TELEGEI

Home

Бір сәт және бүкіл ғұмыр

Құсанбек Бейбіт

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бір сәт және бүкіл ғұмыр

Белгілі журналист Бейбіт Құсанбектің теледидардағы ғұмыры оқиғаларға, жаны жарқын жақсы азаматтармен кездесулерге толы болды. Ол өзі сұхбаттасқан, араласқан әр адамның жан дүниесін терең түсінді. Шамның жарығы айналасын нұрландырып, сәулесімен төңірегін шапағатқа бөлесе, Бейбіт бейнесі де мол шуағымен, толайым бейнетімен қымбат. Ол жасаған хабарларда рух биіктігі, халық қамы, ел бірлігі, оның шын

Бейбіт Құсанбек
Бір сәт және
бүкіл ғұмыр
Алматы

«Раритет»

ӘОЖ 821.512.122 ҚБЖ 84 Қаз-7 Қ 78 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Қ 78 Құсанбек Б. Бір сәт және бүкіл ғұмыр / Бейбіт Құсанбек. Құраст.: Ғ. Исахан. – Алматы: Раритет, 2012. – 368 б. ІSBN 978-601-250-168-1 Белгілі журналист Бейбіт Құсанбектің теледидардағы ғұмыры оқиғаларға, жаны жарқын жақсы азаматтармен кездесулерге толы болды. Ол өзі сұхбаттасқан, араласқан әр адамның жан дүниесін терең түсінді. Шамның жарығы айналасын нұрландырып, сәулесімен төңірегін шапағатқа бөлесе, Бейбіт бейнесі де мол шуағымен, толайым бейнетімен қымбат. Ол жасаған хабарларда рух биіктігі, халық қамы, ел бірлігі, оның шын ниеті мен жүрек сыры көрініп тұратын. «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» хабары да – отандық телеарнаның «Алтын қорында» сақталып, теледидар арқылы сан мәрте көрсетіліп жүрген жобалардың бірі. Бұл кітапта сол хабарлардың бірқатары қағаз бетіне түсіріліп, оқырман қауымға жол тартып отыр.

ӘОЖ 821.512.122

ҚБЖ 84 Қаз-7

© Құраст. Ғ. Исахан, 2012
© «Раритет» баспа компаниясы, 2012

ІSBN 978-601-250-168-1

Бір сәт және бүкіл ғұмыр Арттағыға сөзің мен ісің қалса, Өлсең де өлмегенмен боласың тең. А б а й Данышпан Абай қазақтың «Көзі қалды дегені – баласы қалды дегенін» де, «Сөзі қалды дегені – өзі қалды дегенін» де, сірә, білген шығар. Шын таланттың шығармашылығы ел жадында мәңгі сақталмақ. Өмірден ерте озған белгілі тележурналист, университетте бірге оқыған досымыз Бейбіт Құсанбектің көрермен көңілінің төрінен орын алған «Өмір – өзен», «Үркер», «Таразы», «Нысана», «Ойталас», «Дәуірнама», «Ел ағалары», «Тіл» секілді танымал хабарлары күні бүгінге дейін жұртшы­ лық сүйіспеншілігіне ие десек артық айтқандық болмас. «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» – ақын, сазгер, сан қырлы талант иесі Бейбіт Құсанбектің өмірінің соңына дейін эфирде үзілмей шығып тұрған бағдарламаларының бірі еді. Енді, міне, сол еңбек марқұмның жары, сөз қадірін танитын, архив ісінің білгірі Ғазиза Тұрмағанбетқызының зерттеп-зерделеуінің, екшеп-елеуінің, құнттап-құрастыруының арқасында жеке кітап болып жарық көрді. Оған Қазақстан Республикасы Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті сыйлығының иегері Б. Құсанбектің 2001–2006 жылдар аралығында «Хабар» теларнасы арқылы жүргізген «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» жобасының 139 хабары еніп отыр. Әр кезеңдерде фотоаппарат назарына іліккен тұлғалар бейнесі «стоп кадр» әдісімен «көгілдір экраннан» оқшауланып көрінсе, әр сурет өзінше бір тарихи сәттің ақиқатын ақаусыз баяндайды. «Бір сәт және бүкіл ғұмыр». Бұл – бір суреттің тарихы туралы тұшымды әңгіме. Бұл – тарихи есімдер мен тар жол, тайғақ кешкен тағдырлар хақындағы қалтқысыз қайырылған сыр. Хабарға өзек болған суреттер тақырыбы арқылы қилы кезеңдер сұлбасы сұрыптала келіп, сұм саясаттың құрбаны болған арыстар аруағына рухани тағзым іспетті естелік еңсе тіктейді. Кей тұста бұрын белгілі бола қоймаған тың суреттер сөйлесе, енді бірде басылым беттерінде жарық көрген көбіміздің көзімізге шалынып үлгерме­ ген белгілі бейнелер алдымыздан жаңғыра ұшырасады. Нартай Бекежанов, Нұрлыбек Баймұратов, Әлкей Марғұлан, Әнуар Әлімжанов пен Әбіш Кекілбаев, Сағат Әшімбаев, Әбдіраштың Жарасқаны, Рахымжан Қошқарбаев, ресейлік Кляшторный мен Моңғолия қазағы Бәзілхан, Өзбекәлі Жәнібеков, Қалтай Мұхамеджанов, Серке Қожамқұлов, Қали Жантілеуов, Асанәлі Әшімов пен Оралхан Бөкей, Тоқтар Әубәкіров пен Мұрат Қалматаев, Нұрлан Мәукенұлы,

Бекзат Саттарханов сияқты алты алашқа аты мәшһүр азаматтардың рухани ажары айқындықпен алға тартылып, арғы-бергі тарихтан қозғалған аламан ой арқа қоздырады. Кітаптың тағы бір құндылығы – оқырман бір ғасырлық тарихы бар, көне фотосуреттерге куә болады. Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Сұлтанмахмұт, Шәкәрім қажы, Ақыт қажы, жыр жұлдызы Таңжарық, атақты әнші Әміре, Мәшһүр Жүсіп, Қажымұқан сынды саңлақтардың сан жылдар бойы сағым оранған сарғайған жауһарлары жан сарайыңды жақұттай жарқын ойға бөлейді. Жинақталған хабарлар мағына-мазмұнына орай «Алаш арыстары», «Ай қабақ – асыл жарлар», «Өнер өрімдері», «Жырым – сырым», «Ғылым ғибраты», «Жыр дүлдүлі, күй күмбірі», «Қаһармандық қайнары», «Қаламгерлер қайраты» атты бірнеше тақырыпқа топтастырылған. «Хабар» телеарнасында «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» айдары аясында 300-ден аса хабар дайындалса, кітапқа соның 139-ы еніп, аталмыш кітаптың алғашқы томын құрайды. Бағдарлама өзегі әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым, спорт саласындағы белгілі есімдердің фотосуреттерін көрсете отырып, осы арқылы тұлғаның кескін-келбетін, өмірі мен өнерін замандастары мен зерттеушілер әңгімесіне арқау ету болып табылады. Экраннан Бейбіттің өзі көрінбегенмен, жүздеген фотосуреттерді тауып, тарихи шежіреге тіл бітіру, жай баяндай салмай, сол арыстардың көзін көрген, өмірде сырлас, қанаттас болған жандардың ойтолғауы арқылы есті естелік қалдыру журналист қаламының қара нардай қуатты қажыр-қайратын көрсетеді. Қаламгерлік сол қуаттың баспа өнімі арқылы көрініс табуы оқырманға басқаша әсер түйгізеді. Театр тарландарының, композиторлар мен ақындардың, ғалымдар мен қаһарман батырлардың, қаламгерлер мен жезтаңдай әншілердің, жекелеген азаматтардың кейінгі ұрпақтары жайындағы қызықты сырлар қияннан қымбат маржан тергізеді. Бейбіт дайындаған әр хабарынан оның тек өзіне ғана тән журналистік қолтаңбасы көзге ұрып тұрады. Ол қазақ телеарнасының қазақы болмысын жоғалтпауға атсалысты, туған халқының мүддесіне мүдірмей қызмет етті. Қазақтың тілі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып, әдебиеті мен мәдениеті үшін шырылдап шыңға ұмтылған қазақтың бір қайраткері – Бейбіт Құсанбек екені кәміл. Бейбіт Зейноллаұлы айналасындағыларды білімімен, өнерімен ғана тамсандырып қоймай, жанының тазалығымен тез баурап алатын. Талантты тележурналистің бұл жинағы осы салада еңбек етіп жүрген жас­ тар үшін тәлім-тәрбиесі мол тағылымды еңбек болып қалмақ. Дархан МЫҢБАЙ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі

Алаш арыстары
Қаралы тарихыңмен телегейсің,
Тығылып құмда қалған кемедейсің.
Арыстар қыршын кеткен еске түссе,

Басы жоқ, жанталасқан денедейсің.
Б. Құсанбек. «Өлең – Өзім» кітабынан

1907 ж.
Бақытжан Қаратаев пен Ахмет Бірімжанов
Марат Әбдеш, Орталық мемлекеттік мұражайдың аға ғылыми
қызметкері: Бұл сурет Орталық мұражай қорынан алынған. Орталық

мұражай қорына 1970 жылдары ел арасынан құндылықтар жинағанда,
атап айтқанда, алаш зиялысы Ахмет Бірімжановтың баласы Батырбек
ағайдан алынған болатын. Суретте екінші Дума мүшелері Бақытжан
Қаратаев пен Ахмет Бірімжанов түскен. Бұл сурет 1907 жылы маусым

айларында Санкт-Петербургте түсірілген. Жанында, артында тұрған
Орынбор губерниясынан сайланған орыс депутаты.

Кеңес Нұрпейісов, тарих ғылымдарының докторы, профессор: Бақытжан Байсалұлы Қаратаев 1860 жылы Орал облысының Қаратөбе өңірінде дүниеге келді. 1890 жылы Петербург университетінің заң факультетін бітірді. Ал Ахмет Бірімжанов Бақытжан Қаратаевтан 10 жас кіші. Бұл кісі 1870 жылы Торғай өңірінде дүниеге келді де, 1927 жылы дүниеден қайтты. Бақытжан Қаратаев 1934 жылы қайтыс болды. Бұл екеуінің шыққан тегі де мықты. Бақытжан Қаратаев Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың тікелей ұрпағы, Әбілқайырдың шөбересі, Қаратай сұлтанның немересі. Ал Ахмет Бірімжанов болса, Орта жүздегі үлкен тайпа арғындардың ішінен шыққан атақты батыр Жәнібектің тікелей ұрпағы. Марат Әбдеш: Ахмет Бірімжановтың әкесі Қорғанбек атақты адам болған, сол Торғай облысындағы бір атақты Боранбай деген ақын Ахмет Бірімжанов туғанда, бата берген екен. Сол батасын оқып берейін: Дүниеге жаңа келген мырзаңызды, Қыпшаққа Балғожадай кеңесті қыл, Арғында Қазыбектей әдісті қыл. Көтеріп дара басын артық етіп, Бір басын қатарынан он бесті қыл. [Деңгердей бекей қол]* тақтылы қыл, Керей деп, Бекентай деп, бақытылы қыл. Жанайдай ақылы асқан кемеңгер қыл, Шегендей ашуланса, бәрін де қыл. Алты айда ақ қошқардай айбатты қыл, Төрт ұлы Жанайдардай қайратты қыл, Достандай отыз ұлды перзентті қыл. Дұғамды, хақ тағала, қабыл ет, Мырзаңды алты алашқа құрметті қыл, – дейді. Расында да, ол кейін, мына батада айтқандай, Ахмет Бірімжанов алты алашқа әйгілі болған қазақтың асыл перзентінің бірі болды. Бір қызығы, Бақытжан Қаратаев Петербург университетін, Ахмет Бірімжанов Қазан университетін алтын медальмен бітірген. Сол кездегі оқи алмайды деген халықтардың өзі, бұратана халықтың өзі Ресейдің кілегейі шыққан университетін алтын медальмен бітіруінің өзі көп жағдайды білдірсе керек. Кеңес Нұрпейісов: Бақытжан Қаратаев университет бітіргенде 1890 жылдан 1897 жылға дейін, 7 жыл бойы алыста Грузияның Кутаиси қаласында өз мамандығы бойынша еңбек етті де, бірінші орыс революциясына байланысты елге оралды. Ал Ахмет Бірімжанов 1895 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін, өзінің * Естілуі бойынша жазылып отыр.

туған еліне қайтып, өз мамандығы бойынша еңбек етті. Бұл екі кісі­ нің қоғамдық-саяси өмірінің қалыптасуы бірінші орыс революциясына дәл келеді. Екеуі де Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты болды да, сол Думаның жұмысына, әсіресе Ахмет Бірімжанов бірінші Думада белсенділік көрсетті, оған дәлел, сол кісінің 1906 жылғы Ресей думасының шілде айында болған мәжілісінде сөз сөйлеп, Қазақстанда­ ғы жер мәселесі, Қазақстан қоныс аударушыларының тағдыры, жаппай қоныс аударушыларға байланысты қазақ жерінің тарылуы деген мәселені көтерсе, Бақытжан Қаратаев екінші Мемлекеттік Думаның 1907 жылғы 16 мамырдағы мәжілісінде 10 минутқа жуық сөз сөйледі, одан артыққа уақыт берген жоқ. Ол сөзінде қазақ жері кең, бірақ қазақ жерінің сан мыңдаған халықтың тұрмысы үшін жайылымдығын тарылтып жатыр, шабындығын басқа жұрт иемденіп жатыр, сондықтан біздің жеріміздің тұрғылықты халықтарына Ресейден көшіп-қону зиян болмаса, біз қарсы болмас едік, бірақ осы мүмкіндікті қараңыздар, барлығы заңды түрде шешілу керек еді деді. Марат Әбдеш: Екінші Думада Ахмет Бірімжанов далалық әс­ кер флотын жою туралы комиссияға мүше болды. Ал Бақытжан Қа­ ратаев аграрлық комиссияға мүше болды. Бұлар өзі әр жерлерде, Бақытжан Қаратаев кадет корпусына сайланған кезде, Думаға барғанда мұсылмандар фракциясына кірген болатын. Ал М. Тынышпаев кадет фракциясына кірген. Бірақ бұл екінші Думаның кейін өмірі ұзақ болмады, үкіметтің шешімімен бұлар да тарап кетті. Кеңес Нұрпейісов: Екі азаматтың кейінгі тағдыры, әсіресе 1917 жылы ақпан-қазан революциясынан кейінгі тағдырлары көзқарас жа­ ғынан қарама-қарсы жағдайда болды. Мысалы, Бақытжан Қаратаев 1919 жылдан бастап, Коммунистік партияның мүшесіне өтті, ал 1918 жылы Орал өңірінде Кеңес үкіметінің орнауына тікелей қатынасты. Алғашқы Кеңестік типтегі қазақ қарулы күштерінің ұрысына қатысты, бірінші атты әскер бригадасын құрды, Орал өңірін ақтардан босату күресіне қатынасты, 1917 жылы шілде айында, қазақ өлкесін басқаратын революциялық комитет деген құрылған, сол революциялық комитеттің мүшесі болды. Одан кейінгі жылдар біраз уақыт Кеңес қызметін атқарды да, азамат соғысы аяқталғаннан кейін, бұл кісі өзінің 1934 жылға дейін Ақтөбеде ғылыми жұмыстарға байланысты мемуарларын жазды, 1934 жылы 74 жасында өмірден аттанып кетті. Марат Әбдеш: Дума таратылғаннан кейін, Дума мүшелерін партия үкіметінің шешімімен өз жерлерінде жұмыс істеуге, қызмет істеуге рұқсат бермеді. Ахмет Бірімжанов Поволжьедегі Бұзылық қаласындағы революциялық төңкеріске дейін сонда қызмет атқарды. Ал кейіннен Ахмет Бірімжанов жалпы қазақтық Алаштың екі съезіне қатысып, осы

съезде Алаш Орда үкіметінің 15 министрінің бірі боп сайланды. 1927 жылы қатты ауырып, Ленинградта қайтыс болды. Кеңес Нұрпейісов: Ахаңнан жақсы ұрпақ қалды, бұл кісінің 3 пер­ зенті болған. 1915 жылы бірінші туған ұлы, Батырбек аға Ахметұлы, кейін үлкен ғалым болды, Қазақстанда химия ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Көп жылдар химия факультетінде, Ұлттық уни­ верситеттің деканы боп істеді. Ол кісінің алдын көрдік, химик болмасақ та, сөзін тыңдадық. Ал Ахаңның Іңкәр деген қызы биология ғылымының докторы болып, көп жылдар медицина институтында ұстаздықпен айналысты. Ал енді Бақытжан Қаратаевтың ұрпағын көп зерттеген жоқпын, бір шөбересі бар, осында «Қайнар» деген университетте жұмыс істейді, тарих ғылымдарының кандидаты. Сондықтан да өте қажетті, өте тарихи, қымбат сурет екен, бұл суретте қазақ халқының ірі тұлғалары берілген. 1908 ж. Гимназист Ораз Жандосов пен әкесі Қиқым Сәкен Қиқымов, Алматы поштасының директоры: Жамбыл мен Қиқым атамыз кезінде дос болған. Екеуі құрдас, бірге жүріп, сол ауылда тойларда, жиындарда Жамбыл атамызбен араласып, бір-біріне қонаққа келіп тұрған. Кейін Ораз, енді өзі белгілі мемлекеттің қайраткері болғаннан кейін, үкімет басшысы болып, сол себепті оған «Оразға» деген өлең жазылып еді. Сол өлеңнің басында, негізі көбісі Қиқым жайлы,

әкесі жайлы, менің атам жайлы жазғаны бар. Соның кішкене 3 шумағын ғана оқып берейін: Тас өртеген жұмысшы әкең сенің, Қоймаған Қаскелеңнің ойын, кенін. Сені апарып орысқа беріп еді, Оқысын деп сүйретіп ескі көңін. Тастың тілін білетін әкең Қиқым, Белгілі сенің шешең Дәрмен сылқым. Енді міне үкімет басқарасың, Бір кезде болмаса да жалғыз жылқың. Қазыбек арғы атаң жауды қуған, Дұшпаннан бір тайпа елді қорғап тұрған. Сен дағы бабаңа ұқсап батыр тудың Қасыңа, қаһарланса, қармақ құрған... Гүлшат Нұрымбетова, тарих ғылымдарының кандидаты: 1918 жылы Ораз Жандосов бар болғаны 18–19 жастағы балаң жігіт. Ал коммунистік партияның сол кездегі ұрандарына ондай балаң жігіттің сенбеуі мүмкін емес еді. Ресей Федерациясының құрамына енген әр республикаға, әр халыққа өздерінің тәуелсіздігін береміз, өз еріктерін береміз деген идеялары, қай халықтың өкіліне болсын, сенімді болды. 1919 жылы Жетісу өңіріндегі Мұсылмандар бюросының төрағасы қызметін атқарған. Мінекей, осы төраға қызметін атқара жүріп Ораз Жандосов көптеген жаңа бастамалардың бастауында тұрған. Сонан бірнеше мысал келтіріп кеткім келіп тұр. Мысалы, ол сол кездің өзінде, біз бүгін тәуелсіздігімізді алғанымызға 10 жылдан* асса да, бірақ әлі күнге дейін өз дәрежесінде шешімін таппай жүрген қазақ тілі мәселесін көтерген. Ол барлық аудандардан, ауылдардан құжаттарды, жалпы хат, жеделхаттарды қазақ тілінде жүргізуді талап еткен. Тек орыс тілінде емес, бір жылда ғана көптеген қаулылар шығарған, іс-қағаздары қазақ тілінде, жергілікті тұрғындарға түсінікті тілде жүргізілсін деген. Мұсылмандардың мейрамы дейміз, ораза айт пен құрбан айттың уақытысында қызмет жасайтын мұсылмандарға осы мейрам күндері үш күн демалыс беруді өтінген. Сонымен бірге олардың еңбекақысын мейрамның алдында ерте бергізіп, оларды осы мейрамды жақсылап тойлауына бүкіл мүмкіндікті жасаған. Енді ол жалғыз Мұсылмандар бюросының төрағасы болып шектеліп қалған жоқ, сол кезде өзінің шешендігін, іскерлігін көрсетуінің нәтижесінде деп айтуға болады, ол бірте-бірте осы облыстық деңгейдегі революциялық комитеттің төрағасы қызметіне көтерілген. Мінеки, осы қызметінде жүргендегі бір ісінің өзі, оның қазақ халқына деген жанашырлығын көрсетеді. * Хабар 2004 жылы жазылған.

1921 жылы Верный қаласының атауын Алматы қаласына ауыстырған бұйрықта осы Ораз Жандосовтың қолы тұр. Сәкен Қиқымов: Мына суретке байланысты айта кетейін дегенім, 1908 жылы баласын Верный ерлер гимназиясына дайындаушы класқа алып келген болатын. Бұл кезде Қиқым атамыз қалай орыс тілін білген, қалай баласын гимназияға алып келген? Бұл былай болған, оны маған айтқан Қиқымның кіші баласы Мүсірәлі. Қиқымның 4 ұлы болған, үлкені Ораз, содан соң Оразтай, Оразәлі, Мүсірәлі. Дәрмен апамыздан тараған 4 ұл, 2 қызы болған, ал оның алдында бірінші әйелінен Исалы, Мұса деген 2 ұлы болған, одан да ұрпақтар бар. Оның кіші ұлы Мүсірәлінің айтқаны, үлкен жеңгеміздің айтқаны, кезінде Қиқымның анасы: Қиқым атамыз бұзықтық жасағанда сабады дейді, сол кезде қашып кетіп, Семен Люборецкий деген Қаскелеңдегі үлкен бай кісі болған, соның үйіне барған, оның балалары болмаған, соның көмекшісі болып, Семен деген орыстан сол кезде орыс тілін үйренген. Гүлшат Нұрымбетова: 1921 жылы Алматы облыстық төңкерістік комитеттің төрағасы қызметін атқарып жүріп, Алматы есімін қайтарды, сонымен бірге осы өңірдегі жер-су реформасына белсене атсалысқан. Белсене дегенім, ол, сол кездегі қаулылармен таныссақ, бірінші кезекте, шырайлы жерлерге жергілікті халықты орналастыру, содан кейін ғана басқа ұлт өкілдерін орналастыруды көрсеткен. Бірақ сол кездің өзінде оған осы іс-әрекеті үшін ұлтшыл деген ат таңылып, жер-су реформасы 1921–1922 жылдары Жетісу өңірінде толығымен жүзеге асырылған жоқ. Сәкен Қиқымов: Қаскелеңде известь тауып, өндіріп, соны шы­ ғарады ғой. Бірінші пеші бар Қаскелең сайында. Қазір әлі күнге дейін орындары сақталып қалған. Известь шығарып, өзі орысша үйренгеннен кейін, баласын оқуға береді ғой, білім алсын деп, ол кезде білім алу үшін төлеу керек болатын. Сонда Қиқым атамыз оқудың ақысын известьпен төлейді. Гүлшат Нұрымбетова: Архивтік материалдарға қарасаңыз, онда үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, әрі хатшысы болып Голощекин қызметке тағайындалғанға дейін жарты жыл бұрын жұмысқа кіріскен. Енді бұл Голощекиннің тобындағы, я болмаса Голощекиннің жақтасы деп айтуға себепкер болған 1926 жылғы пленумдағы оқиға деп ойлаймын. Осы пленумдағы сөйлеген сөзіне байланысты тарихшылар Ораз Жандосовты тапшыл көзқарастағы марксизмді жақтаған қайраткер деп әлі күнге дейін дұрыс бағаламай жүр. Бірақ 1926 жылғы пленумдағы сөйлеген сөзінде, ол ауылдағы мәселелерді таптық негізде шешуге ұсынады. Бірақ менің ойымша, сол кездегі мақалалары мен баяндамаларымен танысатын болсақ, онда оны уақытша шара деп білген. Одан

кейін ары қарай қазақ ауылын реформалауды басқаша жалғастырамыз
деген үмітте болған. 1937 жылы тұтқынға алынып, 1938 жылы наурыз
айында атылған.

1908 ж. Санкт-Петербург, 1908 жыл. Студенттер Халел, Ғұбайдолла, Нұрғали Ғарифолла Әнес, «Арыс» қорының президенті: Бұл біз көріп отырған фотосуретте қазақтың үш үлкен азаматының жастық шағы берілген. Бұл Халел Досмұхаметов, Ғұбайдолла Бердиев және Нұрғали Ипмағамбетов. Бұл үшеуі 1908 жылы 25 тамыз күні Петерборда түскен. Біз бұл суреттің түпнұсқасын Х. Досмұхаметовтың қызы Қараш апайдан алдық. Соның сыртында «Петербор 1908 жыл 25 тамыз» деп жазулы тұр екен. Х. Досмұхаметов пен Н. Ипмағамбетов екеуі Петербордағы императорлық әскери медициналық академияны бітірген, екеуі де сонда оқыған. Ал енді Ғұбайдолла Бердиев болса, Қазанның дәрігер институтында оқыған, бұл да дәрігер, шамасы сол каникул кезінде Петерборға келгенде үш мұраттас, үш армандас, үш дос бірге түскен болу керек. Аманқос Мектеп, филология ғылымдарының кандидаты: 1905 жылы Ресейде болып жатқан өзгерістерді өз көзімен көрген Халел, Петерборда оқып жатқан Нұрғали Ипмағамбетұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы сияқты қазақ зиялылары басқа да ұлттың өкілдерімен бірігеді. Оның ішінде Кусков деген украинның аты аталады, Животинский деген еврейдің аты-жөні аталады. Осы кісілер әрбір ұлт дербес мем-

лекет болу керек деген, әрбір ұлт өкілі автономия болу керек, Ресейдің құрамына саяси бірлестікпен ену керек деген ой-пікірлерін газетжурналдарда, арнайы митингілерде сөйлеп, өзінің ойын білдірген. Соған орай бұл кісілердің соңына мемлекеттік бақылау органдары түскен болу керек. Себебі, бұл кісілердің қай-қайсысының архивінде кезінде қайда барды, не істеді, не қойды, кіммен хат алысты дегеннің барлығының бір данасы түсіп отырғандығына кейінгі зерттеу жұмыстарымызды сол архивті аралаған кезде, КНБ-да жатқан материалдарды қараған кезде көзіміз жетті. Ал енді Х. Досмұхаметов 1909 жылы аталған академияны бітіргеннен кейін, Перьм облысында қызмет жасаған, кейін 1911 жылы Қазақстанға, Оралға келген. Ғарифолла Әнес: Ғ. Бердиев туралы айта кетсем, 1885 жылы қа­ зіргі Атырау облысы, Қарашығанақ деген ауылда туған. Ғ. Бердиевтің әкесі Есқали, атасы Мүсірәлі сол жердегі атақты болыс болған, дәулетті кісілер болған. Кейін Оралда, Гурьевте училищеде оқып жүріп, 1903 жылы Қазалыдағы мал дәрігерлік институтына түсіп, оны 1909 жылы бітірген. Кейін олар «Алаш» қозғалысына қатысып, сол жердегі Омар Қараш сияқты, Бақытжан Қаратаев сияқты адамдармен бірге әртүрлі партиялар құрып, 1917 жылы шілдеде өткен Орынборда бірінші азаттық съезге осы Орал облысынан депутат болып келді. Кейін ол денсаулығына байланысты елде жұмыс істеді, бірақ 1919 жылы туберкулез ауруы қатты асқынғаннан ауылына қайтып кетеді. Сонан кейін сол аурудан оңалмай 1921 жылы көктемде қайтыс болады. Аманқос Мектеп: Ғасыр басында біздің қазақ басына төнген үлкен апат, індет деп айтуға болады, ол оба ауруы. Осы оба ауруына, енді менің өз пікірім, оқыған, тоқыған материалдарды түйіндей отырып, өзіме мынадай ой келді. Осы империя эксперимент жасаған жоқ па дегендей ойлар келеді. Себебі, мыңдаған адамның өмірін алып кеткен осы дерт, індет туралы дәрігерлеріміз, жалпы ғалымдар кейін зерттей жатар, бірақ маған осындай ой келеді. Осы індетке қарсы дәрігерлер, әсіресе қазақ дәрігерлері көп еңбек еткен. Соның бірі – Халел. Мұның әрбір күні 12 күнге саналған. Халекең енді әскери офицер, дәрігер болғандықтан, ол жарғы бойынша 25 жыл қызмет ету керек еді мемлекетке. Бірақ әрбір күні 12 күнге саналатын осы обаға қарсы Халекең өзі сұранып, халқым, мыңдаған адам қырылып жатқан кезде, мен оқуды не үшін оқыдым, өлсем, халқымнан артық емеспін деп, осы дертпен күресуге білек сыбанып шығады. Кейін осы дертке қарсы үлкен еңбектер жазады, ол еңбекті Халекең ақталған­ ша біз білген жоқпыз, бұл дүниежүзінде оқытылады екен, дүниежүзінде Халекеңнің осы еңбектері іс жүзінде пайдаланылады екен. Ғарифолла Әнес: Ал енді бір-екі ауыз сөз Н. Ипмағамбетов туралы айтып кетсем, жалпы қазақ халқында ондаған Ипмағамбетовтер белгілі.

Мысалы, Әмірғали Ипмағамбетов, Әнуар Ипмағамбетов, Меңдігерей Ипмағамбетов деген, бұл өзі оқыған, сондай өнегелі үлкен әулет. Мысалы, айтамыз ғой, Бірімжановтар әулеті, Жантөриндер әулеті деген сияқты, осындай үлкен әулет. Жалпы Ипмағамбетовтер әулетінде қы­зық болған. Мысалы, Меңдігерей Ипмағамбетовті бүкіл қазақ жақсы біледі, енді ол революционер ретінде танылса, ал оның туыстары, Нұрғалилар керісінше «Алашорданың» құрамында болған. Бірақ бір-біріне көмектесіп жүрген. Қазір енді «Батыс Алашордасы» туралы соңғы кездері ғана табылып жатыр. Жалпы олар біреуі қызылдар жағында, біреуі ақтар жағында болғанымен, негізінен елдің тыныштығын, амандығын сақтап қалу үшін, майдан шебінің біресе бір жағына, біресе екінші жағына өтеді, әйтеуір халықты сақтау жолында жұмыс істеген. Ал енді Нұрғалидың бір ерекшелігі, әсіресе соғыс жылдарында үлкен ерлік көрсетіп, подполковник шенін алды. Кейін орыс армиясының полковник шенін алды және үлкен армияның әскери қызметін басқарған. Аманқос Мектеп: Кеңестер Үкіметі тұсында Халекең, Лениннің амнистиясына байланысты Алашорданың көсемдері түгел ақталды, кеңес үкіметіне тартылды. Кейін енді Халекең өз мамандығы бойынша Ташкентте тұңғыш қазақ-қырғыз институтында психология, физиология т.б. осындай пәндерден сабақ берді. 1937 жылы қайтадан репрессия басталған кезде, Халекең сияқты азамат қайтадан ұсталды. Студент Мұстафа Шоқай Мәмбет Қойгелдиев, тарих ғылымдарының докторы, профессор: Бұл кезде Мұстафа Шоқай Ташкентте болған. Өйткені 1902–1910 жылдар аралығында Ташкентте гимназияда оқыды. Гимназияны өте үздік оқыған, екі адам гимназияның соңында біреуі алтын, біреуі күміс медальға ұсынылған, соның біреуі М. Шоқай болатын. Ал енді М. Шо­ қайдың ол кездегі өмірі өте қызық, қарасаң Қызылорда қаласынан 20– 30 шақырым жерде Сұлутөбе деген жер бар. Сол стансының жанында «1-май» деген ауыл бар, сол ауылда Шоқайдың туыстары қазір осы уақытқа дейін тұрады. Бұдан 1–2 жыл бұрын мен сол жерде болдым, сол кісілермен сөйлестім. Шоқайдың туып-өскен жерінде болдық. Ол жерде қазір ауыл жоқ екен, құм басқан қалың сексеуіл. Сонда бізді алып барған кісі мына жерде мешіт болған, сол мешітте Шоқай оқыған, бұл жерге жұрт келіп тұратын деп көрсетті.

Ғазиза Исахан, Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеттің бас сарапшысы: Мұстафа Шоқай десек, біздің көзімізге ылғи да дөңгелек жүзді, орта жастағы адам елестейді. Ол мүмкін бізде айналыста жүрген суреттерден көргендіктен болар, солай санамызға сіңіп қалған. Ал Санкт-Петербургтың тарихи мұрағатында Мұстафа Шоқайдың Санкт-Петербург университетінде оқып жүргендегі жеке іс-қағазы бар, сонда бір сурет бар екен. 1910 жылы университетке қабылдауын сұрап ректордың атына жазған өтінішінде осы суретті қоса берген. Бұл суретті Ташкентте Назаров деген фотограф түсірген. Шамасы 20 жастың ар жақ, бер жағындағы балаң кезі болу керек. Мәмбет Қойгелдиев: Мұстафа Шоқайдың туып-өскен жерінде «1-май» ауылы бар, сол ауылда қазір ағайындары тұрады. Сол аға­ йындары біраз қызық әңгімелерді айтты. Осы Ташкентте оқып жүргенде ауылдағы кісілер ылғи Мұстафаны іздеп, кімде-кім Ташкентке бара қалса, Мұстафаға соқпай өтпейді екен, жолықпай қайтпаған. Ал енді бір қызығы сол, сонда бір кісілер айтты, ағайындар жылда осы ауылдан шығып, Ташкентте орыс гимназиясында өте жақсы оқып жатқан Мұстафаның оқуына сүйсініп, бәрі бір-бір қара малдан береді екен. Сол ауылда жиналған малды бір кісі Ташкентке базарға айдап апарып, сатып, соның ақшасын Мұстафаға беріп отырған. Оқуы сәтті жақсы жүрсін деп ағайындары қолдау жасап отырған. Ол кезде жалпы оқу деген өте қиын болған. Мысалы, шәкірт ауылдан кеткен уақытта, ауылға жылдап келе алмаған, қатынасу өте қиын, сондай жағдайда қаржылай көмек берудің мәні өте үлкен болған. Ал енді Мұстафа сол кезде гимназияда оқып жүргенде саяси өмірге кәдімгідей белсене кірісіп, араласып кеткен. Ағайындары айтады, Мұстафаға барған кезде, көбінесе ауылдан, елден, сол төңіректегі адамдар өздерінің жергілікті билікке, генерал1910 ж.

губернатор әкімшілігіне жазатын арызын Мұстафаға жаздырады екен. Мұсекең оны алдымен қазақша жазады, сосын орысшаға аударады екен. Бүкіл төңіректегі Сырдария ол кезде уезд емес. Жалпы Перовск уезінің қазақтарының бәрі үшін кәдімгі жергілікті орыс әкімдігінің жалғастырушысына, сол орыс әкімшілігіне жергілікті халықтың арызтілегін жеткізетін тұлғаға айналған Мәкеміз. Ғазиза Исахан: Мұстафа Шоқайдың өміріне, қызметіне қатысты еңбектер жазылып жатыр, шығармалары түгенденіп жатқандай, деректі фильм түсірді, хаттары да баспасөз беттерінде жарияланып жатыр десек те Мұстафа Шоқайдың өміріне, қызметіне қатысты толық, жан-жақты түрде зерттеулер әлі жазылған жоқ. Шығармаларының толық жинақтары әлі шығарылған жоқ, хаттары түгелдей жинастырылып, түгелденген жоқ, бұл бір жағынан түсінікті де, себебі бұл кеңестік идеологияның әсері болса, екінші жағынан Мұстафа Шоқай мұраларының шетел мұрағаттарында жатуы. Мұстафа Шоқай мұралары берісі Ташкент, Түркия, әрісі Ресей, Франция, Германияда тағы сол сияқты шетелдердің мұрағаттарында. Мәмбет Қойгелдиев: Гимназияны бітіргеннен кейін Самсонов әкім­шілігі, генерал–губернатордың кеңсесі оны сонда қалуға жұмысқа шақырған. Бірақ Мұсекең онда қалмай Санкт-Петербург уни­версите­ тінің заң факультетіне түсуге аттанып, емтиханды жақсы тапсырып, сонда оқуға түскен. 1917 жылға дейін Мұстафа Шоқай Петербургте студент болып жүрді. 1914 жылы Петербургте студент бола жүріп, ол Әлихан Бөкейхановтың тікелей ұсынысымен, мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясының хатшысы болып белгіленеді. Ал енді сол кездің өзінде Мұстафа Шоқай Ташкентте бастаған қызметін, әсі­ ресе халықтың, қазақ халқының арыз-тілегін, енді орталық билікке жеткізуші тұлғаға айнала бастайды. Ол кезде мынадай салт болған. Жазда студенттер каникулға шығады, каникулға шыққанда Әлекең сияқты ірі тұлғалар оларға тапсырмалар береді, сендер жазда ауылға барып, босқа қайтпаңдар, елдің арасына барып, елдің жағдайын біліп, қандай мәселе қинап жатыр, соны түсініп, соны қорытып, сол елдің арасында арыз-тілек, жаңа фактілер, тұжырымдар болса алып келіп, сол Думада Мұсылмандар фракциясы деген бөлім бар, сол бөлімге тапсырыңдар деген, тапсырма беріп отырған. Қазақ студенттері, татар студенттері, басқа Петербургта оқитын мұсылман студенттері жазда ауылдарына кеткенде, осындай міндеттер атқарып отырған. Ғазиза Исахан: Сол Петербург университетінде оқып жүргендегі студенттік сынақ кітапшасы, Ташкенттегі ерлер гимназиясында оқы­ ғандағы кәмелеттік аттестаты, жыл сайын оқу үшін төлеп тұрған, оқу ақының түбіртектері, соның бәрі жеке ісінде сақталған. Тағы бір назар

аударатын мәселе, Мұстафа Шоқай өзінің жазған арыздарының бірінде өзі тұрған үйдің мекенжайын көрсетеді. Бұл Санкт-Петербургтың 7 аралдан құралған Неваның солтүстік жағалауындағы Петербург деп аталатын ауданында Провянт көшесінде тұрған. Ұзындығы 200 метрден тұратын осы көше ХІХ ғ. бері бар екен, ал үй – Провянт көшесі 10-үй, 25-пәтер әлі күнге дейін сол жерде бір ғасырдан астам уақыт бойы сақталып тұр.

1913 ж. Сұлтанмахмұт пен «Айқап» жанашыры Фазыл Серік Қирабаев, академик: Сұлтанмахмұттың өмірі ғажайып, қы­ зық, сонымен бірге ауыр өмір кешкен адам. ХХ ғ. басы Ахмет Бай­ тұрсынов пен Міржақып Дулатовтың «Қазақ, ояныңдар» деген жар салуымен басталды ғой. Ол сөзсіз, орыс революционерлерінің ХХ ғ. басындағы әсері. Бұратана халықты азаттыққа үндеді, бұрын оқу-ағарту идеясын ұстанған Абайдың жолына осы кезде азаттық үшін күрес идеясы келіп қосылды. Міне, осы тұста оянған қазақ жасының кәдімгі типтік бейнесі осы Сұлтанмахмұттың өзі деп ойлауға болады. Бұл кезде Сұлтанмахмұт есейіңкіреп қалған кезі, 18–19 жасқа келіп барып, оқу іздеді. Сұлтанмахмұттың оқу іздеп, өз маңында бармаған жерлері

жоқ. Троицкіге барды, Томскіге барды, Семейге барды, тағы басқа қа­ лалардың біразын аралап, бастауыш мектепке оқуға жасы келмей, ересектер мектебінде оқуға сауаты жетпей Сұлтанмахмұт көп қиналған адам. Сол қиналып жүріп, өз творчествосын бастады. Сұлтанмахмұт ХХ ғ. басындағы қазақтың артта қалып отырған мешеу күйін көріп, қатты сынап, кейін соған кектене, өзінің айтуы бар: Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда, кім болам? Оны біреулер «кегіне» емес, «көгіне» деп оқып жүр. Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам. Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда, кім болам? – деп, Сұлтанмахмұт осындай үлкен мұрат, биік мақсат ұстаған ақын. Марат Әбдеш, Орталық мемлекеттік мұражайдың ғылыми қыз­ меткері: Осы фотосуретте қарап отырсақ, Сұлтанмахмұт және жанында белгісіз адам түскен. Бұл қалай енді Сұлтанмахмұттың суреті, Мұхамеджан Сералин үйіне келді деп есептесек, белгілісі – Мұхамеджан Сералин тұсында С. Торайғыров та 1913 жылдары «Айқаптың» хатшысы болған еді Троицкіде. Енді Троицкіде болғаннан кейін, бір-бірімен қатынасып тұрды, 1913 жылы Троицкіде түскен сурет екен. Бұны түсірген Троицк фотостудиясының белгілі фотошебері Доткинши. Серік Қирабаев: Арғы аталары Торайғыр бай болғанымен, өзінің әкесі кедей болған. Әбубәкір кезінде Шоқпыт атанған, үстінде жаман шалбар, ескі киіммен жүрген болу керек, мал баққан шаруа. Өзі Баяндікі, Торайғырдың немересі. Ал қайын жұрты Қызылту ауданындағы, қазіргі Көкшетауда, (ол кезде Омбыға қарайтын) Қарауыл деген ру бар ғой, сонда Шабар деген атақты байдың қызы екен. Сол қайын жұртына барып күн көрген ғой. Сұлтанмахмұттың өзі сол Қызылтуда туған. Кейін 5 жасқа келгенде, 3 жастағы Бәшен деген інісімен екеуі, шешесі қайтыс болып, содан кейін Шоқпыт өңіріне алып келгенде, кейінгі өмірі Баянда өткен. Міне, осы жоқшылық көп қолын байлаған, соның себебінен ол оқи алмай, соңынан Зайсанға кетеді, осы ызаға шыдамай кеттім дейді өз күнделігінде, Сұлтанмахмұттың күнделігі Жүсіпбек Аймауытовтың архивінде кетті. Жүсіпбектің 1930 жылы жазған мақаласында Сұл­ танмахмұттың күнделігінен алынған 200 өлеңі бар. Соның бірінде, «ел-жұртқа көрінетін көзім қалмады, оқимын деген мақсатыма жете алмадым, елге көрінбейін деп, ызаға шыдай алмай, ең болмаса алысқа Зайсанға кеттім», – дейді. Сол жақта бала оқытқан. Сол жақта жүріп, бірқатар шығармаларын жазған.

Марат Әбдеш: «Жанындағы екінші адам кім?», – деп сұрадым, Раушан апай білмейтін боп шықты. Сол кездегі Сұлтанмахмұтты көр­ген-білген-ау дейтін 70-жылдары біраз адамдарды кездестірдім, әсіресе Серәлі Қожамқұлов, Аймановтардың тұқымдарынан, бірақ бәрі де біл­мейтін боп шықты. Серәлінің тұқымының балаларымен де, кезінде Серәлімен бірге болған адамдармен де кезіктім. Сонымен біраз 2–3 жылдай іздестіру жұмыстарын жүргіздім, еш нәтиже болмады, болмаған соң, енді болмайтын нәрсе ғой деп қойдым. Содан күндердің күнінде Торғай облысына кезекті іссапармен бардым, барғанда Арқа­ лықта өлкетану музейінде болдым, онда көмек көрсете отырып, сон­ дағы қызметкерлермен әңгімелесе отырып, сөз арасында айтты, осы Арқалықтың түбінде М. Серәлинмен кезінде бірге таныс болған, бірге жұ­мыс істеген бір ақсақал тұрады деді. Ол Исмайлов Мірсалық деген кісі екен. Алматыға келгеннен кейін, қолма-қол хат жаздым. Хат жазып, ішіне суретті де, сыртындағы қолтаңбасын да қосып беріп жібердім. Содан 1–2 ай өткеннен кейін жауап хат келді. Жауап хатында Мірсалық ағай Сұлтанмахмұттың суретін тапқанына рақметін айтып, ризалығын білдіріп, осы жанындағы кісіні танимын деді. Ол Қостанай уезі, Тобыл өзенінің бойындағы, Далбар болысының атақты қыпшақ, қарабалтаның биі, Наурызбай бидің ауылында өскен Фазыл Әбутәліпұлы деген деді. Бұл Фазыл Әбутәліпұлы Троицк маңында алтын кеніште жұмыс істеген екен, осы суреттің сыртындағы қолтаңба, Сұлтанмахмұттың бірден-бір сақталып қалған қолтаңбасы екен. Ол қолтаңба біздің Орталық музейдің қорында. Қолтаңбада «інім М. Сералинге ұмытпастық белгі. «Айқап» секретары С. Торайғыров. 1913 жылы 25 қараша» деп жазылған. Серік Қирабаев: 1920 жылы Солтүстікте Кеңес үкіметі қайта орнады ғой, соны әділдіктің үкіметі деп түсініп, өзі әділдік қайда деп іздеді ғой «Адасқан өмір» поэмасында. Сонда әділдік жолы осы болады деп үміттенді ғой. Соған барып, өзі ауру күйінде революциялық комитеттің бастығы болып қызмет істеуге құлшыныс білдірді, бірақ денсаулығы жарамай, үлкен жұмыстарға араласа алмай қайтыс боп кетті. Міне, осының барлығында ел үшін, елдің азаттығы үшін, елдің тәуелсіздігі үшін, егемендігі үшін ұмтылған азаматтың үлкен бейнесі тұрады. Сұлтанмахмұт Торайғыровты біз осылай деп түсінуіміз керек. Кезінде олай тарттық, бұлай тарттық, Сұлтанмахмұт өз заманының ізденімпаз, үлкен тұлғасы.

1914–1915 жж. Алаш көсемдері – Әлихан, Ахмет және Міржақып Кеңес Нұрпейісов, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі: Мына көз алдарыңыздағы сурет үлкен тарихи мәні бар құжат болып табылады. Өйткені мұнда XX ғ. басындағы қазақтың реформатор­ лық қозғалысының негізін қалаушылар, оны «Алаш қозғалысы» деп те атаймыз, соның негізгі үш белді қайраткерлері отыр. Оның біріншісі – «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы, XX ғ. бірінші шире­гіндегі қазақ халқының саяси көсемі, ірі мемлекет қайраткері болған Әлихан Бөкейханов (ортада), ал екінші отырған – ғасыр басындағы қазақтың рухани көсемі деп атауға болатын Ахмет Байтұрсынов (сол жақта). Бұл кісі – орта білімді мұғалімдік біліміне қарамастан ұлы ақын, ұлы жорналшы, ұлы ғалым-тюрколог болған кісі. Ал үшінші отырған – Міржақып Дулатов (оң жақта). Ақындығы, жазушылығы өз алдына, бұл кісі қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамалды» жазған. Ал енді бұл кісінің анау екі ағамен салыстырғандағы ерекше қасиетін айтатын болсақ, өзімнің пікірімше, бұл кісі тікелей әрекеттің, тікелей ісқимылдың қайраткері болған. Мәмбет Қойгелдиев, тарих ғылымдарының докторы, профессор: Сол кезде Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы өзінің мақаласында айтады: Орынбордағы үш жігіт, үшеуі газет шығарып жатыр, қазақтың басын біріктірсем, қазақтың басын қоссам дейді, содан бірдеңе шығар ма екен дейді. Бұл сурет 1914–15 жылдары түскен сурет, Орынборда түскен.

Бұл үшеуінің ішіндегі ең үлкені Әлекең. Әлекең бұл суретте шамамен 48–49 жаста. Ахаңмен екеуінің арасы 4 жас. Әлихан Бөкейханов 1866 жылы туған, ал Ахмет Байтұрсынов 1870 жылы туған. Ішіндегі ең жасы Міржақып Дулатов. Бұл шамамен 28–29 жастағы кезі. Кеңес Нұрпейісов: Осы үш қайраткердің өзі XX ғ. басында қа­ зақтың саяси санасын ояту ісінде бірінші кезекте қызмет атқарды. Жойыл­ған хандық мемлекет, соларды қалпына келтіруде бұлар рефор­ ма­тор­лық іс-әрекет арқылы жүзеге асыруға тырысты. Осыған байланысты 1913 жылы Орынборда Ә. Бөкейхановтың идеясымен Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов жүзеге асырған қазақтың тұңғыш жалпыұлттық съезі «Қазақ» газетін шығарды. Бұл газет сол партия құрылған 1917 жылдың шілдесінен бастап партияның ұранына айналды. Осы «Қазақ» газетіне дейінгі кездің өзінде Міржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсынов жекелеген еңбектер жазып, қазақты саяси тұрғыдан ояту, қазақ халқының арасында патшалық Ресейдің отаршыл саясатына қарсы қозғалыс ниетін қалыптастыру, саяси қала қалыптастыру ісінде ерен еңбек етті. Оның жарқын көрінісінің бірі 1909 жылы жарияланған Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» деген өлеңдер жинағы болды. «Оян, қазақтан» алынған сөздердің өзінде «Қазақ, оян сен, жерің кетті, мемлекетің тозды, дінің нашарлады, халқың харам болды, қай уақытқа дейін жата бересің, оян» дейді. Соны Ахмет Байтұрсынов та айтты. «Белің майысуға жақын тұрсың, қай уақытқа дейін жата бересің» дейді. Осы кейін «Қазақ» газетінің беттерінде негізгі тақырыптардың бірі болды. Мәмбет Қойгелдиев: Әлекең ұлт-азаттық қозғалыстың лидері, көсемі. Мұны Ахмет Байтұрсынов та, Міржақып Дулатов та мойындаған. Екеуі де Әлекеңді аға тұтады. Аға тұтқанда жасы жағынан емес, Әлекеңнің көсемдігі тұрғысынан, Әлекеңнің саясаткер, кемеңгер, ғалым, қайраткер тұрғысынан аға тұтқан. Әлекеңнің осы А. Байтұрсынов пен М. Дулатов туралы берген бағалары бар. Мен соның біріне тоқталайын. Әлекеңнің «Ұят-ай» деген мақаласы бар. Сол мақаласында Әлекең мынадай мысал келтіреді. «Салтыков-Щедриннің бір әңгімесі бар. Сонда аққу мен шошқа екеуі сөзге келеді. Сонда шошқа айтыпты: «Ей, аққу, сен күн бар, күн бар дейсің, сол күнді мен неге көрмеймін», – дейді. Сонда аққу айтады: «Шошқа, сен күнді көре алмайсың, өйткені құдай сені төмен қаратып жаратқан, ал күнді көру үшін жоғарыға, аспанға қарау керек», – дейді. Сонда Әлекең айтады: «Шырағым Ахмет, шырағым Жақып, сен екеуіңнің қызметің халық үшін жаралған қызмет, болашақта күнді көретін ұрпақ сендердің бағаларыңды береді, жарықты көретін, жақсылықты көретін көзі ашық ұрпақ келеді, сонда екеуіңнің бағаңды береді», – дейді.

Кеңес Нұрпейісов: Бұл кісілер революционерлерге қарсы бол­ ған адамдар. Бұл кісілердің теориялық көзқарасы, мына «Алаш» пар­ тиясының бағдарламасының жобасын жасады ғой, қарашаның 21-і күні «Қазақ» газетінің 17-санында жарияланды. Сонда 5 бап бар, мем­ лекеттік құрылыс қандай болу керек, жер мәселесі қалай шешілу керек, дін мәселесіне қалай қарау керек деген мәселелерге бас-аяғына қарасаңыздар, сол қазақ қауымын ғасыр басында қалыптасқан жағдайға байланысты өркениетті елдердің қатарына реформа жолымен жүргізу керек деді. Осы уақытта бұл кісілер көптеген жұмыстар істеді. Әлекең, мысалы, 1913 жылдың өзінде Кацелевскийдің редакциясымен монографиясы Петерборда шықты, сонда «киргизи» деген, «қазақтар» деген сөз ғой, үлкен монографиялық мәндегі мақала жазды. Сонда Әлекең айтады: «Біздің қазақ қауымында қазір саяси партия жоқ, бірақ екі партия құру тенденциясы бар, оның біреуі демократиялық тұрғыдағы басқа да партия болуы мүмкін. Шынында да, солай болды да шықты. Әлихан Бөкейханов соңғы топтасқандар қазақтың ұлттық демократиялық «Алаш» партиясын құрды, ол кадеттің филиалы емес, кейбіреулер айтып жүрген, бірақ кадетке ұқсас қазақтың өзінің әлеуметтік, саяси т.б. ерекшеліктерін ескерген демократиялық партия болды. Ал Түркістанда мұсылман діні басымырақ жүрді, «Шора-и-Исламия» партиясын құрды. Мәмбет Қойгелдиев: Әлихан Бөкейхановтың Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовпен қатынасы соншалықты жақын болғандығы, соншалық терең болғаны, бұл үшеуінің бір-бірін керемет түсінгендігі, бұл үшеуінің одағы, үшеуінің достығы, қазақ ұлт-азаттық қозғалысына бағыт-бағдар бергендігі, қазақ ұлт-азаттық қозғалысын жаңа сапаға, жаңа кезеңге көтергендігі, соны айғақтайтын сурет – бұл сурет. Сондықтан бұл сурет біз үшін, қазақ зиялылары үшін ыстық сурет. Бұл бүкіл XX ғ. тікелей қатысы бар сурет деп ойлаймын. Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлы Гүлнәр Кемеңгерова, Қошкенің немересі: Мен Қошке Дүйсебайұлы Кемеңгеров атаның тұңғыш немересі болам. Ол кісінің ұлы Нармамбет, сол Нармамбеттің үлкен қызымын. Кемеңгерұлы Қошкенің арғы тегі, бабалары Сарыарқаның сұлу Баянынан шыққан. Кемеңгер бабамыз 1849 жылы Баяннан Омбы маңына көшіп келіп, Ертістің сол жағында Қаржас ауылының қазығын қағады. Кемеңгердің екі ұлы болады. Дүйсенбай мен Дүйсебай. Дүйсебай Қошкенің әкесі. Дүйсебай сауатты адам болған деп естиміз. Ол кісі кезінде 1905–1910 жылдары Меккеге барып, қажы

атанған. Ол кісінің бес ұлы, үш қызы болыпты. Сол балаларының ішінде Қошке атамды Омбыға оқуға жіберіп, оқытқан кісі. Дидахмет Әшімханұлы, жазушы, «Алаш» баспасының директо­ ры: Мына өткен ғасырдың 20–30 жылдары өмір сүрген алаш арыста­ рының қайсысы болмасын, тағдыры өте күрделі екені белгілі. Соның ішінде Қошке Кемеңгерұлының да тағдыры тіпті бөлек. Ол кісі негізгі мамандығы дәрігер, одан ары қарай жазушы, журналист, педагог, ғалым және осы ғылымның әр саласына бөліп кете берсек, бұл кісі кез келгеніне еңбек сіңірген адам ғой. Жалпы аты белгісіздеу болғанымен де, кейінгі Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптарға қарағанда, бұл кісі ертерек ақталып кетті. Мысалы, 1965 жылы бұл кісінің «Алтын сақина» деген кітабы сол кезде шығып қойған болатын. Бірақ, неге екені белгісіз, әртүрлі себептермен кейінгі жылдары аты белгісіздеу болды. Гүлнәр Кемеңгерова: Омбыда ауылшаруашылық мектебін бітірген. Одан кейін 1920–1924 жылдарда Омбының медицина институтының санитарлық факультетінде төрт жыл оқыған, сосын Ташкентке ауысып, Орталық Азия университетіне сырттай аспирантураға түсіп, сол 1930 жылы Мұхтар Әуезов екеуі бірге оқыған, дос болған, одан ұсталып, Алматының түрмесіне қамалады. Дидахмет Әшімханұлы: Мен басқарып отырған «Алаш» баспа­­ сы, ол кісінің үш томдық шығармалар жинағының екі томын биыл шығарып қойып отырмыз*. Құдай қаласа, келесі жылы үшінші томын шығара­мыз. Осы үш томдық шығармаларының бәрі біздің көз алдымыздан өтіп отыр. Біз дайындап отырғанда, көзіміз бір дүниеге жетті. * 2005 жылы. 1920 ж.

Бұл қайран қалатын талант, өте сирек туатын өнер иесі екен. Оның қай салада болмасын, мысалы мына бірінші томына кірген «Қазақ тарихынан» деген еңбегі бар. Сол шығарманы оқып отырғанда, ұланғайыр фактілерді қайдан алған деп қайран қаламыз. Сол ғылыми түрде жазылған дүниенің өзінде, мына көркем прозалар пайдаланатын қазақтың тілінің ең қаймақты, шырайлы, ғажап тілін айнала берген. Сөздері өте бейнелі. Ал сонан кейін «Езілген ұлттар» туралы шығармасы бар, көлемі 2–3 баспалық деңгейде үлкен ғылыми еңбек. Ал сол ғылыми еңбекті байқасаңыз, бір жағы психолог, бір жағы демограф, бір жағы экономист, бір жағы социолог ретінде көрініп отырады. Гүлнәр Кемеңгерова: Мәскеуде 1925 жылы жеті кісі құрастырып, сол кісінің басшылығымен «Қазақша-орысша сөздік» шығады. Сол сөздік биыл 80 жылдан кейін қуанышымыз қойнымызға сыймай қайтадан оралды. Жуырда Астанада «Қазақша-орысша тілмаш» шығып отыр. Құрастырған ға­лым, профессор Диқан Қамзабекұлы мен менің әкем Нармамбет Кемең­геров. Тағы айтатыным, 1928–1929 жылдары Ташкентте, Қызылордада жұмыс істеп жүргенде оқу құралын шығарады, еуропалықтарға арналған екі бөлімнен тұратын оқу құралы. Орысша айтқанда, «Учебник казах­ско­го языка в двух частях для европейцев». Сол оқу құралы да биыл үш том­дық шығармалар жинағы болып шығайын деп отыр. Дидахмет Әшімханұлы: Осы бірінші томына кіретін пьесалары бар. Бұл кісінің «Алтын сақина» деген шығармасымен 1926 жылы 13 қаңтар күні Қызылордадағы қазақ театры ашылады. Бірақ соңғы жылдары әртүрлі жағдайларға байланысты, бұл кісінің атымен емес, қазақ театрының тарихын Мұхтар Әуезовтен бастайды ғой, ол шындығын­да барлығына белгілі Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақинасымен» ашылады. Бұны еш уақытта ұмытпауымыз керек. Енді санаулы күндер­ден кейін 13 қаңтар күні қазақ театрының 80 жылдығы болады. Бұл тікелей Қошке Кемеңгерұлымен байланысты дүние. Қошке Кемеңгерұлы туралы 100 рет айтқаннан гөрі, бір том шығармасын оқыса, оның кім екенін жұрт жақсы таниды деп ойлаймын. Қошке Кемеңгер­ұлы қазақтың маңдайына біткен үлкен азаматы. Оны біз ардақтауымыз керек, еш уақытта ұмытпауымыз керек. Гүлнәр Кемеңгерова: Бірінші Қошкетанушы Гүлсім менің әжем болса, екінші оны жұртқа танытқан, өзімнің ұстазым Рәзия Байахмет­қызы Рүстембекова туралы айтқым келеді. Ол кісімен біз Жазушылар үйінде бірге тұрдық, әжем екеуіміз көрші болдық. Екіншіден, ол менің ұстазым. ҚазПИ-де оқығанда, сабақ берді. Ғабит Мүсірепов атындағы спецкурс­ ты басқарды. 80-жылдары ақтаңдақтар ақталып жатқанда, мен ол кісіге қолымдағы бар құжаттарды апарып, айттым: «осы Қошке ата туралы

мақала жазсаңыз», – деп. 1987 жылы ақпан айы болатын. Жарты жыл бойына Пушкин кітапханасында отырып, газет-журналдарды ақтарып, 1987 жылы шілдеде «Қазақ әдебиетінде» «Қаламгер Кемеңгеров» деген мақаласы жарық көрді. Сол кезде Гүлсім әжем дүниеден озып кеткен, 1987 жылы 4 маусымда қайтыс болды. Қабырғасын қалап жатқанда, осы мақаланы зиратқа балалары «сүйінші» деп әкеп бергені әлі есім­ де. Атамыз үш рет репрессияға түсті. Бірінші ұсталғаны 1930 жылы, Алматының түрмесінде екі жыл отырады. Содан кейін 1933–1935 жылдары Украинаға айдайды, онда отбасымен тұрады, екі қызы, Гүлсім әжемізді бірге алып, Волока деген қалада екі жыл болады. Сосын 7 тамыз, 1937 жылы ұсталынып, 17 қарашада сот болады, бес күннен кейін 1937 жылы 21 қарашада Омбыда атылады. 1910 ж. Алаш қайраткері, алғашқы агроном Сатылған Сабатаев Марат Әбдеш, зерттеуші: Ұлы Абайдың өмірден өткеніне биыл 100 жыл толды. Оның өлеңдерінің ең алғаш рет орысша басылып шық­ қанына да 90 жыл болды. Енді осы ұлы Абайдың өлеңдерінің орыс­ шаға басылғанына 90 жыл толғанда, оны кім аударды? Негізіне келетін болсақ, 1914 жылы Мәскеу қаласында «Восточный сбор әл-жақият» деген жинақта Абай мен Міржақып Дулатовтың өлеңдері алғаш рет орысша басылған болатын. Сонда осы өлеңнің аяқ жағында аударған адамдардың аты-жөндері жазылған. Бірінші Сатылған Сабатаев, екінші Нұқ Рамазанов деп жазылған. Бұл Сабатаев деген кім? Сабатаевтың

аты мына көпшілік қауым былай тұрсын, зиялы қауымға да әлі белгісіз, есімі таныс емес. Осы мәселе жөнінде біраз тер төгіп, еңбек еткен болатынбыз. Сонда анықтағанымыз С. Сабатаев Абайдың өлеңін алғаш рет орысшаға аударған, әмбе Алаш қозғалысының белді қайраткері екен. Әмбе Алашорданың алғашқы министрлерінің бірі болған екен. Ол қа­ зақтан шыққан тұңғыш дипломды, сауатты, жоғары білімді агроном болған. Міне, тобықтай түйіндеп айтсақ, С. Сабатаев туралы осылай деуге болады. Ал енді С. Сабатаев туралы ары қарай жіліктеп айта беретін болсақ, С. Сабатаев Жетісу түлегі, Алматы маңайындағы үлкен Алматы болысында туған екен, 1874 жылы жастайынан жетім қалғаннан кейін, Верный қаласындағы сол кездегі Верный гимназиясында оқу оқып, соны бітірген. Бітіргенде мына аттестатын көріп отырғандай, өте жақсы оқыған көрінеді, әмбе бұл гимназия қабырғасында тілге жуық болған екен. Тілге жуық болғанын гимназия директоры Вахрушев Сабатаевқа берген мінездемесінде айрықша атап көрсетеді. Гимназияда бірнеше тілдерді оқытады, көпшілігі грек тілін оқудан қашқалақтайды екен. Грек тілін С. Сабатаев өз ықтиярымен оқыған. Анау аттестатта көріп тұрғандай, ол грек тілінен 5 (бес) алған екен. С. Сабатаевтың тілге бейімділігі оны Мәскеудегі шығыс тілдерінің Лазарев институтының арнайы класы болған Шығыстану бөліміне алып келеді. Шығыстану бөлімінде 4 жылдай оқып, 1899 жылы Мәскеудегі Лазарев институтының арнайы класында Шығыстану білімдері бойынша маман болып шығады. С. Сабатаев осы оқу орнын бітіргеннен кейін, өзінің туған жері Жетісу өлкесіне қайтып оралады, Жаркент қаласы, Верный қаласын­да басқармада қызмет атқарады. Сол кезде өздері­ңіз­ге белгілі, ХХ ғ. бас кезінде Қазақ даласына ішкі Ресейдің көптеген келімсектері шұбырып келе бастаған. Олар жай келмей, осы қазақтардың шұрайлы, құнарлы жерлерін басып алып, қазақтар өздері жерсіз, басқа бір ен далаларға, солай ығыстырылып шығарылған. Осы жөнінде сол кездегі қазақ бас­ пасөзінде, қазақ зиялылары жер мәселесі жөнінде, келімсектер туралы көпте­ген әңгімелер қозғаған болатын. Қайтсек те қазақты жерсіздендіруден құтқарамыз, не істеуіміз керек, қандай жұмыс істеуі­ міз керек деген мәселе қойылып еді. Осындай пікірталастың ішінде, С. Сабатаев өзі нақты көмек көрсету мақсатымен, патша әкімшілігінің жергілікті қоныс аударушылық саясатын, ағымының қандай жағдайда, қандай бағытта жүргізілетіндігін біліп отыру үшін Жетісу облыстық және уездік жерге орналастыру басқармасына қызметке орналасты. Бұл басқарманың негізгі мақсаты жергілікті қазақтардан жерді алып, оны басқа қоныстарға, келімсектерге беру болатын. Енді осы мәселе жөнінде С. Сабатаев өзінің білімін ары толықтыру үшін 1908 жылы Мәскеудегі ауылшаруашылық институтына оқуға түседі.

Осы институтты бітіргеннен кейін С. Сабатаев Семей жаққа кетіп, Үржар стансасында өзінің мамандығы бойынша агроном қызметін атқарады. Осы атқарып жүрген кезінде патша өкіметі құлап, елде сондай бір арпалыс-төңкеріс басталып, сол кезде қазақ зиялылары Алаш қозғалысына қатысқан болатын. Семей облыстық қазақ комитетінің бас­қарма мүшесі, земство жұмысына белсене араласатын. Әмбе 1917 жылғы желтоқсан айында Орынбор қаласында өткен ІІ Жалпықазақ­ тық съезде Жетісу облысынан басқа делегаттармен бірге депутат бо­лып сайланып, Алашорда үкіметінің мүшелігіне кандидат болып сай­ланды. Бұл былайша айтқанда, 30 адамның ішінде біреуі осы С. Сабатаев болды, қазіргі тілмен айтсақ, сол кездегі Алаш орда үкіметінің алғашқы министрлерінің бірі болып еді. С. Сабатаевтың негізгі айналысқан саласы жер шаруашылығы болуы мүмкін. Ол өзі агроном болғасын, осы Алаш­орда үкіметінің жер мәселесі жөніндегі бағдарламалық құжатта­ рын әзірлеуге қатысады. Онда Алашорда үкіметінің бағдарламалық құжаты басылған, осы жерде С. Сабатаевтың еңбегі бар. 1918 жылдың бас кезінде, яғни қаңтар айында Жетісу облысына келіп, Алаш қозғалысын ұйымдастыруға белсене қатысады. Бұл кез­дегі Жетісу облысының Алаш зиялыларының көсемі Ыбырайым Жайнақов еді. Ыбырайым Жайнақовпен, Әлжанов Отыншымен, одан кейін, Асыл­ қожа Құрманбаевпен бірге Жетісу облысының, қазақ зиялыларының съезін өткізеді. Съезге белсене араласады. Бірақ сол кездегі Қызыл гвар­ дия төңкеріс жасап, ары қарай Алаш қозғалысының өркендеуіне мүм­ кіндік бермейді де, Ы. Жайнақовты, О. Әлжановты тұтқынға алады. Кеңес өкіметінен кейін, бәрі бас сауғалап кеткеннен кейін С. Сабатаев Қарғалы жаққа барады да, сонда өзінің негізгі мамандығы ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондағы тұқымдарды асылдандыру жөнінде көп жұмыстар істейді. Картопты, басқа нәрселерді егіп, жаңа сорттарды шығаруға белсене араласады. 1921 жылы дашнақтарды қуып келе жатқан Қызыл гвардия Қар­ қаралыға енген кезінде, атыс басталып, С. Сабатаев сол атыста қы­ зылдардың қолынан, жолда атып өлтіріледі. Бұл 1921 жылы 15 сәуір. Сонымен, біздің айтарымыз, С. Сабатаев белгісіз есім еді, енді ақырындап белгілі бола бастады. Белгілі бола бастағаннан кейін, тағы қайталап айтамын, негізгі еңбегі не дегенде, алдымен Абай мен Міржақып өлеңдерін орысша аударып басқанында дейміз. Екіншіден, ол Алаш қозғалысына араласып, үлкен қайраткерлік көрсетті, үшіншіден, ол қазақтан шыққан алғашқы агроном маман.

1923 ж. Мәшһүр Жүсіп Көпеев Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор: Ұлт руханияты тарихатындағы Мәшһүр Жүсіп мұрасы көркем қа­зы­­ на, ұлттық игілік деуге лайық. Ол фольклортануға, философияға, этно­ графияға, Қазақстанның саяси-құқықтық тарихына қатысты көп­теген қыруар деректер, ұшан-теңіз мәліметтер қалдырған. Оның шығарма­ шылық мұрасын зерделейтін болсақ, сонау Адам Ата, Хауа Ана, Уыз ханға дейін Алла Тағаланың құдіретін, сипатын келістірер жырлардан бастап, Мұхаммед Пайғамбарға дейін, Мұхаммед Пайғамбардың пайғамбарлыққа ие болуы, миғражға ұшуы, хадистері, өмір тарихы жан-жақты баяндалады. Мәшһүр Жүсіптің бүкіл мұрасында қазақ хал­ қының тарихы, этнографиясы түгел қамтылған деуге болады. Сонау Майқы биден бастап, Төле, Әйтеке, Қазыбек билерге дейін, Шорманның Мұсасына дейін. Сонау біздің батырларымыз, хандарымыздың ерлік істері шығармашылығында түгел қамтылған. 1858 жылы дүниеге келген, 1931 жылы қараша айында дүниеден озған. Өзінің көзі тірісінде жетісін, қырқын, жылын бергізген. Келесі жылы өте ауыр болады, қиын жыл болады деп, келесі жылды меңзеген болуы керек, бұл 1932 – аштық жылы екен. Сосын қайтыс боларында айтқан өсиетінде, «менің денем 40 жылға дейін бұзылмайды» деген. «Жылына бір рет қабірдің ішіндегі денемді ақ дәкемен ауыстырып отырыңдар» депті. Содан 1952 жылға

дейін Мәшекеңнің мүбәрәк денесі сол қалпында жатады. Содан 1952 жылғы Қазақстандағы идеологияға байланысты қайшылықтар осы Мәшһүр Жүсіпке де соққы боп тиеді. Табынушылар, сыйынушылар көбейіп кетті деп, біздің жоғарғы жақтан болған нұсқаудың әсерінен бульдозермен бейіті құлатылады, бірақ соның алдында Мәшекеңнің ұрпақтары оның денесін топыраққа тапсырады. Сол күнге дейін 1931 жылдың қарашасынан 1952 жылдың мамыр-маусым айларына дейін денесі сол қалпында бұзылмай жатқан. Бұл әулиелік емес пе?! Мәшһүр Жүсіптің бүкіл шығармаларын алып қараған кезде, әсі­ресе «Құран Кәрімнің» философиясына жетіктігі, «Яссауи» іліміне май­ талмандығы көрінеді. Ясауидің ілімін ары қарай жалғастырып, да­ мыт­ты. Мәселен, Мәшһүр Жүсіптің қазақтың шежіресі жөніндегі ойлары, жерсу атаулары жөніндегі ойлары өте-мөте бүгінгі таңда ғылыми жағынан мәнді. Мәшһүр Жүсіптің «Шорманның Мұсасы» деген ұлы тол­ ғауы бар, сонда орыстың полковнигі Мұса Шорманұлын сипаттағанда, «бұлбұл­дай боп сайраған, бұлақтай ағып қайнаған, сөйлеген кезде, көз­ дері шамшырақтай жайнаған. Жақсылар бас қосқанда, алды-артынан тос­са да, құбылып гүл-гүл жайнаған» деп сипаттайды. Я болмаса осы Мәшһүр Жүсіптің «Саққұлақ шешеннің бейнесі», я болмаса, «Әз Жәнібек» туралы ойлары, «Жейдебай батыр жөніндегі толғаныстары» барлығы келісті, барлығы мәнді. Мәселен, «Жейдебай батыр» деген еңбегінде бұл атақты батыр, Абылай ханның бас батыры дейді. Жейдебайдың қасиетін айт­қан кезде, Абылай хан айтады, «Осы Жейдебай қап-қараңғы қара түнекте, біреудің жоғалған пышағы ма, қанжары ма, найзасы ма, соны тауып береді» дейді. «Осыны байқаңдаршы, Жейдебайдың қойнында қызыл түлкі болуы мүмкін» дейді. Содан бір адамға тапсырады, түнде ұйықтап жатқанда, Жейдебайдың омырауын ашып қараса, қызыл түлкі ұйықтап жатыр екен. Соны көрген адамның көзіне шел қаптап, екі көзі соқыр боп қалады. Сол Жейдебай батырдың ұрпақтары жөнінде ой тол­ғайды осы еңбегінде. Мәселен, атақты Орталық Қазақстандағы Жан­ғұтты шешен­нің мынадай сөзін келтіреді. «Тобықты Құнанбай тау­дың басындағы қай­нар бұлақ, қыпшақ Ыбырай қажымас қара болат, Шорманның Мұ­сасы қара судағы қабыршағы жоқ, қара балық, Шыңғыс мұсылманға суық, орысқа жуық», – деп баға берген. Өзінің көңіл қазынасынан туған керемет-керемет афоризмдері бар. Мәселен, есті адам – қанағатты, қа­нағатты адам – тиянақты, тиянақты адам – көнтөрлі, көнтөрлі адам – салиқалы, салиқалы адам – қайғысыз, ендеше есті адам – бақытты де­ген сияқты афоризмдері. Міне, шығармаларында небір осындай ғажайып, өрнегі оюлы, ойлы нақыл сөздер, қанатты сөздер, ғибратты сөздер мейлінше мол. Мысалы мынадай түйінді ойы, «тіл – ой маржаны, қиял – өмірдің әдемілігі, арман –

сөздің мәйегі», – деген сияқты осындай керемет, әдебиеттің теориясына қатысты ойлары мейлінше мол. Әсіресе Бұқар жырау мұрасы тек қана бізге Мәшһүр арқылы жетті. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бүкіл қазақ даласын, Орта Азияны шар­ лағаны белгілі. Әр жерден, әр өлкеден осындай халқымыздың әдейі мұраларын тексергені тағы белгілі. Мәшекеңнің Баянауыл ауданы, өзі тұрған ауылындағы, өзінің туған ауылындағы мұражайда небір өзі тұтынған заттар бар. Алдымен өзі дүниеден өткендегі ораған кілемі тұр, содан кейін Бұқара қаласында оқыған кезде қолына ұстаған, кішкентай, әдемі сөмкесі бар, содан кейін Мәшһүр Жүсіптің суреті 1923 жылы түсірілген, жалғыз сурет. Бүкіл Мәшһүр Жүсіптің ұлы денесі, нағыз керемет, адамзаттың арыстаны деуге болады, қандай керемет ақылойдың иесі екені көрініп тұр. Мынаны 1923 жылы Павлодар қаласында Бағаев деген фотограф түсірген. Жанында отырған ақсақал Әбдіразақ деген құрдасы, ортасында тұрған жас жігіт Әбдіразақтың ұлы Алдажар. Міне, бүгінгі күні, XXІ ғ. Мәшекеңнің тек қана жалғыз-ақ суреті біздің қолымызға тиіп отыр. Мәшһүрдің осындай дала данасының даналық тәмсілдері, ғибраттары, толғаулары, діни-дастандары, шежірелері, фольклорлық үлгілері, осының барлығы 30 томды құрайды. Бұл күнде, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің ректоры, профессор Ерлан Мұхтарұлының арқасында және Мәшекеңнің ұрпақтары профессор Қуандық Пазылұлының, шөберелері Ертай, Естай, Нартай, Лаура, Гүлназдардың арқасында осы Мәшһүр Жүсіптің ұланғайыр қор-мұрасы қазір ұлтымыздың игілігіне айналуда. Ақыт қажы Үлімжіұлы Зұфар Сейітжанұлы, филология ғылымдарының докторы: Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов дейтін адам – аса ірі ақын. Шыңжан деген өлкеде қазақтардың жазба әдебиетінің негізін қалаған бірден-бір тұлға деп айтуға болады. Ақыт сол өлкеде Алтай аймағының Көктоғай деген ауданында Қайырты деген жерде 1868 жылы дүниеге келген. Сол кездегі салт бойынша жас кезінде алдымен өзінің бір немере ағасынан хат таниды, одан кейін Ғұсман деген ауыл молдасынан сабақ алады. Кейін Бұхардан Махмұт Булла дейтін бір оқымысты адам сол жаққа барады да, міне, осыдан біраз жылдар оқиды. Сонымен Ақыт арабша, парсыша және біраз тілдерді жетік меңгерген адам. Бірақ ресми оқу осылай тоқталады да, Ақыт енді бұдан кейін жұмыс істей бастайды, ол 1899–1900 жылдар арасында Моңғолия мен Қытай арасындағы шека-

рада поштада жұмыс істейді. Сонсоң бір уақыт Моңғолияға өтіп, ол жақта бала оқытады, ал кейін Ақыт 1907 жылы Тарбағатай, Қобда өңірінен Қажыға барған біршоғыр адамдарға аудармашы болып Меккеге, Мәдинаға барады. Ол жерге барғаннан кейін, қасындағы қажылар өздерінің парыздарын өтегеннен кейін қайтады да, бұл кісі сол жақта қалып, бір жылдай болады. 1908 жылы қайтадан оралғаннан кейін 1912 жылға таман ауылында мешіт салдырады, медресе ашады. Сөйтіп, ба­ лаларға сабақ бере бастайды да, 1912 жылы Алтай аймағының Шің­гіл, Көктоғай, Бөрітоғай аудандарын мекендейтін қазақтарға Қазы болып тағайындалады. 1939 жылы ол кісіні Гоминдан үкіметі күдікті адам ретінде Үрімжіге апарып, абақтыға қамайды, 1940 жылы өлтіреді. Гүлнәр Омарова, зерттеуші: Ақыт өмір жолының, көзқараста­ рының қалыптасуына ең бірінші, халық ауыз әдебиеті, екіншіден, шы­ ғыс ойшылдары, Фирдоуси, Қожа Хафиз, Софы Аллаяр, Науаи, тағы басқалар, сонымен қатар араб өркениеті, үшіншіден, Абай тұлғасы, Абай мұрасы, төртіншіден, орыс, моңғол әдебиеті, бесіншіден, сол кездегі әлеуметтік мәдени ортадағы алуан түрлі құбылыстар үлкен әсер етеді. Зұфар Сейітжанұлы: Ақыттың 1891–1909 жылдар аралығында 4 кітабы шығады. «Жиһанша», «Қисса Сейпіл Мәлік-Бәдіғұл Жамал» және «Қиямет ахуал» деп аталады, «Ғақлия» деген кітаптары шығады. Бұл кітап біздің Ұлттық Ғылым Академиясының қолжазбалар қорында күні бүгінге дейін сақталып тұр. Бірақ Ақыт ол жақта да, бұл жақта да ұзақ уақыт әдебиеттегі орнын ала алмады. Себебі ол бұл жақта қажыға барған екен, қажы екен деген, дін туралы өлеңдері бар екен деген, деректер жабулы қазан жабулы күйінде архивте қала берді. Гоминдан үкіметі күдікті адам ретінде оны өлтіргеннен кейін де ұзақ уақыт 1930 ж.

жа­рыққа шық­қан жоқ. Тек 1972 жылы Баян Өлгейде Қабидаш Қалиас­ қар деген азаматтың, сосын Кәкей деген азаматтардың құрастыруы­мен «Халық жырлары» деген кітап шығады да, ақындардың бір топ өлеңі осыған кіреді. Содан кейін барып «Қажыбаян», «Жыр», «Толғаулар», «Ғақлия» деген кітаптары Баян Өлгейден жарық көрді. Ал енді Қы­ тай қазақтарында, Шыңжан өлкесінде тұратын қазақтарда бұл кісінің кіта­бы, өлеңдері, шығармалары көбінше ауызша сақталып, қолжазба түрінде таралған. Халық бірінен-бірі көшіріп алып сақтайды. Ұзақ уақыт үзілістен кейін ғана 1980 жылдан бастап Ақыттың шығармалары жиналады да, кітап етіп басып шығару қолға алынады. Гүлнәр Омарова: Ең алдымен, Ақыттың шығармашылығының құндылығы бұл далалық сипатында деп ойлаймын. Өйткені Ақыттың өлең жолдары сонау ерте замандардан бері күрделі, өзекті болып келе жат­қан адам мәселесі жөнінде, өзінің еңбектерінде соны ой-пікірлер қалдыр­ған, күрделі ой-түйіндер жасаған. Ең алдымен, Абай тұлғасын ұстаз тұтып, Абай мұрасынан нәр алады. Абай философиясындағы жетілген адам проблемасын одан әрі жалғастыра отырып, қоғамды дамыту үшін адам қандай болуы керек деген сұрақтар қойып, өзі соған жауап беруге тырысады. «Қайғымды, қазақ, тербеттің» деп, өзіндей жұрт­тың тағдырын ойлап, елінің басқа гүлденген мемлекеттер сияқты гүл­денген елдер қатарына жетуін армандайды. Зұфар Сейітжанұлы: Сонымен, 1994 жылы Ақыттың шығар­ маларының бірінші томы Шыңжан халық баспасынан, Үрімшіден жа­ рық көреді. Ал екінші томы «Шығармалар» деген атпен 1999 жылы Іле халық баспасынан жарық көреді. Ал бұл екі томның өзі Ақыттың шығармаларын түгелдей қамтымайды, сонымен күні бүгінге дейін Ақыттың 10 шақты кітабы шықты. Ал бізде тек 1993 жылы «Қазақ поэ­ зиясының антологиясы» деген кітап шықты да, Ақыттың бір шоғыр өлеңдері осы антологияға кіреді. Сонан кейін «Қазақ әдебиеті» газетін­ де, «Шалқар» газетінің беттерінде бірқанша өлеңдері жарық көреді. Бірақ дегенмен, бізде ол кеңінен танымал ақын болған жоқ, Ақытты зерттеу, өзіміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Сонымен қазіргі таңда Ақыттың он шақты өлең кітаптары жарыққа шықты. Жал­пы Ақыттың шығармаларын шартты түрде, лирикалары, эпикалық дас­тандары деп екіге бөлуге болады. Ақыттың екінші томына дастандардан 18 дастан кірген екен, ал бірінші томында тағы бірнеше дастаны бар, сонда Ақыт жиырманың үстінде дастан, поэма жазған адам. Ал оның көптеген лирикалары және толғаулары бар. Бұның өлеңдері­ нің тақырыбы тіпті кең, ол ХХ ғ. бас кезіндегі демократ, ағартушы ақындар сияқты халықтың қараңғылығына налиды, еңбекке шақырады, басқа өркениетті халықтан қалып қойдым деп өкінеді. Береке, бірлік,

адамгершілік, имандылық, осы тақырыптарды жан-жақты молынан қау­ зап жазған адам. Таңжарықтың, соңғы кезде Омарғазының, сол жақтағы қазақ әдебиетінің таңдаулы өкілдерінің шығармалары жарық көріп жатыр, ал бірақ Ақыт әлі шыққан жоқ, неге екені? Мүмкін іздеушісі жоқ болып жатыр ма, бірақ алайда, оның шығармасы, артындағы дүниесі өте мол. Сондықтан, бірінші, оны шығару керек те, халыққа таныстыру керек, екінші, осы жүйеде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуі керек.

Жыр жұлдызы Таңжарық Оразамбай Егеубаев, жазушы, ғалым: Таңжарық Жолдыұлы, Қы­ тай Халық республикасында ұзақ жыл зерттелген адам. Зерттелген адам дейтініміз, бұл адам 1926 жылы тұтқындалған. Зынданға тасталған. Тұтқынға алынуының басты себебі, Қытайда сол кезде ең жоғарғы оқу орны деп есептелінетін, Күре деген жерде, қытай тілінде мектеп бар болатын. Бұл кісі әу баста ескіше оқыды, кейін жаңаша оқыды, жаңаша оқығанда 6 жыл оқып, ілгерілеп, қытай мектебіне келді. Қытай мектебін­ де 3 жыл оқыды да, қытай тілін, жазуын жетік меңгерді. Енді ол зерек, жаңа өсіп келе жатқан азамат, әрине, айналасында, дүниеде боп жатқан нәрселерге құлақ түре жүреді ғой, сол кездерде шекараны асып, мына Кеңестер Одағында Социалистік мемлекет құрылыпты, онда ғылым дамып жатыр екен, халықтың жай-күйі дамып жатыр екен деген сыбысты естиді ғой. Жүрегі білімге ынтығып тұрған жас, сол жерге барып оқысам дейді, бірақ ол кезде бұл екі елдің ортасында мәдениет, ғылым, білім, 1930 ж.

оқу-ағарту жөнінде қарым-қатынас жоқ. Сондай жағдайға қарамастан өтуге бекінген ол шекарадан бері асады. Өзімен ауылдас Сасан ауыл деген атақты ауылда Мақсұт деген бәйге аты болады, соған мінеді де, бір күні түн қатып жүріп кетеді. Сонымен 1922 жылдың соңында шекара асып, Кеңестер Одағының Нарынқол өңіріне келеді. Сара Таңжарыққызы: Менің әкем екі әйел алған, бұрынғы әйелінен Уәлихан деген ұл болған, оны өзім оқытып, бітіртіп, сол Құлжа, Күнес, Ілеге жібердік, Ырғылтөбе деген жерде өкпе ауруына шалдығып қайтыс болады. Енді одан туған Бақыт деген бір бала бар. 1996 жылы барып, көрістім, шақырып, қой сойып, құран оқыттым. Ал одан кейін мен Бәти шешемнен жалғызбын, ал Шара деген қызды 5 жасында бағып алғанбыз. Оразамбай Егеубаев: 1925 жылдың он бірінші айының бас кезі болса керек, сонымен бұрынғы өзі мініп келген атқа мініп, ел қайдасың, жер қайдасың деп тартып келеді ғой. Ал барғаннан кейін «ойбай, сен бір кездері Жолдының ұлы болып, қытайша мектепке барып, қытайша оқып едің, енді естісек сен кеңес тұрағына өтіп кетіпсің, не бітірдің, не білдің» дейді ғой енді. Сонымен бұл кісі көрген-білгенін өлең қып, әңгіме қылып та ел-жұртына айтады. Айтқаннан кейін, ел ішінде бұл сыбыс билік басындағылардың құлағына тиеді. Сол кездің өзінде бұл Жыңшу дейтіннің заманы. Жыңшудың мына Кеңес Одағымен достық қарым-қатынасы жоқ болатын. Содан соң, ойбай, бұл не айтып жүр деген артынан аңду түсіп, анау-мынауға қарамай, түрмеге жабады. 10 айдан асқан мерзімде бұл кісіні қайтарып жібереді. Енді сен аузыңды жауып жүр, дұрыс жүріп, тіршілігіңді жаса, бала-шағаңды бақ, үйіңе бар деп қайтарады. Содан қайтып келеді. Сара Таңжарыққызы: Қазақ ұл баласын бермей жүргенде, жаңаша оқуға әкем мені берді. Сол оқып жүргенде, әкем мені қатты еркелететін, ғажап енді, айтқанымның бәрін істейді, өзі сондай еркелетіп, мойнына мінгізіп өсірді мені. Бір күні мектепке қарай кетіп бара жатсам, ол кезде Құлжада машина жоқ, фаэтон, үш ат жеккен арбалар болатын. Сол арбада әкем жалғыз өзі кетіп бара жатыр. Суреттегідей, шляпасы бар, шешем үшеуіміз түскен, сол киімімен жалғыз кетіп бара жатыр, мені көргенде тоқтайтын адам, тоқтамай кетіп бара жатыр. Жүріп кетті. Аңтаң қалдым, жаспын ғой, сонан кешке жақын сақшылар келді. Үйімізді тінтіді. Әкем «Іле» газетінің редакторы болатын. Сонымен бізді шулатып, көшеге шығарып тастады. Ертесіне шешем көрпе-жастық кіргізді, тамақ апарды, жылқы сойып едік, сол жылқының етінен, қазысынан апарып тұрды. Сонан біз шулап жылап бардық, сақшылар мойнын бұрған жоқ. Сонан 3 ай тамақ апарып тұрдық, бірақ 3 айдан кейін тым-тырыс, хабарсыз қалдық. Сөйтсек Үрімшіге айдап кетіпті.

Оразамбай Егеубаев: 1946 жылы 3-аймақ төңкерісшілерімен Гоминдан басшылары бітімге отырып, 11-бітім дейтін бітімді жасайды, сол бітімнің 11-тармағында төңкерісшілер жағынан тұтқында отырған, Гоминдан районындағыларды өз еліне қайтару, ал 3-аймақ тұтқындаған адамдарды қайтадан Гоминдан районына қайтару керек деген келісім жазылған. Сол келісім бойынша Таңжарық 3-аймаққа тапсырылады. Тапсырылып берілгеннен кейін өз аймағын 3-аймақ үкіметі ерекше қарсы алады, сол кездегі басшылары қабылдап, келе салысымен оны Күнес ауданының Жер-су деген мекеменің 1-бастығы етіп сайлайды. Сол жұмысты 1 жыл істейді, 1 жыл істегеннен кейін бұл кісі қайтыс болады. Қайтыс болуы жұмбақ әңгіме. Жұмбақ әңгімені шешіп айтудың өзі ұзақ әңгіме. Сонымен бұл кісіні сол елдің салты бойынша Қонысбай сайындағы қазақ зиратына апарып қояды. Сүйегі қазір сол жерде жатыр.

Шәкәрім қажының суреті. 1927 жыл*
Марат Әбдешов, тарихшы, зерттеуші: Бұл сурет алғаш рет
Мәс­кеуде, этнография институтының қызметкері, белгілі ғалым, эт-
нограф Кармышеваның мақаласында жарияланған болатын. Этногра­

фия институтының жыл сайын еңбектері жарияланып тұрады, сол
жарияланған еңбектерінде қазақ даласын зерттеген Федор Артурович
* Хабар 2004 жылдың 14 маусымында шыққан.
1927 ж.

Фиельструп деген ғалымның өмір тарихын зерттеп, сол туралы мақала жариялаған. Бұл суретті түсірген Фиельструп деген ғалым, бірақ мына суретте «бүркіт ұстаған аңшы, қазақтар, бұрынғы Семей уезі, 1927 жыл» деп жай ғана, Шәкәрім аталмай, жалпы этнографиялық сурет ретінде берілген. Сол кезде Шәкәрім ақсақалдың баласы Ахат ақсақалдың «Жұлдыз» журналында «Менің әкем Шәкәрім» деген мақаласы шық­ қан болатын. Сол мақала ішінде, Ахат ақсақалдың айтуы бойынша, Семей жақтағы Қарабұлаққа 1925 жылдары, Ленинградтан филология мектебінде оқыған Федор Артурович Фиельструп деген бір ғалым келді, елімізде, жерімізде болды, сол қазақтың әдет-ғұрыптары туралы әртүрлі деректер жинап, Шәкәрім әкесімен ақылдасып, этнографиялық көп деректер жинаған екен, қазақтың ырымы туралы, т.т. Сонан кейін әкемді қолына бүркіт ұстатып бір рет суретке түсірді, содан кейін жекелей екінші рет суретке түсірді дейді. Сонымен Федор Артурович Фиельструп өткен ғасырда Ленинградта, инженер отбасында туылған екен, содан кейін этнография институты, филология факультетінде оқып, бітірген соң 1918 жылдары Оңтүстік Америкаға барып, сол жақта үндістерді зерттеген, содан келіп, біраз тәжірибе алған соң, Ресейдің этнографиялық музейін­ де атақты ғалым, этнограф С.И. Руденкомен жұмыс істеген болатын. С.И. Руденко Фиельструпты өзіне музейге жұмысқа шақырады. Жұмысқа шақырады да, ел ішін аралауға жібереді, сол кезде 1927 жылдары жалпы қазақ даласын зерттейтін бірнеше экспедиция болған, сол экспедиция ішінде кезінде Ә. Бөкейхан, Ә. Марғұлан тағы басқа қазақтың іргелі зерттеушілерін зерттеген болатын. Шығыс Қазақстан жағына 1927 жылы С.И. Руденко ұйымдастырған экспедиция барады. Сонда Фиельструп этнография жасағын басқарған. Оның ішінде Ә. Марғұлан да болған. Ол ары қарай Зайсан, Марқакөл жаққа кеткен, ал Фиельструп осы Қарқаралы мен Семейді өздері аралап, жол-жөнекей 1927 жылы Шәкәрімнің ауылына келеді. Фиельструп қазақтың сусыны туралы мақала жазды, айран, қымыз туралы, арақ жасау жөнінде, соған Шәкәрім көп мәлімет бергенге ұқсайды. Себебі осындай Шәкәрім ақсақалдың тобықты руын атап өтеді. Сол кісінің айтуы бойынша деп, біраз мақалды келтіре кетеді. «Жел суды желдендірер, жас жігітті көңілдендірер» деп. Бұл мақала 1927 жылы жазылған, 1934 жылы Ленинградтан шыққан «Казахи» деген кітапқа енген. Соның ішінде Шәкәрімнің кезіккені бар. Яғни Фиельструп Шәкәріммен көзбе-көз кездесіп, мәлімет алғанын, Ахат ақсақалдың өзі көзі көріп отыр, Фиельструп өзі түсіріп алған суретке, бәрі келіп, мен мына белгісіз суреттің өзін Шәкәрім ақсақал деп айттым, себебі жаңағы келтірілген мақалалардың бәрінде суретке түсірген Фиельструптың өзі деп айтады, суретке қарап отырсаң, Шәкәрімнің толық сипатына келеді, Шәкәрімнің өзі еңселі, бойлы, сымбатты келген, бойын тік

ұстап жүретін, ұзын сақалды, киген киімдері мұнтаздай, қазақтың зиялы, өте мәдениетті, өзін-өзі күтіп ұстайтын адамы. Екіншіден, басында тымағы, Шәкәрімді дәлелдеп, осы туралы «Егемен Қазақстанда» осыдан 2 жыл бұрын мақала жарияладым. Мақала жариялағаннан кейін, редакция жігіттерінен, бұл енді жалғыз Марат Әбдештің зерттеуі болмаса керек, басқалары не деп айтады дедім. Алғаш рет осы мақалаға жауап қайтарған қазақтың қазіргі айтулы ақыны Несіпбек Айтов болды. Ол кісі де қолдай келіп, біраз тың деректерді айтты. Мысалы, ол кісі айтады, суретке қарап отырсаңыз, ар жағында тошала көрінеді, Шәкәрім тошаласы, Шәкәрім елінен, жерінен бөлек, айдалада тұрды ғой. Сол тошаласын паналады, екіншіден бүркіт қалдырған тасын паналады. Шәкәрімді көрген кісілер қайтыс боп кетті ғой, Ахат ақсақалдың өзі де. Былтыр ғана «Егемен Қазақстанда» бір ақсақал таныпты, Кеңгірбай ауданындағы, бұл Шәкәрімнің өзі деп, оған толықтай кепілдік беремін депті. Бұл дәлелдердің барлығы анық, ешқандай күмән да туғызбайды, сондықтан да Шәкәрім туралы айтқан кезде, бұл тек қана 1 жылдық, 2 жылдық жұмыс емес, көп жылдық жұмыс, алдымен шеттегі қазынаны алдырту үшін қай жерде не бар екенін білу керек, сонан кейін алдырту керек, оған көп жұмыс істеу керек.

Ай қабақ асыл жарлар

Қажеті жоқ еш қиял, елестің де,
Нағыз бақыт сен Өзің емессің бе?!
Бірімізді-біріміз сүйсек мәңгі,
Бекер өтті ғұмырым демеспін де.

Б. Құсанбек. «Өлең – Өзім» кітабынан

1913 ж. Санжар Асфендияров пен әйелі Рабиға Бейбіт Қойшыбаев, жазушы-публицист: Бұл сурет XX ғ. бастапқы кезінде түсірілген. Қоғамдық орны бар, әдемі, жас, керемет адамдар екені көрініп тұр. 1913 жыл. Самарқан қаласы. Суреттегі – Санжар Асфендияров және оның келіншегі Рабиға Сералықызы Лапина. Бұл кездегі Санжардың қазақ өміріндегі, қазақ тарихындағы орны ерекше, ол 1912 жылы Петерборда әскери-медицина академиясын бітіріп келген болатын. Ал келіншегі, ол да Петерборда, атақты Смольныйда, текті қыздар институтында оқыған болатын. Осы үйленген кездері, бұның бұлай бо-

латын себебі, Санжар – өзі орыс офицері, тілмаш, Түркістан өлкесінде беделі болған Асфендияров Жағыпардың ұлы. Ташкентте реальдық училище бітірді, содан кейін Петерборға оқуға түскен. Ал Рабиға – Сералы Лапиннің қызы. Сералы Лапин қазақтың белгілі азаматтарының бірі. XІX ғ. 91-жылы Петербор университетінің заң факультетін бітірген. Одан кейін әртүрлі заң қызметтерінде, тілмаш қызметінде болды. Өзі шығыс тілдерін, әсіресе парсы тілін жақсы білді. 1913 жылы, өзі оқу бітіріп келген Санжар соғыс басталған жылы әскери офицер ретінде соғысқа кетті. Ол жақта жараланды, тұтқынға түсті, кейін қайтып келді де, социал-демократтық бағытқа қосылды ғой, сөйтіп, Ақпан революциясынан кейін, бірден социал-демократтық қанатта жалпы өзгерістерге қосылған адам. Молдияр Серікбай, зерттеуші: Санжар Асфендияров 1919 жылдан бастап, Геллерден кейін денсаулық сақтау комиссары болып істеді. Одан кейін жер мәселесімен айналысқан. Бірінші Түркістан Республикасының елшілік жұмысын Санжар Асфендияров бастаған. Ол кісі 1925 жылы Мәскеуде Енукидзенің орынбасары болып істеген. Одан кейін шығыс әдебиетінің бірнеше тілдерін білген. Мәскеуде Нариманов атындағы шығыстану институтының директоры болып тағайындалады. Сол жерде жүріп, Қазақстанда жоғары оқу орнын ашу туралы көп мәселе қойылады. Оған кімді тағайындау керек, ол жұмысты кімге жүктеу керек дегенде Санжар Асфендияровқа тоқталады. 1928 жылдан бастап, Қазақстанда университет ашу мәселесі қойылады. Сонда Санжардың кандидатурасы ұсынылады, 1928 жылы ашылған Қазақ Университетінің ректоры болады. Ректордың орынбасары Халел Досмұхамед еді. Ал бұл комиссияны Ораз Жандосов басқарған. Ораздың бірінші баласына Санжар деп ат қоюында қандай мән бар. Бейбіт Қойшыбаев: Рабиғаны ол ұнатқан. Енді оны түсінуге болады. Оның әкесі Сералы шығыстанушы ретінде Рабиға Бегімді ырым етіп қойған ғой деп ойлаймын. Рабиғаның апасы Гүләндәм Сұлтанбек Қожановтың әйелі болды. Тағы бір апасы Ләтипа, ол атақты Түркістан автономиясының жауапты хатшысы болған Қоңырқожа Қожықовтың жолдасы болды. Ал осы кісіден қалған ұрпақ, біздің қазақ өнерінде айтулы із қалдырған Қожықовтар отбасы. Суретші, атақты «Қыз Жібекті» түсірген Сұлтанахмет – осы кісінің балалары болатын. Тағы бір үлкен адам, ол – алғашқы қазақ ұлттық театрын құруға белсене қатысқан Жағыпар Лапин деген кісі. Ал Ләтипа атақты суретші болып, бұл кісінің қолөнері алғашқы театрдың негізін қалауда көп еңбек сіңірді, екіншіден, өзі КСРО Суретшілер Одағының мүшесі болды, әрі бұл кісінің еңбегі Америкаға кетті. Сол кездегі президенттеріне сыйға тартылған болатын.

Молдияр Серікбай: Түрік халқын біріктіру, мұсылман халқын біріктіру, экологияны жақсарту, ұлттық кадрлар дайындау, білім мәсе­ лелеріне Санжардың өзі атсалысып, нақтылы ісімен халқымызға ұланғайыр еңбегі сіңген. Бүгінде коммунист, большевик, қызыл гвардия болды деп, бір жағынан, «Алаш» қозғалысын дәріптейміз де, нақтылы жұмыс істеген қайраткерлер туралы кейінгі басылымдарда, теледидарда, радиода, әртүрлі монографиялық еңбектерде еш нәрсе айтпай, бәрін жауып қойып отырмыз. Бейбіт Қойшыбаев: Кезінде Рамазан Сүлейменов жазды. Ал енді кейінгі тәуелсіздік кезінде белгілі болған Мұстафа Шоқаевтың еңбектеріне қарасақ, кезінде ұсталған уақытта, Санжар да мақала жазған. Жалпы ол кісінің трагедиясының мәнін айтады. Бұл кісі айтады: «Халыққа қызмет етуге біз сияқты ұлттық бағдарламамен келген жоқ, бұл кісі социал-демократтық бағытта келді. Бұл кісінің трагедиясы сол еді», – деп келтіреді. Бір жағынан сол рас та шығар, екінші жағынан, большевизм қай жағын да аяған жоқ қой. Қалай болғанда да, менің ойымша ұлт зиялыларының, ұлт үшін еңбек сіңірген адамдардың қатарында, нақ төрінде, құрметті орында тұратын адам – Санжар Асфендияров. Ал оның жары Рабиға күйеуі ұсталғаннан кейін айдалып кетті. Екі қызы болды. Ақмола лагерінде болып келген кісі 1950 жылы, сол Ташкенде қайтыс болды. Молдияр Серікбай: Оқулықтарда, 5 томдық Қазақстан тарихы бар, жоғары оқу орындарында басылып шыққан оқу құралдарында Сан­ жар­дың еңбектері туралы «Санжартану» деген арнаулы курстар ұйым­ дастырып, өмірін терең зерттесе, одан кейін толық еңбегін шығарса құба-құп, 100 жылдығында 4 том шығаратын болып, оның бір-ақ томы шықты, басқа еңбектері шықпай қалды. Негізгі Санжартану үшін, ол кісі тек тарихшы емес, ол бір жағынан көсемпаз, публицист. Ол жағы да зерттелген жоқ. Соны топ құрып, жан-жақты зерттеу келешектің ісі ғой деп ойлаймын.

Алаш арысы Смағұл Сәдуақасұлы мен әйелі Елизавета Әлиханқызы Нұрым Сансызбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі: Смағұл Сәдуақасұлы 1903 жылы осы күнгі Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар деген ауылына қарайтын Жарқын ауылында дүниеге келген. Сол жерде Әбілмолда деген еті тірі адамның ұйымдастыруымен мектеп ашылған. Ол мектепті бітіргеннен кейін, біздің ауылдан бірнеше

бала, С. Сәдуақасұлы, менің үлкен ағам Омар Сансызбайұлы, Біләл Әлібеков, сосын Әбілмолданың өзінің қызы Хадиша бар, біздің ауылдан 50 шақырым жердегі Полковка селосында «русско-киргизский двух классный» деген училищеге түсті. Соны бітіргеннен кейін Смағұл, менің ағам Омар, Біләл 1915 жылы қазақ-орыс мектептеріне мұғалім болып жіберілді. Диқан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының кандидаты*: С. Сә­дуа­қасұлының 1920 жылдарғы еңбегі дегенде, әуелі оның Алаш зиялыларына, журналистерге қамқорлығын айтуға болады. Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, тағы толып жатқан азаматтардың барлығына да қамқорлық жасады. Ол кісі 1920 жылдары бар-жоғы 20 жасында биік лауазымнан көрінді. Қазақ автономиясының атқару комитетінде, Жастар Одағында, мемлекеттік жоспарлау комитетінде істеді. Екі жыл – 1925– 27 жылдар аралығында Халық ағарту комиссары болып істеді. Сонымен бірге бүгінгі «Ақиқат» журналы мен «Егемен Қазақстан» («Еңбекші қазақ») газеттерінің редакторы болды. Міне, осы қызметте жүргенде, ол Алаш зиялыларын тартты. Нұрым Сансызбаев: Атап айтатын нәрсе, Смағұл қазақтан шыққан бірінші әдеби сыншы, орыс тілділер үшін. Сол Омбыдан шыққан «Трудовая Сибирь» деген журналда «Киргизская литература. Историкокритический очерк» деген еңбегін жариялады. Сол кезде 19 жастағы Сма­ғұл қазақтың әдебиетіне, тарихының өркендеуіне байланысты * Қазір филология ғылымдарының докторы, профессор.

мақала жазды. Сонда сыни әңгімелер айтты, бізде қандай әдебиет болғанын, әсіресе ауыз әдебиетін, сол әдебиеттің өкілдерін атайды. Содан кейін XX ғ. екінші жартысынан жазба әдебиеті шыға бастағанын айтады. Жазба әдебиеттің шығуы туралы Смағұлдың мақаласында Мәш­һүр Жүсіп Көпеевтің алғашқы кітапты шығарғаны айтылады, сонан кейін А. Құнанбаевқа да, Мәшһүрге де жоғарғы баға береді. Содан кейін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, т.б. жаңадан шығып келе жатқан, ескіден келе жатқан ақындарға, қысқаша баға береді. Тағы айтатын нәрсе, Смағұл кейін Халық ағарту комиссары болды, сонда «Молодой Казахстан» деген жинақ шығарды, Мәскеуде 1928 жылы «Огонек» баспасынан. Сонда өзі кіріспе мақала жазды, онда да қазақтың әдебиеті жөнінде толғап, сосын 3 жаңадан өсіп келе жатқан біздің жазушыларымыз М. Әуезов, Ж. Аймауытов, Б. Майлиннің 5 әңгімесін орысшаға аударады, оның редакциясын өзі басқарады, 1928 жылы, содан кейін Нарком болып жүргенде, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасын аударған Г.Н. Тебритин деген азаматтың еңбегін Қызылордада шығарады, өзі алғысөзін жазады. Диқан Қамзабекұлы: С. Сәдуақасұлының жеке отбасылық мәсе­ лесі де біздің тарихта атап айтуға болатын факт болып есептеледі. Себе­ бі С. Сәдуақасұлы 1923 жылы Әлиханның қызы Елизаветаға үйленді. Бұл аса күрделі кез болатын. Ол кезде кешегі Алашордашылардың аза­ маттарына жанасып кету, сөйлесіп қалудың өзі баспасөзде шығып жататын. Сол кезде Елизавета 1903 жылы Омбы қаласында туған қыз, кейін­нен Мәскеу медицина институтын бітірген, үлкен дәрежедегі азамат болған. Осы екі азаматтың отбасылық жеке өмірінің өзі үлкен тағылымды ма деп есептеймін. Себебі, бұл екі азамат, бірі саясат, қаламгерлік, жазушылық, зерттеушілік салада көрінсе, екіншісі медицина саласында көрінді. Елизавета көп жылдар КСРО денсаулық сақтау институтында қызметтер жасады. Ғылыми хатшы, бөлім меңгерушісі, басқа-басқа да лауазымды қызметтер атқарып, ол кейін 1960 жылдан бастап, гинекологияға байланысты 7 кітап жазды. Кейін Кеңестер Одағының үлкен энциклопедиясында оның есімі КСРО медицинасына еңбек сіңірген азамат ретінде қалды. Нұрым Сансызбаев: Екіншіден, Смағұл қазақтан шыққан кеңестің алғашқы экономисі. Сол әлгі «Кооперативтік бірлестікте» нұсқаушы болып істеді, кейін ол Госпланның төрағасы болып істеді, көп мақала­ лар жазды, санмен, сараптаумен байланысты еңбектерді көп жазатын. Мысалы, Түркістаннан қазақ республикасына екі облыс қосылды, Түр­ кістан республикасынан Сырдария мен Жетісу облысы, сондағы мал шаруашылығының, басқа шаруашылықтың, оқу үстелінің барлығына сараптама жасап үлкен мақала жазды. Орта Азиядағы халықтар мен

мемлекеттер туралы. Тағы бір айтатын нәрсе, Смағұл қазақтың алғаш­ қы, тұңғыш драма театрын ұйымдастырушы. 1925 жылы астанамыз Қызылордаға көшті, сондағы бесінші съез кеңесі Смағұлды Халық ағарту комиссары етіп бекітті. Содан Ағарту комиссариатына қазақтың театрын ұйымдастыру жүктелді. Соны Смағұл 8 ай бойы өзі басқарып, басқа қайраткерлерді шақырды, қазаққа театрды, әртісті, драманы түсіндіріп, «Еңбекші қазақтың» редакторы болып тұрғанда бірнеше мақалалар жариялады. Диқан Қамзабекұлы: С. Сәдуақасұлы тарихтан белгілі, 1933 жы­ лы Кремль ауруханасында қайтыс болды. Оның қайтыс болуына әр­ түрлі жорамалдар бар. Дегенмен де, сол кездегі тоталитарлық жүйе С. Сәдуақасұлын биік қайраткерлік дәрежесінде көргісі келмеді. Елизавета Әлиханқызы қазақ қыздарының арасындағы алғашқы медицина саласындағы мамандардың бірі деуге болады. Себебі ол кісі 1927 жылдары Ташкент, бұрынғы Түркістан автономиялық республикасы, онда да бұл қазақтың екіге бөлінген кездегі Түркістан автономиялық республикасында біраз жыл қызмет жасады. Сонымен бірге ол соңғы еңбектерінің барлығында да қазақ халқын ешқашан ұмытқан емес. 1950 жылдың соңында ол бірнеше қолжазбаларды М. Әуезовке тапсы­ рады, М. Әуезов оны кейін елге алып келеді. Кейінгі табылып отырған алаш зиялыларына қатысты көптеген деректердің сол Е. Әлиханқызы­ ның М. Әуезовке тапсырған құндылықтар екені анықталды. Ол М. Әуе­ зов­тың музейінде сақталғандықтан, қазақ ғылымының игілігіне айналып отыр. Е. Әлиханқызы 1971 жылы Мәскеуде қайтыс болған.

Атақты әнші Әміре мен әйелі Оразке Хабиба Елебекова, Халық әртісі: Мен Әміре ағайдың өзін көре алмай қалдым. Әміре ағай 1934 жылы қайтыс боп кетті ғой, мен 1935 жылы келдім. Бірақ Әміре ағаның әйелі Оразкемен жақсы араластым. Жүкең мен Әміре екеуі достас болған, бірге жүрген, осы жағынан көп нәрселерді Жүкең арқылы білем. Кәлләкидің айтқан сөздері, Кәлләки дегенім, Қалибек Қуанышбаев қой, сол кісінің сөздері арқылы Әміре туралы көп есіме сақтағаным бар. Әсіресе, 1930 жылдар. Ұйғыр ауданы, Кеген ауданы, Нарынқол ауданы үшеуі бірігіп, Кеген болып саналады екен. Сонда үлкен жиналыс болып, соған концерт бересіңдер деп Әмі­рені, Жүсіпбекті, Қатираны, сосын тағы бір әртіс, төртеуін жібереді. Бұлар ертерек кетеді де, жолшыбай Әміре ағайды күтіп шаршатпай, демалдырып бардық дейді Жүкең. Жиналыс болды, жиналыстан кейін артынан

концерт беруге тура келді. Ол уақытта сарай сияқты бірдеңе болмаса, театр деген атымен жоқ кезі, далада беріпті концертті. Кезек Әміре ағаға келген кезде, Әміре аға сондай шабытпен, ең бірінші «Ардақ» әнінен бастады. Таң қалдық даусына. Бір уақытта екі-үш ән айтып Әміре аға бола берген кезде, бірінен соң бірі шапқылап келе жатқан аттылы кісілерді көрдік дейді. Есіміз шығып кетті, ол уақытта бандылардың жүретін кезі, солар келген шығар деп қорқып едік, жоқ, сол ауылдың адамдары екен. Мұнда ат зауыты бар. Сөйтсе Әміре ағаның «Ардақты» айтқандағы даусы соларға жеткенге ұқсайды. Әншінің дауысы бізге саңқылдап жетті деп айтты деседі. Сонда дейді, Жүкең: «Біржанның «Қозыкөш» деген әні болған. Сол «Қозыкөшке» даусы қалай жетеді деп күмәнданатын едім, әлгіден кейін күмәнім тіптен сап тыйылды дейді. 8 шақырым жердегі адамдардың Әміре ағайдың даусын естіп, шапқылап жеткеніне соншалықты толқыдым дейді. Баяғы 1925 жылы Әміренің Парижге барғаны есіме түсті. Шіркін-ай, а! Сонда да осылай толқыдың-ау, сонда да осындай керемет шабыт болды-ау деген ой келді» дейтін Жүкең. Жарқын Шәкәрім, өнер зерттеуші: Бұл суретті мен Әміренің қызы Күләштан алдым. Күләш Әміреқызы Қашаубаева былай деді: «Бұл суретті 1926 жылы Қызылорда қаласында белгілі суретші Блихман деген түсірген». Ал Блихман болса, осы Алматыда 1960 жылдары қайтыс болған. Әміренің төс қалтасына салып жүрген, өзі жанындай жақсы көретін жан-жары, сүйіктісі Оразкемен бірге, өле-өлгенше кеудесінде сақтап жүрген суреті еді. 1926 ж.

Хабиба Елебекова: Кәлләки айтатын, Әміре ән салғанда мойны толып кететін деп. Әрбір дыбыстың үнін шығара-шығара, біртіндеп ән саябырсыған кезде мойны қайтадан бастапқы орнына келеді дейтін. Бұл да бір табиғаттың берген ғажап дүниесі сияқты боп көрінеді маған. Әміре ағаның айтатын әндерінің бәрі тұтас, біркелкі, бәрі бірдей боп жататын дейді Жүкең. Әміре ағайдың әйелі Оразке жеңгейді көрдік, үйге келіп тұратын, біз барып тұратынбыз, араласып жүрдік, еркін келіп, сені көргенде Әмірені көргендей болам дейтін Жүкеңе. Жарқын Шәкәрім: Ромен Роллан: «Мен Шығыста әншісін бұлбұл құсқа неге теңейтінін енді түсіндім», – деп жазса, Анри Барбюс: «Мен мұндай әншіні сирек кездестірдім», – деді. Ал 1927 жылы бүкіл неміс халқын, Германияны таң-тамаша етті. 1926 жылы Англияға өнердің есепті концертіне шақырылғанда, өзінің гастрольдік сапарына байланыс­ ты бара алмай қалды. Әміре осы Әуезов атындағы академиялық драма театрына 1925 жылы Дінше Әділовтың қолымен берілген бұйрық бо­ йынша театрдың бірінші актері болып қабылданғаны белгілі. Хабиба Елебекова: Сол Әміре ағайдың біз басына құлпытас та қоймаппыз ғой. Сол уақытта соны ойламаған болуымыз керек. Мен өзім әлі Әміре ағайдың басын көргем жоқ. Білетін адамдардың бәрі кетті ғой. Осында Кенжеғұл деген актриса, ел аралап, ақша тауып, Әміре ағаның басына құлпытас қойған болатын, осыдан он шақты жыл бұрын ғана. Бізден Қапан Бадыров пен Сәбира Майқанова екеуін шақырды. Солар бірге болды құлпытастың жанында. Кей уақытта адамның істеген еңбегі басынан асып кетіп жатса да, артында іздеушісі, айтушысы жоқ болса, еленбей қалып қоятын жағдайлар көп кездеседі. Әміренің басына құлпытас қоймағанымызда, сонда кімге қоюымыз керек. Әмірені ұмытуға бола ма, ағайын?! Жарқын Шәкәрім: Әміре 1888 жылы туып, 1934 жылы 46 жасында дүниеден өтті. Әміренің ерте қайтыс болуының өзіндік себептері бар. Ол 1925 жылы Францияға барып, ән айтқанда, Мұстафа Шоқаймен, соның мұңдасы болып, сырласы болып, әншісі болып, сол азғантай бір айдың ішінде жанында жүрген. Сондықтан да кейінгі он жылда Әміренің сыннан өткені туралы деректер өте көп. 1933 жылы Мәскеу қаласынан «Грампластинкадан» арнайы экспедиция келіп, сонда Әміре Қашаубаев жазылмақшы болып, қазақ әншілерінің ішінде ең бірінші тұрған ғой, бірақ сол пластинкаға Әміре даусын жазып үлгермеді. 1934 жылы 7 қараша күні қазақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібек» сахнаға қойылды. Әміре сол операға қатысуға тиіс еді, бірақ Әміре 6 қараша күні түнде Алматының көшесінде, далада қайтыс болды. Әрине, оның өзіндік себептері бар. Әміре қайтыс болған соң, 1934 жылы қараша айында осы театрдың алдынан ескерткіш орнатылады деп Нарком

бұйрық шығарған. Ол бұйрығы орындалмады. Тіпті қазіргі Астана мен Алматы қаласында Әміреге арналған көше жоқ. Осының өзі қазақтың жол бастаған кешегі өнер қайраткерлерінің сапында ең алғаш тұратын, Затаевичтің сөзімен айтқанда, «Қазақ өнерін шетелге шығарудың пионері болған», Әміредей ұлы әнші тұлғамыздың күні бүгінде еленіп, ескеріліп мәңгі сақталатындай жөні бар.

Тұрар Рысқұлов пен әйелі Әзиза Талас Омарбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор: Тұрардың бүкіл құрметі қазақ халқына, өзінің ұлтына қызмет етуге бағышталған. Біздің Тұрарға байланысты қолымыздағы көптеген дерек­тер, оның жастық шағынан бастап, Бішкекте ауыл шаруашылығы мектебінде оқып жүрген кезінен бастап туған елге, халыққа қызмет ету рухында жұмыс жасағандығын көрсетеді. Ал енді осындайда оның кейде «Алаш» қозғалысына қатыспауының себебі туралы әңгі­ ме туады. Біріншіден, Тұрар ол кезде жас болды, екіншіден, Тұрар қызмет істеген Меркі өңірі, ол кезде Әулиеата өңірі, ол кезде «Алаш» қозғалысынан алшақ жатқан болатын. Осыған байланысты Тұрар «Алаш» қозғалысындағы басқа қайраткерлер сияқты осы қозғалыстың басы-қасында болып, өзінің іс-әрекетін осымен тікелей байланыстыра алмады. Бірақ Тұрардың бүкіл идеясы, дүниетанымы, бүкіл түсінігі шын мәнінде осы «Алаш» қозғалысы қайраткерлері көтерген түсінік­пен, пікірмен үйлесіп жатыр. Осыған куә ретінде біз оның Мұсылмандық

бюроны басқарған кезі, Ташкентте, осы кездің өзінде Тұрар Сталинге хат жолдап, Түрік республикасын құру идеясын ұсынғаны белгілі. Ал енді осы қолдау таппай, сынға ұшыраған кезде Тұрар қызмет лауазымынан, Түрік республикасының, Түркістан республикасының Орта­лық Атқару комитетінің төрағалығынан бас тартқан болатын. Молдияр Серікбаев, геолог: Енді Әзиза апайға келсек, бұл текті жерден шыққан адам. Әкесі 1902 жылы Қазанның мал дәрігерлік инс­титутын бітірген, Есенғұл Түбек деген кісі. Ал шешесі СанктПетербургте сұлулықтан үлкен жүлдеге ие болған Әрипа Кенеева. Мәскеуде тұрған, Тұрарды тұтқындағаннан кейін ол кісіні де Тұрардың тыңшысы деп тұтқынға алған. Әзиза Түбекованың әкесі Ұзынағаштағы Ынтымақ деген ауылдан. Қазақтың Шапырашты руының Екейі бола­ды. Әзиза Түбекқызы Жаркентте туған. Нәйла Оразғұлова Базанова екеуі бөле болып келеді. Талас Омарбеков: 1926 жылы мамыр айында «Егемен Қазақстанда», яғни ол кезде «Еңбекші қазақта» бас редактор боп тұрған жерінен Мәскеуге РСФСР Халық комиссарлар кеңесінің орынбасары қызметіне шақырылады. Міне, осы қызметте Тұрар өзін жан-жақты көрсете алды. Арасында ол Моңғолиядағы Коминтернде бір жыл қызмет атқарғанмен, осы жұмыс оның халықаралық деңгейде қайраткер екенін дәлелдеді. Сосын оның Әзірбайжанда жасаған жұмысы, сонымен бірге оның тікелей Мәскеуде отырып, көптеген комиссияларды басқарғандығы және қазақ жеріндегі екі ашаршылықтан халықты қорғау үшін жасаған әрекеті ай­ рықша еді. 1921–1922 жылдардағы ашаршылықта және кейінгі ұжым­ дастыру кезіндегі алапат ашаршылықтың алдын алу үшін өз бетінше қолданған шаралары, жоғарыға ұсынған ұсыныстары, осының бәрі шын мәнінде оның қайраткерлік тұлғасын айқындай түседі. Сонымен бірге бізге Тұрардың ұлт қайраткерлерін кеңеске шақырғаны және белгілі. Ол кеңесте де татар коммунисі, кезінде Сталин 1923 жылы қудалап, түрмеге жапқан аса көрнекті қайраткер Сұлтанғалиевке байланысты айтыстарда Тұрардың өзінің пікірлері және сол кеңеске ұлт қайраткерлерін шақыруы, осының бәрі сондағы жазылған хаттамаға түскен. Тұрар шын мәнінде үлкен ұйымдастырушы және туған халқының мүддесін ойлаған қайраткер екенін дәлелдеді. Молдияр Серікбаев: Бұл кісінің бірінші әйелі Надежда Константиновна Колосовская еді. Ол кісі Жанша Досмұхамед екеуі бажа болған. Натальяны Жанша Досмұхамедов, Надежда Константиновнаны Тұрар алған. Одан Ескендір, Соня есімді балалары болған. Соня былтыр қайтыс болды, Ескендірді 1937 жылы қамап, түрмеден кейін қайтыс болды. Әзизаны Тұрарға таныстырған Мұхамеджан Тынышпайұлы. Ол Батыс Сібірге үлкен топпен баласы Ескендірмен іссапарға кетіп бара

жатқан кезде Әзиза сонда практикаға барады. Ескендір Әзизаға: «Мына етігіңді таста, бетіңді бояп ал, Совнаркомның орынбасары келген, сонымен таныстырам» дейді, Тұрар мен Әзиза сол жерде танысады. Екеуі кейін қалжыңдасқанда: «Мені 16 жыл түрмеге отырғызып қойдың ғой», – десе Әзиза, ал Ескендір: «Сен 6 жыл рақат көрдің, Сталинді көрдің, Калининді көрдің, Кремльдің таңдаулыларымен биледің», – деп жұбатады екен. Осының бәрін мен Әзизаның өз аузынан естідім. Талас Омарбеков: Ал енді кейбіреулер «1929 жылы Тұрар ұжым­ дастыруды қолдаған» деп айтады. Тұрардың 1929 жылы желтоқсан айында саяси-бюроның ұжымдастыруға байланысты комиссиясының құрамына енгені рас. Бірақ ол негізінен барлық ауданда ұжымдастыруды жақтай отырып, күштеу саясатынан сақтандырды. Ол ұжымдастырудың сол кездегі қажетті саясат екенін білді. Қажет болатын себебі, Сталин жүргізіп отырған индустрияландыру саясаты ұжымдастырусыз мүмкін емес еді. Ал бірақ ол ешқашанда күштеп ұжымдастыруға, жаппай зорлап отырықшыландыруға шақырған жоқ. Керісінше, өзінің Сталинге жолдаған 1933 жылғы наурыз айындағы хатында, оның алдындағы 1932 жылғы қыркүйек айындағы хатында және тағы басқа өзінің көптеген жазбаларында ол әрқашанда бұл саясаттың мәнін әшкерелеп отырды. Және орталықтың зомбылық көрсету саясатынан да сақтандыруға кірісті. Ең бастысы, Тұрар өзінің жеке басына қауіп төнуіне қарамастан, өзінің қызмет жағдайын да, жеке тағдырын да ойламай, туған халқын осындай қиын кезеңдерде, әсіресе ұжымдастыру жылындағы зобалаңнан қорғап қалуға құштар болды.

Құлагер ақын Ілияс пен жары Фатима Аманхан Әлім, ақын: Ілекең Жансүгіровтың тағдыры өте күрделі, оны ақын қылып қалыптастырған да сол болу керек. Өйткені сонау алыс Талдықорғанда білім жоқ, өзінің ақындыққа құмар болғанын естеліктерінде де жазады, Абайдың кітабын тауып алып, қалай оқы­ ғанын келтіреді. Сондықтан Ілекеңді ақын етіп қалыптастырған, сол тағдыр ғой деп ойлаймын. Тағдыр ол кісіні өзі секілді тағдыры өте күрделі адаммен жолықтырды. Ол – Фатима Ғабитова. Бұл кісілердің бірін-бірі толықтырып, бірін-бірінің мәртебесін, мерейін асырып отыратын қасиеттері өте көп. Мысалы, бұлар бір-бірін жас кезінде жақсы көрген, бір-бірін қатты ұнатқан, ал тағдыр Біләл ағамыз Сүлеевті аралас­ тырып, содан барып аралары ашылып кеткен. Ашылып кеткенде, іштей ынтықтық, бір-біріне деген құштарлық өшпеген. Содан келіп, бұл ұлы

махаббатқа ұласып, сол тағдыр Біләл Сүлеев ұсталып кеткеннен кейін, қайтадан Ілекең мен Фатима апайды қосады. Жанат Ахмади, жазушы: 1986 жылы күзде Алматыға келгенде осы Орталық мемлекеттік архивте қызметкер болып орналасқан едім. Сонан менің қолыма Фатима Ғабитованың қоры түсті, себебі ондағы араб графикасымен жазылған естеліктер екен. Сондықтан қарайтын адам болмаған ба, менің қолыма түскеннен кейін, ол кісінің жазған, сызған, өмір бойғы естеліктерінің барлығы менің көз алдымнан өтті. Сонан кейін бұл кісінің өмірімен таныса бастап, кітап шығару үшін, естеліктерін жинап, өзіміздің әріпке көшіріп, сонан кейін Мұрат Әуезовпен ақылдасып, «Жазушы» баспасына өткізген болатынбыз. Естелік, күнделіктерін жинақтап, соның бір бөлімін шығарғанбыз. Бұл кісі гимназия бітірген, сонан кейін Жаркенттегі мұсылман медресесі болған екен. Өзінің естелігінде де сол медресенің есігін ашқандығы айтылып кетеді. Онан кейін барып, Қазақстан Республикасы құрылып, Кеңес үкіметі орнаған кезде, әшейін саусақпен санарлықтай зиялы адамдардың қатарында жалғыз әйел боп жүргені тарихтан мәлім. Сол уақыттарда фольклорды, ауыз әдебиетін жинауға Ілияс Жансүгіровке көмектесіп, көп жылдар Ілекеңнің жазғансызғандарының бәрін машинкаға басумен айналысқан. Аманхан Әлім: Ілекең Жансүгіровты таза ұлттық ақын деймін. Неге? Мысалы, қараңыз, «Сағынай сапты аяққа сыйып өлген», Сағынайдың сапты аяққа сыйып өлгенінде қаншама мән бар. Аяқты поэзияға көшірген кезде, бұл ұлттық сипатқа ие болады. Мысалы, қараңыз, «Жапырақтар жамырап жатыр» дейді. Малға, мал өрістен келген кезде, қозы мен

қойдың жамырауынан шыққан ұғым ғой. Біздің тұрмыстық нәрсеміз. Ал оны поэзия өміріне алып келген кезде, бұл ұлттық мағынаға айналады. Жетісу суреттерін оқыған кезде, қазір біздің пайдалануымыздан қалып қойған неше түрлі шөптердің аттарын кездестіресіз. Неше түрлі табиғаттың суреттерін кездестіресіз, яғни олардың бәрі архаизмге айналып бара жатқан кезеңде, Ілекең оларды бізге мұра етіп қалдырды. Мұра етіп қалдырып, қазақ тілінің түсінікті емес сөзіне қайтадан қарап, соны толықтыруымыз керек екендігіне итермелейді. Мен, мысалы, Ілияс Жансүгіровтың поэзиясындағы сөздер деген түсініктеме сөздік жасар едім. Әттең, соған назар аударатын ғалымдар болса, кәнеки. Сондықтан Ілекең әлі зерттеуін күтіп жатқан, әлі де ашылмай жатқан ақын. Жанат Ахмади: Сол кісінің күрескерлігін ерекше айтып кетуге болады, біздің енді қазақ қыздары деген ұяң, көшпелі елдің соңғы сарқыты, олар біреудің бетін жыртып, біреумен айқасу дегенді ол уақытта білмеген, мұның міні де жоқ, айыбы да жоқ. Сол уақытта бұл кісі керек болатын болса, жас баласын құшағынан тартып алғалы жатқан кезде, баланы да шабам, сендерді де шабам деп, төсектің астынан балтаны алып шыққаны, шынымен ана бала үкіметтің қолына түссе бәрібір бала болмай, өлетіні белгілі. Сол бала осы күнгі Болат Ілиясұлы екен, осы нәрсенің барлығын өзі естелікке жазып кеткен. Аманхан Әлім: Ілияс Жансүгіровты тағдыр ақын қылып қана жаратып қоймай, үлкен азамат етіп жаратты ғой деп ойлаймын. Өйткені үлкен азамат қана үлкен махаббаттың иесі бола алады. Яғни, Жансүгіров пен Фатиманы табыстырған махаббат, бұл екі үлкен жүректің жемісі. Жансүгіров ақын ретінде бойына бүкіл ұлттық мінезді, ұлттық болмыс­ ты сіңірген адам ғой деп ойлаймын. Мен өзі Ілекеңді көрмегеннен кейін бе, 1931 жылы түсірген суреті бар, басына тымақ киіп түскен. Мен кейде ойлаймын, егер қазақты шетелге таныстыру керек болса, сол Ілекеңді апарса, бүкіл болмыс, денесімен, творчествосымен, «Міне, қазақ осы» десе, біз еш уақытта, еш жерде жаңылыспаймыз ғой деп ойлаймын. Өйткені менің көз алдыма Ілекеңнің өлеңін оқу арқылы бүкіл қазақ болмысы келеді. Жанат Ахмади: Ілекең енді Фатима Ғабитова апамызға қосылған­ нан бұрын да өлең жазып жүрген екен, бұл мына өзі жазып кеткен екін­ ші жинағында шықты, Фатима Ғабитова туралы екінші кітабы «Атамұ­ ра» журналына шыққан. Сонда қарап отырсаңыз, көп жылдар бойы сүйіспеншілік жырларын арнап, ағыл-тегіл, көп жазған екен. Бір ауыз сөзбен түйіндегенде, Ілияс Жансүгіровтың соншалық Алашта ойы озық, ақиық ақын екенін таныған, көңілінде, жүрегінде сәулесі бар адам. Со­нан кейін архив қорында Ілияс Жансүгіровтың қоры толық сақталғанының өзі Фатима Ғабитованың еңбегіне байланысты. Мәселен, Сәкен Сейфул-

лин, Бейімбет Майлиннің шыққан кітаптарынан басқа өмір бойғы жи­нап жүрген қолжазбалары жоқ. Сол әлгі НКВД-ның тексеруі кезінде, олар­ды ұстап кеткен кезде, қолжазбалары қайда болса, сонда шашылып кеткен. Сол уақытта бұл кісі айқасып жүріп, жасыратынын жасырып үлгерген. Осы күнгі мына архивке өтуінің өзі Фатима Ғабитованың еңбегінің арқасы. Көмектескен адамдар да бар.

Күләш пен Қанабек Бәйсейітовтер Шолпан Жандарбекова, Қазақстан Республикасының Халық әртісі: Жасымыз алшақ болса да, мен 1941 жылы дәм жазып Құрекеңе тұрмысқа шықтым. Содан үйсіз-күйсіз біраз жүріп қалдық, анда-мында дегендей. Сол кезде Күләш бір күні Құрекеңе айтыпты, қаңғырып жүре бересіңдер ме, үй алғанша біздің үйге келіп тұрыңдар депті. Содан Құрекең маған, ал Шолпан дайындал деді, енді дайындалатын онша жүгіміз де жоқ, чемоданға көйлек-көншегімізді салып алып, Құрекеңнің театрдан алып келген мәшинесімен Күләштің үйіне келдік. Күләш ол кезде Шевченко көшесі, ар жағы Коммунистік, қазіргі Абылайхан даңғылы, бер жағы қазіргі Күләш Бәйсейітова көшесі, соның екі орталығында тұрады. Сол кездегі ең көрікті, ең биік үйлер екі қабатты он шақты үй болатын. Ол он шақты үйді де қазақтың көрнекті, сүт бетіне шығатын қаймақтарына арнап салған екен. Соның бір үйінде, екінші қабатында Күләш марқұм тұрды. Қанабек бар, сіңлісі бар, шешесі бар, 3 қызы бар, Алдан де1930 ж.

ген ер баласы және бар. Содан біз келдік, чемоданымызды алып, олар құшақтарын айқара ашып, бізді қарсы алды. Бексұлтан Нұржеке, жазушы: Қанекең мен Күлекеңнің осы суреті мен үшін ғана емес, қазақ өнері үшін үлкен тарихи сурет. Өйткені мұнда қазақтың аяулы ұл-қыздары Қыз Жібек пен Төлегеннің суреті. Сол Қыз Жібек пен Төлегенді операда елдің аңызына айналдырған тұңғыш қазақ өнеріндегі мыңыншы спектакльді қойған «Қыз Жібектен» көресіз. Бұл өзінің ұлтын сыйлаған, халқын сыйлаған, әрбір өнерді сыйлаған адам үшін қымбат. Маған ерекше қымбат болатын себебі, мен өмірдің соңында Қанағаңмен кәдімгідей інісі болып қасында бірге жүрдім, «Құштар көңіл» деген кітабын жаздым. Шолпан Жандарбекова: Сондағы менің Күләштан байқағаным, не үйіме кісі толып кетті, демалатын уақытым болмай қалды деген жоқ, енді екі кісі болғасын бір отбасыға әжептәуір отбасы ғой, өйткені бір үстелдің басында отырамыз, тамақты бөліп ішпейміз, бірге ішеміз. Күләштің асханасында, әлі есімде, емен ағашынан жасалған, есіктен төр­ ге дейін жететін, жалпақ үстел бар еді. Ол үстел өмір-бақи қозғалмайды, қозғалмайтын қылып жасаттым дейтін. Ойпырмай, өзіміз отбасы болып отыра қалған кезде, бір-бірімізді анадай жерден көретінбіз, әлгі­ нің жалпақтығы, кеңдігі соншалықты. Содан күніне шешесі 3 рет тамақ істейді, таңертеңгі тамақ, оған жиналамыз, одан кейін түскі тамақ, репетициядан Күләш келеді, Қанабек келеді, Құрекең келеді, опера театрынан, мына жақтан Әуезов театрынан мен келем, сонымен түскі тамақты ішеміз. Одан кейін тағы қайтадан кішкене демаламыз да, Күләш опера театрға ән айтуға, спектакль ойнауға кетеді, мен өз театрыма кетем, ал Қанабек пен Құрекең Күләшпен бірге кетеді, өйткені олар да сол театрда істейді. Мінекей осылай 2 жылдай бірге өмір сүрдік. Бексұлтан Нұржеке: Күләшті қатты құрметтейтін, сол құрметіне куә болдым. 70 жасында Талдықорған облысының аудандарын аралап, мен баяндамашы болып, елмен кездесуде, қасында біраз сапарлас болдым. Жаркентке барғанда, аудандық партия комитетінің резиденциясында демалып жатыр едік, Октябрь революциясының мейрамынан кейін. Ол кезде бұл қандай күшті мейрам еді, сол мейрамнан кейін, шаршап жатқанбыз. Таңертең жуынып жатқан кезде, радиодан Күләш «Гәккуді» айтты. Мен Қанағаң ұйықтап жатыр ма деп, үндемей тыңдап болдым, «айналайын» деп даусын шығарды да, басқа сөз айтпады. Сол сөзінің өзінен-ақ Күлекеңді қатты сыйлайтынын, сағынатынын, қадірлейтінін аңғартты. Шолпан Жандарбекова: Күләштің «Абайда» Ажар рөлін ойнағанын көрдім. Кейін де драмалық нұсқада Ажардың рөлін мен ойнап едім. Сонда мен Күләштің кейбір қазақы әдет-ғұрпын, дәстүрін халыққа қалай

жеткізетінін ептеп ұғып қалыппын. Ептеп соны өзім де істеп жүрдім, өзіміздің театрда. Сонан кейін Күләштің керемет ойнаған рөлі болды, ол «Чио Чио Сан», жапон драмасы, «Чио Чио Сан» белгілі опера, оны орындаған көп белгілі актрисалар бар, Биешу деген актриса Кеңес Одағында керемет орындайды деп айтатын. Біз Биешуді көрген жоқпыз. Көргеніміз Күләш, мен ойлап едім, Күләштан артық бұл рөлді біреу ойнауы мүмкін емес. Өйткені жапон әйелдері, кішкентай келеді ғой, аяққолдары кішкентай, сүйкімді келеді, тура Күләш сондай болатын. Бексұлтан Нұржеке: Қанағаңның айтқан әңгімелерінің негізінде мен «Күләштің соңғы көктемі» деген әңгіме жаздым. Ол әңгіме маған кішкене қиындау тиді, біраз адамдар әңгіме жазды, өйткені ол әңгіменің негізінде Күләштің үстінен арыз жазған 6 адам бар. Мен ол алты адамды білсем де, ешкімге айтқан емеспін, Қанағаң да солай еді. Кек сақтамайды ғой. Соған бола, Қытай Республикасына делегациямен барайын деп тұрған Күләш бармай қалады, сол Күләштің орнына Бибігүлді қосқан. Сонда Бибігүлдің өз аузынан айтқан естеліктерін естідім, киіз үйдің сыртына жазып қойған екен, «Қазақтың бұлбұл қызы Күләшқа» деп, ал бірақ қатарларында Күләш жоқ, сонда маған қатты, біртүрлі әсер етті деп. Енді үлкен адамдардың өмірінде, үлкен бір іштарлықтан, қызғаныштан туған әрекеттер болып тұрады ғой. Шолпан Жандарбекова: Күләш енді үлкен актриса болмаса, жаңа сөзімнің басында айтып кеттім, Күләштің ойнаған ойынына Мәскеу халқы сенбесе, онда Станиславский, Тарханов, Тарасовалармен, Москвиндермен бірге, 24 жасында Кеңестер Одағының халық әртісі болмайды ғой. Осының өзі, Күләштің қазақ халқын, қазақтың өнерін 24 жасында бір сатыға көтеріп, бір білдіріп кеткені емес пе. «Қазақ деген халық бар, өнерлі халық, сол өнерлі халықтың біреуі менмін» деген сөзді айтқан ғой Күләш, сол 24 жасында. Құрманбек Шара боп аталды, Күләш Қанабек боп аталды, төртеуі ылғи бірге жүреді екен, төртеуі ғажайып, керемет тату-тәтті болған екен, менің естуімше. Енді кейін дәм бұзылды ма, оны Алла тағала біледі, Құрекең Шара екеуі ажыра­сып кетті де, менімен бас қосты ғой. Сонда да Күләш айтылмай қалмай­ды еш уақытта, Күләш мәңгілік, Күләш өлмейді, мәңгілік қалады.

Сәбиттің Сұлушашы Әділғазы Қайырбеков, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов мұ­ ражайының директоры, филология ғылымдарының кандидаты: Бұл суреттің өте қызық тарихы бар. Мәриям Қожахметқызы Сәбит Мұқановқа 16 жасында тұрмысқа шығады. Бұл 16 жаста, 1926 жыл. Сәбит Мұқанов өзінің ең бір әдемі, күрделі туындысын «Сұлушаш» поэмасын жазуға кіріскен болатын. Осы «Сұлушаш» поэмасын жазу үстінде Сұлушаштың көркем бейнесін кестелеу кезінде өзінің қарсы алдында, қасында отырған Мәриямның сұлулығын, суретін жаңағы поэмаға көшірмеу мүмкін емес сияқты. Оған бір себеп, поэманың басты кейіпкерінің аты Сұлушаш болса, сол кезде 16 жастағы Мәриямның да шашы тізесінен түскен, сондай керемет, қазақтың кәдімгі ауылда өсіп келген қызының тамаша бейнесі болатын. Мәселен, «16-ға келгенде қыздың жасы, төгіліп тізесіне түсті шашы, қаламмен жалғыз сызық тартқандай боп, қиылды қап-қара боп қиғаш қасы», бұл Сұлушаштың да суреті, әрі сол кездегі Мәриямның да суреті деп білеміз. Енді XX ғ. басында, әрине, қазақ зиялыларының арасында суретке түсу дәстүрі болған, бірақ сапалы, көркем суреттің жөні бөлек еді. Суретке Мәриям түсетін жылдары Сәбең Мәскеуде «қызыл профессура» институтында оқып жүрген болатын. Отбасын, екі ұлын қасына алдырған. Сонда Мәриямның тамаша суретін мәңгілік есте қалдырғысы келген болуы керек. Бір күні арнайы фотостудияға оны ертіп апарып, суретке түсірген. Және түсіргенде тек қана кеудесінен емес, тұла бойын түгел алып, түрегеліп тұрған қалпында, шашын тілерсегіне дейін дегендей, әдемі түсірілген сурет. Бұл енді қазақ 1933 ж.

қыздарының кәдімгі сол жылдардағы бейнесі, қазіргі кезде бұрымды қыздарды көшеден көру қиын, бірен-саран кездесіп қалса, оның өзі тіпті жұрттың бәрі тұра қалып қарайтындай. Бір қызық жағдай болды, айта кетейін, осы қаладағы қазіргі «Целинный» кинотеатрына қарама-қарсы қазақ мектебі бар. Осы мектепте кездесу болды, Сәбеңнің 100 жылдығы қарсаңында. Сонда Мәриям апайды алып бардық. Содан сол мектептің мұғалимасы кешті жүргізді. Сол қыздың төгілген шашы, Мәриямның жас кезін өзінің есіне түсіргендей болды, апай қатты толқыды. Тіпті шыдай алмай, сол қызға бүкіл жүргізген кеші үшін рақмет айтты, қолаң шашы үшін рақмет айтты, соны қима деген өтініш айтты, батасын берді. Бұл суреттің келісті шыққандығы сондай, бұл кезінде жеке отбасылық альбомда қалған сурет екен. 1978 жылы Сәбит Мұқановтың музейі ашылар қарсаңында сол музейдің директоры болып тұрған Хакім Бекішов деген кісі суретті көреді де, осыны музейге қоюды ойлайды, музейге қою үшін оны үлкейту керек болады. Сол үшін оны арнайы тапсырыс­ пен екі дана етіп үлкейтіп, үлкен әдемі рамаға салып, біреуін музейге қояды да, екіншісін Мәриям апайдың өзіне сыйлайды. Сөйтіп қазір мына біздің мұражайда тұрған әдемі сурет, сол музей ашылар кезде бұрынғы суреттің үлкейтілген нұсқасы. 1943 жылы соғыстың күйіп тұрған кезі, Алматыға Мәскеуден, Ленинградтан көптеген өнер адамдары, жазушылар келгені белгілі. Олар осында біраз уақыт соғыс біткенше тұрған. Сол жылдарда Алексей Толстой да өзінің отбасымен осы Алматыға көшіп келеді. Алексей Толстоймен Мұхтар Әуезов те, Сәбит Мұқанов та жақсы қарым-қатынаста болады. Бірде Сәбит Мұқановтың үйінде қо­ нақта отырып, Алексей Толстой Мәриям Қожахметқызының шашына

қатты қызығады. Сөйтеді де, бірге суретке түсуді ұсынады. Бірақ енді фотографтың кім екені белгісіз, мүмкін өзімен бірге келген фотограф па, жоқ, осы алматылық фотограф па, әйтеуір не керек, өте сирек фотосурет дүниеге келеді. Алексей Толстой Мәриямның тізесінен түскен әдемі шашын мойнына бірнеше рет шарф сияқты орап, суретке түседі. Бұл суретке Мәриям апай да қатты қызығып, өзі сақтап жүреді екен, бірақ кейін айырылып қалдым дейді, қалай жоғалтқанымды білмеймін, бірақ бұл суретті жоғалтқаныма қатты өкінем дейді. Бұл, шынында да, сирек сурет болғандықтан, бәлкім, мүмкін Алексей Толстойдың архи­ вінде жатыр ма, мүмкін осы Алматыдағы біреулердің мұрағатында сақ­таулы ма, егер ол сурет біздің мұражайға қайтып оралатын болса, құнды экспонаттардың біреуі болар еді. Сирек сурет Мәриямның 1933 жылы Мәскеуде түскен суреті сияқты құнды сурет болар еді. Мәриям өзі байдың қызы, қанша дегенмен еркелеу болып өскендіктен, орашолақтау болған ғой. Үлкен шаш өруге оңайлықпен көнбейді, оны баптап күту де оңай емес, содан бір күні Сәбең Қызылордадағы базарға Мәриямды ертіп барады. Бір қымыз сатып отырған әйелді көрсетіп: «мына кісіден күнәра келіп қымыз аласың, ол қымызбен шашыңды жуып отырасың» дейді. Шашты баптап, күтіп сақтауға қымыздың көп көмегі тиетінін біреуден естісе керек Сәбең, сөйтіп Мәриям үлкен, қолаң шашын қымыз­ бен жуып, Қызылордада тұрғанда баптап күткен екен. Мәриям болса ауылдың қызы, тап-таза, пәк күйінде Сәбеңнің алақанына келіп қона қалды. Содан кейін бұдан арғы жағдайда, Сәбең өзінің жарын күн сайын тәрбиелеп отырған. Ол шашты қойып, күтуіне дейін, үстіне киетін көйлегі мен түр-түсіне дейін қадағалаған. Бұл туралы Мәриям апайдың естелігінде бар. Сәбең қызыл көйлек киюді онша дұрыс көрмеген, ол Шал ақынның өлеңін мысалға келтіріп, қызыл көйлектің соншалықты әйелдерді байсалды көрсетпейтінін айтып отырған. Бірде қызыл мата сатып алып, тіктіртіп киеді, Сәбең ұнатпағаннан кейін, Мәриям апай ауылдан келген ағайындарына беріп жібереді де, сөйтіп өмір бойы қайтып қызыл көйлек кимейтін болған. Сурет болып, поэмаға көшкен Сұлушаштың бейнесі – Мәриямның бейнесі. Өйткені қанша дегенмен қиялдан сурет жасау деген қиын ғой, сол қиялдағы суретті ақын өз қиялындағы аруға да айналдырып жібереді. Сонда бұл сурет Сұлушаш пен Мәриямның арасындағы керемет байланыс сияқты. Бұл жөнінде Сәбеңнің тұстастары да, одан кейінгі Сәбит Мұқановтың шығармашылығын зерттеген адамдар да Сұлушаш туралы айтқан кезде ойларында әрдайым Сәбеңнің сүйікті жары Мәриям тұрады деп ойлаймын.

Сәбит Мұқанов пен жан жары Мәриям Мәриям Мұқан келіні: Біз 1926 жылы үйлендік. Арада кісі болады ғой, бір-бірін таныстырып жүретін. Бір Абылайқажы деген кісі, бізге туыс болады, әкелерімізбен әкесі бірге туысқан. Сол кісі Сәбитпен таныс кісі. Өйткені Сәбит ең алғашқы оқуына жәрдемдескен кісі. Айтқанын қимадым, әкеміз сияқты жақсы көретін кісі еді, өзі оқыған кісі. Ол кезде кеңес үкіметі жаңадан басталып жатқан кезі ғой, 1926 жылы. Сосын мен сол кісінің ақылы мен бір ауыз сөзін қимадым. Сәбитке қосылуға себеп болған сол кісі. 16 жаста келдім, сосын үй шаруасын білмейтін кісімін, ауқатты кісінің қызымын, еркелеу боп өстім. Бірақ сол еркелікті бұл кісі көтерді, бұл кісі де мені еркелетіп ұстады. Мені еркелетіп, өзі қамқорлық көрсетіп, білмегенімді айтып отыратын адам болды. Әділғазы Қайырбеков: Мәриям апайдың жас кезіндегі ғажайып суреті сақталған, біздің қорда. Ол суретте ұзын, қолаң шашы, тілерсектен төмен түскен, кәдімгі керемет сурет. Осы суретке қарап отырып, кейде көп әңгіме тарқатылады. Апай бірде осы қолаң шашының, «Сұлушашты» жазып жүргенде, Сәбеңе сол кезде де әсері болғандығын айтқаны бар. Өйткені мына суретке қарап отырып, шынында да, Сұлушаш осындай болар-ау деп, өзіміз жобалаймыз. Сол сияқты, сонау эвакуация жылдары, соғыстың кезінде Алматыда көптеген Ресейдің белгілі, атақты жазушылары, өнер-мәдениет саласындағы адамдары болған, солардың ішінде атақтысы Алексей Толстой Сәбеңнің үйінде қонақта болып, сонда Мәриям апайдың шашына қызығып, оны мойнына орап, суретке түскені бар. Сол сияқты Алексей Толстойдың Сәбеңе қалжыңдап, осындай жақсы жұбайды қайдан тауып алғансыз деп, әзілдейтіні бар.

Мәриям Мұқан келіні: Ол кісі жас кезінде шылым шегіпті. Мен келгенде шылым шегетін еді, шылым болмаса насыбай ататын. Қызыл­ орданың насыбайы бар ғой, содан. Сөйтті де, бұл кісі Ленинградқа 1928 жылы оқуға кетті. Мен келгенде Рабфак қана бітірген кісі ғой. Енді оқығысы келді де, Ленинградқа оқуға кетті, ал қыста менің үлкен балам бар, кішкентай, 1 жаста. Біз ауылда қалдық, баламыз екеуіміз. Бір немере інісі бар еді, сонда қалдық. Алып кеткенде Сәбитте шылым да жоқ, на­сыбай да жоқ. Сосын мен сұрадым: «Сен шылым тартпайсың ба?» – деп, «Жоқ, тартпаймын, оның бәрін тастадым, маған ұят сияқ­ ты көрін­ді», – деді. Сонымен 1928 жылы насыбайдан да, шылымнан да айы­рылды. Содан аузына алған жоқ. Біздің уақытымызда шарапты ондай іше бер­мейтін. Мына Сәкен Сейфуллин бәрі қонақта отырады, сонда анау бөтелке­ле­рін қойып қояды, соған жай еріндерін тигізіп қояды, бірақ құмар­ланып арақ ішкендерін көрмедім. Ал бертінде, соғыстан кейін жұрт арақ ішетін болды ғой. Ол кезде де Сәбит арақ ішіп, құмарлықпен ішпейді енді, біреу шақырса 1–2 рөмке ішеді, жай отыруға болмайды ғой. Жұрт сияқты карта ойнап, анда-мында қыдырып жүруді ол кісі білмеген. Әділғазы Қайырбеков: Отбасында 6 бала тәрбиелеп өсірді, Сәбең Мәриям апай екеуі. Соның ішінде үлкені Арыстаны, тура Сәбеңнің жасында, 73 жасында дүниеден озды. Ол кісі де аңқылдаған, әкесі сияқты, аузын ашса, жүрегі көрінетін, сондай ғажап кісі еді. Ол кісінің мамандығы өнертапқыштық жағы. Одан кейінгі бүкіл халық біледі, Марат деген ұлдары, белгілі тарихшы, этнограф. Ол кісінің қыруар еңбектері бар. Тарих, этнография саласында. Оның үстіне бұл кісі Сә­ беңнің қолжазбаларын, кітаптарын, солардың бәрін реттеп, тізбесін жа­сап, өте ұқыптылықпен, қолжазбасының ретімен, жылдар бойынша атқа­рып кеткен кісі. Ал енді Ботажан деген ұлы, мамандығы бойынша биолог болатын. Бұл 3 ұл да қазір жоқ, дүниеден озып кетті. Енді Алтай деген ағамыз, Сәбеңнің 100 жылдық тойында, басы-қасында бірге жүр­ ді. Негізінен әскери маман, қазір отставкадағы полковник. Ал қыздары Баян мен Жанна, біреуі химик, біреуі дәрігер. Мәриям Мұқан келіні: Жылына екі рет курортқа апаратын еді. «Курортқа барайық, осы сен шаршайсың, үйден ыңғайы осы. Менің кү­ тімім бар, бала-шағаң бар, келім-кетім кісілер бар» деп, жанынан тастамай, курортқа жылына 2 рет баратынбыз. Жазда бір барсақ, күзде бір баратын едік. Сөйтіп, мені аяп, өзінше құрмет жасап тұратын. «Енді жетпіске келдің ғой, жұмыс істеме» дедім. «Енді беретініңді бердің, жазатыныңды жаздың халыққа, енді демалу керек қой» десем, күлетін маған қарап, «мен қалай потолокқа қарап жатам» деп. Жұмыс істеп үйренген кісі ғой, отырмайды. Не кітап оқиды, не журнал-газеттерді қарайды. Біз төрт

мыңдай кітап тапсырдық. Сол кітаптарды тапсырғанда, ашып, бәрін қа­рап жатыр ғой, сонда Сәбиттің қолтаңбасы түспеген кітап жоқ. Оған қалай шамасының жеткенін қайдам. Сондай еңбекқор кісі еді. Әділғазы Қайырбеков: Сәбеңнің ең үлкен бақыты – өмірлік жарын Мәриям апай сияқты ғажап адамды табуында болса керек. Бұл кісілер 47 жыл бірге отасқан. Сол жарты ғасырға жуық уақытта ғажап өмір кешкен. Серәлі Қожамқұлов сүйген жары Хадишамен Ренат Серәліқызы, филология ғылымдарының кандидаты: 1925 жылы әкем Қостанайда жүріп, тергеуші болып қызмет істеді. Сонан кейін Айкүн әжеміз сұрапты: «Осылай бойдақ болып жүре бересің бе?» деп, әкей онда 30-ға келіп қалған жас жігіт еді, содан кейін «сен ойланып жүрсең, мен де ойланып жүрмін, бұл жерде бір жақсы кісілердің бір бойжеткен қызы бар екен» деп айтты. Содан кейін әкей барып таныс­ ты, ұнатты. Айкүн әжеміз айтыпты, «онда біз құдалықтың барлығын жасайық, алдынан өтейік, сен осы үйленетін шешімге келгесін, қуанып отырмын» деді. 2–3 айдан кейін Қызылордадан телеграмма келді, театр ашылады, сізді қызметке шақырамыз деп. Тойды жасағаннан кейін, әкей мен шешей отау құрып, өмірлік жолға, Қызылордаға аттанады. Мәриям Серәліқызы, музыкант, ұстаз: Сол хорға қатынасып, үйге қайтып келгенде, папамды қызғанатын едім, жақсы көріп қызғанам, ал мамамның мінезі сондай жібектей. Папаға өмір бойы сіз деп айтушы еді, мен оны өмірі ұмытпаймын.

Ренат Серәліқызы: Театр осы Алматыға көшкеннен кейін, 1930 жылдары пәтер мәселесі өте қиын болды, әкей мына көк базардың ар жағында, Көне зауыт, Ильич деген көшенің бұрышында, бір орыстың үйінде, бір бөлмені жалдап тұрды, сол үйде 1937 жылға дейін тұрды. Енді туған-туыстар, нағашыларым бәрі сонда келіп тұрды. Үйден келген Малика жеңгеміз де сонда тұрды. Сөйтіп 7 жыл сонда өмір сүрді, 1935 жылы, мен туатын жылы әкем театрдан келгенде, шешем босанып қалыпты. Мен сол шаңырақта, сол көшеде дүниеге келдім. Әкем айтатын, мен театрдан келгенде, сен дүниеге келіп, іңгәлап жатыр екенсің деп. Сол 1–2 жылдан кейін 4–5 балалы болды әке-шешеміз. Үкімет 1936 жылғы декададан кейін, әртістерге, жазушыларға көп жағдай жасады ғой, соның ішінде әке-шешемізге пәтер берілді. Кәдімгі ФурмановКиров дейміз, қазіргі Бөгенбай батырдың бұрышында Фурманов 118, 19-пәтерде, 4 бөлмелі үйдің коммунальный квартира дейді ғой, әкейге тек 2 бөлмесін берді, сол үйде 21 жыл өмір сүрдік. Мәриям Серәліқызы: Әкем жұмысқа барады, жұмыс деген репетиция ғой, репетицияның алдында міндетті түрде анам шайын әзірлеп береді. Репетициядан күтіп, әкем жұмыстан келеді, сонда тамақты бірге отырып ішеміз. Сосын спектакльдің алдында әкем көп тамақ ішпейді, ойнайтын образына енеді, сонда үйде бәрі тып-тыныш болатын. Ренат Серәліқызы: 1958 жылы екінші декада болды ғой Мәскеуде. Содан келгеннен кейін, әкем қуанып келді, «Хадиша, бізге бөлек пәтер беретін болды, біз бұл көшеден кетпейміз, тек бір квартал төмен түсеміз. Дінмұхаммед Ахмедұлы Қонаев маған сен бір министрдің пәтеріне көшесің, барып көр деп айтты», – деді. Сол 1958 жылы 19 мамырда төрт бөлмелі үйге кірдік. Әкем онда 62 жасқа келген. Кең үйге кіріп, сондай, төбеміз көкке тигендей болды. Бірақ бәріміз ол уақытта өсіп қалдық. Бес қыз едік, үлкен апамды ұзатты, 1958 жылы мені ұзатты, 2–3 жылдан кейін барлығымызды ұзатып, тек Ноян аға ғана сол үйде әке-шешемнің жанында қалды. Мәриям Серәліқызы: Курортқа жыл сайын әкем анамды апарады. Қайда барса да, Сарыағаш болсын, Бурабай болсын, сосын гастрольдерге де анамды қалдырмайды, әсіресе Башқұртстанда, Татарстанда 1970 жылдары әдемі гастроль болған, сонда әкем мен анам татарша сөйлейді, неге десеңіз, анамның туған жері Пласт, онда көбіне ноғайлар тұрады, ноғайлардың арасында анам керемет татарша сөйлейтін. Татар әнін жақсы көрді, әкем де соған қарап, Балқадиша әнін айтатын. Ренат Серәліқызы: Театр құрған жылы олар некелерін қиды, әкем де, шешем де медресе бітірді ғой, бірақ куәлік деген жоқ болатын. 1951 жылы кәдімгі Сталин сыйлығы берілді әкемізге, сонда неше балаңыз бар, куәлік қайда деп сұрады ғой, ондай куәлік жоқ екен. Сонда куә болып бір

жағынан Елубай аға, бір жағында Қапан аға барып, ЗАГС-тен 25 жылдан кейін ғана куәлік алды. Ал 25 жыл өткеннен кейін, бәрімізді ұзатып болғаннан кейін, әкем мен шешеміздің, енді театр ашылған жылы, 1975 жылы отау құрғандарына 50 жыл боп қалыпты. Театрға – 50 жыл. Жаңа неке сарайы Абай даңғылында салынды ғой, соның алдында ғана Салиха деген кенже қызын ұзатып, Оразбен сонда некелесті. Сонда әкем айтты: «Хадиша, біз де енді алтын тойымызда бір некелесейік, сол сарайда», – деп. Сонан кейін бәріміз қуанып қалдық, әке-шешеміздің осындай өздерінің отауласқан күндерін, айын, жылын ұмытпай 50 жылдан кейін, сол сарайға барып, бәріміз құттықтадық. Тағы баяғы Қапан аға, Елубай аға, театр ұжымы, туған-туыстар, құдаларымыз бар. Құдалары көп болды, 5 қызды ұзатты ғой. Бәріміз алтын той жасап бердік әкейге. Әкеміз шешемізді өте құрметтейтін еді. Атақты актер Әнуар Молдабеков пен жары Баян Имашева Баян Имашева: Біз 1958 жылы таныстық. Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының жанынан Әзірбайжан Мәмбетов студия ашқан екен. Сонда жас балаларды қабылдаймын, жас актерді дайындап, өзім ертеңгі күні сапармен жұмыс істеймін деп айтатын. Сендер дұрыстап оқыңдар дейтін. Сол кезде Әнуар біздің студияға түсті. Ал Әзірбайжан Мәмбетов қашанда болмасын этюд жасаса, Әнуар екеуімізге береді, ол жасамайды, мен де жасамаймын. Мен ауылдан келгем, оны тіпті түсінбеймін ғой. Этюдтің не екенін қайдан білейін. Құрманбек Жандарбеков сол кезде

бас режиссеры болатын театрда. Сонда Шахмет Құсайыновтың пьесасы қойылды. Сол оқып жүргенімізде, Әнуар екеуімізге рөл берді ғой. «Бар, ойнаңдар» дейді Әзірбайжан. Әнуар орыс класын бітірген. Кішкене акценттері болды. Ал мен ауылдан келгем, құдайға шүкір, қазақша жақсы білемін. Маған ешқандай, ештеңе деген жоқ, мақтап жатты бәрі. Неге мақтағанын да білмейміз, не ойнағанымызды да білмейміз. Сонымен сол жылдан бастап танысып, бірге киноға барып жүрдік. Бір күні киноға шақырды, Штраустың «Большой вальсы». Екеуіміз отырмыз. Сондай жақсы түсірген, шетел киносы ғой енді. Әнуардың бар екенін де ұмытып кетіппін. Сонымен қарап отырып, ең аяғында Штраус екеуі келіп, Штраусқа грамота береді де, сол кезде әйелі жанында тұрады. Маған айтады, «тура сен сондай боласың» дейді. Танысып жүргенімізге де көп бола қоймаған, мен қайдан ондай болам. Сонымен екеуіміз бітірдік, бітіріп, мен Қарағандыға кеттім, Әнуарды Мәскеуге режиссерлыққа жіберді, Әзірбайжан Мәмбетов өз мұғаліміне. Содан кейін Қарағандыға 5 жігіт, 2 қыз бардық. Әнуар келді бір кезде. Ең алдымен, әртіс болып, режиссердің не екенін түсінуім керек деп. Сөйтсем менен айырылып қалам деп ойлапты. Әнуардың өз басы, осы Алматы облысының баласы. Алматы облысы, Іле ауданы, Комсомол колхозында дүниеге келген екен. 1935 жылы 25 мамырда. Әкесі Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мұғалім, шешесі де мұғалім болған. Үлкен әжесін көрдім, тоқсанға келгенде қайтыс болды. Сол көбіне Үкі апасымен көп бірге болған. Енді мен кейде Әнуарға қайдан құштарлық келді, бұл әртістікке қалай келді екен деп ойласам, Әнуардың өзінің айтқаны түседі есіме. «Әжем үйде жүргенде, айғайлап, бірдеңелерді айтып жүрем де, ол далаға шығып кеткенде, сосын жүгерінің ішіне қарай кетем» дейді, «ма-ма деп, өгіз боп мөңіреймін» дейді, сосын «ойбу, жүгерінің бәрін бұқа жеп кетті деп, сол жүгерінің ішін аралап жүретін» дейді. Сонда әртіс боп ойнап жүр екен ғой. Содан кейін айтады: «Колхозға Чапаев деген кино келді, соны барып көрем де, ойпырмай, өліп кетті-ау, мүмкін екінші колхозға барса, тірі қалатын шығар» деп ойлаймын дейді. Сонан кейін Радж Капурдың «Бродягасы» шықты дейді. Жеңгелері айтады, Радж Капурды киініп алады, жұлымжұлым болып дейді. Бір күні киініп алып, әжесі мәшеңке тігіп отырса, терезенің жанында, Радж Капур болып «апыра» деп айқайлағанда, ана кісі отырған жерінде талып қалған деседі. Одан кейін «Тарзан» басталған. Бүкіл ауылдағы туысқандары, қойшыда істейтіндері бар, соның бәріне барып, заем болушы еді ғой, қапшық-қапшық қылып жинап қояды екен, соларды әкеліп тапсырады екен, олардан ешкім білмейді екен, әкеліп, арқан алады, тамақ, анау-мынау алады екен, бір ай бойы, мына бірінші темір жол бекетінің жанында мектеп бар, сол интернатта оқыған ғой. Сол

жақта тоғай болатын, әлгі арқанды керіп-керіп, үстімізге лайды жағып алып, бір ай бойы соның ішінде жүрдік, Тарзан боп дейді. Әзірбайжанның өзінің ойынан шыққан Әнуар Молдабеков пен Есболған Жайсаңбаев. Әзірбайжан аға орындады өз арманын. Осы театрда қай рөл болмасын, қандай рөлде болмасын барлық спектакльде акцентті Әнуардың ойнаған рөліне қойып отырды. Енді айтатын бол­ сақ, «Қозы Көрпеште» Жантықты, «Көктөбедегі кездесуде» Мәмбетті, «Менің сүйікті ағатайымда» Ванецкийді. Енді ол Ванецкийді керемет сомдады. Орыстар жөндеп қоя алмай жатқанда, бізді Мәскеудің өзі мо­ йындап мақтады. Енді Әнуар кинодағы ең бірінші ойнаған рөлі үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреатын Шәкен ағамен бірге алғанына қатты ұялғаны бар. Алған ақшасының бәрін таратып жіберіпті, «маған ең құрығанда бір туфли алсайшы» десем, «жоқ, біз әлі ондай еңбек еткеніміз жоқ» деп, бәрін студияның балаларына таратып берген. «Ән қанатындағы» «Жаяу Мұсаның» рөлін жұрт ұмытпайды. Әзірбайжан аға түсірген, Шәкен аға да жұмыс істеді олармен. «Міне, Қазақстаннан бір үлкен әртіс келді, әртіс туды» деді ғой, ең соңғы монологында, жылап тұрып. Асанәлі Әшімовпен екеуі бірге жүргені, бірге тұрғаны, тура өздерінің жаңадан өмірде де, өнерде де жаңадан бастап келе жатқан кездері сияқты көрінеді, сол фильмді көрсем. Анау пьесадағыдай ертегі қылып ойнамаңдар деді, сен жай тұт­ қынсың, мен сені босатуға, құтқаруға келген адаммын, Қобыландыны айтады. Маған айтады, «сен сұмдық актрисасың, үйде неше түрлі мінездеріңді көрсетесің, сондай жақсы актрисасың, мен саған мынадай пьеса дайындадым» дейтін. Екеуіміз ғана ойнаймыз, сен өзіңе қарап жүр, мен де қарап жүрейін, сосын Әубәкірге айтамыз, ол режиссер болып екеуімізді шығарады дейтін. Сол сөзі есімде қалды. 70 жылдығы келе жатыр, мен екі адамдық пьеса дайындадым дедім, ол «жарайды, апа, жарайды» деді. Әнуар ағаңның сол арманын орындайық дедім.

Ерлі-зайыпты өнер жұлдыздары Байғали Досымжанов пен Хадиша Бөкеева Хадиша Бөкеева, ҚР Халық әртісі: Өзі келіп, «Хадиша жүр, «Ревизорды» көрейік», – дейді, біздің театрдың спектаклін. Сонда бардық, келе жатқанда, үйге кірем деді, мен кеш болды, кірмейсіз деп, кіргізгем жоқ. Сөйтіп жүріп, әйтеуір бір күні, 1939 жылы ма, 1937 жылы ма, ет тартқыш алып келіпті, ешқандай сөзі де жоқ, тіпті көп сөйлемейтін адам ғой, бірақ жаны өте нәзік, өте таза, өте сезімтал адам. Адамды бағалай білетін, тани білетін, сезе білетін, кім болса сонымен шүйіркелесіп кете қоймайтын адам. Тұнғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық әртісі: Қазақ өнеріндегі қай­ таланбайтын жұптардың бірі, аты-жөнін толық айтуға болмайтын кі­ сілер, сонан соң, өнерде Пайғамбарлыққа жетіп, тазалықпен өмір кешкен, тазалықпен өнер жасаған екі адамды мен жақсы білемін. Олар мен үшін қымбат жандар, Байғали Досымжанов пен Хадиша Бөкеева. Екеуі де бұл өнер майданында қаншама ауыр жолдар, ауыр кезеңдерді басынан өткізсе, өмірде де бұл кісілердің творчестволық шарықтау шегі соғыс жылдарынан басталған болатын. Соған қарамастан жан тазалығын, өнерге деген көзқарасының тазалығын, бір-біріне деген сезімнің адалдығын сақтай білген жұп. Қарасаңыз көз тояды. Тәлім алатын тұстары өте көп, бірін-бірі толтырып, бір-біріне үйлесімдік тапқан әдемі үйлесімді жандар еді. Хадиша Бөкеева: Менің енді 14–15 жастағы кезім, қайдан та­уып алғандарын білмеймін, солардың айтқандарын істеппін, оны қалай

істегенімді осы уақытқа дейін білмеймін, бірақ өмірде кір жуып көрмеген кезім, кір қыстыратынды да көрмегем. Сол кірді жуыппын, қағыппын, жіпке жайыппын, кірді қолыммен іліппін, соған көздері бадырайып кетіпті, енді ол кезде кісіні сынай білмейтін, түсіне білмейтін кезіміз ғой. Сонан кейін «жақсы тапсырды, алдық» деп, олар кеткен. Тұнғышбай Жаманқұлов: Кейде іздейміз ол кісіні, Байғали ағаны іздегенде өнердегі, өмірдегі тазалықты іздегендей боламыз. Ол кісі соның мысалындай еді, сонан соң өнерге ынтасымен, жан-тәнімен берілгендіктің мысалы болатын. Хадиша апамыз қазір сыңарсыз аққу­ дай, Байғали ағамсыз өмір кешкеніне біраз болды. Сол үйлесімдіктің жоғалғаны ол кісіге әсерін тигізіп жүргені рас, бірақ сол әдемілігін, сол тазалығын сақтап келе жатқан үлкен өнер иесі, үлкен адам және мен үшін өнердегі ана. Ана баласына сын көзбен қарамайды ғой, баласының жасағанының бәрі жақсы боп көрінеді. Дегенмен, Хадиша апайдың өзгелер сияқты, өзінің құрбылары сияқты, өнердегі де, өмірдегі де біз сияқты балаларын жөнді-жөнсіз, әр жерге бір сүйреп, әліміз келмейтін, беліміз көтере алмайтын нәрселерге бізді итеріп, болмашыға күйіпжанып, бізді де күйдіріп, өзі де күйіп, айналасындағыны да күйдіріп жүретіндей бір пендешілігі жоқтығына, адалдығына мен таң қалам да, сүйсінем. Хадиша Бөкеева: 3–4 бала Семейден, вокзалдың басында ойнап жүріп, вагонға отырған да, кетіп қалыпты. Сонан кейін Барнаулға бар­ ғанда милициялар түсіріп, оларды балалар үйіне береді. Сол балалар үйінде мектепте фортепьяно класы бар екен, соған 2–3 жыл оқиды. Әкешешесі болған, сосын шешесі келіп, жылап, әйтеуір қайдан біл­генін білмеймін, үлкен баласын ертіп, Барнаулға барады. Барып, алып кетем деген екен, мұғалімдер жібермепті, жақсы оқып жүр, пианиномен айналысады деп. Сол мектепті бітіргеннен кейін болу керек, Алматыға келіп, техникумға, фортепьяно факультетіне түсіпті. Соны оқып жүргенде, Кәукендерді, Мұқан Төлебаевты, Абдуллиндерді жинап, Мәскеуге консерваторияға жібереді. Сонда, онда да фортепьяно факультетіне түскен екен, соны оқып жүргенде, сольфеджиода айтқанын естіген мұғалімдер «бұл жігіт әнші болуы мүмкін, даусы өте керемет» деген көрінеді. Сонан кейін вокалға ауыстырыпты, сол вокал факультетінде оқып жүргенде, үшінші курста соғыс басталады да, оларды соғысқа алып кетеді. Содан, біраздан кейін, үшінші курста оқыған шәкірттерді қайтарыңдар, оқуларын бітірсін деп, бұйрық шығарған. Сонан қайтып, консерваторияны бітірген. Тұнғышбай Жаманқұлов: Өмірден тек жақсылық қана көріп, болмаса шауып өтетіндей жағдайлар да болады, ал Хадиша апайдың өмірі бір сыдырғы, керемет, бәрі жақсы болды. Өмірі тек ду қол шапалақпен

өтті деп айтуға болмас, алайда өмірі ылғи да гүлдермен өткені рас, сондай бір биіктіктерге, асар биіктікке де алғаш жетіп, қошеметтердің үлкен қоржынына, сандығына, мұхитына тап болғаны да рас. Соған қарамастан, өнердегі өзі қанша биік болса да, соншама кішілікті бойына сақтап қалуы – қызығатын және қызықтыратын құбылыс. Хадиша Бөкеева: Ол бір жаққа барғанда, міндетті түрде маған қымбат нәрсе әкеледі және сыртқы киім әкеледі, пальто, плащ, сондайларды әкелетін. Гүл әкеледі, қосылған күнімізге міндетті түрде дайындалам мен, шәкірттерім келеді, шақырсақ та, шақырмасақ та, жолдастарымыздың бәрі келеді. 52 жыл, 6 ай тұрдық. Өте жақсы тұрдық. Ақын Қалижан мен зайыбы Зайдахан Зайдахан Бекқожа келіні: Қалекеңдердің Қызылтау жайлауы бол­ған, Баянауылдың қасында, әдемі жер. Содан үш жасқа келгенде, Қалекең Павлодар қаласына көшіп келген документінде Павлодар, бірақ өскен, туған жері Қызылтау делінген. Қалекеңнің өзінің жазғаны бар ғой, «Ең бірінші ұстазым Нұрқожа» деп. Нұрқожа Троицкіде оқыған, ақын болған, кезінде Нұрекең Ақан Серімен, Иса Байзақовпен айтысқан. Сондай белгілі адам болған. Біздің жақта ол кісіні «Мәшһүр Нұрқожа» дейді. Мәшһүр Жүсіппен айтысқан, сонымен дос болған Павлодарға көшіп келгесін. Бірде Мәшһүр Жүсіпті қонаққа шақырып, Нұрекең үйде болмағасын, Мәшекең ашуланып кетіп қалыпты. Нұрекең шапшаң адам еді, Қалекеңнің әкесі. Сонда паромда кетіп бара жатып, Мәшекеңді

көріп, мынаның ішінде ұры кетіп бара жатыр деп, паромды тоқтатып, Мәшекеңді түсіріп, үйіне әкеліп, қонақ қылып, риза қылып жіберген. Сонда: «Ертіс тасып құяды, кірім жарға, Мен өзім ұқсамаймын, пейілі тарға. Егер де дүниені отказ етсең, Мәдина деп келдің бе Павлодарға», – деп Мәшекеңе сол бір ауыз өлеңмен жауап қайтарады. Мыңбай Рашев, ақын: Қалижан Бекқожиннің ең белді, беделді шығармасы бұл «Ақсақ құлан» поэмасы. «Ақсақ құлан» поэмасы – ерекше дарындылықпен жазылған, ерекше шабытпен жазылған поэма. Әрине, бұл поэманың сыртында көптеген өзге де дастандарды жазды. «Мәриям Жагорқызы» жөнінде, «Орман қызы» деген поэма, «Аппақ Нама» деген поэма. «Аппақ Нама» дегенде кәдімгі қыпшақ қызы атақты Низами ғашық болатын, сол сюжетке құрылып жазылған ерекше поэма еді. Осы «Аппақ Нама» поэмасы үшін Қалекең кезінде Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Зайдахан Бекқожа келіні: Нұрқожа атамыздың балалары өліпөліп, шешесі 18 бала көрген екен, содан жылап, бір күні түс көргенде, түсінде екі жұлдыз жайнап тұр екен, Нұрқожа атамыз жорыпты, екі ұлым болады екен, екеуі де атақты болады деп. Ал енді Қалижанды орысша оқытып, оны айрықша ұстаған. Ол кісіге Бибіжар деген анамыз, екінші шешесі, бір жағынан нағашы шешесі тамақты айрықша жасап, бұны керемет күтеді екен, орысша оқытып, «Қалижан сабақ оқып отыр, сендер бармаңдар» дейтін көрінеді. Төлеутай Ақшолақовпен Қалекең нағашылы-жиенді болса да, ағалы-інілі сияқты бір шаңырақта өскен адамдар. Кішкентайынан Қалекең зерек болып, шығармаларды, шығыс әдебиетін, батыс әдебиетін көп оқыған, шығыстың аудармаларын, Низамиден бастап, Рудаки, Науаи соның бәрін Қалекең қазақшаға аударған. Содан Низамиді аударғаннан кейін «Аппақ Нама» деп поэма жазды. Ол поэмасы әзірбайжан тіліне аударылды. Ол кісілер енді қасиетті адам болған ғой. Қайыржан аға Қалекең сияқты емес, ол кісі сабырлы, салмақты сондай. Екеуі бір әке, бір шешеден туса да, баяғыда Бижекең анамыз айтатын, «ой, әкесі сияқты, мына Қалижанға қарашы» деп. Ақын­дардың өзі құдіретті, қасиетті адамдар ғой. Кейде күйіп-пісіп, бала сияқты боп қалатын, кейде жайдары, балаларымен балаша, үлкендермен үлкенше, солай ақкөңіл, сондай жақсы кісі еді. Дарқандығы, елден адамдар келгенде, соларға сыйлық әпер деп, бәріне костюм-шалбар, «бізден алам деп келеді, біз бермегенде, кім береді оларға» деп отыратын.

Мыңбай Рашев: Мұқаң «Қырғи тілді Асқар, майда қоңыр Ғали, өз алдына бөлек Әбділдә, сырлы мұңды Сырбай» деп осылай ақындарды жік-жікке бөліп отыратын. Ал енді осыларды айта келіп, Қалижан Бекқожинге ерекше тоқталды. Оның себебі, кезінде Мәскеудің төрінде өткізілген Жазушылар одағының съезінде Александр Фадеев, Жазушылар одағының төрағасы, Мәриям Жагорқызына ерекше тоқталды, «Мә­риям Жагорқызы» Қалижан Бекқожиннің соңғы кезде жазған поэ­ маларының ішіндегі ең шоқтығы биік поэма деді. Ол және біздің бүкіл Совет әдебиетіне, совет поэзиясына қосқан үлкен үлес деп бағалады. Зайдахан Бекқожа: Сол «Батыр Науан» үшін ол кісіні 50-жылдары әбден соққыға жықты ғой. Хандардың жоқтаушысы деп, «Батыр Науан» көп сынға ұшыраған. Тайыр Жароковпен Қалекең керемет дос болған. Тайыр Жароковқа баяндама жаса депті. «Қазақ елі, ала киіз, туырлықты, тәкаппармын менсінбейтін басқа жұртты» деген шумақтарын оқыған Тәкең. Тәкең даусы керемет болған студент кезінде. Мыңбай Рашев: Қалекеңнің біз тәрбиесін көріп өстік, шәкіртіміз деп айта аламыз, қуана айта аламыз, шаттана айта аламыз. Қалекеңнің соңынан ерген Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, сонау бақиға кеткен Әділбек Абайділданов, Ізтай Мәмбетов, Қабдыкәрім Ыдырысов, міне осы тізімді одан да әрі соза беруге болар еді, осы топтың ішінде мен де Қалекеңнің шәкіртімін деп айта аламын. Ол кісі тек қана өзін ғана біліп қоймай, өзінің соңынан ерген жас ақындарға ерекше ақылдарын айтып, қанат бітіргендей пікірлерін білдіріп жүрді. Мысалы, сонау ертерек кезде, Кеңес Одағы кезінде, онда енді белгілі ғой, жоғары жақта саяси, мәнді проблема болса біздің Қазақстанға келеді, басқа да республикаларға барады. Сол кезде жастарды мал бағуға жіберу жөнінде әңгіме болды. Орталық комитет бір топ ақындарды шақырып алып, жас малшылар жөнінде шығарма жазыңдар деді. Міне, осы кезде мен Семей облысының Шұбартау ауданына барып, «Бастау» деген поэма жаздым, жас малшылар жөнінде. Сол поэмам менің жабық байқауға түсіп, «Социалистік Қазақстанның» бас бәйгесін жеңіп алды. Сонда алдымен қуанып, газетке мақала жазған осы Қалижан ағам еді.

Ақын Жұмекен Нәжімеденов пен зайыбы Нәсіп Нәсіп Нәжімеден келіні, ақынның жары: Кішкентай кезімнен, ес білгеннен Жұмекең деген атты естумен ер жеткен адаммын. Өйткені үлкен атасы елге белгілі адам болды. Қазір енді сол кісінің фамилиясында ғой. Сол колхоздың, ауылдың басшылары, облыс басшылары барып атамыздан 2–3 күн жатып әңгімесін тыңдап кететін. Сол кезде біздің жақта наурыз айында көрісу басталған кезде анам барып көрісіп келеді. Көрісіп келгенде, «апырмай, мына Жақанның жалғыз немересі адам болады екен, айналайын-ай, аман болсыншы, қашан барсам да кітап оқып жатады» деп мақтап айтып келеді. Сол әңгімесінде ойлаймын, «ойпырмай, ол қандай жігіт өзі, мамама ешкім ұнамаушы еді, қалай ол, енді өзім көрсем екен» деген ойда жүрем. Сонымен сөйтіп жүргенде, біз 7 жылдықты бітірдік, ауданымызда 10 жылдық 3-ақ мектеп бар. Сол 3 мектептің Нұржау советіне қарасты 10 жылдық мектепке бөлген мені, соған 8-класты оқуға келсем, осы мектепте Жұмекен 9-класс оқиды екен. Бұрын қаншама естіп, қаншама сырттай қанық болсам да, 1952–1953 оқу жылында қыркүйектің 1-і күні мен оны бірінші рет көрдім. Суреттегі шаштар сол кезде мода болды, қыздарда кәрзеңке дейді, өреміз, оларда жаңағы кірпі прическа болды, топ-толық, көзі кішкентай, өзі аппақ. Мініп апасы шебер болатын, үстінде сол апайдың тіккен көк кителі бар, соған сыймай жүреді, оған ол кезде түйме жоқ ғой ауылда, солдаттардың бетінде жұлдызы бар сары түймесін қадаған. Тез-тез жүреді сабақта, мектепте өте беделді екен, жақсы оқиды. Енді күнде көретін болдық.

Ол кейін маған мені де сырттай естігенін айтты, әрі ағайыншылығымыз бар, әрі әке-шешеміз қатысып тұрады. Сол кезде ол да мен сияқты ойлап, «ойпырмай, ол қандай қыз екен» деп жүреді екен. Ертегі сияқты біздің өміріміз. Ол менен бұрын 10 жылдықты бітіріп, жаңағы Жас қайрат мек­ тебінде қазақ әдебиеті мен тілінен сабақ берді, ол кезде мұғалімдер көп жетіспейтін еді ғой. Бір жыл сонда істеді, содан кейін әскерге әкетейін деп жатқан кезде, атасы алып қалды. Атасы беделді адам еді, сосын келесі 1955 жылы осында Алматыға оқуға келді. Оқуға тапсырғандағы қиянаттарын айтсам, өмірінде 4 деген баға алып көрмеген адамды, құлатып жіберген ғой бірінші жазбашадан. Барып қараса үстіне сия төгіп жіберген. «Мен неге, қалай құлаймын, құлауым мүмкін емес» деп сенбейді. Содан кейін өз еркімен, комсомолдық жолдамамен Алматыдан Қарағандыға барып, Қарағанды шахтасында шахтер болып істеді, Сталин деген шахтада істеп, Марат Азбанбаев деген жігітпен қайда жатқанына дейін, интернат нөмірін, бәрін-бәрін қағазға түсіріп жүрген. 1956 жылы Мәскеуге барды, Мәскеуден келгеннен кейін оны шақырып алып сол шахтаның бастықтары «сенің өнерің бар екен, сен бізде қор болып жүр екенсің, оқы, өнеріңді жалғастыр» деп, құжаттарын қолына беріп, екі жыл күттірмей, біреудің жалғыз ұлы екенсің, жалғыз тұяғы екенсің депті. Өнеріне сүйсініп, ән айтқан, домбыра тартқан Мәскеудің сахнасында, жүлде алған. Содан кейін консерваторияға келіп, оқуға түсіп, төрт жыл Шәмшімен бірге оқыған ғой, Нұрғали Нүсіпжанов, Бақыт Әшімова бәрі бірге оқыды. Ол кезде дайындық курсы деген жоқ болатын, бірден курсқа түсіп, төртінші курста өзі ауырды, ауырып академиялық отпуск алып еді, содан кейін оқуын қайтып жалғастырған жоқ. Барлық жанрда жазды ғой. Үш романы, мысалы, сақаудың образын ешкім қазақта әлі дәл солай жазған жоқ. Мысалы сахналарға, театрларда кез келген арзан бір дүниелер қойылып жатады ғой, Жұмекеңнің сол сақау туралы образы неге шықпайды... Енді айтып отырмын ғой, жазғандарының бәрін қосқанда 10 томдай болады. Кейде ойлаймын, құдай-ау, неге осылай болып кетті екен деп. Өздерің білесіңдер, өте терең ақын ғой, мына жер астында ешкімнің қолы жетпейтін кенді, өлеңдегі ешкімнің қолы жетпейтін кенді, соны ерте шығарып кеткен адам ғой. Бәрін дайындап кеткен. Қазір мен үйде 21 жыл бойы бәрін салыстырып қарап отырсам, Жұмекеңнің кейбір жолдарын, оның баяғыда айтып кеткендерін жырлап, тіпті содан атақ алып жатқандар да көп. Ал Жұмекең мына жақта жатыр. Сонда неге сыншылар осыны қарамайды, әй, мынаны баяғыда Жұмекең жазып кетіп еді ғой, сендер бұны қайталап отырсыңдар деп неге ескертпейді деген ой келеді. Еңбегі далада қалып жатыр. Жалпы бар өмірімді Жұмекеңнің

дұрыстап демалуына, дұрыстап өлеңін жазуына, соған арнаған адаммын. Балалар деген аяғының ұшымен жүреді ғой, сонымен бір кезде жақсы өлең жазып тастап, жаңағы бөлмесінен шыға келген кезде, үйде бір кәдімгі мейрам сияқты күй кешетінбіз. Енді кейінірек анасын алдырдық ғой, анасы да, бәрі соған үйренген. Біз бір-біріміздің көңілімізді байқап отырамыз, біліп отырамыз, өйткені мен егер бір өлеңді түсінбейтін адам болсам, соның өлең жазғаны маған не керек деп өзімше жүре берер едім, өз-өзімді күтіп. Мысалы, өлеңіндегі менің ешқандай шаштаразға бармайтыным, еш сәнді киінбейтінім рас еді. Өйткені бар өмірімді оған арнағам. Әлі күнге дейін қайтыс болғанына 21 жыл болса да, бар арманым Жұмекең өз орнына отырсын. Қалтай Мұхамеджанов пен зайыбы Фарида Биттеева Фарида Биттеева: Үйдің іші болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой, бір нәрсе кейде жетіспей қалады, я болмаса ойламаған жерден қонақ келеді, қонақшыл болатын. Осы кешегі Одақтан қай жерге барса да соңынан қонақ еріп келетін үйге. Бір нәрсеге ренжиін десең, не әзіл айтады, не күлдіреді, сонымен ашуың тарап кетеді. Ұрсу дегенді біз білмей кеттік. Ана жерден, мына жерден газет оқисың, әңгіме естисің, теледидар көресің, бір нәрсе айтып отырасың. «Ой, шіркін-ай, әйелдердің бәрі қырықтан асқаннан кейін тұла бойының бәрі құлақ боп кете ме», – деп әзілдейтін. Сосын қатын деп сөйлейтін. Қатын деп сөйлегенге мен бірінші жылдары ренжитінмін. Сондай біртүрлі естілетін. «Сен өзің жазушы адамсың, көп оқыған адамсың», – десем, сонда маған түсіндіргені,

бірінші жылдары «Қатын-қызлар» деген өзбектер журнал шығарады, арабта «хатун» деген «нақсүйер» деген сөз. Әйел деген аяғын жуып, еркектің маңайында жүретін, соларды айтады. Хатун деген-нақсүйер. Содан кейін қатын дегенге құлағымыз үйреніп, қатын демесе кейде ренжитін де болдым мен. Шыңғыспен танысқанымызға қырық жылдан асып кетті. Балалары енді оқып жүргенде таныстық. Қалекең қырғыздарға жиі баратын. Сосын қазақ жазушылары да бар, өзбек жазушыларымен танысып, отбасымызбен араласып кеттік. Шыңғыстың бірінші әйелі Терес, менің ұжымымда дәрігер болатын. Екі ұлы Санжар мен Асқар мектепте оқып жүреді. Менің екі ұлым Тимур мен Алтай олар да мектепте. Олардың аралары жарты жас, бір жас сондай. Сонымен араласып кеттік. Араласқанда «Көктөбедегі кездесудегі» Айша апай дейтін кейіпкер бар ғой, сол Айша апайдың образын тапқан Қалтай. Айша апай Терестің әкесінің қарындасы. Бұлар қиыншылық көрген жылдары Шыңғыстың әкесі 1937 жылы кеткен ғой, жұмыскер болып. Содан осыларға аяғынан тұрып кеткенше көмектескен сол Айша апай болатын. Соның Қалтай кейпін шығарып, интернатта оқыған жігіттердің анасы ретінде, ұстазы ретінде Айша апайдың образын тапқанда екеуі керемет қуанған. Енді Расул ағай болса, ол осында Ниетбековтың шақыруымен келген екен. Осында «отдел помилованию» деген болған, сонда бірге істеген екен, біздің Сәкең екеуі. Сол осында қырғыздардан келе жатып, хабар беріпті, «Мен Алматыға соғамын» деп. Есімде жоқ қай жылы екені. Содан Қалтай болса бұрыннан таныс. Келетін болғаннан бәріміз дайындалып, Құрманғазы көшесіндегі «Қабылдау үйінде» қарсы алдық. Сонда бүкіл ақын-жазушыларды жинап, Ниетбеков айтты, «бәрін өткіз, мен бір жұмыстармен сәл кешігіп барам» деді. Сонда Қалтайдың айтатыны ғой: «Сәке, менде ала байталдан басқа ештеңе жоқ қой», – деп. Ана кісі түсінбей қалыпты, ала байталы несі деп. Ол таксимен шықсам, қалай көреді екен Расул аға депті. Сосын машина беріп, қарсы алды. Сол жолы ол Фатиматпен, сосын Зампред үшеуі келді. Араласып, біраз уақыт болды осында. Кейін кішкене науқастанып, ауруханаға түсіп қалған қызық әңгімесі бар. Содан келген сайын араласып кеттік. Енді Қалекең туралы деректі фильмде сексенін тойлады ғой. Сол сексенді тойлап барып кетті. Осы соңғы фильмі екен. Көп араластық. Фатимат деген керемет адам. Үлкен ақын-жазушылардың мінездері әртүрлі ғой, адам баласы болғасын. Атағы ерте шыққан Расул, өзі ерке болатын, соның бәріне шыдап келген Фатиматтың мінезіне сондай қызыға қарап, сыйлайтын едім мен. Көп араластық. Давид ағай мен Қайсын Кулиевтермен тек тойларда ғана кездестік. Шыңғыстың тойын Бішкекке барып өткізгенде, бәріміз

бірге болдық. Араласып, құраласып, сонда Ыстықкөлге де бардық. Бірақ отбасын білмеймін. Азаматтар өздері ғана араласты. Адам баласы қазір әртүрлі ғой, жаман бір нәрсе істесе, бетіне айтпағанмен, ол кісіден аулақ жүретін. Ал жұрттың арасында жүргенде «Ой, арыстаным, ой, жолбарысым» деп, әрқайсысының көңілін аулап, әзілін айтқанмен, үйге келгенде ол кісінің бойындағы қайғысын, ол кісінің неше түрлі көрген қиыншылығын, бәрін тек отбасымыз ғана білетін. Былай басқа ешкімге білдірмейтін, сездірмейтін. Өйткені әкесі кеткеннен кейін, жақын адамдардың өзі қолын созып, көмектесу түгілі амандасуға жарамай қалғандары бар. Оның жасыратын түгі жоқ. 37–38 жыл талай кісінің кім екенін анық көрсетті ғой. Содан ешкімге келіп жалынбайтын, бір реті келіп айтып қалса, ол көңілінен шықпаса, одан кейін ол кісіге жоламайтын. Бір күні мынадай қызық әңгіме болды. Димекең бір күні шақырды. Арыз түсіпті. Қалекеңнің үстінен. Ол кісі Қалекең деп сөйлейтін. Қалекең айтады: «Сондай қиналамын, сондай үлкен кісі Қалекең деп сөйлейді», – деп. Сосын Димекең: «Қалеке, үстіңнен арыз түсіп жатыр, туыстарың көп пе еді, жұрттың бәріне көмектесіп, әркімге барып, ісін айтып жүреді екенсің», – десе, «Димеке, білмеймін енді, жазса жазған шығар, бірақ менің Алматыда бір-ақ қана туысым бар, одан басқа туысым жоқ, басқа туыстарымды орналастырғам жоқ. Бір ағам, бір інім бар, олар Қызылордада», – депті, «Ол туысың кім?» – деп сұрайды Димаш аға. Ол: «Морис Симашко», – депті. Сосын Димекең күліп жіберіпті. «Ой, Қалеке, қойшы», – деп. «Жоқ, расында да екеуіміздің анамыз бөлек болғанымен, атамыз бір, ол сары адам», – деп әзілдеп жіберіпті Қалекең. Содан «Әй, қойшы» деп арызды жыртып, тастап жіберіпті. Қазақтардың тұрған жері Стамбұлда таныстық, 1976 жылы, білесің, қасымызда жол көрсететін кісі бар. Сонда бірінші рет Халифа Алтаймен таныстық. Қалекеңнің айтуымен, сосын үлкен кісіге айтуымен, Халифа Алтай осында келді. 1976 жылы біз бардық, 1977 жылы осында келгендегі суреті бар, біздің үйде отыр. Қонақ еттік. Содан кейін балалармен таныстық. Швеция мен Норвегияға барған жоқпыз. Финляндия мен Швейцарияға барғанда, сонда казақ диаспорасы бар екен, көп емес. Сонда балаларымен таныстық. Біресе Германияда, біресе басқа елде жұмыс істеп жүр екен. Дүниежүзін аралаған қызық қой, әсіресе танитын кісілер болса, сыйлайтын, күтіп алатын кісілер болса, ол тіпті тамаша. Сол Қалекеңмен біраз жерді араладық.

Өнер өрімдері
О, Муза – Тылсым-Тәңірім,
Жаныма түссін жарығың.
Жүрегіме менің жүреді

Тек қана сенің Әмірің!
Б. Құсанбек. «Өлең – Өзім» кітабынан

Сахна саңлағы Серке Қожамқұлов Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор: Ұлт көркемөнері тарихында сахна саңлағы, Қазақстанның халық әрті­сі, Қазақ КСР және КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Социа­ листік Еңбек Ері Серке Қожамқұловтың өнегелі шығармашылығы – өзінше бір бөлек дүние. Серке Қожамқұловтың замандасы, тұстасы, атақты суреткер Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов «қазақ театры тәңірлері­ нің бірі, өнер өнегесімен ел-жұртқа ұстаз, періштедей таза, сүлеймендей әділ адам» деп бағалаған екен. Серке Қожамқұлов бүкіл өнерін, өнердегі бастауларының негізгі көзін халықтан алған. Өнерлі ортада, сауықшыл ортада өмір кешкен. Қазақ сахнасында жарты ғасырдан астам қызмет еткен. Серке Қожамқұлов кинода, сахнада 180 рөлді сомдаған. Серке Қожамқұлов талай-талай рөлдерді сомдағанда, әсіресе қазақ тарихын­

дағы өшпес образдар, анау Еспембет образы, Тоңқай образы, Қара­ шешен, Хан Көбік образдары халықтың есінде мәңгі сақталған. Ол кісі образдарды ойнағанда, сол образдың тереңіне сүңгіген, образдың жан дүниесін меңгерген, оның әрбір сөзі, әрбір қимылы, қозғалысын, бәрін жетік мүсіндеп отырған. Мысалы «Еңлік – Кебектегі» Еспембет образы. Еспембетті Серке Қожамқұлов 50 жыл бойы ойнаған. Сонда әрбір ойнаған сайын оның ою-өрнегі байып отырған, дамып отырған. Мәселен, қатал Еспембет би, тасбауыр, тасжүрек. Жаңағы Еспембеттің аузындағы сөз былайша айтылушы еді ғой: «Тобықтыда ала алмай жүрген есең, тобықтыда тимей жүрген есең, алмай жүрген кегің бар болса, оныңды айт, әйтпесе мен тобықтының қоңсысы емеспін, сенің анау Кебегің, мына біздің қыз атаның аруағына қастық қылған, ол менің тентегім. Тұрысатын жеріңді айт, әйтпесе екеуін де былай шығар, екеуін де мен өз қолыммен жер жастандырамын, екінің бірі, екінің бірі», – деп, Серағаң айтқан кезде, бүкіл зал дуылдап кетуші еді. Серке Қожамқұлов 1896 жылы туған, Қостанай жерінде, Троицк қаласының түбінде, Үй деген өзеннің жағасында. 1913 жылы Троицк қаласындағы Уәзипа медресесінде оқыған. Татардың классикалық «Ғалия Бәну», «Башмағым» деген пьесаларында ойнаған. Татар тілін жетік білген. Сол кезде Орынборға барып оқуға түседі, Татар Халық Ағарту институтына, 1920 жылдары. Сонда бұл кісі Қазақ Халық Ағарту институтына түсе алмайды, өйткені онда студенттер толып қалған екен, қабылдау Татар Халық Ағарту институтында жүріп жатады. Сонда Фатих Кереев деген профессор лекция оқиды. Фатих Кереев мәдениет тарихынан сабақ береді, сонда Серағаңа айтады екен, «Осы Серке, сен сахна үшін туған сияқтысың, атың да қызық. Мына көне грек елдерінде театр деген бұқалардың, текелердің, серкелердің сүзісуін тамашалауы болған, сол тамашалаудан театр нысандары туған, сенің атың қызық», – деп таңданыс білдіреді екен. Серке Қожамқұлов 1916 жылы Әліби Жангелдиннің «Қызыл керуен» труппасында актерлық қызмет атқарады. Сол кезде «Бекмол құ­ дағи», содан кейін өзінің жерлесі Б. Майлиннің «Мырқымбайын» жат­ қа айтады, елді қыран күлкіге батырады. Серағаң қазақтың тұңғыш театрының әртісі болып қабылданады. Әрине, Серкенің қатарластары Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Құрманбек Жандарбеков, Қапан Бадыров, Елубай Өмірзақов – барлығы қазақ театрының негізін салушылар болған еді. Серке Қазақстанның бүкіл жер-жерінде өнер көрсетті, Ташкент шаһарында, Мәскеу шаһарында, Орынбор шаһарында, соның бәрінде рөлдерді сондай жетік орындаған. Серке Қожамқұловтың өзінің бір ойы бар, ол осындай сахна өнерінде керемет жетістіктерге жеткен себебі, өзі айтады, 3 нәрсені бөліп айтар едім: бірінші, өмір, өмірден үйрену, айналадағы адамдардан үйрену, өзі кейде, мына адамдардың

жүзіне қарап, қимыл-қозғалысына қарап, мимикасына қарап, кейбір рөлдерін, кейбір образдарын толықтырып, дамытып, байытып отырған. Екінші, тіл өнері. Ғабит Мүсіреповтың айтқан сөзі бар: «Мен қазақтың сөзін, қазақтың қара сөзінің інжу-маржандарын Серкеден үйрендім», – деген. Сондықтан бұл – тіл өнері, актерге қажет тіл өнері дейді. Үшінші, еңбектену, сахна шебері болу үшін, сахна қайраткері болу үшін үнемі іздену. Өзі айтады маған, сонау 20–30 жылдарда мен театр өнері тарихын зерделедім, ол театр өнері тарихын оқуға Мұхтар Омарханұлы Әуезов көмектесті деп отыратын. Ғаббас Тоғжанов, Ілияс Жансүгіров қазақтың театр өнері туралы мақала жазған еді, сол 1933 жылдары жазылған мақаланың өзінде Серке туралы керемет жоғары баға берген. Серкенің ойындарына қызыққан, ол образдарының керемет сом болып шығуы, шынайы боп шығуы, көрермендерді тербеліске бөлеуі, осы жағын айта келіп, Серке сатиралық күлдіргі образдар ойнауға шебер екендігін Ілияс Жансүгіров пен Ғ. Тоғжанов айтқан екен. Әсіресе Жансүгіровтың драмасында Өкеңді ойнауын, осындай кейіпкерлерді ойнауға шебер актер екендігін көрсете білді деп жазған. Серке Қожамқұлов өзі керемет ұстаз болған адам. Күләш Бәйсейітоваға ұстаздық еткен, Серағаң өзі тапқыр болатын, ізденімпаз, білімдар, оның өз замандастары энциклопедист актер деп атаған екен. Театр тарландары Қалибек Қуанышбаев пен Қапан Бадыров Әшірбек Сығай, театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Қалибек Қуанышбаев менің ұғымымда қазақ театр өнерінің символы, биік шоқысы, шыңы. Ол кісімен мен сахнада жолыққан еме­с­ пін, сахнада ойынын көргенім жоқ. Кинодан көрдім, кейбір теледидарда қалған көріністерден байқаймын. Соның бәрінен ең артығы, өнер адамын жүректе сақтау. Өнер адамының бейнесінің жүректе қалуы. Жүректе сақталған нәрсе мәңгі ұмытылмақ емес сияқты боп көрінеді. Мен Қанекеңді 1968 жылы консерваторияның театр факультетінде 3-курс кезімде кездестірдім. Өмірде осы консерваторияның қасында, Бейбітшілік көшесінің маңында бір гүлзар бар еді, сонда бір топ студенттер боп келе жатып көргенбіз, қара көзілдірік киеді екен, қо­ лында таяғымен аяқ киімінің басын түрткілеп, ой үстінде отыр екен. «Ассалаумағалейкум» деп, жамырасып, қолын алдық. Сонда әзіл-қал­ жыңға бейім кісі екенін байқадым. «Ой, сау ете қалған бұл қай мырза-

лар», – деп, бізді әңгімеге тартып, сол кезде демалысқа, зейнеткерлікке шығып, жасаған еңбегінің нәтижесін бір ой-мөлшермен өлшеп жүрген кезі екен. Ананы айтты, мынаны айтты, өнерден, театрдан, сосын темекі шегесіңдер ме, ұрттайсыңдар ма деп жайлап сұрады, міне, сол кезден бас­тап, ол кісінің бір жарқын бейнесі менің жүрегімде жатталып, қатталып қалды. Жұмабай Медетбаев, Қазақстанның халық әртісі: Қапан аға деген – енді біздің театрымыздың алғашқы іргесін қалаған, керемет ақсақалдар, сол тірнектеп жүріп, қазақтың өнеріне, театр өнеріне еңбек қосқан адамның бірі. Біз Қапан ағаны «театрдың шежіресі» дейміз. Ол кісі қай жылы, қай уақытта, қай спектакль қойылды, премьерасы қашан болды, кім ойнады, бәрін жатқа айтып беретін. Қандай жиналыс болды, бәрін жатқа айтып береді. Есте сақтау қабілеті өте күшті болған адам. Сосын үйіне қайтыс болар алдында екі рет кіріп шықтым. «Ал енді, Жұмабай, мен қазір көзден қалып жатырмын, бәрі сайрап тұр, осы мына Мұқаңның 100 жылдығы деп жатырсыңдар, бұл қалай, мен Мұқаңмен бірге қызмет істеген адаммын, мені неге бір сөйлетпейсіңдер» дейді. Мен тірі Әуезовпен жұмыс істедім ғой деді. Енді ол мына басшыларға байланысты. Сонда бұл кісінің 5–6 кітап шығарып жүргені, 100-ден аса газеттерге мақала жазып жүргені. Әр жаңа спектакль қойғанда, бұл кісі соны талдап, тіпті көркемдік кеңестің мүшесі болмаса да, сол жерде оты­рып, айтатын сөзін айтып кетіп жүрген адам. Әшірбек Сығай: «Сахна саңлақтары» атты кітабымда жаздым, бір тарау. Бұл кісінің өмірі енді қазіргі ұрпақ өнерпаздарына түгелдей өнеге деуге болады. Өйткені анау дауыс, анау дене, фактура, келісім, кескін,

келбет, әлгі шиыршық атқан ішкі күш, рухани күш, моральдік күш, тіпті физикалық күш. Мынау үлкен рөлдерді ойнау үшін ол кісі көбіне батырлардың, абыздардың, ақындардың, ақылгөй дана-данышпан қарттардың образын көп жасаған кісі. Ақылды рөл ойнау үшін актердің өзі де, шынын айтқанда, ақылды болу керек қой. Ғабеңнің тілімен айтқанда, самородок сары алтындардың ортасындағы ең биік шоқтығы, өзі де соған сәйкес, 1958 жылғы Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігінде «Кеңес Одағының халық әртісі» атағына ие болды. Бірер дүркін КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болды. Са­ уаты шамалы болса да, көкірек көзінің ашықтығымен соншалықты артына бүлінбейтін, бұзылмайтын мәңгілік, соншалықты ғажап, ғаламат саф таза өнер қалдырған өнер ақсақалын біз еш уақытта ұмытуға тиіс емеспіз. Жұмабай Медетбаев: Қапан аға айтатын, «Менің арғы тегім, атам палуан болған», – дейді. Бұл өзі де палуан болған, мықты адам ғой. Сонау қазіргі «Қазақстан» қонақ үйінің қасында тұратын, сол жерде бұрынғы Ленин көшесі ғой, содан осы театрға дейін жаяу келетін, таңертең. Қапан ағаға 80 жасқа келгенде, «сіз туралы жазатын болып отырмын, ішке кіріп сөйлессек», – десем, «мен қазір кішкене сыртта тұрып терімді басып алайын, сонау Ленин көшесінен осы жерге жаяу келдім» дейді ғой. 80 жасында бұл құдірет емес пе. Әшірбек Сығай: Менің байқаған 3 деталім, ең бірінші трамвай Алматыда 1934 жылы жүрген болуы керек. Сол бірінші трамвайға алған билеті сақтаулы екен. Соны көрсетті. Осыдан кейін бұл кісіні мұрағаттың иесі демей көр, шежіре демей көр. Екінші мәселе, 1932 жылы Мұхтар Әуезовты түрмеге салады, қудалаумен келіп, «халық жауы», «Алашорданың» мүшесі деген. Сол кезде бұл кісі де Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтардың шығармасын ел арасында дәріптедің деген жаламен түрмеге отырады. Ол кезде Масанчи деген дұнғаннан шыққан қайраткер бар ғой, көтерілісші. Сол кісі түрменің дирекциясының орынбасары екен, Қапекеңнің айтуына қарағанда. Мұқаң жалынып жүріп, сол Масанчиге келіпті, қазақтың классик жазушысы, түрмеде жатып, сұранып, жанын қоймай, әлгі директор орынбасарының Мұқаңмен алғаш кездесуін айтып берді. Әшірбек Сығай: Енді Қалекеңе 110 жыл толады, бұйыртса. Соның қарсаңында, Қалекеңнің атын қалай марапаттап, қалай көтермелесек те, ол өміріміздің, өнеріміздің тек өткені ғана емес, үлкен алдағы тұрған болашағы деп білуіміз керек. Жұмабай Медетбаев: Бұлар енді асыл ағалар, пір тұтатын адамдар. Сондықтан жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын дейміз. Бұл кісілер – біздің ұстазымыз.

Актер Қалибек Қуанышбаев пен жазушы Ғабит Мүсірепов Әділғазы Қайырбеков, ақын, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов кешенінің директоры: Ғабеңнің 1928 жылы Көкшетауда Орман техникумында атқа мініп түскен eң алғашқы фотосуреті сақталған. Бұл өзі қызық, символдық мәні бар фотосурет. Өйткені Ғабеңнің үлкен әдебиетке бет бұруы, алғашқы «Тулаған толқын» шығармасының жарық көруі, Биағаңнан ақыл-кеңес алып, кәдімгі жазушылық жолға бет бұруы осы 1928 жылдан басталады. Ал сол 1928 жылдағы атқа мініп түскен фотосуреті Ғабеңнің кәдімгі пыраққа мініп, үлкен өнер жолына аттанайын деп тұрғандығын аңғартады. Сол сияқты Ғабеңнің көптеген өнер адамдарымен, театр қайраткерлерімен түскен фотосуреттері сақталған. Оның ішінде Қалибекпен, Брусиловскиймен, тағы басқа көптеген, бүгін мына көп өмірі театрмен байланысты, опера және балет театрының әртістерімен түскен фотосуреттері көп сақталған. Маман Байсеркенов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор: Мен Қаллекиді көрген адаммын. Қаллекиді өмірде де қолын алып сәлем бердім, сахнада да көрдім. Бұл кісіні Мұхтар Әуезовтың «Еңлік – Кебек» пьесасында Абыз рөлінде көрдім. Бұл кісінің жойқындығы сондай, сахна ашылғанда, жалғыз жартастың түбінде қобызымен күңіреніп Абыз отыратын. Сонда үлкен сахнада жалғыз Қалибектің өзі кәдімгі 100 қаралы боп көрінетін. Біз сонда ой-

лайтынбыз, қалай сахна толып кетеді, сахнада отырған адам біреу-ақ, актер біреу, бірақ сахнада 100 қаралы адам жүргендей әсер қалдыратын. Соны кейін есейгенде, көз жүгіртіп, талдап қарап отырсақ, ана кісінің талантының шуағы, талантының шапағы, талантының арайы екен ғой, ал қазір кейде қарап отырсақ, бір спектакльде 15–20 шақты адамдар жүреді, соның өзі бір адам секілді көрінбейді. Міне, Қалибектің құдіреті, таланты осындай еді. Жалғыз өзі қол бастаған батырдай боп отыратын. Өзі тұлғалы, ірі кесек адам еді ғой. Әділғазы Қайырбеков: Ғабеңнің ана туралы, ана тақырыбына жа­ зылған әңгімелері бір сала да, соның бәрі ақыры құйылып, ең соңында «Ұлпан» атты үлкен романға ұласатындығы белгілі. «Ұлпан» қазақ әдебиетіне олжа салған үлкен туынды. Бұл Ғабеңнің өзі айтпақшы, «Менің Моно Лизам» дейді ғой, кәдімгі өзінің бір үлкен әйел бейнесін жасаудағы ұзақ жылдардағы бір арманын, аңсарын жеткізетін өте күрделі, өте көркем жазылған шығарма. Сол сияқты Ғабеңнің тағдырлы да шығармалары бар, оның ішінде «Қазақ солдатын» айтуға болады, Ғабең өзі соғысқа қатыспаса да «Қазақ солдаты» дейтін 1941–1945 жылғы қаһарлы соғыстан, сол соғысқа қатысқан қазақ жауынгерінің бейнесін сомдаған, бұл өзі бір жағынан деректі дүние, өйткені «Қазақ солдатын» көп оқырман, жұртшылық білуге тиіс. Басты кейіпкері – Қайырғали Смағұлов. Тарихта бар, ұзақ жылдар бойы Ғабеңмен әңгімелесіп, ақылкеңес алып, тіпті осы Қайырғалидың майданда жазған хатына дейін қойдық. «Қазақ солдатының» бірнеше нұсқалары тұр. Маман Байсеркенов: Одан кейін мен Шекспирдің Баттист рөлін көрдім. Бұл ғажап дүние, өзі Шекспир, ақ өлеңмен жазылған, одан кей­ін бұл өзі қазақ топырағының тұлғасы емес, ол анау Италия елі­нің, ита­ лия жұртының кейіпкері. Соны, сол итальянның тонын киіп, итальян­ ның шапанын жауып ойнаған кезде, мен Қалекеңе таң қа­ла­тынмын. Бұл қай­дан келген білім. Ал алып қарайтын болсақ, Қале­кеңнің өзі өнер мектебінің босағасын аттамаған, есігін ашпаған адам. Сахна өнерінде бұл кісі сауатсыз деп айтуға толық құқымыз бар. Ал сөйте тұра Қалекең әлемдік-классикалық кейіпкерлердің үлгісін сомдап кеткен адам. Әділғазы Қайырбеков: Ғабең өзі көбінесе қарындашпен жұмыс істеген. Мына біздің жазушылардың ішінде кезінде Ахмет Байтұрсы­ новтың әліпбиі бойынша төте жазуды үйреніп, содан өмір бойы ажы­ рамай өткен адамдар бар, соның бірі Мұхтар Әуезов те, Сәбит Мұ­ қанов та, Ғабит Мүсірепов те осы жазумен жазған. Қазіргі музейдегі қолжазбалардың көбісі сол төте жазумен жазылған жазулар. Ал енді Ғабеңнің шығармасын қарап отырсаң, адам таңқаларлық нәрсе, онда небір артық сөз, небір шимайланған сөйлем, не болмаса түзетілген әріп жоқ, бәрі де маржандай тізілген. Оның себебі, Ғабең қарындашпен

жазған және жанында өшіргіші тұрған. Егер де бір сөзді ауыстырғысы келсе, немесе сызып тастап қайта жазғысы келсе, ол кісі өшіріп тастап, орнына маржандай, тап-таза күйінде қайтадан жазып отырған. Сонда былайша айтқанда, Ғабеңнің қолжазбаларының ішінде екінші вариант, үшінші вариант дегендер жоқ, тек қана бір вариант, оның өзі маржандай тізілген, ең соңғы нұсқа, ең соңғы кітаптың баспаға тапсыратын нұсқасы осы күйінде сақталған. Маман Байсеркенов: Бұл кісі тұңғыш рет, 1940 жылдар болу керек, орта шені болар, Гогольдің «Ревизорында» дуанбасыны ойнаған. Ол кезде Мәскеуде кіші театр мен МХАТ көркем театр екеуі қабат қойып, сол жақта сәтсіздікке ұшырап жатқан. Сонда дақпырт тараған, ойбай, мына Қазақстанда «Ревизорды» керемет шығарыпты, дуанбасы деген сұмдық деп айтады деп, Мәскеуден арнайы комиссия келіп көрген ғой. Сонда қараңыз, кәдімгі орыстың жемқор, мансапқор, қомағай, бір үлкен өңірдің дуанбасын сомдаған. Ал Қалекеңнің өзі орысша білмеген адам ғой, таза қазақ, сонда тілмаш арқылы Қалекеңнен сұрағаны ғой, сіз мына образды қалай жасадыңыз дегенде, Қалекеңнің айтқан жауабы, «әй, мен бұлардың барлығын анау Қоянды жәрмеңкесінен көргем», – деп айтты дейді. Әділғазы Қайырбеков: Ғабеңнің хоббиі жөнінде де көпшілік жұрт білгісі келеді, замандас тұстастары біледі де. Ғабеңнің өзі өмірде бильярд ойнауға ден қойған адам. Өмірдің аяғына дейін қатты қызығып ойнаған, қазіргі музейінде Ғабеңнің өзі қолына ұстаған кийі сақтаулы тұр. Ғабеңнің тағы бір хоббиі, қолы боста таяқ жону, шоқпар жону. Бұл өзі өте қызық әуестік болған, Ғабең үшін аңшылық, қолы боста құс ату деген сияқты, көл жағасында демалуды ұнатқан. Ол жөнінде де тұстастары жазып қалдырған естеліктері мол. Маман Байсеркенов: Мынау «самородок» деген сөз бар. Ұлы ақын Абай да осы «самородокты» қатты қолданады. Бұл Қалибек Қуанышбаев – сол мың жылдың ішінде бір өмірге туа салған «самородок» актерлардың бірі.

1936 ж. Сәмбі талдай Сәбира мен мойылдай мөлдір Хабиба Хабиба Елебекова, Қазақстан Республикасының халық әртісі: Мен қазір мына суретке қарап отырып, сол уақытты есіме алам. Абай атаңның: «Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар? Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар!» – дейтін өлеңі еске түседі. Шіркін, жастық, ол айналып келмейді. Үстіміздегі киім-кешек те есімізде, соның алдында ғана, бір жыл бұрын біз Мәскеуге барып, декадаға, 1936 жылдың декадасына барған едік. Анау мойнымызда салған шарфты, сол декадада Мәскеуден алып едік. Сәбираның үстінде қара костюм, менің үстімде сұр костюм болатын. Бәрі-бәрі есімде. Біз дос едік, шын мәнінде дос едік. Осы суретті қайда үлкейткені де есімде. Ол уақытта бізде Алматыда суретті үлкейтіп түсірмейтін. Кішкентай ғана суретіміз бар еді, соны үйден алып, Мәскеуге алып кетіп, түсіріп алып, әкеп беріп еді. Сонда менің күйеу балам «Сәкеңмен бірге түскен суретті неге жібересіз» дегенде күліп едім. Шынында, бұл суреттің тарихы өте үлкен.

Тілектес Мейрамов, Қазақстан Республикасының халық әртісі: Мен ойлаймын, осы екі адамды біріктіретін қандай қасиет екен деп. Ол енді жас шағынан, тағдыр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен де, екеуі мүлде, бір-біріне кереғар жандар болатын. Сахнада да, өмірде де. Мысалы Сәбира апам қызуқандылық символындай болса, темпераментті, ойына келген әңгімесін бетке айтатын және ашып айтатын болса, Хабиба апам керісінше байсалдылықтың, сабырлылықтың үлгісіндей еді. Сонда біз кейде ойлаймыз, осы екі адамды біріктіретін қандай қасиет екен деп. Екеуінің достығына негіз болған, арқау болған қандай мінез екен деп. Қазір енді уақыт өте келе соның бәріне бажайлап қарап отырсақ, бұл екі анамыз да, менің ойымша, үлкен парасаттың, тектіліктің және төзімділіктің үлгісі сияқты. Бұл екі анамыздың басынан өткермеген қиындығы жоқ. Әр кездері. Сонымен қатар жұлдызды өткізген шақтарын біз жақсы білеміз. Біріне мастанбай, біріне күйремей, осынша жасқа, осынша дәрежеге жетуі, осындай парасаттылықтың, тектіліктің белгісі деп білем. Хабиба Елебекова: Мен 1935 жылы театрға келдім. Сәбира менен екі жыл бұрын келген екен, ол тіпті үш жыл бұрын 1932 жылы нағыз қиыншылық уақытта келген екен. Міне, содан бері қарай, Сәбирамен қанша жылдар жақсылықты да, жаманшылықты да бірге өткізіп, бірге жүрдік. Мінезі өр болатын Сәбираның, өзі кейінгі қартая бастаған кезде аяғының ауырғанынан өте қиналатын, бірақ сахнаға шыққан уақытта жаңағы аурудың бәрі қайда кеткенін білмей, жүгіріп кететін, еркін болатын. Оның жасаған үлкен-үлкен образдарын білем. Ол бір жатқан жеке хикая деуге болады. Ол трагедияны да, комедияны да ойнайтын, асқан жеңілтек қыздың да рөлін ойнайтын. «Ана – Жер-Анада» Толғанай, «Отеллода» Бианка деген жеңілтек қызды ойнады. Нағыз өнер үшін жаралған жан еді. Қандай қиыншылық көрсе де, бәріне шыдаушы еді. Балалардың барлығын өзінің баласындай көретін, жастарды. Аттарын кейде білмейді, өзінше ат қойып алатын, Уайысты – Уайаз дейді, Тілектесті – Өлмес деп ат қойып алған, әйтеуір сондай-сондай аттары болатын. Тілектес Мейрамов: Біз театрға жаңадан келгенде, Қ. Аманжолов­ тың «Досымның үйленуі» деген спектаклі қойылды да, бірі Айғаным, бірі Биғаным рөлінде ойнайды. Оның жасыратыны жоқ, біз балалықпен осы екі апамыз қалай әріптес болады екен деп ойлайтынбыз. Оны жасырмаймыз. Ал енді осы спектакль ұзақ жүрді, өзі гастрольге де барды, жалпы спектакльдің ғұмыры ұзақ болды. Осының бәрі екі апамыздың орындаушылық шеберлігінің арқасы деп ойлаймын. Өмірде бір-бірін түсінбеген адам сахнада түсінуі өте қиын болады. Сондағы сахнадағы екеуінің әріптестігі, бірінің жасағанын бірі іліп әкетіп, бірі жасаған қал­ жыңын екіншісі толықтырып тұратын дәрежеге біз, мына кейінгі жастар,

қызығатынбыз. Осы екі анамыз маған театрдың шын мәніндегі және толық мәндегі анасы іспетті көрінетін. Сәбира апам да, Хабиба апам да. Серағаң біздің театрдың үлкен батагөй атасы болып есептелетін. Мен осы жерде тағы бір нәрсені айта кеткім келеді. Мысалы, Хабиба апамыздың өнері, еңбегі, театрдағы, өз дәрежесінде бағаланды ма десе, мен оған жоқ деп жауап берер едім. Сол сияқты марқұм Сәбира апамыздың еңбегі дәл қазіргі тұрғыда өз бағасын ала алды ма. Әсіресе өнер адамдары жайлы, көз жұмғаннан кейін, іздеушісі болмаса, ұмыт қалдыра беретін жағдайлар көп кездесіп жүр. Осы орайда, Сәбира апамыздың біздің театрға, қазақ өнеріне сіңірген еңбегі жеткілікті бағасын көз жұмғаннан кейін алды деп айта алмаймын. Хабиба Елебекова: Сәбираны өле-өлгенше бәрі де күтіп өтті. Біздің қара шаңырақтың өзінің дәстүрі бар, үлкендерді қадірлейді, сыйлайды, ол жағы тіпті таптырмайтын нәрсе. Сол дәстүр үзілмесе екен деп ойлаймын. Бізден кейінгі жастар да қартаяды ғой, сондықтан бұл жарасымды үлгі жалғасып кете берсе деп ойлаймын. Кейінгі жастарға тілейтінім, шын дос табылу қиын, шын дос табылса, біреу үшін біреу жанын қиюға дейін барады. Сәбира кеткеннен кейін, Бикен екеуіміз қатты дос­ тасып жүрдік, ол да кетті. Міне, мен қалдым артында. Мен ойлаймын солардың көпшілігі, одан бұрынғы ағаларымыз кеткен кезде, осындай тәуелсіздікті армандап кетіп еді ғой барлығы да, сол тәуелсіздікті мен көрдім, солардың барлығын көзімді толтырып, соларға айтып барам ғой деп ойлап жүрмін енді. Режиссер Асқар Тоқпанов пен актер Ыдырыс Ноғайбаев Жаңыл Тоқпанова, Асқар Тоқпановтың зайыбы, диктор: Бұрынғы өткен ғасырды көп айтамыз ғой, он алтыншы, он жетінші ғасыр, он сегізінші ғасырда пәлен деген би өтіпті, пәлен деген шешен өтіпті, пәлен деген көсем өтіпті деп, мен айтам, көзіміз көріп, қолымыз ұстаған адам кеше ғана кетті ғой тарихқа, бұл Асқар Тоқпанов біздің көзіміз көріп, қолымыз ұстаған шешеніміз. Оған ешкім таласа алмайды. Асқар шешен емес еді, көсем емес еді, ол кісі дарынды емес еді деп дұшпаны да айта алмайды. Ол өзі Алланың бергенімен жүрген адам ғой, кейбір адамдар мысалы, оқып, өмір бақи ізденіп, сөйтіп барып үлкен атақ-дәрежеге жетіп жатады, академик боп жатады, ал мен өзім ойлаймын, көп шәкірттерінің ішінде, ұлан-ғайыр шәкірт дайындады ғой. Енді еңбегінің бәрі зерттелетін шығар деп ойлаймын, неге десеңіз,

біздің қазақ әдебиетінің тарихы қайта жазылып жатыр, ақтаңдақтар ашылып. Өзіміздің Қазақстан мемлекетіміздің тарихын қайта жазып жатыр, сол сияқты бұл театр өнерінің тарихы әлі жазылады. Өзі айтатын, Құдай асықпайды, жақсылық асықпайды, мен оған кәміл сенемін. Өзі Аллаға қатты сенетін адам болатын. Мұның бәрі қайта жазылады да, Асқар Тоқпановтың істеген еңбегі, біздің қазақ өнерінде алатын орны, «кім еді Асқар Тоқпанов деген», «қандай еңбек етіп еді». Өзінің дарындылығының, өзінің таланттылығының, асқан ғұламалығының ғана емес, істеген еңбегінің де бәрі өзі қалқып бетіне шығады, бәрін өз орнына қояды. Әубәкір Рахимов, театр режиссері: Ыдырыс ағаның творчество­ лық жұмыстарымен бірге, өзінің үлгі тұтқан адамдары да бар. Ол өзі үлгі тұтқан адамы, өнердегі мұраттас болған адамы – Әзірбайжан Мәмбетов. Сонан кейін өмірде ағалық көрсетіп жүрген екі адамы бар, біреуі – Асқар Тоқпанов, екіншісі – Нұрғиса Тілендиев болатын. Ол кісілердің сөзін жерге тастамаушы еді. Асқар Тоқпанов 1983 жылы біздің театрда «Әлішер Науаи» спектакліне кірісті, Асқар Тоқпанов өзіне режиссер қылып Ыдырыс Ноғайбаевты алып, екеуі бірігіп «Әлішер Науаиды» қойды. Бір-біріне деген творчестводағы сенім, сыйластық деген осы деп білем. Жаңыл Тоқпанова: Өзі айтатын, «Жаңыл, мен алтынды уыстап жүріп, шашып жүрген адам сияқтымын, менің ең үлкен өкінішім» дейді, о дүниеге аттанып бара жатқанда да айтты: «мен қыруар дүниені о дүниеге алып бара жатырмын», – деді. Мен артыма бұны жазып қалдыра алмадым деді. Ал енді небір мақал-мәтелдер, небір ғұлама сөздер, менің әлде жас кезім болды ма, бір жағынан баламен, бір жағынан жұмыспен жүргесін бе, ұзақ уақыт арамызда бала болған жоқ қой, мен тұрмысқа

шыққасын он бір жылдан кейін көрдім баланы. Солармен жүрдім бе, әйтеуір сол кезде неге жазып қала бермедім деп өкінем қазір. Ал енді әр сөзі, біздің қолымызға түскен әр сөзі алтынға бергісіз. Енді Ыдырыс қайтыс болғанда жазған сөзі екен, оның қалай жазылып қалғанын білмеймін, оның сөзі айтылады да, айтылған жерде қалатын. Бұл кісінің даналығы, шешендігі, көсемдігі – бәрі осы сөзде тұр. Қазір оқып берейін. Сағат 11.00-де дейді. «58 жасында Ыдырыс дүниеден өтті. Бұл – әрісі советтер халқының өнеріне, берісі қазақ халқының театр өнеріне орны толмас қаралы қаза. Әрине, жазмыштан озмыш жоқ. Айтысатын дау емес, алысатын жау емес, адам істеген зорлық емес, Алланың ісі қорлық емес, Алла пұлсыз жаратады, құнсыз алады», – депті. Көрдіңіз бе. Бұл кісінің өзінің сөз саптауы ғой. Өмірде өзі осылай сөйлейді ғой. Бұндай сөз деген көп нәрсеге керек. «Жақсы адам шалқақ келеді, жаман адам жалтақ келеді» дейді. Өзі сондай мінезі өр, сондай шалқақтап жүретін адам еді ғой және өзінің кемшілігін толық білетін өзі. Өзі айтатын, «мен барлық кемшілігімді білемін, Жаңыл. Алла мені өзі осылай жаратқан. Мен өзімнің ата-анама, Алланың осылай жаратқанына, мен тағдырыма ризамын» дейтін. Әубәкір Рахимов: «Ақан Сері – Ақтотыда» ол кісі мылқауды ойнайды. Сол мылқауды ойнап жүрген кезінде, біз халықтық сахнаға шығамыз, Ыдырыс ағаға сол жердегі құрдастары, бәрі білдірмей, сахнадағы декорацияны шегемен шегелеп тастаған жері бар. Сахнада мылқауға Ақтотыны сен әйел қыл деп тастап кеткенде, жаңағы мылқау теректі жұлып алады да, халықты қуатын жері бар болатын. Сол жұлып алатын терек белгілі ғой, стақанға орнатылады, сол стақаны бар декорацияның бәрі шегелеп тасталған, жұлынбастай қылып. Содан Ыдырыс аға ғана білмейді, басқа бәріміз білеміз, күтіп отырмыз, сол сахнада не істейді деп. Содан кейін Ыдырыс аға келді да, теректі бір жұлқыды, жұлынбады, сосын тағы бір жұлқыды да, көзімен сахнаның сыртына қарады да, Арон Мұхаметжанов деген машинист бар еді, өзінің құрдасы. Соның істегенін сезді де, күшке салып жұлған кезде, бүкіл декорациясымен жұлып алды. Содан жаңағы Арон ағамыз біттім деді де, қашты. Ондай жағдайларды өзінің құрдастары, тіпті өзінен кейінгі Асанәлі, Әнуар ағалар да көп жасайтын. Бірақ Ыдырыс аға соншама қалжың жасаса да, інілеріне ешқандай кек сақтамайтын. Қайта бір-ақ ауыз сөзімен барлығын басып тастайды, не жуып-шайып жіберетін. Жаңыл Тоқпанова: Жетім ғой бұл кісі, жеті жасынан жетім қалған. Әкесінен бір жасынан, анасынан жеті жасынан жетім қалған. Содан кейін бұрын комсомол еді ғой, Іле ауданының, Ыдырыс та Іле ауданынан, Әнуар Молдабеков те Іле ауданынан, бұл кісі де сол Іле ауданында, содан кейін мектеп-интернатына кіреді 15 жасында, сонда екі

жылда 3 сыныпты бітірген. Оған дейін молдада хат таныған, арабша. Арабша оқып, арабша жазып отыратын. Сол екі жылда мектепті бітіріп, 17 жасында КазПИ-ге түседі. КазПИ-ге түскенде, Жүргенов ең талантты, ең дарынды деген балаларды таңдап, бізде кадрға бала жетіспейді деп, Мәскеуге оқуға бала іздегенде, Асқар Тоқпанов сол кісінің назарына ілінеді. Бұл кісі 1939 жылы бітіріп келеді. Сол 1939 жылы келгенде театр училищелеріне, киноактерлер мектебіне сабақ беріп, Абайды қойды, 1940 жылы, Мұхтар Әуезовпен бірігіп. Абайдың сөзі бар ғой, «Адамның қандай екенін, бастаған ісінен білесің», – деген. Бұл кісінің 25 жасындағы сурет қой газеттегі. Сол жарқ етіп, 25 жасында Абайды тірілткенде, бұл бүкіл қазақ халқына Асқар Тоқпанов болып танылады. Әубәкір Рахимов: Ыдырыс аға Шымкент облысына театрлардың спектаклін көруге, халық театрын көруге барады. Барғаннан кейін, бәрін бітіріп келе жатқанда, жолда Ыдекеңді бәрі танып, сұхбаттасу үшін қасына жиналады да, Ыдырыс аға автограф жазып, тарата береді, содан автограф беретін ештеңесі қалмаған соң, өзінің театр куәлігін алады да, бөліп, екі адамға автограф жазып береді. Содан тағы бір үлкен кісі, «қарағым-ау, маған қайда, бәріне жазып беріп, қарқ қылып отырсың ғой» дегенде, ары қарайды, бері қарайды да, жазатын ештеңе болмағасын, қолындағы алтын жүзігін алып, мынау сізге дейді. Міне, осындай жомарттығы да бар. Осындай ұлы ағаларымызды, өзімізге, өнерімізге үлгі болған, біздің шығармашылық жұмысымызға арқау болған осындай ағаларды аңсаймыз. Сахна сардары Сәбира нояны Нүкетаймен Нүкетай Мышбаева, халық әртісі: Сәбира апамды ылғи біртүрлі анам сияқты сезінетінмін. Бұрын да көп спектакльдерін көрдім. Біз оқып жүргенде өмірі спектакльден қалмаймыз, кейінгі курстарға келгенде массовкаға қатысамыз, содан жүргенде аңдимыз ғой, мен мына актри­ са болам, мен мынадай актер болам деп, бәріміз бөліп аламыз. Сондағы менің өзім ішім жылып, бөліп алғаным Сәбира апам. Бірақ оларға келіп, жақсы ойнадыңыз дегенді айтпаймыз. Ең бірінші мен «Айсұлу» спектаклінде ойнадым. Ертесінде Сәбира апам келді де, ол кісі әдемі оң қолының саусағын көтеріп сөйлейтін, «Әй, қыз, бері келші» деді маған. Өзім біртүрлі боп қалдым, түндегі спектакльден бір ұнамаған жері бар шығар деп. «Әй, мен саған айтып тұрмын, бері келсейші» деді. Қасына ақырын келгенімде, «Әй, айналайын, түнде жақсы ойнадың спектакльді, өлең айтады екенсің ғой өзің, бәсе, өнерге өлең айтпай, домбыра тартпай

ешкім келмейді, сөзің де жақсы екен, мына қазақтың тілінің берекетін қашырып жүргендер көп. Жаман болмайсың» деп арқамнан қақты. Әубәкір Рақым, театр режиссері: Өнерде өзіңді келгеннен бастап таба алмасаң, қалған өміріңді бекер өткізесің, еткен еңбегіңнің барлығы далаға еш боп кететіні бар. Мен Нүкетайдың өнер жолы туралы, оны айта алмас едім. Өйткені ол Әлиманды қалай ойнады, Нүкетай солай Әлиман болып шыға келді. Көрерменнің барлығы Нүкетайды Нүкетай деп танымайды, Әлиман ретінде танитын. Нүкетайдың қай рөлін алып қарасаңыз да, сахнада жасалған, ол өзіндік, тек қана Нүкетай ойнай алатын, Нүкетайға тән бір ерекше қасиеттермен ерекшеленеді. Сонысымен көрерменге жақын, сонысымен көрерменнің көңілінде тереңінен орын алып келе жатыр деп айтуға болады. Нүкетай Мышбаева: Ылғи гастрольге шығамыз, сосын «Досымның үйленуі», «Күйеу» деген спектакльмен біз гастрольге шығатын болдық. Енді онда «Ана – Жер-Ана» сияқты үлкен спектакльдерді апармаймыз ғой. Сондықтан жеңіл-желпі деп комедияны апарамыз, бірақ «Досым­ ның үйленуінде», мейлі қай спектакльде ойнасын, Сәбира апам ойнаса, сахнаға патша, падиша шыға келгендей болып көрінеді. Сондықтан комедия болсын, жеңіл-желпі деп қарамайды, бізден өте жауапкершілікті талап етеді. Ол кісінің қасында біз жаман ойнауға хақымыз жоқ. Гас­ трольге шықтық, осы Ақтөбе облысының Байғанин ауданына баратын болдық. Ақтөбеде «Досымның үйленуі» спектаклімен шығамыз. Онда мен келіні болып ойнаймын, марқұм Әнуар Молдабеков, Есболған Жай­ саңбаев, марқұм Тілеубаев, Хабиба апам қатысады. Оның қасында Аса­ нәліге: «Әй, Асанәлі, бері кел, сен бізбен бірге гастрольге бара­сың», – деді. «Ау, апа, мен қатыспаймын ғой, неге барам», – деп еді, «жоқ, сенің

рөлің бар ана жерде, барасың, ой, құдай-ай, машинадан түсе қалғанда, сайдың тасындай әп-әдемі адамдар түсу керек қой, мыжыраймай», – деп, біреулерді көрсетіп қояды. Әубәкір Рақым: Нүкетай – театрдан басқа, кинодан басқа, мына телевидениеде «Қымызхана» хабарын құрушылардың бірі. Ондағы Түйметай образын алып қарасаңыз, нағыз қазақы, анау біздерге жетпей қалған, біздер көрмей қалған Қоянды жәрмеңкелеріндегі адамның қасиетін елестетуге болады тура Түйметай образынан. Сондықтан болар, ол образ халыққа соншама жақын болып кетті, барған жерде ылғи Нүкетай апаны Түйметай келді деп, мысалы, Жұмабай Медетбаевты, «О, түбің түскір келді» деп атын білмесе де, қарсы алып жататын. Нүкетай Мышбаева: Ал енді тағы бір жерге, тағы сол адамдармен Шымкент жаққа бардық. Енді «Келіндер көтерілісімен» кеттік. Көп адам ойнайды. Комедия. Спектакльде ойнап жатырмыз, сөйтсек ду-ду бірдеңе болып кетті. Сәбира апам оған қарамайды, мен енді сол жерде келін боп ойнаймын, екеуіміздің сөзіміз көп, сонан кейін бір әйелді алып кетті, ойбай-ау, бұны неғып алып кетті деймін. Ду басылды. Сосын Асанәлі анау жақтан жүгіріп шықты да: «Сәбира апа, масқара болдық», – дейді. «Ойбай, не болды» десе, бір әйел спектакльге айы-күні жетіп келген екен, туып қойыпты, көрерменнің ішінде. Оның бәрін айына жеткен жоқ деп сізден көріп жатыр дейді. «Ойбай, менен неге көреді, айы-күні жеткен болса, спектакльге неге келеді, ал баласын туып қойса, баласын дұрыстап ұстамай ма?». Не керек, есі шығып қалды. Содан бәріміз күліп жатырмыз. «Әй, жарайды онда, қыз болса, Сәбира, ұл болса Асанәлі деп қойыңдар», – деді. Түнімен хабарласып тұрдық, сөйтсек ұл туыпты, әлгі әйел. Сол спектакльдің ішінде туып қойыпты. Наурызовтар, Есболғандар реквизиттерден шүберек апарып, баланы орапты. Әубәкір Рақым: Жоқ нәрсеге өте сенгіш, оны алдай салуға болады. Мысалы, 1 сәуірде, күлкі күні ғой, сол кездерде жұрттың бәрі Нүкетайды алдауға тырысатын. Әсіресе, марқұм Мейірман Нұрекеев, Уайыс Сұл­ танғазин сол кісіні алдап, сандалтып, театрдан шығарып жіберетін. «Ойбай, Нүкетай, жаңа ағаң телефон соқты, сені іздетіп жатыр», – десе, сөмкесін алып, кетіп қалатын. Сонан кейін жол ортаға барғаннан кейін есіне түсіп 1 сәуір екені, ренжу деген жоқ, режиссердің алдында, менің алдымда немесе Әзекеңнің алдында кешірім сұрап, әлгілерге «ой, жексұрындар, осылай алдай ма, жұмысқа зиян келтірдіңдер ғой» деп жүретін кездері жиі кездесетін. Нүкетай апаның бойындағы кейбір қасиеттерді көргенде, қылықтарын көргенде, маған көзіме Сәбира апай елестейді.

Арқалы актер Елубай мен би шалқытқан Шара Әмина Өмірзақова, Қазақстан Республикасының халық әртісі: Біз оқып жүрген кезіміз, 1936 жыл, тура «Амангелдіні» Ленинградта түсірді ғой. Массовкада жүргенбіз. Анау әлгі Шараның билейтін жері, Елекеңнің өлең айтатын жері бар ғой, сол жерде отырғандардың барлығы біздің студенттер болатын. Енді түсірілім біткеннен кейін, студенттер белгілі ғой, тұрамыз. Қазір анау үлкен кісілер қайсысымызды шақырады екен деп. Сонда мен кішкене пысықтау болдым ба, «Әй, пұшық, бері кел» деп шақырып алады, жүр деп асханаға апарады, тамақ ішкізеді. Сонан біздің балалар да шақырса, біз де барамыз деп тұратын. Мен барған жерге, біздің студенттер де барып, тамақ ішетін. Ал Шара түсірілімге келсе, «ал, жүріңдер» деп, шетімізден шақыратын. Бұл түсірілімге біз рақаттанып, бір жағынан ақшасын алып, бір жағынан тамағын ішіп, сол түсірілім біткенше рақаттанып жүрдік қой. Алпысбай Жадыраев, Қазақстан Республикасының хор капелласы­ ның әншісі: Шәкеңнің өнері туралы әңгіме жазсақ, бұл өнер иесі, үлкен тарлан деп айтуымызға болады. Бұл кісінің біраз билері менің есімде қалды, оның ішіндегі «Бүркіт биі», «Бозжорға» және «Қарт тігінші еврейдің» биі, «Шахтер» биі, барлығын өзі жинап, әр биін кішкентай спектакльге айналдырған. Тамашалап отырған адамдар бәрі риза болып, қыран күлкіге бататын. Сахнаға шыққанда мың бұралып, буын-буындары босап, тіпті саусақтары қимылдағанда, сөйлегендей боп тұрушы еді. Әмина Өмірзақова: Театрға келгенде Елекең сияқты, Қалекең сияқ­ты, Серке ағай сияқты, Қапан ағай сияқты, осы кісілердің қолына түсіп, сол кісілерден өнеге үйреніп, жақсыны да, жаманды да айыра

білуді үйрендік. Енді қазір қарап тұрсаң, искусствоның пионері дейді ғой, қазақтың бірінші шыққан жұлдыздары ғой, сондықтан бәрін айт та, бірін айт, Елекеңе келер болсақ, ол кісі енді ерекше адам болатын. Мінезі де, адамгершілігі де, қай жағынан болсын, бауырмалдығы, қарап тұрсаң көз алдыңа елестейді. Ол кісіден біз сияқты жастар, жаңа бітіріп келген, дәстүр, әдет-ғұрып дегенді үйрендік. Содан ақырын ұзын көйлекті киіп алып, сартылдап жүгіріп келе жатсам, «тоқта, тоқта» дейді, «қазақтың қызы олай жүгірмейді, қазақтың қызы қаздай жүреді» деп көрсететін, «жарайды, ағай» деп алып, артынша сартылдап тағы да жүгіріп кететінмін. Алпысбай Жадыраев: Ең есімде қалған құдіреттілігі, ол ер адамды пір тұтатын адам еді. Үлкен бала болсын, кәрі болсын жолын кесіп өтпейтін. Дастарқан үстінде де солай болатын. Алдымен ер адамдарды жіберіп, өзі жаңа түскен келіншекке ұқсап, есікке жақындап отыратын. Өзін өте қарапайым ұстайтын, киім кигенде де, өзінің бет-пішіні, дене құрылысына қарай таңдап, киімнің тазасынан киінетін адам еді. Өзінің жеке тігіншісі де болған. Тамақ пісіру жағына келетін болсақ, одан асып түсетін адам жоқ еді сол кезде. Тамақты да өте дәмді, қазақтың баяғы қуырдағы, еті, қазы-қартасын өте жақсы істейтін адам еді. Енді әңгіменің тоқетері, оның хореография училищесінде директор боп тұрған кезінде тәрбиелеген жастары, жеткіншектері өте мол. Оның ішінде еңбек сіңірген әртіс деген атақтары бар, еңбек сіңірген қайраткер деген атақтары бар жеткіншектері өте көп, өз еліміздің түкпір-түкпірінде, аудандарда, ірі-ірі қалаларда қызмет жасап жатыр. Әмина Өмірзақова: Содан кейін фестивальдарға көп шықтық, бірге болдық. Ол кісімен Эстонияда, Латвияда бірге болдық. «Мен Амангелдіні, Ленинді ойнадым, мен бәрін ойнадым, мен Шыбынды ойнадым» деді, Шәкен ағай тұрған, «шыбының не» деді, ол «шпион» деген сөзі екен. Содан былай шыққаннан кейін, «әй, мен жаңа дұрыс айтпадым ба, сен айтшы, анау Шәкен неге сонша күлді?» деді. «Шынында да, шыбын дедіңіз» дедім. Енді Шара апайды қазір еске түсірсеңіз, сұлудың сұлуы ғой өзі. Бәріміз сол кісінің сұлулығына қарайтынбыз, адамгершілігі де күшті болатын. Айналайын деп қана сөйлейтін. Сонан әлгі өркөкіректік деген жоқ болатын ол кісіде. Елекеңе еркелеп отыратын, «Елеке, ананы әкелші, мынаны әкелші» деп. «Не болды, мені қайтақайта жұмсай бересің ғой» дейтін. Енді, мұндай адамдар аз кездеседі ғой, бір жағынан. Алпысбай Жадыраев: Шәкірттері, міне, өзінің құрбы-құрдастары, замандастары, өзінің биін құрметтейтін адамдар, зиялы қауым еске түсіріп, ономастикалық қоғамға барып, Шәкеңе көшенің атын берсе деп ойлаймын. Өзінің жинаған дүниесі өте мол, артында үш кітап жа-

зып қалдырды. Қазақ биінің негізін қалаушы Шәкеңнің атына бір мектеп ашса, өзіне лайықты. Музей ашылса, тіпті артық емес. Би өнерінің негізін қалаушы адаммен етене танысып, келешек жастар біліп, үйренсе. Би өнерінің мамандарын дайындайтын мектеп ашылса құба-құп, жөн болар еді.

Арынды да арқалы Әнуар мен ерекше дарын Есболған Салиха Қожақова, Есболғанның зайыбы: Бірге жүрдік, бірге оқы­ дық. Енді үйленеміз деген ойымызда да жоқ еді, тағдырға тәуба дейміз. Баянның Әнуардай жігітті, менің Есболғандай жігітті тапқанымызға, құдайға да рақметімізді айтамыз, театрға да рақметімізді айтамыз. Театрға келіп түспесек, Есболғанға мен бұйырар ма едім, Есболған ма­ ған бұйырар ма еді, Әнуарға Баян бұйырар ма еді. Бұл енді құдай қос­ қан, Аллаға рақмет айтамыз. Баян Имашева, Әнуарбектің зайыбы: Бір күні мені киноға ша­ қырды. Штраустың «Большой вальсі» сол кезде жүріп жатқан. Бардым, екеуіміз отырдық, жылайтын жерінде жылап алдым, күлетін жерін­де күліп алдым. Ең аяғында Штраус әйелі екеуіне бағалы сыйлық беріп жатады ғой, атақ па сондай. Соны беріп жатқан кезде: «Сен де тура осындай Штраустың әйелі сияқты боласың», – деді. Мен түсінбей қалдым. Неге мен Штраустың әйеліндей деймін. Сонда ол өзін айтып тұр екен ғой.

Салиха Қожақова: Есболғанның шыққан тегі, шыққан жері Тал­ дықорған облысы болатын, Ақсу, Қапал ауданы, қой совхозы, өзінің кіндік қаны тамған жері сол. Ұлдың үлкені Есболған екен, атамыз бала көрмей жүріп, үшінші әйелінен көріпті Есболғанды. Есболған өзі бос­ тау, ақкөңіл жігіт еді, мен енеме айтатынмын, «апа, осы баланы қалай тәрбиелегенсіз» деп. «Әй, қарағым-ай, біз бала көрмей жүріп көріп едік, екі қыздың ортасында тәрбиеленді» дейтін. Шыққан тегі жақсы адамдар, ата-енем өте жақсы адамдар болды. Баян Имашева: Кейде ауылға барғанда күліп айтып отырады әкешешесі. Сөйтсек әртіс болайын деп жүр екен ғой дейді. Бәріміз еске түсіреміз, қазір де басымыз қосылып қалса еске алып отырамыз. Әнуар ауылында жүргенде, 90 жастағы әжесі бар, Үкі деген. Мен көрдім әжесін. Сол кісінің қолында өскен ғой. Қартайған кісі, ұйықтай береді екен, бірақ мазасыз екен, бір күні бүкіл терезенің бәрін қараңғылап жа­ уып қойыпты. Түске таман салқындасын деп ауылда терезелерді жауып қоймаушы ма еді. Содан үйдегі шамды жағып қойдым дейді. Шешесі дүкенде сатушы болған, ол жұмыстан кешіккен, әкесі сабақтан қалып қойған, кемпір ұйықтап қалған. Сағат екіде бәрі бірге тұрады. Мал-жай маңырап кеткен соң, у-шудан оянып кетеді. Бала кезінде Әнуардың істеп жүргені ғой. Салиха Қожақова: Ой, өлең айтқанда тау жаңғыратын Есбол­ ғанның даусынан. Енді көп оқыды, көп білді. Мысалы «Еңлік – Кебекті» қойғанда, маған өте жеңіл түсті дейді. Неге десем, өзімнің әпкем Хадишаны қолынан ертіп, жігітіне беріп жібергем, сонда шешем мені үш күн қамап қойған дейтін. Сол мен тура Жапал сияқты бол­дым да, әпкемді өзім қолымнан бердім дейтін. Есболғанның ерек­ шелігі, тапқырлығы – көп ізденеді, көп оқиды, көп біледі. Өзі мек­ тепте жүргенде де өте жақсы оқығанын мұғалімдер айтып отырады. Химия, физиканы шемішкедей шағатын. Балалар оқуға келсе Есболған: «Алдымнан өтесің, мен сені тексерем, содан кейін оқуға түсесің» дейтін. Баян Имашева: Әнуарда барлық қасиет бар, сахнаға шықса барлығын жасай беретін. Әнуардың дайын рөлін еш уақытта көрген жоқпын. Кішкентай рөл болса да, қиналып, терлеп-тепшіп шығаратын. Әрине үлкен рөл тіпті қиын болады. Білмеймін, қасиет онша берілмеген болса, бұлай ойнай алар ма еді. Ал кейде қасиет берілсе, соның өзінде адамға уақыт керек, ой керек, ми керек емес пе? Салиха Қожақова: Есболғанға күлкілі рөлдер беретін. Күлкілі рөлді ойнау оңай емес, әрине. Ылғи эпизод, соның өзін енді керемет оқып шығаратын. Кішкентай рөлдің өзіне бірдеңені таба қоятын. Оны біреуі түсінеді, біреуі түсінбейді.

Баян Имашева: Өткенде Ықтымбаевтың «арқалы актер» деп айтқан бір сөзі ұнады, дұрыс айтты ол кісі. Мен оны қазір түсінемін, неге «арқалы» деп айтқанын. Сол кезде қалай екенін түсінбедім, арқалығы сонда шығар, екі қызың болады деді маған. Үлкенінің атын Құралай, кішісінің атын Қарлығаш қоямын деді. Ұлың болады, атын Ермек қоямын деді. Арқалығы сонда шығар, тура келді. Одан кейін бала болған жоқ. Құдайға шүкір, үшеуі де қазір отбасылы болып, балалы-шағалы болып кетті. Салиха Қожақова: Көпке дейін атақ алмады, өзінің тең құрбысынан кейінірек алды. 5 айдан кейін қайтыс болды. Ал енді қазір қарап тұрсам, немерелерім де бар сияқты, үш ұлымыз бар, құдайға шүкір, екі келін бар, үшінші ұл Арланымыз үйленген жоқ. Тәуба, немере сүйіп отырмын. Балалар жаман емес, барлығы жоғары білім алды. Баян Имашева: Есболған Әнуар қайтыс болған кезде, қатты қи­ налды, спектакльдерде партнерлерін таба алмады. Содан келіп, Әзір­ байжанға айтты, «мен бас тартамын Әзірбайжан аға, мен басқа адам­мен ойнай алмаймын, шық десеңіз, театрдан шығып кетейін» деп, «Асауға тұсауда» «бұрынғы Әнуар жоқ, мен ойнай алмаймын» деді. «Асауға тұсауда» түскен екеуінің суреті тұр ғой. Содан Есболған шынымен ойнаған жоқ. Әнуар кеткеннен кейін 4 спектакль тоқтап қалды. Ауыстырамыз деді, ауыстырды, бірақ кейін ойнаған әртістер маған ренжімесін, ешқайсысы Әнуардай шығара алмады. Сахна саңлақтары Бикен Римова мен Әнуар Боранбаев Бағыбек Құндақбаев, өнертану ғылымдарының докторы, профессор: Бикен Римова академиялық қазақ драма театрының жетекші актрисаларының бірі болды. Ол Отан соғысы кезінде «Достық пен махаббат» деген пьесада шағын рөлді ойнап бастапты. Ол жасаған бейнелердің ең мықтысы – М. Әуезовтың «Еңлік – Кебек» трагедиясындағы Еңліктің бейнесі. Жалпы Еңлік туралы бірталай айтыстар бар. Біреулер Еңлік біреудің жалғыз қызы болғандықтан, ол еркекшоралау болып өскен, садақ атып, саят құрып жүрген кісілердің қатарына қосылып жүрген деп айтады. Бикеннің сол жасаған Еңлік рөлі туралы бірнеше пікірлер болды. Біреулер оны тап осылай ойнаған дұрыс, батырлау қылып көрсеткен дұрыс деді. Ал Әуезовтың бейнелеген трагедиясына қарағанда, Бикен

ойнаған Еңлік рөлінде ондай қайшылық жоқ. Шынында да, ол біреудің жалғыз қызы, әке-шешенің жалғызы, сондықтан да ол еркекше киініп, сол үйдің барлық жағдайын, әке-шешенің қамын ойлайтын адам болған. Сондықтан да Бикен оны батылдау қылып ойнағаны рас. Бақыт Жанғалиева, ҚР еңбек сіңірген әртісі: Әнуарды жалпы театрда жақсы көрмейтін адам болмады. Әнуардың жеке өз басының тартымдылығы бар. Сахнада болсын, жеке өмірде болсын. Енді театрға бір күнде келдік, 1969 жылы оқып жүргенде келдік, үшінші курстан бас­ тап біздерді Әзірбайжан Мәдиұлы шақырып алып, үлкен рөлдер тапсырып, алғашқы рөлдерді де бірге ойнадық. Ол Құдаш Мұқашевтің пьесасындағы І. Жансүгіров ағамыздың бейнесін сомдады. Сонда ауыз­ ға ілігіп, көрерменнен өте жақсы деген баға алды. Сыншыларымыз да, театрдағы аға-апаларымыз да сондай керемет актер келді деп, бұрынғы пайғамбар актерларымыздың көзін көрген апаларымыз: «Ойпырмай, жақсы актер келді, Жағда Өгізбаев деген даусы керемет, актерлығы да айтарлықтай үлкен актеріміз бар еді, сол сияқты екен» деп жүрді. Нұрмұхан ағаға өзі кішкене еліктеп жүретін. Сонан көптеген үлкен рөлдерді атқарды. Сырымды ойнады, Ілиясты ойнады. Сонан «Қан мен тер» қойылып, Асанәлі аға мен Фарида апай ойнайтын Ақбала мен Еламанға екеуімізді кіргізді. Өздері дайындап, Асанәлі аға мен Әзірбайжан аға, екеуің осы рөлге лайықсыңдар, бірің Ақбаланы, бірің Еламанды ойна деді. Сонан сол спектакль әбден сахнадан түсіп қалғанға дейін, суреттері, декорациясы ескіріп қалған кезге дейін бірге ойнап келдік. Әнуардың сахнадағы қасиеті, ол өзіне адамды тартып алады. Бағыбек Құндақбаев: Мөржан рөлі – өте күрделі бейне. Мұны актрисаның бәрі бірдей жақсылап сомдай алмайды. Ал Бикен соның

нағыз кім екенін, қандай екенін жақсы түсінді. Ол бір әңгімесінде, «Бағыбек, мен саған айтып берейін, Мөржан деген жай ғана ауылдың әйелі ғана емес, егер оны бүгінгі өмірмен салыстырып қарайтын болсақ, мәселен, аудандық атқару комитетінің төрағасы ма, орынбасары ма, сондай тұрғыдағы биік дәрежедегі кейіпкер. Сондықтан оның әрбір қимылында, сөйлеген сөзінде, бос сөз айтпайды, оның әлгі Сырыммен айтысуы – қоғамдық тартыс. Сондықтан мен ойнаған кезде абайлап, байқап, ойланып, әрбір қимылымды, керек болса қолымдағы таяғымды қалай сілтеп, қалай қою керек екендігін ойланып отырамын» деп айтқаны бар еді. Бикеннің ерекше бір сахнадағы жеткен биік рөлінің бірі, бұл Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» спектакліндегі Жер-Ана бейнесі. Бақыт Жанғалиева: Бикен апам керемет ұлы адам, ана еді ол кісі. Өзі пьеса жазып, «Абай – Әйгерімді» жазып, Торғын екеуімізге Әйгерімді берді. Әшірәлі Кенжеев те дүниеден озып кетті. Әшірәлі мен Әнуар екеуіне Абайды беріп, керемет арқа-жарқа болып, қаншама жыл ойнап едік. Бикен апам спектакль боларда келіп, «қалай, балақайлар» дейді ғой, сөйтіп халімізді біліп, сәукелемізге дейін тігіп, қамқор боп жүруші еді. Бикен апам туралы сөз болғасын айтайын, Бикен апам артындағы жастарға керемет қамқор боп жүретін. Біздер алғаш рет театрға келіп, үй алып жатқанда, «ей, балам, мынау ағаң екеуіміз жатқан керемет керует еді, осыны мен сатып байимын ба, сендер жаңадан үй боп жатырсыңдар ғой» деп, маған сыйлаған. Бағыбек Құндақбаев: Ал енді Бикеннің тағы бір ерекшелігі, сол рөлдерде ойнап жүргенде, көбінесе көп ойланып, жазуға, шығармашы­ лық жұмысқа бейім болды. Оның ішінде әсіресе пьеса жазуға, замандастары, жолдастары туралы жазуға ерекше бейім болды және ол жазғанда өткен-кеткенді ғана еске алып, болмаса жақын, екеуара әңгімені ғана емес, сонымен бірге ол шын мағынасында сахнада жасалған бейнелері туралы көбірек жазды. Бақыт Жанғалиева: Сахнада да әрбір қойылым, әрбір тапсырыс­ тан кейін оны ерекше атап жатушы еді, Әнуарды. Ойнаған рөлдерінде кемшіліктерінен гөрі көбінесе мақтау естіп жататын. Себебі ол өзінің еңбегіне адал еді, өте еңбекқор еді, жатпай-тұрмай, қандай рөл берсін жаны қалмай жасайтын. Ағаларынан үйреніп, соларға еліктейтін. Сөйтіп жүріп, өзі де жанып кетті Әнуардың.

Актер Кененбай Қожабеков Байғали Есенәлиев, актер: Кененбай Қожабеков, Қазақстан Рес­ публикасының халық әртісі. Өмірінің алғашқы жылдарында бұрынғы ТЮЗ, қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында актер боп істеген, өмірінің соңғы кездерінің көбісі кинода өтті. Мен сол өмірінің соңғы кездерінде біраз уақыт жолдас болғанмын. Тіпті арамызда қызық оқиғалар да болған еді, содан айтып берейін. 1986–1987 жылы О. Бөкеевтың «Шайтан көпір» повесі бойынша «Жаңғырық» деген кино түсірілетін болды. Соған Оспанның жас кезіне актерлерді суретке түсіріп жатыр екен, фото байқау дейді, соған мен де түстім. Үлкен ересек кезіне Кененбай атаны ыңғайлап жатқан болу керек, себебі сол кісіге қарап таңдап жатыр екен актерлерді. Мен ұнаған болуым керек. Наталья Александровна деген актер бөлімінің бастығы бар еді, сол кісі көбірек айналдырып, мені суретке түсірді. Енді қазақ халқына ғана емес, өзінің рухы болсын, актерлық шеберлігі болсын маңайымыздағы елдерге де аңыз боп кеткен адам ғой Кененбай Қожабеков. Соның жастық шағына фото байқау жасау біраз мені бөстіріп жіберген болу керек, Кененбай атаның тікелей мекенжайын сұрап алып, бардым. «Ассалаумағалейкум, аға» деп, біраз табалдырықта тұрып қалып едім, «кел, кел, айналайын, жай жүрсің бе» деді. Мені шайтан түртті, күні-бойғы бөскеннің арқасы ма, жоқ әлде, арқам қозып кетті ме, жоқ әлде ана кісінің еркелеткені есімді алып қойды ма, «Алматыға барсаң, әкеңе жолығып қайт» деп еді шешем, жас кездеріңізде сондай бір нәрсе болып, дүниеге мен келіп қалған екем, сол әкемнің қолын алып қайтайын деп келдім сізге» деп едім, «ит көрген ешкідей», көзі ежірейіп,

біраз уақыт қадалды. Бүкіл денемді шарлап шықты да, біраз ұқсастық тапқан болу керек өзіне, содан «кел, отыршы» деді. Ежірейген көзі сәл мейірімді бола бастады. Отыр деген жеріне отырдым, шай құйып берді, сасқанынан ақшаң бар ма деді, бар дедім. Енді шай ішіп отырсам, менің қырымнан қарап, бүкіл денемнен ұқсастық іздеп отыр. Бір кезде қарап қалып едім, көзін жалтара қалды да, «шешеңнің аты кім еді» деді. Әйтеуір бір атты айта салдым. Біраз ойланды, есіне түсіре алмаған болуы керек, «киноға түсесің бе» деді, «түсем» дедім. Бірден киностудияға телефон соқты, сол Наталья Александровнаға түскен болуы керек. «Осындай да осындай, менің жастық шағыма актер іздемеңдер, мен өзім таптым, алдыма өзі келіп отыр, атың кім» деп еді, Мұрат дедім. Ар жақтан айғайлап жатқан болуы керек, «біз Байғали дегенді таптық» деп. «Байғалиың құрсын, мына жақта Мұрат деген жігіт отыр, соны көресіңдер» деді. Ол кісінің телефоннан соншалықты беріліп айтып отырған әңгімесінен, енді қауіп туа бастады. Қалай шынымды айтам. Ол кісі телефонмен сөйлесіп жатқанда, мен ақырындап есікке жақындай бастап едім, телефонды қойды да, «қайда асықтың, отырсайшы, жатып кетсей» деді, мені қимай отыр енді, бәлкім, сол уақытта мен сияқты адам керек болды ма Кененбай атаға. Содан тұрдымтұрдым, «жоқ, бірдеңеге ренжіп қалдың ба, келе ғой, Мұратжан, айналайын отыр» деді. «Кененбай аға, кешіріңіз, әзілің жарасса, атаңмен ойна деп жатады халқымыз. Бізде актерлықты оқытқанда, алдасаңдар, сендіріп алдаңдар деп, А. Тоқпанов үйреткен еді. Енді сізге қалжыңдап көрейін деп, бағанадан айтқанымның бәрі өтірік еді деп едім», бағанағы ежірейген ежірейген бе, көзі тіпті шеңберінен шығып кете жаздады. Бадырайып қарап отыр, қарап отыр, енді бәріне дайын тұрмын. Үстелмен жіберіп ұруы да мүмкін, не болмаса балағаттап қуып шығуы да мүмкін, тіпті милиция шақырса да жөні бар. Бажырайып қарап отыр, жаным жүрегімнен шығып, мұрнымның ұшына барып тірелді. Көгеріп кеткен болуым керек. Кененбай атаның сол кездегі көзіне шыдап тұру мүмкін емес енді. Сасқанымнан аяқ-қолым қалтырап, жерге қарадым, жаспын ғой. Бір кезде жынданып кеткендей шалқалап та, еңкейіп те, ішегі қатып күлді де, «бері кел» деп, тоқтай алмай күлді. «Атаңа ғана нәлет, өмірімде жүрегім қасқырдан да қайтпаған Кененбай едім, апырмай-ай, шын сендім, төбе шашым тік тұрды ғой, қай уақытта жасап қойған күнәм еді деп, айналайын-ай, атаңды не болса да шын қорқыттың, атың кім, шын атыңды айт» деді. Сонымен таныстық, атым Байғали дедім. «Асуда» деген фильмге, кішкентай ғана эпизодқа түсуге бардым. Ол кісінің рөлі үлкен. Мен әжемнің баласы едім, әжем ауылда қарт, қария кісі. Сол әжем туралы сұрайтын. Бір күні айттым, «әжем мені шақырып жүр, түнде ұйықтап жатсам, түсімде әжем шақырады, Кененбай ата» деп.

«А-а-а» деді де қойды. Менің ертең түсірілімім бар да, ал Кененбай ата бүгін түнде қайту керек. «Кел, машинаға отыр» деді. «Аға, менің ертең түсірілімім бар ғой, автобуспен қайтам» деп едім. «Айттым ғой, кел, отыр деп» деді. Келіп жанына отырдым. Әжеме бір нәрсе болғанын түсінді ол кісі. Бүгін түнде қалмауым керек екенін білді ол кісі. Сөйтіп, Алматыға келіп, жатқан жеріме келсем, Баубек деген ағам телефон соғып, «Әжең қайтыс болды, тез жет» деп хабар қалдырыпты. Содан жылап, еңіреп Кененбай атаға келдім. Енді пойызға билет жоқ, автобусқа билет жоқ, сонау Шымкентке жету керек. Самолетке билет алайын десем, ол жаққа жолап болмайды. Ақшам да жоқ қалтамда, жаңадан жұмысқа тұрғалы жүрген жас актермын. 100 сом дүниенің ақшасы, 100 сомды қалтасынан суырып Кененбай ата берді. Мынадай адамға барып жолық, я болмаса тұра тұршы деп, көз алдымда тұрып вокзалдың бастығына телефон соғып, билет жасатып берді. 1959 ж. Өнер гүлі Гүлфайруз бен талант кені Кененбай Гүлфайруз Исмаилова, Қазақстанның халық әртісі, суретші: Су­ рет «Однажды ночью» фильмнен. Бір әдемі жері Гинзбург деген кинооператор қызығып, «мен режиссер болайын, әйтпесе мыналар бұзып қояр» деді. Сонда түсіргенде бұл фильм тек қана қазақ туралы ғана емес, мәдениетті төкпей жасаған нәрсе. Одан кейін Гинзбург екеуімізді үйретіп отырады ғой, сонда айтады «француздың бәленшесі былай айтып еді, сен айта аласың ба, өнерің жете ме, мәдениетің жете ме» дейтін. Кененбай

сондай жақсы образ­ды жасады сол кезде «Однажды ночью» деген кинода. Сол кезде Кенен­бай өте әдемі болып шықты. Ол кезде екеуіміз де жас едік, 1959 жыл бо­латын. Оператордың жұмысы өте сәтті шыққан. Дариға Тналина, кинорежиссер: Кененбайды ұлы актер деуге болады. Тіпті ол ойнаған «Девушка-джигитті» жасадым. Бір жыл Ленинградта болғанда, мен Кененбайды бір жыл бойы көріп отырдым. Сонда Кененбай киноға түскен сияқты емес, Кененбайдың өзі бір өмір сияқты. Сол ойнаған кейіпкерін де ол артық жасай бермейтін. Біз айтамыз ғой, өтірік интонация деп. Экранның алдында отырып алып, мен киноға түсіп жатырмын деген ондай жоқ Кененбайда. Кененбайдың ойнағаны өмір сияқты. Ол өмірде қандай болса, кинода да сондай. Үлкен талант иесі. Гүлфайруз Исмаилова: «Қыз Жібекті» ойнағанда Жібектің әке­ сін ойнады ғой, сонда білдірген жоқ қой аяғының ауру екенін, мен де білдірген жоқпын. Мен оны өте сыйлаймын. Мен орысша мектеп бітірдім ғой, сонда дайындалғанда Кененбай маған мынау былай болады, қазақша былай болады, тілің шығады ғой бәрібір, қорықпа дейтін. Дариға Тналина: Адамдар бірін-бірі қатты түсінсе, оның өзі ба­ қыт. Мен үшін Гүлфайруз үлкен суретші, үлкен қайраткер, үлкен ана, үлкен дос. Мен Гүлфайруз Мансуровнаға өле-өлгенше дос болып, бірбірімізді түсініп өтетін адамбыз. Бірінші рет мен Гүлфайрузды самолетте кездестірдім, 1949 жылы менің басымда үлкен қайғы бар еді, орны толмайтын адамымды жоғалтып бара жатқанымда, самолетте ай мен күндей әйелді кездестіріп, сол жерде екеуіміз таныстық. Мен айттым: «Қазір Горький атындағы студия кино түсірейін деп жатыр, Гүлфайруз жүрші, сені соған алып барайын», – деп студияға алып келдім. Алып келіп ем, Марк Семенович Донской мен режиссерге «менің орныма мына кісі түссін», – деп айттым. Гүлфайруз Исмаилова: Кененбай өте нәзік әртіс еді. Сондай сезімі күшті, ойы, сосын істеп отырған нәрсесі, екеуі бір болып шығады. Ондай әртістер көп емес біздің арамызда. Одан кейін Кененбай тек лирикалық рөлдерді емес, сонымен бірге трагедиялық рәлдерді де сомдады. Ол жасы келіп қалғанда бандиттің де рөлін ойнады. Сосын анау ауруы болмағанда өте көп жұмыс істер еді. Сонда да бой бермей түсіп жүрді ғой. Сондай үлкен адамдар еді, бәріміздің жүрегімізде қалсын. Дариға Тналина: Гүлфайруздың бойында үлкен ұлылық бар. Оның салған Шарасы, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағлановалардың су­ реті қазір дүние жүзіне тарап кетті. Сонымен қатар Гүлфайруз өте нәзік, сондай ақылды, сондай әдепті, біздің шығыс халқының жұлдызы сияқты болатын. Евгений Матвеевичтің ойынан шығатын. Сонан кейін бұлардың арасында кішкентай Вадик пайда болды. Вадик кішкентай кезінде бәріміз көшеге шыққанда «Тетя Дарига, ко мне, тетя Дари-

га, ко мне» дейтін, сөйлей алмайтын еді. Евгений* Вятскіден шыққан жігіт, Гүлфайруз үшін осында келген. «Абай» романына сурет жасады, дүниежүзіне алып шықты.

Аймаңдай Айманов пен қырандай шолғыш кинооператор Тынышбаев Камал Смайылов, жазушы, публицист: Біз қазақ киносының тарихын саралағанда, зерттегенде соның әрбір саласынан тұңғыш кімдер болды, кімдер алға шықты деген мәселені айқындаймыз. Мысалы, Шәкен Аймановты тұңғыш қазақ кинорежиссері десек, Ә. Қайдаровты қазақтың тұңғыш мультипликациялық фильмін қойған режиссер, сол секілді қазақтың тұңғыш операторы деп біз Ескендір Тынышбаевты айтамыз. Өйткені Е. Тынышбаев сол кездегі тек қана Кеңес Одағы емес, бүкіл дүниежүзіндегі бірегей институт, бүкілодақтық кинематография институтының операторлық факультетін оқып, одан білім алған тұңғыш қазақ. Ол институтты бітіргеннен кейін «Востовка» деп аталатын бүкілодақтық тресте оператор болып жұмыс істеп, жаңалықтар түсіріп, біраз жұмысын бастаған. Әкім Тарази, жазушы-драматург: Қазақ өнерінің бұл үш алыбы маған ерекше қымбат жандар. Ортада тұрған Ш. Айманов арамыздың жас қашықтығына қарамай бірден мені өзіне іні сияқты қабылдады, екіншіден жолдас ретінде қабылдады. Бұл кісінің достарының ішінде * Евгений Сидоркинді айтып отыр.

өнерді жақсы көретін, бірақ өнерге ешқандай қатысы жоқ адамдар бар. Бильярдты жақсы ойнайтын, шахматтың жанкүйерлері, тіпті базарда сау­да жасайтындар, манты жасап саудада жүрген адамдар да болды. Тіпті бір етікші досы бар еді. Етікші досын қатты құрметтеп, дастарқан басында көбінесе атақты достарынан жоғары отырғызатын. Камал Смайылов: Енді ол кісі біздің жұртқа белгілі қайраткеріміз, «Алаштың» көсемдерінің бірі, алғашқы қазақтың тұңғыш темір жол құрылысының инженері, Түрксібті салушылардың бірі Мұхамеджан Тынышбаевтың баласы. Сол 1937 жылы М. Тынышбаев ұсталып кеткен кезде соның салқыны баласы Ескендірге тиді. Содан Ескендір 20 жылдай уақыт ешқандай жұмысқа араласа алмай, кино түсірмей, аулақта, шетте жүрді. Тек 1952 жылдың ортасында ғана Ескендір Алматыға оралып, көркемсуретті фильм түсіруге қатысты. Ол ең алдымен, Сұлтан Қожықовтың «Біз Жетісуданбыз» деген фильмін түсірді, оның операторы болып бастады. Содан кейін Ш. Аймановпен «Жол торабында», тыңға арналған «Даладағы қайыңдар» деген көркемсуретті фильмдерінің операторы болып, творчестволық жұмысын бастады. Әкім Тарази: Киногерлер Одағының бірінші хатшысы болды, мына казіргі «Дом Кино» деп аталатын үйдің салуын өте қиындықпен жеңіп алды, салдырды, бірақ кіре алмай кетті. Тағдырдың жазуы солай болды. Ол кісі өмірде соңғы жылдары қағажу көп көрді, қиыншылығы көп болды. «Бір қолда екі қару» деген фельетон да болды. Республика басшыларына ұнамай қалды, қызметі жағынан да, түсірем деп жүрген фильмдерін қойдырмай қиындық көрді. Сондай бір кезде мен кабинетіне кіріп қалып едім, өте қиналып отыр екен. Бірақ орнынан тұрды да айтты: «Әй, сен жақсы келдің, құрысыншы осының бәрі, тауға кеттік!» – деп алып кетті. 5–6 сағат болдық, сонда фельетон шыққанын білем ғой, партия тарапынан шеттету көріп жүргенін де білемін, бірақ мен осындай болып жүрмін, – деген бір ауыз сөз айтқан емес. Камал Смайылов: Е. Тынышбаев деректі фильмдерде өзінің өнерін де, талантын да танытты. Өзі деректі фильмді жақсы білетін де, сүйетін де еді. Сонымен біздің алғашқы деректі кинолардың режиссерлерінің бірі Хакім Дәулетбекпен екеуі бірігіп, белгілі шопан, Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған Жазылбек Қуанышбаев туралы деректі фильм­ де оператор болды. Содан кейін Ораз Әбішевпен бірлесіп, «Баянауыл» деген көркем, деректі фильмді түсірген. Осылай көптеген фильмдердің «Ермек Серкебаев», «Құрманғазы», сол секілді елге керекті, жақсы фильмдердің операторы болып өнерін көрсетті. Әкім Тарази: Ол кісі ешқашан «мен бастықпын» деп өзін биікте ұстамайтын. Кабинетінің бір бұрышында шахмат тақтасы тұратын, көбіне жұртты сол тақтаның қасында отырып қабылдайтын. Әлгі үл­

кен үстелде отырып кнопканы басып, хатшыны шақыру дегенді білген емес. Ол кісінің хатшысы бөлек жерде отыратын. Сосын еш уақытта жиналыста дауыс көтеруді білмейтін, келіспейтін жағдайда қалжыңмен айтатын. Ұнамағанның өзінде анекдотқа айналдырып, кісінің көңілін сындырмауға тырысатын. Камал Смайылов: Бұл кісі өте білімді адам болатын. Өте тәрбиелі, қай отбасында шыққанын, кімнің баласы екенін жұрттың бәрі біледі. Сондықтан өзінің әкесіне лайықты, әкесінің мұрасына лайықты, әкесінің біліміне лайықты адам болатын. Жолдастарының арасында ақсүйек деп атайтын. Түрі де кәдімгі ақсүйек секілді, үлкен зиялыдан да биік секілді. Бой десе бойы, түрі бәрі келіскен. «Қазақ деген кім?» десе, осы Есағаңды апарып көрсету керек қой шетелге», – деп айтатынбыз. Шынында да, сондай керемет адам еді. Есекеңді әсіресе Димекең өте жақсы көретін. Мен киностудияда, комитетте істеп жүргенде, сол Димекеңе барғанда «Ескендір қалай, не істеп жүр?» деп сұрап қояды. Ол кісімен араласып тұратын, бірге аңға шығатын. Бірге демалысқа шығады, екеуі Мәскеуде бірге оқыған, сонда бірін-бірі танып, біліскен адам болуы керек. Әкім Тарази: Жұрт жиналғанда, бұл кісінің жалғыз өзі бір театр боп кететін. Жұрттың бәрін аузына қаратып, ойнап отыратын. Жалықтырмайтын. Бір мәрте осы Алматыдан шығып, Сарқанд ауылына жол тартқанбыз. Екеуіміз ғана машинада. Сонда 5–6 сағатта мен тек қана күлумен болдым ғой. Кейін есіме түсірсем, не айтты, қандай ойындар айтты есімде қалмаған. Бірақ тек қана күліп барғаным есімде. Бұл жағынан ғажап адам еді.

Абдолла Қарсақбаев пен Серік Жармұхамедов Нұржұман Ықтымбаев, халық әртісі: Бұл 1966 жылы, мен Жаркентте жүргем. Менің тәрбиелеп жүрген балаларымды түсірімге алып кетті. Сонан кейін балаларым кішкене тентектік жасап, өздері спортс­ мен еді, сосын бұлардың ұстаздарын алып келіңдер деп, мені алып келді. Кешке таман Құрманбек ағаның – Жандарбековтың тойы болды, туған күні. Соған қой сойылып, қаршадай бір қара торы, шашын алып тастаған, қолды-аяққа тұрмайтын жігіт, бәрін ұйымдастырып жүр. Содан кешке той басталды, тойға мені де мұғалім ретінде шақырды. Сара Жорабаева, кинодағы анам деймін өзім, Клара жеңгеміз – бәрі келді. Той басталғаннан кейін елдің бәрі өлең айтып жатыр, Әскербек Еңкебаев бар. Ал енді көбісі білмейді ғой, мен Ғарифолла Құрманғалиевтің

бірінші шәкіртімін, баяғыда 1957 жылдары үйренгем ән айтып. Содан жаңағы қолыма домбыра қашан тиеді деп, мен отырмын жұлқынып, әй, мына ауылдың алты ауызын естиік деп, маған домбыра берді. Сонымен мен қоя бердім. Елдің бәрі маған мән беріп, мойындарын бұрып қарап, Құрекең де, Қалекең де, әй, мынау қай бала, мынау біздің Ғарекең сияқты ғой деп қояды. Сонан кейін, әй, Абдолла, мынау өзі қандай бала деп қояды. Жаңағы Абдолла дегені болса, жас балаға ұқсап, шалдардың кесесін алып беріп, жастықтарын жөндеп, сөйтіп отыр. Бұлар неменеге одан сұрайды деп қоямын. Сөйтсем ол – қоюшы режиссер екен. Мына үлкендерді, қарттарды сыйлағанда, қазақтың нағыз інілік қасиеті сол Абекеңнің бойында болатын. Ертеңіне шақырып алды да, шашыңды ал деді, шашымды алып тастады, атқа отыра аласың ба деді. Білем дедім, енді айтпай тұрмын ғой, қалай білетінімді. Содан атқа ер-тоқымсыз отыр деді, мен жүгенді алып тастаса қайтеді десем, жоқ жүген қала берсін деді. Сол жерде репетиция жасап, түсірді. Ыдырыс аға, Евгений Попов үшеуіміздің бейнекөрінісіміз болатын. Содан байқағаным, Ыдырыс аға риза болып тұр, көзі жайнап, ал көзім қалай Абдоллаға түсіп кеткенін білмеймін, Абекең менімен қосылып ойнап тұр екен, аузы-басы қимылдап, қас-қабағы түгел. Серік Жармұхамедов, кинорежиссер: Мына сурет 1976 жылы «Ал­ ты жасар Алпамыс» фильмін түсіру кезіндегі Сиротиннің түсірген су­ реті еді. Мына Талғардың жанында, натура дейміз ғой, бүкіл сыртқы түсірілетіннің барлығы бір-ақ ауданда, бір-ақ жерде болды. Мынау сурет сол Абдолланың «Рабочий момент» деп аталатын түсірілімнің ішіндегі сурет еді. Абай атамыз айтады ғой: «осы қазақта өлгенінің жаман болмайтыны несі, тірісінің жамандаудан аман болмайтыны несі», – деп. Сол айтпақшы, Абекеңнің де бұл өмірден кеткеніне де отыз 1976 ж.

жыл уақыт болды. Мен ойлаушы ем, 2–3 жылдан кейін-ақ, ойпырмай, керемет сұмдық Абдолла деген режиссер болып еді деп, бәріміз шулайтын шығармыз деп. Жоқ, анда-санда, арада 30 жыл өтті, әлі күнге дейін Абдолланың аты көп аталмайды. Ол мүмкін Абдолланың ішкі энергиясының, режиссерлық қабілетінің қалғанымызға қарағанда қатарынан көш ілгерілігінен шығар. Оның ұлылығын көруге көп уақыт керек шығар деген ой келеді. Нұржұман Ықтымбаев: «Қилы кезең», «Балалық шаққа саяхат» екеуі де мықты фильм болатын. Кейінгі кезде Никита Михалков, Андрей Кончаловскийлермен жолдас болып кеттік қой енді. Солардан сұраймыз, «қайда әлгі сендердің анадай режиссерларың бар ма?» – деп. Соның әлгі Жүніс деген байдың су жағасына келіп, дәрет алып отыратын жері бар еді ғой «Қилы кезеңде», анау Ыдырысты, Тоқтарды әкеліп, өзеннен өткізіп, тастай салады да, анау барып дәрет алады, намазын оқиды. Сондағы Ахмет әкенің ойнаған сценасы, соны Абдолла өзі ойнады. Өзі ойнап, көрсетіп, қалай бет жуу, қалай дәрет алу, қалай құлақтан қайтару, соның бәрін Абекең өзі бір жақтан үйреніп келген болуы керек. Соны Ахмет әкеге «былай жасасаңшы, әй, ұйғырдың шалы» деп керемет еркелейтін. Ал енді режиссерлық жағын айтқан кезде, Абекең киноның режиссурасын, сценарийді жатқа біледі, бір жағынан не істейтінін біледі. Ол кісі кино түсірмес бұрын, киноны көзіне елестетіп алады. Одан кейін барып киносын түсіре бастайды. Шетелде ең үлкен Канн фестивалінде жүлде алған сол Абдолла ағамыз. Жүлде деген не екенін қазақ киносында көрсеткен сол «Менің атым Қожа» фильмі мен Абдолла еді. Серік Жармұхамедов: Абдолланың «Балалық шаққа саяхат» фильмін қайта жасайтын болды. Жаңа нұсқасын. Сонымен Мәскеуден аудармашысы келіп жұмыс істеп жатты, ал біз «Өтелмеген парыз» фильмін дыбыстау үшін Мәскеуге жүрейін деп жаттық. Экраннан жүріп жатқан фильмнің шарықтау шегі – Қожабектің баласы қайтыс болғаннан кейін, ең соңғы бейіттің басына ескерткіш қойылады. Соған келіп Қожабектің: «Мен саған үлкен болуды, лауазымды болуды үйреткен екенмін ғой, мен бірақ ешкімге қиянат жасамауды үйретпеген екенмін ғой», – деп жылайтын жері бар. Соны көрді дағы Абдолла быж-тыж болды. Өйткені Қожабектің рөлінде Әнуар Молдабеков болатын, жаңағы баласының ескерткішін қолымен сипап тұрып қайғырады. Абдолла айтады: «Жоқ, сен сары албасты мұны қайта түсір, ол жаңағы ескерткіштің ернеуін елестетіп тұрып, өзінен-өзі сырғып түсуі керек», – деп, есіктің тұтқасын ұстады да, сол қалпымен жерге барып құлап түсті. Нұржұман Ықтымбаев: Дегенмен, тегіне тартпай қоймайды ғой, мына Тоқтар деген ұлы сол кезде туылды, сол «Қилы кезең» фильмінде туылды. Клара жеңгеміз сол кезде аяғы ауыр болатын. Сол ұл енді әкесіне

тартып туылды. «Үш жапырақ» деген кино түсірді. Енді керемет фильм, өздері көп көрсетпей жүр. Анау үш жапыраққа терезеден қарайды да жатады, бір қыз бала. Сол өзіне шарт қояды, мына үш жапырақ үзіліп жерге түседі, мен сол кезде өлемін дейді. Бірақ екі жапырақ түседі де, үшіншісі тіпті үзілмей қояды, ал өледі деген адамдар өліп қалады да, қыз тірі қалады. Керемет дүние, соны Тоқтар түсірді. Соны ел көрмей жүр, ел көрсе, енді бұл бала әкесіне тартқан, жақсы режиссер болайын деп тұр дер еді. Актер Асанәлі Әшімов пен жазушы Оралхан Бөкей Асанәлі Әшімов, Қазақстан Республикасының халық әртісі: Оралханмен алғаш танысқаным қызық болды. Оралхан Бөкеев деген атын сырттай естіп жүрдік. Бір күні сол Жасөспірімдер театрында бір спектакль көрдік, сосын Оралхан деп таныстырды. Шағын жігіт, бізден жас. Мен айттым, Оралхан, Оралхан деген бір алып біреу шығар десем, сен екенсің ғой деп. Сол жерде біраз қалжыңдасып, содан бастап достасып кеттік. Ол менің бірнеше спектаклімді көріп, рецензия жазды, бір очерк жазды. Өте мағыналы, мазмұнды. Бір спектакльде, «Еңлік – Кебекте» болар, терлеп-тепшіп, Оралхан тұр екен, мен айттым, әлі талай өліп, талай тірілеміз деп. Қали Сәрсенбай, журналист-жазушы: Осыдан бірнеше жыл бұрын Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астындасын» Асекең сах-

налады. Сонда сол премьерасында, біткеннен кейін, Қалағаң шығып сөйледі. Сонда мынадай сөз айтты: «Асанәлі Әшімұлы ұлттың рухани паспорты», – деді. Бұл енді былай қарағанда өзі де ұлттың паспортына айналған адам, мұндай сөзді тегіннен-тегін айтпайды. Сөз жоқ, Асекең үлкен талант, үлкен тұлғаға айналды. Ал осының бәрінің негізі неде жатыр десеңіз, Асекең бірінші адам ретінде де, азамат ретінде де талантты өмір сүріп келе жатқан кісі. Асанәлі Әшімов: Өзі енді ойшыл жігіт қой, қалжыңы да бар. Жастығына қарамастан, өзінің басына жетерлік өмірде қайғысы да болды. Кейінгі кезде қуанышты жүрген кездері болды. Жалпы өзі тағдыры күрделі жігіт деп айтар едім. Көзінде мұңы бар, басында актерлыққа келіп, соған түсе алмағанына өкініп, кейін жазушы, журналист болып кеткені, халыққа еткен еңбегі адал деп ойлаймын. Оралхандар енді бізге іні, дос, жолдас. Сондықтан мен айтам, осы драматургияда Оралханның еңбегі ешкімнен кем емес. Режиссері табылып жатса, жақсы пьесалары бар, соны сахнаға қоюына болады. Менің өзімнің ойымда бар, келешекте сол пьесаларынан, повестерінен де бірнеше фильмдер түсірілсе. Бірақ сәті түспей, кілті табылмай тұр, режиссерлік дарын керек. Ал енді дарынды повестері көп. Қали Сәрсенбай: Образдардың барлығынан Бекежанды алайық, одан кейін Қасымхан Шадияровты алайық кинолардағы, содан кейін сахнадағы бейнесі ол өз алдына образдар. Ал енді осылардың барлығына негізінен қарап отырсаңыз, мысалы Асанәлі Әшімов бірінші өмірден үйренеді. Ал оның алдындағы, қазір «сағынышқа айналған саңлақтар» деп жүрміз, Елағаң, Қалағаң, Серағаң, осылардың барлығы да өмірдің өзінен шыққан «самородоктер». Міне, Асанәлі де осы мектептен шықты, бірақ ол мектептен шығып қана қойған жоқ, сол мектептен шыққан тағылымын өз өмірімен байытты. Мысалы үшін таяуда кезекті Шыңғысханға түсті. Болат Мансұров үлкен 7–8 сериядан тұратын «Сага о булгаре» деген сериал түсіріп бітті. Соның 7–8 сериясында Асекең Шыңғысханды ойнады. Қазіргі кезде Шыңғысхан көп тартысқа айналып жатыр, Шыңғысханның образының өзін қалай жасау керек, Шыңғысханның өзі қолбасшы ретінде қалай болған, сол жөнінде қазір әрқилы көзқарас бар ғой. «Ал соны Асекең: «мен оны ханша емес, кәдімгі адам ретінде, ол да сүйе білетін, ол да ғашық бола білетін, осындай өмірді сүйе білетін адам ретінде бейнеледім», – деп, өткенде біздің «Жас Алашта» шағын ғана сұхбат берді, осындай әңгіме айтты. Асекең әр образға осындай өмірдің өзінен келеді. Асанәлі Әшімов: Осы суретті бір кездескенде түстік. Осыны тауып алып, Оралхан кеткеннен кейінгі шығарған суретім ғой. Әлгі тірі жүрген кезде қадірін білмейсің ғой, кеткеннен кейін іздейсің, іздегендегі тапқан

суретім ғой. Сол сияқты, Оралхан сияқты өте сирек кездесетін дарын болса екен деп тілейміз ғой. Қали Сәрсенбай, жазушы: Тұлға деген сөз халықтың рухын биік­ тету деген сөз ғой, мағынасы. Сондықтан кешегі осылардың барлығы 50–60 жылдары бізге жеткен әңгімелер. Мысалы үшін, Оралхан, Асанәлі, Олжас, Асқар Сүлейменов осылардың барлығы бір-бір биік болды. Жүріс-тұрысының өзі елге үлгі болды. Әсіресе кейінгі буын осыларға еліктеп өсті. Өткенде жазып, айтқанымыз бар еді, мысалы бір үлкен кісі інісіне ұрсыпты дейді, сен қолыңнан келсе, Асанәлідей киініп жүр деп. Оны не үшін айтып отыр, мысалы айтып отырған адамның өзі де тұлға. Сол Асанәліні үлгі тұтып отыр. Ал қарапайым халық, әрине, биікте ұстайды. Сол тұлғаның аман-есен болғанын халық тілейді. Мысалы үшін Асекеңнің басына біраз қайғы түсті, соның барлығын Асекең халықтың арқасында көтерді. Сағидың жылында болу керек, сонда Зейнолла Қабдолов мынадай биік сөз айтты, Абайдан келтіріп, «қарағым, саған ел көңіл айтып жатыр, бәрі айтып жатыр, енді сен халқыңа көңіл айт», – деді. Сонда халықтың соншалықты Асанәлінің қайғысын өз қайғысындай көтеріп, тұлғаның қайғысына өз қайғысындай қайғыруы, мысалы бұл ненің дәлелі, бұл тұлғаға деген құрметтің, тұлғасыз халықтың өмір сүре алмайтынының белгісі. Киногер Майра Әбусейітова Серік Жармұхамедұлы, кинорежиссер: Байқағыштығы басым болатын, ол кісі тіпті таңертең ерте келмейтін, сағат 11-дің кезінде қара шайға қанып болғаннан кейін маң-маң басып келе жататын. Студияның дәлізі өте биік болатын, өзі кең болатын, баяғы опера театрының орны ғой. Сол кең залда аударылып, төңкеріліп, жоғарыға қарай өрмелеп бара жататын күнде. Ал бірақ ол кісінің тағы бір қасиеті, жоғары шығып алғаннан кейін, жоғарыға көтерілгесін, үшінші қабатта аударма бөлімі болатын, дубляж деп аталатын, қараңғы бөлмеден кешкі 5–6-ға дейін шықпайды. Жанында редакторы мен укладчигі болам, алдында экран. Бірақ сол экранда қанша адам істеп жүр, қанша актер жүр, сол экранды Майрадай түсінетін, білетін, Майра апайдай сезінетін бір адам болған жоқ шығар. Майра апай дубляждеген уақытында укладка дейміз, сөздерді орын-орнына қою, сөздің салмағын анықтау деген уақытта ол кісі бір көретін эпизодты екі үш рет көріп алады. Сонан кейін барып, өзіне қарап отырып, сезіммен барып, одан кейін сөйлемге кірісетін. Ал енді детективті фильмдерде, ол кісі көбіне қатар отырып, текст жасап

отырған уақытта, геройдың образын шығару кезінде үнемі айтатын, «мынау ең шешуші сөзді басында беріп қоймаңдар, детективтің негізгі мақсатының өзі жұмбақ болуы керек, құпия болуы керек, сыр жатуы керек, ол сырды сен де сезінбеуің керек, көрермен де сезінбеуі керек, ал енді қолақпандай салмақты сөзді фильмнің соңында айтатын ойды, сөзді беріп қоятын болса, онда түсінбегенің, онда детективтің табиғатына жат қимыл жасағаның», – дейді. «Қыз Жібектің» қазақшасын да Майра апай жасады. Сонда тіпті үлкен геройларды былай қойғанның өзінде, сондағы Төлегеннің бір эпизоды бар, атпен келе жатады, сондағы жас қыздардың көлде шомылып жатқан кезі болады, соған жақындап келе жатқан Төлеген мен Шегенің бір эпизоды бар, сол кезде қыздардың күлкісі ана жігіттердің буынына түсетіндей, жүрегін шымырлататындай күлкі керек болды. Сол кезде бүкіл актерлердің барлығын жиып алып келіп, жас қыздардың даусын, жақсы күле алатын, сиқырлы күлкісі бар адамдарды іздей бастайды. Сонда ақыр аяғында дубляжда істейтін Күләш деген ассистент болатын. Сол кісінің күлкісі, оның мұнда енді жас кезі ғой, әлі отыздың ар жақ, бер жағында, расында да сиқырлы күлкі болатын, келе-келе ешкімді алмай, Күләштің өзін экранның алдына әкеліп, күлдіріп, бірнеше дубль жасап, мына күлкің сиқыр күлкі, мына күлкі қу күлкі, мына күлкі ойы бар күлкі, мынау парасатты күлкі деп, күлкінің өзін жіктеп-жіктеп отырып, ақыры мына күлкі, мінекей, сиқырлы күлкі осы, Төлегенді жібітетін, Шегені жібітетін күлкі деп, осы күлкіні алды да, кейін экранға жаңағы жерге қойып қалған уақытта, шын мәніндегі көрерменді елең еткізетін, селт еткізетін күлкі тапты. Міне, дубляждың құдіреті деген осы. Міне, Майра апамыздың ерекшеліктері – осындай тап басатын көрегендіктері. Тағы бірде осындай фильм жасап жатқан уақытта, осы «Қазақфильмнің», Абдолланың

фильмінде ғой деймін, «Бандыны қуған Хамит» болуы керек, сол кезде Ыдырыс Ноғайбаев атпен келе жатады. Сырт көзбен қарағанда, кәдімгі қалқып келе жатқан адам сияқты. Аузына сөз салу кезінде Майра айтты: «Әй, мынау сырттай ұйықтап келе жатқанмен, мұның жан дүниесі үлкен қойылымға дайындалып отыр. Сондықтан ішкі бұлқыну бар, ол ұйықтап жатқан уақытта бетін көрдіңдер ме, оң жақ бетінде жыбыржыбыр еткен белгі бар, ол іштей тынымсыздықтың, іштей әрекеттің белгісі. Сондықтан бұған кәдімгі ширақты сөз беру керек, ұтымды сөз беру керек». Былай қарағанда, оны ешкім де байқамайды, ешкім де көзге ілмейді. Ал бірақ Майра соны көреді. Расында да, сол жерге апарып, тірі сөз салған уақытында, режиссердің ойлаған ойын тірілтіп, ары қарай дамытып алып кетеді. Тіпті бір жолы баяғы атақты Василий Шукшиннің «Калина краснаясын» жасап жатқанда, тағы бір осындай эпизод болады. Бір қызығы, дубляжға келген классикалық фильмдердің барлығын Майра жасайтын. Одан басқа біреулер мен жасаймын деп жұлып алуға да шамасы келмейтін, өйтіп айта алмайтын да. Ол кісіге жұрттың бәрі өзінен-өзі «Майра апай, мынаны сіз жасамасаңыз болмайды» деп алып келетін. Сол «Калина красная» жасалып жатыр, соның укладкасы бар, соның бұрынғы күйеуінің моншаға түскен уақытта Шукшинге айтатыны бар, «сен мына іш киімді кие бер, бұл жуылған, үтіктелген, бұрынғы күйеуімдікі» деп. Енді сонымен тағы бұрынғы күйеуі мен кейінгі күйеуінің кездесетін жері бар, сол кезде орыс тілінде бір-ақ сөз бар Шукшиннің аузынан шығатын «ты мудак» деген. Сол «мудакқа» осы кісі қатты шұқшиды. Ол фильмнің редакторы Жүсіп Қыдыров болатын, кәдімгі белгілі ақын, жазушы, күйші дегендей. Сол ана сөзді айтты, мына сөзді айтты, әй, анау екеуінің ішкі характерін ашпай жатыр ғой деп, ақыр аяғында Жүсіп шамалы қызарыңқырап қалып, үйіне кетіп, ертесіне екі бет жазып келіпті, әртүрлі ренжіс, боқтау сөздерден. Соның біреуі де қабылданған жоқ. Сонда Майраның бір қызығы соған өкінбейтін, бір күн болса бір күн, екі күн болса екі күн, өзі ойланады, айналасындағыларды ойландырады. Бірақ сол ой жиналып келгенде, анау жасалатын фильмді, көрсетілетін фильмді кәдімгідей әсірелей түсетін, маңыздандыра түсетін нәрселер болатын. Сонымен ақыр аяғында, Жүсіп Қыдыровтың да сөзі өтпейді, сол уақытта бүкіл редакторлардың ішінде Аяған Сағаев дейтін бір шал болатын, ол сөздің қадірін білетін, өте түсініп қарайтын кісі еді. Сонда айтады, «Әй, соны Қошқардың қужұнтайы десек қайтеді, босқа салпақтап жүрген» деді. Сонда Майра жоғары қарап отырып қалды, әй, мынау дұрыс сөз, мынау бұрынғы күйеуі түкке тұрмайтын, салпақтап жүрген адамның характерін беретін нәрсе, бұл бүкіл образдың жиынтығы деп. Сол экранға шықты, экранға шыққаннан кейін кәдімгі қазақ тілінде шыққандай боп тұрды. Сондықтан да кейде көп жылдар

қазақша шыққан фильмдерді ауылдағы қарапайым халық айтатын: «әй, мына фильмдер «Қазақфильмде» түсірілген нәрселер сияқты көрінеді ғой, аудармаға тіпті ұқсамайды», – деп. Ол қасиеттің бәрі, ол құдіреттің бәрі сол Майра апамыздың жетегімен жүретін болатын. Міне, бұндай адамдар өнердегі тұлғалық дәрежеге жеткен адамдар деп айтуымызға да, мойындауымызға да болатын. Дикторлар Әнуарбек Байжанбаев пен Сауық Жақанова Бүркіт Бекмағамбетов, диктор: Негізінен көп жағдайда еліктеу әркімнің өмірінде үлкен рөл атқарады. Ол енді ақиқат. Біздің бала кезімізде теледидардың жұмысын радио көбірек атқаратын кез болды. Сонда сағат он бірден он екіге дейін радио спектакльдер жүретін. Бұл 1969–1970 жылдарда. Сонда керемет үлкен-үлкен сахналық дүниелерді радиомен де әдемі келтіретін. Соны құлағымызға жастап жатып, тыңдайтын едік. Онда үлкен-үлкен актерлар ойнайды, сонымен қатар үлкен романдардан үзінділер береді. Сонда Әнекең оқығанда, енді ол кісінің оқу шеберлігі адамды баурап әкететін, кәдімгі радионың ішінде бірге отырғандай әсер қалдыратын. Сауық Жақанова, ҚР еңбек сіңірген әртісі: Сонау өткен ғасырдың 60-жылдары, филологтар, қазақтың мемлекеттік институтында оқып жүрген студенттер, әрине, ол уақытта телевидение жаңа басталған кез, қазақ радиосына көп мән беріп, қазақ радиосын көп тыңдайтынбыз.

Сол уақытта ерекше ер дауысты үнді, айтқан сөздерінің бәрі жүрекке қонымды, ғажап дауысты естиміз де, бәріміз таң қалатынбыз. Бұл кім, қандай ерекше адам деп ойлайтынбыз. Содан бертін келе, институтты бітіргеннен кейін, біздер, студенттер енді концерттерге қатысып, өлеңдер оқып шауып жүреміз ғой, содан кейін бе, елдің бәрі маған те­левидениеге ме, радиоға ма бар дейтін. Бір сары кісі келді, дикторский­ге, көзінде көзілдірігі бар екен. «Ал мына балалар байқауға келгендер ме», – деді, тағы менен басқа да адамдар отырды. Сөйлегенде таң қала­сың. Күнде сөйлеп жүрген сөздер сияқты емес. Міне, таныстығымыз осыдан басталды ғой, мен байқаудан өттім, көп кісілер келді. Кішкене әңгімелер болды, даусы шіңкілдек екен дегендер болды, енді ол жас кез ғой, жастық кезде дауыс жіңішке болады ғой. Бірте-бірте дауыс қоюланады. Бүркіт Бекмағамбетов: Ол кісі бірде-бір рет, мен мысалы қанша мықты дикторлардың арасында жүрмін, сонда демалмайтын, ол кезде біраз жасқа келіп қалған, соның өзінде ентігіп сөйлеу жоқ, техникасы, сөйлеу мәдениеті эфирге кіргенде басқаша болады. Өйткені ол кездерде баяндамалар оқылатын, Брежневтің, Қонаев аталарымыздың баяндамалары 5–6 сағат, төрт бет, бес бет баяндамалар оқылады. Сонда ентігіп отырғанын көрген жоқпын. Сосын эфирге келгенде бірқалыпты болатын, өзі жай, әзілқой адам еді. Сонда қазір әзілдеп тұрып, эфирге кірген уақытта мүлдем құлпырып шыға кететін. Манағы қалжың да жоқ, басқаша қалыпқа кірген, әдемі, құлаққа жағымды, өзіне тән, керемет тембрмен жақсы сөйлейтін. Содан кейін әдеби дүниелерді ол кісі оқыған уақытта, құдай сақтасын, сонымен бірге елтіп отырасың, бірге сол оқиғада жүргендей болатынсың. Себебі ол кісі диктордан әлдеқайда жоғары болатын. Қазақстанның халық әртісі атағын алды ғой. Қазақтың халық әртісіне лайықты, одан да жоғары, керемет актер болатын. Сауық Жақанова: Көп нәрсені дикторлардан үйрендім. Оның ішінде Әнуар Байжанбаевтан көп үйрендім. Байжанбаев бұл тума талант. Қазіргі әртістер, енді көркем сөз оқу шебері дейміз, бұл кісілердің барлығы, енді төмендетпей-ақ қояйын, оларды дайындайды. Алған дүниелердің бәрін оқиды, сөздің ішінде қай сөз басты, қай сөзді көтеріп айту керек, қай сөзді созып айту керек деп, осындай мән беретін, мақсат қоятын. Ал дикторларда оған дайындалуға мұрша жоқ, оған алғырлық керек деп ойлаймын. Алғыр еді Әнекең деген, ол кісі тіпті дайындалмайтын, мен дайындалсам бүлдіріп алам дейді де, дайындалмай шыққан дүниесін жасанды емес, ойнау емес, бірақ дәл автордың өзінен артық болмаса, кем түсірмей, автордың айтпақ ойын дәл жеткізетін халыққа. Жалғыз үнімен ғана емес, автордың идеясын жеткізе білетін талант еді. Ол табиғаттың, құдайдың берген ерекшелігі, міне, Байжанбаев деген сондай кісі еді.

Бүркіт Бекмағамбетов: 1988 жылы ол кісі зейнеткерлікке шыққан, сонда да үш ай жұмыс істеуге мүмкіндігі болатын. «Әй, балам, бүгін екеуіміз істейміз бе» дейді. «Иә, аға» деймін. «Сен өзің атқаратын дүние ғой» деп әзілдеп кішіпейілдік, жылы лебіз танытады. Болмаса, үлкен халық әртісі келіп, «әкел, мен оқимын» десе, жас адамдар жалтақтап қалады ғой. Ал ол кісі, «әй, өзіңнен қалатын дүние жоқ» деп адамды көтеріп тастайды, кішкене мәз болып қаласың. Осының өзі үлкен тәрбие, үлкен тәлім, үлкен ұстаздық деп ұғам. Мына Мәмбет Сержанов та фамилияға келгенде өте мұқият болатын, өте сауатты адам еді. Өте таза сөйлеуге тырысатын адам еді. Сауық Масғұтқызы әдеби дүниені, лирикалық дүниені тамаша сезіммен, түсінікпен оқиды. Ол қазір ұстаз болып жүр. Сол өзінің тамаша қасиеттерін шәкірттеріне бере білсе нұр үстіне нұр.

Арқалы ақиық актер Мұхтар Бақтыгереев Ғайни Базарова-Бақтыгереева: Менің Бішкекте, Ленинградта оқы­ ған достарым бар еді, сол Ленинградта оқыған жолдастарымның бірінде үлкен той болып, ол кісі Бішкекте киноға түсіп жатыр екен, сол кинода, тойда 3 күндей бірге болдық. Сол 3 күннің ішінде, әуелі, ол кісінің жолдасының қайтыс болғанын, осы жақында жылын беретінін естідім. Менің жолдастарым қалжыңдап, біздің қызымыз бар мынадай, басы бос, біз осы қызымызды сатамыз деп, ақыры осы ойын-қалжыңның түбі шынға айналып кетті. Кішіпейілдігі ар жағынан көрініп тұрады екен. Сол Бішкектен қайтқанымызда үлкен микроавтобуспен қайттық, бізге

алматылықтарға автобус берді. Сонда театр институтының студенттері болды, көп әртістер болды, кейбір үлкен әртістер ішіп алып, 2–3 орынға жатып алды. Мұхаң жанталаспай, кейін жұрттың артынан кіріп, астына газетін төсеп, бір бұрышқа отыра қалды. Ешқандай жастарға мен үлкенмін ғой, орныңды босатшы деп айтқан жоқ. Менің қасымда жас бала отыр еді, соған «айналайын, анау көкеңе орын бер» дедім, сөйтіп менің қасыма отырды. Мәруә, бөле қарындасы: Бөлеміз. Менің әкеме Мұхтар бауыр басып, кішкентай кезінде бала қылған. Сол кезде Алтай, Марат деген інілері болды, София деген апасы болды. Мен ол кезде әлі дүниеге келмеген екем. Енді ол жақтарын жақсы көп біле бермеймін. Кейінгі кезде мектепке барғаным есімде. Мұхтардың оқығаны. Әйтеуір көзімді ашқалы бері қарай, ол өмірден кеткенше бірге жүрдік. Бала кезінде тентек болып өсті, есімде. Көгершін қуатұғын. Ол кезде де бір «Жетіқарақшы» деген топтар болған, осы кезде де бар ғой, бір тентек балалар жиналып алып жүретін. Ғайни Базарова-Бақтыгереева: Білмеймін енді, айтуға бола ма, болмай ма. Бір директорға барып едік, оны шығып кетті деді, қазір келеді деді. Сосын бір қазақтың жас баласы тұр екен, сол айтты, ол кісі әжетханаға кеткен деп. Сосын әрі отырдық, бері отырдық – келмеді, сосын мен айттым, «көке, неғып күтіп отыра береміз, барайық та жаңағы әжетханасына» дедім. Мен енді оны тамақ ішетін жер ме деп ойладым, сол жерде бәрі күлді, өзім ұялып қалдым. Содан ана кісі: «Осындай кісі­ нің қасында жүріп, сол сөзді білмейсіз бе» деді. Шынында да, ұят болып қалды. Жас бала емеспіз. Содан Мұхаң маған Мағжанның кітаптарын, Мұстафа Өзтүрік деген кішкентай-кішкентай кітаптарды алып келіп, дауыстап оқып, маған оқытқызды. Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» деген кітабы бар екен. Мұхаңа, асқар таудай биік ағама деп жазған. Бүгін сол кітапты алып келіп көрсету керек еді, ұмытып кетіппін. Сол кісінің кітабын оқи бастап едім, маған өте ауыр болды. Өте ауыр, киналып оқыдым сол кітапты. Сөйтіп қазақша өлең жаза бастадық. Мәруә: Соғыстан кейінгі кез ғой, мен мектепке барған кез, жоқшы­ лық кез. Аяқ-киіміміз жоқ, қиын кездер, 1–2 жыл аурушаң болып, көпке дейін мектепке бармадым. Сонда көңілімде қалғаны, ақкөкем мені арқалап, мектепке апаратын, апарады да, сосын мені мектептен босағанда кетпе, осы жерде отыр, мен сені арқалап кетем дейді. Неге десем, аяқ-киімің жыртық, балшық кіреді, салқын тиеді дейтін. Сондай жақсылықтарын қалай ұмытамын мен. Ғайни Базарова-Бақтыгереева: Мәрияш жұбайын жақсы көреді екен, жақсы көріп косылған екен, 1 жыл ма, 2 жылдай ма, мен тек қана сол кісіні тыңдайтынмын. Менің шыдамдылығым, ол кісі жылайды ара-

сында, кейде күледі, соны 2–3 сағат асханада отырып, кейде түн ортасына дейін әңгімесін тыңдап отырам, бұзбаймын. Бір жылдай шерін тарқатып, саяжайға көшкеннен кейін, балалармен ойнап, содан кейін ғана өз-өзіне келе бастады. Мәруә: Кейін көкем осында көркемөнер училищесінде оқып жүргенде, демалысқа келді ауылға. Енді ауылға келгенде, Алматы ол кезде астана ғой. Сол 1953 жыл ма, стиляга деген мода болды, ол кезде ол сондай сұңғақ бойлы, әдемі, көркем жігіт болатын. Соны менің құрбыларым шарбақтан сығалап, тесігінен қарайтын. «О, сенің ағаң келді, стиляга» дейтін. Сөйтіп, ақкөкем стиляга болып келгенде, мен сондай мақтанышпен, көкірегімді көтеріп жүретінмін. Ой, дүние-ай! Ғайни Базарова-Бақтыгереева: Оның артынан тіпті қызық болды. Менің Мәрденім үйленетін болды, институтты бітіріп. Сосын құдалыққа менің балам айтты, «дядя Муха пойдет, ты и тетя Зауреш» деді. Сіңілім, үшеуміз ғана бардық құдалыққа. Содан үшеуіміз құдаларымызға барып отырмыз, сонан Мұхаң әңгімені бастады, Мәрияш туралы бастады, қалай Асылбекті күткенін, қалай Мәрияштың аяғы ауыр болғанын, құдалар үндемейді, менің сіңілім жылай береді, жылай береді, мен енді құданың бетіне де қараған жоқпын, отырмын, сөзін бұзған жоқпын. Енді үлкен кісі, ол кісінің қайғысын тек қана түсінген адам түсінеді. Мен ойладым енді, құдаларымның ақылы болса түсінер, болмаса мейлі деп. Сонымен не керек, құдаларым сондай тамаша адамдар болып шықты. Сондықтан артынан өзіміз жай айтқанда, ішек-сілесі қатып, бәрі күледі. Актер Мәкіл Құланбаев Серік Жармұхамедов, кинорежиссер: Мәкіл Құланбаев – кино өнері мен театрдағы еңбегі, орны бар, өзінің өтіп кеткен жолы бар, одан кейін оның тындырған ісі туралы ауыз толтырып айтарлық нәтижесі бар өнерпаздарымыздың бірі. Ол өзі тіршілігінде де, өнерде де екі түрлі боп көрінеді. Жай жүрген уақытта былай сөлбиіп жүрген сияқты, екі иығы төмен түсіп ілбіп келе жатқан адам сияқты боп көрінеді. Ал бірақ ол сыртқы формасы ғана, ал ішкі дүниесіне келетін болсақ немесе камераның алдына келгенде, әйтпесе дубляждың микрофоны алдына келгенде ол жаңарып шыға келеді. Бұл оның ішкі дүниесі, ішкі болмысы болуы керек. Ес білгеннен өмірден кеткенге дейін бір-ақ жерде жұмыс істепті. Тіпті еңбек кітапшасында қазақтың Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры дегеннен басқа ешқандай жазу жоқ екен. Бұл да ол кісінің тыңғылықтылығының, ұшып-қонбайтындығының, характерінің

белгілерінің бірі болса керек. Мәкеңмен сонау 60-жылдардың ақырында, одан кейін 70-жылдардың орта кезінде көрнекті кинорежиссер Абдолла Қарсақбаев жасаған екі балалар фильмінде бірге жұмыс істедік. Алдында «Балалық шаққа саяхат» болатын болса, екіншісі «Алты жасар Алпамыс» фильмінде Мәкіл әкесінің рөлін ойнады. Әкесі мен шешесі егде тартып қалған, баланы да кенжелеу көрген, балалары мектепке енді барып жүрген кезі. Осы екі әке мен шешенің арасындағы жас баланың тәрбиесі фильмге негізгі жүк болған, жүйе болған. Әкесі Мәкіл Құланбаев кәдімгі салмақты, артық сөзі жоқ, сырттай қарағанда момын болғанымен, шалт қимылға бармағанымен ишарат­ пен, қас-қабағымен үй ішінде сондай қасиеттері көп болады. Міне, сол бір жағынан балаға тәрбиесі болып көрінеді. Мәкілдің мына суреті кешқұрым түсірілді. Нағашы жұртына бара жатқан кезі. Сонда қызық оқиғалар болды, атпен кетіп бара жатыр, түнді көрсету үшін біз 5–10 минутқа таңның атуы мен күннің батуы кезінде түсірілетін нәрселер. Сол кезде екеуі мына 6 жасар бала дүниеге құш­ тар, айналаның бәрі оған таңсық, кетіп бара жатқанда, байғыздың дау­сы естіледі, сол кезде жалт қарап, шешесіне қарамай, әкесіне қарап айтады: «бұл ненің даусы, бұл не?» дейді, сол кезде Мәкіл, «Е, сен білмейді екенсің ғой, бұл байғыз деген құс болады, сен оны білесің бе? Байғыз деген баяғыда бір байдың қызы болған екен, жұртқа жасаған қиянаты, жұртқа жасаған озбырлығы үшін оны Алла тағала байғызға айналды­ рып жіберіпті. Сондықтан ол байғыз күндіз жүрмей, тек қана түнде жү­ реді. Дыбысын естисің бе «бай-құс, бай-құс» деп тұрады» депті. Сонда бала таңырқап, бұндай да болады екен ғой деп, өмірге жаңа күшімен, жаңа қырынан көрінеді.

Мәкіл ойнамайтын, соның ішінде өмір сүретін. Дәл өмірдегідей. Ал енді сол фильмде тағы бір жерлері бар, үйге келгенде де Алпамыс жыр оқиды, оқығанда баламен балаша, ол мен үлкенмін, мен әкемін демейді, баланың көңілінен шығатындай, баланың түсінігіне лайықтап оқып береді жырларды. Ал ол бір жағынан әкенің балаға жыр оқығаны болатын болса, ол тәрбиенің бір түрі. Съемканың басында Мәкіл бір ауыз сөз айтпайтын, Абдоллаға қарсы келмейтін. Ол енді бір жағынан режиссерлығымен, екінші жағынан тетелес, құрбылау келетін, жас шамалары да шамалас болатын. Ал енді түсірілімнен тыс кезде, басқа кезде олар кәдімгі әзілдесіп, қалжыңдасып, әзілі жарасқан достар еді. Бірге отырғанда, шай ішіп отырғанда көбіне Абдолла Қарсақбаев оған тиісіңкіреп, шұқылап отыратын. Ал бірақ Мәкіл оны шыбын шаққан құрлы көрмейтін, реті келіп, қатты батып бара жатса, бір-екі ауыз сөзімен, әзілмен қайырып тастайтын да, одан кейін үндемей отыра беруші еді. Негізі, Мәкіл ән салмайтын, өлең айтпайтын адам. Бірақ шамалы отырып, ұзақ отырыстар болған кезде оған Абдолла «Мәкіл, өлең айтшы» деп қоймайтын. Өлең айтшы дегенде, алдымен үндемей отырады да, бір кезде бұрынғы далада жайшылықта жүргенде, салбырап жүретін, иығы шамалы көтерілгендей болып, бойын тіктеңкіреп отырады. Бұл мен айтуға дайынмын деген сөзі. Одан кейін ары қарай кеу-кеулеп жіберсең, ол кезде Мәкіл тамағын бір жұтынып, ән айтуға дайын тұратын. Сол кезде Абдолла жанындағыларға қолын көтеріп, үндемеңдер дегендей белгі береді, сол кезде өзінің айтатын бір ғана өлеңі болатын, «Ала қарға» дейтін. Үнемі соны айтатын. Білмеймін, осы «Ала қарғаны» еш әншінің аузынан естіген емеспін. Бірақ Мәкілдің айтқан әнінде ол өзінің нәшімен келетін ән боп шығады да, ол әнді Абдолла шын ықыласымен тыңдайтын. «Ұшады ала қарға, Қонасың жардан-жарға...» Міне, бұл жайшылық өмірдегі кездері. Қазақша аударма фильмдер деген болады ғой, дубляж дейтін, соған да Мәкіл жиі қатысатын. Жиі қатысқанда басты геройды көп өтінбейтін. Айтатын, басты геройды Мұхтар Бақтыгереев пен Атакелді Смайыл жасасын, менің жамбасыма келетін, өзіме лайық рөлді беріңдер деп. Онда да сол 70-жылдардың ішінде бір фильм болды, Евстигнеев пен Семина* ойнайтын. Екеуі де жер ортасынан ауған, бала-шағасы бар, үйлі-баранды адамдар. Бірақ екеуі жас кезінде, мектепте де, балабақшада да бірге болған, Евстигнеевтің қыз балаға деген ықыласы, көңілі, сол ықылас көңіл, идеал дейміз ғой, сол жаңағының дауыс ырғағынан көрініп тұратын. Міне, осы рөлді көргенде айтты, «ойбай, мына шал маған лайық шал екен, осыны мен жасайыншы» деп өмірінде бірінші рет өтініш жасады. Жасады, өте жақсы шықты. * 1984 жылы «Мосфильм» киностудиясында түсірілген «Еще люблю, еще надеюсь…» фильмі туралы айтып отыр.

Жақсы шыққанда, адамның ішкі сезімін айтып жеткізуге болмайтын,
мысалы ол да – сезімнің өзі де ұшатын құс сияқты ғой, даусы қатты
шықса, ұшып кетуі мүмкін. Сол фильм бастан-аяқ Мәкілдің орында­
уында, жақсы бағаланып, үлкен геройды ойнағанда, осы фильм есімде

қалыпты, Мәкілдің.

Дүлдүл ана Әмина мен бұлбұл Бибігүл Айдос Бектеміров, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: Әмина апамызға қазір қарап отырсақ, баяғы үлкен ел билеген аналар, үлкенүлкен әжелеріміз еске түседі. Мен кейде тіпті Абайдың әжесі Зере осы Әмина апамыз сияқты болды ма деп ойлап қоямын ішімнен. Олай айтатын себебім, енді адам қалай болғанда да табиғаттың бөлшегі ғой, табиғаттың жаратылысы. Сондықтан елге, жерге тартып тұратын қа­ сиет бар ма дегім келеді. Мысалы, Әмина апамыз шыққан жер – Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған қасиетті топырақ. Шынында да, табиғаттың кей жерлерінде сондай аса дарынды адамдар туатын қасиеттер болуы керек деп ойлаймын. Гүлфайруз Исмаилова, Қазақстанның халық суретшісі: Бибі­гүл екеуіміз құрдаспыз, бір жылда туылғанбыз, арамызда бір-ақ күн, мен 1929 жылы 15 желтоқсанда туылдым, ол кісі 16 желтоқсанда туылған. Танысқан уақытымыз 1947–1948 жыл, консерваторияда бірге оқып едік, вокал факультетінде, міне, сол уақыттан бері арада қаншама жыл­дар өтті. Ол жылдар қиыншылық уақыт қой. Екеуіміз консерваторияда бірге оқыған кезде, мен екі жерде оқыдым, училищеде суретші болайын деп.

Айдос Бектеміров: Әмина апаммен мен 1978 жылдан таныспын. Сол Мәскеуден келгеннен кейін, қазіргі балалар мен жасөспірімдер театрында, жастар театрында қызметке тұрдым. Содан ең бірінші рө­ лімде Әмина апамыз екеуіміз серіктес болдық. Ол кісінің енді баяғы жігітін – революционер, ғашық болған жігітін ойнағам. Сөйтіп, өнерді біссіміллә дегеннен Әмина апамызбен серіктес болып бастағанбыз. Ал енді еңбектерін халық біледі ғой, кино саласында болсын, театр саласында болсын көп еңбек сіңірді. Ділдәнің образын жасады, өзінің 80 жылдығына. Сонда, шынында да, ойлап қарасаң, сол баяғы кітаптардан оқығанда көз алдыңа келетін ел билейтін үлкен аналар, сол кісілер осындай болды ма деп ішімнен ойлаймын. Гүлфайруз Исмаилова: Бибігүлдің бір жақсы жері, мен әртіспін, мынаны істемеймін демейтін. Үйіне келсең үстелде тамақ тұрады, ыдысаяқты жуады, кірді жуып жатады. Өзі сондай ақкөңіл. Одан кейін Бибі концертке кетеді, концертің сағат нешеде бітеді десем, ол айтады: он бірде, мен күтіп отырам, шайды дайындап. Онан кейін бірінші қабатқа келіп, шай ішіп, демалып, сосын төртінші қабатқа кетеді. Менің де балам сол үйден шықпайды, Төлеген мен менің Вадим деген балам екеуі дос, арасы 2 жас. Менің балам үлкен. Менің балам мектепке бірінші сыныпқа кеткенде, ол кішкентай, Вадимді күтіп отырады, қашан мектептен келеді деп. Сонда бір кәмпитті қолына ұстап отырады, сондай ақкөңіл еді ол бала. Бала қайдан білсін дос екенін, ол туысқанбыз деп ойлайды. Айдос Бектеміров: Ол кісі жайдары болғаннан кейін, қасындағы адамдардың бәріне нұрын шашып, соларды өзімен бірге толтырып оты­ рады. Әмина апам сахнаға шыққанда, сахна толып, әдемі жарық нұр құйылғандай, өзің ойнағың келіп, өзіңді бір көтеріп, желпіндіріп жібереді. Серіктесін ол кісінің жағынан басу, тықсыру дегенді байқамайсыз, қайта ол кісі өзіңді көтеріп, кәне-кәне, сөйлей ғой, ал енді ойна-ойна деген сияқты әдемі күй кешесіз. Гүлфайруз Исмаилова: Жерар Филипп деген үлкен әртіс болып еді, әйелі жазушы, сол кісі біздің үкіметімізге келіп еді, Нұрпейісов соны шақырған. Сонда бір кітап жазып еді ғой, «Жизнь – мгновение» деген кітап. Бибі үлкен филармонияда концерт берді. Сонда сол әйел екеуіміз бардық. Анау әйел таң қалды, даусы қандай, классиканы жақсы айтады екен деді. Сонда мен қуанып отырдым. Ол кісі ойласа керек, қазақтардың мәдениеті жетпейді ондай үлкен әндерді айтуға деп. Кейін Бибі оның артынан Францияға барып келді. Ол жерде оны әбден жақсы қарсы алса керек. Мен оның киімдерінің суретін жасап едім, маржандарды өз қолыммен қададым. Айдос Бектеміров: Әмина апамды ең бірінші көргенім, «Абай» фильмі бар ғой Әзірбайжан Мәмбетов қойған, сонда Ажарды ойнаған.

Сол менің есімде қалды. Сол кинодағы Әмина апамыздың Айдар өлгенде, енді жаңа ғана үйленген келіншек, бүкіл киімін шешіп, қаралы дәстүрге көшу керек қой біздің әдет бойынша. Сонда жаңағы кісінің құлағында үлкен керемет сырға болды, келіншек боп түскенде тағылған ғой. Соны біртіндеп алып тастайды, көрдіңіз бе, басында қуанышқа, бақытқа ниет қылып тағылған сырға ғой, енді соны алып тастауға мәжбүр болып тұр. Соны тастап жібереді, сосын екінші құлағы, көзінен бүкіл трагедияны, бүкіл Ажардың трагедиясын көрдім. Әмина апамыз өте дарынды, өте талантты адам. Гүлфайруз Исмаилова: Бибіні жақсы көрмеуге болмайды, өзі сондай ашық, көңілді адам. Мен ойлаймын, егерде әйелдің ең жақсысы кім десе, мен ойланбастан осы адамды айтар едім, ол жақсы шеше, үш баласы бар, бір ер бала, екі қызы. Ал қазір үш немересі бар. Былай қарағанда Бибінің ең асылдары бар, асыл тастар сияқты. Өзі де жақсы «Гауһартас» деген өлең айтады, өзі де сахнада гауһартастай. Бұлбұл Бибігүл мен диктор Ләзиза Ләзиза Аймашева, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, телевизия үздігі: Бір қызығы, мен оны сырттай білетінмін, дәріханада жұмыс іс­ теп жүргенде концертіне баратынбыз. Ол кезде телевизор жоқ, ылғи кон­цертке, театрға баратынбыз, сонда өзін көретінмін. Содан мен Би­ бігүлге ғашық болдым, бір ғажабы, мені дикторлыққа шақырып, осы телевизияға келгенде, Ғалымжанова бас режиссер екен, Алматы телевизия студиясында. Сонда «қандай әртісті жақсы көресіз, сол туралы айтып беріңізші» деді. «Менің жақсы көретін әншім, әртісім Б. Төлегенова, оның

әні ұнайды, әдемілігі, өзінің түр-тұрпаты ұнайды, жалпы басқа әртістей емес, сахнада құлпырып шығады» деп, Бибігүл туралы білетінімді айттым. Өмірбаянын, консерваторияны бітіргенін, қазір «Қазақконцертте» қызмет істейтінін айтып бердім. Содан кейін мен телевидениеге келдім. Жалпы мен ешқандай білімім болмаса да музыканы жақсы көрем. Сонда Бибігүл бірінші рет телевизияға келді, ол кезде жас, республикаға еңбегі сіңген әртіс, қазақшасы онша жоқ, орысша сөйлейді екен. Ептеп қазақша сөйлетіп, бірінші рет Бибігүлдің творчестволық портретін жүргізгем. Себебі мен оны жақсы білетінмін. Содан ол да түсінген болуы керек, 60жылдың басынан бастап екеуіміз дос болдық. Қажы Қорғанов, диктор-комментатор, телевизия үздігі: 60жылдардың орта шенінде Қазақ теледидарына Қазақстанның түкпіртүкпірінен жастар жиналдық. Ондағы мақсат – диктор болу, халық алдына шығу, жатық, мәдениетті сөйлеу. Осы тұрғыда Ләкең ол кезде дикторлардың ұстазы, жетекшісі, бізге көп ұстаздық көрсетті. Ұстаздық көрсеткенде, мәтінді қалай оқуды емес. Ол кезде, құдайға шүкір, Ақтөбе теледидарында 5–6 жылдық тәжірибе бар. Біз енді елден келген жігіттерміз, шынын айтқанда, әсіресе үлкен адамдармен сөйлесу, керек десеңіз, дастарқанда отыра білу, жақсы, мәдениетті киіне білу дегенді білмейтін кезіміз, осының бәрін ұлағатты ұстазымыз Ләкеңнен үйрендік. Ал енді ол кездегі жалақы өздеріңізге мәлім, киімнің түрлері де белгілі, осының бәрі біздің гардеробымызды толтырған, яғни іздеп жүріп, дикторлардың эфирге әдемі, сәнді көрінуіне мүмкіндік жасаған да Ләкең болатын. Ләкеңнің жақсы қасиеті – мықты ұйымдастырушы, жоғары басшылармен тіл табыса біледі, ізетті, мәдениетті кісі болатын, тәкаппарлығы да бар. Оны бір қарағанда тәкаппар деп ойлайсыз да, ал енді жанына үңілсеңіз, нәзік, жақсы көрген адамына жанын суырып беретіндей кісі еді. Ләзиза Аймашева: Бір кезде мен орнымнан тұрып, «Қазақстанның халық әртісі, әр елге барғанда сол елдің әнін алып келеді, шашу ретінде. Сондай әннің бірі – «Күріш барабаны» деп аталады, осыны қазір сіздердің алдарыңызда, Кеңес Одағының халық әртісі Бибігүл Төлегенова айтып береді», – дедім, сонымен гүл шоғын беріп, бетінен сүйіп, шығып кеттім. Ол біздің сценарийде жоқ болатын. Сонымен хабар бітті, ертеңіне бәрі қорқып отыр. Қазақ КСР-інің халық әртісін, Кеңес Одағының халық әртісі деп айтты дикторымыз деп. Сонымен, идеологияның басшысы Суслов тұрды да: «Мына, Ләзиза Аймашева тегінде өзінің әншісін өте жақсы көреді екен, енді бұл, шынында да, телевизияның өзінің жүрегі, өзінің әншіге деген ниетін білдірді. Енді Л. Аймашқызына «Телевизияның үздігі» деген ат берейік, ал енді 1–2 айдан кейін Б. Төлегеноваға «Ке­ ңес Одағының халық әртісі» деген атақ берілсін» деді. Отырғандар бәрі

ду қол шапалақтады. Содан екі айдан кейін Бибігүл «Кеңес Одағының халық әртісі» атағын алды. Қажы Қорғанов: Диктор дегеннің өзі нәзік мамандық. Экранда отырғанда әрбір қимылыңды көрермен өлшеп-пішіп отырады. Ләкеңнің жақсы қасиеті – өте жарасымды киінетін, оның шаш үлгісі де ерекше болатын, қонымды, өзіне жарасымды. Жүріс-тұрысы да. Кейде жалпы жос­парды алып, концерт жүргіземіз, сахнаға шығамыз, сол кездегі жү­ ріс-тұрысы өте мәдениетті, сәнді болатын. Екі тілде оқитын, негізінде, көбіне орысша оқыған жас кезінде, кейін алғырлығы ғой, 3–4 жылдың ішінде қазақ тілін жатық сөйлеп, ізденіп, еңбектеніп жүріп төселіп кетті. Бұл кісінің даусының микрофонға қабысуы, көп адамға қона бермейді. Кей адамдардың дауысы шаңқылдап шығып кететіні де сондықтан, Ләкеңнің даусы әдемі, ашық, ешкімге ұқсамайды, сәнді колориті бар, ерекше дауыс. Ләзиза Аймашева: Қыздарымыз дос, жақсылығымыз болса, менің тойыма келеді, қайғыны бірге бөліседі, мен де барып тұрам, шешесінің 90 жылдығын өткізгенде бардым, содан кейін немересі үйленді, Сейілдә Байшақовтың ұлы Қайрат, қызы Мәриямгүл, ол да әнші, консерваторияда профессор, араласып тұрамыз. Әншілердің ішінде, басқалары өкпелесін, өкпелемесін, менің сүйікті әншім – Бибігүл Ахметқызы. Қажы Қорғанов: Сонда Канцелеристов деген бастығымыз болды, осы халықтық бақылау комитетінің төрағасы, сол екпінін дұрыс қоймай, Канцелеристовті Ләкеңе таяқ жегізгенім бар. Одан Әбішев деген орыс тілінде оқитын диктор еді, білімді диктор, сол кезде орысша оқып отырып, Талдықорған, Ақмола деп сөйлейтін, ол кезде олай сөйлеу үлкен саяси қате болып саналатын. Содан Ләкең екі-үш сөгіс алып, біздің қолдан келген «жақсылығымыз» сол болды, Ләкеңе. Кейін өзі күліп айтып жүретін, «сендердің маған көрсетпегендерің жоқ қой» деп. Қазақстанның халық әртістері Жамал Омарова мен Сара Тыныштығұлова Сара Тыныштығұлова, халық әртісі: Он жылдық мектепті біті­ ріп келгеннен кейін, филармонияда конкурс жүріп жатыр екен, сонда кел­дім. Филармонияның директоры Мәмбет Бестібаев пен көркемдік жетек­шісі Еркеғали Рахмадиев мені тыңдап, «дауысы Жамал апайға ұқсайды екен, Жамал апайды шақыру керек», – деді. Содан Жамал апайды бір сағат тосып отырдық, келді. Үлкен, зор денелі кісі екен. Сосын мен әндерден орысша ән айтатынмын, қазақшаны осында үйреткен,

соны айтып беріп едім. Кішкене сәлдеу болды-ау деймін, «нені жақсы айтасың, соны айт», – деді. Содан мен «Севастопольский вальсті» айтып бердім. Семен Коган деген пианист бар, сол сүйемелдеді. Содан Жамал апай мені тыңдап, «жақсы екен, даусы маған ұқсайды екен, мен өзіме оқушы қып алайын», – деді. Содан бірден өзіне оқушы етіп алып, мені 3 ай дайындады. Мен ол кезде нотаны да білмеймін, еш нәрсе білмеймін, тек мектепті жақсы оқығанмын. Содан бір ағайдың үйінде тұрдым, сол ағайдың әйелі тазалықты өте жақсы көретін адам болатын, сегіз бөлмелі үйді күнде жуғызады, суық сумен, құдықтан су тасимыз. Содан тамағым қырылдап келеді. Бір күні Жамал апай айтты, неге сен қырылдайсың деп. Айтпай жүрген едім, айттым, ылғи еден жуамын дедім. «Қой, еден жуғаны несі, әншіге суық сумен еден жууға болмайды, менің үйіме келіп тұр, 4 бөлмелі үй бар, 1 бөлмесін саған берем, сонда сен тұрасың», – деді. Содан сол кісінің үйінде 3 ай бойы бір бөлмесінде тұрдым, өзінің туған қызындай еркелетіп, сол үйде әндер үйретіп, ең бірінші сол үйде Ш. Қалдаяқовты көрдім, «Менің Қазақстанымды» жазып әкелген екен Жамал апайға. Сол үйде тұрғанда менің әкем қонаққа кеп жүрді. Сонда үйге қайтарда, «ой, шіркін, Жамалдың шайы-ай», – деп, риза боп кететін еді. Бақытжамал Ерманова, диктор: Сара Тыныштығұлова біздің жас­тық шағымыздың әншісі. Сара Тыныштығұлова сонау 60–70 жылдары эстрада жұлдызы болып, жарқ етті. Сараның орындауындағы «Алатау», «Шақырады көктем», «Менің Қазақстаным», «Ұстазым» әндері біздің жүрегіміздегі, біздің сезіміміздегі айтайын деп тұрған, айта алмай жүрген нәрсені айтатын сияқты еді. Сол себепті Сара бізге жақын болатын, Сара шырқаған әндерді біз қосыла шырқап, сол әндер жанымызға

жақын келетін. Кейін келе Сарамен жақсы араластық, қыздарымыз бір мектепте, бір сыныпта бітірді. Өнер академиясын бірге бітірді, сол се­ бептен біз жақсы араластық. Қос аққудай бірге жүрді қыздарымыз. Жалпы білуімізше, өнер адамы деген сахна үшін ғана жаралған. Өмірге икемсіз сияқты, әдемілікте, әсемдікте, басқа биіктікте көретін сияқты­ мыз. Ал адам ретінде, отбасымен араласқаннан кейін көрдік. Сараның тамақ пісірудегі өнерін айтсаңшы. Қалай кісі шақырып, қонақты күту керектігін біледі. Телефон соғады, «ой, келіп кетіңдер, мен керемет, сондай дәмді тамақ пісірдім», әйтпесе тосап қайнатса, «мына өріктен мен варенье жасадым, келіп көрші, шай ішесің» дейді. Сонда сүйсініп қарап отырасың Сараның сондай кішіпейілдігі мен қарапайымдылығына. Қазақ айтқан ғой, «ұлық болсаң, кішік бол» деп. Сондай сәтте Сарадан тәрбие, тағылым аласың. Сара Тыныштығұлова, халық әртісі: Жамал апа, меніңше, өшпейтін тұлға. Халық әртісі де толып жатыр, енді еңбегімен, дарыны орташа болса да халыққа танымал әншілер бар. Бірақ табиғатынан өте дарынды, Ахмет Жұбанов басын иген, Құрманбек Жандарбеков басын иген, өнеріне тәнті болған, алып келген өнерге. Жамал апай жай адам емес, өте қасиетті де киелі адам деп ойлаймын, артында ұрпақтары бар, Жұпар деген қызы фортепьянодан сабақ береді. Едіге деген ұлы бар, өзі 4 балалы ана еді. Әндерін жинап, жаңа техникалар бойынша кассета­ ларын, сосын бейнекөріністерін жинап, таспаға басса, жас ұрпаққа әнін таратса, даусын таратса қандай ғанибет. Қазақтың ұлы әншісі болған еді дейтіндей есте сақтайтын, әрине, Астанада көшесі бар, Шымкент жақта да мектепке атын беріпті, осы Алматыда да көше берсе, бірталай өнер ұжымдарына Жамал апайдың атын берсе, меніңше осы егеменді еліміз­ де Жамал апайдың есімі еш уақытта ұмытылмайды ғой деп ойлаймын. Бақытжамал Ерманова, диктор: Бір күні келе жатсам, Сара кіш­ кентай немересін арқалап алыпты, жалпы қазақтың балаларын әжелері арқалап өсірген ғой. Мен көріп алып күлем, «Сара, немереңізді неге арқалап алғансыз» десем, «бізді әжеміз арқалап өсірді ғой, арқалаған балаға да жайлы, маған да жайлы, оның несі айып, біз өзімізден-өзі­ міз қашпауымыз керек, қай қазақ арқалағанды білмейді» деп, оған еш қымсынбай кете барды. Оның бойында жасанды қылықтар аз, осы былтыр «Қазақконцертте» шығармашылық кеші өтті. Зал толды, сондай керемет кеш болды. Мен ойлаймын, оған Сараның даусын сағынған, Сараның өзінің әдемі ән айтудағы мәнерін аңсаған қауым жиналды деп. Сара Тыныштығұлова қазақтың ән өнеріндегі тұтас бір кезең десе де болады, дәуір десе де болады. Енді біздің замандастарымыз жастық шағындағы әндерді еске алғанда Сараның орындауындағы әндерді сағынады, сол әндер орындалса екен деп, тыңдағысы келетіндер көп. Қазір Сараның

репертуары өте бай. Сараның орындауындағы халық әндері, сондай өзінің бояуымен, өзінің айтайын деген ойымен ерекшеленеді, сазы да сол өлеңнің табиғатын толық береді, тыңдармандары көп. «Қарғаш» әнін біз мысалы отбасымызбен күтіп отырып, Сараның айтқан «Қар­ ғашымен» салыстырамыз. Енді Сара жақсы әндерімен даусын сағын­ ған тыңдармандарын әлі талай қуанта береді, жастарға да үлгі болатын, жүрегінен сағыныш сезімін қалықтата береді деп ойлаймын. Қазақстанның халық әртісі Рабиға Есімжанова Бағдат Сәмединова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі: Рабиға Есімжанова халық әртісі, халық әндерінің іргетасын қалаушылардың бірі деп есептеймін. Ол кісінің әкесі Қосымжан Ба­ ба­қов, Есімжан деген кісі де жай кісі болмаған екен, менің туысқаным емес, біз өнердегі туыспыз. Алғаш «Қазақконцертке» 1977 жылы келдім, сол кезде ең алғаш көргенім, «Қазақконцерт» ауласында, сынай көзбен қарап тұр екен, мен ұялып, қысылып өтіп кеттім. Кішкентай қара қызбын. Бұрын басқашалау ғой, бүкілодақтық аттестация дейтін болатын, одан кейін «Қазақконцерттің» өзінде жыл сайын аттестация болатын. 5 жылда репертуарларында қаншама өзгерістер болды, болмаса, қандай жетістіктерге жетті, өсті ме, болмаса төмен қарай кетті ме деген сияқты, ылғи да тексеріп, бағыт-бағдар беріп отыратын комиссия болатын. Мен жаңадан келгеннен кейін, «Қазақконцертке» бәрібір осы комиссиясыз өтуге болмайды екен. Комиссия құрамында жаңағы Рабиға апам отырды. Содан кейін мен халық әндерінен бастадым, қазіргі композиторлардың

да әндері бар еді, бірақ көбінесе сол халық әндерінен 5–6 ән айттым, оның ішінде Мүсілім Абдуллин, Рабиға Есімжанова, тағы басқа біраз кісілер болды. Сол кезде, «әй, қыз, тағы қандай халық әнін білесің», – деді Рабиға апай. Онда атын естігеніміз болмаса, бұрын көрмегенбіз ғой. Ең алғашқы таныстығымыз осыдан басталды. Мен ұнаған болуым керек. Өзінің бригадасы бар екен, сол бригадаға менімен бірге барасың ба деп қолқа салды. Бірақ директор рұқсат етпей, басқа Шүкіровтер бригадасымен жіберді. Жаңадан құрылып, кереметтей боп жүрген Шүкіровтердің бүкілодаққа әйгілі кезі. Содан кейін әйтеуір бір сәті түсті. Апаммен бір күні іссапарға шықтым, 4–5 айдан кейін. Апамның кереметтей қоңыр үні, ән салғандағы қоңыр, баяу, әдемі жұмсақ үні оның мінезінде де бар. Мен кішкентайымнан анасыз өскеннен кейін бе, ол кісінің айтқан ақылкеңесі қатты әсер етті. Апам аса керемет толық кісі емес, бірақ дегенмен, мен үшін сондай жүрегінің керемет жылылығымен, жұмсақтығымен, мінезімен де, жалпы бар болмысымен маған ұнады. Сол кісіге бауыр басып, кәдімгідей басымды омырауына қойып, иіскеп алатынмын. Екі жыл апамның жанында жүрдім гастрольдік сапарларда, одан кейін апам онша гастрольге шықпады, бірақ 1985 жылы 70 жылдығын өткізді. Сонда Бәйтен Омаров, қазір де бар, кереметтей режиссер, сол кісінің ойлап тапқаны болды, мынау шәкіртім деп қасыңызға ертіп жүрсіз ғой, қызым деп жақсы көресіз, осы қызыңызға кәдімгі символикалы түрде микрофонды ұсынған сияқты, «Секіртпенің» бірінші куплетін өзіңіз айтыңыз да, екінші куплетін оған айтқызыңыз (маған үйреткен әні «Секіртпе» болатын) деді, «Ләйлім», «Секіртпе», «Жанерке», сондай әндерді үйретіп жүрген. Расында да солай болды, апам сахнада бірінші куплетін айтты, төменірек, екінші куплетті модуляциямен мен айттым, бір тонға жоғары, елге қатты әсер етті. Әрине, жастар білмейді, бұрынғы сол концертті көргендер, орта жастан жоғарылап қалды ғой, енді ол кісілердің барлығы әлі күнге дейін көзіне жас алады. Сондай керемет әсердің болғанын әлі күнге дейін айтады. Сол кездегі кішкентай қара қыз сенсің ғой деп танушылар бар, сол мен үшін қазіргі заманша айтқанда, үлкен жарнама болды. Апам кейде, «әй, қара қыз, келсейші, шай ішіп кет» дейтін. Мен саған пирог пісіріп қоям, дәмді ас пісіріп қоям дейтін. Расында, апам дәмді пирогтар пісіретін, керемет енді, неше түрлі тосаптарын қоятын үстелге, екеуіміз кәдімгі сүтпен баптап тұрып, шайын ішетінбіз. Сонда әңгімесін айтатын, түрлі-түрлі тамақ пісіретін. Ол кісі ботқаны жақсы көретін, кішкене бауыры ауыратын, содан кейін ботқаның түр-түрін пісіретін. Енді ұнамаса да, жақсы-жақсы деп ішіп алатынмын. Сосын іссапарда жүргенде де, тіпті сол ісіме қазір ұялам, ертемен тұрған кезде, «әй, қыз, тұрдың ба, ұйқың қанды ма, кел, бол енді, жылдам, мен тамақ пісіріп қойдым» дейді. Сол кезде неге сол кісінің тамағын мен пісірмедім

екен деп, әлі күнге дейін өзім ойлаймын, өкінем. Ол кісінің әндерінде әдемі қоңыр үн бар болатын. Ол кісі халық әндерін айтқанда, өзінше бір иірімдері болатын, сол иірімдерді қасында жүрген мен дұрыстап айта алмайтын шығармын деп ойлаймын, ол өзіне ғана тән болатын. Апамның даусын ешкіммен салыстыру мүмкін емес болатын. Роза Бағланованың керемет, ерке, әдемі даусы бар ғой, апамда да сондай керемет қоңыр үн болатын. Мысалы, «Ей, Мақпал» деп айтады да, бір әдемі иірімдері бар, оны ешкім қайталай алмайды. Осы «Жалғыз аршаны» мен айтып жүрмін қазір, «Секіртпе», «Жанерке», тағы «Жонып алдыны» айтатын. Бірде телевизорға түсірейін деп жатыр. Ол кезде кереметтей костюмдер де жоқ қой, «ойбай-ай, жаным-ау, не істесем екен, менің костюмім, сені екі орап алады енді. Ең болмаса менің үкім мен шашымды алшы, маған енді керегі жоқ қой» деді. Жүрегіме кереметтей тиіп кетті де, «жоқ, апа, керегі жоқ, сіз әлі аяғыңыздан тұрып кетесіз, әлі іссапарға барасыз, әлі талай гастрольге шығамыз, жазылып кетесіз, шашыңызды алсам алайын, үкі енді қасиетті нәрсе ғой» дедім. Мүмкін солардың қасында көп жүргеннен кейін бе, әлгі қасиетті нәрсе өзіне ғана тән екенін ойлаппын, соны алып қалмағаныма да өкінем, қазір кім көрінгеннің қолында кетті ғой. «Шашыңызды алсам алайын, үкіңізді алмай-ақ қояйыншы, қасыңызда ілініп тұрсыншы, апа» деп тұсына іліп қойдым. Өле-өлгенше қасында жатты сол. Дәтім бармады. Енді өлгеннен кейін қалай үкісін алып кетем, ол да әдепсіздік сияқты боп көрінді маған. Берген шашын қайтарып бермедім, бәрібір кім көрінгеннің қолында кетеді, одан да апамнан мәңгі ескерткіш болсын деп, қос бұрым шашы бар, қазір үлкен оркестрмен, ұлттық киім кигенде, шетелде жүргенде, ылғи да қос бұрым қылып, өріп шығам. Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеев Сұлтанғали Садырбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор: Қазақтың ақыл-ойы мен көркемөнер тарихында Әбілхан Қастеевтің алатын орны ерекше. Мен Әбекеңмен 60-жылдары таныстым. 10–15 жылдың ар жақ, бер жағында ағалы-інілі болып, бір-бірімізді сыйлап, бір-бірімізді құрметтеп жүрдік. Жақында мен Әбекеңнің мұражайындағы көрмесін көрдім, 400-ге жуық шығармалары қойылған екен. Негізгі тақырыптары «Адам және табиғат», «Адам және еңбек», керемет, ғажап суреттері өте көп. Бұл – классик суретші. Мен Әбекеңмен Жамбыл мұражайында таныстым. Бірде әңгімелесіп отырғанда, Әбекеңнен сұрадым, «Сіз сурет салуды қанша жасыңызда

үйрендіңіз, кімнен үйрендіңіз?» деп, сонда Әбекең айтты, «мен 1922– 1927 жылдары Жоңғар Алатауында қой бақтым, бірінші суретті таби­ ғаттан үйрендім, кішкентай ұсақ тастардан түйме жасап, қыздарға сыйлайтын едім» деді, «екінші, біздің қазақ халқы өте әсемпаз, сырбаз, сұлу, әдемі халық, әрі өздері суретші халық. Мысалы, қараңыз, бір ғана қазақ үйдің құрылысында қаншама өрнектер бар, сол сияқты қыздардың киімдері, бас киімдері, әйелдердің сәукелесі, шолпысы, ер жігіттердің сырт киімдері, ер-тоқымдары, сол сияқты ыдыс-аяқтары, ең соңында әйелдер мінетін аттардың жабуына дейін өрнек салынады. Демек, қазақ халқы әсемдікке құмар халық, ою-өрнектің шебері, мен екінші халықтан үйрендім» деді. Ендігі сөз, өлең сөздің бұлбұлы, ақындық өнердің жұлдызы, Жамбылдың ұстазы Сүйінбайдың суреті қалай жасалды деген мәселеге оралайық. Бірде Әбекең мені өзінің үйіне шақырды, әңгімелесіп отырғанда, Әбілхан Қастеев ағамыз былай деді: «Сұлтанғали, сен білетін боларсың, мен Абайдың жастық шағын, Шоқан Уәлихановты, Ақан Серіні, Құрманғазыны, Амангелдіні жасадым, солардың портретін салдым, олар біздің Сурет Академиясының алтын қорына енгізілді. Енді мен Сүйінбайдың суретін жасасам деген ойдамын. Сүйінбайды көзі тірісінде көрген біреу бар ма?» деді, мен айттым: «Сүйекеңнің Малыбай деген баласы болған, Малыбайдан Тоғызбай, Үкіжан, Садырбай деген немерелері болған, солардың немере қызы Үкіжан қазір 85-те, елде тұрады, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі кезде Саурық селосы деп аталады, соған барайық, Сүйекеңнің суретін сол кісінің әңгімесінен бастайық» деп, Әбекең және Үкіжан апаның баласы Нұртілеу үшеуіміз Үкіжан апаның ауылына бардық. Бірінші кездескенде Әбекең Үкіжан­ға бы­лай деп сұрақ қойды: «Сіз Сүйінбайдың немере қызысыз, Сүйінбай­ды кө­зі

тірісінде көрдіңіз бе?» – деді, Үкіжан айтты: «Көрдім, менің атымды Үкіжан деп Сүйінбай қойған, үкі сияқтысың, үкіге ұқсайсың деп, мен сол Сүйінбай атаның түлкі ішігінің етегіне оранып ұйықтаушы едім, 13 жасыма дейін көрдім, сондықтан Сүйекеңнің бет бейнесінің барлығы менің көз алдымда» деді. Онда сіз ауызша Сүйінбайдың кескін-келбетін айтыңыз, мен қағазға жазып алам деді. Сосын Үкіжан апамыз: «ең алдымен Тоғызбай, Садырбайдың суретін алдыру керек, Сүйінбай айнымаған Тоғызбай мен Садырбай», – деді. Сосын кісі жіберіп, Қарақыстақ селосынан екеуінің суретін алдырдық. Сосын Әбекең суретке қарап отырды да, Үкіжанға «Мына суреттің қай жерінде қандай өзгешеліктер бар, дәл Тоғызбай Сүйінбай емес қой, Сүйінбай Садырбай емес қой», сосын Үкіжан айтты, «бірінші байқағаным, Сүйінбайдың көзі бүркіттің көзі сияқты өткір болатын, екінші байқағаным, мына суретте жоқ, сақалы су сақал болатын, аппақ еді, кескінді, келбетті, қызылшырай болатын» деді. Әбекең арада 3 ай өткеннен кейін Сүйінбайдың суретін жасап, біз қайтадан Үкіжанға бардық, Үкіжан апамыз көріп, мақұлдады. «Мынау мен білетін, мен көрген Сүйінбайдың дәл өзі, айналайын Сүйінбай атам» деп бетінен сүйгені әлі есімде. Сонан соң Әбекең айтты, мұны заңдастырайық деп, жергілікті кеңестің директоры, мектептің директорларын, басшыларды шақырып, соларға көрсетіп, суретін осылай жасады. Әбекеңнің осы жасаған суреті Қазақстанның 3 теңгелік валютасына енгізілді. Қазіргі кезде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ селосында Сүйінбайдың мемлекеттік мұражайы тұр, соның алдында Сүйінбайдың мүсіні жасалған, ол мүсінді жасаған Әбішев те, қазіргі кезде мұражайда тұрған, кітаптарда жасалатын, теңгелерде көрсетілетін, альбомдарда көрсетілген суреттердің барлығының авторы Әбекең. Бексейіт пен Джеки Чан Хансейіт Түлкиев, Бексейіттің ағасы, АМУ-дың проректоры: Бексейіттің өнердегі, спорттағы тағдырына, шығармашылық жолына назар аударсақ, ең алдымен, әрине, Бексейіттің сурет өнеріндегі ізі ойға түседі. Себебі Бексейіт ең алдымен ел, жұрт, халыққа бірінші кезекте суретші ретінде танылды. Сонау Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде оқып жүргенде, алғашқы суреттерімен жұрт назарын өзіне аударған болатын. Бұл ұмытпасам 1974–75 жылдары. Содан кейін 1978 жылдан бастап 1984 жылға дейінгі 6 жыл кезеңде Мәскеуде атақты, жоғарғы көркем-сурет училищесі, қазір ұмытпасам академия болды, міне, осы көркем-сурет академиясында 5 жыл оқыды, студент

болды. Сол жерде жүріп, өзінің өнерін ұштады, сурет өнерімен бірге, спорт өнеріне де жақындады. Сол 1979–80 жылдары Мәскеу қаласында өткен қалалық каратэден бірінші жүлделі болды. Сол жерде көзге түсті. Міне, алғаш рет Бексейіттің спортпен табысқаны, спортқа жақындағаны, спортты сүйгені Мәскеуде өткен жылдармен байланысты. Қонысбек Ботбаев, журналист, баспагер: Бексейіттен үйренуге болатын және бәріміз үлгі алуға болатындай кейінгі өсіп келе жатқан жастар, творчество адамдары, суретшілер, журналистер, жазушылар үйренетін игі қасиетін бөле-жара айтқым келетіні, оның біріншісі, Бек­ сейіттің қарапайымдылығы, елгезектігі, кез келген адаммен тіл табысып, бір-екі көргеннен-ақ, аралас-құралас болып кететін тамаша қасиеті болса, екіншісі оның еңбекқорлығы. Осы қайтыс боларының алдында бірер күн бұрын ғана екеуіміз 2–3 сағаттай отырып, көп жағдайларды әңгімелескен едік. Сол кездегі Бексейіттің айтқан әңгімелері әлі күнге дейін құлағымда. Соның алдағы күнге жасаған жоспарлары, мынаны алсам, мынаны жазсам деген 8–9 ескі суреттерін көрсетіп еді. Одан кейін Джеки Чанмен етене байланысып жүріп, сол Д. Чанмен бірлесіп, Д. Чан да түсетін, өзі де түсетіндей киноның сценарийін жазсам ба деген ойы, арманы бар еді. Ол енді, әрине, ішінде кетті. Одан кейін өмірінің соңғы кездерінде жазуға да ден қойып, повесть жазуға іштей дайындалып, соның эскиздерін шимайлап жүрген болатын. Хансейіт Түлкиев: Менің есімде қалғаны, 1993 жылы Бексейіт Мұс­тафа екеуі Америкаға, Нью-Йорк қаласына тұңғыш рет қазақтың таэ­квондодан құрама командасын алып шықты. Қазақ жігіттері жақсы жүлделі орын алды сол жолы. Мұстафа бас жаттықтырушы ретінде 1998 ж.

барды. Міне, сол Америкадағы сапарында Бексейіт аты бүкіл әлемге мәлім, атақты спортшы, актер, кинорежиссер Д.Чанмен танысты. Кейін олардың арасындағы достық қарым-қатынас жалғасып, 1997 жылы Гонконг қаласында екеуі тағы да жолығып, бұл енді таэквондодан тағы әлем біріншілігі болатын, оған мен де барған болатынмын, журналист, қаламгер ретінде. Сонда екеуі тағы да кездесіп, 1998 жылы жаз айында Д. Чанді Бексейіт әрі досы ретінде, әріптес ретінде Алматыға шақырған болатын. Міне, сондағы екеуінің әңгімелескені, жолыққаны әлі көз алдымда. Олар Гонконг қаласында, ең атақты спорт залында аудармашы арқылы танысып, сол жерден ертіп келіп, біздің бәрімізге таныстырды. Міне, осындай қысқа болса да, өте мәнді, маңызды кездесулер алдымен Нью-Йорк қаласында, сосын Гонконг қаласында болды. Қонысбек Ботбаев: Бексейіттің Д. Чанмен бірге түскен суреті маған екі тұрғыда көрінеді. Біріншіден, бұл суретті Д. Чан Гонконг­тан келген бетте сыртына әдемілеп, маған арнаған жақсы тілегін жазып, өз қолымен ұсынған болса, екінші жағынан Д. Чаннің қолындағы су­рет Бексейіттің атақты «Ұлы-көш» картинасының фото көшірмесі. Сол екі тұрғыдан маған Д. Чанмен түскен суреті ыстық болып көрі­ неді. Осы Д. Чаннің қолындағы кішкентай «Ұлы көш» картинасының алғаш іргетасы қаланған кезден кейін бұл картинаның мен үшін орны ерекше. Ең алғаш Бексейітпен осы картинаны салу жөнінде ақылда­сып, оған идея тастап, қанша шығын шығады, оны қайда ұсынамыз деген мәселелерді ең алдымен ақылдасып, одан кейін осы картинаға кіруге тиіс әрбір кейіпкерді бірлесе ақылдасып, жарты жылдай түсіріп жүрдік, одан кейін Зұлқар­най деген жігіт екеуі елге барып, суретті бастаған кезде, біз 2–3 рет фирмамызда жігіттермен бірге барып, суретті көріп, өз пікірлерімізді білдіріп, талқылап, ақылдасып қайттық. Кейін бұл картина салынып жатқанда, Шерағаң, Мырзахан ағамыз және басқа да Ж. Тұяқбаев секілді елге белгілі азаматтар өз тілектерін, ұсыныстарын қосып, солардың негізінде 1,5–2 жыл уақыт ішінде «Ұлы көш» атты ұлы картина дүниеге келді. Хансейіт Түлкиев: Әрине, кейінгі жылары Бексейіт осы таэквон­до спортын кейінгі жастарға, өзінің ізбасарларына беріп, сол үлкен өнер жолына, сурет жолына бет бұрып, 1997 жылдың күзінде «Жаңғырық» атты жас суретшілердің республикалық ассосиациясын құрды. Соның президенті болып сайланды. Бұл ассоциация сол кездегі білім, мәде­ ниет министрлігінің жанынан құрылып, оның төралқа мүшелеріне қазіргі белгілі азаматтарды, өнер, ғылым саласында жүрген, мемлекет басында жүрген үлкен азаматтарды кіргізіп, сөйтіп сурет өнеріне қайтадан бет бұрған болатын. Енді сурет өнеріне қайтып оралғаннан кейін, Бексейіттің, әрине, ең үлкен шығармасы «Өкініш» туралы айт-

пай кетуге болмайды. Ол «Өкінішті» 1995 жылы Бексейіт өзінің туған жерінде бастап, соның бер жағында Тараз қаласында бір жарым жылдай салып, 1996 жылдың қысында аяқтап, 1997 жылы қазіргі Алматы қаласындағы Елбасы резиденциясына ілді. Оны арнайы комиссия қабылдап, өте жоғары бағалады. Ол сурет 1997 жылдың аяғында он мың данамен плакат ретінде шығып, бүкіл елге таралды. Қазір «Ұлы көш» біздің сурет өнері тарихындағы үлкен шығарма ретінде мойындалып жүр. Міне, соған өте ризамын. Әрине, бұл суреттің бағасы да берілер деп ойлаймын, болашақта. Себебі бұл сурет туралы бірнеше қоғамдық пікірлер туып жатыр. Бұл суреттің жалпы тарихы, жазылу тағдыры, болашағы туралы әлі талай сөздер айтылады деп ойлаймын. Әсіресе маған «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттеріне шығып жатқан оқырмандар пікірі, осы суретті бағалап, үлкен халық тарапынан қоғамдық пікір туғызып, сосын мемлекеттік сыйлықтардың біріне ұсынсақ па деген пікірлер туып отыр. Әрине, бұл іс жүзеге асса, мен туған бауыры, ағасы ретінде өте қуанар едім.

Қазақстанның халық әртісі Әшірәлі Кенжеев Жұмабай Медетбаев, Қазақстанның халық әртісі: Бізден кейінгі келген буындардың ішінде осы Әшірәлінің маған бір ұнағаны, көп қарап, сахнаның артынан көп сығалап, көп тыңдап жүретін. Сәлемі дұрыс, біз енді бар ішкі қырын, сырын біле бермейміз ғой. Көп жігіттер болып жиналып, Асанәлі, Есболған, Марат Мұра­ тәлиев, Раушан Әуезбаева әңгімелесіп тұрғанбыз, мен байқамай қа­

бырғаға жақын тұрып, «Уа-ха-ха» деп күлгенде, басымды ұрып алыппын. Содан Әшірәлі келіп күледі. Мен не деп тұр деймін. Ой, аға, өзіңіз бірдеңені айтып күлгенде басыңызды ұрып алдыңыз, көзіңізден жас шықпағанмен, сондай бір естен кетпес оқиға болды ғой дейді. Сіздің өзіңіздің есіңізде жоқ па дейді. Сөйтсем, шынында, солай болған екен. Сөйтіп әзіл-қалжыңымыз жарасып кетті. Кейде домбыра тартып оты­рам, аздап ән салам, керемет әнші болмағанмен, енді актер болғаннан кейін ән сал десе ән саласың, биле десе билейсің. Сонымен «Ау, аға, дұрыс емес» дейді, «әй, сен неге мені үйретесің» деймін ғой. «Сіз, аға, Мұхтар Өтебаев деген Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісімен көрші тұрасыз, Теміртасты ол былай айтады дейді де, сөйтіп екеуіміз домбыраға жа­ бысып, тартысып қаламыз. Бұл еркелігі. Ол еркелейді аға деп. Болат Әбділманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Мен Әшір ағаны студент кезімде, Әуезов театрының сахнасында Мұхтар Шахановтың «Жаңғырық» деген поэмасы бойынша спектакль болды, сол спектакльде көрдім бірінші рет. Сонда маған жаңағы спектакльдің әсер еткені сонша, мен ол спектакльді, поэманы жаттап алып, өзім теледидарға соны спектакль ретінде қоюға қатыстым. Сонда Әшір аға бір ханды ойнайды, ханды ойнап жүріп Әшір ағаның сондай бір сан қырлы, біресе күліп тұрады, біресе тіліп тұрады дегендей, жаңағы әртүрлі иірімдерімен сан қырлы ханды ойнағаны маған қатты әсер етті. Кейіннен мен Жастар театрынан Әуезов театрына ауыстым, сол кезде мені көптеген ағаларым құшақ жая қарсы алды. Солардың ішінде әсіресе Әшір ағаның мен келген кезде сенің баяғыда-ақ келуің керек еді бұл театрға деп арқамнан қағып, қошеметтеп, өзінің ағалық ақылын айтып, қолымнан жетектеп, сәбиді үлкен өмірге алып шыққандай, алып шығып еді. Жұмабай Медетбаев: Кейде үлкен апаларымыз Бикен Римова, Хадиша Бөкеева, Шолпан Жандарбековалар театрға қарай келе жатса машинасымен міндетті түрде сол апаларды мінгізіп әкеліп, қайтар кезде соларды апарып тастап жүрді. Осындай бір жақсы қасиеті, адамға деген қамқорлығы болатын Әшірәлінің. Сосын спектакльдерде ойнаймыз, ол «Абай – Әйгерімде» Абайды ойнады, жақсы ойнады деп білем. Енді актер ретінде театрда өзінің орны бар еді. Сосын мына жақта Абайды ойнап тұрып, ертесіне мына «Қилы заманда» орыстың үлкен полковнигі ме, соның бір бейнесін ойнайды. Міне, көрдіңіз бе, мына жақта бір лирикалық планға кіреді де, басқа рөлде бір қырғын характерді көрсетіп кетеді. Осындай актерлік шеберлік жағынан биік тұратын. Болат Әбділманов: Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов Эдип патша спектаклін қойып жатыр екен, сонда Әшірәлі аға сол спектакльде ассистент, әрі басты рөлдің бірін ойнайды екен. Сонда сол кісі мені спек-

такльде үлкен бір рөлге кіргізіп, сонан кейін спектакльдің дайындалу кезеңінде маған өз ағымымен, ақ өлеңмен жазылған мәтінді қалай оқу керектігін, қалай жүру керектігін, образдың кілтін қалай табу керектігін айтып, үлкен ақыл-кеңесін берді. Әрине, одан кейінгі жылдарда мен көп спектакльдерде Әшірәлі ағамен серіктес болдым дегендей, ол спектакльдер көз алдымда, оны еш уақытта ұмытпаймын. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың «Айман – Шолпан» спектаклінде ол Көтібарды ойнады, мен сол Көтібардың інісі Арыстанды ойнадым. Одан кейін Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» спектаклінде екеуіміз бір жастағы адамды ойнадық. Ол кісі Қайырбайды ойнады, мен жаңағы Русланды ойнадым. Көп спектакльдерде солай серіктес болып ойнап жүрдік. Енді әсіресе маған Әшірәлі ағаның өте бір қатты әсер еткені, үлкен өнердегі өмірге бір ықпалын тигізгені – Тұңғышбай Жаманқұлов қойған Шахмарданның «Томирис» спектаклінде Март деген рөл бар, басты рөлдің бірі, ханның уәзірі, сол спектакльде Әшірәлі аға екеуіміз бір рөлге түстік. Ол кісінің тәжірибесі де көп, үлкен актер, ол бірінші құрамда, мен екінші құрамда болдым. Сонан спектакльдің дайындығы басталып кетті, репетиция жасалып жатты, сол кезде Әшірәлі аға маған келіп: «айналайын, Болатжан, мен сан рөлдерде ойнадым», «енді бұл рөлде сен ойна» деп мені көркемдік кеңеске жіберді, бірінші қойылымында ойнатты, екінші қойылымда да маған жолын берді. Жұмабай Медетбаев: Осы бізден кейінгі буын Әшірәлі деп отырмын ғой. Әнуар Боранбаев та, Уайыс та, Тұңғышбай да, бізбен жақсы қалжыңдаса біледі. Біздің алдымыздағы шалдар бір-бірімен отырып қалжыңдасқанда, кәдімгідей «апырай, арты не болады екен» деп отыратынбыз. Сөйтсек, кім сөзден ұтылса, ақырын үндемей орнынан тұрып кетеді. Содан енді ептеп біздің буынға аздап ауысқандай осы дәстүр. Қазір осындай қасиеттерді біз Әшірәлілердің бойынан көретінбіз. Ал енді бұлардан кейінгі келген буындар менің жамандағаным емес, ондай қалжыңды онша түсінбейді. Амандасса амандасады, амандаспаса солай жүріп кететін жағдайлар болды. Бір жағынан енді Әшірәлінің тұлғасынан ешқандай кемшілік таппайсың, бұның бір өкініштісі өмірден ерте кетті. Біздің талай азаматтарымыз өмірден ерте кетіп бара жатыр. Енді бұның барлығы Құдайдың ісі. Сондықтан қай уақытта да шын көңілден Әшірәліге деген ризашылығымды, көңілімді айтудан жалықпаймын, оның өнеріне, оның біліктілігіне шынында да ризамын.

Сахнагерлер Рахилям Машурова мен Мейірман Нұрекеев Рахилям Машурова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: Өмірден найзағай сияқты өтті де шықты. Бір секундтың ішінде. Шығармашылық өмірі, өзінің өмірі. Мейірман туралы тек қана жақсы сөз айтылады. Оның мінезі өте биязы, мінезді, өте мәдениетті адам болатын. Айғай­ лап ешқашан сөйлемейтін, әйел қауымына деген өзінің бір керемет сүйіспеншілігі болатын. Сүйіспеншілігі болғанда ана ретінде, қарын­ дас ретінде, әпке ретінде сыйлап сөйлейтін. Мен Мейірман театрда жүр­ генде оның дөрекі сөйлегенін естімеппін. Жұмагүл Мейрамова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: Сәбира апамыздың бар кезінде іссапарға көп шықтық. Сонда жылына 2–3 рет, 20 күннен, бір айдан іссапарға шығып кетеміз ғой. Жаз болды, күн жылт еткеннен бастап, Сәбира апай отырмайды, ертіп алады қасына, өзі байқаудан өткізіп, он шақты адамды алады да, сосын Қазақстанның түкпір-түкпіріне кетеміз ғой. Сонда бірінші тізімде, Сәбира апамның тізімінде Рахиля тұрады. Ол енді ешқашан өзгермейді, Сәбира апам барғаннан кейін екінші бастықтықты Рахиля қолына алады да. Сонан кейін бірге шығамыз. Жолда адамның қасиеттері жақсы білінеді. Жолға шыққанда дайындаламыз, киімдерімізді аламыз, Сәбира апаның көк чемоданы болады, соған неше түрлі кешкі көйлектерді саламыз, сонымен жолға бауырсақтарын, қазы-қарталарын пісіреді, оның өзі бір бүтін церемония болатын. Сондағы, жолдағы Рахиляның мінезінің жұмсақтығын айтсаңшы. Былай сырттай қатаң көрінеді ғой, одан енді жігіттер жағы қатты қорқады. Рахиля кіріп келгенде Әнуар бастаған, Тілектес бастаған жігіттер тік тұра қалып қарсы алатын, «Сәлеметсіз

бе, Рахиля апай», – деп. Сосын жолға шыққанда жігіттердің бәрін бір шыбықпен айдап, қыздарды да солай тәртіпке салатын. Ол енді дәрідәрмектің неше түрін алып шығады, сосын жігіттердің бәрі күлетін, Рахиляның нөміріне кірсең, аптеканың иісі шығады деп. Содан біреудің басы ауырады, біреуі қолын кесіп алады, барлығы Рахиляға барады да, дәріні алып жатады. Рахилям Машурова: Мейірман Асқар аға Сүлейменовпен бірге тұр екен далада. Сосын Асқар аға үйге телефон шалмай ма. Айтыпты, ет салыңдар, 2 сағаттан кейін барамын жолдастарыммен деп. Сосын екі сағат өткен­нен кейін, тағы телефон соғады, ет дайын болды ма, келе жатырмын деп. Ана жақтан сұрайды ғой кіммен келе жатсың деп. Сөйтсе шақпақтай одеял киген азаматпен келе жатырмын дейді. Ал Мейірманның шақ­пақ­ты, қысқа пальтосы болатын, соны ертеңіне лақтырып жіберіпті де, бас­қа пальто сатып алыпты. Соны айтып күлдіргені бар. Содан кейін сахнаға шыққанда, көрермендердің Мейірманға деген сүйіспеншілігі өте керемет, жақсы болатын. Мейірман сахнаға шықса, қол шапалақтап, керемет қарсы алатын. Кішкентай рөл болсын, үлкен рөл болсын, халықтың Мейірманға деген сүйіспеншілігі ерекше болатын. Өзінің мінезіне қарай шығар. Жұмагүл Мейрамова: Тамақты жақсы пісіру жағынан Рахиля алдына жан салмайды. Сосын Сәбира апам айтатын, «Рахил-ау, сенің лағманыңды сағындық ғой» деп. Сосын Рахиля лағман жасайды, шақырады, Сәбира апам екеуіміз барамыз, не лағман, не манты жасайды ғой. Сосын салаттарын айт. Керемет пирогтар пісіреді. Үйінің тазалығы өз алдына. Жігіттер күліп айтатын, Рахиляның үйі аптека сияқты деп. Есігінің алдындағы тряпкасы тура бет сүртетін орамал сияқты, сүлгі сияқты аппақ. Рахилям Машурова: Мәскеуде оқып жүргенде қатарлас, курстас студенттермен қарым-қатынастары өте жақсы болған. Содан кейін Мәскеуге өзбек театры іссапарға барады. Сол кезде ақшасы болмай ма, әйтеуір қарны ашып жүрген кезі болды ма, ол жатақханаға келсе, күріштің иісі шығып жатады. Шай бұрқырап қайнап жатады, Жетіп бармай ма өзбек студенттеріне. «Ой, акалар, мен сендердің Өзбекстаннан келген театрдың спектакльдерін көрдім, ойбуу, сондай керемет спектакль екен» деп мақтай жөнеледі, аналардың аузы ашылып, «ой, акажан, жоғары шық, жоғары шық» деп, оны құрметтеп, тамақ беріп тойдырады. Кейін, аналар сұрайды ғой, қандай спектакль көрдіңіз деп, сөйтсе айта алмай, күліп жіберіпті. Енді бармаған ғой. Әлгілер білгеннен кейін, біраз ашуланып, соңын күлкіге айналдырып жіберген деседі. Рахилям Машурова: Көбіне Рахиля енді былай драмалық рөл­ дерді де көп ойнады. Бірақ ең жақсы көріп, сүйіп ойнайтын рөлдері,

музыкалық-драмалық спектакльдер болды. «Мадмуазель Нетушь» деген спектакльде Нетушьтың рөлін өте керемет сомдады. Ол французша комедия болатын. Сондағы би өнері, өзінің денесін керемет ұстай білуі, француздардың киім үлгісін білуі, шляпіні ұстай білуі керемет әсер қалдырады. Татардың музыкалық драмасы «Башмағымда» Рахиля татардың өлеңдерін татарға бергісіз айтады, татарша биімен ерекшеленеді. Музыкалық драма жағынан Рахиляның амплуасы басымдау болды, бірақ драмалық рөлдерді де ойнады.

Актерлар Төлеубек Аралбаев пен
Уайыс Сұлтанғазин
Төлеубек Аралбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі: Бұл сурет Шахмет
Құсайыновтың «Алдар Көсе» спектаклінен, режиссері Александр

Пашков.
Көңіліміз құлазыса шөл даламыз,
Телегей, кейде шалқып көл боламыз.
Түсінер бізді біреу, түсінбес те,

Ағайын, актер деген ел боламыз.
Бел шешіп бұл өнерге беттегесін,
Жүйріктің ер-тұрманын ерттегесін,
Кешеміз сахнада жүз ғұмырды,

Бәрімізге бір ғұмыр жетпегесін.

Ел қанық актер деген атыма да, Байыппен барлайтұғын затыңа да. Бүгінгі шенқұмардың қолы жетпес Қазақтың ханы болдым сахнада. Бірінен-бірі озған көш қашанда, Жолаушы келер, кетер, тоспасаң да. Ойнайтын сол бір ғұмыр сахнада, Қайтейін, қайталанбас ешқашанда. Көрермен қол соғатын қимай көпті, Көз жасын талай ұрпақ тыймай төкті. Қаншама аға толқын қош айтысып, Сахна маңдайына сыймай кетті, – деп, Шөмішбай аға айтқан екен. Уәкең өзінің адамгершілігімен, та­ залығымен, пәктігімен, парасаттылығымен жалпы достарының жүре­ гінде мәңгі қалады. Саят Мерекенов: Заманы бір, тең қатарлы құрбы ғой, жаңағы құрдастығымыз өз алдына, келгеннен бері қарай әріптес ретінде Төкеңе, мына театрда өзімен жастысы бар, кәрісі бар, ат қояды ғой. Жұмыс істеу қабілетіне қарай, Төкеңді «қара өгіз» дейді. Өгіз деген енді на­ ғыз жұмыскер мал ғой. Сондықтан, енді мен келгелі бері қарай, Төкең­ нің сахналаған кейіпкерлері, Ғ. Мүсіреповтың «Амангелдісі», қойған Асанәлі Әшімов, одан кейін Иран-Ғайыптың 1987 жылы 8 қараша күні «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Абайдың рөлін ойнады. Есім­ нен жаңылмасам, Әзекеңнің сахналаған, қазақ театрының тарихында қалатын дүниесі, өте үлкен сахнада қойылған спектакль «Ғасырдан да ұзақ күн» еді. Ш. Айтматовтың шығармасы бойынша Әзекең инсценировкасын, сахналық түрін жасап, сахнаға шығарды. Сонда басты рөл Едігені Төкең ойнады. Осы спектакльге Елбасы келіп құттықтап, қолдарын алып, өте жоғары баға берді. Төлеубек Аралбаев: Жаңағы аталып кеткен спектакльде Уәкең Алдар Көсені ойнайтын. Енді Уайыс үлкен зиялы азаматтардан, Ыдырыс Ноғайбаев, Рабиға Қаныбаевадан дәріс алған, театрда сомдаған рөлдері көп. Мысалы, Ыдырыс аға өзінің Қобыланды рөлін Уайысқа сыйлап кеткен. Барақ сұлтан, Сейіс, өзі өмірде қандай ақкөңіл, аузын ашса жүрегі көрінетін жігіт болса, жасаған, театрда сомдаған, кинода сомдаған образдары өзіне ұқсайды. Мен өзім білмеймін неліктен екенін, бір жағынан досым, бір жағынан әріптесім болғандықтан ба, әйтеуір бір сезім пайда болады. Осы Уайыс бақилық емес, арамызда жүргендей, не болмаса «Тамашаның» ба, театрдың ба, бір гастролімен кетіп қалғандай, бүгін, ертең есікті ашып келіп қалатындай болып тұрады.

Саят Мерекенов: «Эдип патшасында» – Эдип рөлі, одан кейін Әзекең қойған «Кариелан», онда Кариелан рөлі. Жалпы Төкеңнің еңбек­ құмарлығы, жұмысқа деген ынтасы ерекше еді. Мысалы колледжге сабақ беріп, шәкірттер тәрбиелеп, ұшырып жатыр. Бұл да бір үлкен дүние. Ертең кімнен оқыдың дегенде, Төлеубек Аралбаевтан оқыдым деп мақтанып сөйлейтін жастар көбейеді. Мына Әубәкір қойған «Қамар сұлу» деген спектаклінде, Қамарды ойнаған Баян Қажмадиева деген қызымыз – Төкеңнің шәкірті. Қазір қарашаңырақта істеп жүр. Мінекей, осы енді шәкірттің өсіп келе жатқандығы, оған да адам қуанады, ұстаз ретінде Төкеңнің еңбегі ұлан-ғайыр. Төлеубек Аралбаев: Қай жерде гастрольде болсын Уайыс, Уа­йыс деп айқай салатын, пойыздан түсе бергенде, анау перронда жүрген азаматтардың бәрі: «Уайыс, Уайыс. Бізге Уайыс келді», – деп қошемет көрсететін танымал актер еді. Сондықтан өзінің танымалдығын жалғыз өзі пайдаланбай, театрда жүрген жас актерларға көрсететін. Кейде бір шенеуніктің қорғанына маңдаймен соғылған кезде жастар Уайысқа айтады, «аға, көмектесіңізші, мына шенеунікке кіре алмай тұрмын, қабылдамайды», – дейді. Сонда Уәкең барады, жаңағы мұздай қатып отырған шенеунік еріп кететін, өйткені Уәкеңде сондай бір қасиет болатын. Ол жаңағы танымалдығынан емес, табиғи қасиет, адами, өзінің тұлғасында сондай бір сөзбен айтып жеткізу қиын қасиеті бар болатын. Есікті ашып кіріп келгенде, еріксіз бәрі орнынан тұрады. Саят Мерекенов: 1992 жылы Ташкентте фестиваль өтіп, соған осы Алматыдан Ташкентке дейін автобуспен 51 сағат жүріп барған. Сонда «Ғасырдан да ұзақ күн» спектаклін алып бардық. Бұл енді Қазақстандағы фестиваль емес, халықаралық деңгейдегі фестиваль. Сонда Төкең «Ғасырдан да ұзақ күн» спектакліндегі Едігенің рөлімен ең бас жүлдені жеңіп алды. Халық, көрермен Хамза театрында орындарынан тік тұрып, қошемет көрсетті. Актер адам үшін, сахнадағы жүрген адам үшін одан артық құрмет жоқ. Төлеубек Аралбаев: Уайыс өзі атадан жалғыз. Жалғыз ұлы бар Ермек деген. Екі немересі туғанда бәріміз бардық қой. Соған қуанғанда енді. Мысалы, сондай бір пьеса болса, мен ойнай алмас едім. Көзінде жас, «уа, жаратқан ием, бар екенсің, әділет бар екен ғой, бірдей екі немере сыйладың, Уайыс Сұлтанғазиннің екі немересі бар» деп перзентхананың айналасында жүгіріп жүр. Айналайын, айналайын деп, баласын сүйе береді, мен айтам «балаңды неге сүйе бересің, келін балаға айналайын деп айтсаңшы» деп.

Жырым – сырым
Асау өлең көнбейді құрағанға,
Кез келгенге келмейді сұрағанда.
Өлеңді де қонатын бақ дер ем мен,

Жүз адамды айналып бір адамға.
Б. Құсанбек. «Өлең – Өзім» кітабынан

Жыр дүлдүлі Ілияс пен Тұрлықан ақын Мәрзия Тұрлықан келіні: Семей қаласы – тарихи шаһар. Ол кезде Семей қаласында атамыз жұмыс істеп тұрған. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтер шығармашылық жұмыстарымен бір-бірімен әңгіме, сырласу, пікір алысу бағытында Семей өңіріне жиірек барады. Ілияс Жансүгіровпен біздің атамыздың арасында достығы да болған дейді. Табиғатты жырлап, табиғаттың аясында демалып, сұхбаттасып, жиі кездесіп тұратын болған. Мұны да сол деректерден алып жүрміз. Түскен фотосуреті де бар. Саят Ілиясұлы: Неше түрлі жағдаймен әкеміз екеуіміз 1932 жылдан бастап бөлек тұрдық. Өз шешем Фатима Төлебаева 1932 жылы әкеммен ажырасқан. Ағасының жанына Түркістанға кеткен, бірақ хабарласып тұрдық, шешем өлең айтатын. 1934 жылы Ілекең, сосын Затаевичтің қамқорлығы арқасында шешемді Алматыға шақырып алып, осында қонақ үйде тұрдық. Сонда келіп тұратын, есімде. Ол туралы біраз естеліктерім бар. Енді кішкентай балаға әкесі қандай болып көрінеді,

өзі де бір қайратты кісі болатын, мені еркелететін, ойнайтын менімен, қолына көтеретін, қайратты кісі дедім ғой. Екеуіміз сондай жақындасып кеттік. Ақырғы рет 1937 жылы ұсталардың алдында көрдім, сондағы «балам, балапаным» деген сөздері, құшақтағаны, көтергені барлығы есімде қалды. Мәрзия Тұрлықан келіні: Тұрлықан атамыз бұрынғы Семей об­ лысы, Жарма ауданында Қапанбұлақ деген ауылда 1902 жылы дүниеге келген екен. 1921–1925 жылдар аралығында Семейдің педтехникумын бі­тіргеннен кейін Аягөз ауданындағы оқу бөліміне инспектор болып келеді. Инспектрліктен кейін 1930 жылдары Семей қаласына барып, «Жұмысшы жастар» мектебін ашады. Сол мектепті ашқаннан кейін жазушылық, ақындық жұмысқа бет бұрады, өйткені қазақ тілі, әдебиеті маманы еді. Атамыз 1930 жылдан 1932 жылға дейін Семей облысының Көкпекті ауданында «Үлгілі малшы» газетінің редакторы болып, газет шығаруға үлкен үлесін қосқан. Сол кезде өзі ақындық жұмыстармен шұғылдана бастайды. Саят Ілиясұлы: Кәппай ағамыз, марқұм, айтатын, біздің ауыл Ақсу Талдықорған жақта, кейде қыста боран болса адам жоғалып кететін деп, бірде қой бағып жүріп қоймен бірге жоғалып кеттім дейді, сонда Ілияс екі күн, екі түн аттан түспей іздеп жүріп мені тауып алып, ауылға алып келгені есімде дейді. Тағы сондай естеліктері көп. Соған қарағанда біздің әкей сегіз қырлы, бір сырлы адам болған ғой, домбырада жақсы ойнайтын, ән салатын, кішкентай кезінен көшбасшы болды. Сонда Шөкенов аға ылғи балаларды басқарып жүрді деп жазады. Адамдарға қамқорлығын көп көрсеткен. Біздің бір ағамыз Болат Ешмұхамедұлы Тәшеновті Мәскеуге оқуға жіберуге ықпал етеді. 1935 жылдары, тау-кен инженері мамандығын алды. Димаш Ахметович Қонаевпен бірге оқыған кісі. Содан кейін сол мамандығымен тау-кен инженері болған. Кейін ол кісі маған да қамқорлығын көрсетті. Мен де сол кісілер оқыған институтта, сол кісілер жатқан жатақханада жатып, оқуымды бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алдым. Мәрзия Тұрлықан келіні: «Әрбір қазақ қолына домбыра ұстамай қоймайды ғой, әнді де айтады», – деген екен біздің атамыз Затаевичке. Мұны Қайым Мұхамедханов айтады. Сонан үйіне алып келеді, үйі болғанда ол кісінің тұратын үйі – сол Қайым Мұхамедхановтың үйі. Ол кісінің әкесін бай деп атып, кейін өзін оқудан шығарып тастаған кезде біздің атамыз мұғалім болып келіп, «Жұмысшы жастар» мектебін ашады. Қайтадан Қайым Мұхамедхановты мектепке қабылдағаны туралы анықтамасы сақталған. Оны да берді ағай бізге. Үйге алып келгенде, әуелі домбырамен қоңыр даусымен он өлеңнің нотасын түсіріп алды дейді.

1928 ж. Сәкен мен Сәбит Серік Қирабаев, академик: Сәкен мен Сәбиттің достығынан қалған үлкен бір ескерткіш – бұл сурет. Бұл екеуінің достығы – көпке, әсіресе шығармашылығында, аға-іні болар адамға ғибрат боларлық, үлкен бір тарихы бар достық. 1922 жылы ауылдың баласы, білім іздеген, жанжаққа ұмтылып ізденіп жүрген Сәбит Мұқанов Орынборға кеңестердің ІІІ съезіне келіп, сол жолы Сәкеңмен танысқан екен де, содан Сәкен ұсталып кеткенше, екеуінің арасындағы қарым-қатынас үзілмеген. Сәкеннің көмегімен Сәбит Орталық Атқару Комитетіне мүше болып сайланған. Ол бүгінгі депутат сияқты. Содан кейін Сәкен оны алып қалып, оқуға түсірген, өзінің үйіне пәтерге тұрғызған. Сәкеннің Орынборда Деев көшесінде 8 бөлмелі пәтері болған екен, соның 2 бөлмесінде өзі тұрған да, қалғанына ауылдан келген, оқу іздеген балаларды жатқызады екен. Келер жылы Сәбит елге барғанда Ғабитті алып келіп, Ғабит екеуі Сәкеннің үйінде тұрған. Бұл жөнінде Сәбит те, Сәкен де жазған. Әділғазы Қайырбеков, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың мұражайүйі кешенінің директоры: Осы суреттің өзіндік бір тарихы бар. 1937 жылы 25 қыркүйекте Сәкен ұсталады, 3–4 қазанда Сәбит Мұқановты Жазушылар одағының төрағасы қызметінен босатады, партиядан шығарады. Осындай кезде бір үлкен зобалаң басталып кетуге шақ тұрады, өйткені Сәкенге ең жақын адамдардың бірі Сәбит болғандықтан, біттім деп ойлайды, шынын айтқанда, мен де кетем деп ойлайды. Содан, біздің Мәриям апайдың керемет естелік кітабы шыққан болатын, Сәбит Мұқановтың 100 жылдық тойының қарсаңында, ЮНЕСКО тойлаған, Үкіметіміздің

қаулысымен де аталып өткен, үлкен тойдың қарсаңында «Сағынышым, Сәбитім» деп аталатын кітап шықты. Осы кітапта Мәриям апай керемет естелік қалдырған. Бұл кісінің көзі тірі әлі, сол естелікте мына суретке байланысты, мынадай керемет жолдар бар. Мен соны сөзбе-сөз оқып берейін: «Біздің үйде Сәкен аға мен Сәбиттің бастарына шляпа киіп түскен әдемі суреті бар еді, 1928 жылы Қызылордада бір партия жиналысынан кейін түсіпті. Екеуі де жап-жас, көрсе көз тоятындай. Сол суретті ешкімге байқатпай алдым да, ауызғы үйде ілулі тұратын айнаның артына қыстыра салдым. Ойым біреу-міреу тінте қалса, көзден таса болсын, айнаны ешкім сындыра қоймас». Бұл 1937 жыл. Ал енді арада көп жылдар өтеді. Күндердің күнінде Сәкен ақталады. Бір күні әлгі сурет есіме түсті дейді Мәриям апа. Сол үшін әдейі дачаға бардым, бардым да айнаның артқы тақтайын босатып едім, әлгі сурет шыға келді. Көзіме оттай басылды. Көңілім босап кетті. Енді тезірек Сәбитті қуантқым келіп, үйге қарай құстай ұштым, келсем Сәбит бөлмесінде жұмыс істеп отыр екен, сырт жағынан үндемей кел­ дім де, алдына жаңағы суретті қоя қойдым. Сәбит сасып қалып, ар­тына қарады да, «Мәриям – бұл қайдан шықты?» деді. Мен бар жағдайды айтып бердім. Сәбит көңілі толқып, әй, айналайын-ай, мынау бір кере­мет болды ғой деп, қатты қуанды. Сол сурет мұражайда тұр. Міне, біздің мұражайымыздағы құнды дүниеміздің бірі – осы сурет. Серік Қирабаев: Кейін Сәкен ақталған кезде, Сәбит марқұм осы кісінің маған еңбегі көп еді, қарызым бар еді менің мойнымда деп, Сәкенді насихаттау жұмысына, Сәкеннің шығармаларының басылу жұ­мысына белсене қатысты. Сәкен жөнінде пьесалар, мақалалар, есте­ ліктер жазды. Сол жылы аяқтаған «Өмір мектебінің» үшінші кітабы «Есею жылдары» деп аталған, соның да негізгі батыры – Сәкен. Міне, сол кезде қалған жалғыз сурет. Ол екеуінің көбірек кездесіп, көбірек жүрген кездері аз болмаған, көбірек суретке түсуге болар еді, бірақ заман солай болғанда, өздерін баптап, әдемілеп суретке түсуге шамалары келме­ген болу керек. Ол кезде Сәбит марқұм батырақтың ішінен шыққан, бой түзеп, суретке түсуге онша құмары да болмаған. Сәкенді алғаш іздеп барып, құндыз жағалы пальто киіп тұрған Сәкенді көрген­де, «апырмау, кедейдің қамқоршысы деп іздеп келген адамым буржуй ғой» деп, намысым қозып кетіп қалдым дейді Сәбит, кейін екеуін Асылбе­ков Аб­долла табыстаған. Бұл ең бір заманның қиын кезі бола­тын, олар үшін де, халық үшін де. Өйткені бұл Голощекин кезі, Голощекиннің Сәкен­мен қандай қарым-қатынаста болғаны тарихтан белгілі, сол крайкомның белді мүшесі болған Ілияс Қабыловтың жазғаны бар. «Сәкен Голоще­­ кин тұсында оппозицияда болған адам. Сәкен өзінің Голощекин саяса­

тымен келіспейтіндігін жазбаша да, ауызша да талай айтқан», – деген. Осы Сәкенді барлығын жуасытып алам деп, өркөкіректеніп, Голощекин көп айла қолданған, соның ішінде «Сәкен және сәкеншілдік», «Сейфуллин және сейфуллинщина» деген мақалалар жаздырып, оны партиялық тазалаудан өткізіп, көп қайтара жазалауға тырысқан. 1929 жылы «Советская степь» деген газетте, Голощекиннің оң қолы болып істеген Ғаббас Тоғжановтың «О национализме, комчванстве казахской литературы» деген үлкен мақаласы шыққан. Сәкен мен Сәбитті әшкерелеуге арналған. Сәкен өзінің басынан сөз асырмай дұшпандарының айыптауына ылғи қарсы мақалалар жазып отырған адам. Соған қарсы Сәкен «Национализм под Красной шапкой» деген мақала жазған. Осы мақалалар крайком бюросында талқыланып, крайком Сәкенді Ғаббасқа жығып беріп, Сәкеннің ұлтшылдық қателері бар, сол қателерін мойындап мақала жазсын деп қаулы алған. Сол кезде Сәкен «О моих ошибках» деген орысша, «Менің қателерім туралы» деген мақала жазған. Ол баспасөзде бар. Міне, суретке түсу кезі осы бір кез. Сәкеннің кішкене көңілсіз отырған себебі, солай ғой деп ойлаймын. Сәбит енді Голощекиннің тұсында қудалауға түсіп, Петропавлға қуы­ лып кетіп, сонда артынан Қызылордаға қайтып оралған, кейінгі дәуірде Голощекин «батырақ кедейден шықты» деп Сәбитті аздап қолдап, Голощекинмен бірге Қарсақбайға барған, тағы басқа сапарлары жөнінде Сәбиттің өзінің жазғаны бар. Бірақ қанша дегенмен Сәкен мен Сәбит – бір көңіл күйдегі адамдар, бір салада қызмет еткен адамдар. Әділғазы Қайырбеков: Сәкен кетіп қалғаннан кейін де Гүл­барам мен Мәриям екеуі өздерінің бұрынғы апалы-сіңлідей қарым-қаты­ настарын үзбеген. Енді ең соңғы, Гүлбарамның өмірінің соңында мынадай бір тебі­ рентерлік жағдай бар. Өлім аузында жатып, Мәриямға сәлем айтың­ даршы депті. Сәкен жоқ, Сәкеннің қабірі жоқ жер бетінде, Сәкеннің жанына қой деп айтар едім. Сондықтан Мәриям рұқсат берсін, мені Кенсайдағы Сәбиттің қасына қойғызыңдаршы депті. Мәриям апай ол өсиетті орындады, Гүлбарам апай Сәбит жатқан тұста, қасында, қабірі сол жерде жатыр.

Ақындар Әбділдә Тәжібаев пен Тұманбай Молдағалиев Тұманбай Молдағалиев, Қазақстанның халық жазушысы, Мемле­ кеттік сыйлықтың лауреаты: Қасымның үш томынан кейін бізді елең еткізген, қатты таңырқатқан, өзіне тартқан Ә. Тәжібаев болды. Сонан кейін Қасыммен қатарлас ақын Қуандық, Сағи деген жас баланың ойлары болды. Қазір салыстырып қарасам, әр ақын өзінің еңбегімен жарқырап көріне берген ғой, бәрі жеке-жеке жұлдыздар екен. Сәкен Иманасов, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты: Осы суретте Тұманбайдың бүкіл болмысы көрініп қалған­ дай. Әбекеңнің өзі інісі, баласы ұқсап қасына ерді. Мені де алғаш рет Ә. Тәжібаевпен таныстырған осы Т. Молдағалиев болатын. Жалпы әде­ биетте қатар келе жатқан азаматтар туралы әр қилы әңгімелер айтыла береді. Мен өзі Т. Молдағалиевтің өмірі жайлы да, шығармашылығы жайлы да әжептәуір, бір кісідей білем деп айтам. Әр тұста, реті келген жерде жазып та жүрем. 1–2 жыл бұрын «Тұманбай» деген мақала жаздым, өз ойыма келіп, «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланды. Кейбір азаматтар түсініңкіремей, бұл алды жоқ, арты жоқ, «Абай» деген сияқты, «Тұманбай» деген қай тұрғыда жазылды деп. Енді жазғың келеді, адамға ілтипат, ықыласыңды білдіргің келеді, сондай тұрғыда ойыма түскен дүниелер еді. Көптеген өлеңдер арнайтынын біледі ғой жұрттың бәрі. Сол маған Тұманбайдың сөзін біліп, өзін білмейтін адамдар телефон соғады. Мына Тұманбайдың пәленшеге арналған өлеңін оқып едік, мысалы қайтыс боп кеткен адамдарды айтса, соның еске алу кешінде оқылған өлең болса, көзімізге жас алдық, жыладық. Мен анау мақаламда осыны айттым, бұл да біреулерге көптеу, барлық қатарлас адамдарға

арнап жүргендей көрінгенімен, адамға деген жылылықты, көкірегіне сәуле құйғанын көрсетеді. Пушкиннің бір сөзі бар: «Чувства добрые, я лирой пробуждал» деген. Сол сияқты өзінің өлеңімен, адамның көңіліне жылылық ұялата білсе, ақынның мақсаттарының бірі ме деп ойлаймын. Тұманбай Молдағалиев: Әбекең көп сыр айтатын, түнімен сөйлей­ тін. Мен қасында отыратынмын. Адамдар туралы жақсы айтқанды жақ­ сы көретін, мақтап, таң қалып айтатын. Мысалы Мұхтар туралы, Сәбит туралы, Ғабит, Ғабиден туралы, Тайыр Жароков, Жұмағали Саин туралы Әбекеңнің айтқандары аса бір қызықты боп көрінетін. Мен Әбекеңнің әңгімелері арқылы жаңағы кісілердің бойында міні жоқ сияқты, періште кісілер сияқты сезінетінмін. Мен өзім де солай қалыптастым. Әбекең айтатын: «Тірінің міндеті – өлі туралы жақсы айту, соны тірілту, қатарда жүргізу» – міне, тірінің міндеті осы деуші еді. Сәкен Иманасов: 50–60 жылдардың бас кезінде жеке, интимдік лирикалар жоққа тән болды. Партияңды, көсемді жырла, челюскинші­ лерді жырла, колхоз, совхозшыларыңды жырла, конституцияны, Ке­­ ңес Одағының ұлылығын жырла, осыған дейін сөз салып келді де, ал­дындағы С. Сейфуллиндерге қарасақ, солардың ішінен бұрылып шық­ қан І. Жансүгіров болды, «Күй», «Күйші» поэмаларымен, қалғандары қан­дай жақсы ақындар болғанымен шеңбердің ішінде қалып қойды. 1955 жылы Қ. Аманжоловтың 3 томдық кітабы шықты. Сонда бірін­ ші рет Қасымның кітабынан махаббат лирикасы барын оқыдық. Соған Т. Молдағалиевтің үзіп-жұлып 2–3 өлеңдері газет-журналдарға шы­ғып жүретін, Тұманбай Молдағалиевтің «Студент дәптері» шыға келді. Бұл тұнып тұрған махаббат лирикасы еді. Алдындағы үлкен ағаларын да елеңдетті. Тұманбайдың аты бәрімізге шыңдап жол салып берді. Тұманбай Молдағалиев: Ең соңғы ұшырасуымыз, бір күні Шота, сосын Аманжол деген академик бар, Кәкімбек бар Салықов, солар «Әбекеңе барайық» деп, маған қолқа салды. Сосын алып бардым, Әбекең үйінде екен. Бұл 1998 жылдың тамыз айы болуы керек. Қарсы алып, бәрімізді жақсы біледі. «Менің келесі жылы 90 жылдығым келе жатыр, Тұманбай», – деді маған. «Сен енді сексенімде баяндама жасап едің, кімге жалынып жүрем, тоқсанымда да өзің айт мен туралы», – деді. «Жақсы, Әбеке, айтуға тырысам», – деп, мен де айттым. Бірақ тағдыр, Әбекең тоқсанын көре алмады, бірақ мен уәдемде тұрып, туған жеріне барып, Әбекең туралы сөз сөйлеп, өлеңдер оқып жүрдім. Осы күнге дейін менің кабинетімде Әбекеңнің суреттері тұр, Әбекеңнің портретіне амандасып, сәлем берем. Өзіме аға сияқты, енді әке деп айтпаймын, әкемнен кіші еді. Әке деп айтсам да артықтығы жоқ. Асқан пейілмен әке мен баладай немесе бірге туған аға мен інідей бірге өстік. Мен соны өзіме мақтаныш етем.

Ақын Әбу Сәрсенбаев пен ғалым Қажым Жұмалиев Руда Зәйкенова, филология ғылымдарының кандидаты: Академик Қажым Жұмалиевтің өмірбаяны туралы сөз еткен кезде, ол туғаннан бейнетке жаралғандай боп көрінеді. Ол 1907 жылы Батыс Қазақстан облысының Жалғызағаш деген жерінде дүниеге келген. Жұмалыдан Ақмұқан, Қайырмұқан, Балмұқан, Қажығали деген 4 ұл, Қалуа, Зылиха деген 2 қызы тарайды. Әке-шешеден 12 жасында жетім қалып, аға-жеңгесінің қолында өседі. Жастайынан өлеңге, жырға, әнге үйір болғандықтан, ауылдастары оны өлеңші бала деп атап кетеді. 1923 жы­ лы Сүлеймен деген Орынборға бара жатқан арбакешке ілесіп, 1 қап тарысы­мен, 1 қарын майымен Қажым Жұмалиев Орынборға қашып ке­ теді. Ол жерде Орынбордағы «Үлгілі тәжірибе» деген мектепке оқуға түскісі келеді, бірақ оған іліне алмай қалады, одан кейін алып шық­қан азық-түлігі таусылып, не ауылға қайтудың жөнін таппай, не қалтасын­да көк тиын ақша жоқ, не киім, не жататын орын жоқ Қажым Жұмалиев далада қалады. Сөйтіп жүріп, ересектер мектебі деген ашылатынын ес­ тіп, не болса да шыдайын деп, әртүрлі көтерме жұмыс жасап жүріп, ере­ сектер мектебінің ашылуын тосады. Бірақ, өкінішке қарай, бұған да іліне алмай қалады. Сөйтіп жүргенде Хамит Жәнібеков деген студент жерлесі сол кездегі Халық ағарту мекемесінің бастығы Сейітқали Меңдешев­ тің үйіне баруға ақыл береді. 2 айда шешілмеген мәселені Меңдешев 2 сағатта шешіп, оны ересектер мектебіне оқуға түсіреді.

Дүйсенбек Қанатбаев: Мен Әбу Сәрсенбаев туралы айтуға тиіс адаммын. Тек мен ғана емес, Қадыр болсын, Тұманбай болсын, Саин Мұратбеков, Қанипа Бұғыбаева барлығына шарапаты тиген кісі. «Тол­ қында туғандарын» мысалы 4 сыныпта оқыдым, «Сен құрметте оны» дегенді бірінші сыныпта жаттадым. Ал енді біз сол кісіні құрметтеуге тиіспіз. Ол кісінің жары Ләзиза Серғазина деген апайымыз болды, «Қазақстан әйелдері» журналында істеді. Қандай керемет адамдар еді. Кей кезде, қайдан білейін, тағдырдың өзі солай болуы керек, менің Мұқан Көптілеуов деген досым бар еді, «сені бір жерге апарам» деді. Итеріп үйге кіргізіп жіберді. Алдымда Әбекең Каспий сияқты шашы толқын-толқын, әй, балам, не үшін келдің деді. Мен үндеген жоқпын. Мұқан айтты, мына бала өлең жазады деді. Әй, жазса, көрейік деді. Сонан 2 күннен кейін «Лениншіл жаста» шыға келді өлеңім. Руда Зәйкенова: Бұдан кейін Қажым Жұмалиев 1925–1929 жылдары Шымкенттегі ауылшаруашылық техникумында оқиды. Жалпы Қажекең әдебиетімізге өлеңімен келген қайраткер. Оның 1928 жылы «Батыраққа ілес Асқар» деген өлеңі «Лениншіл жас» газетіне жарияланады. Ал 1929 жылы «Егізбай мен Ерқожа» деген поэмасы «Жаңа әдебиет», қазіргі «Жұлдыз» журналының бірінші нөмірінде жарық көреді. Өзінің осындай шығармаларының жарық көруіне байланысты болу керек, Қажым Жұмалиев Шымкенттегі ауылшаруашылық тех­ никумын тастап, ҚазПИ-дің тіл әдебиеті факультетіне түседі, оны 1932 жылы бітіріп, 1937 жылға дейін Оралдағы пединститутта сабақ бере­ді. 1937 жылы Халық ағарту комиссариатының шақыртуымен Алматыға келеді. Оған әдебиет теориясынан оқулық жазу керектігі тапсырыла­ды. Өзін ҚазПИ-дің тіл әдебиеті факультетіне жұмысқа орналастырады. Бұл кезде Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» деген оқу­лы­ ғы шыққанымен, бірақ қолдануда көп болмағанын өздеріңіз білесіздер. Қажым Жұмалиев осы оқулықты жазу үстінде күні-түні үзіліссіз, тынбай жұмыс жасағандықтан, екі көзі бірдей көрмей қалады. Бірақ бірне­ ше ай емделіп жүріп, көзін әрең қалпына келтіреді. Сол 1937 жылдан өмірінің соңына дейін, яғни 1968 жылға дейін ҚазПи-дің қазақ әдебиеті кафедрасында әуелі оқытушы, одан кейін қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып, 40 жыл бойы бір орында жұмыс істейді. 1950 жылдары «Ұлтшылдық, байшылдық» идеологияны жақтаушы деген сылтаумен Қажым Жұмалиевті партиядан шығарып, жұмыстан қуып, өзін жер аударып жібереді. Дүйсенбек Қанатбаев: Я знаю, никакой моей вины В том, что другие не пришли с войны, В том, что они – кто старше, кто моложе –

Остались там, и не о том же речь, Что я их мог, но не сумел сберечь, – Речь не о том, но все же, все же, все же... Твардовскийдің өлеңі бар, менің ешқандай кінәм жоқ дейді, бірақ мен сондай өмірді кешіп жатқан адаммын. Әбекең деген құдайға шүкір тоқсанға келді, тоқсанның жасын жасады, бізге үлгі болды, ол бір өзінше Жазушылар одағы сияқты еді ғой. Жұматай болсын, Темірхан болсын, басқасы болсын, біз сол үйге келетінбіз. Көкірек қақпа дейтінбіз. Сенен ұлы ел бар, халық бар, сен тек қызметкерісің деп айтатынбыз. Руда Зәйкенова: 1944 жылы Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсының либреттосын жазғанын оқырмандардың бірі білсе, бірі білмейді. Бұл жөнінде «Нұрлы жүрек» деген естелік кітапта Төлебаев туралы профессор Брусиловский былай деп жазады: «Қажым Жұмалиев қазақтың ұлттық мәдениетінің есте қаларлық қайраткерлерінің бірі еді, ғалым, публицист, жазушы Қажым өте қызба жан болатын. Ол осы «Біржан – Сара» пьесасын аса қадірлеп, оның тағдыры үшін аса мазасызданатын» деп жазды. «Егемен Қазақстанға» жарияланған мақаламда бірнеше ұсыныстар айтқан едім, соның бірі Қажым Жұмалиевтің осы уақытқа дейін толық шығармалары әлі шығарылған емес. Дүйсенбек Қанатбаев: Әдепкідей тоғызда емес, он бірде Жұмысыма келе жаттым мен бірде. Келе жаттым ақша бұлттай түтіліп, Теңеу таппай өмір деген өндірге. Бірде келіп, бірде келмей қашпа құнт, Төзімімді тіліп біткем таспа қып. Теңеу таппай зеңгір көкке қарасам, Маған күліп тұр екен бір ақша бұлт. О, ақша бұлт Әбу ақын жырлаған, Сен бе едің тынышымды ұрлаған? Сен бе едің ұйықтатпаған түн бойы, Сен бе едің тіл ұшында тұрған ән? О, ақша бұлт – орамалы ақынның, Сол ақыннан саған, сірә, жақын кім? Мен де сендей бір бақытты армандап, Мен де сендей сыңарымды шақырдым. О, ақша бұлт, бір өзіңде қанша ой, Бір өзіңде қанша мейір, қанша той... Туған елдің аспанында тұратын Менің де бір ақша бұлтым болса ғой.

Ақын Ғали Орманов пен әдебиетші, ғалым Бейсембай Кенжебаев Тұрсынбек Кәкішев, филология ғылымдарының докторы, профессор: Бейсембай Кенжебаевты айтқан уақытта Қазақ әдебиетін тану ғылымындағы тарихи мектепті айтамыз. 1941 жылы республикалық озат мұғалімдердің конференциясы болды, сол конференцияға Бейсембай Кенжебаев үлкен мақала жазды. Біз әдебиетіміздің тарихын қазақ хандығының тұсынан бастауымыз керек, өйткені қазақ болып құрылғанға дейін де, ол қазақ тілінде жасалған дүниелер болған. Ал бі­ рақ қазақ хандығы құрылғаннан кейін кәдімгі жеке өзі ел болып, халық болып тарих бетіне шыққаннан кейін, ол жыламай, сықтамай тұрған жоқ. Ал оның бәрі де ән-жырға, әдебиетке айналып жататын, жырға айналып жататын сәттері болды. Сондықтан ол Шал кездері болсын, болмаса бертінгі Бұқар кездері болсын, біз әдебиетіміздің тарихына мықтап кіргізуіміз керек. Бірақ, өкініштісі, ол конференция болған жоқ, соғыс басталып кетті де, сонымен ол идеяның жалғасы табылмай қалды. 1948 жылы Қажым Жұмалиев тоғызыншы сыныптарға арналған оқулық кітабын шығарған уақытта, қазақ әдебиетінің тарихы XVІІІ ғасырдан басталады және Бұқар жыраудан басталу керек деген идея айтты. Жамиға Орманова, ақынның қызы: Біз үйде үшеу едік, ағам, інім бар еді, екеуі де геолог еді. Екеуі де қайтыс болды, ағам да, інім де. Қазір үйде мен жалғыз қалып отырмын, Ғалекеңнің балаларынан мен қалдым. Мен өзім кезінде политехникалық институтты бітіріп, тау инженері, маркшейдер мамандығын алдым. Сол институтта қалып жұмыс істей­ мін, сабақ беремін, сол институттың аға оқытушысымын. Үйде әртүрлі

жағдайлар болады ғой, сонда бізге ұрыспайтын еді, тек қана айтатыны, көп оқыңдар кітаптарды, газеттерді, әсіресе жан-жақта не болып жатыр, соны білу керек, адам деген оқымысты болғысы келсе, соның бәрін біліп отыру керек дейтін. Солай бізді өсірді. Сонымен қатар ылғи айтатыны, қара нан жесеңдер де адал болыңдар, өмірі ешқашан ұрлық жасамаңдар, ешкімге жаманшылық жасамаңдар дейтін. Енді өзі де сондай адам еді, баяғыда КГБ-ның архивтерін көтергенде Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин ақталған ғой. Ғабит аға Мүсірепов партия жиналысында: «Осы көпшіліктің ішінде ешкімнің үстінен бір ауыз жаман сөз жазбаған Ғали», – деді. Ол кісі сондай адам. Тұрсынбек Кәкішев: 1959 жылы Қазақ КСР Ғылым академия­ сында қазақ әдебиетінің даулы мәселесіне арналған конференцияда Бейсен­бай Кенжебаев пен Есмағамбет Исмаилов бір позицияда болды. Қажекең тағы да сол XVІІІ ғасырдан әрі қазақта әдебиет болмаған дегенмен келіспейді. Осыны енді саясат жолымен бе, жоқ болмаса бас­қа ыңғайы болды ма Мұхтар Әуезов қорытынды сөзінде Қажым Жұма­ лиевтің сөзі орынды болды, ал енді Бейсекеңдердікі, Есағаңдардікі тілек деңгейінде қалды деген мәселелерді айтып, тағы да Қажекеңдердің концепциясын нығарлады. Жамиға Орманова: Әкеме арналған кешті өткізгенде Сайын есте­ лігінде айтқан еді, әкем кезінде Жоңғардың тауларына қарағанда бір тауларды көрсетіп айтыпты, мынау Жалын тауы деп. Сайын қалай жалын, жалынға ұқсамайды депті. Ертемен сені оятамын, сосын көрсетейін дейді әкем. Таңертең ертемен оятып алып, апарады сол жаққа. Мына тауды қарашы, күн шыққан кезі, күн сәулесі сол тауларға түскенде, шынында да сол тау жалындап тұрған сияқты. Бір жылы үшінші шілде күні Алматыда қар түсті. Соны көріп таң­ ғалып, сонда бір өлең жазған еді. «Алматы мінезі» деген. Сондай бір нәрселерге ылғи өлең жазатын еді. Тұрсынбек Кәкішев: Бейсекең Қазақ университетінің кафедра меңгерушісі ретінде «Ертедегі қазақ әдебиеті» деген жинақ шығарды. Осы жинаққа өзінің шәкірттерін түгел жекті. Қазіргі Мырзатай Жолдасбеков «Орхон-Енисей» жазуларының зерттеушісі болды. Одан кейін «Қазақ хандығы тұсындағы әдебиеттің» зерттеушісі Мұхтар Маға­ у­ин болды. Тіпті ол екі аралықта Қыпшақ дәуіріне байланысты, қаң­ лы дәуіріне байланысты, Алтынорда дәуіріне байланысты әдебиеттің зерттеушісі Алма Қыраубаева деген қарындасымыз болды, таяуда дү­ ниеден өтті. Одан кейін Ханғали Сүйіншалиевтің, Төлен Сыдықовтың т.б. ыждағатымен «Ежелгі қазақ әдебиеті» деген хрестоматия шықты. Әдебиетіміздің тарихы ХІІ ғасырға ілгері жылжыды, енді қазақ хан­ дығын емес, арғы Орхон-Енисейді жазу, оған дәлел, Орхон-Енисей бізге

бөтен емес екендігін кеше Күлтегіннің ескерткіші дәлелдеді, сонау Моңғолия даласында тұрған жерінен біздің Еуразия университетінің ауласында тұр. Жамиға Орманова: Соңғы жылы қайтыс болар алдында, анам ауру­ ханаға түсіп үйде болмады. Сонда мен әкемді үйде күтіп қалдым. Бір күні төсектен тұрып, терезенің алдына барып, маған айтқан еді: «Мен бүгін сондай керемет өлең жаздым», оқып беріңіз деп сұрадым, «жоқ, оқымаймын, кейін өздерің тауып аларсыңдар», – деді. Содан ұзамай 2–3 күннен кейін өзі де қайтыс болды. Енді қайтыс болғаннан кейін біраз өзіміз есімізді жинап алғаннан кейін, кітаптарын жинастыруға кірістік, анам екеуіміз. Сол архивтің ішінен сол өлең шықты. «Соңғы өлең» деген, сондай тамаша, оқып жыладық та. Сол өлеңді мынадай сөзбен бітірген еді: «...Қалса өлеңім, жұртқа жаққан шамдай, Ойлар әркім мені есіте алмай, Көкейінде көп жылдар сақталармын Жолаушылап бір жаққа кеткен жандай». Тұрсынбек Кәкішев: Бір қызығы талайлар дүниеден өткенде, Бей­секеңнің жақтаушысы, Бейсекеңнің мектебін әрі жылжытушысы көбейіп барады. Ал басқа академиялық атақ алған адамдар кейде ата­лып, кейде аталмай жатқан тұстары бар. Ал Бейсекең Құдайдың құтты күні әдебиеттің тарихы сөз болған уақытта, мынау теңдік келген уақытта, халықтың бастауына, ең алғашқы сәттеріне дейін бар­ уымыз керек қой, сондықтан тілейік мейлі, тілемейік мейлі, ұнатай­ық, ұнатпайық, Бейсекең біздің алдымызда көшбасшысы болып, серке болып жүре береді. Сұңқар Сырбай мен қыран Қасым Таупан Атшабарова-Аманжолова: Қасымның туған жері Қар­ қаралы, 7-ауыл, қазір Аққора дейді. Қазір баяғы атақонысымызға орнатқан ескерткіші бар, Қарқаралының ішінде өзіне қойылған бюсті бар. Қасымның 80 жылдығын халық жақсы атап өтті ғой. Біз ол жақтан ерте кеткенбіз. Ол кісі 6 жасында кеткен, 6 жасында ол кісіні менің әкем Атшабар, ол кезде көлік жоқ қой, аттың артына мінгізіп Қарқаралыға әкелген. Қарқаралыдан кеткеннен кейін Семейде болған. Семейден кейін үлкен Ахметжан деген атамыз, менің әкемнің туған інісі, Алматыға келіп, содан кейін мына соғыс кезінде де сол кісінің маңайына жина-

лып, паналадық. Қасым Рақымжаннан туған, Нығметжан деген ағамыз болған, ол кісі 1920–1921 жылдары Қытайға кетті деп естиміз, біз ол кісіні көргеніміз жоқ, мен 1927 жылғымын. Кім бар, кім жоқ екенін осы уақытқа дейін білмейміз, өлі ме, тірі ме. Одан кейін Ахметжан деген ағамыз, одан кейін Тайжан деген ағамыз, Тайжаннан кейін Қасым, менің әкем ең үлкені. Гүлжамал Мәулен, келіні: 1941 жылы мен тұрмысқа шықтым. Ол 19-да, мен 17-демін. Паспортымыз жоқ, бір балалы болғаннан кейін артынан алдық қой. Өзіміз, бәріміз Торғайдікіміз. Мен өзім Ахмет Байтұрсыновтың жақын немере қарындасымын. Ол кісі Торғайдың Ақкөлінен, Торғайда Тосын деген жер бар, әдемі, Тосын десе, керемет Тосын. Сырекең сол жерден шыққан адам. Біреу торғайлық, біреу қызылордалық дейді ғой. 1922 жылы Сырекең, шешесінің аяғы ауыр болғанда, аш-жалаңаш Қызылордаға көшіп барады ғой. Сонда шешесі Сырекеңе аяғы ауыр екен. Сырдың жағасында Қызылжыңғыл деген жер бар. Қаратаев екеуі сол жерде туылған екен. Қызылжыңғыл бойында Күздігүні туыппын, – деген өлеңі бар. Таупан Атшабарова-Аманжолова: Қасым 1944 жылы келді әс­ керден. 1944 жылдың аяғында, 1945 жылдың басында мен ол кезде баламын ғой. Ағам жазушы болады, атақты болады деп біз ол кезде білгеніміз жоқ, шашымыз желкілдеп жүрген баламыз. Сосын үйленді ол кісі, 1944 жылдың аяғы 1945 жылдың басында Сәпен деген жеңгемізді өзіміздің қолымызға алып келгенде, менің қуанғаным-ай! Көше батпақ,

күндіз жауса, кешке батпақ белшеден болады да. Үтік жоқ. Әлгі шоқ салатын паровой үтік. Мен сонда жылаймын, күнде шалбарымды үтікте деп айтасың деп. Сәпен жеңгемді алып келгенде шалбар үтіктеуден құтылдым деп қуанғанмын. Шешеміз, Қасымның туған шешесі кішкене тентектеу болыпты да, әкеміз қайтқаннан кейін, бір күні түнде көшіп кетіпті төркініне. Содан кейін Қасымның аты шыққаннан кейін келіп, ол шешемізді өзіміз қолымызға алдық. Өзі тілділеу, пысықтау еді. Гүлжамал Мәулен, келіні: Екі жақта да екі жылдай редактор болды, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» журналында. Сонда қыздарымызға барып, диктовка жасайды, мақала болсын, өлең болсын, соның барлығын диктовкаға түсіретін, күй талғаған жоқ, бала-шағамыз болды. Балаға жаман қараған жоқ. Бірақ біз ол кісіге ауырлық салмадық, енем екеуіміз, ол кісінің де жалғыз баласы болды. Сырекең де тіршілік жасаған адам емес. 1950 жылы Сырбай Алматыға келді, оның ар жағында «Большевиктер» газетінде редактордың орынбасары болды. Содан кейін Қасымның үйіне барып жүріп, 1951 жылы мен келдім 4 баламмен. Кішкене пәтер алып, бір бөлмелі, сонда тұрдық. Содан Қасекеңмен өте араласып кеттік. Қасекең кішкентай ғана арық, аққұба болатын. Бірақ өзі тентектеу, мінезді еді. Сырекең маған айтатын, «Әй, сенің де мінезің жаман деп, Жанар деген қызы, Дүйсен деген үлкен балама шықты тұрмысқа, 1942 жылы туған. Қасекең қайтқаннан кейін, соны алып бердік. Екеуі де Халық шаруашылығы институтын бітірді. Сонымен құда-құдағи болып, өте көп араластық. Таупан Атшабарова-Аманжолова: Бұл кісі барлық музыканы жақсы білетін. Музыкадан енді бұл кісінің байлығы, енді қалай айта­ йын, қазіргі заманда оны оқытып, балаларымызды ондай халге жеткізе алмаймыз. Домбыраны да тартатын, гармонды да, мандолинді де, скрипканы да тартатын, барлығын тартқан кезде, тура үйді басына көшіріп жіберетін. Бұл кісінің шығармасы бар ғой: Құдаң болмағасын, Ахметов Құдай-ау, неге жараттың ақын етіп. Қаншама үндемейін десем де, Барады хақым кетіп, – деген. Ол кісінің жанынан шығарып салатын, кез келген адамға айтам дегенін айтып салатын әдеті бар. Бұл кісі көп нәрсеге жете алмай кетті. 44 жас деген баланың жасы ғой, қазір 44 жастағылар баламыз дейді. Ал бұл кісі 44 жасында кетті, қысқа ғұмыр, соғыстан кейін тоғыз-ақ жыл өмір сүрді. Дариғасын да жеткізе алмай кетті, қайтыс болды ғой. Бауыржан Момышұлының үйінде болып, бұл Қасекең қандай ақын дегенде, бұл Қасекең найзагер ақын деп Бауыржан Момышұлының айтқаны бар.

Гүлжамал Мәулен, келіні: Өте тентек кісі болатын, үйге барғанда Сырбайға ұрысып отыратын. «Әй, ақымақ, сенің бала-шағаң бар, ақ­ шаңды ішіп, далаға төкпе», – дейді. Сосын өзі құлағына сыбырлап, ол кезде чекушка сатады ғой, чекушка алып келе қойшы дейді, Сырекең кетеді. Қасекең қайтқаннан кейін, 40 күн өткеннен кейін мен ер бала тудым, соның атын Қасым қойдық, өкіл шешесі болды Сәпен. Қанша Қасым келсе де, менің Қасымымның орны бөлек. Қасымның атын қойдық, Қасым 1953 жылы туды. Содан балам жаман болған жоқ, жақсы болды. Қасым балам былтыр докторлығын қорғады.

1985 ж. Әмина Мәметова мен Мәриям Хакімжанова Әзілхан Нұршайықов, Қазақстанның халық жазушысы: Әмина Сүлейменқызы Мәметова апайды ең алғаш 1944 жылы көрдім. Онда Ұлы Отан соғысының солдаты едім. Біздің дивизия Польша жерінде тұрған­да Қазақстанға делегация жіберді. Сол делегацияны Алматыға басқарып мен келдім. Содан кейін әңгімелесіп отырып, менің қасым­ дағы жігіттердің бірі: «Апа, қазақ қыздарында Мәншүк деген ат жоқ қой, Майра, Мәдина, Мағрипа деген аттар бар, Мәншүк деп атты қалай қойдыңыздар», – деп сұрады. Сонда Әмина апай ойланып тұрды да: «Әй, қарақтарым, табиғат маған ақыл берді, көрік берді, мінез берді, бірақ маған перзент бермеді, қарақтарым, сондай шикіөкпеге зар болып жүргенімде, күйеуімнің ағасы Жиенғали қайынағам мен Тамиа абысыным өздерінің бесінші баласы Мәнсияны менің бауырыма салып

берді. Сонан кейін мен Мәнсияны 5 жасында алып кеттім, Мәнсияны сондай жақсы көрдім, жақсы көргеннен мен, «моншағым, айналайын моншағым» деп құшақтаушы едім. Моншақ енді, әйелдерге моншақтан қымбат не бар ол кезде, соны ең қымбатқа теңегенім ғой. Сонда 5 жасар баланың тілі моншақ деген сөзге келмей, ылғи Мәншүк дейтін болды, сондықтан оның сөзіне ыңғайланып, мен де бірде Моншағым, бірде Мәншүгім деп аймалап жүрдім де, артынан баламыз Мәншүк атанып кетті», – деді. Қалила Омаров, кинорежиссер: Ол кісімен 1989 жылы алғаш рет кездестім. Ол кезде Мәриям апай туралы «Атамекен» деген фильм түсіретін болып, «Қазақтелефильм» студиясында, үйіне іздеп келдім. Калинин көшесіндегі Төлебаев көшесінің қиылысындағы үлкен үйге келіп, кең баспалдақтарымен жайлап көтерілдім. Есік ашылды. Бала ке­ зімде өлеңдерін оқып, жас кезіндегі суретін көріп өскенмін ғой енді. Алдымнан өзімнің әжем сияқты, қария кісі, қолында таяғы бар, шықты, есік ашып. Осындай жайдары күлкісі бар. Сонда мен ақындар да қартаяды екен-ау деп ойладым. Көз алдыма баяғы жас кезіндегі суреті келді. Бірінші айтқан сөзім: «Әй, осы ақындар да қартаяды екен-ау», – болды. Сөйтсем күлді. Екеуіміз таныстық. Ол кісі енді Тобылдың жағасында, түпкі тарихын айтатын болсақ, Қарақыпшақ Қобыландыдан тараған. Кешегі патшалық Ресейдің кезіндегі Ресей мен қазақтардың ортасында үлкен жұмыстар атқарған Балқожа би деген кісі болды. Оның ұрпағы – Алтынсарин. Міне, Мәриям апай сол Ыбекеңнің бәйбішесі Айғанымның тізесінде отырып шай ішкен. Яғни, сондай текті тұқымның ұрпағы Мәриям ақын қарапайым адам екен. Әзілхан Нұршайықов: Әр адамның артында өзіне лайық із қа­ лады. Мен Әмина апайдың 4 түрлі ерлігін ерекше атағым келеді: осы «Хабарға» әзірленіп жүріп, мен Әмина апайдың 1927 жылы «Қызыл Қазақстан» деген журналға жазған мақаласын оқыдым. «Қызыл Қазақстан» деген журнал 1921 жылдан 1929 жылға дейін шығып тұр­ған Алматыда. Кейін «Қазақстан коммунисі» аталған, қа­зіргі «Ақи­қат» журналы. Сол 20–30 жылдары қазақ әдебиетінде үлкен айтыс болған. Ол идеологиялық қатыгез заманда, мұндай пі­кір айту және әйелдерден ерекше суырылып шығуы ерлік еді. Бұл – бірінші ерлігі. Екінші ерлігі, Әмина апай Мәншүкті 5 жастан 19 жасқа дейін тәрбиеледі, сөйтіп барып, сол тәрбиенің арқасында Мәншүк Ке­ ңес Одағының Батыры атағын алды. Бұған Әмина апайдың сіңірген ең­бегі орасан зор. Сондықтан мұны бір ерлікке жатқызуға болады. Үшінші ерлігі деп айтатыным, сол кезде Әмина апай «Билер дәуіріндегі шешендік сөздер» деген тақырыпта диссертация қор­ ғады, кандидаттық. Төртінші ерлігі деп Әмина апайдың, Саратов

университетін бітіргеннен кейін өле-өлгенше ұстаз боп өткені. Қо­ сымша атқарған қызметін былай қойғанда, 1944 жылдан бастап, өмір­дің ақырғы сағатына дейін 50 жылдай бір ғана Алматыдағы қыз­дар педагогикалық институтының ұстазы болды. Қалила Омаров: Мәриям ақынның үлкен ерекшелігі мен үшін сол. Яғни ол кісі XX ғ. құрдасы бола тұрып, сол қазақ халқының басына түскен ауыртпашылықтың бәрін өзі бірге көтерді және соның ішінде жүріп, өзін-өзі адал алып шыққан адам деп есептеймін. Яғни өзі туралы «Атамекен» фильмін түсірдім. Сол фильмде бір жағында Ахмет Байтұрсынов туралы естелік айтып жатса, екінші жағынан Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин туралы да естелігін өте жақсы айтты. Неліктен? Яғни, тағы бір ерекшелігі бұл жерде, бір жағын мақтап, бір жағын ұлы сөзде ұят жоқ, боқтап жатпады. Көбісі мысалы, кешегі өздері айтқан сөзден тайып жатса, ол кісі оны жасаған жоқ. Әзілхан Нұршайықов: Бұл сурет 1985 жылы түсірілген еді. Сол жылы Орал қаласында Мәншүктің музейі ашылды, сол музейге экспонат жинау үшін Оралдан Алматыға, Батыс Қазақстан облыстық мәде­ ниет басқармасының бастығы Жайсаң Ақбаев деген жігіт келді. Әмина апай телефон соғып, бізді үйге шақырып, жинады. Бәріміз ақылдасып отырып, кім қандай зат береміз дегенді келістік. Мен өз тарапымнан өзімнің кітаптарымды бердім. Сосын бізбен қатарлас 54-бригадада қаза тапқан, қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың зиратының басынан әкелген 3 килограммдық, үлкен Болванка, жарылмай қалған зеңбіректі сыйладым. Сол сияқты заттар бердік. Сол жерде отырып, біз Мәриям апай, Әмина апай, Әмина апайдың шәкірті Ақұштап Бақтыгереева, мен және Жайсаң Ақбаев бесеуіміз суретке түсіп едік. Бұл суретті «Мәдениет және тұрмыс» журналының фотографы Владимир Мыльник деген азамат түсіріп еді. Әмина мен Мәриям Хакімжанова апай өле-өлгенше бір-бірімен ажырамас дос болып кетті. Бұл да ғажап нәрсе, бұл да қазақ әйелдерінің арасында бұрын болмаған нәрсе. Әмина апай Мәриям апайдан 5 жас үлкен еді, 8 жыл бұрын қайтыс болды. Мәриям апай кейін қалғанда да күрсініп, ылғи Әмина апай туралы, ол кісінің адамгершілігі туралы, асыл заты, биязылығы туралы көп-көп талмай әңгіме айтып отырушы еді.

Ақындар Мұзафар мен Жұбан Мұзафар Әлімбаев, Қазақстанның халық жазушысы: Жұбан есі­ мін мен майдан даласынан естідім. Майдан газетінде майдан өмірін көрсеткен өлеңдерін оқыдым. Содан 1947 жылы әскер қатарында жүр­ генімде «Литературная газетадан» КСРО Жазушылар Одағының бірінші хатшысы Александр Фадеевтың бір пленумда жасаған баяндамасын оқыдым. Сол баяндамада қазақтың жас ақыны Жұбан Мол­дағалиев «Соқ, сағатым» деген өлеңінде кеңестік патриотизмді шабытпен жырлаған дейтін бағасы бар еді. Соған қатты қуанып қалдым. Енді 1948 жылы әскерден біржола босап, Алматыға келгенімде Жұбан Молдағалиевпен «Лениншіл жас» газетінде таныстым. Мен «Пионер» журналына поэзия бөлімінің меңгерушісі болып орналастым да, Жұбан ол кезде «Лениншіл жас» газетінің редакторының орынбасары екен. Бір дәлізде қызмет атқардық. Сонан таныса келе білгенім, Жұбан менен 3 жас үлкен екен, әскерге соғыстан бұрын алыныпты. Екеуіміздің ұқсастық жерлеріміз де бар екен, екеуіміздің де тырнақалды өлеңіміз 1939 жылы жарық көрген екен. Екеуіміз де майданда, артиллерия батареясының комиссары болыппыз. Жұбан одан кейін майдандық газетке ауысып кетті, содан Алматыға келген екен. София Молдағалиева, Жұбанның жары: Жұбекең Одақта көп жыл істеді ғой, көп жыл екінші хатшы болды. Хатшы болып істеп жүргенде Ғ. Мұстафин бірінші болды, Жұбекең екінші болды, сосын Ә. Шәріпов­ тың тұсында Жұбекең екінші болды. Қазіргі уақыт пен өткен уақыт екі түрлі ғой. Ол кезде де қиыншылық болды, қазір де қиыншылық бар. Ол кездерде аудармашыларды Мәскеуден шақыртты, Жұбекең өте көп жазушыларды осы Алматыға қарай тартып, қазақ ақындарының аудар-

машылары болсын деп, жақсы-жақсы ақындарды шақырды. Ол жағына көп жұмыс істеді. Жұбекең жұмысын беріліп істейтін, Мәскеуде қандай болса, Алматыда да «Дом литераторов» болсын деп, көп жұмыс істеді. Мұзафар Әлімбаев: Жұбан жыр арқылы өзін де өсірді, қазақ поэзиясын да өсірді деп айтуға болады. Жұбан әрі лирик, әрі эпик ақын болатын. Әсіресе эпикада көп еңбектенді. «Жесір тағдыры», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары» деген атақты поэмалары қазақ поэзиясында үлкен орын алған дүниелері деп есептеймін. Ол көбінесе тыңдағанды ғана жақсы көретін, орынды жерде ғана сөйлейтін. Сайқымазағы да болатын. Бәріміз де жас болдық, жасыратын ештеңесі жоқ, серуендедік, сайрандадық, бірге болдық. Сырбай, Қайнекей, Қуандық, Жұбанмен жұбымыз жазылмай бірге жүрдік. Қаламақы алған күндерде енді түннің бір шамасына дейін үйге қайту деген жоқ болатын. Ал Жұбан болса, қолы ашық, өте жомарт жігіт болатын. Еңбекақы алған күні оны түгелдей ағайындарына шашып кетуге бар болатын. София Молдағалиева: Жұмысында, әрине, Мұзафармен бірге істе­ ді, бәрі де Жұбекеңді өте сыйлайтын да, құрметтейтін де. Жұбекең ренжі­се оны бетіне айтып тастайтын, артынан ешқандай өсек, жамандау, жұмысынан қысу сияқты әділетсіздікке бармайтын. Ол тура болды. Қалижан Бекхожиннің үйінде тұрғанда, Бекхожиннің Шапу есімді қарындасы болатын. Сол арқылы таныдым Мұзафарды. Енді, әрине, өте құрметтеймін, сол ұрпақ керемет жақсы жүрдік. Мұзафар Әлімбаев: Халық фольклорын өте жақсы білетін. Бірде Ашхабадтың әуежайында ұшақ күтіп қалдық, 2–3 сағаттай күттік. Сонда Жұбан бір жарым сағаттай бәрімізге бәдік өлеңдерді жатқа оқығаны бар, күлдіргі өлеңдер, халықтың өлеңдері. Оның ешқандай ерсілігі жоқ. Қазір тіпті газет-журналдар көп қылып басып жатыр, ол енді тым ерсілеу сияқты боп көрінеді маған. Ал Жұбекең күлдіріп отыратын. Картаны да бірге ойнадық, карта ойнағанда Жұбекең сонша тәуекелшіл, қызбақанды ойыншы болатын. София Молдағалиева: Үйді жақсы көреді, отбасында отырғанды, балаларды жақсы көреді, спортты жақсы көреді. Өзі спортпен айналыс­ паса да, барлық спортсмендердің атын, фамилияларын біледі, сосын қай спорт болса да керемет жақсы көріп, әсіресе футбол, хоккей болса, телевизордан қарап отырады да, жүгіріп барып, радиоқабылдағыштан тыңдап алады қорытындысын. Сосын қайтадан келіп қарайды. Сондай адам еді, қайтқасын, қырқы өтпей, тартпадан өсиетін таптық, енді Жұбекең маған орысша жазатын, мен қазақша оқи алмайтынмын да, тіпті тұрмысқа шыққанда қазақша сөйлей алмайтынмын. Елге барғанда адамдармен араласқаннан кейін үйрендім. Сонда сол ескертуінде, балаларға айтыпты, «мен бай болғаным жоқ, кедей болдым, өз еңбе­

гіммен осындай дәрежеге жеттім, ал сендерге мамаларыңды тапсырам, осы мамаларыңның сөзі сендерге заң болсын», – депті. Әрине, қазіргі жағдай, балалардың тұрмыстары, бәрі шүкір, немере бәрі бар, бірақ сонда да Жұбекең жетпейді. Мұзафар Әлімбаев: Жұбан жөніндегі әңгімені мен қазақтың сати­ рик ақыны, романист Садықбек Адамбековтың сөзімен аяқтағым келіп отыр. 1986 жылы Колбиннің көзінше сөз сөйлеп, Жазушылар Одағында, ғаламат, батыр жүректі азамат екенін дәлелдеді. Қазақ халқының тәкаппарлығын, өнерлілігін көрсетті. Алматыдағы алаңда қазақ жастарын қанға бояған, Колбиннің қылмысын көзіне шұқып айтқандай болды. «Ит қосып, сумен атқылап, таяқпен төпеген жастардың қасіретін көргенше, қан майданда неге опат болып кетпедім», – деп айтқаны бар. Сол сөз қазір аңыз болып кетті, сол ерлік аңыз болып кетті. Сонда Садықбектің айтқаны бар еді: «Жұбан болып туып, Махамбет болып өлді», – деген.

Жұбан мен Иманқұл Дабыл Дәулетов, Иманқұлдың ұлы: Бұл оқиға 1975 жылдың сәуір айында, түс мезгілінде болатын. Үйге 5 кісі кіріп келді, кіргенде біреуі «үйде үлкен кісі, шал бар ма» дейді, қасындағылар ойнап, «бар үлкен кісі, үйде отыр» деді. Кіргеннен кейін, отырып жайғасқаннан кейін, жаңағы кісілер таныстыра бастады бір-бірін. Бірінші келген Жұбан Молдағалиев ағаны таныстырды, екіншісі, сол кезде Ленинск ғой, Байқоңыр емес, Ленинск қаласының бірінші хатшысы Артеменко Н.Н. деген кісі. Үшіншісі, бас штабтың, саяси бөлімнің бастығы генерал-майор, есімде жоқ фамилиясы. Отырып, жайғасып танысқаннан кейін Жұбан аға менің әкемді

ертіп, сыртқа шығып кетті. Сыртқа шығып, бастырманың астында екеуі әңгімелесті, отырды. Мен сол кезде 1975 жылы 38 жаста едім. Енді қонақ келді дегесін, қазақ қонақшыл ғой, жүгіріп анау-мынау істеп жүріп, әкем мен Жұбанға қарай берем. Енді қызық та, үйге жазушы келді деген. Сөйтсем, ана кісі әкеммен жай сыбырласып әңгімелесіп отыр. Қолында таң қалатыным, не қағаз жоқ, не қаламсап жоқ. Біраз уақыт әңгімелесті. Шешемнің аты Ханшайым, әзілдесіп, әңгімелесіп, «жеңгей, қалай­ сыз, бала-шаға қалай» деп сондай қызықты әңгімелер айтты. Қарапа­ йым, жазушыға ұқсамайтын сияқты, кәдімгі шаруа адамы сияқты әсер қалдырды маған. 1975 жылы күзде, «Литературная газета» шығатын, сол кезде дос балам айтады: «Сенің әкеңді газетке шығарыпты, Жұбан Молдағали­ ев «Байқоңыр баспалдақтары» деген кітап жазатын болыпты», – дейді. Сонан жаңағы жолдас баламнан газетті алып, өзім оқып, әкеме әкеп бер­дім. Кейін қазақ газеттеріне шықты, «Социалистік Қазақстан», 1977 жылы «Жұлдыз» журналына шықты, жетінші, сегізінші нөмірінде, содан кейін күзде кітап болып шықты «Байқоңыр баспалдақтары» деген атпен, 1979 жылы Жұбан Молдағалиевтің осы «Байқоңыр баспалдақ­ тары» орыс тілінде шықты, «Жалын» баспасында. Менің әкемді бас кейіпкер қылып алған. Маған бір зейнеткер, осы жерде туып-өскен, осы маңайда жұмыс істеген адам керек дегенде, бірінші хатшы біздің әкемізге әкелген екен. Менің әкем 1926 жылы Қазалы стансасының темір жолының бас кондукторынан бастаған. 1926 жылдан бастап, 1966 жылға дейін темір жолда істеген. Бас кондуктордан бастап, кезекші станса, станса бастығы болды. 1950 жылы әкем коммунист болатын. Ол кезде мен он үштемін. Әкеме сен коммуниссің, Мойынты – Шу теміржолы құрылысы басталды, соған барасың деді. Содан әкем коммунист болғасын, бара алмаймын деп айта алмайды. Бізді стансада вагонға тиеді. Күз айы болатын. Шу стансасына келдік, 4–5 күн жүрдік жолда. Келгеннен кейін Шудан Жедел стансасына әкелді бізді. Жол жаңадан салынған, соның үстінен бір вагон тіркеп, кішкентай тепловозбен алып келді. Жедел стансасында үй дайын екен. Сол жерде 2–3 жыл тұрдық. Сосын Қантау стансасына ауыстырды әкемді. Қантауда станса кезекшісі болды, станса бастығы болды. 1957 жылы теміржол біткесін, әкем қайтадан елге көшіп кетті. Бірінші бөлімі «Исағұл ақын» деп аталады. Әкемізді Сырдария бойындағы Байқоңырдың мақтанышы дейді. Сол кезде бірінші ғарышкер Гагарин ұшқан, сол кісімен байланыстырады. Және теміржолда 40 жыл істегенін, Түрксіб бойында, Мойынты – Шу бойында істегенін келтіреді. Әкемді поэмада Ишанқұл емес, Исағұл деп келтіреді. Шешем Ханшайым болса, Балшайым деп

келтірген. Өйткені ол кезде «аузы-мұрны жоқ отау» дей ме, шын атын айта алмаған. Қорқыт атамыздың Қармақшы стансасында жатқанын келтіреді. Шешемізді, бақытқа кенеліп, екі ұл, төрт қыз асырап, немере сүйіп отырғанын келтіреді. Онан кейін Жұбан аға келген жоқ, жас кезімде Алматыда оқып жүргенде әкем оған «соқсайшы» деп айтқан. Мен Жазушылар одағына барам да, есік алдында тұрып кетіп қалам. Маған ыңғайсыз көрінді ол кісіге жолыққан. Әкем 1977 жылы қайтыс болды, осы поэма шыққаннан кейін екі жылдан соң қайтыс болды. Ал бірақ енді мен Жұбан Молдағалиев ағаның есімін қай уақытта да пір тұтам өзіме. Аға ақын Асқар мен бала ақын Қайырбек Қайырбек Асанов, ақын: Асекең бізге жақын туысқан боп келеді. Сол кісі туған бұрынғы Қызылорақ деген жерде мен де туғанмын. Бірақ уақыт ағымына байланысты, уақыттың біраз жыл қашықтығына байланысты ол кісіні елуден асқаннан кейін көрдім. Сол ұмытпасам, 1963 жылы Тереңөзек ауданына жиі келіп тұратын. Келіп, шаруашылықты аралап, тура ертеңіне немесе бір күн салып газеттерге шығып жататын. Мақаласы, сатирасы, кейбір көрген кемшіліктері туралы. Мектептерде, аудан халқымен кездесулер ұйымдастырып тұратын. Кейде өзінің жақын Тереңөзекте тұратын Жұмабай Жүнісов, Мұзафар Байқожаев деген інілеріне қыдырып келеді. Сонда көріп қаламыз. Ал енді менің әкем ол кісіден он шақты жас кіші болатын. Бірақ сол ауылға келген сайын айтып тұратын, Асқар ағаң келді, осындай ағайын-туыстарда болды деп. Сосын менің алғашқы өлең жазып, мақала жазып жүргенімде

әкем газет-журналдардан көріп, қуанып: «Әй, балам, сен де Асқар ағаң сияқты болайын деп жүрсің бе» деп әжептәуір мақтанып қалатын. Содан 1964 жылы мамыр айында, біз бітірер алдында, Асекеңді әкем үйге шақырды, дастарқан жайып, шай-тамағын беріп, сосын мені шақырып, «мына балаңыз осында мектеп бітіргелі жатыр, талабы өзіңіз қуған жол, ақындық, журналистік екен, осы балаға батаңызды берсеңіз», – деп Асекеңе қолқа салды әкем. «Ой, бұл болайын деп тұрған бала екен, мен аудандық газеттерден бұл баланың өлеңдерін көруші едім, маған ұнайды, ҚазМУ-дің ректоры менің баяғыда балалар үйінде бірге өскен Асқар Закарин деген досым, мен оған хат жазып беріп жіберем», – деді. Сол жерде айтқанын орындап, хатын жазып берді. Біз мектепті бір айдан кейін бітіріп, сол жылы Алматыға келдік. ҚазМУ-дің журналистика факультетіне. Сол жылы хат қалтамда, ал­ ғашқы шығарма жаздық, содан шығармадан «2» қойған екен. Хатты берсем бе, бермесем бе деген ой келді. Қалтамда сақтаулы. Ректорға оқталып-оқталып, барғаным жоқ. Әлі жаспын ғой, келер жылы тағы келермін деп. Сол жылы хатты бере алмай кеткенмін. Біз 5–6 сынып оқып жүргенде-ақ, Асекеңнің өлеңдерімен, сықақ­ тарымен, фельетондарымен етене жақын болып, етене оқып, сол кісінің шығармасынан рухани шабыт алып өскен адамбыз. Ол кісі ауылға келеді дегенде, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысынан бас­ тап, дайындалып, күтіп алып, әкемнің айтуы бойынша атын байлап, аттан түсіріп алатын деп еститінбіз. Өзі сондай ауылға өте беделді, сыйлы кісі болды. Оның үстіне қазақ әдебиетін Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты үлкен алпауыттармен бірге әдебиеттің негізін қалаған адам ғой, ауылда, облыста бұл кісінің қадірі өте мықты болды. Әдебиеттің барлық саласында еңбек еткен адам. Прозада да, поэзияда да, драматургияда да, сын-сықақта да, енді әдебиеттің қай жанры болса да барлығына қалам сермеп, үлкен жетістікке жетіп отырған қаламгеріміздің бірі. Асекеңнің 1956 жылы 4 томдық шығармалар жинағы шықты, Ғабит Мүсіреповтың алғысөзімен. Бірінші томға өлеңдері, екінші томға сатирасы, үшінші томға драматургиясы, төртінші томға прозасы дегендей. «Табиғатқа таңырқаумен өтерміз, Тағдыр қосқан туысқандай екенбіз. Мақтанатын бір бақытым өзіңмен Ортақ екен біздің туған өлкеміз. Сырдың елі, ежелден-ақ жыр елі, Өмір бойы ой толғадың өрелі. Ұрпақ барда ұмытылмас жырларың – Адамзаттың рухани қорегі.

Бейнеттенбей мұратына жетер кім? Ғұмыр бойы сені жырлап өтермін. Әдебиеттің шаңырағын бірлесіп, Ұлылармен биіктерге көтердің. Бата алып, алыптар мен асылдан Талантыңа талай мықты бас ұрған. Жарқырайды сенің жарық жұлдызың Өзің өмір сүрген алтын ғасырдан. Өзің едің сын-сықақтың ұстазы, Өткір еді сөздеріңнің нұсқасы. Дәуірінің дария дарын ақыны, Ғабит, Сәбит, Әбілдәнің тұстасы. Қырсыздарға қыран құстай шүйілген, Жақсылыққа жан-тәнімен сүйінген. Қасиетті талантыңның бастауы Нәр алғандай Қорқыт баба күйінен. Жатырқамай, бәрін балап бауырға, Шыдап бақтың, жауын менен дауылға. Дәлелдедің өзгелерге өмірде Ұлыларда тұратынын ауылда. Болашағы қазағымның жарқын, кең, Егемен ел қарыштаған қарқынмен. Мейірім мен махаббатына бөленіп, Жасай берші өзің сүйген халқыңмен». Ақын Төлеужан Ысмайлов Балта Исаев, журналист: Әркімнің өзінің пешенесіне жазылған тағдыр-талайы бар. Мүмкін содан болды ма, Төкең Алматыдағы университетті бітіргеннен кейін, пәлендей жұмыс істеп байыз таппаған жігіт. Өлең жазып жүрді, өзінің өр мінезімен көп нәрсені армандап жүрді. Көп нәрсені төзбей айтып тастап, кейде тура айтып, туғанына жақпай жүрген Төлеужан болды. Сонау ар жақ, бер жақты аңсаған ардагер, атпал азаматтарды, батырларды былай қойғанда, оның бергі жағындағы кешегі күнге дейін азаттық пен теңдікті, тәуелсіздікті армандап келген азаматтар қаншама болды. Соның біреуі біз бүгін сөз еткелі отырған Төлеужан Ысмайлов еді. Төкең көп нәрсеге төзбейтін, тура айтып тастайтын. Өлең жазып, ол өлеңдері көп жағдайда басылмайтын. Ал енді кейбір өлеңдерін, кейбір

айтуға тура келген әңгімелерін, сатирамен, юмормен, әзіл-қалжыңға ұластырып айта салушы еді. Енді дәл осы жерде еске түседі, сонау 60жылдардың басында Есілдің ар жақ, бер жағын бүкіл дүние жүзіне танытып, көкке көтеріп, аспандатып астана еткен Ақмоланы, сол кезде партияның бірінші хатшысы Хрущев келіп, жиналыс жасап, «Ақмола деген не сөз, ол өзі мола, мола дегеннің өзі «Белая могила» дейді. Енді бұл Целиноград, бүкіл тың өлкесі болсын деген әңгіме көтеріліп, әрине, бұны айта кету керек, өзіміздің кейбір ағаларымыз қостағандай болып, ақырында Ақмоланың аты өзгертіліп, Целиноград болып шыға келді. Сол кезде Төкең мынадай бір өлең шығарды. Соны баспа газеттері, радиолар баспады да, айтпады да. Айтуға болмайтын да еді. Сонда бір нұсқасы былай еді. Сонда Төкең өзі кейбір қазақтың ар жақ, бер жағын былай қойғанда, мына Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Мұқаң шыққан өңірдің азаматы еді ғой. Сонда тұрып: «Мен өзім жігітімін Семейдің, Семейде де сұмпайы жоқ демеймін. Семейдің де сопысы бар монтаны, Сылдыр сөзбен сыңғырлатқан көмейін. Сол Семейге ренжіген Абай да, Өз перзентім дейді халқы алайда, Тобықтының келсе егер қолынан Ұстатпас еді Ұлы ақынын қалайда. Жат үстінен арызы оның домалап, Кім жазғаны белгісіз ғой домалақ, Абай ағам қалың қайғы арқалап, Қара жерге еніп кетті содан-ақ.

Көрдіңіз бе, бұл Семейдің қалайын, Тар маңдайы сыйғызбаған Абайын. Тобықтының жалпақ жатқан жерлерге Сыймағаны белгілі ғой сендерге. Қайғы ойлап, аға дер Есіл де, Әр тамшысы жерде аунап есіне. Сол қазақтар баспана енді сала алмас Ақмоланың кең төселген төсіне. Қырық пышақ жер дауымен бөлінді, Енді қара сол даушыл еліңді. Похоронный бюродан сен зорға аласың Тыныш жатар көріңді», – дейді. Бұрынғы Қазақ университетінің қасында бас пошта, оның қасындағы үлкен бес қабатты үйдің астында шарап, сыра сататын дүкен болды, сол жерден бірер грамм шарапты Төкең ішіп алушы еді де, осы маңдағы саябаққа келіп отыратын. Жан-жақтан әртүрлі азаматтар келіп кейде сәлем береді, кейде сөйлесіп қалады, әсіресе университетте оқитын жас студенттер келіп, Төкеңді сөйлетуші еді. Сонда «Төке аға, өлең оқыңызшы», – дейді. Сонда Төлеужан кейде төгіп-төгіп жібереді де, кейде «Әй, сендерге қандай өлең керек», – дейді. Сол кезде жас балалар: «аға, «Қойларды» оқыңызшы», – дейді. «Қойларды» бұрын естіген болу керек. Сонда Төкең үстіндегі қарапайым ғана көне жейдесін бір сілкіп тастайды да, маңдайынан шыққан терді сүртіп тастап, оқи жөнелетін еді. Сондағы «Қойлары» былай деп басталатын: «Жуас қойлар, шәйт дегенде сескенген, Өріп момын қазақ деген өсті елмен, Қойды сүймес қазақ бар ма, қой сөзді, Намыстанбай дейді өзін қой көзді, «Баран» десе бізді мұқап орыстар, Аға дедік туымызды оң ұстар. Қандай момын халықпыз біз қойлардай, Жүре бердік кек-намысты ойланбай. Арымызға жағылған кір, күйе көп, Кейде бізді кекетеді түйе деп, Ол да айтылған сөз шығар бір жүйемен, Қу далада қой бақтық қой түйемен. Ботасына аруананың боздаған Зарлы үні бабам мұңын қозғаған. Тірілер ме о дүниеден атам кеп, Сипар еді-ау маңдайымнан ботам деп. Түйе сүтін іше алмаймыз біз бүгін,

Аруана үнін естімейді түз бүгін. Киіз үйдің аппақ-аппақ үзігін Желге ұшырып әкеткендей күздігүн. Керегедей құр қаңқамыз қалды тек, Ғайып болды батыл жүрек, қанды кек. Шерлі намыс дөңбекшіткен түнімен Бірге өшті аруананың үнімен. Ноғайменен құда болдық амалсыз Сап-сары орыс көрінетін түрінен», – деп, Төлеужан еңсесін көтеріп, кейде тісін қарш-қарш шайнап, әлде өкіне ме, әлде осы айтылған сөзім айдалада желге ұшып, киіз үйдің аппақ-аппақ үзігін ұшырып әкеткен желмен бірге сөзім де кете ме деп мұңайған сияқты кейде. Кейде маңдайынан шып-шып шыққан терді бір сипап тастап, омырауын ашып тастап, тағы да бір өлеңдерін ары қарай алып кетуші еді.

Маңғаз Мұқағали мен өр мінез Өтежан
Өтежан Нұрғалиев, ақын, сурет иесі: Ерте, ерте, ертеде, еш­
кі жүні келтеде, мен Мақатаевпен суретке түстім. 1958 жылы ме­
нің суретім Мәскеудің «Молодой колхозник» деген журналының

бетіне шықты. Мен колхозшы болып істедім де, колхозшы болып та
жарытқам жоқ, өлеңді де жазып жүрдім өз бетіммен. Менің өлеңдерім
сол кезде, осы Алма­тының тоқырап қалған редакцияларында модаға
айналды. «Жұлдыз», «Ленин­шіл жас», «Социалистік Қазақстан»,

1958 ж.

«Қазақ әдебиеті» 4 газет мені бірден басты. Кәдімгі жасанды түрмен, шалықтап отырған түрімді. Ауылда жүріп, жаңағы кітапханашы «Молодой колхозникті» ашып қарайды, ішінде мен жүрмін. «Әй, мынау қайдан жүр» деп, маған хат жазады. Ол хат менде әлі сақтаулы, талисман сияқты. Сосын Алматыға келеді, Алматыдан мені іздеп ҚазМУден тауып алады. Сосын шақы­рып, екеуіміз суретке түсейік, сен ұлы ақын боп кетіп жатсаң, мені де қасыңнан қалдырмай, ертіп жүрерсің мүмкін, ағаңа пайдаң тиер деп, менің қасымда түсті. Суретте, былайша айтқанда, ол маған фон болды. Бірақ заман әлгі түлкінің басында тұрмай, тазы қуады, шабады. Сонымен артынан мен оған фон болдым. Осы тұрғанда мен Мақатаевтың қасында жүргендігіме нанбастай болды, сол сурет болмаса, сен сенбейсің оған. Сенбек түгілі сол сурет­тің ақшасын төлеген Мақатаевтың өзі, сен студентсің ғой, мен төлейін деп. Ол 31 жаста, мен 21 жастамын. Аманхан Әлім, ақын: Бұл екі ақынды жақын қылатын да, бір-бірінен алыс қылатын да мінез. Жақындастыратыны – ақындықтары, үлкен поэзиядағы өздерінің орны, бір-біріне ұқсамайды, ал алыстаттыратыны – мінездері. Мысалы, Өтеағаңның өмірінің өзіндегі жүріс-тұрысы, адаммен қарым-қатынастағы әңгімесі, барлығы өзінің өлеңінде де, поэ­ зиясында да көрінеді. Қараңыз, «Менің махаббатым» деген кітабымен кейінгі жинағын салыстырып көрейік, «Соғыстың соңғы жазы» деген. Соның арасында мінез, яғни жас кезгі мінез бен есейген кездегі мінездің арасынан алшақтық көрмейсің. Алшақтық көрмейсің деген сөз, өтірік көрмейсің деген сөз. Өтежан Нұрғалиев «Менің махаббатымда» шындықты қалай жырласа, «Соғыстың соңғы жазында» да ақиқатты солай жырлайды. Яғни өлеңде өтірік айтпайды. Бұл да мінез. Өтежан Нұрғалиев: Шын жүрегіммен жақсы көрген жолдастарым қазір осында естелікке ие болғанына қуанам. Жақсы күндерім, жарқын күндерімнің бір кезде болғанына. Ол күннің қарасының қазір батып кеткеніне, өзімнің ақын екеніме. Менің өлеңімді жазып, шырқап, шығандап мынау осы күнгі Мағжаннан да тәуір жазған адаммын, тіпті Абайдың өлеңінің бәрі құдірет, ал менің өлеңім алмаздың қырлары сияқты. Әбден шектен шықтым. Бірақ ол өзіме пайда берген жоқ. Сонан кейін мастандым. Сонан кейін тұралап қалған кезі болды, әдебиеттен кеттім. Былайша айтқанда, менің өлеңімді қуалап жүріп оқымаса, өзімнен басқа ешкім оқымайды қазір. Аманхан Әлім: Өтеағаңды оқыса да, оқымадым дейді. Өйткені анадай мінез, анадай жүріс-тұрыспен түсінбегеннен кейін солай айтылады да. Ал мен мысалы, Өтеағаңды үлкен ақын екенін білем және оқимын. Ал мен тағы бір адамдарды білем, Өтежанды оқыса да, оқымадым дейтін. Ол оқыды, бірақ өтірік айтып жүр. Өйткені Өтежанға білдіргісі

келмейді, Нұрғалиевқа. Оның мықты екенін айтса, ол өзін әлсіз сезініп қалады. Нағыз мойындау үшін үлкен азамат болу керек, ал бізге сол жетпей жатыр. Сондықтан Өтежан Нұрғалиевтің трагедиясы да сонда. Біз­дің адамдардың, әсіресе ақындардың, қаламгерлердің батылы жетпейтін­дігі. Сен өте мықты ақынсың деп айтуға, сені оқыдым деп айтуға әлі, күші, батылы жетпейді. Ішкі қуаты айттырмайды. Әйтпесе Өтежан Нұрғалиев өте оқылатын ақын. Өтежан Нұрғалиев: Қарапайым болу үлкен ақындарға жарасады, мысалы Пушкин сияқты, Абай сияқты. Патшаның өзіне өлең жазған Пушкин. Абайды да білеміз, тек әкесіне қарсы шыққан жоқ, одан басқасының бәрін таптап өтті. Шортанбайды, Дулатты, Бұқарды. Әрбір ақынның өзінің ұғымы болады, оны өзі біледі ол ақын. Бірақ енді көпке топырақ шаша алмайсың, көптің арасынан тіл таба алмадым, халықтың арасына мәймөңкелеп бармадым. Сосын халықты мен онша жақсы көрмеймін. Ақындардың өзі біріншіден тобырды жек көреді. Халықтың арасынан жұлдызың жанбаса, бірақ мен өлгеннен кейін теңеледі ғой деп ойлаймын бәрін. Аманхан Әлім: Неге оқырман, Мұқағалиды, көше сыпырушыдан бастап, министрге дейін жақсы көреді, өйткені Мұқағали оқырманмен сырласады, әңгімелеседі, өзін алыс ұстамайды. Бұл ұлы ақындықтың белгісі. Өкінішке орай, «өз жерінде пайғамбар жоқ» деген сөз бар орыс­ та. Сол сияқты біз өз елімізде, өз жерімізде, арамызда жүрген кезде қа­дір-қасиетін түсінбейміз. Жаңағы өз елінде пайғамбар жоқ деудің себебі сол. Пайғамбардың өзін мойындамаған. Сондықтан, меніңше, Өтеағаңның сөйлер сөзі, уақыты әлі де алда. Мұқаң Өтежан Нұрғалиев туралы жыл қорытындысында баяндама жасап, Өтежан Нұрғалиевті қазақтың Есенині деген және поэзиясын өте жоғары бағалаған және өзіне жақын екендігін айтқан. «Қош, махаббат» деген кітабында бар ол мақаласы. Баяндамасы мақала боп шыққан. Жалпы нағыз ақындар бірбірін бағалай білген ғой. Ақындар Тоқаш пен Мұқағали Лашын Әзімжанова, Мұқағалидың жары: Достары болды, мысалы, Жұмекен Нәжімеденов деген болды, ақын, Әнуарбек Дүйсембиев деген ақын құрдасы болды, әрі досы, Шәмші де жолдасы болды, Мейрамбекпен кейінірек танысты, ол да жақсы досы болды. Мейрамбек оны жақсы көрді, Мейрамбекті ол жақсы көрді. Тоқашпен айырылмас достай болып жүрді. Тоқаш өзі жұмбақтау адам болатын, ол тек Мұқағалимен

сөйлесетін, Мұқағалимен сырласатын, ал бізге көп жақын келмейді. Жасыратыны жоқ, мен де онымен сөйлесуді қаламайтынмын. Сондықтан оның ішкі отбасылық жағдайын білмей кеттім, бірақ ол сырға берік адам болуы керек сондай. Өтежан Нұрғалиев, ақын: Тоқаш көп сөйлей бермей, жұдырығын өзінен үлкен адамдарға ала жөнелетіні бар еді. Оның үстіне сөйлей бермейтін адам ғой, ал Мұқағали ылғи сөйлеп жүретін адам. Осыдан келеді де, Тоқаштың бүкіл күші оның көзінде, Тоқаштың атында. Тоқаштан қорықпаған, Тоқаштан сескенбеген адамды білмеймін, өзінің заманында. Өйткені біздің ұрпағымыз сол Тоқаштан, Ғабит енді оның қолында билік болғасын ғана қорқатын, ал Тоқаштан шындап қорқатын. Тоқаш оның алдында әжептәуір үлкендігі бар еді, 1924 жылғы ғой ол. Соғысқа қатысқан. Ең жасы мен, Т. Молдағалиев, Қадыр дегендердің алдында 20 жыл бұрын келген ғой әдебиетке, Қасым Аманжоловпен бірге. Бізге де Тоқаштың құдіреті әлі бар сияқты көрінеді. Ал Жазушылар одағының алдында суретке түсу, сосын отбасылық альбомдарға түсу, оның бәрі сол кездегі дәстүр еді. Лашын Әзімжанова: Мұқағали ауылдан шыққан бала ғой, қаза­ қы боп өскен. Қазақша 10 жылдықты бітірген. Осы қалаға келіп, ең алғаш таныс болғаны сол Тоқаш, ақындардан. Бірақ Тоқашты өзі сондай ұнатты, өйткені оның мінезі сондай тұрақты. Шалкөдеге, Қарасазға, Нарынқолға ертіп барды, біздің тау жағымызда Қошқар деген жайлау бар, оның ар жағында Ұйғыр ауданы бар. Сол Қошқардың үстіне шығып кетіп, атпен, сол жайлауларға шығып, қойшылардың үйіне қонақтап, сөйтіп бірсыпыра демалып қайтатын. Жылда баратын.

Өтежан Нұрғалиев: Тоқаш Мақатаевтың ұстазы болатын. Оған өзін қалай ұстау, киімді қалай кию, көркем жұмыспен қалай сөйлесе білу, сосын бастықтарды қалай жек көру, өлеңді қалай жазу, барлығын үйреткен Тоқаш Бердияров болатын. Бірақ, өкінішке орай, бұл адамның заманы әлі туған жоқ. Сондықтан енді, менің сөзім ұнамсыз болып та көрінуі мүмкін, өйткені қазіргі Пушкин Мақатаев қой, сонда оның шәкірті Мақатаевтай болғанда, Тоқаштың қандай болғанын өзің де біліп тұрсың ғой. Аңызға айналған, қазақтың қай жағынан да үлгі болған ақыны осы болатын. Алматыда Тоқаштан артық киінген адам болмайтын, сосын Тоқаштай сөзі өткір және өзі табанды, сонан кейін өмірдің зәрін, уын тартқан Тоқаш­ тай адам болмайтын. Біз барлық жағынан соған еліктейміз деп, міне, осы жолға түстік. Жақсы қауымның ұнатыңқырамайтын ақындары­ның қазақтардың ішінде болуы, осы Тоқаштың кінәсі. Тоқашқа еліктейміз деп, «теріс жолға» түскен адамдар көп болатын бұрын. Қазір енді Тоқаш сияқ­ты адамдар кетті дүниеден, енді олар динозаврлар ғой, динозавр кетті, Тоқаш сияқты мұндай адам қазір жоқ. Лашын Әзімжанова: Мұқағали кеткеннен кейін, өлеңдер жазып жүрді, артынан, Мұқағалиды сағынып, Мұқағали туралы: «Мұқағали қызыл көйлек кигенді жақсы көретін еді, Лашын, есіңде бар ма? Сол қызыл көйлектерің бар ма, ескерткішке қойған?» деді. Өтежан Нұрғалиев: Тоқаш деген өмір бойы көшеде скамейкада жатып өткен адам ғой. Соны жұрт аңыз ғып айтатын, «Бұл Тоқаштың Қазақстанда 40 үйі бар, 40 келіншегі бар, пәлен жерде баласы бар көрінеді» деген сияқты аңыздар. Әрине, бұның бәрі өтірік. Ол өзі 60тан асқанда үйленгенін білеміз. Осында таксопарктің диспетчеріне үйленді. Ол жеңгей қазір бар, бір қызы бар. Бұл Тоқаштың бір қызық жері, үндемейтін адамның руын білу де қиын. Мен ойлаймын, Қоңырат па деп. Ал Құрама деген халық бар ғой, тіпті өзбек болса да менен көрмеңіз, әйтеуір біздің атаманымыз осы еді, біздің Казановымыз да осы, бандитіміз да осы, профессорымыз да осы. Жасырын түрде қалай жазу керектігін, бәрін Тоқаштан үйренетінбіз, сонан көшіретінбіз. Бірақ оны ешкім мойындамайтын, оны тек Мақатаев мойындады. «Әдебиетте тек бір-ақ адам бар, Абайдан кейін, ол Тоқаш Бердияров» дейтін. Әрине, оның айтқаны келген жоқ. «Паспортында аты жоқ проспекті, көшенің, О, Алматы, үйімдейсің шешемнің, мен перронға түскенде, бермесе де қыз букет, Алматым, маған ұсындың бір букет емес, жүз букет», –

деп Тоқаш жазатын, көшенің адамы ғой. Сондықтан Тоқашқа өкпелеудің қажеті шамалы. Ешкімнің басын жарған жоқ, көзін шығарған жоқ, сол тентектік жасаумен өтті ғой. 40 костюмі бар, 40 келіншегі бар, 40 кітап жазды, оның қазір атын да айтпайды, Тоқаш ұмытылды. Мынадай әдемі аспанның астында екеуіміз оны сайратып отырғанымыз Мұқағали­ дың арқасында, Тоқаш та еске түсіп тұр. Ал, шынына келгенде, Тоқаш орыстың Б. Окуджава сияқты, Высоцкий сияқты, ескерткіш қойса да болатын ақыны ғой, әрине, оның заманы келеді. Сыншы Сағат Әшімбаев пен ақын Әбдіраштың Жарасқаны Нәзігүл Мергенбаева, Жарасқанның жары: Сағат пен Жәкең 17– 18 жасынан бастап, бірінші курстан бері таныс болды. Енді біздерден бұрын таныс болған, мен бір жыл кейін оқыдым. Сағат филология фа­ культетінде, Жәкең журналистика факультетінде оқыды, бірақ аралары тығыз байланыста болды, кейін Жәкеңмен үйленгеннен кейін отбасымызбен араласып отырдық, екеуі бір жерде жұмыс істеді, қызбаланып екеуі таласып та қалатын кездері болатын, бір нәрсеге келіспей қалатын кездері де болатын, бір-бірін құптап, рақаттанып күліп алатын кездері де болатын. Енді екеуін жақындатқан шығармашылық деп ойлаймын. Екеуі де, менің ойымша, табиғи талант, Сағат та енді Алла тағаланың берген бойында қасиеті бар, өте білімді, талантты адам еді. Шәрбану Бейсенова, Сағаттың жары: Олардың тығыз байланыста болып, жақсы жұптарының жазылмай жүрген уақыты «Жұлдыз» журналында қызмет жасаған кездері. Жарасқанды білмедім, Сағат «Жұлдыз»

журналына 1973 жылы барып, 1976 жылға дейін қызмет жасады. Осы жылдар мына Сәкеңнің Жазушылар одағына өткен жылы, кітаптары шыққан жылы болды. Осы жылдары өте бір өзінің ғұмырындағы елеулі жылдар еді, Жарасқандармен сол кезде өте қатты жолдас болды. Менің есімде қалғаны, 1974 жылы Сәкеңнің «Сын мұраты» деген алғашқы кітабы шықты, сол кітабы шыққаннан кейін, өте қуанып, тойлап, біздің үйге Сәкеңді қолпаштап бір топ жолдастары, Жарасқан келген. Сонда маған қаламақыны берген, мынау шалыңның қаламақысы деп. Сол Сәкеңді үйге жалғыз жібермей, қолпаштап алып келген, сондай бір сыйластығы естен кетпейді. Нәзігүл Мергенбаева: Жәкеңнің ақындығына келетін болсақ, ха­ лық, ел, жұрт, Қадыр ағамыз, Тұманбай ағамыз, академик Зейнолла ағамыз, Қалтай ағамыз, Әбіш Кекілбайұлы, жастардан Тұрсын, өзімен қатар жұмыс істегендер «Жұлдызда» бағасын беріп жатыр ғой. Жәкең сын бөлімін 12 жыл басқарып отырды. Кәдімгі жанартаудың үстінде отырғандай сезінетін. Енді сын бөлімінде отыру оңай нәрсе емес қой. Сонда Бекежан Тілегенов, марқұм ағамыз, өте жақсы еді, орны толмайтын. Сол кісінің жазған естелігі бар екен, сол кісіден артық ешкім Жәкеңе ақын ретінде суреттеме бермеген сияқты. Мен соны қайта-қайта оқи берем. Өлең жазған кезде Жәкең бәрін ұмытып кететін еді. Алдына келіп сөйлеп тұрсаң, сені көрмейді. Біз ең алғаш үйімізді үлкейтіп, үлкен үйге көштік, сол кезде көршілеріміз «сіздің жолдасыңыз бізбен амандас­ пайды» деп өкпелейді. Сосын мен «Жәке, сіз неге көршілермен амандаспайсыз» десем, «амандаспасам басқа нәрсе ойлап келе жатқаным, көрмегенім, мені ақын деп айт, ойым әр жақта жүреді, кейде адамдарды көрмей қалады деп айт» дейді. Шабыт дегенді, бірдеңе жазайын деп жүргенін келе-келе түсіндім ғой, жас кезімде түсінбеймін, жылаған кездерім де болды. Шәрбану Бейсенова: Сәкең енді нені мұрат етті десе, кейде отырып ойланам. Сәкең байлықты мұрат тұтпады. Қазір енді заман ауысты, қоғам ауысты, ол кездегі көзқараспен бұл кездегі көзқарастың арасында алшақтық бар. Сәкеңнің өзі оқуды, ізденуді, ғылымды мұрат тұтты. Ал мына дүние жинауға, байлыққа көңіл бөліп, болмаса оған бой ұрған адам емес. Енді ол кездегі көзқарас та мүмкін солай болған шығар. Сәкеңнің, көрермендердің есінде болса, «Жүректен қозғайық» деген хабары жүрді. Ол хабары 1980 жылдың басынан 1986 жылға дейін жүрдіау деймін. Сол хабарда дүниеқорлық, тоғышарлық деген нәрселерге құрылған үлкен сұхбаттары бар. Сәкеңнің сол кездегі ұстанымын көрсетеді. Энциклопедияның шыққан кездері болатын. Солардың өтпей жатқанын, кітап дүкендеріндегі кітаптар туралы ойларын сол хабарында қозғаған.

Нәзігүл Мергенбаева: Жәкеңнің есте сақтау қабілеті өте жоғары еді. Бір нәрсені, бір өлеңді бір оқып шықты ма, соны жатқа айтатын. Өзінің өлеңдерін түгел жатқа білетін, Пушкиннің өлеңдерін, Абай атаның өлеңдерін, Мұқағали ағамыздың өлеңдерін, біраз өлеңдерді отыра қалып жатқа айтатын. Енді есте сақтау қабілеті өте жоғары еді, мен таң қалатынмын. Сол біздің кіші балаға дарыған, үлкен балаға дарыған, үлкен баламның ұлы Әбілқайыр деген немереге де дарыған. Әбілқайырымыз, енді әже болғасын айта кетейін, осы таяуда ІV Халықаралық конкурсқа қатысып, қаланың баласы ғой, шешесі қазақша білмейді, бірақ менің тәрбиемдегі бала, домбырадан бас жүлдені, алтын статуетка мен дипломын, видеоцентрді жеңіп алды. Шәрбану Бейсенова: Сәкеңнің үлкен кітапханасы бар, әлі сол кітапхана өзі барда қандай болса, сондай деңгейде сақтауға тырысып отырмыз. Ал енді Сәкең балаларына ананы оқы, мынаны оқы деп күнделікті қадағаламағанмен, жалпы бағыт-бағдар беріп, әкелгенде сол балаларға танымдық әдебиеттерді бөлек жинатып, бағыт беріп отырды. Соның арқасы шығар, балалар көркем әдебиеттерді құныға оқыды. Балалар, туған-туысқан сол кітапхананы пайдаланатын. Бір жағынан мақтаныш, бір жағынан Сәкең сондай біліммен, сонша кітап жинап, соның қызығын көріп, арамызда жүрсе деп ойлаймыз. Сол кітаптарын көрген сайын қашанда мені толқыныс сезімі билейді, кітаптарын, жиғантергенін толық пайдалана алмағанына өкінемін. Рухани игілігі әлі де қызмет жасап жатқанына қуанамын. Жыр жарысы жұптастырған Жұматай мен Қажытай Қажытай Ілиясұлы, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері: Жұматайдың ауылына Темірғали ақын барды, Қалқа Жапсарбаев барды. Осындай ақындарды ерте көрген. Алматыдан келген өнер адамдары Жұматайдың ерте көзін ашқан, оның бер жағында Ләйла Досмұхамедова деген қызға ғашық болды, Жұматай жастайынан, оны өлеңінің ішінде айтады. Өзі ерекше ақындар, ғашық болмай, сағыныш болмай, азап-тозақ көрмей, тез ояна қоймайды. Қайрат Әлімбеков, ақын: Мен осы Жұматай туған өңірде туып өстім. Облыстық газеттерден көргенім болмаса, жеке таныстығымыз студент кезде 1980 жылдары басталды, онда да Жұматай аға туралы Қажытай ағадан естіп барып, содан оның кітабын тауып алып оқып, сол кезде бір танысудың сәті түсті. Содан кейін барып өзі жатырқамай,

жатсынбай ҚазМУ, ҚазПИ, басқа институттардағы ақын жастардың бәрін жанына ерітті. Жұматай ағаны Қажытай аға насихаттаумен, жарнамалаумен келе жатыр. Өйткені олардың достығы ұлы достық. Екі қаламгердің бірінің басында бола бермейтін, үлкен махаббатқа ұласқан сыйластық. Мысалы, кезінде Жұматай ағаның өзі «Қажытай» деген күй шығарса, Қажекең Жұматай аға қайтыс болғаннан кейін «Ләйлә келген», «Жұматайдың жұпбасары» деген өлең жазды. Жақында ғана халықаралық «Алаш» сыйлығын алған «Тасжарған» деген кітабында Жұматай ағаға арналған тамаша өлеңі бар. Қажытай Ілиясұлы: Алдында бір барып кеткем, 1975 жылы, бір апта қыдырғанбыз. Мен барғанда Шұғай деген бөлімнің бастығы бар екен, соған өтініш жазыпты, «менің Алматыдан Қажытай деген досым келді, сол 5 күнде қайтса, 5 күнде келем, 10 күн жүрсе, 10 күнде, бір ай жүрсе, бір ай жүрем, менің орныма қызметші керек болса, қызметші ала беріңіздер және еңбек демалыста орайластырып, осыны шешіңіздер» деп өтініш жазыпты да кетіп қалыпты. Содан, Жанат Дүкенбаев дейтін Қапал ауданының азаматы, бірге оқыған досы, бірінші соған бар­дық. Атақты Божай ауылына барып, жылқысын, аттарын көрсетті, содан бір аптадай жүріп қайтқанбыз, екінші сапарымыз Жұматаймен сапарлас болғанымыз осы. «Құрақсу» деген жерде, Бөрлітөбе ауылында болдық. Қабдеш бұрын Жұматайды білмейді екен. Соның өлеңдері арқылы Қабдеш Жұматайды керемет танып, Жұматай туралы түсінігі тереңдеді. Қайрат Әлімбеков: Жұматайдың жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, асық­пайтын сабырлы қасиеті, біріншіден, Қажыағаңның кейде бір қыз­ба мінезіне басу айтып тұратын болса, ал екіншіден, екеуінің ойы,

мүддесі, қазақи табиғаты, жылқыны, жүйрік тұлпарды, сұлу сазды, әнәуен­ді, көкпарды, ұлттық ойындарды жақсы көретіндіктері үндесіп жататын секілді. Жұматай жастайынан ат баптаған, жылқықұмарлығы бар. Қажытай ағаның бүкіл шығармашылығын алып қарасаңыз, сатирик қана емес, үлкен көрнекті лирик ақын. Оған атбегілігін, домбырашылығын, әншілігін, сазгерлігін қоссаңыз өзінше бір тұтас әлем. Сосын бұл кісі өмірі өтірік айтпайтын адам, Жұматай аға да сондай еді, екеуінің достығы бір-бірімен «қария» деп қана қалжыңдасып, үндесіп отыратын. Қажытай Ілиясұлы: «Тұра алмайтын болсаң, ел бар, азаматтар бар, кел онда осында, ештеңеге қарамай», – дедім. Ертеңіне автобусқа мініп, автовокзалға келіпті, тосып алдым «Саяхаттан». Содан қара курткасы бар, қара бөркі бар Жұматай осында келді. Қалихан аға Ысқақов, Қадыр, Рамазан Тоқтаров, Дулат Исабеков бар. Сол жігіттер қолдап, бір бөлмемді енді Жұматайға бердім, 9 айдай тұрды, екеуіміз жұмысқа бірге барамыз. Мен министрге барып, Комитеттің төрағасы Шерияздан Елеу­кеновке осы жігіттің жағдайын айттым. Сонан кейін қолында билігі бар ол кезде, қызметке алатын, қоятын мүмкіндігі бар Тұманбайға кіріп, жақсы ақын деп, тоқ етерін айтқанда, «Жалын» альманағының поэзия бөлімінің меңгерушісі болып Жұматай жұмысқа алынды. Қайрат Әлімбеков: Өлеңде өзінің өшпес ізін қалдырып кеткен Жұматайдың поэзиясы тұтас табиғат пен қазақтың ұлттық салт-дәстүріне етене жақын. Өлеңі басқалардың өлеңіне қарағанда, бір жазғанымда айтқан едім: «басқалардың өлеңі ақ-қара түсті теледидар болса, Жұматай ағаның поэзиясы түрлі түсті теледидар, онда бүкіл шөптің сылдыры, бұлақтың сыңғыры, барлығы үйлесіп, түрлі бояумен өріліп жататын». Соңғы өлеңдерінің бірінде: «Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде, Көп кещеге, қай бетіммен кектенем, Бізге өлімнің қолы, сірә, жетер ме, Мұқағали, Төлегенге жетпеген», – деп, көзі тірісінде бірде-бір атақ алмай, сыйлық алмай өткен адам, енді Жұматайдың атында сыйлық болса деп армандаймыз. Қажытай Ілиясұлы: Жұматай қандай ақын екенін білді, 7 жыл баспада отырды, «Жалын» баспасында жүрді. Енді дені сау бір кітап шығарып кете алған жоқ. Қалдарбек директор сол кезде, соған айт, маған ештеңе керегі жоқ, жазған бір кітабымды шығарып берсінші деді. Жұматай көзі жұмылғанша, сол тілек орындалмай қалды, басқа жігіттер қолдау көрсетіп, шығарды. Ал «Ләйлә» деген кітабын, толық нұсқасымен шыққан. «Атамұра» баспасы жаңғыртып қайта басып шығарды.

Ақындар Марфуға Айтқожа мен Асқар Егеубай Марфуға Айтқожа, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: Сек­ сенінші жылдың бас кезінде біз бір әдеби сапарға бірге бардық, ол кезде ауыл өмірі, ауылға бару ақын-жазушылар үшін жақсы, сәтті дүние болатын. Ауылға барып, оқырмандармен кездесіп, малшылар өмірінен, ауыл өмірінен құлаш-құлаш дүниелер жазып қайтатын, жазушылар романдар, очерктер, ал ақындар өлең, поэмалар жазатын. Міне, сондай сапарда біз Талдықорғанның Қапал ауданына бардық. Қапал ауданы енді керемет өңір, оның үстіне өзімнің ата-бабамның туып-өскен жері. Ілияс Жансүгіров, Ғали ағаларымыздың жырлайтын, ақын Сараның Біржанмен айтысатын бір ғажап тарихи орын екені өз алдына, оның сыртында табиғаты ерекше, Жетісудың биік-биік шыңдары, жақпар тастары, онан қала берсе арындап ағып жатқан өзендері, айтулы Баянжүрек, Мұздықұлақ, Бүркітті, міне, соның баурайында, малшы ауылдарға барып, бір аптадай араладық. Ол кезде енді мен де атқа отыра алам, Асқар да атқа мінуді жақсы көреді екен, машинаға емес, атқа мініп араладық, бір аптаның ішінде көптеген әсер алып, бір-бірімізді бұрынғыдан да терең түсіне біліп, әсіресе ақындар ішкі жан-дүниесін, ішкі әлемін терең ұғыну деген үлкен бақыт. Міне, сонда мен Асқардың өмірге деген ерекше ойлы, тиянақты, әдебиет, поэзия әлеміне деген жалпы танымтүсінігін дұрыстау түсініп қайтқандай болдым. Асқар Егеубай, ақын, ғалым: Бұрынғы құрылым Кеңес дәуіріндегі жаттанды құрылымдар өзгеріп, құлап, оның орнына жаңа қадамдар

басталған кезде, бір шығармашылық ізденістер пайда болды. Оның әсіресе мына оқырмандардың алдына, жұртшылыққа поэзияны, ақын­ дардың шығармаларын, ақындардың өздерін таныстыру мақса­тында жүргенде, Ғалымдар үйі біраз уақытқа дейін, сол әншілердің, өнер адамдарының үлкен сахнасына, үлкен ұясына айналды. Содан кейін сол дәстүр әлі жалғасып келе жатыр, бірақ сол кездегі өткен кештердің мәні де, орны да бөлек болатын. Өйткені ол кезде Жазушылар одағында да, басқа мәдениет ошақтарында да біршама тоқырау байқалып, енді әрі қарай қайтсек екен, енді қалай ұйымдастырамыз деген бағыттар болған. Сол кездегі әдемі шығармашылық ақындық кештердің бірі, осы Қазақстан жұртшылығына, тек қана Қазақстан емес, тәуелсіз елдер достастық мемлекеттеріне, бірқатар шетелдің оқырмандарына жақсы таныс, әсіресе лирикалары, әсіресе сыршыл өлеңдері және ел жайлы, туған жер жайлы, халықтың ұлттық дәстүрі туралы жазған өлеңдері, сырлары, осы шетелде де, одақ көлемінде де кең тараған ақындардың бірі, осы Марфуға апамыздың ақындық, шығармашылық кеші болатын. Марфуға Айтқожа: Өзінің жеке шығармашылық өмірінен басқа, өзінің поэзиясынан басқа, ол үлкен ғалым. Ғалымдық жолға түскен адам, одан қала берді, үлкен аудармашы, оның Махмұд Қашғаридің үш томдығын аударуы, ертедегі түркі тілінен, одан қала берді, Баласағұнды аударуы – бұл үлкен дүние, үлкен еңбек. Сол арқылы бұл бүкіл түр­ кі әлемін ертедегі, сол тілдермен, сөздік жасап отырып, көп ізденіп, қаншама еңбек жасады. Міне, Асқардың аудармасы бойынша сол өзі­ міздің Қазақстан баспасында жарық көрген, Қазақстандағы аударма бойынша, кейін Қытай елінде, Үрімшіде, Шыңжаң баспасы, қала берді Бейжің баспалары, сол Баласағұнды қайтадан бірнеше рет олар өзде­ рі кітап етіп дүркін-дүркін жариялады. Осының өзін мен ойлаймын, бұл әдебиет әлеміне, тарихи дүниеге, одан қала берсе ертедегі сондай аты мәшһүр адамдардың үлкен дүниесіне батыл барудың өзі тек қана жүректілік емес, өзіне сенгендік. Әдебиет, поэзия әлемін жақсы білетін. Соған өзі бой теңестіріп, терезесін тең ұстау деген, ақынның батылдығы, әрі өзінің біліміне сенуі. Асқар Егеубай: Кештің өзінде, мысалы менің ойыма келді және кешті жүргізу барысында да ойда тұрған бір желі сол кісінің өмір жолы болды. Енді өзім де шығармаларында, кездесуде, сол Қытай қазақтары­ ның ішінен шықтым, Кытай жерінде туып-өстім деп өзінің өмір жолын айтып отырады ғой. Сонда былай қарағанда, әйел адамның, ақын адамның сол туған жерге деген, Қазақстанға деген, елге деген ықыласы, соған ұмтылысы, бүкіл елдің шығармашылық өміріндегі, сол Қытай қазақтарының ортасынан шығып, Мәскеудің Горький атындағы әлемдік әдебиет институтында оқуы, мұның бәрі былай қарағанда, өмірбаян

мектебі сияқты. Ал, шын мәнінде, сол шығармаларына қарап отырсақ, өмір жолына қарап отырсақ, бұл ол кісінің өзінің үлкен-үлкен асулары. Сол шығармашылық кеште де байқалып отырды. Мысалы, өзінің өмір жолының ерекшеліктері, Мәскеу ақындарының осы кісіге арнаған өлеңдері, болмаса Украинада Татьяна Мельникова деген сазгердің отыз шақты өлеңдеріне ән жазуы, соны арнайы жазып, кешке жіберуі, кеш туралы хабарда айтылды да, содан кейін сол шығармашылық кешке Түркияның, Қытайдың, Моңғолияның елшіліктерінен, болмаса сол жақтан келген шетелдік азаматтардың біразы қатысты. Марфуға Айтқожа: Поэманы оқып отырып, сол поэманың фонында әдемі дүниелерді көрсетесіз. Ал кейінгі кездері, мысалы жақында ғана «Жас Алашта» «Тайқазан» деген үлкен тарихи дүние шықты. Онда біздің тарихи өмірімізге, халқымыздың өткені мен бүгініне байланысты үлкен дүниелер айтылған. Асқар Егеубай: Бөле-жара айтқым келетіні, бұл ән саласы. Сол кештің өзінде әнге деген құштарлығы, ақынның ән мәтіндерін жазуға араласуы, ән мәтіндерінің өзіне саз жазуға да, кейде сазгер ретінде қатысып кететіні, осының бәрі кештің жаңа сипаттарын ашып, кешті бір биік деңгейге көтеріп кетті. Мысалы, сол кеште М. Айтқожа апамыздың біраз әндерін, жаңа әндерін шетелдерден келген қазақ әншілері орындады. Мысалы, Моңғолиядан халық әртісі Қаблаш, сол жолы Қазақтың опера театрының симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен жақсы бірнеше әндерін орындап берді. «Бір уыс топырақ», «Туған жерін сағынбайтын жан бар ма» деген әндер, мұның бәрі ол кезде алғаш шыға бастаған, кейін кең тараған әндері. Ақын Бауыржан Үсенов Маралтай Райымбекұлы, ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлы­ ғының лауреаты: Біздің қазақ халқында құйрықты жұлдыздай ағып өткен, қыршын кеткен ақындар жетерлік. Мәселен, Марат Отаралиев, Артығали Ыбыраев, Бауыржан Үсенов. Бауыржан да бұл өмірде 30-ақ жыл өмір сүрді. Бірақ артына көп мұра қалдырды. Мұраның көптігі санмен емес, сапасымен өлшенуге тиіс деп ойлаймыз. Бауыржанның өмір­ ден өтуіне, бір жағынан жазмыш қой, себеп болған нәрсенің бірі – атақ­ты «Желтоқсан көтерілісі». Бауыржан ағамыз сол кезде бүй­регінен, бауырынан соққы алған. Бұл нәрсе әлі айтылмай жүр. Жалпы Бауыржанның тағдыры, өмірі, шығармашылығы туралы баспасөз бетінде тиіп-қашты,

әшейін әңгімелер болмаса, көрсетіп, халыққа танытатындай дүниелері әлі айтылған жоқ. Мен өзі Бауыржанды екі-ақ рет көрдім. Бірде, 1988 жылы Алматыға ҚазМУ-ге журфактың жатақханасына келдім, сол кезде көрдім, таныс­ тық, енді артық ауыз әңгіме болған жоқ ортамызда, екінші рет Жамбыл облыстық әдебиетшілердің бас қосуы болды, сол жерде қатар отырдық, онда да он минуттай отырдық, өмірдегі болатын әңгімелерді айттық. Бұл өмірдің қысқа екенін, ерте кетіп қалатынын білген жоқпыз ғой. Бір күні мен Тараз қаласында, көшеде белгілі балалар жазушысы, журналист Көсемәлі Сәттібаевпен жолығып қалдым. Содан Көсемәлі айтты, бүгін Бауыржан қайтыс болды, соны жерлеп келдік Жуалыдан деді. Мен бір төбемнен біреу ыстық су құйып жібергендей болды. Сол күні оныншы ықшамауданда, кімнің үйі екенін де білмеймін, көрінген үйдің подъезіне кірдім да, алақандай қағазым бар, азанға дейін отырдым. Бауыржан туралы ойландым, жалпы өмір туралы, мына мықты ақындардың ғұмырының қысқалығы туралы толғандым, сол жерде. Сол жерден азанда, таң атқан кезде «Қазанама» деген өлең жазып шықтым, Бауыржанға арналған. Бауыржан өзі қазақы дәстүрге, қазақы ғұрыпқа өте жақын болған. Ол бір жағынан құдайдың берген қасиетінің болуы, мүмкін екінші жағынан, бұл кезінде қазақтың үлкен ақыны Жұматай Жақыпбаевпен бірге жүрген, соның нояндарының бірі болған, Жұматай ағамыз кезінде қағанат құрған ғой, әдеби қағанат, соның қасында жүрген, көп нәрселерді көрген, үйренген. Бірақ сол Жұматай ағамыздың қасында жүрген көп ақын ағаларымыз Жұматайға ессіз-көзсіз еліктеп кетсе,

Бауыржанның ерекшелігі содан өзі бойын тартқан. Өзінің әдебиеттегі жолын, бағдарын айқындап алған. Бауыржан біздің әдебиетімізде, поэ­ зияда өзінің қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген ақын. Отыз жыл өмір ішінде, ол деген оңай нәрсе емес. Біздің көкпар, одан кейін шертпе күйді, Тәттімбет, Сүгірлердің күйін жетік меңгерген. Және оның үстіне Бауыржан ағамыз күшті әнші болған, айтыскер ақын болған. Сол серінің соңғы тұяғы сияқты болған ғой, әнді керемет шырқаған, Мұқағалидың сөзіне жазылған әндері болған, өзінің сөзіне жазылған әндері болған. Қазір халықтың арасында, біздің студент кезімізде жиі айтылатын әндері бірте-бірте суып, ұмытылып бара жатыр. Сосын Бауыржанның өзі айтады, артымнан ерген екі бөлтірік адам болғанша, қай заман дейді, артында қалған екі баласы туралы айтып отыр. Бұдан үш-төрт жыл бұрын бізде поэзия күні болатын. Атаулы, Абай атамыздың туған күнінде, жыл сайын күзде Абайдың ескерткішінің алдында өлең оқылады. Сол жерде Бауыржанның көзін­ дей болған кішкентай баласы өлең оқыды. Біраз Бауыржанды білетін үлкен-кішілер көздеріне жас алды. Асылдың тұяғы ғой дегендей әңгіме айтып жатты. Кезінде Бауыржан «Қара машина» дейтін өлең жазған болатын, оның ішінде де баяғы 1937 жылдағы үрей, елдің басына төнген нәубет бар. Сол 1986 жылы қайтадан қайталанды ғой. Сол нәрселерді келтірген. Қандай жағдай болса да Бауыржан ел үшін, ұлт үшін жаны күйетін, ұлтқа жаны ашитын азамат болғаны айқын. Оны өлеңдері де дәлелдеп отыр. Бауыржан Үсеновке өзінің туған ауданында мектептің аты берілсе, көше берілсе, бұл ұрпаққа үлгі болар еді. Бір жағынан азаматты қастерлей алатын ел екенімізді тағы дәлелдеген болар едік. «Жапырақ жайлы бір өлең» дейді, жапырақты айтып отырғанымен, бұл жерде енді образбен адамның тағдырын, бәрін баяндап, астарлап беріп отыр. Кеше ғана биікте ең, бүгін жатсың табанда, Жапырақ-ау, жағдайың тимеді оңай, маған да. Құлағанды биіктен кім сыйлайды, бұл күнде Қансыраған жүректей жерде жатып бүлкілде. О, бүлкілде, бүлкілде, шірігенше бір тынба, Ағаш сені не қылсын, қабығы бар сыртында. Бұтақ сені не қылсын, тамырлар бар нәр берер, Қыстай қатып, көктемгі жылылықпен әлденер. Жапырақ-ау, жапырақ, Сары аурудай сарғайған, Ғұмыр дейтін мәңгілік Таусылмайтын қан майдан, Құладым деп қамықпа

Өлдім ғой деп түңілме, Терегінен серейген дің де қалмас түбінде Сені таптап жүргендер түсе берсін әуреге, Алты ай бойғы армансыз ғұмырыңа тәубе де. Мен Бауыржан ағамыз туралы «Қазанама» деген өлең жазып шықтым, сол түні қайтыс болған түні. Сол өлеңді оқып берейін: Сұм ажал адырнасынан кімдерді байлап атпаған, Қорамсақ толы сұр жебе кімдерге әлі сақталған. Жақсы адам өтсе өмірден, әй, жақсының жанын езеді-ау, Ақ найза тулап қомдана орданы бұзар кез еді-ау. Томсарған түрлі қобызын толайым жүрек толғай ма, Біздерге ол тек кең дүние сіздерге арман болмай ма. Жатсың ба жайлы, жас аруақ бүлкілдеп бейбіт беткейде, Қырандар көзін жұмғанша құзғындар қыршын кетпей ме. Мезгілсіз сөнген жалын көп, бұл ажал кімді елеген? Оқ тиіп ол да отызда көз жұмбап па еді Төлеген? Жиырма бір жасын арқалап, Артығали да арманда, Мұқағали да аттанған жырларын жалғап жалғанға. Адвокаттарды менсінбес, бұл ажал деген ауыр заң, Саламат болсын иманың, бақұл бол, көкем Бауыржан. Құмалақ ашшы көңілім, жүректі күпті ғып үңгілер, Ішіңде кеткен сырыңды өзіңнен басқа кім білер. Өмірді қорғап әлі де аққанат жырлар жазбас па ең, Алқымнан алған ажалға қаламмен қабір қазбас па ең? Балдағы асыл семсер жыр, ой, сермелмей, әттең, сынды ғой, Құрақтар ғұмыр жасы боп, жанарға шықтар тұнды ғой. Ащы ғой ақын тағдыры, тәттісін тәңір қимайды, Адамдар сыйған қабірге ақындар бірақ сыймайды. Ақын Нұрлан Мәукенұлы (Берғазиев) Ұлықбек Есдәулет, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Нұрлан Берғазиев деген атпен алғашқы өлеңдерін мектеп қабырғасында жүргенде жаза бастады. Одан қазақ университетіне оқуға түсіп, студент кезінде ақын ретінде бүкіл кең аудиторияға, бүкіл әдебиет әлеміне, үлкен оқырман қауымға, болмаса сыншылардың назарына шалынды десем, өтірік болар. Алғашқы тырнақалды өлеңдерінің өзінен-ақ, әдебиетке бір бөлек үнімен, өзінше ойлайтын, өзінше толғайтын, өз

бояуы бар ақынның келгенін жақын жүргендер бірге байқадық. Сосын ол өзі талғампаз, анау-мынауға көңілі тоймайтын, екі өлеңнің біріне тұшына қоймайтын, өте ішкі кірпияздығы бар ақын болатын. Сондықтан осындай биік талапты ол өзгеге ғана қойған жоқ, ол өзіне де қоятын. Оқу бітіріп барып, Зайсанда, ауданда қызмет істеп жүрді. Сол кезде мен елге барғанда қарсы алып, екеуіміз түндер бойы өлең, поэзия жөнінде әңгімелесетін кезіміз болатын еді. Сол кезде оның ой-өрісінің, жалпы дүниетанымының кеңдігіне, тереңдігіне, биіктігіне өзім тәнті болатынмын. Ол ауданда қызмет істеп жүрді, комсомолда хатшы болды, сосын аудандық типографияның бастығы боп жүрді, аудандық газеттерде қызмет атқарды, сол кездерде ол Астанаға, ақындардың ортасына талпынып, қалай да соларға жетсем, солармен бірге болсам деп армандайтын. Сол арманына да жетті. Жеткенде ол, мына жоғары партия мектебі дейтін болушы еді, соған оқуға келіп, отбасымен көшіп келді. Біз сол кезде «Жас Қазақ» деген жас жазушылардың, ақындардың газетін, әдебиеттің жас күштерінің газетін ұйымдастырдық. Сол газетке ол атсалысып тұрды. Оқу бітірер, бітірместен бізге газетке қызметке кірді, бөлім басқарды, жауапты хатшы болды, содан кейін барып, бас редактордың орынбасары болды, кейін осы «Жас Қазақ» газетінде өзі бас редактор қызметін атқарды. Елгезектігі, ширақтығы, іскерлігі өз алдына, өлеңге, поэзияға, сөзге деген адалдығы шексіз болатын. Көңілі, жүрегі қандай таза болса, өлең, жырға деген парызына да сондай адал, таза бола білді. Және оның таңдап алған жолы, қырандардың жолындай қиын жол еді, өйткені

оның поэзиясы ауыз әдебиетіне, фольклор мен біздің ұлттық-халықтық жырмен сусындаған поэзия болды. Ол жаттанды тіркестер, жаттанды бұрыннан белгілі орамдарды қайталап кеткен жоқ, бұл сөзді түрлендіру деген мәселеде, қазақтың ескі сөздерін, архаизм, тіпті көп пайдаланбай жатқан құнарлы сөздерін тірілтіп, соны жандандырып, соны қайтадан мына поэзиялық айналымға әкеп қосуға үлкен үлес қосты. Дәл осындай өлеңнің өрісін ұзартқан ақындардың қатарына К. Мырзабековті, Е. Раушановты, Ж. Жақыпбаевты қосар едім, міне, дәл сондай Нұрлан Мәукенұлының да поэзиясында қазақ оқырманын сусындатарлық кәу­ сар қасиеттер аз емес еді. Ол өзінің нағыз кемеліне келе жатқан 43 жасында дүниеден өтіп кетті. Жалпы қарап отырсақ, біздің Қ. Аманжолов ағамыздың өзі 44-ақ жас жасаған көрінеді. М. Мұқағали ағамыз да 44–45 жас шамасында кеткен. Жаңа айтқан Кеңшілік, Жұматай да сол шамада дүниеден өткен. Бұл Нұрлан Мәукенұлы дүниеден өткенде де, нағыз берерін бере бастағанда, нағыз кемеліне келе бастағанда, нағыз шабытты жасында дүниеден өтіп кетті. Ол өзі соны сезгендей де болды. Кей өлеңдерін қарасаң, былай дейді: «Қорқам, мен осы көпке барман, Алып жейді-ау кеудемде кеткен арман. Өмірімнің өзегін жалмаған от Жүрегімді жарылған өтке малған». Жақында бір топ азаматтар болып, қол қойып, Шығыс Қазақ­ стан облысының әкімшілігіне хат жолдадық. Қазақстанның белді деген, беделді, білікті деген ең үлкен, алдыңғы қатарлы оқырманы көп дейтін газет-журналдың басшылары қол қойған бұл хатта Нұрлан Мәукенұлының есімін мәңгі есте қалдыру шаралары жөнінде сөз болады. Оның атына өзінің туған жері Зайсанда өзі оқыған мектептің аты берілсе, Зайсан қаласынан көше берілсе деген ұсыныстар бар. Ал енді Нұрланның соңында бірнеше жинақтар қалды, ал солардың басын біріктіріп, том етіп шығару деген мәселе бар. Бұл осы кезегін күтіп тұрған мәселе. Нұрланның поэзияға деген қызығушылығы енді оянатын сияқты. Мысалы үшін, әлемдік поэзияда ондай болған. Мысалы, өзінің көзі тірісінде, жарнамасы аз болғандықтан, басқа да ел-жұрттың алдына көп шыға бермегендіктен, кездесулерде топ жарып өлең оқи бермегендіктен, көп ақындар өз тұсында белгісіз болып, аты-жөні өзі қайтыс болғаннан кейін шығып жататын кездер болушы еді. Мысалы, Жұмекен Нәжімеденовтің бірде-бір кештерде жарқырап өлең оқығанын біз көрген жоқ едік, ол кісі өзі өлеңді дұрыстап, мәнерлеп оқи алмайтын, консерваторияда оқыған, күйшілікті меңгерген адам. Ол кісінің өлеңдері эстрадаға лайықталмаған, бірақ қазірдің өзінде керемет оқырманын

тауып, үлкен биікке көтеріліп кетті. Мынау, әлемдік поэзия деп айтып қалдым, Артур Рембо деген француздың ақыны жас кезінде, бірнеше жылдың ішінде-ақ, жарқ етіп көрініп, сосын өлеңді тастап, кетіп қалған. Ал енді кейін, өлеңді қойып кеткеннен кейін, қаншама жылдардан кейін, ол француз поэзиясының классигі боп танылды. Мәселе асыл маржанның тереңде қалып қоймауында, күндердің-күнінде жарыққа шығады, меніңше Нұрлан поэзиясы осындай асыл маржан, жыр маржандарының қатарынан орын алуға лайықты деп есептеймін.

Ғылым ғибраты
Ғалымға – даналық, білімдарға – ізгілік,
зиялыға – сыпайылық, басшыға –
кісілік жарасады екен.

Осының бәрі бір адамның бойынан
табылып жатса, ауыз толтыра
айтатын тұлға – сол.
Б. Құсанбек

Ғалымдар Ермұқан Бекмаханов пен Сұлтанбек Қожахметов Кеңес Нұрпейісов, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, профессор: Ермұқан Мұқанұлы қазақ тарихындағы, қазақ тарихи ғылымындағы аса жарқын, қайсар тұлға. Ол 1915 жылы Павлодар өңірінің Баянауылында дүниеге келген. 27 жасында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының кандидаты. 30 жасында доктор болған. Бұл кісінің кандидаттық диссертациясы мен, докторлық диссертациясы биыл ғана 200 жылдығын атап өткен Кенесары Қасымұлының* ұлт-азаттық қозғалысының тарихына, ХІХ ғ. 20–40 жылдарындағы Қазақстандағы жағдайға арналған. Соғыс * Хабар эфирден 24.10.2002 ж. берілген.

жылдары осы Алматыда эвакуацияда тұрған Анна Михаиловна Панкратова деген орыстың мықты тарихшысы болған, бүкілодақтық Ғылым академиясының мүшесі, сол кісінің шәкірті болған кісі. Бұл кісі 1937 жылы Воронеж қаласында педагогика институтының тарих факультетін бітірген. Сол кездері айдауда болған Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышпаев бастаған алғашқы қайраткерлермен талай рет кездескен, жүздескен. Оны кейін мұрағат құжаттарынан тауып алдық. Сол жас студент кезінде ұлттық сана, ұлттық намыс, ұлт-азаттық қозғалыс, митрополия, колония сияқты ұғымдарды санасына әбден сіңірген. Өзінің тарихи шындықты шырылдап отырып жазған еңбектері үшін 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқынға алынып, қараша айының 5-і күні сотталды. Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор: Ермұқан Бекмахановтың қасында отырған Сұлтанбек Қожахметов деген атақты оқымысты, Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі тарихында оның шығармашылығының алатын орны зор. С. Қожахметов 1912 жылы Ақмола губерниясы, Қарабұлақ деген жерде туған. 1930 жылы Петропавлдағы педагогикалық техникумды бітіреді. Соны бітір­ геннен кейін педагогикалық техникумда сабақ береді. Содан 1932 жыл­ ға дейін Қарағанды қаласындағы қалалық оқу бөлімінің инспекто­ры болады, зауыт-фабрика мектептерінде сабақ береді. 1935 жылы Мәс­ кеудегі ұлт жастарына арналған педагогика институтын бітіреді. 1937 жылы Мәскеуде аспирантура бітіреді. Содан Алматыға оралып, біздің қазіргі Ұлттық әл-Фараби атындағы университетінде, одан соң Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болады. Сонымен қатар педагогика ғылымының институтында бөлім меңгерушісі болады. Кеңес Нұрпейісов: Сталиннің жеке басына табыну ісі әшкереленіп, Берия атылғаннан кейін Ерекең 1954 жылдың 16 ақпанында ақталып шығып, докторлық диссертациясын екінші рет қорғауға мәжбүр болды. Оның тақырыбы «Қазақстанның Россияға қосылуы» деп аталынды. Оны сол түрмеде жатқанда жаза бастаған екен, 1957 жылы А.М. Панкратова екеуі Мәскеудегі Ғылым академиясының үлкен баспасында 30 баспа көлемінде кітап шығарып, қорғады. Сонымен 1957 жылдан кейін бұл кісінің тұрмыс жағдайы дұрысталды. Өзі негізін қалаған университеттегі Қазақстан тарихы кафедрасын қайтарып алды, шәкірттер тәрбиеледі. Ол кісі тек қана Қазақстан тарихы саласынан ғана шәкірттер тәрбиелеп қойған жоқ, оқу саласында да, педагогика саласында да үлкен маман болды ғой. Мысалы, қайтып келгеннен кейін Қазақ КСР-інің алғашқы оқулығын жазды. Кейін Мәскеуде тұратын үлкен қызы, тұңғыш баласы Нәйлә Ермұқанқызы екеуі бірігіп шығарды, Кеңес үкіметі кезінде сол оқулықпен оқи бастады жұрт. ХІХ ғ. көптеген мәселелеріне арналған

үлкен мақалалар, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ерекең негізгі кітабы ақталмай көпке дейін жүрді, кітабының ақталғанын көрмей кетті ол кісі. Сол көрген азап, шеккен қиянат бұл кісіні өмірден ерте алып кетті. Бұл кісі 1966 жылдың мамыр айында қайтыс болды, екі жыл бұрын ғылымға қосқан үлкен еңбегі үшін Ұлттық Ғылым академиясының корреспондентмүшесі болып сайланады, қайтадан профессор атағын алады. Бұл кісі енді көптеген шәкірттер тәрбиелеп үлгерді. Серік Негимов: С. Қожахметовтың еңбектері, ғылыми еңбектері 1940 жылы Қазақ мемлекеттік баспасынан «Педагогика мәселелері» және «Оқушыларды саналылыққа баулу жолдары» деген екі кітабы шығады. Ол екі еңбегінде шәкірт жөнінде, шәкірттің саналылығы, бес сезім мүшесінің дамуы, соны шәкірттердің қабылдауы, материалдарды игеруі, кітапты оқуы деген сияқты мәселелерге көңіл бөлді, Ы. Алтынсариннің «Ұстаз – мектептің жүрегі» деген сөзі бар ғой, сол ұстаз тұлғасына, ұстаздың шешендігі, дикциясы, ұстаздың материалдарды жүйелеп беруі, осындай ойлары, толғаныстары осы күнге дейін өміршең. Кеңес Нұрпейісов: Ерекеңнің енді арты жақсы болды, кітаптары ақталды, Ерекеңнің атында Алматыда көше бар, Ерекеңнің үрімбұтақтары өсті, ұрпақтарының ішінде екі адам ғылым докторы, екі адам ғылым кандидаты. Ерекеңнің түтінін 41 жылдан бері тура шығарып отырған Халима Бекмаханова үлкен ғалым адам, филология маманы, көптеген жылдар Алматыдағы Абай атындағы университеттің орыс тілі, әдебиетінен сабақ берді, көптеген ұрпақ тәрбиеледі, Ерекеңнің орнында бас-көз боп отыр. Серік Негимов: С. Қожахметов философияның тарихынан, педа­ гогиканың тарихынан, философиядан дәріс оқиды. Дәрісіне Алматы қаласындағы аспиранттар мен ұстаздар қауымы да қатынасқан. Соншалықты шешен болған, ойға, пікірге жүйрік болған, өзінің пәнін терең білген, былайша айтқанда, өз заманының алғыр, ділмәрі болған ғой. Содан 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Алғашқы кезде ауыр жараланып, тұтқынға түседі. 1945 жылы көктем айында ерлікпен қаза табады.

Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан Дәнел Әлкейқызы: Әкем көп сөйлемейтін, өзі қыдырып келгенде, үйге достары келгенде, солармен ұзақ әңгімелесетін. Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов туралы, Ленинградта оқыған жылдары туралы айтатын. Сол кездерді сағынышпен еске алатын. Көп әңгімелеп отыратын. Режімі болатын, өзі күніне 14–16 сағат жұмыс істейтін. Сонда өте кеш жататын, таңғы төрт-бестерде. Кей кезде түнде оянып, бөлмесіне келіп, «папа, қашан жатасыз» десем, «ой, айналайын, қазір жатам» деп, екі сағаттан кейін келсең, әлі отырады, содан кейін үш-төрт сағаттай демалып, бөлмесіне барып қайта жұмыс істейтін. Күндіз кішкене демалып, кешке терренкурға барып, екі сағаттай сонда жүретін, қасында адамдар да болатын. Табиғатты өте жақсы көретін. Экспедицияда үш-төрт айдай жүретін. Экспедицияға шығам деп, өте көңілденіп, қуанып кететін. Соңғы кездерде папама: «Бәріміз Баянға бірге барып қайтайық» дегенде, «Айналайын, болмайтын шығар» деді. Менің түсінгенім, Баянға, экспедицияда жүріп соғып кететін. Бірақ көбіне зерттеген жерлері Ұлытау, Жезқазған, Қарағанды облысы. Жас кездерінде қонаққа, театрға көп баратын. Содан кейін 60–70жылдары қонаққа көп бармайтын болды, барса да кішкене отырып кететін. Сол жұмыс істеймін деп жүретін. Ал былай араласатын адамдарынан өте жақсы көретіні Есмағамбет Исмаилов деген ғалым еді. Жұрт айтады, жас кезінде Мағжан Жұмабаевпен өте жақын дос болыпты. Ал 1947 ж.

кейінгі кездерде араласып жүрген адамдары Шапық Шокин, Ақселеу Сейдімбеков, журналистер келетін, Бейбіт Сапаралин, солармен сөйле­ сіп, рақаттанып, өзінің зерттегендерін айтып отыратын. Көбі ерте кетті ғой. Сондықтан қасында достары көп болмайтын. «Хоббиі болды ма» деген сұрақты жиі қояды, хоббиі болған жоқ. Кисловодскіде демалғанда, шахмат ойнайтын, бірақ оған көп уақыт бөлмейтін. Өзі азанда тұрғанда, қытай гимнастикасын жасап, кішкене демалып қалатын. Қай жағынан алсаң да, адам ретінде де, ғалым ретінде де өзі ғажайып адам болатын. Әулие адам деп те айтуға болады. Көңіліне бір нәрсе тиіп қалса, тұрып, бөлмесіне барып, жұмысын істейді. 1998 жылы «Беғазы-Дәндібай» мәдениеті туралы бірінші кітабы шықты. Үлкен іргелі еңбек. Енді 4 томы шықты. Енді алдымызда әлі 10– 11 том шығару керек, оны дайындап жатырмыз. Үміт бар шығаратын, ақша мәселесі бар. Қиын жағы сол. Папам соңғы кездерде, «осы 10–12 том шықса» деп айтатын. Енді сол арманы орындалсын деп, бар күшімді салып жүрмін. «Беғазы-Дәндібай» туралы кітап шыққаннан кейін, Орталық ғылыми кітапхананың директоры Нұрхан Батешовна Ахметова біздің үйге келді. Қолында үлкен табақ еті бар. Сонда папама айтқан сөзі менің есімде бар. «Әлкей аға, сіз білесіз, менің туған жерім Ұлытау, сол менің жерім туралы жазыпсыз, ата-бабалардың атынан, өзімнің атымнан, менің балаларымның атынан алғыс айтып келдім», – деді. Менің жүрегіме осы сөз қатты әсер етті. Папам да сондай қуанып, бірнеше күн көңілденіп жүрді. Қаныш пен Би-би-си Данабек Жүсіп, Би-би-си-дің корреспонденті: 1947 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтпаев та барған екен Би-би-си-ге. Одан кейінгі, қазіргі уақыттарда Би-би-си-ге үлкен-үлкен тұлғалар да барып жатыр ғой, Шыңғыс Айтматов барды, Ганди барды, Беназир Бхутто деген тұлғалар, осы Азияның тұлғалары, басқа корольдер де, небір королева мен бекзадалар да барып жатады. Қайниса Қанышқызы, медицина ғылымдарының докторы: Жоғарғы Кеңестің делегаты болып барды ғой. Сонда есімде қалғаны – Қаныштың Ұлыбританиямен байланысы бар, тіпті геологиялық жұмыстары туралы хат жазысып, журнал редакцияларымен хабарласып жүретін. Сосын тағы осында Алматыға келгеннен бастап, ағылшын тілін үйренген. Данабек Жүсіп: Бұл компания ақпараттандыру кәсібімен 1923 жылдан бастап айналысса керек. Дүниежүзіне ағылшынша ақпарат тарату-

ды компания 1932 жылы бастапты. Және қазіргі күні әлемнің 45 тілінде күндіз-түні тәулік бойы хабар тарататын маңдай алды, ірі ақпараттық компаниялардың бірі. Өзіміз де көріп жүрміз, кейде барлық телерадио компаниялар, өзіміздегі агенттіктер Би-би-си-дің кейбір ақпараттарына сілтеме жасайды. Бірінші болып дүниежүзінде ағылшын тілінен кейін 1939 жылы араб тілінде хабар тарата бастаған. Міне, 45 тілдің ішінде соңғылардың бірі болып, Би-би-си осы Орталық Азия аймақтарында қырғыз және қазақ тілінде де хабар тарата бастады. Әрине бұның алдында айта кету керек, бүкіл әлемде 150 миллиондай тыңдаушысы бар. Қайниса Қанышқызы: Жиналып, Ұлыбританияға үлкен делегация барды. Оның ішінде үлкен-үлкен депутаттар, Грузия Ғылым ака­ демиясының президенті Мусхелишвили, сосын тағы біздің медицина ғылымында жұмыс істеген үлкен депутат, тағы бір топ депутаттар барған. Сонда біздің бір үлкен ғалымымыздың сөмкесінен шұжық па, бір тамақтың қалдығын көріпті. Ол уақытта адамдардың әрбір жүрістұрысын газетке жазады екен. Сонда есімде қалғаны, үлкен ғалымды «өзінің нанымен келіпті» деген сөздері. Данабек Жүсіп: Бұл компанияның ақпараттық кеңістіктегі өзі­ нің негізгі бағыты – бейтараптық. Әр уақытта да кез келген ақпарат­ ты дәл, нақты, бейтарапты беру. Жасыратыны жоқ, одақтың кезінде Би-би-сиді «жаудың дауысы» деп қарады. Себебі ол кезде ақиқатты көбірек айтатын ақпараттық көзі болып табылатын. Әрине, мен бұл жерде, Би-би-си-ді ақиқаттың арашасысы деп тұрған жоқпын. Себебі ақиқаттың аражігін ажырату, жалпы, Алланың ғана ісі. Ал біздің шаруамыз кез келген мемлекеттегі заңды орындау, заңды сақтау. Сондықтан Би-би-си әр уақытта да 45 мемлекетте, 45 тілде дүниежүзіне хабар та-

ратып отырғанда осындай ұстанымда жұмыс істейді. 250-дей тілшілері бар екен, көп мемлекеттерде. Олар да Би-би-си-дің негізгі шарттарын орындап, сол шарттардың негізінде қызмет атқарады. Оның ішінде әр мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, халықтың әдет-ғұрыптарын сақтау, міне, сол сияқты ерекшеліктері бар. Қайниса Қанышқызы: Қалалар да, халықтары да, сондай бір-біріне көп сөйлемейтін халық, бірақ бір-біріне мейірімді халық деп білем. Әкем бойы биік, өзі сондай көркем болатын. Черчилль: «Осы барлық қазақ сіздей биік пе?» деп сұрағанда, әкем «менің халқым менен де биік» депті. Оны артынан өзі айтқан жоқ, жазған, бірге барған кісілер айтты. Данабек Жүсіп: Қазақстандағы ВВС-ге келетін болсақ, қазақша хабарды ВВС бірінші рет, 1996 жылы 3 маусымнан бастады. Алғашқы хабарымызға ақпараттық кеңістікте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, белгілі қоғам қайраткерлері, ақындар Қадыр Мырзалиев, Фариза Оңғарсынова сияқты апа-ағаларымыз сәттілік тіледі. Сөйтіп бастадық, 1996 жылы 3 маусымнан бері қазақша хабар таратып келе жатыр, күніне жарты сағаттық хабар таратамыз. Оның ішінде, әлемдік жаңалықтар да, бұрынғы ВВС дәстүр-үрдісін сақтап, әлемдегі болып жатқан жаңалықтарды қазақша беруге тырысады. Оның ішінде әрине, Қазақстандағы, Орта Азия аумағындағы, аймақтағы болып жатқан ірі, елеулі оқиғаларды бейтарапты түрде, көпшілік қауымға, тыңдармандарға жеткізуге тырысады. Қайниса Қанышқызы: Ол уақытта базарлық деген көп болмайтын ғой. Сонда Британиядан фотографиялық карточкілер, альбомдар әкелді, бізге әйелдердің әдемі сөмкесін әкеп берді, балаларға ойыншық әкеп берді.

Ғалымдар Ақжан Әл-Машани мен Шаһмардан Есенов Жамал Машан келіні, доцент, химия ғылымдарының кандидаты: Аталарың әл-Фарабиді Қазақстанның ұрпағы деп, Қазақстанға әкелем деп 30 жыл еңбек еткен. Өз қаражатымен еңбектеніп жүріп, 30 жылғы еңбегі жанып, 1975 жылы бірінші Халықаралық ЮНЕСКО Мәскеуде 8–9 күндері, ал Алматыда 10–11 күндері өтті. Міне, сонан бері әлФарабиді қазақ ұрпағынан шыққан ғалым деп білеміз. Ал оны зерттеуде көп қиындықтарды бастан кешті. Әл-Фарабиді зерттеп, шетелге дейін барған, халық біледі. Өзіміздің, қазіргі ТМД елдері, бұрынғы Кеңес Одағын бәрін аралап, зерттеген. Ал енді одан бері де арабша жазылған

еңбектерін қазақшаға аударам деп талай мешітке де барған. Мешіт­ ке барған күнде де, партияның дүрілдеп тұрған кезінде, қудалаулар болған, үлкен ақсақалдарға тарау-тарауымен беріп қоятын. Ол кісілер аударып, соны ары қарай жалғастырып, осындай еңбектер жүргізді. Әл-Фарабидің өзі оңайлықпен келе қойған жоқ, 40 жыл өткеннен кейін 2001 жылы Отырар қаласында, қазіргі Шәуілдірде «Машанов әл-Фарабиді Қазақстанға бірінші әкелген» деп, мойындап, дипломын, медальдарын берді, өткен жылы. Ал енді оған таласушылар да көбейіп кетті. Себебі қазір теңгемізде де әл-Фарабидің суреті бар, институттың атына да әл-Фарабидің атын беріп жатыр, көшелеріміз әл-Фараби аталады. Сондықтан оған қызығушылар да, таласушылар да көбейіп кетті. Шамшиддин Абдраман, педагогика ғылымдарының докторы: Ақжан ағамыз дүниенің бәрін әл-Фарабимен өлшейтін. Бүгінгі заман­ дағы ғалымдардың қылығы мен ғылыми жаңалықтарын көргенде «әл-Фараби жасап кеткен еді, әл-Фарабидің теориясы еді, әл-Фараби­ дей ғалым болғай» деп айтып отыратын еді. Ал енді осы әл-Фарабиге байланысты, менің ойымша, Шаһмарданды Ақжан ағамыз әл-Фараби бойынша таныды, құрметтеді, өзіне бауыр жасап, өзіне қатар, теңдес ғалым ретінде сыйластық орнатты деймін. Өйткені әл-Фарабидің мә­ селесі Қаныш ағамыздың кезінде басталған екен. Ағаның қолында, мұ­ рағатында Қаныштың «жасалсын» деген шетінде бұрыштамасы бар, Ақжан ағаның хаты бар. Бірақ дейді ол кісі кітабында: «Қанышты ауру алып кетті ғой», – дейді. Қаныштан кейін тағы президенттер келді, бірақ олар әл-Фарабиге көңіл бөлген жоқ. Осы әл-Фарабиді Ғылым академиясының жоспарына енгізіп, нағыз жұмыстың өнімді істелген жері сол Шаһмарданның кезі екен.

Жамал Машан келіні: Екі салада жұмыс жасаймын деп, кейде отырып күлетін. «Нан үшін және жан үшін» дейтін. Нан үшін дейтіні, күнделікті өзінің мамандығы бойынша, қызметке барып, дәріс оқып, балаларға өзінің білгенін үйретіп, содан тапқан ақысына отбасын асырау. Жан үшін дейтіні әл-Фарабиді зерттеу, фантастикалық, тарихи еңбектер жазу еді. Мінекей, кейін зейнетке шығарда, Құранға тәпсірлер жазды, ғылыми тұрғыда, міне, осының барлығы, әрине, жан үшін болатын. Бәрін айта берсек, жан үшін істеп жүрген еңбектері қыруар, әсіресе оқулықтарының орны бөлек. Ішінде кристаллография, петрография, минерология, геология, маркшейдер, геомеханика саласында көптеген еңбектер жазды. Ал енді геология саласын алсақ, 1939 жылы «АқбастыҚұсмұрын» деген алтын-кен орнын ашты. Сол алтын-кен орнын 40 жылдан кейін мойындады. 1976 жылы алғашқы ашушы деп, Мәскеуден дипломын тапсырды. Шамшиддин Абдраманов: Есеновтің өз басына келсек, оңай адам емес. Оның мынадай қызметке көтерілуіне, бағының ашылуына Қаныш себепкер болған. Бұл 1960 жылы сол кезде Есенов Жезқазғандағы кен барлау экспедициясының бас инженері болатын. Сонда Жұмабай Ташенов Министрлер кеңесінің төрағасы болған екен, ал Богатырев геология министрі болған, соған мынадай сөз айтқан дегенді Шаһмарданнан естідім: «Қазақтан бір орынбасар тап». Содан бір айдан кейін бе, жарты айдан кейін бе, Ташеновке айтады «жоқ» деп. Сосын ол кісі Қанышқа телефон соғады. «Осы Жезқазғанда бір экспедицияда бас инженер боп істейді, соған үкіметтік телеграмма сал» дейді. Самолеттен түсісімен, Ташеновтың қабылдауына кіреді. Бірден есіктен кіреді, Ташенов орнынан тұрып: «Ау, сен қайда жүрсің, мына тұрған орынбасар емес, министр ғой» деп, құшақтап, қарсы алады. Жамал Машан келіні: Тәртібі ерекше болды, 5 уақыт намазын оқыды. 1954 жылдан бері намазын тастамай, оқып келді. Ертеңгісін алтыда тұрып, намазын оқығаннан кейін, ұйықтамайтын. Сонан кейін жуынып-шайынып, сақал-мұртын күзеп, артынан дұғасын оқиды, ша­ йын ішіп, содан кейін жұмысына отыратын. Ертерек институтқа барып отырғанды ұнататын көбінесе. Ал үйде отырғанда, күндіз жұмысын жасайды, түнде жұмыс жасамайтын. Ақкөңіл, бала мінезді кісі еді. Үйде отырғанда біз шай ішіп отырғанның өзінде тыныш отырмай, қалжыңдасып, неше түрлі әңгіме айтып, баласымен пікір таластырып, шай ішетінбіз. Енді арамызда жас ерекшелігі болғаннан кейін, әркім әртүрлі түсінікте болады. Мен өзі өмірден өткеннен кейін қырқын беріп отырғанда, артынан маған сөз берді. Бұл кісімен мен 24 жыл өмір сүрдім, ширек ғасыр. «Мен ұялмаймын, қайта мен бақытты әйелмін деп есептеймін. Себебі маған ағам сияқты болды, бауырым сияқты бол-

ды, үшіншіден жолдасым болды» деп айтам. Себебі адамда біреудің түрі, түсі ұнайды, біреудің тағы бір жері ұнайды, ол, әрине, махаббат емес. Махаббат дегеніміз бір-бірінің еңбегін бағалап, бірін-бірі сыйлау. Екеуіміздің жас ерекшелігіміз болса да, арамызда ерекше махаббат сезімі болды деп ойлаймын. Шамшиддин Абдраманов: Ақжан аға заманында көп жасамаға­ нымен, көпке танылмаған адам. Біразы біледі, бірақ кезінде қоғамнан өзінің бағасын алмаған адам. Ал енді 1000 жылдан кейін әл-Фараби ұрпағына келсек, Ақжан ағаны 5–6 жылдан кейін халық таниды деп ойлаймыз. Соның бірі, мына біздің университетте өзінің 63 жыл бойы, табан аудармай қызмет еткен университетте, Сәтбаев атындағы ұлт­ тық техникалық университетте жуырда «Ақжан Машан мен шығыс ғұламаларының ғылыми-техникалық және руханияттық құндылық­та­ ры» дейтін орталық құрылды. Бұның түбегейлі мақсаты – студенттерге, инженерлерге, одан кейін бүкіл қазақтың студент жастарына отан­ сүйгіштік рухта тәрбие беру.

Ғұламалар Евней Букетов пен Ишанбай Қарақұлов Кәкімбек Салықов, ақын: Бұл кісілердің бір кереметі, Ерекеңнің бір үлкен очеркі болды, «Атан қомында туған адам» деген. Енді ол кезінде 60–70-жылдарда шықты. Атының өзі көп нәрсені айтып тұрған жоқ па? Жер-дүниені аралап шыққан үлкен кітап, Ишекең туралы, Ишекең екеуі дос-жар, бірге жүріп, бірге тұрады, Ишекең де әзілқой, Ерекең де әзілқой. Жалпы Ерекеңнің алғырлығы мен тапқырлығы бірімен-бірі

ұштасып отыратын. Мысалы, Жезқазған қаласының бірінші хатшысы етіп сайлағанда, маған телефон соғады, пленумың болыпты, құтты болсын, сайланыпсың деп. Сосын айттым, бар айтқаның осы ма, «құрғақ қасық ауыз жыртады» деген, бір дұрыстап, тарихта қалатындай бірдеңе айтсай дедім. Ішек-сілесі қатып күлді, бірдеңе айтады-ау деп өзім де шошып тұр едім, «жарайды, онда батамды дұрыстап берейін, мақтағаннан өлген кісіні көрген жоқпын, ұйқысынан кей қазақтар инфаркт алып жатыр дейді, мінекей осыдан сақтан» деді. Сосын бір жерде әңгімелесіп отырып, Жамбыл туралы әңгімені Евнейден артық білетін кісіні мен әлі кездестіргем жоқ. Баяғыда бір әңгімесін айтқанда, інісінің үйіне барғанда, қойды алып келіп бата бер дейді ғой, қойдың үстіне баласын мінгізгісі келген екен, сонда қарап тұрып, көзі күлімдеп, айтқан екен: Сөзіме Алла өзі дуа берсін, Дұшпанның аузын мықтап буа берсін. Келіннің балағынан бала сығалап, Сал перінің боқмұрындары туа берсін, – деп, соны мен Ерекеңнен естіп қалдым. Осындай Жамбылдың, Шашубайдың, үлкен кісілердің керемет ұтымды сөздерін айтқанда таң қалатынмын. Мәрзия Құрақбаева, Ишанбай Қарақұловтың жұбайы: Екі әйел алған, екеуі де орыс. Біз рулас елміз, бір-бірімізді танитынбыз. Ел­де Қарақұлов дегенде ішкен астарын жерге қоятын. Содан мен де ести­ тінмін, ойбай-ау, ертең ауырсам қамқоршы болса, маған қарамай ма, бақпай ма мені деп ойладым. Келдік. Бірінші бәйбішесі қайтыс болған ғой, екінші бәйбішесінен Болат Қарақұлов деген ұлы, сосын 1 қызы бар Мәриям деген, Мәскеуде тұрады. Өзінің мінезі жайлы, кісі отырған жерде күлдіріп, қалжыңдап, сөйлеп отырады. Керемет қалжыңқой, бір адамды көрсем, маған сол туралы сөз келіп тұрады деп айтатын. «Жас кезімізде жетім өстік, базарға баратынбыз, бір әйелдер жұмыртқа сатып тұрады, сол жұмыртқаларын алып қашатынбыз» деп айтатын бала кезі туралы. Жұмыртқаның аты жұмыртқа ғой деп қояды маған. Кәкімбек Салықов: Солтүстік Қазақстан облысының Бағанаты деген жерінде туған. Аудан орталығына оқуға барады, орысша, ол кезде физрук, военрук деген болатын. Балаларды тұрғызып қойып, «русские, два шага вперед, казахи, оставайтесь на месте», – дейді ғой. Сосын бұл кісі қазақтар орнында тұрып қалды ғой, бұл кісі бір аттапты, орыстар екі аттаған, сөйтіп бұл кісі ортада тұрып қалыпты, «а ты чего, откуда» дейді ғой, шешенбісің, неміспісің десе, «нет, я из Баганата» деп айтыпты. Өзінің кішкене Бағанатысын өмір бойы көтеріп кетті. Бір күні ағылшындардан қонақ келіпті, Баников деген бірінші хатшымыз болған

Қарағандыда, ол кезде шетелден адам аз келеді, Мәскеуден адам келеді, Орталық комитеттен адамдар барады, жақсылап қарсы алыңдар дейді. Сосын бір мәдениетті адам керек-ау деп, шай, ас берерде Ерекеңді алдырыпты. Сонда аналар айтыпты, орыс әдебиетінің сіздерге ықпалы тиді ғой, ал сіздердің орыс әдебиетіне деген ықпалдарыңыз қандай депті. Ондай да бар, Пушкиннің өзі біздің елге келіп, Пугачевтің тарихын жазарда, Орынборда, Жайықта болып, елді аралап, «Қозы Көр­ пеш – Баян сұлуды» жазып кетті, сосын лиро-эпосы болды. Мысалы, оның өлеңдерінің ең ірі поэмасы «Евгений Онегиннің» ырғағы, біздің өлеңнің ырғағы, ол: Базарбайдың Төлеген, Ерте туған көбеген, Ақ Жайыққа Жібекті іздеп жөнеген, – деп өлеңдете жөнелді ғой. Мой дядя самых честных правил, Когда не в шутку занемог, Он уважать себя заставил, – дегенді сұңқылдатып айтып, екі қасықты қолына алып, шылдырлатып, домбыра қылып, үстелдің басында, бізді енді керемет риза қылып, ағылшындар да, біз де риза болдық. Сонда Пушкиннің өзі біздің ырғақты алған, қазақтың Пушкинге де әсері тиген деп айтады. Енді тапқыр­лық қой. Ұлпаш Тілегенова, денсаулық сақтау ісінің үздігі: Профессор Ишанбай Қарақұлов туралы, мен 1980 жылдардың басында елде жүр­ генде, «Қырық сұрақ» деген кітабын оқу арқылы білетін едім. Кейін Алматыға қоныс аударғаннан кейін, қызметке орналасқан кезде, мен сол кісінің қарамағына тап болдым. Дүйсенбі күндері бүкіл қызметкерлерді жинап алады ғой, жинап алып лездеме өткізген кезде, алдымен орысша да, қазақша да анекдоттарды, күлдіргі әңгімелерді айтып, 5 минутын соған арнайтын. Айналайындар, әзіл минуттық болса да, сағаттық заряд береді дейді, сіздердің бүгін күні бойы жұмыс істеулеріңе жетеді, сосын бәріміз мәз-мейрам болып, қызметімізге кететінбіз. Шынында, Қара­ құлов ағамыз КСРО Медицина Ғылым академиясының корреспондентмү­шесі болған, Қазақстан Ұлттық академиясының корреспондентмү­шесі болған, сонымен қатар екі рет Қазақстан Республикасының Ден­саулық сақтау министрі болған адам. Кәкімбек Салықов: Бұл кісі докторлығын қорғағанда мен болдым, сонда Ленинградтың бір профессоры тұрып, сіз қалай өзі, жалған қарапайымдылықтың керегі жоқ, басқалар жазар еді ғой, мен бүгін ғана білдім, шетелде 14 патентіңіз бар, сегізіне талас бар, соны бүгін мына

кісілерден ғана естідім, маған еңбегіңізді сынауға жібергенде, соны неге жазбадың деп айтып жатты. Міне, мен сонда ғана Ерекеңнің кім екенін білдім. Бұл кісінің дайындаған оқымыстылары көп, әлгі кандидаттары, докторлары, сол дайындаған адамдары, 100-деп бар шығар. Бірақ ол кім не қорғаса, соның соңынан барып жүретін. Бір күні Мәскеуге келгенде айттым, «әй, Ереке, осы аспиранттарыңыздың соңынан көп жүресіз. Қалай ол» деп, сонда айтады, «менің қолым қалай тиетінін сұрайсыз, ал Қанлекеңнің қолы қалай тиді, Қаныш ағамыз, ондайда өзі бармай болмайды дейтін, сондықтан біз үлкен сабақ алдық қой, үйде тыныш отырғанды ұят көреміз». Үлкен ұстаз болды. Екіншіден, бұл кісі, аудармашылығын айттық, сыншылдығын айттық, металлург оқымыстылығы, ақын-жазушы да болды, үлкен ұйымдастырушылығы бар еді, Қарағанды университетін ұйымдастырды, Ғылыми институтты ұйымдастырды. Сосын өзі үлкен азамат, қоғам қайраткері, зиялы адам еді. Ойшыл ақын Қадыр Мырза Әлінің Ишанбай ағаға арнап: «Айтқан бойда еретін сөз болса бір – сенікі. Көз жасымды көретін көз болса бір – сенікі. Ауыздығын кемірген атқа мінсем – сенікі. Бір телефон өмірде жатқа білсем – сенікі. Будан гүлін біреудің сұрыптасам – сенікі. Туған күнін біреудің ұмытпасам – сенікі. Азырқанбай алатын сыйым болса – сенікі. Шақыртпай-ақ баратын үйім болса – сенікі. Басқаларға бұлдайтын төрім болса – сенікі. Өмір бойы толмайтын орын болса – сенікі”, – деп жыр толғауының сыры да осыдан шығар. И. Қарақұлов – тірлігінде өз сөзін әдемі айта білген тұлға. Ал ол туралы соңғы сөз әзірге айтылған жоқ және айтылмауы да мүмкін-ау! Этнограф Жәнібеков пен академик Әлиев Камал Смайылов, публицист-жазушы: Өзбекәлі Жәнібековтің үлкен бір қасиеті ылғи жаңа идеялар, жаңа ойлар ұсынып отыратын. Жұмыспен алдына келген уақытта, бір мәселені айтып отырғанда, бірнеше ойлар туындап кететін. Біз Мәскеуде комсомол съезінде жүр­ генде, Тұманбай екеуімізге: «Ваганков зиратында Ғани Мұратбаев жатыр, қалай, қайда жатыр екен, қалай тіркелген екен, осыны жұрт айтады,

бірақ Қазақстаннан ешкім келіп көрген емес, соны көріңдерші», – деді. Съездің үзіліс кезінде, біз Тұманбай екеуіміз Ваганков зиратына келіп, іздеcтіріп, зираттың журналын тауып алдық. С. Есенин қайтыс болған жылы, 1925 жылы, артынша Ғани да қайтыс болған, сол С. Есениннің қатарында жатыр екен. Енді бір оқиға, Ленинградта Қазақстанның мә­ дениет күндері өтетін болды. Орталық партия комитетінің насихат бөлі­ мінен Устинов, мәдениет бөлімінен мен, екеуіміз келісіп Ленинградқа баратын болдық. Жол жүрейін деп жатқанда, бізге: «Біздің тай­қазан бар еді, 90-жылы кеткен, содан кейін оны ешкім білген жоқ, әртүрлі сөздер бар, қайда, соны біліңдерші», – деді. Содан біз қол босағанда барып, сол Эрмитаждың директоры академик Петровскиймен сөйлестік, ол «иә, иә, білемін тайқазанды, ол тайқазан шығыс бөлімінің бір бөлмесінде тұруы керек, қазір мен сендердің арқаларыңда көріп қалайын, көптен бері көрмеп едім» деп, өзі алдымызға түсіп алды да, Эрмитаждың ортасын тура кесіп өтіп, шығыстан батысқа қарай бір шағын бөлмеге кіргізді. Қарасақ, көзімізге оттай басылды, баяғы суреттен көріп жүргендей. Бір жұмыс бөлмесі, үш-төрт жазу үстелі бар, сол үстелдің бір бұрышында тайқазан тұр екен. Өзі орындық қойып, шығып көрді, сосын мен де көтеріліп көрдім, қарасам ішінде тиындар жатыр, сосын бір шылымның түптері жатыр екен. Енді жұмыс кабинеті ғой. Сосын біз бұны қалай аламыз деп едік, «Сендер Мәскеудің орталық партия комитетіне хат жазыңдар, бұл сендердің дүниелерің, сендер алуларың керек, сендерде болуы керек», – деді. Содан кейін біз келіп айтып, хат жазып, бәрін түгел реттеп, ақыры алдыртты ғой. Еркінбай Әкімқұлов, жазушы: Жәнібеков ағамыз, Мұхаңа (Мұхтар Әлиевке) кезінде қол ұшын бергенін білем. Мұхаң денсаулық сақтау

министрлігінде жұмыс істеп жүргенде, Сызғанов атындағы экспери­ менталды хирургия институтының директоры Ткаченко дүниеден өтіп, оның орнына кім болуы керек дегенде, ол кезде денсаулық сақ­ тау минист­рі Төрегелді Шарманов, соған Өзекең: «осындай хирургты қоймайсыңдар ма, осы Мұхаңнан артық кім бар?» – деп, сондай ықыласын білдіріп, әңгімелескені бар. Сонда оны Төрегелді Шарманов ағамыз дұрыс түсініп, хирургия институтының директоры етіп бекітті. Ал сондағысы менің жерлесім, менің жақыным, менің туысым деген мағына емес, тағдырды Өзекеңнің жақсы білетіндігі, идеология саласында көптен істегені, комсомол қызметінде болуы, кісі танитындығы, адам танитындығы, адамға қай жағынан көмектесу керек екенін білетіндігі. Камал Смайылов: Торғайдағы ансамбльді құрғанда, 40 түрлі қазақ биін репертуарға бергенін айтты, сонда Өзекеңмен сөйлесіп отырғанда айтқаны бар, «осы біздің қазақ бишілерінің белі қозғалмайды, тек қолы мен саусағын ербеңдетіп билейді, ал шынында да би деген белі, денесі, бүкіл денесі қозғалып тұруы керек қой», – деп, Шараны керемет айтатын, нағыз биші Шара деп. Сосын Шұғыланы көргенде, Шараға тартқан нағыз биші қыз, осы Шұғыла деп, Өзекең сондай нәрселерді айтып оты­ ратын. Сосын кейде биді көріп отырғанда өзі тұрып, белін қозғалтып, міне, осылай билеу керек дейтін еді. Еркінбай Әкімқұлов: Мұхаң 35 ғылым докторын дайындаған, 70тен астан ғылыми кандидаттар дайындаған, сонымен қатар 500-ден астам ғылыми мақалалар жазып, 30-дан аса монографиялар шығарған кісі. Осының бәрі еңбекқорлығы, өзінің еңбексүйгіштігі, сол тынымсыз еңбектің арқасы ғой деймін. Енді қазіргі жасы Мұхаңның 70-тен асты, еліміз, халқымыз тойлады дегендей, «соның өзінде де қарап қалмай, қатты науқасқа апта сайын қол ұшын беріп, операция жасап, жарық дүниеге тартып, көмектесіп келе жатырмын», – дейді. Соның бәрі өзі­ нің бала кезінде, мектепте оқыған кезінде, сосын соғыс жылдарындағы жас­тай көрген ауыр-қиыншылықтарды, анадан ерте жетім қалып, әке­ ден медициналық академияда оқып жүргенде айырылуын жеңгендігінің арқасы. Камал Смайылов: Өзекең біз келген уақытта бір қағаздарды қарап отырады. Ұнатпай қалғанда, мысалы, бастықтардың көбісі қайтарып жібереді ғой, ал ол отыра қалып, жетпей қалған жерін түзетіп, айтып, сосын жетпей қалған жеріне, жобасын беріп отыратын адам. Тек талап етеді, талап етіп қана қоймай, керек жерінде, керек кезінде тікелей араласып, өзінің рақымын, білімін беріп отыратын. Еркінбай Әкімқұлов: Осы өзінің немересі Нұрали ғой деймін, жоқ Айсұлтан ба, сол қатты ауырып, соқырішек болып, басқа хирургке

сенбеді ме, Мұхаң айтады, операцияны өзім жасадым деп. Сонда қатты қиналған кезде балаға, «операция жасап болғаннан кейін ғана, өзімнің балам екенін, өзімнің немерем екенін білгенде барып, қат­ты таңғалдым», – дейді. «Егер бұл менің немерем ғой, оған қалай жа­сай­ мын деп дірілде­сем, ол операция сәтсіз де болуы мүмкін бе еді», – дей­ ді. Енді мамандығына берілгендігінің белгісі ғой, сол мамандық­­тың, хирургияның шегіне жетіп, әлем азаматы деген дәреженің, бағала­ нуы­ның өзі де – осындай өзінің еңбекшілдігі. Жақында Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында, Шәуілдір деген жерде өзінің қаржы­ сына мешіт салдырды. Әдемі салынған екен. Соның ашылатын күні біз де болып, лентасын қидық.

Академиктер Ақай мен Мұхамеджан Жәмила Мұхамеджан келіні Қаратаева, тарихшы: Атам туралы Мұхамеджан Қожасбайұлы туралы бірінші кітаптан білдім. Одан кейін өзімнің тағдырыма байланысты, осы отбасыға мүше болып, ол кісінің баласы Мирас Мұхамеджанұлымен тұрмыс құрдым. Мені жылы қарсы алды, қызындай көрді. Сыйластыққа өттік. Отбасындағы қызықты, қуа­ нышты болған сәт – менің өмірге Нағима деген қызымның келуі. Қара­ таевтар отбасында қыз болмаған екен, әкесінде де, өзінде де қыз болмапты, 3 ұл. Содан қыз бала болса, деп армандайтын болуы керек. Содан 1978 жылы Нағима дүниеге келді. Қазір күнделіктерін қарап отырсам, жазып қойыпты, «Ура, қыз туды!» деп.

Дина Ақайқызы Нүсіпбекова, техникалық ғылымдарының канди­ даты: Үйде мен жалғызбын. Менің бір інім болған, соғыс кезінде қай­тыс болған. Өйткені соғыс басталмай, 1939 жылы, әкемнің үстінен хат жаз­ды ғой, Рысқұловпен дос болды деп. Әкем Мәскеуде оқығанда, Рысқұ­лов лекциясын бір-екі рет тыңдаған. 1939 жылы әкемді Жоғарғы Кеңеске ұсынғанда, оның үстінен домалақ арыз түскен. «Сподвижник, друг Рыскулова» деп. Яғни, «Друг врага народа» дегендей. Сонан әкемді барлық жерден босатып тастап, Семейге жібереді. Сол кезде жаңа туылған мені алып анам Семейге барады. Сонда тағы бір ұл тапқан, Нәриман деген. Соғыс басталғанда, әкем Панфилов дивизиясына Алматыға келеді, сонымен соғысқа кетеді. Жәмила Мұхамеджан келіні: Аталары бесік құда болып атастырады да, содан екеуі қосылады, біреуі он бесте, біреуі он төрт жаста. Содан балалары өмірге келеді, Ленинградта аспирантурада болғанда да, отбасымен қиыншылық заманда бірге болады. Одан келгеннен кейін екінші рет түрмеде, айдауда болған кезде, шешеміз артынан іздеп барып, сол жерде тұруы, одан келгеннен кейін де екеуінің арақатынасы тіпті, бір-бірін Мәке, Мұқа деп сыйластықта өткендігі бізге үлгі болды. Мен өзім соған қатты қызығамын. Өзін-өзі ұстауы, зайыбына деген өзінің қамқорлығы, сыйластығы, ол ерекше жағдай. Дина Ақайқызы: Мына стенограммаға қарасақ, 1948 жылы түсір­ ген. Сөйлеген адамның арасында менің әкем де болған. Сол аз кісінің арасында Ермұқан Бекмахановты қорғаған, менің әкем де болған. Өйткені ол өте әділетті кісі болған. Сондықтан бұл жерде Таубеков, Шойынбаев дегендердің сөздерін естісеңіз, қарасаңыз, сұмдық екен. Бір үлкен жолдасы, академик Мұхамеджан Қаратаев болған. Ол кісі реп­рессиядан қайтып келгенде, көп адамдар қол ұшын бермей, амандаспай, қашып жүрген. Сонда әкем тағы оған қол ұшын береді. Үйге шақырып әйелімен. Сол кезде есімде қалғаны, мені жүгіртіп, «Әй, балам, жастықты әкел Мұхамеджан ағаңа» дейтін. Үлкен бақша, әсіресе, жаздыгүні сондай жақсы болушы еді. Жәмила Мұхамеджан келіні: Біздер енді балаларымен аралас болған жоқпыз, бірақ ол кісілердің үйге келгенін, дастарқандас болғанын, қазір күнделігін оқығанда білеміз. Ақай ағай өмірден кеткендегі күйзелісі, досынан айырылғаны, қабырғасының сөгілгені жазылған. Ол кісі 85 жас өмір сүріпті. Құдайдың құтты күні күнделік жазыпты. Сонда бір жолдасынан айырылса, қатты қиналып, ішкі жан дүниесімен күйзеледі екен. Соны мен өзімнің көзіммен көріп, оқыдым. Дина Ақайқызы: Мұхамеджан академик болып сайланғанда, ол бірінші турдан өткен жоқ. Содан санайды, кім дауыс берді, кім бермеген. Әкемнен сұрайды, «Әй, Ақай, осы сен маған дауыс бермеген шығарсың,

мынау жетпей жатыр ғой, не сұмдық» деп. Сонда әкем айтатын, «барлық мамандардың ішінде, ұсынылған адамдардан, сен ең мықты академиксің ғой, қалай саған дауыс бермеймін» деген. Содан екінші рет сайлағанда, әкем бюллетеньді ашып, Марғұланға көрсетті, «Қарашы, сосын сен өзің куә боласың, Мұхамеджанға дауыс беріп жатырмын» деп, бюллетеньді көрсеткен. Соны Мұхамеджан аға айтушы еді, «соншама жарықсың, соншама жылысың өзің адамға, саған ренжуге де болмайды, мына айтқандарың қандай сөзге жатады» деп. Өздері бір-бірін жақсы көріп, сыйлаушы еді. Жәмила Мұхамеджан келіні: Мен атамның өміріне көз жүгіртіп отырғанда, ойлаймын, мынау қазіргі заманның өзіне де осы кісінің бір өнегесі, үлгісі көп қой деп, жастарға. Дина Ақайқызы: Жас кезімде әкем маған сегіз жасқа толғанда, осындай бокал сыйлап еді. Соған жазып қойған, «Диночка, люби жизнь, науку и труд» деп. 8 жастағы қызға сол жазғаны, менің девизім болып шықты ғой. Оның атында көше, сосын кіші Жалаңашта мектеп бар. «Ақай Нүсіпбек» ауылы деп шешім шығарайын деп жатыр. Мен ойлаймын, әкем өте бақытты адам болған. Тарихшы ғалымдар Манаш Қозыбаев пен Кеңес Нұрпейісов Әзімбай Ғали, тарих ғылымдарының докторы: Манаш Қозыбаев өз заманының адамы. Бір жағынан бұл классикалық, коммунистік, социа­листік дәуірдің озық зерттеушісі, партиялық, тарихи, лениндік ұстанымдарды жүзеге асырды, тарихта. Соған сәйкес үлгілі еңбектер жазды, екіншіден, жүрегі коммунистік болса да, қазақтығы жоқ емес еді. Өзі негізінен Кеңес дәуірінен, соғыс кезеңіндегі жағдайлар туралы жазса да, тылдағы жағдайлар туралы жазса да, бұл кісі көп қырлы

зерттеуші болды. Сонау орта ғасырларға бойлап кететін, сондай тақы­ рыптарға барғанда, өзінің қазақы тереңдігі, қазақы оқымыстылығы, жақ­сы мазмұндағы қазақылық, өмір көргендігі, әдебиет білгендігі, ауыз әде­биетін білгендігі көрінетін. Бүркіт Аяған, тарих ғылымдарының докторы: Қазақ тарихшылары және Қазақстан тарихшылары – қазіргі посткеңестік мемлекет арасындағы ең бір тәуір топтың бірі. Неге десеңіз, себебі көптеген елдердің осы күнге дейін тарихы дұрыс шықпаған, ал біздің тарихшылар, соның ішінде Кеңес Нұрпейісов ағамыз бастаған топ 1993 жылы Қазақстан тарихына жаңа оқулықтар шығарған болатын. Ол оқулықтар қазір 2 миллионнан астам тиражбен шықты. Барлық қазақстандық мектеп оқушылары, 11-сыныптың оқушылары емтихан тапсырып, дәріс алып, кәдімгі университетке түсіп жатыр. Көп адам білмейді. Мынау 1948, 1950, 1952, 1953 жылдары Мәскеудегі Орталық Комитеттің бірін­ ші қаулысы шыққан болатын, соның арасында біздің Қазақстанның тіл институтына, тарихшыларға көптеген шабуылдар жасалып, оның арасында Ермахан Бекмаханов сотталып кетті, көптеген әдебиетшілер қудаланды, оның арасында М. Әуезов Мәскеуге, Қ. Сәтбаев ұлтшыл деген атпен кетуге мәжбүр болды. Ал Мәкең мен Кеңес аға, сол кісілердің көз алдында өтті барлық қуғындар. Бірақ мен айтар едім, осы екі азамат, екі тарихшы, екі академик егемендік кезінде, кәдімгі өз халқының алдында, елінің алдында борышын атқарған азаматтар. Әзімбай Ғали: М. Қозыбаев зерттеуші, өз заманының ұлы перзенті. Қозыбаев қайраткер, тіпті тарихқа қатысы жоқ, бірақ ұлтқа қатысы бар жерлерді, егемендік дәуірде көтеріп жүрді. Тіпті кеңес дәуірінде де өзінің кейбір позицияларында батыл айтқаны үшін, жақпай қалған жерлері бар. Ол туралы айтылатын шығар, сондықтан қайраткерлігі де бар, мемлекетшіл пиғылды, классикалық мүмкіндігін көрсеткен коммунистік көзқарастардан сынбай, кертартпашылыққа ұрынбай, қазақ мүдделерін, қазақ пиғылын тарихта көрсетіп, оның мүдделерін толық мемлекетшіл дәрежеде жеткізе білген, оған тарихи астар, саясаттанушылық астар бере білген адам. Ұйымдастырушы ретінде де өзін көрсеткен, сондықтан бұл үлкен талант. Жалпы біз осындай үлкен тұлғаларды суреттегенде, тек қана сыңар жаққа кетпей, мейлінше объективті тұрғыдан қарау керек. Бүркіт Аяған: Мысалы, егемендік ала салысымен, ол кісінің ең алғаш шығарған кітабы «Алаш қозғалысы» болатын. Яғни, көптеген жылдар теперіш көрген, ол кісілердің атын атауға болмайтын азаматтарды, Алаш қозғалысының арасындағы саяси серкелер туралы ашық дәлелдеп жазған Кеңес Нұрпейісов болатын. Сосын мына тарихта жалпы өткен-кеткендерді жаза беретін, мәселе онда емес, мәселе жаңа концепция, жаңа зерттеу әдістерін табу, жаңа ойлар тастау деген сияқты.

Сондай бір керемет істермен көзге түскен. Мысалы, мен айтар едім, Кеңес Нұрпейісұлы, мына қос Кеңес, қос билік деген болған 1917 жылы, әсіресе Ресейде бір жағынан уақытша үкімет болса, екінші жағынан солдаттар, шаруалар және жұмысшылар кеңесі болды. Сондықтан, сол қос үкіметтілік, Лениннің айтуы бойынша, шын мәнінде тек қана Петербургта болған. Сосын Мәскеуде болды. Ал енді Қазақстанда жағдай мүлде басқаша болды. Сол кезде Кеңес Нұрпейісұлының шығарған мықты концепциясы, ол кісі тура айтты, Қазақстанда қос билік емес, қос үкіметтік емес, Қазақстанда көп үкіметтілік деген идея шығарды, концепциясын құрастырды. Әзімбай Ғали: Қозыбаев дәуірі – ол тарихымызға үлкен белес. Үл­кен империкалық материал жиналды. Мейлінше, методологиялық не­гіз қаланды. Сондықтан онан кейінгі кезеңдер, онан кейінгі бас­пал­ дақ­тар, Қозыбаевтың жасаған баспалдағынан төмен болмауы керек. Бүркіт Аяған: Бізге ол кісі кәдімгі әкеміздей боп жүрген адам, себебі мен ол кісінің шәкіртімін, сондықтан біздің арамызда біраз әңгіме болады, әсіресе тарих жайлы, тарихшылар туралы. Сонда байқағаным, Кеңес ағаның әкесі – репрессияға ұшыраған адам. Ол кісі – әке-шешеден тым ерте айырылған адам. Тіпті кезінде балалар үйінде тәрбиеленген адам, сосын кейін туыстары қолдарына алып, үлкен әжесі жібермей жанында ұстаған. Бірақ әке-шешеден ерте айырылған кісі, сондықтан мен ойлаймын, бір жағынан ол кісі қазақтың ұлы ретінде, қазақ алдында, әкесінің алдында осылай борышын атқарған сияқты. Суретші, ғалым Малбағар Меңдіқұлов Адамбек Қапанов, Еңбек сіңірген сәулетші, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты: Мәскеуде архитектура инсти­ тутының жоғары курсында оқып жүргенде, Мәкең архитектура бо­ йынша кандидаттық диссертацияны Академияда қорғайтын болды. Мәкеңді бір көргенде, өзі орта бойлы, әдеміше келген, сондай бір тамаша әсер алдым. Жалпы көріністің өзінен сондай. Содан кейін ол жұмыстарын көрсетіп, байыпты түрде айтып, жақсы бағаменен қорғап шықты ғой. Содан кейін бұл кісі Мәскеуде Архитектура институтын бітіріп жұмысқа кіріскеннен бастап көп жылдар бойы бірге болдық. Бұл кісі ерекше адам, адамгершілігі өте жоғары, адалдығы, сосын қызметке берілгендігі, жұмысты сондай көп істейтін адам еді, жұмысқа әбден берілген, көп жазатын ғалым адам. Мәкең өзі 1909 жылы дүниеге кел-

ген, ал осы үстіміздегі жылы бұл кісі 95-ке толып отыр, ал арамыздан кеткеніне 17 жылдай уақыт болып отыр. Мәкең, жаңа айтып кеттім, алғашқы тұңғыш кәсіби сәулетші дедік. Бұл кісі 1936 жылы Ташкентте Ортаазиялық политехникалық институтының архитектура факультетін бітірді. Содан кейін сол Ташкентте біраз жыл қызметін істеп жүрген кезінде 1941 жылы Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласының бас архитекторы болып тағайындалады. Бірақ, өкінішке орай, соғыс басталып кетті де, Мәкең осындай жауапты қызметті тастауға мәжбүр болып, майданға аттанды. Майданда бұл кісі алғы шепте болып, инженерлік саперлық батальонның майор дәрежесінде командир болып, көптеген шайқастарға қатысты. Содан кейін Ташкентке қайтып келіп, қайтадан үлкен бір жобалау институтының бастығы қызметін атқарып жүрді. Содан 1947 жылы Қазақстанның үкіметі Мәкеңді Алматыға шақырады, сол 1947 жылдан бастап Мәкең Қазақстанда, Алматыда қызмет істеді. Ғылым Академиясында, архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары ғылыми зерттеу институтында болды, сол институттың директоры болды. Содан кейін бұл кісіні Қазақстан Сәулетшілер Одағының төрағасы етіп сайлады. Министрлер Кеңесінің архитектура мен құрылыс жөніндегі басқармасының бастығы болды. Ал кейінірек осы Қазақстанда Бүкіл одақтық Архитектура академиясының филиалы ашылғанда Мәкең осы филиалдың бірінші Президенті болды. Одан кейін 1964 жылдан 1971 жылға дейін Мәкең Алматы қаласының бас архитекторы болды. Содан ол 1971 жылдан кейінгі уақытқа дейін жаңағы архитектура институтында дәріс берді. Сәулетші ретінде бұл кісі Ташкентте көптеген

жұмыстар жасаған, мысалы, ғалымдар тұрғын үйінің жобасын жасаған, сосын жаңағы үлкен бір газет-журнал комбинатының ғимараты жасалды, содан үлкен Ташкент каналдары болды, соның гидро-техникалық ғимаратының жобаларын жасады, Нүкісте көп жұмыс жасады. Содан кейін Алматыға келді, көрнекті, елге белгілі еңбегі – Неке Сарайы, Жамбылдың бюсті, ескерткіші, Мұхтар Әуезовтың бюсті, «Қарлығаш», «Айнабұлақ» деген бірнеше кафелері болды. Сосын басқа қалаларда, мысалы, Семейдегі Абайдың музейін қайта жаңғыртудың жобасын жаса­ды. Ал көп қалалардың бас жобасын жасауда Мәкеңе әдейі келіп ақылдас­қан біздің жас мамандар болды, әсіресе Мәкең осындай көмектерін аямады деуге болады. Шымкент қаласының жобаларын жасауға, сосын Гурьев – осы күнгі Атырау, Жезқазған, Талдықорған қалаларына осындай көптеген көмек көрсетті. Әсіресе көп жасаған жұмыстары Алматыда. Ол уақытта өзі бас сәулетші болып тұрды, сосын Алматының бас жоспарын жасаумен бұл кісі көп шұғылданды. Мәкең жаңағы айтылған мекемелерде қызмет жасап жүріп, экспедициялар ұйымдастырды. Сол экспедицияны да басқарып барып, осы қазақтың әлгі байтақ даласындағы сәулет өнерінің ескерткіштерін өзі зерттеді, зерттегенде бұл кісі сондағы әрбір ғимаратты өлшеді, сосын оны сызды, суретке салды, фотоға түсірді, жазбаларын жазды, үлкен еңбек жасады. Бір кездерде бір ұғым болды, қазақ халқында, көшпелі болғандықтан, сәулет өнері, қала құрылыс өнері болмаған деген. Ал енді осы кісі, оның алдында анау Төкең бар, осы кісінің еңбектері, әсіресе Мәкеңнің еңбектері үлкен-үлкен монография болып шықты. Мәкең өзі 4 монография жазды. Оның біреуі Маңғыстау мен Үстірттегі қазақтың сәулет өнерінің ескерткіштері, екінші монографиясы Батыс Қазақстандағы сәулет өнерінің ескерткіштері. Үшінші бір монографиясы «Жаңғырған Сарыарқа», төртінші монография «Алматының архитектурасы» деп аталады. Сосын 70 шақты ғылыми еңбек жазды, көптеген мақалалар жазылды, әсіресе «Үлкен Кеңес энциклопедиясына», «Қазақ энциклопедиясына», осы еңбектерінің арқасында сәулет өнері ғылымының профессоры, КСРО құрылыс және архитектура академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстан сәулет мектебінің негізін қалаушылардың бірі болды.

Профессор Темірбек Қожакеев Серік Әбдірайымов, жазушы, «Санат» баспасының директоры: Ең алдымен ғалым ретінде айтар әңгіменің орны бөлек, мәселен бұл кісінің инемен құдық қазғандай тіршілікте өзінің соны жолы және бақыты болды, ол қазақ сатирасының, юморының сырлары, жанрлық тарихы, оның егер Зейнолла Қабдолов ағамыздың айтуына салатын болсақ, осы ғылымның негізін қалаушы, ілім ретінде, ұғым ретінде, білім ретінде негізін қалыптастырушысы. Бұл, шын мәнісінде, солай. Ол кісінің бұған дейін жарық көрген ондаған монографиясының ішінен «Сатира негіздері» деп аталатын кітабын, оқулығын айрықша атап өтер едім. Темағаң – тек қана осы сатира, болмаса юмордың негізін қалаушы ғана емес, сонымен қатар әдебиеттану саласында өзінің айрықша орны бар үлкен ғалым, зерттеуші. Темағаның бұл зерттеушілігін 3 салаға бөліп айтар едім, біріншіден, газет-журналдардың тарихы, бұған дейін бізге жұмбақ болып келген көптеген сырды осы кісі ашып, осы кісі сол журналдарымыз бен газеттердің ежелгі тарихынан бүгінге дейінгі қалыптасу кезеңін алдымызға осы қолмен қойғандай етіп жасап берген ғалым. Екінші, қоғам және қалам қайраткерлерінің шығармашылық орны деген мәселе, 1937–1938 жылдары халық жауы деп қуғын-сүргінге түскен, атылған, болмайтын болса Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда шейіт болған қаламгерлеріміздің творчествосына талдау жасау және талдау жасап қана қоймай әрқайсысының өзінің тұлғалық орнын, қоғамдағы орнын, жалпы публицистикадағы, оның ішіндегі

журналистикадағы әрқайсысының орнын есептеп берген, бұл кісі соның әрқайсысы туралы дербес эссе, очерк жазған адам. Соларды жинақтап, жай ғана жазып, газет, баспасөз бетінде жариялап кеткен адам ғана емес, ол кісі сонымен бірге «Көк сеңгірлер» деп аталатын үлкен кесек дүние жасады. «Сөз сарасы» деген еңбегі, жас тілшілерге көмек, осы алақандай ғана кітап, ал бірақ кезінде осы журналистикаға келем, журналист болам, қаламгер болам деп талпынған әрбір талапкердің хадисіне айналған еңбек деп атауға болады. Үшінші, ең бастысы, ол кісінің қоғамдағы орны, мәселен, ол кісінің қайраткерлігімен дараланады ғой деп ойлаймын. Қазақ журналистикасында, оның ішінде Ұлттық Университетінің журналистика факультетін қатарынан 16 жыл басқару, ол ешкімге, екінің бірінің маңдайына жазбаған тіршілік, бұл Темкеге ғана жазылған дүние. Ол неге осынша ұзақ жыл отырды дегенде, мен айтар едім, ол кісі өзі сол салаға, журналистикаға шын берілген, жаны ауыратын, қоғамға қандай азамат керек осы кірпіш болып қаланатын, соны айрықша даралаған, тани білген, адамды тани білген азамат. Содан Темағаң мені бір жолы мынадай сынға алды, енді жас кезім, жалындап сөйлейсің, әйтеуір бойыңдағының бәрін беруге ұмтыласың, Темағаңның келіп отырғанын мен байқамаппын, ол менің лекцияма қатысыпты, шыққаннан кейін Темағаңмен бірге шықтық, мен өзім сол жерде қатты қысылдым. Маған 4 сын айтты. Бірінші, студенттерді түгендемейсің деді, міндетті түрде түгендеу керек, кім келіп, кім қойды дегенді өз сабағыңа. Екінші, конс­ пект жазып отыр ма, жазбай отыр ма, қадағаламайсың, сосын, үшінші, студенттердің сұрағына уақытты өте аз қалдырдың деді. Төртінші, сен келгенде де, кеткенде де студенттердің, енді үш патоктың балалары ғой, 70-ке таяу бала, солардың бірі тұрып, бірі тұрмайды деп, сөйдеді. Мен бұл кемшілікті алдағы уақытта қайталамауға тырысам деп, ол кісіге уәде бердім. Ал, шын мәнісінде, жай ғана сөз болуы мүмкін, сын болуы мүмкін, ал, шын мәнісінде, қарасаң, журналистика жалпы педагогиканың үлкен этикетіне негізделген нәрсе. Ал енді кемшілігімізді айттыңыз, жақсылығым не деп едім, арқамнан қағып, дәл осы бағытыңмен шапсаң, бәйгенің алдын бермейсің деді. Сол жерде 30 жыл сол кісімен бірге еңбек еттім. Әлі күнге дейін мен осы университеттің сол факультетінде, сол кафедрада қызмет істеп келе жатырмын. Мынадай бір жағдай болды, университетте сырттай оқитын баланың дипломын қорғау кафедрада қаралып, содан кейін барып мемлекеттік емтиханға, сосын мемлекеттік қорғауға жіберілетін, өзім сәл кештеу келдім. Кештеу келіп едім, Темкең қатты ашуланып отыр екен, «мынаны қарап шықшы» деді, «біздің теорияға әбден арқа сүйеген данышпандарымыз мына еңбекті жоққа шығарып отыр» деді. Қарасам осы еңбектің иесі сұп-сұр болып, аппақ жуған шүберектей боп тұрған бір қыз бала, жай қыз бала емес, келіншек,

аяғы ауырлау, осы енді болмаса құлап кеткелі тұрған жағдайы бар екен. Сосын мен ішінен осы жарайды-ау, жарайды-ау деген бірнеше сөйлемді тізіп алып, дайындадым. «Ал, Секе, не айтасың» деп сөйдеді, мен оның стильдік жағынан, көркем ойын нақтылап жеткізуге ұмтылатын, сосын стильдік жағынан өзінің қалыптасқан жолы бар екенін айта келіп, «мұны қорғауға жіберуге болады» деп едім, Темкең кішкене жадырап, «бұл өзі, бұл қыз Көкшетаудың қызы екен, бұл қыз өзі трактор айдайды, трактор айдап жүріп, суретке түсіреді, ол сурет өзі аудандық газеттің, облыстық газеттің бетін бермейді, ал соның мына диплом жұмысын қарап, таза бағыт беруге келгенде біз кежегемізден кері тартамыз, оның үстіне бұл ана болайын деп тұрған адам, бар мына кемшіліктеріңді түзет те, қорғауға дайындал» деді. Сол жерден сол қыз түлеп шықты, осы гүл-гүл жайнап, түрі шайдай құлпырып, есіктен қалай шыққанын білмей шықты. Темағаң осылай да елді қуанта біледі, осылай да қанаттандыра білетін. Осының қасиеті енді айта берсең сарқылмас кәдімгі бұлақ сияқты еді. Ғұлама ғалым, майталман математик Төлеубай Аманов Назарбай Білиев, физика-математика ғылымдарының докторы, ҰҒА корреспондент-мүшесі: Төлеубай өте үлкен ғалым, майталман математик болатын. Ол аспирантурасын да, докторантурасын да Стеклов атындағы математика институтында, КСРО Ғылым академиясының академигі С.М. Никольский деген кісінің басшылығымен өткізді. Өзі

өмір көрген адам еді, 18 жасынан соғысқа қатысқан, жаралы болған. Оның бергі жағында, Семей өңірінде біраз уақыт Семей пединститутында істеген, проректоры болған, кафедра басқарған, профессор болды, сондай педагогтық та өнері бар еді. Үлкен тәрбиеші адам еді, көреген, өмірі ешкімге дауыс көтеріп, айқайлау дегенді білмейтін адам болатын. Есмұханбет Смайылов, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚарМУ профессоры: Төлеубай Ыдырысұлы Аманов – біздің ұстазымыз. Қазақстан математика ғылымындағы Константин Персидский, Орынбек Жәутіков, Асан Тайманов, Базарбай Оразбаев сияқты үлкен, алдыңғы қатардағы ғылымдағы алып тұлғалардың бірі еді. Функциялар теориясын ең алғаш зерттеген Қазақстанда осы кісі. Мәскеуде тәрбиеленген. Қазір сол кісі басқарған ғылым – функциялар теориясы Қазақстанда ерекше дамып, өсіп, Қазақстанның математика ғы­лы­мы­ ның жеткен биік деңгейін көрсететін салалардың біреуіне ай­нал­ды. Мен Төлеубай ағаны бала кезімнен білуші едім, жерлес болған­нан кейін естіп жүруші едік мектепте. Бізді мектепте оқытқан мұғалімдеріміз сол кісінің шәкірттері болатын. Содан Қазақ мемлекеттік университе­ тінің механика-математика факультетінде оқып, бітіргеннен кейін, аспирантураға қалдырылып, сол кісінің бөлімінде аспирантурада оқы­ дым, тікелей шәкірті болдық Назарбай Білиев: Теориялар функциясы деген математиканың са­ласы болады. Осыдан Қазақстанда ең бірінші зерттеулер, көлемді мағынада, Төлеубай Ыдырысұлының басқаруымен болды, ол кісі лаборатория ашты, біз бәріміз сол лабораториядан бастадық. Сол кезде ла­бораторияда болған адамдардан бірнеше ғылым корреспондентмүше­лері, бірнеше докторлар, әр өңірде сол кісінің ісін жалғастырып жатқан­дар көп. 1978 жылға дейін механика-математика институтын басқарды. Сол кездерде Төлеубай Ыдырысұлының ұйымдастыруымен бірнеше Халықаралық ғылыми форумдар өтті, мысалы, 1973 жылы, 1976 жылы өте көп математиктер келді, соның ішінде академик Соболев, Никольский болды, КСРО Ғылым академиясының көптеген мүше-корреспон­ дент­тері, ғылым докторлары, кандидаттар болды. Бұл біз­дің жастар үшін үлкен оқиға болды. Сол кезде көп кісілермен таныстық, сол таныстықтың жалғасы осы күнге дейін келе жатыр. Көп кісілер оның нәтижесін, жемісін көрді. Есмұханбет Смайылов: Шарапаты мен үшін өте көп болды. Аспи­ рантура бітіргеннен кейін, қайда бару мәселесі тұрған кезде, сен Қара­ ғандыға бар, сонда университет ашылғалы жатыр, биыл көктемде Үкі­ мет қаулысы болады, сенің орның сол жер деп, жоғары оқу министрі­нің орынбасары Сәкен Кенжебаевқа телефон шалып, ертең қабылдаңыз, сол

жаққа баруға жолдама алып беріңіз деді. Қарағанды университетіне сол кісінің жолдауымен барып едім. Содан бері 31 жыл болды, Қарағандыда жүріп жатырмыз, Қарағанды мемлекеттік университетінде Төкеңнің ісі жалғасып, ғылымы дамып, Қазақстанда өркендеп келе жатыр. Төкең алпысқа келгенін, жетпіске келгенін, сол өзі басқарған математика институтында үлкен республикалық деңгейде конференциялар өткізіп отырды. Ал енді 1998 жылы Төкең 75-ке келгенде Қарағанды мемлекеттік университетінде республикалық деңгейде конференция өткізіп, бүкіл Қазақстанның ғалымдарын шақырып, атап өттік. Енді міне, Төкеңнің 80 жасқа келуіне байланысты Семей университеті бүкіл Қазақстан­ның математиктерін шақырып, Мәскеудегі Ресейдің Ғылым академиясы­ ның, математика институтының қатысуымен халықаралық деңгейде кон­ференция өткізгелі отыр. Назарбай Білиев: Төлеубай Ыдырысұлы бала тәрбиелеген, Нұрси­ пат жеңгейден бастап оның отбасы түгелімен математиктер болатын. Ол кісінің өзі физика-математика мектебінде көп жылдар сабақ берді. Төлеубай Ыдырысұлы директор кезінде сол мектепті қамқорлығына ал­ ды. Ол мектептен де көптеген адамдар шықты. Қазір Асқар Жұмаділдаев деген Академияның корреспондент-мүшесі бар. Төлеубай Ыдырыс­ұлы математикалық мәдениеттің өсуіне көп еңбек етті. Өзі сол қысқа 53 жасында бұл өмірден өтті. Есмұханбет Смайылов: Төкеңнің 80 жылдығына Мәскеудегі 98 жастағы Төкеңнің ұстазы КСРО Ғылым академиясының академигі С.М. Никольскийдің келіп, осы конференцияға қатыспақшы боп отыр­ ғандығы, КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, сол Төкең оқыған бөлімді басқарып отырған Лев Большвецовтің келуі, Қа­ зақстан ғылымы үшін, қазақстандық математиктер үшін ерекше, ай­ту­ лы оқиға болғалы тұр. Сәулетші Шота Уәлиханов пен мұрағатшы Марат Хасанаев Адамбек Қапанов, еңбек сіңірген сәулетші, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері: Сол кезді ойға түсіріп, Шотаның біраз айтатын сөздері бар, күлкілі еді. Мен Мәскеудің сәулет институтын бітіріп келіп, Әбекеңнің қарамағында қызмет істеп, стадионның жобасын жасап жатқан уақытта, Әбекең маған отыз мың орындық дәретхананың жобасын жасауды тапсырып еді дейді. Ол енді күлкі ретінде айтылған сөз. Кейін енді тәжірибе алып, үлкен сәулетші болды ғой. Шотаның

ерекшелігі, бұл кісі әлгі сегіз қырлы дейміз, ал бұл кісінің қырлары одан да көбірек деуге болады, ол ең алдымен сәулетші, екіншіден, суреткер, үшінші, әдебиетші, төртінші, ақын, бесінші, тарихшы-ғалым, алтыншы, драматург, тағы-тағы да айта беруге болады. Тағы бір ерекшелігі, бұл кісі өзі өте тамаша қалжыңшыл. Әзімбай Ғали: Марат Хасанаев ғалым еді. Ғылыми диссертация қорғамаса да, алдына ондай мақсат қоймаған сияқты, үлкен ғалым еді. Сол мұрағатқа келгенде, өзі түрлі, біз білмейтін, естімеген деректерді айтып, бағыт беріп, ғылыми жетекші рөлін ойнайтын. Сондай бір көңілі мырза жан еді. Кейбір деректерді зерттеушілер өздеріне жеке тақырыпқа қалдырып қоятын. Марат кез келген адамға, зерттеушіге өзі деректерді беріп отыратын. Кеңес дәуірінен қалған қалдық мұрағат қорындағы монополиялық мекеме болғандықтан, тарихи құжаттарды мейлінше бермеуге тырысып, мынаған болмайды деп, мынаған рұқсат жоқ деп, барлығын шеңберге тығып, тарихи үрдістің жүйесін жоғалтатындай жағдай жасайтын. Яғни ғылыми жұмысқа кедергі жасау мақсатын қоятын. Ал Марат тарапынан керісінше қолдау болатын. Адамбек Қапанов: Бұл кісі былай дейді: «Мен өз өмірімде үш нәрсеге ризамын» дейді, «біріншіден, ата-тегіме ризамын» дейді, сонда бұл кісі өзінің ата-тегін Шыңғысханнан бастайды. Сонда Шот-Аман 23буынға келеді екен, мұның ішінде Абылай хан да бар, Уәли хан да бар, Шыңғыс та бар, Шоқан да бар, сонда менің ата-тегім осылай маған байланысты емес, бұл жаратылыстың маған берген сыйы деп есептеймін дейді. Екінші риза болатыным – менің кәсібім. Мен сәулет өнерін таңдағаныма ризамын дейді. Үшінші, мен отбасын құрғанда, мына Зина ханыммен шаңырақ көтеріп, осы жұбайыма өте ризамын дейді.

Әзімбай Ғали: Екінші жағы, ол Мараттың жеке басының қай­ раткерлігі. Марат өзі мемлекеттік қызметте болса да, қоғамды демо­ кратияландыруға атсалысты. Қазақстанда қайта құру Колбиннен кейін үрдіс алды. Біздің ең алғашқы назар аударғанымыз – өзінің жеке ізденістерімен, публицистикаларымен көзге түсті. Ұйытқы болды, сондай жазғыш, зерттегіш үлкен қабілетімен диссертацияға қол тимей жүрді. Алғашқы тақырыптарының бірі, ол – ашаршылық жылдарын­ дағы шығын болды. Невадовскаяның дәптерін, адамдардың өлеңдерін, суреттерін жариялаған, тағы-тағы сол сияқты еңбегі көп, мынау Алаш қайраткерлерінің дүниелерін шығаруға еңбек сіңірді, қандай бір тарихи, келелі проблемаларыңмен келсең, өзіңнің ойыңды кеңейтіп, алдыңа төгіп тастап, өзі соны саралап, жүйелеп беретін. Адамбек Қапанов: Бұл ізденгенде өте терең ізденеді. Ол халықтың атам заманғы, байырғы, тарихи, мәдени мұраларын тереңнен іздейді. Алтын адамды қазір музейден көріп жүрміз ғой. Мына тәуелсіздік монументінде осы адамның бейнесі тұр. Ол енді қайраткер ме, патша ма, қолбасшы ма, сондай бір мүсінмен келтірілген тұлға тұр, оның киімі, басына киген бас киімі, сол алтын адамнан алынған.

Ресейлік Кляшторный мен Моңғолия қазағы Бәзілхан Нәпіл Базылханұлы, филология ғылымдарының кандидаты: 1957 жылы моңғол ғалымы алғаш рет түрік жазуының ескерткішін табады. Осы тапқаны бойынша алғаш экспедицияға 1969 жылы аттанады. Сонда әкем бар, моңғол ғалымы бар, сосын С. Кляшторный бар. Бұлар барып сол ескерткішті Тарат деген ауылға, Моңғолия сұм дейді, сол селоға барып, зерттеу жүргізген, алғаш рет сол тасбақаны 1 метрдей тереңдік­­ тен қазып, шығарып, зерттеген ғалымдардың бірі. Сол кездегі сурет. Әкем­нің негізгі зерттеулері алтаистика, түріктану, моңғолтану, тұңғысманжұр деген бар, солардан, алғаш көне түрік зерттеу саласынан бас­ талды. 1960 жылы алғашқы мақалалары жариялана бастады. Одан кейін 1962 жыл­дан 1988 жылға дейін Моңғол-кеңес тарихи-мәдени зерттеу орталы­ғында, экспедициясында көптеген жұмыстар атқарды. Қаржаубай Сартқожаұлы, тарихшы: Күні бүгінге дейін көне түр­ кі жазба ескерткіштерді шетелдік ғалымдар, бір сөзбен айтқанда, түрік емес халықтардан шыққан ғалымдар зерттеп келді. Бұның алғаш кілтін тапқан, алғаш зерттеген адамдар да, анау Томсоннан бастап, атақты Рад-

ловтан бастап, ал одан кейін орыстың ғалымдары біраз атсалысты, Самойлович, Мелиоранский, Малов деген сияқты, соңында Сергей Кляшторный деген сияқты азаматтарымыз атсалысты. Ал енді, міне, бүгінгі күні еліміз егемендік алғанына 10 жыл болып отыр. Осы он жылдық түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, қазіргі көне түрік жазба ескерткіштерін, көне жәдігерлерімізді зерттеуге үлкен септігін тигізіп, жаңа арнамен, жаңа леппен келіп отырмыз. Неге десеңіз, бұл Күлтегін ескерткішін тудырған, соның жазуын жазған, соны орнатқан халық, біздің көне, байырғы ата-бабаларымыз, түріктер. Міне, олардың дүниетанымын, олардың көзқарасын, олардың салт-дәстүрі, олардың менталитеті, олардың жады біздің халқымызда сақталып қалды. Қазір әлемнің ғалымдары байырғы түркі, көктүріктердің тікелей ХХ ғ. ұрпа­ ғының бірі деп қазақ халқын санайды. Нәпіл Бәзілханұлы: С. Кляшторный келе бастағанда, мен кішкен­ тай едім. Ол кезде әкеміз көптеген экспедицияға қатысып жүрді. Ал жалпы әкеміз 1960 жылдары Ленинградта, Мәскеуде болды. Сонда Кеңес үкіметінің, Кеңес дәуірінің көптігінен түркі халықтарының көптеген ғалымдарымен таныс болған. Басханов, Щербак, тағы басқа көптеген ірі тұлғалармен таныс болған. Ал 1960 жылдан бастап экспедиция ұйымдастырды, сол кезде алғаш рет С.Е. Маловтың тапсырмасы бо­ йынша Елизавета Ивановна Убрятова деген ғалым Моңғолияға келген. Ал Елизаветаның негізгі мақсаты не дегенде, Малов жалпы ол өңірге келмеген адам ғой, Маловтың тапсырмасы, Елизаветаға сен барып көр, Радловта қателіктер кетуі мүмкін деген. Ал сол бойынша Елизавета келгенде, әкем бірге ертіп жүрген, бәрін көрсеткен, әкем де бірталай көне 1969 ж.

түрік тілін жетік білген кісі. Ал одан кейін жас ғалымдар келе бастады, С.Г. Кляшторный, Волков деген, тағы басқалар. Сол кезде әкеммен таныс болған С.Г. Кляшторный тарих ғылымымен айналысты. Көне түркі жазуларын қалай оқу, қалай транскрипция жасау, қалай аударма жасау керек деген сияқты көптеген еңбектерге әкем мұрындық болды. Қазірге дейін екеуі хат алысып, хабарласып тұрады. Қаржаубай Сартқожаұлы: Мен Кляшторный еңбегіне сын айтатын кісі емеспін. Ал дей тұрғанмен 13 мезгіл экспедицияда, тауда, далада бірге болдық. Бұл кісінің бір жақсылығы, жалпы типологиялық зерттеу жасаған кезде өте жақсы. Себебі, бұл кісі оқыған, ол кісі ұстаздығын Малов сияқты ұлылардан алған. Міне, 13 жыл ол кісімен экспедицияда тауда болғанда, одан біраз нәрсе үйрендім, жақсы-жақсы методологиясынан өзіме сабақ ретінде алдым. Ал енді бұл кісінің кемшілігі не дегенде, мынадай жазуды оқи алмайды, көзі нашар, содан біз тауда жүріп, бірнеше ескерткіштер таптық, оның бәрін мен қотарып алғаннан кейін, екінші, жаңа шыққан ескерткіштер, жаңа жазбаларды біздің мақаламыз баспа бетін көргеннен кейін, сол біздің мақаламыздың ізімен, аударған аудармамыздың ізімен жүреді де, қайтадан оны кішкене аударып қояды да, өз атынан шығарады. Сосын оны сараптама жасағанда, ол мықты болды, ол кезде біз жаспыз, тәжірибе болған жоқ, артынан үйрендік, сонда, о, Қаржаубай мынау теріс, мынау былай деп жүретін. Сондықтан бұл кісі, мен ойлаймын, аударып оқу жағына онша емес. Мәселен, жуықта ғана, ленинградтық ғалым Ләйлә Тумованың мақаласы шықты, осы бірнеше мақаласында менің ұстазымды сынаған. Нәпіл Бәзілханұлы: С.Г. Кляшторныйдың өзінің еңбектері көп, көне түрік қағандығына қатысты. Ал әкем тарихи лингвистикалық еңбектерін жариялап келе жатыр. Жалпы сол кезде әкемнің «Моң­ ғолиядағы көне түркі жазулары» деген үлгілі еңбек шығарайын деген ойы болған, енді ол кезде көптеген қыспақтар, тарихи-саяси жағдайлар болды, сол себепті бұл еңбек өте кешіккен. Әлі де толық шықпай жатыр. Әкем 1993 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында жетекші ғылыми қызметкер болды. Әлі де сол жұмыста­ рын жалғастырып жатыр. Мұнда 70 мыңдық қазақша-моңғолша ака­ демиялық сөздік жасап жатырмыз. Әкем басшылық етеді, біз көмекші­ міз, енді әкем сол жұмысын өзінің туған ауылында жалғастырып жатыр.

Ерен тұлға Есенәлиев пен парасаты биік Бибатырова Ғайнекен Бибатырова, қоғам қайраткері: Михаил Иванович Есе­нәлиев деген бұл үлкен қайраткер ғана емес, күрескер ғана емес, қарапайым, маңғаз, байсалды, асқақ ойлы адам еді. Енді өмірдің, тағдырдың жазуымен кезінде Саратов облысында туған, ауылдан, қазақ жерінен шетте жүргендіктен болар, біздің өзіміздің халқымыздың тарыдай шашылып жүретін жерлері көп ғой. Соның біреуі осы кісі. Сол осы елім деп еңіреп келген, қазақ ұлтының келешегін, болашағын, халқының жағдайын көп ойлаушы еді. Қандай қызметте жүрсе де, бұл кісі бес рет Жоғарғы Кеңестің депутаты болды, Астананың қалалық комитетінің хатшысы болды, 12 жыл Орталық мәдениет бөлімін басқарды, Сыртқы істер министрі болды, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмасымен жүретін елші болды. Соларға қарамай еш уақытта кеудесіне нан пісіп, мен бастық болдым деп шіренбей, үлкенмен де, кішімен де тіл табысып, әңгімелесіп, ойын біліп, халқына жақсылығын, нұрын шашып жүруші еді. Әшірбек Сығай, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қай­ раткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Ғайнекен Айдархан­ қызы мазасыз жан. Осы бір сөздің төңірегінен ол кісінің көп қырын танып білуге болады. Қазақта әпке деген ұғым бар, бұл әпке қай кезде де жақсы жазылған шығарманың басты кейіпкері сияқты, менің ұғымым­ да. Сол қазіргі күннің нағыз әпкесі, шынайы анасы, айналасында болып жатқан оқиғалардың барлығын шынайы, шыншыл, шын көңілмен қа­ рай білетін кісі ретінде бағалаймын. Ғайнекен Айдарханқызында менің

өзім жеке дара қадірлейтін үш сезім бар, ол жанашырлық, қайраткерлік, сезімталдық. Осының барлығы келіп, кісілік деген қасиетті сөздің құрамына келетін сияқты. Сол қасиетті сөздің барлық болмысын осы кісінің бойынан көрем. Ғайнекен Бибатырова: 90-жылдары жаңа дәуір басталғанда, бұл қалай деген оймен «Азат» деген азаматтық қозғалысты басқарды, оның үстіне өзінің көргендерін, білгендерін айтып, талай кітаптар жазды. Колбиннің кезінде тарихи дүрбелең, керемет шаруалар болып жатқанда, қазақтың біраз азаматтары бұғынып қалып, ештеңе айта алмай, әлгі қызметінен аулақ болып қаламыз ба деп қорқып отырған кезінде бұл кісі дауысын шығарып тұрып, желтоқсан қозғалысындағы ұлтшыл деген атаққа, мысалы, күрескер ретінде мен бұған сенбеймін, бұл дұрыс емес деп, Мәскеудегі Орталық комитетке хаттарды жазған осы кісі. Қазір мына кеңшілік болды деп, елдің бәрін қайраткер деп, күрескер деп кеттік, оның бәрі дұрыс емес. Адамгершіліктің үлкен бас бостандығын, тәуелсіздігін сыйлай білетін азаматтардың күрескер болғаны, ол шын. Кейбіреулер әлгі әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, бәрін екі күннің бірінде газетте мынау қайраткер, мынау күрескер дейді. Нағыз күрескерлер бұрынғы уақытта, мысалы Кенесары Қасымов болса, Сырым Датұлы болса, кейінгі батырларымыз Қасым Қайсенов, шүкір тірі жүр, Рақымжан, Талғат сияқты батырларымыз болса, бұрынғы Байтұрсынов, Бөкейхановтар, Міржақып Дулатовтар болса, кейінгі азаматтар ішінде ең нағыз күрескер, ең нағыз қайраткер Михаил Есенәлиев деп айтар едім. Әшірбек Сығай: Лауазымды қызметтерде бұл кісі көп болған адам. Сонау комсомол қызметінен бастап, бұрынғыша айтқанда мынау кеңес, партия қызметтерінің барлық мектебінен төменгі табалдырығынан жоғарғы табалдырығына дейін ерсілі-қарсылы жүріп өткен кісі. Сол жаңағы жақсы қасиеттердің бәрі қайдан келді десем, бұл көпті көргендіктен, ортасы жақсы болған, замандас ағаларымызбен, атақты біздің ұлдарымыз бен қыздарымызбен табақтас болып, дәмдес болып және солармен тәтті сөздің қадірін кетірмей, аяғына дейін араласқан кісі ғой деп ұғамын. Анау Қосай Егізбаев сияқты, жаңағы суреттегі Михаил Есенәлиев, Өзбекәлі Жәнібеков, Сағым Кенжебаев, кешегі өмірден өткен Дина Ерғалиқызы, Ғибат Мырзағалиев сияқты қазақтың біртуар азаматтарымен тұстас болып, замандас болып, солармен жақсыны да, жаманды да бірге көріп, өмірге баға беруде, адам тануда қырағылығының белгісі сол аралықтардан табылады ғой деп ойлаймын. Ғайнекен Бибатырова: Ол кісі өз заманына еңбек етті, заманының ағымына қарай. Мен де партияның айтқанын жасадым, мен де сол кезде өзімнің билігімді, қолымнан келгенін аяғаным жоқ, бірақ қазір болып жатқан дүниеге мен қарсымын. Ел тәуелсіздігі үшін, елдің, ұлттың

жақсылығы үшін, жақсы өмірі үшін басымды пида етуге бармын деген азамат осы Михаил Есенәлиев болды. Ол кісі жымиып қана күлетін, үлкенге үлкенше, кішіге кішіпейілдікпен қарайтын. Ол елім деп, жерім деп, оның келешегі деп боздап жүретін, еңіреп жүретін азаматтардың бірі еді. Нағыз мемлекет қайраткері, нағыз мемлекет күрескері, нағыз батыр, нағыз батыл, нағыз байсалды, нағыз маңғаз адам еді деп әлі күнге дейін аруағын сыйлап, алдында басымды иемін. Әшірбек Сығай: Қазір Ғалымдар үйінде әртүрлі тақырыптағы, мәдениет, әдебиет қайраткерлерінің құрметіне өтіп жатқан шаралар – барлығы сол кісінің бастамасы. Қарапайым қазақ қызының қазақы тірліктері біздің ұлттық нақышымызға сән сияқты. Осы мынау мейірімділік деген сөзді көп айтамыз. Міне, мейірімділік, тұла бойы мейірімділік, ізгілік, жанашыр сезімге мол. Сондықтан жаңағы сөзімді, мазасыз жан деп бастағаным осы. Ал қазір біреу біреу үшін отқа күймейді, суға түспейді. Ал бірақ қазір біреу үшін пейіл білдіру, ниет білдіру және соған тілектес болу, бұдан асқан ұлы қасиет бар ма, жалпы.

Арман қосқан достар Айтан мен Мұрат Айгүл Дәулетова, Айтанның жары: Айтекең Қытайдан келгенде, енді білесіз ғой шекараны бұзып өтті. Кішкене жазаға берді мұндағы үкімет, шекарадан өткені үшін. Сосын көп азаматтар одан да қорықты, беделді жігіт болса да, білімді жігіт болса да, университет бітірсе де. Сосын енді Айтекең естіп жүрді ғой, оқыған Қытайда жүргенде де, Кеңес

үкіметінде, мына Қазақстанда қандай жаңалықтар болып жатыр, қандай әдебиет, мақалалар шығып жатыр, бәрін біледі. Сонда Мұраттың атын, сосын ана жақта «Жас күш» деген топ құрғанда, Мұрат өзінің «Жас тұлпар» деген ұйымын құрды. Соның бәрін Айтекең біліп жүрді. Сосын бар білген жолдастарын, Қытайдан келген белгілі азаматтарды салып Мұратты іздестірді. Сол уақытта Айтекең жұмысшы болып жиһаз комбинатында істеп жүр екен. Сосын Мұратты іздеп табады. Сосын ойында бір ойы бар екен, кітап жазсам көрген-білгенімді, Қытайдағы өткен жолымды деп. Мұрат Шығыстану факультетін бітірген, қытай тілінің маманы, Мәскеуде бітірген деп естиді. Мұрат пен Олжас ағаны іздеп табады. Содан сұрайды, қалай, жазсам болады ма деп. Олар жаз деп бар білгендерін ақылдарын айтады. Сол уақыттан бастап, мен ойласам, енді 1972 жыл ма, 1974 жыл ма, Мұраттың Айтекең екеуінің таныс болғаны­ на енді отыз жылдан асып кетті. Жәркен Бөдеш, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері: Айтанмен Үрімші қаласындағы Шыңжаң университетіне түскен кезде таныстым. Екеуіміз де жас кезіміз, бозбала кезіміз. Ол саяси факультетке түсті де, ал мен тіл-әдебиет факультетіне түстім. Содан бастап біздің таныстығымыз басталды. Ол кезде ол өлең жазатын, ақын болатын. Ол бала кезінен өлең жазып келе жатқан ақын жігіт. Бізді ең алдымен таныстырған өлең болды. Осыдан бастап біздің Айтанның көзі жұмылғанша достығымыз, сабақтастығымыз үзілген жоқ. Көп жылдар Айтан Мәскеуде жұмыс істеп жүрді, сол кезде ай сайын хат жазысып тұрдық біз. Мен бұл Алматыдағы ақын-жазушыларды, Алматыда болып жатқан жақсылықтарды хат арқылы жеткізіп тұрдым, өз көңіл-күйімді хат арқылы жеткізіп тұрдым. Ол маған Мәскеудегі өзінің көрген-білгенін хат арқылы жеткізіп тұрды. Сөйтіп біз 7–8 жылдар бойы хат арқылы жазысып тұрдық. Ол анда-санда Алматыға келгенде, мені сөзсіз іздеп табады, біздің содан бала кезіміздегі, жас кезіміздегі әңгімеміз жалғасады. Айгүл Дәулетова: Біз енді үйленгенде Айтекең ана жақтан жалғыз басты жігіт болып келді. Мұнда келіп отбасын құрғанда, Мұрат күйеу жолдас болды Айтанға. Балдардың да өмірге келгенін көрді, куә болды. Сосын солардың қарым-қатынасы Айтекең кеткенше үзілген жоқ деп айтуға болады. Әлі күнге шейін Мұрат көңілімізді сұрап, көмегін беріп тұрады. 1998 жылы олар Қытайға екі рет сапар шегіп келді, үш аймақтың екеуін аралап үлгерді, сол 1998 жылы Іле автономды республикасының Тарбағатай, Құлжа, Бұратала, Үрімшіні көріп үлгерді. Сонда Сайран көлінің жағасында түскен суреті. Айтекең Сайран көлінің жағасындағы жайлауда туған. Оқысаңыздар білетін боларсыз, «Атыңнан айналайын, Сайран көлім» деген өлеңі бар. Сайран көлге көп, қайта-қайта оралып жүреді шығармашылығында. Енді Айтекең өзін кәсіби ақынмын деп

айтқан жоқ, ол Жәркенді санайтын өздерінің арасынан шыққан ақын деп. Ол өзі әуесқой ақын, бірақ кейде болмай қалғанда жұмыстары, көңілінің кірі түскен уақыттарда болмаса, қуанған кезде қалам алып, өлең жазатын өзінің бір қасиеті бар еді. Жәркен Бөдеш: Кейін келе Айтан қоғамдық іске көп араласты. Саясатқа араласты, соған байланысты қоғам жайлы, ел жайлы, еркіндік жайлы көп әңгімелесетінбіз. Ол жастайынан еркіндікке құмар жігіт болатын, әсіресе мынау Шығыс Түркістанда жатқан қазақтардың еркіндігін аңсайтын. Оқып жүргеннің өзінде ұлт мәселесін көтерді. Қытайда ұлт мәселесі шешілген жоқ, аз ұлттарға қамқорлық керек деген мәселені сол кезде, студент кезінде көтеріп шықты. Содан бастап бұл өзінің саяси көзқарасын кәдімгідей шынықтырды. Саясатта шынықты ол. Айгүл Дәулетова: Қытайдың бұрынғы ескі философтарын Конфуцийден бастап сол уақытта оқыған. Сонда Конфуцийдің бір мәселесін келтіреді оқығанда. Бір кісіні жазалап жатыр екен, басқа көп кісі қарап тұр, бірақ оған көмектесе алмайды. Сонда ойлайды көптен пайда жоқ деп, тұрғандардың ішінен ең болмаса біреуі ақылды болса, ойлы болса, басқаша болып кетер еді деп, содан бастап Конфуцийдің еңбегін оқиды. Сосын Абайды оқиды, қазақтың зиялы қауымын оқиды. Сосын Алашорданың белгілі азаматтарының бәрін білетін. Әсіресе ой салған, үлгі болған Мұстафа Шоқай болды. Сосын ол студент кезінде оқыған, айналасын қараған, не болып жатқанын бәрін байқап жүрген. Өз ортасында бұрын талай соғыстар болған, ұлт-азаттық көтерілістер болған, солардан енді біреуі болмаса біреуі қалған. Олардан көрген-естігендері болады, соларды іздеп, ерінбей, жалықпай тауып, сөйлесіп, ойына түйе берген сол мәселенің бәрін. Жәркен Бөдеш: Айтан еңбекшіл жігіт еді, қатты ізденгіш еді. Оның оқымаған кітабы, тарихы кемде-кем. Өзімнің білгенімше солай. Ол саясатты, тарихты, әдебиетті көп оқитын. Барлығын өзінің зердесіне сіңіріп отыратын. Ол сондай қағілез болатын, оқыған нәрсесі бірден жатталып қалатын. Өлеңдердің көбін жатқа оқитын. Мен енді өзімнің өлеңдерімді жатқа оқымаймын, менің өлеңдерімді Айтан жатқа оқушы еді. Содан кейін оның өлеңге деген пікірі өткір болатын. Өлеңнің қай жерінде қандай артықшылығы бар екенін бірден танитын еді. Айтанның тағы бір ерекшелігі – досқа өте адал еді. Өз жанын дос үшін қиюға адал жігіт болатын. Сонымен бірге ол басын ғана емес, бүкіл мына Шығыс Түркістанда жатқан қазақ қандастарымыздың тағдырына өте көп алаңдайтын.

Жыр дүлділі, күй күмбірі
Бабалардың жаны нәзік, рухы биік болмаса,
«Сарыарқадай» сырлы саздар жетер ме еді бүгінге?!
Б. Құсанбек. «Өлең – Өзім» кітабынан

Сүйінбай мен Қонаев Сұлтанғали Садырбаев, филология ғылымдарының докторы, про­ фессор: 1978 жылы Алматы мен Жаркент қаласының аралығында тұрған Шоқан Уәлихановтың ескерткішіне Дінмұхамед ағамыздың барғандығы туралы очерк жарияланды. Сол очеркте былай деді: Димаш ағамыз ескерткіштің қасында тұрып, былай деді, 1856 жылы Шоқан Уәлиханов Семейден шығып, Аягөзге келген, Аягөзден Алматыға келген, Алматыдан Ыстықкөл сапары басталған. Ыстықкөл сапары демекші 1848 жылы Ыстықкөлдің жағасында қазақ – қырғыз бас қосқан, 7 күнге созылған ас болған. Сол аста қырғыздың атақты ақыны мен қазақтың даңқты ақыны Сүйінбай мен Қатаған айтысқан. Сол айтысты сендер білесіңдер ме деп сұрапты қасындағы облыстың, ауданның партия комитеттерінің хатшыларынан. Кәне, білсеңдер, Сүйінбай мен Қатағанның айтысы-

нан бір-екі үзінді жатқа айтыңдаршы деп. Сонда қасында тұрған партия қызметкерлерінің бәрі төмен қарады дейді. Жаңағы очеркте айтады. Онда сендер білмесеңдер, мен айтайын деп, Димаш ағамыз Сүйінбай мен Қатағанның айтысынан, Сүйінбайдан 2–3 шумақ, Қатағаннан 2–3 шумақ өлеңді жатқа айтты дейді. Сүйінбайдың атымен бір кеңшарды атауыңызды сұраймын, Сүйін­ байдың зиратына ескерткіш орнатуды сұраймын және Сүйінбайдың музейін орнату туралы өтініш айтайын деп, хаттың текстін жазып, Алматы облысы, Жамбыл ауданының 4–5 еңбек еріне қол қойғыздым. Соңына текстін дайындаған Сүйінбайдың шөбересі әрі әдеби зерттеушісі Сұлтанғали Садырбаев деп өз атымды қойып, қол қойдым. Сол хатты сол кездегі партияның жауапты қызметінде жүрген Нұртілеу Бакинов деген жиен ағайыма апарып бердім. «Мына хатты реті келсе, Димаш ағаның өз қолына тапсырыңыз», – деп. «Жарайды», – деді. Содан 1–2 апта өткеннен кейін мені Алматы облысының, партия комитетінің бірінші хатшысы Кеңес Аухадиев қабылдады, өзінің шақыртуымен, бірінші көргенім еді, Кеңес маған жылы шырай танытты, жүріс-тұрысына, сөйлеген сөзіне қарап, бұл байсалды, сабырлы, ақылды адам екен деп ойладым. Әңгіменің бірінші барысында Кеңес маған мынадай сұрақ қойды: «Сұлтеке, Сіз Қазақстан компартиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа Сүйінбайды мәңгілік есте қалдыру туралы хат жазыпсыз, сол хат бойынша бізге тапсырма берілді, жақында бұл мәселені обкомның бюросында қараймыз, өзіміздің ұсынысымызды орталық комитетке жолдаймыз. Соның алдында сізбен 1–2 мәселе туралы ақылдасып алсам деп шақырттым», – деді. «Айтыңыз», – дедім.

«Сұлтеке, сіз Жамбыл ауданында туып өстіңіз, ауданда қанша елді мекен бар екенін жақсы білесіз, Сүйінбайдың атымен қай елді мекенді атасақ болады», – деді және «қай жерге ескерткіш орнатуға болады және қай жерге музей орнатуға болады», – деді. Осы үш мәселеге пікіріңізді айтыңыз деді. Мен бірінші сұрақ бойынша былай дедім: «Реті келсе, Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ деген жерде дүниеге келген. Сол туған жерінің, кеңшарының атын Сүйінбайдың атымен атағанды жон санаймын» дедім. Екінші, «зираты елді мекенінен 2 шақырым таудың ішінде тұр, соған жақсы күмбез орнатылса, үшін­ ші, әдеби музей орнатылса» деген тілегімді ашық айттым. «Бұл сіздің және еңбек ерлерінің жазған хаты ол кісінің жеке бақылауында тұр. Бұл мәселеге алаңдамаңыздар, сіздердің тілектеріңіздің орындалатынына мен сенемін», – деді. Содан не керек, Сүйекең туралы орталық комитетке, Димаш ағамызға жазылған алғашқы хаттың тағдыры осылай шешілді. Бір ай ма, бір жарым ай ма, содан кейін бізге хабар келді, маған. Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бюросы Сүйін­ байды мәңгі есте қалдыру туралы мәселені қарады. «Жамбыл ауданында бір кеңшардың аты аталсын, зиратының басына ескерткіш орнатылсын, музей орнатылсын деген қаулы қабылданды» деген хат келді. Сол қаулының мәтіні Республикалық баспасөзде жарияланды. Жыр алыбы Жамбыл мен күй дүлдүлі Дина Сұлтанғали Садырбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор: Дина мен Жамбылдың шығармашылық қарым-қатынасы туралы бірнеше естеліктер бар. Сол естеліктің бірі Кенен Әзірбаевтың айтқан естелігі. Оны жазып алған филология ғылымдарының докторы Нысанбек Төреқұлов. Естеліктің қысқаша мазмұны мынадай: «1938 жылы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына 75 жыл толуына байланысты арналған бүкілодақтық торқалы той болады. Сол той Алматыдан басталып, елінде жалғасады. Еліндегі өтетін тойға бір топ көркемөнер қайраткерлері келеді. Соларды ең алдымен Күләш бастап келеді. Күләш келген бетте Жәкеңнің мойнынан ұстап, бетінен сүйеді. Жамбыл да Күләштің мойнынан ұстап, бетінен сүйеді. «Айналайын, менің бұлбұл әнші қызым, өздеріңмен Динаны неге ала келмедіңдер, Дина әжең қайда?» дейді. Осы сұрақты А. Жұбановқа да, Ш. Жандарбековаға да қояды. Осы сұрақтың астарында Жамбылдың Динаны өте жақсы көргендігі, өнерін өте жоғары бағалағандығы жатыр».

Қаршыға Ахмедияров, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Сол уақытта Ахаң естиді, Қали Жантілеуовтер Динаның баяғы «16-жыл» сияқты күйлерін тартады. Сол оқиға халыққа жайылып кеткен. Бұл Дина кім екен деп, іздеу салдырып Жұбанов, Смағұл Көшекбаевты жібереді. Смағұл Көшекбаев барып, ақыры оның сәлемдемесін айтып, содан кейін Алматыға шақырып, 1934 жылы слетке көптеген майталмандар келді ғой, бірақ шешем оған келе алмады. 1937 жылы Смағұл Көшекбаевпен ілесіп, шешем осы Алматыға келеді. Қасында Қисмет Бидіғалиев деген домбырашы жігіт болады. Сол Қисметтің аузынан естігенім, екеуі бірге паровозға отырып келеді. Келгеннен кейін, бірден Ахаңның үйіне келеді. Ауылдан шаршаңқырап келген, басында кимешек жаулығы бар, киіз қапшыққа, кішкентай дорбаға салған домбырасы бар. Келген бойда Ахаң бірден домбыра тартуын өтінеді, сонда шешем домбыраны алып, күйін тартып жібергенде, Ахаң бірден ойланып, Сәбит Мұқанов сияқты қазақтың ұлыларына телефон шалған екен. Содан ертеңіне қой сойып, кездестіріп, шешемді құрметтеген. Қасында болған Қисмет Бидіғалиев деген ақсақал былтыр дүние салды, мен сол кісінің аузынан естігенмін. Оған дейін Ахаң Уақаптың тартысын көрген, Қалидың тартысын көрген, Құрманғазының тікелей шәкірті болып жатса, Мәминді көрген, енді бұдан артығы жоқ шығар деп ойлап жүрген ғой. Дина шешемнің тартысын көргеннен кейін, ойы басқа жаққа бөлініп, сол күннен бастап, жеке домбырашы ретінде шешей филармонияға қабылданған ғой. Сұлтанғали Садырбаев: Бір-екі күннен кейін Дина Жәкеңнің аулына келеді. Келген бетте екеуі бір-бірін құшақтап, бір-біріне жылы сөз айтып, дастарқан басында Дина шешеміз бірнеше күй тартады. «Әсем

қоңыр», «Тойбастар» деген күйді тартады. Күйді керемет тартады. Сол кезде жұрт тыңдап отыр ғой, «Динажан, сенің бес саусағыңның барлығы да алтын саусақ, не деген керемет домбырашысың, не деген шебер ойнайсың, ғажап қой» деген Жамбыл өзінің Динаға деген, Динаның өнеріне деген құштарлығын айтады. Сол кезде Дина: «Жәке, мен Құрманғазының шәкіртімін, бір кезде Құрманғазы маған «егер менің оң қолымды, сенің сол қолыңды берсе, дүниеде одан асқан күйші болмас еді» деп еді», – депті. Қаршыға Ахмедияров: Ритм тоқтаған кезде, өмір бітеді деген сөз. Өмір жалғасып жатыр, сол аттың тұяғының тырсылына байланысты «Ата толғауы» деген Жәкеңнің күйі негізі. Мені алдына малдасын құрып отырғызып, күйін тартып отыратын дейді. Содан Нұрағаң дамытты оны. «Ата толғау» күйі қазір Нұрағаңның тек домбыраның шанағындағы күйі емес, қазір үлкен бишілер билейтін, үлкен оркестр ойнайтын үлкен күйге айналып кетті. Дина шешенің күйлері де қазір үлкен оркестрдің қолында, «Әсем қоңыры», «16-жылы», «8 марты» – көптеген күйлері, мысалы жеке домбырада орындалып жүрген «Науаи» күйі тіпті кейде домбыраның мүмкіншілігіне сыймай, басқа жағынан да кетіп жатады. Сұлтанғали Садырбаев: Жамбылдың бірнеше күйлері сақтал­ ған. Олар атап айтқанда: «Көрұғлы Сұлтан», «Едігенің шалқымасы», «Стамбұл», «Шортанбайдың күйі», «Сұрмерген», тағы басқалар. Жә­ кең кезінде қырғыздың атақты күйшісі Мұраталы Күреңкеев күйші­мен дос болған. Екеуі бірде қырғыз бен қазақтың ортасында үлкен Алатау­да өткен тойда танысады. Жәкең айтады, мынау атақты күйші кім дегенде, қасында отырғандар айтады, бұл қырғыздың атақты күйшісі Мұраталы күйші. Сол кеште Жәкең өлең айтып, домбыра тартады. Қыза-қыза ке­ ліп, екеуі домбыра тартысады. Мұны кейде күй жарысы дейді, күй айтысы деп атайды. Сол кеште Мұраталы Күреңкеев 15 күй тартады да, Жамбыл 13 күй тартады. Жәкеңнің әділеттілігі сол, Жәкең былай дей­ді: «Мен бірнеше атақты, керемет, ғажап ақындармен айтыстым, солар­дың бәрін жеңдім. Бірақ қырғыздың Мұраталы күйшісінен жеңілдім. Мен 13 күй, ол 15 күй тартты», – дейді. Бұл Жәкеңнің әділеттілігін көр­ сетеді. Қаршыға Ахмедияров: Жамбыл атамен кездескендегі бір құдіреті, Алғадай соғыста қайтыс болып, 2–3 күндей орнынан тұрмай жатып алған ғой атамыз. Ұлылар бәрі бар, қырғыздан ақындар келеді, көптеген қазақтың бас көтерер жазушылары барғанда, теріс қарап жатып алған екен. Сосын шешемді алып барыпты. Дина шешем домбыраны қағып жібергенде, қайтадан аударылып, басын көтерді дейді. Ол күйге деген үлкен құрмет қой. Сонда «сөз біткен жерде, саз басталады» дегеннің дәлелі.

Жыр алыбы Жамбыл мен бұлбұл Күләш Сұлтанғали Садырбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор: 1946 жылы Жамбылдың туғанына 100 жылдық үлкен салтанатты мереке болды. Сол мерекеде мен ауылға каникулға, оқып жүрген кезім, Жамбылдың он екі бөлмелі музейі – Жамбылдың үйіне келдім. Қасымда екі-үш бала бар, сонда қазіргі Жамбылдың қонақ қабылдайтын бөлмесінің төр жағында, пердеден сығалап қарадық. Ол кезде баламыз, 5–6-сыныпта оқып жүрген. Сонда төрде танығаным, Мұхтар Омархан-­ ­ұлы Әуезовті көрдім. Оны таныған себебім, бесінші сыныпта «Бүркітші» деген әңгіме бар, сол «Бүркітшінің» жоғарғы жағында Әуезовтың порт­ реті берілген. Күләш Бәйсейітова қасында отыр. Оны да газет-журнал­ дан көп көргенмін. Екеуі де біреуі ай, біреуі күн сияқты жарқырап отыр. Жамбыл Жабаев Күләш Бәйсейітованы өте жоғары, ерекше бағалаған. Менің Күләшім, менің сандуғашым, менің бұлбұлым дейді екен. Жам­ былдың Күләшқа арналған бірнеше шумақ өлеңдері бар. Қызым келді қасыма қызғалдақтай, Жүрер ме екен кәрінің сөзі жақпай. Сені тапқан анаңнан айналайын Бір міні жоқ мүсінінде, арғымақтай, – дейді. Демек, Жәкең Күләшті, Күләштің жаратылысын, табиғатын ерекше жаратылыс, ерекше табиғат деп санап отыр. Роза Жаманова, КСРО Халық әртісі: Біздің театрда сол Бру­ силовскийдің «Ер Тарғын» деген операсы қойылды. Күләш апай

Ақжүніс рөлін ойнайтын. Онда менің студент кезім, консерваторияда бесінші курстан бастап, бізде бас дирижер болатын, сол кісі мені бәрібір театрға келесің ғой деп шақырып, Ақжелең рөлін берген, сол кісімен ойнадым. Енді сахнаға шыққанда, қорқып, жүрексінетінмін. Ол кісі маған «кішкентай» дейтін. «Кішкентай, бері келші, олай жаса, бұлай жаса» дейтін. Сосын «Қыз Жібек» операсы қойылды Брусиловскийдің. Қыз Жібек рөлін Күләш апай сомдады, мен сол Қарлығаштың рөлін айттым. Режиссеріміз Құрманбек Жандарбеков болатын. Ол кісі өте көп нәрсе берді маған. Сондықтан әлгі айтып отырғаным сол, мен бақыттымын деп. Өйткені сол кісілердің сахнада жасаған образдарын көріп қалдым. Мінезі өте бір жуас, қарапайым адам еді. Бірақ біз ол кісінің жанында жүруге батылымыз бармайды. Өйткені ол кісінің беделі жоғары болатын, былай қазақша айтқанда түкірігі жерге түспейтін. Сұлтанғали Садырбаев: 1936 жылғы 17–23 мамырда Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің онкүндігі болады. Оған 300 адам қатысады. Қазіргі Абай атындағы опера және балет театрының ұжымы халық әндерінің негізінде жазылған «Қыз Жібек» операсын Мәскеудің Үлкен театрында қояды. Кремль сарайында Жамбыл Жабаев «Замана толғауы» деген өлеңін айтады. Сол декадада, декада біткеннен кейін 1936 жылы 26 мамырда Бүкілодақ атқару комитетінің қаулысымен Жамбыл Жабаевқа және Күләш Бәйсейітоваға, жазушы Сәкен Сейфуллинге «Еңбек Қызыл Ту» ордені беріледі. Үшеуінің суреті сол кезде­гі «Известия» газетіне жарияланады. «Известия» газетінде Жамбылды «ақындық өнердің жарық жұлдызы» деп атаған, Күләш Бәйсейітованы «Қазақ халқының бұлбұлы» деп бағалаған. Күләш тәтеміз кезінде екі рет Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған, сонан соң бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшесі болған, бірнеше шетелге сапарға шыққан. Роза Жаманова: Сосын есімде қалғаны, Күләш апайды депу­ таттыққа ұсынды, сонда біздің осы консерваторияға келді. Консерваторияда, менің студент кезім, суреттеріміз бар Күләш апаймен түскен. Сонда келіп, осы театр туралы көп әңгімелер айтқан. Меніңше өте жақсы киінетін. Енді маған солай көрінетін. Күләш апайдың ордендері омырауындағы, моншақтары, алтын сырғаларын студент кезімізде алдына жүгіріп барып, көруді армандайтынбыз. Енді бәрі де қызық еді бізге. Сондай үлкен дәрежеде ұстайтынбыз ол кісіні. Ол кісі бізге жас боп көрінбейтін, өзіміз жаспыз ғой. Спектакльдеріне барып, «Дайси» деген грузиннің операсы болатын, театрда жүретін. Сонда жүргенде Грузиядан екі гастролер келді. Сонда Күләш апай Мароны айтты. Залда енді отыратын түгіл, тұратын орын болмаған. Біз студенттер жарға жабысып тұрып тыңдағанбыз. Сосын ол кісілер Күләш апайды Грузияға, Грузия операсына шақырады, сол рөлді айтқызу үшін. Сонда көргендер

айтады, Күләш апай айтқаннан кейін, грузиндер Күләш апайды көтеріп, қонақ үйге дейін жеткізіпті деп. Ол енді бізге, Қазақстан үшін, әртістер үшін, өзіміздің театрдың атағы үшін керемет дүниелер ғой. Халық ақындары Нартай Бекежанов пен Нұрлыбек Баймұратов Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор: 1939 жылы Нартай Бекежанов пен Нұрлыбек Баймұратов Алматы қаласында жекпе-жек айтыс өткізді. Бірі Семей облысының атынан, екіншісі Қызылорда облысының атынан. Осы айтыста төрелік етуші, біз­дің атақты ақынымыз, жырауымыз, жыршымыз Нұрпейіс Байғанин болатын. Бұл жөнінде Әуезов өзінің «Әр жылдар ойлары» деген кітабын­ да айтқан болатын. Осы айтыстың керемет өткендігі, асқан шабытпен өткендігі, құлшыныспен өткендігі, сөздерінің кестелілігі, ойларының өткірлігі, осы жөнінде Әуезовтің еңбегінде көп айтылған. Ал енді Нар­ тай Бекежановқа келетін болсақ, бұл кісі 1890 жылы туған. Атақты Мансұр Бекежановтың інісі. 1934 жылы Алматы қаласында республика өнерпаздарының слёті өтті. Сонда осы слётке Жамбыл бастаған атақты әншілер, жыршылар, орындаушылар, айтыскерлер қатысқан болатын. Осы 1934 жылғы үкімет қаулысында Қалибек Қуанышбаевқа, Серке Қожамқұловқа «Халық әртісі» атағы берілді де, осы Нартай Бекежановқа үкімет 50 сом зейнетақы тағайындады. Серікқазы Қорабай, Әдебиет және өнер институты директоры­ ның орынбасары: XX ғ. қазақтың халық поэзиясына, оның ішінде айтыс өнеріне өлшеусіз үлес қосқан ақындардың бірі, жыр жүрегі Нұрлыбек Баймұратов болатын. Нұрлыбек ақын 10 жасында түнде ұйқыдан атып

тұрып, өлең шығарған екен. Содан әке-шешесі шошып, Нөкең ауруға шалдықты деп, ертеңіне сол өзі туып-өскен Бесқарағай ауданының Семерка селосына дәрігерге апармақшы болып, жолда бір туысқанының үйіне қонады. Сол жерде Ахметшәріп Отажанов деген үлкен зиялы қазақ азаматы осы үлкен жиын үстінде баланың талантын байқап қалады. Нұрлыбек ақын жұртшылық арасында өзі рұқсат сұрап, бір ауыз өлеңмен, 10 шақты шумақты бірден шығарып, елдің көзіне түседі. Сол жерде Ахметшәріп Нұрлыбекті әкесімен бірге өзінің үйіне қондырып, бір апта бойы Абайдың өлеңдерін жаттатады. Ахметшәріп туралы айта кетсек, ол атақты «Абай» фильміндегі Айдардың прототипі. Серік Негимов: Өнерпаздық мектебі қандай, ақындық ортасы қандай дегенде, өзінің естелік сөзі бар. Нартай Бекежанов: «15 жастамын, Шиеліден Ақмешітке келдім. Тайжан ақын келіпті дегенді естідім. Ханбазардың ортасында, ақ боз аттың үстінде, сырнайын құлаштап сермеп, ән шырқап тұр екен. Тайжанның желпілдеген әсем мұрты көкке парлап ұшқан қыранның қанатын, аузынан ағылып төгілген сөздері ескектеген желді елестетті. Мен Арқаның тамаша табиғатына шомылғандай болдым», – дейді. Содан бұл кісі негізінде Тайжан Қалмағанбетұлы­ның шәкірті. Тайжанның бір сөзі бар, бұл кісі атақты Үкілі Ыбырайдың жиені ғой, Тайжан ақын. Сол Тайжан ақын мынадай сөз айтқан екен: «Аралап Сырдың бойын серуен еттім, Ән шырқап талай-талай жыр жөнелттім, Арқадан Сыр бойына ескерткіш деп, Әнімді, мен Нартайға тастап кеттім». Серікқазы Қорабай: Нұрлыбек ақын өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған. Осы біздің халық өнерінің үлкен өкілі бола жүріп, Кеңес дәуіріндегі алғашқы айтысты бастаған да осы Нұрлыбек ақын болатын. 1922 жылы айтыстың айтулы шебері Иса Байзақовпен айтысып, Мұхтар Әуезовтің үлкен батасын алған. Осы айтыста Иса қала ақыны болып, Нұрлыбек ауыл ақыны болып, үлкен жыр додасына түседі. 1925 жылы Нұрлыбек ақын Мұхтар Әуезовтің тапсырмасымен «Қала сұлуы» атты поэма жазып шығады. Бұл поэмасында Нұрлыбек қаланың жеңілжүрісті, опасыз қыздарын сынға түсіреді. 1939 жылы маусым айында Алматыда Қазақстан ақын-жазушыларының екінші съезі өтіп, осы съезд үстінде Нұрлыбек ақын съезд делегаттарын бірден суырып салып өлеңмен құттықтайды. Осы съезд үстінде Нұрлыбек КСРО Жазушылар одағына қабылданады. Серік Негимов: 1949 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиет-өнерінің онкүндігінде Нартай шырқап отырғанда, сол жерде Буденныйдың отыр­ уы, Мұхтар Әуезовтің отыруы, міне, осы жағын алғанда, бұл біз­дің

ұлтымыздың руханиятының, әсіресе халық өнерпаздарының ай­насы сияқты. Нартай асқан әнші, сырнайшы, домбырашы болған. Нартай­дың «Толқын» деген әні бар. «Толқын» жөнінде Ахмет Жұбановтың керемет пікірі бар. Ахмет Жұбанов «қазақ музыкасында көрнекті орын алатын музыка қайраткері» деп атақ берген, баға берген. Серікқазы Қорабай: Нұрлыбек ақын сонымен бірге үлкен эпик ақын да болған. Бұл ретте ол «Қанды жорық» деген поэма жазып, бұл шығармасында атаман Анненковтың бандысының зұлымдықтарын әш­ ке­релеп, жырға қосты, халықтың ерлігін баяндады. Сонымен бірге, 1944 жылы атақты қаһарман, Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров­ тың ерлігіне арналған «Ер Төлеген» деген поэма жазды. Нұрлыбек Баймұратов біздің халқымыздың фольклорын кейінгі ұрпаққа жеткізу­ де үлкен еңбек сіңірді. Бұл туралы көрнекті ғалымымыз Есмағанбет Смай­ылов өзінің еңбектерінде «Нұрпейіс пен Нұрлыбектен біздің қай ғалымымыз болса да үлгі алмағанымыз, сірә, кем шығар» деген сөзі бар. Нұрлыбектің жинаған мұралары Ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасында және біздің Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында папка болып сақталып жатыр. Сонымен бірге Нұрлыбек ақын өзінің үлкен әдеби мектебін де қалыптастырған болатын. Осы ретте қазір арамыздағы айтыстың үлкен шеберлерінің бірі Қалихан Алтынбаев өзін осы Нұрлыбек ақынның ізбасары, шәкірті ретінде әрқашан мақтан тұтты. Нұрлыбек Баймұратов 1887 жылы бұрынғы Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданындағы Балапан ауылында туып-өскен. Ол 1969 жылы 82 жасқа қараған шағында, сол ауданның Николаевка селосында қайтыс болып, жерленген. Қазір сол ауылда Баймұратов атындағы көше және мұражай бар.

Құдіретті Құрманбек пен дауылпаз Ғарифолла Кәукен Кенжетаев, Қазақстанның халық әртісі, профессор: Құ­ ре­кең ешқандай консерватория, ешқандай театр, институт бітірген жоқ. Құрекеңдер, Ғарекеңдер бұлар халықтың ішінен шыққан таланттар. Бұлардың дарыны анасының құрсағынан басталған, бұлардың да­ рындығы бұлардың қанында бар. Бұлар әртіс болып туған, тіпті айтар едім режиссер болып туған деп. Өйткені қазір қалтасында дипломы бар режиссерлер бар ғой, біздің дипломымыз бар, бітіріп келдік деп жүрген. Бірақ Құрекең мен Ғарекең сол институтты бітірмей-ақ режиссер маманының шыңына жеткен адамдар. Осы күнге дейін солардың қойған

спектакльдері жүріп жатыр. Сондай қызу адамдар еді, тез ашуланатын, тез қайтатын, оны өзі де айтатын. Бірақ өнерге деген тазалығы бар еді, адал еді, кіршіксіз адал еді. Мынау менің спектаклім, мынау менің ойыным, мынау менен нашар ойнайды деп Құрекең өмірінде айтқан емес. Құрекең мені сүйреп, Бекежанға шығарды, Құрекең маған «Ер Тарғын» спектаклін берді. Сонда «Ер Тарғын» спектаклін қабылдап отырғанда Құрекең айтып еді: «Ер Тарғынды» мен де қойдым, Бәйсейітов те қойды, бірақ Кенжетаевтың қойғаны олардан артық», – деп. Мұны қандай режиссер айтады, ешкім айта алмайды. Сонда сұрақ қойғам Құрекеңе, «Сіз тіпті өзіңізден асырып жібердіңіз ғой Кенжетаевты», деп. Құрекеңнің ұлы сөзі бар, «шәкірті ұстазынан асса, ол бақыт емес пе» деген. Қажыбек Бекбосынов, Қазақстанның халық әртісі: Ғарекеңнің тең­десі жоқ, ол кісі серіппелі бұрап қойған пружина сияқты еді. Ол кісінің сахнаға шыққандағы шабытын адам баласының бойына бере бермейтін нәрсе. Сахнада шалқып отырып, толқып отырып, төңкеріліп отырып айтқан әні, анау даусының қалықтап, жоғарыда ұшқан құспен теңесіп тұратындығы, мың емес, тіпті неше миллионның басына бере бермейтін дүние. Сондықтан ол кісі әншілік жағынан, біздер үшін арман боп қалатын, болашақ ұрпақ үшін сіздер арқылы, жазба арқылы таспалары қалған адам. Ал ұстаз жағына келетін болсақ, біз ол кісіге 1965 жылы алдына студент болып келдік, шәкірт болдық. Сол уақытта ол кісінің бізге деген, балаға деген, шәкіртіне деген көңілі өте ғажап еді. Өйткені мен өз басым әкелік тәрбиені аз көріп қалған адам едім. Ол кісі бізге өнер тәрбиесімен қоса, әкелік тәрбиесін көп берді. Міне, сол кісінің сол уақыттағы бізге айтқан сөзі, әңгімесі, болашақты көріп айтқан болжамы қазір бәрі өзіміздің алдымыздан шығып, өмірде соның

бәрі қажетіне жарап жатыр. Ол кісінің сөздерінің қасиеттілігі сонша, көрегендігінің дәлме-дәлдігі сонша, айтып кеткен сөздері 20–30 жылдан кейін алдымыздан шығып жатыр. Ондай адамдарды мен айтар едім әулие деп. Әулие деген кісілер сондай-ақ болар. Сондықтан Ғарекеңе тек қана әншілік жағынан қарамай, адами жағынан, ол кісінің қасиеті жағынан қарасақ, шынын айтсам, біртуар адам. Біртуар деген сөздің өзі де аздық ететін сияқты көрініп тұрады. Кәукен Кенжетаев: Үлкен театрда айтып тұрғанда, Бекежанның Қыз Жібекке келіп, мен Төлегенді өлтіріп келдім, енді сен менікісің деп айтатын өлеңі бар төртінші актіде. Сонда даусы дұрыс шықпай қалған, суық тиген бе. Сонда жүрексініп тұрған кездегі ісі ешкімнің ойына келмейді. Ол тапқырлық, ол Құрекеңнің ұлы тапқырлығы. Кейіннен ол үшін Құрекең таяқ та жеген. Сен сөйттің, бүлдірдің Қыз Жібекті деп ұрысқан. Сосын Құрекең айтқан, мен енді дауысым жетпесе не істеймін, тапқан амалым, ойыма осы келсе деген ғой. Қажыбек Бекбосынов: Ғарекең деген көпшіл адам еді, біреуге жаманшылық ойламайтын еді. Бізге айтқан сабағында, тәрбиесінде де өнерде адамның жүрегі кір болса, таза өнер шықпайды деп тәрбиелеп отыратын еді. Осының өзін көрдіңіз бе, қандай ұлағатты сөз. Шын мәнінде, адам өмірінде сондай нәрсе болу керек. Лай жүректен таза өнер шықпайды. Соны айтып отыратын. Артыңнан сөз ерсе, өнеріңнің жоғарылағаны деп. Анау-мынау адамды сөз қылып не істейді, сенің өнерің асып бара жатқаннан кейін, көре алмағандар, жете алмағандар артыңнан жаман-жаман сөз ертіп отырады дейтін. Атағың шыққан са­ йын, бетегеден биік, жусаннан аласа бол деп отыратын. Ол кісі ел арасына шығып, домбыра тарту, ән салу – ұлттың қасиетті өнері, сол ортаға барғанда айтатын әңгімеңді, ұлттық өнердің арғы-бергісін, көптің бәрі біле бермейді, соны бір адамдай айта білуің керек. Соны ұрпаққа жеткізе білетін, бір адамдай құлаққа сіңдіре білетін адам болып тәрбиелену керек деп айтып отыратын. Кәукен Кенжетаев: Құрекеңнің өмірі – жалт етіп өткен құбылыс. Құрекең, Шәкеңді елдің серісі деп атағанбыз. Енді тек біреудің айтуымен жеткізу қиын, оны көру керек, оны білу керек, Құрекеңмен сөйлесу керек. Құрекең ерекше тұрған адам, дипломы жоқ, пәлен-түген деген ол түк емес. Құрекеңнің қойған спектакліндей, қалтасында дипломы бар үлкен режиссерлардан мен әлі көргенім жоқ. Біраз Құрекең, Ғарекеңдер не дегенмен көп айтылмайды. Ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Қажыбек Бекбосынов: Осындай бір кішкентай ғана абыройға, атаққа жетіп отырсақ, соның тең жартысы – жақсы ұстаздың, жақсы Ғарекеңдей әнші адамның тәлім-тәрбиесі. Ғарекеңдер жайында әлгі ол кісінің өнерінің ерекшелігі жайында жазып, тексеріп жатқан адам жоқ.

Сол Ғарекеңдердің өнерін зерттеп, ерекшелігін жазып, осындай қағазға қалдырып отырса, бұл болашақ әншілерге үлкен сабақ, көрсетіп жатқан үлкен жол болар еді.

Күйші Қали Жантілеуов Қаршыға Ахмедияров, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор: Дүниежүзіне белгілі, дү­ бірлетіп келген Құрманғазы оркестрі, міне, сол оркестрдің бірінші бас домбырашысы болған Қали Жантілеуов. Қали Жантілеуовтен кейін Рүс­ тембек Омаров, одан кейін мен алдым. Мен оркестрге 1965 жылы кел­дім, мен келгенде Қалекең демалысқа кеткен екен. Анда-санда көріп жүрдім, 1970 жылдан кейін сол кездегі ректор болған Еркеғали Рахмадиев Қа­ ли Жантілеуовты, Жаппас Қаламбаевты ескі дәстүрмен, кәдімгі қолдан алып, қалай тарту керек үлгісін көрсетуі үшін екеуін консерваторияға ұстаздыққа шақырды. Ол кезде біз студентпіз, сол Қалекеңнің қолынан біз күй алдық. Қалекеңнің орындауындағы жиырмадан астам күйді Шә­міл Әбілтаев, Айтжан Тоқтаған және біздер өз қолынан алып қал­ дық. Міне содан бері күй тартудың, Қалекеңше, Рүстемше, Мағауияша тартудың, Әзидоллаша тартудың үлгілері бізде қалыптасты. Ал енді мына Қалекеңнің ұстаздық ерекшелігі қазір еліміздің мақтанышы Шамғон Қажығалиев, Бәтима Балғаева, Құбыш Мұхитов, Нұрғиса Тілендиев, Болат Мансұров, міне, осы кісілердің бәрі Қалидан үйренген. Сонда бұл кісінің ұстаздық ерекшелігі, осы күй тартқандағы тыныс алу тәсілі, күйдің ішіне кіруі, күйдің ішкі тақырыбымен тарихты байланыстыруы, сол арқылы Құрманғазының болсын, Дәулеткерейдің

болсын, басқалардың да репертуарындағы күйлерді тең автор сияқты орындайды. Кәдімгі автор қалай шығарса, солай орындап, сол қалпын­ да өзгертпей тартады. Мысалы, Дәулеткерейдің «Жігерін» Бөкейханов­ тар алып келсе, бірақ оны жүйеге келтіріп, осы кезге дейін қалыпқа түсірген Қали Жантілеуов. Міне, осы кісінің ұстаздығы. Ол кісіден дәріс алғаныма өте бақыттымын деп есептеймін. Махамбеттен Құрманғазы болса, Құрманғазыдан Мәмен болса, Мәменнен Қалиға дарып тұр. Қалидан біздер, міне, негіз қайда жатыр, күйшілік негіз. Әуелден сол білімге құштар, өнерге құштар жер. Міне, қараңызшы, сол Бекетай құмында Махамбет туып-өседі, Құрманғазы да, Дина да сол жерде, Уақап, Қали да сол жерден, Мәмен де сол жерден. Сол кішкентай Бекетай құмының аумағы, кеше Кеңес үкіметі кезінде 1947–1948 жылға дейін 22 ұжымшар кішкентай жерде шоғырланған, малдарға қыста пішеннің қажеті жоқ, қораның қажеті жоқ жерде туған. Ол топыраққа да байланысты шығар. Бірінші, кәсіби деңгейде дыбысты шығара білу керек. Ол қайдан шығады, кезінде Уақап, Қали скрипка да тартқан, ал скрипка сол өңірге құмның арасына барып, қарапайым халықтың қолына тиіп ойналуының өзінде үлкен мән жатыр. Бұл не? Бұл кәсіби үлкен дыбыс шығара білудің алғашқы мектептерінің бірі. Екінші жағынан, музыкада дем ала білу. Егер оқып отырып, тіпті әдебиетте де арасында дұрыс дем алмасаң, оның құны кетеді ғой, Құранда да сол. Сол сияқты музыкада да, күйде де демала білу керек жерінде. Сол демалыспен бірге қолды дұрыс сілтей білу керек. Мысалы, ордан аттағанда, сен бірінші аяғыңды көтересің ғой, көтермесең суға түсіп кетесің. Сол сияқты музыкада да өзінің уақытымен демала білмесең, уақытымен қолды көтере білмесең, жығылып өлесің. Тарта алмай күйді, сүрінесің. Міне, кәсіби деңгей деген осында жатыр. Осының бәрін сезіп қабылдап, бір-бірімен ұштастырған домбырашы Қалекең. Оң қол мен сол қолдың бір-бірімен байланысы дыбыс ала білу, демалыс ала білу, осындай қасиеті бар педагогтан дирижерлар шығып тұр ғой. Ал дирижер оны білмесе, онда дирижер болмайды ол. Міне, Қалекеңнің ұстаздық құдіреті осында жатыр. Әр күйді тартқанда, әуелі әңгімесін айтады. Он үш-он төрт жасар кезіміз, Уақап екеуіміз ауылдан бір тайлаққа мінгесіп, базарға, мал базарға бардық. Мал базарына барып, тайлақты сатып, бірінші рет екеуіміз кәстөм кигенбіз. Сөйтіп жүрсек, бір еркек адам ақ түйе жеккен арбаны жетектеп, базарды айналып, «ал, кешке Дина мен Мәмен күй тартысады» деп, айқайлап, базардың ішіне кіріп айналып шықты. Біз қарадық дейді, Дина деген сол кездің өзінде, «Дина қатын» деп атайды, бізге үлкен, қолға түспейтін өнерлі адам боп естілді дейді. Көрдік. Басына сәлдесін жапқан, ол кезде жастау, қолында домбыра, қолын сілтеп отыр

екен, бидайық, төрт аяқты арба, үстіне текемет жайған, жаңағы Дина шешем күйін орындап отыр. Риза болған халық ақшаны лақтырып жатыр орамалмен. Әлгі кісі базарды айналып, шығып кетті. Кешке бәленше байдың үйінде Мәмен мен Дина кездеседі, соған келіңдер, шақырамыз деп айтты дейді. Содан екеуіміз, ауылға қайту жайына қалды, тайлақ жоқ, кәстөмімізді киіп алдық, жас жігітпіз. Сол үйге бардық, барсақ халық толып тұр, үйіліп. Үлкен үй екен, байдың үйі. Жұрттың аяғының астынан кіріп, жорғалап, жақындадық. Дина қолын ары-бері тербетіп, неше түрлі шеберлігін көрсетіп, бір он шақты күйін тартты, үйде балам жас еді деп, рұқсат сұрап кетіп қалды, одан кейін Мәменге келді, Мәмен ол кездің өзінде жетпіс-сексенге келіп қалған үлкен шал. Аппақ сақалы бар, алдын жауып отыр екен, жайлап, баппен тартып, таңға дейін тартты. Сонда Мәменнің тартқан күйінің сазы, әсері, осы уақытқа дейін құлағымызда, оған дейін ән салып жүргенбіз Уақап екеуіміз. Сол Дина мен Мәменнің күйін тыңдағаннан кейін біз күйге ауыстық. Жаңа айттым ғой, оба деген аурудың кезінде жолға шығып, бір түгел өліп жатқан ауылдың үстінен түстік, қасымда жолдастарым бар. Содан үйге кіріп келіп едік, түгел өліп жатыр екен, кейін қайта шықтық та, ойыма түсті дейді, қара тұз ғана құтқарады бұл ауылды деген сөз. Қазандықтың қасына барып едім, қой жейтін қара тұз үйіліп жатыр екен, соны үлкен аяққа қоймалжың қылып ерітіп, мен ішіп қойдым, қасымдағы жолдас­тарым іше алмады дейді. Іше алмаған достарым бір күн, екі күннен кейін қайтыс болды, мен болсам әлі күнге дейін тірі жүрмін дейді. Міне, осындай әңгімелерді айтып отыратын. Кенен мен Ерзакович Төрткен Кененқызы: Кейде отырып алып таң қалатынмын, қа­ лай екеуі бірін-бірі түсінеді деп. Мына Ерзакович аға, ол кісі орысша, ана кісі қазақша сөйлейді, сонда бір-бірін қалтқысыз түсінетін. Сонан кейін мен алтыншы сыныпта оқып жүргенімде, Отар стансасында тұрамыз. Ол кісі үйге келіп, қонып, үлкен аккардеоны бар, содан кейін атаның әндерін нотаға түсірді. Магнитофон таспасы емес, нотаға түсірді. Сонда мен жас баламын, ар жағына бір шығып, қастарында жүремін. Ол кезде бізде май шам, жарық жоқ, сонда май шаммен оты­ рып, екеуі түнімен отырып жұмыс істейтін. Сонан жазып бітіре алмай кетті атаның әндерін. Бірақ Алматыға, өз үйіне қонаққа шақырып кетті. Сонда мен кішкентаймын, атам мені алып, Ерзаковичтің үйінде қонақта болдық.

Алтын Кетегенова, өнертанушы: Сол еске салсақ, бұрын XІX ғ., XX ғ. басында А.Ф. Эйхгорн, А.В. Затаевич біраз өлең­дерді жазған. Олар­дың біз бәрін білеміз. Бірақ Ерзакович оларға қарағанда өлеңдері жазылған, өте кәсіби қызметкер боп шықты. Төрткен Кененқызы: Ерзакович менің атамнан көптеген ән жазып алды. 50–60 әндері бар шығар. Соның ішінде әсіресе Балуан Шолақтың 11–12 әнін жазды. Кейіннен «Балуан Шолақ» деген кітап шығыпты, сонда ата туралы ескерткіш жазып кетіпті. Сонда жазған екен, Балуан Шолақтың әндерін мен тұңғыш рет осы Кененнен жазып алдым деп. Алтын Кетегенова: Сонан бері 8 жыл, Қазақ радиосының музыкалық бөлімінде жұмыс істеген. Әншілер, күйшілер толып жатыр. Олар тікелей эфирде, радиодан өлеңдерін айтады, кейбіреулеріне аккомпонемент керек болды, сонда Ерзакович бірінші рет халық өлеңде­ ріне аккомпонемент жазуды ұйымдастырып отырған. Ол уақытта таспа жоқ жазатын бүгінгідей. Қалай айтылады, солай нотаға түсіреді. Сонымен не керек, 8 жыл арасында 500-ге жуық халық әндерін, ең мықты кісілерден, Естай Дөркенбаев, Әли Байжанов, Әміре Қашаубаев сияқты біраз кісілерден және Кенен Әзірбаевтан жазады. Төрткен Кененқызы: Атамен екеуінің достығы қалтқысыз еді. Өнер адамдары бірін-бірі солай түсінісе ме, керемет сыйлайтын, са­ қалынан сипап, құшақтап, әйелі екеуі атаға қызыл шай беріп, қазақша дастарқан жасап, бауырсақ жасап, сыйлайтын. Сонда мен қастарына ілесіп барып, бірге жүретінмін. Ерзаковичтің Кенен атаның өлең жағы­ на сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Алтын Кетегенова: Ерзаковичтің алдында ешкім тексті халық әндеріне жазбаған. Бірінші үлкен еңбегі сол. Екінші жағынан 1967 жылы ол диссертация қорғаған, қазақтың халық өлеңдері үшін, сонан кейін 1966 жылы докторлық диссертациясын қорғаған. Біздің «Пе-

сенная культура казахского народа» деген кітабымыз, сол докторлық диссертациясының жұмыстары. Ерзакович, бір жағынан, өзі нотаға тү­ сірсе халық өлеңдерін, екінші жағынан, соны зерттеуші болды. Мысалы, қазір бізде қанша сабақтар өтеді, халық композиторын еске түсіру жағынан, бәріміз сол кісінің кітаптары бойынша сабақ береміз. Төрткен Кененқызы: Сонан бір күні мен Борис ағаның үйіне бардым. «Аға, атаның әндерінің бәрін нотаға түсіріп берсеңіз, шығарсақ екеуіміз, әндер жинағын», – дедім. Содан ол кісі маған Асқан Серікбаева деген апайды тауып берді, консерваторияда сабақ береді екен. Жоқ, әлде фольклор бөлімінде қызмет ете ме, әйтеуір сол кісіні шақырып алыпты, менімен таныстырды да, мына Төрткен екеуің бірігіп, Кенен Әзірбаевтың әндер жинағын шығарыңдар, 25 әні өңделген, дайын, соны берем, қалғанын Төрткеннен жазасың деді. Ол кітапта мен де бар. Ол 1977 жылдары шықты, сапасы аса жақсы емес, бірақ домбыраға арналған нұсқасын менің айтуыммен нотаға түсірді. Сол кітап «Бозторғай» деген атпен «Жалын» баспасынан шықты.

Сыбызғышы Ысқақ пен домбырашы Әли Мүнирә Уәлиева, Ысқақ Уәлиевтің қызы: Біздер сол елден келдік қой, елде ол кісінің өзі сыбызғы тартудан басқа, сынықшылық қасиеті де болған. Малдың сынған аяғын, бәрін өзі салады екен, мерген болған екен. 1934 жылы Ахмет Жұбановтың құрастыруымен осында бізді көшіріп әкелді ғой. Осында 1934 жылы слёт болды. Сонда бізді қайтадан шақырып әкелді де, қонақ үйге орналастырып қойды. Сонан бері қарай ол кісі Пушкин 41-де, спектакль қойып, бір бөлімшеден бір бөлімшеге

концерт қояды. Қали Жантілеуовтермен бірге өнер көрсеткен. Бұл кісіні әр жерге, не опера театрының оркестріне шақырып кетеді, не мында шақырып кетеді. Айса Шәріпов, Әли Құрмановтың шәкірті: Әлекеңнің жас кезінде­ гі бірінші қызметі милиционер еді. Осы милициядан шығып, тігінші болған екен. Бұл кісінің қолынан, «Сегіз қырлы, бір сырлы» дейді ғой қазақ, келмейтіні жоқ. Өзі тігінші. Сосын 1934 жылы келген, әр елді ара­ лаған. Біздің Әлекең ағай да оркестрде қызмет істеген. Қазір енді Әле­ кеңнің балалары бар, ер жетті, әрқайсысының отбасылары бар. Апамыз 85-ке келгенде қайтыс болды. Мүнирә Уәлиева: Ол кісі Ахмет Жұбановқа 4 запись берген. Одан кейін соғысқа кетіп қалды ғой, ол кезде жазып алатын таспа жоқ. Оның Мәскеуде бір пластинкасы бар. Ғазиза Жұбановамен әңгімелесіп тұрдым, сол кезде ол Мәскеуде оқыды ғой, Беляевпен бірге келіп менен «мынаны кім орындаған?» деп сұрады. Уәлиев Ысқақ деп әлгі пластинка­ның сыртына жазып қойғаны бар. Айса Шәріпов: Әлекең солист, домбырашы, әрі әнді де айтады, күйді де тартады. Ол Қазанғаптың күйлерін жақсы көреді, әсіресе. Осы Исаның термелерін, әсіресе, «он алты қызды» айтқанда, «Молдабайды» айтқанда, кешегі Жамбыл Жабаевтың термелерін айтқанда, көрермен жібермейтін. Ең соңында өзі жабады концертті. Сонда өзі концертті жүргізеді, бір жағынан әзіл-қалжың айтады. Бұл енді менің көргенім. Сонда қара тер болады ғой. Ақ көйлекті сыққанда су шығады. Міне, сондай азамат еді. Мүнирә Уәлиева: Ал енді сыбызғыны, жаңағы Уәлиев Қабиболла деген ағасының баласы мына Пушкин мұражайына тапсырған еді, 1952 жылы. Сол сыбызғыда жазулы тұратын: «Мына сыбызғыда Уәлиев Ысқақ ойнаған» деп. Соңғы кезде соны таба алмадым. Мен өткенде барғанда іздестірдім. Сосын Фурмановқа ауыстырылған екен, онда да бірнеше сыбызғы бар ғой, соның бәрі осы кісі жасаған сыбызғы. Енді естідім, түріктер келгенде, біреуге сыйлыққа беріп жіберген деп. Сонда сол сыбызғының өзі жоқ, ал көшірмелері бар. Айса Шәріпов: Домбыраны тартқанда, мұның өзі ғажап еді. Бұ­ рын-соңды мен мұндайды бірінші рет көруім. Домбырада ойнағанда, бір бетінен ұрмайды, тек ішектің өзін ғана ұрады. Мысалы, Исабай Жақыптың «Келтірмесін» тартқанда, енді ғажап еді ғой. Мұны қазір музыкалық тілмен айтқанда, сөз таппайсың. Мына қырғыздар тартады ғой, міне, сол сияқты тартады. Әсіресе ән салғанда керемет еді. Ол кісі де марқұм боп кетті.

Композиторлар Мұқан Төлебаев пен Бақытжан Байқадамов Бекен Жылысбаев, Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор: Мұқан Төлебаевпен бірінші жүздесуіміз 1940 жылы Мәскеу консерваториясында болды. Біздер, Байғали Досымжанов, Қапан Мусин үшеуіміз сол жылы консерваторияға түскенбіз, ал Мұқан үшінші курста оқып жүр екен. Кәукен Кенжетаев, Шабал Бейсекова бірге. Содан сол жылы соғыс басталып, мен соғысқа кеттім, соғыстан келгенде Мұқан Төлебаевпен шығармашылық кездесуіміз «Коммунизм оттары» деген кантатадан басталды. Мұқан Төлебаевтың сол кезде «Тос мені, тос», «Кестелі орамал» деген романстары соғыс кезінде шыққан. Содан кейін Абайдың сөзіне жазылған «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деген романсы болатын. Ол романста Абайдың сөзі қандай майда, қандай жайлы, қандай нәзік, қандай көркем болса, Мұқан Төлебаев сол романста Абайдың шығарған ойын музыкамен жалғастыратын адам. Күнімжан Байқадамова, Бақытжанның қарындасы, профессор: Әкеміз 1928 жылы «халық жауы» деп репрессияға ұшырап, содан біз өте көп қорлық көрдік. Үлкен апамыз Дана Байқадамова, 14 жаста, отбасының үлкені сол еді. Әліби Жанкелдин әкеммен арасы қыз алыс­ пайтын туыс болдық, сол кісі жасырын түрде бізге жәрдем беріп тұрды. Балаларды көшіріп алып келді. Сөйтіп ақыры ең кішісі Данаш апайдан кейін Бақан болды. Он бір жасында әкесінен қалған Бақан математикадан сабақ беріп жүріп, өзінің музыкаға деген бейімдігін байқаған. Роза Бағланова айтатын, кейін Роза Рымбаева шырқап жүрген «Айгөлек» әнін шығарды. Содан кейін «Пионерлер маршы» балаларға арналған.

Соғыс уақытында Скарусский деген Украина консерваториясының профессорына, украин композиторы Покамаловтың отбасына өзіміздің екі бөлмелі үйдің бір бөлмесін берді. Өзі ақкөңіл адам еді. Осы кісілерден үйрен, сен өлең шығарып жүрсің деп шешем Бақанды осыларға қосып қойды. Нотаны, гармонияны, сольфеджионы үйренді. Украин музыкасын ол кісі ойнайды, ал қазақшаны Бақан ойнайды. Бекен Жылысбаев: Опера мен кантатаның жолын біздің халыққа ең бірінші түсіндіріп беріп, жол салып кеткен Мұқан Төлебаев болды. Мұқан Төлебаев пен Бақытжан Байқадамовтың арасында бір жолдастық қатынас бар. Екеуінің мінезі екі түрлі, Мұқан сондай жай, маңызды, Бақытжан болса жанып тұрған от секілді, өзінің мінезіне қарай музыкасы да солай. Мысалы анау «Водовоз» деген әнін тыңдасаңыз, Бақыт­ жанның өмірінің ішкі құрылысын, өміріндегі биіктігін, ұшқырлығын түсінуге болады. Бұл екі композитордың екеуінің шығармашылық жолы екі басқа. Мұқанда классикалық опералық жол болса, Бақытжан капеллада істеді, дирижер болды, соған көп шығармалар жазды кейінгі кезде, кейбір күйлерді капеллаға қосып шығарып жүрді. Күнімжан Байқадамова: Ансамбль құрып жүргеннен кейін біз конкурсқа қатысып, фестиваль, олимпиада да ылғи 1-орын алып жүргеннің арқасында Бақанға бір үлкен рояль берді. Бір күні келсе, шешеміз рояльдің үстіне кілем жайып, оның үстіне дастарқан жайып самаурын қайнатып, шай ішіп отыр екен. Төлебаев екеуі кіріп келіп, «Мама, мынау не сұмдық?» десе, «ойбай, сендер де шығыңдар, мына рояльдің аяғы мықты, үй суық, отын жоқ, жағылмаған. Кел, айналайын, Мұқан, келіп менің артыма жата салшы», – депті. Содан рояльдің үстіне шығып, мамамның шайын ішіп ұйықтап, мынау рақат екен депті. Содан рояльдің астына бес-алты шелек картошка толтырып қойған мамасына: «мама, мына картопты қайдан алдыңдар?» – деп сұрайды. «Е, қайдан алғанын қайтесің, үйге келіп шай ішіп жүріңдер», – депті анасы. Мұқан менің шешемді «мама» дейтін. Бекен Жылысбаев: Мұқан Төлебаев қызық адам еді, бір нәрсеге қуанса, ол барлық жүрегімен, ойымен қуанатын. Мұқанның бір артық­ шылығы, ол өзі Мәскеудің консерваториясына барғанда әнші боп бар­ған, бірақ сол бір жылдан кейін даусы мен денсаулығы жарамай, композиторлыққа көшіп кеткен. Сол композиторлық жолында Мұқан үл­кен табыстарға жетті. Халықтың қалаулы адамы болды, сүйікті адамы болды. Күнімжан Байқадамова: Тіршілікте өте бауырмал болды. Бізге әкеміздің жоқтығын білдіртпеді. Біз тұрмысқа шығып кеткенше сол Валентина Ивановнамен болдық, шешем сол үйден шықты. Бақанның бірінші қызының атын Балдырған деп Әліби Жанкелдин қойды. Ал

Айкүн деген қыздың атын Айсұлудың Айын, менің атымның бірінші Күнін алып қойған. Екі қарындасыма арнаймын деп бізді екі баласынан кем көрмей, өте жақсы көрді. Жолдастары өте көп болды. Бақан деген өте қарапайым болды. Бір мысалы жұрттың бәрі атақ алып отыр. Ол кісі еңбек сіңірген өнер қайраткері деген атағын 1957 жылы алды. Композитор Мұқан Төлебаев пен ақын Жұмағали Саин Қасым Қайсенов, Қазақстанның Халық Қаһарманы: ақын Жұма­ ғали Саин деп айтты маған. Мен ондай адамды көрген жоқ едім ғой, білген жоқ едім ғой. Ақын-жазушылар деген көркем адам болады екен, тамаша адамды көретін болдым-ау деп жүгіріп келіп, ашып кірсем, Сперанскийдің алдында жұпыны киінген, шағын ғана денелі адам отыр. Мен кіріп барған кезде, «Міне, жерлесің, Вася, партизан отрядының командирі» деді Сперанский. Ол адам маған тіке қарады да, амандасу­ дың орнына, «балалар үйінде өстің бе?» деді, мен «жоқ» дедім, полковник түсінді де, «жоқ, оның фамилиясы басқа болуы керек, оның атын, фамилиясын айтуға тіліміз келмейді, сондықтан біз оны Вася дей­ міз», – деді. Ақырын жымиып күлді. Сөйтіп мен Жұмағалиды бірінші рет 1944 жылдың желтоқсан айының басында Украинаның Киев қала­ сында бірін­ші рет көрдім. Дариға Төлебаева: 1959 жылы шілденің басында Көкшетауға Бір­ жанның турған жеріне бардық. Суық тиіп екеуіміз де ауырып қалдық. Содан бізге үй беріп, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ беріп, сол үйде тұрдық. Мұқанды көреміз, әңгімелесеміз деп барлығы келді ғой енді. Жанкел-

дин болды әйелімен, суретте сол бар, сосын Жұмағали Саин болды, ол Мұқанды өте сыйлайтын еді. Мұқан да сол кісінің шығармашылығы туралы жақсы сөз айтатын, таңданатын, екеуі суретке түсетін. Қасым Қайсенов: Бір күні «әй, Қасым, сен Украинада жақсы соғыстың, мыналар барлығы шулап айтып жатыр, армияға бұлар жібермейміз, қимаймыз деп жатыр. Енді еліңе қайт, қайтасың ба» деп менен сұрады. Мен «қайтамын» дедім. «Ендеше мен босатып аламын» деді. Бұл Жұмағали бірбеткей, сондай мықты адам екен. Украина орталық партия комитетіне дейін барып мені босатып алды. Екеуіміз Украинадан бірге қайттық. Дариға Төлебаева: Салмақты кісі еді, сабырлы, көп сөйлемейтін. Сондай әдемі, тәтті сөзбен қаратып алды. ЖенПИ-де бірінші курста оқып жүріп тұрмысқа шықтым. Сонда кісілер көп сөйледі, ректорға дейін, мақала жазылды. Мұқан мақаланы оқып күлді. Содан ол Мәлік Ғабдуллинге жағдайды айтып, екінші курсқа көшіріп алды, содан соны бітірдім. Қасым Қайсенов: Келгеннен кейін біз Жұмағалимен араласып кеттік, мына апаңмен екі-үш күнде бір барамыз, олар бізге келеді, сөйтіп араласып кеттік. Жұмағали ағаның үйіндегі жеңгең орыс Екатерина Михайловна. Оның үш ұлы, бір қызы болды. Үлкені қыз Баян, одан кейін Алдан, Марат, ең кішісі Владимир деген ұл. Мараты қайтыс болып кетті. Қазір үлкен қызы Баян тұрмыста, немерелері бар, Алдан да алпыстан асып кетті, оның да балалары бар, Владимир қара шаңырақта тұрып жатыр, оның отбасылық жағдайы осындай. Дариға Төлебаева: Үйінде олар үш ағайынды. Мұқан ең үлкені, содан соң Әлім, сосын Әпкен. Әлім қайтыс болды, Мұқан сияқты ауруы, бауыры ауырады. Мұқан мен Әлім ұқсас еді, үш баланың үшеуінің де саусақтары әдемі болды, үшеуі де домбыра тартады, өлең де айтады, поэзияны жақсы білетін. Қасым Қайсенов: Ол енді үлкен ақын болатын. Жұмағалидың ең бір керемет қасиеті ол Ұлы Отан соғысында соғысып жаралы болып жарты денесінен айырылып келді ғой, келгеннен кейін оның жолдастары көрініңіз деп дәрігерлерге көрсетіп, 1 топтағы мүгедек екенін көрсетіп берді. Енді соны пенсияға есептемей қойды. «Мен Отанға сіңірген аз­ ды-көпті еңбегімді сатуым керек пе, ол үшін Отаннан ақша алуым керек пе?» Сол үйінде төрт баламен тұрып сол күйі қайтыс болып кетті. Оны мына жора-жолдастары бәрі біледі. Үлкен поэмалары да бар оның «Күләнда», «Абдолла» деген. Мықты ақын еді. Дариға Төлебаева: Сағат тоғызға бармайтын еді, не болса да ұйқысын қандырып, шайын ішіп, жұмысқа сосын ғана баратын еді. Шәкен Айманов: «Ой, Дариға, глубокое соболезнование выражаю, Му-

кашка твой стал директором оперного театра», – деді. Себебі ол Мұқан директор болуға лайықты емес еді, ол білетін еді. Сағат он бірде келеді жұмысқа. «Ай, Кәукен, жүріңіз» деп машинасына отырғызып, табиғатқа шығаратын. Мұқандай табиғатты сүйетін адамды естіген де жоқпын, көрген де жоқпын.

Музыкатанушы Болат Сарыбаев пен балалар ақыны Қабдыкәрім Ыдырысов Тілеукеш Жаубасова, өнер зерттеуші: Біздің Болат ағамыз артына көп еңбек қалдырды, әсіресе өнер саласында. Аспаптану ғылымына, аспап саласына осындай 30-дан аса еңбекті жеке өз басы іздеп, тауып, ғылыми түрде анықтама берді. Болат ағамыз 1981 жылы мұражайда еңбек етті. Ең алғаш екі кітабы шықты, екеуі қазақ тілінде, біреуі орыс тілінде. Сол еңбегінің бірін мұражайға шаңыраққа арнап, өз қолтаңба­ сын қалдырды. Болат ағамыздың өзі орыс мектебін тамамдаған, соған қарамастан, біздің ұлтымыздың, қазақ халқының осындай дүниелерін жиыстыру, бұл екінің бірінің қолынан келмейді. Сондай-ақ, бұл кісі сонау Баянөлгей, Моңғолияда тұратын қазақтардың арасына дейін барған, оны менің өз көзім көрді. Сол 1990 жылы барғанымда, Болат ағамызды сұрап жатты. Сол аға тірі ме, қандай еңбекқор адам, сонау жолдан шаршап келсе де, денсаулығына қарамастан, ел аралап, осы ауылда қандай өнерпаздар бар, сыбызғышылар бар, қобызда ойнайтындар бар, домбыра шертетін қариялар бар ма екен, қандай шебер бар деп іздеп, тыным таппайтын. Түннің ортасы демей, таңертең ерте тұрып, көптеген

өнерпазды жиыстырды. Сол ақыры Қалек Қомақайұлы деген ақсақалды тауыпты. Атақты, сол аймақтың белгілі сыбызғышысы, өнер зерттеуші керемет күйшілерді тапқан. Сол жерде моңғол қазақтарының сыбызғы тарту өнерін көріп 5–6 сыбызғы алып қайтқан екен Болат ағамыз. Бәдеш Ыдырысова, ақынның жары: Қабдыкәрім, енді жұрттың бәрі де біледі ғой, халқына танылған ақын деп есептеймін. Өйткені бар-жоғы 50 жыл өмірінде, 21 жылын қиыншылықпен өткізді. Өйткені әкесін 37де алып кеткенде, Қабдыкәрім 9 жасында, анасы 29 жасында қалған. Содан 14 жасында еңбекке араласады, енді ол ауылда, 14 жасынан өмірінің соңғы күніне дейін қызмет істеді. Тілеукеш Жаубасова: Тағы бір ол кісінің естелігінен оқығаным, Қырғызстанға демалуға барған сапарында, отбасымен барған ғой, сонда демалмай, қырғыздың қомыс деген аспабын ала барып, сол жердегі балалардың бәрін жинап, өзі концерт береді. Бұл аймақта қандай домбырашылар бар, шаңқобызшылар бар, я болмаса сыбызғы тартатындар бар, сол балалар ағаны жетектеп алып, ауыл-ауылды аралатып алып кетеді екен. Мінекей, сонда Болат ағамыз Ыстықкөлге барғанда демалмай, өзімен бірге Қырғызстанның көптеген аспаптарын алып қайтқан. Бәдеш Ыдырысова: Немере деген басқа, керемет қуаныш қой деп айтатын. Сол Анарына арнап, бір цикл өлең жазды. Ең соңғы шыққан таңдамалысында Анарға арналған бір топ өлеңдері бар. Сол өлеңнің ішінен Қабдыкәрім қайтқаннан кейін, Ескендір Хасанғалиев өзінің баласына арнап және біздің немеремізге арнап «Келші, келші, балашым» деген ән шығарды. Тілеукеш Жаубасова: Ертеден қара қобызымыз бен домбыра ғана белгілі болды ғой, қазір мінекей, біздің ұлттық аспаптарымыздың 40қа жуық түрі айқындалып, ойналып жүр. Сонда Болат ағамыз көне аспаптарды қосып ойнау дәстүрін тастап кетті артына. Сыбызғы мен жетігенде қосылып ойнау, сырнай мен қобызда, домбыра мен жетігенде, үскірік пен қылқобызда ойнау дегендей көп аспап қазір дамып, біздің оркестрлерде, мектеп сыныптарында бүлдіршіндердің қолында жүр. Өзінің ойнап кеткен сыбызғы, үскірік, сазсырнай аспаптары насихатталып келе жатыр. Бәдеш Ыдырысова: Оның даусының күштілігі соншалықты, біздің үлкен ағаларымыз Сәбеңдер, Ғабеңдер қай жерде жиналыста отырса да, я болмаса кештерде Қабдыкәрімге ән айтқызатын. Ешқайда жазылған жері жоқ, Қашағановтың үйіне қонаққа барғанда, Семейге, Мұхтар ағамыздың 70 жылдығы ғой деймін, ұмытпасам, сонда Қашағанов облаткомның төрағасы үйіне шақырған ғой, сонда жазылған дауыстары бар. Енді керемет айтатын әні «Қызыл бидай» еді. Халық әндерін керемет орындайтын. Домбыраны да, күйді де жақсы көретін. Осы

«Жалын» баспасын құрғанда, «Жалын» ансамблін құрамыз деген ой да болған әуелде. Қабдыкәрімде 100-ге жақын текстері бар әндердің, әртүрлі композитор ағаларымыздың жазғаны, Нұрғиса ағамыздың, Сы­ дық Мұхамеджановтың, енді олар нағыз белгілі композиторларымыз ғой, сол кісілермен араласып жүрді. Ол кісілердің Қабдыкәрімге деген пікірлері керемет еді, өйткені Қабдыкәрімнің адамгершілік қасиеті, тіп­ті оның ақылынан бұрын адамды тани білуінде. Тілеукеш Жаубасова: Бұл кісі үскірікті де, сазсырнайды да өзі жасаған екен қолынан. Шаңқобызда, сыбызғыда, жетіген аспабында, домбырада, осы аспаптардың бәрінде өзі ойнай біліп, осының басын біріктіріп, топтап, 7–8 студент «Көне аспаптар үні» деген ансамбль құрған. Ең алғаш 8 адамнан тұрған өзінің ансамблі, бірінші рет 1970 жылы Үнді еліне барып қайтқан екен. Сол кезде ол кісіге үлкен қамқор болған біздің мәдениетіміздің жанашыры Ілияс Омаров ағамыз. Сол кезде комсомол хатшысы болған Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз, осы кісінің еңбектерін, үнін естіп, көне аспаптарын, бағдарламаларын көріп, бір ауыздан Үнді еліне жіберген. Сол жаққа барғанда да 7–8 аспаптың үнін естіп, сол елдің тұрғындары аспаптың өзін жеке-жеке, қолдарымен ұстап, қайта-қайта орындауын өтініпті. Болат ағамыз, әрине, сегіз қырлы, бір сырлы деп айтамыз, екінің бірінің қолынан мұндай іс келе бермейді деп ойлаймын. Бәдеш Ыдырысова: 40-қа жақын кітабы шықты. Ішінде кішірек кітапшалары бар, таңдамалысы да бар, сосын «Советский писательден» шыққан «Добрые сердца» деген жинағы. Әсіресе, Қабдыкәрімнің публицистикасы көп. Оны дайындап, Әділғазин деген жақсы бауырымыз бар еді, қайтыс боп кетті жастай. Сол қарап, дайындап беріп еді. Сол бетінше үйде жатыр. Ұстаз Жүсіпбек пен шәкірт Жәнібек Хабиба Елебекова, Қазақстан Республикасының халық әртісі: Жү­ секең өмірінің барлығын халқы үшін арнаған еді. Ол тіпті Алматыда үйде жүргеннен гөрі, халықтың ішінде жүргенді жақсы көретін еді. Оның білмейтін, бармаған жері жоқ. Қазақтың әрбір ауылына өнермен, әнмен дән сепкендей болған адам Жүсіпбек. Ерінбейтін, ол соғыс жылында да сондай болды, барлық уақытта да халықтың арасында болғанды жақсы көретін еді. Ол ел үшін нағыз өмірін берген адам деп білем. Сосын ән жағына келсе, әнді зерттеуден, үйренуден жалықпайтын еді. Бір әнші сахнада ән салып жатса, бір жерінен кішкене нотасынан шығып кетсе,

қатты қиналып, төмен қарап қалатын. Ал жақсы айтса, көтеріліп, кей уақытта өзі «Па, шіркін» деп қалатын, оны өзі де білмей қалатын, мен жанында отырып, түртіп қалам ғой, «неге айқайлайсың?» деп, білмей қалатын да. Тоты Кәрменова, Жәнібектің жары: Жүсекеңді мен өзім көрдім, неше рет дастарқандас болдық. 16 жасынан бастап Жәнібектің әкесі ерте қайтыс болғаннан кейін, Жүсекең әкесінің орнына әке болып, Хабиба екеуі бірге тәрбиеледі деп айтып отыратын. Енді Жүсекеңнің қасында жүріп, «Қазақконцертте» жұмыс істеп, келесі 1966 жылы студияға оқуға түсіп, сол студияда 2 жыл тәрбие алды. Сол Жүсекең адамгершіліктің ғана академигі емес, қазақ әндерінің де академигі деп айтып отыратын Жәнібек. Және де Жәнібекті ел мақтап, «Жәке, сіз асқан әншісіз, ғұлама жазушысыз, сөйлесеңіз, шешен сөйлейсіз» дегенде, осы менің анамның сүтімен, атамның күшімен дарыған өзімнің тұла бойыма біткен талантымнан басқа, осы бір титтейде жақсы қасиетім болса, осы алдымдағы ағалардан дарыған ғой деймін деп айтып отыратын. Сол ағаларының бірі, бірегейі сол Жүсекең болды. Хабиба Елебекова: Шырақбек Қабылбаев Жүсекеңе телефон шалып, «Жүсеке, оқытып жүрген шәкіртіңіздің жақсысын маған беріңіз, соны сізден сұраймын», – депті. Содан Жүсекең жалынып, «айнала­йын Шырақбек, саған ризалығым соншалықты, осындай бір бала бар еді, үйіне кетіп қалыпты, шешесінің ешкімі жоқ, соны сен алғыз» дейді ғой. Бұл жерден Шырақбек милицияның бастықтарына телефон шалады, олар не екенін де білмейді, тура барып, Абай ауданынан іздеп жүріп, Жәнібекті бір ауылға кеткен жерінен, киімін де кигізбей, самолетке салып алып келеді, елдің бәрі шулап, «ойбай, мынау масқара болды, бұл бір Алматыда жүргенде, жамандыққа ұрынған ғой, бұл не екен» деп,

өздері қатты күйзеліп қалса керек. Осында келгеннен кейін Жүсекеңе айтыпты, Жәнібекті әкелдім деп, Жүсекең барып, қуанып, есі кете келіп, «ойбай, Хабиба, Жәнібек келіпті, бір жатақхана сияқты бір бөлмелі үй берген екен, бірақ мен барып көріп едім, өзі жоқ екен, кереуеттің бетіне жабатын одеялы жоқ екен, жүр, үйіне ыдыс-аяқ апарайық, бір одеялыңды ал, бір әп-әдемі үй сияқты боп тұрсын» деп, машина шақырып, сонда барып, ыдыс-аяғымызды апарып, бір отау сияқты қылып, өзінің туған баласындай қамқорлық жасаған болатын Жүсекең. Тоты Кәрменова: Жүсекең сол студияда сабақ беріп жүрген кезінде, Қонаев көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында тұратын едік, сонда әрі-бері өткенде Жүсекең менің енеме сәлем беріп кетіп жүретін. Ол кісі келіп, бір шәугім шайын ішіп, әңгімелесіп, қалжыңдасып дегендей. Елдің бәрі Жәнібекті Жүсекеңе ұқсататын, өйткені дауыстары да, енді тәлім-тәрбие алғаннан кейін, «болмасаң да, ұқсап бақ» демекші, еліктегесін бе, Жәнібектің бастапқы кезде елдің бәрі, даусынан да, мәнерінен де, жүріс-тұрысынан да Жүсекеңді танитын. Кейін өсе келе, әркім өз орнын, өз өнерін өзінше жалғастырды ғой деп ойлаймын, өйтке­ ні кейінгі кезде Жәнібектің даусын ел Жәнібек деп танитын болды. Хабиба Елебекова: Ал бұның асқан әншілігін менің білгенім, 1984 жылы Жүсекеңнің 80 жылдығы болды. Сонда мәдениет министрлігінің айтуы бойынша, Жүсекеңді еске түсіріп, Жүсекеңнің екі шәкіртін алып, елге барып қайтыңыз, Қарқаралы мен Егіндібұлаққа дегеннен кейін, Жәнібек пен Қайратты алып, мен сол жаққа бардым. Барған жерденақ, екеуі де жақсы әнші, өсіп келе жатқан кезі, халық деген жібермей, рақат бір, Жүсекеңнің 20 минуттық түсірген бейнесі бар, алдымен соны береміз, 2 күн өткеннен кейін Қайратты шақырып алып кетті, осында үлкен концерт бар, соған қатысады деп. Мен енді қатты қысылдым, бұл қалай болады, жалғыз Жәнібек, елдің бәріне хабарлап қойған, енді қай жерге барсаң да, ду-ду бәрі жиналып жатады, бұл қалайша, Жәнібек 2 сағаттық концертті алып жүре ала ма деп қиналып, өзімен ақылдасып едім, тәте, қиналмаңыз, бірдеңе етеміз ғой деп күлді. Не керек, қысқар­ тып айтқанда, Жәнібек сондай тамаша жүргізді, алдымен Жүсекеңнің 20 минуттық бейнесі берілді, артынан әннің тарихын айтады, лекция кон­ церт сияқты болды, әннің тарихын айтып, неге шыққанын, кім шығар­ ғанын айтып, соны елге түсіндіріп келіп, артынан әнін салған уақытта, ел деген өмірі естімеген жаңалықты көргендей болды. Мен осы жолы Жәнібекке соншалықты риза болдым, соншалықты рақметімді айттым, Жүсекеңнің қаншалықты сіңірген еңбегінің далаға кетпегендігін, тура өзі сияқты халық үшін, ел үшін еңбек ететін әнші екенін түсіндім. Тоты Кәрменова: Енді сол Жәнібекпен өткен 20 жыл ғұмырымыз­да 3 балалы болдық, үлкені Әсет, екінші Ақбота деген, үшінші кенже ұлы­

мыз Шәкәрім деген, өзі атын қойып кеткен болатын. Сол балаларын өте жақсы көретін, өйткені Әсет менің әке-шешемнің қолында тәрбиеленді де, бұл үлкен болғаннан кейін, Ақбота Жәнібектің шешесінің қолында болды, енді кенжеміз, өзімізге бұйырған Шәкәрім ғана болды, ол 1990 жылы дүниеге келген. Әрқашанда балаларын айналып, толғанып, қай­ да жүрсе де есіне алып, осы Шәкәрімнің мектепке барғанын көр­ сем арма­ным болмас еді деп айтатын. Мектепке барғанын көру оған бұйырмады, бі­рақ Ақботасы мектеп бітіріп, Әсет институтқа түскенде қайтыс болды. Енді, мен ойлаймын, осы қазақ әйелдерінің ішіндегі ең бақытты әйел мен ғой деп, өйткені осындай қазақтың маңдайына біткен шоқжұлдыздарының бірі Жәнібекпен 20 жыл бойы ыстығына күйіп, суығына тоңып дегендей, артында қалған баласын, ұрпағын тәрбие­леп, қара шаңырағына ие болып отыру маған бұйырған екен.

Жүсекең мен Қайрат Қайрат Байбосынов, Қазақстанның халық әртісі: Әлі есімде, мынау Горький саябағына алып барып, түсіріп, Жүсекең маған қолымен домбыраны қалай ұстау керектігін көрсетіп тұр. Жанында тұрған «Гүлдер» ансамблінде көп жыл бірге істеген, тамаша күйші жігіт Бердібеков Қайділ деген азамат. Қайділ өткен жылы қайтыс болды, бір жыл болды дүниеден өткеніне. Енді мына суреттің қалай сақталып қалғанына өзім де таңмын. Көшіп-қонып жүргенде, студенттік кездерде жыртылмай, әйтеуір үйде

сақталып қалыпты. Енді қарасам Жүсекеңмен түскен жалғыз сурет осы екен. Жанымда енді Кенжеғалы Ташкенов деген досым бар, ол да әнші, екі жыл болды қайтыс болғанына, биік дауысты, тамаша әнші болатын. Қапшағай қаласында тұрды. Өйткені біздің алдымызда Жәнібек түсіп қойды суретке. Жүсекеңді ертіп екі рет фотографияға барып, екеуінде де жабық болды. Одан кейін жарайды тағы түсерміз деп жүргенде, мәңгілік Жүсекең қасымызда жүретіндей, ол кісінің енді о дүниелік боп кететінін қайдан білейін, адам баласы болғаннан кейін. Осы күні әлі өкінем. Әрине, ол кісі сабақ барысында бірден өлең айтқызбайтын. Ол кісі ән туралы айтатын, ол қандай ән, мағынасы қандай, оны кім шығарған, тарихы болса, тарихын айтады, сал-серілер туралы әңгіме қозғайды, жазушылар туралы көп әңгіме айтатын. Оның ішінде М. Әуезовтың айтқан сындарын, мінездемелерін – соның бәрін ол кісі майын тамызып тұрып айтатын. Мұқаңның күйінгенде мұрнын сүртіп тұратынын, қайталап көрсетіп отыратын. Өйткені осы әнді Жүсекеңе қалай айту керектігін, былайша айтқанда ән айту саласының көп қырын меңгерт­ кен осы Мұқаң екен. Жүсекең өте балажанды, жайма-шуақ, ән салғанда жақсылап ән айтып берсеңіз, маңдайы жадырап, насыбайын қағып салып, өткенкеткеннен әңгіме қозғайтын. Енді ана өнердің бәрін алып қалса екен, түпкілікті өнер жалаң болмаса екен, жеңіл болмаса екен, сахнада халықтың әні, әуені бұзылмай, мөлдіреген күйі жету керек деп біз­дің алдымызға үлкен талап қойып отыратын. Әнді кішкене қисық айтсақ, ол кісі «халтуршік» деп ұрсатын. Сондықтан әнді бәрімізге үлкен әке­ лік қамқорлықпен үйретті. Біз әнге сусап өстік. Өйткені біздің уақыты­ мызда бүгінгідей таспа болған жоқ қой. Біз ән үйрену үшін үйдегі радиодан бір ән тыңдап қалсақ, үлгереміз бе, үлгермейміз бе сөзін жазуға тырысатынбыз. Енді сөзін жаза алмайсың ғой, әнін ұғып қаламыз, ол әнді бір айдан кейін бере ме, бір жылдан кейін бере ме, соны сарғайып күтіп жүретінбіз. Сол шөл, сол өнерге деген ынтықтық, өнерге деген ғашықтық, арман жетелеп, бізді Алматыға алып келді ғой. Біз өнерге сусап, құмарланып, мейірлене қанып іштік. Кейде жастарға қарап, аз-маз ренішімді айтам оларға. «Сендер қазір тоқсыңдар, не ішем, не кием демейсіңдер, бұрап қалсаң магнитофон дайын, ашып қалсаң кітаптың ортасы дайын, теледидар небір жақсы әндерді беріп жатыр, сендер әбден тойынғансыңдар. Бір әнді бір ай үйренесіңдер». Бізді де Жүсекең жарыстыратын, кім неше минутта үйренеді екен деп». Кезінде Ақылбайдың әнін М. Әуезов үйретіпті. Жүсекең бар, К. Кенжетаев, К. Бәйсейітова бар, кім неше минутта үйренеді екен деп, сонда марқұм Күләш зерек еді, қағып алды дейді, одан кейінгі зерегі мен едім, мен қағып алдым», – дейді. Сол сияқты бізді жарыстырып отыратын.

Халықтың өнері қаймағы бұзылмай, келесі ұрпаққа жетуі керек. Оған сенің жүрегің таза болуы керек, адал болуы керек. Өмірде екіжүз­ ділік, бір-бірін алдау деген бұл өнер адамына келмейді. Сондықтан өнер адамы есек сияқты көнбіс. Біреу сөйлеп жатса, біреу өсектеп жат­са, соған алаңдамай, өз ісіңді, өз жұмысыңды біліп, өзіңнің алдыңа қой­ ған мақсатыңды орындап шығу керек дейтін. Сол айтқанның бәрі келіп жатыр. Жүсекең елді көрсін, жерді көрсін, сахнаны көрсін, халықпен өнер адамының арасында қалай болуы керек деп, бөлтірігін баулыған қасқырдай, шәкіртін ертіп жүретін. Әрине, оның алдында біздің еститініміз Мәдениет Ешекеевті көгерткен деп, одан кейінгі ерткені Жәнібек. Жәнібектің бір жас үлкендігі бар. Одан кейін бір жыл оқып, жазда демалысқа шыққанда мені алып шықты. Осы Талдықорған, Семей қалаларын аралап, халықтың алдына қалай шығу керек, қалай иілу керек, қалай тұру керек, қыр-сырының бәрін үйретті. Тіпті сахнаға шыққанда микрофонды қойдыртпаушы еді. Қолын сілтейтін алып кет деп. 300 адам отыр ма, 500 адам отыр ма, барлық жаныңды салу керек. Сенің мияулап отырғаның кімге дәру ол. Дастарқан басындағы адамдарға естілу керек, сен ащы теріңді сылуың керек. Халықты ала алмайсың, халықты сендіре алмайсың. Халық ол оңай емес, халық бәрін бағып, мінеп отырады. Мына операның арнасымен қазақтың дәстүрлі әндері асып түспесе кем емес, пара-пар. Сондықтан ышқынып айту керек. Баяғыда еститінбіз, дейді Жүсекең, операда бір арнасының пәленбай нотасын алады деп, сол үшін ғана барады деп. Ал сен сахнада 6–7 ән айтасың, 6–7 әнді бірі­ нен соң бірін асырып айтуың керек дейтін. Міне, сол Жүсекеңнің өнер­ ге деген адалдығы біздің бойымызға нәр боп құйылды. Әрине, осының бәрін кейінгі өзіміздің шәкірттерімізге, кейінгі інілерімізге, кейінгі жас буындарға айтып, осының бәрін түсіндіріп отырамыз. Менен кейін Жарқын Шәкәрім сол жылдары консерваторияның қабырғасын бітір­ ген, күйші-домбырашы болды. Бір жағынан Жарқынның тәп-тәуір өлең айтатыны бар. Содан Жарқынды алып шықты. Жарқынның бір ерек­ шелі­гі – бала сияқты аңқылдап, сосын Жүсекең не айтады соның бәрін қа­ғаз­ға түртіп, жазып жүретін. Жүсекең жайдарлы, сосын біреудің қисық мінезін көріп қойса, бетіне айтатын. Үлкен демейді, кіші демейді, бастық демейді. Ар жағында зілі жоқ, бірақ ниеті дұрыс болса екен дейді. Ал енді жүрегіне кек сақтамайтын. Ол кісі әлі есімде гастрольдік сапарда базарға жұмсады, «Қайратжан, бір бөтелке насыбай алып келші, үйдегі шешей көріп қоймасын», – деп. Сосын насыбайды әкелдім, сөмкесіне салып алды, тағы бір сетка арқалап жүр, оның ішінде үнді шайы екен.

1962 ж. Шәмші мен Жұмекен Нәсіп Нәжімеденова, Жұмекеннің жары: Бір мектепте оқыдық, Жұмекен менен бір сынып жоғары оқыды. Ол енді 1951–52 жылдар ғой. Сол жылдардан бастап танысып, сол кезде де өлең жазып жүретін, бі­рақ ешкімге көрсетпейтін. Мұнда келіп оқуға өте алмады. Өте алмаған­да білмегендіктен емес, әділетсіздіктен. Содан Қарағандыда комсомол­дық жолдамамен болып, Қарағандының 32-ші, 33-ші Сталин көмір шахта­ сында істеп, комбайнның көмекшісі болып істеді. 1956 жылы ақпан айы ғой деймін, қыста барлық жерде шығармашылық есеп болды ғой, концерт қоятын. Сонда Қарағанды жастары Мәскеуге барды, Мәскеуге барғанда хорға қосылып барған, «Қараторғай» әнін айтқан, жеке дауыста, сосын күй тартып берген. Апарған бастығы қазақ екен. Сонан кейін оларға орын берген, келгесін айтыпты, сен қор боп жүр екенсің, сенің құжаттарыңды қолыңа берейін, уақыт өтпей, енді комсомолдық жолдамамен барған адам, 1–2 жылға баратын. Сосын консерваторияға әкеліп, ол кезде Ахмет Жұбанов ректор, бірден байқау­ға түсті, 1956 жылы. Еркінбай Әкімқұлов, Шәмшінің досы: Бір күндері Ілия Жақанов Шәкеңді ертіп келді, Шәмші Қалдаяқовты. Сол жерде танысып, бәріміз бір пәтерде тұрдық, кейін Өмірзақ Айтбаев үйленді де, босап қалған орынға, өзіміз шақырып, қасымызға Шәкеңді алдық. Содан 60-жылдар­ ға дейін мен, қазіргі «Жас Алаш», «Лениншіл жас» газетінде қызмет бастаған кезде, Шәкең бәріміз бір пәтерде тұрдық. Ол кезде Шәкеңнің консерваториядан шығып қалған кезі, «Қайықта» деген ән шығып, соны студенттер болып жуған, сол жерде шатақ шығып, төбелес болып, сол

төбелесті ұйымдастырған Қалдаяқов деп, Құддыс Қожамияров деген консерваторияның ректоры болатын, сол шығарып жіберген оқудан. Сөй­тіп, 1959 жылы тамыз айында «Жас Алашқа» орналасқаннан кейін, «қиянат болды, бір ғана жайсыз жағдай үшін, осындай талантты азаматты консерваториядан шығаруға бола ма» деп мақала жаздым, тұң­ ғыш мақала, «Жас Алашқа» барған кездегі. Содан басталды біздің достығымыз, жақындығымыз. Нәсіп Нәжімеденова: Елу сегізде тұңғышымыз Айкен туылды. Сол кезде Жұмекең, халық аспаптар оркестрі дейді ғой, Жұмекен домбы­ рада, Шәмші композитор, сол кезде танысты. Онда Оспанхан Әубәкіров те сонда оқиды, бәрі бірге оқыды. Шәмші екеуі жақынырақ жүрді, бас­ қаларға қарағанда, қазіргі тірілерден, жатақханада бірге жатты. Мына Нұрғали Нүсіпжанов, Бақыт Әшімова, осылармен бір топта оқыды. Ол кезде аудан жастарының бірге жүріп, жаңа жылды қарсы алатын дәстүр болатын. Сонда қатты салқын тиіп келді, мен бара алмадым, бала 20 күндік тұңғышымыз. Содан кейін фортепьяно ойнауға болмайды, өкпеге күш түседі деп, академиялық демалыс алды. Сонан қайта жалғастырған жоқ, жалғастырмаған себебі, сол ағалары, «сенен мықты ақын шығады, қайтесің» деп, сонымен отбасы жағдайы да мәз емес, ол кезде пәтер жалдап жүрдік, 7 жылдай пәтерде тұрдық. Сөйтіп әрі қарай кітаптары шықты. Еркінбай Әкімқұлов: Сонда Шәкеңді Ташкенттен әкелген Жамал Омарова апамыз. Ол Ташкенттің музыкалық училищесінде жүрген ғой, сосын танысқанда, әндерінің 1–2-уін тыңдатқан. «Ойбай, мұнда неғыласың, қаншалықты музыкалық орталық бар, сен Алматыға жүр, консерваторияға түс, өзім көмектесем» деп ертіп келген ғой. Сөйтіп, консерваторияға түсуге көмектескен, сосын Шәкең Жамал Омарова апамыздың үйінде тұрған. Нәсіп Нәжімеденова: Енді «Менің Қазақстаным» 1959 жылы жазылды. Біз бірінші Алматы жақта пәтер жалдап тұрдық. Қазіргі шаңқобызшы Гүлсара Піржанова апамыздың үйінде тұрдық. Сонда күнара десем де артық емес, бірге оқып жүреді, сабақтан кейін: «Ойымды керемет ән мазалап жүр, сол әнге тек қана сен жаза аласың сөзді», – деді. Бұған тек қана батылдық керек, батыл адам ғана жаза алады. Сосын «мен сөзді жазбаймын, жазатын адамдар бар ғой, қайтесің мені әурелеп» деді. Шәкең сонан тағы қоймады, қоймаған соң жазып берді. Осы «Менің Қазақстанымның» үш шумағын, үшінші шумағы: «Айнала қарасам, асықты жүрегім, Заманға жарасам, жарасып тұр елім,

Біздің ел орденді, көтерді туларын Ел мен ол тербелді, тербеле жырладым», – деген. Осы екінші шумақты алып тастады, кейін оны Орталық комитетке шақырған, мына шумағыңды аласың да, партияны қос деген. Еркінбай Әкімқұлов: 60-жылдардың ақырына үйленді осы жең­ геміз Жәмилаға. Онда қазіргі Рысқұлов көшесінің маңайында, жеңге­ міздің жеке меншік үйі болды-ау деймін, сонда жағдайы да болмады Шәкең­нің. Қосылғаннан кейін сонда тұрды, біраз уақыт. Ол 1960 жылдың ақырына таман. 1961 жылы үлкен ұлы Әбілқасым, консерваторияны бітірді, фортепьяно факультетін, сол ұлы дүниеге келді, одан кейін Мұхтар дүниеге келді. Мұхтар әлі бойдақ, ол Америкаға барып, опера дирижерлығына түсіп келді. Қазір опера-балет театрында, Абай атындағы, дирижер. Жеңгеміз зейнеткер, ағамыз туралы айтып отырады, өсиеттерін, өмірін. Нәсіп Нәжімеденова: Ол негізі өзінің мықтылығын біліп кетті. Адамның жүрегі текке жарылмайды ғой, ол өзі іштен тына-тына, үлкен алалық, негізі жүрген ортасынан жетімдік көрді, жалғыз Жұмекен емес, Шәмші де солай болды. Шәмші өз саласынан, Жұмекен өлеңді, Шәмші музыкада алдына жан салған адамдар емес қой. Бірақ екеуі де бағаланбады. Бірақ қазір шүкір, Шәмшіні шығарып жатыр, бағалап жатыр, ал Жұмекең әлі жай ауызекі айтқаны болмаса, қолдаушысы жоқ па, қорғаушысы жоқ па, әлі де түсінетіндер аз. Олар басқалардың көңіліне қарап айта алмайды, ал көбі түсінбейді. Бұлар негізі жұбын жазған жоқ. Жұмекең қайтыс болғанға дейін жүрді, Шәмші кейінірек қайтты ғой. Анда-санда кездесіп тұрады. Кездескенде 1962 жылы мына суретке түсейік деп, өзі іздеп келіп Жұмекеңді, Ғаббас Қабышев үшеуі түскен екен, артына 1962 жыл деп жазған. Үшеуі де, екеуі ғана да түскені бар, екеуі бөлек түскен.

1971 ж. Әнші Жәнібек Кәрменов пен өнер зерттеуші Жарқын Шәкәрім Жарқын Шәкәрім, еңбек сіңірген қайраткер: Бұл суреттің тарихы былай, Шырақбек Қабылбаев деген ағамыз ішкі істер министрі болған, оған Жүсіпбек Елебеков айтты, мына Жәнібекті өзіңнің ансамбліңе ал деп, сол жылы ішкі істер министрлігінде ән-би ансамблі ұйымдастырылды, оған республикамыздың көптеген өнер саңлақтары қатысып, сөйтіп жұмысқа алынды. Сонан соң Шырақбек Жәнібекті шақырып алды да, «Әй, Жәнібек, енді бізде ән айтасың, кірдің жұмысқа», – деді. Сосын Жәнібек милиция формасын киіп алды да, ішкі істер министрлігінің ансамбліне жұмысқа кірді де кетті. Жәнібек мені тауып алды да, жүр, Жарқын, деді, қайда барса да жүр деуші еді ол. Мен еріп жүре беретінмін. Сонда барсам, жаңағы ансамбль екен, сен осы ансамбльдің күйшісі боласың, өзің күйшісің, ендігі өнеріңді осы ансамбльден бастайсың деді. Сол ансамбльдің күйшісі етіп қойды, ансамбльдің жетекшісінің бұйрығымен. Сөйтіп Жәнібек екеуіміз Қа­ зақстан Республикасының сол кездегі ішкі істер ән-би ансамблінің әншісі және күйшісі болып жұмыс атқардық. Мынау 1971 жылы табаны күректей 31 жыл бұрынғы сурет еді. Сейілғазы Әбдікәрімов, жазушы: Мәскеуге барып, ұлы қазақ­тың қыран дауысты саңқылдаған әншісі Әміре Қашаубаевтың дауысын та­ уып, алғаш рет осы қазақтың өзіне, кейінгі ұрпаққа міне, Әміре осындай еді, осылай шырқаған, қыран дауысты әншіміз болған деп үнін

алып келіп, қазақтың тыңдармандарына, көрермендеріне жеткізген осы Жарқын. Жарқын Шәкәрім: Бұл Абайдан, Аристотельден толғайтын, құла­ ғыңа құйып ал, кейін керек болады деуші еді маған. Әй, қайран сөзім қор болған Ақтайлақ бидің, ұсақталған ұрпағы-ай деп маған сол кездің өзінде әзілдеп, оспақтап жүруші еді. Бір жылы, 1985 жылы бертінде, «жүр» деді, «қайда барамыз» деймін, «жүр, ЦК комсомолға» дейді, ол кезде комсомолдың орталық комитетіне. Соған ертіп апарды, соның басшысына бірінші хатшыға кіргізіп, сөйтіп мені алдында дүниежүзілік Жастар мен студенттер фестиваліне 1985 жылы Мәскеуде өтетін, мені тізімнен шығарып тастаған еді, Жәнібек сонда мені соған кіргізіп, сол фестивальге барып қайттық. Сейілғазы Әбдікәрімов, жазушы: Енді Жарқын бір мұрағаттарда, мұражайда отырып жұмыс жасағанға жаны құмар жігіт, оны дәлелдеп жүр. Әр мамандықтың ең қиыны өнер адамдарының, оның ішінде со­ ның барлығына терең бойлай білетін қасиеті бар. Мәселен, өнер дегенде қазақ өнерінде анау даладан, елден, ауылдан келген құдіреті күшті, қасиеті мол Серке Қожамқұловты көз алдымызға елестетсек, кешегі Әміренің даусын алып келіп, халыққа танытқан, Жарқын ол дауыс­ ты алып келмесе де Әмірені халық біледі ғой, ал бірақ оны дәлелдеу, одан әрі тауып беріп, қуанған. Сондай әншілердің бірі Жүсіпбектің шәкірті Жәнібек пен Жарқын бірге жүрген кезде Жәнібек те керемет әнші, шәкірттерінің алды қазір халық әртісі болды. Жәнібектің қасында жүріп, сырласып, ұлттық аспаптарда ойнаған кездері, музей ашысты, әскери ансамбльдерде бірге істеді. Жарқын Шәкәрім: Қазақтың ұлылары Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Сапарғали Бегалин дастарқан басында отыр екен, Ғабиден Мұстафиннің саяжайы екен. Кіріп келген бойда «төрлет, Жәнібек» деп терезесі тең үш атамыз, жазушы ағаларымыз Жәнібекті қарсы алып, құрмет көрсетті. Мен босаға жақта тұрып қалдым, сонан кейін барып Жәнібек «отыр анау бұрышқа, күй тарт» деді. Сонан домбырамды алып қолыма, күйді тарттым, сөйтсем Сапарғали аға, Ғабиден Мұстафин, Ға­ бит Мүсірепов үшеуі преферанс ойнады. Сол отырғаннан 3 сағат ойна­ды, мен 3 сағат күй тарттым. Бір күйім бітсе, екіншісін бастаймын, екін­шісі бітсе, үшіншісін бастаймын, сөйтіп 30–40 күйді тартқанда, қайта­дан басынан бастап отырдым. Сонда былай қарасам, телевизордағы за кадровой музыка деген болады, сондай болдым да қойдым. Сонан тартып отырмын, тартып отырмын, ойымызда түк жоқ, жастық шағымыз ғой. Сейілғазы Әбдікәрімов: Оның еңбегін бағалады, Қазақстан Рес­ публикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері деген өте жоғары атақ берді. Оған бәріміз қуандық, өзіміз алғандай қуандық, өйткені ол

Жарқынның үш ішекті домбырасын көтеріп алып, үнді халқына, Ирак еліне, Ауғанстан даласына, Қытай халқына барып, Кореяға дейін ба­рып күй шерткені күні бүгінге дейін баспасөз бетіне жарияланды. Ол радиода да, теледидардың бейнетаспасында да қалды, сақтаулы тұр. Жарқын Шәкәрім: Ал енді Жәнібектің әншілігіне келсек, шын мәнінде ХХ ғ. туа қалған Күләш Бәйсейітова, Әміре Қашаубаев, Жәнібек Кәрменовті солардың қатарына әбден қоюға болады. Үшеуі де 40 пен 50-дің ортасында дүниеден озды. Жәнібек те тарихта ұлы әншілердің қатарында, мысалы үшін Италияда Энрике Карузоны неге ұлы дейді, Марио Лацоны немесе Ресей халқында Шаляпинді сондай, Козловскийді, Ленскийді неге ұлы дейді? Ұлы дейтін себебі, ол халықтың жүрегінен жол тауып мәңгілік есінде қалды, сол тәрізді біздің Әміре сияқты, Жүсіпбек сияқты, Манарбек сияқты, Ғарифолла сияқты, Дәнеш Рақышев сияқты қазақтың даралары-ай, ұлдары-ай дегеннің қатарында Жәнібек тұрады, Жәнібек туралы жазылады, жазыла береді де, өйткені жас кетті Жәнібек.

Күй шалқытқан Нұрғиса мен жыр тасытқан Хамит Дариға Тілендиева: Таудың жанында, етегінде, әдемі сондай жақсы жерде, Хамит аға Ерғалиев ағамызбен, Сәбит аға, Сәбит ағаның үйіндегі Мәриям апай, біз бәріміз бірге демалдық. Сонда Сәбит аға бізді қымыз ішуге шақырды, енді ол кісінің қымызы деген бал, оның қымызының ішінде қазы жүреді. Енді оны ішкен де арманда, ішпеген де арманда. Сөйтіп жақсы демалдық. Сол кезде Сәбит аға 8 күн бізден ерте кетіп

қалды да, сегізінші күні ол кісі қалада қайтыс болды. Өкініші, осындай жағдай болды біз үшін. Сәбит аға айтады, біз барғанда, Хамит аға, Нұрекең, апамыз, мен – төртеуіміз барғанда олар бізге басқа қымыз құяды, қымыздың ішінде қазы болады, ал басқа адамдарға басқа қымыз құяды деп, сөйтіп біз Хамит ағалармен демалуға қалдық, ол кісі кеткеннен кейін он күндей демалдық, сонда Хамит аға мен Нұрекең екеуі ерте тұрып кетіп қалады, жүріп, әңгімелесіп екеуі, ертеңгі тамаққа кешігіп келеді, жарты сағат немесе 40 минут кешігеді, біз тамақтарын алып, апам екеуіміз күтіп отырамыз. Ол кісілер көңілденіп келеді. Сәтімжан Санбаев, жазушы: Хамаң мен Нұрғиса жайлы әңгіме қозғасаң, бүгін бастаған әңгімеміз ертең де бітпеуі мүмкін. Екеуін бір туғандай сезінетін едік. Мысалы, ол кісі танымайтын адам болса, мынау ағасы, мынау інісі деп есептеуі мүмкін еді. Екеуі де қызуқанды, аса сезімтал, ақынжанды, дарынды адамдар еді. Біреудің бір олақ сөзі, я болмаса тексіздігін көрсе, ренжіп қалады. Әсіресе, өздері жақсы көретін адамнан шықса ол қылық, тіпті аспан жерге түскендей боп отырады. Екеуі де қызба кішкене, енді дарынды адамдар осылай келеді ғой. Мен ойлайтынмын, әңгімелесіп отырғанда, енді алғашқы танысқанымызда, араласып жүргенде, қалай екен әңгімелері, әңгімелерінің мәні қалай екен деп ойлаймын ғой, жоқ, кішісі үлкенін сыйлап, сөзін тыңдап, солай отырады. Бірақ өздері кездескенде, әзілдескенде, енді ол жерде күлкісіз отыра алмайсың. Дариға Тілендиева: Ол кісілер апамыз екеуі дұрыс қосылған адамдар. Аға сондай ақкөңіл, алып-ұшып, сондай желпілдеп, бір орында тұра алмайтын болса, апамыз соған қарай өте салмақты болатын. Мен сол кісіге өте іштей қызығатынмын, сонда үндемейді, сол бір қалыпта жүретін. Сонда мен ойлайтынмын, шіркін-ай, мына кісілер қандай жақсы, әдемі қосылған адамдар деп. Кейде өмірдің өзінің бір, тағдыр дейміз ғой, бір адамдар өз теңіне дұрыс қосылмай жатады, сондай екеуі де елпілдеген адамдар болады, болмаса екеуі де ашуланшақ адамдар болады, болмаса екеуі де былқ етпейтін адамдар болады. Ал мен ойлаймын, осындай өнер адамдарының қасында салмақты адам жүргені жақсы. Ол кісінің өзінің ойын еркін, не істеймін, не қоям, соның бәрін өзінің бәйбішесіне қарап, өзі істеймін деген нәрселерінің барлығын өзінің ойынша түсіре біледі. Сәтімжан Санбаев: Көне заманды айтқанда, баяғы батырлар, билер, соғыс, шайқас, жылқы жайы, сонда сөздері өзгеріп кетеді. Бұл түрлі қазақтың байырғы жалпақ тіліне көшеді. Өздері өзгереді. Сонда сол уақыттың адамдары секілді болып, мына сөзін бейнелеу әдісі бір бөлек, сосын өздері де сол заман адамдары секілді көрініп отырады. Мына қазақтың өзінің қасиеті бар, өткен өмірде де болған секілді бүгінгіде де, болашақта да болатын адам секілді болып, сондай сездіріп отыратын.

Дариға Тілендиева: Нұрекең сондай болатын, осы жаны қалмай елпілдеп, желпілдеп, алып-ұшып кеткенде, мен апам сияқты, Хамит ағаның үйіндегі апам сияқты, ақырын, сабырлы отыра қалсам, Нұрекең маған қарап, кішкене сабырлық сақтайды. Сонда алдымыздағы үлкен ағаларды, апаларды көріп, біз де соларға еліктедік, біз де сабырлы болуға тырыстық. Көбінесе, сол сабырлылықпен өнер адамын ұстауға болады, ал енді ол кісіге ерегіссең, ол кісіге өзі шаттанып, әңгімелесіп отырғанда, ол кісінің сөзін бөлуге болмайды. Сондай сабырлылықпен, шыдамдылықпен сол кісілерді тыңдайтынбыз. Тыңдап, сонан кейін ол кісілерден үлкен-үлкен дүние шығады. Сәтімжан Санбаев: Хамаңның естелігін аударып бердім, енді аталары ақын болған, күйші болған, домбырашы болған. Мені жақсы көретіні, біз бір үйден үш жазушы шығып едік, бір атадан, Әбу Сәрсенбаев, Хамаң және мен... Енді балалық шағы Атырауда өтті, менің мамам ол кісінің жас кезін жақсы біледі, соғыстан бұрын, соғыстың алдында мұғалім боп жүрген, өнерге жақын, спектакль қоятын. Содан бір әдемі қызға ғашық болып, бірақ атақ жоқ, дүниесі жоқ, кәмпескеге ұшыраған аталары, қолөнер училищесін бітірген, мұғалім боп істеп жүргенде, спектакль қойған, сол қызға ғашық болған екен, бірақ ол қыз басқа адамға тұрмысқа шықты. Көп жылдар өтті, осы 80-жылдарау деймін, мамам жақсы біледі, сен Атырауға барғанда сол кісіге кіріпшық деді. Мен барып шықтым. Әдемі адам екен, енді қартайған шағы, әдемі екен. Менің келгенімді сезгендей болу керек, сол келгеннен кейін Хамаңа айтқанмын, содан мұң тартып, өзі сәби секілді адам еді ғой. Сол Нұрғиса досы, жасы кіші болса да, өзіндей санайды, өзіндей қарайды. Дариға Тілендиева: Шығармашылықта еркіндік керек қой, сол еркіндік ол кісіде болды, өзі істеймін деген нәрсесін істеді, ол кісі бәлен уақытта жазам, бәлен уақытта ұйықтаймын деген режімде жүрген жоқ. Мысалы, «Әлқисса» деген шығармасы түнгі үште туды. Сонда мені келіп оятады, шырт ұйқыда жатқан адам, балалармен, күнделікті тірлікпен шаршап ұйықтайсың да, сонда кейимін, Нұреке, неге оятасыз деп, осы күндізгі істейтін нәрсе ғой, соны күндіз неге жазбайсыз деп, сонда айтады, сен түсінбейсің, өзі шабытпен келіп қалды, сол уақытта, үште ме, бесте ме мен тұруым керек, тыңдауым керек, ал енді тыңдамасқа болмайды, түндегі домбыраның дыбысы басқаша. Мен соны тыңдадым, сонда мен кейимін ғой, сонда маған ол, «әй, сен бір күні ұйқыдан өлесің ғой» деп маған ұрсатын. Қазір енді неге сонда түнде ұйықтадым, неге тыңдап отырмадым, неге сол кісіні ренжіттім деп ойлаймын.

Күйші Төлеген Момбекұлы мен ғалым Рахманқұл Бердібай Рахманқұл Бердібай, профессор: Төлегенді тауып әкелді, сөйтсек ол аудан орталығында жүр екен. Оның кеңшары 60 км жерде, Сызған кеңшары деген. Міне, сол жерде Төлеген күй тартты. 14 күйдей күй тартты, халық күйлері бар, өзінің атасы Бапыштың күйлері бар, Сүгірдің күйлерін тартты, өз күйлері бар. Ғажап тартыс болды. Домбырасы шамалы ғана, кішкентай, бабындағы домбыра емес, «ұста пышаққа жарымайды» деген сияқты, бірақ тартысы қандай, бірден дарыған күйшінің аяқ алысы байқалды ғой. Сәбең қатты қызықты, «мынау Мағауия Хамзин қатарлы тартады екен» деп айтты маған. Сосын мен айттым: «Сәбе, бұл Мағауиядан да маңызды тартады ғой» дедім. «Неге?» деді, «Мағауия сауатты музыка жағынан, халық әртісі, ел аралап жүрген, Алматыда музыкалық ортада тұрады, бұл енді ауылдағы күйші ғой, автоклубтың бастығы және бұл шертпе күйді шабытымен тартады, маңызды кәдімгі». Біраз ойланып-ойланып, «Дұрыс» деді. Сондай әдеті бар еді ғой, «дұрыс» деп қоятын. Содан 14 күйді жаздырып алды, чемоданына салдырып қойды, маған керек деп, жаңағы таспаға жазған күйді түгелімен алды. Сосын сол жерде отырып маған айтты, ұлы жазушымен кездесуге ауданға ең жақсылары жиналды ғой. Осы «Төлеген Момбековты жарыққа шығарайық, Алматыға барғаннан кейін ұмытып кетпейік, есіме сал» деді. Ғалым Есенсариев, журналист: Тағдырдың маған берген бір бақыты шығар, Төлеген ағамен бір ауылда туып-өстік. Төлеген ағаны

жас кезімізден білеміз, өз әкем де Төлеген ағамен бір салада, бірге жұмыс істеді, үйге қонақ болып жүретін. Кішкентай кезімнен біздің ауылдың екінің бірі Төлегеннің, Сүгірдің күйін тыңдап өсті. Ал енді Төлегеннің жеке басына келетін болсақ, ол дәулескер, үлкен күйшілердің бірі деп есептеймін. Мынау Шәмші, М. Мақатаев, Төлеген мен осылардың тағдырын да, мінездерін де ұқсатам. Неге десек, енді олардың мықты күйші, мықты композитор екенін жұрттың бәрі тірі кездерінде білді. Бірақ оны кейде әлпештеп, құрметтеп, сыйлап өтуге ыңғайсыз адамдар болады деп есептеймін. Біздің Төкең де сондай адам болатын, өйткені ауылда үлкен мерекелер болып жатады, болмаса енді қанша дегенмен үлкен басшылармен кездесулерде Төкең өзінің ойына келген ойын қиналмай айтады, бетің бар, жүзің бар демейтін, жұртқа айтып тастайтын. Содан кейін көп адамдар, әсіресе басшы қызметкерлер Төкеңді көп жақтыра бермейтін. Мен оның негізгі себебі былай деп ойлаймын, негізінен Төкең, оның күйлерін тыңдап қарасаңыз, күйлері, өмірінің соңғы хабарын маған жасауға тура келді, мен хабар жасағаннан кейін, Төкең не радиоға, не эфирге қайта шыққан емес. Сонда әңгімелескенімде, жалпы Төкең өзі сөзге сараң, ол «егер мені танығыларың келсе, менің өзім менің күйімде, менің айтатын арманым да, ойым да бәрі күйлерімде» деп есептеп, солай сөйлейтін. Рахманқұл Бердібай: Қарапайымның қарапайымы, өзі әскерде болған, жасынан кеткен. Көп жарақат алған адам еді. Оның өнері күй­де. Онша сөз, әңгіме айтпайды. Ол бір жағынан терме де айтқан адам. Біз оның термешілігін білмеппіз тіпті, күйдің тасасында қалып қойған. Ауылда ол терме, жыр айтады екен. Сосын өзі барынша адал адам. Кімнен естіген күйі болса, соның атына жаздырады, ал шындығында Төлегеннің тартқан күйі – өз күйі. Ол қорытып алып, жаңадан вариант жасайды ғой. Қатардағы домбырашылардан үйренгенін жаттап жа­за­ды ғой, бір өзгерісі жоқ, оны домбырашы дейміз. Ал енді қиял араласып, өзі дамытып әкетсе, жаңа шығарма дәрежесіне көтерілсе, ол композитор ғой. Ол, шын мәнінде, халық композиторы. Содан өзі 40–50-дей күй шығарды ғой, бұрын 5–6 күй шығарған екен біз көргенге дейін, ұзақ пластин­калы екеуі шықты, алғашқы 14 күйі шықты, одан кейін 14 күйі ұзақ ойналатын пластинка болып бір шықты. Қалғандары 2 күй, 3 күй, 4 күйден, ол кезде жазылған күй 4–5 айдан кейін Ташкент зауыты шығаратын записті. Қазір ондай жоқ қой Қазақстанда. Соны­мен сол атақты да алды, абыройды да алды, Қазақстанның халық мәдениет еңбекшілерінің қызметкері атағын алды, көп алғыстар алды. Орталық Комитеттің хатшылары шақырып тыңдайтын болды күйлерін. Има­шев тыңдады, сөйтсек ол күйді жақсы көреді екен.

Ғалым Есенсариев: Дәл осындай күй, осындай терең ой, осындай терең шеберлік, шынында да, осы адам не ойлайды екен, бұл нені армандайды екен. Бұл адам керек болса, біреуді сүйді ме екен, жан-тәнімен біреуге ғашық болды ма екен деп, Төкеңе дәл осындай сұрақ қойып, осындай әңгімеге тартқанымда, Төкең шешіліп онша жауап бергісі келмеді. «Егер, Ғалым, мені тыңдағыларың келсе, мен өзімнің күйімдемін» деді. Осы сөз кейінгі жастарға да айтқан өсиет болу керек, егер Төкеңді танимын, білемін, ол кісінің кім екенін деген адам болса, оның өмірбаянын оқып қажеті жоқ, оның тек қана күйлерін тыңдау керек. Рахманқұл Бердібай: Іздеушісі болмаса, асыл өнердің өзі де жоғалып кетеді ғой, соны тірілтуге Төлеген таудай тірек болды. Өзінің атағы шықты, Қаратау күйшілерінің даңқын өсірді, сонымен кең мағынасында шертпе күйдің туын көтерді. Кейін консерваторияда шертпе күйдің класы ашылды, 4 жыл оқығанда бірде-бір күй үйретпейді екен, өйткені маманы жоқ па, сондай. Музыкалық мектептер мен музыкалық училищелердің бәрінің бағдарламасына кірді. Шертпе күй деп отырғанымыз, қазақтың күйін бөліп отырғанымыз жоқ, тоқталып қалған, ұмытуға жақын қалған күй және орындаушысының стилі бөлек болғандықтан, соның соңына түстік қой енді. Оны кейбір жігіттер сөзге ұшыратып жүрді, «Рахаң қазақтың күйін бөліп жүр» деп, содан мен айттым: «Бөлу емес, мұның атын білу дейді, осы күйлер неге ұмытылып қалды, осы күнге дейін, неге іздемейсіздер, музыкант болсаңыздар, осы күйлерді қатарға қосу менің мақсатым, одан кейін зерттеушілер зерттей берсін, мен тіпті музыка зерттеуші емеспін, мен әдебиетшімін», – деп. Ғалым Есенсариев: Мен Төкеңді жақсы түсінем. Шынын айтсам, ол ауылда Төкеңнің еңбегін бағалайтын үлкен өнер ордасы болмады. Төкең Астанаға да өте сирек келіп жүретін адам, жаңа бір сөзімде айтып кеттім, Төкең сол жерге сыймайды-ау деп. Рахманқұл Бердібай: Таланты асып-төгіліп жатқан адам, біреуге бермесе, алатын жері жоқ. Төлегеннің өзінің күй тартқанын көрдік, өзгертіп тартады, соншалық қиялдың көптігі. Тартқан күйі екінші тартқанда сәл өзгеріп кетеді. Нотаға түскеннен кейін барып тұрақтайды ғой, ол күйдің өзі. Төкең сондай адам болған, шертпе күйдің шебері, ұлы композитор, ұлы күйші. Біздің заманымыздың Тәттімбеті деп жүргендер де болды. Қалай айтылғанда да, өзінің ғажайып, тума талант екені мо­ йындалды. Халық біледі. Енді насихаттау жағы жетпейді, соны дамытып әкету керек. Оның атындағы күйдің конкурстарын өткізуге болар еді, әсіресе Оңтүстік Қазақстанда өткізсе, өзінің елі ғой енді. Сөйтіп содан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген мықтылар шығады ғой, насихаттау керек.

Күріш құйған Сәлима мен өлең жиған Надежда Надежда Лушникова, ақын: Бұл сурет Сәлима Жұмабекова екеуіміздің суретіміз. 1986 жылы дүрбелеңнен кейінгі, іле-шала жаңа жыл басталды, 1987 жылдың орта тұсында Қазақстан әйелдерінің екінші съезі өтті. Ол кезде енді ана деген қиын ғой, кішкене ай өтпеген, қырқы өтпеген, әлгі анау жағдайдан кейін, сондайда кішкене елге тыныштық айту керек болды. Әйелдердің жалпы бейбітшілік мәселесін шешу керек болды, Ауғанстанда біздің балалар жүрген кез еді ол кез. Сондай бір мәселеге арналған съезд. Біз өмірге бала әкелеміз, сол балалардың амандығына жауап береміз деген сияқты. Сонда үзілістің арасында өлең оқып тұрған кезім еді. Нағашыбек Қапалбекұлы, жазушы: Надежда Лушникованы бүкіл қазақ елі айтыскер ретінде біледі. 30 жылдан астам уақыт, қаршадайынан бастап айтысқа қатысып, әлі күнге дейін қатысып келе жатыр. Сол біз мына Алматы облысы, Жамбыл ауданынанбыз, осы кісілер қатысқан кезде Жамбыл ауданы, аудан бойынша, облыс бойынша ылғи жүлделі орындарда жеңімпаз атанып келе жатыр. Бұл кісінің айтысқан ақын­ дарының бәрі үлкен-үлкен тұлғалар, М. Көкенов, Ә. Жамбылов, Ә. Қос­ ба­саров, басқа да осы қазақтың маңдайалды ақындары. Ал енді ол кісі­нің айтыскерлігімен қатар, ерекше бір айтатын нәрсе, бұл кісінің қайраткерлігі. Мәселен Жамбыл ауданында, сол кісі келін боп түскен ауылда, бұрынғы Киров ауылы, қазіргі Үмбетәлі ауылында қазақтың маңдайалды ақындарының бірі, суырып салма, жезтаңдай, Жамбыл 1987 ж.

«Қаражорға» деп ат берген, өлеңнің қаражорғасы Үмбетәлі Кәрібаев туып өскен. Келін болған кезде, Надежданың бетін сол кісі ашқан. Кейін сол кісінің мұраларын зерттеп жүріп, сол кісіге музей үй ашуда Надежда үлкен қайраткерлік танытты. Надежда Лушникова: Кейін Сәлима апайдың үйінен дәм таттық, өзі Алла орайын келтіреді екен ғой. Анау Тұрмағанбет ақынның 100 жылдығы аталды. Сол тойға бардық, тойда сол кісінің үйіне түстік. Бір әдемі кеш, отырыс болды. Сол Сәлима апайдың үйінде жақсы айтыс болып, Манап ағама біраз наз айтқаным бар еді. Ол Жаңақорғанда туған кісі ғой, өзі тура Хрущевқа ұқсаған, иманды болсын, керемет азамат еді, ажары қызыл-сары, көзі ойнақшып тұратын. Алматыға келсе болды, мені алдырады да, үлкен жиын болсын, кіші бәйге болсын екеуіміз қатысып отырушы едік. Сол Сәлима апайдың үйін бір түн керемет дуға бөлеп кеттік, есте қалатындай ғып. Сонда айтқаным ғой: «Атыңнан айналайын, Жаңақорған, Құмыңа аунап өскен Манап ағам, Ақындар астаналық келеді деп, Неге күтіп алмайды орта жолдан. Атыңнан айналайын, Жаңақорған, Қарай-қарай аттандым сенен зордан, Екі көзім жазықты шығар онда Ағаны айыра алмаған аппақ сордан. Қармақшыға кеп түстік тартып тұрып, Онда да жоқ боп шықты Манап ағам. Дүйім ел бір өзіңдей көрінбеді, Төсек боп жайылса да халқым маған. Халық, көңілің ақындардан неге қалған. Мен орыс, Сіз қазақтың аппағысыз, Көрген адам екеуімізге таңырқаған. Жылан туған тұқымнан тауық шықпас, Жаныңа Жамбыл тұрып келсе дағы, Ойлаушы ем Манап ағам одан ықпас. Өзіне тең жайынды жайын жұтпас, Аман-есен көрістім, Манап ағам», – деп біраз тиісіп, айтысып, ой, бір дуылдаған күніміз еді. Нағашыбек Қапалбекұлы: Надежданың қасиеттілігі – ұстазына деген адалдығы, ұстазына деген шексіз сүйіспеншілігі. Мен мынадан байқадым, бір күні аудандық газеттің редакторымын, телефон шалады, ар жағынан Надежда әпкеміз сыңсып жылап, жоқтау айтты. Төбе құйқам шымырлап кетті, не боп қалды екен деп. Сөйтсем, бүгін менің Асқар

Тоқмағамбетов деген ағам дүниеден өтті ғой, мен жоқтамағанда, кім жоқтайды деп, телефонмен жоқтау айтты. Түске келіңдер деді, редакция қызметкерлері жиналып бардық, үйіне кіргенде де жоқтау айтып қарсы алды. Міне, қазақтың салт-дәстүрі. Баяғы қазақтың жоқтау, сыңсу деген, содан барып, жолға шығып, Асқар ағасын қойып қайтты. Надежда Лушникова: Сәлима апамыз өзі жай ғана күрішші герой емес, ол кісі 10–11 бала тәрбиелеген ана да, одан кейін ер-азаматының тағдыры, аса қайғылы қазаға ұшыраған адам. Қазір мені көріп отырса, сау-саламат болсын, бала-шағасының бақытын ұзағынан көріп, шөбере, немере сүйетіндей болсын. Нағашыбек Қапалбекұлы: Надежда апамыз – жазба ақын. Осы жазба ақындығы үшін кезінде Қазақстан Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атанған. Қазірде жинағы шығып жатыр. Бұл ақындық деген кез келген адамның қолына қонатын құс емес, басына қонатын бақыт, оны ұстап тұру да қиын. Бұл кісі әлі күнге дейін қолынан қаламы түскен жоқ. Әлі күнге дейін білеміз, және тұнық бастаудан су ішкендей боласың, өлеңдерін оқығанда. Біз кейде мән бермейтін афоризмдер, шешендік сөздер кездеседі. Ал енді бұл кісі қазақ еліне түскен келін, ұл өсірді Жәнібектей, қыздар өсірді қызғалдақтай әдемі. Бүгін жеңгеміз, қазақтың жеңгесі, елдің жеңгесі, кез келген қазақтың келіндері шіркін осындай болса екен дейтіндей. Өйткені үлкенді көрсе ізетпен сәлем беріп, кішіні көрсе айналайын, қарағым, шырағым деп мәпелеп отырады. Үйіне жолымыз түсіп барып қалсақ, өнерпаздар жүреді ылғи. Біздің ауылдағы қазақ өнерінің қара шаңырағы сияқты сол үй. Біз XXІ ғ. аттандық, у-шуы мол, алағай да бұлағай, түрлі өткелдерден өткен XX ғ. артта қалды, XXІ ғ. біз Қазақстанда қандай болуымыз керек дегенде, мен Надежда Лушникованы айтар едім. Осы кісідей ұйыған отбасы, ізденімпаздығы, қазақтың салт-дәстүріне, тіліне, жалпы өсіп-өркендеуіне бір кісідей үлес қосып келе жатқан Надежда Андрейқызына үлкен табыс тілеймін.

Жамбыл немерелері Ділдехан, Зейнехан және ақын Надежда Лушникова Надежда Лушникова, ақын: Бұл кісілер Жәкеңнің бәйбішесі Момын деген ападан, Орынбектің қызы, үш ұл туған, Қожақ, Қожаш, Қожамберді деген. Қожаштың ортаншы баласының екі қызы. Қожаш жиын-тойда ауылдағы өлеңін айтып жүре берді. Содан ол кісінің Дәме­ кең деген әйелінен, екеуінен 11 бала болады. Осы екі қыз бен он бір ұлы бар екен. Сол 1932 жылдары ашаршылықта домалатпай деген ауру келіп Қожаш 9 ұлымен бір жазда қайтыс болады, екі қыз қалады. Екі қыздан өрбіген ұрпақ бар. Ал енді Дәмекең сол екі қыздың бір баласын бауырына басып, Қожаштың орнын жоқтатпай, Жәкең өлгеннен кейін де көп жылдан соң дүние салған кісі. Әлімқұл Жамбылов, ақын: Ділдехан деген әпкем бар, өзімнен 6 ай үлкен, бәріміз бірге өстік. Ал Надежда Жәкеңнің ауылына келін болғанына да бәлен жыл болды. Надежда өзі адамгершілігі бар, иманды, кісілігі бар, қарапайым. Надежда келін ғой енді, жас, біз енді қалжыңдасамыз, оның қалжыңдасатыны былай, Надежда менің қасымда көршім болды. Мақанов Сансызбай деген жақын туыс ағамыз, өзі сондай керемет жақсы адам болатын, соғыс ардагері. Сол кісімен Надежданың күйеуі Тұрлыбек туған нағашысы, сондықтан ол маған құда дейді, мен құдағи деймін. Қалжыңдасқанда құда, құдағи деп айтысамыз, келін деп айтысамыз. Содан менің әйелімнің аты Күлшария, оның күйеуінің аты Тұрлыбек, біз екеуіміз қалжыңдасқанда мен айтам ғой:

Надежда ақылың бар дариядай, Өзің барсың баяғы Мариядай. Екеуіміз ғашық болып айтысамыз, Не дейміз Тұрлыбек пен Күлшарияға-ай. Надежда Лушникова: Сол Қожаш атаның бірлі-жарым өлеңдерін, ол кісінің өмірі туралы, Жәкеңнің өмірі туралы бізге көп дүниені айтатын осы Жәкеңнің өзі бізге қара қызым, қарағым деп кеткен Ділдехан апай, көп сырласпыз. Надежда қызым деп қарсы алып, барғанда төрінен орын ұсынып, бір масайрап қаламыз, я болмаса ол кісі біздің үйге келгенде. Содан бізге жеткізген өлеңінің біреуі Қожаш атамыз кезінде Сәулетай деген қызға ғашық болады екен, сол қыз ұзатылып кетіп бара жатқанда, екеуінің бір ұзақтау жақсы айтысы, ол Сапарғали Бегалин кезінде осы кісілермен Үмбетәлі, Саяділ деген бірге жүрген Қожашпен, жазып отырған дүниелерін өзінің кітабына кіргізген. Әлімқұл Жамбылов: Манап Көкеновпен екеуі айтысып қалды, айтысып отырғанда, Жәкеңнің музейіне Франциядан делегаттар келіп, мына қазақтың айтысын көрсін деп отырғанда жаңағы келген екеуі күлді, мына екі орыс неғып айтысып отыр деп. Сосын жаңағы аудармашылар айтып жатыр, ол орыс емес, қазақ, өзінің түрі орыс сияқты, мынау орыстың қызы қазақша айтысып жатыр. Баяғыда Надежда ең бірінші айтысқанда біздің ауданда Жәнібек Кәрбозин деген жігітпен айтысты, біздің ауданның жігіті еді. Сонда ол колхозды айтты, совхозды айтты, бұл бір колхозды айтып жатыр. Сонда Надежданың ұтымды жері: «Не біледі осы ауылдың еркектері, Арнап тұрып барғанымда, Шопандардың жоқ екен Көрпесінің сисептері», – деді. Ал енді «сисеп» деген сөзді біздің қазақтың өзі тауып айта алмайтын нәрсе ғой. Сонда сисебі жоқ деген сөз, кірлеу деген сөз, сырты таза емес деген мағынада, оның ұтымы өте күшті. Сөйтіп жеңген. Надежда Лушникова: Апамыз 77-де, тіпті кеше ғана, «Ақ босаға» газетінде Жұмагүл деген қызымыздың «Ділдехан апа аман ба?» деген өлеңі шықты. Содан кейін біздің үйге келіп-кетіп жүргенде де, елдің көзінше де талай жырларым арналып еді ол кісіге. Бір жырымды оқып берейін сол кісіге арнаған. Жыр «Жәкеңнің мекені» деген. Қасиетті мекеніңнің қасиетті топырағы, Тірлігі қайнап жатады жез шәйнектей оттағы. Сәлем бердім кәрі-жасы, ән менен жапырағы. Таң қауызы жарғаннан жұлдыздың өңі оңады,

Көлде жүзген аққудай ай аспанға қонады. Нұр оранған көне жер қарт Жәкеңдей болады. Көгерген жапырақ ішінде сүйкімді қызы Ділдехан Қара қызым, қарағым деп Жәкеміз тіл қатқан, Қызғалдағы Қожаштың, жанына балап ұнатқан. Зер тақия басында, маржан моншақ мойнында, Иісін алып өскен ол атасының қойнында. Дина, Күләш, Кененнің келуі үйге той онда. Күй төгілтіп шанақтан кезетұғын сан қырды ән, Жиналатын бар ауыл жыр естуге Жамбылдан. Қадірменді құрметтеп, қара қызы шай құйған. Ағайынға уыздай көңіл тоқтық жарасқан, Жоқ-жітік, зауал кезеңде, жан отын қарасқан. Не деген сәнді ауылдар болды деп Күлімдеп атқан күнменен қимай-қимай тарасқан. Ал енді Жәкеңнің музейінде Ділдехан апаның, Зейнехан апаның Жәкеңнің қасында отырып, Динаға, Жәкеңе шай құйған суреттері, Жәкеңмен бірге түскен суреттері өте баршылық, көп-ақ. Әлімқұл Жамбылов, ақын: Менен артық деп те, кем деп те айтпаймын, қазақтың көп нәрсесін жақсы біледі, өзім сенемін. Адамгершілігі жақсы, кісілігі жақсы, кішіпейіл, сыйласып, барғаныңда кәдімгі ырымын жасап, балаларыма батаңды бер деп, шапаны болса кигізіп, жейдесі болса кигізіп, батаны алып, ырым жасап жүреді. Сондай өзі жақсы адам, өзінің жолдасы Тұрлыбек те керемет адам. Отбасы жақсы адамдар. Асылдың тұяқтары – Ахат Шәкәрімұлы, Әбдірауық Тұрмағанбетұлы, Әлімқұл Жамбылов Әлімқұл Жамбылов, ақын, сурет иесі: 1983 жылы кәдімгі ақын Тұрмағанбет Ізтілеу атамыздың үлкен 100 жылдық мерейтойы болды. Сол тойға осы жерден 63 академик, өңшең ақындар, осы Қазақстанның барлық ақындарын жинап апардым. Мынау сырдың елі, жырдың елі деп, Қазақстанның орталығында істеген академиктердің бәрі барды. Күн әдемі ашық болды. Тұрмағанбеттің баласы бар екен Әбдірауық деген, сол кісімен үшеуімізді Мардан Байділдаев деген менің әскери жолдасым еді, үш жыл Ашхабадқа бірге барып, бірге тұрған, сол марқұм

Байділдаев Мардан үшеуімізді бірге суретке түсіріп алды. Мұндай нәрсе табылмайды, ертең біреуі болса біреуі болмай қалады, мынау ескерткіш болсын деп суретке бірнеше рет түсіп алдық. Көп адаммен түскеніміз бар, жеке түскеніміз бар, Ахат екеуіміз жеке түскеніміз ол да бар үйде. Надежда Лушинкова, ақын: Биыл әкеміздің 70 жылдығын той­ ладық, бір керемет жиын болды. Әлекең де әдебиетке шын үлес қосқан адамның бірі. Ақын ретінде де, әкеммен жасты жанында өскен адам ретінде де, әкемнің көзін көріп, батасын алған адам ретінде де. Ал енді біз көп жиын тойда бірге болдық, сондай ірі жиын тойдың бірі 1980 жылы Республикалық екінші айтыс өтті ғой. Сол айтыстан кейін, біздің айтыста айтқан сырымыз бойынша Тұрмағанбет атаның 100 жылдығы аталды. Содан кейін көп жылдан бітпей тұрған Қорқыт бабамыздың ескерткіші ашылды. Соған Қызылордалық басшылар, Қармақшы­ның өзіне басшылар келсе келсін, келмесе қояр, Алматыдан Әлімқұл кел­сін, Надежда келсін жезтаңдай ақыны Жетісудың, Мұқан Байбатыров кел­сін Абайдың ұрпағы, Ахат Құдайбердиев келсін Шәкәрімның баласы деген екен. Содан төртеуіміз ерекше қадірленіп бардық, үлкен әдемі жиын болды. Әлімқұл Жамбылов: Абай атамыздың ұрпақтарынан естуім болмаса, көрген жоқпын. Ахат деген кісі Шәкәрімнің баласы екен, ұзын бойлы, екі иығы екі адамның денесіндей, өзі бір қарапайым, сондай керемет жақсы адам екен. Сақалы салалы, денелі, қабағы ашық, сондай керемет кішіпейіл адам екен. Сол кісімен кездесіп, сөйлесіп, Абайды көргендей, Шәкәрімді көргендей жетісіп қалдым. Ол кісімен бір ай жолдас болдым. Сол жерде барарда Алматыға келді, бізді Жамбыл ауданында үлкен

слет болды, сол слетке Қазақстанның халық ақыны екен Мұқаш Байбатыров деген, сол кісімен замандас, екеуі біздің үйге келіп, қымыз ішіп, бірге болдық. Жәкеңнің музейін көріп, Жәкеңнің ауданына слетке алып бардық, Ақтілек деген жерде слетке алып барып, қымыз ішіп, бірге болдық, елдің бәрі танысып, жетісіп қалды. Надежда Лушникова, ақын: Сонда аңғарған нәрсем, Ахат Құдай­ бердиев атасының да, әкесінің де бүкіл өлеңін жатқа біледі екен. Тіптен Алатаудың мөлдір бұлағы сияқты, бір жырдан бір жырды асырып тұрып оқи алатын, халықтың жүрегіне жеткізе алатын, керемет азамат екен. Тіптен бұлақтың сыңғыры ұқсап ақты да отырды. Енді ақындардың жайы белгілі, Әлекең екеуіміз Манапты кездестіреміз деп, Манап аға Әлекеңе құда болып келеді, жалпы Сыр бойына қыздарын ұзатқан Әлекеңдер. Сондықтан мен Қызыл бойының қызы болып есептелем. Енді Әлеке ағасының жағасынан алған жараспас, сізден енді бастайын әңгімені, сіз жақсылау айтысып қалсаңызшы деп жалынам, ол кісіге. Жарайды Нәке, деп қояды ол кісі де. Әлімқұл Жамбылов: Әбдірауық – Тұрмағанбеттің баласы, Тұрма­ ғанбет, не Ізтілеуов болып жазылатынын білмедім. Ал енді Тұрмағанбет Ізтілеуовты 1934 жылы Жәкеңмен бірге Мәскеуге барғанын жақсы білетінмін, Жәкеңмен түскен суреті бар үйде, өзі Ленин тұлғасы сияқтылау келген екен, суреті Жәкеңнің музейінде тұр. Бұл кісінің ақындығы жоқ екен, былай әңгімешіл екен, өзі әкесінің кітаптарын шығарады екен. Өзі үйіне апарып сыйлады. Мына кәдімгі ана, демек Толымбеков деген кісімен, марқұм Ә. Тәжібаев, А. Тоқмағанбетов барлығымыз өз үйінде болдық. Надежда Лушникова: Бұл кісі көп жыл шопандардың арасында жүрген, сөзінің бәрін әшейін алтындай жалтыратқан адам ғой. Сондықтан менің сөзім сол жаққа кетсе керек. Есіме түссе, гүл кезі Жайлауда жүрген жер құлап, Тізегі тізіп киген тізесі Бүйіздей сыздар сырқырап, Ірімшік, құрт-май ұсынған, Сақина салған саусақ-ай, Түлкісін соғып, құс салған Он екі мүше сау шағы-ай. Жүректе жайнап, кесек-шоқ кездер-ай, Алтын сақадай ләзатты кеште есеп жоқ. Қаулаған мұрт пен сақалдай Есіме түсер бәрібәрі Қарасам тауға, далаға.

Құдаша еді-ау
Алды да қашты қалаға
Автокөлікпен кезіп.
Түз құшар еді-ау, жан аға

Жазғанымды езіп іш
Қартаймасқа, жан аға.

1945 ж. Абайтанушы Әбіш Жиреншин мен Шәкәрім суретін сақтап қалған Шәукен Тұрсын Жұртбай, Отырар кітапханасының директоры: Мына суреттегі сұлу мұртты, қалың қиғаш қасты, халыққа, бүкіл Шыңғыс еліне Шәукен деген атпен аян болған аяулы азамат. Оның шын аты Оразғали, әкесінің аты Бақаш, арғы атасының аты Әбдуали, бұл кісілер Өскенбаймен бірге туысатын Мырзатайдың тұқымдары. Әйгілі «Абай жолындағы» Жұман шешеннің үрім-бұтақтары. Ел Шәукен деп атауының себебі, оны еркелетуден туған. Шәукен туа құлағы естімейтін, тілінің мүкісі бар, қазақша сақау дейді ғой, сондай адам еді. Өте аңғарлы, тез қимылдайтын, сонан кейін Алла өзгеден ерекше қылып жаратқан қасиетіне байланысты, көптің көшінен гөрі, сол тау-тасты жағалап, аң аулағанды жақсы көрген адам. Ал енді Шәукеннің қасындағы Әбіш Жиреншин, «Абай жолындағы» атақты Жиреншенің тұқымы. Қазақтың белгілі абайтанушысы, тарихшысы, зерттеушісі. Бұл сурет 1945 жылы Абайдың тойында түсірілген болуы мүмкін деп ойлаймын.

Бекен Ыбырайым, филология ғылымының докторы: Әбіш Мұсыл­ манқұлұлы Жиреншин 1913 жылы 31 желтоқсанда, бұрынғы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Ол кісінің өмір жолын толық еске ала кеткеннің артықтығы жоқ сияқты. 1939 жылы Ташкенттегі Орта Азия коммунистік Университетін бітірген. 1932–1942 жылдары Қазақ КСР ғылыми зерттеу қоғамының төрағасы болған. 1940 жылы КСРО географиялық қоғамының мүшесі болған. Ал 1946 жылы тарих саласында диссертация қорғады. 1942–1950 жылдар арасында Қазақ КСР Орталық музейінің директоры болған. Ал 1951–1954 жылдары ол кісі бүгінгі Ресейдегі Тюмень облысына жер аударылған. Оның себебі, ол кісі сол ел үшін, қоғам үшін, мемлекет үшін еткен қызметінің сол заманда дұрыс бағаланбауына, әділетсіз бағалануына, қиянат жасалуына байланысты, ал Әбекеңнің шын аты, азан шақырып қойған аты Әбусағит. Тұрсын Жұртбай: Шәукеннің қазақ әдебиетінің тарихында қала­ тын ұлы ерлігі бар. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлының осы күнгі сақталып қалған жалғыз суретін өзінің туған шешесіне де айтпай, 1949 жылға дейін жасырып келгендігі. Өздеріңізге мәлім, 1931 жылы Шыңғыстауда «Ақ Серінің көтерілісі» дейді, Жабағытай, Бердеш, жалпы Абай мен Шұбартау өңірінде үлкен көтеріліс болған. Шәкәрім сол көтерілістің желеуімен атылғаны тарихтан белгілі. Қарасартов Аббас Шәкәрімнің болашақ бағдарындағы барлық қағазды алып келіп, қазіргі «Қарауыл» селосындағы НКВД-нің кеңсесіне үйіп кеткен. Шәукен сол кезде сол кеңсенің күтушісі, от жағушысы, күзетшісі болады. Ондағы ойы, бұл тіл білмейді, сөйлей алмайды, естімейді, осының да себеп-салдары болған сияқты. Шәукеннің шешесінің айтуы бойынша, бір суықта жаңағы қағаздарды отқа жаққызады ғой, НКВД-нің адамдары. Отқа жағып отырған кезде, Шәукен көп қағаздың ішінен Қажының суретін көріп қалады. Көріп қалады да, ешкімге байқатпай, қойнына тығып алады. Сол кезде шешесі жылайды. «Жаным-ау, бұның не, бұл сондай қиын жағдай, бұны көрсе, сені атады» дейді ғой. Сонда ол «мен мылқау­мын, мен ешкімге айтпаймын, сен ешкімге айтып қойма» дейді. Бекен Ыбырайым: Бекмахановтың кітабына қарсы шыққан Шо­ йынбаев. Ақынжанов, Айдарова, Толыбеков тағы басқа ғалымдардың пікіріне бұл кісі қарсы шығып, Кенесарыға, Абылайханға байланысты өз пікірін ортаға салды. Енді қазіргі тәуелсіздік кезінде олар туралы әділ баға беру, олардың бәрі оңай, бірақ ол кезде қалай еді. Мәселен, Бекмахановтың кітабына байланысты қаралаушылар Кенесары шонжар таптан, үстем таптан шыққан дейді. «Ал сол таптың өкілінен шыққан деген қаралау, дәлел жеткілікті бола ма», – дейді Әбекең. «Олай болса, Абай да, Шоқан да үстем таптың өкілінен шыққандар бәрін іске алғысыз етуге бола ма» деген бір уәжі болса, тағы бір уәжі, Кенесары-

ны іске алушылардың біразы, оны Мағжан мақтады дейді. Мағжанның өлеңінде бар ғой, «Арқада Бурабайға жер жетпейді, Алашта Кенекеңе ер жетпейді» демекші, сол атаған дейді. Әбекең: «олай болса, Ахмет Байтұрсынов та, Мыржақып Дулатов та, Аймауытов та Абай туралы, Шоқан туралы жоғары, құнды пікірлер айтқан. Олай болса, оларды да ысырып тастаймыз ба» деген. Тұрсын Жұртбай: Сол отырыстың бірінде Шәукен Мұхтар Әуе­ зовты оңаша шақырып алады да, күртешесінің өңірін пышақпен тіліп, содан қағазға, оның сыртынан шүберекке, оның сыртынан былғарыға оралған, әбден тер сіңген бір суретті алып шығады. Алады да, Әуезовке көрсетеді. Әуезовке айтады: «Сенің басың үлкен, данышпансың, сен Шәкәрімді білесің, қазір үлкен жазушы болдың. Мен мына Қажының суретін саған беремін, сен сақта», – дейді. Сонда 1931 жылдан 1949 жылға дейін Шәукен осы Шәкәрім Құдайбердіұлының суретін күртешесінің өңіріне, ішіне тігіп, сақтап келген ғой. Бекен Ыбырайым: Сол сияқты Әбекеңнің жазған «Абай – қазақ халқының ұлы ойшылы», «Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары» атты кітаптары абайтануды кезінде ілгерілете түскен, белгілі түрде концептуалдық тұрғыда болсын, деректі тұрғыда болсын, өз тұрғысынан, өз саласынан келіп, байытқан еңбектерінің бірі деп айтуға болады.

Қаһармандық қайнары
Ат үстінде садақ керген бабам-ай,
Өр рухыңды енді қайтіп табам-ай?!
Құл болудың, күң болудың жаманы-ай,

Аударылған, төңкерілген заман-ай...
Б.Құсанбек. «Өлең – өзім» кітабынан

Күш атасы Қажымұқан мен ағайынды Нұрлан мен Абдолла Ғазизбек Тәшімбаев, журналист: 1964 жылы, Кеңес Одағының кезі, Мәскеуден шығатын «Физкультура және спорт» деген журналдың үшінші санында бір мақала жарияланды, В. Михайлов дегеннің. Осы Михайловқа біздің Қазақстанның жанкүйерлерінен хат түскен болуы керек. «Сіздер Иван Поддубныйды жазасыздар, Иван Зайкинді, Иван Шемякинді жазасыздар, ал енді сол кісілермен бірге күрескен, талай жылдар бойы Ресейдің даңқын асырған біздің палуан Қажымұқан туралы неге жазбайсыздар» деген хат түскен екен. Соған жауап ретінде жа­ңағы Михайлов деген өзі бір «қазақ» десе ішіне қан қатқан біреу болу керек, ондай палуан жоқ, мүлде болған емес деген мақала жариялапты.

Сол мақаланы мен оқыдым да, бұл не деген сұмдық, біз бала кезімізден бұл кісінің есімін жаттап өсіп едік. Аңыздар, неше түрлі әңгімелер айтылушы еді, аталарымыз, әжелеріміз айтушы еді. Бұл қалай деп, сол кезден бастап, Қажекең туралы көрген, білген жұрттан естелік жинай бастадым, сосын газет-журналға шыққан әңгімелерін жинап, топтай бастадым. Сонымен 20 жылдай жинастырдым. Сөйтіп 1984 жылы «Күш атасы» деген алғашқы естеліктер жинағын шығардым. Маркс Қазыкенов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жат­тықтырушы: К. Ахметов ағайымыз арнаулы комиссия құрып, сол кезде оған себепкер болған, «Совет спортында» кішкене ғана мақала шықты, Қажекең жайлы. Ол кісі ешқашан күреспеген, цирк комигі болды, басқа қабілеті болмаған адам деп. Кейіннен біз барып мұрағат­ тар­ды араладық, сонда комиссия төрағасы, сол кездегі институттың рек­торы Хамза Мұхамеджанов, мен жауапты хатшысы болдым, профессор М. Тәнекеев 3 кітап жазды, соңғы кітабы биыл шықты. Өзі марқұм болып кетті, аяулы ағамыз еді, ол кісі көп зерттеген, көп үңіл­ ген адамның бірі деп есептейміз. Сондықтан бұл кісі сол жолы Мәскеу, Ленинград, Киев қалаларына барды. Мен болсам Орынбор, Омбы, Ташкент, Көкшетау, Семей, Оңтүстік Қазақстанда соңғы отбасын таптым. Ал Омбы облы­сын­да Редкий деген селодан 18 шақырым жүріп барып таптым, Пәтиманы, Надежда Николаевнаны, қазақша сөйлеп отыр, кимешек киген адам, сап-сары, қазақтың нағыз бәйбішесі, ол кісіні мен ешқашан белорусь екен деп ойлаған жоқпын. Ғазизбек Тәшімбаев: Ол кісінің өз кіндігінен 3 ұлы болған. Ең үлкен ұлы Қалиолла, ол кісі Көкшетау облысында тұрды. Бұл кісі алғашқы Надежда Николаевна деген кісіден туған ұл. Одан кейін Қажекең ол кісімен 20 жыл отасқаннан кейін, күресіп, жолы басқаша болғанда, кейін аласапыран кезең болды, азамат соғысы болды, революция болды, содан кейін күресті тоқтатқаннан кейін Оңтүстік өңірге келіп, Арыс ауданында тұрақтаған ғой. Сол жерде ол кісі екінші рет үйленген. Содан Айдархан және Жанәбіл деген ұлдары бар. Ал енді Айдархан 1991 жылы дүние салды да, Жанәбіл 53 жасында дүниеден өтті. Екі ұлы да өзіне тартқан денелі, келбетті болды, бірақ күреспен айналысқан жоқ, физкультураны бітірген, сол күрес маңында, физкультура саласында еңбек етті. Ал енді Айдарханның 4 ұл, 2 қызы бар, ал Жанәбілден 2 ұл, 2 қыз қалған. Жанәбіл енді өз айтуы бойынша, атасының жолын қуған немерелері жоқ, күрес жөнінен, палуандық жөнінен, ал Бақытжан Қажымұқанов деген немересі қазір мына «Азия дауысында» жүлде алып, қазір елге аты шығып, өнерімен танылып тұр. Маркс Қазыкенов: 42 жыл Қажекеңнің өмірбаянына қатысты дерек­ терді жинап жүрдім. Соның ең құндыларын 2000 жылы қараша айында

мұражайға барып тапсырдым. Сонда ең құндылары өзінің тікелей пас­ порты, Сталиннен келген телеграмма, ол кісі соғыс кезінде өз күшін қайтадан жұртқа көрсетіп, жүз мың жинап, соны самолет соқтыруға берген болатын. Сол самолетке берген ақшасына Сталин рақмет айтып, телеграмма жіберген. Сол телеграмманың түпнұсқасын мен мұражайға тапсырдым. Онан кейін сол кездегі «Вперед на врага» деген газет болды, сол газеттен келген хат, ол да Қажекеңнің мына ПО-2 самолетімен жауға қарсы ұшқан немістерді жақсылап жойған азаматтардың бірі, ерлік көрсеткен Қажытай Шарабаев туралы. Ол кісі Семейде тұрады, қазір бар, бірақ жасы келіп қалды. Сол кісі ұшты деп, әлгі хатта жазылған. Сосын подполковник Клющиковтың қайда тұрғаны, сол самолеттің пәленбай экипажда сақтаулы тұрғаны деп, ПО-2 әлі күнге дейін бар екені айтылған. Сосын енді Оңтүстік Қазақстанның Исполкомының сол кездегі құттықтауы, 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, Қазақстанның 25 жылдық тойына арналған. Ғазизбек Тәшімбаев: Бір айта кететін нәрсе бар, басын ашып алатын нәрсе, осы өткен жылдары мен үлкен мақала жарияладым, «Егемен Қазақстан» газетінде, оған марқұм Мұратхан Тәнекеев келіп қол қойған болатын. Мәселе Қажекеңнің туған күнін, туған жылын анықтауда. Өйт­кені барлық энциклопедияда, барлық әдебиеттерде Қажекеңді 1871 жылы туды деп жүр. Оның себебі баяғыда 1930 жылдары біреу, кім­ нің жазғаны белгісіз, бір жапырақ қағаз беріпті. Сонда 1871 жыл деп үлкен әріптермен жаза салыпты, бұл енді қазіргі паспорт сияқты нәрсе. Осыны негізге алады да, барлығы қателесіп жүр. Ал мен зерттей келе бұл кісі 1871 жылы емес, 1883 жылы туғанын анықтадым. 1913 жылғы «Айқап» журналында бұл кісі өз аузымен айтады: «Мен биыл отыздамын», – дейді. Маркс Қазыкенов: Күресіп жүрген кезіндегі Нижний Новгородта 1914 жылы тамыз айында болған Халықаралық жарыста, бұл кісі Шмидт деген сол кездегі Ресейдің белгілі палуанымен күресті. Бірақ күрескен кезде қызық оқиға болған. Анау кісі Степовтың циркінде жарыстың ақ­ тық күні, «мен, – дейді, – тек қана бәйгеге күресем, ақша тігіп күресем». Қажекең бұл кісіні бір жыл бұрын Нижний Новгородта жеңген. Менің ақшам жоқ дейді, мен бәйгесіз де, ештеңе тікпесеңіз де күресемін деп, талпынады. Бірақ анау кісі тек қана 100 сом берсең ғана күресем дейді. 100 сом дегенің үлкен дүние, оған 30 жылқы сатып алуға болады, ол бір үйір жылқы ғой енді. Сонда Нұрлан мен Абдолла деген Семейден келген екі көпес, мінекей 100 сом деп, арбитрға апарып береді, күрес басталады. 2 минутке жеткізбей, ана кісіні жаншиды, жауырынынан кілемге, бірақ тез жібермейді, «міне саған 100 сом деп», құлағына сыбырлайды. Көп ұстайды, халық дегенің қуанып, Қажымұқанды көтеріп жатыр. Ол

кезде қазақтар да көп болған, өйткені Қажымұқанның жанкүйерлері жергілікті Нижний Новгородтың халықтары да Қажымұқанды жақсы көрген. Неге десеңіз, сол кісі ол жерде көп күресті. 1912 жылы Ресейдің чемпионы болды, алтын медаль тақты кеудесіне.

Батыр Бауыржан мен кинорежиссер Мәжит Бегалин Мамытбек Қалдыбаев, жазушы: Баукең өзі «мені танып білу үшін, алдымен менің мектебімді, ұстаздарымды, ұшқан ұямды танып біліңдер», – дейтін. «Ұстаз адал болу керек, адал емес адам ұстаз бола алмайды», – дейтін. Мұны Ғ. Мүсірепов ағамыздың сөзімен айтсам, Ғабең Баукеңнің қырқында үйінде болды, жазушылардан тек Ғабит Мүсірепов пен Сәуірбек Бақбергенов ғана болды. Сонда Ғабең жарты сағаттай Баукең туралы өзінің пікірін, ой-тұжырымын айтты. «Бауыржан жұрт айтса болды, көп айтса көндінің адамы емес, творчествоның, адал сенімнің, ар-ұят пен намыстың адамы еді. Ел билеуге әбден жарайтын, елшілікке жарамайтын. Турашыл, таза жан еді», – деген баға берді. «Енді ескерткіш қойсаңдар, Баукеңе лайықты, өзінің ерлігі, батырлық тұлғасына сай және ойшыл, парасаттылығын да ескеріп қойған жөн», – деді. «Мен көп елді араладым, мына Венецияда болғанымда, көлдің жағасында жұрт құмға қыздырынып, шомылып жүр екен, біз де біраз мезгіл аялдадық. Сонда бір ескерткішке кезіктім. Жағажайда кәдімгі бізбен араласып, сырласып жүргендей, табаны жермен бірдей, тік адымдап бара жатқан ескерткішті көрдім. Менің ойым, Баукеңе Панфилов паркінің кіре беріс тұсынан алаңнан

бізбен араласып, тірі адамдай, жүріп келе жатқандай етіп ескерткішін қойса деген ойым бар», – деді. Хамит Бегалин, Мәжиттің ағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері: Мәжит екеуіміз тетелеспіз, бір әке, бір шешеден. Мен 1920 жылғымын, Мәжит 1922 жылғы, ал енді қазақтың бас­ тан кешкен ауыр жылдарында өмірімізді бастадық. Ол – ашаршылық Голощекиннің тәркілеуі, малдың бәрін халықтың қолынан тартып алуы. Содан кейін сонда қазір полигон дейді, туған жеріміз бұрынғы Абралы ауданы, бұрынғы тілмен айтқанда, Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дегелең болысы, оның ішінде Бегалы ауылы дейді. Сол ауылда біз туып-өскенбіз. Мен 1940 жылы кеттім әскерге, Мәжит 1941 жылы кетті, сол екі ортада кейін көп уақыт өтті ғой. Мәжит осында құрылған 100бригадаға Ташкенттегі әскери училищені бітіргеннен кейін сонда қа­ ру-жарақтарды дайындайтын кісілердің командирі болған, жараланған, денесінде оқ жарықшақтары болатын. Ол жалғыз қолды болды, оң жақ қолын кестірген госпитальда. Мамытбек Қалдыбаев: Жиырма жылдай араластым. Баукеңнің әділеттілігі соншалық, таразы не артық, не кем өлшемейді ғой, Баукең­ нің тірлігі, айтқан сөзі, жұртпен қарым-қатынасы дәл сол таразыдай еді, артық-кемі болмайтын. Енді тұрмыстық кішкене мысал айта кетейін, бірде әңгімелесіп қайтайын деп киініп дәлізге өтіп едім, жеңгей «сырт­ қы есігіміздің құлпы бұзылып қапты, соны жөндеп берші, қара­ ғым», – деді. Мен айттым: «Апай, ол қолымнан келмейді, мен өмірімде отвертка ұстап көрген емеспін», – деп едім, ол кісі ренжи бастады. Содан көңілін қи­май отвертканы алып винтін бұрайын десем, винт қатып қалған, бұрал­майды. Әуреленіп жатыр едім, Баукең келді, «Не істеп жатырсың?» – деп. Осындай есіктің құлпы бұзылып қалыпты, апай өтін­ген соң соны жөндейін деп жатырмын деп едім, «Сен бұл үйдің малайысың ба, марш», – деп қуып жіберді. Сонда Баукеңнің әділет­ тілігі, өзінің үйі, өзінің құлпы, ал басқалар болса жөндеп бер деп жабы­ сады ғой. Хамит Бегалин: Соғыстан келгеннен кейін, госпитальдан кейін Алматыда ВГИК-ке өзі барды, бұрыннан өзі мектепте жүргенде үлкен көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысып, сонда мектеп балаларының арасында біздер спортқа да, көркемөнерге де жақсы қатысып өскен аза-­ маттармыз. Ал сонда Мәжит тіпті футболдан Қазақстанның жасөспі­ рімдер құрамасына кірген бір кездері. Мұнымен бірге түскен азаматтар кейін үлкен режиссер болды. Көлемді білімі бар екенін, сосын осы жолға түскісі келіп, бар ынтасымен берілген. Сонан кейін киноларға қатысып, режиссердың ассистенті болды, «Падение Берлина», сосын «Молодая гвардияға» қатысқан.

Мамытбек Қалдыбаев: Ағаларынан Сапарғали Бегалинді қатты сыйлайтын. Ол кісі қонақтарда бірге барып жүрді, пленумдарда, съездерде қасынан қалдырмай өзінің қолынан келген қызметін көрсетуге талпынып жүретін. Мәжит Бегалин қайтыс болғанда Баукең қатты қайғырды. Онда төсек тартып жатыр еді, «Барып көңіл де айта алмадым. 80-нен асқан Сапекең, жақсы көретін баласының қабірінің басына бару қиын ғой. Ел көзіне түскен адамның, ең құрығанда, көңіліне демеу бола алмадым.. Ал мұндайда қаралы жиында, той-думанда жұрт сол елдің көзіне түскен адамдарды іздейді, елеусіз адамдарды елең қылмайды. Мен Мәжиттің қазасына барып көңіл айта алмадым, соның басықасында жүрмедім, жұрт Бауыржан қайда деп жатқан шығар. Әрине, менің осылай жатысым жақсылық емес, осыған қатты ұялып, қиналып жатырмын», – деді. Хамит Бегалин: Әке-шешеміздің бас қосып, ұзақ жылдар бірге өмір сүргенін ел-жұрт болып атадық. Ол кісілер 60 жылдан аса бірге өмір сүрген. Сонда осы барлық саладағы үлкен кісілердің бәрін шақырғанбыз. Оны бастаған Мәжит екеуіміз болатынбыз. Ол кісілер енді «қайтесіңдер, жасымыз келгенде» дегенге біз көнбей, халықтың есінде қалуы керек деп, мына Алматы мейрамханасына шақыртып той жасағанбыз.

Қамал бұзып, ту тіккен ер Рахымжан Қасым Қайсенов: Рейхстагтың бір парадына кіргеннен кейін, Рахымжан айтады жолдасына: «мен қазір тұрайын, менің үстіме шық, анау қабырғаға апарып, мынаны тік» деп қолына жалау береді. Бұл екеуі бірінші болып жетеді. Сонсоң өзі жарға сүйеніп тұрады, ал Болатов мұның иығына шығып, ананы қадап жатқан кезде, үстеріне бір нәрсе сарт ете түседі, сарт еткенде, қорқып кетеді, қорыққанда Рейхстагтың үлкен қақпасында тұрады. Ар жағынан топырлап адам келіп, сарт ете түсті дейді. Содан қорқып кетеді ғой. Сонсоң мен айтамын: «Рахымжан, сен сонда неге ұялып қалдың, қорқып кеттің бе?» деймін. Мен айтам: «Әй, Рахымжан жаны бар адамның бәрі қорқады, қорқып кеттім деуден несіне ұялдың, ұялатын ештемесі жоқ, қорқудың да орны бар». Ол Рейхстагқа ту тігеді, Рейхстагқа ту тікті деп айтқанның өзіне де, хабарлаған адамдарға да батыр атағын бергені бар. Әлгі Илья Сиянов дегенге. Енді анау батырды қойшы, әлгі Михаил Егоров, Милитон Кантария дегендер, біреуі – орыс, біреуі – грузин, енді олар саясат үшін берілген ғой, ал онан кейінгі берілгендер, енді ту тіккендердің барлығына да берген, сонда бұл екеуіне бермеген ғой. Бұл енді анық, ту тіккені анық, олардың барлығы – тарих,

көріп тұрған барлық тілшілер куә. Содан бұған бермеген, сонымен бұл солай қалды. Менің өкінетінім, әсіресе 1965 жылы Бауыржан ата да, Рахымжан да бар болатын, Бауыржан үшеуіне батыр атағын бер деп халық сұрай бергеннен кейін, Мәскеу келісімін береді, берсек берейік, құжаттарын дұрыстап алдыртыңдар дейді, Қазақстан жібереді, Омбыға келіп түседі, Жоғарғы Кеңеске тапсырады, құжаттарын реттеңдер деп. Бәрін дайындайды. Енді 5–6 адам жиналып, әлгі шешу керек, келісу керек, сол кезде 5–6 адамның шешуші адамдары қарсы болған, тіпті бір генерал үшеуіне де батыр атағын беруге болмайды, үшеуі де лайық емес деген, сонымен шешілмей қалды ғой. Олар қайтыс болып кеткеннен кейін, маған Жеңістің 50 жылды­ ғына байланысты «Қаһарман» атағын берді ғой. Бұл атақты беру деген, мен үшін қатты ауыр болды. Мен өзім де сондай қатты ренжіп, қатты көңіл­сіз жүрдім, өйткені, мен ол екеуін о дүниеге жіберіп, өзім жалғыз қалғандай сезіндім. Өйткені ол екеуі тірі болса, ең алдымен, сол екеуіне беру керек еді деп ойладым ғой соңынан. Екеуіне батыр атағын өлген­ нен кейін бергесін, сосын барып өз-өзіме келіп, ойым тынышталды. Өзі керемет, қызық жігіт болатын, көңілді жүрсе, жақсы жүрсе, ме­ні Қасым аға дейді, әйтпесе мені кекетіп, мұқатып сөйлейтін. «Алтай­дың қара аюы» дейтін. Өзі керемет, актер сияқты, артист сияқты бола­тын. Мысалы, менің даусымды, Баукеңнің даусын, С. Мәуленовтың даусын айнытпай салатын. Бір күні тағы телефон соғады Рахымжан: «аға, маған келіп кетіңіз», «немене болып қалды?» десем, «мен сізге сыйлық дайындап қойдым, арнайы жасаттым», «не сыйлық?» десем, «келгеннен кейін көресіз», «жарайды» дедім. Сосын енді барам ғой, ылғи ол кезде маши-

намен жүрем, машинама міне салдым да, бардым. Оның кабинеті болатын, қонақ үйдің бастығы ғой. Кабинетінің мына жағында кішкентай бөлмесі болады, ол бөлмеде өзі шай ішеді, ол бөлмеде қашанда арақ, коньяк, тісбасар тұрады. Сосын кіріп амандасқаннан кейін, «жүр, мына бөлмеге» деді, жүрдім, «отыр» деді, отырдым, мына таяқты қолына алды, сосын ашты да, «сіз қартаясыз, қартайғанда осы таяқты ұстап жүресіз» деді. Сол қартайып алып жүргеннен кейін, мынаның ішіне жарты литр спирт, не жарты литр коньяк сияды деді, сосын шаршап келе жатасыз да, бір жерге отырасыз да, сіз арақ ішетін адамсыз, мынадан құйып аласыз да, ішіп ары қарай кетесіз, бірақ сіздің қалай арақ ішетініңізді білем, сіз бокалмен ішетін адамсыз, мынаған жарымайсыз, сондықтан мынаның аузынан соғасың дейді. Әй, сен де әлі қартаясың десем, жоқ мен қартаймаймын, таяқ ұстайтын жасқа келмеймін дейді, неге десем, неге екенін өзіңізде білесіз дейді, басқа ештеңе демейді. Сосын осыны бір жолы Елбасына көрсетіп айтып едім, ол кісі керемет, қызықтап тыңдады, қайта-қайта қолына алып, көріп, қарап, қатты қызықты. Сосын мына жерге кішкене коньяк құйғызып, бәрің дәм татыңдар, мынау Рахымжан ағаларыңның дәмі деп, әрқайсысына дәм татырды. Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин мен әдебиетші ғалым Есмағамбет Исмаилов Серік Қирабаев, академик: Отан соғысы кезінде шыққан батыр­ ларымыздың ең тұңғышы. Өзі 1941 жылдың күзінде Мәскеу түбінде қазақтар ерлік көрсетіп, Мәскеуді қорғауда жаппай батыр бола бастады ғой, солардың көпшілігі тексеруден өтуі, құжаттарын жөндеуі, барлығы созылып, 1943 жылдан бастап, біз батыр бола бастадық. Мәлік соның алғашқысы. Мәліктен кейін батырлық атағы болмағанымен, атағы жер жарып Бауыржан Момышұлы келді, 1 айлық демалысқа. Осы екеуін ха­ лық болып күтіп, бүкіл ел болып біраз шулаған. Мәлікке арналған өлең­ дер, әңгімелер көп шықты, Бауыржанға да арналған. Сол 1943 жылы «Біздің Мәлік» деген кітап шықты. Соған қазақ ақын-жазушылары­ ның өлеңдері, очерктері, әңгімелері шықты. 1943 жылдың қаңтарында «Правда» газетінде, соның бір бетін алып, Борис Полевой деген орыстың атақты жазушысының «Рождение эпоса» деген очеркі шыққан, Мәлік жөнінде. Мәлік майданға кетер алдында, институтты бітіріп, аспирантурада оқып жүрген, Қобыланды батыр туралы кандидаттық диссертация жазып жүрген адам еді, кешегі қазақ батырының өмірін зерттеп жүрген адам, міне, өзі батыр болды. Кешегі халықтың эпосы, бүгін жаңа

жағдайда жаңғырды, Борис Полевойдың шығармасының тезисі осы болатын. Тұрсынбек Кәкішев, филология ғылымдарының докторы, профес­ сор: Есағаң алдымен ақын болған, үш өлеңдер жинағын шығарған. «Тұл­ пар жыры», «Жазерке», «Еңбек жыры». Соның ішінде, біздің пионер кезімізде «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз» дейтін атақ­ты өлең болатын. Ал сондай әлі күнге естен кетпейтін жырларды жаз­ ған Есағаңның поэзиядағы іздері әлі зерттелген жоқ. Егер сол кісі сол бетімен кете беретін болса, «оллахи» дейін кеуде ақындарымыздың бірі болар еді. Ал енді өзінің «Сын және шығарма» деген еңбегі 1960 жылы шықты. Сол жинағы шыққанда айтады «менің сол аз ғана ақын­дық тә­ жірибемнің өзі, маған әдебиет сынына, әдебиеттану ғылымына ба­ру­ды қажетсінген сияқты болып көрінді. Мынаның азабы көп екен, сын­шы болудың бейнеті көп, кім көрінгенмен араз болып жүретінің, барлығын сезе тұрып, сол ақындық ғылым жүріп жатыр, кітаптарым шығып жат­ қан кезде, мен сынға бұрылдым» дейді. Өйткені қазақ әдебиетіне сын жанры мына қаулап өсіп келе жатқан әдебиетімізді белгілі бір арнамен дамыту мәселесі күн тәртібіне ену керек болды. Серік Қирабаев: Қазақстанға демалысқа келгеннен кейін, Мәлік майданға қайтып барған жоқ. Бас штабта қызмет жасады. Ол кезде Отан соғысының батырларын сақтау жөнінде жоғарыдан нұсқау болатын. Сондықтан соғыс біткенше, сол Бас штабта қызмет жасап, содан кейін барып елге оралды. Елге оралғанда, «майор» деген атақпен келді. Содан 1946 жылы Мәлік өзінің кандидаттық диссертациясын қайта аяқтап, Мұхтар марқұмның жетекшілігімен ғылым кандидаты болды. Мәкең

деген өзі үлкен жүректі, кішіпейіл, елгезек, былай қарағанда шыбын өлтіретін адам сияқты емес еді, бірақ майдандағы ерлігі жөнінде кезін­ де Борис Полевойдың очеркінде мейлінше жақсы айтылған. Мәскеу түбіндегі үлкен ұрыста Мәлік өзінің кішкентай, азын-аулақ взводы­ мен қоршауда қалып, жаумен қатты айқасқан. Сосын ақырында жау сол елді басып өтіп, «сосын Мәлік өзінің командасымен түгел жоқ бол­ ды, өлді» деп, жоғары жаққа мәлімет берген. Сонда Мәлік сол қоршау­ дан аман-есен, қасындағы азын-аулақ солдатымен қоршауды бұзып шы­ғып, бірнеше күннен кейін өзінің жолдастарына келіп қосылады. Тұрсынбек Кәкішев: Есағаңның алдында біздің кәсіби сыншыла­ рымыз онша көп болған жоқ. Ғаббас Тоғжанов деген ағамыз болды, Әбдірахман Байгелдин, сосын Әлкей Марғұлан да алғашқы сыншыларымыз, тағы басқа адамдар болды. Бірақ 1930 жылдан бастап, қазақ әдебиеттану ғылымына, қазақ әдебиетіне жоғары білімі бар, эстетикалық дайындығы бар адамдар келе бастады, соның алғашқы қарлығаштары­ ның бірі Есмағамбет Исмаилов. «Сынға барғанда не тындырды?» дей­ тін болсаң, 1930 жылдардың басында қазақ әдебиетіндегі жастарға арналған, балалар әдебиетіне арналған шығармаларды алғаш жазған адам, осы Есмағамбет Исмаилов. Одан кейінгі уақыттарда Сәкеннің 1936 жылы жаза бастағанына 20 жыл толды, сол кезде «Сәкен және жастар» дейтін үлкен проблемалық мақала жазды. Яғни, қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңашылдықты қалай игеруіміз керек, сонымен қатар 1935–1936 жыл­дары әдебиеттегі формализм мен натурализм жөнінде үлкен айтыс бол­ған. Сонда Есмағамбет Исмаилов Сәкен Сейфуллинді, Бейімбет Май­линді, Ілияс Жансүгіровті дырылдатып сынаған адамның өзі. Тіпті Сә­кеңнің өзі мойындаған. Серік Қирабаев: Тағдыры Мәкеңнің жақсы қалыптасты. 1946 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы болды. Отан соғысының батырларын көтеріп, депутат жасады, Жоғарғы Кеңеске Мәлік үш дүркін депутат болды. Докторлық диссертация қорғады, қазақ фольклор тақырыбына. Сонан кейін ҚазПИ-де, осы академияның тіл және әдебиет институтында директор болды, біраз жыл. Мәкеңнің жалпы адамгершілігін де, азаматтығын да халық жақсы бағалады. Мәкеңнің артында бір қыз, бір ұлы қалды. Ұлы да қайтыс болды, әйелі де қайтыс болды. Мәкеңнің есімі бірақ ғылымда қалды, соғыстың тарихында, қазақ халқының тари­ хында қалды. Тұрсынбек Кәкішев: Есмағамбеттің дүниеден өткен кезінде Әбділда Тәжібаевтың айтқаны бар: «Әдебиетіміздің үлкен ұлы осы еді. Әуезовтың айтқанына қарағанда, әдебиеттің еңбек торысы еді. Біз Есмағамбеттің қазақ әдебиетіне, біздің өсіп-дамуымызға керекті адам екенін жақсы сезінетін едік, білетін едік, бірақ көзіне айта бермейтін едік».

Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин мен ақын Қайнекей Жармағамбетов Мыңбай Рашев, ақын: Мен өзімнің өмірімде Кеңес Одағының Батыры, атақты академик Мәлік Ғабдуллинді де, сосын ақын Қайнекей Жармағамбетовті де жақсы білем. Олай дейтін себебім, М. Ғабдуллин тіләдебиет институтының директоры болған соғыстан кейін, бірнеше жылдар бойы. Сол кезде мен кіші ғылыми қызметкер болып істедім, Мәлікті білетінім. Ал енді Қайнекейді білетінім, Қайнекей бізге тікелей қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында дәріс берді, кеңес әдебиетінен. М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, С. Аманжолов, Т. Тәжібаев деген азаматтар біздің ұстазымыз болып еді. Солардың ішінде ең жасы Қайнекей Жармағамбетов болатын. Қайнекейдің Мәлікпен жас кезінен достасуының себебі де сол, ҚазПИ-де жүрген кезінде танысқан. Мәлік 3 жас үлкен Қайнекейден, ол 1915 жылы туса, Қайнекей 1918 жылы туған, Торғай қаласында. Содан Мәлік 3 жыл ертерек бітірген, кейін Қайнекей бітірді және Қайнекей сол институттың аспирантурасын бітірді. Сонан кейін Орталық партия комитетінде нұсқаушы болып, бірнеше жылдар істеді, артынан көп кешікпей, Қазақстан Ленин комсомолының орталық комитетінің насихат бөлімінің хатшысы болып істеді. Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор: 1935 жылы атақты оқымысты Құдайберген Жұбановтың «Лениншіл жас» газетінде «13 жас күш» деген мақаласы шыққан. Сол мақалада біз­ дің ұлтымыздың мәдениетін өркендететін осындай жас жігіттер бар, со­

ның бірі М. Ғабдуллин деп атаған. Бұл кісі 1935 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің ұйғарымымен «Қазақстан пионері» газетінің жа­ уапты редакторының орынбасары болды. 1935 жылы С. Мұқановтың екі томдығын құрастырған. Сол ҚазПИ-де оқып жүргенде, сол оқумен бірге мына Қарағандының бірінші 18-шахталарында кеншілерге сабақ берген. 1936 жылы Ферғанада 82-атты әскери полкінде болып, сол кездің өзінде-ақ, атыстан, мергендіктен аса үздік нәтижелерге жеткен. Одан кейін аспирантураға түскен, содан 1941 жылдан 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысты. Мыңбай Рашев: Қайнекейдің бойына тән ғажап қасиеті – ол өте көрнекті, талантты ақын болатын және ұстаз болатын және күлдіргі, әңгімешіл адам болатын. Оны біз бірге жүргенде көрдік. Бізге ұстаз болып жүрді, содан кейін тағдыр мені «Ара» журналында кезіктірді Қайнекеймен. Ғ. Мүсірепов «Ара» журналынан ауысып, Жазушылар одағына біржола ауысып кеткеннен кейін, орнына Қайнекей Жарма­ ғамбетов келді. Сол кезде Садықбек Адамбеков – сатирик, мен, сосын басқа да біраз адамдар, штат онша көп емес, Дмитрий Снегин деген орынбасары болды, атақты жазушы. Міне, сол Садықбек екеуіміз істеп жүргенде, Қайнекейдің ерекше, қызық қасиеттерін көрдім. Ол үлкенмен де, кішімен де шүйіркелесе кететін, сондай әңгімеқор, ғажап адам болатын. Әзіл-қалжыңы аралас жүретін, бұл ақын болғанда да баллада жанрын байытқан ақын. «Мұғалима» деген атақты балладасы болды, кезінде жақсы бағаланды. Балалар әдебиетіне арнап көп еңбек сіңіріп, көп өлеңдер жазды. Сосын ол тәржімашы да еді, Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын аударды. А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, то­ лып жатқан классиктердің өлеңдерін қазақшалады және де сол кездегі атақ­ты ақын, П. Неруда деген ақыны болған ғой Чилидің, сол П. Неру­ даның 5 поэмасын қатарынан аударды, қазақша сөйлетті. Серік Негимов: 1942 жылы 8 ақпан Бородино деревнясын қор­ ғау­ға байланысты үлкен шайқастар жүреді, 7 сағатқа созылады. Мә­ лік автоматшылар ротасының командирі, әрі саяси жетекшісі. Осы шайқаста 5 рет ұрымтал сәтті пайдаланады. Неміс фашистерінің 4 рет атойлаған шабуылын тойтарады. Осы шайқаста 200-дей фашисті жер жастанды­рады, 2 танкіні өртейді, 30 жүк машинасын қолға түсіреді, 2 қойманы басып алады. Бұл кісі өмірде, тіршілікте соншалықты сыпайы, ізетті, ина­батты болғанымен, Ұлы Отан соғысында қаһарман­ша соғысқан адам. Мыңбай Рашев: Сосын Қайнекейдің керемет қасиеті – ол ұстаз. Ұстаз болғанда да керемет шешен сөйлейтін. М. Әуезовтер секілді, содан үлгі алған, содан дәрістер алған, соның мәнерімен лекция оқығанда, төгіп-төгіп, шешен сөйлейтін. Ал енді Қайнекей «Ара» журналынан

кеткеннен кейін, ол енді шығармашылыққа біржола көшті. Бұл дегені­ міз – кәдімгі үйде отырып, шығармашылық жұмыспен айналыса береді. Сосын кейінгі кездері біз араласып жүрдік, үйіміз де көрші тұрды. Абылайхан көшесі мен Абай даңғылының бұрылысындағы үйде тұрды да, біз сол көшенің бергі жағында Бәйсейітова көшесі жағында тұрдық. Ең соңғы Қайнекеңмен кезіккенім, «Соңғы түн» деген кітабы шықты. «Соңғы түн» деген кітабын маған жазып берді, қолтаңбасын қойып. Соны әлі күнге дейін сақтап қойдым, өзінің көзіндей көріп. Қайнекеңнің тағы бір қасиеті – өзі ғылыми еңбектер жазған адам. Ол М. Әуезовтің шығармашылығына, Б. Майлиннің, Ғ. Мұстафиннің, Ғ. Мүсіреповтың, осы секілді жазушылардың шығармашылық жағдайына арнап көптеген мо­ног­рафиялық еңбектер жазған адам. Серік Негимов: Мәкең жастайынан ел көзіне түскен. 1928 жылы «Балға» деген журналға өлеңі шыққан. 1933 жылдан бастап үзбей жа­ рияланған. Мына соғысқа дейін-ақ, бұл кісі 1938–1941 жылдары аспирантурада оқып жүргенде-ақ, мәселен 1938 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте конференция өтеді, сол конференцияда М. Ғабдуллин Ж. Жабаевтың шығармашылығы жөнінде бөлім ашылуы керек дейді, осындай ұсыныстар жасаған. Ал енді бұл кісі 1958 жылдан бастап, күні бүгінге дейін жоғары оқу орындарына айналған қазақ халқының ауыз әдебиетінің авторы. Махамбет жөнінде жазған, «Әуезовке хаты» бар, атақты мақаласы, өзі қамшының сабындай қысқа өмірінде, Орта Азия мен Қазақстанда фольклортану ма, әдебиеттану ма, психология, педагогика ғылымдарына үлкен үлес қосқан ардагер. Біздің ұлтымыздың тарихында М. Ғабдулиннің есімі еш уақытта өшпейді.

Ақын Жұбан мен Халық Қаһарманы Қасым Өтежан Нұрғалиев, ақын: Жұбанның тағдыры кеше ғана өткен Тайырдың тағдырымен, оның алдында өткен Жамбылдың тағдырымен өте ұқсас, уақытпен бірге Жұбан кетіп бара жатыр. Яғни ол тек әдебиеттің тарихында ғана қалады. Өйткені таза кеңестік, таза коммунистік, таза кедейлік бағыттағы адам еді. Жұбанның қанатты сөздері көп болатын, оның өзі баяндап тұрған «Мен – қазақпын» деген поэмасы патетикалық поэма. Айта-айта сахнаның бұрышын ығыр қылған сөз ғой. Кез келген сөзді екі рет қайталасаң сөз өледі, бірақ адам оны сезінбейді, ауаға жаңағы сөзді шығара береді. Ол поэмасы кеңестік Қазақстанның құдіретті кезінде, тыңның кезінде, Брежневтің кезінде, Қонаевтың кезінде бірінші планда айтылатын сөз еді ғой. КСРО-ның құлауымен,

қызыл империяның құлауымен оның атрибуттары, оның қырандары, оның батырлары өзінің пъедесталынан құлады, Жұбанның осы өлеңі де айтылмай бара жатыр. Сөз қай уақытта да жаңа болады, қай уақытта да құдіретті болады, ал оны тыңдайтын оқырман, тыңдаушысы кеткенде сөз бірге кетеді. Еркін Нұразхан, журналист, Қ. Қайсеновтың жеке хатшысы: Қасым аға өзі соғысқа дейін өлеңдер жазып, әдебиетке араласа бастаған екен. Кейін барлаушылар мектебінде оқып, соғысқа кіргеннен кейін, әрине, жазуды қойған, келгеннен кейін ол кісінің басынан кешкен әңгімелерді әдемі, көркем түрде айтып бергенін көріп жүрген жазушы жолдастары осыны жаз деп, қолқа салып, ол кісіні жазушылық жолға салады. Жаз дегенде адам жаза алмайды, жазып кету мүмкін емес, оның бойында табиғи таланты болмаса, құдайдың берген қасиеті болмаса, әрине, қалам ұстап кету мүмкін емес. Сондықтан Қасекеңнің бойында ақындық, жазушылық туа біткен қасиет. Ал енді ол кісі өзін жазушымын деп есептемейді, тек көргендерімді жаздым, басымнан кешкен оқиғаларды қағазға түсірдім дейді. Ал, шындығында, ол кісі тамаша жазушы, әңгімеші, ол кісі ауызекі әңгімелесіп отырғанда, артық ауыз сөз не болмаса дұрыс құрылмаған сөйлем деген болмайды. Бәрі орынорнымен, рет-ретімен түсіп отырады. Өтежан Нұрғалиев: Ұстазын білмей, өзі өмірден үйренген адам. ФЗО-ны жазды, «Нұрлы жол» деген поэмада, осы Алматының Горький паркіндегі балалардың теміржолы бар, соған «Бес минут» дейтін поэма жазды. Отан соғысында өзінің өткен рота командирі болған ғой, онысын жазды. Есте қалатын нәрсе өте көп, ал енді шәкірттерінен Қадырды сүйреледі. Қадыр пысық қой, сол үйіне Жұбанды шақырам деп, ко-

ньяк көтеріп, жүгіріп жүретін. Ал Ақұштапты кішкентай қуыршаққа ұқсатып, шай құйдырып жүретін, оны еститінбіз. Оралды жақсы көретін, Ақтөбені жақсы көретін, ондай мінездері бар болатын. Мені пәлендей жақсы көрген жоқ, мені қызықтайтын, кішкентай Қожанасырға қалай қараса, мені түртіп, ұстап, қызық, мұндай да тип болады екен ғой деп, оны жақсы көретіні бар. Мына тұрып жатқан үйді берген маған Жұбан, 24 жыл бойы осы үйде тұрам, мақтаныш етем. Еркін Нұразхан: Қасым аға өзі табиғатында қаталдау, шындықты бетке айтатын, өткірлігі, не болмаса сұсты қатал адам деп ойлап қалуы мүмкін. Шындығында, қаталдығын да, ол кісі тәртіпті жақсы көретін, өзінің жас кезіндегі қалыптасқан мінездері бар. Дегенмен, ол кісінің әзілқойлығы, мысалы үшін қазақы қалжыңдарды айтуы, түсінуі де өте әдемі еді. Мынадай бір қызық оқиғаны айтады өзі, соғыстан кейін, 60жылдардың іші ме екен, ол кезде машинаны өзі жүргізеді, бір жолы жаңа «Жигули» машина алған екен, «Жигулидің» жаңа шыққан кезі. Соған нөмір алуға үлгермеген болуы керек, Асыл апамыз Жамбыл жақта демалып жатқан, тез кел деген екен, асығып шығып кетсе, нөмірсіз шыққан ғой, сонда Шымкентке тақай бергенде, ГАИ тоқтатыпты. Сөйтсе, «иә, бауырым, не болды» десе, «аға, машинаңыздың нөмірі жоқ, машинадан түсіңіз, құжаттарыңызды тапсырыңыз» дейді ғой, сонда «ой, айнала­ йын, сен үкіметтің қаулыларын, заңын білесің бе?», «білем» десе, «онда Үкіметтің соңғы қаулысын оқыдың ба?» десе, «жоқ» депті, «қандай қаулы» десе, «ол мынау Ұлы Отан соғысына қатысқан партизандардың машинасына нөмір берілмесін деген қаулы шыққан. Сондықтан біз нөмірсіз жүреміз» деген екен, сонда «ойбай, аға, кешіріңіз» деп честь берген екен. Сол сияқты тауып кеткен өзінің әзілі ғой. Ал енді сондай әзілдері, ұтымды сөздері ол кісіде жетерлік. Өтежан Нұрғалиев: Соғыс тақырыбына ол әдейілеп, бізге ұқсап мамандық алып, маманданып оқуға түскен жоқ. Өзі майдангер. Енді палуан адам күрес туралы айтпауға тырысады, ал енді пышақпен жүретін баскесерлер пышақ туралы әңгіме айтпайды, олар басқа әңгіме айтады. Жұбан ол, айтпаса да Жұбан ғой. Отырғанның өзінде, омырауы толған Брежневтің омырауы, салдырлап, жүрісінің өзі генерал сияқты. Оның айтатын несі бар. Ол тақырыптан нан жеген жоқ, өз өмірін жазды, не көрді – соны жазды. Ал адамгершілігі, өзінің биіктігі, демократтығы сол заманның өзінде көрінді. Қаңғырып жүрген, қашып жүрген аузы қисық адамдарға Жұбан қол ұсынды. Ал ондай адамдар ол кезде көп болған жоқ. Сол Жұбанды досымыз деп есептейміз, бауырымыз деп есептейміз. Ал енді оған не істейміз, ештеңе істей алмаймыз. Әдебиеттегі рөлін құдай көрсетеді, уақыт көрсетеді. Ал кісілігі біздің жүрегімізде тұра береді, бұрынғы қалпынша.

Еркін Нұразхан: Қасым аға адам бойындағы жақсы қасиеттерді көрсе, қуанып отырады. Өзінің қанаттас інілерін, кешегі өмірден өтіп кеткен адамдарды еске алып, соларды кейде сағынып отырады. Ол кісімен қатар сонау Украинадан алып келген Жұмағали Саинды көп айтып оты­ ратын. Кейінгі бірге жүрген Кемел Тоқаев, Қабдыкәрім Ыдырысов, Жұбан Молдағалиев және басқа да әдебиет қайраткерлерін сағыныш­пен еске алады. Сол кісілермен бірге жүрген күндерін еске алады.

Генерал Хасен мен фотограф Асылхан Асылхан Бәгенұлы, фотограф, Қытай Халық Республикасы: 1976 жылы Пекинде «Ұлттар фотосуреті» журналында істеп жүргенім­де, сондағы саптастарымның бірі маған «Әй, осында біздің армияның ірі басшыларының ішіндегі Хасен дейтін адам бар екен, бұл кісінің қытай­ ша аты Жан Жя Мин. Бұл кісі өзін қазақпын, мынау Шыңжаңнан келген қазақ болса, танысып қойсам ба деген сөздер айтты» деп, маған осындай хабар жеткізді. Осыған ерекше таң қалып едім, сол кісімен жолықсам деп ойладым. Осы хабарды ести сала, бірнеше күннен кейін мен өзімен жолықтым. Бұл кісіні біртұтас суретке алдым және қазақша материал жазып, «Ұлттар фотосуреті» журналына 6 ұлттың тілінде жарияладым. Күләш Мәсіпқазықызы, ҚХР азаматы: Қазақтан бір генерал ағай шықты дегенде қуандық. Сонымен, ол кісіні қазағын сағынып жүр ғой, қазақ отауынан дәм татсын деп, үйге қонаққа шақырдым. Ол кісі өзінің апайымен келіп, үйден дәм татты. Сонымен ол кісімен көп әңгі­меде болдық, өзінің басынан кешкендерін, соғыс кезіндегі машақаттарын, әке-шешесінен қалай айырылғанын айтып, өзі үлкен кісі, еңіреп, көзіне жас алды. Сонда адам енді отыра алмай, қатты тебі­рене­сіз. Ол

кісімен бірнеше рет бірге болғанда, өзінің қазақ екенін айтқан­да, өзінің тегін ұмытпағанына, қатты әсерлендім. Асылхан Бәгенұлы: Бұл кісінің әкесі Ыбырайым деген кісі екен. Әкесі өзінің бала кезінде осы Шыңжаңның, Шәуешек аймағының арғы жағында, сол кезде Қазақстан мен Орта Азия, көлеміне, мына Жібек Жолымен сауда жасау байланыстары көп болады. Әсіресе, Қытайдың ішкі аймақтарына дейін, Пекинге Шәуешектен салық жинаған кезде, баж тапсырған кезде, негізінен жылқы айдап баратын, кездер болған екен. Сосын бұл жерде қалып қалған, біреуге бала болып, одан соң Рүстем деген бала туылған, Рүстемнің өзі ер жетіп, сол Шыңжаңнан арғы жерде Гансу деген жерде үйленіп, бала-шағалы болған. Сонда ол кісінің ұл баласынан санағанда екінші баласы Хасен. Күләш Мәсіпқазықызы: Кейінгі кездерде Шыңжаңдағы біздің қазақ бауырластар барлығы ол кісіні шақырып, Шыңжаңға келді, Шыңжаңда бірнеше тойға қатысты. Және ол кісінің 40 жылдық тойында да бірге болдық, қазақтың кәдімгі ақ боз үйлеріне кіріп, бірге отырып, өзінің басынан өткендерін айтып, қазақ халқын қалай сағынатынын айтып, өзі­ нің қазақ екендігін қалай ұмытпағанын айтты. Асылхан Бәгенұлы: Сонда бұл үшінші ұрпақ, сол жерде болған екен. Ал енді оның әкесі сол жерде моңғолдармен, тибеттермен бірге тұрып, сол жерде өткен. Кейінгі дәуір Рүстемге келгенде, ол жерде ашаршы­лық, жаугершілік жағдай болған екен, бұл кісі оңтүстік жақта төңкеріс болып, Хасен де ол кезде әкесімен бірге Янаньге келіп, бір отбасы тозып кеткен. Ашаршылықта қайыр тілеп, балаларын сатып, Хасеннің өзін де сол кезде үлкен помещикке сатқан, кейін қаланың ішінде қайыр істеген, осылай жүріп, кейін қызыл армия қатарына қосылып, бала жауынгер болған. Сол жерде әскерлерге тамақ жасауға, аспаздарға көмектесіп, кішігірім жеңілжелпі жұмыстар істеп, жасы үлкейе келе соғыстарға қатысқан, соңынан Жапон империализміне қарсы, жапон шапқыншылығына қарсы соғыста болған. Ол соғыстарда үлкен еңбектер көрсеткен, соңынан азаттық соғысына қатысқан, онан кейін азат болғаннан кейін бұл кісі Пекинде армияның жұмыстарында болған. Құрылыс армиясының басшыларының бірі болып тағайындалған. Күләш Мәсіпқазықызы: Соншама машақат шегіп, жапалы күндер басынан өтсе де, әке-шешесінен, бауырларынан, туыстарынан айырылса да, өзінің қазақ екендігін ұмытпағандығына мен қатты тебіре­нем. Біздің ұрпақтар өзінің қазақ екенін ұмытпауы, өзінің қазақ үшін бәрін істеуі керек деп ойлаймын. Асылхан Бәгенұлы: Бізбен танысқан кезде бұл кісінің жасы 60қа жетіп, бір армияның басшысы қатарындағы лауазыммен бұл кісі демалысқа шыққан. Бұл кісі өзі қазақша білмейді, бірақ тарихын анық

біледі. Әкесі қайтыс болған кезде, бұл кісінің әкесіне өзінің қазақ екендігін, Шәуешектен екендігін, Шәуешектің ар жағынан екенін тапсырып кеткен. Енді бұл кісінің әкесі де қайтыс боларының алдында бұл кісіге тапсырған. «Мен өзім қазақпын, сонау Шәуешектің ар жағында Көксу деген жерден келгенмін, заманында егер сенің жаның тірі болатын болса, егер ұрпақ қалатын болса, ол ұрпақ қазақ болуы керек, бұл бір талап, екінші талабы, егер мүмкіндік болғанда менің сүйегімді жеткізе алмасаң да, сүйегімнің күлін сол Шәуешекке апарып, менің туған жеріме шашып жіберсең, менің аруағым соған разы болады. Онан соң сенің ұрпақтарыңа тартып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқаны, бұның барлығын біздің қазақ үшін істеу керек, мен қазақ даласын сағынумен өттім» деген. Бұл кісінің қазаққа деген сүйіспеншілігі сондай терең, қиын-қыстау кезеңде өсиетінде жазылған. Сосын бұл кісіге ерекше сендім, сенуге де тиіспіз, өте адал, әйбат адам, сосын оның бәйбішесі де қытайша сурет салатын, өзі әртіс болған, жазуы да күшті, ерекше адам болған. Мен күн деп, түн деп сол кісінің үйінде тұрып, кейде бірге тамақ ішіп, жан-жақты елеп, осылай жазып шыққанмын. Біздің кейінгі ұрпақтар басында ауыр күндер өткен. Бір адамның осындай ірі қызметке шығуы, қолынан игілікті істер істеуі оңай емес. Біздің ұрпақтар да қазақтың мықты, қайсар адамдарынан үйренуі керек. Кейінгі ұрпақтар да өздерінің келешегін жақсы бағалай білуі керек, ел үшін үлкен үміт атқаруы керек деп ойлаймын. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен генерал-майор Мұрат Қалматаев Мұрат Қалматаев, генерал-майор: Тоқтар Оңғарбайұлы туралы сөз болғанда, мен айтар едім, бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алтын әріппен жазылған беттердің бірі, ол кісінің ерлігі. Себебі біз тәуелсіздік алғанша, өзімізден ғарышкер ұшады деген ойымызға да кіріп шыққан жоқ. Әр елден, әр ұлттан ұшып жатты. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің жетістігінің бірі. Тоқтар екеуіміз Жоғарғы Кеңестің он үшінші шақы­ рылған кеңесінде, екі комитеттің төрағасы болып сайландық. Сонда Тоқтар әскери қызметтерге байланысты қызмет істеді, мен тәртіп мәселесіне байланысты жұмыс істедім. Біздің комитет сонымен айналысатын. Әскери адамдар келіп, комитет жиналысы боп тұрады, сонда талай естідім. «Кеңес Одағының Батыры», «Халық Қаһарманы» атақтарын алуы кәсіптік еңбегінің дәлелі болар деп ойлаймын. Өзі өмір бақи, біраз

жасқа жеткенше Ресейде тұрғанымен, ең бірінші айтайын дегенім, қазақ тілін жақсы меңгеріп алды. Бұның өзі, меніңше, ол да бір ерлік. Рүстем Қайдаров, генерал-майор, профессор: Мұрат Қалматаев – милиция генерал-майоры. Біздің ішкі істер министрлігіндегі өте бедел­ ді, абыройлы генералымыздың бірі. Мен бұл кісімен танысқаным, сырттай біліп жүрсем де 1983 жылы Орал обкомпартиясының хатшысынан біздің ішкі істер министрлігіне саяси бөлімнің төрағасы болып тағайындалды. Қол астында істеген азаматтардың көбі, бүгінгі күні әңгімелесіп отырсаң айтады: «Мұрат Дүйсенбіұлы өзіміздің әкеміздей, сондай жақсы көреміз, адал адам, білмегенді үйретіп, тіпті кәсіби жағынан жоғары болатын болса, өзі сол кісілерден үйреніп, жұмыс істеді», – дейді азаматтардың көбісі. Бүгінгі күні бұл кісінің қол астында істеген жігіттердің генералдық атаққа жеткендері бар. Ал енді ұлттық жағынан, азаматтық жағынан, мемлекетке таза жұмыс істеу жағынан осы кісіден үлгі алуға болады. Мысалы, 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғада, Мұрекең үлкен, лауазымды адамдарға, тіпті Колбиннің өзіне де, жастарға істеп жатқандарының дұрыс еместігін көзбе-көз айтқан азаматтың бірі. Сондықтан Колбинге, ол кездегі Орталық Комитеттің бюро мүшелеріне ұнамағандығы сол шығар, бұл кісіні тіпті іссапарда жүрген жерінен Ауғанстанға соғысқа жіберді. Ауғандағы соғысқа біздің Қазақстаннан генерал шенімен барған осы Мұрекең. Мұрат Қалматаев: Екіншіден, жолдасқа деген, енді қазақша айтқанда, ең соңғы көйлегін шешіп беретін азаматтың бірі – Тоқтар. Оған бір мысал айта кетейін, ауруханада жатқан едім, осыдан 1–2 жыл бұрын. Іссапардан Тоқтар келіп, маған кіріп шықты. Жанында бас дәрігер бар. Біраз отырғаннан кейін, «Әй, Мөке, мына жатқан бөлмеңіз суықтау

ма, қалай» деді, «Кішкене салқын, ештеңе етпейді» дедім. Шығарып салдық, біраздан кейін ол кісінің жүргізушісі келіп, есік қақты. Қолында бір үлкен түйіншегі бар, «бұл не?» десем, «Тоқтар Оңғарбаевич вам передал» дейді. Енді қарасам, көрпе жіберіпті, сол көрпенің жылылығы ма, жолдастың жүрегінің жылуы ма, сол күні қазақша айтқанда аяқ серіппей қатып қалыппын. Рүстем Қайдаров: «Қолпаштаумен болған батырлық – қорқақтық­ тың ең азғын түрі», – деп Шәкәрім Құдайбердиев айтқан. Сондықтан бүгін әңгіме қылып отырған Мұрат Дүйсенбіұлы Қалматаев жөнінде айтайын дегенім, ол шынында батыр. Осы өткен жылы Мұрекеңнің еңбегін бағалап, Президентіміздің 2 үлкен сыйлығын алды. Мынау «10 жылдық Тәуелсіздікке» арналған медаль мен «Шапағат» медалін. Ал енді бүгінгі күні бұл кісі «Намыс» деген фирманың төрағасы болып, осы Астанада, Өскеменде, Алматыда ұжымдары жұмыс істейді. Енді 400–500-дей адамдар осы кісінің қол астында жұмыс істеп, еңбекақысын алып, отбасына жәрдем беріп отыр. Мұрат Қалматаев: Тоқтар өзі аузына арақ-шарап алмайды. Бірақ енді ол кісімен отырғанда, арамыздағы ең қызу отыратын сол кісі болатын. Тағы бір Тоқтардың бір қасиетін айта кетейін, баяғыда, жасыратыны жоқ, аңға шықтық, сонда бір жігіт жолығып, «ал енді, азаматтар, үйге кіріп, шай ішіп шығыңыздар» деп, болмай үйіне ертіп барды, осы Алматы облысына таяу ауданның бірінде болған оқиға. Есік алдына келе беріп едік, келін бала жүгіріп шықты да, 5–6 адам топталып келгенге ренжіп қалды ма, сасып қалды ма, жалт бұрылып кіріп кетті де, бізге шықпай қойды. Үйдің иесі жүгіріп кіріп, қайта шықты, әлгі келініміз түрі бөлек, жүгіріп шығып, «Ойбай-ау, шақырса келмейтін азаматтар келіп тұр екенсіздер ғой, 2–3 генерал келіп тұр екенсіздер ғой, кіріңіз, кіріңіз» деп, барсақ үйінде тамақ, бәрі дайын тұр екен. Сонда шай ішіп отырғанда, келін айтты: «Тоқа, енді бұдан былай есік алдына «Қазақстанның бірінші ғарышкері, Тоқтар Әубәкіров шай ішкен» деп жазып қоям» деді. Тоқаңның сонда айтқаны, Тоқтардан үлкен еді, «Жеңгей, мынау генерал деген, басқа бір әскери атақ болсын, қызмет болсын, оның бәрін үкімет беретін атақ, ал енді қонақ деген қазақта, ол құдайдың уәкілі» дейді, «сондықтан сізге айтар едім, былай деп жазыңыз есік алдына «бұл үй осы босағаны аттаған әр қонақ үшін қуанышты» деді. Ғарышкерлер күні мен Тоқтарды мейрамымен құттықтап, өмір жасы ұзақ болып, екі ұлының қызығын көріп, Татьянасымен өмір бойы құшақтасып, қол ұстасып өмір сүре берсін деп айтам. Тоқтар – біздің еліміздің бір байлығы, байлық деген елде көп болады, ал енді адам байлығы деген әр ел үшін байлықтың бірі. Сондай ел байлығын құрайтын азаматтар бізде аз емес, соның бірі Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров деп айтар едім.

Дінмұхамед Қонаев пен Олжас Сүлейменов Серік Әбдірайымұлы, жазушы-журналист, «Санат» баспасының директоры: Дінекеңнің жалпы таланттарға, қазақтың қаны, жаны, соның тұлғасы боп жүрген азаматтарға жасаған қамқорлығы шексіз. Олжасқа дейін, мәселен, біздің үлкен ғалымымыз Кішібековке, болмаса Сартаев ағамызға жасаған қамқорлығы бөлек. Олжастың өзінің табиғаты, ақындық мінезі, таланттылығы, тұлпар мінезділігі ешкімге ұқсамайтын тұлға. Дінекең жалпы мұндай тұлғаларды тез таныған. Сайын Мұратбеков, жазушы: Сол мектепте ескерткішін ашты. Ди­ мекең сол жерде сөйлеп, Мұхамеджан Тынышпаевтың қазақ халқының өмірінде алатын орны туралы, жалпы сол кездегі қазақ азаматтары туралы қысқаша айтып өтіп, сол ескерткішті ашты. Мұхамеджанның баласы Ескендір ақсақал Димекең екеуі бала кезден бірге өскен, құрдас қой. Аралары бір жас болар. Екеуі қалжыңдасып, Ескендір аға онша ештеңе демейді, Дінекең қалжыңдап, мен ол кісінің қазақша қалжыңын керемет айтатынын, мақалдап тұрып айтатынын сол жерде тыңдап тұрып, таң қалдым. Серік Әбдірайымұлы: 1987 жылы Орталық комитеттің маусым пленумында саяси бюро мүшелігінен кет деген кезде және Орталық комитетінің мүшелігінен кеткен кезде, Олжастың қасында 1987 жылы болуы, жай ғана болып қоймай, Дінекеңе үлкен өзінің ұсынысын айтуы ерлікке барабар. Мәселен, «Дінеке, сіз көпті көрдіңіз, талай тұлғалармен сыйлас, дәмдес болдыңыз, республикада 50 жыл басшылықта болды­ ңыз, сіздің Қоңырат руднигінің директорлығына келуіңіз, Балқаш кен-

металлургия комбинатын басқаруыңыз, болмаса Лениногор, Риддер сияқты үлкен, алып өндіріс ошақтарын басқаруыңыз, бұл да Сіздің елдің ағасы ретінде танылған тұсыңыз, сол сияқты Министрліктер кеңесінің төрағасы болуыңыз, Ғылым академиясын басқарған жылдарыңыз, сол сияқты Орталық комитеттің бірінші хатшысы болған кезде істеген істеріңіз ұлан-ғайыр. Осының бәрін неге қағазға түсірмеске, неге оны біреу жазу керек, неге оны өзіңіз жазбасқа, өз ойыңызбен жазбасқа деп қайрауы бұл шын жанашырлықтың белгісі еді. «О моём времени» деген, кейін қазақша «Өтті дәурен осылай» деп аталатын кітаптың жазылуына бірден-бір мұрындық болған және қозғау салған, сол сияқты жанашыр болған осы Олжас. Сайын Мұратбеков: Ал енді Олжастың беделі, әсіресе өзімізде жүргеннен кейін, өз елімізде қанша керемет, асқақтатып сыйлағанмен де, кейбіреулер, «әй, қойшы, сол Олжасты» деп жүріп кететіндер бар ғой. Ал мына шетелге, Мәскеуге шыққан кездегі Олжастың беделі ұшан-теңіз. Оны білмейтін Мәскеудің ақын-жазушылары жоқ шығар. Енді өзі орысша жазатын өлеңді, сол орысша жазғанның өзін егер зер салып оқитын болсақ, сол қалпы қазақы өлеңдер. Мынау қазақтың өткен ғасырлардағы ақын-жырауларын қазір шығарып жатырмыз ғой, Олжас солардың жалғасы. Солардың бүгінгі жазба әдебиетіндегі асқақ, терең және жан-жақты кәдімгі ешқандай кінә таға алмайтындай әдемі бір жалғасы. Серік Әбдірайымұлы: Мәселен, «АЗиЯ»-ның тағдырына байланысты айтайын. Ол елге, халыққа, жұртқа белгілі «Жазушы» баспасына түскенде пышаққа түскен кітаптың бірі. Кітаптың үлкен мазмұнтабиғатын таныған Димекең Сусловтан өтіп, сол кездегі КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы Леонид Брежневке дейін баруы, ол кітапты апарып оқытуы, оқытқанда осында қандай ұлтшылдық бар, ұлтшылдық сарын бар, осыны айырып беруіңізді сұраймыз деуі, ол тек Олжасқа ғана қамқорлық емес, Олжас сияқты артында тұрған қазақ халқына деген қамқорлық еді. Сайын Мұратбеков: Алпыстың алтауына келеді, биыл мамыр айында, сол әлі күнге дейін аптасына екі күн, үш күнін волейбол ойы­ны­на арнайды. Алматыға келсе де, шетелде жүрсе де, Италияда жүргенде де, шетел елшіліктеріне қатысатын, оны өзім барып көр­ дім. Ал Алматыға келгенде, өзінің командасы бар. Олжасты дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері күтіп отырып, сағат алтыда барады, екі сағат волейбол ойнайды. Енді ойынды да беріліп ойнайды, ойыннан шыққан кезде көрсеңіз ақ тер, көк тер, сонан кейін душқа түсіп алады да, ары қарай Олжас кәдімгі арғымақ сияқты адам ғой, қай кешке болса да дайын тұрады. Ол өлеңді жатқа оқитын адам, кітапқа қарап оқымайды,

Олжастың кітапқа қарап оқығанын көрген емеспін, осы қырық жылдың ішінде. Ол өз өлеңдерін түгел жатқа біле ме деп ойлаймын. Анау кәдімгі атақты «Адамға табын, жер, енді» поэмасынан бастап, соңғы өлеңдеріне дейін жатқа біледі. Ал бірақ кез келген жерде өлең оқы дегенде оқымайды. Серік Әбдірайымұлы: Бұл кісі аң аулауды, балық аулауды жақсы көрген. Және сексеннің үстіне шыққанға дейін құралайды кәдімгі көз­ бен атқан, мерген болған кісі. Ал Олжас та дәл солай, өзінің талантына сай, табиғатына сай құс мерген болған. Ал осы екі кісінің кейде аңға шыққан кезде бәсекеге түсіп, аңды атпай, мәселен, шөлмекті пәлен метр қашықтыққа қойып, соны шағын дыбысы шықпайтын оқпен көздеуі ке­ремет көрініс. Мәселен «Қыз Жібек» фильміндегі Бекежан мен Тө­ легеннің найзаның ұшына екі жебені байлап ату мергендігі осы екі азаматта да болған. Міне, осылай бір-бірімен рухани табысқан адамдар ғұмырының соңына дейін Олжас Димекеңді туған ағасындай көрді, Димекең кете-кеткенше, Олжасты өзінің баласынан артық көрмесе, кем көрген жоқ. Міне, бұл суреттің тағдыры, бұл суреттің ішкі сыры, меніңше осындай үлкен байламда жатыр ғой деп ойлаймын.

Дінмұхамед Қонаев пен профессор Сұлтанғали Садырбаев Сұлтанғали Садырбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор: Қайтыс боларынан бір жеті бұрын, менің есімде, Димаш ағамыз Қапал-Арасан санаториясында демалды. Бірде «Лениншіл жас» газетінің екі-үш қызметкері келіп, мені және Димекеңді Ақсу деген селоға қонаққа шақырды. Ол Қапал-Арасан санаториясының шығыс жағында. Белгілі

уақытта қонақ шақырған үйге бардық, үлкен дастарқанға отырдық. Дастарқанды басқарған кісі ең алдымен Димекеңе сөз берді. Димекең өзінің демалысқа келгенін, Қапал-Арасанға жыл сайын келетінін, енді жақында 1–2 күннен кейін Алматыға қайтатынын, Тынышпаев деген тарихшының тойына баратынын айтты. Сонан соң маған сөз бер­ ді. Мен сөзімде Димаш ағаның атына жылы-жылы сөздер айттым. «Аға, сіз біздің қазақ халқының мақтанышысыз, сіз қазақ халқының ұлы перзентісіз. Менің білуімше, сіз Қазақстанда 22 қала орнаттыңыз, үлкені бар, кішісі бар», – дедім. Сосын Димаш аға күлімсіреп, «Сұлтеке, сөзіңді бөлейін, ғафу ет», – деді. «Мен 22 қала емес, өз санауым бойынша, үлкені бар, кішісі бар, 27 қала орнаттым», – деді. Содан соң ретімен ауданның жігіттері сөйледі, бәрі де мақтап, ағасына жылыжылы сөздер айтты. Сөздің арасында сол дастарқанға қатысып отырған, сол кездегі «Жас Алаш» газетінің қызметкері, белгілі жазушы Жұмабай Шаштаевқа сөз берілді. Жұмабай сөйлегенде былай деді: «Димаш аға, сіз 16-шы пленумда менің «Қызыл су» деген повесімді сынадыңыз», – деп, ренжігендей интонациямен айтты. Сосын елдің бәрі «қой, қой» деп еді, Димекең «жоқ, айтқаны дұрыс, сенің атың кім?» деді, «Жұмабай» деді, «әй, Жұмабай, сен менің арғы атамның атымен аталады екенсің ғой, сен өкпелеме, ол баяндаманы мен жазған жоқпын, оны Орталық партия комитетінің идео­логия бөліміндегі жігіттер жазған. Ондай болады, сен өкпелеме, қарағым», – деп қалжыңдады, елдің бәрі күлді. Сосын қайтатын уақыт болды. Димекеңді халықтың барлығы құрметпен, қошеметпен шығарып салды. Мен аппақ жеңіл машинасының артқы салонын ашып тұрдым, Димекең келді. Сонан соң мен «ал, Димаш аға» деп, құрмет көрсеттім. «Жақсы, қарағым, профессор інім» деп қалжыңдады. Бұл Димекеңнің мен естіген соңғы сөзі. Мен бірақ сол Қапал-Арасанға енді бұл кісінің келмейтінін білген жоқпын, бірақ құрметтеп, машинасына отырғызғаныма, осы күнге дейін қуанамын, «Ағама ең құрығанда бір рет қызмет көрсеттім-ау» деп.

Сыр саңлақтары Ыбырай Жақаев пен Асқар Тоқмағамбетов Темірбек Қожакеев, филология ғылымдарының докторы, профессор: Асқар қазақ әдебиетінің алыптарының бірі деп білеміз. Асқар алғаш 1924 жылы Ташкентке оқуға барады. Оқып жүріп, өлең жаза бастаған. Ол кісі әдебиетке тұңғыш рет «Ленин суретіне» деген өлеңмен келген. Сонан талантты жас екенін біліп, 1927 жылы ол кісіні «Лениншіл жас» газетінің жауапты хатшысы етіп шақырған. Жауапты хатшы боп істеп жүріп, бұл кісі сатираны бұрқырата жазған, поэзияда өте мықты көрінген. Сол бір жылдан кейін-ақ, 1928 жылы «Күлкі сықақ өлеңдері» деген өзінің өлеңдер жинағын ұсынған. Міне, содан кейін талантты жас, болашағы бар екен деп, бұл кісіні 1931–32 жылдары Мәскеуге журналис­ тер институтына оқуға жібереді. Сол жақта оқып, әдебиеттен жақсылап қаруланып қайтқан. Соғыс алдындағы бес жылдықтар кезінде бұл кісі ел ішіндегі тұрмысымыз, ел ішіндегі кемшіл мін, ел ішіндегі ауыл шаруашылығына жауапсыздық, құнтсыздық, ұйымдастыра білмеушілік сияқты кемшіліктерді сынап, көптеген өлеңдер жазған. «Беттескенде» және т.б. өлеңдері шаруашылықты сынауға арналған. Бұл кісі 1930 жылдың аяғына қарай, 1940 жылдың ішінде Шымкенттегі Жазушылар Одағының өкілі боп келген. Ал 1956 жылы «Ара» журналына жауапты хатшы боп келген. Кейін денсаулығына байланысты, қайтадан өзінің Қызылордасына кеткен, Қызылордада Жазушылар одағының өкілі болып, өле-өлгенше сонда істеді. Қуандық Түменбаев, жазушы: Соғыстың қайнаған күндерінде, кү­ ріштің әр гектарынан 172 центнерден өнім жинап, соқасын тарта алмай

зорыққан өгіздің орнына өзі жегіліп, еңбекпен аты шыққан Ыбырайдың есімі әлемге әйгілі болды. Ол еңбек арқылы адамның қайратын, адамның күшін әйгіледі. Бүкіл Одақ көлемінен, белді-белді баспасөз өкілдері мен сөз патшасы өлең жазған ақындар келіп, Ыбырайды жырға қосты. Оның ішінде ақын Асқардың: «Отыр міне, ортамызда секілді бір тау биігі Гималай, Рекорд жасап, бар әлемге аты шыққан ер Жақаев Ыбырай. Ақ күріштің атасындай, бұл кісіге бар мейірімді тілекпен, Сәлем берсек артық болмас, ақ пейілді, адал көңіл жүрекпен», – деп жырлаған даусы ерекше. Темірбек Қожакеев: Бұл кісінің сатирасының сойылы, Чем­ берленнің шекесіне де тиген, Гитлердің де кеңірдегінен алған, мына халықаралық тақырыпқа бір кісідей памфлет, халықаралық тақырыпқа өлең жазған адам жоқ. Яғни осы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ішкі, сыртқы тақырыпқа ең көп жазған осы біздің А. Тоқмағамбетов. Ал енді бұл кісінің өлеңдерінің, поэзиясының, сықақтарының, сатиралық өлеңдерінің ерешеліктеріне келетін болсақ, ең алдымен бұл кісінің тілі, «А. Тоқмағамбетовтің тілі – қырғидың тілі» деген М. Әуезов. Ал бұл кісінің қырғи тілді болатыны, мына сатирасының объектілеріне өткір болған, удай болған, түйреп түсетін болған. Әлгі қатал айғай-шу, тілдеу, балағаттау емес, мақтамен бауыздағандай, жұмсақтап отырып, тауып айтқанда, сатира объектісінің жүрегіне жететін болған, етінен өтіп, сүйегіне жететін болған. Қуандық Түменбаев: «Бұл заманда диқан болудан артық бақыт жоқ, осы бақытты қадірлеп, егінші даңқын ардақ тұт» деген күрішшілерге айтқан сөзі бұл күнде өсиет сөз болып, әліге дейін әрбір диқанның аузында жүр. Күріш егісі де жаңа заманға сай, жаңа технологиялармен жасақталып, басқаша бетбұрыс жасар, атақ-даңқтың да алауы лып-лып етіп барып, өшер. Бірақ өмірде өшпейтін бір-ақ нәрсе, бұл Ыбырайдың тектілігі. «Мен астық өсірушілерді өмір өсірушілерге теңер едім», – деген сөзі, адам мен жердің егіздігін өмір бойына дәлелдеген қасиетті сөзге айналды.

Темірбек Қожакеев: Бұл кісі қазақтың сөздерінің қалайысынан күміс жасаған адам. Ал сөздерінің күмісінен алтын жасаған адам. Бұл кісідей қазақтың тілін жақсы игерген, жақсы меңгерген, қазақтың тіл байлығын өзінің қажетіне жарата білген ақын кемде-кем. Сонан кейінгі бұл кісінің тағы бір еңбегі сатираны жазып қана қоймаған, сатираны зерттеген кісі, сатира туралы пікір айтқан кісі. Бұл кісі 1982 жылы қайтыс боларының алдында 2–3 мақала жазды. Сол мақалалар кейінгі кезде әлсіреп бара жатыр. Фельетон тілі нашарлап бара жатыр.

Қуандық Түменбаев: Ақын А. Тоқмағамбетов диқанның 75 жылдық тойында сөйлеген сөзінде: «Ыбекең оқымаған, бірақ өмірден тоқыған адам, бұл кісі салқын қанды, артық сөйлеп саспайтын, ешқашан артық қимыл жасап таспайтын кісі. Бұл кісі ақын емес, бірақ бұл кісінің өн бойы толған жыр, ақындық, бұл кісі қара жерге кетпенмен поэма жазған адам», – деп ағынан жарылып айтқан еді. Сол тойда диқан мен ақын екеуі иық түйістіріп, осыдан 35 жыл бұрын түскен осы сурет, екі үлкен жүректің ғасырдан ғасырға кеткен мәңгілік ескерткішіндей боп қалды. Темірбек Қожакеев: Асекең қазақ әдебиетінің тек сатира саласында емес, кез келген жанрында үлкен, кейінгі ұрпаққа тәрбиелік мәні бар, білімдік мәні бар үлкен мұра қалдырды. Бұл кісі көп жасай береді деген пікірді айтуымыз керек. Ал бұл кісінің күріш өсірудің профессоры Ы. Жақаев туралы жақсы айтқан пікірлері бар. Ы. Жақаевты суреттегенде, «алақандары жалпақ кетпендей еді, шаршағанды білмеуші еді, ол кісі белшесінен суға батып, күріштің ішінде суда жүруші еді, сонда кәдімгі дәу етектей кетпенді аспанға көтеріп, жерге тастағанда, кетпен уысына дейін кіріп кететін. Міне, сондай еңбегімен бұл кісі осындай дәрежеге жеткен», – дейді. Ал бұл кісі – өзі еңбек адамдарын жақсы көрген, еңбек адамдарын жақсы сыйлаған, еңбек адамдарына арнап көптеген шығармалар жазған кісі. Еңбекшіл болған, еңбекшіл адамға шығармаларын арнап отырған, оларды сүйген.

Спорт жұлдызы Бекзат Саттарханов Несіп Жүнісбай, журналист-жазушы: Осы желтоқсанның соңына қарай менің жыл сайын жүрегімді ауыртатын жағдай бар. Ол қазақтың спорт саласындағы, оның ішінде ұлттың өнері болып кеткен, бүгінде бокс саласында маңдайымызға жазылған кереметтей жұлдыз баламыз Бекзат Саттархановтың өмірден өтіп кетуі. Бұл енді Сәбеңнің тілімен айтсақ, Сәбит Мұқановтың, спорттағы аққан жұлдыз болды Бекзат. Сиднейдегі Олимпиадаға, сонау Австралияда өткен олимпиадаға қазақтың чемпионы болмай тұрып, сол жерде әлемдік додада чемпион болып оралған Бекзат Саттарханов шын мәнінде спорттағы Құдайдың маңдайымызға жазған алтыны еді. Ол тұсаусыз кереметтей өнерді меңгеріп, олимпиададағы әлемдік жүлдені қасықтап үлестіріп беріп отыратын төрешілер мен соны бақылаушыларының арасынан өтіп кетуі, чемпиондыққа. Енді мен біраз араладым ғой, 6 олимпиадаға бардым. Талай қызықтарды көрдім,

құпиялардың да шет жағасын білемін. Негізінде, олимпиадада болсын, басқа үлкен жарыстарда да болсын, олимпиаданың, әсіресе алтын жүлделерін қасықтап үлестіріп отырады. Яғни, шама келгенше, тең бөлуге тырысып отырады. Тең болды деп айтуға болмайды, мысалы, бокста Кубаның үлесі әр уақытта жоғары. Бірақ шындап келген жағдайда ең бір керемет жылдары Куба 12 алтынның 12-сін де алып кетуі мүмкін. Ал олимпиаданы ұйымдастырушылар, оның төрешілері, бақылау комиссиялары шама келгенше, осы жерде басқа елге де үлес беруге тырысады. Ол дегеніңіз, әрине, біреуінің жолын тоқтатып қойып, екіншіге береді деген сөз емес. Өзімен тең дәрежелес болса, өзімен өнері бірдей болса, күші, қуаты, жігері бірдей болып жатса, шама келсе, сол жаққа тартуға тырысады. Неге десеңіз, олимпиада сайын 12 алтын медальді Куба алып кетіп жатса, ертең ешқандай бұл ойынның қызығы болмай қалады. Ал енді біздің Бекзат, менің байқағаным, осы Сидней олимпиадасында жаңағы бақылаушылардың бірде-бірінің назарын өзіне аудармай өте шыққан боксшы. Біріншіден, 20 жастағы бала, өзі ауылдан келген, өзі Қазақстанда чемпион емес, олимпиадада алтын алады деп ешқайсысы ойлаған жоқ. Сонда бұл өзінің кереметтей, Алла тағала бойына бітірген өнерінің арқасында, жаңағы бақылаушылардың бәрінің арасынан саңлау тауып өтіп кеткен саңлақ. Бекзат Сиднейдегі бокста алғаш жеңіске жеткен күні, сол Шымкенттің жігіті, еліміздегі спорт қауымының басшыларының бірі Серік Токеев деген бауырымыз екеуіміз боксшылар отырған бөлмеге барып, олимпиада қалашығындағы, Бекзаттың бетінен сүйіп, жеңісің құтты болсын деп жатсақ, ол айтады: «О, ағайларым, мен бүгін онша бокс­

таса алмай қалдым, келесіде көресіздер әлі, мен енді бұдан ары қарай шарықтатам боксты», – дейді. Өзінің олимпиадада тұрғанын, 20 жасар бала екенін ауылдан келген, ондай ой жоқ, іштегі буырқаныс көтеріліп келе жатыр ғой, іштегі талант, күш, қуат, жігер, ешқандай тасқа шапса қайырылмайтын алмастың жүзіндей болып келе жатыр ішінен. Олимпиада кезінде бұрын жаздым да, айттым да, 22 күндей бірге жаттық, сол Сидней қалашығында, бөлмеміз жақын, сөйлесіп жүрдік. Сонда бұл бір олимпиадаға келіп, марқұм соғысқа түсіп жатқан боксшымын деп ойлап жүрген жоқ, әдемі ойынға алданып жүрген мұңсыз балалар болады ғой, сол секілді жаңағының арасында шауып жүр. Ертең мен тау соғатын, тас балқытатын біреумен рингке шығам-ау, ол мені ұрып-жығады-ау деген ойлар жоқ. Сонымен қатар кереметтей бауырмалдығы мен бір ойына құпия сақтамайтын немесе арамдық сақтамайтын керемет ашықтығы. Не болса да ақтарып тастайтындығы. Сол жерде жүрген басшы жігіттер біледі, көбісі Бекзатпен сөйлесіп жүрді, сол кезде де бұл бір қулық сақтап немесе алдын ала себеп тауып, сондай бұра тартып жүрген жоқ, не болса да ашық, көңіліндегісін айтып, осы бәрімізді риза қылып жүрді, адал болатын. Олимпиада чемпионы болғаннан кейін, алғашқы секундында мен ешкім кіре алмайтын жерге кіріп кетіп, суретке түсірдім, сол кезде біздің кейбір чемпиондарымыз секілді осы кек жиып, немесе ішіне жел толып қалған жоқ, «мен бұл жеңісімді ата-анама арнаймын, Түркістанымның 1500 жылдығына арнаймын, туған республикама, Отаныма арнаймын» деген секілді жалынды сөздерді ешкім аузына салмай-ақ, өзі сайрап тұрды. Сонда Бекзаттың сол кездегі түрін көрсеңіз, мына кітаптың немесе суреттегі бейнелерден де көрініп тұр, тер-тер болған, жүзін тер жуған, бет-аузында сау тамтық жоқ, тиген жұдырықтан, соның арасындағы оның адалдығы, ашықтығы, шын патриоттығы кімге болса да үлгі болады бүгінгі уақытта. Өмір тоқтамайды ғой, Бекзаттан кейін де чемпиондар шығып жатыр, соның соңынан қол шапалақтап, шауып жүрміз бәріміз, жанкүйерлеріміз бар, ұйымдастырушыларымыз бар, жоғары жақтағы аға, азамат-бауырларымыз бар, ол да өмірдің заңы шығар. Дегенмен, Бекзат секілді ғасырда бір туатын спортшыны, спорт жұлдызын жыл сайын құрғатпай, еске алып тұру, менің ойымша, мемлекеттің де парызы, сол мемлекеттің бір мүшесі боп табылатын біздің де парызымыз. Енді ол туралы көп айтылған шығар, көп жазылған шығар, теледидарда Бекзаттың түскен бейнелері бар, соның бәрі жыл өткен сайын биіктеп көрініп, Бекзатқа деген сағынышты ұлғайтып бара жатыр.

1974 ж. Баукең немересі Ержанмен Зейнеп Ахметова, келіні: Бұл суреттің ерекше әдемі тарихы бар. Сонау 1973 жылы мына партия билетін өзгерту басталды. Ата 1973 жылы өзгерту керек еді, бірақ 1974 жылға дейін елдің бәрі өзгертіп болып қалды, атанікі әлі өзгертілмей тұрды. Ол кезде Жазушылар одағының партия комитетін, ұмытпасам, Амантай аға Байтанаев басқаратын, содан кейін партиялық есепті жүргізіп отыратын Инна Борисовна деген кісілер болатын. Сол кісілер үйге телефон соғатын, өздері батып айта алмайды, содан кейін үлкен кісілерді де салып көрді. Ата неге екенін, тым-тырыс, түскісі келмейді суретке. Ол кезде қазіргідей қаптаған, құжынаған фотоаппарат жоқ қой, суретке түсу үшін арнайы, кәдімгідей суретке түсіре­ тін орынға бару керек, тек қана журнал-газеттерде болатын, қазіргідей екінің бірінің қолында жүре бермеуші еді. Содан кейін Бәкең сұрады, «папа, неғып қырсығып жүрсіз, қайта-қайта аналар хабарласады, сізден бата алмайды», – деп еді, ол айтты: «Әй, менің партиялық сөгісім бар, баяғыда мені әйел алды деп, партиялық сөгіс беріп, «Қазақ әдебиеті» газетіне жариялап, керемет үлкен компания болған, сол кездегі маған берілген сөгіс әлі алынған жоқ. Ол сонау 1963 жыл болатын. Онан бері қанша жыл өтті, сол сөгіс әлі мойнымда тұр. Алдымен ана партиялық тап-таза, мөлдір, кереметтері партиялық билеттерін өзгертіп алсын, ал мен деген күнәкар адаммын ғой, соңынан ала жатармын», – деді. Сонымен біз не істейміз енді, Бәкең екеуіміз бұйрық бере алмаймыз, бірақ дегенмен енді келісті.

Бір әдемі ғана жігіт, қасында фотограф бар. Осы өрімдей жігіт, сүйкімді. Сөйтсем Асқар Егеубаев екен. Қазіргі үлкен ғалым, жазушы. Сол кезде жас болатын. Келіп атаны суретке түсірді фотограф. Ата өзі галстук тақпайтын адам еді ғой, әдемілеп, күлтелеп бантик байлайтын. Мүмкін сол атадан басқа ешкім Қазақстанда бантик байламаған шығар. Алғашқы кезде мен біле бермейтінмін, өзі бірте-бірте көрсетіп жүріп, бантик байлаудың шебері болып алғанмын мен де. Ал партиялық билетке ондай бантикпен түсуге болмайды. Сонымен әйтеуір Бәкеңнің бір қара галстугы бар еді, соны байлап, кабинетке отырғызып, атаны кәдімгі партиялық билетке лайықты етіп суретке түсірді. Сөйтіп болған кезде, «Әй, балам, тоқта», – деді фотографқа. Сөйтті де маған айтты, «Ержанның тымағын алып кел, менің тымағымды алып кел», – деді. Сонымен Ержанды шақырды. Ержанға «ки, тымағыңды», – деді. Тымағын кигеннен кейін тонын да кию керек қой, кішкентай қара тоны бар еді, соны кигіздік. Содан кейін атаның тымағын алып келдік, бірақ атаның тымағы көнетоз тымақ болатын. Мына арқа жақтың үлгісімен тігілген. Арт жағының жалбағайы бар, сондай тымақ. Ата өзі Ержанға арнап, үлгісін өзі кесті. Бір жақтан біреу әйтеуір түлкі сыйлады. Бір күні ата соған қарап жүрді де, «мынадан Ержанға тымақ тіккізу керек», – деді. Ол кезде кішкентай бала түгілі үлкен адамдар түлкі тымақ кимейтін кез. Үстін әдемі қызыл торғынмен тыстатқызып, апаға, енді Бәкеңнің туған нағашысы ғой, апа-апа дейтінбіз, сол кісіге тымақты тіккіздік, тонын кигіздік, белдігі жаңағы тымағының тысы секілді, содан қалған қызыл торғын, кәдімгі қазақша белбеу, сонымен белін буып қоятынбыз. Көшеде кетіп бара жатқанда елдер керемет таң қалатын, автобус, троллейбустарға отырғанда қызығып қарайтын. Ержан кішкентай кезінде топ-томпақ болатын, екі беті қып-қызыл, әдемі домаланған қазақ болып шыға келетін. Мен атаға айттым: «Ата, сіздің тымағыңыз кішкене көне ғой», – дедім, «Тәйт әрі», – деді. «Мен тымақ кимеймін, тымақ мені киген, алып кел», – деді. Содан амал жоқ, сілкіп-сілкіп алып келдім. Шынын айту керек, тозған, жүні сәл ұлпалақтаған. Қанша айтқанмен, кішкене тарап, сөйттім. Қолымнан жұлып алып, «пальтомды алып кел», – деді, пальтосын алып келдім. Анау сурет, кітаптар көрініп тұр ғой, атаның кабинеті. Сол жерде өзі орындыққа отырды да, Ержанды қасына тұрғызды. Осылай суретке түсті. Есіктің алдында қарап тұрдым. Енді күні бүгінге дейін ойлаймын ғой, шіркін-ай, сонда батылдау болған болсам, қазіргінің келіндері секілді кішкене ашықтау болған болсам, ата, мен де тұра қалайыншы қасыңа деп, мен де бір пальтомды киіп, тұра қалар едім. Бірақ ата өзі кел демегеннен кейін, мен де баса-көктеп, қастарына барып тұрмадым. Осы төменшіктігімнен болар, елдер жапырлап атаның

қасына суретке түсіп жатқан кезде, біртүрлі мақтанғандай, бұл менің атам ғой дегендей, бір шетте, қалтарыста қала беріп, қаша беріп, атамен бірге түскен суретім де жоқ, шынын айту керек, қанша жыл бірге тұрсақ та. Енді қазіргі жастар жақсы ғой, кез келген жерде алып жүреді, кез келген жерде түседі дегендей. Мына Ержанмен түскен тағы да екі суреті бар, бірақ олар әуесқой суретші дейді ғой, солардың түсіргені. Сонау 60 жылдығында Берікқарада демалып жатқан кезде, Ержан әлі екі жаста, ол кезде әлі бірге тұрмайтынбыз. Өзінің де шашын тықыр қылып алып тастады да, Ержанды да екі тізесінің арасына басын қысып отырып, шашын тықыр қылып алып, екеуі тықыр бас болып жүрді. Ол бір қызық, бастары дөңгелек, құлақтары қалқиып, екеуі бір-бірінен айнымай отыратын. Енді құдайға мың қайтара тәубе, қазір өмір жалғасып жатыр, енді Бәкең өз немересімен түсіп жатыр суретке. Папам да тымақпен қазақшалап түсіп еді суретке, біз де қазақша киініп суретке түсейік деп, немересін қазақша киіндіріп, өзі қазақша киініп, бір әдемі ескерткіш болсын деп суретке түсті. Бауыржан Момышұлы мен келіні Зейнеп Ахметова Зейнеп Ахметова: Ата тек бізге ғана емес, бүкіл исі қазаққа ортақ, тіпті, бүкіл мұсылман халықтарына ортақ, үлкен, ірі тұлға болғандық­ тан, атаның артына қалдырып кеткен бүкіл үлгі-өнегесінің барлығы бәрімізге ортақ мұра. Мен қазір жаңа кітап жазып жатырмын. Өйткені кезінде «Шуақты күндер» екі кітап болып шықты ғой. Кейін орысшасы шықты, бірақ кезінде цензура дейтін болатын. Оның үстіне ұлттық үлгі-өнеге, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, таным-наным, тыйым деген, бұл көп рұқсат етіле бермейді. Оның үстіне жан, тән туралы, Жаратушы ием туралы, ондай нәрселерді де жібермейді. Ал атаның аузымен бұл сөздер айтылмау керек секілді, тіпті ол жағына жолатқан жоқ еді. Қазір енді құдайға шүкір, өз қолымыз өз аузымызға жетіп отырған кезде, жаңағы «Шуақты күндерден» жазылмай, күнделікте қалып қойған, таза ұлттық өнегеге байланысты, содан кейін атаның көпшілікке айғайлап айтпаған, жария етпеген, тек оттың басында, менің күнделік жазып жүргенімді білгендіктен, бір жеріне түртіп қойсын, бір жеріне жазып қойсын, кейін сол ұрпағына, балаларына айтар деген, сондай бір әдемі, арғы қабырғасының астында жатқан, өзге түгіл өзінен жасыратын де-

гендей, әдемі ойлары айтылып қалып еді. Күн күнімен, ай айымен, сағат сағатымен барлығын күнделікке түсіріп отырғам. Құдай амандығын берсе, оқырманның қолына тиіп те қалар деп жүрмін. Мен өзім атаның алдында көбінесе үндемей құтылатынмын. Бұл атаға қарсы сөз сөйлесең, ата ашуы келген кезде қарсы сөз сөйлесең, онда отқа май құйғаның. Мен мұны ә дегеннен жақсы түсіндім. Өйткені Бәкең, Бақытжан Момышұлы, «алма сабағынан алысқа түспейді» дегендей, тік сөйлеп, ылғи сөз еститін өзі. Ылғи қуып шығатын, кейде таяғын да лақтырып жіберетін баласына қарай. Сонда мен таң қалатынмын, әлгі «жотасы қышыған ешкі, қойшы таяғына сүйенеді» демекші, «неге осы тиісе береді» деп таң қалатынмын. Ал мен үндемей құтылатынмын. Ата әбден сабасына түскенше, арыны қайтып, тасуы біткенше үндемей қоям. Тек үндемеу емес, тіпті көзіне түспеуге тырысам. Біраздан кейін, егерде менікі дұрыс боп жатса, «Әй, балам, мен кішкене артықтау кетіппін, сен ренжіме, кешір, жарай ма», – дейді. Бұл да атаның ұлылығы болатын. Бала екеш баладан, келін екеш келіннен, егер өзі бірдеңеден мүлт кетіп қателік жіберсе, кешірім сұрауға ата ешқашан арланбайтын. Өйткені ата айтатын, «кешірім сұрау, ол кемдік емес, ол да ұлылыққа баратын бір саты», – дейді. Мінекей, сондықтан да кешірімді болу, кең пейілді болу, бәріміз де пендеміз ғой, лап етіп, бірдеңеге ашуланған кезде, сабырсабыр деп, өзіңді-өзің сабырға шақырып, кішілікке бару, бұл да сол атаның алдынан алған үлгі-өнеге. Атаның мінезінің өзі қалыпқа сыймайды. Бір сөзіңді мақтап тұрып, бір сөзің үшін өтің жарылып кетсе де, сені оңдырмай сойып салатұғын.

Атаның мінезіне мен ешқашан үйрендім деп айта алмадым. Қанша жыл қолында тұрдым, қанша былайша да, бірақ бәрібір атаның мінезіне үйрене алмадым. Өйткені ата екі жағы бірдей қылтылдап, қайралған қанжар секілді. Былай қисайсаң да кесіп түседі, былай қисайсаң да кесіп түседі, ал таразыдай тең түсетін, ол кезде мен жас едім ғой, қазіргі өзімнің келінімнен де жас болатынмын. Бір жолы сондай сәлемге байланысты, халқымыздың керемет ере­­ желерін, үлгі-өнегесін, сәлем туралы мұншалықты үлгі-өнегесін бірін­ ші рет білдім, анық білдім. Соны әңгімелеп жүрдік. Қанша күн әңгі­ меледі, мен соны жазып алдым. Соны әңгімелеп отырды да, «өзім де білетін нәрселерді неге мыжи береді деп отырсың ба?» дегені. Шошып кеттім, көзім атыздай болып, «Жоға, ата, мен тыңдап отырмын», – дедім. «Сүттің бетіне қаймақты қалың ету үшін не істеу керек, білесің бе?» деді. Ішімнен ойладым бұл әңгімеге қаймақ пен сүттің не қатысы бар, әлде мені ата көк ми көре ме, әлде ештеңе білмейтін топас көре ме деп, жастық қой енді, кәдімгідей бұрқылдап, намыстанып қалдым. Қырсықтығымды білдірмейін деп айттым, «Сүттің бетіне қаймақты қалың етіп түсіру үшін, баптап ұзақ сапырады», – дедім. «Сонда қаймақ қалың түседі, бірақ нәрсіз сүт болса, қанша сапырса да одан қаймақ түспейді», – дедім. Сөйтіп едім, ата көзінің астымен маған қарады да, мырс ете түсті. Енді алғашында ойладым, менің таптап сөйлегенімді кекетіп отыр екен дедім. Содан ары қарай ата, «жарайды, онда сүтімізді ары қарай сапырайық», – деді. Сонда ғана мен мүлт кеткенімді түсіндім. Білетінің бар шығар, бірақ білгеніңнің үстіне біле түс, сонда қаймағы қалыңдайды дегенді ұқтырған екен, соны біле қойдым дағы, әлгінде ғана іштей бұрқылдап, қырсығып қалғаныма өзім ұялып-ақ қалдым. Ары қарай ата байқамағансып, алғашқы әңгімесін жалғастырып кете берді. Осылай әңгіме айтып отырған кезде, ортадан сен дұрыстап тыңдап отырсың ба, түсініп отырсың ба, жоқ әлде сенің ойың қалай, аяқ астынан сұрақ қойып қалатын. Сен ұтымды жауап бере аласың ба, сосын төмен қарап сөйлесең, ашуланатын, көзіме тура қара дейді. Бірақ, Алла сақтасын, атамның көзіне тура қарау қайда, ол кісінің көзі бір құдірет, от еді ғой. Ары қарай иығынан асырып қарайсың, көзіне тура қарамайсың. Бірақ айтқанын орындайсың, енді қазір соған да зар болдық қой. Мүмкін ата кейін айтып жүрсін, сағынып жүрсін деген шығар.

Қаламгерлер қайраты
Күн батып, арайлы таң атарында,
Күзетіп дүниенің бақ, арын да,
Жаны сұлу, кіл жайсаң, жақсы адамдар,

Жүрсем деймін сендердің қатарыңда!
Б. Құсанбек. «Өлең – Өзім» кітабынан

Үлкен Ғабең мен кіші Ғабең Сафуан Шаймерденов, Қазақстанның халық жазушысы: Бұл кісілер құрдас адамдар, екеуі де 1902 жылы туылған. Бірақ бір айта кететін нәрсе, Ғабең 1930 жылғы құжат бойынша 1900 жылғы болатын. Сосын 1940 жылдың орта кезінде 1902 жылға ауысып кетті. Кейін «бұл қалай, неге өзгеріп кетті?» деп сұрақ қойдым. Сонда күліп айтқаны бар, «Сәбитпен салғыласқанша, Ғабитпен қалжыңдасқаным жақсы ғой» деп. Екеуін 40 жылға жуық білем, ботадай тату еді. Жанар Мұстафина, профессор: Бала кезімнен барлық жазушыларды үйде көретінмін. Әсіресе соңғы уақытта, 20–30 жылдай Ғабит аға, Құсни апа, (бірінші әйелі Ғабит ағамыздың), олардың балалары бізге өте жақын болды. Мен өзім тіпті сол достыққа таң қалам. Былай қарағанда екеуі бір-біріне тіпті ұқсамайды. Ғабит аға сондай кербез, киіміне қатты қарайды, ал әкеміз ондай емес, киім кигенде, шляпаны кесіп алып, көйлектің жағасын алып тастайды да, орнына косоворотка бірдеңесі болады. Әкеміз керемет патриот болғанда, бізге айтатын, «Алматинский самый лучший» дейтін күліп.

Сафуан Шаймерденов: Екеуін жақындастырған, меніңше, мінезқұлық. Мінездері, әрине, екі түрлі, екеуінікі. Бірақ, жалпы алғанда, дү­ ниеге көзқарасы, дүниетанымы, әдебиетке деген көзқарасы, барлығы екеуін қабыстырып жатқан болуы керек деп ойлаймын. Үлкен проб­ ле­малық мәселеге келгенде, екеуінің жұбы жазылмайтын. Әдебиет­тің үлкен, көп мәселелері жөнінде, қай мәселе болсын, екеуі бірін-бірі қолдап отыратын. Содан кейінгі екеуін жақындастырған нәрсе – карта ойыны. Екеуінің заманында, қазір басылыңқырап қалды ғой деп ой­лаймын, жұрттың бәрі карта ойнайтын болып кеткен. Мен де ой­нау­шы едім, қазір қойдым, 20 жылдан асып кетті, олар кеткен­ нен кейін. Жанар Мұстафина: Жұма, сенбі күні бәріміз дачаға келеміз, у-шу болып, сонда 3 қол, 4 қол преферанс ойнайтын, әкеміз темекіні зиян дейтін. Ал Ғабит аға темекіні өте көп тартады. Сонда әкем қызық, кішкентай табличка жасап, «не курить» деп орысша жазып қоятын. Осы табличка бізде қазір де бар. Сыра ішпейтін, арақ ішпейтін, ал осыған дейін шампанский ішетін. Тіпті о дүниеге кетер алдында, Ғабит ағамен ішетіні шампанский еді. Шампан ішкендері де қызық, жарты стакан шампан, жарты стақан минеральный су қосатын. Сафуан Шаймерденов: Табиғат кәдімгі қалай жаратты, солай дүниеге келген адамдар. Сол пікірінен, сол пиғылынан айнымаған. Бі­ рін-бірі қолпаштау, бірін-бірі жиі көтермелеу деген бұларда болмаған. Бір әзілін айтайын, картаның үстінде отырғанда, Ғабең басып қалып, сен мендей бола алмайсың, менің екі нәресте қызым бар деп мақтанғаны бар. Сонда Ғабиден отырып, «үстінен шыбын жорғалап кетсе, буаз болып қалатын тоқалыңды айтпа, сен мықты болсаң, менің кемпірім секілді әйелге екі бала таптырып ал», – деген сөзі бар. Жанар Мұстафина: Анаммен көп сөйлесетін, анамыз біздің редактор да болатын. Жазғандарының бәрін ең бірінші анама оқитын. Сосын анам ескертулер айтады, мынау кішкене олай емес дейді, ал біз оған тіпті көңіл аудармаймыз да. «Тыныш отырыңдар» деген жоқ, мына тәрбие дейтін, бәрі демократиялық түрде болатын. Ғабит аға ауырып қалса, әкем таяғын алып, «мынау не жатыс, не болды» деп айтатын, солай қалжыңдасатын. Сол уақытта барлық кісілер осылай болған. Олар бірінші интеллигенттер ғой, ешқандай академия бітірген жоқ. Ал қандай асқар таудай, иә, қандай білім, қандай мәдениет. Бәрі халықтың ішінен шығады. Сафуан Шаймерденов: Енді Сәбеңнің жолы бөлектеу, ол карта ойнамаған кісі. Мына кісі аңға шығып кетеді, анда-мында жүреді. Ал Ғабиден үйкүшіктеу кісі болатын, шыға бермейтін. Бірақ екеуінің әзілі жарасқан адамдар.

Жанар Мұстафина: Қайтыс болар күні алдында, сенбі күні Ғабит ағаға телефон шалады. Бір жұмадан кейін бәріміз жиналамыз дейді. Міне, тізім. Сөйтсем, мамаммен тұрғанына 60 жыл, соған тізім жасаған. Бірақ біз бір жұмадан кейін әкеміздің жетісін бердік. Ойламаған жерден, сондай жақсы қар жауған, соның бәрін тазалап, үйге келіп, мамаға айтқан, қазір кішкене демалам, сосын жақсылап шай ішем деп, солай деп жүріп кете барған. Сафуан Шаймерденов: Ғабит өзі кірпияз, ақсүйек адам. Мінезі қатты адам. Ол кісінің екі рет жылағанын көрдім. Бірі өзінің қызы Райхан қайтыс болғанда, зиратының басында кемсеңдеп жылады. Екіншісі, осы Ғабиден ақсақал өлгенде, «жалғыз қалдым-ау» деп жылағаны бар еді, өз үйінде отырып. Адам бір жағынан қызғанады, бір жағынан үлгі алатын нәрсе. Сондай үлгі қалдырып кеткен адамдар ғой екеуі де.

Қарымды Қалижан мен әдепті Әди Зайдахан Бекхожа келіні, Қалижан Бекхожиннің жұбайы: Бұл Қалекеңнің 4-курста оқып жүргендегі суреті. Әди Шәріпов екеуі бірге оқыған, бір группада. Әди Шәріповтің басқа да студенттермен түскен суреті, жастық шақтың белгісі. Әдекеңе Қалекең әзілдегенде, мен сабақтың бәрін беске оқып, жай ақын боп қалдым, ал сен үш пен төртке оқып, Министрлер Кеңесіне орынбасар болдың, министр болдың деп әзілдеп қояды. Сол сыйластықтары, достықтары өмірінің соңына дейін үзілген жоқ. Төлеутай Ақшолақов, профессор: Әдидің бір ғаламат нәрсесі, биік адамгершілікті адам еді. Биік азаматтық бейнесі, осы күнге дейін менің көз алдымда. Әди қандай биікке көтерілсе де, қандай мансапқа көтерілсе де, өзінің кішіпейілдігінен, өзінің биязы, ақжарқын мінезінен, ақкөңіл мінезінен өмірі айырылған емес.

Зайдахан Бекхожа келіні: Қалекең 2-курста жүргенде Сәбит Мұ­қанов үздік студенттер ретінде екеуі оқулық жазған. Сегізінші, алтыншы, оныншы сыныптың оқулықтарының авторы болған, бірақ 1953 жылы ұлтшыл деп, бұлардың соңына түскенде, Сәбит ағайдан да, Қалекеңнен де оқудың авторлығын алып қойған. 4-курста жүргенде, «Комсомольское издательствоның» бас редакторы, кейін директоры болды, солай қызметке ерте араласқан, ұстаздары Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов барлығы Қалекеңнің үздік, алғыр екенін сол кезде өздері ескерген. Төлеутай Ақшолақов: Қалижанмен бір ұялас болдық, бірге өстік, онан кейінгі жолдарымыз да бірге болды. Қалижан осы Алматыға менен бұрын оқуға түсті де, кейін мені Алматыға оқуға шақыртып алып, менің әдебиетке баруыма бір себепкер осы Қалижан болды. Қалижанның да азаматтық бейнесі белгілі, ол енді үлкен ақын болумен қатар, үлкен азамат болды, үлкен адамгершілігі биік азамат болды. Ол да Әди сияқты біреуге қолынан келгенше жәрдем беруге, қол ұшын беруге асықты. Қалижанның шарапатымен, Қалижаннан ақжолтай алып, ақындық ақ бата алып өскен талай ақындары болды. Қ. Ыдырысов, Қ. Жұмағалиев, айта берсек, бірталай көп. Сосын Қалижанның достары да, ақын достары да көп болды. Зайдахан Бекхожа келіні: Ол кісі сондай дарқан, ақкөңіл, ал ашуланса, жолдастары күлетін, мұрты жыбырлап кетті деп. Ал былай жалпы алғанда, текті, ақсүйек, бұл кісінің әкесі Нұрқожа атамыз, бір Алла кешірер, атын атап жатырмын, ол кісінің өзі ақын болған, баяғыда, ерте кезде Көкшетауға барып, Ақан серімен айтысқан, Иса Байзақовпен айтысқан, сондай алғыр кісі болды. Біздің жақта ол кісіні Мәшһүр Нұрқожа деп атайды. Бұл кісінің әкесі, балалары өліп-өліп, көп қайғырып отырғанда бір күні түс көріпті, сонда маңдайшасында екі жұлдыз жарқырап тұр екен, соны көріп жорыпты, екі ұлың болады екен, екеуі де атақты болады екен деп. Біріншісі Қайыржан ағай, ол кісі ғалым болды, осы мына бүкіл журналистердің ұстазы. Төлеутай Ақшолақов: Қалижан мен Әдидің достығының ешбір үзілмейтін себебі, олардың екеуінде де рухани достық болды, екеуі де әдебиет майданында болды. Қалижан ақын болды да, Әди бір жағынан жазушы да, ғалым да болды, оның қаламынан бірталай еңбектер шықты. Қалижанның ақындық еңбектері белгілі, Әди өзі жазушылық жолында «Партизан қызы» деген, сосын «Сахара қызы» деген роман жазды, сосын Жұмағали Саинның белгілі творчествосы жайында үлкен ғылыми зерттеуін жазды, ол еңбегін Сәбит Мұқанов өте жоғары бағалады. Онан кейін Әди Ғылым академиясының тіл-әдебиет институтының директоры болып көп жыл жұмыс істеді.

Зайдахан Бекхожа келіні: Қолы ашық кісі еді, үйге кісі келгенді жақсы көретін, ал кейде енді адам болғасын, мінезсіз адам болмайды ғой, ашуланатын, бірақ ашуланғанмен зілі жоқ, қайтымы шапшаң, балажан еді. Осы Ерланға тыныштық бермейтін, каникулға шықса, Белоруссиядағы пионерлердің демалатын жеріне, Ленин жүріп өткен жолдар жобасымен жіберетін, оның керегі не, осы баланы әуре қылып, жолда бірдеңеге ұшырап қала ма десе, жоқ, ұшырамайды, Ерлан тележурналист болуы керек дейтін. Сол кісінің көрегендігі ғой, Ерланымыз тележурналист болып жатыр. Төлеутай Ақшолақов: Әди ондай кішіге жақсылық жасағандар толып жатыр, мен бір нәрсе ғана айтайын, «Партизан қызы» деген повесінде Жамал, Жібек деген екеуі партизан отрядында жүріп, екіқабат болып, сонда Мая деген перзент дүниеге келді. Анау жаудың тылында, партизан отрядында. Сонда барлығы басқа партизандармен қатар, Әди барынша қамқорлық жасады. Кейін, енді соғыс бітіп, қайтадан оралғаннан кейін, сол Маяны оқу бітіргеннен кейін, Әди әкесіндей болып, өзінің қызындай, Алматыға алдырып, ҚазПИ-ден оқу бітірт­ ті. Мұндай адамгершілік екі кісінің бірінің қолынан келе бермейді, «Пар­тизан қызы» деген повесінде, Қалижанға берген автографында «Ардақты Қалижан, ел таныған, майталман ақын, әділ төреші сізге жолдаймын», – депті, 1961 жыл. Екінші бір кітабында, «Қымбатты достым, Қалижан, жақсы көретін ықыласыммен» деп автограф берген. Олардың достығының бекуіне тағы бір себеп Әдидің студент кезінде оқып жүргенінде, сол ҚазПИ-де Қалижанмен аталас Зағира Күленова деген қыз болды. Әди соған үйленді, Зағира бірінші қазақ қыздарынан шыққан ең бірінші парашютистка болды. Міне, бұл олардың достығын онан сайын жақындата түсті. Зайдахан Бекхожа келіні: Нұржан елге барып, сол мектебінде кездесу өткізді. Екіншіден соңғы қоңырауында бір-ақ күн болып қайтам ба деп едім, билетті айырбастап, қайтадан қалдым, Қалакеңнің қолтаңба берген барлық кітабын 4 жәшік етіп апарып бердім соларға. Музейінде тұрсын деп, мектебі сондай жақсы екен, бұрын орыс мектебі болыпты, енді Нұржан айтып жатыр, соны қазақ мектебі етем деп. Екі жылдан бері, бірінші сыныптан бастап, өзіміздің балаларды алып бардық, қазір көбі қазақ болды деді. Мектепті көргенде қуанып қалдым. №12 Қалижан Бекқожин атындағы қазақ мектебі деп аталады, көшесі бар Павлодар қаласында. Мемориалды тақта орнатылды. Әдекең Қалекең қайтыс болғанда қатты қайғырып, естелік жазам деп еді, кейін Әдекеңнің өзі де ауырып кетті. Сонда мемориальды тақтаны, зиратының басын тұрғызуға көмек керек десе, баратын жеріне барам деп, Әдекең сөйтіп айтатын, жарықтық. Жатқан жерлері жарық болсын!

Кәдімгі Сәбит Мұқанов Сұлтанғали Садырбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор: 70-жылдардың бас кезінде Әуезов атындағы әдеби бірлестік, дүниежүзілік әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан, қазақ халқының ұлы жазушысы, кемеңгер, ойшыл оқымыстысы Сәбит Мұқанов ағамызды студенттермен кездесуге шақырдық. Белгілі айтылған уақытта Сәбит ағамыз университеттің үлкен залына келді. Үлкен залда лық толған студент, ине шаншар жер жоқ, төрт қабырғада студенттер түрегеліп тұр. Әдеби мәжіліс басталғанда кіріспе сөзді мен сөйледім. Кіріспе сөзімде Сәбит ағамыздың өзіне тән үш түрлі ерекшелігіне назар аудардым. Бірінші, С. Мұқанов ағамыз өзінің романдарында қазақ халқының көшпелі дәуірдегі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрін керемет суреттейді. Екінші, Сәбит ағамыз Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның даласын, қарағайлы қалың орманын, өзен-көлін, биік-биік тауларын ғажап бейнелейді дедім. Үшінші, Сәбит Мұқанов ағамыз қазақ халқының бай тілін жан-жақты меңгерген, асқан шебер жазушы дедім. Жұрт ду қол шапалақтады. Сәбит ағамыздың жүзіне қарап едім, жымиып күліп отыр екен. Сәбит Мұқанов ағамыз сөзді былай бастады: «Кейбір әдебиеттерде мені 1900 жылы туған дейді, жоқ, мен өзімнің есептеуім бойынша, мен 1901 жылы туғанмын. Ақмола облысы, Қызылжар уезі Жаманшұбар деген жерде. Біздің ел Жаманшұбар деген жерде және оның қасында Дос деген көл бар, соны қысы-жазы айналып көшіп-қонып жүреді деді. Менің әкем Мұқан 7 жасымда, шешем Балсары 8 жасымда қайтыс болды.

Жетімдіктің қорлығын бір кісідей көрдім, бірақ жасымадым. Қайраттың үстіне қайраттана түстім. Мен әкемнің інісі Мұстафаның қолында тәрбиелендім. Сол 8–9 жасқа келгеннен кейін, Мұстафа қолымнан жетелеп ауылдың молдасына апарды деді. Сәбит ағамыз айтады: «Ауылдың молдасы аласа бойлы, орташа, дембелше келген, ұлты ноғай еді. Мен сол ауыл молдасынан арабша хат таныдым, бірақ сол Ғазизолла деген молда өте қатал еді, Дос көлінің жағасына шыққан шыбықтарды кестіріп алып келетін. Қабығы аршылмаған көк шыбықпен кейде бізді жақсылап тұрып дүрелейтін. Сабақты дұрыс оқымадың деп. Өзі сондай қатал болғанмен, даусы дарақы емес, әдемі, сәнді сөйлейтін еді. Қалай айтқанда да сол молданың арқасында арабша хат таныдым. Әптиекті, 500 беттік Құранды бір кісідей аударып оқитындай дәрежеге жеттім». Қадім көбінесе, негізінен ислам дінінің қағидаларын оқытады, уағыздарын оқытады. Ал жадид бұл дін мен ғылымды байланыстырып оқытады. Біздің Сарыарқа жеріндегі молдалар біреуі жадитшілдер, екіншісі қадімшілдер деп аталады. Бұлар бірін-бірі жек көретіні сондай бір дастарқанның басына отырмайды. Екі түрлі көзқарастағы молдалар. Міне, сол екі оқуды да жақсы меңгердім. Мен қадімді де жақсы білемін, жадитті де жақсы білемін. Соның нәтижесінде ХХ ғ. бас ке­ зін­де Қазан қаласында, Орынбор қаласында, Уфа қаласында араб әр­ пімен басылған қиссаларды судыратып оқимын, әрі жатқа білемін. Ол қиссаларды төртке бөлуге болады. Бірінші, діни қиссалар, бұлар көбіне пайғамбарлардың өмір-тарихын айтады; екінші қиссалар олар махаб­бат пен сүйіспеншілікті дәріптейді. Атап айтқанда, «Қыз Жібек», «Мұң­ лық – Зарлық», «Ләйлі – Мәжнүн», «Жүсіп – Зылиха», «Сейпіл Мәлік – Бәдіғұл Жамал» тағы тағылар. Қиссаның үшінші түрі, бұл ертегілер мен аңыздар, ол сіздерге белгілі, фольклордан сабақ оқисыздар деді. Төртінші қиссаның бір түрі бар. Ол батырлар жыры. Олар атап айтқанда, «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ерсайын», «Қамбар батыр», «Шора батыр» тағы тағылар деді. Мен 1912 жылдан бастап осы қиссаларды ел ішінде айта бастадым. Бір ауылдан бір ауылға бізге қисса оқып бер, жыр айтып бер деп шақырады. Менің жағдайым жақсара бастады деді Сәбит ағамыз. Сонан соң дәл осы тұсқа келгеннен кейін президиумға бұрылып, маған «Сұлтанғали, қанша уақыт сөйлеуіме рұқсат беріледі» деді. Мен айттым, Сәбит аға, Сізге қанша уақыт сөйлеу керек болатын болса, сонша уақыт, шектеу қойылмайды дедім. Күлді де, жарайды деп, сосын сөзін ары қарай жалғастырды.

1961 ж. Кәдімгі Сәбит Мұқанов пен башқұрт қаламгері Сәйфи Құдаш Қайсар Әлім, журналист: 40 жыл бұрын Қостанай облысының Уилский селосында түсірілген суреттің тарихын айтып бергелі отыр­ мын. Бұл суретте қазақтың атақты жазушысы Сәбит Мұқанов пен башқұрттың халық жазушысы Сәйфи Құдаштың суреттері берілген. Екеуі сол Қостанай жерінде 1961 жылы кездесіп, ел аралап, халықпен кездесулер өткізген. Осы суреттің қасында тұрған екі адам, біреуі Сейіт Әбдібеков, сол кездегі Қостанай облыстық «Коммунизм жолы» газетінің редакторы, екіншісі Айдархан Абдуллин, Уилский аудандық партия комитетінің хатшысы боп жұмыс істеген кісі. Мен бұл суретті Айдархан Абдуллиннен алған едім. Енді қазақ пен башқұрт халқы үшін тең қаламгер Сәбит пен Сәйфидің достығы туралы біздің қазақ әдебиетінде кейінгі жылдары да жақсы жазылды. Сәйфи өткен ғасырдың бас кезінде 1913 жылдан бастап Торғай, Қызылжар, Қостанай өңірінде еңбек еткен. Дәлірек айтатын болсақ, ол бала оқытумен айналысқан, сол жылдары ол осы өлкені аралап, халықтың салт-дәстүрін зерттеген. Кейін әңгімелесу барысында, халқымыздың қадірменді ақын қызы Мәриям Хакімжанова: «Сәйфи сол келген сапарында Қостанайдың түбіндегі Ыбырай Алтынсариннің зиратында болып, зиярат еткен еді. Сәйфи сол өңірде ғасыр басында ағартушылық қызмет еткен, қазақтың балаларын оқытқан, былайша айтқанда, Ыбырайдың нағыз ізбасарларының бірі еді», – деп баға берген еді.

Мәриям Мұқан келіні: Өмірде «сіз солайсыз, сіз мындайсыз» деп, маған көзіме тік қараған кісі емес. Қара шырақ боп отырды, бәрін мен білем, ол кісі істейді деп, ол кісі өзі қонақ сияқты болған кісі ғой үйде. Шаруада, еш нәрседе жұмысы болмаған кісі, бала-шаға тәрбиелеуде жұмысы болмаған кісі. Бұл үйде не керек, не қажет, баланікі бар ма, қонағы бар ма, өзі бар ма, барлық міндетті өз мойныма алған кісімін. Бірақ соны дұрыстап өтедім ғой деп ойлаймын, ренішіміз болған жоқ, бір-бірімізге еш нәрсе айтып көргеніміз жоқ. Кәдімгі осы күнге дейін сағынып, осы күнге дейін кейде жылап та алам, аңсап та отырам, өткен күндерімді есіме түсіріп отырам, қандай жақсы күндер болды, қандай жақсы күндермен өмір сүрдім, соның бәрі көз алдымда көрген түстей боп қалды. Қайсар Әлім: Шынында да, туысқан башқұрт халқының, осынау жарқын өкілінің артында қалдырған ізі мол. Кейін араға жылдар салып, 1961 жылы Сәйфи Құдаш сол баяғы өзінің еңбек еткен жерлерін аралауға шығады. 1961 жылдың тамыз айының екісінен бастап, жиырма жетісіне дейін созылған сол сапарының нәтижесінде, Сәйфи Құдаш «Жастық шақтың ізімен» деген деректі хикая жазып, баспадан басып шығарды, 1966 жылы, «Жазушы» баспасынан. Сол кітабында Сәбитпен ыстық қауышуын, Қостанай өңірінің өсіп-өркендегені туралы баяндамалар жасайды. Мәриям Мұқан келіні: Ертеден өздері дос адамдар, бізге Алматыға келген сайын, үйден дәм татып кетеді, әңгімелесіп өздері сондай жақсы отырады. Достықтарын білмеймін, қазір ондай достық бар ма, жоқ па, енді өте жақын дос болды. Сосын ол кісі әңгімешіл кісі. Ал әңгімешіл кісіні Сәбит жақсы көреді, қазақтың жалпақ тілімен сөйлейді, өзі қазақтың арасында көп жүрген, Қостанайда бірге жүрген, сол жақтың барлығын, өткен баяғыдағы дүниелерді айтып отырады, сондай жақсы адам еді. Мен білетін Сәйфи Құдаш сол. Ол кісі Сәбеңнен үлкен сияқты көрінді. Өзі ұзын бойлы, заманында бір кескінді адам болуы керек. Қайсар Әлім: Сондай сапарлардың бірінде Сәбит Мұқанов Қос­ танай елін аралап, баяғы өзінің «Адасқандар» романына, кейін 1952 жылы шыққан «Мөлдір махаббат» романына арқау болған Бәтес пен Бүркіттің нағыз бейнелері – Сұлтанбек Әбенұлы мен Бәтима Мақаш қызы туралы деректер жинағаны жайлы көнекөз қариялар әлі күнге айтып отырады. Мәриям Мұқан келіні: Татарстанда болғанымызда, менің атым Мәриям ғой, татарда Мәриям деген көп болады екен. «Ой, біздің апа­ йымыз, татар» деп ұқты олар. Сосын бір күні Сәбит айтты, «бұл кісі татар емес, қазақ, әкесі де, шешесі де қазақ, қазақтың қызы», – деді. Сөйтіп, Сәйфи Құдаш күлдіріп, соны айтып отырды. Бұл кісі басқа

ұлттан ал­майды, өзінің ұлтынан алады деді. Сондай қалжыңдар айтып, қалжыңдасып, әңгімелесіп отыратын, өзі бір кең адам еді. Қайсар Әлім: Сәйфи Құдаштың қазақ әдебиетіне қамқорлығы ерекше еді. Ол сол сапарында кезінде Уфадағы Ғалия медресесінде Б. Майлинмен бірге оқыған кездерін аңсап, сол Бейімбеттен қандай із қалды деп армандап жүріп, сол сапарында Бейімбеттің 1918 жылы Қостанай қаласында әдебиетшілер кешінде өзінің қолымен жазған бағдарламасын тауып алады. Сол жөнінде де бұл кітаптың ішінде сағынышқа толы естелік айтылады. Мәриям Мұқан келіні: Мұражайы бос қалмасын деп, осының бә­ рін, әйтеуір, өз қолымен үкіметке өткізсін деп тастап кеткен шығар деп ойлаймын кейде. Мен сол әлі күнге дейін жақсы көрген көңілім, сол Сәбитті әлі күнге дейін жақсы көріп отырам. Жазушы Тәкен Әлімқұлов пен әдебиетші Жабал Шойынбет Қалаубек Тұрсынқұлов, жазушы: Т. Әлімқұлов – өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің белді бір өкілінің бірі. Ол кісінің шығармасы бүкіл қа­зақ оқырманына таныс. Бірақ кей кездері біз Тәкен ағаның атын көп айтпаймыз. Менің бір ойлатыным, кейде сол кісінің өз мінезі де әсер етеді-ау. Өйткені Тәкен еш уақытта, кей адамдар сияқты анаумынау сөз айтпайтын. Айтатынын тіке айтатын. Ұнаса ұнады, ұна­маса ұнамады. Әрбір 4 жылда Мәскеуде Орталық комсомол коми­теті жас жа­ зушылардың жиынын өткізіп тұратын. Соның ең алғаш­қыларының ішін­ де Шыңғыс Айтматов, Әбдіжәміл ағамыз болған. Мен орталық комсо-

мол комитетінде істеп жүргенде, 6-мәрте өтіп жатқан жиынға делегация алып бардым. Тәкен Мәскеуде жұмыс істейтін. Бізден баратындар үшін ол кісі алдын ала қамқорлық жасап, жас әдебиетшілерге пікір айтатын, шығармаларын оқитын, қам­қор болатын адамдарды іріктеп, белгілеп қойған екен. Солардың ішінде М. Кәрім, Ш. Айтматов, Зоя Кедрина бол­ды, атақты Конава­лов т.б. болды. Солардың арқасы болуы мүмкін, бізден бар­ған 12 жас жазу­шының барлық шығармасын оқып шықты да, олар сол жиын қорытындысында жазушыларға бағасын беріп, өз ақылдарын айтты. Сондағы барған жас жазушылардың қатарында М. Мағауин, М. Шаханов болатын, М. Айтхожина, Қ. Найманбаев, Д. Досжанов, Ө. Күмісбаев бар еді, жалпы саны 12 адам болатын. Мен Тәкеннің әдебиетке жасаған қамқорлығына сонда көзім жетті. Жабал Шойынбет, әдебиетші: Жартытөбе орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп жүргенде, Тәкен ағаның 1978 жылы 60 жылдығы өтті де, мен сөз сөйлеп, содан кешкісін үйге шақырып алды да, «ал, Жабал, мен сені бүгіннен бастап шәкірт етем», – деді. Міне, содан өмірінің соңына дейін мені ертіп жүрді. Созақ ауданында партия комитетінде нұсқаушы едім, аудандық партия комитетінің хатшысы Ботанов шақырды. «Не болды», – десем, «Мына Тәкен көкең келіп тұр, екеуің жолсапарға баратын болдыңдар», – деді. Сонда Тәкен ағаның ма­ ған айтқаны «Енді саған Алматыдағы Жазушылар одағын көрсеттім, ен­ ді сен совхоз директорымен, совхоз трактористерімен, малшыла­рымен қалай сөйлесем, сен соны тыңдайсың да отырасың, мен көрсе­тем», – деді. Сөйтіп не керек, мені Созақ совхозына апарып, Созақ совхозы­ ның директоры Балтабай Әбдірамановпен қалай сөйлескенін мен қарап отыр­дым, ол кісілер сөйлесіп отырды, одан сол совхоздың қойшы ауылына апарды, одан трактористермен сөйлесті. Не керек, әйтеуір Тәкен аға маған шәкірт ретінде көп нәрсені үйретті. Қалаубек Тұрсынқұлов: Сонда Тәкеннің маған айтқан бір-ақ сөзі: «Маған үй бермепсіңдер, мен үйден сонша жәбір көрмес едім. 3 бөлмелі үйім бар, бірақ сендер берем дегесін үйіме, бала-шағама айтып қойып едім ғой, осы ұят болды», – деді. Осыдан басқа бір ауыз сөз айтқан жоқ. Егер басқа біреу болса, «бұл қалай, мен үлкен жазушымын, маған неге тимеді» деп, әйтеуір енді менің 7 атама жетпесе де, біраз жерге апаруға болады. Өйткені Одақтың басшысының бірімін, осыдан басқа сөз айтпады. Мен қайтып келгеннен кейін, тікелей жұмысқа бардым. «Жігіттер, осы ыңғайсыз сияқты, Тәкеңе үй жетпей қалыпты, сондықтын былай келісейік», – дедім. – Маған 4 бөлмелі үй бөлінген екен, мен үйді алмай-ақ қояйын, Тәкеңе берейік, менің бәрібір үй алатыныма көзім жетеді, оның үстіне қалалық атқару комитетінде жұмыс істеп жүргенмін. Содан ойланайық деді, мен түстен кейін келіп айт-

тым, келесі күні таңертең Тәкенді шақырды. Тәкен бір жаққа жол жүріп кетіпті. Жеңгеміз келді. Жеңгеміз келгенде Шерхан айтты: «Мына үй сізге бөлінді», – деді. Жабал Шойынбет: Тәкен ағаның мінездері қызық еді. Мен осы 10 жыл ішінде ойға алсам, оның бірінші махаббаты туған жерге еді. Сонда Созаққа кетіп бара жатқанда, Келіншектауды көрсетіп, айтатын: «Дүниежүзіндегі ең сұлу тау – осы Келіншектау», – деп. Мұндай сұлу тау жоқ дейтін. Тіпті қарап отырсаң, өлеңінде де айтқан екен: «Қаратау, мен қартайсам қартаяйын, Сен мәңгілік қалшы, Қаратау», – деп. Оның сүйіспеншілігі тіпті өлерінде өзінің, мені сол Қаратаудың алтынкүрек желі бар, сол бетімді сипап жатсын деуі, осының бәрі туған жерге деген махаббатының күштілігі еді. Және Тәкен айтатын: «Мен Қаратаудың мұзбалақ қыраны емеспін бе», – деп, сосын өзінің әңгімесі бар, осы Қаратаудың мұзбалағын жазған, анау-мынау қозыны көтеріп кете беретін мұзбалақтар болған. Сол мұзбалақты айтатын: «Сен білесің бе, Жабал, мына Қаратауда Мыңжылқының басында, бұл мұзбалақ жұмыртқасын қаңтар айында ашады екен. Қаңтардың қақаған аязында жұмыртқасын ашады», – деп. Мен соған ұқсаймын дейтін. Шынында, Тәкен ұқсайтын. Тәкен аға тәкаппар болатын, бірақ оның тәкаппарлығы табиғи болатын. Қалаубек Тұрсынқұлов: Өз көңілімен, шынымен кіріскен тақырып болмаса көп бара бермейтін. Мен оған бір мысал айтайын. Бір жылы мен Шымкентке барып, ол кезде Шымкентте облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров ағамыз, сол кісімен әдебиет жөнінде әңгіме болғанын айтты, «Әй, осы Қазығұрт жөнінде кім шығарма жазады, Төле би осында жатыр, Ташкентте архиві тұр, осыны неге істемейсіңдер», – деді. Мен айттым: «Асеке, бұл менің қолымнан келмейді, бірақ мен Тәкенмен сөйлесейін», – дедім. Өйткені бұны жаза алса, Тәкен ғана жазуы мүмкін, өйткені ол кісі елді біледі, осында жұмыс істеді, мына қалаға мүмкіншілігі бар, құдіреті жетеді деп. Келесі аптада Тәкеңе айттым: «Тәке, осындай әңгіме болды, Шымкент те көмектеседі, Ташкентте архивте болса, көмектеседі. Осыны қолға алсаңыз қайтеді», – деп. Тәкең маған ашық айтты: «Мен бұл тақырыпты алмаймын, өйткені бірдеңе жазу үшін адам шын көңілімен, бәрімен сол тақырыпқа дайын болу керек. Мен мұндай ештеңе ойлаған емеспін, ал мен қазір бұны ана жерде, мына жерде деректер бар екен деп жазсам ол шығарма болмайды. Сондықтан бұл тақырыпты жасай алмаймын, маған бұндай әңгімені айтпаңдар», – деді. Мен Тәкеңнің әдебиетке қаншалықты шын пейілмен беріліп, бағалайтынын содан білем.

1981 ж. Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза мен қаламгер Марал Сқақбаев Марал Сқақбаев, жазушы: Бұл сурет 1981 жылы түсірілген, ол кезде Красный Урал дейтін, қазір Қорд ай ауданына қарасты Ұмтыл деген ауылда түскен сурет. Енді ол кезде Ұмтыл еді де, кейін Кенекеңнің 100 жылдығын атап өтуге байланысты Кенен ауылы деп аталды. Сол ауылда түскен сурет. Ол кезде Орталық партия комитетінде істеуші едім, Шерағаң Жазушылар Одағының екінші хатшысы еді. Сосын Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз ол кезде Мәдениет министрінің орынбасары болатын. Үшеуіміздің барғанымыз есімде. Ал ортамызда тұрған Ғайнекең, ол кезде Жамбыл облысының идеология жөніндегі хатшысы еді. Сол жерге барып, Кенекеңнің музейінің ашылар алдында әдейілеп барып, көріп, ашып, сөйлеп қайтқанымыз бар. Бақыт Сарбалаев, сыншы: 1969 жыл шығар, алғаш рет жас ақынжазушылардың кеңесі болды. Сол «Жалын» журналында жарияланды, ол кісінің сәт сапары. Сонда Ғабең былай деп айтқан: «ақын-жазушы­ ның өмірдегі орны қаламының қанаты көтерген биікте. Қаламның қанаты қандай биікке көтерілсе, ақын-жазушының орны сол жерде». Сол сияқты, істеген қызмет, атқарған мансап, қазір енді Шерағаң депутат қой, оның бәрі әсер ететін шығар, бірақ қаламгер ретінде өзінің әдебиет­тегі, өмірдегі, өнердегі орнын қаламгер өзі белгілейді деп ойлаймын. Енді қазір Шерағаң қазақтың көшбасындағы үлкен жазушының бірі.

Марал Сқақбаев: Ол кездерде ашаршылық туралы жазылған шы­ ғарма жоқ. Қазір топырлап әркім жазып жатыр ғой. Ол кезде Жақан Сыздықовтың поэмасынан басқа, ашаршылықты суреттеген шығарма жоқ болатын. Содан кейін менің шығармам «Таң атарда» деген, алғашқы атауы «Таң атарда» емес еді, «Тіршілік тынысы» деген атаумен бергем, бірақ Шерағаң тұрып, «бұл енді өзін цензурадан алып өтетіндей жағдайда болсын, бұның атын өзгертіп, «Таң атарда» дейік, яғни Кеңес үкіметінің таңы атқанға дейінгі, Кеңес үкіметінің күші енгенге дейінгі оқиға есебінде өтсін деп, жол тапты да, жариялады. Екінші менің шығармама байланысты «Қазақ әдебиетінде» редактор болып тұрған кезі бұл кісі, менің «Тілдегі түйткілдер» деген үлкен проблемалық мақалам болатын, өткір мақала болатын, тегіннен-тегін бір жарым жылға созыл­ ған жоқ, ішіндегі дауы, айтылған пікірлер, соны қорықпай басып жібер­ ді. Ал оған мен ол кезде Орталық партия комитетінде істейтінмін, ма­ған сол кез­де­гі хатшым: «Сен мына дауды қайдан тауып бердің мына­ларға, мына­ның тоқтайтын түрі жоқ қой», – деген. Бірақ одан тартынған ол кісі жоқ, келген мақалаларды бытырлатып тұрып, бір жарым жыл бойы басты. Бақыт Сарбалаев: Өмірде Т. Рысқұлов қандай ірі қайраткер бол­­ са, соған лайық үлкен, кең тынысты шығарма деп ойлаймын. Әдет­те шығарманың тақырыбын алғанда, тақырыптың өзі жазушыға сын, қалай игеруі. Тұрар туралы Шерағаң шын мәнінде, өмірде қан­дай бол­ са, қоғамда қандай болса, соған лайық бейнелеп шықты деп, ол тек қана менің ғана бағам емес шығар, бүкіл оқырман қау­ымның, халық­ тың бағасы деп ойлаймыз. Одан басқа Шерағаң қыс­қа әңгімелердің шебері. Сосын хикая, повестердің шебері. Шерағаң жалпы сегіз қыр­ лы, бір сырлы дейміз, қай жағынан алғанда да жанжақты жазушы ғой. Марал Сқақбаев: Мен ол кісімен Атырауға, Маңғыстауға, Яку­ тияға бардым, тағы бірталай жерлерге бірге сапарладық. Жайшы­ лық­та емес адамды іссапарларда көбірек танисың. Өйткені кісіге жа­қы­нырақ жүресің де, мінезінің қырлары көріне бастайды. Былай сырт­тан қарағанда тұйық, суық көрінетін кісі, жай араласып жүргенде, өте әдемі жүреді де, тұйықтығы да жоқ, суықтығы да жоқ, көрінбей кетеді. Дастарқан басында отырғанда бұл кісі ән салады. Бірақ қазақ­ ша салмайды, қазақшаны басқа жұртқа салғызады да, өзі татарша ән салады. «Ғалиябануды», «Сандуғаш» деген татардың жақсы әні бар, со­ сын башқұрттың «Салауат Юлаев» деген әні, осындай халық әндерін са­лады. Тағы бір қызығы шет жаққа сапарға барса, міндетті түрде сол елдің 1–2 әнін үйреніп келеді. Бір кезде Якутияға бардық, ұмыт­па­ сам 1982 жыл болу керек, бір декада дейді, 10 күн жүріп қайттық. Сол

10 күннің ішінде сахалардың 2–3 әнін үйреніп келіпті. Кейін дастар­қан басында татарша мен башқұрт әнін қоя тұрып, Шерағаң сахаша айтып жүрді. Бақыт Сарбалаев: 1960 жылдардың басында, аяғында әдебиетке мықты толқын келді. Бұл толқынның қатарында Әбіш Кекілбаев, Мұх­ тар Мағауин, Фариза Оңғарсынова, Оралхан Бөкеев, Тынымбай Нұр­ мағанбетов, Асқар Сүлейменов, өмірден өткені бар, қатарымызда жүргені бар, мықты буын келді, қай-қайсысы да әдебиеттің қабырғалы қаламгерлері, қайраткерлері, сол топтың арасында Марал бар, алғаш­қы «Ұят туралы аңыз» повесі болды. Одан кейін сирек жазғанымен де, Ма­рал аға аз жазса да, саз жазды деп баға беруге болады. Сосын сын мақалалар да жазды. Осы кезінде Ғабеңнің аузына ілінген тіл туралы толғанысы шығып, ол «Қазақ әдебиеті» газетінің 3 бетіне басылды. Со­дан үлкен әсер, резонанс туғызғаны есімізде. Ә. Кекілбаев ағаларымыздан бастап, солардың портреттерін, прозадағы орнын айқындап, қатарлас­ тары, інілері хақында да біраз түсінгендерін жазды. Марал Сқақбаев: Ол кісінің ең соңғы жазғаны «Ай мен Айша» романы. Бұл шығарма Шерағаңның шығармаларының ең биік шыңы, өзінің жазылу мәнері жағынан да, көтерген мәселесі жағынан да, өмірдегі шыншылдығы жағынан да сондай әдемі нәрсе, нақты. Соған қарағанда, Шерағаңның әлі де берері мол екеніне сенімдімін. Әдебиет зерттеушілер Тұрсынбек Кәкішұлы мен Мырзабек Дүйсенов Тұрсынбек Кәкішұлы: Екеуіміз қазақ әдебиетінің қалыптасу дәуі­ ріне байланысты «Ұлы Октябрь шуағы» дейтін кітап шығардық. Сонда да, «Әй, Тұрсынбек осыны байқасақ қайтеді, осы сенің кесіп айтатының көп жағдайда қиындыққа ұшыратып жатады, оны былай айналдырып жіберсек қайтеді, сұраққа айналдырсақ қайтеді, жұрттың өзіне ой сала айтсақ қайтеді» деп, кейбір ұшты, үшкір нәрселерден Мырзабек шығарып жүретін. Ал енді Есақаңның қарамағында қызмет істегенде, мен, Мырзабек, Рахманқұл үшеуіміз, тіпті «Три мушкетера» деген атқа да ие болдық. Әлгі жұмыстарымыздың бірінші томының редакторы Рахманқұл Бердібаев болды, екінші томның редакторы Мырзабек пен мен болдым. Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор: Мына қазақ әдебиеттану ғылымында 50 жылдан аса қызмет істеп

келе жатқан, біздің әдебиеттанушы ғалымдардың ішінде ерекше бір кісі бар, ол Тұрсынбек Кәкішұлы. Тұрсынбек Кәкішұлы фило­логия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық жоғары мек­теп ака­ демиясының академигі, еларалық Ш. Айтматов атындағы акаде­мия­ ның академигі, көптеген сыйлықтардың иесі. Тұрсынбек Кәкішұлы­ның шығармашылығына зер салатын болсақ, сан тарапты, сан сала­лы. Бірін­ ші, Кәкішұлы сәкентанушы, әрине, бұл ретте Есмағамбет Исмаилов­тың, академик Серік Қирабаевтың еңбектерін айтамыз. Соның ішінде 1972 жылы Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасынан «Тамаша адамдар­ дың өмірі» деген серия бойынша «Сәкен Сейфуллин» деген кітап жарияланған болатын. Тұрсынбек Кәкішұлы: Сол кезде бір әйелдер шетелдік киім-ке­ шекке өте құмар болды ғой, қазір ол құмарлар басылған сияқты. Сол кезде тіпті шетелден келген түкке тұрмайтын нәрселер қадірлі болатын. Сосын әйеліме «сен импортный бай шықса, тиер ме едің» деген сөздер айттым. Бұл былай қарағанда, бір-бірімен жарасып, ақылдасқан адамдардың, бір-бірімен шүйіркелескен адамдардың аузынан шыға­тын сөздер ғой. Бір күні Рахманқұлдың үйінде қонақта отырғанбыз, бір әдемі келіншек келді. Мырзабек қасында отыр. Ана жерде сұқтанып отыр­мыз, енді әдеміге кімнің көзі түспейді. Мырзабек сөйлеп-сөйлеп алды да, әлгі келіншекті шөлп етіп, сүйіп алды, күйеуі қасында отыр. Соған күйеуі сәл ренжи бастап еді, «Әй, сен ренжіп отырсың ба, олай болса қайтып алайын», – деп қайтадан сүйді. Сондай керемет тапқырлығы бар еді, керемет, отырған жерде арақ ішпейтін, ал арақ ішкен адамнан әрмен дуылдатып, керемет масайрап отыратын. Серік Негимов: Бұл кісі мұрағат қоймасын ақтаруға шебер. Ол Петербургтың, Мәскеудің, Омбының, Қазанның, Уфаның, Ташкенттің,

Орынбордың мұрағаттарындағы қазақ әдебиетіне қатысты, қазақ зия­ лыларына қатысты материалдарды, деректерді ұқыпты жинаған, табанды түрде жинаған үлкен ізденуші ғалымның бірі. Өзі кейде ой­ лайсың, бұл кісі шаршамайтын адам, кейде бұл кісінің барған жерін, тұрған жерін есептейтін болсаң, Асанқайғы да бұлай жүрмеген шығар деп ойлайсың. Оның сыртында бұл кісі Баянөлгей жерінде, Иранда, Қытай жерінде қа­зақ фольклорына қатысты көптеген материалдарды жинаушы. Тұрсын­бек Кәкішұлы дәл қазір қырыққа жуық кітап­тар жазды. Ал енді осы алғашқы шыққан кітаптар жөнінде, алғаш жазған еңбектерінде, біздің атақты адамдарымыз М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Ғабдуллин, Е. Исмаилов, Ә. Тә­жібаев, Т. Нұртазин, М. Қаратаев сынды әдебиеттің көрнек­ті өкілдері осы кісінің еңбегі жөнінде жақ­ сыжақсы лебіздер білдірген. Тұрсынбек Кәкішұлы: Ендігі бір үлкен өкінішім, басқа жұрттар білсін, ол ойымды айтайын, мына балаларымызды орысша оқытып алып, өзіңнің жазған, сызғаныңның не екенін түсінбеуі, оны оқи алмауы, ол қасірет екен. Мысалы қазір Мырзабектің артында қалған жалғыз баласы бар, әйелі 3–4 жыл бұрын қайтыс болды, ол байғұс шырылдап, ол да орыс тілді болатын, бірақ мына балалары, ағай-ау деп, бір бітпей жатқан нәрселерге, я болмаса, қозғау салатын нәрселерге келгенде үндемейді. Ал сен шал басыңмен қалай олардың соңынан жүгіріп отырасың. Сосын Мырзабектің артында қалған мұралары көп, әсіресе күнделік жүргізетін, ол күнделіктері көркем шығарма болатын, оның кейбір салалары Мұхтар Әуезовке байланысты, Сәбит Мұқановқа байланыстылары жарияланды. Сонымен қатар Мырзабектің 4 томнан тұратын қазақ әдебиетінің, қазақ тарихының шындығын әдеби формада әңгімелеп беретін «Күн астында туғанбыз» дейтін тағы басқа шығармалары бар, сол шығармаларының 4 томы әлі шыққан жоқ деп естіп отырмын, өткенде сұрастырып көргем, ал соның материалы кезінде баспаға берілген еді. Ал енді қазір қай жерден не іздеріңді білмейсің, барлығы да быт-шыт боп кеткен, соның негізі үйінде жатыр, ал соны әлгі баласы қозғауды білмейді. Серік Негимов: Енді Тұрсынбек Кәкішұлының тағы бір қыры – ұстаздығы. Ол кісі 1968 жылдан бастап, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстазы. Қаншама шәкірттерді тәрбиелеу үстінде, қаншама ғылым кандидаттарын, докторларын ұшырып жатыр, қанат қаққызып жатыр, бәріне қамқор, бәріне қайырымды. Бұл кісі ел үшін, жұрт үшін жаралған қазіргі абыз оқымыстыларымыздың бірі. Кезінде Ғафу Қайырбековтың бір тамаша өлеңі болған «Оқымысты» деген, енді бұл кісінің тапқан олжасы, оқымысты деген атқа ие болуы. Ол кісінің тағы бір еңбегі мына мемлекеттік тіл жөніндегі айтқан сөздері,

қимыл-әрекеттері, жанашырлығы, ол да бір ауызға алатын нәрсе. Одан кейін соңғы Тәуелсіздік жылдарында қазақ елінде қаншама ұлы-ұлы мерейтойлар өтіп жатыр, ақындардың, батырлардың, жыраулардың, билердің, шешендердің, осылардын бәріне қызу атсалысуда.

Ұстаз Мәлік пен шәкірт Серік Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор: 1971 жылы біздер әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бесінші курсын бітірерде М. Ғабдуллин мемлекеттік емтихан комис­ сиясының төрағасы болып келді. Оның алдында қазақ халқының ауыз әдебиеті­нен бізге лекциялар оқыған. Біздің жігіттер, студенттер Мәлік ағамен етене жақын боп кетті. Ол кісі асқан кішіпейіл, әдепті, инабатты, қамқор, мейірімді жан еді ғой. Әрқайсымызбен сөйлесіп, басымыздан сипап, «халдерің қалай» деп сұрап жүруші еді. Содан 1971 жылдың маусым айының сегізінші күні альбом үшін суретке түстік, содан барып «Алматы» фотосалонында суретке түстік. Содан кейін тағдырдың жазуымен, мен осы кісі істейтін М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына қызметке қабылдандым. Осы кісінің кабинетінің жанында бір жарым жылдай отырдым. Қажытай Ілиясұлы, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері: Серік Негимов филология ғылымының бел баласы деуге болатын. Өйткені мұнда карьера, ұсақ-түйек есеп деген болмайды, ол ғылымға өте берілген еді. Қазақтың Балтабай Адамбаевтан кейін шешендік өнер туралы, жалпы шешендердің, билердің этимологиясы, бұлар өзінің көрегендігімен, ділмарлығымен, тілділігімен елді мойындатып, сөйтіп

барып құрметке ие болған адамдар, ал енді осылардың бүкіл ойлау логикасының кереметтігі, солардың ерекше жаратылысы, ар жағында ханнан, халықтан пайда болған, солардай ерекше бір сезімталдық, үлкен ізденіс, ең бастысы ұлтқа деген, елге, жерге деген үлкен жүректің болатындығын өте тереңнен, теориялық түрде шешіп шыққан жігіт. Бұл шешендік өнер, содан кейін мынау қазақтың сал-серілері жөнінде, «Замана бұлбұлдары» деген Ақаңның кітабынан кейін, бүкіл біздің серілер­ дің табиғатын тамашалатады. Солардың бәрін білген адам ретінде, солардың әрқайсысын керемет тұлға ретінде дәлелдеп берді. Өзі әнші, өзі композитор, өзі орындаушы, оның бер жағында ол жыршы, халықтық мұраны насихаттаушы, өз жанынан суырып салып өлең айтатын айтыс­ кер. Мұның бәрінің үдесінен шығу үшін үлкен потенциал керек, ерекше жаратылыс керек. Алтын басты ақынның, өнерпаздың, елдің ішінде жүрген солардың табиғатын даралап, саралап көрсете алды. Серік Негимов: Бұл кісі шын мәнісіндегі ұлт перзенті, шын мәні­ сіндегі зиялысы болатын. 1930 жылы бұл кісі мектепте оқып жүрген­ де республика пионерлерінің съезі болады. Сонда бір мосқал фотокорреспондент осы баланың қасына келіп, суретке түсіріп, «Известия» газетіне кішкентай ғана заметка жариялайды. Күндердің күнінде осы баладан халқының ауыр жүгін арқалайтын, ұлтының мақтанышы бо­ ла­тын азамат болып шығады деп. Содан бұл кісі 1935 жылы ҚазПИді біті­реді. Қаңтар айында атақты оқымысты, филолог Құдайберген Жұбанов­тың «Он үш жас күш» деген мақаласы шығады, «Лениншіл жас» газетінде. Сонда біздің мәдениетімізді өркендететін, ұлтымыздың даңқын асыратын осында бір-екі бала бар, жігіт бар, солардың ішінде Есмағамбет Исмаиловты, Мәлік Ғабдуллинді, Мырзай Алтынбекованы атайды. Қажытай Ілиясұлы: Бұл – қазақта бір үлкен тұлға. Мәлік ең алдымен ел үшін жанын шүберекке түйетін батыр, Кеңес Одағының баты­ры. Оның бергі жағында да педагогика саласында педагогика ғылымдары­ ның академигі, филология ғылымдарының докторы, оның бер жағында бұл, маңайына сая түсіретін үлкен тұлға ретінде кесек адам болған, ірі тұлғалар деп айтатын М. Ғабдуллин. Менің бір білетінім, өзі жақсыны, күл-қоқыстың арасынан алтынды саралап алатын үлкен көзді адам. Ал енді Серіктің өз басы бұл ағымдағы, қазіргі әдеби ұдерістерді түгел құнттап оқып отыратын, бас-аяғын салмақтап, саралап отыратын азамат. Жұматай Жақыпбаев туралы мақала жазды, баяғыда. Ал енді тағы басқалар туралы өте жақсы нәрсенің жақтаушысы болды, соны тез танып, соны елге жеткізсем екен дейтін. Негізгі шаруаны, мұратты осылай қоятын, соның жолында неге болса да дайын және турашыл, ешкімнен қорықпайтын батыр адам, соған лайық жігіт.

Серік Негимов: 1935 жылы ҚазПИ-ді бітіргеннен кейін, Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің ұйғарымымен «Пионер» газетінің жа­ уапты хатшысы болып сайланады. 1936–1937 жылдары бұл кісі Қызыл Армия қатарында болады. Мына Ферғана қаласында 82-атқыштар полкінде қызмет жасайды. Сол кездің өзінде-ақ бұл кісі атыс сабағы­ нан, мергендіктен сол полктағы ең мықты мерген болады. Бұл кісінің сол Ферғанадағы әскери ұстазы, Кеңес Одағының маршалы Павел Семенович Рыбалко болатын. Содан 1938 жылы аспирантураға түсіп, енді аспирантураны бітірер кезде, Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Бұл кісі Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатынасқан. Қажытай Ілиясұлы: Ортада, жиналыста, сөйлегенде өзі шешен­ дік өнерді зерттеген адам төселіп кетеді, тура түйдек-түйдегімен, солардан көп үйренген, шешендерден, байырғы халық ақындарынан әдеби фольклорлық мұрамызды бойына толық сіңірген, сонымен еркін сусындаған. Енді шығатын биігі әлі алда, бұл енді 40-тың ар жақ, бер жағында. Оның халқымызға, ұлтымызға әлі істейтін еңбектері болады деп ойлаймын. Қазірдің өзінде бір азамат, бір ғалым істейтін нәрсені Серік істеді деп ойлаймын. Серік Негимов: Бұл кісінің ортасы да ерекше, бұл кісі екі рет Кеңес Одағының батыры атағын алған Арнольд Мери, Дмитрий Глинка сияқ­ ты батырлармен, сондай-ақ сол кездегі КСРО Ғылым академиясының академигі М. Нинов, Малов сияқты орыстың зиялыларымен жақсы қарым-қатынаста болған. Елін сүйген Есенберлин мен нұрлы жүректі Нұршайықов Әзілхан Нұршайықов, Қазақстанның халық жазушысы: 1956 жы­ лы көрдім, ол кезде Павлодарда қызмет істейтін едім, Алматыда тұңғыш рет «Алыстағы ауданда» деген очерктер жинағым шығатын болды. Сол жинаққа байланысты баспаға келдім. Баспаға келсем, редакцияда мен танымайтын жаңа бір адам қосылған екен, ол орта бойлы келген, қара торы, бурыл шаш, дүрдік еріндеу кісі екен. Бұл кісіге ерекше назар аударған себебім, басқа жігіттер бәрі кіріп-шығып, өзара сөйлесіп, әңгімелесіп отырса, бұл кісі алдындағы қолжазбадан бас көтерместен, тырп етпес­ тен, жан-жағына қарамастан қадалып отырды. Артынан редакцияның меңгерушісі Амантай Байтанаевтан бұл кісі кім деп сұрадым, бұл кісі біздің жаңа қызметкеріміз, аты Ілияс Есенберлин, менің досым деді,

«во» деп бас бармағын көрсетті. Мінекей, Ілекеңді Алматыға көшіп келген соң, кейде көшеде, кейде кеңседе көре бастадым. Ол кісінің «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар» деген романдары бірінен соң бірі шығып жатты. Ол романдарды мен үзбестен оқып отырдым. Ілекең «Жазушы» баспасына директор болып келгенде, менің «Махаббат, қы­ зық мол жылдар» деген тұңғыш романым, сол кісінің қолынан шықты. Осыдан кейін Ілекеңмен тілдесіп, сөйлесетін болдық. Ғаббас Қабышев, жазушы: Ілияс Есенберлинді қазақ оқырманы ғана емес, тіпті бүкіл әлем оқырманы жақсы біледі деуге болады. Оны кешегі анау сапты аяққа ас құйып, сабына қарауыл қойған кездің өзінде Кенесары бабамыздың, Абылайхан бабамыздың рухын жаңғыртып, «Қаһар», «Жанталас», «Алмас қылыш» деген кесек-кесек туындыларды беріп, талай жыл сіресіп жатқан, тарихи тақырыптың тоңын ойып-ойып тастағаны мәлім. Оның өзі бір қаһармандық еді. Кейінде бұл кітаптар қаншама рет қайтадан басылым көрді. Бірақ дүкеннің сөрелерінде айлап, апталап жатып қалған емес, бәрі де тарап кетеді, орысшасы да, қазақшасы да, басқа тілдегісі де. Былтыр бір жаңадан әдемі безендіріліп, үлкен көлеммен шыққан жаңа басылымына президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғысөз жазып, бұл бүкіл әлемге аян тамаша туынды, бүкіл әлем әдебиетінің асыл қорына қосылды депті. Бұл – әділ баға. Ал енді осы Ілекеңді қадірлеуіміз әлі де жетпей жатыр деп ойлаймын. Мысалы, осы 1995 жылы 80 жасқа келетін еді, соны біз алдын ала Ақмола облысының әкімімен хабарласып, ресми хат жазып, 80 жылдығын өткізудің әңгімесін қозғадық. Үкіметке де мәселе қойылды. Неге екенін білмеймін, Ақмола облысының сол кездегі әкімі Андрей 1980 ж.

Браун, оның мәдениет жөніндегі орынбасары Светлана Жалмағанбетова мүлдем мән бермей, сырғақтатып, ақыры өтпей қалды. Әзілхан Нұршайықов: Мына қазір көріп отырған суретте Ілекең екеуіміз тұрмыз. Бұл кісі 1980 жылы маған Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілгенде, біздің үйге қонаққа келгенде, менің ұлым Арнұр түсірген еді. Ілекең жұрт сияқты көп отырған жоқ, 20 минут отырды да, рұқсат сұрап кетіп қалды. Сөйтсем Ілекең ол кезде «Көшпенділер» романының аяғын ба, «Алтын Орда» трилогиясының бас жағын ба жазып жүр екен. Әрине, ол кісінің бір минутын бос жібе­ руге уақыты жоқ еді, сондықтан да ол кісі ешқайда қонаққа да бармайтын, ешкіммен көп араласа да бермейтін. Ғаббас Қабышев: Ал енді Әзекеңнің өзіне келетін болсақ, бұл кісі де ерекше жан. Еңбеккерлігімен, талғампаздығымен, танымпаздығы­мен көзге түсіп, небір жақсы туындылар беріп жүрген қаламгеріміз. Тіпті басқа кітаптарын айтпағанның өзінде, мәңгі жасайтын «Махаббат, қы­ зық мол жылдар» хикаясы біздің даңқты ағамыз Бауыржан Момыш­ ұлының әдебиеттегі алғаш бейнесін жасаған, әдемі жасаған «Ақиқат пен аңыз» романының өзі қаншалық. Енді осы Әзекеңнің өмір жолына қарасаң, бұл кісінің қатты қуантатыны еңбеккерлігі, ұқыптылығы. Мысалы, Әзеке­ңнің үйінде 200 шамалы қойын дәптері бар. Ол сонау өзі жолдас болған, дос болған аға-інілері туралы, біздің мәдениетіміздің, әдебиетіміздің танымал тұлғалары туралы ертең керек болады-ау деп түртіп қойып жүрген мағлұматтары жетерлік. Әзілхан Нұршайықов: Геродот небәрі гректің 51 жылдық ғана тарихын жазған. Сол үшін Геродот «Тарихтың атасы» деген ұлы атаққа ие болған. Ал Ілияс Есенберлинге ол атақ берілсе де артық болмас еді. Есенберлинді «Қазақ халқының Геродоты» деп атасақ та артық болмас еді. Осыны айта келіп, Президенттен тәуелсіздіктің ұлы тойы үстінде ұлтымызға осындай ұлы еңбек сіңіріп, қазына қалдырған Есенберлинге «Халық Қаһарманы» беріліп, Алматы қаласында үлкен ескерткіш орнатылса екен деген тілек айттым. Ғаббас Қабышев: Кешегі 1986 жылы желтоқсанда біздің алаңда сұрапыл қимылмен көтерілген жастардың, оралмай қалған, оларды жаншып, қан-жоса қылып жазалаған, анау Горбачев бастаған топқа қарсылық жасап, 1987 жылдың басында болар, Горбачевке алғаш хат жазған алғашқы қазағымыз да осы Әзекең. Әрине, біз кейде біреу туралы былай дейміз, кейде былай дейміз, кейде шындыққа тура қарай аламыз. Біздің Ілияс Есенберлиннің қаһармандығы, қаламгерлік қаһармандығы шынында әлі кеш емес, бағалауға әбден тұрады, Қазақстанның Халық Қаһарманы атағын беруге әбден лайық тұлға.

Жазушылар Әнуар Әлімжанов пен Әбіш Кекілбай Оразбек Сәрсенбай, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Мынау орыстың үлкен ғалымы, философ, тарихшысы, Лев Гумилев­тың адамтануға, қоғамтануға өзінше бір енгізген жаңалығы бар. Ол пас­ сионарлық теория деп аталады. Осы теория бойынша ол адамзаттың дамуын, халықтың, қоғамның дамуын жүздеген жылдарға, ғасырлар­ға бөліп отырады. Сосын әр жүзжылдықтың өзін бірнеше бөлікке бөледі, сол қысқартып айтқанда Гумилевтың теориясы бойынша, бір жүзжыл­ дықта адамның, әрбір халықтың рухани дамуының жоғарылаған кезеңі, төмендеген кезеңі, өтпелі кезеңдері болады екен. Соның айтуы бойынша, қазақтың жағдайына келсек, Гумилев айтады, әрбір қоғамда, 60жылдардан бастап, қоғамның рухани түлеуі, рухани көтерілуі осындай жағдайлар болады дейді. Оған орыс әдебиетін, дүниелік мәдениетін мысалға келтіреді. Осы реттен қарағанда да біздің қазақ әдебиетінде де, оның мәдениетінде де 60-жылдары келген ұрпақ үлкен жаңалықтар әкелді. Қазақтың мәдениетіне үлкен болмыстар әкеліп қосты. Осы ұрпақтың, пассионар ұрпақтың үлкен өкілдерінің бірі бүгін сөз еткелі тұрған Әнуар Әлімжанов пен Әбіш Кекілбай. Әбіш Кекілбай, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сенатор: Біз университет бітірер шамада Мәскеуде абстракционистерге, формалистерге қарсы жиындар өте бастады. Оны сол кезде Бас хатшы Хрущевтың өзі өткізді. Өнердегі, әдебиеттегі көптеген жаңашылдыққа ұрынып жүрген өкілдерді, әдебиеттің өкілдерін, өнердің өкілдерін қатты сынға алды. Бұның салқыны көктемде біздің Қазақстанға да жетті. Осы­

ған байланысты мен 4-курста оқып жүрген кезімде, Алматыда Орталық партия комитетінің пленумы өтіп, сол кездегі идеология жөніндегі хатшысы баяндама жасады. Бұл баяндамаға, мен алдында ғана «Лениншіл жасқа» шыққан бір топ өлеңдерім, күңгірт, Қазақстанның жаңарып, жаңғырып жатқанын көрсетудін орнына, бағзы батырларды, абыздарды аңсап кеткен жас адамдардың өлеңін насихаттадыңдар деп, газетті де, жастарды да соған жазғырып жатты. Сосын жиында бізден басқа да адамдардың аттары аталды, көбі әдебиеттің жас буынына жататындар еді. Осыған шыдай алмаған бүкіл пленумға қатысып отырғандардың ішінен газет тілшісі ретінде қатысып отырған Әнуар Әлімжанов сөз сөйлеп, жастардың жаңашылдық тұстарына бұлай қатты баға беруге болмайды, біз бұлай істей беретін болсақ, таланттарды әдебиеттен ерте кетіріп аламыз, олардың отын өшіріп аламыз деп, арашалап сөз сөйледі. Оразбек Сәрсенбай: Әнуар Әлімжановты мен негізінен қазақ әдебиетіндегі тарихи публицистика жанрына үлкен үлес қосқан, жалынды публицист, бір жағынан саясаткер, жазушы деп есептеймін. Әнуардың үлкен еңбектері болды, оның ішінде әсіресе, мынау Қазақстан Жазушылар одағын басқарған тұста, бұл Қазақстан жазушыларын дүниеге танытуда, біздің қазақтың ұлттық мәдениетінің озық үлгілерін дүниеге танытуда, насихаттауда көп еңбек жасады. Осы Алматының өзінде бірнеше халықаралық конференциялар өткізуге мұрындық болды. Өзінің творчествосымен де, қоғамдық саяси өмірімен де осы біздің қазақтың мәдениетіне, оның ұлттық мәдениетіне үлкен үлес қосқан әйгілі жазушыларымыздың бірі болды. Әнуар Әлімжановтың кешегі кеңестік заман тұсында, сол партиялық заман үстемдік құрғанда да, елдің ұлттық мүддесін көрсеткен, публицистикалық мақалаларының жалғасы деп те қарауға болады. Мысалы, Әлімжанов кезінде Мұстафа Шоқайды ең алғаш тұлға ретінде ақтап, оның біздің қазақ тарихындағы, ұлттық тәуелсіздік тарихындағы, Түркістан қозғалысы тарихындағы рөлін дұрыс көрсеткен, ең алғаш батыл айтқан, сол заманның өзінде айтқан, біздің азаматтарымыздың бірі еді. Әбіш Кекілбай: Сөйтіп, біз Жазушылар одағына өттік. Оның өзі­ не қарамастан, көптеген әңгімелер туды. Мәскеуден келіп комиссия тек­ серді, сонда сол комиссиямен сөйлесіп, менің бүкіл қолжазбаларыма дейін апарып, дауласқан кісілердің бірі де Әнуар Әлімжанов болатын. Мен ол кезде өлең кітабын шығарып қана қоймай, сын кітабын да баспа­ ға ұсынған болатынмын. Мопассанның екі кітабының аудармасы дайын тұратын және «Соғыс және бейбітшіліктің» үшінші томына аудармашы ретінде қатыстырылған болатынмын. Енді әдебиеттің төңірегінде ондай кикілжіңдер қазір де бар, бұрын да көп болған. Соның ең бір қиын тұстарында Әлекең біздің қолтығымыздан демеу арқылы әдебиеттің

майданында қалуымызға бірден-бір ықпал ете алған кісілердің біреуі деп мен өз басым есептеймін. Оразбек Сәрсенбай: Әбіш о бастан алғашқы шығармаларының өзі­нен бастап-ақ, өлеңнен бастады, одан әңгіме, повесть жанрларында еңбек етті, бұл да өзінің тақырыбын таңдап алған жазушы. Бұл да негізінен тарихи тақырыптарға қол салды. Осы тақырыпта іргелі-іргелі шығармалар жазды. Ең алғашқы повестері «Күй», «Ханша Дария хикаясы», «Бәйге торы» секілді шығармалары, «Шыңырау» секілді повестері өзі туып өскен Маңғыстау даласы, қазақтың неше түрлі тарихына байланысты ұлан-ғайыр, қилы-қилы күрестер жүрген, ұрыс-керістер болған, соғыстар болған, қазіргі тәуелсіз осы даланың тарихына байланысты бірнеше ғажайып повестер жазды. Ол повестер кезінде жоғары бағаланып, бүкіл оқырмандарға танылды. Бұдан кейін Әбіш осы тарихи тақырыпты тереңдете отырып, «Үркер», «Елең-алаң» дейтін екі роман жазып, халыққа жариялады. Әбіштің шығармаларында, әсіресе тарихи шығармаларында негізгі өзек болған мәселе, негізгі тақырып, тұтас­тай алғанда қазақ елінің, қазақ жұртының тәуелсіздік үшін күресі деп ай­туға болады. Әбіш Кекілбай: Әлекең Жазушылар одағында ұзақ жыл басшы болды. Кейін одан кетіп, қайтадан өзінің еркін шығармашылық жұ­ мыстарымен шұғылданды. Әдебиеттің төңірегінде бұған байланысты әртүрлі пиғылдар, әңгімелер болды. Мен өз басым соған қарамастан, оған деген өзімнің ізетімді жоғалтып көрген жоқпын, ол да маған өзінің ағалық ықыласын жоғалтып көрген жоқ. Ылғи осындай үлкен тартыстардың ортасында өскен, өте ізденімпаз, әрі бейбітшілік қорғау халықаралық әдеби қозғалыс сияқты ең қызу майдандардың қақ ортасында жүргендігінің барлығы тегіннен-тегін кеткен жоқ еді. Өзі жасына жетпей ерте дүние салды. Сол кезде мен Кеңсайдағы зиратта Әлекеңнің басында қоштасу сөзін сөйлегенде, сонда айтқанмын, «Қазақ жері тұратын болса, қазақ елі дейтін ел жайлайтын болса, оның мемлекеті болатын болса, елдің баяндылығының мәселесі әлі шешіліп біткен жоқ, әлі алда. Соның барлығында да, Әлеке, сізді іздейтін бола­мыз», – деп айтып едім. Мінекей, одан кейін де бірнеше жылдар өтті. Мен сол кездегі сезімдемін. Біз Әлекеңді талай жерде сағынып қалдық, талай жерде іздедік. Әлекеңнің күрескер темпераментін, көсемсөзшілік ұлттылы­ғын, шыдамсыздығын, елгезектігін талай жерде іздедік.

Қайраткер Өзбекәлі Жәнібеков пен жазушы Қалтай Мұхамеджанов Асқар Егеубаев, филология ғылымдарының докторы, ақын: Өзе­ кең туралы сөз айтқанда, көп жайларды айтуға болады. Мінез-құлқын­ дағы, қызмет үстіндегі мінез-құлқы, өзінің жұмысын ұйымдастыруы, мәдениеті, осы хабардың алдында ғана екі-үш күн бұрын Өзағаңның өзі дайындаған соңғы еңбегі жарық көрді. Ол еңбегі «Қазақтың соңғы этнографтары» деп аталады. Ол тұтастай Өзбекәлі Жәнібековтың этнограф ретіндегі, ғалым ретіндегі, зерттеуші ретіндегі өзінің идеясы болатын, өзінің мақсаты болатын және осы еңбекті қоярда-қоймай жүріп, бірнеше жылдар бойы дайындап, талай ғалымдарға, талай авторларға түсінді­ ріп, мақсатын айтып, сөйтіп отырып жасаған болатын. Бұның ішіндегі деректердің бәрін, соның ішіндегі сирек мәліметтерді, мағлұматтардың бәрін өзі жинастырып, ауруханада аяқтаған еңбегі. Онда бірнеше авторлар, ғалымдар қатысады, оның ішінде бірқатар деректерді СанктПетербургтен Салтыков-Щедрин кітапханасынан алдырған, бірқатар деректерді басқа мұрағаттардан алдырған, соның ішінде тіпті кей тұстарда Ахмет Байтұрсыновтың, болмаса Әлихан Бөкейхановтың біраз мақалалары, Торғай даласы туралы, Торғай қазақтары туралы сирек статистикалық мәліметтердің бәрін Ресейден алдырған. Соны қарап отырғанда, бір күні барған кезде, өзі ауырып отырған адам, «ойпырмай, біз осы күнге дейін сорлы қазақ, түк білмей келген екенбіз-ау, біздің өзіміз, көзіміз ашық деген біздің өзіміз осы мәліметті бүгін ғана біліп отырмыз», – деп, күңіреніп отырды. Онда Алаш ардагерлерінің қазақ

тілі, қазақ тілінің тарихы, тағдыры және Ресей империясы тұсындағы тілдің мүшкіл күйге түскені, оның құрып кететіндігі, бір деректерде анық жазылған. Дидахмет Әшімхан, жазушы: Қалекеңнің өткен күндерін қазір еске алып отырсам, қаншама тағылымды, қаншама тәрбиелік дүниелерді алған екенбіз. Бұл бізге, Қалтаймен қызмет істеген адамдарға тағдырдың берген үлкен сыйы шығар. Қалағаң, қазір ойлап отырсам, бір сөйлеп кеткеннің өзінде, мынау әйгілі әдебиет туралы айтатын болсақ, сонау Америка әдебиетінен бастап, Орта Азия әдебиетіне шиырған кезде аузымызды ашып, көзімізді жұмып қалатын кезіміз болатын. Егерде Орта Азия әдебиетін айтар болсақ, осындай Қалекеңнен өткір, білгір адамды көрген емеспін. Бұл кездерде, сонау Фердауси, Сағди, Жәмиден бас­тап, бүгінгі, ең соңғы Саид Ахметтерге дейін алып келуші еді ғой. Бұл әдебиет жөнінде ғана. Ал мен ең алғаш Қалекеңнің жанына келген кезде, егер дін жөнінде болатын болса, Алланы, Құранды ғана білген шығармыз. Енді, әрине, 8 жыл ол кісінің қасында босқа отырғанымыз жоқ, көп әңгімелерін естідік. Сонда байқап отырсам, ғұлама молда боп кетпесек те, қазір әйтеуір әліпті таяқ деп білетіндей деңгейге жеттік. Соның өзі Қалекеңнің арқасы деп есептеймін. Асқар Егеубаев: Партия қызметінде жүргенде де, мәдениет саласын басқарып жүргенде де, ғылым саласында көп жұмыс істеді, соның бәрінде де пікірлесіп, тыңдап жүргеннің өзінде, Өзағаңның бір қадап айтатын қағидасы, түйінді сөзі болды. Ол не нәрсені бастасаң да, үлкен нәрсе ме, кішкентай ма, шағын ба, болымсыз нәрсе ме, әйтеуір бастаған істі аяғына шығару керек деген өзінің қағидасы болды. Оны ол әріптестерінен де, жолдастарынан да, өзінің қызметкерлерінен де соны талап ететін, өзі солай жасайтын. Дидахмет Әшімхан: Қалекеңнің бәрінен бұрын, адамдығын, адам­ гершілігін, қарапайымдылығын бәрінен де жоғары қоятын едім. Бұл жерде, мысалы, көп әңгіме қозғамай-ақ қояйын, бір-екі оқиға жөнінде айта кететін болсақ, соның өзінде Қалекеңнің кім екені белгілі болады. Алғаш Қалекеңе орынбасар боп жүргенімде, бір жылдай Райымбек көшесінде тұрып қалғандай жайымыз болды, үйімізді ауыстырып, жайсыздау үй еді. Маңайымызда ұры-қары көп. Бір күні үйімізде ұсақ-түйек нәрсе жоғалып кетіп, хатшы қызға телефон шалып, мен түске дейін жұмысқа келе алмаймын, өйткені үйге ұрылар түсіп кетті дедім. Сол айтқанша болған жоқ, жарты сағат өтті ме, өтпеді ме, қараймын есіктің сыртқы қақпасы сытыр ете түсті, ар жағынан, қарасам, Қалекең келе жатыр. Қалекеңнің соңынан шұбырып, бүкіл редакция келе жатыр. «Оу, Қалаға, не боп қалды», – десем, «жоқ, бізді қойшы, саған не боп қалды», – дейді. «Маған ештеңе болған жоқ, үйге бір кішкене ұрылар түсіп, ұсақ-түйекті

алып кетті», – десем, «ой, құдай-ай, мен сені 4 қабырғада жалғыз қалған екен деп, жетіп келсем, тіпті ыңғайсыз екен мына өзімнің кабинетімде отыру, шыдай алмадым, келіп қалдым», – дейді. Осындай ерлік, осындай мәрттік, осындай қарапайымдылықты кімнен табасың. Асқар Егеубаев: Қоғамдағы жұртпен қарым-қатынаста, халықпен қарым-қатынаста, ел-жұртпен қарым-қатынаста тек қана қоғамдық тұр­ ғыда, елдік тұрғыда ойлау мәдениетіне жеткен өнер адамдарының бірі. Кейде тіпті өзі өкініп отыратын, көп уақытымның бәрі мына мемлекет­ тік, қоғамдық ұйымдастыру, лауазымдық жұмыстарға кетіп қалды. Егер біліммен, ғылыммен, шығармашылықпен ертерек айналысқанда, талай жерге барып қалатын едік, талай дүниені жасайтын едік деп, кішкене ептеп, ойланып айтып отыратын күндері болды. Сосын енді бір қараған­ да көп адамдар оны қатаң деп ойлайды, талап қойғыш деп ойлайды, болымсыз бір ұсақ нәрселердің өзіне үлкен талаптар қояды деп ойлайды, оны бірге істеген, комсомол жастар арасында бірге жүрген інілері, замандастары ол жағын жақсы біледі. Ал шын мәнінде, тіршілікте, өмірде ол кісі өте бір адамгершілігі мол, нәзік жанды адам болатын. Өзі қара халықтың арасынан, қарапайым жұрттың ішінен шыққандығы ма, әлде болмаса мектептегі өмір жолының өзін кәдімгі ауыл мектебінен бастағандығы ма, өмір бойы сол қарапайым, қалың жұрттың ортасында жүргендігі ме, әйтеуір соның бәрі кісілігінен, мінезінен, адамға деген адалдығынан үнемі білініп тұратын. Дидахмет Әшімхан: Қалекеңнің ең басты қасиеті – ұсақтамаушы еді. Не нәрсені де кесегімен турайтын. Мен осы қасиетін бағалайтын­ мын. Екіншіден, уақыттың тынысын өте дәл сезініп отыратын, содан кейін бір ғана тапсырма береді, соны орындап келесің, әйтпесе ұсақтүйекке қайта-қайта шақырып, мезі қылып, шаршатып, ондай қасиеті жоқ еді. Қалекеңнің аудармашылығы жөнінде өте аз әңгіме айтылады. Мен аудармашылық жөнінде бір-ақ дүние айтайын. Бұл кісі Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кемесін» аударды ғой, бастағаннан-ақ кәдімгідей төл шығарма оқығандай боп отырасың. Кәдімгі Қалекеңнің өзі жазғандай боп отырасың, ондағы ырғақ, ондағы сұлу сөздер мүдірмей, алға қарай есіліп отырады, жібек жіптей. Міне, аудармашылық деп осыны айт. Содан кейін «Мың бір түнді» аударды. Мен алғаш аударып жатқан кез­де, кейбір қолжазбаларымен танысып көрдім. Сонда қайран қаласың. Егерде осы уақытқа дейін аударма туралы сөз айтатын болсақ, «Мың бір түннің» баяғыда 60-жылдары аударған Қалмақанның аудармасын­дай керемет аударма. Бірақ мына кісінің аудармасы да сол кісімен жары­ сып отырады және көп өзгешеліктер бар және жақсы өзгешеліктер. Ол кісінің жомарттығындай, мен жомарт адам көргем жоқ. Бұл енді, шын мәнінде, Атымтай жомарт еді. Мен бір кездері ол туралы жаз­

ғанымда, мына алдына келген адамды өмірі құр жібермеуші еді ғой. Біреулер ақша сұрап келеді, біреулер бірдеңе сұрап келеді, таба алмай қалса, өзі қиналғандай болады. Бірде мені шақырып алды, алдында үлкен кісі отыр. «Сен мына кісіні танисың ба?» «Жоқ, танымаймын» «Танымасаң таны, бұл докторлық диссертация қорғайын деп жүрген адам, Моңғолиядан келген. Ал Моңғолиядан осында жету оңай дейсің бе, Алматының көшесін сыпырып жүрген адамға дейін ақша сұрайды, жүріп кеткен жаныңа, сен мынаған он мың теңге ақша тауып бер», дейді, «ау, мен қайдан табам» десем, «бухгалтерді шақыр, қайдан тапсаң, одан тап, мына кісіге ақша тауып беріңдер» дейді.

Жазушы, драматург Асқар Сүлейменов пен сыншы Зейнолла Серікқалиев Қалихан Ысқақ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Асекең біраз жұртпен араласты, бірақ оның бәрін А. Сүлейменовке дос болды деп айта алмаймын. Өйткені Асқарға құмартқан, Асқарға ғашық болған адамдар көп болды, бірақ Асқар дос-жаранды өзі таңдайтын. Мен білгенде ұқсас екі адам бар еді, біреуі Тәкен Әлімқұлов, біреуі Асқар Сүлейменов. Олар бір адаммен бір күн әңгімелескеннен кейін, екінші күні оған қайтып жоламайтын, егер ол көңіліне жақпаса, ұнамаса. Ол адамның есі, интеллектісі қандай, білімдарлығы қандай, адамгершілігі қандай, соны бірден сезеді, сосын екінші рет оған жоламайды. Асқарда дос көп болған жоқ. Асқардың елде достары көп болды, қарапайым адамдар, Пірәтән, Сидан, Разақ дейтін, оларды кереметтей

жақсы көруші еді. Ол Созақтың жігіттері. Ол достықтың бала кезден басталғаны бір бөлек, ал интеллектуалды өмірдегі достары, ол бір бөлек. Асқардың достары дегенде сізге айтайын, Зейнолла Серікқали­ ев, Жұмекен Нәжімеденов, Сайын Мұратбеков, Әкім Тарази бар деген сияқты, Мұқағалимен де жақын жүрді. Мұқағалиға «Реквиемді» жаздырған Асқар еді қамап қойып. Сон­дықтан ол достыққа келгенде тұстасы ғана емес, кейінгі інілері емес, артындағы ағалары емес – бәрін бір дәрежеде қабылдайтын. Сонан кейін Асқар Ғабеңмен өте дос болды, арасында қаншама айырмашылық бар. Дос болғанда «аға» деп сыйлағанды емес, сыйлау өз алдына, ал нағыз достық екеуінің арасында қаншама жас айырмашылығы болатын, әзілі де жарасқан, әңгімесі де жарасқан, кісілігі де жарасқан достық болды. Әлия Бөпежанова, сыншы, Асқардың зайыбы: Асекеңнің 60жылғы үлкен шоғырдың ішінде өмірінің соңына дейін араларын үзбей араласқан, достық деген сол жерде оған тар болатын сияқты, сондай бірен-саран адамдар бар, соның бірі – Зейнолла Серікқалиев. Мен бұл кісінің достығының, рухани туыстығының үзілмеуі, өлшеуі, екеуінің жалпы табиғатындағы терең ұқсастықтардан бастау алады деп ойлаймын. Өйткені бұл екі кісінің бойындағы ерекше қасиеттер бар, ол өмірге деген адалдық, өнерге деген адалдық. Асекең, шынында, аты аңызға айналған адам, неге дейтін болсақ Асекең не болмасын, қай салада болмасын өнерден көтерілген адам. Сонымен ол кісі шахмат та ойнаған, бір қызығы домбыра тартқанда, керемет домбырашы болған, бірақ енді алқа жұрттың алдына шығып домбыра тартқан емес. Сол домбыраның өзін есейгеннен кейін, оқу бітіргеннен кейін тартқан екен. Қалихан Ысқақ, жазушы: 60-жылдары әдебиетке келгендердің ішінде Асқар ең алдымен сынмен келді және бір ерекшелігі бүкіл­ дүниежүзілік әдебиетте өткені бар, қазіргісі бар, соның барлығынан күні бұрын қатты ақпараттанған болды. Бізге сол журналдарын, Ре­ сейдің журналдарын, әсіресе «Новый мир», солардың барлығын бізге жеткізетін, ананың ішінде мынадай дүние бар, мынаның ішінде мынадай дүние бар, мынадай автор бар, соны оқыңдар деп, барлығын бізге таратып жүретін. Асқар сынға келген уақытта бізге байырғы сын емес, біреудің шығармасын талдағанда, одан мазмұнын айтып, содан кейін кеңестік коммунистік идеологияға осы жата ма, жатпай ма, кемшілігі қайсы деген дәрежеде сынайтын кәдімгі кеңестік дәстүрлі сын болады. Асқар басқаша келді, Асқарды айтуға болады, басын аяғына, аяғын басына қойып, теріс-қарыс әкелді, ол сын деген нәрсенің өзін о бас­ та көркем дүниеге жеткізді. Бірақ ол сынды көп жазған жоқ, өкініші сол, оның көп жазылмай қалған, таспаға түспей қалған нәрсесі болды. Асқар трибунаның адамы еді, ол трибунаға шыққан уақытында оның

шабыты да, арқасы да қозатын трибуна болатын. Әрі шешендік, әрі ойшылдық. Әлия Бөпежанова: Дулаттың «Парасат падишасы» деген кітабы бар, ішінде «Эмигрант» деген жақсы әңгімесі бар, сонда жазады: «Асекеай, бір өкініштісі, осындай биік шыңға шығып тұрасыз да, сол шыңды меңгеріп, игеріп тұрасыз да, түсіп кете бересіз, сонда әттеген-ай деп қаламын», – дейді. Дулаттың бұл айтып отырғаны дұрыс, бірақ екінші жағынан Асекеңнің шыңды игеріп тастадым, меңгеріп тастадым деген ешқандай мақсаты болмаған. Бәрі табиғи болған, негізінде бір қызығы, күрделілігі бұл кісінің өзінің жанын түсінген, мінезін түсінген адаммен өте керемет араласатын, ол кісіден жайлы адам жоқ болатын. Ал мінезінің күрделілігі, қиындығы – аярлықты, өтірікшілікті, көлгірлікті сондай жаман қасиеттерді көргенде ол кісі аямай отыратын. Кез келген ортада, отырыста бір объект тауып алады, оны жұрттың бәрі біледі, содан кәдімгі бір орайын тауып, әлгі кісіні қолпаштап отырып, жерге тығып отыратын. Қалихан Ысқақ: Асқардың прозасы шешен проза, астарлы проза. Мәселен, «Бесін» 1916 жылы емес, 1930 жылы Созақта болған көтеріліс, ол кезде Созақта осындай көтеріліс болды деп айтуға ешқандай рұқсат болған жоқ. 1930 жылы Кеңес дәуірі кезі ғой. Оның барлығын «бандитизм» деп, барлығын олай деп, бұлай деп қатты сынға алған. Ол кезде оны айтуға рұқсат жоқ еді. Сосын 1916 жылды негізгі фон етіп алды да, сосын 1930 жылы Созақта болған көтерілісті көрсетті. Бүкіл материалдар сонда. «Бесіннің» негізгі астарының көп болатын себебі осы. Әлия Бөпежанова: Пьесалары қойылды академиялық театрда, ол үшін Мемлекеттік сыйлық алған, бұл кісі өзін өмір бойы ұштап, жетілдіріп өткен адам. Бір қызығы, бір айтатын нәрсе, мысалы, жазушы шығармашылығы келген кезде алдымен жас болып келеді де, сонан кейін біртіндеп ұшталып, біртіндеп желініп жатады ғой, бұл кісі құйма қалпында солай қалған сияқты. Мысалы алғашқы шығармалары қандай керемет болса, өмірінің соңына дейін сондай керемет шығармалар. Бірақ бір қызығы, бұл кісінің шығармалары құлыптаулы нәрселер сияқты, мен өзім шешімі табылады деп ойлаймын. Мен өзімнің әдебиет сыншысы ретінде, мәдениеттанушы ретінде интеллектуалды, лингвистикалық проза деген бар, мүмкін сол бағытта жазған болуы мүмкін, өзімде жазған сондай жазулар бар. Ал бірақ оны талдау, тарату мүмкін кейінгі ұрпақтың еншісі, мүмкін алдағы күндердің еншісі болар.

Жазушы Кемел Тоқаев пен ғалым Нығмет Ғабдуллин Нығмет Ғабдуллин, ғалым, жазушы: 1951 жылы кездестік, шілде айында қызметкер ретінде жұмысқа қабылдандым. Ж. Молдағалиев мені отырған ұжымға таныстырды, аты-жөнімді айтып, сонда төр жақта отырған, көзілдірік салған, көзілдірікті бір алып, бір салып отырған жігіт бар екен, маған қадалып қарап отырды, сосын Жұмағаң «сен неге бұл жігітке қарай қалдың сонша қадалып? Нығмет Ғабдуллин деген жігіт осы болатын. Өткен жолы сен материалын әзірлеп беріп едің ғой», – деді. «Сені өзі әдейі таныстыруға шақыртып отырмын», – деп күлді Жұбан. Әзіл айтып Кемелмен сол жолы таныстым. Ахат Жақсыбаев, жазушы: Мына өмірде әркіммен кездесесің, әртүрлі жағдайда, әртүрлі ортада боласың, әркім саған әртүрлі әсер етеді. Біреудің ықпалы көп болады, біреудің саған зияны, залалы тиюі мүмкін. Сонда адамның көбіне ойлайтыны, саған өмірден кімнен жақсылық көрдің, кімнің саған әсері болды, кімнен үлгі алдың деген адамдар көбірек есте қалатын секілді. Себебі адамның көңілінде із қалады, терең әсері болады, ықпалы болады. Мен үшін сондай адамдардың біреуі Нығмет ағамыз деп ойлаймын. Ініге деген ілтипаты мен қамқорлығы, біз соны сезініп өстік. Нығаңның тағы бір қасиеті, мен көбіне ірі редакторлық қасиетіне тоқталып отырмын. Енді біздің басшымыз болғаннан кейін қарауындағы адамдарға еркіндік беретіндігі, өзі енді әртүрлі редакторлар болады. Нығаң қашанда орнықты, бірқалыпты, сабырмен, салмақпен, ол адамды жұмсағанда, тапсырма бергенде де сондай. Нығаңның осында

жұмыс істеп жүргенінде бір дауыс көтергенін естігем жоқ. Біреуге дауыс көтеріп, үстел соққылап немесе жекіп, жер-жебіріне жету Нығаңның аузында өмірі болмайды. Табиғатына біткен сыпайылығы, ең арғы түкпірі сол адамгершіліктен болса керек, кісіге деген қамқорлығы, кісіге деген ілтипаты, үлкенге деген, кішіге деген құрмет. Нығмет Ғабдуллин: Кемелдің шығармаларында чекистер өмі­ рінен жазған осы мәселе тағы бір тереңдеп, басқа қырларынан көріне­ ді. Адамның бойындағы асыл қасиетті ашу, ар тазалығы, сабырлы ақыл – осының барлығы ізгі қасиеттер екенін, өзінің шығармалары мен образдары арқылы дәлелдейді. Кіші командир мен қарапайым қатардағы жауынгердің арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек, туған аға мен інінің қарым-қатынасы қандай болуы керек, аға інінің жетістігіне қуануы керек, ағаның жетістігіне іні масаттануы керек, мақтануы керек. Бірақ екеуінде бір-біріне деген махаббат сезімі терең мөлдір болып көрінуі керек дейтін. Сол сезімді адамның бойындағы үнемі ашуға тырысатын, өзі ылғи да солай айтатын еді. Сол соғыс жылдарынан соң Баубектің очерктері, Молдағалиевтің жазғандары, Әбу Сәрсенбаевтың майдан кезінде жазғандары, Мұзафар Әлімбаев соғыстан кейін көп нәрселер жазды. Журналистика саласы бізде жас ғылым, жас өнер ғой. Журналистика ол кезде, оның жақсы дамуына, баюына, қырларының терең ашылуына, өзінің ұлттық мәнерін табуына бұлардың істеген еңбектері орасан зор деп айтуға болады. Міне, сол азаматтың қатарында жүрген журналистің бірі Кемел Тоқаев еді. Ахат Жақсыбаев: Содан, екінші, Нығаңның қасиеті, жеке басының сыпайылығы мен мәдениеті, бізге «Сіз» деп сөйлейтін, біз алғашқы кезде оған үйренбегенбіз, сөйтсе жалпы өзінің сөйлеу мәнері, тәртібі екен. Үлкенге де, кішіге де «Сіз» деп сөйлеу. Ізтай Мәмбетовті шақырмайды, бөлмесіне өзі барып, Ізаға деп иіліп тұрады. Редактор болып өзі ша­ қырып алуына болады ғой, материалдар қайда, мынау қалай деп. Қарсы бөлмедегі Ізтай Мәмбетов ағаға өзі тұрып барып, материалдарын сұ­ растырып, іздестіріп сөйтіп келетін. Оның бәрін біз көріп отырамыз. Сосын ол өнеге ғой, біреу саған қалтаңа ақыл салып бермейді немесе миыңа құйып бермейді, әркім өзі сөйтіп үйренеді ғой өмірден. Нығмет Ғабдуллин: Енді оның туған жері Талдықорған облысы ғой, Ақсу өзеніне жақын жерде. Туған жері жайында керемет, тамаша әңгімелер айтады. Патриот болу үшін өзіңнің туған жеріңді сүйе отырып, соның қасиетін айту керек. Қасиетін жұрт таңданатындай етіп айту керек, мақтанатындай емес, жұрт мақтасын, өзің мақтағанша дейтін. Өзің жазғаның жақсы болса, жұрт мақтайды, жақсы болсаң жарықтығыңды көрмей, жазбағаныңды өзіне кім сұрайды дегендей, мақтауды жұрттан күту керек, өзіңді-өзің мақтай берме дейтін отырған жігіттерге. Меніңше

қарапайым болды, журналистикадан бастап жазушылық жұмыспен шұғылданды. Бірақ мен жазушымын, менің мынадай кітабым шықты деп, өзіне-өзі көкірек керген кісі емес. Сабырлы, еңбекқор болатын. Ол әсіресе, ішкі істер министрлігінің, милиция қызметкерлерінің еңбектері жайында очерктер жазды, әңгімелер жазды. Алғашқы әңгімесі 1954 жылы жарияланған болатын, оның артынан «Арнаулы тапсырма» деген повесі жарияланды. Сөйтіп ақырын-ақырын бірнеше әңгіме жинақтарын, повестер жинақтарын, 3 роман жазды, драматургия саласында 3 пьеса жазды. Тақырыбы тың, сөз жоқ, қазақ әдебиетінде бұрын көтерілмеген бір соны, керемет тақырып еді. Ахат Жақсыбаев: Әсіресе қазақ әдебиетінің бас редакторы болу оңай шаруа емес, ол өте қиын шаруа. Әдебиет мұнда еркіндеу болады, жазушылар қауымы әртүрлі мінезді болады, біреуі ашушаң келеді, біреуі қызба келеді, біреуі өзімшілдеу келеді, біреуі өзінен басқа адам жоқ секілді келеді, біреуі мақтаншақтау келеді, тойымсыздық болады. Соның бәрін әдеби газеттерде көріп отырғанда, соның бәрін реттеп оты­ ру, келтіріп отыру оңай емес ол. Содан айтайын дегенім, Нығаң соның бәрінің қыбын тауып, ретке келтіріп отырғанына кейде өзіміз де риза болатынбыз. Сосын бұл кісі көбінде қарауындағы қызметкерлерге пәтер мәселесін шешеді. Жаңадан үйленген кезіміз, жеке пәтерде тұрамыз. Содан бір күні шаршап келіп, «Ныға, кешелі бері пәтер іздеп келдім» деп шаршағанымды білдіртіп, ана кісіге салмақ артқандай, «Сіз бас редакторсыз, пәтер бермейсіз» дегендей қалып таныттым, сонда әлгі кісі күледі, мен ойлаймын, пәтер іздеп шаршап келіп отырмын, бұл неге күледі деп. «Ой, неше жыл болды» дейді, бір жыл десем, «біз он жыл бойы жүргенбіз пәтерде» дейді, сонда сенікі түк емес секілденеді, сонда Нығаң он жыл пәтерде жүргенде, сенің бір жылың оның қасында түк емес дегені ғой. Қайтадан бөлмеден жүгің жеңілдеп, шаршағаныңды ұмытып, сол бөлмеден пәтер алғандай көңілді шығатынмын. Сондай қасиетті мінездері айтарлықтай болатын. Ал жазушылығы өз алдына, ол кісі ел мойындаған, танылған жазушы, ғылым докторы, профессор, белгілі адам, сыйлы адам. Нығаңды әлі де көріп тұрам, кейде тойтомалақтарда араласып жүреміз, сәлем беріп, сыйласып жүреміз. Сол 1967 жылдан әлі өзгерген жоқ, бірқалыпты. Нығмет Ғабдуллин: Кейде суретке түсетініміз болатын, мынау сол түскен суреттердің көрінісі. Редько деген фотограф болды, суретті қалай түсіріп алатынын білмейміз. Оған айтып қояды екен, бір сәтте, сөйлеп отырған кезде ме, бір адамның мінезі ашылып отырған кезде ме, сол кезде қағып түсір дейді екен, кейін өзімізге керек болады деп. Соның көрінісі ғой бұл сурет.

Сатирик Сайымжан Еркебаев Көпен Әмірбек, «Ара» журналының бас редакторы: Бір жылдары жоғалтып алдық Сайымжан ағамызды. Ол кісі қайда десек, сонау Маңғыстау түбіне барып, сол жақта романтика қуалап, арманның жетегімен сол жақта көп жылдар жұмыс істеген екен. Оны біз кейін білдік. Ал енді бұл Сайымжан ағаның мамандығы не, қандай оқуды бітірген, біз оны да білмейміз. Біздің тек қана Сайымжан аға жап-жақсы, үлкен деңгейдегі өркениетті қаламгер ретінде жүрегімізде мәңгі қалған еді. Күндердің күнінде үлкен қаламгер Сайын Мұратбеков ағамыз «Қазақ әдебиеті» төрт беттен он алты бетке ұлғайған шағында бас редактор боп келді. Сол кезде үлкен ұжымды жинақтады, әр бөлімге. Сонда тұңғыш рет «Қазақ әдебиетінің» соңғы он алтыншы бетін сатира бетіне арнайтын кезде, Сайымжан Еркебаев келді. Бәріміз құмарттық, осы Сайымжан ағаны көрейікші деп, барсақ, кәдімгі екі беті шоқтай жанған, өзі қып-қызыл, жаңа ғана моншадан шыққандай, жайнап тұрған ғажайып, орта бойлы дембелше келген кісі екен. Амандастық, таныстық. Содан күн сайын болмаса да, реті келгенде ай сайын Са­ йымжан ағамен шығармашылық байланыста болдық. Егер Сайымжан аға «Қазақ әдебиетіне» келмегенде, сатира бетін жүргізбегенде, Құдай біледі, сатира сондай деңгейге көтерілмес еді. Неге десеңіз, өйткені Са­ йымжан ағамыз үлкен жаңалық әкелді. Ол қазақ топырағында жоқ, қазақ топырағына беймәлім, Батыс Еуропадан, Шығыс Азиядан, бүкіл дүние жүзінің күлкі әлемінің күлкісін осы «Қазақ әдебиетінің» соңғы бетіне топтастыра білді. Бұл неге олай десек, сөйтсек ол Сайымжан ағамыздың білімі қазақша-орысша оқу ғана емес, шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген түлек екен.

Бұл неғып әлі біз оқымаған, неге біз біле бермейтін, тіпті орыс әдебиетінде де жоқ теңеулер, тың ізденістер бұл қайдан десек, ол осы неміс тілінің білгірі, маманы болғандықтан да игерген екен ғой. Бұл өте жақсы жаңалық болды. Әсіресе, Қ. Мырзалиев ағамыз баға берді. Сайымжан Еркебаевтың барлық шығармасы бір төбе де, әсіресе «Ме­­ нің Қожанасырым келді де» деген кітабы, ол классикалық дүние де­ ді. Біздің Қожанасырымызды ала отырып, дүние жүзіндегі Қожанасыр жырлаған әзіл-қалжыңдарды қазақ топырағына егіп, баптай білген осы Сайым­жан Еркебаев қой. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Темірхан Медетбеков ағам: «Сайымжан аға ешкімнің тұмсығын көтеріп, мұрнын шүйіріп жүргенін көтермейтін», – дейді. «Ол ешқашанда мынадай тәкаппарлықты немесе біреудің жалған сөйлегеніне немесе еңкейгенде екі бүктеліп кететін жағымпаздарға жаны қас еді», – дейді. «Ол өзі ондай кезде ертеңге қалдырмай, шарт еткізіп айтып тастайтын. Сондай кезде маған Са­ йымжан Еркебаев оқтаулы, қызыл мылтық секілді көрінетін, қашанда шүріппесі қайраулы, басып қалсаң, тарс ете қалатын мінезі бар еді», – дейді. Сол өзінің мінезін өзінің сатирасына да, әдебиетіне де сіңдірген қаламгер. Әбіш Кекілбаев ағамыздың Сайымжан Еркебаев туралы айтқан пікірі менің есімде, «оның өзі де, сөзі де желге қарсы шапшитын қи­ қар жігіт еді, бірақ романтик, үлкен қаламгер», – деген еді Әбіш ағамыз. Шынында да, біздің мықты ақын-жазушылардың сөзі бір басқа да, өзі бір басқа ғой. Ал Сайымжан ағамыздың сөзі де, өзі де – екеуі сәйкес түсіп жатқан кәдімгі тең жорғадай, сап алтындай деп айтуға болады. Ешқандай қоспасы жоқ, таза қаламгер, таза талант болатын. Біз ол кісі­ нің қасында, кейде тіпті жас айырмашылығы екі мүшел, үш мүшел кісі­ лерге де, мінезінің жұмсақтығына қарап, еркелейтінбіз, мойнына мі­ніп алатынбыз. Ал Сайымжан Еркебаев ол кісі еркелікті көтермейді, егер сәл артық кетсең, онда шаруаң бітті. Ол қашан көрсең де, өзі бір жинақы, содан кейін сол кісінің алдында өзіңді-өзің тәртіпке шақырасың, қысқа­ ша айтқанда, ол кісіні көргенде, біз мешітке кіргендей, өзімізге-өзіміз келіп, тәубемізге түсіп, тазарып кіріп, тазарып шыққандай әсерде болатынбыз. «Өлке» баспасының басшысы, Президенттік сыйлықтың лауреаты Мереке Құлкенов Сайымжан Еркебаевтың 70 жылдығы тойының қарсаңында үш томдық таңдамалы шығармалар жинағын шығарды. Бі­ рінші томы романы, екінші томы повесі, шығармалары енген, ал үшінші томында баяғы кер толғаулар мен әзіл-сықақтар, терісқақпайлар, түрлі баспасөз беттерінде көрген ғажайып мақалалары. Сол кезде жазған мақалаларының өзі дәл бүгінгі күні әлі құнын жоймаған, сол мақаланың

кейбір аты-жөндерін өзгертіп, осы күнгі баспасөзге жарияласа, ширек ғасырда жазылған мақала болса да, дәл бүгінгі ойды қозғап тұрған құнды мақалалар. Осы мүшелтой қарсаңында сын-сықақ «Ара» журналының бетінде ол кісінің кезінде «Қазақ әдебиетінде» жырланған, басқа да баспасөзге шыққан, кейініректе «Ара» журналында жарияланған шығармаларын әдеби мұра мақсатымен біз екі бет етіп жарияладық. Әзіл суреттерін Нұрлан Тазабеков деген суретшіге салдырып, мүмкіндігінше Сайымжан Еркебаевтың сатиралығын оқырмандардың жүрегіне қайтадан ұсындық. Негізінде айтар едім, осы Сайымжанның үш томдық таңдамалы шығармалар жинағын ел қайта оқып шықса, адамның жан дүниесі тазарады, әдебиетке деген құмарлығы артады. Сайымжанның романын оқыған адам ол романтикаға беріледі, ал әңгімелер мен повестерін оқыған адам керемет қайта туылғандай әсерге бөленеді, ал үшінші томындағы кертолғаулар мен терісқақпайлар, әзілдерін, қалжыңдарын оқыған адам кәдімгі әдемі, ғажайып күлкіге мәз болып, шаршап тұрған адамның өзі де шаң қаққандай, адам табиғатынан әсер алғандай, таза қошеметке, таза әсерге бөленетіні сөзсіз. Сатириктер Қалтай мен Көпен Көпен Әмірбек, сатирик: Төртінші курста оқып жүргенімде, Қазақ университетінің үлкен залында, «Қазақ әдебиетінің» ұжымымен кездесіп жатыр екен, кіріп барсам. Қалтай Мұхамеджановты бірінші рет көрдім төртінші курста. Анау ақын шығып, мынау ақын шығып өлең оқып жатыр, сосын мен бардым да, мен өзімнің өлеңім емес, Қалтай Мұхамеджановтың «Қорада» комедиясындағы Ережептің ішкі сыры немесе монологы деп, сол кісінің үзіндісінен бес минут оқып едім, қатты риза болды Қалтай аға. «Әй, балам, сен өлең жазасың ба» деді, «я жазам», «оқышы» деді, сол жерде тағы үш өлеңімді оқыдым. Осы өлеңді тура ертең бізге әкел деді, бір аптадан кейін «Қазақ әдебиетінде» тұңғыш рет Қалтай Мұхамеджановтың тұсау кесуімен, батасымен «Бұйымбайдың пұшпағы» деген сатиралық мүйіске шықтым. Сол кезде «Бұйымбайдың пұшпағында» «ілгерілегеннің иті балконнан үреді», «бұрын әйелдердің шашы ұзын, ақылы қысқа болушы еді, қазір екеуі де теңелді» деген Қалтай ағамыздың шолақ мылтық, бір қақпайларын біз жаттап өскен кезіміз болатын. Жылдар өте берді. 1990 жылдардың ар жағында, 1989 жыл. Қалтай Мұхамеджанов саяси-сатиралық «Ара» журналына бас редактор боп

келген кезде, мен сонда жауапты хатшы боп жұмыс істейтінмін, бірге істедік, бір жарым жылдан аса бірге қызметтес болдық. Ол кісіден енді, мен ойлаймын, көп нәрсені игеріп, көп нәрсені меңгеріп қалу керек еді, бір жағы балалық, бір жағы шалалық болды ма, білместік пе, осы күнде сондай өкініш бар. Ол кісінің «Араға» редактор болып келгеннен кейін, 1990 жылдан кейін біздің ұлтымыздың ұстазына айналған Өзбекәлі Жәнібек Орталық партия комитетіне идеология жөніндегі хатшы болып келгесін, бірден журналистермен кездесу жасады, сонда, ал енді не мұқтаждарың бар дегенде, Қалтай Мұхамеджанов ағамыз шықты. Сосын айтты, «Құрметті Өзаға, мына «Ара» журналында жұмыс істеу, жала­ңаш құйрықпен кірпінің үстінде отырғанмен бірдей, өте қиын жұмыс екен», – деді. Жұрт ду күлді. «Бізде, осы «Ара» журналында жұмыс істейтін журналистердің мұң-мұқтажын, жылаған көз жасын екі бөтелкеге құй­ ып алып келдім, егер мен соны сіздің кабинетіңіздің алдына сепсем, сіз табалдырықтан шыға бере тайып жығыласыз» деді. Көрдіңіз бе, жай сөздің өзі керемет шеберлік қой. Сосын Өзағаң тұрып айтты, «ол қандай мұқтаждық «Ара» журналындағы», «біріншіден, мұнда пәтер жоқ, жігіт­ терде» деді, сосын залға қарап тұрды да, «осында Қажытай Ілиясов деген мықты сықақшы бар, Қажытай, барсың ба» деп еді, атып тұрды, «мінекей, осы Қажытай менде үй жоқ деп арыз жазғанда, Сталин марқұм тірі еді» деп айтты. Сонда көп күлмейтін Өзағаң мырс етіп күліп жіберді де, бір айға жетпей, Алматының қақ төріндегі «Самалдан» Қажытай Ілиясұлы Қалтай Мұхамеджановтың демеуімен Өзағаңның алғашқы жанашырлығымен пәтер алып кетті, қазір сол үйде тұрып жатыр. Енді бір қызық қой, шіркін, күнделікті сөздерін жазып ала бермеппіз, егер жазып ала бергенде. Ол кісі былай істейді, сағат 11-де келеді де,

сағат 12-де, «Әй, Көпен, үкіметтің жұмысы өлтірер, кеттік обедке» дейді де, кетіп қалады. Түстен кейін болмайды. Соны біліп алғанбыз, Қалағаң түске дейін болады да, түстен кейін болмайтынын біліп алып, дүйсенбі күні іздесе, түстен кейін, мен жоқпын, сейсенбі, сәрсенбі күні іздейді, мен жоқпын, сөйтіп 3 күн, қатарынан келіп қалыпты. Содан Айнаш деген қазір «Түркістан» газетінде істейді, секретарь-хатшы қызға айтыпты, «Әй, Айнаш, анау жауапты хатшыға айтыңызшы, егер қолы тисе, ертең сағат 3-те мені қабылдасыншы» деп. Ал енді, басқа бастық болса, ұрсып, қайда жүрсің деп, түсініктеме сұрар еді, ал бұның жай сөзі­ нің өзі бір жағы тәрбие, бір жағы ұялту былай тұрсын, қызартып жібе­ретін сөздер. 2000 жылдардың қарсаңында Түркістанның 1500 жылдық тойына орай, үлкен «Асар» қорын құрамыз деп, Шерхан Мұртаза бастама көтерді, газетке де шықты ол. Соның қасында Өмірзақ Айтбайұлы, үлкен ғалымымыз, Камал Смайылов ағам бар-ау деймін, Құлбек Ергөбеков, Қалтай Мұхамеджанов, жалпы 30 шақты адам Талғарда бас қостық, сол кезде ауданның прокуроры Сұлтан Түлешов дастарқан жасап, зыр жүгіріп жүрді, мәселе шешілді. Бір кезде дастарқан басына қызыл уылдырық, қара уылдырық келіп жатыр, одан қалжыңдар кетті. Сөйтсе, бір ғылым докторы, академияда істейді-ау деймін, аты-жөнін айтпайақ қояйын, сол кісі айтты, мен қазы-қартадан гөрі тауықты жеймін деді, бір үлкен тауықты бүтін, қып-қызыл қылып, қақтап пісіріп әкеліпті. Ал­ды­на қойды, сосын тұрды да, бір бұтын үзіп жеді, екінші бұтын үзіп жеді, одан кейін төстігін, аяғын, түгін қалдырмай, өңшең сүйексаяғының бар­лығын қайтадан кеміріп, ұнтақтап тастады. Соны байқап отырмыз бә­ріміз. Алыстан байқап отырған Қалтай ағамыз айтты, «Әй, жолбарысым-ау, мына тауықтың қораздан кейінгі қызығын сен көрдің ғой», – деді. Жай өзінің ауызекі сөздерінің бәрін кезінде жазбаппыз, есімде қалған­да­рын ғана айтып отырмын. Ал енді «Ара» журналында редактор болғанда, ол кісі өте мұқият қарайтын және әр сөзге мән беретін. Бір күні Семейден Жұман Құрманғалиев деген, үлкен ақын, сықақшы, сол кісі өлең жіберген екен. Содан бір өлеңі сәл осалдау болды да, мен қол қоя салдым, енді жауапты хатшы бірінші дайындайды ғой, сосын редакторға апарады. Сосын айтты, «Әй, Көпен, көзің жоқ дейін десем, көзің бар, сезім жоқ дейін десем, сезім бар, байқаймын, сен осы өлеңді әдейі жанашырлықпен жіберіп отырсың ғой, мен қол қоймаймын» деп, қол қоймай қойды. Шынында да, көп өлеңнің ішінде сол осалдау болды. Мысалы былай: «Ағамыз жүр жайлауда жылқы бағып, Меспен шықпайды үйінен жылтың қағып».

Бар-жоғы сол. «Бұны біздің бабаларымыз, Көпен шырағым, баяғыда айтып қойған, – деді. «Көгаланың үйірі көл айналсын, Жаның шығып бара ма, көз байлансын. Қайсысы әдемі, айтшы, мен соны жіберейін», – деді. Мына өмір таусылмайтындай, бітпейтіндей, біз бір ұзақ өмір сү­ ретіндей, бір-бірімізбен араласады екенбіз, ал енді бұл өмірдің өте қысқа екендігін, осы күні ғана түсініп жүрміз. Мысалы, ол кісі айтты, «Көпен, сен нағыз шығармашылық тұрғыдағы сықақшысың, осы жауапты хатшы деген сенің қолыңды байлап жүр-ау, сен мынау, анда-мында жүгіріп тұратын болсаң қайтеді» – деді. Ол кезде кеуде зор, мен қалай енді «Ара» журналында екінші тұрған адам, қалай бірден төмендеймін деп, кішкене ол кісіге өкпелеген кезім де болды, сөйтсем осы күні қарасам, ол қызмет деген ер-тоқымсыз есектің жүгі секілді нәрсе екен де, енді қазір қараңыз, қаншама жылдарымыз біздің босқа кетті, осы баспахана мен журналдың ортасында көзге көрінбейтін көп алтын уақыттың бәрі босқа сарп етілді. Сөйтсем Қалтай ағам соны байқаған екен. Менің мына бекерге көзге көрінбейтін қара жұмысты істегеннен гөрі, халыққа ке­рек, шығармашылық жақты, желбір жекен секілді желіп жүрсін, емін-еркін жүрсін дегенін біз сол кезде түсінбеген екенбіз. Соны маған басым­нан сипап тұрып та айтты, өтініп те айтты. Ал біз соны кезінде түсінбедік. Бірақ енді не пайда, артынан айтқан соң. Егер сол уақытым қайтып келсе, мен Қалағаңның қасында атын байлап, қолына су құйып жүргеніме, риза болар едім деп ойлаймын. Семсер сөзді Сейдағаң Н. Жүнісбайұлы, жазушы-журналист: Дәл 1970–1985 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінде редактор болып тұрғанда Сей­ дахмет Бердіқұлов ағамыз сол кездегі қазақ баспасөзінің дуылдатып жаққан оты, көшкен көші, ұйысқан үлкен ұжымдық сипаты осы «Ленин­ шіл жастың» маңында айналып жүретін. Ол бір алтын діңгек секілді, сол кездегі қазақ баспасөзіндегі сондай бір бейне болатын. Шын мәнінде бүкіл қазақ зиялылары «Лениншіл жас» газетінің маңында үйірілетін. Шыққысы келгендер сол газеттің бетіне шығатын, оқығысы келгендер, сол газеттің бетінен оқитын, барып көргісі кеп тұратындар сол газеттің

бетінен көретін. Өмірдің сол кездегі ағымынан бір сәт те кейін қалған емес. Тек алдына шығып отыратын және де бір нәрсені айтса ол кісі, өз тілімен, өз жазуымен ғана емес, өзінің қол астындағы журналистердің талант күшімен айтса, кереметтей айтуды ғана жақсы көреді. Одан кейін қазақтың ұлттық намысы, қай салада болса да, ол спортта ғана емес, намыс деген спортта ғана болады десе, қателесеміз. Соның бәрін баспасөздің бетінде қорғау, орнықтырудың және оны биік дәрежеге көтерудің ол кісі бір ғасырлық үлгісі болды десе, мен қателеспеймін. Өйткені Сәкеңнің маңында өнер саласындағы небір саңлақтар жүретін, әдебиетті енді айтпай-ақ қояйық, шын мәнінде, ол кездегі мықты әде­ биетшілердің бәрі «Лениншіл жас» газетінің бетіне шығуды армандайтын, кезекке тұратын, тіпті мүйізі қарағайдай сол кездегі ұлы классик ағаларымыздың көбісі, бірінен кейін бірі осы «Лениншіл жас» газетіне шығуға әр уақытта ынтық болып тұратын. Ол менің ғана қоятын нүктем емес, оны сол кезде де өмір сүрген классик ағаларымыз, апаларымыздың бәрі біледі. Сонымен қатар, саяси элита. Енді, әрине, ол кезде саясатқа кішкене тар жол болды, соның өзінде сол кісілердің өзі газет бетіне кезекпен сөйлеп жататын. Енді спорт мәселесіне келетін болсақ, ол мүлде басқа бір ағым болатын ол кезде. Енді спорт газеті, бүгін мен басқарып отырған, сол кезде де болды, 1959 жылдан бастап шығады ғой. Бірақ сол кездегі спорт тақырыбының жазылуы, қамтылуы «Лениншіл жасқа» қарап бой түзейді. Еш уақытта «Лениншіл жас» газеті спорт мәселесінде, тіпті одақтың бірде-бір газетінен қалған емес. Неге десеңіз, таңғы сағат 8.30-дан бастап, кешкі 9–10-да газет шыққанға дейін құлағымыз радио­ ға түрік, көзіміз теледидарға және стадионда болып жатқан жарыстарға түрік болатын. Тек Қазақстандағы ғана емес. Егер газет шыққан күннің

ертеңіне, одақтық бір газетте, ол кезде барлық газеттерді алатынбыз, «Советский спорттан» бастап. Одақтық газеттің бетінде Қазақстанның, оның ішінде қазақ баласының аты-жөні алтыншы орын немесе онын­шы орын болсын, шығып кетсе, ол біздің «Лениншіл жасқа» түспей қал­са, ол күні қазақша айтқанда, таяқ жейтінбіз. Тұйғын туралы «Аспаннан шұға жауған күн» повесі, менің ойымша қазақ әдебиетін жаңа белестерге көтеріп тұр деп айта аламын. Мүмкін көп сыншылар, көп әде­биетшілер бұл повесті оқымаған болар, егер оқып отырған болса, оқи алған болса немесе қазірден бастап оқыса да, сол кездегі қазақ қоғамының ішінде болмаған геройды, Сәкең, әсіресе велоспортты сол кездің өзінде әлемдік дәрежеге шығарып, көрсете алуы, ол тіпті адамның жүрегін шымырлатады, осы күнге дейін. Ал енді Сәкең армандаған биіктерге, сонау 60-жылдары, біз қазір ғана қол жеткізіп жатырмыз, ал ол кешегі Бекзаттар, Ермахан­дар, Жақсылықтар. Керек болатын болса, қазақ журналистерінің арасы­нан әлемдік футбол додасына, туристік топпен болса да, бірінші рет ба­рып қайтқан, сонау Лондондағы 1966 жылғы чемпионатқа Англиядағы, сосын Мексикадағы 1970 жылғы чемпионатқа тұңғыш боп барып қайт­қан Сәкең болатын. Мен «Намыс» клубының алғашқы ойынына шақырдым, сонда төсекте жатып жүрген кезі қайта-қайта, сол Тұманбай Молдағалиев ағамызды ертіп барды, стадионға. Содан енді ол кісі туралы, айтатындар көп енді, кітап та шықты ол туралы, газет те шықты, керек қылған адам оқып, тауып алады ғой. Айтайын дегенім, басында кішкене кірпиязданып, ауырыңқырап барған адам алаңда он бір қазақтың баласы жүгіріп жүргенін көріп, ауруын ұмытып, шаттанып, қанатын қақты балаша, Тұмағаң екеуі. Стадионда екі сағаттық ойынды, осы ештеңе болмағандай, бала күніндегідей көрді. Ойын бітті кешке, сосын айттық енді, «Намыс» жеңді, алғашқы ойын, Екібастұздың командасы, ол кезде Қазақстанда оның алдындағы чемпионатта 3-орын алған команда, мынау енді бірде-бір үлкен командада ойнамаған қазақтың балаларын, бүкіл 19 облысты аралап жүріп, тауып алғанбыз, жинап алғанбыз. Сосын Сейдахмет аға, Тұмекең аға, шай ішейік, мына таудың бауырында, Медеу­ дің бауырында, санаторийда жататынбыз, командамен дедік. Ой, барсақ, барайық деді. Содан сөздің қысқасы, жаңағы жерге барып, 4–5 сағат оты­ рып, енді болған нәрсе ғой, 2–3 рөмке коньяк ішіп, өлең айтып, сөйтіп дуылдап қайтты. Сонда бәрін ұмытып кетті. Содан соның қайтарымы болар, бір жағынан менің ұстазыма деген өзімнің мойнымдағы парызым болар, Сәкеңнің 60 жылдығын атап өткен кезде, ол кісінің туған ауданы, Ұзынағаш, Жамбыл ауданы, сол жерге апарып, бір команданы ойнатып, Қазақстанның бір чемпионат ойынына апарып, сол жердегі

халықты да риза қылғызып, Сәкеңе «Намыстың» бір кәстөмін кигізіп, «сіздің тәрбиеңіз осының бәрі» дедік. Сәкеңнің 70 жылдығының қарсаңында мұрағатына кіріп, өзінің қол­жазбаларын қарап отырып, бір жазбаларының ішінен «Спорт де­ген – намыстың қайрақ тасы» деген сөзді тауып алдым. Намыс бар­лық жерде бар, жаңа айтқандай, өнерде де бар, әдебиетте де бар, мәдениетте де бар, тіпті саясатта да бар. Намыскер саясат өз елінің намысын қорғай­ды ғой. Ал енді спорт сол намыстың қайрағы, үнемі жанып отырады, де­ген сөзді, менің ойымша, айта алған адам – ол тарихи адам.

Әбіштің анасы Айсәуле мен Асқардың анасы Айтоты Сейфолла Оспанов, ақын: Бір кезде бала болдық, осы Алматыға оқу іздеп келдік, оқу бітіріп, содан кейін әдебиеттің айналасына араластық, сол кезде біздің көрген үш анамыз болды. Біреуі Әбіш Кекілбаевтың анасы, біреуі Асқар Сүлейменовтың анасы, біреуі Қайрат Жұмағалиевтың анасы. Осы үш кісі, шындығына келгенде, мен өзім жетім боп өскен адаммын, әкемізді әлгі Сібірге айдап, сонымен берекеміз кетіп, сондай жайларды бастан кешіріп, кейін әйтеуір, талағында биті барлар қозғалады дейді ғой, сондай себеппен Алматыға келіп, оқу оқып, осында жазу-сызудың айналасында қалдық. Сол кезде біздер Жұмекен, Сайын, Қалихан, Оразбек, Жүсіп, Зейнолла Серікқалиев, Әбіш, Асқар бәріміз бірге жүрдік, бірге тұрдық деуге болады. Сол кезде бір-бірімізге, әрқайсымыздың

үйімізге барып, кәдімгі дәм татып, сөйтіп жүретінбіз. Сонда Әбіштің мамасы мен Асқардың мамасы, Қайраттың мамасы – үшеуінің анасы біздің бәріміздің ортақ анамыз болды. Біздің жетімдігімізді білдірмегендей болды, шынында, мен өз жеке басыма келетін болсам, ананың бейнесін, ананың құдіретін мен сол кісілерден таныдым. Әлия Бөлежанова, сыншы, Айтоты әженің келіні: Бұл кісілердің тағдыры Ұлы Отан соғысының қиын кезеңіне келген ғой. Бұл кісілердің отағасы соғысқа кетіп қалған, содан бәрі 2–3 баласын құшақтап, жапжас кездерінен жесір қалып кеткен. Бірақ сол қиын кезеңнің, соғыстың ауыртпалығын елде ресми тілмен айтқанда, тылда жүріп, кәдімгі бір кісідей көтеріскен адамдар. Бұл кісілердің, осы екі кісі сияқты, біздің қазақтың әйелдері, әрине, жер-жерде, ауыл-ауылдарда өте көп. Енді менің басты айтатын нәрсем, бұл кісілер бала тәрбиесіне ерекше қараған, әдетте ұлттық тәрбиеде бір өзгешеліктер болады ғой, бірақ бұл кісілер баланы, әсіресе ер баланы сонау бала кезінен бастап үлкен азамат ретінде қараған, мүмкін әкелері соғыстан қайтпай қалып, мүмкін отбасындағы ер бала болғаннан кейін бе, енді бұл кісілердің мектебі керемет. Қарап отырсаң, әркімнің де, әрбір адамның да сондай мектептен өту арманы сияқты көрінеді. Сейфолла Оспанов: Әбіштің анасы деген көл-көсір, кәдімгі парасатты адам болатын. Ол кісі отырыстарда, қай жерде болмасын, кәдімгі осы Әбіші бар, сосын қарындасы бар, осы екеуіне дегенде жаны жоқ болатын және де солардың жолдас-жораларына деген ықыласы бөлек еді. Ол кісі осылай бәріміз бас қосып, таласып-тартысып жатқанда, сөзге келіп жатқанда ешқайсысына жақтаспай байыппен тыңдап отыратын, ақыр соңында, ал енді шаршадыңдар ғой, шайларыңды ішіңдер, тамақтарыңды жеңдер деп, сөйтіп қамқорлық жасап отыратын. Айтар сөзін, тоқ етерін бір-ақ айтатын, айналайындар, осындай айтыс-тартыс төңірегінде шындық ашылады, сол шындықтың түбін дамыта берсеңдер жетеді, соның өзі сендерге бақыт деген сияқты осындай уәж айтатын. Әлия Бөлежанова, сыншы: Өзі айтады, 24 жасымда жесір қалдым дейді, өмірін тыңдап отырсаң бір жыр сияқты. Сонда ойыма басқа ештеңе келген емес, Айтоты сондай сұлу адам болған екен. Қазақта айтады ғой «сыры кетсе де, сыны кетпеген» деп. Енді ол кісілердің әңгімесін тыңдап отырсаң қызық, тағдырлары да. Асекеңді алсақ, Асекеңнің осындай үлкен тұлға болып қалыптасуына тікелей, әкесі Сүлеймен атамыз соғыстан қайтпай қалған, Айтотының тәрбиесі ықпал еткен деп ойлаймын. Біріншіден, ол кісі менің байқауымша, өте еркін өсірген баланы, баланың бетінен қақпаған. Содан кейін бір қызығы әдетте бізде баланы кішкентай кезінен бастап еңбекке үйретеміз, тәрбиелейміз деп жұмсап жатады ғой. Асекеңді Айтоты бір жұмсап, бір қара жұмысқа салмаған

екен. Бүкіл ауыртпалықты өзі көтерген. Асекең тек қана кітап, тек қана оқу, сонымен ғана жүрген кісі екен. Сонан кейін өскен уақытында да, үлкен азамат болып, оқуға түскен уақыттан дүниеден қайтқан уақытқа дейін сен менің балам едің, сен маған қарыздар едің деп, өмірі мойнына міндет, жүк артпаған екен. Сейфолла Оспанов: Әбіштің анасы бата берер кезде төгіп-төгіп жіберетін, ол көсіліп сөйлеген кезде Әбіштің анасы енді оны адам танымай қалатын. Ал енді Асқардың анасы тоқ етерін, дәл тигізетін, сөзбен, әзілменен ұрып отыратын. Ал Қайраттың мамасы ондайға жоқ болатын, бірақ жан-дүниесінен бәрімізге мейірімі төгіліп тұратын. Сондықтан да осы үш кісінің де үш баласы бар. Әбіш, Асқар, Қайрат. Әбішті білесіз­ дер, қазіргі жазушылардың алдыңғы қатарындағы бірегей тұлға десек, оған ешкімнің қарсылығы жоқ. Екіншісі – Асқар, оның да дөптеп тиетін оқтай мінезі анасынан жұққандай, өзі ананың құдіретінен даналық туындайтын сияқты. Әлия Бөлежанова: Қиын небір кезеңдер болды ғой, соның бәрін бастан өткергенде, ерекше бір даналықпен, ерекше сабырмен өткізген сияқты. Мына кейінгі біздер сияқты не болса, соған өкпелеп қалып, заманға өкпелеп қалып, біреуді кінәлап қалып, ондай бір мінез көрмедім. Мысалы, Айсәуле әжеден де көрген жоқпын, мен ол кісімен де біраз әңгімелесіп, араласып көрдім. Сонда қарап отырсаң, бұл кісілерде адамның миы жетпейтіндей бір даналық, тәубе жасайды да отырады, Алла тағалаға бергеніңе шүкір, шүкір деп отырады екен. Сонда небір қиындық басына түскенде де, Алла тағала өзіңнің бергеніңе шүкір деп, сол қиындықты да ерекше ерлікпен көтереді екен. Әлгі қазақта айтады ғой, «Тәубе түбі – береке» – деп, сондаймен өскен кісілер. Содан кейін мен Айсәуле әжемен, Әбіш ағамыз Парламенттің төрағасы боп тұрған кезде, газетке бір әңгіме жасаған едім. Одан бұрын да араласып тұрдық. Айтоты керемет көрегенді деп ойлаймын, ең кіші немересі Әсмәнің тұсауын осы Айсәуле әжеге кестірді. Сейфолла Оспанов: Оларда мынау менің балам еді, мынау басқа­ лау ғой деген бір ой болған жоқ. Ана болғанда да олар әдебиеттің анасына айналды, тіпті ел анасына айналып кеткен адамдар. Сондықтан осындай аналардың ұлы қасиеттері, мына кейінгі аналарға үлгі боп қала берсе деймін. Әлия Бөлежанова: Бұл енді керемет асыл текті ұрпақ. Мен өзім іштей ойлап отырам, ол кісілердей болу бізге, әрине, қиын, бірақ сол кісілерден көрген жолымызды, сол кісілерден алған өнегемізді мүмкіндігінше кейінгі жастарға берсек деп ойлаймыз. Бірақ ол кісілер­ дей болу өте қиын бізге.

Есімдер көрсеткіші Абдолла – Семей көпесі 273. Айманов Шәкен (1914–1970) – әртіс, режиссер. КСРО-ның халық әрті­сі 100. Аймашова Ләзиза (1932) – диктор, мәдениет қайраткері 119. Айсәуле – Әбіш Кекілбаевтың анасы 349. Айтқожина Марфуға (1936) – ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері 176. Айтоты – Асқар Сүлейменовтың анасы 349. Аманов Төлеубай (1923–1978) – физика-математика ғылымда­рының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мү­ шесі 209. Аманжолов Қасым (1911–1955) – қазақтың аса ірі ақындарының бірі, көркем аударма өнерінің де үздік шебері 151. Аралбай Төлеубек (1950) – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құр­ мет» орденінің иегері 136. Аронұлы Сүйінбай (1815–1898) – айтыс ақыны 221. Асанов Қайырбек (1945) – ақын 161. Асфендияров Санжар (1889–1938) – мемлекет және қоғам қай­раткері, ғалым-тарихшы, профессор, педагог 37. Ахметова Зейнеп Бауыржанкеліні – Бақытжан Момышұлының жұ­ байы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайынатасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазды 304. Әбдіраштың Жарасқаны (1948–2001) – ақын, сыншы, аудармашы 171. Әбусейітова Майра (1925–1996) – кинорежиссер, қазақ кино аударма өнерінің негізін қалаушылардың бірі 107. Әбутәліпұлы Фазыл – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың замандасы 16. Әзірбаев Кенен (1884–1976) – қазақтың әйгілі халық ақыны, компози­ тор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері 235. Әл-Машани Ақжан (1906–1997) – геолог ғалым, тау-кен инже­нері, гео­ логия-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның алғаш­ қы құрылтайшыларының бірі және академияның корреспондент-мүшесі, Қа­ зақстанның еңбек сіңірген ғылым қайрат­кері, Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, фарабитанудың негізін қалаушы 191.

Әлиев Мұхтар (1933) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі 197. Әлиханқызы Елизавета (1903–1971) – дәрігер, медицина ғылы­мының докторы, Әлихан Бөкейхановтың қызы, Смағұл Сәдуа­қасовтың жұбайы 39. Әлімбаев Мұзафар (1923) – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Мемлекет­тік сыйлығы­ ның иегері 157. Әлімжанов Әнуар (1930–1993) – жазушы, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері 329. Әлімқұлов Тәкен (1918–1987) – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы 316. Әмірбеков Көпен (1950) – ақын-сатирик, Халықаралық Алаш әдеби сыйлы­ғының лауреаты 343. Әубәкіров Тоқтар (1946) – қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Ода­ ғының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор 290. Әуезов Мұрат (1943) – мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, қо­ғам қай­ раткері 218. Әшімбаев Сағат (1947–1991) – сыншы, қоғам қайраткері 171. Әшімов Асанәлі (1937) – КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, режис­сер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 105. Бадыров Қапан (1904) – Қазақстанның халық әртісі, Қазақ театрының іргесін қаласқан өнер саңлақтарының бірі 75. Базылхан – Моңғолиялық ғылыми қызметкер 213. Байбосынов Қайрат (1950) – әнші, Қазақстанның халық әртісі 248. Байжанбаев Әнуарбек (1923–1989) – диктор, Қазақстанның ха­лық әртісі, Ұлы Отан соғысының ардагері 110. Байқадамов Бақытжан (1917– 1977) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері 239. Баймұратов Нұрлыбек (1887–1969) – ақын, Қазақстанның еңбек сіңір­ ген өнер қайраткері 228. Бәйсейітов Қанабек (1905–1979) – әнші, режиссер, драматург, Қазақ музыка театрының (қазіргі Қазақ опера және балет театры­ның) негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі 50. Бәйсейітова Күләш (1912–1957) – қазақтың әйгілі әншісі (лирикаколоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері 50, 226. Байтұрсынов Ахмет (1872–1937) – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет және қоғам қай­рат­ кері 19. Бақтыгереев Мұхтар (1933–1999) – Қазақстанның халық әртісі. Қазақ­ стан Мемлекеттік сыйлығының иегері 112.

Бәгенұлы Асылхан – Қытай Халық республикасының фотографы 288. Бегалин Мәжит (1922–1978) – кинорежиссер, Қазақстанның ең­бек сіңірген өнер қайраткері 276. Бекежанов Нартай (1890–1945) – ақын, композитор. Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері 228. Бекмаханов Ермұқан (1915–1966) – тарихшы, ғалым, тарих ғылым­ дарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі 185. Бекқожа келіні Зайдахан – Қалижан Бекхожинның жары 65. Бекхожин Қалижан (1913–1990) – ақын. Қазақстанның халық жазу­ шысы 65, 309. Бердиев Ғұбайдолла (1885–1921) – Алаш қозғалысының қай­раткері, «Қазақстан» газетін шығарушылардың бірі 11. Бердияров Тоқаш (1925–1988) – ақын 169. Бердібай Рахманқұл (1927–2012) – ғалым-сыншы. Филология ғылым­ дарының докторы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ҒА-ның коррес­ пондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қай­ раткері 259. Бердіқұлов Сейдахмет (1933–1994) – жазушы, журналист 346. Бибатырова Ғайникен – қоғам қайраткері 216. Битеева Фарида – Қалтай Мұхамеджановтың жары 70. Бөкеева Хадиша (1917–2011) – Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, профессор 63. Бөкей Оралхан (1943–1993) – Қазақстан Республикасы Мемлеке­ттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н. Ост­ровс­кий атын­ дағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, «Молодая гвардия», «Жалын» баспалары сыйлықтарының иегері. Жазушы «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған 105. Бөкейханов Әлихан (1866–1937) – қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметі­ нің төрағасы 19. Боранбаев Әнуар (1948–1999) – актер, Қазақстанның халық әртісі 93. Букетов Евней (1925–1983) – көрнекті ғалым, техника ғылы­мдары­ның докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының ака­демигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі 194. Бірімжанов Ахмет (1871–1927) – Алашорда үкіметінің мүшесі, 1–2 мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер, Кеңес өкіметі кезінде заң орындарында жауапты қызметтер атқарған 5. Ғабитова Фатима (1903–1968) – ағартушы-ұстаз, Ілияс Жан­сүгіров­ тың жары 47.

Ғабдуллин Мәлік (1915–1973) – қазақ жазушысы, әдебиет зерт­теуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО педагогика ҒА-ның академигі, Кеңес Одағының Батыры. Қазақ КСР-інің ең­бек сіңірген ғылым қайраткері 280, 283, 324. Ғабдуллин Нығмет (1927–2005) – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері 338. Дәулетов Иманқұл – Ж. Молдағалиевтің «Байқоныр баспалдақтары» кітабының кейіпкері 159. Досмұхаметұлы Халел (1883–1939) – Алаш қозғалысының қай­раткері, дәрігер, ұстаз, ғалым, саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, аудармашы 11. Досымжанов Байғали (1922–1998) – әнші, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Мем­лекет­тік сый­ лығының иегері. Б. Досымжанов көптеген дарынды әнші­лерді даярлап, көр­ кемөнерпаздықты дамытуға үлкен үлес қосты. Үш мәрте Еңбек Қызыл Ту және «Парасат» орденімен, көптеген медаль­дармен марапатталған 63. Дулатов Міржақып (1885–1935) – қазақтың аса көрнекті ағар­тушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері 19. Дүйсенов Мырзабек (1928–1988) – ғалым-жазушы, филология ғылым­ дарының докторы 321. Ділдәхан – Жамбылдың немересі 265. Егеубаев Асқар (1950–2006) – ақын, аудармашы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері 176. Елебеков Жүсіпбек (1904–1977) – әнші, Қазақстанның халық әртісі 245, 548. Елебекова Хабиба (1916) – Қазақстанның еңбек сіңір­ген әртісі, Х. Еле­ бекова белгілі әнші, өз жұбайы Ж. Елебеков туралы «Үні кетпес құлақтан» (1981), «Ән-Аманат» (1989), «Қайран Жүсекем» (1998) кітаптары­ның авторы 81. Есенәлиев Михаил (1928–1999) – мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат 216. Есенберлин Ілияс (1915–1983) – қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемле­ кеттік сыйлығының иегері 326. Есенов Шаһмардан (1927–1994) – қазақ кеңес геологы, пайдалы қаз­балар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геологияминералогия ғылымдарының докторы, профессор ҚазКСР ҒА-ның акаде­ мигі 191. Есімжанова Рабиға (1914–1986) – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші, халық әндерінің шебер орындаушысы, ХХ ғ. қазақ әнші­

лік өнерінде әйел орындаушылық мектебін қалыптастырушы тұлғалардың бірі 124. Ерғалиев Хамит (1916–1997) – эпик ақын, Қазақстанның Халық жазушысы 256. Ержан – Бауыржан Момышұлының немересі 302. Ерзакович Борис Гиршевич (1908–1997) – музыка зерттеушісі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Ұлтық Академиясының корреспондент-мүшесі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор 235. Еркебаев Сайымжан (1935–1997) – жазушы, аудармашы 341. Жабаев Жамбыл (1846–1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұл­ ғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы 223, 226. Жайсаңбаев Есболған (1940–1983) – актер, Қазақстанның еңбек сіңір­ ген әртісі 91. Жақаев Ыбырай (1891–1981) – әйгілі күріш өсіруші, екі мәрте Социа­ листік Еңбек Ері 297. Жақанова Сауық – диктор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 110. Жақыпбаев Жұматай (1945–1990) – ақын 173. Жамбылов Әлімқұл (1927) – ақын, Жамбылдың немересі, Қазақ­стан­ ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық ақыны 267. Жан Жя Мин (Хасен) – Қытай Халық Республикасындағы генерал, ұлты қазақ 288. Жандарбеков Құрманбек (1905–1973) – әнші актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның ха­лық әртісі 230. Жандосов Ораз (1898–1938) – Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға және нығайтуға белсене қатысқан партия қайраткері 8. Жансүгіров Ілияс (1894–1938) – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады 47, 139. Жантілеуов Қали (1902–1970) – әнші, домбырашы-күйші. Қазақстан­ ның халық әртісі 233. Жармұхамедов Серік – кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері 102. Жармағамбетов Қайнекей (1918–1974) – ақын, әдебиет зерттеушісі 283. Жәнібеков Өзбекәлі (1931–1998) – мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты. Ө. Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мә­де­­ ние­тінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. XX ғ. 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Йассауи кесене­ сінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Жәнібековтің бастамасымен Қа­зақ­ станның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақ­

станның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақ­сатын көздеген «Арқас» қоғамы құрылды. Жәнібеков «Шертер», «Адырна», «Алтынай», т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. «Наурыз» мейрамының, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты 197, 332. Жиенқұлова Шара (1912–1991) – биші, педагог. Қазақстанның ха­ лық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған 89. Жиреншин Әбіш (1913–1975) – әдебиет зерттеуші. Тарих ғылымдары­ ның кандидаты, доцент. Абай шығармашылығын ұзақ жылдар бойы үзбей зерттеп, абайтану ғылымына елеулі үлес қосты 270. Жолдыұлы Таңжарық (1903–1947) – ақын 32. Жұмабекова Сәлима (1935) – күрішші, Социалистік Еңбек Ері, Ба­ тыр Ана 262. Жұмалиев Қажым (1907–1968) – ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ­ стан Ғылым академиясының академигі 146. Зейнехан – Жамбылдың немересі 265. Имашева Баян – әртіс, Әнуар Молдабековтың жары 60. Ипмағанбетов Нұрғали (1883–1922) – Алашорда қайраткері, подпол­ ковник 11. Исмаилов Есмағамбет (1911–1970) – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондентмүше­сі 280. Исмаилова Гүлфайруз (1929) – Кеңес Одағы мен ҚР халық сурет­шісі 98. Кәкішұлы Тұрсынбек (1927) – әдебиет зерттеуші. Филология ғылым­ дарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайрат­ кері 321. Кәрменов Жәнібек (1949–1992) – әнші, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі 245, 254. Кекілбай Әбіш (1939) – жазушы, Қазақ КСР Мемлекеттік сый­лығы­ ның иегері, мемлекет және қоғам қайраткері 329. Кемеңгерұлы Қошке (1896–1937) – Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист 21. Кенжебаев Бейсенбай (1904–1987) – филология ғылымының докторы, профессор 149. Кенжеұлы Әшірәлі (1946–2001) – Қазақстанның халық әртісі 131. Кляшторный Сергей Григорьевич (1928) – түркітанушы, тарих ғылым­ дарының докторы, профессор. Ресей және шет ел баспаларында 500-ден аса

ғылыми еңбектері жарық көрген. Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан тарихына қатысты ұжымдық бірлескен іргелі еңбектер мен монографиялар­дың авторы 213. Көпеев Мәшһүр Жүсіп (1858–1931) – ұлы ойшыл, фольклортану­шы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұл­­ ғасы 27. Қайсенов Қасым (1918–2006) – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ха­­ лы­қаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты пер­зенті 285. Қалдаяқов Шәмші (1930–1992) – композитор, Қазақстанның халық әртісі 251. Қалматаев Мұрат (1936) – әскери және қоғам қайраткері, генералмайор, журналист 290. Қарақұлов Ишанбай (1909–1992) – ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы 194. Қаратаев Бақытжан (1860–1934) – ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қазақ әскери ревкомының мүшесі, Кеңестердің Бүкілқазақстандық І съезінің делегаты, Қазақ АКСР-інің заң комиссары болды 5. Қаратаев Мұхамеджан (1910–1995) – әдебиет зерттеушісі, Қазақ КСР Халық жазушысы, профессор, Қазақ КСР FA-ның академигі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, Құрмет Белгісі ордендерімен және медальдармен марапатталған 200. Қарсақбаев Абдолла (1926–1983) – кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері 102. Қасенов Тұрлықан (1902–1942) – ақын, қоғам қайраткері 139. Қастеев Әбілхан (1904–1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, графиксуретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі 126. Қашаубаев Әміре (1888–1934) – атақты әнші, әртіс әрі музыкант 42. Қиқым – Ораз Жандосовтың әкесі 8. Қожабеков Кененбай (1928–1988) – Қазақ КСР-інің халық әртісі 96, 98. Қожакеев Темірбек (1926–2003) – ғалым, филология ғылымдарының докторы 207. Қожамқұлов Серәлі (1896 –1979) – ұлттық кәсіби театр өнері­нің не­ гізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері 58, 73. Қожахметов Сұлтанбек (1912–1945) – алғашқы педагог-ғалымдардың бірі, педагогика ғылымдарының кандидаты 185.

Қозыбаев Манаш Қабашұлы (1931–2002) – ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Рес­ публикасы Ұлттық ҒА-ның академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері 202. Қонаев Дінмұхамед (1912–1993) – мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы 221, 293, 295. Қошқарбаев Рахымжан (1924–1988) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы 278. Қуанышбаев Қалибек (1893–1968) – қазақ ұлттық профессио­налды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық әртісі 75, 78. Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858–1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор 34. Құдаш Сәйфи (1894–1993) – Башқұртстанның халық ақыны 314. Құланбаев Мәкіл (1926–1993) – Қазақстанның халық әртісі 114. Құрманғалиев Ғарифолла (1909–1972) – республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі 230. Құрманов Әли (1901–1969) – әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әр­ тісі 238. Лапина Рабиға – Санжар Асфендияровтың жары 37. Лушникова Надежда (1940) – айтыс ақыны. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері 262, 265. Майқанова Сәбира (1914 –1995) – актриса, Қазақстан және КСРО ха­ лық әртісі. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған 81, 86. Мақатаев Мұқағали (1931–1976) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын 166, 169. Марғұлан Әлкей (1904–1985) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шы­ ғыстанушы, Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы 188. Машурова Рахилям (1946) – актриса, профессор, ҚР еңбек сіңірген әр­ тісі 134. Мәметова Әмина – Мәншүк Мәметованы өсірген анасы 154. Мәукенұлы Нұрлан (1960–2003) – ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты 181. Мәуленов Сырбай (1922–1993) – ақын, Қазақстан Республикасы Мем­ лекеттік сыйлығынаң лауреаты, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Ту», «Халықтар Достығы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталды 151. Меңдіқұлов Малбағар (1909–1986) – сәулетші, сәулет өнері ғылым­ дарының профессоры, КСРО құрылыс және архитектура академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі 204.

Молдабеков Әнуар (1938–1985) – қазақ өнерінің аса ірі тұлғасы, көр­­ некті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сый­ лықтың лауреаты 60, 91. Молдағалиев Жұбан (1920) — қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан Жа­ зушылар Одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ж. Мол­ дағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған 157, 159, 285. Молдағалиев Тұманбай (1935–2011) – қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы 144. Момбекұлы Төлеген (1918) – күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері 259. Момышұлы Бауыржан (1910–1982) – Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик 276, 302, 304. Мұқанов Сәбит (1900–1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қай­ раткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Қазақстан Мемлекет­ тік сыйлығының иегері. Қазір Мұқанов тұрған үй мұражайға айналған. 2 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, т.б. ордендермен, медальдармен марапат­тал­ ған 56, 141, 312, 314. Мұқанкеліні Мәриям – Сәбит Мұқановтың жары 53, 56. Мұңайтпасұлы Қажымұқан (1871–1948) – қазақ халқының тарихын­ дағы тұңғыш кәсіпқой балуан, бірнеше мәрте әлем чемпионы 273. Мұртаза Шерхан (1932) – жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы 319. Мұстафин Ғабиден (1902–1984) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері 307. Мұхамеджанов Қалтай (1928–2000) – қазақ кеңес драматургі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған 70, 332, 343. Мүсірепов Ғабит (1902–1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қай­ раткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапат­ тал­ды 78, 307. Мышбаева Нүкетай (1936) – әнші (меццо-сопрано). Қазақ­станның халық әртісі 87. Нәжімеденов Жұмекен (1935–1983) – Қазақстан Республикасы Мем­ лекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын 68, 251. Нәжімеденова Нәсіп – Жұмекен Нәжімеденовтың жары 68. Негимов Серік (1948) – филология ғылымдарының докторы, про­фессор 324.

Ноғайбаев Ыдырыс (1931–1989) – қазақ актері, педагог, ҚазКСР ха­лық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 83. Нұрғалиев Өтежан (1938–2011) – ақын 166. Нұрекеев Мейірман (1946–1997) – әртіс 134. Нұрлан – Семей көпесі 273. Нұрпейісов Кеңес (1935–2007) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі 202. Нұрпейісова Дина (1861–1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы 223. Нұршайықов Әзілхан (1922–2011) – Қазақстан Республикасының ха­ лық жазушысы 326. Нүсіпбеков Ақай (1909–1983) – ғалым, қоғам қайраткері, тарих ғы­ лымдарының докторы, профессор 200. Нүсіпхан Айтан (1944–1999) – журналист-жазушы, Шыңжаңдағы қазақ жастарының жасырын қозғалысының басшысы 218. Омарова Жамал (1912–1977) – әнші. Қазақстанның халық әртісі 121. Оразке – Әміре Қашаубаевтың жары 42. Орманов Ғали (1907–1978) – ақын, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған 149. Өмірзақов Елубай (1899–1974) – актер, Қазақ АКСР-інің халық әртісі, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі 89. Өмірзақова Әмина (1919–2006) – Қазақ КСР халық әртісі, Қа­зақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері, Отан, Еңбек Қызыл Ту ордендері­мен және медальдармен марапатталған 117. Римова Бикен (1923–2000) – Қазақ КСР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 93. Рысқұлов Тұрар (1894–1938) – мемлекет қайраткері 45. Сабатаев Сатылған (1874–1921) – агроном, ғалым, Алаш қозғалысының қайраткері 24. Садуақасұлы Смағұл (1900–1933) – Алаш қозғалысының және мем­ лекет қайраткері, жазушы, қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі, ұлттық театртанудағы алғашқы еңбектердің авторы 39. Садырбаев Сұлтанғали (1931) – әдебиет зерттеуші. Филология ғылым­ дарының докторы, профессор 295. Саин Жұмағали (1912–1961) – ақын 241. Сарыбаев Болат (1927–1984) – музыкатанушы, өнертану кандидаты. Қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау және зерттеумен айна­ лысқан. Сәтбаев Қаныш (1899–1964) – аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қай­ раткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұң­ ғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық метал­ логения мектебінің негізін қалаушы 189.

Саттарханов Бекзат (1980–2000) – қазақтың әуесқой боксшысы, ха­ лықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы 299. Сәрсенбаев Әбу (1905–1995) – қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы 146. Сейфуллин Сәкен (1894–1938) – қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері 141. Серікқалиев Зейнолла (1938–2004) – әдебиет сыншысы 335. Сқақбай Марал (1938) – сыншы, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері 319. Сұлтанғазин Уайыс (1950–2007) – сатира сардары, ҚР еңбек сіңірген әртісі 136. Сүлейменов Олжас (1936) – орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші 293. Сүлейменов Асқар (1938–1992) – жазушы, әдебиет сыншысы, драматург 335. Тәжібаев Әбділда (1909–1998) – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ға­ лым. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республика­ сының халық жазушысы 144. Тоқаев Кемел (1923–1986) – жазушы, қазақ детективінің көшбасшысы, қоғам қайраткері 338. Тоқмағанбетов Асқар (1905–1983) – ақын, жазушы. 1-дәрежелі. Отан соғы­сы, үш рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен мара­патталған 161, 297. Тоқпанов Асқар (Әлиасқар) (1915–1994) – режиссер, педагог, Қазақ­ станның халық әртісі 83. Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893–1920) – ақын, ағартушы 16. Төлебаев Мұқан (1913–1960) – қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 239, 241. Төлегенова Бибігүл (1929) – қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісімен марапатталған. КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының иегері. Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие. Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған, Социалистік Еңбек Ері 117, 119. Тұрмағамбетұлы Әбдірауық – Тұрмағанбет Ізтілеуовтың баласы 267. Түбекқызы Әзиза – Тұрар Рысқұловтың жары 45. Түлкиев Бексейіт (1955–1998) – монументші, кескіндемеші 128.

Тынышбаев Мұхамеджан (1879–1937) – қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері 100. Тыныштығұлова Сара (1942) – эстрада әншісі 121. Тілендиев Нұрғиса (1925–1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы 256. Уалиев Ысқақ – сыбызғышы 237. Уәлиханов Шота (1932) – сәулетші. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі 211. Үлімжіұлы Ақыт қажы (1866–1940) – атақты қазақ ақыны, діни қай­ раткер, халық ағартушысы 29. Үсенов Бауыржан (1960–1991) – ақын, сазгер, әнші 178. Хадиша – Серәлі Қожамқұловтың жары 58. Хакімжанова Мәриям (1906–1995) – ақын, Қазақстан Республикасы­ ның халық жазушысы 154. Хасанаев Марат (1946–2002) – тарихшы-мұрағатшы ғалым 211. Чан Джеки (1954) – атақты әртіс, каскадер, кинорежиссер, продю­сер, сценарист, әнші 128. Шәкәрім Жарқын (1947) – домбырашы-күйші, музыка зерттеуші­сі, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері 254. Шәкәрімұлы Ахат (1900–1984) – Шәкәрім Құдайбердіұлының баласы 267. Шәріпов Әди (1912–1993) – жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі 309. Шәукен (Оразғали Бақашұлы) – Шәкәрім суретін сақтап қалушы 270. Шоқай Мұстафа (1890–1941) – Түркістанда орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын тани білген, ғұмырын олармен ымырасыз күреске арнаған саяси эмигрант, қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі 13. Шойынбет Жабал (1955) – Абай атындағы ҚазҰПУ Абайтану ғылымизерттеу орталығының атқарушы директоры, «Хәкім Абай» қоғамдық қорының президенті 316. Ілиясов Қажытай (1939) – ақын, сатирик 173. Ыдырысов Қабдікәрім (1928–1978) – ақын 243. Ысмайылов Төлеужан (1932–1972) – ақын 163.

Мазмұны Мыңбай Д. Бір сәт және бүкіл ғұмыр (Алғы сөз) ............................................................ 3 Алаш арыстары Бақытжан Қаратаев пен Ахмет Бірімжанов ................................................................ 5 Гимназист Ораз Жандосов пен әкесі Қиқым ................................................................ 8 Санкт-Петербург, 1908 жыл. Студенттер Халел, Ғұбайдолла, Нұрғали ................. 11 Студент Мұстафа Шоқай ............................................................................................... 13 Сұлтанмахмұт пен «Айқап» жанашыры Фазыл ......................................................... 16 Алаш көсемдері – Әлихан, Ахмет және Міржақып ................................................... 19 Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлы ................................................................................ 21 Алаш қайраткері, алғашқы агроном Сатылған Сабатаев ........................................... 24 Мәшһүр Жүсіп Көпеев .................................................................................................. 27 Ақыт қажы Үлімжіұлы ..................................................................................................... 29 Жыр жұлдызы Таңжарық ................................................................................................. 32 Шәкәрім қажының суреті. 1927 жыл ............................................................................... 34 Ай қабақ асыл жарлар Санжар Асфендияров пен әйелі Рабиға ......................................................................... 37 Алаш арысы Смағұл Сәдуақасұлы мен әйелі Елизавета Әлиханқызы ................... 39 Атақты әнші Әміре мен әйелі Оразке .......................................................................... 42 Тұрар Рысқұлов пен әйелі Әзиза .................................................................................... 45 Құлагер ақын Ілияс пен жары Фатима ......................................................................... 47 Күләш пен Қанабек Бәйсейітовтер ................................................................................. 50 Сәбиттің Сұлушашы ........................................................................................................ 53 Сәбит Мұқанов пен жан жары Мәриям ....................................................................... 56 Серәлі Қожамқұлов сүйген жары Хадишамен ........................................................... 58 Атақты актер Әнуар Молдабеков пен жары Баян Имашева ..................................... 60 Ерлі-зайыпты өнер жұлдыздары Байғали Досымжанов пен Хадиша Бөкеева ........ 63 Ақын Қалижан мен зайыбы Зайдахан ......................................................................... 65 Ақын Жұмекен Нәжімеденов пен зайыбы Нәсіп ........................................................ 68 Қалтай Мұхамеджанов пен зайыбы Фарида Биттеева ............................................... 70 Өнер өрімдері Сахна саңлағы Серке Қожамқұлов ............................................................................... 73 Театр тарландары Қалибек Қуанышбаев пен Қапан Бадыров ................................... 75 Актер Қалибек Қуанышбаев пен жазушы Ғабит Мүсірепов ................................... 78 Сәмбі талдай Сәбира мен мойылдай мөлдір Хабиба .................................................. 81 Режиссер Асқар Тоқпанов пен актер Ыдырыс Ноғайбаев ............................................. 83 Сахна сардары Сәбира нояны Нүкетаймен .................................................................. 86 Арқалы актер Елубай мен би шалқытқан Шара .......................................................... 89

Арынды да арқалы Әнуар мен ерекше дарын Есболған ......................................... 91 Сахна саңлақтары Бикен Римова мен Әнуар Боранбаев ........................................... 93 Актер Кененбай Қожабеков ............................................................................................. 96 Өнер гүлі Гүлфайруз бен талант кені Кененбай ................................................... 98 Аймаңдай Айманов пен қырандай шолғыш кинооператор Тынышбаев ............... 100 Абдолла Қарсақбаев пен Серік Жармұхамедов ...................................................... 102 Актер Асанәлі Әшімов пен жазушы Оралхан Бөкей ............................................ 105 Киногер Майра Әбусейітова ......................................................................................... 107 Дикторлар Әнуарбек Байжанбаев пен Сауық Жақанова ....................................... 110 Арқалы ақиық актер Мұхтар Бақтыгереев ................................................................ 112 Актер Мәкіл Құланбаев ................................................................................................ 114 Дүлдүл ана Әмина мен бұлбұл Бибігүл .................................................................... 117 Бұлбұл Бибігүл мен диктор Ләзиза ............................................................................. 119 Қазақстанның халық әртістері Жамал Омарова мен Сара Тыныштығұлова ......... 121 Қазақстанның халық әртісі әнші Рабиға Есімжанова ......................................... 124 Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеев ...................................................... 126 Бексейіт пен Джеки Чан ................................................................................................. 128 Қазақстанның халық әртісі Әшірәлі Кенжеев ................................................................131 Сахнагерлер Рахилям Машурова мен Мейірман Нұрекеев ................................... 134 Актерлар Төлеубек Аралбаев пен Уайыс Сұлтанғазин ........................................... 136 Жырым – сырым Жыр дүлдүлі Ілияс пен Тұрлықан ақын .................................................................. 139 Сәкен мен Сәбит ............................................................................................................ 141 Ақындар Әбділдә Тәжібаев пен Тұманбай Молдағалиев ........................................... 144 Ақын Әбу Сәрсенбаев пен ғалым Қажым Жұмалиев ............................................ 146 Ақын Ғали Орманов пен әдебиетші, ғалым Бейсембай Кенжебаев .................. 149 Сұңқар Сырбай мен қыран Қасым ............................................................................... 151 Әмина Мәметова мен Мәриям Хакімжанова ............................................................ 154 Ақындар Мұзафар мен Жұбан .................................................................................... 157 Жұбан мен Иманқұл ..................................................................................................... 159 Аға ақын Асқар мен бала ақын Қайырбек ............................................................... 161 Ақын Төлеужан Ысмайлов ........................................................................................... 163 Маңғаз Мұқағали мен өр мінез Өтежан .................................................................... 166 Ақындар Тоқаш пен Мұқағали ................................................................................... 168 Сыншы Сағат Әшімбаев пен ақын Әбдіраштың Жарасқаны ................................. 171 Жыр жарысы жұптастырған Жұматай мен Қажытай .............................................. 173 Ақындар Марфуға Айтқожа мен Асқар Егеубай ....................................................... 176 Ақын Бауыржан Үсенов ................................................................................................. 178 Ақын Нұрлан Мәукенұлы (Берғазиев) ......................................................................... 181 Ғылым ғибраты Ғалымдар Ермұқан Бекмаханов пен Сұлтанбек Қожахметов .................................. 185 Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан ................................................................................... 188 Қаныш пен Би-би-си ....................................................................................................... 189 Ғалымдар Ақжан Әл-Машани мен Шаһмардан Есенов ............................................ 191 Ғұламалар Евней Букетов пен Ишанбай Қарақұлов .................................................. 194 Этнограф Жәнібеков пен академик Әлиев ................................................................... 197

Академиктер Ақай мен Мұхамеджан .......................................................................... 200 Тарихшы ғалымдар Манаш Қозыбаев пен Кеңес Нұрпейісов ............................... 202 Суретші, ғалым Малбағар Меңдіқұлов ...................................................................... 204 Профессор Темірбек Қожакеев ...................................................................................... 207 Ғұлама ғалым, майталман математик Төлеубай Аманов ........................................ 209 Сәулетші Шота Уәлиханов пен мұрағатшы Марат Хасанаев ................................... 211 Ресейлік Кляшторный мен Моңғолия қазағы Бәзілхан .......................................... 213 Ерен тұлға Есенәлиев пен парасаты биік Бибатырова ............................................. 216 Арман қосқан достар Айтан мен Мұрат .................................................................... 218 Жыр дүлділі, күй күмбірі Сүйінбай мен Қонаев ...................................................................................................... 221 Жыр алыбы Жамбыл мен күй дүлдүлі Дина ............................................................. 223 Жыр алыбы Жамбыл мен бұлбұл Күләш ................................................................... 226 Халық ақындары Нартай Бекежанов пен Нұрлыбек Баймұратов ............................. 228 Құдіретті Құрманбек пен дауылпаз Ғарифолла ...................................................... 230 Күйші Қали Жантілеуов ................................................................................................. 233 Кенен мен Ерзакович ..................................................................................................... 235 Сыбызғышы Ысқақ пен домбырашы Әли ................................................................... 237 Композиторлар Мұқан Төлебаев пен Бақытжан Байқадамов .................................... 239 Композитор Мұқан Төлебаев пен ақын Жұмағали Саин ....................................... 241 Музыкатанушы Болат Сарыбаев пен балалар ақыны Қабдыкәрім Ыдырысов ..... 243 Ұстаз Жүсіпбек пен шәкірт Жәнібек .......................................................................... 245 Жүсекең мен Қайрат ...................................................................................................... 248 Шәмші мен Жұмекен ..................................................................................................... 251 Әнші Жәнібек Кәрменов пен өнер зерттеуші Жарқын Шәкәрім ......................... 254 Күй шалқытқан Нұрғиса мен жыр тасытқан Хамит .................................................. 256 Күйші Төлеген Момбекұлы мен ғалым Рахманқұл Бердібай .................................. 259 Күріш құйған Сәлима мен өлең жиған Надежда .................................................... 262 Жамбыл немерелері Ділдехан, Зейнехан және ақын Надежда Лушникова .............. 265 Асылдың тұяқтары – Ахат Шәкәрімұлы, Әбдірауық Тұрмағанбетұлы, Әлімқұл Жамбылов ....................................................................................................... 267 Абайтанушы Әбіш Жиреншин мен Шәкәрім суретін сақтап қалған Шәукен ....... 270 Қаһармандық қайнары Күш атасы Қажымұқан мен ағайынды Нұрлан мен Абдолла ............................ 273 Батыр Бауыржан мен кинорежиссер Мәжит Бегалин ............................................... 276 Қамал бұзып, ту тіккен ер Рахымжан ..................................................................... 278 Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин мен әдебиетші ғалым Есмағамбет Исмаилов ................................................................... 280 Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин мен ақын Қайнекей Жармағамбетов .................................................................................. 283 Ақын Жұбан мен Халық Қаһарманы Қасым ........................................................... 285 Генерал Хасен мен фотограф Асылхан ..................................................................... 288 Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен генерал-майор Мұрат Қалматаев ................................................................................ 290 Дінмұхамед Қонаев пен Олжас Сүлейменов ............................................................. 293 Дінмұхамед Қонаев пен профессор Сұлтанғали Садырбаев ..................................... 295

Сыр саңлақтары Ыбырай Жақаев пен Асқар Тоқмағамбетов ............................... 297 Спорт жұлдызы Бекзат Саттарханов .......................................................................... 299 Баукең немересі Ержанмен ............................................................................................ 302 Бауыржан Момышұлы мен келіні Зейнеп Ахметова ................................................ 304 Қаламгерлер қайраты Үлкен Ғабең мен кіші Ғабең ........................................................................................ 307 Қарымды Қалижан мен әдепті Әди ........................................................................... 309 Кәдімгі Сәбит Мұқанов ................................................................................................. 312 Кәдімгі Сәбит Мұқанов пен башқұрт қаламгері Сәйфи Құдаш .......................... 314 Жазушы Тәкен Әлімқұлов пен әдебиетші Жабал Шойынбет ................................. 316 Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза мен қаламгер Марал Сқақбаев .... 319 Әдебиет зерттеушілер Тұрсынбек Кәкішұлы мен Мырзабек Дүйсенов ................ 321 Ұстаз Мәлік пен шәкірт Серік ...................................................................................... 324 Елін сүйген Есенберлин мен нұрлы жүректі Нұршайықов .................................... 326 Жазушылар Әнуар Әлімжанов пен Әбіш Кекілбай ................................................. 329 Қайраткер Өзбекәлі Жәнібеков пен жазушы Қалтай Мұхамеджанов ................... 332 Жазушы, драматург Асқар Сүлейменов пен сыншы Зейнолла Серікқалиев ............. 335 Жазушы Кемел Тоқаев пен ғалым Нығмет Ғабдуллин ......................................... 338 Сатирик Сайымжан Еркебаев ....................................................................................... 341 Сатириктер Қалтай мен Көпен .................................................................................... 343 Семсер сөзді Сейдағаң ................................................................................................... 346 Әбіштің анасы Айсәуле мен Асқардың анасы Айтоты ............................................ 349 Есімдер көрсеткіші ......................................................................................................... 352

Бейбіт Құсанбек
Бір сәт және бүкіл ғұмыр
Құрастырған Ғазиза Исахан
Бас директоры З. Тен

Редактор Б. Қошым-Ноғай
Дизайн А. Бегалиева
Техникалық редакторы О. Пегова
Компьютерде беттеген Л. Байырова

Корректор С. Ыбраева
Басуға 11.09.12 қол қойылды.
Қалпы 70×1001/16. Қағазы офсетті. Қаріп түрі «Tіmes».
Шарт. б.т. 30,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 7198.

«Раритет» баспасы компаниясы
050022, Алматы қ., Масанчи к., 98.
Тел./факс: 8 (727) 260-67-08, 292-87-18
E-maіl: rarіty_pc@maіl.ru

www.rarіty.kz
Тапсырыс берушінің файлдарынан
«Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қ., Мақатаев к., 41

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙