TELEGEI

Home

Қартайған арыстан

Ертегілер

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қартайған арыстан

Халық прозасының ең көне жанры жан-жануарлар туралы ертегілердің түп-төркіні тотемизмге, анимизмге және магияға сенген кезеңнен бастау алады. Бұл ертегілерде кейіпкерлердің арғы жағында адам бейнесі тұспалданып, оның ақылдылық, ақымақтық, қулық-сұмдық сияқты қасиеттері қарапайым аллегориялық форм...

Қартайған арыстан Бір мезгіл ел сұрап дәурендеген арыстанға кәрілік те жетіпті. Бетіне түзу қарамайтын, айбатынан ел қорқатын уақыттары да өтіп, келмеске кетіпті. Аяқтан дәрмен, бойда қуат қалмаған, тісі түсіп, тырнақ мұқалған күйге түсіпті. Сонымен өзі кезінде тісін батырған аңдар одан өшін ала бастапты. Ат тауып, сиыр сойып, қасқыр қауып, тырна жұлып. Ол бәріне көніпті. Өлер шағына таяғанда есек те оны көргелі келіпті. Арыстанның күйін көрген ол да тепкісі келіпті. Мұны сезген арыстан:

– Ия, құдірет, кезінде аң баласы бетіме түзу қарай алмаушы еді. Қазір солардың тепкісінде қалдым, анау ат, мен түгіл қамыстан қорқатын, өгіз, қасқыр дегендер мені көрсе зәресі ұшатын, дариға-ай, сол заман өтті ғой. Кәрілік жетіп, төрімнен көрім жақын тұр, басқасын қойшы, ана есек аяқта төсек болып жатушы еді. Ол кезде оны кім адам қатарына алған, кімде күнә жоқ дейсің, жанымды алсаң да, сол жаманның тұяғын тигізбей ал, қорлық қой оның аяғы тисе, – деп жалбарыныпты.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙