1854-1856 жж жарық көрді. Бірақ кітаптың жарыққа шыққаны сол еді, автор оз еңбегінен өзі ұялып, бар күш-қуатын басқа арнаға салуға талпынды. Момзен қалған өмірін латын жазбаларының толық жинағын құрастыруға және рим конституциялық құқының энциклопедиялық жинағын шығаруға арнады. Бұл тұрғыда Момзен индустриальдық жүйенің мәртебесі үшін езін «интеллектуальдық жұмысшыға» айналдыруға дайын тұрған ұрпақтың өкілі, оз дәуірдің кәдуілгі батыс тарихшысы ретінде көрсетті. Момзен мен Ранке уақытынан бастап тарихшылар күш-қуатының басым бөлігін шикі материалдарды-жазбаларды, құжаттарды және т.б. жинауға, оларды антология түрінде немесе мерзімді баспалар үшін жеке мақалалар жариялауға жұмсады. Жинақталған деректерді өңдеуде ғалымдар жиі-жиі еңбек бөлінісіне жүгінді. Соның нәтижесінде томдар сериясымен шығатын көлемді зерттеулер пайда болды, бұл тәжірибе қазіргі уақытта да Кембридж университетінде қолданылады. Мұндай сериялар - адами еңбекқорлықтың, «фактографиялықтың» және біздің қоғамымыздың ұйымдасушылық қуатының ескерткіші. Олар адам таңғаларлық туннельдердің, көпірлер мен плотиналардың, лайнерлер мен крейсерлердің, зәулім үйлердің қатарынан өз орнын алады, ал олардың авторларын Батыстың атақты инженерлерімен бірге еске алады. Тарихи ой патшалығын жайлаған индустриальдық жүйе ұлы стратегтерді дүниеге әкелді және жеңіске жетіп, көптеген олжаларды иемденді. Бірақ ойшыл оқырман қол жеткен жетістіктерге күмәнмен қарауға құқылы, ал жеңістің өзі жалған сәйкестіктен туған адасушылық болып көрінуі мүмкін.
Қазіргі уақытта өз семинарларын «лабораториялар» ретінде айқындатын және мүмкін мұны түсінбесе де, «қайталанбас зерттеу» ұғымын бұрын белгісіз болған жағдаяттарды ашумен немесе верификациялаумен шектейтін тарих оқытушылары жиі кездеседі. Ол ол ма бұл ұғым мерзімді басылымдар мен жинақтарда көрініс тапқан тарихи мақалаларға да тарала бастады. Бір адам жазған тарихи жұмыстарды дұрыс бағаламау тенденциясы бірден көзге түседі және бұл бағаламау жалпы тарихқа қатысты еңбектер туралы айтқанда ерекше байқалады. Мысалы, Герберт Уэллстың «Тарих очерктерін» көп мамандар ашық өшпенділікпен қабыл алды. Олар автор жіберген барлық дәлсіздіктерді, оның фактологиядан саналы түрде бас тартуын аясыз сынға алды. Олардың Г. Уэллстің өз қиялында адамзат тарихын қалпына келтіре отырып, солардың қолы жетпеген, ойлай да алмаған әлде неге қол жеткізгенін түсінуге қабілеті жете бермес. Герберт Уэллс кітабының маңыздылығын сол уақыттағы аз ғана мамандар шоғыры емес, қалың оқырман қауымы бағалады.
Тарихи ойлаудың индустриализациялануының терең бойлағаны соншалық, өзінің кейбір көріністерінде индустриальдық рухтың гипертрофияланған патологиялық формаларына жетті. Күш - қуаттарын толығымен шикізатты жарыққа, жылуға, қозғалысқа және әртүрлі тұтыну бұйымдарына айналдыруға шоғырландырған индивидтер мен ұжымдар табиғи ресурстарды ашып, пайдалану бұл процестердің нәтижелері адамзат үшін қаншалықты құнды екеніне қарамастан өз-өздігінен құнды әрекет деп ойлауға бейім. Еуропалықтар үшін мұндай ой өрісі американдық бизнесменнің белгілі бір типін сипаттайды, бірақ бұл тип, шын мәнінде, барлық батыс әлеміне тән тенденцияның тым өрескел көрінісі. Қазіргі заманғы еуропалық тарихшылар тепе-теңдіктер бұзылуының нәтижесі болып табылатын қазіргі осы дерттің олардың да санасына тән екенін байқамауға талпынады.
Қышшының өз саз балшығының құлына айналуға дайын тұруы айқын аберрация болып табылатындығы соншалық, оған сәйкес келетін өзгерісті іздеген кезде тарихи зерттеуді өнеркәсіптік өндіріс үдерісімен салыстырмай-ақ қоюға болады. Сайып келгенде өнеркәсіпте де шикізатпен көз байлау да нәтижесіз болып табылады. Жолы болатын кәсіпкер - бұл қайсы тауарға немесе қызмет түріне экономикалық сұраныс болатынын бірінші болып болжап, осыған байланысты жұмыс күшін пайдалана отырып шикізатты қарқынды қайта өңдеуді бастайтын адам. Өз-өздігінен алынған шикізатта, жұмыс күші де оны еш қызықтырмайды. Басқа сөзбен айтқанда ол табиғи ресурстардың құлы емес, болашаққа жол ашқан өнеркәсіп кемесінің капитаны.
Адамдарға немесе жануарларға жансыз заттар ретінде қараудың салдарының апатты болатыны белгілі. Осыған ұқсас іс-қимыл идеялар әлемінде де қателіктен ада болмайды деп неге ойламасқа? Біз неліктен жансыз табиғаты талдау үшін жасалған ғылыми тәсіл адамдар мен олардың әрекетін зерттеуді қамтитын тарихи ойлауға да қолданылуға тиіс деп санауымыз керек? Тарих профессоры өз семинарын «зертхана» деп атағанда, ол сол арқылы өзінің табиғи ортасынан шектелмей ме? Екі атауда - метафора, бірақ олардың әрқайсысы тек өз аймағында ғана орынды. Тарихшының семинары - бұл тірі жандардың жанды адамдар туралы жанды сөздер айтатын питомнигі. Физиктің зертханасы өлі табиғи шикізаттан жасанды немесе жартылай жасанды бұйымдар жасалатын шеберхана болып табылады немесе осыған дейін солай болып келді. Бірақ бірде бір практик фабриканы питомниктік негізде ұйымдастырмайтыны сияқты питомникті фабрика принциптерінде ұйымдастырмайды. Ғалымдарда идеялар әлемінде тәсілдерді дұрыс қолданбаудан сақтануы керек. Біз жансыз объектілерге жан бітіріп, рухтандыратын «патетикалық адасушылықтар»2 туралы жақсы білеміз. Бірақ қазіргі уақытта біз қарама-қарсы «патетикалық адасушылықтың» құрбаны болып отырмыз, оған сәйкес жанды тіршілік иелеріне жансыз бұйымдарға қалай қарасақ солай қарауға болады.
Егер индустриалдық жүйе қазіргі Батыс өмірін айқындайтын бірден бір институт болатын болса, оның батыс тарихи ойына ықпал ету беделі өз салмағының ауыртпалығынан құлап түсер еді, өйткені оған тән тәсілдер тарихи зерттеулерге қажетті еңбек бөлінісінің тек ең соңғы жағдайларында ғана қолданылады. Адамзат өнеркәсіптен еңбек бөлінісі әкелетін игілікті ғана мойындады. Осыған ұқсас пікір жаратылыстану саласына да таралды. Біздің интеллектіміз физикалық табиғаттың іс-қимылды жүзеге асыруға жарамды жекеленген көріністерін қармап қалу қасиетіне не деген А. Бергсон пікірімен келісуіміз керек шығар. Алайда, тіпті егер адам ақылының қайталанбас құрылымы осыған саятын болса да және егер ойлаудың басқа тәсілдері бізге табиғи емес сияқты болып көрінсе де, дегенмен А. Бергсон назар аударған адами қабілет - дүниеге жансыз табиғатқа сияқты емес, тұтаттық ретінде ондағы тіршіліктің бар немесе жоқ екендігін терең сезіне отырып қарау қабілеті бар . Өмірдің тұтастығын осылайша терең қамтып, түсінуге деген ұмтылыс тарихшылар ойлауына тән, сондықтан индустриальдық жүйеге тән еңбек бөлінісінің қажытқаны соншалық, егер тарихқа деген тұтас көзқарасты тарихи ойлауды индустриализациялаумен біріктіре алатын екінші бір басым институт болмағанда олар еңбек бөлінісінің тираниясына қарсы көтерілер еді. Осындай екінші институт «егеменді мемлекет» болды. Қазіргі біздің «демократиялық» ғасырымызда ол ұлттық бірлік рухымен қанаттанады.
Белгілі бір уақытта және белгілі бір қоғамда басым болған институт оның көз шырмауында қалған тарихшылардың дүниетанымы мен әрекетіне ықпал ететіндігін біз тағы да атап өтуге тиістіміз. Ұлт рухы - бұл жаңа шараптың ескі трайбализм өңіндегі ашытқысы3. Қазіргі батыс демократиясының мұраты іс жүзіндегі саясатты христиандық жалпылама бауырластық сезімімен толықтыру, бірақ шындығында саясат жаугерші және алаулаған ала ауыздыққа толы болып шықты. Сонымен, қазіргі батыстық демократиялық мұрат бір-біріне толық қарама-қарсылықтағы екі рух пен екі күшті татуластыруға талпынуға келіп саяды.
Индустриализм мен ұлтшылдық батыс қоғамында бір ғасыр бойы (шамамен 1875 ж. дейін) үстемдік еткен екі күш (индустрализммен және демократиядан да басым). Өнеркәсіптік революция және ұлтшылдықтың қазіргі формасы ол кезде бірігіп әрекет етті, «ұлы империяларды» құрды, олардың әрқайсысы өз ішіндегі ғарышқа айналғандай болып жан-жақты қамтуға талпынды.
Әрине, бұл талпыныс ақталмады. «Ұлы державалардың» бірден коп болу фактісінің өзі олардың бірде біреуінің толықтай әмбебапты болуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Бірақ кез-келген ұлы держава қоғам өміріне жемісті ықпал етіп отырды, сондықтан белгілі бір мағынада ол өзін бүкіл дүниенің орталық өзегі ретінде қарастыра алады. Әрбір ұлы держава бүкіл дүниені алмастыруға талпынды, өйткені ол өз өзіне тұйықталған және өз өзіне толымды болды. Бұл талаптар тек экономика мен саясат саласына ғана емес, сондай-ақ рухани мәдениет саласына да тарады. Ұлы державалардың тұрғындарына тән осындай ойлау образы біртіндеп кішкене елдердің өкілдеріне таралды, сөйтіп батыстық барлық ұлттар - ең ірілерінен ең кішкенелеріне дейін - өз өмірлерін өздері ұйымдастыру мен барлық басқа әлемнен тәуелсіз болудың егеменді құқын қорғай бастады. Бұл талаптың табандылықпен қорғалып, кеңінен қабылданғаны соншалық, батыс әлемінің бірлігі мен тіршілік етуіне күмән туды. Күнделікті өзгермелілікке қарама-қарсы тұрған Өмірді тұтастық ретінде сезінудің терең ішкі қажеттілігі туындады. Бұл сезім аз ұлттарды да және олар құрамына кірген қауымдастықтарды да қамтыды. Ұлттық топтардағы осындай әлеуметтік эмоциялардың қоюлануы барлық жерде кездесті және тарихшылардың оған деген иммунитеті басқалардікінен күшті болған жоқ. Шынымен ұлтшылдық рухы тарихшыларға үлкен үндеу тастады, өйткені ол белгілі бір дәрежеде тұтастыққа деген іштей ұмтылысты индустриальдық еңбек бөлінісімен ымыраға келтіруге талпынды. Өзін индустриалдық принциптерде қалыптасқан «жалпылама тарихқа» қарама-қарсы қою тіпті, ең дарынды, ең пысық индивидуум үшін де оңай шаруа емес. Міне, сондықтан көзқарас бірлігін іздегенде тарихшы әмбебаптылықтан бас тартады, өйткені ғылыми-зерттеу мақсатын тарылту кез-келген тарихи ланшафтқа жаңаша қарауға алып келеді. Өз ізденістерінде ол қайтадан бірлікке қол жеткізгенде және осы мағынада әлде бір әмбебаптылыққа жеткенде оның интеллектісін оның әлеуметтік сезімімен татуластыру мәселесі туындауы мүмкін, бірақ бұл ішкі қайшылықты ұлтшылдық рухымен шешу көзделді.
Ой өрбітудің бұл кескінде ұлттық көзқарас қазіргі батыс тарихшылары үшін анағұрлым тартымды және әртүрлі жолдармен ол тарихшылардың ақылын жаулап алды. Олар оны балалық шақтарынан бастап осы идеялар рухында тәрбиеленгендіктен ғана емес, бастапқы материал тұрақты ұлттық дерек болып табылғандықтан да қабылдады. Олар өңдеуге тура келген ең бай «кен орындары» қоғам үшін ашылған батыс үкіметтерінің мұрағаттары болды. Осы бір ерекше табиғи дереккөздердің таусылмастығы олардың өнімдерінің ұлғаюына алып келді. Осылайша тарихшылар әрекетінің бағыттылығы жартылай олардың кәсіби шеберлілігімен, жартылай-психологиялық сипаттағы мәселелермен, жартылай - уақыт рухы деп аталатынмен анықталды.
Батыс қоғамы қазір өткен ғасыр ситуациясын сипаттаған, қазіргі заманғы тарихшыларының ақылының формасын қалыптастырған ғасырдағыдай басым орын алмайды. Шамамен 1875 ж. дейін үстемдік еткен екі институт - индустриализм мен ұлтшылдық бірігіп қимылдап, ұлы державаларды құрды. 1875 жылдан кейін кері процесс басталды: индустриальдық жүйе өзінің белсенділігін бірден қарқындата бастады, оның әрекетінің өрісі жаһанды сипатқа ие болды, ал ұлтшылдық жүйесі болса тереңге, ұлттық азшылықтардың санасына сіңіп, оларды өздерінің егеменді ұлттық мемлекеттерін құруға итермеледі (соңғылары олардың лидерлерінің жобаларына қарамастан ұлы держава болып қалыптасуды қойып, экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдан тәуелсіз кішкене мемлекеттер құруға да қабілетсіз).
1914-1918 жж дүниежүзілік соғыс бір ғасырға жуық уақыт бойы байқалмай пісіп-жетіліп келген тенденцияны жоғары қабатқа алып шықты. 1914 жылы өмір сүрген сегіз ұлы державалардың бірі 1918 ж қарай саяси картадан мүлдем жоғалып кетті, ал жарымжан болған екеуі прострация жағдайынан шыға алмады, ал жақсы жаман болсын аман қалғандарының бірі «өзін өзі басқаратын доминиондарды»4 іздеу жолында жанып салып қайта құрыла бастады. Жартылай революциялық, жартылай эволюциялық осы өзгерістердің жалпы шешімі бірдей. Әлемдік аренаны ұлы державалар жаулап алды, олардың әр қайсысы тұйықталған универсум болып табылды. Жаңа ғасырдағы қоғамдардың ерекше сипаты ұсақ мемлекеттердің өзара тәуелділігі болып табылады. Олардың бірқатары (мысалы, Британия метрополияларының доминиондары) толықтай тәуелсіз бірліктер болып табылмайды, басқалары (Чехословакия, Австрия, Венгрия) теңіз жағалауларынан айырылған, үшіншілерінде айқын көрінетін немесе қайталанбас нағыз ұлттық мәдениет жоқ. Сонымен қатар жаңа әлемде ұлы державалар да кішкентай болып көріне бастады және әлемдік аренаға шыққан индустриализм олардың экономикалық дамуын тежеді. Барлық мемлекеттер ез бетінше экономикалық тұрғыда тіршілік ете алмайтынын тең дәрежеде сезіне бастайды және немесе әскери, қаражаттық, тарифтік, миграциялық саясатқа қарсы шығады немесе Ұлттар Лигасы секретариаты мен Женевадағы Халықаралық еңбек бюросы төңірегінде құрылған халықаралық техникалық ұйымдардың көмегіне жүгінеді.
Осындай әртүрлі тенденцияларды бір формулаға біріктіруге болады: өткен ғасырдағы қоғамдық өзіндік сананың ерекшелігі езін, өз қоғамын тұйық универсум деп санауға ұмтылу болса, біздің ғасырымызда қоғамдық санадағы бастысы өзін анағұрлым кең универсумның бір бөлігі ретінде сезіну болып табылады. Бұл өзгеріс 1875 жылы шарықтау шегіне жеткен толысудың соңына және егер ол бұрынғы, батыс тарихындағы ортағасырлық деп аталатын фазаны қайталауды болжамдайтын болса төрт ғасырға созылатын кемудің басталуына меңзейді. Орта ғасырларда батыс қоғамының санасы әлде бір басшылық пен орталықты рәміздейтін папалық пен Қасиетті Рим империясының ықпалында болған еді, ал корольдіктер мен муниципальды қалалар мен аймақтар және тағы басқа жергілікті мекемелер бағынышты және шеткі жақтар ретінде қабылданды5. Қалай десек те, саябырсу осы бағытта жүріп жатқан сияқты - бұл жерде нақты болу қиын, өйткені бет бұрыстан кейін коп уақыт өте қойған жоқ.
Егер бұл бақылау дұрыс болса және егер тарихшы оз ойлары мен сезімдерінде өзі өмір сүріп отырған ортаның ықпалынан алыс кете алмайтыны (абстракцияланбайтыны) шын болса, онда біз жақын болашақта батыс тарихшыларының көзқарастары мен ғылыми қадымдарында өзгерістер болады деп үміттене аламыз. Бұл батыс қоғамын тұтас қамтыған өзгерістерге сай келеді. Дәл осы өткен ғасырдың соңында тарихшылардың еңбегі иидустриальдық жүйемен толық үйлесімділікте болды, ал олардың көзқарастары ұлттық идеямен қамтылды және сонымен байланысты болды. Бірақ жаңа ғасыр бір ұлттың шеңберімен шектелмеген зерттеу ауқымын анықтады және ғалымдар өз тәсілдерін анағұрлым кең ауқымдағы интеллектуалдық операцияларға бейімдеуге мәжбүр болады.
Сонда екі сұрақ туындайды: «тарихи зерттеудің ақылмен танылатыи6 ауқымы қандай» және «нақты тарихи, әлеуметтік жағдайлармен салыстырылмайтын, тарихшыға тәуелсіз тарихи зерттеулер ауқымының болуы мүмкін бе?» Біздің осыған дейінгі зерттеулеріміз бізді тарихи ойлау тәсілі ойшыл кездейсоқ душар болған дәл сол сәттегі әлеуметтік ортаның ықпалында болады деген қорытындыға әкелді. Егер бұл ықпал соншалықты күшті болып, соның арқасында ойшылдың санасында априорлы категориялар қалыптасса, онда қойылған сұраққа жауап берілді деп санауға болады. Бұл тарихи ой мен әлеуметтік ортаның салыстырмалылығы шартсыз және сондықтан тарихи әдебиеттер ағымынан әлде бір тұрақты форманы іздеудің қажеті жоқ дегенді білдіреді. Тарихшы егер ол осы, нақты өз заманының қоғамының ықпалын талдау арқылы өзінің ойлау әрекетінің морфологиясын тануға қабілетті болса, онда ол өткенге тиесілі қоғамдық құрылымдарды талдау мүмкін емес екендігін мойындауға тура келеді. Бірақ бұл тұжырым әзірше біздің тоқтамдарымызға қайшы келмейді. Осыған дейін біз тарихи ойдың алдыңғы қатарындағы салыстырмалылықтың ұшқындарын ажырата алдық, мүмкін осы фактініні белгілеу-тарихи ойдың артқы қатарындағы тұрақты және абсолютті объект™ бекемдеудегі бірінші қадам болар. Сондықтан біздің келесі қадамымыз орынмен және уақытпен шартталған қабылдау ерекшеліктеріне тәуелсіз тарихи зерттеудің ақылмен танылатын өрісінің болу мүмкіндігін зерттеу болып табылады.
ТАРИХИ ЗЕРТТЕУ ӨРІСІ
Ұлыбритания мысалы. «Тарихи зерттеудің . ақылға қонымды өрісін» анықтауды мақсат ете отырып, оны бүгінгі таңдағы батыс тарихшысының зерттеуінің әдеттегі объектісі -ұлттық мемлекеттен бастаған абзал. Батыстың әртүрлі ұлттық мемлекеттерінің ішінен өзге де тең жағдайларда бүгінгі таңдағы тарихшының зерттеу мұратына анағұрлым сәйкес келетінін таңдап алайық.
Біздің мақсатымызға жарамды мысалдардың бірі - Ұлыбритания. Ол тек қана ұлттық мемлекет емес, сонымен қатар ұлы держава да болып табылады. Тарихи жалғастылықты бұзбай әрі өзінің жеке даралығын сақтай» отырып, тек екі ғасыр бұрын ғана бөлініп шыққан Оның ажырамас құрамдас бөлігі - Англия1, Еуропа тарихында орны мысалы, Франциянікі секілді. Дегенмен, Англияның Еуропа тарихындағы алатын орны ерекше. Сонымен қатар, біріншіден, географиялық жағдайлардың күшімен, екіншіден, ол ең жоғарғы творчестволық даму мен қуаттылық жағдайында тұрған кезеңін бастан өткізіп жатқан кезінде оның мемлекеттік қызметкерлері жүргізген өзіне тән саясатының күшімен, Англия біршама оқшауланғандықтан біз таңдап алған мысал мақсатымызға өте сай келеді. Егер де оның географиялық оқшаулығын алатын болсақ, қалай болғанда да, континенталды Францияның шекараларына қарағанда арал жағажайлары неғұрлым нақты шекараны құрайды. Ал Британияның саяси оқшаулығына келер болсақ, ол Батыс тарихында alter orbis («өзге жер») секілді болды, алайда бұл орта ғасырлар үшін нақты емес, өйткені Ла-Манштың континенталды жағасындағы соңғы иеліктер 1558 ж. жойылған болатын2. Әрине, бұл «ұлы жалғыздықтың» деңгейін асыра сілтеуге болмайды. Ұлыбритания өзіне ешқашанда континенталды елдермен қарым-қатынасты елеп-ескермеуге немесе бәсекеге күштер тепе теңдігі қойылған еуропалық соғыстардан жалтаруға жол берген емес. Егер де күштер тепе теңдігі сәтті сақталса, біржақты оқшаулық та дәл сондай мұқияттылықпен қорғалатын еді. Ұлыбританияға таңылған «өзге жер» атағы - континентальдық Еуропадан ерекшеленген әлемді ғана емес, барлық еуропалық емес континенттер мен алыс аралдарды білдіретін ұғым. Өзінің әпкесі Америка Құрама Штаттары секілді Ұлыбритания анықталмаған әлде бір арманды жоспар бойынша күшке ерік беріп, жаңа әлемді орнату үшін ескі әлемнен бөлінген болатын. Алайда, оның оқшаулануы, мүмкін анағұрлым маңызды жәйт болып табылғандығын тағы бір атап өтпеске болмас. Шындығында, оқшау қала отырып, осындай ұзақ уақыт бойы еуропалық тарихта елеулі рөлді атқарған дәл осындай басқа бір еуропалық елді табу оңайға соқпас. Сонымен, егер де Ұлыбритания (Англияның мұрагері мен мирасқоры ретінде) «тарихи зерттеудің ақылға қонымды өрісі» бола алмайтын болса, біз өзге ешбір еуропалық держава осы тектес сынақтан өте алмайды деген қорытынды жасай аламыз.
Яғни, Англия тарихы өз өздігінен ақылмен таныла ала ма? Біз Англияның ішкі тарихын оның сыртқы қатынастарынан бөліп алап, абстрактілі түрде қарастыра аламыз ба? Егер қарастыра алатын болсақ, сыртқы қатынастарды туынды, қосалқы деп айта аламыз ба? Ал оларды саралай отырып Англияның өзге әлемге тигізген ықпалымен салыстырғанда, Англияға сырттан келген әсерлердің түкке тұрғысыз болғандығын дәлелдей аламыз ба? Егер де осы сиқты сұрақтардың барлығына мақұлдайтындай жауап ала алатын болсақ, онда өзге елдердің тарихын Англияның тарихымен салыстырмай түсіне алмаймыз да, ал англиялық тарихты ештеңеге сілтеме жасамай-ақ дербес түсінуге болады деген тұжырым жасай аламыз. Негізгі кезеңдерін атай отырып, Англия тарихына қысқаша шолу жасау арқылы осы сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Сонымен, егер де тарих беттерін кері бағытта қарастыратын болсақ, олар келесідей тәртіпте қалыптасады:
а) индустриалдық экономикалық жүйенің қалыптасуы (XVIII ғ. соңғы ширегінен бастап)3;.
э) жауапты парламентарлық үкіметтің құрылуы (XVII ғ. соңғы ширегінен бастап)4;.
б) теңіз экспансиясы (XVI г. үшінші ширегіндегі тропикалық елдердің ашылуымен, қоңыржай климаты бар теңіздің арғы жағындағы елдерде ағылшын тілінде сөйлейтін қауымдарды құрумен шартталған теңіз қарақшылығынан және әлемдік сауданың біртіндеп дамуынан басталады)5;.
в) Реформация (XVI г. екінші ширегінен басталады)6;
г) Ренессанс, оның саяси, экономикалық, интеллектуалдық және көркемдік аспектілерін қоса алғанда (XV г. соңғы тоқсанынан бастап)7;.
д) феодалдық жүйенің қалыптасуы (XI г. бастап)8;
е) қаһармандық деп аталатын ғасырдағы ағылшындардың батыс христиандығы дініне өтуі (VI г. соңы)9.
Тіпті осы бір қысқа шолудың өзі біз тарихи уақыт қойнауына қаншалықты тереңдей түскен сайын, оқшаулану фактісінің маңыздылығының соншалықты төмендей түсетіндігін байқатады. Ағылшын тарихындағы барлық оқиғалардың бастауы ретінде бағалауға болатын христиандықтың қабылдануы осыған тікелей дәлел бола алады. Көптеген ыдыраңқы варварлық қауымдарды біріктірген бұл акт болашақ батыстық қоғамның ортақ жетістігіне жол ашты. Ал феодалдық жүйеге тоқталар болсақ, оның алғашқы жапырақтарының ағылшын жерінде пормандық басып алуға дейін таралғандығын П.Виноградов керемет дәлелдеп берді . Алайда, дәл осылай болған күнде де, осу сыртқы фактордың әсерінен - осыған ұқсас Францияға әсер еткендей, скандинавтық тайпалар қозғалысының бір бөлігі болып табылған даттық басып алудың ықпалынан болған еді10. Ап нормандық басып алу, мүмкін, ұрығын сеппегенімен егіс алқабының жылдам дәндеуіне ықпал еткені сөзсіз. Сонымен, Англиядағы фодалдық жүйенің қалыптасуының кез келген үлгісі ең болмаса ортақ көрініске Францияны немесе Скандинавияны қосып қарастырмайынша түсініксіз немесе ақылға қонымсыз болып көрінеді десек дұрыс болар. Ал Ренессансқа келер болсақ, саяси және мәдени аспектілерінен алып қарағанда ол Солтүстік Италиядан келген леп болды. Егер де Солтүстік Италияда гуманизм, абсолюттілік пен биліктің тепе тендігі екі ғасыр бойы, шамамен 1275-1475 жылдары аралығында (өсімдіктердің жылы ылғалды жерде өсірілуі секілді) дамуын таппаған болса, 1475 жылдан кейін де Альпіден солтүстікке қарай дами алмас еді. Реформация да таза ағылшындық құбылыс болып табылмайды. Негізінен ол Солтүстік Батыс Еуропаның Прометейлерін қамтыған ортақ қозғалыс болған, ондағы Балтық теңізі, Солтүстік теңіз бен Атлант мұхиты жаңа әлемдерге қарай тартады, Оңтүстікті Эпиметеевті азат ету қозғалысы Батыс Жерорта теңізінің жоғалған және жойылған әлемдеріне деген ынтаны қоздырады". Реформация инициативасы Англияға тән емес12 және Атлантикалық жағалаулардағы еуропалық елдердің теңіздің ар жағындағы жаңа елдерді басып алуға жарысы кезінде Англия оны бірінші болып қолданған жоқ. Англия күреске кейінірек қосылғанына қарамастан, державалар арасындағы бірнеше ғасырға созылған шайқастар легінен өз ұтысын жеңіп алды. Мұхит теріскейіндегі жаулап алулардағы Англияның жетістіктерін түсіну үшін барлық ортақ еуропалық соғыстардың салдарларын бағалай отырып, XV ғ. соңғы ширегінен басталған еуропалық тарихтың құбылмалығын ескеру керек те, одан кейін ой өрісін бүгінгі тандағы батыс әлеміне дейін кеңейту қажет.
Ағылшын тарихының соңғы екі тарауын қарастыру қалып отыр: басқарудың парламентарлық жүйесінің пайда болуы мен индустриалдық жүйенің пайда болуы, бұл институттар тек қана ағылшындарға тән және әлемнің өзге бөліктеріне кейінірек таратылған институттар ретінде қарастырылады. Ағылшын тарихының бұл тараулары біздің мақсатымыз үшін шешуші болып табылады және сондықтан бұл жағдайда осы саладағы танылған бедел иелеріне жүгінген қисынды. Парламентарлық жүйеге қатысты лорд Актон о Генрих IV мен Ришелье дәрістерінің үзіндісіне жүгінген жөн. «Әрине, жалпы тарих ұлттық болып табылмайтын күштерге тәуелді болады, бірақ анағұрлым жалпы себептердің салдарлары да бар. Франциядағы корольдіктің дамуы - бұл Англиядағы осы тектес қозғалыстың бір бөлігі. Бурбондар мен Стюарттар бір заңға бағынғанымен нәтижелері әртүрлі болды» .
Басқаша айтқанда, Англия жерінде көрініс тапқан парламентарлық жүйе Англияға тән күштің өнімі болған жоқ, бірақ ол Англияда да, Францияда да бір кезде әрекет етті13.
Ағылшын өнеркәсіптік революциясына тоқталар болсақ, оның пайда болуын осы саладағы екі ірі маман - мистер және миссис Хаммондтар сипаттаған болатын. «Неге бұл революция XVIII г. Англияда басталды? Атлантиканың сауда үшін маңыздылығы ертеректегі Жерорта теңізінің маңыздылығындай болды. Колумбтан кейін Атлантикадан шығуды іздегендер ең белсенді көпестер ретінде танылды. XVIII ғасырдың сауда жасаушы халықтары арасында географиялық орналасуы, климаты мен тарихының өрбу барысы жағынан ағылшындардың позициясы ең ұтымды болды. Испандықтар Жаңа Әлемге тек саяси тұрғыдан ғана бақылау орнатқан болатын, ал олар Америкадан сыртқа шығарған байлықтары өнеркәсіпті дамыту үшін қолданбады. Басқа жағынан алғанда, Америкадағы ағылшын отарлары алтыны мен күмісі аз жерлерде шоғырланған еді. Олардың форпосттары біртіндеп британдық тұтыну тауарларын қажет ететін қауымдарға ұласа бастады, ал олар үйлеріне отарланған елдерден өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдерді жіберіп отырды... Еуропадағы оқиғалар да Англияның өнеркәсібінің тез дамуына ықпал етті, өйткені XVII-XVIII г.г.
еуропалық соғыстар континенттерге қарағанда бұл жерлерге аз зиянын тигізді. Англиядағы XVII ғасырдағы діни және саяси күрес конституцияны қабылдаумен және саудаға оң көзімен қарайтын үкіметтің құрылуымен аяқталды. Францияға қарағанда Англияның артықшылықтары - азаматтық құқық, ішкі сауданың бостандығы, ақсүйектердің сауда-саттыққа қызығушылық танытуы, Стюарттар кезеңінен басталған мемлекеттік бақылауға деген сенімсіздік пен діндегі шыдамдылық болды. XVIII ғасырдағы саясаттағы, дін мен өмір салтындағы тоқыраулар өнеркәсіптің шоғырлануын жылдамдатты. Шоғырлану өз кезегінде техникалық жаңалықтарға деген қызығушылықты қоздырды, математиканың дамуы мен физикалық ғылымдардағы ашылған жаңалықтар осыған негіз болды. Міне сондықтан да Англия өнеркәсіптік төңкеріс үшін ең лайықты алаң болып шықты» .
Ағылшын тарихының таза ұлттық деп танылатын осы саласына қатысты бұл беделді пікірлер біз үшін аса қызықты болып табылады. Ол Англияның ішкі тарихына қатысы бар және оны индустриалдық ел ретінде танытқан жағдайлардың тек ағылшындарға ғана тән екендігін дәлелдейді. Алайда онда сонымен қатар, Англияның сол кездегі әлемдегі жалпы және географиялық жағдайы да, билік тепе-теңдігі жүйесіндегі саяси жағдайы да ескеріледі. Егер де осы жағдайлардың барлығына мән бермейтін болсақ, онда Англиядағы индустриалдық жүйенің қалыптасуы секілді тарихи жағдайларды түсіну қиынға соғады. Сондықтан, өз өздігінен алынған Ұлыбританияның «тарихи зерттеудің ақылға қонымды алаңы» бола алмайтындығы айқын білінеді. Тек қана ұлттық шеңбермен шектелген зерттеу алаңын қолдайтын зерттеуші өз тарапын оқиғалардың болашақта өрбуіне сілтеме жасау арқылы өз позициясын қорғап қала алмайды, өйткені ара қашықтықтарды қысқартқан, халықаралық сауданы дамытқан, оның көлемін көбейткен, су астында жүзетін кеме мен ұшақты ойлап шығарған өнеркәсіптік революцияның халықаралық ынтымақтастық үшін әлі әлем тарихы білмеген ірге тасты қалағаны күмән туғызбайды. Яғни, жеке алып қарастырар болсақ, Ұлыбританияның ұлттық тарихы «тарихи зерттеудің ақылға қонымды алаңы» болмайды және болған да емес, ал егер бұл ой Ұлыбританияға қатысты дұрыс болса, онда демек, басқа да өзге ұлттық мемлекетке қатысты да дұрыс болады. Сондықтан, тарихи зерттеудің ақылға қонымды алаңын іздеуді жалғастыра отырып, біз ұлтқа қарағанда көлемдірек бірлікті таңдап алуымыз қажет.
Ұлыбритания бір бөлігі болып табылатын өpic. Теріс нәтижесіне қарамастан, ағылшын тарихына қысқаша шолу жасау оның кілтін табуға ықпал етті. Біздің назарымызды өзіне аудартқан тарихтың бұл тараулары шындығында, осы оқиғаларға қатысушы Франция, Испания, Португалия, Нидерланды, Скандинав елдері және т.б. бастан өткерген тәжірибені оз басынан өткеріп жатқан Ұлыбритания да соның бір бөлігі, әрекет етуші тұлғасы болып табылатын белгілі бір қоғам өмірінен алған деректер болды.
Тарихтың әрекет етуші күштері ұлттық болып табылмайды, бірақ анағұрлым ортақ себептерден туындайды. Тек өзінің жеке ұлттық көрінісінде ғана алсақ, оларды дұрыс түсіне алмаймыз және сондықтан да оларды бүкіл қоғам аясында қарастырғанымыз жөн. Сонымен қатар, белгілі бір күш әр бөліктерге әр түрлі әсер етеді, өйткені олардың әрқайсысы сырттан келген әсерге оз бетінше жауап қайтарады және кері ықпал етеді.
Қоғам оз тіршілігінің барсында бірқатар мәселелермен ұшырасатынын және оларды өзіне ең қолайлы тәсілмен шешетінінде айта кету керек. Бұл мәселелердің әр қайсысы -тарихтың талабы. Осы сынақтардың әсерімен қоғам мүшелері бірте-бірте терең жіктеле бастайды. Әр кезде біреулер жеңіледі, ал екіншілері оңтайлы шешімін табады, бірақ біраз уақыттан соң шешімдердің кейбіреулері жаңа жағдайларға сай болмай шығады да, ал екіншілері, тіпті өзгерген жағдайлардың өзінде өміршеңдік танытып жатады. Бір сынақтан соң екіншісі туындайды. Біреулері өзінің қайталанбастығын жоғалтып, сүрең бұқараға сіңіп кетеді, ал басқалары шамадан тыс күш жұмсап, босқа тырысып күресін жалғастыра береді, ал ақылы жеткен үшіншілері өз өмірін жаңа жолдармен құра отырып, кемелділіктің шыңына жетеді. Осы үрдісте біртекті сынақ жағдайында жекелеген әрекеттерді түсіну мүмкін емес, бірақ оны жалпы алғандағы қоғам өміріндегі оқиғалар тізбегі секілді сынақтар тізбегі жағдайындағы өзгелердің бет алысымен салыстырып отыру қажет.
Сонымен, ағылшын тарихын анағұрлым кеңірек қауымдастықтың мүшелігіндегі ұлттық мемлекеттердің тарихтарымен салыстырмайынша айқындай алмаймыз. Олардың әр қайсысы орын алған оқиғаларға өз бетінше ерекше жауап береді. Әрбір жағдайда біз жекеленген емес, тұтастық термині тұрғысынан ойлауымыз қажет, тарауларды қоғамның жекелеген мүшесінің емес, бүкіл бір қоғам өмірінің жағдайы деп көруіміз керек, оның өкілдерінің тағдырын бақылай отырып, әрқайсысын жеке-жеке емес, жалпы ағымда қарастырып, оларды бір хордың дауысы секілді қабылдауымыз керек, яғни олардың дауысы бірге шыққанда ғана мәні-мазмұнға не болады, ал жеке-жеке шықса жеке ноталар ретінде одан айырылып қалады. Тарихқа осы тұрғыдан үңілер болсақ, біз оқиғалар аласапыраннан тәртіп пен құрылымды таба аламыз, сонда бастапқыда түсініксіз болған нәрселерді түсінуімізге жол ашылады. Тарихи фактілерді түсіндірудің бұл тәсілін б.э.д. 725 жылдан 325 жыл аралығы кезеңдегі Көне Грекияның қала-мемлекеттері мысалында түсіндіруге болады.
Ол кезде қала-мемлекеттер азық-түлік тапшылығына ұшырады, алайда азық-түлік эллин халқында жеткілікті болды, өйткені ауыл шаруашылығы ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз ететіндей деңгейде қарқынды дамыған еді. Азық-түлік дағдарысы туындаған кезде әртүрлі мемлекеттер оны шешудің әртүрлі тәсілдерін іздей бастады. Мысалы, Коринф пен Халкида'4 өздерінің басы артық халқын теңіздің арғы жағалауындағы Сицилия, Оңтүстік Италия, Фракия және т.б. сияқты аймақтарды отарлауға қолданды. Бұл жерлердің тұрғындарының саны не тым аз, не халқы тым қараңғы болды, сондықтан олар басып алуға қарсылық көрсете алмады. Осылайша, грек қоғамының географиялық иеліктері отарлар есебінен өсіп отырды, бірақ құрылымдық тұрғыдан өзгеріске ұшырамады. Отарлаушылар айналысатын ауылшаруашылығы, олардың басшылыққа алып өмір сүрген институттары отанындағы әдеттегі бой үйренген тұрмыс жағдайларының дәл көшірмесіндей болды.
Басқа қала-мемлекеттері өмір салтын өзгертуді көздейтін шешімдерді іздестірді. Мысалы Спарта жер қажеттілігін эллин әлемінен тысқары жердегі теңіздің арғы жағалауындағы елдерді отарлаумен емес, жақын орналасқан Мессениядағы грек жерлерін басып алу арқылы шешті15. Ұзақ әрі кескілескен соғыстардың нәтижесінде Спарта өзінің күшті көршілерін жаулап алып, олардың территорияларын өзіне қосты. Ал оларды сақтап қалу тұрақты әскери күштің болуын қажет етті. Қалыптасқан жағдайда Спарта өз өмірін төменнен жоғары қарай әскери тұрғыдан ұйымдастыруға мәжбүр болды, гректің бірқатар өзге қоғамдарындағы жойылып бара жатқан және тиімсіз әлеуметтік институттарды нығайта және қайта құра отырып Спарта осылай істеді де.
Афина болса қоныс аудару мәселесіне өзгеше тұрғыдан қарады. Бастапқыда олар оны елемегендей болды. Алайда, тоқырау әлеуметтік көтеріліске ұласып кету қаупін төндірді. Бірақ соның өзінде де Афина өзге жерлерді басып алу мен иелену жолына түспеді. Олар өзінің қайталанбас шешімін қалыптастырды. Ауылшаруашылық өндірісі сыртқа шығарылуға бағытталынды, қолөнер мен сауда дами түсті, олар экономикалық өзгерістер барысында дүниеге келген жаңа топтармен билікті бөлісуге итермелеген саяси ұйымдардың қайта құрылуына алып келді. Басқаша айтқанда, афиндік мемлекеттік қызметкерлер оңтайлы іске асырылған экономикалық және саяси революциялардың арқасында әлеуметтік көтерілістің алдын алды және сол арқылы эллин қоғамының дамуына жаңа жол ашты. Тоқырау Эллада үшін мектеп болды деген де Перикл дәл осыны меңзеген еді16. Афиналықтар қаншалықты деңгейде өздері үшін өмір сүргенде эллин қоғамы тоқырауға ұшырамай тұрып-ақ қайғыға тап болды17. Олар Эллада үшін өмір сүргенде, Периклдың тұжырымы дұрыс болды, өйткені шамамен б.э.д. 325 жылы басталған эллиндік тарихтың жаңа дәуірінде Афинада ортақ мәселелерді шешу үшін қалыптасқан жеке шешім ретіндегі жаңа ойлар мен институттар басқа эллиндік қоғам тарапынан (бұл институттар ол кезде грек тілді елдердің тар аумағынан асып шығып, шекарасын анағұрлым кеңейтіп алған еді) ортақ әлеуметтік құндылықтары ретінде қабылданған болатын. Грек тарихының бұл кезеңі әдетте «эллинистік ғасыр» деп аталады, бірақ та оны «аттикалық ғасыр» деп атаған дұрысырақ болар еді18.
Жеке-жеке Афинаны, Коринфті, Спартаны немесе Халкиданы ғана емес, барлық эллиндік қоғамды өріс ретінде қарастыратын көзқарас тұрғысынан біз бұл бірнеше қауымның б.э.д. 725-325 ж.ж. аралығындағы даму тарихын ғана емес, бұл кезеңнен келесі кезеңге өтудің маңызын да түсіне аламыз. Осы тұрғыдан Халикнданың немесе Коринфтің тарихы қалыпты түрде өтіп отырған деп айтуымызға болады, ал ол кезде Спарта немесе Афина өздерінің қайталанбас жолдарын іздеумен болды. Бұл айырмашылықтың көзге анық байқалатыны соншалық, тарихшылар эллин тарихының бастапқы кезінің өзінде-ақ спарталықтар мен афиндықтардың тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері болды деп ұйғарды. Дамуды осылайша түсіндіру іс жүзінде ешқандай да даму болмады және осы екі грек халқы өздерін дербес деңгейге қойған қасиеттерге бастапқыдан-ақ ие болған дейтіндей ұйғарымға сай келеді. Алайда, мұндай гипотеза тарихи фактілерге қарама-қайшы келеді. Мысалы, Спартаға келер болсақ, Афинада Британ археологиялық мектебі жүргізген қазба жұмыстары көрсеткендей, шамамен б.э.д. VI ғ. ортасында спарталық өмір салтында еш ауытқушылық болған емес және ол басқа да грек халықтарының өмір сүру салтына толық сәйкес келген болатын. VI г. екінші жартысында төңкерістік серпіліс орын алды және ол белгілі бір түсініктеме беруді қажет етеді. Егер сол кезеңдегі спартандық тарихты бүкіл эллиндік әлемнің басына түскен сынаққа берілген жергілікті жауап ретінде қарастырар болсақ қана оған көңілге қонымды түсініктеме бере аламыз. Эллинистік деп аталатын ғасырда барлық эллин әлеміне кең тараған Афинаның өзіндік сипаттарын (Спартаның жолы ояныкімен салыстырғанда, тығырыққа тірейтін жол еді) тек ауқымды тарихи зерттеу аясында ғана түсінуге болады.
Сонымен, белгілі бір бөлікті түсіну үшін біз ең алдымен жалпыға назарды аударуымыз қажет, өйткені жалпы өздігінен түсінілетін зерттеу өрісі болып табылады және өз-өздігінде ақылмен танылады.
Біздің зерттеу өрісіміздің кеңістіктік кеңеюі. Алайда ақылға қонымды зерттеу өрісі бар деген ой-тұжырымының тәжірибелік пайдасы шамалы, өйткені біз зерттеліп отырған өрісті оны құрайтын бөліктерден бастау ала отырып, бір тұтастылық ретінде анықтадық. Тұтастықтың бөліктерін тұтастықтан тыс түсіне алмаймыз, бірақ дегенмен олар айқын нәрселер. Мысалы Ұлыбританияның нақты географиялық жағдайы мен кеңістіктіктегі орны бар; ағылшын ұлты белгілі бір дәуірде қалыптасады. Біз Ұлыбритания бір бөлігі ғана болып табылатын ауқымды, кең қоғамды дәл осындай он және нақты ұғымдарда анықтамайынша қанағаттана алмаймыз. Сонымен, оның көлемін алдымен Кеңістікте, содан соң Уақытта зерттеп көрейік.
Ұлыбританняны да қамтыған қоғамның кеңістіктегі көлемін зерттеуді алдымен ағылшын тарихына жалпы ретроспективті бақылау кезінде біздің назарымызды аудартқан тарауларды қарастырудан бастаған жөн. Тарих тарауларын бастапқыда қарастырған кезде біз олардың қоғам өміріндегі оқиғалардың тізімі ғана екендігін және оған қатысты Ұлыбритания мен өзге де «аралас» елдердің оның тек бір бөлігі ғана болып табылатындығын байқадық. Яғни, біз тарихи зерттеудің ақылға қонымды өрісі кез келген ұлттық мемлекеттен ауқымдырақ екендігі туралы фактіні анықтадық. Бізді қызықтыратын ақылға қонымды зерттеу өрісінің сыртқы кеңістіктік шекаралары қайда екендігін анықтау үшін бұл тарауларды қайтадан қарастырайық.
Егер де біз соңғы тарау - индустриалдық жүйенің қалыптасуынан бастайтын болсақ, ол көздеп отырған ақылға қонымды зерттеу өрісінің географиялық ауқымы бүкіл әлемді қамтитындығын көреміз. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерісті түсіндіру үшін біз тек батыс еуропалық елдердің ғана емес, Тропикалық Афинаның, Американың, Ресейдің, Левантаның19, Үндістан мен Қиыр Шығыстың да экономикалық жағдайларын ескеруіміз қажет. Алайда, біз парламентарлық жүйеге назар аударып, экономикалықтан саяси салаға өткен кезімізде біздің көкжиегіміз тарылады. «Бурбондар мен Стюарттар бағынған» Заңдардың күші Ресейдегі Романовтарға, Түркиядағы османдарға, Үндістандағы Тимуридтерге, Қытайдағы маньчжурларға, олардың Жапониядағы қазіргі замандастары сёгундарға жүрмейді20. Бұл елдердің саяси тарихын біз қабылдаған терминдерде түсіндіре алмайсыз. Егер де біз оларды сараптай бастайтын болсақ, олардың тарихының қарастырылып отырған тараулары мен олардың ұсынып отырған ақылға қонымды зерттеу өрісінің мүлдем басқа екендігін байқаймыз. Англия мен Францияның тарихының қозғаушы күші болып отырған заң ол жерде әрекет етпейді және керісінше, бұл елдердің әрқайсысының саяси тарихы бағынатын заңдары Англияның немесе Францияның саяси оқиғаларын айқындай алмайды. Мұнда Ұлыбританияның физикалық шекараларына қарағанда анағұрлым терең және тосын шекара өтеді. Алайда Франция мен Англиядағы «Бурбондар мен Стюарттар бағынған» заңның әсері Батыс Еуропаның басқа да елдері мен теңіздің арғы бетіндегі жаңа батыс еуропалық отарлы қауымдарға таралатын еді21. Сонымен қатар Еуропалық континенттегі бұл заңның әрекет етуі Ресей мен Түркияның батыс шекарасында күшін жоятын. Одан ары басқа заңдар әрекет ететін және олардың салдары да басқа болатын.
XVI ғ. үшінші ширегі үшін көптеген батыс еуропалық елдердің ауқымды теңіздің аржағына таралған экспансиясы тән болды, бұдан Англияда шет қалған жоқ. Теңіздерде даттықтар, шведтер мен курляндтар айтарлықтай белсенділік танытты, ал Германия мен Италия бұл үрдіске қатысқан жоқ десе де болады22. Тіпті бұл экспансияны билік тепе тендігін өзгертуге талпыныс ретінде жалпы аспектіде қарастыра отырып, біз бірнеше ғасырлар бойы бұл үрдістің Батыс және Шығыс Еуропаның шекараларынан шықпағанын байқаймыз. Мысалы 1792-1815 ж.ж.23 жалпы еуропалық соғысқа дейін ешбір ислам мемлекеті және 1914-1918 ж.ж. әлемдік соғыс басталғанға дейін, яғни одан он екі жыл бұрынғы англо-жапондық одақ құрылған дейін бірде бір Қиыр Шығыс елі бұл үрдіске қатысқан жоқ24.
Реформацияға келер болсақ, оны тек Англия мен Шотландия тарихы тұрғысынан түсіне алмаймыз. Екінші жағынан, біз зерттеу аясын Батыс Еуропадан тыс жерлерге дейін кеңейтер болсақ, мәселенің басы ашылмайды, тіпті одан сайын түсініксіз бола түсуі мүмкін. Реформацияны зерттей отырып, біз XI ғ. схизмадан кейінгі православиялық шіркеудің тарихын25, сонымен қатар, V ғ. кейін жіктелген монофизиттік және несториандық шіркеулердің тарихын назардан тыс қалдыруымыз мүмкін26. XVI ғ. батыс еуропалық Реформация бұл шіркеулердің тарихына тоқталмайтындығын айта кеткенде дұрыс болады.
Англия мен Батыс Еуропаның басқа да елдеріндегі Ренессанс Солтүстік Италияда туындаған идеялармен және институттармен шартталған еді. Ренессанс идеялары мұхиттың аржағындағы жаңа отарларға дейін таралды. Бірақ ағылшындар, француздар, немістер, испандықтар мен поляктар итальян мәдениетінің шырмауына ұшырап, ықпалынан шыға алмай қалған кезде, гректер бізге «папа тиарасынан» «пайғамбар сәлдесі» артық деп жариялады27. Сөйтіп гуманизм идеяларынан гөрі исламға көбірек назар аударғанды жөн көрді. Сол секілді, генуэздіктермен және венециандықтармен (итальян тілі оттоман флотының ресми тілі болған) ұзақ уақыт бойы сауда және әскери қатынастарда болғандығына қарамастан итальян мәдениеті түріктерге де айтарлықтай әсер ете қоймады. Тек Акбардың билігі кезіндегі Моғол сарайының архитектурасында ғана итальян мәдениетінің болар болмас және бір сәттік қана экзотикалық әсері сезіледі28. Ал индустар мен Қиыр Шығыс халықтарына келер болсақ, олар бұл уақыттарда Еуропаның Ренессансты бастан кешіріп жатқандығын және Ренессанстың Италиядан басталғандығын мүлдем білмеуі де мүмкін.
Феодалдық жүйенің Англиядағыдай сипатта орнығуы таза батыс еуропалық дамудың нәтижесі болып табылады. Шамамен сол кезеңде феодализмнің Византия мен мұсылман әлемінде де орын алғандығы рас, бірақ та оның сол жерлерде Батыс Еуропадағыдай себептерден туындағандығы дәлелденбеген. Ұқсастықтарды табуға көп талпыныстар жасалынды, бірақ тереңірек үңіліп қарағанда, ойдан шығарылған ұқсастықтар шындықтың сынына шыдамады. Жапониядағы феодализмді айтпаған күннің өзінде, Батыс Еуропаның, Византия империясының және мұсылмандық Мысыр, Түркия, Үндістанның феодалдық жүйелері мүлдем бөлек институттар ретінде қарастырылуы қажет.
VI г. соңында ағылшындардың батыс христиандығына өтуі олардың белгілі бір қауымдастыққа қосылуының белгісі болды және бұл олардың басқа бір қауымдастыққа мүше болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Тіпті 664 ж. Уитбийлік жиынға дейін ағылшындарда кельттердің «қиыр батыстық» христиандығын қабылдаудың мүмкін болған еді, бірақ та Августиннің миссиясы ағылшындар ирландықтар мен валийецтерге қосылмайтындығын түбегейлі шешті29. Кейінірек, Атлант жағалауында араб мұсылмандар пайда болған кезінде Британ аралдарының бұл «қиыр батыс» христиандары Абиссиния мен Орталық Азияның христиандары секілді Еуропалық құрлықтағы өздерінің діндес бауырларымен қатынастыруынан айырылып қала жаздады. Олар арабтардың билік жүргізуі кезіндегі монофизиттер мен Орта Шығыстағы несториандар секілді исламданып кете жаздады. Бірақ бұл болжамдалып отырған альтернативалар ақылға сыймайтын ретінде теріске шығарылуы керек. Бірақ, мүмкін олар бір қарағандағыдай соншалықты ақылға қонымсыз емес те шығар. Қалай болған күнде де, 597 ж. үндеуіміз бізді барша адамзатқа емес, батыс христиандығына қатысты еткендігін және сонымен бір мезетте бізді батыс христиандары ретінде басқа да діни ұйымдардан (бүгінде жоқ қиыр батыстық христиандардан ғана емес, провославтық христиандардан, монофизиттерден, несториандардан, мұсылмандардан, буддашылдардан және т.б.) ажыратып алғандығы туралы ойлауымыз керек. Пұтқа табынушылық кезінде мұндай ажыратушылық болмаған еді және біз тәуелсіздігімізге күмәні бар кез-келген «әмбебап шіркеуге» қосыла алатын едік.
Тарих тарауларын қайта қарау бізге Ұлыбритания бір бөлігі болып табылатын және Ұлыбританияға қаншалықты қатысты болғанға дейін бізді тарихи зерттеудің ақылға қонымды өрісі ретінде қызықтыратын қоғамның кеңістіктік шегін анықтау құралын ұсынды. Біз олардың шекараларын әлеуметтік өмірдің үш саласы - экономикалық, саяси және мәдени салалары қиылысқан жерден таптық. Бұл салалардың әрқайсысының таралуының өз шекаралары бар және олар біз зерттеп отырған қоғамның шекарасымен көбінесе сәйкес келе бермейді. Мысалы, бүгінгі қоғамның экономикалық саласы біздің планетамыздың адам игерген барлық беткейін қамтитындығы сөзсіз. Жер бетінде Ұлыбританиямен тауар немесе қызмет көрсету арқылы алмаспайтын бір де бір бөлік жоқ шығар. Саяси салада да жаһандық сипаттағы өзара тәуелділік туралы да айтуға болады. Бүгінгі таңда Біріккен Корольдік әлемнің 66 мемлекетінің 60- ымен байланысты30.
Алайда, біз мәдени салаға ауысқан мезетте Ұлыбритания бір бөлігі болып табылатын қоғамның басқа әлеммен шынайы байланыстары әлдеқайда жұтаңдау болып шығады. Шын мәнінде олар Батыс Еуропа елдерімен, Америкамен және католиктік және протестанттық тұрғындары бар оңтүстік теңіздердің бірқатар елдерімен шектеледі31. Бірақ та бұл халықтардың мәдениетіне тереңірек үңілсек, біз оларға орыс әдебиетінің, қиыр шығыстық кескіндеме мен үнді дінінің елеулі әсері болғандығын байқаймыз.
Егер де біз бұл қиылыстарды анағұрлым ертеректегі уақыттық нүктелерде қарастыратын болсақ, барлық үш салада да қоғамның географиялық шекаралары прогрессивті түрде тарылатындығын көреміз. Айталық, 1675 ж. үшін экономикалық және мәдени салалардың арасында көп айырмашылықтың болмағандығы тән (егер де біз қарапайым халықаралық сауданың тарауына назар аударып, оның мазмұны мен көлемін қарастырмайтын болсақ), ал Еуропадағы саяси саланың шекаралары (Америка жағалауындағы территориалдық иеліктерін ескерген кезде) шамамен оның бүгінгі таңдағы мәдени шекараларына сәйкес келеді. Егер де 1475 ж. қарай тереңдейтін болсақ, біріншіден, теңіздің арғы бетіндегі ешқандай аймақтардың болмағандығын көреміз және осыған байланысты экономикалық сала Батыс және Орталық Еуропа (егер де Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы бірнеше коммерциялық бүркулерді есептемейтін болсақ) аумақтарымен шектеледі және мәдени саламен толық сәйкестенгенге дейін тарылады. Сол кездегі үш саланың да шекаралары шамамен сол кезде шіркеулік папа билігі орныққан аймақпен сәйкес келеді. Ал егер одан да ертерек кезенді, шамамен 775 ж. алар болсақ, саланың да шекаралары толығымен дерлік сәйкес келетіндігін байқауға болады. Сол уақыттарда біздің қоғамымыздың шекарасы Батыс Еуропалық құрылығындағы Ұлы Карл иеліктерімен және Британ аралдарындағы Рим империясының мұрагерлері - ағылшын мемлекеттерімен шектелетін еді.
Ол уақытта Иберия түбегі мұсылман араб халифатына тиесілі болды, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Еуропа болса христиандыққа өтпеген варварлардың қолында болды, ал Британ аралдарының солтүстік-батыс жағалауларын папаның билігін мойындамаған «қиыр батыстағы» христиандар мекендеді, Оңтүстік-Шығыс Италия болса Византияның билігінде болды.
Бұл тарихи кезеңді тереңірек зерттеу, біздің қоғамымыздың бастапқыдағы атын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерлерге папаның рухани билігі таралғандықтан, оларды «батыс христиандығы» деп атауға болады. Басқа жағынан алғанда, бұл Ұлы Карлдың иеліктері -Австразия32 деп аталған франк мемлекет! болды, яғни сондықтан оны «франктер әлемі» деп атаған дұрыс.
Бұл «франкілік» деген атау барлық жағдайда дұрыс бола бермейді, өйткені фрак патшалығымен біз зерттеп отырған қоғамның территориялары толық сәйкес келе бермейді. Мысалы ағылшындар франктердің билігін көрмей-ақ осы қоғамның мүшесі болды, ал ломбардтықтар үшін франк билігі өтпелі болды33. Сонымен қатар, орта ғасырдың аяғына қарай «франкілер» деген атау франкілердің өздері үшін де ескіріп қалды34. Сонымен бірге бұл жалпылама атау біздің барлық қауымдастығымызды белгілеу үшін қолданылатын жалғыз ғана ортақ атау болып табылады, ал біздің өзімізге көпшілік мойындаған атау таба білмегеніміз есте қаларлықтай жәйт болды. Бұл дегеніміз біздің осы әлемде өзімізбен терезесі тең келетін қоғамдардың бар екендігін сезбейтіндігімізді және оз қоғамымызды «өркениетті» адамзатпен бара бар деп қарастыратынымызды білдіреді. Біздің қоғамымыздан тыс өмір сүретін халықтар біз үшін жай ғана «тұрғылықты халық». Біз оларға шыдамдылықпен қарап, қай жерде болмасақ та өркениетті әлемнің өкілі болудың монополиялық құқығын дандайсушылықпен өзімізге иеленіп аламыз. Ал өзіміздің құрылымымызды, қоғамымыздың жекелеген ұлттық топтарға бөлінуін біз Адамзаттың ұлы бөлінуі ретінде қарастырамыз және «француздар», «ағылшындар», «немістер» деген және т.б. анықтамаларды қолданғанда бұл тек қана бір отбасының ішіндегі бір топтың тармақтары ғана екендігін ұмытып кетеміз.
Біздің өз атауымыздың өзіміз үшін жойылып кеткендігі, ал оның орнына біз жекеленген ұлттардың аттарын қолдануымыз және оның біздің қоғамымыздың басқаларына ықпал етуі тұрақты және нақты болған тарихтың жаңа кезеңінде орын алуы кездейсоқтық емес. Өз атауының ұмытылуының тарихи факт біздің микрокосмосымызға тән сипат. Алайда, ең болмаса бір қоғамды екіншісінен айыру үшін біздің қоғамымыздың тарихи атын қалпына келтірмейінше және қайта тірілтпейінше тарихи зерттеудің ақылға қонымды зерттеу өрісін іздеу барысында ұзаққа кете алмаймыз. «Франкілер» деген анықтама дәл болмағандықтан және бүгінгі таңда экзотика болып кеткендіктен, «батыс христиандығы» атауын қалпына келтірудің қисыны бар. Бұған Реформация кезеңінен бастап діни бейтараптылық әртүрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қозғалыстардың негізгі желісі ғана емес, жіктелу белгісі де болып табылды деп қарсы пікір айтуға да болады. Сондықтан, «христиандық» сөзін қолданбай-ақ, «Батыс», «батыс әлемі» немесе «батыс қоғамы» туралы айту дұрысырақ болатын шығар. Қандай да бір реңділігі жоқ бұл географиялық атау арқылы біз бүгінгі таңдағы қоғамымызды да, Ұлы Карл уақытындағы қоғамды да анықтай аламыз.
Егер, әсіресе назарымызды мәдени салаға шоғырландырып, қоғамымызға лайықты атауды іздей бастасаң болғаны ойыңа басқа бейнелер мен атаулар келе бастайды. Осы тұрғыда бүгінгі уақытта дәл біздікі секілді тура сол түрдегі жоқ дегенде төрт қоғамды қатесіз айырып бере аламыз:
1) православиелік-христиандық немесе византиялық қоғам , ол Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Ресейде орналасқан;.
2) аридтік жерлерде шоғырланған мұсылман қоғамы35, ол диагональ бойынша Солтүстік Африка мен Орталық Шығыстан Атлант мұхитына, одан Ұлы Қытай қорғанына дейін жалғасып жатыр;.
3) индуистік қоғам**, аридтік жердің оңтүстік-шығысына қарай тропикалық, субконтиненталдық Үндістанда;.
4) аридтік жер мен Тынық мұхиты арасындағы субтропикалық және қалыпты аудандардағы қиыршығыстық қоғам.
Дәйекті зерттеу барысында төмендегідей түрде топтастыруға болатын ескіден қалған (реликті) қоғамдар анықталады:
1) Арменияның, Месопотамияның, Абиссиния мен Мысырдың монофизиттік христиандарын, Күрдістан мен Малабараның несториандық христиандарын, сонымен қатар еврейлер мен парсыларды қосатын топ36;.
2) Тибет пен Монголияның махаянаның ламаисттік буддашыларының, Цейлондағы, Бирма мен Тайландтағы хинаяна буддашыларының37; сонымен қатар Үндістандағы джайндардың тобы38.
Тағы бір қызық жәйт, 775 ж. назар аударсақ, әлем картасындағы қоғамдардың көлемі мен негізгі ерекшеліктері ғасырлар өтсе де айтарлықтай өзгеріске ұшырай қоймағандығын анықтауымызға болады. Негізінде, батыс қоғамы пайда болғаннан бері әлем картасы өзгерген емес. Өмір үшін күрес барысында Батыс экономика мен саяси салаларда үстемдікке ие болды, бірақ та қарсыластарын оларға бұрыннан тиесілі мәдениетінен айырғанымен толық қарусыздандыра алмады. Ал рухани күресте соңғы нүкте әлі қойыла қойған жоқ.
Сонымен, біз «батыстық» деп атаған қоғамды зерттей отырып, біз оның ұдайы кеңеюге деген тенденциясын байқадық. Алайда, өзінің тіршілік етуі барысында бұл қоғамның экономикалық, саяси және мәдени салада үстем жағдайға қол жеткізе алмағандығын мойындауымыз қажет.
Бұл қорытындының зерттеу тәсілін анықтау үшін маңызы зор. Ең алдымен байланыстың екі түрі болатындығын айта кетейік: бір қоғам шеңберіндегі қауымдар арасындағы қарым қатынас және одан да ірірек бірлік шеңберіндегі қауымдар арасындағы қарым қатынас. Бүгінгі тандағы ұлттан басқа ірірек құрылымдарға назар аудармайтын тарихшылар терминологиясында, екінші түрдегі қатынастар «халықаралық» деген екі ұшты терминмен аталынады. Осы тұрғыда қоғамдардың әртүрлі типтері тұрғысындағы халықаралық қатынастарға қарағанда тура алған мағынадағы халықаралық қатынастарға көбірек көңіл бөлінеді. Тарих ғылымын дамыту ісі үшін бір қоғам ішіндегі мемлекеттер арасындағы байланысты анықтайтын халықаралық қатынастар мен қоғамдар арасындағы экуменикалық сипаттағы39 байланыстарды анықтайтын халықаралық қатынастар арасына айырмашылық енгізген дұрыс болар еді. Екінші түрдегі қатынастарды зерттеу үшін біршама күш жұмсау қажет.
Өрісті уақыттар аралығында өрбіту. Батыс қоғамының көлемін кеңістікте зерттеп болған соң оны уақыт аралығында қарастырып, ашу қажет. Бұл жерде біз болашаққа бағдар жасау қиындығына кез боламыз. Дамудың ақырғы мақсатын анықтаудың мүмкін еместігінен, дамудың сипатын да нақты анықтауға болмайтындығы келіп шығады. Біз өзіміз мүшесі болып отырған қоғамның өмірін толық сипаттай алмаймыз, өйткені бұл қоғам біз оны бақылау қабілетінен айырылғанымыздан кейін де өмір сүре береді. Батыс тарихы тек қана батыс қоғамы жоғалған кезде ғана аяқталған күйге енеді. Ал бізге тек өткенді бақылаумен қанағаттану ғана қалады.
Тағы бір рет 775 ж. кейінгі кезеңге оралайық та, біздің ата-бабаларымыз өздеріне тиесілі уақытта өз билігіндегі кеңістікті қалай қолданғандығын бақылап көрелік.
Ұлы Карлдың иеліктері оның үш немерелесінің арасында бөлінген кезде, олардың ішіндегі үлкені ретінде Лотарь өзінің атасына тиесілі астаналар - Ахен мен Римге40 билік етуге таласы барын білдірді. Қалаларды аумақтық тұрғысынан біріктіру үшін тар жол бойымен жалғасқан Тибр мен По сағасынан Альп тосқауылы арқылы Рейн сағасына дейін созылып жатқан тар жерлер бөлініп берілді. Осылайша Солтүстік Италия Рейн бойындағы жерлермен және Нидерландымен біртұтас егемендік аясында бірікті. Лотарьға тиген үлес тарихи географиядағы езу тарттырарлық жәйт болып қарастырылады, өйткені бүгінгі таңда Еуропаның саяси картасында бұл мүмкін емес жағдай болып есептелінеді. Бірақ та, Каролингтердің үш ағайындылары Лотарьдың жерін батыс әлеміндегі аса маңызды деп санаған кезде қателеспеген еді. Егер де біз бұл жерлерді солтүстік-батысқа қарай жалғастырып (843 ж. шарт Альпіні ескермегені секілді Ла-Маншқа назар аудармасақ), Лотарьдың құрлықтағы иеліктеріне 839 ж. қайтыс болғанға дейін Экберт Уэссекский патшасы билік еткен41 Британияның бір бөлігін қосып қарастырар болсақ, біз Батыс Еуропаның тарихи географиясындағы құрылымдық белдеулердің бірі болған ең елеулі тізбекте жүргізгенімізді байқаймыз.
Егер де 775 жылғы батыс әлемінің кеңістіктік ұзындығына қайтып оралып, оның аумағының қалай кеңейіп, қазіргі Батыстың кеңістігіне айналғандығын бақылайтын болсақ, Римнен Рим валына42 дейін оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай өтетін түзу сызықтың, біздің геометриялық фигурамыздың көлденең белдеуі екенін көреміз. Оның орталық нүктесі Лотарингиядағы Мецқа жақын орналасқан, ол бір кездерде Ұлы Карл империясының тірегі — австразиялық мемлекеттің астанасы болған, ал бүгінгі күнде ол Франция мен Германия арасындағы шекараның басты форпосты болып табылады. Егер де біз Мец арқылы алдыңғысына тік бұрышты басқа бір тізбекті өткізетін болсақ, соның бойымен батыс қоғамы өзінің географиялық кеңістігін өрбіткен негізгі белдеуді аламыз. Оңтүстік-батыс бағытында Пиренея арқылы бұл белдеуді 778 ж. Ұлы Карлдың өзі жүргізген болатын, ал XIII ғасырда кастильдік жаулап алушылықтар оны Гвадалквивир сағасына дейін жалғастырды және Атлант мұхиты арқылы ол бүгінгі таңда Латын Америкасы деп аталатын аумақтарға шейін созылды43. 772 және 804 жылдар аралығында Рейннен Эльбаға дейінгі солтүстік шығыс белдеуін де. Ұлы Карл жүргізген еді, ал Карлдың дүние салғаннан екі ғасыр өткеннен кейін Скандинавия, Полына мен Венгрия батыс христиандығын қабылдаған кезде ол Вислиы басып өтті және XVIII ғасырда ол сол кезде Тынық мұхитына дейін жалғасып жатқан Ресей империясының шығыс аймақтарына дейін келіп жетті44. Көріп отырғанымыздай, кеңею барлық бағытта, бастапқыда құрлықта, ал одан соң теңіздер арқылы жүрді. Орта ғасырларда Солтүстік Италия алдымен Оңтүстік Италия мен Сицилияны иеленіп, содан соң Жерорта теңізі арқылы ішкі шығыс жерлерге жетті. Бұл саяси және экономикалық экспансия «крест жорықтары» деген атауға ие болды, алайда ол бұл құбылыстың мәнін дәл басып аша қоймайды45.
Оңтүстік-шығыстық экпансия тым тереңдеп кетті. Ең күшті импульс венециандық көпестерден бастау алды, олар Суэц мойнағы арқылы Үндістанға енді. Осы тұрғыда Еуразия жазығы арқылы Пекинге дейін жеткен венециялық саяхатшы Марко Поло да үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің ең биік шыңына жеткен бұл қозғалыс тас талқан болды. Торт ғасыр бойы қол жеткізілген жетістіктер 1475 жылы ғайып болды46.
Англияның шеткі солтүстік батыс нүктесінен көлденең белдеуді жүргізу кейінгі ғасырда іске асырылып, анағұрлым.
227-14 тұрақты үрдістермен және барлық көрсеткіштері бойынша созылмалылығымен сипатталды. Солтүстік Американың тұрғындары ағылшын тілдес халықтар болды. Батыс мәдениетінің байлығын Үндістанмен және Қиыр Шығыс елдерімен бөлісу үшін Солтүстік Атлантика мен Тынық мұхиттың оңтүстік жағалауларына дейінгі аралықта ағылшын тектес қауымдар құрыла бастады. Лотарингияда жүргізілген тізбектің әсері осындай болған еді, бірақ та Лотарь мен оның бауырлары біз үшін шындыққа айналып отырған осы бір болашақты көре алмады және егер де олар тізбектің ерекше маңыздылығы бар екендігін тек өткен тарихи тәжірибеден бастау ала отырып түсінді. Ол кезде бұл тізбек басқа геометриялық фигураға жатқанымен оның сол уақыттағы маңыздылығы өте жоғары болған болар.
Лотарь да, оның атасы да рим императорының атағын иеленген болатын. Император титулын оны иеленуге толық құқы болмаса да Каролингтер дәуірінде өзінің британдық alter orbis-індеА1 патшалығын құрған ағылшын патшасы Уэссекке де иеленді. Тізбек Римнен Альпі арқылы Ахенге, Ахеннен Ла-Манш арқылы Рим қабырғасына дейін созылды. Ол Рим империясының күшейтілген бекіністерінің бір көрінісі болды. Альпі арқылы солтүстік-батыстан осы тізбек бойымен жүре отырып, әскери шекараны Рейннің сол жақ жағасының бойымен белгілеп және оның сол жақ қанатын аннексияланған Оңтүстік Британияның есебінен нығайту арқылы римдіктер өз иеліктерінің қиыр батыс шекарасын анықтап алды. Сонымен, Лотарингияда жүргізілген тізбек Лотарьдан көп бұрын-ақ (батыс қоғамының пайда болғаны тәрізді) Рим империясының географиялық құрылымына жататын. Бірақ Рим империясы мен батыс әлемінің геометриялық параметрлері тепе-тең емес, сондай-ақ тарихтың әр кезеңдерінде бұл тізбектің қызметтері әр түрлі болды. Рим империясы үшін бұл - сыртқы шекарасы, сыртқы жаулап алулар сонымен шектелді. Батыс әлемі үшін керісінше, экспансия осы сызықтан бастау алатын. Патшааралық летаргия кезінде (375-675)48 тура сол түрдегі батыс қоғамының жон арқасына айналған қабырға ескі қоғамның алынған болатын.
Мұндай тиянақты географиялық талдау батыс қоғамының уақыттық сипаттарын анықтауға және оның қайнар көздерін түсінуге мүмкіндік береді. Біздің алдымызда екі нәрсе туындап отыр: біріншіден, 775 жылға қайта орала отырып, біз қоғамдардың өмірін бүгінгі уақытқа сәйкес келмейтін ұғымдарда бейнелеуге мәжбүр болдық. Екіншіден, тарихтың терең түпкірінен қазып алынған кез келген элементтерді басқа дәуірлердің ұқсас элементтерімен салыстырған тырысқанда олардың әрқайсысы өзінің қайталанбастығы мен ерекшелігін паш етіп отырды.
Лотарьдің жері батыс қоғамының белдеуіне айналды. Дәл осы жерде шіркеу Рим империясының шекарасына ығысып келіп, варварлармен жанаса түсті және осы жерде ең соңында одан келіп қоғам туды. Тиісінше, батыс қоғамының тарихшысы оның тамырларын іздеуге тырыса отырып бір жағынан шіркеу тарихына, екінші жағынан варварлар тарихына өз назарын жіте аударуы қажет. Оқиғалар желісін ретроспективті тұрғыда қарастыра отырып, тарихқа грек-рим әлемі Ганнибалмен соғыс жүргізіп жатқан б.э.д. II ғ. дейін барып үңілейік. Неліктен Рим өзінің билігін солтүстік-батысқа қарас созды? Өйткені оны ол жерге ығыстырған Карфагенмен болған шайқас болатын. Неліктен Альпіден асып түскеннен кейін ол Рейнде тұрақтанған жоқ және одан да ыңғайлы табиғи шекарасы болатын Балтика, Висла мен Днестерге қарай жылжымады? Өйткені, екі ғасырға созылған соғыстар мен төңкерістердің нәтижесінде Августин дәуіріндегі Рим езінің өмірлік қуатын сарқыған болатын49. Неліктен варварлардың жолы болды? Өйткені бірінің өркениет дамуы төменірек болған екі қоғам арасында нақты бекітілінген шекара орнатылған кезде, бұл бірден тепе-теңдіктің орнауына алып келмейді. Уақыт өте келе шекара өркениеті төменірек жаққа қарай ойыса бастайды. Ал варварлар римнің шекарасын бұзған кезде, олар екінші жақтан шіркеуді кездестірді ме? Әрине, өйткені Пунистік соғыстардан кейінгі әлеуметтік және экономикалық революциялардың барысында күйзеліске ұшыраған Батыс жерлерінде жұмыс істеулері үшін Шығыстан өте көп құлдар әкелінген еді. Күштеп көшіп-қондыру грек-рим әлемінде шығыстық діндердің таралуына әкеліп соқты. Бұ діндер о дүниеде жеке дара жан азабынан құтылуға уәде бере отырып, жеңіліске ұшыраған «үстемдік етуші азшылықтың» азғындаған рухани дүниесіне майдай жақты.
Осы тұста батыс қоғамының зерттеушісіне тоқталу қажет. Уақыттардың тұңғиығына одан ары қарай тереңдей берудің пайдасы жоқ: бастаулар тұңғиыққа батып ғайып болады. Алайда, осы деңгейге жеткен шақта олар батыс қоғамының түсініктерімен емес, грек-римдік түсініктер тұрғысынан ойлауға мәжбүр болатынын ескерерлік жәйт. Сонымен қатар, оны қызығушылығын оятқан грек-рим тарихының элементтері эллиндік грек-римдік тарихтың дәл осы кезеңін зерттеуші тарихшыны аса қызықтыра қоймайды.
Эллиндік тарихты зерттеу үшін христиандар да, варварлар да өздері «ішкі» және «сыртқы» пролетариат ретінде өмір сүріп отырған әлемге мүлдем бөтен болмыстар ретінде көрініс табады . Ол Марк Аврелийді қоса есептегенде эллин мәдениетінің ұлы қайраткерлері олардың бар болғандығын елеп-ескермегенін айтатын еді. Ол христиан шіркеуін де, варварлар отрядтарын да қоғам тек Ганнибалмен болған соғыстан кейін ғана әлеуметтік сырқаттың белгілері ретінде қабылдай бастағандығын анықтар еді. Білім аясының кеңейе түскенін қалайтын эллиндік тарихты зерттеуші ертеректе орын алған жәйттерге назар аударуы қажет. Ганнибалмен соғыстан кейін жанталасу басталды. Қоғамның негізі ыдырап, оның бойын қатерлі дерт секілді жаңалықтар жайлады. Қатерлі ісіктердің физиологиясы мен өсуін зерттеу тарихшының ісі емес. Оған осы қатерлі дерттердің талқандаушы әрекетін айқындау жеткілікті болады. Гиббон ез жұмысын аяқтай отырып: «Мен Варварлық пен Діннің салтанат құруын сипаттадым»,* - дейді50.
Сонымен, батыс тарихын зерттеуші мен эллин қоғамын зерттеуші оны әрқайсысы әр түрлі терминдерде және әр түрлі тұрғыдан сипаттайды. Өйткені Уақыт пен Кеңістікте екі бөлек қоғамдық құрылым қиылысқанды және олардың әрқайсысының тарихын зерттеу өзіндік ұғымдық аппарат пен өзіндік қадымды қажет етеді.
Жүргізілген сараптау батыс қоғамының Уақыт аралығында өрістеуінің ұзақтығына қатысты оң қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бізді қызықтырып отырған «ақылға қонымды өрістің» кеңістіктік ауқымы жекелеген ұлттың таралуының шектерінен де кеңірек екендігін, бірақ та және сондай-ақ адам игерген барлық Жер бетінен тар екендігін бұрынырақ анықтай отырып, енді біз оның уақыт бойынша ұзақтығы кез келген жекелеген ұлттың өмір сүру мерзімінен көбірек, бірақ солай бола тұра жалпы адамзатқа берілген мерзімнен аз екендігіне көз жеткіздік. Батыс тарихын оның бастауларына қарай бақылай отырып, біз қоғамының бізден бұрын болған соңғы фазасына келіп тірелеміз, оның бастаулары анағұрлым алыста жатыр деген қорытындыға келеміз, ал бұл өз кезегінде тарихтың толассыздығы туралы қосымша шешім шығаруға итермелейді.
Тарихтың толассыздығы - классикалық физиканың көріністерімен ұқсастық бойынша құрылған тұжырымдамалардың ішіндегі ең тартымдысы. Алайда, жүрегімізге қаншалықты жақын болса да біздің оны сынауымызға тура келеді. Шындығында мұның артында не көзделіп түр? Егер де «тарихтың толассыздығы» деп Өмірдің толассыздығының жеке мысалы меңзеліп тұрған болса, бұл мінсіз саналса да жалпыға белгілі ақиқат болып табылады. Амебадан - омыртқалыларға, маймылдан-адамға, ата-анадан-отбасындағы балаға қарай, өмір шындығында да толассыз. Осы жағдайлардың барлығындағы байланыс әр текті болғанымен, шартсыз болып келеді. Бірақ біз өмірдің толассыздығын түсініп, қабылдағанымызбен Өмірдің не екенін айқындай алмаймыз. Егер де мәңгілік ағымның салыстырмалы дискреттілік шекараларын, оның ағысының жанды бұрылыстары мен тыныш шығанақтарын, толқындардың шашыраған жалдары мен сагасының тыныш айдынын, кристаллдармен жарқыраған сеңді мұз шоғыры мен мұздықтар айырымдарындағы қатқан судың сан алуан формаларын ажыратуды үйренбейтін болсақ, Өмір табиғатын түсіне алмайтын шығармыз. Басқаша айтқанда, толассыздық түсінігі тек ақылмен пайымдауға болатын рәміздік бейне ретінде ғана мағыналыққа ие болады, біз оған барлық әр алуандылық пен күрделілік шындығында қабылданған толассыздықты бейнелейміз. Осы жалпы бақылауды Тарихты зерттеу үшін қолданып көрейік. Жалпы қабылданған мағынадағы «тарихтың толассыздығы» салмақ, сәт, көлем, жылдамдық пен адам өмірінің ағысы бағытының тұрақты екендігін білдіреді ме немесе дәл мағынасында тұрақты болмаса да, өзгертуді қажет етпейтіндей тар шектерде ғана өзгеріп отырады ма? Егер де бұл термин осы тектес импликацияларды көздейтін болса, ол қаншалықты тартымды болғанымен де, біз күрделі қателіктерге ұшыраймыз.
Уақыттық қатынастарды зерттей отырып, біз толассыздықтың екі деңгейін ажырата білу қажет екендігіне көз жеткіздік: бір қоғам аумағындағы тарихтың бірізді кезеңдері мен фазалары арасындағы толассыздық және қоғамдардың өзіндегі уақыт аралығындағы байланыс ретіндегі толассыздық. Екінші қатардағы толассыздықты ерекше атап өту қажет, өйткені ол елеулі феномен ретінде көрініс табады.
Толассыздықтың осы екі түрі арасындағы сапалық айырмашылықты адам өміріндегі ұқсастықтың көмегімен білдіруге болады. Әрбір жекелеген қоғамның тарих тараулары адам тәжірибесінің кезекті сатыларын еске түсіреді. Мысалы, бір қоғам мен екіншісінің арасындағы байланыс ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты еске түсіреді. Біріншіден, бала ата-анасынан белгілі бір қасиеттерді иемденеді; екіншіден, дүниеге келу актісінің өзімен дербестікке ие бола отырып, бала, сонда да ата-анасының қамқорынсыз ұзақ уақыт бойы өмір сүре алмайды. Содан соң, ол белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін оның балалық көзқарасы ата-анасының сезімдері мен түсініктерінің қатты ықпалында болады. Ересек болғанда ол ата-анасының жүріс-тұрыстары мен ойларын мұқият зерттеуді үйреніп, оларды қайталай бастайды немесе керісінше, ата-анасының тәжірибесін қайталаудан қашатын болады. Ата-аналардың өз балаларына жалпы әсері, сөзсіз, өте жоғары келеді. Соған қарамастан, бала өзін өзі таныған мезеттен бастап белгілі бір деңгейде дербес жеке тұлға болып табылады. Ал өсіп, жетілген уақытында ол шынымен де ата-анасынан тәуелсіздік алып, өмірге деген өз көзқарасын қалыптастырып, өмірлік қиындықтарды өз бетінше шешуге қабілетті болған кезде, ол толығымен тәуелсіз «жаңа үлкен адамға» айналады және өзі ұрпағын дүниеге әкеліп, оған білім беруге қабілетті болады. Ата-ана мен бала өмірлерінің толассыздығы мен белгілі бір жеке тұлғаның өмір тәжірибесінің толассыздығын салыстырған кезде айтылмаса да белгілі өмір мен өлім жеке тұлғалар арасында терең құзды орнататындығы фактісін жоққа шығара алмаймыз.
Тірі жандар өмірінде міндетті түрде болатын үзілістер бар,.
Қозғалыс тіріні анық емес жолмен жанап өтіп, адасып жүр (Лукреций, Заттар табиғаты туралы)
Кейбір алдын-ала жасалған қорытындылар. Зерттеуіміздің алғашқы сатысының аяқталды, сондықтан қазірдің өзінде алдын ала қорытындылар жасауға болады:
а) нақты елдің тарихи контекстін ескере отырып, шамамен анықталған тарихи зерттеудің ақылға қонымды өрістері бүгінгі таңда ұлттық мемлекеттерге, қала-мемлекеттерге немесе қандай да бір өзге де одақтарға қарағанда кеңістік бойынша да, уақыт бойынша да анағұрлым кең ұзақтығы бар қоғамдарды білдіреді;.
б) мұндай саяси одақтар (ұлттық мемлекеттер, қала-мемлекеттер және т.б.) бөлшектің тұтастық құрамына кіргені сияқты өздері құрамына кіретін қоғамдардан кеңістіктік көлемі бойынша ғана емес, уақыттағы ұзақтығы бойынша да қысқа, олар нақты әлеуметтік қауымдастықтардың жекеленген көрінісі болып табылады.
в) Ұлыбритания секілді тәуелсіз ұлттық мемлекеттерді қамтыған қоғаммен Афина секілді қала-мемлекеттерден тұратын қоғамды бір бірімен салыстыруға болады, өйткені олар бір түрдегі қоғамдар болып табылады;.
г) зерттеліп отырған қоғамдардың бірде бірі барлық адамзатты қамтымайды, адам мекендейтін барлық Жерге таралмайды және олардың өз түріндегі қоғамдар арасында қатарластары жоқ; мысалы біздің батыс қоғамымыз, аталған түрдегі қоғамдардың ең бастапқы өкілдерінің бірі болған эллин қоғамы өз кемеліне келгенге дейін біртұтас нәрсе ретінде қабылданған жоқ. Қалай болған күнде де жекелеген қоғамның толық өмір сүру уақыты сол түрдің өмір сүру уақытымен сәйкес келмейді;.
д) бір қоғамның тарихының фазалары арасындағы толассыздыққа қарағанда қоғамдардың дамуындағы толассыздық пен жалғастық әлсіздеу бейнеленеді (әлсіз болғаны соншалықты, толассыздықтың бұл екі түрін ажырату маңызды), алайда, әртүрлі дәуірлердегі нақты екі қоғам (біздің жағдайымызда батыстық және эллиндік қоғам) арасындағы уақытша байланысты қарастыра отырып, метафоралық тұрғыдан «бала-әке қатынасы» деп атауға болатын қатынастарды байқаймыз.
Осы тұжырымдар тұрғысында Тарихқа адамдық қатынастарды зерттеу ретінде қарай отырып, тағы бірқатар қорытындылар жасауға болады. Оның нақты пәні - ішкі және сыртқы аспектілерден алынған қоғам өмірі болып табылады. Ішкі жағы дегеніміз аталған қоғам өмірінің тарихындағы тараулардың бір ізді жалғастылығының, оны құрайтын барлық қоғамдардың жиынтығының көрінісі. Сыртқы аспект - уақыт пен кеңістікке өрбілген жекелеген қоғамдар арасындағы қатынастар.
Ғылым әлемде сын шектен шыққан бір ерекшелік емес. Ғалымдардың жаңа буынының өткен кезеңдерде даусыз болып есептелінген тұжырымдарды қайта қарастыру мүмкіндігін ескере отырып, өзінің алдында өткендерді сынға алуы табиғи жағдай және заңдылық болып есептеледі. Бұл — этикалық кодекстің ережелерінің бірі, бұл заңның іргелілігі соншалықты, оның классикалық иллюстрацияларын алғашқы қауымдағы рәсім-рәміздер мен мифологиядан кездестіруге болады.
Философиялық тұрғыдан алғанда, бұл ылғи да қайталанып отыратын теріске шығарудың жан күйдірер ештеңесі жоқ, өйткені терістелген ойшыл одан кейін қажетсіз болып қалмайды. Егер де ғылыми ой сынақты көтере алатын болса, ол Білімнің алтын тізбегіндегі бөлік болып қала береді. Сарқырып жатқан ағымға әрбір ғалым өзінің құмырасымен таза суын қазшы, сөйтіп мәңгі тірі ағындар толыққанды өзен ретінде бүгін өмір сүріп жатқандарға белгісіз шектер мен уақыттарға қарай бағытталады.
...Ой дамымай қоймайды, өйткені, адам парасатының қасиеті осындай болып келеді. Әрине, фактілерді фактілер үшін іздестірумен ұзақ айналысуға да болады. Алайда, көптеген мәліметтермен қаруланған адамның ойы ақыр соңында осы көптеген фактілерді қандай да бір тәсілмен реттеу қажет деген қорытындыға келеді. Содан жинастырылғанды синтездеу мен интерпритациялау кезеңі туындайды. Одан соң алдыңғы цикл қайта қайталанады; сөйтіп ғылым дамиды. Фактілер жинағының ешбірі ешқашан толық бола алмайды, өйткені Ғалам ауқымы шексіз болып табылады. Ешбір түйін түпкілікті бола алмайды, өйткені уақыт өте келе жаңа фактілер анықталады, ал олар ретке келтіріліп қойылған ғылыми кескіннің жарылуына алып келеді.
Бұл ырғақтың жалпылама сипаты бар. Фактілерді жинастыру мен оларға түсініктер беру физикада кезекпен жүзеге асады. Кейініректе біз ойға имманентті түрде тиесілі бір біріне қарама қарсы, бірақ бір бірін толықтырып отыратын ойлау қызметінің екі түрінің кезектесіп отыруының тарихшы ғалымдар үшін, сол арқылы Тарих үшін ерекше маңыздылығы бар екендігіне көз жеткіземіз.
...АТАЛҒАН ҚОҒАМ ТҮРЛЕРІН АЛДЫН-АЛА СҰРЫПТАУ
Алдыңғы зерттеулерде осы қоғам түрлерінің алтауы - бес бар және бір жойылған, сондай-ақ тағы екі топ реликті түрі сипатталды. Анағұрлым тиянақты талдау барысында тағы он үш өкілі анықталды. Сонымен біз он тоғыз қоғамды анықтадық: батыстық, православтық, ирандық және арабтық, (қазіргі таңда олар исламға кіреді), индуистік, қиыр шығыстық, эллиндік, сириялық, қытайлық, минойлық, шумерлік, хеттік, вавилондық, андтық, мексикандық, юкатондық, майяндық және египеттік. Әр қоғамдық топтың түбін зерттей келе, біз бір жағдайларда әлемдік шіркеудің арқасында олардың көне қоғамдармен балалық туысқандық қатынаста болатындығын анықтадық. Басқа жағдайларда мұндай туысқандық байланыс байқалмайды. Сонымен біз әлемдік шіркеудің барлық қоғамдық түрлер сұрыпталуының түп тамыры болып табылатындығын анықтадық. Қоғамдарды сұрыптаудың екінші бір белгісі оның алғашқы пайда болған жерінен алшақ кетуінің дәрежесі болып табылады. Бұл екі белгі әрбір қоғамның үздіксіз даму процесіндегі орнын анықтау үшін бір шкаладағы орналасуының жалпы мөлшерін анықтауға көмектеседі.
Діни белгі бойынша сұрыптау төмендегідей қатарды қалыптастырды: біріншіден, кейінгілерімен де, алдыңғыларымен де еш қатынасы жоқ қоғам. Екіншіден, алдыңғыларымен еш қатысы жоқ, бірақ кейінгілермен қатысы бар қоғам. Үшіншіден, алдыңғылар қатынасы бар, бірақ әлемдік шіркеудің арқасындағы туысқандық қатынаспен салыстырғанда, тек тайпалардың қозғалысы арқылы ғана әлсіз байланысқа түскен қоғам. Төртіншіден, алдыңғы қоғамдармен әлемдік шіркеу арқылы туысқандық байланысқа түскен қоғам. Бесіншіден, алдыңғыларымен туысқандық байланыстан да өте көне байланыстағы, атап айтқанда тек аздаған өзгерістермен немесе тіпті, оларсыз да билік етуші азшылықтың ұйымдасқан діні арқылы берілетін байланыстағы қоғам. Туысқандық байланыстағы қоғамның ішінен шығармашылық күш әмбебап шіркеуді құрған ішкі пролетариаттық тиесілі ме немесе бұл бастау бөтенге тиесілі ме дегенге жауап беру барысында екі топты ажыратуға болады.
Алғашқы сұрыптау төмендегідей нәтиже береді:
Толығымен тәуелсіз қоғамдар
египеттік
андтық
Туысқандық байланыстағы қоғамдар
қытайлық
минойлық
шумерлік
майялық
Инфраффилденген қоғамдар
Индтік(?)*
хеттік
сириялық
эллиндік(?)**
Аффилденген қоғамдар I
батыс
православтық қиыр шығыстық Аффилденген қоғамдар II
(қуыршақ ролін ойнаған жергілікті шіркеу арқасында туысқандық байланыстағы) ирандық арабтық индуистік.
Супрааффилденген қоғамдар вавилондық
юкатондық мексикалық
Территориялық сипатына қарай тек туысқандық қатынастардағыларға қатысты сұрыптайтын болсақ, тағы мынандай топтарды бөліп көрсетуге болады: біріншіден, түпкі отаны қазіргі туысқандық қоғамдарың территориясына сәйкес келмейтін қоғамдар; екіншіден, шекаралары әмбебапты әкелік туысқандық қоғамдармен сәйкес келетін қоғамдар; үшіншіден, территориясы толығымен әкелік туысқандық қоғамның құрамына кіретін қоғамдар (1 кестені қараңыз).
1-кесте
Сонымен, мәліметтерді қорытып бір ортақ сұрыптауды шығарайық:
Келесі тізбек шығады,
Египеттік+ андтық
Қытайлық+минойлық+шумерлік+мойяндық
Сириялық
Индтік+хеттік+эллиндік
Батыстық
Православтық христиандық (Ресейде) +қиыр шығыста (Корея мен Жапонияда)
Ирандық
Араб+ индуистік
Мексикалық
Юкатондық
Вавилондық
Классификациялау барысында қоғам он тоғыздан жиырма бірге ұлғайды (Православ христиандық қоғам мен қиыр шығыс орналасуына байланысты екіге бөлінді).
БЕРІЛГЕН ТҮРЛЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҒЫ
Өркениеттер мен тұрпайы қоғамдар арасындағы айырмашылық. Аталған түрдің жиырма бір қоғамын (оның қатарына батыс қоғамы да кіреді) қарастырып, идентификациялағанннан кейін, тарихтың өзін зерттеуге, атап айтқанда әмбебап мемлекеттермен, әлемдік шіркеулердің, батырлық кезеңдердің туындау, өсу, тоқырау және ыдырау, құлдырау кезеңдерін, өркениеттердің уақыт пен кеңістіктегі байланыстарын салыстырмалы талдауға көшейік. Зерттеуді бастамас бұрын, негізінен жаңағы 21 қоғамды бір-бірімен салыстыруға болама деген сыни сұрақтарға алдын ала жауап беріп өткен абзал. Олардың салыстырмалылығын бірнеше параметрлер бойынша тексеруге болады.
Аталған қоғамдардың салыстырмалылығына қарсы бірінші әрі қарапайым уәж төмендегідей: бұл қоғамдарды өзіне аталған 21 қоғамды қамтитын «тарихи зерттеудің интеллигибелді өрісі» болып табылудан басқа ештеңе байланыстырмайды. Бұл қоғам түрлерін «тұрпайы қоғамдардан» ажырату үшін «өркениеттер» деп атайды, себебі «тұрпайы қоғамдарда» біз бұдан бұрын анықтаған мағынадағы «тарихи зерттеудің интеллигибелді өрісі» ретінде көрініс береді.
Белгілі өркениеттер саны коп емес. Біз 21 өркениетті ғана бөліп көрсете алдық, бірақ бұдан да терең зерттеулер толығымен тәуелсіз өркениеттердің одан да аз - шамамен он шақты екенін байқатады деген ұйғарым жасауға болады. Белгілі «тұрпайы 220 қоғамдардан» саны көп. 1915 жылы батыс антропологтары Хобгауз, Уэпер және Гинзберг салыстырмалы зерттеу жүргізу мақсатында олардың санын мәліметтер жеткілікті және шынайыларымен шектегеннің өзінде шамамен 650 «тұрпайы қоғам» бар екенін анықтады. Сол уақытта аталған қоғамның бәрі өмір сүрген. Бірақ, өркениетті қарапайым қоғаммен салыстыру - бұл піл мен қоянды салыстырумен тең. Тұрпайы қоғамдар ұзақ өмір сүрмейді, олардың территориясы мен саны да шектеулі. Саны қос таңбалы санға әзер жететін өркениеттер өмірі едәуір ұзақ және олар үлкен территорияларды алып жатады, ал өркениеттермен қамтылатын халық саны ете көп. Олар басқа қоғамдарды, кейде өздері сияқты қоғамдарды, ал көбінесе қарапайым қоғамдарды бағындыру мен ассимиляция арқылы таралады. Тұрпайы қоғамдардың өмірі қоянның өміріне ұқсас, көбінесе ол зорлықпен өледі, әсіресе бұл өркениеттермен кездескенде жиі орын алады. Адамдар санындағы теңсіздікке келетін болсақ, барлық тіршілік еткен өркениеттердегі адамдар санының санағын құрастырсақ әрбір левиафан-өркениетінің1 адамзат тегі пайда болғаннан бері тұрпайы қоғамдардың барлығы біріктірген адам санынан әлде қайда көп адамдарды біріктіргенін байқар едік. Алайда, мұндай есеп-қисап бізді қызықтыратын салаға жатпайды. Бұл зерттеудің объектісі - адам емес, қоғам. Сол себепті белгілі өркениеттер санын белгілі тұрпайы қоғамдар санымен салыстырсақ, соңғыларының әлде қайда көп екені байқалады.
«Өркениеттер бірлігі» тұжырымының жалғандығы.
Салыстыру үшін өркениеттер тым әртекті деген қарсы уәжға жауап беріп өткен соң, оған қарама-қарсы өркениеттер бір текті болғандықтан бара бар және сондықтан біз іс жүзінде жиырма бір өркениетпен емес, тек жалғыз бір өркениетпен істес боламыз деген заңды сұраққа жауап берейік. Өркениет қайталанбас бірегей, оны ештеңемен салыстыруға келмейді. «Өркениеттер бірлігі» тезисі қазіргі заманғы батыс тарихшыларының арасында кәп таралған жалған концепция, батыс тарихшыларының көзқарасына әлеуметтік орта өте зор әсер етеді.
Бұл адасушылықтың бір себебі, қазіргі батыс өркениетінің өзінің экономикалық жүйесін барлық әлемге таратуында жатыр. Батыстық негізге құрылған экономикалық унификациядан соң іле-шала терең тамыр жайған саяси бірегейлендіру таралды. Олда сол батыстық негізде құрылған еді. Қазіргі күндері батыстың саяси экспанциясы экономикалық экспанциямен салыстырғанда соншалықты айқын және қарқынды болмағанымен, қазіргі заманғы 60-70 мемлекет, батыстық емес мемлекеттерді қоса санағанда, бір тұтас халықаралық құқығы бар бірегей әлемдік мемлекеттің мүшелері болып отыр.
Батыс зерттеушілері бұл құбылыстардың маңызын асыра бағалайды. Біріншіден, олар батыстық экономикалық негізде әлемнің унификациялануы біршама аяқталды, яғни басқа бағыттар бойынша унификациялану аяқталуға жақын деп санайды. Екіншіден, олар бірлік пен унификацияны шатастырады, сол себепті тарихи тұрғыда жуықта ғана қалыптасқан және әзірше біртұтас Өркениеттің (бұл өркениетті батыс қоғамымен теңестіреді) қалыптасқаны туралы айтуға мүмкіндік бермейтін жағдайдың рөлін асыра бағалайды.
Соған қарамастан, батыс қоғамы ұзақ күрестен кейін ақырында өз мақсаты - әлемдік үстемдікке жеткен уникалды біртұтас, бөлінбейтін өркениет деп жарияланады. Ал оның экономикалық жүйесінің бүкіл адамзатты жұдырығында ұстауы «Құдай ұлдарының (чад Божиих) аспандық бостандығы» ретінде көрінеді.
Адамзаттың бір тұтас және үздіксіз даму үдерісінің заңды қорытындысы ретіндегі батыстық экономикалық жүйе негізінде әлемінің унификациялануы туралы тезис фактілерді бұрмалауға және тарихи көкжиекті адам танымастай тарылтуға алып келеді.
Біріншіден, қазіргі дүниеге деген осы тәрізді көзқарасты әлеуметтік өмірдің тек экономикалық және саяси аспектілерін шектеу керек, оны мәдениетке таратуға мүлдем болмайды, мәдениет алдыңғы екеуімен салыстырғанда тек терең ғана емес, сонымен қатар іргелірек болып табылады. Әлемнің экономикалық және саяси карталары шын мәнінде толық дерлік «батыстанғанымен», мәдени карта батыстың экономикалық-саяси экспанциясына дейін қандай болса әлі де сол күйінде сақтап қалып отыр. Мұны біздің тарихшылар қалай ғана байқамады екен? Олардың көзіндегі шелдің қаншалықты қалың екендігін біз ағылшынның «natives» (тұрғылықты халық) сөзін және басқа да еуропа тілдерінде соған сәйкес келетін сөздерін талдау барысында түсінеміз. 222.
Еуропалықтардың тұрғылықты халықты суреттеуінде жергілікті колорит, экзотика басым болып келеді. Батыс адамдары тұрғылықты халықты өздері сияқты сезімі мен тең құқы бар адамдар ретінде емес, жергілікті флора мен фаунаның бір бөлігі ретінде қабылдайды. Тіпті, олардың өздері мекендеп отырған жеріне деген егеменділік құқын да мойындамайды.
Екіншіден, «Өркениеттің бірлігі» догмасы тарихшыны туыстас екі өркениеттің тарихындағы жалғастықтың бір өркениет тарихындағы екі тараудың арасындағы жалғастықтан өзгеше екендігін елемеуге итермелейді. Бұл айырмашылықпен санаспаған тарихшылар эллиндік тарихты батыс өркениеті (оны олар әлден-ақ Өркениетпен сөзсіз теңестіріп қойған) тарихының бір кезеңі ретінде қарастыра бастайды. Минойлық қоғамды да осы көзқарас тұрғысынан қарастырады. Сөйтіп үш өркениет бір өркениетке біріктіріледі, ал барлықты қамтыған қазіргі батыс өркениетінен тұрпайы неолит қоғамына, ал неолиттен палеолиттің материалдық мәдениетінің жоғарғы және төменгі қабаттары арқылы тарихқа дейінгі Адамның ілкі тегіне қарай құлдыраған жалғыз Өркениеттің тарихы бір сызық бойына тізіледі.
Үшіншіден, егер жалпы концепцияға сәйкес келмейтін бол¬са олар басқа өркениеттердің кезеңдері мен тарауларын елеп-ескермейді, оларды «жартылай варварлар» немесе «ыдыраған» деп кемсітеді, немесе өркениеттер тарихынан қуылған Шығысқа жатқызады. Ақырында, олар басқа өркениеттердің бар екенімен мүлдем санаспайды. Мысалы, православтық христиандық батыс христиандығының бір бөлігі ретінде қарастырылады немесе батыстың қоғамының денесіндегі уақытша өскін ретінде сипатталады. Бұл жорамал бойынша, православтық христиандық пайда болғаннан кейін батыс қоғамының шығыспен күресіндегі тірегі қызметін атқарды. Өз қызметін сарпыған соң, бұл өскін құр бақаға айналған ұрықтың желбезегі мен құйрығының түсіп қалатыны сияқты қурап, түсіп қалды. Ал батыстық емес ислам, индуизм және қиыр шығыс өркениеттеріне келетін болсақ, олар батыс қоғамының шеңберіне қатысты «тұрғылықты» мүлдем шеттетілді.
Осындай икемсіз кескіндер арқылы «өркениеттердің бірлігі» туралы тезис осы күндерге дейін сақталып келеді. Жеке адамның өмірімен салыстырғанда өркениет өмірінің ұзақтығы соншалық жеткілікті дәрежеде алыстамасақ оның диаграммасын өлшеймін деп бос әуреге түсеміз. Мұндай жол тек тіршілігін тоқтатқан қоғамды зерттегенде ғана ашылады. Тарихшы өзі өмір сүріп отырған қоғамнан алыстан кете алмайды. Басқаша айтқанда, өзіңе сеніп қазіргі қоғам - бүкіл адамзат тарихының жемісі деу оны тексермей жатып түйіннің дұрыстығын мойындауды талап ету. Бірақ мұндай эгоцентристік көзқарас адамдарға әрқашанда тән болғандықтан, одан ғылыми дәлелдеуділікті іздеп әуре болудың қажеті жоқ.
Ең жақсы дәрі-күлкі, ал енді басқа халықтармен кездескендегі «англосаксондық мәнердің» қаншалықты күлкілі екенін байқап көрейікші. Мысалы, міне мынау философиялық көңіл-күйдегі Цзяньлунның 1793 жылы ақыл-есі кем Британ королі Георг ІІІ-ге2 тапсыр деп елшіге берген хатынан үзінді. «О, король сен көптеген теңіздердің арғы бетінде тұрасың, соған қарамастан біздің өркениеттің игілігіне ықпал ету мақсатында сен езіңе шын берілген елшілерің арқылы миссияңды жіберген екенсің... Мен одан мадақтауға тұратын өзін-өзі кемсітуді көрдім. Сенің елшің мен өкіліңнің ұзақ сапар шеккенін ескере отырып, мен оларға қабылдауға рұқсат беріп үлкен қошемет көрсеттім. Оларға деген ізгі ниетімді таныту үшін құрметтеріне түскі ас беріп, сыйлықтар тарту еттім. Ал енді сенің Қытайдағы сауданы бақылауға алам деп оларды менің сарайыма аккредитациялауды өтінгеніңе келетін болсақ, ол менің Әулетімнің тәжірибесіне қайшы келеді және орындалуы екі талай... Егер, тіпті сен біздің Құдайылық Әулетімізді құрмет тұтуың, сенің бойында біздің өркениетпен танысуға деген ықыласты оятты дегеніңмен, біздің салт-дәстүрлеріміз бен заңдарымыз сендердікінен өзгеше, сенің елшің олардың ішінен әлде бірін игергенімен, оларды сен біз үшін жат өзіңнің еліңе сіңіре алмайсың. Сондықтан сенің елшің қаншалықты оқымысты болғанымен бұдан түкте шықпайды. Бүкіл әлемді басқара отырып, мен бір мақсатты, атап айтқанда ізгі билікті сақтауды және Мемлекет алдындағы парызымды өтеуді көздеймін. Бөтеннің және аса қымбат мақсаттар мені қызықтырмайды. Егер мен сен жіберген сыйлықтарды қабылдасам, о, король оны тек алыс¬тан жіберілгендіктен ғана қабылдадым. Біздің Әулетіміздің патшалық ізгілігі Аспан астындағы елдердің барлығына таралды. Барлық елдердің патшалары құрлықпен де, теңізбен де бізге өз сыйлықтарын жібереді. Бізде бәрі бар, оған елшің куә. Мен экзотикалық немесе тұрпайы заттарға ерекше мән бермеймін және сенің еліңнің тауарларына біз мұқтаж емеспіз» .
Шығысқа деген батыстың эгоцентристік иллюзия батыс санасында «статикалық Шығыс» деген жалған ұғым арқылы бекиді. Олардың құрамына ислам, индуизм және қиыр шығыс өркениеттері кіреді. Бұндай түсінік бұл өркениеттердің бәрі батыстан өзгеше, бірақ олар мен тіршілігін тоқтатқан өркениеттер арасында (эллиндік пен минойлықтан басқа) ерекшелік бар деуге болмайды деген ұйғарымға әкеледі.
Шын мәнінде Исламның православиямен және батыс христиандығымен салыстырғанда индуизммен және қиыр шығыс өркениеттерімен ортақтығы аз, ал батыс өркениетін индуизм мен қиыр шығыс өркениетінен бөліп тұрған құз біз ойлағандай соншалықты терең емес. Өлген өркениеттерге келетін болсақ, Мысыр өркениетінің батыс немесе батыстық емес өркениетпен қандай бір байланыста болғандығы туралы бізде еш мәлімет жоқ. Ал аталған өркениеттердің бірде бірінің Жаңа Құрлықтың өлген төрт өркениетімен байланыста болмағаны айдан анық. Сол себепті бұл концепция жақындамай жатып-ақ күл-талқан болады, ал мұндай тұрпайы қателіктің соншалықты таралғандығы таңданыс қана тудырады. Ол жалпы мен жалқының ажырата алмаудан туындаған тәрізді.
Біріншіден, әлеуметтік ортасының ықпалында қалған батыстық емес қоғамды зерттейтін батыс зерттеушілері саяси аспектілерге басты назар аударады, өйткені бұл батыстың қоғамдық өмірінің ең маңызды жағы. Шығыс қоғамының тарихы өзгермейтін шексіз деспотизм болып көрінеді. Бірақ бұл, коп жағдайда иллюзия, батыс зерттеушілері тарихқа тереңдеп бармай-ақ батыстық емес саясатты тәптіштеп зерттессе мұны түсінер еді. Егер де олар осындай саяси қарым-қатынастың ар жағындағы өте терең мәдениет қабаттарын байқағанда, олар Шығыстың саяси статикалығының шын мәнінде соншалықты маңызды болмағанын, тіпті мүмкін, қоғам өмірінің байлығы мен толыққандылығына мүлдем ықпал етпегендігін түсінер еді.
Әлеуметтік тіршіліктің ішкі жағына назар аударатын болсақ, бұл бірден көзге түседі. Батыс тарихшылары мәдениетті ескермей, бүкіл қоғам өмірін саясатпен теңестіргенде, саясаткерлердің өзін өзі бағалағанында жіберетін қателіктеріне ұрынады.
«Статикалық Шығыспен» байланысты түсініктерді шатастырудың басқасы батыс діндеріне қатысты тарихи оқиғалардан туындайды. Христиандық шіркеудің пайда болуына ықпал еткен шығармашылық күштің бастауы, эллиндік қоғамның қатарына күштеп қосылған сириялық тұрғылықты халықтан тұратын ішкі пролетариат болды. Бұл рекруттар эллиндік мәдениетке тек жеке тұлғалық діни тәжірибені ғана емес, сонымен қатар шіркеу Көне өсиет ретінде қабылдаған діни әдебиеттерді де әкелді. Христиан дәстүрінде тәрбиеленген батыс тұрғындары үшін Кене өсиет шығыс әдебиетінің нұсқасы болып табылады. Шын мәнінде біздің саяхатшылар «статикалық Шығыспен» емес, солтүстік арабиялық жазық даламен кездескен. Ондағы климаты өте қатал, оны игеру міндеті бейімделу мүмкіндіктерімен тікелей байланысты. Жазық далада өмір сүру - бұл әрдайым Табиғатпен күрес, адам өзінің ұйымын бұзып, тәртібін әлсіреткенде ол, әрине, жеңіліске апармай қоймайды. Басқаша айтқанда, солтүстік арабия даласы әрқашан адамдардан оз шарттарын орындауды талап етіп отырған. Діттеп келгенде, солтүстік Арабия даласы бүкіл «статикалық Шығыстың» кішкентай ғана бір бөлігі, ал «статикалық Шығыс» батыс халықтарының елесінде Жерорта теңізінен Тынық мұхитқа дейін, тіпті, Қытайдан сонау Перуге дейін созылып жатуы мүмкін.
Батыс қоғамы негізіндегі«Тарихтың бірлігі»концепциясының тағы бір жалған алғышарты - дамудың бір бағытты екендігі туралы түсінік.
Бұл ертегідегі жерден шыға салып, ешбір өскінсіз тігінен, өз салмағынан сабақтары сынбай аспанға тірелгенше өскен бұршақтың қарапайым образы. Біз еңбегіміздің басында эволюция ұғымын адамзат тарихына қатысты қолдануға талпыныс жасағанбыз. Ол бір түрдегі қоғамның өкілдерінің бірдей жағдайларда сынаққа - тарих талаптарына әртүрлі жауап беретінін көрсетті. Біреулері бірден өледі, басқалары тірі қалады, бірақ ештеңеге дәрменсіз болады, ал үшіншілерінің бұл талапқа сәті жауап бергені соншалық, олар әлсіреп шықпай, сонымен қатар алдағы сынақтар үшін тиімді жағдайларды қалыптастырады. Қойлардың ешкілердің артынан еретіні сияқты алдыңғылардың артынан жүріп отыратындары да бар. Бұршақ сабағының ескі образына қарағанда біз үшін осындай даму концепциясы дұрыс сияқты, өз зерттеуімізде дәп содан бастау аламыз.
Тарихты «көне» және «қазіргі» деп болу эллиндік тарихтан батыстық тарихқа өтуді айқындаса, «ортағасырлық» және «қазіргі» деп болу батыс тарихының бір тарауынан келесіне өтуді білдіреді. Алыс мақсаттарды көздемей-ақ, «көне+ортағасырлық +қазіргі» тарих деген конвенциональдық формуланың адекватты еместігімен қатар, дұрыс емес екендігін де атап өтейік.
Аталған қоғам түрлерінің уақыттық координаталарының философиялық тұсы. Сын айтушылар біз анықтаған жиырма бір өркениеттердің уақыт бойынша сәйкес келмейтіндігін алға тартып, олардың салыстырмалылығын теріске шығаруы да мүмкін. Егер олардың жетісі бар - өркениеттер болса, он төрті - өлі өркениеттер. Ең аз дегенде оның үшеуі - минойлық, египеттік және шумерлік - «тарих бастауларында» тіршілік еткен қоғамдар. Бұл үш өркениет, мүмкін басқалары да, қазіргі бар өркениеттерден тарихи уақыттың ұзақ кезеңдері арқылы оқшауланған.
Бұған қарсы бір нәрсе айтуға болады: Уақыт салыстыр¬малы және алғашқы өркениеттердің пайда болғанан біздің кезеңімізге дейінгі 6 мың жылға жуық уақытты құрайтын3 кезең, осыған сәйкес уақыт шкаласымен салыстырылуы керек. Уақыт бойындағы өркениеттерді қарастырғанда, біз бірін-бірі ауыстыратын ұрпақтардың саны кез-келген жағдайда үштен аспайтынына көз жеткіздік және олардың әрбір жағдайдағы жиынтық жасы алты мың жылдан аспаған, өйткені әрбір буынындағы соңғы кезең -бүгінгі өркениеттер . Егер біз тіршіліктің түрлі формаларын зерттейтін беделді зерттеушілерден, бірін-бірі жүйелі ауыстырған үш ұрпақ ауқымындағы түр өкілдерін салыстыруға бола ма деп сұрасақ, олар оң жауап берер еді, өйткені жаңа түрлік ерекшеліктің төртінші буыннан ерте пайда болмайтыны бақылаудан белгілі.
Біздің шолу барысында ұрпақтар саны үштен асатын көп буынды өркениеттердің кездеспейтіндігі фактісі және өркениеттердің жалпы санының жиырмадан әзер асатындығы олар әлі тым жас деуге мүмкіндік береді. Олардың туыстық түрі - тұрпайы қоғамдармен салыстырғандағы өркениеттердің абсолютті жасы өте аз. Алайда бізде адамзат бірнеше жүздеген мың жылдар бойы тіршілік етіп келеді, ал тұрпайы қоғамдар -Адамзаттың замандасы, қоғамдық өмір адам өмірінің қажетті шарты деп санауға негіз бар, өйткені қоғамдық өмір - адамның өмір сүруінің басты шарты.
Біз теріске шығаруға тырысып отырған қарсы пікірдің ой өрбітудегі қателікке негізделіп отырғаны енді түсінікті болды. Уақыт белдеулерінің қарама-қарсы полюстерінде орналасқан өркениеттер үшін терең құз болып көрінетін «тарихи уақыт» іс жүзінде, түрдің бірінші өкілінің пайда болуынан қазіргі кезеңге дейінгі өткен уақытпен сәйкес келеді. Адам қарапайым қоғамды құрағаннан кейін ғана адамға айналды. Егер адамзаттың жасы 300 000 жыл болса, әлі күнге дейін адамзат тарихының ұзақтылығымен теңестіріліп келген өркениеттің жасы осы бөлшектің 2%-тіне ғана тең болады. Бұл өмір уақыт шкаласындағы біз анықталған өркениеттердің барлығы тек қоғамның үш ұрпақтарынан аспайтын кезеңдерге бөлінеді және Адамзаттың бүкіл өмірінің 5/1-нің ғана аумағына шоғырланады. Философиялық көзқарас тұрғысынан олардың өмірлері бір уақытта өтіп жатыр.
Аталған қоғам түрлердің эквиваленттілігінің философиялық тұсы. Бізді сынаушылар өркениеттердің оз ара салыстырылатындығын мойындауы да мүмкін, бірақ олар бұл таза формальды сипаттағы салыстырмалылық қана деуі әбден мүмкін. Ол кейбір сыртқы сипаттардың аумағымен шектелмеді ме екен? Сондықтан маңызды өркениеттерді маңызы аз өркениеттерден ажырататын тізбекті жүргізген дұрыс болмай ма? Ал маңызды өркениет түрдің әлде бір өкілі болып табылады деп ұйғарсақ, біз басқа жолмен қайтадан «өркениеттер бірлігі» тезисіне қайтып оралмаймыз ба?
Бірақ кез-келген құндылықты сипаттамада субъективті бояу бар екенін ұмытпауымыз керек. Мысалы өз өркениетіңнің бірегейлігіне қатысты адасушылықтан арылған соң, бір өркениет екіншісінен маңыздырақ болады деп ескі күнәға қайтадан батуға бола ма? Жаңа формадағы сол бір эгоцентристік иллюзия. Сыншыларға құндылық та уақыт сияқты салыстырмалы болып келетінін ескерткім келеді.
Белгілі бір деңгейде абсолютті болуы тиіс құндылықтың салыстырмалы шкаланы құру үшің біз өркениеттерді соңғы мақсаттық ұстанымына сай тек бір-бірімен ғана салыстырып қоймай, сонымен қатар олар жалпы түрлік қасиеті бойынша ерекшеленетін тұрпайы қоғамдармен де салыстырғанымыз дұрыс. Біз олардың өзінің жеке және жалпы мақсатқа жетуінде қаншалықты алға озып кеткенін және тұрпайы қоғамдар жеткен неғұрлым биік деңгейден қаншалықты көтерілгенін анықтауымыз керек. Осы өлшемдерді анықтағаннан кейін барып қана әрбір өркениеттің маңыздылығы туралы айтып, олардың дамуындағы жоғарғы нүктені анықтауға талпынуға болады.
Соңғы ой өте маңызды, себебі өркениет статистикалық формацияны емес, ол эволюциялық типтегі динамикалық құрылым болып табылады. Олар тек тыныштық күйде ғана бола алмайтындығы сияқты, қозғалысы бір бағытты көшеде қозғалып бара жатқан секілді бағытын өз еркіне сай өзгерте алмайды. Егер де осы аналогияны жалғастыратын болсақ, онда жиырма бір өркениеттің ешқайсысының көшені әлі толық жүріп өтпегендігін және олардың он төртінің ережені бұзып төмен қарай бұрылғанда апатқа ұшырағандығын көреміз. Ал қазіргі күндері өмір сүріп жатқан қалған жеті өркениетке келсек қайсысы бірінші болып көшенің басына жететінін және қайсысының жол ережесін бұзғысы келетінін, ал қайсысының қозғалыс ережесін сақтайтындығын басып айту қиын.
Алайда, осы аналогияны қолданып, ізделіп отырған құндылықтар шкаласын құрастырып көрейік.
Сонымен, біздің көшелеріміздің жоспарында жиырма бір өркениетті нүктелермен бейнелейтін болсақ, нүктелердің көше тұрпайы қоғамдар кезінде жапырақ жайған ағаштың қураған бұтақтары, ал олардың қазіргі қатып-семіп қалған қалпы кезінде буырқанған тарихтың эпилогы болуы мүмкіндігін жоққа шығару бола ма? Олар әрқашан осындай қозғалыссыз күйде болған жоқ қой. Уақытында қоғамның бұл түрлері тобырлық өмір салтын қабылдап, Адам еместен Адамға өтудің мутациялық циклін бастан кешіп өз тіршілігін бастады емес пе. Тұрпайы қоғамдар тарихының сағылысқан сәулелерін анықтай отырып, біз олардың да анағұрлым кейінгі өркениеттер сияқты ширақ әрі маңызды болғандығын түсінеміз.
Сонымен, тұрпайы қоғамдарды «тарихы жоқ халықтар» ретінде сипаттау қате және біздің мүмкіндіктеріміздің шектеулі екендігін көрсетеді. Бірақ факт факт болып қалады: тұрпайы қоғамдар салыстырмалы зерттеулер арқылы зерттелуіне алады.
Егер де өркениеттер тарихында бейнеленген адам өмірінің фактілеріне эмпирикалық зерттеу жүргізсек, онда олардың тұрақтылығы мен қайталанатындығы байқалады, бұл оларды салыстырмалы зерттеуде қолдануға жол ашады. Мұндай үнемі қайталану өзіміз мүшесі болып табылатын өркениет өмірінен айқын көрінеді. Батыс тарихшылары тарихи фактілерге салыстырмалы зерттеу жүргізу туралы пікір-таластырып жатқанда, іскер адамдар өмірлік фактілерді салыстырмалы зерттеумен қарқынды айналысып жатыр. Мұндай салыстырмалы зерттеудің ұтымды мысал деп статистиканы айтуға болады, онсыз компанияның табысты жұмыс істеуі екі талай. Статистикалық мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, болжамдар жасау қазіргі батыс әлеміндегі табысты өндіріс орындарының негізі болып табылады. Егер іс жүзінде өркениет өмірінің фактілерін зерттеу жемісті қолданылып, кіріс әкеліп жүрсе, онда бұл тарихи фактілерді теориялық тұрғыдан зерттеудің мүмкіндігінің дәлелі болып табылмай ма? Сонымен, батыстың іскер адамы батыс тарихшысының жүрегі дауламай жүрген аймағын игеріп алды. Ал біз болсақ, еш толқусыз алғашқы қадам басушылардың артынан ереміз.
Түсініктемелер
1 Алдын-ала орнатылған үйлесімділік - монадалардың өзара қарым-қатынасын негіздеу мақсатында Г.В. Лейбниц енгізген ұғым. Олар болмыстың бөлінбейтін идеалды ұсақ бөлшектері, абсолютті тұйықталған, бір-бірімен физикалық өзара әрекеттесе алмайды, бұған болмыс заңы тыйым салады. Алайда нақты бақыланатын Құдай алдын ала орнатқан үйлесімділіктің нәтижесі болып табылады.
2 Ағылшынның pathetic fallasy -сі «табиғатты бейнелеу» дегенді білдіреді, бірақ бұл жерде осы сөздердің көшірмесі берілген, өйткені антоним — «апатетикалық адасушылық» орыс тіліне аударылмайды.
3 Трайбализм (ағыл. Tribe-«тайпа») - жалпы қолданылатын мағынасында мәдени-тұрмыстық, діни әдет-ғұрыптық және қоғамдық-саяси тайпалық ерекшеленуге бой алдыру.
4 Ұлы державалар («сегіз» саны шартты) деп бұл жерде шекараларды кеңейту арқылы құрылған қуатты коллониалдық державалар мен мемлекеттік құрылымдар түсініліп отыр: Австро-Венгрия, Германия, Ресей, Британ империясы, Франция, Португалия африкалық отарларымен бірге, Нидерланды Индонезиямен бірге, АҚШ.
5 Батысеуропалық ортағасырлықтың саяси дамуы екі қарама-қарсы ағымда жүрді. Біріншісі, сол дәуірдің әлеуметтік-экономикалық мәнінен туындаған-орталықтан ыдырау. Екіншісі-орталыққа ұмтылу нақтылыққа қарағанда идеалды сипатта болды.
6 Интеллигибелді - сенсибилдіге - сезіммен қабылданғанға қарсы бір нәрсенің, құбылыстың немесе ұғымның тек парасатпен немесе интеллектуалды зердемен қабылдануы. Бірқатар идеалист философиялық бағыттар (А. Тойнбиде солардың қатарында) интеллигибелділіктің нақты бар екенін мойындайды.
Тарихи зерттеу өрісі
1 Бұл жерде Англияның жеке мемлекет ретінде тіршілігін тоқтатып, анағұрлым ауқымды саяси құрылым - ұлы Британияның құрамына кіруі сөз болып отыр.
2 Норман герцогы Вильгелм I Англияны жаулап алған 1066 ж. бастап ағылшын корольдері құрылықта үлкен жер иеліктеріне ие болды, олар Генрих II Плагенет, граф Анжуйский және т.б. таққа отырғаннан кейін одан әрі ұлғая түсті.
3 Бұл жерде XVIII г. 60 жж. ХІХ ғ. 10-20 жж.орын алған Өнеркәсіптік революция немесе Өнеркәсіптік төңкеріс туралы соз болып отыр.
4 ХІІІ ғ. Соңында пайда болған ағылшын парламенті үкіметті бақылау үшін корольдік билікпен бірнеше ғасырға созылған күрес жүргізіп келді.
5 Ұлы географиялық жаңалықтар мен теңіздің ар жағын отарлауды XV-XVI ғасырлардың аралығында Испания мен Португалия бастады. Англия бұл процеске кейіннен қосылды.
6 Англиядағы реформацияның өз ерекшеліктері болды, ол басқа елдерге қарағанда баяу жүрді. Протестанттық идеялардың Англияға XVI г. 10-20 жж. аралығында-ақ ене бастағанына қарамастан, негізгі процесс Қасиетті Тақтың Генрих VIII корольдің Екатерина Аргонскаямен ажырасуын мойындаудан бас тартуынан басталған 1529-1536 жж. орын алды. Осының нәтижесінде король басқаратын англикандық шіркеу құрылды.
7 Қазіргі заманғы көптеген ғалымдар итальяндық Орталық Италияны (Тосканды) Қайта Өрлеудің отаны деп санайды және оның басталуын XIII ғ. соңымен, XІV ғ. ортасымен белгілейді. А. Тойнби Ренессансты тек мәдени ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық процесс болды деп қарастырады.
8 Феодализм құрлыққа қарағанда Англияда баяу жүрді. Оның түпкілікті қалыптасуы 1066 ж. нормандық жаулап алудан кейін, Норман герцогтігінде қалыптасқан феодалдық құрылыс ағылшын топырағына көшірілгенде орын алды.
9 Британ тарихнамасында батырлық ғасырлар деп 450-600 жж кезеңі, яғни герман тайпаларының-англдердің, сакстердің, юттардың бұрынғы римдік провинция Британияны жаулап алған уақыттары аталады.
10 VIII ғ. соңымен XI г. аралықтарындағы кезеңді тарихшылар жиі «викингтер ғасыры» деп атайды. VIII г. соңында викингтер, негізінен даттар, Англияға, IX г. Францияға лап қойды. 234.
11 От беруші Прометейдің аты «алдын ала ойлайтын», «алдын ала көріп білетін» дегенді білдіреді, ол адамдарға бақытсыздық пен апат алып келетін оның егіз бауыры Эпитемей аты «соңынан ойланатын», «арам ойлы» дегенді білдіреді.
12 Реформацияның отаны Германия болды, ал ол М. Лютер Виттенбергте католиктік ілімнің бірқатар қағидаларына қарсы өзінің атақты 95 тезисін жариялаған 1517 ж. 31 қазанында басталды.
13 Бұл жерде А. Тойнби метафоралық тұрғыда XVI-XVII FF. экономикалық, саяси және мәдени орталықты Жерорта теңізінен Еуропаның солтүстік-батысына көшірілуін сипаттап отыр. «Солған және күні өткен әлемдер» - Грекия мен Рим.
14 Гректердің өздері негізін қалаған отарларға қоныс аударуы, яғни Ұлы отарлау б.з.д. VIII-VII ғғ. орын алды.
15 Мессения - грек халқының бір тармағы доряндықтар (спартандықтар да соған кіреді) мекендеген Пелопоннестің оңтүстік-батыс аймағы.
16 Атақты грек тарихшысы Фукидид (б.з.д. 460-400 жж. шамасы) хабарлаған (немесе шығарған) көрнекті афиналық мемлекет қайраткері, стратег Периклдің (б.з.д. 490-419 жж. шамасы) сөздерінде: «... біздің барлық мемлекетіміз - Эллада мектебі» делінген.
17 Ішкі әлеуметтік қайшылықтарды жұмсартуға, мәдениетті дамытуға бағытталған саясатты жүргізуге мүмкіндік берген Афина мемлекетінің қуаты мен байлығы одақтас және бағынышта болған полистерді қанаудың арқасында жүзеге асты. Бұл Афинаның толық жеңілісімен аяқталған Пелопоннес соғыстарының (б.з.д. 431-404 жж.) бір себебі болды.
18 XIX г. 30-шы жылдары неміс тарихшысы И.Г. Дройзен (1808-1884) б.з.д. 323 ж. (Александр Македонскийдің өлімі) бастап б.з.д. 30 ж. дейінгі (Александр ұрпақтарының бір буыны-Птоломейлер билік құрған Египетті Римнің жаулап алуы) антикалық қоғамды белгілеу үшін «эллинизм» ұғымын енгізді.
І9Левант-ГрекияданПалестинагадейінгі,Кипрді қосқандағы Шығыс Жерорта теңізі елдерінің атауы, тар мағынада - Сирия мен Ливан.
20 А. Тойнби Батыс Еуропа мен оның отарларынан тыс жатқан елдердің (аталған жағдайда XVI-XVII ғғ.) әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы аталған аймақтардікінен өзгеше заңдылықтарға бағынды деп санайды.
21 XVI-XVII ғғ. Еуропаның саяси дамуы бір бағытта, бірақ екі нұсқада жүрді. Оларды шартты түрде «француздық» және «ағылшындық» деп атауға болады. Бірінші жағдайда абсолютизмнің нығаюы, екінші жағдайда - өкілеттілік басқарудың күшеюі түсініледі.
22 Теңіздің арғы бетімен сауда жасауда Германдық және Италияндық мемлекеттер Испаниямен, Португалиямен, Англиямен, Франциямен, Голландиямен бәсекеге шыдамады, өйткені өздерінің дәстүрлі сауда-саттық аймақтарынан - Балтикадан (Германия) және Жерорта теңізінен (Италия) шыға алмады.
23 XVIII-XIX ғғ. аралығындағы Франция мен оның қарсыластары арасындағы Соғыстар шартты түрде Революциялық (1792-1799) және Напалеондық (1799-1815) болып бөлінеді.
24 Батыс Еуропалық державалардың бір жағынан Ресеймен, екінші жағынан Қиыр Шығыс мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы XIX г. басталады.
25 Ортодоксальды христиан шіркеуінің батыстық және шығыстық тармақтарының арасындағы жікшілдік христиандық Шығыс пен Батыс арасындағы саяси және мәдени айырмашылықтарға негізделді.
26 V г. бүкіл христиан әлемінде христологиялық: Христос тұлғасындағы құдайылық пен адамдықтың арақатынасы туралы пікір-таластар өрбіді.
27 1054 ж. ыдыраудан кейін Рим престолы шіркеулердің астында бірігуіне мүмкіндік бермеді. Кейбір императорлар түріктерге көмек орнына бірігуге келісті, нақтырақ айтсақ Иоанн VII Іғ Палеолог (1425-1448) Империяның жойылу қарсаңында,' 936ж. Флорентий-Феррарлық Соборында шіркеулердің бірігуін мойындады. Бірақ бұл бірігуді Византиялық мемлекеттердің халқы,аристократтар теріске шығарды. Византиялық флоттың қолбасшысы Лука Нотар жұрт алдында «Қалада латын тиарасын көргеннен, Түрік қалмасының билігін көрген артық» деді.
28 Ұлы Моғол мемлекетінің билеушісі Джелал ад-Дин Акбар (1542-1605 жж, 1556 ж. бастап билеуші) өзінің көпұлтты және көпдінді мемлекетін біріктіру мақсатында, діни шыдамдылық саясатын жүргізді. Кейін ортодоксалды исламның,ислам секталарының діни ілімінен және түземдік тұрғындардың әртүрлі діндерінен тұратын өзі құрастырған «Құдайлық сенімді» енгізді. Жаңа сенімнің тұсауын жалғыз Құдайдың жердегі көрінісі деп жарияланған билеушінің өзі кесті. Өзінің әкесі Хумаюнның кесенесін тұрғызуға Акбар итальяндық шеберлерді шақырды,оның сарайында Еуропа елдерінен келген суретшілер болды, сол кезеңдерде миниатюралардың кейбірінде жергілікті шеберлердің Дюрер гравюрасымен таныстығы көрінеді. Шамасы, Акбардың діндегі синкреттік ұмтылысы өнерге де тараған секілді.
29 664 ж. Солтүстік теңіз жағалауындағы ағылшынның Уитби қаласында ағылшын шіркеуінің синоды жиналды, оған қасиетті Августин бастаған Рим миссионерлерімен ирланд миссионерлері қатысты. Формальды түрдегі синодтың мақсаты рәсімдердің әртүрлілігін реттеу болды. Ал шындығында ағылшын шіркеуінің қандай жолмен жүретіндігі әңгіме болды. Ирланд шіркеуі тақуалар мен қаңғыбас уағыздаушылардың тобынан құралды. Осы синодта жеңіп шыққан Рим шіркеуі мықты орталықтандырылған иерархиялық құрылым болды.
30 1934 ж. «Постижение истории» кітабының алғашқы үш томдығы жарыққа шыққан уақытта, көптеген колонияларды, протектораттарды,мандаттық аймақтарды есептегенде дүние жүзінде 72 тәуелсіз мемлекет болды.
31 Австралиялық бірлестік және Жаңа Зеландия айтылып отыр.
32 Орта ғасырлардың басындағы германдықтар құрған ең ірі мемлекет-франк мемлекеті -V г. алғашқы жартысында Клодион (Хлойо) Волосатый құрған, Меровинг династиясы басқарған салифранктерінің шағын корольдігінен пайда болды.
33 Англия Франк корольдігінің құрамына кірген жоқ. Италияға келетін болсақ оның көп бөлігі Германдық лангобард халқы жаулап алды (Солтүстік Италиядағы облыс аты -Ломбардия - осы халықтың атауына байланысты шыққан) және олар құрған корольдік 774 ж. Ұлы Карлдың жаугершілігіне ұшырады. Карл империясы ыдырағаннан кейін, оның кейбір ұрпақтары 888 ж. және 894 ж. дейін Италия корольдері болды. 951 ж. Италияндық Тәжді Саксондық династиядан шыққан I Оттон иемденді. Сол уақыттан бастап XIX ғ. Дейін Қасиетті Рим империясы және оның мұрагері Австро-Венгрия кейде бүкіл солтүстік бөлігіне таласып келді.Бірақ империядағы билік Аппенин түбегінің сыртқы билігі ретінде қарастырылды.
34 «Франктер» термині тайпаның атауы ретінде Еуропада Х ғ.жойылды, бірақ Шығыста «еуропалықтар» деген мағынада ХІХ ғ.дейін өмір сүрді.
35 Аридтік (латын тілінен аударғанда - «құрғақ») аймақ құрғақ климаттық аймақ, құрғақ дала, шөлейт, шелді аймақ.
36Иранда және Орта Азияда арабтар жаулап алғанға дейін және ислам қабылданғанға дейін үстемдік етуші зорорастризм діні болды.
37Б.з.д. I г. буддизм екі ағымға бөлінді-хинаяна («Кіпи дөңгелек», «тар жол») және-махаяна («Үлкен дөңгелек», «кең жол»), Алғашқы ағымды жақтаушылар Будданы мінез-құлықтың үлгісі мен идеалы санағанымен, азаптан құтылудың жолын көрсеткен қарапайым адам деп есептеді. Хинаяндықтар ілімі бойынша кез келген адам нирванаға жетуі мүмкін,тек қана жеке күш-жігер арқылы. Махаянада Будда әлемді құтқарушы жоғары құдайлық сипатқа ие болады. Нирванаға жету ісінде далдардың қажет болуы мүмкін.
38 Дін атауы - оның негізін қалаушы Махавири Вадхарманың атынан шыққан - «Джина» немесе «жеңімпаз». Үндістанда өмір сүріп жатқан джайнизм хинаяна буддизміне жақын, бірақ ригористік талаптарымен ерекшеленеді.
40 Ұлы Карлдың баласы және мұрагері император Людовт Благочестивыйдың өлімінен кейін (778-840, 814 ж. бастап император) оның балалары өзара талас-тартысқа түсті. Вердеи келісімі империяның бөлінуін бекітті.
41 Уэссекс королі Экберт (802-839,825ж.бастап король) барлық англосаксондық корольдіктерді өзінің гегемониясы қосты, бірақ оларды бір мемлекет етіп біріктірген жоқ.
42. Рим валы деп Ұлыбританияны Тайн өзенінің аңғарынан бастап, Солуэй-Ферт шығанағына дейін кесіп өтетін қорғаныс жүйесін атайды. Ол солтүстіктен болатын шабуылдардан қорғану үшін 122-124жж император Адрианның (Адриан қорғаны) бұйрығымен тұрғызылды. 140 ж. шамасында Римдік Британияға Адриан қорғанының солтүстігінде орналасқан аймақ қосылды.Және Форт-оф-Ферт шығанағынан Клайд өзенінің аңғарына дейін.жаңа қорған тұрғызылды. (Антонин қорғаны) Ол 183 ж. жергілікті тайпалардың көтерілісінен кейін және римдіктер кеткенге дейін Адриан қорғаны олардың солтүстік шекарасы болып қалды.
"778-810 жж. Ұлы Карл Испанияға бірнеше жорықтар жасады және Эбро өзенінің аңғарына дейінгі жерлерге өз әсерін тигізді,оның корольдігінің билігі тек Барселонаға дейін жетті. XVIII ғ маврлар жері үшін испандық мемлекеттер жаулап алу процестерін тездетті.Осы мемлекеттердің ең күштісі Кастилия ерекше белсенділік көрсетті. Гвадалквивира жазығында орналасқан Севилья мен Кордова 1236 және 1241 жж құлады. 1260 ж. өзен аңғары кастильдіктердің иелігінде болды, Севилья экспанция экспедициясының орталығына айналды.
" Ұлы Карл өз иелігіне бұрынғы Герман тайпаларының аймағы болған Саксонияны (772-804) қосып алды және күштеп христиандандырылды. Христиандықты Скандинавиялық елдер Х-ХІ. аралығында, Полына - 966 ж. қабылдады. Ресей өз "иелігіне XVIII ғ Қиыр Шығысты қосты.
Солтүстік италияндық мемлекеттердің ең біріншіден Аппенин түбегі бойынша Венецияның экономикалық экспансисиясы, саяси жаулап алу емес мағынасында айтылады. ХІ-ХІІІ ғғ. крест жорықтарына келетін болсақ, олардың анық мақсаты Құдай Қабірін иемдену және Палестинада батыс христиан мемлекетін құру болды. Крестшілердің негізгі – күші рыцарлық (негізінен француздық). Бірақ теңіз транспортын және қаржылық қамтамасыздануды италияндық мемлекеттер, негізінен Венеция жүзеге асырды. ІҮ ғ. крестшілер Константинопольдегі шежірелі қантөгістерге араласып және ақыр соңында Византия империясын жаулап алып, Латын империясын құрғанда, бұрынғы Византиялық территорияның 8/3 бөлігі Венециялық республиканың қолына көшті.
46 Венецияндар Үндістанға өтетін жолдары бар Мысырмен сауда қарым-қатынасын қадағалап отырды. Бірақ 1271-1275 жж. Қытайға жетіп, ол жерде 17 жыл тұрып, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде болып, 1292-1295 ж.ж. отанына оралған Марко Полоның (1254-1324) сапарына дейін Венециялық саудагерлер Шығыста болған жоқ. 15 ғ. аяғында Оттомандық империя Еуропадан Қытай мен Үндістанға апаратын сауда жолдарын бөгеп тастады.
47 Кейбір англо-саксондық корольдер өздерін император деп атады, бірақ бұл атау шын титулға сәйкес келмейтін, тек құрметті атау болды.
48 А. Тойнбидің терминологиясы бойынша «билік аралығы» - бұл бір өркениеттің күйреуі мен екіншісінің тууы арасындағы уақыт аралығы. Мұнда бұл кезең варварлық Рим империясына басып кіруінің басталуынан олардың корольдік-католиктік дінге өтуіне дейін созылады (ортодоксальді дінге ауысқан франктар дан басқа).
49 Б.з.д. 218-201 жж. Ганнибалмен соғыс (Екінші Пунилік соғыс) Цизальпиялық Галлияның, анықтап айтқанда Альпіден әйгілі Рубиконға дейінгі Падус өзенін санамағанда, Римнің солтүстік-батысқа эмансипациясына әкеліп соқтырмады. Рубикон жерлерінің бір бөлігі б.з.д. 2 ғ.-да басып алынды. Испания (Римге қарағанда солтүстік-шығыс болып Пиреней түбегінің саналатын себебі Италиядан бұл жерге баратын жол басында солтүстік-шығысқа беттеген) тек б.з.д. 2ғ.-да толығымен жаулап алынды. Жалпы алғанда б.з.д. 58-55 жылға дейін Цезарь жорықтарына дейін, Рим территориясын ұлғайту оңтүстік-шығыс бағытта; Балканда және Кіші Азияда дамыды. Август заманына және одан кейінгі замандарға келетін болсақ, жаулап алулар белсенділігі азайды, себебі мемлекеттің мүмкіндіктері шектеулі болды. Оларға жатпайтындар Римдік Британия, себебі оны жаулап алу Цезарьдің кезінде-ақ басталған, ал б.з.д. 43-44 жж. аяқталған, және Дания, Дунайдың солтүстік жағында орналасқан, б.з. 107 жылы жаулап алынды. Ертеден тәуелді мемлекеттердің әкімшілік бағыныштылығының есебінен империя кеңіді,ал ішкі тартыстарды және көтерілістерді санамағанда, соғыс қимылдары Шығыстағы Парфян патшалығымен шекаралас жерлерде шоғырланды және көпғасырлық соғыс ешбір жаққа да жеңіс әкелмеді.
50 Атақты ағылшын тарихшысы Эдуард Гиббонның (1737- 1794) пайымдауынша ол өзінің «Рим империясының құлдырауы мен құлауының тарихы» атты шығармасында жазғаны бойынша Римді варварлар мен христиан діні құлдыратты. А. Тойнби бұл пікірге және римдік тарихшылар мен моралистердің пікіріне қосылды. Бұл пікір бойынша, Римдегі кесапаттар Ганнибалды жеңгеннен кейін қалаға құйылған олжа римдіктерді ата-баба салтын ұмытуға алып келгеннен басталды.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру