Мазмұнға өту
Home

Жетімсайдың бойында - жетім ауыл (өлеңдер жинағы)

ISBN: 978-601-7023-99-7 Беттер саны: 128 Жанр: Зерттеу

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жетімсайдың бойында - жетім ауыл (өлеңдер жинағы)

Авторы: ISBN: 978-601-7023-99-7 Беттер саны: 128 Жанр: Зерттеу

ISBN 978-601-7023-99-7 © Әлсейітов М., 2015 © Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2015 Әлсейітов М. Ә 54 Жетімсайдың бойында – жетім ауыл. Өлеңдер жинағы/ Мақсат Әлсейітов. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

«Атажұрт» баспа орталығы, 2015. – 128 бет ISBN 978-601-7023-99-7 Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында туып өскен Мақсат Әлсейітовтың «Жетімсайдың бойында – жетім ауыл» атты жинағындағы жыр жолдары көңілге жылы әсер сыйлайды. Жинақтағы әр өлең өзгеше поэтикалық сазды сарын танытуы­ мен ерекшеленеді. Туған жердің тек өзі көре алған ғажайып сұлулығының сырын, Отан-Ананың тек өзі тани алған асқақ сипатын, махаббат атты сезімнің тек өзі ғана сезе білген жылы шуағын жырға қосқан дарын иесінің шынайы жүрек дүрсілі әрбір өлеңнен анық байқалады. Жыр кітабындағы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы дастанында автор рухани болмысы биік, жаны таза, шын мәнінде, еліне қорған бола білген адал жүректі батырдың бей­ несін жан-жақты ашып, шеберлікпен сомдай білген. Ақынның бұл кітабы поэзияға жаңаша талғаммен қарайтын жырсүйер қауым­ның көңілінен шығады деп сенеміз. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) - 5 Ә 54 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) - 5

АТШАБАРДЫҢ АСПАНЫ Керегеден гуілдеп жел еседі, Гуіліне жан құштар емес еді. Киіз үйдің ішінде жанған шырақ, Екпінімен сол желдің неге өшеді!? Түскиізім қалшылдап дір-дір етті, Құлап түскен домбырам бір «зың» етті. Саусағымды үсітсем өкінбес ем, Мына суық тоңдырып тұр жүректі. Туырлықты тулақша желпілдетті, Босағаға домалап бөркім кетті. Жоқтау айтып жылаған кейуанадай, Еңкіш иінін уығым селкілдетті. Ергенектен ес кетіп сасып қалды, Аңқайды да... ауызын ашып қалды. Көйлегімді кірлетсем өкінбес ем, Жүрегімді шаң-тозаң басып қалды. Шаңырағым қарайды жетімсіреп, Не болады жел соқса екінші рет. «ЖЕТІМСАЙ» ДӘПТЕРІНЕН

Мақсат Әлсейітов Басы ала бір мысық мияулайды, Бақандағы жылқының етін сүйреп. Зыңғытып ем жерден бір кесекті ала, Етпен бірге құлады қосақтала. Жылқы етінен иіс ұрлап жел жүгірді, Қашқан мысық соңынан безек қаға. Сақ-сақ күлді сайқал жел масаттана, Қорланады көңілі босап дала. Сексеуілдің томарын құрт ғып сорып, Сыр бермей тұр, әзірше, ошақ ғана.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл * Атшабардың аспанын мұнар басқан, Алтын күнім, қайдасың тұманды ашқан! ...Жетімсайдың бойында ойға баттым. Құпиясын ғұмырдың ұға алмастан. Жетімсайдың бойында жетім ауыл, Ойлысы – ақымақ, ойсызы тақуа кіл. Сұр есегі китіңдеп жол бермейді, Құрық ұстар ұлы жоқ аты жауыр. Жетімсайдың қырында гүлдер өсті, Жұламын деп гүлдерді бір жел есті. Желге қарсы кеудемді тосып едім, Қаңбақ денем гүлдермен бірге көшті. Көз аштырмас дүлей бір боран соқты, Жылдағыдан бұл боран жаман соқты. Қызыл гүлін қызылдың тұншықтырып, Жіберді ғой қаулатып арам шөпті. Жантақ өсті гүліме шырматылып, Тамағына тырнағын тұр батырып. Ренішпен... Гүлге өмір тіледі іштен, Атшабардың аспаны мұңға тұнып.

Мақсат Әлсейітов ҚАРА ПАРТА Қара парта, Қара парта, Ғажайып, Бүгін сені еске алмаудың өзі айып. Қызылқұмның сексеуілі тәрізді, Қалыпсың ғой сен де бүгін азайып. Қара парта – қайыспайтын қара нар, Қайсарлығың хас болатпен пара-пар. Тәлімді еді, Жалынды еді, Отты еді, Сенде отырып хат таныған балалар. Қара парта – қарапайым ұлылық, Қызуыңа өсіп едім жылынып. Бүгінгінің парталары қаусап тұр, Төрт бұрышы төрт шегеге ілініп. Қара парта – шын шабыттың ұлысың, Шабытсыздың соққан мүлкі құрысын. Хас батырдың ескерткіші тәрізді Сол баяғы... Сол баяғы тұрысың. Шабытсыздың соққан мүлкі жау саған, Кімге барып, қайда барып дау соғам? Сені шетке шығарыпты, О, тоба! Мына тұрған партасымақ қаусаған. Сен – тұлпарсың, Мына парта жабыдай, Кешір, тұлпар, кеттік сені танымай. Жабы мінген жеткіншегім күні ертең Ұсақталып кетпес пе екен тарыдай...

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ТАУ СІЛЕМІ Таусылып қалғаны ма тау сілемі, Таусыз жерде жаңғырмас даусым енді. Жоғалтқан тауларымның нар бейнесі, Көк дәптердің ішінде қалсын енді. Ақ жүректен туылсын дүние бұл, Өте шықпай тұрғанда құйын-өмір. Жоғалтқан тауларын сол табар бір күн Көк дәптердің ішінен дүйім елім. Тіршіліктің қамы үшін күле баққан Төбелер көп мойныма білек артқан. Төбе емес, маған керек тау сілемі Көз жасы селден, жаралған жүрегі оттан. Тау сілемі көзімнен бұл-бұл ұшты, Ық-панасыз үйімнің түндігі ұшты. Ауғандар да бақытты менен гөрі Жастап өлген басына Гиндикушты. Түз жалаңаш, түз түгіл, қыз жалаңаш, Запыран жүзім сарғайған күздегі ағаш. Араратын сағынған армияндай, Алатауын сағынды біздегі Алаш. Алпыс басты Алатау арланбаса, Жартас жасап кетейін қолдан қашап. Жартасымнан шартас ал, ең болмаса, Азу тісі мұқалған арлан қазақ.

Мақсат Әлсейітов КӨМІЛГЕН ШЫҢЫРАУЛАР Көмілді шыңырауларым мөлдіреген Шөліңді қандырамын енді немен!? Жетіқат жер астынан жаутаңдайды, Қарақат мөлдір жанар телміреген. Моншағы маңдайымның боршаланып, Тереңнен қайраң таптым сонша қазып. Көзіне оның мөлдір топырақ шашты, Арсыз құм айналасын қоршап алып. Шашбауын жеңіл құмның жел көтерді, Менің пәк мөлдірімді жерге көмді. Менсінбей тереңдегі кәусарымды Шалшығы шұқанақтың кеуде керді. Дарақы шалшық сулар кеуде керді, Шайтаным керегіне мол кенелді. Ағайын, көремісің, көзің бар ма, Бейкүнә періштем менің шөлден өлді. Періштеме жуһа жылан салды ауызын, Шырқырап ұшты көкке жан дауысым. Жүз рет өліп қайта жүз тірілдім Мөлдірім жер астында қалмау үшін. Шыңыраудан қауға тарттым сендер үшін, Сусаған жүректерге бермек үшін. Қаңсыған Жетімсайдан көрсетсем деп Жерасты дариясының тербелісін.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл 1 Құтмағамбет Қонысбаев – Бесқала қазақтарының рухани жетекшісі. 2 Бұл жерде Құтмағамбеттің Бесқала қазақтарының мұңын жоқтап, Өзбекстан президенті И.Каримовке хат жолдағаны айтылып тұр. КҰТМАҒАМБЕТКЕ ХАТ1 Арғы бабаң Сарыбас, батыр болған, Бергі бабаң Ерімбет ақын болған. Сол шалдардың әруағы желеп-жебеп, Һәр ісіңнің тәңірім сәтін салған. Бес саусақтың Бесқала саласындай, Қазағының келед деп бағы ашылмай. Арыстанға айттың сен арманыңды2, Айдарыңнан сипайтын нағашыңдай. Айдарыңнан сипайтын жан бар ма екен!? Заңғар көкем, аздаған аңғал көкем. Қазалыға, қайтейін, алыс болды, Ата-бабам қоныс қып алған мекен. Елдің жүгі тұрса да жонарқаңда Туған жерге өгейсің шараң бар ма!? Мың жылқыдан бір жетім тай бермейтін, Өгей өлке ұқсайды сараң шалға. Құлақ түрсек бұрынғы көне аңызға, Баяғы Әбілхайыр заманында, «Шетте жүріп қазаққа қорған бол» – деп, Ханнан бұйрық келіпті бабамызға. Содан біздің бабамыз шетке қонған, Керуен тонап, өзі де көп тоналған.

Мақсат Әлсейітов Қалқан болып қазақтың құбыласына, Кеудесіне сан мәрте оқ қадалған. Қазақ жерін созып мың шақырымға, Қызылқұмда домбығып аты құмда: Шеттеп-шеттеп шегінтіп шегараны. Шетте қалған өзі де ақырында. Бабаларым ту ұстап, тұлпар мінді, Жалаң тұсын халқымның қымтап жүрді. Бұлт бүркеген бабамның айдай туы, Бұлт астында маған да жыр жаздырды. Жетімсайдың бойында – жетім ауыл МҰРЫНДЫҚ

Қазақ – түйе, ал жүз грамм мұрындық, Мұрындыққа мұрнымыздан іліндік. Іліндік те айырылып еріктен Емпең-емпең жетекке еріп жүгірдік. Қазақ – түйе, мұрындығы – арағы, Мұрны емес, жүрегі оның жаралы. Келе-келе түйелердің ішінен, Таңдап-таңдап жампоздарды табады. Қазақ – түйе, осал жері: мұрыны, Бұйда болды бойжеткеннің бұрымы. (Аузын ашып, әждаһа арбап тұрғанда Кімге жетсін бозторғайдың шырылы!?) Қазақ – түйе, мұрындығы би оған, Үзбесе оны семсер түсіп қиядан. ...Мұрынымда мұрындығым тұрғанда Еркіндікте жүрмін деуге ұялам.

Мақсат Әлсейітов АҚША БҰЛТ Ақша бұлт, қайда ағасың? Ежелгі Жейхундай жөңкіліп, Аспанның арнасын толтырып. Мергенді көре сап үрпиіп, Дүркіреп қашқандай мың киік, Барасың қай жаққа ылағып, (Ылағып барасың, бұл анық!) Жердегі пенделік мінезден, Бір ерді мұқалтқан мың езден, Жиіркеніп, ақша бұлт, бездің бе, Сөйтіп сен аспанды кездің бе? Төбемде аз ғана аялда, Мұңыңды сен маған баянда, – деп едім, Ақша бұлт, Солқылдап, солқылдап жылады, Көз жасы үстіме құлады... ...Ақша бұлт, ақша бұлт, ақша бұлт, Тезірек төбемнен өтші ағып!

КӨШІП ЖАТТЫ... ҚҰМ-ҒАРІП Үйірі бұғы мүйіз сексеуілдің, Бауырында күйсеп жатыр көшпе құмның. Көрігін көктегі ұста басқан сайын, Бауырынан ұшқын шашты төстемір – күн. Көзінен сексеуілдің сұрғылт түсті Кесіртке тамшы болып жылжып түсті Мөлт етіп тамып түскен сол бір тамшы, Өртеніп өліп-өшіп құмды құшты. Шыққан соң құмбұлаудан – құмнан шоқтай, Кесіртке сүйретілді тірі әруақтай, Алды да адыраспанға аунап-аунап, Жорғалап жөнеп кетті сұр жорға аттай. «Қызылқұм» ДӘПТЕРІНЕН

Мақсат Әлсейітов * Кеткенде көзі ілініп маужырап тым, Ұйықтатты бабаларды бауырына ап құм. Тұсымнан зу-зу ағып өтіп жатыр, Аштырмай адымымды арғымақ – күн. Дән болып құмға егілсе мыңдаған тән, Өтті деп айтып жүрміз бұл ғаламнан. Жүз мың жыл...

бәлкім миллион жыл өткенде, Дән-дене қайта көктер құмда қалған. Су басып жатар, бәлкім, мыңдаған жыл, Қайтадан құмға айналар құрғаған қыр. Әйтеуір адам өсіп щығар бір күн, Көмілген адам тәні құмнан һәр бір.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Қанаты толқын-толқын құмды сызып, Қаңбақты бүркіт боп жел бүрді қысып. «Дүр-р» етті де «жалп» етті бір топ торғай? Кеткендей құрым үйдің түндігі ұшып. Топ торғай зікір салып, зар жыланды, Аластап һәр бұтақтан әбжыланды, Сиынып Самұрықтың әруағына, Келетін кесапаттың алдын алды. Көкжиек алтын ерлі бір көк бесті ат, Ниетін байқатпайды бір дөңді аспақ. Әзірше бір орында жайылып жүр, Шылбырын сексеуілге күрмеп тастап. Бұлдырап көз ұшында елік қашты, Тұяғы құм толқында көбік шашты. Құлдырап қызыл сәуле арасымен, Қол жетпес арманымды алып қашты. Жөнелді сұлу елік белден асып Құм қалды ессіз-түссіз халде ғашық. Батқан күн сыйға тартқан қып-қызыл гүл, Тұр құмның құшағында сәуле шашып.

Мақсат Әлсейітов Алынды көк бестінің алтын ері, Барады қара бурыл тартып өңі. Аспанға қаптап шықты қызғалдақтар, Қызарып миллиард гүлдің жанды шоғы. Аспанда қызғалдақтар қаптап сан мың, Қауызы құлпы дөнді шоқтанған мың. Ғұмыры неткен қысқа бір-ақ түндік, Шапағын көрмей кетер атқан таңның. «Қысқа» деп қызғалдақтың қыз ғұмырын, Дегенмен адасып жүр біздің ұғым. Көрмейді біздің ұғым Түз гүлінің, Ертеңге ұласатын жүз ғұмырын. Құм желінің әуезі әннен мың артық, Көктем сайын тыңдап жүрмін құмартып. «Нексия» дөңгелегінен ескен жасанды желге, Үңілмеші сілекейіңді шұбалтып. Көк асфальттан безіп шығып, кешіп құм, Көктем сайын жел әуенін есіттім. Естідім де еске түсіп қайдағым, Басқа әуенге құлағымды бекіттім.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Алтынға тамды менің кіндік қаным, Айтпайды кіндік шешем сыр ғып бәрін. Қазағым, мезгілінен кеш білерсің, Сөзімнің құрамында шындық барын. Сөзім – құм, шындық – алтын, дұрысы нақ, Көрген жоқ бота құмдар жылы шуақ. Айдаһар бауырына алтын басқан, Қойғандай сол ботаның ырысын ап. Қызылқұмға қашып едім бас алып, Қара көзге қан аралас жас алып. Шынжырлаулы нарлар шықты алдымнан, Кете алмаған өз еркіне босанып. Шынжырлаулы нарлар жатты ыңыранып, Құбыладан дауыл соқты жынданып. Көз алдымда шаң-тозаңға айналып, Көшіп жатты... Босып жатты... Құм ғаріп.

Мақсат Әлсейітов * Пері қызы ұшып жүр жел ішінде Оған лайық ер бар ма ел ішінде. Өлеңімнің өрнегін содан алдым, Желге ұқсайды жырларым сол үшін де. Жанары бар, жаны бар – бөксесі жоқ, Жүрегі бар – саны жоқ, өкшесі жоқ. Желге мініп періштем келген сайын, Мен жылаймын қасымнан кетпеші деп. Құмға барсам қасыма жел келеді, Жел жеңгесі жол бастап Ол келеді. Сыбызғыдай сызылтып әнге салса, Сыңғырлайды жанымның пернелері. Пері қызы ұшып жүр жел ішінде Кездеспейміз екеуміз ел ішінде. Құмда ғана оңаша жолығамыз, Елден бездім, құм кездім сол үшін де.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл РАҢ КӨГІ Көктемде құмға шыққан раң көгі, Ананың уызындай құнарлы еді. Көктемде құмды аралап кезіп кетер, Қойлардың ішіп-жеген құмар көзі. Құмдардың алпыс екі тамырынан, Сүт болып сыртқа шығар ағып раң. Бұлақ боп уыз раң ағып жатыр, Құмдардың бұта мүйіз бауырынан. Көгілдір көк дарияша раң тасып, Алдыңнан ағып өтер бұраңдасып. Ұсынып омырауынан уыз раң, Мейірін мейірбан құм тұрар шашып.

Мақсат Әлсейітов БЕСҚАЛА Жылқы-жаным күрсініп, Сағынғанда үйірін; Тамды саған шоқ болып, Ішімдегі күйігім. Қып-қызыл шоқ маздаған, Тамды кіндік қаныммен. Келесін аңсап боздаған, Қызылқұмың – сары інген. Күлгін тартпа қызыл шоқ, Күлге айналма қызыл шоқ. Сексеуіл бар да сен барсың, Сенсіз менің күнім жоқ! Қоламтаңды үрлейін, Қызуыңды өшірмей. Қызыл тілім тиылмас, Қайран басым кесілмей! «Уһілеген» Үстіртің Ақ Баянның Қозысы. Қарабай мен Қодардың Өзіне дұрыс өз ісі. Таз кепешің басыңда, Батыр Қозы, мұңлығым! Қарабай мен Қодарға Керек сенің құлдығың!

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Таз кепешті лақтырып, Ақ отауға енсеңші. Ақ Баянға қосылып Бір молада өлсеңші! Үстірт, Қызыл есіл жер, Быт-шыт бүгін төсіңде ел. Қолдан бердім сендерді Мен пақырды кешіңдер!..

Мақсат Әлсейітов ТӨРТҚҰЛАҚ ТАМ Мұңайма, төртқұлақ там, жердей қоңыр, Ноқтаға асау тайша көнбейді өмір. Көш айдап Алатауға барып қондым, Жоқтаусыз қаларыңа сенбей көңіл. Мұңайма, төртқұлақ там, кешегі өмір, Тірілер өтпеді деп көшеден бұл. Қисаймай, шарт жүгініп отыра бер, Сіміріп аспан дейтін кеседен нұр. Таңба қып бастым Сені нар құмдарға, Мен үшін таңбам қымбат алтыннан да Таңба боп нар иесін дәлелдерсің, Туыспен шөгірмелі дау тұрғанда. Ыңыранған нар құмдардың жамбасында, Жетер ме таңбам аман сан ғасырға!? Бұйдасын нарларымның жат қолына, Бермеуім керек еді әу басында. Қайтейін, төртқұлақ там, амал нешік, Ілесіп ескен желмен барам көшіп. Қан төгіп әр төбені қорғар едім Ержетсем найза ұстайтын заманда өсіп. Құмдарды бір желпірмін самал боп кеп Әйтеуір, сол күндерге аман жет тек! Қор болдым, қорқақ болдым Маңдайыма Найза емес, айла ұстаған заман тап кеп.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Есен бол, төртқұлақ там – кешегі өмір Не жазса, соған көнер пешене бұл. Жел соқса желмен бірге домаланып, Қаңбақша тұқым шашып көшеді өмір. Есен бол, төртқұлақ там – зор қамалым, Көкке ұшып кеткен жанның қорға тәнін. Ұшқан жан көктен қарап тұрған шығар, Өркешін нұр боп сүйіп әр ботаның. Ұшқан жан, кешір болса өкпең маған Жан едім өзегімді өрт жалмаған, Жоғалтқан нарларымды іздеп барсам, Тұрғайсың тілектес боп көктен маған.

Мақсат Әлсейітов БОЗІНГЕН Қолымнан шығып кетті боз інгенім, Өрт шалып өзегімді жоқ іздедім. Жануар қолды болып кетеді-ау деп, «Аһылап» атар таңға көз ілмедім. Келеден боз інгенім безінгелі, Жанымды сарыуайым – жегі жеді. Ежелден түйе баққан әулет еді, Туыстан қауіп етемін шөгірмелі. Саудагер тақиялы туысымнан, Тайынбан інген үшін суысудан. Өркешін қос темірмен шойындапты, Әй, шығара қоймас енді уысынан. Төлеген жырға қосқан аруанадай, Боздаумен шықса-дағы жолға талай. Жеріне жете алмады жануарым, Қалған ба құрсауланып, сонда қалай!? Жасырып өркешіне боз отауды, Болдырмай тастап еді-ау жазалауды. Боздатып боз інгенін жұртқа тастап, Барады қайтқан қаздай қазақ аулы. Қимаған боз маясын Қазтуғанша, Көшімді ірке-ірке создым қанша!? Боздаған бозінгеннің зарлы үні, Құлақтан кетпес, сірә, көз жұмғанша... Қазтуған батыр Еділден көшкенде боз маясы жерін қимай, кейінге қарай қаша береді. Боз маяны қайтара алмай, батырдың көші біраз уақыт іркіліп қалады.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ҚОС БАТЫРДЫҢ МАЗАРЫНДА «Қостұрбадан» келеміз астан қайтып, Құмдарды оқып, парақтап дастандай ғып. Машинаға ілесіп бір бозторғай, Шырылдайды арызын аспанға айтып. Білем-білем білектей бұйратыла, Бұйрат құмдар шілденің күйді отына... Келіп жеттік бесінде «Бидайкөлге» – Қадыр менен Садырдың зиратына. Шопыр бала қаңтарды «көкқасқаны», Бижан молда зиратқа топ бастады Қатым оқып болған соң қос батырға, Топқа қарап молдекең гәп бастады. – Балалығым өтті ғой осы маңда, Қозы бағам, Небәрі жасым онда. Құйып-құйып алушы ем құлағыма, Дария шалдар аңыз боп тасығанда. Жұдырықтай жұмылтып төңірегін Екі батыр өтіпті қорып елін. Қызылқұмды жайлаған қос жолбарыс Жолатпапты Хиуаның бөрілерін. Қырық жігітін қос батыр ізіне ертіп, Құмның ішін өтіпті дүбірлетіп. Қай тараптан жау келсе Сол тарапқа Атқан оқша барыпты шұғыл жетіп.

Мақсат Әлсейітов Сақадай сай қырық сарбаз іріктелген, Бірі онға татитын жігіттерден. Бір мезетте сілтепті бес қаруын Қырық жігіт-қырық найзагер,

қырық мерген. Екі батыр-екі от лаулап жанған, Отпен ойнап көргендер сау қалмаған. Беу дүние-ай, сынапша сырғып-сырғып Солардың да басынан ауған жалған. Бас қосылып, боп қалса бірер жиын, Шалдар сөзін аңызға тірейтұғын. Айтушы еді жыр қылып қос батырдың, Зиратына жолбарыс түнейтінін. Баяндамай естіген ақпарларды, Көргенімді айтайын-нақ болғанды. ...Таң сәріде ағаймен жолға шықтық Қарайық деп құмдағы қақпандарды. Бозарып таң атқан шақ жарық түсіп Бозторғайлар шырқауда шабыт қысып... Кенет мына қорымнан шыға келді Екі көзі от шашқан алып мысық. Шұбар ала сұмдықтан көзді ала алмай Тас боп қатып қалыппыз қозғала алмай Анау сайға түсті де ғайып болды Бізбен тіпті шаруасы болмағандай. Анау сайға түсті де болды ғайып, Ессіз-түссіз қалыппыз солбырайып.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Есін әзер жинаған ағам пақыр, Оқып жатыр білгенін қолды жайып. Олжалы боп оралдық қақпан көріп, Дәу киіктің текесін атқа өңгеріп. Құран қатым оқыды қос батырға, Біздің үйге сол күні қарттар келіп. Мына құмда қап қойған бала шағын, Бір күрсініп еске алды қара шалым... Бесін ауа «Көкқасқа» жолға түсті, Будақтатып аспанға дала шаңын. Тектілердің қасиетін текті аң білген, Тектіліктен бөлініп оқшау жүрген. Шағал, қарсақ, түлкі боп күн кешпесең, Бұл өмірге симайсың жат қалпыңмен.

КАВКАЗҒА ХАТ Кавказдағы ноғай туысқаным-ай, Болсам ба деп ем өэіңде бір ай, құмықта бір ай! Қу жоқшылықтың қолымды қырыққанын-ай! Туысқаным-ай, Сен мені ұмытпадың ба-ай!? Алдыңда – Каспий, сүйенсең – артыңда Кавказ, Шынтағыңды сүйеп жартасқа, толқынға хат жаз. Толқыннан хабар күтеді, сағынып Сені, Теңіздің арғы бетінен қаңқылдап ақ қаз. Төгіліп едік қос шектен қоңыр үн болып, Біз егіз қозы ек – емшекте жолығып едік. Бөлініп кеттік... шапқанда бөрі-күн келіп Басылмай жатыр... қарт Каспий солығым болып... Қайтадан көйлек киер ме ашылған тәнім, Қайтадан қапқа түсер ме шашылған тарым. «Ноғайлы» ДӘПТЕРІНЕН

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Қайтадан көктеп шығар ма қасымнан менің, Өртеніп кеткен ен тоғай – жасыл орманым. Аунап бір қунап қайтсам ғой араңа барып, Арқалап алып қайтсам ғой далама шабыт. Сен мені,бауырым адаспай табар ма екенсің, Алау ғып қойсам жүректі жағаға жағып.

Мақсат Әлсейітов САМҰРЫҚ Қыран қыпшақ жайғанда қос қанатын, Сусылғаннан жарты әлем жасқанатын. Бір қанаты Еділден ары өтіп, Бір қанаты Әмуден басталатын. Басы – Каспий, құйрығы – Үрімші еді… Түтіп жеді торғайлар бүгін сені. Саңқылдаған үніңді сағындым ғой, Самұрығым қайтадан тірілші енді. Самұрығым қайтадан тіріл енді, Жұта алмайды жұт заман ірілерді. Ұсақтардың бірін де місе тұтпай, Өзіңді аңсап көк аспан күңіренді. Самұрығым қайтадан тіріл тағы, Жалға сосын бітпеген жырыңды ары. Жылжып келген зұлматты жаны сезіп, Балапаның-боз далаң шырылдады. Тіріл енді, тұр енді, самұрығым, Қайта көктер жоқпысың тары құрлым. Қамын ойлап құзғындар қарынының, Түсінбейді жүректің зары-мұңын. Қанаттарың дал-дал боп топшың сынып, Қимылдамай, алыбым, жатсың сұлық. Сауысқандар төбеңде сықылықтайды, Жатсың сұлық далаңды басындырып. Көктен түсіп бір сәуле жаныңды емдер, Жанды емдеген сол сәуле бәрін жөндер.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Аспан жақтан аппақ нұр кеп қалар деп, Көктен көзін алмайды адыр белдер. Самұрығым жайғанда қос қанатын, Қараңғылық қаптайтын аспан астын. Айдаһарлар кіретін тесік таппай, Арыстандар тығылып бас бағатын. Қанатыңды сылайын таң нұрымен, Таңдайыңды шылайын бал жырыммен. Қатып қалған қаныңды қауырсынға, Тазартайын көзімнің жаңбырымен. Темірқанат сарауыз жас балапан, Жұтылмасын зұлматқа ашқан аран. Енді-енді талпынған бала құсқа, Жер мүсіркеп қарайды. Аспан алаң. Басыңдағы сиқырды – нақ шындығы, Өртеп жағып жіберсін һақтың нұры. Шоққа күйген жыландай шоршып түссін, Бәйтерекке оралған жаттың тілі. Самұрығым «тіріл»! «тіріл!» «тіріл!» «уһ!» Бөліну жұт болғанда бірігу құт. Бауырыңнан тараған балалардың, Бірін шаңырақ қылсаңшы бірін уық.

Мақсат Әлсейітов * Қаңқылдап ақ қаз қайталап қобыздың зарын, Қанатын қағып іздейді нағыз сыңарын. Еділден ұшқан сам үйрек (қаптауға кеткен), Білді ме екен осынша сағындырарын? Батар күн жақты бетке алып лағып кеткен, Сам үйрек кері қайтпады шұбалып көкпен. Атқан таң хабар айтпады шуағын төккен, Көз жасын төгіп оралды жылауық көктем. Көктеммен бірге қайтпады ән салып көкпен, Үмітім тасқа ұрынды (қаншалық күткем). Ошарсыз кеткен мұңлығым оралар ма еді, Жартастың ішін жаңғыртса жар салып көктем. Күркіреп көктем аспаны ойнатса жасын, Найзадай шыңның қайраса қайрақша басын. Қанатын қағып «дүр» етіп сілкінер ме еді, Ошарсыз кеткен мұңлығым ойлап даласын.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл * Іздеп едім даламды тас қаладан, Шыға келді алдымнан басқа ғалам. Тонометр қылды да жүрегімді, Қан қысымын өлшетті қасқа далам. Жоғары екен даламның қан қысымы, Таусылыпты шарасы, бар қызығы. Босағадан телміртіп қарт анасын, Кіргізбепті қалаға жалғыз ұлы. Орыс-орман сарт-сауан бақа-шөке... Есі дұрыс пендеге батады екен. «Шым» еткізіп жанымды шағып алды, Абылайдың түсіндей атамекен. Ұрпағы едім кешегі көшпенді елдің, Сайын дала төсінде ескен желмін. Далам-анам дарытты дара қасиет, Табылмайтын бойынан кез келгеннің. Көрсем деп ем даламның дархан қалпын, Босағада тұр екен... аң-таң қалдым. Көктем келіп кірсе де көшелерге, Қары еріп бітпепті қаңтарлардың. Біреу еріп бітпеген мұзды ақтайды, Қыстан қалған сүр ғой деп тыздақтайды. Алатауым-абызым ойға шомып, Түйіп алып қабағын міз бақпайды. Бар бояуын даламның Жан екпінмен, Көшіре алмай қалаға әлекпін мен. Қоңыр ғана қалпымнан жатырқайды, Көшедегі көк жасыл желек біткен.

Мақсат Әлсейітов ОРМАНБЕТ БИДІҢ ТОЛҒАУЫ Он сан ноғай оң жаққа кетті ыдырап, Өмен дария тартылып кепті қурап. Көрінбейтін бір қылыш кесіп тастап, Бөлшек-бөлшек бөлініп боп тұр уақ. Бірі кетті басқаның ығын ықтап, Басын бақты біреуі тығылып қап. Он саусағым жұмылса, Хас жауымның, Қанатар ем тұмсығын жұдырықтап. Жұдырыққа он саусақ айналмады, Қалқан ұстап қорғанып найза алмады. Қазағым мен ноғайым, Қос уыс боп, Медет тілеп тәңірге қол жаймады. Тәңірге емес пендеге жайды алақан, Шын досты емес іздеді «пайдалы» адам. Өз басының бақытын бағаламай, Адасып жүр бақ іздеп айдаладан. Қарасүйек он бір би талады елді, Пара жеді – негізіне бара берді. Лас жолдан шыға алмай былғанғандар, Жұртқа қалай көрсетсін сара жолды. Ноғайлы елін он екі би басқарған. Орманбеттен басқа он бір бидің бәрі қалмақтарға сатылған. Жалғыз Орманбет ғана ел болашағы үшін қайғырған.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Тектілік жоқ тартпайтын туысына, (Елді ойлатпас мансаптың буы, сірә) Жемге құмар он бір би, Жемге алданып, Түсті барып басқаның уысына. Уысында басқаның бишара боп, Қысым көріп, құл болып жүр шара жоқ. Сүйегіме басылған құлдық таңба, Жанымды өртеп сыздатып тұр жара боп. Еділ еді бабамнан қалған еншім, Сусып шығып кетті ғой қолдан ол шын. Кім бөктермес мүлкіңді бөктергіге, Күтіп ұстар иесі болмаған-сын. Бір топ кетті шоқынып кәпірлесіп, Жоғалтты өзін басқаға тақым қосып. Он сан елге жік түсіп, жіліктеліп, Бөлшек-бөшек бөлініп жатыр көшіп. Бөлшек-бөлшек бөлініп көшті ағайын, Елді ойлайтын ешкім жоқ Бос маңайым. Қарасүйек он бір би бүлдірді елді, Жеркенбейтін нәжістен шошқадайын.

Мақсат Әлсейітов * Біз – Сақтармыз, Қырғыз да Сақ, Мен де Сақ, Ызғарлардан болмайды сақ болмасақ! Бір денемнің екі иығын жылытар, Алатауым алып ала тонға ұсап. Көкірегіме шемен толды, шер толды, Көзден аққан жасым ыстық көл болды. Сақтанайын, сақ болайын мен енді, Таптатпайын табандарға кеудемді! Қос қанат боп бірге ұшармыз шыңдарда, Қос қол болып жүк артармыз бір нарға. Дауылдардан, жауындардан сақтанып, Айналармыз бір денеге – бір жанға! ... Абылайдың ақ үмітін ақтармын, Иманымды – жиғанымды сақтармын. Бірақ, бірақ, Оянғанша төсегіне жатқан күн, Дүр сілкініп құм көрпенің астынан, Түргелгенше шаһарлары сақтардың, Сахаларды қалай қылып сақтармын? 2011 жыл.

ТАЙМАДЫМ АЛҒАН БАҒЫТТАН

Милиса ұрып тепкілеп, Сойылмен соқты жонымды. Қайдағы битке өкпелеп, Өртейін қалай тонымды? Тірілер жанды жаралап, Безіндім елден алшақтап. Қаңғырдым мазар аралап, Көзімнің жасы моншақтап. Көкірегім менің шұрқ тесік, Оқ тескен шығар мүмкін мың. Жүз рет құлап бүк түсіп, Жүз рет алға ұмтылдым. Шығады шыңға мықтылар, Омыраудан шып-шып ағып қан. Жолбарыс аңша шұп-шұбар, Таймадым алған бағыттан. «Көңіл» ДӘПТЕРІНЕН Мақсат Әлсейітов СҰЛТАНЫМ, ТЫҢДА ДАТЫМДЫ!

Сұлтаным, тыңда датымды, Үмітім Сізде ақырғы. Жүректен шерім тамшылап, Жолдадым үшбу хатымды. Мен аруана – Отанын аңсап боздаған, Өзіме мәлім, өз бағам. Аруана ақын зары бұл, Іштегі шерін қозғаған. Мен – жаралы жолбарыс Жонына жебе қадалған. Оташы болмай оны алған, Жарадан қаны тамшылап, Жеріне зорға оралған. Жазылмай орыны жебенің, Кеп едім, іздеп тек емін. Алаштың айна көшесін, Шүберек қылып жүректі, Сыпырсам – орны жебенің Жазылып кетер ме деп едім. Ала алмай жеке куәлік, Жағамды жаспен суарып; Зар болып тілім қағазға, Ағарды шашым қуарып. Жеті рет келді тырна, қаз, Емеспін өткен күнге мәз.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Жеті жыл күттім әлі жоқ, Жүректей ыстық бір қағаз. Созсам да қанша қолымды, Үмітім тасқа соғылды. Зуылдап қара мысықша, Делдалдар кесті жолымды. Ұлтымды сүйер адал, шын, Ұл бола алмасам маған сын. Қазаққа атқан әр жебе, Қадалсын маған, қадалсын! Топырақты – терге шөлдеген, Сүрме қып сүртем көзге мен. Көргем жоқ аппақ парақты, Кірлетіп жалған сөзбенен! Ұлтыма ғана боп ғашық, Аузымнан жалын от шашып. Ізіме ерген ұрпағым, Кетпестен бұрын сарттасып. Өзекті отша жандырып, Көзімнің жасын қан қылып. Байырғы қазақ жерлерін, Қолына жаттың қалдырып. Жерімде тәнім қалсын деп, Жанбаған бағым жансын деп, Кіндіктің қаны тамбаса, Жүректің қаны тамсын деп;

Мақсат Әлсейітов Сағынып елге жеткен ем, Жат елде жапа шеккен ем. Қазақтың әрбір шаһарын, Кем көрмеп едім Меккеден! Ұлтымнан келмей тыс қалғым, Құс болып елге ұшқанмын! Балаша жылап, еңіреп, Топырақты сүйіп құшқанмын! Ес кетіп, ұстап ексімім, Топырақты сүйіп өксідім. Жаралы жүрек зарлы ақын, Қағазға салды тек шынын! Дат тақсыр! Жүректі ғана бетке ап бір, Қанатын қақты әппақ жыр. Аққу боп ұшқан жырымды, Аңшылар жолдан атпас-дүр! Дат, патшам! Жетер ме жырмен хат жазсам? Жарқ етті жырдың семсері, Қынапта қалып тат басқан. Сұлтаным, тыңда датымды, Үмітім Сізде ақырғы. Қарашаң қылып қабыл ал, Зарыққан біздей пақырды!

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ЖАРҚЫРАЙ БЕР, АСЫЛ АҒА, АЛТЫНДАЙ! (Молдахмет Қаназға)

Қаламыңды таң тұрына малдың да, Жүрегіме жол бермедің қалғуға! Жалтармадың, Жалған сөйлеп көрмедің, Ақ жайнамаз – ақ парақтың алдында. Күннің нұры – қаламыңның сиясы, Шыққан тегің – хас батырдың ұясы. Көрінгенді иығына қондырмас, Ұшқан көгің – мұзарт шыңның қиясы! Қайта оралды нұрлы сияң арқылы, Хас батырдың қылышының жарқылы. Сол қылышты Айға апарып ілсем деп, Жаратқанға жалбарынам әр күні. Қаламыңнан сөз ақпады, нұр ақты, Ер Жәкеңнің екпініндей қуатты. Сіміреді сусап қалған жүрегім, Сол қаламнан тамшылаған шуақты! Үндес едің Сырдың сұлу үнімен, Тілдесесің жүректердің мұңымен. Шындық ағып жатады ылғи, Сіз жазған Толқын-толқын сөйлемдердің түбінен!

Мақсат Әлсейітов ДИНОЗАВР Динозаврлар – Олар адам шығар аң тәрізді, Шығар бәлкім, саналы жандар ізгі. Тани алмай жүрміз бе екен біз өзіміз, Өзіміздің қалдырған қаңқамызды. Теңіз кешіп өтіпті белуардан, Мың жыл жасап кетіпті – тәні қалған. Өзіміздің қалдырған тәнімізді Айыра алмай жүрміз бе екен жануардан? АДАМ болар, Әлде Хауа анамыз ба? Теңіз кешкен деуші еді көне аңызда. Ақылымыз, Айламыз асқан сайын, Ұсақталып өзіміз барамыз ба? Кім білсін?!...

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл * Аш-Тарханды салғанда Жәнібек хан айбынды, «Аузы түкті кәпірдің маңдай тері тамды-ау» деп Асан қайғы қайғырды. Маңдай тері пенденің мөрі емес пе Алланың, Өз жеріне өзгенің терін – мөрін бастырып. Ел Еділден айрылды. Айдап келді үйірлеп, қауға сақал мұжықты, Шайтан билеп көңілін, Тегін еңбек күшіне есі кете қызықты. Күңіреніп қарт абыз, Бұл шаһардан күдерін күні бұрын үзіпті. Жолдас болсаң жолдас бол бөрімен не перімен, «Қаш!», «қаш!» бауырым, бірақ та, сарт-сауанның терінен. Кісі ақысы қауіпті қойға шапқан бөріден, Кел, бауырым, қорғайық мына байтақ Отанды, ­Өзгелердің терінен! Таңбалайық топырақты Жаратқанның Мөрімен!

Мақсат Әлсейітов * Миллиардтаған құртақандай құрт-пенде, Менсінбейміз, көзге ілмейміз жұртты өңге. Бүгін миллиард, Ертең миллиард, Миллиардтап – Жемтік болып жұтыламыз Жұт-Жерге! Домаланған жуан құрсақ Жер жерік, Жеңсік асы миллиардтаған пенде-құрт! Тояр емес секунд сайын жемтігін, Жеткізсең де «ағаш атқа» өңгеріп. Қомағай жер адамзатқа болған аш, Басқа затпен аш өзегін жалғамас. Патшасың ба, пақырсың ба, – бәрібір, Арықсың ба? Семізсің бе? – талғамас!..

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Адамзат жаратылған топырақтан, Тебеді өзін-өзі ақымақ тән. Пырақ боп ғарышқа ұшып бара алмаса, Тұлпардың парқы болмас шоқырақтан. Жер теуіп «жүйрікпін» деп мастанба, аға, Лайық мастануға аспан ғана. Момындар арасында жарыс болса, Тұлпарлар жете алмайды тасбақаға! Қыс мінезі қырқып түсер дәу қанжар, Көктемеде нұр іспеттес жауһар бар. Көбелектей лүп-лүп еткен жүректі, Тоңдырады қабағыңнан жауған қар. (Жылытады нұр іспеттес жауһарлар!) Көбелегім бір өзіңе аманат, Ала көрме тоңдырып һәм жаралап. Қар жауса да, Нұр жауса да, Әйтеуір, Қонақтады кірпігіңе паналап!

Мақсат Әлсейітов Өмір-өзен өріне, Құлаш ұрсаң еді ғой, Сәл іркіліп, апатай, Тұра тұрсаң еді ғой! Мына тойдың ішінде, Болып кетсең еді ғой. Келініңнің дидарын, Көріп кетсең еді ғой. Немереңді бесікке, Бөлеп кетсең еді ғой. Одан кейін, Армансыз, Жөнеп кетсең еді ғой... Жын-шайтанды байлап, матап тастаған, Іздеп едім Сүлейменнің жүзігін. Сөйтсем жоғым көктен іздеп таппаған, Көзінде екен көршіміздің қызының! Зекет алып қам сүт емген пендеден, Шайтан малғұн салған кезде әуресін. Мөлдір көзден көрдім бе екен әлде мен, Көктен түскен сол жүзіктің сәулесін.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ЖАН МЕН ЖЫН Бес күншілік мынау шолақ пәниде, Жын-ібіліс басып кірер тән-үйге. Запы болып шақырусыз «мейманнан», Үй иесі – Жан қиналар әрине. Шығара алмай шақырусыз мейманды, Үй иесі азап шекті, қиналды. Іште жүрген Жан мен Жынның шайқасы, Қалтыратып дірілдетті үй-тәнді. Жүрек деген алтын таққа төрдегі, Отырады екеуінің жеңгені. Соның ғана ырқыменен жүреді, Тақта отырып кім билесе пендені. Басқыншыға құлдық ұрса Жан құлша, Баспанасын жау қолында қалдырса, Жын –ібіліс билеп бүкіл болмысын, Сорлы пенде өмір сүрер малғұнша. Қаһарманша Жан қорғаумен мекенін, Шаршаған да білмей тіпті не етерін. Жаппар Ием жібереді жәрдемге, Жай оғымен қаруланған нөкерін. Басқыншыны Һақ қуады діліңнен, Көк қуады күркіреген бір үнмен. Жер қуады тоғыз баллдық дірілмен, Мен қуамын ағыл-тегіл жырыммен!

Мақсат Әлсейітов * Мен – Мүліктің перзентімін, Мүлік – менің анам-ды, Онда жүрсем мен білмеймін жақсы менен жаманды. Мүлік – менің кең пейілім, Мүлік – менің дарқаным, Мүлік – менің жарық күнім, Онсыз өмірім қараңғы! Мүлік – менің сырласатын аңқылдаған достарым, Мүлік – менің балдәуренім, Мүлік – менің жас шағым. Мүлік – менің алтын ұям, балапаны мен оның, Алғаш рет сонда көрдім туған жердің аспанын. Мүлік – менің махаббатым, Мүлік – менің аяулым, Қызылқұмның етегінде шалқып жатқан бай ауылым! Сенің қала болуыңды армандаумен жатып мен, Сенің қала болуыңды армандаумен ояндым. Жас жүрегім жанып барад, Мүлік, сені сүйгеннен, Бақыттымын бір сен үшін өтсе өмірім күйбеңмен. Сенің бір де аруыңды өзгелерге қимайтын, Мендей ессіз ақымақты бұрын-соңды кім көрген?!.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ДОМБЫРАШЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ (Ғанибетке) Оңашада домбыраны қолға алсам, Үміт сәулем өшіп қайта жанған шам. Еске түсер сонау бала күндерім, Дөңбекшумен мен атқызған таңдар сан. Еске түссе егілемін мен әлі, Келген кезім он алтыға небәрі. Мені қосты ғашықтардың еліне, Ауылдағы әнші қызды жанары. Арпалысып лапылдаған сол отпен, Жүрген кезім хат жазумен, әлекпен. Домбырашы бір жігітті ұнатып, Жүрегімді тырнап алды ол әттең... Шыдамады менің бала намысым, Қолға алдым домбыраны ар үшін. Келер жылы домбыраны сөйлетіп, Таң қалдырдым ауылдың жас-кәрісін. Содан бері сері домбырам сырласым, Тастамаймын келсе-дағы жүз жасың. Оңашада көз алдыма әкелер, Қайырылмай кеткен қыздың тұлғасын. Содан бер сері домбырам күй төккен, Саусақтарды он пернеде билеткем. Қай жақта екен қайран сол бір ерке қыз, Қазағымның бір өнерін үйреткен?..

Мақсат Әлсейітов * Пері қызы перизат қолыңды ұзат, Көріп жүрмін сенімсіз өмірді жат. Аялы алақаның керек маған, Жабырқатты жасанды көңілді сәт. Қасірет бұлтын ысырып таста күнім, Жанарыңның шашу ғып шаш жарығын. Тазарайын өзіңе қарап айым, Аралайын ертегі патшалығын. Асқар шыңның басына бұлт үйірілсе, Бұлт қашпай ма шұғылаға бір сүйдірсе. Ағыл – тегіл өзенге айналмай ма, Ақ қарлардың жүрегін күн күйдірсе. Бұлтты жүрек ойнатсын жасын өлең, Әуре болсын пысықтар басыменен, Ауыр бұлттар айналып ақ жаңбырға, Ағып кетсін көзімнің жасыменен. Пері қызы перизат қолыңды ұзат, Көрмейін сәулелі өмірді жат. Жырлайын талқаным таусылғанша, Қалмайын тат басқан темір құсап. Қасіреттің бұлтынан арылайын, Мен де, Күлейін, жадырайын, Пері қызы перизат сәулеңді шаш, Жылайын, Еңірейін, Жалынайын!

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ДАБЫЛДЫҢ ЖОЛБАРЫСПЕН АЙҚАСЫ Жаңқожадан ер Дабыл екі мүшел кіші еді, Қалың қабақ, түкті бет, түсі сұсты кісі еді. Жанқожадан айырылып, Дәуқараға қайран ер, Қылыш биді сағалап көшіп барған тұсы еді. Іші толып құсаға Дәуқараға ер келді, Қарақолдың бойынан Қылыш оған жер бөлді. Есіл ерді құрметпен қарсы алысып тұрғандай, Қарақолдың қамысы самал желмен тербелді. Қалған кезі Дабылдың алпыс жасты алқымдап, Қарақолда ол кезде су ағатын толқындап. Егін салып боз жерге Дабыл арық қаздырды, Көшпенді елде ол кезде алтыннан да дән қымбат. Көк қамыстың ішінде бақташысыз бағылған, Тана, баспақ жоғалып кете берді табыннан. Екі аяқты «жиеннен» көруге де негіз жоқ, Бұл маңайда пенде жоқ ықпайтұғын Дабылдан. Бес-алты бас болыпты есептесе шығынды, Ер ұйғарды ертерек бұның сырын білуді. Табын жатқан сай жаққа бара берді жаяулап, Қылыш, найза қалды үйде босағаға ілулі. Түсе берді сайға енді болмай тіпті ойда түк, Нар қамыстар теректей өскен биік бойға тік. Дәл ортаға келгенде батыр түсті үстінен, Бір тананы жолбарыс жатыр екен жайратып. Қоя салды жемтігін, көре салып батырды, «Гүрр» етті де жолбарыс көк қамысты жапырды.

Мақсат Әлсейітов Сары тажал кенеттен, көз ілеспес шалттықпен, Жай оғындай лапылдап ер Дабылға атылды. «Жайдың оғын» бойына дарытпады нар тұлға, Серіппедей бес саусақ қатып қалды алқымға. Сайдан шыға берді енді, ауыл жақты бетке алып, Жолбарысты тас қылып құшақтаған қалпында. Дарытпады құз кеуде лапылдаған «жасынды», Тас құрсаудан шыға алмай түз тағысы ашынды. Бұлқынғанмен тас құрсау одан бетер күшейер, Шұбар тажал шарасыз бұлқынды да басылды. Келді ауылға аяңдап, құшағында нән шұбар, Деді батыр айғайлап: – Уа, қайсың барсыңдар? Керегеге ілулі кездігімді ап шығып, Мына ұры кәззаптың жүрегіне шаншыңдар! Арық бойлай тігілген он шақты үйден ағылып, Ауыл тегіс жиылды, ер қасынан табылып. – Ойбай, батыр, тастай бер! – Өліп қапты жолбарыс! – Осы екен жеп жүрген малымызды дәнігіп. Сұлап түсті жолбарыс құм үстіне жығылып, Кеңірдегі қан-қан боп кеткен екен жұлынып. Кеңірдектің үзігі тұрғандығын көрді жұрт, Саусағында батырдың сақинаша ілініп. Тамашадан тас болып қатып қалды қалың ел, Анық бүгін шүбәсіз хас батырын таныды ел. – Мына ұры кәззаптың сыпырың, – деп – терісін, Сұңқардайын саңқылдап әмір етті Дабыл ер.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Қарақолдан су қашып кеткенімен жоғалып, Ер Дабылдың ерлігі жоғалмайды, – ол анық. «Дабыларық» атанып Дәуқара да әлі тұр, Жұтым суға зар болып батыр қазған сол арық. Жұтым суға зар болып, кеуіп қалған еріні, Ерні емес, мейірімге шөлдейді Оның көңілі. Жетім өлке жабырқау, жүзін әбден қуартқан, Үрлей-үрлей үздіксіз аптаптардың көрігі. * Тағы да бір ұйқысыз түн өткердім, Түн ұйқысыз өткен соң жүдеп бердім. Сезер едің жанымды, сезер едің, Телефоны болғанда жүректердің. Телефоны болса ғой жүректердің, Келер еді әр күнді бір өткергің. Қадам басу алдыға мүмкін емес, Тұрғандаймын үстінде қыл өткелдің. Көз ілмедім тағы да таң атқанша, Дидарыңа тоймадым қарап қанша. Осы азапты сыйлаған шығар бәлкім, Ақын қылып тағдырым жаратқанда.

Мақсат Әлсейітов ҚАЛҚАҒА ХАТ Сен күткен жоқсың хат менен, Жүрген де жоқсың алаң боп. Өртеген махаббатпенен, Жазбасқа бірақ шарам жоқ. Сол кешкі сәттер бәрі есте, Өзіңмен бірер билеген. Тәрізді дәл бір нәресте, Жабырқап қайттым үйге мен. Сахарада қалған жандайын, Достыққа жаным шөлдеді. Көріндің маған әрдайым, Мөлдірлік болып көлдегі. Сен жүрсің білім шыңында, Мен жүрмін әлі етекте. Мансапқа, құрбым, ұрынба, Қияға мені жетекте. Көңіліңді сенің бұруға, Әдейі жазған жоқпын жыр. Шынайы достық құруға, Ақ ниетпен төктім жыр. Құдіретті асыл өлеңді, Жалған сөзбенен қорламан. Өксітпей мені Сен енді, Өмірлік досым бол маған...

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл АСТАНА ЖЫРЛАРЫ Найзадай тіп-тік шаншылып, көтерген екен көкке бой, Қадалып өлсін ұшына өңмеңдеп келген өктем ой. Сарыарқа төсін самсатып шеруге шықты сарайлар, Қап-қара мысық тілеулер алдынан кесіп өтпегей! Аумаған үлкен Айна ғой – айдынды шалқар көшелер, Алашым оған қарасын бейнесін көрем десе егер. «Иншалла ісім оңалар, сиқырдың күші жоғалар». (Айнама қарап бал аштым, Жасаған Ием, кеше гөр!) Көк аспан-сынды көк тудың астында жортқан бөрі ұлдар, Көзіңнің қарашығындай Айнаңды сақтап, қорыңдар. Ол болса сүрер өмір бар,

жоқ болса жүрер жолың тар, Айнаңа қарап, бөрі ұлдар, өзіңе назар салыңдар! ...Отырар өлді өртеніп, денесін топырақ жасырды, Он ғасыр өртін өшірдім селдетіп көзден жасымды. Аш-Тархан кетті тірілей, Азаулы кетті өлілей, Солардың келген орнына сақта деп мына Жас ұлды, Тәңірге еттім мінәжат сәждеге қойып басымды! Мақсат Әлсейітов Астана болсын бұл шаһар әлемнің қыпшақтарына, Мың жылдық ғапыл ұйқымнан оятсын – ұқсап таңыма. Мына бір зәулім үйлердей қыпшақтар тауға айналсын, Қыпшақтар тауға айналсын – шашылған ұқсап тарыға! Шеруге шыққан Сарайлар Есілдің бойын қаптаса, Әмудің бойы үлгі алса, Еділдің бойы қостаса. Найзадай тіп-тік шаншылып

жұлдызға жетіп тоқтаса, Кеудемсоқ бұлттың кеудесін шұрқ тесік етіп тастаса. Сорғалап содан нұр ағып жанымды жуа бастаса, Тазарып барлық кірбіңнен сүрсем ғой өмір Патшаша!.. ІІ Арғымақ мойын ақ шаһар, аққудай әсем сырбазым, Аққуым сендей тұрғанда өзгенің қайтем мың қазын?! Меңіне бола бір қыздың бас тартқан егіз шаһардан, Хафиздей делбе емеспін, Бола алам Сенің құрбаның! Әділдік, ақтық – қос қанат ұшатын елді көкке алып, Ит пенен құсқа жем болар қанаты ондай жоқ халық. Тілеймін саған қос қанат, тілеймін шабыт тағы да, Шабыттан туған саз ғана жүректе қалар жатталып!

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Шабыттан туған сұлу саз, төбеңде тұрсын қалықтап, Басыңа тұрсын дарып бақ – ұша бер көкте шарықтап! Әділдік, ақтық – қанатым, тілім мен ділім – шабытым, Төртеуім түгел болғанда басыма қонар анық бақ! Арғымақ мойын ақ шаһар, жалыңа жат қол салдырма, Қанатыңды қағып қарғып өт, бар болса орлар алдыңда! Айналып ғажап пыраққа алып бар алыс, жыраққа, Арғымақ мойын Ақ Шаһар,

сен мені жолда қалдырма! ІІІ Сарыарқа – сары орамал бетіне кесте-нақыш сап, Кетейін Сабыр ағамша Жалғызға оны табыстап. Кестемді менің кірлетпе, жүрегіңе басып құрметте, Бабалар салған ізбенен ортаңнан кетсем алыстап. Кестемді менің кірлетпе, ұстама кірлі қолменен, Жүрегім менің бар онда – қорлыққа, әсте, көнбеген! Орныма келер Досым-ай, аманат етем осылай, Кезегім келіп жөнелсем бабалар кеткен жолменен. Көзімнің жасы бар онда, бабамның барлық бар мұңы, Мына бір жерде сөйлеп тұр халқымның ауыр тағдыры. Мақсат Әлсейітов Мың жылдық тартқан қасіреті, ұрпаққа айтар өсиеті, Жиылып келіп солардың –

кестеме сыйды барлығы! Сарыарқа – сары орамал, бетіне кесте өрнектеп, Көзімнің майын тауыстым Өзіңе ғана бермек боп. Өзгенің көріп шыжбайын

жоғалып кетпе ізім-ғайым, Кестемді салдым өрнектеп,

құс болып ұшып тез жет тек! * Бабалардың рухы елдің шетін күзетер, Жалбарынып тәңірге. Ел шетіне кетті олар тәнін тастап қабірге, Сен соларға демеу бол жан барында тәніңде, Жан бабамның рухы қалжыралы-ау тынымсыз, Қарсы тұрып кәуірге, Кел, бауырым, біздер де ел шетіне барайық Құрық ұстап кірейік анталаған тұс-тұстан, Барымташы дәуірге!

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл * Көкшетаудың көп көлі сақтау үшін пәк қалпын – Ел шетіне аттанғын! Маңдай терді жаңбыр ғып, Көгертуге қайтадан шаһарларын сақтардың – Ел шетіне аттанғын! Орнын емдеп жазуға жылдар салған дақтардың, Мейрім құйып жүрекке ел шетіне ап барғын! Қане, баурым, аттанғын!

  • * Есілдің бойын қаптаған аққудай сұңғақ сарайлар, Ақын боп кетсін жүрегің тебіреніп бір сәт қарай қал! Аққудай сұңғақ ақ қала, басыма қонған бақ қой бұл, Абылай бабам армандап,

көре алмай кеткен Абайлар. Аққудай сұңғақ ақ қала, сүйемін Сені өртене Өртене сүйген жүректен сөйлейін енді шер төге... Қауырсыныңды нұр болып

төбеңде сүйіп тұр ма екен, Атылып айға мерт болған арыстан бабам ер Кене. Айдары алтын Ұлсың Сен, көркіңе әлем қараған, Айдарын алтын тарақпен сәулесі күннің тараған. (Алпыс екі тамырыңды иітіп енді дала – анам, Ақ уызыңды аяма айдары алтын баладан). Иітіп ұлы омырауын ұсынса дала ақ уыз, Кекіліңді күнге сүйдіріп, тартынбай одан қанып іш! Мақсат Әлсейітов Ананың ғана сүтімен буының қатып бекісін, Ананың ғана сүтінен табылар саған бақ-ырыс. Бәйтерегіңнің тамыры басталып сонау ғұн, сақтан, Жапырағы зеңгір аспанға арманын айтып тіл қатқан. Алыптар шықпай қоймайды таласқан биік таулармен, Туылған алтын құрсақтан ғұн,

сақтан қалған ұрпақтан. Көшеңе кірдім, Көріктім, кеудемнен тамып жыр моншақ, Көркіңе сенің күллі әлем таңдайын қағар күнді аңсап, Домбыра дала төсіне қос ішек болған ғұн мен сақ, Күмбірлеп Сенің көшеңнен күй болып шығар күнді аңсап! Домбыра дала пернесін саусақтай жүйткіп дөп басқан, Сақтардың сазын сағынып селдетіп жасын төкті аспан. Парақтап әрбір көшеңді тебіреніп әлем оқысын, Телегей көздің жасымен жазылған теңі жоқ дастан!

ЖАУАП БЕР Сөзіме жауап бер жаным!? Көңілім қалмасын десең, Мәңгілік жан досым десең, Ақ гүлін адал махаббатымның, Солдырып алмасын десең, Қарлығаш достығымыздың, Қанаты талмасын десең, Сөзіме жауап бер жаным!? Қазаның асылмай қалсын, Үтігің басылмай қалсын, Кірлерім жуылмасын да, Төсегім жиылмасын да, Өзіңе титтей өкпем жоқ. Ол үшін «бұйырмасынға» Мен сенің өзіңмен бірге, Сөзіңе ғашық болғанмын, Сондықтан байсалдылықтың, Ауылынан қашық қонғанмын, Алдыңда бір ақтарылып, Балаша шаттана қалсам. «өМіР» ДӘПТЕРІНЕН

Мақсат Әлсейітов Келгендей жырақта жүріп, Аз ғана мақтана қалсам, Сен үнсіз қаласың бірден, Сол сәтте отыра кетем, Палуандай шамасын білген. Достығың осы ма жаным?! Мен болсам асыл ананың, Ұлының хатын күткендей, Қызының бақытын күткендей, Бәйгеден Ақан серінің, Құлагер атын күткендей. Әскерден балауса қыздың, Алғашқы махабатын күткендей. Сөзіңе іңкәр едім ғой, Төзімді құрта бердің ғой. Сен үнсіз қалған сәттерде, Таусылып қамығып тұрам, Даусыңды сағынып тұрам, Сөзіме жауап бер, жаным! Дұшпанға кектенген кезде, Біреуді жек көрген кезде, Досына дархан көңілі, Тосыннан шектелген кезде, Сөйлеуге ерінер адам, Достықтың үнсіздігіі, Көктемнің гүлсіздігі, Сияқты көрінер маған. Батады маған бұл дерттей, Сарылып тағат біткендей. Сөзіме жауап күтемін, Хатыма жауап күткендей.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл КҮШІК Анасының айырып бауырынан, Інім бірде әкелді үйге күшік. Ал әжемнің ауырып жаны бұған, Көп қиналды беймаза күйге түсіп. Сорлы күшік түнімен қыңсылады, Емшек іздеп жылаған баладай-ақ. Түнімен әжем де тыншымады, Ана-жүрек байғұсты барады аяп. Дөңбекшумен өткізді сол бір түнді, Күн де шықты көркімен түнді ысырған. Үйге күшік әкелген озбыр ұлды, Әжем жұлқып оятты ұйқысынан: – Қайталама екінші бұл ісіңді, Жауыздыққа үйренбе жас шағыңнан! Тез киін де Әкелген күшігіңді, Анасына апарып таста жылдам! Тез киініп, келместен сөзге бөтен, Күшікті алып інім де кетті асыға. Әділдіктің мерейі үстем екен, Ақ әжелер отырған отбасында! Тапты солай анасын сары күшік, Әжем солай бұйрығын орындатты. Содан кейін ертеңгі шәйін ішіп, Жастығына бас қойып, дамыл тапты. Жаңа ғасыр алдынан есік ашқан, Өтінерім сендерден, Балдырғандар: Қиянатқа үйреніп осы бастан, Әжелерді ұйқысыз қалдырмаңдар!

Мақсат Әлсейітов АНА Көктен тамған тамылжыған шуақтай, Мейіріңнен көктеп өстім құрақтай. Ана Сенің ақ сүтіңнің тамшысы, Бейіштегі Кәусар атты бұлақтай. Жанарыңнан тамылжыған таң атар, Жүректерге жан шуағын таратар. Ауызыңнан шыққан әрбір лебізің, Пайғамбардың дұғасына пара-пар. Жұлдыздардан сімірмек шуақты, Көкті кездім мініп көңіл пырақты. Аңғал басым аңғармадым неліктен, Аяғыңның астындағы жұмақты. Жаратқанның қаламынан нұр тамып, Сол тамшыдан Сенің Бейнең туды анық. Төгіледі Сенің айдай Бейнеңнен, Адасқанға Һақ жіберген нұр жарық.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл * Қыш кірпіші қат болатын ауылда, Қала алыс көлік жалдап баруға. Қыш дуалын сатып алдым көршінің, Өзіңе арнап төртқүлақ там салуға. Қызыл кірпіш отыз қатар өрілген, Тістей бүтін бір жері жоқ желінген. Айшық шықты сол дуалдың ішінен, Аппақ сүттей соғылған ақ темірден. Айшық шықты жаңа туған сияқты ай, Ақ темірден қиылыпты қияқтай. Қызыл кірпіш арасынан жарқ етті, Тасқа тиіп сәуле шашқан тұяқтай. Мекен етіп «Әйімбет ишан» қорымын, Жатсың Ана, Құтты болсын орының, Һақ бұйыртқан төбеңдегі айшықты, Иманыңның ақтығына жорыдым.

Иман туын таза аппақ көңілмен, Көтерумен, Өтіп едің өмірден, Тәңір Сенің ай сыйлады басыңа, Аппақ сүттей соғылған ақ темірден. Босап шығып бескүншілік «тұсаудан», Көкке кетіп, Құтылдың ба құсаңнан. Ай бейнеңді аңсауменен өтермін, Көк бөріше айға қарап күш алған.

Мақсат Әлсейітов * Тоқсан басты айдаһар Тарбағатай, Бір қыз жұтып қайттың ба қаһарыңнан. Сол қызды қайта қүссаң әлдеқалай, Мен уланып өлер ем зәһарыңнан. Өлмес едім, табар ем жанға дауа-ай, Тірілер ем мен оның нұрыменен. Тоқсан басты айдаһар Тарбағатай, Қайта құссаң сол қызды шыныменен. Тоқсан мың жыл жасаған тау-киелім, Келді міскін алыстан бауырыңа. Ақ батасын күткендей әулиенің, Жаутаң қағып қараймын ауызыңа.

Лебізіңді аңсап түр шашылған дүр, Жалықпайды жүзіңе жаутаңдаудан. Артық көрер ол міскін тасыңды әрбір, Әлемдегі ең асыл жауһарлардан.

Мүсіркеуге лайық келді міскін, Сараңдықпен сен оны қинама тек. Жабырқаған жанына бергін ұшқын, Ұшқын тілеп келіп тұр диуана боп. Мүсіркей гөр, аяй көр міскініңді, Тоқсан мың жыл жасаған тау-қария. Сақина қып лап еткен ұшқыныңды, Тағып жібер міскіннің саусағына.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ҚАРАТЕРЕҢ Қаратерең-қаракөз, Бөрші-қабақ, Көзіңді сол мөлдірге көрші қадап. Қара көзден тұр екен мұң төгіліп, Қабақ емес, ол көзді шер тұр орап. Күңіренеді шуласып толқын көшіп, Жүбата алмай ақ самал алқынды есіп. Иесінің қолынан сусып кеткен, Көл түбінде бар дейді алтын бесік. Көзіндей ғой мына көл құралайдың, Көрген сайын жаныма мұң ораймын. Қасқалдағын алысқа ұшып кеткен, Есіне алып солқылдап жылар айдын. Тағы келдім бұл көлдің жағасына, Қазынам қалып барады нақ осында. Көл астында қап кеткен қазынамның, Баға жетпес әлемде бағасына. Қазынам қалып барады көл түбінде, Үмітімді қимаймын өлтіруге. «Алтын-Бесік» қолыма қайтар ма екен, Жағалауға шығарса жел түбінде. Жағалаудан барады халқым көшіп, Көл түбінде қап қойды «Алтын-Бесік». Аманатын сақтаған тапсыра алмай, Үрейлене қарайды толқын шошып. Қаратерең-қара көз мөлдіреген, Мұңын оның оқып толқын өлең.

Мақсат Әлсейітов Ай ғашық боп толқынның әуезіне, Аққу құсап төсіне қонды ма екен?! Қаратерең – қара көз тұнған арман, Көз алмаймын жүзінен мұңға оранған. Толқынына қараймын телмірумен, Жүрегімнің асылын ұрлап алған. Жетімдердің жиылған көз жасындай, Мынау көлден, Қойды ғой шер басылмай. Шерді көріп жүректен осы өлеңім, Тамып түсті құйылған қорғасындай. * Әр адам галактика дара-дара, Миллион шақырым қашықтық бар арада. Осынау қашықтықтан адам ұлы, Бір-бірін толық тани ала ала ма? Тани алмас, Байқар тек сұлбаларын, Бір-бірінің көре алмас шын жамалын, Ең аяулы асылын танытқызбас, Қара тұман тұмшалап кіл жанарын.

Көкіректегі титімдей күдік-күман, Жібереді көз алдын қылып тұман. Өмір бойы тұманда адасумен, Шын бейнесін өзінің ұмытты адам.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Қалың тұман көрсетпес жан гауһарын, Жемнен басқа түк көрмес қорқау-қарын. Тозаң күнә, Перде боп көз алдына, Адасумен келеді аңғал қауым. Сайқал күдік сыбырлар алдау үшін, Сайтан кіріп сеніміне салды ауызын. Таскерең жұрт, Құлағы тас боп біткен, Бірбірінің есітпес жан дауысын. Қара тұман тұмшалап көзін елдің, Жетімдердің көрсетпес көзінен мұң. Түпсіз терең тұңғиық адам жанын, Қоршауға алып тұр ма, әлде, пері мен жын. Осынау тұңғиықты-тереңдікті, Табылмас сүңгіп барып көрер мықты. Жағалаудан қайтып жүр шуылдасып, Ешкім жасай алған жоқ ол ерлікті.

Мақсат Әлсейітов * Кедендік одақ құрылып, Қазақ, орыс, белорус, Болып жатыр «ағайын». Әккілік қылып орекең, Қақпан құрып тағы да, Шырмамақшы маңайын. Онысы менен болмайды, Өзі құрған қақпанға, Түсірер өзінің «әкәйін». «әкәйі» қалар кесіліп.... Осылай болжай берейік, Болашақтың нобайын.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл * Бір әлем бар, бізге жұмбақ, тәңірге ақ, Ешкім білмес қайда екенін оның нақ. Жұлдыздар да сыр ашпайды ол жайлы, Анда-санда тұспалдайды тек ымдап. Миллиардтаған құртақандаай пенделер, Сол әлемді іздеуменен сенделер. Пенде іздеген жұмбақ әлем қақпасы, Миллиардтардың тек біріне кез келер. Тек бір адам тауып жұмбақ шешімін, Ашып кірер тылсым дүние есігін Ол қандай жан: Пайғамбар ма, пақыр ма? Ешкім оның айта алмайды есімін.

Мақсат Әлсейітов АҚБӨКЕН Даламның көркі-ақбөкен, Кең дала оған бақ мекен, Даланы ғана сүйеді, Жанына аймақ жат бөтен. Даланың ерке маралы, Болмаса екен жаралы. Қазақтың қызы секілді, Мөп-мөлдір оның жанары. Айып па қазақ халқы оны, Қарашығындай сақтаса. Даланы кезген еркені, Атпаса екен, атпаса! Атпаса екен еркені, Даламның марал көркі еді. Дүбірлеп күйге толтырған, Ғажайып сұлу өлкені. Осы бір сұлу аймақты, Сүйіпті, Еркін жайлапты, Қазақтар сынды тағдырын, Далаға олар байлапты. Даламды кезген сүйікті, Қырмасын ешкім киікті, Олар да еркін өмірді, Қазақтай болып сүйіпті.

  • * Шаттығымды, күлкімді жоғалттым мен, Ұмытыппын солардың не екенін де. Жастығыма жантайып түн ішінде, Сағыныштың кетемін жетегінде. Сұрағым бар өзіңе қаратылған, Секундсайын аңсаймын неге сені?! Бұл жүректің сен үшін жаратылған, Қалай болар білмеймін келешегі. Түн жамылып отырмын,мұң жамылып, Бір бөлмеде бір өзім оңашамын, Күн-көзіңді жүрегім тұр сағынып, Онсыз түнек-ғұмырда адасамын. Күндіз болса жүремін келісе алмай, Маңайдағы аз ғана ортаменен. Бимаза ой қинайды мені сондай, Күнсіз-сенсіз қалудан қорқа берем. Ертеңімміз біздердің нұр шашады, Тек тезірек келсе екен қосылар күн. Сонда мені қамаған түн қашады, Ақ таңымды сағындым тосып әр күн. «Жастық» ДӘПТЕРІНЕН

Мақсат Әлсейітов * Шығарып сап қала алмай сені, жаным, Қажып қайттым вокзалдан қаншама рет. Қажып қайттым, қажымай не қыламын, Өзің болдың жүректің аңсары тек! Қажып қайттым вокзалдан пысым құрып, Темекінің түтінін талшық етіп, Айта алмай-ақ өзіңе түсіндіріп, Алдым, сосын, жүректі әлсіретіп. Жүрек деген патшаның кеудемдегі, Жазаландым тыңдамай әмірін мен, Патшам енді жазалап өртер мені, Өтті күнім өксумен,сағынумен!

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл * Ұйқысыз түн өткеріп азаптанам, Басқадан қажет емес ләззат маған. «Қайғысыз ғазиз жүрек зарламас» деп, Қалайша біліп айтқан қазақ бабам. Жыр қылып жүректен шер тамызамын, Тағдырдың солай болды заңы жаным. Барады есім ауып, аңқам кеуіп, Өмірдің көре-көре аңызағын. Сарғайтты сағыныштың кіл аптабы, Жасық деп ойлап қалма бірақ тағы. Ғашықпын жасық емес жаны мұңлы, Өзіңсің көңілімнің шуақ таңы. Бәрінен артық сүйдім бозбаланың, Өзіңе осы бақыт аз ба жаным!? Жанымды жаныңменен ұққың келсе, Тыңдап көр аруананың боздағанын. Сонда сен түсінерсің жалын жырға. Білерсің бұйырдым ба, жалындым ба?! Жырларым олқы соғып жатса егер, Шырлаған бозторғайдың әнін тыңда! Тыңда да аруананың боздағанын, Есті де бозторғайдың созған әнін. Кейінге кездесуді созба, жаным Өйткені жынданудан аз қаламын. Қулықтан жырақ тұрған, ұзақ тұрған, Жан едім қабағында сызат тұрған. Әдіспен ақ қоянды қағып түсер, Айлалы аңшы емеспін тұзақ құрған.

Мақсат Әлсейітов * Қолын бұлғап күйеу мен ақ келінге, Ертеңіміз күтеді күлім қаға. Сол күндерге асыққан сәттерім де, Сыйынамын Жүсіп пен Зылихаға. Мүсіркерсің, аярсың мүмкін мені, Қаламассың, маған Мәжнүн атануды. Азып-тозып кеттім мен бұл күндері, Иегіме қаулатып сақалымды. Сақал өссе, ылайым, өсе берсін, Өскенменен қалмаспын кәрі болып, Ал жүректі айтпай-ақ түсінерсің, Емде мені шипалы дәрі болып.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл * Албырт көңіл қашанда алаңдамай тұрмайды, Аңғал жүрек сондықтан қайта-қайта жырлайды. Бұрын саған жүз айттым тағы да бір айтайын, Он жыл бұрын осыдан болып өткен бір жайды. Бір ағамыз болатын жауқазындай көктеген, Әттең-әттең сол жігіт жиырма беске жетпеген. Сүйгенінен айырылып мерт еткелі ол өзін, Ғашықтарды айырған азғындарды жек көрем! Уәдемде тұрып мен көңіліңді жықпайын, Тойға арнаған анамның үлестіріп құрт-майын. Екі жүрек арасын кім бүлдірсе от тастап, Арам қанын мен оның арақ қылып ұрттайын!

Мақсат Әлсейітов * Үстіңе тағы бір көйлек киде, жаңартып, Мен жақтан жылы, мен жақтан жылы хабар күт. Тағдырға жылап, шын бақыт сұрап тұрып мен, Ала жаздаппын өзімді өзім жоғалтып. Хабар күт менен көңілім өсіп желпінер, Тілектес болсаң біздерге бақыт ел тілер. Нәп-нәзік жаның бір мені ойлап елжірер, Мөп-мөлдір көзің мен жаққа қарап мөлдірер. Адалдығыңнан әркімдер ғибрат аларлық, Тағдырдың берген сол сыйын алма жоғалтып. Үстіңе тағы бір көйлек ки-де жаңартып, Мен жақтан жылы, мен жақтан жылы хабар күт.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН «Жанқожа батыр» дастаны І-бөлім ХАҚ БҰЙРЫҒЫН ОРЫНДАҒАН БАТЫР Қасқырдай жыртқыш Бабажан, Қалың әскер шығарып, Хиуа деген қаладан, Қорғаны жоқ қазақтың, Малы мен мүлкін талаған. Онымен де тұрмаған, Сартқа кеткен сатылып, Сатқындар шығып арадан. Әскері көп өзбектер, Сырдарияның бойына, Бекініс қамал салдырып, Бабажандай батырын, Сайлапты оған хан қылып. Атаңа нәлет Бабажан, Тындырыпты көңілін, Қорғаны жоқ қазақтан, Күнара бір қыз алдырып. Қазағымды ойрандап, Аруымды арамдап, Сырдарияның бойында, «Әй» дейтұғын әже жоқ, «Қой» дейтұғын қожа жоқ, Бабажан жатты сайрандап... (Жырау толғауынан үзінді...)

Мақсат Әлсейітов Сұлу Сыр жатты қарақшылардан жиіркеніп, Қызылқұм жатты намыстан жүзі өртеніп. Қарақшы жатты қазаққа қылып «еркелік», Қазағым жатты шарасы құрып, жер теуіп. Қазағым, халқым, толқымай неғып жатырсың? Қандастарыңа қылыш сілтесең батырсың. Хиуалықтарға сатылып кетіп «ақылшың», Қарақшылардың мазағы болып жатырсың. Сезсеңші, қазақ, жеріңе сенің кім келді, Сырыңның түрі қан тектес күрең түрге енді... Далаңның көркі – қырмызы анау гүлдерді, Тамырын үзіп... Уақтынан бұрын кім терді? Алты ата Әлім, неғылып жатсың күңіренбей? Арыстан едің кеудесін жаудың тілгендей. Азуың қайда желкесін жаудың бүргендей, Арысың қайда «Аллалап» атқа мінгендей, Боздайсың неге ботасы өлген інгендей?! Ей, Сұлу Сыр! Солқылдап неге жылайсың? Бір кезде қансың, Бір кезде күрең ылайсың. Жұлқынып кейде арнаңа сыймай тулайсың, Жауыздықтардың жауабын кімнен сұрайсың?

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Ей, Бозторғай! Төбеде ұзақ шырлайсың! Шырлайсың неге, шырлаудан бір сәт тынбайсың. Ары бір ұшып, бері бір ұшып зулайсың, Бейкүнә құсым, Кімдерден жәрдем сұрайсың?! Бейкүнә құсым, дұшпаның сенің мықты ма? Балапаныңды безбүйрек жылан жұтты ма? Сабыр ет құсым, Сөзімді менің ұқ мына, Кездесер жауың өзінен басым, мықтыға! Жаулары құзғын, Қазағым болған қырғауыл, Халқыңның мәңгі есінен кетпес бұл дәуір. Өткеріп бастан жатқанда сондай күнді ауыр, Арқадан соқты екпіні күшті бір дауыл. Жанқожа сонда Ақтөбе деген жерде еді, Алты ата Әлім Жәкеңе хабар бермеді. Халқының жайын есітіп ұзынқұлақтан, Батырдың бойын керемет кернеді. Кермеде тұрған Ақылақ атты ерттеді, Кішкенелерден қасына жолдас ертпеді. Еремін деген жолдасты қажет етпеді. Тұлпарын мініп, ауылдан шығып шеткері, Жарықтық Жәкең жауына жалғыз беттеді. Ақ тілек тілеп, шығарып салды Шекті елі. Қаракесектің батыры Ақтан нар алып, Барлық батырға қылушы еді ағалық.

Мақсат Әлсейітов Жауына шапса жолбарыс болып жаранып, Басынан кетпей жүруші ед үлкен қара бұлт. Жолшыбай Жәкең жолдас қып алды Ақтанды, Жолдас қып алып, Бабажан сартты бетке алды. Қыстаубай батыр, Байқазақ пенен Дабылға, Хабаршылары бұлардан бұрын аттанды. «Сәрсенбі күні, сәскеде бізді күтсін» деп, Батырларына жіберіп жатты ақпарды. Қосылып алып қазақтың екі қыраны, Қараңғы түсе бойына Сырдың құлады. Ойпаңда жатқан қараша үйлі ауылға. Тізгінін тартып, атының басын бұрады Шеткі үйге келіп, көмескі жанған шырағы, «Құдайы қонақ аласыз ба?» деп сұрады, Жетпістердегі, ол үйден, бір шал шығады, Жанқожа айтып тұр екен сонда мынаны: – Жолаушы едік, келеміз ұзақ жол жүріп, Атымыз қалды, өзіміз қалдық болдырып. Алар ек тыным, қалар ек ұйқы қандырып, Жіберсең, аға, үйіңе бір күн қондырып. Сөйледі сонда әлгі үйден шыққан шал тұрып: – Жолаушы болсаң, қанекей төрге өтіңдер, Жайланып жатып, мейманым болып кетіңдер. «Қырықтың бірі қыдыр-ды» деген бір сөз бар, Қыдырым болсаң қорғаным болып бекіңдер! Жолаушы болсаң, қырықтың бірі – Қыдыр-ды... Онсыз да менің қор қылмақ жалғыз қызымды. Онсыз да менің солдырмақ қызыл гүлімді... Осыны айтып шал сорлы сонда мүдірді... Мүдіріп болып қораға қарай жүгірді.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Қорада тұрған қара серкені әкеліп, Жанқожа ердің алдына келіп жүгінді... – Тәңірім құлақ салды ма екен зарыма, Келдіңдер ме екен қыдырым болып бағыма? Шырағым, қалмай өмірде қалған мағына, Тәрк етіп бәрін, Белімді бекем буып ем, Кетуге лағып басымның ауған жағына. Бабажан бектің өтті ғой жанға азары, Болмақшы қызым бір күндік сарттың мазағы. Құдайдың өзі жіберді ме екен сендерді, Бізге де Һақтың түсті ме екен назары? Зарыма Тәңір түрді ме екен құлағын? Көрді ме екен көзімнің аққан бұлағын? Үйімнен безіп кеткелі енді жатқанда, Келдің бе екен қыдырым болып, шырағым?! Жасаған ием аяды ма екен бұл құлын? Көрді ме екен жылаған ғаріп мұңлығын? Үйімнен безіп шыққалы енді тұрғанда, Жеттің бе екен періштем болып, құлдығым?! Бұл сөзді естіп Жәкеңнің қегі қайнады, Сексеуіл шоғын аузына салып шайнады. Қабағы ердің қара бұлт болып түнеріп, Көзінің оты найзағай болып ойнады. Есіне түсіп ертеңгі соғыс майданы, Қылышын алып, қайраққа салып қайрады. Келтірді көзге алмастан шыққан ұшқын от, Жарқ ете қалып шағылған күнге айнаны. Осылай Жәкең іспенен болып жатқанда, Серкенің еті қазанда пісіп қайнады...

Мақсат Әлсейітов * Қазынасын елдің арқалап жатқа тасыған, Жатсынып өзін, жай алған жаудың қасынан. Сатқынды көрдім санасы боқтай сасыған, Мұрнымды бастым, Жиіркеніп қаштым қасынан. Мұрнымды бастым, Жиіркеніп қаштым асығыс, Санамнан шықпай харамнан жұққан сасық иіс. Халқының арын арқалап жатқа тасығыш, Сатқынды көрдім қылғаны ылғи пасық іс. Билерді көрдім, Халқының тонап қазынасын, Ойламай елін, ойлаған жалғыз өз басын. Басқаның сырын көзінен оқып үйренген, Ұқпайтын бірақ қараша жұрттың көз жасын. Билікті саған, тәңірдің өзі сыйласын, Жетімді жұбат, Көзінен аққан тый жасын! Қараша үйге иілмей қойса би басың, Қайтесің ұстап Аруана жұрттың бұйдасын?! Хиуаға құл боп, Қызметін қылып бүлкілдеп, Еліне келіп шашады зәрін зіркілдеп. Астыртын ақпар баратын еді Хиуаға, Қыранша бір ер саңқ ете қалса: «Ұлтым!» деп. Қыранның даусы жаңғырып кетсе алапаты ап, Хиуаға хабар жететін еді заматта-ақ.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Талайды алдап шақырып алып сарайға, Құс жастық тастап шәйі көрпе төсеп қабаттап. Өрік пен мейіз, жүзімін төгіп алдына, Ұсынып көк шай, Тартатын палау табақтап. Сарайда солай күтіліп «мейман» жатқанда, Ұсынып көк шай, Табақтап палау тартқанда; Қап-қара сұлба атқора жаққа баратын, «Жем бермек» болып қонақтар мінген аттарға. Қас-қағым сәтте боялып у-ға ер-тұрман, Айналып шыға келетін еді қақпанға. Талайды солай сарайға алдап алдырып, «Сияпат жасап» шығарып салды хан күліп. Жете алмай елге нешеулер жолда көз жұмды, Төтеннен келген «белгісіз» дертке шалдығып... Тарпаң халықты айырмақ болып ұлтынан, Зерттеді ұзақ білдірмей аңдып сыртынан. Әуелі мешіт, соңынан жайлап қала сап, Бойына Сырдың сиқырлы тұзақ құрды хан. Тарпаң халықтың жақындап келіп қасына, Кигізбек болды айламен ноқта басына. Бекініс салып, бекініп әбден алғанша, Көрсетпей тұрды құрығын көзден жасыра. * Сарттар салған қырдағы қамал тым асқақ, Астамсып қарар күнәсін өзі растап. Айдаһар сынды дуалдар шеңбер жасап ап, Заһарын шашып даламды жатыр ыластап.

Мақсат Әлсейітов Ластанып емес, уланып жатыр осы аймақ, (Есімі түссе шығады көзге жас ойнап...) Қамалда жатыр мыңдаған Хиуа сарбазы, Шеккені қорқор, ішкені көкнәр, масайрап. Айдаһар уы таралып кетсе денеме, Уланған дене келеге қайтып келе ме? Әй, мені қойшы, Жататын анау төбеде, Не болар ұрпақ: шөбере, шөпшек, немене? ...Қамалдан шығып барады әне он атты, Он атты – осы орнатқан елге тозақты. Алдында Жаққыш! (Қазақтан шыққан сатқын бұл), Топ бастап талай өз елін жатқа тонатты. Қарқылдап күліп баратты, Бұлар білмейді, Қараша үйге Қыдыр боп түскен Қонақты. Астында бедеу, басында сеңсең шөгірме, Қолында найза, байланған қылыш белінде. Айымбет батыр қамалда әскербасы еді, Теңі жоқ еді өзінің түркпен елінде. Зерігіп бүгін қамалдан шықты ол-дағы, Жаққышпен біраз бой жазып бірге келуге. Ойпаңда жатқан ауылға бұлар беттеді, Шөкелеп келед қараша үйді шеттегі. Мүсәпір қарттың тартып ап қызын зорлықпен, Бабажан бекке апарып табыс еткелі. Топ бастап Жаққыш өз елін өзі жаулаған, Хиуаның көңлін мың түрлі жолмен аулаған.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Інінен шығып, мөлиіп қарап тұратын, Пошымы нағыз саршұнақ тышқан аумаған. Бауыры тасқа, бүйрегі безге айналған, Көрсетпей жолын тас қылып көзі байланған. Сиқырдың күші сүйекке сіңіп кетіпті, Дуадан басы жазылар ма екен?! (Әй, қайдам?!) Келеді топтың алдына түсіп тәштеңдеп, Лепіріп қояд: «Хиуадан артық еш жер жоқ! Батыстан орыс, Шығыстан шүршіт жолатпас, Хиуадан келген айбынды біздің әскер» деп. Жаққышқа салсаң жәннаттың бағы Хиуада, Хиуада бәрі: Ынсап та, дін де, иба да. Өзінде барды өзгеден іздеп телмірген, Бұл Жаққыш өзі қай жақтан шыққан диуана? Көлеңке іздеп сабылып жүрген осы елге, Бұл Жаққыш өзін балайды үлкен көсемге. Көлеңке жерде шуағы күннің түспейтін, Тіріліп тілің, Жанданып ділің өсер ме? Топ бастап Жаққыш, Желдіріп жорға күреңді, Құйынша ұйтқып қараша үйге тірелді. Қамшысын білеп таянып бүйірін шіренді, Шіреніп келіп айқайға басып тұр енді: – Ей, Мүсәпір, Қызыңды ертіп далаға жылдам шық енді, Бұл жерге бізді тақсырдың өзі жіберді.

Мақсат Әлсейітов Қараша үйді кетердей болып жапырып, Өктемсіп сөйлеп, айқайға басты ақырып: – Қызыңды ертіп сыртқа шық деймін кәпір ит! Қараша үйдің сыртында тұрып он жендет, Айғайға басты «қызыңды алып тез кел» деп. Шел басып көзін, ісінген ісік кеуделер, Жыртық үйдің де құдайы барын сезген жоқ! Он жендет тұрды сыртында үйдің ақырып, «Қызыңды алып тез шық» деп шалды шақырып. ....Күтпеген жерден қараша үйдің ішінен, Лап етті сыртқа жолбарыс ерлер атылып! Күтпеген жерден сорғалап ақты бір қыран, Көжекті қуған түлкіге шеңгел батырып! Оқ жылан болып атылып Жәкең қонды атқа, Ысқырып, шапшып, тепсініп жетті он сартқа. Білекте балта ұршықша ойнап зырлады, Зәресі ұшып он жендет қашты жан-жаққа. Он жендет үйрек, қырғи ма дерсің бір Атты, Топалаң қылып бәрін де аттан құлатты. Қылышын сілтеп үлгірмей қалды Айымбет, Жұлып ап ерден оны да жерге сұлатты. Сұлады түркпен орнынан қайта тұра алмай, Қонжиды Жәкең шабыты буған қырандай. Сабалап жерді селкілдер сеңсең шөгірме, Бүркітке жем боп бүлкілдеп жатқан бір аңдай Өң менен түстің арасындай болған сол сәтте, Естілді ерге ап-анық дауыс мынандай «Мына кездікпен шал!», Дәл сондай дауыс естілді.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Пайда боп қолда бір өткір кездік қосжүзді. Шөгірмелі бастың алқымы қызыл түске енді, Сексеуіл шоғын маздадып жаққан пеш – сынды. Жаңағы дауыс қай жақтан бұған естілді, Қай жақтан келді сиқырлы кездік қос жүзді. Бұл қандай жұмбақ, бұл қандай тылсым, біле алмай, Аң-таң боп тұрды көре алмай батыр ешкімді. Белдегі кездік кіседен әлі шықпапты, Суырып көрсе бір тамшы қан да жұқпапты. Бұл қандай дауыс, бұл қандай кездік екенін, Ерлердің ері өмірі бойы ұқпапты. Хас батыр келді періштелер мұнда жол бастап, Қарақшы келді сұмпайы сұмдар қолпаштап. Қараша үйдің алдында бұлар кездесті, Ізгілік пенен зұлымдық туын қолға ұстап. Ізгілік туы даламды желпір жібектей, Зұлымдық туы қап-қара түсті түнектей. Қап-қара түсті қорлыққа көнбей тулаған, Қазақтың һәрбір қараша үйі жүректей. Періштелер келді түнекті нұрмен ысырып, Ібіліс қашты шығынып, жаны қысылып. Ізгілік туын көтерген ердің еріне, Тәңірдің өзі тұрды өткір кездік ұсынып. Халықтың кегі атылды жанартау болып, Жендеттер жатыр орылған десте, бау болып.

Мақсат Әлсейітов Түркіден шыққан түбіміз бірге бауыр едік, Күтпеген жерден кеткенбіз қалай жау болып? Минутке жетпей жендеттер қалды шашылып, Әлгінде ғана тұр еді суша тасынып. Өздері Һақты, Аттары жерді танымай, Ойрандап еді арымды таптап, басынып, Тайраңдап еді жерімнің құтын қашырып. Тұр еді Жаққыш қамшымен үйді сабалап, Күтпеген жерден құлады құмға домалап. Аяқ пен қолын арқанмен матап тастады, Тепкілеп, теуіп өкіртіп біраз сабап ап. Күтпеген жерден жанартау көкке атқылар, Күтпеген жерден тауларды бір күш лақтырар. Күтпеген жерден ажал да, бақ та, ырыс та, Түйсікті пенде аржағын өзі топшылар. Күтпеген жерден хандардың тақтан таюы, Күтпеген жерден жалданып жарлы баюы. Күтпеген жерден орманның қурап қалуы, Күтпеген жерден өртеңнің өркен жаюы! Сенуге болмас атаққа, даңққа, ақшаға, Сүйеніп болмас Жаратқан Һақтан басқаға! Күтпеген жерден момындар жетер мұратқа, Күтпеген жерден ғаріптік келер патшаға! Патшалар түгіл домалар таулар қаңбақша, Нәубеті жетсе шағылар шыңдар жаңғақша! Сұрапыл соқса домалап допша жөнелер, Сүйеніп болмас Тәңірден басқа жартасқа!

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл СҮЙЕНЕР ШЫҢЫ Жәкемнің еді ЖАЛҒЫЗ ҺАҚ, СОЛ ШЫҢНАН ғана іздейтін еді МӘҢГІ БАҚ! Батырдың жанын ыластан, кірден, шайтаннан, Тазалап тұрды сол ШЫҢНАН, аққан БАЛБҰЛАҚ! Сыр – Ана бұрын батырды мұндай көрмеген, Жауапқа тартып нәпсісін күнде тергеген. Би менен байдың үйінен тағам татпайтын, Ас ішпес еді келмесе маңдай терменен. Шылауында болып, «Аллалап» атқа мінгенде ер, Жәкемді қоршап тұратын еді шілтендер. Қаһары келсе ғаламат дауыл соғатын, Осылай бізге айтатын еді үлкендер. Жайшылық кезде адамның Жәкең аққуы, Күнәдан қашқан періште меңзес пәктігі. Оқ жауып тұрған зұлматқа қарсы барса да, Адасып кетер таба алмай қалып оқ мұны. Шойыннан құйып қойғандай сұлу сом дене, Өзгеше пішім, ала алмас ешкім тең келе. Айбатты мұрты арқардың мүйізі тәрізді, Құлақты орап, тірелген барып желкеге. Ерекше қылып жаратқан ерді бір құдай, Сарқырама сақал жарасқан жартас кеудеге! Толғадым біраз тұлғасын ердің дәріптеп, Қиялмен жүйткіп түу алыс жерге барып кеп. Түгендеп жырмен шығайын қалған ерлерді, Дөңбекши тұрсын қыз күтіп жатқан сарт бек. Қырдағы қамал бұл жерге сексен шақырым, Бабажан әлі ерлерден келген мақұрым. Жиналар жері Сырдағы қалың дүт тоғай, Сол жаққа қарай жылжыды ерлер ақырын.

Мақсат Әлсейітов Қадір мен Сәдір, Дабыл мен Шағырай төрт бабам, Жүрегі қайтып жалғанда жаудан қорықпаған. Басқаға кетті сендердің Мәңгі Мекенің, Айрылдым бүгін Дауқара мен Тақтадан! Үшқұдық, Тамды, Бесқала кетті басқаға, Айыпты жандай алдында ардың сотталам. Жалғаннан өтіп, жолықсақ Таңда Мақшарда, Төрт бабам менің, Білмеймін не деп ақталам?.. ...Төртеуі түгел келіпті осы соғысқа, Төрт қырлы найзам жарқ етті – жауға сақтаған! (Қандасым қалды-ау айнадай көзі жаудырап, Құмдарым қалды-ау бабалар бейітін бауырына ап. Енесін аңсап боздаған жетім ботадай, Еңсесі түсіп, езіліп қалды-ау тау жылап!) Қаракесек Ақтан, Тілеулі, Жақып, Байқазақ, Шулады ерлер «қазақтың жауы қайдалап». Беласар, Мырза, Айдарқұл, Аманқожалар, салса Алла сәтін жасын боп бүгін ойнамақ. Садырбай батыр, Барақтың ұлы Боранбай, Ерлерім келді қылышын кекке қайрап ап. Батырлар келіп жиылып жатты ел-елден, Қыстаубай менен Тоғанас келді шөменнен. Тыңдаушым, сәл-пәл сабыр қыл, Келген ерлерді, Түгендеп әлі бола алмай тұрмын өлеңмен. Дабыл, Қадыр, Садыр, Шағырай батырлар Дәуқара жерінде жатыр. Үшқұдық, Тамды, Бесқала, Дәуқара – Өзбекстанға қарап кеткен байырғы қазақ жерлері.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Ішінде жүрген нардай боп өңшең ботаның, Қызылбас келді бақыртып пілдей атанын. Дәрменқұл ишан күбірлеп іштей тілеп жүр, «Оңда, деп, Алла, ерлердің жорық сапарын». Сәрсенбі күні сәскеде ерлер мінді атқа, Бес жүздей сарбаз жылыстай берді қыр жаққа. Тұрмастай болып тапталған қазақ рухы, Жанартау болып атылып кетті бір уақта! * Бұл жердің әрбір бұтасы менен әр шөбі, Тамырыменен келімсектерге қарсы еді. Жатсынып өзін, сатылған жатқа сүмелек, (Басқаны қойшы) Шөптен-ақ үлгі алса еді. Бұғы мүйізді сексеуілдер жүр топ-топ боп, Мүйізін сілкер қамалды жарып өтпек боп. Ерлерден қалмай қапталдап келед шұбырып, Өлсе де разы өртеніп бүгін шоқ-шоқ боп. Жантақтың өзі жаралап жауды кек алмақ, Сондай-ақ болсын перзенті шөлдің адал нақ. Жыландай болып иреңдеп жатқан қамалға, Тікенін шашып, кірпі боп жантақ қадалмақ. Гүлдерге дейін қуанып бүгін шаттанды, Аяңдар гүлді, сәбилер олар пәк жанды. Шаттанды гүлдер, Қуанып алып ұшты олар, Ерлерге еріп олар да жауға аттанды!

Мақсат Әлсейітов * Қиқуға толып, жаңғырып кетті шартарап, Батырлар барып қақпаны жатыр балталап. Күрзідей ауыр соққыға шыдап тұра алмай, Гүрс етіп қақпа құлады ішке шалқалап. «Аллалап» Жәкең айқайға қатты басқанда, Күн күркіреді, Найзағай ойнады аспанда. Батырдың даусы жаңғырып көктен естілді, Күркіреп аспан аузынан жалын шашқанда. Бір қара дауыл қанатын қағып жетті ұшып, Қамалға төнді өн бойын дүлей кек қысып. Көтеріп дауыл қақпаны атып жіберді, Қираған қақпа жүз қадам жерге кетті ұшып. Дауылмен бірге аспанды қаптап бір түнек, Қайшылап аузын қаһарын төкті күркіреп. Жағадан алды ошағын жаудың сілкілеп, Сарттар қашты бүркітті көрген түлкі боп. Ерлердің легі жалынша ойнап, жарқ етіп, Қамалға кіріп, түкпірге барлық алды өтіп. Кеудеден шығып, көкке ұшып жатты қанша жан, Топырақ құшып құлаған тәнді тәрк етіп. Ойран сап жауға ортада батыр Ақтан жүр, Қазағы үшін ажалға барар мәрт жан бұл. Қаншама дұшпан жазасын алды дәл бүгін, Жетпіске таяп шау тартып қалған қарттан бұл. Қызылбас палуан мініп ап пілдей атанға, Қиратып жауды шөп құрлы көрмей таптап жүр.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Қырқысып жатыр Түркінің екі тармағы, Бір тамыр еді екі тармақтың аржағы. Абылды Қабыл өлтірген сәттен бастап-ақ, Бұл мінез өзі бар нәрсе еді қандағы. О, Адам ұлы, Тыныштық саған бермей жүр, Озали бастан қандағы бардың зардабы! Қандағы бардың салдары шығар, кім білсін, Алаштың ары – аруға салық салғаны. Қиянат түлкі жеп қойған кезде шыдамды, Жіберер Алла Намыс дейтұғын қыранды. Намыс дейтұғын Тәңірден келген сол бір құс, Дабыл батырдың бетіне түгін шығарды, Беласар ерге сегіз сартты шаныштыртты... Қыраны түлкі ап, Тарқатты қазақ құмарды. ...Бабажан бектің дегбірі қалмай сасуда, Байқады анық шапқанын істің насырға. Қорада тұрған қара тұлпар атқа ер салды, Бекінді жылдам қамалдан шығып қашуға. Көріктей кеуде, мойылдай көзді, сүмбіл жал, Түнектей қара, хайуаннан дара бұл бір мал. Қараңғы үйде сүт ішіп тұрды, сұлы жеп, Қанатты қара ат аталып кеткен бұл тұлпар. Құндыздай құйрық – сұлудың қолаң шашындай, Әр талы інжу – айтатын болсам асырмай. Тепкілеп жерді күй тартып тұрған төрт тұяқ, Сұлтаны Уәйіс тауының мәрмәр тасындай! Миянкөл жақтан алдырған құлын шағында, Тайы жоқ еді Әмудің екі жағында.

Мақсат Әлсейітов Жаратып әбден қалдырмай терін алдырған, Мейіздей қатып тұр еді тұлпар бабында. Хорезм жұрты қара аттың қанық даңқына, Дабысы жеткен Самарқан, Бұқар халқына. ...Он екі жасар баласын ерге мінгізіп, Бабажан өзі мінгесе берді артына. Қара тұлпар ат қанатты десе, қанатты, Жебедей ұшып, қамалдан қарғып баратты... Жалма-жан Жәкең найзамен шаншып үлгерді, Шапшытып көкке астына мінген ақ атты. Кірш етті найза жамбастың майлы етіне, Борсықтай дене құлады жерге өкіре. Үстінде бала, қара тұлпар ат кетті аман, Дүрс етті барып дуалдың арғы бетіне... Бабажан бектің мойнына арқан салды да, Әкелді сүйреп жамағат, жұрттың алдына. Сұрады батыр: – Уа, жамағат, бұл малғұн, Малыңды қойып, қызыңа салық салды ма? «Салды ма?» деді, «Салды» деп халық шулады. Дәл мұндай қорлық көрген жоқ еді туғалы. Денесі бектің арқанмен шандып тасталған, Жылымға түскен шортанша шапшып тулады. Арқадан басып, етбеттен жерге жатқызды, Қызыл жыңғылдан үшкірлеп қазық шапқызды. Дәу балға беріп білегі жуан жігітке, Шыңғыртып қойып

құйрықтан дәлдеп қаққызды.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Білекті жігіт құлашын керіп қаққанда, Шыңғырды қатты, қоянша түскен қақпанға. Көбелек болып ұшты да кетті содан соң, Жаһаннам жақта лапылдап жанған оттарға... Қойма аузын аңқайтты... Құсты лоқ-лоқ «қан» Тау болып лезде үйіліп қалды қап-қап дән. Олжаның бәрін ортаға әкеп үйдірді, Төрт түлік малды әкелді айдап төрт жақтан. Қамалдың іші шарбазар болды бесінде, Таратты олжа ғаріпке, жетім-жесірге. Өтсе де сан жыл, Жәкеңнің осы кесімі, Нұрындай күннің өшпей тұр елдің есінде. Тұтқынды түскен бөлдірді Жәкең екіге, Кетпен ұстаған дихандар қауымын қайтарды. Азығын беріп жететін екі жетіге. Қылыш ұстаған қарақшы топты ап қалып, Құлағын тіліп салдырды қойдың көтіне! Орындап Жәкең Жаратқан Һақтың бұйрығын, Қазыққа қақты Бабажан бектің құйрығын. Тәңірден ғана күш-қуат алған ер еді, Тәрк еткен еді жалғанның жалған сыйлығын. * Шарбазар – шартараптан керуендер келіп жататын базар. Қазіргі тілмен айтқанда әмбебап базар.

Мақсат Әлсейітов Ортаға түскен олжаға назар салмастан Ақирет жолын ойлаудан бір сәт танбастын Аққудай кісі жайнамаз үстін айдын ғып, Оқыды намаз сәждеден басын алмастан. * Айтпақшы... Қара атқа мінген балаға әлгі не болды? Қара тұлпар ат жұлдыздай ағып жөнелді. Ізінен қуып жете алмай қалды ер Ақтан, Тізгінді тартып дарияға барып бөгелді. Жарауы жетіп тұр екен қара ат бабында, Ақтан батырды келтірмей найза салымға, Араны ашып, зымырап оқтай жануар, «Күмп» етті барып, көлденең жатқан ағынға. Бұғы мүйізді сексеуілдердің табынын, Қақ жарып өтіп, Күшейтті дария ағынын. Ағыннан қара ат жыланша суси жөнелді, Елеген де жоқ шулаған судың сарынын. Дарияда қара ат жыланша суси жүзді де, Жағаға шықты, тұяғы мықтап түзді іле. Шұбалтып шаңын түтінше көкке тізді де, Қап-қара ноқат... Қарасын көзден үзді де... Хиуаға қарай жүйткіді желше үздіге.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ІІ-бөлім Төбеттер сезген тылсым немесе аруақтар жұмсаған әйел туралы хикая Жақын маңай Бұқара қаласына, Батыр келді тәжіктің арасына, Еріккеннен келген жоқ жат өлкеге, Сыймай келді өзінің даласына. Дала жатыр аспанын бұлт қаптаған, Күн қамақта,– құтқарар кілт таппаған, Алақанға ауылы сала алған жоқ, Қайран біздің батырды ұлт мақтаған. Соқыр сана алдамшы түске алданды, Ұлт ұлықтар кісіні іштен шалды – Жалаң аяқ жарлыға тараттың деп, Қамалынан сарттың түскен малды. Бағасы артып бақырдың асты бағы, Табандарға сап алтын басқыланды , Десек-тағы бәрібір өлексеге, Үйрете алмас құзғындар хас қыранды. Қылыш сілтеп туысты жасқамады Найза ұстап бір сойқан бастамады Көшіп кетті бір түнде Бұқараға Қара атанға артты да баспананы. Қызыл іші алапат өртке ұқсаған, Құмға біреу тәрізді от тастаған.

Мақсат Әлсейітов Алма-кезек басылып барады отқа, Қара атанның табаны – төрт тостаған. «От теңізін» тобықтан кешіп өтіп, Бұқараға таяды көші жетіп. Аялдады тәжіктің қышлағына, Осы өңірдің тұз-дәмі несіп етіп. Кебежеге салды да бар қаруды, Ойлады жер бір байдан жалға алуды. Ас ішетін адалдан асылым-ай, Ойлаған жоқ жер егіп мал табуды. Біздердей боп білген жоқ «арлануды», Жеңіл жолмен жылмаңдап мал табуды. Былғанған жоқ жалғанның қоқысына, Ақ жаңбырға шомылған тау тәрізді. Шектеспейтін ешкіммен шегарасы, Болды жалға бір байдан жер аласы, Құмаршақ жоқ өлкеде Қыстың қамын Ойлағанның қалайша бар оғашы? Үркер құмға құлаған мезгіл еді, Кетпен шауып жүр енді ердің ері. Дала жатыр «аһылап» аласұрып, Сыймай қалып өзіне өз жүрегі. Жанарынан жарқ етті от төгіле, Күннің нұры шағылды кетпеніне. Әуелі аққа, Содан соң сүйенді ер, Маңдайынан төгілген тек теріне. Құмаршақ – дәнді өсімдік.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Жүрді солай тұлпарша бой жасырып, Кім екенін білдірмей айла асырып, Қарапайым жәй қазақ болғанымен, Ердің түсі көрінді байға суық. Күндер жылжып судай бір өте берді, Күз кеп, егін жинап жүр Жәкең енді. Әзер шыдап жүргенін сезеді іші, Бала-шаға жатсынып бөтен елді. Хабар алып жеткендей алты әлімнен, Тырна қайтты үнінен зар төгілген, Елі түсіп есіне естияр ұл, Көкке қарап күрсінді қамкөңілмен. Қайтты батыр бір күні қырман жақтан, Кешкі мезгіл қызарып күн дәл батқан. Салып ұрып төрт атты келе жатты, Сонау жатқан сап-сары құмдар жақтан. Жолаушының нақ саны – дәл төрт атты, Батыр үйі олардың алған бағыты. Астындағы аттары «қансорпа» боп, Титықтапты апталық жолдан қатты. Бұл төртеудің батырға бауыр бәрі, Сырдың қайтпас жаужүрек дәу ұлдары. «Аяғына жығылып ап келің» деп, Жіберіпті қариялар ауылдағы. Содан жолға шығыпты бұл қазақтар, Қансорпа боп өтіпті құмнан аттар. Бұл төртеудің ішінде өр мінезді, Етжақыны батырдың Құлбарақ бар.

Мақсат Әлсейітов Оқ бұршақша төпелеп жатса да алдан, Жау қолына жолдасын тастамаған. Қанды көйлек Жәкеңнің жолдастары, Еді бұлар ерекше басқалардан. Інілерін көргенде ең сенімді, Көңіл мұзы көктемгі сеңше еріді. Қоңыр үйдің ішіне ер жігіттер, Сырдың қоңыр самалын ерте кірді. ...Ерте кірді – сірескен сең сөгілді, Сең сөгілді – жүректен шер төгілді. Жүрек үшін таласып ақырында, Шаттық жеңді – қайғы-мұң кері шегінді. Қоңыр үйдің шиі де, ағашы да, Аумай тартқан алаштың даласына. Оюланған түскиіз құлпырады, Орын бермей парсының паласына. Күбі, піспек... тері көнек, ағаш ожау, Одан төмен қайқыбел қара сабау... Бәрі-бәрі халқымның қолтаңбасы – Босағаға төселген алаша анау. Домбыраға салғанда саусақ «аттан», Күй түмені дүркіреп заулап аққан. Даңғарасын Бұхардың жолатпапты, Ұлт батыры секілді жауға шапқан. Отанынан айырылған тұл жетімді, Бауырына алып нұр төккен күн секілді. Жатқа бауырын тастамас ер жігітке, Қызмет қылсам өкінбен құл секілді.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Ойына да кірмейтін өз бас қамы Аққа күйе жағылса төзбес жаны Не сөйлесе, сөйлейтін кесіп-пішіп Өжет мінез Құлбарақ сөз бастады: – Үйді жығып ертемен жинал, батыр, Жат өлкеде жалғыз үй қиналма құр. Елді ойлайтын еркек аз бұл заманда, Қалың елің қапыда бейғам жатыр. Орыс, Хиуа қысып тұр қос бүйірден, Жұдырықтай жұртың жоқ тас түйілген. Ел сайламай, жау сайлап қойғаннан соң, Қайран болмай қалды ғой еш биіңнен. Бір жағыңнан Қоқан тұр жалаң қағып, Топырағыңды тонады қамал салып, Үш жүзіңді ортаға ап үш жағынан, Таптап жатыр жаныштап табанға алып. Үш жүзіңнің баласын үш қабылан, Ортаға алып талауда үш жағынан, Өзің атқа қонбасаң ел-жұртыңды, Кім құтқарар дұшпанның қыспағынан. Күшігендер құтырды елді тонап, Жатқа жалбаң қағады қол бұлғалап, Лапылдаған үш оттың арасында, Бейғам жатыр ұйқыда сорлы қазақ. Ақтарылды осылай ер Құлбарақ, Көкірегінен бір сәтке шер-мұң тарап. Құлбарақтың сөзіне сәл тұнжырап, Отырды да «саңқ» етіп өр Мұзбалақ:

Мақсат Әлсейітов – Жә, көрерміз, тәңірдің таңы атсын! – деп, Қысқа ғана қайырып берді жауап. Баймен есеп айырысты ертесіне, Қом салынды қара атан өркешіне. Бала-шаға қуанып алып ұшты, Ынтызар боп туылған өлкесіне. Дайын тұрды жиналып жүргелі топ, Батыр ғана атына мінбеді тек. – Ат шалдырып асықпай жүремін, – деп, Басқаларды оздырды ілгерірек. Басқаларды алдыға аттандырып, Жалғыз жүріп келеді ат шалдырып, Төрт бауыры бас болған көш қозғалып, Озып кетті алдыға жортқан суыт. Жалғыз жүріп келеді жолды бойлап, Үш жағынан таланған елді ойлап, Бір жағы Әмудария, бір жағы құм, Бөлінетін екіге зор бұл аймақ. Жол шетінде көрінді төрт қора қой, Өте берді мән беріп көп қарамай, Қой шетінен «абалап» үріп шықты, Төрт төбеті тәжіктің – төрт танадай. Тайыншадай төрт төбет қора бағар, Қасқыр түгіл, әрбірі адам алар. Бұлғаңдатып құйрығын тұрды еркелеп, Үзеңгісін батырдың жалап олар. – Ойбай ана сорлыны ит талады – Пырым-пырым қылды ғой бишараны

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл – Бұтын-бұт, қолын-қол ғып тастамасын – Жүгір әлі тірі екен, құтқар оны! Атып шықты төрт тәжік күркесінен, Иттің дауысын естіп іргесінен. Таң қалысып бұл ғажап көрініске, Төртеуі де айырылды мүлде есінен. Өріп қойған сақалын бұрымдай ғып, Өр кеудесі құз жартас шыңындай тік, Ат үстінде отырды алып кісі, Төрт төбетке мән беріп бұрылмай түк. Алыстағы қыратқа көзін қадап, Ат үстінде қыранша отыр қазақ, Еркелеп кеп төбеттер екі жақтан, Етігінің қонышын жатыр жалап. Құйрықтарын біресе бұлғаңдатып, Тәу еткендей болады жылдам жатып, Состиысып төрт қойшы тұрып қалды, Төрт ескерткіш секілді тұрған қатып. Жолаушының алдынан көлденеңдеп, Бөгей берді төрт төбет жолды еркелеп, Жалынғандай телміріп қарасады, Көздерімен сөйлеп тұр «сәл бөгел» деп. Сөзбен емес сөйлеп тұр сезімменен, Тілмен емес, айтып тұр көзіменен. Жолаушының бойынан жолдан өткен, Қандай қасиет төбеттер сезінді екен. Ырымшылдау халық қой тәжік деген, Ғұмырына ырымы бағыт берген.

Мақсат Әлсейітов Тәжім етіп иіле бастады енді, Қыдыр ата шығар деп «лағып» келген. Қыдыр емес, Қыдырдан кем де емес, Жаратылған ұқсамай пендеге еш, Өмір бойы сақтанып ібілісті, Өн бойына жолатып көрген емес. Шала-шарпы төрт тәжік түркішелеп, Дәм ұсынып Жәкеңді іркіп әлек, Бата тілеп қол жайып үңілуде, Жолаушының жүзіне нұр мүбәрек. Жалғандыққа жасынан жаны қас жан, Харам жемес қатса да тәні аштан. Жанқожадай жалғанда батыр бар ма, Ең әуелі өзіне соғыс ашқан. Соғыс ашқан өзінің нәпсісіне, Кәміл сеніп сүйенген ақ күшіне. Өз нәпсісін жазалап өзі өлтіріп, Ар алдында айналған пәк кісіге. Шын ниетпен ұсынған адал асқа, Шарасы жоқ батырдың қарамасқа, Аял қылып азғана мейман болды, Қара талдан соғылған қара қосқа. Қара қосқа іркілді азғана сәт, Дереу лаулай жөнелді маздап ошақ, Құда күтіп жатқандай әрі-бері, Жүгіруде төрт тәжік мәз бола шат. Не көрді екен төрт төбет, не білді екен, Не сезді екен түйсікпен, сезімменен.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Арыстанын батырдың көрді ме екен, Еш пенденің көзіне көрінбеген. Періштелер сәуле боп көктен жерге, Қанатынан нұр саулап жеткен кезде. Жердің жүзін айналып шарлап жүріп, Қонады екен ең таза пәк кеудеге. Қанатының ұшынан нұр тамшылап, Пәк кеудеге жағады нұрдан шырақ. Нұры жанған кеудеге бас сұға алмай, Үрейі ұшып қашады жын қалтырап. Ата-баба аруағы тек саналы, Нұры жанған пендеге кеп қонады, Кеудесінде нұры бар жан таппаса, Ұлт рухы зым-қайым жоқ болады. Ұлылардың өлмейді ұлы рухы, Биіктерге көздейді ту ілуді. Көкірегінің нұры бар жан бар кезде, Ұлттың туы білмейді жығылуды. Нұры жанған жан еді біздің Жәкең, Ғибадаты Аллаға жүз құлға тең. Нұр шырақ боп түнекте қылдырмаған, Қалың елін қап-қара құзғынға жем. Періштелер кеудесін мекендеген, Пәк жаралған жан еді Жәкең деген. Әзіреті Әли болмаса мұндай ерді, Жер бетіне еш ана әкелмеген. Жайнамаздан бес уақыт бас алмаған, Іс қылмаған жасырын таса Алладан.

Мақсат Әлсейітов Үзір сұрап үздіксіз Жаратқаннан, Күпірлікті көңілі хош алмаған. Ишандарша тілеген ақтан медет, Кетсе де өліп күтпеген жаттан көмек. Илаһида күшке ие еді батыр, Жаратылған адами заттан бөлек. Жетегіне ап ерендер ердің атын, Келе жатты орындап жол мұратын. Шапан киген шұғыладан шілтендерді, Төрт төбеті тәжіктің көрді бәлкім?! Ғайып ерен қырық шілтен демеп ерді, Шылауында боп қоршалап келе берді. Тәжіктердің мекені артта қалып, Бұхараның шөліне ене берді. Артта қалды тәжіктің кіл қышлағы, Шөлде жалғыз келеді жылжып-тағы. Бұхараның шөлі деп аталғанмен, Қызылқұмның кәдімгі бір пұшпағы. Көшіп-қонған қазақтар бұл құмдарда, Шежіресі өтеді мың жылдан да. Бекініс қып сан рет бұл құмдарды, Жоқ болудан сақтапты ұлтымды Алла. Жалғыз жүріп келеді жайлап батыр, Бұхараға тірелген аймақта бұл. Өркеш-өркеш құмдардың әрбірінде, Өз халқының тарихы сайрап жатыр. Әйтеке би, Жалаңтөс баһадүрлар, Ақ бата алған қария ата құмдар,

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Құшақ жайып қарсы алды өз баласын, Күтіп жатып оралар сапарын дәл. Тәжіктерін өзбек қып жаздырды да, Шайтан сөзбен қазағын азғырды да, Өзбек көкем ап қойды бұл өлкені, Тақиясын кигізіп таз құмына. Жалаңтөстей батырдың рухына, Жәкең үшін зор парыз қылу дұға. Сауыт сыймай қойыпты кеудесіне, Басы сыймай өтіпті дулығаға. Иран менен Жоңғарды қатар жеңіп, Жүз мың қолмен жасапты топан жорық. Мойындамай Тұранды тұра алмапты, Жалаңтөстің жеңісін жаһан көріп. Жалаң төсін жалтармай оққа тосқан, Мәрт Жалаңтөс батыр да өтті Алаштан, Баурап алды Жәкеңді ұлы құмдар, Ұлт тарихы тәрізді тасқа басқан. Әйтеке би киелі әулием-ау, Әділдігі алашқа әйгілі еді-ау, Алаламай ешкімді тура сөйлер, Аласара алмайтын тау би еді-ау. Ұлыларды еске алып біздің Жәкең, Сыр шертісіп келеді сұр құмдармен, Сол ерлердің тұсында-ақ басымыздан, Өтіп кеткен екен деп шіркін дәурен. Келе-келе түйелер толы құмға, Жиі-жиі жол бойы жолығуда.

Мақсат Әлсейітов Бір әйелдің тұрғанын көзі шалды, Биіктегі бабалар қорымында. Жылдам басып ол әйел төмен түсті, Сәлем берді кісіге кемел күшті. Ақтарыла жөнелді содан кейін, Сеңше ерітіп іштегі шемен – мұзды. – Сіз боларсыз әлімнің Жанқожасы, Өтеді деп Сізді аға маңнан осы. Аян беріп хабардар қылып қойған, Аруақтардың бізді анық алдамасы. Бір перзентке зар болған мұңлық едім, Ата-ана мен туыстан тұлдыр едім. Бұғауынан қайғының босана алмай, Азап-ақырет шегуде құл жүрегім. Күндестерім табалап қажап сөзбен, Жан-жарамды тілгілеп азап берген. Қарғыс алған қатын деп топшылап жүр, Отырғандай тілдесіп Жаратқанмен. Мен келін боп түскелі он жыл болды, Ағаш-екеш ағаш та он гүлдеді. Бұл азапқа шыдамай ақырында, Өзіме-өзім қол салып өлігім келді. Күндестерім табалап күн бермеді, Қара ермеген қу бас деп тілдер мені. Сосын зират басына жылап келдім, Күнде өлгенше құм қауып мүлде өлгелі. Ағыл-тегіл еңіреп жылап жатып, Тас боп ұйықтап қалыппын сілем қатып.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Аян берді сәлделі алып қария, Таң бозарып атқанда құландатып. «Жұма күні бесінде маңнан осы, Өтер балам әлімнің Жанқожасы. Қызыр тектес кісі ол пәк жаралған, Тең келе алмас жаһанда жан баласы. Жұма күні бесінде Жанқожа ер, Қапы қалма тап осы маңнан өтер. Ақ бата алсаң кетесің өсіп-өніп, Мал семізін дайындап қамдана бер». Деді осылай ап-анық шегелеп нақ, Ақ киімді сәлделі денелі ақ қарт. Осы сәтте оянып көзімді ашсам, Таң бозарып енді атып келеді аппақ. Көкірегіме атқан таң үміт жақты, Үйге қарай асықтым жүріп қатты. Мал семізін таңдадым, Күндестерім, «Есі ауысқан екен» деп күліп бақты. Біздің ауыл ішінде мына құмның, Сексендегі қарт енем қызы әлімнің. Үйімізден дәм татып батыр аға, Сыбағалы малыңа дұға қылғын! Сіз Жанқожа шығарсыз расымен, Һаққа жылап, әруаққа сыр ашып ем. Аян берді перзентті боласың деп, Жанқожадай батырдың дұғасымен. Осыны айтып еңіреп қоя берді, Запыран жүзін көз жасы шая берді.

Мақсат Әлсейітов Аттың басын ауылға қарай бұрды, Ер жүрегі байғұсты аяп енді. Біздің Жәкең күшке ие ерендерше, Бір толқыса, шын толқыр терең көлше. Айтып өтті бұл әйел ұзақ жасап, Кереметін батырдың өле-өлгенше. Алты ұлды боп Жәкеңнің дұғасымен, Өсіп-өнді бұл әйел расымен. Жаратушым тілегін қабыл алар, Пенделер бар жалғанда күнәсі кем. Көкірегі қоқыстан, кірден ада, Есік ашқан жүрегі нұрға ғана. Аласара алмайтын бұл жалғанда, Оқшау тұрған ұқсайды шыңға дара. Жүз елу жыл өмірден ер өткелі, Жер-бесікке ел-ана бөлепті оны. Адам түгіл аруағы маңындағы, Аң-құсты да қорғаштап жебеп келді. Қызылқұмда – бабаның қабірінде, Халық түнеп келеді әлі күнге. Ердің жаны соғады дауыл болып, Жер астына кетсе де тәні мүлде. Ердің жаны қызылда жел боп есер, Қызылға кел көңілің сенбесе егер. Жел боп есіп бұлттарды қуып келер, Құмда қалып бір міскін шөлдесе егер. Шөлдегенге бұлтты айдап келер желше, Желеп-жебер мүскінді ерендерше.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Байланысқан ғарышпен ер бесігі, Ай қондырған төсіне терең көлше. Дауыл болып атаның соқса жаны, Жын патшасын қуалап тастағаны. Шөліркеген құмдардың езуіне, Су әкеліп тамыза бастағаны. Әлі тірі атаның дауыл жаны, Дауыл соқса онда оның «ауырғаны». Қаһарланып, қуалап қыр асырып, Тастағаны шындықтың жауын тағы. Дауыл болып, жел болып құм кезеді, Қысқа күнде ғаріпті жүз жебеді. Дауыл – оның тұлпары, жел – жорғасы, Қос ат мініп әділет іздегені. Дауыл мен жел атаның жетегінде, Кезек-кезек мінеді екеуін де. Кейде жүйткіп жүреді, кейде желіп, Қызылқұмда – мәңгілік мекенінде. Қызыр болып жүреді кезіп құмды, Көкірегіңнен қояды сезіп мұңды. Талай ғаріп бұл жарық дүниеден, Енді үмітін үзгенде кезіктірді. Әлгі әйелдің үміті үзілгенде, Бұл өмірден жүз бұрып түңілгенде. Ғайыптан кеп құтқарып қалғаннан соң, Бұл кісіні хақым бар қызыр деуге. Бата алған соң марқайды мұңлық жаны, Ер тілегін Тәңірі бұлжытпады.

Мақсат Әлсейітов Алтын құмдар ішінде қызыр болып, Жалғыз жүріп келеді жылжып тағы. Ат тұяғы кешуде шеге құмды, Сексеуілдер жабырқау неге мұңлы?! Әлде намыс көре ме өз-өзіне, Ел шетінен аулақта көгеруді. Кейде өртенген құмдардың жүзін көріп, Аялдайды атына тыным беріп. Атамекен өлкесін келімсектен, Құтқаруға барады қызыр болып.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл ҮШБҰРЫШТЫ ПИРАМИДА – МӘҢГІЛІК ЕЛ (поэма) Құм астына көмілген Сақ шаһары, Таң боп атар, күн болып батса-дағы. Күн астына әмірін жүргізеді, Киім киген алтыннан патшалары. Қорқыт бабам тілдесіп құдіретпен, Қаз дауысты қобызын күңіренткен. Дауыл тұрып сазынан күн күркіреп, Көктің жүзін найзағай тіліп өткен. Домбыра – дала шанағы шашқан үн – зар, Саусақ болып пернесін басса ғұндар, Сол әуенге жыр болып жазылыпты, Әл-Фараби, Ахмет Яссауилар. Тербетілген Бесігім – Ұлы Далам Жаннан қымбат Бесіктің құны маған Күзетумен шілтендер келеді Оны Шапан киіп үстіне шұғыладан. Ақ Бесігім – Мәңгілік Мақтанышым, Сатқан кезім болған жоқ тақ, тәж үшін, Жылжып келген жанына жыланды да, Өлтірместен аузына ақ тамыздым. Ақ Бесігім – Иманым – жаннан қымбат, Қанша ұрпағын аялап салған Ғұн, Сақ. Сенер едің сөзіме, азаматым, Сүйіп-сүйіп өртеніп жансаң бір сәт.

Мақсат Әлсейітов * Арғы жағы басталған Тоныкөктен, Бергі жағы – Керей мен Жәнібектен, Тасқа тамған тамшыдай бабаларым, Тасқа қашап тарихын жазып өткен. Қанша құрдым кездесті жұтпақ болып, Қанша ақтүтек қинады жұт тап келіп. Құлқынына құрдымның найза атқылап, Қонды Саған батырлық құт – бақ болып. Еркіндігін еншілеп Сақ бабаның, Сақтап жүрдің ешқашан тастамадың. Қыран халқым күн астын түгел шолған, Керей менен Жәнібек – қос жанарың. Қабыл қылып Иеміз шын тілекті, Қанша қуды төбемнен түн – түнекті. Ғасыр сайын толғатып Ұлы Дала, Ұл табумен келеді күн жүректі. Ең әуелі мынау жер Һақтың жері, Содан кейін бабамыз Сақтың жері. Түспеді аттан Қасым мен Хақназарлар, Түспесін деп бұл жерге жаттың көзі. Желмаясы Асанның желше есіпті, «Жерұйықты» іздеумен ел көшіпті. «Сақтан қалған сарқыт» деп ақырында, Жалпақ дала төсінде бел шешіпті. Қарақұрттай көп қалмақ қаптап қалың, Жан Бабаның болғанда шақпақ тәнін.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Жалаңтөс пен Жәңгірдің арқасында, Баба Қазақ қалыпты сақтап жанын. Ер Жалаңтөс баһадүр, Салқам Жәңгір, Оққа тосқан кеудесін қалқан – тағдыр. Жер бетінен жоғалып кетер едім, Аман қалдым, әйтеуір, арқаңда бір. Біреуі – күн, бірі – ай – тұман қашқан, Бірі – қалқан болғанда, бірі – алдаспан. Соққысынан қас жауым ес жия алмай, Талып қалды сексен жыл тұра алмастан. * Қара түнек қаптады сар даламды, Қаптап келіп жерімді қалмақ алды. Қатыншалап қапыда қылыш сілтеп, Ұлан дала денесін қанға малды. Қазан ұрып, сұрланды шатынап көк, Кісі тәні төгілді жапырақ боп Қара қарға төбеме төніп келіп Қарқылдады көзімді шоқымақ боп. Дауыл соқты даламда сұрапыл боп Аман қалу қалайда мұратым тек. Қаңбақ болып домалап жөней бердім, Желге қарсы тұратын қуатым жоқ. Жылжып тажал жеткенде төніп боп түн, Жұмыртқадай ақ үйден безіп кеттім. Теңіз едім толқынды толып тасқан, Суы қайтқан көлдейін кеміп кеттім.

Мақсат Әлсейітов Ұл атадан айрылды, қыз – анадан, Жонарқамнан майырды ыза – заман. Ұлан дала төсінде улап-шулап, Жан қалмады жас төгіп жыламаған. Қынадайын қырылды үштен – екім, Өкініштен бармақты тістеледім. Менің мүшкіл халімді тәңір аяп, Үштен – бірім қайтадан тіктеді есін. Түркістанды – көзімнің қарашыған, Түнек қаптап – қаншама алас ұрдым?! Сол түнекті нұр болып қуып шықты, Ынтымағы қазақтың баласының. * Төле, Қазыбек, Әйтеке – құтым болды, Лебіздері ұйытты бүкіл елді. ПИРАМИДА тәрізді ҮШБҰРЫШТЫ, Үшбұрыш боп үш жүзім бүтінделді. ПИРАМИДА тәрізді жұмбақ тылсым. ҮШБҰРЫШЫМ бәрінен қымбат тұрсын, Қияс кетіп жолынан адасқандар, ҮШБҰРЫШТЫ БЕЙНЕМНЕН

үлгі ап тұрсын. Ақтың сызған Үшбұрыш Сызбасын тек, Жат бояумен жат қолдар бұзбасын кеп. Бұзбасын деп назардан тыс қалдырмай, Жерге үздіксіз төгіп тұр шұғыласын көк. Үшбұрышты ғажайып Сараймын мен, Кірпішін тек періштелер қалай білген.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Сол Сарайдың ішінде Рухымның, Мәңгі Биік тұрғанын қалаймын мен. Көктен жерге жолданған Үшбұрыш Хат, Көкті тілсін жасынға ұшқын ұқсап. Нұрландырып жіберсін жердің бетін, Нұр ту ұстап қолына күншығыс жақ. Үш алаштың ұлынан айналайын, Тең қарайын бәріне айнадайын. Әбілқайыр, Абылай сабымды ұстап, Жауды қудым үш қырлы найзадайын. «Аңырақайда» жұмылдым жұдырықша, Бабам салған – жұмылу – Ұлы Нұсқа. Жұдырықтан қалмақтың зәресі ұшты, Көрінсе де әуелі құбыжықша. Жұтылмаспын жұмылсам құрдымдарға, Көптігімен қорқытпас құзғын қарға. Тас түйін боп қыранша сорғаласам, Түк қыла алмас мың қарға бір сұңқарға. «Аңырақайда» Бас болды Әбілқайыр, Тұлпар қайта ерттелді, таңылды айыл. Жасындайын жалтылдап жалт-жұлт етіп, Жау зәресін ұшырды Жалындай Ұл! Алауыздық, күншілдік – жауларым бұл, Жолымды іркіп, жүгімді аударып жүр. Бас-басына бөлініп төбе болмай, Асқақтасын жиналып тауларым кіл! Біріккенде бүп-бүтін тас-түйін боп, Асқақтаймын – басқаға басты ию жоқ.

Мақсат Әлсейітов Дауылдардан есемді даулау үшін, Дала кезіп жүйткимін жас құйын боп. Абылайым – нұр шашқан Жарық Айым, Бағытымнан қалайша жаңылайын! Ақ туының астына жиып еді, Бытыраған жұртымды тарыдайын. Төле бидің түйесін Баққан Ұлдан, Жігерімді тұтатар От табылған. Жанартау боп намысым атылды да, Аман қалдым аяққа тапталудан. Ер Қабанбай мінді де Қубас атқа, Болып өтті жығылмас ту қазаққа. Толтыра алмай келеміз ердің орнын, Толқынындай теңіздің туласақта. Қарт Бөгенбай шүйлігіп жауға шапты-ай, Қалың қолы жарқылдап жауған оқтай, Қурап тұрған тоғайдай көп қалмаққа, Бір бүйірден тиісті лаулап оттай. Райымбек әулие – пәк бір адам, Елге тілек тілеген, Һақ – Құдадан. Шөлде қалып қылышын жерге ұрғанда, Қара жерден ақбұлақ атқылаған. Сол бұлақтан әскері шөл қандырып, Қуат жиып, дұшпанын салған қырып, Ел күзетіп өтіпті Батыр Баба, Кереметі ел-жұртын таң қалдырып.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Әруағыңнан айналдым Наурызбайым, Әруағыңа марқа өлең бауыздайын. Қаскелең мен Шамалған – қос алыпты, Жұлып түстің алапат дауылдайын. «Алашым» деп ер Баян еңіреп өткен, Ел деп өткен Баяннан ер жоқ өткен, Құлың болып өтейін өмір бойы, Рухыңды жіберші жерге көктен. Сүйіп-сүйіп өртеніп жанғанда Сен, Отша лаулап, Сыймадың жалғанға Сен, Бұл өмірге бір рет келіп кетсең, Құлың болып өлуге арланбас ем. Жоқтап жүрмін ер Есет бабаны мен, Таппаған соң тап келген заманына ем, Күн жастанып, Құбылаға жүзін бұрып, Таптап өлген кәпірді табанымен. Күркіретіп арасын аспан – жердің, Ағыл-тегіл әуеден аққан селмін, Ақ жаңбырға айналып еріп кетті, Шемен болып жүрекке қатқан шер-мұң. Әр тамшымнан жүз көктем бүршік жарар, Жүз мың жүрек лүпілдеп дүрсіл қағар, Ақ жаңбырдан арылып нұрын төксін, Аспандайын ашылған мұңсыз жанар.

Мақсат Әлсейітов * Көмегімен көктегі Рухтардың. Шымырланып шыңдарша шыныққанмын. Пирамида тәрізді Мәңгі өлмеске. Үшбұрышты қалпымда тұрып қалдым. Үшбұрышым – Тілім мен Ділім, Дінім, Үшеуі тең болғанда ғұмырлымын. Күнім, Айым, Жұлдызым тәрізді олар, Бірдей төксін төбемнен нұрын бүгін. Біреуі артық болмасын, біреуі кем, Орын алсын теңдей боп жүрегімнен. Пирамида тәрізді Үшбұрышты, Сонда ғана Мәңгі өмір сүремін Мен. Аман қалдым қаншама тұзақтардан, Бір басымнан өткіздім сынақты алуан. ҮШБҰРЫШТЫ БЕЙНЕМДІ дақ түсірмей, Қорғаштаумен келемін Сызаттардан. Бұл далаға қаншама тор құрылған, Торды үзем деп қанша Ер болды құрбан. Қорғап қалды Бейнемді басын беріп, Батырларым басқаның Зорлығынан. Оқ жаңбырдың астында туылғасын, Шешпей өткен басынан дулығасын. Білесің бе, бауырым, Бұл Далада, Махамбеттер екі рет туылмасын. Еңіреп өткен «Елім» деп ер Кененің, Тәнін жеңді, Рухын жеңбеді өлім.

Жетімсайдың бойында – жетім ауыл Үшбұрышты Бейнемді сақтау үшін, Басын берді, алайда бермеді елім. Жанқожа еді батырдың әулиесі, Һаққа босап, елжіреп жан жүйесі, Тілеп еді: баласы үш Алаштың Болса екен деп Даламның Мәңгі Иесі. Еске түссе Ұзақтар, Жәмеңкелер, Жанарым жас, жүрегім өлең төгер. Неге менің ұлтымның боздақтары, Дар алдында қозыдай көгенделер?! Әлиханның тескенше тескенше кеудесін оқ, Кетіп еді қазақты өрге сүйреп. Жүз мың батпан жүк артсаң «мыңқ» етпейтін, Жампоздар бар қазақта теңдесі жоқ. * ҮШБҰРЫШЫМ – Шекарам, Ұлтым, Жерім, Үшеуінің басында тұр Күлтегін. Шекарам – Құлып болғанда, Жерім – Қазынам, Соларды ашар ал Ұлтым – Кілтім менің. Жүрегіңе сақтап жүр Кілтіңді орап, Кілт жоғалса болады мүлкің харап. Кілтіңменен аш-дағы Көк Қақпасын, Күнді құтқар, Қоршаған бұлтын тарат!

Мақсат Әлсейітов * Ұясына күн болып батса-дағы, Таң боп атты қайтадан Сақ шаһары. Қайта туған Күнімнен Нұр сіміріп, ҮШБҰРЫШТЫ ӨЗ ҚАЛПЫМ сақталады. Найзадайын шаншылған көкке карай, Ұңғысынан қан емес, төккен арай – ҮШБҰРЫШТЫ БЕЙНЕМЕ нұрын төккен, Енді Оның ғұмыры тоқтамағай! .....................................25

МАЗМҰНЫ «ЖЕТІМСАЙ» дәптерінен Атшабардың аспаны..............................................................3 «Атшабардың аспанын мұнар басқан...»..............................5 Қара парта..............................................................................6 Тау сілемі...............................................................................7 Көмілген шыңыраулар..........................................................8 Кұтмағамбетке хат ................................................................9 Мұрындық........................................................................... 11 Ақша бұлт............................................................................. 12 «Қызылқұм» дәптерінен Көшіп жатты... құм-ғаріп.................................................... 13 «Кеткенде көзі ілініп маужырап тым...»............................. 14 «Қанаты толқын-толқын құмды сызып...»......................... 15 «Көкжиек алтын ерлі бір көк бесті ат...»............................. 15 «Алынды көк бестінің алтын ері...» .................................... 16 «Алтынға тамды менің кіндік қаным...» ............................ 17 «Қызылқұмға қашып едім бас алып...»............................... 17 «Пері қызы ұшып жүр жел ішінде...».................................. 18 Раң көгі................................................................................ 19 Бесқала................................................................................. 20 Төртқұлақ там ..................................................................... 22 Бозінген............................................................................... 24 Қос батырдың мазарында................................................... 25

«Ноғайлы» дәптерінен Кавказға хат......................................................................... 28 Самұрық .............................................................................. 30 «Қаңқылдап ақ қаз қайталап қобыздың зарын...».............. 32 «Іздеп едім даламды тас қаладан...».................................... 33 Орманбет бидің толғауы...................................................... 34 «Біз – Сақтармыз...»............................................................ 36 «Көңіл» дәптерінен Таймадым алған бағыттан................................................... 37 Сұлтаным, тыңда датымды!!................................................ 38 Жарқырай бер, асыл аға, алтындай!!................................... 41 Динозавр.............................................................................. 42 «Аш-Тарханды салғанда Жәнібек хан айбынды...»............ 43 «Миллиардтаған құртақандай құрт-пенде...»..................... 44 «Адамзат жаратылған топырақтан...»................................. 45 «Қыс мінезі қырқып түсер дәу қанжар...»........................... 45 «Өмір-өзен өріне...»............................................................. 46 «Жын-шайтанды байлап, матап тастаған...»...................... 46 Жан мен жын....................................................................... 47 «Мен – Мүліктің перзентімін...»........................................ 48 Домбырашының әңгімесі.................................................... 49 «Пері қызы перизат қолыңды ұзат...»................................. 50 Дабылдың жолбарыспен айқасы........................................ 51 «Тағы да бір ұйқысыз түн өткердім...»................................ 53 Қалқаға хат........................................................................... 54 Астана жырлары.................................................................. 55 «Бабалардың рухы елдің шетін күзетер...».......................... 58 «Көкшетаудың көп көлі сақтау үшін пәк қалпын...» ........ 59 «Есілдің бойын қаптаған аққудай сұңғақ сарайлар...»....... 59 «ӨМІР» дәптерінен Жауап бер............................................................................. 61 Күшік................................................................................... 63 Ана....................................................................................... 64

«Қыш кірпіші қат болатын ауылда...»................................. 65 «Тоқсан басты айдаһар Тарбағатай...»................................ 66 Қаратерең............................................................................. 67 «Әр адам галактика дара-дара...»........................................ 68 «Кедендік одақ құрылып...»................................................ 70 «Бір әлем бар, бізге жұмбақ, тәңірге ақ...» ......................... 71 Ақбөкен................................................................................ 72 «ЖАСТЫҚ» дәптерінен «Шаттығымды, күлкімді жоғалттым мен...»....................... 73 «Шығарып сап қала алмай сені жаным...».......................... 74 «Ұйқысыз түн өткеріп азаптанам...»................................... 75 «Қолын бұлғап күйеу мен ақ келінге...».............................. 76 «Албырт көңіл қашанда алаңдамай тұрмайда...»................ 77 «Үстіңе тағы бір көйлек ки-де, жаңартып...» ..................... 78 «Жанқожа батыр» дастаны І-бөлім. Хақ бұйрығын орындаған батыр............................79 ІІ-бөлім. Төбеттер сезген тылсым немесе аруақтар жұмсаған әйел туралы хикая................................ 99 ҮШБҰРЫШТЫ ПИРАМИДА – МӘҢГІЛІК ЕЛ (поэма)..................................................... 115

Редакторы Серік Рәсілов Корректоры Жанар Жанапиянова Көркемдеуші редакторы Бейсен Серікбай Беттеген Қуаныш Әділғазин Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспасы 050016, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43 «А» Тел/факс: 273 90 25, 273 99 97 Басуға 20.08.2015 ж. қол қойылды. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «DS Times». Пішімі 84 х 1001/32 . Офсеттік басылым. Шартты баспа табағы – 6,2. Есептік баспа табағы – 8,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № ЖШС «Курсив» баспаханасы. Алматы қаласы, Восточная көшесі, 2

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙