TELEGEI

Home

Ащы мен тəтті

Жаңабек Шағатай

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ащы мен тəтті

Азаттық деген тəтті сөз. Əрбір адам, ұлттың тағдырында осынау қасиетті, қастерлі ұғымның орны ерекше. Бірақ Тəуелсіздік жолы оңай емес, сандаған қиындықтар мен кедергілерді жоя білген, ұлы мақсатқа талмай, табандылықпен ұмтылғандар ғана шынайы азаттық, еркіндікке құқылы. Ең бастысы, санадағы құлдықты жеңе білген қоғам ғана өз Тəуелсіздігін баянды ете алады. Жазушы, белгілі журналист Жаңабек Шағата

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

Ш 16

Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша шығарылды

Жаңабек ШАҒАТАЙ.
Ш 16 Ащы мен тəтті. / Жаңабек Шағатай. – Алматы: «Қазы ғұрт»
бас пасы, 2012. – 304 бет.

ІSBN 9965-22-377-7

Азаттық деген тəтті сөз. Əрбір адам, ұлттың тағдырында осынау қасиетті, қастерлі ұғымның орны ерекше. Бірақ Тəуелсіздік жолы оңай емес, сандаған қиындықтар мен кедергілерді жоя білген, ұлы мақсатқа талмай, табандылықпен ұмтылғандар ғана шынайы азаттық, еркіндікке құқылы. Ең бастысы, санадағы құлдықты жеңе білген қоғам ғана өз Тəуелсіздігін баянды ете алады.

Жазушы, белгілі журналист Жаңабек Шағатайдың «Ащы мен тəтті» кітабы осынау ұлы мақсатты көздеуімен, қазақ халқының тəуелсіздігі жолындағы қиын да қатерлі жолдарды нұсқап көрсетуімен құнды.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

ІSBN 9965-22-377-7

© Ж. Шағатай, 2012
© «Қазығұрт» баспасы», 2012

СІЗ КІМНІҢ КІТАБЫН ОҚЫП ОТЫРСЫЗ? (Алғысөз орнына) Əзілсіз жүрмейтін əдетіміз. Жазып отырғанда бөлмесіне аю кіріп кетсе де сезбейтін Жаңабекті көргенде, сүйсініп: – Əй, Биағам-ай! Бейімбетім-ай! Жазуға келгенде күй талғамас, жер таңдамас сабазым-ай! Сөздің дəнін орақтың жүзімен емес, комбайнның жаткасымен жапырасың-ау! – деп есіктен кіре екі-үш көпшікті астына тастап жібереміз. Бірақ көпшікке көтеріле қалатын Жаңабек емес, жайлап еңсе көтеріп, шалқая керіліп қояды да: – Е, қайбір жетісіп отыр дейсіз. Кезекті нөмірдің материалын езііп жатқан да баяғы, – дейді жай ғана. Рас, жазу үстінде «жетісіп отыратындар» аз. Əсіресе осы Жаңабек сияқты «жаман жазуға бейімі жоқ» жанкештілер. Ал шығармашылық жұмыста жазарман емес, жанкешті болу – «əдебиетті – ардың ісі» деп білетіндердің ғана қолынан келетін азапты, бейнетті, ақыр соңында – игілікті, ізгілікті іс. Жамағатқа жақсы дүние беретіндердің барлығы дерлік осындай күй кешеді. Жəне оны жасырмайды да. Паустовский, Айтматов сынды қара сөздің хас шеберлері: күні бойы жазғанда екі-ақ беттен асыра алмайтынын кезінде бүкпесіз айтқан да. Бірақ бұл – арғы-бергі қаламгер атаулының бəрі көрген «итшілік» деуге тағы болмайды. Қолына қалам ұстаса болды – төрт аяғы тең жорғадай көсіле жөнелетін ақпа-төкпе Ғафуды, ағыл-тегіл Оралханды да көргенбіз. Құдай дарын-қабілет дегенді бойларына дариядай құя салған мұндай таланттар, əттең, сирек қой. Сол сиректердің ең басында... мен үшін қайран Биағаң тұрғандай болады. Кəдімгі Бейімбет Майлин! Замандастары мен көзкөргендердің естелігіне қарағанда, Биағаңның қаламы демігуді де, демалуды да білмеген, əлдеқайдан құйылып-төгіліп жатқан ойларды қағазға түсіруге қаламы əзер үлгеріп отырған. Со-

сын жоғарыда Жаңабекке əзілдеп айтқандай, Биағаң жазғысы келген уақытта күй талғап, жер таңдап та жатпаған: асыр салып ойнап жүрген балаларының ортасында да, улап-шулап жатқан вокзалдың ішінде де тізесін – тіреніш, шабаданын – үстел етіп, жаза берген ғой, жарықтық. «Болмасаңда ұқсап бақ», мен Жаңабекті де сол Биағаңа ұқсатамын кейде. Бірінші орынбасар болып отырған бөлмесіне қашан да бірі кіріп, бірі шығып жататын қызметкерлер... авторлар... еріккендер... телефон қоңыраулары. Жаңабек соның бəрін жəйлап отырып, жазып та отырғанын көргенде қалай сүсінбейсің. Əйтпесе, «Биағам-ай, Бейімбетім-ай!» дегенді мен көпшік болса бекер айтады дейсіз бе! Сосын... сыйлас ініңді Жақсыға жақындатып, Талантқа тақап қойғанның несі артық. Ал Жаңабектің маған сыйлас іні, сырлас дос болғанына да, міне, табаны күректей жиырма екі жылдан асыпты. Басы сонау 90-жылдардың желтоқсанында жатыр. ...«Қазақ əдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі кезім. Бірде бөлмеме қымсына басып, сабалақ жүнді қоңыр тонды, дудыраған шашы көзіне түскен шырмауық басты бір жігіт кірген. Таныстық. «Жалын» баспасында қатардағы редактор болып қызмет істейді екен. Аты-жөнін айтқан да, əкелген материалын алдыма қойған. Маңдайшасына көзім түскеннен-ақ елең ете қалдым. Тақырыбы тартымды екен. Бірден оқуға кірістім. Қалада да, далада да коммунизмге қарай жол нұсқап тұрған Лениннің ескерткіштері туралы екен. Айтайын дегені: қайта құру басталғалы қай уақыт! Бəріне жаңаша баға беріп, жаңаша көзқараспен қарап жатырмыз. Ендеше Ленин бастаған қола ескерткіштерге де неге енді басқаша қарамаймыз? «Дұрыс! Бала нені жазуды біледі екен» дедім ішімнен, шындығында, маған ұсынған сол мақаласымен-ақ ол нені жазуды ғана емес, қалай жазуды да білетінін байқатқан. Осы тұста мына мəселені де айта кетудің артықтығы болмас. 90-жылдардың о жақ бұ жағында Мəскеу деген сонау Орталықтан бастап қазақ қоғамының ішіне дейін неше түрлі орынды-орынсыз жайлар бас көтере бастаған. Жариялылықты желеу етіп, жақсының жағасынан алу, жаманның қоясын қопару, əруақты аттау, қасиеттіні даттау, санаға бұрын «ұлы» боп сіңгеннің бəріне күмəнмен қарау – бүкіл баспасөз атаулының бетін шарпыған. Бұл аздай, «Қазақ əдебиеті» газеті мен «Қазақстан əйелдері» журналынан басқа барлық дерлік басылымдар баяғы атауларын өзгертіп шыға келді. Бұдан тиражын жоғалтқаннан басқа абырой тапқан ешқайсысын көргеміз жоқ. Бұл да ештеме емес екен, артынша тиражымен қоса иманын да жоғалтқан

бір журнал қыздардың тырдай жалаңаш суреттерін басуға кіріскен. Сонда: «Ой, сұмдық-ай! Мына журналға да, қыздарға да басу айтатын біреу табыла ма?!» деп, күйініп отырғанымызда, əлгі сабалақ жүнді тоны бар, шырмауықтай ұйысқан шашы бар Жаңабек деген жігітіміз «Жалаңаштанбашы, жан қалқа» атты мақаласын қолымызға ұстата қойғаны. Кезекті санға салдық та жібердік. Арада бірер апта өткенде Жаңабегіміз жəне бір мақаласын алып жеткен. Бұрыңғы «жалаңаштанған жан құрбыларына» енді «Сен киіктің лағы едің» деп наз айтады. Бұны да бастық газетке. Баса тұрып өзіне: – Бізге қызметке келсең қайтеді, – дегенбіз. – Келер едім... бірақ басшыларыңыз ... қабылдар ма екен... – дейді ол күмілжіп. Күмілжитін жөні бар, ол уақытта «Қазақ əдебиетіне» қарапайым тілші болып орналасу – бүгінгі «айдағаны – бес ешкі» бір газетке Бас редактор болудан əлдеқайда қиын еді. Алайда қолынан іс келетін адамды қолтығынан демеп жіберетін Сырбай, Сайын, Шерхан, Əбіраштан қалған үрдіс бар еді бізде. Бұны Төлен мен Оралхан да əдемі жалғастырып əкеткен. Жаңабек жайында Оркеңе айтып едік: – Ə, ана шырмауықбас па? Шақыр, – деген маған қысқаша. Сөйтіп шақырғанға келген Шағатай бір-ақ күнде мен басқаратын сын бөліміне «сотрудник» болып шыға келген ғой. ...Уақыт озды. Қоңыр тон тозды. Шырмауық шаш қысқарды. Бірақ біздің сыйластығымыз тозған жоқ, ниет-пиғылымыз да «қысқармады». 90-жылдардың ортасында «Түркістанда» мен «бірінші орынбасар» болып жүргенде, Бас редактор Қалтай-Қалағама айтып ЖаңабекЖақаңды бөлім меңгерушісі етіп алдық. Ал 2000 жылдардың ортасында мен жай орынбасар, ол «бірінші ...» болды. Сөйтіп, міне, қазірге дейін Путин-Медведев сияқты қызметті бір-бірімізге кезекпен беріп, келісімме-ен жүріп жатқан жай ғой біздікі. Жаңабектің журналист, көсемсөзші ретіндегі қалам қарымы, шеберлігі, білім-білігі туралы мен ештеме айтпаймын. Бұның барлығын қолыңыздағы осы кітаптың өзі айтып тұр. Дəлірегінде, мұндағы кез келген шығарма – Жаңабек Шағатайдың өзі – оның кім екеніне жауап. Тек əр сөздің астарын, айтар ойдың түбін түсіне білсеңіз, болғаны. Журналист Жаңабек Шағатай туралы сөзімді осымен аяқтаймын да, жазушы Жаңабек Шағатай жөніндегі ой-пікірімді келесі кітабына қалдырармын. Дидахмет ƏШІМХАНҰЛЫ

Бірінші бөлім

АЗАТ ОЙДЫҢ АҒЫНЫ

НАМЫССЫЗДЫҚ НƏУБЕТІ

Ата-бабаларымызға ауыздығын шайнаған тұлпарларының
тұяғымен əлемді дүбірлетіп, қос мұхиттың суына (Тынық жəне
Атлант) алақанын шайып, ауыздықпен ат суартқызған өршіл
ары, намысқойлығы еді. Бұрынғы түркілер, олардың тікелей

ізбасарлары, қайталанбас арда қасиеттерді бойларына молынан
сіңірген алаш жұрты – қазақтарды басқа ұлт пен ұлыстардан
ерекшелейтін айырмашылықтар туралы талай ғасыр сүйсіне
һəм таңдана қалам тербемеген саяхатшы мен зерттеушілер

кемде-кем. Осыдан он төрт ғасыр бұрын өмір сүрген арабтың
атақты жазушысы əл-Жахиз (775-868) Шығыста сəйгүлік ат-
тарын ойнатқан түркілер туралы: «Түркі қорықпайды, бірақ
қорқыта алады. Бір нəрсені қаласа, алмай тынбайды. Болмашы

нəрсеге қол созса да, міндетті түрде табысқа жетеді. Алайда бе-
кер іске араласпайды. Басраның əдептілігі, гректің даналығы,
қытайдың өнері түркілерге əлдеқашаннан-ақ таңсық емес.
Түркілер – адал. Оларда көңілге қонымсыз пікірлер, шектен

тыс жаулық ойлар жоқ. Сымбатты денелері мен дауыстары
секілді сөйлеген сөздері де əдемі естіледі. Əрбір түркі өзін –
арыстан, жауын – аң, астындағы сəйгүлігін – елік деп есептейді.
Түркілер жалтақтауды, жалынуды, жылтыр сөзді, опасыздық,

сатқындықты, өтірік айтуды, сенген адамдарына тəкаппарлық
көрсету мен жамандық жасауды, арам ойларды білмейді.
... Түркілер ат үстінде туғандай берік отырады. Шайқаста
өз жауларын оп-оңай аударып-төңкеріп кете алады. Он ұлттан

шыққан он жігіттің күшін бір кісіге жинасаң да, жалғыз түркінің
күшіне тең келмейді. Түркілер əрқашанда ар-намысына өте
берік. Соғыста да, бейбіт өмірде де айлакерлік пен арамдықты
білмейді. Арам пиғылдан туатын мүмкіндіктерді өз пайдасы-

на бұруды намыс санайды. Өздері де, сөздері де келісті. Ара-
ларында бір-біріне жала жабу деген əсте болмайды. Олардың
басқа біреудің дүние-мүлкіне көз алартуы, екіжүзділігі, біреу-
ді жамандауы, тəкаппарлық танытуы, тыңшылық жасауы, үл-

кендерге құрмет көрсетпеуі жайлы ойлаудың да қажеті жоқ.
Олар Отан сүйгіштікті бəрінен де жоғары қояды. Жер жаулап
алу үшін емес, үстемдік құру үшін соғысуды ұнатады. Базбір
басқа халықтар секілді өсек-аяңға бармайды. Көпірме сөзді қол

көрмейді. Ең көп сөз ететіні – ұрыс, жеңіс. Ермектері – ат, қару.
...Өйткені олардың жаратылысы қозғалысқа, өне бойы іс-
əрекетке негізделген. Тыныштық атаулыда үлесі жоқ. Рухани
күштері дене күштерінен əлдеқайда артық. Олар – жалынды,

əрдайым қимыл-қозғалысты ұнататын əрі сезімтал жандар.
Естеліктері көп, көзқарастары өткір», – деп таңдай қаға сүйсініп
жазған болатын. Осынау қасиеттердің басым бөлігі бүгінгі
қазақтардың да бойынан табылатынына еш күмəн жоқ. Амал

не, біршама ұзақ уақыт қызыл империя – коммунистердің езгі-
сі, мешеу идеология ықпалында болу, оның үстіне, соңғы жыл-
дарда жүргізілген саяси-экономикалық, əлеуметтік, қоғамдық
тосын реформалардың үздіксіз созылуынан алмауыт мінез

алаш жұрты туа бітті табиғи, ананың сүтімен бойына ерекше
қасиет болып сіңетін намысқойлығынан – ең сорақысы, ұлттық
намысшылдығынан біртіндеп қол үзіп, «қазақ қой аузынан
шөп алмайтын момын, жуас, жасық» екендігіне əбден мойын-

сұнып – мұның тасасында намыссыз деген қорқынышты сөздің
құлағы қылтияды – кеудесі сəулесіз, көкірегі бітеу тоғышар
тобырға айналуға бет қойғаны көпе көрнеу көзге ұрады. Осы-
лайша «құл – тобамен, күң – қанағатпен ғана шектелетін»

(Мейірхан Ақдəулет) тоғышарлық бой алып, талайлар ұлттық
басты мақсат-мүдделерді ұмыта бастады. Алаш жұртының
талан-тағдыры, болашағы таразыға түскен екіұдай сəттерде
салбөкселік, жігерсіздік, табансыздық, немқұрайдылық таны-

тып, «менің шатағым не?» деп, жалтақтық көрсетуі осыдан
туындаған қасірет. Қазір 2 миллионға жуық қазақтар өзінің
тілін шала біледі делінеді, яғни ортамызда 2 миллион намыс-
сыз адам, ішкен-жегеніне ғана мəз – «хайуанға оны қосыңдар»

(Абай) – жандар жүр деген сөз. Алаштың біртуар арысы Мір-
жақып Дулатов меңіреу ұйқыдағы елін оятып, «Оян, қазақ»

деп жар салатын немесе Махамбет: ... «Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де, Қабағын шытпас ер керек, Біздің бүйткен
бұл іске», – деп атойлайтындай биік рух, азаматтық өршілдікті
қалыптастыратын бірегей намысшылдық қазіргі уақта аса қа-

жет-ақ. Тарих – əлсіздікті кешіреді, намыссыздықты кешірмей-
ді. ХХ ғасыр, əсіресе, дүниежүзілік деңгейдегі аласапырандар,
қантөгістер, түрлі-түрлі революциялар көптігімен ерекшеленіп
отырған. ХХl ғасыр жаһандағы сансыз халық ұлт пен ұлыстар

алдына «Біз осы кімбіз? Қайдан келдік? Қайда беттеп бара-
мыз?» деген сауалдар таратып, қиын сұрақтарға еріксіз жауап
іздеумен басталды. Біраздан бері тоқтаусыз үдеп келе жатқан,
осы күндері ғаламға айтқанын жүргізіп отырғандығы анық

байқалатын жаһандық ауқымдасу процесі де бұған əжептеуір
əсерін тигізуде. Жаһандық ауқымдасу тұсында ұлт бола ма,
əлде көп санды ұлы ұлттар, нəсілдер ғана қала ма? Ал ұлттың
ұлылығын қамтамасыз ететін қандай қасиеттер?! Адам жанын

еріксіз тебірентетін əрі еріксіз үрейлендіретін сауалдар күн
сайын көбейе түсуде. Мəжіліс депутаты Уəлихан Қалижан
мырза белгілі газетке берген сұхбатында «Бізге ұлттық мемле-
кет құруға не кедергі?» деген сауалға: «Ұлттық мемлекет құру-

ға мүдделі деп табылатын қазақ ұлтының өзі оған кедергі бо-
лып отыр деп ойлаймын. Себебі, біз өзіміздің елімізде сан
жағынан азшылықта тұрмыз... Шын мəніндегі ұлттық мемле-
кет құрудың алғышарттарының бірі ретінде біздің қазақ тілі

елімізде барлық салада жоғары деңгейде жұмыс істеуі қажет.
Мəселен, Парламент заңдарды тек қазақ тілінде қабылдау ке-
рек. Үкімет өзінің бүкіл қаулыларын мемлекеттік тілде дайын-
дап, осы тілде қабылдауы тиіс. Осындай жағдайда ғана бізге

ұлттық мемлекет құруға болады», – деген-ді. Қымбатты депу-
тат ағамыздың уəжі орынды, өте дұрыс-ақ. Дегенмен, бұл жер-
де айтылуға тиіс жайттың тағы бір аса маңызды тұсы назардан
тыс қалып кеткендей. Бұл – намыс, ұлттық намыс мəселесі!

Ұлттық мемлекет құруға көптеген қазақтардың туған тілін біл-
меуі кедергі, ал қазақ тілін білуге ұлттық мемлекеттің құрыл-
мауы тосқауыл. Бір сөзбен түйіндегенде, шығар жолы жоқ
шеңбер, саңылау таптырмас тұйық. Жалпы ұлтқа кінə артудан

гөрі, сол Мəжіліс депутаттары, Үкімет мүшелері, билік басын-
дағылардың басым бөлігі қазақ ұлтының қабілетті белсенді

өкілдері бола тұрып, нəйеті жоғарыда санамалап айтылған іс-
шараларды ғана жүзеге асыруға тəуекелі жетпесе – бұл ұлттық
намыссыздық демеске амал кəнеки?! Əйтпесе, олардың қазақ
тілін білуге міндеттілігі ауа жұту сияқты табиғи нəрсе емес

пе?! Адам ойлары қызық қой, кейде теледидардан, əсіресе,
күнделікті өмірде орысша сайрайтын балалар маған «жетімдер
үйінде» тəрбиеленген жеткіншектер сияқты көрінеді. Ата-
анасы тəрбиелемеген, жеті атасынан бері басқа ұлт болып кет-

кен байғұстар. Қазақстанда бар делінетін 90 мың мемлекеттік
қызметкерлердің көбі де. Əсіресе, министрлердің біразы «Же-
тімдер үйінде» тəрбиеленген соң қазақ қоғамы алдындағы
жауапкершілігін сезінбейтін болар?! Ар-намыс демекші, 90-

жылдардың ортаңғы тұсында Индияның жолаушылар ұшағы
апатқа ұшырап, ондаған адамның өмірі қиылғаны ойға орала-
ды. Анықтай келгенде, əлгі ұшақты елдің Авиация министрлігі
Өзбекстаннан жалға алғаны жəне лайнердің ұшқыштары тіл

білмегендіктен, əуежай диспетчерлері жерден берген бұйрық-
тарды түсінбей, нəтижесінде ұшақ осындай апатқа ұрынғаны
анықталды. Осыдан соң-ақ кең көлемде қоғамдық пікір туын-
дап, стратегиялық маңызды салаға жауап беретін министр қа-

рауындағылардың өз міндеттерін дұрыс атқармағандығы, кəсі-
би шеберлігі төмен ұшқыштарды жауапты жұмысқа жалдаға-
нына намыстанып, өз еркімен қызметтен кетті. Ал миллион-
даған қазақтардың, тұтас ұлттың бүгіні, ең бастысы, болашағына

жауап беруге тиіс біздің жоғары шенділер, үкімет мүшелері
мұндайда былқ етпес еді. Аса сорақысы сол, Қазақстанда бөгде
тілде заң қабылдау табиғи қалыпты нəрсе сияқты боп алды.
Бұдан асқан намыссыздықты ешбір көне, жаңа тарихтан іздеп

табу мүмкін емес. Шенеуніктердің көбі бүгінгі қазақ тілінің
мүшкіл жағдайы жеке бастарының мүдделеріне мейлінше сай
екендігін (өздері, əсіресе балалары тек орыс тілінде тəлім-
тəрбие алған. Бұдан былайғы болашақтарына қазақ тілі кедергі

келтіреді) жасырғансиды. Əйтпесе, қазақ тілінің ғылым, мəде-
ниет, экономика, заң т.б. өмірдің барлық салаларында толық
қолданылуына қоғам əлдеқашан түбегейлі дайын екендігін
əлгіндейлер білмей отырған жоқ. Олар жеке бастың мүддесі

үшін ұлт мүддесін құрбандыққа қасақана шалып отыр. Сон-
дықтан, ұлттық ұмтылыстың негізгі басты мақсаты мен ныса-

насын тұмандатып, қоғамдық ортақ ойды шашыратып, екінші
қатардағы мəселелерге – ауыл, аудандық əкімдерді сайлап қою,
оппозициямен қарым-қатынастағы соншалықты маңызды емес
жайттарға аударуға құштар. Сөйте тұра, бірқатарының «жеке

басының ар-намысына» бола сотқа жүгінуге құмарлығы да
еріксіз қайран қалдырды. О заман да, бұ заман, адам бойындағы
жоқ нəрсеге қайтіп, қалай нұқсан келтірілмекші? Қазақтың
қасиетті ежелгі топырағында кіндігі кесіліп, қаршадай шағында

Сирияға құлдыққа сатылған, өмір бойы мойнындағы бұғауды
сүйреп өтуге тиіс болған Бейбарыс қаһарлы сұлтанға айналар,
тарихи оқиғаларға ықпал ететін қаһарман ұлы тұлға болар деп
кім сенген?! Оны тарихтың сахнасына алып шыққан асқақ ар-

намысы болатын. Мысыр мен Шам елін біріктіріп, атақты
Мəмлүк мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі, он жеті
жыл салтанат құрған Бейбарыс сұлтан намысшыл далалық-
тардың бел баласы еді. Намысты ұлан Мысырды кресшілер

жəне моңғол шапқыншылығынан қорғап қана қойған жоқ, жал-
пы мұсылман əлемін түбегейлі апаттан аман сақтап қалды.
Дана халқымыз: «Е, бір үйірден жеті шабыр жаман ат шық-
қанша, жеті үйір жылқыдан бір бəйгекер шықсашы! Бір атадан

жерге қараған жеті момын туғанша, жеті атадан елге қараған
бір көсем тусайшы!» – деп тілек ететіні осындайдан. Өкінішке
қарай, сананы тұрмыс билеген қитұрқы кезеңде ұлттық намыс
туралы айту асқақ пафос, қарапайым пендеге қатыстылығы

жоқ биік материя сияқты болып қабылдануы да ықтимал.
Қазіргі өркениет – биік ұжданға, əсіресе, өршіл намысқа кісен,
өткелі жоқ тосқауыл боп алған секілді. Дегенмен, өркениетті
сана биігінен қарасақ – ерліктің табиғи болмысы намыстан ту-

ындайтынын мойындау керек, яғни ерліктің өлшемі – намыс,
адамды қуаттандыратын күш – намысқойлық! Биік намыстың
іргесі бала жастан қаланары шындық, бірақ, аса қорқынышты
əлеуметтік дерт – жұмыссыздық намыссыздықты туындатарын

да еріксіз мойындауға тура келмек. Елімізде жүздеген мың жұ-
мыссыздар бар, қазір ресми түрде мойындалып отырғандай,
халықтың 25 пайызы кедей тұрмыс кешуі ұлттық намыстың
өрлеуіне тосқауыл. Тіпті, бірқатар əлеуметтік зерттеулерде

ауыл тұрғындарының 40 пайызы өздерін кедей өмір сүретіндер
қатарына жатқызатыны анықталады. Осыдан біраз уақыт бұ-

рын «31 телеарнада» көрсетілген сюжет өзінің үрейлі үмітсіз-
дігімен ерекше есте қалған еді. Алматы қаласының Сейфуллин
даңғылы бойында тұратын жалдамалы жұмыскер: «Осы отыр-
ған төңіректегінің бəрі құлмыз ғой, қысқаша айтқанда, өзіміздің

жерде. Орыстар бізді жұмысқа алады. Сол кезде: «Сендердің
өздеріңнің жерлерің, сендер істеулерің керек. Біз сендерге қо-
нақпыз» деп қалжыңдап айтады. Сол ғой, міне, қандай жұмыс
айтса да істейміз» – деген-ді. Бұдан асқан ұлттық қорлық бола

ма? Жұмыссыздық – намыссыздықты тудырып қана қоймайды,
үмітсіздік, сенімсіздік, торығу, нəуетектік, надандықты да ба-
лалататын қорқынышты дерт. Ұлттық намысқойлықтың төмен-
дігінен шетелдік компания мен фирмалар қандастарымызды

заңсыз қанауды күнделікті əдетке айналдыруға бет бұрғаны да
аңғарылуда. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара
ауданында осындай жағдай қалыптасқаны белгілі болды. Ар-
насай бөгенінің құрылысын жүргізіп жатқан Қытайдың геоин-

женерлік корпорациясы жұмысқа жалданған жастарды аяусыз
қанап, «Еңбек туралы» заңда бекітілген барлық баптарды белі-
нен басқан. Жұмыс уақыты ұзартылған, демалыстар берілмеген,
жұмысшыларды таситын автобусқа міну мүмкін емес. Шарасы

таусылған жастар шағымданса, копорация басшысы Хуа Тиау:
«Иди домой» – деп кергіп, кеуделерінен итерген. Жалақылары
да еткен еңбекке сай емес. Жалпы, жергілікті қазақтарға еңбек-
ақыны əлденеше есе кем төлеу барлық шетелдік, тіпті, отандық

компанияларға тəн қасиетке айналды. Осының бəрі шетелдік-
тер, өзге халық өкілдері қазақты намыссыздар ретінде сыйлау-
дан, именуден қалғанын көрсететін үрейлі белгілер. «Бассыз
үйдің иті осырақ келетіндігінің» дəлелі.

Ұлы Мұхтар Əуезов айтқан «Ұлт болам десең, бесігіңді
түзе!» дейтін аксиоманың зердемізден ұмытыла бастауы, дұ-
рыс ғибрат алмауымыз ұлттық намыссыздықтың өткел бер-
мес қайраңына тұмсық тіретіп отыр. Мемлекеттік «Болашақ»

бағдарламасы бойынша жылына бюджеттен қомақты ақша
төлеп, дамыған елдерге білімін жетілдіруге аттандырылатын
жүздеген жастарымыздың отанымызға қайтып оралмай, сол
жақта қалып кетуі – сол жастардың, əсіресе, олардың ата-анала-

рының намыссыздығы, үміт артқан ұлтының бетіне түкіруі.
Мұны жеке адамның, тіпті, ұлттың намысына қатысты жайт

деп қана емес, мемлекеттің қауіпсіздігіне де қатер төндіретін
рухани кесел деу керек. Шетелдіктер, əсіресе халқының өсуі
тоқталып, демографиялық дағдарысқа тірелген Солтүстік Еу-
ропа елдерінің өкілдері жетім балаларды тəрбиеге алуға жиі

ынталылық танытуда. Бұл жерде ізгіліктің, мейірбандықтың
еш қатысы жоқ. Олар тектік тұрғыдан əлем халықтары арасын-
да неғұрлым таза болып танылатын қазақ қаны арқылы гено-
фондын жаңартпақшы. Жəне мұнысын жасырмайды да, яғни

бақай есепке құрылған арамза құштарлық пен мейірім. Ұлттық
намыстың құнсызданғаны соншалық, «Қызға – қырық үйден
тыю» деген ежелгі қағида да назардан біржола тыс қалып, ар-
хаизм, анахронизм ретінде қолданыстан шығарылып тасталған

сияқты. Өз заманында атақты Торайғыр би:
«Көк түйнектен өліп қалмаса,
Жасында күйеу алмаса,
Көрінгенмен ойнаса,

Бəрінен де қызың жау», –
деп бекерден-бекер күңіренбеген. Жұмыссыздық сынды əлеу-
меттік дерт, оның үстіне ұлттық намыссыздығымыз қазір жүз-
деген қара көз қыздарымызды көшелерде, мейманхана, ойын-

ханаларда жезөкшелікпен шұғылдануға, мұны күнкөрістің,
табыстың қасиетсіз көзіне айналдыруға мəжбүрлеп отыр.
Өстіп ежелгі түркілер тəу еткен, қазақтар тектілік, тазалық,
кіршіксіз ар-абыройдың қасиетті əулиесі деп санайтын Ұмай

ана алдында да ұлт ретінде кінəміз өлшеусіз. Ұлттық намысқа
негізделмеген тəрбие – нəтижесіз харекет. Бұл сандаған ғасыр
екшеуінен өткен бұзылмас ақиқат. Шынында, намысшыл адам
ғана ұлтжанды бола алады.

Қайғылысы сол, Қазақстанда тəнін саудаға салған ондаған
мың қыз-келіншектер арасында əлі кəмелетке толмаған, он екі-
де бір гүлі ашылмаған қаршадай қорғансыз байғұстар да бар.
Тіпті, олардың дəл саны қанша екені жөнінде ресми мəлімет-

тер де жоқ. Мұның өзі осынау аса құбыжық əлеуметтік дерт-
ке қоғамның, ең бастысы, билік орындарының немқұрайды
қарайтынын, ұлттық генофондымызға біржола қол сілтеп
отырған екіжүзділігін анық аңғартады. Оның есесіне, елімізде

бізге қатыссыз əлемдік проблемаларды талқылаған жиын-
дар, жүздеген адамдар шақыртылған халықаралық конферен-
цияларды көптеп өткізу сəнге айналды. Ешкімге түсініксіз
«еуразиялық мəселелердің» бүге-шігесін ақтару, жаһандық

гендерлік саясатты сапыру. Жаңылыспасақ, кейінгі жылда-
ры гендерлік саясатқа қатысты 12 мыңнан астам түрлі жиын-
дар, мəртебелі талқылаулар өтіпті. Биік мінберлерден қызыл
сөздер бұрқақша атылуда. Сөздер, сөздер... Апыр-ай, осы-

нау сөздерге бола қаншама қаржы желге ұшырылды екен?!
Бəлкім, сол қаржыларға тым құрығанда он екі мың қыздың
ауыр тағдырына араша түсуге болар еді-ау. Кейде мемлекет
жезөкшелік, нəпсіқұмарлық, жыныстық қатынастың жабайы,

масқара түрлеріне астыртын қолдау көрсетіп, əдейі наси-
хаттайтын сияқты. Белгілі бір топтар осыдан қомақты пайда
тауып, баюдың көзіне айналдырғандықтан осылай шығар.
11 сəуір күні Қызылжарда (Петоропавл) кейінгі кездері Ре-

сей сахналарының өзінде өнер көрсетуі қиындыққа айналған,
қоғам қарсылығын тудырып отырған, ел аузында қызтеке
(гей) атанып жүрген Борис Моисеевтің концертін өткізу
жоспарланған көрінеді. Ең жиіркеніштісі сол, əлгі атышулы

əншінің концертін ұйымдастыруға мұрындық болған Игорь
Немчинов басқаратын «Икар» продюсерлік орталығының
қызметкерлері жергілікті «Добрый вечер» газетінде: «Бізде
адам құқығы аяққа тапталып, адамның ар-намысы қорлануына

қарсылық білдіреміз» деп мəлімдеген көрінеді. Қазақтың қа-
сиетті топырағын қасиетсіздерге таптатуға Игорь Немчинов
сияқтыларға кім құқық берді? Түсініксіз. Тіпті, ондай əншілерді
өз үйіңе шақырып, қонақ етіп күт, сыйла, қалағаныңды істе,

бірақ, өзгелердің ар-ождан, намысымен де санасу керек шығар-
ау. Тіпті, демократияшыл Еуропаның бірқатар елдерінде
ата-аналардың талабы бойынша «Тату» тобының сахнада
өнер көрсетулеріне, теле-радиоарналарда əндері орындалуы-

на тыйым салынған. Ал ондайлар біздің елге келіп, төрімізде
тайраңдап кететініне етіміз өлгені сонша, селт ету ойда жоқ.
Түк намыстанбаймыз. Бұл шоу-бизнестегі бейшаралық бол-
са, ал таяуда Ресейдің Совет Одағы Батырлары клубының бір

топ мүшелері біздің елімізге келіп, қазақ əскерін аралағаны,
жауынгерлерімізді патриоттық, Ресеймен мəңгі достық тура-

лы үгіттеп, жалынды сөздер айтқаны мүлдем еңсе езді. Отар-
лаушы ел деп келген Ресейдің патриоттық жөніндегі ұстанымы
мен енді ғана Тəуелсіздік алған қазақ халқының көзқарасы екі
басқа ғой. Бұрын əлгіндей делегациялар Украина, Польша,

Шығыс Германия, Венгрия, Румынияға, Балтық жағалауы ел-
деріне барушы еді, енді бізге ауыса бастапты. Орыстың кəрі
батырларымен бізді қорқыту ма, əлде, шынымен намыссыз ел-
де үлгі тұтар батырлар мен қаһармандары жоқ деп иланатын

шығар. Бəлкім, Шығыс Еуропа елдері отарлаушы елдің қарт
сарбаздарын шекараларынан аттатпай қойған шығар?! Осыдан
20 жыл бұрын, 1986 жылы кеңес əскерлері Алматыда қазақ жас-
тарын аямай жазалаған еді. Ресейде шовинизм, ксенофобия

қазір одан əрі өрши түсті. Тіпті, өз отандастары – шешендердің
балаларын, кəрілерін, əйелдерін де аяп көрген емес. Табан-
асты бізге жаны ашиды дегенге сену қиын-ау. 1986 жылы,
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында азаматтарымыздың рухы

жоғары, намысы биік еді, аздаған жылдарда жер бауырлап қал-
ғаны өкінішті.
Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ішкі істер депар-
таменті басшыларының бірі мейрамханада 2000 доллар пара

алу үстінде ұсталғаны жөнінде БАҚ-тарда хабарланды. Əлгі
полиция басшысы əлдебір əйелге жеңгетайлық (сутенерлік)
жасаумен айналысатын болса, өзі қорғап-қолдап отыруға
уəде еткен көрінеді. Қандай қасиетсіздік! Қазақтардың ең

көп шоғырланған қасиетті аймағындағы ел, мемлекет сенген
азаматтың түрі осы боп шықса қайтерсіз. Қаракөз қыздар-
ды адам қатарына қоспағаны ғой, солардың есебінен баю-
ды жексұрындық деп санамағаны ғой. Бірақ, мұндайлар

қоғамымызда аз ба? Тіпті, осындайлардың өз қыздары, қа-
рындастары, апа-жеңгелері жоқ па деп те күйзелесің. Жал-
ғыз бұл өңірде ғана емес, еліміздің басқа қалаларында да жез-
өкшелік, есірткі саудасына, ұйымдасқан қылмысқа құқық

қорғау қызметкерлерінің қатысы барлығы жиі айтылып жүр.
Соттарымыздың біразының да «пара» дегенде алақандары
қышып, қотыр адамдай болып қалады. Жə, мұндай ұзақ тізім
жасауға болатыны айқын. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан қоға-

мы іштен іріп-шіріп барады...
2005 ж.

АЛТЫНСАРИН ТРАГЕДИЯСЫНЫҢ

АЙНАЛЫП СОҒУЫ

Тарих тоқтамайтын, дегенмен дүркін-дүркін қайталанып
отыратын құбылыс. Əлбетте, əр сəті, əрбір нүктесі баяғыдай
дəлме-дəл қайталана да қоймас, сөйте тұра негізгі бағыт-
бағдары, ішкі терең ағыстары мен астар-мағынасы, жалпы си-

паты қисынды түрде заманалардың тоғысында қайта соққан
толқындай айналып келуі ықтимал. Күрделі, қазақ халқының
басына сын сағаты болып соғатын оқиғалар тоғысы соңғы
ғасырларда жиі-жиі қайталануда. Осындай əрбір қысталаң

сəтте алаш жұртының халық ретінде бұдан əрі тарихта қалу-
қалмауы аяусыз уақыт таразысына жиі салынатыны ойлы
адамның зығырданын еріксіз қайнатады.
2006 жылы 22 маусымда Ресей Федерациясының президен-

ті Владимир Путин «Шет елдерде тұратын отандастардың Ре-
сей Федерациясына өз еріктерімен қоныс аударуына көмектесу
шаралары туралы» тарихи Заңға қол қойды. Бірнеше ғасырлар
бойы маңайындағы мемлекеттерді жаулап, бұғаулауды мақсат

тұтқан, отары неғұрлым көп болса, метрополия соншалықты
қуатты деп санайтын Ресей енді төрткүл дүниенің түкпір-түк-
піріне тарыдай шашыраған қандастарын тарихи отандарына
кері шақыруға мəжбүр болды жəне қоныс аударғандары үшін

айтарлықтай көлемді қаржы төлеуге бел буды. ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХ ғасырдың басындағы атақты Столыпин реформа-
сы тұсында отар елдеріндегі орасан зор байсын жерлерге қоныс
аударған қара шекпенділерге – мұжықтар мен мещандарға,

көпестерге Ресей ақшалай, заттай қомақты көмек бергені, түрлі
жеңілдіктер жасағаны белгілі. Өткен ғасырдың ортасындағы
тың игеру жылдарында да игерілген аймақтардағы байырғы
халықтардан гөрі, келімсектерге қомақты ақша беріліп, қолдан

келген барша жағдайлар жасалған. Патша үкіметі де, кейінгі
қанқұйлы коммунистердің тоталитарлық жүйесі де неліктен
байырғы тұрғындар емес, келімсектерге барша жағдайды
жасауға ұмтылды, оларды ерекшелеп алды?! Екі жүйе де осы-

нау ұлан-байтақ өлкелерді мəңгілік уысымыздағы жерлер,
бөлінбейтін еншіміз деп ұққаны кəміл, бұған өздерін сендіргені
сөзсіз. Ал түптің-түбінде өз иелігінде қалатын жерлер үшін

ешқандай амал-айла, шығыннан қашуға болмайтынын да əб-
ден есептеп қойған. Ол жерлерді мəңгілік иелігінде қалдыру
үшін не істеу керек? Əлбетте, байырғы халықтың тілін, дінін
өзгерту, метрополиямен біртұтас етуге күш салулары қажет

болатын. Биліктің мұндай аярлыққа толы, екіжүзді саясаты ту-
ралы осыдан 81 жыл бұрын, 1926 жылдың 29 қазанында Таш-
кент шаһарында педагогтік жоғары оқу орнының ашылуына
арналған салтанатты мəслихатта сөйлеген Қазақстан Халық

ағарту комиссары Смағұл Садуақасов ашып əрі ашынып айтқан
болатын. Өз баяндамасына «Жоғары оқу орнының Қазақстан
үшін маңызы» деп айдар қойған арыс азамат: «Атыраудың
айдынынан Қытайдың атырабына дейін шалқып жатқан кең

жазира өлкемізді – орыс саудагерлері мен орыс буржуазиясы
тек ауыздан сілекей шұбыртқан дайын ас деп ұғынатын. Батыс
Еуропа ұстанған саясатпен салыстырғанда Ресейдегі мұндай
саясат – мейлінше мешеу, мейлінше дөрекі, жетесіз саясат бо-

латын. Ресей империализмі өзінің ішкі мүмкіндігінен гөрі отар
елдердің сүлдерін сығып алу арқылы нəр алып, өркен жайған
империализм болды...
...Қазақ сахарасын жаулаудың əдепкі кезеңдерін еске алып

көрелікші! Патшалы Ресейдің ол кездегі көкейін тескен ар-
маны не еді? Əрине, ол армандап бақты! Бірақ оның бар ар-
маны қазақты орыстандырып, православие дініне мойынсын-
дырсам дегеннен əрі асып жығылған жоқ», – деп сол кездегі

қитұрқы саясат туралы ашығын əрі əділін айтты. Патшалы
Ресей болсын, қанқұйлы коммунистердің қызыл империясы
болсын «қазақты орыстандырып, православие дініне мойын-
сындырсам» деген арманнан ешуақытта бас тартқан емес.

Тіпті, 1961 жылы баяндама жасаған Н. С. Хрущев енді он то-
ғыз жылдан соң КСРО-да коммунизм орнайтынын жəне бір
ғана тіл – коммунизм құрылысшыларының тілі – орыс тілі
ғана қолданыста қалатынын мəлімдегені де тарихи факт.

Алып империяның түкпір-түкпіріндегі барша коммунистер
ұлтына, нəсіліне, жынысына қарамастан осы мақсатқа жаппай
жұмылдырылып, жар құлақтары жастық көрмей жұмыс істеді.
Жəне қазіргі уақыт кезеңінен қарағанда, олардың осы жанта-

ластары мен өз халқына жасаған опасыздықтары із-түзсіз кет-
пеген екен. Басқа ұлттарды кім білсін, əсіресе, қазақтар үшін!

Қазіргі таңда 2 млн. қазақ өзінің ана тілін білмейді екен, оған
қоса, 500 мың қандасымыз өзге діндерді қабылдаған көрінеді.
Ондаған мың жастар аралас некеге тұруда. Бұдан асқан ұлттық
қасірет болмайды! Əлгіндейлерден тараған ұрпақтар қай тілде

сөйлейді, қай дінді қабылдайды?! Міне, мəселе қайда?! Бұл
жеке адамдардың трагедиясы ғана емес, тұтас ұлттың – қазақ
ұлтының жаппай дерті, бұдан əрі көз жұмып қарауға болмай-
тын індет! Тіпті, қан төгіссіз жүзеге асырылған геноцид. Бір

кездегі коммунистердің «болашақ бақытты, азат қоғамда дін
болмайды», «дін – апиын» деген əсіре атеизмі де айналып
келгенде адамдарды, əсіресе, өзге діндегі жұртты жаппай ал-
дау ғана болып шықты. Соңғы жылдарда Ресейдегі билік пен

саясаткерлердің бəрі дерлік православие шіркеулеріне барып
ғибадат етуді жаппай үрдіске айналдыруына қарағанда, олар
сол кезде-ақ агрессияшыл атеизмнің көмегімен өзге ұлт пен
ұлыстарды тарихи дінінен айырып, ассимиляцияға ұшыратуды

ежелден-ақ діттегендері əшкереленіп отыр. Амал қанша, бұ-
рынғы отар елдегі талай азаматтар осынау өтірік, екіжүзді
саясатқа имандай сеніп, шын иланған-ды. Небір азаматтар
«болашақ бақытты қоғам» үшін бар күш-жігерін, білім-білігін

аямай əрекет етті. Ақыр соңында өмірлері ішкі драма, қасіретті
трагедиямен аяқталды. Бұған мысал көп. Өз ұлтынан қол
үзген, туған халқының жан-дүниесін, арман-мүддесін аяққа
таптағандар бəрібір рухани жарымжан боп қалатыны рас. Осы

тұста Смағұл Садуақасовтың жоғарыда аталған баяндамасы-
нан ұзақтау үзінді келтіруге тура келеді. Мұнымыздың нақты
себебі де бар, өйткені сол бір арыс азаматтан асырып айтуға,
жетеге жеткізіп жазуға қауқарсызбыз. Сонымен С.Садуақасов:

«Өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Алтынса-
рин – орыс мəдениетіне көрші қонған алғашқы қазақтың бірі.
Біреуден қаймыққандықтан емес, өзінің ар-иманымен право-
славие миссионерлеріне көмектескен адам, орыс-қазақ мек-

тептерін ұйымдастырған да, қазақ жазуын орыс əліппесіне
көшіруді көздеген де осы кісі. Ол əйгілі орыс миссионері Иль-
минскийдің досы болған, соған қалтқысыз қызмет еткен. Міне,
дəл сол Алтынсариннің өзі өлер алдында өзінің қазасын аза

тұтуға бірде-бір орыс адамы араласпасын, тіпті, маған ете-
не жақын жүрген болса да араластырмаңдар деп тапсырған.

Жаназама 99 молда шақырыңдар деп өсиет қалдырған. Бұл,
əрине, көзі ашық деген зиялы қазақтың басындағы траге-
дия еді. Орыстармен ұзақ жыл үзеңгілес өмір кешкен кісінің
көңіліне түйгені, орыс миссионерлерінің қазақ жұрты үшін

еш жақсылық ойламайтынына əбден көзі жеткен пенденің
көкірегіндегі қасірет болатын. Бəлки, бұл оның тіршілікте өз
қолымен жасаған күнəсін қазақ деп қарс айырылған жүрегінің
жантəсілімдегі айыптауы болар. Қалай болғанда да ол бəлен

жыл бірге істеп, біте қайнасқан орыс ымыраластарынан безген.
Бұдан дарыны да елге жайылған, даңқы да асып түспесе кем
түспейтін тағы бір қазағымыз өткен ғой. Ол – Шоқан Уəлиха-
нов. Бұл – орыстың Шығыстағы адал күрескері болған. Уəли-

ханов патша үкіметінің соғыс министрлігіне дерек жинау үшін
Қашқарияға сапар шеккен. Түркістанды шапқан аты шулы ге-
нерал Черняевтің отрядында офицер болып қызмет еткен. Енді
осы Уəлихановтің дүниеден өтердегі харекетіне бақсақ, оның

да ақыры Алтынсаринше тынғанын көреміз. Ол да өмірінің
соңында барлық орыс достарынан безген, орыс армиясының
осынау бір сымбатты офицері кең қолтық қазақ шекпені мен
қырдың саптама етігін киіп, сахараның шалғайындағы бір ау-

ылда бұл пəниден өткен... Жұртымыздың ұйқыдан оянуының
таң сəрісінде тіршілік кешкен зиялы қазақтарымыздың мəде-
ни Еуропамен қалай араласып, не харекет еткендігін байқау
үшін осы екі мысалдың өзі-ақ жеткілікті ғой деп ойлаймыз.

...Алтынсарин мен Уəлихановтың басына төнген ішқұста
қасірет сол кісілердің өзімен бірге о дүниелік болған шығар
деп үміттенеміз қазір», – деп жаны тебірене, жүрегі жылап тұ-
рып айтқан. Бірақ, арыс азаматтың үміті ақталмағаны толық

анықталды. Путин қол қойған əлгі заңнан кейін-ақ бұдан бы-
лай қазақ өмірі басқаша сипат – нағыз ұлттық сипат алады
деп үміттенгендердің де сенімі көкке бу боп ұшты. Шоқан
Уəлиханов пен Ыбырай Алтынсарин өз халқынан қол үзгенін,

оның діліне қарама-қайшы əрекет еткендерін өмірінің ақырғы
сəттерінде трагедиялы түрде мойындаса, коммунистер мен
олардың қолшоқпарлары тəрбиелеп өсірген жаңа ұрпақ ондай-
ды ойға да алмайды. Көптеген адамдар өзінің туған халқынан

біржола қол үзіп, дүбəра болып, мешеу күн кешіп жүргендерін
қаперге алғысы жоқ. Иə, бұл қалпымызда жеке адамдардың

трагедиясы бұдан былай да жалғаса беретіні сөзсіз. Ең басты-
сы, əлгіндейлер жеке өз бастары ғана емес, маңындағылар,
туған-туыстары, қандастарының да өмірі осылайша трагедияға
ұласқандығын пайымдағысы жоқ. Өмірде ізсіз кететін ештеңе

болмайды, кейбіреулердің ана тілін білмеуі, өз ұлтын мой-
ындамауы да еш із-түзсіз кете қоймасы хақ. Міне, осы тұста
əрбір азаматтың өз Отаны, туған халқы, ата-бабалары, болашақ
ұрпақ алдындағы жауапкершілігі мен парызы келіп туындайды.

Əсіресе, билік жүйесі мен сол жүйеге қызмет ететін жоғары,
орта, төменгі буындағы шенеуніктердің мойнындағы азаматтық
борыштары шексіз. Өздеріне иман, ынсап, ұлтжандылық,
халық үшін еңбек етуге құлшыныс бермесе, жүздеген мың

шенеуніктің əрбірін күнəсінен арылтуға 99 молдадан табыла
қоймайтыны да сөзсіз. 2007 жылдың 2 ақпаны күні Ақтауда
жарық көретін «Ар» газеті Қазақстан Республикасы Мəдениет
жəне ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мырзамен екі

ауыз сұхбат жариялады. Министр əр сабаққа 500 теңгеден
төлеп, күніне бір-бір жарым сағат қазақ тілін оқып-үйреніп
жүрген көрінеді. «Құдай қаласа, «Бір-бір жарым жылда таза
қазақша сөйлеймін» деген үмітім бар», – дейді ол. Маладес,

министр мырза! Бірақ осындай жандар, туған халқы алдындағы
азаматтық борышын мойындағандар қазір қоғамда көп пе?!
Əй, саусақпен санарлық шығар-ау. Ең сорақысы сол, əлгіндей
дүбəралар қазақ тілін оқып-үйренгендері үшін болашақта мем-

лекеттен ақша алуға ұялмайтын сұры бар. Өздерінің азаматтық
борыштарын, қасиетті парыздарын кезекті рет ақшаға сатпақ-
шы! Еліміздегі мемлекеттік тіл жөніндегі орашолақ саясат
ертелі-кеш осындай қисынсыздыққа əкеліп тірегелі отыр.

Қарапайым халықтан жиналған салықтан жырымдаған, яғни
сізбен біздің қалтамыздан алынған ақшаға олар ана тілдерін
қайта үйренбекші. Отан, өз ұлтының алдындағы адал боры-
шын атқаруға қауқарсыздар түптеп келгенде күнəларын қалың

қазақтың есебінен жуып-шаюға мүмкіндік алғалы отыр.
Айтпақшы, қаңтардың 30-ында Маңғыстау облысының
əкімі Қырымбек Көшербаев мырза Ақтау қаласының əкімі
Сəлімгерей Бекбергеновке: «Мен сені Оралда жақсы жұмы-

сыңмен көзге түскен соң осы жерге əкелдім. Бірақ «Өмір бойы
сені арқалап жүремін» деп мойныма міндет алған жоқпын», –

деп қатаң ескерту жасағанын облыстық телеарна бірнеше рет
қайталап көрсетіпті. Қызмет бабына байланысты қисынды,
орайы келгенде айтылған сөз, қатаң талап шығар, ал өкінішке
қарай, қазақтар мемлекеттік тілді білмейтіндерді бұдан былай

да өмір бойы арқалап жүретін секілді. Неге екенін кім білген,
əйтеуір биліктің маңындағы шенеуніктердің көбі қазақ бола
тұра өз ана тілін білмейтіндер болып келетіні заңдылық ретінде
қалыптасты ғой.

Өткен аптада Мəжілістің жалпы отырысында Энергети-
ка жəне минералдық ресурстар министрінің орынбасары
А.Сатқалиев пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Ер-
жан Қазыханов мырза өздеріне қарата қазақ тілінде қойылған

сұрақтарға орысша жауап бергеніне əбден ызаланған депутат
Тито Сыздықов баяндамашылар келесі жолы мемлекеттік тіл-
де жауап бере алмаса, онда мəселені күн тəртібінен алып тас-
тау керек деген ұсыныс түсірді.

Мұндай сорақы жайттар өмірімізде күн сайын қаншама рет
қайталанып жатыр. Бəлкім, мұндайда қойылған мəселені күн
тəртібінен алып тастағаннан гөрі, əлгіндей мырзаларды қыз-
меттен кетіру жөніндегі мəселені күн тəртібіне батыл қою ке-

рек шығар. Ащы болса да шындықты мойындауымыз керек. Біз
мемлекеттік тіл – қазақ тілі үшін, сайып келгенде қазақ ұлтының
болашағы үшін соңғы – ең ақтық күресте оңбай ұтылған жұрт-
пыз. Тəуелсіздік алғанымыздың он бес жылдығын атап өтіп,

сандаған адамдар осы ұлан-асыр мерекеге орай өңірлеріне мем-
лекеттік наградаларды тағынып, тоқмейілсігенмен, біржола күй-
рей жеңілдік жəне таяу жылдарда саяси, рухани, мəдени идеоло-
гиялық бұғаудан арыла алмайтын сияқтымыз. Басқа сипатта-

рын былай қойғанда, отар елдерге ортақ негізгі үш сипат бар.
Біріншіден, билік бөтен, жат тілде, яғни жаулап алушылардың
тілінде сөйлейді. Халық пен билік бір-бірін тек аудармашылар,
тілмəштар арқылы түсініседі.

Екіншіден, экономиканың стратегиялық салалары мен мем-
лекеттік идеология бөтен тілділердің қолына шоғырланады.
Елді өзге тілде, экономикалық топтар мен бөтен тілді банк
иелері билейді.

Үшіншіден, өнер, мəдениет, ғылым, білім, ең бастысы, ақпарат
билігі өзге тілді топтардың қолына шоғырланады жəне үстем

ұлттың тілінде жүргізіледі. Қазақстан, турасын айтқанда,
қазақтар осы үш қалді де бастан амалсыз кешуде. Биліктің
өмірден алар бар еншісі белгілі: еуразиялық идеяны жүзеге
асыруға, «қазақстандық ұлт» жасауға жанталасуда. Ал АҚШ-

тың атақты «Форбс» журналы тіркеп отыратын ең бай адам-
дардың – миллиардерлердің қатарында қазақстандық 4 – 5
адам бар, бірақ ешбірі қазақ емес! Көп дəлел келтіріп қажеті
де жоқ, Қазақстан экономикасының жетекші салалары, негізгі

кілті шетелдіктердің қолында екендігі кім-кімге де белгілі.
Телеарналарға көз жүгірткен адам ақпарат кеңістігі ғана емес,
Қазақстан өнері мен музыкасын, əсіресе, шоу-бизнесті де өзге
ұлт өкілдері билеп-төстеп отырғанына толық көзі жетеді. Тек

бір телеарна – «Қазақстан» телеарнасы ғана қазақ əншілері мен
өнер жұлдыздарын жүйелі насихаттайтыны ащы шындық. Ал
қалғандары... ағылшын, француз, орыс, түрік, ұйғыр, өзбек...
тағы-тағыларды насихаттауға мүдделі, тек қазақ музыкасын

емес. Сонда бізге – қазақтарға не қалды?! Өмірден түңілу, көз
алдымызда өтіп жатқан əділетсіздіктерге шарасыз көндігу ғана.
Əрине, еліміздегі тұрғындардың 28 пайызын құрайтын орыс-
тардың бəрі бірдей қазіргі қалыптасқан жағдайға, Қазақстан-

ның тəуелсіздігіне қанағаттанғандық білдіре қоймасы сөзсіз
жəне олардан жаппай азаттық, бостандық идеясына бас ұруды
талап етуге де əлі тым ерте. Сайып келгенде мемлекеттік тілді
толық игеруін талап етуге де. Ал Мұхтар Шаханов айтатын

«шалақазақтардан» мұны талап етуге міндеттіміз. Өйткені
тұтас ұлттың – қазақтардың болашақ тағдырына олар да өз
жауаптылығын мойындаулары тиіс. Солардың көмегі, шы-
найы қолдауы арқасында ғана ұлы Отанымыз – Қазақстан то-

лыққанды тəуелсіздікке ие бола алады.
Өркениет дамыған сайын бір ұлттардың екінші ұлтқа үс-
темдік етуге ұмтылысы – мəдениеттердің араласуы кезеңінде
біртұтас емес ұлт тарих көшіне ілесе алмайтындығын алға

тартуда. Мəдени, рухани экспанцияны былай қойғанда, өзінің
ұлттық салт-сана, халықтың дəстүрлі əдет-ғұрыптарын, дінін
қорғауға қабілетсіз ұлт өзіне тиесілі несібеден қағыла беретіні
кейінгі уақта толық анықталды. Қазіргі өліара жағдайда «Zona

KZ» сайтында жарияланған Эрик Хамитовтың «Рускоязыч-
ное общество – становой хребет нашего государства?!» де-

ген мақаласында айтылған мəселе ащы шындық екенін амал-
сыз мойындап, бас шайқағаннан басқа амал жоқ. Тіпті, əлгі
сөздерден соң сұрақ белгісін қоюдың қажеті де керек емес.
«Чем больше увеличивается физическая масса казахов и их

доля составе населения страны (в условиях, кстати сказать,
государственной независимости), тем слабее становятся ду-
ховные скрепы, связывающие воедино казахское общество, и
тем больше сил набирает центробежный процесс внутри него.

Собственно, оно не сумело вылиться в государство образую-
щую нацию в рамках суверенитета. Более того, к настоящему
времени, можно сказать, не стало и его самого. Имею в виду
единого общества на основе общих духовных устремлений

традиций, культуры и языка. А есть русскоязычное общество:
русское – по культуре, проевропейское по духу и граждан-
ское – по форме. Оно-то и является сейчас становым хребтом
госдарства», – деп қанағаттана əрі қазақ тілділерді мұқатып

жазғаны шындықтан онша алыс емес. Қазақтар – алдымыздағы
ағалар да, қазіргі біздер де қазақы құндылықтарды қорғай, оны
өркендете алмаған қабілетсіз ұрпақпыз. Алтынсарин траге-
диясы бізге қайта айналып соға беретіні сондықтан.

2006 ж.

СЕН КИІКТІҢ ЛАҒЫ ЕДІҢ...

«Бəрінен күшті адам – өзін-өзі ұстай білетін адам».
Сенека
Білгірлер нəпсіқұмарлық дүние жаралғаннан бергі ең ескі
кəсіп деседі. Кім білсін, солай да шығар, бірақ ұлт атын был-

ғайтын, арына өшпес дақ салатын жезөкшеліктің ауыр зардап-
тарын бұдан былай сөз етпеске амал жоқ.
Олай болатыны, ұлттық мəдениет дегеніміз салт-дəстүр,
əдет-ғұрып, киген киім, ішкен тамақ, той-томалақтарда айты-

лар əн-жыр немесе адамдардың жер басып жүргендегі бірін-
бірі қолпаштауы, өлген соң нəшіне келтіре жылап-сықтауы
ғана емес, қыз бен жігіттің, еркек пен əйелдің қарым-қатынасы

да. Пəниде маңдайға онсыз да сирек жазылар ақ махаббат, жар
төсегіне адалдық мəселесі… Тіпті, болашақ Ана мен болашақ
əкенің қадір-қасиеті, дүние-танымы, тəлім-тəрбиесі.
Өткен жылдың соңында «Неделя» апталығы Наталья Ко-

лесникованың «Тастанды балаларға арналған сəкі» атты үрей-
ге толы мақаласын жариялады. Мақалада окулист-дəрігер,
халық емшісі, екі баланың анасы Тамара Əскеровна Марзое-
ваның қараша айының бастапқы кезеңінде «АиФ» (1991 ж.)

газетіне құлақтандыру бергендігін: «Тастанды» балаларды да-
лаға, қоқыс салатын жəшікке емес, өз үйінің алдындағы сəкіге
əкеліп тастауды ұсынғанын сөз етеді. Шын мəніндегі осы бір
абзал Ана балаларын өзінің үйіне əкеліп тастаған «көкек»

келіншектердің аты құпия сақталарына уəде беріп, сөзінің жал-
ған еместігіне жұрттың көзін жеткізу үшін өз мекен-жайын
толық келтірсе: Мəскеу қаласы, Симонов жалы көшесі, 24-үй,
1-корп., 30-пəтер.

Тəңірім Сізді назарынан тыс қалдырмасын, Тамара ханым!
Алыс Мəскеуде тұрып-ақ мұсылман жұртындағы Ананың
асқақ бейнесін қарын тойғызудан басқа қамы жоқ қатыгез
жұртқа паш етуіңіз кейінгіге аңыз болып жетер. Сонымен көп

ұзамай-ақ ниетті əлгі əйелдің үйіне Ресейдің түкпір-түкпірінен
(біздің Алматыдан да бар) ағылған күн сайынғы хаттар пошта
жəшігіне сыймауға айналады. Көп хаттың арасынан шыққан
мына бір «сəлемнама» қатыгездікке еті əбден өліп, кез келген

қылмыстан таймайтын қандай бір қанішер қарақшының өзінің
үрейін ұшырары, ала көзін алақандай етері хақ.
«Қараша айында қызым Юлия дүниеге келді, бойы 50 см,
салмағы 3,200 гр. Қазір ол Мəскеудегі шешемнің қолында. Оны

сізге беруіме болады, бірақ тек ақшаға сатамын. Ары кетсе 50
сомға. Егер оған келіспейтін болсаңыз, онда бағасын 30 сомға
түсіруге мəжбүрмін. Ақшаны мына адреске салып жіберіңіз:
Мəскеу облысы, поселке... Сізге сəбиді əкеліп беруім оңай, ір-

геге тиіп тұр, 20 метр жер ғана. Сіз сатып алмаймын десеңіз,
онда бір таныс əйелім 60 сомға саудаламақшы. Шешем қызды
беруге қарсы. Бірақ, көп кешікпей-ақ тағы да бөпелі болаты-
ным кəміл.

Тек, əуелі ақша салып жіберіңіз, ал айдың аяғына қарай мен
сəбиді əкеліп тастаймын. Света».

Міне, осы хатты қолы барып жазған да – Ана!
Əңгімемізді ə дегенде сұмдық, естігеннің есін шығарып, оқы-
ғанның төбе шашын тік тұрғызар, адамзат тарихында бұрын-
соңды ұшырасып көрмеген осынау хаттан бастауымыздың мə-

нісі бар.
Кең маңдай, қалың шаш
Я бір кез, я құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз

Қарағым, бетіңді аш!
Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал қызыл гүл,

Ақ тісің кір шалмас.
Қыр мұрын, қыпша бел,
Солқылдар, соқса жел.
Ақ етің үлбіреп,

Өзгеше біткен гүл, –
деп Абай атамыз айшықтай жырлап, мəңгі өлмес өлеңінде
өрнектеген қыз сұлулығына əлемдегі қай халық та табынып
келеді. Табына да бермек. Нефертити мен Клеопатра, Афроди-

та ықылым заманадағы адал жар Аспасия, Даная мен Венера,
Лаура мен Мона Лизалардың қарапайым пенденің көзі қарығар
сұлулығы мен сандал ағаштай сымбаты ғасырдан ғасырға
аңыз. Джульета, күні кеше экраннан жаһұттай нұр шашқан

Мерилен Монро, шығыстың күн сипатты Шырыны, жолын-
да Мəжнүн мерт болған Лəйлі, мəңгі өлмес Тадж Махалдай
əлемдік жəдігер ескерткішті дүниеге келтірген Нұр Жаһан қай
халық үшін де үлгі. Тіпті, Құран хадистерінде де: «Тəңірі сұлу,

сондықтан да сұлулықты сүйеді» деп нақышталған. Бірақ сол
күн келбет, сəмбі талдай солқылдаған сымбатқа ақыл қосылса,
нұр үстіне нұр.
Өзіміздің аңыздарымыз бен ертегілерімізде, эпостық, лиро-

эпостық жырларда сомдалған сұлуларымыздың, «Ақша беттің
қызылы, қарға тамған қандай» немесе мысалы, «Қара жерге

қар жауар, Қарды көр де, етім көр» аруларымыз, Тайбурылдың
қырық үш күн кемдігін кемел білетін Құртқа, Тарғынға тіреу,
қысылғанда қолтығына демеу Ақжүніс, сұлулығына ақылы
сай Қыз Жібек, баянды махаббаттың иесі Баян сұлу, Күн ас-

тындағы Күнікей, екі рулы елді егеске жібермеген Шолпан
алты алаштың бағына жаралған асылзадалар емес пе еді?!
Домалақ ене мен Ұлпанның аруағынан айналмаймыз ба? Ата
жауға атойлап шауып, ер азаматтай қайрат көрсеткен Мəншүк

пен Əлия ше?!.
Бəрін айт та, бірін айт, күні кеше жұртымызды жауратып,
дірдек қақтырған қытымыр Желтоқсанның бейкүнə құрбаны
Лəззат Асанова халқымыздың келешегі үшін дүниеге кел-

ген ару-ды. Иə, сол бір аяулы қарындасымызды танитынбыз:
жақсы бір журналист жолдасымыз шын сүйетін Лəззатты. Сол
əйкерім қарындастың бейуақта көз жұмғанын естіген жолда-
сымыз өмірден баз кешіп, екі жыл бойы я сау емес, я ауру емес

күйге түссін. Талай рет аяулы қыздың суретін алдына қойып,
ағыл-тегіл жыласын. Бейкүнə қарындастың бейнесі əлі күнге көз
алдыда: мойыл қара шашы иығын жауып, сəбидің тамағындай
аппақ борық тамағы бүлкілдеп, домбыраға қосыла мұңлы əн

салатын-ды... Тағдырының қандай аянышты боларын білмеді-
ау бəкізе бойжеткен. Иə, Лəззат сынды арулары бар халық
бақытты. Десек те, соңғы жылдары ғасырлар бойы ибалылығы
мен имандылығы, тəрбиесі мен тəлімі талай-талай жұртты

тамсандырып, тəнті еткен қазақ қыздарының мінез-құлқында
бұрын байқалмай жүрген жат қылық бой көрсете бастағандай.
Мұның себебі не? Ұлттық тəрбиеден бойымызды аулақ салған
жетпіс жылда батпандап кірген ауру ма, əлде, əйел теңдігі деп

аталатын эмансипацияның ет пен тері арасындағы желігі ме?
Желік дейін десек, онда өз қыздарын соншалық əспеттеп, көкке
көтерген халық əлемде біреу ғана, ол – қазақ халқы! Өміріне
ислам фунтаментализмі, фанатизмі дендеп енген елдердей

емес, қазақ қыздары пəрəнжі кимеген. Оң жақта бұлғақтаған
бойжеткенді еркелеткені сонша, еркебұлан қыз қонағы, қатар-
құрбысымен ғана емес, жеме-жемге келгенде, өзінің ата-ана-
сымен де айтысып кеткенін қазақ тарихынан жақсы білеміз. Ал

мұндай еркіндік өзге еш халықтың қыздарына бұйырмапты.
Баласын маңдайдағы жұлдызы деп білетін қазақ қолдан келер

жақсылығын əуелі жат жұрттық қыздарына жасауға талпынып
өткен өмірден. Қамқа, патсайы, дүрия, жібек, торғын, барқыт,
помбарқыт, мақпал, пүліш, қыжым... Экономикасы ілгері кет-
кен іргелі елдердің сұлуларының түсіне кірмейтін, тіпті қазір

өзіміз мемлекеттік музейлерден ғана көріп, көз сүйінетін
осынау асыл тауарлардың бəрін қазақтың екі қызының бірі
иініне ілгенін көнекөз əжелеріміз əлі күнге тамсанып айтады.
Оған қонышы оюланған, құны бір қаралық шоңқайма етікті

қосыңыз. Құндыз бөріктің үкісі бұлғаңдап, қамар белбеудің
асыл тастарына күн сəулесі шағылып, аппақ жібек көйлектің
желпіршегі желмен ойнаған сұлулар осы дала қыздары емес
пе? Əлі жеткені қып-қызыл алтын теңгеден соқтырып, дəулеті

дөңгеленгендердің «көлдегі құндызы» – қыздары күмістен
шолпы, күміс балдақ тағып, үнін аспандағы жұлдыздарға жет-
кізгеніне де уақыт куə. Бір шыны иіс суды бір қараға, бір иіс
сабынды бір қойға айырбастайтын да дарқан қазақ. Енді сол

арудың бейнесі толық болып шықсын десеңіз, көкпеңбек май-
са жапқан шексіз далада тайпалтып жорға мініп бара жатқан
бір топ қыз – аққуларды көзге елестетіп көріңіз. Міне, біздің
ана, апаларымыздың бейнесі осындай болатын.

Иə, уақыт сырғып өтеді. Бір жақсының бір жаманы бар. Қай-
ран қазақтың басынан бақ құсы ұшып, кешегі «жал мен жая,
бал мен шекерден» басқа дəм татпайтын қайран аруларымыз
жеңді білектей бұрымын кесіп шұнтитып, басына қызыл шар-

шы, иінге ақша етке ащы тікендей қадалатын бөз көйлек ілетін
болды, қол жеткені комиссардың сықырлауық күртесін киіп,
беліне ұңғысы үңірейген тажал тапанша тағынып шықты.
Соңғы уақытта газет-журналдарымыздың бетінде, теледи-

дар, радио эфирінде қазақтардың екі-үш əйел алғанын біржақ-
ты дəлелдейтін мақалалар мен толғамдар жиі жарық көріп,
оқырман, көрермен қауымды осыған ұйыта бастағандай. Тіпті,
бұл тұрғыда шариғатты да алға тартушылар табылады. Əлбет-

те, осының бəрі тұрмыс құра алмай отырған 80 мыңға жуық
қара көз қарындастарымыздың болашағы қандай болмақ деген
ой, ізгі ниеттен туындап жатқан шығар. Əсілі, қазақ тұрмы-
сында екі əйел алу заңдылық емес, ілуде бір жолығысар кез-

дейсоқтық. «Ұра берсең, құдай да өлетінін» айтқан əлемдегі
ең бір демократияшыл халық мұсылман дінінің қағидаларын-

да төрт əйел алуға рұқсат етілгенін біле тұра, бұған елп ете
қоймаған. Өйткені «шиқа-шиқа май» беріп өсірген «атам мен
анамның, асыранды қазы едім» – қызын əйел үстіне беру сол
шаңырақ үшін ғана қайғы-қасірет емес, ағайын-туған, тіпті

рулы елдің сүйегіне таңба, қорлық.
Əрине, елге атағы кең жайылған белгілі адамдар, қабырғалы
елдің қорғаны – қаһарман батыр, əйгілі би, ру басылар екі-үш
əйел алған шығар. Дегенмен, мұның өзі көбіне саяси жағдайға

тікелей тəуелді қадам, ортасында кикілжің пайда болған рулар
арасын жақындастырудан, ел тыныштығын ойлаудан туған
мұқтаж шара. Сондықтан, қазақ арасында «бəйбіше», «тоқал»
(екінші əйел) атауы кең тарағанмен, «аққолтық» (үшінші əйел)

деген сөз ілуде бір ұшырасады, яки мұндай жағдайдың ел
ішінде өте сирек болғандығы.
Замана озды, өркениетті дамудың диалектикасы мен өзіндік
заңдылықтары өмірде жаңа қатынастар туындатты. Əсіресе,

қазақ төңкерісінің тұғырына тақым артып, «көріңде өкіргір»
«капитализмнен» қарғып кетуіміз, сөйтіп, «феодализмнің»
шиқылдақ арбасынан түсіп, «жүзі жарқын социализмнің» экс-
пресіне əрең мініп үлгеруіміз ұлттық сана, салт-дəстүрді ғана

аулаққа ысырып тастатқан жоқ, бойжеткендерді тəрбиелеуде,
əсіресе жыныстық қарым-қатынас жөніндегі тəрбиеде орны
толмас олқылықтарға, асыл мұраларымыздан қол үзуге əкеліп
соқты. Əлеуметтік жағдай, экономикалық қарым-қатынас, қыз-

дардың ауылдан ерте қол үзуі, ата-ана, ақыл қосар жеңгенің
алыста қалып, бұрынғыдай күнделікті байланыстың болмауы-
нан араның суи түсуі, жаңа қоғамдық ортаның пайда болуы,
жаппай урбанизация, қыздардың өндіріс, жоғары оқу орында-

ры, жатақханада көп шоғырлануы мүлдем жаңа құбылыстарды
дүниеге əкелді. Бұрынғыдай үлкенді сыйлау, ар-ұят, жар тө-
сегіне адалдық, инабат бірінші орынға қойылмайтын болды да,
басқа ұғым, түсініктер қалыптасты, бел алды.

«Өзге алдында да, құпия да ұятқа қалдырар ештеңе жаса-
ма. Сенің бірінші заңың өзіңді-өзің сыйлау болуға тиіс» деген
Пифагор нақылын ойымыздан біржола сызып тастап, «еркін-
діктің» еліртпелі, есірткі ойнағына біржола құладық.

Əсіресе «ұлы халықтан» қалмауға барынша жанталасып,
зинақорлық, жезөкшелік атаулыны «сүйіспеншілік» ретінде тү-

сіндіруге күш салдық, тіпті əдеби кітаптарымызда да мұндай
əйел, жігіттердің бейнесін «өмірден өз орнын, адал махабба-
тын іздеген жан» ретінде (ал мұндай жүздеген əдеби кітаптар
бары рас) насихаттап, үйленгендердің бəрі «бақытсыз, жар

төсегінен қызық көрмеген» бейшаралар болып шығып жат-
ты. Күні кеше əн мен жырға қосқан қыздар, əлдеқандай əдеби
шығармадан ғашықтардың сүйіскен сəтін оқығанда жүздері
алаулап кететін аруларымыздың видеосалондарда эротикалық

фильмдерді жігіттермен қатар отырып тамашалайтынына
етіміз өліп алды. Осыдан біраз уақыт бұрын Алматы кино-
театрларында табыспен жүрген «Сезім селі» («Империя чув-
ств») атты эротикалық жапон фильміне 15 – 16 – 17 жасар

жəне одан үлкенірек бойжеткендеріміздің дүмеп барып, авто-
бус ішінде, аялдамаларда қызу талқылап тұрғанын көргенде де
түк таңқалғанымыз жоқ. Косметиканың соңғы жетістіктерін
көшеде барынша насихаттап, тылтиған тар шалбар киген қа-

ра көз қыздарды көргенде көз сүйсінгенімен, көңілде қауіп
те қылтиярын жасырмасақ та болар, өйткені, сексологтардың
дəлелдеулеріне иек артсақ, əлем-жəлем боянған бойжеткендер
айналадағылардың көңіл құртын қоздыратын жəне жыныс-

тық қарым-қатынасқа оңай келісетін қасиеттерімен даралана-
тын көрінеді.
Жоқ, біз мұндай фильмдердің түбегейлі көрсетілмеуін не-
месе газет-журнал беттерінде бұл мəселенің мүлдем сөз бол-

мауын жақтап отырғанымыз жоқ. «Ит қорыған жерге өш»
екенін, ХІХ ғасырды қайта тірілте алмасымызды да кəміл
білеміз. Алдымыз ХХІ ғасыр, өркениетті елдердің қатарына
қосылуды мұрат ете отырып, сөйте тұра, сол жолда ислам фун-

даментализмі, діни фанатизм мен қаратүнек реакцияны мүл-
дем тың топырақ – аңғал қазақ халқының өміріне дендеп ен-
діру жолында жан салып жүргендерді (қазақ халқы тұтас
бітімімен демократияшыл болғанын, жеке индивидтер Батыс,

Шығыстағы ешбір елдің түсіне кірмеген еркіндік пен құқық-
ты пайдаланып келгенін, соған қоса діннің де халық өмірінде
үлкен мəнге ие болғанын ескеру керек. Əрине, тыйым салу
оңай, ал сол тыйым тиімді болып шыға ма, ол жайында ұзақ

ойлануға, қабырғамен кеңесуге тура келеді. Əлемдік даму-
дан тыс қала алмайтынымыз қандай ақиқат болса, шекараны

тарс бекіткен күнде де порнографиялық басылымдар тоғанды
сыздықтап бұзған судай контрабандалық жолмен жетері хақ.
Қазірдің өзінде «Плейбой» сынды аса қымбат, сондай-ақ Гер-
манияда жарық көретін эротикалық журналдардың екінің

бірінің қолында жүруі, Мəскеудің «Кішкентай Вера» сынды
фильмдері мен теледидары, бульварлық газет-журналдары
да қалыспай отырғаны, тіпті жасырын жолмен жеткізілетін
порнографиялық «ауыр секс» аталатын видеостаспалардың

көп көлемде жастардың қолында болуы (бұған порнографиялық
күнтізбе, фотосуреттер, жыныстық қарым-қатынастың түрлі
тəсілдерін үйрететін шетел басылымдарын қосыңыз) мұндай
тыйымды мүлдем жоққа саяды. Сондай-ақ жеке адамдардың

қолындағы видео-аудио аппаратураның қандай мақсатта пай-
даланылып жүргенін де дəл білетін ешкім жоқ, яки бұл мерез
жасырын жолға түседі, бірақ біржола жойылмайды.
Əрине, астанамыз Алматыда ұя құрып, қыз зорлау, адам

өлтіру жолына түскен қылмыскер топты, сондай-ақ, осындай
қаныпезерлікке бел буып, кəмелетке толмаған қыздарды зор-
лауды əдетке айналдырған жоғарғы білімді ұшқышты, ол ол
ма, зачет қою үшін қыздарды теріс жолға түсуге итермелеген

доцентті (қазақ қыздары көп шоғырланған ҚазМУ-дің бұл
оқытушысы əзірге жұмыстан қуылғаны ғана белгілі, ал ол сот-
қа тартылуға тиіс) жəне осы университет қалашығында қыз
зорлауды, өлтіруді əдет еткен қарақшының (осының бəрі өзге

ұлт адамдары жасаған жауыздық екені есте болсын!) қылмы-
сын көкейге түйсек, үй болу мəселесін, жар төсегіне адалдық,
мектептегі «Семья өмірінің этикасы мен психологиясы» кур-
сын емес, адамдарды түн жамылған қорқаулардан қорғау

жайын əңгіме ету керек сынды. Əйткенмен, жезөкшелікті та-
быс көзіне айналдырған қыздарымыз, шетелдік бұйым алу
үшін негрі бар, басқасы бар, шетелдік студенттердің төсегіне
өз еркімен баратын студент бойжеткендеріміз де табылады

ғой. Олардың алғашқы тобы дүниеге нəресте (будан, шата) де
əкеле бастады.
Иə, біз əрбір қызымызды халқымыздың болашақ анасы
деп санап, соған сай сый-құрмет көрсетуге тиіспіз. Белгілі

əншілер немерелі немесе ұлды болса, оны газеттеріміз жап-
пай жазып, теледидар көрсетіп, радио сайрап, ұлттық мереке-

ге айналдырып жібере жаздауымыз дұрыс па, бұрыс па, оны
уақыт талқысына қалдырайық, ал жүздеген, мыңдаған ана
үшін дүниеге перзент əкелу физиологиялық қажеттілік. Əрине,
қазір жыл сайын қазақ сəбилерінің 50 процентке жуығы дім-

кəс, аурушаң болып дүниеге келетіні де белгілі, алайда, жас
сəбилер жоқта ұлттың өспесін айтсақ, белгілі жайды қай-
талағандық деп ұқпаңыздар. Көріпкел емеспіз, дегенмен жыл
өткен сайын осынау қасірет, əкесі белгісіз балалардың дүние-

ге көптеп келуі, «тірі жетімдердің» саны ұлғая түсетінін зерт-
теулер дəлелдеп отыр. Қазірдің өзінде республикада 160 мың
жалғызілікті əйел «жарты жетім» бала тəрбиелеуде.
Сондай-ақ, Жамбыл қаласындағы жетім балалардың үйін-

дегі 118 баланың: 75-і қазақ, 18-і орыс, 5-і татар, қалғаны өзге
ұлтты сəби болуы бізге қандай қауіп бұлты төнгенін жəне оның
күн сайын қоюлана түскенін айқын дəлелдесе керек. Жəне бұл
жағдай ұлттық сана-сезім əлі толық жойыла қоймаған, қазақы

салт-дəстүр сақталған деген оңтүстік қаладағы жағдай. Ал
өзге қалаларымыз бен селолардағы жағдай мүлдем кісі түңі-
лерліктей. Мəселен, сонау қияндағы Санкт-Петербургтегі же-
тім балалар үйінде 30-дан астам қазақ сəбилері тəрбиеленіп

жатқанын да ойда тұтайық.
«Айналайын баладан,
Тауып алған даладан.
Далада бала жата ма,

Түсіп қалған шанадан», –
бөпесін аңғал əнмен жұбатқан ана-апаларымыз алыс келешек-
те «ойнап жүріп əн салған», ақырзаман дəл ертең басталатын-
дай-ақ өмірдің бар қызық-шыжығын бүгін татып қалуға, жал-

ғанды жалпағынан басуға жан салатын сіңлілерінің ара-тұра
болса да жаңа туған шарананы құндақтаулы күйі далаға тастап
кетерін біле қоймаған шығар. Сондай-ақ, дүниеге келуі тиісті
бейкүнə нəрестелердің қаншауы жасырын, тіпті ресми түрде

түсік тастатудың (аборт) құрбаны болып отырғанын дəл білетін
ешкім жоқ. Шыны керек, республикамыздың медициналық
мекемелері бұл жайында бас ауыртпайтын сыңайлы. Мұндай
дəйектердің əлі күнге болмауы осыны көрсетеді. Ал əлемді

дірілдетіп тұрған СПИД-іңіз анау. Белгілі ағылшын музыкан-
ты жақында ғана осы айықпас дерттің құрбаны болды, тіпті,
Арзамас қаласында бір топ нəрестелердің осындай ауруға
дəрігерлердің кесірінен ұрынғаны да мəлім. Ең алғаш СПИД-

пен ауырған бұрынғы КСРО азаматшасы Танзанияда тілмаш
болып қызмет атқарғанын, өз Отанына қайтып оралған соң
жиырма жас жігітпен жыныстық қарым-қатынас жасап, əлгі-
лердің бесеуі осы бір айықпас дертке ұрынғаны жəне олар

өз кезегінде 24 əйелмен жыныстық қарым-қатынас жасап,
ол əйелдердің үшеуіне СПИД жұққаны жəне солардың бірі
9-класс оқушысы екенін көпшілік қауым біле бермес... Ал
СПИД-тің мұндай жас құрбандарының тізімін жалғастыра бе-

руге əбден болады. «Мен жылдам өзгеремін: бүгінім кешегімді
жоққа шығарушы міндетін атқарады. Өрлеу үстінде көбіне
баспалдақ-басқыштардан секіріп өтемін, – ал мұнымды еш
баспалдақ кешпейді» деп тұжырымдаған Фридрих Ницше кез

келген дамудың өзіндік заңдылығы бар екенін, ешнəрсені жоқ-
қа шығаруға болмайтынын, кез келген қарапайым заңдылық
титтей бұзылған сəтте дамудың гармониялы жүйесі бейбере-
кет – хаосқа ұрынарын айқын аңғарса керек.

60-жылдары батыс елдердің жастары қарапайым адамдар-
дың төбе шашын тік тұрғызған, тез арада-ақ бүкіл əлемді жау-
лап алған жадағай идея – «еркін махаббат», «нəпсі бостандығы»,
сүйіспеншіліктің кез келген моральдық «бұғаудан» азат бо-

луы идеясын өмірге əкелді. Дегенмен, олар «жаңалық дегені-
міздің өзі бұрыннан белгілі, бірақ ұмыт болған жайт» екенін
ескере қоймаса керек. ХХ ғасырдың басында-ақ жалынды
революционер-большевиктер «махаббат еркіндігін» жаппай

насихаттап, «іріп-шіріген буржуазиялық моральға» ең басты
қарсылық ретінде көрсетіп келген-ді.
1992 ж.

ШЕНЕУНІКТЕР ҺƏМ ҚАРА ШЕҢГЕЛ

Ауылда туып-өскендер жақсы білуге тиіс, кей жерлерде
есіктің алдында сұрықсыз қара шеңгел өсетін. Өткен жыл-
дан қалған өлі шөп жабағыдай тұтасып тұратын түбінде қағаз

қиындылары, оңған шүберектер, жүн-жұрқа шашылып, бос
қалбырлар ыбырсып жататын. Өліарада – қыс пен көктемнің
түйіскен тұсында, əлгі жартылай қураған қара шеңгелдердің
бойына сөл жүгіріп, нəр алған тікендері бұрынғыдан бетер

өткірлене сойдиып, ащы бола түсер-ді. Түлеген малдың жүн-
дерін жұлып-жұлып алып қалушы еді əлгі тікендері.
Қазақстан шенеуніктерінің көбі де сол қара шеңгелдің ті-
кендері сияқты əркімнен жұлып-жұлмалап алып қалуға əбден

машықтанған əрі құныққан. Адамзат қоғамы өз дамуының
кезекті бір сатысына қадам баса салысымен, тарих сахнасына
өмір сүру салты, атқарар міндеттері де былайғы көпшіліктен
өзгеше бір əлеуметтік топ – шенеуніктер шыға келген. Темекі

сауытынан ыршып шыққан сайтанның сапалақтары сияқты.
Шенеуніктер аса маңызды мемлекеттік қызметтерді қай ел-
де бірінші боп атқара бастағаны əлі де анықталмаған даулы
мəселе, бəлкім олар аңыздағы ежелгі Атлантидада пайда бол-

ған шығар, мүмкін, шығыста жайнап, қара түнек ғасырларда
білім нұрын шашқан Шумер жерінде дүниеге келген болар.
Бір анығы: ежелгі Мысыр елінде, Грекия, Рим империяларын-
да шенеуніктер маңызды мемлекеттік міндеттерді атқарумен

қоса, қатарлары күн санап өсіп, өз уыстарына шексіз билік пен
орасан зор байлық, дəулетті шоғырландырып үлгерген-ді.
Шенеуніктік билік иниституты, мемлекеттік бюрократия-
ның мыңдаған жылдық дəстүрі қалыптасқан Қытай тарихы да

осы шенеуніктермен үздіксіз күрестерден ғана тұратын секіл-
денеді. Қазіргі заманға дейінгі сандаған императорлардың
жарлығымен түрлі қылмыстары, парақорлығы, ақымақтығы,
мемлекет қазынасын талан-таражға салғандығы үшін басы ша-

былған, дарға асып өлтірілген шенеуніктердің саны барлық
соғыстарда қаза тапқандардың санынан көп шығар. Бұндай
қатал жазалаулар Қытайда əлі күнге ара-тұра жалпы халықтың
алдында жүзеге асырылып тұрады. Басқаларға сабақ болуы,

миллиондаған тойымсыз шенеуніктер ел байлығын талан-та-
ражға салып, жапырақтап жеп тауыспауы үшін. Жалпы, Шы-
ғыс елдерінде қылмысты шенеуніктерді жиналған көпшіліктің
көз алдында жазалау дəстүрі ежелден сақталып қалған ғой.

Ұққан жанға осы бір қатал дəстүрдің астарында əділдік те
жатқан сияқты. Өйткені құныққан шенеуніктер ертелі-кеш

қалыптастыратын түрлі деңгейдегі коррупция мемлекеттегі
тұрақтылыққа, оның əлеуетіне ықпал етумен бірге, ең əуелі
адамдардың бойындағы əділет пен шындыққа, адамдық пен
адалдыққа, ізгілікке деген үміті мен сенімінен айырады. Əдетте

«ай» дер ажа, «қой» дер қожа жоқтығын» қапысыз аңғарған,
жазасыздықтарына күмəнданбайтын əрі тойымсыздықтары
шектен асқан шенеуніктер мемлекеттің өзегін жегі құрттай
үңгіп жеп, жаңару, дамуға ең басты кедергіге айналатын көрі-

неді. Сингапурдың экономикалық əлеуетін əлемдік деңгейдегі
жетекші елдердің қатарына жеткізген кемеңгер премьер-ми-
нистр Ли Куан Ю осылай дейді. 1959 жылдан жаңа тұрпатты
мемлекет құра бастаған Сингапурде экономикалық-əлеумет-

тік, саяси реформалар алма-кезек жеңістер мен іркілулерге ұла-
сып, 1990 жылға дейін жалғасты. Ең басты қасірет – коррупция
болған еді. Елдегі ауыздықтаусыз кеткен сыбайлас жемқор-
лық Сингапурдегі реформалардың ұзақ мерзімге созылуына

əкеліп соққан.
Міне, осындай жүгенсіз жең ұшынан жалғасу бүгінгі Қазақ-
стандағы қоғамдық топтардың барлығын дерлік бастан-аяқ
жайлаған тұрақты факторға айналып үлгерді. Əсіресе, оның

деңгейі мемлекеттік қызметкерлер арасында өте жоғары бо-
лып отыр. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару агенттігінің жүргізген зерттеулеріне
қарағанда, сұралғандардың 42,1 пайызы табиғи ресурстарды

қадағалайтын ұйым мен мекемелердің басшылары тұрақты
түрде пара алатындарына күмəнданбайтын боп шыққан. Көр-
сеткен қызметтерінің ірілі-ұсақтығына қарай салық қызме-
тіндегілердің 47,6 пайызы, кеден қызметкерлерінің 46,2 пайы-

зы өздеріне сыйақы, яки пара ұсынылғанын мойындаған. Аса
алаңдатары сол, «Коррупция елімізде ырық бермей кете ме?»
деген сауалға кеден қызметкерлерінің 42,2 пайызы құптап
жауап берсе керек. Яғни, еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың

деңгейі үрей шақыратын, жаппай қоғам болып дабыл қағатын
межеге жетіп отыр. Ұлы Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» эпо-
пеясындағы: «Жаңа заманның зоры болар десем, соры болар
сырларың бар ма еді, қазақтың қалтаңдаған чиновниктері,

қаратаяқтары! Байқадым да, түңіліп отырмын мен сендер-
ден! Мынау түрлеріңе қарағанда алдарсың, талай алдарсың

əлі! Кімдерді алдап, кімдерді сатпас екенсіңдер», (Төртінші
кітап, 264-бет) деген нала мен күңіреніске толы сөздері тура
бүгінгі шенеуніктерге қарата айтылған сияқты. Осыдан біраз
жыл бұрын халықаралық беделді ұйымдар əлемдегі 146 мем-

лекеттегі коррупцияның деңгейін анықтау үшін зерттеу-
лер жүргізгені жəне Қазақстан Гватемала, Зимбабве, Боли-
вия, Венесуэла сияқты елдермен бірге 122 – 128 орындарды
бөліскені мəлім. Сонда əлемде коррупциясы бізден көбірек

жиырма шақты ғана ел бар болғаны ғой. «Баяғы жартас – бір
жартас», одан кейінгі жылдарда жағдай одан əрі төзгісіз бола
түспесе, оңала қоймағаны хақ. Коррупция қоғамдағы баршаны
алаңдатқан тұрақты факторға айналып қана қойған жоқ, күн

санап өсе түсуде. Ол аса күрделі, бір ауыз сөзбен анықтама
беріле қоюы қиын құбылыс. 2006 жылы Қазақстандағы құқық
қорғау органдары аса ауыр 2005 коррупциялық қылмысты
анықтаған, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 33,2

пайызға артық. Сөйтіп 477 сыбайлас жемқорлар құрықталды.
Ал 2005 жылы 1505 коррупциялық қылмыс анықталған еді. Бір
жылдың өзінде айтарлықтай өскені көзге анық ұрып тұр. Деген-
мен, жұртшылық мұндайда заң қармағына майда шабақтар ғана

ілініп, ірі шортандар жалғанды жалпағынан баса беретініне еш
күмəн келтірмейді. Сыбайлас жемқорлықтың ауыздықтаусыз
кеткені сонша, еліміздегі əрбір естияр азамат қандай бір мə-
селенің жүзеге асуы үшін тамыр-таныстық, ағайындық қа-

тынастар, пара, лауазымды шенеуніктердің көңілін таба білу
қажет екендігіне көздері анық жеткен. Тіпті, Ұлттық банктің
төрағасы Григорий Марченко мырза əнебір жылы теледидар-
дан сөйлеген сөзінде: «Дастархан басында отырғанда, оны

білгің келе қоймағанмен, кімнің қандай қызметті қаншаға
сатып алғанынан хабардар боласың», – деп қалғаны бар еді.
Интернеттегі материалдар осылай дейді. Шыны керек, Г. Мар-
ченко айтқан жайт соншалықты мемлекеттік құпия да емес.

Биліктің жоғарғы сатысындағы мемлекеттік қызметкерлерді
былай қойғанда, қарапайым мұғалім немесе МАИ инспекторы
болып орналасу үшін де қанша ақша беру керектігі жұрттың
көбіне айдан анық.

Өкінішті бір жайт, қоғамымызда сыбайлас жемқорлықты
тек пара алу деп бір жақты қабылдау басым. Жеме-жемге кел-

генде, жырынды коррупцияның ең жексұрын, сорақы көрінісі – қылмыстық, ұйымдасқан топтар мен əулеттердің (клан), яки мемлекеттік билік иниституттары өкілдерінің ауызжаласуы. Ымыраласып кетуі. Қазақстан қабылдаған заңдардың басым бөлігі халықаралық биік талаптар мен стандарттарға сай екендігі дəлелденген жайт. Ол ол ма, еліміз коррупцияға қарсы күрес туралы заңдар қабылдаудан əлемдегі алдыңғы орындарда болуы да ықтимал. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңның қабылданғанына біраз жылдың жүзі болды. Сонымен қатар 2005 жылдың желтоқсанында 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама да жүзің күйгір сыбайлас жемқорлықтың тамырына біржола балта шауып, қоғам тəніндегі арамза шөптей отап тастауға бағытталған болатын. Елбасының өзі таяуда: «Еліміздегі шенеуніктердің 99 пайызы адал, турашыл жандар, ал алаяқ 1 пайызын бəріміз жабылып жеңе алмаймыз ба?» деген мəнзелде сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметкерлермен үміттене ой бөліскені бар-ды. Мемлекеттік қызметкерлер сол үмітке, сенімге сай ма?! Əділін айтқан жөн, мемлекеттік қызметкерлерді, елімізді дамытудың аса ауыр міндеттерін мойындарына артып отырған шенеуніктердің бəрін жаппай қаралауға болмас, дегенмен, қоғамда оларға сенім, үміт арту өте төменгі шегіне жеткенін де жоққа шығаруға болмайды. Басқа басқа, Қазақстан Республикасы Мəжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өзі оларға сенбейді екен. Өткен аптада орыстілді газетке берген сұхбатында: «Коррупция же в свою очередь душит конкуренцию, углубляет бедность, сеет беззаконие, подтачивает основы государства», – деп еліміздегі коррупцияға «қатты» алаңдаушылығын білдіре отырып, одан əрі: «Постепенно единичные случаи превращаются в системный беспредел. В действиях бюрократов есть своя логика – терпят, значит, можно еще поболнее прижать... Бюрократия не чувствует, когда нужно остановиться, где предел, за которым люди – какими терпеливыми и безмолвный они ни были – перестають терпеть», («Караван» газеті, № 12. 23 марта, 2007 г.) – деп бойын үрейге жеңдіреді жəне жемқорлардың да ақылға келуі мүмкін екендігінен үміттенеді. Жан тебірентіп айтады-ау депутат ханым, адамның көзіне жас үйіріліп, ашу-ызадан қан қайнап, жүрек шымырлайды. Се-

зімге бой алдырғандар сол сəтте-ақ коррупционер біткеннің
бəрін күл-талқан етер ме еді, бірақ біздің елде сөз бен істің
арасында экватор ұзындығынан да қашық алшақтық бар ғой.
Сыбайлас жемқорлыққа бойы үйренгендердің кəнігі шахмат-

шылардай айла-шарғысы көп-ақ.
Ақпан айының соңына таман Қауіпсіздік кеңесінде шенеу-
ніктердің заңсыз пəтерлерге ие болуы жəне оны бөлудегі заң-
сыздықтар мəселесі қаралған болатын. Миллиондаған қарапайым

адамдардың күнделікті өміріне, тағдырына тікелей əсерін тигі-
зетін осынау маңызды мəселеде елімізде орын алып отырған
заңсыздықтар мен қылмыстарға бұдан əрі көз жұмып қарау,
елемей қою мүмкін емес. Бұл өмірлік мəселе Президенттің

Қазақстан халқына жолдауында тағы да көрініс табуы жағдайдың
бақылаудан шығып бара жатқанын аңғартатыны сөзсіз сияқты.
Мəселен, Батыс Қазақстан облысында бес биік лауазымды ше-
неуніктің əрқайсысына екі қызметтік пəтерден берілген. Орал

қаласы əкімдігінің тұрғын үй бөлімінің бастығы Б.Шамшатовтың,
сондай-ақ қаланың бұрынғы əкімі В.Мұқатаевтың үстінен қыл-
мыстық іс қозғалуда. Мұнда 72 пəтер жоғары лауазымды ше-
неуніктерге заңсыз үлестірілгені анықталыпты. Атырау облы-

сында салынып жатқан пəтерлерді заңсыз бөлуге жол берілгені
де көп адамдардың ашу-ызасын туғызған.
Ол ол ма, Павлодарда қатардағы нотариус ипотекалық бағ-
дарлама бойынша 4 пəтерге қол жеткізсе, «Жедел жəрдем»

дəрігері, армян азаматы осы бағдарлама бойынша 11 пəтерді
иеленіп, бəрін дерлік үйсіз-күйсіз бейшараларға жалға берген.
Мұндай өрескел жағдайлар əрбір облыс, аудан орталықтарында
орын алып отырғандарына жұртшылық еш күмəн келтірмейді.

Таяуда Астанада жер телімдерін екі-үш «Мерседес» автомаши-
насына заңсыз сатқан мемлекеттік қызметкер де қолға түсті.
Несін айтасың, тізе берсе мұндайлар қалың түмен ғой. Тіпті,
Қауіпсіздік кеңесінде ҚР Президенті Н.Назарбаев: «Осындай

адамдарды қара жер қалай көтеріп жүр?» – деп күйзеле сауал
тастаған еді. Шындыққа тура қарайтын болсақ, жекешелендіру
кезеңінде орын алған сансыз заңсыздықтар мен қылмыстардан
кейінгі жылдарда жер-ана ондайларды көтере алмай күңірену-

де, ел күйзелуде. Қазіргі қалыптасып отырған аса өрескел жағ-
дай тұсында да көптеген əкімдердің бірлі-жарым орынбасар-

ларына сөгіс беру, əрі кеткенде кей қызметкерлерге қатаң сөгіс
беру немесе қызметтен босатумен шектелу əдетке айналады.
Сонда пəтерлер бөлуге əкімдердің құзыры жүрмей ма расымен?
Олар осындай аса маңызды мəселеден шынымен тысқары ма?

Олай деуге қарапайым өмірдің шындығы жол бермейді, адам
көңілі сенбейді. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысының про-
куроры Зарлық Лақпаев мырза баспасөз мəслихатында: «Со-
дан бері облыс басшылығында үнсіз қорғаныс ұстанымы пайда

болған секілді... Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сай
пəтер иелену құқығын белден басқан лауазым иелері де бұл
кінəларын мойындайтын түрлері байқалмайды», – деп қын-
жылғаны ойға оралады. Лауазымды шенеуніктер əлгі үнсіз

қорғаныс ұстанымы өздері үшін ең оңтайлы əрі тиімді тəсіл еке-
ніне бұдан бұрын да сан рет көз жеткізіп, тəжірибеден өткізген.
Əккі, жырынды шенеуніктер осындайда сылбыр қимылдау,
сөзбұйдаға салу, ақыры мəселені сиырқұйымшақтандырып,

естен шығарып жіберудің кəнігі шеберлеріне айналған. Өзде-
рін тұйық, ымыраласқан топтың бөлінбес бөлшегі санайтын
өркөкірек шенеуніктер мемлекеттік қызметті бизнестің айрық-
ша түрі деп ұғуды қалыптастырып отыр. Олар өзіне тəн өмір

сүру ережесі, айрықша этикасы қалыптасқан өзгеше бір топ,
айрықша кастаға айналып үлгерді. Сол топтағы бірқатарының
тұғырнамасы мемлекет, ұлттық мүдделерге үш қайнаса сорпа-
сы қосылмайтыны байқалады. Көбісі өз қалтасын қампайтуды

ғана күйттеуден аса алмай жүр. Мəселен, кеденді тексеруге, он-
дағыларға жəрдемдесіп, заңдардың бұзылмауын қадағалауға
Астанадан келген Кеден комитетінің құзырлы қызметкері 5
мың доллар пара алып, қолға түскен. Қазақтың «Ет бұзылса

тұз себерсің, тұз бұзылса не себерсің?» дегені осы. Бір таңда-
нарлығы, еліміздегі шенеуніктердің жалпы санын шектеу-
ге, мүмкін болғанынша азайтуға бағытталған шешімді шара-
лар жиі-жиі қолға алынғанымен, көп уақыт өтпестен-ақ əлгі

мемлекеттік қызметкерлердің саны бұрынғыдан да еселеп өсіп
шыға келеді. Биыл да Үкімет мемлекеттік қызметкерлердің са-
нын шектеуге бағытталған кезекті реформа жүргізуді жоспар-
лап отыр. Мұның бəрі мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін

ұлғайтуға əкеліп соғып, онсыз да бой бермей келе жатқан
инфляцияға тікелей əсерін тигізуде. Мəселен, 1991 жылы мем-

лекеттік билік, басқару жəне құқық қорғау қызметкерлеріне
мемлекеттік бюджеттің 3,1 пайызы жұмсалса, арада он жыл-
дан кейін, 2001 жылы бұл көрсеткіш 19,5 пайызға көбейген
көрінеді, яки жыл сайын 50 пайыздан артық тұрақты өскені

байқалады. Бұл жағдай кейінгі жылдары да тұрақты түрде
жалғаса түсуде. Осының нəтижесінде адамдар арасындағы та-
быс айырмашылығы шектен тыс мөлшерге жетіп отыр. Бай-
лар одан əрмен байып, кедейлер кедейлене түсуде. Елімізде

ауылшаруашылығында орташа табыс ай сайын 15 – 20 мың
теңгені құраса, ал мемлекеттік компаниялардың басшылары
айына 100 мың доллар жəне одан да көп еңбекақы алуға қол
жеткізген. Бұндай теңсіздік шексіз жалғаса беруі мүмкін емес.

Тіпті, демократия жоқтаушысы деп саналатын АҚШ-та осыдан
40 – 50 жыл бұрын елдегі төменгі табыс пен жоғары табыстың
арасындағы айырмашылық 30 – 40 есе болып келсе, қазір 400
есеге жетіпті. Жыл басында мұнда қоғамдық дабыл қағылып,

АҚШ президенті осынау айырмашылыққа баса назар аударды
жəне қалыптасқан жағдайдың əлеуметтік шиеленістерге əкеліп
соқпау жолдарын жан-жақты қарастыруда. Сонымен қатар
Қазақстан шенеуніктерінің жемқорлығы, парасыз ештеңе

шешілмейтіндігі инвесторларды зəрезап етіп, халықаралық
қауымдастықтың алаңдаушылығын өршітуде. Еліміздегі осы
жағдайдың емсіз кеселге айналғанына біржола көзі жеткен Еу-
ропа Одағы соңғы жылдары біздің мемлекеттік шенеуніктерді

оқып-үйретуге, заң аясында тəрбиелеуге бел буғандай. Олар 4
мыңнан астам қазақстандық шенеуніктерді оқытып-үйреткен
жəне осы мақсатқа 1 млн. 400 мың еуродан астам шығын
жұмсаған. Аса қомақты қаржы! Қайран қазақ шенеуніктері-

ай, құрылықтың қиян шетіндегі Еуропа үшін де қымбатқа
түсудесіңдер ғой сендер. Дегенмен, біздің шенеуніктердің беті
бері қарайды, тəрбиелеген соң адал жолға түседі деп илана-
тын еуропалықтардың аңғал əрекетіне таң қалуға тура келеді.

Қураған ағаш қайта гүлдер, тоқтаған су қайта ағар, ал мемлекет
алдындағы, ұлт алдындағы биік парызы, жауапкершілігі барын
бір сəт жадынан шығарған шенеуніктер тəлім-тəрбиемен оң
жолға түседі деу балалық қиял ғой.

2003 жылы құрылған «KS – Консалт» жауапкершілігі шек-
теулі серіктестігі бюджеттен қосымша құн салығын келісім-

шарт негізінде қайтаруға консалтингтік қызмет көрсетуді жол-
ға қойса керек. 2006 жылы аталмыш серіктестік еліміздегі 4
ірі салық төлеушіден 3,5 млрд. теңге алғаны анықталыпты.
Сорақысы сол, аталмыш «KS – Консалт» ЖШС-ін құрушылардың

бірі Салық комитеті төрағасының қазіргі орынбасарларының
бірі, К. деген азамат екен. Мұны Қауіпсіздік кеңесінде Сыбай-
лас жемқорлық жəне экономикалық қылмыспен күрес агентті-
гінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев мырзаның өзі мəлімдеді.

Дегенмен, төрағаның тыңшылар туралы кинодағыдай К. деп
құпиялап отырғаны кім? Əлгі К.-ның «KS – Консалтқа» шы-
нымен қаншалықты қатысы бар? Мұның бəрі жұмбақ күйінде
қалып отыр. Беделді Transparensy Іnternatіonal халықаралық

ұйымының мəліметіне қарағанда, мемлекеттік келісімшарттар
жəне тапсырыс қорытындылары бойынша əлемде жылына
400 млрд. доллар көлеміндегі қаржы талан-таражға салынып,
жымқырылады екен. Бұл жөнінде де Қазақстан шенеуніктері

бүкіл əлемдегі маңдай алды орындарда оқ бойы озық тұрған
іспетті. Мəселен, 2006 жылдың тоғыз айында еліміздегі
шенеуніктер 24 млрд. теңгені тікелей талан-таражға салса,
дəл осы жылдың 9 айында өткізілген тендерлер кезінде 86

млрд. теңге көлемінде заң бұзушылық байқалған. Əлбетте,
құрғақ, жансыз цифрлар адамға соншалық əсер ете қоймауы
мүмкін. Ал осыдан бірер жыл бұрын аяқталған «Ауылды қол-
дау жылы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, еліміздегі тұр-

ғындардың 40 пайызы тұратын ауылдарды өркендетуге жəне
ауыл шаруашылығын дамытуға үш жылда 150 млрд. теңге ғана
жұмсалғанын ойға алсақ, шенеуніктер елімізге қаншалықты
нұқсан келтіргеніне көз жеткізуге болатыны сөзсіз. Миллионда-

ған адамдардың нəпақа-несібесін аз ғана топтар жемтік қылуда.
Жоғары лауазымды шенеуніктер өз ымыраластарын далаға
қалдырмаудың жетік механизмін, қандай жағдайға да бейім
əмбебап жүйесін қалыптастырғаны соншалық, көбісі суға сал-

саң батпайтын, отқа салса жанбайтын сияқты боп көрінеді.
Белгілі ғалым Н.Əміреқұловтың жазуынша, Қазақстан тəуел-
сіздігінің алғашқы 13 жылында жоғары жəне орта білім беру
министрлігінің 10 басшысы ауысқан екен. Сөйте тұра, түрлі

себептермен қызметтерден босатылған шенеуніктердің ешбірі
далада қалған жоқ. Басқа жылы орындар табылады оларға.

Мəдениет жəне ақпарат министрі Е.Ертісбаев мырза да:
«Жəне шенеуніктер ортасында да, журналистер бауырлас-
тығының арасында да сұмпайылар жетерлік»,– деген пікірде.
Министрдің бұл сөздерін орыстілді газеттердің бірі жалау-

латып тұрып берді. Несі бар, бұл ақиқатқа ешкім дау кел-
тіре қоймайды, тек əлгіндей «сұмпайылар» мемлекеттік қыз-
меткерлер арасында анағұрлым көп екенін мойындау керек.
«Түркістан» газетінің өткен санында Нəбижан Нұрлының

«Елді ойлаған ер кəне!» атты ой-толғамы жарияланды. Ав-
тор қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлердің бірсыпырасын
ел, ұлт мүддесі толғандырмайтынын айта келіп: «Мұның бір
жағында өз заңсыз табыстарын жасырып қалу айла шарғылары

жатса, екінші жағынан əлгіндейлерге ешқандай жауапкершілік
жүктелмеуінен. Нақты назар аударар болсақ, еліміздегі саяси,
əлеуметтік-экономикалық реформалар мен демократиялық
жаңарулар шенеуніктердің орта буындарының қатысуынсыз

өткізілуде», – деп аса күрделі жайтқа назар аударған болатын.
Иə, ұлтжанды, ел, мемлекет мүддесін қара басының пайда-
сынан жоғары қоятын шенеуніктерді тəрбиелемейінше ілгері
басқан аяғымыз кері кете беруін доғармайды. Ал əзірге...

* * *
Қыс кетіп, көктем келгенде қара шеңгелдерге ары өткен, бе-
рі өткен малдардың жүн-жұрқасы ілініп желбірейтін. Қазақ-
стан шенеуніктері де сол қара шеңгелдер сияқты: ыңғайы кел-

генді жұлып-жұлмалап қалғанды жақсы көреді. P.S. Отандық
шенеуніктеріміздің «даңқы» дүниежүзіне кең таралғандығы
соншалықты, Еуропа қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы
(ЕҚЫҰ) Алматыда осы дүйсенбіден бері арнайы жиын өткізді.

Үш күн бойы алыстан арнайы ат арылтып келген тəжірибелі,
білікті мамандардың басты мақсаттары біреу-ақ: Қазақстандағы
сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою. Олар да армандай береді
екен-ау...

2006 ж.

АҚША ЖƏНЕ АДАМГЕРШІЛІК

Министрге майлы ет жеуге бола ма?
Қоғамымызда жалпы мемлекеттік қызметкерлердің, əсіресе
бірсыпыра жоғары лауазымды шенеуніктердің абырой-беделі
аса төмен екендігі екінің біріне аян. Соңғы кездері жүргі-

зілген əлеуметтік зерттеулердің нəтижелері бұған еш күмəн
қалдырмайды. Қазақстанда түрлі салаларда жиі қолға алы-
нып, сынақ түрінде үстемелеп жүргізіліп келе жатқан сан алу-
ан əлеуметтік-экономикалық, саяси реформалардың оңтай-

лы түрде жүзеге асырылып, табысты орындалуына тұсау –
еліміздегі саны өрескел көп мемлекеттік қызметкерлердің кə-
сіби білігінің тым төмендігі, енжарлығы мен көптеген құзыр-
лы мекемелердің «балабақшаға айналуы» жəне бірсыпыра ла-

уазымды тұлғалардың оралымсыздығы екендігі айқындалып
отыр. Бұған жұртшылықтың еті үйреніп алғандығы сонша,
қалыптасқан сорақы жағдайды «Баяғы жартас – бір жартас...»
деумен ғана шектеліп келеді.

Дəп қазіргідей күрделі жағдай, əлемдік қаржы, экономика-
лық ауыр дағдарыстың үрейі мен елесі қоғамда қатты алаңдау-
шылық туғызып отырған өліара кезеңде əрбір мемлекеттік
қызметкер буырқанған толқындағы жеңіл қайықты шайқаудан

абай болатын тіс қаққан теңізшідей аса сақтық, ұстамдылық
танытуға тиіс екендігі айдан анық. Əсіресе, жоғары лауазым-
ды шенеуніктер жеке ведомстволық мақсаттан гөрі жалпы
мемлекеттік, қоғамдық мүддені басты орынға қоюға тиіс. Алай-

да, еліміздегі бірсыпыра биік лауазымды тұлғалар өздерінің
күмəнді ұстанымдары мен толық піспеген ұсыныстарын жан-
жақты сарапқа салмастан, дүйім жұртқа дүмбілез күйінде жа-
риялауы соңғы кездері жиі орын алуы алаңдатпай қоймаса

керек. Турасын айтқанда, осындай жағдайлардан соң қоғамда
түсінбестік, дау-дамай, кикілжіңдер үнемі бой көрсететіні
аңғарылып жүр. Ең қауіптісі сол, соңғы уақытта біртұтас
Қазақстандағы барша азаматтарды көпе-көрнеу жіктеп, түрлі

əлеуметтік топтарға қарай орынсыз алалау байқала бастады жə-
не мұндай келеңсіздік қоғамдағы алауыздықтарға таптырмай-
тын желеу болатын қаупі бар. Денсаулық сақтау министрлігі

2011 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның
жобасын əзірлеп, оны жұртшылыққа таныстыруды министр
Жақсылық Досқалиев мырза өз мойнына алды. Жақында
биік лауазымды мырза Қызылжар өңірінде Денсаулық сақтау

министрлігі 2011 жылдан бастап алкогольдік ішімдік пен
темекіден зардап шеккен адамдарды тегін емдеуден бас тарт-
пақшы болып отырғанын асқақ үнмен жеткізген. Еліміздің
Бас дəрігері: «Зиян əдеттердің кесірінен немесе техника қауіп-

сіздігін сақтамағаннан зардап шеккен адамдар жартылай ақы-
сын төлесін!» – деп Денсаулық сақтау министрлігі бұдан бы-
лай табан тірейтін күмəнді ұстанымның құлағын қылтитқан.
Осыған дейін-ақ қызылжарлық шаш ал десе, бас алуға дайын

кейбір дəрігерлер ішімдіктен зардап шеккендерге жедел жəрдем
қызметінен кейін ақы төлеуді талап етіп те үлгеріпті. Іле-шала
еліміздегі базбір бұқаралық ақпарат құралдары мен көптеген
дəрігер мамандардың өзі ішімдік ішкендерден ақы алу мүмкін

бе, жоқ па дегенді қызу талқыға салып бақсын. Ешқандай заң-
дық негізі жоқ мұндай өрескел шараның кездейсоқ жүзеге асы-
рылуы тар ведомстволық жүгенсіздік, заң тұрғысынан қатаң
жазалануға тиісті қызмет бабын асыра пайдалану екендігіне

ешкім бас ауыртатын емес, өкінішке қарай. Əйтсе де Денсаулық
сақтау министрлігінің өрескел ұстанымына жасыл шам жағы-
лып, алдағы жылдары аса сорақы арнайы заң қабылдануы да
ықтимал. Тіпті, шылымқорларда көп кездесетін созылмалы

бронхит пен қан тамырының тарылуы (мұндай сырқат түрлері
шылым шекпейтіндерде де кездесетіні сөзсіз), тағы басқа
сырқаттар ақылы түрде емделсін-ақ. Ал жан-жақты сарапқа
салынбаған, қоғамдық талқылаудан өтпеген жарымжан заң

өзін-өзі қаншалықты ақтайды? Адамдарға, қоғамға, мемле-
кетке қаншалықты пайдалы? Министр мырза айтқан «зиянды
əдеттер» дегеннің астарында қандай құпия жатыр? Мəселен,
мұздай балмұздақты сүйетін əрі көп жейтін сəбилердің түрлі

сырқатын бұдан былай əлгі «зиянды əдеттерге» жатқызамыз
ба, жоқ па?! Əлемдік дəрігерлердің басым бөлігі кофені көп
ішу де денсаулыққа зор нұқсан келтіретінін айтып, жиі дабыл
қағуда. Тіпті, шамадан тыс пайдаланған кофе түрлі ауруларға

əкеліп соқтыратыны біржола дəлелденді деуге де болады. Ен-
деше, кофеқұмарларды қайтпекпіз?

Сондай-ақ маман дəрігерлердің пікірінше, етті шамадан тыс
мөлшерде пайдалану да адам ағзасына елеулі нұқсан келтіріп,
денсаулыққа орны толмас зиян əкелетін көрінеді. Əсіресе, шыл-
қа-шылқа майлы ет, семіз қазы-қарта да қауіпті екен. Ешқашан

пышағының сабы майдан кеппейтін түрлі əкімдер, биік лауа-
зымды шенеуніктер, депутаттар мен байшікештер ауырғанда
«зиянды əдеттердің кесірінен» зардап шеккендерге жатқызу ке-
рек пе, жоқ па?.. Тізбелей берсек сандаған сауалдар туындайтын

сұры бар. Ең сорақысы сол, Денсаулық сақтау министрлігінің
техника қауіпсіздігін сақтамай, абайсызда бақытсыздыққа
ұшырағандарды да ерекше бөліп алуға ұмтылуы болып тұр.
Жаңа ұстанымға қарағанда, табан асты бақытсыздыққа ұшыра-

ғандарға бұдан былай қажетті медициналық көмек көрсетіл-
мей, адами тағдыры саудаға салынады дегенді білдіретін
секілді. Бақытсыз жағдайда аяқ-қолынан айрылып, жарымжан
болғандар мен ақ халатты дəрігерлердің арасында қызу сауда

жүргізіліп, бақытсыз оқиғаның техника қауіпсіздігін сақтау
немесе сақтамаудан орын алғандығы жөнінде дау-дамайға
ұласуы мүмкін. Оған қоса Жақсылық Досқалиев мырза халық
емшілеріне көп баратын қарапайым жұрттан да ақша сауып

алуға кет əрі емес. «Осындай науқастар кемінде медициналық
қызметтің жарты ақысын төлеуі керек», – дейді ол. Иə, қазір
жұрт дəрігерлерге онша сенбейді жəне сондықтан сырттан ауру
жанға көмек іздейді. Еліміздегі медицина саласы мүлдем ме-

шеу болса, осы салаға қатысты коррупциялық қылмыстардың
шет-шегі көрінбейтін болса, енді қайтпекші?! Қайта, минис-
тр мырзаның халық емшілерін түгелдей қапасқа тоғыту ке-
рек демегеніне шүкір! Министр мырза ішімдік ішкендер де,

кездейсоқ бақытсыз жағдайға ұшыраған жандар да ең əуелі
Қазақстанның толыққанды азаматтары жəне бюджетке адал
салық төлеушілер болып табылатынын естен шығарған секілді.
Сол салық төлеушілердің ақшасынан министрліктің көптеген

лауазымды тұлғалары нəпақа тауып, еліміздегі денсаулық
сақтау саласының да дамып отырғанын ескермеуі өкінішті-ақ.
Заң баршаға ортақ болуға тиіс жəне заң алдында адамдардың
бəрі бірдей жауапты. Еліміздегі азаматтарды көпе-көрнеу ала-

лау, кейбіреулерді төменгі сортқа жатқызудың түбі жақсылыққа
соқтырмауы мүмкін. Оның үстіне ауыр дағдарыс кезеңі түрлі

түсініксіз эксперименттер жасайтын, халыққа жік салатын
уақыт емес қой. Əсіресе, қоғамдық тұрақтылыққа кері əсерін
тигізетін ағат қадамдар мемлекет үшін аса қауіпті болмақшы.
Өкінішке қарай, кейбір лауазымды басшылар өз құзырындағы

ведомстволар үшін тек қосымша қаржы табуды мемлекеттік
мүддеден жоғары қоятын сыңайлы. Олар үшін ең бастысы –
ақша!..
Осы орайда қазақ ауыз əдебиетінің кейбір нұсқаларында сөз

болып:
«Төбел тазға төрт теңге,
Ойма тазға он теңге,
Қырма тазға қырық теңге,

Самай тазға сан теңге»,
делінетін жыр жолдары еріксіз ойға оралады. Осындай күмəнді
ұстанымдардан өзге салалық ведомстволар да үлгі ала кетіп,
бұдан былай төтенше апаттан құтқарушылар да қар астынан

қазып алған азаматтардан ақша сұрай бастауы мүмкін. Өрт
сөндірушілердің тіпті қуана беруіне де болады. Əрбір өрт сөн-
дірілген сайын бақытсыз адамдардан олардың да ақша талап
етуіне кең жол ашылмақшы.

Бірақ мемлекет мүддесі бейбақ адамдардан тек қосымша
ақша талап етумен, алумен ғана шектелмейді. Оның ауқымы
мүлдем кең. Мемлекеттің басты мақсаты – адамдардың өмірін
жайлы ету, əрбір жеке адамның қоғамға аса қажетті екендігін

сезінуіне жағдай жасау. Адамдардың өміріне кепілдік беріп,
бақытты өмірін қамтамасыз ету. Ауру жандар мен мүгедектерге
мейлінше қамқорлық көрсету. Олай болса, базбіреулерді те-
гін емдеу, ал адамдардың басқа топтарын түрлі сылтаумен

ақылы түрде емдеу түрлі коррупциялық əрекеттерге, жап-
пай заң бұзушылыққа əкеліп соғуы былай тұрсын, айрандай
ұйыған Қазақстан қоғамында алауыздық, орынсыз дүрбелең
туғызатыны айтпаса да түсінікті. Министр Досқалиевтің жаңа

ұстанымы əлемдік əдебиет пен терең философияның жауһар
жəдігері – «Қорқыт Ата кітабын» еріксіз еске түсіреді. Мəңгі-
лік шығармада бір заманда асқан ерліктерімен аты жайылған
оғыздардың əміршісі ұлан-асыр той жасап, шақырылған

батыр-бағландардың ұлы барына ақ мал сойып, алтын ша-
тырда күткені, ал қызы барға қара түсті мал сойып, қараша
үйде қонақ еткені туралы сөз болатын. Өз кіндігінен тараған
ұрпағы жоқ ерлерді менмендікпен көзге ілмей, елеп-ескерусіз

қалдырған. Осыдан соң айрандай ұйыған даңқты оғыздардың
арасына іріткі түсіп, алауыздық пен бақталастық, наразылық
өршиді. Бір ғана дүмбілез ұстанымның ақыры тарихта терең
із қалдырған қуатты мемлекеттің біржола ыдырауына əкеліп

соқпаушы ма еді?!
Р.S. Бет қатталып жатқанда «Қазатомпром» ұлттық компа-
ниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жəкішевтің денсаулығы
жөнінде жалған ақпар таратқан белгілі кардиолог Владимир Бо-

борыкин осыған дейін өзінің кəсіби міндетін адал атқармағаны
жөнінде мəлімдеме жасады. Ол күмəнді құжаттардың негізінде
жалған қорытынды жасап, жұртшылықты алдауға дейін бар-
ған. Ал Қазақстанның денсаулық сақтау саласында мұндай

дəрігерлердің саны некен-саяқ деп айту мүмкін емес. Сірə,
«Алтын көрсе, періште (дəрігер) жолдан таятыны» жел сөз
емес болғаны ғой...
2011 ж.

ЖАҒЫМПАЗДЫҚ – ДЕРТ

Ақсүйектік маңғазықтан айырылғандардың ахуалы
Соңғы айларда алыс, жақын шет елдерден келген маусым-
дық жалдамалы жұмыс күшін заңдастыру науқанының аясын-
да Алматыда іргеміздегі көрші елдерден келген азаматтардың

күрт көбейе түскені анық байқалады. Əсіресе, қоғамдық
көлік жүргізушілері арасында. Таяуда таңертең №40 мар-
шрут бойымен жүретін шағын автобустардың бірінде жүргізу-
ші мейлінше қаңғырлатып өзбек əндерін қойып, ығырымызды

шығарғаны. Мен музыка маманы емеспін, сондықтан ол əндер-
дің көркемдік деңгейі қандай екенін айта алмаймын, тіпті,
қандай тақырыпта айтылып жатқаны да беймəлім, бірақ жүйке
мен құлақ жарғағының да обалы бар. Бірталай шыдап, ақыры

өзбек əндерінен жалыққан басым:

– Уай, туысқан, өзбекше əндерге тойып біттік. Бар болса

енді қазақша да қойсаңшы, – дедім одан əрі төзе алмай.
Алдыңғы орындықта отырған егделеу қазақ əйелі маған
мойнын кілт бұрып:

– Тыңдай берсін де, ұят емес пе?! – деді жақтырмағанын сұ-

сымен танытып. – Несі ұят?! Өзбекше музыканы Ташкенге жол
түскенде тыңдармыз. Ал қазақ жерінде қазақша тыңдағым кел-
се, несі ерсі?! Қайта сіз айтудың орнына, маған ұрысқаныңыз
қалай?

– Қой, сөйлеме! «Ауыл итінің құйрығы қайқы» деген. Жер

өзіміздікі деп қайдағы жоқты бықсытпай отыр, – деді айналай-
ын апайым аузыма біржола құм құйып. Əуелде абдырап қал-
ған өзбек жүргізуші табан асты жақтасы табылғанын арқалан-
ды ма, музыка даусын сəл бəсеңдеткені болмаса, былқ етпеді.

Іштей қатты құлазығаным-ай... Шынымен-ақ менің ісім ұят па?!
Қаладағы қоғамдық көліктерде қандай əндерді естімейсің. Түк
мағынасызы да, өмірден түңілгені де, бейəдебі де, асқан анайы
əн де осында. Ылғи орысша, ағылшынша, түрікше, ұйғырша.

Радиостанциялардың да барлығы дерлік шет тілдерде хабар
жүргізеді. Қоғамдық көліктерде бір ғана музыкаға тыйым
салынған сияқты. Қазақ əндері мен күйлеріне! Ал қоғамдық
көліктердегі ахуал, музыка мен əндер көпшілік адамдардың

санасына айтарлықтай əсер ететінін, Тəуелсіздік, мемлекеттік
туралы көзқарастың осында да қалыптасатыны мүлдем назар-
дан тыс қалған. Дəл осыны реттеуге аудандық əкімшілік, ав-
топарк басшыларының-ақ құзыры мен құдіреті жетеді емес

пе?! Тек жалған сыпайылық немесе намыссыздық мойын бұр-
ғызбайды да. Ал соңғы уақытта ойға Диогеннің бөшкесі жиі
оралатын болып жүр. Əйгілі бөшке ғой... «Азуын айға білеген
арыстан жүрек Ескендір Зұлхарнайын (Александр Македон-

ский) бөшке ішінде ойланып жатқан Диогенге келіп, ұлы
философқа:

– Диоген, тілегіңді айт! Қалағаныңның бəрін мүлтіксіз

орындаймын, – дейді менменсіп. Сонда данышпан грек:

– Көлеңкеңді түсірмей, күннің көзінен былай тұршы», –

деуші еді ғой аңызда. Жеке басын сыйлаудың, мəртебесі биік
патшамен өзін тең тұту, адами тəкаппарлықтың нағыз үлгісі
осы емес пе?! Қарапайым пендеге жарық күн, тұнық ауа, өзі-

нің күрделі ойларымен жеке қалудан асқан бақыт жоқ. Шын
мəнінде азат адам ғана өзгеге жарамсақ болмайтыны адам-
зат тарихында талай рет дəлелденген, яғни жағымпаздық
еркін басты құлдыққа əкелетін ездіктің баспалдағы. Əсіре

жағымпаздық адамдар бойындағы құлдық психологияның
ең сорақы көрінісі жəне рухани азаттық, іштей еркіндіктен
мақұрым ортада жəреуке жағымпаздық қоғамдық өмірдің
барлық саласын шырмап, азат, тəуелсіз ой мен сананы əрқашан

шідерлеп, бұғауда ұстайтынын адамзаттың аузы дуалы барша
кемеңгерлері де баса айтып өткен-ді. Жағымпаздық жаппай
өркендеген қоғамды парақорлық, коррупция жайлайтыны да
бесенеден белгілі. Қараңызшы, қазір бізде əлгі Диоген сынды

батыл əрі ешкімнің дəргейіне бас ұрмайтын, өзін орынды асқақ
əрі сыпайы ұстай білетін, жарбағай жағымпаздықтан бойы
аулақ адам бар ма? Əй, қайдам...
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары алаш арыстары-

ның бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Америка ғалымы Джеймс
американдықтарды тым ұшқалақ, қунақы, ісшіл деп айыпта-
са, бізге қазақ жұртын тым керенау, тым өлі сүйек, тым іссіз
деп айыптауға тура келеді. Үндістандық көршілеріміз күніне

жарты сағаттай дамылдап, терең мəселе туралы терең ойға
батса, қазақ жұрты тамақ ішуге дамылы кеткені болмаса,
одан өзге өмірінің бəрін бос сөзбен, жалқаулықпен, ұйқымен
алады. Алдын болжай алмайтын бейқамдық, іске мойны жар

бермейтін еңбексіздік, тағы сондай жаман əдеттер жұртқа қан-
дай зиянды десеңші...», – деп қапаланған болатын. Жəне ұлы
Жүкең – Жүсіпбек Аймауытов өзі айтатын «тағы сондай жа-
ман əдеттердің» қатарындағы ең ұсқынсыз əрі жиренішті əдет –

осы жағымпаздық деп санаған. Əрине, жағымпаздық адамға
бір күнде қона кететін дерт емес, ұзақ жылдар бойы үздіксіз
қалыптасатын ұсқынсыз кейіп. Бір кездері ұлы Абай да осындай
кеселді мінез-құлықтарды: «...Ұлықтар алып берем деп, даугер-

ді жеп, құтқарам деп, ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық
айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не
өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші – бұзақылар
біреудің ойында жоқ пəлені ойына салып, бүйтсең бек боласың,

бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың
деп, ауқаттыларды азғырғалы əлек болып жүр. Кім азса, мен

соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана
азық қылайын деп жүр», – деп күйіне, ащы ызамен сипаттаған
еді. Иə, өз айналасын қоршағандардың бойындағы жағымсыз
қылықтар, жексұрын əдеттерден жеріп, жиіркенгендердің ұзақ

тізімін бұдан əрмен де тізе беруге болады. Абай айтатын «өсек,
өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтық» сияқты
бес жаман əдетке енді қазақтың бойындағы аса жиреніш-
ті мінез – жағымпаздық пен табанының тайғанақтығы қосы-

лып, алашты аса бір сүйкімсіз, бейшара кейіпке түсірді. Ал
əдетте ересектердің аңғалдығы күлкілі, қулығы сүйкімсіз,
жандайшаптығы жиренішті. Жағымпаздықтың ең ұсқынсыз
нұсқасы кішіпейілдік пен сыпайылықтың сипатын жамылуын-

да – өзге ұлт пен ұлыстарды өзімізден жоғары санауымыз ділі-
мізге зор қатер төндіріп отыр.
Жағымпаздық қоғамдық сананың құрамдас бөлігіне айнал-
ған елде адамдардың жеке драмасы мен трагедиясы да кең өріс

алатыны сөзсіз. Оның орын алуы мен дəлелдері түрлі кейіптер-
де көрініс табады. Əсіресе, қазіргі Қазақстанда бұл айрықша
анық байқалуда. Итальяндық «Ренко» компаниясының прези-
денті Ренальдо Гаспаринидің: «Мен əлемнің 141 елін аралаған

адаммын. Солардың ішінде өз мемлекетінде тұрып, өз ана
тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім.
Ол – қазақ халқы», – дегені осыған дəлел. Жоқ, бұл қасиетті
қазақ халқын табалау, жанды жарасына тотияйын тамызу емес,

бүгінгі қалыптасқан ащы, соншалық сорақы əрі жиіркенішті
шындық осындай. Ал ауыр шындықты мойындаған əрі ашық
айта білген қоғам ғана азаттыққа шынымен құқылы. Ренальдо
Гаспаринидің қасіретті сөздерінің шынайы мəні – қазақ халқы

ұлт ретінде тарихтан біржола жойылу алдында тұрғаны деп
қабылдаған жөн. Өткен жазда Тараз қаласында тағы бір ұлт,
еліміздегі жаңа ұлт өкілі табылғаны туралы БАҚ-тар қуана ха-
барлады. Ең сорақылығы сол, қаладағы «Халықтар достасты-

ғы» қоғамдық ұйымы шибин деген ұлт өкілі – В.Джоны əділет
органында табанын жерге тигізбей заңды түрде белгілеткен.
«Қытайда 1,3 миллиард қытайлықтар тұрады деп айтыла-
ды. Бірақ оның барлығы қытай емес қой»,– депті əлгі В.Джо

ақылдымсып. Осы сөздерді ол ҚХР-ға барып айта алар ма
еді, жоқ па, ол жағы белгісіз. Ұлттық жағымпаздығымыздың

айықпас дертке айналғаны соншалықты, еліміздегі билік бүгін-
де қазақ халқының, тілінің проблемаларын шешуден гөрі,
Қазақстандағы əлгіндей сансыз ұлттарды анықтауды жəне
санын мейлінше көбейтуді басты мақсат етіп қойған сияқты.

Осындай амалдармен еліміздегі ұлттардың санын БҰҰ-ға мү-
ше мемлекеттердің санымен теңестіріп те қалар-ау таяу жыл-
дарда. Мұның бəрі қазақты тұқырту, «сендер де бар болғаны
Қазақстанды мекендейтін 130 ұлттың бірі ғанасыңдар» дегенді

ұқтырудың сорақы амалы. Осыдан шамалы уақыт бұрын вице-
премьер Кəрім Мəсімов Үкімет отырысын алғаш рет жарты-
лай қазақша жүргізуге талаптанды. «Қазақша жүргізді» деген
атауы ғана ғой, əйтпесе атқарушы биліктегі ең биік лауазым-

ды қызметкердің бірі қолындағы қағаздан көз алмай, бейша-
ра қазақ тілі заңдылықтарын белден баса шылпара талқандап,
бұрмалап сөйлеуі жұртшылықты қуанта қойған жоқ, қайта
еліміздегі мемлекеттік тілдің жағдайы мейлінше ауыр екенді-

гіне кезекті рет дəлел болған. Бейшаралықтың бізді əбден
меңдегені сонша, Мəскеуде ұлы Абайдың ескерткіші орнатыл-
ған күндері (ескерткіштің көркемдік деңгейі бөлек əңгіме) теле-
арналардың бірінде: «Мəскеуде қазақстандық ақын – Абайға

ескерткіш ашылды», деп көйітілді. Апыр-ай, бұдан асқан қор-
лық болмас! Тіпті, ұлы Абай да ұят пен шарасыздықтан қабі-
рінде аунап түскен шығар. Жоқ, əлгі тележурналистің «қазақ»
деуге тілі келмей тұрған жоқ, жағымпаз жұрттың атын атауға

намыстанғаны болар. Бəлкім, жиренетін шығар...
Сондай-ақ, Лондонда тұратын Смайыл Кісенжин деген қа-
зақ азаматының: «Ұлымыз екеуміз Қазақстаннан келген бала-
лармен жүздесу үшін осындағы оқу орындарын талай арала-

дық. Əрбір университетте 40 – 50 қазақ балалары оқиды деу-
ге болады. Ең сұмдығы сол, əлгілердің 4 – 5-еуі ғана қазақша
білетін боп шығады. Сосын амалсыз ағылшынша сөйлесе-
міз», – деп жыларман күй кешкені бар. Демек «Болашақ» бағ-

дарламасы бойынша немесе өз күштерімен шет елдерде оқып
жатқан əрбір оныншы бала ғана ана тілін білетін болғаны ғой.
Ұлттық трагедияның үлкені осы емес пе?! Басқа діндерге өтіп
кетті делінетін 500 мың қазақтың намыссыздығына əу бастағы

жағымпаздығымыз кең жол ашқаны да айқын. Жеке басын,
өз парқын бағаламағандар туған халқын да қастерлей білуі

мүмкін емес. Жалпақшешейлік, жөнсіз көңілжықпастық жеке
адамға жарасқанмен, ұлттық мінезге айналмауы керек.
Осылайша таяу жылдарда ана тіліміз қолданыстан біржо-
ла қалып, қазақ ұлтының аты да ежелгі сақтар, ғұндар, прототү-

ріктер сияқты тек тарихи оқулықтар мен ғылыми еңбектерде,
энциклопедиялық сөздіктерде ғана аталатын болмақшы. Тура-
сына көшсек, жойылып бара жатқан экзотикалық ұлт ретінде
қазақтарға мемлекет алдында бұдан əрі ешқандай жауап-

кершілік, мойнына парыз жүктелмеуге тиіс. Өйткені кəмелетке
толмаған балалар мен жойылғалы тұрған этностар еш міндет
пен жауапкершілік атқаруға қабілетсіз. Оларды мемлекет
тікелей қамқорлығына алуға тиіс жəне əлгілердің басты мінде-

ті – қиын өмірде өзін өзі сақтап қалу үшін жанталасу ғана. Осы-
дан бір жарым ғасырдай бұрын, сонау 1862 жылы Герман Вам-
бери Орта Азияны аралаған сапарында қазақтар туралы: «Сапар
шеккен жолымда олардың саны туралы сұрағыма олар күліп:

«Ең əуелі даладағы құмды, содан кейін бізді сана», – дейтін...
Біз олардың бойындағы бір жағынан музыка мен поэзияға де-
ген үлкен бейімділігін, екінші жағынан олардың ақсүйектік
маңғаздығын аңғарып, қатты таңырқадық», – деп жазып,

сүйсінген. Арада 150 жылдай уақыт өткенде шетелдіктердің
бұрынғы сүйсіне таңырқауы ұмытылып, тəуелсіздік алғанда
бейшара қазақты аяушылыққа ұласып, мүлдем басқа сипатқа
айналғаны өкінішті. Расында, біз бейшара қалыпқа қалай түстік,

бұрынғы «ақсүйектік маңғаздығымызды» қашан жоғалттық
жəне жағымпаздық бойымызды қалай жаулап алды?!
Қызыл КСРО-ның, коммунистік жүгенсіз империяның ез-
гісі қазақ халқының бойындағы сансыз асыл қасиеттерден

айырып, өмір сүру үшін жаңа жағдайға бейімделгіш, жалтақ,
жарамсақ адамдарды тəрбиелеуге мұрындық болған. Ресми
идеология күндіз-түні осы мақсатта тоқтаусыз жұмыс жүр-
гізді. Ленинді көкке көтере табыну, одан соң Сталиннің жеке

басына құлдық ұру, кейіннен коммунистік партияның бас-
шыларына олар өлгенше ешқандай сын айтылмауы, қайта
орынсыз дəріптей беру адамдардың бойындағы жағымпаздық
мінез-құлықты одан əрмен қоздыра түсті. Əуелі 1916 жылғы

ұлт азаттық көтерілісінде мыңдаған қазақтардың өлтірілуі
қазақтарды тұқыртудың алғашқы амалы болатын. Əсіресе,

1931-33 жылдардағы коммунистер əдейі ұйымдастырған аш-
тықта 1,5-2 млн. адам опат болған, одан соң 1937-38 жылда-
ры халық жаулары ретінде ондаған мың ең таңдаулы өкілдері
атылған, түрмелерде өлтірілген қазақ халқының жағдайы аса

мүшкіл еді. Қандықол коммунистер жүргізіп отырған өрескел
саясатқа тез бейімделіп, жағымпазданбаса, орыстарды аға ұлт
ретінде мойындап, олардың алдында бас ұрмаса халық ретінде
біржола жойылып кетуі ықтималдығы басым болатын. Мұны

тез аңғарған көптеген адамдар жағымпаздық қана өзі үшін
бақытты өмір, биік мансапты қамтамасыз ететінін біліп, осы-
лай өмір сүруді бұлжымас кредосы ретінде таңдап алды. Өмір
сүрудің ережесіне айналдырды. Сол жағымпаздық əлгілердің

тектік қоры бойынша елімізде одан əрі бой бермей өрши түсу-
де. Есесіне, жағымпаз жан мен ұлтты қорлауға əркім-ақ даяр
екенін де дау туғызбайды. Өйткені жағымпаздардың намыс-
сыз келетіні, қашанда жалтақ болатыны бесенеден белгілі.

Осыдан біраз бұрын қазақтілді ақпарат құралдарында жаңа
жарық көре бастаған «Тайм аут Алматы» журналында «Ал-
матыны сүюдің 20 себебі» атты мақала жарияланғаны, онда
Тəуелсіздік монументін «фаллосқа» – еркектің ғауратына

теңегені туралы тіксіне əрі шошынып жазылды. «Тайм аут
Алматы» дегенін қарапайым аударсақ «Алматы бəрінен тыс
қалған уақыт» деуге келіңкірейді ғой. Əрине, журналдың
бас редакторы Мəди Мəмбетов, Бас директоры Меруерт

Қадыржанова ханымның «Алматы бəрінен тыс қалды» де-
ген тұжырымдарымен келісуге де болар. Сөйтсе де, ұлттық
символды – «фаллосқа» теңеу тың жаңалық! Иə, жағымпаз
жұртты басқа ұлттар түгілі, «жаңа қазақтар» да енді осылай

қорлайтынына көну, мойынсұну қажет. Жалпы, кең дүниені,
қоршаған ортаны, сұлулық пен көркемдікті əр адам əртүрлі
бейнеде қабылдайтыны, эстетикалық қабылдау, түйсінуі
əрқилы болатыны заңды. Мəселен, кейбір жезөкшелер ерек-

ше томпайған, сəл жоғары шаншылған нəрсенің бəрін ғаурат
ретінде қабылдайды екен. Тіпті, ғылым тілінде бұл дерттің аты
да бар көрінеді. Бұл да сондай шығар. «Жаңа қазақтар» демекші,
соңғы жылдары байығандар маңына оққағарлар ғана емес,

жағымпаздарды да топтастыруға мейлінше құмар. Оған əркім-
ақ куə. Сөйте тұра жаңа байығандар өздеріне жағымпазданып

жүргендерге де сенбейді, бастарына бұлт үйірілсе, реті келсе
бұлт етіп аунап кететінін, ұйыққа батыратынын іштей жақсы
сезеді əрі əркез қауіптенеді. Сондықтан, олардың бойынан қор-
қыныш ешқашан арылмайды. Тіпті, «Валют-Транзит» банкінің

басшысы Андрей Беляев мырзаның тағдыры да осыған сабақ
сияқты. Осыдан біршама уақыт бұрын оны иін тіресе қоршаған
жандардың қазір үні де естілер емес. Шіркін-ай, бірі қорғап,
жағдайды айтып түсіндіріп сөйлесеші... Сондықтан, «Жаңа

қазақтар» зəулім сарайларын түрменің тас қорғанына ұқсас
биік дуалдар, темір арандармен қоршауға, арсылдаған қасқыр
иттер ұстауға құмар. Ал күзетшілері қасқыр иттерден де əрмен.
Рұқсат етілсе кең сарайларын айналдыра мина көміп, пуле-

меттер орнатар еді. Олардың əрқашан шет елге қашуға дайын
тұратындықтарының астары да өзін қоршаған жағымпаздар-
дан қорқыныштың əсері. Өзі жағымпаз болған адамдар айнала-
дан еш жақсылық, ізгілік көре алмайтыны мəлім. Бір ғажабы,

жағымпаздық біздің парламентті де жайлаған көрінеді. Оған
Парламенттегі күздегі оқиғалар мен қызу пікірталастар дəлел.
Жаңа теңгенің тағдыры қызу талқыға түсіп жатқан сөзталаста
шыдай алмай кеткен Амангелді Таспиховтың: «В парламен-

те нет аксакалов, коксакалов, агашек, братишек и так далее.
У всех мандаты одинаковые», – деуі түрлі ойға жетелейді.
Яғни, халық қалаулыларының өзі осы уақытқа дейін əлгіндей
иерархиямен амалсыз жұмыс жүргізіп келген ғой. Ең қызығы,

осы дауда енді бір депутаттың: «Кейбір жаңа сақал қойғандар
сақалының ұзындығын міндетсініп, бəрімізге ақыл айтып шы-
ға келеді», – деген мəнзелде пікір қосып, ай мен күннің аманын-
да өкпелеген болды. Халық қалаулысының кімдерді меңзегені

беймəлім, бірақ Қазақстан Парламентінде сақал мəселесі де
қиын проблемаға айналған іспетті. Бірақ, əңгіменің түбірі, мə-
нісі сақалда емес, ақыл, отансүйгіштік, ұлтжандылықта жатқа-
ны кəміл. Əйтпесе, «Сақалын сатқан кəріден, еңбегін сатқан

бала артық» екені бесенеден белгілі жайт емес пе?!
Қазақстанда жағымпаздықтың өмір сүру салтына айналғаны
соншалықты, Үкімет алдағы жылдарда мемлекеттік тілді жа-
ңа игере бастағандарға айтарлықтай сыйақы бермекші.Бұл

істің қалай шешілері белгісіз, бірақ осындай өрескел ұсы-
ныстардың бар екені шындық. Мұның өзі ұлтына, нəсіліне

қарамай осыған дейін мемлекеттік тілді жетік меңгерген
миллиондаған отаншыл адамдарды, еліміздің шынайы па-
триоттарын кеміту, əсіресе, ана тілінде сөйлейтін қазақтарды
тұқыртудың тағы бір амалы. Бұл – автоинспекторлардың жол

ережесін үнемі бұзатын жүргізушілерді марапаттап, сыйақы
бергені сияқты қисынсыздық. Осы уақытқа дейін мемлекеттік
тілді меңгермеген, Ата заңды мойындамай келген кертартпа-
ларды майлы тоқашпен алдамақ. Ал əділдікке жүгінсек, қазақ

тілін Мемлекеттік тіл ретінде мойындамаушыларды қысқа
уақытта Қазақстан азаматтығынан айыру қажет. Өйткені, өзі
азаматтығын қабылдаған мемлекет заңдарын мойындау əрі
бұлжытпай сақтау əрбір адамның басты парызы. Өйткені, еге-

менді мемлекетте біреулер мойындайтын, біреулер мойында-
майтын заң болуы мүмкін емес. Балтық жағалауы республика-
ларында бұл саясат біраз жылдан бері жүргізіліп келе жатыр.
Бірақ, көңілдегі бір күмəн сейілер емес... Бізде игілік атаулы,

жеңілдіктің көбі шенеуніктер үшін жасалады ғой, енді олар
мемлекеттік тілдің есебінен өз қалталарын қампайтады-ау.
Осы күндері қоғамда сақалын сатушы ағалар, бұрынғы
азын-аулақ еңбегін бұлдаушылар қалың түменге айналды.

Олардың біразы маңайындағылардың жəй, қарапайым сый-
ластығын қанағат тұтпайды. Тіпті, қазір оңтүстік облыстар-
да бұрынғы партия, совет қызметкерлері, лауазымды қызмет
істеген қариялар түрлі басқосуларда жас, жаңа тағайындалған

əкімдерді өз қолдарына құманмен су құюға мəжбүрлейтін
көрінеді. Əр жүздің, рудың беделді ақсақалдары да. Қолға су
құйып, құрдай жорғаламаса əлгі байғұстың қызметке ие бо-
луы, қызметте қалуы неғайбыл. Əттең-ай, бүйтіп бауырымен

жорғалап жеткен мансапта не қадір-қасиет қалмақ?!. Осы рет-
те украин халқының «Жағымпаз боп күнелткенше, Жарлы боп
өлген – абырой» дейтін намысқа, өрлікке толы нақылы ойға
оралады. Бірақ біздің ұнжырғамыздың түскені соншалықты,

тұлпарының тұяғымен Шығыс пен Батысты дүбірлеткен өр
мінезді, намысқой, тəкаппар ата-бабамыздан жеткен жасы-
майтын рухымыздан біржола айырылып, бұйдаға үйренген
тайлақтай бас көтеріп, еңсе жазуға жарамаймыз. Кейбіреулер:

«Жағымпаздық бір ұлттың мінезі, бəріне ортақ сипаты бо-
лып табылмайды», – деп дау келтіруі де мүмкін, бірақ біз

немістердің дəлдігін, педанттығын, ағылшындардың уəдеге
беріктігін, табандылығын, қытайлардың еңбекқорлығын атал-
мыш ұлттарға тəн ортақ қасиет деп қабылдаймыз ғой. Əр
ұлттың өзіне тəн ерекше мінезі болатынын мойындаған да

мақұл шығар. Ал «Бауырымен жорғалаушылардың» біздің
қоғамда зор күшке ие бола бастағаны соншалық, Астанада, Ал-
маты, тағы басқа қалалар мен аудандарда жаңа бір əлеуметтік
топ, үндінің қасиетті сиырларындай ерекше каста пайда болған

сыңайы бар. Олар – əкімдердің командасы. Осындай команда
мүшелерінің көбісі иіліп-бүгіліп, басшының көңілін табуды,
асыра мақтап-марапаттауды, мүлтіксіз қызмет көрсетуді, жал-
пы жағымпаздықты мұз айдынында мəнерлеп сырғанау секілді

биік өнер деңгейіне көтергендері соншалықты, аса қажетті,
орны толмас қайраткерлердей əкіммен бірге республиканың
түкпір-түкпіріне көшіп жүреді.
Жалпы, өзі жағымпаз адамдар өзгелердің де өзіне жағым-

паздық жасап, құрақ ұшып, иіліп-бүгіліп тұруын жақсы көреті-
ні белгілі. Өз жағымпаздығын да намыссыздық, ащы айтсақ,
қасиетсіздік деп қабылдай алмайды, қайта өмірдің жазылма-
ған, бірақ бұлжымас заңы деп біледі жəне осыған қапысыз

сенеді.
«Сүмбіле туып, су суығанда» Астанаға жолымыз түскені
бар. Əйгілі «Тұлпар» поезының вагон-ресторанына əдемі келін-
шек тамақтануға келіп отырды. «Жұтқаны тамағынан көріне-

ді» дейтін ай қабақ, алтын кірпік хас сұлудың өзі. Сырбаз, жүдə
паң. Бір уақытта вагон-ресторанның меңгерушісі келіп, əлгі
келіншектің алдында елпең қақты. Жөндеп тамақ ішпегенін
сөз қылды, əдемілеп пісірген дəмді ас-суды арнайы алдыра-

тынын айтты. Ізінше поездың бригадирі де əлгі келіншектің
алдына келіп, иіліп төсек, жайылып жастық болғаны. «Дəу де
болсаң теміржолда істейтін, мансабы жоғары біреу шығарсың.
Əй, тым-тым сұлу екенсің, қарапайым қызметкер емес, есесі-

не биік лауазымды біреудің көңілдесі шығарсың», – деп ой-
ладым жап-жас келіншекке теміржолшылардың сонша жағым-
пазданғандарына қайран қалып. Өйткені, министрден басқаға
бұлай елпектеу мүмкін емес. Ал əйел министрлер бізде са-

наулы ғой. Таңертең вагоннан əлгі сұлу келіншекті сайдың
тасындай екі-үш жігіт сарғая күтіп алып, жік-жаппар бола

азын-аулақ жүгін тік көтеріп əкетіп, өзін сүліктей машинаға
отырғызды. Жаңа сипатты қызметкерлер, тіпті əлдебір лауа-
зымды шенеуніктің қыры сынбай жүретін көмекшілері секілді.
Қалай болғанмен де күйеуі немесе сол келіншектің туған-

туыстары емес екеніне бəс тіге аламын.
«Құдайым-ай, – деп ойладым тағы да күйініп. – Жаман
əдеттерді, жарамсақтық жағымпаздықты ескі жұртқа қалдыр-
май, Астанаға да ала келіпті ғой мына пəтшағарлар!»

Менікі қателік шығар-ау, өйткені, жағдайды жақсы білетін-
дер жағымпаздықтың көкесі Астанада, биліктің биік эшелон-
дары мен түрлі мемлекеттік институттарда дейді. Ол да рас
шығар, бірде теледидардан ортаңқол лауазымды шенеунікке

əлдебір əйелдің: «Аяғыңызға басымызды иеміз. Сіз қызметке
келгелі көзіміз ашылып, көсегеміз көгерді. Айлықты мезгілінде
алатын болдық», – деп тұрғанын көргенде төбе шашымыз тік
тұрған. Баяғы... онша көп бола да қойған жоқ-ау, тоталитарлық

жүйе тұсындағы: «Айналайын өкімет пен партияға рахмет,
солардың арқасында пəленбай бала туып, бағып-қағып өсіріп
жатырмыз», – деген жымысқы жағымпаздық сөздер құлақта
қайта жаңғырды.

Адамдардың бойында, санасында қалыптасқан зəндемі мі-
нез-құлықтар мен қасиеттердің, жұрттың көбі екіжүзділікпен
өмір сүруді əдет қылған коммунистік жүйенің ауыр зардабы
мен кері əсерлері əлі күнге қыр соңымыздан қалар түрі жоқ.

Қазақстан жалпы ішкі өнім көлемі жағынан əлемде 61-орын
алады екен, ал жағымпаздықтан ше? Оны анықтау оңай емес.
Жалпы, жағымпаздықтың өршуіне басты себептердің бірі –
жұмыссыздық. Елімізде халықтың төрттен бірі аса кедей тұраты-

нын, еңбекке жарамды адамдардың талайы жұмыссыз екенін
есепке алсақ, жағымпаздық таяу жылдарда жойыла қоюы мүм-
кін демейміз. Өйткені жұмыссыз адам жалтақ келеді, күнделік-
ті ас-суды тауып беріп отырғандарға еріксіз жағынуға мəж-

бүр.
Ең қайғылысы, кедейдің еншісі, өмірден алар бар үлесі
жағымпаздығына тікелей байланысты. Біздің елде адамның
іскерлігі, білімі, адалдығы, басқа да жақсы қасиеттері оның

қызметтегі өсуін қамтамасыз ете алмайды, есесіне мұның бə-
рін жеке адамға жағымпаздығы, күні түсетін күштілердің ал-

дында құрдай жорғалай білетін қабілеті алмастырады. Осы-
лайша Қазақстан күн өткен сайын жағымпаздықты ұлттық
сипатқа айналдырған қисық айналардың еліне айналып бара
жатқандай. Жағымпаздық – əлеуметтік құбылыс қана емес, сая-

си ойын ережесіне, үдеріске ұласып, биліктің кей эшелондарын
жайлаған жағымпаздықтың жықпылдары күрделі лабиринтке
ұқсап отыр. Шығар есік, жүретін жол табылмайтын тұйық.
Тіпті, көрші елдерден бізге келіп, жұмыс істеп жүргендер де

жағымпаздығымызды жақсы біліп алған сыңайлы. Сондықтан
өктем-өктем сөйлеп, өркөкіректене əрекет жасайды. Мəселен,
«Континент» журналының жазуынша, «Эвелин» кафесінің
құрылысында жұмыс істейтін тас қалаушы Эрик Акунов: «Ра-

ботать здесь – это наше право, а Средняя Азия – наша земля. Мы
можем жить и работать здесь, и никто нам не запретит этого», –
десе, қаламыздағы өзбек кафесінің аспазы Сухроб Саладинов:
«Но со временем, если мигрантов будет больше, то, я думаю,

жителям Казахстана уже придется считаться с их привычками,
образом жизни и правами «, – деп («Континент» журналы, №13,
2006 ж.) келімсектер қазақстандықтарды сыйлау, құрметтеу
емес, қайта түптің-түбінде өздерін құрметтеп-сыйлауға мəж-

бүрлейтіндіктерін ашық білдірген. Ұлы А.С.Пушкиннің атақ-
ты сөзін сəл өзгертіп: «Ай да Сухроб Саладин, ай да сукин
сын», – деу ғана қалатын шығар алаш жұртына. Атыраудағы
«Сенімді құрылыс» компаниясындағы əйгілі төбелес жөнсіз

жағымпаздықтың қандай жағдайға душар ететінін ашып
көрсеткен алғашқы қауіп дабылы. Шет елдік компаниялар
мен фирмалардың біздің жағымпаздығымызға бойы үйреніп
алғандары соншалықты, қазақстандықтар, əсіресе, қазақтарды

екінші сортты санап келген. Тұтас мемлекет азаматтарының
намысын қорлау олар үшін үйреншікті жағдайға айналған.
Түріктер мен қазақ жұмысшыларының арасындағы қоғамды
дүр сілкіндірген сол төбелестен соң қалыптасқан жағдайға на-

зар аударылып, жергілікті жұмысшылардың жалақысын кө-
теруге қол жеткізілді. Бір жолғы қайырымдылық акциясы си-
патында. Ал жалпы Қазақстандағы жағдай қалай қалыптасып
отыр? Халықтың намысын тұрмыстық деңгейде қорлаудың

тамырына біржола балта шабылды ма? Бұған жіті назар ауда-
рылып отыр дей алмасақ керек. Шелек ауданындағы атышулы

төбелестің болуы, үш-төрт ұйғыр азаматтарының кафеде та-
ныс қызымен демалып отырған қазақ жігітін соққыға жығып,
құлағын кесуі бұған дəлел. Баяғы замандарда отарлаушылар,
езгіге салушылар осылайша «Құлақ кесті құлдарымсыңдар!»

деп тұтас халықтарға, құлдарға ескерту жасаған. Əрине, əлгі
оқиға туралы «Мемлекет – сендердікі, жер – біздікі!» деп айт-
ты» дегенді жазған журналистің үстінен қазіргідей қылмысты
іс қозғауға болады, «ұлттардың арасындағы татулыққа іріткі

салды, араздық туғызды», – деп соттауға да мемлекеттік ма-
шина қабілетті, бірақ бүгін айтылмай басып тасталған шын-
дық бəрібір шырылдап тыным таппайтыны да рас. Оның үс-
тіне елдегі түйінді мəселелердің көпшілігі момын қазақтың

есебінен шешіліп келе жатқаны түк құпия емес. Билік құдіретті
орыс мемлекетіне, орыс тілділерге жағымпаздануды күн өткен
сайын өршітіп, ұлттық символдарымыздың бірі – теңгені орыс
тілінде жазған, 15 жылдан бері қазақ тілінің жағдайы титімдей

жақсармай отырған елге əркім-ақ тізе батыруға құлықты бо-
лары заңды. Сондықтан да жоғарыдағыдай келімсектер біз-
дің елімізде емін-еркін сайрандауда. «Ай дер ажа, қой дер
қожа жоқтығын» жақсы біледі. Рухсыз ұлттың ұнжырғысы

əлдеқашан түсіп кеткенін олар да сезінбеуі мүмкін емес. Ал
жағымпаздардың еншісі – Қазақстанда бар делінетін 130 ұлт-
тың бəріне құлдық ұрып, құрақ ұшу. Еуропа мен АҚШ-қа да
жандайшаптану. Иіліп-бүгіліп қызмет істеу.

2010 ж.

ТАС ҚОРҒАННЫҢ ТАСАСЫНДА...

Қазақстан кəсіпкерлердің саны жағынан əлемде
16-орынға шықты. Алайда...
Жеті атасынан шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың
жөні бөлек, ал алмағайып заманда аяқ астынан байығандар

жөнінде түрлі қаңқу, гулеген сөз көп болатыны, орынсыз кеу-
демсоқтық пен дарақы даңғазалықты сүйетін байшікештер
һəм мақтаншақ мырзасымақтарға қарапайым көпшілік қырын

қарайтыны – өмірдің жазылмаған заңы. «Пақырдан əкім бол-
ғандарға ел өле-өлгенше күдікпен, күмəнмен қарап өтеді», –
деп түйеді белгілі ақын Есенғали Раушанов.
Аты жыр сүйетіндердің аузынан түспейтін ақын, əкім-қа-

ралармен де аралас-құралас, қарапайым момын жандарға
да шекесінен қарамайтын, өмірден көргені мен түйгені мол
шайырдың айтқанын шындық дейік. «Сырдың суы сирағымнан
келмейді» деп шіренетін шенеуніктерді, соңғы он бес-жиырма

жылда жеті атасының түсіне де кірмеген иен тегін байлықты
уысына жинап алғандарды жұртшылықтың ұната қоймайтыны
айтпаса да түсінікті. Тіпті, жер астынан жік тауып, алас-қапас
заманда өріп шыққан байшікештерге өзге жұрттың да емешегі

езіле қояды деу қиын. Мейлі, бұдан былай адал еңбек, маңдай
терімен байығандар да, ебін тауып екі асағандар да қоғам
өмірінің бөлінбес бөлшегіне айналмақ. Өткенге – салауат, əй-
теуір бұдан былай заң аясынан шықпаса бопты дейді қалың

көпшілік. Оның үстіне уақыт сырғи келе, жылдар жылжып
өткенде экономикалық қылмыстар мен заң бұзушылықтарға
құқық қорғау органдарының кешіріммен қарайтыны барлық
елдің салтында бар. Қарапайым тілмен айтқанда, жылдар өте

келе қылмыстар ескіреді. Сондықтан шығар, еліміздегі жап-
пай жекешелендіру кезіндегі түгілі, нəйеті осыдан төрт-бес
жыл бұрын жасалған экономикалық заң бұзушылықтардың
көбісі жабулы қазан жабулы күйінде қалып отыр. Есесіне, Ал-

маты болсын, кез келген басқа қала болсын, ең көрікті жер-
ден ойып тұрып орын алған, аттылы кісінің мойны жетпейтін
биік əрі меңіреу тас қабырғалармен қоршалған хан сарайындай
үйлердің табан асты салынғанын көресіз. Таңданасыз. Күні

кеше ғана ел қатарлы елеусіз күн көріп жүрген азаматтардың
аспанмен таласқан ақ сарай салатындай ақшаны қайдан тап-
қанына миыңыз жетпей, айран-асыр қаласыз.
Қазір əлемде орташа даму деңгейінде, тіпті одан да төмені-

рек деп саналатын Қазақстан жан басына шаққандағы кəсіп-
керлердің саны жағынан АҚШ-ты, Ұлыбритания, тағы басқа да
бірқатар дамыған елдерді басып озып, əлемде 16-орынға табан
тіреген көрінеді. Еліміздің мəліметтеріне сүйенген халықаралық

беделді ұйымдардың шығарған қорытындысы осындай. Көп
жылдардан бері елімізде «Орта тапты тəрбиелеуіміз керек. Олар

ел экономикасының қарыштап дамуына, əлімұлыққа жетуіне
кепіл болады» деген екіұшты науқан жүргізіліп келе жатқаны
да баршаға аян. Əйткенмен əлгі атышулы орта тап дегеніңіз
оңайшылықпен тəрбиелене қояр түрі көрінбейді. Қазақстан эко-

номикасы да айтарлықтай алға баса қояр емес. Бірақ елімізде
меңіреу тас дуалдармен қоршалған, түксиген қорғандарға
түрлі бақылау құрылғыларын орнатып, төбесіне тікенекті
сым тартылған, есігін қарулы күзетшілер қас қақпай аңдитын

түрме-үйлер күн санап көбейіп келеді. Егер ондай үйлердің
иелерін орта тапқа жатқызатын болсақ, олар кімнен жасыры-
нуда? Ұрылардан ба? Ұрылар көбіне қорғансыз адамдарға,
күш-қуаты жоқ байғұстарға шабуыл жасайтыны дəлелді қажет

етпейтін шындық. Білетіндердің айтуынша, шетелдерде ешкім
үйлерін дəп біздің еліміздегідей меңіреу, тіпті шыбын түгілі үн
өтпейтін тас қорғандармен қоршамайтын көрінеді. Самал есіп,
гүлдердің жұпар иісі еркін жетіп тұратын шағын шарбақтар

ғана тосқауылға қойылған. Сірə, біздің орта тап құстардың
əсем даусы мен таңғы жұмсақ самалдан тығылатын болар.
Бəлкім, олар күнделікті қабырғасы қайысып, ауыр михнаттан
қиналып жүрген жандардан осындай тас қорғандардың таса-

сына тығылатын шығар. Көпшілігі өздерінің қарау істерін сырт
көзден тас қорғандармен тасаламақ болар. Осы жылдың басын-
да Түркияның атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қол тигізбей
келген қасиетті жəдігері, ұлт атасы Ататүрік аса маңызды тари-

хи құжаттарға қол қойған «Саварона» кемесінде халықаралық
жанжал туа жаздағаны бар. Түрік халқы көздің қарашығындай
қастерлеп келген кемеде ТМД елдері мен күні туған күдістің
əзірейілдей күші бар қазақ байшікештері жынойнақ жасап, əлі

кəмелетке толмаған жас қыздарды илектеген көрінеді. Бұқа-
ралық ақпарат құралдарының хабарларына қарағанда, сол
жынойнақтың қалың ортасында «қазақтың» қабырғалы бай-
лары – Александр Машкевич, Патох Шодиев, Рустам Ибра-

гимов, тағы біраз нувориштер болған сияқты. БАҚ-тарда бұл
ашық айтылды. Қалай болғанда да түрік полициясы «Саваро-
нада» ондаған қыпша бел, аршын төс, жеңіл жүрісті жезөкше
қыздарды тұтқындап, ақ білектеріне темір кісен салғаны аян.

Бірақ дүрк көтерілген арсыз істің аяғы көп ақшаның көмегімен
сиырқұйымшақтанып кеткені де құпия емес. Іле-шала «Сава-

рона» кемесін 49 жылға жалға алған түрік азаматы Қаһраман
Садықоғлы баспасөз мəслихатын өткізіп, 1 сағат 15 минут
бойы жақ жаппай сөйлеп, буынсыз қызыл тілін безеген. Əсілі,
адамнан ұят кеткенде сөзуар келеді, ерлерден ерлік кеткенде,

қызыл тілдің байлауы шешіледі. Əлгі Қаһраман Садықоғлы:
«Қазір Францияның оңтүстігіне барыңыз, Мальоркаға бары-
ңыз, Сардинияға барыңыз, мегаяхталардың ішінде орыс пен
қазақтың бизнесмендері өріп жүр. Мен министрге айттым:

нарықтың бұл саласы орыс пен қазақтың қолында. Олар осын-
дай яхталарда достарымен серуен салып жүреді», – деп қалың
көпшілік онша біле бермейтін құпиялардың шымылдығын
түрді.

2007 жылдың қысында дəп осыған ұқсас бассыздық кəрі
құрлықта – Францияның əйгілі Куршавель курортында бол-
ған еді. Орыс олигархы Михаил Прохоров жаңа жылды жə-
не туған күнін осы тау курортында достарымен атап өту

үшін кəмелетке толмаған 16 жас қызды Ресейден ұшақпен
алдырған екен. Арнайы операция жүргізген француз полиция-
сы бір түнде демалыс үйлерінде сауық-сайран салған орыс
бизнесмендері мен бəлиғатқа толмаған бойжеткендерді тұт-

қындады. Ресейдің биік лауазымды адамдарының белсене ара-
ласуымен бұл жанжал да көп ұзамай-ақ басылған. Іле-шала
Михаил Прохоров ресейліктердің пайдаланылуына қолайлы
халықтық көлік – «Ока» машинасын жасау идеясын шұғыл

қолға алып, Ресейде Францияны жатпай-тұрмай насихаттап,
француз тілін үйренуге талпынды. Осы ретте осыдан біраз жыл
бұрын қазақ бизнесмендері мен кəсіпкерлерінің де əлгі тау ку-
рортында ойын-сауық өткізіп, Куршавельді күнəға батырып

қайтқаны ойға оралған еді. Бірақ біздің кəсіпкерлердің ешбірі
ешқандай тың идеяны жүзеге асыруға асыққан емес. Тағы бір
таңдандыратыны, күнəлі жерлердің көбінде орыс пен қазақтың
байшікештері, соңғы жылдары дəулетке ие болған дарақы

бизнесмендері ылғи бірге жүретіні. Сірə, Ұлы Отан соғысының
ардагері Дүйсенбек ақсақал айтқандай: «Қазақ байларының
қолынан боғым да келмейді. Қатындары босанса, шетелге ба-
рып туады, өздері тышса, шетелге барып ышқынады...». Қай-

терсің, кеудесі орден-медальға толы ардагер қарт анайылау
айтады, бірақ ащы шындықтан қашып құтылар жол жоқ. Бар

түйткілдерін алыс-жақын шетелдерде шешуге дағдыланған
байшікештеріміз өз елімізде түрі – тамаша, мазмұны – түр-
ме үй салуға əуес, тас қорғандардың тасасына тығылуды мақ-
таныш санайды. Оның үстіне бұрын отар болған елдердің

байшікештері қоғам алдындағы міндеттеріне, əлеуметтік
жауапкершілікке мүлдем қырын қарайтыны қалыпты жағдай.
Мұның өзі келешекте билікке ғана емес, ел байлығының аса
қомақты бөлігін уысына жинақтаған байларға да зор қауіп

төндіретінін тарихи фактілер дəлелдеуде. Мəселен соңғы
кездердегі араб елдеріндегі, Солтүстік Африканың бірқатар
мемлекеттеріндегі бұқара халықтың толқулары осының айқын
айғағы. Біздің елімізде де көпшіліктің жағдайы ауырлай түскен

сайын, əлеуметтік ахуал шиеленісе түскен сайын биік дуалдар-
мен қоршалған үйлердің саны күн санап көбейіп, меңіреу тас
қорғандардың ұзындығы тоқтаусыз артып келеді. Əрине, Ұлы
Қытай əлемдегі ең ұзын əрі берік қорған, адамзаттық құндылық

ретінде тарихта мəңгі жазулы. Бірақ жан басына шаққанда тас
қорғандардың ұзындығы жағынан Қазақстан əлемнің барлық
елдерін басып озуы ықтимал. Ал əлгіндей тас қорғандардың
тасасында...

«...Сол ұмытылған күйі ұмытылып кете берер ме еді, қайтер
еді, бірде Алматының (мұнан былай тырнақшаға алынған
сөздің бəрі – менің емес, досымның сөзі) «ең тамаша жерінде,
ең тамаша үй салғызып, ең тамаша машина мініп, ең тама-

ша қызметте» жүрген бір досым қонаққа шақырсын. Бардық.
Іштік. Жедік. Мақтадық. Мақталдық. Содан қайттық. Астапы-
ралла, ұмытып барады екем ғой:

– Сен тұра тұр, – деді досым маған ел тарап жатқанда, –

саған көрсететін бір қызығым бар. Мыналар оны түсінбейді,
өңшең пустой жігіттер.
Досым, əрине, өзін ондайлардың санатына қоспайтын.
Айта алмай тұрғаны – үй артындағы өзен жағасына кішкене

зообақ жасапты. Жылы бөлмеде бөдене мен кекілік бір қораға
қамалыпты, екінші торда – қырғауыл, одан əрі – тоты құстар,
бір аппақ қаз бір бұрышта тығылып бөлек жатыр.

– Айман, тұр, ағаң келді ғой, амандаспайсың ба? – деді до-

сым дауыстап. Ақ қаз əуелі мойнын созды, содан соң кеудесін
көтерді. Алла-ау, мынау қаз емес, аққу ғой. Кəдімгі аққу. Аққу

болғанда қандай! Жан-жағыма бажайлап қарай бастадым. До-
сым тау өзенін таспен бөгеп, жіңішке арнаны бұрып əкеліп, ау-
ласы арқылы өткізіпті, мына байғұс Аққу күндіз сол хауызда
жүзеді екен де, кешке жылы бөлмеде ұйықтайды екен...

...– Иə, Маңғыстаудан əкелінген Аққу. Атын Айман деп
қойдым. Маde іn Mangіstau. Қалай əкелдің дейсің бе? Түк қиын
емес. Ну, платить надо. Не скрываю, это дорогое удовольствие.
Мынадай қорапқа салады да, самолетпен алып келеді.

Қорапты көргенде көзім шарасынан шығып кеткен шығар
деп ойлағам. Баяғы Ақтаудың аэропортында өзім көтеріп ұшақ-
қа кіргізіп беретін қорап қой мынау. Əлгі сұлу қыздың да аты-
жөнін сұрамаппын. Сұрағанда, білгенде не істей аламын бірақ?

Ақшаның күшімен Ақтауды айырып, Қаратауды қайырып тұр-
ған мына достың екпініне қарағанда, қала сыртындағы вилла,
фазендаларында мини-зообақ жасатқан «жаңа қазақтардың»
алды да, соңы да бұл емес. Сөйлете түссем, қай «мықтыда»

қандай хайуанат барын инеге іліп, жіпке тізіп түгел айтып
бермек, сөйлетпедім. Жүрегімді ауыртқым келмеді», – деп
жазады Есенғали Раушанов «Құстар – біздің досымыз» де-
ген кітабында. Иə, тас қорғандардың тасасында... Өткен

жылғы сəуір революциясы кезінде Қырғызстанның бұрынғы
президенті Құрманбек Бакиевтің Ош облысында осындай тас
қорғандардың тасасында көбісі халықаралық Қызыл кітапқа
енген аң мен құстарды қапасқа қамап, небір экзотикалық жан-

жануарларды торда ұстайтын мини-зообағы бар екендігі мəлім
болды. Жаңылыспасақ, Бакиевтің сол зообағындағы аң мен
құстың жалпы құны 35 млн. долларға бағаланған. Еркіндігінен
күшпен айырған киелі аң мен құстардың кепиеті атты ма, бұл

күндері қызыққұмар Құрманбек Бакиев мырзаның өзі туған ел-
ден жырақта зарығып, құса болып жүр. Иə, Бакиевтің басына
туған күн əулекі, бос кеуек қазақ байларының басына тумай-
ды дей алмаймыз. Өркениетті елдерде бизнестің əлеуметтік

жауапкершілігі деген аса қастерлі ұғым бар. Мəселен əлемнің
ең бай миллиардері болып саналатын Билл Гейтс соңғы жылда-
ры 10 млрд. доллар ақшасын кəріп-кəсірлерге, тарыққандарға
үлестірді. АҚШ-тың өнер жұлдыздары, ақшаны судай сапыр-

ған байлары да өз дəулетінің елеулі бөлігін қоғамның мұң-
мұқтажына, қайырымдылық мақсаттарға жұмсауды кісілік

парыз деп біледі. Ал Қазақстанда... Биылғы қыстың орта-
сында Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында
тұрақты мекен-жайы жоқ 16 адам бірнеше күнде үсіп өлді.
Мұны еліміздің бірқатар ақпарат құралдары қарапайым оқиға

ретінде елеусіз ғана хабарлай салған. Ешкім дабыл қаққан жоқ,
ешкім осынау қасіретті оқиға үшін жауапқа тартылған жоқ.
Біз өз отандастарымыздың (үйсіз-күйсіз болса да), қорғансыз
байғұстардың, əрбіріміздің өмірімізді түкке алғысыз санайты-

нымыз осыдан-ақ көрінген. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын Ба-
тыс Еуропадағы қақаған суық кезінде (минус 9 градус) Фран-
цияда осындай үйсіз-күйсіз 7 адам үсіп өлгенде қоғам жаппай
наразылық танытып, ұлттық қасірет ретінде бағалағаны ойға

еріксіз оралады. Биылғы қақаған қыста біздің елімізде қанша
«бомж» қайтыс болды. Мұны ешкім білмейді. Білгісі келген де
ешкім жоқ.
Біз селт етпейміз. Əсіресе меңіреу тас қорғандар міз бақпай-

ды. Мəңгі мылқау күйде қала береді... Өткен жылы наурыз
айында Талдықорғанның түбіндегі Қызылағаш ауылында
ауыр қасірет орын алып, қайғы құшқан ауылға бүкіл еліміз
болып көмектескенде де тас қорғандар селт етпеген. Ұсақ

қызметкерлер бір күндік еңбекақысын аударды. Оқушылар
киім-кешек, азық-түлік жинады. Студенттер азын-аулақ сти-
пендияларымен бөлісті. Өкінішке қарай, қасіретті ауылға кө-
мек берген ешбір байшікештің аты естілген жоқ.

Көне түркі қағанатының бас қолбасшысы Тоныкөк баба-
мыздың (646 – 738): «Түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі;
қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұм-
садым, жауға да шаптым құрсанып – бəрі елім үшін!» – деп

ерлігін емес, елге еткен қызметін əрі қысқа, əрі нұсқа айтқаны
бар. Сол Тоныкөк бабадай қазақтың асқақ абыройы, даңқы
үшін «күшін сарқа жұмсаған» Жақсылық Үшкемпіров ағамыз
ғана адамдық биік тұлғасын танытып, Қызылағаштың тарық-

қан тұрғындарына бір үйір жылқыны тегін таратып бергені ға-
на мəлім. Өзге байшікештердің көбісі Қызылағаш трагедиясы-
ның болғанын білмейтін де сияқты. Əлде білмегенсиді. Өйткені
олар тас қорғандардың тасасында...

2011 ж.

«БАЙҚОҢЫР СИНДРОМЫ» ҺƏМ БЕРЕКЕСІЗДІК

Қазақстан ғарыштан бас тарта ма?!
Əлдеқандай бұлдыр əрі түсініксіз сезімдердің жетегімен əрі
алып Ресейдің астыртын итермелеуімен Қазақстан ойда жоқта
ғарыш державасына айналуға құштар болып шыққаны баршаға

белгілі. Осындай құштарлықтың шынайы астарында қандай
маңызды ой, мақсат жатқаны қоғам үшін əлі күнге жартылай
жұмбақ, күңгірт.
Аталмыш аса күрделі, өте қиын саладағы еліміздің əлеуеті,

ғылыми, техникалық дайындығы мен жетістіктері зілмауыр
шоқпарды белге қыстыруға еш мүмкіндік бермейтіндігіне
қарамастан «Бала өзі болғандай, келін өзі келгендей» үстірт
қадамдар жасалуы – Қазақстанның ғарыштық державалардың

клубына толыққанды мүше болып қосылуынан гөрі, көбіне
көп бірдеңені бүлдірген тентек баладай көзімен жер сүзуіне
ғана əкеліп соғуда. Тіпті, елімізде соншалықты насихатталған,
ғарыш саласындағы теңдессіз ерлігіміз бен жеңісіміз деп

жарияланған «ҚазСат» жерсерігі қан майданда хабарсыз кет-
кен жауынгердей жоғалып кеткен тұста Премьер-министр
Кəрім Мəсімов мырза да кеткен қателіктерді еріксіз мойын-
дап: «Осы саланы дамыту жолында біз көп қателіктерге жол

бердік. Бұл – халықтың, мемлекеттің ақшасы. Сол себепті мен
мынадай шешім қабылдадым. Шикі болған «ҚазСаттың» ісіне
қатысы барларды анықтау үшін арнайы топ құрылды. Оларды
анықтап, қоғам алдында, ел алдында жариялайтын боламыз.

Өзіңіз тағайындалған уақыттан бастап, барлық іске өзіңіз жау-
ап беретін боласыз», – деп Талғат Мұсабаевқа жауапкершілік
жүктеген еді. Ал «ҚазҒарыш» Ұлттық агенттігінің төрағасы
Талғат Мұсабаев жерсерігіне қатысты жауапкершіліктен жал-

тарып: «Өйткені, мен бұл жұмыстар басталған уақытта тіпті
Қазақстанда да болған жоқпын», – дегені баршаға мəлім.
Сонымен «ҚазСат» жерсерігін сақтандыруға жұмсалған 65
млн. доллар Ресейден толық қайтарып алынды ма, кінəлілер

анықталды ма, оларға қандай шара қолданылды? Міне, мұның
бəрі де қоғам үшін əлі күнге жұмбақ болып отыр. Əсілі, əл-
гіндей кінəлілер толық анықталып, олар хабарсыз кеткен «Қаз-

Сатты» тауып келуге ашық ғарышқа ұшырып жіберілсе құба-
құп болар еді. Жə, бұл туралы төменде тереңірек əңгімелерміз.
Əдетте өмір шындығына, нақты мүмкіндіктерге негізделмеген
орынсыз тілек, əсіреқұштарлықтың «əттеген-айы» көп бола-

тыны ғана айқын. Сондықтан да Қазақстанда соңғы жылдары
орын алған түрлі синдромдарды санамалап шығуға екі қолдың
саусағы жетпейді. Солардың ең өрескелі əрі күңгірт тұсы көп,
ерекше бірі – «Байқоңыр синдромы». Яки, Қазақстанның ғарыш

державасына оп-оңай айналуға тым құштарлығы осындай
түсініксіз жағдайға – «Байқоңыр синдромына» тұмсық тіретіп
отыр. Бұл туралы атақты жазушы Шерхан Мұртаза ағамыз
«Бір кем дүние» кітабында: «...Мен: – Байқоңыр қорлығы. Бай-

қоңыр намысы деген ұғым туды. Унизительный и оскорби-
тельный Байқоңыр. Байқоңырды өзіміз игере алмайды екенбіз,
тетігін, техникасын білмейді екенбіз. Бұған біліміміз жетпейді
екен. Ендеше, несіне кекірейеміз?!

...Ұлы ұрлық дəуірі. Сөз бітті». Əбіш Кекілбаев қолдады.
«Байконурский синдром», – деді. (6.08.1995 ж.). Бұл қай,
қандай кем дүние?!» («Түркістан» газеті, №24.18 маусым,
2009 ж.) – деп жаны күйзеліп жазғаны белгілі. Гəптің бəрі

осы айтылған «Ұлы ұрлық дəуірінде» жатқан сияқты. Жал-
пы Қазақстанда ғарышкерлердің отрядын құруды Елбасыға
1994 жылы Ресейдің жəне Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері
Талғат Мұсабаев мырза ұсынды делінеді. Мамандардың айту-

ынша, бұл ұсыныс еліміздің Ұлттық аэроғарыш агенттігінде
жан-жақты сараптаудан өтіп, мұқият талқыланған. Ал 1999
жылғы сəуірде көрші екі ел басшыларының кезекті кездесуі
кезінде Ресейдің бұл мəселеде – Қазақстан ғарышкерлер от-

рядын құруда көмектесетіні жөнінде маңызды келісімге қол
жеткізілді. Кəсіби ғарышкерлер болуға тілек білдірушілердің
саны бірнеше мыңға, тіпті, кейбір деректерде ондаған мың
адамға жетіп, үш жыл бойына өте мұқият іріктеу жұмыстары

жүргізілді. Осыдан жеті жыл бұрын, 2002 жылдың соңына та-
ман Қазақстанда ғарышкерлер отряды құрылғаны қуанышпен
мəлімденді. Қазақ ғарышкерлерінің ұшуына айрықша мемле-
кеттік мəн берілгені соншалық, бұл мəселе талай рет Ресей жəне

Қазақстан президенттерінің жоғары деңгейдегі əңгімелеріне
арқау болғаны бар. Содан бері де бірталай жылдар өтті. 1994

жылдан санасақ – 15 жыл, 1999 жылдан есептесек – 10 жыл!
Тү-у, ерінбей санасақ өзендерде талай су ағып, елімізде талай
өзгерістер орын алыпты-ау. Жабайы жекешелендіру жылда-
ры артта қалып, Қазақстан айтарлықтай экономикалық даму,

гүлдену жылдарын бастан кешіпті. Ол ол ма, əлемді бір тарының
қауызына сыйдырған соңғы қаржы, экономикалық дағдарыс та
əні-міні аяқталуға таяу. Сырдарияның жағасындағы көптеген
елді мекендер талай рет су астында қалып, жаңа жерлерге

де көшірілді. Сарыарқаның кеңжазира төсінде əсем қала –
ұлы Астана салынып, əлемнің көзін сүйсіндіруде. Тіптен 11
жылдық тойын да мерекелеп үлгеріпті-ау. О-о, менің Əнуарбек
досым немерелі болып та үлгерді! Бірақ... бірақ əлі күнге бірде-

бір қазақ ғарышкері – Қазақстан азаматы ғарышқа ұша алмай
мысы құрып отыр. Сонымен 2002 жылы 9 қарашада Астанада
ғарышкерлерге үміткерлерді іріктейтін Қазақстан Республика-
сы Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссиясының

мəртебелі мəжілісі болып бір өтті. Аталмыш комиссияға сол
кездегі Энергетика жəне минералды ресурстар министрі Влади-
мир Школьник мырза төрағалық еткен болатын. Қазақстандағы
аса маңызды стратегиялық салаларда – атом мəселесінде,

қазақтардың ғарышқа ұшуында біраз жылдардан бері батагөй
абызымыз Владимир Школьник мырза болып жүретіні ежел-
ден қалыптасқан жағдай ғой.
Осынау құзырлы комиссияның құрамында Ресейдің Ю.А.

Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығының білікті
мамандары, оның ішінде Талғат Мұсабаев мырза жəне Медико-
биологиялық проблемалар институтының (ИМБП) жетекші
ғалымдары болды. Бір сөзбен айтқанда, əрбір үміткердің мүм-

кіндігін, денсаулығын, əлеуметтік жағдайын, өмірбаянын
жан-жақты сарапқа салған аталмыш комиссия Қазақстан ға-
рышкерлер отрядына төрт адамды ендіру жөнінде шешім
шығарған. «Росавиакосмос» жəне Қазақстанның Аэроғарыш

агенттіктері толық сенім артқан олардың екеуі – Айдын Айым-
бетов пен Мұхтар Аймаханов көп ұзамай атақты Жұлдызды
қалашыққа келіп, барлық қатаң сынақтардан сүрінбей өтті
жəне емтихандарды сəтті тапсырды. Бірі – Армавир жоғары

əскери əуе училищесін, екіншісі – Чернигов жоғары əскери əуе
училищесін тəмамдап, үздік қызмет атқарып жүрген таңдаулы

азаматтар 2005 жылы «ғарышкер-сынақшы» атағын иеленді.
Шын мəнінде, кəсіби ғарышкерлерге айналды. Енді бір ғана
қадам... ғарышқа ұшу ғана қалып тұр. Дегенмен, өткен жыл-
дар ішінде елімізге айтарлықтай еңбек сіңіріп үлгеруге талай

мүмкіндіктері болған таңдаулы қос азаматтың ғарышқа ұшуы
сол жылдардан бері ылғи кейін шегеріліп келсе, биыл тіпті
олар ғарышқа ұшады деген үміт біржола үзілгендей. Яғни, бар-
ша дайындықтар құмға сіңген судай болатын түрі бар. Қазақ-

стан Əскери əуе күштерінің подполковнигі Айдын Айымбе-
тов те, 1998 жылы табысты компания – «Алтынконсалт»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызме-
тін атқарған Мұхтар Аймаханов та əлі күнге ғарышқа ұшуды

армандаумен ғана күн өткізуде. Ал олардың негізгі міндетті
атқаруы – ғарышқа ұшуы кейінге шегерілген сайын еліміздегі
салық төлеушілерге түсетін салмақ көбейе түсетіні бесенеден
белгілі. Бюджеттік шығындар еріксіз ұлғая бермекші. Биылғы

жылы Қазақстанның бюджет комитеті қазақ ғарышкерлерінің
ұшуына бөлінетін қаржыны анағұрлым азайтты. Сонда атпал
қос азаматтың төккен тер, көрген қиындықтары зая кеткені
ме? Иə! Қалыптасқан қазіргі жағдай осындай қорытынды

жасауға итермелейді. Іле-шала қазақстандық ғарыш турисін –
өз ақшасымен ресейлік медициналық комиссияның барлық сы-
нақтарынан сəтті өткен белгілі кəсіпкерді көк аспанға ұшыру
жөніндегі идея дүниеге келген болатын. Сəл болмағанда ол

да жүзеге аса жаздады. Дегенмен, 2008 жылдың қазан айын-
да «Роскосмос» пен Қазақстан тарапы арасында 2009 жылдың
күзінде «Союз» ғарыш кемесінде қазақ азаматының борт ин-
женер болып ұшуы жөнінде келіссөздер жүргізіле бастағаны

да аян. Ал соңғы кездері Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің
төрағасы Талғат Мұсабаев мырзаның: «Роскосмос» Қазақстан
ғарышкерінің ұшуы тек ақша төленсе ғана жүзеге асырылады
деп қатаң талап қойып отыр. Бұл мақсатқа 900 млн. рубль керек.

Одан бір тиын да кем емес», – деуіне қарағанда, екі ел арасында
қол жеткізілген барлық мақтаулы келісімдер құрғақ, мəнсіз сөз
болып шыққан секілді. Өйткені осыншама ақша жұмсалып, аса
лауазымды адамдар уағдаласпай-ақ төлемақы төлеген талай

адам – еркектер де, əйел туристер де, қарттар да, кəсіпкерлер
де еліміздің территориясында орналасқан Байқоңырдан Ресей

ғарыш кемелерімен сапарлап қайтты. Осының нəтижесінде
Ресейдің қазынасына қомақты қаржы құйылды жəне болашақ-
та да тоқтаусыз құйыла беретіні сөзсіз. Ал соншалықты ұзақ
мерзім бойына зор шығын жұмсап, Ресейде дайындығын өт-

кізген қос азаматтың бірде-бірін ғарышқа ұшыра алмаған
Қазақстан тағы да ұятқа толы көзімен жер шұқып, жыртық
астау құшақтаған күйде қалып отыр. Тіпті, аталмыш қос аза-
маттың бірін əке-көкелеп ғарышқа ұшырғанымызбен де өзіміз

соншалықты ниет еткен, жан-тəнімізбен ұмтылған ғарыштық
державалар клубына толыққанды мүше болып ене алмайтыны-
мыз бесенеден белгілі. Өйткені КСРО кезінде де Байқоңырдан
сандаған социалистік елдердің өкілдері – Куба, Вьетнам,

Моңғолия, Венгрия, т.б. елдердің алғашқы ғарышкерлері
ғарышқа ұшырылғаны аян. Бірақ бұл жағдай аталмыш елдердің
барлығы бір мезетте ғарыштық державаға айналып шыға келді
деген сөз емес.

Қазір Қазақстан Роскосмосқа 900 млн. рубль – орташа есеп-
пен 25 млн. доллар төлеуге қауқарсыз. Біздің ірі кəсіпкерлер,
əйгілі «Форбс» журналына енген олигархтарымыздың өлше-
міне салсақ, бұл соншалықты қомақты сома да емес секілді.

Бірақ, Қазақстан мұны төлеуден түбегейлі бас тартып отыр.
Бұл – дұрыс та! Өйткені сандаған жылдардан бері Қазақстан
Байқоңырдың жалақысын ұлғайтпай ұстап келеді. Яғни, «Бере-
ген қолым алаған» дейтін тұс нақ осы кез. Осыған қарамастан

Ресейдің арнаулы бағдарламалар басқармасының бастығы
Алексей Краснов: «В ходе переговоров Роскосмос шел на
максимально возможные уступки, соглашаясь на оплату 40%
суммы в 2010 году, т.е. после выполнения полета. Субсидиро-

вание же иностранных проектов за счет бюджетных средств
противоречит законодательству РФ», – дейді. («Новая газета»,
№22, 11.06.2009 г.). Яғни, ресейліктер ғарышқа адам ұшыру
мəселесінде В.Путиннің əйгілі «Котлет бір бөлек, көк шыбын

бір бөлек» деген ұстанымынан табан тайдырғысы келмейтінін
айқын танытуда. Тіпті, Қазақстан мен Ресей президенттерінің
өзара келісімдері болғандығына да көңіл аударғылары жоқ.
Сондықтан да Алексей Краснов: «На данном этапе затрудни-

тельно говорить о возможностях реализации договоренности,
так как мы ориентируемся на полномасштабное использование

российского сегмента МКС, что потребует трех российских
космонавтов», – деп шікірейеді.
Сонымен Қазақстан жағы наурыз айында бюджеттен ақша
бөлінбеуіне байланысты бұдан бұрын белгіленген ғарыштық

бағдарламадан бас тартатынын мəлімдеді. Ал нəтижесінде
осы уақытқа дейін қос ғарышкерді дайындауға жұмсалған
қаржының бəрі желге ұшырылғаны айқын. Өйткені əлемдік
экономикалық дағдарыс аяқталып, Қазақстан қайтадан аяғы-

нан нық тұрғанша, сөйтіп əлгі 25 млн. долларды төлеуге қабілет-
ті болғанша аталмыш қос сынақшы-ғарышкерлеріміздің ден-
саулығы баяғыша мықты болып тұрады деуге еш кепіл жоқ.
Əңгіме онда да емес, гəп мүлдем басқада болып отыр. Өзіміз

Байқоңырды пəленбай жылдан бері жалға беріп, тіпті, алдағы
50 жылда да оның бар пайдасын Ресей көретінін қамтамасыз
етіп отырсақ та Қазақстанның нəйеті бір ғарышкерін тегін
ұшыруды қамтамасыз ете алмағанымыз елдігімізге, атымызға

өшпес таңба болып қалмақшы. Əңгімеміздің жоғары жағында
сөз етілген «ҚазСат-1» жерсерігі мəселесін осы тұрғыдан қай-
та сөз етуге тура келері айқын. 2006 жылы маусым айында
ұшырылған жерсерігі екі жылға жетер-жетпесте өз қызметін

тоқтатты. 2008 жылы Қазақстан БАҚ-тары «ҚазСат» жерсерігін
сақтандыруға жұмсалған 65 млн. доллар жөніндегі екі ел ара-
сындағы келісім-шарт қайта қаралып жатқанын, бірақ Ресей та-
рапы ақшаны нақты қайтару туралы уəде беріп отырмағанын,

тек құжатты қайта қарауға келіскенін ғана мəлімдеген бола-
тын. Содан бері бұл мəселеде ештеңе айқындалмаған сияқты.
Қалай десек те, Қазақстан əлгі аты-шулы 65 млн. долларды
толығымен қайтарып алды деген нақты дерек жоқ. Бар болса,

қоғам одан бейхабар. Оның үстіне Байқоңырдан ұшырылған
Ресейдің бірнеше «Протон» зымырандары Қазақстан терри-
ториясына құлап, қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіргені,
экологиялық апат қауіпін төндіргені де жадымызда. Аты-шулы

гептиль мəселесінде Қазақстан либералдық саясат ұстанып,
екі ел арасындағы стратегиялық əріптестік, мəңгілік достыққа
қылау түсірмеу үшін мардымсыз ғана өтемақы талап еткен-ді.
Тіпті, осы мардымсыз өтемақыны да Ресей үнемі сөзбұйдаға,

демагогияға ұштастырып, қайыршыға ұстатқан садақаның ке-
бін кигізді. Ең бастысы, Байқоңырды жалға алғаны үшін Ре-

сей Қазақстанға сандаған жылдардан бері санаулы ғана ақша
ұстатып келе жатыр жəне осылай болып қала берер сиқы бар.
Ал Байқоңыр жөніндегі келісім-шарт алғаш жасалғалы бері
жағдай өзгергенін, ең бастысы, доллардың құны айтарлықтай

төмендегенін ескеріп Қазақстан бұл келісім-шартты қайта
қарауға толық құқықтық негіз туындап отыр. Тіпті, Қазақстан
ғана емес, халықаралық терроризмге қарсы бірлесе күресетіні
жөнінде мəлімдеген, көптеген халықаралық келісімдерге қол

қойған Қырғызстанның өзі таяуда Қант əуежайын АҚШ-тың
пайдалануы жөніндегі келісімді қайта қарауға, өтемақыны ана-
ғұрлым көп мөлшерде төлеуге қол жеткізді. Американдарға
өтемақыны көбейтпесеңдер мұхиттың арғы жағындағы

ауылдарыңа қайт деді. Бұл жеңіс – Қырғызстанның сыртқы
саясаттағы айтарлықтай табысы екендігіне еш дау жоқ. Ал
Байқоңырды жалға алғаны үшін Ресейден көп жылдардан
бері мардымды ақша алып көрмеген – кейбір деректерге сен-

сек, оның өзі пайдаланудан шыққан, əбден көнерген техни-
ка жəне құрал-жабдықтар ғана екен – Қазақстан «Байқоңыр
синдромының» ауыр зардаптарын бастан өткеруде. Бұл сала-
да ұлттық, мемлекеттік мүддеміз мүлдем қорғалмай отырғаны

өкінішті-ақ. Осы тұйықтан шығар жол жоқ та сияқты...
2010 ж.

ҚАЗІРГІ ҚАЙРАТКЕРЛЕР

ЖƏНЕ КУРЯТОВТЫҢ КЕЛЕМЕЖІ

Тоқсан ауыз сөздің түбірін тобықтай түйінге шарт түйіп
айтатын қайран аталарымыз: «Қос кеменің құйрығын ұстаған
суға кетеді» дегенді қай ғасыр, ықылымда ғақлия қылып
айтқанын кім білсін, əйтеуір елімізде ұзақ жылдар бойы қа-

лыптасқан келеңсіз жағдай бұл тұжырымның өміршеңдігін
тағы да қапысыз дəлелдеді. Шынын айту керек, мұндай жағдай
түптің түбінде осындай масқараға əкеліп соқпай тұра алмай-
тыны да заңдылық. Əңгіме Қазақстандағы жоғары лауазым-

ды шенеуніктер, түрлі деңгейдегі саяси қайраткерлердің бір-
сыпырасы өз туған ана тілінде сөйлеуге емес, қанша жетік білсе

де бөгделігі аңғарылатын ресми – орыс тіліне үнемі бастарын
иіп, жөнсіз жүгіне беретіндігінде болып отыр. Əлгіндейлердің
бəрі полиглот, тілдің «майын» ішкен лингвист дей алмайсың,
бірақ күлдібадамдатып көпірте сөйлегенде небір өрескел қате-

ліктер, орашолақ ойларды бұрқырататыны ежелден белгілі еді.
Орыс тілінің білгірлері мұны ұзақ уақыт байқамағансып келгені
де құпия емес. Енді қанды жараның аузын «Казахстанская
правда» газеті аямай тырнады. Өткен сенбі күні аталмыш газет-

те «Аналитический обзор» айдарымен Владимир Курятовтың
«Шоу политических афоризмов» деген көлемді мақаласы жа-
рияланды («Каз.правда», №134, 25 тамыз, 2007 ж.).
В.Курятов бір апта бұрын болып өткен Мəжіліс жəне жергі-

лікті мəслихаттардың депутаттарын сайлауалды телесайыс-
тар мен пікірталастар, интернет-конференцияларда, электо-
ратпен ашық əңгіме тұсында қалыптасқан өрескел жағдайға
назар аударыпты. Мақаланың аннотациясында айтылғандай,

саяси қайраткерлердің халықпен бетпе-бет ашық əңгімелері,
ұйымдастырушылардың стильдік жөндеулері мен редакторлық
түзетулерден өтпеген сөздері «саяси афоризмдер шоуына»
əкеліп соққан сыңайлы. Əсіресе, мақаланың «Словарь «очепя-

ток» жəне «Сам понял, что сказал?» делінген бөлімдері пар-
тия лидерлерінің сөздерінде орын алған қателіктер – «очепя-
токтарды» ашып айтуымен құнды. Орыстілділердің күлкісін
əрі заңды ызаларын тудырған мұндай орашолақ тіркестер

мен орынсыз қолданылған мағынасыз сөздерден қазіргі саяси
қайраткерлердің ешбірі аман емес сияқты. Владимир Куря-
тов сайлауалды сайысқа түскен жеті партияның белсенділері
мен қайраткерлерінің қызыл тілінен шыққан қателіктеріне бе-

керден бекер назар аударып отырған жоқ. Сайлаулар өтеді,
орыс тілі қалады. Саясат бір күннің ырзығы, ал автордың ана
тілі – орыс тілінің тазалығы мəңгілік мəселе. Əсіресе, өзге
ұлт өкілдерінің (саяси қайраткерлер болса да) тілді бұдан əрі

шұбарлауына төзуге болмайтынын сезген секілді. Сондықтан
автордың алаңдауы түсінікті де. Ол www.e.gov.ks. сайтында
жарияланған əйел қайраткердің: «Мы должны уметь бороться,
а не играть с народом» деген пікірін мазақтамаға айналдырған.

Үстірт қарағанда, көз шығарып тұрған өрескел қателік жоқ
та сияқты. Тіпті, мұның арғы түкпірінде: «Біздер халықпен

жасырынбақ ойнау емес, олар үшін күресе білуге тиістіміз», – де-
ген қазақы ой, ұғым жатса керек. Бірақ, осы дұрыс ойды орысша
айтқанда мағынасы мүлдем бұзылып, орыс тілінің білгірлері-
не бүйректен сирақ шығарып тұрғандай көрінген. Одан əрі ав-

тор: «Один из партийцев, например, использует весьма стран-
ные формулировки «старателя», говоря о соотечественниках.

– Национальная идея, – сказал он, – рождается в недрах на-

рода. Весьма «глубокое» наблюдение! Непонятно только, где
у народа находятся недра, кто относится к этой глубинной
прослойке населения и каким образом генерируется нацио-
нальная идея в этих условиях?», – деп өлтіре мінеп-шенейді.

О, байғұс партия қайраткері-ай! «Қазақ тілінде сөйлесем элек-
торат түсінбей қалады-ау», – деп қашқақтап, ананың сүтімен
сіңбеген, бесікте əлдилемеген жат тілде сөйлеп жүргенде ал-
ған алғысыңыз осы ма еді?! Ал жоғарыда В.Курятов келтіріп

отырған пікірдің қазақ тілінде соншалықты өрескелдігі жоқ. Бар
болғаны: «Ұлттық идея халықтың қойнауынан туады», – деген
орынды пікір. Бұл сөйлемдегі жасырын тұрған абстрактілі зат
есімді «халықтың (ой-санасының) қойнауында туады» дегенді

əрбір қазақ, тіпті, жас балалар да жақсы түсінеді, тіксінбей
қабылдайды. Тіпті, өз ойын орысша орашолақтандырып жеткі-
зіп, күлкіге қалған белгісіз саяси қайраткер де солай ойлап,
тікелей тəржімалағаны байқалады. Ал орыстілділер үшін бұл

өрескел қате, асқан сорақылық. Сондай-ақ, мақала авторы енді
бір тұста шетелдіктердің Қазақстан балаларын асырап алуы
туралы өз ойын білдірген саясаткердің: «– Что такое сирота?
Это – наше будущее, это – наши дети», – деген сөздерін де

келекелеп, əбден сілікпесін шығарыпты. Орыс тілінде мазаққа
айналған бұл сөздер де қазақ тілінде жалпыға бірден ұғынықты.
Яғни, «Жетімдер дегеніміз кімдер? Олар – біздің балаларымыз,
біздің болашағымыз», дегенді айтып тұрғаны айқын. Бар ба-

ланы өз баласындай көретін бауырмал, мейірбан қазақ үшін
бұдан асқан терең ой, асыл сөздер болмайтыны сөзсіз. Ал
орыстілділер мұны: «Апырай, мына кісі өз баласын болашақта
жетім қалдырмақ па?» деп қабылдайтыны сияқты. Мақалада

осындай жəне бұдан басқа да өрескел кемшіліктерді «Руха-
ният», Патриоттар партиясы жəне ЖСДП-ның басшылары
мен өкілдері жібергенін айтқанмен, В.Курятов олардың атын

атап, түсін түстей қоймапты. Онысына рахмет! Əйтпесе биік
мінберлерден үнемі орыс тілінде сайрайтын талай саясаткерлер
мен шен-шекпенді шенеуніктердің күлдібадамдары ашылары
айқын. Ол ол ма, осындай «очепятоктар» сөздігін жасағысы

келген, ана тілдері – орыс тілінің шынайы тазалығы үшін жаны
күйзелетін адам болса, қазақтың биік шенді шенеуніктері мен
қайраткерлері, партия белсенділерінің сөздерінен мысалды
көптеп табатынына күмəн жоқ. Келемеж бен күлкінің көкесі

сонда болар еді. Күркіреп өткен сайлауға қатысқан еліміздегі
жеті партия басшыларының бəрі дерлік қазақтар. Олардың ба-
сым бөлігі, тіпті, барлығы дерлік қазақша ойлап, сөйлем түзіп,
сосын ел алдында көбіне орысша жеткізуге əбден əдеттеніп

алған. Ділі, қатып қалған қасаң түсініктері сондай. Ресми тілде
сөйлемесе электорат өздерін ұға, қабылдай алмайды деп іштей
үрейленеді. Тіпті, елімізде қазақтардың саны тұрғындардың
62 пайызына жеткенін де есепке алғылары келе қоймайтыны

өкінішті. Сөз жоқ, саяси қайраткерлеріміздің біразы «Сам
дурак!» деген принцип бойынша əлгі Владимир Курятовқа:
«Əуелі өзің қазақша сөйлеп көр! Əуселеңді сонда көрейін», –
деп қарсы уəж айтулары мүмкін. Бірақ шын мəнінде олай деу-

ге ешбірінің құқы жоқ. Өйткені олардың кіндігі бөтен тілге –
орыс тіліне байланып қалғанына, «Қолдары көтере алмайтын
шоқпарды беліне байлағандарына» Курятов кінəлі емес. Ол тек
орыс тілінің алдындағы азаматтық парызын өтеуші. Ана тілде-

рі – қазақ тілін менсінбеу, орыс тіліне орынды-орынсыз жүгіну
саяси қайраткерлеріміздің біразын осындай күлкіге қалдырып
отыр. Бұл – алғашқы қоңырау ғана! Бұдан былай осындай ма-
зақтамалар мен келемеж көбейе түспесе, еш кеми қоймас. 2005

жылы еліміздегі Президент сайлауы қарсаңында сонау Киев-
тен Қазақстанға арнайы келген украиндық «Пора» қозғалысы-
ның өкілдері біздегі оппозиционерлермен жолыққанда: «Өзде-
рің қазақ тілінде сөйлемейсіңдер. Білмейсіңдер. Сөйте тұра бұл

елге қалай билік жүргізбексіңдер? Оларыңнан түк шықпайды
ғой», – деген мəнзелде сын айтып, сол күні өз елдеріне қайтып
кеткен көрінеді.
Шынында да халықтың басым бөлігінің ана тілінде жүргі-

зілмеген үгіт-насихат адамдардың жүрегіне жол таппайты-
нын партия жетекшілері мен белсенділері мойындағанда ғана

олардың партиялары ел алдында бедел жинай алады. Қазіргі
заманда, əрбір ұлттың саналы азаматтары «Біз кімбіз? Қайдан
шықтық? Қайда барамыз?» деген өмірлік сауалдарға жауап
іздеп отырған кезеңде, сондай-ақ ана тілінің тазалығы, оның

болашағы үшін жандары шырқырап жүргенде өзге тілде жүр-
гізген үгіт-насихат арқылы саяси күресте ешкім жеңіске жете
алмайды. Əсіресе, алаш жұртында! Кең-байтақ Қазақстанға
атын беріп отырған қазақ жұрты абстрактілі электорат емес,

осы елдің ең белсенді азаматтары! Осыны ұмытпаған абзал.
2007 ж.

АТАМАН ҚИСЫНСЫЗ ОДАҚТЫ НЕГЕ АҢСАЙДЫ?..

«Казачий курьер» газетінің қитұрқылары
Тамыз айының орта шенінде белгісіз біреулер редакция-
мыздың кеңсесіне бір бума газет əкеп тастапты. Сірə, жайшы-
лықта қазақ БАҚ-тарымен істес, мəмілелес болуды онша қош

көре қоймайтын Қазақстан орыс, казак жəне славян ұйым-
дарының өкілдері болар. Яғни, олардың да бір көздегені, сау-
сағын ішке бүккен əлдеқандай саясаты болғаны шығар. Қалай
жорамалдасақ та мұндай əрекеттердің бекерден-бекер жасал-

майтыны бесенеден белгілі. Түрлі-түсті бояумен сапалы қағазға
басылған «Казачий курьер» газетінің кезекті – №7-саны екен.
16 беттік бұл басылымның меншік иесі Қазақстан орыс, казак
жəне славян ұйымдарының Үйлестіру кеңесі көрінеді.

Тұтас нөмірінде Қазақстанның егеменді, тəуелсіз мемлекет
екенін мойындаудан мейлінше бұлталақтай жалтарған «Каза-
чий курьер» алғашқы бетінен-ақ Белоруссияның неміс-фашист
əскерлерінен азат болуының 65 жылдығына орай осы елдің

Президенті А.Г.Лукашенконы: «Посткеңестік кеңістіктегі ха-
лықтардың Батько деген құрметті атағына ие болған бірінші
саяси лидер», «теңдесі жоқ тұлға», – деп аспандата мақтап
келіп, Қазақстан казактары қоғамдық ұйымдары одағының аты-

нан алтын қанатты күміс креспен марапаттағаны жазылған.
Оның да еш сөкеттігі жоқ, демократиялық қоғамда кейбіреулер

мұндай алқа атаулыны ұнатпаса, базбір қоғамдық ұйымдар
осындай жылтырақ белгілерді оңды-солды үлестіруге тым əуес.
Гəп Лукашенкоға жазылған құттықтаудың соңындағы: «Наро-
ды бывшего СССР гордятся Вами!» деген ерекше тұжырымда

болып тұр. Бұл əрекет Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
күйреген Австро-Венгрия империясы халықтарының аты-
нан 1940 жылы əлдекімге алқа таққан секілді қисынсыздық,
асқан өрескелдік. Посткеңестік елдердің егемендік, тəуелсіздік

алғандарына алды 20 жыл, кемі 18 жыл болды. Турасын айтсақ,
байғұс тарих осыған дейін осындай өресіздікті, сорақылықты
бастан кешіп көрмеген болар. «Бұрынғы КСРО халықтары»
дегендер кімдер?! Балтық теңізі жағалауындағы халықтар ма?

Бірақ, КСРО-ны, əсіресе орыстарды бостандығымызға қара бал-
та сілтеген басқыншылар деп есептейтін олар Кеңес Одағының
құрамында болған кезді қасірет, қара таңбалы жылдар деп са-
найды. Тіпті, ондағылар А.Г.Лукашенконы əлдекімдер «Бать-

ко» дейтінінен де бейхабар болуы ықтимал. Əлде Орталық
Азия халықтары ма? Қазір олардың да əрбірінің өз ұлттық
мемлекеті, мақтан тұтатын қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. асқақ əрі
қасиетті атаулары бар. Оның үстіне мұндағы мұсылман елдері

Александр Григорьевичті күміс креспен марапаттай қоюының
да қисыны келмейді. Кавказ ба?.. Олардың көбі бұрынғы КСРО-
ны естен шығарғалы қаш-шан... Соғыс жылдарында Қазақстан
мен Сібірге жер аударылғандар мен олардың ұрпақтарының

көбі қызыл империяны қарғыспен еске алуы заңды да. Зұлмат
аштықты, оның миллиондаған жазықсыз құрбандарын еске
алудан қашқақтайтын қазақтардай емес, кекшіл тау халықтары
өткен қасіретті тарихын оңай ұмытпайтыны белгілі. Енде-

ше «бұрынғы КСРО халықтары» деген атаудың тасасында
ат төбеліндей казактардың белгісіз тобы ғана тұрғаны ғой.
Бірақ... «Казачий курьер» тілге тиек еткен КСРО кезінде казак
деген жеке халық, ұлт, тіпті, қауымдастық болыпты дегенді

де ешкім естіген жоқ еді. Жалпы, Қазақстандағы осындай
диаспоралардың қоғамдық ұйымдарының кейбірі сөз жүзінде
ғана тəуелсіздігімізді мойындап, нақты іске келгенде кереғар
əрекет жасауға ұмтылатыны жиі аңғарылатын сорақылық.

«Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды», – деген
ұлағат осындайдан айтылса керек. Мəселен, Қазақстан орыс

қауымдастығының басшысы Ю.З.Бунаковтың Қырғызстанда-
ғы Президент сайлауына байланысты ЕҚЫҰ-ның бас хатшы-
сы Марк Перрин де Бришамбо мырзаның атына қитұрқылыққа
толы арыз жазып: «На днях в Киргизии состоялись выборы Пре-

зидента Республики, результаты которых вновь вызвали волну
протеста общественности. Мы можем дать объективную оцен-
ку этому событию...» – деп күшеншектенуі мүлдем күтпеген
жайт. Тəуелсіз қырғыз халқы Елбасын өздері таңдады, көп бо-

лып сайлады. Бұл – олардың Құдай берген заңды құқықтары!
Оған бөтен елдің (көршілес мемлекет болғанмен) азаматы
Ю.Бунаков, Қазақстандағы орыс, казак, славян ұйымдары
қандай объективті баға беруі мүмкін? Əлде, азаттық сүйгіш

қырғыз бауырлар бұлардың «ақылдарына» аса мұқтаж ба?
Бəлкім, біздегідей емес, Құрманбек Бакиев мырза өзге ұлттың
«еркелерін» мүлдем көзге ілмегендіктен шіркіндердің іштеріне
қан қатты ма? Бейбастақ Ю.Бунаков мырза халықаралық бе-

делді ұйым басшысының атына жазылған қысқа ғана ресми
арызында тұтас елді айыптаумен қатар, «Киргизия» дегенді 4
рет, «Киргизской Республики» деген атауды 1 рет қолданған.
Бұл – оның аса сауатсыздығы немесе қасақана арандату. Өйт-

кені, Алатау биігіндегі бауырлас мемлекеттің ресми атауы –
Қырғызстан Республикасы, орысша да Республика Кыргыз-
стан. Жаңылыспасақ, 90-жылдардың соңында тəуелсіздігін жа-
риялаған қырғыз жұрты өз Отандарын бұдан былай «Кирги-

зия» деп атамауды міндеттеген болатын. Өмір тосын жайттарға
толы ғой, біз атамекенімізді Қазақия деп əлі күнге атай алмай
жүрміз-ау. Бір сөзбен айтсақ, егеменді, тəуелсіз мемлекеттің
атын ресми құжатта дұрыс жазбау, біртұтас халықтың на-

мысын таптау жəй ғана мəдениетсіздік, өресіздік емес, нағыз
ожар өркөкіректік. Ұлы империяшыл шовинистердің өзгелерді
көзге ілмеуінен туындаған тоңмойындық.
«Казачий курьерді» біздің редакциямызға байқатпай тас-

тап кеткен бейтаныстардың басты мақсаты осы газеттің тұтас
бес бетін алып жатқан орыс, казак жəне славян ұйымдары
Үйлестіру кеңесінің төрағасы Ю.Ф.Захаровтың көлемді сұхба-
тымен жұртшылықты кеңінен таныстыру болған секілді. Га-

зет бетін аямай берген соң, Юрий Филиппович те өзгелердің
«бетін» аямай, Белоруссиядан басқаның бəрін ауыр сын соқ-

қысына алған көрінеді. Əсіресе, елімізде қазір қалыптасқан
экономикалық ахуал, банктер мен қаржы саласындағы былық-
тар, бюрократиялық аппараттың шектен тыс ұлғаюы мен
орынсыз қағазбастылықты назардан тыс қалдырмай, «Каза-

томпромды» (нақ осылай жазылған – Ж.Ш.) түйреп өтеді əрі
сыбайлас жемқорлықтың да аямай сыбағасын берген. Əділін
айтсақ, сын пікірлерінің көпшілігі өте орынды жəне бұл мə-
селелер қазақтілді БАҚ-тарда үнемі күн тəртібінен түспей

тұрған кемшіліктер. Сөйте тұра Ю.Ф.Захаров мырза мүлдем
қисынсыз қорытынды жасауға шебер. Мəселен, кадрлер мə-
селесін тілге тиек ете отырып: «Сондықтан империялық бі-
лім алған, бір кездері республиканың халық шаруашылығы

кешенін құрған жəне өндіріс жайын білетіндерді басшы орын-
дарда көбірек ұстау керек», – деп көшелі сөз айтқансиды.
Мұны қолдаушылар табылуы да мүмкін. Бірақ, қаласақ та,
қаламасақ та қазіргі өмір шындығын мойындауға тиіспіз.

Ю.Захаров сөз етіп отырған əлгі мақтаулы мамандардың көбісі,
тіпті, КСРО күйрегенде ең жас делінген кадрлердің көпшілігі
қазір зейнеткерлік жасынан асты. Өйткені, КСРО-ның «халық
шаруашылығы» қайта құру кезінде, 1987-88 жылдары-ақ бір-

жола күйреп, өндіріс орындары жаппай жабыла бастаған. Рес-
публикалар бартерлік айырбасқа ауысқан. Терең дағдарыс,
құлдырау кезеңінде сол кадрлеріңіздің көбі тал қармауға да
жарамағанын жұрт əлі ұмыта қойған жоқ. Арада өткен 20 жыл-

дан астам уақытта өндіріс орындары түбегейлі өзгерді, жаңа
технологиялар қолданысқа енді. Ал жаңа өндіріс саласын ескі
кадрлермен басқарғанша, білікті жас мамандар мен кадрлерді
неге көптеп тəрбиелемеске? Оның үстіне бұл азаматтың ішін

күйдіріп отырған басты жайт – кадрлер мəселесі немесе жалпы
бюрократияның көптігі емес, басқару орындарындағы қазақ ма-
мандары мен жастарының көбеюі. «Да, это действительно бо-
лезненный вопрос для национального самосознания всего рус-

скоязычного сообщества, когда представители титульной на-
ции, даже в северных областях занимают все государственные
должности», – деп күңіренеді. Осы тұста аса өкінішті бір жайт-
ты ескеруге тиіспіз. Егер қазақ ақпарат құралдары «орыстар не-

месе өзге бір ұлттың өкілдері мынадай салада барлық лауазым-
ды орынды жайлап алған» деп мəлімдеген жағдайда, сол сəтте-

ақ оған «ұлтараздығын қоздырушы», «экстремистік пиғылдағы
пəлекет» деген ауыр айып тағылары сөзсіз. Ал арандатушы
сұрақты қойып отырған газет тілшісі де, Ю.Захаров та беттері
шімірікпестен қазақ азаматтары Қазақстанның солтүстік об-

лыстарын басқармауға тиіс деген ойды тұспалдап отыр. Тіпті,
ол Президент əкімшілігінен бастап барша министрліктердегі
сансыз шенеуніктердің тым көбейіп кеткенін орынды сы-
най келіп: «Ал осы қампиған «қарындарды» майда жəне орта

кəсіпкерлікпен айналысуға аттандыру керек», – дейді. Іле-шала
Ресей жəне Белорусь Республикасымен тығыз одақ құруды
ұсынуының өзі мүлдем түсініксіз. Захаровтың өзі айтқандай,
Қазақстанның «қампиған қарындарынан» құтыла алмай оты-

рып, оған қоса жаңа одақтың – Ресей мен Белоруссияның қо-
сымша «қарындарын» мойнымызға жүк етіп артудың қандай
қажеттігі бар? Бұл тойымсыз «қарындарды» Юрий Филип-
пович пен казактар асырай ма? Дегенмен, Ю.Захаров мырза

Ресейдегі қазіргі экономикалық саяси, əлеуметтік жағдайдың
өте ауыр жəне мүшкіл екенін бізден жақсы біледі. «Міне, мұн-
дай саясаттан бүгінде біздің халқымыз қандай жеміс көріп
отыр: ата-аналары тірі болғанмен 700 мың бала тұл жетім, жы-

лына басым бөлігі орыс адамдарынан тұратын 1,5 миллион
адам көз жұмуда жəне Ресей түрмелері мен қапастарында мил-
лион адам қамауда. Осылардың 95 пайызы этникалық орыс-
тар мен казактар. Мұндай сұмдық жағдай біздің тарихымызда

ешқашан болмаған», – дейді атаман. Қазіргі Ресейдегі жағдайды
бұдан əрмен қаратүнек етіп суреттеп, бүгінгі реформалар то-
лық аяқталғанда əлем картасында Ресей мемлекеті болмауы
мүмкін екенін де ескертуді естен шығармайды. Ресей бюрокра-

тиясын «екіжүзді, алаяқ» деп айыптап отыра тұрып, осындай
елмен одақ болуымыз керек екенін қайта-қайта ұсынады. Яки,
Ресейді мешеулік құрдымнан құтқаруға Қазақстан жегілуге
тиіс. Шындықты айталық, өз халқын осыншалық тұралатқан,

басына қаратүнек заман орнатып, бақытсыздыққа ұшыратқан
мемлекетпен қандай одақ құруға, оның басшыларымен қандай
даму, өркениет туралы сөз етуге болады? Не үшін? Қазақстан
да дəп осындай қаратүнектің ұйығына біржола батуы үшін бе?

Турасын айталық, Ресейді қиын жағдайдан тек қана ресей-
ліктердің өздері ерен еңбектері, ұмтылыстарымен құтқара

алады. Оған Ресей Сыртқы Істер министрлігінен ақша алып
отырған, қол жайып сұрап жүрген (Ю.Захаровтың Становой
кеңес туралы əңгімесінен мəселенің дəп осылай екенін айқын
білуге болады – Ж.Ш.) Қазақстандағы тіленші орыс, казак жə-

не славян қауымдастығының қандай қатысы болуы мүмкін.
Егер бұл азаматтардың тарихи Отандарына шынымен-ақ жаны
ашыса, тағдырына алаңдаса, əлдеқашан Ресейге көшіп барып,
күңіреністегі атажұртына өз еңбектерімен көмектесер еді ғой.

Оларды Ресейге жаппай шақырып, арнайы мемлекеттік бағдарлама
қабылданғанына да екі-үш жылдың жүзі болды. Ал өзге елде
шағын диаспора, жаңа тəуелсіз мемлекеттің азаматы бола тұрып,
өз тағдырын, тарихын қалыптастырып жатқан бүгінгі Ресей ту-

ралы: «Мұндай сұмдық жағдай біздің тарихымызда ешқашан
болмаған», – деп күйзелу, байбалам салудың этикалық əбестігін
былай қойғанда, адамдық тұрғыдан нағыз жаны ашымастық.
Ю.Захаров таяуда өзі болып қайтқан Белорусьті жоғары ба-

ғалайды, бізге үлгі етеді. Ол елмен тез арада одақ құруымыз
керек екенін жиі айтады. Қазақстанның ауылшаруашылығын,
тау-кен жəне мұнай-газ кешенін осы елдің өнеркəсібімен тығыз
байланыстыруға шақырады. Бірақ... Белорусьтің өндірістік ел,

Ресейдің де алдыңғы қатарлы держава болуын қалайтын ата-
ман мырза Қазақстанның баяғыша астық, сүт, ет, балық өнді-
ретін ғана аграрлы мемлекет болып қала беруін тілейді. «Біз
ғарыштық держава боламыз ба, жоқ па, ол əлі белгісіз», – деп

бұлаң құйрыққа салады. Ең таңданарлығы да осы. Қазақстан
ешқандай одақсыз-ақ астық өндіруден əлемдегі жетекші бес
елдің қатарына енді, ал ұн өндіруден əлемде бірінші орынға
шықты. Оның үстіне тəуелсіздік алған уақыт жотасында тау-

кен өндіру, мұнай-газ кешенін сақтап қалумен бірге, оларды
түбегейлі қайта құруға қол жеткізіп, айтарлықтай өркендетті.
Мұны əлем халықтарының баршасы мойындайды. Енді бола-
шағы бұлдыр одақты қайта құрып, осы табыстарымыздың

бəрін Ресей мен Белорусь бюрократиясына сырлы табақпен
оп-оңай тарту етуіміз керек пе? Сөйтіп... қазақтар баяғыша
жаппай мал бағуға тиіс пе?! Аққан өзенге екі рет суға түсуге
болмайды дейді, бірақ Ю.Ф.Захаров сындылардың бізді ме-

шеу, бақытсыздық құшағындағы Ресеймен одақ болуға итер-
мелей беруін жаны ашымастық, əлде арандату дейміз бе?

Ең таңданарлығы сол, осы сұхбатта Ю.Захаровпен бірге Ре-
сей армиясындағы жаңа реформалар мен қысқартауларды Қа-
зақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі, генерал-полковник
А. Қасымов та қатты сынға алады. Экс-министрдің айтуынша,

Ресей армиясында түбегейлі реформалар жүрсе «белгісіз бір
күштер» Қазақстанды басып алатын сияқты. «Реформалардың
нəтижесінде басқа нəрсе жойылады жəне бұл ел үшін, біздің
бəріміз үшін, оның ішінде осы жолдарды оқып отырған əр-

біріміз үшін шын мəнінде қауіпті», – деп үрейлендіреді оқыр-
манды. Ал Юрий Филиппович «осы белгісіз күштердің» АҚШ
пен Қытай екеніне еш күмəн келтірмейді. «Представьте на
миг, что России больше нет и мы, Казахстан, остались один

на один с этим миром...», – деп жас баланы қараңғы бөлмемен
қорқытқан «мейірбан» əкенің кейпін киеді. Сөйтіп: «Положе-
ние, конечно, очень непростое, но будем надеяться на то, что
ядерное оружие России в ближайшие пять лет страхует нас от

прямой агрессии иностранных государств», – деп балгерлік та-
нытады.
Қысқасы, жалпақ қазақ Ресейдің ядролық қаруына тəу етіп,
тілегін тілеуі керек секілді. Өйтпеген жағдайда бес жылдан соң

бізді өзге мемлекеттер жаулап алмақшы деп түтіндетеді. Сөйте
тұра КСРО-дан қалған арсеналдың күні өтіп, əбден ескіргенін
экс-министр де, казактардың атаманы да мойындайды. Ол ол
ма, генералдар мен полковниктердің шектен тыс армиясын

асырау Ресей сынды алып əрі бай елге де ауыр екенін екеуі
де жоққа шығармайды. Осыған қарамастан олар «реформа
жүрмеуі керек» деген қорытынды шығарған. Шынын айтсақ,
Ресей соңғы жылдары көршілерді «өзге мемлекеттердің агрес-

сиясынан» қорғағаннан гөрі, өзі басты қауіп-қатер ошағына
айналғаны баршаға белгілі. Балтық жағалауы республикалары,
Грузия, Украина, Молдова, Польша, тіпті, өзіміз орыстармен
бауырлас дейтін Болгария да Ресейден аулақ болғанды қалайды.

Бұрынғы социалистік елдердің бəрі де Ресей «қамқорлығынан»
ат-тондарын ала қашатыны аян. Ендеше, осындай бақытсыз,
бейбақ елмен Қазақстан неге одақ құруға тиіс? Бұл мүлдем
түсініксіз.

Əсілі, Қазақстан ешкіммен одақ болмай-ақ, құлдық қамытын
мойнына қайта кимей-ақ дамыған, өркениетке ұмтылған жа-

ңа тұрпатты мемлекет құрғанын əлемге əйгіледі. Ендеше,
Ю.Ф.Захаров сынды атамандардың «жанашырлығынан» Алла
сақтасын!
2009 ж.

ДЖОН ЛОНЫ ЖЕК КӨРУ

НЕМЕСЕ ДАМУ ДҮДАМАЛДЫҒЫ

Африкадағы табиғаттың төл баласындай масаи халқында
əдемі аңыз бар: ержүрек, епті масаи жігіті əсем антилопа-
ны жаралап, ұзақ уақыт – күн-түн қатып қуалап, шалажансар
күйде қолға түсіреді. «Ая мені, аңшы жігіт, туған саваннаға

тірі жібер, – деп қиылып өтінеді жаралы жануар. – Есесіне мен
саған табиғаттың бар құпиясын айтып беремін. Жапырақтардың
тілін түсінетін боласың». Антилопаның жалынышын құлағына
ілмеген қатыгез аңшы жаралы жануарды аяусыздықпен өлті-

ріп, содан бері адамзат табиғаттың құпиясын білу, тілін мүлде
түсінуден қалған. Міне, сол масаилар сияқты, қазір адам-
дар Қазақстан экономикасының заңдылықтарын түсінуге
шамасы келмей, миы қатып жүр. Өйткені соңғы жылдары

Қазақстандағы тиімді, оң əрі шұғыл нəтижелерге қол жеткізген
саяси-экономикалық, əлеуметтік реформалар мемлекетіміздің
дамуындағы күрт қарыштауды қамтамасыз еткені туралы көп
айтылуда. Биік мінберлерден мəлімделіп, экономика білгірлері

тамсанып сөз етіп, шетелдік сарапшылар таңданып-ақ жүр.
Ғаламшарлық экономикалық ахуалдың қалыптасуы мен күрт
өзгерістерін, даму мен тоқырау мəнісін жіліктеп шағатын май-
талман мамандардың көбісінің осындай түйін жасауы тегін

болмаса керек.
Қазақстан экономикасының айтарлықтай дамығаны, ең
əуелі, əнебір жылдардағы құрдымнан көтеріліп, даму бағы-
ты мен тиімді жолдарын дөп басқаны рас. Бір ғана мысал. Биыл

аяқталғалы отырған «2003 – 2005 Ауылды қолдау жылы»
Мемлекеттік бағдарламасы негізінде өткен үш жылда ауыл
шаруашылығын дамытуға 150 млрд. теңге көлемінде айтар-
лықтай қомақты қаржы бөлініп, Қазақстан экономикасының

біржола қирау шегіне келіп тірелген аса маңызды салалары –
егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы аман сақталып қал-
ды. Көптеген ауылдар, елді мекендер мен шағын қалалардың
дамуы жаңа сипат алды. Бірақ, бұл аталмыш мемлекеттік

бағдарламаның мерзімі аяқталды, енді осымен бұл тақырып
жылы жабылып тасталады деген сөз емес. Келер жыл ауылды
қолдау, дамыту мақсатында тағы да 100 млрд. теңге бөлінгелі
отыр. Ал 2006 жылдың желтоқсанында еліміз мəртебелі

БСҰ-ға (ВТО) мүше болып кіргелі отырған шақта мұның өзі
мемлекетіміз үшін айтарлықтай дəйек болатыны сөзсіз. Қалай
дегенмен де «Күлшелі бала сүймекке жақсы». Сондай-ақ,
2005 жылдың бюджеті 2004 жылмен салыстырғанда 20% көп.

Бұл орасан зор қаржы еліміздің экономикалық серпіні мен
əлуетіне əсерін тигізетін қомақты ақша. Тіпті, осыған дейінгі
он жылда жалпы республикамыз бойынша небары 14 млн.
шаршы метр тұрғын үй салынса, ал алдағы үш жылда 12.млн

шаршы метр үй салынбақшы. Сондай-ақ, 2006 жылдан бастап
еліміздегі автожолдарды жаңа заман талаптарына сай дамы-
ту міндеті де күтіп тұр. Кейбір болжамдарға қарағанда, бұған
таяу жылдарда кем дегенде 1 трлн. 300 млрд. теңге жұмсау

қажет болмақшы. Əрине, алдындағы тамағын күңіренбей оты-
рып ішуді ұмытқан күйгелектер еліміздің бюджеті кейінгі бірер
жылда профицит болып жүргеніне қамығып, мұны əлемде
мұнайға сұраныстың жоғарылығымен, бағасының қымбат-

тығымен жаппай түсіндірсе де (мұнай бағасы төмендесе көңіл-
дері жай табатындай-ақ – Ж.Ш.), көмірсутекті шикізаттар
өндіру мен одан түсетін табыс еліміздегі ішкі жалпы өнімнің
небары 25 пайызын ғана құрайтынын жиі ұмытып кете береді.

Яғни, 75 пайыз өнім мен өсуді экономиканың басқа салалары
қамтамасыз етіп отыр ғой. Тіптен, шағын бизнесте 6 млн-ға
жуық адам еңбек етуде. Қазірдің өзінде ТМД аймағы бойынша
бірқатар мемлекеттер (Грузия, Украина, Қырғызстан т.б.) тың

жаңалық ашпай-ақ, Қазақстан дамуының үлгісін толық үйрене
отырып, айтарлықтай табыстарға жетуге болатынын мойын-
дауда. Тіпті, Ресей Федерациясы біздің зейнетақы жүйесі, білім
беру жəне ғылым саласындағы, агроөнеркəсіп кешеніндегі

реформаларды, жаңғыртуларды үйренуге құлықтылық та-
нытуда. Əсіресе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы

(ЖКХ), инфрақұрылымдардағы өзгерістерді жіті қадағалап,
озық тəжірибелерін көшіріп алуға кет əрі емес. Өйткені Ресей
тұрғын-үй коммунальдық шаруашылықты (ЖКХ) əлі рефор-
малай алмай отыр жəне елдегі тұрғын үйлер мен əлеуметтік

маңызды нысандардың 80 пайыздан астамы тозығы жеткенін,
инфрақұрылымдар еш сын көтермейтіні жақсы мəлім. Кремль
тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықтағы өзгерістер Ресей-
де əлеуметтік толқулар, қақтығыстарға ұласып, елдегі жағдай

ушыға түсе ме деп сескенуде. Бірақ, ертелі-кеш бұл реформа-
ларды жүргізу керек екенін билік басындағылар іштей мойын-
дайды. Əлемдік қауымдастық, əсіресе, жаңа Тəуелсіз мем-
лекеттер – посткеңестік елдердің Қазақстанға мұншалықты

қызығушылық танытуы тегін емес. Оның үстіне шетел маман-
дарының көбісі де бізге көзқарастары мен ұстанымдарын сын
көзімен қайта қарап, өзгертуге мəжбүр болып отыр. Сарапшы-
лардың бұған дейін қалыптасқан пікірінше, 2010 жылға қарай

Каспий аймағы елдері бойынша мұнай өндіру 150 – 200 млн.
тонна көлеміне жетеді делінетін еді жəне оны өндіруге 40-
тан астам ірі мұнай компаниялары тартылған болатын. Алай-
да, Қазақстанның мұнай өндірудегі ілгерілеуіне қарағанда,

əрі қазіргі батыл болжамдарды қаперге алсақ, 2015 жылы бір
ғана Қазақстанның өзі осы аймақта 150 миллион тоннаға дейін
энерготасымалдаушы шикізаттар өндіруді қамтамасыз ететін
түрі бар. Ал 2005 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында

Қазақстан өнеркəсіп орындарында (шағын, қосалқы өндіріс-
терде, жеке шаруашылық секторларын қоса алғанда) 4634,6
млрд. теңге көлемінде өнім өндіріліп, өткен жылғы осы уақыт-
пен салыстырғанда 104,2% өсу қамтамасыз етілген. 2006 жылы

еліміздің бюджеті 11 млрд. доллар көлемінде болмақшы. Ма-
мандардың басым бөлігі еліміздегі мұндай қолайлы жағдай
ұрын əрі оңтайлы бағдармен жүргізілген батыл жаңғыртулар
нəтижесі, Қазақстанда бірсыдырғы демократиялық, құқық-

тық мемлекет қалыптасып, азаматтық қоғамның негізі қала-
нуымен түсіндіреді. Тіпті, жаңаша, бұл күндері жаппай əуезе бо-
лып отырған жаһандану ұғымдық категориясының адамзат,
əсіресе, қазақтар санасында біржола орнығуымен, нарықтық

қатынастардың айрықша оңтайлы ілкімділігімен де қисын-
дастырып тілге тиек етеді. Батыл болжамдарға сенсек, 2010

жылдарғы Қазақстандағы ішкі жалпы өнім жан басына шақ-
қанда 9 – 10 мың доллар көлемінде болып, Шығыс Еуропа
елдерінің деңгейіне жетеміз деп күтілуде. Тіпті, таяу уақытта
əлемдегі ең əлеуетті, экономикалық, рухани тұрғыдан дамыған,

жетекші 50 елдің қатарына қосылу міндеті де алда тұр. Ол да
мүмкін, өйткені Энергетика министрі Владимир Школьниктің
мəлімдеуінше, Отанымыздың қойнауындағы қазба байлықтың
көлемі 3.5 трлн. АҚШ доллары көлемінде көрінеді жəне

оларды игеруге 700 млрд. доллар көлемінде қомақты қаржы
қажет болмақ. Сонымен қатар 2009 жылы ОБСЕ-ге Қазақстан
төрағалық етуі ықтимал жəне елімізде бұған ұмтылыс бар.
Сорақысы сол, дəп осы үміт айтылған тұста еліміздегі оппо-

зиция, сонымен қатар, орыстілді БАҚ-тардың басым бөлігі
қасқыр көрген ешкікөзденіп, ежірейіп, Қазақстанды кекетіп-
мұқатып шыға келетіні қызық. Қазақстан бұндай деңгейге
өсіп- жетілген жоқ деп жұлқынады. Оппа, оларға салсақ, өткен

күзде адамдық құқықтарын қорғап, жарқын болашақтары
үшін көшелерге шыққан жүздеген мың қаршадай балаларды
lшкі істер министрі Николя Саркози «қоқыстар», «адамзаттың
нəжісі» деген мағынада сыбаған Франция мұндай құрметке ие

болуға құқылы, ал Қазақстан ... əлі мешеу, кенжелеп қалған.
Бұл – өз Отанын, туған ел, кіндік кескен жерін өзгеден кем са-
нау, көзге ілмеу, тіпті, іштей жасырын жеккөруден туындайтын
сорлылық. Баяғы құлдық психологияның зəһары ғой бойла-

рын буған. Əйтпесе , Қазақстан сол ОБСЕ- ге 2019, мейлі, 2029
жылда төрағалық етер, онда тұрған не бар?!Шынтуайтына кел-
генде ілгерілеу тоқырап қалған жоқ, ең бастысы мемлекетіміз
үздіксіз даму жолында ғой. Атақты Ф.Шеллинг айтқандай:

«Блажен, кто выбрал цель и путь,
И видит в этом жизни суть».
Əйткенмен, еліміздегі адамдардың бүгінгі күніне көңілі
толмауы, ертеңіне сенімсіздік қылаңытатыны қалай?! Ресми

мəліметтер көз алдыға көлбеңдететін көркем суреттерден гөрі,
көпшілік тұрмыстың сұрқайлығы, еңсе езген ауыртпалығы мен
бейберекеттігіне иланатыны неліктен?! Мəселен, «Қала мен
дала» газеті таяуда «2030 жылы Қазақстанды қалай елестете-

сіз?» (6.12.2003ж.) деген сауалнама жүргізіпті. Сонда Күлəйша
Ескенова деген зейнеткер апай əлгі сауалға: «Қайдан білейін,
қарағым. Мені бір көріпкел деймісің? Қазір қиын заман болып
кетті ғой. Жан-жақтың бəрі соғыс. Соғыстан құдай сақтасын

де. 2030 жыл емес, ертеңгі күнім қалай болар екен деп қалт-
құлт етіп əрең жүрмін. Оған дейін біз о дүниелік боламыз ғой,
сайтан болып кетпесек...», – деп жауап берген. Қаншалықты
торығу, үмітсіздік, марғаулық пен енжарлық десеңізші. Бəрі де

Қазақстан экономикасының жетістіктері жалпақ жұрт өміріне
соншалықты оң əсерін тигізе қоймағандықтан, тіпті, жылма-
жыл үдеп тұрған инфляцияның билік өкілдері, маман эконо-
мистер мақтанышпен айтатын барлық биік көрсеткіштердің

бағасын бес тиын етуінен туындайтын ішкі жайсыздық, дис-
комфорт. Білгірлердің жазуынша, экономиканың бұл дерті
XVІІІ ғасырда Джон Лоның кесірі мен шолақ ойлылығынан
кездейсоқ ашылған көрінеді. Су астында қала жаздаған Жаңа

Орлеан қаласын қайта гүлдендіруге қол жеткізген бұл пысық
əрі іскер адам қағаз ақша мен кредиттің көп болуы мемлекетті
гүлдендіруге жеткізеді деп күмəнсіз сенген. Тіпті, осы шотлан-
дықты Францияның Ғылым академиясының мүшесі етіп сай-

лап, бас қаржы қадағалаушысы қылып тағайындапты. І Петр
Ресейге шақырып əуреге түскен. Бірақ, Джон Лоның жобасы
көп ұзамай-ақ Францияны экономикалық, саяси дағдарысқа
əкеліп тіреді. Сөйте тұра оның идеясы əлі өмір сүруде, эконо-

микалық форумдарда талқыланып, күнделікті өмірде жүзеге
асырылуда. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Қытайды бір-
жола жаулап алған далалықтар, əсіресе, даңқты Құбылай хан
тұсында империяда қағаз ақша шығару əйгілі билеушінің

қолында болып, атақты Марко Поло ғана емес, бүкіл еуропа-
лықтар ақшаның бұл түріне қатты қызыққан. Ол жайында Мар-
ко Поло: «Бұл қағаздарды мен айтқандай əдіспен дайындайды
жəне ұлы ханның жарлығы бойынша ол билік ететін барлық

облыстар, патшалықтар, жерлерге таратылады. Қағаз ақшаны
қабылдамайтындар өлім жазасына кесіледі жəне өйтуге ешкім-
нің батылы да жетпес еді», – деп жазған. Амал не, одан кейінгі
жылдары империяда инфляция бой бермеуге айналып, қағаз

ақша еш реттеусіз, бейберекет шығарыла бастады да, девальва-
ция айықпас дертке айналды... ақыры Қытайды билеуші дала-

лықтардың гүлденген империясының шаңырағы ортасына түс-
ті. Инфляция – əр елдің қоғамдық өміріне, əлеуметтік ахуалына
ғана емес, мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздігіне де аса қауіпті ке-
сел. Экономикалық қатер. Бірақ экономикалық ережелер мен

ойындар теориясын ойлап тапқан Оскар Мандельштам инфля-
ция деңгейін əрқашан үкімет кінəсіз сияқты етіп есептеп шығу-
ға болады деген. Əйтпесе, елімізде өндірілетін тауарлар мен
өнімдер қай қисын бойынша да арзан болуға тиіс қой. Бізде –

керісінше. Əйтпесе, алтын- валюта қоры үздіксіз өсіп келеді,
Ұлттық қорда жинақталған қаржы да орасан зор, жылма-жыл
бюджетте профицит қалыптасып отыр. Бірақ... адамдар жеңіл-
дік сезініп, қатты тартылған белбеуін босатудан үрейленеді.

Себебі, жыл сайын жан басына шаққандағы табыстың үдемелі
өсіп отырғанына қарамастан, оның бəрін тежеусіз инфляция
жеп қоюда. Жоғарыда айтылған оңды істің бəрі макроэкономи-
каның жемістері мен нəтижелері. Есесіне біздегі дүкен сөрелері

мен базар жаймаларына арзан шетелдік өнімдер мен тауарлар
түсе бастаса (Украина конфеттері, Қырғызстан картобы мен
Өзбекстан жеміс- жидектері, Қытай заттары т.б.) бітті-ақ, жап-
пай қарсылық жариялап, баж салығымен қылқындыруға əрекет

жасалынады. Нəтижесінде, Қазақстан дүкендеріндегі тауарлар
Американы былай қойғанда, Еуропадан да əлдеқайда жоғары.
Тіпті, біздің кəсіпкерлер өз тауарларына өзіндік құннан гөрі 10 –
20 есе жоғары баға қоятыны айқын. Сондықтан ел арасындағы

қауесетке сенсек, біздің бірқатар кəсіпкерлеріміз бен олигар-
хтар күнделікті тамағын, жалпы азық түлікті сонау алыстағы
Италиядан арнайы ұшақпен алдыратын көрінеді. Киімді боса
болмаса Франция, Германия, тым құрығанда Мəскеуден киінеді

ғой. Отандық өндірісті дамытуды құрғақ сөз етуден гөрі, шын-
дап қолға алатын, шикізатқа негізделген экономика емес, қайта
өңдеу, ұқсату, жаңа технологияларға иек сүйейтін уақыт жет-
кен шығар. Осыдан біраз уақыт бұрын Ресей президентінің

кеңесшісі Андрей Илларионов мырза үкімет шенеуніктері мен
экономикалық қауымдастықты – «басты қауіп – елдің Вене-
суэлалық жолға түсуі» деп үрейлендірді. Оның айтуынша,
мұнайдың бағасы қымбаттауы нəтижесінде қазынаға ағылып

құйылып жатқан валюта мемлекет басшылары үшін аталмыш
қаржыны баршаға тең бөлуге қызығушылықтарын оятуы мүм-

кін. Одан соң: «Мұнай жəне газ өндіру салаларын бақылауға,
кейбір салаларды мемлекет меншігіне алуға қатты ұмтылушы-
лық пайда болып, отын инфрақұрылымдарын мемлекет уысы-
нан шығармауға жан салу күшейеді», – дейді ол. Онысы да

шындық, 1957 жылы Венесуэла, одан сəл кейінірек ОПЕК
елдерінің басым бөлігі осы жолды таңдады. Осының салдары-
нан ОПЕК елдеріндегі ішкі жалпы өнім 70-жылдардағымен
салыстырғанда – 30 пайыз, ал Венесуэлада 1957 жылмен са-

лыстырғанда – 40 пайыз төмен көрсеткішке ие. Бұндай қауіп
Қазақстанды да айналып өтпеуі ықтимал. Оның үстіне, біздің
атқарушы биліктегі мəртебелі шенеуніктердің көбінің оралым-
сыздықтары мен жауапсыздықтары, табансыздықтарынан кəсі-

би біліктерінің төмендіктерінен мұндай қауіп ащы шындыққа
айналып кетуі де оп-оңай. Мəселен, Индустрия жəне сауда
министрлігі 2005 жылдың он бір айында 94.1 млн. теңгені иге-
ре алмай отыр. Ол ол ма, бірқатар министрліктегі құзырлы ше-

неуніктер мен мамандардың салғырттығынан биылғы жылдың
тоғыз айында 30 млрд. теңгеге жуық қаржы игерілмей қалған,
ал соның 5 млрд. теңгеге жуық аса қомақты бөлігі Ауыл
шаруашылығы министрлігіндегі мырзалардың кесірінен иге-

рілмей қалған. Осы министрліктегі кейбір мамандардың айту-
ына қарағанда, жаңа, жас министрдің көңіліне жағымды болуы
үшін негізгі көрсеткіштер мен табыстарды қосып жазу, ана бір
тоқырау жылдарындағыдай, жасалған істерді ұлғайтып жазу

əдетке айналып бара жатқан сыңайлы. Мəселен, лизингке
алынған құрал-жабдықтар мен тракторлар, жүк көліктері са-
нын жергілікті жердегілер көтермелеп көрсетсе, осы министр-
ліктегі мамандар одан əрі үстемелеп жазып, қампитып көрсетеді

екен. Бір сөзбен айтқанда, қағаз жүзінде бар нəрселер өмірде
жоқ екен. Қайдам, құр ғайбаттау шығар... Қазіргі алтын астық
алқаптары туралы аңыз бен тамсануға толы толғауды былай
қоя тұрып, нақты өмір шындығын сөз етер болсақ, егін ша-

руашылығында да көңілді алаңдатарлық түйткілдер бастан
асады. Мəселен, жаздық қатты бидай алқаптарға шектен тыс
басым түрде себіліп, бүгінде 12 миллион гектар жерді алып
жатыр, яғни жалпы егістіктің 70 пайызы. Ал озық ғылыми тə-

жірибелерге сай жаздық бидайдың үлесі 50 пайыздан аспауға
тиіс. Осыған байланысты шығын қомақты болуына қарамастан,

тиімділік өте төмен. Еліміздің диқандары əр гектардан алына-
тын орташа түсімді 10-11 центнерден асыра алмай отыр. Ең
сорақысы сол, елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің баға-
сына айтарлықтай əсер ете алатын қолдау 2 пайыз көлемінде

ғана жүргізілуде, ал БСҰ -ға мүше 130 мемлекеттердің көбінде
бұл 14 пайыздық деңгейді құрайды. Біздің елдің мамандары
орынды-орынсыз мысал келтіруге машықтанып алған; АҚШ-та
мемлекеттік қолдаудың бұл түрі – 25 0 пайызға, Еуропа Одағы

елдерінде – 50, ал Финляндияда – 70 пайызға жететін көрінеді.
2004 жылы 11.7 млн. гектар алқаптағы жаздық бидайдан алынған
таза пайда небары 22.3 миллиард теңге көлемінде болып, рен-
табельділік 21 пайызды ғана құраған еді, ал егін шаруашылы-

ғындағы дамудың басты көрсеткіші болып табылатын рента-
бельділікті – 75-79 пайызға дейін толық жеткізуге болады. Біздің
елде оралымсыздықпен қосып жазу таңсық емес қой, тіпті, одан
ауыр экономикалық қылмыстар да жабулы қазан жабулы болып

қала береді емес пе?!. Биылғы жылдың он айында елімізде 32
мың 915 адам əртүрлі жауапкершілікке тартылып, мемлекет
қазынасына 10 млрд. теңгеден астам қаржы қайтарылған.
Бір таңданарлығы сол, Алматыда өткізілген баспасөз мəс-

лихатында «Трансперенси Интернешнл» қоғамдық қорының
атқарушы директоры Сергей Злотниковтың мəлімдеуінше, біз-
дің мемлекетіміз əлі күнге коррупцияға қарсы халықаралық
құжаттарға қол қоймаған жəне бұл жағдай Қазақстандағы шек-

тен шыққан коррупцияның тамырына балта шабуға мүмкіндік
бермей отырған сыңайлы. Иə, Назым Хикмет: «Егер аспанда
жұлдыз жанса, ол біреуге керек болғаны ғой», демеуші ме еді?!
Яғни біздің елімізде қалыптасып отырған əлгіндей өрескел

жағдай əлдекімдерге керек болғаны ғой. Ал Қазақстандағы
ішкі жалпы өнімнің 11 пайызға өскеніне қарамастан, күзде
үкіметтің бір отырысында Көлік жəне коммуникациялар ми-
нистрлігі 9 пайыздық өсімді ғана қамтамасыз ете алғаны ай-

тылды. Қарапайым халықты аса қатты алаңдататыны – инфля-
ция деңгейі жөнінде де түрлі деректердің келтірілуі. Отандық
мамандар бұл көрсеткішті 5-6 пайыз десе, Еуропа маман-
дары, əсіресе, Франция экономистері 8.8 пайыз деп отырса

кейбіреулер 9-11 пайыз өскенін тілге тиек етеді. 2005 жылдың
қыркүйегінде республиканың тұтыну нарығында тауарлар

мен қызмет көрсету бағасы 2004 жылдың осы уақытымен
салыстырғанда 7.9 пайызға өскен. Осы уақытта жыл басы-
нан бері тамақ өнімдері бағасының 4.8 пайызға қымбаттауы
инфляцияға –2.3 пайыз үлес, ақылы қызмет көрсету тиісінше –

6.2%, азық-түлік емес тауарлар 4 пайыздан астам үлес əкелгені
мəлім. Қалай дегенмен де, қалаларымыздың дүкендеріндегі,
базар жаймаларындағы қымбатшылық күннен-күнге үдеп ба-
рады, елдің емініп тапқан ешкісін инфляция дауылы аспанға

ұшырып əкететін сұры бар. Қызмет көрсету саласындағы
бағаның өсуі тіптен бұйдаға көнер түрі жоқ. Ал таяп қалған
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, одан соң 2006 – Ит жылының
басында қымбатшылық одан əрі үдей түсетіні кəміл. Себебі,

елімізде жыл басында жəне жыл соңына қарай бағаның орасан
зор деңгейде өсуі талай жылдан қалыптасқан өрескел дəстүр.
Қарапайым жұртшылық беліндегі белбеуін тағы да қатты тар-
та түседі-дағы. Өйткені, алматылықтар жер сілкінуі мен баға

өсуінен əбден зəрезап болғалы талай жылдардың жүзі. Əлгі
аңыздағыдай Қазақстан экономикасының заңдылықтарын түсі-
ну, тілін білу мүмкін емес.
2005 ж.

КЕЛІСІМДЕРДІҢ КІЛТІ КРЕМЛЬДЕ...

Қайырылып соңыма, кең сайдың аңғарында тізбектеле
созылған, шашыраңқы ауылдың жатаған үйлеріне қарадым.
Жарлауыттан көз салған кісінің жаны еріксіз ашитындай-
ақ ауыл тым жүдеу. Енді салынып, құрылысы əлі аяқтала

қоймаған бірер үйдің алдындағы жер ошақтан көк түтін жі-
ңішкелеп көтеріліп, көктемнің жауынға дерткен бұлттары
біртіндеп жиналып, түнере бастаған аспанға баяу сіңіп кетуде.
Күндікелі мігірсіз тірліктен мезі болған адамдар азын-аулақ

кешкі асын қамдап жатыр-ау, сірə. Анау алыс-алыс жақтарда
қалған қоңырқай ауылдардың жусан аралас тəтті иісі танауыма
келді де, жүрегім уылжыды-ай. Міне, соңғы күндері тағдыры
таразыға түскен «Шаңырақ» осы, кең даланың əр қиырында қи-

раған, өмір сүруін тоқтатқан бұйығы ауылдарынан келген сан-

сыз бейбақтар паналаған, Алматының іргесіндегі ұлтарақтай
батпақты жер осы. Қазақ ауылдарының қала маңындағы титім-
дей бөлшегі, асыл матадан қалған алақандай жыртыс бұл.
Билік басындағылар мұны да қиратуға жанталасуда. «Алма-

тыда жер қымбат» дейді, «Батпақты жерге салынған» дейді.
Сол да сылтау болыпты-ау. Əлемде батпақ үстіне салынған
ауыл жалғыз «Шаңырақ» қана ма екен?! Анау атақты Вене-
ция теңіз суының үстінде талай ғасырдан бері миземей тұр,

əйгілі Мəскеу де əу баста ми батпақтың үстіне ірге көтерген.
Гонконгтың күні кеше, 1998 жылы пайдалануға берілген, 1248
шаршы километрлік Чек-Лап-Кок əуежайы да теңізден жаулап
алынған құрылыққа салынған. Сол үшін ғана 200 млн. тек-

ше метр тас пен құм төгілді. Жоқ, тартыстың түбірі мүлдем
басқада сияқты-ау. Иə, Алматыда жер қымбат екені шындық,
бірақ жүздеген-мыңдаған адамдардың тағдыры тым арзан
болғаны ма?! Ауыр ойлар еріксіз меңдейді кісіні мұндайда.

Гəптің бəрі былтыр аукционда Алматыдағы жер телімдері
2,8 млн. теңгеге сатылуында шығар. Орыс тілді БАҚ-тардың
біразы «Шаңырақтағы» жерлер əу баста арзанға сатылған деп
бекер көңірсітіп жүрген жоқ. Заңшыл бола қалулары да тегін

емес. Қитұрқылық жатыр.
Ал көгілдір түтіндер əр-əр тұстан жиілеп көтеріле бастаған.
Сыбызғылап, кейде кешкі самалмен толқындана шапшып əуеге
сіңіп кетуде. Тəтті түтін иісі манағыдан да күшейе түскендей.

«О-о, қазағымның түтіні, түзу болып ұшқайсың», – деп іштей
күрсіндім аңғардағы ауылға əлі де толқи қарап тұрған күйі.
Бірте-бірте қоюланып, зілмауыр тарта түскен бұлттардың бау-
ырынан сирек, екі-үш ауыр тамшы үзіліп түсіп, қатқақ жердің

төсіне торсылдай тиді. Бетіме де. Құдайым-ай, қасіретке
бөккен кең даланың сығымдала жинақталып, сүзіле аспанға
атылып шығып, сосын қайта тамған көз жасындай ауыр там-
шылар. Қазақтардың көз жасындай құдды бір... Шағын авто-

бустың терезесін көз жасындай жауын тамшылары үзбей
шайып келеді. Көліктің жүрісі жылдамдаған сайын жиілей
түсетіндей. Тұманытқан, буалдыр терезенің арғы жағынан
зəулім ғимараттар, берік бетон дуалдармен қоршалған салта-

натты сарайдай үйлер тізбектеледі. Қамсыз-мұңсыз адамдар-
дың ауыз аңқайтар апартаменттері. «Шаңырақ» басқа, мұнда-

ғы тоқмейіл адамдар да мүлдем бөлек. Мінездері басқа, та-
ным-түсінігі де бөлек. Түрлері де жат сынды. Шіркіндер-ай,
мұншама қыруар қаржыны қайдан тапты екен?!. Ал терезенің
əйнегі кең даланың көз жасы – көктем жаңбырымен тоқтамай

жуылуда. Дүние қыстайғы ласынан тазарғысы келді-ау соңғы
рет. Бірақ, өкінішке қарай, қазақ қоғамы таяу жылдарда та-
зара алмайтын іспетті. Өйткені Алматы іргесінде қымбатқа
бағаланатын қазақ жерінің талай-талай пұшпақтары ұзақ жыл-

дардан бері өзге жұрттардың пайдалануына мүлдем су тегінге
берілуі қалыпты жағдайға айналғаны көзге ұруда. Жаңы-
лыспасақ, осыдан біраз жыл бұрын қазақ жері оншақты клас-
терге бөлініп, əрбірінің өзіндік бағасы белгіленген болатын. Ең

сорақысы сол, шетелдік əскери полигондар орналасқан аймақ-
тар сол уақытта тым-тым арзанға бағаланған сияқты. Оны
кейінгі уақта мемлекеттік тұрғыдан қол қойылған бірқатар
құжаттардың ішкі мəні дəлелдейді. Сəуір айының алғашқы

күндерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назар-
баев Мəскеуге ресми сапармен барып, Ресей астанасында Абай
ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып қайтқаны мəлім.
Мəртебелі Президенттің Мəскеуге биылғы жылғы екінші сапа-

ры болатын. Осы қаладағы Чистые прудыда қойылған, скульп-
тор Марат Əйнеков сомдаған аталмыш ескерткіш Қазақстан
үкіметі үшін 1 млн. 250 мың долларға түсіп отыр. Жоқ, бұл
осы ескерткіш қойылар алақандай жерге төленген, төленер

ақшадан бөлек, ескерткіш жасауға тікелей төленген қаражат.
Əрине, шығынның көптігін немесе аздығын есепке жүйрік ма-
мандар əлі айта жатар. Бірақ, бұл күндері сонау 1995 жылы 20
қаңтарда қол қойылған екі жақты бірқатар келісімдер қайта

қаралып, ішнара өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ең
бастысы, кейінгі жылдары еліміздегі əскери полигондардың
тым арзанға бағаланып жүргендігі шетелдік, əсіресе, батыстық
мамандарды да жиі мазалайтыны аңғарылуда. Мəселенің аста-

ры мынада, таяуда орыс əскерлерінің Грузия жеріндегі екі
бірдей ірі базаларындағы əскерлер 2007 жылдың аяғына дейін
елден əкетілу жөніндегі келісімге қол жеткізілді жəне сарап-
шылар мұны Грузия дипломатиясының ең ірі жеңісі деп бағала-

ған. Қазіргі күнге дейін Солтүстік Кавказдағы шиеленістердің
тұрақты қоздырушысы болып келген бұл əскерлер соңғы

кездері онсыз да қауіпті аймаққа айналып отырған Орталық
Азияға, əсіресе Қазақстандағы полигондарға орналастыры-
луы ықтимал. Еліміздің шекарасына тиіп тұрған, арпалыс
үстіндегі Ауғанстан, азамат соғысы басталуының алдында

тұрған Ирак жағдайын айтпағанның өзінде, атом станциясы
мəселесіне байланысты Иран мен Батыс елдерінің арасындағы
қарыс-қатынас та күн өткен сайын ушыға түсуде. Осындай
жағдайда таяу көршілерінің көбімен қырғи-қабақ Ресейдің

бұл мəселелердегі ұстанымы Құрама Штаттарды алаңдатпай
қоя алмайды. Таяуда АҚШ-тың Демократияны дамыту жəне
адам құқықтары жөніндегі мемлекеттік департаменті əлемдік
ауқымдағы адам құқықтары жөніндегі баяндамасын жария-

лады. Мұндай дəстүрлі баяндама бұл елде жылма-жыл жа-
рияланып тұруы əдетке айналған. Дегенмен, департаменттің
Орталық Азия, əсіресе, Ресей жөніндегі алаңдаушылығы биыл
жылдағыдан ерекше. Мұнда В. Путин атына бірнеше баптар-

дан тұратын қатаң айыптар тағылған. Жəне солардың ең бас-
тысы Шешенстандағы қантөгістің жалғасуы болып отыр.
Іле-шала АҚШ-та «Осы Ресей бізге шынымен дос па, əлде
қас жауымыз ба?» деген сұраққа жауап іздестіріле бастады.

«Ресей бізге ешқандай дос та, одақтас та емес жəне ешқашан
болып та көрген жоқ. Бұл ел біздің ту сыртымыздан Саддам
Хусейнге барлау деректерін жəй ғана беріп қойған жоқ – орыс-
тар əрқашан американдық мүдделерге нұқсан келтіру үшін

барлық жерде бəрін астыртын жүзеге асырумен болды», –
деп кесіп жазды «Вашингтон пост» газеті өзінің редакциялық
мақаласында. Ал 2008 жылғы сайлауда демократтар тарапынан
АҚШ президенттігіне үміткерлердің бірі деп саналатын, Ари-

зона штатынан сайланған сенатор Джон Маккейн: «Ресей ал-
дында иіліп төсек, жайылып жастық болуды доғаратын мезгіл
жетті» дегенді ашық айтып жүр. Ол АҚШ тарапы шілде ай-
ында Санкт-Петербургте өтетін дамыған елдер басшыларының

G-8 саммитіне бойкот жариялауын талап етуде.
Бірқатар таяу шет елдердің Ресейге іштартпауы ашық жау-
лыққа ұласып бара жатқандай. Ресей Сыртқы істер министрінің
орынбасары Григорий Карасиннің Тбилисиге ресми сапары

қарсаңында Грузия Парламентінің халықаралық істер жөнінде-
гі комитетінің басшысы Константин Габашвили Ресейді елде-

гі фашизм жөнінде қатаң айыптады. Ол: «Негізінен жасан-
ды арақ ішетін орыстарда қазір қандай стандарт бар болуы
мүмкін екенін мен білмеймін. Бұл – ксенофобия. Бұл – белгілі
ұлттарды менсінбеушілік. Жəне бұған есігінде кавказдық ұлт-

тар кіргізілмейді деп жазылған кафелер мен мейрамханалар-
ды қосатын болсақ, бұл дегеніміз – тұрмыстық фашизм», – деп
ашық мəлімдеген. Осыған ұқсас айыптауды осыдан екі ай-
дай уақыт бұрын Грузияның министрі Георгий Хаиндрава да

айтқан болатын. Украинаның саяси қайраткерлерінің Ресейге
іші ешқашан жылымайтыны екі бастан мəлім. Ол ол ма, ел
билігінде коммунистер отырған Молдованың өзінде Ресейге
қарсылық, ұлттық мүддені уақытша саяси табыстардан жоғары

қою күн өткен сайын ұлғайып келе жатыр. Сонымен, Мəскеуде
Қазақстандағы мемлекеттік ұшу-жаттығу орталығы, төртінші
мемлекеттік орталық полигон, Сарышаған, Ембі сияқты аса
ірі полигондар жөнінде, «Қазсат» спутнигін ғарышқа ұшыру

туралы бірқатар мəмілелерге қол қойылып, нақтыланды. Жеті
келісімнің 4-еуі екі ел арасындағы əскери қарым-қатынас, қор-
ғаныс қабілеттерін нығайту нұсқасында болып отыр. Атал-
мыш аса ірі полигондарды Ресей Федерациясының əскери

қызметкерлері пайдалануын нақтылай түскен бұл келісімдерге
РФ Қорғаныс министрі Сергей Иванов пен Қазақстанның
Қаржы министрі Наталья Коржова ханым қол қойған бола-
тын. Бұл келісімдер нəтижесін Қазақстан дипломатиясының

аса үлкен ұтылысы деп бағалайтын скептик сарапшылардың
пікірлерінің бірқатар орынды тұстары да бар. Өйткені өз по-
лигондарын пайдалануға беріп отырған Қазақстан бұдан
айтарлықтай шығындарға батуда. Осы уақытқа дейін 10 млн.

гектар орасан зор территориясын жалға беріп келген біздің
еліміз 28 млн. доллар өтем ақы алып келсе, қазір бұл жерлер
485 мың гектарға қысқартылды да, бұдан былай 25 млн. дол-
лар ғана алатын болып келісілді. Яғни, Қазақстан жылма жыл

3 млн. доллар табыстан қағылып отыр. Бұл – мəселенің бергі
жағы ғана. Ал қарапайым есепке жүгінсек, 500 мың гектар жер
3 млн. доллар болғанда, əлгі 10 млн. гектарлық стратегиялық
полигондар кем дегенде 60 млн. доллардан астам ақшаға жалға

берілу керек болатын. Бішкектің алақандай Манас əуежайын
жалдауға АҚШ Қырғызстан қазынасына жылына 200 млн.

доллар көлемінде қомақты қаржы құйып келеді. Бұл сома
көрші Қырғызстан бюджетінің 60 пайызын құрауда. Ал осы
əуежайда АҚШ-тың небары 1 мыңнан сəл ғана астам əскери
қызметкерлері мен бар болғаны 9 стратегиялық тасымалдау

ұшағы ғана орналасқан. Біздің елімізде Ресейдің қанша əскери
қызметкерлері бар екендігі, шын мəнінде, мемлекеттік құпия.
Өткен жылдың соңына таман бұрынғы келісімдерді бұза оты-
рып, Ресей Байқоңыр маңынан 3 мың əскери қызметкерлерін

əкеткеніне қарағанда ондайлардың саны біздің елімізде онда-
ған мың болып шығуы ықтимал. Айтпақшы, əлгі 485 мың
гектарға қысқартылды деп мақтанып жүрген полигон осы
3 мың солдат пайдаланып жүрген жерлер ғана шығар?! Бір

сөзбен айтқанда, қазақтың қасиетті даласын бұрынғыша орыс
солдаттарының керзі етігі таптап, зымырандар мен снарядтар
шұрқ-шұрқ тесуде, ауыр танкілердің болат шынжыр табанда-
ры əлі ойран-ботқа етуде. Құнсыз жерді кім аясын?!. Əлі күнге

əңгіме етіліп келе жатқан «Қазсат» жерсерігі, жаңылыспасақ,
өткен жылдың жаз-күз айларында ғарышқа ұшырылуы ке-
рек болатын. Мұндай келісім бұрынырақ жасалған еді, бірақ,
Ресей өз тарапынан бұл мəмілелерді бұзғаны құпия емес.

Яғни, Ресей бұрынғы келісімдерді ешқашан сақтамайды
деп кінəлайтын американдардың өкпесі орынды да. Ресей
үшін ешқандай келісім қасиетті деп саналмағанына, бұзыл-
май сақталмағандығына көне, жаңа тарихтар толық куə. Қазақ-

станның бүйрегіндегі ауыр жара – Байқоңыр мəселесі де талай
рет додаға түскені мəлім. Ең ақыры, Ресей əлемдегі ең ірі əрі аса
қуатты ғарыш айлағын жалға алғаны үшін біздің елге жылына
небары 115 млн. доллар ғана төлеуге қол жеткізді. Мұның да

құпия тұстары бар. Сірə, Ресей таза ақша түрінде төлем емес,
ескірген техникалар сату немесе біздегі көнерген əскери тех-
никалар мен құрал-жабдықтарды мезгіл-мезгіл жөндеу арқы-
лы жүзеге асыратын сияқты. Ал өз елінде ғарышты игеруге

жылына 1 млрд. доллар жұмсап отырған Ресей осы қомақты
қаржының 30 пайызын коммерциялық тапсырыстар есебінен
қамтамасыз етіп отыр. Бұл стратегиялық міндеттерді жүзеге
асыруда Байқоңырдың орны ерекше. Мұны əлемнің барша

ғалымдары мен зерттеушілері бір ауыздан мойындайды. Ресей
ғарыш агенттігінің басшысы Анатолий Перминов мырза «Из-

вестия» газетіне берген сұхбатында: «Итоги двух последних
лет вселяют оптимизм по части наших перспектив. Мы прочно
удерживаем 1-ое место в мире по числу космических стартов
и выведенных аппаратов, космодром Байконур занял ведущее

место в мире», – деп (Известия» газеті, №63, 11.04.2006 ж.)
қанағаттанғандық білдірді. Əрине, қазақ жерінің есебінен күреп
пайда тауып отырған мырзалар əбден қанағаттанары заңды да.
Мəскеудегі келісімнен соң Ресей президенті В. В. Путиннің:

«Құрманғазы» кенішін не істейміз деп керілдестік, керілдестік.
Ақыры, шекара шекара ғой, ал дау «Құрманғазыны» қалай пай-
далану жөнінде деген пікірге келдік. 50-де 50 етіп пайдалана-
мыз деп едік, шекара жөніндегі дау да шешіліп сала берді», –

деп тоқмейілсуі де тегін емес. Бір ғажабы, «былтыр Қазақстан
мен Ресей арасындағы шекаралар біржола əрі мəңгілікке
шешілді» деп БАҚ-тардың шуласқаны да ойға оралады. Екі
елдің Парламенттері келісімдерді ратификациялағаны да есте.

Ендеше «Құрманғазы» жөніндегі дау қайдан туындап отыр?
Болашақта қазақ жерінің қанша пұшпағы əлі дауға айналмақшы.
Яки, қашанға дейін күші жеткендер өзіміз құнсыздандырып
отырған қазақ жерінің байлығын кертіп жей бермекші?!. Иə,

терезенің арғы жағы сағыныш. Терезенің арғы жағы көз жасы-
на булыққан кең дала – қазақ даласы! Биылғы жылғы 6 сəуірде
«Жас Алаш» газетінде марқұм Алтынбек Сəрсенбайұлының
соңғы сұхбаты жарияланған болатын. Белгілі саясаткердің: «...

1993 жылы Түркияға түркі халықтарының бірінші халықаралық
конференциясына бардым. Тұрғыт Өзал, Демирел, Түргеш, мен,
бəріміз бір отырдық. Əзірбайжандар, қырғыздар, өзбектер «Біз –
түрікпіз, сіздер – біздің ағаларымызсыздар» деп ұрып жатыр.

Мен шықтым да, керісінше сөйледім. «Біз кешегі күнге дейін
отар ел болдық. Отарлықтың қамытын кеше ғана шештік. Оның
орны əлі жазылған жоқ. Жара болып тұр. Бір қамытты шешіп
тұрып, қанша жерден жұмсақ əрі жайлы болса да, екінші қамытты

кигіміз келмейді дедім..», – дегені еріксіз толғандырған.
Қазір күн тəртібінде түспей жүрген БЭК (ЕЭП) мəселесі, ту-
ралап келгенде, отарлықтың екінші қамыты емес пе деп алаң-
даушылық білдірушілердің қатары елімізде көбейе түсуі де

анық байқалуда. Лəйім олай бола көрмесін.
2007 ж.

ҰРАДАҒЫ АСТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Шын мəнінде, күнделікті тұрмыста қай партияның асығы
алшысынан тұрып, қай қайраткердің бедел биіктігі, сая-
си жарыста кімнің күлігі озып келетіндігі емес, адамдарды
өздері жəне отбасының аш-тоқтығы көбірек мазалайтыны

дау туғызбайтын шындық. Оның үстіне, еліміздің азық-түлік,
экономикалық қауіпсіздігі ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздіктен
бір мысқал да кем емес. Кезінде ұлан-байтақ елімізде 32-34
млн.гектар жерге ұланғайыр астық егіліп, жоғары сапалы мол

өнім жиналатын жəне мал басы 50 млн. қой-ешкіге жеткізілуге
тиісті мал шаруашылығымен қатар, қызыл бидайымыз Қазақ-
станның басты мақтаныштарының бірі əрі бірегейі болатын.
ХХ ғасырдың 90-жылдарында елімізде шұғыл жүргізілген

саяси, əлеуметтік, ең бастысы, экономикалық реформалар
ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жағдайға күрт жəне түбегейлі
өзгерістер əкеліп, егін шаруашылығында айтарлықтай өзгеріс-
тер болып, дағдарысқа ұшырады. Көптеген объективті се-

бептерге байланысты қалыптасқан ауыр жағдайлармен қатар,
жерді жекешелендіру, сондай-ақ, жердің сатылуы үрей ұшы-
рарлықтай өрескел жағдайды алыптастырды. Нəтижесінде 18-
19 млн.гектар жер телімдері күнделікті айналымнан тыс қалып,

төсін алабота мен ащы жусан, ақ селеу жауып жатыр. Соңғы
оншақты жыл бойына үздіксіз, еш демалыссыз пайдаланы-
лып келе жатқан 14-15,5 млн.гектар жердің құнары бірте-бірте
азайып, түсім айтарлықтай кеми түскені анық аңғарылуда.

Қазақстан астығының сапасы төмендей түскенін əлемдік зерт-
теу орталықтары мен білікті мамандар да соңғы жылдары
жиі айта бастады. Бұл қауіп негізсіз де емес. Астық егілген
алқаптар көлемі жыл өткен сайын кеміп келеді. Мəселен, 2004

жылы 14,3 млн.гектар жерге дəнді дақылдар, оның ішінде –
11,9 млн.гектар алқапқа ғана бидай себілсе, 2005 жылы небары
13,79 млн.гектар жерге дəнді дақылдар егіліпті. Оның ішінде,
еліміздің сапасы жоғары бидайы бар болғаны 10,96 млн.гектар

жерді ғана алып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, егіс алқаптарының
айтарлықтай азайғаны аңғарылады. Өкінішке қарай, бұл жыл
сайын қайталанып отырған сорақылық. Осындай өрескелдік
күріш егу саласында да байқалып отыр. 1990 жылы елімізде

124,5 мың.гектар жерге жоғары сапалы ақ маржан егілсе, 2003
жылы 83,6 мың гектар алқаптарға себіліп, осы кезең аралығында
күріш өндіру 1,6 есе қысқарған. Ең өкініштісі, күріш өсіру
əлемде жылдан жылға ұлғайып, Қытай, Индия, Вьетнам, Бра-

зилия, Жапония, тағы басқа көптеген елдер бидай мен жүгеріге
қарағанда құрамында крахмал көп (80 пайыз) осы дақылды
өндіруге басым түрде назар аударып, мүдделілік танытып
отырған шақта Қазақстанда күріш өндіруді артық жұмыс, бе-

кер əурешілік деп қарау қалыптасып келе жатқан сыңайлы. Ал
зерттеушілердің сараптамалары бойынша, күріш егу өзін-өзі
ақтау былай тұрсын, 116-120 пайызға қосымша пайда əкелетін
сала болып табылады, сондай-ақ еліміз жылына 400-500 мың

тонна күріш жинап, ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар,
шет елдерге экспорттауға толық қабілетті. Ғалымдардың
есебіне жүгінсек, əлем халықтарының азық-түлікке сұранысын
өтеу үшін 2025 жылы күріш өндіру 70 пайызға артпақшы

көрінеді. Тіпті, 2005 жылдың өзінде əлемде 96-97 млн.тонна
күріш жинақталады деп есептеліп отыр. АҚШ-тың Жер сая-
саты жөніндегі институтының мəлімдеуіне қарағанда, өткен
жылы Қытай аграрлық бюджетін 25 пайызға, яғни қосымша 3

млрд. доллар көлеміне ұлғайтқан. Бұл қаржылар ең əуелі бидай
жəне күріштің бағасын ұстап тұруға, сондай-ақ, ирригациялық
инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалған. Əлемде бидайға
да, күрішке де көп сұраныс қалыптасып отыр, əрбір істе əбден

пісіріп қадам жасайтын, жорғалаған жыланның «аяқ сыбды-
рын» сезетін аждаһа елінің адамдары бұл қадамға тегін барып
отырған жоқ.
Есесіне, біздің елімізде қалыптасқан өрескел жағдай

мүлдем кереғар. Елімізде экономикалық дамудың жоғарғы
жылдамдығы – экономикамыздың бəсекелестікке сай болуы
негізінде жүргізілуде, осы арқылы бұрын ішкі жалпы өнім-
нің 7-9 пайыздық өсімі қамтамасыз етіліп келсе, биыл мұндай

өсім 11 пайызды құрайды делінгенмен, еліміздегі түрлі
министрліктер мен агенттіктер, ұлттық компаниялардың
бірсыпырасы бюджеттен бөлінген қаржыны толық игере ал-
мауды теріс үрдіске айналдырып келеді соңғы жылдары. Он-

дағы оралымсыз, өз істеріне салғырт, міндеттеріне жауап-
сыз қарайтын мəртебелі мырзалар игерілмей қалған қомақты

қаржыларға көптеген азаматтардың тағдыры, бүгіні мен
келешегі тікелей байланысты екенін жадынан шығарса ке-
рек. Қазақстанның Ауылшаруашылық министрлігі де соңғы
кездері қатарынан бірнеше жыл бойы осындай кеселге ұрын-

ғаны қынжылтады-ақ. Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айын-
да мəртебелі министрліктер 29,1 млрд.теңге көлеміндегі
қомақты қаржыны игере алмай, көздерімен жер шұқып
қалсын. Оның 4 млрд.130 млн.теңге көлеміндегі қомақты

бөлігін кезекті рет ауыл шаруашылығына тікелей жауапты
министрлік игермей, итырғылжыңға салған. Бірақ ондағы
мырзалар мен əкімқаралардың оншалықты опынып, сан соға
қынжылып жүргені байқалмайтыны таңдандырады. Кім

білген, өз ұпайы түгел азаматтар төңірегіндегілердің азап-
қайғысына оншалықты қабырғасы қайыса қоймайтын шығар.
Өйткені соншама қомақты қаржы «өлі жүк» ретінде құр жи-
нақталып, аса маңызды іс-шараларға жұмсалмай жатқанда елі-

міздің диқандары көктемгі егін егу жəне күзгі астық жинау
науқандары тұсында жанар, жағармай жетімсіздігі, сондай-
ақ бағасының шектен тыс шарықтап кетуіне байланысты
шарасыздықтан жер сабалап қалғаны мəлім. «Бір апамнан

бір апам сорақы» демекші өткен жылдармен салыстырғанда,
биыл қазақстандық астықтың сапасы да анағұрлым төмен
болмақшы жəне орта есеп бойынша əр тоннасы 80-85 доллар
көлемінде ғана сатылғалы отыр. Ал еліміздің диқандары үшін

аса қолайлы болған жылдарда əр тоннасы шет елдерге 150-
160 долларға да сатылған еді. Қазақстан фермерлер одағының
басшысы Əділхан Өмірбаевтың айтуынша, азық-түлікке жа-
рамды, үшінші сыныпты астықтың көлемі анағұрлым азайып,

жем үшін пайдалануға ғана жарамды бөлігі 40 пайызға жет-
пек. Былтыр жиналған жоғары сапалы астықтың 80 пайызы
азық-түлікке толық жарамды болатұғын. Кейбір лауазым-
ды кісілердің айтуына сенсек, осындай келеңсіз жағдайдың

қалыптасуына астықты аймақ – орталық жəне солтүстік об-
лыстарымызда күз басында үздіксіз жауған жауын кінəлі,
қоймалар мен ұралардағы, сондай-ақ, алқаптарда əлі орылып
алынбаған бидай басындағы дəн шіріп кеткен сияқты.

Көптеген шенеуніктеріміз күз келетінін – күзде жауын-ша-
шын жиі болатынын, қыс келетінін – қыста қақаған аяз бен

қарлы борандар көп болатынын білмейтіндей сыңай танытады. Əлде, сыныққа сылтау іздестіріп ылғи əуреге түседі ме?! Кім білген... Осылардың бəріне қарамастан, шілде айында Қазақстан Ауылшаруашылығы министрлігі жер өңдеу бөлімі директорының орынбасары Анна Буць ханым еліміз бойынша 12,5-13 млн.тонна көлемінде астық жиналуға тиіс деп болжам жасаған еді. Оның айтуынша, «Топырақтағы жеткілікті ылғал, сондай-ақ көктемгі жауын кездерінде ылғал қорының анағұрлым толығуы осындай болжам жасауға мүмкіндік береді». Дегенмен, батыл болжам жауапкершілігін жеке мойнына артқысы келмеген Анна Буць ханым: «Егер астық егетін аудандар бойынша шілде айында өте аптап ыстық болмайтын болса, сонымен қатар, бидай бастары дəнге толысар тұста жақсылап жаңбыр жауса, бұл болжамдарымыз шындыққа айналары сөзсіз», – деп сөз ұшығын басқа қиырларға сүйреткенді. Əттең, табиғаты, ауа райының қаталдығымен ерекшеленетін Қазақстанда ондай ыңғайлы жағдай ондаған жылдарда бір-ақ рет болатынын, сірə, Буць ханым онша біле бермейтін сияқты. Бұдан бұрынырақ хабарланғандай, 2005 жылы дəнді дақылдар егуге бөлінген жерлер 13,79 млн.гектар жерді қамтиды деп есептелген еді, оның ішінде бидай – 10,96 млн.гектар, арпа – 1,239 млн.гектар, дəндік жүгері – 91,9 мың гектар, ал күріш – 78,4 мың гектар алқаптарды қамтуға тиіс болатын. «УкрАгрКонсалт» материалдары бойынша, Қазақстан 2005 жылы 11 млн. тонна астық жинауға ғана қол жеткізген. Ал 2004 жылы 9,9 млн.тонна астық жинаған еді. Бұл жиналған жалпы астықтың небары 20 пайызы ғана 3 сыныпты азық-түліктік бидай. Ақ бидайдың сапасының төмендеуіне, егін жинау науқаны кезінде көп жауған жауын кінəлі көрінеді. Осылайша сыртқа астық сатудың мол мүмкіндігі бола тұра, яғни еліміз шет елдерге 4-5 млн.жоғары сапалы астықты экспорттауға мүмкіндік ала тұра, 2005-2006 жылғы маусымда Қазақстанның əлемдік нарыққа шығаратын астығы 2,2-2,5 млн.тоннадан аспайды деп жорамалдайды «УкрАгрКонсалт». Оған басты себеп, биылғы жылы ТМД-ның барлық елдерінде дерлік мол астық жиналған, ең əуелі, біздің бидайымызды тұрақты сатып алушы Ресей Федерациясы да биыл мол өнім жинауды қамтамасыз ете алды. Астық экспорты елімізде жылдан жылға азайып келе жатқаны,

өкінішті болса да, аңғарылады. Мəселен, 2004-2005 жылғы
маусымда небары 2,125 млн.тонна астықты сырт елдерге сата
алған. Дəстүрлі сатып алушы Ресей жалпы көлемнің 54 пай-
ызын өздерінің ішкі нарығын қамтамасыз етуге сатып алды.

Мамандардың пікірінше, егер қосымша жарты миллион тонна
астық шет елдерге астыртын жолдармен шығарылған күннің
өзінде де «экспорттық жоспар» орындалмай қалған көрінеді.
Өйткені, өткен жылдың күзінде еліміз кем дегенде 4 млн.тонна

астықты сыртқа шығарып, диқандарымыз пайдаға белшесінен
батады деп саналса, биылғы жылдың ортасына таман АҚШ
сарапшылары Қазақстан 2,7 млн.тонна астық қана экспорт-
тай алуға мүмкіндігі бар деп мəлімдеді. Олардың пікірінше,

Қазақстан 12 млн.тоннаға жуық астық жинауға тиіс жəне 4-6
млн.тонна бидайды сыртқа шығаруға қабілетті. Өкінішке қа-
рай, еліміздің мұншама астықты кімге сататыны белгісіз. Қа-
зақстанның соңғы жылдардағы сыртқы сауда саясаты, əсіресе,

2003-2004 жылдарда бидай бағасын күрт қымбаттатуы дəстүр-
лі сатып алушыларды шошытып, олар өз елдерінде бидай егу-
ге, яки ішкі нарықтарын отандық астықпен қамтамасыз етуге
көшті. Не болмаса басқа сатушылармен саудаласуды жөн са-

най бастады. Адамзат өркениетінің тарихы – адамның өмір
сүруі мен тұрмысына аса қажетті ресурстар үшін тоқтаусыз
айқас, сандаған мың жылдар бойғы үздіксіз күрестен тұратыны
байқалады. Ең əуелі – нан үшін күрес! Сандаған ғасырлар

бойы мыңдаған тайпалар мен мемлекеттер жайылымдық жер-
лерді, егін егуге жарамды алқаптарды көбейту үшін террито-
рияларын ұлғайту жолында жан беріп, жан алысқан. Мұның
тасасында қауіпсіздіктің ең басты мəселесі – азық-түлікпен

өзін-өзі толық қамтамасыз ету мүддесі жатқан болатын. Азық-
түлік жеткіліксіз елдерде экономикалық, əлеуметтік даму,
саяси тұрақтылық қамтамасыз етілмейтіні айқын. Жаратушы
біздің елімізге көптеген өзге мемлекеттер қызығатын, тіпті,

еріксіз қызғанатын байлық берген. Қазақ даласының құн жет-
пес қымбат байлығы – қызыл бидай! Қазақстанда егіншілік
өркениеті ежелден қалыптасқанын білікті ғалымдар ашық ай-
тады. ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясы президенті,

Қайнар университетінің ректоры Еренғайып Омаров мырза:
«Өзендік өркениет кезінде тек балық өсіріп, кеме жасаумен ғана

емес, басқа шаруашылықтармен де айналысқан. Мысалы, су-
армалы егіншілікпен айналысып, егін еккен, біздің дəуірімізге
дейін Еуропаны астықпен қамтамасыз еткен. Үлкен өзендерден
канал тартқан», – деп жазады («Жас Қазақ журналы». «Қазақ

өркениеті», № 4, сəуір, 2005 ж.). Канал деген сөздің өзі – «қан»,
«ел», яғни «қаңлылар жасаған үлкен арық» дегенді білдіреді,
деп жазады атақты орыс ғалымы С.Толстов. Бір ғажабы, білік-
ті, адамсүйгіш осы ғалымның айтуына қарағанда, қаңлылар

су жүретін арықты үлкен етіп, қабырғасына, табанына тас
төсеп жасаған екен. Жəне бұған риза болған басқа жұрттар
құдіретті тайпаның құрметіне бұдан былай үлкен арықтарды
«канал» деп атай бастаған. Бір сөзбен айтқанда, бəкене ойлы,

көрбала кейбіреулер айтып жүргендей «көшпенді» халқымыз
ештеңе жасамаған, əлемдік өркениетке айтарлықтай үлес қос-
паған жарымжан ұлт емес, қайта, кез-келген ұлт пен ұлыс,
мемлекеттер алдында өр тұлғасын биік ұстап, тең сөйлесуге

толық құқылы екен. Адамзат дамуының тарихы бізге осыны
үлгілейді...
Бірақ астық өндіру саласындағы соңғы жылдардағы саяса-
тымыз Қазақстанды «өз мүмкіндігін қолдан шығарып алған

ел» дəрежесіне əкеліп соқпақшы. Агроөнеркəсіп кешенін рет-
теудің жойдасыз үлкен əрі оралымсыз жүйесі қазіргі таңда
сапалық түрде жақсартуды талап етіп отыр. Бұл проблема,
əсіресе, еліміз Бүкілəлемдік сауда ұйымына (БСҰ) мүше болуға

біржола бел шешкен уақытта аса үлкен маңызға ие. Отандық
өндірушілердің тауарлары мен өнімдері əлемдік бəсекелестікке
төтеп бере ала ма, жоқ па деген күрделі сауал бұдан былай
ылғи алдымыздан көлденеңдей бермекші. Бұл тұрғыдан алсақ,

БСҰ-ға мүше болуымыз қазаққа жақсылық əкелетіні немесе
ХХІ ғасырда біржолата тұралатып тынары белгісіз. Экономи-
ка жəне бюджеттік жоспарлау вице-министрі Қайрат Əйткенов
мырзаның мəлімдеуінше, Қазақстан Ресеймен бірге БСҰ-ға

мүше болып, қолұстасып кірмек көрінеді. Əуелде еліміз бұл
мəртебелі ұйымға 2005 жылы мүше болатыны айтылған еді,
одан соң бұл мерзім 2006 жылға ұзартылды. Вице-министрдің
айтуына қарағанда, Қазақстанның БСҰ-ға мүше болу мерзімі

одан əрі де созылуы ықтимал жəне осылай жасағанда ғана «біз
тым асығыс қадам жасамайтын» көрінеміз.

Хош, вице-министр Қайрат Əйткенов мырзаның қисыны
да жөн. Бұл жеті рет өлшеп, бір рет кесуді талап ететін аса
маңызды, миллиондаған адамдардың тағдыр-тəлейі тікелей
байланысты күрделі қадам. Ұлыбританияның кəрі көкжалы,

күрделі саясаттар айдынында дауылпаздай шарықтаған сэр
Уинстон Черчилль бірде: «Саясаттың да серті болады. Оның
біріншісі – кешікпеу. Ұлттық мүдде ұтатын жерде еш уақытта
кешікпеу керек. Шешімді де тез қабылдаған жөн... Екінші-

сі – асықпау! Ұлттық мүддеге нұқсан келетін жағдайда ше-
шім қабылдауға ешуақытта асықпау керек. Сағыздай созып,
сөзбұйдаға салып, оны келесі буынның үлесіне қалдырып кету
керек!», – деген екен. Япыр-ай, біздің жас вице-министр мен

кəрі ағылшын премьер-министрінің пікірлерінің бір жерде
тоқайласып жатуын қарашы-ей!.. Қалай десек те, БСҰ-ға мүше
болу таяу болашақтың еншісінде, ал диқандарымыздың еңбегі
жанып, жыл бойғы бейнеті ақталсын деген жағдайда «Азық-

түлік корпорациясы» таяу уақытта қосымша 1 млн.тонна астық
сатып алуы тиіс. Жəне Үкіметіміз тағы да орынсыз тарыла
бермей, ішкі нарықты шын мəнінде қолдау үшін бюджеттен
қосымша 6,65-6,70 млрд.теңге бөлуге тиісті шығар. Сонда ғана

Қазақстан астығы əлемдік ауқымда осыған дейін жаулап алған
позицияларын өзгелерге тастап кетпей, шетелдік нарықта
тұрақтап қала берері сөзсіз.
2005 ж.

КӨП КЕШІККЕН КЕСІМДІ ПІКІР...

НЕМЕСЕ ОРЫСША ДЕМОКРАТИЯҒА

500 МЛН. РУБЛЬ

«Отты көсеген өшіреді, көршіні көсеген көшіреді» деген
қағиданы ұстанған алпауыт елдің кейбір қасаң пікірлі азамат-
тары, ақпарат құралдары маңайдағы көрші мемлекеттердегі
саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық, халықтар арасындағы

сыйластықты көре алмай, қызғаныштан ішкен астары атау кере-
ге айналып жүреді ылғи. «Финанс» журналының ұсынуы бой-
ынша «таяу жылдарда Ресей бұрынғы КСРО-ны қайта тірілтуге

бел шеше кіріспекші көрінеді, Қазақстанды өз құрамына қосып
алу жөнінде жоспар бар» деген мəнзелдес суық сөз таралған еді.
Ең сорақысы сол, соңғы кездері біздің ел тарапына айтылған
осындай мəнсіз, орынсыз дүрбелең, абыржушылық туғызуды

мақсат тұтқан арамза пікірлер, болжамдар көрші елдегі БАҚ-
тарда жиі бой көрсете бастағандығы.
Тəуелсіз қазақстандықтарды осынау тосын тұжырым тағы
да қатты алаңдатқаны аян. Жұртшылық арасында түрлі алып-

қашпа пікірлер белең алып, əлгі бір сорақы сөз сан-саққа
жүгіртілді. Əсіресе, мемлекеттік билік институттары, ең əуелі,
Сыртқы істер министрлігі тарапынан батыл да шешімді жауап
берілуін талап етушілер қатары ұлғая түскені де рас. Тəуелсіз-

дік – саяси ойындарда саудаға салынатын құндылықтар қата-
рына жатпайды. Мемлекетіміздің беріктігі мен баяндылығын
əртүрлі ұшқары пікірлердің бодауына байлап беруге ешбір
адамның, ұйымның қақысы жоқ! Амал қанша, Қазақстанның

əртүрлі деңгейдегі билік органдары аузына су толтырып, ға-
сырдан да ұзаққа созылған талай аптадан астам уақыт бойы лəм-
мим демей, үнсіз қалуды жөн деп тапса керек. Тек көп ұзатып
барып ғана Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі

Қасымжомарт Тоқаев мырза Мəжіліс депутаттары алдындағы
үкімет сағатында сөз сөйлеп, жоғарыда айтылған жағдайға бай-
ланысты Үкіметіміздің табанды көзқарасы мен ұстанымдарын
мəлімдеді. Ол Ресей БАҚ-тарында тілге тиек етілген, екі мем-

лекетті біріктіріп, соның нəтижесінде əлдеқандай Одақтық
мемлекет құрылуы турасындағы жоспар жөнінде сөздің еш
негізі жоқ екенін баса айтып өтті. Бұл тұрғыдан Қ.Тоқаев мыр-
за: «Ресеймен қосылу немесе онымен бірігу туралы ешқандай

жоспар болған емес. Мұндай жалған лақап мемлекеттеріміз
арасында түсінбестік, ел ішінде қоғамдық пікір өршітуге əдейі
жасалған қадам», – деп ресми мəлімдеді. Дегенмен, бұндай ба-
тыл, кесімді жауапты қазақстандықтардың тым ұзақ күткені

қынжылтады-ақ. Мұндай шетін мəселелерде Қазақстанның
сыртқы саясатына тікелей жауапты министрліктің көп жағдайда
бейқамдық, шектен тыс жайбасарлық танытуы көп ретте ел аза-
маттарының көңілін жасытып, намысын қамшылайтыны бе-

кер емес. Бір өкініштісі, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі
осындай кезеңде ылғи да кешеуілдетіп əрекет жасайды жəне

мұндай жағдайда жасалар мəлімдеулері көбіне-көп батылсыз,
жалтақ боп келеді. Əрине, айналамыздағы елдердің көбінде
саяси ахуал мейлінше шиеленісіп, дүрбелең болып жатқанда,
халықаралық жағдай күн өткен сайын күрделене түсіп отыр-

ғанда жеті өлшеп, бір кесу керек те шығар. Оның үстіне,
сыртқы саясатта көп векторлы бағыт ұстанатын еліміз шетін
жағдай, арандатушылық əрекеттерге ұрынудан сақ болуға
еріксіз мəжбүр. Бірақ, Ұлыбританияның кəрі көкжалы, күрделі

саясаттар айдынында дауылпаздай шарықтаған сэр Уинстон
Черчилль бірде: «Саясаттың да серті болады. Оның біріншісі
кешікпеу. Ұлттық мүдде ұтатын жерде еш уақытта кешікпеу
керек. Шешімді де тез қабылдаған жөн... Екіншісі – асықпау!

Ұлттық мүддеге нұқсан келетін жағдайда шешім қабылдауға
ешуақытта асықпау керек. Сағыздай созып, сөзбұйдаға салып,
оны келесі буынның үлесіне қалдырып кету керек!», – деген
екен. Яғни, жайбасарлықтың да жөні бар. Əйтпесе, кезінде Ре-

сей Думасының вице-спикері В.Жириновский Қазақстанның
тарихы, əсіресе, қазақ тіліне қатысты жөнсіз мəлімдемелер
жасаған кезде, Сыртқы істер министрлігі оны елімізге енді
қайтып қадам жасамайтын адам – «персона нон грата» деп

жариялағаны Отанымыздың шынайы патриоттары мен нағыз
ұлтжанды азаматтарының айызын қандырған еді. Еліміздің
беделі биік, аса мəртебелі мемлекеттік институты – Сыртқы
істер министрлігі қажетті тұста осындай айқын мəлімдемелер

жасап, батыл қадамдарға барып отырса, Тəуелсіз Қазақстанның
халықаралық беделі одан əрмен биіктеп, алуан түрлі елдер
амалсыз санасатын мемлекеттердің бірі боларына күмəн
жоқ. Осы тұрғыдан алсақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы 7

мың 591 шақырымға созылған шекарамызды түпкілікті бел-
гілеп, делимитациялау жəне демаркациялау жөніндегі екі
мемлекет Президенттері Н.Ə.Назарбаев пен В.В.Путин қол
қойған келісімді көршілес қос елдің Парламенттері таяуда

бір мезгілде ратификациялауы, əсіресе, Қазақстан азамата-
рын өлшеусіз қуанышқа кенелткені сөзсіз. Бұл ұлы оқиғаның
саяси, қоғамдық, əлеуметтік, экономикалық, теңдессіз тарихи
маңызы жөнінде алда талай келелі əңгіме болар. Əрине, əрбір

ұлы тарихи оқиға өз кезінде шынайы, əділ бағасын алып жат-
са құба-құп. Қазақстанның таяу жəне алыс болашағына шексіз

əсерін тигізетін бұл мəміленің ежелден көршілес, тату-тəтті,
досжар өмір сүріп келе жатқан елдерде толық қолдау табуы,
еш кикілжің, талас-тартыссыз заңды түрде бекітілуі Ресей
мен Қазақстан алдағы уақыттарда да стратегиялық əріптес

болып қала беретініне күмəн туғызбайды. Жəне осы іс ҚР
Сыртқы істер министрлігінің үлкен жеңісі деп бағалануы ке-
рек. Дегенмен, осы аптада РФ Мемлекеттік Думасы шет ел-
дерде демократияны, жалпыадамзаттық құндылықтар: бос-

тандық, сөз еркіндігі, ашық қоғам, азаматтық, құқықтық мем-
лекет құруды түбегейлі қолдауға көмектесетіндерін, шет
елдік ұйымдарға көмектесуге 2006 жылы 500 млн.рубль бюд-
жеттен бөлінетінін мəлімдеді. Мемдуманың вице-спикері

Вячеслав Володиннің айтуынша, бұл қаржы ресейліктердің
демократиялық құқықтары бұзылған елдерде жұмсалмақшы.
Əсіресе, бұл шараның посткеңестік Тəуелсіз мемлекеттерге,
ең əуелі Балтық теңізі жағалауындағы мемлекеттер – Эстония,

Литва, Латвияға қарсы бағытталатыны айқындалып отыр. Осы
уақытқа дейін өзге мемлекеттердің ішкі істеріне мұндай қол
сұғу əрекеттері тек құпия қызметтердің, тіпті, елшіліктердің
көмегімен астыртын атқарылатын. Жəне мұндай құпия əре-

кеттер мемлекеттер арасындағы байланыстарға ара-тұра өл-
шеусіз нұқсан келтіріп, еларалық кикілжіңдер тудыратыны,
екі жақтың да елшілік қызметкерлері масқаралықпен қуылып
жататыны ежелден қалыптасқан əдет. Ресей өз жерінде демо-

кратия үлгілері даусыз орныққандай енді өзгелерге шамшырақ
болуды көздеп отыр жəне осы мақсатқа заңды түрде орасан
зор қаржы бөлмекші. Өз елінде Шешенстан трагедиясына жол
берген, ұлтаралық қарым-қатынастарды əбден шиеленістірген,

адам өмірін қастерлей білмейтін ресейліктер демократияны та-
бан асты құрметтей қалды деу үстірт көзқарас. Олар жобалап
отырған іс-шаралардың түпкі мақсаты қитұрқылыққа толы: қой
терісін жамылған қасқыр сияқты ел ішінде дүрбелең туғызу,

айрандай ұйыған қоғамды іріту, түптің түбінде бейбіт елдер-
де дүрбелең тудыру. Мұндай зымыстан əрекеттер мұхиттың
арғы бетіндегі алпауыт ел – АҚШ-та ежелден қалыптасқан
үрдіс. Олардың Мемлекеттік департаменті «демократия» атын

жамылған қитұрқылық əрекеттері арқылы талай елді ала тай-
дай бүлдіргені жасырып-жабар жайт емес. Олар мұндайда

Үкіметтік емес ұйымдардың (НПО) көмегіне сүйенуді тиімді
санайды. Жəне осы мақсатқа жылына миллиардтаған доллар
бөлуде. Югославия, Ауғанстан, Ирак, Латын Америкасындағы
бірқатар мемлекеттердегі төңкерістер осының нəтижесі.

Еліміздегі Үкіметтік емес ұйымдардың жағымды істері аз емес
шығар, бірақ олардың кейбірі мемлекетіміздің мүдделері шын
сынға түскен шақта сырт айналуы, тіпті, қарсы əрекет жасау-
лары да мүмкін. Тіпті, таяудағы Франциядағы дүрбелеңге де

кімдер ықпал жасағаны əлі күнге құпия. Мүлдем жұмбақ...
Бірақ, əлдебір мемлекеттің құпия қызметі астыртын əрекет
еткені айқын аңғарылады.
Іргеміздегі Ресей осындай өрескел қадамға барып отырғанда

Қазақстан жұртшылығының алаңдаушылығы да орынды. Өйт-
кені бұл саясат бізді айналып өтпейді. Соңғы жылдары біздің
елімізде де Үкіметтік емес ұйымдар (НПО) жаңбырдан соңғы
саңырауқұлақтай өріп шыға келді. Кей деректерде – 3 мың

делінсе, енді бір деректер бойынша 5 мыңға жуық көрінеді.
Қалай айтсақ та, аз емес жəне түбі күмəнді олардың біразын
кімдер қаржыландырып отырғаны жəне жұмбақ. РФ Мемду-
масы қазір НПО-ларды бақылауға алу жөніндегі заң жобасын

талқылауға даярлануда. Кейбіреулер мұны 2008 жылғы пре-
зидент сайлауына алдын-ала дайындық десе, кейбіреулер өмір
қажеттілігімен түсіндіріп əлек. Бұл елде жүздеген мың НПО-лар
бар, келесі жылдарда олар қалай күн кешпекші. Бұл əлі жұмбақ.

Əйтеуір, елдегі демократия аяусыз шектелері ықтимал. Бірақ,
«бакс» бармақты жалау бар да, оны ақтау да керек болатыны
күмəнсіз. Əлгі сансыз ұйымдар біздің елде де бүлдіргіштік
əрекеттерін өрістетуі ықтимал жəне ондай өрескел шаралар «де-

мократия» атын жамылары белгілі. Айтқан жерден аулақ, туған
Қазақстан осындай қитұрқылардан шет болса деп тілеу керек.
Бұл жағдайда еліміздің Сыртқы Істер министрлігіне
кезекті рет маңызды салмақ жүктелгелі отыр. Ол Ресей Феде-

рациясының тосын əрекетіне батыл əрі күлбілтесіз баға беріп,
қалыптасқан жаңа жағдайға орай қоғамды дайындап, ішкі жəне
сыртқы саясаттағы қадамдарымызды белгілеуі тиіс. Күрделі
уақыт кешігуді кешірмейді!

2006 ж.

МАМАЙДЫ ҚАЙТА ӨЛТІРУ

НЕМЕСЕ «ЕУРАЗИЯ ЕРКЕКТЕРІ» ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Алаш арыстарының бойындағы етекке жабысқан шоңайна
сияқты ежелден қыр соңынан қалмай қойған салғырттық пен
енжарлық, «Бұл болмаса, күл болсын» дейтін керенаулық əрі
бойкүйездік жаңа – ХХl ғасырда да буып тұр-ау. Бір кездері ұлы

Абай қазақ халқын Батыстың өнер-білімінен үйренуге шақы-
рып, «ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың», – деп қынжылса, енді
алаш балаларының қазіргі қоғамдық, əлеуметтік ахуалын көріп
мүлдем түңілер ме еді?! Үйрен дегенде осылайша ес-түссіз

тым батысшыл болып кеткеніне қамығар да. Ең əуелі бүгінгі
қазақтардың «біз кімбіз, келешек ұрпақтар қандай жақсы салт-
дəстүр, қайталанбас қасиеттерімізді үлгі етеді?» деген соқта-
лы сұрақ, өмірлік мəселелерге жауап іздемейтін самарқау-

лығынан түңілер. Тұяқ серіппейтін тым жуастығы, «көп айтса –
көнді» күй кешетініне нəлет айтар. Үстірт қарағанға ұсақ-түйек
болып көрінер, əйтсе де келе-келе таудан құлаған қар көшкіні
сияқты бой бермейтін келеңсіз жайттар өмірде жетіп артыла-

ды. Осыдан жарты айдай уақыт бұрын Қазақстанда ғашықтар
күні – Валентин əулиенің күні ресми емес түрде кең аталып
өтілді. Көптеген БАҚ-тардағы лепірген, қуанышты сөздер мен
салтанатқа толы хабарлар, түрлі жарияланымдар тасқыны осы-

ны аңғартқан. Ол ол ма, Алматыдағы бірқатар қазақ мектептері,
жоғары оқу орындары осы күнге сəйкестендіріп оқушылар дис-
котекалары мен жастар арасында түрлі шаралар ұйымдастырып
жатты. Бұндай жағдайлар еліміздегі басқа қалаларда да орын

алғаны күмəнсіз. Жарайды, ақыл-ес тоқтатпаған, санасы əлі
толық қалыптаспаған жастар мен оқушыларға өкпе артып, кінə
тағу орынсыз болар, бірақ ұстаздар қауымы мен мектеп басшы-
лары осынау ойсыз қадамдары арқылы əлі толық қалыптаспаған

жеткіншектердің санасын улап жатқанын аңғармағаны ма?
Əлде, жоғары орындардан осындай шаралар ұйымдастыруға,
кең атап өтуге құпия жарлықтар болды ма екен. Рим шіркеуі
бір кездері əлгі алаяқ əулие Валентинді лағынаттап, шіркеуден

аластағанын, ең бастысы: христиан дініндегі көптеген елдер-
де оның əулиелігіне күмəн келітірілетінін мұғалімдер білмеуі
мүмкін емес қой. Тыйым салынбағанның бəрін тойлай беру,

Батыстың қит еткеніне керемет жаңалық деп бас шұлғи беру
бойымызға əбден сіңіп алған көркеуделік шығар. Олай бол-
са... осы қыста ағылшынның əйгілі əншісі, сэр Элтон Джон
күйеуге шықты. Еркек пен еркек! Əлгі Элтон Джон əйел бо-

лып күйеуге тиді. Тағы біраз шетелдік əншілер осылайша
күйеуге тиіп алды. Қош, Қазақстанда да осындай жиренішті
нəрселерге жол берілуі қажет пе?! Ол да түбі шығады бізден.
Бəлкім, «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендік

болар, іле-шала Қазақстанда 23 ақпан күні – Ресейдің «Отан-
ды қорғаушылар күні» де ресми емес түрде кең аталып өтілді.
Істің бəрі «Хабар» телеарнасының «Бинго» телелотореясынан
басталған сияқтанды. 19 ақпан күні өткізілген кезекті ұтыс ти-

ражында 23 ақпан «ең батыл еркектер», «отан қорғаушылар»
күні ретінде ашық түрде насихатталып, бұл күнде қуанбаған
еркектер қызтекелер қатарына жатқызыла жаздасын. «Бинго-
ның» жүргізушісі Сергей Погосян жақ жаппай сайрап, тілдің

майын тамызды-ай. Сабаздың сөздік қоры да ұшан-теңіз сияқ-
ты көрінген, тіпті, оның қасындағы қарындасымыз жылан ар-
баған көжектей қарсы келмей, əлгінің жетегінде желіп-ақ отыр-
ды. Орыс тілінің, салт-дəстүрінің шын білгірлері осылар боп

көрінгені де рас. Олай дейін десең, Ресейдегі орыстардың,
орыс тілінің білікті мамандарының ұлттық республикалардағы
тележурналистер, əншілер, қоғам қайраткерлері, шенеуніктер,
қысқасы, кім көрінген ұлы тілімізді əбден ластап, мүлдем

іске алғысыз етіп бітті деп неліктен күңіренетініне таң қалуға
тура келеді. Əлгі өкпеге қарағанда, Қазақстандағы орыс тілін
білеміз дейтін біраз адамдар елді құр алдап жүр, не болмаса
əлгіндей орыс ғалымдары мен мамандары қатты қателесуде. Екі

тараптыкі де дұрыс болуы мүмкін емес. Ұлттық телеарнаның
хабары қамшы болды ма, еліміздің бірқатар БАҚ-тары күмəнді
думанды дуылдатып ала жөнелсін. Ең сорақысы сол, егер
Ресей империясы бір кездері қазақ елін шын мəнінде отар-

лаушы мемлекет болса, басқа қылмыстарды былай қойғанда,
1931-33 жылдардағы нəубеттен 2.5-3 млн. қазақтардың аш-
тан қырылғаны ақиқат екеніне ешкім дау келтірмесе, онда
бұндай күндер Қазақстан үшін мереке-мейрам емес, қайта

қызыл өкімет, коммунистік империяға қарғыс күні болуға
тиіс-ті. Өйткені Ресей халықтары мен қоғамының айтарлықтай

бөлігі бұл күнді сатқындық күні деп санадан сызып тастауға
ұмтылады ғой. Өйткені тарихи шындық сондай қорытынды
жасауларына мəжбүрлейді.
Қазан төңкерісі күндерінде Петроград большевиктерін

қолдау үшін Неваның арнасына атақты «Аврора» крейсерімен
бірге «Забияка», «Самсон», «Амур», «Хопер», «Ястреб», «Вер-
ный» əскери кемелері енді. Оларды қолдау үшін теңізден «Заря
Свободы» линкорының зор зеңбіректерінің ұңғылары үңірейіп

тұрды. Осының бəрін ұйымдастырған атақты П.Дыбенко
болатын. Ал сол П.Дыбенко 1918 жылы Брест-Литовскіде
германдықтармен ауыр келіссөз жүргізіліп жатқан кезде, 23
ақпанда уақытша бейбітшілікті бұзып, мас матростар отрядын

бастап Нарва түбінде немістерге шабуыл жасаған. Немістер
мастардың отрядын тас-талқан етіп, П.Дыбенко өз басын əрең
аман сақтап қалады. lзінше қызыл гвардияшылар Нарваны
да, Псковты да тастап шығып, большевиктер басына қиын-

қыстау күн туған. Бірақ биліктен айрылғысы келмеген боль-
шевиктер Брест бітіміне қол қойған соң, немістер шабуылын
тоқтатты. Мұндай масқара, сұмдық ауыр бітім еш елдің тари-
хында бұрын-соңды болмаған. Орыс тарихшыларының мұндай

масқаралық бітім əйгілі моңғол-татар езгісі кезінде де болмаған
деуінің де жаны бар. Ал коммунистер өздерінің опасыздық
күнін қаһармандық күні ретінде атап, бүкіл халықтық мере-
кеге айналдырды. «Өлдің, Мамай, қор болдың» деген осы

да. Қисынсыздық, көлгірсу, жалғандық жайлаған қоғамның
соры сол шығар. Көлгірсу біздің қоғамымызды да іштей
ірітіп-шірітіп бара жатқаны соңғы жылдары жиі аңғарылады.
Қалың көпшіліктің іштей наразылығын тудырып жүрген

«қазақстандық қоғам», «қазақстандық ұлт» деген жалған, жа-
санды ұғымдардың тереңдей, кең жайыла түскендігі соншалық,
қисынсыздық, жалғандық символына айналды. Əнебір жылы
«Секс-символ» жүлдесіне ие болған скрипкашы қыз – Лана,

«Начнем с понедельника» газетінің журналисі Розалия Азимо-
вамен сұхбатында: «Менталитет казахстанского мужчины нес-
колько суровый, очень сдержанный, ему не хватает эмоций», –
деп еліміздегі еркектердің екі аяғын бір етікке тығыпты. Одан

əрі итальяндарды үлгі ретінде ұсынады, батыс халықтарының
көбі жақтырмайтын жұрттың жігіттерін жер-көкке сыйғызбай

мақтайды-ой. Мақұл, əлемді шарлап жүрген өнерпаз қыз «қа-
зақстандық еркектердің» менталитетін жақсы білетініне шəк
келтіру жөнсіздік шығар. Осындай сөз басқалардың аузынан
да жиі естіліп қалады ғой. Ал осы «қазақстандық еркек» деген

қандай пəлекет, қандай «жануар»?! Қазақ па, орыс па, ұйғыр
ма, өзбек пе? Əлде бойында əр ұлттан титімдей-титімдей ны-
шан бар болар. Ортақ белгілері қандай, жынысы ше? Элтон
Джон сияқты болашақта байға тиетін байғұс па? Мұсылман

ба, христиан ба? Бала күнінде мұсылмандық əдет-ғұрып,
шариғатқа сай Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбеті етілген бе, əлде
мүлдем дінсіз шығар. Қысқасы, қарапайым адам түсінбей, миы
шаршайтын белгісіздіктер «қазақстандық еркектердің» бой-

ында əзірге көп-ақ. Есесіне, «Еуразия əйелдері» қалыптасып
үлгерді. Бұған Астанада өткен əйелдердің l Еуразиялық
саммиті куə. Жаңа, бұрын болмаған, Азиядан аулақтаған,
еуропалық та емес – екі кеменің құйрығын ұстаған, Қазақстан

өкілдерінің мəлімдеуінше, «деловые», «красивые» – ең басты-
сы, «ужасно умные» əйелзаты. Ендігі күрделі проблема –тез
арада «еуразиялық еркектерді» өсіру, күтіп-баптау мəселесі.
Қазақстандық ноу-хау осы болғалы тұр. Бірақ, біздер басқа

ұлт пен ұлыстарға мейлінше жағымпазданып, «қазақстандық
қыз-келіншектер», «еуразиялық еркектер» деп табиғатта жоқ
нəрсені тауып жүргенде, Ресейде қаракөз қарындастарымыз-
ды қазақша сөйлегені үшін ғана пышақпен бауыздап өлтіруде.

2007 ж.

СОМ АЛТЫННАН СОҒЫЛҒАН БӨЛШЕКТЕР

НЕМЕСЕ ҚТЖ-ДАҒЫ КЕЗЕКТІ ҚИТҰРҚЫЛАР

Нарықтық қатынас Қазақ темір жолын айналып өтуі мүмкін
емес-ті, өйткені ел экономикасындағы ішкі жалпы өнімнің
(ІЖӨ) 6 пайыздан астамын жəне осындай көлемдегі салық
түсімдерін қамтамасыз ететін аса маңызды стратегиялық сала-

ның нарықтық қайта құрулардан тыс қалуы көрген көз, естір
құлақтан ыңғайсыз деседі реформаторлар. Мамандардың ай-
туынша, Қазақстан темір жолдарындағы қайта құрулар 2009

жылға дейін жоспарланып отыр. Əгəрəки, алдағы күнге ылғи
үмітпен көз тастайтын оптимистердің қиялы шындыққа ай-
налса, мемлекетіміз ОБСЕ-ге төрағалық етуге тиісті жылда
«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы да толықтай өзін-

өзі ақтауға, тіпті, күреп пайда табуға тиісті болмақшы. Өткен
жылы Транспорт жəне коммуникация министрлігі темір жолға
қарасты 15 кəсіпорынды 6.5 млрд. теңгеге сатып, бұдан былай
болат жолды жеке меншік кəсіпорындар қамтамасыз етеді деп

алақайлады. Бұған экономикалық, заңдық алғы шарттар əбден
піскен екен. Дұрыс, «Жөн сөзге мал да маңырайды» дегенмен,
əзірге ұлттық компанияда толық тындырылғаны – ат құйрығын
кескен сынды əлеуметтік саланы біржолата шорт бөліп тастау

ғана. Салалық емес активтер қысқа уақыттың ішінде айналым-
нан шығарылып, сансыз мектеп, аурухана, кітапханалар, тұтас
ауыл-селолар тағдырдың тəлкегіне қалдырылды. Көптеген
деполар мен жөндеу- өндірістік құрылымдар туа сала анасы

маңдайынан бір теуіп, далаға тастап кететін қоян көжектерінің
бейшара күйін кешуде. Өз тағдырларын темір жолмен ылғи
байланыстырып келген жүздеген мың адамдар өзектен итеріліп,
осынау адамшылықтан тыс шаралар мен əрекеттерге жол

бергендердің түрлі уəждерінен əбден жалықты. Мұң-шерлерін,
орынды пікірлерін ұғатындарды таппай біржола түңілген
жайы да бар. Əрине, қуырған жұмыртқаның шыжылдаған
табамен арақатынасын да пікір талас деуге болатын шығар,

бірақ қысқа уақыт ішінде тізеге баса күштеп жүргізілген,
негізгі жəне қосалқы қызметтерді бөлу шаралары əзірге толық
экономикалық тиімділігін дəлелдей қойған жоқ. Рас, ҚТЖ та-
сымал тарифы құнын мезгіл-мезгіл қымбаттатудан басымырақ

пайда тауып, жоспарланған басқа іс-шараларды жүзеге асыру-
ды қойыпты. Баяғыдан бері Ресей мен Украинадан 28 мың түрлі
қажетті құралдар мен жабдықтар алып келсе, қазір де құрал-
жабдықтарды өз елімізде өндіру айтарлықтай жолға қойылған

жоқ, яғни, бүгін де баяғысынша бөтен елдерден алақан жайып,
өкіртіп сатып алып отыр. Былтыр Қазақстан темір жолының
100 жылдығы дүркіреген той болып атап өтілді, жүздеген те-
мір жол озаттарының мемлекеттік наградалармен марапат-

талғанын былай қоялықшы, ел экономикасына, оның өркен-
деуіне өлшеусіз үлес қосқан жандардың еңбегі еленіп, шын

бағасын алуы құптарлық іс екеніне күмəн жоқ. ҚТЖ-ның
былтырғы жылғы елеулі табысы – өздері қолдайтын «Қайрат»
футбол клубының ел чемпионы болуы ғана сияқты, оның
өзі ТМД жəне Балтық жағалауы елдері чемпиондарының

Мəскеуде өткен жарысында жер үстімен барып, жер астымен
қайтты. Жүздеген мың жанкүйерлері шарасыздықтан жанары-
мен жер шұқыды-ай. Əсілі, əңгіме елімізде қай команданың
чемпион болуында емес-ті, «Қайрат» болмаса «Ертіс», ау-

зымен құс тістеген «Тобыл», тіпті «Тараз» жеңімпаз атанар
еді де, тек... миллиондаған футбол жанкүйерлерінің кеу-
десіне ұры сезік қылаң берді, өздерін кінəсізден кінəсіз аса
лас нəрсеге былғанып, қапа болғандай ыңғайсыз күй кешті.

Команда жеңісін ұлттық мереке деңгейінде атап өткісі кел-
ген жанкүйерлер көңіліне күдік енді амалсыз. Өйткені «Қа-
зақстан теміржолы» ұлттық компаниясына байланысты ке-
зекті дау жиі-жиі лаулап барады соңғы жылдары. Ертерек-

те бір аңғал қазақ: «Өздерің айналдырған екі үйсің, бір-
біріңнен ұрлығыңды жасырасың», – деп таңданған екен, бəрі
соның кері баяғы. Жылдық айналымы 1.3-1.5 млрд. доллар
болатын ұлттық компания 2002 жылда халықаралық транзит

тасымалының өзінен ғана 180 млн. доллар таза пайда тапқаны
мəлім. Өткен жылы астанада V Халықаралық «ТрансЕвра-
зия – 2004» конференциясы өтіп, 40 елдің Көлік министрлікте-
рі, сондай-ақ, 15 халықаралық ұйымдар мен қаржы институтта-

ры өзара түсіністік Меморандумына қол қойған. Халықаралық
сарапшылар Қазақстан таяу жылдарда транзиттік тасымалдан 2
млрд. доллар пайда табатынын мəлімдеді. Несі бар, əлеуметтік
сала мен қосалқы өндірісті сыртқа лақтырып тастап, оларды

онсыз да ілдебайлап күн көрген жергілікті бюджеттің мойны-
на іліп қойған алпауыт тек таза пайданы ғана ойлайды да. Де-
генмен, қомақты қаржы, қиналмай тапқан ақша жүрген жерде
қиқу қоса жүретіні мəлім. Осындай жағдай соңғы жылдары

темір жолда ет үйренген теріс үрдіске айналды. 2006 жылға
дейін мыңдаған ескі-құсқы вагондарды, 200 тепловоз секция-
сын толық жөндеуге уəде еткен ұлттық компания нақты іспен
айналысудан гөрі қаржылық бейберекеттікті оңай деп шеш-

кен сияқты. Байқоңыр кешенін жалға алған Ресей Қазақстанға
төлеуге тиісті 65 млн. доллар көлеміндегі қаржының қалай

жұмсалғанына Елбасы Н.Назарбаев былтыр баса көңіл аудар-
ды. Отандық БАҚ-тардың мəлімдеуінше, Қазақстан Президенті
РФ Санақ палатасының төрағасы Сергей Степашинге қитұр-
қысы көп осы істі анықтау туралы жеке өтініш жасаған көрі-

неді. Оның да атаулы себептері бар, əрбір шенді шенеуніктің
тасасынан қомағай коррупционердің құлағы қылтиятын сияқ-
ты боп көрінетін біздің елімізде сабынан қарауыл қарамасаң –
саптаяқтағы майлы ас қас-қағымда-ақ жұқанасы қалмайтыны

атқан таңдай аян, батқан күндей белгілі. 2002 жылы «Қазақстан
теміржолы» мемлекеттік кəсіпорнын тексерген Бас прокура-
тура мұнда 70 млн. доллар қаржының шетелдік фирмалардың
есебіне құпия аударылғанын ресми мəлімдеген болатын.

Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықтар сақталуын
қадағалау департаментінің басшысы Андрей Кравченко мен бас
прокуратураның тағы бір шенді өкілі Серікбай Ерімбетов мыр-
за темір жол компаниясына қатысты 43 қылмысты іс қозғалып,

19 адам іздестірілуде екендігін айтқан. «Түркістан» газеті де
еліміздің экономикасындағы орны өлшеусіз, 2004 жылдың
алғашқы жарты жылдығында ғана 101 млрд. теңге көлемінде
табыс тапқан ұлттық компаниядағы қалыптасқан ахуалды əр-

қашан назардан тыс қалдырып көрген емес. (Қараңыз: «Түр-
кістан» газеті. «Темір жол жұртты қашан қуантады?», «Жолды
ойлаған кісінің жылағысы келеді», «Темір жолда тағы думан
немесе байғұс бəсекелестік», т.б. ) Сонымен, əлгі істер бойын-

ша бұрынғы министр, темір жолдың бірқатар жоғары шенді
төрелері заңды жазаларын алды, біразы жазасын өтеп шығып,
қайтадан мəртебелі биік орынтаққа қайта қонжиды. Джордж
Вашингтон 1779 жылы бір хатында: «... Əрбір штат айрықша

нұқсан келтіргендерді «Таурат» кергісінен бес есе биік дар
ағаштарына асса ғой деп Жаратқанға жалбарынамын. Менің
ойымша, Отанының опат болуынан дəулет құраған адамдарға
қандай жаза болса да аз», – деп күйзеліп жазған еді. Əй, бірақ

бізге ондай болмақ қайдан-ды?!Əйтпесе, коррупция мемле-
кет заңдарын сыйламауға алып келетін əбілет, экономикалық,
тіпті саяси проблема ғана емес, ол қай тұрғыдан алғанда да
адамгершілікке аса жат екені бесенеден белгілі. Ол мемле-

кет баяндылығына, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп қана
қоймайды, адамдардың бойындағы ардақты қасиеттер – əділ-

дікке сену, шындықты мойындау, адамгершілік жəне ізгілік
сынды асылдарға күмəнмен қарауға еріксіз мəжбүрлейді. Ең
қорқыныштысы – осы! Сонымен, «Қазақстан теміржолы»
ұлттық компаниясының қызметі кезекті рет күдік тудырып

отырғанының себебі неде? РФ Санақ палатасының төрағасы
Сергей Степашин «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалдаудың
төлем ақшалары қалай жұмсалғанын жан салып-ақ іздеген
сыңайлы. Нəтижесінде, Ресей мемлекеттік Думасының төра-

ғасы Борис Грызловтың атына атақты хатын жолдады!
Біздің елге, əсіресе, темір жол компаниясының қызметіне
тікелей қатысты бұл хат – Қазақстан БАҚ-тарының мəлімдеуін-
ше, үстіміздегі жылдың 20 қаңтары күні жолданса керек. Мұн-

да РФ Санақ палатасы «2001 жылдың 28 қыркүйегіндегі Келі-
сім негізінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалдау төлеміне
қатысты Ресей Федерациясының қарызын өтеуге байланысты
қаржы-шаруашылық операцияларын тексеру» жайттары сөз

болып, айтылар əңгіме 16 бетке созылған. 18 нысан, оның ішін-
де, Ресей Қаржы министрлігі, «Внешэкономбанк», бес аймақ-
тың салық органдары, «Омск–Банк», Қазақстанға темір жол тех-
никаларын экспорттайтын кəсіпорындардың қызметі електен

өткізіліп, тексерілген көрінеді. Тексеру қорытындысы бойын-
ша, 2003 жылдың қыркүйек айынан кейінгі алты айда Қазақстан
тарапынан 65 млн. долларға Ресейден небары 176 ғана техника
алғаны анықталды. Сол техникалардың əрбір бөлшегі сом алтын-

нан соғылса да мұншалықты қымбатқа түсе қоймас-ау. Есесіне,
РФ Санақ палатасының мəлімдеуіне қарағанда, Қазақстан Рес-
публикасына сатылған темір жол техникалары орта есеппен
2.8 есе қымбаттаған, ал делдал ұйымдар əрбір тетікті 1.9 есе

қымбаттатқан. Сөйте тұра, тікелей дайындаушы кəсіпорындар
аты шулы 65 млн. доллардың 35 пайызын ғана, яки, 22 млн.
доллар ғана тікелей алған көрінеді. Бір ғажабы, «Қазақстан
теміржолы» жабық акционерлік қоғамының президенті Ер-

лан Атамқұлов мырза «Время» газетіне берген сұхбатында
(24.02.2005ж): «Егер 2003 жылдың соңына дейін аталмыш қа-
рыз қайтарылмаған күнде ол мүлдем өтелмейтін еді», – деп хат
ізін басқа шиырға салады. Неге? Қалайша? Тіпті, Қазақстан БАҚ-

тары жиі айтып жүрген кипрлік Сакура Энтерпрайзез (Овер-
сис) Лимитед фирмасының қитұрқыларын ұғынуға қарапайым

қазақстандықтардың əлі өресі жетпей ме?! Кім біліпті... Əйтеуір
жатқан жұмбақ. «Қазақстан темір жолы» компаниясының ай-
ыптала беретін жыры таяу жылдарда аяқтала да қоймайтын
сияқты. Өйткені бұл құдіретті компанияның қойнауындағы

жасырын сырлар атақты Лох-Несс құбыжығынан да құпия.
Одан да өткен қорқынышты... Ал қоғамымызды құпия кор-
рупция жегі құрттай үңгіп бара жатқаны қазір ешкімге таңсық
емес. Елімізде вагондардың тапшылығы, ескірген локомо-

тивтер, теміржол тартымдарының жетіспеушілігі жайындағы
мəселе саябыр табар емес. КСРО-дан қалған 105 мыңға жуық
жүк вагондары, мыңдаған локомотивтердің 70 пайызы əбден
тозып, пайдалануға қауіптілігі жөніндегі əңгіме айтыла-ай-

тыла жауыр болды. Ұлттық компания тарапынан селт ету
байқалмайды. Өткен күзде «ҚТЖ-ның» тендерін американдық
«GE Raіl» компаниясының жеңіп алуы да талайлардың көңі-
ліне күдік ұялатқан. Əрине, АҚШ темір жолдарын қуатты те-

пловоздармен қамтамасыз етіп отырған аталмыш компания
атына кір жағудан аулақпыз, бірақ бұл тепловоздар тағы да
қымбатқа түседі-ау деп алаңдайды жұртшылық. Ол ол ма, ма-
мыр айының соңына таман Астанада кезекті бір конференция

болып өтті де, осы жиында табиғи монополияларды реттеу
жөніндегі Агенттік төрағасының бірініші орынбасары Нұрлан
Алдабергенов мырза «ҚТЖ» компаниясын, осы уақытқа шейін
салалық емес қызмет түрлерімен айналысқаны үшін айыпта-

ды. Оның айтуынша, алпауыт компания емдеу, курорттық
орталықтарын ашқан, бөтен мекемелердің қызметкерлерін
қайта дайындау, кəсіби шеберлігін ұштаумен де шұғылданған,
тіпті, кір жуатын, көбейту цехтарын да ашқан. Сірə, пұлсыз

елге бұлдануды биік деңгейге көтеруді мақсат тұтса керек бұл
компания. Таяуда Үкімет басшысы Даниал Ахметов мырза
Көлік жəне коммуникация министрлігінің алқа отырысына
қатысып, көлік инфрақұрылымының ел экономикасындағы

рөлін кезекті рет сарапқа салып, електен өткізді. Еліміздегі
ішкі жалпы өнімнің өсуі 11 пайызды құрап отырғанымен,
көлік тасымалы мейлінше кенжелеп қалғаны кезекті рет ай-
қындалды. Қазақстан экономикасы үшін аса маңызды бола

тұра, етектен тартып келе жатқан бұл саладағы ілгерілеу не-
бары 9 -ақ пайызға жетіп отыр. Сөйткенмен, «Құдаңнан түйе

сұра, ұялғаннан бие береді» деген қазақы қисынға жүгінген
«ҚТЖ» басшылығы Премьер- министрден бірқатар жолау-
шылар вагондарын сатып алуға қаражат бөлуін өтінді. Оның
үстіне, ұлттық компания басшысы Ерлан Атамқұлов мырза

теміржол тарифтерін көтерудің қажеттілігін тағы да жан сала
дəлелдеп бағуға тырысты. Оның айтуынша, еліміздегі басқа
өнімдердің үздіксіз өсуіне қарамастан, теміржол тарифтерінің
мөлшері соңғы үш жылда бір- ақ рет қаралған көрінеді. Бұл

осыдан бұрын да үнемі айтылып келген, жауыр болған сылтау.
«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының» басшылығы
буынсыз жерге пышақ ұрудан жалығар емес, түптің түбінде
дегендеріне жетіп, темір жол тасымалының (жүк, жолаушы-

лар) бағасын еселеп қымбаттарына əлден -ақ сенімді. Бүгін-
ертең қымбаттай қоймас, бірақ еліміздегі Президент сайлауы-
нан кейін -ақ іле -шала алпауыт компанияның айтқаны орын-
далуы ықтимал, нəтижесінде теміржолмен сапар шеккен жо-

лаушылар қызметтің сапасыздығына ғана емес, жол ақының
қымбаттауынан жаппай қан қақсауы сөзсіз.
2005 ж.

КӨШЕ АТАУЛАРЫНДАҒЫ БЕЙБЕРЕКЕТТІК

Ағылшынның бұрынырақ өткен бір қайраткері: «Ұлы Бри-
танияның мəңгілік жауы да жоқ, мəңгілік досы да жоқ, мəңгілік
мүддесі ғана бар», – дегенін үлгі тұтып, саяси қайраткерлер,
саясаттанушылар, тіпті, қарапайым журналистер де жиі қай-

талайтыны рас. Жаңылыспасақ, осы сөзді Уинстон Черчилль
айтқан ғой деймін. Қателессек, онда «Жаңылмайтын жақ, сү-
рінбейтін тұяқ жоқ».
Жұрттың əлгі дуалы ауыздың пікірін жиі қайталауға құ-

марлығы ол сөздердің құлаққа тұрпайы естілер цинизмге толы
болуынан емес, тіршіліктің қатыгез шындығына мейлінше
сай екендігінен. Қазір жер ғаламшарында үдеріске айналған
жаһандану процесі тұсында əрбір ұлт өзіне жау да, дос та

іздемейді, өзіне тиесілі орын, тіпті артық мөлшерде үлес алып
қалуға мейлінше ұмтылады жəне ұлттық мүдделерден туын-

дайтын ерекше мақсаттар халықтардың арасын жақындатпай
қойды деп қынжылатын ұшқалақ космополиттердің өкпе-назы
орынсыз-ақ.
Адамзат тарихын байыптай келгенде əмісе осылай болғаны

аян жəне таяу ғасырларда осылай жалғаса беретіні де талас-
сыз. Осыдан барып əрбір ұлт пен халық өзінің мүддесіне,
дүниетанымы, өмір сүру салттарына сай келетін құндылықтар
мен игіліктерді алғы орынға шығарып, алғаусыз көңілмен

ардақтайды əрі əрқашан, ақырзаманға шейін ұлықтауға даяр.Ең
бастысы, адамзат қоғамының қай кезеңінде де əрбір халықтың
өзіне тəн мақтанышы болуының еш қисынсыздығы жоқ.
Мəселен, АҚШ-тың астанасы – Вашингтон қаласы. Ал осы

елдегі пошта қызметкерлерінің шексіз өкінішіне қарай, Құрама
Штаттарда тағы да 120 «Вашингтон» – шағын қалалар мен ме-
кендер бар. Елдің алыс солтүстік-батыс түкпірінде Вашингтон
штаты орналасқан. Жеті асқар тау, сегіз арынды өзен, он айдын

шалқар терең көл, отыз үш округ жəне тоғыз бірдей колледж
осылай аталады. Сұсты Вашингтонның бейнесі пошта марка-
лары мен доллар банкноттары, бедері күміс сөлкебайлардың
бетінде көзге жылыұшырап, қызуы ұстаған алақанды күйдіре

жаздайды-ай. Миллиондаған офистерде оның портреттері
ілініп, ескерткіштері қойылған. Оңтүстік Дакота штатындағы
жалама қия жартаста ғасырлар мен мыңжылдықтарға қашалған
«АҚШ-тың негізін қалаушы – əкейлердің» бейнелері арасында

Вашингтонның басы бірінші болып тұр – иегінен тас төбесіне
дейін тура жиырма метр! Оған қатысты құжаттар мен қайтыс
болғаннан кейін ол туралы жазылған мыңдаған томдықтар мен
тонналаған зерттеу еңбектерінен АҚШ кітапханаларындағы

сөрелер қайысады. Мұның бəрі осыдан 20-30 жыл бұрынғы
жағдай еді, ал одан бергі уақытта АҚШ-тың алғашқы президенті,
жеңімпаз Джордж Вашингтонды ұлықтау өрши түсті. Əсіресе,
елде жадағай патриотизмнің оты өршіген кейінгі жылдары,

АҚШ Ауғанстан мен Иракта соғыс ашқан соң тіпті құтырына
бастаған американдық ұлтшылдық тұсында Вашингтонға та-
быну одан əрі ұлғая түспесе бір мысқал азайған жоқ. Қайталап
айтамыз, бұл ұлықтау əйгілі Джордж Вашингтон қайтыс болған

соң ондаған жылдардан кейін қалыптасқан ахуал. Көптеген то-
талитарлық елдерде диктаторлар мен қатал басшылар өздері

билік басында тұрғанда осындай ұлылыққа ұмтылып, алтынмен
апталған алып ескерткіштерін тұрғызып жанталасады. Денесі
қара жердің қойнына берілер-берілместен-ақ əлгі ескерткіштер
дауыл соққандай тас-талқан етіліп, кітаптары өртелетіні де өмір

шындығы. Халық кімді қалай құрметтейтінін өзі таңдайды!
Осы орайда өзіміз телеарналардан жыл сайын жаңа жылда
жалықпай көретін «Тағдыр тəлкегі немесе жеңіл буыңызбен»
фильміндегі комедиялық оқиға кеңестік дəуірде барлық қалалар

мен елді мекендерде аттары ұқсас көшелер, бір-бірінен аумай-
тын үйлер, біртектес пəтерлер болуынан басталатынын да айта
кету керек. Расында Кеңестер одағында көше атауларының
өзі үгіт-насихат, мемлекеттік идеология, аса маңызды тəрбие

құралына айналдырылғанын жəне бұған зор мəн берілгенін
ұмытпауымыз керек. Мəселен, Мəскеуде ең басты көше – Ле-
нин даңғылы болса, қызыл коммунистердің қатал уысындағы
орасан байтақ империяның кез келген қаласындағы басты көше

де осылай аталатын. Ленин алаңы да осылай. Екінші маңызды
көше – Калинин атында болса, бұл Алматыда да айнытпай қай-
таланады. Коммунистік даңғылы Итжеккендегі елді мекендер
мен алыстағы өзбек қышлақтарында да ең үлгілі көшелердің

рөлін атқаратын. Бұның бəрін коммунистер халықтарды ортақ
мүддеге жұмылдыру, іштей өзара біртектендіру, мемлекеттік
идеологияны мызғымастай қалыптастыруға қол жеткізудің
құралы ретінде пайдаланып келгені даусыз. Ұлы Отан соғысы

жылдарында ғана Сталиннің шарасыздықтан «Əр халық өзі-
нің ұлттық батырларын насихаттау арқылы жауынгерлік ру-
хын көтерсін», деген нұсқау бергені мəлім. Тіпті, осының өзі
ортақ мемлекеттік мүддеге сай қызмет атқаруға тиіс бола-

тын. Өркениетті елдерде көшеге ат қоюда көшелілік танытып,
ең əуелі ұлттық, мемлекеттік мүдделер мен талаптар бірінші
орынға қойылады.
Өкінішке қарай, Қазақстанда бүгінгі күнде бұл мəселеде

қалыптасып отырған ауыр жағдай бейберекеттікке ұласуда.
«Алматы ақшамы» газетінің жазуынша, Алматыда орыстың 86
зиялысының, яки 33 жазушы, 22 суретші, 16 ақын, 15 сазгері-
нің атында көше бар көрінеді. («Алматы ақшамы» газеті,

№5, 13 қаңтар, 2007 ж.). Осылардың көбінің Қазақстанға түк
қатысы жоқ. Ол ол ма, Александр Невскийден бастап (жа-

райды,оны ежелгі қыпшақтың жиені деп қоюға болар), Пу-
гачев бастаған орыс-қазақтар мен бұратана халықтардың
көтерілісін (ішінде қазақтар да көп), сондай-ақ Австро-Вен-
грия империясына қарсы азаттық аңсаған итальяндардың да

көтерілісін аямай қанға бөктіріп басқан Суворов, басқа да
көптеген орыс қолбасшыларының, тіпті,қандықол қарақшы,
атаман Ермактың атындағы көшелер де сақталып қалған.
Осындай сірескен мұздың Тəуелсіздігіміздің 15 жылдығында

да мызғымай тұруына қарағанда отар ел, бодандықта болған
халық екенімізді ұмытқысы келмейтіндер, ең қауіптісі, жұртқа,
өскелең жастарға ұмыттырғысы келмейтіндер əлі де ішімізде
көп сияқты. Көшелерге, елді мекендерге ат қоюдың анархияға

ұласқаны соншалық, таяуда Алматы облысының Еңбекшіқазақ
ауданындағы «Шелек» ауылында болған ұлтаралық төбелестен
соң елімізде қалыптасқан аса қауіпті тенденциялардың беті
ашылды. Əлгі ауылдағы көшелердің көбі ешкім аты-жөнін естіп

білмеген, тіпті, қиырдағы Қытайда өмір сүрген ұйғырлардың
атынан қойылған көрінеді. Жəне бір үрейлендіретіні, осындағы
ұйғыр мектептерінде мемлекеттік тіл – қазақ тілі аптасына екі-ақ
сағат өткізіліп келген екен. Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы

өзбек ауылдарында, сонымен қатар, Тараздың іргесіндегі дұнған-
дар ауылында жағдайдың осылай қалыптаспай отырғанына
ешкім кепілдік бере алмайды. Солтүстік облыстардағы ахуал
бұдан да күрделі. Біздің елімізде осы маңызды істің бетімен

жіберілгені соншалық, Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы
Қарғалы аулындағы 1999 жылы Қазақстанның халық əртісі Əсет
Бейсеуовтің есімімен аталған көшені 2003 жылы əкімшілік тірі
жүрген адамның атымен қайта атауға ұйғарым шығарыпты.

БАҚ-тардың, республикаға танымал ақын-жазушылар, əнші-
лердің араласуымен арада үш жылдан кейін əділдік қайта жеңді.
Мұндай жағдай басқа облыстарда да жиі байқалатынына дау
жоқ. Бір таңқаларлығы, өлілердің еншісіне таласқан тірілер

көзім жұмылса атаусыз қалармын деп қорқатын сияқты: «Өл-
геннің сазайын көмген берсін», – деген қазақы тұжырымды
мойындағылары жоқ сияқты. Ең бастысы, əкімшіліктегілер мен
лауазымды адамдар бұл істе белден басуға əбден бой үйретіп

алған. Тіпті, тірі адамға көше атын беру ырымға жаман екенін
білмейтін де сияқты.

Мұның бəрі жер-жердегі ономастикалық комиссиялардың
оралымсыздығы кесірінен орын алған келеңсіздіктер. Осының
бəрі Қазақстанда ұлттық мүддеге жеңіл-желпі көзқарастың қа-
лыптасқандығы, мемлекеттік идеологияның белсенді түрде

жүргізілмейтіндігінің белгісі. Мұның бəрі ауылдар мен аудан-
дарда, сондай-ақ, облыс орталықтарында да көше аттарын са-
раптамай, еш тəртіп, ережесіз қоюға əкеліп соғуда. Бұрын отар-
шыл Ресей империясының сойылын соққан болыс-билерге де,

коммунистердің құйыршығына айналған комсомол жетекші-
лері мен партия функционерлерінің аттарына да қойылған
көшелер мен алаңдарға сан жетпейді. Коммунистердің құр-
бандарының атына да, қандықол коммунистердің атымен де

қатар көшелер атала береді. Осының өзі қиынсыздық еке-
ні толғандырмайды. Қалыптасқан жағдай Қазақстанның тəуел-
сіздігін, ата-бабаларымыз аңсаған азаттық идеясын баянды
ете түседі дей алмасақ керек. Əкімқаралардың көшелерге өз

аталарының есімін беруге құмарлығы, адамдардың наразы-
лығын ғана емес, түрлі анекдоттар туғызуға да себеп болып
жүр. Қала даңғылдары мен ауыл көшелеріне қазақ халқы
алдындағы еңбегі уақыттың екшеуінен өтіп, тарихи дəлелден-

ген тұлғалардың ғана есімі берілуі керек. Жəне бұл істе барлық
жерде бірізділік болуынан бас тартпаған жөн. Мəселен, бас кө-
ше – Абылай хан аталса, ендігі бір бас көше Абай атанғаны аб-
зал. Əл Фараби, əз Жəнібек, тағысын тағы. Бірақ, барлық жерде,

ауыл, аудан, қалаларда ортақ ереже, тəртіпке бағындырылға-
ны жөн. Сонда ғана унитарлық мемлекет, біртұтас халық,
тəуелсіз ел екендігіміз өзінің нақты көрінісіне ие болады.
2007 ж.

ЕҚЫҰ-НЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ

ӨРКЕНДЕТЕ МЕ?

Соңғы бірнеше жыл бойына елімізде 2009 жылы Қазақстан-
ның ЕҚЫҰ-на (ОБСЕ) төрағалық міндетін атқару мүмкіндігі
туралы пікірталастың тоқтаусыз өршіп, үздіксіз жүргені
соншалық, мемлекетімізде осыдан басқа түйткілдердің бə-

рі түбегейлі шешілген сияқты əсер қалыптасып бара жатыр.
Əрине, алғашқы əсер алдамшы. Дегенмен, күн санап ұлт-
тық, мемлекеттік идеяға біржола айнала бастаған осынау
міндеттің тасасында не жатыр, егер еліміз алыс 2009 жылы

аталмыш мəртебеге ие бола қалған күнде бұл мəртебе қазақ
жұртына қандай жақсылық əкелмекші? Тіпті, осы төрағалыққа
ұмтылуымыздың өзі бізге тиімді ме, жоқ па? Қысқасы, мұндай
сұрақтарды үстін-үстіне туындата беруге болады. Əлі күнге

жоғарыдағы пікірталас биік мінберлерде, салтанатты жиын-
дарда, БАҚ-тарда үздіксіз жүргізілгеніне қарамастан, біржақты
жауап берілмей келгендігі таңданарлық. Ал əзірге... тойда аса-
ба болуға, жиында төраға болуға құштар мінез-құлқына сай

қазақтар «Қашпаған сиырдың уызынан дəметіп», ЕҚЫҰ-ның
төрағалығын атқарар салтанатты сəтті тосумен күн өткізуде.
Тіпті, осы мақсат үддесінде бірқатар стратегиялық, ұлттық
мүдделеріміз құрбандыққа шалына ма деген қауіп те жоқ емес.

Бір ғажабы, қашқанның да, қуғанның да алдында жүгіретін
жеңілтектеу мінезімізден аздап хабардар ма, Еуропа елдерінің
ресми өкілдері əлден-ақ осы төрағалық міндетті бізбен ара-
дағы сауда нысанына айналдыра бастағаны аңғарылады.

Осы орайда атақты Уинстон Черчилльдің өз елі үшін дос-
тар да, жақтастар да жоқ, тек Ұлыбританияның мүдделері ғана
бар екенін мəлімдеген атақты сөзі ойға оралады. Тіпті, 1762
жылы Сібір шебіндегі əскер бастығы генерал-майор Вей-

маридің қырғыздардың «пайдасыз əуестенушілігі мен əдет-ғұ-
рыптарын» жою жəне оларды үнемі Ресейге адал берілгендік
рухында ұстау үшін оларды «нəуетектендіріп», жақсы жəне
тыныш өмір сүруге үйрету, оларға білдірмей малдары мен

жылқыларының азайтуға тырысу керек, өйткені, қырғыздардың
ең басты қанағатшылдығы мен байлығы – малының саны не-
ғұрлым аз болса, олардың қауіптілігі мен мазасыздығы да
соғұрлым азая түспек деген ұсынысы да еске түседі. Қысқасы,

қазір Батыс Еуропаның бірқатар саяси қайраткерлері мен Еу-
ропа Кеңесінің сыртқы саясаты мен ұстанымдарын түзетін
тұлғалар 2009 жылғы төрағалықты уақытша (бір жылға со-
зылатын) қызметті неғұрлым қымбатқа саудалап қалмақшы.

Əрине, осыдан төрт-бес жыл бұрын аталмыш қызметті атқару
Қазақстан имиджін қалыптастыру, халықаралық оң беделін

одан əрі жақсарту мақсатында айтарлықтай əсерін тигізген болар еді, ал дəл қазіргі уақта – батыс пен шығыстың арасындағы шиеленістер күн асқан сайын асқына түскен, Хантингтон айтатын «өркениеттер соғысы» ушыға түскен жағдайда осынау биік мəртебенің абырой əпере қоюы да неғайбыл. Соған қарамастан, біздің еліміздегі бірқатар саяси қайраткерлер мен биік мəртебелі шенеуніктердің айтарлықтай тобы бұл идеяның жетегінен шыға алар емес. Қоғам үшін ең ақырында кейіпкерлер байбақуатты күн кешіп, ұзақ өмір сүретін əдемі ертегі ойлап тапқандай, осы 2009 жыл туралы аңыздың шырмауынан құтылатын түрі жоқ. Тіпті, осы айтулы 2009 жылдан соң өмір болмайтындай, даму біржола тоқтап қалатындай даурығысады кеп. Дұрыс, Еуропа Кеңесінің кəнігі саясаткерлері арзанды пұлдап, қымбатқа өткізуге ұмтылады. Сол арқылы еуропацентристік ұстанымдар мен «жер кіндігі – Еуропа» деген саясатты одан əрмен нығайта беру, тəуелсіз елдерге өз айтқандарын істетуге ұмтылу басты міндеттері, турасын айтқанда, саяси борыштары. Бірақ түпкі мақсаты тұманды, күмəнділеу бұл идеяны өзіміздің алдымызға өмірлік мақсат етіп қоярлықтай Қазақстанға осы шынымен-ақ қажет пе? Мəселенің бұл жағына назар аударылмай келгені неліктен? Турасын айтқанда, Қазақстан бұл абыройлы міндетті атқаруға əлі дайын емес. Оған айтарлықтай объективті əрі субъективті себептер жетіп артылады. Қоғамдық дамуымыз, мемлекетіміздегі осы күнге дейін жүргізіліп келген, əлі күнге жүргізіліп жатқан саяси, əлеуметтік, экономикалық реформалардың нəтижелері мен жүзеге асырылу жолдары, деңгейі бұған сəйкес емес. Өткен сəуір айының жиырмасына таман еліміздегі Дүниежүзілік банкінің (ВБ) өкілдері «2006 жылғы бизнес: жұмыс орындарын құру» атты есеп жариялады. Мұнда жалғыз Қазақстан ғана емес, əлемнің 155 еліндегі қалыптасқан жағдайлар жөніндегі соңғы зерттеулер кеңінен көрініс тапқан. Осы мəртебелі халықаралық қаржы ұйымының менеджері Симеон Джанков мырзаның мəлімдеуіне қарағанда, Қазақстан елдегі іскерлік ахуалды жақсартуға көп күш жұмсауына қарамастан, аталмыш 155 мемлекеттің арасынан бизнестің жариялылығы мен оңайлылығынан 86-шы орынды иеленетін көрінеді. Ал біздің жақын көршілеріміз Ресей

79-орынды, Қырғызстан 84-орынды, ал Армения 46-орынды
иеленіп, ТМД елдерінің маңдай алдына табан тіреген. Əрине,
посткеңестік елдердің бірқатарымен салыстырғанда жағ-
дайымыз Құдайға шүкір. Мəселен, бұл тізімде Əзербайжан

98-орын, Грузия – 100, Белоруссия – 106, Украина – 124,
Өзбекстан – 138-ші орынды иеленіп отыр. Бірақ, өзгенің
кемшіліктері бізге қуаныш болып сүйсінте қоймас. Осыдан
соң сарапшылар əрбір елде қарапайым кəсіпкерлікті нақты

жағдайда жүзеге асыру керектігіне назар аударған. «Бақсам,
бақа екен» демекші, қарапайым қойманы тіркеу үшін Жаңа
Зеландияда жеті, Арменияда жиырма, ал Қазақстанда отыз екі
мекемеден рұқсат алу керек болып шықты. Жəне əрбір рұқсат

алу коррупциямен тікелей байланысты. Дүниежүзілік банкі-
нің (ВБ) Қазақстандағы тұрақты өкілі Лу Брэфордың айтуы-
на қарағанда, зерттеулердің нəтижесінде Қазақстандағы кор-
рупция мен бюрократияға қарсы күрес еш нəтиже бермегені

біржола анықталған. Несі бар, біздің коррупция мен бюро-
кратия əлемдегі ең үздік, жойылмайтын коррупция! Мұның
өзі де аз нəтиже емес. Оның үстіне еліміздегі жұмыссыздық
пен күн өткен сайын үдей түскен инфляция ЕҚЫҰ-2009-ға

төрағалық етеміз деген ұранның орындалуына айтарлықтай
кедергі келтірері хақ. Еуропалықтар əлгі идеяны саудалауға
үйреніп алғаны соншалық, соңғы кездері еліміздің шекарасы-
нан аттаған эмиссарлар өз əңгімелерінің негізгі түйіндерін осы-

лай қарай бұруды дəстүрге айналдырған іспетті. Осы арқылы
өздеріне айтарлықтай ұпай жинамақшы. Жақында Еуропалық
Комиссияның энергетика жөніндегі комиссары Андрис Пи-
балгсты Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми қабылдаған.

Ағылшын, француз, неміс, орыс, эстон тілдерінде еркін сөй-
лей білетін Андрис Пибалгс мырза осы кездесуден кейінгі
брифингте өз мəлімдемелерін орыс тілінде жасауға мəжбүр
болғандығы үшін кешірім сұраудан бастады. Тəрбиелі, өзге

мемлекеттердің мүдделеріне құрмет танытуды өзінің басты па-
рызы санайтын мəдениетті Андрис Пибалгс мырза өзінің қазақ
тілін білмейтіндігі үшін ыңғайсыз күй кешті. Бұл құптарлық
жағдай! Еуроодақ мұнай мен газ өндіру саласына инвестиция

салуға қолайлы ел ретінде Қазақстанды жоғары бағалайды.
Яғни, мұндағы өз мүдделерін жоғары қоятындығын да жоққа

шығармайды, сондай-ақ бізге деген құрметін, əсіресе, қазақ
тіліне деген ілтипатын танытуды да естен шығармайды. Ең
өкініштісі сол, өз еліміздің мəртебелі шенеуніктері мен ресми
кісілері ресми жиындарда мемлекеттік тілде сөйлемегені үшін

ешқашан кешірім сұрап көрген емес. Бəлкім, мəдениеті, тəрбиесі
жетпей жатқандықтан шығар. Андрис Пибалгс мырзамен тұспа-
тұс елімізге ресми сапармен келген Нидерланды Корольдігінің
Сыртқы істер министрі Бернард Рудольф Бот мырза да Қазақ-

стан экономикасының қуаттануына өз елі 10.16 млрд. доллар
қаражат құйып отырғанын атап айта келіп, біздің еліміздің
ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі мүмкіншілігі жоғары екендігін,
оның үстіне, демократиялық дəстүрлер енді-енді қалыптаса

бастаған Орталық Азиядағы жетекші ел Қазақстанның мұн-
дай мүмкіндігін өз елі қолдан келгенше қолдайтындығын мə-
лімдеді. Бұл үшін олардың басты талаптары болып еліміздегі
реформалардың тереңдей жүзеге асырылуы, мемлекетімізде

ашық қоғам қалыптастырып, адам құқығына қатысты ахуал-
ды жақсарта түсу. Мұның бəрін қолдауға да болады, дегенмен,
осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстанға еуропалық мəртебелі
қонақтардың бірі Қазақстанда орыс тілін ысыра бермеңіздер

дегендей мəнзелде кеңес беруі бірқатар ашу-ызаның тууына
себеп те болды. Мұның өзі тəуелсіз мемлекеттің ішкі істеріне
дөрекі түрде қол сұғу ғана емес, посткеңестік елдерге түрлі
стандартпен қарайтындығының анық көрінісі. Еуропалық қо-

нақтар Балтық жағалауы мемлекеттеріне мұндай ақыл-кеңес
беруге батылдары жетпес еді. Сірə, 2009 жылмен емексіткен
елге қандай ақыл айтсаң да жарасады деген пікір біржола
қалыптасқан сыңайлы. Бұйдалы бота ретінде бағалайды да.

2008 ж.

«МƏҢГІ ДОСТЫҚ» ПЕН МҮСƏПІРЛІК

Футбол жанкүйерінің жанайқайы
Миллиондаған қазақ жанкүйерлері футболдың ұлы дода-
сын – Чемпиондар лигасының 2007 – 2008 жылғы ақтық бəсе-

кесін, ағылшындық қос саңлақ команда – «Манчестер Юнай-
тед» пен «Челси» командаларының арасындағы финалдық
ойынды Қазақстан телеарналарынан тікелей тамашалай алма-
ды. Мына тұрған Мəскеуде, «Лужникиде» кеше, 21 мамырда

өткен айтулы ойынды. Қосымша келіссөздер жүргізіліп, елі-
міздегі телеарналардың бірі ұлттық, мемлекеттік мүддемізге
нұқсан келтіре отырып, əлдеқандай жолмен келісімге қол жет-
кізбесе, əзірге жарық көрген телебағдарламаларда бұл ойын

көрсетілмеген.
Жыл сайын əлемдегі ең таңдаулы футбол ассоциациялары-
ның бірі болып есептелетін УЕФА-ның туы астында өткізіліп
келген небір кездесулерді тамашалаған жанкүйерлердің дəп

осы тұста неліктен жігері құм болып, тауы шағылды? Неге бұл
ойын телеарналарда көрсетілмеді? Мұның мəнісін бір ауыз
сөзбен айтып түсіндіру мүмкін емес. Ол үшін Қазақстанның
ақпараттық кеңістігінде, əсіресе электрондық ақпарат құрал-

дарында қалыптасқан ахуалға көз жүгірту қажет. Өйткені
сандаған ғасырлар бойы қасиетті Мекке-Мəдинаға қарап ізгі
тілек тілеп, бет сипап бата жасайтын еліміздегі адамдардың
енді біразы Мəскеуге қарап шоқынатынды шығарған. Тіпті,

солардың арасында мұнысын намыс, ар санамайтын, ұлты,
ділі мен дініне өзінің тарапынан жасалған қиянат екенін
ескергісі келмейтін қазақтар да жетерлік. Бірақ мұндай табан-
сыз мүсəпірлерді көзге іліп жатқан Мəскеу де жоқ. Бұл бұл ма,

мұндай адам төзгісіз өрескел əрі өте жиренішті жағдай соңғы
жылдары Орталық Азия мемлекеттеріндегі билікке де жаппай
жұққан емсіз ауру, дауасыз қауіпті індетке айнала бастаған
сыңайлы. Орталық Азия мемлекеттері, оның ішінде Қазақстан

да бар, Кремльге құлдық ұрудан, ондағылар кездейсоқ түш-
кірсе «Лəппай, тақсыр!» деуден жарысқа түскендей жəне осы
арқылы беделдерін одан əрмен биіктетпекші болып жанта-
ласуда. «Айтпасаң сөздің атасы өледі» дейді, атамыз қазақ.

Біз өлсек те, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып жететін қазақтың
қасиетті сөзі өлмесін, ендеше турасына көшсек, осы аймақ
елдерінің арасында Ресейге қайтадан бодан болуға астыр-
тын жарыс жүріп жатқан сияқтанады. Ал Ресей болса өзінің

ұтысты есебін ішінен жұптап, ұлттық, мемлекеттік мүдделерін
басты орынға қойып, маңайын ызғарымен ықтырып сыздана-

ды. Қаба сақал жүзінде жылылық, жүрегінде мейірім, ізгі ниет
қалмаған. Дегенмен, Ресей ежелден, ата тарихтың бүкіл сора-
бында, сонау Иван Грозныйдан бермен қарай осындай еді ғой,
ендеше кінə оспадарға орынсыз елпектеп, құрақ ұшатындар,

ар-намыс, қайсар ерік-жігерді ұмыта бастаған «атқа жеңіл
Телпекбайлардың» өздерінде шығар?!
Қазақ жанкүйерлеріне көрсетілмей қалған финалдық ойын
соның бір көрінісі ғана. Əйтпесе, «Мы, русские, порвали

их!», «Знай русских!» дейтін нəсілшілдік пен даңғазалыққа,
ожарлық пен оспадарлыққа толы көрсетілімдерден қазақ
көрермендері кенде емес. Тіпті, қазақ ақпарат кеңістігін Ре-
сей күн өткен сайын біртіндеп түбегейлі жаулап келе жатыр

жəне бұл тоқтаусыз үдеріске айналды. Соңғы апталардағы
«31 канал» телеарнасының УЕФА чемпиондар лигасының
финалдық кездесуіне байланысты жарнамасын көріп көзге
еріксіз жас – ыза мен шарасыздық жасы тұнғаны сондықтан.

Бұл турнирге қатысты жыл бойына созылған салтанаттылық
пен шаттық, көтеріңкі лептің орнын елеусіздік, əрі-сəрілік
басқан. Онда да құрылысын салуды «Элитстрой» компания-
сы жүргізіп жатқан «Хан-Тəңірі» ықшам ауданының қымбат

үйлерін жарнамалаудың амалсыз шарасы. Ваннада суға шомы-
лып, орысша əн салып жатқан əйелдің есігін қағып: «Болған
шығарсыз, мама?!» деп əрі шыдамсызданып, əрі амалсыз
жалынып тұрған түрсишең еркектің бейшара кейпі. Байтақ

Қазақстандағы футбол жанкүйерлерінің соңғы аптадағы шы-
найы кейпі дəп осы бейбақтан еш аумайды. Əйгілі лиганың
бір жылға жуық созылған жарысының Еуропа елдерінің та-
лайында өткен теңдессіз ойындарын, жартылай финалдық

ойындарды да үзбей тікелей тамашалап келіп, енді 21 мамыр-
да Мəскеуде өткен ең ақтық – финалдық ойынды көре алмай
қалу... былапыт сөзбен аяқталар əңгіме ғана. Əрине, фанат-
тар бұл финалдық ойынды əртүрлі амалдармен тамашалауға

талап жасайтыны сөзсіз, амалын тапқандары көрді де. Бірақ
əңгіме ондай мүмкіндігі барлар туралы емес, сөз жаппай жан-
күйерлер жайында: Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі, алыс
қияндардағы жəне əлеуметтік жағдайы əртүрлі деңгейдегі

адамдар хақында. Телеарналардың қалыпты бағдарламасы
бойынша көгілдір экранды тамашалайтын қарапайым кісілер

бұл айтулы ойынды тікелей тамашалай алған жоқ. Өйткені,
бұл аптаның телебағдарламасында («Вечерний Алматы» газеті
жариялаған) ешбір телеарна осынау қайталанбас кездесуді
көрсетуді жоспарлаған емес.

Телеарналар демекші... Еліміздегі мұнай, газ, басқа да са-
лалардағы ірі компаниялардың ашықтығы міндет екені туралы
қоғамдық нақты көзқарас қалыптасқанмен, Қазақстан БАҚ-
тарының, əсіресе электрондық ақпарат құралдарының ашық-

тығы, оларға кімдер иелік жасап, қалай қаржыландыратыны
жəне телеарналар кімнің, қандай экономикалық топтардың сой-
ылын соғатыны жөніндегі шыншыл ақпараттардың жоқтығын
немесе тым мардымсыздығын қалай түсіндіруге болады?

Ашық қоғам, құқықтық мемлекет құрып жатқан елде мұндай
құпияның астарында не жатыр?!
Ал ақпарат дегеніміз, ең бастысы, телеарналар қазіргі за-
мандағы ең қуатты, қамтитын аудиториясы аса кең насихаттық

құрал екенін ескерсек, бұндай құпиялар тегіннен тегін қалып-
таспайтынын мойындауға тиіспіз. Сонымен əлгіндей телеарна-
лардың бірсыпырасы жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан саяса-
тына, олардың ұстанған бағыт-бағдарына өз əлімізше қысқаша

шолу жасап көрелік. Қарапайым көрермен ретінде, салық
төлеуші миллиондаған адамдардың бірі ретінде. Ең əуелі «Ха-
бар» телеарнасы. Қуаттылығы, көрсетілімдерінің сапалылығы
жағынан ғана емес, қамтитын аудиториясының ауқымдылығы

жəне кең байтақ еліміздің барша түкпіріне тарайтындығымен
өзгелерден мойны озық тұрған телеарна. Ол – қазақстандық
əрбір телекөрерменнің жүрегіне, жанына тура жол табуды
басты мақсаты санайтын, амбициясы Алатаудай биік телеар-

на. Оның үстіне орасан зор қомақты қаржыға мемлекет бұл
арнаны таяуда ғана өз меншігіне қайта сатып алғанын ескер-
сек, «Хабарға» қойылар талап бұрынғыдан еселеп арта түскені
сөзсіз. Сондықтан ең əуелі қазақтың, оның ішінде футбол

жанкүйерлерінің мүддесін бір ойласа, осы телеарна ойлауы ке-
рек еді. Бірақ əзірге өзгерген «Хабар» көзге түспей отыр. Сол
баяғы таз-кепешін əлі ауыстыра қоймаған секілді жəне қашан
түбегейлі өзгеретіні де беймəлім. Дəп қазір «Хабар» бөлек,

қалың телекөрермен бөлек: қаладағы зəулім үйде тұрып, бір-
бірінің есігін ашпайтын суыққабақ көршілер сияқты. Айтқан-

дай, «Хабар» алдағы жазда Австрия жəне Швейцария елдерін-
де өтетін Еуропа чемпионатының финалдық ойындарын
түгелдей көрсетуді жоспарлап отырған секілді, бірақ мына тұр-
ған Мəскеуде өткен ойынды көрсетуге қауқары жетпей қалды.

Өкінішті!
Ал, сол «Хабардың» өкшесін басқан сіңілісі «Ел-арна» əлі
балиғатқа толмаған қыз бала тəрізді. Əпкесіне де еліктейді,
тезірек бойжеткісі де келеді. Аты дардай, тұтас елдің, тамы-

ры бір қазақтың телеарнасы болуға құштар, бірақ нені қалай
көрсетіп, қандай саясат ұстану керектігін əлі толық айқындап,
пайымдамаған шөпжелке. Таусылмайтын, үздік-создық те-
лехикаялармен телекөрермендердің көңілін аулауға əуес.

Ара-тұра түн ортасына таман Қазақстан чемпионатынан
футболдық кездесулерді, онда да Алматының Орталық ста-
дионында өткен кездесулерді кездейсоқ көрсетіп қоятыны
бар. Кей-кейде мұны еш бағдарламаға сəйкессіз, мүлдем то-

сын көрсетеді. Сірə, эфир уақытын осылай тегін немесе арзан
толтыруға шарасыз баратын іспетті. Өткен сенбі, 17 мамыр
күні телебағдарламада атақты Агата Кристидің романының
желісі бойынша түсірілген «Тайна черных дроздов» фильмі

жазылғанына, оны телеарнада біраз жарнамалағандарына қа-
рамастан, түн ортасына таман Қазақстан чемпионатындағы
«Алматы» жəне «Тобыл» командаларының кездесуін көрсете
салды. Ең сорақысы сол, көрермендерден кешірім сұрауды ой-

ларына да алған жоқ. Дүкенде сатып алушыға дəмді, жаңа сары
майдың орнына иістенген ірімшік орап берген бетбақ сатушы
əйелдей құдды бір. Екі команданың əдемі, өрнекті ойынын
тұспалдап отырған жоқпыз, «Ел-арнаның» телекөрермендерді

оңдырмай алдағанын айтып отырмыз. Бұл жағдай бір емес,
бірнеше рет қайталанған, əдетке айналған сорақы жағдай.
«Жас Отанның» Астанадағы өткен бас қосуында Қазақстан
Президенті Н.Назарбаевтың «Ел-арнаны» мəдениет, спорт, са-

лауатты өмір салтын насихаттайтын телеарнаға айналдыруға
кеңес беруі де бекер емес. Ал «НТК»-нің қай елдің нəміндегі
құрылым екендігін білу мемлекеттік деңгейдегі құпия тəрізді.
Əзірге ресейлік «Солдаты» телесериалының санын 14-ке жет-

кізіп отырған телеарна, түбі сол сериалмен бірге қартайып, ара-
ны толмайтын Жер-ананың қойнына бірге арулап қойылар?!

Кез келген жанрдың бұлжымас қатал ережесі бойынша бір
басталған нəрсе түптің-түбінде аяқталуға тиіс, ал «НТК» бұл
сериалмен қатар «Дом» реалити-шоуын қазір 2-ге жеткізіп
үлгерді. Сірə, бұл да 3,4,5...60...150 болып ақырзаманға дейін

жалғаса берер, сондықтан «НТК»-нің де ғұмыры ұзақ бола-
тын шығар?! Оған дейін прайм-тайм – телекөрермендер кө-
гілдір экранның алдында ең көп жиналатын кешкі 19.00 мен
түнгі 23.00 аралығында «Битва экстрасенсов», «Клуб бывших

женмен» көңіл көтеріп, одан əрі «Комеди клаб» жəне «Наша
Russіaмен» маужырап, содан соң «Секс» с Анфисой Чехо-
вой» – бағдарламасымен ұйқыға кетер. Осы «Комеди клаб»
жəне «Наша Russіaға» қатысты Ресей Думасының бірқатар

депутаттары дабыл қағып, қоғамдық пікір қалыптастыра
бастағанын ескеру керек. Иə, біздің қазақтар ізгілікке, өзге
жұрттың жақсы қасиеттерін үйренуге құмар халық, ал өз ел-
дері бас тартып отырған осынау бейəдеп, жүгенсіз, нəсілшіл

хабарлардың бізде бұдан əрі тоқтаусыз көрсетіле беруі түптің
түбінде еларалық дүрдараздыққа түрткі болуы əбден ықтимал.
«Hіt TV» телеарнасын халықаралық қандай ұйым қаржы-
ландыратыны да құпия. Бір белгілісі, бұл телеарнаға шығу

үшін қазақ əншілері əжептəуір ақша төлейтіндігі. Оның үстіне,
телеарнаның ішкі саясаты бойынша ұлттық киім киген, салмақ-
ты əн айтқан əнші көрсетілмейтін секілді. «Hіt TV-ға» шығу
үшін жартылай жалаңаш болу жəне неғұрлым көп қисаңдау

керек əрі мұндайға эфир уақыты көбірек беріледі. Жəне бір
ерекшелігі, əнші қолын белінен төмен түсіріп, кіндіктен төмен
тұсын көбірек сипаласа, солғұрлым «Hіt TV» оны өкірте на-
сихаттайды. Телеарна «Саясаттан тыспыз» дегенді ұқтырғысы

келетін сияқты, бірақ қазақ жастарын неғұрлым бейəдеп етіп
қалыптастыру, тілін бұрап, шолжаңдап сөйлеуді негіздеу бұл
телеарнаның тұманды саясаты іспетті. Қалың көрермендерге
жұмбақтау «Мир» телеарнасы жылдар бойы Ресейдің сыртқы

саясатын жəне Армения поэзиясын насихаттаудан аса ал-
май жүр. «Новости Содружества» бағдарламасында осыған
дейін В.Путиннің əрбір қадамын көрсетіп, Мəскеудің жаңа
құрылыстарын үзбей насихаттаумен жəне «Поэзия Арме-

нии» бағдарламасында армяндардың сан ғасырлық поэзиясын
сөз етумен ғана шектеліп, Қазақстан жөнінде жақсы сөз, ізгі

ниеттегі бағдарлама ойлап тапқан кезі тым сирек. Иə, əрбір
халықтың поэзиясы сияқты армяндардың да поэзиясы аса бай,
сандаған ғасырлық тарихы бар поэзия. Бұған ешкімнің күмəні
жоқ. Бірақ қазақ поэзиясы кедей ме? Үзіп-жұлып көрсетілетін

хабарлар емес, тұрақты, үзбей əрі қызықты етіп жүргізілетін
бағдарлама неге ойлап таппасқа? Тіпті, Батыстың қаламгерле-
рі ғасырлар бойы үйренген, өздерін əлі күнге шəкірті деп са-
найтын Шығыс поэзиясын елеусіз қалдыруға бола ма?!

«КТК» кімнің сойылын соғатынын іштей тұспалдауға бо-
латыны сөзсіз. Тіпті, мұны қазақстандық орыстардың өзі де
аңғаратыны аян. Қазақстан туралы ізгі ниетті, оң баға беру
тұрғысынан түсірілген көрсетілімді эфирге шығаруды онша

құптай бермейтін «КТК» кейбір теріс іс-əрекеттерін əлем-
дік қауымдастық нақты айыптап жатқанда да Ресей тура-
лы жағымсыз сөз сөйлеп көрген емес-ау. АҚШ-ты, Англия,
Франция, Германия, тіпті іргелес Қытайды орынды-орынсыз

жамандауға əрқашан даяр, Қазақстандағы кемшіліктерді айт-
қанда төтенше соғыс басталғандай журналистерінің дауысы
ыза мен мұңға толып, үрейлі үнмен хабарлайтын «КТК» Ресей
компанияларының атына да сын айта қойғаны сирек. Есесіне,

Лакшми Митталлды мүйіздеуге əркез дайын, еліміздегі батыс-
тық мұнай компанияларының атына сын жебесін қадауға
құштар. Осының бəрі Батыс компанияларын қалайда жұртқа
сүйкімсіз, жеккөрінішті етіп көрсетудің қитұрқы амалы ға-

на. «КТК» Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік тіл тура-
лы» Заңының талаптарын да елеп-ескермей отырғаны кəміл.
Мəселен, өткен жексенбі – 19 сəуір күнгі телебағдарламада:
сағат 11.15-те «Юмористическая программа «Анда-санда»;

12.10-да «Классикалық үнді киносы» «Жүрегім сен деп
соғады»; 19.25-те «Аналитическая программа» «Алаң-жұрт»
деп қана көрсетілген. Қазақшалары осымен тəмəт-тəмам. Түнгі
1-ден кейінгі көрсетілген бағдарламалар туралы сөз қозғау

артық.
Жалпы, телеарналардың қазақ тіліндегі көрсетілімдері
мен əн-жырды түнгі сағат 24.00 сағаттан кейін көрсететіні
жөнінде талай айтылып, жазылған, жауыр болған сөз. Мұны

телеарналардың мемлекеттік тіл жөніндегі заңының бапта-
рын шартты түрде орындау үшін жасайтын айла-шарғысы

екендігі көпшілікке мəлім жайт. Тайыз əрі жиренішті арам-
за қулық! Бірақ, түнгі 24.00-ден кейін эфирге шығарылатын
көрсетілімдердің жөні бөлек, өйткені, түн ортасынан кейін
жаңа тəулік басталады. «КТК» көрермендердің назары-

на Ресей кинотауарлары мен телехабарларын тықпалаудан
қамшы салдырмайтын телеарналардың бірі. Шын мəніндегі
жоғары сапалы, аса құнды көрсетілімдер емес, ортаңқол,
деңгейі төмен телеөнімдерді, ресейліктер «мусор» санайтын

телекөрсетілімдерді тықпалауға құмар.
«Фетсиваль российского кино» деген, өздері жасанды
жолмен қалыптастырып алған əлдебір фестивальдің аясын-
да сапасы төмен туындыларды да қысылмай ұсына береді.

Оны да елемес едік, осыған дейін Санкт-Петербургтің «Зе-
нит» командасының УЕФА кубогы жолындағы ойындарын:
«Баер», «Бавария» жəне Шотландияның «Глазго Рейнджерс»
командаларымен кездесулерін қуалап жүріп көрсеткен «КТК»

осы жолы жер шұқып, мəскеуліктерге бір ауыз сөзін өткізе
алмай қалған секілді. Соған қарағанда, ресейліктер өздеріне
елпектеп жүрген «КТК»-ның еңбегін елеп-ескермейтін де,
пысқырмайтын да сияқты.

Жақында ғана СТС компаниясына акцияларының бір бөлі-
гін 20 млн. долларға сатқан «31 каналдың» көсеуі ұзарып, қолы
отқа күймеуі керек еді. Яғни, əлгі финалдық кездесуді көрсетуге
рұқсатты еш кедергісіз алуға тиіс сияқты болғанымен, олардың

да қылышы тасқа шабылған тəрізді. Қайта осыған дейін
УЕФА чемпиондар лигасының барша ойындарын Еуропаның
барлық елдерінен тікелей көрсетуге қол жеткізген бұл телеар-
на Мəскеуге тісі батпай қалды, есесіне ресейлік «Кадетство»

сериалы жəне «Моя прекрасная нянямен» жанкүйерлерді одан
əрі алдап жүре беретін шығар?! Əрине, өте өкінішті!
Бір ғажабы, 21 мамыр күні финалдық кездесуді көрсетуге
қол жеткізе алмаған «Ел-арна» Балқан түбегіндегі Белградта

өткелі отырған «Евровидение-2008» əн байқауын басқандай
үш күн – 20, 22, 24 мамыр күндері көрсетпекші. Сонда қалай,
əнсүйер, музыкаға құштар көрермендер – «байдың сүйікті
ұлы», ал футбол жанкүйерлері – «екінші сортты» болғаны ма?!

Осының бəрінің бір ғана себебі болуы ықтимал: ақша табуға
құныққан Ресей тарапы қазақстандық телеарналардан əлгі

финалдық ойынды көрсетуі үшін аса қомақты қаржы сұраған
болар. Оған біздің телеарналардың төлей қоятын ақшасы жоқ!
Екі ортада футбол жанкүйерлері жапа шекті. Ендеше, мұнай
мен газымызды арзан бағамен алып отырған, ақпараттық

кеңістігімізге кең есік ашып қойған стратегиялық əріптесіміз,
«мəңгілік досымыз» Ресейге бір ауыз тілегімізді өткізе алмасақ,
ондай достықтың қажеті қанша?! Атам қазақтың:
«Досым, досым» дейсің,

Нанымды алдап жейсің.
Қолда наным біткенде,
Досы құрсын дейсің», –
дейтін бір ауыз өлеңі Ресейге қаратып айтылған шығар-ау!

2008 ж.

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҒАНЫССЫЗ ҚАЛДЫРҒАНЫ МА?

«Ла-иллаһа-ил-Алла» деп – иман, «Мен – қазақпын!» деп –
ұран ететін алаш өрендерінің ықылым заманалардан басты
мұраты – елдің, Отан іргесінің берік, бекемдігі. «Бес қаруы
сай» сарбаздың жасанған жаудың алдында айбыны асқақ

болатындығы да бесенеден белгілі.
Халқымыз ғасырлар бойы еліміздің қорғаныс қабілетіне,
əскерлердің ұрысқа сақадай-сай болуына ерекше назар ауда-
рып келгендігі бекерден-бекер емес. Тіптен, бір замандарда

еңсегей бойлы ер Есім ханның бір мезгілде ұрысқа 100 мың
атты əскерді аттандыра алатындығы жөніндегі ақиқат өзіміз
түгілі, көрші елдеріміздің көптеген тарихи құжаттарында
тайға таңба басқандай жазылған. Қалыптасқан жаңа тари-

хи жағдайда тəуелсіз Қазақстан Қарулы күштерге, ең əуелі,
Қорғаныс министрлігінің қызметіне ерекше назар аударумен
келеді. Оның объективті себептері жетерлік. Көлемі жағынан
əлемде тоғызыншы орын алатын, территориясы 2 млн. 700 мың

шаршы километрге созылып жатқан ұлан-байтақ еліміз алып

екі державаның – Қытай мен Ресейдің ортасында болуының өзі
қорғаныс мəселесін бір сəт те назардан тыс қалдыруға болмай-
тынын үнемі еске салып отыратын жағдай. Мəселен, Қытай
Халық Республикасы əскерлерінің жалпы саны 2 млн.500

мың адам жəне əскери бюджеті 35 млрд. доллар көлемінде
болса, Ресей əскерлері 1 млн. адамнан астам (əскери бюджеті
25 млрд. көлемінде). Əрине, аталмыш елдердегі əскери бюд-
жет жылдан-жылға ұлғайтылып келе жатқандығын қаперден

шығармауымыз керек. Оның үстіне бұл айтылған деректердің
де нақты шындығына сын көзімен қарауға тиіспіз, өйткені, бұл
айтылған əскерлер сол елдердегі Қорғаныс министрілігінің
тікелей құзырындағы қарулы күштер ғана. Бұдан тысқары

«мылтықты адамдардың» – Ішкі Істер министрлігі, төтенше
жағдайлар агенттіктері, ұлттық қауіпсіздік саласы мен темір-
жол, құрылыс мақсаттарында, басқа да толып жатқан салалар-
да пайдаланылатын əскерилердің саны қанша екені өздеріне

ғана мəлім. Бір белгілісі, халықаралық ресми деректер мен
аталмыш елдердің жауапты адамдарына ғана мəлім нақты
деректердің айырмашылығы жер мен көктей. Осындай та-
рихи жағдайларды ескере отырып қалыптастырған əскери

доктринамыздың өміршеңдігі туралы сөз басқа əннің ырғағы.
Қалай болғанда да кез келген мемлекет өз тəуелсіздігін баянды
еткісі келсе, сөз жоқ, алдымен əскерінің күш-қуатына ерекше
көңіл бөлері анық. Қазақстанда да солай болуға тиіс. КСРО

кезінде елімізде 300 мыңға жуық сарбаздары бар аса қуатты
əскери күш шоғырландырылғаны, сонымен қатар Қазақстанда
қуаттылығы жағынан əлемде төртінші-бесінші орын алатын
ядролық қарулар орналасқаны мəлім. Тіпті, қазіргі күндерде де

Қарулы күштеріміз Орталық Азиядағы жақсы жабдықталған,
заман талабына сақадай сай əскерлер ретінде бағаланады.
2007 жылы Қазақстанның əскери бюджеті тұңғыш рет мил-
лиард долларлық межеден асып түсіп, 1 млрд.220 миллион

долларды құрады. 2007 жылғы ресми деректерге қарағанда,
Қазақстанның əскер саны 74 мың адам болса, халық саны
бізден екі еседей артық Өзбекстанның əскерлері – 68 мың адам
(əскери бюджеті – 302 млн.доллар). Түркіменстанда 50 мың

əскер (116 млн.доллар), Тəжікстанда 15 мың əскер (52 млн.дол-
лар), ал Қырғызстанда 11 мың əскер (40 млн. доллар) бар.

Əйтсе де Орталық Азиядағы айтарлықтай тегеурінді деп
саналатын қазақ армиясындағы əскери қызметкерлер саны
Қазақстан халқының бір пайызын да құрамайды. Əрбір 217
мыңға жуық тұрғындардың біреуі ғана өз тағдырын əскери

қызметке арнап отыр. Бір таңданарлығы, Қазақстан сыртқы
қауіпсіздіктен гөрі, ішкі қатерге көбірек алаңдай ма, əйтеуір
осы аптада өздерінің кəсіби мерекесін салтанатпен атап өткен
полицейлер саны елімізде анағұрлым көп. Олардың жалпы

саны 105 мың адамға жуық.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы сөз
қозғағанда ресми деректерге көбірек жүгінуге тура келетіні айт-
паса да түсінікті. Өзгені былай қойғанда, мемлекеттік маңызы

бар қорғаныс саласындағы деректер неғұрлым дəл болуға тиіс.
Дегенмен, Қазақстан Қарулы күштеріне қатысты деректер
мен түрлі дерек көздерінде көрсетіліп жүрген цифрлардың
айырмашылығы қарапайым адамды еріксіз таңдандырады əрі

шошындырады.
Аса беделді Халықаралық стратегиялық зерттеулер инсти-
тутының 2001 жылғы бағалауы бойынша, Қазақстан армия-
сында 930 танк, 140 БРДМ, 506 БМП, 84 БТР, 505 сүйретпелі

артиллериялық қондырғы, 163 САУ, 26 «Нона» қондырғысы,
147 реактивті қондырғы, сондай-ақ, ТМД-ның 4 елінде ғана бар
əлемдегі теңдессіз С-300 маркалы зениттік үш дивизия (4-мото-
атқыштар, 3-механикаландырылған жəне 206-резервтік дивизия-

лар), 5 жеке мотоатқыштар бригадасы, 2 десанттық бригадамен,
реактивті артиллериялық бригада, 3 зениттік ракеталық бригада,
артиллериялық бригада жəне бес авиабаза бар делінген.
Ал 2006 жылғы кейбір деректерге сенсек, Қазақстан ар-

миясында – 4900 танк (оның 1550-і тікелей əскерлерде), 5179
əскери броньдалған машина, 9282 зеңбірек пен миномет бар
делінген.
Əрине, тəуелсіз Қазақстан өзінің Қарулы күштерін соңғы

заманға сай қару түрлерімен жабдықтау үшін қолдан келгенін
аянып қалған емес. Соңғы жылдары қорғаныс мақсатында
жұмсалатын шығындарымыз елеулі түрде көбейгені де аян.
Тіпті, қазіргі əлемдік қаржы, экономикалық дағдарыс кезінде

де Қорғаныс министрлігін еліміз шөміштен қысқан жоқ. Өткен
жылдарда Қазақстан Қорғаныс министрлігі бюджет қанша

қысқарса да, ешқандай жобаның аяқсыз қалмайтынына сенімді
болатын.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Даниал Ах-
метов мырзаның: «Кейбір бағдарламаларымыз белгілі бір

деңгейде азаяды. Бірақ бұл қысқартулар дайындыққа жəне
техникаларды қайта жаңғыртуға еш əсерін тигізбейді», – деп
сенімділік танытуы да сондықтан еді. Алайда, мұның өзі 2001
жылы 930-ға жеткен танкілеріміз 2006 жылы 4900 болды деу-

ге негіз бола алмаса керек. Төрт еседен артық өскен. Байқап
отырғанымыздай, басқа қару түрлері бойынша да орасан зор
өсу аңғарылады.
Əрине, Қарулы күштеріміздің қолындағы қару-жарақтың

түрлері мен оның жалпы саны жөніндегі деректер мемлекеттік
құпия ретінде қатаң қорғалады жəне барлық мемлекеттерде де
осылай. Бірақ осыншалық қарама-қайшылық болуы санаға си-
майды. Сонда шешімді сəттерде Қорғаныс министрлігі қай де-

ректерге сүйеніп əрекет етеді жəне шешім шығарады? Мүлдем
түсініксіз.
Бір бұл ғана емес, осыдан біршама уақыт бұрын Қазақстан
Қарулы күштерінің 7 километрге ататын «Айбат» жəне 13,5

километрдегі нысананы дəл көздейтін «Семсер» минаатқыш-
тарымен толыққанын еліміздегі бірсыпыра ақпарат құралдары
«əскерилердің арманы», «Ауғанстанда болып, талай техника-
ны көрсе де мұндайды кездестірмеген генералдар да таңдай

қақты», десіп ауыздарының суы құрыған еді. Тіпті, жобаның
жетекшісі, Израиль маманы Амир Нойман мырза: «Айта
кетерлігі бұл жүйені біз Қазақстан армиясы үшін арнайы
жабдықтадық», – деп кеудесін соққан болатын. Кейінірек 26

келі тартатын снарядтарды көз көрмеске ататын əлгі алты
минаатқыштың төртеуі алғашқы сынақта-ақ істен шыққаны,
тіптен мақтаулы қондырғылардың мүлдем жарамсыздығы жө-
нінде ақпарлар таратылды. 80 млн. доллар көлеміндегі мемле-

кет қаржысын мақсатсыз жұмсағаны, талан-таражға салғаны
үшін Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал
Қажымұрат Маерманов тұтқындалып, үстінен қылмыстық іс
қозғалды. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің бұдан басқа да

бірқатар лауазымды қызметкерлері күдіктілер ретінде қамауда
отырғаны белгілі.

Расында да бір ғана генерал осыншалық қомақты қаржыны
желге шаша алмаса керек. Бір ғажабы, Қазақстан телеар-
наларының бірінің хабарында өткен аптада аталмыш минаат-
қыштар қайтадан сынақтан өткізіліп, оған Ресейдің жоға-

ры шенді офицерлері мен əскери мамандары қатыстырылға-
нын хабарлады. Израиль мемлекетінің арнайы комиссиясы
өз елдерінде ол қарулардың электроникасы ғана жасалғанын
мəлімдеген. Ресей мамандары аты шулы қаруларға жоғары

баға беріпті. Мұны да түсіну қиын-ақ.
«Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылғандығына»
ызаланды ма, əйтеуір генерал Қ.Маерманов тергеу камерасын-
да өзіне қол жұмсап, дарға асылып өлуге əрекет жасағаны да

белгілі болып отыр. Қазақстан Қорғаныс министрлігі жасаған
қай мəліметке сенерін білмеген ел де аң-таң.
Бір анығы, Қарулы күштеріміздің қатарында орны толмас
адам шығындарының саны азаймай тұрғандығы, сондай-ақ

қару, оқ-дəрі ұрлау мен жоғалтудың өршіп тұрғандығы. Өткен
жылы шілде айының 17-сі күні Қорғаныс министрі Даниал
Ахметов мырзаның төрағалығымен ҚР Қорғаныс министрлігі
алқасының кеңейтілген отырысы болып өткен еді. Осы оты-

рыста əскери бөлімдердегі оқ-дəрінің сақталуын қамтамасыз
ету, əсіресе 89/1427 аэромобильді əскери жасақтағы атқыш
қаруларының жоғалуына қатысты мəселелерге ерекше көңіл
бөлінген-ді. Өйтетін жөні де бар.

Мемлекет ішіндегі мемлекетке айналған, қоғам бақылауға
дəрменсіз болып отырған Қорғаныс министрлігіне қарасты
түрлі əскери қоймалар мен оқ-дəрі қоймаларында өрт шығуы,
қару-жарақтың жоғалуы (дұрысы, ұрлануы) мен түрлі тік

ұшақтардың апатқа ұшырауы тұрақты тенденцияға айналған
сияқты, соңғы жылдары. Əсіресе, жоғары лауазымды мемле-
кеттік қызметкерлер мінген тік ұшақтардың жиі апатқа ұшы-
рауы қоғамда əлдебір ұйымдасқан қастандықтар жөнінде

жосықсыз қауесеттердің туындауына əкеліп соғуда. Оқ-дəрі
қоймаларындағы жиілей түскен өрттер орны толмас адам
шығындарына əкеліп соғып отыр. Осындай өрттердің шығуын
тексеруге жіберілген мемлекеттік комиссиялар көп жағдайда

апат себебін адам факторына, апат орын алған жердегі жау-
апты адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтамауы мен бей-

қамдығына байланысты деген қорытынды шығаруға əбден еті
үйреніп алды. Əрине, түрлі тосын апаттар мен өрт атаулы тіл-
сіз жау, бірақ сол өрттің өзі белгісіз қылмыстарды жабуға
таптырмайтын амал екенін іштей жақсы сезетін адамдар ара-

сында əртүрлі қауесеттер тарайтыны да белгілі. Оның үстіне
қатаң қорғалуға, қауіпсіздік шаралары мейлінше жоғары дең-
гейде қамтамасыз етілуге тиісті əскери қоймаларда табан асты
өрт шығуларының өзі қарапайым адамдарға мүлдем түсініксіз

жағдай. Ал түсініксіздіктің өзі түрлі жорамалдар мен жағым-
сыз өсек-аяң туындауына басты себепкер болатын фактор.
Қорғаныс министрлігінің құзырындағы мəселелердің бар-
шасы дерлік ұлттық, мемлекеттік құпияларға жатқызылатын-

дығына орай мұнда орын алған жағдайларды бақылау мен
пікір білдіруге азаматтық қоғам көбіне қауқарсыз. Қорғаныс
саласындағы жағдайлардан бейхабар əрі оған ықпал етер тиімді
тетіктер əлі қалыптаспаған.

Сондықтан да Қорғаныс министрлігінің өзі ұсынатын ақ-
парларға ғана иек сүйейді. Бір ғажабы, Қорғаныс министрлігіне
ықпал ету, оның атқарған жұмыстарын қадағалауға Қазақстан
Үкіметі де қауқарсыз секілді. Өйткені, Қорғаныс министрлігі

қызметін, олар атқарған іс-шараларды соңғы жылдары Үкі-
метіміз арнайы отырыста талқылаған жоқ деуге болады. Тіп-
ті, Қорғаныс министрлігінің азаматтық министрі Даниал Ах-
метов мырзаның өзі Үкімет отырыстары мен аса маңызды

мəжілістеріне онша қатыса бермейтіндігі көбіне жиі аңғары-
лады. Осындай бақылаусыздық қорғаныс саласындағы құры-
лыстар мен əскери қызметкерлерге үй беру мəселесінде көп-
теген заңсыздықтардың орын əкеліп соғуына мұрындық

болған сияқты. Мəселен, Мемлекет басшысының Жолдауына
орай əскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
мақсатында 2007 жылы 2 млрд. теңгеден астам қаражат жұм-
салып, 95 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Осының

нəтижесінде 2 мыңнан астам əскери қызметкерлер баспана-
мен қамтамасыз етілген. 2008 жылы жалпы көлемі 75 мың
шаршы метр тұрғын үй берілді, яғни 1 мың 266 пəтерлер мен
жатақханалар адамдардың игілігіне айналды делінеді. Ал

2009 жылы əскери қызметкерлерге бөлінетін тұрғын үй ауда-
нын 100 мың шаршы метрге жеткізу көзделген болатын.

Бұларға бұрын қараусыз қалып, қазір күрделі жөндеулерден
өткізілуге тиіс үйлерді қосқанда Қорғаныс министрлігі əскери
қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз етуде ешқандай қиын-
дық көрмеуге тиіс секілденгенмен, əскери қызметкерлерді

баспанамен қамтамасыз етуде орын алған заңсыздықтар
мен қылмыстар түрлі наразылықтар туғызып, тіптен күлкілі
жағдайларға əкеліп соқтырды. Мəселен, отставкаға шыққан
бұрынғы офицерлердің бірі Даниал Ахметов мырза өзі тікелей

уағда еткен үйге қолы жетпей үміті үзілген соң Астанада
электр бағанасының басына шығып, өзін соған таңып таста-
ды. Енді бір топ бұрынғы офицерлер пəтерге қол жеткізуден
үміті үзіліп, өзара қаржы жинап, жиналған азын-аулақ ақшаны

Қорғаныс министрлігінің атына арнайы салып жіберген секілді.
Қалай болғанда да, пəтер бөлуде Қорғаныс министрлігінде
орын алған келеңсіздіктердің, жүздеген пəтерлердің заңсыз
үлестірілуі қоғамдық алаңдаушылық тудырып отырғанын

баса айтуға тиіспіз. Өйткені, қарапайым адамдар əскери сала-
да қашанда əділдік, туралық, заң салтанат құрып келгендігіне
ешқашан күдік келтірген емес. Əскери адам патриоттық,
шыншылдық, тіпті бекзадалықтың өкілі секілді қабылданады.

Ал Қорғаныс министрлігіндегі қалыптасып отырған ауыр аху-
ал адамдардың үміті мен сеніміне балта шабуда. Осы арқылы
мемлекетіміздің, тəуелсіз Қазақстанның абыройына орасан зор
нұқсан келтірілуде. Бұған бұдан былай да жол беру адамдардың

əділетке сенімсіздігін қалыптастырмақшы. Əсілі, Қорғаныс
министрлігінде көптеген келеңсіздіктер орын алуының сыры –
Қазақстанда Қорғаныс министрлерінің жиі орын алмастыруы-
нан да шығар.

Мəселен, 1992 жылы 7 мамырда елімізде алғаш рет Қорға-
ныс министрі болып «Халық қаһарманы», генерал-полковник
Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалса, 1995 жылы 16 қазанда
генерал-лейтенант А.Қасымов, 1999 жылы 13-қазанда генерал-

лейтенант С.Тоқпақпаев, 2001 жылы генерал-лейтенант М.Ал-
тынбаев, 2007 жылы 10 қаңтарда Даниал Ахметов тағайындал-
ды. Қазір М.Алтынбаев қайтадан Қорғаныс министрі қызметін
уақытша атқарып отыр.

Əсілі, «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген
өміршең қағиданы ғақлия еткен кемеңгер халқымыз бақылау,

тəртіп жоқ жерде түрлі қылмыстар мен заң бұзушылықтарға
кеңінен жол ашылатынын ежелден байқаған. Темірдей тəр-
тіптің үлгісін көрсетуге тиіс қорғаныс саласында түрлі заңсыз-
дықтардың орын алуы да министрлердің тым жиі ауысуы-

нан орын алып отырған сияқтанады. Оның үстіне, еліміздің
армиясының беделін, абыройын көтеру мақсатында соңғы
жылдары Қазақстанда генерал атағын, жоғары шендерді орын-
сыз үлестіру де тұрақты орын алып отырғанын аңғармау

мүмкін емес. Мұның өзі қоғамда түрлі күңкіл, қауесет туын-
дауына жол ашуда. Əсілі, еңбексіз келген атақтың өзі де адам-
ды аздыратын пəлекет. Бəлкім, мұндай шендерді оңды-солды
үлестіру азайтылуға тиіс шығар.

Екіншіден, еліміздегі қорғаныс саласына қатысты түрлі
орынсыз пікірлердің тамырына балта шабу үшін Қазақ армия-
сында қанша мылтық, қанша қару-жарақ барлығын, əскерлері-
міздің дайындығын біржола айқындайтын түбегейлі шаралар

атқарылуы тиіс. Қоймалардағы, əскери бөлімдердегі құрал-
жабдықтарды толық инвентаризациялайтын аса құзырлы ко-
миссия құрылуы керек сияқты. «Мемлекеттік құпия» айда-
рына еш назар аудармастан аталмыш комиссияның құрамына

парламент өкілдері, қоғам қайраткерлері, тəуелсіз сарапшылар
енгізілгені жөн. Өйткені, «Бақпасаң мал, қарамасаң қатын»
кететіні сияқты, қадағаламасақ мүлдем қорғаныссыз қалуы-
мыз ықтимал...

2009 ж.

ГЮГО ЕЛІНДЕГІ ГАВРОШТАР

Үрейлі дабыл қоңырауы 28 қазанға қараған түнде Фран-
цияда – əлемдік демократия, бостандықтың тал бесігі бо-
лып табылатын Париждың түбіндегі шағын қалашықтарда
соғылған-ды. Əрине, аса берік шынжыр да əлсіз жерден үзі-

леді. Əзірге «басбұзарлар», «жасөспірімдер бандалары» ата-
лып жүргендердің əрекеттерінің астарын, дəл себептерін əлі
күнге ешкім нақты айтып бере алмай отыр. Бірақ, кей түндері
1200-1500-ге дейін автокөліктердің, негізінен, ақ нəсілділер

көліктерінің өртелуі бұрын еш елде байқалмаған құбылыс.
Əдетте бұл елде бұзақылық əрекеттердің нəтижесінде əр түні
60-65 автокөлік қана өртелетін. Жер бетіндегі жұмақтай, ро-
мантика мен нəзік сезімдер сəулесіне бөленген мекен, бақыт-

тылардың сүйікті шампан шарабы елінде күтпеген жерден
мұндай шатақтың басталуы тосындығымен ғана емес, бір
қарағанға мүлдем адам сенбестігімен таңдандырады. Бір кез-
дері Париж коммунарлары қолдарына қару алып, еркіндік

үшін алаңдар мен көшелерде, орамдарда жан алысып, жан
беріскен шақта Гавроштар өздерін əлемдік даңққа бөлеген
еді. Əсіресе, əдеби даңққа! Арада екі ғасырға жуық уақыт
өткенде Францияны екінші отаным деп санайтын өзге ұлтты

бейбақ жасөспірімдер – 13-14 жасар балалар қолдарына жан-
ғыш бөтелкелер алып, түнгі көшелерге шықты. Көптеген
қалалардағы бейберекет əрекеттердің нəтижесінде, əзірге дəл
емес есептерге қарағанда, 8 мыңнан астам автокөлік өртеліп,

ондаған қоғамдық ғимараттар, ішінара дүкендер мен мектептер
отқа оранған. Əлемдік БАҚ-тардың хабарлауынша, 80-ге жуық
полиция қызметкерлері құс мылтықтың оқтарынан жəне басқа
Екінші бөлім

СЫРТ ЕЛДІҢ СЫРЫН БІЛ

түрлі жағдайда жараланып, 30-дан астам өрт сөндірушілер де
зардап шеккен. Қысқа уақыт ішінде елдегі 300-ден астам шағын
жəне ірі қалаларда осындай əрекеттердің басталып, өрістей
түсуі жəне Париждың префекті Пьер Мютцтың қалада төтенше

жағдай жариялауы жағдайды одан əрі ушықтыра түсті.
Кəмелетке толмаған басбұзарлар атақты «Молотов қоспа-
сын» – өртегіш бөтелкелерді жаппай пайдаланып жүр. Оларға
қарсы күресте армияның көмегіне сүйену керектігі соңғы

күндері жиі-жиі қайталануда, сондай-ақ, бірқатар қалалар мен
аймақтардағы төтенше жағдайды тағы да үш айға созу тура-
лы талап қоюшылардың үндері қатты естілу үстінде. Бірер күн
бұрын Франциядағы тəртіпсіздіктің зардаптарын жою үшін

Еуроодақ осы елге 50 млн. еуро көлемінде қаржылай көмек
берді жəне таяу уақытта қосымша 1 млрд. еуро ақша бөлмекші.
Атақты мушкетерлер елінде осындай өрескел жағдайдың
қалыптасуына Ішкі істер министрі Николя Саркозидің ішкі

саяси ахуалды реттеудегі жөнсіз қаталдығы себепкер бол-
ды деп санайды. Ол қалалар маңындағы, сондай-ақ шеткері
аудандардағы «лас-қоқысты» су атқылағыштардың-ақ көмегі-
мен біржола тазартамын деп уəде еткен-ді. Дəл соған ұқсас

орынсыз мəлімдемелер Шешенстан туралы бір кездері Ресей
Қорғаныс министрі П.Грачевтің аузынан да естілген еді. Гроз-
ныйды десантшылардың бір полкымен 10-15 минутта басып
алғысы келген. Тіпті, президент В.В.Путин де террористерді

«əжетханаларда жанын жаһаннамға жіберуге» шақырған. Ре-
сейдегі ұзақ жылдарға созылған қантөгіс батыл мəлімдемелер
бір басқа, өмір шындығы мүлдем бөлек екенін көрсетуде.
Ал Францияның премьер-министрі Доминик де Вильпеннің

басу айтуы, екі жақты да сабырға шақыруы мүлдем кереғарлық,
қайшылыққа əкеліп соқты. Белгілі екі саясаткердің қарама-
қарсы іс-əрекеттері əдетте жемісті болатын тəтті тоқаш жəне
шыбыртқы саясатын мүлдем жоққа шығарған. Амал жоқ, өт-

кен аптада ел президенті Жак Ширак мырза Франциядағы
басбұзарлықты тоқтату үшін қолдағы бар шаралар жасалы-
натынын қатаң ескертіп, жағдайды қалпына келтіру үшін үкі-
мет жеткілікті күшпен əрі құрал-жабдықтармен қамтамасыз

етілгенін мəлімдеді. Бір сөзбен айтқанда, бұдан əрі қиқаңдау,
қиқарлану Францияның атына жағылған қара күйе, өшпес таң-

ба болмақшы. Жүздеген заңсыз эммигранттар өз елдеріне де-
портациялана бастады, тұтқындар саны да көбейе түсуде.
Николя Саркозидің қызметтен кетуін талап етушілердің
көбеюі де ахуалдың аса күрделілігін аңғартады. Ең басты-

сы, осы қиын жағдай əу баста тəртіп сақшыларының қолына
түсуден қашқан екі араб нəсілді жеткіншектің трасформаторға
тығылып, жоғары кернеулі ток соғуынан тірідей өртеніп
кетуінен басталды. Іле-шала осы күнге дейін 300 еуро

көлемінде көмек алып келген – басым бөлігі мароккандықтар,
египеттіктер мен алжирліктер болып табылатын жат жерлік
эммигрант жастар полиция қызметкерлерінің ізіне түсті.
Мəселен, Париж маңында тосқауылға ұрынған 34 полицейдің

жаралануы, сондай-ақ, Брест қаласында тəртіп сақшыларына
қарсы гранат лақтырылуы қалыптасқан жағдайдың стихия-
лы, бейберекет түрде орын алмағанын аңғартады. Осы рет-
те, өткен жазда Ресейдің Коми автономиясындағы Ухта

қаласында əлдебір екі қылмыскер «Пассаж» мейрамханасы-
на жандырғыш бөтелкелер лақтырып, нəтижесінде 24 адам
тірідей отқа оранып, ажал құшқан қанды оқиға ойға оралады.
Қанды оқиғаның аяғы сиырқұйымшақтанып, еш дабырсыз жа-

былып қалған-ды. Ал біртұтас болуға күш салып жатқан Еу-
ропа ондай емес: Франциядағы оқиғалардың жаңғырығы Бер-
лин мен Брюссельдің қала маңындағы аудандарын шарпып,
көршілес елдерде де біраз машиналар түндерде өртеніп кетті.

Жергілікті биліктің үрейленулеріне қарағанда, Лондон, Ми-
лан, Амстердам қалаларындағы эммигранттар да жандырғыш
бөтелкелердің көмегіне жүгінуі ықтимал. Нəсілдер теңдігі
Британ комиссиясының төрағасы Тревор Филипстің айтуына

қарағанда, француз көршілері өздерінің күші жеткенше аса
қуатты дабыл сигналын жеткізген. Белгілі саяси қайраткер
осыдан соң : «Ояныңыздар!» – дейді.
Бір ғажабы, бүкіл ел көлемінде əрекет ететін біртұтас

ұйымның жоқтығы айқын болса да, қазір белсенді əрекет етіп
жүрген 13-14 жасар балалар арнайы топтар құрып, орамдар
мен көшелерде неғұрлым көбірек нұқсан келтіруге ұмтылғаны
аңғарылды. Париж маңындағы қалашықтардың бірінде «Мо-

лотов қоспасын» – жандырғыш бөтелкелерді даярлайтын ірі
шеберхана ашылуы осының айғағы. Осындай өрескел жағдай

қалай қалыптасты? Бұған негіз боларлықтай ауыр əлеуметтік,
саяси, экономикалық, нəсілдік жағдай Францияда соншалықты
тығырыққа тірелген бе еді?! Франция əрқашан желөкпе,
көңілді көрінер сырт қараған көзге. Бірақ, шын қуаныш жоқ

жердегі жөнсіз көңілділік түптің-түбінде ауыр трагедияға
ұласатыны айқын. Елде екінші сортты азматтар болып қалған
араб жəне солтүстік африкалық жастарды күн сайын бен Ла-
ден, «Аль-Каида» туралы жөнді-жөнсіз əңгімелер ығыр еткен

сияқты. Субсидия тұрақты жұмысты алмастырмайды жəне
оны міндеттсіну намыстарын қайрағаны сөзсіз. Жалпы, қазір
əлемде шулы гуманизм туралы көп айтылады, ал сол аты
шулы гуманизмнің жетер жері, тоқтар шекарасы қай тұста?!

Тіпті, Қазақстанда да байлар мен кедейлер арасындағы орасан
алшақтық, қарама-қайшылық тым тереңдеп кеткенін қалай
түсіндіру керек?!
Итальяндық «Стампа» газетінің жазуынша: «Эммигрант-

тар мұнда бұлдыр болашақтан қашып келді, енді кері
қайтып оралуға мүмкіндіктері жоқ, сондай-ақ, алға қарай
өсулеріне де еш мүмкіндік жоқ».
Ресми мəліметтер бойынша ғана жұмыссыз жүрген 5 млн.

адамның отбасылары, жақындары, көңілдестері де өздерін əлеу-
меттік əділетсіздіктің құрбандықтары ретінде санауы заңды
емес пе?! Ендеше, сандаған миллион адам өздерін Францияда-
ғы құрылыстың құрбандары ретінде сезініп, ыңғайсыз күй ке-

шуі орынды, көшелердегі шектен тыс қатыгездік жағдай осылай
қалыптасып отыр. Францияның ультра оңшылдары да бас кө-
теріп, Конституцияның сақталуын, елдің тұтастығын қорғап
қалу жолында ештеңеден тайынбайтындарын, қажет болса,

террорлық əрекеттерге баратындарын жиі мəлімдеуде.
Францияның ұлттық полициясының Бас директоры Ми-
шель Годеннің: «Жалпылама қорытынды жасауға асық-
пауымыз керек. Жастар бандыларының қалай қалыптас-

қанын түсінуге ұмтылған жөн. Менің ойымша, бұл бүлдір-
гіштердің арасында тек мұсылмандар ғана емес, басқа да
діннің өкілдері жеткілікті», – деуі қалыптасқан жағдайға
біржақты баға беруге болмайтынын толық аңғартады. АҚШ-

та 1960 жылдары осындай ауыр ахуал қалыптасып, жүздеген
қалалардың көшелерінде, орамдарда өрттің жалыны күндіз-

түні лаулаған болатын. АҚШ-тың алдыңғы қатарлы күштері
елдегі нəсілдік жағдайды түзеп, ыңғайластыруға орасан зор
күш жұмсағаны да мəлім. Ұзақ жылдар бойы Францияда
тұрып, ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен американдық жа-

зушы Джеймс Болдуин осы елдегі жағдайды дөп басып, со-
нау 1963 жылы жарық көрген көріпкелдік кітабына «Келесі
жолы – қалың өрт» деген ат қойған-ды. Оның айтуынша, орта
дəулетті француздар еш күмəнсіз сенетін бостандық, тең-

дік, бауырластық туралы революциялық дəстүрлер құрғақ
сөз ғана. Мақтаулы француздық білім жүйесі – дарындылар,
үздіктер үшін элиталық оқу орнына жол ашатын жүйе емес,
шын мəнінде, қоғамдағы элитаның балаларына ғана оқуға жол

ашады. Элита өкілдері өз балалары үшін қай лицей таңдаулы
баспалдақ болатынын, қандай дайындық бағдарламалары үздік
көрсеткіштерді қамтамасыз ететінін жақсы біледі. Франция
нəсілдік тұрғыдан оңтайлы, тиімді əрекеттерді жоққа шығаруда,

мұндағы атышулы теңдік жүйесі тең емес нəтижелерді қамта-
масыз етеді. Нəсілдік бөлінісумен француздардың санаспай-
тыны таңданарлық-ақ. Қара түстілер билік орындарында көзге
түспейді – ұлттық жиналыста, француз телеарналарында, кə-

сіпкер басшылардың қатарында, БАҚ-тарда қара нəсілділер
жоқ...
Джеймс Болдуиннің сақтандыруы қырық жылдан соң
шындыққа айналды. Бір ғажабы, Франция оқу жүйесіндегі

əділетсіздік бүгінгі Қазақстанға да тəн. Біздің элита да өз
балаларының қандай бағдарлама бойынша дайындалса үздік
көрсеткіштерге қол жеткізетінін сөзсіз біледі. Былтыр оқуға
түсерде тестілеуден 1 ғана бала үздік көрсеткіш танытса, биыл

ондайлардың саны 40-тан асуы таңданарлық екені туралы
алыпқашпа сөздер тегін емес. Тестілеу сұрақтарының бөгде
қолға ұсталып кетуіне Білім жəне ғылым министрлігіндегі
белгілі шенеуніктердің кінəлі екендігі əрі осынау іс-əрекет-

тердің ақы-пұлсыз жасала қоймағаны шүбəсіз. Бірақ,ол құ-
пияны ашып қойғандардың аты-жөні көпшілік қауымға əлі
күнге құпия. Неліктен?! Шынтуайтына келгенде, халық өз
«батырларының» есімдерін білуге қақылы ғой. Ең бастысы, қа-

зақстандық элита ешқашан қалғымайды жəне өз қажеттерінен
қапы да қалмайды.

Le Monde газеті 1995 жылы Жак Ширак Париждың мэрі бо-
лып тұрған уақытында егер жұмыспен қамтамасыз етілмеген
жағдайда қала маңындағы тұрғындар тығыз қоныстанған
аудандардың жастары жаппай ереуілге шығуы ықтимал

екендігін айтқанын еске салады. Арада небары он жыл өткен
соң бүгінде ұлы елдің президенті болып отырған білікті сая-
саткер өз сөздерін ұмытқаны несі?!. Бір кездегі Виктор Гюго өз
кезінде: «Тақыр кедейшілік революцияны тудырады, ал рево-

люция – кедейшілікке əкеліп соғады», – деп жазған-ды. Ресми
мəліметтер бойынша елде 6 млн.астам мұсылмандар бар деп
саналады жəне сол иммигранттардың басым бөлігі кедей ау-
дандарда шоғырланған. Ондайлардың көбісі алыстағы жат ел-

ден бақытты өмір, жарқын келешек іздеп келген мүсəпірлер.
Өкінішке қарай, өмірдің ащы шындығы мүлдем басқаша бо-
лып шықты. Францияда 5 млн. астам адам жұмыссыз. Бұл
əлеуметтік дерт, əсіресе, жастар арасында айрықша өршіп тұр,

яғни жастардың 60 пайызы мүлдем қарекетсіз. Ал елге заңды-
заңсыз түрде келуші иммигранттар саны жыл сайын көбейе
түсуде. Француз ұлтшылдарының жетекшісі, Ұлттық майдан
басшысы Жан Мари Ле Пеннің: «Негізгі проблема араб-

африкандық жаппай иммиграцияға тікелей байланысты.
Егер əр жыл сайын елге жүздеген мың иммигранттарды
кіргізетін болсақ, олар сөзсіз нəсілдік, тайпалық жəне діни
белгілері бойынша топтасады. Ал бұл адамдар француз

ұлтына жат қой», – дей келіп, Францияның экономикалық,
əлеуметтік, саяси, рухани тұрғыдан кері кетуіне эммигрант-
тар емес, ең əуелі солшыл жəне оңшыл саясаткерлер кінəлі
деп айыптауы, елде қалыптасып отырған күрделі ахуал,

адам төзгісіз жағдай ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздікке де
салқынын тигізетінін, елде əзірге атыс естілмегенмен, таяу
болашақта мұнда азаматтық соғыс басталуы мүмкіндігін ай-
туы бекерден бекер емес. Франция полициясы кəсіподағының

басшысы Жан-Кристоф Карне де осындай алаңдаушылық
танытқан. Осы кəсіподақ таратқан мəлімдемеде: «Сірə, күн
өткен сайын одан əрі өршіп келе жатқан азамат соғысына
тоқтау салар ештеңе жоқ. Өзіміз куə болып отырған оқиғалар

екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болып көрмеген құбылыс-
тар», – делінген.

Жағдайды екінші дүниежүзілік соғыс кезеңімен, сондай-
ақ, азамат соғысымен салыстыру бел алғаны аңғарылады.
Мұндай жөнсіз үрей, əсіресе, өз ішіндегі саяси, экономика-
лық, əлеуметтік қиын түйіндердің шешілуі тым ұзаққа созы-

лып бара жатқан (таяу жылдарда түбегейлі шешіле қояр ма
екен – Ж.Ш.) Ресейде де күн өткен сайын өрши түсуде. Бұл
елде соңғы жылдары қалыптасқан ксенофобиялық, ұлтшылдық
пиғыл соңғы кездері күрт өршіп, бой бермеуге айналды. Орыс

əдебиетіндегі аянышты шығармаларда мылқау, дүлей күш ие-
лері ежелден бейкүнə құрбандарды аяусыз өлтіретін. Қазіргі
Ресейде де осындай мылқау, дүлей күш біржола бас көтергені
байқалып отыр. Бұл елді «басқа елден келген иммигранттар

басып ала бастағаны» жөнінде жиі сөз етілуде. 9 қарашада
Оңтүстік федеральдық аймағының басшысы Дмитрий Козак
мырза Израильге барып, Ариэль Шаронмен жабық кездесу
өткізді. Сондай-ақ, бір топ ішкі істер жəне аймақтағы федерал-

ды қауіпсіздік қызметі өкілдерімен бірге кездесіп, еврей мем-
лекетінің іс-тəжірибелерін үйренуге ұмтылыс танытып отыр.
Иə, Ресейді үрей жайлайтын жөні бар. Бүгінгі жағдайдың аса
ауырлығын айтпағанда, Солтүстік Кавказ мəселесінің күн

өткен сайын шиеленісе түсуімен қатар, Бүкілəлемдік банк та-
яуда 2050 жылға қарай Ресей халқы 144 млн.адамнан 119 млн.
адамға дейін кемитінін мəлімдеді. Яғни, 25 млн.адамға азаятын
сыңайлы. Ірі мемлекеттің тұтас халқына пара-пар көрсеткіш!

Осы ретте қатыгез құбыжықтардың бас көтеріп, айналадан
құрбандық іздеуі заңды болып көрінуі де ықтимал.
Өзге ұлт өкілдерін арандатуды, халықтар арасында дүрда-
раздық туғызып, өз ара қақтығысқа итермелеуді өз міндеті

санайтындар қатары да үстемелеп көбейе түсуде. Ондайлар
арамзалар журналистер, БАҚ өкілдері арасынан да табылаты-
ны өкінішті-ақ.
Максим Соколов мырза: «...при виде невменяемого состоя-

ния социалистов, и на краю пропасти не знающих ничего, кроме
как кричать: «Больше социализма!», начинают раздаваться го-
лоса тех, кто говорит о чрезвычайном положении и об усмире-
нии сволочи пулеметами. Реакция естественная, если, правда,

не запоздавшая. ...Если социалистическая капитуляция Евро-
пы будет продолжаться дальше, силовые меры – это и вправду

ненужная жестокость. Жестокость давить имеет смысл, лишь
признав: «Отечество в опасности!», причем не с 27 октября,
с.г., а гораздо, раньше – с момента, когда мультикультурность
начала достигать критической массы», – дейді («Известия»

газеті, №202, 8 қараша, 2005 ж.). Бұл француз ұлтшылдарына
да берілген тікелей нұсқау сияқты. Иə, қатыгез нұсқау!
Ал Ресейде мұндай айқын нұсқаусыз-ақ əрекет етушілер
жетерлік. 4 қарашада Мəскеу көшелеріне төрт мыңдай жастар

«Ресей – оккупанттарға қарсы!», «Ресей – орыстар үшін!»,
«Хайль, Гитлер!», «Орыстар, алға!» деген ұлтшыл ұрандар
көтеріп шыққан.
Сонымен Ресейдегі жағдай күн сайын күрделене түсуде.

Мəскеуде, тағы бірқатар аймақтарда түнде жасөспірімдердің
көшеде жүруіне қарсы «комендант сағаты» белгіленді. «Шаш
ал десе, бас алатын» елде мұның аяғы неге соғатыны белгісіз.
Əлем кезекті рет үрей жамылып отыр. Ал Франциядағы дүр-

белең ХХІ ғасырда, жаһандық ауқымдасу кезеңінде ешбір
ұлт, нəсіл өзін өзгеден артық санай алмайтындығын аңғартып
отыр. Ұлттық өркөкіректік, даңғойлық – тұйыққа апаратын
жол ғана.

2004 ж.

ҰЛТТЫҚ «ИДЕЯНЫҢ» АСТАРЫ

НЕМЕСЕ БОРИС НЕМЦОВ НЕГЕ АЛАҢДАЙДЫ?

Көптеген аузы дуалы, білікті əлемдік сарапшылардың пікі-
рінше, түптің түбінде Ресейді кезекті ыдырау күтіп тұрған
сияқты жəне бұл уақыттың еншісіндегі ғана жайт. Əлемде
осындай тосын қорытындыға келушілердің қатары күн са-

нап көбейе түсуде. Əрине, сыртқы жəне ішкі саясаттағы іс-
əрекеттеріне алдын-ала болжау жасаудың мүмкіндігі бар ядро-
лық державаның болашақта ондаған ұсақ бөлшектерге бөлініп
кету қаупі халықаралық қауымдастық үшін орасан зор апат

көзі болары сөзсіз. Сондықтан, шын мəнінде салиқалы, сын-
дарлы саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері, халықаралық
күштер бұған мүдделі бола қоймаса керек. Дей тұрғанмен,

осыған мүдделі жəне бұл бағытта астыртын əрекет етуші
күштер Ресейдің өз ішінен табылатын сияқты. Қазір алып елде
қалыптасқан жалпы ахуал, бірсыдырғы жүгенсіз жүргізіліп
отырған ішкі саясат əлгіндей сарапшылар мен зерттеушілердің

осындай қорытынды жасауына еріксіз мəжбүрлеп отыр. Соңғы
жылдары елде қалыптасқан соғыс психозы, жеке дара бір
ұлтты – орыс халқын асқақтату, православие дінін ғана əсіре
дəріптеу мен шексіз қолдау, тізгін бермей өршіп келе жатқан

нəсілшілдік пен ксенофобия, шовинистік өктемдік түбі осын-
дай күтпеген əрі трагедияға толы нəтижеге əкеліп соғу қаупін
үстемелеуде. Белгілі бір топтар нəсілшілдік, ксенофобияның
ең асқынған, жүгенсіз көрінісі – скинхедтер қозғалысы елдегі

қордаланған ұлтаралық проблемаларды біржола шешеді деп
үміттенетін сияқты. Таяуда Санкт-Петербургте қатыгездігі,
ұлты бөтен студенттер мен бейкүнə адамдарды ұрып-соғулары
жəне өлтірулерімен аты шыққан скинхедтер тобының бір

топ мүшелері мен басшылары тұтқындалды. Тергеу жаңа
басталғанына жəне істің толық аяқталмағанына қарамастан-ақ
алғашқы үрейлі қорытындылар жасалып отыр. Ұзақ жылдардан
бері осы қала тұрғындары мен қонақтарының арасында үрейлі

даңқы жайылған скинхедтерді ұйымдастырушы, дем беруші
жəне қаржылай көмектесушілер Мəскеуде екені əлден-ақ
анықталды. Қандай да жол жəне əрекеттер арқасында «Ресейді
əлем мойындайтын империя етеміз, қайта өркендетеміз» деп

басын тау-тасқа соғуды үрдіске айналдырған ресми Кремль
билігі бір кездердегідей жанталаса қарулануды да қайта тірілтті
əрі ресми деректер бойынша, қазір жыл сайын 10 млрд. доллар
көлеміндегі орасан зор қаржы қару сатып алуға жұмсалуда.

Жəне бұл көрсеткіш жылдан жылға үздіксіз ұлғайтыла бер-
мекші. Осынау əрекеттердің тасасынан экономикалық тұр-
ғыдан мейлінше дамып, кемеліне келген қуатты батыс мем-
лекеттеріне қоқан-лоққы жасаудан гөрі, Ресейдің жан-жа-

ғындағы көршілес елдерге сұс көрсету, қалайда ықпалынан
шығармаудың қитұрқылары құлақ қылтитады.
Ресейдегі ресми билік қана емес, өздерін гуманистер сана-
тына қосатын қоғамдық қайраткерлер, зиялы қауым өкілдері,

оңшыл күштер мен либералдар да елдегі соңғы жылдары қа-
лыптасқан ойын ережесіне біртіндеп мойынсұнып, адамдар

мен ұлттардың арасындағы алауыздықты қоздыруды, жеке
ұлттың өркөкіректігі мен үстемдігін одан əрі өршіте түсуді
жөн санайтын сияқты. Бұл қауіпті өрескел жағдай таяуда Ре-
сей президенті В.В.Путиннің жолдауынан соң одан əрмен жан-

дана түскені анық аңғарылып отыр. Өткен аптада, 25 мамыр
күні «Известия» газеті Ресей оңшыл күштері одағы (СПС) са-
яси кеңесінің мүшесі, өзін либералдар қатарына жатқызатын
Борис Немцовтың «Непродуманная стратегия» атты шағын

мақаласын жариялады. Осы уақытқа дейін адамзат сүйгіш,
гуманист, демократ ретінде биік мінберлерден уағыз айтуға
машықтанған аталмыш мырзаның пікірлері фашистік идео-
логиямен ұштасып жатқан сияқтанады. «Либо мы решим во-

прос с народонаселением, либо начнем терять территорию.
Однако пути выхода из демографического кризиса, пред-
ложенные президентом, совершенно непродуманны и даже
опасны для России», – деп ерекше алаңдаушылық білдірген

Борис Немцовтың пікірін түпнұсқада алуды жөн көрдік. Өйт-
кені оқырмандар осынау қайраткердің ұзақ жылдар бойы де-
магогия, популистік сөздермен бүркемелеп келген шынайы
бейнесін көруге құқылы. Б.Немцов Путин жолдауынан Ресейге

төніп тұрған орасан зор «қауіпті» алдын-ала аңғарыпты. Оның
пікірінше: «Первое опасное последствие – это люмпениза-
ция России. Первые, кто откликнется на призыв рожать,
будут семьи алкоголиков и наркоманов, для которых еже-

месячные 3000 р. – это столь большие деньги, что они даже
задумываться не станут». Міне, бір кездері Кремль билігінде
болған, қазір Путинге оппозициядағы жанның шынайы көз-
қарасы бұл. Бір кездердегі нацистердің ұстанымдарына бұдан

əрі жақын келу мүмкін емес. Туған халқын, адамдарды мұнша-
ма жек көру, менсінбеу, мал қатарына қосу бұрын-соңғы та-
рихта бола қоймаған шығар-ау.
Ол ол ма, бұл саясаткер одан да асқан «қауіпті» алдын ала

сезгенсиді. «Второе последствие еще более неприятное. Это
исламизация России. Уже сейчас рождаемость весьма высо-
ко в тех регионах, где большинство населения – мусульма-
не. Это Дагестан, Чечня, Ингушетия, Кабардино-Балкария,

Татарстан, Башкортстан. Не нужно объяснять, что будет,
если эту высокую рождаемость еще дополнительно про-

стимулировать», – дейді ол. Өзін адамзаттың ең алдыңғы
тобы – либералдар қатарына қосатын Б.Немцовты Ресейдегі
жылына миллионға жуық адамдардың мезгілінен бұрын түрлі
маскүнемдік, жол апаттары, техногендік апаттар, ұйымдасқан

немесе тұрмыстық қылмыстар кесірінен жəне де басқа се-
бептерден қайтыс болуы емес, елдегі 20 млн. шамасындағы
мұсылмандардың саны тым өсіп кету ықтималдығы айрықша
үрейлендіреді екен. Бұл мырза Ресейдегі демографиялық аху-

алды реттеудің ақылға сыймас жолын ұсынады одан əрі. «Го-
раздо лучше было бы, если бы президент предложил стиму-
лировать рост рождаемости в среднем классе. Ведь именно
средний класс является основой стабильности любого обще-

ства...» Ал Ресейде «ортаңғы класс» ретінде орыстар ғана
қарастырылатыны бесенеден белгілі. Бір сөзбен түйіндегенде,
Б.Немцов мырза «ұрыдан – ұры, ақылдыдан – ақылды туады»
деген ортағасырлық, тіпті, күні кешегі фашистік идеологияны

Ресейде қайта тірілтпекші. Тіпті, Освенцим, Дахау, Маутхау-
зен секілді концлагерьлердегі миллиондаған адам өмірлерінің
соңғы нүктесі болған газ крематорийлерінің алдындағы нəсілі,
ұлты бөлек адамдардың шұбатылған тізбегі елес берді.

Осыдан аз уақыт ғана бұрын Еуропа Кеңесінің нəсілшілдік
жəне төзімділік комиссиясының Ресей туралы кезекті баянда-
масы жарық көрген болатын. Аталмыш комиссияның айтуына
қарағанда, Ресей соттары түрлі заң бұзушылықтардың таса-

сынан көбіне нəсілшілдік себептерді іздеуден қашқақтайтын
көрінеді. Өздерінің сыртқы бейнелерімен ерекшеленетін аз
санды ұлттар мен ұлыстардың өкілдері, Кавказдан шыққандар,
түрік-месхедтер, афроамерикандықтар мен Орта Азия халық-

тарының өкілдері жиі шабуылға ұшырап, өмірлеріне зор қауіп
төнеді жəне Еуропа сарапшыларының пікірінше, милицио-
нерлер мен казактар айрықша нəсілшілдіктері, өзге ұлттарды
кемсітушілігімен көзге түсуде. Сондай-ақ, олар адамдар ара-

сындағы жеккөрушіліктерді насихаттауға, діни қудалау мен
нəсілшілдіктің тууына жауапты БАҚ-тар мен журналистер-
ге қатысты жазаларды кең көлемде қолдануға кеңес берді.
Мұндай қауіпті дерттен бір кездегі салиқалы, сындарлы, де-

мократияшыл басылым ретінде танылған «Известия» газеті де
тысқары қала алмай отыр. Соңғы уақытта аталмыш басылым-

да мұсылмандарды өзге діндер үшін ортақ жау етіп көрсетудің
сорақы үрдісі қалыптаса бастады. Жəне бұл көзқарастарын
түрлі адамдардың пікірі түрінде жеткізудің қитұрқы жолда-
рын жиі пайдалануда. Рим Папасы Бенедикт ХVІ туралы кітап

жазған Бернар Леконтпен шағын сұхбатта да осындай ой ас-
тыртын қылаңытады. Əлгі сұхбатта Бернар Леконт: «Басқа да
христиан шіркеулері сияқты, ОПШ (РПЦ) алдында да ұқсас про-
блемалар тұр. Олардың бастысы – ислам фундаментализмінің

шабуылы. Сондықтан – католиктер, протестанттар жəне пра-
вославтар ортақ айқасқа қатысуға тиіс»,–дейді. («Известия»
газеті, 16.05.2006 ж.).
Міне, Қазақстанда да кең таралып отырған беделді басылым

ХХІ ғасырда христиандарды мұсылман əлеміне қарсы крест
жорығына шақыруда жəне мұны əлдебір белгісіз автордың ау-
зымен жүзеге асыруға күш салуда. Өздері сүттен ақ, судан таза
бола қалмақшы. 1979 жылы тақтан тайдырылған Иран шаһы

Реза Пехлевидің Мэриленд штатында тұратын ұлы Реза Пехле-
ви биылғы шілде-маусым айларында Ирандағы билікті құла-
туды мақсат тұтқан қозғалыс құрылатынын мəлімдеді. «Еш-
қандай соғыс қажет емес – бұл жүйені өзіміз-ақ құлата-

мыз», – дейді ол. Соңғы күні Кабулдағы бейбіт халыққа оқ жа-
удырып, ондаған адам қаза тапқан қанды оқиға да мұсылман-
дарға қарсы крест жорығы үздіксіз жалғасып жатқанын көрсе-
теді. Ресейде соңғы уақтары қалыптасқан жағдайды сырт көз

аңғармауы, оған көз жұмып қарауды, елемеуді одан əрі жалғас-
тыра беруі бұдан əрі мүмкін емес. Оның үстіне сырттай бақы-
лаушы емес, осы елдің азаматы ретінде күн сайын куə болып
жүрген журналист Асланбек Дадаевтың қорытындылары да

Кремль билігіндегілерді қуантпайтыны айқын. «Кез келген
қақтығыстың негізгі астарында бəріне жол беруді туындата-
тын коррупция мен жазасыздық жатады. Кавказда бұл шаш-
етектен. Екі жақтан да жасалған əскери қылмыстар үшін

жауапқа тартылатындар некен-саяқ ғана боларына күмəн-
данудың керегі жоқ. Көптеген Ресей əскерилері үшін соғыс
шен өсірудің текпішегі болды. Орта буындағы қанша офи-
церлер генерал болды? Ал қанша генерал саясатпен айна-

лысуға мүмкіндік алды», – деп күйзеледі ол («Московские
новости», №10, 24-30 наурыз, 2006 ж.). Турасын айтқанда,

Ресейдің болашағына қауіп төндіріп отырған мұсылман фун-
даментализмі немесе мұсылмандар санының көбеюі емес,
осы елдегі жүгенсіз коррупция, ұйымдасқан қылмысты топ-
тар мен тұрмыстық қылмыстар. Мұны ресми билік те жоққа

шығармайды. Таяуда құқық қорғау органдары жəне сот жүйесі
басшыларының үйлестіру кеңесінде РФ Бас прокуроры Влади-
мир Устинов: «Ресейдегі ұйымдасқан қылмыс ұлттық қауіптің
деңгейіне көтеріле бастады», – деп амалсыз мойындады. Оның

айтуынша, ұйымдасқан қылмыс іс жүзінде барлық саланы: сая-
си, экономикалық, əлеуметтік салаларды да қамтып отыр. Қай
жерді алмаңыз – барлық жерде ұйымдасқан бірлестіктер бар.
Қылмыстың басынғаны соншалық, тіпті, мемлекеттік жəне

құқық қорғау органдарымен де кіріге бастаған. Бұл қауіпті
құбылыс бірте-бірте бой бермей барады.
Ежелден-ақ тұрмыстық түрлі ауыр қылмыстар көптігімен
ерекшеленетін елде бұл қауіпті құбылыстың асқынғаны сон-

шалық, Ресей Əділет министрлігі мен үкімді жүзеге асыру
федеральдық қызметі (ФСИН) Үкімет тапсырмасы бойынша
«Бостандықты шектеу туралы» федеральдық заң жобасын жа-
сады. Бұл жоба бойынша ұсақ қылмыскерлердің аяғына элек-

тронды, жеңіл кісен кигізілмекші жəне əлгіндей қылмыскер-
лердің жүріп-тұруы арнайы орталықтардан бақыланып отырмақ.
Алдын-ала тыңдау кезінде Мемлекеттік Дума бұл əрекеттен бас
тартқанымен, таяу болашақта жүзеге асырылары сөзсіз. Əзірге

əңгіме қаржы мəселесіне ғана тіреліп тұр. Осыдан жүз-жүз
елу жыл бұрын ғана аяқ-қолына ауыр шынжыр кісен салынған
қылмыскерлердің Сібірге жер аударылған ұзақ тізбектері əлі
де тарих еншісінде қала қоймағанға ұқсайды. Ол ол ма, Ре-

сей федеральдық пошта қызметі (ФПС) таяу уақытта пош-
ташыларды газ баллондары, сауытты желеттер, сондай-ақ пис-
толеттермен қаруландырмақшы. Ресми деректерге қарағанда,
əрбір байланыс бөлімшесіне үш ай сайын қарулы шабуылдар

жасалып, əрбір пошташыға қарсы алты ай сайын қылмысты
əрекеттер орын алатын көрінеді. Қауіпсіздіктің мұндай шара-
лары əлемнің ешбір елінде жүзеге асырылмайтыны бесенеден
белгілі əрі қылмыстың мұндай жүгенсіздігі туралы да айтпай-

ақ қоюға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, бүгінгі
Ресейдің басты проблемасы – бұл елдегі мұсылмандардың

көбеюінде емес. Елдегі 152 млн. адамдардың небары 20 млн.-
нан сəл астамы ғана мұсылмандар. Басты мəселе, соңғы жыл-
дары Ресейде бала туудың мейлінше азайғанында болып отыр.
Ресейдегі 42 миллион отбасылардың 47 пайызы, яғни жартысы-

на жуығында бала жоқ. Осыған қарамастан қазір елде 720 мың
жетім балалар бар жəне олардың 220 мыңы ғана балалар үйінде
тəрбиеленуде. Мұның өзі елдегі аса қауіпті əлеуметтік дертке
айналып отыр. Бұған қосымша Ресейде қазіргі заманның ең

қауіпті дерті – СПИД-пен ауыратындардың саны 1 млн. адамға
жетті жəне бұлардың басым бөлігі 30-ға толмаған жастар. Ал
Б. Немцовтың елде мұсылмандар көбейіп кетеді деген қаупіне
қайта оралсақ, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін

КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің қазақ əйелдерінің
бала тууын шектеу туралы астыртын бұйрығы болғаны ойға
оралады. Сол жылдары осындай адамшылыққа жат, жауыз жа-
бық бұйрықтың болғаны туралы қауесет қазақтар арасында

кең жайылғаны еді. Ал билік басындағы қандықол, жауыз ком-
мунистер мұндай бұйрық беруі мүмкін емес деп күмəндануға
да болмайды. КСРО-ны 70 жылдан астам билеген қатыгез ком-
мунистер бұдан да қатал, қанды бұйрықтар шығарып, ашық та,

астыртын түрде де жүзеге асырғандарына тарих куə.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Нобель сыйлығының
лауреаты, жапонның атақты жазушыларының бірі Кэндзабу-
ра Оэнің Жапонияның сыртқы саясатына байланысты: «Бой-

күйездік, мойынсұну мен бағыныштылық секілділерден жамап-
жасалған іс-əрекеттердің стереотипі – мұндай ұстаным кейде
жұртқа көз қылу үшін жасалғандай көрінеді – Жапонияның
соңғы елу жылдағы, тіпті бейбіт келісімдер жасалғаннан кейін-

гі жəне ел толық егемендік алғаннан соңғы барша сыртқы сая-
сатының негізіне айналды», – деп күйзелгені ойға оралады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы бойкүйез, мойынсұну жəне
бағыныштылық саясаты да елімізді таяу жылдарда тығырыққа

тіреуі мүмкін. ТМД ауқымындағы, ең бастысы, Біртұтас эконо-
микалық кеңістік (ЕЭП) негізіндегі достастық, əріптестік инте-
грацияға шектен тыс құмартуымыздың түбінде қатерлі боп
шығуы ықтимал. Ерте ме, кеш пе Б.Немцов сияқты орыс «ли-

бералдары» мен Кремль билігіндегілер қазақ əйелдерінің бала
тууын шектеу туралы талап қоймасына еш кепілдік жоқ. Ресей

билігіндегілердің бүгінгі күнгі жылы-жылы сөйлеуі ертең-ақ
басқаша мəнге, мазмұнға ие болмасына да еш кепілдік жоқ.
Өткен сенбі күні Мəскеудегі Абай ескерткішін вандалдар жа-
сыл бояумен бояп, қорлаған, ал ертеңгі күні ондайлар қазақ

халқын қызыл қанға боямайды дей алмаймыз. Осы тұрғы-
дан өз елінің ТМД мемлекеттері қатарынан шығатынын мəлім-
деген Грузия президенті Михаил Саакашвилидің: «Россия –
коварный, хитрый, неприятный сосед», – деп бүкпесіз əрі

батыл мəлімдеуі Қазақстан билігіндегілерге де сабақ болса
құба-құп.
2006 ж.

«ОЯН, МАДЬЯР, ОТАНЫҢ ЖАР САЛАДЫ...»

Осыдан 50 жыл бұрын азаттық үшін күрескен
венгрлер танкілермен тапталған еді
Неге екенін əлі күнге білмеймін, бірақ жоғары сынып-
та оқып жүргенімізде, тарих пəнінің мұғалімі алыс Үшарал

ауылындағы біздерге əлдебір мадьяр ақынының өршіл өлеңін
жаттатқызған. Ұлы ақын Шандор Петефидің «Оян, мадьяр,
Отаның жар салады», деп келетін, венгрлерді азаттыққа,
бостандыққа шақырған жалынды жырын. Оқытушымыз қа-

зақ ақыны Міржақып Дулатовтың да «Оян, қазақ» деп жар
салғанын білді ме екен, əлде өзі алыстағы венгрлерді жақ-
сы көрді ме, тіпті, мадьярлар мен ұлы Даланың еркебұлан ұл-
дары – қазақтардың арасын сан ғасырлық туысқандық, бауыр-

ластық байланыстар жалғастырып жатқанын жақсы білгендіктен
осылай еткен шығар. Əйтеуір, көгенкөз шəкірттерінің жүре-
гінде Карпат тауындағы өршіл, намысқой, азаттық сүйгіш ха-
лыққа сүйіспеншілік сезімін оятуға талпынған тəрізді. КСРО-

дағы қайта құру жылдары Қазақстанға ең алғашқы шет елдік
қадірлі қонақтардың бірі болып Карпат тауларын мекендеген
қыпшақтардың шексіз сағынышы мен зор ілтипатын арқалап
марқұм Иштван Қоңыр Мандокидің келген сапары да сана-

да. Ділі, діні, тілі, тұрмыс-салттары бөлек болса да қазақтар

мен венгрлерді бауыр, туыс ететін əлдебір іштей жақындық,
тамырластық бар екені күмəнсіз.
Биыл қыркүйек айының басында Венгрия жерінде күтпеген
дүрбелең басталғаны мəлім. Бұрынғы комсомол жетекшісі, бү-

гінгі миллиардер, премьер-министр Ференц Дюрчанның үкі-
мет мəжілісінде елдегі экономикалық саясат «Еуропадағы ең
өрескел саясат болды», ал мүлдем тоқыраудан «Жаратушының
қолдауы, əлемдік экономикадағы бос қаржының көптігі мен жүз-

деген қитұрқы амалдар аман сақтап қалды» деген мəнзелдегі
сөздері қалың қауға тиген шырпыдай болды. Қысқа сəтте бейбіт,
соңғы жылдары айтарлықтай дамыған Венгрия өкімет пен оппо-
зиция күштері текетірескен, саяси күрес қызған тартыс алаңына

айналып сала бергені. Сан мыңдаған қызу қанды, өрмінез венгр
жастары алаңдар мен көшелерге шығып, елдегі саяси дүрбелең-
нің қайнаған қызуы əрең-əрең басылған-ды. Бұл күндері Буда-
пешттегі оқиғалар мен текетірестің өршуі жəне шарықтауын

алаш жұрты да шын алаңдаушылықпен бақылаған.
Осылай өрбіген қызу оқиғалар 1956 жылы қазан айында
Венгрияда ұлт-азаттық революциясы басталып, совет тан-
кілері көтеріліске шыққандарды аямай қанға бөктіргенін,

Кремль билігіндегілер мен коммунистердің ХХ ғасырдағы ең
қанқұйлы қылмыстарының бірі жүзеге асырылғанын ұмыт-
тырып жібере жаздаған. Əрбір халық – ұлы, дегенмен, вен-
грлер өздерінің бостандық, азаттық сүйгіштігі, тəуелсіздік

жолындағы тоқтаусыз күресімен əрқашан ерекшеленеді. Со-
нау 1848 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін айтпаған күнде, Бірін-
ші дүниежүзілік соғысқа дейін бірнеше ғасыр бойы Еуропа-
ны дүрілдеткен жеңімпаз Австро-Венгрия империясын құрған

ұйытқы ұлттың бірі – венгрлердің төбесіне ХХ ғасырда қара
бұлт жиі-жиі үйірілумен болған. Ең ауыр əрі қанқұйлы ке-
зең – Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Шығыс Еуропа елде-
рінің қуатты, алып, сонымен қатар екіжүзді коммунистік им-

перия – Кеңестер Одағының ықпалындағы аймақта болған кезі.
Жəне бір таңданарлығы, 1919 жылы Венгрияда Еуропадағы
ең алғашқы социалистік үкіметтердің бірі құрылып, венгрлер
тарихи ащы сабақ алған еді. 1945 жылдан кейін экономика

мүлдем тұралап қалды, елді аш-жалаңаштар кезіп жүрді, ком-
мунистер аймақтағы адамдарды ауыр езгіге салып, ұлттық

ой-сананы жоюға жанталасты, рухани езгі еңсе көтертпеді.
Екінші дүниежүзілік соғыста ауыр шығынға ұшыраған,
гитлерлік Германия мен сталиндік КСРО-ның арасындағы
соғыста екі түйенің ортасындағы шыбындай болған шағын ел-

дерден Мəскеу соғыс шығындарының өтеміне қолда барларын
тартып алып, тоқымдарын аямай қақты. 1949 жылы Мəскеу
билікке қойған Матьяш Ракоши режимінің қанқұйлылығы
шектен асқаны соншалық, осы жылы ол елде жүздеген адамды

тергеусіз, сотсыз атуға бұйрық берді жəне елеусіз көмдірді.
Бірақ, Шығыс Еуропа елдері жат жұрттықтардың езгісіне
ешқашан төзген емес. 1953 жылдың маусымында Берлинде
жұмысшылар көтерілісі бұрқ ете түсіп, бұл көтеріліс совет

танкілері жəне əскерлерінің күшімен аяусыз қанға бөктіріліп
басылды. Осы кезде совет коммунистерінің «Барлық елдердің
пролетарлары, бірігіңдер» деген ұраны жалған екені, коммунис-
тердің мейлінше аярылығы анық аңғарылды. Сталин қайтыс

болған соң, 1955 жылы ХХ съезде Н.С.Хрущев Сталиндік жүйе-
нің ауыр қылмыстарын айыптап сөйлегеннен кейін езгідегі ел-
дердің прогрессивті күштері Кеңес Одағындағы жылымыққа
кезекті рет сеніп, оңбай алдансын. 1956 жылдың маусымында

Польшаның Познань қаласында көтеріліс басталды. Шығыс Еу-
ропа елдерінде бостандық, ұлт-азаттық идеялары көпшіліктің
басты мұратына, мақсатына айналып, коммунистік режим-
дерге наразылық кең өрістеген. Бұл елдерде демократиялық

реформалардың жүргізілуі, көппартиялылықтың болуы, құпия
қызметтердің ауыздықталуы, ең бастысы, елден басқыншы со-
вет əскерлерінің əкетілуі жиі талап етіле бастады.
Венгрияның жағдайы да мейлінше ауыр болатын. Сталиндік

режимнің көшірме үлгісі – Матьяш Ракошидің режимі шектен
асқан қанқұйлылығымен ерекшеленді. Ресми деректерге сен-
сек, 1949 жылдан 1956 жылға дейін саяси айыптаулармен 40
мыңнан астам адам қапас түрмелерге қамалып, талайы сонда

көз жұмған. Он мыңдаған адам жер аударылды. Кейбір дерек-
тер бойынша, осы жылдары миллионға жуық венгр азамат-
тары репрессияның құрбанына шалынды. Кеңес Одағындағы
КГБ сияқты осындағы құпия полиция AVN əрбір адамның ар-

тынан аңду жүргізіп, бүкіл елді қорқыныш шырмады. Өндіріс
орындарының бəрі дерлік соғыс мақсатына жұмылдырылып,

қару-жарақ қана шығарумен болды. Осындай жағдайда елде
наразылықтың туындауы заңды еді. Бірақ жоғарыдағының
бəрі кеңес коммунистерінің əлі шын қаныпезерлігін көрсете
қоймаған тұсы, қанды қырғынның беташары ғана болатын.

Оның үстіне əлем социалистік жəне капиталистік лагерьге
бөлініп, «қырғи-қабақ соғыстың» өрістеген кезі. 1956 жылдың
қазан айында Израиль Египетке бас салды да, Таяу Шығыста
Суэц каналы үшін соғыс өрті лаулап, Франция мен Англия

Египетке қарсы соғысқа белсене араласқан. Осы сəтке дейін
Египетті мейлінше қолдап жүрген Кеңес Одағы табан астын-
да осы елдегі мыңдаған əскери кеңесшілерін кері шақырып,
екіжүзділікпен Египетті күші басым жаумен жапа-жалғыз

қалдырды. Бірақ, КСРО-ның сатқындығы мен саяси ойындары
күтпеген нəтижелерге əкеліп соғып, Шығыс Еуропадағы жағ-
дай мүлдем шиеленісіп кетті.
1956 жылдың 23 қазанда ашу-ызаға толы халық Будапешт-

тің көшелері мен алаңдарына шығып, азаттық жолындағы
күресін бастады. Қала буырқанып жатты. Оған елде сталиншіл
Ракошидің жеке басына табыну өрістеп, 1949 жылы оның бұй-
рығымен сотсыз, тергеусіз өлтірілгендердің мəйіттерін қайта

жерлеу желеуге айналды. Дəл осы күні Будапешттің орталық
алаңындағы басқыншылықтың белгісіндей Сталиннің орасан
зор ескерткіші құлатылып, талқандалды жəне Венгрияның
коммунистері Мəскеуден жанұшыра көмек сұрады. Дəлірек

айтқанда, елдегі жағдайдың бақылаудан шығып бара жатқа-
нына, республиканың ер жүрек премьер-министрі Имре Надь
жүргізіп отырған тəуелсіз саясатқа қатты алаңдаған Кремль
оларды осылай істеуге күшпен мəжбүрледі. Мəскеу Венгрия-

дағы ұлт-азаттық революциясына жұмысшылар мен студент-
тер, жастар көптеп қатысуынан қатты шошынған. Ел астанасы-
на əп-сəтте енгізілген екі танк дивизиясының құрыш сауытты
танкілері көтерілісшілерді шынжыр табандарымен тірідей тап-

тап, қала көшелерін қанға бөктірді. 25 қазанда коммунистердің
басшысы болып тағайындалған Янош Кадар көтерілісті ая-
май күшпен басуға, қоғамдық тəртіп пен бұрынғы жүйені
қалпына келтіруге шақырып, əскерлерді өз халқына қарсы

оқ атуға мəжбүрледі. Еш аяушылық болған жоқ. Дегенмен,
көтеріліс қанатын тез кең жайып, аз күнде бүкіл елде аяу-

сыз азамат соғысының жалыны лаулады. Қантөгіс жалғасып,
азаттық, тəуелсіздік үшін қолына қару алғандар күші басым
үкімет əскерлерімен аянбай шайқасты, Отан үшін баста-
рын құрбандыққа шалды. Көтерілісшілер бүкіл елде кеңес

солдаттарына қойылған ескерткіштер мен басқа да советтік
рəміздерді талқандап тастады. Əлгіндей қаптаған ескерткіштер
орыс отаршылдығын үнемі еске салып, адамдардың еңсесін
езетін. Имре Надь елден совет əскерлерін жедел əкетуді та-

лап етті жəне Біріккен Ұлттар Ұйымынан өздерін қорғауды
өтінді. Коммунистер де қарап жатқан жоқ, тездетіп жұмысшы-
шаруа үкіметі құрылып, бар тізгінді уысына алған Янош Кадар
кезекті рет Кремльден көмек сұраған. Орыс басшыларының

шыдамсыздана күткені де осы болатын, келесі күні-ақ Шығыс
Еуропадағы топтасқан танкілер мен совет əскерлерінің басым
бөлігін осы елге енгізіп, Будапештті, басқа қалаларды қардай
бораған оқтың астына алды да, Екінші дүниежүзілік соғыстан

соң Венгрияны қайтадан басып алып, қаратүнек күндер туды. 4
қарашада Венгрия астанасына екінші рет совет танкілері енгі-
зілді. Аса қуатты, моторландырылған төрт дивизия! Сөйтіп
«Құйын» операциясы жүзеге асырыла бастады (Дəл осындай

атпен 1986 жылы желтоқсанда Алматыда дəл осындай опера-
ция іске асырылды). Совет əскерлерінің жазалау операцияла-
рына жалпы басшылықты əйгілі маршал Г.К.Жуков өз қолына
алған еді. Будапешт, тағы да басқа қалалар жарым-жартылай

қиратылды. Қалалардың көшелеріндегі қаруларын қолдарынан
тастамаған ондаған мың көтерісшілер мен бейбіт тұрғындар
қаза тапты. Батыс елдері бұл интервенция мен қантөгіске көз
жұма қарады əрі Кеңес үкіметінің қатыгездігін айыптаған

жоқ. БҰҰ-ның, Құрама Штаттардың қанға бөгіп жатқан венгр
халқына ара түспей, теріс айналуының себебі Мəскеу осының
алдында ғана Египетті сатып, күші басым жауларымен жекпе-
жек қалдырған. Саяси сауда сақал сипағанша болды. Қысқа

уақытта революцияға қатысты деген айыппен 230 адам дарға
асылды, 20 мыңнан астам адам тұтқындалып, олардың да көбісі
құпия түрде өлтірілді. 150 мың босқындар шет елдерге қашты.
Венгр халқы тағы бір дүниежүзілік соғысты бастан кешкен-

дей еді. Соңғы қарсылық ошақтарындағы қанды ұрыстар 11
қарашаға дейін созылды.

1957 жылы сотталған əрі құпия түрде өлтірілген Имре
Надь соңғы сөзінде өзін айыптаған коммунистердің барша
сұмдық əрекеттері мен жауыздықтарын əшкерелеп, «Сіздердің
рақымшылықтарыңызды қажет етпеймін», деп кесіп айтты.

Венгриядағы революцияны күшпен басып-жаншудың көп
бегілері 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін басып-жаншуға
ұқсас болатын. Мадьяр халқының көтерілісінен кейін Шығыс
Еуропа елдері Кеңес үкіметіне, социалистік жүйеге сенімінен

біржола айырылды. Көздері ашылды. Варшава келісімшартына
қатысушы мемлекеттердің ыдырауы енді уақыттың еншісінде-
гі ғана іс еді жəне Шығыс Еуропа елдері азаттық таңы атар
ыңғайлы сəтті күтумен болды. Иə, жауыздар мен қанішерлер

əрбір халықтан шығады, бірақ мəдениетті, айтарлықтай дамыған
шығыс еуропалықтар үшін орыс халқының арсында тоңмойын
шовинистер, өркөкірек əрі жауыздардың, адам өмірін жарты
күреш тиынға бағаламайтын тирандардың тым көптігі қатты

шошындырған. Венгриядағы революция жеңіліске ұшыраса
да, басқа халықтардың жүрегінде үміт отын жағып, азаттық
тек қана күреспен келетінін танытты. Бұл көтеріліс Шығыс Еу-
ропа елдерінің тарихындағы жаңа бетбұрыс кезеңіне əкелгені

бүгінде даусыз.
2006 ж.

ХАІ ЖІВЕ, УКРАІНА!

Гетман Мазепаның күресі мен трагедиясы
«Хай живе, Украина» – «Украина мəңгі жасасын!» дейтін
əуезді үш ауыз сөзден тұратын мəңгілік ұран Жер шарының
қай қиырында жүрсе де əрбір украиндықтың жүрегінде. Мəңгі

жадында. Жер көлемі 603 мың 700 шаршы километр болатын
бұл елдің Қазақстанға ұқсастығы соншалық көп, соның бірі –
ел территориясының үштен екі бөлігін шетсіз-шексіз даланың,
құнарлы қара топырақты астықты алқаптардың алып жатуы.

Ең бастысы, қасиетті Днепр жағасындағы азаттық сүйгіш
əрі еркін халық үшін ұлтшылдық біздегідей ұят емес, елді

тұтастыратын, туған Отандарын одан əрі дамытатын мəңгілік
ұлағат. Жастарды Тəуелсіздіктің баяндылығы жолында табан-
дылыққа тəрбиелейтін ұран! Еуропада жалпы ұзындығы – Еділ
мен Дунайдан кейінгі үшінші орын алатын Днепрді (2201 км.)

қасиетті Ана өзен санайтын жұрт қонақжай, мейірбан, əсем саз-
ды əндері де əрбір қазақтың жанына соншалық жақын. Тарих-
тары сандаған ғасырлардың терең қойнауынан ұлағатты сыр
шертетін қазақтар мен украиндардың тағдырларының ұқсас-

тығы да таңдандырмай қоймайды. Екеуі де бірнеше ғасырлар
бойы қатыгез, қуатты империяның боданында тұншықты.
Украинада халықтың жалпы саны 50 млн. адамнан асып
жығылса, 1991 жылғы санақ бойынша солардың 73 пайызы

украиндықтар, 22 пайызы орыстар болатын. Қазір де жағдай
соншалықты күрт өзгере қойды деуге болмас.
Осы уақытқа дейін де, əсіресе кейінгі бірнеше жыл бойына
Ресей ақпарат құралдарының сыртқы саясатта үнемі Кремльдің

сойылын соғатын елеулі бөлігі украинофилдікті – өздерінің
туған халқын шынайы сүйетін патриоттарды ұнамсыз кейіпте
көрсетуге күш салатыны тегін емес. Ресей билігіндегілер
Тəуелсіз елдердің өз мүдделері, өзіндік даму жолы бар екенін

еш мойындағысы келмейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Орта-
лық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы басшысы Пор-
тер Госстың: «Қырғиқабақ соғыс» əлдеқашан аяқталғанмен,
бірақ Ресей əлі өзінің ескі ұнамсыз əдеттерінен айырылғысы

келмейді», – деп қынжылуының астарында терең мəн бар.
Путиннің Ресейі бұрынғы КСРО-ны қалпына келтіруден,
посткеңестік елдерге айтқанын істетіп, айдауымен жүргізуден
бір сəт те бас тартқан жоқ. Мəселен, əлемдегі газ өндіретін ең

ірі компания – ресейлік «Газпром» кейінгі жылдары Украинаға
көгілдір отын беруді бірнеше рет тоқтатқаны белгілі. Рес-
ми түрде бұл екі мемлекет арасында газ жөнінде толық-
қанды келісімшарт болмауынан деп түсіндірілгенімен, тура-

сын айтқанда, бұл Тəуелсіз Украинаны тұқыртуға, жазалауға
ұмтылыс болатын. Өзіне қажетті отын ресурстарының 80 пай-
ызын сырттан, оның ішінде Ресейден сатып алатын Киев үшін
бұл оңай соққы емес, дегенмен бірақ ұлттық санасы жоғары,

өз істерінің əділдігіне сенімді украиндар табандылық танытты,
қоқан-лоққыға бас иген жоқ. Тізесін бүкпей, өр қалпында, рухы

мықты күйде қала білді. Оған қоса, осындай күрделі уақытта
ресейлік «Газпром» мен «Роснефть» компанияларының ак-
цияларын шетелдік инвесторлардың көптеп сатып алуға ұмты-
лысы іркілгенін айта кету керек. Мəскеу үшін энерготасы-

малдаушы шикізаттардың сыртқы саясатты жүргізу құралына
айналуы, Кремль билеушілерінің бұрынғы КСРО ауқымында,
тіпті, одан да тысқары жерлерде уысынан шығып кеткен ық-
палын қайта қалпына келтіруге өңмендей ұмтылысы талай-

ларды еріксіз ойға қалдырды. Осы жағдайда əйгілі филантроп
Джордж Соростың: «Егер «Роснефть» компаниясының ІПО-
сы жүзеге асатын болса, онда ол Еуропа қауіпсіздігіне елеулі
нұқсан əкеледі», – деп алаңдаушылық білдіргені есте.

1980 жылдардың аяғында бұрынғы КСРО-ның ауылшаруа-
шылық өнімдерінің 25 пайызын өндірген Украина – əлі де Ре-
сей үшін уыстан шығып бара жатқан тəтті тоқаш. Бұйырмаған
бəліш!

Жоғарыда айтып өткеніміздей, украиндар мен қазақтар
өте ұқсас халықтар. Ұлттың басына төнген қиын-қыстау ке-
зең, ауыр трагедияларында да ұқсастық көп. 1986 жылдың
көктемінде Чернобыльдегі атом электр станциясы жарылып,

украин халқының айтарлықтай бөлігіне қатер төнсе, бұл апатқа
коммунистік режим кінəлі екеніне шүбə жоқ. Ал осы жылдың
желтоқсанында Алматыда қазақ жастарының көтерілісін Мəс-
кеу бақайшағына дейін қаруланған əскерлердің көмегімен

қанға бөктіріп басты. Оның үстіне осы уақытқа дейін екі ха-
лықтың да – украиндар мен қазақтардың тарихы орасан зор
бұрмалауға ұшырап келді. Билік үшін ұлт мүддесін сатқандар
дəріптеліп, Ресей отарлауына қарсы болғандар «сатқын» ре-

тінде бағаланды.
Ресейлік ғалымдардың басым бөлігі, ресми тарихшылар Ре-
сей тарихын ежелгі Киев Русьімен тікелей сабақтастырса да,
мұның өзі украиндардың Мəскеу езгісінде болғысы келмей-

тіндігіне еш тосқауыл болып көрген емес. Тіпті, 1654 жылы
7 қаңтарда Мəскеу патшасы Алексей Михайлович қатаң тап-
сырмамен жұмсаған В.В.Бутурлин Переяславльдегі сарайда
гетман Богдан Хмельницкий мен əскери хатшы (войсковой пи-

сарь) Иван Выговскийді қабылдаған. Əлгі екеуі айтқан сөздер
сол кезеңдегі ресми құжатта: «Милость де Божия над нами,

якоже древле при великом князе Владимире, также и ныне
сродник их, велики государь царь и великий князь Алексей
Михайлович всея Руси самодержец, призрил на свою госуда-
реву отчину Киев и на всю Малую Русь Милостью своею; яко

орел покрывает гнездо свое, так и он государь изволил нас при-
нять под свою царского величества высокую руку; а Киев и
вся Малая Русь вечное их государского величества; а мы де
все великому государю, его царскому величеству, служить и

прямить во всем душами своими и головы свои за его государ-
ское многодетное здоровье складывать», – деп жазылған. Бұл
жылдар Украина анталаған жат жұрттық басқыншылардың
қыспағында қалған қиын кезең болатын. Осы жағдай тура-

лы украин тарихшылары бұған дейін талай дауласқан, əлі де
пікір таластыра беретіні сөзсіз. Қалай дегенде де, небары екі
адамның тұтас халықты, мемлекетті басқа бір мемлекеттің
боданы, отары етуі санаға сыймайды. Жəне Переяславльдегі

оқиғаны тек орыс тарихшыларының көбі «тарихи құжат, бау-
ырлас екі елдің бірігуі» деп бағалауы да күмəн туғызбай тұра
алмаса керек.
Осыған ұқсас трагедия арада 77 жыл өткенде, 1731 жылы

қазақ халқының басынан да өткені мəлім. Орыс патшайымына
бодан болуға ант бергендер тұтас қазақ халқының аз ғана бөлігі
болатын. Ең таңданарлығы сол, келісімшарттарда сыртқы жа-
улардан қорғауға уағда берген Ресей бұдан кейін украиндар-

ды да, қазақтарды да сыртқы жаулардан қорғауды ойына да
алып көрген емес. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, алқа
көл сұламада» 2 млн.-ға жуық адамынан айырылған қазақтар
жоңғарларды біржола талқандау үшін жарты ғасырдан артық

күрес жүргізді жəне орасан зор құрбандықтар нəтижесінде өз
күшімен толықтай əрі түбегейлі жеңіске жетті. Ресей патша-
сы əу баста уəде етілгендей, қазақтарды қорғау немесе оларға
көмектесу орнына, қайта сыртқы жауларды: Еділ қалмақтарын,

башқұрттарды, орыс-казактардың салт атты қарақшыларын
қазақ жеріне шабуыл жасауға итермелеп отырды. Ал украин
халқының жағдайы одан да мүшкіл болғаны тарихи шындық.
Олар поляк шляхтасы, Қырым ноғайларының дүркін-дүркін

шабуылынан бір сəт те өздерін қауіпсіз сезіне алған жоқ.
Əсіресе, бұл аянышты жағдай Петр І мен швед королі Карл

ХІІ тұсында, 1700-1721 жылдары жүргізілген Солтүстік
соғыс жылдарында айқын аңғарылды. Осы соғыстың жалы-
ны үдеп, мейлінше күшейген уақытында əскери қимылдар
түбегейлі украин жерінде жүргізіле бастады. Бір жағынан швед

əскерлері Украинаның гүл жайнаған жерін ойрандап, астықты
танаптарын таптап, бейбіт халықтың зығырын қайнатса, орыс
империясының əскерлері – «москальдардың» жауыздығы да
шектен шықты. Қазіргі Чернигов облысының Бахмач ауда-

нындағы Батурин елді мекенінде «Батурин трагедиясы» орын
алды, ал 1709 жылы қазіргі Днепропетровск облысының Нико-
поль ауданында ғасырлар бойы украин халқының бостандығы
мен азаттығының кепілі болып, елдің еркіндігін ұрпақтан-

ұрпаққа дейін қандарымен қорғап келген Запорожье Сечесінің
казактары қанды қырғынға ұшыратылды. Осыдан былай укра-
индар еркіндігі туралы сөз айтудың өзі қиын бола түсті, елдің
мойнына құлдық қамыты біржола кигізіле бастады. Міне,

осындай күрделі кезеңде тарих сахнасына гетман Иван Ма-
зепа жəне оның жақтастары шыққан болатын. Олар екіжүзді,
уəдеде тұрмайтын «москальдармен» емес, швед жəне поляк-
тармен одақ құруға күш салды. Иван Мазепа өзінің Карл

ХІІ жəне Польша королі Станислав Лещинскиймен одағы
Украинаға мəңгілік азаттық алып келетініне күмəнсіз сенгені
рас. Өкінішке қарай, өз отанынан қолдау алудан күдерін үзген,
Швециядан жырақтап кеткендеріне ондаған жылдар өткен аз

санды швед əскерлері Полтава түбіндегі шешуші шайқаста
қарақұрымдай қаптаған орыс əскерлерінен жеңіліс тапты. Иə,
мұның бəрі тарих оқулығында жазылған жайттар десек те, бұл
трагедияның соңғы актісі одан əрмен аянышты еді. Отарлау-

шы империя – Ресейдің ресми тарихшылары Украина тари-
хын түбегейлі бұрмалап жазып, ол ол ма, коммунистік режим
тұсында əлемнің алтыдан бір бөлігін мекендеген миллионда-
ған адамдар гетман Иван Мазепаның «сатқын» екеніне еш

шүбəсіз сенді. Тіпті, жалған тарихшыларға сенген А.С.Пуш-
киннің өзі Мазепаны масқаралап поэма жазғаны мəлім. Тура-
сын айтсақ, бұл – Мазепаның трагедиясы емес, жалған идео-
логияның бейкүнə құрбандары болған, саналары өтірікпен

уланған миллиондардың трагедиясы еді. Жартылай шындық
қашанда қорқынышты! Тарихи шындық соңғы жылдары ғана

қалпына келтіріле бастады жəне өткен жылдың соңына таман
Украина президенті Виктор Ющенко № 955 2007 Жарлығын
жариялады. Онда: «Украина гетманы Иван Мазепаның əскери-
саяси əрекеттерінің жəне 1700-1721 жылдардағы Солтүстік

соғыс жылдарында украин-швед одағы жасалуының 300
жылдығына байланысты əрі бұл оқиғалардың украиндық мем-
лекет қалыптастырудың көпғасырлық тарихындағы орны мен
жұртшылықтың инициативасын ескере отырып, бұйырамын...»

делінген.
2008-2009 жылдары Украинада гетман Иван Мазепа мен
ізбасарларын мəңгі есте қалдыру үшін орасан зор жұмыстар
атқарылып, ескерткіштер орнатылмақ; көрмелер ұйымдасты-

рылып, деректі жəне көркем фильмдер түсірілмекші; пош-
та маркалары мен конверттер шығарылмақ. Ең бастысы, Шве-
ция королдігінде гетман Мазепаның жəне оның жақтастары-
ның монументін орнатудың мүмкіндіктері қарастырылуда.

Есесіне, Ресей шовинистері мен ұлы империяшылдар Мазе-
паның есімін қайта тірілтіп, тарихи шындықты қалпына кел-
тіруге түбегейлі қарсы. Олар Ресейдің империялық мүдде-
леріне қарсы болғандардың бəрін жек көреді, өлтіре жаман-

дайды. Жұрт санасында жағымсыз бейнесін қалыптастыру-
ға қашаннан құмбыл. Осы тұста, украиндардан үйренер үлгіміз
көп-ақ. Өкінішке қарай, Ресей патшасына қарсы он жылдай
жан алысып, жан берісіп күрескен өзіміздің Кенесары Қасымов

жəне оның жақтастарының өрен ерлігін елімізде осылай на-
сихаттай алмай жүргеніміз біздің аянышты жағдайымызды
əйгілейді. Ол ол ма, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтерілісінің 90 жылдығын 2006 жылы жөндеп атап та өткен

жоқпыз. Ресейге жалтақтамаймыз, орыстарға құлдық ұрамыз.
Өткен жылдың қараша айында Украина Жоғарғы Радасының
депутаттары 1932-1933 жылдардағы аштықты украин халқына
қарсы геноцид актісі деп мойындағаны есте.

Украина президеті Виктор Ющенко коммунистер аштықты
қолдан ұйымдастырып, украин жəне қазақ халықтарын əдейі
қырды дегенді Тəуелсіз мемлекет басшыларының арасында
бірінші боп айтты. Ол, сондай-ақ, саясаткерлерді осы аштық-

тың қолдан ұйымдастырылғаны жөнінде толықтай мойындау-
ға шақырды жəне оны геноцид ретінде мойындау жөнінде пі-

кірталасқа түсуден сақатандырды. 1931 жылы күзде ВКП (б)
Орталық Комитетінің құпия мəжілісінде Украинада бір кило-
грамм нан, бір вагон да астық қалдырмау жөнінде қорқынышты
қаулы қабылданғаны тарихи шындық. Бұл қорқынышты

қаулының жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Міне, осы сұрапыл
аштықта 8-10 млн. украиндық опат болса, қазақ халқының тең
жартысы аштықтан қырылды. Аштық жылдарында Украина-
да күніне 33 мыңнан астам адам өлген. Қазір əр жыл сайын

26 қарашада Киевтің қайғы жəне мұңға батқан алаңдары мен
көшелерінде отыз үш мың қайғылы шырақ жағылады. 2003
жылы Украинада осынау сұрапыл аштықтың 70 жылдығы кең
аталып өтті. Ал бізде ше?!.

Бізде баяғыдай өлі үнсіздік. Тіпті, биыл «Ақтабан шұбы-
рынды, алқакөл сұламаның» 285 жылдығын да жөндеп атап
өтпейтін сияқтымыз. Экономикамыздағы өткінші жетістіктер-
мен ғана емес, ел тарихындағы ауыр трагедияларды ұмыт-

пау арқылы тəрбиеленбеген адамдардың санасы жартыкеш,
өзі жалтақ болатыны ежелден мəлім. Өткенін ұлықтай алма-
ған ұлттың бодандықтан біржола құтылуы да мүмкін емес.
2008 ж.

БОРИС НЕМЦОВ НЕГЕ РИЗА?

Украина демократиясының өміршеңдігі
Биыл көктем шыға салысымен-ақ əсем Киевтің алаңдары
мен көшелеріндегі текетірес күтпеген жерден күрт өрістегені
мəлім. Сонау 2004 жылдың қоңыр күзіндегі «қызғылт са-

ры революция» күндерінен соң Украинада тағы да сая-
си тартыстың қазаны қайнап, ел азаматтары кезекті рет өз
таңдауларын жасауға мəжбүр болған. Украина президенті Вик-
тор Ющенко Жоғарғы Раданы мезгілінен бұрын тарату жəне

кезектен тыс парламенттік сайлауды 27 мамырға белгілеу ту-
ралы жарлыққа қол қойғаны сол-ақ екен, бейбіт мемлекеттегі
жағдай шиеленісіп, талас-тартыс өршіді. Əрине, зерттеушілер
мен сарапшылар елдегі жағдайдың осындай бетбұрыс алуы-

на жаңа Украинаның Жанна д’ Аркы – Юлия Тимошенконың
айтарлықтай ықпалы болғанын бірауыздан айтуда. Сарап-
шылар мен саяси қайраткерлердің бұл пікірі негізсіз де емес,
дегенмен, қарт Днепр жағалауындағы тарихы бай елде қазір

мүлдем жаңа – демократияның принциптері ғана үстемдік
құратын, адам құқығы басты құндылық саналатын жасампаз
тарих жасалу үстінде. Жəне екі Виктор (Ющенко мен Януко-
вич) саяси тағдырлары тамырлас Сиам егіздері сияқты: ылғи

тіл табысып, бірге əрекет ете де алмайды, мүлдем бөлініп ке-
туге де шамалары жетпейді... Украина демократтары мен ре-
форматорлары Батыстың өркениеті мен өмір сүру дағдыларын
шамшырақ етумен бірге, өз отандарының Тəуелсіздігі идея-

сын, мемлекет заңдарының мызғымастығы мен заң алдында
баршаның тең құқықтылығына басымдық берілетініне таңдау
жасаған-ды. Елдегі саяси, экономикалық, əлеуметтік жаңару-
лар осы негізде жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістердің басты

кепілі – ел президенті Виктор Ющенко мырза! Ющенконың
Украина президенті құзырлары шектеліп, ел парламентінің
міндеттері мен құзыры анағұрлым арта түсуіне өз еркімен жол
ашқанын кейбір елдердің басшылары түсініксіз жағдай əрі

жігерсіздік ретінде қабылдағанмен, елдің жарқын болашағы
жəне тəуелсіздіктің баяндылығы жолында ол осындай қиын
таңдау жасағаны құпия емес. Өмірде мемлекеттің қуаттылығы
мен тұрақтылығы барша биліктің тізгіні бір адамның қолында

жинақталуымен ғана анықталмайды, қайта əрбір азаматтың
ел тағдырына өз жауаптылығын терең сезінуінде жəне жеке
басының қауіпсіздігіне сенімділігінде.
Украина премьер-министрі Виктор Янукович көрнекті

өкілі болып табылатын олигархтардың бірсыпырасы өз
келешектерін, бизнестерінің табыстылығын Ресей саясаты-
мен тығыз байланыстырады. Əйгілі Ринат Ахметов бастаған
Донбасс өңірінің жəне өзге де «жаңа украиндар» көктемгі

текетіресте Януковичке таңдау жасап, оның жақтастарын
шама-шарқынша қолдағаны да мəлім. Олар елдің оңтүстігі
мен шығысындағы аймақтардан жастарды, жұмыссыздар мен
зейнеткерлерді ұйымдастырып, əрбір күн сайын ондаған мың

адамдарды Киев вокзалдары жəне алаңдарына жеткізумен
болды. Адамдар тиелген автобустар ел астанасына тоқтаусыз

ағылып, тіпті, кейбір деректер бойынша, темір жол кестесіне
енгізілмеген екі-үш поезд күн сайын əлгіндей «наразылар-
ды» Киевке жеткізген. Киевтің талшын ағаштары жайқалған
əйгілі орталық көшесі – Крещатик даңғылына провинциядан

жеткізілгендер осылайша із тастады. Қазіргі заманда саясат
ақшамен жасалатын болған. Көп ақшамен. Бұл барлық мем-
лекеттерде қалыптасқан жағдай болып отыр. Осы қасақана
наразылықты ұйымдастыру жəне өрістету үшін Януковичті

жақтайтын олигархтар, дəл емес деректер бойынша, тəулігіне
1,5 млн. доллар шығын жұмсаған көрінеді. Киевке көк жəне
қызыл ту ұстап келген əлгіндей «белсенділер» мен коммуни-
стерге, Януковичтің Аймақтар партиясын («Партия регио-

нов») қолдаушылардың əрбіріне күніне 50 доллардан ұстатып,
оған қосымша жол шығындарын өтеген əрі жатын орын, тегін
тамақпен қамтамасыз еткені де аян. Бір сөзбен айтқанда, елдегі
саяси күштердің сайысынан қарапайым халық та азын-аулақ

табыс тапқан сыңайлы.
Қыруар қаржының желге ұшырылғаны қалай? Жəне мұның
бəрі не үшін жасалуда? Əрине, мұның бəрі алыс Қазақстандағы
көпшілік үшін қисынсыздық əрі түсініксіз текетірес болып

табылуы да ықтимал. Бірақ, ел тағдыры, демократиялық
құндылықтар мен принциптер шынымен сынаққа түскен
ақиқат сəті еді бұл Шевченконың отанында. Қоғамдық
күштердің сабырлығы мен шыдамдылығы расында тамаша

қасиет, бірақ көп, шексіз шыдауға адамның өмірі қысқа. Укра-
индар өз болашақтарын байланыстыратын реформалардың
табыстары мен оң нəтижелерін қазір көргісі келеді. Олары
заңды да. Тіпті, Украинаның ертелі-кеш НАТО-ның құрамына

кіретіні жəне Еуроодаққа мүшелікке қабылданатыны күмəнсіз
жайт. Бұған əрбір көзі ашық адам, ешбір салиқалы саясат-
кер шəк келтірмейді. Бұл тек уақыттың еншісіндегі ғана
мəселе. Дегенмен, Киев көшелерінде сандаған мың адамдар

толқығанда, алаңдар мен көше тұйықтарында қарсы күштер
саяси дауды өршітіп жатқанда елде ешқандай төтенше жағдай
жарияланбауы, тіпті, Киевте немесе басқа қалалар мен елді
мекендерде қылмыстың көбеймеуі, елде тəртіпсіздік жайла-

мауы, ол ол ма, Украина экономикасының өсімі 8,5 пайызға
жетуі қалай? Ал 2007 жылдың бірінші тоқсанында Ресей 6

пайыздық өсімге ғана қол жеткізе алды. Ал сөйткен Ресей
Украинаға берілетін газын екі есеге қымбаттатқаны мəлім.
Бензин де қымбат, өйткені Ресей мұнайды да қымбат бағаға
сатып отыр. Осының бəріне қарамастан елдің тұрақты табысқа

қол жеткізуінің қандай құпиясы бар? Шекспирдің мəңгі
өлмейтін Гамлеті: «Өмірде талай нəрселер бар, достым Гора-
цио, біздің кемеңгерлердің үш ұйқтаса түсіне де енбеген»,–
деп айтқанындай украиндардың бір артықшылығы осы жолы

айқын аңғарылды. Украинада демократия біржола жеңіске қол
жеткізген. Ең бастысы, Қырғызстан текетіресі, тіпті Еуропаға
кіндігі байланған Эстониядағы «Қола солдаттың» алаңнан
алынып тасталғаны тыныш елді дүрліктірген тəртіпсіздікке

ұласқанда, украиндардың ұстамдылық пен салқынқандылық та-
нытуы еріксіз тəнті етеді. Ел азаматтарының ішкі мəдениетінің
жоғарылығы, əрбір жан өзінің ел тағдырына жауаптылығын
жете сезінуінен шиеленіскен жағдай қантөгіске ұласқан жоқ.

Əлгі пікірі қайшы саяси қарсыластар алғашқы күннен бастап-
ақ ешқандай күш қолдануға жол бермеуге уағдаласты жəне
тараптар бұл мəміленің аясынан аттап шыққан жоқ. Оның
үстіне, елдегі тұрақтылықтың берік болуы Украинаның ішкі

жағдайына сыртқы күштердің араласпағандығынан.
Əрине, Ресейдің кейбір БАҚ-тары мен Думаның депутатта-
ры алғашқы сəттен бастап-ақ Украинадағы жағдайды: «Жаңа
революцияның басталуы, ел екіге бөлінгелі отыр жəне азамат

соғысы өрістейді» – деген мысықтілеумен теріс бағалағаны,
мүмкіндік болса оқиғалардың осылай өрбуін тілегені рас. Тіпті,
Ющенко мен Юлия Тимошенконы əзəзілге теңегендері де мə-
лім. Көрші елдердегі саяси сілкіністерден лəззат алып, жанжал-

дың отын үрлей түсуді басты мақсаттары жəне міндеттері
ретінде санайтын шовинист, ұлы империяшыл осындай мыр-
залар өздері жығылып жатып, сүрінгенге күлетіні ежелден
қалыптасқан жағдай. Дегенмен, Украина демократиясы алаңдар

мен көшелердегі қызу саяси пікірталастарда өз өміршеңдігін
кезекті рет танытты. Өйткені бұл елдегі басты жəне ең өмірлік
мəселе – қылмысқа белшесінен батқан автократия бола ма,
əлде демократия үстемдік құра ма деген күрделі сұраққа 2004

жылдың қоңыр күзінде – «қызғылт сары революция» күндерін-
де нақты əрі біржола жауап берілген болатын. Сонымен қатар

соңғы екі жарым жылда елде коррупцияның деңгейі төмендей
бастағаны да белгілі. Халықаралық беделді «Transparency
Іnternatіonal» ұйымының деректері бойынша Украина100-
орында, ал Ресей 126-орында. Мұның бəрі ел азаматтарының

бойында сенім ұялатты. Олар заңдардың əділеттілігіне, сай-
лау нəтижелерінің бұрмаланбайтындықтарына, өз дауыста-
ры құр ауаға сіңбейтіндіктеріне біржола иланған жандар. Ал
«қызғылт сары революция» күндерінен бергі қысқа уақыт – екі

жарым жыл ішіндегі мұндай түбегейлі өзгеріс аз жеңіс емес.
Тағы бір таңданарлық жағдай, елдегі саяси дағдарыстың басты
себебін Ресей бұқаралық ақпараттарының бүгіп қалғанында
болып отыр. Ал таяу көршілеріміз туралы ақпараттарды көбіне

Ресей дерек көздерінен алатын қазақстандық БАҚ-тар бұған
мүлдем назар аударған да жоқ. Ющенконың жоғарғы Рада-
ны тарату туралы жарлығына ең басты түрткі болған мəселе,
ел парламентінде қалыптасқан адам төзгісіз жағдай бола-

тын. Виктор Янукович бастаған Дағдарысқа қарсы коалиция
белсенді оппозиция өкілдерін өз қатарларына топтап тарта ба-
стады жəне Конституцияны өзгерту арқылы президент билігін
жою жолында əрекет жасауға бел шешіп кіріскендігі. Əлгі аты-

шулы жарлыққа қол қойылар тұста олар кейбір деректерде он
бір, кейбір деректер бойынша он бес депутатты өз жақтарына
тартқан. Олардың əрбірінің дауысын алу үшін 15 млн.-нан 20
млн. долларға дейін пара берілген көрінеді. Əлбетте, пара алу

жалпы арсыз іс, ал коррупция жəне парақорлық арқасында
Конститутцияны өзгертуге ұмтылыс ауыр күнə. Пара беру
нəтижесінде Ата Заңын өзгерткен елде болашақ болмайды.
Сондықтан Ющенко Раданы тарату туралы жарлыққа еріксіз

қол қойған болатын.
Бірнеше жыл бойы Виктор Ющенконың қоғамдық негіздегі
кеңесшісі болған Борис Немцов Украина демократиясының
аяғынан тұруының куəгері ғана емес, сол жаңаруларға қолынан

келгенше көмектескен жан. Ол Украинадағы ішкі жағдайды
Ресейдің өзге саясаткерлерінен гөрі жетік əрі терең біледі жəне
Леся Украинка отанының болашағына нық сенімді. Ол «Со-
вершенно секретно» газетіне берген сұхбатында: «Мəселенің

мəнісі мынада, биліктегі шенеуніктер бір-бірімен айқасып
жатқанда, олар жұмыс істейтін жəне сол арқылы еңбек ақы

табатын адамдарды жайына қалдырды. Тексеру деп атала-
тын шапқыншылықтар жасаған жоқ, рэкетпен айналыспады,
ешкімге «шатыр» болған жоқ. Украинада иедалды либералдық
үлгі жүзеге асырылған көрінеді – адамдарға тыныш еңбек ету-

ге мүмкіндік беріліпті» («Совершенно секретно» газеті, №5,
2007ж),– деп елдегі жағдайды жоғары бағалап, ризалығын
танытқан.
Алдағы жексенбі – 27 мамыр күні Украинада Жоғарғы Рада-

ға кезектен тыс сайлау өткізілу көзделген еді əу баста. Бірақ,
бұл саяси науқан кейінге, күзге қалдырылды. Алдағы аталмыш
сайлауда Януковичтің Аймақтар партиясы, Тимошенконың
жақтастары жəне Ющенконың «Наша Украина» партиясы

жеңіске жетеді деп күтілуде. Рада спикерлігі үшін Януковичтің
жағына шығып кеткен Александр Мороздың Социалистік пар-
тиясы үш пайыздық деңгейге жете алмайды делінуде. Қалай
болғанда да, алдағы бірнеше айда украин халқының қандай

таңдау жасағанын толық білетін болады əлем.
2007 ж.

ХУСЕЙНДІ ДАРҒА АСУ ЖƏНЕ ҚИЫН ДИЛЕММА

АҚШ үшін «ақиқат сəті» əлдеқашан басталған
Спортшылар үшін жарыс аяқталғанда, жекпе-жек біткен
соң «ақиқат сəті» («Момент истины») келіп соғады əрқашан.
Олардың өнерін əділ төрешілер бағалайтын немесе өткен

жарыстағы жетістіктері мен кемшіліктерін жанкүйерлер ал-
дында жайып салатын қиын сəт. Мəңгілікке созылатын ұзақ,
таусылмайтын ауыр минуттар.
Міне, дəп осындай «ақиқат сəті» АҚШ билігіндегі Дж.Буш

өкіметіне де келіп, қауіпті гонг үні естілді. Дұрысы, əлдеқашан
бұрын-ақ, 2003 жылдың наурыз айында Иракқа қарсы еш
себепсіз соғыс бастағанда ескерту қоңырауы қағылған. Əрине,
АҚШ өкіметі ол күндері Саддам Хусейн режиміне тарпа бас

салуын ақтайтын қилы-қилы себептер мен сылтаулар тапты.
Біреулер шын сенді, біреулер шылғи өтірік екенін біле тұра

жаһандағы жұдырығы ең жуан держава алдында қыңқ етіп үнін
шығармай, бұйдалы тайлақтай жетекке ере берді, енді біреулер
Ирак соғысының соңғы ғасырлардағы ең қантөгісті соғыс бо-
ларын айтып, ескерту жасаған. Бірақ, қазақтың біртуар ақыны,

марқұм Жұматай Жақыпбаев жазғандай:
«Ақымақ əлем алған ба,
Ақынның тілін бір рет!»
Өркөкірек, тоңмойын, ұрдажық АҚШ билігі ескертулерге

пысқырған да жоқ. Себеп?!. Осы тұрғыдан ХХ ғасыр соңы мен
тарих есігінен енді енген ХХІ ғасыр басында əлемде қалыптас-
қан жағдайға қысқаша аялдап өтсек артығы жоқ. Себеп, Ирак
билігінің қанқұмар екендігінде, оның Израильге үнемі қауіп

төндіруі, тіпті, Иракта жасалып жатыр деген ядролық қаруда
да емес болатын. Бұл айыптаулардың көбі көп ұзамай-ақ жел-
ге ұшып, адамдардың жадынан өшкен. Ұмытылған. Ең басты
себеп, өзінің ең соңғы жаппай қантөгіс соғысында – Вьетнам-

да оңбай таяқ жеген, елде «Вьетнам синдромы» қалыптасқан
АҚШ əлемге өз күштілігін тағы бір дəлелдейтін, құдіреттілігін
бар сипатымен көрсететін ыңғайлы сəтті көп күтті.
ХХ ғасырдың соңында мұндай ыңғайлы сəт келіп туған. Бұ-

рынғы бақталас КСРО-ның шаңырағы ортасына түсті, бұрын-
ғы Варшава келісім шартындағы социалистік лагерь елдері
Батыс Еуропаның, айналып келгенде АҚШ-тың қолтығын па-
налады. ХХ ғасырдың 80-ші жылдары əлем мемлекеттерінің

бұрынғыдай 70-80 пайызы емес, небары 10 пайызы ғана
социалистік даму бағытын ұстаған болса, аталмыш онжыл-
дықтың соңында «социалистік даму» деген сөздің өзі анахро-
низмге айнала бастады. Ал қанды тирания мəселесіне келсек,

əлемде Саддам Хусейннен де қанды тирандардың бірталайы
əлі билік басында отыр. Атом қаруы... Бұл желеудің де түбі
шикі. Соңғы кездері ғана атом қаруына ие болып, жиі-жиі
сынақтан өткізіп жатқан Индия, Пəкістан, тағысын-тағы

елдерге ешкім тыйым салып, соғыс ашқан жоқ қой. Тіпті,
кейбір деректерге қарағанда, адамдарды жаппай қырып-
жоятын қаһарлы қару Оңтүстік Африка республикасында да
жасалған-мыс.

Яғни, бұл соғыстың түпкі мəні мүлдем басқа екені бесене-
ден белгілі еді. Гəп, кейбір сарапшылар айтып жүргендей, Ху-
сейнде емес, егер ол болмағанда АҚШ басқа Хусейнді ойлап
табуға тиіс болатын. Тіпті, мұнай да соншалықты маңызды

емес. Аса қажет болса Сауд Арабиясы мен Кувейт-ақ АҚШ-ты
мұнайға шомылдырып, кеңірдегінен келтірері сөзсіз.
Ең бастысы, əңгіме əлемде қалыптасқан жаңа жағдайға
байланысты АҚШ-тың жан-жағынан жау іздегенінде жəне

ондай жау анау-мынау əлсіз мемлекет болмай, күш-қуаты
айтарлықтай, халқының саны да елеуге тұрарлық əрі тари-
хы мыңдаған жылдарға созылған ел болса құба-құп. Амери-
кандықтар өздерінің мемлекеттігінің тарихы шолақ қамшыдай

қысқа екендігінен іштей зардап шегетінін, тарих мəселесіне
тереңдегенде «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» күй
кешетініне адамзаттың озық ойлы өкілдерінің бəрі дерлік на-
зар аударып, қадап айтумен жүргені тегін емес. Сондықтан

мұсылман елдерінің, əсіресе, айтқанға көніп, айдағанға жүре
бермейтін араб мемлекеттерінің бірі болса тіптен жақсы.
Өзінің күш-қуатына қапысыз иланған Құрама Штаттар араны
ашылған аш қасқырдай қандыкөзденіп, бейкүнə құрбандық

іздеген-ді. Міне, осылардың бəрі, өздеріне тиімді көрінген одан
да басқа ондаған себептерді жинақтай келіп, АҚШ жаңа тарих-
тағы өзінің алғашқы құрбандығы ретінде Иракты таңдады.
Ирактың түбі жеңілетіні əу бастан-ақ күмəн туғызбайтын.

Бірақ, 80-ші жылдары Иранмен соғыста талай ұрыс тəжірибе-
сін жинақтаған Хусейн армиясының қысқа уақытта ыдырап
кетуі, басқыншыларға айта қоярлықтай қарсылық көрсетпеуі
бұл елдегі биліктің де өз халқы үшін соншалықты беделді емес

екенін ашып көрсетті. Дұрысын айтқанда, Барса, тағы бірді-
екілі қалалардан басқа аймақтарда айтарлықтай қарсылық
көрсетілген де жоқ. Демек, осыған дейін айтылып, насихатта-
лып жүрген Ирак армиясының күш-қуаты, халық пен биліктің

біртұтастығы жөніндегі насихаттардың басым бөлігі жел сөз
болып шықты. Əлемде билік беделі, халықтың бірауыздылығы
жөніндегі проблемалар қайтадан бой көрсеткен. Бірақ Ирак же-
ріндегі уақытша жеңіс АҚШ-қа да ешқандай артық ұпай əкеле

қойған жоқ. Тіпті, алып ел халықаралық аренадағы бұрынғы
биік беделінен бірте-бірте айрылып, қасықтап жиған абырой-

ын шелектеп төгіп, масқараға ұрынғаны сөзсіз. Буш өкіметінің
беделі төмендігі соншалық, ел президентінің рейтингі соңғы
уақытта 40 пайыздан да кеміп кеткен. Өткен 7 қарашада АҚШ-
тың өкілдер палатасының (Конгресс) 435 мүшесіне, сондай-ақ

Сенаттың үштен біріне дауыс беру бұдан бұрын елде болмаған
жағдайға баса мəн беруге мəжбүрледі. Сонау Вьетнамнан бері
алғаш рет сыртқы саясатқа басты назар аударылды. Өйткені,
2006 жылдың қазан айы Ирактағы американдық əскерлер үшін

ең қанды, құрбандықтар көп болған айлардың біріне айналғаны
мəлім. Қазан айының 31 күнінде аймақта 101 американдық
əскери қызметкер жəне 4-5 ағылшындық жауынгерлер жер
құшты. Осындай, тіпті бұдан да көп құрбандықтар бұрын да

болған. 2004 жылдың сəуір айында 135 мəйіт салынған табыт-
тар туған жерге – АҚШ-қа аттандырылса, сол жылдың қараша
айында 137 табыт жұлдызды жолақ қаралы туларды жамылып
жеткізілді. 2005 жылдың қаңтар айында да американдықтар-

дың шығындары 100 адам болғаны рас. Бірақ, басқа уақытта
дəп осындай көп шығын болып көрген емес. Осылайша Ирак-
та жүргізген əскери операцияларының нəтижелерінде АҚШ
осы елде үш мыңнан астам жауынгерлерінен айырылды. Кім

білсін, Пентагонның ресми деректері осылай дейді. Айтпақ-
шы, 20 мың адам жараланған. Мамандар мен зерттеушілердің
айтуына қарағанда, бұрынғы соғыстарда жараланғандардың
əрбір үшіншісі қан көп кетуден, дер кезінде медициналық кө-

мек көрсетілмеуінен көз жұмса, қазір АҚШ-тың жараланған 7-8
жауынгерлерінің бірі ғана қаза табуда. Бұған осы елдегі АҚШ
əскерлерін құтқаруды тиімді ұйымдастыру, қазіргі заманғы
медицинаның ілгерілеп кетуінің арқасында ғана қол жеткі-

зілген. Бұл – американдықтарды қанағаттандыратын жетістік-
тердің бірі. Əйтпегенде АҚШ əскерилерінің шығындары əлде-
қайда көп болуы мүмкін еді. Ирактықтардың шығындары
одан да ауыр. Мұнда күн сайын ондаған адамдар қаза тау-

ып жатыр. Ең сұмдығы сол – көбіне Парсы шығанағындағы
соғысқа еш қатысы жоқ бейбіт тұрғындар, балалар мен
əйелдер, қарттар көз жұмуда. Ирак білім беру министрлігінің
өкілі Басиль аль-Хабибтың мəлімдеуінше, үш жарым жылға

созылған қанды ұрыстар нəтижесінде кем дегенде 154 универ-
ситет профессорлары көз жұмса керек. Ал американдық жəне

Ирак гуманитарлық ұйымдарының қорытындылары одан да
қорқынышты. 2003 жылдың наурыз айынан бері 655 мың бей-
біт адам ажал құшқан.
Иə, мың күнгі мəңгіліктен, бір күнгі жарық жалғанды артық

санайтын адам баласы үшін еш кінəсіз, мезгілінен бұрын көз
жұму қандай ауыр трагедия! Əлемге демократияның озық
үлгісі ретінде танылғысы келетін озбыр АҚШ адамдардың өмір
сүру құқығын аяққа таптап отырғанын да еш мойындағысы

келмейді. Қазан айының ортасында сөз сөйлеген Джордж Буш:
«Көптеген кінəсіз адамдардың қаза болғанын мен білемін.
Жəне бұл мені мазалайды əрі қайғыландырады. Бірақ, 600 мың,
болмаса əлгілер қанша деп ойлаушы еді өзі? Бұған сенуге бол-

майды», – деп американдық тоңмойындықтың үлгісін көрсетіп,
халықаралық қауымдастықтың қарсы пікірін елемейтінін,
ешқандай құрбандықтардан қашпайтынын аңғартты. Тіпті,
ол үшін адам өмірі жарты күреш тиынға татымайтыны анық

білінді. Əрине, бұл жағдайда 1945 жылғы Нюрнберг процесі
қайталанбайтыны, Ирактағы соғысқа тікелей кінəлілер сотта-
лушылар орындығына отырмайтыны бесенеден белгілі. Өтірік
пен жалғандық, озбырлық жайлаған əлемде əділеттіліктің көзі

таңулы, көмейіне тығын тығылған. Ол – су қараңғы соқыр,
үні шықпайтын мылқау! Əйтпесе, бейбіт адамдар арасындағы
шығындар жөнінен Таяу Шығыстағы осы соғыс адамзат тари-
хындағы ең қанды соғыс болып отырғаны бесенеден белгілі.

АҚШ жеңіске жеттік деп өзін алдарқатуда. Таяу жылдарда
Ирак жері үш бөлікке бөлініп кетпекші: күрділер мекендеген
солтүстік аймақ, шииттер өмір сүретін шығыс, оңтүстік-шығыс
аймақтар. Сунниттердің қолындағы орталық. Жəне елде азамат

соғысының басталып кету қауіпі орасан. Көптеген ойшылдар
мен дүниенің шын бағасын бере білетін гуманистер бұл соғыс
АҚШ-тың жаңа тарихтағы ең үлкен жеңілісі деп бағалауда
қалыптасқан күрделі жағдайды. АҚШ Конгресіне сайлау

қарсаңында Ирактың Жоғарғы соты Бағдатта Саддам Хусейнді
дарға асуға үкім шығарды. Құрама Штаттардың билігіндегі-
лер бұны «кездейсоқтық» деп бағалағанымен, АҚШ-тың
ең жақын одақтастары – еуропалықтардың өзі бұған сеніп

отырған жоқ. Бұл – Саддам Хуссейнге тағылған көптеген
айыптардың бірі – 1980 жылдарың басында шииттердің ауы-

лы Эд-Дуджейльде өлтірілген 148 тұрғындар жөніндегі үкім.
Эд-Дуджейль трагедиясы кезінде бүкіл əлемді қатыгездігімен
тітірендірген-ді. Оқиға қалай болып еді?
1982 жылы Саддам Хусейн жəне оған ергендер мінген ма-

шиналар шииттер мекендейтін Эд-Дуджейль елді мекенінде
бораған оқ астында қалды. Бұл осыған дейін өлтірілген, осы
жерден шыққан діни көсем Мұхаммед Бакр ас-Садрдың ке-
гін алуға ұмтылушылардың əрекеті болатын. Діни көсемді

жазалауға куə болғандардың айтуынша, Саддам Хусейннің
тікелей бұйрығымен ас-Садрдың əуелі сақалы өртеліп, сонан
соң басына шеге қағып өлтірілген. Ирак өкіметінің жазалау
шаралары да шектен асты: 400-дей адам тұтқындалып, 148

адам өлтірілді. 250 адамның тағдыры əлі күнге белгісіз. Саддам
Хусейннің бұрынғы көмекшісі Авад əл-Бандер: «Олар заңды
жазаға тартылды. Өз кінəларын мойындарына алды. Ирак сол
кезде соғыс жағдайында болған Иранның тікелей нұсқауымен

əрекет еткендерін өздері мəлімдеді», – деп сүттен ақ, судан
таза болуға күш салған.
Егер Эд-Дуджейльде өлтірілгендер кезінде диверсанттар,
қазіргі тілмен айтқанда, терроршылар деп бағаланса, онда

соғыс жағдайындағы елдің басшылары мұндай қатаң шара
қолданғандары үшін айыпты бола алмайтыны рас. Соғыс
кезінде диверсанттарды сотсыз, тергеусіз өлтіруге халық-
аралық заңдар мен ережелер тыйым салмайды. Оның үстіне,

өлім жазасына ізгілікті Еуропаның өзі тыйым сала бастауы соңғы
жылдарда ғана. Саддам Хусейнге алғашқы үкім шығарылды.
Тіпті, Бағдатта жаман аты шыққан «Абу-Грайб» түрмесінде
дарға асуды жүзеге асыратын арнайы бөлме де бар. «Бұл

қондырғы кезінде Саддам Хусейннің тікелей бұйрығымен
жасалған» дейді əлемдік БАҚ-тар. Құранда, дарға асылу –
мұсылман үшін ең əбүйірсіз өлім екені, оның жұмаққа барар
жолды жабатыны айтылған. Алайда, осынау қатал үкімнің таяу

арада орындала қоятыны күмəнді. Саддам Хусейнді айыптауға
негіз болатын талай жайттар сотта əлі өз кезегін күтіп жатыр.
Бір іс қана бойынша шығарылған үкімді жылдам жүзеге асы-
ру АҚШ-ты қарабет етсе, оның Ирактағы қолшоқпарларының

бар бет-бейнесін əшкерелейді. Еуропалықтар бұл үкімге
түбегейлі қарсы. Өйткені бұл үкімнің орындалуы Саддам Ху-

сейнді азапты өліммен өлген əулиелердің қатарына қосары
сөзсіз. Хусейн адвокаттары оның өлтірілуі «тамұқтың есігін
ашады» деп отыр. Иə, елдегі жағдайдың тамұққа айналары-
на себеп жеткілікті. Осыған дейін Саддам Хусейн сотына

төрағалық еткендердің бес-алтауы кісі қолынан қаза тапқаны
елдегі жағдайдың қаншалықты күрделі екендігін көрсетсе
керек. Ең таңданарлығы, ХХ ғасырдың екінші жартысында
қытыгездіктерімен аты шыққан басқа диктаторлардың ешбірі

өлтірілмеген де. 1954-1989 жылдары Парагвайды ауыр езгіде
ұстаған Альфредо Стресснер 2006 жылы, таяуда ғана Брази-
лияда өз ажалынан өлді. 1966-1979 жылдары Орталық Африка
Республикасында өз отандастарын аямай қырған Жан Бокассо

да осылай. 1973-1990 жылдары Чилиді қанға бөктірген Аугусто
Пиночет те əлі тірі. 1975-1979 жылдары бала-шаға, ересек де-
мей Камбоджа халқының жартысын түгелдей қырған Пол Пот
та кейінірек джунглиде өз ажалынан өлді. 1967-1979 жылда-

ры Никарагуаны уысында ұстаған Анастасио Сомосоны ғана
кейінірек сандинистер астыртын өлтіргені бар. Иə, румындар
бұрынғы коммунистік билеушілері Чаушеску мен оның əйелін
қысқа тергеуден соң атып тастағаны бар 80-ші жылдардың ор-

тасында. Ол тергеу фарс болатын. Бірақ, кезінде ашу-ызаға бой
алдырған румындар əлі күнге оңала алмай келеді. Еуропадағы
экономикалық тұрғыдан ең арттағы ел болып қалып отыр.
Сот үкімін: «Ұлт (халық) жасасын! Оның жауларына өлім

келсін! Аллах акбар!» – деп дауыстап қарсы алған Саддам
Хусейн жауларының өзін дарға аспайтынына, офицер ретінде
атып өлтірілетініне үміттенеді. Ол өлімнен қорықпайды. Күн
сайын Құдайға құлшылық етіп, қолынан Құран Кəрімді тас-

тамайды. Қолға түскен Хусейнді күзеткендердің бірі, АҚШ
армиясының капралы Джонатан Риздың мəлімдеуінше, Ху-
сейн өзінің жасырынған орнын бір-ақ адам білгенін бұларға
айтқан. Жəне сол адам Саддамды американдықтарға сатып,

жасырын орынды көрсеткен. Хусейн өзін Иса пайғамбармен
салыстырып, əлгі сатқынды Иудаға теңейтін көрінеді. Сад-
дам Хусейн үкімді өр кескінмен, өз сенімдерінен айнымаған
қалыпта қарсы алды. Оған өлім қорқынышты емес, қайта

маңайындағы бұрынғы сенген адамдарының көбі дерлік са-
тып кетуі жанын мазалайтын сияқты. Əсілі, ХХ ғасырдың

50-ші жылдарынан бері Ирактың билігінде болғандардың өз
ажалынан өлгендері саусақпен санарлық. Тіпті, жоққа тəн.
Сондықтан да Саддам соншалықты сабырлы, сенімді шығар.
1958 жылы Ирак королі ІІ Фейсал мен премьер-министр

Нури Саидты монархияға қарсы көтеріліске шыққандар өлті-
ріп, мəйіттерін сарай қабырғасына аяқтарынан іліп қойды.
Монархияға қарсы революцияны жеңіске жеткізіп, премьер-
министр болған, іле-шала диктаторға айналған Абдель Ке-

рим Кассем 1963 жылы биліктен тайдырылып, қысқа соттан
кейін өлім жазасына кесілді. Керим Кассемді құлатқан, пре-
зидент болып сайланған Абдель Салем Арефтың өзі де сарай
қызметшілерімен бірге 1966 жылы тікұшақ апатынан ажал

құшты. Бұл апатты кімдер ұйымдастырғаны əлі күнге жұмбақ.
Оның орнына билікке келген генерал Абдель Рахман Аред те
сарай төңкерісінен соң билігінен айырылып, жеңімпаздар оған
өмірін сыйға тартқанмен, Түркияға біржолата қуып жіберілді.

Тек Саддам Хусейннің алдында президент болған Ахмед Ха-
сан аль Бакр ғана1982 жылы өз ажалынан өлді. Бірақ, оның өзі
өмірінің ақырғы сəтіне дейін үй тұтқынында ғұмыры өтті.
Қатал «дəстүр» Ирак елінде тағы да жалғаспақшы. Бірақ,

Саддам Хусейн көзі тірісінде-ақ Джордж Буштың болашағына
қауіп төндіруде. 7 қараша күнгі сайлауда Джордж Буштың
жақтастары мен партияластары – республикашылар 12 жылдан
бері оңбай сүрініп, жеңіліс тапты. Өкілдер палатасы мен Се-

натта басым дауысқа ие болған демократтар таяу уақытта им-
пичмент өткізіп, Джордж Бушты биліктен тайдыруы ықтимал.
Кім білсін, кісіге жасаған қиянат құр кетпейді, қайтып айналып
адамның өзін табады дейді ғой. Саддам Хусейн əлден-ақ жау-

ларынан кек ала бастаған шығар?..
2006 ж.

САДДАМ ХУСЕЙННІҢ СОҢҒЫ ЖЫРЫ

Мұсылман əлемінің қасиетті күндері – Құрбан айт əрі
христиандардың Жаңа жылдық думаны қарсаңында қасіретке
толы қатыгез жаза жүзеге асырылған. Бұл – ХХІ ғасырдағы

ең ауыр, сондай-ақ еш қисынсыз жаза болып тарихта қалуы
ықтимал. Ақыр соңында Саддам Хусейннің татар дəмі үзіліп,
жаулары оны дарға асты. Саясатшылар əлемдік жаһандану, де-
мократия, өркениет туралы күндіз-түні жақ жаппай əңгіме ет-

кен қазіргі кезде осындай жазаның жүзеге асырылуы əлемді дір
еткізген. Бəзбіреулер шаттықтан жүрегі жарылардай күй кеш-
се, енді біреулер шарасыздықтан іштей амалсыз тынған. Тіпті,
Саддам Хусейн дарға асылған соң Азербайжанда сегіз жасар

бала да өзін-өзі дарға асыпты. Бейшара бала Ирак басшысының
соңғы күндерін БАҚ-тардан ылғи бақылаумен болса керек.
Қалай десек те, əлемде бұл оқиғаға бей-жай қараған, бейта-
рап қалған адамдар жоқтың қасы. Өмірі ауыр трагедиямен

аяқталған Саддам Хусейнді өзіне қастандық жасаған 148
адамды өлім жазасына кескені үшін айыптап, сол үшін дарға
асқаны мəлім. Ал 2003 жылы қыркүйекте басталған соғыстан
бері бұл елде 700 мыңға жуық бейбіт адамдар мен балалар, жас

пен кəрі, əйелдер жазықсыз ажал құшып, миллиондаған баспа-
насыз қалғандар мен көрші елдерге босып кеткендердің траге-
диясына кім жауапты?
Иə, Саддам Хусейн жауыз, қанқұмар шығар, бірақ ол өзінен

гөрі жауыздардың, шектен асқан зорлықтың құрбаны болғаны
да шындық. «Жеңімпаздарды айыптамайды» деген сөз бар,
дегенмен тарих бүгінмен түгесіліп қала қоймас. Бүгінгі ауыр
үкім ертеңгі даңқтың басы болуы да мүмкін. Осыны іштей сез-

ген АҚШ президенті Дж.Буш Иракқа қарсы соғыс бастаудың
қателік болғанын мойындағансыды, бірақ одан бейкүнə құрбан-
дарға келіп кетер түк жоқ. Тарихы сандаған ғасырға, тіпті со-
нау Александр Македонский заманынан бастау алатын, адам

жанын арбайтын «Мың бір түн» ертегілеріне өрнек болған
Ирак жері қанға бөгуде, күн сайын ондаған бейбіт адам ажал
құшып жатыр. Елде азамат соғысының өрті лапылдауда.
Соңғы жылдар АҚШ тарихындағы қара əріптермен жазыл-

ған кезең. Дж. Буштың Таяу Шығыстағы ұрдажық, өктем сая-
сатын айыптап отырған американдық демократтардың қазіргі
əрекеттері де АҚШ-ты əлем алдында сүттен ақ, судан таза ету-
дің əшейін амалы. Əйтпесе Орталық барлау басқармасы (ЦРУ)

кезінде мұның бəрін сарапқа салып, електен өткізбеуі мүмкін
емес.

Қалай етсе де Саддам Хусейн өмірінің соңғы сəтіне дейін
аузынан Алла, қолынан қасиетті Құран Кəрім түскен жоқ. Оның
өлім алдындағы сабырлылығы, ерлігі мен өрлігін жендеттері
де жоққа шығара алмады. Оның осы жайсаң қалпы, жаулары-

на бас имеуі мұсылмандық батырлықтың, Отанның азаттығы
үшін өзін құрбандыққа шалудың қаһармандық үлгісі ретінде
бағаланар күн алда. Ол əлден-ақ дін үшін азап шеккен, сол жол-
да құрбан болған əулиелердің қатарына еніп отыр. Өмірінің

соңғы сəтінде өзіне лағынет айтып, Мұхаммед Пайғамбар
(с.ғ.с.) мен оның ұрпақтарына өлім тілеген жендеттеріне қарата
айтқан: «Қолдарыңнан келген бар ерліктерің осы ғана ма?» де-
ген сабыр мен байсалдылыққа толы сөзі бүгінде-ақ аңызға ай-

налуда. О, шарасыз құрбандықтары өздерін аяған жазалаушы
жендеттер қандай бейшара еді?!
Саддам Хусейнге осыншалық күш, қайрат берген оның
жүрегіндегі нəзік сезімдер ме екен?.. Ол ақын еді. Оның

қаламынан туған сүйіспеншілік жайлы екі романы Ирак, тіпті
араб əдебиетінің озық үлгісі ретінде бағаланған. Əсіресе, «За-
биба мен король» атты романы көркемдік деңгейі жоғары ту-
ынды ретінде кең пікір туғызды. Ирактың бұрынғы президенті

«Абу-Грейб» түрмесіндегі өткізген соңғы күніне дейін өлең
жазды. Тұтас цикл! Оның ең соңғы өлең-аманаты «Азат ет»
деп аталған. Жаныңды жалғандықтан, Отаныңды жауыздық
пен құлдықтан азат ет. Жауларыңа бас име! Ол өз өлеңінде жат

жерліктерге жан аямай қарсылық көрсетіп жатқан отандаста-
рына алғыс, халқын сатқандарға лағынет айтады.
«Азат ет» жыры ежелгі гректердің пеан өлеңі үлгісінде – же-
ңіс əні, өмір мен өлім арпалысқан сəтте көсемнің өз жақтаста-

рын рухтандырған жеңіс əніне ұқсайды. Жат жерліктерді қорқауға
теңейді, «Баас» партиясына, түбінде оның жеңіске жетеріне се-
неді. Əсіресе, оның «Отанымызды ойран қылған опасызға, бей-
шара, Елдік пенен ерліктің көрсетейік не екенін!» деген асқақ

жыр жолдары оның сағы сынбағанын анық аңғартады.
А, ұлы Ирак!
Саған деген махаббаттан жаралдым,
Саған деген сағыныштан нəр алдым.

Енді оны жасыра алмас ешбір жан,

Даңқыңды да саған сенгендіктен асырғам.
Дəрі-дəрмек ем болмайды пендеге,
Жанға дəрі аппақ гүлге бас ұрғам.
Сен туым едің, ерлік еді күткенім,

Мен тұлпардың тұяғы едім, мықты едім.
Жан сергітер самал едің, мен болсам
Сол самалға сүйсінуден тіктелдім.
Отандасым!

Болса егер жатжұрттықтар жазалар,
Менің жаным тек сенімен тазарар.
Партиямыз жас бұтақ қой көктеген,
Қара жерге тамыр сап, көк аспанға беттеген.

Өлеңмен өлең тоғысса толқып құлақта,
Дертке дəру емес қой ол бірақта.
Енді бізде жадау жай жоқ қамығар,
Заманның да бір бұрауы табылар.

Жаулар мейлі қақпан құрсын жолыма,
Тұзақ салсын оңыма да, солыма.
Айтқандары шылғи жалған болған соң,
Жеңіледі түбінде, жеңіледі.. сорына.

Жалбарынып жаратқанға қолға алсақ
Талқандаймыз оларды тат жегендей құрышты.
Себебі ме? Себебі,
Біздің əділ қалпымыз,

Сол баяғы күйінде атақ-даңқымыз.
Сондықтан да өзімізді санамаймыз əлсіз деп,
Қуат берер сəл жасысақ ата-баба салтымыз.
Өмір деген бір орында тұрмайды,

Ойламайық өткен түн мен күн жайлы.
Бостандыққа апаратын жолдар қайда білдің бе?
Жауға құлдық ұратындар жас төгеді түбінде.
Кеудемізді қорқауларға ашсақ та,

Тізелер көп дірілдемес бұл күнде,
Қарсы тұрар қиын істер алда тұр!
Күшіңді жый, сұңқарларым, сілкін де!
Антұрғандар қайдан білсін ел кегін,

Қара тасты үгітердей шеңгелің.

Елімізді ойран қылған опасызға, бейшара.
Елдік пенен ерліктің көрсетейік не екенін.
Қара судай суып кеткен жанарың,
Қаншама жыл бітелді ғой тамағың.

Халқым үшін еркек тоқты құрбандық,
Құрбандыққа мен өзімді шаламын.
(Аударған – Болат Шарахымбай).
Бұл елдік, өрлік, ерлік жыры! Дəл осындай рухы биік, ас-

қақ жырлар алаштың ұланғайыр даласында да талай мəрте
шырқалған еді-ау. Қайсар қазақтардың сəйгүліктерінің болат
тұяқтары Шығыс пен Батысты дүбірлеткен даңқты күндерде!
Алау басында отырған далалықтардың əні түн түнегін түріп,

жұлдыздарды тербегенде. Айхой, енді қайта айналып келмес,
аңызға толы алтын кезең еді ғой.
Бір жайтқа назар аударған жөн шығар, осыған дейін Ирак-
тағы бейбіт өмірді қалыптастыруға көмектеседі делініп келген

қазақ жауынгерлерінің бұдан əрі – Саддам Хусейннің масқара
өлімінен соң бұл елде қалуының еш мағынасы жоқ. Осы елде
орын алған əділетсіздік, зорлыққа біздің отандастарымыздың
да жанама қатысы барлығы бұдан былай орынсыз. Араб, жалпы

мұсылман əлемі алдында жүзіқара болуымыз мүлдем тиімсіз.
Біз Иракты басқарып тұрғанда қолын күрділер, шииттердің
қанымен былғаған Саддам Хусейнді де қаһарман демейміз.
Əсілі, өз халқын аямай езгендердің тағдыры осылай аяқталуы

да мүмкін.
2001 ж.

АРАБ-ДЖАБУРДАҒЫ АҚЫРЗАМАН

Жазықсыз аруақтар жендеттерінен кек ала ма?
Халықаралық белгілі саясаттанушы, əйгілі журналист Мэ-
лор Стуруаның жазуынша, қаңтар айының соңғы күндерінде
американдық жетекші «Нью-Йорк таймс» жəне «Лос-Андже-

лес таймс» газетінің ішкі беттерінде Ирактағы қантөгіс пен
он күнге жуық уақытта АҚШ авиациясы Араб-Джабур қала-
шығына 100 мың фунтқа жуық бомба тастағаны жөнінде елеу-
сіз ғана хабарланған көрінеді («Известия» газеті, «Иракская

Герника», №25,13,02,2008 ж.) Бірақ, əлемдік алпауыт ақпарат
агенттіктерінің бірде-бірі бұл қасіретке көңіл қойып, назар
аудармаған-сынды.
100 мың фунт бомба! Осыдан 70 жылдан астам уақыт бұрын,

əлемге қоңыр нацизмнің қаратүнек қанаты жайылып келе жат-
қан кезде, 1937 жылдың 26 сəуірінде азамат соғысының от жа-
лыны шарпыған Испаниядағы Герникаға фашистік авиация
100 мың фунт бомба тастап, жермен-жексен еткені тарихтан

мəлім. Сол кезеңде Герниканың басына төнген қасірет əлем
жұртшылығын дүр сілкіндіріп, адамдардың шексіз ашу-ызасын
туғызған еді. Даңқты Пабло Пикассо Герника қасіретіне байла-
нысты өзінің атақты суретін салып, шебердің қылқаламынан

ХХ ғасырдың ең атақты туындысы дүниеге келді.
Ал Араб-Джабурдағы ақырзаман төрткүл жаһанда жан
адамды селт еткізбегені, əлемдік қауымдастықтың ашу-
ызасын, орынды наразылығын тудырмағаны қалай? Əлде

байғұс арабтардың, осы елді мекендегі Алла деген жазықсыз
сунниттердің қаны Герникадағы христиандардың қанындай
қызыл емес болғаны ма?! Əлде қатыгез мынау заманда бей-
күнə құрбандар, қарт адамдар мен қорғансыз балалар, əлсіз

əйелдердің өліміне адамдардың еті əбден өліп, жүректерінде
аяушылық, жанашырлық сезімге титтей де орын қалмады ма?
АҚШ-тың жоғары оқу орындарындағы студенттердің жаппай
өлтірілуін жапатармағай хабарлап жататын алпауыт ақпарат

агенттіктері Араб-Джабурдағы ақырзаман туралы жақ ашпау-
лары қалай?
Зығырданды қайнатып, шарасыздық еңсені езетін сауал
көп-ақ. Бір белгілісі, өркениеттің ең озық үлгісіне, шырқау

шыңына жетеміз деп жанталасқан адамзат уақыт өткен сай-
ын мейлінше қатыгез, айрықша қанқұмар бола түсуде. Бұл –
жалғаса беретін қорқынышты процесс! Бағдадтың солтүстігі-
не орналасқан Баллад əскери-əуе базасында жылына 140 мың

тонна өлім себетін жүктер түсірілетін көрінеді. Ирактағы соғыс
басталған 2003 жылдан бері, қарапайым есепке жүгінсек, осын-

да жарты миллион тоннадан астам бомба мен снаряд, түрлі ми-
налар мен оқ-дəрілер жеткізілген. Аса ірі осы базада 40 мың
адам қызмет көрсетеді жəне əр күн сайын 550 ұшақ түрлі тап-
сырмаларды орындауға ұшып шығады. Тапсырма болғанда,

күші басым, бақайшығына дейін қаруланған американдықтар
алдында бас имей, қарулы қарсылығын тоқтатпай келе жатқан
ирактықтарға шырқау биіктен бомба жаудыру. Ұлы держава
əуе терроризмін одан əрмен үдете түсуде. Жаңа замандағы

түрлі мүдделерін ғана ең басты құндылық санайтын құдіретті
державалар өз даңқтары жолында ешқандай құрбандық пен
өтіріктен шімірікпейтін болды. Осындайда француз гуманисі
Анатоль Франстың «Остров пингвинов» кітабындағы: «Если

богатство и цивилизация несут с собою столько же поводов к
войнам, как бедность и варварство, если безумие и злоба чело-
веческие неизлечимы, то остается сделать одно доброе дело.
Мудрец должен запастись динамитом, чтобы взорвать эту пла-

нету. Когда она разлетится на куски в пространстве, мир не-
приметно улучшится и удовлетворена будет мировая совесть,
каковая, впрочем, не существует», – деген ыза мен налаға толы
сөздерін шарасыз қалыпта тіс арасынан сыздықтап қайталауға

тура келеді.
Расымен, «əлемдік ұят» деген бар ма? Жоқ! Əлемдік дер-
жаваларды қазір кімдер ұятқа шақыруға қабілетті? Ондай-
лар да жоқ! Өтірікке негізделген игі мақсаттардың жауыздық

пен арсыздықтан несі артық? Ұзақ жылдар бойы əлемдік
қауіпсіздікке Саддам Хусейн қатер төндіретініне əлемдік
қауымдастықтың көзі жеткізілді. Хош, сондықтан соғыс бас-
талғанда жалпы адамзат айтарлықтай қарсылық таныта қойған

жоқ. Саддам Хусейн өлтірілді, бірақ «терроризм» жəне «экс-
тремизм» деген сөздер қолданыстан шыққан жоқ, қайта күн
сайын үдеп бара жатыр. Қит етсе адамзатты сонымен үркітіп-
қорқытады. Ирак атом бомбасымен қаруланып жатыр деп

соғыс бастаған АҚШ бұның жалған ақпарларға негізделгенін
жəне қателік болғанын өз президентінің аузымен мойындауға
мəжбүр болды. Бірақ, Ирак жерінде қантөгістің жүріп жатқа-
нына алдағы қыркүйекте бес жыл толады жəне жуыр маңда

аяқталар түрі жоқ. Араб-Джабур трагедиясы соның дəлелі.
АҚШ өз даңқының жолында ешқандай құрбандықтан тайы-

натын емес. Дегенмен бейбіт адамдар өлімінің өтеуі де алпау-
ыт державаға тым-тым қымбатқа түсуде. Расында адам қаны
сұраусыз су емес екен! Əлдебір құдіретті күш, тылсым дүние
жендеттердің де жазасын беретін сияқты. Таяуда американдық

беделді газеттердің бірі Ирак жеріндегі соғыстан қайтқан
сарбаздардың кейінгі тағдыры қандай болғандарына талдау
жасаған-ды. Саддам Хусейн режиміне қарсы соғыстың алғашқы
күнінен бері Иракта 4 мыңға жуық əскери қызметкерлер қаза

тапса, ал соғыстан қайтқандардың арасында 2006 жылы 6 мың
300-дей адам өзін-өзі өлтірген. Ондаған мың адам маскүнемге,
нашақорға айналған. Оған қоса, Иракта міндеттерін атқарып
жүргендердің де өзін өлтіруі жиілей түсіп, өздерін қасақана

жаралайтындардың саны үш есеге артқан. Сірə, қазақтың: «Кісі
қаны жібермейді, пəни жалғанда жасаған жауыздықтың сұрауы
бар», дейтіні шындық болғаны ғой. Əлде ирактық бейкүнə
құрбандардың аруақтары өз жендеттерінен өш алуда ма?!

Соңғы кезде соғыс кез келген түйткіл мен дағдарысты тез əрі
біржола шешудің оңтайлы құралына айналды. Əсіресе, АҚШ
тарапынан. Вашингтон өзінің ыңғайына қоғадай жапырылып,
құлдық ұрмаған мемлекеттің əрбірін қорқау қасқырдай талауға

даяр немесе əдейі сондай кейіп танытады. Ирак, Иран, КНДР,
қантөгіс соғыстың қашан аяқталатыны белгісіз Ауғанстан...
Мұндай тізімді жалғастыра беруге болатыны аян. Өзін демо-
кратия, бостандық, ізгіліктің кепілі деп санайтын АҚШ соңғы

жылдарда осылайша бір кездердегі тоңмойын, оспадар Ресей
империясының кебін кие бастаған сыңайлы.
Білікті зерттеушілер мен мамандардың айтуына қарағанда,
XVІІІ ғасырда Ресей империясы өзге елдердің жерін басып алу

мақсатында 17 рет ірі соғыс жүргізген. І Петр ағзам тұсында,
1700-1721 жылдары жүргізілген жиырма жылдық Солтүстік
соғыстың өзі неге тұрады. Бір кездері Ресей отарлаушыла-
ры, əсіресе алыс Үндістанды жаулап алып, өз билігін орна-

ту жолында арнайы экспедиция да жасақтағаны белгілі. Бұл
əскерлерді Хиуа хандығының сарбаздары талқандамағанда
істің аяғы қалай шешілері əлі күнге жұмбақ. Бірақ бүгінде
Жириновский өзінің керзі етігін Тынық мұхитының суына

жумақ болғаны отарлаушылық пиғылдың Ресейде əлі де өршіп
тұрғанынан хабар береді. Айтпақшы, Ресей ХІХ ғасырда да

сыртқы елдердегі 121 қантөгісті соғыстарға қатысып, 67 жы-
лын атыс-шабыспен өткізгені мəлім. Сондықтан да бұл им-
перия өз кезінде «Еуропаның жандармы» деген масқара атты
иеленген-ді.

Иə, өткен ғасырдың өн бойында «гуманизм», «гуманис-
тік» деген ізгілікке толы аяулы ұғым бар болатын, ал ХХІ
ғасырда ол сөздер мүлдем ұмытылған сияқты. Архаизмге ай-
налды. Оның орнын басқа ұғымдар, естіген құлаққа үрейлі

жаңа сөздер алмастырды. Өкінішті-ақ!
2008 ж.

ГЕЗУЭР ПАВАРСИНЕ Е КОСОВЕС!

Косово Қазақстанның құптауына ие бола алмады
Əдетте салтанатты жиындарда айтылатын сансыз ұрандар
тым əсерсіз əрі солғын болып келеді. Бірақ сыршыл түндерде
ірі жұлдыздар жарқырап жайнаған аспан астында ақырын ай-

тылып, адамның жүрегін өршілдік пен қаһармандық сезімге
жетелейтін өміршең ұрандар да аз емес. Алыстағы Адриа-
тика теңізінің құж-құж жартасты жағалауларына жақын
маңға, табиғаты қатал да қытымыр өңірде орналасқан Косо-

во азаматтарының көбісі мақтанышпен əрі толғанып айтар
ұран бар. Сербияның құпия полициясының қатыгез қызмет-
керлерінен жасырын түрде сан қайталаған сөз.
Албан тіліндегі «Гезуэр паварсине е Косовес!» – «Тəуелсіз

Косово мəңгі жасасын!» деген өлмес рухқа толы атой. Бейнет-
кеш те момын косоварлар үшін ең қымбатты, қасиетті сөздер!
Биылғы суық та ұзақ қыстың соңғы айының ортасында – 17
ақпанда Косово өз тəуелсіздігін жариялады. Косово президенті

Сейдиуи, Скупщина спикері Якуб Красничи, Үкімет басшы-
сы Хашим Тачи тарихи құжат – Тəуелсіздік Декларациясына
қол қойған. Осы салтанатқа Приштинаға арнайы шақыртылған
ассамблеяда ел депутаттары да 17 сағат 09 минутта тарихи

құжатқа өз қолдарын қоюды аяқтады. Ең ғажабы, Тəуелсіздік
Декларациясы осыдан 700 жыл бұрын жасалған папирусқа жа-

зылды. Мəңгіліктің, Бостандықтың символы сияқты еді бұл
папирус. Ресми Приштинаның күтпеген жерден Косовоның
тəуелсіздігін жариялауы əлемдегі мемлекеттерді екі топқа
бөліп тастағаны мəлім. Біреулері Косовоның тəуелсіздігін

толығымен қолдайды, енді біреулері – қарсылар! Қалай десек
те косоварлар өздері ғасырлар бойы аңсаған Азаттыққа қол
жеткізуге толық құқылы болатын. Косово автономиясындағы
күрделі жағдай бір жылда ғана қалыптасқан мəселе емес. Ежел-

ден қалыптасқан тарихи жағдайды сөз етпеген күннің өзінде,
бұрынғы тоталитарлық мемлекет – Югославияның құрамында
болған Сербия мен Черногория 2002 жылы қайтадан біртұтас
мемлекетке біріккен-тұғын. Балқан түбегіндегі аса қолайлы

аймаққа орналасқан бұл мемлекеттің жер көлемі 102 мың
173 шаршы километрді алып жатыр, Шығыс жəне Оңтүстік
Еуропаның көптеген елдерімен: Венгрия, Румыния, Болгария,
Македония, Албания, Босния мен Герцеговина, Хорватиямен

шектесетін, халқының саны 11 млн. адамға жуық мемлекет
Еуропа көлеміндегі ірі мемлекеттің бірі болып саналады. Ел
территориясының 86 пайызын Сербия алып жатса, қалған аз
бөлігі Черногорияға тиесілі. Басты этникалық топ – сербтер

(60 пайыз), черногорлар (5 пайыз), ал албан мұсылмандары
17 пайызды құрайды. Черногория, Албания, Македониямен
шектесіп жатқан Косово тұрғындарының ең көбі де осы албан
мұсылмандары – косоварлар екені белгілі.

Қазіргі күнге дейін Сербия Еуропадағы ең кедей елдердің
бірі болып саналады жəне тұрғындардың үштен екісі ресми
өмір сүру деңгейінен төмен күн кешіп отыр. Қысқаша айтқанда,
қара нан мен құр суды талғажау етуде. Ал Сербиядағы тұр-

мыстық жағдайы ең мүшкілдердің көбі Косовода тұратыны да
құпия емес. Үрерге иті, сығарға биті жоқ бұл бейшара жандар,
шын мəнінде, геттоларда тұратын бейбақтарды елестетеді.
Бұл косоварлардың жаппай кержалқаулығы немесе өзінің,

балаларының тағдырына бей-жай қарайтын бойкүйездігінен
емес, шын мəнісінде 1-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана
жасанды түрде орнатылған Югославия корольдігі, 2-ші Дүние-
жүзілік соғыстан соң іле-шала билікке келген қатыгез маршал

Иосип Броз Тито уақытынан бері, одан кейінгі Слободан Ми-
лошевич кезінде де ресми Белград бұл аймақтағы халықтың

мүшкіл халіне назар аударып көрген жоқ. Қаржыландырмады,
əлеуметтік жағдайды түзеуге көңіл бөлмеді. Осы өлкедегілер-
дің тапқан табысын, байлығын ішкері өңірлерге – Сербия жері-
не тасумен, халықты аяусыз тонаумен ғана айналысты. Осының

нəтижесінде Косово ең кедей, мешеу қалған аймаққа айнал-
ды. Бұл – Тəуелсіздік алғанға дейін Қазақстан да ұзақ жылдар
бойы бастан кешкен сорақы жағдайдан айнымайды емес пе?!
Азаттық жолында жүздеген, мыңдаған косоварлардың қаны

төгіліп, ондаған мың адамдар серб түрмелерінде зарықты.
Мəселен, «Косово азаттық ету армиясының» саяси кеңесшісі
Адем Мачи Тито заманында 30 жыл бойы қапасқа қамалған
жан. Мұндайлар аймақта көп-ақ. 1998-1999 жылдардағы со-

ғыс кезінде, одан кейінгі уақытта да аймақта хабар-ошарсыз
жоғалып кеткендердің фотосуреттері Косово парламентінің
қоршауында, ел арасында «зар қабырғасы» атанып кеткен жер-
де көптеп ілулі тұр. Үміт пен шарасыздық, шексіз сағыныштың,

аза мен амалсыздықтың кішкентай символдары сияқты сол су-
реттер. Байланыс құралдары мейлінше жетілген қазіргі заман-
да еш хабарсыз жоғалып кеткен дегеніміз не?! Ол – өлтірілген
деген сөз!

1998-1999 жылдары Косовода қантөгісті ұрыстар болып
өтті. Ибер өзенінің жағасындағы титімдей елдің трагедиясы
шектен асқан. Бір жағында қолға түскен қарумен, аңшы мыл-
тықтарымен қаруланған косоварлар ерлікпен айқасса, екінші

жағында күші басым, бақайшағына дейін қаруланған кəсіби
серб əскерлері тұрды. 1999 жылы серб солдаттары Круши
мешітіне үш жастан асқан ұлдардан бастап, еңкейген шалға
дейінгі барлық еркектерді, бас-аяғы 119 адамды күшпен айдап

келіп, мешітті өртеп жіберген. Қазір бұл елді мекенде сырт-
тан келгендер болмаса, 9 жастан асқан ұл балалар мүлдем
жоқ. Осындай аянышты трагедиялар мұнда көп болған. 1998
жылы 300 мың косоварлар жандарын сақтау үшін елді тастай

қашса, ал келесі жылы 850 мың адам босып кетуге мəжбүр
болып, Косово əлемдегі ең ауыр жəне қанды гуманитарлық
апаттың табалдырығында тұрды. Бұдан былай косоварлардың
халық ретінде тарих сахнасында қалу-қалмауы екіталай бола-

тын. Осы қылмыстар бір ғана ұран – қираған мешіттер мен өр-
тенген үйлердің қабырғасына серб жазалаушылары жиі жазуға

құмар, «Косоводан Токиоға дейінгі ұлы Сербия!» деген ұран
ауқымында жасалып жатты.
ХХІ ғасырдағы адамзат қауымдастығы жазықсыз, бейбіт
адамдарды қорғау жолында қолына қару алып, күші басым жа-

умен қанды айқасқа түскен қаһармандардың алдында тағзым
етуге тиіс. «Косовоны азат ету армиясының» қарапайым қа-
һармандары мен серб жазалаушыларына қарсы соғысуға өз
еріктерімен бел буған интернационалистер болмағанда ко-

соварлар аз ғана уақытта түгелдей қырылатын немесе туған
Отандарын тастап кетуге мəжбүр болатын еді. «Косовоны
азат ету армиясының» қатарында мұсылман елдерінен келген
еріктілер ғана емес, норвегтер, немістер, итальяндар, хорваттар,

нидерландтар, француздар, тағы басқа да ұлт өкілдері көптеп
болды. Ерікті жасақтар алғаш рет Кошар тауындағы Падуш
деревнясының маңында бақайшағына дейін қаруланған əрі ар-
найы дайындықтан өткен серб жазалаушы отрядымен айқасқа

түсті. 118 адам осы жерде қаза тапты. Ал ресми Белград Кошар
тауындағы ұрыста 400 серб жауынгері қаза тауып, 500 адам
жараланғанын еріксіз мойындауға мəжбүр болды. Енді Ко-
шар косоварлардың ұлттық мақтанышына, елдің ерлік рухы

қалықтаған қасиетті орынға айналғаны бекер емес. Сербия
жерінің 15 пайызына жуығын алып жатқан Косово аймағы өз
Тəуелсіздігін жариялайтын сəтті ұзақ уақыт бойы төзімділікпен
тосты. Тіпті, Париждегі Сорбонна университетінің түлегі, Ко-

совоның ел алғашқы президенті Ибрагим Ругова өмір бойғы
арманы жүзеге асқанын көре алмай, рак ауруынан қайтыс бол-
ды. Оның есімі де Тəуелсіз Косовоның тарихында алтын əріп-
термен жазыларына күмəн жоқ.

Басқа бір тұрғыдан алғанда, Косово өз Тəуелсіздігін өз-
гелер күтпеген жерден, тосыннан жариялады деу де орын-
ды. Брюссельде желтоқсан айының ортасында өткен Еуропа
елдері Сыртқы істер министрлерінің басқосуында Косовоға

Еуроодақ миссиясын аттандыру алдын ала келісілген болатын.
Бұл қарулы күштердің (1800 полицей мен сот органдарының
қызметкерлері) дəл қай мерзімде Приштинаға аттандырылаты-
ны 18 ақпан күні тағы да Брюссельде өткізу жоспарланған кез-

десуде айқындалуы керек еді. Брюселльдегілер Еуроодақтың
миссиясы Косоводағы БҰҰ-ның əкімшілігін (UNMІK) біртін-

деп ауыстыруға тиіс деп болжамдаған. Яғни, НАТО-ның осын-
дағы қарулы күштері – 16 мың əскерлер белгісіз уақытқа дейін
елде қалдырыла бермекші. EU (Еуроодақ) жəне латын тілінен
аударғанда «заң» деген мағынаны беретін LEX сөздерінен

тұратын EULEX миссиясының бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге тиіс бұл күштерінің орналасуына алғашқы 16
айда 205 млн. евро жұмсалмақшы-тұғын. Еуроодаққа кіретін
27 елдің арасында аймаққа қауіпсіздік күштерін жіберуге Кипр

ғана келіспейтіндігін білдірсе, Грекия, Румыния, Испания жəне
Словакия бұл шараның қажеттілігі жəне Косово тəуелсіздігіне
сенімсіздік білдірген. Бір сөзбен айтқанда, Еуроодақ елдерінің
көбі Косово Тəуелсіздігін жақтайтыны əу бастан-ақ белгілі,

басы ашық жайт. Ал косоварлардың Бостандықты аңсай тос-
қандары соншама, бұл жоспардың жүзеге асуын күтпестен – 17
ақпан күні өз Тəуелсіздігін жариялады. Олардың бойын керне-
ген қайталанбас қуаныш пен мақтаныш сезімдерін сезіну үшін

«Деловая неделя» газетінің тілшісі Ескендір Аманжолдың
«Новая страна на карте Европы» («Деловая неделя», №7,22
ақпан, 2008 жыл.) атты көлемді мақаласын оқу жеткілікті.
Косово аймағының тəуелсіздігін АҚШ, Еуропаның ірі дер-

жавалары – Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Бел-
гия, Түркия, тағы басқа мемлекеттер сөзсіз мойындады. Ал
Сербияның екінші мəрте қайта сайланған президенті Борис
Тадич сəл бұрынырақ: «Біз Тəуелсіздік жариялануына қарсы

дипломатиялық жəне саяси əдістердің барлығын пайдалана-
мыз», – деп қоқан-лоққы жасағанмен, Сербия да ертелі-кеш
Косовоның егеменді ел екендігін мойындайтынына, Еуропа-
ның өзге елдерімен ымыраласып кетеріне еш күмəн жоқ.

Өткен аптада Белградта, дəл емес есептерге қарағанда, жүз
елу мың – екі жүз мың адам қатысқан митинг өткізілгені мəлім.
Осыншама халықты жинау үшін Сербия билігі елдің түкпір-
түкпіріне келетіндердің жол жүру ақысын тегін етті. Бір сөзбен

айтқанда, бұл митингіні мемлекет айырықша қолдаған. Əуелі
бұл бейбіт шеру болады деп жоспарланғанмен, келе-келе толқу
күшейіп, соңы жаппай тəртіпсіздікке ұласты да, басбұзарлар
түрлі елшіліктерге, БҰҰ-ның өкілдігіне шабул жасап, АҚШ

елшілігі өртелді. Кейінірек шабуыл жасаушылардың бірінің
өртенген мəйіті осы жерден табылды. Үкімет тəртіп бұзуды

тоқтату үшін полиция күштерін қолдануға мəжбүр болып, 130
адам жараланды жəне 192 тəртіп бұзушылар тұтқындалған
соң Сербия басшылары осы оқиғаның орын алғанына өз
өкініштерін білдірді əрі ресми кешірім сұрауға мəжбүр бол-

ды. Иə, бұл Еуроодаққа кіруді түпкілікті мақсат етіп қойған
Сербияның беделін биіктете қоймайтын өкінішті жайт еді.
Өйткені өркениетті Еуропа елдері бұл жағдайды болашақта
қатты ескерері сөзсіз. Косово өз Тəуелсіздігін ауыр да азапты

жолмен жаңа алып жатқан, алып Қазақстанға стратегиялық
əріптес болуға əзірге қауқарсыз титімдей мемлекет. Бірақ
Азаттықтың, оның шексіз қуанышының үлкен-кішісі болмай-
ды. Косово Тəуелсіздігін құптамау, оны ресми түрде жария-

лау – Қазақстан билігінің сыртқы саясаттағы солқылдақтығы.
Ресми Астана БҰҰ-ның заңдылықтары сақталмаған дегенді,
осыған дейін бекітілген ережелердің бұзылғанын тілге тиек
етті. Өкінішті-ақ! 1991 жылы Қазақстан өз Тəуелсіздігін

алғаш жариялағанда ешқандай БҰҰ-ның ереже – заңдарымен
санаспай-ақ, мемлекетімізді бірден мойындаған елдер, ең əуелі
Түркияның алдында ыңғайсыз жағдайда қалғанымыз сөзсіз.
Бұл күтпеген қадамның тасасында Косовоның Тəуелсіздік

алуына түбегейлі қарсы Ресейдің ықпалы жатқанын сезіну
үшін айрықша көрегендік қажет емес. Кремльдің қас-қабағына
қарап, соның нұсқауымен қадам басатын жалтақтығымыз
тегіс жерде-ақ оңбай сүріндірді. Тіпті, осыдан бірнеше ай

бұрын Франция президенті Николя Саркозидің: «Косово
мəселесі – Еуропаның ішкі мəселесі. Оған өзге елдердегі
шешімін таппаған түрлі мəселелерді тықпалаудың еш қажеті
жоқ», – деген мəнзелдегі шешімді сөздерінің ескерілмеуі де

айқын мəселенің астарына терең үңілмегендікті танытқан.
2010 жылы ОБСЕ-ге төрағалық еткелі отырған Қазақстанның
осынау күмəнді əрекеті Еуропаның көптеген елдерінде се-
зік туғызып, əрбір іс-əрекетімізге күдік келтіретіні де аян.

Тіпті, ондай мемлекеттер алдағы уақыта Қазақстанның ая-
ғынан шалуды жиілетсе ешкімге өкпелеуге қақымыз жоқ.
Тым құрығанда, осынау шетін жағдайда мүлдем бейтарап
қалған Өзбекстаннан да үлгі ала қоймадық. Өз есебі ішіндегі

сыңаржақ Ресейдің айтқанына көніп, ықпалынан шыға ал-
мауы өкінішті-ақ. «Соқыр атқа қотыр ат үйір» деп атамыз

қазақ айтқандай, əйтеуір Мəскеудің маңынан айналсоқтап
шықпайтынымызға жүдə мəзбіз.
Бірақ, бұл тұйықтан шығатын жол бар. Тəуелсіздігін жария-
лаған Косовоға қарсы Сербия таяуда экономикалық блока-

да ұйымдастыруы əбден ықтимал. Ал Косово өзіне қажетті
астықтың 30 пайызын ғана өндіреді де, қалған 70 пайызын
сырттан сатып алуға мəжбүр. Кейбір сенімді дереккөздерінің
мəлімдеуіне қарағанда, Косово жылына 500 мың тонна қатты

бидай сатып алуға мүдделі. Бұл жағдайда жылына ондаған
миллион тонна сапалы астық өндіретін Қазақстан жас мем-
лекет Косовоға көмек қолын созса, мұсылмандық парызын
атқарған болар еді. « Аштықта жеген құйқаның дəмі ауыздан

кетпейді» демекші, Албания порттары арқылы жеткізуге бо-
латын астықтың дəмін косоварлар ешқашан ұмытпайтыны
сөзсіз.
2008 ж.

СААКАШВИЛИ КРЕМЛЬДІ АЙЫПТАЙДЫ

Өткен дүйсенбі күні кешкісін «Рустави-2» жəне «Мзе»
телеарналарынан Грузия президенті Михаил Саакашвили сөз
сөйлеп, отандастарын өңірдегі қалыптасып отырған шиеленіс-
ті жағдаймен жете таныстырып өтті. Саакашвилидің маза-

сызданатын жөні де бар. Тəуелсіз Грузияның жас, озық ойлы
президентін мазалайтын жағдайлар мен жанын ауыртатын
күрделі мəселелер бұл өңірде, елде күн өткен сайын көбейіп
барады.

Аймақтағы жағдайды шиеленістіре түсуге бағытталған
арандату легі тоқтар емес, қайта соңғы кездері өршіп, ұлғая
түскені аңғарылып отыр. Күштінің көкірегі көк аспанды ті-
рейді. Ресей билеушілері ежелден қалыптасқан тоңмойындық

жəне асқан ожарлықпен Кавказдағы жағдайды мейлінше ушық-
тырып, өздері лай судан балық ауламақ əрекеттерінен бас тар-
тар емес. Ежелден «бөліп ал да, билей бер» деген қағидаға иек
артқан Кремль билігіндегілер осы аймақтағы тəуелсіз мем-

лекеттерге түйіні қиын түйіткілдерді көптеп қалдырмақшы.

Əсіресе, халықаралық саясатта жəне ішкі жағдайда өздерінің
ұстанымдары мен бағыт-бағдарын біржола айқындап алған
азаттықсүйгіш, еркін грузин халқын аяқтан шалуды Мəскеу
кезек күттірмейтін мəселе санайтын секілді. Ресей билігіндегі

саясаткерлер қит етсе Кавказдағы Ресей мүдделерін алға тар-
тып, Грузияда іштей алауыздық тудырмақ боп əуре. Егер
отаршылдықтың негізгі классикалық үлгісі – бір ұлттың рухани,
экономикалық мүдделері екінші бір күшті ұлттың мүдделеріне

құрбан етілуі деген қағидаға мойынсұнсақ, Ресей бұл өңірде
өз мүдделерін қамтамасыз ету жолында Грузияның мүдделерін
аяқасты етуге бағыт ұстанғаны кəміл.
Бұрынғы империяны аңсаушылар, күн өткен сайын оны

қайта тірілтуге бағыт алған Кремль билігіндегілер бұрын
«халықтар достығын» тілге тиек етіп келсе, енді оны да қойып,
жаңа жағдайда содыр саясат, зілді жұдырықпен өз мүдделерін
қамтамасыз етпекші. Ресейдің БАҚ-тары да отқа май құя

түсуде. Сондай содырлық пен астамшылықтың кезекті бір
сорақы көрінісі 20 сəуір күні Грузияның аспанында Тəуелсіз
мемлекеттің ұшқышсыз басқарылатын барлаушы ұшағының
атып түсірілуі болып отыр.

«– Осыдан бірнеше сағат бұрын Абхазиямен шиеленіскен
аймақта, Ганмухури елді мекенінің аспанында Ресей Əскери
Əуе Күштері Грузия террриториясына шабуыл жасады, – деп
мəлімдеді М.Саакашвили өз сөзінде. – Гудаут əскери база-

сынан ұшып шыққан Ресейдің Миг-29 штурмовигі грузин
полициясының қарусыз əрі ұшқышсыз ұшағы, сондай-ақ
Ганмухури территориясына қарсы бірнеше дүркін зымыран
атты». Ингури өзенінің жағалауындағы бейбіт елді мекен мен

осы аймақты барлап жүрген ұшақтың атып түсірілуі БҰҰ-ның
жарғысын аяққа таптау жəне халықаралық агрессия көрінісі
екендігіне қарамастан, Ресей билігі бұл арандату əрекетін мой-
ындаудан бас тартып отыр. Іле-шала Грузия Президеті Миха-

ил Саакашвили Ресей президенті Владимир Путинмен телефон
арқылы шұғыл сөйлескен еді. Əрине, екі ел басшыларының
не сөйлескендерінің егжей-тегжейі былайғы жұртқа құпия,
дегенмен мұндай арандатуға дəл осы күндері, Ресейдің жаңа

президенті мамыр айында орынтағына отырғалы жатқан кезде
жасалуы тегіннен тегін емес.

В.Путин жаңа сайланған Ресей президенті, өзінен гөрі демо-
крат, либералдау деп саналатын Дмитрий Медведевтің Грузия-
мен таяу уақытта тіл табысуына, көптеген күрделі мəселелерді
саяси диалог жолымен шешуіне мүмкіндік қалдырғысы кел-

мейтін секілді. Немесе, таяуда Бухаресте өткен НАТО елдері
басшыларының саммитінде осы Солтүстік Атлантикалық
альянсқа мүше болып қабылдануы тағы да жарты жылға, 2008
жылдың күз-қыс айларына шегерілген Грузияны қорқытып-

үркіту, бопсалаудың айқын белгісі. Бұл алғаш болып отырған
жағдай емес. Өткен жылдың күзінде Ресей ұшағы Грузия
территориясына бомба жаудырған кезде де екі елдің арасын-
да жағдай мейлінше ушығып кеткен. Екінші дүниежүзілік

соғыстан кейінгі халықаралық құқықтардың осыншалық
кеудемсоқтықпен аяққа тапталуы əлемдік қауымдастықтың
алаңдаушылығын туғызып отыр. Таяу күндері БҰҰ-ның
Қауіпсіздік Кеңесі қалыптасқан жағдайды қарап, өз бағаларын

бермекші. Бірақ, Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі
Виталий Чуркин мырза əлден-ақ БАҚ-тардың көмегімен Гру-
зияны айыптап үлгерді. Яғни, Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің бұл
талқылауында құрғақ тəжіке, қысыр əңгімеге айналдыруға

даяр. «– Мен Владимир Путинмен ұзақ сөйлестім, – деген
Саакашвилидің толғанысқа толы сөзі отандастарына ерекше
əсер еткені кəміл. – Бұл өте ауыр əңгіме болды. Мен Грузияға
агрессиялық шабуылдар жасаудан кідіртпей əрі сөзсіз бас тар-

туды талап еттім...»
Кейінгі жылдары Балтық жағалауындағы мемлекеттер,
Украина жəне Грузиямен арадағы саяси қатынастарда даң-
ғойлыққа иек сүйеп əккіленген Кремль билігіндегілер осындай

арандатулардың көмегімен бұрынғы КСРО құрамында болған
елдердің бəрін де ықтырып, дегенінен шығармаудың барша
амалдарын жасап бағуда. Ал осындай зіл көрсетуден соң сая-
сатта əбден жалтақ, табансыз Қазақстан мен Орталық Азияның

басқа да елдері айтқандарын екі етпей, бұйдалы тайлақтай
елпеңдеп жүруіне еті əлдеқашан үйренген Ресей əскери қыз-
меткерлері одан əрі құтырына түспесіне кім кепіл?!
2008 ж.

Сергей БРИН:

РЕСЕЙ – ҚАР ЖАМЫЛҒАН НИГЕРИЯ ҒОЙ

Ал орыс олигархтары
ағылшындардың ашу-ызасын туғызуда
Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында АҚШ президенттерінің
бірі Латын Америкасындағы көптеген əскери хунта басшы-

ларының бірі жөнінде: «Ол нағыз иттің баласы, бірақ ол
өзіміздің иттің баласы» («Он сукин сын, но он наш сукин
сын») деген лебізі уақыт өте келе кең тараған қанатты сөзге
айналғаны мəлім. Ресейде де соңғы жылдары дəп осыдан ау-

майтын қоғамдық пікір негізделуде. Əсіресе, Ресейден шыққан
немесе осы елге əлдебір қатысы бар олигархтар мен «Форбс»
журналы жылма-жыл жариялайтын миллиардерлердің əйгілі
тізіміне енген мырзалар жөніндегі жарияланымдар əлгі қанатты

сөзді еріксіз еске салады.
Адамды бақытсыз етерде Жаратушы оны ақыл-естен айыра-
тыны қағида десек, соңғы жылдары бұл елдегі қоғамдық пікір
осындай түсініксіздікке бет алып бара жатқан іспетті. Жəне

бұл шетін жағдайды əлемдік қауымдастық та айқын аңғара
бастағандай. Əсіресе, мұны британдықтар айқын сезініп отыр
жəне ресейліктердің өз арасынан шыққан, көбі күмəнді жол-
дармен байыған азаматтары үшін неліктен бойларын мақтаныш

сезімдері кернейтінін түсіне алмай дал.
Сонымен мəселе неде? Ресейде қазір солтүстік көршімізге
қандай да бір қатысы бар миллиардерлермен мақтану,
осы даңғазалық арқасында орыстар барлық істе де бүкіл

планетаның алдында дегенді аңғарту əсіремодаға айналды.
Əсіресе, БАҚ-тар арқылы көпірте мақтау бел алып келеді.
Тіпті 26 мамырда Ресейде Бизнесмендер күні кең көлемде ата-
лып өтті. Бір миллионнан астам адам түрмеде отырған, тіпті

ресми деректердің өзінде екі миллионға жуық жас балалар
үйсіз-күйсіз, баспанасыз қаңғып жүрген, ал жүздеген мың адам
жылына маскүнемдіктен жəне есірткі пайдаланудан мезгілсіз
ажал құшып жатқан елдегі қарапайым адамдарға дəп осыдан

келіп кетер еш пайда жоқтығына қарамастан əлгіндей милли-
ардерлермен орынсыз мақтануға шексіз құмарлық қоғамдық,

бүкілхалықтық сипат ала бастауы таңғалдырады. Ал əлгіндей
миллиардерлер өз отандастарының ауыр жағдайына, олар-
ды күйзелеткен жайларға пысқырмайтын секілді. Əлбетте,
осылай болуы заңды да. Түптің түбінде шіріген байлар мен

миллиардерлердің көбі үшін бір ғана Отан, жалғыз ғана мəңгі-
лік құндылық бар: ол – өзінің терең қалтасы жəне жоғары
мəртебелі доллар ғана!
Таяуда ғана Ресей БАҚ-тары АҚШ-тың азаматы, Gооgle ин-

тернет компаниясын құрған 34 жасар Сергей Бриннің Ресей-
ден шыққандығын жапатармағай мақтанышпен хабарлаған еді.
Өйтетін жөндері де бар: Ресейден 5 жасында АҚШ-қа қоныс
аударған Сергей Бриннің Gооgle компаниясы қазір əлемдегі

аса бай компаниялардың бірі, оның жалпы құны 180 млрд.
долларға бағаланады.
Ресейдің классик қаламгерлері осыдан бірнеше ғасыр бұ-
рын-ақ орыстардың бойындағы ерекше мінез-құлықты, ашу-

ыза тудыртын жексұрын əдеттің астарын ашып жазғаны мəлім.
Ол – əлдебір орыс азаматы байыса, табан астынан оның сан-
сыз туған-туысқандары, жамағайындары табыла кететіні, тіпті
мүлдем бейсауат жандар да əлгінің табалдырығына маңдай

ұрып, ақырында мойнына масыл болып мініп алатындықтары.
Қазіргі заманда мұндай сүйкімсіз міндетті атқаруды Ресейдің
кейбір БАҚ-тары өз мойнына артқан сияқты. Сондай ақпарат
құралдары əлгіндей миллиардерлерді орынсыз мақтап-мара-

паттап, отаншылдық, патриоттық сезімін оятуға аянбай күш са-
латыны даусыз. Таяуда бірнеше ресейлік журналистер АҚШ-
та Сергей Бринмен жолығып, өрімдей жас миллиардердің
тамырын басып көрген-ді. «Известия» газетінің шолушысы

Елена Шишкунова Сергей Бринмен қысқа ғана əңгімелесті.
Осы тілдесудің қысқа үзігін оқырмандарымыздың назарына
ұсынуды жөн санап отырмыз.
«Сұрақ: – Сіз бір сұхбатыңызда Ресейді «қар жамылған Ни-

герия ғой» деп атаған едіңіз. Бұл шын ба? Жауап: – Дəп осын-
дай сөзді айтқаным есімде жоқ. Шынымды айтсам, сол сұхбат
кезінде мен шарапты көп ішкен едім... Мүмкін, ұмытқан шы-
ғармын (күледі)». («Известия» газеті, №92, 23.05.2008 ж.).

Бұл – Сергей Бриннің күлбілтесіз жауабы. Ол Ресейді
Нигерияға теңегенін жоққа шығарып отырған жоқ. Бірақ,

жайшылықта өздерін Африканың дамушы елдеріне теңегенді
трагедия, ұлтты қорлау ретінде қабылдайтын Ресей БАҚ-та-
ры бұл жолы шыдамдылық, сабырлылық танытқаны адам
сенгісіз жағдай, олар іштей күйзелсе де еріксіз төзуге мəжбүр

болып отыр. Өйткені бұл миллиардердің аузынан шыққан сөз
ғой, ал осыны қарапайым пенде айтып көрсінші, о-о, Ресей
журналистері мен əсірепатриоттары, шовинистер əлгіні аш
арадай талаған болар еді. Тіпті, Ресей эстрадасы үшін өлшеусіз

еңбек сіңірген əнші Верка Сердючка осыдан бір жыл бұрын
«Евровидение» эстрадалық əндер байқауында «Гуд бай, Раша»
деп əн айтқаны үшін басы пəлеге қалғаны бар. Турасын айту
керек, украиналық əнші жігіт дəп осылай айтты ма, жоқ па,

ол жағы əлі күнге белгісіз. Айтты дегеннің өзінде «Гуд бай,
Раша» дегенде тұрған ештеңе жоқ болатын, бірақ жалған
намысқой журналистер, тіпті популист қоғам қайраткерлері де
əншінің соңына шам алып түсіп, орыс эстрадасында əн айтуы-

на тыйым салу үшін жанталасуда. Ол ол ма, бір кездері белгілі
əнші Абрам Руссоның да соңынан «қарғыбаулы төбеттерше»
қуғындап, ақыры оны біржола шетелге кетуге мəжбүр етті.
Тағатын айыптары біреу ғана: бұлар Ресей көрермендерінің,

орыстардың арқасында ақша тауып байып отыр, сондықтан
қит етуге қақылары жоқ дейтін қисынсыз сөз. Ал əлгіндей
əншілердің қол жеткен табысы өз еңбегі, аянбай төккен маң-
дай терлері екенін қаперге де алғылары келмейді өресі тар

тоғышарлардың. Орыс қоғамы Ресейге адал қызмет еткен
қаншама өзге ұлтты бейбақтардың тағдырына аяусыз балта
шапты екен?! Əйтсе де орыс əйелдерінің сүйіктісіне айналған
Руссо да оңай шағылар жаңғақ емес көрінеді, ол шет елдерде

үнемі баспасөз мəслихаттарын өткізіп, Ресейге ешқашан сен-
беу керектігін, мешеу қалған елде ой-сананың да деңгейі төмен
екенін, рақметі жоқ екенін бірнеше мəрте меңзеді. Ол да рас.
Тарихтың өн бойында Ресейге еңбегі сіңген шетелдіктердің

алғыс арқалаған ешқайсысы жоқ немесе өте сирек. Тіпті, І Петр
заманында Ресейге арнайы шақыртумен келіп, мешеу қалған
елде университет, ғылым академиясын ашуға өлшеусіз еңбек
сіңірген неміс математиктері мен голландиялық ғалымдар ту-

ралы жақсы сөз айтылып көрді ме?! Жоқ, олар он тоғыз жа-
сында оқу-сызуды үйренген Михайло Ломоносовқа қолынан

келгенше кедергі жасап, аяғынан шалған «оңбағандар» ретінде
əлі күнге оқытылады. Ал сол Михайло Ломоносовқа оқуды,
жазу-сызуды үйреткен əлгі ғалымдар еді ғой.
Бұрынғы отандастары, миллиардер Сергей Бриннің əлгі

қолайсыздау сөздері неліктен ресейліктердің наразылығын,
ашу-ызасын туғызбады?! Өйткені «Юпитерге рұқсат етілген
нəрсе, өгізге рұқсат етілмейді» дейтін тоғышарлықты өмір
бақи мойындап күн кешкен, бұлжымайтын қағида деп қабыл-

дайтын орыс қоғамы бай мен күштінің алдында əрқашан
құлдық ұрып, жүгінуге арлана қоймайды, ал əлсізді түтіп
жеуге əрқашан əзір сияқты. Сондықтан да олар баяғы Мо-
розов, Шереметьев, Строганов, тағы басқа бай-манаптар,

тіпті Сібірдің сансыз көпестерімен де мақтануға көшті.
Бір ғажабы, осыдан біраз жыл бұрын Ресей БАҚ-тары Лон-
донның «Челси» футбол командасын сатып алған Роман
Абрамовичті жерден алып, жерге салса, қазір пікірдің ауа-

ны өзгеріп, Абрамовичті енді Роман Аркадьевич деп үлкен
құрмет, ілтипатпен атауға көшкені байқалады. Ресейдегі қо-
ғамдық көңіл-күйдің өзгергенін аңғарады ма, осыдан бірер
жыл бұрын Суррей графтығында 10 млн. фунт стерлингке

əсем сарай сатып алған олигарх Əлішер Усманов жақында
тағы да солтүстік Лондондағы салтанатты Бичвуд сарайын 48
млн. фунт стерлингке (96 млн. долларға жуық) сатып алған
көрінеді. «Санди таймс» газетінің жазуына қарағанда, бұл Бри-

тания астанасындағы ең қымбат сауда болғанымен, рекорд-
тың ауылы əлі алыс жатса керек. Украинаның экс-президенті
Леонид Кучманың қызы Елена Франчуктің рекордын əзірге
ешкім жаңалай алмайтын секілді. Ақпан айында Елена Фран-

чук Кенигстон сарайын сатып алуға 80 млн. фунт (160 млн.
доллар шамасында) жұмсаған екен.
Өзбекстанда туып-өскен, осыған дейін үстінен бірнеше мəр-
те қылмыстық іс қозғалған олигарх Əлішер Усманов металл са-

ласында іс-əрекет жасаумен байып, осыған дейін Чукотканың
губернаторы Абрамович сияқты Англияның бір футбол ко-
мандасын сатып алуға ұмтылысымен белгілі. Ол анау-мынау
емес, даңқты «Арсенал» командасына ауыз салған болатын,

бірақ ағылшын жанкүйерлерінің жаппай қарсылығынан кейін
əйгілі команданың 23 пайыз акцияларына ғана қанағаттануға

мəжбүр болды. Есесіне, енді ол осыған дейін Катардың əмірі
Хамаду бен Халифа аль-Таниге тиесілі болған орасан зор Бич-
вуд сарайының алтын кілтін қалтасына басып отыр. Сенімді
дерек көздеріне қарағанда, Бичвудтың негізгі бөлігінде қабыл-

дау бөлмесі, сурет салатын бөлме, екі ас үй, тынығатын сегіз
бөлме, сондай-ақ, қонақтарға арналған екі бунгало, қызмет-
шілерге арналған сегіз тұрақ орналасқан көрінеді. Сарапшы-
лар 80-жылдары Бичвудта жөндеу жұмыстарын жүргізуге аса

қомақты қаржы жұмсалғанын, бірақ қазір бұл сарай ХХІ ғасыр
талаптарына сəйкес келе бермейтін айтып отырса керек. Яғни,
сарайға тағы да жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болатын
сияқты жəне мұның өзі Бичвудты одан əрмен қымбаттатып,

оның жалпы құнын 130-150 млн. фунт стерлингке жеткізетін
сұры бар. Осы орайда Роман Абрамович те уақытында Лондон-
ның бай көшелерінің бірі – Лаундес Скверде қымбат үй сатып
алып, оны одан да қымбат бағаға жөндеуден өткізгені еске

түседі. Бір сөзбен айтсақ, орыс олигархтары алыс Англияда
өзара жарыс, бəсекелестікке түскені айқын.
Сарапшылардың пікірінше, орыс олигархтарының осынау
«бір-бірімізден озсақ» деген даңғойлығы, орынсыз мақтан-

шақтығы мен ысырапшылдықтары қарапайым ағылшындар-
дың ашу-ызасын туғыза бастауы мүмкін. Туғызып та отыр. Жер-
гілікті тұрғындар əлемдік дағдарысқа байланысты ипотекалық
несилерін төлеуге қауқары жетпей отырған шақта, келімсек

миллиардерлердің салтанатты сарайларды орасан зор ақшаға
сатып алуы жылжымайтын мүліктердің бағасының одан əр-
мен өсуіне əкеліп соғары сөзсіз. Елдегі іштей наразылық үл-
кен кикілжің туғызуы мүмкін. Сөйте тұра Ресейдің бірқатар

ақпарат құралдары орыс олигархтары мен миллиардерлерінің
шет елдерден қымбат сарайлар сатып алуын асқақтата наси-
хаттаудан бас тартар түрі жоқ. «Адасқанның алды жөн, арты
соқпақ» деген осы да.

2008 ж.

КРЕМЛЬГЕ ҚЫРЫМ,

ЛУЖКОВҚА СЕВАСТОПОЛЬ НЕГЕ ҚАЖЕТ?

Кез келген жеке адам сияқты жер бетіндегі əрбір ұлт пен
ұлыс мəңгі-бақи бақытты, даңқты əрі берекелі ғұмыр кешуден
үмітті екені даусыз. Бұл – адами қажеттілік, ақырзаманға дейін
өзгермейтін заңдылық! Сонымен бірге əрбір жеке адам сияқты,

əрбір халық үшін де азаттық, бостандық пен тəуелсіздік ең бас-
ты жəне мəңгілік құндылықтар.
Дегенмен, ешбір халық өз бақытын өзге жұртты кемсіту,
қорлау немесе оған күш көрсетіп, қоқан-лоққы жасаумен

қамтамасыз етпеу керектігі де əділдіктің тағы бір айнымас
ережесі. Өкінішке қарай, қуатты əрі құдіретті державалар
соңғы жылдары бұндай қағидаларға пысқырмайтын да бо-
лып алды. Əсіресе, бұл жағынан Ресей алдына жан салар

емес. Ресми Мəскеу күн өткен сайын содырлық сойылын бі-
лемдеп, кейбір көршілес мемлекеттердің заңды құқықтары
мен өмірлік мүдделерін аяққа таптауды, олардың ішкі ісіне
асқан дөрекілікпен араласуды құмар ойынға айналдыруда.

Түпкі мақсаты белгілі – бұрынғы империяны жаңаша қалпы-
на келтіруді мұрат тұтқан, ұлы шовинизм суына жуылған
қауіпті ойындар. Əсілі, Кремль көршілес елдердің бə-
рі бодандықтан құтылып, өз тəуелсіздіктеріне қол жеткіз-

гендеріне əлі күнге үйренісе алмай жүрген сияқты жəне
тəуелсіз елдердің бірқатарын өз ықпалынан шығармау жо-
лында қандай іс-əрекет, арандатудан бас тартар емес. 11 ма-
мыр күні Мəскеудің мэрі Юрий Лужков Қара теңіз флоты-

ның 225 жылдығын тойлау кезінде Севастополь мен Қы-
рымды Ресей иелігіне қайтару жөнінде арандатушылық
сөз сөйледі. Осыдан кейін Ресей мен Украинаның арасы
бұрынғыдан да ушығып кетті. Ол туралы кеңірек сөз қоз-

ғамақ ойымыз бар, ал əзірге соңғы күндердегі осындай аран-
датуларға назар аударғанымыз жөн.
Осыдан оншақты күн бұрын Солтүстік Осетияның пре-
зиденті Таймураз Мамсуров пен Оңтүстік Осетияның прези-

денті Эдуард Кокойты осетиндік екі республиканы бір шаңы-
рақ, бір тудың астына біріктіруге шақырды. Осыған дейін
де Владикавказда Цхинвалимен бірігу туралы ұрандар та-

лай мəрте айтылып келген еді. Бұл мəселенің қайта көтерілуі
тегіннен тегін емес.
Михаил Саакашвили осыған дейін молдовалық варианттан
түбегейлі бас тартқаны мəлім. Ал ресми Кишинев Мəскеудің

экономикалық, саяси қолдауына орай НАТО-ға мүше болудан
бойларын аулақ салуға уəде берген еді. Енді Кремль өзінің
орынды ұсыныстары қаперге алынбай, ескерусіз қалғанына
«өкпелеген» сыңай танытып, Кавказда өз өктемдігін өршіте

түсуде. Косоволықтарға Сербиядан бөлінуге мүмкіндік берілсе,
ал Оңтүстік Осетия Грузиядан неге бөлінбеске? Осылайша
бірсыпыра Ресейдің мемлекеттік қайраткерлері мен белгілі
бір топтар осы өңірдегі сепаратистердің қолтығына астыр-

тын су бүркуді ұлғайтып отыр. Мəселен, Абхазияның жайын
алайық. Бұл автономиялық республика тұрғындарының 90-95
пайызы Ресей азаматтары делінеді. Тіпті, ара-тұра олардың
бірсыпырасын Ресей орден-медальдерімен марапаттап қою да

соңғы жылдары түсініксіз салт-дəстүрге айналып отыр. Ең бас-
тысы, абхаз азаматтарын осындай марапаттау əдейі, Грузияға
қасақана жүзеге асырылатынын да Кремль жоққа шығарған
емес. Ең бастысы Ресей ақпарат құралдарының кейбірі Аб-

хазия тұрғындарының осындай бөлігі өз елдерінің азамат-
тары екендіктерін ескертуден жалықпайды. Бірақ мұның өзі
айтарлықтай күмəн, сенімсіздік туғызатын дерек екенін естен
шығармаған жөн.

Өйткені бірқатар шовинист орыс журналистері мен көрші-
лес елдерге əманда тізе батыруды құп көретін саясат «қыр-
ғилары» нақты деректерді біржақты бұрмалаудан ешқашан бас
тартуды жөн санамайды. Оларға салсақ: «Барлық тəсіл өзін

ақтайды!» Ол ол ма, жуырда ғана біздің «Түркістан» газетінің
тілшісіне сұхбат берген «Московские новости» газетінің бас
редакторы Виталий Третьяков мырзаның өзі нақты деректер
мен шындықты көпе-көрнеу бұрмалағаны есте. Ол: «Мысалы,

Украина өзінің украиндар мемлекетін құрып жатыр, ал оның
тұрғындарының жартысынан көбі – орыстар. Кейбір мемле-
кеттер ұлттық, кейде тіпті ұлтшылдық негізде мемлекеттігін
құрып, Грузиядағы секілді «орыс – жау» деген мағынада са-

ясат қалыптастырады, бұл бəріне тарайды», – деп («Түркіс-
тан» газеті, «Медведев таққа Путиннің жолдамасымен келді»,

15.05.2008 ж.) бірнеше жалған ақпаратты үстемелей тықпалап,
тұтастай «өтіріктің бəлішін» ұсынып қара терге түскені бар.
Ең əуелі жалпы Украинадағы орыстардың саны жөніндегі
жалған ақпар жайына келейік. Лондонда сандаған жылдардан

бері əлем елдері мен континенттерін кеңінен қамтитын «Боль-
шой иллюстрированный справочник» сөздігі шығарылатыны
жұртшылыққа жақсы мəлім. Халықаралық салиқалы сөздікте
əлемдегі əрбір елдің табиғаты, экономикалық əлеуеті, тари-

хы, халқының саны туралы егжей-тегжейлі деректер кеңінен
қамтылады. 2005 жылы Мəскеудегі «Махаон» баспасынан
аталмыш сөздіктің орысша нұсқасы да жарық көрген болатын.
«Большой иллюстрированный справочникте»: «1991 жылы

тəуелсіздік алған уақыттан бері қарай 73 пайызын украиндар,
ал 22 пайызын орыстар құрайтын тұрғындардың дəулетті жə-
не кедей бөлігінің арасындағы айырмашылық ұлғая түсті,» –
деп көрсетілген. Яғни, 1991 жылғы санақ бойынша Украинада-

ғы жергілікті халық – 73 пайыз, ал орыстар небары 22 пай-
ыз! Əрине, аталмыш сөздіктің орысша нұсқасын ресейліктер
дайындағандықтан Украинадағы орыстардың саны ұлғайтылып
көрсетілуі де ықтимал. Оның үстіне 1991 жылдан бері мұндағы

украиндардың саны арта түскені де күмəнсіз. Қалай дегенде де
Третьяков айтқандай «Украина тұрғындарының жартысынан
көбі – орыстар» бола алмайды. Ал бұны белгілі саясатанушы
білмей отырған жоқ, сөйте тұра шындықты əдейі бұрмалап,

жұртшылықты адастыруға кəнігіленіп алған!
Екіншіден, Грузияда «орыс – жау» деген саясат қалып-
тастырылғаны да шындыққа жанаспайды. Бостандық сүйгіш
грузиндер ең əуелі өздерінің мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздігін

басты орынға қойып, бұрынғыша қатыгез, дөкір державаның
соңынан бұйдалы тайлақтай бүлкектей беруден бас тартып
отыр. Оның амалы біреу ғана – əлемдегі қауіпсіздіктің са-
лыстырмалы түрдегі гаранты НАТО болып қана отырғаны

белгілі. Ал Грузия осы НАТО-ға мүше болып енуді алдарына
мақсат етіп қойғаны сол-ақ еді, Ресей оған қолдағы бар амал-
айламен тарпа бас салып, шексіз кикілжіңдердің торын құрып
тастады. Осы ретте өз жемтігін мейлінше əлсіретіп, сүлдесін

құрту үшін оны жұқа тормен үстін-үстін шырмай беретін өр-
мекшінің іс-əрекеті еріксіз көз алдымызға келеді. Биылғы

көктемде Абхазия əуесінде барлау мақсаттарында ұшқан Гру-
зияның бірнеше ұшқышсыз «Hermes-450» ұшақтарын атып
түсірген ресейлік əскери қызметкерлері одан əрі жүгенсіздене
түскені аңғарылады. Грузияда «раушан революциясы» жүзеге

асырылған күннен бері Ресейдің əскери қызметкерлері та-
банды, қайсар грузиндер біресе Абхазияға, біресе Оңтүстік
Осетияға соғыс ашуға дайындалуда деп байбалам салып, теріс
қоғамдық пікір қалыптастыру үшін қолдан келгеннің бəрін

жасауда. Осындай амал-айламен Ресей аймақтағы əскери
күштерін үнемі ұлғайтып келе жатыр. Мамыр айында олар
Абхазия территориясына қосымша жеті гаубица енгізді. Гау-
бицалар дегеніміз жəй ғана зеңбірек емес, аса жойқын, бір

атқанда тұтас махаллалар мен ауылдардың жартысын жоқ ете
алатын, төте шабуылға арналған қондырғылар. Қарапайым
зеңбіректерден гөрі аса алысқа ататын ауыр салмақты «өлім
машиналары». Оның үстіне, 1994 жылғы келісімге қарамастан,

Абхазиядағы «бейбітшілік күштер» дейтініңіз (Ресей əскери
қызметкерлері – Ж.Ш.) əлдеқашан үш мыңнан асып кеткені
мəлім. Сонда аймақтағы жағдайды кім ушықтырып отыр?!
Ал осының бəріне қарамастан Грузия президенті Миха-

ил Саакашвили түптің-түбінде жағдайдың бейбіт жолмен
реттелетініне жəне Кремльдегілер дұрыс шешім қабылдай-
тындықтарына сенімді. «Воронин қалай келісетінін көреміз.
Ол осыған дейін де талай рет келісім жүргізген, əзірге ештеңе

шыға қойған жоқ. Бірақ біз Мəскеумен тікелей диалог жүргізу
үшін қолдан келгенннің бəрін жасаймыз. Вашингтон, Брюссель
немесе Берлин арқылы əңгімелесуіміз керек емес, өйткені Гру-
зия ТМД елдерінің арасында ең ресейшіл ел ғой. Сондықтан

Грузияны жоғалтып алмау керек,» – дейді жас əрі жігерлі пре-
зидент («Коммерсанть» газеті, №78, 12.05.2008 ж.)
Мəскеу мэрі Юрий Лужковтың Севастопольді Ресей қол-
астына қайтарып алу туралы сөзінен кейін Украина мен Ресей

арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан да шиеленісе түсті
дедік қой. Оның айтуы бойынша, Кеңес одағының басшысы
Никита Сергеевич Хрущев Қырымды Украинаға бергеннен
соң Севастопольді осы елге беру жөнінде ешқандай құжатты

дұрыстап рəсімдемеген. «Қазіргі уақытқа дейін ешбір тарихи
құжаттар бойынша Севастополь ешуақытта Украинаға беріл-

меген, – деді Юрий Лужков өзінің арандатушылық сөзінде. –
Севастополь жөніндегі мəселе халықаралық сотқа берілуі ке-
рек».
Əрине, Лужковтың жасы ұлғайғанын, оның саяси қызметі

аяқталуға жақын екенін,тіпті бұл оның жеке бастамасы екенін
айтып Кремль енжар ақталуда. Бірақ мұндай мəлімдемелер бе-
керден бекер, табан асты жасалмайтыны белгілі. Бұған Кремль
астыртын бата беруі мүмкін. Лужковтың сөзіне қарағанда,

Қазақстандағы Байқоңыр немесе Қапшағай қаласы жөнінде де
ресми құжаттар жөндеп рəсімделмеген, сондықтан кейін Ресей
оларды өзіне қайтарып алу жолында күрес жүргізуге құқығы
бар болып шықпақшы. Бұл оның осындай алғашқы сөзі емес,

бұдан бұрын да бұл мəселені Дума депутаты Константин За-
таулин бірнеше рет көтерген. Кремльге Қырым, Лужковқа
Севастополь неге керек? Турасын айтсақ, Қырымнан гөрі
Лужковқа Севастопольдің қадірі артып тұр. Өйткені оның

мұнда экономикалық мүдделері бар сияқты. Кейбір деректер-
ге қарағанда, қамқоршылар кеңесін Лужков мырза басқарған
«Мəскеу-Қырым» даму қорының Симферопольдағы өкілетті-
лігін Украина Қауіпсіздік қызметі (СБУ) қатаң тексере баста-

ған. Қауіпсіздік қызметінің қолдағы бар мəліметтеріне қара-
ғанда, осы қор арқылы Украинада, оның ішінде Севастопольде
аса ірі көлемдегі заңсыз ақша айналымға салынуда көрінеді.
Міне, түлкінің құйрығы қай жерде бұлғаңдайды? Гəптің мəнісі

қомақты ақшада жатқан сияқты.
2017 жылға дейін Севастопольді Ресейдің Қара теңіз фло-
тына жалға берген Украина Кремльге «газдың бағасын төрт-
бес есе қымбаттатып отырсыздар, ал осы база үшін төлейтін

ақшаны да көбейтіңдер десе», өктем Мəскеу оған көнбейді.
Əңгіме Лужковта да емес. Мəселе оның осынау мəлімдеме-
сін Ресейдің Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі
комитетіндегілердің бір ауыздан қолдауында болып отыр. Яғ-

ни Ресей депутаттары мұндай арандату əрекеттерді, өзге тəуел-
сіз мемлекеттің территориялық тұтастығы мен ішкі ісіне қол
сұғуды да қолдайды деген сөз. «Мəскеу мэрінің мəлімдемесін
мен нағыз патриоттық ұстаным деп бағалаймын. Лужков шын

мəнінде Ресей тарихы үшін жаны ауырады жəне бүгінде Сева-
стополь жерінің Украинаға тиесілі сияқты екендігіне төзе ал-

майды. Севастопольдің кімге тиесілі екендігі жөніндегі мəсе-
лені қайта көтеруге барлық негіз бар», – деп мəлімдеген еді
ақпарат құралдарының өкілдеріне комитет төрағасы Алексей
Островский.

Міне, Ресей Думасының осындай «қырғилары» ТМД елде-
рінің мəселесімен шұғылданады жəне біздің Қазақстан өзін
осындай мырзалармен шынайы «мəңгілік дос» санайды.
Дегенмен, Украина Севастопольден ешқашан өз еркімен

бас тартпайтыны сөзсіз. Ресми Киев Юрий Лужков, Констан-
тин Затаулин секілді адамдарды ғана «персона нон грата» деп
жариялаған жоқ, өткен аптада Виктор Ющенко ел Үкіметіне
Ресей флотын Севастопольден шығару туралы заң жобасын

2 айда дайындауға жəне Қара теңіз флотының Украинада уа-
қытша тұруының кешенді құнын есептеп шығаруға тапсырма
берді.
2008 ж.

АППАҚ САҚАЛ ЖƏНЕ АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІ

Соғыс өртін тұтатушылар мен адамзатқа қарсы қылмыс
жасаушыларды жазалайтын халықаралық Гаага трибуна-
лы 13 жылдан бері іздестіріп жүрген босниялық сербтердің
бұрынғы басшысы Радован Караджичтің қолға түскені

жөнінде 22 шілдеге қараған түні Сербия президенті Борис Та-
дич мəлімдегені белгілі. Бұл хабар əп-сəтте бүкілəлемдік бас-
ты жаңалыққа айналып, барша беделді ақпарат құралдарында
сан-саққа жүгіртілді жəне алуан түрлі жорамалдардың негізіне

айналды.
Əуелде жұртшылықтың жаппай қызығушылығына түрткі
болған осы оқиғаның жаңғырығын Днестр өзеніндегі алапат
тасқын: Батыс Украина, Молдова, Румыния жерлеріндегі то-

пан су мен Пекин – 2008 Олимпиадасының ашылу салтанаты,
іле-шала біртұтас Грузия жерінде соғыс қимылдарының бас-
талуы кейінгі қатарға сырғытып тастағанымен Караджичтің
тұтқындалуының тарихи маңызы ерекше. Балқан түбегіндегі

қанды соғыс тарихындағы соңғы парақтың жабылуы деуге де

болады. Қалай десе де, ХХ ғасыр соңы жəне ХХІ ғасырдың
басындағы əлемдік тарихқа əсерін ескерусіз қалдыру мүмкін
емес. Сондықтан, БҰҰ-ның хатшысы Пан Ги Мун мырза Ра-
дован Караджичтің қолға түсуін: «Бұл – əскери қылмыстардың

барлық жазықсыз құрбандары үшін тарихи сəт», – деп жоғары
бағалады.
Сонау 2001 жылы жазда Югославияның экс-президенті
Слободан Милошевич тұтқындалып, көп ұзамай Гаага трибу-

налының құзырына тапсырылуы ғана əлемдік деңгейде осын-
дай қызығушылық туғызғаны мəлім. Сол оқиғаларды қысқаша
еске түсіре кетудің артықшылығы жоқ. 2000 жылы Сербияда
бейбіт революция жеңіске жеткеннен кейін билік басына кел-

ген демократияшыл күштің өкілдері бір жылдан соң Слобо-
дан Милошевичті Гаага трибуналының құзырына тапсырды.
Əскери ауыр қылмыстары үшін айыпталған ол тергеу жəне сот
процесі толық аяқталмай тұрып, 2006 жылы 11 наурызда түрме

камерасында жүрек талмасынан қайтыс болды.
Сербияның бұрынғы президентінің туған жері – Пажаре-
вац қаласындағы жерлеу рəсіміне марқұмның қазір Мəскеуде
тұратын жесірі Мира Маркович те, туған ұлы Марко Мило-

шевич те қатысқан жоқ. Өйткені туған отандары – Сербия-
да оларға қарсы қылмыстық іс қозғалған болатын. Осыдан
кейін халықаралық бейбітшілік күштерінің барлық күш-жігері
əскери қылмыскер Радован Караджичті іздестіруге жəне оны

тұтқындауға бұрынғыдан бетер жұмылдырылды. Оны тірідей
тұтқындауға соншалық маңыз берілердей Радован Караджич
кім?!
Басқа қылмыстарын былай қойғанда, ол 1995 шілдеде Бос-

ниядағы Сребреница қаласында 8 мыңнан астам жазықсыз,
бейбіт мұсылмандардың айуандықпен өлтірілуіне тікелей
кінəлі зұлымдардың бірі. Сандаған мың қарттар, бейкүнə ана-
лар мен жас балалардың қанын мойнына жүктеген қанішер.

Бір бұл ғана емес, Боснияның астанасы Сараево қаласын
үш жыл бойы қанды құрсауға алып, 12 мыңнан астам бейбіт
тұрғындардың қаза табуына, жүздеген мың адамдардың туған
отанын тастап, босып кетуіне себепкер болған құныкер. Радо-

ван Караджич жендеттерді тікелей қылмысқа итермелеп, əл-
гіндей қанішерлердің адамдар жəне Құдай алдындағы күнə-

ларын өз мойынына алатынын мəлімдеген баскесерлердің бірі
жəне бірегейі.
Бұрынғы Югославия аумағында ұзақ жылдарға созылған
соғыс өртінің тұтануына жəне аймақта гуманитарлық апаттың

бола жаздауына тікелей кінəлілер – Слободан Милошевич,
босниялық сербтердің басшысы Радован Караджич жəне хор-
ват сербтерінің лидері Горан Хаджич, генерал Ратко Младич
жəне бірқатар саясаткерлер еді. Милошевич түрмеде қайтыс

болғаннан кейін Радован Караджич осы қылмысты топтағы
ең қауіпті тұлғаға айналды жəне 1995 жылы Гаага трибуналы
əскери қылмыстары үшін айыптаған əрі тұтқындауға пəрмен
еткен оның ізіне түсу оңай болған жоқ. Халықаралық күштердің

Босниядағы əрбір қызметкеріне Караджичтің фотосуреті бері-
ліп, оны қолға түсіру мақсатында бірнеше арнайы операция-
лар мұқият ұйымдастырылды. Тіпті, оны ұстаған немесе дəл
ақпар бергені адамға 5 млн. АҚШ доллары көлемінде сыйақы

да тағайындалды.
Дегенмен, əккі қылмыскер əркез ізін жасырып, талай рет
құрылған тордан аман-есен сытылып шығып, қолға түспей
қойған-ды. Сондай-ақ Караджичке тағылған басты айыптардың

бірі – «Ұлы Сербия» ұлтшылдық жобасын жасауы жəне
оны қару күшімен жүзеге асыруға ұмтылғандығы. Онымен
салыстырғанда осы күнге дейін жасырынып жүрген Горан
Хаджич күнəсіз періште болып көрінуі де ықтимал. Əдетте

ешбір трибунал адамдарды, əсіресе аты ауызға ілігіп жүрген
саясаткерлерді ұлтшылдығы үшін айыптап, жауапқа тартпай-
ды. Шынайы ұлтшылдық та кез келген идея, идеология секілді
демократиялық қоғамда қанатын жоюға құқылы. Əңгіме əсіре

ұлтшылдық, өзге этностардың құқықтарымен санаспаудың
əкеліп соғатын салдарында. Қарапайым тілмен айтқанда, сол
ұлтшылдық қантөгіс соғысқа ұласып, бейбіт адамдар этни-
калық кемсіту, күш қолданудың жазықсыз құрбандарына ай-

налмауында.
Өткен жылы Гаага трибуналы Хорватия аумағында құ-
рылған сол кездегі Серб Краинасы республикасының бұрынғы
президенті Милан Мартичті 35 жылға соттағаны мəлім. Өзі

де бір кездері Югославияның билік тізгінін уысында ұстаған
қылмысты топтың белді мүшесі ретінде «Ұлы Сербия» жауыз-

дық жоспарын жасауға жəне оны ел аумағында жүзеге асыру-
ға мұрындық болғандардың бірі ретінде Милан Мартич сот
процесінде бұрынғы жақтастарының барша қылмыстарын жай-
ып салды. Оның айтуына қарағанда, Слободан Милошевич,

Радован Караджич, сондай-ақ генерал Ратко Младич идеялық
негізін қалаған Ұлы Сербия идеясы бойынша бұрынғы Югос-
лавия ғана емес, бүкіл Балқан түбегінде ұлттық мемлекет құ-
рылып, сербтер қоныстанған аймақтардағы басқа ұлт өкілдері

олардың артықшылығын сөзсіз мойындауға тиіс еді. Олай
етпегенде өз қоныстарынан қуылуы немесе өлтірілуі қажет.
Адамдарға діни тұрғыдан да үздіксіз қысым көрсетіле баста-
ды. Мұның өзі – Еуропаның қақ жүрегінде ортағасырлық

айуандық əрекеттердің жаппай орын алуы жəне бейбіт тұр-
ғындардың ақтабан шұбырындыға ұшырап, туған жерлерінен
еріксіз боса бастауы əлемдік қауымдастықтың алаңдаушылы-
ғын туғызбай тұра алмайтыны, өркениетті Еуропаның тəніне

түскен қара таңбаны үнсіз бақылап отыру мүмкін еместігі
сөзсіз болатын. Серб ұлтшылдарының шектен шыққан жү-
генсіздіктеріне жол беріп, қолтығына су бүріккен Кремль
билеушілері Сербия əскерлерін соңғы үлгідегі қару-жарақпен

жабдықтап, экономикалық тұрғыдан қолдау көрсетіп келді.
90-жылдардың соңында жағдайдың одан əрі шиеленісуіне
орай НАТО-ның біріккен күші гуманитарлық апаттың шегіне
жеткен өлкеде əскери операция бастауға мəжбүр болды

жəне стратегиялық нысандарды толассыз бомбаның асты-
на алған-ды. Бұл шешімді шара Кремль билеушілерінің
орынсыз наразылығын тудырып, орыс бұқаралық ақпарат
құралдары жаппай шуылдап қоя бергені көпшілікке мəлім.

Ең таңданарлығы, Ресей үкіметінің басына В.В. Путин алғаш
рет 90-жылдардың соңында келген еді жəне Ресей саясаты сол
кезде күрт өзгеріп, сыртқы саясатта қоқан-лоққы, қиянат жа-
сау жаппай үрдіске айнала бастады. Биыл да Владимир Путин

қайтадан Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған
күннен бастап Грузиямен арадағы жағдай мейлінше шиеленісіп,
соңы тағы да қарулы қақтығысқа ұласып отыр. Əрине, ол ту-
ралы сөз басқа, бірақ, өткен ғасырдың соңында əлемдегі ең

таңдаулы, аса қуатты армияның бірі деп саналатын Сербияның,
дəлірегінде бұрынғы Югославияның қарулы күштері əлсіз

қарсылық көрсетіп, көп ұзамай біржола тізе бүкті. Мұның да
басты себебі аян, əскерлердің өзі бақытсыз аймақта орын алған
жауыздықтар мен толассыз қантөгістерден төбе құйқалары
шымырлап тіксінді жəне бұдан əрі əлдекімдердің қолындағы

қуыршақ болуды қалаған жоқ. Тіпті, кей деректерге қарағанда,
1997 жылы Радован Караджичтің өзі де маңайындағыларға:
«Егер тұтқындалатын болсам, онда үндемей қалмаймын, менің
Милошевич туралы айтатыным жетерлік», – десе керек.

Сонымен арнайы қызметтің адамдары Радован Караджичті
Белградтта кездейсоқ қолға түсіргені мəлім. Қауіпсіздік
қызметкерлері əу баста аты шулы генерал Ратко Младичті
тұтқындау үшін арнайы операция ұйымдастырған-ды жəне

осы шақта Радован Караджич жөніндегі тың ақпарлар түсе
бастайды. Ал тұтқындалған кісі бұрынғыдан мүлдем бөлек
адам еді: оның бұрынғы əсем бурыл шаштары сиреп, аппақ
қудай болған. Бұрынғы көрікті жан елеусіз бейбаққа айналып,

қауғадай болып өскен аппақ сақал-мұрты да реңін қашырған
екен. Бұрынғы отты көздері енді қалың көзілдіріктің тасасы-
нан нұрсыз сығыраяды. Мамандығы психиатр – дəрігер Карад-
жич аты-жөнін Драган Дабич деп өзгертіп, қаладағы шағын

жекеменшік ауруханада елеусіз жұмыс атқарып жүрген болып
шықты. Оның кім екендігінен əріптестері де, тіпті өзі жал-
дап тұрған пəтердің иелері де мүлдем бейхабар болса керек.
Босниялық сербтердің бұрынғы қаһарлы басшысын енді Гаа-

га трибуналы соттап, болашақ тағдырына үкім айтатыны дау-
сыз. Адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары үшін өмір бойы-
на қамауға алынуы ықтимал. Қалай десек те, өмірде əділдік
салтанат құратын сəттер көп. Жазықсыз адамдарға жасаған

қиянат пен зұлымдық түптің-түбінде өз жазасын алуға тиіс.
Олай болмаса адамзат өмірі мен күнделікті тіршілігінде еш
мəн-мағына қалмас еді. Бұл – құдіретті де, əділ Жаратушының
қалай болғанда да қайта айналып соғатын заңы, ешқашан

бұлжымайтын зауалы. Өкінішке қарай, ресми Мəскеу, Кемльдің
кеудемсоқ, ожар əрі тоңмойын билігі бұған келіспейтін сыңай
танытудан ешқашан бас тартар емес. Олар өздерімен туыстас
əрі діні бір деп санайтын сербтердің экс-президенті Слободан

Милошевичті еш негізсіз қолдағандықтан халықаралық сая-
сатта оқшау қалды. Тайыз ойлы саясаттарына өкінудің орны-

на, Абай атамыз: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ»
дегеніндей, ылғи НАТО-ны айыптаумен келеді. Мұндай
тоңмойындықтың сыры неде? Байыптап қарағанда, Кремль
осы əрекеттері арқылы Балқан түбегінің кілтін өздерінің

уысында сақтап қалуға жансала ұмтылғанын аңғару қиын
емес. Оның үстіне Радован Караджичтің қолға түсуі ресми
Мəскеудің осыған дейін құпия сақтап келген көптеген іс-
əрекеттерінің шын сырын ашуы мүмкін. Сондықтан да Ресей

Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны елеусіз қалдыруға ты-
рысып: «Караджичті халықаралық трибунал құзырына беру
немесе бермеу Сербия өкіметінің ішкі ісі», – десе, іле-шала
осы министрліктің өкілі Гаага трибуналының қызметін шұғыл

тоқтату жөнінде мəселе көтеріп қана қойған жоқ, бұрынғы
Югославия жеріндегі əскери қылмыскерлер жөніндегі істердің
барлығы серб тергеу органдарына табысталуы қажеттігін та-
лап етті. Мұның да құпия сыры бар. Ресей халықаралық Гаага

трибуналына қысым жасауға қауқарсыз болғанымен, Сербияға
қысым жасау оп-оңай. Яғни, əскери қылмыскерлерді сүттен ақ,
судан таза етіп көрсетудің мүмкіндігі мол. Ол ол ма, Рессейдің
НАТО жанындағы өкілі Дмитрий Рагозин мырза: «Егер Ка-

раджичтің ісі Гаагада қаралуға тиіс болса, ондай жағдайда
Балқанды «демократияландыру» үшін бомбаның астына алып,
жүздеген бейбіт тұрғындардың өліміне жол беруге Батыстың
тарапынан шешім қабылдағандар да сот орындығында онымен

қатар отыруы керек», – деп арсыздықпен мəлімдеп үлгерді.
Əрине, мұның бəрі құрғақ риторика ғана. Ал мəселенің байы-
бына барғымыз келсе, 13 жыл бойы қауіп-қатерде жүрген Радо-
ван Караджич мүмкіндігі барда Кремльдегі қолдаушылардың

беделін пайдаланып, неліктен Ресейге келіп бас сауғаламады
дегенге жауап табу керек. Сірə, ресми Мəскеу қолын қанға
былғаған бұрынғы одақтасын өз жерінде қабылдауға құлықты
бола қоймағаны ғой. Немесе Радован Караджич Ресейде өмір

сүруге құлықсыз болды, өз өмірі үшін қауіптенді.
Бір ғажабы, Ресей кезінде өз мүдделері үшін аямай пай-
даланған одақтастары мен жақтастарын, сойылға айналған сор-
лыларды ылғи сатып кетуді əдетке айналдырып жүр. Слободан

Милошевич өз өмірін түрме камерасында аяқтады. Ауғанстан
жерінде орыс əскерлерін жақтап соғысқан Наджибулланы да

осылайша арандатқан еді. Жəне оны қолға түсірген талибтер
Наджибулланы аяғынан дарға асып өлтіргені де мəлім. Тіпті,
Ресей қолдау білдіріп келген Саддам Хусейннің де тағдыры
аянышты трагедиямен аяқталды. Мұндай мысалдарды көптеп

келтіруге болатыны сөзсіз. Соңғы жылдары саяси тұлғалар
бұдан үлкен сабақ алуда. Немесе алуға тиіс!
2008 ж.

ПУТИННІҢ ШЕШІМІ ШЫНАЙЫ МА?

Қазан айының соңғы аптасында Ресей қоғамы өзін талай-
дан мазасыздандырған аса маңызды сұрақтардың бірқатарына
ақыры нақты əрі түбегейлі жауап алғандай болды. 25 қазан
күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин

«Тікелей линия» телесеансы арқылы 2 сағат 54 минут бойы
мемлекетті мекендейтін тұрғындар мен алыс, жақын шет ел-
дердегі миллиондаған отандастарының көкейіндегі сандаған
сауалдарға жауап берді. Бұл кеште В.Путин атына 2 млн. 3

мың сұрақ келіп түскен болатын. Бір ғажабы, соңғы жылдары
экономикалық өсу байқалады, адамдар алаңсыз өмір сүре бас-
тады делінсе де, президентке қойылар сұрақтар мен айтылар
өтініштер жыл өткен сайын үстемелей өсіп келеді. Бұл өсудің

динамикасы төмендегідей:
2001 жыл: 500 мың адам телефон шалды. Əрбір секунд сай-
ын 20 адам Путинмен тіл қатысқысы келген-ді.
2002 жыл: 1 млн. 400 мың қоңырау шалынған. Əр секунд

сайын 81 адам.
2003 жыл: 1 млн. 533 мың. Секундына 250 қоңырау.
2005 жыл: 1 млн.-нан астам қоңырау.
Орынбор облысынан қоңырау соққан жүргізуші А.Кокаев-

тің «2008 жылдан соң біздің жəне еліміздің жағдайы нешік
болады?» деген сұрағына В.Путин : «Өз басыма келетін бол-
сам – тіпті, маған өз жұмысым ұнайтындығына қарамастан –
Конституция маған қатарынан үшінші рет сайлауға түсуіме

құқық бермейді», – деп кесімді жауап берді. Əрине, Конститу-
цияны бұлжытпай сақтауға алып елдің соңғы кезеңдегі ең бе-

делді басшысы мұрындық болуына ресейліктердің ризашы-
лықтары шексіз. Өйткені батыс елдеріндегі: «Бұл нашар заң,
бəрібір ол заң!» дейтін бұлжымайтын догма посткеңестік ел-
дерде айтарлықтай мəнге ие еместігі белгілі. Түрлі революция-

лар мен трагедиялы оқиғалар тоғысының нəтижесінде Украи-
нада үш-төрт президент (Кравчук, Кучма, Янукович, Ющенко,
Янукович) билік басына келсе, Грузияда Гамсахурдиа, Ше-
варднадзе, Саакашвили ел тізгініне ие болды. Азербайжанда

марқұм Ельчибейден басқа, əкелі-балалы қос Алиев тақтан ай-
рылған емес. Орта Азияның жаңа тəуелсіз елдерінің барлығы
дерлік – Қырғызстанды қоспағанда – ХХ ғасырдың соңғы он
жылдығында сайланған басшыларын қанағат тұтуда. Сонымен

2008 жылы В.Путин кезекті президент сайлауына үміткер бо-
лып қатыспайды, бірақ Аркадий Кокаевқа өзі айтқандай:
«...Мұны пайдалана отырып сіз бен біз еліміздегі өмірге
айтарлықтай ықпал ете аламыз». Яғни, жеке басы 2008 жыл-

дан кейін ұзақ жылдарға Кремль кілтін басқа адам, өзге, жаңа
топтарға тапсырып, каникулға шықса да саяси көкжиектен
кетпекші емес. Айтпақшы, «каникул» сөзі латын тілінде
«иттің күні» («канис» – ит) деген мағына береді. Қызметтен,

жұмыстан қалжыраған, рухани шаршаған адамдардың сүйікті
иттерін қыдыртар уақыты. Владимир Путин де лабрадор тұ-
қымды сүйікті итін қыдыртуға көп уақыт таппақ. Дегенмен,
оның үшінші мерзімге президент болуын қалаушылар мен

қолдайтындар, «елдің еңсесі көтеріліп, Ресейдің халықаралық
беделі нығайып келе жатқанда», яғни, аса жауапты кезең,
жолайрықта биліктен кетуге қақысы жоқ деп санайтындар
да қарақұрым. Осындай өтініш-талаптармен ашық хат жазу-

шыларда сан жоқ дейді Ресей БАҚ-тары. Ол ол ма, Путинге
бұл тұрғыдан өте күшті қоғамдық қысым да жасалып жатқан
сыңайлы. Осыдан тұп-тура 442 жыл бұрын, 1564 жылы 3 жел-
тоқсанда Иван ІV Грозный патшалықтан бас тартып, Мəскеу

Кремлін тастап шығып, Александров слободасына барып
үн-түнсіз жатып алған күндері ойға оралады. Астананы үрей
буып, жұрттың бəріне басшысыз қалу тираниядан да қауіпті
көрінген сонда. Атақты Н.М.Карамзиннің «Об истории госу-

дарства Российского» кітабында бұл туралы: «Государь нас
оставил! – вопил народ. – Мы гибнем! Кто будет нашим защит-

ником в войнах с иноплеменными! Как могут быть овцы без па-
стыря?» – деп суреттелген болатын. Жалынып-жалбарынудан,
дəргейіне құлдық ұрудан соң билікке қайта келген Иван Гроз-
ный Ресейді қанға бөктірген. Бір ғажабы, арада өткен төрт

жарым ғасырда Ресей қоғамы, орыс ой-санасы онша өзгере
қоймаған сынды. Сол қорқыныш, дəп сондағыдай жалынып-
жалбарыну. Болашақтан, белгісіздіктен шошынған жұрттың
бойын билеген шексіз үрей мен шарасыздық. Қалай болғанда

да қазір өз елінде табаны жерге тимей тұрған В.Путиннің 2012
жылы Ресей билігіне қайтып оралуға мүмкіндігі аса жоғары.
Тіпті, күрделі жағдайлар мен тосын оқиғалардың нəтижесінде
оған дейін де жеңімпаз ретінде ақбоз атпен Кремль қақпасынан

қайта кірсе бүгінгі Ресейде оған «Ай дер ажа, қой дер қожа»
табыла қоймайтын сыңайы бар. Британ аралдарынан саяси бас-
пана тапқан байғұс Борис Березовский «Ресей билігін күшпен
өзге қолға берудің қажеттігі жəне осыдан басқа жол, амалдың

жоқтығы» туралы қанша мəлімдегенімен де, бұл ұмтылыстар
ешқандай шешуші əрі түбегейлі мəнге ие бола алмайтын сияқ-
ты. Өз үйінің алдында атып өлтірілген журналист Анна Полит-
ковская кезінде Англияда басылып шыққан «Путиннің Ресейі»

атты кітабында Ресей президентін «Акакий Акакиевич Пу-
тин» деп жиі атап, билік Олимпіне оны Березовскийдің алып
келгенін ашықтан-ашық жазған екен. Əрине, бұл тың жаңалық
емес, əмбе жұртқа аян жайт қой, бірақ алып елдегі қоғамдық

сана мен ойға тың серпін əкелген марқұм Анна Политков-
ская өмірінің соңғы кезеңінде израильдік журналист Наталья
Мозговаяға берген сұхбатында: «Алғашында ол көзге шалын-
байтын елеусіз адам болатын. Бірақ келе-келе император болу-

ды қалады. Жəне оның қолынан басқа ешнəрсе келмейді», – деп
Путинге кесімді баға берген көрінеді.
Бұрынғы озық ойлы демократтың императорға, жаны жұм-
сақ адамның өзгелердің еркі мен құқығын табанға аяусыз тап-

тайтын тиранға айналуы онша қиын да емес. Əсіресе, əрбір ел
басшысы қолына скипетр ұстап, жеке дара билеушіге айналуға
құмар, тіпті, сарай маңындағылардың белгілі бір топтары
осыған мəжбүрлейтін дəстүрлі Ресейде бұл таңқаларлықтай

шетін оқиға деуге болмас. Ал қазіргі Ресейде І Петрден бас-
тау алатын ежелгі дəстүрлерге құмарлық, оны қайта тірілтуге

ұмтылушылық күн өткен сайын бой бермей өрістеп бара
жатқаны белгілі. Өзін Ресейдің құпия қызметіндегілер ертелі-
кеш өлтіруі мүмкін екендігін жақсы білген əрі тағдырдың жа-
зуынан қашып-пыспаған Анна Политковская əлгі сұхбатында:

«Бұрын Путиннің қандай да бір стратегиясы бар дегеннен
үміттенетінбіз. Ал бары мейлінше билікті өз қолында ұстау,
өкімет басында тұрғанда аямай қарпып қалу болып шықты.
Біздің дəстүріміз бойынша олигарх кім? Басты олигарх – бұл

президенттің əкімшілігі... Бəрінің мақсаты ұзағынан билік-
те болу, ұрпағын бірнеше ондаған жылдарға байлықпен қамта-
масыз ету ғана», – деп елдегі жағдайға мейлінше дəл əрі айқын
жауап берген.

Ресейде қалыптасып отырған ахуал Батыс елдеріндегі мем-
лекеттік, қоғамдық, саяси қайраткерлерді ғана емес, тіпті, осы
елдегі жағдайды қалт жібермей бақылап, бағалап отырған
сансыз сарапшыларды да тығырыққа тіреген іспетті. Өйткені

90-шы жылдарда аты ауызға іліккен орыс демократиясының
оты əлсіреп, біртіндеп өшіп бара жатқаны айқын аңғарылуда.
Əсіресе, алып державаның көрші мемлекеттермен қарым-
қатынасындағы ұрдажық өрескел ұстанымдар, қоқан-лоққы

жасау, империяшылдық, шовинизм, ксенофобия мен күш көр-
сету саясатының тоқталмауы, тіпті, күн өткен сайын өрши
түсуі жағдайдың күрделі екендігін білдіретіні аян. Батыс
елдерін Кремльдің «Ресейге төтенше қауіп төндірген елдердің

территорияларындағы қауіп ошақтарын алдын-ала соққыға
алу» туралы шешімі қатты қобалжытуда. Ресей құқық қорғау ор-
гандары Борис Березовский елдегі Конституциялық құрылыс-
қа айрықша қауіп төндіріп отыр деп, Англиядан оны қайтарып

беруді ылғи талап етіп жүргені мəлім. Англия соты бұрынғы
олигархты қайтарар түрі көрінбейді. Енді Ресей Лондонды
бомбаның астына ала ма?.. Берлин, Париж, Рим, тіпті Токио
мен Вашингтон да өздеріне мұндай қауіп төнбейтіндігіне еш

кепілдік бере алмайтын секілді қалыптасқан жағдайда. Əрине,
Ресей Батыстың алпауыт елдеріне мұндай шектен шыққан
шараны ешқашан қолдана алмайтыны сөзсіз. Бірақ, маңайда
ұсақ көршілер, күні кеше КСРО шекпенінен шыққан тəуелсіз

мемлекеттер де бар ғой. Былтырдан бері ең жақын бауыр-
лас славян елі – Украинамен жағаласқан, газ арқылы Киев-

ке толассыз қысым жасаған Ресей биыл жаз, күз маусымда-
рында ауызды Грузияға мен Молдоваға салды-ай. «Даудың
басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, үстірт қарағанда
кикілжің осы екі елден Ресейге əкелінетін арақ-шарап, ми-

неральды сулардан басталған сияқты. Бірақ əңгіменің мəнісі
мүлдем тереңде жатыр. Аталмыш мемлекеттердің тəуелсіз
саясат жүргізуінде, өздерін бұрынғы метрополиямен тең са-
нап, Кремльге құлдық ұрмауында. Сол сол-ақ екен, Ресейде

грузиндерге қарсы «аңшылық» маусымы басталып та кетті.
Жақында Израильдің Хайфа университетінде кездесуде сөз
сөйлеген Михаил Саакашвили Ресейде жүргізіліп отырған
өрескел саясатқа баға бере келіп: «Қазір Ресейде грузиндерге

қатты қысым көрсетілуде. 1727 жылы І Петрдің жесірі – им-
ператрица Екатерина сұмдық жарлық шығарды. Осы жарлық
бойынша еврейлер православие дінін қабылдауға тиіс болатын
немесе Ресей империясынан біржола аласталуы керек. Дініне

беріктердің алтындары мен ақшаларын күшпен тартып алып,
өздерін елден қуды. Қазір дəп осындай шаралар грузиндерге
қарсы жүргізілуде», – деді.
Беу, «Менің де күнім күн емес», деп ұлы Абайдың күңіренгені

секілді, В.Путиннің де күні күн емес-ау. Өйткені біреу оның
əрекеттерін императорға теңесе, енді біреу императордың жесі-
ріне апарып жығады. Əу баста, билікке бір табан жақындаған
сəтінде-ақ Шешен жасақшыларына қарсы «мочить в сортире»

деп əйгілі ұран тастаған В.Путин өз қаталдығын, Ресейдің жау-
лары деп есептейтіндерді аямайтынын, күш қолдану саясатын
қолдайтынын ешқашан жасырған емес. Бірақ соның өзінде сырт
көзге елеусіз, өзгелерге беймəлім құпиялар да шаш-етектен.

Анна Политковскаяның айтуына сенсек, «Путиннің мақсаты –
сырт көзге бəрін тамаша етіп көрсету ғана, елде терроризммен
күрес жүріп жатыр, біздің арнайы қызметтердің жұмысы жеміс-
ті – бірақ осының 99 пайызы шылғи өтірік екенін кім біледі?»

Ал шындық үшін өз өмірін оққа қиған, Ресейдің ішкі жағ-
дайын, Кремль саясатының барша астарын мейлінше жақсы
білетін əрі жетік хабардар болған журналистің айтқанына сен-
беуге еш қақымыз жоқ. Бұдан шығар қорытынды біреу – елді

қазір өтірік пен жалғандық, тыңшылық пен бірін-бірі аңду
жайлаған.

Ресейде құпия қауіпсіздік қызметіне, тыңшы болуға құмар-
тушылар соңғы кезде жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай
күрт өсіп келеді емес пе? 2005 жылы ғана құпия қызметтегі
5 адам (3-і қаза тапқан соң) Ресей Батыры атағын алып, 1200

адам жоғары дəрежелі орден-медалдармен марапатталған.
Ресей Федерациясы қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) директо-
ры Николай Патрушевтің мəлімдеуінше, Ресей қауіпсіздік
қызметі елдегі 67 балалар үйін, 20 мектеп-интернат, 90 жал-

пы білім беру мектептері, 4 СПТУ, 6 кадет корпустары, 1
шекара лицейі, 23 лицей жəне кадет сыныптарын қанатының
астына алған жəне шекара қорғау органдары 3 мыңнан астам
жастарды біріктіретін 50 əскери-патриоттық клубтармен қоян-

қолтық жұмыс істеуде. Елдегі ең таңдаулы ондаған жоғары
оқу орындары құпия қызметтерге маман кадрлар дайындауда
(«Известия» газеті, 25.04.2006ж.). Мамандар мен зерттеушілер
қазір Ресейдегі милиционерлердің саны бұрынғы КСРО-дағы

елдердің жалпы құқық қорғау орындарындағы адамдардың са-
нынан асып түсетінін айтып жүр. Сонда Путин тұсында алып
Ресей шынымен біртіндеп полицейлік мемлекетке айналғаны
ма? Егер олай болса, елде неліктен жылына 60 мың адам мас-

күнемдіктен өледі, тапсырыс бойынша кісі өлтіру неге асқынып
барады, нашақорлардың саны үздіксіз өсуі қалай?
Путинді жақтайтындар да, оған қарсылар да бір мəселеде
ортақ пікірге келері күмəнсіз. В.В. Путин өзі туралы, Ресейдің

дамуы туралы əдемі аңыздар туғызуға шебер.
Бірінші аңыз: Ресейдің экономикалық жағдайы жақсара
түсуде. Рас, өткен жазда Ресей Батыс елдеріне КСРО кезінен
қалған жəне 90-шы жылдардағы өз қарызын қайтарды. Əрине,

толығымен емес, өйткені М. Касьянов дер уағында жүргізілген
келіссөздер арқылы Ресейдің Париж жəне Лондон клубтары
алдындағы қарыздарын айтарлықтай қысқартуға қол жеткізген
болатын. Дегенмен, елдегі өнеркəсіп өндірісінің өсу қарқыны

соңғы жылдары айтарлықтай төмендеді. Биылғы жылы неба-
ры 4,2 пайыз болып қана отыр. Ресейдегі авиация өндірісінің
жағдайы мүлдем адам төзгісіз, тіпті біржола күйреді деуге
болады. Мұны Ресейде шығарылған азаматтық жəне əскери

ұшақтардың жиі апатқа ұшырауынан аңғаруға болады. Тіпті,
жағдайдың аса ауыр екенін Үкімет отырысында үкімет басшы-

сы Михаил Фрадковтың өзі еріксіз мойындады. Сауда флоты
да күйреудің қарсаңында. Ресей өзіне қажетті сауда кемелері
мен құрал-жабдықтарының 4-ақ пайызын өндіреді.
Екінші аңыз: Ресей жанталса қарулануды доғарып, халық-

аралық саясатта бейбіт келіссөздерді қолдайды. Қазір Ресейде
1 млн.131 мың əскери қызметкерлер бар. Егер бұған генерал-
полковник Сергей Шойгу басқаратын жартылай əскерилен-
дірілген төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, сонымен

бірге Қорғаныс министрлігінің құрамынан шығарылған ішкі
əскерлерді қоссақ, Ресейде мылтық асынған адамдардың түк те
азаймағанын аңғарамыз. Басқа да сыртқа елеусіз, бірақ соғыс
жағдайына əрқашан дайын құрылымдар шаш-етектен. 2000

жылдан 2006 жыл аралығында армияны қаржыландыру үш жа-
рым есе ұлғайтылды. Тіпті, биылғы жылы Ресей қару сатудан 7
млрд. доллар пайда тауып, əлемде бірінші орынға шығып отыр.
Екінші орында – Франция, үшінші орында – АҚШ.

Үшінші аңыз: Ресейдегі билік жүйесі өз міндеттерін тиімді
атқаруда. Экономикасы айтарлықтай дамыған елдерде, билік
апараттары тиімді жұмыс істегенде 2 млн. адам ешқашан жеке
бастарының проблемалары мен қиындықтарын айтып пре-

зидентке телефон соқпайды, одан ғана көмек сұрамайды. Бір
ғажабы, Путиннің мойындауынша, Президент Карелия гу-
бернаторына бірнеше рет телефон соққан. Губернатор біресе
демалыста екен, біресе ұшақта ұшып бара жатқан жəне пре-

зидент онымен сөйлесе алмаған. Дөрекілеп айтқанда, тіпті са-
наулы губернаторлармен үздіксіз байланысы жоқ Кремльдің
қолы мүлдем қысқа болғаны ғой. Мұндай жағдайда ұлттық,
мемлекеттік қауіпсіздік туралы айту да орынсыз шығар.

Путин Ресейінде аңыз көп. Орыс демократиясы, Ресей бас-
пасөзінің еркіндігі, адам құқығы, өзге елдердің территориясы-
на көз алартпау туралы аңыздар. Орыс футболының əлемдік
деңгейде екені жөніндегі əфсана. Тағысын тағылар.

Ең басты аңыз: В.В.Путин 2008 жылы президенттік сайлау-
ға қатыспайды?..
2008 ж.

ЕКІ БАСТЫ САМҰРЫҚТЫҢ СИПАТЫ

НЕМЕСЕ ҚОС ӨКІМЕТ АБДЫРАТҚАН ҚОҒАМ

Соңғы жылда əлемдік қауымдастық пен түрлі зерттеуші-
лерді, сарапшыларды «Ресейдің шынайы президенті кім? Ел
тізгіні кімнің қолында?» деген сауал жиі тосылдырып отыр. Ра-
сымен Ресейдің жоғарғы билігі Премьер-министр В.Путиннің

қолында ма, əлде ел президенті Д.Медведевтің де уысында ел
тағдырына ықпал ете алатын айтарлықтай маңызды тетіктер,
күш бар ма?
Бұған бірер ауыз сөзбен жауап беру мүмкін емес, сондықтан

адамзат тарихына үстірт болса да көз жүгіртуге тура келеді.
Ежелгі Рим империясындағы жекелеген цезарьлар мен Сенат
арасындағы билікке таласты ескермеген күнде де, əнебір жыл-
дары «КПСС тарихы» пəнін əжептəуір оқыған кісілер жақсы

хабардар болуға тиіс – белгілі бір мемлекетте уақыт толғағымен
революциялық ахуал пісіп-жетілген соң жоғарыдағылар бұ-
рынғыша басқара алмайды, ал төмендегілер бұрынғыша тізгін-
ге бой ұсынбайды. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде елдегі

жағдай əбден ушығып, мейлінше шиеленіседі де, билікке та-
лас өрістейді əрі осындай елде қос өкімет қалыптасатыны мə-
лім. Əйгілі Оливер Кромвель кезінде Англиядағы ағылшын
парламенті мен король арасында билікке талас басталып, істің

ақыры алаңға жиналған халық алдында корольдің басын алу-
мен аяқталса, Ұлы Француз революциясы жылдарында да мұн-
дай алауыздық корольдің басын жаңғырықта шабумен бітті.
Мұндай қанды оқиғаларды көне тарихтың қойнауынан іздеп

əуреге түсудің де қажеті аз, іргелес көршіміз Ресейдің жалпы
тарихы осындай қанды оқиғалардан түзілгеніне бұлтартпас
айғақтар жетерлік. Сонау ХVІ ғасырда қаһарлы Иван Гроз-
ный биліктен өз еркімен бас тартып, Мəскеу түбіндегі қамал-

монастырьға кеткен соң көп ұзамай-ақ боярлар оның дəргейіне
қайта бас ұрып, жалынып-жалбарынғаны белгілі. Билікке қай-
та келген Иван Грозныйдың жақтастары бұрынғыдан əрмен
құтырынып, ат ерінің басына сыпырғыш пен иттің басын ілген

опричниктер билікке ұмтылған талай боярдың басын сот-
сыз, тергеусіз шауып, Ресейді темір сыпырғышпен тазалаған.
«Жаулардың басын итше шауып, сыпырғышпен тазалаймыз»

деген сөз содан қалғаны белгілі. Одан кейінгі бұлғақ заманда,
І Петр мен ата-баба ғұрпын сақтауға күш салған боярлар, стре-
лецтер арасындағы қанды тартыс жылдарында дəп осындай
немесе осыған ұқсас жағдайлар жиі қайталанып тұрды.

Ол ол ма, 1917 жылдың мамыр-маусым айында Ресейде
Уақытша өкімет пен əсіре солшыл партиялардың билікке та-
ласып, күштердің арасалмағы тең жағдайында бұрынғы импе-
рияда Қос өкімет қалыптасқан болатын. Міне, қазіргі Ресейде

де жоғарыда келтірілген мысалдарға ұқсас, ал екінші тұрғыдан
алсақ айырмасы жер мен көктей ерекше жағдаят қалыптасты.
Ресей Федерациясының президенті болып Дмитрий Медве-
дев сайланғанына бір жыл толып отыр, соған қарамай алып

державаның тізгіні əлі күнге Владимир Путиннің уысында
сияқты əсер қалдырады. Алып көршіміздің Елтаңбасында Ба-
тыс пен Шығысқа түйіле, көзінен зəр шаша қараған екі басты
самұрық бейнеленгені белгілі, тіпті, жаңа жағдайда мұның өзі

жаңаша мəнге, мазмұнға ие болғандай əсер қалдырады. Бұл
елдегі ішкі саяси ахуалдан, ондағы қалыптасқан жағдайдан
бейхабар адамдар В.Путинді əлі күнге президент дейтін болса,
оған таңданудың өзі орынсыз. Өйткені РФ Премьер-министрі

Владимир Путиннің қолына бұдан бұрынғы бірде-бір үкімет
басшысының үш ұйықтаса түсіне, қиялына енбеген билік бері-
ліп отыр. Тіпті, таяуда ғана шетелдік зерттеушілер əлемдегі
ең табысы мол президенттер мен премьер-министрлерді анық-

тады. АҚШ-тың президенті, Ресейдің президенті, Германия
канцлерімен қатар, бір таңданарлығы, алдыңғы бестікке
В.Путин де ілігіпті. Осының өзі-ақ көптеген құпия жайттар-
дан сыр суыртпақтайтын іспетті. Премьер-министр В.Путин

төрағалық ететін «Единая Россия» партиясының кезекті
Х съезі болып өткенде жəне Ресей ақпарат құралдарының
барлығы дерлік аталмыш партияның съезіне үлкен мəн беріп,
«Путин обнародовал экономический план развития России»

деп жалаулатқан ақпарат таратқан-ды.
Расында, партия функционерлері мен өкілдерінің алдын-
да В.Путин жасаған қатардағы баяндамаға неліктен осын-
шама назар аударылып, мəн берілді?! Əрине, «Единая Рос-

сия» – билік партиясы екені ешқандай құпия емес, деген-
мен ол да заңды тіркеуден өткен КПРФ, ЛДПР, «Справед-

ливая Россия», «Патриоты России», «Яблоко» сияқты жеті
партияның біреуі ғана. Яғни, гəп партияда емес, В.Путиннің
жеке тұлғасында секілді. Оның үстіне, Ресей қоғамы бұған
дейінгі президент қалыптастырып, түзген «2020 жылға дейінгі

экономикалық даму концепциясында» көрсетілген страте-
гия бойынша тірлік кешіп, саяси, əлеуметтік реформаларды
жүзеге асырып келе жатқанын ұмытпаған лəзім. Сонымен,
В.Путин аталмыш съезде ел экономикасындағы дағдарысқа

қарсы күрестің таяу жылдардағы нақты жолдары жөнінде өз
ойларын ортаға салды. Бір сөзбен айтқанда, ең əуелі қорғаныс
саласының ірі кəсіпорындары (ВПК) банкрот болуының ал-
дын алу мақсатында жəне оларды қаржыландыруды ұлғайту

үшін 50 млрд. рубль бөлмекші. Еңбекақы қоры 2010 жылға
қарай 1,5 есе көбейтілмек, шағын бизнесті дамытуға 30 млрд.
рубль бөлінеді жəне оған қосымша мемлекеттік бюджеттен
тағы да 10,5 млрд. рубль көлемінде көмек берілмекші. Əдетте

мұндай ауқымды мəселелер, стратегиялық бағыттарды белгі-
леу ел президентінің құзырындағы жайт, ал осы жолы мұның
бəрін В.Путин өз мойнына алды.
Ол ол ма, 4 желтоқсан күні Ресей Премьер-министрі «Пер-

вый канал» телекомпаниясының ұйымдастыруымен бүкіл ай-
мақтардағы партия бөлімшелерінің қабылдау бөлмесіне кел-
ген қарапайым адамдардың сауалдарына егжей-тегжейлі жа-
уап беруге қол жеткізді жəне Ресей БАҚ-тары, əсіресе түрлі

сарапшылар бұл оқиғаны мейлінше жоғары бағалады. Мұнда-
ғы «Қарапайым адамдар» дегеніміз кімдер? Əрине, «Единая
Россия» партиясының белсенділері арнайы дайындаған, сынақ-
тан өткізген кісілер екені бесенеден белгілі. В.В.Путин 2000

жылы алғаш рет президент болып тағайындалғанда əйгілі
Мадлен Олбрайт ханымның: «Мистер Путин деген кім?» деп
аңғалдықпен сұраған тарихи сөзі талай саққа жүгіртілген-ді.
Қазір де Ресей үшін «Путин мырза деген кім?» деген сол сұрақ

қайта туындап отырған сияқты. Расында, ол кім? Жəй ғана
премьер-министр ме? Ендеше оған осыншама шексіз билік
берілуі қалай? Ұлттың ұлы көсемі ме?! Онда Д.Медведевтің
қазіргі Ресейдегі орны, рөлі қандай? Əйтеуір, бұрын болмаған

аса түсініксіз жағдай қалыптасып отыр қазір. Ең таңданарлы-
ғы, Ресей осы уақытқа дейін ел экономикасы терең дағдарысқа

ұрынғанын, тығырыққа тірелгенін мойындамай отырған ірі
державалардың бірі болып қалуда. Осыдан біраз уақыт бұрын
вице-премьер В.Христенко мырза Кремльде Ресей президенті
Д.Медведевпен кездесуінде еш қысылмастан ел экономикасы

қазір 7,5 пайыз өсім көрсетіп отырғанын мəлімдеген болатын.
Өзге елдердің бəрі өз экономикасында рецессия қалыптасқанын,
яғни экономикалық өсім жоқтығын мойындап отырғанда жеке-
леген елде бұлай болуы мүмкін бе? Бүкіл əлемде экономикалық

дағдарыс күннен күнге өршіп, тіптен АҚШ-тың «Дженерал мо-
торс», «Форд», «Крайслер» секілді трансұлттық концерндері
мемлекеттен жүздеген миллиард доллар талап етіп, алақан
жайған қазіргі қиын жағдайда, табиғи шикізаттардың, əсіресе,

шикі мұнайдың бағасы күн сайын құлдырап, бір баррелі 50
доллардан төмен бағамда қалтылдап тұрған уақытта экономи-
касы табиғи шикізатқа ғана негізделген ел зардап шекпеді деу
шындыққа қиыса қоймас. Əдетте, «Өгіз су ішсе, бұзау мұз жа-

лайтыны» мəлім, ал Кремль неліктен көбік сөз, жалған уəжді
көбейтіп отыр?
Тіпті, В.Путин «Единая Россия» партиясының съезінде
отандық кəсіпорындарға шұғыл несие беру керектігін, екінші-

ден, Ресейдегі тауарлардың жартысы, тіпті, одан да көп бөлі-
гі импорт болуына орай отандық өндірушілерді қолдауға
шақыруы тегін емес қой. Осыған дейін белгіленгендей емес,
шағын бизнес қысқа уақытта он есе жылдам қарқынмен

дамуға тиіс деп те талап қойды. Елдегі əлеуметтік жағдай
да соншалықты қанағаттанарлық емес. Көптеген сарапшы-
лар мен білікті зерттеушілер əлден-ақ дефолт жөнінде пікір
қозғай бастады. Күздің басында Кремльде капиталдың елден

тысқары əкетілмеуі жөнінде талай рет келелі əңгіме болып,
жағдай қалыптағыдай деп биік мінберлерден мəлімденген,
қаржының елде қалуы үшін барша жағдай жасалып, тиімді
тетіктер қарастырылатынына ант-су ішілген, алайда қысқа

уақыттың ішінде ғана жүздеген млрд. доллар шетелдерге
əкетілгені мəлім болып отыр. Дəл емес деректерге қарағанда,
қараша айының ортасында елден қысқа уақытта 20 млрд.
доллар шетке шығарылса, ал күз басында бірнеше күнде 50

млрд. доллар əкетілуін зерттеушілер түсіндіре алмай дал.
Рубль дефицитке айналды, девальвацияны күткен жұрттың

алаңдаушылығы арта түсуде. Тіпті, Ресейдің Тұрақтылық
қорындағы (Стабфонд) жинақталған орасан зор қаржының
күрт кемігені соншалық, жағдай осы қалпында қала берсе,
онда алдағы екі-ақ жылға жететініне алаңдаушылық таныты-

луда. Рубль бағамы күн өткен сайын құлдырап келеді, адамдар
өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағыдай доллар жинақтауға
көшкен. Бір сөзбен айтсақ, Ресейдегі жағдайды соншалықты
жақсы деуге келмейді. Басқа басқа, тіптен атышулы «Газпром

нефть» компаниясының өзі үшінші тоқсанда қызметкерлері-
нің санын 1276 адамға қысқартса, Ресейдегі аса ірі «Илим»
тобы төртінші тоқсанда целлюлоза өндіруді 25-30 пайызға
азайтуды жоспарлап отыр. Мұның өзі бұл компанияда да

айтарлықтай қысқартулар жүргізілгенін білдіреді немесе таяу
күндерде жүргізілетініне ишарат.
Ел экономикасындағы қауіп дабылы ең əуелі адамдар-
дан білім, біліктілік талап етілетін, осыған дейін Ресей мақ-

танышына айналған ұшақ жасау саласы мен жалпы авиация-
да қағылды. Ресей авиаконструкторлары қазіргі заман талап-
тарына сай, əлемдік сұранысқа ие жаңа ұшақтарды дүниеге
келтіре алмай пұшайман күн кешуде. Ал қараша айының

соңғы күндерінде Ресейдегі ең ірі S7 авиакомпаниясы 600
адамды, оның ішінде аса білікті ұшқыштар да бар, жұмыстан
қысқартуға мəжбүр болған. Əңгіме жұмыстан қысқартылған
адамдардың жалпы санында да емес. Кеңестік кезеңнен бері

əлі күнге тоқтаусыз шығарылып келе жатқан 28 «Ту-134»,
«Ту-154» жəне «Ил-86» жолаушылар ұшақтарынан бас тартып
отырған S7 авиакомпаниясы Ресейдің авиаөнеркəсібіне, елдің
халықаралық беделіне орасан зор нұқсан əкелгенін баса айту

керек. Олар осы əрекетімен «Ресей ұшақтары сапалы, заман
талабына сай» деген қасаң аңызды біржола жоққа шығарды.
Авиакомпанияның басқа амалы қалмаған еді. Рухани көнерген
ұшақтарды пайдаланғандықтан S7 авиакомпаниясы 2 млрд.

рубль көлемінде зиян шекті. Ұшақтардың заман талабына сай
еместігі соншалық, 2-2,5 мың шақырым қашықтыққа шетел
ұшақтары 6 мың литр шамасында жанар май пайдаланса, Ресей
ұшақтары 11 мың литр жанар май жағады, яғни, аса қымбат

жанар майды екі есе көп пайдаланады. Тура осындай үлгідегі
шетелдік ұшақтардың экипажы 3-4 адамнан тұратын болса,

пайдаланудан шығарылған əлгі ұшақтарды 6-7 адам басқара-
ды. Салондағы жолаушылар орны да анағұрлым аз, шуы ба-
сым, қызмет түрлерінің сапасы əлдеқайда төмен жəне, ең ба-
стысы, қолайсыз екенін ресейліктердің өзі де еріксіз мойындау-

ға мəжбүр болды түптің-түбінде. Енді аталмыш авиакомпания
тек шетелдік ұшақтарды сатып алуға, пайдалануға бел буып
отыр. Осы орайда əнебір жылы елімізде «Эйр-Астана» авиа-
компаниясы алғаш құрылған күндер ойға оралады. Авиакомпа-

нияның негізін қалаған азаматтар алғашқы күннен бастап-ақ
Ресейдің мақтаулы ұшақтарынан біржола бас тартып, Еуропа
жəне АҚШ авиакомпанияларының көмегіне сүйенуге жəне
алыс шетелдік ұшақтарды сатып алуға бел буған болатын. Та-

лай қарсылықтар туындады, БАҚ-тардың беттерінде, əсіресе
орыстілді ақпарат құралдарында сандаған жөнді-жөнсіз сын-
дар айтылды, қысқасы, бұл шешімді қадамды құптай қойғандар
қоғамда тым аз, саусақпен санарлық болғанын мойындауы-

мыз керек. Міне, «Эйр-Астана» авиакомпаниясының саяса-
ты дұрыс болғанын, ондағы озық ойлы азаматтардың алдағы
күндерді болжай білгендерін өмірдің өзі нақты дəлелдеп отыр.
Ендеше «Өзің білме, білгеннің тілін алма» дегеннің тым ауыр

сөз екенін де ұмытпауымыз керек шығар.
Əлбетте, Ресей билігіндегілер өздерінен басқа мемлекеттің
бəрі осы дағдарыс жылдарында əбден əлсіреуін жатпай-тұрмай
тілейтініне еш күмəн жоқ. Тіпті, олар бұл ниеттерін онша

жасырып-жауып та жүрген жоқ. Осы мақсаттарын орындау
жолында таяу көршілеріне терең ор қазудан тайсалар емес.
Украинаға газды қымбатқа, 400 доллардан асатын бағаға са-
тамыз деп, алдын-ала миллиардтаған доллар төлеңдер деп, сəт

сайын қоқан-лоққы жасап, Ресей БАҚ-тарының бетінде рес-
ми Киевті ішін кептіре жамандап, Украина басшыларының
жағымсыз бейнелерін қалыптастыру үшін жанталасуда. Ең
жиреніштісі сол, Кремль көрші елдердің тəуелсіздігіне түрлі

сылтаулармен қол сұғуға толық қақылы екенін аңдатып келеді,
ол ол ма, тоңмойындық, жауыр болған ресейлік ұлы импе-
рияшылдықпен айқын қол сұға бастаған да сияқты. Осы орай-
да əсірепатриот журналист Михаил Леонтьевтің «Аргументы

и факты» газетіне берген сұхбатында: «Он, этот капитализм,
сейчас впал в клиническую смерть и проживает в хосписе. А

это не то место, откуда выходят здоровыми, – даже после со-
вещания «двадцатки». В хосписе люди, по возможности в ком-
фортных условиях завершают свое существование» («АиФ»,
№48, 2008 г.) деп сəуегейлік жасаған еді. Бір сөзбен айтсақ,

əлгі көріпкел М.Леонтьевтің ойынша капитализмнің жарық
күні біржола сөніп, қара шаңырағы күл-талқан болғалы тұр.
Əрине, мұндай болжамды əлгі М.Леонтьевтен гөрі əлдеқайда
ақылды талай адамдар жасап келгелі бері де сандаған жылдар

өтті. Сонау 1848 жылы жазылған «Коммунистік партияның
Манифесті» жариялағаннан бергі өткен 160 жылда кемеңгер
Карл Маркс пен Фридрих Энгельс, В.Ленин мен И.Сталин,
КПСС-тің барлық Бас хатшылары, республика, облыс, аудан-

дық партия жетекшілері, ең ақыры түрлі цехтардың партия
ұйымының кішкентай көсемдеріне дейін осылай деп кесіп-
пішіп айтқан-ды, бірақ сол сөздер мен дəлелдердің бəрі тарих
қойнауындағы қоқыс болып қалды, ал капитализм əлі күнге дін

аман, үздіксіз гүлденуде. Айтпақшы, осындай бір топ орыстың
əсірепатриоттары, ұлы империяшылдар, жаңылыспасақ, ара-
ларында М.Леонтьев мырза да бар, жуырда Астанада қа-
дірлі қонақ болып, қазақ жəне қазақстандық журналистер-

ге оқу-тəжірибе жұмысын жүргізіп, біздің «кемақылдарға»
келілеп ми құйып, мастер-кластар өткізді-ау деймін. Жəне бір
таңданарлығы, өмір бақи өздерін Азияға қосқанға аза бойла-
ры қаза болатын орыстың əсірепатриоттары, əсіресе В.Путин-

нің өзі соңғы жылдары «Еуразиялық одақ» деген жалған идея-
ның туын желбіретуге тым құмар болып жүр жəне Еуразия-
ны Еуропамен, ең əуелі АҚШ, НАТО-мен бетпе-бет қойып,
текетірестіруге қолдан келер амалдың бəрін жасап бағуда.

В.Путин Пекин олимпиадасы күндерінде Грузияға қарсы
соғыс бастап, тəуелсіз елдің егемендігі мен территориялық
тұтастығына қол сұққандарын алғашқылардың бірі болып
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа айтқаны мəлім жəне

Қазақстан өздерін қолдайтынына іштей үміттенді, тіпті, шү-
бəсіз сенді де. Дегенмен, Қазақстан бұл тұрғыдан салиқалы
саясат ұстанып, агрессорға қолдау білдірмегені тəуелсіз мем-
лекетіміздің сыртқы саясатындағы үлкен жеңіс деп білу орын-

ды. Жəне бір таңданарлығы, осы қысқа соғыс күндерінде Ре-
сей Премьер-министрі В.Путиннің Оңтүстік Осетияға шұғыл

барып, 10 млрд. рубль көлемінде көмек беруге уəде еткені. Ол
ол ма, 11 тамыз күні Владимир Путин мен Дмитрий Медве-
дев Бас штабтың Оперативті басқарма орталығына бірге келіп,
Бас штаб қолбасшыларының баяндамаларын бірге тыңдауы да

бұрын-соңды Ресей тарихында болмаған жағдай. Бас қолбас-
шы ретінде РФ Қарулы күштері президент Дм. Медведев-
ке тікелей бағынатыны аян, ал үкімет басшысы бұл іске неге
араласқаны əлі күнге жұмбақ. Бірақ, 12 тамыз күнгі «Извес-

тия» газетінің 2-бетінде жарияланған «Генштаб России ули-
чил американцев» деген мақаланың ортасындағы Бас штабта-
ғы кездесуде түсірілген фотосурет қазіргі Ресейде кімнің кім
екенін анық аңғартатын секілді.

Президент Д.Медведев үстел басында мойнын ішіне тар-
тыңқырай бүгжиіңкіреп, əлдекімге сенбегендей көзқараспен
қарап отырса, костюмінің түймелерін ағытып, риза көңілмен
орынтаққа шалқайып, өркөкіректеніп отырған Премьер-ми-

нистр В.Путин екі қолының бас бармағын ышқырына салып, ба-
сын орынтақтың арқалығына қойып, қарсысындағы көрінбей-
тін бейнеге менсінбей, маңғаз көз тастайды. Сонау 1930-1940
жылдары Италияның фашистік үкіметінің басшысы, кейін дар-

ға асылған Муссолинидің кейпі айна-қатесіз көз алдыға келе-
тін іспетті. Өйткені ол да осылайша саусақтарын ышқырына
немесе белдікке қыстырып суретке түскенді ұнататын. «Дарға
асылған» демекші, Кавказдағы соғыс күндерінде Еуропа аты-

нан ара ағайындыққа Францияның жас президенті Николя Сар-
кози Мəскеуге, Тбилисиге келгені мəлім. Осы сапар барысын-
да Владимир Путиннің Грузия президенті Саакашвили туралы
айта келіп: «Оны жұмыртқасынан дарға асып қою керек» де-

ген мəнзелде анайы пікір айтқанын француз делегациясының
өкілдері бүкіл əлемге ашық айтуға мəжбүр болғаны белгілі
Бұл – халықаралық қауымдастықты еріксіз тіксінтіп қана
қойған жоқ, бүгінгі Ресейдің беделін ең төменгі деңгейге дейін

түсірді. АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде үміткер Ру-
дольф Джулианидің бас кеңесшісі міндетін атқарған Nerіtage
қорының вице-президенті Ким Холмстың: «Ресей өкіметі үнемі
АҚШ-пен текетіресті құп көретін сияқты əсер қалдырады.

Бұл – Владимир Путинді ел ішінде бұрынғыдан да беделді
ете түспекші, ал Ресей осы қадамымен əлемдік ауқымда белді

ойыншыға айналған сияқтанады, ең ақыры, еуропалықтар олар-
дан үрейленеді деп үміттенеді. Егер Ресей басшылары осындай
текетіресті шынымен қаласа, оған біз дайынбыз. Қалай дегенде
де үнемі АҚШ-тың күні бітті, бұдан былай Ресей мен Қытайдың

уақыты туды деп жақ жаппай жүруге, сөйте тұра G 8-дік
(«Үлкен сегіздік» – Ж.Ш.) мүшесі болуға ұмтылу орынсыз-ақ.
Бұл əлі қырғи-қабақ соғыс емес, əйткенмен əріптестік деп те
айта алмаймыз», – дегені бекер емес.

Кремль қазіргі Ресейде бəрі ғажайып дегенді көрсету үшін
қолдан келгеннің бəрін жасап, идеологиялық, ақпараттық
белсенділігін бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізсе де,
Ресеймен əріптестігін үзіп, салқын сыпайылықпен сөйлесуді

құп көретін елдердің қатары күн санап көбейіп келеді. Ал
В.Путин «капитализмнің көрін қазушының» ауыр міндетін
өз еркімен мойнына алғандай түрлі амал-тəсілдер, қитұрқы
саясат, қорқытып-үркіту арқылы тəуелсіз жаңа елдерді, ТМД

елдерін бір тудың астына жинауға жанталасуда. Соңғы айлар-
да айлакер В.Путин Ресейді əлемдік қаржы орталығына айнал-
дырып, рубльді аймақтық қосалқы валюта етуді жиі-жиі ұсына
бастады. Осылай ету үшін ол Мəскеудің уысындағы барлық

экономикалық, саяси, əлеуметтік, əскери тетіктерді түгелдей
пайдаланудан бас тартпақ емес. Бұған дейін Белоруссияға 1,7
млрд. рубль көлемінде несие берген Кремль алдағы уақытта
қосымша 2 млрд. рубль бөлуді өз мойнына алды. Тек, бұл қар-

жыны А.Лукашенко Ресейден алынған газға ғана жұмсауға
тиіс, бір сөзбен айтсақ, ресми Минск доллардан да, өздерінің
төл «зайчиктерінен» бас тартып, айналымға рубльді ендіруге
міндетті. Барар жер, басар тауы қалмаған Белорусь бұл талапқа

еріксіз көнуге мəжбүр болғандай күн кешуде.
Біздің елімізде де соңғы жылдары əлдебір астыртын күш-
тер Ресей, Қазақстан, Белорусь одағы туралы, ортақ валюта
туралы БАҚ-тардың бетінде қасақана əңгіме тудырып, қоғам-

дық пікірдің ауанын байқауға жиі əрекет жасап қояды. Жəне
бұл əрекеттер тұрақты түрде қайталанып жүргені еріксіз бай-
қалуда.
Қазақстан таяуда дамудың, қоғамдық қарым-қатынастар-

дың еуропалық жолын түбегейлі əрі біржола таңдайтынын, ең
бастысы, «Еуропаға жол» ұстанымы мемлекетіміздің тұтастығы

мен тəуелсіздігіміздің кепілі екендігін айқын мəлімдегені
белгілі. Бірақ, іле-шала Кремль Қазақстанға қоқан-лоққы жа-
сағандай əсер қалдырды. «Мəңгілік дос» ел, стратегиялық
əріптесіміз Ресей, Қазақстанды есірткіге тосқауыл қоя алмай

отыр деп кінə тағуға ұмтылған. Анау-мынау емес, Федералдық
қызмет директоры Виктор Иванов мырза 27 қараша күні жур-
налистердің алдында Ресейге Ауғанстаннан келіп жатқан
есірткінің 95 пайызы қазақ шекарасынан өтетінін тістеніп тұ-

рып мəлімдеді жəне мұнысы ашықтан-ашық қоқан-лоққы жа-
сау секілді əсер қалдырғанын ұмытпау лəзім. Өйткені Ресей
Орталық Азия мемлекеттерінің арасында құрлық арқылы тек
Қазақстанмен ғана шектесетіні белгілі жəне бұл шекара ең

ұзын шекара. Ендеше, Қазақстанның қандай айыбы бар? Бірақ,
АҚШ-тың Ауғанстанға қарсы соғыс бастауына осы есірткінің
жəне «халықаралық терроризмге қарсы күрес» дегеннің желеу
болғанын ойға алғанда көңілдегі алаңдаушылық одан əрмен

ұлғая түсетін сияқты. Тіпті, Ресейдің өзі Шешенстандағы
екі соғысты бастауға есірткі тасымалын сылтау еткені де
белгілі. Ол ол ма, Ресейдің Оңтүстік Осетия мен Абхазияның
тəуелсіздігін заңсыз мойындап, Грузияға қарсы соғысты бастау-

ын «Бейбітшілікке мəжбүрлеу» деп екіжүзділікпен атағаны
да ойға оралады. Ал, бейбітшілікке соғыс арқылы мəжбүрлеу
дегеніміз санаға сыймайтын қисынсыздық. Енді Кремльдің
Қазақстанға қарсы «Есірткі өткізбеуге мəжбүрлеу» атты ерек-

ше операцияны жүзеге асырмайтынына еш кепілдік жоқ.
Ресейдің Елтаңбасында Батыс пен Шығысқа зілдене қара-
ған сұсты самұрықтың бейнесі салынған. Ежелден əлемде
көп басты айуандар мен жыртқыш құстар зұлымдық, топас

қара күш, екіжүзділік, қатыгездіктің символы ретінде қабыл-
данатыны белгілі. Екі басты жылан, үш басты немесе тоғыз
басты айдаһар, көп басты Медуза, жер асты патшалығы –
Аидты күзететін церберлер, екі басты құзғын грифондар –

əлем халықтарының мифтеріндегі қорқынышты бейнелердің
бір парасы ғана. Солтүстіктегі алып көрші елді де дəп қазір
екі əмірші билеп отырғаны аян. Бірақ, одан ешқандай астар,
меңзеу, тұспал іздегіміз келмейді.

Р.S. Таяуда Ресейдің Орталық Банкінің басшысы Сер-
гей Игнатьев 2009 жылғы қыркүйек-қазан айында Ресейдің

алтын-валюта қоры 97,6 млрд.долларға, ал 1 қарашаға дейін
жалпы 484,6 млрд. долларға кемігенін мойындауға мəжбүр
болды. Қараша айының өзінде ғана елде 95 мың жұмыс орны
қысқартылған. Металлургия, құрылыс, машина жасау, химия

салалары тоқырауға ұшырап, темір жолда 7 мың вагонның
жетіспейтіндігі белгілі болып отыр.
2009 ж.

ДАВОСТАҒЫ «ДУЭЛЬ» НЕМЕСЕ 60 ЖЫЛҒА

СОЗЫЛҒАН СОҒЫСТЫҢ АСТАРЫ

Өткен аптаның соңына қарай, Швейцарияның курортты Да-
вос қаласында кезекті Дүниежүзілік экономикалық форумға
үмітпен құлақ түргендер алданған жоқ. Жылма-жыл өтетін
дəстүрлі форумға əлемдік жетекші елдердің саяси басшылары

ғана емес, трансұлттық компаниялардың, əлемдегі қалталылар
қауымының ең бір сорпа бетіне шығатындары жиналып, қа-
лыптасқан экономикалық ахуалға сай əрекет жасаудың жол-
дарын талқылайтыны, жаңа жобалар жасайтыны баршаға

мəлім.
Көбіне мұнда қарапайым адамдардың үрейін ұшырып,
өмірден баз кештіретін бірінен-бірі қорқынышты, кісі сенгісіз
болжамдар жасалатыны жиі байқалғанмен бұл форумның

халықаралық беделі аса жоғары. Биыл аталмыш форумға көп-
теген мемлекеттер, əсіресе, əлемдік журналистер қауымы зор
үміт артты. Өйткені ұзаққа созылған əрі аса ауыр əлемдік
қаржы, экономикалық дағдарыстың одан əрі өршуіне тос-

қауыл қоятын тетіктер табылып қала ма деген үміт баяғы.
Өткен жылдың қоңыр күзінде əлемдік жетекші жиырма ел бас-
шыларының бірнеше күнге созылған бас қосуы айтарлықтай
нəтиже алып келген жоқ. Əлемде экономикалық дағдарыс-

тың орын алып отырғанын мойындаған қауқарсыздықпен
ғана аяқталған соң, Давос форумының беделі бұрынғыдан да
биіктей түскен.
Міне, Давос форумында күтпеген жерден басталған пікір-

таласты бұқаралық ақпарат құралдары дуылдатып ала жөне-

ліп, əп-сəтте əлемдік БАҚ-тың басты тақырыбына айналды.
Əңгіме арқауы таяуда ғана əлем назарын өзіне аударып, мыңнан
астам адамның мерт болуымен аяқталған Газа секторындағы
соғыс еді. Аңғал адамдар үшін Газа секторы деген əлдеқандай

абстрактілі жер, елеусіз аймақ болып сезілуі мүмкін, ал шын
мəнінде бұл сандаған жылдар бойы басынан соғыс бұлты айы-
рылмаған, қасіретті Палестина!
Форумда Израиль президенті 25 минут баяндама жасады.

Баяндамадан кейін Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоған
салған жерден əңгімені жұртты елең еткізіп бастап: «Осы бір
баяндамаға жиналған қауымның қол соққанын өте күйінетін
факті деп санаймын, ол соғыста көп адам қаза тапты,» – деп са-

лады. Міне, осы тұста ширыққан Шимон Перес дауыс көтеріп,
«егер Түркияға оқ атылып жатса, сіз не істер едіңіз?» деген
мəнзелде сұрақ қойып, Реджеп Ердоғанның өзін айыптағандай
сыңай танытқан. Жаратылысынан сабырлы да салмақты Ердо-

ған: «Президент Перес, сіз менен үлкенсіз жəне даусыңыз да зор.
Мен сіздің өзіңізді кінəлідей көретініңізді сеземін, сондықтан
да даусыңызды көтеріп сөйлеп тұрсыз. Сіздер адам өлтіріп жа-
тырсыздар! Мен жағажайда балалардың өліп жатқанын кадр-

лар арқылы көрдім. Менің сөзім осымен бітті», – деп шорт
кесіп, қайта қайрылмастан Отанына аттанып кетті жəне Түркия
əуежайында оны ондаған мың адамдар Түркия жəне Палести-
на жалауымен қошаметтеп күтіп алды. Келесі күні Шимон Пе-

рес телефон шалып: «Мен өткен оқиға үшін қатты өкінемін,
тіпті достар арасында да кейде кикілжіңдер болып тұрады ғой.
Мен əрқашанда Түркия мен елдің премьер-министрі – сізге
үлкен құрметпен қараймын...», – деген көрінеді. Осылайша езі-

ліп-жаншылған Палестина еңсесін көтерді!
Осыдан 60 жылдан астам уақыт бұрын, 1947 жылы 29 қа-
рашада, БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Палестинаны екі мемле-
кетке – еврей жəне араб елдеріне бөлу туралы №181 қаулы

қабылдады жəне британдықтардың мандаты аяқталуына бір
күн қалғанда, 1948 жылдың 14 мамырында Израильдің бірінші
премьер-министрі Давид Бен-Гурион күтпеген жерден еврей
мемлекетінің құрылғаны туралы декларацияны жариялады.

Бұл – осыған дейнгі жоспарланған жобаларға қайшы бола-
тын. Оның үстіне, араб елдерінің көбісі Палестина жерінде

қос мемлекеттің құрылуына түбегейлі қарсы еді. Израильдің
жалпы территориясы бəрімізге етене таныс Балқаш көлінің су
айдынынан сəл ғана үлкен аумақ. Израиль зорлықпен басып
алған Шығыс Иерусалим, Голан қыраттары, сонымен бірге

қазіргі Палестина автономиясы шаңырақ көтеріп отырған Газа
секторын есептемегенде небары 20 мың 400 шаршы шақы-
рым, ал Балқаштың мөлдір айдыны 17 мың 400 шаршы шақы-
рымды алып шалқып жатыр. Осы оймақтай өңірге 7-8 млн.

халық тығыз қоныстанған, əрбір адам өз Отанының жерін
қасиетті санайды жəне түрлі көлемдегі қарулы операциялар-
ды есептемегенде соңғы 60 жылда 7 ірі соғыс болды. Яғни,
ежелгі Палестина жерінің əрбір шаршы метрі адам қанымен

суарылған жəне ең өкініштісі, бұл аймақта қантөгістердің
қашан аяқталатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Тіпті,
халықаралық державалар Палестина жерін екіге бөлген кез-
дері-ақ арам ниеттерін ішке бүккені сөзсіз. Өйткені екі мем-

лекетке де жерді теңдей бөлгенімен, қазір Палестина автоно-
миясы барлық жердің төрттен бірінен де аз аймаққа иелік ету-
де. Жəне бір сорақылығы, Жерорта теңізі жағалауына таяу аса
құнарлы, климаты жайлы өңірлер, өзге де адам өміріне қолай-

лы аймақтарды Израиль еншілеген де, құнарсыз Финикия, күн
аямай күйдірген таулы-тасты қыраттар мен Өлі теңізге таяу қу
медиен жерлер Палестинаға тиесілі болып белгіленген. Біздің
жыл санауымызға дейінгі ІІІ мың жылдықтардағы көне Мы-

сыр жазбаларында Палестина жерін семиттер мекендейтіні,
адамдардың мал өсіру жəне жер өңдеумен шұғылданатыны
айтылған. Арагідік мұнда мысырлық əскерлер жорық жасап,
тонап кетіп тұрған. ІІ мың жылдықта Иордан өзенінің жа-

ғалауындағы адамдар жаппай мал өсірумен шұғылдана бастай-
ды. Осы мыңжылдықтың басында жəне адамдардың жылқы-
ны үйретуіне байланысты біздің дəуірімізге дейінгі XVІІІ ға-
сырда мұнда гиксостардың – түрлі тайпалардың одағы пайда

болып, өз кезегінде енді олар Египет пен Сирияға жеңімпаз
жорықтар жасап, талан-тараждан байиды. Ең таңданарлығы,
кейінірек қалыптасқан ханаан-хуррит халқымен тұспа-тұс осы
өңірде мал өсірумен шұғылданған өзгеше бір халық – шөл

даланың көшпенділері – жазба ескерткіштерде хапиру, ал шумер
тілінде – сақаз (тамыр кесушілер, азат адамдар) атанғандар өмір

сүрген. Осынау жаужүрек көшпенділер мұндағы мысырлық
билеушілерге тажалдай боп көрінетін. Кім біліпті, бұлар ежел-
гі сақтардың бір тармағы – аз ғана сақтар болды ма екен?!
(Аз+сақ сөзі өзгеріске ұшырап, сақаз формасын иеленбеді

ме?) Жə, бұл еркін қиялдың аз ғана бұра тартуы ғой, тек біздің
дəуірімізге дейінгі ХІІІ ғасырда ғана мұнда тайпалардың жаңа
одағы – Израиль құрылады. Жəне б.д.д. 1230 жылғы мы-
сыр жазбаларында бұл атау тайпаның аты ретінде ғана пай-

даланылған.
Қысқасы, арабтар бұл өңірді есте жоқ ескі замандар-
дан иеленіп, кіндік кескен туған жер, ардақты Отаным десе,
еврейлерді келімсектер деп біледі. Шынайы тарих та солай

дейді. Алақандай аймаққа талас ешқашан толастаған емес.
Бір ғасырларда бұл жерге арабтар иелік етсе, соңғы 60 жылда
еврей мемлекеті үстемдік құруда. Оған Батыс елдерінің күш
беріп, қолдауы нəтижесінде қол жетіп отыр. 1946 жылы АҚШ

президенті Гарри Трумен Мемлекеттік департаментте сөйле-
ген сөзінде: «Джентльмендер, мені айыпқа бұйырмаулары-
ңызды өтінемін, бірақ сионизм жеңісіне ұмтылған жүздеген
мың адамдарды есепке алуым керек. Менің сайлаушыларым

арасында жүздеген мың араб жоқ қой», – деп билікті қолда
ұстап тұру үшін қолдан келер айла-шарғының ешбірінен кет
əрі емес екенін ұқтырған. Ал саясат пен əділдік тайталасқа
түссе, əділдік үнемі сүтке тиген күшіктей күй кешетіні жазыл-

маған заңдылық. Тіпті, бұл Спандияр Көбеевтің «Қалың мал»
романындағы: «Шайтан алсын, шал алсын, Итбай байғұс мал
алсын», – дейтінінің нақ өзі емес пе? Əлде сандаған жыл-
дардан бері əлемдік қаржы саласын қатаң бақылауда ұстап

отырған ұлттың сойылын соғу, «Алтын көрсе періште жолдан
таядының» дəлелі ме?! Израильдің шаңырақ көтеріп, өз алды-
на түтін түтеткенін Сталин де мейлінше қолдаған. НКВД ге-
нералы Павел Судоплатовтың кепілдік етуіне сенсек, «халық-

тар көсемі»: «Давайте, согласимся с образованием Израиля. Это
будет шило в заднице для арабских государств, и тогда они ста-
нут искать союза с нами», – деген көрінеді. Қалай болғанда да
сол жылдары Кеңес Одағы Таяу Шығыстағы түйіннің осылай

шешілуін жақтап дауыс бергені мəлім. Давид Бен-Гурион жаңа
мемлекеттің құрылғаны туралы декларацияны жариялаған соң-

ақ, 1950 жылы дипломаттар алдында: «Біз Беэр-Шевуді БҰҰ-
ның жəне Қауіпсіздік Кеңесінің қарсы пікіріне қарамай басып
алдық. Яффо, Лоду, Рамле жəне Батыс Галилейді осылайша
ұстап тұрмыз. Босқындар мəселесі тек фактілердің күшімен

шешіледі, атап айтсам – олардың қайтып оралуына біз ешқашан
рұқсат етпейміз», – деген болатын. Қазір 4 миллионға жуық
палестиналықтар туған жерден тысқары жерлерде, шет елдерде
бейшара күн кешуде. Олардың туған Отандарына қайтып ора-

луына Израиль үкіметі рұқсат етпейді. Жəне осының нəтиже-
сінде 1918 жылы еврейлер Палестина халқының 8 пайызын
құраса, қазір елде – 80 пайыз еврейлер, 20 пайыз – арабтар бар.
Жəне босқындар тастап кеткен, қаңырап қалған мекендерде

кибуццалар – ауылшаруашылық коммуналары құрылған жəне
мұны ел адамдары мақтан тұтады. Кибуццалар – ХХ ғасырдың
30-жылдарында Сталиндік террор нəтижесінде КСРО-да күш-
пен орнатылған колхоздар, ұжымдық шаруашылықтардың

ежелгі нұсқасы. Мұнда мүліктер мен түскен пайда баршаға
ортақ. Колхоздастыру кезінде қазақтардың, басқа халықтардың
да «қазаның, мал-мүлкің, қатын-қалаш, бала-шағаң, жамылған
көрпең ортақ болады», деп шошынуы осыдан шықса керек.

27 желтоқсанда Израильдің əскери қарулы күштері ХАМАС
қозғалысына қарсы кең көлемді «Құйылған қорғасын» атты
соғыс операциясын бастап, алғашқы күні-ақ авиация 100 тон-
надан астам бомба, зымырандар жаудырды. Ал халық тығыз

қоныстанған аймақта мұндайда құрбандықтар орасан зор бола-
тыны бесенеден белгілі. Қысқа уақыттың ішінде мыңнан астам
палестиналықтар қаза тауып, сансыз адам жараланды. 2006
жылы 25 маусымда жүргізілген «Жазғы нөсер» атты соғыс

операциясы кезінде де жүздеген бейбіт бейкүнə тұрғындар
қаза тапқан еді. Израиль өз шығындарын мейлінше жасырып,
азайтып көрсеткенімен, АВС news агенттігінің мəлімдеуіне
қарағанда, осы соғыс басталғалы бері кем дегенде 25 əскери

қызметкер мен ондаған бейбіт адам өлген, 30-дан астам кісі
жараланған. Ең бастысы, 1980 жылы Израильдің Иерусалимді
«мəңгі жəне бөлшектенбейтін» астана деп жариялауы өңірдегі
жағдайды одан сайын шиеленістіріп отыр. Бір бұл ғана емес,

Израиль өзін батыс өркениетінің мұсылман əлеміндегі соңғы
форпостты санайтыны аян. Зерттеушілердің айтуынша, 2000

жылы жарық көрген Патрик Бьюкененнің «Смерть запада»
атты кітабы отқа май үстемелей түскен көрінеді. Ол – белгілі
саясаткер, АҚШ-тың үш президентінің кеңесшісі болған, 2000
жылы өз кандидатурасын президенттіке ұсынған нəсілшіл,

ксенофоб. Философия ғылымдарының докторы Амангелді
Айталы мырзаның айтуынша, «Бьюкенен Батысты «исламның
тасқынымен» қорқытып, ашулы амалдарға шақырады». Əлгі
П.Бьюкененнің «Христиандар өз елдерінен айырылғысы кел-

месе, оларға жақсы сілкініс қажет. Оларға сондай-ақ, шайқасқа
əзір лидерлер қажет», – дегенін АҚШ-тың президенті Джордж
Буш іліп əкетіп, күнделікті ұран етіп алғаны, мұсылман əлемін,
арабтарды өркениеттің басты жауы деп санағаны да рас. Из-

раильдің «Құйылған қорғасын» операциясын католиктердің
Рождествосынан кейін іле-шала, григориандық жаңа жылдың
қарсаңында күтпеген жерден бастауы тегін бе? Жоқ! Саясатта,
əсіресе, Таяу Шығыста кезекті соғысты бастауда кездейсоқтық

бола қоймайды. Тіпті, палестиналық ХАМАС қозғалысын
өз арасындағы радикалдарды ауыздықтай алмай отыр деп
айыптауларының өзі де жəй желеу ғана. Біздіңше, Израиль-
дің бұл операцияны бастаудағы бірнеше астыртын себептері

бар. Дегенмен, олар көздеген мақсаттарына жете алмаған сы-
ңайлы.
Біріншіден, Рождество жəне жаңа жылды мерекелеу ке-
зінде көптеген мемлекет басшылары қысқа демалысқа кетіп,

əлемдік қауымдастық орын алған қантөгіске өз көзқараста-
рын, ұстанымдарын қалыптастырып үлгермейді. Олар əрекет
ете бастағанша белгілі бір мерзім керек. Сондықтан, Израиль
өзіне ыңғайлы уақытты өте сəтті таңдай білді. Нəтижесінде

БҰҰ-ның агрессияны айыптауы ұзаққа созылды. Тек 12
қаңтарда ғана БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі
Израильдің əрекеттерін, еврей мемлекеті палестиналық-
тардың құқықтарын жаппай бұзуын айыптаған қаулы қабыл-

дады.
Екіншіден, Израильдің билігінде үлкен өзгерістер болғалы
тұр. Алдағы 10 ақпан күні, Кнессетке сайлаудан соң премьер-
министр Эхуд Ольмерт өзінің қызметімен қош айтысады.

Ал Қорғаныс министрі Эхуд Барак «Авода» партиясының
жетекшісі, Сыртқы істер министрі Ципи Ливни «Кадима» пар-

тиясының көшбасшысы ретінде сайлауға қатысқалы отыр. Бір
сөзбен айтсақ, бір кездердегі Гарри Трумен сияқты бұларға да
жүздеген мың сайлаушылардың дауысы ауадай қажет.
Үшіншіден жəне ең бастысы, Израильді үнемі жəне еш кү-

мəнсіз қолдап келген Джордж Буштың АҚШ президенттігімен
қоштасуы жаңа жағдай қалыптастырып отыр. Барак Оба-
ма бейбіт саясатты, халықаралық саясатта күш қолданбауды
жақтайтынын анық аңғартты. Оның үстіне, ол АҚШ-ты эко-

номикалық дағдарыстан құтқару үшін əскери мақсаттарға
жұмсалатын шығындарды мейлінше азайтпақ. Инаугурация-
сы 20 қаңтарға белгіленген Барак Обама билікке толық кел-
генше əрекет етіп қалуға ұмтылған Израиль жанталаса əрекет

жасауды қош көрген секілді. 60 жыл бойы Израильді қолдап
келген АҚШ тарапынан келетін миллиардтаған доллар көмек
бұдан былай азайып, Ақ үйдің Тель-Авивке қатысты жаңа
бағыт ұстануы мүмкін. Сондықтан да палестиналықтар бұл

соғыста жеңіске жеттік деп отыр. Ал Давостағы «дуэль» –
əділетсіз соғыстың жаңғырығы ғана.
2009 ж.

РЕСЕЙ ҮКІМЕТІНІҢ ҮРЕЙІ

Жаңа – Сиыр жылы басталған күннен бері Ресей Үкіметінің
мейлінше абдырап, қалыптасқан ауыр жағдай, қатерлі тұйықтан
шығар жол таппай отырғаны еріксіз көзге ұра бастаған. Өткен
жылдың аяғына дейін Кремль жəне Ақ үй басшылығы əлемдік

қаржы жəне экономикалық дағдарыс Ресейге оншалықты əсе-
рін тигізбейді деген жалған пікірдің шырмауында болып кел-
се, жыл аяғындағы, əсіресе, 2009 жылдың басындағы қаржы
саласында қалыптасқан қолайсыз ахуал Ресей басшылығынан

жанталаса əрекет жасауды талап етуде.
Ел экономикасында аса ауыр жағдай қалыптасып, ірі өнді-
ріс орындары жабылып, жаппай жұмысыздық, ең алдымен жа-
сырын жұмыссыздық белең алуда. Мұндай жағдайда шұғыл

шаралар, жұртшылыққа ұнамсыз шешімді шаралар қолға алы-
нуға тиіс жəне ел Үкіметінің кəсіби деңгейі мен тұйықтан

шығатын жол табудағы шеберлігі осындай ауыр экономика-
лық дағдарыс тұсында айқын байқалады. Ол үшін осыған дей-
ін елдегі қалыптасқан бейқамдық, «Сырдың суы сирағымыз-
дан келмейді» деген алаңғасарлық теріс көзқарастың тамыры-

на біржола балта шабылуы қажет. Сондықтан, өткен аптада,
РФ президенті Дмитрий Медведев экономикада ауыр ахуал
қалыптасып отырғанын еріксіз мойындауға мəжбүр болды.
Оның айтуынша, Ресейде қазір ресми жұмыссыздардың саны

5 млн. адамға жеткен көрінеді. Яғни, елдегі жұмысқа қабілетті
жандардың 6,5 пайызы. Бұл – ресми дерек қана, ал жасырын
жұмыссыздардың қанша екендігін статистикалық органдардың
өзі де дөп басып айта алмай пұшайман. Осы уақытқа дейін Ре-

сейде еңбек етіп келген шетелдік, экономикалық дамуы кен-
желеп қалған бірқатар ТМД елдерінен келген 4 млн. гастар-
байтерлердің де жұмыссыздар армиясының санын ұлғайта
түскендігін ескеру қажет. Оның үстіне инфляция ауыздықпен

алысып тұр. Көптеген биік мінберлерден жасалған уəделер мен
тыншытуларға қарамастан, қаңтар айындағы инфляцияның
деңгейі күткен деңгейден əлдеқайда асып түсіп, қазір қомақты
көлемге жетті. Мұның өзі жыл аяғына дейін инфляция деңгейі

қарыштап өсе түсетіндігінің айқын кепілі.
Осыдан екі апта бұрын Ресей Экономикалық даму минис-
трі Эльвира Набиуллина мен вице-премьер, Қаржы министрі
Алексей Кудрин 2009 жылдың бюджетіне енгізілетін өзгерістер

мен толықтырулар жобасын дайындау жөніндегі Премьер-
министр В.Путиннің тікелей жəне қатаң тапсырмасын алды.
Бұған дейін 2009 жылдың бюджетінде мұнай бағасы 95 доллар
деп есептеліп келсе, Кудриннің мəлімдеуінше, бұл баға биыл 41

доллардан аса алмайтын сияқты. Кейбір деректерге қарағанда,
Эльвира Набиуллина жаңа жобаны əлдеқашан дайындап, тарт-
пасында ұстап отырған көрінеді. Бұл жобада мұнай – 41 доллар,
жылдық инфляция – 13 пайыз, доллар бағамы – 35,1 рубль деп

есептелген екен. Қалай болғанда да бюджет дефициті 2,6 трлн.
рубльден асып түспекші. Ал Резервтік қорда 4 трлн. рублден
(210 млрд. доллар) сəл ғана астам қаржы қалғанын ескерсек, Ре-
сей үкіметінің неліктен абдырайтыны айтпай-ақ түсінікті. Эко-

номика мамандары мен сарапшылар Ресей үкіметінің осыған
дейінгі бейқамдығы мен қалыптасқан экономикалық жағдайға

тиісті назар аудармауы елдегі дағдарыс пен күйзелісті одан
əрмен тереңдете түсетінін бір ауыздан айтуда. Ең бастысы,
капиталдың Ресейден əкетілуі ұлғайып, аса қауіпті деңгейге
жеткен. Орталық банктің мəлімдеуіне қарағанда, 2008 жылы

Ресейден 130 млрд. доллар қаржы сыртқа əкетілген. Биылғы
жылы жағдай одан əрмен қиындай түспекші. Өйткені 2009
жылы Ресей банктері мен компаниялары 80 млрд. сыртқы
қарыздарын төлеуге тиіс. Ал мұның өзі капиталдың сыртқа

əкетілуін бұрынғыдан да ұлғайта түсетіні белгілі. Бұл экономи-
касы əлеуетті деп саналатын Ресей үшін де аса қомақты қаржы.
Тіптен, 1998 жылғы дағдарыс кезінде де бұдан 6 есе аз қаржы,
небары 21-22 млрд. доллар сыртқа əкетілгені белгілі, яғни

алдағы екі-үш жыл Ресей экономикасы үшін аса ауыр кезең
болатынын болжап отырғандар қателесе қоймайтын сияқты.
Елден осыншама қаржының əкетілуіне мұнайдың бағасының
арзандауы ғана емес, ең бастысы, Оңтүстік Осетиядағы заңсыз

соғыстың басталуы себеп болғанын айтушылар көбейе түсуде.
Өйткені 2008 жылы екінші тоқсанда елге 41 млрд доллар
əкелінген болатын, ал тамыз айында жағдай күрт өзгеріп, соңғы
үш айда 130,5 млрд. доллар сыртқа əкетілген. Тіпті, əдетте

Ресей экономикасына байланысты оптимистік ұстанымнан
ауытқи бермейтін «Известия» газетінің өзі соңғы апталарда
мəнерін өзгертіп, елді алда ауыр кезең күтіп тұрғаны жайлы
жиі қайталай бастады. 16 қаңтар күні осы салиқалы басылым

бетінде «Из России убежали $ 130 миллиардов» деп дабыл
қаққан журналист Анна Каледина: «На самом деле цифра эта
пугающая. Хочешь не хочешь, но всплывает аналогия с 1997
годом. Тогда с азиатских рынков «убежало» 100 млрд., и это

обернулось масштабным азиатским кризисом. Мы же потеря-
ли почти 30 миллиардов больше. И в этом году ожидать улуч-
шения вряд ли стоит», – деп миллиондаған жұртшылықтың
жанайқайын жеткізді. Мұндай орынды алаңдаушылық уақыт

өткен сайын ұлғайып келеді. Тіпті, бірқатар сарапшылар
мен зерттеушілер ел үкіметінің, ең əуелі Премьер-министр
В.В.Путиннің шарасыздығын айыптап, оның кəсіби деңгейіне
күмəн келтіре бастады. Бұл ауыр айыптаулар негізсіз де емес.

Өткен күзде Ресей үкіметі елдегі қаржы нарығын қалыпты
деңгейде ұстап тұру үшін жүздеген миллиард долларды ком-

мерциялық банктерге көмек ретінде бергені мəлім. Бірақ, ком-
мерциялық банктер өз мойнына ешқандай жауапкершілік пен
міндеттемелер жүктемегендіктен бұл қомақты қаржының ба-
сым бөлігі шетелдерге əкетіліп тынды. Осының нəтижесінде,

2008 жылдың 1 тамызында, РФ Орталық банкінің жер асты
қоймаларында 597 млрд. долларға жуық алтын-валюталық қор
болса, 2009 жылдың қаңтар айында бұл 170 млрд. долларға
(28,4 пайыз) кеміп кеткен. Таяуда Ресей вице-премьері, Қаржы

министрі Алексей Кудрин мырза алдағы 2-3 жылда Ресей шет-
елдерден қарыз ала бастауға мəжбүр болатынын еріксіз мой-
ындады. Оның айтуынша, экономикалық жағдай осындай ауыр
күйде қала беретін болса, бұл 2010 жылы жүзеге асырылмақ.

«2-3 жылдың көлемінде өзімізге тиімді шарттармен əлемдік
нарықтан қарыз ала бастаймыз. Бірақ, біз МВФ-тан бір тиын
да алмаймыз», – дейді Алексей Кудрин. Шынын айту керек,
бұл – даңғой, аса өркөкірек, əсіресе соңғы жылдары тым шек-

тен шыға бастаған Ресей азаматтарын тыныштандырудың
қитұрқы амалы ғана. Өйткені соңғы жылдары ресми Кремль
ел азаматтарына Халықаралық валюта қорын (МВФ) үнемі
мейірімсіз дұшпан, озбыр езуші ретінде көрсетіп келгені мəлім.

Яғни, белгілі психологиялық ахуал қалыптасты, ал мұндай
жағдайда қарыз сұрап, əлгі МВФ-қа алақан жаю... Кремль үшін
өліммен тең сияқты. Алайда, əлемде қаржы, экономикалық
дағдарыс үдеп тұрған қазіргі қиын кезеңде алақан жайғанға

майлы тоқаш ұстата қоятын қаржы қапшығы тоқ елдер некен-
саяқ. Бəрінің де басқа тартқан көрпесі аяқтарына жетпей, пұ-
шайман қал кешуде. Аузын айға білеген Ұлыбританияның өзі
де аса ауыр күндерді бастан өткеріп отыр. Тіпті, соңғы дерек-

терге қарағанда, елдегі жұмыссыздардың саны 2 млн. адамнан
асып жығылған. Соңғы күндері рубль бағасын еркіне жіберген
Ресей тығырықтан шығар жолдың бір амалы девальвация деу-
де. Рубль бағамының түсуі отандық өндірушілерге қолайлы

жағдай қалыптастырып, өнім экспорттаушы компаниялардың
жағдайын жақсартпақ. Дегенмен, бұл жағдай қарапайым ха-
лықтың тұрмыс дəрежесіне ауыр соққы болып тимекші. Кейбір
сарыуайым сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта 1 дол-

лар 100 рубльге тең болса, онда Ресей экономикасы біржола
тұралап тынатын көрінеді.

Əрине, Ресей алдағы жылдары 28-30 млрд. көлемде евро-
облигациялық несие алудан үмітті. Бірқатар əлемдік сарап-
шылардың пікірінше, əлемдегі экономикасы аса қуатты елдер
мен қаржы институттары марқұм Борис Ельциннің тұсында

Ресей демократияға бет бұрып, экономикалық-саяси тұрғыдан
либерализацияға жол ашады деп үміттенгендіктен кең қолдау
білдірген болса, бұдан былай одан бас тартатын секілді. Оң-
түстік Осетияда соғыс ашып, Украинамен жағдайды əбден

ушықтырған Кремльге бұдан былай сенім артылмайды, еш-
қандай артықшылық берілмейді.
2009 ж.

ҚАТЫГЕЗ ГЕНЕРАЛДЫҢ ҚАЙТЫП ОРАЛУЫ

Кейінгі кездері Ресейде жиі-жиі сөз болып, Кремльде ай-
тарлықтай салмағы бар «қырғи» саясаткерлердің табанды
қарсылығын туғызып отырған əскери реформа – РФ Қарулы
күштеріндегі жаппай қысқарту жəй ғана сөз, іске аспаған ниет

болып қала беретін сұры бар.
Дмитрий Медведевтің əлемдік аренада, əсіресе, соңғы
уақта жиі қырын келіп қала беретін Батыс елдері алдында
ұпай жинауға ұмтылған əрекеті емес, шешімді, бейбітшілікті

қолдайтын саясаты ретінде қызығушылық туғызғанымен,
көп ұзамай-ақ мұның орындалмайтын ниет екені біржола
айқындалып отыр. Қазіргі əлемдік экономикалық, қаржы
дағдарысының аса күрделі, қиын кезеңінде, əсіресе, осыған

дейін Ресейдегі аса зор көлемдегі Тұрақтандыру қорында жи-
нақталған қомақты қаржы келер жылдың алғашқы айларын-
да мүлдем таусылады деп білікті экономистер мен бірқатар
зерттеушілер дабыл қағып отырған шақта мұндай ауқымды

реформаның жүзеге асырыла қоюы күмəнді. Орынды ниеттің
орындалуы неғайбыл. Тіпті, 2009 жылдың алғашқы маусы-
мында – қаңтар-наурыз айларында Ресейге шеттен келетін ин-
вестицияның үш есеге шейін қысқарып, небары 12 млрд.дол-

ларды ғана құрауы ел экономикасының ауыр күндерді бастан
кешіп отырғандығының айқын белгісіндей. Осындай жағ-

дайда аса қымбатқа түсетін əскери реформаны жүргізу мүмкін
емес. Əлбетте, қарапайым адамдар миллиондаған əскерді – еште-
ңе өндірмейтін, онсыз да күйреу алдында тұрған экономикаға
аса ауыр салмақ түсіретін жəне шығыннан басқа ештеңе əкел-

мейтін құрылымды қысқарту неліктен соншалық қымбатқа түс-
пекші деп саяз ойлауы ықтимал. Дегенмен, Ресейде бұл ора-
сан зор шығын жұмсауды қажет ететін, сондай-ақ адамдардың
психологиясы, өмірлік ұстанымдарына айтарлықтай əсерін ти-

гізетін қадам болатындығына тарихи дəлелдер жетерлік.
Ең əуелі, ғасырлар бойы Ресейде орасан зор психология-
лық əсерге ие болған ежелгі иланымды – Қарулы күштерге
деген шексіз сенімді, тіпті, жаппай табынуды жою мүмкін

емес. Кремль сандаған ғасырлардан бері «Егер өз əскеріңді
асырағың келмесе, өзге елдің əскерін асырайсың» деген-
ге еш күмəн келтіріп көрген емес. Билік тізгінін ұстағандар
ғана емес, қарапайым орыстар үшін де мылтық асынған адам

ең сүйкімді бейне, танкілер мен ұшақтардың қуатты мотор
гүрілі ең жағымды əуен. Əрине, бұл өрескелдік, айтарлықтай
кемшілік емес, олар осылай тəрбиеленген, мəңгі осылай болып
қала беретініне де еш шүбə келтірілмейді. Тіпті, мамыр айында

Мəскеуде өткен Евровидение музыкалық конкурсының ашылу
салтанатында Калашников автоматын асынған жүздеген кəсі-
би бишілердің қарумен өнер көрсетуі осының айқын белгісі
екені сөзсіз.

Екіншіден, күнделікті қарапайым өмірден сырт қалған, бұй-
рық беру жəне бұйрықты орындаудан басқа қолынан айтар-
лықтай ештеңе келмейтін, бірақ белсенді əрі аса ұйымшыл жүз-
деген мың жас адамдардың қысқа уақыт ішінде үйреншікті

өмірден тыс қалуы қоғамда елеулі əлеуметтік қиындықтар ту-
ғызатыны сөзсіз. Көпшілігі белгілі бір мамандық иесі болып
саналмайтын əскерилердің борттан тыс қалдырылуы қоғамда
қалыптасқан ауыр ахуалды одан əрі күрделендіріп, титығына

жеткен алып елдегі жағдай одан əрмен ушыға түспейтіндігіне
ешкім кепілдік бере алмайды. Жүздеген мың адамды бір мез-
гілде тұрақты баспанамен, нақты жұмыспен қамтамасыз ету
орындалмас ниет екені сөзсіз, əсіресе, оларға қомақты өтемақы

беруді Ресей экономикасы дəп қазір көтере алмасы да бесене-
ден белгілі. Өткен ғасырдың 90-жылдарындағы ауыр сабақты

ұмыту да оңай емес. Ресей демократияны, нарықты экономика-
ны басты бағдаршам еткен осы бір ауыр кезеңде жалпы ел бой-
ынша, əсіресе, Мəскеу қаласында ауыр қылмыс жаппай орын
алған еді. Осы жылдарда жиырма-жиырма екі жас аралығында-

ғы спортшы жігіттердің Орехово-Зуевода ұйымдасқан қылмыс-
тық топ құрып, адамдарды қатыгездікпен өлтіргені, тонаға-
ны, рэкетпен айналысқаны қазір қорқынышты аңызға айналып
отыр. «Сильвестр» деген лақап есімі бар марқұм Сергей Тимофеев

басқарған бұл топ ерекше қаталдығымен аты жайылып, ондаған
адамды өлтірген. 1994 жылы аталмыш қылмыстық топ біржола
талқандалды. Мамандардың айтуынша, өзі де дұшпандарының
қолынан қаза тапқан Сильвестр тобындағылардың елуден ас-

там мүшесі кісі қолынан ажал құшқан. Ең өрескелдігі сол,
таяуда «Мир» телеарнасынан берліген «Черная метка Силь-
вестра» деген хабарда сол топқа мүше болған он сегіз жасар
бозым жігіттің өз топтарын басқарғандардың бірі ажал құшып,

бейітке жерленгеннен кейін: «Шіркін, менің де жаназамды осы-
лай шығарып, осылайша жерлесе ғой», – деп армандағанын
əлгі хабарға қатысушылардың бірі айтқан болатын. Міне, он
сегіз жасар орыс жігіті өмір туралы емес, алтын жазулы мəр-

мəр құлыптастың астында жатуды ғана ойлайды. Ой өресі осы-
ған ғана жетеді. Əдетте адам өмірін аса құндылық деп санай
қоймайтын əскерилердің қаншасының осылай ойлайтыны əлі
белгісіз. Расында, алып елде жеті рет өлшеп, бір рет кесетін

қиын жағдай қалыптасып отыр. Көптеген халықаралық сарап-
шылар мен əскери зерттеушілердің ортақ пікіріне қарағанда,
ел президенті Д.Медведев Ресейдің болашақ тағдырына түбе-
гейлі өзгеріс əкелетін мұндай ауқымды, өмірлік реформа-

ны жүзеге асыруға батылы жете қоймайтын секілді. Əрине,
мұны жүзеге асыруға қажетті тетіктер жетерлік, бірақ оның
ұстанымына қарсылардың қолындағы көзірлер де осал емес.
Тіпті, олардың көпшілігі Канаданың Vancouver Sun газетінің

тілшісі Джонатан Мэнтроп жариялаған пікірмен ешқашан
келіспейтіндіктерін алға тартуда. Əлгі жарияланымда «Дми-
трий Медведев үй итінің міндетін атқарып қана бір жылды құр
өткізді» делінген. Канаданың белгілі журналисі Джонатан Мэн-

троп мұнымен де тоқталып қалмайды, ол одан əрмен үстемелеп:
«Билік туралы айтпай-ақ қоялық, Медведевтің өзіндік ықпалы

бар дегенді ойлауға да еш себеп жоқ» десе керек. «Кремль-
де президентті Путиннің сыбайластары иінтіресе қоршап, еш
қайғы-мұңсыз өз істерімен əуре болып жүр, Медведевке түк
те назар аудармайды жəне өздерінің шын қожайындарының

қайтып оралуын шыдамсыздана тосуда», «Егер Медведев шын
мəнінде нағыз президент болса, ол премьер-министр Путинді
қызметінен тез босатып, оның орнын басқа біреуге əперер
еді», – деп жазған əлгі Джонатан Мэнтроп Ресей билігінің

сойылын соғушылардың сансыз армиясының қатты ашу-ыза-
сын туғызған көрінеді. «Новая газетаның» хабарлауынша,
осы мақаланы аударып жариялаған Петрозаводск қаласының
«Искра» газетін Карелияның губернаторы Сергей Катанандов

мырза қуғынға ұшыратып отырса керек. Əрине, мемлекеттік
қызметкер Сергей Катанандов мырзаның мұндай əрекет жа-
сауын адам ретінде түсінуге де болады. Егеменді елдің бас-
шысы туралы осындай өрескел сөздер айту адамға, əсіресе,

журналистік этикаға жат нəрсе. Мұндайда түсінбестік туын-
дауы да ықтимал, бірақ бадырайып тұрған шындықтан бас тар-
ту оңай емес. Сондықтан да Ресей журналистеріне, тарихшы-
ларына, жалпы өрелі жандарына қазір соңғы ескерту беріліп

отыр. Бұдан былай Ресей атына орынсыз сын айтқандар, Ресей
билігі қабылдаған ресми тарихи фактілерге күмəн келтірушілер
мен «бұрмалағандар» қылмыскер деп танылып, алдағы жаз
ортасынан бастап 3-5 жыл аралығында бас бостандығынан

айырылуы мүмкін. Əрбір зерттеуші, білімге ұмтылушының
иек сүйеген деректері мен дəйектері Кремль бекіткен ресми
тарихқа сай келетінін немесе бұрмалау болып табылатынын
28 адамнан құралған арнайы комиссия талқылауға салып, өз

үкімін шығарады. Комиссия үкіміне кереғар жайттарды жазған
кез келген Ресей азаматы, тіптен осы елдегі шетел азаматтары
да ауыр жазадан құтылып кете алмақ емес. Яғни, Ресей БАҚ-
тарында 1931-33 жылдардағы Ұлы аштық коммунистердің

қазақ жəне украин халықтарына қарсы қолдан ұйымдастырған
геноциді деп жазған кез келген қазақ немесе украин журналисі,
қарапайым азаматы қамауға алынып, Сібір тайгаларындағы,
болмаса Магадандағы каторгаға айдалуы мүмкін.

Өйткені ресми Кремль Қазақстан мен Украинада адам-
дар жаппай қырылған аштық болғанын əлі күнге ресми мой-

ындай қойған жоқ. Ал Балтық теңізі жағалауындағы елдері
азаматтарының басына түсуі мүмкін қайғы-қасіретті айтпаса
да болады. Өйткені бұл елдерді фашистік Германиямен ара-
да жасалған құпия келісімнің нəтижесінде КСРО 1940 жылы

күшпен басып алғандығын, жүздеген мың патриоттары, зиялы
адамдарын Сібірге жер аударғандарын, құпия жағдайда атып
өлтірілгенін Кремль ешқашан ресми түрде мойындайды де-
ген үміт жоқ. Осы орайда бір қағидат ұмытылмауға тиіс. Ел

тарихын, мемлекет тарихын патриоттық сезімдерге сүйенген
өтірікпен жазуға, жалған жолмен жасауға болмайды жəне сон-
дай өтірікке күмəн келтірушілерді кейін айыптауға да болмай-
ды. Тіпті, Шешенстандағы екі соғыстың шынайы себептері,

онда жол берілген жауыздықтар толық айтылмай отырған
қазіргі күнде де Кремльдің шындыққа құштарлығына күмəн
келтірушілердің қатары сиремейтіні сөзсіз. ХІХ ғасырдың
екінші жартысында антилибералдығымен ерекше көзге түскен

публицист, бірнеше ортанқол романдардың авторы князь Вла-
димир Мещерский: «Есть нечто на Руси в виде бесспорной ис-
тины, сознаваемой народом. Это сознание нужды розг... Куда
ни пойдешь, везде в народе один вопль: секите, секите, а в от-

вет на это власть имущие в России говорят: все, кроме розг. И
в результате этого противоречия распущенность, разрушение
авторитета отца в семье, пьянство, преступления и т.д.», – деп
жазғаны қазір керісінше келіп отыр. Бүгінгі Кремль билігі адам-

дардың арқасынан дойырды кетіргісі келмейді. Көлгірсу мен
жалғандықтың қатыгездікпен суарылған қамшысы күнделікті
ауқымы тар өткір мəселелерді шұғыл шешуге аса қолайлы-ақ.
3 маусым күні Ленинград облысына ат басын тіреген Ресейдің

премьер-министрі В.Путиннің келуіне орай осындағы Пикалев
қаласындағы глинозем зауытының жұмысшылары «Новая Ла-
дога – Вологда» федералдық трассасын жауып, өздерінің еңбек
ақыларын мерзімінде беруді талап етті. В.Путиннің «Базэл»

компаниясының басшысы, белгілі олигарх Олег Дерипаска
мен аталған кемшілікке жол бергендерге: «...Мыңдаған адам-
дарды өздерінің амбициясы, кəсіби біліксіздігі, тіптен, бəлкім
қарапайым тойымсыздықтарының құрбандықтары етіп отыр.

Бұған мүлдем жол беруге болмайды», – деп зіркілдегенін Ресей
БАҚ-тары жаппай насихаттауда. Пикалев жұмысшыларына

бір күннің ішінде 41 млн. 242 мың рубльдің табылғанын Ресей
премьер-министрінің үлкен жеңісі мен шешімділігі, істі шұғыл
шешетін батылдығы ретінде көрсетіп əуре. Ал жалпы Ресей
бойынша мұндай жүздеген мың кəсіпорындарда қалыптасқан

ауыр жағдайды қалай шешуге болады? Алып державаның түк-
пір-түкпірінен осы аймаққа ақша аударып, түнімен көз ілмеген
Сбербанк қызметкерлері еңбегінің өтемі қандай? Тіпті, О. Де-
рипасканың кəсіпорындарында 95 мың адамның еңбек ететі-

нін ескерсек, əрбір жағдайда осындай əрекет жасау түптің-
түбінде өзін ақтай ма? Яғни, стратегиялық міндеттер түбегейлі
шешілмей осы секілді пиар-əрекеттерімен Ресей, тіптен басқа
да кез келген мемлекеттегі қиын міндеттерді түбегейлі шешу

мүмкін емес. Миллиондаған Ресей жұмысшыларының қиын
тағдырын атты əскердің қылышын жалаңдата атойлаған ша-
буылынан аумайтын əрекетпен жеңілдету оңайға түспесе ке-
рек. Ресейдің Қарулы күштерін реформалау, оларды қысқар-

ту жөніндегі ниетте əу баста толықтай жоспарланған əрекет
емес сияқты. Оның олай емес екендігіне дəлелдер жетерлік. Ре-
сей таяу жылдарда өзінің стратегиялық мақсаттағы ракеталық
əскерлерінің (РВСН) санын одан əрі ұлғайтпақшы. Жаңа ра-

кеталық кешендермен жарақтандырылған, қазіргі заман талап-
тарына сай арнайы полктердің санын көбейте түсуде. Соны-
мен қатар стратегиялық бомбалаушы авиацияның саны да
анағұрлым көбейтілмек. Ол ол ма, теңіз жаяу əскерлерінің

жалпы саны да қысқартылуға жатпайды, керісінше ұлғайтыла
түседі. Маусым айының басында, кезінде Шешенстанды қанға
бөктірген генерал-лейтенант Владимир Шаманов Ресей десант
əскерлерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Əскери

сарапшылардың ортақ пікіріне қарағанда, бұл жаңа тағайындау
арқылы Кремль десант əскерлерінің де қысқартылмайтынын
меңзеп отырғаны кəміл. Шешенстандағы соғыс жылдарын-
да қатыгездігімен аты шулы болған Ресейдің Батыры Влади-

мир Шаманов қазір 52 жаста. Ал генерал-лейтенант шенінде-
гілер 55 жаста зейнетке шығатыны аян. Бірақ ВДВ Бас қолбас-
шысының шені генерал-полковник болуға тиіс. Яғни, Ша-
манов əлі 8 жыл бойына, 60 жасқа дейін əскер қатарында қа-

ла беруі мүмкін. Қазір Ресейде десант əскерлеріне ерекше
маңыз беріліп отырғаны да құпия емес, тіптен олардың саны

ұлғайтылу үстінде. Мəскеу əскери округінде жаңадан Соғыс
десант əскерлерінің (ВДВ) жаңа құрамасы пайда болмақшы,
сондай-ақ Ленинград əскери округінде жаңа десанттық полк
құрылуда. Ресей Қарулы күштері жаңа құрылымдық жүйеге

(бригада, батальон) көшіріліп жатқанына қарамастан, десант
əскерлерінде бұрынғыдай көп санды дивизиялар мен полктер
қала береді. «Более того, ВДВ усилили одним из самых кон-
сервативных боевых генералов «чеченской волны», за кото-

рым прочно закрепилась недобрая слава. Шаманов никогда
не жалел ни своих, ни врагов», – деп жазады «Новая газета»
(№21, 2009 ж.).
1996 жылы Шатой елді мекенінің түбінде генерал Владимир

Шаманов пен шешен командирі Таус Багураев кездесіп, 245-
полктің тұтқынға алынған 30-дан астам ресейлік əскерилерін
ауыстыруға осы жерде қол жеткізілмек болған-ды. Генерал
Шаманов кездесуге келгенімен, ең соңғы сəтте өз өмірі үшін

қауіптеніп, бронетранспортердан басын шығармай қояды да,
келісім жүзеге аспай қалған. Кейінірек əлгі тұтқындардың
көпшілігі шешендердің қолынан қаза тапты.
Сол 1996 жылдың 26 мамырында Ресейдің президенті

Б.Н.Ельцин Чешенстанға арнайы келіп, соғыс өрті лаулаған
республикада бейбітшілік жариялады. Алайда, осыған қара-
мастан соғыс əрекеттері одан əрі жалғаса берді. Шаманов
қолбасшылық ететін 58-армияға бағынышты 19-дивизияның

екі полкі Борзой түбіндегі бекіністі үздіксіз шабуылдаумен
болғаны белгілі. Ресей əскерлері аса ауыр шығындарға ұшырап,
Гехи жəне Макхеты селендеріне басып кірді. Ондаған бейбіт
тұрғындар ажал құшты, есесіне бар болғаны бір ғана далалық

командир – Доку Махаев ғана қаза тапты. Əсіресе, 2000 жылы
ақпан айында бүлікшілерге іштартады деген айыппен Катыр-
Юрт елді мекеніндегі 160 бейбіт адамның өлтірілуі əлі күнге
əлем халықтарының тұла бойын тітірентеді. Бұл операцияға

Владимир Шаманов тікелей басшылық жасағаны белгілі. Осын-
дай генерал тұтас əскерлердің, Қарулы күштердегі ең қуатты,
аса жоғары деңгейде жабдықталған құрамаларға қолбасшы бо-
лып тағайындалуы Ресейде əскерлердің саны қысқартылады

дегеннің құр аңыз екенін ғана білдіретіні сөзсіз.
2009 ж.

КЕМЕНІҢ АРБАҒА МІНГЕН КЕЗІ

Мəскеудің экс-мэрі Юрий Лужковтың үстінен
қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Өткен аптада Ресей президенті Дмитрий Медведев Мəскеу-
дегі шағын кафеде бірқатар белгілі музыканттармен бейрес-

ми жағдайда кездесті. Андрей Макаревич, Борис Гребенщи-
ков, тағы басқа бірқатар əншілер əрі табиғат қорғаушылармен
Мəскеу-Санкт-Петербург автобаны туралы əңгіме қозғаған.
Əңгіме үстінде Мəскеудің жаңа мэрі кім болатыны туралы да

сөз болды. Ал бүгін, түскі сағат 3-те Мəскеу қалалық Дума
депутаттары Сергей Собянинді орыс астанасының мэрі етіп
сайламақшы. Осының бəрі Ресей қоғамында бұрынғы қала бас-
шысы туралы пікір қайшылығын одан əрі өршіте түсті.

Көне Русь үшін ауыз толтырып айтарлықтай елеулі еңбек
сіңірместен орыс жылнамаларында аты мəңгілікке сақталып
қалған аңыздық князь Юрий Долгорукийдің бар бітіргені –
Мəскеу қалашығының іргетасын қалауы болып саналады. Ал

уақыт тұрғысынан кез келген ежелгі ұсақ князьдардан гөрі
Мəскеудің тізгінін уысында ұзақ ұстаған жəне жеке-дара билік
жүргізген Юрий Лужков та өз ізін тарихта қалдырып үлгерген
сияқты. Юрий Михайлович Мəскеуді сонау 1992 жылдан бе-

рі, 18 жыл бойына үздіксіз басқарып келді. Оның жақында
өз қызметінен күтпеген жерден босатылуы қоғамда сан түрлі
алып қашпа əңгімелер тудырып, екіұдай қоғамдық пікірдің
қалыптасуына əкеліп соққан еді. Əрине, кісі есімі тарихта қалу

немесе қалмау мəселесі философиялық сұрақтардың қатарына
жатады. Ал мəскеуліктердің Юрий Лужков туралы: «Юрий
Долгорукий біздің қолымызды ұзартты, Юрий Лужков сазға от-
ыратын жолымызды ұзартты» деген астарлы, ащы əзілдерінің

тасасында шарасыздық басым. Өйткені Мəскеудегі көлік
кептелістері бүгінгі қала өмірінің, Еуропадағы аса ірі мега-
полистің аянышты кейпінің нақты шындығы. Осыдан біраз
бұрын Ресей президенті Дмитрий Медведев «президеннттің

сенімін ақтамауына байланысты» Мəскеу мэрінің құзырын ме-
рзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Əйгілі
Юрий Лужковтың құзыры 2011 жылдың ортасында аяқталуға

тиіс болатын. Юрий Лужковпен қарым-қатынасы ешқашан
достық рəуіште, жылы ниетте болып көрмеген Борис Немцов
Лужков қызметінен түсірілген соң, оған қарсы қылмыстық іс
қозғалуға жəне билік басындағы жемқорлыққа қарсы шешімді

күрес басталуға тиіс деп мəлімдеді. Борис Немцов мырзаның
бұлай мəлімдеуінің де себебі жетерлік.
Мəскеу – ядролық державаның аса ірі астанасы ғана емес,
сонымен бірге ол Ресей экономикасында ерекше орын ала-

тын бірден бір қала. Кейбір деректерге қарағанда, Мəскеуде
Ресейдің бүкіл қаржысының 80 пайызға жуығы айналым-
да болса, елдің ЖІӨ-нің 70 пайызға жуығы осы қалада өнді-
рілетін көрінеді. 11 миллион адам тұратын мегаполисте Ре-

сейдегі ақша айналымының басым бөлігі, дəлірек айтсақ,
төрттен үш бөлігі жүзеге асырылып келді. Сөйте тұра, қалада
айтарлықтай ештеңе өндіріле қоймаған. Қалалық Думадағы
35 депутат ештеңе шеше де қоймайтын. Мұның өзі қала бас-

шысының аса зор билік тетіктерін өз уысына жинақтауына
мүмкіндік əпергені айтпаса да түсінікті. Қалыптасқан жағдай
бір кездегі аса іскер, қала тіршілігінің əрбір ерекшелігін та-
мыршыдай тап басуымен тұрғындардың алғысына бөленіп

келген Юрий Михайловичтің аса жауапты қызметінде елеулі
кемшіліктердің орын алуына əкеліп соқтырды. «Справедливая
Россия» партиясының жетекшісі, Федерация Кеңесінің спикері
Сергей Мироновтың «Отбасы бизнесі мен билікті ұштастыру

кері нəтижелер алып келді. Отбасыға бүйрегі бұру табанды
шаруакештің жақсы ойларын теріске айналдырды» деуінің
терең мəні бар. Əсілі, Мəскеу қаласына басшы болғандардың
көбінің тағдыры аянышты аяқталатыны тарихтан жақсы мə-

лім. Тіпті, турасын айтсақ, қала тарихының өзі билік иелерінің
қатыгездігі, қаратүнек күштердің қанды əрекеттері жəне қа-
рапайым, кінəсіз жандардың бейкүнə өлімдері, түрлі төңкеріс-
термен үнемі астасып жатқаны аңғарылады. Мистика мен

өмірдің аяусыз шындығы шиеленісіп жатады. Мəселен, кеңес
дəуірінің өзінде-ақ Ленинград ақсүйектік тəлім-тəрбие, руха-
ни деңгейі аса жоғары көркем қала деп саналса, Мəскеу зұ-
лымдық, қатыгездік пен ызбарлы бюрократия қаласы ретінде

жұртқа жеккөрінішті еді. Бір сөзбен айтқанда, «большая дерев-
ня»! Тіпті, бұл қатыгез қаланың көз жасына сенбейтіні туралы

сөз ежелден тараған. «Москва слезам не верит!» Одан кейінгі
кезеңде Мəскеу бір мысқал да жақсара қоймағаны белгілі. Зады,
қала тарихы əу баста қалай басталса, өмір бойы солай жалғаса
беретін сияқты, яки қалалардың өз пешенесіне жазылған жа-

зуы бар. Өйткені Ресей астанасының алғаш іргетасы қаланды
деп саналатын ХІІ ғасыр зұлымдық пен қантөгіске, қатыгездік
пен сатқындыққа толы ғасыр болатын. ХІІ ғасырдағы Ростов-
Суздаль князі Юрий Долгорукий əйгілі Владимир Мономахтың

алтыншы ұлы, Рюриктер əулетінен тараған əмірші еді. Көне
орыс тіліндегі аты Гюрьги, Дюргьи, ал шоқындырылғанға де-
йін Ярослав деген атпен жəне зұлымдығымен əйгілі еді. Ол
«Слово о полку Игореве» дастанынан баршаға белгілі екіжүзді

князь Игорь Святославовичтің əкесі, Новгород əміршісі Свя-
тослав Ольговичпен сауық-сайран құру үшін 1147 жылы Мəс-
кеу маңына ат басын тірейді. Суздаль бояры Степан Ивано-
вич Кучко Мəскеу өзені бойындағы көптеген селоларға əділ

билік жүргізетін. Іштар, көрсеқызар əрі қатыгез князь Юрий
Долгорукий Кучконың мал-мүлкіне, байлығына қызығып, оны
зұлымдықпен өлтіріп, мал-мүлкін, мүккамалын, адамдарын өзі
иеленеді. Ол ол ма, жауыз князь Степан Кучконың сұлу қызы

Улитаны озбырлықпен өзінің ұлы Андрейге əйелдікке əпереді.
Сөйтіп осынау əсем орман арасында, сұлу өзен жағасында
жаңа қалашық салуға əмір берген. Жаңа қалашық көп уақыт
бойы Кучко деп аталып келді де, келе-келе Мəскеу өзенінің

атымен Мəскеу атала бастады. Бір ғажабы, ұлы князь атағын
армандайтын Юрий Долгорукий бүкіл ғұмырын Киев тағын
иелену үшін күреспен өткізді. Дегенмен, зұлымдықтың аяғы да
зұлымдықпен бітетіні өмір шындығы. 1157 жылы көтеріліске

шыққан киевтіктер озбыр Юрий Долгорукийдің өзін де аяусыз
бауыздап өлтірді. КСРО-ны ұзақ билеген Л.И.Брежневтен де гө-
рі көбірек уақыт Мəскеуді ашса алақанында, жұмса жұдыры-
ғында ұстаған Юрий Михайлович Лужков та өзін сыртқы сая-

саттан тысқары санаған емес. Əсіресе оның демократ Ющенко
билік тізгінін ұстаған Украинаға жасаған дөңайбаттары, Се-
вастополь мен Қырым тарихы туралы қисынсыз сөздері, Қара
теңіз флотына иек сүйей отырып, тəуелсіз Киевке күш көр-

сетуге ұмтылуы таяз популистікпен ұштасып жататын. Оның
орынсыз сөздері Юрий Михайловичті орыс тоғышарлары мен

өресі тар, əсірепатриоттарының сүйіктісі еткенмен, сабырлы,
білікті саясаткерлер арасында үнемі күлкіге қалдырып жү-
ретін. Сондықтан қазір киевтіктердің Лужковқа деген өкпесі
тарқай қойды дей алмайсыз. Аңыздық Юрий Долгорукий 60

жасқа таяу өмір сүрсе, Лужков қазірдің өзінде 74 жасқа келіп
отыр. Сабырсыз, тоңмойындау Юрий Михайловичтің билік-
тен кетуін Ресей оппозициясы бірауыздан қолдады, əсіресе,
табиғат қорғаушыларының қуанышында шек жоқ. Өйткені қа-

ла мэрі болып тұрған шағында қала көшелері мен алаңдарын-
да талай рет гей-парадтар ұйымдастыруға рұқсат берген Юрий
Лужков мырза оппозицияның түрлі митингілерін қатыгез Мəс-
кеу милициясының сойылымен қуып тарқатуға əбден төселген

болатын. Тіпті, қатыгездігімен аты əйгілі болды. Кемеңгер
халқымызда «Арбаның кемеге мінетін кезі де, кеменің арбаға
мінетін кезі де болады» дейтін ұлағаты бар. Өмірдің алдам-
шылығын, дүниенің жалғандығын тұспалдап айтқаны. 18

жыл бойына үздіксіз Мəскеу тізгінін ұстаған Юрий Лужков
та қызметінен үлкен дау-дамаймен кетіп отыр. Оған Мəскеу-
Санкт-Петербург жолын салу үшін Химкидің қайталанбас,
бірегей орманын отау жөніндегі бұйрығы сылтау болды деу

де мəселенің бер жағы ғана. Қаладағы көлік мəселесі, жүгенсіз
коррупция, рейдерлік, қала қарызының шектен тыс ұлғаюы
да əйгілі қалаға абырой əпере қойған жоқ. Ең бастысы, қала
бүгінгі нарықтық қарым-қатынастарға мүлдем бейімделмеген

болып шықты. Мəскеу құрылыс кешенінің жылдық айналы-
мы 14 млрд. долларды құрайды жəне қала əкімшілігінің қа-
таң бақылауында. Əсіресе, əкімшілік кедергілер аса мол
екені, көбіне бұл кедергілердің федералдық заңнамаларға

қарама-қайшы екені белгілі болатын. Тіпті, биылғы жазда
Мəскеудегі қапырық ыстық пен қаланы тұмшалап жатқан ыс
пен қалың түтіннен ажалынан бұрын өлген 60 мың адамның
жоқтаушылары да жоқ. Мəскеуліктердің енжарлық пен тоғы-

шарлыққа бой алдырғаны сонша, қала үйлерінде кондицио-
нер орнату үшін 60 мың рубль ақша төлеуге міндетті болған.
Федералдық заңдарға түбегейлі қайшы келетін осынау ереже-
ге де ешкім қарсылық танытуды жөн деп санаған емес. Сірə,

жұрттың бəрі қала мэріне еш амал қыла алмайтынына əбден
еті өліп кеткен секілді. Юрий Михайловичтің сыншылары –

Александр Лебедев, Владимир Жириновский, Леонид Гозман,
Сергей Доренко, тағы басқалар экс-мэрдің əйелі Елена Бату-
рина ханым миллиардтаған долларлық байлығын күйеуінің
қызметін пайдаланып жасағанын айтады. Ал «Солидарность»

қозғалысының лидері Борис Немцов осыдан біраз бұрын
«Лужков. Итоги» деген баяндама жасағаны белгілі. Онда да
қала мэрінің Елена Батурина фирмасына ерекше тиімді жағдай
жасағаны, кодекс бойынша Юрий Лужков əйелінің орасан

зор байлығының жартысына ие екендігін айтқан болатын.
Ресейдегі Көлік шаруашылығына басшылық жасайтын вице-
премьер, федералдық үкімет əкімшілігінің басшысы болып
қызмет атқарған Сергей Собянинге ауыр мұра қалып отыр. Ол

өз жұмысын Мəскеудің қалалық Дума депутаттарының санын
45-ке, тіпті 100-ге жеткізуден бастауы мүмкін.
2010 ж.

МƏҢГІЛІК ТОЛҚЫНДАР

Дауылды күні асау теңіздің сұр жартас ты, сұрқай тастақ
жағалауын аласұрып, ғаламат зор қуатпен өші кеткендей ты-
нымсыз соққылаған дүлей толқындарын əрі еріксіз таңдана,
əрі сыры беймəлім əлдеқандай ішкі бір үреймен көз алмас тан

тамашалаған мезетте; белгісіз бір қиырдан алай-түлей тентек
жел соғып, зəулім ағаштардың жүрек-жапырақтарын жұлып
əкетердей ұйытқығанда, аяусыз өшпенділікпен жұлып алған
мəурітте, сосын түпсіз көк зеңгірде баяу жүзген жеп-жеңіл

күміс бұлттарды топалаң тигендей бағыт-бағдары жоқ жаққа
дедек қақтырып қуған кезде; күні кеше алдыңда асқар таудай
боп айбарымен тентек пен теліні тезге салып, кемел ақылымен
барша қауым-қоғамды ұйытқан, əділ сөзімен адасқанды жөнге

салған абадан ағаны тойымсыз қара жердің қойнына беріп,
сүйегіне бір уыс топырақ салып, ауыр азадан қалың қауым сең
соққандай теңселген қаралы сəтте ұлы Абайдың əйгілі «Отыз
жетінші» сөзіндегі:

«Дүние – үлкен көл, заман соққан – жел, алдыңғы толқын –
ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай
көрінер» – деген ғұлама сөздері еріксіз ойға оралады жүректі
жазылмас мұң, зілмауыр қайғымен езіп.

Өмір – өзен, толқын – адам, мəңгі кезектесіп алмасқан сансыз
ұрпақ. Өзен мəңгілік ағысын тоқтатпайды, ұлт ұрпағымен жал-
ғасады, жағалауды тынбай соққылаған толқындардай мəңгілік
қозғалыс, үздіксіз ізденіс қана тобырды ұлт етеді. Япыр-ау,

адамның мəңгілік мекені Аидке қап-қара қорқынышты өзен –
Стикстің суымен ғана жүзіп баруға болады дейтін ежелгі
гректердің сəби наным-сенімі де бекер емес екен ғой. Шетсіз-
шексіз шалқардың соншалық төзімді, шыдамы берік жағалауын

Үшінші бөлім

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ

күндіз-түні тынбай соққылаған сол асау, ақжал толқындарда
титтей мін бар ма өзі?! Мінін қалай, қандай шарттар бойынша
тап басып анықтауға болады? Турасын айту керек, тумысы-
нан тоңмойын, өресі таяз, тым жадағай пенде шіркін жараты-

лысынан өте міншіл-ақ. «Тура биде туған жоқ» дейтін, қара
қылды қақ жаратын əділетті сыншылдық емес, өзгенің көз-
кірпігіндегі қылтанақты сөз ететін езбе міншілдік өмір салты-
на айналып барады қазір, өкінішке қарай. Өзгенің елеусіз кем-

кетігін, шалыстау қадамы мен іс-əрекетін қазбалап, тырнақ
астынан кір іздейтін қазымырлыққа ұрынғанымызды аңдамай
да қалғандаймыз. Сосын... «Жыртық тесікке күліптінің» кері
баяғы. Жалғыз Жаратқан ғана мінсіз екенін біле тұра өзгенің

титімдей мінін (өлгеннің де, тірінің де) термелеу кейбір пен-
деге тұтас дүниетаным, мызғымайтын ұстаным, қасаң қағида
болып қалыптасып үлгерді. Санада ежелден мызғымастай
қалыптасқан асқақ идеялар ешкімге қажетсіз атрибутикаға

айналғанда, қоғам əділетке сенуден қалғанда қауым тура жол-
дан адасатыны ежелден дəлелденген.
Бұл осы күндері тек Қазақстанда ғана қалыптасқан сүрең-
сіз жағдай емес, барша посткеңестік елдерде орын алған өкі-

нішті шындық. Адамгершілік, адал ниет, кең пейіл туралы
түсініктер қазір анахронизмге айналып барады. Жақсылыққа
сенуден қалғандаймыз. Ал жақсылыққа, ізгілікке сенім жо-
ғалған қоғамда жамандықтың, зұлым күштердің мерейі

үстем болатыны заңдылық. Содан да болар, посткеңестік ел-
дердің кісілері, біздің қазақстандықтар көңіл көтеруге қыды-
рып барған жерлерде жамандықтың, түрлі апаттардың бұ-
рынғыдан жиі естілетіні. Бəлкім, шұқшиып зерттелмеген,

картаға ыждағаттап түсірілмеген бір сүйем жер табылмай-
тын Италияның жағалауларында сандаған жылдардан бері
еш пəлеге ұрынбастан жүзіп жүрген «Коста Конкордия»
лайнерінің таяуда ойда жоқта апатқа ұшырауы да кеме борты-

на қазақстандықтар мінгендіктен шығар?!. Өткен ғасырларда
діндар теңізшілер төмен етектінің кемеге мінгенін жамандыққа
жоритын еді, əйел мінсе апатқа ұшыраймыз деп үрейленетін,
енді...қазақстандық туристер «Коста Конкордия» кемесінің

қожайындарынан моральдық шығынды өтеуді талап етпекші.
Бірақ біздің байшікештердің сол кемедегі круиздің əр күніне

1200 доллар төлегенін еске түсірсек, еріксізден ауыр ойлар
меңдейді. Бүкіл əлемдегі сияқты біздің елімізде де кедейлер
мен байлардың арасындағы алшақтық геометриялық прогрес-
сиямен ұлғайып барады. Бұл күндері жаһанда миллиардтан

астам адам күніне 1 доллардан аз ғана қаржыға күн кешуде,
планетада тұтас елдер мен өңірлер аштық қатерінде қалып
отыр. Жыл сайын 10 миллионнан астам бала бес жасқа жет-
пестен, оның үстіне емдеуге болатын аурулардан шетінеп

жатады. Бір сөзбен айтсақ, жаһанды күңгірт мұнар басқандай
көрінеді. Осындайда жақсы кітап, шебер қаламгердің жүрек
тербеткен шыншыл шығармасы ғана бұл тұйықтан шығар жол-
ды сілтейтін секілді. Қоғам жəне мемлекет қайраткері, белгілі

ғалым Мырзатай Жолдасбековтің «Аманат» журналының кі-
тапханасы» сериясымен өткен жылы жарық көрген «Асылда-
рым» кітабына қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған
шоқтықты тұлғалардың тағдыры, тарихы, сан қиырға жете-

лейтін қабырғалы ізденістері туралы ешкімге ұқсамайтын,
өзгені қайталамайтын терең ой-пайымы мен қоғамға айта-
ры бар дуалы ауыз ақсақалдық тебіреністері топтастырылған
көрінеді. «Асылдарым» – ізгілік жинағы. Шуақты сезімдер мен

жақсылықтың топтамасы. Аталмыш кітапқа алғысөз жазған
Иманғали Тасмағамбетовтің бұл кітапты «Ұлы сағыныш кіта-
бы» деп атауы бекер емес. «Атадан мұраға қалатын жазиралы
жер, бірлігі мен тірлігі жарасқан ел, көзі ашық, көкірегі ояу

зиялы ер. Міне, қауымды халық, халықты ұлы ететін үш тұғыр.
Қазақты ғасырлар бойы сыртқы жауы мен дауынан, алапат
апат пен зілзала-зұлматтан аман алып келе жатқан да осы киелі
күш», – дейді ол. Сөз жоқ, «Асылдарым» кітабы оқыр ман-

ның жүрегіндегі жақсылыққа сенімді, биік сезімдерді оятуы-
мен, жасампаздық рухын асқақтатуымен, халқымыздың терең
де тағылымды тарихында өшпес із қалдырған қайталанбас
тұлғалардың тұтас бір галереясын айшықтап сомдауымен

қымбат. Жалпы адамзаттың жеңіл, мəнсіз ойын-сауықты, жап-
пай тұтынушылықты бас ты мақсатқа, өмірінің негізгі мəні-
не айналдырғаны, материалдық игілікке ғана бас иетіндігі,
мейірім, ізгілік, жанашырлықтан өз еркімен бас тартқан қарау

жүрек тобырға айналып бара жатқанын əлемнің əр тұсынан да-
был қаға жазып, ашына айтып жүргендер де жоқ емес. Адам-

зат рухани, моральдық, адамгершілік дағдарысқа ұрынудың
табалдырығында тұр. Сондықтан да бəлкім бір уақыт тоқтап,
біз осы қайда барамыз, бізді болашақта не күтіп тұр деп ойла-
натын уақыт жеткен шығар?!

«Біз кімбіз?» Шолақ қамшының ойда жоқта шарт еткенін-
дей осынау келте сауалға бір ғана сөзбен толымды жауап беру
қиынның қиыны. Бірақ ертелі-кеш бұл сұраққа бəріміз де
жауап іздеуге тиіспіз. Нақты жауап табуға міндеттіміз. Мыр-

затай Жолдасбеков те: «Даламызды да, өзімізді де көрмеген
батыстың ғалымдары қазақты жер бетіндегі жабайы халықтың
қатарына қосты. Олар өркениеттің Шығыста басталғандығын,
Еуропа қалың ұйқыда жатқанда бұл өңірде салтанатты тіршілік

болғандығын, керек болса, ер қанаты жылқыны да қолға үй-
ретіп, ертоқым салып, жүгендеп, өмір сүрудің құралына ай-
налдырғандығын біле тұра, мойындағылары келмеді. Өрке-
ниеттің тұтас бір дəуірін жасаған ата-тегіміз – ғұндарды да,

оның көсемі Еділ (Атилла) патшаны да, көк тəңірі мен қара
жердің ортасындағы бүкіл адам баласын билеген, дүниенің төрт
бұрышын аузына қаратқан, сөйтіп азды – көп, кедейді – бай қыл-
ған, тату елге жақсылық қылған, асыл мұралар қалдырған

Қағанат қаһармандарын да жабайыға сана ды», – деп қынжы-
лады жəне: «Ойыңа түссе зығырданыңды қайнататын, пұ-
шайман қылып сергелдеңге салатын, досың түгіл жауыңа
тілемейтін осындай қорлықты, сұмдықты басымыздан кеш-

кен, тарихқа есесі кеткен елміз», – деп күйзеледі. Адамзат
ықылым заманаларда жер бетін мекен етіп, кең байтақ жази-
раларды ен жайлағалы бергі ұзақ тарихта талай əділетсіздіктің
орын алғаны өтірік емес. Шетсіз-шексіз кеңістіктегі көгілдір

нүкте – Жер шарындағы шым-шытырық, қым-қиғаш, астасқан
айқыш-ұйқыш алуан заманның адамзат басынан өткені де,
сансыз өркениет пен алып державалардың салтанатты өмір
сүргені де рас. Мəңгілік мызғымастай көрінген небір құдіретті

мемлекеттердің көбесі сөгіліп, іргетасы күйреп, шаңырағы
ортасына түскені, кейінгі ұрпақ тілге тиянақ етер бір шөкім кү-
лі де қалмағанына көнекөз тарих куə. Ал біз ше?!
«Дəуір алмасып жатқанда өмір сүрме» – дейді екен қытай-

лар. Бүгінгі ұрпақтың өмірі дəуір мен дəуір, ғасыр мен ғасыр
алмасып, заман өзгеріп жатқан тұсқа тура келді. Біз осы күнге

дейін арып-ашып, жадап-жүдеп, шаршап-шалдығып, талықсып,
сеңдей соғылысып, тентек қойдай теңселіп, ақылымыздан, жа-
дымыздан, санамыздан айырыла жаздап жеттік», – дейді білікті
ғалым. Ащы шындық бұл. Бəрі де күні кешегідей есте. Нəзік

жүректегі қансоқта жарадай жазыла қойған жоқ əлі. Тəуелсіз-
діктің жолы ешқашан жеңіл болған емес. Бүкіл əлемде бұғау-
дан босаған ешбір ел күрделі қиындықтарсыз, тар жол, тайғақ
кешусіз дамудың даңғыл жолына түспеген. Ондай мысалдар

жалпы тарихтың жылнамасында тіркелмеген. Бостандық алған
тəуелсіз мемлекеттердің тобығынан шалар кедергі көп, ады-
мын аштырмайтын мың сан қиындық бар. Олардың баршасын
санамалап тауысу мүмкін емес. Ең басты тұсау – санадағы құл-

дық. Азаттық – ең əуелі адамның ішкі жан дүниесінде, жүре-
гінде жарқын сəуле шашатын құдірет, сипаттауға сөз жетпейтін
ерекше құбылыс. Ал қоғамдағы тұтас қауымдар, кертартпа
топтар тəуменділіктен арыла алмағанда шынайы бостандық

туралы сөз етудің өзі артық. Дей тұрғанмен, кез келген мемле-
кеттің қайталанбас тарихы жеке тұлғалар мен қаһармандардың
ешкімге ұқсамайтын, өзгені қайталамайтын, ел өмірінде өшпес
із қалдыратын ерекше қадамы, іс-əрекеттерімен сабақтасып

жататыны тарихта дəлелденген. Ақын бейнелеп жазғандай, та-
рихы ұшан-теңіз, ал тарих оқулығы пышақтың қырындай ғана
қазақ жұртының жуық арада шұғыл жауап табуға тиіс сұрақтары
азаяр емес. Жеке тұлғаның қоғам алдындағы міндеті, ешкімге

ешқандай жағдайда да жүктеуге болмайтын тарихи миссиясы
қандай? Сол тарихи міндетін қандай жол, амал-тəсілмен жүзеге
асырғанда парызын, қоғам алдындағы борышын толық атқара
алмақшы. Өкінішке қарай, дəлме-дəл сызылып, канон ретінде

жазылып қойылған да үлгі жоқ. Ең бас тысы, тарихи нұсқалар,
өткеннің барлық үлгісі қоғам алдындағы өз жауапкершілігін
анық сезінетін кемел тұлға үшін ешқашан бағдаршам бола ал-
майды. Ол тыңға түрен салады, ешкімге ұқсамайтын жеке жо-

лын, өзіндік соқпағын іздейді. Ең ауыр жолды, қайталанбас
тағдырды таңдайды... «Сын сағатында, алмағайып заманда екі
өмір, екі дүние, екі дəуір арпалысқа түскен шақта Назарбаев
осындай қадамға барды. Керек десеңіз, бəйгеге басын да тікті.

Ештеңеден, ешкімнен қаймыққан жоқ. Қалай барды? Неге сен-
ді? Кімге сенді? Бұл арасы ол кезде тек оның өзіне ғана мəлім

еді. Ес жиып, етек жапқан кезде ол туралы Н.Назарбаевтың:
«...Мен өз халқымның жолында басымды бəйгеге тіккен адам-
мын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті ха-
лыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне

бұйырмаған бақытты – толыққанды, тəуелсіз мемлекет құрудың
басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден
артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар
қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай

да тəуекелге барамын» деп ағынан жарылғаны да жадымыз-
да», – деп тереңнен тебіренеді автор «Көреген» атты мақала-
сында. Қазақстан тəуелсіздікке алғаш қол жеткізген ауыр жыл-
дарда ел Президентімен тізе қосып бес жылдай қатар жүрген,

небір ауыртпашылықтарды бірге бастан кешкен қоғам қай-
раткерінің сөзінде терең астар бар. Өйткені өткен дəуірлерде
ауыр бұғаудан арылып, бостандыққа қол жеткізген базбір ха-
лықтарға бүгінгіден анағұрлым жеңіл, айтарлықтай оңай бол-

ғанына еш күмəн жоқ. Есесіне əлемдік саяси ахуал мүлдем
шиеленісіп, шым-шытырық ширыққан күйге түскен қазіргі
уақытта шынайы тəуелсіздікке қол жеткізу, баянды бостандыққа
ие болу қиынның қиыны. «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шы-

бын өледі» деген кемеңгер қазақ халқының тұжырымы күн са-
нап өзінің өміршеңдігін дəлелдей түсуде. Осыдан бірер ғасыр
бұрын əлемде алып елдер, алпауыт державалар саусақпен
санарлық болса, қазір бейнелеп айтсақ, «атан түйелер» көш-

керуендей тізіліп тұр. Əрбірінің саяси, əскери, экономикалық
мақсат-мүдделері əралуан, ұлттық, мемлекеттік қажеттіліктері
əрқилы. Сол мақсаттарын қапысыз жүзеге асыруға, көзге көрін-
ген майлы жіліктен өзгеден гөрі молырақ қарпып қалуға əрқай-

сысы тас-түйін даяр. «Қазақстанның жер үсті, жер асты бай-
лығы мол» деп мақтанамыз, ал əлемдегі алып елдердің əрбірі
осынау мол байлықтан неғұрлым көбірек қарпып қалуға, қо-
мақты үлес-сыбаға алуға дайын екенін көбіне қаперге ала бер-

мейміз. Сол сыбаға үшін олар қолдан келген барша əрекетті –
саяси бопсалау, экономикалық қысым, əскери қоқан-лоққы жа-
саудан еш тайынбайтынын соңғы жылдардағы халықаралық
жағдай мейлінше айқындап отыр. Мұны өзгемізден гөрі жақсы

білетін автор: «Жер шетінен сығалап отырғандар онсыз да же-
теді. Қызмет берсе мақтағаннан, қызметтен алса даттағаннан

сақтаналық. Ошақтың бұты үшеу болғанымен, ұлт біреу. Өкпе-
шілдік өрге бастырмайды. Күні кеше Есімханға өкпелеп Жи-
ембет жыраудың ат құйрығын кесісіп Арқаға көшкенінен қазақ
пайда тапқан жоқ. Азаматтар бірін-бірі аяқтан шалып, етектен,

жағадан алып, жатқа таба болмай, кеңірдекке қол салмай, бір-
бірімізге құшағымызды ашайық», – деп өкпеге қиғанмен, өлім-
ге қимайтын барша қазақты, еліміздің барша адамдарын тату-
лыққа, бірлікке шақырады. Иə, халқымыздың ғасырлар қойна-

уынан сыр тартатын ғажайып тарихында ұлттық этникалық
біртұтастықтың, мемлекеттілік сананың əбден орныққандығы-
ның, шынайы патриотизмінің ерен айғағын барша дəуірден
көптеп табуға болатыны ақиқат. Соның бір айғағын Мырзатай

Жолдасбеков ағамыз «Есімі ұрпағына ұран болған» атты ма-
қаласында кең ашып көрсетеді. Əрбір тарихи деректің нақты-
лығын мейлінше таразылап жазатын сөз зергері Ақтөбе өңірінің
қаһарман перзенті, ел басына күн туған шақта Сайрам-Түркіс-

тан аймақтарын жау дан құтқаруға 17 мың қолды бастап барып,
ұлы Жолдаяқпен бірге шейіт болған шекті Тілеу батыр Айтұлы-
ның, ел мен жерін шексіз сүйген баһадүрдің асқақ бейнесін
айшықты тілмен сомдайды. Батыр бабамыз 1630 жылы Ақтөбе

өңірінде дүниеге келіп, 1684 жылы Сайрам соғысында қаза
тапқаны аян. «Бүгінгідей көршісінің үйі өртеніп жатса əрең
көмек беретін заманмен салыстырғанда сонау ит арқасы қиян-
дағы Ақтөбеден Сайрамға келіп, жаумен жағаласып, жан тап-

сыруы, сөз жоқ, бабалардың елін, жерін, отанын шексіз сүйген-
дігінің дəлелі. Тегінде, ешқашан еншісі бөлінбеген қазаққа жау
да ортақ, дау да ортақ, жеңіс те ортақ болған», – деп ой түйеді
белгілі ғалым. Өйткені қазақты сырттан келіп ешкім жарыл-

қамайды. Қазақты жарылқаса тек қана қазақ жарылқайды. «Ей,
түріктің бектері, халқы! Сендер алауызсыңдар, таққа кіріп-
тарсыңдар. Ағалы-інілінің дауласқандығынан, бекті-халқының
жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан,

қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен, билігіңнен айырылдың.
Жер-жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері
шаптың, барған жерде не пайда таптың? Бек ұлдарың құл бол-
ды, пəк қыздарың күң болды. Түркі халқы, өкін!». Оқыған жан-

ның сай-сүйегін сыр қы ра та тын осынау сөздер Күлтегін ес-
керткішіне мəңгілікке шекіліп жазылса, мұңлы Абай өмір сүр-

ген кезеңде шырғалаңға түскен, шырмауда қалған көшпенділер
елінің мəдениеті де, санасы да күйреуде еді. Ұлы дала мешеулік,
кертартпалық, алауыздық табанының астында жаншылып та-
лып жатты, даламен бірге қазақтың рухы, поэзиясы, асқақ ар-

маны өлді, ұлттық намысы тапталды. Абай соның бəрімен жал-
ғыз алысты, жалғыз арпалысты, осыншама сұмдықты өз жүре-
гінен өткізді, туған халқын оянуға, жан тірлігіне, қалғымайтын
намысқа, ардың күресіне шақырғанын көзі ашық, көкірегі ояу

əрбір адам бүгінде жақсы білетіні сөзсіз. Ұлы Абайдың: «Бұл
жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, əйтеуір
бірталай өмірімізді өткіздік, алыстық, жұлыстық, айтыстық,
тартыстық – əурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы

жасқа келдік, қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің ба-
янсызын, байлаусызын көрдік, бəрі қоршылық екенін білдік.
Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз. Соны
таба алмай өзім де қайранмын», – деп дал болуы өзінен сандаған

ғасырлар бұрын өткен көк түрік бабаларымыздың кейінгіге
өсиет етіп көк тасқа қашап жазған жанайқайымен үндесіп, қай-
талап жатқан жоқ па? Сонда ғасырлар бойы туған халқымыз
осынау тұйықтан шығар жол таппай, шеңбер бойымен айнала

берген болғаны ма? Ұлы даланы еркін мекендеген, алаңсыз,
бейқам өмір кешкен қазақ халқының тағдыры туралы Абайдай
аяусыз, жанға батырып айтқан жан болмағанын, Абайдың мак-
симализмі туған халқының мешеу мінезін ғайбаттау емес, кері-

сінше елін талмайтын зерделілікке, ойлылыққа шақыру екені
автордың «Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе?» деген
толғау тебіренісінде терең парасат-пайыммен ашылған. Қазақ
үшін дертті болған, сол дертінен айыға алмай кеткен, жан жа-

расы жазылмай кеткен, кеудесі қайғы мен қасіретке толы қазақ
тарихындағы ең ірі трагедиялық тұлғамен, өз ұлтын өркендеген
өнегелі елдердің қатарында көруді көксеген ұлы ойшылмен
автордың іштей тіл қатысуы, бүкпесіз сырласуы бұл. Мырза-

тай Жолдасбеков: «Қазақ қоғамы, оның болмысы, келешегі ту-
ралы соншама толғанған; ұлтының табиғатын, жаратылысын
дəл таныған; елі үшін күйіп-піскен, азапқа түсіп, қасірет шек-
кен, қазақтың кемшілігін жанға батырып бүкпесіз ашық айтқан

Абайдан асқан кісі болған жоқ. «Қартайдық, қайғы ойладық,
ұлғайды арман», – дегенді Абай жасы жетіп қартайғандығы-

нан айтқан жоқ, Абайды жасына жетпей қартайтқан – қазақ,
оның қылығы. Заман өзгерер, қоғам өзгерер, адам өзгерер,
бəрібір қазақ түбінде Абайға жүгінеді, оның өсиетіне, аталы
сөзіне тоқтайды», – дейді. Абай – расында, халқымыздың руха-

ни көсемі. Абай қашанда қазақ халқының ұлы көшінің басын-
да. Кітап авторы айтпақшы, «Кемелге келмей, ақыл тоқтатпай
Абайды ұғыну мүмкін емес». Көзі ашық, көкірегі ояу, парасат-
пайымы терең əрбір қазақтың жалыққанда, жабыққанда,

қамыққанда жүгінер кемеңгері – өз Абайы болуға тиіс. Хакім
Абай:
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,
Түбін ойлап, уəйім жеп айтқанмын.

Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып, түзеле ме деп айтқанмын.
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын,
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сырын.

Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын, –
деп қамығып, іштей торықса, қазақ намыстан, ар-ұяттан, бере-
ке-бірліктен айырылды деп күңіренсе, Мырзатай Жолдасбе-

ков қазақтың бүгінгісіне де жанашырлықпен ойлы көз тас -
тайды. Уайымдайды, көзге ұрып тұрған, тіпті күн асқан сай-
ын асқынып бара жатқан дертімізге дауа іздеуге ұмтылады.
«Бүгінде халық қамын ойлайтындардан қарын қамын ойлай-

тындар көбейді», – деп қамығады. Ол рас, қарынның қамын
ойлайтындар қарақұрым түменге айналды, бейғам ел-жұрттың
келешегі қалың тұманға айналды. Бұл ащы шындықты амалсыз
мойындауымызға тура келеді. Абай қазақтан қанша түңілсе де,

жаман істерін жек көре тұрса да, момын жұртын мейлінше сүйді.
Жанындай жақсы көретін, жамандыққа қимайтын жұртының
озық ойлы елдердің қатарына қосылатынына, өркениет көшіне
ілесетініне еш күмəнсіз сенді. Туған елі де хакім Абайын, жа-

ралы жолбарыстай жаны ауырған, ызалы Абайын жанындай
жақсы көрді. Соған жүгінді, алыс келешекте де жүгінетініне,
тірлігіне тиянақ ететініне еш күмəн жоқ. Абай рухымен терең
сырласқан ойшыл Міржақып Дулатовтың: «Зəредей шүбə

етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына
сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар,
өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге
артар. Бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат

етер, халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар.
Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуа-
нар», – деп тебіренуінен талай сырды аңғаруға болады. Иə,
баршамыз үшін, сырт қарағанда, Абай – құдірет, Абай – руха-

ни құтқарушымыз. Сөйте тұра, əлі күнге Абайды толық тани
алмай жүрміз. Толықтай тануға шындап талпынамыз, деген-
мен Абай əлемі шексіз метагалактика сияқты тұңғиық сырын,
терең құпиясын толық аштырар емес. Мұны өңгемізден гөрі

жақсы білетін, анық көзі жеткен Мырзатай Жолдасбеков: «Иə,
Абайды білетін сияқтымыз. Ал шынына келсек, Абайды білдік,
таныдық, тереңіне бойладық деп айта алмаймыз. Біз Абайды
терең танып-білуге талпынбадық демейміз. Талпындық, талап-

тандық. Өкініші, бойымызға сіңіріп, зердемізге қондыра алмай
келеміз. Абайдың мұңы, Абайдың зары – халықтың, ұлттың
зар-мұңы. Ел болудың, ұлт болудың қағидасы, қам-қарекеті
екенін терең ұғына алмай келеміз... Абайды құрметтеу – өзің-

ді құрметтеу, Абайды қастерлеу – ұлтыңды қастерлеу де-
ген сөз», – деп кеңінен толғап, тебіренеді. Білікті ғалымның
бұлай деуіне, осылай ой түюіне негіз де жоқ емес. Мəселен біз
Абай, Махамбет, Жамбыл секілді, тағы басқа Алаштың туын

ұстаған асылдарымызды бүкіл ұлттың қазынасы, абыройы
деп ұғына алмай жүргеніміз рас. Осындай асылдарымыздың
мерейтойын өткізгенде бар салмақ сол ұлылардың туған об-
лысына түседі. Бөлу, бөліну деген осыдан басталатынына кө-

зіміз жетіп жүр. Бұл өкінішті жағдай ел ағасы Мырзекеңнің
де назарынан тыс қалмаған екен. Алауыздық, пасықтық, кө-
ре алмаушылық, топшылдық, қиянатшылдық, дүниеқорлық,
жайдақтық, жалтақтық, билікке құмарлық, мансапқұмарлық,

ұлтымыздың əлі күнге айықпайтын дертіне айналғандай.
Ең өкініштісі, ұлы ақынның ұлағатты сөздерін бойға, санаға
толық сіңіре алмай жүрміз, бай мұрасынан ғибрат алу ойда
жоқ. Соның бір сорақы көрінісіне, саналы адамды ашуға бу-

лықтыратын көрінісіне білікті ағамыздың өзі де еріксіз куə
болса керек. «Қалың қазақтың Өзбекəлісі» мақаласында:

«Мың тоғыз жүз тоқсан сегіздің басында мен емханаға түстім.
Өзекең осында жатыр екен, тездеп палатасына кіріп, көңілін
сұрадым, əрең демалып жатыр екен, жүрегім зу ете қалды.
Бір аптадай ағамыздың жанында болдым. Тұла бойында өлім

мен өмір арпалысып жатқан ағаның мынадай халін көру ауыр
еді. Теледидардағы, «Қазақфильмдегі» жігіттерге «Өзекеңді
түсіріп ала беріңдер» деп сұрадым, өкінішке орай, ешқайсысы
қозғала қойған жоқ. Тақта отырғанның табанын жалар еді,

өлейін деп жатқан Өзбекəлінің оларға керегі болмағанына
көзім жетті», – деп көкірек жара күрсініпті. Жылдар асқан
сайын Алатаудың шыңдарындай биікке, əрбір қазақтың қимас
жақынына, тазалықтың, имандылықтың символына, қазақ

халқының ұзақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі жəне
бірегейіне айналған Өзбекəлі Жəнібеков ағамызды қадірлей,
шын құрметтей білмегендерге ендігі айтар сөз де таусылған
сияқты. Қарапайым адамға жан-жаққа қарап, құр қамығудан

басқа жол түгесілгендей. Бұл рухани тұңғиық дағдарыс, ой-
сана тығырығынан құтылар жол табылмайтын іспетті. Бірақ
тығырықтағы елінің мерейін өсіретін ерлер қазақ халқының
тарихында талай рет табылған. «Ұзақ тарихымыздың қай беле-

сінде де халқымыздың абыройын өсіріп, ұлттың мақтанышы-
на айналған даналар да аз болмаған. Ел шетіне жау тиіп, сүттей
ұйып отырған бейбіт қауымның басына қатер төнгенде халық
ұранын байрағындай желбіретіп, елім деп еңіреген түкті жүрек,

мықты білек ұлдардың да, елдің, жердің амандығын, бауырдың
бүтіндігін көксеген басалқалы билердің де, жалын атқан жы-
рымен, жүрекжарды сырымен алыс-жақынды бірдей баураған
от ауызды, орақ тілді абыз ақындардың да талайының атын

атай аламыз. Ұлттың рухани асқақтатып, мерейін өсірген, ке-
лер ұрпақты күнес биік, мұзарт шыңдарға шақырып тұратын
халықтың жақсысы мен жайсаңын біз қашанда мақтаныш
тұтамыз», – деп шын жүректен тебіренеді Мырзатай Жолдасбе-

ков «Бауыржан» толғауында. Ол – рас, Бауыржан Момышұлы
арғы-бергіде талай мерейленген халқымыздың биік мерейі,
нұрлы шырағы болғаны ақиқат. Оны Ерлік ғұрпынан айнымай
өмір сүре білуімен, қайсар өмір сүре білуімен дəлелдеген ба-

тыр атамыз. «Асылдарым» – асқақ намыстың кітабы. Бұл кі-
тап – елдіктің, ұлттық бірліктің баяны. Ел ағасы жасқа жет-

кен автор тебіреніп жазғандай: «Өзімді керуені қара үзіп, елі
көшкен жұртта қалғандай сезінемін. Базбірде жан əлемімді ай-
тып болмас мұң кеулейді. Ойласам-ақ, ішін өрт шалған орман-
дай боламын. Ағыл-тегіл сағыныш сазынан сарғаямын, жүрегім

талады. «Қайдасыңдар, асыл ағаларым!» деп шарқ ұрып іздеу
салғым келеді». Зерделі оқырман «Асылдарым» кіта бы нан
артында қалған əрбір сөздері алтынға бергісіз Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлы мен Қазыбек бек Тауасарұлы, қазақтың мəңгілік

мызғымас бірлігінің сан ғасырлық айғағы, Шалқарда туып,
Сайрамда шаһид болған шекті Тілеу батыр, ұлы ақынымыз –
Абай Құнанбайұлы, жүз жыл жырлаған жыр жампозы – Жам-
был, Алаштың ардақты көсемінің бірі – Мұстафа Шоқай, ақиық

ақын – Мұқағали Мақатаев, Шоқандай жарқ етіп өмірден
жұлдыздай ағып өткен – Сағат Əшімбаев т.б. жайында жазылған
Мырзатай Жолдасбековтің көлеңкесіз көңілі, ақжарма сырлары,
асқақ сағынышын тебіреніспен оқып, кеңінен танысары кəміл.

Ойымызды Иманғали Тасмағамбетовтің: «Кейіпкер – тұтас дə-
уір. Автордың өз көзімен көріп, қос қолымен ұстаған қазақтың
алтын дəуірі. Мұхтар Əуезов, Əлкей Марғұлан, Бейсембай Кен-
жебаев, Əбділда Тəжібаев, Есмағамбет Ысмайылов, Мұхамет-

жан Қаратаев, Əбдіжəміл Нұрпейісов, Қалтай Мұхамеджанов,
Шахмет Құсайынов, Зейін Шашкин, Зейнолла Қабдолов, Өмір-
бек Жолдасбеков... Бəрі де Мырзатай ағаның асылдарым, ұс-
таздарым деп ағынан жарылған халықтың тау тұлғалары», –

деген сөзімен түйіндеуді жөн көрдік. Шын асылдарын, тау
тұлғаларын таныған, бірегей ұлтымыздың сан ғасырлық тари-
хында іргемізді бекітіп, туымызды желбіреткен жақсысы мен
жайсаңын ұлықтай білген халықтың ғана болашағы кемел,

бостандығы баянды болатыны сөзсіз. Жағалауды алма-кезек
соққан мəңгілік толқындардай – ұлтымыздың асқақ ойлы,
арлы адамдарына арналған «Асылдарым» кітабы əрбір саналы
оқырманның жүрегінде өшпес із қалдыратынына күмəн жоқ.

2012 ж.

СҰЛУЛЫҚ ПЕН СЫРШЫЛДЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚ

Қазақ əдебиетінде өзіндік үнімен келіп, қалам қарымын
танытып, сүбелі дүниелерін ұсынып үлгерген аға буын
жазушыларымыздың шығармашылық кескін-келбетін аша-
тын мақалаларды бұдан былай үзбей жариялап тұрмақпыз.

«Қаламгер келбеті» айдарымен Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғалым, белгілі жазу-
шы Мұхтар Мағауиннің шығармашылық еңбегіне тоқталған
мақаланы оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Бір ескеретін жай: «Қаламгер келбеті» айдарымен берілген
қаламгерлер шығармасын қазақ оқулықтарына кіргізетін уа-
қыт жеткенін Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру
министрлігінің құлағына алтын сырға деп айта кеткіміз ке-

леді.
Əсілі жаппай орта білім міндетті елде жазғыш көп, жазу-
шы кемдеу, ал шын суреткер ілуде біреу ғана болары бар-ау...
Қалам ұстап, кітап жазғанның бəрі ə дегеннен ұлық шығып,

ұлылардың санат-сапына қосылып жатса, ол сол əдебиеттің
мықтылығы емес, балаңдығы, буыны бекіп болмағандығының
белгісі ғана. Өйткені, бəйгеге қосылғанның бəрі бірінші келе
алмайтыны сияқты, əдебиетте де біреу ілгері, біреу кейін тұ-

руы заңды: бұл əдеби сыйлықтар мен алуан дəрежелі атақтың
берілуімен өлшенбесе керек, таланттылар мен дарынсыздар
қатар жүрген ортада осылай болуға тиіс, тіпті, əріге үңілсек,
жаратылыстың уақыт тезінен өткен əділ заңы – табиғи сұрыптау

да осыған келіп саяды.
Жазушы ұлттың үні, рухы, тілі екеніне шəк келтіру нəмəрт-
тік, сондай-ақ, сөз өнерінің хас шебері ұлттық сана мен сезім-
нің, парасат пен ойдың, дүниетанымның материяланған көрі-

нісі де: сезімтал халықтан сезімтал жазушы, сұлулыққа құштар
ұлттан эстетикалық талғамы биік, жаны сұлу шайыр тумай тұр-
мақ емес, тоқсан ауыз сөзді бір леппен түйіндеп тастар қазақы
мінезімізге жүгінсек: «Қанына тартпағанның қары сынсын».

Əлемдік əдебиет Олимпіне көтерілу, жұмыр жерді мекенде-
ген барша халықтар, ұлттар мен ұлыстарға теңдей сүйікті жа-
зушы болу қиын жəне екінің бірінің пешенесіне жазылмаған,
бірақ жеке ұлт жазушысы болу қаламынан туған қай-қай шы-

ғармасынан сол ұлтқа ғана тəн дүниетанымы, зерде, діл мен
дін, иманы мен иланары, яки ұлттық бояу, психология, харак-
тер, ой жүйесі мен жүректегі сезімі самал желдей есіп қоя бе-
рер қаламгер болу одан да қиын, мүлдем ауыр. Мұны əлемдегі

əдебиет корифейлерінің бəрі де күмəнсіз мойындаған.
Қолдағы алтынды қадірлемейтін қазақы мінезіміз, қоңыр
əдетіміз болмаса, қазақ қаламгерлері арасында қай əдебиеттің
де аспанында Темірқазық жұлдыздай жарқырауға қабілеті же-

тер, бақ-талайымды биіктеттің дер таланттылар аз болмаған,
арғы-бергі алыптарымызды санамағанның өзінде ондай сөзі
асыл, көкірегі құмбыл жазушылар əдебиетімізде қазір де
бар: алайда, таза ұлттық мінезді жазушы кім деген сауалға

жаутаңдап жауап іздер болсақ, онда əуелгілердің бірі болып
тіл ұшына белгілі жазушы Мұхтар Мағауин есімі еріксіз ора-
лары хақ.
Дүмшелік пен дінсіздік сананың сорын сопақ астаудай қы-

лып буған бұқпантай қоғамда кез келген ілім (материалистік
диалектикамыздан тысқары тұмандықтарда жатқан тылсым
дүниелерден де жұмба, қорқынышты көрінетін, əсіресе ІІІ
ғасырда Таяу Шығыста пайда болған манихейлік дуализм (ма-

нихеиство) мүлдем жат еді. Бір ғажабы, осы манихейлік ілім-
нің тіні, алтын арқауы өзіміз күніне сан қайталайтын үйреншік-
ті нəрселер, яки ол ілімнің, мейлі діни ағым ақ болсын негізі
бойынша дүниенің (жаратылыстың) өзегі нұр мен түнектің,

жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресінен тұрады. Ал
жақсылық пен жамандық, нұр мен түнек, сезім мен дүлей күш,
адалдық пен арамдық, иман мен имансыздықтың ықылым за-
манадан, дүние алғаш жаратылған қасиетті сəттен бергі ты-

нымсыз күресі де əдебиеттің мəңгілік негіздері екені рас емес
пе. Адам мен дию, шайтан мен періштенің бітіспес парасаты
да Адамзат қашанда адалдық, сұлулықтың, алтын көрсе жол-
дан таймас періштенің, рахман нұрының жеңіске жететініне

үміттеніп жəне сеніп өтеді пəни жалғаннан. Сондықтан да Дос-
тоевский кезінде: «Əлемді құтқаратын сұлулық!» – деген.
Осыншама қазымырлана қазбалай сөйлеуіміздің де себебі
бар: М.Мағауин 1991 жылы «Жазушы» баспасынан жарық

көрген «Ғасырлар бедері» атты əдеби зерттеулері жинақталып
басылған кітабында оқырмандарына дұғай сəлем жолдай оты-

рып, ең бірінші сөйлемін: «Əдебиет табалдырығын аттар-атта-
маста-ақ менің алдымда екі айырық жол тұрыпты: бірі – көркем
проза, бірі əдебиеттану екен» дей келіп, «Əйтсе де мен жəми-
ғатқа ең алдымен əдебиет тарихшысы ретінде танылдым», – деп

ақиқат шындығын, келе-келе əдебиетке біржола бет алғанын
ескертіп өтеді. Ғылыми зерттеулермен қатарлас қаламынан
туындап жатқан əңгіме, повестер болашақ «Аласапыранның»
уақыттан озған елесі екенін, жаза алмай жатқан басқа да шы-

ғармалар сұлбасының көңілде тұрғанын да жасырмайды.
1965 жылы жазылып бітіп, жекелеген мақалалар түрінде
баспасөзде жарияланған, ақыры жинақ болып біріктіріліп,
«Қобыз сарыны» деген атпен 1968 жылы баспажүзін көрген

зерттеулері арқылы қазақ əдебиетінің тарихын төрт-бес ғасыр
əріге жетелеген, өрімтал күнінде-ақ дегені алғыс, ал қара де-
гені... қарғыстан жаман беделді ғалым ағаларының алдында
батылдық, табандылық, білімпаздық танытқан жас ғалымның

ескі сорап, бір соқпақты шиырлап, шаңын шығарған, сөйте-
сөйте өзі мешел болуға айналған əдебиеттану ғылымына жаңа,
қызу қан құйған (революция жасаған десек те сиымды) жанның
көркем прозаны таңдап алуы кездейсоқтық емес. Бұл шешімнің

түбінде талай ұйқысыз түндер мен кірпік айқаспаған таңдарда
бекінген тоқтам жатқаны ақиқат. Зады, қаламгер жанының
Сұлулыққа, Сыршылдыққа деген құштарлығы осыған жете-
леген. Құмар аңсарлы көңілдің шамырқанған шақтарындағы

байламы бұл. Əдебиеттану ғылымын кемсіткеніміз емес, бі-
рақ аталмыш қасиетті ұғымдарды (автордың жан-дүниесін)
жеткізуге академиялық ғылымның қарымы жете бермесі шүбə-
сіз, ал Сұлулық пен Сыршылдық астасса, білім мен біліктілік

қолтығынан демеп, тума талант жебесе жазушы қаламына пе-
ріште қанаты бітеріне шəк жоқ.
Ауыл шаруашылығы, мал, егін, көкөніс шаруашылығы, қар
тоқтату мен шөп шабу науқаны, бақташылар мен балықшылар,

болат қорытушылар мен механизаторлар, алып зауыттардың
құрылысы мен каналдардың қазылуы, т.б. жайында заказбен
кірпіш кітаптар, том-том романдар (сыншыларымыз «бүгінгі
күн талабына сай туынды» деп мақтауға машықтанған) тоқтау-

сыз жазылып, баспадан топырлап шығып жатқан көлпал ке-
зеңде М.Мағауин Орталық Комитеттің талап етуімен баспа-

лар алдын-ала жоспарға енгізіп қоятын тақырыптарға қалам
тартып көрмеген екен. Қаламгерлік, азаматтық ар-ожданы
жібермеген! Бір ғажабы, жалғыз М.Мағауин ғана емес, белгі-
лі көсемсөз шеберлері, талантты жазушыларымыз мұндай

коньюнктуралық тақырыптарға қалам тартудан бойын таза
ұстаған, сондықтан да партиялық пленумдарда əдебиетіміздің
саясилығы, идеялығы жиі қаралып, түрлі қаулы-қарарлар қа-
былданумен болған-ды, яғни дарынсыздар жазған əлгіндей

шығармалар партия функционерлерін де қанағаттандыра ал-
маса керек.
Оның есесіне М.Мағауин көбіне əдеби журналдарда («Жа-
лын», «Жұлдыз») жарық көрген «Нарқызыл», «Шахан шері»,

«Тазының өлімі» секілді повестерімен оқырман қауымды
тəнті етіп, қалың көпшіліктің сүйікті қаламгеріне айналды.
Айтқандай, сол бір жылдарда ел ішінде жұрт өзінің бұт артар
қой торысы мен екі ұрсаң бір баспайтын тулақ тұғырларына

Нарқызыл, Шимойын деп ат қоюға үйреніп алған-ды. Мұның
өзі де халықытың қаламгерге білдірген пейілі, ризашылығы,
ыстық ықыласы екен-ау. Өз повестерінде қаламгер əуелден-ақ
қазақ халқының өткен өмірінен алған көріністерді, əдет-ғұрпы

мен салт-дəстүрін жазуға ден қойып, этнографиялық суретте-
мелер жасауға бағыт алды. Біршама күш жұмсалып, көп тер
төгіліп жазылған, əдебиет сүйер қауым екіұдай қабылдаған
«Көк мұнар» романының өзі де қазақ халқының өткен тари-

хына арналар туындыларға жетелер баспалдақ, спорт тілімен
айтсақ «қан қыздыру» еді.
Ең қызығы, сол жазушының əлгіндей əрбір повесінен соң-
ақ оған еліктеушілер жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай дүр

етіп, аталмыш тақырыпқа қалам сілтеушілер көбейе кететін:
«Нарқызылдан» соң жөпелдемеде бəйге аттары туралы талай-
талай əңгіме, повестер жазылып тасталды. «Тазының өлімінен»
кейін іле-шала біршама уақыт бойы тазылар мен дүрегейлер,

төбеттер мен овчаркалар қазақ əдебиеті бетіне басқа жан-
жануарды жолатпай қойғаны бар. Кезінде əдеби сыйлықты
иеленген «Бір атаның балалары» повесі əдебиетіміз үшін тың
құбылыс болғаны, терең із қалдырғаны тағы да рас.

Қоғамымыз демократияны шамшырақ еткен, жариялылық
өмірімізге дендеп ене бастаған соңғы жылдарда жұртшылық,

əсіресе қазақ зиялылары бар пəле-жаланы, жамандық атаулы-
ны тоталитарлық жүйе, тоқырауға жауып, титімдей озық ой
ұшқынына, батыл, тың пікірге жол бермеген қатал цензураның
ішін кептіре айыптауға машықтанып алды, алайда осындай

кездің өзінде білімді, білікті адам батылдық көрсетерін тағы
да М.Мағауин қапысыз дəлелдеп бергендей болған. Жұрт ұлы
Шəкəрімнің атын атауға қорқып, жалтақтық танытқан тұста ол
Ленинградта орысша басылған кітапқа ақын өлеңдерін енгізіп

те үлгерді. Ал сөйткен ғұлама ақынымыздың өлеңдеріне қа-
зақ жұртшылығының қолы он жылдан астам уақыттан соң,
жаппай шуылдап жүріп əрең жетті.
Ендеше, қаламгер бақыты дегеніміздің өзі де осы шығар!

Рас, қолына қалам ұстағанның тарихта қалғысы келмейтіні
кем, осындай ұмтылыс, табандылық болмаса адамзат əлі күнге
өзі баяғыда бауыр басқан тас үңгерден шықпас та еді. Бірақ
М.Мағауин өзіміз жоғарыда атап өткен, шамамыз келген-

ше сұлбаландырған еңбектерімен-ақ əдебиетіміздің тарихын-
да қалғаны даусыз емес пе. Əйтпесе, 1971 жылы баспа жүзін
көріп, тұтас ұрпақ тəлім алған, қолынан тастамас əуес кітабына
айналған «Алдаспанның» өзі-ақ бір адамның тақиясына тар

келмес еді ғой. Сөйте тұра жазушы жаны барақат таппайты-
ны, болдым-толдым демейтіні қалай? Нендей сиқыр оны ар-
байтын? Сөз өнерінің құдіреті, мөлдір музаның сиқыры-ау
қаламгер жанына жай таптырмайтын деген ойға еріксіз ат ба-

сын тірейсіз. «Бардың бағасы» атты мақаласында М.Мағауин:
«...қолжазбаны əзірлеуге қатынасқан, атаулы дəрежелері: атақ-
мансабы зор басқа да ағайындарымыздың еңбексіз, оңай ғы-
лым, тегін олжа таппақ болған, ақылға сыйымсыз əрекетіне

қатты таңырқадық, бұдан он бес-жиырма жыл бұрын ашылған,
жарияланған, ғылым мойындаған, жалпы жұрт қабылдаған
мəселелерді, деректерді, байламдарды, жаңалықтарды өзінікі
етіп көрсетпек аңғалдығына амалсыз күлдік.

Ғалым атына сөз келтірер, жалпы, мəдениетті адам атаулы
үшін əбес істеріне қатты қынжылдық», – деп ашына жазды.
Ғылымда өзіне, өзгеге де қатал талап қойғыш қаламгер əде-
биетте де сол қалып мінезінен айныған емес жəне иманға қас

өтірік пен жалғанға бой шалдырған тұсы жоқ. Əсіресе өзіне де-
ген талабы тым жоғары. Парасатты əдебиет өкілінің басқалай

болуға құқы да жоқ, өйткені, көріп, біліп тұрып үндемейтініміз
болмаса, дилетантизм білімсіздіктен, компиляция өресіздік-
тен туындайтыны бесенеден белгілі «бидайдың барар жері – диір-
мен» секілді, білімсіздік пен өресіздіктің тоқайласар нүктесі –

надандық.
Міне, осылайша іштей ширығу, мазасыздық, іздену үсті-
не ізденудің түйіні – білімдарлық жазушының жұлдызын
əдебиет көгінде жарқыратты. Əрине, əрбір хас қаламгердің

жұлдызды сəті болатыны секілді М.Мағауиннің жұлдызы
жарқыраған тұс – «Аласапыран» тарихи романы дүниеге
келген шақ еді.
«Аласапыран» – тарихи романдар онша таңсық емес қазақ

əдебиетінде тың құбылыс, жаңа ағыс-ағым болғанын дəл қа-
зір именбай айтуға болады жəне бұл жалған мадақ, қолдан
жасалған қолпаш емес: роман Ораз-Мұхаммед сынды аб-
зал да аяулы ердің тентіреген тірлігінің баянсыз жолын, ба-

сын тасқа да, тауға да ұрып тауаны шағылған азаматтың
отыз тоғыз жылдық ғұмырнамасы, не тындырып, нені ойға
алғанын тізбелеу емес, тарихи жағдайға байланысты жұмыр
жердің үстінде қатар, қоян-қолтық мекендеуге тағдыр жазған

халықтардың, əсіресе даму сатысының төменгі баспалдағында
тұрған саны аз, қарымы кең халықтардың трагедиясы, қансоқта
тағдыры туралы. Дүрбелең, бұлғақты заманада тұйықтан шы-
ғар жол таппай тосылған ақылды, ойлы азаматтардың, жапан

түзде жора-жолдассыз жалғыз жортқан жойдасыз ерлердің
мұң-қайсығы хақында. Бұл замана анархиясының ғана емес,
бұрынғыдан безінуге бел буған, бір-ақ тұйықтан шығар жол,
титтей саңылау жаппай сансыраған адамдар жан-дүниесінің де

анархияға ұрынған кезеңі. Міне, дəл осындай адам жанының
анархиясы кезеңін «Шегірен былғары» романында Баль-
зак та əдемілеп ашып көрсеткен еді ғой. «Шегірен былғары»
романының бас кейіпкері Рафаэль де Валентин тұмар-шегінен

ойға алғанын бірден орындайтын, сол былғарыға санскрит
тілінде үшбұрыштана тізбеленген:
Маған ие болып, сен бəріне де иелік етесің.
Бірақ сенің өмірің менің құзырымда болады.

Бұл жаратқанға жақ, қалау білдір – қалғаныңның бəрі орын-
далады. Бірақ қалауыңды өміріңмен салғастыр, өмірің – менде.
Қалау білдірген сайын өз күндерің секілді азая түсемін, маған
ие болғың келе ме?

Ал, тəңірі саған құлақ асады.
Осылай болсын! –
деген сөздер жазылған, «Аласапыран» романының бас кейіп-
кері Ораз-Мұхаммед те аумалы-төкпелі бейқұт кезеңде осын-

дай шегірен былғарыға ие болған Рафаэль сынды жан немесе
құтыдағы жынды шығарып алған мүсəпір. Иə, Шығай ханның
немересі, ағасы алты алаштың қазақ пен қалмақ жұртының ха-
ны – Тəуекел, өзі тақ мұрагері – қалға өрімтал Ораз-Мұхам-

медтің тəңіріге шүкірлік етпес жөні жоқ, бірақ жас сұлтанның
пешенесіне жазылған қарғыс таңбасы – тағдырдың ауыр таң-
басы бар іспетті. Ол тағдыр таңбасы Ораз-Мұхаммедтің жеке
басына емес, уақытқа қатысты еді. Қалай десек те, адам өз

уақытының жемісі ғана емес, құлы да. Роман да «Тарихтың
тоғыз жүз тоқсан алтыншы тышқан жылы наурыз туып, қар
сөгілген» яки григориан күнтізбесі бойынша 1588 жылы
Сайрамда шақырылған төтенше Құрылтай күні кеше ғана

аты аңызға айналған, ерлігіне қалың ел сүйсінген Ұзын
оқты Ондан сұлтанның баласы, жас ұланның өміріне тікелей
қатысы болмауға тиісті де еді, ал ойланып қарасақ, тарихи
кезеңде дүниеге келгендердің (роман кейіпкерлерінің көбі)

трагедиясы осы тұстан басталған. Осы ретте аздап тарихқа
жүгінуге тура келеді. Іргесін Шыңғыс хан қалап, Бату
бекіткен, үш ғасырдай жарты əлемді ен жайлап, өзгелерді
көжектей дірілдеткен ұлы империя Алтын Орданың ХV ға-

сыр ортасында көбесі сөгіліп, іргесі ыдырай бастады. 1456 жылы
Шу бойында тарихтағы алғашқы қазақ хандығы (ұлттық мем-
лекет ретінде) құрылғаны белгілі, нəтижесінде тұтас ұлт
ретінде қазақ халқы тарих сахнасына шықты. «Дешті Қып-

шақтың бұл кездегі əміршісі Əбілхайыр хан еді. Əбілхайыр
хан Жошы əулетінен тараған сұлтандарға көп теперіш
көрсетті, сондықтан олардың екеуі – Жəнібек хан мен Ке-
рей хан Моғолстанға ауып кетті. Иса-Бұға хан оларды

меймандостықпен қабылдап, иеліктеріне Моғолстанның ба-
тыс бөлігіндегі Шу, Қозы-Басы деген жерлерді бөліп бер-
ді», – деп жазды атақты тарихшы Мұхамед Қайдар. Ара-
да бір жарым ғасырға жетер-жетпес уақытта кең байтақ

даланы бауырына басып жатқан қазақ жұртының басы-
на қауіп бұлты үйіріле бастаған. Сыр бойныдағы отыз қала Бұ-
хар ханы Абдолланың қанжығасында кетті, жығасы қисая
бастаған жұрт Жайықтан асып, Еділ бойына емінген қайран

қоныстан қапияда тағы айырылды. Елдің елдігі, ердің бақ-
талайы сынға түскен аса ауыр дүрбелең шақ. Іргеден əбжы-
ландай бас көтеріп, қуаты арта түскен орыс мемлекетінің жау-
лаушылары сынаптай сырғып, тоғаннан қашқан судай жылы-

стап, ақыры Ібір-Сібірге жеткен. Ерлігі болғанмен, от ауыз
қаруға қарсы дəрменсіз Көшім хан ордасы ойран-топыр. Міне
осының бəрін паймыдаған, батырлығына ақылы мен жұрттан
асқан зеректігі сай Тəуекел Құрылтайға жаңа, дəргейіндегілерге

мүлдем тосын ой тасатаған: «... бірақ қан тілеп туатын халық
болмаса керек. Төңіректегі дұшпандарыңа қара. Өздеріңдей
адам. Менің ойымша, орыс та осы өзіміздей адам. Батырға да
жан керек дейді. Қаншалықты болса да өзі тіленіп жау іздемес.

Сенің жүзің өлсе, оның бірі өлер. Жанын тастай алмай жатқан
кім бар. Біз біз білмейміз. Білуге талпынбадық. Ал олар сені
білгісі келеді».
Жасы үлкен, ойы кемел хан көршіңді зертте, біл ұқ, білуге

талпын деген. Жалпы жұртқа айтылған кеңес болғанымен тура
Ораз-Мұхамедке арнап айтылған ақылдай.
Көк Орда хандарының ата жұрты Сарыарқа билігіне көшкен
Ораз-Мұхаммед Қаратаудың бөктерінен қозғалған көшті ба-

стап, сонау көгілдір дария – Ертіске дейін жолды жүріп өтеді.
Ерте көктемеде алыс жолға аттанған елдің қуаныш-сүйініші
де, қайғы-мұңы да, көшпенді үшін бар думан, мерекеден артық
көштің қызығы да жетерлік.

«Қызыл изен, бурыл бетеге, боз селеу – біртұтас жасыл
шалғынмен алмасты. Көз көрім төңірек қызғалдақпен ал-
бырай құлпырып, сарғалдақ, қырмызы, қоңырау гүлдерімен
теңбілдене түрленген масаты кілем жамылды. Жағасы жасыл

құрақ, жиегі қамысты, қоғалы, айнадай дөңгелек көлдер көріне
бастады. Аспан да шексіз кеңіп, бояуы қаныға түскендей. Осы-

дан апта бұрын сары сағым бұлдыраған алыс көкжиек қазір
көгілжім мұнарға бөккен».
Иə, көштің өз саясаты да бар екен: ол күрең-күрең, ауыл-
ауыл болып діттеген жерге жылжи беру емес, ұстанған жер

саясатының бірден бір көрінісі де. Сондай-ақ қарауындағы
халықтың тұрмыстық ахуалы, əлеуметтік жағдайымен жете
танысудың да бір тəсілі. Көш жолында Ораз-Мұхаммед өз
халқымен қайта танысқандай, жаңа табысқандай болады, саяси

мəселелерге еш ішінің дау-шарына араласып, ақыл тоқтата бас-
тайды, көштің əрбір күні мұны есейте түседі. Əсіресе, романда
автор қаламының айдарынан айрықша жел есетін, оқырман жа-
дында жатталып қалар эпизод бар. «Көшпендінің лашығында»

деген тарауда Ораз-Мұхаммед көштің ең соңында сүйретіліп
келе жатқан жұпыны ауылға барады, ыңыршығы айналған
жұртты көріп, жаны күйзеледі. Сонда шиеттей бала-шағалы,
бір қолы шолақ Төбет арбасына жеккен жалғыз өгізін пышаққа

жығып, жас сұлтанның алдына адал асын қояды. Сұлтанға ас
батпайды. Өзі алғаш көрген сұрықсыз өмір ортасындағы адам-
дардың тағдыры қабырғасына батқандықтан. Сонда Сұлтан:
«Не тілейсің?» дейді Төбетке. Қалағанын бермек болып шешіп

те қойған. Сонда бір сиыры, жеті ешкісі бар, үйі құрау-құрау
көшпендінің тілегі... Сөзді романға берелік:

– «Онда... ұят та болса айтайын, – деді Төбет қинала сөй-

леп. – Үйіміз... – екі қолын жан-жағына жайып, оңды-солды бұ-
рылды. – Былайша не... ел қатарлы болғанымен, лайық емес,
оны сезем... Сонда да... ертең: «Асын ішіп, аяғын теуіп кетіпті»
деген сөз шығып кетер... Қонып кетіңіз!..

– Жөн-ақ, ауыр болса да, сұлтан бұл тілегіңді орындайды! –

деді риза болған Бесоба».
Мұндай мəрттік тек қазаққа ғана тəн шығар. Жəне бұл бо-
рыштың ештеңемен келмейтінін Ай-Шешек бегім дəл пай-
ымдаған. Аусар көрінетін Төбеттің өзі де: «Өнер алды – қызыл

тіл» деп, сөз құдіретіне бас иген халықытың төл баласы екенін
бір ғана лепеспен дəлелдейді. «Сонда да... ертең: «асын ішіп,
аяғын теуіп кетіпті» деген сөз шығып жүрер» деген бір ауыз
лебізімен-ақ сұлтанды мақтамен бауыздағандай, өйткені, асын

ішіп, ал ақ көңілден аттап кету сұлтан, жалғыз оған ғана емес,
даланың əрбір адамы үшін кешірілмес күнə. Абыройсыздық.

Кез-келген көркем шығарманың заттық құрылымы, яғни,
қаламгер бейнелеген əлем кейпі – автордың əдеби тəсілі мен
талғамына, дүниетанымына, ой өресі, көркемдік мұратына,
идеялық бағдарына тікелей байланысты. Көркем əдебиеттің

негізі – жанды, тірі адам, ал шынайы шығармада заттық бол-
мыстан, қоршаған ортадан тысқары адам бола алмасы хақ.
Ендеше шығармадағы заттық əлем артық əшекей де, керексіз
үстеме бояу да емес, кейіпкер тұлғасын, автор мұратын ай-

қындайтын негізгі белгілердің бірі. Егер көркем шығарманы
біртұтас система ретінде қарастыратын болсақ, ең алдымен
оның заттық болмысының негізгі түрлері – пейзаж, интерьер,
тұрмыстық реалиялар жайын, олардың жасалу жолдары мен

өзіндік ерекшеліктерін сөз етуге тиіспіз.
М.Мағауин романында заттық болмысты – пейзаж, интер-
ьер, тұрмыстық, жауынгерлік құрал-жабдықтарды суреттеуге,
кейіпкер кескіндемелерін жасауға мейлінше мол орын береді

жəне бұл романның композициялық құрылымына, біртұтас
архитектоникасына барынша үйлесіп, кірігіп жатыр. Үстірт
қараған жанға автор табиғатты суреттеуге орынсыз көп орын
берген (қаншама тамаша суреттемелер ұшырасады романның

өн бойында) секілді көрінуі мүмкін, бірақ оның өзі де ақталған:
өйткені роман оқиғасы өрбіген кез адамдардың табиғат ана-
дан алшақтамаған, ара-жігі ашылмаған кез екенін ұмытпау
лəзім, яғни табиғат – адам, адам – табиғат тізбегі біте қайнасып

жатқан кез. Уақыт тұрғысынан жиырма жылдан астам мезгілді,
кеңістік тұрғысынан Ұлы Дала, Ібір-Сібір, Ресей жеріндегі
оқиғаларды мол қамтыған, кең тынысты, панорамалық бұл ро-
ман он алтыншы ғасырдың соңы, он жетінші ғасырдың басы,

яки ғасырлар тоғысқан түйінді кезеңді үстірт, жайдақ шолып
қана өтпейді, осы кезеңдегі саяси ахуал, əлеуметтік тұрмыс,
жағдайды қамтып, сол кез философиясымен əркез үндесіп,
қатар өріліп, өрбіп отырады. Роман бөлімдерінің «Қазақ дала-

сы», «Ібір-Сібір жұрты», «Орыс елі», «Хан-Кермен», «Бұлғақ»
аталуы, сондай-ақ тараулардың «Көш жолында», «Еруде»,
«Ордада», «Көшпендінің лашығында», «Арқадағы аңшылық»,
«Базарда», «Саятта», тағы басқалай хабарламалық түрде ата-

луы да кездейсоқтық емес, автор ойының нақты көрініс табуы-
ның сипаты. Автор əр бөлім, тарау сайын өз оқырманын осы-

нау беймəлім, əсіресе қазақ оқырмандарына күңгірт ғасыр
қойнауына жетелеп, сол кез адамдарының салт-дəстүр, əдет-
ғұрып, дүниетаным, мақсат-мұратымен, тереңірек таныстыру-
ды мақсат еткендей. Осы ұлттық, жергілікті колорит романда

декорация міндетін ғана атқаратынын, есесіне шығарманың
негізгі түйіні қайталанбас, дара тұлғаларды, қоғамда өзіндік
ерекше орны бар, түрлі əлеуметтік категорияларды (хан, пат-
ша, бас уəзір, аламан, отоман, воевода. Стрелец, саудагер,

түрмеші, т.б.) көрсететін бейнелерді сомдап шығу үшін қа-
жетті тəсіл ғана екенін ұмытпалық. Əрине, мұндай тəсіл əлем
əдебиетінде бұрыннан бар: Вальтер Скотт өзінің «Уэверли»
жəне басқа көптеген романдарында да осыған жүгінген. Тіпті,

қазақ əдебиетінің ұлы классигі Мұхтар Əуезов салып кеткен
нұсқа да көз алдымызда емес пе. Айтқандай, «Абай жолы»
эпопеясында адам жүрегін шымырлатар бір эпизод бар. Та-
лай өмір белесін өткерген Абай жер орта жастан асып барып,

ерекше бір ықыласпен ден қойып, кең-байтақ далаға, тау жота-
лары мен қырат-қырқаларға көз жібереді. Əуезов күннің бату-
ын, жүзін мұнар тартқан мезгіл құбылысын кейіпкер өмірінің
де батып, бара жатқан шағымен сабақтастыра, салыстыра алған

«Қатпарлы қалың адырлардағы кеш көлеңкесі өмір көшіндей
сезіледі. Салқындап, қарауыта түсіп, өтіп кеткен ауыр дəурен-
дей, сол қазалы ауыр күндер ізін сақтағандай. Тек қана суық
түсті өгейлік, нəрсіздік өлімге бейім суық күйлер танытады».

Дəп осындай күй Ораз-Мұхамедтің басында да бар (біз бұл
сөзді əдеби дəстүр жалғастығы тұрғысынан айтып отырмыз).
Ол Қырым беттегі барлық орыс əскерлерінің бас қолбасшысы
болып тағайындалады. Сонда өзі туып-өскен, ен жайлаған са-

қарадан аумайтын Қиян Дала шетіне келіп тұруды əдетіне ай-
налдырады. Келмей, көрмей тұра алмайтын.
«Жел ұшырған түбіттей жеңіл ақша бұлттар қалқыған тұң-
ғиық аспан қыран бүркіттің қанаты талар кең даламен астасқан

тұста – алыс, алыстағы көзбен болжал емес, оймен толғап
аңдалар көкжиекте толқына тартып, үзіле бұлдыраған сұр са-
ғым ойнайды. Кеш жүріп, түн асып қасына жетсең, қолмен
ұстап көруге еркелене шомып, емірене жұтуға болардай, Бі-

рақ жеткізбейді. Ол сағымнан ары тағы бір сағым бар. Одан
ары...»

Иə, одан ары автор ашып айтпайды, кейіпкердің де оймен
шолуға ерік-жігері жетпей, сезімін ауыздықтап ұстайды. өйткені
ол өткенін ұмытуға тиіс! Ал одан ары... Ораз-Мұхаммедтің
кіндік кесіп, кір жуған елі жатыр еді.

Əзəзіл, мəймөңке сөзге сеніп, орыс бекінісіне аңғалдықтан
қаруын тастап кірген, сөйтіп соңындағы жүз аламанын қа-
пылыста жау опасыздықпен қырып, ақыры мұны бодан-
дықтан құтқарамыз деп Томан би мен Қабан батырдың басы

кеткен Ораз-Мұхамед қалған өмірінде өзін басқаша тағдыр
күтіп тұр деп ойламаған да: «Құлдық! Құлдық! Тек қана құл-
дық! Рас, алдында таңдау бар. Құлдықтан құтқарар, азаттықта
жеткізер. Ол – өлім...» Көп ұзамай орыс патшасының дəргейі-

не бас ұрған Ораз Мұхаммед жаңа билеушіге қызмет ету-
ге кіріседі. Өз еркімен. Тіпті, əріге салсақ «Төреде Отан
жоқ» екенін дəлелдегендей де болады оның іс-əрекеті, ой-
лау жүйесі. Күшті бөксесімен диірмен тартары, қолға түсіп,

бодандықтың қамытын киген мұның еркін ықтиярын сұраған
ешкім де жоқ, ақыры жас сұлтан тағдырдың жазғанына амал-
сыз мойынсұнады.
Қайта осы ретте ата жауымен аянбай жұлқысып, ең ақыры

өлігін ешкімге көрсетпей кетуімен де тектілік танытқан Көшім
ханның эпизодтық бейнесі азаттыққа деген ұмтылыстың,
қайыспас қайсарлықтың үлгісіндей көрінері бар. Азаттық
құрбандықты талап етеді! Алайда ғасырлар бойы ірге тасы

қаланып, қалыптасқан құрылысқа жаңаның, əуелде жат көрі-
нетін өркениеттің енуі де құрбандықты аз талап етпейді. Қару
күшімен, зеңбірек пен мылтықтың ұңғысымен келген өрке-
ниет обырға айналып, жазықсыз құрбандарының есебінен

жеңіске жетпек. Батыс Европада төрт ғасырға созылған қара
түнек инквизиция кезінде екі жүз елу мың адам өлген болса, ал
жаңа мен ескі тартысқа түскен Ібір-Сібір жұртында, бұлғаққа
ұрынған Ресейде халық шыбындай қырылып жатты. Ораз-

Мұхаммед трагедиясының бір қыры да осында. Осы орайда
кішкента сүйініштің өзі көрмеген, топырағына табаны тиме-
ген ата жұртқа деген сағынышы оқырман көзіне еріксіз жас
үйірілтеді жəне жүрегін осыншалық сағыныш кернеген, жүрімі

аз ғана баланың жат ортада тірі тұра алмайтынына сенесің,
өйткені ол өскен топырағынан қатігез қол жұлып алған гүл,

торға қамалған еркін құс. Ол ауыз ашса «Мен елге барғанда...»
деп сөйлейді. Мұрат сұлтан мен Алтынханым алыстағы ата
мекенге аттанып бара жатқанда «Мен де барам... Мен де...»
деп соңдарынан құлын даусы шырқырап, жылап жүгірген. Ең

соңғы, демі бітіп, талқаны таусылған шақта да бейкүнə сəби:
«Мен де барам...», – деген, ерні кеберси күбірлеп». Сүйініш
бейнесі Ораз-Мұхаммедтің екінші «мені» жəне сұлтан өзінің
елге деген сағынышын, пейілін Сүйініш өзімен бірге қара

жердің қойнына ала кеткендей. Жат жердің дəм-тұзын еріксіз
татқан, қапастағы құландай күн кешкен Ай-шешек бегім, əз-
заным, Ділшаттың да келешекке үмітін, жүрек түбінде жатқан
əлдеқандай алдамшы сенім, аяулы сезім де бала тəнімен бірге

көмілген, сондықтан туған жерден тірідей айырылған осынау
бейкүнə жандардың бірінен соң бірі көз жұмуы аса иланым-
ды жəне қара жерден табанын тайдырып қана жеңуге болар
Атлантқа ғана тəн қасиет бар бойларында.

Романда ерекше сомдалған, естен кетпестей кейіпкерлер-
дің тұтас галереясы бар жəне автор əрқайсысын ерекше сомда-
ған, өздеріне ғана тəн қимыл/харекет, мінезбен кескіндеп,
кейіптейді. «Артық өлшеп, кем кеспейтін», алып-ұшпасыз,

асығып-аптықпайтын ақ толқындай автор стилі кейіпкерді
кескіндеуде мүлдем шалт, ұшқыр. Жəне сол шалттықтың өзі де
жарасымды, кейіпкерлері көбіне (портреттік тұрғыдан) ұқсас
болып келе берер əдебиетімізге мүлдем жаңа, тосын бейнелер

келіп қосылғандай. Жəне автор осынау кейіпкерлердің киім
үлгісі, сөйлеу мəнеріне (ХV ғасыр адамдары екенін ұмытпауымыз
керек) баса көңіл бөліп, арнайы тоқталады. Мəселен, бүкіл
өмірін ат үстінде өткізген, үлкенді-кішілі сан айқасты көрген

Бесоба батырды кескіндеген сəтіне назар салайық: «Кеудесі
көріктей, зор денелі, селдір мұрт, сирек сақалды жалпақбет кісі
екен. Басында пұшпағы иығын жапқан мəри далбай, үстіндегі
əр жеріне жамау түскен көнетоз түйежүн шекпенінің бір ете-

гін күміс кіселі жалпақ қайыс белбеуге қыстырып алыпты.
Кісесі сияқты беліндегі қылыштың қынабы мен балдағы да
жарқ-жұрқ етеді. Киімі қандай жұпыны болса, қаруы соншалық
қымбат, сəнді». Алайда осыншама көп кейіпкерлің арасынан

айрықша бөлектеніп, мүлдем ерекше көрінетін топ бар, ол –
əйелдер бейнесі. Əдебиет корифейлерінің бірі əйел бейнелерін

сомдай алмаған жазушы əдебиет тарихында қала алмайты-
нын айтқан болатын, ал М.Мағауин романындағы Ай-Шешек
бегім, Əз-ханым, Ділшат өзіндік ерекшеліктерімен дараланып
тұрған, тіпті, ел-жұрт, сүйген жар жолында құрбандыққа ой-

ланбай бара алар жандар жəне сонысымен де маңындағы күйкі
тірліктен биік, жоғары: «Ұсақтан ұтпа – ұзағын күт. Халық –
бала, өзін кім жақсы көрсе, соған құлап түседі. Барын бағалай
біл, кемісін қазбалама: қайткенде де жұрт өзіңдікі, жақсы

көруге тырыс, жақсы көрініп үйрен. Қарашы бегің – қыран
құс, жем үшін ұшады, қызылдан қақпасаң, қызыл шолақ-
тың өзін алып береді. Жұртыңның жүз тілегін орында, жүз
біріншіде мың батпан жүгіңді көтереді», – деп немересіне ақыл-

кеңес беретін, кісілік, көсемдік жолын нұсқайтын Əз-ханым
жалғыз Ораз-Мұхамедтің ғана əжесі емес, халықтың анасы
деңгейіне көтерілсе, өмірі трагедияға толып, сұлулығында да,
ақыл кемелдігінде де кемшін жоқ Ай-Шешек бегім де қарақан

басының емес, халық ел бірлігінің жоқтаушысы, шамасы кел-
генше қанатымен су сепкен қарлығаштай болмаққа бекінген
кісілігімен жүректе жатталып қалады. Ол: «–Менде əке жоқ, – де-
ді Ай-Шешек күрсініп. – Менде ел-жұрт қана бар. Сен... сен де

жақын адамның жан күйінен гөрі, жұрттың жағдайын көбірек
ескер, қолайы келсе, əйелге қоса құрсақтас бауырыңды құрбан-
ға шал. Өйткені... өйткені, ел – біреу-ақ, бауыр көп, ал əйел...
қаншасын алғың келсе, сонша болады...» Иə, жеке адамның

пікірі ол қаншалықты дəлелденген, əбден бекіген пікір бол-
са да, қашанда субъективті пікір ғана, сондықтан М.Мағауин
сынды сарабдал, тіпті сарқаптал қаламгер туралы ой толғай от-
ырып менің айтқанымның бəрі объективті баға дей қою қиын.

Ал кең тынысты, XV ғасырдағы Дала, Ресей, Ібір-Сібірді ме-
кендеген халықтар өмірінің өзіндік энциклопедиясы сынды
«Аласапыран» романын бағалауда айтқан, айтарымның бəрі
дəл, тура деп айту да мүмкін емес. Ол бағаны қашанда уақыт

бере алады. Бірақ бір ақиқатқа жүгінуіміз керек – «Аласапы-
ран» қазақ əдебиетінің соңғы жылдардағы ірі табыстарының
бірі. Ал егер стилдік жағынан қарастырар болсақ, қашанда
сырбаз, əрбір сөйлем, сөзін қолмен қалағандай жəне содан көз

қуантар сұлу сарай сала білер автордың сөз саптасы мүлдем
ерек, тəнті етпей қоймайды. Сегіз жүз беттен астам романның

қай-қай бетін ашып қалсаңыз да қазаққа тəн сөйлеу мəнері
бірден көзге ұрып, қызыл тілді өнердің алды деп білетін шешен,
сөзуар халқымыздың шұрайлы, бейнелі тілінің небір мəйегі
тізбектеліп сала береді. Тіпті «Тең азамат – анда болмақ, текті

ауылдар құда болмақ. Андалық – ақыл ісі, құдалық – құдай
ісі», – деген секілді нақылға бергісіз тіркестер жиі кездеседі.
Қысқаша айтқанда, «Аласапыран» ешкімге ұқсамайтын, да-
ра жолы бар жазушының ең үлкен табыстарының бірі. Əрине,

жазушының осынау теңдессіз, мехнатты еңбегінің жемісі қазақ
əдебиеті үшін көз қуаныш, мерей болғанын жұптай келіп,
М.Мағауин өз еңбегіне сыбағалы үлесін алды ма дегенге жауап
іздер болсақ, онда кей ретте іштей қынжылуға да тура келеді.

Алайда, Жұматай ағамыз айтқандай: «Ақынның тілін алған ба,
ақымақ əлем бір рет».
1992 ж.

КСРО-НЫҢ СОҢҒЫ КӨСЕМІ

Аузы дуалы данышпандардың бірі «Мемлекеттің құрылуы –
Құдайдың ісі, оның құлауы – адамдардың ісі» деген. Қисынды-
ақ сөз. Дəл осылай екендігіне адамзаттың бүкіл тарихы куə.
Алып империя – қызыл КСРО-ның оп-оңай құлауы да дəлел.

Жетпіс үш жыл бойы осынау қатал əрі қытымыр империяның
бодауында өмір сүрген бейбақ елдің бəрі дерлік туған тілінен,
табиғи ділінен, ақиқи дінінен айрылып қала жаздады. Соның
ауыр зардабын əлі күнге дейін шегіп келеді. Əсіресе қазақ

халқы...
1985 жылғы наурыздың он бірінде Горбачев КСРО делінетін
алып кеменің тізгінін уысына ұстады. Ал наурыздың 2-сі Ми-
хаил Сергеевич Горбачевтің туған күні болатын. Яки оған

бұйырған шексіз билік оның туған күніне орай Жаратушының
жасаған сыйлығындай болатын. Əсілі, М.С. Горбачев тағды-
рында əлдебір құдіретті күш зор мүмкіндіктер туғызған күрде-
лі тарихи тұлға.

Сонымен ойда-жоқта КПСС Орталық Комитетінің Бас хат-
шысы болып сайланған Михаил Сергеевичтің өмірбаяны кез

келген партократтың өмірімен өзектес еді. Бір бұйдаға берік
бағындырылған, тəртібі аса қатал Коммунистік партияның
19 млн.-нан астам белсенді мүшелерінің əрбірінің партиялық
анкетасы бір-бірінен айна-қатесіз дерлік. Михаил Сергеевич

1931 жылы көкөзек шақта Ставрополь өлкесінің Приволь-
ный селосында шаруалар отбасында дүниеге келген. Бай село
бір кездері «Еркіндік» атанғанымен осы жылдары қатыгез
коммунистердің қоластында берекесі кетіп, бұрынғы дəулеттен

жұрдай болған еді. Көп ұзамай-ақ астыққа аса бай осынау
өлкеде бұрын-соңды болмаған аштық басталып, жұрт қынадай
қырылды. 1931-33 жылдардағы ұлы Аштық! Бүкіл КСРО-да
ондаған миллион бейбақтар көмусіз қалған қасіретті жылдар.

Осы аштықтың ешқашан ұмытылмас əсері ме, Михаил Сергее-
вич алып империяның тізгінін уысына ұстаған жылдары да ба-
ла күндерінде дастарқанның бетіне шашылған нан ұнтақтарын
уысына мұқияттап жинап, ауызға қалай салуды үйретуді жақсы

көретін. Ерте есейген пысық балақай өз қатарластары секілді
13 жасында-ақ колхозда белі қайысып жұмыс істеп, өз на-
нын өзі тауып жеуді үйренді. 29 жасында ең үздік жоғары оқу
орны – МГУ-дің Заң факультетіне оқуға түсіп, екі жылдан соң

партияға да өтіп алды. Осыдан соң-ақ оның карьерасында үнемі
жасыл шам жанып тұрғандай болған. Əуелі факультеттің ком-
сомол ұйымының хатшысы һəм МГУ парткомының белсенді
мүшесіне айналды. Əрі қарайғы баспалдақтар да ылғи аспанға

қарай өрлеумен болған. Тағдырын ауылшаруашылығымен бай-
ланыстырған ол осынау саланың білгір маманы ретінде таны-
лып, көзге тез түсті: ВЛКСМ қалалық комитеті, өлкелік коми-
тет. Жігері тасыған жас Горбачевті Леонид Ильич Брежневтің

өзі байқап, батасын берген деседі. Бəлкім қартайған, бойынан
күші тайғанын өзі де іштей сезетін генсек сол кездері болашақ
мұрагерді былыққа əбден батқан Мəскеуден тыс жерден іздеп
жүрді ме екен, əйтеуір көсем оны Мəскеуге шақырады. Іле-

шала Орталық Комитеттің ауылшаруашылығы жөніндегі хат-
шысы етіп тағайындайды. КСРО сынды аграрлы елде бұл əлі
ысыла қоймаған жас партократтың уысына зор биліктің тиюі
деп саналатын. Ал М.С.Горбачев 1980 жылы Саяси Бюроның

мүшелігіне өткенде ол ең жас көсемдердің бірі болды, неба-
ры 49 жаста. Ықпалы күн санап өсе түскен Горбачев осы жыл-

дары Юрий Андроповтың төңірегінде шоғырлана бастаған
реформаторлар тобына енеді. Əлбетте, бұл тегін емес. Горба-
чев партияның өзге кəрі көсемдеріндей емес, жылдам қимыл-
дап, шешімді тез шығаратындығымен ерекшеленетін. Əрі ел

билігінде қалыптасқан адам төзгісіз жағдайға сын көзімен қа-
рауға үйрене бастаған. Бірақ саяси билікке реформа жасау-
ды жақтайтындардың арасында да ауызбіршілік жоқ. Ғұмыры
КГБ-мен тығыз байланысты Юрий Андропов елде аса қатаң

тəртіптің орнатылуын, тіпті шексіз диктатураның қайта тірі-
луін жақтаса, Михаил Сергеевич адамдардың санасына əсер
етіп, үгіт-насихат, қуатты сөз арқылы КСРО империясын
одан əрі сақтап қалмақшы. Қарапайым адамдардың зəре-има-

нын ұшыратын қатыгез КГБ-ның басшысы Ю.Андропов –
ақынжанды адам, жасырын түрде нəзік өлеңдер жазса, есесіне
М.Горбачев жолдастарының арасында тоқтаусыз сөйлегенді
ұнатады. Қалай болғанда да кейінірек алып империяның тізгі-

нін ұстаған екеуі де елде шұғыл реформалардың жүргізілуі
қажет екенін түсінген еді. Бұларды көптеген азулы партия қай-
раткерлері «ұшқалақ» деп ұнатпағанмен, Орталық Комитет-
тің көптеген əккі қызметкерлері Мемлекеттік қауіпсіздік

комитетінің қатал басшысы Юрий Андроповтың қолдауына ие
болған Горбачевтің қас-қабағына қарап үйренді. Михаил Сер-
геевич те өзіне жақсы дос тапқанына сенімді еді. Көп ұзамай
Леонид Ильич қайтыс болып, Юрий Андропов пен Константин

Черненконың кандидатуралары Бас хатшылыққа ұсынылғанда
Горбачев өзінің «қамқоршысын» ашықтан ашық жақтап шық-
ты. Қызыл империяда өзге елдерде орын алуы мүлдем миға
сыймайтын, адам санасынан тыс əдет-ғұрыптар орын алғаны

аян. Солардың бірі – партия басшыларын жерлеу рəсімдері.
Кімде-кім КПСС-тің Бас хатшысын жерлеу комиссиясы-
ның төрағасы болып тағайындалса, сол ертеңіне-ақ КСРО-ның
тізгінін уысына алады. 1982 жылы қараша айында Л.И.Бреж-

невті жерлеу комиссиясын Юрий Андропов басқарды. Іле-шала
Бас хатшы болып сайланған Ю.Андропов елде қатаң тəртіп ор-
натуды жүзеге асыра бастаған. Құқық қорғау органдарына ора-
сан зор билік берілді. Баяғы Сталиннің қытымыр заманындай

қызыл жағалылар қаһарына мініп, жұмыс уақытында көшеде
бейсауат жүргендер тұтқындалып, құжаттар жаппай тексеріле

бастады. Жұрт өзін еш жерде қауіпсіз сезіне алмайтын. Əсіресе
Юрий Андропов өзіне бақталас саналатын беделді партия
қайраткері, Ленинград облыстық партия комитетінің бірінші
хатшысы Григорий Романов жолдасқа қатты шүйліккен бола-

тын. Андропов КГБ-ның делбесін ұстап тұрғанда-ақ Григорий
Романов партиялық этиканы бұзды деп айыпталған еді. Яки
қызының ұзатылу тойын патшалардай сəн-салтанатпен өткізді,
Эрмитажда сақтаулы тұрған қымбат жиһаздарды пайдаланды,

тойда мас болғандар патша заманынан жеткен жəдігерлер мен
қымбат хрусталь ыдыстарды қиратты делінген. Бір ғажабы, осы
бір қысқа кезеңде жеке тұрмысында хрустальді пайдаланған-
дар партияға қарсы əрекет етушілер, адамшылықтан тыс өмір

сүрушілер болып саналатын ерекше ұғым қалыптасты. Тіпті
үйінде хрусталь ыдыс-аяғы бар адамдар КСРО-дағы ең бай
адам секілді көрінетін.

БИЛІК ҚОЛҒА ТИГЕНДЕ...

Қысқа уақыт ішінде бірнеше рет қастандық жасалған
Ю.Андроповтың сүйегін жерлейтін кезде жерлеу комиссиясы-
ның төрағасы Константин Устинович Черненко болып тағай-
ындалды. Аяғын сүйретіп əрең басатын, кəріліктен қалтылдап

əрең жүретін К.У.Черненко партия қайраткерлерінің қаралы
тізбегін бастап бара жатқанда өз еркімен қабірге жатуға беттеген
пақырдай көрінген. Иə, кəрілік əбден меңдеген К.Черненко ойда-
жоқта билік басына келгенімен КПСС Орталық Комитетінің

идеология жөніндегі хатшысы Михаил Сергеевичтің айы
оңынан туып, əп-сəтте партиядағы екінші адам болып алды.
Ал енді қалғаны уақыттың еншісінде. Билікқұмар, өзінің ал-
ға қойған мақсатына жетуде түрлі айла-амалдарды жетік мең-

герген М.С.Горбачев 1984 жылдың желтоқсанында Орталық
Комитеттің кеңесінде баяндама жасап, шаруашылық есеп пен
өзін-өзі басқару, еңбекақы төлеудегі теңгермешілікті жою, жа-
риялылыққа жол ашу мен плюрализмді дамыту, социалистік

демократияның өрісін кеңейту жөнінде қадау-қадау əңгіме
өрбітті. «Социализм с человеческим лицом» деген термин пар-
тия функционерлерінің сөздік қорына енді. Көп ұзамай Кон-

стантин Устинович қайтыс болғанда жерлеу комиссиясының
төрағалығына М.С.Горбачев тағайындалып, ол КСРО сынды
алып империяның тізгінін өз қолына алды. Қысқасы, «Біреу
өлмей, біреуге күн жоқ» екені Кремль билігіндегі тұлғалардың

тағдырында айқын дəлел тапты. Қазіргі кездері зерттеушілер
КПСС-тің Бас хатшысы М.С. Горбачев өзіне басты бес мақсат
қойғанын жиі жазып жүр. Біріншіден, қайта құруды қолға
алып, ебедейсіз құрылымға айналған КПСС-ті жаңа заманға,

өркениетке сай партия етуді мақсат тұтқан. Екіншіден, саяси
жəне экономикалық тоталитаризмнің тамырына балта шауып,
экономикалық гүлденуге жəне халықтың əл-ауқатын көтеруге
уəде берді. Үшіншіден, КСРО-дағы Азық-түлік бағдарламасын

түзушілердің бірі болған М.Горбачев елдегі ауылшаруашы-
лық саласының мүлдем мешеу қалғанын жəне тез арада жағ-
дай оңалмаса астықты шетелден сатып алуға мəжбүр болатын-
дықтарын жақсы түсінді. Төртіншіден, Одаққа енетін əрбір

республикаға айтарлықтай еркіндік беріліп, бұрынғыдай бəрі
Орталықтың еншісінде болатын кері əдетті тоқтатуға күш сал-
ды. Бесіншіден, Михаил Сергеевич қайта құруды қолға алған
сəтінде гуманизм, сөз бостандығы, демократия, адам құқығын

сақтау сынды билік идеалдарды жақтайтынын мəлімдеген еді.
Өкінішке қарай, əміршілдік жүйенің құрсауындағы мемлекетте
ғасырлар бойы крепостниктік тəртіпке бас иген, тоталитарлық
жүйенің езгісінен арыла қоймаған елде бұл мақсаттарды орын-

дау оңайға түспейтін. Əсіресе ұзақ жылдар бойы Кремль
бұйдасына əбден бауыр басып үлгерген Леонид Ильичтің
əріптестері – ілмиген қариялар билікті қолдан бергісі жоқ еді.
Дəп сол күндерде: «Товарищь, верь, пройдет она, так называе-

мая гласность. И вот тогда госбезопасность припомнит наши
имена» деген мысқылды өлең жолдары кең тараған болатын.
М.С.Горбачевтің салауатты қоғам құру жолындағы күресі де
сəтсіздікке ұшырады. КСРО жылына 30 млрд. доллардан астам

шығын шекті. «Қырғиқабақ соғыс жылдарында» жанталаса
қаруланудан əбден титықтап, сүлдері сүйретіліп қалған алып
империя мұндай шығындарды бұрынғыдай көтере алмайтын.
Бұрынғы империя қысқа ғана уақытта біржола ыдырауға

бет бұрды. Тəуелсіздігін алуға ұмтылған елдерді, бұрынғыдай
бодандықта өмір сүргісі келмейтін азат ойлы адамдарды

тоқтату мүмкін емес еді. Михаил Горбачевтің басындағы
бақ құсын үркіткен алғашқы қатерлі дабыл – 1986 жылғы
Желтоқсан көтерілісін қанға бояп басуы еді. Қазақстандағы са-
яси, əлеуметтік, экономикалық жағдайды ескерместен автори-

тарлыққа салынуы осыған дейін идеалист, гуманист болып
көрінген М.Горбачевті бүкіл адамзатқа сүйкімсіз бейнеге ай-
налдырды. КСРО-ның ең соңғы көсемі – Михаил Сергеевич
Горбачев бұл күндері тарихтағы ең трагедиялық тұлғалардың

бірі болып қалуда.
2011 ж.

ƏЛЕМ ІШІН ТАРТҚАН YШ КYН

Осыдан тура 20 жыл бұрын, 1991 жылдың 19 тамызында
Мəскеуде мемлекеттік төңкеріс басталып, КСРО-ның заңды
президенті М.С.Горбачев биліктен уақытша тайдырылды. Қы-
рымдағы «Форос» мемлекеттік резиденциясында қоршауға,

шын мəнінде қамауға алынған мемлекет басшысы жоғарғы
билік эшелонында бүлік ұйымдастырылуы мүмкін екенін еш-
қашан қаперіне алған емес еді. Осынау алмағайып сəтте,
билікке заңсыз келген ГКЧП-ге қарсы күресті ұйымдастыруға

ұйытқы болған РСФСР президенті Б.Н.Ельцин жəне басқалар
болатын. Əлем тамыз төңкерісінен қандай сабақ алды? КСРО
шынымен осы төңкеріс əсерінен күйреді ме?.. Көптеген сауал-
дарға əлі күнге нақты жауап алынған жоқ. Əйгілі молдаван

қызы – қайталанбайтын София Ротару орындайтын «Красная
стрела» əні бар. «Красная стрела» – Кеңес одағы кезінде Мос-
ква мен Ленинградтың арасында қатынаған ұшқыр пойыз. Сол
пойыз алысқа əкеткелі тұрған сүйген жанға айтылған сағыныш

əні. Осынау жүректі шымырлатып, тұла бой тітіренетін ғажай-
ып əнде үмітсіздік, қимай қоштасу, қоштасып тұрып аңсау бар.
Сүйген жүректің қимастық əні. Махаббат əні! Сүйікті адаммен
енді қайта кездеспейтінін білетін сүйген жүректің азалы үні –

драмаға толы жан айқайындағы шарасыздық пен торығу əрбір
тыңдарманның жүрек түкпіріндегі ерекше сезімдерді, күнде-
лікті аңғарыла бермейтін нəзік иірімдерді оятары сөзсіз. София

Михайловнаның қайталанбас «Красная стрела» əнін тыңда-
ған сайын сол бір күндер, 1991 жылдың сарша тамызы санаға
қайтып оралып, жанымды түсініксіз мазасыздық жайлайды. 19
тамызда таңғы алтыдан радио мен телеарналар бір ғана музы-

каны – Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінің музыкасын үзбей
бере бастады. Ара-тұра бір түнде КСРО-ның заңды президенті
М.С.Горбачевті тақтан тайдырып, барша билікті өз уыстарына
алған беймəлім ГКЧП-ның қатал жарлықтарын жариялау үшін

ғана сыршыл музыка тоқтайды. Үш күн бойы «Аққу көлі»
эфирден түскен жоқ. Əрине, əлемдік музыканың жауhары бол-
ғанмен, дəп осы бүлік күндері азаннан түн ортасына дейін
тоқтаусыз орындалған «Аққу көлін» бұдан былай сандаған

мың адам біржола жек көріп кеткеніне, оны тыңдай алмастай
күйге түскеніне еш күмəн жоқ. Əлгі ГКЧП-ның да аты тым
үрейлі əрі түсініксіз. Қандықол Сталиннің зұлымдықпен аты
жайылған ВЧК-сіне ұқсайды. Жүректерді үмітсіздік пен торығу

жайлап барады біртіндеп... Мəскеуде бүлік басталды. Үш күн
бойы əлем оқыс оқиғаның соңын күтіп, демін ішінен тартты.
Тарихқа «путч» деген атаумен енген бұл төңкеріс адамзат та-
рихында ерекше мəнге ие болды. Турасын айтсақ, əлі күнге

дейін осы оқиға нақты бағаланған жоқ. Қолдағы бар мəлімет-
теріне сүйенген, өздерінің дүниетанымы, идеологиялық ұста-
нымдарына орай сарапшылар сан-саққа жүгіртуде. Тіпті, соң-
ғы жылдары Ресейде КСРО-ны қайта тірілтуді жақтаушылар

мен империяшыл пиғылдағы тоңмойындардың саны арта
түсуіне орай ГКЧП мүшелерін ақтаушылар да көбейіп келе
жатқанын аңғару қиын емес. Тамыз бүлікшілерін көзсіз батыр-
лар, идеяның табанды қорғаушылары жəне бейкүнə құрбанда-

ры ретінде көргісі келетіндер саны өсе түсуде. Мəселен осыдан
бірер күн бұрын «НТВ» телеарнасының «Сегодня» ақпараттық
бағдарламасында ГКЧП туралы хабарында: «По сути, это бы-
ли последние воины советской империй, для которых государ-

ство было важнее собственного кармана. И самоубийство гла-
вы МВД Борис Пуго (вместо с женой!) и маршала Советского
Союза Сергея Ахромеева были вызваны не трусостью перед
возможной ответственностью (которая так и не наступила), а

крахом того, ради чего они жили. Чего же хотел ГКЧП? Одно-
значно они попытались бы сохранить СССР» – деп бағаланды.

Осы ретте өзін-өзі өлтірген Сергей Федорович Ахромеевтің:
«Менің Отаным жəне өз өмірімнің мəні деп ұққан барша нəр-
селер күйреп жатқанда өмір сүргім келмейді. Өткен өмірім мен
ғұмыр жасым өмірмен қоштасуға маған құқық береді. Мен

соңғы сəтке дейін күрестім,»– деп жазған қоштасу хаты жаңа
империяшылдардың үміт жалауына айналған іспетті. Қазір Ре-
сейде, орыс қоғамында КСРО-на сақтап қалуға, қайта тірілтуге
ұмтылушылар елеулі күшке айналғаны құпия емес. Осыдан

жиырма жыл бұрын либералдық реформаларды, демократия-
лық өзгерістерді жақтағандар, сол үшін жан-тəнімен қызмет
еткендер қазір жалтақтаумен күн кешуде. Солай бола тұрса да,
ГКЧП мүшелері нені көкседі жəне олар билікке қол жеткізген-

де бұрынғы қызыл империяның тағдыры қандай болар еді де-
ген сауалға əлі күнге нақты жауап берілген жоқ. Сыртқы шека-
ралар бұрынғыша тарс жабылып, əлемдегі ең ірі империя темір
тордың тасасында қала берер ме еді? Əлемде «қырғи-қабақ»

соғыс үздіксіз жалғаса беруші ме еді? Елде азамат соғысының
өрті лаулар ма еді? Ол қанша жерді шарпып, қанша жазықсыз
адам құрбан болар еді?! Тізбелей берсе, туындайтын сауал көп.
Бірақ ең басты сауал – өмірлік мəні бар сұраққа əлі күнге дейін

жауап табылмай тұр. Егер бұл бүлік жүзеге асқанда бұрынғы
КСРО-да азамат соғысының өрті шынымен лаулайтын ба еді?!.
Мүмкін... Өйткені Борис Николаевич Ельцин 19 тамыз күні, ең
ауыр сəтте Париж жəне Свердловск қалаларына өзінің өкілдерін

аттандырған болатын. Аса зор өкілеттілік берілген оларға қу-
ғындағы үкіметті жасақтауға құқық қоса берілгені белгілі. Ара-
да өткен жылдар биігінен көз салсақ, үш күнгі бұлғақ табан
асты бола қоймағанына көз жеткізу онша қиын емес. Төтенше

жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет 1991 жылы 28 нау-
рызда М.С.Горбачевтің қатысуымен құрылды жəне бұл коми-
тетке елде төтенше жағдай енгізуге құқық берілді. Ал 17 мау-
сымда Горбачев пен тоғыз одақтас республикалардың басшы-

лары Одақтық келісім-шарт жасауға уағдаласты. Осынау аса
маңызды оқиғаның басы-қасында болғандардың айтуынша,
Егемен мемлекеттердің одағын құру туралы бұл құжат КСРО
Министрлер кабинетінің қарулы күштер мен құқық қорғау

органдарының басшылары: Д.Т. Язов (КСРО Қорғаныс минис-
трі), Б.К.Пуго (Ішкі істер министрі) жəне В.А.Крючковтың

(КГБ) ерекше қарсылығын туғызған болатын. 29 шілде күні
Ново-Огаревада М.Горбачев, Б.Ельцин жəне Қазақстан бас-
шысы Н.Ə.Назарбаев құпия түрде бас қосып, жаңа одақтық ке-
лісім-шартқа 20 тамызда Алматыда қол қоюға келісті. КСРО-

ның сол кездегі вице-президенті, төңкерісті басты ұйымдас-
тырушылардың бірі Г.И.Янаевтің айтуынша, 16 тамызда Мəс-
кеуде КГБ-ның құпия «АБЦ» пəтерінде Қорғаныс министрі
Д.Язов пен КГБ-ның төрағасы В.Крючков астыртын жолығып,

елдегі жағдайды талқыға салған. 17 тамызда дəп осы пəтерде
тағы да жиын ұйымдастырылып, оған КСРО Үкіметінің төраға-
сы Валентин Павлов та шақырылады. Бұдан былайғы оқиғалар
қалай өрбитіндігіне қарамастан, КСРО-ның жаназасы Алматы-

да шығарылатыны əу бастан-ақ белгіленіп қойылған болатын.
Бұл тарихтың əділетті жазмышы, бұлжымайтын жазуы болар,
əйтеуір қызыл империя – КСРО-ның жаназасы Мəскеудегі
бұлғақ күндерінен бес жыл бұрын алаңға шығып, бас көтерген

қазақ жастарының қаны төгілген Алматыда біржола шығарыл-
ғаны мəлім. Тарихи əділдік дегеніміз осы болар! Тамыз төң-
керісін ұйымдастырушылар М.С.Горбачевті КСРО президенті
қызметінен тайдырып, оның ұстанған бағытын түзетуді ғана

мақсат тұтып қойған жоқ, біртіндеп барша қуатынан айырыл-
ған, беделінен жұрдай болған Коммунистік партияны да қайта-
дан тірілтуге ұмтылды. Сондықтан да РСФСР Коммунистік
партиясы ГКПЧ-ні бірден қолдады. Ең таңданарлығы, Кеңес

одағының либералдық-демократиялық партиясының басым
бөлігі де бүлікшілерге қолдау білдірді. Осыған дейін елде либе-
ралдық, демократиялық жаңартулар мен реформаларды жыл-
дам əрі тереңдетіп жүргізуді талап етіп келген жаңа сипаттағы

аталмыш партия басшыларының мемлекет тағдыры сынға
түскен қиын сəтте неліктен бұлай жалт бергені əлі күнге түсі-
ніксіз. ГКЧП-ның билікті өз уысына алуын əлемнің тотали-
тарлық жəне авторитарлық мемлекеттері бірден қолдағанын

заңдылық деп санауға болады. ГКЧП басшылары 6 айға елде
төтенше жағдай жарияланатыны, Мəскеуге əскер кіргізілетіні,
жергілікті билік ГКЧП тағайындаған əскери коменданттарға
өтетіні жəне БАҚ-тарға қатаң цензура енгізілетіні, сонымен қа-

тар бірқатар беделді басылымдардың шығарылуы уақытша
тоқтатылатыны туралы бұйрық шығарды. Азаматтардың көп-

теген конституциялық құқықтары мен еркіндігіне шектеу
қойылды. Осыған дейін КСРО-да жүргізіле бастаған демокра-
тиялық өзгерістер мен жаңаруларды мұқият қадағалап отырған
дамыған елдер Мəскеудегі төңкерістен бірден ішін тартқан.

Тіпті, төңкерісті осыдан үш ғасыр бұрын Кремльге поляк
əскерлерінің басып кіруінен кейін басталған Ресейдегі бұлғақ
заманымен ұқсастыруы да ықтимал. Өйткені қазір кейбіреулер
«ГКЧП мүшелері əлсіз əрі батыл шешімге бара алмайтын қор-

қақтар болды» деп айтып жүргендей емес, төңкерісшілер Мəс-
кеуге ірі əскери күштер топтастыра білді. Олар КГБ-ның əйгілі
«Альфа» тобын, ішкі əскерлердің Дзержинский атындағы аса
ірі дивизиясы мен Қорғаныс министрлігінің даңқты Тамань

мотоатқыштар дивизиясы, Кантемир дивизиясы мен əскери-
əуе десантының Тула дивизияларына арқа сүйеді. Əлемге əйгі-
лі бұл дивизиялар түрлі жаттығуларда əбден шыныққан, бақай-
шығына дейін ең соңғы үлгідегі қару-жарақпен қаруланған

жойқын күш болатын. Бірер күннің ішінде Мəскеуге 4 мыңнан
астам əскери қызметкерлер, 312 танк, 427 бронетранспортер
мен БМП-лар шоғырландырылды. 1941 жылы неміс-фашистері
төніп келгенде де Мəскеуге мұншама жойқын күш шоғырлан-

дырылмаған болатын. Əскери-əуе десантының қосымша күш-
тері Ленинград, Таллин, Тбилиси жəне Рига қалаларының ма-
ңында топтастырылды. Демалыстағы КСРО-ның президенті
Михаил Сергеевич Горбачевті «Форос» мемлекеттік саяжай-

ында қоршауға алған əскери күштер мемлекет басшысының
сыртқы əлеммен байланысын үзіп, төңкеріс басшылары оның
денсаулық жағдайына орай бұдан былай елді басқара алмайты-
ны туралы ақпарат таратып елде төтенше жағдай енгізілетіні,

Коммунистік партиядан басқа партиялардың бəрі таратыла-
тыны, «Правда», «Труд», тағы бірнеше газеттерден басқа
басылымдардың бəрі жабылатыны жөнінде бұйрық жарияла-
ды. Бұл – аз ғана уақыт болса да еркіндік, бостандықтың дəмін

татып үлгерген миллиондаған адамдардың ұнжырғасын түсір-
гені түсінікті. ГКЧП-ның басшысы, КСРО вице-президенті
Г.Е.Янаев деп саналғанымен, төңкерістің негізгі ұйымдасты-
рушысы əрі басты адамы КГБ-ның тізгінін уысында ұстап

отырған В.А.Крючков болатын. Кейінірек Ресей президенті
Борис Николаевич Ельциннің: «ГКЧП-ның айқын лидері бол-

ған жоқ. Өзінің пікірі шешуші мəнге ие болатын беделді адам
табылмады» дегеніне қарамастан, төңкерісті ұйымдастыру-
шылар мен оған дем берушілер биліктің жоғары эшелонында-
ғы ылғи ығай мен сығайлар болатын. КПСС ОК Саяси бюро-

сының мүшесі О.С.Шенин, КСРО Шаруалар одағының төр-
ағасы В.А.Стародубцев, КСРО мемлекеттік кəсіпорындар мен
өнеркəсіп нысандары, құрылыс, транспорт жəне байланыс ас-
социациясының президенті А.И.Тизяков, КГБ күзет қызметі-

нің бастығы Ю.С.Плеханов, КСРО премьер-министрі В.С.Пав-
лов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А.И.Лукьянов, КСРО
президентінің Форостағы резиденциясының күзет бастығы
В.В.Генералов, Құрғақтағы əскерлердің қолбасшысы В.И.Ва-

ренников, КСРО президенті аппаратының жетекшісі В.И.Бол-
дин, КСРО Қорғаныс кеңесінің бірінші орынбасары О.Д.Бак-
ланов, Қорғаныс министрінің орынбасары В.А.Ачалов жəне
басқалар болды. Байқап отырғанымыздай, төңкерісшілдер ар-

мия, құпия қызметтер, ірі өндіріс орындары, байланыс пен
транспорттың барша тізгінін өз уыстарында берік ұстап отыр-
ған. Аса қуатты ақпарат құралдарының көмегіне иек сүйеуге
де толық мүмкіндіктері бар болатын. Дегенмен бүлікшілерге

қарсы жылдам əрекет етіп, бүкіл халықты демократияның
жеңістерін қорғап қалуға жұмылдырған қарсы тараптың да
халық арасында беделі жоғары болғаны айтпаса да түсінікті.
Ресей президенті Борис Николаевич Ельцин бүлік қарсаңында

Алматыда достық сапармен жүрген болатын. Жəне ол Мəскеуге
арнайы ұшақпен қайтып оралған бетте ГКЧП-ні «мемлекеттік
төңкеріс» деп бағалады. Оны Қазақстанның жігерлі басшысы
Н.Ə.Назарбаев жəне басқалар толықтай қолдағанын айтқан

жөн. ГКЧП-ге қарсылықты Ресей Федерациясының саяси бас-
шылығы (Президент Борис Ельцин, вице-президент Александр
Руцкой, үкіметтің төрағасы Иван Силаев, Жоғарғы Кеңес төр-
ағасының міндетін атқарушы Руслан Хасбулатов) үйлестірді.

19 тамыз күні Б.Ельцин Ресей азаматтарына үндеу жариялады.
Асығыс-үсігіс жазылған бұл үндеу озық үлгі бола алмайтын
шығар, дегенмен осынау аса маңызды құжатта дəп сол күндері
қалыптасқан саяси жағдайға батыл баға берілген еді. Онда:

«Біз мұндай күш қолдану əдістері қажетсіз деп санаймыз. Бұл –
бүкіл əлем алдында КСРО-ның беделін түсіріп, əлемдік қауым-

дастықтағы біздің абыройымызға нұқсанын тигізеді, бізді
«қырғи-қабақ соғыс» дəуіріне қайта əкеледі жəне Совет одағы-
ның жеке-дара қалуына əкеп соғады. Осының бəрі бізді коми-
тет деп аталғанның (ГКЧП) билікке заңсыз келгендігін жария-

лауымызға итермелейді. Яғни осыған орай бұл комитеттің
барлық жарлықтары мен бұйрықтарын заңсыз деп жариялай-
мыз», – делінген болатын. Б.Н.Ельцин танк үстінде қасқайып
тұрып, халықты ГКЧП-ге қарсы күреске шақырған сəтте көп-

теген адамдар Ресейде тарихтың үнемі сиықсыз күйде қайта-
ланып отыратынына шынымен иланды. Өйткені бір кезеңде-
рі В.И.Ленин де броневик үстінде талтайып тұрып, байтақ им-
перияда большевиктер диктатурасын орнату керектігі жөнінде

жалынды сөз сөйлеген болатын. Арада 70 жылдан астам уақыт
өткенде алып тұлғалы, ақ шашты азамат коммунистер диктату-
расын жойып, демократияға жол ашу жөнінде танк үстінен
ұран тастауда. Осыған дейін-ақ «Ашыққан қарын жұбанар,

азаттық қайдан табылар?» деп жүрген сан миллиондаған адам
иықтарынан ауыр жүк түскендей серпіліп, еркін тыныстауға
көшті. Адамдардың бойын билеген үрей ақырындап сейіліп,
үмітсіздік пен торығудан арыла бастады. Халық алдында аса

зор беделге ие болған Б.Н. Ельцин ең əуелі өзінің ежелгі саяси
қарсыласы, КСРО-ның президенті М.С.Горбачевті Форостағы
тұтқыннан құтқаруды қолға алды. Жəне 1991 жылдың 22 та-
мызында бұған толық қол жеткізді. Руцкой мен Силаев бастаған

делегация осы күні Михаил Сергеевичті «Ту-134» арнайы ұша-
ғымен Мəскеу əуежайына, одан əрі Кремльге жеткізді. Бұл күн
КСРО-ның біржола күйреген күні болатын. Ең таңданарлығы,
КСРО демократиясының атасы деп саналатын М.С.Горбачев

КСРО-ның күйреуін ешқашан құптаған адам емес. Тіпті, ол
2008 жылы тамыз төңкерісіне баға бере келіп, өзін қорлықты
қамаудан құтқарған қаhарман туралы: «Мен қазір қатты өкіне-
мін – ешқайда кетпеу керек еді. Қателік болды, иə, мен бұл

туралы айттым ғой. Сондай-ақ Ельцинді өмір бойы банан
дайындауға əлдебір елге айдап жібермегенім де қателік бол-
ды,» – деуі таң қалдырарлық жағдай. Кейінірек төңкерісті
ұйымдастырушыларға қарсы қылмыстық іс қозғалып, тергеуге

алынған Геннадий Янаевтің: «Мен ешқашан мемлекеттік төң-
керіс жасағаным туралы мойындаған емеспін, ешқашан мой-

ындамаймын да. Менің, сондай-ақ менің жолдастарымның іс-
əрекеттерінің қисынын түсіну үшін 91-жылы тамызда еліміз
келіп тірелген тығырықты толық білу керек. Сөз ол кезде жап-
пай бел алған дағдарыс жөнінде болып отыр, елде біртұтас

мемлекет пен қоғамдық-саяси құрылысты сақтап қалуға ты-
рысқандар мен оның қарсыластарының билікке таласы ашық
жүріп жатты. Бұл саяси дағдарыс күн өткен сайын шиеленісе
түсті, ал өкінішке қарай, еліміздің саяси басшылығы бұған

жете көңіл бөлген жоқ. Біз бір де бір мемлекеттік құрылымды
қуып тарқатқанымыз жоқ, ешбір лауазымды адамды түрмеге
жапқанымыз жоқ. Тіпті, Мəскеудің мэрі Гавриил Харитонович
Попов күн сайын 5-6 рет американдық елшіге құпия ақпарат-

тарды тасып жүргеніне қарамастан, оны қызметінен босатқа-
нымыз жоқ», – деуі сол бір күндердегі қиын жағдайдың ішкі
бояуын айқын танытса керек. Текетірескен қарсыластардың
ешбірі шешімді, ең бастысы, апатқа алып келетін қадам жасауға

тартыншақтады. Осы орайда, бүкіл КСРО-ның төбесіне зұл-
мат боп төнген сын сағатында Қазақстан басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың шешімді сөздері төніп тұрған аласапыранға тос-
қауыл болғаны тарихи шындық. Бұдан сəл бұрын тəуелсіздігін

жариялаған Қырғызстанға əскери күш пен танкілерді енгізбек
болған Кремль басшылығын қате қадам жасаудан тоқтатқан,
сөйтіп Бішкек көшелерін қанға бөгуден қорғап қалған Нұрсұл-
тан Назарбаевқа төңкерісті ұйымдастырушылар да, оған қарсы

тұрған Борис Николаевич Ельцин мен оның жақтастары да
жиі-жиі қоңырау шалып, қалыптасқан қиын жағдайдан қалай
шығу жөнінде ақыл-кеңес сұраумен болды. Осылайша Алматы
қаласы тамыз бүлігіне қарсылардың стратегиялық маңызды

пункттерінің біріне айналды. Əсіресе, Нұрсұлтан Назарбаевтың
КСРО Қорғаныс министрі, ГКЧП-ны басты ұйымдастырушы-
лардың бірі, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Дмитрий Язовке
телефон шалып: «Сіз 1941 жылы Мəскеуді неміс танкілерінен

қорғаған едіңіз ғой, енді бейбіт қалаға танкілер кіргізуге қалай
бұйрық бердіңіз?» деген мəнзелдегі айыптау сөзі Ресей астана-
сының көшелері мен Қызыл алаңды қанға бөгуден сақтап қал-
ғаны рас. Жоғарыда айтып өткеніміздей, үш күнге созылған

тамыз төңкерісінің тарихи мəні мен маңызына əлі күнге жан-
жақты, толыққанды баға берілмей қалды. Төңкерістің алға қой-

ған мақсатына қол жеткізе алмағанына іштей өкінушілер Ре-
сейде əлі күнге дейін көптеп табылады. Тіпті, арада сандаған
жылдар өткен соң Руслан Хасбулатовтың өзі де: «Бəріне кінəлі
əлдебір абстрактілі модель емес, билікке келген адамдардың –

дайындалмаған, жауапсыз, өз қалталарын қампайтудан артық
мақсаты жоқ, тарих алдындағы, қоғам алдындағы ешқандай
борышын сезінбейтіндердің кінəсі. Өкінішке қарай, бұл осы-
дан 20 жыл бұрын билік тізгінін ұстағандар мен қазіргі элитаға

да тікелей қатысты. Мен Ресейдің соңғы 20 жылдағы дамуын-
да ешқандай позитивті сəттерді көріп тұрғаным жоқ. Оның
үстіне біз сансыз адамдардың өмірін жалмаған екі соғысты ба-
стан кештік. Осы соғыстар арқылы сансыз қарақшылар, мили-

ция отрядтары тəрбиеленді, сондықтан да еліміздегі қылмыстың
саны көп. Ресейде тек жаны езілген адамдар ғана қалды жəне
оларға жаным ашиды. Одақтың ыдырауынан өзімді «ұтылған-
дардың» қатарына қосамын, оның үстіне бүкіл ел ұтылды,

қоғам ұтылды, əлем ұтылды», – деп мұңаюы көп сырды аңғарт-
қандай. Сонау 1991 жылдың тамыз айында үш күн бойы адам-
дардың бойын үмітсіздік пен торығу шырмап, қарапайым
кісілер сенімсіздікке ұшыраған еді. София Ротарудың «Крас-

ная стрела» əнін тыңдаған сайын сол үмітсіздік пен торығу
бойымды қайта билейді. Дегенмен көп ұзамай халықтың бой-
ында жасампаз үміт қайта тіріліп, сенім оянған. Демократия
өркендеп, құқықтық қоғам түбегейлі үстемдік құрады деген

зор сенім. Үміт жібі əлі үзілген жоқ....
2011 ж.

ЕЛЬЦИН ЕНДІ ТАРИХҚА АЙНАЛДЫ

Жаңа тұрпатты Ресей Федерациясының алғашқы президен-
ті Борис Николаевич Ельцин Кремль қақпасына жеңімпаз ре-
тінде 1991 жылдың 21 тамызында енген. Ал Кремльден өз
еркімен кетерінде ол өзінің сансыз сыншылары мен қарсы-

ластарына, билік құмар түрлі ізбасарларына биліктен де биік
ұғымдар: бұзылмауға тиіс заң, Ельцин кезеңінде ғана адамдар
шын мəнін түсіне бастаған демократия талаптары бар екенін

танытып кетті. Борис Николаевич Ельцин қайтыс болды! Орыс
халқының «Еңсегей бойлы ер Ельцині» мəңгілік сапарға аттан-
ды. Енді ол туралы естеліктер жиі айтыла бастайды, оны жек-
көрушілер өздерінің өшпенділігін одан əрі өршіте түсер, қол-

даушылары қандай ұлы адамнан айырылғандарын терең сезі-
нер. Əлемдік тарихтың 1985 жылғы қайта құрудан, КСРО-ға
өзгеріс əкелген демократиялық реформалар жылдарынан бас-
талатын жаңа кезеңі дүниежүзінің ғалымдары мен зерттеуші-

леріне ХХ ғасырдың соңғы он бес жылын «Ельцин дəуірі» деп
атап, айдар тағуға мүмкіндік берген. Мəңгілік мызғымастай
көрінген КСРО-ның адамдар күткендегіден гөрі жылдам ыды-
рауына мүмкіндік жасаған, əділін айтсақ, тікелей ықпал еткен,

1993 жылы Ресейде басталып кете жаздаған қанды азамат со-
ғысының қаупіне жол ашқан əрі оның бетін қайтарған, сөйте
тұра, қантөгісті шешен соғысына себепші болған əрі қазір
«ельциномика» аталатын таңғажайып саяси құбылыстарға мұ-

рындық болған тарихи тұлға туралы шындықтар əлі көп жыл-
дарға дейін түбегейлі айтыла қоймайтыны да сөзсіз. Ол үшін
белгілі бір кезең, тарихи уақыт керек. Өйткені, қазіргі күннің
ашылмауға тиісті көптеген шындықтары, «аса құпия» белгісі

соғылатын құжаттардың түпнұсқалары, мемлекеттер мен би-
лік жүйелерінің қауіпсіздігіне тікелей ықпал жасайтын астыр-
тын саяси қадамдар мен іс-əрекеттердің түп негізі, жіптің бір
ұшығы уысында да болғаны сөзсіз. Ол биліктен қол үзіп, қара-

пайым зейнеткерлер қатарына қосылса да, өзі Ресей билігін
Владимир Путин бастаған жастар қолына табыстаған, адамдық
пен трагедиялық сарындарға толы əйгілі тележолдауынан кей-
ін адамдар жадынан ұмытыла бастағанмен мүлдем тасада

қалып көрген жоқ. Ельцин құбылысының тарихи мəн-маңы-
зына шынайы, толық баға беру, сөз жоқ, болашақтың, адал да
əділ зерттеушілердің еншісінде. Уақыт бəріне төреші деліне-
тіні сондықтан. Өткен оқиғалар мен қисынсыз көрінетін құ-

былыстарға уақыт пен кеңістіктің биігінен қарау қажеттігі
осындайдан туындаса керек. Расында ХХ ғасырдың соңғы он
бес жылында есімі адамзат аузынан түспеген Борис Николае-
вич Ельциннің бейнесін бірер сөзбен сипаттап беру тарихшы-

лар мен зерттеушілерге оңай соқпасы аян. ХХІ ғасыр бастал-
ғалы тұрған алғашқы күндерде өз еркімен биліктен қоштасқан

адамның жанын қандай мəселелер тербейтін, нендей жайттар
жүрегінен орын алатын? Өзінің уақытынан бұрын биліктен
кетуіне қандай адамдар мен тарихи оқиғалардың тоғысуы
ықпалын тигізді? Тіпті, осыған дейін ешкім білмейтін барлау-

шы, əйгілі темір ханым – АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы
Мадлен Олбрайт «Who іs mіster Putіn?» деп таңданған Владимир
Путиннің Ресей билігіне келуіне себеп болған не екеніне, Ре-
сейдегі соңғы жылдары орын алған оқиғалардың саяси мəніне

нақ жауап бере алатын Б.Н.Ельцин ғана еді. Осы ретте, сахна,
шоу-бизнес пен саясат сайқымазақтары, екінші жағынан бос-
тандықты идеал тұтқан романтик серілер, жаңа Дон Кихот-
тардың қарама-қайшы көзқарастары, саяси айқастары жаңа

Шекспирдің қаламына сұранып тұрғаны кəміл. Əсіресе, Борис
Ельцин тағдыры. Иə, тоқсан ауыз сөздің мəнін тобықтай түйін-
ге сыйғызып айтатын қайран қазақтың: «Құлан құдыққа құласа,
құлағында құрбақа ойнар» дейтініндей, Ельциннің шынайы

бейнесі Максим Галкин мен Михаил Задорнов сияқтылардың,
сансыз сайқымазақтардың ойлағандары мен сомдағандарынан
əлдеқайда биік, терең əрі күрделі. Осыдан бір жылдан астам
уақыт бұрын, өткен жылдың 1 ақпанында Ресейдің бірінші

президентінің туғанына 75 жыл толуына орай «Түркістан»
газетінде «Борис Ельцин: Ақиқат пен аңыз» атты мақала жа-
зып, онда: «Тіпті, өз уақытынан ерте туған қаһарманның торы-
ғудан шарап ішкенінде тұрған не бар? Əсілі, айналадағы

мешеулік пен тайыздық, əдейі аяқтан шалу, түсінбестік пен
адал адамды өмірден баз кештірер қараулық, жеңістік бермейтін
санасыздық қажытпай ма? Əлем тарихындағы көптеген ұлы-
лардың өмірі, аянышты тағдырлары осыған дəлел ғой. Тіпті,

Абай атамыздың «Мен ішпеген у бар ма?» деуінің ішкі мəні де
осындай торығудан туған болса ше?» – деп жазған едік. Жаңа
тұрпатты Ресей Федерациясының алғашқы президенті Борис
Николаевич Ельцин Кремль қақпасына жеңімпаз ретінде 1991

жылдың 21 тамызында енген. Ал Кремльден өз еркімен кете-
рінде ол өзінің сансыз сыншылары мен қарсыластарына, билік
құмар түрлі ізбасарларына биліктен де биік ұғымдар: бұзыл-
мауға тиіс заң, Ельцин кезеңінде ғана адамдар шын мəнін түсі-

не бастаған демократия талаптары бар екенін танытып кетті.
Өзін-өзі сыйлау мен, тіпті, адамның жақсы аты болатынын үлгі

етіп, өз еркімен биліктен бас тартты. Иə, жаңа заманда ешбір
елге азаттық идеясы мен демократия көптік етпейтінін дəлел-
деді Ельцин. Өз кезіндегі Ресей елі басқа, қазіргі ұлыдержава-
шыл, ұлыорысшыл, шовинистік, империяшыл пиғыл əр іс-əре-

кетінен айқын сезіліп тұрар Ресей мүлдем басқа. Бір кездері
Ельцинді аямай сынайтындардың, саяси ұпай жинаудың қан-
дай да арзан əрекеттерінен бас тартпайтын қарсыластарының,
демократия туын ұстаушы болып танылғысы келетіндердің

қазір Ресейде үні өшкен. Путин – Ельцин емес. Путин басқа,
сондықтан да демократия идеалдарынан жылдам бас тартып,
«Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» деушілер қарақұрым.
14-15 көкекте Мəскеу мен Санкт-Петербургтегі «Келіспейтін-

дер маршының» милиция күшімен басып-жаншылғаны билік-
тің айтқанына көніп, айдауына жүргісі келмейтіндер, өзіндік
идеалдары мен принципі барлардың бүкіл əлемнің көз алдында
жазалаушы күштің темір сойылына ұшырауы Ресейдегі Ельцин

демократиясының оты өшкенін білдіретін белгі. Ежелден «ша-
пағатты əрі қатал» патшаны пір санап, ғасырлар бойғы қатал
тиранияның шексіз əрі аяусыз езгісіне үйреніп алған Ресейді
тарихи жаңа жолға бастау үшін Ельцин сияқты ойы азат, бос-

тандық сүйгіш, шынайы демократия принциптеріне адал аза-
маттардың ерік-жігері, табанды ұстанымдары қажет еді. Өзінің
атына сансыз сын айтылуына, бейнесі мазақтамаларға айнал-
ғанына ол алаңдаған жоқ. Ең бастысы, көзі тірі билеушінің

атына ешқашан сын айтылмайтынына үйренген жұрттың бой-
ындағы жаңа өзгерістерге қуанды, адамдардың жаңа ұстаным-
дарды мойындағанына, қоғамды шырмаған ғасырлар бойғы
қорқыныш, үрей мен жағымпаздықтың бұлты сейіле бастаға-

нына шаттанды. Қазіргі уақыт биігінен қарасақ, өз кезінде
Б.Н.Ельцин сайқымазақ маскасын əдейі киіп, президент үшін
тосын көрінер талай түсініксіз əрекеттерді əдейі ұйымдастыр-
ған сияқтанады. Тіпті, оны кезінде «Шайтанға жанын сатқан»

деушілердің шығуы, кейінгі жылдары «Ельцин əлдеқашан өл-
ген (өлтірілген), оның орнына жасанды адам жүр» деген қауе-
сеттердің таратылуы да осындай аңыз тудырушылықтың тіке-
лей əсері. Борис Ельцин туралы аңыздар көп. Соның бірі,

Свердловск облысының Талицк ауданы, Бутка селосында 1931
жылдың 1 ақпанында дүниеге келген Борис Николаевич өмір

бойы коммунистерді, Совет өкіметін иттің етінен жек көрді де-
ген аңыз. 1931 жылы атасы кулак ретінде сотталып, жер
аударылған, ал өз əкесі 1937 жылы «совет өкіметіне қарсы үгіт-
насихат жүргізді» деген айыппен түрмеге қамалғаны осындай

аңыздың тууына себеп болған шығар. КПСС-тің Бас хатшысы
М.С.Горбачевпен пікір таластары, өмірлік ұстанымдарының
қайшылықтары мен ұзаққа созылған əрі аса күрделі тартыста-
ры да сол уақыттың аңызға бергісіз шындығы. Əсіресе, Комму-

нистік партияның аузын айға білеген хатшысы Егор Лигачев
жолдастың мəртебелі жиында төзімі таусылып, сабырынан
айырыла: «Борис, ты не прав!» дегені де миллиондаған адам-
дар үнемі қайталайтын қанатты сөзге айналды. Екінші бір аңыз

жəне ең басты айып – Ельцин Ресей мүдделерін сатты жəне
елді ортағасырлық мешеу жағдайға жеткізді деу. Расы керек,
Борис Николаевич керісінше 1990-жылдары біржолата тұйық-
қа тіреліп, ыдырау алдында тұрған Ресейді сақтап қала білді.

Демократиялық жаңарулардың алғашқы жылдары кейбір жал-
ған əсершілдіктің уы бойларын жайлаған патриотсымақтар
Орал мен Сібірді жеке бөліп алуға ұран тастағаны, Солтүстік
Кавказдағы республикалар да бөлінуге талап қылғаны мəлім.

Сонда баһадүр Борис Ельцин «Егемендік қанша керек болса,
сонша алыңдар», деген сөзі жаңа тəуелсіз мемлекеттерді ғана
емес, алып елдің өз ішіндегі республикаларды сабасына түсір-
ген. Адамзат тарихындағы кейбір қайшылықты саяси тұлғалар-

дың адами ауыр тағдыры, үстірт қарағанға қисыныз көрінетін
тосын шешімдері һəм іс-əрекеттері өз замандастары, əсіресе,
отандастары үшін үздіксіз қателіктер мен пенделік кемшілік-
терінің ащы жемісі көрінеді ылғи. Сандаған ғасырлар бойы

сансыз рет қайталанып келе жатқан мұндай адасушылық адам-
затқа сабақ болуға тиіс-ақ сияқты. Б.Н.Ельцинмен қоштасу
рəсімі өткізіліп жатқан Құтқарушы Христ храмында («Храм
Христа Спасителя») келушілерді бастан-аяқ тексеріп, жарыл-

ғыш заттар іздейтін арнайы қондырғылар қойылды. Террорис-
термен күрес деген желеумен. Осының өзі-ақ Ресейде жаңа
жағдай қалыптасқанын көрсетеді. Борис Ельциннің бейбіт, де-
мократияшыл Ресейі енді тарихқа айнала бастағандай.

Анна ПОЛИТКОВСКАЯ:

БІЗДІҢ ЕЛІМІЗ – ЕҢ МЕШЕУ ЕЛ

Жуырда, Халықаралық журналистер федерациясының
(JF) бас хатшысы Эйдан Уайт пен осы беделді ұйымның
президенті Джим Бумелья мырзалар дүние жүзінің жур-
налистерін Ресей өкіметіне талаптарын қолдап үн қосуға

жəне осы елдегі адам өлтірушілердің жазадан жиі құтылып
кетуін қатаң айыптауға шақырды.
«Көптеген адам өлтіру істері мұнда жеткіліксіз, үстірт тек-
серіліп, қылмыскерлер əділ жазадан құтылып кетуде, – деді

Джим Бумелья. – Кісі өлтірушілер қақпанға түсіп, заңды үкім
бойынша сотталған жекелеген жағдайлардың өзінде тасадағы
тапсырыс берушілер жазаланбай отыр... Біз, жауыздықпен өл-
тірілген ресейлік əріптестерімізді ұмытпауға жəне адам өлтіру-

шілердің жазасыз қалғандарын есте ұстауға тиіспіз». Сонау
1926 жылы құрылып, штаб-пəтері Брюссельде орналасқан
жəне қазір əлемнің 100-ден астам еліндегі 600 мың кəсіби жур-
налистердің басын біріктіріп отырған халықаралық мəртебелі

ұйым Ресейдегі қалыптасқан жағдайға осылайша қатты алаң-
дауда. Соңғы жылдары Ресейде белсенді журналистердің жұм-
бақ өлімі жиі орын алғандығына əлемдік қауымдастық еріксіз
куə болып отыр. Жағдай шектен шығып, мүлдем асқынып

кетті. Сондықтан адам құқығын қорғаушылардың «Халық-
аралық амнистия» ұйымы да амалсыздан: «Ресейдегі белсенді
құқық қорғаушылар мен журналистер өкімет тарапынан жиі
қорқытуға ұшырауда жəне адам құқығын аяққа таптаудың құр-

бандықтарына айналуда», – деген мəлімдеме таратуға мəжбүр
болды. 2006 жылы 7 қазанда «Новая газетаның» шолушысы
Анна Политковскаяның өз үйінің кіре берісінде айуандықпен
атып өлтірілуі əлемдік қауымдастықты алаңдатып қана қойған

жоқ, қазіргі Ресейде аса қатерлі жағдайдың қалыптасқанын
толық айқындап берген еді. Ресейде табанды, шыншыл журна-
листердің өлтірілуі кездейсоқтық емес, зұлым əдетке айнала
бастағанына көздері жеткен құқық қорғаушылар кеш болса да

дабыл қаға бастаған. Əнебір жылдары Ресейде белгілі журна-

листер Влад Листьев пен Юрий Щекочихиннің өлтірілуі көрші
елде қоғамдық наразылық, жұртшылықтың алаңдаушылығын
туғызса, қазір жағдай керісінше қалыптасып келеді. Соңғы
жылдары «Советская Калмыкия» газетінің бас редакторы Ла-

риса Юдина, «Московский комсомолец» газетінің журналисі
Дмитрий Холодов, тағы бірқатар беделді, билікке жақпайтын,
принципшіл, əділ журналистердің жұмбақ жағдайда өлтірілуі
ресейліктерді онша алаңдатпайтын сияқты. Тіпті, осы елдің

кəсіби журналистері ауыздарына құм толтырып алғандай. Сан-
даған ғасырлар бойы құлдық қамытына – крепостниктік пра-
воға мойынсұнып, əбден бауыр басып алған елде еркіндік, сөз
бостандығы, басқа да бүкіл адамзаттық құндылықтар ардақ-

талмайды. Құлдыққа бойы үйренген елде, тіпті, адам өмірі де
құндылық болып саналмайды. Сондықтан Борис Ельцин кезін-
де ащы, ауыр шындықтарды ашық айтуға əдеттенген Ресей
журналистерінің айтарлықтай бөлігі қазір қатал, тоталитарлық

жүйені қайта тірілте бастаған тоңмойын биліктің сойыл соғар-
ларына айналып шыға келуіне таңдана қоюдың жөні жоқ.
Биліктің саясатын бас шұлғып қолдай бермейтін, өз ұстаным-
дарына адал адамдардың елдегі қалыптасқан күрделі жағдай-

ды бұрынғы КГБ-нің қызметкері Владимир Путиннің атымен
тығыз байланыстыруы да негізсіз емес. Марқұм Анна Полит-
ковская өмірінің соңғы күндерінде «Jndependent» басылымы-
на берген сұхбатында: «Мəселе мынада, Путин – елдегі қара-

түнек барлау қызметінің дүниеге əкелген тұлғасы. Ол өзінің
өткенінен асып түсе алмады жəне КГБ подполковнигінің əдет-
терін серпіп тастай алған жоқ. Ол еркіндіксүйгіш отандас-
тарын бұрынғысынша «лақтырып» тастауда; бұрынғы, өз

карьерасының бастапқы кезеңіндегідей ол бостандық атаулы-
ны бесігінде тұншықтырудан қолы босайтын емес», – деп ашы-
на айтып, сол кездегі Ресей президенті В.В.Путинді Гогольдің
кейіпкеріне – патшаның ұсақ шенеунігі Акакий Акакиевичке

ұқсатқан болатын. «Путин Гогольдің Акакий Акакиевичін еске
салады. Ол – бұрынғысынша сұрқай болып қала бергісі кел-
мейтін ұсақ, сұрғылт адам. Путинге сол сұрқайылықтан ары-
лып, зор тұлғаға айналуға тарихи мүмкіндік берілген еді, бірақ

ол сұрқай тұлға қалпында қала берді», – дей келіп, одан əрі: «...
Біздің еліміз бақытты ел деседі, бірақ мүлдем бұлай емес. Біз-

дің еліміз – ең мешеу ел. Путин адамдарды еш құрметтемейді
жəне болашақта Сталин уақытындағы репрессия орын алаты-
ны сөзсіз,» – деп күйзеле мəлімдеген болатын. Əңгіме етіліп
отырған Акакий Акакиевич – Н.Гогольдің атақты «Шинель»

шығармасындағы бейшара шенеунік. Ол əдемі шинель киіп,
осыған дейін болмаған табыс пен атақ-даңққа қол жеткіземін
деп қиялдайды, бірақ əлгі шинельден айырылғанда қуыс кеу-
де жан ғана екені ғана мəлім болады. Əлемдік сарапшылар мен

зерттеушілердің айтуына сенсек, Ресейдегі елді дүрліктірген
көптеген ірі қылмыстардың тасасынан осы елдегі құпия қыз-
мет – аты шулы КГБ-ның ізбасары ФСБ-ның құлағы қылтиятын
көрінеді. Яки, көптеген қылмысты ұйымдастырушылар мен

орындаушылар осындай құпия қызметтің бұрынғы немесе
қазіргі қызметкерлері болып отыр. Əсілі, кез келген құпия қыз-
мет, барлау ұйымдарында, əсіресе, аты тарихта қара əріптермен
таңбаланған КГБ-да бұрынғы қызметкер деген ұғым болмай-

тыны белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда мұндай құпия қызметтер
мен ұйымдасқан қауіпті қылмысты топтардың айырмашылығы
шамалы, есесіне ұқсастықтары көп. Екеуіне де бір кірген адам
өз еркімен қайтадан шыға алмайды. Бейнелеп айтқанда, «Кірген

із бар, шыққан із жоқ». Өйткені, жұртшылыққа, қарапайым
адамдарға белгісіз құпиялардың мəн-жайынан хабардар адам
əлгіндей ұйымдасқан топ үшін де, құпия қызметтерге де айы-
рықша қауіпті жанға айналатыны бесенеден белгілі Анна

Политковскаяның 2006 жылы 7 қазанда өз үйіне кіреберісте
айуандықпен өлтірілуін Ресей құпия қызметінің əрекеті ретін-
де бағалаушылар шындықтан алшақтап отыр ма? Жалпы, биыл
50 жасқа келетін Анна Политковская осы елдің билігіне сон-

шалықты қауіпті жан ба еді?! Украин қызы Анна Степановна
Политковская 1958 жылы совет дипломаттарының отбасында
дүниеге келген. Оның бұрынғы фамилиясы – Мазепа. Кейбір
бұқаралық ақпарат құралдарының мəлімдеуінше, Анна Полит-

ковская Чернигов облысында дүниеге келген жəне 1980 жылы
МГУ-дің журналистика факультетін үздік тəмамдаған жан. Ол
қарапайым журналист емес, шын мəнінде қаламды еркіндік,
əділдік жолында қару еткен табанды күрескер. Оның Шешен-

стан соғысы мен Солтүстік Кавказдағы қалыптасқан жағдайды,
Ресей əскерлерінің осы өлкедегі жүгенсіздіктері мен айуан-

дықтарын əшкерелеген шыншыл материалдары Анна Полит-
ковскаяның есімін жəне «Новая газетаны» əлемге кеңінен та-
нымал етті. Көптеген сыйлықтардың, оның ішінде «Золотое
перо России», РФ Журналистер одағының «Добрый посту-

пок – доброе сердце», сондай-ақ Шешенстандағы жағдайды
бұрмаламай жазғаны үшін ОБСЕ-нің сыйлықтарына ие болған
марқұм Анна Политковская осы елдегі азаматтардың – əділетсіз
соғыс құрбандарының аянышты тағдырын əлемдік қауым-

дастыққа, ең əуелі Ресей оқырмандарына боямасыз жеткізген
еді. Бір ғана мысал – 2001 жылы қыркүйекте «Новая газета-
да» шешен азаматы Зелимхан Мурдаловтың тағдыры туралы
ашына жазды. Зелимхан Мурдаловты осы жылдың басында

Ханты-Мансии ОМОН-ы арнаулы тобының адамдары тұтқын-
дап, кейін əлгі байғұс із-түзсіз жоғалып кетеді. Мақалада осы
іске тікелей қатысы бар «Кадет» құпия есімді офицер туралы
ашық айтылған болатын. Əлгі «Кадет» осы арнаулы топ бас-

шыларының бірі, Мурдаловты тұтқындауға тікелей қатысы
бар Сергей Лапин болатын. Сергей Лапин бірнеше рет мақала
авторын қорқытып-үркітудің амалын қарастырған, қоқан-
лоққы жасаған. Дегенмен, кейінірек Сергей Лапинге қарсы

қылмыстық іс қозғалып, ауыр дене жарақаттарын салғаны,
қызмет бабын асыра пайдаланып, жалған ақпар бергені үшін
оған ауыр айыптар тағылды. Ресейде əділдіктің салтанат құ-
руы ешқашан оңай болмаған, əсіресе, Шешенстандағы «же-

ңімпаз» орыс милициясының білдей офицерін заңды жазаға
тарту бұл елде орындалмас жайт, айналып келгенде əлгі Сергей
Лапин жазадан құтылып кетті, дəлірек айтқанда, билік амалын
тауып өз қолшоқпарын қатаң жазадан құтқарып жіберді. Соңғы

демі біткенше либералдық көзқарастарына адал болып қала
білген Анна Политковская қысқа, жарқын ғұмырында құпия
қызметтің адамдарымен үнемі бетпе-бет келіп отырған. 2000
жылдың өзінде-ақ, ресейлік милиция офицері оны өлтіруге

уəде етіп, Политковская біршама уақыт бой тасалауға мəжбүр
болды. 2001 жылы ФСБ тəуелсіз журналисті, шешеннің аты-
шулы жасақшысы Шамиль Басаевтың астыртын тыңшысы деп
айыптап, үш күн бойы ас-сусыз, қапас зынданда қамауда ұс-

таған-ды. Кейінірек Британияның The Cuardіan газетіне берген
сұхбатында Анна Политковская 2004 жылы Беслан трагедиясы

кезінде өзін ФСБ қызметкерлері у беріп өлтірмек болғанын да
мəлімдеген болатын. Ержүрек, қайсар украин қызының айту-
ынша, табанды журналисті өлтіру үшін Аннаға ұшақта шəйға у
қосып берген. «Ең соңғы рет мен Масхадовтың адамдарымен

ұшаққа отыруға 10 минут қалғанда сөйлестім. Сірə, мен өзге
уақытта журналист жасайтын нəрселерден гөрі көбірек əлде-
нелер істеген болсам керек. Содан соң мен ұшаққа отырдым,
шəй іштім, одан əрі... қаратүнек. Одан əрі мен ештеңе білмеймін.

Дəл айта алмаймын, бірақ не болғанын іштей жобалаймын...
Шешім қабылданды жəне орта шенді офицер (ФСБ) оны жүзе-
ге асырды», – деген еді Анна Политковская. Осылайша Мəс-
кеуден Ростовқа, одан əрі Солтүстік Осетияға ұшып шық-

қан тəуелсіз журналист ұшақта уланып, ес-түссіз күйінде
Ростовтың облыстық ауруханасына жеткізіліп, сонда емдел-
ген. Марқұм журналистің өмірі, бүкіл творчествосына Ше-
шенстан соғысы орасан зор ықпал жасады деуге болады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, ол өз тағдырын Шешенстанға,
оның соғыста өлтірілген бейкүнə балаларына мəңгіге байла-
ныстырған жан болатын. Сондықтан да деректі кітаптарының
басым бөлігі қолына қару алған Шешенстанға қатысты жа-

зылған. «Тозаққа сапар. Шешенстан күнделігі», «Менің соғы-
сым. Окоп генералының шешен күнделігі», «Екінші Шешен-
стандық», «Шешен: Ресейдің масқарасы», «Путинская Россия»,
«Россия без Путина» кітаптары саналы адамдардың, ең əуелі

Батыс жұртшылығының осы əділетсіз соғысқа деген ресми
биліктің насихатына қарама-қарсы көзқарасын қалыптасты-
руға көмегін тигізді. Шовинистік ұрандар үдеп, ұлы империя-
шылдық пиғыл мен қаратүнек ұрандар қайтадан тіріле бастаған

Ресейдегі ауыр психологиялық ахуалға, қарапайым адамдар-
дың құқықтары жаппай аяққа тапталып, саяси ұстанымдар-
дың адамгершілік негіздерінен бас тартылып, тоталитарлық
жүйеге ауытқу бел алғанына мейлінше қарсылығын танытқан

украин қызының белсенді қарсыластарының қатары да өсе
түсті. Оның соңғы бірқатар кітаптары Ресейде жарық көруі
мүмкін емес еді жəне Лондонда басылып шыққан бұл кітап-
тар, шын мəнінде, əлемдік қауымдастықты елең еткізіп, ар-

ұятын оятқан, айрықша назар аудартқан құнды дүниелер бо-
лып табылды. Анна Политковская Путинді саяси тұлға ретінде

өресі өте төмен жан деп санайтынын ешқашан жасырған емес.
«Путин билігінің нығаюы – бұл кеңестік жүйеге қайтып оралу
екені айдан анық, – деп жазды ол өз кітабында. – Бұл нақты
біздің аңғалдығымыз, апатия жəне тым революцияшыл өзге-

рістерден қатты шаршағандығымыздан ғана орын алмағандығын
айта кету керек. Бұл – Батыстың жаппай қолдаған хор қиқуы,
ең əуелі, Сильвио Берлусконидің қолдаған даусымен жүзеге
асуда. Ол, сірə, Путинге ғашық болып қалса керек... Сондықтан

да біздің гэбэшниктің Кремльге қайтып оралуына ешкім –
Батыс та, өзіміздің Ресейдегі салиқалы оппозиция да кедергі
бола алған жоқ». Кейбір лақаптарға қарағанда, Путин Анна
Политковскаяны өзінің ең басты дұшпаны ретінде мəлімдеген

сияқты. Қалай болғанда да, 2006 жылғы 7 қазанда, Мəскеудегі
Белорус вокзалының маңындағы Лесная көшесінде орналасқан
үйдің кіре берісінде ауыр трагедия орын алды. Жəне бұған
Ресей қауіпсіздік қызметкерлерінің жанама түрде де қатысы

болған секілді. Белгілі журналистің өліміне қатысты іздестіру,
тергеу жұмыстарын жүргізген құқық қорғау органдарының
құпия мəліметтерін былай қойғанда, осыған дейін ақпарат құ-
ралдарында жарияланған түрлі құжаттарға иек артып дəл осы-

лай кесіп айтуға негіз бар сияқты. ЛДПР партиясынан РФ
Думасына депутат болып сайланған Николай Курьянович 2006
жылы наурызда Ресей арнаулы қызметтері «орыс халқының
жəне Ресей мемлекетінің қас дұшпандары» деген құпия тізім

жасап, пайдаланып жүргендігі туралы айтқан болатын. Қара-
пайым адам емес, білдей Ресей депутатының бұл мəлімдемесі
жұртшылыққа жарылған бомбадай əсер еткені даусыз. Ал осы
құпия тізімде Анна Политковская басты орында тұрғандығы

мəлім. Оның мұндай қара тізімге ілігуі бекер емес. 2000 жылы
тамызда Анна Политковская «Грозный. Дом престарелых» де-
ген қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға мұрындық бо-
лып, жиналған гуманитарлық жүк – 3 тонна дəрі-дəрмек, азық-

түлік пен 120 мың рубльдің нақты адреске жеткізілуіне бас-көз
болған. Ал бұл күндерді сыртқы дүниеден біржола бөліп тас-
талып, бақайшығына дейін қаруланған Ресей əскерлерінің
темір құрсауында, күндіз-түні бомбалау мен ауыр артиллерия-

дан атқылаудың астында қалған шешен халқы өз тарихындағы
ең ауыр, қаралы күндерді бастан кешуде еді. 2006 жылы белгі-

лі журналист атып өлтірілген күннің ертесіне, яки 8 қазан күні
«Новая газета» басылымының құрылтайшылары осы іске қа-
тысты нақты дерек берушілерге 25 миллион рубль көлемінде
қомақты сыйақы тағайындады. Осылайша Ресей қоғамы сал-

ғырттық танытып отырғанмен, елдегі беделді газеттің акцио-
нерлері жеке тұлға, əділдік сүйгіш азаматтар ретінде шын-
дықтың ашылуына мүдделі екендіктерін аңғартты. Бірақ, ең
басты сұрақтың өзі де осыдан туындайды. Ресей қоғамы,

əсіресе, қазіргі қатал билік журналистің өліміне байланысты
ащы əрі ауыр шындықтың толық ашық айтылуына құлықты
ма? Олай емес сияқты. Өйткені, қазір Ресейде адам құқығы,
демократия, гуманизм, еркіндік секілді ізгі ұғымдар мүлдем

ұмытыла бастады. Жəне сөздік қорда сирек пайдаланатын өлі
сөздерге айналып кеткені белгілі. Ресейде гуманизм, либерал-
дыққа астамшылықпен қарап, оны əлсіздік, тіптен есалаңдыққа
балау ежелден қалыптасқан психологиялық ахуал. Тіптен, қа-

зіргі шовинист орыс тарихшылары əділ, кемеңгер патша ретін-
де бейнелеуге құмар соңғы император – ІІ Николайдың аты
əлемге «қанды Николай» деп танылған болатын. Батыс Еуро-
паның көптеген монархтарымен оның туысқандық қарым-қа-

тынасы бола тұрса да, олардың көбі Ресей императорын өз са-
райында қабылдауға түбегейлі қарсы болған. Қанішер билеу-
шімен өздерінің қаны бір екендіктерін масқара жағдай ретінде
бағалаған. Əсілі, əр халықтың тарихи үрдісі, сандаған ғасыр-

лар бойы қалыптасқан тəжірибесі, өмірлік қағидаларынан
белгілі бір ұлттың ділі қалыптасары анық. Ал Ресей тарихына,
қазіргі күндердегі саяси, қоғамдық ахуалға зер салғанда, көр-
шілеріміз үшін саяси еркіндік, ой, сөз бостандығы ешқандай

құндылық болып табылмайтынына күмəн қалмайды. Жалпы,
қатал, тоңмойын, астамшыл, отаршыл империяларда гума-
низмге ешқашан орын болған емес. Орыстың саусақпен санар-
лық шынайы гуманистерінің шежіресіне көз жүгірткенде,

олардың өмірі ауыр трагедияларға толы болғанын, үнемі
қуғын-сүргінді бастан кешіріп, өмірінің соңы кісі қолынан қаза
табумен аяқталарын байқау қиын емес. Бір сөзбен айтқанда,
орыс қоғамында гуманизмге орын болған емес, таяу жылдарда

болмайды да. Сондықтан да, гуманизмді өмірлік мұраты еткен
Анна Политковская да қанішерлердің кезекті құрбанына ай-

налды. Шетелдің белгілі журналисі Эндрю Осборн Анна
Политковскаямен бірнеше рет сұхбаттасқан жан. Оның мəлім-
деуінше, марқұм Политковская Путинді өле-өлгенше ұнатпай
кеткен, бітіспес қарсыласы болған іспетті. Əсіресе, 2002 жылы

қыркүйекте Бесландағы мектепте орын алған трагедия үшін
Кремльді тікелей айыптаумен өткен. Бесландағы орта мектеп-
тердің бірінде шешен жасақшылары 1200 адамды кепіл ретінде
тұтқынға алғаны, кейінірек федеральдық əскерлер мектепке

атой салып шабуылдап, осы операция нəтижесінде 344 адам
өлгені белгілі. Құрбандардың басым бөлігі, тіпті, барлығы
дерлік бейкүнə балалар болатын. «Мен не болғанын бастан-аяқ
көре алғаным жоқ, өйткені, ес-түссіз едім, бірақ уысына барлық

тетіктер жинақталған президент əкімшілігі өзін сужүректердей
ұстады деп санаймын. Тіпті, бір жарым тəуліктен соң да ешкім
бандиттермен келіссөз жүргізуге батылы жетпеді, өйткені,
президент əкімшілігі бұған қарсы еді. Осылайша сұмдық тра-

гедия орын алды» деген Анна Политковская бейкүнə балалар-
дың өлімін Путинге кешпей өтті өмірден. Айтылған жайларға,
тіптен, бүгінгі таңға дейін белгісіз болып отырған басқа да се-
бептерге орай Анна Политковскаяның өліміне қатысты іс

əскери сотта жабық түрде қаралмақшы. Өйткені, тергеу бары-
сында із кесушілер ФСБ, Ішкі істер министрлігінің басқар-
маларына қатысты сандаған құжаттармен танысуға мəжбүр
болды. Істі тергеуді өз қолына алған РФ Бас прокуратурасы

Ерекше істер тергеу комитетінің аға тергеушісі Петрос Гари-
бянның айтуынша, айып тағылғандардың бірі – подполковник
Рягузов ФСБ-ның жоғары шенді офицері. Сондықтан да қыл-
мысты қарау əскери соттың құзырына беріліп отыр. Оның

үстіне, қылмыстық істің киллер, тапсырыс берушілер, кісі өлі-
міне қатысы бар финансистер мен арадағы делдалдарға байла-
нысты бөлігі бөлек шығарылған. Ресей ақпарат құралдарының
мəлімдеуіне қарағанда, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі

(ФСБ) 2006 жылдың жазынан бастап Анна Политковскаяның
ізіне түсіп, оның үйін күндіз-түні бақылауға алған. 2007 жылы
тамыз айынан бастап ФСБ-ның тарапынан жинақталған құпия
деректер мен дəйектердің баспасөзде жариялануына жол бе-

рілген жəне ең əуелі ФСБ Ішкі қауіпсіздік басқармасының
бастығы генерал Купряжкиннің өзі бұған жол берген. Ең таң-

данарлығы, тұтқындаулар əлі жүзеге асырылмай тұрған уақыт-
та тележурналист Караулов күдіктілердің аты-жөнін жария-
лап үлгерген. Ақпарат құралдарында бірде Рустам Махмудов,
енді бірде Ибрагим Махмудов делініп жүрген күдікті кісі өлті-

руші 1998 жылдан адам ұрлағанына байланысты федералдық
іздестіруде болған секілді жəне оның бауыры Жабраил Мах-
мудов пен нағашысы Лом-Али Гайтукаев подполковник Рягу-
зовтың құпия агенттері еді. Осы Гайтукаев украин кəсіпкері

Корбанға қарсы қастандық ұйымдастырғаны үшін 2006 жыл-
ғы қазанда тұтқындалғанға дейін аталмыш Рягузовпен жиі
байланысып, Рягузов, Хаджиқұрбанов, Мəскеу Ішкі Істер қала-
лық 5-ші басқармасының қызметкері, подполковник Лебедев-

пен бірігіп қылмыстық топ ұйымдастырған деген күдік бар. Ең
бастысы, Лом-Али Гайтукаев құпия қызметтермен қоян-қолтық
жұмыс істеп келгенін өз аузымен мойындаған еді. Анна Полит-
ковская ісіне байланысты есімі жиі аталатын Сергей Хаджи-

құрбанов та осал жан емес. Ол ЦРУБОП-тың бұрынғы белсенді
қызметкері. Осынау құпия, түсініксіз атаудың тасасында Ресей-
дегі аса құзырлы, шексіз билікке ие құпия қызмет – Ресей
Сыртқы істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес

басқармасының Орталық аймақтық (яғни, Мəскеу) бөлімі тұр.
Сергей Хаджиқұрбанов пен Рягузов 2003 жылы кəсіпкер
Эдуард Поникаровты заңсыз тұтқындап, қолына кісен салған
жəне аямай ұрып-соғып, 10 мың доллар талап еткен. Үйіне кел-

ген соң да əйелінің жанұшырған айқайына қарамай, Поника-
ровты күшпен үйден сүйреп шығып, басын қабырғаға, баспал-
даққа соққылаған. Міне, сол Сергей Хаджиқұрбанов Анна По-
литковскаяны өлтіруді ұйымдастырушы, ал ағайынды Жабраил

мен Ибрагим Махмудовтар нақты кісі өлтірушілер ретінде
айыпталуда. Ал Рягузов пен Лебедевке қатысты күдік растал-
мағандықтан, бұл іс бөлек қарастырылмақшы. Ресей сотының
ресми биліктің айтқанынан шыға алмайтынын ескерсек, бұл

екі офицердің де сүттен ақ, судан таза болып шығарына еш
күмəн қалмайтыны сөзсіз. Бір сөзбен айтсақ, бүгінгі Ресейде
ауыр шындықтар айтыла бермейді. Жəне: «Ресейде күшті ли-
дер бола алатын адамдар көп. Əрине, олардың əрбірінің кем-

шілік жақтары да жетерлік, бірақ Путиннен жаман ештеңе де
болмайды», – деп кезінде батыл мəлімдеген Анна Политков-

скаяның өліміне де қатысты барша шындық айтыла қоюы екі-
талай. Өйткені, марқұм орыс журналисі, украинның батыр
қызы: «Мен Путинді неліктен осынша жек көремін? Өйткені,
жылдар өтуде. Биылғы жазда екінші шешен соғысын баста-

ғанымыздан бері бес жыл толды. Жəне оның ақыры да көріне-
тін емес. Осы уақыт ішінде оларды шейіт (шахид) деп жария-
лаған сəбилер дүниеге де келген жоқ еді, бірақ 1999 жылдан
бері бомбалау мен «тазартулар» нəтижесінде өлтірілген бала-

лардың ісі ашылмай қалды; құқық қорғау органдары ондай
істерді тергеп-тексермейді де. Соғыс басталмай тұрып-ақ рұқ-
сат алған армия Шешенстанда жүгенсіздігін жалғастыруда.
Балалардың өлімі Ресейде қарсылық дауылын туғызған жоқ.

Ешбір телеарна бес бірдей шешен балаларының өлтірілгені
жайлы көріністерді көрсетуге батылы жетпеді. Қорғаныс ми-
нистрі отставкаға кеткен жоқ. Əскери Əуе күштерінің қолбас-
шысы қызметтен қуылмады. Тіпті, Жоғарғы бас қолбасшының

өзі (Ресей президенті – Ж.Ш.) көңіл айтуға жарамады да. Мен
Путинді не үшін сүймеймін? Міне, дəл осылар үшін. Ауыр
қылмыстан асып түсетін мейірімсіздігі, цинизмі, өтіріктері,
«Норд-Остты» қоршау кезінде қолданған газ үшін, прези-

денттігінің алғашқы мерзімінен бері тоқтаусыз өлтірілген ба-
лалар үшін..,» – деп жазған еді өзінің «Путинская Россия» ат-
ты кітабында. Ал осылай деп айтқан адамның Ресейде тірі
жүруі мүмкін бе?! Қайдам?!.

2007 ж.

МАЗМҰНЫ Бірінші бөлім Азат ойдың ағыны.........................................................................6 Екінші бөлім Сырт елдің сырын біл...............................................................140 Үшінші бөлім Тарихтан тағылым.....................................................................249

Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасының директоры
Темірғали КӨПБАЕВ
Жаңабек ШАҒАТАЙ

Редакторы Дүйсен МАҒЛҰМОВ
Суретшісі Нұран АЙЫМБЕТ
Техникалық редакторы Гүлмира АҚАЖАНОВА
Беттеген Ниязбай ОРАЗЫМБЕТОВ

ИБ № 323

Басуға 05. 06. 2012 ж. қол қойылды.
Қалыбы 84×1081/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі Tіmes New Roman.
Шартты баспа табағы 16,0.

Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 6905.
«Қазығұрт» баспасының
компьютер орталығында теріліп, беттелді.
«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,

Абай даңғылы 143, 522-офис.
Телефон (факс): 8(727) 394-42-86
e-maіl: kazygurt@lіst.ru
http://www.kazygurt.kz

Тапсырыс берушінің файлдарынан
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙