Бабалар сөзі 91 том
Жақан Д.
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 91-томына қазақ отбасылық ғұрып фольклорының адамды ақтық сапарға аттандыру, азалау салттарына қатысты мұң-шер өлеңдері топтастырылды.
Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек
Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир
Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар
Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар
Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік
Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат
Шеңгелбаев Бақытжан
«МӘДЕНИ МҰРА» ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС
4УДК 398 ББК 82.3 Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әлбеков Т. (жауапты редактор), Қалижанов У., Қасқабасов С.А., Қирабаев С.С., Қорабай С., Алпысбаева Қ. Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Жақан Д. (жауапты шығарушы), Оралбек А. Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2013. Т. 91: Ғұрыптық фольклор: Мұң-шер өлеңдері.—432 бет. ІSBN 978-601-292-740-5 «Бабалар сөзі» сериясының 91-томына қазақ отбасылық ғұрып фольклорының адамды ақтық сапарға аттандыру, азалау салттарына қатысты мұң-шер өлеңдері топтастырылды. УДК 398 ББК 82.3 ІSBN 978-601-292-740-5 (т. 91) © Әдебиет және өнер институты, 2013 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2013
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде
ни мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған тоқсан томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді сала
сы болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге,
шетелдердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар мен
мақал-мәтелдер сияқты шағын жанрларға арналды. Дәлірек
айтқанда, «Хикаялық дастандардың» — он үш, «Діни дастан
дардың» — жеті, «Ғашықтық дастандардың» — он бір, «Тари
хи жырлардың» — он бір, «Батырлар жырының» — жиырма,
«Мақал-мәтелдердің» — бес, «Қара өлеңнің» — екі, «Шежі
релік жыр-аңыздардың» — үш, «Ертегілердің» — бес томы,
«Тарихи аңыздардың» — төрт томы, «Жұмбақтардың», «Бала
лар фольклорының», «Қазақ мифтерінің», «Моңғолиядағы
қазақ фольклорының», «Топонимдік аңыздардың», «Күй
аңыздардың», «Ру аңыздарының», «Жыр аңыздардың» және
«Үйлену салты ғұрпының» — бір-бір томы баспаға дайында
лып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томында Қы
тайдағы қазақтардың, бір томында Моңғолия қазақтарының
фольклорлық мұралары қамтылды.
Қазақ фольклорының ең бір көне жанрларының бірі—
ғұрыптық фольклор. Халық шығармашылығының бұл түрлері
ежелгі замандардан бері адам баласымен, оның тұрмыс-тір
шілік, әлеуметтік салт-сана, дәстүр, дін, кәсіп тәрізді өмірлік
басты құндылықтарымен қабаттаса, кезектесе, сабақтаса да
мып келгені мәлім.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ғұрыптық фольклор ішкі жанрлық тұрғыдан үлкен үш
бөлікке бөлінеді. Отбасылық ғұрып фольклорының өзі бала туу,
үйлену, жерлеу ғұрпы деп жіктеліп, алуан түрлі рәсім-салттар
мен оған қатысты фольклорлық мұраларды қамтиды.
Мемлекеттік «Бабалар сөзі» сериясының «Мұң-шер» өлең
дері деп аталатын кезекті бұл 91-томы жерлеу ғұрпының
жанрлық түрлерін түгел қамтуды мақсат етті. Томда адам
ды ақтық сапарға аттандырудың ғасырлар бойы қалыптасқан
жөн-жоралары мен оған қатысты фольклор үлгілерінің негіз
гі жүйесін сақтай отырып, Ұлттық және Орталық ғылыми
кітапханалар мен ӘӨИ-дің қолжазба қорларындағы мәтін
дер, фольклорлық экспедиция материалдары пайдаланыл
ды. Жерлеу ғұрпына қатысты фольклорлық жанрлардың өлім
оқиғасының өзін ғана емес, оның тірілерге қатысты жай-күйін
танытатын ерекшелігі мәтіндердің бізге жету жағдайына әсер
еткен. Себебі, адам баласының дүниеден өтуі біркелкі емес,
сан алуан. Сондықтан да оған қатысты фольклор үлгілерінің
жалпыға ортақ қалыптасқан заңдылықтары есте ұсталды.
Атап өтерлік жайт—жерлеу ғұрпының құрамдас бөліктеріне
қатысты бірқатар фольклор үлгілерінің Қытай қазақтарының
фольклорында сақталғандығы. Мәселен, осы томда беріліп
отырған «Араздасу», «Адамды оң жаққа салғанда айтылатын
жоқтау» мен «Көңіл айта келгендермен көріс», «Ақтай жоқ
тау», «Тұлданған атпен көрісу» өлеңдері шыққан жинақтардан
ғана алынып қойылмай, информаторлардың дерек сөздерімен
де толықтырылды.
Ал жерлеу оқиғасынан кейінгі айтылған жоқтаулардың
тақырыптық түрлері марқұмның отбасындағы орнына, қа
зақтың дәстүрлі әлеуметтік-отбасылық салтына қарай топтас
тырыла отырып, мәтіндердің өзін іштей мазмұндық тұрғыдан
саралау арқылы орналастырылды.
Себебі дүниеден озған адам ең алдымен отбасының белгілі
бір мүшесі ретінде жоқталып, әлеуметтік-қоғамдық сарындар
осы негізгі өзекке барып жамалады. Ол батырлық, ақындық я
болмаса хан, болыс, би т.б. Сондай-ақ қазақтың ежелгі патриар
халды үлкен отбасылық өмірін танытатын дәстүр үлгісін көр
сету мақсатында ер-азаматтың үлкен-кіші әйелдерінің жоқ
тауы қатар берілді. (Мәселен, Ықсанды жоқтау т.б.).
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН Отбасындағы әке беделі биік саналған дәстүрлі қоғамдағы ананың, әйелдердің, қыздардың өз орны болған, өзара сыйлас тық пен түсінік қалыптасқан тұтастығы бұзылмай тұрған кезде туған жоқтау өлеңдеріне де басты назар аударылды. Мәселен, «Келіндердің енесін» жоқтауы, «Жеңгелердің қайындарын» жоқтаулары осы мақсаттан берілді. Жоқтау өлеңдерінің авторлығы өте күрделі мәселе. Себебі, бізге жеткен жоқтаулар ер-азаматтың әйелі болмаса қызының немесе белгілі бір ақынның атына телінеді. Алайда бұл мәселеде қайтқан адамды жоқтаудың міндетті дәстүр болғандығын есте ұстау керек. Ол жөнінде М.Әуезов: «Көп жоқтаудың өз бетінше шығарылған сарыны, дауысы болады. Ескі әдет бойынша, ертеңді-кеш сол сарынға жоқтау өлеңді қосып, дауыс қылады. Онан соң қазақтағы жоқтау өлең өлген бір адамның өзіне ғана арналып шыққан тың сөз болады. Басқа біреудің айтқан жоқтауын айту, жаттама өлеңін айту—қазақ ұғынысынша мін. Ондай жоқтау көңілдің шын қайғы-зарынан шыққан емес, жалған жоқтау болады»1 деген болатын. Демек, жоқталмай қалу өлген адамға қандай сын болса, оның артында қалғандарға тағылар үлкен мін болған кезеңде ел арасындағы ақындар марқұмның әйелі, қыздарына жоқтау шығарып беретін болған. Алайда онда ақынның авторлығының сұлбасы да қалмайды. Ол қызының я болмаса әйелінің обра зына ғана емес, ой-сезіміне еніп, отбасылық сезіммен қоса қа лың көптің қайғысын білдіруге міндетті. Бұған, мәселен, Абай шығарған сегіз жоқтаудың ішінен келіні Мағышқа шығарып берген жоқтау арқылы көз жеткізуге болады. Ал заман өте келе, арнайы ақындарды шақыртып жоқтату дәстүрі басымдық ала бастаған тұста ақындық поэзия әсері ай қын бола бастайды. Мұндай жоқтау үлгілері өз алдына бір шоғыр. Бүгінгі күні жерлеуден кейінгі азалау рәсімдерінің үстінде (жетісі, қырқы, жылы) «Мұң-шер өлеңдері» сирек айтылады. Оның орнын Құран сүрелері алмастырады. Дегенмен кейбір дәстүрді ұстанатын отбасыларындағы айтылатын «Мұң-шер өлеңдерінің» түрлі сипатын таныту мақсатындағы мәтіндер де беріліп отыр. 1 Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – Алматы,2001. 4-том, 22-бет.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жалпы алғанда, жерлеу ғұрпына қатысты фольклор үлгілері
түрлі даму, өзгеру заңдылықтарын басынан кешіргенімен,
бүгінгі өмір құбылысында да көрініс тауып отыр. Бұл халықтың
қайғы салмағынан сейілу үшін сөз құдіретінен таяныш табуға
талпынатын ежелгі дәстүрімен тамырлас.
Көптомдықтың принциптеріне сай беріліп отырған мәтіндер
ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, жанрлар рим са
нымен, шығармалардың нұсқалары реттік санмен нөмірленді.
Томның ғылыми қосымшаларын: томға енген мәтіндерді жа
зып алушылар мен жариялаушылар және басылымдар туралы
мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми түсініктеме, сөздік,
жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен
діни есімдер туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі
мен томның орыс, ағылшын тілдерінде жазылған түйіндері
құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.
Қай заманда қай жерде болмасын, дүниеден озған жанды
қастерлеп шығарып салу, ақырғы сапарға бүкіл жөн-жосығы
мен аттандыру—тірілер алдындағы ұлы міндет. Оның өзі түрлі
тарихи даму жолынан өтіп, түрлі формада көрініс тапқан.
Тұтастай алғанда аталған салт-дәстүрлердің «озық жағы»
адам сезімін құрметтеу, қайғы қалжыратқан жанның көңіл-
сырын бөлісу, өзгенің жан әлеміне үңіле білу міндеттерінен
көрінеді. Бұл «қайғыны бөліссең, азаяр, қуанышты бөліс
сең, көбейер» деген халық тұжырымын туғызған. Аза тұтуға
байланысты: өлім үстінде өкпе-назды ұмыту, қайғылы үйге
салмақ түсірмей кәде-міндеттерін бөлісіп әкету, азаға жинал
ған халықгы күту кезінде даурықпай, дабырламай қабақпен
ұғысу тәрізді ізгілікке, қайырым, мейірімге тәрбиелейтін
дала мәдениеті қалыптастырған ұлттық құндылықтар осы
салт-дәстүрлерде көрініс тапқан. Қазақ фольклорында бірде
жоқтау, жылау, жоқтаған жыр, дауыс немесе зар, кейде теріс
өлең деп аталып жүрген атаулардың қай-қайсысы да Жоқтау
жанрының туу, даму сатыларынан хабардар етеді. Бұл тұр
ғыдағы дүниелердің жұмыр басты пенденің табиғатына тән
жарық дүниенің қадір-қасиетін сезіндіру, ел үшін елеулі іс
тер істеуге үйрету, адамдық ұғымға сай өмір кешуге үндеу,
тірліктегі іс-әрекеттің таразыға тартылар тұсы бар екендігін
аңғарту мазмұнындағы тәрбиелік мәні күні бүгінге дейін аса
зор.
Жанрдың табиғатын түсіну үшін жоқтап жылаудың мін
детті дәстүр болған, марқұмның жақын-жуығына қойылар сын
болған кезеңге ой жарығын түсіру керек.
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР Қат-қабат қайғыны үстемелете отырып, адам сезімінің ауыр сәттерін бейнелейтін жоқтау үлгілері—адам баласының табиғатына тән ажал ұғымына қарсы күрес тәсілінің бірі тә різді. Өйткені ол дүниеден көшкен жанның сөзбен сомдалған тұлғасын танытса, сөз арқылы тірілердің «жан жарасын» емдеу мақсатын көздейді. Бұл өнер үлгілерінде өлім салған азалы көңіл-күйдің, қай таланбас қайғы-қасіреттің ауыр салмағы болғандықтан, оның таза алғашқы нұсқасы бізге жетпеген. Себебі өзге фольклор үлгілерін жазып алу үшін қолайлы жағдайлар туғызуға бола ды. Бізге жеткен және қолжазбалар қорындағы үлгілер—жазба мәдениеттің әсерін бойына сіңірген, шығарушы, айтушы, жа зып алушы, қолжазба қорына тапсырушы сияқты бірнеше ой-пікірлер сатысынан өткен, өзінің музыкалық сипатынан, драмалық белгілерінен айрылған, атқаратын қызметі түрле ніп, «жадап-жүдеп» жеткен үлгілер. Мұның өзі жанрдың «таза табиғатын» тануға кедергі келтіреді. Жоқтауды жазып алуға байланысты ең басты мәселе—эмо циялық хал-күйдің өзгеру сипатын анықтау. Оқиға өтіп кет кеннен кейінгі жазылып алынған жоқтаулардағы сезім табиғи емес. Өйткені оқиға үстінде ащы зар, оқыс айғай, ауыр көңілкүй орын алады. Оқиғадан кейінгі үлгілерде салқын сабыр, өлімге мойынұсынған, тоқтаған көңіл көріністері байқалады. Яғни біреудің эмоциялық ситуациясы түгілі, өзінің басынан өткен хал-күйді ешкім де қалпына келтіріп жеткізе алмайды. Фольклорлық экспедиция барысында жерлеу ғұрпына қа тысты өлеңдерді жазып алуда жас, мезгілсіз қазаға қатысты аса ауыр психологиялық жағдайды басынан өткергендердің бұл тақырыпты қозғауға құлықсыздығы басым екеніне көз жеткіздік. Ал жасы жетіп, дүниеден озған адамдарға арналған жоқ тауларда фольклорлық көркемдеу басым. Жоқтау үлгілерін жазып алудағы кедергілер, адамның басынан кешірген аса ауыр күйзелісті, қасіретті шақты қайта есіне түсіргісі келме умен бірге, «Өлімнен тыс жағдайда жоқтап жылау, жоқтау айту, өлімді қайтадан шақырады» деген тыйымның ел ішінде әлі де әсері сақталғандығымен де байланысты. Бұл жағдай
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР
лар жоқтаушы, шығарушының білім-білігіне, және жоқтау
мәтіндерінің бізге жету дәрежесіне байланысты әр жоқтау
мәтінінде әр деңгейде көрінеді. Бізге жеткен жоқтау үлгілері
ғұрып үстінде орындалды ма, жоқ па, жоқ өлім оқиғасына бай
ланысты шығарылып таралды ма—ол жөнінде деректер аз.
Біздің пайымдауымызша, жоқтау дәстүрінің белсенді қызмет
атқаруы қоғамдық-әлеуметтік жүк көтерген жағдайлары
ХІХ ғасырға дейін созылған сияқты. Оған өлімге қатысты
ақын-жырауды арнайы шақырту, жоқтау шығартып, орында
ту жағдайларын баяндайтын ел арасынан жиналған мәлімет
тер куә бола алады. Сондай-ақ ғұрыпта орындалмаған, жеке
ақын-жыраулар, өнерпаз тұлғалардың ауызша, жазбаша
тарату үлгілері де мол ұшырайды. Шығарылған жоқтаудың
ғұрып бойынша (қырқында я жылында) орындалған, орын
далмағанына қатысты да композициялық өзгешеліктері бо
лады. Ғұрып үстінде орындалған үлгілер көлемі жағынан
шағын, ықшам. Кейіпкердің (марқұмның) іс-әрекеті де,
өлім оқиғасы әкелген қайғы-қасірет те, артындағылардың
көңіл-күйі де сығымдалған, тыңдаушы тілегіне бағындырыл
ған. Айтылып жатқан жырды тыңдаушы, бағалаушы жұрт
бар да, ғұрыптың міндетті түрде атқарылар кезек күтіп тұрған
өзге бөліктері тұрғанда ұзақ-сонар жоқтау айтып отырмайды.
Ғұрып үстінде орындалған жоқтаулар, аз сөзге көп мағына
сыйғызып, жоқтап отырған адамы жайлы, өлімнің зардабы
туралы, оған қатысты күйініш-сүйінішті ел есінде бір жаңғыр
тып өту міндетін атқарады. Мұндай жоқтауларда тұтас күйінде
көрінетін «клишерлердің» орны үлкен. Жалпы жоқтаудың
өзегіндегі жоқтау мен жұбатудың қатар өрілетін жағдайында
бұл құралдарды қолдану басты мәнге ие. Жоқтау дәстүрінің
дүние жүзі халықтарына ортақ бір ерекшелігі—оны, негізінен,
әйелдердің орындайтындығында. Мұнда әйел қауымының
дүниеге ұрпақ әкелу қарызымен қоса, адам баласын бақи дүниеге
де әнге орап шығарып салуы парыз болғандығы көрінеді. Өзге
халықтарда жоқтауды «кәсіп еткен» әйелдер творчествосы
әртүрлі тұрғыда арнайы сөз етілген. Ал қазақ үрдісінің ерек
шелігі—кейбір «ауыстыру» фактілері кезіккенімен, қазақ
әйелдерінің жоқтау айтуды арнайы «кәсіп» етпегендігімен да
раланады. Бұл қазақтың рулық-әлеуметтік туыстық негізінің
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
мықтылығына және ауызша суырыпсалмалық қасиетінің ерек
шелігіне байланысты болса керек.
Демек, қазақ дәстүрінде басқа халықтардағы секілді жоқтау
айтудың ауыр жүгі әйелдер қауымының иығына түскен. Оны
жиналған көпшілік ішінде арнайы тыңдалу үшін орындалатын
жоқтау жолдарындағы әйелдің қиналысты халін танытатын
мына жолдар айғақтайды.
Басымды салып базарға,
Көп ішінде, жақсылар.
Қиын екен сөз бастау,
...............................
Әрине, мұндай жоқтаулар көп әйелдер қатысып, көп болып
жылайтын ғұрыптың өзге бөліктерінен ерекшеленеді.
Демек, дәстүрлі қоғамда дүние есігін жауып, бақи дүниеге
аттанған жанды жоқтау—әйел жұртының барлығына емес,
ақыл-ойы зерек, пайым-парасаты бөлек, өнерпаз әйелдердің
еншісіне тиген. Аналарды жоқтаудағы «көш тоқтатып, ас бер
ген», «тәрбиелі үйдің иесі», «жоқтай білген кісіге садақты
ерден кемі жоқ» қасиеттерге ие қазақ әйелдері мен қыздары
осы дәстүрдің дамуының бірден-бір себепкерлері. Бұған дейін
жанрдың өзіне мән берілмегендіктен, тұтас бір жанрдың
тууына, сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне себепші болған
әйел-аналар шығармашылығы өздерімен бірге кеткен. Бұл
дәстүр—қазақ әйелінің көшпелі қоғамдағы жоғарғы әлеумет
тік-қоғамдық рөлін көрсететін белгілердің бірі.
Жайшылықта қуанышқа, т.б. жағдайларға қатысты ғұ
рыптарды сөзге епті кез келген адам жүргізе беруі мүмкін. Ал
ақтық сапарға аттандыру салты оқиғаның өзгешелігіне бай
ланысты ерекше адамдарды қажет етеді. Ғұрыптың міндетті
бөліктеріндегі естірту, жоқтау, жұбату айту үшін көргені мен
түйгені көп зерделі көкірек керек. Яғни бұл өнер үлгілерін ту
дырушы, таратушы, сақтаушы тұлғасының ерекшеліктерін та
нытады.
Жоқтау дәстүрінің бүгінгі күнгі сақталу дәрежесі әртүрлі
аймақтық, өңірлік, тіпті ауылдық деңгейдегі өзгешеліктері
мен сипатталады деуге болады. Қазіргі осы мазмұнда түсініле
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР
тін өлеңдер өзінің бұрынғы көп сипаттарын жоғалтқан, адам
ның ішкі шерін шығару қызметімен ғана шектелген. Әрине,
кімнің қалай шығарғандығына байланысты, көркемдік биікке
көтерілетін тұстарын жоққа шығаруға болмайды.
Қазіргі күндердердегі бұл дәстүрдің көбінесе азалы музы
камен алмастырылуы жоқтаудың ең көне формасына қайта
оралған қызықты құбылысын танытады.
Қазіргі азалау салтында жылап-сықтауға тыйым салатын
«өлім—Алла жіберген бұйрық ретінде» түсіндірілетін ислам
қағидаларының әсерінен ғұрыптың көп бөлігін Құран сүрелері
алады. Жалпы Ислам діні берік орнаған елдердегі аталмыш
салттың өзіндік ерекшелігі қалыптасқан. Иран, Ауған қазақ
тарынан алынған мәліметтерге қарағанда, тілі шыққаннан
құран сүрелерін жаттап өсетін елдерде қайтқан жанды жоқтау,
оған сауап тілеуді негізінен Құран сүрелері ауыстыратыны
аңғарылады.
Жалпы этнографиялық-фольклорлық экспедиция барысын
да жинақталған материалдарды талдау барысында көз жететін
жағдай—дәстүрдің желісі үзіліп, жанрдың тұтас белгілерінің
жоғалып, өзге жанрлармен (жазба әдебиетінің) ортақтаса бас
тауы немесе өзге іс-әрекет формаларымен орын ауыстыруы.
Яғни қоғам, заман өзгерісіне сәйкес рухани қажеттіліктердің
өзгерісіне байланысты марқұмның жетісінде, қырқында, жы
лында атқарылатын іс-шаралар Жоқтау мазмұнындағы мар
құмға жұрттың құрметі мен есте қалдыруға талпынысының
жаңарған формалары болып табылады.
Ұсынылып отырған томда Жоқтау дәстүрінің белсенді қыз
мет атқарып, аясы кеңіген, көркейген кезі мен оның әлсіреген
тұсын Жанр табиғатымен байланыстыра қарастыру басты на
зарда ұсталды.
Жоқтаудың ел басындағы елеулі оқиғаларға қатыстылығы
аса маңызды арналы мәселе. Аза өлеңдерінің биік көркемдік
жоқтау дәрежесіне көтерілуі үшін оның кейіпкерінің (мар
құмның) тіршілігінде халқына қалаулы, еліне елеулі қасие
тінің болуы маңызды. Егер олай болмаса, қанша көркем дә
ріптелгенмен, заманнан-заманға жетпеген болар еді. Орақтың,
Абылайдың, Кенесарының тұсында өзге де тұлғалар өмір сүрді,
өлді, олар туралы жоқтау айтылды. Ал бұл үлгілердің бізге
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
жету себебі—кейіпкерлер қасиетінің (батырлық, хандық) ел
басындағы елеулі оқиғалармен сабақтастығы. Өйткені «Елде
жоқ рух ақын сөзінде болмайды... Ақын сөзіне жұрт рухының
сәулесі түспей тұрмайды»2.
Қазақ халқының қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарған
Қазыбекті, Жәңгірді, Кенесарыны, Наурызбайды жоқтаулар
да әлеуметтік сарын басты мән иеленеді. Таптық теңсіздік
бітістіріліп, олардың «жаяулыға—ат, жалаңашқа тон болған»
іс-әрекеті баса көрсетіледі.
Демек, жоқтаудың өзегі—байлықты, хандықты дәріптеу
емес, көнеден бастау алған жеке қаһарманды фольклорлық
дәріптеу. Хан емес, қарапайым адамды жоқтаудың өзінде оны
ең биік дәрежеге жеткізу—жанрдың өзіндік ерекшелігі. Жоқ
тауға деген түрлі көзқарастар мен тыйымдар кезінде жанрдың
осы ерекшеліктері ескерілмеген.
Көркем жоқтауларда кейіпкердің тегін адам емес екендігін
көрсету мақсатында оның ата-тегін санамалап көрсету тәсілі
қолданылады. Жоқтау табиғаты бойынша, кейіпкердің тірші
лігінде атқарған қызметтерінің ішінде ел үшін атқарған істері
ғана құнды. Болмашы іс-әрекеттер есепке алынбайды. Халық
қамы үшін істелген іс қана тілге тиек етіледі. Заман шындығына
сай келмесе де, кейбір іс-әрекеттер кейіпкерге таңылады:
Жесір үшін жер бөлген,
Жетімдерге жем берген,
немесе
Пақыр-міскін қамы үшін,
Бақшалар қандай ектірген,
деген жолдарда марқұм өз қоғамының ерекше жаны ретінде
жоқталып, ол өмір сүрген кезең «ең жақсы заман», ал оның
өмірден өткен кезін «дүниенің қараң қалғанындай» етіп сурет
теу жоқтау жанрының өзіне тән заңдылығы.
2 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989. – 236-238-бб.
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР
Демек, өлген адамның тек жақсысын айту—жоқтаудың не
гізгі нысанасы. Ол «өлген адам туралы тек жақсысын айту ке
рек» деген халықтық қағиданы қалыптастырған.
Жоқтау дәстүрінің өзі түрлі кезеңдерді басынан кешірген.
Мәселен, өлгенге жоқтау айту міндетті, оны айтпау үлкен сын
болған тұста кемеліне келіп қәрілікке жақындаған адамдардың
бұл мәселеге үлкен алаңдаушылық білдіргені байқалады. Бұ
ған өзінің тіршілігіндегі пендешіліктерін сараптай отырып, өзі
дүниеден өткеннен кейін артында жаман сөз қалмауын мұрат
еткен адамдардың «өзін тірісінде жоқтатып», көңіліне ұнаған
үлгісін өлген соң айтуды аманат еткен жағдайлары мысал бола
алды.
Қоғамдағы, адам санасындағы әртүрлі өзгерістер нәтижесі
де жанрлардың дамуына әсер етеді. Жанрлар дараланады,
көмескіленеді, өзге жанрлармен ортақтасады.
Дүниеден озған жанды жоқтап жылау да, аруағын құрмет
теп аза тұту да қазақ салтында өзінің бастапқы негізін сақтай
отырып, заман өзгерісіне сай түрліше өзгерістерді де бойына
жинақтайды. Әрине, қай заманда да қайғының аты—қайғы.
Тас түскен жеріне ауыр. Соған байланысты туған жоқтау
мазмұнындағы өлеңдер де ешбір заң-қағидаға бағынбайтын
адам сезімінің ішкі иірімдері. Жылай отырып үміттендіру,
жұбата отырып жігерлендіру бұрынғы жоқтауларға, оның
қазіргі үлгілеріне де тән. Әсіресе осы дәстүрдің жазба әде
биетіндегі үлгілері өзіндік ерекшелігімен танылады. Мысалы,
ұлы Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманды өзінің жоқтауы мен
келініне шығарып берген жоқтауының арасында айтарлықтай
айырма бар.
Дәстүрлі дүниетанымға байланысты атқарылатын аза
лау ғұрпын шартты түрде екі кезеңге адамның кайтыс болып,
жерленгенге дейінгі атқарылатын шаралар және адамды жер
қойнына бергеннен кейінгі артын күтуге байланысты жол-
жоралар деп екі сатыға бөлуге болады. Осыған байланысты, аза
жырларының да ішкі жанрлық түрлері әр алуан болып келеді.
Адамның дүниеден өтуі әртүрлі жағдайда болатындығына
орай, азалау жосыны да әртүрлі болып келеді. Өйткені өлік
жөнелту салтында міндетті сақталатын жоралғылармен бірге,
міндетті атқару парыз етілмейтін, ерікті жоралғылар да бар.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мәселен, көп жағдайда жасы жетіп қартайған, яки айықпас
ауруға ұшырап тұз-дәмі таусылған адам немесе алыста жүріп
арманда кеткен азаматтың еліне өсиет етіп қалдырған өлең
үлгілері бізге жеткен... Мұндай арыздасу өлеңдерінің азалау
фольклорының басқа жанрлық түрлерінен өзгешелігі—ол
адам демі үзіліп, көзі жұмылмай тұрып айтылатындықтан,
бірақ өліммен тікелей қатысты болғандықтан, осы ғұрыптың
бір бөлшегі ретінде танылады. Яғни, ақтық сапарға жөнелту
рәсімінің дәстүрлі ретіне қарай санамаласақ, казақтың азалау
ғұрпы алдымен арыздасудан басталады. Жасы келіп немесе
ұзақ аурудан сарылып, кейде апатқа, айықпас дертке ұшырап,
ажал сәтінің жеткенін сезген зерделі жандар ағайын-туғанын,
жора-жолдастарын жинап қоштасады. Мұндай қоштасу кей
де алыста жүріп, арманда кеткен адам аузымен де айтылады.
Бұдан кейінгі әрекет—қазаны жақын жуығына естірту, естірте
отырып көңіл айту, жұбату. Одан әрі қаза болған адамның
жақын-жуығының жоқтауы.
Жерлеу ғұрпының фольклоры құрылымы аса күрделі
әрі қайшылықты, сан түрлі жөн-жоралғылардан тұратын
кешенді жүйе. Өйткені оның негізі—жалпы тіршілік ұғымы
на қарама-қарсы мәндегі өлім оқиғасы. Аталмыш ғұрыпқа
қатысты фольклордың пайда болу, даму, өзгеру тарихы адам
зат санасының көне замандардан күні бүгінге дейінгі ой-
түсініктерінің тарихымен тығыз байланысты.
Жерлеу ғұрпы фольклорының өзге ғұрыптан басты өзіндік
ерекшелігі өлім жайлы көнеден күні бүгінге дейін жалғасқан
түрлі түсініктермен байланыстылығы. Сондықтан аталмыш
ғұрыпқа қатысты өлеңдердің өзіндік ерекшелігі жайында
М.Әуезов: «Көздің жасы, жүректің жалынымен шығатын
қаралы өлең әшейіндегі қызық, жұбаныш үшін айтылатын
өлеңнен бөлек болу керек»3,—деп тұжырымдаған.
Өлім—қорқынышы жоқ, өмір мен өлімнің аражігін ажы
ратпайтын адам санасының балаң шағында өлім бір күйден
екінші күйге ауысу деп ұғынылған. «Ажал—ол да өмір, бірақ
басқаша өмір. Өлген адам жоғалды деп саналмай, ол басқа өмірге
көшті, алғашқы өзінің түріне қайтып келді деп түсінілген»4.
3 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991. – 26-б.
4 Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1984. – 70-б.
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР Жан шыға салысымен марқұмның туыстары мен жақын дарының қатты айғайлап жылауы бүкіл дүниежүзі халық тарына ортақ. Бұл рәсімнің қайғы күйінішін білдіруден бұ рынғы мағынасы: «өлген адам бұл өмірден мүлде қол үзген жоқ, бәрін естіп біліп, сезінеді, сондықтан оған әлі де әсер етуге болады» деген көне түсінігін білдіреді. Көне жан шақыру рәсімдерінің заман өте келе аруақты тебірентіп, мазалауға тыйым салуға байланысты жойылып, сарыны ғана сақталған: яғни адамның жаны мен тәнінің ажы рауын—өлім құбылысы ретінде түсінудің басы аруаққа табы нудан бұрын-ақ пайда болып, кейінгі замандарға дейін жет кен. Келе-келе өлгеннен сескену, оның жанына жағдай жасау ту ралы ой-түсініктер күрделеніп, бір жүйеге түсе бастаған. Ерте рулық қоғамның жетілуіне байланысты жанның өлмейтіндігі туралы түсініктер белгілі бір арнаға тоғысып, ата лар аруағы ұғымына жинақталған. Егер матриархатқа табиғат культі тән болса, көне патриархат дәуірінде аталар аруағы басымдық ала бастайды. Бұл әсіресе көне патриархаттың да мып, ру ақсақалдарының ерекше рөл атқарған кезінде күшейе түскен. Бұл кезеңде аталар аруағы «құдайлық», «киелілік» мән иеленген. Демек, сол кездің өзінде аруақтарды қайырымды етуге ты рысып, киіммен, тамақпен, түрлі бұйымдармен қамтамасыз етіп, басына үй (пана) тұрғызған. Жанның мәңгілік өлмейтіндігі туралы көне сенім дами келе күрделеніп, жан-жақты жетілу нәтижесінде дербес өмір сүруге қабілеті бар мәнге, аруақтар туралы ілімге дейін жетті. Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов: «Өлген адамның о дүниедегі хал-ахуалы жерленгендегі, жерленгеннен соңғы ырымжоралардың салт-санаға тән бұзылмай орындалуына байла нысты еді. Егер өлімнен кейінгі ырым-жоралар дұрыс орын далса, өлген адамның рухы жайбарақат күйге түсіп, өз үрім-бұтақтары мен туған-туысқандарына шапағатын тигізіп, жебеп жүреді, ал олай болмаған жағдайда жауығып, аруағы қарғап-сілейді»5—дейді. 5 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. І т. – Алматы, 1985. – 174-б. 2-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қазақ халқының жерлеу ғұрпы өзегінде көне түсініктердің
сарқыншақтары мұсылмандықтың басымдық алуына байла
нысты бір ізге түсіп, ортақ заңдылықтар ретінде қабылданған.
Қалыптасқан салт бойынша, өлім халіне жақындаған жасы
келген я сырқат адамның алыс-жақын ағайын-туғандарына
хабар беріліп, көзі тірісінде арыздасып, қоштасуға мүмкіндік
тудыру, оның соңғы тілегін, тірілерге айтар аманатын естіп
қалу парыз саналған. Осы сәттен бастап, адамды о дүниеге
жөнелтудің дәстүрлі шарттары қатаң сақталып, бұлжытпай
орындалуы қадағаланған. Ең алдымен иман калимала
ры айтқызылып, жанның тәннен шығуы үшін қолайлы
жағдайлар жасалған (аузына су тамызу, жастығын алу, көзін
жабу, оқшаулау т.б.).
Тиісті жөн-жосықтар түгел атқарылған адам мұсылман
шылықта «иманы үйірілген» адам ретінде танылады. Марқұм
ға тіленетін ең игі тілектің де мазмұны оның иманды болуы
туралы ойлардан құралады. Түрлі себептермен атқарылмай
қалған тиісті осы жөн-жосықтың өкініші өлеңге сарын болып
қосылады.
Оқшауланған марқұмның денесі жерленгенге дейін көзден
таса етілмей, күні-түні күзетіледі де, үйдің жарығы қырық
күнге дейін сөндірілмейді. Бұл зиянкестер қастандық жасауы
мүмкін деген көне түсініктен туған.
Өлгелі жатқан адамның маңында толық тыныштық сақ
талып, жан шыққаны белгілі болған соң ғана әйелдер қатты
дауыс шығарып, жылайды.
Кісінің қайтыс болғандығы туралы қаралы хабарды оның
жақын-жуығына бірден айта салмай, ауыр хабарға пси
хологиялық тұрғыдан дайындап алып барып, жеткізу үр
дісі қазақ халқының берік қалыптасқан ізгі дәстүрі бол
ған. Ол жөнінде М.Әуезов: «Естіртудің мол ұшырасуы қазақ
халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қара
лы болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге кө
терісетінін, оның адамның күйініш-сүйініштерін терең се
зінген сыпайыгершілігін, көргендігін танытады» деп пікір
тұжырымдайды6.
6 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991. – 27-б.
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР Жыл бойына азалы үй назардан тыс қалмай, жерлеуге кел мегендер келіп, көңіл айтып, жұбатып отырған. Дүниеден озған адамның жасына, жынысына, қоғамдағы орнына бай ланысты естіртудің, көңіл айтып, жұбатудың мазмұнында өзгешеліктер болады. Көңіл айту, жұбатудың мәні: әркім өзінің сөз шеберлігіне қарай жылы сөйлеп, марқұмға иман тілеп, артындағыларға жақсылық, тіршілік тілеу. Онда тірлікке таяныш боларлық тұжырымдар түйінделіп, қаралы көңілге жұбаныш етерлік мәні бар ойлар ғана айтылады. Яғни «Ауыр хабар алғашқы рет естілетін жерде құр қайғының бірін ай тып, жараның аузын ашып қоймай, қазақтағы бауырмалдық, туысқандық, жан күйерлік жолымен соның емі сияқты жұбату да айтылады7». Жұбату, көңіл айту үлгілерінің өзі қарапайым мағынадан күрделі ой-тұжырымға дейін өскен. Оны айтушы тұлғалардың кім екендігіне байланысты (ақын, аузы дуалы шешен, көпті көрген қарт т.б.) көркемдік қуаты күшейеді. Естірту, көңіл айту үлгілерінің әйгілі ақындар, шешен дер айтқан көркем үлгілерімен қатар, қарапайым үлгілері де сақталғандығын томға енген мәтіндер айғақтайды. Жерлеу ғұрпының ең маңызды құрамдас бөлігін құ райтын вербальді, сөздік формаларының (дауыс салу, да уыс айту, жоқтап жылау, жоқтау айту) өзегінде сөздің көне магиялық қызметі туралы түсінік сақталған. Өйткені сөз арқылы марқұммен сөйлеседі, оған о дүниеге игілік тілейді, кейінірек мұң-шерін шығарады, тәрбие-тағылым түйіндейді. Бұл мұсылмандық түсінікте де жалғасын та уып, Құран сүрелерінің киелілігі туралы оймен көмкеріле ді. Жоқтаушы өз сөзінде дұға арқылы марқұмға көмек етуді көптің есіне ұдайы салып отырады. Осыдан бастап ауық-ауық көрінетін сөзбен дауыс айтып жылау рәсімдерінде түрлі дәуірлерге тән таным элементтері араласып жүреді. Ол бастапқыда рәсімнің өзі, кейіннен оның сөздегі жаңғырығы ретінде көрінеді. Бұған мысал ретінде қан, шаш, тырнақ т.б. заттардың магиялық мәні жайлы ұғымдарды айтуға болады. Осы томдағы марқұмды оң жаққа салу, сүйек 7 Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. 4-том. – Алматы, 2001. – 33-б.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР пен қоштасу, тұлданған атпен, киіммен қоштасу мағына сындағы мәтіндер осының дәлелі. Дәстүр бойынша, өлген адамның әйелі, қыздары, апа, қа рындас және келіндері шаштарын жайып салып, бүйірлерін таянып, ылғи да жылаумен болады да, көңіл айта келген әйел дер жағы да олармен бірге жыласады. Жылау үстінде марқұм ның туған қыздары мен әйелінің шаштарын тарқатып жайып жіберіп, жетісі өткен соң қайтадан өріп беру рәсімдері жайлы Н.И. Гродеков 8, Х. Арғынбаев 9 түрлі мағлұматтар береді. Л.Я. Штернберг көптеген халықтардағы осы рәсімді ке ңінен зерттей отырып, адамның қаны мен шашы өмірдің не гізгі элементі ретінде ұғынылып, марқұмның жанын қайта тірілтіп, қалпына келтіру үшін берілетін құрбандық ретінде жұмсалғандығын айқындаған 10. Көне түркілерде де тек жесір емес, марқұмның бүкіл жақынжуығы шашын жұлып, беті мен құлағын жаралағандығы жай лы түрлі деректерді ғалым Ә.Т.Төлеубаев келтіреді 11. Киелі күштерді мейірлендіру мақсатында қан беру арқылы жан ауыстыруды көздейтін рәсімнің бірі—марқұм жатқан үйді 7 рет айналып, әр айналған сайын бетін тіліп, көз жасын қанымен араластыра жылау әдетінің сілемі жерлеу салты өлең дерінде көркемдік тәсіл түрінде сақталған. Бұл түсініктің қазақ салтындағы көрінісі, яғни көне заман дардан келе жатқан таным-түсінік іздері қазақ әйелдерінің «ба сым қаралы, бетім жаралы» дейтін ойларынан да аңғарылады. Бұл жағдай, әсіресе марқұмды үйден шығарарда өлген адам ның әйелдері «ойбай» салып, дауыс шығаруы, оған ауылдағы басқа әйелдердің қосылып жылауы, қатты қимастық сезім нен өз бетіне жарақат салып, шашын жұлуы, бір жағы ауыр психологиялық халді танытса, екіншіден, әйелдің күйеуіне жанашырлығына сын ретінде қабылданған. Яғни мұндағы қан шығару, бетіне жара салу ұғымдары «Қан—алғашқы адамдар үшін ең басты жандарының бірі жә 8 Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. – Таш кент, 1889. – С. 259. 9 Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке. – Алматы, 1973. – 108-б. 10 Штернберг Л.Я. Первобытная религия в свете этнографических исследо ваний. – Л., 1936. – С.232-233. 11 Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности ка захов (ХІХ—начало ХХ в.). – Алматы, 1991. – С. 49-95.
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР не оның заттанған формасы 12 дейтін түсініктің қалдығы. Түсі нік пен салт жойылған соң, бұл түсінік ғұрыптық өлеңдердің мазмұнындағы көркемдік формулаға айналған. Негізінен, бұл салттың жойылуына мұсылмандық көзқа растардың дамуы әсер еткені белгілі. Өйткені, мұсылмандық шарт бойынша, адам баласының өз денесіне жарақат салуы күнә деп есептеліп, ақыретте жауапқа тартылады деп сақтан дырылады. Жуылып, тазаланған мәйітті үйдің ішінен шығарарда аяғы мен шығарып, босаға алдында кідіртудің мәні әртүрлі тұрғыда түсіндіріледі: бір жағынан, марқұмның үй-ішімен қоштасуын білдірсе, екіншіден, енді өлім қайталанбасын деген сақтану ша раларын білдірген. Жаназаға жиналған жұрттың ішінен 5-7 атаның ұрпағынан бір-бір адамның сүйекке түсілуі келісіледі, я ол жайлы мар құмның өзі өсиет етеді. Жуындырып болған соң мұсылмандық салт бойынша жаназа шығарылады. Бұл рәсімнің фидия кей де «даур, «искат» деп аталатын міндетті бөлігі мұсылмандық деп саналғанымен, оның негізі исламнан ерте дәуірдегі көшіру ғұрпынан бастау алады. Себебі Құранда біреудің күнәсін біреуге аудару жоқ, әркім тіршілігіндегі өз іс-әрекетіне сай Алла ал дында өзі жауап беруі тиіс. Ақыреттелген мәйітті кілемге орап, сыртынан тағы үш жерден байлап, жаназасы шығарылады. Жиналғандар тік тұ рып (азан айтылмайды, еңкеймейді), жаназа намазын оқиды. Марқұмды үйден шығарарда әйелдер міндетті түрде айғай са лып, дауыс қылады. Өлікті лақатқа түсірген соң кебіннің басы, ортасы және аяқ жағында байланған жерін шешеді, бұл кезде сыртта тұрған адамдар қабірдің жас топырағынан бір-бір уыс топырақ таста ған соң, лақаттың аузы қыш кірпішпен жабылып, сыртқы үйін топырақпен толтырғаннан кейін Құраннан сүрелер оқылады. Жерлеп болған соң, қабірден 40 қадам өткен соң оқылатын Құран сүрелерінің мәні—қабірге Мүңкір-Нәңкүр келіп, мар құмнан сауал алғанда оған демеу көрсету. Қабірдің ішкі жағы кейде шектеулі формада түсінілсе, бірде шексіз кеңістікті 12 Абрамзон С.М. Этнографические сюжеты в киргизском эпосе «Манас» // Советская этнография. 1947. №2. – С. 141.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
білдіреді. Пәни мен бақидың аралық шекарасы деп есептеле
тін—қабірге көму о дүние жер астында деген түсініктерді бекі
те түскен.
Жерлеу барысында о дүние орыны жайлы көне түсініктерге
мән беріледі. Мысалы, о дүниені күннің батыс жағымен байла
ныстыру, мүрдені күн аумай тұрып көму, марқұмның басын
күнбатысқа қарату—таңертең ерте, күн батарда дауыс қылу
күн культіне байланысты туған түсініктер.
Мәйітті қойып келген күні кешкісін құтпан намаздан соң
оқылатын 4 ракат намазды да «Ысқат» деп атайды. Өлік шық
қан үйге жетісіне, қырқына, жылына дейін үздіксіз адамдар
келіп, Құран оқу парыз саналады.
Одан әрі қарай бірінен соң бірі жалғасатын аза тұту
рәсімдерінде көне түсініктер мен исламдық ұғымдар қабат
көрініс табады. Аза тұту—жерлеу салтының ежелден келе
жатқан міндетті, құрамдас бөлігі. Ол бүкіл дүниежүзі
халықтарында болған. Құранда аза тұту уақыттары туралы
ештеңе айтылмаған. Оның негізі өлім процесінің түрлі саты
дан тұратындығы жайлы ежелгі түсініктермен байланысты,
яғни исламнан көп бұрын пайда болған. Аза тұту исламды
ұстанбайтын елдер салтында да бар.
Марқұмға қатысты атқарылатын түрлі рәсімдердің мән-
мазмұнына сәйкес жоқтаудың да сипаты өзгеріп отырады.
Мәселен, өлім хабары белгілі болып, жерленгенге дейінгі
аралықтағы жоқтаудың мәні марқұммен сөйлесу, өзара қайғы-
шер бөлісу сипатындағы дауыс салу, дауыс шығару деген
ұғымдарды білдіреді. Бұл—арнайы жоқтау айтылғанға дейін
әртүрлі дәрежедегі шер шығару үлгілерінен хабар береді. Яғни
сөзбен жылаудың ең алғашқы бастауы—осы дауыста жатыр.
Ол, ең алдымен, адам эмоциясының сыртқа шыққан ең алғаш
қы формасы болса, оның сөзбен толығуы—жылау өлеңдерін,
дами келе жоқтауды туғызған. Томға енген мәтіндердің маз
мұндық тақырыптық жүйесі де осы заңдылықты таныту мақса
тында құрылған.
Дауыс шығару үлгілері негізінен қысқа-қысқа ой түйіндер
ді, қайғының ауыр салмағын танытатын үзік-үзік ой-сезімдер
ді бейнелейді және ғұрыптық рәсімдерге қатысты туындайды
да, көркем жоқтаудың бастауы болып табылады. Себебі «Шер
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР
өлеңі өлгенше ұзақ болмайды, шер мен қайғы үстінде кісі ұзақ
сөйлесіп тұруға әлсіз болады. Сондықтан шын қайғыны қысқа
сөзбен көп мағынаны тізіп, тиімді қып айтады. Бұрын азалы
үйге көңіл айта келген әрбір адам қатты айғайлап, жылап келуі
міндет болған. Оның мәні «марқұм тірілердің даусын естиді»
деген көне түсінікпен байланысты (сүйекті шығарғандағы және
көміп келгендегі айғайдың мәні де осымен өзектес).
Дауыс айту, жылау өлеңдерінің көркемдігі кемел болуы
шарт емес. Онда бұрынғы айтылғандарды қайталау, ұқсас
жағдайларды өзгертіп қолдану орын ала береді. Ал жоқтау бір
адамға ғана арнайы шығарылып, бір-ақ рет орындалады.
Қалыптасқан сарындардың бәрі арнайы орындалатын жоқ
тауларда кеңейіп, көркемденіп ұлғаяды. Ежелден келе жатқан
сарындарды пайдалана отырып, өз жанынан өлең шығару қа
зақ әйеліне міндет саналған. Шығарып қана қоймай, оны жұрт
алдында орындауы тиіс болған.
Жоқтауларда ортақ сарындар көркемдік әдіс ретінде жұм
салғанымен, әрбір адамға шығарылатын жоқтау тыңнан тол
ғанады. Өйткені «басқа біреудің айтқан жоқтауын айту, жат
тама өлеңді айту—қазақ ұғынысына мін» 13.
Көп жоқтаудың өз бетінше шығарылған сарыны, даусы бо
лады. Ескі әдет бойынша, ертеңді-кеш сол сарынға жоқтау
өлеңді қосып, дауыс қылады.
Марқұм жерленіп болған соңғы жылаудың аясы кеңейіп,
көркемделе бастайды. Бұрын арнайы жоқтатып, арнайы тың
далғандықтан жоқтауға ерекше мән берілген. Мұнда қайғы
үстіндегі ауыр күйзелістен гөрі, тоқтам, мойынұсыну, көндігу
басым бола бастайды.
Көркем жоқтаулардың сюжетін құрайтын негізгі сарын
дарды былайша топтастыруға болады: марқұмды арғы ата-
бабасынан таратып, тізбектей жырлау; өлімнің себебін сурет
теу; тірілердің қайғы-қасіретін суреттеу; ұрпағына үміт арту
немесе тоқтам, тәубе ету сарыны.
Жылы толғанша таңертең ерте және күн батарда әрі көңіл
айта келгендерге қаратыла айтылатын жоқтау сарынымен
арнайы орындалатын жоқтаулардың композициялық құры
лымы, көркемдік кестесі әрқилы болып келеді. Сондай-ақ
13 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991. – 27-б.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР жыл аралығындағы атқарылатын кәделер үстінде айтылатын сөз бен жылау үлгілерінің жылында және асында айтылатын жоқтаулардан үлкен айырмашылығы бар. Көшкенде де қаралы үйдің көші ең алдында жүріп отырған, жолай ауыл кездес се, жақындағанда зарлы дауыспен жылап, жоқтаған. Мұндай жағдайда жолай кездескен ауылдың қаралы көшті тоқтатып, күтіп, басу айтып, ас-су ішкізіп, аттандыруы парыз саналған. Халық дәстүрі бойынша айттырылып, қалыңмалы төлен ген, бірақ әлі ұзатылмаған қыздың кенеттен жігіті қайтыс бол са, қыз күйеу ауылына көшіріліп, жылына дейін аза тұтып, сонан соң әмеңгерлік салт бойынша қайын жұртында қалды рылған. Мұндай жағдайда туған жоқтау «Ақтай жоқтау» деп аталып, оның өзге жоқтаулардан мазмұнында да өзгешелік болатындығын томдағы «Сыздықты жоқтау» арқылы көз жеткізуге болады. Көне «О дүниелік өмір» жайлы сенім ислам дінінде «Алланың иелігі, пайғамбарлардың шапағаты тиетін орын» дейтін түсінікке ұласқан. Бұл жоқтауларда марқұмды Алла мен пайғамбарға тапсыру арқылы сипатталады. Көне замандардан желісі үзілмей, исламдық ұғымға дейін жалғасып, бірақ түрленіп, өзгеріске түскен сенім—марқұмның өлілер еліне сапар шегуі. Ол бірте-бірте күрделенген. Оның бірі көне ұғым болса 14, екіншісі мұсылмандық түсініктегі ақырет тен кейінгі жұмаққа баратын жол. О дүниелік ұғымдар әуелгіде аспан, жер, батыс, солтүстік т.б. бағыт-бағдар түрінде көрінсе, біртіндеп күрделеніп, нақты лана түскен. Өмірден өткендердің тірілерді желеп-жебеп, көмектесуі, қысылғанда сүйеп қолдауы көне діни сенім—ата-бабалар «аруағының кереметтігіне» табынуға байланысты туған. «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген мақал да исламнан бұрынғы көзқарасты білдіреді. Себебі мұсылман дінінде бір Алла ғана игілік әкелуші, дүниені жаратушы. Адам бұл дүниеде белгілі бір уақытта сынақта жүреді де, Алла әмірімен өлім арқылы кері қайтарылады. Бұл «Өзге—өтірік, өлім—шын, «Тумақ— 14 Чистяков В.А. Представление о дороге в загробный мир в русских похорон ных причитаниях ХІХ-ХХ вв. // Обряды и обрядовый фольклор. – М., 1982. – С.114-127.
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР сүндет, өлмек—хақ» дейтін тұжырымдармен түсіндіріліп, санаға сіңдіріледі. Әр пенденің жан тапсыруы қылған амалына лайық болады: Бұл жөнінде Құранда «Ол сондай, Алла ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы әрекет ететініңді сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан!» деп жазылған 15. Мұсылмандық сенім бойынша жан адам баласына Алла ның уақытша мерзімі келгенде қайтарылып алынады. Және қабыр осы дүниеден ақыретке өтудің өткелі, сынақ дүние мен ақырет арасындағы әлем. Өлген кісіге алғашқы сауал қабырда қойылып: «Құдайың кім? Пайғамбарың кім? Дінің не?—деп сұралады да, сауалға мұсылмандық тұрғыда жауап берген адамның жәннатқа көшуі деген сөз. Ал қабыр осы дүниеден ақыретке өтудің өткелі, сынақ дүние мен ақырет арасындағы әлем. Өлік қойылған түнде үзбей Құран сүрелерін оқудың негізгі мақсаты да—осы сұрақ алынып жатқанда марқұмға демеу көрсету, күнәсін кешуге тілек тілеп, жаратушыға жалбарыну. Құранда баяндалатын 16 адам баласының жасаған жаман дық пен жақсылығының таразылар күні барлығы бір Аллаға сеніп, шектеулерінен тыйылып, дұрыс жолда жүргендердің осы күні Алладан сыйлық алып, сенбегендері жазаланатын дығы жайындағы түсініктер жерлеу фольклорындағы негізгі сарынның бірін құрайды. Сондай-ақ исламдық түсінікте—өлген соң тірілетін адам дардың жиналатын жері «мақшар» деп аталып, пайғамбар лардан бастап, барлық адам баласынан сұрақ алынып, жауапқа тартылатындығы жөнінде уағыздалады. Бұл жайында Құранда «Адамның жақсылығы мен жаман дығы Алла білетін таразыда өлшенеді. «Сол күнгі іс-әрекет өлшенетін таразы әділ...» 17 деп көрсетілген. Көне заманғы марқұмның басқа дүниеге сапары мұсылман дық ұғымдағы жұмаққа жетудің өткелі ретінде көрінеді. Жұ 15 Құран Кәрім (қазақша мағына және түсінігі). Мүлк сүресі. 67/2 аят. – Ме дине, 1991. – 562-б. 16 Құран Кәрім (қазақша мағына және түсінігі). Кеһр сүресі. – Медине, 1991. – 299-б. 17 Құран Кәрім (қазақша мағына және түсінігі). Мүминун сүресі, 102-103 аят. – Медине, 1991. – 348-б.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР маққа баратын жол қылкөпір арқылы өтеді. Ол «қылдан да жіңішке, қылыштан өткір көпір» түрінде сипатталады. Бар лық адам одан өтеді, ол әркімнің тіршіліктегі әрекетіне қарай не кеңейеді, не тарылады 18. Ислам дінінде—Аллаһ тағала әмірлерінен именіп, бой ұсынуда болғандар үшін жаннаттан орын дайындайды деп көрсетілген 19. Жерлеу фольклорының негізгі сарындарын құрайтын жұ мақтан орын тілеу тілегінің мәні де осыған байланысты. Жұмаққа барғандар мәңгілік жас қалпында қалып, ға жайып рахат күй кешеді деп сендіріледі 20. Ал тозақ—Алла тағаланың барлығы мен жалғыздығына иман келтірмей, оның әмірлеріне қарсы келгендер үшін дайындалған орын. Ол жаннатқа қарама-қайшы суреттеледі. Шариғат талаптары жылап-сықтауды қоспағанымен, оған мүлде тыйым сала алмаған, халықтың ежелден келе жатқан салтын мүлде ығыстыра алмаған. Өйткені жақынынан айрыл ған жан жүрек қайғысын шығаруда ежелден қалыптасқан дәстүрлі салтқа сүйенген. Мұсылмандық шарттардың көне түсініктерге тыйым сал ғаны жоқтау жолдарынан да көрініп қалады. Дегенмен өлім салған ауыр зардап (әсіресе, жас өлім тұсында) ешқандай шек теу, тыйымға бағынбай, сыртқа шығады. Қазақ фольклорының батырлық жырларына тән белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар тұсында «өнім бергіштік» қасиеті жоқтау өлеңдерінен де көрінеді. Кешегі Ұлы Отан соғы сы тұсындағы жоқтау үлгілері мен желтоқсан кұрбандарын ана атынан жоқтайтын ақын Заида Елғондинованың өзгеше бол мысты туындылары арнайы әңгіме өзегі боларлық. Бұл дәстүрдің жазба әдебиетіндегі үлгілерін елдің елеулі ұл-қыздары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Күләш Бәйсейі това, Жәнібек Кәрменов, Асқар Сүлейменов, Оралхан Бөкеев, Жұматай Жақыпбаев дүниеден көшкенде туған көркемдік 18 Құран Кәрім (қазақша мағына және түсінігі). Мәриям сүресі.71-аят. – Ме дине, 1991. – 297-б. 19 Құран Кәрім (қазақша мағына және түсінігі). Кеһр сүресі. 30 аят. – Меди не, 1991. – 297-б. 20 Құран Кәрім (қазақша мағына және түсінігі). Нақыл сүресі. 31 аят. – Ме дине, 1991. – 270-б.
ЖЕРЛЕУ ҒҰРПЫНА ҚАТЫСТЫ ФОЛЬКЛОР
кестесі бөлек жырлар құрайды, бұл ардақтысын аялай білген
халықтың түп-тамыры тереңнен басталатын өшпес дәстүрінің
жаңғырығының айғағы. Онда тірлігінде айтылмаған жақсы
лебіздер, өзі ести алмаған халық бағасы, қайтқан жанның
арман-аңсары мен артындағылардың сан түрлі сезімі мен қимас
көңілі өрілген.
Жоқтау дәстүрінің объектісі—тек адам ғана емес, сүйікті
атын, туған жерін, жастық шағын, алғыр құсын, мылтығын,
тіпті насыбай шақшасын жоқтау болып келуі де мүмкін. Бұның
бәрінің жоқтау деп аталуына жоқтау поэтикасына тән кейбір
белгілердің көрініс табуы негіз болады.
Жинақтай келгенде айтарымыз—әу баста адам жанының
өлмейтіндігі туралы ұғым дамып, аруақтар культі бірқұдайлық
дінге дейін жалғасқан. Осыған байланысты жерлеу ғұрпының
рәсімдері де, оған қатысты фольклор да сан түрлі күйді басынан
кешірген.
Әсіресе «советтік өмір салтын орнықтыру идеясын ұста
нып, бұрынғы әдет-салттармен арнайы күрес шаралары жүргі
зілген «кеңестік дәуірде» аталмыш ғұрып елеулі өзгерістерге
ұшырады. Көне рулық қоғамға ғұрыптың тұтастай магиялық
қызметі (сөз, іс-әрекет, заттық әлем) тән болса, келе-келе
ғұрыптың сөздік бөлігі басымдық алып, онда ғұрыпты тудырған
көне таным-түсініктер көркемдік қызмет атқарды. Өлім
жайындағы ұғымдардың өзгеріп, дамуы нәтижесінде ғұрып
пен оған қатысты өлеңдердің негізгі қызметтері көмескіленіп,
бүгінгі күнге сарқыншақ күйінде жетті. Ғұрыптың жекелеген
рәсімдері ғана атқарылды да, марқұм жоқтаусыз-ақ жөнелтіл
ді. Әрине, кейбір өңірлердегі жоқтап, жылау дәстүрінің әлі осы
күнге дейін сақталғандығын жоққа шығаруға болмайды. Бі
рақ олар жеке адамның немесе отбасы мүшелерінің марқұмға
деген қайғыру сезімін білдірумен ғана шектеледі. Яғни жерлеу
ғұрпы фольклорының аясы тарылып, оның жақынын жоғалт
қан жандардың қайғы-шерін шығару мағынасы ғана қалған.
Сондай-ақ азалау рәсімдерінің көне түсініктерден туған белгілі
бір уақытта бұлжытпай атқарылу міндеттілігіне де өзгеріс еніп,
отбасының мүмкіндігіне, жиналған қауым уақытының ретіне
қарай рәсімдерді жинақтап, біріктіріп өткізуге дейін өзгерді.
Дегенмен халықтық дәстүрлердің құнды тұстары өзгерген,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
түрленген күйде күні бүгінге дейін жалғасуда. Сан ғасырлардан
келе жатқан ғұрыптық рәсімдер қайғылы жандардың көңілін
аулау, күйзелістен шығару, марқұм алдындағы өздерінің
міндет-парызын атқарудың құралы ретінде әлі де аса бағалы,
сол арқылы қайғылы жандар көңіл жұбатысып, тіршілігіне
тәубе етеді. Халықтың «қайғыны бөліссең, азаяды, қуанышты
бөліссең, көбейеді» дейтін тұжырымы да осыдан туған.
Қазіргі кезеңдегі (әсіресе қала жағдайындағы) азалы музыка,
марқұмды еске алу сәттері, ел болып ас беру, ескерткіш тақта
ілу, естеліктер жазу да жерлеу ғұрпының жаңарған, жаңғыр
ған түрлері болып табылады.
Дүйсенгүл Жақан,
аға ғылыми қызметкер
1. ЕРТІЛЕУДІҢ ӨЛЕР АЛДЫНДА АЙТҚАНЫ
Өсиет мен айтайын, ағаларға,
Өзімнен жасы кіші балаларға.
Шықпассың еш қызметсіз иман жимай,
Жиылып шайтан, жындар қамаларға.
Дүние фәни адам малын жияр,
Зекетін, пітірімен бермей тияр.
Бір күні ғазәзіл келсе жетіп,
Қызығын сұм дүниенің сонда қияр.
Ғазәзіл оң иығыңа мінгеннен соң,
Шынымен жан аларын білгеннен соң.
Бір Құдай ажалымды кешіктір деп,
Шынымен тілек тілер Алласынан.
..............................................
Әзіргі қолдың жұмыласынан.
Бір Құдай хақтығынан жанын алар,
Артында жиған малы жүмілә қалар.
Аларсың өсиетім тамам бірдей,
Бөзге орап тар лақатқа, жалғыз салар.
Жиылып ағайыны бетін жабар,
Басына бір қазықтық ағаш қағар.
Көтеріп қолды дұға еткен соң,
Бытырап алды-алдына бәрі шабар.
Арыздасу
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Шыбын жан көкірекке қайта кірер,
Ораулы шүберекте өзін көрер.
Қараңғы тар лахатта жатқаннан соң,
Өлгенін пенде өзінің сонда білер.
Тітіреп ағзалары жиылар сонда,
Қабірге екі періште кірер сонда.
Жауабын туралықпен бере алмасаң,
Шоқпармен сексен пұттық ұрар сонда.
Қараңғы қабір іші түтін болып,
Әр жақтан жылан, шаян толар сонда.
Жігіттер, шамаң келсе, қыл ғибадат,
Отырып ізгілікке көңіліңді сат.
Мұқұм бол келсе шамаң намазыңа,
Періште екі иініңде жазаласа.
Жігіттер, бұ дүниеде артық жиып,
Дүниеде хайуанға еріп күнә қылма.
Жаңылмай бір Аллаға күнде сыйын,
Дүниеде хайуанға еріп қылсаң күнә,
Қайғысын қиямет күн ойлау қиын.
2. АДАМ ОҢ ЖАҚҚА САЛЫНҒАНДА
АЙТЫЛАТЫН ЖОҚТАУ
Түйем жатыр шаңдақта,
Жез бұйдасы ақ мақта.
Жыламай қайтып шыдайын,
Арысым жатыр оң жақта.
Мінгендей атым бурыл тай,
Алтыннан қазық суырылды-ай.
Арысымды салып оң жаққа,
Амалым қатты қурылды-ай.
Есіктің алды қарандыз,
Жақын еді арамыз.
Көнелерден айрылып,
Арманда кетіп барамыз.
АРЫЗДАСУ
3. ЕСТІРТУ, ТОҚТАУ, КӨҢІЛ АЙТУ
Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Тозбасты ұста соқпас,
Өлместі құдай жаратпас.
Өлмейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Өлмесе, ата-бабаларымыздың
Бәрі қайда кетті?!
Құдай алдынан жарылқасын!
Жаны жаннатта болсын!
Топырағы торқа болсын!
Қаза қайырлы болсын!
Арт жағына қайыр-берекесін берсін!
Жасамаған жасын балаларына берсін!
Ат тұяғын тай басар,
Орнында бар оңалар.
Болмасқа болаттан берік бол!
Жақсы пенде басына
Іс түскенде бекінер.
Жаман адам басына
Іс түскенде өкінер.
Тұлпардың тұяғы кетіледі,
Қыранның қанаты сетіледі.
Бүтін тұратын дүние жоқ!
Адамның көңілі бірде толады, бірде солады.
Ақырын Алла оңғарсын,
Ақиретте шапағатшы болсын!
3-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Құдай бергенін алса да,
Берерін алмасын!
4. СЫРЫМНЫҢ ӨЛІМІН ЕСТІРТУ
Сырым Хиуада жүріп қайтыс болғанда, бала-шағасына
естіртуге елдің адамдары жиналып айтуға ешбір қисынын таба
алмай жүріседі. Жетірудің шетінен Ұрышта деген биді алды
рады. Халық: «Солай ақсақал, мына Сырымның өлімін қатын-
баласына естірту керек болып, сізді алдырдық, соған баралық,
барып естіртелік, сіз соны айтыңыз»,—дейді.
Барады, бір-екі күн қонақ болғасын қызмет етіледі.
Шырағым, Қазыжан, қарт атаң сенің дат еді-ау,
Есімі ісінен алшақ емес,
Тек бір қойған ат еді-ау.
Өзіңнің атың Қаз еді-ау,
Қысың да сенің жаз еді-ау.
Әкең сенің Сырым-ды,
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Іші толған білім-ді.
Тек қазақ жұрты емес,
Білгендей еді-ау Қытай менен Қырым-ды.
Әкең Сырым аман келсе,
Сүйіншіге берер ме ең,
Олжатай менен Сүгірді.
Сол секілді Сырекем,
Арғымағы сүрінді, – дейді.
Бұны естіп Қазы би қонақтарын таратпай, алғашқы сада
қасын беріп таратыпты, – дейді.
5. НҰРАЛЫ ХАННЫҢ ӨЛГЕНДІГІН ЕСТІРТУ
Нұралы қашып барып Уфа қаласында бір-екі жылдай
тұрып, сонда өледі. Бірнеше адамдар жиналып, хан ордасына
келіп өлімін ханымға естіртпек болады. Бұның ішінде Шеркеш
Қосым деген би де болады. Ол қымыз ішіп отырып, ханымға
қарап мына сөзді айтады:
АРЫЗДАСУ
Дария бастан бұлғанса,
Ортасына бал құйса да тұнбас-ты.
Бәйтерек түптен жығылды,
Алтынменен күптесе де тұрмас-ты.
Ақ сұңқар қолдан ұшыпты,
Қайта айналып қонбас-ты,—депті дейді.
6. ӨЛІМ ШЫҚҚАН ЖЕРГЕ КӨҢІЛ АЙТУ
Қайрат деген қыран бар,
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар,
Өзекті шағып өртейтін.
Үміт, сенім, тілек бар,
Қуантып қуат алдырар.
Жылау деген бір сусын,
Ішіңді от қылып жандырар.
Тәуекел деген бір сусын,
Ішсең мейіріңді қандырар!
7. СҮЙЕКТІ ҮЙДЕН ШЫҒАРҒАНДА
АЙТЫЛАТЫН ЖОҚТАУ
Қош енді, әкем, қош енді,
Қоштасқан жерім осы енді.
Қателігім болса енді,
Кешір, әкем, балаңды,
Кеттің-ау, әкем, кеттің-ау!
Көзімнің жасын төктім-ау!
Жел ұшырған қаңбақтай,
Бұл дүниеден өттің-ау!
Кең дүниеге симадың,
Артыңда қалды жиғаның.
..........................
Жолдасың болсын иманың.
Әкетті сені бақиға,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алдамшы тірлік жасаған.
Шаңырағың шайқалып,
Мұртынан сынды босағаң.
Әкешім кетті жер үйге,
Шайқалмай бақыт тұра ма?!
Ажал келді көлденең,
Шыбыным қалды өлмеген.
Кебін киіп аттандың,
Қоштасып мәңгі елменен.
Тағдырға сырды алдырдым,
Басыма қайғы салдырдым.
Жаным басқа болған соң,
Топырақпен көміп қалдырдым.
Жаратқанға жалынып,
Жарылқа деп табынып,
Тастап кеттім амалсыз,
Жатқан соң топырақ жамылып.
Әкешім қайда, мен қайда?!
Әкешім кетті шалғайға.
Жеті қабат жер асты,
Көретін енді күн қайда?!
Жамылдың әкем топырақ,
Көз жұмдың-ау зар жылап.
Алладан иман сұрайын,
Басыңа жансын шамшырақ.
Оқыттым құран басыңа,
Туысты жинап қасыма.
Өшпесін мәңгі атың деп
Тас әкеп қойдым басыңа,
Сүйенем жылап тасыңа.
Топырағың торқа болса екен,
Бұлғанған көз жасыма.
8. ТҰРСЫНҒАЛИДЫҢ СҮЙЕГІМЕН ҚОШТАСУ
Кеттің бе енді, кеттің бе,
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
АРЫЗДАСУ
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.
Көшіріп қайда барасың?
Бағланың еді-ау баптаған.
Біз қалдық енді зарланып,
Жүрекке қайғы байланып.
Күңіренсек те ел болып,
Арысым келмес айналып.
Қош бол, енді арысым!
Шырқырып қалды дауысым.
Қиямет-қайым болғанда,
Жаннаттан елің танысын!
9. ЕСІК АЛДЫ...
Есік алды күрке еді-ау,
Күркеден атым үркеді.
Алтыннан қымбат атажан,
Тақтаймен бетің бүркелді.
Есіктің алды шие еді,
Шиеге қолым тиеді.
Ел жақсысын көргенде
Ішім оттай күйеді.
Майазат бойын жәйлай жат,
Желілей бие байлай жат.
Артыңда қалған қалқаңды,
Не болад деп ойлай жат.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
10. ӘКЕ ҚАЗАСЫНА АЙТЫЛҒАН КӨҢІЛ
Келіп ем, шақырған соң Сары жаққа,
Көрмеген ағайынды танымаққа.
Қадірлі болыс қайтыс болған екен,
Әуелі дұға оқыдым аруаққа.
Бір Алла ақыретін жарылқасын,
Жалғанда жасап өтті бар уақта.
Арман жоқ, бұл кісіде деп ойлаймын,
Артында қызыр шалып бағы жатса.
Асқар тау, талды ормандай көлеңкесі,
Ойласаң келін-балаң сағынад та.
Кезіккен ақ өлімі абиырлы,
Адамға өлім де сын жаны басқа.
Уақытқа риза болу керек,
Күн бітсе қарамайды кәрі-жасқа.
Жігіттер жақсы мейман жасап отыр,
Сый осы, келсеңіз деп әр уақта.
Әзіл сөз, қақпа қалжың, шертпе күй бар,
Осындай азаматты сағынад та.
Жан жасап, көңіл толқып отырғанда,
Ойға сөз өзі оралып табылад та.
Әкеме жақсы жоқтау үйретсе деп,
Ажардың айтқанының мәні басқа.
Байқаймын, қабырғасы қайысып тұр,
Болмайды оны біліп танымасқа.
Ұшырған тәрбиелеп балапаны,
Амал жоқ, айрылды жаны басқа.
Көзіне басқа адам көрінбейді,
Қуаты, орны бөлек, жөні басқа.
Айнадай көз алдыңа келтіремін,
Тәңірдің түннен түгел таңы атса.
Әңгіме айтар сөзден басталған жоқ,
Көп ісін көрмеген соң дабыратпа.
Көкеңе рақымет сонда айтарсың,
Сөзімнің қол-аяққа бәрі жақса.
АРЫЗДАСУ
11. АЙТАМЫН ДА ҚАЙТАМЫН
Айтамын да қайтамын,
Тыңдағанға бір пара.
Ел шетіне сөз келді,
Қолымды ақша бір құсқа сермедім.
Сермесем де білмедім.
Білдіруші бар ма екен?!
Алып арыстан құласа,
Жан беруші бар ма екен?!
Аққан дария құрыса,
Су беруші бар ма екен?!
Хан, сұлтандар құласа,
Жан беруші бар ма екен?!
Арғы атаң сенің Дайыр хан,
Қазақ пенен қалмақтың
Дұшпандығын айырған.
Бергі атаң сенің Қайым хан,
Жауды көрсе ұмсынған.
Өз атаң сенің Байшуақ
Алтын тақтан тайыпты,
Есіте алмай отырған
Көп жамағат айыпты.
12. ЖҰБАТУ
Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Шудасы бүтін түйе жоқ,
Кекілі бүтін бие жоқ.
Жанып бітпес көмір жоқ,
Жабырқамас көңіл жоқ.
Батпайтын күн жоқ,
Атпайтын таң жоқ.
Отырсаң ойлап, әлемде
Өлмейтін жан жоқ.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Құс өліп, балапан қалса,
Қияқ қалар.
Ат өліп, құлын қалса,
Тұяқ қалар.
Ата өліп, бала қалса,
Мұрат қалар.
Бала өліп, ата қалса,
Ұят болар.
Арғымақ аттың тұяғы
Сазға басса, жетілер,
Тасқа басса, кетілер.
Жапырақ ұшып желге кетті,
Аққу ұшып көлге кетті.
Ол ешқайда бармайды,
Бәріміз баратын жерге кетті.
13. БАЛАСЫ ҚАЙТҚАНДА АЙТҚАН КӨҢІЛ
Ертеде Бұралқы деген ақынның жалғыз баласы ел билеп
тұрған кезінде кенеттен қайтыс болыпты. Бұдан көп кейін сол
елдегі ел сыйлайтын Рахмет атты қарттың Мүсілім деген ұлы
қайтыс болғанда, оған көңіл айтуға келген Бұралқы:
—Рахмет, аманбысың? Қонған сайың құтты болсын, бұл
сайға мен де қонып едім,—деп жұбатады.
14. БАТЫРХАННЫҢ БАЛАСЫНА
АЙТЫЛҒАН КӨҢІЛ
Есенқұл мен Қозыбай уақ руындағы Батырханның баласы
өлгенде былай деп көңіл айтқан екен:
—Жазмыштың ісі күшті,
Ақ сұңқар ұядан ұшты.
Кетті келмес сапарға,
Қайғысы сізге түсті.
Ақ сұңқар ұшса, тұғыры қалар,
Кау өртенсе, тұқылы қалар.
АРЫЗДАСУ
Ақыры болса қайырлы,
Арты—түбі оңалар!
Өлім деген—асусыз тау,
Бауыры бүтін бар ма сау?
Мұңсыз берді, қусыз алды,
Бұған айтар жоқ қой дау.
Жақсы құдайға да қалаулы,
Бізге де керек еді аяулы.
15. ЕСЕНӘЛІНІҢ ИСМАЙЫЛДЫҢ БАЛАСЫНА
АЙТҚАН КӨҢІЛІ
Ай, Ысмайыл мырза!
Күншілік жерден көрінген,
Дарақ едің таудағы.
Барша халыққа паналы.
Бас бұтағы екі алма,
Біреуі жерге түсіпті,
Тікенсіз ажал шамалы.
Ахыретте қауышар,
Балаңның раушан жамалы.
Қызметіне кетті атаның,
О да қылған құдайға
Берді, төртеуін өзің алып,
Біреуін халыққа бердің.
Өзің алған төрт ұлың аман,
Халыққа берген ұлыңды құдай алды,
Елің жетім қалды.
Жесір қалған елге сіз көңіл айтар,
Біз елге қайырын берсін айтармыз,—
деп келіп едік, бізге айтқан көңіліңіз жоқ, я амандығың жоқ
болған соң, не айтарымды білмей дағдарып отырғаным ғой»,—
депті. Сонда Саққұлақ:
—Әй, сақауым-ай, ерді оң тастай ма, не сол тастай ма деп
жатыр едім, жарайды оңға тастадың, ендеше көңілді мен
айтайын,—депті.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
16. ТЕЗЕК ТӨРЕНІҢ БАЛАСЫНА АЙТЫЛҒАН КӨҢІЛ
Тезек төренің жалғыз баласы өлгенде үш күнге шейін көмбей
баласын қимай отырған. Сонда өзі 80 жаста еді. Сол кезде өзінің
қол астындағы халқы жиналып ешқандай жауап бере алмай
отырғанда, Қызылбөрік Қаткелді деген 16 жастағы жетім бала
келіп: «Мен айтамын»,—деп, есікті түріп айтқан көңілі:
Ассалаумағалейкум, алдияр тақсыр төрем!
Арғымақ су ішем деп шөлге кетер,
Сұңқар, қаз балығым деп көлге кетер.
Көңіл аунап селт етер,
Бәрі өзіміз баратын жерге кетер!
Қаса сұңқар қаз ілсе,
Қанатын жерге тигізбес.
Қас патшаға қайғы түссе,
Қайғысын халқына білгізбес.
Кекілік тасқа шығар секіріп,
Мына опасыз дүниеде
Кім қалады бекініп?
Ал сен тұғырдан тұйғын ұшырыпсың,
Кұдай артыңның қайырын берсін!
Ай, төрем, бала көп,
Көптің баласы болмаса,
Бұл балаға көп келе ме?!
Көп силаған балаңыз болмаса,
Көп Сізге көңіл айта ма?!
Сонда көпшілік тұрып: «Ойбай, Қаткелді, көңілді айттың,
неге боқтадың? Бізді айыптайды ғой»,—деген. Сонда Қаткелді
айтады: «Төреңіз ақылды болса біледі, ақымақ болса бізді
айыптайды»,—деп атына мініп жүріп кеткен. Сонда төре дала
ға шығып Қаткелдіні шақырып алып: «Балам, жаңағы сөзіңді
қайта айтшы?»,—деп, қайта айтқызған. «Дұрыс айтасың, ба
лам, баламнан ақылды екен» деп, халқын құрметтеп, ойнап-
күліп жүріп кеткен екен.
АРЫЗДАСУ
17. ӨЛІМ ШЫҚҚАН ЖЕРГЕ КӨҢІЛ АЙТУ
...Қайғының бір қиялы түсті ойға,
Жайылды шымырлатып өне бойға.
Адамзаттың басына іс түспесе,
Адамға сөз келе ме бекер жайға.
Ажал тура келіпті қоймауына,
Қара жер алып кірді қойнауына.
Ата-баба асылдың бәрін жалмап,
Қара жер қанша алса да тоймауында.
Адам ата, Хауа ана—түп анамыз.
Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.
Содан бізге қалыпты мирас болып,
Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз.
Көп ойласам, қайғының бірі менде,
Заман ақыр аулымда осы күнде.
Екі асылым көзімнен бұлбұл ұшып,
Қошын айтып жөнелді дүниеге.
Ағекем алдымыздағы асқар белім,
Анамыз—сусындаған шалқар көлім.
Жатсам-тұрсам ойымнан бір кетпейді,
Ақтамадың ақ сүт пен маңдай терді.
Ел-жұртқа, қадірлі еді қауымына,
Аға мен үлкен-кіші бауырына.
Ақылшы, алдындағы кемесі еді,
Өзінің батып кетті ауылына.
Дегенмен ажал бізді аңдып тұрмас,
Өмірге келген жанмен тегіс сырлас.
Қалғаның береке мен бірлікті қос,
Ақылсыз алжығаның түкке тұрмас...
18. ЖЫЛҚЫ ІШІНДЕ ДӨНЕН КЕР
Жылқы ішінде дөнен кер,
Ақылы мол кемеңгер.
Кемеңгер атадан айрылдым,
Қалайша жылайды демеңдер.
Ағайын-туған кеп жатыр,
«Жыламаңдар» деп жатыр.
Кемеңгер атадан айрылып,
Ішімді қайғы жеп жатыр.
Алтынды ердің қасы едің,
Ағынды судың тасы едің.
Жыламайын десем де,
Бір ауылдың басы едің.
Дүние жидың етектеп,
Өсірдің жастай жетектеп.
Есімде менің бар ма еді,
Сіз айрылып кетед деп?
Ана бір таудың киесін,
Жайылып жатқан түйесін.
Салулы төсек, салқын үй,
Қиды екен қайтып иесін!
Өзеннің бойын қар алған,
Сай-салаға таралған.
Көңіл айта келгендермен
көріс өлеңі
КӨҢІЛ АЙТА КЕЛГЕНДЕРМЕН КӨРІС ӨЛЕҢІ
Артыңда қалған өңкей жас,
Ақыл таппай сандалған.
Алдымда асқар бел едің,
Ақылы дәрия кен едің.
Ақылшы болған ауылға,
Бәрімізге тең едің.
19. СӘБИ БАЛАЛАР ҮШІН ЖОҚТАУ
Алатаудың көркі—
Төсінен аққан бұлағы.
Ағын судың сымбаты—
Жайқалып шыққан құрағы.
Оркиіктің көркі—
Ойнақтаған лағы.
Сұңқарды сұлу көрсеткен—
Қанатының қияғы.
Тұлпар жүйрік болмағы,
Құрыштай құйма тұяғы.
Қолында перзент болмаса,
Жігіттің болмас сияғы.
Бала деген—адамның
Қойнынан жанған шырағы.
Баласы жоқ пәнденің
Саңырау болар құлағы.
Артында қалса бір мұра,
Жалғанның бар ма тұрағы.
Қайыптың құсын ұшырса,
Зиратта болмас сұрағы.
Жердің сәні бола ма?
Асқаралы белден соң.
Сағым ойнап көтерген
Меңіреу дала шөлден соң,
Үйрек ұшып, қаз қонған
Шағалалы көлден соң.
Ердің сәні бола ма?
Туып өскен елден соң.
Әйелдің күні не дейсің,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Құдай қосқан ерден соң.
Өмір қызық болмайды
Өзі қатар теңнен соң.
Көлденеңге көнбейді,
Бір-біріне сенген соң.
Дәулеттің төрі сол болар
Араңа бала берген соң.
Еріне әйел еркелер
Ақ сүтін бөбек емген соң.
Аманы жақсы бәрінің
Дүниеге келген соң.
Ажал жетсе, амал не,
Шарасыз пенде көнген соң.
Көмірдей көңіл күл болар,
Жанған шырақ сөнген соң.
Қара жерде мейірім жоқ,
Өз қолыңнан көмген соң.
Тәуба қылғын бәріне
Көрмес істі көрген соң.
Есіктің алды мөлдір су,
Еңкейіп алып бетің жу.
Балаңыз кетті келмеске,
Жыламай енді белің бу.
Өтіпті талай бабамыз,
Бабамыз бен анамыз.
Мейірбан, қайран, даналар,
Іздесек қайдан табылар.
Қайырлы болсын қазаңыз,
Иманды болсын балаңыз.
Сол баланың артынан
Бәріміз де барамыз.
Алтыннан салған өңірім,
Сізге де айтқан көңілім.
Жыламай енді сабыр ет,
Қалғанның тілеп өмірін.
Базардан алған ақ жаулық,
Шетінен алдым бір баулық.
Жыламай енді сабыр ет,
Қалғанға берсін денсаулық.
Асылдан соққан тағаңыз,
Құндыздан салған жағаңыз.
КӨҢІЛ АЙТА КЕЛГЕНДЕРМЕН КӨРІС ӨЛЕҢІ
Жыламай енді сабыр ет,
Иманды болсын ұлыңыз.
Көрінген таудың қарасы-ай,
Ат шаптырым арасы-ай.
Алладан келген бұл іске,
Адамның бар ма шарасы-ай?!
Жылама, күнім, жылама!
Көзіңнің жасын бұлама!
Жылама деген тоқтау сөз,
Жыламай көңіл тына ма?!
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Жыламай енді сабыр ет,
Қалғанға берсін денсаулық.
Қара жер мәңгі тоймайды,
Әркім-ақ соны ойлайды.
Көп жасаған кімдер бар,
Жақсыны Құдай қоймайды.
Ақ көйлек кидім бедер жоқ,
Ойласам ойда нелер жоқ.
Жыламай енді сабыр ет,
Жылағанмен келер жоқ.
20. АЗАЛЫ АДАМДАРДЫ ЖҰБАТУҒА
АЙТЫЛҒАН КӨРІС
Базардан келген ақ жаулық,
Шетінен алдым қол жаулық.
Жылама күнім, сабыр ет,
Қалғанға берсін денсаулық.
Ақ көйлек кисе, бедер жоқ,
Ойласа, ойда нелер жоқ.
Жылама, күнім, сабыр қыл,
Өткендерден келер жоқ.
Жылама, күнім, жылама,
Жыламасқа бола ма?!
Жылама деген тоқтау сөз,
Жығылған терең тұра ма?!
Сұңқарың ұшты ұядан,
Жалама жартас қиядан.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жазмыштан адам артылмас,
Жазуы болған сиядан.
Қамшының сабы бояма,
Бендесін Алла қоя ма?!
Бендесін Алла қойса да,
Қара жер бауыры тоя ма?!
Баланың ана данасы,
Алладан соңғы панасы.
Өлгенге тоқтау бола ма?!
Болмаған соң дауасы,
Отырсың ба қамығып,
Қайғыдан шапан жамылып.
Әлпештеп баққан анаңды,
Күнің бір өтті сағынып.
Ойпырмай, Алла, құдірет!
Басыңа түсті-ау қасірет.
Сұм ажалға амал не?
Артын ойлап сабыр ет.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Қайраттанып белің бу,
Жеңілмес қайғы атқан оқ.
Биссимилла сөздің басы мa?
Артын ойлап, тоқтау қыл,
Кім көшпеген бақиға.
Қайырлы болсын қазаңыз!
Сабырлы болсын азаңыз!
Өлмесе, қайда кетіпті,
Бұрынғы өткен бабамыз!
Қайғырам мен де қазаға,
Ортақ болып азаға.
Жылама, күнім, сабыр қыл,
Жазудан пенде қала ма?!
Дүние, шіркін, жалған-ай!
Жетпеген ешкім арманға-ай!
Жылама, күнім, тоқтау қыл,
Амандық берсін қалғанға-ай.
Биссимилла сөздің бас-аяғы,
Қайғысыз пенде жаси ма?
Бабасы өтіп дүниеден,
Жылаған екен Патима.
КӨҢІЛ АЙТА КЕЛГЕНДЕРМЕН КӨРІС ӨЛЕҢІ
Жылаудан сонда уанған,
Қабырғасы қайысып.
Сахаба, нұрлар тыңдаған,
Тыңдағанда жылаған.
Арманда арман бір талай,
Бейіштің жолы кең сарай.
Талайлар өткен дүниеден,
Олардан енді біз қалай.
Өмірден қалқам, түңілме!
Сарғайып жасып бүгілме!
Қайғының қатты тұяғы,
Кім білед, бір күн жіби ме?!
Бұл өмір қандай жанға тұрақтаған,
Пендесі қалмады ғой жылатпаған.
Тоқтау қыл, қайраттанып қайырын сұра,
Бір ізде тұрмас дүние сырғақтаған.
Бабалар дүниені жалған дейтін,
Адамға жез тырнағын салған дейтін.
Келмейді кебін киіп кеткеннен соң,
Жылама, қайрат етіп қалған дейтін.
Тұтқиыл бұл қазаға қайғы жейсің,
Өлгенге иман, тіріге бақ бер дейсің.
Қайырын сұра артында қалғандардың,
Басы аман, бауыры бүтін кім бар дейсің?!
Жылаумен өтпес өмірің,
Тоқтау ғып айтқан көңілім.
Иман беріп өткенге,
Қалғанға берсін өмірін.
Зар қағып, қарғам, жылама!
Көзіңнің жасын бұлама!
Жылама деген тоқтау сөз,
Жыламай көңіл тына ма?!
Әкешің еді асыл тас,
Ойласаң, шығар көзден жас.
Жылама, күнім, дұға қыл,
Иманы болсын жан жолдас!
Қайырлы болсын қазаңыз,
Сабырлы болсын азаңыз.
Қиамет жақын деген екен,
Бәріміз де барамыз.
4-0110
21. БИССИМИЛЛӘ ДЕП БАСТАЙЫН
Биссимиллә деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Кешегі жүрген жәйлы әкем,
Жоқтаусыз қайтып тастайын.
Ажал шіркін жеткенде,
Айрылдық жұртым панадан.
Опасыз сұм қара жер,
Жан біткенді жалмаған.
Дүние салды жәйлі әкем,
Іштен жалын қайнаған.
Халқына арнап өмірін,
Елінің қамын ойлаған.
Баяны жоқ дүние-ай,
Пендесі жоқ өлмейтін.
Аяулы әкем қормалым,
Кеттің-ау, жерге келмейтін.
Шындық сөздің алалы,
Тимеген елге залалы.
Жер орта жасқа келгенде,
Ажалдың жетті-ау, хабары.
Барлығын бәй тіксек те,
Табылмады-ау, амалы.
Әкені жоқтау
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Әке, сізден айрылып,
Сау көңіл болды жаралы.
Асқар тауым құлады,
Бәйтерегім сұлады.
Жаратқан пенде барлығы,
Ақ өлімге ұнады.
Айналайын, жұртым-ау!
Қайғылы қара күн болды.
Жәйлі әкемнен айрылып,
Жарық дүнием түн болды.
Тағдырға бар не шара?
Көңілім енді кір болды.
Бас иеден айрылып,
Жүрегіме қайғы шер толды.
Жол бастаушым, әкем-ау!
Ақылым енді кім болды.
Ай жарығы батқандай,
Көңілім түнмен бір болды.
Серкесіз қойдай қамалдық,
Бір күнің бізге зар болды.
Жәйлі әкем көшіп пәниден,
Кең дүнием тар болды.
Опасы жоқ дүние-ай,
Кім кетпеген, кім қалып!
Қайғыменен күйзелдік,
Жылауменен күнді алып.
Қамқоршы әке қормалым,
Артыңда зарлап біз қалдық.
Табиғат заңы рақымсыз,
Өтеді заулап ырғалып.
Аңқылдаған ақ көңіл,
Адал едің халқыңа.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Аузын ашқан сұм ажал
Қаратпады-ау артыңа.
Тағдырға жоқ шарамыз,
Иманыңды тілейік.
Сауабы тисін жәйлі, әке!
Оқылсын құран-тәбәрік.
22. БИССИМИЛЛӘДАН БАСТАЙЫН
Биссимилләдан бастайын,
Тездете айтып саспайын.
Иманды болғыр, әкежан!
Аузымнан қайтып тастайын.
Есік алды қос арық,
Екеуі де бос арық.
Иманды болғыр, әкежан!
Қалдық қой біз бозарып.
Дүние, шіркін, жалған-ай!
Өте шығар алдап-ай.
Әкешім, сенен айрылып,
Артыңда қалдық зарлап-ай!
Алдым биік, артым жар,
Айналатын жерім тар.
Иманды болғыр, әкежан!
Бір көруге болдым зар.
Әуеден ұшқан аққұтан,
Ойласам жалған бір тұтам.
Әлпештеп баққан, жан әке,
Өзіңді не қып ұмытам!
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағылып.
Иманды болғыр, әкежан,
Айрылып қалдым не қылып!?
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Әуеден ұшқан ақ сұңқар,
Қанатымен жер сызар.
Айналайын, әкежан,
Маңдайымнан кім сипар?!
Ақ өркеш ұрды атылып,
Көк иірім кетті батырып.
Қайтып бір адам болайын,
Қайғымен таңды атырып.
Базардан алған тақтайым,
Сындырмай қайтып сақтайын.
Иманды болғыр, әкежан!
Жыламай қайтып тоқтайын.
Есіктің алды қара су,
Ат өте алмас терең су.
Арманда кетіп, жан әкем,
Болдық-ау бүгін ұлар-шу.
Қара су басы шымды саз,
Қонбай өтпес үйрек-қаз.
Науқаспен тынбай күресіп,
Өтті-ау талай қыс пен жаз.
Есіктің алды тоспа көл,
Тоспа көл бойы соқпақ жол.
Мен жыламай кім жылайды,
Жүрекке толды қайғы-шер?!
Жүк ортасын ояйын,
Жүкаяқты қояйын.
Иманды болғыр, әкежан!
Жыламай қайтып қояйын.
Тау басында кекілік,
Кекілік отыр бекініп.
Жыламайын десем де,
Басыма түсті жетімдік.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Сауыны келсе бозінген,
Ботасын келіп емізген.
Жыламайын десем де,
Әкесі жоқ дегізген.
Үйге салған үзігім,
Қолыма салған жүзігім.
Артыңда қалды бесеуің,
Көре алмадың қызығын.
Мінгенде атым тел шұбар,
Тебінгіден тер шығар.
Алыстан келсем сағынып,
Алдымнан менің кім шығар?!
Қара ат міндім қатырдым,
Қабырға жүнін жапырдым.
Әкең өтті дегенде,
Ұйықтамай таңды атырдым.
Мекені құлан кең жазық,
Құлан еті жол азық.
Иманды болғыр, әкем-ау,
Орының қалды құлазып.
Қайыңнан алған күрегім,
Қайғылы болған жүрегім.
Мен жыламай, кім жылайды?
Әкем еді-ау, тірегім!
23. ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Бісміллә еді сөз басым,
Айтсам бір келер көз жасым.
Кетіпті-ау әкем келмеске,
Иманың болсын жолдасың!
Бір пайғамбар Нүсіп-ті,
Басынан сұңқар ұшыпты.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Кеше де жүрген әкешім,
Қара жерге түсіпті.
Имансыз ауыз ашпаған,
Дәретсіз жерді баспаған.
Иманды болғыр әкем-ай!
Артына бізді тастаған.
Әкем келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де.
Әкемдей, шіркін, жан тумас,
Алтын мен күміс ексем де!
Мұңы бар адам жылап тұр,
Мұңы жоқ адам сынап тұр.
Жылады деп сөкпе, жұрт,
Тас қорғаным құлап тұр.
Бейістің төрі жапырақ,
Жапырақ түсті жалтырап.
Әкем бір кетті келмеске,
Алдынан жансын шам-шырақ.
Меккенің тауы Медине,
Жақсы дейді о дүние.
О Дүниеге барғанда,
Самалы тисін бетіңе.
Бейітінің басы үш тас-ты,
Басынан сұңқар ұшпас-ты.
Кешеде жүрген әкем-ай,
Бізбенен бүгін қоштасты.
Бәйтерек басы бүрленер,
Бүрленген соң түрленер.
Басқалай туыс не керек,
Сарқытын бізге кім берер?!
Сексенге келген жасыңда,
Пайғамбар келсін қасыңа.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жеңіл болсын сұрағың,
Солардың бол қасында.
Есіктің алды тобылғы,
Тобылғы бүрі төгілді.
Әкемнен мен айрылып,
Қабырға, қолым сөгілді.
Бұйыртсын Алла иманын!
Қабыл көрсін құранын.
Иманды болғыр, әкем-ай,
Бейісте болсын тұрағың!
Үйің бір қалды тігулі,
Киімің қалды ілулі.
Әкеден бала айрылдық,
Тарлығы дүние білінді.
Асқар тауым әкем ед,
Айдын көлім шешем ед.
Әке-шешеден айрылған,
Біздей сорлы өтер ме ед?!
Мінгенде атым сетер ме,
Бәйгеге қоссам жетер ме?
Әке-шешеден айрылып,
Көрген бір күнің бекер де.
Жібектен киім жамылып,
Көзімнің жасы ағылып.
Әке-шешені көп ойлай,
Мен отырмын сағынып.
Есіктің алды мұнай-ды,
Мұңы бар адам жылайды.
Мұңымды айтып жыласам,
Мұңымды кім тыңдайды.
Мінгендей атым кекілді,
Жолаушы кеткен секілді.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Иманды болғыр, әкем-ай!
Келмеске барып бекінді.
Мінгендей атым қаракер,
Қамшыланса шығар тер.
Кешеде жүрген әкем-ай,
Мекені болды-ау қара жер.
Мінгендей атым көк дөнен,
Ажал бір келді-ау көлденең.
Әкемнен мен айырылып,
Шыбын жан отыр өлмеген.
Күн көрінер күймеден,
Іс құтылмас инеден.
Иманды болғыр әкем-ай!
Не көрер о дүниеден.
Жеңіне киген жеңсесі,
Көтерілмей жүр еңсесі.
Барғанда келмейт деуші еді,
Бұйрықша, шіркін, келсеші!
Мінгендей атым аршын көк,
Бәйгеге қостым барсын деп.
Алладан ұрпақ сұрапты,
Шулап бір артта қалсын деп.
Сұрапты ұрпақ Алладан,
Сұрапты атын молладан.
Сол ұрпағың біз сорлы,
Артыңнан шулап боздаған.
24. ӘКЕДЕН БАЛА ЖАС ҚАЛДЫ-АУ!
Әкеден бала жас қалды-ау,
Ақылдан бәрі бос қалды-ау.
Бісміллә деп бастайын,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Көңілді жаспен басайын.
Иманды болғыр, сабазым,
Зарымды айтып сарнайын.
Сабазым еді ақ маңдай,
Жоқтаушы енді жез таңдай.
Ұжымақтан болсын орныңыз,
Шариғат жолы айтқандай.
Кесте тіктім ершімдеп,
Ою салдым өрнектеп.
Алладан ажал келді ме,
«Орта жаста алсын» деп.
Қала ішінде алтын тақ,
Осылай болды-ау, біздің бақ.
Мұңсыздар келіп тыңдайды-ау,
Тартынбай сөйле, тіл мен жақ.
Жарқылдап өткен жасылдай,
Нажағай неткен асылдай.
Аяусыз неткен бұл ажал,
Елуге келген жасыңда-ай.
Шағи бір кидім етіме,
Кесте бір салдым шетіне.
Үш жылдай дәрігер көрсе де,
Болмады-ау шипа дертіне.
Отырмыз жұртым қамығып,
Қарадан шапан жамылып.
Жұбайым сенен айрылып,
Есімнен қалдым жаңылып.
Өзеннің бойын өрледің,
Қысылып жаның терледің.
Бір күнгідей болмады-ау,
Елу жасқа келгенің.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Бұл үйге тұрмын сия алмай,
Өлімге тұрмын қия алмай.
Жаным бір басқа болған соң,
Артыңда қалдым ұялмай.
Өмірің зар мен жыр болсын!
Көзімнің жасы сел болсын!
Қанша бір балам болса да,
Жұбайым сендей кім болсын?!
Бісміллә сөздің сарасы,
Ажал бір келсе Алла ісі.
Қимай бір тұрмын өлімге,
Пенденің жоқ қой шарасы.
Көзімнің жасы зарлы жас,
Құлақ сап тыңда кәрі-жас.
Алладан ажал келгенде,
Алды-артыңа қаратпас.
Ел жайлаған сары дала,
Далада ойнар боз бала.
Көрмеді бес ұл қызығын,
Алдағы жалған аз ғана.
Бұл бір пәни өтер ме,
Дүние алдап кетер ме?!
Үйде ауырып, түзде өлді-ау,
Осыдан қорлық өтер ме?!
Қайырып жылқы бағайын,
Мойнына тұмар тағайын.
Серігімді Алла алған соң,
Мұңымды кімге шағайын?!
Жез шәугімнің тұтқасы,
Өрнектеп салған ұстасы.
Иманды болғыр, сабазым!
Өміріңнің қысқасы.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Көшкенде міндім ақбоз ат,
Еру де кидім ақ манат.
Жиырма жеті жыл өткенің,
Білінбей кетті бір сағат.
Ішім бір жалын, сыртым шоқ,
Қайғысыз өткен адам жоқ.
Иманды болғыр сабазым,
Бір-ақ күнде болды жоқ.
Қаракер аттың жүйрігі,
Жалынан асқан құйрығын.
Өмірлік жолдас болмадық,
Алланың, шіркін, бұйрығы.
Өлім деген өрт екен,
Өзекке түскен дерт екен.
Өзіңнің тірі кезіңде,
Үйіңнің іші кент екен.
Мінгендей атым қаракер,
Тоқымдығы қара тер.
Алдында аға-іні жоқ,
Болатын маған дәнекер.
Мінгендей атым қара аттай,
Жал-құйрығын таратпай.
Аллаға мен не қылдым,
Балаларға қаратпай?!
Күмістен жүген торлаған,
Не деген жанмын сорлаған.
Қаншама жерге емдетсем,
Жанына шипа болмаған.
Қара ат міндім қатырып,
Қабырға жүнін батырып.
Отырдым боздап қасыңда,
Ұйқысыз таңды атырып.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Бәйшешек едің жайнаған,
Таусылмас енді сорлы арман.
Арыздаспай, қоштаспай,
Келмеске кеттің жалғаннан.
Мінгендей атым сары бауыр,
Сары ала қамшы қолға ауыр.
Жылады деп сөкпеңдер,
Ішімдегі қайғы ауыр.
Мінгендей атым кекілді,
Жолаушы кеткен секілді.
Жолаушы кетсе, келер ед,
Келмеске кеткен секілді.
Қайыңнан алған күрегім,
Қайғылы болған жүрегім.
Ажал жетіп мен өлсем,
Қосылар ма еді сүйегім.
Алтын ердің қасы еді,
Бір ауылдың басы еді.
Ажал келіп алмаса,
Жұбайым менің жас еді.
Суға бір біткен жалбызым,
Әуеден ұшқан байғызым.
Өмірің қысқа болды ғой,
Қиылдың шынар-жалғызым.
Ана бір таудың басынан,
Алдырдым қайрақ тасынан.
Иманды болғыр сабазым!
Қосылып едім жасымнан.
Базардан келген елеген,
Елеген шетін емерген.
Қанша бір сөйлеп жатсам да,
«Сен қалайсың?» демеген.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мінгендей атым кер шұбар,
Тебініп жүрсем тер шығар.
Тең құрбың үйге келгенде,
Жайраңдап үйден кім шығар?!
Базардан келген ақ жаулық,
Он екі теңге бір баулық.
Таусылмас, шіркін, бұл арман,
Қалғанға берсін денсаулық!
Таудан аққан тас бұлақ,
Жағалап жатқан жас лақ.
Иманды болғыр, жұбайым,
Баласы қалды-ау жасырақ!
Беткейге шығар ошаған,
Жылқыдан шығар қашаған.
Қанша жылап зарлансам,
Қоймады-ау, мына жасаған!
Әуеден ұшқан боз торғай,
Балақ жүні бос болғай.
Енді маған көру жоқ,
Жұбайым, енді қош болғай!
Күн еңкейіп кеш батты,
Сарғайып барып таң да атты.
Жалғаннан көшкен, сабазым,
Тұрағың болсын жаннат-ты!
Жаралы болды жүрегім,
Кім болар менің тірегім.
Сабазымнан айрылып,
Саудырап қалды сүйегім.
Балалар бетке салды ойын,
Аралап соқты бір құйын.
Жалғаннан кеткен жұбайым,
Айрылам деген бар ма ойым?!
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Жүйрік міндім боз аттан,
Басыма әкеп ақ жапқан.
Қаралы болып қақсадым,
Құйылды елің жан-жақтан.
Шабысы қатты тұлпардың,
Иісі жақсы жұпардың.
Орыны қайтып толады?
Қасымдағы қормалдың.
Қызмет қылып халқыңа,
Үлгі шаштың артыңа.
Орның толмай өтеді-ау,
Тең келер кім затыңа?!
Ел қарамай жүзіңе,
Қосылушы еді сөзіңе.
Зар болып қалдым қайтейін,
Басып бір кеткен ізіңе.
Тау басында жүрейін,
Дүние жүзін көрейін.
Сен кеткен соң жалғаннан,
Несіне өмір сүрейін.
25. ҚҰДАЙБЕРГЕНГЕ АЙТТЫРҒАН ДАУЫС
Енді осы жерден бастайын,
Жәкемнің ақыл үлгісін.
Шығарайын сөзбенен
Көңілімнің кірлісін.
Үлкен аға, кіші іні,
Түсуші еді күнде ісің.
Қоғамының қормалы,
Алыстан болжап білгішім.
Кемімеген кетсе де,
Дұшпанын көрсе, күлгішім.
Ақылменен түзеген
Ағайынның ілгішін.
Қарамапты-ау сол күні
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Күнде салған дүрбісін.
Тағы алуын.................
Артында қалған мінгішін.
Осылай ойлап Жәкемнің,
Күйігеді-ау күнде ішім.
Жәкем қандай кісі еді,
Атын білген мақтаған.
Қай мінезі бар еді,
Ағайынға жақпаған.
Санаменен сарғайдым,
Темірдей болдым қақтаған.
Бізге келген бір қырсық,
Көлденең болды-ау аттаған.
Рақымбай болысқа,
Бар еді бір сөз сақтаған.
Табасы қанған кісідей,
Үндемей келді шаппаған.
Атаның ұлы деуші едік
Өзімізге шақтаған.
Рақымбай болмаса,
Кім аман қалар ноқтадан.
Сол секілді көрмедім,
Жалғанда мейірі қатты адам.
Болмаса да қазадан,
Жылаған жұртты ап қалған.
Қайран да менің, Жәкешім!
Жолдастың тұзын ақтаған.
Үйіне қонақ қонса да,
Ұйқысын бұзып, жатпаған.
Не боп кетті заманым,
Сыртымнан дұшпан батпаған!
Жәкем болыс болғанда,
Сұраған жұрты қашпаған.
Атамыздың перісі
Бар еді қызыр бастаған.
Біреудің көңілін ауыртып,
Арасын елдің ашпаған.
Раматы нашардың,
Рақым қылып тастаған...
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
26. МҮСИДІ ОН ЖЕТІ ЖАСТАҒЫ
ҚЫЗЫНЫҢ ЖОҚТАУЫ
....................................
....................................
Туғаннан соң анадан-ой!
Адамзаттың бәрі өлген-ой!
....................................
Жетім бала дегізген.
Жетім қалдым жасымнан,
Кетер ме қайғы басымнан.
Біз жыламай, кім жылар,
Айрылған соң асылдан?!
Дүние пәни жалған-ай,
Көңілде қайғы-мұңымды
Таусылмас, айтсам арман-ай!
Арманым қатты, дертім зор,
Қасірет ойлап болдым қор.
Жетім қалып жылатқан
Маңдайдағы қалың сор.
Жетімдік түсті басыма,
Қасірет деген осы ма?!
Тағдырын солай жазыпты
Қырық сегіз жасында.
Басымнан ұшты қызыл гүл,
Арманымды айтсам, талай жыр.
Қызықты дүние көре алмай,
Әуре болдың алты жыл.
Алты жыл тарттың заршылық,
Адамға сүйеу баршылық.
Ауырса да бел екен,
Жаңа түсті таршылық.
Айға толмай зарықтық,
Ақылдан әбден тарықтық.
Жолдас боп жүрген сүйекті,
Өзіңдей көрген жарықтық.
Ордаңа халық кеуші еді,
Көшінің қамын жеуші еді.
Ысқақбай мен Бекейді
Өзімдей көрем деуші еді.
5-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мұны ойлап бұлар мұңайды,
Түспеген кімге бұл қайғы.
Сөйткен қайран әкемді
Не деп айтсам ұнайды?!
Ұядан ұшқан өңкей жас,
Таппаса сөзді, сынайды.
Әке, орның тола ма?
Орнаған базар қораңа.
Жесір қатын, жас бала
Деген осы бола ма?
Ордаң қалды, өзің жоқ,
Ғайыптың ұшқан құсындай.
Қай құрбысы артылған,
Өзінің тұрғы тұсында-ай.
Әкем өліп, жетім қап,
Ойлап па едім осындай.
Қиямет-қайым болғанша,
Кеттің бе, әке, қосылмай?
Алыс-жуық ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Қайран, ғазиз әкемді,
Іздеп қайдан табайын?!
Мәмбет достың Құнақын,
Сүйегін танып дос болған,
Білмей ме арзан-қымбатын.
Қиярыстан, Мәнеке,
Уақ та достас ағайын.
Әбікей қажың белгілі,
Қайсысын айтып санайын.
Сол достарың келгенде,
Мұңымды айтып шағайын.
Ақ атаң да достарың,
Төлеубай, Қали, Қазықан—
Барыменен дос болып,
Ниетін қосқан талай жан.
Өткен зәңгі Емілбай,
Әмірін күткен мың мен сан.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Төлеубай досың бақытты,
Оң жағынан атқан таң.
Осылай болды ма мәніміз,
Дүние салды ханымыз.
Әкем сапар шеккен соң,
Шықпаған отыр жанымыз.
27. МҮСИДІ ОН ҮШ ЖАСТАҒЫ ҚЫЗЫНЫҢ ЖОҚТАУЫ
....................................
...................................
...................................
Қайғымен шыққан дәтімді.
Біразырақ жоқтайын,
Асыл гауһар затымды.
Абыройлы, жан әкем!
Туысың артық нәсілді.
Өрекпіген сұм көңіл,
Су сепкендей басылды.
Қырық сегіз жасыңда,
Тағдырға ажал қосылды.
«Қош» демей қалған достарың,
Көзінің жасы жосылды.
Достарың ойлап мұңайды,
Түспеген кімге бұл қайғы?
Ұядан ұшқан өңкей жас,
Кімге еркелеп шалқиды?!
28. ЗҰҚА ҚАЖЫНЫ БӘЙБІШЕСІ ДОРИДЫҢ ЖОҚТАУЫ
Барады жалған өтіп-ақ,
Белқұдық болды-ау топырақ.
Бір-ақ күнде сөнгені-ай,
Ордамда жанған шам-шырақ.
Аузыңнан арыз естімей,
Ел-жұртың қалды зар жылап.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Басыңа жастық қоя алмай,
Алғаның қалды аңырап.
Он жеті жаста асылым,
Отырып едің билікке.
Қиямет істің қиыны-ай,
Тастадың бізді күйікке.
Өтті ғой бізге зарыңыз,
Не болар енді халіміз.
Еңіреп отыр егіліп,
Атаңыз қосқан жарыңыз.
Құдай бір қосқан қосағым,
Буынған белім босадың.
Қарамай өткен бетіме
Дауысқа не деп қосамын?
Мылтық пен қылыш салғаның,
Таусылмай кетті-ау арманың.
Қапия басып қалың жау,
Тістеулі кетті-ау бармағың.
Ес жиып, етек жапқанша,
Түсті ғой маған салмағың.
Әуелгі жазу осылай,
Көтердім Алла салғанын.
Нешелер неше сан өтті,
Ақылы артық дана өтті.
Жау десе тізгін тартпаған,
Жәнібек батыр ол да өтті.
Он екі керей билеген,
Көгедайдай хан өтті.
Көкен, Топан, Бейсенбі,
Мырза Жұртбай тағы өтті.
Өр Алтайдың ұлығы,
Жуанхан, Тары...бәрі өтті.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Сол ерлердің ішінде,
Қажекемнің зары өтті.
Ізғұтты, Қылаң, Жарқынбай,
Солар да кетті-ау тартынбай.
Сол асылдар кеткен соң,
Кім қалар дейсің артыңда-ай?
Бұл күпір кімді алмаған,
Боқайдай ерді жалмаған.
Сол асылдар кеткен соң,
Құтылып ешкім қалмаған.
Сауабын Алла тигізсін,
Арнайын құран хатымды.
Сабырлық қылып тоқтайын,
Оңғарсын Алла артыңды.
29. ЗҰҚА ҚАЖЫНЫ КЕЛІНДЕРІ БӘТИҚА МЕН
БӘТИМАНЫҢ ЖОҚТАУЫ
Мейірбан, ғазиз атам-ай,
Не болар зарлап ботаң-ай.
Мамыққа жатпас әтиім,
Қара жер қайтып жатады-ай.
Өзгеден гөрі бір төбе,
Әтиім маған батады-ай.
Әтиім менің арманда,
Бір атыспай қалғанға.
Армансыз адам бар ма екен?
Пәниден бақи барғанда.
Арманда емей, немене?
Бесатар, жапан тұрғанда.
Бір үйде тұрған қырық қылыш,
Жайнап бір тұрған сары қылыш.
Қапия басып қалың жау,
Бір түнде қылды-ау, тып-тыныш.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Құдіреті күшті Құдайым,
..................................
Ішке бір салды-ау күйініш.
Әтиім сапар шеккен соң,
Қорадан кетті-ау жиылыс.
Жүйрік кер аты астында,
Аралап Алтай даласын
Жүруші еді әтиім,
Шалқадан тастап жағасын.
Алды ғой патша керек қып,
Он екі керей данасын.
Бір залыммен дос болдың,
Оған неге бос болдың?
Не болса да көрем деп,
Белқұдыққа шет қондың.
Сапарлай өткен, әтиім,
Халықтың қамын жеп қондың.
Бесінде залым келіпті,
Екі тең шайды беріпті.
Әкелген шайды көргенде,
Қызыл қан болып көріпті.
Қасындағы.................
Әтиім бір ат беріпті.
Ұрланып шыққан шын залым,
Сол күні түнде келіпті.
Қапияда басып қалың жау,
Әтиім шейіт болыпты.
Әтиім сапар шекті ғой,
Керейден тыныш кетті ғой.
Әтиімнің халыққа
Қадірі, зары өтті ғой.
Баяны жоқ сұм жалған
Түбімізге өстіп жетті ғой!
Құдіреті күшті жасаған,
Қызығың берген шекті ғой!
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Қой десең жұртым, қояйын,
Үй тігіп, қойым сояйын.
Иманды болғыр, әтиім!
Құрбаның болып қалайын.
30. СӘДУАҚАСТЫ ҚЫЗЫ ЗЕЙНЕЛДІҢ ЖОҚТАУЫ
Дүние жалған келмес-ай,
Алғанды қинап бермес-ай.
Елім деп жүрген әкем-ай,
Өзіңдей ешкім болмас-ай.
Үстіне киген көрмесі-ай,
Құрып та қалсын тұрмыс-ай.
Шақпаған шыбын етінен
Талайды тамның бүргесі-ай.
Шақырту келді қағазы,
Оқылмай қалды намазы.
Елден бе асып аты әлем
Айтылмай кетті азаны.
Әуелі құдай оңдасын,
Халқының асыл жолдасын!
Арманы кетті бойында
Көре алмай екі жолдасым!
Тірі бір кетті басыңда,
Он бесті бағлан жасыңда.
Шәйіт боп дүние салғаны-ай,
Жаннаттың гауһар тасындай.
Пайғамбар сахаба қолдашы!
Жаннаттан орын оңдашы!
Шәйіт болған әкенің
Иманы болғай жолдасы!
Халқының беріп батасы,
Жаудан болды-ау қазасы.
Елім деп жүрген есілдің
Ашық еді-ау санасы.
Сарқылды елдің көз жасы,
Болмады ешбір шарасы.
Қандықол жендет Шың Дубан
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Әкемнің сенде жаласы.
Оқ атып екі Дубанға,
Басың қалды-ай тұманға.
Көре алмай, әке, мүрдеңді
Селдеттік жасты орманға.
Халықтың ашпаққа санасын,
Оқыттың қазақ баласын.
Оятар деп ұйқыдан
Еліңнің байтақ даласын.
Озып шыққан жарыстан,
Түскен жара атыстан.
Өзіңе кімді теңейін,
Жаралы кеткен арыстан!
Зұлым болған Шың Дубан
Қырып елді, қан жуған.
Саған келер бір зауал,
Құтырған бақсы жын болар!
Келе ме деп әуел зарықтым,
Келмеген соң тарықтым.
Әке деген асқар тау.
Сағындым әбден зарықтым.
31. ШӘРІП ҚҰСКЕЛДІ ҚЫЗЫНЫҢ
ҚАБИБАНЫ ЖОҚТАУЫ
Әуелі Алла жаратқан,
Пендеге күнін санатқан.
Он сегіз мың ғаламды
Бір өзіне қаратқан.
Әуелі, Алла пайғамбар,
Моллалар кітап жайғандар.
Әкемнен жұрты айрылып,
Жүрегімде арман бар.
Көңілімнен шуақ жел есед,
Жас-кәрімен кеңесем.
Мақтанып, әке, жүруші ем,
Тәубәм бір көппен теңесем.
Елінің жоқтап зар-мұңын,
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Көтерген әкем нар жүгін.
Алатаудай жас әкем,
Қалды ғой артта қалжыңың.
Алтай бір сәуір қоныстай,
Құтыбы, Санжы, Манастай.
Бірінде төлем терің бар,
Атың бір шыққан алашқа-ай.
Есіктің алды топ шынар,
Топ шынарға құс қонар.
Теңдесің, әке, келгенде,
Өзіңдей кеңес кім қылар?
Аңға бір шыққан шермендей,
Бозбала шығар серуендей.
Шежіре шешен, әкем-ау!
Сөзден бір маржан тергендей.
Жауар бір күнім бұлттан,
Сұм ажал келген құрық сап.
Шежіре-шешен әкемді
Қара жер алды-ау құлыптап.
Айналдым, әке, атыңнан,
Асыл бір туған затыңнан!
Артыңа елес қалдырып,
Қағазға жазған хатыңнан.
Мұңын бір жоқтап басқаның,
Әлқисса, өлең, дастаның.
Жантекей бабам шежіресін
Артыңда жазып тастадың.
Жүруші ең, әке, саралап,
Ақылыңды, бергенде
Тыңдаушы еді бар аумақ.
Бір пайғамбар Омарды-ай,
Көп жыласам обалды-ай.
Сегізде сарай ұжмақтың
Есігін ашсын самалдай.
Самалы түссін етіңе,
Салқыны түссін бетіңе.
Бір пайғамбар Қызықсай,
Шариғат жолы ұзынды-ай!
Әкемнің жұртым зар болсын,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Басып бір кеткен ізін-ай.
Бір пайғамбар Ұлықпан,
Жыласын жұртым мұңлықтан.
Тағдыры жетіп келген соң
Қалмайды екен бұйрықтан.
Бір пайғамбар Түсіпті-ай,
Тордан сұңқар ұшыпты-ай.
Ақжарқын, қайран, әкем-ай,
Қараңғы жерге түсіпті-ай.
Бір пайғамбар Ыдырыс,
Басыма түсті қиын іс.
Қайғылы мұңды шертейін,
Мүдірмей сөйле, отыз тіс.
Қолыма алған шарбағым,
Суға бір салған қармағым.
Әкемді жоқтап жылайын,
Риза болсын аруағың.
Орманнан алдым сырғауыл,
Аралап ұшқан қырғауыл.
Жан әкемнің тұсында
Отырушы едік бір ауыл.
Жылқыдан асау үйреткен,
Жібектен арқан сүйреткен.
Шежіре шешен әкем-ау,
Әдеппен иба үйреткен.
Мінгенде атым арғымақ
Арқанын үзді-ау қарғылап.
Ақжарқын, қайран, әкем-ау!
Өзіңдей енді кім болмақ?
Сөз басы еді биссимилла,
Биссмилла келер мың жылда.
Ақжарқын, қайран, әкем-ау!
Бір ауыз сөзің мың ділдә.
Әуелі, Алла бір Құдай,
Жазудан қалмас артылмай.
Әкемнен жұртым айрылып,
Отырмын жылап артында-ай!
Ат жүре алар еңіске,
Отырмын, жұртым, кейісте.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Айналайын, әкем-ау!
Орның бір болсын пейіште.
Есіктің алды көкбетті,
Малы бір келіп жан кетті.
Пендешілік болса егер,
Кешірсін елім деп кетті.
Қолыңда кітап құраның,
Аузыңда айтқан иманың.
Асқар таудай нар әкем,
Алладан иман сұрадым.
Келген бір жұртым жамағат,
Қайғыда қалдым қабағат.
Айналайын әкемді
Аллаға қойдым аманат.
Сапар бір шеккен әкеме,
Көзімнің жасы нұр болсын!
Аузымнан шыққан лебізім,
Шешек атқан гүл болсын!
Есіктің алды көп қырат,
Жағалай жапқан жапырақ.
Иманды болғыр, әкем-ау!
Алдыңнан жансын шам-шырақ!
Мінгендей атым қарагер,
Иманды жолмен бара гөр.
Сөз тыңдаған ағайын!
Осылай болды-ау заманым.
Әкемнен, жұртым, айрылып,
Аллаға бар ма амалым!
*********************
Биссимилла деген сөз басы
Өмірдің болмас тозбасы.
Жан әкем өтіп дүниеден
Өңірді жуды көз жасы.
Алтын ерден қос кетті,
Төгіліп көзден жас кетті.
Жыламай қайтіп шыдайын,
Ақылдан қалғып бас кетті.
Жылқы ішінде қызылды-ай,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жал құйрығы сызылды-ай.
Туыс-туған келгенде,
Көңіл, шіркін, бұзылды-ай.
Кешегі күн бесінді
Белдеуден тұлпар шешілді.
Кешеде жүрген жан әкем
Бейішке қарай көсілді.
Тіршілікте мал қайғы
Өмірін оған жолдайды.
Қызықтырып пайдаға,
Қу түлкідей алдайды.
Уақыт, күні жеткенде
Пендесі тірі қалмайды.
Есіктің алды көк жайсаң,
Көр жайсаңда көл жайсаң.
Аға кәрі, бауыр, жас,
Не болар күні ойласам.
Жайлаудың тауы көрінер,
Көрінсе, көңіл бөлінер.
Әкежан еске түскенде,
Қабырға қолым сөгілер.
Сағындым, әке, өзіңді
Мейірімді, жылы көзіңді.
Сағынбай қайтып жүресің,
«Қарағым» деген сөзіңді.
Сол менен оңың қарыс-ай,
Адалдың айтқан қалыс-ай.
Көре алмай қалдым әкемді,
Әттең-ай , жердің алыс-ай!
Әуеден ұшқан ақ сұңқар,
Қанатымен жер сипар.
Жан әкем дүние салған соң,
Маңдайымнан кім сипар.
Әуеден ұшқан кекілік,
Кекілік отыр бекініп.
Көре алмай қалып әкемді,
Отырмын мәңгі өкініп.
Біз үшін тілек тіледің,
Біз деп соғып жүрегің.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Михнат тартып өмірде
Біз үшін жадап-жүдедің.
Өмір, шіркін, өтпелі,
Білінбей кетті өйткені.
Айналайын, әкем-ау!
Жүз жасасаң, көп пе еді!
Әкем еді тірегім,
Өкпе-бауыр жүрегім.
Әкем дүние салған соң,
Басылып көңіл жүдедім.
Жаратқан Алла құдайым,
Қайғыңа салған шыдадым.
Дүниеден кеткен әкеме
Алладан иман сұрадым.
Ақыл айтты халайық,
Сөзге құлақ салайық.
Жолдас болсын иманы,
Дұғаға қол жаялық.
32. АЛТЫНХАН ТӨЛЕҢХАН ҚЫЗЫНЫҢ
ӘКЕСІН ЖОҚТАУЫ
«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен,
Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен.
Кешеде жүрген жан әкем,
Ғайып бір болды-ау көзімнен.
Сөзімнің басы биссимилла,
Шерліден досым сөз тыңда.
Иманды болғыр, жан әкем,
Ақылың айтқан мың ділдә.
Құдай салды, біз көндік,
Қызыл тілім, қимылда.
Жолыңа құрбан болар ем,
Келмейсің ғой мың жылда.
Пайғамбар аты Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Айрылып асқар белімнен,
Басыма түсті қиын іс.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тіл, көмектес тиегім,
Жан әкем кетіп бақиға,
Запыран болды жүрегім.
Жылқы ішінде қызылды-ай,
Жал-құйрығы ұзынды-ай.
Алтыннан соққан қорғаным,
Абайсыз күні бұзылды-ай.
Жан әкем еді-ау, бас қалқам,
Жаюлы құран дастархан.
Иманды болғыр, жан әкем,
Бір ауылды басқарған.
Сар таудың басы көрінер,
Көрінсе, көңілім бөлінер .
Орының қалды-ау құлазып,
Қабырға қолым сөгілер.
Қарасам тауға леп етіп,
Көзімнің жасы төгілер.
Тарбағатай үлкен тау,
Тымаққа таққан тұрғын бау.
Иманды болғыр, әкем-ау!
Бір көруге болдым зар.
Құранның басы биссимилла
Көп мағына бар мұнда.
Келмеске кетті-ау, жан әкем,
Кім сенер пәни құрғырға?
Алдымда асқар бел еді-ау!
Мейірің шалқар көл еді-ау!
Асқар тау құлап жер болды-ау!
Шалқар көлім шөл болды-ау!
Әкем еді-ау зерегім,
Ағайынға құрмал керегім.
Іші гаухар, сырты алтын,
Құлады-ау сая терегім.
Жылқы ішінде көк қасқа,
Көкірек пен тіл басқа.
Аға бауыр болса да,
Әкемнің орны бір басқа.
Базардан алған алты шоқ,
Алтауында маржан жоқ.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Арып-шаршап келгенде,
Орның жатыр, өзің жоқ.
Ойласам, от боп жанамын,
Жыласам, судай ағамын.
Иманды болғыр, жан әкем,
Іздесем, қайдан табамын?
Арқасында әкемнің,
Жайынға түскен қармағым.
Бұлтқа да созғанмын
Жете ме деп бармағым.
Жасын түсіп аспаннан
Көңілімді жасытты .
Опасыз пәни білдірді-ау,
Дүние сұмның жалғанын!
Әптиек басы Әліпті-ай,
Жиырма сегіз әріпті-ай.
Иманды болғыр, жан әкем!
Жазуың солай болыпты-ай!
Арғымақ аттың аласы-ай,
Аяғында тағасы-ай.
Иман айтып өтіп-ед,
Қабыл да болсын тәубасы-ай!
Иа, пірім, Алла, Тәңірім,
Осылай ма еді әмірің?!
Иманды болғыр, жан әкем!
Нұрға толсын қабірің!
Жылағаным жыр болсын,
Көзімнің жасы нұр болсын!
Аузымнан шыққан лебізім
Саялы самал көл болсын!
Сөз бастап едім қаламнан,
Жүрекке түскен жарамнан .
Жылады деп сөкпеңдер,
Айрылдым халқым панамнан.
Топырағың торқа боп,
Пейіштен орын алыңыз!
Иманды болғыр, бас қалқам.
Жаннатта болғай жаныңыз!
Жаннаттан есік ашылсын!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алуан шешек шашылсын!
Ақыретте деп кеткен шешем де,
Алдыңнан шығып қосылсын!
Пайғамбар аты Сүлеймен,
Алладан медет тілеймін.
«Сабыр қыл» деп ел отыр,
Сабыр сақтап көнейін.
Жарылқасын алдыңнан,
Онан басқа не дейін!
Басыңа барып әрдайым,
Оқытып құран жүремін.
33. КҮЛШАТТЫҢ ӘКЕСІН ЖОҚТАУЫ
Жан әкем еді қорғаным,
Мәпелеп баққан қормалым.
Тұтқиыл келіп сұм ажал,
Қайғыға терең шомғаным.
Қоймадым жастық басына,
Бола алмадым қасында.
Тұтқиыл қаза болды ғой,
Сексенге келген жасында.
Көңілімнің күні едің,
Ақылымның нұры едің.
Айрылып, әке, бір күнде,
Қайғыдан әбден жүдедім.
Ақылыңды ойласам,
Бейне асқар белмен тең.
Көңіліңді ойласам,
Дария шалқар көлмен тең.
Қасиетіңді ойласам,
Тап баспайтын алтындай.
Көз алдымнан кетпейді,
Сәуле шашып жарқылдап.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Мейіріміңді ойласам,
Үліңгірдің көліндей.
Пейіліңді ойласам,
Алтайдың дарқан жеріндей.
Осыларды ойлап егілдім,
Бордай боздап езілдім.
Асқарым құлап бір күнде,
Қайғы-шерге жегілдім.
Биіктеді тұғырың,
Қарбалас өтті ғұмырың.
Рақат көрер кезіңде,
Қарашы, ажал шұғылын.
Халқыңа сыйлы жан едің,
Тарихқа жүйрік дана едің.
Ақ бата сұрап қашанда,
Құрметтеуші еді бар елің.
Алтын ерден қас кетті,
Төгіліп көзден жас кетті.
Жоқтамай қайтып шыдайын,
Ауылымнан ұйтқы, бас кетті.
Күрсінді туған еліңіз,
Құлазып қалды жеріңіз.
Қайғыдан қажып иілді,
Қалған жалғыз ініңіз.
Әкежан, едің асқар бел,
Ағызып жылап көзден сел.
Тұтқиыл кетіп арадан.
Көкірекке толды шер.
Белімді бекем буайын,
Көзімді жаспен жуайын.
Мұрагер болып ісіңе,
Өз жолыңды қуайын.
6-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Арманын алға жалғайын,
Сөнбесін арты шырағы.
Алладан тілек тілейін.
Жәннатта болсын тұрағы.
34. АТА-АНАНЫ ЖОҚТАУ
Аппақ сүтін емізген,
Мейірі терең теңізден.
Таппаспын, ана, өзіңдей,
Ақ еділ жанды өмірден.
«Қарғам» деп жүріп қартайдың,
Ұйқысын қиып әр таңның.
Ажымға толып ақ жүзің,
Ағарды қара самайың.
Науқастың болмай амалы,
Күн туды басқа қаралы.
Анамыз сізден айрылып,
Көңіліміз болды жаралы.
Жан анамнан айрылып,
Басыма түсті қайғы-шер.
Айналайын, анашым,
Тұрағың болды-ау қара жер.
Анамдай кім бар аяулы,
Мейірін күндей жаяды.
Алыс та жақын емдеттік,
Болмады шипа баянды.
Құрметтеген бар адам,
Анашым еді балажан.
Мәпелеп бізді баққаны,
Шығады қайтып санадан.
Немере, жиен тағдыры,
Бәрін де оймен шарладың.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Көрмедім деп қызығын,
Ішіңде кетті арманың.
Алтай, Жайыр, Сауырым,
Бытырай қонған ауылым.
Ата-анадан айрылып,
Қайғының көрдік ауырын.
Ата-анам еді қормалым,
Қысылғанда қорғаным.
Екеуіңнен айрылып,
Қайғылы көңіл болғаным.
Әкем еді асқарым,
Шешем еді дастаным.
Екеуін бірдей әкеткен,
Ажал екен қас-қағым.
Қайғысыз, сірә, жоқ пенде,
Арман тіпті көп менде.
Кетемін ойлап сіздерді,
Қасымнан қарттар өткенде.
Аяулы әке, жан ана,
Бір күнің бізге зар болды.
Екеуіңнен айрылып,
Кең дүние тар болды.
Есіктің алды тобылғы,
Көзден жасым төгілді.
Ата-анадан айрылып,
Қабырға етім сөгілді.
Асқар тауым құлады,
Бәйтерегім сұлады.
Екеуіңнен айрылып,
Жүрегім зар-зар жылады.
Жаралған артық порымның,
Ұйтқысы болған елімнің,
Қадірлі, қайран ата-анам!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
35. ҚАДИШАНЫҢ ЖОҚТАУЫ
Балуан еді-ау бармағың,
Алашқа мәлім аруағың.
Ата-анамды айтып жылайын,
Тартынбай сөйле, тіл-жағым.
Сөз сөйлейін биссимилла,
Ал, жамағат, сөз тыңда.
Аузымнан қате сөз шықса,
Елім мен жұртым мін қылма.
Қызыл да тілім сынбайын,
Шаршаған жерде тынбайын.
Қорлықпен кетті-ау ата-анам,
Жыламай қайтіп шыдайын!
Биссимилла деген сөз басы-ай,
Таусылмас жылау көз жасы-ай.
Алты қанат ақ ордам,
Талауға түсті мал-басы-ай.
Әкем еді кемеңгер,
Не боламын демеңдер.
Сәрсенбі күні сәскеде,
Ертіп бір келді жемеңгер.
Қара пышақ қынды ма-ай,
Жетесінен сынды ма-ай.
Соңыңа түскен дұшпаның,
Өлтіріп көңілі тынды ма-ай.
Әкекем еді-ау арыстан,
Ақылға сондай данышпан.
Қалың жау басып келгенде,
Бес тал оқпен қарысқан.
Жау келді тауды жағалап,
Жүйріктей атын тағалап.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Қалың жау басып келгенде,
Дауалды торды паналап.
Жалғыз да мылтық, бес тал оқ,
Ақылдасар серік жоқ.
Аяулы қайран, жан әкем,
Арманда кетті-ау, амал жоқ.
Ат айланғысыз ауылым,
Алпыс та бие сауыным.
Қорлықпен өлді-ау, ата-анам,
Елжірейді іші-бауырым.
Ұлужанның жазығы-ай,
Ғұмырын қысқа жазуы-ай.
Ат айланғысыз ауылым,
Дұшпанның болды-ау азығы-ай.
Ауылым түсті талауға,
Жалғыз ағам қамауда.
Ата-анамды ойласам,
Тоқтау жоқ екен ажалға.
Өткелдің аузы тал ма екен?
Жағалай шөккен нар ма екен?
Тұтқында қалды-ау жалғызым,
Сұрайтын жан бар ма екен?
Жалғыз ағам келе ме,
..................................
Зарыққанда бір Құдай,
Көзімнің жасын көрер ме?!
Жылайын, елім, жылайын,
Жыламай қайтып тұрайын.
Жалғызым келер күн болса,
Жыламай тәубе қылайын.
Жылқы ішінде ақ маңдай,
Шешіле сөйлер жез таңдай.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жыламай қайтып тұрамын,
Талауға түскен үй қандай?!
Талауға түсті үйім-ай,
Кетті ғой менің күйім-ай.
Төрт жастағы Қабиым,
Кескіге түсті күнім-ай.
Қайтейін енді жұртым-ай,
Қандай ек әкем тұсында-ай.
Төрт жастағы Қабиым,
Не істеді екен, шіркін-ай?!
Кескіге түсті-ау анамыз,
....................................
Жалғыздықтың қиыны-ай,
Жоқ болды-ау біздің шарамыз.
Ақ бұлақ бойы қалың ши,
Жиылып сөйлер өңкей би.
Ата-анамды өлтіріп,
Көрсетті-ау, бізге нелер күй.
Қайтемін енді елім-ай,
Орнатқан әкем көлін-ай.
Ауылын, жұртын көргенде,
Айналып түсер белім-ай.
Қыбыладан соққан самалым,
Соқтырған әкем дауалын.
Аяулы әкем тұсында,
Қайтейін қайран заманым.
Қара да күнгей қара жал,
Мұңымды айтам құлақ сал.
Қор болып кетті-ау, ата-анам,
Көкірегімде қайғы бар.
Арманым қатты-ау, дертім зор,
Түскен соң басқа қалың сор.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Сәрсенбі күні сәскеде,
Ауылға келді қара нор.
Ұлужан бойы құрағын,
Мал жайылар пұрағын.
Ата-анам мен Қабиым,
Бір қабір болды-ау тұрағың.
Жаратқан Жаппар ием-ай!
Жасаған салдың жүйеге-ай.
Аяулы, қайран жан әкем,
Артып бір кетті түйеге-ай.
Жиырма күн мөлшері,
Аманат тұрды сүйегі.
Ата-анамды ойласам,
От болып ішім күйеді.
Сөйлей бер тіл мен жағым-ай,
Сөйлерге келді шағым-ай.
Кескіге түсті жан анам,
Шықпады менің жаным-ай!
Сер қарағай мекен-ай,
Сермесем қолым жетер ме-ай?
Кескімен өлген жан анам,
Жалғанда ойдан кетер ме-ай?!
Өзен бір судың жағасы-ай,
Жағалай біткен ағашы-ай.
Әкемді құртқан қара бет,
Болады бізге нағашы-ай.
Өлтіріп беріп жауыздар,
Дұшпанның қанды табасы-ай.
Алашқа шыққан атыңыз,
Асыл бір туған затыңыз.
Аяулы, қайран жан әкем!
Қамауда қалды артыңыз.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Есіктің алды көл дейін,
Ұлужан бойын өрлейін.
Кескімен өлді-ау, жан анам,
Есіме түсіп еңіреймін.
Ана бір таудың биігін,
Бауырына ойнар киігін.
Он төрт жасқа келгенде,
Тарттым ғой әкем күйігін.
Тұрымтай ұшып өтпеген,
Биік бір таудың саласы-ай.
Ығынан боран жүрмеген,
Ағайынның панасы-ай.
Ай туады төбеден,
Күміс те жүген жебеден.
Оқ тиді-ау әкем басынан,
Мұндай да болам демегем.
Қарауыздар жағалап,
Маңдайдан келіп көздеген.
Көзі бір қайтып қиды екен,
Мылтығын алған көлденең.
Кескімен өлді-ау анамыз,
Көкірегінде арман бар.
Қамауда қалды-ау қайтейін,
Артында тірі қалғандар.
Жамандап жүріп жаққаны-ай,
Алтыннан медал таққаны-ай.
Өлтіріп беріп әкемді,
Жаулардың рақат тапқаны-ай.
Тұтқында қалды жалғызым,
Сұрақсыз қинап тастады-ай.
Жазудан екі болмайды,
Жаратқан Алла сақтады-ай.
Мекендей жерім—Ұлужан,
Қара жол болып қазылған.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Ата-анамды жоқтайын,
Қағазға жыр боп жазылған.
Құдіреті күшті Құдай-ау!
Не көрмедім жасымнан.
Жылқы ішінде боз ғана-ай,
Мұңымды айттым аз ғана-ай.
Тоқтатайын осымен,
Қайғыны өткен қозғамай.
36. КЕЛІННІҢ АТАСЫН ЖОҚТАУЫ
Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.
Асқар таудай биігім,
Жаралы болған киігім.
Жазықсыздан мерт болдың,
Түгемес іштен күйігім.
Көлде жүзген ақ балық,
Торға түсті-ау алданып.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Біз жыламай кім жылар,
Артыңда қалдық зарланып.
Дауысым шықты-ау талығып,
Бізді кетті налы қып.
Жүректің шерін ағытам,
Атаекем сізді сағынып.
37. БИҚАЖЫНЫ ЖОҚТАУ
Бісміллә сөздің басында,
Алланың аты қасында.
Дүние салды қажы атам,
Тоқсан екі жасында.
Есіктің алды бел болар,
Белден бір асқан ел болар.
Қажы атам дүние салған соң,
Көзімнің жасы көл болар.
Мінгенде атым қара кер,
Бір Алла өзің пана бер.
Қажы атамның қайғысын,
Көтерер ме қара жер?!
Қажы атам елдің панасы,
Ақылдың асқан данасы.
Алладан келген әмірге,
Адамның болмас шарасы.
Алтай мен Боғда, Сауырым,
Бытырай қонған ауылым.
Қажы атам қайтып дүниеден,
Қайғының көрдік ауырын.
Қажы атам еді-ау, қормалым,
Жанаттан ішік орманым.
Қажы атам көшіп дүниеден,
Қайғылы көңіл болғаным.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Есіктің алды мойылды,
Мойылдан алғам сойылды.
Меккеден келген Қажы атам,
Қандай бір жерге қойылды.
Қажы атам елдің панасы,
Ақылдан еді данасы.
Қажы атама қайғылы,
Он екі керей баласы.
Әділдік жолын таңдаған,
Халқына зәбір салмаған.
Қоқайлап жаулар келгенде,
Адалдық жолдан таймаған.
Қажы атам мен қара Оспан
Қатар топқа жарасқан.
Екі дәу қатар келгенде,
Жоқ-жітікке қарасқан.
Байқара мен Құланбай
Азаттап салған ұрандай.
Қажы атам дүние салған соң,
Қайтеді бәрі жыламай.
Ақбұлақ басы жайлауым,
Жасаңға бие байлауым.
Науқасы салмақ тартқанда,
Ел-жұртым, қайғы ойладың.
Қажы атам халық қормалы,
Жанаттан ішік орманы.
Төтелей науқас келгенде,
Дауадан шипа болмады.
Батқандай болды-ау, ай-күнім,
Ауыры-ай қара қайғының.
Дұспанға үрей тудырған
Арыстандай айдының.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мінгендей атым ақ жалды,
Үстінен ерім алман-ды.
Қажы атам билік құрғанда,
Қара қылды қақ жарды.
Қажы атам елін билеген,
Тастап бір көштің дүниеден.
Үкімі қолда тұрғанда,
Халқына зәбірі тимеген.
Байтоллаға барғаның,
Бағыштап құрбан шалғаның.
Садақа-сауға көп беріп,
Пақырдан сауап алғаның.
Қадірлі атам халқына,
Өсиет тастап артына.
Ат қойып ғайып ісіне,
Келтірген ойын шартына.
Тоқсан екі жасыңда,
Толықсып бағың басыңда.
Науқасың салмақ тартқанда,
Жиналдық жұртың қасыңа.
Опасыз мына жалғанда,
Атырдық талай таңдарды.
Науқастың жайын білген жұрт,
Ақылын таппай сандалды.
Құранның отыз парасы,
Молланың оқыр данасы.
Алладан болған бұйрыққа,
Адамның болмас шарасы.
Ақжорға міндің тағалап,
Тұлпарға тегін бағалап.
Ақылың асқар қажы атам,
Жүретін керей ағалап.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Бақытты дәулет басыңда,
Нөкерлі тобың қасыңда.
Отырдың билік тағында,
Он жеті деген жасыңда.
Алпысыңда қажы едің,
Қауым жұртқа жаз едің.
Қайғымен елің қапалы,
Билігің адал қазы едің.
Халқыңа зәбір салмаған,
Еш жанның көңілі қалмаған.
Ықылас тиген сабазым,
Тілейміз шапағат Алладан.
Еліңе берсін береке,
Дұспанға етпей келеке.
Өтеді күнім жылаумен,
Көзімнің жасын сел ете.
Әпитек басы әлхамды-ай,
Әлхамнан аспас әрқандай.
Қажы атам тірі тұрғанда,
Толықсып бастым алшаңдай.
Қажы атам еді ардақты,
Күмістен алтын салмақты.
Алдыңа жұмыс келгенде,
Ойлаушы едің жан-жақты.
Қажы атам едің сүйікті,
Жалпыға бірдей сиықты.
Опасыз жалған өткен соң,
Отырмыз болып күйікті.
Қажы атам барған Меккеге,
Бармаса көңіл жете ме?!
Айналайын қажы атам,
Есімнен, сірә, кете ме?
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Айналайын құдайым,
Басыма салдың уайым.
Түскен соң қайғы салмағы,
Жұртыма шағып жылайын.
Халыққа пана болдыңыз,
Айрылып болдық сорлы біз.
Шапағат тиіп тәңірден,
Ұжымақтан болсын орныңыз!
Құранның басы әлхамды-ай,
Армансыз кім бар жалғанда-ай?
Шапағат тисін Алладан
Артыңда жылап қалғанға-ай!
Ақылмен билеп халқыңды,
Халқыңа жаққан салтыңды.
Берекесін бекемдеп,
Сақтасын Алла артыңды.
Оқысын молла дұғасын,
Өткізбей айдың жұмасын.
Артыңда қалған ұрпағың,
Сағынбай қайтып шыдасын.
Опасыз өткен сұм жалған,
Одан асып кім қалған.
Иманды болғыр, қажы атам!
Төбеңізді күн шалған.
Амалсыз адам жалғанға,
Кім жетеді арманға?!
Нәсіп етсін жаннатты,
Қиямет күні болғанда.
Оқуда жүрген баласы,
Көзінің ақ пен қарасы.
Тіріде көзі көруге,
Болмады-ау, шіркін, шарасы!
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
Нұрланған күнге қараймын,
Күн нұрындай арайлым.
Басылмай жалын тұрса да,
Жамағат тілін алайын.
Оқысын дұға білгендер,
Тетелес бірге жүргендер.
Тілейін тәңірім өзіңнен,
Қажы атама иман бер.
Мінгендей атым ақтан кер,
Қажы атам еді асқар бел.
Имандай болып жолдасы,
Торғындай болсын жатқан жер.
Қажы атам мінген жорғасын,
Күмістен ауыр қорғасын.
Айналайын, қажы атам,
Иманың болсын жолдасың!
38. АТАСЫН ЖОҚТАУ
Биссимилла сөзді бастайын,
Басыма құран жастайын.
Кешегі жүрген атекем,
Жоқтаусыз қайтіп тастайын.
Есіктің алды мұнайды,
Мұнайдан атым құлайды.
Бауыры бүтін басы есен,
Сырттан тұрып сынайды-ай.
Сынаушының бірі едім,
Бізге де салған құдайды-ай.
Аталардан бата алған,
Молдалардан хат алған,
Дәуренімнің барында,
Атекем сұлтан атанған.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
39. ТҰРСЫНҒАЛИДЫ ҚЫЗЫ КҮЛӘЙДІҢ ЖОҚТАУЫ
Асқарым, әке, сен едің,
Балдырғаның мен едім.
Қайғымды сөзге тізбектеп,
Көз жасымды төгемін.
Есіктің алды тал шынар,
Бастарын сипап күн шығар.
Әкелеп мен жүгірсем,
Алдымнан күліп кім шығар?!
Бетімнен менің кім сүйер,
Еңсесін маған кім иер?
Жығылып кетсем сүрініп,
Қолтығымнан кім сүйер?
Әкемнің өртеп күйігі,
Мен болдым қазір бұйығы.
Әке арманын атаймын,
Асылдың болып сынығы.
Көтердің көкке басыңа,
Деуші едің ылғи: «Жасыма!»
Тәрбиелеп, мәпелеп,
Кім келер енді қасыма?
Деуші едің мені «Өсе гөр,
Мұратыңа жете гөр!»
Қадіріңді білмесем,
Кеше гөр, әке, кеше гөр.
Қызығымды, әке, көрмедің,
Ұзақ бір ғұмыр сүрмедің.
Басыма қайғы түспесе,
Мен мұндай зарды дер ме едім.
Әкем менің ақ сұңқар,
Әке рухы бізде бар.
Әкеден қалдық төрт жетім,
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
«Әке көрген оқ жонар».
Әкемді зарлап жоқтайын,
Шерімді төгіп тастайын.
Қапыда кеттің әкешім,
Аузымнан қайтып тастайын?!
40. ТҰРСЫНҒАЛИДЫ КЕЛІНІ ҚАЛИМАНЫҢ
ЖОҚТАУЫ
Айналайын ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Ағекем кетіп арманда,
Дерттенді көңіл сарайым.
Ағекем, ақыл сәулетің,
Тойтарушы едің жау бетін.
«Ер намысы—ел ісі»
Деуші едің аға, дәулетім.
Жайраңдап жүрген күн қайда?
Тас жүрек тағдыр мұндай ма?
Ағеке, сізді ойласам,
Көз жасым менің тоқтай ма?
Әділет еді сөз басы,
Ағекем еді ол басы.
Істерің ізгі арман боп,
Төгілді көптің көз жасы.
Ел сұлтаны арысы-ай,
Жүректің тоқтап тынғаны-ай.
Жұрт үшін еді бар ісі,
Бәйтерек құлап сынғаны-ай.
Көкекке тоғыз дүйсенбі,
Қайғы бір бізді еңсерді.
Дос қайғыдан бүгіліп,
Жұрт күйзеліп теңселді.
7-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қыран еді көктегі,
Аққу еді көлдегі.
Артында қалған інісі,
Көлдетіп жасын шөлдеді.
Алтын ерден қас кетті,
Елімізден бас кетті.
Орындалмай арманы,
Ағекем менің жас кетті.
Ақеділ едің, жайдары,
Ақылдың едің қайнары.
Қайсар, қайтпас мінезің,
Халқымның еді айбары.
Жамандыққа баспадың,
Халқыңды алға бастадың.
Береке-бірлік ұйтқысы ең,
Ырысын елдің шашпадың.
Жан ағам еді тиянақ,
Қиыннан шыққан қиялап.
Әлсіз бен жесір, ғарыпқа,
Бақ болған, пана, сая бақ.
Қуларды жақсы демеген,
Ой толғап әділ өреден.
Тосыннан келген сұм ажал,
Рақымсыз едің не деген?!
41. ӘЙЕЛДІҢ ЕРІН ЖОҚТАУЫ
Ал бастайын сөз басын,
Қайғылы жүрек қозғасын.
Жолдасымды ойласам,
Тоқтамайды көз жасым.
Орауышым оңбады,
Отызға жасың толмады.
Жеті жыл жолдас болғаның,
Жеті күндей болмады.
Орамал тіктім оң кесте,
Шымылдық тіктім шым кесте.
Артыңда қалған жалғызды,
Толтырмай кеттің он беске.
Басқанда жерде із қалды,
Артыңда бір қыз қалды.
Жастай сенен айрылып,
Жыламасқа нем қалды.
Жүкке жиған ішігің,
Домалап жерге түсуін.
Жасым келмей отызға,
Басыма қайғы түсуін.
Саз жағасы былқылдақ,
Шөбі шығар сылқылдап.
Жарын жоқтау
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Арыздасып-қоштасып,
Жатпадың үйде ыңқылдап.
Жалғызың қайтып ер жетер,
Ержеткенше ес кетер.
Артыңда қалған бір сорлы,
Қайғымен жүріп күні өтер.
Жылқы ішінде боз атың,
Әкелі бала озатын.
Әкесі жоқ жалғызың,
Болды ғой енді тозатын.
Омырау толы ақ моншақ,
Әкелі бала мақтаншақ.
Әкесі жоқ жалғызың,
Болады енді жасқаншақ.
Кереге жайдым бес бастан,
Қайғылы болдым мен жастан.
Бүйтерімді мен білсем,
Ұшпас па едім жартастан.
42. ТҰРСЫНҒАЛИДЫ ЖҰБАЙЫ
ТҰРДЫҚАННЫҢ ЖОҚТАУЫ
Сарбазым кетіп арадан,
Қайғыға батты бар адам.
Ауру, әлсіз, жетімге,
Жан еді көп қараған.
Содыр жолын қоймайтын,
Жақсыларды қолдайтын.
Жанындай жақсы көретін,
Социалистік жолды айқын.
Алты қанат ақ ордам,
Шаңырағы шағылды-ай.
«Жетім-жесір» деген ат,
Бізге де келіп тағылды-ай.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
О, дүние, арман-ай,
Рақымсыз ажал алғаны-ай!
Ешкімге опа бермеген,
Опасы жоқ жалған-ай!
Өмір бойы жалғасар,
Таусылмас мәңгі арман-ай!
Айналайын арысым,
Халқыңа еді бар ісің.
Көркейтіп еді ауданды,
Жұмыстың тауып әдісін.
Көшелерді жоспарлап,
Безендіріп қала ішін.
Егін, мал тең өсірдің,
Арттырып аудан несібін.
Дәріптеуші ең сапаны,
Көз боямай сан үшін.
Үкімет, халық деуші едің,
Жібермей елдің намысын.
Мектептерді көбейттің,
Әр ұлт ұрпақ бала үшін.
Цемент жолдар жасаттың,
Болашақтың қамы үшін.
«Қолдаңдар!» деп үндедің,
Еңбекшілдік жарысын.
Ой-қырды тұтас шалушы ең,
Қиындық болса-ақ барушы ең.
Ел басына жұт төнсе,
Қара қаздай жазушы ең.
Көш жол салдың халқыңа,
Мал, жердің қарап парқына.
Ұлттарды түгел алқадың,
Көрсеттің қызмет жалпыға.
Қабаттап үйлер салғыздың,
Мұра қып артта қалғыздың.
Құрылыстың қамын жеп,
Миллиондап ақша алғыздың.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тәжірибесін үйрендің,
Жинақтап келіп бар елдің.
Адамдарды баптадың,
Жақсы істерді мақтадың.
Таласса, дес бермедің,
Құс аса алмас кер ме едің?
Ел-жұртыңның бағына,
Ортада, Алла-ау, жүр ме едің?
Өзің еккен жемістің,
Миуасын әттең татпадың.
Коммунистік моральды,
Өмір бойы сақтадың.
Зымырап «Ақбоз» барады,
Аралап жаңа қалаңды.
«Сен бе екен?» деп күн салып,
Жабыла елің қарады.
Халқыңның едің баласы,
Азамат, асыл, данасы.
Рухани жақтан дерттендің,
Табылмай кетті дауасы.
Түсінер деп ойлаймын,
Бар болғандар санасы.
Жарамдымен жанасқан,
Еңбегі елге жарасқан.
Данышпан, дана, сабазым,
Беделі асқан алаштан.
Жүрегіңе дерт салды-ау,
«Мансап» деп саған таласқан.
Күңіреніп халқы кеп жатыр,
Ізінен басқан адасқан.
Сөз сөйлеген кеңесте,
Бермеген есе егесте.
Тосқандар алдан ор қазып,
Кезеңдер тосты емес пе?!
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Анығын айтсам ашынып,
Қалады жүрек басылып.
Заманым мен халқыммен,
Бөгейін несін жасырып.
Аулақ еді қас, тарлық,
Көтерді халқы аспан қып.
Көре алмайтын аз санды,
Жасады ғой қастандық.
Айтпасам оны дастан қып,
Арылмады бастан жүк.
Өмірдің мұрат тұрағы,
Қайдасың әділ шырағы?
Күншіл менен топасқа,
Жүрмей ме заңның сұрағы?
Аузына халқы қараған,
Әділет сөзі тараған.
Еңіреуде халқы егіліп,
Арысынан айрылған.
Қанатынан қайрылған,
Семсер дүзі майрылған.
Жолаушылап барғаны,
Іленің еді қаласы.
Жүйелі сөзге адамның
Болушы еді таласы.
Құсадан кетті ашынып,
Жүрекке түсіп жарасы.
Мекені болды Мәңгілік
Қарабура жағасы.
Жайдары жүзді досым ең,
Құдірет өзің қосып ең.
Бірлікте өткен тіршілік
Аяқталды ма осымен?
Қолымнан сусын бермедім,
Өтерде жүзін көрмедім.
Сұм хабар жетіп келгенде,
Оған да мүлде сенбедім.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мерейің тұнық көктемде,
Сау едің үйден кеткенде.
Сене алмай жүр халқың да,
Құдайдан ажал жеткенге.
Көкірек шерлі, көзде жас,
Айтпасам жұртым, жарамас.
Арманда кеткен арысым,
Қасіретім менің тарамас.
Ел-жұрты сүйген сабаз-ай,
Дүниеден ерте көшкені-ай.
Күңіреніп, боздап ел-жұрты,
«Арманда кетті!» дескені-ай!
Көп тілеген көңілден,
Бақ жұлдызың өшкені-ай!
Мерейлі нұрлы күн шуақ,
Артыңда қалдық шырқырап.
Қайғың болды елге ортақ.
Күйзелді халқың шұрқырап.
Айналайын халқымнан,
Құрметтеген салтынан.
Азаматтар күйзелген,
Көрсеткен қызмет нарқынан.
Жүргенде жерің гүл еді,
Жайдары жүзің нұр еді.
Қазіргі күнім не болды?
Бұрынғы күнім күн еді.
Шыңдары асқар биіктің,
Алтыннан қымбат иықтым.
Өзіңді ойлап өртендім,
Ортасында күйіктің.
Сабазым едің ардақты,
Болжайтұғын жан-жақты.
Ажалдың оғы тиген-ай,
Ұрпағың, халқың зар қақты.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Опасыз дүние, жалған-ай,
Құдайдың басқа салғаны-ай.
Тұтқиыл сөніп бақ жұлдыз,
Тіл қата алмай қалғаны-ай.
Асқар, асыл бағланым,
Самалды, салқын бау-бағым.
Жаныңда жүрдім алшаңдап,
«Сен қалайсың?» демедің.
Бақ жұлдызым, киелім,
Қайғыңа от боп күйемін.
Жолаушы кеткен арысым,
Аруақ боп келді сүйегің.
Қайғырып елің жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Теңселіп, өксіп кең далаң,
Ақшоқы басы құлады.
Өзіңдей сабаз, қормалын,
Өлімге қайтып қияды?!
Жайраңдап жүрген күндерің,
Елестеп көзде тұрады.
Қарт Барлық кетті қалтырап,
Қалаң тұр мынау аңырап.
Түнерген тұл жамылды,
Жанкісі, шегір салбырап.
Құса боп көлдер шайқалып,
Сұңқылдап аққу айналып.
Дүние тұтас тұншықты,
Желдің де тілі байланып.
Өзекті өрт шалғандай,
Құлыстай қурап қалғандай.
Не жазып едің тағдырға
Қайғыға өстіп салғандай?
Тасты мен Еміл суалып,
Жасыл тау, адыр қуарып.
Көзіме дүние көр бейне,
Өртеді ішті у алып.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Дүние жолың тар да екен,
Қасірет-қайғы зарда екен.
Жан досынан айрылған,
Мендей де сорлы бар ма екен?!
Опасыз тағдыр құшқаны-ай,
Ойда бір жоқта қысқаны-ай.
Жер соқтырып қыраным,
Көзімнен бұлбұл ұшқаны-ай.
Қыраным едің, қарағым.
Көз жасты көрер адам жоқ,
Құдайдан басқа панам жоқ.
Ойладым ба артыңда
Қайғыңды тартып қалам деп.
Төртінші айдың тоғызы
Тоқтаған демі күні еді.
Көңілі кетті көлеңке,
Мезгілсіз тоқтап жүрегі.
Ер басына күн туып,
Бір мезет досым жүдеді.
Бола алмайды ешкім де
Бұл дүниенің тірегі.
Иіліп кетсе ақиқат,
Осыған адам күйеді.
Бұл айтқан сөзім киелі,
Дұшпанға барып тиеді.
Өмірдің келіп қырсығы,
Ойымның зырлап ұршығы.
Ажалдан бұрын әкетті-ау,
Қу нәпсінің құлқыны.
Жасы бірге құрбылар,
Жанымды қайғы бұрғылар.
Есіл ер кетті жан үзіп,
Кім түсінер, сырды ұғар?
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Тіл, көмекей тиегім,
Қайғыңа от боп күйемін.
Әділет іздеп кетіп ең,
Аруақ боп келді сүйегің.
Айтсам да оны дастан қып,
Арылмайды бастан жүк.
Ақиқатын айтқанда,
Әкетті жанын қастандық.
Атыңнан зарлап жылайын,
Екі ауыз сөз құрайын.
Сабазымның ажалын,
Ізденіп тағы сұрайын.
Орнын беріп басқаға,
Тәбеті соқпай асқа да.
Қызығын көріп ұрпақтың,
Келмеді алпыс жасқа да.
Жаның менен бағыңа
Сұқтанған құзғын оңбасын.
Төбесіне жай түсіп,
Ұрпағы мәңгі сорласын.
Көңілде қайғы, көзде жас,
Сапарым едің елге бас.
Түк көрмей кетсін өмірден,
Бағыңды ұрлап, қылған қас.
43. БИССИМІЛЛӘ ДЕП БАСТАЙЫН
Биссиміллә деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Қайран да менің асылым,
Жоқтамай қайтып тастайын.
О-о-у, қормалым!
Қормалым еді-ау қорғаным.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Кермеден кетті дүлдүлім,
Бағынан ұшты бұлбұлым.
Пәниден көшті бақиға,
Табылар қайдан бір күнің?!
Әкем бір қосқан досым-ай,
Мұңлық деген осы ма-ай.
Заманым болар бір сығым,
Заршылық түсті басыма-ай.
Қолымнан ұшты бұлбұлым,
Кермеден кетті дүлдүлім.
Рақымсыз ажал өшірді,
Иранбақтың бір гүлін.
Бұзылды алтын қаламыз,
Оңуға бар ма шарамыз?
Айналды заман қиынға,
Ойласақ естен танамыз.
Жамағат ойға қаламыз,
Ғасіретпен жанамыз.
Қайтып ақыл табар-ау,
Артыңда қатын-балаңыз?
Сөз бастайын пірімнен,
Жан жаратқан кәрімнен.
Амалым бар ма айрылдым
Асқар тауым, әлімнен!
Сандуғашым сайраған,
Иранбақта жайнаған.
Қалды-ау артта балалар
Бау шарбақта ойнаған.
Тілеу дұрыс деуші едім,
Құдайға не еттім қоймаған?!
Жас баладан жабырқап,
Қасірет-қайғы ойлаған.
Елім-жұртым, құлақ сал,
Бұлбұлым кетті сайраған.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Болат еді тас кесті,
Алмаспенен қайраған.
Әлпештеген дүлдүлім,
Арғымағым байлаған.
Кең ойлы туған сабазым,
Алыстан ақыл ойлаған.
Ерегескен жауыңды
Алушы ең ақыл-айламен.
Тау басынан қар кетті,
Арғымақтан жал кетті.
Серігім сізден айрылып,
Ақша беттен қан кетті.
Салтанат қайда, салт қайда,
Енді бізден сән кетті?!
Қаршыға түсер қалыңға,
Қанатын соғар шалғынға.
Ұсынсам қолым жетпейді
Әуелеп ұшқан жалынға.
Таудың көркі талменен,
Жігіт көркі малменен.
Ұрпақтың көркі әкемен,
Әйелдің көркі жарымен.
Ағұзұ деп бастамақ.
Бісміллә деп сөз басын.
Басқандықтан қайғы-мұң,
Төгілді менің көз жасым.
Зар еңіреп жоқтаймын,
Атаның жалғап мұрасын.
Түзде тұйғын ділдәрім,
Халқына жайлы лашын.
Тарбағатай, Барлықты,
Жылаумен дауысым қарлықты.
Көл болып жасым төгілді,
Салыпты Алла жарлықты.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Әуелі сөзді парлайын,
Ертелі-кеш зарлайын.
Қормалымнан айрылып,
Сорлы болды маңдайым.
Тудым деп пенде қуанба,
Туудың түбі өлі екен.
Өтеріне келгенде,
Дүние қызыл жел екен.
Баяны жоқ сұм жалған
Жаңбырдан соңғы сел екен.
Отырмыз сізге зар болып,
Кең заманым тар болып.
Ұйқыда көрген түстей боп,
Тағдырға мына таң қалып.
Қара шапан бүркендім,
Шықпадым үйден шұбалып.
Ертелі-кеш зарладым,
Дәрия-көлдей су алып.
Жетейін деп келгенде,
Қиын жоқ осы зарыңнан.
Көрмегендей жарық күн,
Қасірет басты қайғыдан.
Жаңбыр, бұршақ нөсердей,
Көзімнің жасы парлаған.
Қасиетті рухыңа,
Моллалар дұға арнаған.
Он сегіз мың әлемде,
Армансыз өткен бар ма адам?!
Күнәға батып қайтейін,
Сұрайын иман Алладан.
Пенде екенбіз бес күндік,
Өлімге басын байлаған.
Оқытып құран тоқтайын,
Қапыда ішім қайнаған.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
44. ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Мінгенде атым кер шұбар,
Тебінген сайын тер шығар.
Тең тұсың сенің келгенде,
Теңселіп үйден кім шығар.
Үйге бір жапқан туырлық,
Заманым кетті қуырылып.
Құрбың сенің келгенде,
Кім шығар үйден суырылып.
Үйге бір салған уықпын,
Әр пәлеге жуықпын.
Айналайын, Құдай-ау,
Сәтсіз де күні туыппын.
Үй артында сырығым,
Ұстаған жерде сынуын.
Жолаушылап кеткенде,
Құдай салды-ау құрығын.
Тұскиіз басы шым кесте,
Шым кесте емес, мың кесте.
Артыңда қалған балаң да,
Жете алмай кетті-ау он беске.
Бал қайнаттым бақырға,
Ат байлаттым ақырға.
Жалғанда көрген балалар,
Жетпей де қалды-ау, ақылға.
Мінгенде атым қара кер,
Ақырын-қатты соғар жел.
Көрейін деген қызығын,
Көрсетпей алды-ау қара жер.
Үйіңнің ішін өрт алды,
Көкірек басын шер шалды.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жетейін деген арманға,
Жеткізбей ажал ерте алды.
Мінгенде атым сары кер,
Іздедім көп дәрігер.
Іздесем де дәрігер,
Болмады шипа дәріден.
Әуеден ұшқан торғайым,
Балапанын қорғайын.
Зарлы боп туған мен байқұс,
Маңдайымда сор қалың.
Қайыңнан болды күрегім,
Қайғылы болды-ау жүрегім.
Қиямет-қайым болғанда,
Қосылар ма екен сүйегім.
45. КҮЙЕУІН ЖОҚТАУ
Бозінгендей боздадым,
Өз құрбымнан озбадым.
Оң жаққа салған қу төсек,
Жақсылықпен тозбадың.
Айналайын, Құдайым!
Оң жақтан неге қозғадың?
Шақырайын шаяндай,
Бар дауысыммен аянбай.
Қосыла түсіп айрылдым,
Қожіке мен Баяндай.
Жасымнан мені зарлаттың,
Құдіреті ұлық бір Алла-ай.
Құдай қосқан жолдасым,
Түсірдің мені қиялға-ай.
Жолдасым еске түскенде,
Отырмын жерден тұра алмай.
Ат байладым ырғайға,
Дауысым жетпес Құдайға.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Дауысым жетсе Құдайға,
Алғаным тірі болмай ма?!
Қара бір таудың шиесі-ай,
Жайылар байдың түйесі-ай.
Салулы төсек, салқын үй,
Қайда кетті иесі-ай?!
—Қой, қарағым, қой!—деп тоқтау айтылған соң айтқаны:
Қой десеңдер, қояйын,
Қойдан қоңыр болайын.
Қойдырыңдар жылауды,
Оқытайын құранды.
Құран болса да қуат қой,
Алғаныма сауап қой.
Құдай қосқан алғаным,
Артыңда зарлап қалғаным.
Жаныңмен жаным бір болып,
Қасыңда сенің қалмадым.
Опасы жоқ сұм жалған,
Бес күндік өмір алдадың.
..................................?
Басыма түсті қиын іс.
Құдай басқа салған соң,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
.................................?
Қайғыңменен жүдейін.
Құдай қосқан жолдасым,
Ағынан иман тілеймін.
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағынып.
Иманды болғыр ақ досым,
Ел-жұртың келді сағынып.
Ақ бүркей салдым басыма,
8-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Керегеге қарап табынып.
Құдай басқа салған соң,
Көзден жас келді ағылып.
Айтайын, жұртым, зарымды,
Көңілді қайғы—барымды.
Жыламай қайтып тұрайын,
Кең дүние тарылды.
Айтайын, жұртым, мұңымды,
Басыма түскен күнімді.
Өткіземін зарлаумен,
Күндіз бенен түнімді.
46. ҚҰСАЙЫНҒА АЙТТЫРҒАН ДАУЫС
...Үш некелі боп едің
Үш-төртеу көрдің перзенттен,
Ақылыңа серік боп,
Екі балаң ержеткен.
Тура қаза келгенде,
Кім қалады жендеттен.
...Дүниеден ғапыл қап,
Жүгіріп жүрген мен едім.
Кім біледі қайғының
Жоғары менен төменін.
Баласы деп айтады,
Ақсүйек туса, төренің.
Қажеті болса нашардың,
Қазынаңнан төледің.
Отыз екі жасыңда,
Дүниеден өттің зерегім.
Арыстаным, шырағым,
Ағып жатқан бұлағым.
Осыны ойлап қамығып,
Келді-ау, жұртым, жылағым.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Әділетпен сұраған,
Үш бірдей жұрттың сұрағын...
Арманым менің көп болды,
Өзекке түсіп дерт болды.
Таразға тартқан қорғаным,
Қырылып бәрі мерт болды.
47. КӘРІМДІ ЫРЫСАЛДЫНЫҢ ЖОҚТАУЫ
Жаз жайлауын айтайын,
Сарғазардың саласы.
Қыс қыстауын айтайын,
Қара судың жағасы.
Сымға тартқан күмістей,
Он саусақтың саласы.
Көрсетумен ұсталды-ау
Қу сатқынның баласы.
Көре алмаған дұшпанның
Енді қанды-ау табасы.
Әуеден ұшқан лашын,
Лашын жаяр құлашын.
Табындағы тарланның
Тас айырды-ау турасын.
Жаны ашыған ағайын
Жыламай қайтып шыдасын.
Елі-жұртым, ағайын,
Мұңымды кімге шағайын.
Арманда кеткен арысым,
Пәниден қайтып табайын.
Аяулы көзге шөп тиді,
Аш бүйірден оқ тиді.
Аш бүйірден тиген оқ,
Суырылмастай боп тиді.
Сауысқанның баласы,
Ағынан көп қарасы.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қапия кеткен арыстың
Жалғанда бітпес жарасы.
Қарағай сындым, жас сындым,
Қарсыға біткен тал сындым.
Айбынынан айрылған,
Сор маңдай жанға тәмсілмін.
Ақ шәйнектің тұтқасы-ай,
Күрмелер жіптің қысқасы-ай.
Бас қалқамнан айрылып,
Үйдің де кетті нұсқасы-ай.
Жорға да жүйрік мінгізген,
Жібектен торқа кигізген.
Иманды болғыр, бас қалқам,
Көлеңке саймен жүргізген.
Сені ойласам серім-ай,
Тұрамын қайтып егілмей.
Порымыңды ойласам,
Жылқының қара көгіндей.
Сөйлеп тұрған сөздерің,
Ебінің қызыл желіндей.
Арманда кеткен асылым,
Көгінде орған егіндей.
Құлады алтын терегім,
Ел мен жұртқа керегім.
Ақылдың кені дер едім,
Айрылдым сенен, зерегім!
Судан да шыққан сүйрігім,
Суырылып озған жүйрігім.
Артыңда жылап мен қалдым,
Қайғының тартып күйігін.
Беліне семсер байлаған,
Елінің қамын ойлаған.
Тең құрбысы келгенде,
Бұлбұл құстай сайраған.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Қыран құстай саңқылдап,
Бәйге атындай аңқылдап.
Нажағайдың отындай,
Өтіп бір кетті-ау жарқылдап.
Өтерінде кім білген,
Айым мен күнім күйінген.
Қайырлы, қайран, бекзатым!
Ауызға жастай ілінген.
Алма ағаш шығар аласа,
Жиде ағаш шығар таласа.
Топ ішінде зарланып,
Елге де болдым тамаша.
Табына озған тарланым,
Ойымнан кетпес арманым.
Ақ бүркей салып басыма,
Артыңда қалып зарладым.
Өлейін десем өле алмай,
Өз жанымды қия алмай.
Көзімде жас бұршақтап,
Артыңда қалдым ұялмай.
Тауға бір біткен тасжарған,
Арғымақ мойнын бос салған.
Артында қалған баласы,
Емшектен шықпай жас қалған.
Қамыстан тартқан қияғым,
Жалғыз да болды-ау тұяғың.
Жалғыз деп Алла не дейін,
Жанар ма екен шырағың.
Мінгендей атым кер еді,
Кекілден аққан тер ме еді.
Иманды болғыр, басқалқам!
Егеске туған ер еді.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Екі де кісі бас қосса,
Мен сөйлейін дер еді.
Азғындар айтқан жаламен,
Сен болдың жауға керегі.
Құнанбай, Дөненбай, Кәрім-ді,
Айтайын сабар бәріңді.
Арманда кеткен үш арыс,
Егіліп жұртың сағынды.
Жың өзен бойын қыстаған,
Шағидан тымақ тыстаған.
Алтекең атты атадан,
Үш бірдей кісі ұстаған.
...................................
Ноқалай тіккен тақия.
Арманда кеткен бекзаттар,
Тұтқынға түстің қапия.
Тасыған судың сағасы,
Орталай қалды шарасы.
Жотасынан айрылды,
Үш бірдей ердің жағасы.
Қаракерей халқына,
Ұғылсын сөздің бағасы.
Түбіне жетті амал не,
Ағайынның аласы?!
Ажалға тура кез болды,
Нақақ сөздің жаласы.
Сүйегін қолдан қоймады,
Болатшының баласы.
Көрсетпей көзге қан төкті,
......................................
Торғайдай тозып ел кетіп,
Иен қалды даласы.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Арыздаспай, қоштаспай,
Арманда кетті жұбайым.
Су түбінде кеме еді,
Жазыққа біткен төбе еді.
Төре де емес қара еді,
Төремен басы тең еді.
Өз тұсынан артылған,
Белгілі жұртқа бел еді.
Халқына қиын іс келсе,
Сөйлеген сөзі ем еді.
Маңдайға сыймас, Бекзатым,
Іздесем қайдан келеді?!
..................................
Қайғының жанар шаласы.
Анық білген атағын,
Төрт өлкенің ағасы.
Рухыңа нұр боп шашылсын
Құранның отыз парасы!
Отыз екі жасыңда
Ғайыптан болды-ау қазасы.
Зор қайғыға жолықты
Атасы мен анасы.
Ақ бүркей салдым басыма,
Ата-анаң отыр қасымда.
Қойды Құдай жесір қып,
Дәл жиырма бір жасымда.
Батырдың атқан таңымды,
Байладың жастай бағымды.
Алмастай болат қылышым,
Жүзі кеп тасқа шабылды.
Ақ сұңқар ұшып қолымнан,
Келмеске қарай бағынды.
Күнде жиын, базарым,
Саудасы бітіп жабылды.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
.......................................
.......................................
Ебідан қатты жел соқса,
Емендей ағаш сынбай ма?!
Айта да айта жыласам,
Қайғылы көңілім тынбай ма?!
Қаршығам түсті қалыңға,
Қанаты сынды шалғынға.
Сен ажалды, мен сорлы,
Қайғымен түстім жалынға.
Алатау асқар биігім,
Қайғының тарттым күйігін.
Қайғы бір жеңіп қапыда,
Күрт түсті-ау елден иығым.
Қара ат міндің құбылтып,
Базарға бардың жүгіртіп.
Иманды болғыр, басқалқам!
Жалғаннан кеттің түңілтіп.
Кереге бойын бойладым,
Келеді-ау деп ойладым.
Естірткенде ел-жұртым,
Керең-ақ неге болмадым.
Төбеге шығып қарадым,
Құлаштап шашым тарадым.
Келмесіңе көз жетіп,
Арғымақ аттай жарадым.
Кемеңгер пішін, кең ойлым,
Қарағай сымбат, тал бойлым.
Арысымнан айрылып,
Соры бір қалың жан болдым.
Жылы сөзді, хан жүзім,
Ағайынға жұлдызым.
Келеді деп ойлаушы ем,
Келмесіңді білгіздің.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
..................................
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Қаралы өлім, сын сағат,
Басыма түсті-ау қиын іс.
Отыз бір тісім, иегім,
Ағытсын шердің тиегін.
Қиямет-қайым болғанда,
Қосылар ма екен сүйегім.
Гауһарлы мүйіз басымда,
Шерігі түгел қасында.
Зұлқарнай патша өтіпті-ау
Жиырма тоғыз жасында.
Уа, дариға, сұм жалған!
Өлімнен аман кім қалған?!
Құдайдың досы Мұхаммед,
Алпыс үш жаста соны алған.
Нелер асыл өткенде,
Әркім де біздей зарлаған.
Жазуы күшті құдірет,
Пендесін солай алдаған.
Мінгендей атым қара ала ат,
Кеудесінде жазған хат.
Иманды болғыр, басқалқам,
....................................
48. БАЙЖІГІТТІ ӘЙЕЛІНІҢ ЖОҚТАУЫ
.................................
Асығыс айтып саспайын.
Бұлаңдап жүрген бұлғыным,
Қысқа болды-ау өмірің,
Аяққа құйған астайын.
Құдай қосқан қосағың,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Зарлап қалды жастайын.
Бес атаның баласы,
Мына бір сөзге қарашы,
Сенген жақсың кеткен соң,
Кімге сеніп жүрсіңдер?
Алыстап бара жатыр ғой
Ағайынның арасы.
Артықша туған арыстаным,
Мақшарда біткей жарасы.
Әуедегі жұлдызым,
Су ішінде құндызым!
Ай қасында шолпаным,
Хан қасында сұлтаным!
Суытып қойған тұлпарым,
Тұғырдағы сұңқарым!
Ақ бөкендей ер далым,
Көзіне киген жырғалым!
Төрге шықса төбедей,
Төбеге шықса төредей!
Сарғая кеп шақырсам,
Келер ме екен қормалым?!
Тарбағатай, Алатау
Асуындай бел ме еді?
Көз жеткісіз дариядай,
Айдыны терең мол еді.
Садаққа салған саржа оқ,
Жебесіндей ер еді.
Садаққа салған саржа сым,
Тартпай да шаппай бүлінді.
Жаумай да шашпай, жарандар,
Басыма тұман ілінді.
Бір мен емес жылаған,
Қадірің жұртқа білінді.
Бес байыстың баласы,
Тағы мына сөзге қарашы:
Қос қалқаң қалды артыңда—
Көзінің ағы мен қарасы.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Нағашың сенің Шаянбай,
Қайын атаң аты Баянбай.
Бес атаның қамқоры,
Өзің сапар шеккен соң,
Жұртына тықыр таянды-ай.
Аңырап қалды артыңда,
Таңдап алған зайыбың.
Байжігіттің ішінде,
Баянбай еді қайының.
Алтыннан ер боятып,
Жібектен таққан айылын.
Жылаудан жұртым пайда жоқ,
Артының берсін қайырын.
Бас, бас өлім, бас өлім,
Бәрін де алған осы өлім.
Арғын, найман жиылса,
Суырыла шыққан көсемім.
Жыладың деп сөкпеңдер,
Қанеки, менің еселім?!
49. ҚЫДЫРДЫ ӘЙЕЛІНІҢ ЖОҚТАУЫ
Бастайын сөзді...............
Айтайын зарым жұрт тыңда.
Ақылшыдан айрылып,
Қайғылы баттық біз мұңға.
Ауылымнан бас кетті,
Көзден парлап жас кетті.
Болмаса келмей елуге,
Тоқтатпай ажал жас кетті.
......................................
Жылаймыз, халқым, мұңайып.
Алладан ажал келген соң,
Көзден болды бұл ғайып .
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
.......................................
Қайғымен түсті қиын іс.
Жиналып халқың келгенде,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Жамылып елің кеп отыр,
Іштен қайғы жеп отыр.
Кеше бірге саптас ек,
Бүгін қайда деп отыр.
Ауырдың мырзам, белім деп,
Қалмады сау жерім деп.
Сыйласып өткен дос-жаран,
Кетем деп көрмей көбін деп.
Сағындым мырза, сыртыңды,
Қиылған қара мұртыңды.
Алладан ажал келген соң,
Жылатып кеттің жұртыңды.
Сағындым мырза өзіңді,
Қараған мейірлі көзіңді.
Келді жылап ел-жұртың,
Естімей қалдық деп сөзіңді.
Қарашоқы күнгей бет,
Жабысты, Алла, қандай дерт?
Мырза тірі кезінде,
Жақынға алыс бірдей ед.
Қайғы ауыр бастағы,
Келді көзге жастағы.
Жоқтап сізді кеп жатыр
Жегжат, достар қастағы.
Жапабай, Ақбай, Ақмәди—
Ілгері қатар саптағы.
Жіптібай, Толған, Сақари—
Бәйге атындай баптағы.
Әпізәпи қажы, Қайранбай—
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Алтын қылыш қаптағы.
Ботабай болыс, Тұрғанбай—
Мол қазына хаттағы.
Жиылып бәрі келсе де,
Қиын болды мырза таппағы.
Қарашоқы көрінер,
Көрінсе, көңіл бөлінер.
Шерлі пенде жылайды,
Мұңсыз жандар не білер.
Көзден жасым төгілді,
Қайғырып отыр өңгелер.
Кейін қалған өңкей жас
Серкесіз қойдай бөгелер.
Қаралы киім басымда,
Айттым жоқтау асыңда.
Артыңдағы төрт інің
Отыр жылап қасыңда.
Ат жалын тартып міне алмай,
Адастырып ақылдан,
Жас баланы сенделттің.
...................................
Табылмаған дауасы.
Аты шыққан үш бектің,
Тасып еді қанасы.
Дұшпаны сай, тең болып,
Орыс, қазақ баласы.
Базынадан басталған
Нақақ еді жаласы.
Кемшілікке шыдамай,
Ұзады істің арасы.
Табылмады әкімнен
Әділдіктің сарасы.
..................................
Ашылмады істің расы.
Өткен күзден бері қарай,
Қисайып еді жағасы.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Үкіметпен пенде ғып,
Облыс Торғай қаласы.
Тасқа тиіп мұқалды,
Арғымақтың тағасы.
Бұлы қымбат манатым,
Миллиондық бағасы.
Уыстан шығып келген соң,
Артықша болды қапасы.
Белін шешіп жатпады,
Жалғанның болмай опасы.
Решение жасалып,
Істің болды шатасы.
Есінен кетпей аһ ұрды
Туысқан, туған ағасы.
Құлағандай көрінді
Жел жағының панасы.
Жазуынан артылып,
Қайда берер пендесі?
50. ЕСМАҒАМБЕТТІ ӘЙЕЛІНІҢ ЖОҚТАУЫ
Биссимилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған,
Дүние деген осы ма?!
Көңілден қайғы босатсам,
Келер ме көздің жасына?!
Жыламай нағып шыдайын,
Кешегі өткен асылға?!
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым,
Адастырып жолымнан.
Отыз төртке келгенде,
Ұядан ұшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.
Мезгілсіз келді кезегім,
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Қызығыңа қанбадым.
Кәлам шәріп хат оқып,
Ісләм жолын аңдадың.
Жан тәсілім болғанша,
Ақылыңнан танбадың.
Сонда біліп ойладың,
Құданың назар салғанын.
Амандаспақ сол күні
Көңілде болды арманың.
Амандастың жұртыңмен,
Бұйрығы деп Алланың.
Иманыңды құрметтеп,
Періште келсін хабарға.
Артында қалған біз нашар,
Іздегенмен табар ма?
Кешегі сөнген шам-шырақ,
Орнына қайтып жанар ма?!
Дәуірлеп ұшқан бала құс,
Тұғырға қайтып қонар ма?!
Дүние дәулет болса да,
Алғанымның тұсындай,
Енді дәурен болар ма?!
51. ЫСМАЙЫЛ ХАНДЫ ХАНЫМЫ
КҮНЖАННЫҢ ЖОҚТАУЫ
Биссимилла деп бастайын,
Асылық сөзді қоспайын.
Құдай бір басқа салған соң,
Ерегесіп саспайын.
Жылады деп сөкпеңіз,
Әлем білген ерімді,
Жоқтаусыз қайтып тастайын?!
Мен жыламай қайтейін,
Отыз жастың ішінде
Жесір де қалдым жастайын.
Кешегі менің көкжалым,
Аруақ қонған жасынан.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мың сан кісі жау келсе,
Жолдасын бермес қасынан.
Қара маңдай хан еді,
Ақылды туған асылдан.
Асылдығының белгісі—
Орын алған бабасы,
Хазіреттің қасынан.
Арғымақ тұлпар жайлаған,
Ақ сұңқар салып байлаған.
Мың сан кісі жау келсе,
Алдына салып айдаған.
Айтқаны екі болмаған,
Атының басын бұрмаған.
Айдынын бір көрген жау,
Алдына қарсы тұрмаған.
Арманда өткен шырағым,
Жеңіл де болсын сұрағың!
Әулие, пірлер медет қып,
Бейіште болсын тұрағың!
Толы бір топқа кіргенде,
Шоқтығы шығып сөйлеген.
Әділдігі сонша еді—
Адамзаттың баласын
Өз ұлындай көздеген.
Ер құнында даулы боп,
Екі ұдай боп ел сасса,
Жақсы сөзбен жөндеген.
Өз ақылы болмаса,
Бөтен сөзге көнбеген.
Науқастанып келгенде,
Жұрт сарылып тіледі,
Тілегін Жаппар бермеген,
Көзінің жасын көрмеген.
Бізден бұрын өтіпті,
Жүз жиырма төрт мың Пайғамбар,
Отыз үш мың патшалар.
Олар да бар ма өлмеген?!
Уа, дариға, көнерміз,
Құдіреттің ісіне,
Пендесі бар ма көнбеген?!
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Гауһардан соққан ел-жұртым,
Қанатым менің қайрылды.
Жүрегіме дақ түсіп,
Жасық пышақтай майрылды.
Асылзада сұңқарым,
Өлгеніңді есітіп,
Адамзат бәрі қайғырды.
Тағдырды Құдай тез беріп,
Отыз жасқа келгенде,
Айбатымнан айырды.
Қаһарына мінгенде,
Шын ашуы келгенде,
Тілмаш құрлы көрмеген,
Дуанбасы майырды.
Не қылса да еркі бар,
Құдіреті үлкен Жаратқан.
Қадамың таймады, шырағым,
Сүйіп мінген қара аттан.
Тағдырды Құдай тез беріп,
Ел сорына кез келіп,
Айрылдым, жұртым, қарақтан!
Мырзалығы сонша еді—
Ғаріп пенен кәсірге
Барлық малын таратқан.
Енді мұндай жан тумас
Бөкей, Тәуке, Барақтан.
Тумай сөзге ілініп,
Ақ патшаға білініп,
Жастайынан шен алған,
Шапаны келген санаттан.
Ақылменен ел алған,
Басшыға халқы сайлаған.
Ешкімге сөзін бермеген,
Дұшпаннан қорлық көрмеген.
Жасынан-ақ аруағы,
Күннен-күнге өрлеген.
Замана жаман күнінде,
Аз ғана күн жүрмеді.
Ырысы қайтқан жұртының,
9-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Көзінің жасын көрмеді.
Кешегі менің бегзатым,
Бесінде мектеп оқыған,
Алтыда ақыл тоқыған.
Жетісіне келгенде,
Жетпіс жерден дін сұрап,
Құдықтай көзін шұқыған.
Сегізіне келгенде,
Сергердіге бас болған.
Тоғызына келгенде,
Толған айдай балқыған.
Тоғыздан онға келген соң,
Дәулеті көлдей шалқыған.
Он біріне келгенде,
Ақылы асты халқынан.
Он екіге келгенде,
Құрбы өтпеді нарқынан.
Жиырмадан өткен соң,
Енді отызға жеткен соң,
Салиқалы би болды.
Миуасы алтын шынарым,
Шынардай ағаш түбінен.
Құдіретсіз сынар ма?!
Халық иесі тұрмады.
Жоқтамай көңілім тынар ма?!
Көруге жұрты құмар-ды,
Пайғамбар сынды асылды.
Жайнап та жүрген бегзатым,
Су сепкендей басылды.
Алдыңнан құдай жарылқап,
Пейіштің есігі ашылғай!
Келбетіңді қайтейін,
Гауһар, жақұт тасындай.
Күнайыңды кешсін деп,
Ысқат беріп отырмын,
Отыздағы жасыңда-ай!
Кімге тастап кеттіңіз,
Қара Айтымбет еліңді?!
Дүниеден еркем өткен соң,
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Қусырды жаман белімді.
Құдайдың өзі суалтты,
Айдын шалқар көлімді.
Бейіш барсаң, орын ал!
Хордың қызы жолықса,
Бірін көр де, бірін ал!
Артыңда қалған ел-жұртың,
Бала-шаға ойыңа ал!
Ұмытпай ойға алсаңыз,
Қияметте жолығар.
Биссимилла деп сөз айтқан,
Шырағымда иман бар.
Сұм дүние сағым боларсың,
Баршаны жалмап тынарсың.
Жылтырайсың сыртыңнан,
Өртенген ішің шынарсың.
Абайлатпай адамға,
Ақыр бір күн құларсың.
Кешегі кеткен арыстан,
Қайткенде естен шығарсың.
Сөзімнің басы биссимилла,
Биссимилласыз іс қылма,
Құдірет салды-ау құрығын
Айдында туған арыстанға.
Керуен көшсе, жол қалар,
Өткен дәурен соң қалар.
Қанаты сынса сұңқардың,
Қайраты болмас қарға алар.
Қапасы қатты дүние-ай,
Көзімнің жасы сорғалар.
Сұм дүние-ай, қазір көшесің,
Өткіздің ердің нешесін.
Бес күндей қызық көрсетіп,
Аларсыз ақыр есесін.
Біреудің алып баласын,
Жылатып койдың шешесін.
Жетім қылдың жасында,
Біреудің алып әкесін.
Тыңдаңыздар, жақсылар!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Әуел сөздің басынан.
Өлім жақын адамның
Көзі менен қасынан.
Ешкім жақын болған жоқ,
Ол Мұхамбет досынан.
Сол ерді де зарлатқан,
Жалғызын алып жасынан.
Ойласаңдар, ағайын,
Жаман іс бар ма осыдан?!
Мұң тыңдаған ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Кешегі жүрген арыстанды,
Қай жақтан іздеп табайын?!
Әуелі құдай, биссимилла,
Жат етейін рақымнан!
Біздей зарлап өткен жоқ,
Бұрынғы да неше жан.
Неше бек өткен, неше хан,
Бұрынғы өткен пайғамбар,
Бәрі өлімге болды тән.
Бар кісіге жарасар,
Өлімге де қылған сән.
Күні-түні зарланып,
Қарлығып тұр біздің ән.
Жапырағы алтын шынарым,
Жалын тимей сынар ма?
Оңымен аққан дария,
Теріс айналып тынар ма?
Асылмаған жан бар ма.
Кешегі алтын шынарға?!
Дабысына асық боп,
Кім келмеген бұларға.
Алдырдым, халқым, қайтейін,
Алтын сапты найзамды.
Жер ошақтай тесік жер
Жұтып салды дариямды.
Өзім деген кісіге
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Қылушы еді қайратты.
Қысылған жерде жол тауып,
Тигіздің халыққа пайдаңды.
Жұрт сандалып сасқанда,
Табушы едің айлаңды.
Жайнап шықтың жасыңнан,
Сексеуілдің шоғындай.
Түскен жерін ұсатқан,
Зеңбіректің оғындай.
Талғамай шапқан жүйрігім,
Ашың менен тоғыңды-ай.
Айрылдың, халқым, нарыңнан,
Көтерген ауыр қомыңды-ай!
Қайырға шалқар көл еді,
Дұшпанға асқар бел еді.
Қай теңдікке, ағайын,
Жеткізбей кетті қолыңды-ай?!
Сая салған адамға,
Шынардан шыққан бұтақтай.
Айтқан сөзім мәнілі,
Ғалымдар жазған кітаптай.
Табынан озған датқалар,
Таққа мінген патшалар,
Таңылмай қалмас табытқа,
Жатқызбас кімді бұл тақтай?!
Қазан соғып құлатты-ау,
Халқымның биік қаласын.
Біреудің алып баласын,
Жылатып қойдың анасын.
Ойлап тұрсаң, сұм өлім,
Кімдердің тұтпас жағасын?!
52. АҚ БҮРКЕЙ САЛҒАН ҚАРАЛЫ ӘЙЕЛДІҢ
КҮЙЕУІН ЖОҚТАУЫ
Ақ бүркей салдым басыма,
Жер ортаға келген шағымда.
Басымнан бағым тайғаны,
Жаратқан Алла осы ма?!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Арман да арман арманның,
Ақ бүркей басқа салғаным.
Тасып тұрған көңілім,
Жасып бір шіркін қалғаның.
Опасыз дүние жалған-ай,
Ақ бүркей басқа салған-ай!
Салмасқа бар ма амалым,
Шырағым сынып қалған-ай!
Құдірет басқа салған соң,
Басымнан бақты алған соң.
Амалым бар ма көнбеске,
Ақылшым сенен қалған соң?!
Ақ бүркей салып жылайын,
Жылатқан соң құдайым.
Ақылшы құрмал серігім,
Жаныңа иман сұрайын.
Қайғы салып жылатқан,
Не жаздым саған Жаратқан?!
Сындырды жер ғып сағымды,
Басыма мына ақ жапқан.
Қайсар ед қатты болаттан,
Аузына бізді қаратқан.
Мейірімді бауырмал,
Тұлғасын артық жаратқан.
Айырды бізді сол бақтан,
Ордада жанған шырақтан.
Ажалдың оғы жел екен,
Босаға еді құлатқан.
Қаралы күнді жамылдым,
Жаратқан, саған неғылдым?!
Қайғыға қамап жылатқан.
Опасыз жалған не ғылдым?!
Ақ бүркей деген бір бүркей?!
Әкем бір қара мүсіркей.
Қайғысыз қамсыз күн қайда?
Арысым үйде жүргендей.
Дүние болмайды екен жанға жолдас,
Қаншалық зарласам да орны толмас.
Ақ бүркей басыма сап сыңар қалдым,
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Сұңқарым қолдан ұшқан қайта қонбас.
Ақ бүркей басқа салғаным,
Басымнан бағы тайғаның.
Тайғаны емей немене,
Арысым еді алғаным?!
Ақ бүркей белгі азалы,
Басымнан бақыт тайған соң,
Жоқ екен пенде шарасыз.
Ажал деген атқан оқ,
Арысым, тиді саған кеп,
Жұбымымызды Жаратқан
Айырған соң амал жоқ.
Бақ құсым ұшты басымнан,
Арысым кетіп қасымнан.
Етегім толды көл болып,
Көзімнен аққан жасымнан.
Сен кеткен соң сынармын,
Қайғы жұтып тынармын.
Құлазып қалған иен үй,
Жасымай қалай шыдармын.
Арысым кетті арадан,
Айрылып ел-жұрт, баладан.
Қамқоры едің бәрінің
Қабағына қараған.
Ашық-жарқын досым ең,
Қоң тырнақтан қосып ең.
Бірлікте өткен тіршілік
Түгеді ме осымен?!
Арысым едің ардақты,
Болжайтұғын жан-жақты.
Сен өмірден өткен соң,
Балаларың зар қақты.
Шулатты бізді Құдайым,
Мұңымды айтып жылайын.
Ес қатпады жиғаның,
Жаныңа иман сұрайын.
Өмірдің ауыр қыспағын,
Бірге өткізген қас-қағым.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қате ісімді түзейін,
Ақылшым едің ұстазым.
Танытқан оң мен солымды,
Демеген созған қолымды.
Мұңымды кімге айтармын,
Бары менен жоғымды.
Ашулансам ақырып,
Сөзімді айтам батырып,
Ендігі күнім не болар.
Бар әлемге жалынып,
Көзімнің жасын төксем де,
Жетім боп қалдым сыңаржақ,
Жер түбіне жеткенде.
Есімнен кетпес бар ісің,
Жүрісің менен тұрысың.
Жер анаңа тапсырдым!
Айрылдым сенен, арысым,
Алдыңнан Алла оңдасын!
Амандық берсін қалғанға,
Иманың болсын жолдасың!
Балалар қашан ер жетер?!
Ер жеткенше ес кетер.
Опасыз мына сұм дүние,
Соққылап әр күн еңіретер.
Соққыға қалай шыдармын,
Уайымға батып тынармын.
Қайғының жүгі опырып,
Шынардай болып сынармын.
53. САМАРҚАН ТҮРКІСТАНҰЛЫН ӘЙЕЛІ
ҮРИЛАНЫҢ ЖОҚТАУЫ
Мінгенде атың көкжарқын,
Айтайын, жұртым, сөз нарқын.
Суға да малтып жүргенде,
Болмаған екен бір жақын.
Мінгендей атың бозойнақ,
Боз ойнақ тұрар өзі ойнап.
Алты қырға шыққанда
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Суға да ақты-ақ көзі ойнап.
Өзенді ағаш ырғалған,
Өңімнен кім бар құр қалған?
Салулы төсек, салқын үй,
Мінеки, жұртым, тұл қалған.
Биссимилла деген сөз басы,
Ойлайды әркім өз басын.
Өз басымды ойласам,
Тиылмайды-ау көз жасым.
Ал қояйын, жамағат!
Жан денеге аманат.
Жылады деп сөкпеңдер,
Басымда қайғы қабағат!
Жылқы ішінде боз ғана
Жанға ерген бозбала.
Боз баланың ішінде
Ғұмырың болды-ау аз ғана.
Буыршын бойын қыстаған,
Тарғынмен тымақ тастаған.
Жыламай қайтып тұрайын,
Буыршын суы ұстаған.
Келеді таудан күн шығып,
Жыл артынан жыл шығып.
Жаны қайтып шықты екен,
Аққанда суға тұншығып.
Буыршын суы қонды екен,
Қонды су қоймай алды екен.
Жағаласып жүргенде,
Есінен қайтып танды екен?!
Өлім мен өмір шайқаста
Ойына нені алды екен?!
Алдынан Алла жарылқап,
Жаннатта жаны болса екен!
54. ЫҚСАНДЫ ЖОҚТАУ
Бісмілладан айтайын,
Бәрәкалла сөз басын.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мұңлық болған Күнімқыз
Перзентінен қозғасын.
Мінәжәт қылып сөз сөйлеп,
Шариғаттан озбасын.
Әуелі Құдай қалаған,
Асыл нұрдан жаралған.
Алладан әмір болған соң,
Алтыннан терек құлаған.
Молдаларды көргенде,
Шариғат сөзін сұраған.
Бала да болса халайық,
Үлкенге басын балаған.
Бауырымның парасы,
Екі көзім қарасы.
Тұрымтай ұшып өтпеген
Биік бір таудың саласы.
Ығына боран жүрмейтін
Ағайынның панасы.
Жаны ашып бәрі жылады
Дін мұсылман баласы.
Алланың салған ісіне
Пенденің не дұр шарасы?!
Жалғанда бітпес, жұртым-ау!
Жалғызымның жарасы.
Аспандағы жұлдызым,
Маңлайда тәжі құндызым.
Жылады деп сөкпе, жұрт!
Жанымнан шыққан жалғызым.
Жарылқап құдай алдыңнан,
Жаннаттан қоссын хор қызын!
Жаннан түрін бөлек қып,
Беріп ең, Алла, жалғызды?!
Жер ортасы кәрілікте
Зарлатып мені қалғызды.
Жүрсе, бір жұрттың көркі еді,
Басында алтын бөркі еді,
Лажым бар ма тәңірге?!
Қолқамның үзіп тамырын,
Өзегімді талғызды.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Жақсылар менен жанасқан,
Кисе бір киім, жарасқан.
Елдегі мұңлық мен болдым
Жалғызынан адасқан.
Басыңдағы дәулетің
Озып еді алаштан.
Қызығын үш жыл көрмедің,
Аңқайып қалды бекерге.
Отауы деп қалқамның
Сегіз бөлме, жеті қат
Салғызып едім орысқа,
Сырлатып сарай ағаштан.
Есімнен қайтіп қалады,
Кешегі жүрген сәулетің?!
Жаныңа пайда қылмады
Сонша бір қалың дәулетің.
Өзіңдей болар күн қайда,
Артыңда екі әулетің?!
Ақсұңқар қолдан ұшқанда,
Ұзын да қолым қысқарды-ау!
Жалғызға құдай салған соң,
Ажалдың әкеп нәубетін.
Айым да күнім тұтылды,
Алтын да сақам ұтылды.
Қарар да көзім көр болып,
Қармарда қолым қырқылды.
Жалғызымнан айрылып,
Ішкен бір асым құрысын!
Қайғымен қан боп жұтылды.
Біз мұңлықты есіркеп,
Алданыш қылғай, Жаратқан!
Артыңда қалған тұқымды.
Қайтейін, қалқам, Ықсан-ау!
Елден де бөтен еңіреттің.
Өзегіме өрт салып,
Сүйегімді тебіренттің.
Қарағым сапар шеккен соң,
Басыңа молда күңіренттім.
Он қарыны қабіріңе,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Дүниеңді шашып аямай,
Екі ай жарым түнеттім.
Есітем бе деп, қалқам, даусыңды?!
Қабіріңді күнде күзеттім.
Алладан әмір болған соң,
Амалым бар ма мен сорлы,
Арыздасып жөнелттім.
Қабіріңді тыңладым
Ақылымның жоғынан.
Ақылымнан адастым
Ішімде оттың шоғынан.
Өлмейді екен ажалсыз,
Кетсем бір мен де не етеді
Жалғызымның соңынан?
Асылық екен мұнымыз,
Тағат тұта алмадым,
Түскен соң қайғы басыма.
Жаратқан өзі кешіргей,
Жоғалған соң қайғырдым
Шам-шырақ, гауһар тасыма.
Жалғызымнан айрылдым
Жиырма үш қана жасында.
Қанатым сынып қайрылдым,
Арманда өлім осы ма?!
Соныңды қайтіп ұмытармын,
Еркелеп кейде келуші ең,
«Апа» деп, алдап қасыма.
Жалғызым, қалқам, қанатым!
Күн жаумай оңды манатым!
Көп жылаудан пайда жоқ,
Жыламай сабыр қылайын.
Құдайымның санатын,
Дәулетін, бағын сұрасаң,
Іленің аққан суындай.
Көрік-дидарын сұрасаң,
Патшаның алтын туындай.
Өзін жақсы туғызып,
Жаратқан екен құдайым,
Ұзақ ғұмыр бұйырмай.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Уақты күні біткен соң,
Опасы жоқ жалғанға
Кетеді екен бұйырмай.
Құдіреті күшті Құдайым!
Жалғызымнан айрылдым.
Жыламай қайтып тұрайын?!
Ойлай-ойлай күн-түні,
Ішіме толды уайым.
Қандай екен жылау деп
Молдалардан сұрайын.
Орны құры тұрған жоқ,
Арғымаққа тай толар,
Оған да тоба қылайын.
Құс төресі лашын
Қиынға салар ұясын.
Алладан пәрмен келген соң,
Әл-дәрмәнін құрытып,
Еңіретіп кетті анасын.
Еңсеге ажал мінген соң,
Қылмады қабыл тәубесін.
Жылады деп сөкпе, жұрт!
Пендеге мұны салмасын!
Анасын аңыратып қалғызып,
Жалғызды құдай алмасын!
Ата-анаң жылап, зарлады,
Жаныңды тілеп құдайдан.
Айтпаған малым қалмады,
Күндігім салып мойныма.
Үш қайтара айналдым,
Тілегім қабыл болмады.
Жанымды құрбан қылсам да,
Бұйрықсыз мені алмады.
Жалғызым қызық көрсін деп
Қуаныш көріп сорлы әкең,
Дүниеге көзін салмады.
Сексен мың қой мен мың жылқы,
Әр жолы шаһәрге айдаған.
Қоқаннан бергі даладан
Көрмеген шаһәр қалмаған.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мың сомға алған пәуеске
Аппақ күміс тұрманы,
Қос қара жорға атқа парлаған,
Алты түрлі пар жорға
Айдап барып кезекпен
Катайцаға салғанда,
Алматыда адам жоқ
Тамашаға көзін салмаған.
Арманым қатты, дертім зор,
Лажым бар ма Аллаға,
Сонда бір мені алмаған?!
Бір жүз қой, мың сом, он қара
Жаныңа себеп болар деп,
Садақа қылдым бір күнде.
Алладан пәрмен болған соң,
Ажалға дауа болмаған.
Ақылы дана қарағым,
Ауызға жастан ілігіп,
Дүниеге құдай қоймады
Жиырма үш жаста өттің сен.
Мұңлы болған ата-анаң
Қызығыңа тоймады.
Сондағы жүрген аз ғұмыр
Бір күнгідей болмады.
Тең құрбыңды көргенде,
Мінезің еске келгенде,
Ішім бір оттай қайнады.
Пендешілік қыламыз,
Дұнияға келген адамның
Қайсысын құдай алмады?!
Тарантас арба алдырдым,
Күмістен тұрман тиектеп.
Елің де жұртың жылады,
Үстімізден құлады,
«Саясы үлкен терек» деп.
«Жылаудан сізге пайда жоқ,
Құдайың алды керек», деп.
Ойымда менің бар ма едің,
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Жалғызым, сізді өлед деп?!
Қорқайын дедім құдайдан,
Ақыры қалай болад деп.
Орныңда тұяқ қалған соң,
Тоба қылдым шүкірлік,
Алланың салған санат деп.
Әбдіхалық, Ибраһим
Көңілге сүйеу қыламын.
Тірі болса екеуі,
Бола ма қолқанат деп.
Маңызды туған жалғызым,
Іздесем қайдан табылдың.
Сабыр етші, жылайын,
Тобамнан неден жаңылдым?!
Жаратқан Жаббаралейһим,
Нешік тақат қылармын?!
Жалғызымды сағындым.
Жиырма үшке келгенде,
Қарағым, қалқам, Ықсанжан!
Ауылыңды шулатып,
Ақіретке жөнелдің.
Дәулеті көлдей шалқыған,
Жүзі нұрдай балқыған,
Маңлайы күнге күймеген,
Табаны жерге тимеген,
Жорғадан басқа мінбеген,
Гестордан басқа кимеген,
Айуптайын сабырлым,
Жамандық істі сүймеген.
Алтындатқан түймесін,
Күмістеткен күймесін,
Алладан тағдыр жеткен соң,
Тастап бір кетті дүниесін.
Елуге келген жасымда
Жалғызымды алып зарлатып,
Мен бе едім, Алла, сүймесің?!
Алтыннан да сары асық
Патшалардың ұлындай,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жүруші ең, қалқам, жарасып.
Жарасып жүрген қалқамнан
Зар ұрып қалдым адасып.
Ақылынан адасқан
Біздей ғаріп мұңлыққа,
Ағайын-туған, жақсылар,
Жүріңіздер қарасып!
Жасыңнан, қалқам, дана боп,
Құрбыңнан озған талабың.
Жүз сомға келген Құлжадан
Алтынды шыбық лағыл тас,
Қараса от, палла мың.
Ұлы жүздің ұлына
Жетіп еді сәлемің.
Екі сандық толып тұр
Жинаған кітап-қаламың.
Қызыл гүлдей нұрлым-ай!
Бәйтеректей бүрлім-ай!
Бәйтерек сынды мұртынан,
Қарағым кетті жұртынан.
Киініп үйден шыққанда,
Қуанушы едім сыртынан.
Әбдіхалык, Ибраһим
Атқа мініп ермеді
Қарағымның артынан.
Мінгенде атың боз ғана,
Күні-түні думан ғып,
Жаныңа жидың бозбала.
Бозбаланың ішінде
Өмірің болды азғана.
Базардан келген ақ семсер
Күмістен қынап, алтын сап.
Жүруші ең, қалқам, алдымда
Шам-шырақ тастай жарқылдап.
Қыршында өткен бағланым,
Ақырет барып, иман тап!
Мұңлы шешең Күнімқыз
Құлынынан айрылып отыр ғой,
Күнде, түнде зар қақсап.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Өміріңді қысқа жаратқан
Құдіреті күшті ие-ді.
Қарағым, сізді ойласам,
Ішім бір оттай күйеді!
Асылық қылсам шикі айтып,
Залалы сізге тиеді.
Назар байғұс аңсаса,
Ибраһим менен Әбдуді
Кезек-кезек сүйеді.
Көзінен жасы сорғалап,
Үш жүз алпыс тамыры
Назардың сонда иеді.
Бісмілла сөзді бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Қыршында кеткен қарағым,
Жаяйын жұртқа дастанын.
Өміріңді, қалқам, аз жазған
Аяққа құйған астайын.
Келіндер қалды зар жылап,
Бейшара болып жастайын.
Мінген де атың жүйрік-ті,
Құлан жал келген құйрықты.
Айрылған соң қайғырып,
Күні-түні сауған биеден,
Сандалып халқың ұйлықты.
Өзгеше туған өндірім,
Жиырма үшке келгенде,
Бітірді Алла бұйрықты.
Ойласам, ішім толады,
Жалғызым деп зарласам,
Жүрегім басы солады.
Ержеткен бауыр сен де жоқ,
Жас қалды екі зайыбың,
Амалы қандай болады?
Ұялы терек ордалым,
Зер, баппен, тауар киюші ең.
Ақ күміс тұрман жорғалым,
Тіл-көзі жұрттың болды ма?
Артықша маңғаз болғаның.
10-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Құдіреті күшті Жаббар-ай!
Не пиғылымнан болды екен,
Қарсы ұрып менің қалғаным?!
Жиырма екі де бір үйің,
Он сегізде бір үйің,
Жесірде болып, тұл қалды,
Екі бірдей алғаның.
Желмаяға міндің ғой!
Жағасы жоқ, жеңі жоқ,
Үш қабат көйлек кидің ғой!
Бұрынғылардың санаты,
Есігі жоқ, төрі жоқ
Қараңғы үйге кірдің ғой!
Ауыздан жалын шығардым,
Шыдамай, қалқам, күйгеннен,
Келмесіңді білдім ғой.
Айыптама, жұртым-ай,
Жылады деп өткенге!
Жеткізбей жанды алмайды,
Шернеуде жазған сызыққа.
Өлім рас екенін
Білгендерің тәубе қыл,
Дүниеге жасыл қызықпа!
Жас-кәріге қарамас,
Ажалы жеткен пендеге.
Құданың ісі бұзық па?
Өткен іске салауат.
Арт қайырын сұрайын,
Өмірің қалқам аз екен,
Махфузде жазған сызықта.
Әкең отыр бүгіліп,
Қолқанаттан айрылып,
Қабырғасы сөгіліп.
Біз емес жалғыз жылаған,
Шулап отыр ел-жұртың.
Көзінен жас төгіліп,
Қиын' болды-ау әкеңе.
Қой десе жұрты, қоймайды,
Күні-түні бордай егіліп.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Сағындым, қалқам, атыңды!
Оқыған кітап-хатыңды.
Елестейді өзіме,
Көрінбейді көзіме.
Сағынбай қайтып шыдайын
Артықша туған затыңды?!
Қой десеңдер, қояйын,
Сабырлық етіп, болайын,
Оқыңдар, құран-хәтімді!
Ықсанның бәйбішесі Бәтимәнің жоқтағаны
Ұядан жалғыз сұңқарым,
Мыңнан озған тұлпарым,
Жатып бір қалды-ау қабірде-ай!
Бәйшешегім қуарып,
Тасыған дариям суалып,
Қалғаным ба, апырым-ай!
Қыршыным менің, бағланым,
Аузына күпір кірмеген.
Бозбалалық мінезге
Елігіп әсте ермеген.
Ақылы дана данышпан,
Кеудеге сыймай кернеген.
Жеткіншектер жеткенше,
Лажым бар ма Аллаға,
Ілгері өмір бермеген.
Қайран да мырза, жас манап,
Көңілімнің сәулеті.
Бабаңа қонған қызыр кеп,
Дулаттың дария суаты.
Көгілдір шыбық бағланым,
Кетпеген бойда ұяты.
Үш үйлі жанның бәрінің
Сіз едің жалғыз қуаты.
Ықсанжанды ойласа,
Кімнің жаны үйірмес?!
Жиырма үш мөлшері
Ғұмыры аз кеткен қыршын жас.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жақын жерде жоқ болды,
Саламаттың баласы,
Бірге туған бауырлас.
Жиырма үшке жеткенше
Көп халыққа болған паш.
Бұл жердегі көп дулат
Түбі бірге қарындас.
Жыласам бірге жылайды,
Бірі қосшы, бірі бас.
Бауырды жоқтап қайтейін,
Аз арманы болмаса.
Бұлар да жылап, шулап тұр
Көзінен төгіп қанды жас.
Жаңа туған шарана
Екі балаң қалды жас.
Ойлай берсем арманын
Заһардай болды ішкен ас.
Алыстан даңқын есітіп,
Көре алмай кетті ағайын.
Алматы шаһарда атама
Сансыз мал берген құдайым.
Тас болат, асты-үсті ағаш
Жеті қат қылып салдырған,
Безеулі қалды сарайың.
Опасы жоқ қу жалған,
Зарлатқан біздей талайын.
Қайран да менің бағланым,
Талапқа кірді жасынан.
Күн-түні думан кетпеген
Жазды-қысты қасынан.
Не жаны отыр ата-анаң,
Құс ұшырмаған басынан.
Талапқа кірді жасынан,
Кемел жасы толғандай.
Тізгінін берді атекем,
Бала ғой деп қорғанбай.
Мол дүниені басқарды,
Ақылдан сасып ойланбай.
Әкесі жомарт, қарағым,
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Тасыған дария көңілдім,
Ғаріпке рахым қылғандай.
Шырайы кетті үйіңнің,
Бәйтерек құлап солғандай.
Көзі көрген ағайын
Болмай қалды қайғырып,
Қызығыңа тойғандай.
Үш үйлі жанның шырағы,
Жетсін хақтан мұраты!
Шыбыннан көп шымырың,
Бірінен топырақ бұйырмай,
Жаныста болды тұрағы.
Садағасы жұрттың кетейін!
Бәрі де шулап жылады.
Қыршын бір мырза шолпаным,
Не деген пенде қияды?
Қызығын көрген ата-анаң
Есін бір қайтып жияды.
Пайдасын көрген пақырлар
Қайғысын жастың жемес пе?!
Атасы көпес атанып,
Кірген еді кеңеске.
Баулы құстай талпынып,
Ықсанжан шықты белеске.
Жаңа жетіп келгенде,
Жұрт соңынан ергенде,
Қыршын күнде жөнелді
Шынайы арман емес пе?!
Дұға қылар рухына
Көзін көрген талайлар,
Жылады деп сөкпеңіз,
Бізді көрген маңайлар.
Безеулі қалды сарайлар,
Жұбайын жоқтар алалы.
Алалының ашылмас
Бұрынғыдай самалы.
Ғайып болды көзімнен
Айнадан жарық жамалы.
Талап қылған әр іске
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ақылы дана қамалы.
Толықсыған күнінде
Дүниеден қайтты тауаны.
Тағатларың қабыл боп,
Алдыңнан шыққай сауабы.
Сұрақшыларға айтылғай,
Тірі күндегі жауабы.
Ата-анасы арманда
Қызығын көрмей қалғанға.
Көпке бірдей көлеңке,
Саямыз еді жалғанға.
Өзі ғалым данышпан,
Атқа мініп жасынан,
Көп жақсымен танысқан.
Аһ ұрамыз бағланға,
Жаман боп туса қайтер ек?
Жұрт қайғырып жылады,
Бұған дағы шүкірлік,
Пендесі көнер салғанға.
Қайғымыз күнде көбейер
Қара орманын көргенде.
Атасы менен анасы
Қайтып тақат қылады
Тең кұрбысы келгенде?!
Енем неге жылайды,
Шүкірлік неге қылмайды,
Орнына тұяқ бергенге?!
Жыламай қайтсін бейшара!
Өз баласын алдырды.
Тұл болып екі келіні,
Басына қара салдырды.
Жиырма үш жасында
Келмеске кетіп косағым,
Ішімді оттай жандырды.
Жиырма екіде қақсатып,
Тұл кылып мені қалдырды.
Оқалап тіктім жайнамаз,
Оқыдыңыз бес намаз.
Жастықпенен толықсып,
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Болмадыңыз бейнамаз.
Жаннаттан есік ашылғай!
Алдыңнан шарбат шашылғай!
Рухың барып жолдас боп
Пайғамбарға қосылғай!
Таудан аққан арығым,
Туған айдай жарығым.
Шыққан күндей толығым,
Қарасудай тұнығым.
Ғибадат тағат қылушы ең,
Шариғат төккен сынығым.
Қарадан шыққан демесе,
Артықша туған түзігім,
Сайманын жиған артықша.
Саясатын түзетіп,
Бағлан боп өскен байбатшам,
Дін дүниесін үдетіп.
Мастанбай қалып дәулетке,
Мейманын тұрған күзетіп.
Ойлаған да әр ісін,
Атамды кетті-ау жүдетіп.
Бағланым сапар шеккен соң
Қадірлес болған жақсылар,
Қатты бір жейді уайым.
Жұрт білмесе, қайтер ек?
Бұған да шүкір қылайын!
Жас боздақтан айрылдым,
Қайтіп шыдап тұрайын?!
Сөкпеңіз, халқым, сөзімді,
Кешегі жүрген бағланға
Сөйлемей қайтіп шыдайын?
Бісмілла сөздің басы еді,
Болатым жездей жасыды.
Гуілдеп жүрген күнім-ай,
Су сепкендей басылды.
Байбатшамның тұсында
Дариядай көңлім тасыды.
Иманды болғай қарағым!
Қабыл боп тілек санасы.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мінезі еске түскенде,
Жылады жоқтап анасы.
Сабыр да, тәубе қылайын,
Өлмесе қайда бабасы?!
Алладан тағдыр жеткенде,
Өлерін білген зерегім.
Патша ұлындай сымбатты,
Арғымақ аттай серегім.
Абақ пенен Тарақтан
Ақша керек кім болса,
Бар еді жұртқа керегің.
Тұрасы биік тұлпардай,
Төре ұстаған сұңқардай,
Тұрпаты жаннан бөлегім!
Алтыннан аяқ алынған,
Күмістен мылтық сайлаған.
Өз құрбысы келгенде
Ортекедей ойнаған.
Сайманың тұр, өзің жоқ,
Артыңда қалған ата-анаң
Бір күн жалын, бір күн шоқ.
Тұсыңдағы дәуренім,
Не қылғанмен маған жоқ.
Санаменен сарғайдым,
Жасағанға жалбардым,
Ішімде жалын, сыртым шоқ.
Дұшпаныма қарбайдым,
Кигенде тоным құтыны,
Кисе, тозбас бүтіні.
Ішімде толған дертім бар,
Сиыртып шықпас түтіні.
Мұсылманның белгісі
Сегізде жұлдыз сергерден,
Сеп жайдырдың күлгізбей,
Жеткіншегін жеткізбей,
Жеткізіп өмір сүргізбей,
Ажалды ауру кез болды,
Ілгері қадам жүргізбей.
Ата-анасын зарлатып
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Алып кетті иесі,
Қызығын бізге көргізбей.
Жетім де жесір атандық,
Құдайым басқа салған соң.
Жыршы да болып жырладым,
Бейшара болып қалған соң.
Ауыздан жалын шығардым,
Ішім бір от боп жанған соң.
Ағайын-туған жегжатқа,
Қайрымды болып пақырға
Парасат пенен ақылың.
Қиямет барған, жас қалқам,
Иманың жуық жақының.
Текті асылдан жаралған
Алды ғой асылзадамды.
Жас боздақтан айрылдым,
Енді де күнім қараң-ды.
Парасатты білмедім,
Арабы, парсы ілмедім.
Дәулетке серік бала деп,
Ауызға жастан іліндің.
Атаңа біткен дәулетпен,
Қоқаннан бергі қаланың
Адамына біліндің.
Құрбысы асып өтпеген,
Жанынан думан кетпеген.
Жасынан ұшқан қызыл гүл,
Дегеніне жетпеген.
Ақылы дария карағым,
Жетісуға бітпеген.
Адал кәсіп, мал тауып,
Қылған бір ісін тектеген.
Досың түгіл дұшпаның
Сөзіңді қашан кектеген?!
Шықпаған жаным тірі отыр,
Осы ма, жұртым, дерт деген?!
Жақсылардан бата алған,
Ишандардан хат алған.
Тамаша етіп жалғанды,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Байбатша болып аталған.
Сенбеңіз, халқым, жалғанға,
Кім көнбес тәңірі салғанға?!
Ескендір сынды бағланым
Жетпей бір кетті арманға.
Асылық жауап сөйлемей,
Қайырын бергей қалғанға.
Айналайын атыңнан,
Нұр жазылған затыңнан.
Сағындым да сарғайдым,
Адасып күнде ақылдан.
Құлағым шарт байланды,
Бір ауыз сөзін есітпей
Кітапқа жазған хатыңнан.
Қайтып бір адам болармын,
Айрылып қалдым асылдан.
Қарағым, қалқам, сәулетім,
Қайғының тарттым нәубетін.
Адалдан тауып, мал қосқан
Атаның шашпай дәулетін.
Жас та болса қалқамның
Арттырып еді құдайым,
Уалаятқа үмметін.
Ұядан ұшқан ақ сұңқар
Балапанын алғызды.
Анасы байғұс зар жылап,
Шақырады жалғызды.
Шара бар ма, халқым-ау!
Зарлатып мені қалғызды.
Жол көрсін деп атасы,
Әр тарапқа барғызды.
Құрбысы үйін көрсін деп,
Жеті қат етіп ағаштан
Сырлатып сарай салғызды.
Бауырласын көре алмай,
Сәлем айтты еліне,
Тамұқтан ұшқын ұшқандай,
Тас жандырды деміме.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Жиылып келген жамағат!
Патиха құран оқыңдар
Әбзелде туған еріме!
Екінші әйелі Сыпайының жоқтағаны
Бісмілла сөздің басынан,
Шариғаттың қасынан.
Жайма да шуақ қарағым!
Жайдары болдың жасыңнан.
Ішімде дертім көп болды,
Басымдағы шашымнан.
Құдайым басқа салған соң,
Жыршы бір болдым жасымнан.
Әкемнің алмай батасын,
Кетіп ем қашып жасымнан.
Бір жылға жетпей айрылдым,
Қайғың кетпес басымнан.
Нәсілің жақсы жаралып,
Өтіп-ақ кеттің жасыңнан.
Ұжмақтан болсын орныңыз!
Ішім бір қатып толды мұз.
Екі бірдей кос зайып
Алғанынан айрылған
Елдегі бейбақ сорлымыз.
Өтіп бір кетті бағланым,
Мен бейбақты қылып зар.
Уақтылы күн біткен соң,
Бұ дүнияда кім қалар?!
Артында қалған бейбақтың
Әркімге көзі телміріп,
Ақылы қашып сандалар.
Өлімнен өтер өткел жоқ,
Қапыда қалма пенделер.
Кімге айтамын зарымды,
Алды да кетті жарымды?!
Қосағымнан айрылып,
Кең дүнием менің тарылды.
Он сегізде қақсаған,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Маңлайда сорым қалың-ды.
Қызығым көрген алты-ақ ай,
Басыма қара салынды.
Құрбы менен құрдасың
Сізді ойлап налыды.
Дүниеден сапар шектіңіз,
Қызықты көрер шағыңда.
Жаңа келген жас бейбақ
Сарғайып жылап сағынды.
Мінген де атың қара-ды,
Қарасам көзім талады.
Тіршілігің, жас қалқам!
Қап тауындай пана-ды.
Артыңда қалған ата-анаң
Қайдан бір пана табады?
Қайғы менен қасіретің
Ішімде от боп жанады.
Қайда барып оңармын?
Басыма тұман айланды.
Айдың жүзін бұлт алып,
Қарайып бақытым байланды.
Осы күнде, халқым-ау!
Кең дүнием менің тарайды.
Мезгілсіз уақта күн батып,
Жарық дүнием қарайды.
Зарлаған шығар мендей боп,
Арманшының талайы.
Құтсыз аяқ болдым ба?
Келе салып жалмадым
Жалмауыз болып анайы.
Қыналы бармақ, шын тырнақ
Көзімнің жасын тияйын.
Албыраған ақша бет
Сүйегіне таяйын.
Мөлдіреген қара көз
Жылауменен ояйын.
Ер жеткен бауыр сенде жоқ,
Орныңа кімді қояйын?
Ақылың дана дариядай
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Болжамсыз күнде жоқ қылған,
Опасыз, шіркін жалған-ай!
Парасатпенен сөз сөйлеп
Жүз жасаған қариядай.
Әр ісіңді ойлап ата-анаң
Қайғы отына жанғаны-ай!
Арманда өткен шам-шырақ,
Жиырмаға жете алмай,
Үш жыл дәурен сүре алмай,
Алғаның зарлап қалғаны-ай!
Ойымда жоқ қасіретті,
Ақылың артық данышпан,
Кеудесіне сыймаған.
Күні өтіп барады екен ғой,
Күні-түні думан ғып,
Жанына нөкер жинаған.
Жаратқан Жаббар алейһи!
Қызығын бізге қимаған.
Торқадан етім тоңар деп,
Торғынның жібі оңар деп,
Жібек астар тауарды
Бір кезін атқа ап киген.
Жамсыз дүние жанда жоқ,
Әлінің мінген дүлділі
О дағы орға сүрінген.
Асығыс өткен бағланым
Ауызға жастан ілінген.
Жас мырзам сапар шеккен соң,
Ағайын жұрты күйінген.
Құтсызда жұныт қу ішік
Киілмей тұлға ілінген.
Атасы көпес атанып,
Үш алашқа білінген.
Мамықты қатты деуші едің,
Хорстан болды мекенің.
Шаһзадалар порымды
Тақия сыймас шекелім.
Лажым бар ма Аллаға,
Ұйқыда көрген түсімдей,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Білмей де қалдым не екенін.
Бір пайғамбар Жүсіп-ті,
Қолымнан сұңқар ұшыпты.
Қолымнан ұшқан сұңқарым
Қараңғы көрге түсіпті.
Төрт жарда әбзел Сыдық-ты,
Иманға жақын, жуықты.
Айрылман деген жас қалқам,
Жер бауыры суық-ты,
Бек буайын белімді.
Ғұмырын қысқа жаратқан,
Маңлайдағы сорым-ды.
Асыл бегзат қарағым,
Жаннаттан қылсын орныңды!
Ал жібектей есілген,
Аяғын топта көсілген.
Жақсыларменен сөйлессе,
Шариғаттан шешілген
Ел-жұртта бар ма екен?
Бір жыл жолдас бола алмай,
Мендей де болып қалғандар?
Қалайша айтып жыласам,
Кемітпес халқың басыңды-ай!
Әр ісіңді ойласам,
Қоямын ішкен асымды-ай!
Дәулетті жидың сенектеп,
Ғаріпті жидың етектеп.
Ойымда менің бар ма еді,
Екі жыл жолдас болмастан
Жалғызым сізді өтед деп?!
Ақсұңқар ұшты аспанға,
Дәулеті судай тасқанда.
Дәнеңе ойда жоқ еді
Жақсыға құдай қосқанға.
Өтерін біліп көрдім түс,
Басыма түсті қиын іс.
Мен сорлыны қақсатып,
Тұғырдан ұшты бұлбұл құс.
Өтіп кетті алғаным
Бейсенбінің күнінде,
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Жұрт жиылып күзетті
Жұмасының түнінде.
Лебізің естен кетпейді
Аққу құстың үніндей.
Үлбіреген жас қалқам
Ұжмақтың қызыл гүліндей.
Артыңда қалған бейбағың,
Оңалмас енді бүлінбей.
Асығып, қашып келіп ем,
Сүйенер інің, ағаң жоқ.
Өзіңнен туған балам жоқ,
Дерегің қалды-ау білінбей.
Атаның сөзін бұзбадың,
Жасыңнан, қалқам, бала боп.
Жаңа жігіт болып ең,
Ақылың дария дана боп.
Атаң менен анаңа
Тас қорғандай пана боп.
Сабақ алып молдадан,
Әдеп еркін үйрендің,
Шаһарлы орның қала боп.
Асқар тау еді ата-анаң,
Енді бір қалды дала боп.
Қуанып, судай тасыдым,
Келін боп түсіп басында.
Таутекедей секірдім
Алатаудың тасында.
Мол дүниені басқарып,
Елу жігіт нөкерің
Жүруші еді қасыңда.
Ел-жұртыңды сағынтып,
Ауылыңды шулатып,
Келмеске кеткен ерсің бе?
Ажал оғы кез келді
Жиырма үш жасыңда.
Қосағымнан айрылып,
Кең дүние маған тар болды.
Жүрерге жолым бекіліп,
Алдымда терең жар болды.
Жасарып жаңбыр жауса да,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Суықта боран, қар болды.
Ата жұрттағы туғаның
Бір көрерге зар болды.
Мың шүкірлік кұдайға,
Алматы шаһарының адамы
Қасыңда түгел бар болды.
Алма ағаш едім жайқалған,
Алмам қалды қиылып.
Түнде ұйқым келмейді,
Жұмсам көзім түйіліп.
Қайтып бір ұйқым келеді?
Жүрегім жанар күйініп.
Ағайын-туған, көршілер
Тыңламаққа зарымды
Келеді күнде жиылып.
Жырламай қайтып тұрайын?
Бағланым жатыр молада,
Үстінен топырақ үйіліп.
Бағланым, қалқам, сіз үшін
Дүниеден жылап өтермін.
Қалайша ақыл ойласам,
Арманыңа жетермін.
Күйігіңнен, қарағым,
Қартайып, шаршап бітермін.
Кұдай берген дәулет бар,
Аяп та сізден не етермін?!
Көр садақа шығарып,
Ысқат, підия бергізді.
Бір жанға себеп болар деп,
Қошқар айтып қарадан,
Айландырып ат сойып,
Көп садақа қылғызды.
Дүниеден ақыр өткен соң,
Хауал намаз оқыт деп
Бес жүз беріп атакем,
Имамға кісі жүргізді.
Басыңа белгі болсын деп,
Ақ борлап күмбез тұрғызды.
Жұрттың көзі көрсін деп,
Күмістен айын бұрғызды.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
Патиха қылған адамдар
Кім екенін білсін деп,
Тасқа жазу қырғызды.
Бала өлгендей қылмады,
Құданың берген дәулетін,
Ат шаптырып, ас беріп,
Бес дуан елге білгізді.
Хәтім-құран қылдырып,
Жетіден берді киімін.
Толып жатыр артыңда
Сансыз мал, қалған бұйымың.
Дүниеден өтіп сіз кеттің
Бізге де болар қиының.
Өлгенімше, қарағым,
Көңілден кетпес күйігің.
Енді бізден пайда жоқ,
Жарылқасын алдыңнан,
Болып тұр күнде жиының.
Биік таудың басында
Тұнып бір аққан бұлағым.
Дария суды жағалай,
Балғын бір өскен құрағым.
Еш жамандық көрмеген,
Еркелеп өскен шырағым.
Осындай қылған зарымды
Есітер ме екен құлағың?
Жарылқанып алдыңнан,
Жеңіл де болсын сұрағың!
Жолдас болып пақырға,
Салауат айтып, дұға қыл,
Дана еді, қалқам, ақылға.
Судан шыққан сүйріктей,
Суырылып озған жүйріктей.
Дүкеннен шыққан алмастай,
Қалыңнан қашқан жолбарыстай,
Қырындап ұшқан қырғидай,
Жақсылар салған тұйғындай!
Лашын қылып ұшырдым,
Лажым бар ма Құдайға?!
Қаршыға қылып қашырдым,
11-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қарсылық бар ма Құдайға?
Сегізде мектеп оқыған,
Онында ақыл тоқыған.
Он екіге келгенде,
Ғалымдардан дін сұрап,
Құдықтай көзін шұқыған.
Он төртіне келгенде,
Жүз жігіт нөкер ерітіп,
Аққан бір сеңдей толқыған.
Таласпалық құранға
Көп жат еттім құдайға.
Салмасын деп сұраңыз,
Салған соң басқа оңай ма?!
Хикаят сөздің аяғын
Молдалардан сұралық,
Шариғатта солай ма?
Қой десеңдер—қояйын,
Еш нәрсе өнбес осыдан.
Жоралғыда жоқ дейді
Өлген адам қосылған.
Лажым бар ма Аллаға?!
Жиырма үште ғұмырын
Өлшеп бір жазған басынан.
55. БӘЙТІШ ҮКІРДАЙДЫ КЕЛІНІ
ШАЛҚАННЫҢ ЖОҚТАУЫ
Биссимилла деп бастайын,
Әуеллі Алла әліптен.
Қисапсыз сөз жазылған,
Жиырма сегіз әріптен.
Бізді асырап, адам қып,
Жұртқа жөнін танытқан.
Сол атам хабар алғайсыз!
Біздей мұңлы ғарыптан.
Жетпіс үшке келгенде,
Жол тартты дүние—жарықтан.
Алтындай менің жүрегім,
Қайғы отына шалыққан.
Ақылды бізге кім айтар,
Сол атам құсап анықтан.
Өлгенде жерін айтайын,
Құсемшектің жағасы-ай.
Иманды болғыр ата-енем,
Жел жағымның панасы-ай.
Арғы ұраның Мәмбетті-ай,
Бұрынғы елден сән кетті-ай.
Ата-енем бірдей кеткен соң,
Жылап та сықтап жан кетті-ай.
Бергі ұраның Қожақұл,
Өлімге болмас кім мақұл?
Әртүрлі жоқтаулар
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ата-енем үйден кеткен соң,
Айтады бізге кім ақыл?
Құсемшек бойы екі су,
Құлады біздің алтын ту.
Алтын ту емей немене
Қаракерей еткен бу.
.................................
.................................
Қабанбай батырдың
Әулетінен тараған.
Қаншама жыл ел билеп,
Қамына елдің қараған.
..................................
Күдерін үзді-ау баладан.
Ақ сұңқар ұшты құйылып,
Жібектей бауы қиылып.
Көзден аққан қанды жас
Тарқар ма екен тиылып.
Ағайын-туған келеді-ау,
Бас қалқам деп күйініп!
Енді бізге кім келер,
Ақыл сұрап жиылып?!.
56. ЕРТОРЫНЫ ЕКІ КЕЛІНІНІҢ ЖОҚТАУЫ
Аузыңа сусын бере алмай,
Басыңа жастық қоя алмай,
Ақ дидарың көре алмай,
Қапыда кеткен дүние-ай!
Серкесіз қойдай ұйлығып,
Кең дүниеміз болды тар.
Есте қалмас сұм қайғы,
Заһар болды татқан нәр.
Жатқан жерін айтайын,
Бабалы тау оң жағы.
ӘРТҮРЛІ ЖОҚТАУЛАР
Айыр кезең баурайы,
Он жеті кісі жөнелді.
Жеті кісі, сегіз ат
Жатқанын жайрап көріпті
Көкорай шалғын сайдағы.
Бір жерге сүйек жия алмай,
Кәріп жанын қия алмай,
Уездной, судия,
Лекер келді сойғалы.
Дұшпаныңның союына болмады,
Шерменде болған сегізді,
Бір жолға Құдай қорғады.
Сары алтыннан салмақтым,
Патша ұлындай ардақтым.
Екі кісі бас қосса,
Бір кісідей аруақтым.
Құдіреті күшті Құдай-ай!
Жас басымнан зарлаттың.
Дұшпаныңа берсін бұл күнін,
Біздей де болған бейбақтың.
Бабалы деген құрғыр тау,
Жын мен сайтан ұясы
Тауындай болды ғой тозақтың.
Аршындай бойлы алғаным,
Марқа қозы сықылды
Құрбыласынан бағланым.
Көтермеске лаж жоқ,
Алланың басқа салғанын.
Арғы атамыз би өткен,
Ел тентегін түзеткен.
Арыстандай атекем,
Атекем, сіздей кім өткен?!
Бір қосын ел Амантай,
Бәріне үлгі көрсеткен.
Суық сөз келсе, тұрушы ең,
Дұшпанға қарай бір шеттен.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Дәулеті, табы аз ауыл,
Ақылменен күнелткен.
Үйде жатып өлмедің,
Тағдыр жетіп бір дерттен.
Біздің елдің жылқысы
Жау алдынан бұйырды.
Былтыр менен биыл-ды,
Жеті кісі қосшы алып
Атекем қуды қиырды.
Мына жауың күшті деп,
Шошынып тізгін жияр ма?!
Қарусыз қор боп өлді ғой,
Кінә да қойма бұларға.
«Жас бейбақ, О қалай» деп,
Досым келер жылауға,
Дұшпаным келер сынауға.
Адыра қалғыр қара тал
Жарамады бұрауға.
Сынаған дұшпан сынасын!
Азаматы сондай құласын!
Сұрағаным жоқ еді,
Біздей болып жыласын!
Атекем елдің туындай,
Тазалығы көңілінің,
Шарапат каусар суындай.
Жайдары, жайсаң мінезі,
Ұжмақтың хор қызындай.
Қасында бірге баласы,
Сары алтынның буындай.
Асынса белгі жарасқан,
Асыл пышақ қырындай.
Бірі қағып, бірі ілген,
Аждаһаның тіліндей.
Қарысқан сөзге қайраттым,
Хандардың ескі ұлындай.
ӘРТҮРЛІ ЖОҚТАУЛАР
Қажымайтын қарағым,
Бұрынғының бегіндей.
Айтып-айтпай немене,
Өтіп те кетті көрінбей.
Ақ мақтадай майдағы,
Қызыл гүлдей жайнады.
Алдынан өтпес үлкеннің,
Қарсы отырып зарладым.
Күпірлік сөзім бар ма, жұрт?!
Риза болып тұрамыз,
Алланың басқа салғаны.
57. ҚАЙЫН АТАСЫН ЖОҚТАУ
Биссимилла деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Иманды болғыр, атекем!
Аузымнан қайтып тастайын.
Бір пайғамбар Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Әкешім өтіп дүниеден
Басыма түсті қиын іс.
Бір пайғамбар Жақия,
Ноқалап тіккен тақия.
Әкешім өтті дүниеден,
Айрылып қалдым қапияда.
Алмалы бұлақ ағылар,
Алмасы бетке жағылар.
Айналайын, әкешім!
Іздесем қайдан табылар.
Тауға мұнар түсіп тұр,
Тау жемісі пісіп тұр.
Әкешім өтіп дүниеден,
Басыма қайғы түсіп тұр.
Тау басында қар жатыр,
Бауырын төсеп нар жатыр.
Жан әкемнен айрылып,
Жүректі қайғы жеп жатыр.
Жоң үстінде асылдай,
Шашағы жерге басылды-ай.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тасып бір тұрған көңілім,
Су сепкендей басылды-ай.
Қарадан шапан жамылдым,
Шаң болар деп қағындым.
Әлпештеп баққан жан әкем!
Бір көре алмай сағындым.
Бір пайғамбар Сүлеймен,
Судағы балық сілейген.
Жаратқан, Алла, әкеме
Иманды бер деп тілеймін!
Есіктің алды бетеге,
Бетеге биік өсе ме?!
Әлпештеп баққан жан әкем,
Есімнен мәңгі кете ме?!
Тауда жүрген кекілік,
Тасқа бір шығар секіріп.
Кеше бар әкем бүгін жоқ,
Отырмын ғой өкініп.
Есіктің алды күрке еді-ай!
Күркеден атым үркеді-ай!
Кеше жүрген жан әкем
Топырақ бетін бүркеді-ай!
Кішкене тау маңырақ,
Күн бір шығар жадырап.
Айналайын, аташым!
Орның қалды аңырап.
Бір пайғамбар Калима,
«Жылама» дейді шариғат.
Жыламай қайтіп шыдайын,
Ішімде қайғы қат-қабат.
Базардан келген алты оқ,
Атайын десем бірі жоқ.
Жыламай қайтіп шыдайын,
Атам мен апам қатар жоқ.
Биссимилла деген сөз басы,
Ойласа келер көз жасы.
Иманды болғыр, аташым,
Иманы болсын жолдасы!
Ақ үйге салған үзігім,
Қолыма салған жүзігім.
Артыңда қалған балаңның,
ӘРТҮРЛІ ЖОҚТАУЛАР
Көрмей де кеттің қызығын.
Ботаң болып боздайын,
Жүрегімнен қайғы қозғайын.
Қой десең, жұртым, қояйын,
Құранды тастап үзбейін.
Базардан келген ақ моншақ,
Аталы бала мақтаншақ.
Атасы жоқ біз сорлы
Әр нәрседен жасқаншақ.
Қой десең, жұртым, қояйын,
Қойдан да қоңыр болайын.
Жан атам келер күн болса,
Ақсарбас айтып сояйын.
Екінші намаз пешінде,
Белдеуден тұлпар шешілді.
Кеше жүрген жан атам
Пейішке қарай жосылды,
Өрісте жүрген бозінген,
Өркеші биік көрінген.
Құдіретті күшті Жаратқан!
Атадан бала бөлінген,
Бақиға көшкен, жан атам,
Иманың болсын жолдасың!
* * *
Базардан келген құйысқан,
Тарамай шашым ұйысқан.
Жүрегімді дерт шалды,
Қиын да екен туысқан.
Ойпырма-ай, Алла, жасаған!
Жазуыңнан аса алмай.
Туысым сені ойласам,
Аяғымды баса алман.
Жүк артайын інгенге,
Сөз сөйлейін білгенге.
Мұңымды айтып шағайын,
Ағайын-туыс келгенге.
Жез шәйнектің тұтқасы-ай,
Осал да соққан ұстасы-ай.
Арманда кеткен туысым,
Өміріңнің қысқасы-ай.
Тауға бір шықтым қиялап,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жазу бір жаздым сиялап.
Айналайын, туысым!
Сен едің ғой тиянақ.
Ойлай да, ойлай, ой болдым,
Ат көтермес шой болдым.
Ақ көтерер өзімді,
Кім көтерер сөзімді.
Басыңа жастық қоймадым,
Аузыңа сусын қоймадым.
Жан үзетін кезіңде
Көзімменен көрмедім.
Су жағалай өрледім,
Суат таппай шөлдедім.
Сағынып туысым келгенде,
Ақ жүзіңді көрмедім.
Есіктің алды салынды,
Етегім суға малынды.
Жүректе қайғы, ішім шоқ,
Шығарайын жалынды.
Алдым бір биік, артым жар,
Айланарға жерім тар.
Кешеде жүрген туысым,
Бір көруге болдым зар.
Аташым еді кәріміз,
Бауырында өстік бәріміз.
Бақиға атам кеткен соң,
Кетті ғой енді сәніміз.
Базардан келген тақтайын,
Әлпештеп баққан аташым.
Еңбегіңді қайтіп ақтайын.
58. КЕЛІННІҢ ЖОҚТАУЫ
Піссіміллә деп бастайық,
Артық айтып саспайық.
Иманды болғыр, Атекем,
Жыламай қайтіп тастайық.
Арғымақ келед еңістен
Ертоқымы күмістен.
Иманды болғыр, Атекем,
Бұйырғай орын бейіштен!
ӘРТҮРЛІ ЖОҚТАУЛАР
Базардан келген хат-қағаз,
Қаттауын адам жаза алмас.
Атекем еске түскенде,
Амалын адам таба алмас.
Есіктің алды жас қайың,
Жапырағын баспайын.
Атекем еске түскенде,
Аузымнан қайтіп тастайын!
Жылқы ішінде қоңыр жал,
Жылқыда жоқ оған пар.
Кеше де жүрген Атекем,
Бір көруге болдым зар!
Жылқы ішінде көк дөнен,
Жал-құйрығын өрмеген.
Атекемнен айрылып,
Отыр ғой жаным өлмеген!
Базардан келген қорғасын,
Қорғасын күміс болмасын.
Айналайын, Атекем,
Иманың болсын жолдасың!
Жылқы ішінде бозғыл көк,
Бәйгеден келер озғындап.
Артыңда қалған ұрпағың,
Кетер ме екен, тозғындап?!
Мінгенде-ей, атың, кекілді-ай,
Жолаушы кеткен секілді-ай.
Жолаушы кетсе келмей-ме,
Келмес жерге бекінді-ай!
Жылқы ішінде қарагер,
Қиналса шығар қара тер.
Мен жыламай кім жылар?!
Ішім толған қайғы-шер!
Есіктің алды сар дала,
Жағалай соққан ақ қала.
Жыламайын десем де,
Жұрағатың жас бала.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Есіктің алды сұр жазық,
Құланның еті жол азық.
Жыламайын десем де,
Орның қалды құлазып.
Есіктің алды молады-ай,
Молаға сұңқар қонады-ай!
Атекем, менің, кеткен соң,
Кімдер пана болады-ай?!
Әуеден ұшқан тотықұс,
Балақта жүні қос уыс,
Бұл жалғанда көру жоқ.
Иманды болғыр, Атекем,
Қиямет күні қосылыс!
Базардан келген жібегім,
Осылай болсын тілегім.
Қиямет-қайым болғанда,
Қосылар ма екен сүйегім?!
Жаратқан Алла, Құдайым!
Бір өзіңе жылайын.
Жылағанмен амал не?!
Өткенге иман сұрайын...
Әуеден шыққан бозторғай,
Балақта жүні бос болғай!
Бұ жалғанда көру жоқ,
Қош бол, Ата, қош болғай!
59. АНАНЫ ЖОҚТАУ
Төр жапсарын ояйын,
Орнына сандық қояйын.
Дүниеден өткен анам-ай,
Орныңа кімді қояйын?!
Қалайы сандық қапсырдың,
Дәнекерлеп жапсырдың.
Артыңда қалған балаларды,
ӘРТҮРЛІ ЖОҚТАУЛАР
Анашым кімге тапсырдың?!
Шайыдан көрпе құрайын,
Дүниеден өткен анама,
Алладан иман сұрайын.
Базардан келген матадай,
........белге батады-ай.
Анашымның жоқтығы
Бір өзіме батады-ай.
Базардан келген көк арба,
Жаңбыр тисе, оңар ма?
Қанша адам жиналса,
Анашым, сендей болар ма?
Қайғыдан тарттым сырнайды,
Қайғының оғы зырлайды.
Мен қайғыдан жыласам,
Мұңлы бір адам жылайды.
Арғымақ келер еңістен
Төрт аяғы күмістен.
Айналайын, жан анам,
Орның болсын пейіштен!
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағынып.
Айналайын анашым!
Күнім бір өтті сағынып.
Мінгенде атым қара кер,
Жалынан аққан қара тер.
Анашым, сенің жоқтығың
Маңдайға түскен қалың сор.
Мінгендей атым кер ме екен?!
Маңдайдан аққан тер ме екен?!
Ащы даусым шыққанда
Сұлуымның даусы дер ме екен?!
Анашым келді сексенге,
Жылайын, жұртым, сөксең де,
Анашым енді табылмас,
Етектеп алтын төксем де.
Қайыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қиамет мақшар болғанда
Қосылар ма екен сүйегім?!
Жетімді жетім деп пе едің?!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жетімнен ақы жеп пе едің?!
Өзің бір кетіп бақиға,
Жетім боп қалсын деп пе едің?!
Базардан келген машина,
Табанында жазина.
Анашым сенен айрылып,
Жүреміз енді не күйде?
Ауырды анам басым деп,
Сексенге келді жасым деп,
Алладан ұрпақ тілеген,
Артында жылап қалсын деп.
Үй артында арғымақ.
Байлауда тұрмас қарғылап.
Басыма түсті мың қайғы,
Анашымдай тау құлап.
60. АПАСЫН ЖОҚТАУ
Алдым биік, артым жар
Айналарға жерім тар.
Сағынғанда, жан апа,
Бір көруге болдым зар.
Жирен де аттың қасқасы-ай,
Сыдырып өрген таспасы-ай.
Айрылдым сенен, жан апа,
Шығарда жанның басқасы-ай.
Аспанда ұшқан құмайды-ай,
Құмай да бойын сылайды-ай.
Артыңда қалған балалар,
Апалап кімге жылайды-ай?!
Есіктің алды шие еді-ай,
Шиеге жеңім тиеді-ай.
Апам еске түскенде,
Ішім от боп күйеді-ай.
Ақ үйге жапқан үзігім,
Қолыма салған жүзігім.
ӘРТҮРЛІ ЖОҚТАУЛАР
Жалғаннан көрген балаңның
Көрмей кеттің қызығын.
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағылып.
Әлпештеген апам-ау,
Артыңда қалдым сағынып.
Қара бір тау көрінген,
Көрінсе көңіл бөлінген.
Шешесі жоқ біз байқұс,
Зарлап бір өттік өмірден.
Қара бір таудың алысы-ай,
Сылдырап өскен қамысы-ай.
Әлі есімнен кетпейді.
Жайлы апамның дауысы-ай.
Қой айдадым серкелеп,
Жүк жинадым көрпелеп.
Әлпештеген апажан,
Кімге жүрем еркелеп?
Сорлы боп тудым басымнан,
Қалмаппын өліп жасымнан.
Сағынып апа, жүргенше,
Шықпады-ау орын қасыңнан.
Қара бір тау көрінер,
Көрінсе көңіл бөлінер.
Апам еске түскенде,
Көзімнің жасы төгілер.
61. ҚАЛИҚАН ОРАЗҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ
ШЕШЕСІН ЖОҚТАУЫ
..............................
Басыма түсті уайым.
Жылады деп сөкпе, жұрт,
Жылаумен шерден шығайын!
Анам бір еді айдыным,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жамылды желек қайғының.
Дүниеден өткен соң,
Ендігі күнім қай күнім?!
Анашым менің асылым,
Асқар тауым, асуым.
Артыңда қалып егіліп,
Көңілім жер боп жасыдым.
Анам бір еді берекем,
Ұялы терек көлеңкем.
Алыстан аңсап мен келсем,
Кім қарағым дер екен?!
Аяулы менің анам-ау,
..................................
Анамды әр күн ойлаумен,
Сарғаяр менің санам-ау.
Анашым менің айбатым,
Ақылды әрі қайратым.
Дүниеден анам өткен соң,
Ақылын айтар қай затың?
.................................
.................................
Опасыз өткен дүниеден,
Армансыз кеткен қай жан бар.
Ереннің биік тауындай,
Өсірдің анам қауындай.
Көзімнің жасы нұр болсын,
Себелеп жауған жауындай!
62. ЕНЕСІН КЕЛІННІҢ ЖОҚТАУЫ
Қағыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қайғылы жүрек жазылар,
Апашым қайдан табылар?!
Мүдіріп кетсем мін болар,
Шариғатқа мін болар.
ӘРТҮРЛІ ЖОҚТАУЛАР
Иманды болғыр, апашым,
Енді өзіңдей кім болар?!
Әуеден ұшқан лашын,
Қиынға салар ұясын.
Алладан тура келген соң,
Ажалға бар ма лажың?!
Апам бір келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де,
Қайтадан бүрлеп өнер ме,
Бәйтерек әкеп ексемде.
Әптиек басы әп жетті,
Ауырып апам көп жатты.
Қайран менің апашым,
Малым-жұртым деп жатты.
Ауырды апам басым деп,
Маңдайға біткен қасым деп.
Алладан бала сұрапты,
Артымда жылап қалсын деп.
Апам бір кетті мәреге,
Мәреден әрі шаріге.
Көз көрген түс ағайын,
Сәлемде деді бәріңе.
Кішкене болды түймеден,
Жіңішке болды инеден.
Иманды болғыр, апашым,
Ғаріп боп өтті дүниеден.
Өңім бе, Алла, түсім бе?!
Көрейін деген түсім бе?!
Жыламай қайтіп шыдайын
Алланың салған ісіне.
Көрінген тауда қор жатыр,
Әуеден ұшқан көкқұтан,
Дүние жалған бір тұтам.
Сәби боп өткен апашым,
Жалғаннан қайтіп ұмытам.
Айналайын тәңірім!
Осылай болды-ау өмірің.
Жатқан жерің торқа боп,
Нұрға толсын қабірің!
12-0110
63. АНАНЫҢ ҰЛЫН ЖОҚТАУЫ
Мінгенде атым қан жирен,
Қан жирен жүрер әр күймен.
Алды-артымды ойласам,
Әуе айналып, күн күйген.
Белеңге шығып қараймын,
Желге шашымды тараймын.
Келмеген соң жалғызым
Не болам деп ойлаймын,
Кереге бойын бойлаймын.
Әуеден ұшқан кекілік,
Кекілік отыр бекініп.
Жылады деп сөкпеңдер,
Жалғызымнан айрылып,
Мен отырмын өкініп.
Қайыңнан алған күрегім,
Қайғылы болған жүрегім.
Алладан мен тілегем жоқ,
Осылай болды тілегім.
Білезік салдым білекке,
Жеткізе ме деп тілекке.
Жеткізбей алды жалғызымды,
Қайғы толы-ау жүрекке.
Ананың баланы жоқтауы
АНАНЫҢ БАЛАНЫ ЖОҚТАУЫ
Бір пайғамбар Ыдырыс,
Басыма түсті қиын іс.
Қиын да болса қайтейін,
Тартынбай сөйле отыз тіс.
Есіктің алды күрке еді,
Күркеден атым үркеді.
Қара тұяғын жерге қимайтын жалғызымның
Сұм қара жер бетін бүркеді.
Есіктің алды сасырды,
Кезеңнен жылқы асырды.
Қайтейін, әттең, құлынымның
Қара жер жүзін жасырды!
Әуеден ұшқан ұлармын,
Солқылдақ шиге қонармын.
Жалғызымды ойлай-ойлай,
Сақардай қайнап тынармын.
Қара ат міндім қатырып,
Қабырға жүнін батырып.
Жалғызымды ойлаймын,
Ұйқысыз таңды атырып.
Қаракер аттың шоқтығы,
Сілкінсе, түсер боқтығы.
Жалғызымнан айрылып, мен отырмын,
Қарғамның, әттең, жоқтығы!
Алтын ерден қас кетті,
Жалғызым менің жас кетті.
Жас кеткенін ойласам,
Қарадай көзден жас кетті.
Кереге қостым қапсырып,
Ши ұстадым жапсырып.
Шешең кәрі, балаң жас,
Кімге кеттің тапсырып?!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жүк артайын інгенге,
Мұңымды айтам білгенге.
Құдіреті күшті Құдайым!
Күнімді берсін күлгенге.
Есіктің алды самырсын,
Самырсын мұнар жамылсын.
Бақиға кеткен құлыным,
Іздесем, қайдан табылсын?
Тауға біткен жалбызым,
Маңдайға біткен жалғызым.
Жалғызым сенен айрылып,
Көңілді шерге алғыздым.
Есіктің алды бүлдірген,
Етек, жеңін ілдірген.
Ішім жалын, сыртым шоқ,
Ешбір жанға білдірмен.
Әуеден ұшқан лашын,
Лашын көктен құласын.
Адамның ісі емес-ай,
Аллаға не амал қыласың!
Дүние жалған бір тұтам,
Қайғыланып қан жұтам.
Жалғызымды құдайға тапсырдым,
Мен оны қайтіп ұмытам.
Базардан келген шай қасық,
Отырушы едім қарғам жайғасып.
Кеше отырған құлыным
Қайда кетті адасып?
Жүк үстінде көк құран,
Моллалар ашып оқыған.
Құраның сенің тиылмас,
Дастарқаның жиылмас.
АНАНЫҢ БАЛАНЫ ЖОҚТАУЫ
Базардан келген елеген,
Елеген шетін емерген.
Қанша бір ұрсып жатсам да,
«Қалайсың, шеше» демеген.
Тау дегенім тас болды,
Тайлақтың жүні бос болды.
Айрылмайын деген құлыным,
Міне, бүгін жоқ болды.
Белдеуден тұлпар шешілді,
Бейіске қарай жосылды.
Құлынымнан айрылып,
Біле алмай тұрмын есімді.
Ұшайын десем қанат жоқ,
Киейін десем манат жоқ.
Жылады деп, жұртым, сөкпеңдер,
Бұл күнде менде тағат жоқ.
64. БАЛАНЫ ЖОҚТАУ
Айрылдым қайран құлыным,
Қолқа жүрек жұлыным.
Кеше ғана жүр едің,
Секеңдеген тиыным.
Зар болды ғой құлыным,
Жылаумен өтер бұл күнім.
Жас кеттің ғой, қайтейін,
Бақшадағы бұлбұлым.
Арманда кеткен жас өлім,
Ерімес қара тас өлім.
Жаралы менен жалғызға
Қарамаған осы өлім.
Әуеден ұшқан ақ ұлар,
Балақта жүні қағылар.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Кеше де жүрген құлыным,
Іздесем қайдан табылар?
65. ЕРКІНДІ ШЕШЕСІ ҚАМАРИЯ
ИМАНБАЙҚЫЗЫНЫҢ ЖОҚТАУЫ
Биссимилла еді сөз басы,
Әлемнен асып озбашы.
Қайғылы болған сұм басым
Іштегі шерді қозғашы.
Әуеден ұшқан сұңқарым,
Жылқыда жүйрік тұлпарым.
Еркінім сенен айрылып,
Түгемей кетер мұң-зарым.
Тізем бір отыр бүгіліп,
Қабырға-қолым сөгіліп.
Арманда кетіп жас есіл,
Көзімнің жасы төгіліп.
Қолымда тұрған асылым,
Артықша туған нәсілің.
Жалындап туған қас жүрек,
Су сепкендей жасуын.
Алтын ең, қарғам, жез болдың,
Жібек ең, қарғам, бөз болдың.
Жығылып қана жан үзіп,
Оғына ажал кез болдың.
Жайлауға шықсам—өрісім,
Жазғытұрым піскен жемісім.
Жаңа толған шағыңда
Ажалдың тура келісін.
Қайтейін, әттең, күнішім!
Көрмейін деген бұл ісім.
Сенен, қарғам, айрылып,
Езіліп отыр қу ішім.
АНАНЫҢ БАЛАНЫ ЖОҚТАУЫ
Табаным отыр ойылып,
Таңдайым отыр сойылып.
Кеше де көрген қызығым
Бір күнде кетті жойылып.
Көрмедім, қарғам, көрмедім!
Не болғанын білмедім.
Жығылды Еркін дегенде,
Келер деп ажал сенбедім.
Басыңа жастық қоймадым,
Аузыңа сусын бермедім.
Жарым боп жаның қалса да,
Арманым бар дер ме едім?!
Еркінім еді ақ маңдай,
Қырмызы жібек, жез таңдай.
Артында қалған сүйген жар,
Иесіз қалған үй қандай?!
Мінгендей атым бозым-ай,
Ағайын арқан созды ма-ай.
Құлыным сенен айрылып,
Кетіп отыр жағдайым.
Төсек салсаң, көрпе сал,
Шымылдығын серпе сал.
Еркіннен қалған дүние
Отқа салып өртей сал.
Тізем қалды кесіліп,
Таңдайым қалды тесіліп.
Жетемін енді дегенде,
Отыңды кетті-ау өшіріп.
Ажал сені жалмады,
Артыңда ұрпақ қалмады.
Қайғы жұтқан шешеңнің
Түгемес, сірә, арманы.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Сен едің, қарғам, қуатым,
Жетейін деген мұратым.
Байланар алтын қазығым,
Айдын-көлім суатым.
Сен едің, қарғам, мерейім,
Ажалға мына не дейін?
Тағдырдың ісі амал жоқ,
.......................................
Отауың еді қалада,
Ажалың болды далада.
Айрылып сенен тұйықсыз,
Қайғы бір қалды санада.
Ақ көйлек кидің етіңе,
Қалампыр сеуіп шетіне.
Жалғаннан рақым болмады,
Тайғанақ деген дертіңе.
Опасыз екен бұл дүние,
Баратын мекен ол дүние.
Еркіннен қалған жас отау
Болар екен кім ие?
Үй артында арғымақ,
Су ағады жар құлап.
Есіл жастан айрылып,
Отырмын, міне, зар жылап.
Аққолдың тауы зор биік,
Бауырында ойнар ақ киік.
Құлыным, сенен айрылып,
Отырмын тартып қос күйік.
Еркін бір еді ұларым,
Гүлнар бір еді шынарым.
Екеуі келе жатқанда-ай,
Ажал бір алды сыңарын.
АНАНЫҢ БАЛАНЫ ЖОҚТАУЫ
Киімін қойдым тұл жайып,
Бұл не деген ғажайып.
Қос күйікке өртеніп,
Отырмын, міне, сарғайып.
Есіктің алды жас қайың,
Жапырақ жаяр жыл сайын.
Ойнақтап жүрген күнішім,
Есіме түсер күн сайын.
Бәйгеге жүйрік баптаймын,
Ат үкілеп шоқтаймын.
Медет бір сұрап Алладан,
Көз жасым бұлап тоқтайын.
Мінгендей атым қара кер,
Қамшы бір салсаң, шығар тер.
Желкілдеп өскен жемісім,
Мекенің болды-ау қара жер.
Аққолдың бойы арна ағын,
Тістеймін күнде бармағым.
Желкілдеп өскен жемісім,
Жеткізбей кетті-ау арманың.
Мінгендей атым кер ме екен,
Кекілден аққан тер ме екен?!
Үйірсек аттай, құлыным,
Сағынып бізді жүр ме екен?!
Мінгендей атым кекілді,
Жолаушы кеткен секілді.
Жолаушы кетсе келер ед,
Келмес те жерге бекінді.
Мінгендей атым кер шұбар,
Тебінсе аттан тер шығар.
Қолымнан ұшқан сұңқарым,
Мендей де сорлы жоқ шығар.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мінгендей атым керме иық,
Шапан бір піштім тел қиық.
Шығарып отау қуанып,
Той жасап едім, ел жиып.
Мінгендей атым қан жирен,
Жағасы алтын тон киген.
Еркінімді ойласам,
Айналып әуе, жер күйген.
Мінгендей атым торы атты,
Жасаған мені зарлатты.
Қос күйікті тарттырып,
Күйзелтіп кетті жан-жақты.
Төредей болған құлыным,
Үзіліп кетті-ау жұлының.
Жеткізбей сені мұратқа,
Қара жер көрді-ау қызығын.
Мінгендей атым тор жорға,
Табаны тимес бек жорға.
Құлыным, сенен айрылып,
Шықпаған жаным жүр жорға.
Кетпейін асып арнадан.
Құраны тисін арнаған,
Жастай бір кеттің, құлыным!
66. ҚАЛАМҚАН ЖҰБАНҒАН ҰЛЫН ШЕШЕСІНІҢ
ЖОҚТАУЫ
Ескіден сөзді бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Төредей болған қарағым-ай!
Аузымнан қайтып тастайын.
Ертістің сойы салқын-ды.
Жан еді қалқам тартымды.
Жыламай қайтып тұрайын,
АНАНЫҢ БАЛАНЫ ЖОҚТАУЫ
Жоғалттым жерге алтынды.
Биссимилла сөздің басы екен,
Пайғамбар құдай досы екен.
Ақ төбедей ақ орда,
Қаңырап қалған осы екен.
Алтын едім, жез болдым,
Асыл едім, бөз болдым.
Құдіреті күшті Жасаған
Қазаға бұндай кез болдым.
Өркеші болған түйенің,
Емшегі болған биенің.
67. АНАНЫҢ ҚОС ҰЛЫН ЖОҚТАУЫ
(СЕРІК ПЕН ҚАЛИҒА)
Жазмыштың жолынан кім шегінбеген
Өшігіп қайта бастым өмірге мен.
.... сол өмірдің арасынан.
Ем табар шерлі көңіл жарасынан.
Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Сөз айтам сол жүректің жарасынан.
Адамның алды жарық тілегі бар,
Қуанып, күйінетін жүрегі бар.
Ажалдан басқа қиындық қолдың кірі,
Әй, Алла-ай, әрбір істің тірегі бар.
Өз елін кім шығыпты іздеп басып,
Сүруге шаттық өмірге әркім ғашық.
Жігітке әр уақытта Алла пана,
Бейбіттік болғай еді-ау, есік ашық.
Мендей қып кім көрген жоқ жол бейнетін,
Жас өмір ақыр бір күн гүлденетін.
Барух қырық жыл қатар деген бар ғой,
Бұл жерде бір мен емес, ел сенетін.
Алланың салғанына мен де көндім,
Қайғырып әр нәрсеге неге күйдім.
Қаншама бұл жалғанда көрдім бейнет,
Ант етіп ұмытпасқа басымды идім.
Әрияй, естен кетпес туған жерім,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жолдас боп ойнап жүрген құрып теңін.
Жүрегі түзде бөлек болғанымен,
Иншалла, ер ешқашан ұмытпас жүрген жерін.
Осы жағдай ..........................
.................... арнап ойды,
Кім көрмес көппен бірге тойды.
Жігіттер түсібіңнен айнымаңыз,
Шыдап бақ, бұлтағына екі тойдың.
Жан еді бізбен бірге болған әуес,
Сұм жалған жүргемін бе, саған сеніп,
................... бермеген бір Алла ғой.
Күндікке жүріппін ғой сағымға еріп.
Жүректе асылдық жоқ шерленген соң,
Шешенде ақындық жоқ өрленген соң.
... не рахат бар-ау бұл жалғанда
Құбылып күннен-күнге түрленген соң.
Жерімнен алыс ұзап кеткендігім,
Сағыну дәрежесіне жеткендігім.
Жас ұрпақ, сіздерге тап болған соң,
Арманға жетпей, сірә, өткендігім.
Сағынам әруақытта анамды ойлап,
Тұңғиық түпсіз қара ойды бойлап.
Ауызым тұзды суға тап келген соң,
Бауырыңда жата алмадым аунап-қунап.
Білгенге ардақтаған ана қымбат,
Анаға өзі өсірген бала қымбат,
Анадан ақын туады, шешен туады,
Ананың қадірін білген бала қымбат.
Отырам анамды ойлап қапаланып,
Тәңірге айырдың деп қатты налып.
Титыққан жұрт тынысы тарылады,
Кешегі шаттық өмір артта қалып.
Әлпештеп адам еткен қайран анам,
Жел тұрса терістікке желге пана.
Бұрынғы өткен күнді арман етіп,
Қайғының күйін шертіп отыр балаң.
Рахат көрсетсем деп туған ай-күн,
Не жөнсіз, жөндіге де көнген ана.
Ержетсе ақ сүтімді ақтар-ау деп,
АНАНЫҢ БАЛАНЫ ЖОҚТАУЫ
Бала үшін талай бейнет көрген ана.
... Сізбен Аллаға аян
... Ұлықпан мен алар ойдан.
Бұл тірлікте не жаздым мен?!
Өмірден басқа таба алмадым өмір сайран.
Соны ойлап қапаланып, қалып жүрме,
Әуелі өз-өзіңнен азып жүрме.
«Бақсыз жан болдым» деп-ай тірлігіңде,
Тәңіріңе тіліңді тигізіп жүрме.
Бұл күнде балаң өкінеді өміріне,
Сабыр ет, ақыл беріп көңіліңе.
Шын тілеп, бір сауаппен Аллам десең,
Қайғының төз ауыры мен жеңіліне.
Жай шуақ болар ма екен?
Ортайған толар ма екен?
Басымнан осы күнім тұтас кетіп,
Балаларыма қосылар күн туар ма екен?!
68. РАЙХАННЫҢ БАЛАСЫН ЖОҚТАУЫ
Халықтың дана молдасы,
Батырлардың қолбасы.
Осындай ердің, қарағым,
Болып едің жолдасы.
Оң жаққа төсек салмадың,
Атантай қызын алмадың.
Ортамызды толтырып,
Бір қызық тастай алмадың.
Салусыз қалды-ай төсегің,
Дұшпаннан болды өсегің.
Қиямет қайым болғанда,
Сол жауың болсын есегің.
Орайда орай оқ атқан,
Он екі сала бағы атқан.
Қаңқылдатып қаз атып,
Қыз баласын бірге атқан.
Бас бармақты бөдене,
Басқа дәулет көзге атқан.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Таңдайлымен тайласқан,
Киім бір кисе жарасқан.
Ақылдымен жанасқан,
Шың Дубанмен жауласқан.
Жауласам деп қарағым,
Екі көзді қан басқан.
Зарланып артта біз қалдық,
Келген барып налыдық.
Отбасында шошайып,
Шал мен кемпір біз қалдық.
Малгажім, менің, Малгажім!
Текті атадан жалғызым.
Аспаныма қарасам,
Сүйеніп барды жұлдызым.
Сенен тірі айрылып,
Қанатым қалды майрылып.
Қолдан шыққан ақ сұңқар,
Келмедің ғой қайрылып.
Еліңнің болдың құрбаны,
Ел ағасы молдамен,
Жабы, Мардаш қорғанға
Жылай, жылай қарағым,
Әлім әбден құрығаны.
69. АҒАНЫ ЖОҚТАУ
Есік алды жапырақ,
Жапырақ тұр жалтырап.
Иманды болғыр, жан аға,
Басыңа жансын шам-шырақ.
Кішкене ұршық қорғасын,
Осындай болам деп пе едім?!
Еркелеткен ағекем,
Маңдайыма көп пе едің?!
Ағекем едің алдымда,
Айрылып сізден қалдым ба?
Балаларың жас қалып,
Сары уайым салдың ба?
Көлдей болып көз жасым,
Жылаумен бардым үйіңе.
Орның тұр, өзің жоқ,
Осылай ма еді дүние?!
Күмістей ерден қас кетті,
Ауылымнан бас кетті.
Жыламай қайтып шыдайын,
Қырық тоғыз жас кетті.
Құдірет ісін қарашы,
Адамның бар ма шарасы?
Бауырды жоқтау
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жетім-жесір атанып,
Қалды ғой он баласы.
Ауыр болды қазаңыз,
Артық еді бағаңыз.
Қайғыланды артыңда,
Сыңар қалып ағаңыз.
Күрсінді туған еліңіз,
Біздің кетті сынымыз.
Таяқ ұстап иілді
Артыңда қалған ініңіз.
Мінгенде атым сұр жорға,
Еңсемді алам тік зорға.
Топты жас бала қалды ғой,
Маңдайдағы қу сорға.
Түнергендей туған жер,
Суалғандай шалқар көл.
Қабырғам кетті-ау иіліп,
Құлағандай асқар бел.
Сағынып сізді шөлдедім,
Дидарыңды көрмедім.
Мен жыламай кім жылар,
Топырақ болды көргенім?!
Ойпыр-ай, Алла, жалған-ай!
Жалғаннан көңілім қалғаны-ай.
Көре алмай қалып ағамды,
Өмірім өтті арманда-ай!
Қара бір аттың шабысы-ай,
Аяғының шалысы-ай.
Көре алмай қалдым дидарын,
Аралық жердің алысы-ай.
БАУЫРДЫ ЖОҚТАУ
* * *
Ағекем, арыс, асқар бел,
Ағыздым жылап көзден сел.
Жастай кетіп арадан,
Байладың бізге қайғы шер.
Айналайын, боздағым,
Жайқала өскен орманым.
Оңалғанда заманың,
Енді бір он жыл болмадың.
Айта берсең, арман көп,
Бір балаңды іске қоймадың.
Таяқ ұстап артыңда,
Айрылып сенен боздадым.
Айналайын, Құдайым!
Бір өзіңе жылайын.
Қаралы күнді жамылып,
Басыма түсті уайым.
Қолқа, жүрек, бауырым!
Ойламай қайтып шыдайын.
Қысылғанда тыныс ең,
Ақылды кімнен сұрайын?
Кеудемді керіп қайғы дерт,
Пешпетіме сыймаймын.
Айналайын, ел-жұртым,
Есімді қайтып жинаймын?!
Өртенгенде өзегім,
Көзімнің жасын тыймаймын.
Өксігімді баса алмай,
Шыбын жанды қинаймын.
Құдірет ісі таңдандым,
Ақыл таппай сандалдым.
Қолымнан келер шара жоқ,
Бір Құдайға жалбардым.
Қапыра алды сұм ажал,
Естімей сөзін құр қалдым.
Қаралы хабар алғанда,
Жын ұрғандай ырғалдым.
13-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Түнек басты бір күнде,
Деп жүргенде жырғалым.
Көрініп келсе сұм ажал,
Болар ем сенің құрбаның.
Артықша туған асылым,
Маңдайыма сыймадың.
Алдымдағы құрағым,
Ойламай қайтып тұрамын.
Көңілімнің көлі едің,
Сарқылмайтын бұлағым.
Иман беріп Құдайым,
Ұжымақта болсын тұрағың.
Көңілімнің күні едің,
Өмірдегі шырағым.
Болмасқа амал жоқ екен,
Шарасыздан шыдадым.
Тату едік өмірде,
Ынтымағы келіскен.
Қанат қаққан кезіңде,
Шықты желің терістен.
Жылаумен қайғы басайын,
Шығып кетсін шер іштен.
Алдыңнан Құдай оңғарып,
Орның болсын бейіштен.
Енді сабыр қылайын,
Пайда жоқ қайғы, кейістен.
Қайғылы болды жылымыз,
Бұны жұртым біліңіз.
Іші-бауырым езіліп,
Жылаумен өтті күніміз.
Бала-шаға жас қалып,
Ауырлады жүгіміз.
Жақсы ағадан айрылып,
Кетті-ау біздің сынымыз.
Жеңдірмесек қайратқа,
Жақсы болмас түбіміз.
БАУЫРДЫ ЖОҚТАУ
Қара жер мәңгі тоймайды,
Әркім-ай соны ойлайды.
Көп жасаған шешен аз,
Жақсыны Құдай қоймайды.
Мінезі жарқын жібегім,
Сен кеткен соң жүдедім.
Бір қанаттан айрылып,
Шарықтамай жүрермін.
Қасіретке буылып,
Тұншықты ғой жүрегім.
Әйелің сырқат, бала жас,
Не болар, қайдан білемін?
Қағазда қалды хатыңыз,
Ел аузында атыңыз.
Қолдан келер шара жоқ,
Жақсы болсын артыңыз.
70. КӘРІМДІ ҚАРЫНДАСТАРЫНЫҢ ЖОҚТАУЫ
Жағалай біткен бидайық,
Ел қонады шеп жайып.
Ағекемдей сабазға
Не деп бір айтсам лайық.
Жылаудан пайда бар ма екен?
........................................
Жылаудан пайда бар болса,
Ағакем еді ақ маңдай,
Ерге күміс шапқандай.
Ел ісіне келгенде,
Ойланбай ақыл тапқандай.
Төрелермен төрлескен,
Жақсылармен сөйлескен.
Жер алысын түнде алған,
Дұшпаннан кегін күнде алған.
Білінбей жүріп алғаны-ай,
Опасы жоқ сұм жалған.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ағекем еді арысым,
Азуы кере қарысым.
Ағайынға сөз келсе,
Жібермеуші еді намысын.
Былғары тоқым, жез пыстан,
Құлады бізден арыстан.
Арыстан емей немене?
Ақылға еді-ау данышпан.
Сапырдым саумал тегешке,
Ағекем төрем емес пе?
Екі де кісі бас қосса,
Отырушы еді кеңесте.
Сөз сөйлейін мүдірмей,
Тобымнан үлкен түңілмей.
Отыз екі жасында,
Ағекем өтті білінбей.
Бәйтерек сынды алыпты,
Жолбарыс түбін шалыпты.
Туған соң өлмек бір парыз,
Оған да пенде наныпты.
Ағекем дегдар бегзатым,
Ренжітпеген халықты.
Өлімнен өтер өткел жоқ,
Бізге де тағдыр танытты.
Сөз сөйлейін аңғарып,
Жаратқан хаққа таң қалып.
Алпысқа келген ата-анаң,
Қайғыда қалды зарланып.
Ай менен күнім тұтылды,
Алтындай сақам ұтылды.
Ішкен ас бойға тарамай,
Қайғымен қан боп жұтылды.
БАУЫРДЫ ЖОҚТАУ
Қарар көзім көр болып,
Қармарда қолым қырқылды.
Алданыш қылған, Құдай-ау!
Артында қалған тұқымды.
Ағекем асты биікті,
Ажалдың желі тиіпті.
Артында қалған біз сорлы,
Тарттық-ау әбден күйікті.
Үстіңе киген шапанды-ай,
Үлкендер айтқан мақалды-ай.
Айбыны асқар ағекем,
Айшылық жерде жатар ма-ай.
Зерлеп бір тіккен тақия,
Киіп те жүрдің басыңа.
Кебекті алтын аралас,
Дария-өзен тасында.
Ағекем жалғыз жатқан жоқ,
Құнанбай менен Дөненбай—
Екі ағасы қасында.
Адам ата—бабамыз,
Әміріне нанамыз.
Тумақ—сүннет, өлмек—парыз,
Бәріміз де барамыз.
Қабырғасы қайысты,
Кәрі атаң менен анаңыз.
Кеше де жүрген ағекем,
Іздесең қайдан табамыз.
Отыз екі жасыңда
Адамнан болды-ау жалаңыз.
Шабдар атпен шабарға,
Ел-жұртың келді хабарға.
Кешегі аға бүгін жоқ,
Осыған кісі нанар ма?
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Арманда аға мәрт кетті,
Белдеуінен ат кетті.
Ат жалынан жіберген,
...................................
...................................
Тіленіп саған жылайым.
Арманда кеткен ағакем,
.....................................
.....................................
.....................................
Қараңғы көрің жарық боп,
Алдыңнан жансын шырағың.
71. ӘЛІМҒАЗЫНЫ ЕКІ ӘПКЕСІ АЛДАНҒАН МЕН
ЗЫЛИХАНЫҢ ЖОҚТАУЫ
Бір пайғамбар атақты,
Өнерін жұртқа жайыпты.
Көзімнен бұл-бұл ғайыпты.
Бір пайғамбар Нүсіпті,
Қолымнан сұңқар ұшыпты.
Иманды болғыр, бауырым,
Қараңғы көрге түсіпті.
Биссимилла сөздің анасы,
Құранның отыз парасы.
Алла керек қылған соң,
Пенденің болмас шарасы.
Ағузыбилла биссимилла,
Айтайын, жұртым, сөз тыңда,
Аяулы қайран бауырым
Келмейді-ау енді қасыма.
Биссимилла деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Ардақты қайран, бауырым,
Күнәлі сөзге қоспайын.
Биссимилла деген сөзге бақ,
БАУЫРДЫ ЖОҚТАУ
Мүдірмей сөйле тіл мен жақ.
Осылай болды-ау біздің бақ.
Жырламайын, жылайын,
Жыласын деді құдайым.
Қайғыны басқа салған соң,
Жыламай қайтып шыдайын.
Бауырым еді, құрмалым,
Құрмалым менің қорғаным.
Бауырым сапар шеккен соң,
Таусылар емес арманым.
Ойласам ойдан кетер ме?!
Шақырсам даусым жетер ме?!
Осыдан арман өтер ме?!
Манастың, шіркін, шарысы-ай,
Болмады дауа дәрісі-ай.
Бауырым сапар шеккен соң,
Жас пенен келді кәрісі-ай.
Ыстық ойдың жылысы-ай,
Тар болып тұр тыныс-ай.
Аяулы қайран бауырым,
Артында жоқ інісі-ай.
Көк жорға міндім бүгілтіп,
Көшеге салдым жүгіртіп.
Жер ортадан асқанда,
Кеттің-ау, бізді түңілтіп.
Саптасың үйге кеп отыр,
Өзіңді қайда деп отыр?
Артыңда қалып жұрағат,
Қайғыңның қамын жеп отыр.
Ақылың қалды айтылмай,
Асың да қалды сарқылмай.
Басшысын атқан аққудай,
Шуылдап қалды артыңда-ай!
Тау дегенім тас еді,
Тайлақтың жүні бас еді.
Иманды болғыр, бауырым,
Бір ауылдың басы еді.
Көктемшені жайлаушы ең,
Сазына бие байлаушы ең,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Иманды болғыр, бауырым,
Сен барда нені ойлаушы ек?!
Отырса, төре төбе еді,
Төрт қырлап шапқан кеме еді.
Атағы қара демесең,
Төреден несі кем еді?!
Қырмызы қызыл жібектей,
Ертіске құрған шүмектей,
Айдының жаным бар еді-ау,
Жолбарыс жатқан түбектей.
Асыл боп туған гауһар тас,
Іздесем ізің табылмас.
Қайтейін сенен айрылдық,
Туысың неге сағынбас.
Сөйлеуші-ең сөзді батылмен,
Қағыспаушы едің жақынмен.
Иманды болғыр, бауырым,
Істеуші ең істі ақылмен.
Қайыңнан құрық сүйреткен,
Жасаңға жылқы түнеткен.
Айналайын бауырым!
Соңғыға үлгі үйреткен.
Ат байладым арқанға,
Ақтұйғын қонар жалтаңға.
Қайғысыз қамсыз жүруші-ек,
Бауырым, сенің арқаңда.
Бауырым еді ақ маңдай,
Алтынға күміс жапқандай.
Қуаныш еттім сыртыңнан,
Жерден бір алтын тапқандай.
Тор жорға міндім толықсып,
Тойға да бардым бұлықсып,
Бауырым сенің тұсыңда
Отырушы едім ұлықсып.
Артықша туған затыңыз,
Тақтайға жазған хатыңыз.
Өзің кетіп, біз қалып,
Шуылдап отыр артыңыз.
Бауырым еді-ау айдыным,
БАУЫРДЫ ЖОҚТАУ
Тұтылды менің ай-күнім.
Таба алмай адам баласы,
Шарасын тауысқан қайғының.
Аһ, дариға, жалған-ай!
Алланың салған парман-ай!
Көктеп бір тұрған бәйтерек,
Жапырағы қурап солғаны-ай!
Сүт кенжең еді Гүлденең,
Жасырақ жетім қалғаны-ай.
Аталап жүрген сәбидің
Лаққан қозыдай болғаны-ай.
Жылқы ішінде боз ойнақ,
Қолыма салдым жез ойнақ.
Әкелі-бала жасымай
Жүрмей ме «жарқ-жұрқ» көзі ойнап.
Алмалы бұлақ ағылар,
Алмасы жерге қағылар.
Кешегі жүрген бауырым
Іздесем, қайдан табылар?!
Айым да күнім тұтылды,
Алтын да сақам ұтылды.
Иманды болғыр, жалғызым,
Қайғысы қан боп жұтылды.
Ай қайтадан батар ма?
Алтыным жерге жатар ма?
Алтын да сүйек жалғызым,
Айшылық дөңде жатар ма?
Үйден бір шықтым Алла деп,
Басыма қайғы салма деп.
Үміткер болып келіп ем,
Жалғызым үйде бар ма деп.
Жан-жағыма қарайын,
Айнаға бетім салайын.
Өңім бе, жұртым, түсім бе,
Өлгенге қайтып нанайын?!
Мінгендей атым арғымақ,
Арғымақ жүрер қарғылап,
Жыламай, жұртым, қайтейін,
Сүйенген қалды-ау жар құлап.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Пышақ бір салдым қынамен,
Мешпен бір піштім сынамен.
Әлпештеп баққан балаңды,
Кеттің бе тастап шыныменен.
Манастың тойы сар дала,
Серуенге шығар бозбала.
Иманды болғыр, жалғызым,
Ғұмырың болды-ау аз ғана.
Екінті намаз парызды
Өтеріңе келгенде,
Айта алмай кеттің арызды.
Базардан келген бір ғой кез,
Алладан ажал келді тез.
Иманды болғыр, бауырым,
Тілей ме бізден арман сөз.
Оқыдық құран басыңа,
Мол атап малды асыңа.
Ажалдың оғы кез болды-ау,
Тоқтатқан ақыл жасыңда.
Қалайы салдық қапсырып,
Қасына найза жапсырып.
Басына барып біз қайттық,
Бір Аллаға тапсырып.
Шындық өзі мекенің,
Тақия симас шекелім,
Зиратыңды көргенде,
Білмедік, Алла, не екенін.
Сары аралас қолымды,
Сарғайдым, бауырым, жолыңда.
Сарғайтып бізді қойғанша,
Алмаған екен алдыңда.
Көк орамал көңілді,
Көкседім бауырым өзіңді.
Көксетіп бүйтіп қойғанша,
Бермеді-ау, маған өлімді.
Біз таң қалдық жалғанға,
Көндік-ау тәңір салғанға.
Кенженің тойын көре алмай,
Жете алмай кеттік арманға-ай!
БАУЫРДЫ ЖОҚТАУ
Мінгенде атым кекілді,
Тас қорғаным-бауырым,
Келмеске барып бекінді.
Аяңдамай желе жүр!
Қамшыңның ұшын бере жүр!
Артыңда қалған ұрпақты
Аруағыңмен жебей жүр!
72. ҚҰДАЙБЕРГЕНДІ ӘПЕКЕСІ ЖІБЕКТІҢ
ЖОҚТАУЫ
.....................................
Қайғылы көңілім жаралы-ай.
Басылмайды-ау жүрегім,
Қайғының қиын қамалы-ай,
Зарлағаныммен табылмас,
Боздағымның заманы-ай.
...................................
Өлмей қалмас жанды адам,
Бауыры суық қара жер,
Жан біткенді жалмаған.
...................................
...................................
Опасы жоқ сұм дүние-ай,
Әркімді өстіп алдаған.
Сөйле тілім бөгелмей,
Жақсының сөзі келеме-ей.
Жанқұлағың қояр ма,
Жүйрік озып жөнелмей.
Жас шынарым қиылды,
Орны қайтып теңеледі-ай.
Пәниден қайтты бақиға,
Дүниеден қызық не көрді-ай.
Сөз сөйлеуші ең толғанбай,
Көп алдында қорғанбай.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жас та болсаң, қарағым,
Ауылыма едің қорғандай.
Отыз жылғы жолдасың,
Болып отыр сор маңдай.
Тірлігіңде, қарағым,
Алысқа қолды сермедің.
Бәрін жинап айтқанда,
Жақсы болды көргенің.
Кенже еді ермегің,
Үйін алып бермедің.
Амал бар ма қайтейін,
Аз жыл тірі жасадық,
Малың менен басыңның
Рақатын көрмедің.
О, дариға, жалған-ай!
Көңілдегі арман-ай.
Арасанға ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Тілеп алған қарғам-ай!
Сұңқарым ұшты түлектен,
Аяқ бауы жібектен.
Жайдары туған қарағым,
Қапазға бұлбұл түлеткен.
Күн батқан соң кеш болған,
Жылағанды жұбатып,
Жығылғанға ес болған.
Арманда кеткен қарағым,
Әр ұлтпенен дос болған.
Той болса атын жаратқан,
Бар жанды аузына қаратқан.
Бауыр-туыс, ел-жұрттан
Айырып кетті жаратқан.
Айырылып қалды қайтейін
Ақылды туған қазақтан.
БАУЫРДЫ ЖОҚТАУ
Таудан асқан ұлар-ай,
Ауылымды басты мұнар-ай.
Ел қорғаған ер едің,
Жыламай қайтып тұрам-ай.
Таудан аққан бұлағым,
Саздауға біткен құрағым.
Жас та болсаң, бас едің,
Жыламай қайтып тұрамын.
Асығыс кеткен қарағым,
Бейістен болсын тұрағың.
Дүниеден қайттың, қарағым,
Елу тоғыз жасыңда-ай.
Жетпіс жасты жасасаң,
Жүрмес пе едің қасымда-ай.
Іздесем, қайдан табамын,
Сіз сияқты асылды-ай.
Кешегі жүрген бауырым
Ақылының данасы-ай.
Қайткенде ақыл табады
Артындағы баласы-ай.
Бізге де ақыл айта жүр,
Ағайын көрген жолдасы-ай.
Ұлытауды асып ең,
Жапырағын басып ең.
Атаңның жолын қуып-ау,
Құралайды көзге атып ең.
Арманда кеткен қарағым,
Ауылыңның ақылы ең.
Азулымен алысқан,
Құланменен жарысқан.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Асығыс кеткен қарағым,
Әр ұлтпенен танысқан.
Сөйлеуші едің ағылып,
Саятшыға бағынып.
Артыңда қалған жолдасың
Ақ бүркеп қалды жасығып.
Артыңда қалған туыстар
Жылайды сізді сағынып.
Жағымды едің, қарағым,
Алыс-жақын халқыңа.
Өмір беріп балаларыңа,
Береке берсін артыңа.
73. МАМАЙДЫ ШЕШЕСІ ҚАРАҮЛЕКТІҢ
ЖОҚТАП АЙТҚАНЫ
Ай, Орағым, Орағым!
Жалғыз қалдың, қарағым!
Мамайжан еді ырысың,
Бір құрсақтан дүреген
Екеу еді туысың.
Екеуің жауға барғанда,
Қалмақты жеңді ұрысың.
Серіксіз қалдың, Орағым,
Дүние, шіркін, құрысын!
Қарағым, Орақ, ай, Орақ!
Ай балтасы қанды Орақ,
Алаштап ұран шақырса,
Құрбысының алды, Орақ.
Мамай кетіп алдыңда
Туғансыз жалғыз калды Орақ!
Атыңды дұшпан атаса,
Мамай еді серігің,
Оркөз еді көлігің,
Артында жалғыз сен қалдың,
Мамайдың көрдім өлігін.
Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бөрі етін жеп,
Қанып еді жерігім,
Мамай еді қуатым
Екі жыл шөлге қамады,
Қалмақтың бермей суатын.
Ел тұлғаларын жоқтау
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Айхай, енді күн қайда?
Қойға тиген бөрідей
Жапыра қалмақ, қуатын!
Құлыны өлген ақ байтал,
Енді саған күн қайда
Ондай бала туатын?!
Қасыңа әскер ерітсең,
Мамай еді жолдасың.
Мамай тірі жүргенде,
Өткір еді алмасың.
Қалмақтың басы Қараман
Оны ұстап өлтіріп,
Кесіп едің хан басын.
Қаты хан атты қалмақтың,
Үш атанып келгенде,
Отқа жақтың қаңқасын.
Мыңды байлап атқанда,
Дарымады етіне қорғасын.
Сол қызықтың үстінде
Неге өлмедім, сор басым?!
Мамай еді дәрменің,
Екеуің қатар жүргенде
Берік еді арманың.
Бәрін міндің қатарлап,
Жұрттағы сұлу жорғаның.
Есімханның ары үшін
Қаты ханынан қалмақтың
Жеті бозды қорғадың.
Мамайжан тірі жүргенде,
Еліңді жауға бермедің.
Қолыңды айға сермедің.
Орманбет биді қалдырып,
Ноғайлыны тергедің.
Алтын тақтың үстінде
Ханмен қатар көлбедің.
Пәни дүние, қайтейін,
Екеуіңің алдыңда
Қазам жетіп, өлмедім!
Айналайын, Орағым!
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Жау жайлайтын жарағым,
Тайды жеген бөрідей,
Тәуір еді талабың.
Тарқамаса, жақсы еді,
Тау бетінде қонағың.
Дұшпандарға тіреген
Аумаса игі ед табаның.
Сарала туың салбырап,
Қалмақтың бұздың қамалын,
Хандардың білдің амалын.
Көзімнің Мамай нұры еді,
Хан кеңесі құрылса,
Сымбатты сұлу төре еді.
Жау кеңесі құрылса,
Жасқанбай шапқан ер еді.
Сасқандар ақыл сұраса,
Ойы терең өр еді.
Хан тарығып, халық сасса,
Жабықпаңыз, Ноғайлы,
«Жауың қайда?»—дер еді.
Белдемшесін белденген,
Көкірегі желденген,
Қара қошқыл қан жұтып,
Қан жұтпаса, шерленген,
Қалмақтың жерін жерленген,
Болатын шарға қайраған,
Бедеу атын байлаған.
Шағанның бетін шаң қылып,
Төрт түлік малды айдаған.
Ауылдың сыртын шаң қылып,
Жылқыны топтап байлаған.
Орданың сыртын қоршатып,
Тең азамат жинаған.
Күндердің күні болғанда,
Құдайдан пәрмен болған соң,
Маңдайыма симаған.
Күмістен ожау ойдырған,
Қысаң қара сабаны
Тұс-тұсынан қойдырған.
14-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алты қанат ақ орда
Ішіне жібек жаптырған.
Егескен ханды күніңді
Алтын тақтан тайдырған.
Қараүлек анаң жоқтаған,
Тым-ақ Алаш мақтаған.
Дұшпанды жерге таптаған,
Досты сыйлап, сақтаған.
Әбеу кескінді батырды
Басын кесіп күнінде
Аш бөрідей аттаған.
Ақ сүңгінің қияғын,
Күміспенен қаптаған.
Ноғайлыны жау алса,
Үйде қарап жатпаған.
Ақ кіреуке сауытым,
Аш құрсағым ауырттың.
Жылай-жылай жалықтым,
Қайғы жұтып, жабықтым.
Тас емшегім жібіттің,
Қу сүйегім еріттің,
Өкпе, бауырым суыттың,
Кәрі шешең қайғымен,
Ағар бұлақ құрыттың.
Өзің тірі жүргенде,
Күдерін жаудың үздірдің.
Тоқсандағы шешеңді
Қайратыңмен «Мәз қылдың».
Қасіретіңменен бүгінде
Бұрымым жерге тоздырдың.
Сары ала туды құлаттың,
Ел-жұртыңды жылаттың.
Құдай салды, мен көндім,
Бұл сапарды ұнаттың.
Өзіңді қалмақ қамады,
Ақ ордаңды талады.
Артыңда қалған жас бала
Қашан сендей болады?
Қырық ұл туса бір күнде,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Орның қалай толады?!
Жұртыңды қалмақ ториды,
Кім мініп атқа, қориды?
Жерді құртқан жез аяқ
Мінбей-түспей ариды.
Көзінің жасы көл болып,
Қараүлек шешең қартайды.
Ақ үйімнің арыстаны,
Боз үйімнің бостаны,
Алысқа кетіп, келмедің
Жасым жетіп мұңдандым.
Анаңнан болып туған соң,
Атқа мінбей өлмедің.
Басыма қара күн салдың,
Ертеңді-кеш үн салдым.
Жауатын күндей құрсандың.
Жауды көрсең, жар салдың.
Өңім-түсім біле алмай,
Ертеңді-кеш тамсандым.
Артыңда қалды жиғаның,
Тарқап кетті мейманың.
Ұжмақты қылып Құдайым,
Жолдасың болсын иманың!
Өлдің Мамай, қор болдың,
Тірлікте зор болдың,
Дұшпанға құрған тор болдың,
Қараүлек шешең зар болды.
Сауытың қалды сандықта,
Алмасың қалды тұлдықта.
Аңдысқан дұшпан көп еді
Елің қалды құлдықта.
Қараүлек шешең шерменде,
Таудай болған көңілім,
Тал бойыңды көргенде.
Неғылып тірі отырмын,
Мамайжан бүгін өлгенде?!
Өлдің Мамай, қор болдың.
Қарадан туып, хан болдың,
Ерлігің мен билігің
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Он сан атты ноғайға
Көрсе, күнде таң болдың.
Жаяуларға жол болдың,
Өлдің, Мамай, күл болдың!
Күл ұшырған жел болдың,
Иманың болғай жолдасың!
74. ҚАЗДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕКТІ ҚЫЗЫ
ҚАМҚАНЫҢ ЖОҚТАУЫ
Биссимилладан бастайын,
Шариғаттан аспайын.
Ішім толды қайғыға,
Азырақ көзім жастайын.
Алаштан озған әкекем,
Жоқтаусыз қайтып тастайын.
Алатаудай әкеме,
Ажалдың сыны келгені.
Жылағанды не қылсын?
Көздің жасын көрмеді,
Тілеуді Құдай бермеді.
Кешегі жүрген әкекем,
Жоқтаусыз тастар ер ме еді?!
Шаншара біз нәсілінен,
Алтау едік анадан:
Сәдібек, Асан, Бөдене,
Үсен менен Балапан.
Бесеуіне аға боп,
Алашқа әкем қараған.
Жолбасшысы кеткен соң,
Айрылды халқың панадан.
Төрт тіреудің бірі едік,
Қиын-қыстау іс келсе,
Бәрінен де ірі едік.
Енді халық не болар,
Асқар тауы құлаған.
Батыр жинап, ел шаппай,
Қылыш шауып, оқ атпай,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Ақылыңменен жол тауып,
Халқыңның кегін алғаның.
Тақта отырған хан болып,
Өзіне де дұшпан көбейтіп,
Қалған емес азапқа.
Ақылменен жол тапқан,
Байыппенен ел тапқан.
Батыр мен хандар сасқанда,
Әкеме келіп жол тапқан.
Орынсыз жерде қан төгіп,
Қас қылған емес бір жанға.
Басын иіп, құл болып,
Бағынған емес бір жанға.
Халқыңа арнап жол салдың,
Қолайлы қылып әр заңға.
Жесір қатын, жетім ұл,
Аруағыңа таянып,
Ие болды мал-жанға.
Жоғалмастай жол салып,
Үлгі болып сөз қалып,
Кеткен жоқ әкем арманда.
Өз басында бағы жоқ,
Сүйеніп тұрар ханы жоқ,
Болды ғой қиын қалғанға.
Қара қылды қақ жарып,
Әділ өткен әкекем,
Байытсын құдай иманға!
Үш жүздің ұлы жиналса,
Алдыңнан кеңес тарқаған.
Ақылың, бағың мол еді,
Айдын көлдей шалқыған.
Сырдың бойын жаратпай,
Мал өсірер орын деп,
Қазақтың ұлын өрдіріп
Қоныс әпердің Арқадан.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ақылың, бағының молынан,
Елің ерді соңыңнан.
Арқасында әкемнің
Отырған жоқ бұл халық
Ешкімнің кейін тобынан.
Он сегізде сөз бастап,
«Қазыбек би» атандың.
«Болар бала боғынан».
Қайран, сабаз, әкекем,
Мақтауыңа жете алмай,
Қызыл тілім қырқылды,
Білімімнің жоғынан.
Өнерсізім болмаса,
Қалай айтсам жараспас.
Қазақта сенен кім озды
Жұлдызы туып оңынан?!
Байлығың несін айтайын,
Кедей деп адам айта алмас?!
Мырза деп несін айтайын,
Әркім-ақ қонақ қайтармас?!
Сөйлеуге тілім сөз тапса,
Мақтауыңнан тайсалмас.
Өмірімше жырласам,
Мінезіңнің, Әкекем,
Мыңнан бірі таусылмас.
Сусыны қанар қазақтың
Ағар бұлақ суалды.
Сіз осылай болды деп,
Естіген қалмақ қуанды.
Қасиетті туған Әкекем,
Ешкімнен қазақ кем болмас,
Шын беріп кетсең дұғаңды!
75. БӨГЕЖЕК МАМПАҢДЫ ЖОҚТАУ
Біссимиллә деп әуелі,
Кітапта бұрын айтылып,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Әуел бастан жар салған.
Бес намазға палуан
Қызметін бар салған.
Елу жылдай ел сұрап,
Халқының ісін басқарған.
Толып жатыр халықта
Ерте туып кеш қалған.
Түбіріндей мешіттің,
Кем-кетігін еске алған.
Орынында өзінің
Бір баласы жас қалған.
Егесіп жүрген дұспанның
Алдынан шығып қасқайған.
Жұртқа лайық кісі еді,
Тізесінен май тамған.
Сырттан соққан қаладай,
Айрылып тұрмын мампаңнан.
Біссимиллә деп әуелі,
Сөз бастайын сүреден.
Өзге өтірік болса да,
Ақ өлім шын деген.
Көңілімдегі арманды
Айтайын сөйлеп тілімнен,
Таратыны қыстау ғып,
Жанатыны күздеген.
Он алтымда қосылып,
Жолдас болдым сізбенен.
Он үш жылдай бір жүріп,
Ажырастың бізбенен.
Ешкім қашып құтылмас
Ақ өлім деген тізбеден.
Бұрынғының сарқыны,
Айтайын бастап көнеден.
Араласып жауапқа
Азамат болған немерең.
Кем-қарысқа жетпесе,
Қолынан пұлын төлеген.
Қайран менің асылым,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бар еді-ау сондай өнегең.
Қолынан беріп мәнсәбін,
Жалғаннан қайтып жөнелген.
Бұлтындай жаңбырдың,
Аралай сөзін себелік.
Жер бетіне жаралып,
Не келмеген, не кетіп.
Аман тұрса арт жағы,
Жетіліп кетер теңеліп.
Қалысбек ермек болмаса,
Жалғаннан қалдым не көріп.
Айтайын деп келемін,
Және бір сөзге ағындап.
Көлеңке болған мампаңым,
Іздесем, қайдан табылмақ?
Тәкәппарлық қылмадым,
Дәулетіңді ауырлап.
Кесек байлық көргем жоқ,
Дәулет біткен шағындап.
Бүтін жақпай сырмайын,
Тоқтатып тұрмын шағындап.
Орнында қалған жас бала,
Әкесін ойлап сағынды-ақ.
Салып қойған сандыққа,
Сары алтындай сақтаулы.
Бұл кісіні жасынан,
Ат үстінен бақ шалды.
Шығарында жайлауға,
Өрлей көшкен Шапшалды.
Тірісінде көзінің,
Бәдясын атқарды.
Жолдасынан айрылып,
Ақ некесі дақ қалды.
Бәдясы туралы
Шілбі ақын берген қағазын.
Туысым деп оқыған,
Бердібек молла намазын.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Бірге жүріп, бір тұрған,
Дарағы кімнің сынбасын?
Еске түссе мінезі,
Көз жасым қайдан құрғасын?
Кезегінде сөзімнің,
Бір айтып өттім турасын.
Үлкен-кіші, кәріге
Қадірлі болған бір басың.
Жаңа білдім жалғанның
Басымызда тұрмасын.
Құдай, аман сақтай көр,
Артына қалған мырзасын!
Елге жайлы жасыңнан,
Жұртқа лайық туғансың.
Еріксіз күні құрысын,
Көсем де болған ұрғашың.
Орнында қалған баласы—
Қалысбек болса қарғадай.
Сүйенерден айрылып,
Артында қалдық далдам-ай.
Құдай қойса жетіліп,
Азамат болар Самдағай.
Жұмыр басты пендеге
Уайым түсер әрқалай.
Бөтен айтып қойдым ба,
Жоғары-төмен аңдамай.
Алдап жүрген дүние,
Алып сатар саудадай.
Бір жазуы әрібімнің
Басына келер аунамай.
Екеу болып туыпты
Есенқұлдың баласы.
Мәмбетқұл, Асан дейді екен,
Енді осыдан ажырар
Баласының арасы.
Беріден туып тарапты,
Ақай, Тоқай, Бурабай...
Бірталай жанның қаласы.
Бата алған кісі ғайыптан
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Келінбай екен шамасы.
Жеті ұлы бар кісі екен,
Қолының жеткен саласы.
Мәулім деген бәйбіше—
Бұлардың тапқан анасы.
Мұнан кейін сөзімді
Айтайын бастап Кенжеден.
Кенжетайдан бес бала,
Ажыратып бөлмеген.
Жұрттың бәрі біледі,
Болмаса біреу көрмеген.
Өз әкесі мампаңның
Шаруасын жөндеген.
Артық сөзім жоқ шығар,
Сырмай жағып өңдеген?!
Осы кісі болыпты
Алысқа қолын сермеген.
«Жолболдылар» бар екен
Ақаязды жерлеген.
Пендесіне қу заман
Екі айналып келмеген.
Нүсіп, Мазақ бір құдаң,
Атаның ұлы белдеген.
Басқы болыс солар боп,
Жақын жүрдік өзгеден.
Осы кісі сөйлесіп,
«Есенқұлды бөл» деген.
Ішінара ғана бар шығар,
Ақ сұңқар құстай жем жеген.
Сөзін қостап біреудің
Жетегіне ермеген.
Ерте жатып жай тұрған,
Заманым бар ма жылдағы.
Ағайынды қосып айтайын
Жоғары, төмен қырдағы.
Төрт жүз отыз түтін бар
Есенқұл болған шумағы.
Жаманты мен Қос етек
Шапшал деген судағы.
Қайсы бірін айтайын,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Арада қалған жылғаны.
Нөкежанға барғандай
Ендігі сөздің ырғағы.
Уыздығы жарыған,
Дәулетті кісі бұл дағы,
Құрбысына қош айтпай,
Неліктен көңіл мұздады.
Айнабек, Күнде үшеуі—
Замандас өскен құрлары,
Көңілін сұрап қоштасып,
Келіп қайтқан кісі бұл дағы.
76. КЕҢГІРБАЙДЫ ЖОҚТАУ
Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.
Үйде сұңқар түлеткен,
Қияда сұңқар тілеткен.
Алтайы қызыл түлкі алған,
Қиядан барып теке атқан.
Баршаны бөздей жырттырған,
Жібекті жүндей түттірген.
Қонақ келсе, «қон» деген,
Қой семізін «сой» деген.
Тойға қазан астырған,
Жақсылыққа көзін жеткізген.
Шылаушын салып ат мінген,
Шыңыраудан алып су ішкен.
Шынжырлы қауға тарттырған,
Қайыңнан астау шаптырған.
Қаптатып жылқы жаптырған,
Айдалаға айдатқан,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Тұлымдыға байлатқан.
Мұңғұлдан жылқы қудырған,
Құлынын жолда тудырған.
Жамбасынан отырған,
Бес теке паршадан тон киген.
Жеті рудан қол жиған,
Әуелі Құдай қалаған,
Асылы нұрдан жаралған,
Ақ сұңқардай түлеген.
Тояты әбден қанған соң,
Алыстан дұшпан аттанса,
Қарт бурадай жараған.
Барғанда төре таныған,
Қайтқанда қара қамаған.
Қарасы мен төресі
Қамап ақыл сұраған.
Айдының Алатаудай бар еді,
Қайратың Қаратаудай бар еді.
Қарыппенен қасырға
Сауып тұрған бие еді.
Жетім менен жесірдің
Айттырмай мұңын біледі.
Толарсақтан саз келсе,
Қажымай оған күледі.
Қабырғадан қан келсе,
Қажымай оған күледі.
Арғын, найман—Орта жүз,
Қылыш жанай жүреді.
Суытып қойған тұлпары
Алпыс басты ақ орда,
Ақ сұңқар үйде тұрғанда,
Күні де, түні де базарым.
Алладан қайтты назарым,
Бетімнен кетті ажарым.
Хан иеміз кеткенде,
Бір күнде кетті базарым.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Жаздыгүні болғанда,
Күннің көзі байланған,
Ақ сұңқар ұшып ұядан.
77. АЛТАЙ ТӘТІНІ ЖОҚТАУ
Қара бір таудың жылғасы,
Халқына бағлан құлжасы.
Сүйіндіктің ағасы,
Алтыннан салған сырғасы.
Алаштан дұшпан сөз келсе,
Алдында жүрер жорғасы.
Қара бір таудың өлкесі,
Аты Алтайдың серкесі.
Жарлыға жалған болмаған,
Хан, қараның еркесі.
Базардан келген бөз еді,
Жақсыдан қалған көз еді.
Еділдің қызыл желіндей,
Саулап тұрған сөз еді.
Айдыны таудай зор еді,
Дәулеті көлден мол еді.
Өзім бір деген алашқа
Аласы бір жоқ сел еді.
Айғыр бір туған құлындай,
Адам ұлын жақтаған.
Әділдікке салғанда,
Нөпір, қазақ мақтаған.
Құрама жиып, ел қылып,
Туысын таза сақтаған.
Тілі шайпау тентектер,
Ақылынан, тоқтаған.
Көлдегі аққу дауысты,
Ақсұңқар құстай шалысты.
Ерегескен дұшпанмен
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Айдаһардай алысты.
Қанға түскен асыдай,
Қалшайғанмен қарысты.
Екіде айыл, тізгін бір,
Бір өзім деп салысты.
Толқын топқа барғанда,
Ішінен шығып сөйлеген.
Сүйіндіктің баласын
Өз ұлындай билеген.
Елім Алтай екен деп,
Еркінше зорлық қылмаған.
Ертегі өткен заманда-ай
Елдің қамын ойлаған.
................................
Күнәкәр ісі болмаған.
Адалдығы ғалымдай,
.................................
Ақылы және данышпан,
Кеудесіне сыймаған.
Мұхтардан жол алған,
Бұқарадан қол алған,
Жалғыз қылдан нәл алған.
Аруақты елдің тұсы едің.
Адал пірдің мұрыты едің.
Қожалар оқыр құранды,
Құраннан басқа пайда жоқ,
Ажалдыға қайла жоқ.
Сарғайғанмен өлмек жоқ,
Ойбайменен келмек жоқ.
Есіре қылыш жүзіндей,
Қалайы сандық ішінде
Алтын ділдә алпыс мың.
Күз қонысын сұрасаң,
Қоянды мен жыланды.
Ұзын аққан бойында,
Мекен қылды Нұраны.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Тірісінде көп берді,
«Зекетім» деп қуанды.
Жесір қатын, жас бала
Қайырымен жұбанды.
Көшкенде мың жылқы айдаған,
Тай қысырап қалмаған.
Сегіз руға мал берген,
Сексен қысырақ байлаған.
Бетегелі кең тарлау,
Беткейге біткен раң-ды.
«Тәті өтті» деп Алтайдан,
«Қайратты кетті» деп қуанар,
Дұшпан көңілі уанар.
Барсаң, сәлем дегейсің,
Ақжол баласы Арғынға!
Атпен желі тарттырдым
Кереге бойы шалғынға.
Дұғай сәлем дегейсің
Қошқарұлы Қорамға!
Қорам орта болды деп,
Қоңсыны күндеп азбасын!
Бір Аллаға жазбасын!
Ішсін, кисін, тойласын!
Сұм дүние өтерін,
Осыменен ойласын!
Мың миллион кісі де
Төр алдына бармасын!
..................................
Ойнай күле жүргейсің.
Бейістің төрі бес тарау
Белгілі болып жүргейсің!
Аллаға ісің ақ болса,
Ақ сарайға кіргейсің,
Нұрдың қызын сүйгейсің!
Шерімен тауып шербеттің,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Су сусынын ішкейсің.
Жә, Мұхамбет қолдағай!
Көп жылаған үмбетін!
Көп тілеуі көл болмай,
Күйіскенде дәулетің,
Аян болсын әулетің!
Барша менен маулымды
Боз тайлақтай айдаған.
Жорға менен жүйрікті
Тай құлындай жайлаған.
Қожалардың айтқаны
О дүниенің сөзі еді.
Ақкер үйге сыймаған,
Алып бір жоталы төбе еді.
Алладан бұйрық келген соң,
Бұ дүниеден жөнелді.
Шаңырағын идірген
Шынар деген ағаштан.
Мал байлығы бір асты,
Біткен қазақ алаштан.
Бетіне жан келмеген
Майқы менен Танастан.
Үш мейрамның ұлында,
Қуандық пен Сүйіндік,
Жан болмаған таласқан.
Ексе де елге бітер ме,
Мұндай мырза жарасқан?!
Бесінде мектеп оқыған,
Алтысында ақыл тоқыған.
Жетісіне шыққанда,
Жетпіс пірден сөз сұрап,
Құдықтай көзін шоқыған.
Сегізіне келгенде,
Сүйіндікке бас болған,
Аққан селдей толқыған.
Тоғызына келгенде,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Туған айдай балқыған.
Енді онға шыққанда,
Дәулеті көлдей шалқыған.
Он біріне шыққанда,
Аруағы асты халқынан.
Он екіге шыққанда,
Құн қайтпады нарқынан.
Жиырмадан өткен соң,
Енді отызға жеткен соң,
Салиқалы би болды.
Жетім менен жесірге
Тігіп бір қойған үй болды.
Жесір менен жетімнің
Болып өтті азығы.
Аз ғана ауыл Сүйіндік,
Әр күні болды қазығы.
«Өз бауырым» деп жан тартпай,
Тіл жаздырып дат айтпай,
Әділдікке салғанда,
Еш бар ма еді жазығы!
Ат басына соқтырып,
Ақ айтпаған дұғайы.
Аузына күпір көп түспей,
Алласын күткен мұңайы.
Сексен үшке келтірмей,
Ажал берді Құдайы.
Өткен іске салауат,
Артықшылығын сұрайды.
Самарқанда сайлатты
Сарала алтын түймесін.
Әзіретке соқтырды
Ақыретке күймесін.
Аруақ баба жебесін!
Жауаптамақ жар болып,
Итке шайтан мінбесін!
Әлем білген Тәтіні
Жоқтаусыз қалды демесін!
15-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
78. ТӨЛЕБАЙДЫ ЖОҚТАУ
Он екі жасар қыз баласының жоқтауы
Әуелі адам пайғамбар,
Екінші сөзім Мұхамбет
Дүниеге шықсаң-бар өлім,
Мұхамбетке болса үмбет.
Азырақ дастан айтайын,
Дұғада болған әлеумет.
Жыламайын десем де,
Ішімде жалын, сыртым дерт.
Ұядағы сұңқарға,
Дүбірлі туған тұлпарға
Тағдыр еткен құдірет.
Елу алты жасында
Дүниеден қайтты арыстан:
Аруақты туған атақтым,
Тоят тілеп алыстан
Бабасынан сөйлесем,
Белгілі бекзат данышпан.
Еділден өтіп ер Шақшақ,
Дұшпандармен тоғысқан.
Шілтеңдер жырақ болмапты,
Аманжол деген дабыстан.
Онан бергі ер Қосай,
Қалмапты қатар жарыстан.
Сол бабамның алты ұлы
Бос қалмапты намыстан.
Үмбетей атам, Жәнібек,
Бабалардың рухы
Болар ма келіп қауышқан?!
Қатар шыққан екі ердің
Қариялары жоқ еді
Билік айтып тауысқан.
Бергі атамыз Аралбай,
Шыға бір шапқан қамалға-ай.
Қыдыр дарып ер болып,
Нәсілі қалды заманға-ай.
Өз атасын сұрасаң,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Мырза Көбек, Танабай,
Келмеген ешкім жолына-ай.
Байлық, бектік, жомарттық—
Бәрі де келді қолына-ай.
Тулап өткен істерін
Келтіреді тәңірім орнына-ай.
Кешегі менің Әкекем,
Жиырманың ішінде
Атанып едің Төлебай.
Құлағың сал, дос-жарлар,
Бір азғана зарым-ай.
Заманына лайық
Қараның болды-ау ханындай.
Дұшпандарын ықтатты,
Беткейден соққан дауылдай.
Алашқа жеңсік көрінді
Шамсанның сары қауындай.
Бабалардың рухы
Қолдаған екен жаңылмай.
Батырлығын сұрасаң,
Бабасының қалыбы-ай.
Мырзалығын сұрасаң,
Көңілде нұрдың жарығы-ай!
Дұшпандардан саспаған,
Құданың берген сабыры-ай!
Баласына үш жүздің
Кетіп еді дабылы-ай!
Айтылса, қайғы босайды,
Болған соң істің анығы-ай!
Үш уездің қазағы
Басықара датқаның
Басын қосқан асында.
Болғандардан естимін,
Болмасам да қасында.
Сұқ қылышты қанша жұрт
Әкекем сынды асылға.
Қыпшақтың өңкей манабы
Кез болыпты ашуға.
Балқожаұлы Ыбырай,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Артын жиып жөнелді,
Басын қорғап қашуға.
Мұны көріп Әкекем,
Аманжолдап ат қойды,
Тасыған көңілін басуға.
Қуып жетіп соңынан
Ағалығын білдірген,
Көрмегенін көргізген.
Бозбалаға айдатып,
Қайтарып топқа кіргізген.
Бегмұхамбет болысын,
Еніспектір орысын,
Жұмылған көзін аштыртып,
Өкшесінен бастыртып,
«Жансауға, батыр!»—дегізген.
Талай жерде, әкеке-ай,
Бітіп еді арманың,
Бәрін де міндің қатарлап
Жұрттағы сұлу жорғаның
Көңіліңе жақпаған
Дұшпанның бұздың қорғанын.
Жомарттық еттің артықша.
Дүниенің біліп жалғанын.
Орыс, қазақ әкімге
Ықпалыңды жүргізіп,
Жауатын күндей торладың.
Менменсіп келген талайды.
Қолыңмен илеп толғадың.
Жолды жолсыз болса да,
Бетіңе алған ісіңнен
Абыройсыз болмадың.
Бәсеке өткен туғанда,
Асылмен белің буғанда,
Күншілік кіріп көңіліне,
Жауыздық жолын қуғанда,
Аямасаң жылаттың.
Ізгілік етсең ұнаттың
Жаяуына ат болып,
Жалаңашқа тон болып,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Сылап-сипап жұбаттың.
Жұртыңды жауға бермедің,
Алысқа қолың сермедің,
Өрге жүзген жайындай,
Ашынған сайын өрледің.
Қалық иесі қандармен
Халықты қатар тергедің.
Заманыңдағы ерлердің
Тағында қатар көлбедің.
Сол сықылды әкемнен,
Қабыл болып, күн туып,
Құрбан да болып өлмедім.
Осындай менің әке-кем,
Ордалы бектің нұры еді.
Тамам алаш бас қосса,
Айтулы тудың бірі еді.
Рүстем мен Дастандай
Заманындағы сері еді.
Жау кеңесі құрылса,
Жасқанбаған ер еді.
Сасқандар ақыл сұраса,
«Жабықпа, қалқам!»-дер еді.
Қырғыздың Алатауындай,
Дұшпандар аспас бел еді.
Іздегенің табылған,
Белгілі шалқар көл еді.
Азғана күн дүниесін
Қолымен сермеп жөнеді.
Екіталай жерлерде
Дүние жолдас демеді.
Сол секілді Әкемнен,
Айналайын аталар,
Айналсам, қалай айып етеді?!
Заманында Әкекем
Хандардың жиған құралын.
Шымшыр қатар дүниеге
Келтіріп еді оралын.
Атадан жалғыз туса да,
Мал үстіне, мал беріп,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қанат, құйрық-жал беріп,
Жеткізген Алла мұрадын.
Бес отауын түсіріп,
Көркейтіп еді жанабын.
Қатар қосқан дұшпанның
Тарылтушы еді танабын.
Азамат жинап ат байлап,
Істеді билік талабын.
Еркінше жүріп ішінде,
Аралады, Әкекем
Тобыл, Торғай алабын.
Келмейтін еді белсеніп,
Естіген қазақ хабарын.
Дұшпаныңа тірелген,
Айналайын Әкеке-ай,
Аумайтын еді табаның.
Бір күндерде Әкекем
Арғымақ бедеу байлаған.
Болатын шарға қайраған,
Наурызым, Сыпсың-екі ну,
Жағалай көшін жайлаған.
Ауылдың сыртын шаңдатып,
Торлантып бие байлаған.
Орданың ішін қоршатып,
Тең азамат жинаған.
Күнде жиын, күнде той,
Дастарқанын жимаған
Мәжіліске мәз болып,
Тарқатуға қимаған.
Осындай қайран Әкекем!
Азғана күн дүниеде
Маңдайыма сыймаған.
Қалай десе жарасар,
Әкекемдей сындарға.
Нашар туған үш бала,
Қайғыңды аштым тыңдарға.
Көлеңкелі дарағым,
Құламаса, мін бар ма?
Темір қанат балапан
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Ұша алмай қалса, сын бар ма?
Аяғым салып қойнына,
Асылатын мойнына,
Әкекем келер күн бар ма?!
Жолы қиын біздерге
Ата менен ананың,
Қандай болып өтеді
Атасыз күні баланың.
Қазынасын күтелік
Жаратушы Алланың.
Ташмұқамбет Ахмет,
Тілегін қатты тілейік,
Қадірлі екі ағаның.
Рухы қолдап, жар болғай,
Бұрынғы өткен бабаның!
Ерназар, Бекет, Ғабдолла,
Бірің-өңір, бірің-бой,
Алтын да сауыт жағаның.
Береке, бірлік деген бар,
Айналайын ағалар!
Болғайды мұнан хабарың.
Ортаңда қалған үш анаң,
Қайтара көрме назарын.
Ақыл салып Әжеме,
Айналайын Әкекем,
Сақтаушы еді ажарын.
Басып кеткен ізіңді
Енді қайдан табамын?!
Бір кеткен соң хабар жоқ,
Зарлай, зарлай барамын.
Жаннаттан болып орының,
Жұмақтың ашқай шарабын.
Қысқартайын, қош енді,
Мұқтасар айлап тамамын,
Азырақ сабыр етіңіз,
Үлкен-кіші, ағалар!
Көңіліміз ойран, көзде жас,
Қайғылы қасірет сана бар.
Мұндай жолдың хабарын,
Ақылды бектер шамалар.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алладан тағдыр-ажалды оқ,
Біздерде мұндай жара бар.
Жақсылар көңіл жұбатса,
Қайғыны дәру жағалар.
Жылады деп сөкпеңіз,
Жұрт иесі ағалар!
Арыстан туған Әкекем,
Салтанатын асырып,
Достарын қашан аралар.
Елестейді көзіме
Қалың топқа кіргендей.
Сағынамын достарын
Мәжілісінде жүргендей.
Өрбігеді көңілім,
Сіздермен еріп келгендей.
Қатарланған жорғадан
Сүйгенін таңдап мінгендей.
Алтын қынап ақ алмас
Беліне байлап ілгендей.
Арқауы таза ақ жібек,
Жағадан ұстап кигендей.
Біздерге туар күн қайда,
Арыстан туған Әкекем
Маңдайымнан сүйгендей?!
Мезгілің болды-ау, Әкеке,
Қайрылып хабар білгендей!
Күн болар ма біздерге
Көздің жасын игендей?!
Келмес те болсаң, Әкеке,
Өзегім отқа күйгендей.
Дауасы болмай кезеулі оқ
Қос өкпемнен тигендей.
Кешегі менің әкекем
Айнасы еді елінің.
Ит жүгіртіп, құс салса,
Көркі еді екі көлінің.
Тояты қанған сұңқардай
Базары еді бегінің.
Бәрі қасірет біздерге
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Жүріп, тұрған жеріңнің.
Қайғыңды тастап артыңа,
Қайрылмастай көріндің.
Опасы жоқ дүние-ай!
Бекер екен сенімің.
Қарашаның ханы Әкем!
Бұқараның бегі әкем!
Көлеңкесі күндік жер
Асқар тауға тең Әкем!
Қол аяғын жимаған,
Етек-жеңі мол Әкем!
Мұнарланған сеңгірдей
Дұшпандарға бел, Әкем!
Құрағы көктеп, гүлденген
Айдын да шалқар көл, Әкем!
Қиядан дұшпан табылса,
Жасқанбайтын ер Әкем!
Достарға ауыр жүк түссе,
Қатарланған нар Әкем!
Көрген түстей біз болдық,
Осы ма екен-ұяда
Былтырғы жылы бар, Әкем!
Келмесіне көз жетті.
Жаннаттан болғай талабың!
Ашық та болғай жауабың!
Нұрға толғай қабірің!
Жоғары ұшқай сауабың!
Үмбетім деп Мұхамбет,
Шапағат еткей назарын!
Әулиелер жар болып,
Ұжмақтың ашқай шарабын!
Он екі имам, шадияр
Артылдырғай қадамын.
Дұғасын қабыл алғайсың!
Артында ізгі баланың.
Айта берсем, сөз көпті,
Дүниеден қайтпай кім кетті?!
Дұғадан жоқтап жақсылар,
Бағышта аят кәламын!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Төлебайды келінінің жоқтауы
Рұқсат болса азырақ,
Отырған достар, ағадан.
Өлімге мирас жыламақ,
Бұрынғы өткен бабадан.
Ажал ортақ әмбаға,
Атамыз Адам, Хауадан.
Бағасы қымбат атекем,
Мысалында шәйіттің
Рақылат етті дүниеден.
Қайрылып хабар алмады
Ағайын, туған баладан.
Белгілі бекзат бел асты,
Табылмас достар шамадан.
Ертеңді-кеш зарлатып,
Қайғысы асты қападан.
Ордалы құлда сын бар ма,
Басшысымен адасқан.
Атекем келер күн бар ма,
Талай тауға таласқан!
Алтын да қылыш, айбалта
Асынса ерге жарасқан.
Халық иесі хандардан
Қаюлы сағат жол ашқан.
Жан қуанған біз түгіл,
Жақсылар іздеп жанасқан.
Ай басқандай іс болып,
Бізге түсті қара аспан.
Айырылса, кімдер қайғырмас,
Жұрт иесі манаптан!
Тасқа салса, қайтпаған
Адасты жұртым болаттан.
Қиядан ілген қыран құс
Қайырылды ұшар қанаттан.
Атекемдей ер қайда
Аузына жұртты қаратқан?!
Сақилығын жүргізіп,
Алдынан кеңес таратқан.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Белгілі жұрттың бектері
Кездесті әрбір тараптан.
Қатарынан құдайым
Тұлғасын артық жаратқан.
Көрген түстей айырылдық
Көлеңкелі дарақтан.
Тойған марал секілді
Таудан аққан бұлақтан.
Ағасы елдің-атекем,
Бұл сапарды ұнатқан.
Ағайын, туған әулетін
Қайғыға қамап, жылатқан.
Сайранға жаққан панардай,
Айырылды халқы шырақтан.
Төлебайды жамағатының жоқтауы
Кешегі менің бегімнің
Бір азғана дастаны.
Жылады деп сөкпеңіз,
Жиылып келген достары.
Алтын да кеудем жер болды,
Үстімді тұман басқалы.
Ертеңді-кеш зарлаймын
Көңілімді ашқалы.
Күнде қызық, күнде той
Мәжіліс еді басқаны.
Құлақ естіп, көз көрген
Жүргізді бір нұсқаны.
Тоғыз орда тіктіртіп,
Толтырып асыл жинаған.
Тоқсан қонақ келсе де,
Асып-саспай сыйлаған.
Сапырулы қымыз, салқын үй
Мәжілісін тыймаған.
Ит жүгіртіп, құс салып,
Қияға бедеу қинаған.
Құмай тазы, қыран құс
Көзінен таса қылмаған.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Күнінде тоят алдырмай,
Сағат көңілі тынбаған.
Осынша дәуір үстінде
Күн шығарып тұрмаған.
Бес уақыт намаздан
Тоқталып мойын бұрмаған,
Шалғынсыз жерге қонбаған.
Төрт түлік малын өргізіп,
Күншілік жерді шарлаған.
Тоғыз қатар орданы
Тоқсан нарға қомдаған.
Айыр өркеш атанға
Аяғымды салмаған.
Үш пәуеске тройке
Тоғыз атқа парлаған.
Балапан ерткен қаздай ғып,
Көзінен таса қылмаған.
Миуасы піскен дарақтай
Құдайым артын аңдаған.
Толықсып тұрған күнінде
Шын сапарға жолдаған.
Ұл мен қызың артыңда
Әкекем деп зарлаған.
Қадам басқан ізіңді
Басқа жанға қимаған.
Азғана күн дәуірім,
Маңдайыма сыймаған.
Арыстанымнан айырылып,
Тарқады базар басымнан.
Алланың артқан ауыр жүк,
Орнады мұндай жасымнан.
Алтын да тұғыр ақ сұңқар,
Ұшырдым, жұртым, қасымнан.
Орын алған сұлтаным
Әр таптағы асылдан.
Жанған да отқа күйемін,
Құрдасын көріп бегімнің
Қиядан іздеп қосылған.
Сіздермен бірге келер деп,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Күтуші ем хабар досыңнан.
Балалы арқар баурайды
Мезгілсіз оққа тосылған.
Артыңда қалып қайғырдым,
Жөнеліп керуен асудан.
Көрген түстей дәуірім,
Жаңа түсіп басылған.
Бастан жақты айырған
Әмірі күшті Алланың.
Қайғысына жанғаным,
Арыстанымның тұсында
Бітіп еді арманым.
Бұл дүниенің құрметін
Көрсетіп еді көкжалым.
Күннен күнге күн өтіп,
Қызығына қанбадым.
Қолымнан топты тарқатып,
Адасып мұндай зарладым.
Жаралы қудай ыңыранып,
Артында жылай қалғаным.
Адастырған опасыз,
Дүние, сенің жалғаның.
Заманында бегімнің
Дәуірлеп тасып толғаным.
Кеңесін қолдан өткіздім
Қатарланған орданың.
Жылама деп айтады
Өсиеті молданың.
Бұрын соңды ажалдан
Қалары жоқ бәнденің.
Қосқанынша құдайым,
Қош аман бол, алғаным!
Ризалықпен күтелік
Құдайдың басқа салғанын.
Нұрға толып қабірің,
Жолдас болсын иманың!
Қызыр болсын мейманың!
Қадірің өтіп күн сайын,
Көзімнің жасын тыймадым.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
79. ӘБЖАНДЫ ЖОҚТАУ
Өлім менің ойбайым,
Істі салған Құдайым.
Қара бір шашым жаяйын,
Жаяйын да жияйын.
Қыналы бармақ, жез тырнақ,
Күнде қанға бояйын.
Албыраған ақша бет,
Сүйегіне таяйын.
Мойылдаған қара көз,
Жаспенен оны ояйын.
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орныңа кімді қояйын?!
Орқаш та орқаш, орқаш тау,
Бауыры толған көк бастау.
Көп ішінде қиын да екен,
Жалғыз енді сөз бастау.
Бастамасқа шарам не,
Басыма салған қарам не?!
Мен жыламай кім жылар,
Бетімдегі жарам не?!
Боғастың бойын өрт алды,
Жүректің басын дерт алды.
Он жеті жасар Әбжанды
Қорасан деген дерт алды.
Асыл да гауһар болатым,
Ұшайын десем қанатым.
Әкекем қосқан қосақтан
Айырды Жаппар Құдайым.
Алты атанға жүк арттым,
Ала арқанмен бек тарттым.
Алдына жүрмес әкекем,
Құшақтап тұрып сөз қаттым.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
80. ШОҚАНДЫ ЖОҚТАУ
Шоқан сүйген жарымыз,
Жігіттің гүлі, нарымыз.
Ажалға тоқтау бола алмай,
Сарқылды қолда барымыз.
Ажал келіп қиядан,
Сұңқарым ұшты ұядан.
Сүйген жарым бүгінде
Өтіп кетті дүниядан!..
Туғаннан соң өлмек хақ,
Кімдерден дүние қалмаған?!
Не істесе Алла, еркі өзі,
Ешкімге ақыл салмаған.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Отыз үш мың сахаба,
Олар да тірі қалмаған,
Атамыз Адам пайғамбар
Топырақтан жаралған.
Адамзаттың бәрі де
Сол кісіден тараған.
Жарық дүниеге келсе де,
Өлімге пенде саналған.
Біраз ғана сөйлейін
Көңілде қайғы-санамнан.
Пәндеге тоқтау жоқ екен,
Таусылған соң тағамнан.
«Ассалата жаназа»—
Деп айтады періште,
Туғаннан соң анаңнан.
Бір жалғыздық көресің,
Айырылып іні-ағаңнан.
Бір тиындық қалмайды
Он мың сомдық бағаңнан.
Айрылдым енді, қайтейін,
Мал түспеген бадалдан.
Отқа түсіп өртендім,
Таудағы салқын самалдан.
Оқ тиген марал мен болдым
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Өкпе-бауыры қанаған.
Отызыңда дем бітті,
Өлшеулі күні саналған.
Ұрпақсыз өттің, сұңқарым,
Топтан озған тұлпарым!
Данышпан сізден айрылып,
Қолымды кімге артамын?!
Биссимиллә сөздің өрнегі,
Адамның айқын өлмегі.
Жүз жасаған адамның
Сынады бір күн шөлмегі.
Жазуында тағдырдың
Дүниеге пенде келмегі.
Неше аймен неше жыл
Тағы Алланың еркінде,
Ризық несібе бермегі.
Тәуекел, енді қайтейін,
Аят оқып, қол жайып,
Жылаудан пайда өнбеді.
Бала тіле тәңірден,
Сұрама халқым өңгені.
Тахтасында махпұздың
Дүниеге пәнде келмегі.
Перзентсіз мал не керек,
Алтын тақта отырып,
Лаухуменен махпұзда,
Ғұмырын жазған бір құдай,
Дұғаңыздан тастама,
Ағайын-туған көргенің!
Қадірін білген ел жұртым,
Шоқандай асыл пенденің.
Басына бақыт құралған,
Бабалары ту алған.
Әкесі де дәулетті,
Мырзалықта сыналған.
Алтау еді басында
Бір атадан таралған.
Бір атадан жаралып,
Анадан алтау туғызып,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Ата жолын қуғызып,
Шылауға қырсық оралған.
Біреуі өтті дүниеден,
Қалды тірі бесеуі,
Бір атадан таралған!
Адам атадан бері қарай
Жалмап жатыр қара жер,
Неше мұрсан көмілді
Ақылға диқан кемеңгер!
Қаза келсе адамға,
Бие сауым уақыт,
Бермес, сірә, дамылды.
Адалдан жиған теңгені,
Ақкөңіл, ашық пенде еді.
Мен ақсүйек екем деп,
Елге айтып көрмеді.
Дүние, шіркін, жалған-ай!
Кемеңгерді алғаны-ай!
Бозінгендей боздатып,
Басыма қайғы салғаны-ай!
Абылай атты бабамыз
Әрқашанда жол тапты,
Ұрпағына бақ қонып,
Басын мыңға балапты.
Немересі ер Шыңғыс
Билікті істі қалапты.
Қызыр Илияс жар болып,
Сұлтан болды талапты.
Ғаріпке Шыңғыс болысқан,
Билік айтып толысқан,
Аруақ қолдап әрдайым,
Сыйлық алған орыстан.
Баласы соның Шоқан ер,
Ой ойлаған алыстан.
Ерден деген жауызбен
Атбасарда алысқан.
Шоқан ердің атасы—
Уәли деген арыстан,
Қабыл болған батасы,
16-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қатардан асқан данышпан.
Нағашысы Шорман би
Жақсылармен табысқан.
Жаяу Мұса—жан досы,
Тәуірлерге жанасқан.
Сұлтан болды талай жыл,
Атағы асып алаштан.
Анасы Зейнеп ақылды,
Сыйлап өткен төрелер,
Шоқандай тапқан асылды.
Алтын ана кемеңгер,
Айғанымдай әжесі,
Көңілім боп тұр қаяулы!
Сөйлейін сөздің қалғанын,
Дүниенің білдім жалғанын!
Басым жерге жеткенше,
Көңілімнен кетпес арманым!
Қосағымнан айырған
Алла өзіңнің пәрменің!
Өзің айтқан ер сегіз
Арманда өткен Мақпалсыз.
Қосылсақ та екеуміз,
Көрмедік бір ұл мен қыз.
Қозы Көрпеш, Баян да,
Қыз Жібек пен Төлеген,
Жарылғамыс, Алуа да
Қосыла алмай зар шеккен.
Мақшар күні болғанда,
Ерге әйел зар болмақ.
Өткендердің мирасы-ай,
Рас болар бұл сөзім,
Мұқтасардан қарашы-ай!
Қолдан келер амал жоқ,
Сырымбеттегі әкеге
Үш қайтара сәлем де!
Ағасы өтті дегейсің
Інілерге, сұраса-ай!
Табанымнан от күйіп,
Маңдайымнан тас түйіп,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Келініңнің құрыды шарасы-ай!
Қолдан келер айла жоқ,
Құдіретіне ұнаса-ай!
Дұғай сәлем айта бар,
Қайтыс болды баласы-ай,
Шоқан ердің еліне!
Ағайын-туған нағашы,
Қатар өскен теңіне!
Біздей келіні қан жұтты,
Қаралы болып бір басы-ай!
Қол үзбеген жақсы істен,
Тұсында сен ең Рүстем,
Ардагер жарым ер Шоқан,
Орның бір болсын бейіштен!
Топырағың торқа боп,
Иманың болсын жан-жолдас!
Артыңда қалдым тиіп оқ,
Өзіңдей маған жар болмас!
81. ӘЙЕКЕНІ ЖОҚТАУ
Әуелі Құдай, Пайғамбар.
Екінші сөзім Мұхамбет.
Бейнетті басқа бір өлім.
Мұхамбетке болса үмбет.
Жылады деп сөкпеңіз,
Жиылып келген әлеумет!
Ақырын Құдай бермесе,
Орнады бізге бір нәубет.
Ағайын, бізден хабар ал,
Әуезім—жалын, ішім—дерт.
Қарадан шығып хан болса,
Бекер екен үкімет.
Үкіметі құрысын,
Тартқызып кетті қасірет.
Өлімі құрысын өрт екен,
Өзекке түскен дерт екен.
Өртенеді өзегім,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Өртетпейін десем де,
Мезгілсіз келді кезегім.
Әуелеп ұшқан сұңқардай,
Білінбей кетті дерегің.
Бір бізге емес, бар еді
Орта жүзге керегің.
Көлеңкелеп отырған,
Құлады, халқым, терегім.
Бұл күндегі адамнан,
Артық туған ер едің.
Ай батқандай қылдың да,
Адастырып жөнелдің.
Артыңда қалған көп жұртың,
Иесіз қалар демедің.
Ақылың көп болса да,
Аз ғана болды көмегің.
Ішіңе сыймай қабынды
Қайратың мен өнерің.
Өрге жүзген жайындай,
Өнеріңнен не көрдің?
Ақырында ажалға
Қайратың болды себебің.
Айналайын, әкежан!
Қараның болдың ханындай.
Қарайғанды ықтаттың,
Қамысқа түскен жалындай.
Орта жүздің көркі едің,
Қоңыраулы бұйра нарындай.
Ағайынды жинадың,
Алпыс үйлі ауылдай.
Орынды болдық орасан,
Мың жылқының қауындай.
Көпке пайдаң көп тиді,
Көктемдегі жауындай.
Желінбей қалды жеңсігің,
Жаңа піскен қауындай.
Көре алмай қалдым өтерде,
Елестеп кеттің сағымдай.
Өте шықты сұм заман
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Бәйге атының шаңындай.
Адыра қалды ақ ордаң,
Иесіз қалған ауылдай.
Көріне келген пәледен,
Көрінбей келген қиын екен.
Қайратыңды күндеді-ау,
Артықша жауы сіз бе екен?!
Ауылда жатып естідім,
Осыншама неғылып
Құдайдан күдер үзді екен?
Сейсенбі күні атылды.
Атылғаннан екен ғой,
Жанға бір жара батулы.
Сыр бермеді, шошыр деп
Бала-шаға қатынды.
Жөлекке келген жерінде,
Аттандырдық батырды.
Арыздасып кетпедің,
Шақырып алып халқыңды.
Айта алмай кеттің арманда,
Өсиетнама нақылды.
Ағайынның азбайтын,
Айтпай кеттің ақылды.
Үкіметпенен өткіздің
Бес күн жалған ғапылды.
Артықша тудың анадан,
Ай мүйізді қошқардай.
Қаһарланып келгенде,
Қоршаған бұлт аспанды-ай.
Қайратың болды Көкежан,
Үрістем менен Дастандай.
Сақилығың бар еді,
Баязит пен Бостандай.
Үкіметке белді байладық,
Құданың шері арыстандай.
Әділдігің бар еді,
Әзіреті Омар, Оспандай.
Үлгіменен сөз айттың,
Тәпсірден шыққан дастандай.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Құрама жиып ел еттің,
Еспенің көзін шашқандай.
Артықша Құдай бақ берді,
Қарадан шығып тасқандай.
Жасаған, саған не жаздым,
Тасқынымды басқандай!
Айналайын, Көкежан,
Алтыннан соққан табақтай.
Орта жүздің ішінде
Опалы сеңгір қабақтай.
Елде тентек қоймадың,
Жайыннан қашқан шабақтай.
Көкежан, сенен айрылдым,
Көлеңкелі дарақтай.
Арбаның дауысы шыққан соң,
Көңілім тұрды ұнатпай.
Ішім жаман мұздады,
Бөрі көрген лақтай.
Тап жөлекке келгенде,
Жан тапсырды ұзатпай.
Бұйрық болды Алладан,
Сәскелік жерге шыдатпай.
Намаздыгер шағында,
Дауысы шықты арбаның.
Бір ауыз сөзін естімей,
Артықша болды арманым.
«Ой, бауырым!» деп ат қойып,
Күңіреніп кетті жан-жағым.
Мен сорлы қайдан білейін,
Жиылған екен аймағым.
Лажым бар ма, қайтейін,
Қаһары күшті Алланың.
Жан үшін деп айналсам,
Болар ма еді қайраның?!
Ауылға дейін ат болды
Абдолдың берген арбасы.
Қазақтан бетер қайрымды,
Бөлек те болса таңбасы.
Әшір менен Тәшімнің
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Таусылған екен қайласы.
Хабар таппай қарсы ұрды
Інісі менен ағасы.
Үске досы кез келді,
Үзеңгі өңкей жолдасы.
Садағасы кетейін,
Жұрттың тиді пайдасы.
Сүйегін үйден шығарды,
Жиналып қауым, қарындасы.
Сәрсенбі күні сәскеде
Жерге тиді жамбасы.
Кешке таман болғанда,
Ағекем келді сүйектен.
Өкпемді баспай өксітіп,
Қабынтып кетті жүректен.
Ойымда бар ма өлер деп,
Оқ тигенге білектен.
Сыр бермей кетті жан көкем,
Жан шыққанша иектен.
Бар көргенім сол екен,
Бір күн үйге түнеткен.
Арыстандай екен ғой,
Жарасы құрғыр жүдеткен.
Жөлекке келген жерінде,
Жарадан ақты қызыл қан.
Құдіреті Құданың,
Алпыс екі алуан.
Ақыры мұндай боларын
Ақылменен таныған.
Үйдің ішін көре алмай,
Арманда болып берді жан.
Ағайынды көргелі
Шыққан екен қаладан.
Мүддесіне жете алмай,
Арманда кетті даладан.
Балдағы алтын Зұлпұқар
Шаппай сынды сағадан.
Қарадан хан, қарғадан
Сұңқар туған Көкежан.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Солқылдағым, сүйрігім,
Қанатым, жалым, құйрығым,
Кермиығым, келбеттім,
Кемеңгерім, тұйғыным.
Ұсынса қол жеткісіз,
Ұстын болған түндігім!
Қарадан туып хан болып,
Тұлпардан туған дүлдүлім!
Орта жүзден орасан,
Ойқастап озған жүйрігім!
Қылау салмай қырғында,
Жеткізді Құдай бұйрығын.
Ағайыннан айрылған,
Мүсәпір болған мұңдығым!
Кешегі менің жан көкем,
Елестейді алдымда-ай.
Емін-еркін көре алмай,
Арманда болып қалдың ба-ай?!
Барсам нетті қалаға,
Ақылымнан тандым ба-ай!
Сәлем депті кетерде,
Аты ағайын арғынға-ай.
Зарланып кеттің қайтейін,
Ертедегі Тарғындай.
Көп жасар ма екен деуші едім,
Жолдасынан айрылмай.
Ертелі-кешті зарлаймын,
Көзімнің жасы жаңбырдай.
Сарының қалды басылмай,
Таудан аққан қарқындай.
Айналайын Көкежан
Суырылып топтан сөйлеген.
Жүйесін тауып айтқан соң,
Бетіне ешкім келмеген.
Басып озған жүйріктей,
Сөйлеген сайын өрлеген.
Арғымақ мініп, ат жиып,
Ақырға байлап жемдеген.
Өз дегені болмаса,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Дұшпанға теңдік бермеген.
Аз ғана күн Орта жүз,
Адасқанын жөндеген.
Қошқар туған қозыдай,
Келбеті бар ма келмеген?!
Кешкі қойдай шуладық,
Тілеуді Құдай бермеген.
Арман болды мен сорға,
Өз көзіммен көрмеген.
Көре алмай қалып көкемді,
Шыбыным жүр өлмеген.
Көкежан, Сіздей еш пенде,
Қарадан шығып хан болмас.
Енді сіздей басқа адам
Айырдан туып нар болмас.
Бойлап біткен қарағай,
Бояғанмен тал болмас.
Ішім толды заһарға,
Ішкенменен бал болмас.
Қазаға амал жоқ екен,
Қайғырғанмен қарындас.
Енді бізден пайда жоқ,
Иманың болсын жан жолдас.
Ағайын-туған, құлақ сал,
Көкекемнің дастаны!
Мен бір дастан бастайын,
Жат етіп Жаппар патшаны.
Біз түгіл, өткен дүниеден
Құданың сүйген достары—
Әбубәкір Ғали мен
Әзірет, Ғұмар, Ғұсманы.
Хаққа бенде болған соң,
Өлімнен бар ма қашқаны?
Сіздерге шағып жылайын,
Өксігімді басқалы.
Жалған деп ешкім айта алмас,
Орта жүзден асқаны.
Артықша туған жан көкем,
Жоқтаусыз неғып тастайын!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жоқтамайын десем де,
Жоғалды алтын ақ сақа.
Бес күн жалған сұм дүние,
Болар ма сонша бейопа!
Біз түгіл, өтті дүниеден
Құданың досы—Мұстапа,
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Ойсыл қара, Зеңгі ата.
Жан ашыған ағайын,
Дұғадан жоқтап қыл бата!
Жан көкемнен айрылып,
Көңілім болды көп қапа.
Болмас жерде дақ салып,
Тарттырды Құдай бір жапа.
Өлген үшін өлмек жоқ,
Жүреміз де айта-айта.
Жел аударған қаңбақтай,
Желкені қалып, көл кетті.
Адыра қалған адырдай,
Өзені қалып ел кетті.
Мың қойымның ішінде,
Көк қасқа қошқар келбетті.
Өлгеннен соң көкежан,
Қадірің жұртқа енді өтті.
Ағасынан айрылып,
Арғынды Құдай еңіретті.
Ажалға сабыр жоқ екен,
Ақырын берсе әлбетті.
Жыламай неғып тұрайын?!
Мезгілсіз салды нәубетті.
Ағаш атқа мінген соң,
Келмесіне көз жетті.
Ауылдан кеттің аттанып,
Барғалы, көке, қалаға-ай.
Қалада жатып жолықтың,
Ажалға біткен жараға-ай.
Қанша кінә тапты екен,
Өлімге қиып атқанда-ай?!
Арманда кеттің жан көке,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Қарауыл қойып сақтанбай.
Атасы бөлек нәкіс деп
Сартты ұстадың жалаға-ай.
Айтар сөзге кемшілік,
Дұшпанға қалдың табаға-ай.
Алдыңда жүріп армансыз,
Болмай бір қалдым садаға-ай.
Арманда кеттің қайтейін,
Ойбай, көкежаным-ай.
Алды-артыңда болмады,
Қанат-құйрық, жалың-ай.
Жалғыз жүріп жұрт алдың,
Күш атасын танымай.
Айтілеу болса қартайды,
Тұғырдан қалған жабыдай.
Аға деп арқа сүйеуге,
Арқада жатыр Ағыбай.
Қарайған қазақ ықтауы
Боранға соққан шалыдай.
Орта жүздің баласы
Тілеулес болды жабыла-ай.
Турадан құрық салған соң,
Болмады себеп тарыдай.
Жан көкемнің заманы
Келер ме екен тағы да-ай?
Енді түсті есіме
Ағайынның көптігі.
Әттең, дүние, аздықтың
Болады екен сепкілі.
Қанша жерге шыдасын
Бір басының екпіні?!
Арманда қалып көкежан,
Кеттің тастап, қайтейін,
Қаракесек шектіні.
Енді сізге не пайда,
Қаракесек Тоқадан?
Табылғанда бөз артық,
Таңдап киген торқадан.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ағайынсып айтайын,
От шыққанға ортадан.
Ауылдас болып отырмын,
Шын аруақтан қорқамын.
Арғын, қыпшақ аты егіз,
Жақсы екен өзге елден.
Көріне көңілім қалған жоқ,
Ағайыным сендерден
Өскенбай мен Жүзекем—
Жолдасы келді көз көрген.
Жан көкемнен айрылдым,
Азды көпке теңгерген.
Көрдің бе деп сұраймын
Кеткен менен келгеннен.
Бұрынғыдан соңғыдан,
Бар ма келген өлгеннен?
Бір кеткен соң көкемнің,
Келмесін қайдан білейік?
Бізді бүйтіп шулатпай,
Келе ме деп жүр едік.
Келмейді деп халық айтса,
Енді күдер үзейік.
Тәңірі алдына барғанда,
Иманын бер деп тілейік.
Қаңлыбайдың Бектасы—
Қаладағы жолдасың.
Жолдасыңнан айрылып,
Неғып бір жаттың, жолбарысым?!
Себеп болды ажалға
Құмалақтай қорғасын.
Кәлима—көптің баласы,
Ағайын біздің болмасын!
Өткен заман басыма
Енді неғып орнасын?
Қажыбайдың баласы—
Досың еді Тоқпамбет.
Сүйіп алған бір құдаң—
Алшынбай мен Есімбет.
Ердің көзі кетті деп,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Аруаққа болма шет!
Бір сүйенішім сендерсің,
Маңдайымнан сипап кет!
Жетімдігі құрысын,
Ішім толы жанған өрт.
82. ЫСҚАҚ ҮКІРДАЙДЫ ЖОҚТАУ
Дөртуіл деген ел еді,
Үкірдайды айтайын.
Атқа мінген шағынан.
Он алты жыл тақ мінді
Айдынының зорынан.
Зәресі жанның қалмаушы ед,
Шабарманы шақырған.
Ел-жұртына қадірлі,
Ақтарылған ағынан.
Айтулы нағыз ер еді,
Дос-жұртына танылған.
Алмас семсер секілді ед,
Кезеліп жауға шабылған.
Алмайтын жауы жоқ еді,
Бет алып шыққан жағынан.
Ұры-қары, содырдың
Тас ошағы шағылған.
Әділ билік—сарабы,
Дертке шипа табылған.
Тілеуші еді халайық,
Таймасын деп тағынан.
Қаралы тап боп қазаға,
Айрылдық тастап бағымнан.
Сөзімнің басы биссимилла,
Айтайын, жұртым, мұң тыңда.
Көкірегім шер болды
Дүние шолақ құрғырға.
Ажалдың оғы кез болды
Бақшадағы бұлбұлға.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Биссимилла, сөздің арасы,
Молдалардан сұрашы.
Мұңымды жырға қосайын,
Жеткенше тілдің шамасы.
Ажал құрығы жеткенде,
Пенденің болмас шарасы.
Тағдыр келіп көз жұмдың,
Атекем, елдің панасы.
Қанша мұңмен зар төксем,
Қайғының бітпес жарасы.
Төлегетай бабамның
Төрт ұл екен баласы—
Садыр, Матай, Дөртуіл,
Қаракерей ағасы.
Әулие затты жан екен
Найман шал деген бабасы.
Жалғыз ұлы өлгенде,
Найманның кеткен бағасы.
Келінін тартып алам деп,
Арғынның алты баласы.
Би алдына барыпты,
Осылай болып арасы.
Аз болса да дөртуіл,
Білдіртпедің азыңды.
Жау мен дауда алмастай,
Асырдың асқақ сөзіңді.
Шинжияң ұлығы қадірлеп,
Бағалаған өзіңді.
Айбыныңнан ығыстап,
Табанда дұшпан езілді.
Дөртуілдің басы еді—
Жұмағұл, Баттал, Тінібай.
Қаны бір туыс емес пе,
Сары алтынның буындай.
Үзеңгілес жолдасың—
Рақым, Сыдық, Күдері-ай.
Олардай кісі табылмас,
Артықша болған бәрінен.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Хан атам еді ақ алмас,
Айрылып қалдық асылдан,
Басқан ізі табылмас.
Байғараның басы еді—
Бейсебай мен Бітімбай.
Ақылы артық кісі екен
Бұрынғы өткен Қайыңбай.
Оразғали зәңгі боп,
Арғымақтың тайындай.
Қосылды жастар қатарға,
Сөйлесе, сөзге айдынды-ай.
Бұрынғы өткен жақсылар—
Оспан менен Мәсәлім.
Шайқы, Сығай, Жайырбай,
Таңғыт болған тұтқасы-ай.
Солармен теңдес жан атам,
Өмірінің болған қысқасы-ай.
Атекем өтіп кетті ғой,
Кімнен қалмас бұл жалған.
Қали, Қажи, Берлікбай,
Жұмық, Тоғас, табынан.
...................................
...................................
Байтоллаға тауап қып,
Көңілінің ағынан.
Атама жолдас, тілеулес
Атқа мінген шағынан.
Пәниден көшті бақиға,
Опасыз дүние жағынан.
Ноғайбай қажы бір құдаң,
Сүлеймен, Медеу баласы.
Бір туысқан екеуі,
Көңілінде жоқ аласы.
Медеу екен бәріне
Ақыл берер данасы.
Жас қалған бала-шағаға,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Сүлеймен болған панасы.
Атекемнен айрылдық,
Дүниені қарашы!
Әлімғазы, Қанағат,
Баталасқан құдаңыз.
Айрылып кеткен Қанағат,
Қабыл болмай дұғаңыз.
Әлімғазы құдаңыз,
Қадірлес тату сүйек ед,
Ат ізін салмай жазы-күз.
Атекем, сізден айрылып,
Ішіме толды қайғы-мұз.
Ілгідай Қасен жолдасың,
Ақылы бірге сырласың.
Жабысып бірі құда боп,
Қызыққаны бір қасың.
Үкірдай өткен кезінде,
Жер алыс хабар бере алмай,
Шәуешекте жүр екен.
Содан келді Нұрақай,
Жаназаға еніпті.
Шағжыға бара алмай,
Топырақ салмай кетіпті,
Опасы жоқ дүние-ай!
.....................
.......................
Бұл жалғанда жазылмас
Жүрегімнің жарасы.
Артында қалып жылайды
Бөлекбай деген ағасы.
Ұлға басын балаған
Нұрғайша еді баласы.
Ұлдан артық көретін,
Дүниеден көшті бабасы.
Төлеуқан, Қайраш немере—
Көзінің екі қарасы.
Отарға келіп көрмеді,
Көңілде қалып наласы.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Қыдырмолла жете алмай,
Көрмеді ол да қарашы.
Топырақ салып үлгерді,
Сол еді жалғыз баласы.
Әуелі Алла жылайын,
Бір өзіңе бас ұрып.
Тумақ—сүннет, өлмек—хақ,
Кімге келмес бұл құрық.
Құлады шынар тірегім,
Сүйенем кімге асылып.
От болып жанған жүрегім,
Су сепкендей басылып.
Иманды болғыр, жан атам,
Қара жер қалды жасырып.
«Бейсенбі күні өтем» деп,
Жиғыздың шөтік баласын.
Нәзір беріп, хатым қып,
Аямаған мол асын.
Көп зарламай қояйын,
Молдалар құран қозғасын.
Иесіз тастап кетті ғой
Ауыл-аймақ ордасын.
Артта қалған бала-шаға,
Кейінге берсін мол жасын!
83. МАМЫРБЕК ҮКІРДАЙДЫ ЖОҚТАУ
Жер жарған атың Мамырбек,
Ханымың қалды бәйшешек.
Еженнен алдың Қызылтас,
Тұқымың дегдар қаракөк.
Арғы атаң сенің Көгедай,
Тараған ұрқың көп еді-ай.
Алты арыс, төрт төңірек,
Бір мамаң білсін деп еді-ай.
17-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Билеген мамаң талайды,
Жол ашып көрдің талайды.
Сізге өлшем қылсам, жетер ме,
Сүлеймен мен Малайды?!
Өз әкеңіз—Жанымқан,
Ордаңа келген мың мен сан.
Қайраны тиіп халыққа,
Жалған ба сөзім, анық па?
Ханымын қажыға апарған
Бар ма екен күллі халықта?!
Дұшпаның келіп қорғалап,
Бөденедей жорғалап.
Ойласаң ондай бақ қайда,
Бір кісіге орнамақ!
Қыдырлы бақ орнаған,
Тәлімің бар ма еді сормаған.
Төрт төңірек жамбысын,
Өз қолыңнан сайлаған.
84. САЙДАЛІМГЕ ДАУЫС
Азғырса шайтан лағынат,
Адамда болмас қанағат.
Қанағатсыз адамның
Артында қалар жаман ат.
Білген жандар аз бүгін,
Өзін-өзі шамалап.
Ардақталмай аз шығар,
Атқа мінген азамат.
Жасынан шыға ел сұрап,
Дос түгіл дұшпан ағалап.
Қайтейік ажал қоймады,
Алды-артын қамалап.
Иманын берсін, Құдайым,
Сөйлейік сөзді жаңалап.
Бір-бір бастан айталық,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Дос-жаранын аралап.
Сына салсын халайық,
Құлақ салып саралап.
Ардақтымның өлімі
Жүректі кетті жаралап.
Сөнгендей шолпан білінді,
Қарағанда шамалап.
Жері мен елін айтайын,
Бір шетінен сағалап.
Ақтоғаймен түсейін,
Сартоғайды аралап.
Енді кетіп барамыз,
Жас-кәріні жаңалап.
Ерсары байдың баласы,
Айтпайын сөзге бағалап.
Жасынан шыққан Оразай,
Жұртын сөзге жамады-ақ.
Нұрсапа да бар екен,
Біліп жүрген жамағат.
Ат-көлікті алдырмай,
Кетейік Таздан аман-ақ.
Қолы жеткен жеріне,
Аубәкір біліп, сабады-ақ.
Қатты кетіп қалды деп,
Қоймағын бізге жаман ат.
Енді кетіп барамыз,
Үш Меркіні сағалап.
Онан өтсек ары қарай,
Жәнібек Тоқа баба нақ.
Ақалақшы Нақысбек
Қисынын сөздің табады-ақ.
Онан өтіп барамыз,
Байынғолды жағалап.
Құрман болған жерінде,
Кадірбек екен адамы-ақ.
Сұраншысы болмаса,
Дабыстан қалмады-ақ.
Станция қолында
Мұқанбет қалып қазанат.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алып ұшқан адамды,
Қолда ұстап қамады-ақ.
Абайласын артына,
Бөрік киген жамағат.
Ақынбай да қарады,
Қойшы ояздан аспады.
Қос прокурор Нұрқасым
Асығыста саспады.
Үлгі көрген емес пе,
Жаман жолға баспады.
Сатымбай да жарады,
Ақоттың болды бас жағы.
Кері жақтан жол тауып,
Қасаңбай алды таспаны.
Мырзақымет, Айтбек—
Үзеңгі жолдас бұл дағы.
Әбдікәрім бәрі болып,
Сөйлесіп жүрген Сырдағы,
Толымбек, Нүсіп, Қожамыр—
Артық жолдас бұл тағы.
Аметхан мен Асқарың
Кеңселер қасын жақтады.
Бәріне жанды нәрсенің
Құрулы ажал қақпаны.
Алтын сөзді ардақтым,
Топырақ бетін жапқаны.
Иманың болсын саламат,
Бір елдің едің мақтаны.
Бәйтерек едің бой ұрған
Сыңсыған орман бақтағы.
Ел-жұртыңның көл болды
Көз жасының аққаны.
85. МАЛЫБЕКТІ ЖОҚТАУ
Биссимилла деп бастаймын,
Одан кейін зарымды.
Өміріме өрт кетіп,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Ай менен күнім жабылды.
Замана ақыр орнады,
Кең дүнием тарылды.
Жалғызымнан айрылып,
Болып тұрмын шабынды.
Ұшырғаны-ай Құдайым
Басымдағы бағымды.
Жас басымды қуартып,
Сындырғаны-ай сағымды.
Тоты құстай құбылған,
Алып кетті сәнімді.
У мен дертке талатып,
Тастап кетті жанымды.
Санаменен сарғайып,
Болғаным-ай салынды.
Байғұздайын қақсаймын,
Құр сүлде ғып жағымды.
Амал бар ма, қайтейін,
Махбұзда сондай жазылды!
Жастайымнан сорлы боп,
Байланғаны-ай бағымның.
Езілгенде еріксіз,
Көзімнің жасы ағылды.
Парасатты маңғазым,
Қайран менің сабырлым.
Үлкен үйді басқан ең,
Діңгегіндей ауылдың.
Жасы кіші болғанмен,
Жолы үлкен азулым.
Дауасыз дертке кез болып,
Оразада ауырдың.
Ағайын, туған, бақсы іздеп,
Бір күн тынбай сабылдың.
Бірі себеп болмады
Садақа еткен малыңның.
Күннен күнге төмендеп,
Қашқанын-ай әліңнің.
Қоя ма деп бір жанын,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ала жаздай зар ұрдым.
Амал бар ма, қайтейін,
Өзіне жөн тәңірдің!
Жылаумен өткен заманым,
Бұрынғыдай күнім жоқ.
Тең құрбымнан кем болдым,
Жайнап тұрған күнім жоқ.
Қураған ағаш мен болдым,
Басыма біткен бұрым жоқ.
Алдыңда аға, қайтейін,
Арт жағыңда інің жоқ.
Атаңнан қалған мұраңа
Ие болар ұлың жоқ.
Жаным жасып зарлаймын,
Қу жағымда тыным жоқ.
...............................
...............................
...............................
...............................
Көпке берген Құдай-ай,
Бізге берген ұлың жоқ.
Албырт болып отырмын,
Белгілі соққан жыным жоқ.
Маңдайымнан көрмес ем,
Адамға айтар тілім жоқ.
Мұңлық-Зарлық болған-ай,
Менің айтқан сөзімнің.
Дауасы жоқ қайғыға
Келгені-ай, жұртым, кезімнің.
Жайдарлы туған жалғызым,
Түріндей жібек кежімнің.
Балдырғандай кезінде
Кезіккені-ай өлімнің.
Жалғыз шыққан бүрленіп,
Жұлынғаны-ай көгімнің.
Енді маған тірі боп,
Керегі не өмірдің.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Қайғырғанда қан жұтып,
Ішімді дерт кемірдің.
Өксігенде өкініп,
Көзімнің жасы төгілдің.
Өз құрбымнан кем болып,
Оты өшті көңілдің.
Жалғызымнан айрылып,
Қайнағаны-ай сорымның.
Жазуына амал жоқ,
Құдіретті кезімнің.
Артында тұяқ қалмады
Арманда кеткен ерімнің.
Жастай ажал кезікті,
Қаңтарда соққан дауылдай.
Жас кетпеді көзімнен,
Көктемгі жауған жауындай.
Қайран менің бекзатым,
Жарылмаған қауындай.
Үзілмеген киелі,
Алтын тұғыр бауындай.
Адыра қалған ақ орда,
Иесіз қалған ауылдай.
Атың өшті аталған,
Отың қалды жағылмай.
Қарындасы, шешесі
Көздің қара, ағындай.
Ботасына боздады,
Күндіз-түні зар ұрды-ай.
Неше өліп-тірілді,
Жаны, сірә, алынбай.
Сәні кетіп сарғайды,
Суда қалған салындай.
Қарындасы Еркежан
«Тәтешім» деп, сағынды-ай.
Ет бауыры езілді,
Іші күйді жалындай.
Өте шықты сұм жалған,
Бәйге атының шаңындай.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Түнек басты түңіліп,
Кең дүнием тарылды-ай.
Жаным жасып зарлаймын,
Ешкім таппай бабымды-ай.
Тәңір неге қойды екен,
Қинағанша жанымды-ай!
Ауыл-елге ардақтым,
Зұлпықардың сабындай.
86. МҰСАТАЙ БОЛЫСТЫ ЖОҚТАУ
Бұл дүние баянсыз,
Тұрмайтұғын қалыпты.
Бұзыларда патша,
Төндірді елге қауіпті.
Әскер бер деп зықтады,
Ауырлатып салықты.
Әскер бермей қырылды,
Жақсы-жайсаң даңқты.
Ел басына күн туып,
Зар жылатты халықты.
Қарқара деген жайлауда
Көз көрген бұл іс анық-ты.
Қайран албан тоз-тоз боп,
Өрге қарай ауыпты.
Қатын-бала зар жылап,
Орта жолда қамықты.
Алғашқы үркін осындай,
Кетемін айтып тарихты.
Қайтып айдап өткізді,
Болғандай халық жазықты.
Өзі күйреп жоғалды,
Көрін терең қазыпты.
Совет үкіметі құрылды,
Жер мен көктей парықты.
Кедей табын қолдады,
Әйел теңдік алыпты.
Еңбегімен күн көрген,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Жек көрмейді халықты.
Осы кезге келгенде,
Бұрынғы сөзден таныпты.
Шаруа баққан қазақтар
Тұтас дертке шалықты.
Тоқыратып тор жайды,
Ұстағандай балықты,
Теріс ұстап бағытты.
Жалы кетіп, жан шыдап,
Ел түңіліп жалықты.
Қайта қаштық жан үшін,
.....................................
Туылған соң жалғанға,
Қашан болса бір өлім.
Біреуге ерте, біреуге кеш,
Өстіп барың түгедің.
Деген пенде болмайды
Уақытты білемін.
Жарығында жалғанның
Жасай беру—тілегің.
Үркін-қорқын кезі еді,
Өзі туған ұлы елің.
Жегжат, туыс, жанашыр,
Қазақ елі—сүйеуің.
Атасынан сыйласқан
Зәкір зәңгі күйеуің.
Көшіп келген елдей боп,
Бір орын болды бұл жерің.
Аман-есен алып кеп,
Артыңа тастап «шу» дедің.
Ниеті жақсы асылым,
Болғандай қабыл тілегің.
Ұсталып кетсе жерінде,
Дерегін қайдан білемін.
Арылмайтын арман боп,
Таусылмайтын мұң едің.
Жаратқанға мың таубе,
Үйіңнен шықты сүйегің.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мазарына әтейлеп,
Дұға оқып жүрермін.
Аман болсын артыңда
Қос балапан түлегің.
Бір кетейін аралап,
Осы өңірді қалықтай.
Артық-кемін ұғысып,
Тыңдаңыздар жалықпай.
Атасынан белгілі
Өтеміс пен Арықбай.
Бұрынғы мінез әлі бар,
Айтпады сөзді қағытпай.
Түсіреді түйдірмей,
Денесіне дарытпай.
Әл сақтаған адамға
Қоймайды өзін танытпай.
Іле, Текес жерінде
Нақаң болса даңықты-ай.
Ұлық пенен халыққа
Қалмайды сөзі қабыспай.
Қандай тасқаны болса да,
Өте шығар қайықтай.
Қожекенің күй пірі
Рақышқа дарыпты-ай.
Бір шерткенде бой жазып,
Ой сергиді сауықтай.
Шажадағы Тәттібай
Адал адам анықты-ай.
Жарамды жігіт Әміре
Күміс құйған қалыптай.
Қоңырбөрік Әлімжан
Атасынан дабысты-ай.
Тәліп құрман азамат
Алдыда жүрген қалыспай.
Айт елінде Байбатша
Талайдан болған нарықты-ай.
Сөзге жүйрік кешілмен,
Жүрсек етті қағыспай.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Иманбектің Бақайы
Елге жайлы танысты-ай.
Жартыдағы Әбділда
Жуан қарын балықтай.
Сөздің артық-кем жерін,
Көпшілік, сына парықтай.
87. ӘБІТ ЫРАЗАҚҰЛЫН ЖОҚТАУ
Дәм бұйырып біз келдік
Қожағұл деген ауылға-ай.
Берекелі ел екен,
Орманы қалың тауында-ай.
Сөртінің ұлы болғандай,
Жасынан шыққан дәрубай.
Атағы жеткен алысқа,
Мұзарттың биік тауындай.
Озып жүрген шын жүйрік,
Бәйгесін алған шабылмай.
Азып келген халыққа,
Сүйеніш болған бауырдай.
Жер-суменен қамдады,
Мініс көлік, сауынды-ай.
Той-жиында халыққа
Мәтел сөзі сарындай.
Келген елге жалғастың,
Қойныңды ашып тарынбай.
Шарапаты жақсының
Қоймады жұртқа танылмай.
Көшіп келген халық ек,
Жер-суды қалдық сағынбай.
Қариясы Өкпебай
Айтылсын бұл да қалынбай.
Бұтабай да қария
Ағайынға жағымды-ай.
Қанапия азамат,
Ағасын дейміз тағындай.
Жақыпбек күнде екпінді,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
От қойған шидей жалынды-ай.
Алымбек мырза белгілі,
Ел-жұртына танымды-ай.
Көрінеді Сымағұл
Тонның ішкі бауындай.
.................................
Сөз сарыны дауылдай.
.................................
Көктемгі жауған жауындай.
Еркебайдың байлығы
Саудагардің малындай.
Қосып айтып кетейін,
Ашытқан илеп қамырдай.
88. ӘБДІҒАППАРДЫ ЖОҚТАУ
Әуелі Құдай, Пайғамбар,
Қақ жолында рай бар.
Келіп қайтқан дүниеге
Мурсал Пани Сәруар.
Он сегіз мың ғаламды
Оның үшін жаратқан.
Қабибі еді Алланың
Хақ Мұстафа Пайғамбар.
Дін жолында жолдасы—
Төрт Қалима Шаһария.
Касиетін бұлардың
Халқым бар ма тамамдар?!
Кақ жаратқан әнбие,
Машайықтар әулие,
Соларға опа бермеді
Бағасы жоқ сұм дүние.
Жиылып келген әлеумет,
Басыма түсті бір нәубет.
Сұлтанымнан айрылдым,
Бастығы еді Уәлейет!
Захар түсіп асыма,
Ішіме толды қасірет.
Бостанымнан айрылып,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Туды бізге ақырет.
Басымнан бағым ұшқан соң,
Болмай отыр қасиет.
Сұлтанымнан айрылып,
Қонбай отыр өсиет.
Бақытым кетіп басымнан,
У-шудың бәрі кесапат.
Ағайындар, басымда
Үлкен қасірет-жапам бар.
Бәндешілік болған соң,
Таудай үлкен қапам бар.
«Қайғылының қасында тұрма!» деген мәтел бар.
Біз ғарыпты сөкпеңіз,
Қан толған соң ішіме,
Қабынып тұр өкпеміз.
Кім күңіреніп аумайды,
Теңізі жойқын суалса?!
Кімнің көркі болады,
Асқар тауы құласа?!
Кімдер ақын болмайды,
Арыстаны сұласа?!
Кімнің белі сынбайды,
Қамалды туы жығылса?!
Кімдер сұрау салмайды,
Сақасы алтын жоғалса?!
Кімдер шерлі болмайды.
Терегі құлап, қураса?!
Кімдер ғазиз болмайды
Торға түсіп қамалса?!
Кім гүлістан болады,
Қазан соғып, жел ұрса?!
Сайран қылар бақшасын
Сақарада жау болса,
Мен жыламай, қайтейін,
Сұлтанымнан айрылып,
Ағарып көзім, суалса?!
Біз бір ғарып зарлаған,
Қараңғыны кармаған.
Сөге көрме, жұртым-ай!
Тұрманды тұлпар алдырған.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Біз бір емес, орта жүз
Ортаға қойып, хан қылған.
Сұлтанымнан айрылдым
Дұшпанының күнін тар қылған!
Орыс, қазақ баласы
Қылған ісін таң қылған.
Мен жыламай, қайтейін,
Қасірет оты ішімді
Отын болып жандырған!
Ауылға келді... Құдайдан безген...
Жеткенше бізге асығып,
Қару-жарақ асынып,
Ажалға айла жоқ екен,
Тағдырға бойын ұсынып
Арыстан туған сұлтаным,
Жүрмек болды косылып,
Ұқсап келді тажалға,
Себеп болып ажалға.
Елден шыққан...
Еш қоймады ажалға.
Атқа мінер шағында,
Көп ойланды толғанып.
Істің түрі не болар,
Кетпесе игі еді ұлғайып?
Жолдасы жоқ ағасы,
Баласы үшін тағасы,
Болмай мінді ғазизім
Жалғыз өзі сыбанып,
Мен жыламай қайтейін?!
Ағайын-туған бар жұрты
Бірі болмай қасында,
Арманда кетті асыл ер
Демі біткен заманда!
Әрине, қылса бәндеге,
Бір жаратқан Хақта екен.
Әмірі болса Алланың.
Пендесіне қатты екен!
Көзбен көрмей кінәсін,
Басынан не мін тапты екен?!
Ал ол болса мұсылман,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Кәпірден жаман қатты екен!
Көзбен көрген жері жоқ,
Сол секілді арыстанды
Нағып қиып атты екен?!
Атаңа лағнат атқан жау...
Өлімге қайтып қиды екен?
Ажалға біткен жалғыз оқ
Айнымай неғып тиді екен?
Осынша неге кекті екен?
Құр жалада мұндай іс
Мұсылманға өкпе екен.
Мен жыламай, қайтейін,
Көңілі барып, нақақтан
Қызыл қанды төкті екен.
Ух, Дариға, сұлтаным,
Кетті нанып жауға еріп.
Сырын білмей кәпірдің,
Өзіне санап, ел көріп.
Сынамаған дұшпанын
Досыменнен тең көріп,
Мен сорлы қайдан білейін?!
Жиылған екен аймағым,
Жай түскен соң жаныма.
Жұртым келді күңіреніп,
Айналайын, жұртым-ай,
Заманым қалды өзгеріп,
Мен жыламай, қайтейін?!
Арыстан туған сұлтаным
Астана жұртын меңгеріп.
Жұртын бақты орта жүз,
Бай нашарды теңгеріп.
Көп жасар ма екен деуші едім,
Өмірін Құдай кең беріп.
Қырық тоғызда ғазизім
Шайыттығын жөн көріп.
Алдын берді Құдайым
Қайғысын бізге өңгеріп.
Мен жыламай, қайтейін?!
Сұлтанымнан айрылып,
Жүрерміз қалай елге еріп?!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Уа! Дариға, сұлтаным!
Ұраның болған Орта жүз.
Орта жүздің ішінде
Қыпшақ ұзын бабамыз.
Ұзыннан бергі неше ата
Жоқ еді бір қатеміз.
Орта жүзге белгілі
Ел билеген атамыз.
Жеті атасы хан болған
Шынжырлы қара жотамыз.
Орда босап орнынан,
Болмай қалды сапамыз.
Тау ұшқандай орнынан,
Босап қалды ортамыз.
Тұлпар қашып тұрмайды,
Сұрау салып айтамыз.
Тұғырдан ұшты ақ сұңқар,
Көргенің бар ма, жұртымыз?!
Өрт шыққан соң ордадан,
Қайғы-қасірет тартамыз.
Мен жыламай қайтейін?!
Үміт еткен жұртына
Жеті атадан қара әруақ
Қалып еді артына.
Әділдікпен ел билеп,
Тартып еді салтына.
Жеті атасы хан болған,
Жетесі жақсы арыстаным,
Қашан тарқар қапамыз?!
Сұлтанымды сұрасаң,
Ақылы толық кен еді.
Саясатын сұрасаң,
Патшаменен тең еді.
Түзу байқап қараңыз,
Арғын, қыпшақ ішінде
Адамнан асқан кім еді?!
Шалқар көлдің ішінде
Ел сиярлық кеме еді.
Залалы жоқ адамға
Аспан жерден кең еді.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Билігі Хаққа мағұлым,
Ізгілігі мол еді.
Әкім болып халқына
Айтқан сөзі ем еді.
Орыс, қазақ жақсысы
Бір өзіне тел еді.
Өзі баққан еліне
Сауабы қайыр көл еді.
Арыстан туған сұлтаным,
Алты болыс кыпшақтың,
Тірлігі болса ол жақтың,
Мұсылманның баласын
Ұстап беріп кәпірге,
Жылатпасын деп еді.
Мен жыламай қайтейін?!
Орта жүздің ішінде
Обалы сеңгір бел еді.
Жауға жұртын бермеске
Көрмеге мысал көл еді,
Жыламай, нағып шыдайын?!
Арыстан туған сұлтаным,
Рүстем дастан секілді
Сақып кыран ер еді.
Бұл өлекет заманда
Ақыл бар ма, адамдар?!
Армансыз жан болды ма
Он сегіз мың ғаламда?!
Қасірет батты жаныма,
Шешіліп ұшқан ақ сұңқар
Ғайып болды ұядан.
Іңкәр қылып ізіне,
Орын алды қиядан.
Қол жетпеген жиһанға
Мекен етіп санадан.
Нәсіп болып шараптан,
Әпсісін кесіп дүниеден.
Бақша, сарай аралап,
Қанды мейірі миуадан.
Тұлпар қашып көліне,
Шығып кетті аядан.
18-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жолдастың жоғын көп іздеп,
Табысушы еді қыядан.
Мен жыламай, кайтейін?!
Пырақ мініп іздесем,
Шырақ жағып кездесем.
Жұрт айтуы шын болса,
Кеткен шығар сұлтаным
Біз жетерлік шамадан.
Арыстан туған қорғаным,
Заманында наркескен
Сынды болат сағадан.
Уа, дариға, ғазизім,
Нешік болды халіңіз
Жау алғанда жағадан?!
Сұлтанымды сұрасаң,
Ақылы толық орасан.
Орта жүздің ішінде
Жоқ еді бақта таласың.
Бір жасыңа келгенде
Ата-анаң көңілі май болды.
Жеті атадан бақ орнап,
Әр түлікке сай болды.
Кемдік көрмей дүниеден
Жұрт қатары бай болды.
Туғаннан тура талпынып,
Құр аттан туған тай болды.
Он жасына келгенде,
Жүрген жері той болды.
Биіксінген қандай бел,
Сұлтаным шықса, ой болды.
Айдындағы алашқа
Шұбар ала ту болды.
Шалқар көлдің ішінде
Жалғыз қонған қу болды.
Мен жыламай кайтейін?!
Арғын, қыпшақ ұлына
Беріп тәңірі пиғылын,
Он төрттен туған ай болды.
Уа, дариға, ғазизім,
Қабыл болмай ғазалым,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Сұлтанымнан айрылып,
Көрдім дүние азабын.
Қаптың тауы секілді,
Дұшпанға қарап мезелім,
Орта жүздің ішінде
Көпке мағлұм озғаның.
Кем кедейдің баласын
Жинастырып тозғанын.
Білінсе, басып таптадың
Ел арасын бұзғанын.
Белдеуімнен ат кетпей,
Шығарып жердің тозаңын.
Сұлтанымның барында
Сахарада сайран базарым.
Жетім менен жесірге
Рақымды назарың.
Мен жыламай, қайтейін?!
Арыстан туған сұлтаным,
Тірі де кетпес бұ зарым.
Айналайын жұртым-ай!
Түнім—базар, күнім—ай,
Кеткенің бе заманым?!
Сұлтанымды сұрасаң,
Айтайын, жұртым, турасын,
Қан жұтамын қайғымен,
Ішімнің білмей толысын.
Ғажап болды елімнің,
Арғын, қыпшақ туысың.
Шетке шықпай, ортада
Жақпады кімге бір ісің?
Көпті қармап не етейін,
Өзіңмен өкпе табылсын.
Екі көздің біреуі,
Тілеулінің баласын,
Бар білгені сол ма екен?
Өлімнің тауып қыясын,
Мерген алып аулады,
Өзінің бірге тумасын
Құдайдан қорқып, аруақтан
Ұялмаған оңбасын!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Уа, дариға, ғазизім,
Болдыңыз қалай жазадан?!
Қанша айтсам да, Хақ ісі—
Күн біткен соң қаза да.
Орта жүздің ішінде
Нәсілің Қыпшақ таза еді.
Пайдасы көп халқына,
Залалы жұртқа аз еді.
Бір біз емес, орта жүз
Маңдайына сыймады.
Әкім болды алды кең,
Шыбыны жоқ, жаз еді.
Әділдіктен аумаған
Үкіметлі қазы еді.
Жұрт бағуға жалықпай,
Жоғары-төмен калықтай,
Балапанын ерітіп,
Шалқар қонған қаз еді.
Мен жыламай, қайтейін?!
Арғын, Қыпшақ ұлының
Құрмет етіп түсіріп,
Көкорай біткен саз болды.
Қадірін біліп халқының,
Мейманын күтіп алғанға
Халық қарындас мәз болды.
Уа, дариға, сұлтаным!
Қайратың асқан арыстаным!
Өлгенімше үзілмес
Ғазизім үшін дастаным!
Даңқың шыққан ғаламға
Мемлекет халқын ұстадың.
Қамал бұзып баһадүр,
Қаншама әскер бастадың.
Қараңғы тұман желдетіп,
Жарлығы келді патшаның.
Он сегіз бен отыз бір,
Керегі болмай басқаның.
Тауды ұшырған қаһарын
Құйындай көріп, саспадың.
Жұртыңды қорқып бермедің,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Қорыққанға азып ермедің.
Қарсы тұрып кәпірге,
Қылмадың ісін басқаның.
Заһар шашқан аузынан
Николайдан қашпадың.
Алпыс мыңдай әскермен
Қаласы еді шапқаның.
Азаматым Алаштың,
Басыңды қорып, тоспадың.
Мен жыламай, қайтейін?!
Кәпір менен мұсылман
Арасында нұсқа едің!
Жалғыз жылға жүргізіп
Уалайыттың аспабын,
Қой үстінде бозторғай
Жұмыртқалап ұшқанын.
Заманы болып, қолы жетті.
Ұзын менен қысқаның.
Уа, дариға, ғазизім,
Жазира еді Бостаным.
Сайраған бұлбұл сықылды,
Раушан жарық күндерім.
Кескен дарақ секілді,
Төгіліп қызыл гүлдерің.
Сағындырып жұртыңды,
Қасіретке күйдірдің!
Деген нақыл бар еді—
«Суменен балық тірілген».
Артыңда қалған жұртыңды
Иесіз қалар демедің.
Сынған соң тұлпар тұяғы,
Үрпиіп қалды елдерің.
Жаз бен күз кеткен соң,
Күңіреніп қалды көлдерің.
Дарақ ұшып түскен соң,
Көрінбей биік белдерің.
Мен жыламай қайтейін?!
Орта жүздің ішінде
Осынша қол жеткісіз
Қоңыраулы бұйра нар еді.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Теңіз қайнап тасыса,
Су шықпастай жар еді.
Момындарға көл дария,
Зұлымға тым-ақ тар еді.
Ел ішінде бұзыққа,
Көкпен ұшса, тор еді,
Жермен қашса, ор еді.
Мен жыламай, қайтейін?!
Әділдікпен ел жинап,
Үкіметі зор еді.
Уа, дариға, сұлтаным,
Заманыма қауіптің,
Әдепті емес халықтың
Ортадан ойып жол салдың,
Сақып қыран атандың.
Мұсылманның ұраны—
Шұбар ала ту алдың.
Жау көрмесең, жабығып,
Әскерді көрсең куандың.
Сарбаз жинап түзеттің,
Майданды қанмен боядың.
Алтын, күміс, болатты
Әскербасы безедің.
Жай оғындай жайнаған
Мылтық берен кезедің,
Найзағайдай ойнатып,
Саргерді ала неше алуан.
Күннің көзін алдырып,
Майданды жердің тозаңын.
Толғамалы ақ сүңгі
Иесін сайлап найзаның.
Балдағы алтын ақ болат
Белінде бектер, мырзаның.
Сайран қылдың дүниені,
Ғасірет етіп болжадың.
Мен жыламай қайтейін?!
Ақыры тартып салтына
Қаза тапты...
Шайыт болып ғазизім,
Жолын жуып қамзаның!
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Уа, дариға, сұлтаным,
Түйілді дүнием шешілмей.
Қараңғы тұман түсті ғой,
Айсыз бұлт ішіндей.
Тоқтап қалдым айрылып,
Ауған керуен көшіндей.
Теңізде жүрген күнім-ай,
Жаппардан қорқып кеше алмай!
Орта жүздің базары
Ат кетпеген көшедей.
Алды кетті елімнің,
Алыста тоят баса алмай.
Қанаты тегіс шықпаған
Балапандай ұша алмай,
Біз бір ғаріп биікке
Шығып кетіп, түсе алмай,
Жүректегі қайғы, дерт
Дауалы дәрі іше алмай,
Айналайын жұртым-ай!
Сұлтанымнан айрылып,
Тірі отырған жайым бар,
Алдағы күнді піше алмай.
Уа, дариға, ғазизім!
Қайғың есті тандырды-ай!
Зақар түсіп асыма,
Өзегімді жандырды-ай!
Ақырын Құдай бермесе,
Қара басым қаңғырды-ай!
Ағайын түгел күйініп,
Орыс, қазақ қайғырды-ай!
Ішіме зақар қайнаған,
Төгіліп ұшқын жайнаған.
Құдіретімнің шегі жоқ,
Азабымды тартқанша,
Жерге тартқан қарындай.
Арыстан туған сұлтаным,
Ұран да болдың орасан,
Мың жылқының тауындай!
Көпке пайдаң көп еді,
Көктемдегі жауындай.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мен жыламай, қайтейін?!
Орта жүздің баласы
Тұрғаны бар ма налымай?!
Ертеңді-кешті зарлаймын,
Көзімнің жасы жаңбырдай.
Қой десеңіз, қайтейін,
Қан кұса жұтып қояйын.
Екі көзден қан төгіп,
Қайғыменен ояйын.
Бағыз қанын ағызып,
Көкіректе шыбын жан
Садағасы қылайын.
Бағыз қанын пора ғып,
Қанды жасты кұяйын.
Айналайын жұртым-ай!
Сұлтаным үшін бұ жанды
Азғана күн қияйын.
Қарсы болса шарғыға,
Көптің сөзін тыңдайын.
Жұрты үшін сабылған,
Мекені үшін шабылған,
Шапағат еткейсің,
Қадірі мәулі іңкәрім,
Саламат бер иманын!
Күн болды ма бұ күнде
Көп айтқан соң қоймасқа,
Хақтың ісі болған соң,
Көздің жасын тимасқа.
Сұлтанымнан айрылып,
Болғаннан соң жан басқа.
Біз шырмауық секілді
Талға барып асылған.
Тәубамыздан жаңылып,
Жоқ еді жерім тасыған.
Болмашыдан дық болып,
Көңілім сонша басылған.
Ғазабында кәпірдің
Оғы тимей ұсынған.
Есіл сабаз ер қайда?
Самары болды жасыған.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Айналайын жұртым-ай!
Қабырға сайын қайғым бар,
Омыртқа сайын уайым бар.
Күн батқан соң, раушан
Бірден болған ойым бар.
Тұлпарынан айрылып,
Бас білмеген жайым бар.
Мен жыламай қайтейін?!
Ел ішінде тең емес,
Ауданы бізден кең емес.
Мен жақсымын дегенге
Дық болмады елемес.
Тілеулінің баласы,
Бұған көніп отырған
Көрген күнің күн емес!
89. АБДОЛЛАНЫ ЖОҚТАУ
Бісіміллә сөздің айласы-ай,
Намаздың жанға пайдасы-ай.
Арманда кеткен атекем,
Өнерпаз еді-ау, қайласы-ай.
Бісіміллә сөздің өрнегі,
Адамның ажал көнбегі.
Арманда кеткен атекем,
Алысқа қолын сермеді.
Абылайдай айбарың,
Алашқа намыс бермедің.
Тастан да қайтпас болатым,
Қиыншылық көрмедің.
Бісіміллә сөздің жарығы-ай!
Адамның жүрек анығы-ай.
Айдында туған атекем,
Халқыңа түскен сағым-ай.
Тұлпардан туған арғымақ,
Құдайым берді малмен бақ.
Алла бір басқа салған соң,
Байқап бір сөйле, тіл мен жақ.
Бұлбұл құстай сайраған,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Гауһар тастай жайнаған.
Әтиім сапар шеккен соң,
Ішім бір оттай қайнаған.
Алашқа шыққан атыңыз,
Халқыңа шыққан хатыңыз.
Жылады деп сөкпеңдер,
Шыдайды қайтып дәтіміз.
Жан атамды қозғайын,
Сынаптан асып озбайын.
...Бір жылай Аллаға,
Шариғат жолын бұзбайын.
«Жан атам» дейін, жарандар,
Көңілімде қайғы қапам бар.
Әтиім сапар шеккен соң,
Бір көруге болдым зар.
Әуелі Құдай жаратты
Он сегіз мың ғаламды,
Жер жүзіне таратты.
Әтиімнен айырып,
Біз байғұсты зарлатты.
Тасыған судай ағындым,
Туған айдай сағымдым.
Бала құстай саңқылдап,
Дауысыңды сағындым.
Шүйдің де бойы Сібірді-ай,
Атың бір шыққан Губердей,
Айдында туған атекем,
Алашқа намыс жібермей.
Әлқамның құран басында,
Зарлаттың Алла жасымда.
Падишадай бақ беріп,
Қадыр Ильяс қасыңда.
Ұжмақтан болсын орныңыз,
Қордың да қызы қасыңда!
Шүйдіңде бойы Қарағай,
Арғы атамыз Қаратай,
Жасыңнан бақ берді,
Әтекем, сізге бір Құдай.
Құдай басқа салған соң,
Жолықтың күйге осындай.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Көз салушы ең алысқа,
Ақиық, Алтай құсындай.
Уезге жауап қатпаған,
Болып бір тұрған тұсында.
Атыңыз шыққан анардай,
Бағдаттағы фанардай.
Кез келсеңде теңізге,
Өтуші едің қамалмай.
Артыңда қалған ел-жұртың,
Сандалды ақыл таба алмай.
Түркістандай түріңіз,
Бұқарадай гүліңіз.
Ислам пұлдай иіслім,
Ұжмаққа тура кіріңіз.
Табарсың тура Құдыс тай,
Мәдинемен түйістай.
Артыңда қалған ел-жұртың
Кетірді жаман күйісті-ай.
Бір Құдай тура жол беріп,
Орныңды қылсын бейішті-ай.
Атыңды білген мұсылман
Жаман қатты күйісті-ай.
Жасыңнан шығып Әтиім,
Әпердің шүйгін қонысты-ай.
Базардан келген шар айна,
Жақсылық қылдың талайға.
Торғыннан көйлек кигізіп,
Кіргіздің күмбез сарайға.
Әтиім тірі күнінде
Жын-шайтан жүрмес маңайға.
Пайғамбар ұлы Жүсіпті
Қолымнан сұңқар ұшыпты.
Қолымнан ұшқан сұңқарым,
Қараңғы жерге түсіпті.
Пайғамбар ұлы Ыдырыс,
Басыма түсті қиын іс.
Әтиім сапар шеккен соң,
Халқыңа түсті жиылыс.
Біссимиллә сөздің бедері,
Адамның Атам зерегі.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бір тайпа елдің сынды ғой
Қарағай алтын терегі.
Әтиім менің асқар бел,
Иесіз қалды-ау бір тайпа ел.
Гауһар тастай жүзіңді
Жасырды ғой қара жер.
Ақсұңқар ұшты қолдағы,
Қайрылар күні болмады.
Асыл бір туған атекем,
Бір тайпа елдің қорғаны.
Ақсұңқар ұшты ұядан,
Жалама жартас қиядан.
Құтылар күн болмады,
Алла бір жазған сиядан.
Бермедің, Алла, тілекті-ай,
Шер қылды ғой жүректі-ай.
Маңайдан ешкім жүрмейтін,
Жолбарыс жатқан түбектей.
Кәпірге намыс бермеген,
Қиынға қолын сермеген.
Қазақ тұр ғой қалмақта,
Маңайына келмеген.
Дағдырға жазған бір Алла-ай!
Састы ғой жұртың тұралмай,
Атағың шыққан алысқа,
Қазреті нағыз Шәридай.
Өнерлі болдың жастан-ай,
Атағың шыққан аспанға-ай.
Бәйтеректей пана боп,
Тиянақ болдың қашқанға-ай.
Мәуе орнаттың зеремен,
Терезең тең төремен.
Төре бір сынды атекем,
Қай уақытта көремін?
Асыл бір туған әтиім,
Жасыңнан-ақ көсілдің.
Молда бір ғалым көрінсе,
Шариғаттан шешілдің.
Жолаушы екі ай кеткенде,
Кәпір қалмақ есірген.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Тоқтатар адам таба алмай,
Айласы жұрттың кесілген.
Екі айдан соң атам кеп,
Су сепкендей өшірген.
Қалмақтың жақтың шарбағын,
Дұшпанға салған салмағың.
Айдынды туған атекем,
Алты алаш білген аруағын.
Қаратайды бадам ғып,
Орыс бір салды бұғалық.
Әтимнің тұсында
Қайғысыз тұрдық қуанып.
Бір тайпа елге бас болып,
Әкелдің шүйге ту алып,
Бағдаттан шыққан қызыл гүл,
Атиім еді соққан жел.
Екі де ханға бой бермей,
Отыз жыл тұрдың бодансыз.
Әтиім озған қиырдан,
Жазуда болар бұйырған.
Көлеңкеңе саялай
Талай нашар жиылған.
Қисапсыз дүние жиып ең,
Дұшпанға артық қиын ең.
Өз алдыңа қазы боп,
Тентектің жолын тиып ең.
Шүйдің бойы қара ақыр,
Төмен барсаң, жазатыр.
Жазатырдың бойында
Көкі деген ел жатыр.
Көкіден шыққан Тоқтамыс,
Ержігітке сөз намыс.
Солармен тең атекем,
Сүрінбейтін жел қобыз.
Дәулеттен шыққан Ережеп,
Шөгелде шыққан бір Кебен.
Әбдікерім, Дүкен де
Тобынан озған бой безеп.
Шоңмұрын биі Үрістем,
Мұса да қалмас бір істен.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бер жағында Есімхан,
О да қалмас жүрістен.
Жайсаңбай шыққан Самайдан,
Озушы ед сөйлеп талайдан.
Таусылып жақсы барады,
Әрбір тұста маңайдан.
90. ӘШІРДІҢ БАЛАСЫ СЫЗДЫҚ ЖАЙЛЫ ЖОҚТАУ
Биссимилла деп бастайын,
Әуелі сөздің басына.
Мұңымды айтып жылайын
Жан ашыған досыма.
Досыңа достық белгісі,
Жылайды бізге қосыла.
Келгенде жаңа Сыздығым
Он сегізге жасына.
Болғанжан мен Бақтылым
Алып кетті қасына.
Мезгілсіз ұшты ұядан,
Топтанып өңкей қаршыға.
Ақырзаман орнады,
Бұл күнде менің басыма.
Қоңырдың желі көл болды,
Көзден аққан жасыма.
Жан ашыған жұртымның
Бәрі келді қасыма.
«Өлгеннің өлмек артынан,
Жоқ» деген нақыл осы ма?
Құдай салса, қайтейін,
Нелер күн өтті арадан,
Нәресте өңкей үш бақы,
Алды әжет жараған.
Әсіресе Сыздықжан
Хан болып туған анадан.
Сыймай кетті маңлайға,
Асып туған қанадан.
Көзімен көрмей Күләшім,
Арманда қалды далада.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Іші бауырым өртеніп,
Күйемін де жанамын.
Сыртым жалын,ішім шоқ,
Өртеніп кетіп барамын.
Айналайын атыңнан,
Ұстыным, қалқам, Сыздықжан!
Қолдар ма екен деп едім?
Ата пірім «Қарахан»
Жағаладым жалбарып,
«Бахсайыс» ата «Қорасан».
Тура құрық салған соң,
Болмады себеп олардан.
Өлімнен жаман жоқ екен,
Жүрегім қалды жарылып.
Боламыз ба біз де, жұрт,
Басымнан тұман арылып?!
Келер ме екен сүйрігім,
Ата-ананы сағынып?!
Апта өтті, айда өтті,
Сағынбай жүрсін неғылып?!
Қалдың ба, қалқам, қатты ұйықтап,
Ақ топырақ жамылып?!
Ашылар ма екен ұйқысы
Жыласақ барып жабылып?!
Балапаным, ақсұңқарым,
Ұядан ұшқан айрылып.
Талмай ма, қалқам, қанатың,
Қонбай кетсең қайрылып!
Алтын сүйек сүйрігім,
Ізіңе кеттің зар қылып.
Ақсұңқарым, тұйғыным,
Балапанын қалдырған.
Балапаннан айрылсаң,
Құриды екен әл-дермен.
Біз бір сорлы бәндеміз
Боздағынан айрылған.
Боздап қалдық аюдай,
Шиесін теріп алдырған.
Ботасы өлген боз нардай,
Бар ма екен біздей зар қылған?!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қарағым Күләшжанымның,
Қонысын құдай алдырған.
Өлімі құрсын, өрт екен,
Күйдіріп, өртеп жандырған.
Біздей бәнде болмас-ты,
Жалғызы үшін қайғырған.
Құдіретті күшті құдайдың
Жоқтан өзі бар қылған.
Топырақтан жаратып,
Бізді құдай жан қылған.
Отыз ұлын Дәуіттің
Бір намазда жай қылған.
Ибрақим халилді
Кәпірлер отқа салдырған.
Әзіреті Мұсаны
Сақтап шыққан тағдырдан.
Пайғамбардай Жүсіпті
Зынданға төрт жыл салдырған.
Керуенге кез келіп,
Құл орнына алдырған.
Құтылмайтын болдық біз,
Сыздық, сенің қайғыңнан.
Қияметке барғанда,
Шықпасаң келіп алдымнан.
Молдадан сөз сұрасаң,
Шариғатпен сөйлейді,
«Кебенек киген келер» деп.
Кебін киген келмейді.
Енді қайтып келер деп.
Түсіме менің енбейді,
Бала қалса артыңда,
Жоғалып орны өлмейді.
Ақ жарылқап, күн туып,
Шығар қайда мерейді.
Құлыншақтан айрылған
Көрдіңдер ме мендейді.
Біреу кәрі, біреу жас,
Уақтысы жетсе, жөнейді.
Өлімі құрсын қатты екен,
Ата мен анаң еңірейді.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Келінім келді үй тігіп,
Сыздығым неге келмейді?
Болмашы бар бір хабар,
Оған да көңілім сенбейді.
Ақырын сұрап отырмыз,
Құдайым әлде не дейді.
Ақ жарылқап, күн туып,
Шығар қайда мерейді.
Өлген адам тіріліп,
Пәленше келді демейді.
«Арыстан өлсе» деген сөз,
Тірі мысық төлейді.
Келе алмай кетті қыршыным,
Жиырманың бесіне.
Аузымның суы құриды,
Түсіп кетсе есіме.
Отауың келді, өзің жоқ,
Неге ермедің көшіне.
Қурап қалған ақ үйдің
Қуанайық несіне.
Он сегіз-ақ жыл екен
Өлшеп берген несібе.
Еш болмаса кірмедің
Жиырманың үшіне.
Қолдан келер амал жоқ
Құдайдың қылған ісіне.
Көкбар шауып бөрі әкеп,
Қуаныш еттің күшіңе.
Көрген қазақ таң қалды
Көркің менен түсіңе.
Саған берген тұлғаны
Берген жоқ құдай кісіге.
Ұйықтасам мұндай есіме,
Кірмеуші еді түсіме.
Үйрек ұшып, қаз қонған
Көлім қалды суалып.
Қызғалдақ шыққан бәйшешек
Қурай болды қуарып.
Қазан ұрды бауымды,
Ашылған гүлі қызарып.
19-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ауылымның көркі едің,
Сейілге шыққан бұралып.
Болып едің жұртқа еге,
Жаңа-жаңа сыланып.
Бәріміз де жүруші ек,
«Я, Құдайлап» қуанып.
Бұл күнде жүрген адам жоқ,
Тұлпар мініп, ту алып.
Баяғыдай заман жоқ,
Жау шаншып жүр, кім барып.
Артыңда құдай еңіретті,
Ақ отауың тұл қалып.
Отырып қалдық бәріміз,
Жаралы қудай ыңыранып,
Жарылған мұздай күңіреніп.
Ата менен анадан,
Бірге өлген адам жоқ,
Бәрі де кейін тұр қалып.
Иманы жолдас болғай да
Артын құдай оңғарып.
Ұшып кетті қаршығам,
Тұғырына қонар ма?!
Басыма түскен тұманым,
Ашылар күні болар ма?!
Артыңда қалған кемпір-шал,
Енді жұрт боп оңар ма?!
Мақшар күні жолығып,
Ғарып көңілім толар ма?!
Есіткен жан, бата қыл,
Құран оқып бұларға.
Иман бер деп тілейік,
Төрт жаһарир пайғамбар
Өткен екен олар да.
Күләштің жоқтағаны
Биссимилла деп бастайын,
Мінажат қылып құдайға,
Мұңлы пәндә мүсәпір,
Мұңсыз адам жылай ма?
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Жыламайын десем де,
Өлімге пәнде шыдай ма?
Жалғыз қалып қаңғырдым,
Ата-анам қосқан жұбайға.
Құс алған қуда не сын бар,
Мені халқым сынай ма?
Мырзамды жұртым, жоқтайын,
Ұнамай ма, ұнай ма?!
Биссимиллаға келтіріп,
Сөз сөйлейін тілімді.
Ел-жұртыма айтайын,
Көңілімдегі мұңымды.
Ешкімге құдай салмасын,
Менің көрген күнімді.
Айдалада ақ мола,
Қылды құдай үйімді.
Әдірә қалып ақ отау,
Егесіз болып тігілді.
Солқылдап тұрған шыбығым,
Иілмей, сынбай жығылды.
Әлпештеп жүрген қарағым,
Қыршынынан қиылды.
Солқылдаған сүйрігім,
Алтын айдар тұлымды.
Еш болмаса бермеді,
Жиырма жыл жұрымды.
Болмады өңім түсім бе,
Дәуренім көрген бұрынғы.
Ылажым бар ма қайтейін,
Тағдырда болса сызулы.
Әділді-ай екен кітапта
Өмірдің қысқа ұзыны.
Құдіреті құдайдың
Бізге болды бір түрлі.
Жер мен аспан айналып,
Заманым болды бір қилы.
Жүгермек өлім кез болып,
Алып кетті қыршынды.
Тойымды құдай ас қылып,
Басыма салды шыршуды.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бұ сықылды заманмен,
Көремін деп пе едім.
Жұртыма жаңа жеткенде,
Жеңі атамның қарынан,
Қолы сонда қырқылды.
Атадан тумай жатып-ақ,
Кісілік іздеп ұмтылды.
Опасыз деген осы екен,
Дүние жалған шіркін-ді.
Туғаннан-ақ қарағым,
Түрің болды бөп-бөлек.
Шырын болып атама,
Болып едің көп керек.
Асығып жүрді сорлы атам,
Жеткіншегім жетсе деп.
Көрген қазақ таң қалды,
«Төре ме» деп, «бек пе» деп.
Өзімен қатар балалар,
Тамаққа жүр өкпелеп.
Жүйрікті алып мінгізді,
«Көңілі өссін» деп ертерек.
Далада жүрсе, кісі боп,
Үйге келсе, еркелеп.
Тілеп еді құдайдан,
«Өмірін ұзақ берсе» деп,
Атаң да болды арғымақ,
Анаң да болды арғымақ.
Өтіп едің тайыңда,
Әниардан қарғып-ақ.
Шыңға шыққан қарағым,
Құлыныңнан ойнақтап.
Берді құдай абұйыр,
Атқа міндің бурақтап.
Бала би, Досбол датқадай,
Жас күніңнен қонды бақ.
Батасымен жұртымның
Қонып еді аруақ.
Шамал тимей, жел тимей,
Сөнді де қалды шамшырақ.
Тозаң алып шаң басты,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Ақ денеңді топырақ.
Жатқан шығар сүйрігім,
Екі көзі жалтырап.
Артыңда қалып, мен сорлы,
Отырмын, ойбай, зар жылап.
Төртқара бөз көйлегің
Киіп кеттің жалбырап.
«Қош» демедім қоштасып,
Арманым қатты жалғыз-ақ.
Орта жүзге белгілі
Нағашың да қайның да.
Даңқы жұртқа белгілі,
Жарықтық атам байдың да.
Келіп ең аттың алдында,
Атекем неден асықты,
Атқа қосып тайыңда.
Сондықтан қалдың,қарағым,
Бес,алты күн жанымда.
Сұңқар туған шырағым,
Өмірің болды тым қысқа.
Маңлайыма симадың,
Мендей бейбақ байғұсқа.
Шыдамай атам сорлы да,
Ертерек салды жарысқа.
Қойнына симай қуаныш,
Келгенге ісі дұрысқа.
Қоя берді, қосты да
Ауылнай би мен болысқа,
Замананың сазы деп,
Пристоп деген орысқа.
Бәріміз де мәз болдық,
Болыс деген дабысқа.
Кетті менің басымнан
Ұят та, ар да намыс та.
Өлімнің жайын білмеуші ем,
Емес екен алыста.
Несін айта берейін,
Есепсіз арман менде бар.
«Өлер бала өзгеше»,
Деген мақал сөз де бар.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ауызға жастай іліндің,
Тілде де бар, көзде бар.
Жетім, жесір бейбақпын,
Тәуір сөзге мен де зар.
Көрмей қалған далада,
Мендей жұмыс кімде бар.
Аяғыңмен бір басқан,
Ізіңе қалқам болдым зар.
Жеткіншектен айрылған,
Жерге барып таянар.
Жолдасынан айрылған,
Отырып қалып омалар.
Жұрт кандидат сайлады,
Болыстық барып соңына.
Жұртқа ырза боп біз сорлы,
Қуаныш қылдық соны да.
Ағасы кетті болыс қып,
Ісін беріп қолына.
Өзімнен кейін болма деп,
Отырғызып орнына.
Жүре берді боздағым,
«Бала болыс» болды да.
Жастай-ақ тапты боздағым,
Ақылды да айды да.
Болғанда мұндай сұм өлім,
Бар ма еді менің ойымда.
Өлімі құрсын, өрт екен,
Кез келді менің сорыма.
Көкірек қайғы, көзде жас,
Жолықтым істің зорына.
Аяғын ас қылды,
Көкешім қылған тойында.
Нағашың «Божбан» сүйрігім,
Алдаберген-Сапарбай.
Үлкендердің отырмын,
Атын айтып атамай.
Пәленше «датқа» дегелі,
Әруақтан бата алмай.
Төркінім «Найман»Үншібай,
Бәрі де шынжыр қатарды.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Үш жүзге ешкім болған жоқ,
Өзімнің марқұм атамдай.
Көшкен күні ақшаны
Түйеге жүрді арта алмай.
Өңкей нәкән кез келді,
Сеңгерлі тұмсық тау таудай.
Көлден көлге қонсам деп,
Жағалады шалқардай.
Құдай мені сорлатты,
Дегеніме апармай.
Далада қалдым қаңғырып,
Құлжасын атқан арқардай.
Кеней тігіп күмістен,
Ойнаған алтын сақамдай.
Болалған жоқ еш бала,
Кешегі менің қалқамдай.
Нәресте кеткен шырағым,
Күнәға артық бата алмай.
Орасан туған қарағым,
Түнде жанған гауһардай.
Шырағымнан айрылып,
Далада қалдым қаңғырып.
Мойныма бұршақ салсамшы,
Әулиеге жалбарып.
Болалмай қалдым армансыз.
Жан үшін жөндеп айналсам,
Мен сорлыға жұртымды
Көрсетпеді апарып.
«Ертең» деді хабары,
«Кетті» деп мырзаң аттанып.
Көзімді ашып-жұмғанша,
Кетіпті құдай демде алып.
Қол ұстаспай, қоштаспай,
Арманда қалдым, мен ғаріп.
Тумай жатып Аллаға,
Қалдық екен не жазып?!
Ақыретке қыршыным,
Алалмай кетті жол азық.
Маған да, жұртым, берсейші,
Қасынан ғана көр қазып!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Талшыбықтай бұралып,
Жаңа-жаңа өскенде,
«Ойбай» шықты ауылымнан,
Төбемнен жасыл түскендей.
Батыл туған шырағым,
Еш нәрседен сескенбей.
Айтушы еді бұлар деп,
Шиелгенді шешкендей.
Уақытына келгенде,
Асылғанды кешкендей.
Көзге түстің жастай-ақ,
Құрбыңнан артық сескенбей.
Туғаннан-ақ қарағым,
Қолғанатқа жараған.
Үш атасы бек өтсе,
Хан көтерсе қарадан.
Ақ сүйектей бек болып,
Үш ата өтсе арадан.
Ортасы жіп бола ма,
Екі басы тазадан.
Бай болар құдай қаласа,
Би болар жұрты қалаған.
Көтермейді жер нені,
Не түспейді ауадан.
Сұңқарымды ұшырдым
Көлеңкелі саядан.
Болушы едің базарым,
Ауылға келсең қаладан.
Артық еді сәулетің
Өзің қатар баладан.
91. ҚОЖАБЕРДІ БОЛЫСҚА ШЫҒАРЫЛҒАН ЖОҚТАУ
Биссимилла, әуелі бір құдай,
Жараттың жарық күн мен ай.
Барабар барша әлемге,
Мейлі жарлы, мейлі бай.
Пайғамбарлар, патшалар,
Бәрін де елім қылды жай.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Асусыз асқар тауларды,
Құлатып ақыр қылды сай.
Жылады деп сөкпе, жұрт,
Жайымыз болды осылай.
Біз жатыр ек далада,
Жәкем кеткен қалаға.
Бір қатық арман сол болды-ай,
Арамыз қалды қосылмай.
Кеулімізге әлі де,
Қалада Жәкем жүргендей.
Өкімін жұртқа жүргізіп,
Қысқа дәурен сүргендей.
Шығайсын деген ауылда,
Кетерін Жәкем білгендей.
Ағасы алда тоқтатқан,
Айтқаныма бір көнбей.
Араздасып қоштасып,
Болалмай қалды қасында.
Шын бекзаттың өзі еді,
Жұрт сұраған жасында.
Атадан қалған бақ, аруақ,
Таймастан көркем басында.
Қайтсе қатты күйдіріп,
Дұшпанын да, досын да.
Қалаға жәкем кетсе де,
Басында болды атасы.
Арманы қатты қайғыда,
Көре алмай қалды анасы.
Басылар емес жуықта
Апасының қапасы.
Жақсылар болмас ешкімге,
Сұм дүниенің панасы.
Түсті бір қолдан арманда
Халқының алтын сақасы.
Жас та болса бас қылып,
Халық болыс сайлаған.
Сыйласа да аз күнің,
Қызығына тоймаған.
Парасатың жан көкем,
Ақылың шалқар дүниеден,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Көңілің дүрбі айнадан.
Ат үстіне мінгенде,
Жай тасындай жайнаған.
Дос дұшпанын елемей,
Қиынды бұза аянған.
Ерегіскен дұшпанын
Еңкелтпей қоймаған.
Зарлық көрген бір жұрт кеп,
Пана тартып тығылған.
Қарсылық қылған дұшпандар
Еңірей келіп жығылған.
Алғыр қыран сұңқардай,
Бұл жақсы еді қырымнан.
Шыққан емес тосыннан,
Шыңды бір қатар бұрыннан.
Ақ орданың ішінде
Алдында кеңес құрылған.
Салтанатың сайманды,
Беруге жайтың бұрыннан.
Ерегіскен дұшпанға
Қара құртша өрілген.
Қанша дұшпан көбейсе,
Қарау қорлық көрмеген.
Дұшпан құйрық қанаты,
Артында қалды шынысы.
Еркінше сөйлеп,
Тарылмай кеткен тынышы.
Опасы жоқ жалғанда
Ешкімнің бітпес жұмысы.
Баянды білмеген қалмады,
Қаттырақ арман бір шымы.
Жеңешемнің далбайсыз,
Қиын болды-ау жүрісі.
Зарлап отыр арманда,
Қолынан түсіп шынысы.
Қыз деген мейман бес-төрт күн,
Бұл біреудің бір ісі.
Даңқы кеткен күнінде,
Аруағы асық боп
Аруаналық зарлап,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Ұран болған халқыма.
Талап қылған жасынан,
Аң сұңқардай талпына.
Жасқанып көңілі жауынан,
Қарамаған артына.
Жақсы менен жаманның
Айыра білген парқын да.
Әкесі мен ағасы,
Алдымда болған өрнегім.
Арқа сүйеп соларға,
Әр жұмыс болды ермегі.
Кешегі өткен ұстынсыз,
Бұл жұртқа қиын келмеді.
Нағашысы—батыр Бесірі
Саба болсын ер деген.
Екі жағын тең өрген,
Шым бекзат еді-ау ел деген.
92. ДҮЙСЕНБАЙДЫ ЖОҚТАУ
Өртенді күнім бесінде,
Белімнен белбеу шешілді.
Жайнап та жүрген боздағым,
Құбылаға қарай көсілді.
Құбылаға қарай бас қойған,
Өлімге мойнын бос қойған.
Өлімі құрсын өрт екен, ойбай!
Өзекке салған дерт екен.
Өзегіңді өрт алды,
Буыныңды құрт алды.
Ойлап бір санап отырсам, ойбай!
Қағынды деген дерт алды.
Қағынды келген қаралап,
Қалың бір жұртты аралап.
Қалың бір жұрттың ішінде
Жалғызды алды-ау саралап.
Саралап алды-ау салдайын,
Салмақтап алды-ау бұлдайын.
Жас боздақтан айрылып, ойбай!
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Сорлы да болған маңлайым.
Жоқтамасам жоғалар,
Жоқ—жаманға теңелер.
Ескермесем ес кетер, ойбай,
Есіктен келген дос кетер!
Дос келгенін айтайын,
Дастарқаны бос кетер.
Ауыз тамыр айрылар, ойбай!
Сүйек тамыр қайрылар.
Жайнап та жүрген жалғызым,
Енді қайдан табылар?!
Табылмас жерден тал бойлым,ойбай!
Келмес бір жерден кең ойлым.
Қорымалы қорғаным,
Көлеңкелі майданым.
Ексем бір бітпес майданым, ойбай!
Егілсем келмес алғаным.
Әуелеп ұшқан ақ сұңқар
Оралды талға, шырмалды.
Биікте тұрған байшылар, ойбай!
Ыңыранып жерге құлады.
Ту жығылып тұрмады,
Тұрғызар айла болмады.
Көкіректен жаны шықты, ойбай!
Кіргізер айла болмады.
Мен айтайын зарымды,
Көкіректе барымды.
Жетелеттім жәннетке, ойбай!
Қоңыраулы қара нарымды.
Балта бір салмай қырықтырдым,
Жаңа өспірім талымды.
Орақшы салмай орғыздым,
Пісіп тұрған тарымды.
Мінген бір атың көк пе еді,
Сүбеңнен тиген оқ па еді?!
Суырып алар жоқ болды,
Бауырым деген көп болды,
Әкем дер балаң жоқ болды.
Айдағаным сексен шоқ,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Айдадым судан өткел жоқ.
Жасаған тәңірім асықты,
Жасы да қырыққа жеткен жоқ.
Айдағаным мая-ды,
Табаны жерге таяды.
Жайнап та жүрген жалғызым,
Өмірі жерге сая-ды.
Қара бір жерде қайыр жоқ,
Жасаған тәңірім мейірім жоқ.
Мейірманды мейманым,
Сірә да, сізді көру жоқ.
Көрінген анау тау ма екен?
Көлеңкелі бау ма екен?
Сол баулардың ішінде
Жалғызым менің бар ма екен?!
Алтайыдан бөркіңіз,
Аудара шайқап киіңіз.
Шамалы жерде үйіңіз,
Келіп те кетіп жүріңіз.
Сая бір жайдың тұтқасы,
Бұрынғының нұсқасы.
Пайғамбар жасқа келмей-ақ,
Өміріңнің қысқасы.
Уық бір сынса, қалам жоқ,
Қайнағаң келсе, сәлем жоқ.
Қылмайсың сәлем дедім бе?
Саған салды амал жоқ.
Қоғалы көлден қой өтер,
Қозысы шулап бірге өтер.
Артында қалған бейбағың
Жылай да сықтар, күн өтер.
Есіктің алды бау жиде,
Құдайым салды бұл күйге.
Мен жыламай кім жылар?!
Жалғызым жоқ бұл үйде!
Қара бір таудың шиесі,
Жайылар байдың түйесі.
Мен жыламай кім жылар?
Қайда бір кетті иесі?
Қара бір таудың жылғасы,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Өз теңдінің мырзасы.
Өз теңіне қарасам,
Келмейді мұның тұлғасы.
Жастай кеткен жас боздақ,
Қалмады артта тұлғасы.
Жұртыңда қалды бейбағың,
Жалғызым деп қу басы.
Өскен бір жерін айтайын,
Азат басы даласы.
Қойған бір жерін айтайын,
Әулиенің қаласы.
Қаладан биік көрінген
Жас боздақтың моласы.
Жастай кеткен жас боздақ,
Қалмады-ау артта баласы!
Әуелеп ұшқан ақ сұңқар,
Аяғын көрген бар ма екен?
Мен бір сұңқар ұшырдым,
Хабарын білген бар ма екен?
Хабарын білген кісіге
Қамқадан тон—сүйінші!
Сұрауын білген—кісіге
Сомдаған алтын—сүйінші!
Сүзгі бір салсам, суда жоқ,
Сұрау бір салсам, елде жоқ.
Ойлап бір санап отырсам,
Мендей де ғаріп мұңлық жоқ.
Қаршығам кетті қолымнан
Биялайым жоғынан.
Жалғызым кетті соңынан
Маңдайымның сорынан.
Сорлы да болған маңлайым,
Сор татиды таңлайым.
Сорлы да болған маңлайды
Шауып бір тастап аңлайын.
Тең-тең шығар, тең шығар,
Тең ішінен жең шығар.
Теңдестерің келгенде, ойбай!
Теңселіп үйден кім шығар?
Тең-тең Арыс, тең Арыс,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Арыстан көшкен ел алыс.
Теңдестерің келгенде, ойбай!
Телміріп қалдым мен арсыз.
Құм, құм Арыс, құм Арыс,
Құмсары кешкен ел алыс.
Теңдестерің келгенде, ойбай!
Құмсарып қалдым мен арсыз.
Сауысқан—құстың аласы,
Арынан көп дүр қарасы.
Зарлай да бермей қояйын,
Қалған бір жанның тобасы.
Биесі әлек болды ма,
Арғымақ көзі солды ма?
Арғымақ—жансыз, ел—халсыз,
Аттанып кеттің болжалсыз.
Болжалсыз кеткен боздақты
Келеді деген мен—арсыз.
Келмес бір жерден кең салған,
Әулие барып мүлік болған.
Құтты да болсын мүлкіңіз,
Жылаулар болды, күлкіміз
Азалы болды айтамыз, ойбай!
Ертерек барып қайтыңыз.
Қайтар болсаң жолда еді,
Мінгенің шаңқай жорға еді.
Жорғасы оның шалықты, ойбай!
Шақыра даусым қарлықты.
Шақырғанмен келу жоқ,
Қиямет болмай көру жоқ.
Пешенемді, құдай, ашсаңшы, ойбай!
Дуаңды берші ел-жұртым!
Жар жағалай жапырақ,
Жамылғаның топырақ.
Жылаудан сізге пайда жоқ,
Басыңа жансын шам-шырақ!
Шам-шырағың лауласын,
Басыңа алғыс қауласын!
Құраның болсын құрдасың,
Иманың болсын мұңласың!
Шақырғаным шаңқай түс,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Шалқалап келіп үйге түс!
Айналып түссе, үй көркім,
Аттанып шықса, той көркім.
Барған бір жерің жалғызым.
Базары кілем жарасар,
Базары қандай жүзіңе.
Хордың да қызы таласар,
Үрдің де қызы өзіңе,
Бір көрінші көзіме.
Көрінбей кеттің көзіме,
Ынтық болдым сөзіңе.
Әлилер мінген дүлділге
Табаның тимей мініңіз.
Пайғамбарлар кірген бейішке
Маңлайың тимей кіріңіз!
Бейіштің төрі төр қара,
Отырған толып бозбала.
Артыңда қалған бейбаққа
Қайрылып сонда бір қара!
Бейіштің жолы үш барақ
Үстіне шығып жатыңыз.
Жолда да өткен керуен
Бізге сәлем айтыңыз.
Сәлемің жетсе біздерге,
Хабарым жетсе сіздерге,
Хабарым жетсе, арман жоқ, ойбай!
Ат жіберсем, дәрмен жоқ,
Су жіберсем, арық жоқ,
Сүйеніп келер әлің жоқ.
Жүкке жапқан торқамын,
Жел ашар деп қорқамын.
Заман жаман сұм болды,
Қалған бір жаннан қорқамын,
93. ЖӘЖЕҢДІ ЖОҚТАУ
Кеңестің басы биссимилла,
Біз айталық жұрт тыңда.
Ханымыз дүние салған соң,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Халқымыз түсті қысымға.
Атамдай болып кім өткен,
Өзінің тұрғы тұсында.
Бисимилла деген бір қорған,
Кіреді оған дін сорған.
Расұл қайтып дүниеден,
Содан қалып жұрт болған.
Жаназаңа жиылды
Дін мұсылман оң-солдан.
Екі жерден үй тігіп,
Жұрт жиылған ақ ордаң.
Қылған ісің түзеліп,
Теріс ұшып, оң қонған.
Сегіз ай жатып абақты,
Құтылып ең шын тордан.
Бес баласын сатының
Жүргізіп ең бір жолдан.
Алашқа шығып атағың,
Сатыға болдың кең қорған.
Жұмықтың жығып ордасын,
Алып бір кетті-ау сұм жалған.
Патшадайын жаз әкем,
Зарығатын күз болды-ау.
Күміс кісе, алтын ер,
Тұлдаулы қалды көк жорғаң.
Дүниеден көшті ханымыз,
Шықпаған отыр жанымыз.
Атам тірі тұрғанда,
Жұрттан асқан сәніміз.
Алты бабаң, бес саты,
Не болар екен мәніміз?!
Айрылдық жұртым ақылдан,
Дүние шіркін ғапылдан.
Екі түрлі сұраушы ең,
Тентек пенен мақұлдан.
Ес қалмаушы еді Орыда,
Шабарманың шақырған.
Ашуы келсе, кекіріп,
Арыстандай ақырған.
Перісі түссе бойына,
20-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жауды көрсе, жапырған.
Солдаттар да батпады,
Самарқанды сапырған.
Осы совет келгелі,
Өзге ұлықтар кетілген.
Мүсірәті артқан соң,
Менің атам жегілген.
Болмайды деген ісіне,
Мөр басқандай бекіген.
Іргебай қари имам боп,
Анықталып бекіген.
Сатының шалы не болар,
Қасірет-қайғы, дертіңнен.
Ағузы деген сөзге бас,
Ойласам шығар көзден жас.
Қара кедей қан жұтып,
Дос-ағайын, қарындас...
Қарсы шапсаң қамалға,
Күл болушы ед қара тас.
Қасыңа ерген жолдасың,
Көлеңкеңе бәрі мас.
Қайран атам сағынсам,
Басқан ізің табылмас.
Үлкен қажы бабамыз,
Он үште жетім қалыпты.
Сонан кейін бақ қонып,
Анық қыдыр дарыпты.
«Елімді бер» деп қолыма,
Шотанға кісі салыпты.
Жұртын алып қолына,
Көрсетіпті нарықты.
Байжігіт, жұмық екеуін
Ұстады бірақ қалыпты.
Патшадан шен алып,
Амандаса барыпты.
«Қазақтан шыққан асыл» деп,
Мұңғұл-қазақ жабықты.
Өлтірдің деп кісімді,
Еженнен құнын алыпты.
Қолынан бөліп күмісті,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Үлестіріп еліне
Қуантыпты халықты.
Жалған емес бұл сөзім,
Алты алашқа анық-ты.
Ғаділ болып тұсында,
Сусыны жұрттың қаныпты.
Сол атаның мансабын
Ұстап едік өзіңдей,
Айтып кеткен бір сөзін
Көруші едің көзіндей.
Түзетіп ең қисықты,
Үйшілердің тезіндей.
Сарокинді сабадың,
Соттан қорқып сезінбей.
Арғымағын сойғыздың,
Арбасын тықтың білгізбей.
Әлпештеген атекем,
Кім болады өзіңдей?!
Жұрт тілеуін көп тілеп,
Қарамаушы ең мал-жанға.
Адам болса шыдар ма ек,
Құл көнер Құдай салғанға!
Қайран атам, қайтейін,
Бізге жоқсың жалғанда!
Тоймайды жұртың көркіңе,
Қоймайды қайғым еркіме.
Насоспен құйып сөндірдің,
Талайдың жанған өртіне.
Еміл асып, сиез қып,
Жетпедің осы сертіңе.
Қас ойлаған залымдар
Тағзым етті бетіңе.
Теңдесем деген залымның,
Қарауыл қойдың беркіне.
Енді кім сүйтіп талпиды,
Қажыдан ұғып заң түйді.
Семейден іздеп алғызды
Қазына алған «жалшиды».
Темір қанат Закиің,
Орныңда қалып қалтиды.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қаби мен Заки қос балаң
Кімге еркелеп шалқиды?!
Жыласам, атам, сізді ойлап,
Он екі мүшем балқиды.
Құтымбет, Күшік бабаңның
Жамандығын жасырған.
Бәрін кісі қылам деп,
Жақсылығын асырған.
Олжа алғандай болушы ед,
Шай ішкен кісі қасыңнан.
Дұшпаныңа көрінген,
Жарқылдап тәжі басыңнан.
Бұл саты қайтып ел болар,
Айрылып мұндай асылдан.
Бақытына ерлігі
Күй сайын өрлеп қосылған.
Аузыңнан шыққан лебізің
Жол көрініп жосылған.
Бір арманды айтушы ең,
Мединеге барсам деп.
Жол ашылса дәм тартып,
Мекеде құрбан шалсам деп.
Бәйтолланы айналып,
Зәмзәм ішіп қансам деп.
Өлмейтін пенде болмайды,
Раузаңды алсам деп.
Зіл сақтамай дұшпанға,
Береке жол салсам деп.
Жер үшін отқа сан түстің,
Не қылсам да, алсам деп.
Жұрт биледің отыз жыл,
Сөйледің сайрап қызыл тіл.
Сарабын тура келтіріп,
Қақ жарушы ең қара қыл.
Қараңды көрмей жөнелген,
Сайраған бұлбұл, сан дүлдүл.
Бұл шілік қайтып ел болар,
Бақшасы сөнген қызыл гүл.
Дос түгіл күйді дұшпаның,
Әмірі құс боп ұшқаным.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Ағайын түгіл алашты,
Дін жолына нұсқадың.
Амалым қанша қайтейін?!
Қайғының шоғын ұстадым.
Бес сатының баласы,
Қайырбай, Мұқыш жолдасың.
Жұрт ішіне тарқаттың,
Жүректегі аласын.
Адасқанға жол сілтеп,
Ақылдың айтып сабасын.
Көрсетпеуші ед бөтенге
Ішіндегі жарасын.
Атама айтқан бәйітім
Түгел жұртқа тарасын.
Бұзықты қуып арылтқан
Тарбағатай саласын.
Адамның алдың басынан,
Көлеңке қылған панасын.
Тыңдасаң естіп мұң-зарды,
Осы сөзге қанасың.
Ақыш қажы тиянақ
Бес сатының тынысы.
Алты жұмық атанып,
Топқа кірсе жынысы.
Сабаздар түгел тұрғанда,
Жұмықтың қолда ырысы.
Жиыны түгел дұрысы.
Дауыс айтпақ қазақтың,
Бұрынғы ескі жорасы.
Шариғат мұны сөге ме,
Қалайша деп мұнысы?
Бәйітті қазақ сөкпейді,
Күннің батыс-шығысы.
Жұмықтағы жолдасың,
Қоңыр қажы, Қызайбай,
Құдай қосқан құдаңыз
Сізді көрсе, көңілі жай.
Жасы құрдас дос қажы,
Күнде жылар Сиырбай.
Ақыш қажы бауырың
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жалғыз қалды япыр-ай!
Жұңғодағы бір інің—
Зәңгі болмай Ыбырай.
Әбілдәбек төгістің,
Жас күнінен мінген тақ.
Шайекеңнің баласы
Алмас қылыш алтын сап.
Қарсы келген дұшпанға
Атқан оқтай сөзің нақ.
Құрманқажы ағаңыз
Дін жолында көңілі хақ.
Көшті осы дүниеден,
Ажал жетіп мөлшер шақ.
Қарадай хат таныған,
Күн сайын өсіп мал мен бақ.
Қыдырмолла баласы—
Оған да берген тіл мен жақ.
Құрманқажы айтыпты,
Әкесінен асты деп.
Қазақтан мұндай ұл тумас,
Жасап ем мұндай жасты деп.
Жақсы аруақтың орнына
Келтіріп Алла қосты деп.
Маңайыңа бармады,
Қасындағы посы деп.
Сыдық, Ғалым, Қанапия—
Сол қажының баласы.
Қыдырмолла тақуа—
Аталып жұрттың данасы.
Ақтанберді, Есбайлар—
Сайболаттың сарасы.
Оспан зәңгі, Қабилар—
Елдің биік жағасы.
Шадай, Тақат дос қажы,
Бәрінің бірге ағасы.
Мәсәлым мен Тоғжандай,
Жұмықтың жоқ баласы.
Тоғжан ағаң дос өткен,
Жүректе болмай аласы.
Халқына зиян қылмаған,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Еңсе қажы ағасы.
Бұл мырзаның күнінде,
Төгілді Жұмық сабасы.
Қан төгісіп ел-жұрты,
Еміл, Шілік даласы.
Бекінген ұры бір толды,
Тарбағатай саласы.
Қожан да Мықан теңлесің—
Мәсәлім бидің баласы.
Төбесі қыстау халыққа,
Жайлауы болған жағасы.
Бабасынан бақ қонған,
Кең шабылған шарасы.
Советтің келген жылында,
Көшіп бардың Жұмыққа.
Атам менен Мұқидың
Амандығын білісті.
Ақыш, Қоңыр, Зейнолла
Жұмыққа қорған, елге бас.
Қыдырмолла, Қызайбай,
Ыдырыш қажы замандас.
Алашқа жақын манаптар
Жақынға, жатқа қылмас қас.
Ыдырыш қажы, Нұреке
Жұртқа қорған, елге бас.
Әлімғазы, Қанағат—
Заманы бір тұрғылас.
Бұрын кеткен Нұғыман,
Шәйіт болып қайран жас,
Құдай салды қайғыны,
Күндіз-түні көзде жас.
Жапабай, Қыпай, Ақмәди—
Алдыңғы қатар таптағы.
Үшеуі де жолдасың
Керей, найман саптағы.
Қожамбет, Ысқақ құдаңыз
Бәйге атындай баптағы.
Балдызыңыз Өмірбек
Алтай-Ертіс жақтағы.
Бәрінің басшы аты екен
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Патшадай тақтағы.
Есмамбет, Мәмбет, Сарноқас—
Зеңбіректің шақпағы.
Қайнолла мен Уәсіл—
Ақжол қажы інісі.
Ойлағаны бәрінің
Атамның артқы жұмысы.
Сейілқан мен Тоқабай—
Көншідегі қатарың.
Білгеніміз жоқ еді,
Мезгілсіз күннің батарын.
Сартұмсыққа барып ең,
Қайырсыз болды сапарың.
Шолпанымның батарын,
Ишаратпен айтыпты,
Бақиға жүрер сапарын.
Тірі пенде біле ме
Ажалдан шарбат татарын?!
Мамырбек пен Тұрысбек
Көгедай ханның туындай.
Келмеген жері бар ма еді,
Ұлықтың сегіз қырындай?
Әлен, Мәми теңдесің,
Бөтендік жоқ сыртында.
Алдыңа түскен кісі жоқ
Байжігіт пен мұрында.
Тірі жүрген жақсы жоқ
Бұрынғы жаннан ырымға,
Атағы жеткен бұрынғы
Жұңғо менен Қырымға.
Советтің салтын тез ұғып,
Түсірдің жұртты порымға.
Ініңіз таңғыт Үкірдай,
Белгілі сыры қолыңда.
Ол да ақиық Алтайдың,
Аюды тұтқан қорымда.
Жомарт қажы атанып,
Әкесі түскен толымға.
Қонжа, еңсеге жан жетпес,
Жүрегінің ағына.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Екеуі қатар шығыпты,
Жақсылықтың бағына.
Балаларын мінгізіп
Өз-өзінің тағына.
Тәрбиелеп өсірген,
Халықтың қарап бабына.
Алдына келген кетпеген,
Әділдік айтып ағына.
Жұртына түгел қараған,
Ащы менен тоғына.
Екі бетте жұмығың,
Түбі бірге жуығың.
Ақсақал Тоғжан Құдайшыл—
Сөйлейтін сөздің тұнығын.
Қайтейін Жұмық айрылдық,
Гауһардан біткен сынығым!
Бұл секілді әкені
Не деген бала сағынбас?!
Құдай басқа салған соң,
Қайғылы тіл жаңылмас.
Байжігіт, жұмық сатыға,
Атамдай қорған табылмас.
Бір күнгідей болған жоқ
Өлшеп берген ғұмыр жас.
Жасы арманда демеймін,
Жаралған артық гауһар тас.
Жұртын жауға бермеген,
Ақ көңіл, әділ, данышпан.
Қазақ бөтен көрмеген,
Қырық жыл таққа отырып,
Көңілі титтей желмеген.
Мал мен бас, мансап қатар боп,
Бар ма еді жері келмеген?!
Иман бер, жалғыз тәңірім!
Екі болмас әмірің.
Құрбыңызды көргенде,
Өксиді-ау жылап өмірім.
Су сепкендей басылды
Жанған оттай көңілім.
Атыңды білген әр дуан,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қайғымен жылап сөз қуам.
Есіме түссе хан атам,
Көз жасыммен бет жуам.
Қырық жыл мөрін күтем деп,
Сәлем айтты хан Уаң.
Тарқаттық қайтып құмарды,
Жоқтайық асыл шынарды.
Әбіжем, Шоқам бұрынғы,
Ұмытып едің бұларды.
Тірі күнде кім білген,
Бәйтерек құлап сынар-ды.
Асықпай ойлап іс қылған,
Жұрттың көңілі тынар-ды.
Бұрынғы өткен жас Шоқам,
Аш арыстан жүректі,
Халифадан хан туған,
Шын жолбарыс білекті.
Қасы, көзі қиылған,
От перідей ретті.
Он бесте болып кандидат,
Тұлпар кердей үдепті.
Тұяқсыз өтіп жас кетіп,
Сындырыпты сүйекті.
Жетім-жесір ғаріптің
Жығылғанын сүйепті.
Сиезбасы Әбіжем,
Патшадан туып хан болған.
Болыс болды дегенде,
Естіген ел таң қалған.
Екі болыс атанып,
Әкесіне пар болған.
Соңында қалған атекем,
Жүк көтергіш нар болған.
Мүсәпірге қайырлы,
Залымға алды тар болған.
Жылап келген ғаріптің
Жалпағына жар болған.
Алаштан асқан сабазым,
Аумайтын ғаділ таразым.
«Жаңылдық, жаздық, тақсыр» деп,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Алдыңа келген аразың.
Белет болды Уаңға
Мөр басып берген қағазың.
Мирас болды халқыңа
Оқыған жұма намазың.
Теңеп едің тұсыңда
Бай мен кедей көп-азын.
Кем көрмеуші ед Қабиден
Кенженің айтқан шын назын.
Берекемен алып ең
Өткен жылдың бұл жазын.
Неше түстің қысымға,
Шіліктің қимай қу сазын.
Асып ең тұрғы-тұстан,
Арманыңды алдың ұсынған.
«Не дейсің бәлем» дегенде,
Күйзелді түгел мұсылман.
Жиырмада тақ мініп,
Ұлықтыққа ысылған.
Айтушы еді халайық,
Әкесіндей болды деп.
Сырт ел айтар балаңды,
«Не болар екен сорлы» деп.
Әкесі тірі тұрғанда,
Бақ, дәулеті толды деп.
Бақ беріп Құдай қалаған,
Жанды өзіне санаған.
Қайраты мен ерлігін
Жұмығың мыңға балаған.
Заман бұзық болса да,
Аузыңа жұртың қараған.
Біріне бірі кем болмай,
Төрт тұлпар тудың анадан.
Алып шықтың сатыны
Кісі өлтірген жаладан.
Сан қыранды құтқардың
Зеңбірек тиген жарадан.
Құрама жиып ел қылдың,
Келдің демей даладан.
Мезгілсіз күнде ұшырдың
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бұл жұмықтың тотысын.
Күшін салып кірісе,
Ағайынның соты үшін.
Күтуші едің бір түрлі
Мұсылманның сопысын.
Тумақ—сүннет, өлім—хақ,
Күнаға жазба, Құдайым!
Сабыр қылып қояйын,
Моллалар құран оқысын.
Үйден шығып аттандың,
«Сартұмсыққа барам» деп.
Бата беріп жастарға,
Түзу жолға салам деп.
Өтірік-өсек айтқанды
Шаужайына қағам деп.
Жетім-жесір мұңайса,
Ауыз естіп қанам деп.
Дәретсіз жер баспадың,
Түзу дінді табам деп.
Жұма оқыттың халқыңа,
Жазға мешіт салам деп.
Жер үшін түстің сан сотқа,
Не қылсаң да алам деп.
Жас күнінен тақ мініп,
Алысқа қолды сермеді.
Арғын, найман бас қосса,
Топтан қалар ер ме еді?!
Сартұмсықта ауырып,
Қайтып үйге келмеді.
Екі үйдегі бәйбішең
Қолынан сусын бермеді.
Жастық қойып төсек сап,
«Хош болыңыз» демеді.
Жансыз тәнді құр көріп,
Жалғыз бауырың шөлдеді.
Қарыс жерде қаза боп,
Осы арман бізге жөн бе еді?!
Ақыш, Қоңыр, Сиырбай
Тоқтай алмай еңіреді.
Құс Мәулие, Зияда
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Солардан бұлар кем бе еді?!
Сексендегі анасын
Өз қолынан көмбеді.
Жасы толған кезінде
Қайғының отын теңдеді.
Бабаңды шалы сағынып,
Құрт аурудай меңдеді.
Қайтарып алдың қонысты,
Сабап жүріп орысты.
Ақыл айтып қоюшы ед,
Жаңа болған болысты.
Үйретуші ең үлгі қып,
Бұрынғы өткен жол—істі.
Өтіп кетті дегенде,
Талды ма деп жорысты.
Өтті деуге қимады,
Бас-аяғын жинады.
Көңіл айтқан ағайын
Қу Шілікке сыймады.
Бұдан былай не болар
Артқылардың жинағы?!
Зираттан жұрты аттанбай,
Қиын болды қимағы.
Ақыш қажы кеп отыр,
Уайым-қайғы жеп отыр.
Шіліктегі бағланым,
Қайда кетті деп отыр.
Отырмыз, жұртым, аңырап,
Қолдасын артық кәрі бақ.
Жарлық шашқан сұлтаным,
Енді болдың аруақ.
Жетім қалып шулап тұр
Тарбағатай, Маңырақ.
Шулап келді бар Жұмық,
Қозы мен қойдай жамырап.
Жеңіл қылып сұрағын,
Жәрдем берсін жалғыз хақ.
Өз қолыңнан мінгізген
Атаңнан қалған алтын тақ.
Сапар шектің атекем,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Елу тоғыз жасыңда.
Баулып жүрген Досаның,
Ауырғанда қасыңда.
Айдының артық арыстан,
Тергеуші ең орыс масын да.
Екі молла хатым қып,
Жеті күн жатты басыңда.
Адамнан жәрдем алмаған,
Айтқаны жерде қалмаған.
Қанша дұшпан жабылса,
Ақылдан сасып танбаған.
Қарсы келсе егесіп,
Кісіге сөзін салмаған.
Абақтыға жатса да,
Ақылын тауып ойлаған.
«Сені ме» деген дұшпанын
Алдына салып айдаған.
Жақының түгіл жат жылар,
Қылығыңды ойлаған.
Қайтып бір қиып жөнелдің,
Қызығын көрген жұртыңды.
Жолдастарың сағынар,
Жайдары, жақсы күлкіңді.
Опасы жоқ жалғанның,
Қайсысын айтам арманның?!
Арманы бар ма жұртым-ау,
Араздасып қалғанның?!
Ұйқысын бұзып күзетіп,
Аузынан рұқсат алғанның.
Биссимилла деген бір сарай,
Хан кірер оған бір талай.
Расұл көшкен дүниеден,
Бар ғаламның сұлтаны-ай.
Бізден де мұңлы бар ма екен,
Қолынан ұшқан сұңқары-ай?!
Бір уақ тәубе қылмас па ек,
Ауырып жатса бір талай.
Әділетті, әмірлі,
Қасиетті, қадірлі,
Құрулы мылтық тұрса да,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Саспайтұғын сабырлы.
Дос болам деген кісіге
Тигізбеген зәбірді.
Уағда айтса кісіге,
Аузына салған тәңірді.
Қара қылды қақ жарған,
Қисайтпаған дақ жарған.
Залымға өктем, қайырымды,
Өткір қылыш, қанжардан.
Жылады деп сөкпе, жұрт,
Айрылдық гауһар шамдалдан.
Ақылдан әбден тарықтық,
Алты айға толмай зарықтық.
«Өлсем-ау, саты, көрсем-ау!»
Деуші еді қайран жарықтық.
Оңай екен адамға,
Алла жазса ғарыптық.
Дүниенің аттай желгені-ай,
Алланың тілек бергені-ай.
Біз де кәрі болдық деп,
Бастан-аяқ тергені-ай.
Қайым етіп қоюшы ед,
Айтқанының келгені-ай.
Алаштан асты тәлейің,
Баспаған шайтан маңайын.
«Бата оқыр» көрді қызығын,
Екі жерде сарайың.
Көңіл айтқан ағайын!
Мұңымды айтып шағайын.
Халифа, сұлтан атекем,
Іздесем, қайдан табайын?!
Бір ордаңда Қабылқақ,
Он беске келмей жас қалды.
Үлгі-тәлім үйренбей,
Ақылға толмай бос қалды.
Әмірі күшті құдірет,
Жылай да жылай көз талды.
Жанға жеткен хатыңыз,
Қараға жеткен дәтіңіз.
Мағлұм болған ғаламға
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Абылайдай атыңыз.
Бұйырған дәмін жамағат,
Алмай ақыр қоймайды,
Жан тәңірге аманат.
Басқа салса, шара жоқ,
Көрсетсе Құдай ғаламат.
Орын беріп жаннаттан,
Иманы болсын саламат!
Менің ұйқым келмейді,
Тілім қатып болдырмай.
Молла оқысын құранды,
Бір ауыз қате қалдырмай.
Би әкем еді асыл тас,
Жыласам, шығар көзден жас.
Жалғанда берген тәңірім
Ақіретте қор қылмас!
Көп жылаудан пайда жоқ,
Иманы болсын жан жолдас!
94. БАЙМОЛЛА ҚАРЕКЕ ҰЛЫН ЖОҚТАУ
Биссимилла сөзді бастайын,
Асығып айтып саспайын.
Көңілдегі шерімді
Ақтарып, жұртым, тастайын.
Арманда кеткен сабазым,
Аузымнан қайтып тастайын.
Жылаудан басқа шарам жоқ,
Қолымнан келер шамам жоқ.
Жыламайын десемде,
Қорланды көңілім амал жоқ.
Алдымда үлкен аға жоқ,
Бас болған әке, пана жоқ.
Кек алатын дұшпаннан
Ата менен баба жоқ.
Тым болмаса ақ, нақақ,
Айыратын адам жоқ.
Отыз да үш мың сахаба
Ол дүниеге көшіпті-ай.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Көптеген асыл сарбаздар
Бұл дүниеден өтіпті-ай.
Кеше де жүрген бәпиім
Ортамыздан кетіпті-ай.
Опасыз жендет мың шимай
Арманына жеткенін-ай!
Есіктің алды ұлын жар,
Айналуға болды тар.
Айналайын бапиім,
Бір көруге болдым зар.
Малым бір тауға өшіпті,
Түңлік бір бауын шешіпті.
Айламенен қу залым
Қолға алып, талай сарбаздың
Қанын судай шашыпты.
Көре алмай көзім қалды ғой,
Айта алмай сөзім қалды ғой.
Алдауменен өлтіріп,
Бір зынданға салды ғой.
Жолын тосып алды ғой,
Бара алмай елім қалды ғой.
Бір-ақ емес, он сегіз
Бәрі де сонда қалды ғой.
Асқар бір таудың басындай,
Бәрі де сайдың тасындай.
Бір көрге салып қор қылды
Үрімжінің басындай.
Солады көзім жылай-ай.
Қанды қан қашанда жібермес,
Жазасын берсін құдай-ай!
Алланың сүйген пендесі
Ақыреті нұр болар.
Пайғамбар өткен дүниеден,
Тағдырдан аман кім қалар,
Көкіректе шер қалар.
Қанауменен өткен соң,
Басыңда қайғы-мұң болар.
Орнына іздеп барайын,
Көз салып елім қарайын.
Бапиымды жұтқан жауыздың
21-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алла бір берсін сазайын!
Шашымды жуып тарайын,
Медет қып Алла қарайын.
Арманда кеткен бапиым,
Ұжмақтан болсын сарайың!
Әділ де заман келмеді,
Өмірден орын бермеді.
Күндіз бір түні қинауда
Жанға бір тыныш бермеді.
Қызыл тіл енді зарланба,
Асыл ер кетті арманда.
Дидарын Алла көрсетсін,
Ақыретке барғанда.
Алдымдағы тұрағым,
Ойланбай қайтып тұрамын.
Көңілімнің көні едің,
Сарқылмайтын бұлағым.
Пір пайғамбар Ыбырайым
Еске алып мойын бұрайын.
Артыңда қалған торы теңге,
Алладан медет сұрайын.
Жүз жиырма төрт пайғамбар,
Өлмейтін пенде қайда бар?!
Солардың бәрі өткенін,
Осыдан, жұртым, ойлаңдар.
Тура амалдан қалған жоқ.
Ажалдан өлсе, амал жоқ.
Ажалдан бұрын алған соң,
Ішімде қалған арман көп.
Көңілімнің күні едің,
Өмірге жаққан шырағың.
Иман беріп құдайым,
Ұжмақтан болсын тұрағың.
Көнбеске шараң жоқ екен,
Өлмеген соң шыдадым.
Әуеден ұшқан лашын,
Лашын жаяр құлашын.
Қинаумен алған залымның
Ұрпағы мендей жыласын!
Есіктің алды толды ғой,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Басыма қайғы салды ғой.
Екі шеше, төрт бала
Артыңда жылап қалды ғой.
Өзіңменен қоймастан,
Мал-мүлкіңді алды ғой.
Қосағынан айырылып,
Кіші шешем Наркесте
Жиырма жетісінде қалды ғой.
Керейдің биі Малиды-ай,
Сөйлесе, сөзі жағымды-ай.
Солармен теңдес бапиым,
Керей мен Найман тайындай.
Қазыбектен лақ биі—
Солармен теңдес бапиым,
Зарықтан көрді қандай күй.
Меркіттің биі Жаке би,
Сырлатып тіккен алтын үй.
Солардан теңдес бапиым,
Қалауда көрді қандай күй.
Өңірге ұзын тұрақ бар,
Тілеуін қабыл мұрат бар.
Жәкеден жалғыз Мұқаш бар,
Құдай-ау, соған қуат бер,
Бапиым еді кемеңгер,
Жылады, жұртым, демеңдер.
Жыламайын десем де
Шың шышай екен жемеңгер.
Сөзіне кезек бермеді,
Шындыққа орын бермеді.
Қинауға алып зарықпен,
Зынданға салып жерледі.
Орын бір алып қоймады,
Дүниеге көзі тоймады.
Мал-мүлікпен қазынаны
Оны да алды қоймады.
Халықтың жүгін арқалап,
Шыңжанға бас боп барып ед.
Алдауменен шың шишай
Қанды аузын салып ед.
Закария, Мами, Бейістай
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Кеңеспен пішкен кейісті-ай.
Бейжінге бастап апарып,
Қазақ бір алған жеңісті-ай.
Өнер бір қойдың талантты,
Қолқауыз қойды талапты.
Бейжіңнен күрең тас әкеп
Қазақ біткен сізге қарапты.
Үрімжінің қаласын.
Жасаған әр ұлт баласын.
Оқуға түгел жинап едің,
Оқымасаң деп «қараң қаласың».
Жылқы ішінде септер көк,
Бәйгеге қостым жетер деп,
Үміттеніп жүруші ем,
Босанып бір күн келер деп.
Жан-жақты торлап алды ғой,
Құрығын басқа салды ғой.
Қара ниет, қу залым,
Бір ол емес,
Талайдың басын алды ғой.
Түнергендей туған жер,
Суалғандай шалқар көл,
Қабырғам кетті-ау, қайысып,
Құлаған соң асқар бел.
Сағынып та шөлдедім,
Дидарын да көрмедім.
Мен жыламай кім жылар,
Болмаса зиратын да көрмедім.
Ойпыр-ай, Алла, жалған-ай!
Жалғаннан көңіл қалғаны-ай.
Көре алмай қор боп бапиім,
Өмірім өтті-ау, армандай.
Айналайын, құдайым!
Бір өзіңе жылайын.
Қаралы күнді жамылып,
Басыма түсті-ау уайым.
Іші-бауырым езілді,
Ойласам, қайтіп шыдайын.
Елге де тыныш болып ед,
Кімнен бір ақыл сұрайын.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Кеуде толы қайғы деп,
Көзімнің жасын бұлайын.
Өртеніп барад өзегім,
Есімді қайтып жияйын.
Алланың ісі таңдандым,
Таба алмай ақыл сандалдым.
Келетін қолдан шара жоқ,
Бір Аллаға жол бардым.
Айналайын құдайым,
Бір өзіңе жылайын.
Артыңда қалған ұрпаққа
Өзіңнен медет сұрайын.
Қайғым болды жылымыз,
Көп жамағат біліңіз.
Көкірегіме шер толып,
Жылаумен өтті күніміз.
Бала-шаға жас құлын,
Ауырады жүгіміз.
Бәтиімнен айырылып,
Кетті ғой біздің шынымыз.
Жақсыны Алла қояр ма?
Жақсыны Алла қойғанмен,
Сұм қара жер тояр ма?
Бәтиімді ойлап жүдедім,
Тұншыққандай жүрегім.
Екі шеше, төрт бала
Не боларын білмедім.
Таралды Шыңжанға атың-ай,
Қағазда қалды хатың-ай.
Жылағанмен шара жоқ,
Оңғарсын Алла артыңды-ай!
Күнім бір оңынан туса екен,
Белін бір жұртым буса екен.
Бейуаздың ханы жібермей,
Жендеттің басын жұтса екен.
Торлаған аспан бұлтпенен,
Қозғалса халқым ұлтпенен.
Қанішер, залым, жендеттің
Төрт темірін құртса екен.
Жай оғы түскен жасылды-ай,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жоғалттың талай асылды-ай.
Барлығын қайғы мұң басып,
Кегіміз тұр басылмай.
Қожанияз, Шәріпхан
Ардагер туған халқынан.
Осы асылдар қор болып,
Қамауда бірге зарыққан.
Солармен бірге бапиым,
Көрген бір күнін айтайын.
Он неше түрлі қинаумен
Өлтірді-ау, залым қайтемін.
Баруға жол бермеді,
Хат-хабар да келмеді.
Тым болмаса өлген соң,
Сүйегін де бермеді.
Қорқыс пен Санжы Арасан,
Шипалы сай Қарасан,
Сол жерлерден орын шолғызып,
Ел жұртына қарасқан.
Молладан білім, хат алған,
Жақсыдан ықылас-бата алған.
Қорқыста Қорен, Арасан,
Есімімен аталған.
Ел-жұртың отыр қия алмай,
Көзінің жасын тия алмай.
Қор болып өттің, қайтейін,
Қайда қалдың қаша алмай.
Тоқтатайын зарымды,
Силайын, жұртым, барымды.
Қадірлейін құрметпен
Ақсақалды кәріңді.
Бәпиім еді дарынды,
Ақылды туған жалынды.
Мұратыңа мұра боп,
Арнайын көпке барымды.
Тоқтау ғып енді жылайын,
Ақылға мойын бұрайын.
Жанашыр жақын ел-жұртым,
Өзіңнен ақыл сұрайын.
Көлге бір біткен құрақтай,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Бейістен енсін пырақтай,
Ниетімді Алла қабыл ғып,
Артына берсін құрақты-ай.
Медет бер, Алла, жылатпай,
Қол созып елден сұратпай.
Іште бір қалды ұрпағы
Екеуіне серік қып
Бере гөр, Алла, сол тұяқты-ай!
95. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖОҚТАУ ЖЫРЫ
Пісімілдә сөздің өрнегі
Пәнденің рас өлмегі.
Бұл дүниеде тұру жоқ
Ажалға адам көнбегі.
Құдайдың салған ақ ісін
Дін мұсылман көрмегі.
Мекендеген өзенді
Қоңыр қазсың көлдегі.
Қолыңнан ұшқан ақ сұңқар
Енді бір болмас келмегі.
Көп әнбия көңілді
Дүнияға бөлмегі.
Құдай досты Мұхамбет
Басқаменен тең бе еді.
Ақ ісіне Алланың
Қарсылық ету жөн бе еді..
Піссімілла сөздің пірі екен,
Ең асылы нұр екен.
Қыймылдаған тірі жан
Бір құдайдың құлы екен.
Өзге жанның бәрі өлген,
Төрт пайғамбар тірі екен.
Риза болған құлына
Бұйырған ісі бұл екен.
Ғарыш гүрсі жермен көк,
Айменен күн жұп екен.
Желді жұпар соққызып,
Тазалыққа су екен.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Ағуза тартсаң сабақтан,
Үмітің болса сауаптан.
Піссіміласыз татпайды,
Білген адам шараптан.
Неше алуан кітап бар,
Бір ғаламмен таратқан.
Алты мыңда алты жүз
Алпыс алты аяттан.
Адам ата, Хауа-ана
Құдайым абзал жаратқан.
Жұмақтан жерге түсіріп
Әзәзіл төмен қаратқан.
Қырық жылғы өмірін
Қайыры менен санатқан.
Алатаудың көркіне
Төсінен аққан бұлағы.
Ағын судың көркіне
Жайқалып біткен құрағы.
Ор киіктің көркіне
Соңынан ерген лағы.
Сұңқарды сұлу көрсеткен
Қанатының қияғы.
Тұлпар жүйрік болмағы
Құрыштай құйма тұяғы.
Қолыңда перзент болмаса,
Ердің болмас сияғы.
Бала деген жігіттің
Қойнының жанған шырағы.
Баласы жоқ адамның
Саңырау болар құлағы.
Артыңда қалса бір мұра,
Жалғанның барма тұрағы.
Ғайыптың құсы аттанса,
Сыйратта болмас сұрағы.
Жердің сәні не дейсің,
Асқаралы белден соң.
Сайрандай сағым орнаған
Меңіреу дала шөлден соң.
Үйрек ұшып қаз қонған
Шағалалы көлден соң.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Ердің сәніне не дейсің,
Туып өскен елден соң.
Әйелдің күні не дейсің,
Құдай қосқан ерден соң.
Өмір қызық болмайды
Өзі қатар теңнен соң,
Сары алтын болса саналмас,
Бір-біріне сенген соң.
Дәулеттің түрі сол болар,
Араңа бала берген соң.
Еріне әйел еркелер,
Ақ сүтін бөбек емген соң.
Аманы жақсы бәрінен
Дүниеге келген соң.
Көңіл топырақ суыйды,
Жарығың жанған сөнген соң.
Ақ ісіне Алланың,
Амалсыз пенде көнген соң.
Көнбеске бар ма шараңыз,
Өз қолыңнан көмген соң?!
96. АТАНЫ ЖОҚТАП АЙТҚАН «ТЕРІС ӨЛЕҢ»
Ағузубилла алһамнан
Сөз барлығы басталған.
Қысқа бір дүние, тар заман,
Талайлар саған тап болған.
Кешегі кеткен аташым,
Көңіліме қайғы дақ салған.
Бойымда әдеп сақтаған,
Асқар бір таудай қорғаным,
Аударып қағаз ақтарған.
Жалғаншыны жат етпе,
Алласын ойлап тоқталған.
Афуза—ғалам ғафудан
Іздесем, ізің табылмас,
Үмітім таңда махшардан.
Балапаны баураусыз,
Ұясында жас қалған.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жағдайды айтып халқыма,
Базарым қайтты, бақ тозған.
Кешегі өткен жан атам,
Бір өзі көпке баланған.
Байрақты жерде бәйге алған,
Тұғырымдағы сұңқарым.
Батырдан басың ұзаған,
Кемеңгер едің кеңеске.
Құлақтың құрышын қандырған,
Үргеніште пірің Зәкіржан
Құр емес дейді зайырдан.
Дін үшін жанған шам екен,
Мұсылман жұрттың қамы екен.
Арғы атамнан айтайын
Айшықты туды ұстаған,
Алқалы қолды бастаған.
Жеті атаға қос артып,
Қасталы болған аурулар
Қасына келсе, жазылған.
Кереметі қойдай күңіреніп,
Ел жиналған басына,
Аллаладай пір болған.
Әуеден түскен ақ құран,
Аударып салып оқыған.
Кереметін білдірген,
Халқының көңілін тындырған.
Бесін уақты ақнамаз,
Ақ дәретпен оқыған.
Оқуға судай шалқыған,
Дәретсіз жерді баспаған,
Әдепсіз аузын ашпаған.
Екпіндей жендет келгенде,
Иман айтып саспаған.
Үшкір қалам қолға алған,
Ұшқан құстан үлгі алған.
Ақсақалдан бата алған,
Молдалардан хат алған.
Хатың бір суға шайылған.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
97. ҰСТАЗДЫ ЖОҚТАУ
Қос қанатым бар деуші едім,
Өшіріп алдым біреуін,
Судан өттім салменен.
Жылайды деп сөкпе, жұрт,
Өмірің өтті зарменен.
Жылқы ішінде құлықпын,
Майлықпенен сулықпын.
Жыламай қайтып шыдайын,
Зарлықпенен мұңлықты.
Екінті намаз бесінті,
Белдеуден тұлпар шешілді.
Кешеде жүрген қарғам-ай,
Бейішке қарай көсілді.
Есіктің алды күрке еді,
Күркеден атым үркеді.
Жарқырап жүрген қарғамның
Топырақ бетін бүркеді.
Бір пайғамбар Ұлықпан
Болыңыз ойды тұныққан.
Ұлықпан деген ұлы сөз,
Қарағым-ау, сені ұмытпан!
Буыршын бойы қайыңды-ай,
Білдің бе, жұртым, жолыңды-ай,
Көзімнің алды тұман боп,
Кең дүние тарылды-ай.
Қайнардан аққан бұлағым,
Басайын еппен құрағын.
Иманды болғыр, қарағым!
Бейіштен болсын тұрағың.
Жасаған Алла құдайым!
Басыма түсті уайым.
Жылама деп айтқан сөз,
Жыламай қайтып шыдайын.
Буыршын бойы сары жазық,
Сарғайғаны молға анық.
Таңда бар аға кеште жоқ,
Қалдық қой демде көз жазып.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Алтынды ерден қос кетті,
Бір үйлі жаннан бас кетті.
Алпысқа да келмеген
Ағекем менің жас кетті.
Жылқы ішінде сары бар,
Шұбалаң құйрық жалы бар.
Ағекемді ойласам,
Шығарда шықпас жаным бар.
Есіктің алды көк терек,
Жапырақ жаяр күлтелеп.
Бір ауыз жауап тастамай,
Аттанды сапар ертерек.
Еккенім баққа алма еді,
Алмаға қолым толмады.
Қысқа ғана ғұмыры
Бір күнгідей болмады.
Келдің бе, жұртым, көз көрген?
Ағекем орны өзгерген.
Жыламайық десек те,
Кенеттен ажал кез келген.
Буыршын бойын өрмедім,
Өрмеген сайын шөлдедім.
Жарқылдап жүріп жан үзген
Ажалды мұндай көрмедім.
Базардан келген білгегім,
Ағекем—алтын діңгегім.
Діңгегім құлап соңынан,
Не боларын білмедім.
Тұскиіз басын ояйын,
Орныңа кімді қояйын?!
Кереге жайдым қапсырып,
Өлмелі кәрі, жас бала
Кеттіңіз кімге тапсырып?!
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағынып.
Берекем, ұйытқым, ағекем,
Артыңда қалдық зарығып!
Мәпелеп баққан ағам-ай,
Өсірдің бетке қарамай!
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Тұтқиыл келген қазаңыз
Меңдетіп бізді барады-ай!
Асқар таудай ағам-ай,
Рулы елге панам-ай.
Көңіліңіз неден қалды екен?
Кеттіңіз артқа қарамай.
Құлақта сырғам бұрама,
Үзілсе, саны тұра ма?
Жылама дейсің, ағайын,
Жыламай көңіл тына ма?!
Мінгендей атым көк дөнен,
Көсіле шауып көлбеген.
Қадірлі қайран ағекем,
Бетке бір қарап көрмеген.
Ағынды өзен буыршын,
Шалғыны шуда жуынсын!
Ұжмақтың төрі бұйырсын!
Ай едің ғой, ағекем!
Күн едің ғой, ағекем!
Кеше ғана жарқылдап,
Жүр едің ғой, ағекем!
Ел жұртың жақтап кеп жатыр,
«Жыламаңдар» деп жатыр,
Қайғыңыз ішті жеп жатыр.
Қормалым аға ардақты,
Қазаңыз болды салмақты.
Мезгілсіз келген қазаңыз,
Көзімнің жасын парлатты.
Құрмалым, ұйытқым, ағекем,
Жаныма тірек санаған.
40 жыл бала оқытып,
Өнегең жұртқа тараған.
Құрмалым, аға, баспанам,
Көруші ем артық басқадан.
Үлгі болып ұрпаққа,
Ғылымға бізді бастаған.
Ағекем менің ақ маңдай,
Хиуадан ақыл тапқандай.
Еңбегі қалды артында,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Үлгі боп шырақ жаққандай.
Мінгендей атым қаракер,
Төгілтіп тұрман салам ер.
Кешегі бар ағекемнің,
Жасырды бетін қара жер.
Үкісі маржан тақия
Жеттім бе деуші ем нарқына.
Үш ұйықтасам ойда жоқ,
Айрылдым әке қапия.
Ағарып таңның атқаны-ай!
Қызарып күннің батқаны-ай!
Көзіміз жасын құрғатпай,
Тағдырдың бізді тапқаны-ай.
Әкешім еді ардағым,
Артыңа түсті салмағың.
Арман емей немене?
Бір тіл қатып қалмадың.
Алдадың, Алла, алдадың,
Ажалдың салдың қармағын.
Қолымнан сусын бере алмай,
Орныңды сипап қалғаным.
Есіктің алды топ қайың,
Тымаққа үкі шақтайын.
Әкем мен шешем қатар жоқ,
Жыламай қайтіп тоқтайын.
Әкеден қалған ұл қандай?!
Шешеден қалған қыз қандай?!
Алдамшы шолақ дүние.
Ойласам жүрек мұздады-ай!
Базардан алған көк моншақ,
Әкелі бала мақтаншақ.
Қанша қамсыз десекте,
Әкесіз бала жасқаншақ.
Әкелі бала бұлғақтар,
Әкесіз бала сырғақтар.
Мезгілсіз көшкен әкемді
Мен жоқтамай кім жоқтар?!
Көгалдан ұшқан көбелек,
Қанаты оның дөңгелек.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Қанша туыс болса да,
Әкенің орны бір бөлек.
Есіктің алды белес-ті,
Белестен самал жел есті.
Кішкентай жан, ішкі өкпе,
Кім берер ақыл-кеңесті.
Мінгендей атым қара сұр,
Бәйгеден келсе, тау асыр.
Иманды болғыр, әкемдей
Кім болар бізге жан ашыр?!
Алтайдың тауы беткейді,
Қанша да туыс болса да,
Әкеме ешкім жетпейді.
Әке деген—асқар бел,
Шеше деген—шалқар көл.
Ақылым әбден таусылды,
Жасаған Алла, иман бер!
Айналайын, жарығым!
Тарқалмай кетті қарығың.
Көтермеске шара не,
Алланың салған салмағын?!
Мінгендей атым айдай көп,
Сөйлейді басын талмай кеп.
Бас кеткен соң баланың,
Өтеді күні қандай боп.
Айналайын, қалқам-ай,
Жылама деп айта-алмай,
Жан ашырың кеткен соң,
Батырды-ау сенің арқаңа-ай.
Жыртық үйде тамшы бар,
Тамшыға жүгің малшынар.
Жылама, қарғам, Алланың
Бір рақымы бар шығар.
Көйлек кидім бедер жоқ,
Көңілде біздің нелер жоқ.
Тоқтау қып балам жылама,
Жаудан қайтып келер жоқ.
Есіктің алды қара андыз,
Туыс боп кеткен арамыз.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жылама, күнім, сабыр ет,
Иманды болсын ағаңыз!
Ризабекке Алтын Көшкентай қызының
шығарған жоқтауы
Ағекем еді ұстазым,
Үйреткен білім ұстарын.
Білім алып қолынан,
Қанат бітіп ұшқаным.
Ағекем еді білімді,
Зерттейтін ұғым ғылымды.
Тәрбие алған соң ұрпақ,
Өмір жолын ұғынды.
Ағекем еді қадірлі,
Ел жұртына жағымды.
Беретін кеңес алдымен,
Сөз сөйлейтін нақылмен.
Ұлағатты ұлы ұстаз,
Сан мың ұрпақ бас иген.
Сөз сөйлеген жалықпай,
Тәрбиелеп сан ұрпақ,
Ұшырған қыран қалықтай.
Өткіздің өмір кешуін,
Бірі едің мықты есілдің.
Мамандар жөнгі сөздікке,
Жазулы ұлы есімің.
Артыңда қалды көп елес,
Еңбегің бар түгелмес.
Ағарту оқу шебіне
Бір өмір қостың ұлы өлмес.
98. ӘКЕГЕ АРНАЛҒАН «ТЕРІС ӨЛЕҢ»
Ақ киіктен жүйрік жоқ,
Әлемнен асқан жүйріктің
Аяғын басқан міні жоқ.
Жайнап бір жүрген жан әкем,
Ұзын судың бойында,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Киімі жатыр, өзі жоқ.
Бір ауыз айтқан сөзі жоқ.
Жапанда жортқан бір түлкі,
Желігіп шықты сонарға.
Қапияда тап келді,
Ұзын бір судың бойында,
Жақсының жанын аларға.
Алыстан қара көрінер,
Жүйрік бір жетер бүгіліп.
Тоқсан күн, үш ай дегенде,
Елі бір қара жиылып,
Қара бір судың бойында,
Түс көргендей түңіліп.
Атасының басында,
Мазарының қасында,
Баласы тұрып жылаған.
Жылады деп, халқым, сөкпеңдер,
Ботасы өлген бозмая,
Тұлыбын көріп ыңыранған.
Бұл дүние құрысын, баянсыз,
Сырғанаған сағымдай,
Кімдерден қарап қалмаған.
Қайғылы күнім қараңғы,
Қайғыртып кетті-ау, бір заман.
Қанша бір қақсап айтсам да,
Сөзбенен орны толмаған.
Әзелден шайтан жол кесер,
Өлгеніне қайғырып,
Қатарымнан қалдым шет.
Келмеске кеттің жалғызым,
Деп едім мені «ала кет».
Қайрылмай кетті-ау ол маған,
Басында еркі жоқ екен.
Іс қыла алмас пендесі,
Ықтияры Алладан.
Перзентіңнен не пайда,
Жаныңа ара тұрмаған.
Көп дәулеттен не пайда,
Атаңнан шықпай орнаған.
Енсіз де құлып сансыз да,
22-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Өткенде құнын торлаған.
Топышадай басымды,
Топқа салдым жасымнан.
99. МАРҚҰМНЫҢ ЖЕТІСІНЕ ДЕЙІН АЙТЫЛҒАН
ЖОҚТАУ-ӨЛЕҢ ҮЛГІСІ
Ай толғанда дөңгелек,
Алланың оғы зеңбірек.
Балалары болса жас еді,
Біразырақ қозғайын,
Сөге де көрме, төңірек.
Әуеде торғай шырлайды,
Балапанын қорғайды.
Жесір қалған мен сорлы,
Кешегі кеткен ерімді,
Жоқтамасам болмайды.
Әуелеп ұшқан қоңыр қаз,
Қайырылып қонар көліне.
Келе ме деген дәмем бар
Едігедей ерімді
Туып өскен еліне.
100. КҮЙЕУІНІҢ ҚЫРҚЫН ӨТКІЗГЕНДЕ
АЙТҚАН ЖОҚТАУ
Арқаға шығып қарайын,
Арқа шашты тарайын.
Сол кеткеннен келмесең,
Жоғымды кімнен сұрайын.
Арғымақ жалғыз, ер жалғыз,
Алланың ісі болжаусыз.
Болжаусыз күні келер деп,
Бізден хабар алар деп,
Артында қалған балаларың,
Күтеді сені қорғаусыз.
Арқаға қарап тон кидім,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Сыртым бір сұлу болсын деп,
Алпыс екі дәрі іштім.
Үлкен ием үйден кеткелі,
Жұбайың қара тұл болды.
101. МАРҚҰМДЫ ЕСКЕ АЛУ КЕЗІНДЕ
АЙТЫЛҒАН ӨЛЕҢ
Сары бір аяқ самаурын,
Ішінен болсын қорегім.
Мұңымды-ау айтып жыласам,
Есітер ме еді құлағың.
Көтерші-ау көрейін,
Тағдырым жетсе, өлейін.
Тоғайға шыққан көк қамыс,
Сабағы дейді-ау борықтың.
«Сапарға кеткен» жан әкем,
Келмеске неге жолықтың?!
Үйің бір қалды-ау тұлдаулы-ау,
Алашқа сөзің тыңдаулы-ау!
102. АЙТ КҮНГІ МЕРЕКЕДЕ
АЙТЫЛҒАН ЖОҚТАУ
Пенденің Алла панасы,
Өлімге кімнің шарасы?
Жастықпен ешкім білмейді,
Артында қалған баласы.
Өз еркімен кетіп пе?
Шақыртқан шығар бабасы.
Ай қасында сұлтаным,
Таң қасында шолпаным.
Есікке сыймас жоталым
Көрге бір қайтіп сыйды екен!
Көмуге барған халқымның
Көзі бір неғып қиды екен!
Бұл күндері майырылып,
Бас киімнен айырылып.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Өлейін десем өле алмай,
Бұрынғыдай жүре алмай,
Ас ішеміз ұялмай.
Әйтеуір тірі болғансын,
Жалғыз жанды қия алмай.
Қоғалы көлді қой кешер,
Қоғасын жайпап ел көшер.
Жұбайым еске түскенде,
Еңіреуменен күн кешер.
Күмістен соққан шар айнам
Күншілік жолдан көрінер.
Көрінсе, көңілім бөлінер.
Жыламай неғып тұрайын,
Еріксіз кетті-ау есіл ер.
Балдары болса жас еді,
Жұбайым үйге бас еді.
Қаумалаған достарым,
Жылады деп сөкпеңдер.
103. ЕРІНІҢ ЖЫЛ АСЫН БЕРУ ЖИЫНЫНДА
АЙТҚАН ЖОҚТАУ
Ұстаздар соққан күбідей,
Төрт қырлы алмас жебедей.
Қатарының ішінде
Қадірлі кісі атанды,
Аударылған кемедей.
Үйімнің сынды тұлғасы,
Елде қалды құрдасы,
Төсекте қалды жолдасы.
Ағасы байғұс не қылсын,
Інісінен айырылып,
Сарсылып қалды бір басы!
Ағасы байғұс не қылсын,
Тұяқтан тайса сырғасы!
Шар айнам жүзі тотталды,
Алладан бұйрық жеткесін,
Нәубетті күні біткесін,
Бас ием жалғыз аттанды-ау!
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
104. АТҚА КӨРІСУ
Тайынан мініп қара атты,
Бәйге етіп баптап жаратты.
Тоғыз жыл тынбай жүгіртіп,
Минутын елге санатты.
Іле, Нылқы, Күнестің
Дүлдүлі болды қанатты.
Найзағайдай топ жарып,
Жұртты өзіне қаратты.
Иемдендің тұлпар деп,
Тай күнінде жасында,
Пырағың болсын бақида,
Сойып берем асыңа.
Тұлданған атқа қарата айтылған жоқтау
Қамшың бір қалды ілініп,
Киімің бір қалды жиылып.
Тұлпарыңды тұлдадық,
Бір Құдайға сыйынып.
Тұлпарың болсын қанатың,
Бұрынғы салған санатым.
Құдайдан күтіп сұрайын,
Бақидан көру сағатын.
Тұлданған мынау тұлпарды,
Ешбір пенде мінбесін.
Көрген халық тілек қып,
Жануар аман жүр десін.
Тұлданған ат сойылардағы жоқтау
Қош, есен бол, тұлпарым,
Жылқы ішінде сұңқарым.
Бұл дүниенің сездің бе
Арыстанды жұтқанын?!
Құлағың сал сөзіме,
Жас тия бір келді көзіме.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қиямет-қайым болғанда,
Қанат бітсін өзіңе.
Сабазымды ал да ұш
Қысылтаяң кезінде.
Ат жарысы болғанда,
Майданда озып айналдың.
«Сол бір бақыт қайда?» деп,
Қабағат қатты ойландым.
Жанындай сені көретін,
Киесі бар деп әр малдың.
Жан досыма тұлпарым,
Менен сәлем айта бар.
Көкірек толы қайғы, шер,
Жанымыз қашан жай табар?!
Асына сояр бұл тұлпар—
Мақшарда мінер пырағы.
Ел қамын жейтін есіл ер
Қара жер болды-ау тұрағы.
Қол жайыңдар, көпшілік,
Оқылсын енді құраны.
Қадірлі қайран жан досым,
Өмірдің қанық сырына.
Оқылып құран атына,
Сойылсын арнап жылына.
Разы болсын аруағы
Туыс-туған, ұл-қазына.
Ел ағасы есіл ер,
Асыңа ел-жұрт жиылсын.
Атыңды сойып ас бердік,
Сауабы сізге бұйырсын!
Өлмеген болса сабазым,
Жер астында жата ма?
Қол жаяйық көпшілік,
Келіңіздер батаға!
105. ТҰЛДАНҒАН КИІМГЕ ҚАРАП ЖЫЛАУ
Өрнегін өрген іздеп пендемін, ашып көмбеген,
Жылады деп сөкпе, жұрт, иесі кетті төрдегі.
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Жасым тоқсанға келді, жылайын, сөксең де, халқым,
Бұрынғы заман маған жоқ, арпаға бидай ексең де!
Жылқы ішінде алады алаға тоқым салады.
Жылады деп сөкпе, жұрт, отырмын жетім баладай.
Базардан әкелген алаша, Алланың ісі тамаша.
Қалым да кетті қартайып, жүремін енді қалайша?!
......................... белдеуден тұлпар шешілді,
Атағы бар адам еді, пейіште қару төселді.
................ талайға
Алладан әмір келген соң, арттағы адамға қарай ма?
Ажалы болды қорғасын, қорғасын енді болмасын!
Көріп жерге салғасын, төрт періште қолдасын!
106. МАРҚҰМНЫҢ ЖЫЛДЫҒЫНДА
АЙТЫЛҒАН ЖОҚТАУ
Жетім-жесір атану
Лайық па еді біздерге?!
Жыл айналды келмеді,
Болмады күдер үзбеуге.
Із-тозы жоқ жоғалттық,
Дәрменім жоқ іздерге.
Көкірек толған қайғы-шер,
Төгейін, ел-жұрт, сіздерге.
Айтайын, жұртым, ойымды,
Болса сөзім орынды.
Сабазымдай пана боп,
Кім түзер оң мен солымды.
Аяулы қайран сабазым,
Аруағыңа табынам.
Көңілім менің алаң-ды,
Өмірде сенің жоғыңнан.
Қасиетіңді адамдық
Өмір бойы сағынам.
Құдайға бәрін тапсырдым,
Не келеді қолымнан!
Өзің жоқсың ақылшы,
Күн үшін кімге жалынам.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қапыда сенен айрылдық,
Баста бақтың жоғынан.
Осы күнге кез болдық,
Маңдайдың қалың сорынан.
Дүниені опасыз,
Сенсіз де енді не қылам?!
Жайдары, жарқын жүзіңді,
Сағынбай қайтып тұра алам?!
Ойлағанда өзіңді,
Безіп те жүрмін жанымнан.
Біліп те жатыр ма екен,
Мен бейбақтың хал-жайын!
Ұрпаққа қара демесең,
Алып та кетсең, мен дайын.
Арманда кеткен асылжан,
Қапыда кеттің қасымнан.
Ұжданы күшті ер еді,
Құс ұшпаған басынан.
Болжаусыз ажал кез келіп,
Айырды асыл затымнан.
Жетім-жесір біз болдық,
Маңдайға таңба басылған.
Ақылға жүйрік зерегім,
Еңіреп туған ер едің.
Жоқтамай қайтып тұрайын,
Құласа бәйтерегім.
Айдын көл еді сабазым,
Тартылып шөл болғаны-ай.
Жесір деген ат алып,
Мен де бір болдым сор маңдай.
Қос қайғы басты иықтан,
Жүремін қайтып толғанбай.
Алды бар да, арты жоқ,
Опасыз дүние жалған-ай!
Ел иесі ер еді,
Арманда аруақ болғаны-ай.
Өмірі қысқа болғаны-ай,
Аруақ ата қолдамай,
Қырына Алла алғаны-ай.
Қос шаңырақ бірдей шағылып,
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Ауыр салмақ салғаны-ай.
Күйзеле беріп қайтейін,
Сырымды менің жыл ұққан.
Есімді жиып бір жерге,
Сусындадың тұнықтан.
Тірліктің берсін ләззәтін,
Алыстан да, жуықтан.
Алданыш етіп өтейін,
Паршасын қалған сынықтан.
107. ЖЫЛ НӘЗІРІНДЕГІ ЖОҚТАУ
Ас беру парыз екен мұсылманға,
Дауыс айтып мұң шағып сояр малға.
Өлгенге иман, тіріге бақыт бер деп,
Сиынып қол жаятын мұсылманға.
Жылайын асқа сояр осы малға,
Өлгенге иман, тіріге бақ бер, Алла!
Ас беріп,құран оқып,тілеу тілеп,
Жаратқан! Бұдан басқа шаруа бар ма?!
Көлдетіп төктім көз жасымды,
Белгі етіп қойдым тасыңды.
Жазар ма, Алла, сауапқа,
Арнап бір берген асыңды.
Жыл өтті жүрмін қамығып,
Қайғының тонын жамылып.
Алладан кейінгі панам-ай!
Күндерім өтті сағынып.
Өкінем әкем кеткенше,
Жыл айналып жеткенше.
Топырақ басып бетіңді,
Сыртыңнан жусан өскен соң.
Сарғайып таңды атырдым,
Санап күнді батырдым.
Жыл болды әкем сағынып,
Қайғының уын сапырдым,
Жылай-жылай талықтым.
Зар болып әкем көруге,
Жыл болды, міне, зарықтым.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Келді, Әке, жылыңыз!
Жылаумен өтіп күніміз.
Тұғыры құлап бұл күні,
Бұзылып отыр санамыз.
Жан әкем, зар жылаумен өтті жылыңыз,
Сен болып сағынышы жүрегімнің.
Бәйтерегім, қорғаным құлаған соң,
Қайғымен өтіп жатыр әрбір күнім.
Қызарып күн батарсың,
Сарғайып таң атарсың.
Топырақ төсек , шым жастық,
Қайтіп, әкем жатарсың?
Келмеске кеткен бекіне,
Бара ма бейіш шетіне.
Есігін ашса бейіштің,
Салқын тисін бетіңе,
Самал болып өтіне.
Бауырдай ішім мұздады,
Жанымды қайғы кернеді.
Жабырқап тұрмын мұңайып,
Дерт шалған соң көңілді.
ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ
АРЫЗДАСУ
1. «Ертілеудің өлер алдында айтқаны» деп аталатын араз
дасу үлгісі ӘӨИ-дің 325-бума, 4-дәптерінен алынды. Хамзин
Мысалдың 1905-1911 жылдары жазып алған араб әрпіндегі
әдебиет жинағы 1962 жылы институт қорына тапсырылған.
Дәстүрлі қалыптасқан салт бойынша, өлім халіне жақын
даған жасы келген я сырқат адамның алыс-жақын ағайын-ту
ғандарына хабар беріліп, көзі тірісінде арыздасып, қоштасуға
мүмкіндік тудыру, оның соңғы тілегін, тірілерге айтар ама
натын естіп қалу парыз саналған. Осы сәттен бастап, адам
ды о дүниеге жөнелтудің дәстүрлі шарттары қатаң сақталып,
бұлжытпай орындалуы қадағаланған. Ең алдымен иман кали
малары айтқызылып, жанның тәннен шығуы үшін қолайлы
жағдайлар жасалған (аузына су тамызу, жастығын алу, көзін
жабу, оқшаулау т.б.).
Тиісті жөн-жосықтар түгел атқарылған адам мұсылман
шылықта «иманы үйірілген адам» ретінде танылады. Марқұм
ға тіленетін ең игі тілектің де мазмұны оның иманды болуы ту
ралы ойлармен өрнектеледі.
Ел арасында сақталған араздасу өлеңдерінің мәнін жақын-
жуығымен, ел-жұрт, ауыл-аймақ, туған ел-жұртпен қоштасу
сарыны құрайды. Қазақтағы «арыздасу» немесе «бақұлдасу»
көбінесе қара сөзбен айтылады. Себебі, өлім халіне жақындаған
адамның өзін арулауға кімдер қатысып, қай жерге жерленуін,
қарызы мен парызын аманат етуі екінің бірінің тағдырына
тиесілі бола бермейді. Бұрын алыстағы ағайын, дос-жаранға
сәлем айтылып, тірісінде жүз көрісіп қалуға мән берілген.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Артындағылармен араздаспай, қоштаспай кеткен адамға ар
налған жоқтау өзегіне бұл үлкен өкініш сарыны болып жама
лады.
Қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан
салт соңғы асын, «атау кересін» ішкізу. Аса ауыр халдегі
адамның аузына су тамызу—осы салттың бір түрі. Қазақтың
дүниеден өткен адамды «тұз-дәмі таусылған» деуінің себебі осы
соңғы ішілген асқа байланысты туған.
Ағайындарының алдында Алланың ақ өлімімен өтіп бара
жатқан адамдар арыздасып болған соң, көз жұмар алдын
да соңғы асын сұрап ішетін болған. Бұны қазақтарда «атау
кере» деп атайды. Көне заманнан келе жатқан ежелгі салттың
үлкен ғұрыптық мәні бар. Арғы тегін тереңдей қарастырсақ,
оның сонау ескі замандағы қарт адамдарды қолдан өлтіріп
жерлеу рәсіміне барып тірелетінін байқаймыз. Осыншалықты
көнелігіне қарамастан, бұл салт қазақ арасында бертінге дейін
сақталып келген. Қазақ арасында өлген адамды жөнелтудің
міндетті жөн-жорасына айналған.
Өлгелі жатқан адамның маңында толық тыныштық сақ
талып, жан шыққаны белгілі болған соң ғана, әйелдер қатты
дауыс шығарып, жылайды. 2. «Адам оң жаққа салынғанда айтылған жоқтау» деп ата
латын мұң-шер өлеңінің үлгісі «Қазақ жоқтаулары» (Құраст.:
Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2002. –
393-б.) атты жинақтан алынды. Араб жазуында.
Өлім белгісі анықтала салысымен марқұмды тірілерден
бөлектеу орнының (бұрын арнайы үй тігілген) оң жағына орна
ластыру міндетті саналған.
Оқшауланған марқұмның денесі жерленгенге дейін көзден
таса етілмей, күні-түні күзетіледі де, үйдің жарығы қырық
күнге дейін сөндірілмейді. Бұл зиянкестер қастандық жасауы
мүмкін деген көне түсініктен туған.
3. «Естірту, тоқтау, көңіл айту» үлгісінің мәтіні ОҒК қол
жазба қорындағы 1018-бумадан алынды. Араб жазуында.
Кісінің қайтыс болғандығы туралы қаралы хабарды оның
жақын-жуығына бірден айта салмай, ауыр хабарға психо
логиялық тұрғыдан дайындап алып барып, жеткізу үрдісі қазақ
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
халқының берік қалыптасқан ізгі дәстүрі болған. Ол жөнінде
М.Әуезов: «Естіртудің мол ұшырасуы қазақ халқының жан
дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы болғанға қабыр
ғасы қайысып, ауыртпалықты бірге көтерісетінін, оның адам
ның күйініш-сүйініштерін терең сезінген сыпайыгершілігін,
көргендігін танытады» деп пікір тұжырымдайды. (Әуезов М.
Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962. – 45-б.)
Мәселен: «Жиреншеге әйелі Қарашаштың өлімін естірту»
(Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1996.
73-б). үлгісінде алдымен атасы, анасы, ағасы, інісі, баласы өлген
қандай екен? деп сұрап келіп, ең соңында «әйелі өлген қандай
екен?»—дегенде, Жиренше жарының өлгенін түсінеді.
Өлген адамның жақындарына ауыр хабарды жеңілдетіп
жеткізу мақсатынан туған сөз қазақтың ежелгі адамгерші
лік, кісілік қасиетін танытады. Өлімді естіртудің өте ежелгі,
кейінгі заманда әртүрлі түрлері болған. Мәселен, сапарда,
жорықта жүріп өлген адамның атын тұлдап, үстіне киімін ар
тып жіберу немесе өлім хабарын әкеле жатқан адамның ауыл
ға құйғытып шауып келуі арқылы бүкіл ауылға суық хабардың
келгені тұспалданған. Халықтың осыған қатысты тыйымдары
бүгінге дейін сақталған. Ал қазаны жалпақ жұртқа, бейтаныс
жүргіншілерге әйгілеудің дәстүрлі тәсілі—қаралы ту көтеру.
Ол жөнінде Ыбырай Алтынсарин былай деп жазады: «Үйдің
сол жағына ұшы сыртқа шығарылған ұзын найза қойылады.
Найзаның ұшына үлкен орамал байланады. Егер өлген адам жас
болса—қызыл, орта жастағы адам болса—қара, қарт болса—ақ
орамал байланады. Мұның мәнісі—бұл үйде қандай жастағы
адамның өлгенін осы белгі бойынша жүргіншілерге білдіру»
(Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1994. –
138-б.). Қазақ салтында қазаны күймен естірту салты да болған.
4. Сырымның өлімін естірту. Мәтін ӘӨИ-дің 332-бумасын
дағы, 4-дәптерінде сақталған. Араб жазуында. 5. Нұралы ханның өлгендігін естірту. Мәтін ӘӨИ-дің 332-
бума, 3-дәптерінде «Шешендік сөз және тарихи батырлар
жөнінде» деген атпен сақталған. Араб әрпімен жазылған.
Жинаған—Аутанов Т. 1962 ж.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
6. Өлім шыққан жерге көңіл айту. Мәтін «Тал бесіктен жер
бесікке дейін»(Құраст.: алғы сөзі мен түсініктемесін жазған:
Ісләмжанұлы К. – Ана тілі, 1995. – 147-б.) жинағынан алынды.
Дәстүрлі көңіл айту, жұбатудың мәні: әркім өзінің сөз
шеберлігіне қарай жылы сөйлеп, марқұмға иман тілеп, ар
тындағыларға жақсылық, тіршілік тілеу. Онда тірлікке тая
ныш боларлық тұжырымдар түйінделіп, қаралы көңілге жұ
баныш етерлік мәні бар ойлар ғана айтылады. Яғни: «Ауыр
хабар алғашқы рет естілетін жерде құр қайғының бірін ай
тып, жараның аузын ашып қоймай, қазақтағы бауырмалдық,
туысқандық, жанкүйерлік жолымен соның емі сияқты жұбату
да айтылады» (Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991. –
11-б.).
Жұбату, көңіл айту үлгілерінің өзі қарапайым мағынадан
күрделі ой-тұжырымға дейін өскен. Оны айтушы тұлғалардың
кім екендігіне байланысты (ақын, аузы дуалы шешен, көпті
көрген қарт т.б.) көркемдік қуаты күшейеді.
Демек, естірту, көңіл айту үлгілерінің әйгілі ақындар, ше
шендер айтқан көркем үлгілерімен қатар, қарапайым үлгісі де
сақталған.
7. Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау. Мәтін
«Бата, жоқтау, көріс» жинағынан (Құраст.: Мұқаметкәрім
қызы К. – Іле халық баспасы, 2004. – 84-б. ) алынды.
Жерлеу салтындағы ежелден күні бүгінге дейін қатаң
сақталатын міндетті рәсім тазарту шараларына байланыс
ты. Алдымен марқұмды жуындырады да, мүрдені үш рет
аударып, тазалап жуып, кебіндейді. Кебіннің етек-жеңі,
жағасы болмайды, ол қиылмайды, тігілмейді, тек оралады.
Ер адамның кебіні оңнан-солға, ал әйелдікі солдан оңға қарай
оралады. Кебінделу—адамның бұл дүниеден қол үзуінің басты
белгілерінің бірі. Сондықтан халық «кебін киген келмейді, ке
бенек киген келеді» деп тұжырымдаған.
Ақыреттелген мәйітті кілемге орап, сыртынан тағы үш жер
ден байлап, жаназасы шығарылады. Жиналғандар тік тұрып
(азан айтылмайды, еңкеймейді), жаназа намазын оқиды.
Марқұмды үйден шығарарда әйелдер міндетті түрде айғай са
лып, дауыс қылады.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Киелі күштерді мейірлендіру мақсатында қан беру арқылы
жан ауыстыруды көздейтін рәсімнің бірі—марқұм жатқан
үйді 7 рет айналып, әр айналған сайын бетін тіліп, көз жа
сын қанымен араластыра жылау әдетінің сілемі жерлеу салты
өлеңдерінде көркемдік тәсіл түрінде сақталған.
Бұл түсініктің қазақ салтындағы көрінісі көне замандар
дан келе жатқан таным-түсінік іздері қазақ әйелдерінің «басым
қаралы, бетім жаралы» дейтін ойларынан да аңғарылады. Бұл
жағдай әсіресе марқұмды үйден шығарарда айқын көрінетін
дігін Ы.Алтынсарин: «Сүйекті шығарарда өлген адамның
әйелдері ойбай салып, дауыс шығарады, оған ауылдағы басқа
әйелдер де қосылады. Беттерін тырнап, қан қылады. Бастары
на түскен қайғы-қасіретін жұрт алдында қаншалық күштірек
көрсеткісі келсе, беттеріне де жара соншалық көп түседі»,—деп
сипаттайды. (Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы.
1-т. – Алматы, 2003. – 122-б.).
Яғни мұндағы қан шығару, бетіне жара салу ұғымдары
«Қан—алғашқы адамдар үшін ең басты жандарының бірі және
оның заттанған формасы» (Абрамзон С.М. Этнографические
сюжеты в киргизском эпосе «Манас» / Советская этнография.
1947. № 2. – С.141) дейтін көне түсініктің қалдығы. Түсінік пен
салт жойылған соң, ол ғұрыптық өлеңдердің мазмұнындағы
көркемдік формулаға айналған.
Жуылып, тазаланған мәйітті үйдің ішінен шығарарда
аяғымен шығарып, босаға алдында кідіртудің мәні әртүрлі
тұрғыда түсіндіріледі: бір жағынан, марқұмның үй-ішімен
қоштасуын білдірсе, екіншіден, енді өлім қайталанбасын деген
сақтану шараларын білдірген.
Жаназаға жиналған жұрттың ішінен 5-7 атаның ұрпа
ғынан бір-бір адамның сүйекке түсілуі келісіледі, я ол жай
лы марқұмның өзі өсиет етеді. Жуындырып болған соң, мұ
сылмандық салт бойынша жаназа шығарылады. Бұл рәсімнің
фидия кейде «даур», «ысқат» деп аталатын міндетті бөлігі
мұсылмандық деп саналғанымен, оның негізі исламнан ерте
дәуірдегі көшіру ғұрпынан бастау алады. Себебі, Құранда
біреудің күнәсін біреуге аудару жоқ, әркім тіршілігіндегі өз іс-
әрекетіне сай Алла алдында өзі жауап беруі тиіс.
8. Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу. Мәтін «Қазақ
жоқтаулары» жинағынан алынды (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. –
Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2002. – 117-б.).
23-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Бұл марқұмды жерлеуге дейінгі міндетті рәсімдердің бірі-ақ
киізге орау немесе ағаш табытқа салудың рәсімі көрініс таба
тын мәтін болғандықтан томға енгізілді.
Бұрын марқұмды қабірге дейін жеткізу үшін қазіргі кілемге
орау орнына Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарының
қазақтары мен Орта Азиядағы кейбір халықтарда арнайы «та
быт ағаш» қолданылған.
Ал бір өңірлерде табытты ақ киізден басылған арнайы
киіз ауыстырады. Ол «ақ киіз», «иман киіз», «табыт киіз»
деп аталады. Бастапқы кезде бүкіл ру үшін бір киіз басылса,
келе-келе әрбір үйдің өзінде болуы міндеттеліп, өлімнен тыс
уақытта қадірлі жерде, жүк арасында жинаулы тұрған. Жер
леуге пайдаланылған киізді түнде «жұлдыз көрсін» деп, далада
қалдырған. Жерлеу салтына қатысты өлеңдерде «табыт ағаш»
ұғымы көбірек сақталған.
9. Есік алды... Мәтін ОҒК-нің қолжазба қорындағы 721-бу
мадан алынды. Араб жазуында. 10. Әке қазасына айтылған көңіл. Мәтін ӘӨИ-дің қолжазба
қорындағы 628-бумада сақталған.Араб жазуында. 11. Айтамын да қайтамын. Мәтін «Тал бесіктен жер
бесікке дейін» атты жинақтан алынды. (Құраст.: алғы сөзі мен
түсініктемесін жазған: Ісләмжанұлы К. – Ана тілі, 1995. 1995.
– 149-б.).
12. Жұбату. Мәтін ӘӨИ-дің қолжазба қорындағы 106-бу
маның 1-дәптерінде сақталған. Кириллица жазуында.
Дәстүр бойынша, қазаны естіртіп қана қоймай, қайғыға
тап болған адамды сабырға шақырып күйзелісте қалдырмау
қазақтың негізгі кісілік салты болған. Әрине, естірту мен көңіл
айту—екі түрлі жанрлық түр. Себебі бұл екі жырдың атқаратын
қызметтері әртүрлі. Естірту қаза жайында хабарлап, суық ха
барды жұмсартып жеткізуді мақсат етсе, көңіл айтуда атынан
көрініп тұрғандай қайғылы адамды жұбатады, қайғысын бірге
бөліседі, сабырға шақырып, тоқтам айтады.
Азалау рәсімінде көңіл айту қаза жөніндегі қаралы хабар
ды елге таратуынан бастап, адам жерленгеннен кейінгі жақын-
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
жуық адамдардың қайғылы үйге арнайы келіп жұбату сөз
айтуымен жалғасады. Қазақ салтында қазалы болған адамға
көңіл білдіру арнайы келіп көңіл айту—жақын-жуықтың ғана
емес, жалпы қазаққа тән адамдық парыз болып есептелген. Сол
арқылы кісілік пен адамгершілік сыналған. Ал түрлі себептер
мен келе алмаған көңілі жақын адамдар кезіккен жерде «Көрген
жерде көңіл бар» деп көңіл білдіру тән болғанымен, көңілі
жақын адамдарын тосу, келмегеніне өкпе арту, өзіндік бір ұлт
тық болмысымызға тән ұғымдар болған. Көңіл айту, жұбату
сөздері қаза болған адамның жетісіне, қырқына, жылдығына
келгенде де айтылады. Ал арнайы ас берілетін тұста қаралы үйге
жиналып, қаралы ту жығылып, найза сындырылып, әйелдің
басынан қара алынатын кездегі ұзақ сонар жоқтау айтылып,
жылап-сықталатын тұста да басу айту мағынасындағы жұбату
сөздердің мәні зор болған.
13. Баласы қайтқанда айтқан көңіл. Мәтін ӘӨИ-дің қол
жазба қорындағы 125-бумадан алынды. Кириллица жазуында.
Көңіл айтудың мәнісі: «Өлгеннің соңынан өлмек жоқ, тірі адам
тіршілігін жасайды. Болған іске болаттай берік бол. Қазаның
артының қайырын берсін» деген сыңайда болады. Ежелгі көңіл
айтудың бір түрі: «Көшкен керуеннен қалған кент, өткенге
Алла алдынан жарылқасын, қалғанға артынан жарылқасын»
дейтін мазмұнда болып келеді. Ал жас балаға көңіл айтса, «те
ректен бұтақ ұшып, теңізден көбік шашырапты, екі босаға аман
болсын, және орыны толар, қалғанына өмір берсін»,—дейді.
Яғни Х.Арғынбаевтың: «Өліктің жасына, жынысына қарай
көңіл айтудың да үлгілері бар» деген сөзінде терең мағына
бар. «Мәселен, балиғатқа толмаған жас бала өлгенде, оның
әке-шешесіне, ата, әжесіне: «Балаларың шапағатшы болсын,
екі арыс аман болып, құдай бергенінен жазбасын»,—дейді.
Өйткені халық сенімі бойынша, балиғатқа толмаған күнәсіз
сәби ана дүниеде тек жұмақтан орын алады да, әке, шеше, ата,
әжелеріне де қол ұшын беріп, күнәсін жеңілдетуге себін тигізеді
деген ұғымды білдіреді» (Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы неке
мен отбасы. – Алматы, 1972. – 176-б.).
14. Батырханның баласына айтылған көңіл. Мәтін ОҒК-нің
176-бумасындағы 37-дәптерінде сақтаулы.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Жалпы қазаны естірту сияқты көңіл айту сөзінің өзіндік
жөн-жосығы болған. Жиналып келген жұрт ішіндегі көпті көр
ген қария я болмаса жұртқа танылған сөз бастап жүрген ел ағасы
сөз алып, қайғылы болып жатқан адамның қайғысын сейілтуге
барлық тіл-өнерін, күшін жұмсаған. Себебі көңіл жұбатарлық
сөз айтылмаса, қайғылы адамның халі оңай-оспаққа елітпеген.
Мәтін осындай дәстүрдің айқын белгісін танытатын үлгі ретін
де томға алынды.
15. Есенәлінің Исмайылдың баласына айтқан көңілі. Томға
мәтін «Тал бесіктен жер бесікке дейін» (Құраст.: алғы сөзі
мен түсініктемесін жазған: Ісләмжанұлы К. – Ана тілі, 1995.
1995. – 149-б.) жинағынан алынды . Көңіл айтудың үлгілері
дәл сол айтылған сәтінде қағазға түсірілген деу қиын. Олардың
қай-қайсысы да ауыздан-ауызға тарағандықтан, біршама
өңдеуден өтіп, қалыпқа түскен. «Ең алдымен, көңіл айтуға,
соның ішінде, қадірлі адам қайтқанда ел жақсыларының, ру
басыларының жиналып барып көңіл айтатындығы. Екіншіден,
көңіл айту жолын топ ішіндегі аузы дуалы, абыройлы адамға
беретіндігі. Үшіншіден, халық атынан сөз алатын көңіл ай
тушыға асқан білімділіктің, зерделіліктің, шешендіктің қажет
екендігі. Сонымен қоса, көңіл айтудың, таза төгілген поэзия
болмайтындығы, онда қара сөз бен ақ өлең үлгісінің аралас келіп
отыратындығы. Бұл орайда, ол ғұрыптық фольклордан көркем
фольклорға жақын болып келеді». (Матыжанов Қ. Отбасылық
ғұрып фольклоры. – А.: Арыс, 2007. – 117-б.) 16. Тезек төренің баласына айтылған көңіл. Мәтін ОҒК қол
жазба қорының 176-бумасының 37-дәптерінде сақтаулы. Қазақ
фольклорындағы көңіл айту мәтіндері мазмұнына қарай ерек
шеленеді. Айтушының ой-таным дәрежесі мен тіл шешендігін
бейнелеулермен танытатын көркем үлгілер мен қарапайым ой
мен көмкерілген тілмен жұбату, көңіл айту үлгісі «Тұяғы бүтін
тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ» деп басталып, «өлгеннің
соңынан өлмек жоқ » дейтін түйінмен аяқталады.
17. Өлім шыққан жерге көңіл айту. Көңіл айтудың бұл үлгісі
«Қазақтың тұрмыс-салт жырлары» деген жинақтан алын
ды. (Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1994. – 330-б.). Көңіл
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
айтудың бұл үлгісінің тіл кестесі айшықты, тілі шешен, логи
касы оралымды және дәстүрлі формулаға айналған мотивтер
мол сақталған.
КӨҢІЛ АЙТА КЕЛГЕНДЕРМЕН КӨРІС ӨЛЕҢІ
18. Жылқы ішінде дөнен кер. Мәтін «Қазақтың тұрмыс-салт
жырлары» деген жинақтан алынды. (Үрімжі: Шыңжаң халық
баспасы, 1994. – 291-б.). Араб жазуынан қазіргі жазу үлгісіне
түсірген—Набиолла Н.
Қазалы жерге көңіл айта келгендермен азалы топтың өзара
қарым-қатынасын білдіретін мәтін ретінде томға енгізіліп
отыр.
19. Сәби балалар үшін жоқтау. Мәтін ӘӨИ-дің қолжазба
қорының 356-бумасындағы 3-дәптерінде сақталған. Кириллица
жазуында. Бұрын «Тал бесіктен жер бесікке дейін» (Құраст.:
Матыжанов К. – 1994) атты жинақта жарияланған.
20. Азалы адамдарды жұбатуға айтылған көріс. Мәтін
«Бата, жоқтау, көріс» ( «Іле» халық баспасы, 2008. – 101-б.)
атты жинақтан алынды. Араб жазуында.
ӘКЕНІ ЖОҚТАУ
21. Биссимиллә деп бастайын. Мәтін ӘӨИ-дің қолжазба
қорындағы 113- бумадан алынды. Араб жазуында. «Қазақтың
тұрмыс-салт жырлары» деген жинақтағы нұсқасымен салыс
тырылды. (Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1994. – 285-б.).
Жоқтау әкесінің отбасының ғана емес, еліне елеулі тұлға
болғандығын өлім өкінішімен өре отырып, дәстүрлі иман тілеу
мотивімен түйінделеді.
22. Биссимилләдан бастайын. Мәтін «Қазақтың тұрмыс-
салт жырлары» (Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1994. 287-б.)
жинағынан алынды. Араб жазуында. Бұл марқұмға иман
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР тілеу мотивінің кеңірек көрініс тапқан мәтін үлгісі. Дәстүрлі қайталанатын сөз оралымдарының көбірек қолданысы арқы лы көркем жоқтаудың мазмұнын байыта, кеңейте түскен бұл жоқтау үлгісінде әке қайғысының салмағы, жетімдік мұңы мо лынан өрнектеледі. 23. Әкені жоқтау. Мәтін «Қазақтың тұрмыс-салт жырла ры» (Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1994. – 299-б.) атты жинақтың 1 томынан алынды. Араб жазуында. Марқұм әкесі не иман тілеп қана қоймай, оның бойындағы имандылық қа сиеттерін тілге тиек ете отырып, О дүниелік өмірге сенім, қа бірдегі сауал, ұрпағына үміт арту мотиві арқылы марқұм образы кеңірек сомдалатын жоқтау үлгісі ретінде томға еніп отыр. 24. Әкеден бала жас қалды-ау! «Қазақтың тұрмыс-салт жыр лары» (Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1994. – 313-б.) атты жинақтан алынды. Араб жазуында. Елу жасында ұзақ науқас тан өмірден озған жанды жоқтау үлгісінде жұбайы балалары ның әкесін жоқтай отырып, өз басына түскен ауыртпалық пен қоса жалғыздық мұңын шертеді. Мәтінде жоқтаушыға қойылатын сын салмағы сезіледі. Тыңдаушыға қарата айту, иман тілеу, құдайдан тілек тілеу мотивтері шебер қиюласуы арқылы жесірдің қайғы-шері бейнеленген. 25. Құдайбергенге айттырған дауыс. Мәтін «Жоқтаулар» деген жинақтан алынды (Құраст.: Абылғазыұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 218-б). Араб жазуында. Қорғанынан айрылғаннан кейінгі жетім-жесірдің әділетсіз көрген мейірімсіздігін бейнелейтін мәтін марқұмды тұтас жұрттың қамқоры етіп бейнелеудің үлгісі. 26. Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы. Марқұмды қыздарының жоқтауындағы жас ерекшелігіне қарай жоқтау мүмкіндігін көрсету мақсатында алынған бұл мәтін «Жоқтаулар» жинағының І томынан алынды (Құраст.: Абылғазыұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 171-б.). Әкесі өлген қызбаланың дәстүр талабына сәйкес өз шама-шарқынша жоқтай білу өнерін меңгеру міндеттілігіне осы екі мәтін мысал бола алады. «Мүсидің он жеті жасар қызы
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
айтқан жоқтауда» қырық сегіз жасында өмірден озған әкесінің
қазасына байланысты қайғысын білдіріп қана қоймай, өлімнің
жалпыға тән хақтығы жетімдік пен жесірлік, қиямет-қайым,
о дүниеге сапар шегу, іздеу салу ұғымдары көрініп, көркемдік
жағынан біршама толық мазмұн көрінеді. 27. Мүсиді он үш жастағы қызының жоқтауы. Мәтін
«Жоқтаулар» І жинағының томынан алынды (Құраст.: Абыл
ғазыұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 172-б.).
Мұнда он үш жасар қызбаланың ой-танымына сәйкес әке қай
ғысын өзі мен өзгелердің қабылдау әсері ғана бейнеленеді.
28. Зұқа Қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы. Ерін жоқ
таудың барлық мотивтері сақталған бұл мәтін «Қазақтың
тұрмыс-салт жырлары» (Құраст.: Қалиұлы А. – Үрімжі: Шың
жаң халық баспасы, 1994. – 303-б.) деген жинақтан алын
ды. Араб жазуында. Бәйбішесі ең алдымен Зұха қажыны
құдай қосқан қосағы ретінде жоқтай келіп, оның батырлығын
дәріптеу үшін Жәнібек батырдан бастап бірқатар батырлардың
атын тізбектеп, Зұха батырдың да өзіндік орнын мадақтайды.
29. Зұқа Қажыны келіндері Бәтиқа мен Бәтиманың
жоқтауы. Мәтінде қайын атасын келіндерінің жоқтауының
дәстүрлі мотиві толық сақталған. Жас ерекшелігіне сай ізет
сақтай отырып, қазақтың рулық-әлеуметтік ерекшелігін та
нытатын жоқтау үлгісі «Қазақтың тұрмыс-салт жырлары»
(Құраст.: Қалиұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1994.
– 307-б.) жинағының ІІ томынан алынды. Араб жазуында. Дү
ниеден озған ер азаматтардың жары мен қызы ғана емес, ке
ліндерінің жоқтауы да аса маңызды мән иеленген. Зұха қажыны
келіндерінің жоқтауындағы оның батырлығын баса көрсетуді
мақсат еткен «бір атыспай арманда кету» оқиғасын ауызға
алуы, батырға тән аңғалдық және зымиян залымдықтың бітіс
пес қайшылығы, Керей жұртына төнген қауіп пен қатер, мар
құмға иман тілеу жоқтау көркемдігін көтеріп тұрған сарындар.
30. Сәдуақасты қызы Зейнелдің жоқтауы. Мәтін «Қазақ
жоқтаулары» жинағының ІІ томынан алынды (Үрімжі:
Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 142-б.). Жоқтау мазмұны
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
марқұмның мұсылмандық жолындағы пенде екендігі, (намазы
оқылмай қалу) түзде арманда өлген жанның артындағылардың
ащы мұңы ғана емес шет елдегі қандастарымыздың жергілікті
отаршылдардан көрген құқайының көрініп қалатындығымен
құнды. Оқу-білім арқылы санасын оятып, қазақ жұртына
қамқор болған тұлғаның өліміне себепкер болған зұлым Шың
Дубанға деген қарғыс-наласында қалың қазақтың қасіретті
тарихының салмағы жатыр.
31. Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы. Мәтін
«Қазақ жоқтаулары» (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шың
жаң халық баспасы, 2002. – 181-б.) жинағынан алынды. Араб
жазуында.
32. Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы. Мә
тін «Қазақ жоқтаулары» жинағынан алынды. (Құраст.:
Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы. 2002. –
117-б.). Мәтінді сақтап реттеген—Тоқтарұлы Қ.
Араб жазуында. Жасы жетіп қайтқан әкеге арналған жоқ
тауда қызының әкесіне иман, пейіштен орын тілеу сарын
дарымен өрнектеледі.
33. Күлшаттың әкесін жоқтауы. Мәтін «Жоқтаулар» жи
нағының І томынан алынды (Құраст.: Абылғазыұлы А. –
Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 200-б.). Жоқтау жасы
келген қарт әкенің оқыста отбасынан тыс жерде қайтыс болған
жағдайынан хабардар етеді. Бұл оқиға мәтінде ащы арман боп
өріліп, марқұмның адами қасиеттерін тереңдей бейнелейді әрі
тұтқиыл келген қазаның ауырлығы айтылар ойдың да арнасын
тарылтып тастайтынына бір мысал.
34. Ата-ананы жоқтау. Мәтін ӘӨИ-дің қолжазба қорындағы
1046-бумадағы 6-дәптерден алынды. Араб жазуында. Ата мен
анадан қатар айрылған отбасының қайғылы халі, ауыр тағды
ры бейнеленген өлең үлгісі.
35. Қадишаның жоқтауы. Мәтін «Жоқтаулар» жинағының
І томынан алынды (Құраст.: Абылғазыұлы А. – Үрімжі: Шың
жаң халық баспасы, 2009. – 213-б.). Қазіргі жазу үлгісінде
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
алғаш жарияланып отыр. Бұл жоқтаудың құнды жағы—
қапияда арманда кеткен ата-анасын жоқтай отырып, тосыннан
талауға түскен бейбіт ауыл тағдыры, жергілікті жендеттердің
қорғансыз халықты аяусыз қырып-жою, тонау, өз жұртынан
шыққан сатқындық пен опасыздық мінездермен бірге шетелдік
отаршылдықтың зардабы көрінеді.
36. Келіннің атасын жоқтауы. Монғолия қазақтарында
сақталған жоқтау дәстүрін көрсету мақсатында «Керей қазақ
тарының қара өлеңі мен жоқтаулары» деген жинақтан алынды
(Құраст.: Қалелқызы Б. –Ұланбатыр қаласы, 2009. – 36-б.).
37. Биқажыны жоқтау. Мәтін «Қазақтың тұрмыс-салт жыр
лары» (Құраст: Қалиұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспа
сы, 1994. – 307-б.) жинағынан алынды. Араб жазуында. 92 жа
сында қайтыс болған елдің елеулі қариясын жоқтау үлгісінде
марқұмның қайғысын бүкіл он екі керейдің қайғысы етіп
көрсетіп, оның Меккеге барып келгендігіне баса мән беріліп,
қара қылды қақ жарған әділдігі мен садақа-сауға көп бергендігі
баяндалады. Асарын асап, жасарын жасап, жақын-жуығымен
араздасып-қоштасып, ақ жауып арулап қойған адамға арналған
жоқтау болғандықтан, мұнда арман-өкініш аз. Ұжмақтан жай,
жанаттан нәсіп, иманнан серік тілеу басты мән иеленеді.
38. Атасын жоқтау. Мәтін 2012 жылдың мамыр, маусым
айларындағы Ресей Федерациясы Самара облысына жүр
гізілген ғылыми фольклорлық экспедиция материалдарынан
алынды. Жазып алған—өнертану ғылымдарының кандида
ты Б.Тұрмағамбетова мен ғылыми қызметкер Н.Набиолла.
Айтушы—Зылиха Макарқызы. 39. Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы. Мәтін «Қазақ
жоқтаулары» (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шыңжаң
халық баспасы, 2002. – 126-б.) жинағынан алынды. Араб жазу
ында. Әкені отбасының тірегі ретінде жоқтау басым көрінетін
бұл жоқтау үлгісінде перзентінің әкеге деген сүйіспеншілігі,
қайғыдан кейінгі жеке көңіл-күйі ғана өрнектелген.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
40. Тұрсынғалиды келіні Қалиманың жоқтауы. Мәтін
«Қазақ жоқтаулары» (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шың
жаң халық баспасы, 2002. – 128-б.) жинағынан алынды. Араб
жазуында. Тұрсынғалиды келінінің жоқтауында отбасының
тірегі тақырыбы оның батырлық қасиеті, әділетті ісі, халық
тың айбарына айналған беделі, жетім-жесірге тигізген пайда
сын мадақтаумен кеңи түскен.
ЖАРЫН ЖОҚТАУ
41. Әйелдің ерін жоқтауы. Мәтін ОҒК-нің қолжазба қо
рындағы 86-бумадан алынды. Араб жазуында. Бұл отызға тол
май опат болған жарының артында қалған жесірдің өз қайғы-
шері мен, он беске толмай қалған қызының әкесіз болашағын
ойлап, қасірет шеккен көңілінің өлеңдегі өрнегі.
42. Тұрсынғалиды жұбайы Тұрдықанның жоқтауы. Мәтін
«Қазақ жоқтаулары» (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Шыңжаң
халық баспасы, 2002. – 104-б.) жинағынан алынды. Араб жа
зуында.
43. Биссимиллә деп бастайын. Мәтін «Бата, Жоқтау, Көріс»
жинағынан алынды (Құраст.: Мұхамедкәрімқызы К. – Іле бас
пасы, 2008). Араб жазуында. Қазіргі жазу үлгісінде алғаш рет
жарияланып отыр.
44. Жарын жоқтау. Мәтін «Жоқтаулар» жинағының І то
мынан алынды. Араб жазуында (Құраст.: Абылғазыұлы А. –
Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 203-б.). Қазіргі жазу
үлгісінде алғаш жарияланып отыр.
45. Күйеуін жоқтау. Мәтін ӘӨИ-дің 1220-бумасында сақ
таулы. Араб жазуында. «Жоқтаулар» жинағының І томында
(Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 215-б.) бір варианты
жарияланған.
46. Құсайынға айттырған дауыс. Мәтін «Жоқтаулар» жи
нағының І томынан алынды. (Құраст.: Абылғазыұлы А. –
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 218-б.). Араб жазу
ында. Қазіргі жазу үлгісінде алғаш жарияланып отыр. Мәтінде
аңғартылып өткендей, аз ғана ғұмыр сүріп, дәстүрлі полигами
ялы отбасылық иесі болған марқұмның оқыс өлімінен кейінгі
ауыр көңіл-күй мазмұндалады. 47. Кәрімді Ырысалдының жоқтауы. Қазіргі жазу үлгісін
де алғаш жарияланып отырған мәтін «Жоқтаулар» жинағының
ІІ томынан алынды. (Құраст.: Абылғазыұлы А. – Шыңжаң ха
лық баспасы, 2009. – 34-б.). Араб жазуында.
48. Байжігітті әйелінің жоқтауы. Байжігіт Мұратты әйелі
нің жоқтауы 62 жолдан тұрады. Жоқтаудың алғашқы нұсқасы
1926 жылғы «23 жоқтауда» жарияланған. Кейінгі жария
ланған басылымдарда алғашқы жинақтағы кейбір сөздер аз
дап емлелік өзгеріске ұшыраған. Мысалы, 46-бетте: «Сарғая,
дариядай, Баянбай, Шаянбай, Боятып» деген сөздер түпнұсқа
бойынша: «Сарғайа, дариадай, Байанбай, Шайанбай, бойатып»
—болып жазылып, сол кезеңнің жазу дәстүрінде берілген.
49. Қыдырды әйелінің жоқтауы. ӘӨИ-дің қолжазба қорын
дағы 202-бумадан алынды. Латын жазуында. 50. Есмағамбетті әйелінің жоқтауы. Мәтін «23 жоқтау»
дан алынды (Мәскеу, 1926). Жоқтау 38 жолдан тұрады, осы
алынған басылымда жоқтау жайында «мазмұны терең» деген
пікір білдірілген. Кейінгі басылымдарда «Бисмилла-бісміллә,
ұйада-ұядан, ісләм-исләм, қат-хат, қаьат-хабар» деген сөздер
емлелік өзгеріске түскен. 51. Ысмайыл ханды ханымы Күнжанның жоқтауы. Мәтін
«23 жоқтаудағы» (Мәскеу, 1926) түпнұсқа бойынша дайындал
ды. Жоқтау кейіпкерімен оның өмір сүрген кезеңі жайында
А.Байтұрсынұлы мынадай деректер береді. «Майыр жаңа за
коннен (1868-нші жылғы законнен) бұрынғы аға сұлтан зама
нында окружной приказда осы күнгі прокурордай орыс төре.
Майырлар қасқырдай жегіш, тікендей тигіш, елге аурудан
апат болған. Бір майыр қазақтың қатынын басып, Ысмайыл
хан сол майырды қуып, Сібір айдатқан. Соның қатыны алдап
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
қонаққа шақырып, Ысмайыл ханға мішпек су беріп, сонан ол
1867 жылы өлген. Күнжан Түркістанда жолбарыс ханның
нәсілінен, шынар сексеуіл деп жырлағаны сонан. Ысмайл хан
бейіті: Қарқаралы-Семей жолында, Талды өзен бойында, 40
шақырым Қарқаралыдан бекет жанында». (Байтұрсынов А.
Көп томдық шығармалар жинағы. 5-т. – Алматы, 2006. – 65-б.).
Жоқтау мәтіні 242 жол. «Боздағым» жинағында 191 жол,
осында бұл жоқтауды «Москвадан шыққан жинақтан алдық»
деген мәлімет береді. Бірақ 1926 жылғы жинақтың нұсқасы
толық сақталмаған. Алдыңғы 19 жолы, әр тұтастарынан—24
жол, жалпы саны—43 жолы қысқартылған. 59-61 беттерде:
«Айдыны-айбыны, бір-суық, асылды-нұрыңды» болып бірқа
тар сөздер өзгерген. 52. Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы. Том
ға араб жазуындағы мәтін «Бата, Жоқтау, Көріс» жинағынан
алынды (Құраст.: Мұхамедкәрімқызы К. – Іле баспасы, 2008. –
88-б.). Жоқтаудың тақырыбына айналған «ақ бүркей салу» ұғы
мы қайтқан жанды азалау ғұрпына тән киім үлгісін танытады.
Азалы топтың (әйелі, келіні, қызы) басқа жұрттан бөлекте
нетін белгісінің бірі—әдеттегіден тыс, тек жерлеу ғұрпына ғана
қатысты түс иеленетін киім киюінде. Әйелдің басына салынған
орамалдың түрі мен түсінің әртүрлі болуы қайтқан кісінің жас
ерекшелігіне байланысты символикалық мән иеленген. 53. Самарқан Түркістанұлын әйелі Үриланың жоқтауы.
Мәтін «Қазақ жоқтаулары» (Құраст: Нұрғалиұлы Н. – Шыңжаң
халық баспасы, 2002. – 158-б.) жинағынан алынды. Араб жазу
ында.
54. Ықсанды жоқтау. Мәтін томға «Боздағым» (Алматы: Жа
зушы, 1990. – 130-б.) жинағынан алынды. Жоқтау кейіпкері
Ықсан Назарұлы (1876-1899)—дулат ішінде шымырдың күнту
деп аталатын атасынан. Бұл жоқтау 1912 жылы Қазанда жеке
кітапша болып шыққан «Қисса мәрсиеде» жарияланған. Онда
белгілі фольклор жинаушы Жүсіпбек Шайхисламұлының
марқұмның ата-анасының рұқсатымен жариялағандығы жай
лы төмендегідей мәліметтер бар:
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
«Үшбу мәрсияны ата-анасының рұқсаты бойынша жазып,
баспаға илтмек үшін мхнф қожа Жүсіпбек Шайхисламұлы
қолым қойдым. Тамам айлакаш оқушы моллалар болсаңыз
дар бізге һам үшбу марқұм Ихсанға ұлы Құдай үшін екінші
мұсылман халқына дұға қылыңыздар. Сіздерден һәр дайым біз
мүсәпір дұға үміт етеміз» (59-б.). Кітапшада жоқтаудың аза
лау үстінде шығарылған дәстүрінің негізі сақталып, баспаға
лайықтап бейімдеу, өңдеу жасалғаны салыстыру барысында
анықталды.
Сондай-ақ Ықсан туралы кітапшада мынадай дерек айтыл
ған: «Жетісу облысында, Алматы, Талғар елінде Назар
Қыдырәліұлы деген байдың (купец атағы бар) жалғыз ұлы
Ықсан 1899 жылы 27 январьда 23 жасында мерез ауруынан
қайтыс болды» делінген, Өзге мәліметтерді жоқтаулардың
ішінен табуға болады. «Қисса Ықсан мәрсиенің» алдыңғы
жағынан берілген 20 беттей Ықсанның өзі шығарған елі-
жұртымен қоштасу жырлары бар. Бір құнды жері—осы
жолдардың ішінде толып жатқан Ұлы жүз адамдарының ат
тары кездеседі. Кітаптың соңғы бес-алты бетіне белгілі ақын,
Шайхыслам Жүсіпбекқожаның Ықсанның туған-туыстарына
айтқан көңіл айтулары тіркелген. Бұл кітапшаның ішінде, ал
дымен, Ықсанның үлкен әйелінің жоқтауы, екінші кезекте,
кіші әйелінің жоқтауы, содан соң барып, Ықсанның анасының
жоқтауы берілген. Біз бұл томда Ықсан анасының жоқтауын
алдына шығардық. «Ықсан мәрсиенің» бір данасы Қазан қа
ласындағы В.И. Ленин атындағы университеттің ғылыми кі
тапханасында 46166 номермен сақтаулы» деген мәліметті
Т.Арынов көрсетеді (Боздағым. 1990. Құрастырған: Т. Арынов.
– 73-б.). Ал ОҒК қолжазба қорындағы көшірмесін (Ш-8599)
аударған—қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері Елесбай Н.
Дүние жүзі халықтарының көпшілігіне ортақ «кіші ұлдың»
жағымды кейіпкер мағынасының тарихи және әлеуметтік
сыры қазақ халқының басынан өткерген полигамиялық отба
сылық құрылымымен байланысты. Әр анадан туған ағайын
ды адамдардың арасындағы қарым-қатынастың өзі әуелде
бауырмалдық өзара татулықтағы рулық-қауымдық отбасылық
салтты білдіреді. Яғни рулық қоғамның өркендеген тұсындағы
әке беделін дәріптеудің басымдығы, ер азаматты рулық салт-
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
дәстүрді сақтаушы тұлға деп тану оның өлімін бүкіл жұртқа
келген қауіп ретінде сезіну бар.
Ықсанды бәйбішесі мен кіші әйелінің кезектесе жоқтауын
да осы дәстүрлі ұғым сақталған. Біртіндеп рулық патриархал
дың құлдырауына байланысты эндогомияның бұзылып, үл
кен отбасында әртүрлі руға тән әйелдер пайда бола бастайды.
Бұл әйелдер арасында мұрагерліктің мол бөлігін алу жолын
да басараздық пен кикілжіңнің көбеюін туғызған. Олардың
арасындағы қайшылық пен күншілдік олардан туған балаларға
да әсер етеді. Жоқтаудағы Ықсан әйелдерінің есімдері ел арасы
на таралған үлгі бойынша беріліп отыр (Бәтима, Сыпайы).
ӘРТҮРЛІ ЖОҚТАУЛАР
55. Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы. Мә
тін «Қазақ жоқтаулары»» атты жинақтан алынды (Құраст.:
Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2002. – 87-б.).
Араб жазуында.
56. Ерторыны екі келінінің жоқтауы. Мәтін В.Радлов жина
ғынан алынды. Онда, «1880 жылы Ерторы бас болып жау алған
жылқысын қуып, сол жаудан сегіз кісі өлген. Айыр кездік
түндік өзенінің бойы Бошан жері—Ерторы Арғын ішіндегі аз
ауыл. Бірақ болыс Айғыржал елі. Бура Найман. Ертіс бойында
Семияр-Кіпитан қаласына қарама-қарсы Ерторы елінің жайы.
Жоқтаған Ерторының екі келіні»—деп мәлімет берілген («Ел
қазынасы—ескі сөз». – Алматы, 1994. – 65-б.).
57. Қайын атасын жоқтау. Мәтін «Жоқтаулар» жинағынан
қазақ әріпіне түсіріліп алғаш рет жарияланып отыр (Құраст.
Абылғазыұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009).
Араб жазуында.
58. Келіннің жоқтауы. Мәтін ОҒК-нің 83-бумасының 1-дәп
терінде сақталған. Араб жазуында. 59. Ананы жоқтау. Мәтін ӘӨИ-дің 106-бумасынан алынды.
Ананы жоқтаудың бұл көркем үлгісінде иман тілеу, пейіштен
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
орын сұрау, ана рухымен сөйлесу, қияметте қосылуға үміттену
мотивтері қолданылған.
60. Апасын жоқтау. Мәтін «Жоқтаулар» жинағының ІІ то
мынан алынды (Құраст.: Абылғазыұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң
халық баспасы, 2009. – 206-б.). Араб жазуында.
61. Қалиқан Оразғалиқызының шешесін жоқтауы. «Жоқ
таулар» жинағының ІІ томынан алынды. (Құраст.: Абылғазы
ұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 96-б.). Араб
жазуында.
62. Енесін келінінің жоқтауы. Мәтін « Қазақ жоқтаулары»
жинағының ІІ томынан қазіргі жазу үлгісіне түсіріліп алғаш рет
жарияланып отыр. (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шың
жаң халық баспасы, 2009. – 102-б.). Араб жазуында. Бұл мәтін
қазақтың дәстүрлі үлкен отбасындағы ене мен келіннің өзара
сыйластық, жарастықтары этикасына құрылған өмірінен бір
үзік сыр. Екі көзі су қараңғы болып тіршілік кешкен енесін ана
сындай жоқтайтын келіннің таным-түсінігі, пайым-парасаты
на құрылған өлеңнің ғибраттық тағлымы терең.
АНАНЫҢ БАЛАНЫ ЖОҚТАУЫ
63. Ананың ұлын жоқтауы. ӘӨИ-дің қолжазба қорындағы
2113-бумадан алынды. Латын жазуында. «Атам дегізсе де, бо
там дегізбесін» деп тәңірден тілек тілейтін халқымыздың
бауыр еті баласынан айрылғандағы көңіл-күйі кестеленген
мұндай жоқтаулардағы қасірет салмағы өте ауыр. Алайда мін
детті дәстүр заңдылығына сай, қанша қиын болса да, мезгілсіз
өшкен өмірдің өлеңде бейнесін қалдыру, екінші жағынан, ана
жүрегіндегі күйіктің күйінішін аз да болса жеңілдету қызметін
де атқарған.
64. Баланы жоқтау. Мәтін «Қазақтың тұрмыс-салт жырла
ры» (Құраст: Қалиұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1994. – 298-б.) жинағынан алынды. Араб жазуында.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
65. Еркінді шешесі Қамария Иманбайқызының жоқтауы.
Мәтін «Жоқтаулар». (Абылғазыұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң
халық баспасы, 1994. – 161-б.) деген жинақтан қазіргі жазу
үлгісіне түсіріліп, алғаш рет жарияланып отыр.
66. Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы. Мәтін
«Қазақ жоқтаулары» (Құраст: Нұрғалиұлы Н. – Шыңжаң
халық баспасы, 2002. – 160-б.) жинағынан алынды.
67. Ананың қос ұлын жоқтауы. Мәтін 2012 жылдың мамыр,
маусым айларындағы Ресей Федерациясы Самара облысына
жүргізілген ғылыми фольклорлық экспедиция материалда
рынан алынды. Мәтінді жазып алған: ӘӨИ-дің музыкатану
бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Өнертану ғылымдарының
кандидаты Б.Тұрмағамбетова мен фольклортану бөлімінің ғы
лыми қызметкері Н.Набиолла. Айтушы—Айтуарова Хатима
Нұрымғалиқызы. Қос ұлынан айрылған қарт ананың бұл жоқ
тау өлеңі жалпы өмір мен өлімнің мәселесін толғап, жүрегіне
байланған шерін анасын еске алу, туған жерін сағыну сезім
дерімен сабақтастыра толғайды. Бұл шетелдегі жоқтау дәстү
рінің жоғала бастаған бір үлгісі.
68. Райханның баласын жоқтауы. Мәтін «Қазақ жоқтау
лары» жинағынан алынды. (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі:
Шыңжаң халық баспасы, 2002. – 136-б.). Араб жазуында. Ай
тушы—Бәтима Сабырманқызы. Жазып алған—Нұрлан Төле
генұлы.
БАУЫРДЫ ЖОҚТАУ
69. Ағаны жоқтау. Томға мәтін 1998 жылғы Оңтүстік
Қазақстан облысына жасалған фольклорлық экспедиция мате
риалынан алынды. Қырық тоғыз жасында көз жұмған бауырын
қарындасының жоқтауында сыңар қалып сансырған аға, таяқ
ұстап иілген іні, қабырғасы қайысқан қарындас сезімі арқылы
қазақтың отбасындағы аға мен інінің, аға мен қарындастың
өзара бауырмалдық қарым-қатынасы бейнеленеді.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
70. Кәрімді қарындастарының жоқтауы. Ағаны жоқтаудың
ерекше бір үлгісі болып табылатын бұл мәтін «Жоқтаулар»
жинағының ІІ томынан қазіргі жазу үлгісіне түсіріліп, алғаш
рет жарияланып отыр. ((Құраст.: Абылғазыұлы А. – Үрімжі:
Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 61-б.).
71. Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың
жоқтауы. Мәтін «Қазақ жоқтаулары» (Құраст.: Нұрғалиұлы Н.
– Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2002. – 134-б.) жинағынан
алынды. Араб жазуында. Бұл екі жоқтауды айтып берген—
Күлия Тұрсейітқызы, Жазып алған—Әбілғазы Сарқытбайұлы.
Манас ауданындағы мал фермасының тұрғыны Әлімғазы деген
адам 1994 жылы қайтыс болғанда Сауан ауданындағы біреуі 75,
біреуі 80 жастағы екі әпкесі Алданған мен Зылиханың айтқан
жоқтауы.
«Інісі бардың тынысы бар» деп тұжырымдайтын қазақтың
дәстүрлі отбасында ұл балалардың рөлі әкеден кейінгі құрметті
рөл иеленген. Жасы кіші болса да әпкелеріне сүйеу, қамқор
болған бауырдың биік тұлғасын танытатын жоқтау үлгісі ре
тінде томға енгізілді.
72. Құдайбергенді әпекесі Жібектің жоқтауы. Мәтін «Жоқ
таулар» жинағының ІІ томынан алынды (Құраст.: Абылғазы
ұлы А. – Іле баспасы, 2009. – 66-б.).
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
73. Мамайды шешесі Қараүлектің жоқтап айтқаны. Мәтін
«23 жоқтаудағы» (Мәскеу, 1926) түпнұсқа мәтін бойынша
дайындалды. Бұл қазақ жоқтауларының ішіндегі көркемдігі
жағынан да, көнелігі жағынан да теңдессіз жырдың бірі.
«Өлдің, Мамай, қор болдың» деп мәтелге айналып кеткен
тіркес осы жоқтаудан қалған. XVІ ғасырдың тарихи тұлғасы,
Едігенің шөбересі Мамай—Қырым шекарасына дейін барған
батыр. Жыр ел аузында «Орақ-Мамай» деп егіз аталатын әйгілі
эпостық жырға арқау болған. «Мамай өлгенде шешесі Қараүлек
жоқтапты» дейтін жоқтау халық жадында үш ғасыр бойына
сақталып келген. XX ғасырдың басында хатқа түсіп, 1926 жылы
24-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Мәскеуде басылған әйгілі «23 жоқтауға» енген. Түпнұсқада
ғы 190 жол өлеңнің әртүрлі басылымдарымен салыстырғанда
біраз өзгешеліктерге ұшырағандығы байқалады. Мәселен; «Өт
кір еді алмасың...», «Қолыңды алға сермедің», «алға», «Тар
қамаса игі еді», «Тең азамат жинаған», «...Әбеу кескінді ба
тырды басын кесіп күнінде, Аш бөрідей аттаған. Ақ сүңгінің
қиағын күміспенен қаттаған. Ноғайлыны жау алса, Үйде қарап
жатпаған...», «Жұртыңды жаулар қамады», «Өзіңді қалмақ»,
«Жұртыңды дұспан ториды», «...Анаңнан болып туған соң,
Атқа мінбей өлмедің», «Алғаның қалды тұлдықта» дейтін жол
дар кейінгі басылымдарда түпнұсқадан ауытқыған.
Мәселен, 1990 жылғы «Боздағым» жинағындағы жоқтау:
Қараүлек шешең шерменде,
Баудай болған көңілім,
Тал бойыңды көргенде,
Неғылып тірі отырмын
Мамайжан бүгін өлгенде?! деген жолдармен аяқ
талса, түпнұсқада:
«... Өлдің Мамай, қор болдың!
Қарадан туып, хан болдың.
Ерлігің мен билігің
Он сан атты ноғайға
Көрсе түнде таң болдың.
Жаяуларға жол болдың,
Аттыларға тіл болдың.
Өлдің, Мамай, күл болдың,
Күл ұшырған жел болдың,
Иманың болғай жолдасың» деп түйінделген.
74. Қаздауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауы. Мә
тін «23 жоқтаудағы» (Мәскеу, 1926) түпнұсқа мәтін бойын
ша дайындалды. Қазаққа аты мәшһүр адамдарды жоқтаудың
көнерек үлгісінің бірі—Қаздауысты Қазыбек биді қызының
жоқтауы. Бұл жоқтау алғаш рет «23 жоқтауда» жарияланған.
Жоқтауды шығарған қыздың аты бірде «Маңқа», «Маңқан»,
«Мәнеке» деп әртүрлі айтылып, жоқтауды кейінірек жариялау
шы Тоқтар Арынов белгілі айтыс ақыны, зерделі қария Қалихан
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Алтынбековтың айтуынша, «Қазыбек бидің қызының азан ша
кырып қойған есімі Қамқа екенін, Маңқан деген лақап аты.
Қамқа шешей мен ол кісінің күйеуі Шөрек батырдың бейіттері
Семейге таяу Қызыл судың бойында» деген пікірін жариялады.
Қазыбектің туған, өлген жылы туралы А. Байтұрсынұлы мы
надай дерек береді. «Қаз дауысты Қазыбек 97 жасында өлген.
Қазыбек туғалы 264 жыл өткен.
Қазыбектің туған жылы 1661-інші жыл болады.
Қазыбектің өлген жылы 1758-інші жыл болады.
Қарқаралының тауын айнала отырған Қарашор Түркіс
таннан ауып келе жатқанда, Бетпақтың даласында Қарада
Киікбай би туыпты. Ана жоғары Қазыбектің есебінше адам
жасын салыстырып қарасақ, Қарашор 1748-інші жылы Ар
қаға келген болатын. (Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығ.
жинағы. 5 т. – 90-б.)
1926 жылғы жинақта жоқтау соңынан деректі оқиғаларға
анықтамалық мағлұмат берілген. Түпнұсқаның 23 бетіндегі:
«...солармен бірдей ғып», «...Тақта отырған хан болып»; дейтін
жолдар кейінгі басылымдарда /1990, 1992/ түсіп қалса, кейбір
жекелеген сөздер, мысалы:«Олқысыз-Ұлықсыз», «мазаққа—
хан болып», «жанға-ханға», «дұғаңды-дуаңды», болып өзгер
ген. 1990 ж жинақта 22-беттегі: «Қазақ болып зарлады» деген
жол түпнұсқада кездеспейді.
75. Бөгежек мампаңды жоқтау. Мәтін «Жоқтаулар» жина
ғынан алынды. (Құраст.: Абылғазыұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң
халық баспасы, 2009).
1934 жылы Қызай елінің Есенқұл руы Келінбай ауылынан
шыққан Бөгежек деген мампаңы қайтыс болғанда марқұмның
немересі Қанат деген кісі қазақ салты бойынша жесірлеріне
жоқтатқызып елге тыңдатады. Жоқтаудың Көдек ақын шы
ғарған делінетін нұсқасы да бар. Біз әйелі шығарған жоқтау
түрін беріп отырмыз.
76. Кеңгірбайды жоқтау. Жоқтау В.В. Радловтан алынды.
62 жолдан тұратын жоқтау алғаш рет «23 жоқтауда» және Рад
ловтың (Ел қазынасы—ескі сөз. – А., 1994. – 52-55-бб.), Мәшһүр
Жүсіп Көпеевтің (Қазақ фольклоры үлгілері. Шығармалары.
5 том), Т.Арыновтың (Боздағым. 1990) жинақтарында жарық
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
қөрген. Кеңгірбай Жігітекұлына арналған жоқтауды кейбір тіл
оралымдарына қарағанда бәйбішесі шығарған деп жоруға бо
лады.
Радлов Кеңгірбай туралы мынадай қысқаша мәліметтер бе
реді: «Ақын Абайдың бесінші атасы Айдос пен Кеңгірбай бір ту
ысады. Кеңгірбайдың бейіті Шыңғыстың бауырында, Қарауыл
өзенінің жайылмасында Ши деген жерде, жол аузында арба
ның тұмсығы ілінетін тұмсықта. Ел қонысынан ауып жүргенде,
Ұлытаудың Алаша хан, Жошы хан бейіттері (күмбездері) тұр
ған Кеңгір өзенінің бойында туыпты, атын сонымен Кеңгірбай
қойған. 1730 жыл шамасында туған. Абылай ханнан кейін 34
жыл кейін алжып өлген» (Арынов Т. Боздағым. – Алматы, 1990.
62-б.). Демек, Кеңгірбайдың өлген жылы 1815 жыл деп білеміз.
2006 жылы Ахмет Байтұрсынұлының көп томдық шығармалар
жинағының 5 томында (Құрастырып, баспаға әзірлеп, ғылы
ми түсінігін жазғандар: Ісімақова А., Имағамбетова Р. – Алма
ты, 2006) жоқтаудың жарияланымдардағы бірқатар мәтіндік
өзгешеліктері анықталған. Мәселен, 1990 жылғы басылымын
да 55 жол 36-беттегі: «...Суытып қойған тұлпары, Алпыс бас
ты ақ орда», «...Алладан қайтты назарым», «Бір күнде кетті
базарым», «...Жаздың күні болғанда», «Күннің қөзі байлан
ған», «ақсұңқар ұшып ұядан» деген жеті жолы қысқарғанды
ғы айтылған. Томға бұған дейінгі барлық басылымдары салыс
тырылып, түпнұсқа бойынша беріліп отыр.
77. Алтай Тәтіні жоқтау. 174 жолдан тұратын жоқтау ал
ғаш рет «23 жоқтауда» (Мәскеу, 1926) жарияланған. Онан
кейін Радловтың (Ел қазынасы—ескі сөз. – Алматы, 1994.
– 52-55-бб.), Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің (Қазақ фольклоры
үлгілері. Шығармалары. 5 том), Т. Арыновтың (Боздағым. 1990) жинақтарында жарық қөрген. 2006 жылы Ахмет
Байтұрсынұлының көп томдық шығармалар жинағының 5
томында (Құрастырып, баспаға әзірлеп, ғылыми түсінігін
жазғандар: Ісімақова А., Имағамбетова Р. – Алматы, 2006)
жарияланған.
78. Төлебайды жоқтау. Мәтін томға «23 жоқтаудан» (Мәскеу, 1926) алынды. Төлебайды жоқтаудың үш түрі бізге жеткен.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
(Төлебайды он екі жасар қыз баласының жоқтауы). 314
жолдан тұрады. 1990 жылғы жинақта 300 жол. 164 бетте:
алдыңғы 11 жол және «Бабасының қалыбы-ай, мырзалығын
сұрасаң, көңілде нұрдың жарығы-ай» деген жолдар түсіп
қалған. Түпнұсқадағы: «Инспектор орысын—инспектор ор
нына, Жабықпа қалқам-қамықпа қалқам. Асылатын өрмелеп-
асылатын мойнына» деп өзгертілген.
(Төлебайды келінінің жоқтауы). Бұл жоқтау «23 жоқтауда»
51 жол 1990 жылғы басылымда 173 беттегі «Белгілі бекзат бел
асты» деген жол түсіп қалған. Осы бетте «Табылмас белгілі,
талайы—талабы, алдынан—алқалы» болып өзгерген.
(Төлебайды жамағатының жоқтауы). А.Байтұрсынов жина
ғынан алынды. (Байтұрсынұлы А. Көп томдық шығармалар
жинағы. 5-т. – Алматы, 2006. – 73-б.) Төлебай жамағатының
жоқтауы алғаш рет «23 жоқтауда» жарияланған, көлемі 100
жол. Түпнұсқадағы: «Алланың артқан ауыр жүк, орнады
мұндай жасымнан». «Бастан жақты айырған». «Әмірі күшті
алланың», «Қайғысына жанғаным» деген бес жол кейінгі басы
лымдарда қысқарып, орнына «жаз күнінде жайқалтып» (176-б.)
деген жолдармен ауысқан.
79. Әбжанды жоқтау. Мәтін В.В. Радлов жинағынан («Ел
қазынасы—ескі сөз» 1994) алынды. Онда жоқтауды Тарбағатай
аймағының найманы шығарған деген ғана жалпы дерек бар.
Түпнұсқада 36 жол. 1990 жылғы басылымда 40 жол. Мұнда
керісінше толықтырылған. Түпнұсқадағы алдыңғы үш шу
мақтың 1990 жылғы жинақта мүлде басқа нұсқасы берілген.
Қай нұсқаға сүйенгені айтылмайды. 107-беттегі: «...Қара ша
шым жайайын! Жайайында жыйайын! Қыналы бармақ, жез
тырнақ, Күнде қанға бойайын» деген 1926 ж. түпнұсқадағы
төрт жолы сақталған. Қалған 16 жолы басқа нұсқадан алынса
керек. Соңғы алты шумақ А. Байтұрсынұлы жинағындағыдай,
тек «...Көп ішінде қиын да екен, Жалғыз енді сөз бастау» де
ген жолдар жоқ. 107 бетте: «Қыналы» сөзі «құнарлы» болып
өзгерген. 80. Шоқанды жоқтау. Шоқан Уалиханов қайтыс болғанда
Шоқанның келіншегі Айсара Көшенқызының шығарған жоқ
тауы. Бұл жоқтауды алғаш тауып, баспа бетіне жариялаған
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
белгілі жазушы, өлкетанушы Амантай Сатаев («Білім және
еңбек». 1985, №1. – 13-б.). Шоқан жайында Ә. Марғұлан жа
риялаған жоқтаудан айырмашылығы: марқұм жесірінің та
ным-түсінігі деңгейінде өмірден ерте озған Шоқанды сүйген
жар, заманының таңдаулы тұлғасы ретінде жоқтайды. Ғұрып
үстінде орындалған дәстүрлі жоқтауларға тән заңдылықтар
толық көрініс тапқандықтан, томға енгізіліп отыр.
81. Әйекені жоқтау. Мәтін ОҒК-ның қолжазба қорындағы
1169-бумада сақтаулы. Алғаш рет Ә. Диваевтің 1897 жылғы
«Қазақ халық творчествосы үлгілері» атты кітапта, 1926 жылы
«23 жоқтауда» жарияланған.
Жоқтау 373 жолдан тұрады. 1990 жылғы жинақта—421 жол.
Кейінгі басылымдарда жоқтаудың нұсқалары 1883 жылғы—
«Қазақ хрестоматиясында», 1984 жылы «Бес ғасыр жырлай
ды» атты жинақтарда жарияланған. Алайда түпнұсқадан
ауытқу, тұтас мотивтердің түсіп қалуы, ру арасындағы мә
селелерді қамтитын тұстардың қысқартылуы анықталып түп
нұсқа бойынша қалпына келтірілді. Жоқтаудың туу тарихы
мынадай: «1880 жылы Ақмешіт қаласындағы болыс сайлауы
кезінде Шиелінің болысы—Әйеке Бекежановты (1839-1880.
Руы шұбыртпалы), Әлмәмбет Тұрсынбаев (1829-1909) атып
өлтіреді. Бұл ел ішінде үлкен дау-жанжал тудырып, Әйекенің
жоқтауынан соң екі ру арасындағы араздық басылады.
82. Ысқақ Үкірдайды жоқтау. Мәтін «Қазақ жоқтаулары»
жинағынан алынды (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шың
жаң халық баспасы, 2002. – 359-б.).
83. Мамырбек Үкірдайды жоқтау. Мәтін «Қазақ жоқтаулары
жинағының І томынан (Құраст: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шың
жаң халық баспасы, 2002. – 391-б.) алынды. Араб жазуында.
84. Сайдалімге дауыс. Мәтін «Жоқтаулар» жинағының І то
мынан қазіргі жазу үлгісіне түсіріліп алғаш рет жарияланып
отыр (Құраст.: Абылғазыұлы А. – Іле баспасы, 2009. – 255-б.).
Сайдалім албанның қожбанбет руынан шыққан. Совет үкі
меті жаңа құрылған кезде аудан бастығы болған, 1930 жылы
қайтыс болғанда әйелі шығарған.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
85. Малыбекті жоқтау. Мәтін « Жоқтаулар» жинағының
І томынан қазіргі жазу үлгісіне түсіріліп алғаш рет жарияла
нып отыр (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шыңжаң халық
баспасы, 2002. – 229-б.). Араб жазуында.
86. Мұсатай болысты жоқтау. Мәтін «Жоқтаулар» жина
ғының І томынан (Құраст: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шыңжаң
халық баспасы, 2002. – 234-б.) қазіргі жазу үлгісіне түсіріліп
алғаш рет жарияланып отыр. Мұсатай болыс албан ішінде құр
манның Малыбай атасынан тарайды. 1930 жылы үркінде Те
кес ауданына келіп қоныстанып, сол жылы қазан айларында
қайтыс болған.
87. Әбіт Ыразақұлын жоқтау. Мәтін «Жоқтаулар» жина
ғының І томынан қазіргі жазу үлгісіне түсіріліп алғаш рет жа
рияланып отыр (Абылғазыұлы А. – Іле баспасы, 2009. – 239-б).
88. Әбдіғаппарды жоқтау. Әбдіғаппар Жанбосынов 1920 жы
лы қайтыс болғанда 49 жаста екен. Сонда ол 1871 жылы ту
ған болады. Руы—ұзын қыпшақ. 1916 жылғы патша жар
лығына қарсы Торғай қазақтарын ұйымдастырушылардың
бірі. Жоқтауды батырдың әйелі Тынышбала шығарған.
1926 жылғы «23 жоқтауға» енген, бірақ онда Әбдіғаппардың
тегі көрсетілмеген, кейіннен белгілі тіл маманы С. Нұрқанов
Әбдіғаппардың тегімен қоса, басқа да деректерді Т. Арынов
құрастырған «Боздағым» жинағына берген.
Бізге белгілі дерек көзіне сүйенсек, Әбдіғаппар— А. Бай
тұрсынұлының құдасы. Ахметтің ағасы Қалидың қызы Кәтез
Рүстем Әбдіғаппар ұлына тұрмысқа шыққан. 1990 жылғы
жинақта «23 Жоқтауды» негізге алғанын, бірақ онда ата тегі
айтылмағанын жаза отырып, Әбдіғапарды «Жанбосынов» деп
анықтаған. Жанбосын—Әбдіғаппардың әкесі. Жоқтау көлемі
жағынан өте ұзақ, 624 жолдан тұрады. 1990 жылғы басылым
да 368 жолы ғана қамтылған. 256 жолы қысқарған. Кириллица
жазуында. 89. Абдолланы жоқтау. Мәтін ӘӨИ-дің қолжазба қорындағы
861-бумасында сақталған.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қорға 1929 жылы Нәби Тұратбаев тапсырған. Алтай өлкесі
нің Қошағаш өлкесінде қазақтардың бастаушы көрнекті
тұлғасы болған Абдолла 1909 жылы қайтыс болғанда оның
ұлы Шәкірат осы жоқтауды ауызша шығарып, әйелдерге шы
мылдық ішінде үйретіп жоқтатқан. Сол кезеңде ел ішіндегі
құйма құлақ, зерек ой иесі Кәжен де жаттап алып, елге тарат
қан. Нәби Тұратбаев осы Кәженнен жазып алған. Алтай өлкесі
қазақтарының тыныс-тіршілігі мен әдет-салтын танытатын бұл
жоқтау үлгісі бұрын жарияланбаған. 90. Әшірдің баласы Сыздық жайлы жоқтау. Мәтін
1994 жылы Қызылорда облысында жүргізілген фольклорлық-
этнографиялық ғылыми экспедиция материалдарынан алынды.
Ақтай жоқтау дәстүрінің үлгісі ретінде томға енгізіліп отыр.
Ежелден Шиелі өңірін мекен еткен елдердің ішінде «Жеті ат
шашты Қыпшақ» руының «Малай, Құтым» тармағына жата
тын елде ағайынды Әшір, Кембіл деген кісілер болған. Әшір бо
лыс болған. Жасы ұлғайып, болыстыққа өтпейтін болған соң, 18
жасқа толған баласы Сыздықты беделмен болыс етіп сайлатқан
кісі.
«Терезем тең болсын» деп, «Найман» тайпасынан үлкен байы
Ұншыбай деген кісімен құда болып, оның баласы Нұржанның
қызы Күләшті Сыздыққа әпермекші болған. Уәделескен мер
зімі болып тойын жасап жатқанда көкпар шауып жүріп, Сыз
дық аттан құлап дүние салған. Ол уақытта қалыңдық Күләштің
отауының көші әлі Әшірдің аулына келіп те жетпеген. Сол
қайғылы қазаға сол уақыттың әдет, ғұрпына сәйкес Сыр елінде
жесірі Күләшті қара жапқан көшпен көшіріп әкеліп, бір жыл
бойы, асын бергенше сыздықты жоқтатқан. Бұл деректі айтып
түсіндіруші сол Ұншыбайдың ұрпақтары қазір құрметті дема
лыста Шиелі поселкасының тұрғыны 85 жастағы Әбділдаев
Өмірбек ақсақал жоқтау—жырының көшірмесін қолжазба
түрінде араб әрпімен жазылған, 77 жастағы Жамалдин Дула
тов ақсақал сақтаған дәптерден 1987 жылы—маусым айында
көшірген. Жоқтау жыры бұрын баспа бетін көрмеген.
91. Қожаберді болысқа шығарылған жоқтау. Мәтін ОҒК-
нің 325-бумасында сақтаулы. Латын жазуында. Бұрын жария
ланбаған.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 92. Дүйсенбайды жоқтау. Дүйсенбай Көшербайұлының жоқтауы Ұлттық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының №398 бумасында сақтаулы тұр. Араб жазуымен жазылған қолжазбаның көлемі—12 бет. 1928 жылы 25 март күні Дүйсенбай 31 жасында дүниеден өтеді. Жоқтауды Дүйсенбайдың 26 жасында жесір қалған жұбайы мен 14 жа сар қарындасы шығарған дерек осы қолжазбаның ішінде бар. Сондай-ақ мұнда Дүйсенбайдың руы қыпшақ екені, тұрған жері Кент ауданы, Қырғызбай ауылы екені де жазылған. Жоқтау ішінде айтылғандай (қойылған жері әулиенің қаласы» болса, бұл қазіргі Жамбыл болар (Әулие-ата) не кезінде әулие атанған қожа Ахмет Яссауи болуы да мүмкін. Жоқтауды қағазға кім түсіргені, кітапханаға кім арқылы жеткені белгісіз. Қазіргі жазу үлгісіне алғаш рет түсіріп жариялаған Тоқтар Арынов (Боздағым. 1990. – 131-б). 93. Жәжеңді жоқтау. Мәтін «Қазақ жоқтаулары» жинағы ның ІІ томынан алынды (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 368-б.). Араб жазуында. Жи наушы—Асқар Игенұлы. 94. Баймолла Қареке ұлын жоқтау. Мәтін «Қазақ жоқтау лары» кітабынан алынған. Араб жазуында. (Құраст.: Нұрғали ұлы Н. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. – 52-б.). 95. Қазақ халқының жоқтау жыры. Мәтін ӘӨИ-дің 118-бу масындағы 3-дәптерде сақтаулы. Кириллица жазуында. 96. Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең». Мәтін Қ.Саттаров тың жинағынан алынды (Қазақтың «Теріс өлеңдері». Жылау-жоқтау. – Ташкент, 2000. – 31-б.). Жинақта Хорезм аймағындағы Үргеніш қаласындағы медреседе оқыған білімді, ақындығымен танылған Адай руынан Көшербай деген ақсақал қайтыс болғанда немересі Ақжайық Құлбергенованың атасын жоқтап айтқан теріс өлеңі деп түсінік берілген. Қазақ арасында жоқтауды көркем өнер дәрежесіне жет кізген жоқтаушылардың өкілдері бүгінгі заманға дейін Әму дария құйылысындағы қазақтар арасында сақталғанын фольклорист ғалым Қ. Саттаров атап көрсеткен. Мысалы,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Әмудария құйылысындағы Қоңырат қаласының тұрғыны Ақ
жайық Құлбергенова мен Кешім Күзембаевалардың профес
сионал жоқтаушылар екендігін айта отырып, «Әрине, олар
кім көрінгенді жоқтап айта береді екен деген ойдан аулақ
болған жөн. Олар көбінесе Адай немесе Табын арасындағы
туысқандарынан белгілі азаматтар қайтыс болғанда, Ақжайық
пен Көшім сияқты елге танылған ақындық, шешендігі басым
қыз-келіншектер жоқтайтынын ескертеміз» деп, ой қорытады
(Саттаров Қ. Қазақтың «Теріс өлеңдері». Жылау-жоқтау. –
Ташкент, 2000).
Жоқтау айтуды кәсіпке айналдыру Қарақалпақ елінің сал
тында болған көрінеді. Ол жөнінде: «Жоқтау айтуды кәсіп қы
лып жүрген айырым әйелдер болған. Қарақалпақгар арасында
өлген жерге жоқтау айтушы әйелдерді шақыртып жоқтау айт
тыру дәстүрі соңғы замандарға дейін сақталып келді»,—деп
жазады Қарақалпақ халық мұрасының білгірі Қалпы Айым
бетов. (Матыжанов К. Қазақтың отбасы ғұрып фольклоры. –
Алматы, 2007. – 19-б.)
Ақжайықтың әкесі Құлберген ақын, әнші, күйшілігімен елге
танылған адам болған. Ақжайықтың әкесі суға кетіп қайғы
лы түрде қайтыс болғанда шығарған үш түрлі «теріс өлеңі»
бар. Сондай-ақ Әмудария құйылысындағы Нүкіс қаласының
тұрғыны Жәмила Бейсенбайқызының ері қайтыс болғанда өзі
шығарып, жиырмасында, қырқында, жылындағы жиындарда
көпшілік алдында айтқан жоқтау өлеңінің төрт түрінен томның
мақсатына сәйкес үлгісі беріліп отыр.
97. Ұстазды жоқтау. Мәтін «Қазақ жоқтаулары» жинағынан
алынды (Құраст.: Нұрғалиұлы Н. – Үрімжі: Шыңжаң халық
баспасы, 2002). Араб жазуында.
98. Әкеге арналған «Теріс өлең». Мәтін Қ. Саттаровтың жи
нағынан алынды. (Қазақтың «Теріс өлеңдері». Жылау-жоқтау.
– Ташкент, 2000. – 33-б.).
Зерттеуші Қадырәлі Саттаров «жылау мен жоқтауды» қо
сып, Өзбекстан қазақтары «теріс өлеңдер» деп атайтынын жа
зады. Мұндай ұғым Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірлерінде
де қолданылады. Бұл—атаудың шығу тегінің қазақтардың
өлілер әлемі жөніндегі ежелгі ұғымымен байланысты екенді
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
гі жөнінде К. Матыжанов: «Дәстүрлі дүниетаным бойынша—
өлілер әлемі—тірілер әлемінің «теріс» көрінісі: тірілер әлемі—
жарық, өлілер әлемі—түнек, тірілер әлемі шаттықты (күлкіге
толы), өлілер әлемі—қайғылы т.б. Яғни өлімге байланысты
айтылатын жыр—«теріс өлең» деген мағынада ұғынудан туған
сыңайлы» деп ой тұжырымдайды. (Матыжанов К. Қазақтың от
басы ғұрып фольклоры. – Алматы, 2007. – 17-б.).
99. Марқұмның жетісіне дейін айтылған жоқтау-өлең үлгісі.
Мәтін Қ.Саттаровтың жинағынан алынды, (Қазақтың «Теріс
өлеңдері». Жылау-жоқтау. – Ташкент, 2000. – 35-б.) қазіргі
заманғы жерлеу рәсімдеріне қатысты салт өлеңдерінің орын
далу барысын, көркемдік дәрежесінің сақталу деңгейін таныту
мақсатында алынды.
Марқұм жерленіп, қонақасы берілген соң, жетісі, қырқы,
жүзі (кіші жүз ішінде ғана) және жылы өткізіледі. Бұл уақыт
та қаза шыққан үйдің адамдары азалы деп саналған. Азалы
үйдің адамдары жыл уақыты өткенше жиын-тойға бармаған,
қуанышты жағдайға байланысты шаралар кейінге шегерілген.
Қазақ арасында жалпыға ортақ аза тұтудың символдық белгі
лері қалыптасқан. Марқұмды 3 күн қонақ ету, жетісін, қырқын,
жылын беруде сандардың киелілік семантикасы сақталған.
Магиялық сандардың пайда болуы ертедегі адамдардың табиғат
құбылыстарының сырын түсінбеген балаң санасымен байла
нысты. Тылсыммен байланысты түсінілетін белгілі бір сандар
дың «киелілік» мән иеленіп, жақсылық пен жамандықтың
себепкері болады деп ұғынудан сандарға магиялық мән жүк
телген. Әрбір халықта, тіпті түркі халықтарының ішінде киелі
сан сипаты біркелкі емес.
Негізінде дәстүрлі сандардың поэтикалық қызметінен бұ
рынғы мифтік мәні әсіресе осы жерлеу ғұрпында сақталған.
Орта Азия халықтарындағы аспан әлеміндегі «Жеті қа
рақшыға» байланысты ортақ ұғымдардың өзі бұл түсініктің та
рихын тереңдетеді. Мәселен, жеті көмекші, жеті қарақшы, жеті
ұл, жеті нан, жеті қанат, жеті бас, жеті қабат жер асты, аспан
үсті, жеті кәміл пір т.б. Осы ұғымдардың пайда болу себептері
мен жеті күндік уақыт өлшемі арасындағы байланыстың сыры
көне замандардан бастау алады. Уақыт пен кеңістіктің өлшемі
ретінде: қырық күншілік, немесе магиялық зат атауы: қырық
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
құлақты қазан, қырық құлаш арқан ұғымдары мен адамға
қатысты көпшілік мағынасында: қырық жігіт, қырық қыз,
қырық қарақшы және мұсылмандық мифологиядағы «қырық
шілтен», «қырықтың бірі қыдыр» ұғымдарының мәні де
киелілікпен байланысты.
Өлікті жөнелту ғұрпында өлген адамды сапарға аттанды
ратындай етіп дайындаудан басталып, оның—үшін, жетісін,
қырқын, ең соңында асын беруге дейінгі ғұрыптар кешенінің өн
бойынан осы дүниетаным көрініс береді.
«Бұрын аза тұту бір жылға созылған. Қаралы үйдің сол
жақ жабығынан қара шүберек байланған найзаның ұшы
шығарылып, ол шүберектің түсі қайтыс болған адамның жасы
на байланысты өзгеріп отырған. Мысалы: жас жігітке қызыл
шүберек, орта жастағы жігіт ағасына қара шүберек, жасы
келген қартқа ақ шүберек байланады» (Арғынбаев Х. Қазақ
халқындағы семья мен неке. – Алматы, 1973. – 112-б.)
Сонымен бірге үйдің ішіне өлген адамның ер-тұрманын,
сауыт-сайманын, тәуір киімдерімен басқа да бұйымдарын іліп,
көрсетіп қоятын болған. Мұндай үйге кез келген адамның бас
сұғып, Құран оқып, көңіл айтуы міндет саналған.
100. Күйеуінің қырқын өткізгенде айтқан жоқтау. Мәтін
Қ.Саттаровтың жинағынан алынды (Қазақтың «Теріс өлеңде
рі». Жылау-жоқтау. – Ташкент, 2000. – 35-б.).
Көне ұғым бойынша, өлген адамның рухы түрлі кедергі
лерден өтіп, басқа дүниеге жеткен соң, ол жақта да жер бе
тіндегідей тірлік кешеді. Кейбір деректерге қарағанда, бұл са
пар бір жылға созылады. Өлген адамның бір жылдан соң асын
беретіні де сондықтан. Сондықтан оған ас-су да, киім-кешек те,
ат-әбзел де, ер адам болса, қару-жарақ, әйел болса, тұрмыстық
бұйымдар қажет. Яғни, ежелгі дүниетаным бойынша, өлім—
бір әлемнен екінші әлемге ауысудағы өтпелі кезең. Міне, осы
өтпелі кезең дәстүрлі дүниетанымда жол, сапар бейнесі арқылы
көрініс береді. Халық ұғымында өмірдің өзі ұзақ сапар ретінде
танылады. 101. Марқұмды еске алу кезінде айтылған өлең. Мәтін мұң-
шер өлеңдерінің бір саласын марқұмның басына белгі орна
ту, түрлі діни мерекелер тұсындағы еске алу мағынасындағы
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
өлеңдер құрайтындығының бір белгісі ретінде алынды. Мәтін
Қ.Саттаровтың жинағынан алынды (Қазақтың «Теріс өлеңде
рі». Жылау-жоқтау. – Ташкент, 2000. – 37-б.).
102. Айт күнгі мерекеде айтылған жоқтау. Мәтін Қ. Сат
таровтың жинағынан алынды (Қазақтың «Теріс өлеңдері».
Жылау-жоқтау. – Ташкент, 2000. – 36-б.).
Бұл—мұсылман дінінің дәстүрлі салтқа үзілді-кесілді
тыйым салмайтындығының үлгісін танытатын жоқтау үлгіле
рінің бірі. 103. Ерінің жыл асын беру жиынында айтқан жоқтау.
Мәтін Қ. Саттаровтың жинағынан алынды. (Қазақтың «Теріс
өлеңдері». Жылау-жоқтау. – Ташкент, 2000. – 37-б.).
Жерлеу ғұрпындағы сапар мотиві қазақ дәстүрлі ұғымын
дағы адамның ең жақын серігі—жылқымен көбірек байла
нысты. Жылқының рөлі аза жырларында, әсіресе жоқтауда
поэтикалық көркемдік образ ретінде ғана құнды емес, асқа
сойылатын жылқымен өлген адамның туысқандары «жоқтау»
айтып, жылап қоштасуы, өлімді көп жағдайда атқа мініп сапар
шегумен астастыра бейнелеудегі көне нақтылы түсініктермен
де тамырлас.
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде де өлікті көлігімен жөнелту
салтының кейінгі замандарға дейін сақталғандығын ғалымдар
дәлелдеген. Ер адамды, ертеректе ат, әбзелімен қоса жерлесе,
кейіннен атын тұлдап құйрық жалын кесіп, тұлдау рәсімін
жасайды. Тұлданған ат мінілмейді және оған ешкім тиіспей
ді бір жыл қоя беріп, асына соятын болған. Асына сойылған
тұлданған жылқымен жырлап қоштасып, оның басын молаға
қою салтының Қазақстанның шығыс аймағында әлі күнге
дейін бар екендігі К. Матыжанов еңбегінде көрсетілген. (Ма
тыжанов К. Қазақтың отбасы ғұрып фольклоры. Алматы,
2007. 207-б.). 104. Атқа көрісу. Мәтін «Қазақтың тұрмыс-салт жырла
ры» (Құраст.: Қалиұлы А. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспа
сы, 1994. – 281-б.) жинағынан алынды. Оның басқа нұсқалары
«Жоқтаулар» жинағының І томында (Шыңжаң халық баспасы,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
2009. – 218-б.) «Бата, жоқтау, көріс» жинағында жарияланған
(Іле баспасы, 2008. – 107-б.).
Исламдық түсініктердің ықпалынан әуелгі мәні өзгеріп,
кейінгі замандарда жойылған жерлеу ғұрпының бір саласы—
тұлдау рәсімі. Оның мәні: марқұмның асына арналған атының
жал-құйрығын күзеп, жылына сою, киімдерін, құрал-сайма
нын іліп қою, найзасын сындыру, ақырғы рет жоқтап, жылау.
Оның бастауы көне наным-сенімдегі өлген адамның тірі
адамдармен байланысы үзілмейді, әсіресе белгілі бір уақыт
аралығында марқұмның образын «қуыршақ бейне» ретінде
сақтау керек деген ұғымнан туып, оның өзі түрлі даму саты
ларынан өткен: марқұмның бас сүйектерін іліп қою, тастан,
ағаштан бейнесін мүсіндеу, марқұмның тірі орынбасарын
тағайындаумен ол адамның өзіне тиесілі заттарды қолдануға
тыйым салуға дейін жалғасқан (Абрамзон С.М. «Тул» как пере
житок анимизма у киргизов // Белек С.Е. Малову. – Фрунзе,
1946. – С. 5-18.; Шишло Б.П. Среднеазиатский тул и его си
бирские параллели // Домусульманские верования и обряды в
Средней Азии. – М., 1975. – С. 255).
Тұлдау рәсімінің міндеті—өлі мен тірінің арасындағы бай
ланысты біржола үзуді мақсат ететін ең соңғы және аса маңыз
ды ғұрыптық рәсімді атқару.
«Тұл» сөзі қырғыз тілінде өлген адамның кескінін бей
нелейтін «қуыршақ, «жесір» (Киргизско-русский словарь. – М.,
1965. – С. 764) көне түркі тілінде жесір әйел деген мағынаны
білдіреді (Малов С.Е. Памятники древнетюркской письмен
ности Монголии и Киргизии. – М.-Л., 1959. – С.104; Радлов В.В.
Опыт словаря тюркских наречий. – СПб., 1905. Т.3. – С.21-22.)
Ал қазақ тіліндегі мағынасы жетім қалу, бас иесіз қалу
дейтін мәнде қолданылады.
Исламдық көзқарастардың ықпалынан адам образын нақ
тылы бейнелеуге тыйым салынған да, салттың сарыны «тұл—
ат, тұл—әйел, тұл—дүние» дейтін көркемдік образдарда ғана
сақталып қалған. Мәселен,
Құнтсызда жұныт қу ішік
Киілмей, «тұлға ілінген,—
(Боздағым. – Алматы, 1990. – 156-б.)
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
немесе:
Жесір де болып «тұл қалды
Екі бірдей алғаның,—
деген жолдарда «тұл» сөзінің көне мағынасы айқын танылса,
кейінгі кездердегі жоқтау өлеңдерінде «тұлдың ауыспалы ма
ғынасы көбірек қолданылады. Мәселен:
Білімді жақсы азайып,
Замана қалды «тұл» болып.
Қазақтың жерлеу ғұрпынан елеулі орын алатын, марқұм
ның өлген күнінен бастап жылына дейін созылатын міндетті
салт—сөзбен жоқтап, жылау. Бұл жерленгенге дейін де, жер
леуден кейінгі азалау рәсімдерінде де (үші, жетісі, қырқы,
жылы) үзілмеген. 105. Тұлданған киімге қарап жылау. Мәтін ӘӨИ-дің қыз
меткерлерінің «Шетел фольклоры» жобасы аясында Монғолия,
Таулы Алтай Республикасына жасаған фольклорлық экспе
диция материалдарынан алынды. Жерлеу салтының ежелгі
рәсімі—тұлдаудың, тұлданған киімге қарап жылау рәсімінің
Қошағаш қазақтары арасында сақталғандығының куәсі. Ері
нің тұлданған киімінің алдында отырып жылауы үстінде жа
зып алған фольклортанушы ғалымдар—Тойшанұлы А., На
биолла Н.
106. Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау. Мәтін
ӘӨИ-дің 116-бумасында сақтаулы. Араб жазуында. 107. Жыл нәзіріндегі жоқтау. Мәтін «Бата, жоқтау, көріс»
(Құраст.: Мұқаметкәрімқызы К. – Іле баспасы, 2009. – 86-б.)
жинағынан алынды. Араб жазуында.
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ
ЕСІМДЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Адам ата, Хауа ана—«Құран» бойынша, Алла Тағаланың
топырақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық мүсін ұзақ
жылдар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға
жан кіргізеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасай
ды. Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олардың
арасында беделді, құрметті орынды иемденеді. Періштелер
Алланың жарлығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат
етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындаудан
бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып
жібереді.
Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш
алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның сөзіне
иланып, алдауға түсіп, тыйым салынған жемісті жейді. Осы
күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, көктен
жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды.
Айуб—Құран Кәрімде аты аталған ежелгі пайғамбарлардың
бірі. Інжілдегі Иов. Айуб (ә.с.) Хаурандағы бай, адамгершілігі
мол адам болған. Алла сынайын деп оған шайтанды жібереді.
Шайтан жіберген аурудан Айубтың денесіне іріңді жара қаптап
кетеді, ол әйелі екеуі адамдардан оқшау тұруға мәжбүр болады.
Шайтан жіберген неше түрлі жаңа қырсықтарға қарамай, Айуб
Алланың рақымына сенімін жоғалтпайды. Оның көмек сұрап
жалбарынғанынан кейін Жәбірейіл оған «аяғыңмен жерді теп»
деп бұйрық береді, ол тепкен жерден бұлақ суы атқылайды да,
Айубтың жарасын жазып, шөлін қандырады.
Фольклор мен әдебиетте Айуб сабырлылық пен төзімділік
тің, шыдамдылықтың символы ретінде қастерленеді.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Айша—Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелдерінің бірі,
Расул Алланың тілеулес досы және бірінші халифа Әбубәкірдің
қызы.
Кейбір ислам зерттеушілерінің дерегі бойынша, Айша хазі
рет Мұхаммедке (с.а.с.) қосылғанда он жаста болған. Пайғамбар
мен Айша хазірет сегіз жыл отасады. Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс
болғаннан кейін Айша саяси қозғалыстарға белсене қатысады.
Халифат билігі үшін болған соғыстарда Айшаның үлкен ерлік
көрсеткені тарихтан белгілі.
656 жылы Айша Пайғамбардың жақын достарының бірі
Талх әз-Зубайрамен жақтасып, бір кезде өзін өкпелеткен қайны
сы, әрі күйеу баласы Әлиге қарсы соғысады. Бұл шайқаста Әли
Арыслан жеңеді де, халифа боп сайланады. Айша бастаған
әскер түйеге мінгендіктен, бұл соғыс «түйелілер шайқасы» де
ген атпен тарихқа енді.
Айша өте ақылды, өжет, әрі аса беделді дін қайраткері бол
ды. Кейбір деректер бойынша, Айша Мұхаммед пайғамбардан
қалған мың екі жүздей хадисті әңгімелеп, қағаз бетіне түсірт
кен.
Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік
дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей,
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұң
сыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған
ешкім тең емес».
Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап,
біреулерін—жұмаққа,
енді
біреулерін—тозаққа
жібереді.
Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мез
гіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш
жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккедегі
25-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті
қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымды
лығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі
көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім
(жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жа
ратушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жап
пар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
Алланың атын зікір ету рәсімі «Аллаһу акбар» деген мадақ
сөзді отыз төрт рет, «Әлхамдулиллаһи, Сұбхан Алла» сөздерін
отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы
жүзеге асады.
Әбубәкір—Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін таға
йындалған алғашқы халифа. Ол құрайыш руынан шыққан,
Меккедегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед (с.а.с.)
исламға кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің арасы
нан бірінші болып мұсылман болды.
Әзірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періштелер
дің бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар алдында
Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсайды.
Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл мен
Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл ша
руаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол жан
алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға ажал мезеті
жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаштан
әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзірейіл
қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс.
Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділет
ті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі,
әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман
елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып күш иесі. Жау
лары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-мыс.
Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам, самсам
деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген
шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі
ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың басты
кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы, мұсыл
мандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде көрінеді.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе
алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тір
кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ-аттың
нышанына айналған.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір
сүреді.
Дәуіт—Құран кейіпкері, пайғамбар, Сүлеймен пайғам
бардың әкесі.
Ескендір Зұлқарнайын [б.д.д. 356-323]—Македонияның
атышулы патшасы Александр Македонский. Ол туралы ертегі,
аңыз, әңгімелер Шығыс пен Батыс халықтары фольклорында
кең тараған. Сондай-ақ, оған біраз әдеби шығармалар арналған.
Солардың ішінде шығыстың классиктері [Низами, Фердау
си, Абай, т.б.] поэмаларының орны ерекше. Солардың басым
көпшілігінде Ескендір Зұлқарнайын әрі батыр, әрі кемеңгер
қолбасшы, әділетшіл, құдіреті күшті, «аруағына» көптеген ел
табынған, аты өшпейтін қасиетті адам деп бейнеленеді.
Жәбірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періште
лердің бірі, Алла мен пайғамбарлар арасында жүріп, оларға
Алланың аянын айтушы. Ол Алла Тағаланың әмірімен
Мұхаммедке (с.а.с.) келіп Құран аяттарын жеткізген. Жәбі
рейіл Адам атаға бейіштен қуылғаннан кейін де қамқор болған,
Нұхтың құтылуына көмектескен және оның ұлы Ыбраһымды
құтқарған. Жүсіпке көп тіл үйреткен, Дәуітті сауыт жасауға
баулыған, сонымен қатар Сүлейменге көмектесіп, Зәкарияға
Жақияның қашан дүниеге келетінін болжап берген.
Жүніс—пайғамбар, сондай-ақ сахиб әл-хут және зуннун деп
аталады, Құранның бір сүресі оның атымен аталған. Аңыздар
ға қарағанда Жүністің Ирактың солтүстігіндегі Найнауада бір
құдайға сиынушылықты уағыздауы сәтсіз болған көрінеді.
Ол өз ісінің қиыншылықтарына шыдай алмай, кемеге жасы
рын тығылып, қашуды ойлайды. Бірақ кеме орнынан қозға
ла қоймайды, ол кемеде қашқынның бар екендігінің белгісі
еді. Жеребе көрсеткендей, бар кінә Жүністе болғандықтан,
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
оны теңізге тастайды. Суда үлкен балық Жүністі жұтып қоя
ды. Киттің құрсағында аман қалған Жүніс Алла Тағалаға
сенімсіздік білдірген кінәсін мойындап жалбарынады да, аман
қалады. Жағада қалып, әбден жүдеген Жүністі шөл далада
бөкен қоректендіреді. Құранда Жүністің есімі бірден атал
майды, оның алдында сахиб әл-хут, зуннун сияқты суреттеме
ескертпелер аталады. Әңгіменің сипаты, яғни әңгіме желісінің
қысқаша баяндалуы бұл хикаяның тыңдаушыларға өте таны
мал екендігін көрсетеді. Бұл жөнінде Құранда берілген ерекше
түсініктеме де куә бола алады. Бұл аңыз тікелей Мұхаммедті
шыдамдылық танытуға үгіттейтін нақты мысал ретінде пай
даланылады, яғни «құдіреттің шешімін күте тұр, киттің серігі
сияқты болып жүрме!» деген екен.
Қазіргі кезде Иракта, Мосул қаласының қасындағы көне
Найнауа қалдықтарында орналасқан Жүністің «қасиетті» бейі
ті кең танымал болып отыр.
Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар, Құ
ранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық
қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп
аталған.
Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты
рып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары
жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы
тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан
бар.
Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты
рып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары жүз
ден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы та
қырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан бар.
Жүсіп-Зылиха—Шығыс халықтарының «Жүсіп-Зылиха»
атты әдеби-фольклорлық туындыларының кейіпкерлері, ма
хаббат пен сұлулық символы.
Зұқа Сәбитұлы (1867-1928)—Қытайда тұратын қазақтар
арасынан шыққан қоғам қайраткері, батыр.
Әкесі Сәбит Қазан мен Бұхарада білім алған оқымысты
адам болған. Зұқа да әкесінің жолын қуып, 1883 жылдан бас
тап Сауырдағы Жеңісхан төренің ауылында екі жыл ауыл
мектебінде мұғалім болады, кейін Өр Алтайға, Қара Ертіс бой
ына қоныс аударады. 1904-1905 жылдары Меккеге қажылыққа
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
барып қайтады. Алтайдағы қытай ұлықтары мен кейбір билер
ден қысым көрген адамдар Зұқадан пана іздеп, оның маңына
топтасады. Мұны Алтайды билеген Мәми бейсі жергілікті
әкімшілік үстемдігіне қарсы пайдалануды көздеп, Зұқаға
әскери жасақ құруға көмектеседі. 1921 жылы Кеңес өкіметінің
қызыл әскерлерінен жеңіліп, Қытай асқан ақ гвардия генера
лы Бакич бастаған топ Ертіс бойына жетіп, ондағы халыққа
лаң салған кезде Зұқа жасағы Бакич әскерлерін Өрмегейті
асуынан асырып, Моңғолияға дейін ығыстырып тастайды.
Кейін осы қарулы жасақ Сарсүмбе мен Өр Алтай арасында
жергілікті әкімшіліктің қарулы жасақтарына қарсы тұрып,
жергілікті қазақтарды қытай ұлықтарының қыспағынан
қорғауға күш салды. 1928 жылы күзде жергілікті әкімшілік
өкілдері 200 әскермен түн ортасында Зұқа ауылын басып
кіреді. Қытай әскерлерінің қолынан қапыда Зұқа батыр мен
оның серіктерінен 28 адам қаза табады. Қытай ұлығы «өкіметке
қарсы шыққандардың көретіні осы» деп жергілікті қазақтарды
үрейлендіру мақсатымен Сарсүмбе қаласындағы көпірге Зұқа
батырдың басын іліп қояды. Батырдың ерлігін құрметтейтін
халық кейін оны Белқұдыққа жерлеп, басына үлкен қорған
тұрғызды.
Иса—Иса Мәсіхтің (Иусус) есімі христиан дініндегі сияқты
исламда да ілтипатпен еске алынады. Құран Кәрімде Иса
пайғамбарға біраз орын берілген, оның анасы Мәриям хазірет
ке арналған сүре бар. Алайда, ислам қағидасы бойынша, Иса
(ә.с.)—бар болғаны Алланың сүйікті құлы, «кітап түсіріл
ген» төрт пайғамбардың бірі. Христиандар Исаны Құдайдың
ұлы деп есептейді, оның өзін Құдай дәрежесінде дәріптеп,
оған құлшылық жасайды. кейбір дін зерттеушілері (әсіресе,
еуропалықтар) Мұхаммед пайғамбардың христиандарға жылы
ықыласпен қарағанын айтады. Шариғат зерттеушілері Исаны
«Мұхаммедтің дүниеге келерін алдын ала білген» және Аллаға
шын жүрегімен берілген хақшыл пайғамбар ретінде мойын
дайды. Ислам ғалымдары «Иса Құдай емес, оған еруші жұрт
адасты» деп санайды.
Қыдыр, Қыдыр ата, Қызыр—ислам дініндегі пайғамбар.
Кейбір дінтанушы ғалымдар оны Ілияс пайғамбар деп жора
малдайды. Құран Кәрімнің Кәһф сүресінде Мұса пайғамбар са
парға шыққан кезде Қыдырға жолыққаны, Алланың оны Мұ
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
саға тағылым үйрету үшін арнайы жібергені жайлы айтылады
(66 аят).
Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының, сон
дай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыз
дарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық об
раз.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне
архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зертте
се, кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы
ұстанып келе жатқан түсінігі бар.
Қазақ фольклорында Қызыр баба [Қыдыр]—ел аралап жүр
ген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы,
бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Лұқпан—ол туралы исламға дейінгі араб хикаяларын
да біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға 31-сүре
арналған. Мұнда Лұқпан «бір Құдайлық» бағытын насихатта
ған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам ретінде ата
лады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-Хаким, яғни хәкім
Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші делініп, оның есі
мі көптеген Шығыс халықтарының ертегі, жыр, аңыздарында
құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да «Лұқпан хәкім ай
тыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар.
Мұса—Құран кейіпкері, пайғамбар, Алла Тағаладан кітап
жіберілген төрт пайғамбардың бірі. Інжіл бойынша—Моисей.
Аңыз бойынша, Мұса (ә.с.)—Алла Тағаламен тілдескен жә
не онымен жүздескен бірінші пайғамбар (Адам атадан соң).
Алғаш рет Алла Тағала Мұса (ә.с.)-ға Мысыр маңында «от»
болып көрінеді. Оны перғауынға (фараон—Мысыр патшасының
атағы, титулы) өзінің елшісі етіп жіберетінін, перғауын елінде
бір Алланың жолын уағыздауы тиісті екенін білдіреді, көмекші
етіп, оның бауыры Харонды қосады…
Алла Мұсаға: «Өз халқыңды Мысырдан түн жамылып алып
шық»,—деп бұйырады. Мұса таяқ сермеп қалғанда теңіз қақ
жарылып, ашылады. Израильдіктер сол жолмен өтіп шығады.
Перғауын мен оның қалың қолы жеткен кезде теңіз тұтасып
кетеді де, олар суға батып өледі. Тек күнәсін мойнына алған
перғауын ғана кешірім алып аман қалады. Мұса өз халқын бас
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
тап, шөл далаға шығады. Сол жерде таяғының құдіретімен он
екі бұлақтың көзін ашады. Алла Тағала оның тілегін қабыл
алып, адамдарына азық береді.
Мұса Алла Тағаламен екінші рет Синай тауында кездеседі.
Алла Тағаламен сөйлескендіктен, Мұса пайғамбарды Мұса
Кәлим (Алламен тілдесуші) деп дәріптеген.
Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым]—ислам
дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, та
рихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла
Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі,
ең соңғы пайғамбар.
570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың
әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс
болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда
дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт ана
сы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс
болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған.
Алғашқы уахи рамазан айында хазірет Мұхаммед Меккеден
үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні
таң алдында түсті. Мұхаммед 610 жылы 40 жасында Алланы,
яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды уағыздай бастайды.
Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба
сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық
білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы
Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине
қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының ба
сы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс
аудару» деген сөз.
Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине
қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.
Мұхаммед-Ханафия—кейбір жазба мәліметтер мен аңыз
әңгімелерде Әли ибн Әбу Тәлибтің бірнеше әйелінен он сегіз
ұлы болғаны айтылады. Солардың ішінде ислам тарихында
айқын із қалдырғандары—Хасен, Хұсайын және Мұхаммед-
Ханафия болған. Алғашқы екеуінің Әлидің бәйбішесі Фати
мадан туғаны анық болса, Мұхаммед-Ханафияның дүниеге
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
келуі туралы түрлі аңыздар бар. Солардың біразы оның Рұм
патшасының қызы Ханафиядан туғанын баяндайды. Мәселен,
қазақ арасында кең тараған «Мұхаммед-Ханафия» дастанын
да оның Алланың, Мұхаммед пайғамбардың және Жәбірейіл
періштенің көмегімен, әрі Рұм патшасы қызының тілегі бойын
ша ерекше жағдайда дүниеге келгені сипатталған. Ханшайым
ның өтініші бойынша, баланың есімі «Мұхаммед-Ханафия» деп
аталған. Ол да Әлидің басқа балалары секілді көптеген «ғазауат»
соғыстарына қатысып, исламның өркендеуіне өз үлесін қосқан
Пайғамбар ұрпақтарының бірі.
Ноғайлы—Ш.Уәлихановтың пайымдауынша, «Ноғайлы»
дегеніміз—Алтын орданың құрамына енген көшпелі тайпа
лардың өздерін отырықшы қандастарынан даралау үшін қол
данған этнонимі. Ноғай, қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қара
қалпақ халықтары өздерінің шежірелік аңыздарында түпкі
тегін Ноғайлыдан таратады.
Нұралы хан (1748-1786)—билік құрған. Әбілқайыр хан
өлген соң, 1748 жылы Кіші жүздегі хандық таққа оның ұлы
Нұралы отырды. Бұл шешімді Ресей патшайымы Елизавета
Петровна бекітті. Нұралы патшалық билік тарапынан бекітіл
ген бірінші қазақ ханы еді. Патша үкіметі бұл әрекеті арқылы
ендігі уақытта қазақ жұрты хан ретінде мойындаған сұлтанды
хандық дәрежеге бекіту немесе бекітпеу өз еркінде екендігін
білдіруі еді. Бұл қазақ халқының дербес мемлекеттігін жоюға
бағытталған алғашқы қадам, сондай-ақ «Патшалық ішінде
патшалықтың болуы мүмкін емес!» деген стратегиялық бағыт
көрінісі болатын.
Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран
Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх пай
ғамбар мен оның әулеттеріне арналған.
Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су
оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін
топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен
алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адам
дар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі ке
меге мінгізеді. Осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман
қалып, өмір қайта жалғасады.
Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауы
мына басшылық жасаған екінші әділетті халифа, исламның
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар хазі
рет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты
одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде
таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет басшы болған он жыл
ішінде ислам діні Ирак, Сирия, Египет және Ливия жерлеріне
орнықты.
Омар халифа тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге
негізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық
жүйесі құрылды.
Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін кү
шейту мақсатында өзінің халифа лауазымына «Әмір әл-муми
нин» дәрежесін қосты.
638 жылы хазірет Омардың сахабалары Иерусалимді тізе
бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының орнына намаз
оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифы Әбд әл-Мәлік
хазірет Омар намаз оқыған жерге «Куббат ас-сахара» деп атала
тын күмбез тұрғызды.
Орақ-Мамай—ХVІ ғасырдағы көбінесе есімдері қатар ата
лып отыратын эпикалық кейіпкерлер. Халық аузындағы
шежірелік мәліметтер бойынша Мұсадан Алшағыр, одан—
Орақ пен Мамай туған делінеді. Екеуі де көшпелі ноғай-қазақ
ұлыстарының туын көтеріп, ел намысын жыртқан, ер жүрек
батырлар кейпінде ел есінде қалған.
Оспан—араб-мұсылман тарихындағы үшінші әділетті ха
лифа. Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған алғаш
қы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген
үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі
Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың
екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар
Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті
атақ берген.
Ражим—«таспен атқыланған» (күнәлі немесе ақжолдан
тайған)—Құранда жиі кездесетін Ібіліске байланысты қолда
нылатын эпитет.
Рүстем—Ежелгі Иран аңыздарының әйгілі батыры, «Шаһ-
наме» эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс халықтарында
қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеру
салим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір
күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей
қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,
дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануар,
құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Сырым Датұлы (1712-1802)—Ресей патшасының отарлау
саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің
көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі—
Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің
асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып,
әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
Хадиша—Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелі. Хазірет
Хадиша ана Мекке маңындағы христиан әулетінде дүниеге
келген. Әкесі Хууайлид секілді жастайынан саудагерлікпен
шұғылданып, араб қалаларының көбінде болады. 595 жылы
Мұхаммед пайғамбарға тұрмысқа шығады. Бұл кезде ол қырық
жаста екен. Хадиша мен Пайғамбардың некесін қиғандардың
бірі—оның немере ағасы Уарақа ибн Нәупіл. Хазірет Хадиша
ның бұрынғы күйеуінен екі ұл, бір қызы бар еді. Соған қарамас
тан, Мұхаммед пен Хадишаның арасындағы жарасты махаб
батты жұрт аңыз қып айтады. Хадиша Мұхаммедті қоршаған
адамдардың ортасында бірінші болып оның пайғамбарлығына
сеніп, жаңа дін—ислам жолындағы күрестің өте-мөте қиын
алғашқы кезеңінен бастап-ақ, Мұхаммедті қолдауға күш-
жігерін де, қаражатын да аяған жоқ. Мұхаммед те Хадишаны
қатты сыйлап, зор құрмет тұтты. Хадишамен бірге өткізген
жиырма бес жыл ғұмырында басқа бірде-бір әйелге үйленбеуі
осы сыйластықтың белгісі болса керек.
Хазірет Мұхаммедпен некелескеннен кейін Хадиша ана
тағы да екі ұл, төрт қыз табады. Екі жасында қайтыс болған
үлкен ұлының есімі Қасым еді. Ежелгі араб дәстүрі бойын
ша, Мұхаммед Әбул-Қасым (Қасымның әкесі) деген құрметті
атқа ие болды. Екінші ұлы Абдаллах та сәби кезінде дүниеден
қайтты. Ал Зейнеп, Ұрқия, Үммігүлсім және Фатима деген төрт
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР қызының тек соңғысы ғана оның ұрпағын жалғастырушы бол ды. Фатима (635 жылы қайтыс болған)—Мұхаммед пайғам бардың қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі, Хасен мен Хұсайынның анасы, мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын тұлға. Пайғамбар қаза болғанда қасында болып, әкесін арулап көмген, аза тұтқан адал перзенті де осы Фатима хазірет. Бұл кісі тек халал жар, Расул Алланың қызы ретінде ғана емес, Әли қайтыс болғаннан кейін мұсылмандардың басын қосуға, шари ғат істерін одан әрі дамытуға біраз еңбек сіңірген дін қайраткері. Фатимаға табыну, шамасы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарайтын әл-фатимийун әулиетінің ықпалы күшеюіне байланысты туып, қалыптасса керек. Фатима—шииттердің діни хикаяларының ең басты қаһармандарының бірі. Көптеген мұсылман елдерінде алақанды белгілейтін ежелгі нысана «Фатиманың қолы» деген атақ алған. Оның небір үмітсіз ауруларға да ем қондырып, дәру дарытатын қасиеті бар деп саналған. Қазақ әйелдері басқа мұсылман қыздары секілді Фатима ны өздеріне қамқоршы—пір, қолдаушы—қыдыр деп санаған. Көбінесе, оны Бибі Фатима (Бибі Бәтима) деп атайды. Хасан, Хасен—Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған Әли ибн Әбу Тәлибтің баласы, шииттердің екінші имамы. Әли 661 жылы қаза тапқаннан кейін Хасен Иракта халифа бо лып жарияланды. Әкесімен бірге, басқа бауырлары секілді ол да ислам болашағының беріктігі үшін күрескен тарихи тұлға. Ислам елдері, әсіресе шииттер аса қадірлейтін дін қайраткері. Олар Хұсайын сияқты Хасенді де «ұлы азап шегуші» деп сана ды. Хасен ибн Әли 669 жылы Мәдинеде қайтыс болды. Кейбір аңыз-деректерге қарағанда, оған қарсыласы халифа Мағауия адамдары қастандық жасап, у берген. Хатымтай—ғалымдардың пікірі бойынша, Хатымтай ислам дініне дейінгі дәуірде бесінші ғасырдың аяғы—алтын шы ғасырдың басында өмір сүрген батыр, өте бай әрі мырза, жомарттылығымен даңқы шыққан ақын болған-мыс. Араб тардың Тай руынан шыққан Хатымтай жомарт бейнесін да лалықтар рухани жақын көріп жылы қабылдады. Нәтижесінде ол халқымыздың сүйікті кейіпкерінің бірі әрі жомарттық пен қонақжайлылықтың символына айналды. Оны қазақтар Атым тай, Әтімтай деп атап кеткен.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР Хұсайын—Мұхаммедтің қызы Фатимадан туған Әли ибн Әбу Тәлибтің кіші баласы, шииттердің үшінші имамы. Діни әңгімелерде Хұсайынның есімі Хасенмен бірге аталады. 669 жылы Хасен өлгеннен кейін Әли ұрпақтарына басшылық етеді. Алайда 680 жылы халифа Мағауия қайтыс болғаннан соң Иракта үмийалықтарға қарсылық күшейеді. Осы кезде куфа лық халифа Йазидтың белсенділігі де арта түсті. Оның адам дары Хұсайынның немере інісі Мүслімді дарға асып өлтіреді. Куфаға келе жатқан Хұсайын қайғылы хабарды естісе де, сапа рын жалғастыра береді. Оның Кербала шөлінде ат суытқанын білген Йазид Хұсайынға қарсы төрт мың әскерін қарсы аттанды рады. 680 жылдың 10-қазанында күші басым жаумен ерлікпен айқасқан Хұсайын жолдастарымен бірге ұрыс даласында шейіт болады. Имам Хұсайын қайтыс болғаннан кейін Кербала шииттер та бынатын қасиетті орынға айналады. Ал оның өлген күнін бар ша шиит қауымы аза тұтып, құрметпен еске алады. Шаһариарлар—[шаһар /п/—төрт, йар /т/—жар, серік]— тарихта «ал-хулафа ар-рашидун» деген атпен белгілі, араб мемлекетін бірінен соң бірі кезекпен билеген төрт әділетті халифа—Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли. Олар Мұхаммед пайғамбар уағыздаған жалғыз құдайлық дінді ең бірінші болып қабылдап, оның ең жақын, шын берілген сенімді серігі, жолдасы болды және ислам дінін тарату, нығайту ісін ары қарай жалғастырды. Шұғайыб—алдымен асхаб әл-айка («тоғай адамдары»), кейін аһл Мадйан («Мадйан тұрғындары») деп аталған өз тай паластарына Алла жіберген пайғамбар. Құранда баяндалған дай, ол халықты тек Аллаға ғана сиынуға, өлшеу мен таразыға тарту кезінде дәлдікті сақтауға, сауда жасау кезінде адамдар ды алдамауға, жер бетінде сапар шеге жүріп, имансыздықты таратпауға үндейді; Шұғайыб адамдарды бұрынғы Нұх, Хұд, Салих, Лут пайғамбарларға сенбегендердің содан кейін гі тағдырларын еске алуға шақырады. Шұғайыбқа Ма дйан тұрғындарының шағын бөлігі ғана иланады, көпшілік халық оны нақұрыс, көзбояушы және өтірікші деп есептеді. Шұғайыбтың шыққан тегінің нашарлығын бетіне басып, оған тас атып, қуып шығамыз деп қорқытады. Оған еріп, Аллаға
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
сенгендердің ежелгі дініне қайта оралуын талап етеді. Ал
Аллаға сенгендер болса, бұл талапты орындаудан бас тартып,
Алладан өздерін имансыздардан арашалауды сұрайды. Іле-
шала қатаң жаза жетеді—«зар еңіреу», «астаң-кестең дүние».
Шұғайыбқа сенбегендердің бәрі қаза табады, «олар таңертең өз
баспаналарының ішінде өліп жатады».
Ыбраһым—пайғамбар, Құран кейіпкері, Құдай жолын
алғаш уағыздаушы, арабтар мен еврейлердің ортақ атасы,
Інжілдегі Авраам. Ең көп тараған аты—халил Алла (Алланың
досы). Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен әкесі Азар
табынған пұтқа сенудің мағынасыздығын түсінеді. Ыбраһым
әуелі күнге, айға, жұлдызға сенеді, содан соң бір Аллаға деген
сезімі оянады. Ыбраһым өзінің сезімін әкесіне және халқына
түсіндіре алмайды; сонан соң қасиетті орындарға кіріп, бірне
ше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең басты пұт жа
сады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің
жалғандығынан деп түсіндіреді, бірақ оның уағызын олар
түсінбейді. Ыбраһымды патшаларына алып барады, ол оны
өртеп жіберуге бұйырады. Алайда Алла Тағала өзінің пайғам
барын оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып, Палестинаға
апарып орналастырады. Бірде Ыбраһымға Лұт орныққан қала
ның опасыз тұрғындарын жазалауға бара жатқан періштелер
келеді. Олар Ыбраһымға өзінің және әйелінің қартайғанына
қарамастан, ұлды болатынын болжайды… Ол бала болашақ
Ысқақ пайғамбар еді.
Ыбраһым өзінің ұлы Ысмайылмен бірге Меккедегі Қағбаны
салады. Бірде оған түсінде Алла Тағала өз ұлын құрбандыққа
шалу жөнінде аян береді. Ыбраһым да, ұлы да бұған әзір еді,
бірақ Алла олардың сыннан өткендерін ескеріп, құрбандыққа
шалу үшін көк қошқар береді. Ыбраһым Алладан өлімге жан
бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Сонда оған төрт құстың
қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Алла Тағала
шақырғанда әлгі төрт құсқа жан бітіп, ұшып келеді.
Алла Тағала Ыбраһымды әр кез жебеп-желеп отырады, оған
бірнеше пайғамбар шыққан ұрпақ сыйлайды.
Ыбраһым есімімен Қағбаға тәжім ету ғана емес, қажылық
тың барлық рәсімі байланысты.
Ыдырыс—Құран Кәрімде аты аталған пайғамбарлардың
бірі. Ол туралы «Мәриям» сүресінде (56-аят) және «Әнбие»
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
сүресінде (85-аят) екі мәрте сөз болған. XІV ғасырда дүниеге
келген Бурханаддин Рағбузидің «Қиссаул әнбиесінде» Ыдырыс
пайғамбар жайында қызықты хикаялар берілген. Сондай-ақ
пайғамбарлар өмірі туралы көптеген діни кітаптарда ол туралы
мәліметтер айтылады.
Ысқақ—Құран кейіпкері, пайғамбар, Ыбраһымның бала
сы, Інжілдегі Исаак. Құранда Ыбраһымға Алланың рақымы
түсіп, қартайған шағында оның дінге берік, кіршіксіз өмірі
үшін ұл сыйлағандығы айтылады. Ұлының дүниеге келетінін
қарапайым жолаушылар болып келіп, оның қонақжай дастар
ханынан дәм татқан періштелер хабарлайды. Ол бала болашақ
Ысқақ пайғамбар еді.
Ысмайыл—Құран кейіпкері, пайғамбар, Ыбраһымның ба
ласы, Інжілдегі Исмаил. Ол Алланың әмірімен әкесі Ыбраһым
екеуі тасқын қиратқан Қағбаны қалпына келтіреді.
Аңыздарда Ысмайылды Ыбраһымның күңі Ажардан туған
үлкен ұлы екендігі жайлы айтылады. Әйелі Сараның қызған
шақтығы мен қастандығынан сескенген Ыбраһым Ажар мен
Ысмайылды Арабияға әкетуге мәжбүр болады және оларды су
сыз далаға тастап кетеді. Бала қатты шөліркеген соң шешесі ас-
Сафа мен әл-Маруа биігінің төбесіне шығады, сонда оған алыстан
құдықты, көгалды жер сағым боп көрінеді. Оларға Жәбірейіл
көмекке келеді. Соның әмірімен Ысмайылдың өкшесі тиген
жерден қасиетті Зәмзәм бұлағы атқылайды.
Ысрапыл—діни аңыздар бойынша, қиямет күнін хабар
лаушы періште. Ол Иерусалим тауында тұрып, қиямет күнінің
келгенін сырнай (соры) арқылы жеткізеді. Ысрапылдың негізгі
қызметі—Алланың талаптарын, әмірлерін басқа періштелерге
хабарлау.
Ібіліс—діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Алланың
ақ жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын перінің есімі.
Ібілісті басқаша—шайтан, «Алланың жауы» немесе жай ғана
«дұшпан» деп атайды.
Құран Кәрім бойынша, Ібіліс Алланың тілін алмаған, Адам
атаның алдында тізе бүгуден бас тартып, «мен одан артықпын;
сен мені оттан, оны топырақтан жаратқансың» деп қарсы
шыққан. Міне, осы әрекеті үшін ол көктен қуылып, тозақ оты
на түсуге ұйғарылды. Алайда Ібіліс Алладан жазасын қиямет
қайымға дейін кешіктіруін жалбарынып сұрады және ол өзіне
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
іштей Аллаға жерде қастық істеуге және адамдарды теріс жолға
азғыруға уәде берді.
Ілияс (Илияс, Илья)—көне иудей, христиан аңыздарында
Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей
құдайларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда
Ілияс пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын.
Түркі халықтарында Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен бай
ланыстырылып, «Қыдыр-Ілияс» деп те атала береді. Кейде
оны «Қызыр» деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі
жиі ұшырасады. Әдетте, ол адамдарға Қызыр [Қыдыр] әулие
(ақсақал) түрінде көрініп, әр түрлі қиындықтардан қорғайды.
Кейде Ілиястың жанында «шілтендері», яғни қырық көмекшісі
еріп жүреді. Олар ғайыптан пайда болып, фольклорлық шы
ғарманың басты кейіпкеріне (әсіресе батырлық жырлар мен
ертегілерде) қол ұшын береді.
Қазақтар «Қыдыр дарып, бақ қонсын» деп баталасады.
«Қырықтың бірі—Қыдыр» деген мақал да бар.
Аза тұту—Дүниеден озған адамның артындағылардың бір
жыл ішінде атқаруы тиіс ғұрыптық рәсімдер жүйесі
Азан /а/—намаз уақытының болғандығын хабарлау
Акбар /а/—ұлы, мәртебелі
Ақ, Хақ /а/—шын, шындық, күмәнсіз ақиқат; нағыз; Алла
Тағаланың 99 есімінің бірі
Ақалақшы—болыс деңгейіндегі мансап аты
Ақым—қабірдің батыс жағынан кеулеп қазылған қуыс
Ақыр /а/—соңғы; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Ақырет, ахират, ахирет /а/—ақырет күні. Мұсылман
дардың ұғымы бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан
өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатын
дығы анық сезіледі. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына
жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың
жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн;
о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы.
Амат—ғажайып, таңғажайып; керемет; пәле
Аруланған жер—ең көне замандардағы марқұм мүрдесінің
тылсыммен байланысы туралы ұғымдардан туып, бүкіл ғұрып
бойындағы сақтану, тазарту шараларының атқарылуына не
гіз болатын бұл түсінік ғұрыптың жерлеу, жөнелту, азалау
рәсімдерінің өн бойында сақталады. Мысалы: мүрдені көму
жүріп жатқанда бұрын өлік шыққан үй дереу басқа жер
ге ауыстырылып, марқұм мүрдесі жуылған жерге от қойып,
тазаланған. Ол жерді қазып, үстіне топырақ үйіп, адамның,
малдың баспауы қадағаланған, егер басса, ауруға шалдығады
деп ұққан. Мұндай жер «арулаған жер» деп аталған.
СӨЗДІК
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Ат қою—сапарда жүріп қаза болған азаматтың өлімін ес
тіртудің көне түрі
Атау кере—марқұмның бақиға аттанар алдындағы ішетін
ең соңғы асы
Аузу бисмилла/а/—Алланың атымен сақтанамын
Ахад /а/—жалғыз; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Аһи /а/—ағам
Аят /а/—белгі, ғажайып, өлең; Құран сүрелерінің ең ша
ғын бөлігі
Әлхамду /а/—(Аллаға) мадақ
Әлхамдулла, әлхамдулилла /а/—Даңқтың бәрі Аллаға! Бұл
сөз тіркесі «Аллаға шүкір» деген мағынада да қолданылады
Әнбия /а/—пайғамбарлар [нәби сөзінің көпше түрі]
Әуел /а/—алғашқы; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Әулие /а/—қамқоршы, уәли сөзінің көпше түрі
Бақи—мәңгі; о дүние
Бәдия /а/—жаңа, жас, сирек
Бисмилла, бисмиллаһи/а/—Алланың атымен. Мұсылман
дар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды
Бихамдулла/а/—Аллаға шүкір! Алланың көмегімен
Гүрзі, күрзі/п/—шоқпар
Ғайып ерен қырық шілтен—[шілтен /п/—қырық дене]—
мұсылмандарды жебеп, қолдап жүретін көзге көрінбейтін кие
лі бейне. Кейбір аңыздар бойынша, ғайыптан пайда болатын
шілтендер құс бейнесінде көрінуі де мүмкін. Олар әдетте алыс
сапарда жүрген, арып-ашып жолынан адасқан жолаушыларға
жәрдемдеседі.
Ғұсыл ету/а/—жуу, жуыну, суға түсу
Дарулбақи /а/—о дүние
Дәпін, дәфін /п/—жерлеу
Дубан /қыт./—әскери-әкімшілік шен
Екінті—намаз уақыты, намаздыгер, түс ауған уақыт
Естірту—қазаға қатысты міндетті жөн-жора
Жад ету, жад қылу /п/—жадына алу, еске түсіру
Жаназа—жаназаға жиналған жұрттың ішінен 5-7 атаның
ұрпағынан бір-бір адамның сүйекке түсуі келісіледі, я ол жай
лы марқұмның өзі өсиет етеді. Жуындырып болған соң мұ
сылмандық салт бойынша жаназа шығарылады. Бұл рәсім
нің фидия кейде «даур», «искат» деп аталатын міндетті бөлігі
26-0110
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
мұсылмандық деп саналғанымен, оның негізі исламнан ерте
дәуірдегі көшіру ғұрпынан бастау алады. Себебі, Құранда
біреудің күнәсін біреуге аудару жоқ, әркім тіршілігіндегі өз іс-
әрекетіне сай Алла алдында өзі жауап беруі тиіс.
Жаппар, Жағыпар /а/—құдіретті; Алла Тағаланың 99 есі
мінің бірі
Жаһаннам /а/—дүние салғаннан кейін күнәға батқандар
баратын жер. Жаһаннамға түскен күнәһарлар отқа жанады.
Олар Заққұм ағашының улы жемісін қорек етеді. Жаһаннамды
күзететін періштелердің басшысы—Мәлік. Аллаға сенімсіздік
білдіріп, оған құлшылық етпегендер жаһаннам отында мәңгі
жанады.
Жиһад /а/—тырысу, бір нәрсеге қол жеткізерде барлық
күш пен мүмкіндікті жұмсау; кең мағынада жиһад дегені
міз—адамның өзінің нәпсісімен күресуі [өзінің жаман міне
зін жоюы], басқа дінді уағыздаушылардың қысымына қарсы
тұруы; ислам дінінің салтанат құруы үшін мұсылманның бар
күш-жігерін, мүмкіндіктерін, тіпті қажет болған жағдайда
өмірін де қию қажеттілігі—мұсылман қауымының басты
міндеттерінің бірі. Орта ғасырлардан бері «дінсіздерге» қарсы
қарулы күрес жүргізуге байланысты бұл терминнің мағынасы
кеңейтіліп, «қасиетті соғыс» деген түсінік беріп келеді. Демек,
жиһад ұғымының ауқымы кең.
Жұда—құр алақан, жұрдай, мақұрым
Жұма/а/—мұсылмандардың ұғымы бойынша, күндердің
ішіндегі ең ұлық күн. Бұл күні Адам ата жаралған, Құран
түскен т.б.; мұсылмандардың демалыс күні. Бұл күні барлық
мұсылмандар жұма намазы мен хұтпа тыңдау үшін мешітке
жиналуы тиіс.
Жұнут /а/—әскер
Жұныб—намазға тұрар алдында ғұсыл құюы тиіс адам
Жүмілә—барлық ел, біртұтас халық
Зағыпыран—сары түсті гүл; мәтіндерде ауыспалы мағына
да қолданылған: сарғайып зағыпырандай
Зақұм—тозақ ағашы
Зәңгі—лауазым аты (жүз басы)
Зекет /а/—мұсылманның бес парызының бірі; нысапқа
жеткен бір жылдық мал-мүлкінің қырықтан бірін беру
Зиярат /а/—көрісу, сәлем беру, қол беру; құлшылық
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Зуфунун /а/—өнерлі Зұлжалал /а/—жоғары мәртебелі; Алла Тағаланың 99 есі мінің бірі Зұлмат /а/—қараңғылық, қара түнек; зобалаң Зұлпықар /а/—сермегенде жетпіс құлаш жерге жетеді деп суреттелетін Әлидің қылышы Зікір /а/—белгі; уағыз, насихат; көбінесе Алла Тағаланы ес ке алып, жалбарыну мағынасында қолданылады. Зікір жүрек [көңіл], сөз және дене қимылы арқылы, яғни үш түрлі жолмен орындалады. Ислам дінінің бес парызының бірі, діни наным; адам бойына тән ізгілік, адамгершілік; белгілі бір іс-әрекетпен байланысты серт, уәде, үміт. Ибадат /а/—құлшылық ету Имам /а/—діни жетекші, мұсылман қауымының басшы сы; мешітті басқаратын және намаз оқығанда алда тұратын дін басшысы; мәтінде бұл діни лауазым Мұхаммед-Ханафияның есіміне айналып кеткен. Ирамбағы, Ерамбағы, Ирамбақ, бағы Ирам—Шығыс халықтарының әдебиеті мен фольклорында кереметтей, ғажайып бақтың бейнесін осы атаумен беру қалыптасқан. Аңыз бойынша, Ирамбақ—оңтүстік Арабия әмірі Шаддадтың жер үстінде жұмақ орнату райынан туған мәуелі бақ. Ихсан /а/—қайырымды, жақсы Йасин—Құран Кәрімнің 36-сүресі. Бұл қасиеті зор сүрені ауру-сырқау, бәле-жаладан қорғану үшін, сондай-ақ жан тапсырғалы жатқан мұсылманның иманын үйіргенде оқиды. Пайғамбар бұл сүрені «Құранның жүрегі» деп санаған. Кәлам Алла /а/—Алланың сөзі Кәлам, кәлима /а/—сөз; әңгіме, гәп; тілін кәлимаға кел тірді, яғни кәлима шаһадатты айтты Кәлима таухид /а/—[Кәлима /а/—сөз; таухид /а/—Алла Тағаланың бар екенін, ол бүкіл әлемнің жаратушысы әрі бір екенін, яғни Алла Тағала Бар уа /және/ Бір екенін білу, оған берік сену] Алланың барлығын, бірлігін білдіретін сөз, түсінік. Кәлима шаhадат /а/—куәлік сөз; Алла Тағала мен оның елшісі Мұхаммедке сенім, иман білдіретін шарт Кәрім /а/—жомарт, игі, шарапатты; Алла Тағаланың 99 есі мінің бірі
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Кебін—ежелден күні бүгінге дейін қатаң сақталатын
міндетті рәсім тазарту шараларына байланысты. Алдымен
марқұмды жуындырады да, мүрдені үш рет аударып, тазалап
жуып, кебіндейді. Кебіннің етек-жеңі, жағасы болмайды, ол
қиылмайды, тігілмейді, тек оралады. Ер адамның кебіні оң
нан- солға, ал әйелдікі солдан оңға қарай оралады. Кебінделу—
адамның бұл дүниеден қол үзуінің басты белгісі.
Көңіл айту—азалау ғұрпындағы міндетті жөн-жора
Көр—мазар, қабір атауы
Күзет—марқұмды жерлеуге дейінгі атқарылатын міндетті
рәсім
Күпір /а/—сенбеу, исламды мойындамау немесе оның қағи
даларынан алыстау
Күрсі /а/—орын, орындық, тақ
Қажылық /а/—ислам дінінің бесінші шарты. Меккеге
тәуап етуге бару—әр мұсылманның басты міндеттерінің бірі.
Қажылық зұлхиджа айының алғашқы он күнінде өтеді. Ал
ғашқы күні Қағбаны жеті рет айналып өтіп, тасқа маңдай
тигізіп, сүйіп, Зәмзәм суын татады. Одан соң Сафа мен Маруа
төбелерінің арасында бірнеше рет жүгіреді де, Арафат тауы
на барып, намаз оқиды. Ол жерден Мұздалифа тауына барып,
арнайы айтылатын діни уағыз тыңдайды. Содан кейін Мина
аңғарына барып, онда Ібілісті қуу үшін үш рет жеті тастан
лақтырады. Құрбан шалынады. Бұл күн Құрбан айт мейрамы
на сәйкес келеді. Қажылыққа барған адам ақ матадан арнайы
тігілген киім—ихрамды киеді.
Қармал—өсімдік аты
Қираат /а/—оқу; Құранды мәнерлеп, әуенімен оқу
Қиямет күні—ақырет күні
Құбыла /а/—мұсылмандардың намаз оқығанда бет бұратын
жағы. Алғашында Мұхаммед пен оның серіктері беттерін
шығысқа, Иерусалимге қарай бұратын; кейіннен хижраның
екінші жылы қасиетті Қағбаны белгілейді.
Құдыс /а/—қасиетті, әулие; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Құдірет /а/—керемет күш, ғажайып қасиет; Алла Таға
ланың 99 есімінің бірі
Құран /а/—мұсылмандардың ұғымы бойынша, Алла Таға
ланың сөзі жазылған, ислам дінінің негізгі ереже, уағыздары
толық көрініс тапқан ең басты қасиетті кітап.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Қылкөпір—көне заманғы марқұмның басқа дүниеге сапа ры мұсылмандық ұғымдағы жұмаққа жетудің өткелі ретінде көрінеді. Жұмаққа баратын жол қылкөпір арқылы өтеді. Ол «қылдан да жіңішке, қылыштан өткір көпір түрінде сипатта лады. Барлық адам одан өтеді, ол әркімнің тіршіліктегі әреке тіне қарай не кеңейеді, не тарылады. Лақат—сары топырақты жерде төрт бұрышты кіндіктен жоғары тереңдікте қазылып, оның құбыла жағынан мәйітке арналған орын жасалатын қабір. Сол орынды «лақат» деп атай ды. Лаух /а/—тақта Лаухул Махфуз, Лаухул Қалам—[лаух /а/—тақта; мах фуз /а/—сақталған, жадында ұсталған]—сақтаулы тақта. Ді ни ұғым бойынша, әр адамның тағдыры күні бұрын жазылып қояды. Сол жазу тақтасы Лаухул Махфуз, Лаухул Қалам деп аталады. Лә иләhа илла Алла /а/—Алладан басқа Құдай жоқ. Ислам ның бірінші парызы, яғни Алланың бар екендігіне, жалғыз дығына сенім білдіру Ләйлу /а/—түн Майазат /а/—1. Шыбын-шіркей, құмырсқа; 2. Шектен тыс кету Мампаң /мәнжу/—мансап атауы Махфуз /а/—сақталған, жадында ұсталған; тағдыр, пе шене; Құран Кәрім бойынша, адамдардың тағдыры жазылып тұрған орын; Лаухул Махфуз [лаух /а/—тақта]—Құранның 85—«Буруж» сүресінің 22-аятында көрсетілгендей, Жерде болған және болашақта болатындардың бәрі жазылған, барлық қасиетті кітаптардың түп негізін сақтаған жазба, тақта Маулым /а/—белгілі, ақиқат, анық Махшар /а/—діни ұғым бойынша, дүние салған адамның күнәсі тексерілетін кезең; ақырет Машайық /а/—[шайхы деген сөздің көпше түрі]—ақса қалдар; қариялар; ғалымдар; тайпаның, рудың ақсақалы, кө семі; діни көсем Мәңкүр, Нүңкүр—о дүниеде, қабір ішінде адамнан сұрақжауап алатын періштелер Мехнат /п/—қиыншылық, азап
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР Мұқарраб /а/—жақын. Аллаға жақын төрт періште—Жә бірейіл, Әзірейіл, Мекайыл, Ысрапыл Мұқым /д/—бәрі, күллі Мұнафиқ /а/—екі жүзді; алғашында ислам дінін қабыл дап, Мұхаммедті Алланың елшісі деп мойындаған, кейін оның ықпалының күшейгенінен қауіптеніп, қастандық жасаған Мек ке тұрғындарының бір бөлігі Мұхтар /а/—елеулі, қалаулы; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Мінәжат /а/—құлшылық ету Намаз /п/—(арабша ас-салат)—ислам дінінің екінші шар ты. Әр мұсылман тәулігіне бес рет намаз оқуға міндетті: та ңертең (памдат намазы), сәске түсте (бесін намазы), күн бату ға жақындаған кезеңде (екінді намазы), күн батқанда (ақшам намазы), ұйқыға жатар алдында (құтпан намазы). Намазды ер бала 9 жастан, қыз бала 12 жастан оқуы тиіс. Намазды кез кел ген жерде оқуға болғанымен, оны оқыр алдында міндетті түрде дәрет алу қажет. Мұсылман Алланың алдында бас иіп, тағзым етеді. Намаз кезінде Алланы дәріптеу аяттары және Алла мен оның елшісі Мұхаммедке сенім білдіру сөзі, Құраннан сүрелер айтылады. Нығмет /а/—ырыс, игілік; шапағат; Құран Кәрімде баян далатын жаннаттың бірі Ніл—Африкадағы ірі өзен Оң жақ—марқұмның жерленгенге дейінгі жатқызылатын киелі кеңістік Ораза /п/—мұсылманның үшінші парызы. Ораза ұстағанда мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ жеуден, сусын ішуден, жұбайымен жақындасудан бойын аулақ салады. Кез келген дені сау, балиғатқа жеткен мұсылман рамазан айын да ораза ұстайды. Ораза адамды сабырлыққа, шыдамдылыққа үйретеді. Пәруана /п/—түнде ұшатын жынды көбелек. Ауыспалы мағынасы: біреудің жолына құрбан болу, садаға болу, жанын үзу Перғауын—көне дәуірдегі Мысыр патшаларының атағы, титулы. Олар елді басқарумен қатар Тәңірі қызметін де атқар ған. Өздерін Құдаймыз деп, халыққа өздеріне табынуды талап еткен.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Пырақ /а/—жарқыраған; найзағайдай жүйрік ат, сәйгүлік
Пітір/а/—ораза уақытында берілетін қайыр
Раббы /а/—жаратушы, тақсыр; ие, еге, қожа, патша;
Алла Тағаланың 99 есімінің бірі. Мағынасы: жоқтан бар етіп,
толықтырып асыраушы, тәрбиеші, бүкіл әлемнің қожасы, пат
шасы
Рамазан айы—адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қа
раны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран
түсіріле бастаған ай. Құран Кәрімнің, «әл-Бақара» сүресінің
185-аятында рамазан айы туралы былай делінген: «Рамазан
айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен
қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден
кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не са
парда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла сендерге
оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды».
Расул /а/—елші; негізінен Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға
байланысты айтылады
Раушан /п/—анық, ашық
Рахим, Рахима /а/—ерекше мейірімді; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі
Рахман /а/—аса қамқор; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Рахматулил ғаламин /а/—әлемге [жіберілген] мейірім,
рақым
Рұм, Үрім—шығыс халықтары орта ғасырларда Византия
ны осылай атаған. Көптеген шығыс халықтарының әдеби-
фольклорлық туындыларында Рұм өте алыс, ғажайып өлкенің
бейнесін елестеткен.
Салауат/а/—дұға; жалбарыну; тілек, өтініш
Сауал—мұсылмандық тұжырым бойынша: барша жанды
жарататын да, өлтіретін де Алла Тағала. Ал қабыр осы дүние
ден ақыретке өтудің өткелі, сынақ дүние мен ақырет арасын
дағы әлем.
Өлген кісіге алғашқы сауал қабырда қойылып: «Құдайың
кім? Пайғамбарың кім? Дінің не?»—адамның қабірі көз же
терліктей дәрежеде кеңіп, марқұм болашақта жұмаққа бара
тын жолға бағыт алады. Сонымен бірге жауап бере алмағандар
үшін тозақ отының азапты шарпуы да осы кезден бастап се
зіледі.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
Өлік қойылған түнде үзбей Құран сүрелерін оқудың негізгі
мақсаты да—осы сұрақ алынып жатқанда марқұмға демеу
көрсету, күнәсін кешуге тілек тілеп, жаратушыға жалбарыну.
Сахаба/а/—жолдас, серік, жақтаушы; Мұхаммед пайғам
бар ісін жақтап, ары қарай жалғастырушы
Сәжде /а/—мойынсұну, табыну; Құдайға құлшылық етіп,
намаз оқығанда жерге басын қою
Сәруар /п/—басшы, жетекші
Сират/а /—жол. Құранда «тура жол» мағынасында қырық
шақты рет кездеседі. Тағы бір мәні: о дүниеде адамдарды сы
нақтан өткізетін қылкөпір. Бұл көпірден күнәсі жоқ, таза адам
дар ғана өте алады.
Сұбхан Алла /а/—Аллаға мадақ! (Құран Кәрімде бұл мадақ
93 мәрте кездеседі)
Сүннет /а/—жол, дәстүр
Тағала /а/—бәрінен жоғары, ең жоғары мәртебелі; Алла
ның 99 есімінің бірі
Тауфиқ /а/—мойынсұну; жәрдем, келісім, көмек; табыс,
бақыт
Таһарат /а/—дәрет алу, тазалану. Құран Кәрімді оқырда,
намазға жығылар алдында жасалынатын бірден-бір шарт—
тазалану, яғни дәрет алу. Сумен үсті-басты, денені ғана жуып
қоймай, рухани ойды тазалау. Әдеппен, толық құрметпен
аңсарыңды тазалыққа аудару, яғни Алланы ойлау. Біле тұра
немесе білместікпен істелінген күнәларың үшін Алладан кеші
рім сұрау, шапағат тілеу
Тәкбир /а/—Аллаға мадақ айту
Тәлей /ж/—тағдыр, бақыт
Тәпсір /а/—түсінік
Тәсбі, тәсбих /а/—33 моншақ тастан тұратын тізбек.
Тәсбі тарту—моншақ тастарды тере отырып 34 рет «Аллаһу
акбар», 33 рет «Сұбхан Алла», 33 рет «Әлхамдулилла» деп
Алла Тағаланы мадақтап сиыну. Бұл ерекше көркем сөздерді
Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) қызы Фатима анамызға
үйреткен; кейіннен мұсылман әлемінде нұр сәулелі Фатиманың
тәсбісі деп аталып, әр намаз сайын айтылатын болған.
Тыйым—көне таным-түсініктермен тамырлас ұғымдар жи
ынтығы
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Тұл—өлген адамның мінген атының құйрық-жалын кү
зейді. Осыны тұлдау деп атайды
Ұжмақ /а/—жұмақ, пейіш
Үйез /о/—уезд
Үкірдай /мәнжу/—болыс дәрежелі лауазым атауы
Үмбет, үммет /а/—ел, қауым, жамағат, жол; Мұхаммедтің
үмбеттері, мұсылмандар мағынасында қолданылады
Хазірет, әзірет /а/—жоғары мәртебелі. Пайғамбарлардың,
имамдардың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын
құрметті атақ
Халифа /а/—ислам орнағаннан бастап ХІІІ ғасырға дейін
араб елдерінде дін мен үкімет билігін бір қолға ұстаған мем
лекет билеушісі
Харам /а/—шариғат бойынша тыйым салынған, яғни ішіп-
жеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсі
нік 71 жерде қолданылған]; таза емес, заңсыз
Хатым Құран /а/—Құранды бастан-аяқ оқу
Хор, хор қызы—діни наным бойынша, жұмақта болатын
мәңгі жас, өте сұлу қыз
Хүкім, үкім /а/—бұйрық
Һәмма, әмма/п/—бәрі, барлық
Шағи—матаның бір түрі
Шаһадат/а/—куәлік ету, куә болу. Кәлима шаһадат
Алла Тағала мен оның елшісі Мұхаммедке куәлік білдіретін
сөз: «Ашһаду ан лә иләһа илла Алла уа ашһаду әнна Мухам
мадан абдуһу уа расулуһу»—Алладан басқа Құдай жоқ және
Мұхаммед оның құлы мен елшісі екендігіне сенім білдіремін.
Ислам дінін қабылдау үшін кәлима шаһадатты үш рет айту ке
рек.
Шаһид /а/—ислам діні жолында қасиетті соғыстарда қаза
болған адамдарды шаһид, яғни шейіт деп атайды
Шың дубан /қ/—Шың—адам фамилиясы; дубан—ең зор
билеуші деген мағынада
Шілтен—Ғайып Ерен қырық шілтен. Мұсылмандарды же
беп, қолдап жүретін көзге көрінбейтін киелі бейне
Ысқат—Мәйітті қойып келген күні кешкісін құтпан на
маздан соң оқылатын 4 ракат намаз
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Алтай—Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автономия
лы облысына қарасты екі аймақтың бірі, әкімшілік аймақ.
Батысында Қазақстанмен, Солтүстік батысында Ресеймен,
Солтүстік Шығысында Монғолиямен шектеседі.
Арасан—Қытайдағы Бұратала Мұңғол автономиялы облы
сына қарасты аудан.
Барлық—Қытайдағы Тарбағатай аймағындағы Толы ауда
ны мен Шағантоғай ауданына қарасты тау аты.
Ертіс—Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен,
Обь өзенінің солтүстік саласы. Қазақстан жерінде Шығыс
Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Ұзындығы
4248 км, оның 1698 шақырымы Қазақстан жерінде. Бастауын
Алтай сілемдерінен алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі—Қара
Ертіс, көлден төменгісі Ақ ертіс деп аталады.
Жайыр—Қытайдағы Тарбағатай аймағы Толы ауданында
ғы тау аты.
Жаманты—Қытайдағы Іле Қазақ автономиялы облысына
қарасты Тоғызтарау ауданындағы өзен.
Кербала—Ирактағы қала, шииттердің қасиетті жері. Бұл
жерде 680 жылы 10-қазанда үшінші шиит имамы Хұсайын
әскерімен қаза тапқан атақты «Кербала соғысы» болған. Әли
дің ұлы Хұсайынның мазары да осында.
Күнес—Қытайдағы Іле Қазақ автономиялы облысына қа
расты Қазақ ұлты ең көп шоғырланған аудандардың бірі.
Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап
тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан құ
ралған, ал ең биік шыңында жанартау орналасқан. Жер бе
тіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер
сілкінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжүж бен мәжүж де
ген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын та
уды егеу сияқты тістерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы
қалпына қайта келеді, сөйтіп, бұл халықтар жер бетіне шыға
алмайды. Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланысты
көптеген аңыздар бар.
Манас—Қытайдағы Шинжияң ұйғыр автономиялы райо
нына қарасты Түңген автономиялы облысына қарасты аудан.
Мәдине—арабша «қала» деген сөз. Меккеден кейінгі екінші
қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед
пайғамбардың (с.а.с) 622 жылы Меккеден осында қоныс ауда
руына байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың бер
ген атауы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару
жылынан (хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің негізі
қаланғанда Мәдине оның алғашқы астанасы болды.
Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас ме
шіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның
негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел
ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа
құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта
оның есігін соған қаратты (Құбыла). Мұсылмандардың Мекке
ні 630 ж. жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрық
ша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары
дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес
парызының бірі болып саналады.
Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы
Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша атауы.
Нұра—Қарағанды және Ақмола облыстарының жерімен
ағатын өзен.
Нылқы—Қытайдағы Іле Қазақ автономиялы облысына қа
расты Қазақ ұлты шоғырланған аудандардың бірі.
Ніл—Африкадағы ірі өзен.
Пекин, Бейжің (қыт. Солтүстік астана деген сөз)—Қытай
Халық Республикасының астанасы. Юндинхэ өзенінің алабын
да орналасқан.
Рұм, Үрім—шығыс халықтары орта ғасырларда Визан
тияны осылай атаған. Көптеген шығыс халықтарының әдеби-
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
фольклорлық туындыларында Рұм өте алыс, ғажайып өлкенің
бейнесін елестеткен.
Самарқан—ІV ғасырда Марақанда деген атпен белгілі бол
ған, Зеравшан өзенінің аңғарында орналасқан Орта Азиядағы
көне қалалардың бірі. Қазір Өзбекстан Республикасының осы
аттас облыс орталығы.
Санжы—Қытайдағы Шинжияң ұйғыр автономиялы ауда
нына қарасты Түңген автономиялы облысы.
Сауыр—Тарбағатай Жайсан ойпатының оңтүстік шекара
сы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл жермен
Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.
Тарбағатай—Шығыс Қазақстан өңіріндегі тау жотасының
аты. Қытайдағы қазақтар шоғырланып орналасқан екі аймақ
тың бірі—Тарбағатай тауының атымен «Тарбағатай аймағы»
деп аталады.
Текес—Қытайдағы Іле Қазақ автономиялы облысына қарас
ты Қазақ ұлты шоғырланған аудандардың бірі.
Текес өзені—Хан Тәңірінен қытайдағы Текес, Тоғыз тарау
аймағынан өтіп барып Ілеге құятын өзен.
Тианшан—Хан Тәңірі тауының қытайша атауы (Тянь-
Шань).
Ұлан—моңғол жеріндегі қыстақ атауы (бұл арада қызыл де
ген мәнге ие).
Үрімжі—Қытайдың Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауда
нының орталығы, оның саяси, экономика, мәдениет ордасы.
Үрімжі Азия-Еуропа құрлығының кіндігіне, Тянь-Шань
таулары орта бөлігінің солтүстік бөктеріне, Жоңғар ойпаты
ның оңтүстігіне орналасқан. Үрімжінің үш жағын тау қорша
ған, солтүстігі көсілген тұнбалы сектор пішінді жазық, шама
мен теңіз деңгейінен 680-920 м биік. Үрімжі—дүние бойынша
теңізден ең алыс жатқан қала.
Шам—Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ретінде «шә
ріп» сөзі қосылып, көбінесе «Шам шәріп» делінген. (Шәріп
/а/—құрметті, қадірлі, жоғары мәртебелі).
Шапшал—Қытайдағы Іле Қазақ автономиялы облысына
қарасты аудан. Халқының көп бөлігін сібе ұлты құрайды.
Шәуешек (қытайша та чың)—Қытайдағы былғары, ағаш
өңдеу кәсіпорындары бар қала. Тарбағатай аймағының ор
талығы.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Шинжияң—Қытайдағы ірі өлкелердің бірі. Шинжияң ұй
ғыр автономиялы районы деп аталады. Халқының көп бөлігін
ұйғыр ұлты құрайды. Халық саны жиырма миллоннан астам.
Іле—Қазақстан (Алматы обл.) және Қытай (ШҰАР) же
ріндегі өзен. Қытайдағы бір обылыс—Іле қазақ автономиялы
облысы деп аталады.
ТОМҒА ЕНГЕН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДІ
ЖИНАУШЫЛАР, АЙТУШЫ ЖӘНЕ
ЖАРИЯЛАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Әуезов Мұхтар (1897-1961) — ұлы жазушы, қоғам қай
раткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының
академигі.
Байтұрсынов Ахмет (1879-1938) — аса көрнекті ғалым-
лингвист, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудар
машы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының қоғамдық-саяси,
мәдени және әдеби өміріне белсене қатысқан жазушы, педагог,
әрі дарынды публицист.
Ғабдуллин Мәлік ( 1915-1973) — қазақ жазушысы, әдебиет
зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының док
торы, профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі.
Диваев Әбубәкір (1856-1932) — фольклортанушы, этнограф.
Орынбор кадет корпусының Азия бөлімін бітірген. Алғашын
да Түркістан өлкесіне әскери қызметпен келіп, кейін Ташкент
қаласында Әскери-халықтық басқармада қызмет еткен. Диваев
өзбек, тәжік, парсы тілдерін меңгерген. Кадет корпусында оқып
жүріп қазақ тілін үйреніп, қазақ халқының тұрмыс-салты,
әдет-ғұрпына қатысты құнды материалдар, ауыз әдебиеті үлгі
лерін жинаумен шұғылданған.
Құлбергенова
Ақжайық—Түркменстан
Республикасы,
Ташауыз облысы, Көне Үргеніш ауданы, Тельман атында
ғы ұжымшарда 1934 жылы дүниеге келген. Ақжайық Құл
бергенова Кіші Жүздің Адай тайпасынан тарқаған. Бүкіл
Қазақстанға аты танылған ақын Қашаған Күржіманұлының
алтыншы ұрпағы. Ақжайықтың әкесі Құлберген жай шаруа
болғанымен, сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз, домбыраны шебер
тартатын күйші, әнші болыпты.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Құлбергеннің Ақжайықтан бөтен перзенті болмапты. Құл
берген жастайынан сейіскер ат баптаған, құс салып, аң аулаған
кұсбегі, саятшылығымен де танылған азамат болыпты.
Марғұлан Әлкей (1904-1985)—ғұлама ғалым. Павлодар
облысы, Баянауыл ауданында туған. Қазақстан археология
мектебінің негізін қалаушы. Бүкілодақтық географиялық қо
ғамның толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА-ның академигі.
Радлов В. В. (1837-1918)—ірі шығыстанушы, түркі тілдері
мен фольклорының үлкен білгірі. Ұлты—неміс, Германияның
Берлин қаласында дүниеге келген.
Берлин университетін бітіргеннен кейін болашақ ғалым
Ресейге келеді. Ұзамай тіл үйрену мақсатымен Алтай өңіріне
барып, оқытушылық қызмет атқарады. Осы уақыттан (18591871) бастап түркі халықтарының ауыз әдебиетін зерттеумен
белсене шұғылданады. В.В. Радлов әртүрлі ғылыми сипаттағы
экспедицияларға қатысып, фольклорлық үлгілерді ұқыпты
түрде жинап, қағазға түсіреді.
1870 жылдары В.В. Радлов «Түркі тайпалары халық әде
биетінің нұсқалары» деген көптомдық еңбегінің үшінші то
мында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жариялады.
1862 жылы қазақ еліне саяхатқа шығып, оның тілі мен
әдебиетін тұңғыш рет зерттей бастады. Бұл сапарында ғалым
Шығыс Қазақстанды көктей өтіп, Іле аңғарында, Ыстықкөлге
дейінгі жерді аралап, жергілікті халықтың арасынан фольк
лорлық және тілдік материалдар жинайды.
1867 жылы Ресей География қоғамының шешімі бойынша
В.В. Радловқа Сырдария облысының қалаларына шығу жүк
теледі. Сол сапардан ол «Орта Зерешан еңісі» деген ғылыми
очерк жазды. Мұнда географиялық суреттемелермен қоса, Са
марқан, Педжикент шаһарлары және басқа қыстақ, базар, ме
шіт пен мавзолейлер жайында нақтылы деректер келтіреді.
Әсіресе ол қазақ тілі туралы құнды пікірлер айтады.
1869 жылы В.В. Радлов қазақ даласына үшінші рет саяхатқа
шығады. Іле аңғары арқылы Қытай шекарасына дейін барлық
дүнгендер көтерілісінен мәліметтер жинайды.
Саттаров Қыдырәлі (1941-2011)—ғалым, филология ғы
лымының докторы (1992). 1960-1963 жылдары Кеңес Армия
сы қатарында болған. 1963 жылы Ташкенттегі мемлекеттік
педагогикалық институтты бітірген (1967). 1967-1992 жыл
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
дары сол институтта аға окытушы болып жұмыс істеген. 1993-
1995 жылдары А. Иасауи атындағы Қазақ-түрік Халықаралық
университетінің профессоры, 1996 жылдан Ташкент педагоги
калық институтынын кафедра меңгерушісі.
Тілеужанов Мәтжан (1927-1995)—әдебиеттанушы, фило
логия ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақстан
аумағынан фольклорлық мұраларды ұзақ жыл бойы жинап,
Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсыр
ды. Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және
фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі қолөнер туын
дыларын жинады.
Шайхысламұлы Жүсіпбек (1857-1937)—ақын, ауыз әде
биетін жинаушы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
Қожатоғай аулында, қожа әулетінде дүниеге келген. Нағашы
лары—Ұлы жүз, Албан руынан. Жасында мұсылманша оқып,
білім алған. Жүсіпбек қожа Жетісуда тұрып, ел арасынан жыр-
дастандарды, айтыстарды т.б. жинап, редакциялап, Қазан
қаласындағы Хұсайыновтар баспасына жіберіп отырған. Оның
қазақ фольклоры шығармаларын жинап, бастырудағы еңбегі
ерекше. Өмірінің соңғы жылдарын Шығыс Түркістанның Іле
аймағында өткізіп, сонда қайтыс болды.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Қ—Қазан қаласы
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб
о—орыс
п—парсы
т—түркі
[...]—түсіп қалған, оқылмаған сөздер, тіркестер
[]—құрастырушылар тарапынан қойылған атаулар, тақы
рыптар
ж.с.—жергілікті сөз
к.с.—көнерген сөз
27-0110
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер
1. Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғұрпының фолькло
ры.—Алматы, 1994. 2. Абрамзон С. М. Этнографические сюжеты в киргизском
эпосе «Манас» // Советская этнография. 1947. № 2. – С. 141. 3. Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т.—
Алматы, 2003. 4. Анохин А. В. Материалы по шаманству у алтайцев.—
Ленинград, 1924. 5. Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке.—
Алматы, 1973. 6. Әуезов М. Әдебиет тарихы.—Алматы, 1991. 7. Әуезов М. Уақыт және әдебиет.—Алматы, 1962. 8. Бабалар сөзі: Жүз томдық. Хикаялық дастандар. Т. 8. —
Астана: Фолиант, 2004. 9. Бабалар сөзі: Жүз томдық. Діни дастандар. Т. 15. —Аста
на: Фолиант, 2005. 10. Бабалар сөзі: Жүз томдық. Діни дастандар. Т. 16.—
Астана: Фолиант, 2005. 11. Бабалар сөзі: Жүз томдық. Қытайдағы қазақ фолькло
ры. Т. 29.—Астана: Фолиант, 2006. 12. Бабалар сөзі: Жүз томдық. Хикаялық дастандар. Т. 5.
—Астана: Фолиант, 2004.
13. Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-т.
—Алматы, 2006.
14. Байтұрсынұлы А. Жоқтау. —Алматы, 1993.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
15. Бата, көріс-жоқтау.—ҚХР«Іле» баспасы, 2008. 16. Баялиева Т. Д. Доисламские верования и их пережитки
у киргизов. —Фрунзе, 1972. 17. Боздағым. —Алматы, 1990. 18. Гродеков Н. И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской
области. —Ташкент, 1889. 19. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. —Алма
ты, 1996. 20. Древняя культура Центрального Казахстана. —Алма-
Ата, 1966. 21. Жоқтаулар.—Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 2009. 22. Зеленин Д. К. Магическая функция примитивных ору
дий // Изв. АН ССР. Отд. общ. наук. 1931. № 6. – С.713-754.;
Магическая функция слов и словесных произведений // Акаде
мику Н.Я. Марру. —М.-Л., 1935.
23. Иванов С.В. Древние представления некоторых наро
дов Сибири о слове, мысли и образе. Страны и народы Востока.
—М., 1975. Вып. ХVІІ.
24. Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. —Алматы,
1984. 25. Котляревский А. О погребальных обрядах языческих
славян. —М., 1868. 26. Қазақтың тұрмыс-салт жырлары. —Үрімжі: Шыңжаң
халық баспасы, 1994. 27. Құран Кәрім (қазақша мағына және түсінігі). Ғафир
сүресі. 60 аят. —Медине, 1991. 28. Қызылорда облысына жасалған фольклорлық экспеди
ция материалдары. 1998 жыл. 29. Матыжанов К. Қазақтың отбасы фольклоры. —Алма
ты: Арыс, 2007. 30. Саттаров Қ. Қазақтың «Теріс өлеңдері». Жылау-жоқ
тау. —Ташкент, 2000. 31. Снесарев Г. П. Реликты домусульманских верований и
обрядов у узбеков Хорезма. —Москва, 1969. 32. Токарев С. А. Ранние формы религии. —Москва, 1964. 33. Токарев С.А. Религиозные верования восточнославян
ских народов ХІХ-начала ХХ в. —М.-Л., 1957. 34. Толеубаев А. Т. Реликты доисламских верований в се
мейной обрядности. —Алма-Ата, 1984.
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
35. Традиционная культура кочевников. —Алматы, 2002. 36. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. —Алматы, 1985. 37. Халық кеңесі (газет). 1993, 9 желтоқсан. 38. Чистяков В. А. Представление о дороге в загробный мир
в русских похоронных причитаниях ХІХ-ХХ вв. // Обряды и об
рядовый фольклор. —Москва, 1982. – С. 114-127.
39. Штернберг Л. Я. Первобытная религия в свете этногра
фических исследований. —Ленинград, 1936. – С.232.
РЕЗЮМЕ
Институтом литературы и искусства им. М.О. Ауэзова про
должается работа по подготовке к выпуску стотомной научной
серии «Бабалар сөзі» («Мудрость предков»), издающейся в рам
ках Национального стратегического проекта «Культурное на
следие».
Ранее изданные девяносто томов серии были посвящены эпи
ческим произведениям, малым жанрам богатого художествен
ным содержанием народного фольклора, в их числе сказки,
фольклор казахов зарубежья, песни-импровизации (народная,
кара олен), загадки, пословицы и поговорки. В данной серии
изданы тринадцать томов «Приключенческих (повествователь
ных) эпосов», семь—«Религиозных эпосов», одиннадцать томов
«Романических эпосов», одиннадцать—«Исторических поэм
(сказаний)», двадцать томов «Героических поэм», пять томов
«Пословиц и поговорок», два тома «Песен-импровизаций», три
тома «Летописных поэм-легенд», пять томов «Сказок», четыре
тома «Исторических легенд», а также однотомники: «Загадки»,
«Детский фольклор», «Казахские мифы», «Фольклор казахов
Монголии», «Топонимические легенды», «Кюи-легенды», «Ро
довые легенды», «Поэмы о преданиях» и «Свадебные обряды».
В двенадцать томов сборника включен фольклор казахов Китая,
в один том серии вошло фольклорное наследие казахов Монго
лии.
К одним из древнейших видов казахского фольклора отно
сятся жанры обрядового фольклора. Известно, что с появлени
ем человека на земле данные виды народного творчества пере
плетались, перемежались, сохраняя преемственную связь с его
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
жизнью, бытом, нравственными ценностями, традицией, рели
гией, ремеслом и т.д.
Обрядовый фольклор внутри самого жанра разделяется на
три больших пласта, среди них и семейный обряд. В нем сохра
нились многие элементы фольклорного наследия казахского
народа, связанного, в частности, с рождением младенца, свадь
бами, похоронами, и вытекающие из них различные церемони
альные обряды.
Целью 91-го тома «Песни печали» серии «Мудрость пред
ков» является собрание в одной книге всех жанровых видов по
хоронно-поминального обряда. Структура тома выстроена по
принципу сохранения принятых из века в век правил соблю
дения традиций до и после похорон умершего, что предопреде
лило принцип научной систематизации всех видов националь
ного фольклора.
Фольклорный жанр, связанный с похоронно-поминальным
обрядом, рассматривает не только сам случай смерти, а влия
ние его на переживаемые чувства живых родственников и
близких. Дошедшие до нас примеры свидетельствуют об этом.
Особый интерес вызывает традиция сохранения устного народ
ного творчества. Следует отметить сохранность некоторых при
меров похоронного обряда в фольклоре казахов Китая, России,
Горного Алтая. Например, в данный том вошли тексты песен
«Араздасу», «Прощание с усопшим во время положения на
правый бок», «Встреча с соболезнующими», «Ақтай жоқтау» и
«Тұлданған атпен көрісу», дополненные фактологическим ма
териалом информаторов.
Различные виды поминальных песен, исполняемые после
похорон, были тесно связаны с деятельностью человека и от
ражали религиозные, мифические, природные и исторические
представления. Следует отметить, что данные виды повествуют
о роли и месте умершего в семье, группируются по принятому в
народе социальному статусу.
В наши дни «Песни печали» после похорон во время соблюде
ния необходимых церемоний (семь дней, сорок дней, годовщи
на) исполняются очень редко. Чаще читаются суры из Корана.
Вместе с тем для лучшего понимания некоторых сторон по
минальных обрядов в книгу включены разные по содержанию
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
тексты «Песен печали», исполняющихся в отдельных семьях,
соблюдающих традиции.
В целом, и в наши дни, несмотря на различные изменения
некоторых фольклорных видов, связанных с похоронно-поми
нальными обрядами, прослеживается их бытование. Так как
люди всегда находят утешение в слове.
При составлении тома были использованы материалы
фольклорных экспедиций, проведенных в разные годы, а так
же собраний фондов Национальной библиотеки, Центральной
научной библиотеки и рукописного фонда Института литера
туры и искусства им. М.О. Ауэзова.
Включенные в книгу тексты сопровождены научными при
ложениями, жанры выделены римскими цифрами, варианты
произведений даны порядковыми номерами. Научные прило
жения к ним состоят из сведений о переписчиках текстов, из
дателях и изданиях, а также научных комментариев к текстам,
топонимического словаря, данных об исторических личностях
и религиозных понятиях, списка использованной литературы,
резюме на русском и английском языках.
SUMMARY M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art іs contіnuіng preparatіon for publіcatіon of one hundred volume of scіentіfіc edіtіon of the serіes «Wіsdom of ancestors» іn the frame of the Natіonal strategіc project «Cultural Herіtage». Prevіously publіshed nіnety volumes of the serіes were devoted to epіcs, small genres of folklore whіch have rіch artіstіc content, іncludіng tales, folklore of Kazakhs lіvіng abroad, іmprovіsed song (folk, kara olen), rіddles, proverbs and sayіngs. Іn thіs serіes, were publіshed thіrteen volumes of «Adventure (narratіve) epіcs», seven—«Relіgіous epіcs», eleven volumes of «Romantіc epіcs», eleven—«Hіstorіcal poems (legends)», twenty volumes of «Heroіc poems», fіve volumes of «Proverbs and sayіngs», two volumes of «Songs-іmprovіsatіons», three volumes of «Chronіcle poemslegends», fіve volumes of «Tales», four volumes of «Hіstorіcal legends» and one volume of «Mysterіes», «Chіldren’s Folklore», «Kazakh myths», «Folklore of Kazakhs of Mongolіa», «Toponymіc legends», «Kuy-legends», «Clan legends», «Poems about legends» and «Weddіng ceremonіes». Twelve volumes of collectіon іnclude folklore of Kazakh people іn Chіna, one volume іncludes folk herіtage of Kazakhs of Mongolіa.
One of the oldest types of Kazakh folklore іs rіtual folklore
genres. Іt іs known that these types of folklore art, sіnce the
appearance of human on earth, have іnteracted, іntermіngled,
maіntaіnіng contіnuіty wіth human lіfe, everyday lіfe, moral
values, tradіtіons, relіgіon, crafts.
Rіtual folklore іnsіde the genre іs dіvіded іnto three large
sectіons, іncludіng famіly rіtual whіch contaіns folk herіtage
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР related to the bіrth of a baby, weddіng, funeral and varіous related ceremonіal rіtuals. The purpose of the volume 91 «Songs of sorrow» of the serіes «Wіsdom of the ancestors» іs a collectіon іn one book of all genre types of funeral and memorіal ceremony. Volume structure іs based on the prіncіple of conservatіon of centurіes old tradіtіons before and after funeral of dead person and related types of folklore. Folklore genre assocіated wіth funeral and memorіal ceremony consіders not only death but іts effect on the feelіngs of lіve relatі ves and frіends. The examples whіch have reached nowadays prove thіs. Іt should be noted that some examples of funeral rіtuals have been preserved іn the folklore of the Kazakhs of Chіna, Russіa, Mountaіnous Altay. For example, thіs volume contaіns the texts of songs «Arazdasu», «Farewell to dead person at the tіme of puttіng hіm on the rіght sіde», «Meetіng wіth commіseratіng people», «Aktaі zhoktau» and «Tuldangan atpen korіsu» supplemented by factual materіal provіded by іnformants. Dіfferent types of funeral songs, performed after funerals narrate about the role and place of the dead person іn the famіly, are grouped accordіng to socіal status. Nowadays songs of «Sadness, sorrow» after the funeral whіle observіng necessary ceremonіes (seven days, forty days, one year) are performed very rarely. More often verses from the Koran are read. However, for a better understandіng of certaіn aspects of funeral rіtes the book іncludes texts of «Songs of sorrow» wіth varіous content performed іn famіlіes whіch observe the tradіtіons. Іn general, nowadays, despіte varіous changes іn some folklore types related to funeral and memorіal rіtes, theіr exіstence іs observed. Because, sіnce ancіent tіmes, people found consolatіon іn word ... Іn compіlіng the volume the materіals of folklore expedіtіons conducted іn dіfferent years, as well as collectіon of the Natіonal Lіbrary, Central Scіentіfіc Lіbrary and the manuscrіpt collectіon of the M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art were used. The texts іncluded іn the book are accompanіed by scіentіfіc annexes, and genres are outlіned іn Roman numerals, versіons of works are provіded wіth serіal numbers. Scіentіfіc annexes to the volume consіst of іnformatіon about the copyіst of the
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР
texts, publіshers and publіcatіons, scіentіfіc comments to the
texts, toponymіc dіctіonary, data about hіstorіcal fіgures and
relіgіous notіons, bіblіography, summarіes іn Russіan and Englіsh
languages.
МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан............................................................ 5 Жерлеу ғұрпына қатысты фольклор....................................... 9 МӘТІНДЕР Арыздасу 1. Ертілеудің өлер алдында айтқаны...................................... 31 2. Адам оң жаққа салынғанда айтылатын жоқтау.................... 32 3. Естірту, тоқтау, көңіл айту............................................... 33 4. Сырымның өлімін естірту ................................................ 34 5. Нұралы ханның өлгендігін естірту .................................... 34 6. Өлім шыққан жерге көңіл айту.......................................... 35 7. Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау.................... 35 8. Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу.................................... 36 9. Есік алды ... ................................................................... 37 10. Әке қазасына айтылған көңіл ......................................... 38 11. Айтамын да қайтамын.................................................... 39 12. Жұбату......................................................................... 39 13. Баласы қайтқанда айтқан көңіл....................................... 40 14. Батырханның баласына айтылған көңіл............................ 40 15. Есенәлінің Исмайылдың баласына айтқан көңілі............... 41 16. Тезек төренің баласына айтылған көңіл............................ 42 17. Өлім шыққан жерге көңіл айту........................................ 43 Көңіл айта келгендермен көріс өлеңі 18. Жылқы ішінде дөнен кер................................................ 44 19. Сәби балалар үшін жоқтау.............................................. 45 20. Азалы адамдарды жұбатуға айтылған көріс....................... 47 Әкені жоқтау 21. Биссимиллә деп бастайын............................................... 50 22. Биссимилләдан бастайын................................................ 52
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР 23. Әкені жоқтау................................................................. 54 24. Әкеден бала жас қалды-ау!.............................................. 57 25. Құдайбергенге айттырған дауыс...................................... 63 26. Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы...................... 65 27. Мүсиді он үш жастағы қызының жоқтауы......................... 67 28. Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы....................... 67 29. Зұқа қажыны келіндері Бәтиқа мен Бәтиманың жоқтауы........................................................... 69 30. Сәдуақасты қызы Зейнелдің жоқтауы............................... 71 31. Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы................... 72 32. Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы.................. 77 33. Күлшаттың әкесін жоқтауы............................................ 80 34. Ата-ананы жоқтау......................................................... 82 35. Қадишаның жоқтауы..................................................... 84 36. Келіннің атасын жоқтауы............................................... 89 37. Биқажыны жоқтау......................................................... 90 38. Атасын жоқтау ............................................................. 95 39. Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы........................... 96 40. Тұрсынғалиды келіні Қалиманың жоқтауы....................... 97 Жарын жоқтау 41. Әйелдің ерін жоқтауы.................................................... 99 42. Тұрсынғалиды жұбайы Тұрдықанның жоқтауы................100 43. Біссиміллә деп бастайын................................................107 44. Жарын жоқтау.............................................................111 45. Күйеуін жоқтау............................................................112 46. Құсайынға айттырған дауыс...........................................114 47. Кәрімді Ырысалдының жоқтауы....................................115 48. Байжігітті әйелінің жоқтауы..........................................121 49. Қыдырды әйелінің жоқтауы...........................................123 50. Есмағамбетті әйелінің жоқтауы......................................126 51. Ысмайыл ханды ханымы Күнжанның жоқтауы................127 52. Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы...........133 53. Самарқан Түркістанұлын әйелі Үриланың жоқтауы..........136 54. Ықсанды жоқтау..........................................................137 Әртүрлі жоқтаулар 55. Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы................163 56. Ерторыны екі келінінің жоқтауы....................................164
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 57. Қайын атасын жоқтау...................................................167 58. Келіннің жоқтауы.........................................................170 59. Ананы жоқтау..............................................................172 60. Апасын жоқтау.............................................................174 61. Қалиқан Оразғалиқызының шешесін жоқтауы.................175 62. Енесін келіннің жоқтауы...............................................176 Ананың баланы жоқтауы 63. Ананың ұлын жоқтауы..................................................178 64. Баланы жоқтау.............................................................181 65. Еркінді шешесі Қамария Иманбайқызының жоқтауы........182 66. Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы.................186 67. Ананың қос ұлын жоқтауы (Серік пен Қалиға)..................187 68. Райханның баласын жоқтауы.........................................189 Бауырды жоқтау 69. Ағаны жоқтау..............................................................191 70. Кәрімді қарындастарының жоқтауы...............................195 71. Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы..........................................................198 72. Құдайбергенді әпекесі Жібектің жоқтауы........................203 Ел тұлғаларын жоқтау 73. Мамайды шешесі Қараүлектің жоқтап айтқаны................207 74. Қаздауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауы.............212 75. Бөгежек мампаңды жоқтау............................................214 76. Кеңгірбайды жоқтау.....................................................219 77. Алтай Тәтіні жоқтау.....................................................221 78. Төлебайды жоқтау ........................................................226 79. Әбжанды жоқтау..........................................................238 80. Шоқанды жоқтау .........................................................239 81. Әйекені жоқтау............................................................243 82. Ысқақ Үкірдайды жоқтау..............................................252 83. Мамырбек Үкірдайды жоқтау.........................................257 84. Сайдалімге дауыс..........................................................258 85. Малыбекті жоқтау........................................................260 86. Мұсатай болысты жоқтау ..............................................264 87. Әбіт Ыразақұлын жоқтау ..............................................267 88. Әбдіғаппарды жоқтау ...................................................268
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОР 89. Абдолланы жоқтау........................................................281 90. Әшірдің баласы Сыздық жайлы жоқтау...........................286 91. Қожаберді болысқа шығарылған жоқтау..........................296 92. Дүйсенбайды жоқтау.....................................................299 93. Жәжеңді жоқтау..........................................................304 94. Баймолла Қареке ұлын жоқтау ......................................320 95. Қазақ халқының жоқтау жыры......................................327 96. Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең».................................329 97. Ұстазды жоқтау............................................................331 98. Әкеге арналған «Теріс өлең»...........................................336 99. Марқұмның жетісіне дейін айтылған жоқтау-өлең үлгісі.............................................................338 100. Күйеуінің қырқын өткізгенде айтқан жоқтау..................338 101. Марқұмды еске алу кезінде айтылған өлең.....................339 102. Айт күнгі мерекеде айтылған жоқтау.............................339 103. Ерінің жыл асын беру жиынында айтқан жоқтау...................................................................340 104. Атқа көрісу................................................................341 105. Тұлданған киімге қарап жылау.....................................343 106. Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау...................343 107. Жыл нәзіріндегі жоқтау...............................................345 ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтіндерге түсініктеме.....................................349 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер туралы мәліметтер.............................................................384 Сөздік..............................................................................400 Жер-су атаулары...............................................................410 Томға енген фольклорлық үлгілерді жинаушылар, айтушы және жариялаушылар туралы мәліметтер.................414 Шартты қысқартулар.........................................................417 Пайдаланылған әдебиеттер.................................................418 Резюме.............................................................................421 Summary...........................................................................424
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 91 том ПЕСНИ ПЕЧАЛИ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек Компьютерге терген: Д. Жақан, А. Оралбек Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2685 Теруге 15.02.13 жіберілді. Басуға 06.05.13 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №0110. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру