Алдан Смайыл І том
Алдан Смайыл
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайылдың бұл кітабына «Тамұқтан келген адам» романы, «Арғымақ пен Агба» және «Күзде тасыған өзен» атты повестері еніп отыр. Романда қазақ халқы бастан кешірген зұлмат – ашаршылық жылдарының себебі мен салдары көркемдік-эстетикалық тұрғыдан зерттеледі. «Күзде тасыған өзен» повесінде өркениеттер қақтығысындағы рухани дағ
Смайыл А.
Шығармалары. Көп томдық. – Астана: Фолиант, 2015.
ІSBN 978-601-302-229-1
Т. 1. – 528 б. Роман, повестер.
ІSBN 978-601-302-230-7
Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый
лығының лауреаты Алдан Смайылдың бұл кітабына «Тамұқ
тан келген адам» романы, «Арғымақ пен Агба» және «Күзде
тасыған өзен» атты повестері еніп отыр. Романда қазақ халқы
бастан кешірген зұлмат – ашаршылық жылдарының себебі мен
салдары көркемдік-эстетикалық тұрғыдан зерттеледі. «Күзде
тасыған өзен» повесінде өркениеттер қақтығысындағы рухани
дағдарыстар жайлы ой қозғалса, «Арғымақ пен Агба» туындысы
елден және еркіндіктен айырылудың трагедиялық салдарлары
жүйрік жылқы мен сол тұлпардың күтушісінің қиын тағдырла
ры арқылы өрілген.
Жазушының тілі көркем, ой-толғаулары терең де қызықты.
Кітап қалың оқырман қауымға арналады.
ӘОЖ 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-44
ӘОЖ 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-44
С 52
С 52
© Смайыл А., 2015
© «Фолиант» баспасы, 2015
ІSBN 978-601-302-230-7 (Т. 1)
ІSBN 978-601-302-229-1
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
ТАМҰҚТАН КЕЛГЕН АДАМ
Роман
І. Арлан, Төбет және Қарғабай
Саңғырудың қиын шатқалындағы ескі інді ымырт үйірі
ле тастап шығып, Шажыағай, Былқылдақ, Қаратөбе маңын
ұзақ кезген ұялы қасқырдың бүгін де жолы болмады. Тыным
сыз жортып, ойдым-ойдым қараған-тобылғыны тоқымдай
қағып, сай-жыраны сау қалдырмай сабылғанда, азуы қан
данбай аласұрып еді.
Үйірден озыңқырап кеткен арлан көп күнгі аштық пен
бүгінгі бос сергелдеңнен талағы тарс айырылып, қос сауырын
өшіге, өлермендене арс-арс қапты, соңында бұратылған кәрі
қаншық пен көкжалданып, араны ашылып алған екі қорқау
ға ызғар шашты.
Қаншық бүкең-бүкең жасқанып, жеткен жеріне бүктеті
ліп түсті. Қос бөрі ығына жығыла қоймай, секемдене, сес
көрсете көлденеңдеп, ту сыртынан ойқастады.
Арлан қазіргі бетінде Қабантау мен Айдаһарлының тоғыс
қан тұсындағы терең шатқалды бетке ұстап еді. Сол жерде
Атасу қысылып ағады, жағасында ұйысқан бұйра тал, қоғалы
қорысты бір арылтып шықпақ.
Кәрі қаншыққа арс етіп белгі беріп, қайтадан бөкен желіс
ке салды. Көттігі сүмпиіп, биігінде қабан жондана дөңкиген
таудың иығына көтерілгенде, судың салынды иісі білінді.
Қарсы бетте Айдаһарлы түн жамылып жиырылып-жазыла
ды, тұмсығын өзенге сұғындырып, желке тұсы қатпар-қатпар
қара жартастанып, ай астында айбатын асырған.
Арлан тіксіне іркілді. Бозғылт сәуле дір етіп шағылысқан
жалтыр тас аждаһа көзденіп өңменінен өткен, сұсты, сұғанақ
жанар қарсы алдында жаланып тұрғандай. Терең шатқалды тау
АЛДАН СМАЙЫЛ
арасының түнемел желі тімтіне кезіп еді, түнере қарауытқан
қуыс қорқаулана қорқырады. Су үстінде шағала сақ-сақ күліп
сайқалданды.
Арлан табанының астын қышыр-қышыр тырнады, демін
ішіне тартып, тымырайған түнде қан тілеп қағынғанда, шат
қалдан балық пен құс иісінен басқа жөндемді ештеңе білінбей
тұлан тұттырған.
Бозамық сәуле сұйылып барып, тым-тырыс түнге жұтыл
ды, тау бөктері қарауыта ауыр тыныстады, Айдаһарлы қа
бырғасы қайыса күрсініп, бір жамбасына аунап түскендей көз
алдында аласарды. Одан әрі дүлейленген түнек тұңғиығына
тартып жұтынады.
Арлан арс етіп ауаны қапты. Кәрі қаншық қаңқ етіп бауы
рын көтерді, тоқымдай бұлттың тасасынан жылан көзде
ніп қадалған айға қарап, ішін тарта, қыстыға ұлыды, терең
шатқал қылғына үн салып, күңіреніп қоя берді. Етекке тау
бөктерінен түксие төнген қатпар-қатпар қара жартас зәрлі
сарынға түршіге жаңғырығып, қия бетінде қонақтаған бөк
тергіні жанынан бездірді. Қиыршық тасты қырнап өскен тау
шымылдықтың түбінде аялдап қалған сұр жылан ысқырына
сұстанды. Кәрі қаншықтың өңешінде өлім азынап, өмір
аңырады. Арлан ай астында аласұрып, Қабантауды сауырлап
жөнеп берді.
* * *
Төрт бөрі кейде қапталдасып, кейде қаздай тізіліп Атасу
дың арнасын қуалай ұзақ жортты. Өзенді кемерлеген қалың
талдың ішін дәмелі кезіп, Арқаның Ұлытауға ұласқанша
айылын жинамайтын ұлан даласына шым-шымдап сіңіп бара
жатты. Таудың тасынан талғажау таппаған арлан осы сапар
ұшы-қиыры жоқ жойқын жазықты жалдап көрмек-ті.
Өзенді өрлеген сайын қалыңдай түскен көкталдың табаны
қиыршық құм, анда-санда ойдым-ойдым шалғынды аралдар
ұшырасады. Арна кей тұсында үздігіп ақса, көбіне тұңғиық
қарасуланып, өткел бермей сандалтады.
Таң алдындағы салқында алдыңғы жақтан қолқаны атқан,
көңірсіген иіс білінді. Төрт өңеш қылқ-қылқ жұтынды. Қос
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қорқау алға сылаң етіп шыға келген, арланның ырылдап
сес көрсеткенін елең қылмай жалаң қақты, жағаға жырыла
суырылды. Арлан солардың соңынан сұғына салып еді, ұйыс
қан бұйра талдан сатыр-сұтыр шыға келгенде, қарсы алды
нан киіз үйге ұқсас дөңгелек бейіт көрінді. Алакөбеде көделі
дөңестің үстінде бүйректей бұлтияды, қос қорқау соған ілігіп
үлгеріпті.
Кәрі қаншық алаөкпе үшеуге жетуге асыққан жоқ, әлгінде
өздері тірелген қарасуды жағалап келе жатып, саязға біткен
қоғаның түбінде иірілген бір үйір табан балықты көріп қал
ған-ды. Таң алдында бұлар да дамылдайтын сияқты дәл осы
сәт бейғам болатын. Ұрымтал жерге іліге бере ортасын ала
атылды. Дәтке қуатта біреуін қауып түскен, судан шықпастан
толғап-толғап жұта салды.
Жағадан әріректе арлан күркірейді, қос бөрі арс-арс етіп
айбат шеккендей, қаншық сезікті елеңдеді. Бейітке бүкең
деп жеткенде, екі қорқау шоқиып отырған арланды айна
ла торуылдап жүр еді. Көңірсіген сасық иіс арланның алқы
мындағы алаңқайдан шығады.
Қаншық түгі үрпиіп тіксінді, мына иіс малдың да, аңның
да емес, адамның иісі болатын, сақтанып, дөңесті қиялап үр
ке таялды. О заман да бұ заман айдалада адамның мүрдесі
іріп-шіріп жатқанын көргені осы еді. Елең-пелеңде, жұқалтаң
сәуле ақселеудің үстінде қан-сөлсіз бозарған шақта ұлан өңір
де ажал аңырап жүргендей түршікті.
Бейітті айнала төңіректеп дөңеске көтерілгенде, өзеннің
шығыс қапталынан қыстаудың сұлбасын таныды. Маңайын
да қараң-құраң тіршілік байқалмайды, бөрі атаулыны алыс
тан сезетін, сонадайдан андыздап шыға келетін малсақ ит
терден де белгі жоқ.
Сол тұсқа ереуілдеп қарап, қыстау атаулының ерте көк
темнен қыраулы күзге дейін иесіз қалатынын түйсінгендей
болған, түйсініп тұрып, мына жансыз жым-жырттықтың со
ңында сезікті қатер барын шамалаған.
Сасық иіс маңайлататын емес, орағытып өтіп бара жатып,
адамның өлі денесі де сескендіретінін сезді, ода-дода сақал
мен ақсиған тіске көзі түсіп, қауіптене арс етті. Қарға-сауыс
қан шоқып тастаған жанар да үңірейіп үрейлі. Әлде түлкі, әлде
АЛДАН СМАЙЫЛ
қарсақ кемірген қыр жіліншігін орай жылжып, жеңді білек
тей сұр жылан сусып келеді.
Қаншықтың жон терісі дір етті. Мына жалғанда қорқау
біткеннің қаймығатын заһары осы ғана-ды, айыр тілі жа
лаңдаған, тарыдай көзі талқаныңды шығара қадалатын улы
пәле болатын.
Арланды сауырынан сүйкей өтіп, қыстауға қарай бүлкіл
деді, қос бөрі соңынан жұбын жазбай ерді. Екі қар басқан,
көкжалданып, азуының түбіне ашу жинаған, бауырынан
талпынған бөлтірік шағын әлдеқашан ұмытқан бұлар соңғы
күндерде тосын мінез байқата бастап еді. Қылт етсең, қыл
кеңірдектен ала түсетін жыртқыш қылық аңғарылады. Тау-
тас, ұлан дала жылан жалағандай жұтап, қанаттыдан қана
ғат, тістіден төзім кеткелі ашкөзденіп барады.
Қыстау жақтан қидың қышқылтым иісі аңқыды, көптен
білінбеген, сағындырған иіс. Қаншық аяқ астынан ширығып,
бауырын жаза жосылды. Соңынан жұлдыздай аққан қос бөрі
ге егесе, төңкерілген боз жусанға бауырын жалатып барын сал
ған, иесіз қыстауға жеткенше асыққан. Дәл қазір қарсы алды
нан сансыз ит азуын айға білеп, абалап, аттандап шыққанын
тілегендей, ауылға қасқая шапқан көп бөріден қотанда қой
қалтырап, кермеде ат шұрқырап, у да шу болғанын тағатсыз
күткендей бір түсініксіз халде еді. Қара мылтық қапияда
тарс-тұрс атылып, жарау мінген құрықты төтеден төңкеріле
төнгенін қалаған, жан беріп, жан алысатын шарт-шұрт ай
қасты аңсаған дүлей қыжыл бар-ды. Бөрінің жортуылы қан
сасымаса, қорқау ғұмырдың айызы қанған ба?! Тістеген же
рің бырт-бырт шытынап, құлағыңның түбінде өлім өгіздей
өкірмесе, жыртқыш жүректің құмары тарқаған ба?!
Қаншық қарғыстай қағынды, өзіне де, өзгеге де, адыра
қалған дүниеге де лаң тіледі. Адам атаулы ауып, мал біткен
тып-типыл болған, аң-құсына дейін зым-зия жоғалған, жұта
ған дала таң сәріде тас-талқаны шықса, арман не?! Қажыған,
қан қақсаған тірліктің кімге керегі бар?
Қыстауды қалқалаған қашаған талдан әлдене қараң етті.
Ежелден таныс, ежелден өшті, ащы иіс көкірегін қарыды.
Айылын жинап, аужайын танып үлгергенше, қарсы алды
нан тайыншадай қара төбет күркіреп атылды. Ақсиған,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
аждаһаланған азу қаһар шашып төніп-ақ қалған, қас қағым
сәтте қанжардай қадалып, сарт-сұрт араласты. Шабынан қа
далған өткір тіс сыр етіп төске өрлеп, тілене тіліп түскен.
Қаншық шөкелеп барып оңалды, қапелімде тап берген
жауын жанұшыра іздегенде, ол қашаған талға қайтадан сіңіп
бара жатқан. Айнала қан сасып, арс-арс тұлданды, сойқаны
шығып, соңынан салмаққа оңтайланды.
Сол сәт дүние қайтадан әлем-тапырық бүлінді, қатты
екпінмен жеткен қос бөрі ішек-қарны ақтарылған, аласұр
ған қаншыққа қым-қиғаш араласты. Жалаңаш қалған өкпе-
бауырды асыға қылқ-қылқ жұтып, жалаң қақты. Ішек-қарын
қан-жыны араласып, көмейде бүлк-бүлк етті. Қомағай өңеш
көріктей ісінгенде, сауырдың көк еті кесек-кесек жұлынды.
Кәрі қаншықтың ала жындай азынаған жанарында сақ-сақ
еткен кәрлі азулар мен қызарған, қадалған жерін шоқтай
қарыған көк долы жанарлар ұшқын атып, жарқ-жұрқ ша
ғылысты.
Төбет қалыңға сіңе беріп қайырылып, осынау сұмдыққа
қадала қатып қалған-ды. Соңыма түсер, сойқан салар деп
күдіктенгені қос бөрі болса, әлгінде өзі жарып тастаған қан
шықты үзіп-жұлып жалмап жатыр. Өзенге таяу қылтадан
арлан қасқыр көрінгенде, жемтікке айналған тасқапқырдың
сауырынан сау-тамтық қалмаған.
Төбет кеудесі қорқырап, талдың білектей бұтағын гүр-гүр
шайнады. Ол көптен бері ызалы болатын, Атасудың ұядай
қолтығындағы мына қыстаудың құты қашқалы көзіне көрін
ген жанды-жансыздың бәрін тас-талқан талағысы келетін де
тұратын.
Өшіккенінен өш ала алмаған дүлей долылық бұрқ-сарқ
қайнағанда айнала отқа оранған тәрізденетін, күні-түн жа
ланған жалынға қақталатын, өртеніп бара жататын. Сол өртпен
қырдан құлдилап түскен қаншыққа қырғидай тиіп еді. Енді
бұл салған лаңның соңы немен тынарын тағатсыз күтіп қалған.
Арлан қос қорқау қаншықтың түте-түтесін шығарғанын
көргенде терісіне сыймай долырды. Жырынды көкжал үйі
ріндегі екеудің талайдан талағы тарс айырылып жүргенін
сезсе де, олардан дәл мынадай сұмдықты күтпеп еді. Тікірей
ген түгіне дейін кек кернеді, қылтадан қылыштың жүзіндей
қылпып шықты.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Қаншықтың қоң еті бірер толғағаннан қалмай, өңешін
суырып алған бөрі андыздап жеткен арлан шаптан орып өт
кенде, не болып, не қойғанын да аңғарған жоқ. Аузындағы
сын қызғанып, арс етіп жұтып жіберді. Сол сәт ұяласының
жанары көк-жасылданып, обырлана тап бергенін көрген.
Қанды азу сақ етіп тиіп, салбырап қалған бүйрегін қас қағым
да қағып әкетті. Қара жер табандап тартып, тірсегі майысып
құлап түсті.
Арлан сыңарына сайтандай соқтыққан екінші қорқауды да
қапыда басты. Азуын құлақ-шекеден күреп салып, қайқай
тып әкеліп, дүлей қыжылмен жұлқа тартқанда мойын омыртқа
бырт-бырт үзілді. Ол талайдан бері мұндай қанды қырғын
ды көрген жоқ-ты. Соңынан дәмелі ерген бөрі атаулымен тап
осылай майдандаспаған-ды. Тобылғы түбінен – тоят, қараған
түбінен – қанағат тапқан сан жылда азуын аталасына салған
сойқанды да кездестірмеген.
Күйдіргідей күйдірген ыза жанын қоярға жер таптырмай
аласұрды, айнала қан сасып жатса да, қан іздеп қағынды.
Жантәсілімде құйрығының ұшы дірілдеген бөріні бас салып,
тас-талқан талады. Азуының астында көп сүйек күтір-күтір
сынғанда, жымысқы жалғанның қабырғасы шатыр-шұтыр
шатынағандай құшырланды.
Кеудені қақыратқан көкдолылық алқынын басқандай
болған бір сәтте сау-тамтығы қалмаған, мүрдем кеткен қан
шыққа қарап, күркіреп, күңіреніп шыр айналды. Шатынап,
шарасынан шығып кеткен, албастыланып алған жанар көз
алдындағының бәріне қарғыстай қадалып, қарып бара жатты.
Тасада тым-тырыс тынған төбет тілене алмай ығысты. Ар
ланның дәл осы сәт өлім іздеп өлерменденгенін, аждаһадай
жаланып алғанын түйсінген. Талайдан тарқамай қойған,
көптен күпті еткен күйіктен бе, кеудесі көріктей ісініп, у
жалағандай қыз-қыз қайнады. Ол Қарғабай шалдың арғы
аталарынан бері тұқымы үзілмей келе жатқан көк төбеттің
соңғы тұяғы еді. Қарғабай қарияны құдайдай көретін. Дөң
гелек қана дәулет біткен байғұстың шаруасын шашау шы
ғармай қорудан артық бақыт жоқ еді. Сол борышын өзіндей
кілең көк жендет ұяластарымен бірге атқарып, мал-жанның
амандығына шүкірлік еткен жайы бар-ды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Мал дегенде бұл шаңырақтың тілеуі он шақты жылқы
мен елу-алпыс қой-ешкінің үстінде болатын. Қарғабай шал
осынша ырзықты берекесімен берген жаратқанға күніне жүз
қайтара құлдық ұратын. Жаз Атасуды өрлеп, күз қырға аялдап,
қар түсе қыстауға қайтып, жалғанның жақсылығына солай
бір ағыл да тегіл кенелгеніне риза еді. Қиқуы жоқ қытықсыз
күндер май тоңғысыз жалғасып, сірә да, сарқылмайтындай
көрінетін-ді. Жалғыз Қарғабай шал ма, мұқым ел шырайлы
еді. Даланың қай қиырын бақсаң да, жусанның қышқылтым
жұпарымен бірге құлынды биенің қымыз иісі аңқып қоя
беретін. Таң әлетінде салқын самал көкірегіңде саумалдай
сапырылып сусының қанушы еді.
Қарғабай шал биыл сол еділ-жайық даланың ен жайлауы
на елмен бірге көше алмады. Көптен дімкәс кемпірі Сауға
мамыр туа дүние салып, аялдап қалған. Қоғалы көл мен
шалғынды бұлақта қайтқан құстай қаңқылдасқан жұртқа
қанша асыққанмен, елу жыл отасқан марқұмның дене то
пырағы суымай жатып атқа қонуға дәті бармап еді.
Төбет оны қайдан сезсін, жайлауға бет түзеудің орнына,
қыстаудың өзен жағындағы көгалға үй тіктіріп, көші-қонды
біржола ұмытқандай болған иесіне аңтарылып қарайтын да,
көз ұшында көксеңгірленген Айдаһарлыны маңдайға алып
мүсәпір қыңсылайтын. Мұнысы атқа қонып, мал қара судан
қала бастаған, бәлкім, кәріліктен қажыған, бәлкім, қартай
ған шағында елден жырақ, оңаша тірлікті оң көрген шалға
бұ дүниеде жайлау барын, жайлауда жазға жарасқан көрікті
өмір барын еске салғаны сияқтанушы еді.
Қарғабай қария болса, қыстауды айналсоқтап сылп-сылп
жүрді де қойды. Таңертең малды өріске шығарып бара жат
қан жалғыз ұлы Салауаттың соңынан ұзақ қарап тұрады. Күн
құрық бойы көтерілгенде, аяғы ауыр келіні Қырмызының
қолынан күрең шайды терлеп-тепшіп ұзақ ішеді. Содан соң
киіз үйдің көлеңкесіне малдас құрып, ата-бабасынан бері келе
жатқан, былғарымен тысталған Құраннан бас алмай мүлгиді
де отырады.
Төбет сол бір дамылды шақта иесінің аяқ жағында сүлесоқ
жатып, жасаураған мұңлы жанарына, ащылы жердің сор
таңындай шаңғытқан қан-сөлсіз жүзіне, гу етіп жел үйірсе,
АЛДАН СМАЙЫЛ
сасырдың қураған шашағы секілді шашырап жүре беретін
аппақ қудай сақалына ұрлана қарап, әрі сескенетін, әрі аяй
тын. Ал қария әлсін-әлі күрсінеді, әлсін-әлі «Тәубе!» дейді.
«Жасаған, жар бола гөр! Бозторғайдың ұясындай қорғансыз
шаңырағымның жалауын жыға көрме!» десе, кезерген ерні дір-
дір етеді. Жасаураған жанар жалыныштан жабығады.
Төбет тұмсығын аяғының арасына тығып, бұғына қың
сылайды. Жабыққан жанар маусымның жалына жармасқан
жаздың құр сүлдерін қалдырғандай құлазиды. Өзеннен ескен
салқынның, шалғыннан жеткен жұпардың рахатын сезуден
қалады, жыртқыш көкірек жыртылып-айырылады.
Осы күрсінісі көп күндердің де кейде ес жиып, еңсе кө
теретін кездері болатын. Қарғабай шал әредікте бір ширап,
таңмен таласа тұрып, түн баласы еркіне жіберілетін жылқыны
іздеп шыққанда, көделі жазықта жондана жортқан төбеттің
айдарынан жел есетін. Желігі барды желөкпе ететін айғай
дала ес кетіріп, қиянға көсіле салғанда, қиырдағы көк сеңгір
«Ой, пәле!» деп қиқуға басады. Аң иісі сіңген қария дала да,
ат үстінде қомданған иесі де, шалғайдағы өркеш-өркеш тау да
қияпат тәкаппарланып, мәңгілік сияқтанады. Жасын жал
данып, қарсыда кезіккен шоқ-шоқ қарағанды қарш-қарш
қабады. Балапан таңда, жым-жыртта көгілдір нұр көкке тал
пынғанда, арсылы шалғайда шалқығанына құлпырады.
Осылай бір күрсінген, солай бір сергіген күндердің сабы
рын табар жері жалғыз-ды. Қарғабай шалдың жетім тәубесі
еді. Ол өткенге де, өшкенге де, кеткенге де, көшкенге де,
көрер-көрмесі белгісіз алдағы жарық сәулеге де тәубе ететін.
Бар ғұмыры тәубеге мүлгіп, тәубемен тірнектелетін. Өткен де
кеткен сол момын күндердің мұң-қайғысы, сірә да, тарқар ма
екен?!
Ал қорқау терісіне сыймай тентірейді. Күркіреп келіп,
әлдеқашан мүрдем кеткен қос бөріні талайды, ыңырсып жү
ріп, арса-арсасы шыққан қаншықты иіскелейді, жылымдай
жұтынып, жынойнақтанады.
Күні кеше ғана дәл осындай жаһаннамды бұл да басынан
кешірген. Сол бір албасты басқан күннің күйігі көкірегін
шоқтай қарыды. Шоқ талдың түбінен гүр етіп суырылып
шықты. Тұтқиылдан тап келіп, тарпаң-тарпаң ұмтылған төбет
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бүлік іздеп бүлінген арланның айызын қандырды. Тіс түбінде
сайтаны сайқымазақтанып, жасынданған жаналғыш жанар
қан ішпекке құмарланды. Өңкиген ебедейсіз итке қарсы салды.
Үйелмендей төбет айбар тісі ақсиып, «Өлім! Өлім!» деп
ұрандап келеді. Қас қағым сәтте көріктей ісінген қос кеуде
ырс-ырс соғылды. Әлде жер, әлде аспан дүрс етіп үстіне құла
ған. Есеңгіреп қалған арлан көк шалғында допша домалап,
әупіріммен төрт тағандағанда, тілерсегі дір-дір етті.
Алпамсадай тасқапқырдың соққысы төбетке де оңай тимеп
еді, жер қауып барып зорға оңалды. Түздің түмен жыртқы
шы түңілдірмесе де, көк жендеттігін сездірген. Дүр сілкініп,
дүлейлене күркіреді. Құйрық түгіне дейін түтігіп, сонадайда
түрт сайтанданған бөріге қайта шүйілді.
Арлан бұл жолы кеудемсоқтанбай аңысын аңдыды, ебе
дейсіз, алқам-салқам итке құйылып келіп жалт беріп, азуды
құлақ-шекеден арқырата салды, бүгіле жұлқып, серіппедей
серпілді. Қапы кеткен төбет жаһандана жаңғырықты. Ас
панға шапшып, бұрқ-сарқ қайнап, тұлан тұтты, тас кенедей
қадалған бөріні шиырып әкеп қара жерге үйіре соқты.
Арлан қабырғасы сөгіліп жүре бергендей үрейленді. Азуы
қалай босап кеткенін де біліп үлгермеген. Шөкелеп сусып,
сынаптай сырғыды. Ұзап барып, қыжылмен қайта атылды.
Жүндес сауырдан қышырлана қауып өтті, қаша ұрыс салып,
қанталаған қос жанардың алдында жарқ-жұрқ етті.
Төбет күрп-күрп ұмсынып, ырс-ырс алқынды. Төңірегінде
құйындай үйірілген бөрі дәмелі жерге келтіртпей діңкелетті.
Қорбандап таялып, «Иә, сәт!» дегенде, суырдай сусып, жер
қаптырып кетеді. Шалғынды шулата шығандап, бозаңды
боздата ағылады, иегінің астында жалтарып жалаң қағады.
Олар осылай бие сауым арбасты. Бетпе-бетке дәті бармай,
арлан сенделді. Қоян-қолтық араласа алмай, төбет түңілді.
Бөрі нар тәуекел етпесе, көкжалдығына сын еді. Төбет тай
қып шықса, сырттандығына мін еді.
Осы қыжыл екеуін де егеске бастады. Арлан ат қойып
келіп, шаптан шап еткен, төбет төңкеріле беріп бөкседен күрп
еткен. Көкжал тіліп түсе алмай кіжінді, ит іліп қала алмай
күрсінді.
Өзі өз болғалы, аңдысқаны түздің тағысы болғалы есе жібе
ріп көрмеген төбет бөрінің азу тісті тасқаяқтай қағыстырып,
АЛДАН СМАЙЫЛ
шарт-шұрт айқасқа айылы жиналмағанына қажыды. Аязды
түнде айға шабатын айбаты қайда?! Тас түнекте түре тиісетін
тектілігі қайда?! Бұл шіркін шірік болмаса нетті?!
Тауда тас қапқалы, түзді түрпідей түршіктіргелі арлан
азулыдан аһ ұрып көрмеп еді. Тұйық түнде тұншыққан ты
мырсық ауылдың талай итін тас-талқан талағанда, сол қанды
жортуылдардың желігі таңдайына татыса кәне. Қора күзет
кен көп шуылдақ ай астындағы амандықтың шүкіршілігіне де
жарамайтын. Енді сол тексіз немелердің текежәуміт маңқасы
маңайлатпай қор болса, оны қай қияпаттан көрмек?!
Бөрі ендігі бөрілігін тектілігіне бөктерді. Итжығыс ырыл
дан ыңғайға келер ымыра артық. Шалғынды шалқыта ағып,
төңкеріле таялған төбеттің төбесінен қарғып өтіп, өзенді өр
леген қалың талға ғайып болды. Арс еткен төбет аңтарылып
қала берді.
* * *
Күн бесінге тармасқанда өзен жақтан салқын жел білін
ді. Бөрінің тарқамай кеткен кегіндей қурайдың сабағында
ызыңдап, төбеттің жынына тиді. Талды арнаға сүңгіп кеткен
көкжалдың соңынан қорбаң-қорбаң жортқан ит әлі ызалы еді.
Тасқапқырдың ізі жылап аққан жіңішке жылғаға алып
келді. Одан әріде тоғайдың тастақ табанынан табылған. Қарсы
бетте көделі көл-көсір дала андыздайды.
Төбет жазықты жалдап барып, төбел тазданған тақыр дө
ңеске ілікті де, бауырына жер иіскетті. Сар далаға сағымдай
сіңетін бөріден күдер үзді.
Дөңгелек бейіт жақтан жеткен көңірсік иіс қолқаны
қабады. Сол иіспен бірге Қарғабай шалдың бейшара кейпі
көлбеңдейді.
Төбет қайтадан тықыршыды. Запыранданған кеудеге кеп
теліп алған қыжыл тар өңештен ұлып шықты. Атасудың
бұйығы қойнауында қоңыр өлең күй кешкен қыстаудың
қойторы тірлігін тас-талқан еткен сұрапыл күн ұлардай шу
лап қоя берді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Түс әлетінде қыстаудың қарсы бетіндегі жазықтан шаң
шыққан. Есік алдында жүрген Қарғабай шал секем алса
да, жамандыққа жорымай, құйын болар деп еді, ит біткен
ереуілдеп, жарыса үрген соң көңілге күдік үйірілді.
– Салауат, әй, Салауат! – деп, түске қарай өрістегі қойды
өзенге құлатып, үйде дамылдап жатқан ұлына дауыстады.
– О не, әке? – деді сыртқа шыққан ол.
– Мына бір шаң тегін емес-ау! – деп, Қарғабай итарқаның
көлеңкесіне байланған атқа қарай жүрді. – Даладағы бірлі-
жарым саяқты алдына салып қуа жөнелген ұры-қары болма
сын.
– Оған ұқсамайды ғой. Шаң ауылға қарай шұбатылып
келеді, – деді Салауат. – Күн ысыған соң қыстауға қарай сал
ған жылқы да.
– Әй, қайдам. Жүрегі құрғыр орнықпай тұр, – деп, Қарғабай
атқа қонуға ыңғайланды.
Сол екі ортада шаңның алды қарауытып, бірді-екілі жыл
қының сұлбасы танылған. Иттер солай қарай шабалана үріп,
ұрандап барады.
– Бұл бәтшағарларға не көрінген? – деп күңк етті Қарға
бай. – Мал біткенге бұлай шаптықпаушы еді ғой.
Соны айтып, атын тебінді, ойы жылқының алдынан шы
ғып, қораға қарай қақпайлау еді. Өңкей саяқ салып ұрып же
ліге жетсе, үйірдегі айғыр арқырап ұмтылып, ойран-топанын
шығарады.
Желдіртіп келе жатып, әлденеден сезіктене берді, құда
ның құдіретімен, ер үстінде елегізіп артына бұрылды. Салауат
сол орнында әлі тұр, ай-күні жақын, аяғы ауыр келіні жер
ошақ жақта күйбеңдеп жүр.
Астындағы аты дүбірге елігіп шоқыта жөнелді, әне-міне
дегенше қасқыр шапқандай дүрліккен саяқтарға таялып
та қалды. Олар тура өзіне қарай құйылып келеді, қиыстап
үлгермесе таптап өтетіндей.
Лекіте шапқан аттың тізгіні шұбатылып қалғанын көрді,
қолынан қалай шығып кетті екен? Соны қамшының сабымен
іліп алып, денесін тіктеді де, селк етті. Жылқының соңында
үш-төрт салт атты түнеріп төніп келеді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Тұла бойы мұздап сала берді, жалма-жан атының басын
кері бұрып:
– Барымта! Барымта! – деп айғайға басқан. Сол сәт тарс-
тұрс мылтық атылды. Баран мінген біреу «Кәне, қайдасың?!»
деп сұғынып келеді.
Салауат әкесінің жанұшырған даусын естісімен, жерошақ
жақта жүрген келіншегіне жүгірді.
– Қаншайым, қаш! Тоғайға қаш! – деп ышқынған. – Бөгел
ме! Бас сауғала!
Келіншегі абдырап, біресе үйге, біресе өзенге қарай ұм
тылды.
– Не болды? Япыр-ай, енді қайттім?!
– Барымта! – деп айғай салды Салауат. – Ауылға шап
қандарына қарағанда бұл маңайдың содыр-сойқаны емес,
алыстың қарақшысы. Аямас! Обал-сауапқа қарамас! Құтыл!
Қаш!
– Сен ше?! Атам ше?! – деп үздікті ол.
– Қайырылма дедім ғой! Жөнел! – дегенде Салауаттың
даусы тарғылданып кетіп еді.
Қаншайым жерошақтың алдында жатқан көсеуді ала-мала
тоғайға қарай жүгірді. Салауат киіз үйдің белдеуіне қыстыра
салған жүгенді алып, желі жаққа ұмтылған. Келе құлындар
ды ағытты. Тұяқ дүбіріне елеңдеп, осқырынып тұрған айғыр
ойқастап барып ұстатты. Жайдақ міне салып, жылқыны
өзеннен өткізді де, қуа жөнелді.
Ойына алғаш оралған қарекет осы болатын. Алдындағы
малмен құтылып кетсе, зәуде де жүген-құрық ұстап қалмас.
Әке жайына келсе, барымташылар қанша қорқау болса да,
сексеннен асқан шалға қолын қандай қоймас. Даурығар,
балағаттар, алқыны басылған соң, бұйырғанын қанағат
тұтып, жөндерін табар.
Ту сыртынан мылтық тарс-тұрс атылады. Әдетте бұл тө
ңіректің барымташыларында құрықтан басқа қару сирек
болатын. Мыналар, өзі ойлағандай, таяу жердің ұрдажық
тары емес секілді. Өзі өз болғалы тападай тал түсте ауылға
шапқан жауды көргені осы.
Жылқыны өзенді өрлете қуып келеді. Қалың талды қал
қалап, осылай бой жасырып, Сауғабайдың сайына іліксе, соны
ШЫҒАРМАЛАРЫ
саялап отырып Айдаһарлының тұмсығына ілігер еді, одан әрі
де ел бар.
Барымташылар Қарғабайды ауылға саяқтармен бірге айдап
әкелді. Жылқыны қораға қамап, мұны итарқаның жанын
дағы қада ағашқа байлап тастады. Енді қыстау мен киіз үйді
әптер-тәптер тінтіп жүр. Мана шаң арасының ұзын санын
түгел тани алмаған екен, айналасы алты адам, бәрі мұздай
қаруланған, кілең бердеңке асыныпты. Біреуінің белдігінде
тапанша салақтайды.
Киім киістері де өзгеше, сыптығыр күртеше мен сида шал
бар, күнқағары бар қалпақ көзіне тым өгей, ызғарлы көрініп
еді.
Әзірге білгені – дені қазақ, біреуі шикіл сары, сірә, орыс
болар.
Әуелде аяқ астынан ажалы тап келгендей үрейі ұшып
кеткенді, енді аздап сабырын тапқандай. Салауат пен келінінің
ауылдан көрінбегендігі дәтке қуат болған. Бұған алаңдамай
бас сауғалағандарына іштей мың да бір шүкіршілік етіп отыр.
Тек ұлының желідегі жылқыны айдап әкеткені ұнамайды.
Мыналар сезіп қалып, соңынан қуса, жетпей қоймас.
Олар қыстау мен киіз үйді арылтып шығып, өзіне қарай
аяңдап келеді. Шикіл сары мен ұзынтұра қазақ жанына келіп,
талтайып тұра қалды. Қалғандары жерге жалп-жалп отыра
кетті.
– Ассалау, ақсақал, – деді ұзынтұра. – Кәне, жөн сұрасайық.
– Бар бол, балам! – деді Қарғабай оның сәлемдескенінен
үміттеніп.
– Бізден хабарың жоқ-ау, сірә? – деді ол тапанша ілін
ген белдігін түзеп жатып. – «Барымта! Барымта!» деп айғай
лағаныңа қарағанда, ауыл арасының ұры-қарысына балап
отырсың ғой. Солай ма?
– Басқа кімге жориын енді? Бұл далада қазақтың барым
ташыдан басқа жауы жоқ болса, солай демегенде не дейін? –
деді Қарғабай.
– Әзірге солай ұйғара тұр, – деді ұзынтұра, – татар дәмің
үзілмесе, кім екенімізді кейін біле жатарсың. Ал қазір мына
ны айтшы, бала-шағаң, қатын-қалаш қайда?
– Олар жайлауға кеткен, – деп жалтарды Қарғабай. – Мен
сендер қуып келген саяқ жылқыға алаңдап қалып қойғам. Ол
АЛДАН СМАЙЫЛ пәлелер көшер кезде із-түзсіз жоғалып, таптырмай қойды емес пе? – Жөн-ақ, – деп ыңыранды ұзынтұра. – Сылтауының сықпытын қарашы. Сендер жайлауға көшкенде, дүние-мү ліктеріңді сол қалпында, ине-жібіне дейін қалдырып кететін шығарсыңдар?! – Қарағым, жалғыз біз емес, бүкіл ел сөйтеді, – деді Қарға бай. – Жайлауға керек-жарағын ғана алады. Қалған дүниені қыстауға қалдырып, есік-терезесін бекітіп кетеді. Бұл маң ның ұры-қарысы көрпе-жастық, киім-кешекке қызықпай ды. Әлгі саяқты тапқан соң, үйді жығып, бас-аяғын бүтіндеп, жинақтап кеткелі отырған адаммын ғой. – Сендірдің! Сендім! – деп мырс етті ол. Содан кейін жі гіттеріне бұрылды. – Маңайды мұқият шолып шығыңдар. Олар тік көтеріліп жан-жаққа тараған соң ұзынтұра Қар ғабайдың қолын шешті. – Үйіңе баста, – деді. – Қонақ келгенде бұлай маталып тұрғаның жарамас. Қарғабай ұзынтұраның бұған сенбегенін сезді. Өзеннің сыртына иірілген қой есіне түсті. Олар өз бетімен өріп кет се – жақсы, әйтпесе өтірігінің бір шығатын жері сол. Екінші қауіп – желі. Салауат оны жинап үлгерді деймісің, ойында да болмаған шығар. Шикіл сары мен ұзынтұра мұны алға салып киіз үйге кірді. Төсек-орын, төрдегі әбдіре түгел төңкеріліп жатыр. Кере геге ілінген киім-кешекті шашып тастаған. Босағаға дөңге лете құрған ши шалқасынан түсіпті. Ана екеуі төрге жайғасқан соң Қарғабай үйдің ішін жиыстырмақ болды. – Таста! – деп зірк етті ұзынтұра. – Қымыз бар ма? – Бар болатын, – деді Қарғабай есік жақта тұрған күбіге қарап. – Әкел! – деді ұзынтұра. – Сусынымызды қандырып отырып сөйлесейік. Көндері кеуіп қалған ба, екеуі сырлы аяқты бірінен соң бірін сімірді. – Ал, шалым, енді ашығына көшейік, – деді ұзынтұра ар жағына ел қонғандай болған тұста. – Үй ішің жайлауға көшсе, мына қымыз қайдан шықты?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Маған қалдырып кеткен сусын ғой, – деді Қарғабай ба
рынша жайбарақат болуға тырысып.
– Мені түн асқан қымыз бен басқа қымыздың қандай
болатынын білмейтін кеще деп отырмысың?! – дегенде ұзын
тұраның даусы жарықшақтанып кетті. Орнынан сілкіне тұ
рып, далаға атып шықты. Қарғабай соңынан ілескен. Әлгінде
жан-жаққа тарап кеткен жігіттердің алды қайтыпты.
– Атқа қоныңдар! Жиналыңдар! – деді ұзынтұра саңқ етіп.
Содан соң Қарғабайды желкесінен бүре ұстап, қада ағашқа
дедектетіп әкелді де, қол-аяғын матап байлап тастады.
– Қайта оралғанша осылай тұра тұр. Сенімен әңгіме біткен
жоқ! – деген атына қарғып мініп.
Бұл кезде Салауат Сауғабайдың сайын бойлап едәуір жер
ұзап кетіп еді. Айдағаны тоқ жылқы, мінгені семіз айғыр
болмаса, басқа қауіп те жоқ секілденген. Ұзақ шабысқа жа
раулы ат қана шыдайды. «Қуғын шыға көрмесін, қуғын шық
са да, ізіме түсе көрмесін...» дей берген.
Астындағы жануар бір лаңның болғанын сезе ме, үйірін
мұнсыз да шашау шығармай, ызбарымен ығына жығып келеді,
құлағын жымып алып шиыршық атады. Осы бетінде сүт пі
сірім жүрсе, Айдаһарлыға да ілігіп қалар.
Ойы әлем-тапырық, әке не халде, толғағы таялған Қан
шайым қандай күйде? Осы сауалдар көкейін тескенде, ке
ліншегін атқа мінгестіріп ала кетпегеніне бармағын шайна
ды. Іле ай-күні жеткен әйелдің атқа отыра алмайтынын ой
лап сенделді. Ал әке байғұс «қалған мал қайдалап» тепсінген
иттердің сілікпесінен жаны қыстығып, тірідей пұшайман
болып жатыр ма екен?
Айғырды тебініп-тебініп қалды. Айдаһарлыға тез ілігуі
керек. Іліге сала жылқыны жайына қалдырып, ауылға оралуы
керек. Жау кетпесе, аңысын аңдып, кетсе, әке мен әйелдің
аман-саулығын білуі керек.
* * *
Матаулы Қарғабай өзегі өртке толып сенделді. Салауат
ендігі қай тұста екен, Қаншайым бірге кетті ме, әлде тоғайды
жалғыз паналап жүр ме?
2-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ойлаған сайын қажиды. Қажиды да қайта ойлайды.
Тал түсте тап келген мына тажалдардың біреуі ауылда
қалып, қалғандары атқа қонғалы да сүт пісірім уақыт өтті.
Қария кенезесі кеуіп, қалжырайын деді. Шақырайған күн де
күйдіріп барады, осылай кешке дейін тұрса, өзі де бір жайлы
болар.
Ауылды барлап қалған жігіт пе, басқа ма, шаңқ етіп
мылтық атылды. Қаңқ еткен иттің даусы қатар естілді.
Анау өзіне ермек тауып алыпты, иттерді тарсылдатып атып
жүр.
– Төбет қайда екен? – деді Қарғабай. Ішінен айтқанын,
әлде дауыстап айтқанын білген жоқ. – Осы үйдің бір қазынасы
сол еді, сау қалса игі еді.
Төбет бұл кезде ауылда жоқ-ты. Әуелде шұбатылған шаңға
қарай кеткен Қарғабайдың соңынан ерді де, шапқан атқа
жете алмасын білген соң ауылға қайтқан. Содан Салауат пен
Қаншайымның жанталасын көріп, бір сұмдықтың таялғанын
сезді.
Салауат топ жылқыны қуа жөнелгенде, соңынан салмақ
ниетте еді, бірақ қыстыға жылап, бір сүрініп, бір тұрып, то
ғайға қарай жүгірген әйел көз алдындағы тіршіліктің бәрінен
дәрменсіз тәрізденіп, қарайлай берген. Қорп-қорп қарғыған
болып, Қарғабай кеткен жаққа ұмтылып барды да, әп-сәтте
иесіз қалған ауылға аңтарыла қарап тұрып, Қаншайымның
артынан бүкеңдеді.
Ол әйелді түйсікшіл ит сезімімен аяйтын тәрізді еді. Бөк
сесі бұлтиып, жерошақ пен киіз үйдің арасында сылбырап
зорға жүретін ол жалғыз емес сияқтанатын. Талайды көрген,
кемдігі тілсіздігі ғана болған кәнігі төбет осы бір бәкене бой
лы, көп сөйлемейтін әйел өмірге тағы бір тірлікті іңгәлатып
әкелуге асығулы екенін шамалайтын. Сондықтан да оны қа
лың ағаштың ішінде жалғыз қалдыруға болмайтынын да там-
тұмдап түйсінгендей-ді.
Кімге, неге үргені белгісіз, артына бұрылып, арс-арс етті де,
әр талдан бір ұстап, жүрісі өнбей бара жатқан Қаншайымға
мұңлы әрі ызалы күйде сылбыр ілесті.
Әйел кішкене жүреді де, ішін басып отыра кетеді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Алла-ай, енді қайттім?.. – дейді. Айтқан сайын аһ ұрады.
Жан-жағына үрке қарап, сүйретіліп қайта тұрады. Мына
бетінде ауылдан ұзап шыға алмайтын түрі бар.
Төбет бүлкілге көшіп жанына жетті, келіншектің салбы
раған қолын иіскелеп, алақанын жалады. Саусақтары шоққа
қақтағандай күйіп тұр.
– Сенсің бе? – деді ол.
Мұның соңынан ілескеніне қуанып кеткен түрі бар. Жал
пақ жонына сүйеніп, алқынып тұрды да:
– Бұған да тәубә! – деді. – Ну тоғайда маған ит-құс та
қатерлі ғой. Кәне, – деді содан соң, – сен осылай демеп отыр.
Қозғалайық. Бізге ауылдан ұзай берген дұрыс. Салауат айтты
ғой, барымташылардың түрі жаман. Ауылға шапқаны тегін
дейсің бе? О заман да бұ заман, малмен бірге ел талағанды кім
көрген?!
Төбет сылп-сылп аяңдап келеді, әйел әуелде ақырын сүйен
ген тәрізді еді, бара-бара бар салмағымен асылып қалғандай.
Онысын қойшы, бұл шыдап бағады да, тек өзі әлі құрып құ
лап түспесе жарады, ыңқылы уақыт өткен сайын күшейіп
барады. Ал ауыл жақтан мылтық тарс-тұрс атылып жатыр.
– Апыр-ай, бұл не қылған бітпейтін гүрсіл? – деді әйел. –
Атам байғұс аман болғай. Сорлы қария жалғызымнан неме
ре көремін деп, сол күнге жеткендей боп, жанын қоярға жер
таппай жүр еді. Құдайдан күндіз-түн сұрайтыны да сол еді.
Енді мынау, тоз-тоз болдық емес пе? – Тізесі бүгіліп барып,
төбеттің мойнына асылды. – Сен тоқтама, – деді итке. – Мен
бірдеме етіп ілесіп көрейін.
Төбет алға жүріп еді, тізесімен жылжып барып зорға кө
терілді. Ауру меңдеп алған ба, ыңырсып, қатты қиналып ке
леді. Бәлкім, көңілін демемек болғаны шығар, жиі сөйлейді.
– Салауат қайда екен, ендігі ұзап кеткен шығар. Алладан
соның амандығын тілейін де. Мені қойшы, өлсем, орным
үңірейіп қалмайды ғой. Әйел деген не, тәйірі. Ана жалғызды
айтсайшы, ол өмірден озар болса, бір әулеттің шырағы біржола
сөнгені ғой.
Олар осылай Атасудың ну талын паналап, алдағы беймә
лім сәттеріне сүйретіліп бара жатты.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Ұзынтұра атқа қонған соң ауылды бір айналып өткен.
Жан-жағын тімтіне сүзіп жүріп, желінің үстінен шықты.
Осы әзірге дейін жылқы үйірілгені көрініп-ақ тұр, құлындар
дың ноқтасы да шешілмепті, басынан сыпырылған.
Шөптесінде қалың із сайрап жатыр, өзенге қарай шұ
бырғанына қарағанда, асығыс қашқан адам тоғайдың ту сыр
тын қалқалап, көз жаздырып кетуді ойлаған.
Өзеннен өткен соң аттан түсіп, үйірлі жылқының қай
бағытқа кеткенін анықтап алды да, сауырға қамшы басты.
Асылында бұған мал емес, жылқымен бірге кеткен адам
керек-ті. Оны, қалай болғанда да, қалың елге жеткізбей ұстау
қажет. Жұрт далада лаң басталғанын білмей, жаз жайла
уында тыныш жата бергені дұрыс. Арқаның Атасу бойына
шығарылған жасақтан бөлініп, барлауға аттанған бұлар көпті
шулатпай, қай ауыл қай жерде отырғанын анықтап қайту
жөнінде тапсырма алған-ды.
Төрт-бес шақырым ұзағанда, тал солға қарай қайқайды.
Осы жерден жайдақ сай басталған, жылқының ізі енді соның
табанынан табылды да, қуғыншылар жиегін қуалай құл
дилады.
* * *
Күн бесінге тармасса да күйіп тұр, тоқ жылқы ақ көбік
болып шалдығуға айналды. Құлын біткен тілерсегі діріл
деп, құлағалы келеді. Астындағы айғыр да қан сорпасы шы
ғып, барлыға бастаған. Әйтеуір ауылдан біраз жер ұзады.
Айдаһарлының Атасуға ұмсынған тұмсығы иек астында тұр.
Салауат аттың тізгінін тартты.
Жылқыны осы арадан жөніне жіберіп, ауылға оралуды
ойлаған. Құлынды биелердің алды жылда жайлайтын кең
жайлау, мұнсыз да сол үйренген өрісіне жетіп бір-ақ тоқтайды.
Айғырдың басын кері бұрды, жануар үйірінен бөлінгісі
келмей біраз жер сырғақтап отырды да, иесінің ыңғайына
біржола көнді. Текіректетпей, желдірмей, жайдақ аяңға салып
қойып, қабырғасы қайыса күрсінді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жалғанның жазымы көп деген осы да, ойда жоқ жерде
шаңырағы шайқалды. Бар-жоғы үш жан еді, енді өзінен бас
қасының өлі-тірісі белгісіз. Тасқаяқтамай, сестенбей тарпа
бас салған жаудың беталысы зәрлі, алыстан жеткен, аянбауға
бекінген түрі бөлек, түршіктірген дүлей топ.
Әкесінен, әредік әңгімеден еститін, берісі Ақмола, әрісі
Атбасар жағының жатағы жыл аралатып, даладағы елдің
малына ауыз салады екен. Қаншырдай қатып қалған өңшең
тақыр өлген-тірілгеніне қарамайды деуші еді. Мына сойқан
қара суды қатық қылған сол жоқ-жітіктің лаңы болмасын?
Көгенінен көргенсіз ит арс-арс қапқанына семіреді де. Ала
рын алып, тонарын тонап кетсе игі.
Бір мезет осы жүрісі құр сенделіс секілді көрінді. Ауыл
ға жетіп барғанда, қарусыз бұл не қайрат қылады? Құр сырт
тан торығаннан не шықпақ? Жау жағасы жайлау жатып алса,
ауылды айнала ұры иттей қыңсылағаннан өзгеге шарасы
жете ме? Жоқ, бұл – бос сандалыс, дұрысы – елге хабар беру.
Осы байламмен кері бұрылды да, арқан бойы ұзамай қай
та айналды. Қаншайымды ойлағанда тізгінді еріксіз тартқан.
Олай далада, тоғайда толғағы жетсе, қауқарсыз жалғызға
қатер көп.
* * *
Ұзынтұраның ойы да аласапыран-ды. Қашқан адам қолға
түсер деймісің, ендігі елге де іліккен шығар. Онда әлгі шал
дың қыстауына жасанған жұрт бүгін кештен қалмай жетеді.
Одан әрі мына дала теңселіп жүре береді. Көк сеңгір таулы,
құба белді, жойқын жазықты осынау сайын дала көрер көзге
жым-жылас болғанымен, әлдеқалай қиқу шықса, көде сайын
аттандап ұмтылады.
Осы суық ойдан суынып тұрып, қашқынды қолға түсіре
алмаса да, тоқтаған жерін біліп барып оралуға бекінді. Егер ол
екі-үш үйлі ауылдардың біріне тірелсе, нар тәуекел деп түре
тиісер еді. Тарс-тұрс атылған мылтыққа кім қарсы шапқан,
есін жинап үлгергенше тоздырып жіберер.
Сайдың желкесі ит арқасы жонға жымдасқанда, тоқтап
дүрбі салды. Шын ба, жалған ба, осылай қарай жалғыз атты
АЛДАН СМАЙЫЛ
лы келеді, төңірегін шолып көріп еді, дүрбі жетер жерде одан
өзге қарайған байқалмады. Жанындағыларға белгі беріп, бәрі
аттан түсті.
Салауат соңынан қуғыншы шығатынына сенімді болатын.
Ауылды ұлардай шулатқандардың арасында із кесе алатын
адам табылса, мұның қай бағытқа кеткенін оңай айырады.
Сондықтан жазықты жалдай бермей, тоғайға тез ілігуі керек.
Сауғабайдың сайына жеткен соң, өзеннің арнасын төтесінен
кесіп алуды ойлап келеді. Оған дейін сайдың желкесіндегі
ана жоннан қарауылдап алғаны да дұрыс секілді. Бетін солай
қарай түзеді.
Айғыр әлденеден үркектегендей ме, құлағын қайшыла
ды. Маңайына сезікті көз салған, төңірек тым-тырыс, қайда
қарасаң да сағым бұлаңдайды, бұл дүние шақырайған күн
астында семіп қалмағанын, бұлдыр-бұлдыр тірлік барын,
бұлыңғыр өмір сар далада, аптапта жанарыңның алдында
адасатынын былдыр-былдыр ұқтырғандай.
Аспанда бір атым насыбайдай бұлт болсайшы, арық мал
дың көк етіндей тыр жалаңаш. Шырқау биікте екі-үш қара
ноқат байқалады. Бүркіт те емес, үкі де емес, сірә, өлексе із
деген күшіген болар. Құс қанаты күйген аптапта қыран тауға
қонақтайды.
Айғыр тағы да елеңдеді, сайдың желкесіндегі жонға таяқ
тастам қалған.
– Тыпыр етпе! – деген ызғарлы үн дәл құлағының түбінен
шықты. Аттың басын кері бұрғанша, тарс-тұрс мылтық
атылды.
* * *
Қаншайым әлі құрып отыра кетті, бұдан әрі жүруге
шамасы жоқ, көзі қарауытып, ағаш атаулы жанарының ал
дында шыр айналады. Аз да болса аялдап, тыныстамаса болар
емес.
Қайдан құйыла береді екен, үсті-басын тер жауып кетті,
шелектеп төккен нөсердің астында қалғандай. Аяқ-қолынан
жан кетейін дегені ме, икемге келмейді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Сәл сабыр ет, – деді жанында шоқиып отырған төбетке. –
Ес жинап алайын. Тоғыз айы толған әйелге оңай дейсің бе.
Шама келсе, өзім де іркілмес едім ғой, іштегі шарана үшін,
жалғызға қарап қалған әулет үшін, тілеуімді тілеген аруақ
үшін.
Төбет қозғалақтады, алаңдап, тоғайдың сыртына қарады.
Дала жақтан ат тұяғының дүбірі естілгендей. Қаншайым оны
аңғарған жоқ, бүріп ала жөнелген белін ұстап, тістенген күйі
өзімен-өзі әлек еді.
– Тәңір-ай, толғақтың басталғаны ма? – деді іштей. –
Меңіреу тоғайда азапқа салғаның ба, Алла?!
Біреу жеңінен тартқандай, көзін ашқанда төбеттің көй
легінен тістеп сүйремек болып жатқанын көрді. Жұқа шыт сыр
етіп жыртылды. Сол сәт тоғайдың өзі отырған тұсынан тұяқ
дүсірін естіген. Демін ішіне тарта қойды. Ит тағы да жеңінен
жұлқыды. «Кетейік, көзге түсіп қалмайық» дегені де.
Қарсы алдынан бір үйір шілік көрінеді. Жан дәрменде солай
қарай еңбектеді. Қол созымдағы қалың жеткізбей діңкелетті.
* * *
Тұяқ дүсірі Салауатты орталарына алып ауылға бет түзе
ген ұзынтұралар болатын. Түнерген, қабағынан қар жауған
топ қыстауға жеткенше жақ ашқан жоқ. Қапыда қолға түскен
Салауат ішінен қан жыласа, ұзынтұраның тісі әлі қайраулы
еді.
Олар осы сұсты күйде қада ағашқа матаулы Қарғабай
шалдың тұсына келіп апыр-топыр аттан түсті. Қария Салауат
ты көргенде көзі шарасынан шықты.
– Сен... сен... қор болдың-ау! Сорладым-ау! – деп зар қақты.
Байлаулы әкесіне Салауат та тұра ұмтылған, жон арқасы
нан тиген қатты соққыдан мұрттай ұшты. Ұзынтұра атының
тізгінін жігіттердің біріне ұстата салып, керіліп-созылды. Де
несі құрысып қалған, кешелі бергі суыт жүріс қалжыратайын
депті.
Киіз үйдің жанындағы жерошақтан түтін будақтайды. Ет
тің жағымды иісі аш өзегіне түсті.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Бұл қайдан келген олжа? – деді сол жақта жүрген тә
пелтекке.
– Бұйырған несібе, басеке, – деді ол. – Мана сіздің әміріңіз
бен маңайға аттандық емес пе. Ана тұстағы бейіттің сырты
нан өріп бара жатқан көп қойды көрдім. Мына жаман шал
малды көрінеді.
– Бұл тегін таз емес, – деп келісті ұзынтұра. Содан соң
ирелеңдеп басып өзенге беттеді. Суға түсіп салқындап алмақ. –
Етің піссе, түсіре бер, – деді анаған. Тәпелтек жерошаққа төнді.
* * *
Түн жұлдызды еді. Жұлдыз біткен жайдары болатын. Тек
оны Қарғабай сезген де, көрген де жоқ. Шақырайған күннен
соң түн боларын ойламаған да, ойлағысы да келмеген. Қол-
аяғы матаулы, қада ағашта салбырап тұрып жымыңдаған
жұлдызды қайтпек? Жұлдыз да бұған көз сала қояр деймісің.
Задында жұлдыз шіркін сайқал ғой, дүниенің қайғы-мұңын,
түн баласының арсыздығын көріп тұрып сайтан жымиы
сынан бір танбайды. Албасты басқан жаһанның ібіліс қылық
ты сайқымазақтары ғой олар.
Қалай десе де, Қарғабай тумысынан дәл осылардай, жы
лым көз сайқал жұлдыздардай, күліп көрген емес. Оның соңғы
рет барымен жадырап қашан күлгені де есінде жоқ.
Өзен жақтан салқын самал ескенсіді, салынды иісі келді,
Қарғабай өлім лебіндей түршікті. Оған енді бұл дүниенің
рахат сөзі өлім жайлы әңгіме болатын.
– Өлім! Өлім! – деп күбірледі. – Мен бұдан бұрын, әлдеқа
шан өліп кетуім керек еді.
Оның есі кіресілі-шығасылы болатын, Салауатты осында
айдап әкелгеннен бері ауысайын деген. Табиғатында тұйық
сорлы қол-аяғы маталғалы бері ғұмыр бойғы қайғы-шерін
ұлардай шулатып, алғаш рет өзінің мына жарық дүниеде бар
екеніне у ішкендей өртке орана өкінген. Өкініш қай-қайдағы
күйдіргі шерді шерткен. Құлақ түбі азынайды. Азынап алып
сақ-сақ күледі.
Күліп тұрып ағыл да тегіл зарлайды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жұлдыз шіркінге соның бәрі бұйым емес. Жымың-жы
мың,
қылмың-қылмың...
Жалпақ
жаһанның
сайқалды
ғын сездіргісі келе ме екен? Қарғабай ес білгелі оралмаған,
толғандырып, торғайдай тоздырып көрмеген шым-шытырық,
зәрлі ойдан одан сайын қажып, бір мәңгүрт, тұманды әлемге
сүңгіп кетті.
* * *
Қаншайым қалың шіліктің ішінде толғатты, ат тұяғы
ның дүбірінен бас сауғалап кірген бетте басталып еді. Өкпе-
бауыры сөгіліп, адам төзбес азап шектіріп, сусып бара жат
ты, суырылып бара жатты. Тарс-тұрс соққан жүрек бүкіл
тоғайды жаңғырықтырғандай... жоқ, тоғай біткен шарт-
шұрт опырылып, аумағымен қопарыла құлап келе жатқандай.
Тұра қашпаса, құтылып шықпаса, заңғар да заңғар көп тас-
талқан еткелі таптап береді. Білеуленген, тарам-тарам тар
биған сансыз бұтақ жезтырнақтанып, безбүйректене бүргелі
келеді.
Келіншектің шыбын жаны көзіне көрінді.
Мұнысы тағы несі екен, сүйек-сүйегі шытынап барады.
Міне, бырт-бырт сына бастады. Күтір-күтір еткен сайын тұла
бойы жалынға қақталады. Жанарының алды өртке оранды,
шарт-шұрт опырылып, қопарыла құлап келе жатқан ну тоғай
лаулап жана жөнелді, қанқызыл жалын жалаң қақты.
Дозақ оты ма екен? Бұл өліп кеткен болар, о дүниеден бір-
ақ шыққан шығар. Өзі білетін жарық дүние мұндай емес еді
ғой.
Тападай тал түсте жау талағаны болмаса, атасы мен Са
лауаттан ай-күннің амандығында адасып қалғаны болмаса,
Аллаға риза еді ғой.
– Құдай-ай, не жаздым?! – деді.
Жоқ, өзі емес, басқа біреу айтты.
– Жасаған ием, жарық сәулеңді өшіре көрме! – деп үздігеді.
– Өшіре көрме! – деп қайталады бұл. – Сөндіре көрме!
Жаланған жалын жолындағының бәрін жайпап келеді.
– Сөндіре көрме! – деді тағы бір үн. Сәби дауыс, нәзік періште
лебіз еді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Тәңір-ай, қандай жайлы үн еді өзі, естіген сайын, сыбыз
ғыдай есілген сайын жанына жағып барады. Енді шарт-
шұрт опырылған, қопарыла құлап келе жатқан тоғай да,
тарбиған жезтырнақ бұтақ та жоқ, жасанған жалын торғын
сәулеге жұтылып бара жатқандай... торғын сәуле торықпай
дірілдейтіндей...
– Өшіре көрме! – деді нәзік үн, дәл жанынан естілді.
– Өшіре көрме!
Торғын сәуле таңды оятты ма екен, аппақ арай аялап
көтерілді, періште үнге жарасып, әлди әнге тербелді. Әлди ән
сай-сүйегін балқытып, дамылға шақырды.
Бұ дүниенің емес, о дүниенің дамылы.
О дүние әсем екен-ау!
* * *
Төбет шілікті айналып, мазасыздана бастады. Әлгінде әйел
қатты қыстығып, тістене ыңырсып еді, дөңбекшіп байыз
таппай кеткен, енді күшік қыңсылаған секілденді. Әне, үзік-
үзік естіліп тұр, кей сәт адамның ыңылына ұқсап кетеді де
месең, тұп-тура көзін ашпаған күшіктің ызыңы.
Ит бір мезет секемдене қалды, ну тоғайда, қалың шіліктің
ішінде манағы көп қасқырдың апаны болып жүрмесін. Арқа
жүні тікірейіп, тісі сақ-сақ етті, шілікке гүр етіп ұмтылды.
Әйелдің етек жағында әлдене тырбаңдайды. Алғаш түй
сінгені – оның қасқырдың бөлтірігі еместігі еді. Бір басып,
екі басып жақын келді, ақырын иіскеп те көрді. Ал ендеше,
мынау адам секілді, иісі де, түрі де сол, тек тым кішкентай.
Төбет кері шегініп, шоқиып отырды. Адам дегеніңнің мына
дайы да кездеседі екен ғой. Ол Қарғабайдың қыстағында көзін
ашқаннан бері дәл осындай кереметті көрмепті.
Әлде аяғандай, әлде сескенгендей – қыңсылап қойды. Ол
сонысымен «Мейлің, қандай болсаң, ондай бол, адамға ұқса
ған соң, бағанадан бері қорғаштап келе жатқан әйел иемнің
жанында жатқан соң, сені де қорғауға тиіспін» деген секілді
еді. Содан кейін осы кішкентай адамның қапелімде қайдан
тап болғанын білмей аңтарылды. Аспаннан түсті ме, әлде
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жерден шықты ма? Бәлкім, түн баласында мына меңіреу то
ғайдың ішін құйттай адамдар кезіп жүретін болар?
Сырттан, салынды иісі шығып тұрған қарасу жақтан тас
тың тысыры естілді. Ит бұғына қалды да, шіліктен бауыры
мен жорғалап шықты. Тысыр анық естіледі, ауадан қарсақ
тың күлімсі иісі білінді. Әне, қараң-құраң етіп өзі де көрін
ді, шірік неме секеңдеп көлбақа қуып жүр. Ал даладан, тым
алыстан байғыздың жыланған үні талып жеткен.
Төбет оны қууға ерінген, ақырын ырылдап қана қойған,
сужүрек немеге сол жеткілікті еді, жалт беремін деп сүрініп
жығылып, бір аунап тұрды да, зыта жөнелді.
Ит орнынан ауыр көтеріліп, қарасуға қарай жүрді. Терең
су тылсымданып сескендірген сияқтанып, салқын қабақ та
нытқан. Айдынына сіңген ай тұңғиықтан телміреді. Су түбін
де ай көзді аждаһа жемтігін аңдып жатқандай.
Төбет тітіренсе де бауырына дейін жалдап барды, оның
кенезесі кеуіп қалған еді.
Әжім толқын айдынды айғыздады, қарасу қабағын шытты.
* * *
Таңсәріде тұрған ұзынтұра жол жүруге ыңғайланды. Осы
арадан қырық-елу шақырымдай жерде, Атасудың қалтарыс
мүйісінде аялдап қалған жасаққа бүгін оралуы керек. Бұй
рық солай. Жезқазғанды тәубесіне түсіріп, мына байтақ да
ланы тізгіндеуге шыққан қарулы отряд бұлар барған соң атқа
қонады.
Жігіттер жиналған соң «Салауатты не істесем екен?» деген
ой қамады. Тарс еткізіп атып тастау оңай. Бұдан оның құ
нын ешкім сұрамайды. Өзі кеше шынын айтқан сияқты, әйелі
бірге қашып, елге жеткені рас болар. Егер бұл сөзі шындыққа
айналса, жұрт дүрлікті дей бер.
Осы ой жауар бұлттай түнертті. Күреңітіп тұрып, жұбанар
сылтау да іздеген. Ал құтылып кетсін, елге жетсін, бұл оған
неге қарадай қажиды? Ол бұларды көрген жоқ, кімдер екенін
білген жоқ. Мән-жайды сұраған елге не айтатыны белгілі емес
пе? «Ауылды жау шапты» дер. «Барымта» дер. Содан басқа не
демек? Бұдан барған елі не ұқпақ?
АЛДАН СМАЙЫЛ
Осы ойға көңілі көншігендей болып, қайтадан Салауатқа
оралды.
Иә, атып тастай салуға әбден болады, мұның қолынан жа
һаннамға аттанған жалғыз ол емес. Әлде өзімен бірге ала кет
кені дұрыс па? Жасаққа жеткізсе, айналадағы ел туралы бұл
талай әңгіме айтып берер. Сірә, осы шешім оңтайлы шығар.
– Кеттік! – деді аттарын ерттеп дайын тұрған жігіттеріне. –
Ананы өзінің атына мінгізіп ала жүріңдер.
– Мына шалды не істейміз? – деді біреу. Ұзынтұра оны
ұмытып та кетіпті. «Иә, оны не істесек екен?..» деді іштей. Сәл-
пәл аңтарылып тұрып, тәпелтекке бұрылды.
– Қарашы, өзі тірі ме?
Ол матаулы шалдың салбырап қалған басын көтеріп, кө
зіне қарады да, күңк етті.
– Осының өліп қалған сияқты.
– Дұрыстап қара! – деді ұзынтұра. – Бұлар шетінен итжан
ды. Оп-оңай өле салмайды.
Тәпелтек қынынан пышағын суырып алды, шалды байла
ған арқанды кесіп, сілкіп қалып еді, жерге сылқ етіп құлап
түсті.
– Мынау шынымен өлген болды, – деді аяғымен аударып
жатып. – Тісі ақсиып, мүрдем кеткен.
– Онысы дұрыс болған, – деді ұзынтұра. – Ал кеттік!
Айғырдың үстінде қолы байлаулы отырған Салауат жерге
домалап түсті. Аңырап барып әкесінің үстіне құлады.
– Ұста! Мөңіретпе! – деп шаңқ етті ұзынтұра. Екі жігіт
Салауатқа тап берді.
– Әке! Әке! – деп боздады Салауат. – Әке! Шыныменен
өткенің бе?!
Біресе тепкілеп, біресе бас салып тартқылап әлек-шәлегі
шыққан екеуге бой бермей, қарияға жабыса түсті. Олар еңсе
ріп әкеп, көтеріп алғанда, маңдай тұсындағыны баспен ұрып
сұлатты.
– Өлтіріңдер! Менің де көзімді жойыңдар! – деп айғайға
басқан.
– Аһ, атаңды! – деп булықты ұзынтұра. Атын тебініп
қалып, аласұра алысқан Салауатты қылыштың қырымен
салып өтті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Қарғабай көзін ашқанда, шілденің шартабақтай күні
жалын шашып тұр еді. Одан жанары жасқанған жоқ, ақ
шулан жалынға мең-зең қарады. Содан кейін тілі таңдайы
на жабысып, тұла бойы көн терідей кеуіп қалғанын сезген
тәрізді еді. Біреу қан-сөлін сығып алып, тақыр тулақ секіл
ді лақтырып тастағандай. Ал төңірек ию-қию ызыңға толып
кеткен, алыстан, даланың қиян түкпірінен бір зарлы дауыс
жетім ботадай боздайды, жо-жоқ, сай-сүйекті сырқыратып
сұңқылдайды, аһ ұрады, азынайды.
Бұл не болды екен? Дала осылай зарлаушы ма еді?! О
заман да бұ заман қара жердің гөй-гөйге басып, ағыл да тегіл
босағанын кім көрген?!
Көзінің алдындағы табақтай күн аспанның түкпіріне құл
дырай жөнелді, әп-сәтте түймедей кішірейіп, қып-қызыл
болып тесілді де қалды. Қадалған жерін қарып барады, өң
меннен өткен жылан көз сұсты жанар.
Қарғабайдың жүзін бұрып, тайқып кеткісі келді, бірақ
қатып қалған көнтері мойын қозғалмай қор қылды. Бір сәт
дене де жоқ, бет те жоқ, аяқ-қол да жоқ, тек жанары ғана қал
ған секілденіп үрейі ұшты. Бұл – айдалада шаншудай қадал
ған түймедей күннің зәрі күйдірген қорғансыз жалғыз жанар.
Өзінен өзі шошыды. Жоқ, бұлай болуы, мұның осындай
күйге түсуі мүмкін емес, ант атса да сенбейді оған. Әуелден
Қарғабай болып жаратылғаны, Атасудың бойындағы қыс
тақта бар ғұмырын өткізгені рас болса, мына жаһанда тумы
сында тарықпағаны, сар дала сарсаңға салып зарықтырма
ғаны, тұқымсыз кетпейін деп ұл сүйгені, имансыз өтпейін деп
хаққа сенгені, барға қанағат, жоққа шүкір еткені ақиқат бол
са, осының бәрі жалған.
Түйме көз заһар күннен құтылғысы келді. Тәңір-ай, аяқ-
қол қайда, қартайса да сарқылмаған әл-қуат қайда, Қарғабай
ныспылы өзі қайда?!
Тырбанып көрді, сілкініп көрді, тұлан тұтып долырып
көрді. Жылан көз күн жыпылықтап жанып-сөнді. Көнтері
мойын бытыр-бытыр омырылды, күтірлеген сайын жанары
ның алды айқындала берді. Бұл жарық дүниеге, жарық дүние
оған оралып келе жатты.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Содан бері қанша уақыт өткені бұлыңғыр. Ол есін бір жи
нағанда қада ағашқа сүйеніп отырған-ды.
Бұған да тәубе, қарсы алдындағы киіз үйді там-тұмдап
көріп отыр. Одан әріде қарауытқан, сірә, Атасудың талды
арнасы болар.
Шілденің күні бүгін де шыжып тұр ма, тоғайдың етегінде
сағым ойнайтын секілді. Мейлі ғой, құдайдың күні қалай
құбылам десе, еркінде ғой. Ал мұның осы отырысы не отырыс?
Қада ағашты қарманып зорға тұрды да, тәлтіректеп барып
отыра кетті. Басы зеңіп, көзінің алды қараң-құраң.
– Осы маған не болған? – деді ол есі кіре бастағалы алғаш үн
қатып. Содан кейін басынан не өткергенін білгісі келді. – Жау,
барымта... – деп күбірледі.
Осы екі сөз селк еткізді, бір суынып, бір ысыды. Еңбектеп
келіп қада ағашқа жармасты.
– Жау! Жау! – деп ышқынды.
Жанарын қай-қайдағы сүреңсіз көріністер жасқады. Құ
дай-ау, бұл не пәле? Сар далада топ жылқының соңында көп
аттылы түнере төніп келеді. Жайпап, талап, таптап өтпекке
келеді.
Мұнысы қай зобалаңы тағы? Тарс-тұрс мылтық атылды,
талмау түсте, ойда жоқта аспанның асты гүрс-гүрс долырды.
Шақырайған күн шатынап, шарасына сыймай, быт-шыт жа
рылып жатқандай.
– Алла! Алла! – деді Қарғабай.
Содан соң қада ағашты құшақтап, зар еңіреп қоя берді.
Ол кешелі бері не болып, не қойғанын шыжымдап еске
түсіре бастаған.
Жау шапты ғой бұларды, құдай қақ төбеден қос қолдап
ұрды. Көз қуаныш болған малдан тігерге тұяқ қалдырмаған
шығар. Жүген-құрық ұстатып кеткен шығар. Жұртта қалған
иттің кебін кигізген шығар.
Қада ағашты саумалап қайта көтерілді, табанының асты
теңселіп қоя берді, қара жер қара судың бетіндегі қалтқыдай
қалтылдады. Бәлкім, аспан ағыл да тегіл айдынға, жұмыр
жер айдында сандалған салындыға айналды ма, қария бір сәтте
қалықтап жүзіп бара жатты.
Ол мана, есі кірмей тұрғанда да осылай сабылған-ды, құ
даның құдіреті, табаны тұрақтамайды, көктайғақта ерсілі-
ШЫҒАРМАЛАРЫ қарсылы сырғанайды. Бұл мұндай күйге кеше тап болған, күзетте қалып, иттерді бытырлатып атқан жігіттен су сұраған еді сонда. – Қалқам, шөл қысты ғой, бір жұтым су берсеңші, – деген мылтығын алдына көлденең тастап есінеп отырған оған. Ол бұған еріне бұрылды: – Бәлкім, қымыз ішерсің? Қарғабай қалбалақтап қалды. – Айналайын-ай, – деп көңілі бұзылды. – Әкелші, не болса да. – Әлде шай қайнатып берсем бе екен? – деді анау. – Қаймақ қатып, терлеп-тепшіп ішкен қандай, ә?! Қария сағы сына күрсінді, айналайын деп емініп отырға ны осылай қорлағанда, жүрегі құрғыр сыздап қоя берген. – Сонымен не істейсің? – деді ол. – Су, қымыз, әлде шай, қайсысын қалайсың? Қарғабай үндеген жоқ. Тіл қатқанда не демек? Тыныш отырмаса, байланысып, пәлеге қалып жүрер. Ол шұбатылып орнынан тұрды, өзіне қарай талтаңдап келеді. – Сонымен, – деді төбесінен төніп, – қайсы таңдайыңа жа ғушы еді? Таңда. Қария одан су сұрағанына өкінді. Жасаған-ай, көні кеуіп қалса да шыдауы керек еді. Еңгезердей жігіттен сескеніп, бұғына түсті. – Сен ғой... – деді анау кіжініп, – сен үйір-үйір жылқы ай дап, мұртыңды қазы-қартамен майлап, шалқақтадың келіп. Төре де өзің, құдай да өзің. Ал мен зәузәтымнан жарып ас ішкен емеспін. Осы да әділдік пе? Соңғы сөзді зілбатпандатып айтты. – Әділдік пе деймін?! – деп ақырды. Қарғабай тілін тістеді. Не істесе де тіс жармай отыра беруі керек. Мынаның дені сау емес. – Әділдік пе?! – деп барқырады ол. – Айт, кәне! – Тастай бірдеңе төбесінен сарт етті. Содан бері осылай, қара жер теңселеді де тұрады, аспан шыр айналып, құтырына соққан жойқын құйынның өзегін де жұтылып бара жатады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Осынау құйын мұны да жалмап тынатындай.
Қада ағашты таяныш етіп тұрып, Салауатты есіне алды.
Соңғы көргенде ол ауылды ала шапқын еткендердің арасын
да тұрған. Байғұс бала қолға түскен ғой. Қазір қайда екен?
Өлі ме, тірі ме? Маңайда неге ешкім көрінбейді? Ауылдың
жылан жалағандай тым-тырыс бола қалғаны қалай?
Есі кірген сәтте айналасын түгендеп алуға асықты.
– Салауат! – деді дауыстап.
Үні шықты ма, шықпады ма, аңғармады.
– Салауат! – деді ет жүрегі үзіліп. – Салауат! Балам, қай
дасың?
Ол естіген болар, «мен мұндалап» жүгіріп келе жатқан
шығар, құлағының түбі жаңғырықты.
– Апыр-ай, есен-сау екенсің ғой, – деді Қарғабай кемсең
деп. – Тірі екенсің ғой!
Әлгі жаңғырық басылып барып қайта күшейді.
– Жетсеңші енді, – деп тағатсызданды қария, – асықсаңшы.
Сол екі ортада келіні Қаншайымды көріп қалғандай болған.
Байғұс бүктетіліп қыстығып жатыр, қатты ауырсынып,
аһылап-уһілейді.
– Алда сорлы-ай! – деп күйзелді Қарғабай. – Аяғы ауыр еді,
ай-күні таялып қалып еді, толғақ қысқан ғой.
Қада ағаштан құшағын жазып, солай қарай беттеді.
– Салауат-ау, қайдасың?! – деп шырылдады. – Көрмеймісің,
келіншегіңді толғақ қысты ғой.
Одан жауап болмады.
– Балам, неге үндемейсің?! – деді қария ашу шақырып. –
Жөнел! Елге бар! Құдағи келсін, тез жетсін!
Ат тұяғының дүбірі естілген сияқтанды. Салауат шығар.
– Атыңды аяма! Асыға гөр! – деді Қарғабай. Осы мезет жер
ге құлап бара жатқан.
– Буыны құрғыр неге босай береді? – деп қынжылды.
Қайтып тұрса жақсы. Қанша тырбанғанымен, бойын тіктей
алмай сілесі қатты. Басы мең-зең, ана ит қарақұсынан ұрған
ғой. Өлмелі шал өліп кетер деп сескенбегені-ау, тегі.
Бар күшін салып кеудесін көтерді. Келін байғұс не күйде
екен?
О, ғажап, Қаншайым жаңа туған нәрестені жетектеп, өзенге
қарай кетіп бара жатыр. Сәбидің үстінде лыпа жоқ, өзінің аяғы-
ШЫҒАРМАЛАРЫ аяғына жұқпайды, әлденеге асығып, жүгіре басқан шешесінен қалар емес. – Тоқта! Қайда барасың?! – деп айғайлады Қарғабай. Қан шайым елең қылмады, ал нәресте бұрылып қарады да, мәзмейрам күлді. Бар маңай сәбидің әсем үніне жамырай қосылып, сыңғыр лап жүре берді. – Тоқта! – деп безектеді қария. Немересін бауырына басып, құшырлана бір иіскеуге асық ты. Қаншайым бұл жолы да қайырылмады, бұл орнынан тұра алмай булығып жатқанда, талға еніп көрінбей кетті. – Осы мен тағы да есімнен адасқан шығармын, – деді Қарғабай. – Ақылынан алжасқан адамға не көрінбейді? Содан соң келіні мен немересінен көз жазып қалмауға тырысты, өзенге қарай жанталаса жылжыды, шөптесінге ба уырын тырнатып безек қақты. Осынысынан танбаса жарады, міне, өзенге де жетті, тастақ табанынан зорға өтіп, арғы жа ғаға да ілікті. Келіні сәбиді жетектеген күйі төбенің үстіндегі бейітке қарай кетіп барады. – Мұнысы несі? – деді қария. – Баланы зиратқа апара жатқаны қалай?! Дені сау ма өзінің?! Тоқта! – деді аза бойы қаза болып. Қаншайым төбеге көтеріле беріп аялдады. Нәрестені көте ріп алып дауыстап тұр: – Ата, сүйінші! Немерелі болдың! Ұлды болдың! – Айналайын! – деп кемсеңдеді Қарғабай. – Садағаң кетейін! Құдай-ау, күнде көріп жүрген төбе өзгеріп кеткен бе, алды тік жар, шыға бере құлайды, сырғып түсіп қайта ұмтылады. Келіні баланы жерге қойып, өзіне қарай жүрді. – Тоқта! Кейін қайт! – деп айғайлады Қарғабай. – Баланы тастама! Көзіңнен таса қыла көрме! Бағанағы түймедей өткір күн қайдан шыға келді екен, қапқара аспанның тұңғиығынан қадалып алыпты. Содан оқтай атылған найзағай жарқ-жұрқ құйылып келеді. Меңіреу аспанды қақ айырып күн күркіреді. Сұр жебедей суылдаған жасын кеудесін қарып өтті. 3-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Қаншайым нәрестенің кіндігін тісімен кесті, қызыл ша
қа сәби енді сәл кешіксе, бұ дүниемен өмірге келмей жатып
қоштасқандай екен, денесі көгістеніп үрейін ұшырды. Күн
кешке тармасқандай, шіліктің іші күңгірт тартқан.
– Бұлай отыра беруге болмайды, – деді баланы жалаңаш
етіне басып жылытып отырып.
Түн баласында мына тоғайда қалу қорқынышты еді. Қазір
баланы емізеді де, жолға шығады.
Нәресте бойы жылынған соң кезерген ернімен емшек ізде
ген тәрізденді.
– Жаратқан ием, жар бола гөр, – деді, – өзің берген өмірдің
отын өшірме, жасаған!
Оның қолынан бар келетіні – осылай тәңіріне жалбарына
беру ғана болатын. Тәңірінен басқа қол ұшын созатын да
ешкімі жоқ еді. Жалғыз дәтке қуаты соңына ерген төбет қана,
ол шіліктің сыртын дамылсыз айналып жүр, қорғағаны ма,
әлде бір үйлі жанның бүгінгі дүрбелеңі мұны да сенделтіп
қойған ба?
Күрсініп отырып бұған да тәубе қылды. Тайыншадай ит
адамнан өзгенің бәрінен қорғай алады.
Бала әуелде емшегін еме алмай қорқытып еді, байғұс бұл
есін жиғанша әлсіреп біткен ғой. Аузына сүт сауып, әупірім
мен оған да икемдеді-ау. Енді, міне, мұрны пыс-пыс етіп еміп
жатыр.
Әлден соң маужырап ұйықтап кетті.
– Жүрейін, – деді Қаншайым.
Көйлегінің етегін мол жыртып алып баланы орады. Оған
көңілі көнши қоймай, жаулығымен және қымтады.
– Сабыр ете тұр, – деді орамының сыртынан иіскеп. – Көз
байланғанша Сауғабайдағы қыстаққа жетсек, су жылытып,
әдемілеп тұрып шомылдырамын. Ол қыстау бізге жат емес,
Қарғабай атаңа алыстан қосылатын Кәрім ұстанікі. Қыста
бізді омыртқаға шақырғанда болғанмын. Үйі тап-тұйнақтай.
Кірпішті күйдіріп салған пеші бар, соны жағамыз, ұядай етіп
бір жасап қаламыз.
Ол осылай өзімен-өзі болып жүріп, ауылға да алаңдады.
Салауат жайлаудағы елге баяғыда іліккен шығар, жобалап
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көрсе, қарақұрым болып кері оралатын уақыты да жетіпті.
Бұл бәріне сабыр етіп, тек жақсылық қана тілеп, белді бекем
бууы керек.
Шіліктен шыққанда тоғай кешкі дамылға мүлгіп тұр еді,
айнала құлаққа ұрған танадай.
– Барымташылар ауылдан кетті ме екен? – деді жан-жағы
на жасқана қарап тұрып. – Құдай біледі, қолға тиген малды
жау қуғандай айдап, баяғыда жоғалған шығар. Ұры-қары
байыздап отыра ала ма, олар да бір, жортқан аң да бір.
Сауғабайдағы қыстақ осы арадан қозы көш жер, қас
қараймай жете алар ма екен?
«Иә, сәт» деп жүріп кетті. Қол-аяғын бауырына алмаған
келіншек өзін-өзі қайрап салды.
Шай қайнатым уақыт қалың талды өрлеп барды да,
жағаға шықты. Тоғай іші жүрісін өндірмей, тікенді итмұрын,
тығыз өскен майда шілік жиі ұшыраса беріп еді.
Күн ұясына кірсе де, дала әлі жарық, күндіз көз ұшында
көксеңгірленетін Ақтаудың жылқы жон биігі шалғайда қа
рабарқынданады. Жалпақ жазық батыс кемерде сары жо
лақтанған шапаққа қарай ұмсынып, етек-жеңін ықшамдай
бастаған. Айдаһарлыға қарай иретіле созылған тоғай келер
түннің есендігін тілеп, хаққа мүлгігендей сыбдырсыз тынып
ты. Ұшқан құс, жүгірген аңнан тырс еткен белгі болсайшы.
Құданың құдіреті шығар, әлде бір жамандыққа көрінгені
ме, биыл көктемде өзенге қиқулап қонған қалың құс балапан
басар күнге жетпей жоғалған. Топтанып жиналмай, тырау
лап тізілмей, көзден бал-бұл ұшып еді. Даланың аңы да сол
кепті киген бе, Салауат өрісте ертелі-кеш жүргенде, қарсақтан
басқа тірі мақұлық көрінбейтінін, оның өзі ілуде-шалуда ғана
қылаң беретінін айтып отыратын.
Өзеннің жағасы түйір-түйір тарлау екен, сүрініп кетіп,
әупірімде оңалды. Төбет алдына түсіп алып, із шалып келеді.
Ауылға қайқайып тартып отырмай, жанында айналсоқтап
қалғанына іші жылыды.
Ол ұзаңқырап барады да, артына қарап, мұны күтеді,
жақындаған кезде қайта озады. Қазіргі қалпында аса сақ.
Жалған-ай десейші, бұл екі кеште сәбиінің шаранасын да
шая алмай, құр сүлдері төбет иттің соңында, иесіз қыстауға
жету арман болып, осылай сандаламын деп ойлап па еді?!
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ай мен жылғыңды емес, қас қағым сәттігіңді өлшеп-пішу
бекер екен ғой. Қу өмір қураған шидей шыбын қонса, шырт
етіп сына салады екен ғой. Жылым дүние жымиып тұрып
қылқ-қылқ жұтады екен ғой.
Тоқтап, жан-жағын түгендеді. Ақтаудың жылқы жон биігі
аласарып барады, батқан күннің сарғыш жолағы аумағымен
тарылып, қанқызылданып алған.
ІІ. Смайыл
Дараттың тұмсығына салт атты сар желдіріп шықты, ба
уырынан жараған торы ауыздығымен алысып, тағалы тұяқ
қиыршық тасты қышыр-қышыр қасыды.
Көкжелкеден төнген жартас шаңқ етіп жаңғырықты,
қияннан құйылған қыран құлдилап келіп, қайқаңдап қайта
көтерілді. Тау белдеулеген тобылғыға қонып алып, өлім тілеп
емінген қара қарға айызы қанбай, жанарында тұнған жал
ғанды қарқ-қарқ қарғады.
Аттан түсіп, торының айылын босатып жатқан Смайыл
айналаны сезікті шолды. Таң әулетінен жортқаннан тізгін
тартқаны осы, жануардың белін суытпаса обал-ды.
Биіктен қарағанда бар маңай алақанына үйіріліп қонған.
Мана бір әзірде иығынан қарауыл қараған Айдаһарлының
етегінде сағым сабылады, иретіле шұбатылған сұсты тау ба
уырын жерден көтеріп-көтеріп алады. Төңірегіне түнере төн
ген заңғар қозғалақтаса, төмендегі көделі дала жансауға
жөңкіледі.
Дараттың алқымы тай шаптырым жазық, таудың оң қап
талынан құлап ағатын Атасудың қалың талына сүрініп ір
кілген. Одан беріректе ойдым-ойдым шалғын көгереді, биыл
ғы жаз жаңбырлы болса да, тамыз тумай сыр алдырайын де
ген бе, әр жерде сары жолақтанған. Бір сәт сол жолақтар жел
тербегендей теңселді. Теңселді дейді-ау, көк шалғында сары
алтындай көшіп барады.
Смайыл сенер-сенбесін білмей, күн салып қарады.
– Бәсе, – деген содан соң, – шалғын сарғаятын кез бе бұл.
Мынау суға құлаған қалың киік қой. Өздері сонау көктемде
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Шудан лықсып келіп, тұрақтамай ауып кетіп еді. Қайта
оралған екен-ау.
Көңілі бір уақ жайланған секілденді, киік тал түсте өзен
ге беттесе, бұл өңір қауіп-қатерден ада, даланың сырт еткен
шиінен секем алатын сергек аңы төңірегі тыншымай су маңы
на жоламайды.
Торының қанжығасындағы торсықты шешіп қымыз ішті,
жылып кеткен екен, маусымның шартабақтай күні күйіп тұр.
Жаңағы қалың киіктің соңы Атасудың бұйра талына сіңіп
барады. Қыс Шуды қыстап, алты ай жаз Арқаны жайлайтын
аңның бұл атыраптағы ұрымтал өрісі осы Айдаһарлы мен
Қаратөбенің сырты, одан әріде Тайатқан-шұнақ, Тасқоралы
маңын төңіректейді.
Ерте көктемде жер қайысып жеткенде, Сарыарқаның Бет
паққа ұласатын өңірін кернеп кететін, табыннан соң табын
толқитын, ұлан дала ұлан-асыр кенелуші еді.
Сарыала көш сайында сабырмен қозғалса, қаңтарда қа
һарланып, ақпанда алаөкпе алқынып, сәуірде де тәуір бол
май састыратын қыста сағы сынған тірлік желіні тертіген
сағынышын көлкөсір сауар еді. Кең далада жойқын сарын
жосылып, киік-ананың құрсағында көктеген құралайдың
есендігін тілеп, кұдіретке құлдық ұрушы еді.
Өлмеген құлдың өзегін талдырып жеткен көктеммен көрі
сіп табысқан ел көңілі көлбең қағып, жасағанның жақсылығы
шексіздігіне жанын жылытатын.
Шешесі Айша марқұм қайтқан киіктің алдынан шашу
шашып шығушы еді, киелі деп құрмет тұтқаны болар.
Әкесі Жұмағұл мамырдың шуағына шомылған ауыл үйді
жинап, мал шалдыратын, оралған аңды көрмекке тағы бір
жыл ғұмыр берген Алла тағалаға алғысы шығар.
Қария жанары жасаурап, балапан көкке тізе бүгіп қо
балжып, алақан жаятын.
Мамырда құралайың егіз болсын,
Шілдеде еркетотай семіз болсын.
Марқасқа желге қарсы топ бастасын,
Құдайым ерген көшін тоқтатпасын.
Тапсырдық көкте тәңір иесіне,
Қапыда кез келтірме киесіне.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Торсықта таңсәріден шайқалған қымыз маужыратайын
деді, етекке түсіп, таудан құлаған тастай суға күмп берер ме
еді. Атасу дәл сол жерден сыңар көзденіп басталады да, тар
қуысты қуалап барып, Арқаның құс қанатын талдыратын қуаң
даласын ұзақ кезеді. Шөліркеген өңірдің таңдайын жібітіп
алып, құмды кезген Сарысу қайдасың деп сынаптай сырғиды,
Айшырақ, Жаншырақты сауырдан сипап, Айдарлының кеме
рін кертеді. Қосағалыға сүйкене жанасқан соң Қоңырөлеңге
ат шалдырап солтүстікке бұлт береді, жылғадан жылға жамап
жүріп, іздеген арнасымен жойқын шөлде аңырап табысады.
Осынау шөлейт өңір ұзын аққан өзен болмаса, көні кеуіп,
қырық күн шілдеде дар-дар айырылар ма еді? Дар-дар айы
рылып, қақ жарылар ма еді, қақыраған дала сонда қай құдайға
шағынар еді?
Табақтай күн тас төбеден төніп тұр, көк сеңгір аспанның
асты шаңғытып алған, ерні кезерген атырап сілтідей тынып
тым-тырыс. Атасудың сыртындағы Мыржықтың жусанды
жазығына әлсін-әлі көз салып отыр, әзірге көз сүрінер ноқат
жоқ. Мана, таңсәріде ауылдан аттана сала бөлінген Ақмырза
ендігі қара танытуға тиіс еді. Екеуін иен далада сабылтқан
Қарағандыдан келген жаушының суыт хабары болатын.
Оның қаладан шыққанына екі күн болыпты, Атасудың
бойында, Айдаһарлыдан қозы көш жерде отырған бұлардың
ауылына өзі де, аты да болдырып зорға іліккен екен. «Елге жет,
құлағдар ет, қапы қалмасын» деп қалада қызметте жүрген
үлкен ұлы Арыстан жіберіпті.
Қайдар есімді осы жігітті ол алдыңғы жылы атқосшы
лыққа алып кеткен, өзінің бұл ауылға жиеншарлығы бар,
бұйығы өскен момын. Соны алқа-қотын жиналған аталас
ағайын қайта-қайта сөйлетті, әңгімесі іркес-тіркес.
– Солай болды. Қарағанды астан-кестен. Қызыл дегендер
төңкеріп жатыр. Ылғи сен тұр, мен атайын. Беті қатты. Қа
ланың жақсы-жайсаңы қамауда.
– Арыстан аман ба?
– Аман.
– Ал енді оның сәлемін түсіндірші.
– Арыстан былай деді: Қызылдың әскері елге шыға баста
ды деді. Бұланды, Үшқара, Құлаайғыр маңының малын айдап
алғанын айт деді. Келесіде адам аулайды деді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Адам аулағаны қалай?
– Адам дегені – малы барлар. Жылқылы байлар. Соларды
ұстайды, қалаға айдайды деді.
– Апыр-ай, мынаусы қиын екен, – десті аңтарылған ел. –
Тағы не айтты?
– Қамданып отырсын деді. Малды екшеп алып қалып,
басқасын Бетпақдала, Шу асырсын деді.
– Сосын?
– Содан соң әкеме тапсыр деді. Жұмекең жасы жүзге жет
кен қария ғой, соқтықпас. Өзі, Шорағұл мен Ақби бой тасалай
тұрсын деді.
Ақбоз үйдің іші жым-жырт тынды, мол жайылған дас
тархандағы дәм желінбей, сол күйі тұр. Ет келгенше деп
әзірленген қуырдақтан аузына салған Қайдар ғана.
– Не қылса да бір зобалаң таялды десейші.
Төрде малдас құрған Жұмағұл қария қозғалақтады.
– Кеше таң алакеуімде намазға тұрғанда, әлгі қотандағы
қойдың күзетіндегі Әлмағамбет қараң-құраң дабдырлап жүрді.
Бұл ит не айтады десем, бәтшағар «Бірде бар, бірде жоқ,
кейде бар, кейде жоқ. Қара қасқа! Қара қасқа!» деп санын
сабалайды.
Мән бермеп едім, осыған көрінген екен. Аруақ шатыс неме
ні мына зобалаңның сарыны сарнатқан ғой.
– Оның бұл гөй-гөйін мен де естігем, – деді Ақби. «Жауыр ат,
жалы жоқ. Тігерге тұяқ жоқ! Айт! Айт! Алып соқ!» деп секіріп
жүрген.
Отырғандар күрсінісіп, теңселіп қалысты.
– Сонда әлгі қызылың кім? Қайдан шыққан пәле? – деген
Ақмырзаның сауалынан соң ес жиған тәрізденді.
Қуырдақты ағаш қасықпен көсіп алған Қайдар қысқа
қайырды:
– Білмеймін.
Дастархан басы тағы да тұнжырады, білте шамның тал
маураған жарығынан күңгірт ой түтіндейді, қоламтаға жа
лаңаш көмілген, шала піскен күлдібадам ой.
Смайылдың құлағы шулады, әлдебір ұзын сарын Әлма
ғамбеттің бозала таңдағы Ақби естіген сандырағы болып
ызыңдайды, «Жауыр ат, жалы жоқ. Тігерге тұяқ жоқ» деп
АЛДАН СМАЙЫЛ
түршіктіріп, шұбыра шулаған ығы-жығы елесті тірілтеді.
Алысын көзден жасырып, түн тәңірге бас ұрып, дамылға мүл
гіген даланы қараған жерін қарыған, жалаңдаған жалғыз
көз жалақ-жұлақ кезгендей, өзінен өзі үрейленді, тынысы
тарылған тәрізденді,
– Әй, қайсың барсың? Түңілікті аш! – деп сырттағыларға
шытынады.
Сәлден соң шаңырақтан бозғылт сәуле себездеген, құдіре
ті күшті біреу жұлдыз біткеннің тозаңын шығарып, тылсым
түнде түнерген ауылдың үстіне шашып жібергендей, жарат
қанның жақсылығынан үміті үзілмесін дегені де.
Үй сыртында шолпы сыңғырлады, күміс қоңырау тылсым
сұлудың сыбызғы сырын ай астында сылқ-сылқ күліп ала
қашты ма екен?
Бозғылт сәуле дір етіп тұнды, бейкүнә ару ай нұрына ақ жүзі
жарасып, саумал самал үйіріле үздікті ме екен?
Шеткері жақтан созылып ән керілді, қуатты дауыс салған
беттен әуелеп, құлдилай келе термелете жөнелген:
Ей, Оғызтау! Оғызтау!
Айналаңды санасам –
Құралады тоғыз тау:
Айдаһарлы, Саңғыру,
Тасқоралы, Доңызтау,
Қаратөбе, Әділше
Арасында Көрқыстау.
Қиырдағы бәйбіше
Бір күн ауру, бір күн сау.
Осылай төгілтіп, нөсерлетіп келіп, сол көп тауды бағзыдан
қатар еншілеген Арғын балалары Алтай, Қуандық, Сайдалы,
Тоқаның шежіресін қуып кетті, ұзаққа сілтеп, қиянға құлаш
ұрды.
– Ой, жалған-ай! – деді әкесі Жұмағұл кеуде кере күрсініп. –
Аруақтарыңнан айналайын, қайран бабалар-ай!
Есік ашылып, леген, құман ұстаған Әлмағамбет көрінді,
қырыққа келген, ақыл-есі кем, күнделікті ішіп-жемін әр үй
ден айыратын байғұс кісінің қолына су құйып, бата сұрауды
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дәреже көретін еді. Дастарханды айнала отырған елді арылтып
шығып, бір тізерлеп жүгіне кетті.
Ақби әкесіне бұрылды:
– Бата сұрайды.
– Алда сорлы-ай, – деп қол жайды қария.
Сұрауы жоқ құнсызым,
Уайымсыз мұңсызым,
Сүттей таза байғұсым,
Сезбей солай жүре бер
Бұл жалғанның қайғысын.
Әумин!
Әлмағамбет төбесі көкке жетіп, отырғандарға мағұрлана,
масаттана қарады. Ақмырза дастарханға шақырып еді, шыр-
пыры шықты.
– Жо-жоқ. Әлмағамбетпен табақтас болатын сен кімсің?!
Әлмағамбет көптің бірі емес. Әлмағамбетке табақ жеке тар
тылады, – деп есікті сарт еткізді.
– Ойна Әлмағамбетпен, – деді Ақби.
Оған жеке табақ дайындалатыны рас-ты, қазан көтерген
үй соған арнап бір жілікті артық салады, оны Әлмағамбеттің
сыбағасы дейді.
Сыртта дабыр-дұбыр естілді.
– Анау бас сұрап, мазаны алып жатыр, – деді үйеме табақ
етті шірене көтеріп кірген жігіт.
– Кімді айтасың? – деді Ақби.
– Әлмағамбетті.
Қария жүдеп сала берді.
– Әлмағамбет бас сұраса, бас ұстайтын елдің құны кетейін
дегені де.
Смайылдың жүрегі шым етіп, шаншып өтті, құлазыған
көңілге бүгінгі түн дәру жоқ шығар. Аруақ арты жым болар
ма, су аяғы құрдымға кетер ме? Неге осынша үгіледі? Күрсінбе
гі неден, күйінбегі кімнен? Алдағы күндердің күрмеуі қиын
болмағын суынып сезген түрі ме?
– Маған осы отырыс ұнамайды, – деді ет турауға оңтайланған
Ақмырза. – Түрлерің кісі түңілгендей. Е, не болды соншама?
АЛДАН СМАЙЫЛ
Аспан айналып жерге түсті ме, тау теңселіп, тас жауды
ма? Іргелі ел емеспіз бе?! Айран ұйыса – төгерміз, атан өлсе –
көмерміз!
Қынынан кездігін суырып алып, үйме табаққа бір бүйір
ден шүйілген Ақби де ширықты.
– Астан-кестен ақтабанды да көрген бұл қазақ. Алас-күлес
қалмақты да қуған бұл қазақ. Ала қаншық, ақ сүйек жұттан
да өткен бұл қазақ. Бір дозақтан қиын еді ғой бір дозақ. Тұщы
етке ащы таяқ тиер деп, жанымнан ерте безе алман.
Кездікті сүбеге сұғындыра салып, табаққа кесек-кесек то
ғытты.
– Е, серпілші осылай, дүр-дүр сілкінші! – деп Ақмырза тоқ
жіліктің майлы басынан мол кесіп, аузына тастап жіберді.
Қонақсың ғой деп сыйлап берген жамбастың етін жапыра
жайпаған Қайдар жұтынып алып әңгімеге араласты.
– Кеше Дараттың иығынан асып түскен соң, елге жеттім-
ау әйтеуір деп, етек-жеңім кеңіп, ат үстінде қалғып кетсем
керек.
Айдаһарлыдан бір-ақ шығыппын. Тізгінді тартып, әттеген-
ай деп тұрғанымда тарс-тұрс мылтық атылды.
Жұрт Қайдарға жалт қарады.
– Не дейді?!
– Мынау тағы нені қоздатты?! – деп сапырылысты.
– Иә, тарс-тұрс мылтық атылды, – деді Қайдар. – Сас
қанымнан ерден домалап түстім. Жан-жағыма бұғына қа
раймын, көзіме сезікті ештеңе шалынбады. Аңтарылып оты
рып-отырып, атқа міндім. Сол кезде мылтық даусы қайта
естілді, Айдаһарлының арғы бетінен шықты.
Ойым онға кетті, атты сауырға бір тартып қаша жөнелмек
болдым. Енді бір сәт, не де болса, торуылдап көрейін дедім.
Осы аңсармен тауды қиялап келіп қарасам, үш қарулы салт
атты бір адамды орталарына алып Сауғабайға қарай кетіп бара
жатыр екен.
– Әй, мұны бағанадан бері неге айтпағансың?! – деп түйіл
ді Ақмырза.
Қайдар жанарын жыпылықтатты.
– Бұлар кім болды сонда? – деді Ақби.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қару асынып, топтанып жүргеніне қарағанда бұл маң
ның адамы емес секілді-ау. Қарағандыны дүрліктіргендердің
алды болмасын, сірә? – деп елеңдеді Шорағұл.
– Ол да кәдік, – деді Ақмырза. – Солардың шолғыншысы
болуы әбден мүмкін.
Дастархан басы бұрынғыдан да тұнжырады. Майлы жам
бастың етін қылқ-қылқ жұтқан Қайдардан басқаның бәрі
қимылсыз.
Шаңырақтан түскен бозғылт сәуле дір етпей талмаурайды.
Сырттан да тырс еткен дыбыс білінсейші, ит үрмей, бала жы
ламай, қараңғы түнге қамалған тыныштық тынысы тарылып
тынғандай.
– Таңда терің кеппейтін, кермеден ат кетпейтін ереуіл күн
ге кез келмесеңдер нетті, – деді Жұмағұл қария.
Смайыл алдияр жасқа жеткен әкесіне секемдене жалт
қарады.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалатып келген заманның қай
қабағын танығандығы екен мұнысы?
Ат жеткен жерге атағы жеткен қария шешіліп сөйлеп еді.
– Жау жағаңа жармаспасын, қарысқан қолын айырып алу
қиын. Ел айрандай ірімесін, сабасына түсіріп, қайырып алу
қиын. Тілеуі хақтан болған, патшасы жаттан болған халық
тың қаймағын қалқып алу оңай. Қарына ілер қаруы жоқ,
сөзінің дәруі жоқ жұрт кімге қайрат қылғандай. Қамықса
«А, құдай!» деп өзді-өзі қарасатын, тарықса «Абылайлап!»
пәтуамен тарасатын ел қайда бар?! Бізден қалатын, сендерді
табатын заман соны ұқтырамын деп жұтынып тұрмағай.
Шаңырақтың асты шатқаяқтап кеткендей, айдың төбеден
төгілген бозғылт сәулесі Ақмырзаның бетінде шаңғытып тұр.
Манағы ән есілген үй жақтан қобыз сарнай жөнелді. Бұл
ауылда оны дәл осылай үздіктіріп тартатын адам жоқ еді.
Алты ай жазда ел мен елдің арасын жол қылатын, араласып
сапырылысып жататын жігіт-желеңнің бірі шығар, Ботадай
боздаған қобыз сай-сүйекті сырқыратып барады, талмау шақта
ай астында ақылыңнан адастырып аңырайды.
Әкесі теңселіп кетті.
– Тоқтатыңдаршы ананы! Жеті түнде зарлатып, бұл қай
шатысқаны?! – деп күйзелген. – Қобызға таңмен таластырып,
АЛДАН СМАЙЫЛ
кешпен егестіріп, түнді күңірентіп қол салмаушы еді, ырымға
жаман еді. Күңірентпесін, тегі!
Ақби лып етіп көтеріліп, сыртқа шығып кетті. Сол сәт:
– Доғар! Түн баласында қобыз құшақтаған қай атаңды
көріп ең?! – деген қартаң дауыс естілді.
Қара қылды егілдіріп, беу-беулеген сарын баяулай берді,
түршіге тынған түннің құлағын шыңылдатып, қиянға қаң
ғып бара жатты.
– Смайыл! – деді әкесі. – Ақмырза екеуің таң қараңғысын
да жүріп кетіңдер. Мен бірдеме сезсем, мынаның көрген адам
дары ауыл арасының алаөкпе барымташылары емес, сыны
да, сыры да басқа ма деп күдіктенем. Арыстан ескерткен
зобалаңның салқыны сезілетіндей. Абай болыңдар.
* * *
Смайылдың бүгінгі жортуылының мәнісі осындай еді.
Бұлар ел орнынан тұрмай, Айдаһарлы қайдасың деп тартып
кеткен. Енді ми қайнатқан ыстықта күнге күйіп отырысы
мынау.
Ақмырзаның кешігуі көңілге күдік ұялатып және күпті
етеді.
Екеуі іздеп шыққан жөн-жосығы беймәлім топқа тау ішінде
тап келсе, тілдесуге келтірмей тарпа бас салмасына кім кепіл?
Жалған-ай десейші. Сар далада көде түбі – көген, жусан
түбі – желі еді. Дүние дөңгеленіп келіп, қараған түбі – қарақ
шы, жалбыз түбі – жау болғаны ма?
Аспан асты суылдап қоя берді, шақырайған күнді ала
қанымен қалқалап қарап еді, манағы бүркіт дәл төбесінен
төніп келеді. Құлдилап құлаған түрі жаман, сүйеулі мылтық
қа қол создыруға үлгертпей, тегеуріні тепсіне түйілді, бар-
жоғы «Қайт! Қайт!» деп дауыстап қалған. Қанат-құйрық
тың суылы қас қағымда суындырды, шаңқ еткен қуатты үн
шақ етіп тигендей, басын бауырына ала бұғына берген, жон
арқасында құйын үйірілді.
Жотасында жойқынданса, азуын айға білеген көкжалың да
жанын қоярға жер таппай жортақтайтын қыран шүйліккен
ШЫҒАРМАЛАРЫ
аңы шалдығып келіп, жалғыз жолаушыға қарай салған соң,
қай-қайсынан да қаймықпай, қиястанып құлдилаған-ды.
Жеме-жемде тайқып кетті, қияға қайқаң етіп, шаңқылдап
шырқады. Жүні жығылып, біткен жерім осы деп, тас үстінде
тапырақтаған түлкі жан дәрменде тәуекелмен бас сауғалап,
қарсы алдынан көріне кеткен адамға тура тартқан ғой, жа
қын келіп жалт берді. Байлаулы торы жер тарпып осқырын
ғанда, қапталдағы қалың аршаға сүңгіп үлгерген.
Қанат-құйрықтан есілген жел үйіріліп басылғанда, Сма
йыл «Уһ!» деді. Тал түстің аптабында көтеремнің көк етіндей
көгістенген аспанға бұғына қарады, қара ноқат күн астына
сіңіп барады.
Қысылғанда бұрқ еткен маңдай тер көзіне құйылды, тау
қыранының қан тілеп ұрынуы мұндай қаһарлы болар ма,
дүниені әп-сәтте бір тарының қауызына сыйғызды.
Орнынан тұрып, бойын түзеді. Тау беткейінде қыдырған
құрғақ жел тар қойнауға тығылып, гу-гу қыстығып еді.
«Жалғанның талағы тарс айырылып, тастағы құсына дейін
шүйліккені ме?!» деген сүреңсіз ой қатар сумаңдады.
Жалғыз қыран күн астынан қайта құйылып келеді, қана
тын қақпай сорғалаған күйі көк желкедегі жалтыр жартасқа
сатыр-сұтыр қонды.
– Қырып сал көк түбіттің дәл өзі боларсың! – деді Смайыл,
қыжылын ұмытып, сүйініп айтты.
«Тастүлек тәуекелге бара бермес,
Көк түбіт тұла бойы тұнған егес.
Қашқан аңға қиырдан қарағыштап,
Биікте Баршын, Шөгел қылған кеңес», –
деген осы уақытқа дейін қалай ұмытылмай жүргеніне өзі де
таңғалған бір шумақ көкірегінде күмбірледі. Қыран қонған
қияға сезікті көз салды.
Атасудың сыртындағы жусанды жазық сақалын сипап
жылмияды, жанарың тоқтайтын жетім түбір болсайшы.
Бағанағы қалың киік өзеннің бергі бетіне қайта өтіпті, көк
шалғынды сарғайтып, сынаптай сырғиды. Су жақ етегі түріле
дүрлігіп еді, жапырақ-жапырақ сөгілді. Жаз бойы көрінбей
АЛДАН СМАЙЫЛ
кеткен қашаған аң Шуға қайтып бара ма екен? Неге ерте қоз
ғалған? Бұйра талдан жалғыз салт атты желіп шықты, беті –
Дараттың өзі тұрған тұмсығы.
– Ақмырза боларсың... – деген.
Күн көзінде оңған шүберектей іріп, топ-топ бөлінген киік
ұзап барып қайта тоғысып жатыр. Айдаһарлыға қарайғы
көделі далаға іліккенде, сарғыш тартқан жазыққа астаса
жұтылған, құмдауыт өңір өңешінен қылқ-қылқ өткізіп жі
бергендей із-түссіз жоғалып еді.
Салт атты шалғынды қиып түсіп, одан бергі сұйық шиге
іліккенде, Ақмырза екендігіне күмәні қалмады, астындағы
сүлік қара көзіне жылы ұшырай кеткен. Атасудың Қоңыр
өлең мен Қаражалға құлайтын тұсын жайлаған аз үйлі та
маның мыңды айдаған мырзалары, Жидебай балаларынан
айғыр үйірлі жылқы беріп алған жануар мал біткеннің сұлуы
болатын. Тасқа салсаң – тұяқты, қуса – құйын сияқты, «Беу,
шіркін!» дегізетін Арқадағы атақты жүйріктің бірі.
Смайыл торыны жетектеп етекке қарай аяңдады, қиыр
шық таста тайғанақтап таудың төс табанына жеткенше, Ақ
мырза да сүлік қараны көсілтіп, келіп қалды.
– Саған да жеттім-ау! – деп аттан қарғып түсті. – Қымызың
қалса, тездетші, қаным кеуіп барады. Құдайдың күні тас
балқытар.
– Ал не көріп, не білдің? – деді Смайыл ішкен сусыны
маңдайынан шып-шып тер болып шыққан серігіне.
– Өзіңнен бөлініп кеткен соң Қабантаулатып Қаратөбе
ден қарауылдадым. Одан Бәйбіше мен Әділшені армансыз
арылттым. Қайда барсам да зым-зия, – деді ол шақшасын
етіктің өкшесіне қағып-қағып алып.
– Тіпті сезікті дейтін ештеме көзіңе ілікпегені ме?
– Іліксе, осылай қымыз ішіп, насыбай атып, жағам жай
лау болып отырамын ба? Ұры-қары жүреді-ау деген ұрымтал
қуыстың бәрінде қалың қау сіресіп тұр, жалдап өтсе, шұбыр
ған ізі қалмай ма? Жазық пен тау беткейлерін қуалап жүрсе,
айдаған мал тезек тастайды ғой, оны да байқай алмадым.
– Сонда әлгі Қайдар бізді шатыстырғаны ма?
– Сол сүмелегің төбені таудан, тасты тезектен айырады
деп отырмысың. Айдаһарлы дегені Ақтау ма, Алабас па, әлде
Қызылтау ма, ит білсін. Бәлкім, Саңғыруда ұшырасқан шығар.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Енді қайтпек керек?
– Мені тыңдасаң, Айдаһарлыдан әрі асайық. Беті солай
деген жоқ па еді анау.
Осыған бекінген екі жоқшы, жазған құлда шаршау жоқ деп,
Даратты қонышынан басып, Көрқыстауға бұрылар тұстағы
бұлақтан ат суарды. Қол созым жердегі қабақтан қарақат
жұпар аңқиды, шымға біткен қарандыз ит мұрыны өтпестей
тығыз, ара-тұра қымыздықтың сабағы саяқтанады. Ойдым-
ойдым түйежапырақ таяқ тастам сайын төңкерілсе, қырдан
қыдырыстап келген қияқты қара қоға кес-кестеп, ерінін суға
тигізбей иіріп тастаған. Ойпаңға қарай жылыстаған қоңыр
өлең сол жерден орын тигеніне шүкірлік етіп, сыздан сыздақ
тап ескен самалға сыбдырсыз иіліп бүгіледі, бал бұлақ бөде
недей бұлтиған майда қой тастарды сауырынан сипап, сылқ-
сылқ күлсе, су шайған бөксесі бүлк-бүлк бұлаңдайды.
Етегі қарабарқынданған қалың шалғын іргесінде іркілген
үй орнындай айдынға үңіліп үнсіз мүлгіген. Не ойлайды екен?
Айдында қалтқыдай қалтылдаған шүрегей шүпір-шүпір
ерген шүйкелерін шыр айналып қориды. Құс қиқулап қайт
қанша қайсы бар, қайсы жоқ екен?
Смайыл осы бір мұңлы сауалдың нені меңзеп, қайдан
тірілгенін білмей тұнжырады. Сырт киімін шешіп, шалғын
түбіндегі айдынға қарай еңсесі езіліп аяңдады.
Тау тау болғалы, есен-сау болғалы етегіндегі бұлақтың
басында кімдер күрсінбеген?!
* * *
Қаншайым Кәрім ұстаның Сауғабайдағы қыстағына түн
ауғанда жетті, жолда әлсін-әлсін аялдап, қыңқылдай берген
баланы жиі емізіп, жүрісі өнбеген. Өзінің де шама-шарқы өгіз
аяңнан асырмаған еді, қол-аяғы ұйып, адымын аштырмай
қойды ғой.
Құр сүлдер сүйретілумен діттеген жеріне ілікті әйтеуір.
Қыстау қарсы алдында жұмбақ қарауытады, келіншек
салып ұрып жетіп баруға қорқақтап, еріксіз іркілді. Ұзақты
күн нәр татпай, толғақтан соң да ерні жібімей, жаяу жолда
АЛДАН СМАЙЫЛ
әбден тұралаған шығар, құлағының түбі мазасыз ызыңдайды.
Бір тылсым үрей тұла бойын салқын кезгендей ме, жүрегі
аузына тығылды.
– Ла иллаһа илалла! – деді. Жабығып, жалбарынып айтты.
Жалғанның жазымы көп қой, иесіз жерді сайтан иектей
тінін ойлап секемдене берген. Төбет қыш үйді айналып шы
ғып, есіктің алдында шоқиып отыр.
– Ла иллаһа илалла! – деді келіншек тағы да, баланы
бауырына қыса түсті. Сақтана басып үйге қарай жүрді.
Есіктің тұтқасына қолы тие берді де, сескеніп кері шегінді,
іште әлдене сықыр-сықыр қозғалатын секілді. Ал қақпа өзі
нен-өзі жайлап ашылып келеді.
– Алла! – деді. Даусы қатты шықты.
Төбет арс етіп көрдің аузындай жұтына үңірейген қараң
ғыға қойып кетті, ырылдап, айбат шегіп аласұрып жүр. Әлде
сол, әлде басқа, қорқырап, ала жындана құтырынған. Ар
тынша қасарысқан қанды азу алқымынан ала түскендей қыс
тыға қырылдады.
Ұлып қоя берген үрей Қаншайымды буынынан қырықты,
шөптесінге сылқ етіп отыра кетті.
– Құдай-ай, осынша неге қырыңа алдың?! – деді түңіліп.
Бәлкім, өзі, бәлкім, басқа біреу айтты ма, айыра алмады.
Тізесін демеу қылып, шегіне жылжып бара жатып, үрейлі
елестен айғайлап жіберді. Ана үйдің ішінде төбетпен алысқан
пәле жыртқыштана атып шығып, тарпа бас салатындай...
мұны емес, көкірегіне қысқан баланы.
Құлағының түбі арс-арс жаңғырықты, жеті түн, өзін жұ
туға оңтайланған жылым түн азан-қазан.
* * *
Бозарып таң атып келеді. Үрейлі түннің зіл батпан салма
ғына жаншылған көкжиек қаны қашып сұп-сұр. Шала-
жансар сәуле шілде таңының сұйық кірпігінде діріл қағады.
Ажары айқындала келе арам қаны қатқан өлексенің көк ба
уырындай қаязданған аспанның құйқасын тілгілей бастады.
Күлгін құйқа әр жерінде қызғылт жолақтанды. Түн мен таң
ШЫҒАРМАЛАРЫ
таласқан талмау шақта қос тылсымның қабағын кезек бағып
құбылды.
Қаншайым үйге күн көтерілгенде ғана беттеді, онда да
төбеттің түнде талағаны борсық екеніне көзі жеткен соң
бекінген. Есікке таялғанда түндегі үрей ұлардай шулап қоя
берген секілденді.
Тоқтап, тың тыңдап барып қозғалды. Кіре берісте қайыс
тың үзігі жатыр. Қолына алып айналдыра қарады. Біреу пы
шақпен кесіп, аяғының астына тастай салғандай.
– Бұл жерге менен бұрын да біреу келген сияқты ғой, –
деді. – Кім болды екен? Мүмкін ауылдың шаңырағын ортасы
на түсіргендер шығар.
– Бісмілла, – деп ішке кірді. Жүкаяқтың үстіне жинап,
киізбен жауып кеткен төсектен көрпе-жастық алды да, далаға
шықты.
Үйдің іргесіне қабаттап төсеп, баланы жатқызды.
– Ұйықта, – деді емірене қарап. – Ұйықтай ғой. Кешелі бергі
зобалаңнан аман алып қалған жаратқан өлтірмес бізді.
Қазір маздатып от жағады, су жылытып нәрестесін шо
мылдырады. Содан соң жалбыз жинап қайнатып, шөлін бір
қандырар.
Көңілі шапса, борсықтың майын ерітіп ішер. Ауылдан
кеткелі нәр татпаған бұған әрі ас, әрі шипа ғой. Мүмкін әл
жинау үшін етін асып, аш өзегін жалғап та көрер.
Келіншек құдықтан су тартып келе жатып, төбетті іздеді.
Әлгі екі ортада көрінбей кеткен.
– Кә! Кә! – деп мазасызданды. Онсыз иесіз қыстау мұны
күндіздің өзінде секемдендірер еді.
Ит күресін жақтан көрінді, қойдың тоқ жілігін тауып
алыпты. Қу сүйекті әрі қажап, бері қажап, тісі өтпеген соң
тұтастай жұтып жіберді.
– Сенің де көнің кеуіп қалған шығар, – деді Қаншайым. –
Шыда, осы жерде әл шақырып алған соң елге бет түзейміз.
Мен ес жинап, аяқ-қолымды бауырыма алайын. Жайлау бұл
арадан әрі кетсе тай шаптырым жер. Диланып алған адамға
бұйым емес.
Ит тықыршып, бір орында тұрмай кетті. Қыңсылап аяғына
оралды. Ауыл жаққа қарап, иіс шалды.
4-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Түсінемін сені. Қан жылап тұрып түсінемін, – деді
Қаншайым. – Кешеден бері күңірене-күңірене күйзеліп біттім
ғой мен де. Шарасыздықтан шала-жансармын. Сен де түсін
соны. Қайғымды қалыңдатпа. Қажытпа.
Ит тынши алмады, құдық пен екі ортада сенделді де жүр
ді. Келіншек от жағып, су қайнатып жүріп бір қарағанда
ұзаңқырап кеткен еді.
– Төбет! Төбет! – деп соңынан жүгірді. Ол қайырылған
жоқ, қыстаудан әрідегі қалың шиге еніп көрінбей кетті.
* * *
Ит содан кешке қарай оралған. Ол енді қайтып келмес деп,
алдағы түн жалғыз қалатындығы үрейлендірген Қаншайым
жанары жасқа тола қуанды.
– Келдің бе?! Жеттің бе?! – деп құрақ ұшты.
Төбет бір үйлі жаннан жалғыз қалған иесінің осыншама
қуанышына иліге алмады. Есіктің алдына барып, шөкесінен
түсіп жатты да қойды.
Ол ауылда көрген сұмдығы қоздатқан қайғысына тұншы
ғып еді. Біресе су, біресе борсықтың тоңазыған майын әкеліп
бәйек болған әйелге сол қайғысын айтқысы келіп еді. Ауыл
дың жанындағы төбеде көз жұмған сорлы шалдың соңынан
өліп кеткісі келіп еді. Бірін-бірі жалмаған ұялы қасқыр
мінезденіп жапан далаға қаңғысам деп еді. Көкірекке шер,
жүрекке кек байланып еді.
* * *
Қаншайым оянғанда күн құрық бойы көтерілген. Түнде
балаға алаңдап, әлсін-әлі емізіп көзі іліне қоймаған, таңға
қарай ұйықтап кетіпті.
Иесіз үйде жалғыз жатып ойламағаны жоқ. Әсіресе Са
лауаттың қайтып оралмауы сары уайымға салды. Ол аман
болса, елді аяғынан тік тұрғызбай, осы уақытқа дейін қайда
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жүр? Атасы нендей халде? Шапқан жау байлап-матап алып
кетті ме, әлде?..
Төбеттің кеше жоғалып барып оралып, шөкелеп жатып
алғаны да сезігін күшейте түсті.
Күйбеңдеп жүріп баланың астын құрғатты. Ойы онға кетіп
отырып жалбыздың шайын ішті. Өз көңілінде өзі сан адасты,
ақыл-есі де, бұл да тұманды есуас әлемде тентіреп жүргендей...
Диуана дүние жарапазандата сандырақтап, алба-жұлба
дәруіш кейпінде жер-көкке нәлет айтып жатқандай... Аса
таяғын салдыр-гүлдір қағып, жын-періні желіктіріп, аузында
ажал азынағандай...
Қаншайым мына қыстауда мәңгі қалатын секілді тітірен
ді. Мұнысы несі екен, ойлағаны көз алдында көлденеңдеп
шыға келеді.
Көңілдегі көп күдікке жан бітіп, жанарын кес-кестейді.
Ана ат жалына жармасып теңселіп бара жатқан Салауат
сияқты ғой.
Мына бір зарлап отырған аппақ қудай шал атасынан
аусайшы.
Құдай-ау, былтыр қайтыс болған енесі тіріліп кеткен бе,
өзіне қарай әлденені айтып құстай ұшып келеді.
– Оян! Есіңді жи! – дейді. – Аруақ үшін! Аруақтан қалған
тұяқ үшін!
Бұл сілкінбек болды, жамырай жөнелген көп елесті серпіп
тастағысы келді, бірақ тырп ете алмады, қол-аяғы қорғасын
құйғандай қозғалмайды.
Енесі енді аппақ кебіні желбіреп, төбесінде қалықтап тұр.
Жоқ... кебін орнына ақ шарбы бұлт оранған.
Қаншайым таңдана қарады. «Мен де өлген шығармын,
әйтпесе о дүниелік болған енемді көрмес едім ғой» деп ойлады.
– Апа! – деді.
Диуана дүние қағып алып жаңғырықты.
– Апа! – деді тағы да. – Мен қайдамын?!
Енесі ғайыпқа сіңіп барып оралды.
– Тұр! Оян! – деп саңқ етті. – Өмір үшін! Өмірің өксімеуі
үшін!
Диуана дүниенің қиянынан бала жылады. Қаншайым селк
етті.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Адам бір қажымасын, қажыса қайтып оңалуы қиын екен.
Жалбыздың шайын ішіп отырып қалғып кетіпті.
Бала шынында да жылап жатыр. Көңірсік иіс шығады.
Отқа тастай салған қу томар сарт-сұрт ұшқындағанда төсеніп
отырған көрпесіне шоқ түскен шығар.
О, тоба! Бықсып жатқан баланың жөргегі. Сасқанынан
қолындағы суып қалған шайды құя салды.
– Аруағыңнан айналайын! – деп кемсеңдеді. – Садағаң
кетейін.
Желеп-жебеп жүреді екен ғой, осыған көрінген ғой!
Ақ шарбы бұлтқа оранған енесі жанарының алдынан қал
қып өтті.
Қу томар сатыр-сұтыр жанады. Шілденің күні арқан бо
йында күйдіріп тұр,
– Әлгі түсім тегін түс емес, – деді баланы емізіп отырып. –
Атам неге зарлайды? Салауат неге ат жалын құшады? Бекер
емес қой осының бәрі. Сау емес олар.
Оған енді екі дүние бірдей секілденді.
– Ауылға қайтамын! – деді ширығып. – Аспан айналып
жерге түссе де... Диуана дүние ажал болып азынаса да...
* * *
Смайыл мен Ақмырза суыт жүріп отырып Қарғабайдың
ауылына күн еңкейе жеткен. Қыстауға іліккенде алдарынан
тайыншадай төбет арсылдап шықты. Жолаушылар тоғайға
қарай тігілген киіз үйге жақындағанда аттың алқымынан
алатындай өршеленіп тап-тап берді.
– Мынау кісі жер, – деді Ақмырза.
Үйден иттің үргеніне ешкім шықпады, әдетте айдалада
жалғыз зеріккен ауыл ат тұяғының дүбіріне елеңдеп, тайлы-
таяғы түгел далада жүруші еді.
Маңайда қыбырлаған мал да жоқ.
– Маған осы ауылдың сиқы ұнамайды, – деді Смайыл.
– Ау, кім бар?! – деп дауыстады Ақмырза киіз үйге тебіне
таянып.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Төбет алдын кес-кестеді, жер тырналап долырып, тұлан
тұтты.
– Мынаның жанын жалдағанына қарағанда үйде біреу
бар, – деді Смайыл.
Сол екі ортада бала жылаған сияқтанды. Ит енді киіз үйдің
есігіне көлденеңдеп тұрып алып, бұрынғысынан да құты
рына түсті. Абайлап жақындаған Ақмырзаға сес көрсетіп,
ұмтылып келіп тоқтаған, әне-міне жиырыла атылатындай.
– Ажалыңа бола өшіктің-ау, – деді Ақмырза мылтықтың
шаппасын сарт-сұрт қайырып.
– Атпа! – деді Смайыл.
Баланың даусы қайта естіліп еді. Жарма есік сықырла
ған тәрізденді, жөргекке оранған нәрестені бауырына басқан
әйел табалдырықтан аттап түсіп, әлдене айтқандай болып,
бүктетіле құлап бара жатты.
ІІІ. Бетпақдала
Атасудың бойындағы қыстауда болған қанды қырғыннан
соң арлан Бәйбіше тауының Бетпақдалаға ұмсынған бет
кейіндегі ескі інді жалғыз мекендеген. Содан бері қанша күн,
қанша түн өткені белгісіз-ді. Бәлкім, мына меңіреу әлемнің
жазы қысқа, қысы көктемге сездірмей ұласқан шығар, арлан
ға ол туралы алаңдаудың қажеті шамалы еді. Бар білетіні –
өзінің безбүйрек бетпақ дүниеде жалғыз қалғандығы, безер
ген жалғанның қорқау мінезденіп, қатыгезденіп алғаны.
Бұл күндерде оның ештеңеге зауқы жоқ. Әредікте көк бөрі
дағдымен маңайды суыт жортып шығады, тобылғы түбінен
бұлт еткен ұсақ-түйек тірліктің шаңын қағады, азуға ілік
кенді талғажау, өңештен өткенді қанағат етеді. Қалған уақыт
ескі іннің аузында, төмендегі жалпақ жазықтың қабағын
бағып, шөкелеп жатады да қояды.
Бүгін де солай-ды, түн баласы Бәйбішеден әрідегі Ша
жағай өзеніне дейін өрлеп, үйреншікті мекеніне таң ата
оралған. Енді, міне, күн арқан бойы көтерілген, шілденің тағы
да шыжитын түрі бар. Көкірегі сыздап, ыңырына күрсінді.
Етектегі ұлан дала бұрынғысынан да өгей тәрізденді.
АЛДАН СМАЙЫЛ Тұяқ сүрінер түбірі жоқ иен өңір селеуі боз жусанға, жу саны майда қарағанға еппен ұласып, алыс кемерінде сағым сандалады. Көкбеттене көгістенген аспанның асты безере түсіп, бет бақтырмайды, кесіп алсаң қаны шықпас. Талайдан таңдайына нәр тамбаған шөлейт кенезесі кеуіп кеберсіп жатыр, әлдеқайдан гу етіп құйын көтерілсе, боздап үгіліп, бозала тозаңданып боса жөнелердей. Ұлан дала, ұлы шөл үрейлі құлазиды. Арлан көкірегі қаңсып жұтынды, ұрынарға қара таппай, иегінің астындағы аршаның көктамырланған білектей бұ тағын қарш-қарш шайнады, кежегесі кері тартып, тынысы тарылған дүниенің жұлынын бырт-бырт үзгендей құшырлан ды. Талай қар басқан, талай-талай зобалаңда таң асқан, кә ріліктен хабар алған бөрі бұл күндері ақпанның аязындай ызғарлы еді. Көкірегін қақыратып тұтанған долы ыза түкірігі жерге түспей мұз шайнататын. Түңіліп жүріп түн қатқан, бозала шақта таң қапқан, айдалада ант атқан бөрі ғұмыр тас-талқан қағынып алған-ды. Тағылық тәңірінің зауалы шығар, дүние қас қағымда жұ тап шыға келді. Әуелі малдан, содан соң елден арылған бай тақ дала түкірігін жұтып тыр жалаңаш, көде түктенбей жылан қабыршықтанып, жиырылып жазылып, араны ашыл ған аждаһа әлем құрбандық іздеп қырық бүктеледі. Осынау адыра қалған өңірде күні кеше ғана өзегім талмап еді десе, адырына аң аунап, тауында арқар жамырады десе, жазығында киік өткел бермей, бұта сайын қой қоздап, түбір сайын төл өрді десе, отар-отар қой мен үйір-үйір жылқыдан даланың белі майысып, қара суда қара балық жылқы жап тырмады десе, алқымнан төмендемеген тоқшылық ауыздық пен алыстырды десе, кім сенер? Арланның қорқау әлемі күңіренді, құлақ түбі күңгір-күң гір, өтіп бір кеткен жойқын жорықтардың жаңғырығы ма екен? Айхай, дүбірлі дүние-ай! Ұлан дала мұнымен, бұл ұлы жазық пен егескен құйын күндер-ай! Ін түбінде қыңсылаған бөлтіріктің қамы деп, айналаны аңыратпай, алысқа құлаш ұрғызған қиқулы күндердің де келмеске кеткені ме?!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Арлан
қиянға
құлдырайтын,
шалғайдағы
Шалғияға,
қиырдағы Қу, Мұңлыға ауыз салатын. Түн баласы қоңыр
салқында, айдалада бауыры желдей жазылатын, алысты –
жақын, жақынды – қас қағым ететін, құла дүзде құйын үйі
ретін. Сол көкбөрі күндер де келмеске кеткен бе?!
Бетпақтың бетінде безеуі жоқ жылмиған жымысқы даласы
демін ішіне тартып тым-тырыс, шілденің құс қанатын күй
дірген аптабын да сескендіре шаңғытады. Көгінде мұнартқан
жалғыз бұлттың етегі ит талағандай жырым-жырым.
Бөріні осынау сұсты даланың сестендіргені жалғыз бұл
емес-ті, бауырын жаңа көтерген бөлтірік шағынан шошынды
ратын. Сайын дала, шөлі сірә да қанбайтын сусамыр дала, қия
нына сіңгендер селдірмей оралмайтын жылым дала қашанда
үрейлі еді. Бөрі ғұмырдың да, бүкіл қыбыр-жыбыр тірлік
тің де жалғандығын жарапазандатып айтып, күні-түн сарнап
жататын.
Арлан қаңқ етіп түршікті, қаңталаған жанарға көке жа
сық үрей үйірілді. Көде түгі үрпиген сұрқай дала сұсты суы
нып, қылқ-қылқ жұтынған тәрізденді. Әлде алыстан, әлде
тау етегінен Бетпақтың қырық құлаш өңеші қорқ-қорқ еткен
сияқтанған. Шөлейт байтақтың қияны аждаһа жонданып,
аласапыран сағымда көтеріліп басылды.
Ол осылай кеш үйірілгенше жатты. Шақырайған шарта
бақ күн тауды тасаласа, ін маңындағы аршаның қышқыл
тым иісі бұрқырап қоя береді, тарбиған жуан бұтақтар шыты
нап керіліп, сытыр-сытыр жиырылып жазылған секілденеді.
Төбеден төнген қаражартас аумағымен қопарылып әне-міне
құлап түсердей түңілдіреді. Қапсағай тау қабырғасы қайыса
күрсінсе, бөктерді салқын самал суыт кезеді.
Арлан күңгірт тартқан далаға айнала әлемнен күдер үзе
қарады. Өзінен басқа тірліктің тынысы түгел тоқтағандай
болған кешкі талмау шақ та батқан күнмен бірге ғайып бол
ғысы келді. Атасудың бойындағы қыстауда бауырынан өнген
қос бөлтірігі тірідей түткен кәрі қаншықтың жантәсілімде
дүние жалғанға қарғыс айтып, қадалған жерін қарыған
сайтан жанары Бетпақтың қарақошқыл кемерінен шоқтай
қызарып көтеріліп келе жатқандай шошынды.
Арлан арс етіп, дөңкиген қара жартасқа қарай қарғыды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Таң құланиектене тау бөктерінен салт атты көрінді, ал
дында әлдене қараңдайды. Аттың ащы тері мен адамның
салынды иісі қолқаны қапты, арланның іші шұрқырап қоя
берді.
Салт аттының екпіні қатты, етекке қарай желдірте жө
неліп еді, алдындағы қараң-құраң таудан құлаған тастай
домалады.
Ін аузындағы аршаның үстімен жер бауырлап жылжып,
ұрымтал тұстан аңдыған бөрі аттылы мен үш жаяудан басқа
ештеңе көре алмай дағдарды. Айдаған бөлек-салақ малы
болса, соңдарына түсіп, сілелері қатқанша арбасып, қапысын
тауып жырымдап қалар ма еді? Бөрі жұтынып алып кеудесін
көтере бергенде, зілді үн саңқ етті:
– Малғұн!
Ат үстіндегі еңгездердей жерде төрттағандаған адамның
үстіне кіжіне төнді.
– Тұр!
Қолындағы қамшы ауаны осып, ысқырынып келіп жер
дегінің жонына сарт етті. Ол жалп етіп жер қапқан, қамшылы
еңкейе беріп, жауырынынан бүре тік көтеріп алып, көкпар
дың лағындай лақтыра салды.
– Доңыз!
Бұл жолғы үн мүлде ызғарлы шыққан. Арлан еріксіз
бұғынды, үш жаяу аттылының алдында аяғы-аяғына жұқпай
безектеді.
Етектегі қалың көдені жалдап, біріне-бірі соқтығып бөрі
нің көз алдында ұзап бара жатты. Түннің түнегін сұйылтқан
таңғы алауда керіліп-созылған шөл даланың бетінде қалтқы
дай қалтылдайды.
Бөрі олардың соңынан ұзақ қарады, күн таяқ бойы көтері
ліп, аттылы-жаяулы бұлаңдап тірілген сағымға сіңіп кет
кенше қарауылдады. Бірде құмырсқаның илеуіндей қайнап,
бірде ордалы жыландай ұмыр-жұмыр иретілген мұнар жа
нарын жасқап, сұрқия Бетпақ сұстана сескендіргенмен, жүні
жығылмап еді, ұлан даланы биіктен дәмелі шолды. Оған енді
екі дүние бірдей секілденді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Күн астында қаңсыған мына қапсағай тау бұған қашанғы
жолдас болмақ, арқырап жетер ақпанда аш өзектен алмай
ма? Бұлдыр-бұлдыр бұлаңдаған мекиен қай құдіретімен та
бындырған, қаһарлы қаңтарда тісі-тісіне тимей дірдек қақ
тырар, ақтүтектетіп, ала жын борандатып айдалада қалдырар.
Арша иісі аңқыған ескі інде де не қасиет қалып еді, өлексе
сін жасырар көр болуға жарамаса, басқа қай қажетіне керек
еді?
Адыра қалған апан жер тәңірі талақ қылған бөрі ғұмыр
ды түбінде шірітуге асыққандай үйіріліп жел соқса, уілдеп
сарнап үркіткелі қашан?!
Арлан тәуекелге бел буды, көк бөрі жалғанда не болып, не
қоймаған, тіршілік байғұстың шырағы талай сөніп, талай
жанған. Бұл ұлы жорыққа, басты бәйгеге тігетін, тағы өмірдің
тағдырын саудаға салатын аяуы жоқ, мейірімсіз сапарға серт
етеді.
Тауынан – арқар, адырынан – аң, жазығынан – киік,
жайлауынан – ел безген, қарғыс атқан өңірден азат ететін
жаһаннам жолға бел байлайды.
Ескі інді айнала иіскелеп аласұрды, түксиген қара жар
тастың түбінде гүр-гүр айбаттанды. Тау қияламай, етекке
тік салды, ұзын жолдың ұранды желігін аңсап аласұрды.
Жазыққа табанын жалатып жосылта жөнелді.
* * *
Үш жаяуды алдына салып айдаған Смайыл еді.
Құлан даланы бейуақта қысыр жорттырған ет-сүйекті ке
мірген кек еді.
Қарсы алдында қу мекиен құлазиды.
Бетпақ Бетпақ аталғалы, қабағынан запыран жауғалы көні
бір жібімесе, күйзелмегенде қайтеді?!
Дала дала болғалы, заман ала-құла болғалы шөлі сірә да бір
қанбаса, безермегенде қайтеді?!
Шілденің шыжғырған ыстығында талағы тарс айырылып,
шыныдай шытынайды, ат тұяғының астында сырт етіп ши
сынса, қан қақсап қақырап жүре берердей.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Айнала алас-күлес мұнармен арбасқан, сандалған сағым
сабылып жүріп боздайды. Шалғайдан, көз жетпес қияннан
қалың сарын талып жетті.
Смайыл қабырғасы қайыса күрсінді. Осы бір беймаза са
рын, құла дүздің мұңлы сазы Арқаны артқа тастап, Бетпаққа
іліккеннен көкіректі сыздатқан. Елсізді еңіреп кезіп, құлақ
түбінде егіледі де тұрады. Сайтан сағым арбаған бейберекет
әлем сағын сындырады.
Көз алдындағы шаңғытқан әлем де, көңілде қалған көп
күндер де байыбын таптырмай көлбең-көлбең, тап бір Алла
тағаланың орнына албасты отырып алып, жалғанды сан
сыратып сапырғандай. Жанарыңа сыйған дүниені де, ойра
ны шыққан, ойбайын салған ойыңды да сағымды тылсым
тұмшалап алып, тым-тырыс тұншықтырады келіп.
Иегінің астында сүмірейген үшеуде үн жоқ, Бетпаққа аяқ
басқаннан бергі екі күнде құр сүлделері қалған, айдаса – ілби
ді, тоқтаса – жеткен жерлеріне құлай-құлай кетеді.
Құлағының түбінде толассыз ызыңдаған қалың сарынның
әсері болар, Бетпақтың ыстық желі ұйыққан қаншықтай
қыңсылайтын тәрізденді. Қылымсыған сайқал бетіңді ті
міскілене жалап-жалап алып, ішін тарта ұли ма екен, ұлы шөл
кейде күн астында күңірене көшеді.
Күйлеген жалғаннан түңіле қашқаны шығар.
Ауа тұз татиды, ыстықтан тілім-тілім болған ерні дызыл
дап қоя берді. Күн болса, бесін ауып барады, бір мезет аттың
белін босатып алса да болар.
Тізгінді тартып, тілерсегі майысқан үшеуге қарады да,
тебініп қалды. Бұған аялдауға болмайды, мына аңызақ дала
ны ми айналдырған аптапта шиырлай беруі керек, алдына
салып айдаған айуандар мәңгүрттеніп біткенше жылжи беруі
керек, іркілмеуі керек.
Олар қазір де оңып тұрған жоқ, қазаны оттан түспейтін
мырза елдің тоқ төбеті талаған бұралқы иттей қиралаңдап,
жүрісін өндірмей келеді. Дүние – кезек деген осы, күні кеше
ғана бұлардың қаһарынан қара жер қақ айырылатын, жұрт
қоғадай жапырылып, құрдай жорғалайтын. Жорғалаған елдің
жонынан таспа тілетін.
Астындағы күрең елеңдеді. Мойындағы мылтықты қо
лына алып, шаппасын шарт-шұрт қайырды. Айдалада ат
ШЫҒАРМАЛАРЫ
секемденетін не болмақ? Шілденің аптабында Бетпақтың
шөліне аң мен адам түгілі, қанатты құс та беттемейді. Сонда...
«Қуғыншы болмасын?!» деген суық ой тұла бойын қарып
өтті. Сағымды даланың қай қиырына қараса қараң-құраң.
Әлде жүрегінің дүрсілі, әлде шынымен солай, Бетпақтың
тақыры тұяқ дүбіріне жаңғырыққан секілденді.
Күрең осқырынып, оқ жетер жерде көрінген сұйық шиге
қарап құлағын қайшылады. Сол сәт көрден шыққандай қор
қау үн сарнасын келіп.
– Тас қапқыр! – деді сенер-сенбесін білмей.
Бөрі қу мекиенде төбе құйқаны шымырлата ұлыды, ішегі
үзілердей, өзегі өртенгендей үздіге шерленді. Күйінгені де.
Көз алдында көлденеңдеген жылқыны тарпа бас сала алмай,
амалы таусылса, осылай зар илемегенде қайтпек?
Күреңді қайтадан сылбыр аяңға салды, үрпиісіп тұрған
үшеуді аттың алқымында сандалтып жүріп кетті. Сәл ұзай
бере бетін батысқа бұрды. Екі күндік жолда бағытын осылай
сан өзгертіп еді, мына өңкей жауыз қайдан келіп, қайдан
шыққанын білмей, Бетпақтың сазбет сайынында таскерең
мәңгіруі керек. Қиянын бойлап, қытығына тигеннің бәрін
тозаңдай тоздыратын зәрлі шөлдің айызы солай бір қануы
керек.
Бір аттылы, үш жаяу Бетпақты ымырт үйірілгенше шиыр
лады.
* * *
Шөл даланың түні қапырық, он бесіндегі айдың сүт сәу
лесі тымырсықта айрандай іріген, ауадан қышқылтым иіс
білінеді, іңір жусауында үйіріп өткен белдеу жел іріген сәу
лені боз қарағанға бүркіп кетті. Боз дүние ай астында боз
дағысы келді, бозамық аспанда жұлдыз біткеннің жанары
боталады.
Смайылдың көңілі босады, бозғылт әлемге бошалап сіңіп,
із-түссіз жоғалғысы келді. Бір-ақ сәтте, қас қағымда зым-
зия ғайып болса, не арман?! Мына тас-талқан жалғанда бұл
аялдайтын енді не қалып еді?!
АЛДАН СМАЙЫЛ
Арқандаулы күрең жерден басын көтеріп алып, құлағын
қайшылады, манағы бөрі әлі торуылдап жүрген болар.
Қараптан-қарап құлағы шулады, әбден болдырғаны шығар,
ойы да, маңайы да азан-қазан.
– Япыр-ай, – деген, – сүттей ұйыған елдің шілдің қиындай
тозғаны ма?!
Жанарына жас тұнды. Күні кеше ғана еді ғой, жұрт уызға
жарыған төлдей алаңсыз-ды. Арғысы Ұлытау, бергісі Ақтау,
Алабасты кең жайлаған ел жалына қол тигізбейтін. Қыс қыс
тау, жаз жайлауда қоян-қолтық араласқан Алтай, Қуандық
неден тарыққандай еді, мол пішіп, кесек турайтын. Төгіліп
бір кетсе, төлеңгітін – төреден, қарашасын – ханнан айыра
алмас ең. Бозбаласы – атандай, бойжеткені – ботадай, абызы –
адам атадай, анасы – ақ батадай-ды. Жігіті – жау сескенер
жонды келетін, қызы – батыр туар қоңды келетін. Ат мінсе –
желмен жарысатын, көк дөнен көңіл ауыздықпен алысатын.
Мыңды айдамаған әулет қалып па еді?! Жүзге тоят болып па
еді?!
Ертеректе түрікпен жағына, сол елдің жылқысы арғымақ
нәсілді деп естіп, сәті түссе бір жүйрігін алып келуге барып
қайтқан аталарының бірі не көріп, не білгенін сұрағанда:
«Түрікпеннің сақалы қауғадай болады екен. Бай дегені өзі
міздің Сауғадай болады екен. Жылқысын бекер мақтайды
екен, алысқа шаппайды екен», – депті.
«Сауға шаруасы ықшам, момын адам еді»,–дейтін әкесі
Жұмағұл осы әңгімені шертіп отырып.
Жұмекеңнің өзіне мыңға тарта жылқы, отар-отар қой бітті.
Бертін келе саудамен айналысты, Ақмоланың жазғы, күзгі
жәрмеңкелеріне бірер қос жылқы мен қой айдатып жүрді. Ол
кезде хан базардан Қызылжар, Семей, Керекудің көпестері
қалмайды.
Әрісі Омбыдан да ағылады. Қаланың алыпсатарлары да
жыртылып айырылады, әкелген малың мен жүн-жұрқа, тері-
терсекті қолды-аяққа тұрғызбайды, үйіріңмен үш тоғыз деп
қылқ-қылқ жұтады. Жұтып алып «Тағы!» дейді.
Бұқар мен Тәшкеннің сарты жәрмеңкеге келген қыр
қазағына ілесіп, даланы аралап кетеді. Күзде мал семіріп,
қырқын аяқтала татар саудагерлері жетеді. Қай-қайсы да
жеңіл келіп, ауыр қайтады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бұл сол сауда-саттықтың қызығы мен шыжығын молы
нан көрді. Жәрмеңке сайын Ақмолада апталап жатып, әлді
қазақ, татар көпестері Қосшығұл, Зәбір балаларымен ара
ласты. Қаланың қағаз ақшамен самаурын қайнататын алпа
уыты Мойсеймен тамыр болды. Шаһарда әкесінің, ел ішінде
соның саудасын жүргізді.
Алыс-берісі көп осы шаруаға соңғы жылдары үлкен ұлы
Арыстанды да баулыған еді, ысыла келе орысша сауат ашып,
Қарағандыдағы кеңсе қызметіне енді. Өзінің айтуынша, сауда
жұмысына араласатын мекеменің бір тізгінін ұстайды.
Түн тынысы ауырлап бара ма, әлде өз тынысы тарылды ма,
қыстыққандай болды.
– Мына зобалаңда ол қандай күйде екен?
Бұлтсыз түнде бозамық сәуле боз көденің бетінде түлкі
бұлаңға салды. Кәрі Бетпақ ай астында қан-сөлсіз қажығанда,
бозамық жалған боз көйлегінің етегін сайтандана көтеріп,
боз балтырын бұлт-бұлт ойнатты, ұрланып ескен ұрын леп
бозаң сәулені еппен желпіп, боз көденің бетінде бүлк-бүлк
желді.
Ауа сәл салқын тартқан, таңғы жусауға көп қалмағандай.
Маталған үшеу ұйлығып отыр, Бетпақтың елсізінде, өш
тескен жауының қолында, өлім аузында тұрып не ойлайды
екен?
* * *
Үшеудің бас көтерері кеспелтек мына еңгезердей қазақ
тың не ойы бар екенін оның қолына түскеннен бері түсінбей
сандалды. Бұларды неге айдалаға айдап әкелді, сүреңсіз
шөлде ұзақ сенделіп, өзін де, бұларды да азапқа салуының
түбінде не бар – бәрі жұмбақ.
Шарасы таусылып, тірліктен мүлде күдер үзгендігінен
шығар, кешелі бері бұл жайында бас қатырудан да қалған,
мына меңіреу дала секілді тілсіз, ессіз. Көз алдындағының
бәрін көріп тұрып көрмейді, танып тұрып танымайды, се
зіп тұрып сезбейді. Бұл, сірә, айлы түннің бозамық сәулесі
АЛДАН СМАЙЫЛ
секілді бұлдыр елеске айналған болар. Елсізде еңіреп адасқан,
қайтып үйірін таппайтын, дүние мұны, бұл дүние жалғанды
жирендірген сүреңсіз елес.
Задында мұның жаратылысы да елес секілді бұлыңғыр
бірдеме болатын. Мұнда ел секілді ататек деген жоқ, осы
күнге дейін әкесі кім екендігі беймәлім. Күнкөрісін Қара
ғандының қара базарында айырған, ақыр аяғында сол базарда
қыстың ішінде мас күйінде қатып қалған шешесі ол жайында
сөз болса, көзі аларып шыға келетін.
– Ит білсін сайтан алғырды! – дейтін ол шаптығып. – Қара
базардағы қаңғыбастың бәрі менімен әмпей-жәмпей. Әке керек
болып бара жатса, соның біріне жабыс.
Мұндай сөзден кейін әке туралы қайтып айтып көр. Осы
күнге дейін бұл мәселеге оралып та, ойлап та көрген емес.
Шынын айтса, әке дегеннің бұған керегі де шамалы еді, ондай
адамның не үшін қажет екендігін де түсіне бермейтін.
– Мейлі! – дейтін бұл өзін өзі жұбатып. – Соның болмағаны
да жөн шығар. Жарытып тамақ ішіп көрмеген үйге тағы бір
ауыздың керегі қанша?!
Шешесі ұдайы мас болып жүретін, көзінің алды қалта
ланып, беті қарақошқылданған ол күнде кешке сүрініп-
жығылып жетеді де, суық үйде жалғыз дірдектеп отырған
мұны есіктен кіре сыбайды.
Былапыттағанда кәдімгі көмір қазатын мұжықтар сылқия
тойып алғанда келістіре шұбыртатын былапытты құйындай
үйіреді.
– Сен! – дейді ол түкірігіне қақалып-шашалып. – Жалма
уыз жүгермек! Бүгін де өлмегенсің бе? Жанының сірісін! Үй
де бір үзім нан болмағалы пәлен күн, ал бұл қашан көрсең де
жалмаң қағып отырады.
Содан сілесі қатып, пештің түбіндегі ескі тонның үстіне
құлап түскенше сұңқылдайды. Кей күндері екеу-үшеу болып
келеді, өзі секілді кілең маскүнем, бейпіл ауыз әйелдер
жиналады. Улап-шулап, арақ-шарабын даурығып ішіп, ақыр
аяғында бір-бірін шаштан жұлып, шошқаның мегежініндей
шыңғырып жатқандары.
Мұның ондай айғай-сүреңге еті үйреніп кеткен, бұрыш
тағы кір-кір төсегінде қаннен-қаперсіз ұйықтай береді. Тек
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ішіп алған, өңшең дөрекі, екі сөзге келмей ұстаса кететін
еркектермен келгенде жағдай басқаша, ондай күндері үйге
түнеу мүмкін емес.
Олар бірде мұның көзінше шешесін ұмар-жұмар бүктеді.
Бәрі де арсыз еді, тұла бойында лыпа қалмаған тыр жалаңаш
шешесі әр еркектің астына бір құлады, сақ-сақ күліп сай
қалданды. Албасты тәріздес оңбағандар құтырып кетті.
– Ал ендеше!
– Мә саған!
– Қалай екен?! – десіп ырс-ырс етті.
Содан бері бұл, шешесі еркекпен келсе болды, далаға безеді.
Жазда аулада бұралқы иттей сүмеңдейді, қыста көшенің
шеткі жағындағы дүкеннің күзетшісі Гриша шалға барады.
Ол бір мейірімді адам болатын.
– Тағы да сен бе? – дейтін дүкеннің қабырғасына жапсарлас,
екі кісі зорға сыятын ағаш үйшіктің есігін ашып жатып. –
Кел. Кел. Сені сағынып отырған жоқпын, әрине, әйтсе де қыс
ішінде, жеті түнде далада қаңғыта алмаймын ғой.
Сөйтіп ит қорлықта жүргенде, шешесі базарда қатып
қалды. Бұл оған түк те қиналған жоқ, мазасыз, былапыт
пәледен осылай ың-шыңсыз құтылғанына қуанған. «Онсыз
да сүреңсіз күндердің құтын қашырып біткен сұмырайдың
керегі қанша?! Егер Гриша шал жиі сиынатын құдай деген
құдіреттің бар екені рас болса, дәл сол жолы оның бұған иігені
рас-ты.
Шешесінің өлгеніне шал да пәлендей мән берген жоқ.
– Сен оған бола қайғырма, – деді. – Саған оның бар-жоғы
бірдей емес пе? – Содан соң ернін жыбырлатып шоқынды. –
Кешіре гөр мендей күнәһар пендеңді! Қате ойласам, кеш!
Байғұс құлдарыңды айуанға айналғандардан арылтсаң, ол да
бізге жасаған жақсылығың ғой!
Шешесі келмеске кеткен түні алғаш рет алаңсыз ұйықтады.
Жалтақтамай, емін-еркін болғанға не жетсін! Кеспелтек бір
мезет осының бәрін не үшін тірнектеп есіне түсіріп отырға
нына таңданды. Ойға алуға тұрмайтын сүреңсіз күндерді қайта
тірілтудің қажеті қанша еді?
Бетпақтың түні қапырық, әлде шынымен, әлде солай, ауа
тұз татиды. Ай астынан бозғылт сәуле емес, тұзды тозаң сыл
АЛДАН СМАЙЫЛ
быр төгіліп тұрғандай, бозарған дала боз жылан сауырланып
алған.
– Мейлі! – деді ол. – Ұлы шөл аждаһа бауырланса да маған
бәрібір емес пе!
Көңілде мұң да, өкініш те, ыза да жоқ, сортаң ой ғана бар.
Тірілте бастаса, кермек татып, іріп жүре береді.
«Құдай-ау, әуелде бәрі жап-жақсы басталып еді ғой...» деп
күрсінді іштей. Жалған болса, қарғыс атсын, бұл қырсыққа
толы дүниеге ағынан жарылғысы келген.
Шешесі өлген соң өзіне ғана шақ кішкене бақытына шал
қып жүрді. Рахат еді ғой, не істеп, не қоясың, бәрі ырқыңда,
қолыңнан қағатын тірі жан жоқ. Бар кәсібі – ертелі-кеш қара
базарды төңіректейді. Ұсақ-түйек ұрлыққа машықтанып ал
ғаны сондай, көр-жер сатып тұрған кемпір-сампырларды қас
қағымда қан қақсатып кетеді. Қырдан келетін ашық ауыз
қазақтар мен мұжықтардың қалтасын қағып алу да бұйым
емес. Әйтеуір қарны тоқ, уайымы жоқ.
– Қара базар аман болсын, – дейді күнделікті жортуылдан
түскен тиын-тебенді ежіктеп санап отырып.
– Жалғыздың жары құдай, – дейді сол базарда сұғанақ кө
зін жан-жағына сұғындыра қадап жүріп.
Әредікте түнде Гриша шалдың үйшігіне бас сұғатын, оны
сағынғанынан емес, жалғыздықтан зеріккендігінен.
– Ә, келдің бе? – дейді қария есікті сықырлатып ашып
жатып. – Кәне, отыра қал.
Бұл бір кездері өзі талай жатқан ағаш сәкіге барып жай
ғасады.
– Не жаңалық бар? – дейді сақал-шашы ұйысқан Гриша.
– Не бола қоюшы еді? – дейді бұл.
Шал жөткірініп жүріп стаканға шай құяды.
– Суып қалған шығар, әйтсе де ішіп ал.
Содан кейін әлгі сауалын қайта қояды. Бұдан кейін, әрине,
бірдеңе деуге тура келеді.
– Осы сен нешедесің? – дейді оның әжімді жүзіне қарап.
Шал мырс етеді.
–Жасымды сұрағаныңа қарағанда, маған кемпір іздестіріп
жүргеннен саусың ба? – деп әзілдеген болады.
– Жоға, әшейін сұрағаным ғой, – дейді бұл. Бұдан соң екеуі
суық шайды үнсіз ішеді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бірде қыстың түнінде осылай бір келгенде шал мұнымен
алғаш рет ересектерше әңгімелесті.
– Сен білмейсің ғой, Никита, – деген ол, – бұл адам баласын
сірә да ешкім түсінбес, ғұламаң да, құдайың да.
– Соншама не болды? – деді бұл. – Сірә, біреу-міреу ренжіткен
ғой.
– Сен менің сөзімді бөлме, – деді ол.
– Жақсы, – деді бұл ағаш сәкіге жайғасып отырып. – Енді
ауыз ашсам, тіл тартпай кетейін.
– Иә, – деді шал сақалын салалап. – Түсініп болмайсың.
Жетпіс, сексен, маған десең жүз жаса, бәрібір түк те ұқпай
кете барасың. Мына мен биыл сексендемін, ал адам туралы
ұғымым түкке тұрғысыз. Сен маған мынаны айтшы, мені
осы өмірге не үшін әкелді? Итшілеп ғұмыр кешу үшін бе?
Жан жалдап өсірген бала-шағам қартайған шағымда керексіз
заттай лақтыра салуы үшін бе? Ертең көзім жұмылса, көмусіз
қалармын деп күрсінумен жалғаннан өту үшін бе? Не үшін, ә?!
Даусы баяу шығып еді, соңынан күшейіп кетті.
– Айғайламасаң да естіп отырмын ғой, – деді бұл.
– Айғайды да естімейтіндер бар! – деп даурықты ол. –
Ойбайыңа пысқырып та қарамайды. Кетті, әне! Ұлымды ай
тамын. Жаз бойы менің тапқан-таянғаныма сыңғырлатып
үй салды да, әйел-баласын алып тайып отырды. Әне, солай,
Никита. Бұл адам дегенің құйрығын ұстатпайды. Тап бір
сужылан дерсің.
«Байғұстың менен басқа сырласары жоқ болғаны ғой, –
деп ойлады бұл іштей. – Әйтпесе базар жағалаған жетімекке
айтатын әңгіме ме?!»
Шал бұдан кейін де ұзақ сөйледі, басынан өткен қай-қай
дағы сүреңсіз жайларды тізбелесін келіп. Тыңдап отырса,
өзінің көрмегені аз екен.
– Иә, мен ештеңе түсінбеймін, – деді даусы қарлығып. –
Түсініп тұрсам да ұқпаймын. Әне, солай!
– Өкінішті-ақ, – деді бұл, немқұрайлы айта салды.
– Әрине, өкінішті, – деп қостады шал.
Содан соң бір уақ үнсіз отырды да:
– Адам болу үшін қаталдық керек! – деп үстелді жұдырығы
мен қойып қалды. – Тап солай. Көңілшектік шөкеңнен түсіреді.
5-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ Міне, мына қожайын нағыз адам. – Қопаңдап, орнынан кө теріліп қойды. – Иә, нағыз адам, – деп үстемеледі. – Мен осында көптен күзетшімін ғой, бәрін білемін. Балаларына нәр татырмайды. Басы артық көк тиын ұсынса не дейсің. Бірде ол дүкенге келген баласына тура былай деді: «Мен сендей кү німде есектің құйрығын жуып күн көргем. Ал сен тек әкел де әкел дейсің. Жоқ, балапаным, олай болмайды. Көмір қаз, ағаш шап, кірпіш құй, не істесең, оны істе. Қолыңнан бірдеңе келетінін көрсет. Доңыз емес, адам екеніңе иландыр. Сөзіміз сонда ғана жарасады». Бұл өзі дойыр неме ғой, мойны салбырап кеткен ұлын қуды да шықты. Әне, адам деп соны айт. Шал қызына сөйлеймін деп ентігіп қалды. Суық шайды шашалып ішіп, жайланғандай болған соң аса бір маңызды құпияны ашқалы тұрғандай бұған жанары жұмбақтана жа қындады. – Ол, әлгі дүкеншіні айтам, тапқан-таянғанын түгел осын да ұстайды, – деді сыбырлай сөйлеп. – Үйіне апаруға, құдай біледі, әйеліне де сенбейді. Иә, тура сөйтеді. Е, мен білемін ғой, мұндай пәлелер жиған-тергенін көріне де бірге ала кетер. * * * Ауа тұз татиды. Бәлкім, жазғы ай төбеден тұз болып үгіліп түсіп жатқан шығар. Задында солай болса игі. Тозаң дай тозған ай жерге, мына қарғыс атқан далаға сау етіп төгі ле салсашы. Дүние тас қараңғы түнекке тұншығып, тынысы тарылса етті. Өзіне енді қайтып бұйырмайтын жалғанды түнек тажал жалмап алса, айызы қанар еді-ау, шіркін! Тұз татыған ауадан маскүнем шешесінен қалған жеркепе нің кермек иісі білінді. Бұл Гриша шалдың үйшігінде ұзақ отырып келгеннен соң көпке дейін дөңбекшумен болған. Кірлеген көрпенің астында аунақшып жатып ойы онға кетті. Көзі таңға қарай іліккен болар, сірә. Қария жанарының алдында көлбең қағады. – Әлгі дүкеншіні айтам, – дейді тура өңіндегідей. – Тапқантаянғанын түгел осында ұстайды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Содан соң зым-зия жоғалып кетіп еді, дүмі жарылып, таспа
қайыспен шандып тастаған бытыралы мылтығын таянып
қайта көрінді.
– Никита, осы сен нешедесің? – деді.
– Он алтыға аяқ бастым, – деді бұл.
– Бәрекелді! – деді ол. – Жігіт болып қалыпсың. Ертеңгі
күніңді ойлайтын кезің де келіпті ғой.
Оянғанда мезгіл түске тармасқан. Жүрегін жалғады да,
қара базарға тартты.
– Маған не болған? – деді өзіне өзі.
Бүгін ұрлыққа қолы бармай қойған, ығы-жығы елдің
арасында қақтығысып-соқтығысып, мең-зең ұзақ сенделді.
Базардағы ұсақ-түйек сататындардың бәрі таныс, олар да
мұны біледі, жақындағаннан етек-жеңдерін жинақтап сақ
тана бастайды.
Шеткі жақтағы кемпірден кәрлен кесесінің бағасын сұрап
еді, баж ете қалды.
– Жоғал әрі! Тап бір ала қоятындай! Білеміз ғой сендей сұ
ғанақтарды! – деп безектеп қоя берді.
– Бұларды ма, бұларды шетінен түрмеде шіріту керек! –
деп сұңқылдады қатарында тұрған бүйрек бет әйел. Оған
жанындағы цыган тәріздес сұқсыр қатын қосылды. Қара базар
қарғаша шулады.
Күн суық, ыстық тамақ сататын жерге барып, шай ішіп
жылынып алмақ болды. Солай қарай бұрыла беріп кілт тоқ
таған, мынау Гриша шал ғой. Иә, тап өзі.
Неге екені түсініксіз, бұл алғаш рет онымен кездесуден
тасқаяқтады. Шал ет сататын сөрені жағалап саудаласып
жүр. Сатуға лайықтап шабылған кесектерді аударып-төңке
ріп көреді де, бағасына келіспей әрі кетеді.
Бұрын қалай байқамаған, ол мүлде қартайып кетіпті,
екі иығы салбырап, аяғын сүйреп басады. Даусы да көрден
шыққандай.
– Сен, садағаң кетейін, бағасын сәл түсірсейші, – дейді ет
сатып тұрған алпамсадай мұжыққа. – Сонда аздап алар едім.
Мұжық гүр ете қалды:
– Әй, қақпас! Алсаң ал! Алмасаң табаныңды жалтырат!
Әйтпесе, балталап-балталап, өзіңді де сатып жіберемін!
АЛДАН СМАЙЫЛ
Шал шоқына түршігіп келесі сөреге кетті.
Мұның қара базарда бұдан әрі жүре бергісі келмеді.
* * *
Шіруге айналған үй биыл көктемнен қалмай құлайтын
шығар, іргесі үгіліп жатыр, қар суы лықсып келіп, кемерлеп
тұрып алса, бітті дей бер. Ал көп ұзамай сәуір мамырға ұласады.
– Тағы бір қысты да өткергенім бе? – деді бықсып түтіндей
берген отты көсеп жатып.
Баланың иығы зорға сыятын оймақтай терезеден түскен
өңсіз жарық талмаурап, әне-міне сөнетіндей. Енді аздан соң
көз байланады.
Үйдің ішін тастай қараңғылық басқанша орнынан қозғал
ған жоқ. Пеш әлгінде гуілдеген тәрізденіп, от маздап жана
бастап еді, қайтадан бықсыды. Түтін кері лықсып қолқасын
қапты. Қабырғасына әлдене қадалғандай, жан қалтасынан
тастамай салып жүретін өткір кездіктің ұшы болар. Қолына
алып еді, бықсыған оттың болар-болмас жарығына шағылы
сып жарқ-жұрқ етті, тұла бойын суық леп кезіп өткен.
Даланы сәуірдің аязды түні құрсаулап алған шығар.
Түн баласында аяз қысқаннан қорқынышты не болсын? Са
қылдаған сары аяз жанарыңды да, суық сорған, шытынап
сынуға шақ қалған көктегі жұлдыз атаулыны да мұз мон
шаққа айналдырады. Мұз моншақ түнерген аспанның көңілін
аулап сыңғыр-сыңғыр домалайды.
Пештегі от сөнуге айналды, үрлеп еді, қою түтін бұрқ ете
қалды, қақалып-шашалып кері ысырылды.
– Мезгіл қай шама екен? – деді орнынан көтеріліп. Бүгін
қара шайдан басқа нәр татпағандығынан болар, көзі қарауыт
ты. Құлағының түбі ызың-ызың, үйдің ішін біреу күбірлеп
кезіп жүргендей. Иә, сыбыр-сыбыр тіл қатады.
– Бәрекелді! – дейді. – Жігіт болып қалыпсың. Ертеңгі
күніңді ойлайтын кезің келіпті ғой.
Гриша шалдың даусы. Сескеніп жан-жағына қарады да
жерге бір түкірді. Бұл, сірә, жалғыздықтан ауысайын деген
шығар.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Анда-санда тастай қараңғы үйде елегізіп отырып, әлдекім
нің даусын естігендей болатыны бұл бір емес.
Далаға шыққанда ел аяғы сұйылған екен, көше қарауы
тып, ұзынынан сұлап жатыр. Қала айсыз түнде албасты бас
қандай жым-жырт. Жан-жағына абайлап қарап алып жүріп
кетті. Сәлден соң көшенің шетіндегі тас дүкеннің қарасыны
көрінді.
– Сен бе? – деді шал есікті ашып. – Никитасың ба?
Ол бұдан осылай деп қанша рет сұрады екен? Бұл кішкене
күнінен үй мен дүкеннің арасын жол қылумен келеді ғой.
Өзі бүгін шөгіп кетіпті. Бағана базарда көргенде қалт-құлт
етіп жүрген, енді мүлде сілесі қатып отыр.
– Бүгін, қараптан-қарап отырып, ыстық сорпа ішкім кел
гені, – деді кеудесі сырылдап. – Содан базарға барайын.
Барғаным құрысын, ет дегенің күйіп тұр.
– Алдың ба? – деді бұл.
– Қайдан, – деді ол. – Сандалып жүріп-жүріп құр қол қайт
тым.
Бұл шалдың көзіне қарап тіксініп қалды. Жасаураған
жанар жасық көрінгенімен, тереңінде ызғар бар сияқтанды.
– Өстіп жүріп өмірден ыстық сорпа ішпей, сілекейің шұ
бырып өтесің ғой, – деді.
– Сөйтетін шығармын, – деді ол. – Осы мен саған айттым
ба, Никита, қожайын маған ақша төлемейді ғой, күнделікті
тамаққа келіскенмін.
– Бүйірің шықпайтын бірдеме берер, сірә.
– Көже-қатық дегендей ғой, жарыта ма ол?.. – Шал күрк-
күрк етіп ұзақ жөтелді. – Иә, жай жүрсің бе?
– Шаруа былай, – деді бұл түні бойы дөңбекшіткен ойдың
жетегімен. – Қазір екеуміз дүкеншінің тапқан-таянғанын
аламыз да, құлақ естімеске тартып отырамыз.
Шал жымиған болды.
– Сен мені олай әжуа етпе, – деп махорка орауға кірісті.
– Әжуа да, әзіл де емес, – деді бұл. – Кәне, қозғал!
Қонышына тығып әкелген кесек темірді суырып алып,
дүкеннің құлпын бұза бастады. Ырғап-ырғап тартып қалып
еді, шығыршығы жұлынып түсті.
– Тоқта! Мұның не?! – деп шырылдады шал.
– Дымыңды шығарма! – деді бұл. – Шулама!
АЛДАН СМАЙЫЛ
Қалың ағаш есік ауыр ашылды, Гриша жағаласып-жар
масып ішке бірге енді. Аяқтың астында қалған әлденеге сү
рініп құлап түсті, орнынан шұбатыла тұрған соң дыбысы бі
лінбей кетіп еді, бір кезде қайта көрінген. Бұл жолы мылты
ғын кезеніп алыпты.
– Никита! Тоқтат кәне! – деді даусы тарғылданып.
– Әй, алжыған шал-ай! – деді бұл. – Даурықпасайшы! Одан
да ана иттің ақшасын табуға көмектеспейсің бе?
Мылтықтың шүріппесі шақыр-шұқыр қайырылды.
– Доғар! Әйтпесе!..
Бұл жолғы даусы зілді еді.
– Шының ба, Гриша? – деді аңтарылып.
– Құдай куә! – деді ол. – Дүкенді тоната алмаймын!
– Ақымақсың сен, Гриша, ақымақсың! – деді бұл. –
Қартайғанда бір шалқып қалар ең.
– Жөніңе кет! – деді шал бұрынғысынан да қатайып. –
Қаныңды жүктеме!
– Жарайды, – деді бұл қалтасындағы кездіктің сабын қы
сып. – Қайтеміз енді...
Шалға бейғам бұрылған болып, қол жұмсар жерге жеткенде
кеудеден құлаштай ұрды.
– Сайтан алғыр! – деді шал.
Бүктетіле құлап түсіп, жантәсілімде сүйекті сырқырата
ыңырсыды.
* * *
Тұз татыған ауа тұла бойын қаңсытты, көні кеуіп барады,
тап бір тумысынан таңдайына нәр тамбаған адамдай сусырады.
– Өлтірсең, шөлімізді қандырып барып өлтірсең етті, – деді
еңгезердей қазаққа.
Мұның оған осы сор қайнаған жолда алғаш рет тіл қатқаны
еді.
– Менен су емес, атаукере сұра! – деді ол. Қосақтала
байланған ұзынтұра ыңырсыды. Қара түн жамылған қаралы
Бетпақ қосыла ыңыранған тәрізденді. Алыс түкпірінде әлдене
қыр-қыр етіп жан тапсырып жатқандай. Шөлдің қаныпезер
қарақшысы айдаланы алқымынан орып жіберді ме екен?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Гриша шал да дәл осылай қырылдап барып көз жұмған
болатын. Содан бері қанша жыл өтсе де, марқұмның елесі қыр
соңынан қалмай қойды. Әредікте көзі ұйқыға кете бергенде
қарсы алдына келіп тұра қалады.
– Никита! – дейді. – Сен осы қаншаға келдің?
– Он алтыға қадам бастым, – дейді бұл.
– Тұқымың тұздай құруына аз-ақ қалыпты ғой, – дейді ол.
Солай деп жаһанды жаңғырықтыра қарқ-қарқ күледі.
Бетпақ жеті түнде де салқындамай қырсықты, күйлеген
аспан да, жер де қоламта аңқиды, әредікте ескен леп сайқалдың
деміндей ыстық.
«Гриша шал мені о дүниеде жайыма қалдыра ма екен?»
деді іштей. Бұл үшін осы қазір, тағдыры жаһаннамның
табалдырығында тұрғанда бар керегі сол ғана секілді емініп
айтты.
Бәлкім, о дүниеге аттанудан үрейленгендігі шығар. О
дүниеден кімдер сескенбеген? Сол сұсты дүниеде мұны жалғыз
Гриша емес, талайлар қарғыстай күтіп жүр ғой.
Тұла бойын қорқыныш биледі.
Тұз татыған Бетпақ қан сасығандай...
Қаңсыған түнде қан уыстап отырғандай...
Алыстан... Бетпақтың қиянынан қан кешкен күндер
қиқулады.
Кіжінген, итше ырылдасқан, өштескен бетпақ күндер...
бірінен бірі жиіркенішті, бірінен бірі қорқау. Қайсысын
аударып төңкерсе де қан түкіреді. Дүкеншінің жиған-тергенін
қолға түсірген соң қаладан-қалаға сырғығаны бұл күнде өң мен
түстей.
Жылдарды жылдар тықсырды. Дүние кезек екен. Күндердің
бір күнінде жер-көк қарақшы әнін шырқай жөнелді:
«Әлемнің тыр жалаңаштары! Ғаламды тыр жалаңаштаңдар!»
Қарақшы әні қарақшы жорыққа шақырды.
Содан бері ат үстінде.
* * *
Қарулы жасақ Шерубай Нұрадан таң қараңғысында аттанып,
Манақаның Алабасқа шалқайған тұсындағы нысаналы жерге
АЛДАН СМАЙЫЛ түске қарай жеткен. Әдейі ойпаң қуып отырып, ұрымтал тұстан қырқаға көтерілгенде, қарсы беттен жаз жайлаудағы ауыл мен мұндалап шыға келді. Өзеннің жағасындағы шалғынға тігілген жиырма шақты киіз үй әудем жерден тырнаның шөптесінге салған жұмыртқасындай ағараңдайды. Талды арнаны жиектеп желі тартылған болар, жылқы үйездепті, шамасы екі айғыр үйіріндей. Арғы беттен қалың қой суға құлап келеді. Оң қол жақта Алабастың қатпарлы жотасы айғыр жалданған тоғайға еміне іркілген. Одан бергі жазықты қара дақтана шұбарлаған майда қарағанның ішінен шөккен түйелер көрінеді. Ауыл жақтан әупілдеп ит үрді. Әр жерден тік көтерілген көк ала түтін қарулы топты елден бұрын көріп, тосыннан төнген қатерден сескенгендей арқан бойында сеңдей соғылысты. Астындағы бозды тебініп қалды. Қыраттың тақыр беткейі дүңгір-дүңгір дүрлікті, үзеңгі қағыстыра екпіндей жөнелген көп тұяқтың дүрсілі талмау түстің таңын айырды. Қылышын қынаптан құлшына суырды. * * * Қой қамайтын қотанға иірілген жұрт бесін ауса да, қызуы қайтпаған күннің астында ұйлығып отыр. Ақсақал-қараса қалы бар, жігіт-желең, қыз-келіншегі бар... ұзын саны жүз қаралы. Ашынған, қорланған, кектенген жанарлар тікендей қа далды. – Қазір! – деп сызданды бұл. – Қазір сөндіріп-жандырамын! Өзеннің жағасына құрғызған киіз үйдің көлеңкесіне жайғасты. – Әкеліңдер! – деді саңқ етіп. Ұзынтұра денелі, дөңгелек сақалды шалды айдап әкелді. – Аты-жөнің? – Әкем – Жаппас, өзім – Оспан. – Малың? – Жүзге тарта қой, айғыр үйір жылқы.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Әкетіңдер!
– Қайда? – деді ұзынтұра.
– Ана кермеге матап таста.
Күн төмен еңкейгенде ақсақал-қарасақалдың бәрі соның
жолын құшты. Қайсысынан сұрасаң да үйірлеп жылқы, жүз
деп қой айдап шыға келеді.
– Қатын-қалашты қайтеміз? – деді ұзынтұра.
– Жатсын солай.
Бірі үйеме табақ қуырдақ, бірі қымыз тола тегене көтеріп
екі солдат жетті. Дене қыз-қыз қайнады, сары ала қымыз
бабын тапты. Қос жастықты қолтығына басты.
Бұларды не істесе жөн?
Мана өздері дүр сілкіндіріп асып түскен қырқа қалың
жылқыдан көрінбейді. Жан-жаққа шаптырған жасақ осы
арадан қозы көш жерден кезіктіріп айдап әкелген. Жыл
қышылардың бірі оққа ұшып, қалғандары сытылып кетіпті.
Қырқадан бергі жазықтың белі отар-отар қойдан майы
сады, киіздей тұтасып жатыр.
Өзен жақтан судың салқын лебі есті, жанға жайлы тиіп,
көл-көсір кенелткен. Аулақта, батысқа қарай қиғаштанған
қашаған талдың үстінде бір топ қаз қалқып барады, еңкей
ген күнмен бірге мамырлаған бейуаққа жарасып, қоңыр үн
қоңыраулатты, мүлгіген тоғай қам көңіл күрсінді. Тас төбеде
көк сеңгір аспан көкбеттенеді. Шырқау биікте ақ жолақтанған
мамық бұлтақ көздендіріп әуре. Күн шақырайып алып күй
діріп барады, заңғардан жаланған жанар ғаламды қас қақпай
бағып, қалт етсе, тұңғиығына суыра жөнелер ме екен?!
Қырдан шаңқ етіп мылтық атылды. Кермеде маталған
ақсақал-қарасақал елеңдеді.
Бұларды қайткен дұрыс?
Басын көтеріп түзеліп отырды.
Кермедегілер сұп-сұр, түнерген, қаны қашқан. Ортадағы
қара сақалдың қабағынан қар жауады.
Жанында жатқан мылтықты қолына алды, шатынаған
жанарға қарауылдық азықтай қадады. Жауыға шүйілген қа
расақал кірпігін қақпады. Қарауыл бойын ызғар кезді. Сор
түрткен болар. Керменің сол жақ шетіндегі сақалы беліне
түскен шалдың көзқарасы да жайсыз. Кәріліктен, әлде өш
пенділіктен қанталаған жанар қарғыстай қариды.
АЛДАН СМАЙЫЛ Сары қымызды сапырып ішіп, қос жастыққа қайта қисай ды. Аяқ астынан қылаң берген сұғанақ ой сұғынып тұрып алды. – Барынан жоғы... Иә, мәселені нақ осылай қою керек. Солай күрт кесіп, күрмеп тастау керек. Қара адырда қарсақ пен қасқыр қатар жорта алмаса керек. Сары қымыз маңдайдан шып-шып тер шығарды. – Қайдасың?! Ұзынтұра киіз үйден серең етіп шықты. – Не бұйырасыз? – Қағаз ал да жаз! Ол жалп етіп отыра кетті, былғары сөмкені тізесінің үстіне қойып, кірпік қақпай қаздиды. – Былай де. Манақа өзенінің бойында отырған ауылдың бай-манаптары малды тәркілеуге көнбей, қарулы қарсылық көрсетіп, атыс кезінде түгел оққа ұшты. – Жаздым, – деді ұзынтұра. – Онда мылтығыңды қолыңа ал! – Неге? – Мыналардың жанын жаһаннамға жібереміз! Сен оң жағынан, мен сол жағынан... Ұзынтұра түсінбегендей аңтарылды да: – Құп! – деді. – Баста! Көрейік, кім көбірек жайратар екен?! Қарғыс жанарлы шалды жүрек тұсынан басып салды. Келесі кезекте дөңгелек сақалды мүрдем кетті. Одан кісе тағынғаны, одан пұшпақ тақиялысы, одан қамзолдысы, одан мұрттысы... Ортаңғы тұстағы қара сақалға екеуінің оғы қатар тиді. – Жарайсың! – деді ұзынтұраға. Қотан жақ азынап, шулап жатыр, бебеулеген, аңыраған, ессізденген қалың сарын құтын қашырды. – Тоқтат! Азынатпа! – деп қалш-қалш етті. Солдаттар қотан жаққа тұс-тұстан ұмтылды. Әлгі сұмдықтан соң қорқыныш, үрейді ұмытқан жұрт тал шарбақты жапырып тастап, керме жаққа лап қойды. Улап-шулап төніп келеді. – Ат! Шап! – деп тулады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Тапаншасын кіжіне суырып алды. Оққа ұшқандарды құ
шақтай зар еңіреген қатын-баланы бірінен соң бірін сұлатты.
– Аяма! Қапта! – деп аласұрды.
Қарғыс жанарлы шалдың кемпіріне оғы қата тиіпті, қанға
боялған кимешегін жұлып тастап, аппақ қудай шашы дода-
додасы шығып, айғай сала көтерілді.
– Аттан! Аттан!
Тапаншасын алас-күлес оқтап, үсті-үстіне атты.
– Алысып өл! Жастығыңды ала жығыл! – деп ышқынды
кемпір.
Тәлтіректеп барып шалының үстіне құлап түсті.
– Аттан! Аттан! – деп жанықты жұрт. Әйел-бала қаума
лап келіп қалған солдаттарға қарсы ұмтылды. Айғай-сүрең
салып, жан алып, жан берісті. Найзалы мылтық, жалаң қы
лыш жарқ-жұрқ етті.
– Қыр! Жой! – деп қағынды бұл. Тәпелтек солдаттың
мылтығын жұлып алып, қарақұстан құлаштай соққан әйелді
қарауылға ала сала сұлатты.
Шыңғырған, шырқыраған дауыстан құлақ тұнады. Оң
жақ иығы терісіне ілініп салақтаған келіншек жанұшыра
суырылып шығып, тоғай жаққа безіп барады. Кермеге таяу
жерде бассыз дене тыпырлап жатыр. Одан әріде шалқасынан
құлаған солдат үстінде өлген әйелдің алқымында қарысып
қалған қолын жаза алмай жанталасқан. Шомбал қара қатын
кіндігіне қадалған қылышты суырып алып, шегіне қашқан
жауына тап берді де, оң жағында кимешекті кемпірді тепкі
нің астына алған солдатты шауып түсірді.
Бұрымы тобығына соғылған талдырмаш қыз қотаннан
әріде ошарылған балаларға қарай құрақ ұшып барады.
– Қашыңдар! Кетіңдер! – деп безектейді.
– Ат! – деді ұзынтұраға.
Мылтық гүрс етті, қыз балаларға жете бере бүктетіліп түсті.
Мына біреуінің қолына қару қайдан іліккен? Иықты боз
бала қылышты шыр айнала жалаңдатып, екі солдатқа бірдей
майдан ашқан. Аш күзендей жалт-жұлт жалтарып, біре
уін иықтан шауып түсірді, екіншісі мылтығын кезенгенше
алқымынан осып өтті.
– Аруақ! Аруақ! –деп құйқаны шымырлата ұрандады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Көйлегі парша-парша жыртылып, омырауы бұлт-бұлт жа
лаңаштанған қызды шаштан сүйрей жөнелген солдатқа тап
беріп, қылышты бүйірінен бойлата сұқты.
– Ат! – деп ышқынды.
Бозбала қарауылға ілікпей сандалтты. Қарсы келіп қалған
жауынгердің мылтық ұстаған қолын білегінен қиып түсіріп,
киіз үйлерге қарай сып берді.
* * *
Ерніне біреу тұз жағып қойғандай, удай ашиды. Тілі таң
дайына жабысып қалған, еңгезердей қазақтан су сұрамақ еді,
икемге келмеді.
Ұзынтұра ұйықтап кеткен бе, әлде жантәсілім етейін деген
бе, қыр-қыр етеді.
Мұның жасағына сол әкеліп қосқан, ана әзірейіл қазақ
тың қолына бұлармен бірге түскен солдат бүк түсіп отыр.
Атып кел, шауып келге жүйткіп тұратын ұшқыр еді, кешелі
бері оның да еңсесі езіліп, құр сүлдері қалған.
Дала ай жарықта ақжемденіп жатыр. Күннен нұр, айдан
сәуле сауған сансыз жылдарда оңған шүберектей тозайын
дегені де.
Ол осы қазір неге дар-дар айырылмайды. Қақырап, қырық
бөлініп тас-талқаны шықпас па?! Құрдым түнінде аспан
астын аңыратып, көкте айды боздатып, қадым заманның
қайғысын қоздатып, жұлдызды жесір, желді жетім етіп тор
ғайдай тозса, арман не?!
Алғаш рет өмірден күдер үзді. Тұңғыш рет өлімді өлердей
аңсады.
Бетпақ міз бақпай сазарды. Ақжемденген дала ақ кебін
сәулені серпіп тастады. Айды шөкімдей бұлт ұрлады.
* * *
Аттандап айқасқан әйелдердің көбі қырылды. Тірі қал
ғаны – он шақты қыз-келіншек, үрейі ұшып, тілі байланған,
тым-тырыс тынған, бір-біріне тығыла ұйысқан бала-шаға.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Шарбағы жапырылған қотанның маңы өлі денелерден аяқ
алып жүргісіз. Дені қатын-қалаш, бала-шаға, кемпір-сампыр.
Солдаттар оларды аударып-төңкеріп сақина-сырға, жүзік-
білезіктерін сыпырып жүр.
– Тездетіңдер! – деді өлгендердің арасынан өтіп келе жатып.
Қарсы алдында көйлегі омырауынан қақ айырылған ке
ліншек жатыр. Төңкерілген қос анары дір еткендей, әлі күнге
жантәсілім етпегендей... Сескеніп айналып өтпек болған, екі
көзін содан айырмай бұрыла берді де қол-аяғын бауырына
ала құлаған әйелге сүрініп жығылды.
– Алла! – деген ащы дауыс үрейін ұшырды.
Бүк түскен әйел жиырылып жазылды. Түршіктіре, тіті
рене шыңғырып, кеудесіне қона кетті. Салалы саусақ ал
қымынан сарт етті, тістене, түңілдіре сықты.
– Өлім келсін! Өлім! – деген жыртқыш үн сүйек-сүйегін
қарыды. Алғашқыда бұлқынып аласұрған, енді оған да ша
масы келмей барады. Көкірегіне тізесін жаныша қадаған
әйел қорғасын құйғандай ауыр, тынысы тарылып, жанарын
көкжасыл жалын тілгіледі. Әлдене тұншыға гүрс етті.
Есін жиғанда ұзынтұра басын сүйеп отыр екен.
– Қайда? – деді қылғынып.
– Кім?
– Ана албасты!
– Ол ма? Оны атып жығып... Сізді әйтеуір құтқардық.
Жатқан жерінен екі солдаттың сүйемелдеуімен зорға
тұрды. Әйел өзінен бір аттам жерде шалқасынан жатыр. Қа
рақұстан тиген оқ маңдай сүйегін күл-талқан еткен. Әлгінде өзі
жан ұшырып жыртқан шығар, көйлегі өрім-өрім. Қан қатқан
төсіне күміс баулы тұмар жабысып қалыпты.
– Манадан бері талып жатқан ғой. Тіріліп кеткенін көрмей
сің бе, – деп тыпырлады ұзынтұра.
Тамағы жұтындырмайды, тас тұрып қалғандай. Өлген
әйелге сескене көз салып, өзеннің жағасындағы киіз үйге
асықты. Айналасына қарамауға тырысқан, қаптаған мүрде
жанарына іліксе, өре тұра келіп бас салатындай. Аяғы-аяғына
шалынып, берекесі қашты. Есіктің алдындағы кілемге сылқ
етіп отыра кетті. Тоғай жақта біреу жүр ме, сырт етіп бұтақ
сынды. Бағана үш солдатты жайратып салып сытылып кеткен
бозбала болып жүрмегей.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Тапаншасының оғын түгендеп тізесінің үстіне қойды.
Төбесінен қара қарға қарқ-қарқ ұшып барады. Қотанның
үстінде айналып жүріп, қолын бауырына ала құлаған бала
ның желкесіне қонды. Жан-жағына сақтана қарап шоқи
бастады.
Кеңірдегін езіп жіберген шығар, түкірігін жұта алмай
шашалды. Жыпылықтаған жанарын қарсы қыраттың үстін
де жалқынданған қан қызыл шапақ қарыды. Қалың жылқы
жоннан қан жоса болып асып барады.
Басы айналып, көзінің алдында қызыл ала сағым бұлаң
дады.
Құлағының түбі күбір-күбір.
– Никита, осы сен нешедесің?
– Он алтыға шықтым.
– Е, мүрдем кететін кезің келіпті ғой.
Селк етіп орнынан атып тұрды. Мынау Гриша шалдың
даусы. Үзік-үзік естіледі.
– Сені өлім аңдығалы қашан...
Маңдайынан суық тер бұрқ етті. Оңбаған шал қыр соңы
нан неге қалмайды? Өлген қақпасқа не керек? Асығып-үсігіп
тапаншасын тауып алды, қолы қалтырап шаппасын қайырды.
– Иә, өлім қуып келеді сені.
Бұл жолы анық естілген, түршіктіре, жаныға шыққан,
өлімнің үніндей ызғарлы болатын.
О, сұмдық, мұнысы тағы қай сандалтқаны? Мынау өз даусы
ғой! Бұл әлгіден бері өзімен-өзі сөйлескен ғой! Тоғай жақтан
тағы да сытыр естілді. Торуылдап жүрген өлім бе екен?
Тапаншасын ала салып тарс-тұрс атқылады, маңайы гүрс-
гүрс күркіреген сайын долырды. Арс-арс жаңғырыққан өзенге
егесе аттандады.
– Өртеңдер! Күлін көкке ұшырыңдар!
* * *
Осыдан он шақты күн бұрын Гриша шалды түсінде көрді.
Жанына мұны қылғындырып өлтіре жаздаған әйелді ертіп
алыпты.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қарсы алдына келіп тұра қалды.
– Біз сені енді екеу болып аңдимыз! – деп ғайып болды.
Түнгі Бетпақтың қара көлеңке қиянына жетпей жұтылған
сүт сәуле секілді із-түссіз жоғалды.
Бұл бұрын шалды аяйтын, өз қолынан өлгеніне күйзеле
тіндей болушы еді, келе-келе онымен өштесіп алды. Қыр
соңынан қалмай қойса, енді қайтпек? О дүниеге аттанған
адамның бұ дүниеде шаруасы қанша, қарасын батырмай ма
біржола.
– Мейлің! – деді ширығып. – Маған десең он, жүз, тіпті мың
болып торуылда! Қорқытқаның өлім болса, оның әне! Аңдып
жүріп түсірді ақыры қолына.
Еңгезердей қазаққа жыртқыштана қарады.
– Әттең! – Кіжіне, қорлана, қағына тістенген, жақ сүйегін
шытыната булықты.
Бетпақтай безеріп, Бетпақша қуарды.
– О дүниеде жүрген тек сендей-ақ! – деп ұстасты Гриша
шалмен. – Алжымасаң, есің түзу болса, бұл күнде адамнан
әзірейіл көп екенін көріп, мені баяғыда жайыма қалдырар едің
ғой.
Иегінің астынан әлде құмырсқа, әлде өрмекші жоғары
жорғалап келеді. Ерніне іліккенде сылп еткізіп жұта салды.
– Қаптаған әзірейіл ғаламды тыр жалаңаш тауды менсіз-ақ
бастаған. Қан сасытқан! Қан сасытқан сайын жалаңдаған! –
деді долырып.
Ауа жетпей алқынды. Осы қазір өңі ме, түсі ме, белгісіз.
Дауыстап, әлде іштей сөйлеп отырғанын да айыра алмады.
– Жалған деші, ал! – деп шатынады. – Оның қолынан бар
келетіні сол болса, қайт дейсің?! Әзірейіл жан алу үшін жа
ратылған ғой. Әзірейілдің басы басқаға ауырмайды ғой!
Алыстан, ес танар қияннан қасқыр ұлыды.
Жапан дүзде аш өзегі талған әзірейіл ме екен?! Әзірейіл
келетін күнге ыңғайланса ма екен?!
Бетсіз Бетпақ ештеңе естімегендей бедірейген. Безбүйрек
Бетпақ боз көде кебінін берер деймісің. Боз сәуле ай мұңлық
тың күн шығарда оранар боз кебініне ұқсауын-ай. Боз кебінді
ботадай боздап сұраса ма екен? Бедеу Бетпақтың құбыла қал
ғанын қара! Боз көде кебін боз жалынға оранған. Боз құйын өрт
тұс-тұстан қаулап келеді. Өрт шарпыған дене күйіп барады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Әлгінде есінен жаңылған шығар, өртке оранған секілді
болған дала тымырсық түнде тым-тырыс. Сірә, Манақаның
бойындағы өрт көзіне елестеген ғой.
Солдаттар мұның бұйрығымен киіз үйлерді құлатып, бір
жерге жинады. Қаптаған мүрде солардың үстіне лақтырылды.
Айнала қойған от тез күшейді. Кереге-уық шатырлап жа
нып жатыр, ортада сол қалпында бүтін қалдырылған үйдің
киізі түтіндеп тұрды да, лап ете қалды, аждаһаның тілін
дей жалаңдаған жалын жылан бауырлап өрлеп, күлдіреуішті
айнала жиырылып жазылды. Күтір-күтір тұтанған шаңы
рақ сырт-сырт үзілген уықты астына ала құлады.
– Өрте! Күлін көкке ұшыр!
Қыбы қанып, қызына қиқулады.
От тиген мүрделер ісініп барып тарс-тұрс жарылып жа
тыр. Тарам-тарам шашыраған ішек-қарын қып-қызыл шоққа
шыжғырылып түседі. Көңірсіген май иісі мүңкіп қоя берді.
Айнала тозақ аңқып, тамұқтың азынаған албасты сарыны сай-
сүйекті сырқыратты.
Өзен бойы ызылдап сыңсып, күйзеле күңіреніп жатыр.
Тоғайға жан бітейін деген шығар.
Оны да отқа орар ма еді?
Сол жаққа құрыстана қараған, манағы қырғыннан сау
қалған үркердей қыз-келіншек бала-шағаны шұбыртып қа
лың талға сіңіп барады. Аңырап шулап барады.
– Ұста! Ұзатпа! – деп айғайға басты.
Даусын ешкім естіген жоқ, алапат үрей есті шығарып, көк
ке егесе шалқыған алай-түлей жалын басқа дүниені тас керең
ұмыттырған.
– Тып-типыл қыламын! Тұқымын тұздай құртамын! – деп
қалшылдады.
* * *
Мынау есінен адасқан шығар деп ойлады Смайыл. Баға
на әлдекіммен күбір-күбір ұстасқан, енді «Өрте! Өрте!» деп
қырылдайды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қапырық түн сусырап құлазығандай, бозаң сәуле боз
тұманға айналған ба, төңірек жақынын жаттай жасырып
түнеріп алған.
Суға езіп отырған құртты сарқып ішті, ертеңге дейінгі
сусыны да, тамағы да осы.
Мына қатерлі жортуылда қаншырдай қатып қалғанға не
жетсін, жанарыңды қадам басқан сайын адастырған қаша
ған Бетпақ бауырыңнан жарамасаң жауығады.
Ақ селеуі ай астында бұғынған түнгі далаға жалғандағы
жалғыз мұңдасындай бауыры езіле қарады. Дүние жарал
ғалы көні бір жібімеген осынау ұлы шөлден басқа енді мұны
кім ұғар?
Онсыз да құлазыған көңіл жұртта қалған көн торсықтай
қаңсыды. Тандыры кеуіп, тамыры суалған сірі ой ат арқасына
батқан қисық ердей қажайды. Жаны да, жанары да жауыр,
көз алдындағының бәріне тырналып біткен.
Көделі дала қария әжімденді, қатпарлы жүзіне болымсыз
сәуле дірілдеп тұнған, ақ селеу ақ сақалдай алдиярланып
өңірін жапты.
Құла дүзде, талмау шақта әулие қарттың бейнесі қылаң
бергендей.
Әулие қария ай жастанып әңгіме шерткендей.
– Пышағын қайраған заманға тісіңді қайра! – дегендей.
– Қабірін сайлаған заманға сабырыңды сайла! – дегендей.
* * *
Ауыл Дараттың бұлағына жылыстап қонған күні әкесі
Жұмағұл көз жұмды.
Жүзден асқан қарияның қайғысына қамалған елге түн
жамылып қаралы хабар жетті. Ысқақтың ауылын жау ша
уыпты.
Жұрт аяғынан тік тұрды. Зорығып жеткен бозбаланың
айтқан зобалаңы аһ ұрғызды. Әлі құрыған бейбақ аттандайды
да тыншиды, тыншиды да аттандайды. Қылыштың сабында
қарысқан қолы зорға жазылды.
Естіген құлақ түршіккен қырғын атқа суыт қондырды,
қарияның дене топырағы суымай жатып ел үдере көшті.
6-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Саңғыру мен Дараттың қиын тасын жақсы білетін үш жігіт
бала-шаға, қыз-келінді бастап тау асты.
– Тас кезіп болдырмаңдар. Саңғырудың Бүркіт қонған
биігіне сұғынатын қойнауы қалың терек, сонда бекініңдер, –
деген інісі Әліге. – Еңселі жерге қарауыл қойып сақ отырың
дар. Бізден хабар жетпей ат жалын тартпаңдар.
Бұлар да бір қосын көш еді, мінген көліктен басқа он шақты
атқа қой теңдеп, ауыр қозғалған.
Түйеге керек-жарақты ықшамдап артқан кемпір-шал, қа
тын-қалаш Қабантауға бет түзеді.
– Амандық болса Тасқоралыда тоғысармыз, – деді Ақби
бұлардан жырылып бара жатып.
– Қош бол! Жалғанның жазымы көп, олай-бұлай болсақ,
кеш! – деді әкесінің інісі Шорағұл атын тебініп.
Жабығыңқы үркек көш таң қараңғылығына жұмбақ жұ
тылды. Қалың жылқы Дараттың жазығындағы қарағанға
араласып, ол да көзден тасаланған, тау аралап отырып Қу,
Мұңлы аспақ.
Отар-отар қой солардың бәрінен бұрын қозғалған бола
тын, ендігі тай шаптырымдағы Атасудың қарасын танып та
қалған шығар.
Жағадан алған жаудан алқымға жеткізбей арылса, бәрінің
тоғысар жері бір, қияндағы Мұңлының бөктері. Ат тұяғы баса
қоймайтын, ел назары түсе бермейтін сол шалғайдан сауға
сұраған жан дәрмен хал осы-ды.
Қам көңіл көш ұзаған соң жігіттерді ертіп, Дараттың Көр-
қыстауға тоғысатын тұсындағы түйе өркеш асуға келіп бекінді.
Ысқақтың ауылынан бері лықсыған жау осы жерге соқпай
кетпейді, сол қолда қия тасты Жеке шоқы өткел бермесе, оң
жақта Саңғырудың құлама жоталары тақырланып, ат тұяғын
үгеді.
Қарабұжыр қос отау тас арқан бойы алшақта бір-біріне
түксие түйіліп тұр. Өжеттенген, өштескен, сұсты сес бар.
Ортадағы ығы-жығы томар тас қарт бураның тісіндей мұқыр,
қара көлеңкеде намазға жығылғандай құнжың-құнжың етті.
Тас сыналап өскен сұйық арша тобықтан шалып, жығылып
тұрды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Аяқ астынан шұрқырап ұшқан күйкентайдың қанаты таңғы
алауға малынды. Төменде құба белдің жоны дір еткен.
– Анау не? – деді жанында тұрған Ақмырза.
Белдің үстіне ерін бауырына алған жалғыз ат тепкіленіп
шықты. Шошына тулап, құлдилай салғанда, тұяқ дүбірі бөк
терді ұлардай шулатты, түн қараңғылығы соңында түріліп
барады.
Көлеңке көбесі сөгіліп, даланың етегі еппен түрілді, бауы
ры ағараңдаған жалбыр бұлтақ балтырланған белдеу жонға
қылықты асылды. Көк кемерде көксеңгірленген көгілдір
алау шілдедегі шыңылтыр таңның есендігін тілеп, батыс қап
талы күдікті түнерген жойқын жазыққа күрсіне көз салды.
Таудан тайып ескен салқын леп дел-сал дүздің кірпігінде
сусып, беткейдегі тақыр тастың бетінде таңғы шық тарыдай
шашылды.
Төменнен, қиқу жетер жерден жылқы кісінеді. Манақа
ның Алабасқа шалқайған шалғайынан қалың табын киіз
жонданып шұбырып шықты, беті өздері бекінген асудың
иек астындағы ойпаң, басын жерге салмай соза тартқан.
Қос сауыры әредікте бұлт-бұлт сөгіледі, топ-топ тай-құлын
құйындап суырылып, құлдырап құйылады. Сақ желген, сақа
айғыр, мама бие әлденеге елеңдесіп, жалт-жұлт етісіп, таңғы
салқында сабыла жөнелердей секемшіл.
Құба дала асудың алқымына қарай құланкөштеніп ағып
келеді.
– Мынау Ысқақтың қалың құласы ғой, – деген іштей. –
Күткен жау енді кешікпес.
Табын жақындаған сайын дүбір күшейе түсті. Сансыз тұяқ
ін түбінен суырып шығарған болар, жалғыз түлкі биікке
қарай салып ұрып келеді, етекке іліге бере қалт тұра қалды да,
тау бөктерлеп жоғалды.
Жылқының бір бүйірі дүр етіп сөгілді, кебеже қарын
құла тай-құлынын шұбыртып кері қайқайды. Тас лақтырым
ұзағанда, алдынан шұбар мінген біреу көлденеңдеп шықты,
мойнында найзалы мылтық, жамбасында қылыш салаңдай
ды. Табынның соңында алты солдат қопаң-қопаң.
Жігіттер томар тастардың түбіне жата-жата кетті.
– Не істейміз? – деді Ақмырза.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Байқастайық. Егер жасақ ере шықпаса, тәуекел етіп
көрерміз.
Жылқының алды тауды алқымдағанда, манағы жалғыз ат
дала жақтан шауып шықты, бауырына ауған ерден әлі үркіп
жүр.
Анда-санда шыр айнала мөңкіп алып, табынға төтелей
тартты, дүркін-дүркін кісінесе, қалың құла дүр-дүр желеді.
Тау іші гүрс-гүрс жаңғырықты, солдаттар жапыр-жұпыр
мылтық атқан, жалғыз ат мойынын төсіне алып мұрттай ұшты.
– Хайуан! – деп тістенді Ақмырза.
– Жылқының соңы таза, – деді отау тастан қарауыл қара
ған жігіт.
– Кеттік! – деді бұл.
Табынның беті осы деп Саңғыру жақтағы қатпарлы жонға
асықты, ат тұяғын кеміретін қияпаттан қиялап асқанша,
қалың құланың алды да көрінген. Тақырға іліккен көп тұяқ
тың дүбірінен құлақ тұнады, биіктен сансыз тас гүр-гүр құлап
келе жатқандай.
Сар желген ақ жал айғыр жотаның етегіндегі шоқ талдың
тасасында тұрған бұларды сонадайдан сезіп осқырынды. Құ
лағын жымитып қиястанып, табыннан арқан бойы озып
шығып жер тарпыды.
– Шала бүлінбе! – деді Ақмырза. – Жолыңнан қалма!
Айғыр жылқының бергі бетін ықшамдай қорып, жал-
құйрығы төгіліп өте шықты, басын шұлғып тастап, оқтын-
оқтын ішін тарта кісінейді, таңмен таластырған мына сапар
дың жайсыз сапар екенін сезетіндей жануар.
Солқ-солқ желген мама бие, сарт-сұрт тебіскен тай-құлын,
табынға бойлап сіңе алмай сусыған үйір-үйір саяқ тастақта
қалт-құлт тайғанақтайды. Иесі кеткен соң киесі кеткендей
үркек.
Жылқының соңын ала солдаттар да көрінген, ат арқасын
да былқ-сылқ бейғам.
– Ұмтыл!
Шоқ талдан сұғына суырылды. Күрең мінген мұрттыға тез
араласты, қайың сойыл қақ маңдайдан сарт етті. Қылышын
қынаптан суыра берген екіншісі де соның жолын құшты.
Ақмырза жырыла қашқан шұбар аттылының соңынан салған,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бұғалық лақтырар жерден үйіріп түсірді. Жігіттер де қас
қағымда килігіп, мылтық кезенуге келтіртпей еңсеріп әкетті.
* * *
Ұрансыз мылқау айқастан соң айнала құлаққа ұрған тана
дай тына қалды. Құрық бойы көтерілген күннің сәулесі
тақыр тастың бетінде сыбдырсыз сынып жатыр. Етек-жеңі
кеңіген көделі дала Манақаға қарай қайқайған қалың жыл
қымен бірге көшкен, сезікті таудан іргесін аулақ салайын де
ген шығар.
Қос отау тас мұқыр мүйізденіп, көшкен далаға осқырына
қарады.
Жасамыс тұтқын: «Жасақ бізді өкшелей шығады», – деген.
Қол-аяғы маталған солдаттардан қан иісі білінеді. Асудың
ауасы жылымшы татыды. Кермек дәм көкіректі сыздата
ыстаған.
Отау тастың төбесінде жалғыз лашын манадан қалықтап
жүр, ұясы бар болар, сірә. Жалғыз лашын жылқы аңқыған
даланың өлім аңқығанын біле ме екен?!
Қалың құла сіңіп кеткен жалпақ жазықты сағым жалдады.
Сағым ойнатқан күннің кірпігіне шөкімдей бұлт ілінді. Отау
тасқа тоқымдай көлеңке қона беріп үрікті, ту сырттан дүбір
шықты.
Боз аттылы ұшыртып келеді.
Жалғыз лашын солай қарай қайырылып, боздың үстіне
тасқындай құйылды, түйіліп барып, көк желкеден қайқаң етті.
Боз ат аспанға қарғыды, үрке жосылып ылдидағы ұшқатқа
тез ілікті. Ерден домалап түскен иесі асуға асықты.
–Мынау Ысқақтың ауылынан келген бозбала ғой, – деді
Ақмырза.
– Жылқышылармен бірге кетпеп пе еді?!
Ол бір құлап, бір тұрады, әлдене деп қол бұлғайды.
Жігіттер тұра жүгірді, бозбаланы демеп қайта көтерілгенше
«ел аман болса игі» деген күдікті ой күйдіргідей күйдірді.
Бозбаланың өңі боп-боз.
– Жау! – деді алқынып.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Шілденің күні шыжғырып барады, жалғыз лашын енді жоқ,
отау тасқа қанаты күйіп қонған шығар.
Қайратты құс қарасын батырған соң етекте қара қарға
қарқылдады, сағым оранған даланың сағы сынды. Даланы
сайтан сапырып жатыр, бел-белес, жон мен қырат жосылып
жоғалады,
қалқып
қайтады.
Жөңкілген
жазықтың
жоқтаушысы жоқ, жаушының жайсыз хабарынан соң төңірек
тентіреп кеткен.
Бозбаланың талмау даусы ызың-ызың.
– Атасуға іліккеніміз сол-ды... қашаған талдан салт аттылар
сау етті...
Тарс-тұрс... гүрс-гүрс....
Құтын қашырған үн осылай құлақтың түбінде шулады да
тұрады. Қынынан кездігін суырып, тақыр тасқа жаныды,
көңілін солай аулағысы келді, әлгі ызыңнан арылғанша
асықты.
Ақмырзалар елге жете ме екен?!
Жылқыға қарулы жасақ тұтқиылдан килікті деген хабардан
соң, жанына үш жігіт қосып суыт аттандарған.
– Ақбиге айт,Тасқоралыда аялдамасын, Мұңлыға Бетпақ
арқылы ассын, – деп тапсырған еді.
Томар тасқа сүйенген бозбала қалғып кетіпті, найзалы
мылтықты тізесінің үстіне көлденең сұлатқан, мана жік-
жаппар болып сұрап алып еді.
Өзінің де көзіне ұйқы тығылған шығар, отау тас жемтікке
қонған күшігендей қопаңдады.
Төңірек қайтадан ызың-ызың...
– Сейтқұлдың аты оққа ұшты... Тоғайға жаяу қашқан...
– Желі бойы ұзамай құлап түсті... Жер тіреп зорға тұрды....
Айғайлап аласұрды...
– Смайылға шап... Смайылды тап...
Кездіктің сабын тістене қысты. Ақмырза елге жетсе игі.
Бозбала ұйқысырады. «Ұмтыл! Қапта!» деп ұрандап
атып тұрды. Жанары қанталап кеткен, тісін шақыр-шұқыр
қайрайды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Асудың үстінен топ құзғын ұшып өтті, беті – бағана
солдаттар атып тастаған жалғыз ат. Күндердің бір күнінде бұл
да жемтікке айналар ма?!
Сағымды
дала
сасыған
өлексе
тәрізденді.
Маталған
солдаттардан өлім иісі әлі аңқиды.
– Әкетіңдер!
Жігіттер ылдидағы ұшқатқа сүйрей жөнелді.
Бозбаланың қарғыстай қарыған хабарынан соң жетеуін жер
жастандырғысы келген, дәті жетпей қажыды.
Жалғыз лашын қайта ұшқан ба, ауа сусылдады. Көкке күн
салып қараған, қара ноқат биікке шырқап барады, көз ұшынан
үзіле бере кері салды, төменде қалбаң-құлбаң қанат қаққан
құзғынға құйылып келеді.
Баяғыдан осылай, дала қыраны өлексеге үйірдің бәріне
қырғидай тиеді. Тектілігінен шығар.
Сағымды жазық бүлк-бүлк қайнап жатыр, сор маңдай
даланы тозақ оты шарпыған болар, қайда қараса да, көңілді
көктей солдырып, шырғалаң ойды шыжғыра жөнеледі.
Құдай-ау, осынау өңір күні кеше ғана көл-көсір емес пе еді,
дүниенің талақтай тарылуы оп-оңай екен ғой.
Қанжардай қадалған құрып кеткір күдік те қажытып бітті.
Жылқыға Атасуда араласқан жау Қабантаулатып бас
сауғалаған елге кезіксе, қалған қарекеттің бәрі далбаса. Бір
сәт асуды тастап, көштің соңынан салғысы келді, далада
жалаңдаған жау жалғыз болмаса, қай құбыланы түгендеуге
жарайды бұл? Орнынан осы ойға бекіп тұрған, отау таста
қарауылдаған жігіт алқынып жетті.
– Келе жатыр!
Қараң-құраң сағымнан ақ жал мінген біреу желдіртіп
шықты, соңында шұбырғандардың қарасыны мол.
– Ұзын саны отыз шақты, – деді жігіт.
Тұяқ дүбірі анық естіле бастады, жасақ толқындай төгілген
екпінмен етектегі тастаққа тез ілікті, лықсып келіп асудың
алқымына кептелген, жапыр-жұпыр аттан түсіп жатыр.
– Хайуан!
Бозбала төмендегілердің төбесінен шаншылып тұр.
– Қаныңды ішермін! Қан құстырармын! – Мылтықтың
шүріппесін шақ-шұқ қайырды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Тоқта!
Шап етіп ұстай алған.
– Әкемнің ақ жалы! – деп қалшылдады ол. – Әкемнің!
Томар тастың түбіне еңіреп отыра кетті.
Солдаттардың бәрі кілең құла мінгенін енді байқады.
Ысқақ ауылының жігіттері қысы-жазы қос аттан жа
рататын, сол есіл жүйріктердің енді мыналарға бұйырғаны ма?!
Жасақ етекте ат шалдырым аялдап асуға қарай шұбырды.
– Не істейміз? – Жанында тұрған серігі тықыршып сұрады.
– Не істеуші ең! – деп шаңқ етті бозбала. – Қырасың! Қыбың
қанғанша, ішек-сілесі қатқанша!
Смайыл оған көңілі тола қарады.
– Болайын деп тұрсың-ау мына заман болдырса! – деген
іштей. Өзі итжығысқан екі ойдың ортасында сенделген-ді.
Биікте тұрып жоғарыға өрмелеген мыналарды нысанаға
алу оңай, онда өштескенді өшіктіре түсесің. Жаралы жау –
жаралы қасқыр, қайырылып шапса, қан қақсатпай қоймас деп
беттеспей кетсең, артыңда үркек елің бар, қолға түссе жағалай
қырылмасына кепілдігің кәне? Аңдысқанды алып түспей,
шабысқанды шауып түспей тоқтамайтын күн туғаны ма?!
Солдаттар асудың орта тұсына ілікті. Тәуекел! Басқалардан
таяқ бойы алда келе жатқан жирен сақалдыны қарауылға
алды.
Жігіттер де бір-бірден сұлатып салған. Аман қалғандары
етекке қарай сүріне-жығыла безіп барады. Соңынан сұғынған
оқтан тағы да төрт-бесеуі жер жастанды.
– Қалай екен?! – деп қиқулады бозбала. – Қан уыстаған
нәлет, қан құсып тынарсың!
– Тура он екісі мүрдем кетті, – деді жігіттердің бірі.
– Әлі он сегізі бар, – деді екіншісі.
Жасақтың сау қалғаны оқ жетпес жерге ұзап барып иірілді.
– Бұлар енді қайтып беттемейді, – деді Смайыл. – Басқа
амалын іздейді. Екі жігіт қос отау тастан қарауылдаңдар,
араларынан бірлі-жарым бөлініп, ту сыртымыздан қадап атып
жүрмесін.
– Әттең! – деді бозбала. Қыннан шыққан қылыштай қырқып
айтты. – Әттең, ана ит ілікпеді-ау қарауылға.
– Кімді айтасың? – деді жігіттер.
– Ақ жал мінгенді. Мына көп жендеттің көкжалы сол.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Жау етекте түс ауғанға дейін ошарылды да, өлгендерді
көмусіз қалдырып, келген ізімен кері қайтты. Бұлар бесінге
дейін аңысын аңдып барып атқа қонған. Былай шыға бере
артына қарап еді, қол-аяғы шешілген алты солдат иіріліп әлі
тұр екен, сау қалғандарына сене алмай сандалған шығар.
Ауыздығымен алысқан күреңді еркіне жіберді, Дараттың
бұлағына жеткенше тізгін тартқан жоқ.
Ел түн ішінде апыр-топыр көшкен жұрт жайрап жатыр.
Жерошақта қалған қазан, төңкерілген кебеже, шашылған
төсек-орын, қараған көзді қаңсытады. Бұлақтың жағасында
үкілі сәукелені шалғын орап алыпты.
Жұрттың тау жақ шетінде қараша үй қалғиды. Ол Әл
мағамбеттің шаңырағы болатын.
Әпенді неме елден бөлініп қалған ба деп ат басын бұрды.
Жарма есік шалқасынан ашық жатыр, іштен ыңырсыған,
әлде ыңылдаған дыбыс шығады. Ерден еппен түсіп, тың
тыңдады, енді әлгі үн үзіліп-үзіліп естілген. Не нәрсеге ба
ларын білмей аңтарылды, қаруын ыңғайлап сақтана таялды.
Жабықтан сығалай бергенде әлдене салдыр-гүлдір етті, есік
тен өңкиген біреу атып шықты.
Сескеніп кері ыршып түскен, қарсы алдында жанары алақ-
жұлақ етіп Әлмағамбет тұр.
– О, ит! – деген шошып.
Ол зәресі ұшқан кейіпте тізесін бүге берді де атып тұрды,
ішін басып мәз болды, шиқылдап, ішегі қатып санын саба
лады.
– Қан! Қан! – деп қылғынды. – Қайда барсаң да, сар-сар
сарқырайды.
Үйді айнала жүгіріп сақ-сақ күлді, жанары ұшқын атып
сөнеді, сөнеді де жалындайды.
Таң атады қан сұрап,
Кеш батады қансырап.
Қара қасқа! Қара қасқа!
Аласұрып кеудесін тоқпақтады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Күн дегенің күн емес,
Қанға аунатып алған соң!
Тау дегенің тау емес,
Қанға малып қойған соң!
Айт! Айт! Алып соқ!
Жанынан кетсем басылар деп бұлақ жақта қалған жігіт
терге қарай жүрді. Әлмағамбеттің даусын естіген шығар, олар
да келе жатыр екен, араларынан бозбаланы көре алмады.
Жүрегі шым етті, көз алдына асудың етегінде қалған алты
солдат елестеген.
Ал Әлмағамбеттің жағы семер емес.
Суға шөлім қанбайды,
Су атаулы қан татып!
Адыра аспан қарайды
Қабағына қан қатып!
Аттан! Аттан!
– Өшір үніңді! – деп ақырды.
Айнала қан сасығандай жирендіріп бара жатыр еді. Ол
өрши түсті, аузы-басы қисаңдап құтырып кетті.
Хан шарабы қан болар,
Қан ұрттаған хан болар!
Аруақ! Аруақ!
Жігіттерді айнала орғыды, қиқулап, ұрандап өршелене
түсті, етегі жырымдалған шапаны көтерем тайлақтың жабағы
жүніндей жалпылдайды.
Жалаңбұт, жалаңбас,
Мола тоқ, дала аш!
Үрит соқ! Үрит соқ!
Құлағына аруақ сыбырласа да, сайтан сарнатса да үрейді
ұшырып барады. Диуана шатыс әңгүдік пәле шақыра ма, жоқ,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
болар лаңды шулата ма, бебеулеген сайын қарш-қарш қабады,
арс-арс талайды.
Киіз үй жаққа атойлап ұзап, жалаң-жұлаң оралды, омы
раулатып соғып өтердей андыздап келіп, шабынып тұра қалды.
Қырда қалды қақ сүйек,
Тыпырлама, жат, сүйек!
Сай табаны сар сүйек,
Ой табаны ақ сүйек!
Боздақ! Боздақ!
Омырауын төмпештеп, маңдайын соққылады, жерге жата
қалып атып тұрды, езуі ақкөбіктеніп кеткен.
Боздақ! Боздақ!
Көзіне көзі түсіп еді, қан қызыл жанар қан қақсап қадалып,
қарып өтті.
Асу жақтан боз аттылы жосылтып келеді, санын сабалап
қарсы жүгірген Әлмағамбетті қағып кете жаздады. Боздың
алқымы ақ көбік.
– Қайда жүрсің?
Бозбала теріс айналды.
– Біліп тұрып несін сұрайды! – деп саңқ етті. Әлмағамбет тас
төбеде қалқыған шарбы бұлтқа қарап тізерлеп отыр, бағанадан
бергі
алас-күлестен
шаршаған
секілді,
естілер-естілмес
күбірлейді.
Былтыр көрген бала жын,
Биыл көрген шала жын,
Бұлт болған ала жын,
Имандыға нала жын,
Туысы арам қара жын,
Жауықтырмай тара, жын!
Бұлар атқа қайта қонғанша сол орнынан тапжылған жоқ.
Бозбалаға:
– Саңғырудың Бүркіт қонған биігіне, Әліге барасың, Әл
мағамбетті ала кет, – дегенде жалт қарады, жылан шаққандай
АЛДАН СМАЙЫЛ
ыршып түсіп, қарсы беттегі тік шоқыға қарай жүгіре жөнелді,
аяғы-аяғына жұқпайды, соңынан ұмтылған бұған жеткізбей,
жолында кесе-көлденеңдеген қалың қарақатқа қойып кетті.
* * *
Қабантаудың
етегіне
тұяғы
тигенде
күрең
құлағын
қайшылады, тауды кемерлеген қалың қарағаннан бірнеше
мылтық жарыса атылды. Қапталдасып келе жатқан жігіттер
ат жалын құшты. Сол жақ саны тыз етіп басылып, іле күйіп
ала жөнелді.
Тарс-тұрстан үріккен күрең шыр айналып құйындай
ұйтқыды. Өздері әлгінде ғана кесіп өткен терең өзекке тез
іліккен. Ердің артқы қасына әлдене сарт етті. Ат томарлы
қабақтан бүгіле қарғыды.
* * *
Даратта аялдай алмай, тікенді қойнаудағы Аюшатқа түнеп
шыққан, таң қылаң бере тауға жаяу өрледі.
Санын белбеумен қатты тартып тастап еді, сыздап шыдат
пай барады, қоң етін жанап өткен оқтың ізі қадам басқан сайын
удай ашиды, биікке көтерілгенше сілесі қатты. Үстін қына
басып кеткен сандық тасқа отырып ентігін басқан соң қарсы
бетке дүрбі салды.
Қабантаудан бергі алқап жансыз, тіршілік белгісі жоқ.
Көз ұшындағы Атасудың ұзын талы Айдаһарлыға ирелеңдеп
барып тоқтаған, алып жылан ашулы аждаһаның азуында
алқымына дейін жұтылып сұлқ түскендей.
Қарсы алдында дөңкиген Оғызтаудың етегіндегі жалпақ
қарағанға қонған көлеңке сәт санап сұйылып барады, одан
беріде қалың жылқы жайылып жатыр, ылғи күрең мен шұбар
көзіне оттай басылды.
Табынның оң жағында төрт-бес аттылы көрінеді.
Бәлкім, таудың бөктерінен, бәлкім, Дараттың бұлағынан
түйе боздады, талмау шақта бейжай өңірді күрсіндіріп та
ШЫҒАРМАЛАРЫ
райды, алакөбеде Әлмағамбет көрген ала жын киесі қашқан
иесіз далада аруана кейіпте азынап жүргендей. Сайтандан
ған, тозағы шыққан атырапты құлқын сәріде жын жайлама
ғанда, кім жайламақ?!
Жамбаскөңдегі тоғаннан басталатын биік шидің түбі қы
быр-қыбыр, бір отар қой өріп барады. Малды бұл маңнан ұзат
паса, жау да жақын шығар.
Түйе тағы да боздады, бұл жолы анық бұлақ жақтан естіл
ген. Орнынан тұрып, қия тастардың тасасымен солай қарай
жүрді де, сылқ етіп отыра кетті.
Көш алдыңғы күні тастап шыққан бұлаққа қайтып ора
лыпты, шалғынға шөгерілген түйелерден шал-кемпір, қатын-
қалаш жүк түсіріп жатыр. Мылтықтарын көлденең ұстаған
солдаттар көрінеді. Әлмағамбеттің қараша үйінің алдында
төрт қалпақты бөлек тұр, бәрі желкедегі Көрқыстаудың жо
тасынан құлаған салт аттыларға қарап қалған. Топтан құ
рық бойы озық келе жатқан сары ала иықтының астындағы
ақжалдың желісі шапқан атқа бергісіз.
Жүрегі аузына тығылды. Он отырып, он тұрды, сыздап
шыдатпай бара жатқан құрып кеткір қара саны ма, әлде
көкірегі ме, жанарында сандалған таңғы талмау дүние ме,
күйдіріп ала жөнелді. Тауға тармасқан сәуле тақыр тасты да,
мұны да шоқтай қариды. Не болып, не қойғанын айыра алмай
жанталасты. Кеудесін жезтырнақ сұрақ қағына тырнайды.
– Біткені ме? Құрып-тынғаны ма?
Маңдайдан құйылған тер көк ала тасқа тырс-тырс тамды.
Көкірегінде алапат өрт лаулайды да сөнеді, сөнеді де лаулайды.
Аюшатқа құр сүлдері жетіп, тас үңгірге сүріне құлағаны
есінде жоқ. Әлі құрып сұлқ түсті ме, әлде талықсып жығылды
ма, ол да белгісіз. Үңгірдің іші қара көлеңке, тамағы құрғап
жөтел қысып еді, тас қабырға қаңғыр-күңгір іліп әкетті. Оқ
сойып өткен қоң еті солқ-солқ суырады, саны ісінген болар,
тері шалбар тырсиып тұр.
Қынынан кездігін алып жараның тұсын тіліп жіберді, оқ
тың ізі түрен тигендей ырсиып кеткен, іріңдей бастапты.
Бағана сүрініп құлағанда қолынан ұшып кеткен мылтыққа
қарай еңбектеді, ұңғыдағы оғын алып, патрондағы күкіртті
жараға сіңіре септі. Лап еткен от қара санды қақ бөлді ме екен?
Қара санның қақ сүйегі қаусап түскен шығар?!
АЛДАН СМАЙЫЛ
Жанарының алдында жарқылдаған жасын тас қабырғаны
жалт-жұлт осқылады. Күйген еттің қоңырсық иісі қолқаны
қапты.
Таудың тас керең қойнауынан, әлде өзінің дүлейленген
түкпірінен мылтық тұншыға атылды. Күңгірт үңгір күңіреніп
басылды. Өз етін өзі пісірген пәледен түршіккені шығар.
Тілі таңдайына жабысып қалған, икемге келмейді, қаны
кеуіп барады. Ғайыптан біреу жарты тамшы су әкеліп тамыз
са, алдағы атар таңдары мен батар күндерін қосақтап бере
салар еді. Бұған енді жарық сәуленің керегі қанша, бейіштің
кешкі нұрындай жамырайтын ақшам мен жаз жайлауда бал
бырайтын түндердің де қажеті жоқ. Ай астында ақселеумен
аймаласып, көнтері даланың көңілін қылықты аулайтын сүт
сәулеге де бұрынғыдай құмарта алмайды. Қайдағы бір тылсым
сезіммен көкті дәмелі кезіп, қиялдағы аруға жұлдыз терсем
дегізетін ақ көңіл арман мұны енді қайтып алдаусыратпас.
Бұл жаратқанның жазуымен мың жыл жасаса да, бір күн
өмір сүрсе де, қаншардай қатқан кек пен қаңғыған қара құс
қайғыдан басқа сенері де, серігі де болмайды.
Тас үңгірде тасжүректеніп тістенді.
– Кек!
Тас қабырға тас-талқан жаңғырықты.
Жарық дүние үңгірден шыға бере жармасты, өткір сәуле
жанарын шыныдай шытынатты. Жарық сәуле кездіктей
қадалады екен-ау.
Шілденің күні бесін ауса да күйіп тұр. Арқандаулы күрең
ге алқынып әрең жетті. Аюшаттың етегінде жылап аққан
бұлақпен ат та, өзі де шұрқырап табысты.
* * *
Ертеңіне бұлақтың тұсындағы биікке жанын жалдап кө
терілген. Әлде таудың қатпар-қатпар табанынан, әлде өзінің
көрдей суық әлемінің тұңғиығынан мылтық тұншыға атылды.
Ауыл абыр-сабыр, бір топ солдат шал-кемпірлерді алды
на салып, бұлақтың арғы жағындағы жазыққа қарай қуып
барады. Олар ұзай бере бір бүйірден он шақты аттылы қы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
лышын жалаңдатып шауып шықты, қиқулап, құйындатып
ұшыртады.
Ат дүбірі сескендіріп, тарала қашқан елге тез араласты,
ұрандап килігіп, ұлтарақтай турады.
– Алла-ай! – деді.
Дүрбісі қолынан түсіп кетті.
Тақыр тау күңірене төңкерілді.
* * *
Оқыс дыбыстан селк ете түскен, еңгезердей қазақ күрк-күрк
жөтеліп отыр.
Қапырық түн ащы ішектей созылып таусылар емес, таң
қайтып атпасқа, күн сірә де көтерілмеске ант берген шығар,
қарабарқын көкжиек уақыт өткен сайын түнере түседі.
– Маған керегі де сол! – деді жанығып. – Қызуы ұзақ түнде
қайтпаған, талмауратып таңдайды қақтаған құрып кеткір
даланы түксиген көк түгімен жұтып жіберсе, жалмауыз жа
һанның айызы бір қанбай ма?!
Екі бүктетіліп қалған ұзынтұра дыбыс берген секілденді.
Сіресіп қалған мойнын сықыр-сықыр бұрды. Ашкөзден
ген, әлем-тапырығы шыққан, әбжылан жанар қадала кетті.
Түңіліктей түрілген салпы еріннің ар жағынан ақсиған сирек
тіс айқыш-ұйқыш айбат шекті.
Үрейі ұшып отырып:
– Мынау жынданған шығар! – деді.
Ұзынтұра шалажансар қозғалақтады.
– Су! – деп сылқ түсті.
Боз жылан сәуле көде үстінде ирелеңдеп, бұлыңғыр далада
беймаза күдік безек қақты, жұтаған әлемі соңында соры
қайнап желеді. Ызадан да, кекірейген кектен де, ойсыз-мұң
сыз шақтан да жұрдай көрсоқыр көңіл қияли қиянға қаңғып
кеткен. Қайда қараса да көлбеңдеген көп елес, бәрі сүреңсіз.
Еңгезердей қазақ тағы да күрк-күрк жөтелді.
– Бұл сау қалдырмайды, – деді түңіліп. Неге солай дегенін
түсінбей шатасты.
Шығыстан түнгі түнемел самал есіп еді, дамылдағы дала
көделі шалғайын қаққыштады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Салқын самал тау етегіндегі бұлақтың шалғынын жиі
сапыратын. Сол бұлақтың басында талқаны шыққан ауылдың
жантәсілімдегі азан-қазаны мәңгүрт түнде алыстан талып
жеткен секілденді. Үні өшкір беймаза ызыңның шалғайдан
адасып келгені бір бұл емес, Бетпаққа іліккелі солай. Сірә,
төңіректеп жүрген өлімнің үрейі әредікте көкірегінде кәрі
қайтқан қартаң жындай қыңсылайтын шығар.
– Басқа не болмақ? – деп алдаусыратты өзін. – Басқа ештеңе
де емес.
Содан соң осы сәтке дейін өлім жайлы толғанып көрмеге
ніне таңырқады.
Иә, бұл талайдан бері өлімге айналып жүріп, өлім жа
йында тіптен де алаңдамапты. Қарауылда қалтырағандар
о дүниеге көз алдында оп-оңай аттанып жатса, несіне бас
қатырсын? Тегінде, мұның өмірі өлім туралы қиналмайтын
өмір ғой. Ақиқаты осы, өлімді іздеп жүретін өмірлер бола
ды, өзі үшін емес, өзгелер үшін. Ол хақында Гриша шалдың
өлімі айтып берген. Кейін өлімге жерік заман болатынын біл
ді, бұл жайында бүгінде жер де, көк те күні-түн сарнайды.
Өзіңе төніп тұрмаған өлімнің өмірден айырмашылығы жоқ.
Өліп бара жатқан заман өзін өлімге байлаған заманға өмір
сыйлап өшеді. Иә, өлімнен өмір көктейді.
Бұлақтың басында тып-типыл болған ауылдың азан-
қазаны айдалада адасып қалды, көкірегін қайдағы бір сан
дырақ үрей ұлардай шулатады. Өлімге жерік заман туралы
шындықтан ширап алды, Дараттың етегіндегі ауыздықпен
алысқан күндер дүркіреп оралды.
– Түбіне жетпей тынбаймын!
* * *
Ойпаңда кәрі-құртаңды жайратып салған солдаттарға
қарап қиқулап тұрған Ударцевтің қаны басына шапты. –
Бірінің етін біріне жегіземін!
Бұлақтың желкесіне иірілген қатын-қалаш сыңсуын қой
мап еді, тапаншасын суырып алып, жуан ортадан басып салды,
көйлегінің етегі жер сызған етжеңді әйел тәлтіректеп барып
құлап түсті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Тау жақтағы қараша үйдің алдында қол-аяғы маталған үш
қазақтың бірі жыртқыштана айғай салды.
– Хайуан!
Құйқаны шымырлатқан зәрлі үн тақыр таста шыңылдады.
Ударцев қылышын күркіреп суырды.
– Әкел!
Солдаттар тұра жүгірді.
Алдарына әкеліп тізесінен сылқ еткізген денелі қазақтың
қан қатқан көйлегі омырауына жабысып қалыпты. Жарыл
ған қабақтың астынан ызғарлы жанар өшіге қадалады.
– Не дедің?!
Ударцев қалш-қалш етіп таялды.
– Хайуан!
Кіжіне сілтенген қылыш оң қолын иығынан шауып түсір
ді. Шайқалып кеткен дене дір етіп басылды.
– Доңыз! – деген тарғыл үн тайдай тулады. Қылыш кіндік
тің үстінде сырылдады. Ақтарылып түскен ішек шөп үстінде
жиырылып жазылды.
Аспанның астын тентіреткен айғай айдалаға албастылана
жөңкілді. Қан-жоса кеуде қопарыла көтеріліп, жалаңдаған
қылышқа шайқала таялды.
Түксиген топ түнере кері шегінді.
* * *
Бетпақ түнгі аспанның бөксесінде дөңгеленген айға енжар
қарап күрсінді, жер жаралғалы, жерге серік болғалы талай
сұмдықты талықсып көрсе де, жаһаннам жалғанның бетіне
кірпігін қақпай қадалудан танбайтын тасжүректігіне күйзел
ген шығар. Бұлтсыз түнде боз қылауланып төгілетін бозамық
сәуле жанарын жасытқан сол көп сұмдықтан боздап сөгіл
ген шерлі мұңы екенін қайдан білсін. Ай астында ыңыршағы
шыққан ықылым заманның да, ала тайдай бүлінген бүгінгі
заманның да азынаған алапес қайғысы зар илеп қаңғиды ғой.
Кейде қара бұлт боп түнеріп, қара жерге қара жамылдырып
кететіні болмаса, сол қалың қайғыдан жаһан да, жалған да
хабарсыз.
7-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Қайғы туралы қайғысыздың қайсысы ойлаған?!
Қаралы түнде Дараттың түбіндегі сойқан тағы да қылаң
берді. Қылыш ұстаған екеу жауар күндей түнеріп тұр. Ішек-
қарны шұбатылып құлаған денелі қазақтың үстінде шыбын
құжынайды, шөптесінде көлкіген қан кесек-кесек ұйыған.
Сабасынан шығып кеткен Ударцев шар-шар етті.
– Шап!
Дедек қақтырып қуып әкелген қатын-қалашта зәре жоқ,
сұстана айналып шыққан Ударцевке әзірейіл көргендей үрей
лене қарап, бір-біріне тығыла түсті.
– Тура! – деп ақырды ол. – Жаның қалсын десең, кескіле!
Екі қазақ қаққан қазықтай қалшиған, тыпыр етер емес.
Ударцев жанындағы солдаттың мылтығын жұлып алды.
– Шап!
Ұйлыққан топтан кексе әйел жұлқынып шықты, мелши
ген екеудің жанына жетіп барып, жаулығын жұлқа лақтырды.
– Тураңдар! Кескілеңдер! – деп аласұрды. – Өз қолдарың
мен қырып салыңдар! Бізге енді бәрібір өмір жоқ!
Түнерген екеу селт етпей сіресті.
– Аямаңдар! – деп алқынды әйел. – Баудай түсіріңдер!
Қырма сақал қазақ қылышты әйелдің аяғының астына
лақтырып тастап, тізерлеп отыра кетті. Әлде ол, әлде әйел
аңырап қоя берді, қатын-қалаш қосыла еңіреді.
– Тоқтат! – деп құтырынды Ударцев. – Тоқтат!
Қырма сақалға оқтай атылды, мылтықтың найзасын кеу
десіне көміп-көміп жіберді. Сол сәт тізерлеген әйел ұшып
тұрған, қолында жарқ-жұрқ еткен қылыш Ударцевтің өңешін
сойып түсті.
* * *
Ұзынтұра әлгінде ыңырсыған сияқты еді, енді бұралқы
қаншықтай қыңсылап отыр.
Өзінің әлемі де аш қасқырдай ұлиды. Ызасыз күйінеді,
кексіз тұлданады, өкінішсіз өксиді.
Қараң қалғыр Бетпақ ғайыпқа қаңбақша домалап барады.
Түнгі көктің бөксесінде бөктерілген ай тылсымға жұтылғысы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
келген даламен бірге жөңкілді. Түнерген аспан түпсіз тұң
ғиыққа айналып, қылғына қорқырады. Тымсырайған көк,
әлде көк пен жердің арасында сандалған үйірлі сайтан күрк-
күрк жөтеліп еді, ғайыпқа құлдыраған Бетпақ желп-желп етті.
Әредік осылай, екі күннен бері көз ілмегендіктен бе, басы
айналып, зорға оңалады. Әлгі күрк-күрк жөтелген көк те,
сандалған сайтан да емес, өзі секілді көкірегі қаңсып тұншы
ға булықты. Бетпақ дөңгеленбей, ай жөңкілмей, боз кебінге
оранған дүние тілсіз мүлгиді. Бұлақтың басындағы ала шап
қын ғана көкірегінде тынымсыз жаңғырығады.
– Сайтан алғыр! – деді күңк етіп. – Ударцевтің қайдағы бір
жабайы қатынның қолынан өлгенін айтсайшы! Енді сүйегі қу
мекиенде қурайды.
Ал оның түбіне жеткен әйелді ұзынтұра жер қаптырған.
Қылышты лақтырып тастап, қырма сақалдың үстіне дауыс
қойып құлаған қатынды ту сыртынан басып салды.
Жанары ұдайы жыланып тұратын сүмелек соңғы күндері
ширап алған-ды. Атса да, шапса да, кірпік қақпайды. Жалғыз
ол емес, кәрі-жасы аралас солдаттар да солай. Мана Ударцев
тің бұйрығымен кәрі-құртаңды шапқылап жаттығу жасаған
жауынгерлер ауылға қарқ-қарқ күліп, мәз-мейрам оралды.
Сірә, бұлар үшін кісі өлтіру кәсіпке айналып кеткен болар.
Ішек-қарны шұбатылған қазақты қарақат өскен сайға
қарай сүйретіп бара жатқан солдаттарға қарап отырып:
– Кәсіп... – деп міңгірледі. – Бірдің емес, мыңдардың кәсібі.
Әлемді тыр жалаңаштаушылар қалап алған кәсіп!
Қалың қараған жақтағы жазықтан көңірсік иіс шығады,
атылып-шабылғандар шығар өртке оранып жатқан. Олардың
жайын осылай таппасаң, қайсына көр қаза бересің?
Бесін ауа Ударцевті жерледі, аспанның астына сыймай ісіп-
кеуіп жүруші еді, айдаладағы бұлақтың желкесінен екі құ
лаш жер бұйырды.
Шалғынға белуардан көміле тігілген ақбоз үйге келе
жатып, оқыстан оянған ойдан селк етті. Енді оның рухын мына
жапанда өзі мүрдем кетіргендердің рухы қасқырша талай
тын шығар.
– Мейлі! – деді тістеніп. – Көрден суырып алып түтіп жесе
де, мейлі!
АЛДАН СМАЙЫЛ
Үйге таялғанда үйіріліп тұрған әйелдерге көзі түсті. Бұ
ларды не істесе екен?
Жерошақтан еттің иісі аңқиды.
– Тездетіңдер! – деді жұтынып.
– Құп! – деп құлдырады ұзынтұра.
* * *
Тамақтан соң Ударцевтің сөмкесін ақтарған.
– Ал керек болса! – деді былғары әмиянның ішінен шық
қан екі куәлікті айналдыра қарап.
Олардың бірін Қарағандының ревкомы берген, далалық
атқыштар полкінің құрамындағы арнаулы жазалаушылар
отрядының командирі екенін растайды. Екіншісі НКВД-нікі.
– Енді түсінікті болды, – деді қалтасына салып жатып. –
Сенің екпіндеп, екі иығыңды жұлып жеп жүретінің осы
дан, аты аталса, ажал азынап қоя беретін пәленің агенті
болғандығыңнан екен ғой.
Шашы желкесінен қиылған әйелдің суреті сарғая бастап
ты, сыртында сандырақ өлең жазылған, кілең күйем-сүйем
деген шалдыр-шатпақ бірдемелер.
– Күйіп-жанбақ түгілі, өртеніп кетсең де, енді саған Удар
цев жоқ, – деп лақтыра салды.
Беттері жыртыла-жыртыла жұқарған қойын дәптер тол
ған есеп-қисап, ай сайынғы жалақысы, қай ауылдан қанша
мал-мүлік тәркіленгені... Соңғы парағына келгенде:
– Мына қызықты қара! – деп дауыстап жібергенін аңғар
май қалды.
«Николайдың алтын ақшасы – 2000» деп жазып, астын
сызып қойыпты. Төменгі жағында «НСР» деген белгі бар,
сірә, әлгі қыруар қазына тығылған жердің атын қысқартып
көрсеткен.
– Ойна Ударцевпен! – деп жыртып алды. Кім біледі, күн
дердің бір күнінде кәдеге жарап кетер.
Сөмкенің қалтарыс қалтасында Халық коммиссарлары
Қарағанды Ішкі істер басқармасының құпия шешімі жүр.
НКВД-ның Қызыл армия бөлімдері командирлерінің дең
гейіндегі агенттеріне арналыпты.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Солай да солай! – деді оқып шығып.
Ударцевтің шал-кемпірлерді қырып салып, тұтқын қа
зақтарға бүйідей тигенінің сыры, өзі айтқандай, Тасқора
лыда ұшырасқан көштің қарулы қарсылық көрсетіп, он жа
уынгерін мерт қылғанында емес, басқада болып шықты.
Қос жастыққа шалқайып, шаңыраққа сыйған аспанға
қарады, тұмсығында әлдене салақтаған қара қарға күлді
реуішке қона беріп қайта ұшты.
– Солай да солай, – деп қолындағы қағазға қайта үңілді.
«Дала халқы революцияға қай жағынан да сәйкес емес.
Ортағасырлық жүйе социалистік жүйемен ешқашан да үйлесе
алмайды...»
Осылай түсініксіз сірескен жолдардың түйінін зорға ұқты.
Қырда қызыл террор ұйымдастыру керек. Қырған сайын –
қырағысың, жойған сайын – жойқынсың. Атқан сайын – атақ,
шапқан сайын – шен.
Дөңгелек столдың үстінде тұрған сырлы аяқты басына бір-
ақ көтерді.
– Террор! – деп тістенді.
Оны бұл НКВД-ның көк төбеттерінсіз-ақ бастаған.
Сыртқа құлшынып шықты. Қатын-қалаш манағы жерде
әлі ұйлығып тұр.
– Қайдасың? – деді ұзынтұраны іздеп.
Ол киіз үйдің көлеңкесінен қалбаң етіп жетіп келді.
Мына далада жаңбыр жаумағалы қанша ғасыр өтті екен?
Түксиген көк көл-көсір құйып берер ме еді!
Дүниенің азабы – шөлдің қысқаны, жалғанның рахаты –
шөліңнің қанғаны екенін кім білген. Өтіп кеткен жылдары мен
алдағы көрер-көрмесі белгісіз күндері бір тамшы суға қарап
телміргені ме?! Телмірткен тасқаяқ тағдыры ма, өзі ме? Өзі
туралы ойлаудан қорықты. Өзін-өзі ойландырған пенде бар ма
жалғанда?
Бетпақтағы алғашқы, әлде бүгінгі түнде өзінен өзі үрей
ленгені есіне түсті. Өзінен өзін алып қашпақ болып аласұр
ған сонда.
Неліктен еді сол жанталас? Өзіне-өзі қайта оралғысы
келгендігінен бе еді? Адасып қалған әуелгі бейкүнә рухын
біржола жоғалтқанына қынжылғаны ма еді?
АЛДАН СМАЙЫЛ
Бетпақта тағы да жұмбақ хал кешті, сірә, жаназа ойлар
торлай бастаған шығар.
Еңгезердей қазақ ер-тоқымды қолтығына басып ұзынынан
сұлаған. Ол бұларға қандай үкім шығарды екен?
Шөл қысып барады, Дараттың түбіндегі бұлақтың сыл
дыры естілгендей. Жоқ... судың сылдыры емес, қыр соңынан
қалмай қойған құрып кеткір ызың. Сол ызыңның сары уайым
сарынын бұзып-жарып әлдекім қақ сүйегін қан қақсатып
қарғайды. Бозамық сәуленің тұнығынан бозғылт жаулық
бозарады.
Қан қақсатқан зәрлі үн құмдауыт жазықта аңыраған көп
әйелдің зарына ұқсады. Сол бір желсіз кеште тау бөктері
күңірене көшкен.
Бірде көлбең етіп, бірде зым-зия жоғалған арсыл-гүрсіл
елес айқындала түсті. Қарсы алдында таяқ тастам жерде екі
әйел қабаттасып тұр. Мылтықтың қарауылы кеудені кеміре
тінтіп, жүрекке тікендей қадалды. Құлақты тұндырған гүрсіл
жаңғырығып үлгермей екеуі де құлап түсті.
Мылтық тағы да шаңқ етті, ұзынтұра қосақтаған үш әйел
дің соңғысы тізерлеп барып жер таянды.
Солдаттар даурығып қызыл кеңірдек. Тәпелтек жирен мен
қартаң жауынгер бәс тігісіп жатыр.
– Екі жүз метрден қақ маңдайдан тигізсем, не бересің?
– Қалағаныңды ал.
– Онда өлген шалдан олжалаған мүйіз сапты кездікті тік.
– Келістік.
Ағаш қадаға таңылған әйелді тәпелтек қарауылға алғанша
өзі атып салды.
Жүгіре жөнелген ұзынтұра ырсалаңдап жетті.
– Құралайды көзден атады екенсіз, қақ маңдайдан қадап
сыз.
– Үш жүз метрді өлше, – деді қызынып.
Бұл жолы да мүлт кеткен жоқ, төрт жүз метрде ғана сыр
алдырды, маңдайдан төмен тиген оқ жақ сүйектің талқанын
шығарыпты.
Шаң-шұң дауыс естілді, екі солдат бір-бірін жағадан алып
сілкілесіп жүр. Жандарына таялғанда қаздиып тұра қалды.
– Бұл не жағалас?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ашарығы шағына жөнелді:
–Жолдас командир! Мынау уәдесіне тұрмай кетті. Бәстің
шарты бойынша жүз метр жердегі қатынның төбесіне қой
ған сиырдың жапасын ұшырып түсірсем де, тіккен ақшасын
бермей сандалады.
– Рас па?
Жақ жүні үрпиген шикіл сары дүрсе қоя берді.
– Олай емес! Екі жүз метрден деген. Өзі солай деген.
Ашарық булыға бұрқылдады.
– Оттама! Мен олай дегем жоқ.
Жасыл қамзол киген етжеңді әйел жүрелеп отыр, екі қолын
екі жаққа керіп, майда қарағанға байлап тастапты, алқы
мынан орай тартқан жіптің бір ұшы найзасы жерге сіңіре
қадалған мылтықтың құндағына бекітілген.
– Қайта бастаңдар! – деді бір-біріне оқты көзбен қараған
екеуге.
Шикіл сары бүтін жапаны әйелдің басына асықпай қон
дырды.
– Жүз метрге келістік қой?! – деді ашарық.
– Жарайды! – деді анау. Мылтық гүрс етті.
– Әттеген-ай! – деп жерге бір түкірді ашарық. Әйелдің бетін
қан жауып кетті.
Киіз үйлерге қарай келе жатып сол қол жақтағы доғал
шоқыға көзі түсті. Төменнен қарағанда аласа сияқты еді,
төбесіне шыққанда айнала алақанға салғандай ашылды. Оң
иықтағы Оғызтау қара жерге дөңкие құлаған, жемтігін алқы
мына басқан арыстандай жоталанып, алыстан айбат шегеді.
Одан әріде Айдаһарлының қатпарлы биігі ымырт үйі
рілмей қалғып кеткен. Жал-жал еңселі жартас шалғайдан
қарақошқылданып дүрдиеді. Осынау зәрлі биіктен қоңыр
кеште секемденген Қабантау жуан мойнын күдірейтіп тап
беруге дайын тұр. Қарсы бетте қарауылдаған Дараттың тақыр
шыңы «Бірің өліп, бірің қал» деп тіксінеді.
Жамбаскөңнің тоғанына қарайғы ойпаңда қалың жылқы
жайылып жатыр, одан беріде отар-отар қой бұлаққа қарай
тұтаса жылжып келеді.
Етектегі жазық әлі гүрс-гүрс.
Үш-төрт солдат көделі жазықта кемерлеген биік қарағанды
шапқылап жатыр, өлгендерді өртке орайды да.
АЛДАН СМАЙЫЛ Төрт жағын түгел тау көмкерген даланы өлгендер қайтып көрмек жоқ. Төрт тау есендігін түгендей алмаған өлексе өлкенің ендігі көрмегі не екен?! Таулы алқаптың жайлы кеші ымыртқа сездірмей ұласты. Көделі жазықта жалын жалаңдады. Жалынға жансыз дене жалп-жалп лақтырылды, шоршыған от жан-жаққа құшаққұшақ шашылды. Дараттың тақыр шыңы «Бірің өліп, бірің қал!» деп түк сиді. Айдаһарлыға дөң айбат шеккен Қабантаудың қабағына көлеңке қонған. Айдалаға аяқ басқаннан бері көкірегінде күмбірлеген сұ ғанақ ой селк етті. – Сол дұрыс! – деді суынып. Тыр жалаңаштардың әлемді тыр жалаңаштап бітер түрі жоқ. Тыр жалаңаштанғысы келмеген дүние тыр жа лаңаштардың жағасына жармасып жатыр. Ымырт үйірілген атырапқа жанары тыр жалаңаштана қарады. Тыр жалаңаштанып үлгерген далада қалғысы келді. Көделі жазықта жалмауыз жалын жалаңдады. * * * Жалаңдаған жалынның қызуы әлі қайтпағаны ма, сорлы Бетпақ жеті түнде күйіп-жанады, әлде күйіп-жанған өзі ме екен, өң-түссіз өлімсіреген, өзекке тебілген өмірі өртке оран ған шығар. Әлде шалғайы шалып жығып, селеуі сүріндірген қу далаға қуылып келгелі көпірши берген көп өкініштің күйігі күйдіріп бара ма? Қай-қайсы да оңдырар емес, енді қай қайғының қабағы ашылар дейсің. – Бекер! – деді өзегі өртеніп. – Бекер! – Иә, Қарағандыға қалың малды айдаған жасақтан бөлініп қалғаның бекер болды, – деді ай астынан көтерілген дауыс. Қапелімде шоршып түсті, мұнысы тағы қай зобалаңы еді?! – Білем, – деді енді ол. – Білем. – Нені? – деп сезіктенді бұл.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ай асты шытыр-шытыр шытынады.
– Қырға табаның тигеннен қырыңа алған елдің қыруар
қазынасын айтам.
– Жо-жоқ! – деп безілдеді бұл.
– Доғар! – деді өктем үн. – Доғар!
Түксиген аспанның бөксесінде бөктерілген айға үрейлене
қарады.
Ай асты айбаттана түсті.
– Олжаңды жырылып қалып оқшауламақ едің ғой. Үйіріле
қалған үрей үркіп кетті.
– Тоқтат! – деп тулады.
– Солай! – деді сорына көтерілген дауыс. – Солай!
Күйіп бара жатқан Бетпақ ақ тер, көк тер алқындырды.
– Жалған!
Шырқыраған даусынан өзі шошыды.
– Солай ма? – деді ай астындағы пәле. – Ақиқат ажал көр
гендей шоршытты ма?! Сен осы күнге дейін әзірейіл жалғыз
деп келдің ғой. Жоқ. Әзірейіл жалғыз емес, егізі бар оның.
Зауал деген сыңары бар.
Шөлден, әлде мына жан алқымнан алған тажалдан, тілі
таңдайына жабысты.
– Жалған! – деп тұншықты.
Ай астындығы дауыс алыстап бара жатты.
– Әзірейіл жалғыз емес, – деген үн тұңғиықта талмаурады.
Сазарған Бетпақ түк сезбегендей саз беттенді, албасты басқан
ай көк сіңір көктің қанжығасында салақтағанына мәз. Жер
жаһанды жетім қозыдай маңыратқан ғайып түн жамылып
тентіреген немені түпсіз түнекке турап-турап лақтырып тастар
ма еді.
Тыр жалаңаш ғарышты тыр жалаңаш кезген сол сайқал
дан жұлдыз біткен тым-тырақай үрікті.
Ыңырсып сүйкенген ұзынтұраны иығымен қағып жіберді.
– Өлімнен бұрын есінен айырылса екен!
Ешқашан сенбеген, қазір де сенер-сенбесі белгісіз тәңірден
жалбарына тіледі.
Еңгезердей күрк-күрк жөтелді, тымсырайған көктің бөк
сесінде бүйрек беттенген айды иығына қондырып алған.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Күрең осқырына берген соң мылтық атқан, құла дүзде
торуылдаған бөрі таң алдында талмауратып тап бермесіне
кім кепіл? Ұрымтал тұстан нартәуекел ұмтылса, ат сауырын
сойып өткеніне риза, қапқан жерін қаусырып, жүйткіген күйі
қылқ-қылқ жұтар еді, жырынды қорқау жығып та жейді,
жұлып та жейді.
Қолындағы қосауыздың құндағын сағынышпен сипады,
әкесі Жұмағұлдың мүлкі, Ақмолада татар көпестен екі аттың
құнына алған. Соңғы күніне дейін атқа өзі мініп, өзі түскен
қария қолынан тастамай өтті.
Ысқақтың ауылынан суық хабар жетіп, ел жөңкіле көш
кенде, Арыстан өткен жылы Қарағандыдан әкеліп берген
бердеңкемен бірге ала кеткен. Жаз жайлауда шұрқырасқан
жағалай жұрттан, ақар-шақар араласқан ағайыннан, отар-
отар қой мен үйір-үйір жылқыдан – бәрінен қалған жалғыз көз
осы жарты құлаш көк темір ме?!
Әлде бедірейген Бетпақтың, әлде оңалудан кеткен өзінің
ойраны шықты. Төңірек көгістеніп барады, ай астында се
безденген сәуле күлгін тартты. Көгістенген көктен күлімсі
тозаң төгілді, сайқымазақ сайтан күйіп кеткен көп мұңлық
тың күлінен көсегесі көгермеген Бетпаққа көк кебін кигізбек
пе?!
Телмірген түнді таң тақымдаған шығар. Таң таялса,
шіліңгір шілдеде ай аулаққа аунап түсер еді. Бетпақтың айы
жұқалтаң бұлт бүркеніп көк ала.
Тым-тырыс көктен құс жолы тозаңытады, жарым ес жал
ғаннан жаңылғандардың күлге айналған рухы ма екен?!
Жарымжан жалғаннан жырылып қалар күн қайда? Дал
баса ғұмырдың жансыз жанарынан тамып түссе не арман?!
Тоңазыған құс жолына бір шөкім тозаң болып қосылғысы
келді. Өлімнен үрейлі өмірде жалғаннан озғандардың жаны
күйзелген жалғыз жоқшысы болғанша, жаһаннамда жалын
оранғаны артық.
Дараттың тақыр тасында да осыған бекінген, бекініп
тұрып, күлге айналған рухтардан, рухқа ұсаған өзінен аз ғана
күнге мұрсат сұраған. Аз ғана күнге.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бұлттан шыққан айдан жанары тайып түсті, бозарған
Бетпақ қосыла күрсінді. Көңілі – ескі жұрт, елсізде еңірейді.
Бетпақ қатынның жатырындай тарылған дүние бұл үшін енді,
сірә, кеңімес.
– Сұмдық-ай! – деді түңіліп.
Осы көксоққан күндердің де беймаза уанышы болады екен
ғой. Дараттың тақыр тасынан қалың малды қопара айдаған
жасаққа қарап тұрып:
– Қырыңа алған қырсық құдай, мұныңа да шүкіршілік, –
деген.
Ақ жал мінген айуан кеткен көптен жырылып қалды.
Содан соң жымын басып түн келді, мұның зарыға күткен
түні болатын. Тарғыл тастан табаны жер иіскемей түсті. Жер
иіскесе жер қабатын еді. Әудем жерде бозаңытқан боз үйге
жұлынын созып жетті.
Сарт еткен есік керегеге тарс етті, атып тұрған сақалды
көкдолы соққыдан талып түсті, іргедегі қаруға қарғыған кес
пелтекті омыртқадан опырды, сереңдеген ұзын сес көрсетпей
семді.
Содан соң тақыр тастан таң сығалаған, таудан түскен
алаудың тар қойнауда аялдай тұрғаны болмаса, бұл көрген көп
таңдардан айырмашылығы жоқ еді.
Көлеңке көшкін дәм-тұзы таусылған түнді айдалаға ала
қашты. Алыстан алаңдаған Оғызтаудың биігі жарық, етегі
түнек.
Қараша үйдің шаңырағына қонған қара қарға қатар-қатар
қазыққа керілген үшеуге қарап қарқ етті.
Жалаңаш тауға қызара бөртіп асылған мына күн де құр
бандық шалып көтерілмек пе?!
Көлеңке көшкен дала көлеңкеге ере көшті, қызыл көз
күннің құлқынын сезді ме екен?!
Керілген үшеу қыбырсыз, қарайған қарға қанатын қақты,
қалықтап жүріп қарқ етіп қайтып, шет жақтағы сақалдының
кеудесіне қонды.
Талай күн талақ еткен ұйқы талмаурата берген соң бұлақ
қа құлқын сәріде келген-ді. Тастай су таңмен таластырды.
Сүйектен өтіп дірдек қақтырып, іле қыз-қыз қайнатқан.
Жан түршіктірген дауыс шалғынды шулатты, малта
тастарға табаны тайып, жағаға сүріне-жығыла ұмтылды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Қазыққа керілген үшеудің үстінде жалғыз қарға қанатын
сабалады, шет жақтағы сақалды жылан шаққандай ша
рылдайды, жанарын қан жауып кетіпті.
* * *
Дараттың биігінен тас домалады, әлдене дөңкиген доғал
тастың тасасынан қараң етіп жоғалды. Бұлаққа суға құламақ
болып, төмендегі бұларды көрген соң үркіп кеткен арқар
шығар.
Ұзынтұра қия тас қиып түсетіндей санап басады, таудың
алқымындағы қалың аршаға сүт пісірімде зорға жетіп:
– Осы жерде, – деп отыра кетті.
Көк қабыршықтанған жуан діңгек иретіліп барып сары ала
тасқа тірелген, тамыр алған тұсы көпсіген тәрізді.
– Қаз!
Сүйретілген сүмелек қиыршық тас аралас топырақты
итше тырналады, семсер бойы көмілген сандықшаны аршып
алғанша сілесі қатты.
Табақтай жамбы күн көзінде жарқырайды, астынан
араласа шыққан алтын-күміс құйыла кеткен сәулені арбап
алды. Мына бір гауһар жүзік талай жанарда жайқалған шығар.
Ана ай келбетті сырға қай сорлының сағағында сылаң қақты
екен?
Жез мойын кездіктің ұшына ілініп қалған шолпы сыңғыр
лап тұрып алды, жаз жайлауда жайлы түнде үй сыртында
сылдыр-сылдыр сырғыса, шаңырақта жұлдыз жадыраушы еді.
Шолпы сиқырламаған түн түн емес-ті.
Жіптей есілген алтын бауға төрт жүзікті көгендеген алтын
білезік жанарын жасауратты. Шорағұл марқұмның үйіндегі
үлкен жеңгесі көз алдына келді.
– Алты үйірге бергісіз алтын салып келген қыз едім, – деп
жеңін түріп көсілетін марқұм.
Алтын жапқан арқар мүйіз шақша Ақмырзаның қолынан
түспейтін.
– Алтын үгіп, алшысынан атсам, алты алаш аузын ашар еді-
ау! – деп алақанның қырына айызы қанып қағатын.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ана болат сапыны соңғы рет інісі Ақбидің белінен көрген.
Жанарына толған жас төгіле жөнелді, шоқтай қарыған
жүрегін күйіп кеткір көкірегі көріктей қоздырды. Тау үстінде
табандап тұрып алған күнге жарқ-жұрқ шағылысқан сұсты
қару тарғыл таста жалаң қақты.
Ұзынтұра қалың аршаға ұзынынан түсті, тікенді қылқанды
тырмалап зарлайды.
– Тұр!
Шауып тастар деп жанынан безген шығар, жанары ша
расынан шығып дірдек қақты.
– Жауыз!
Шықшыттан шыңғырта тиген жұдырық сандық тастың
түбіне шиырып түсірді. Ышқырынан әлдене суырыла сусыды.
– Анау не?
Еңбектеп әкелген алақандай алтын алқаның бауына қан
қатып қалған.
Содан бері де екі күн өтті.
* * *
– Өмірден күдер үзген жанға күн санап не керек?!
Иә, енді бұған уақыт өлшем емес, ай, жыл, заман жайлы
ойлаудың түк те қажеті жоқ. Айлар, жылдар бұдан, бұл
олардан қалған.
Көз алдындағы қияпат дала да бұл талай көрген баяғы шөл
дала емес, жаһанда қаңғырған бұлыңғыр бірдеме. Аспанның
астында қылиланған ай албасты басқан ғаламның алжыған
шағында аясынан адасқан жиһанкез жанары ғана. Жұлдыз
атаулы да солай. Тегінде жұлдыз дегенің бұ дүниеден үркіп
көшкен, бұл жалғаннан үрейі ұшқан шошымал рухтардың
шырқыраған шыбын жанынан басқа не дейсің.
Солай ғой. Айсыз түнде Әлмағамбет жұлдыз санаушы еді
ғой.
Жұлдыз біткенді өлгендер жаққан шырақ дейтін. Өзі жа
ғатын шыраққа оңтайлы орын іздейтін. Алжыған әлемнің
алжымаған абызы Әлмағамбет емес пе екен?!
Түнерген көк қабағын қақты, жұлдыз атаулы жанып-сөнді,
адасқан жанар сықсия қалған.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ғайыптан осқырынып оралған ой арбап алар ма екен? Әлде
өзінің сандалған әлемі, әлде санасыз ғалам күңгір-күңгір.
– Күнсіздерге күн болған албасты жасасын!
– Ардақтасақ, албастыны ардақтайық!
Сенгісі келмей тұрып сенгісі келді. Күлімсі көкке күл бо
лып ұшқан рухтар сендірем деп шулады.
– Әлемді албасты баспаса, күлге айналар ма едік?!
– Рас шығар, – деді бұл.
– Рас болмаса, неге жалғызсың? – деп шулады рух. – Бет
пақта
Неге сенделесің? Қоңыр қаздай мамырлаған ауыл қайда?
Ақшамдай жамыраған ел қайда?
Есалаң әлем қаңғыр-күңгір.
– Жер жүзінің албастылары, бірігіңдер!
Селк етіп басын көтерді, әлгінде аясынан адасқан ай түнер
ген көктің бөксесінен сығырая сығалайды.
Түксиген көк түсін берер емес, мұндай да ұзақ түн болады
екен-ау! Сирек жұлдыздың езуінен күлкі ұрлаған бозғылт
сәуле ай астында аярланып, атар таңды адастырған шығар.
Сайқал Бетпақ кімдерді табан жолынан жаңылдырмаған?!
Арқандаулы күрең әредік құлағын қайшылайды, жалғыз
бөрі жалғыз аттан әлі дәмелі ме? Мына жансебіл жалғанда
мұны дүздің тағысынан басқаның бәрі торуылдап бітпеп пе
еді, тасқаяқ тағдырдың сонда да айызы қанбағаны ма, әлде
Бетпақта арбасқан қорқау сол тас емен тағдырдың өзі ме?
Жастанып жатқан тоқымнан тер иісі шықты, аттың ащы
тері.
Күреңнің алқымы, мұның тақымы кеппегелі қашан, сілікпе
болып, ет сіңірге, сіңір сіріге айналып, көн терідей сірескелі
дүние арам безденіп адыра қалған. Адыра қалған дүниенің
ақ көзденіп қараған жанарға асыла кетіп аңыраудан басқаға
шамасы жоқ, жонында өлім өлермен жортқан жалған безіп
жүріп боздайды.
Кеспелтек манадан бері қадалып отыр.
Қадалған көзге қарасан оқты қаға салса ма екен?!
Түйілген жұдырық жалана жазылып, мылтықтың құн
дағына шап етті.
Бетпақ безілдеп қоя берді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Зарла! Запырандат! – деп тістенді бұл.
Жалғыз бөрі зар иледі, түнгі дала түңіле ұлыды. Ұлыған
дүз күйзеле күңіреніп алып, диуана зікірге салды.
Ал қашты! Ал қашты!
Алақ-жұлақ жан қашты!
Ала қашқан – Албасты!
Әлмағамбет сорлының даусы.
Жапанда жалғыз сандалғанда көз көріп, құлақ естіген
нің бәрі тұс-тұстан андыздайды екен, онсыз да тоз-тоз болған
әлеміңді есеңгіретуте асығатын шығар, әңгүдік неменің сан
дырағы анда-санда осылай сабылып жетеді. Сабылған сайын
іркіттей іріген күндердің ащы айғайына айналып, алқымың
да алқынады.
Киесі кетіп ел талақ,
Иесі кетіп жер талақ,
Шерменде болып шер талақ,
Аруағы көшіп ер талақ,
Даласы дімкәс қылтамақ,
Олай қақ! Бұлай қақ!
Ана күні бұлақта тұра қашып, тақыр тасқа шығып алып
осылай саңқылдап еді. Оны бұлай сансыратқан қай құдірет,
қай құдай? Түбінде бір тамұққа айналмақ жалғанның қасі
реті алыстан арбап, арбаған сұмдығы ақылынан адастырған
әулие болар ма?! Тегін бе сай-сүйектен өткен пері үн?!
Ала табан, ақ табан,
Аптап қайғы қақтаған,
Өлімді өлім таптаған,
Кіл өлексе қаптаған,
Көрде тыныш жатпаған,
Қанжығаға қан қатқан,
Аласұрған, ант атқан!
Түршіктірген, сескендірген, күйреткен...
АЛДАН СМАЙЫЛ
Сырын бермейтін сазбет Бетпақ қана, дүлей дала дүрлік
пейді де, түңілмейді де.
– Сазар! Жендеттен! – деді бұл да қасарысып. – Сенің
әлекедей жаланғаның керек маған!
Арқандаулы күрең дүр-дүр сілкінді.
Әлмағамбеттің гөй-гөйі үркіп кетті.
Алжасқан ай түнгі аспанның бөксесінен сусып барады.
Шолпаннан хабар салар сәт те жеткені ме?!
Шолпан шолпы тағар кез бе бұл?!
Орнынан алабұртып көтерілді. Қозғалуы керек. Күреңді
ерттеп, сүреңі қашқан үшеуді тік тұрғызды.
Әлі біраз жер шиырлайды, қазір батысқа қарай сүт пісірім
жүріп, содан соң шығысқа қайқаяды. Таң атқанша бағытын
солай әлсін-әлі өзгертіп отырып, Арқадан үш көш жердегі
Жалпақ сорға жетуі керек.
* * *
Межелі жерге жеткенде күн ысыды, ығы-жығы сағым
Бетпақты теңіздей сапырып жатыр, жанынан безген, бей
берекет жөңкілген делқұлы дүниеде Батыс та, Шығыс та, оң
мен сол да жоқ, көз алдыңда адасады, көзіне көрінгеннің бәрін
адастыруға асығады.
Әр жерде қарайған шоқ-шоқ көкпек қазір бар да, қазір
жоқ, кірпігіңді қағып үлгергенше сандалған сағым алас-күлес
ала қашады. Ала қашып, айдалада тақымдайды, сенделген
даланың терлігі кеппейді, төзімі терде шіриді, тентіренткен
жалғаннан тебініп жүріп жериді.
– Сандалған сағым – сағы сынған жын, – деуші еді әкесі.
Сағы сынған дүлей сағы күнде сынатындарды сандалтуға
көшкен де.
Жалпақ сордың үсті де ию-қию, сапырылысып жатқан
сор татыған тозаң ба, соры қайнап малтыққан, елсізде еңі
реген елес пе, елеске айналған есеңгіреген аруақ па, есіңнен
адастырады.
Оңтүстіктен есалаңданып ескен жел ессіз елестің емінген
емізік лебі шығар.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Көдесі жұқарып, селеуі сұйылған Бетпақ Жалпақ сорда
теңбіл таз, әр жерінде жатаған көкпек әупіріммен көгереді, у
жалатқан тұзға да тіршілік тамыр жайғаны ма?!
Бетпақтан бетер безерген сорда көкпек деген өмір көктейді
десе, кім сенер? Сағымнан басқа сыңары жоқ тақырда теле
гей теңіз арнасымен алысқан десе, кім иланар?!
Баяғыда Бетпақтың бағы жанған деседі, жұмақтан көркін
асырып, айызы қанған деседі, жер-дүние даңқына айтпай
нанған деседі, көктен түскен періште қайтпай қалған деседі,
алтын мүйіз жез киік желіп жүрген деседі, күн астынан хор
қызы келіп жүрген деседі, Хауа Ананы өзімен ерте келген
деседі, ақ айдында анамыз еркелеген деседі, сол айдыннан
махаббат жаратылған деседі, тіршілік бап жаһанға таратыл
ған деседі.
Шешесі марқұмның елтіп айтатын ертегісі есіне қайдан
түсті екен, Бетпақта бұ дүниеден баз кешпесін деп жапанда
жанынан табылып, желеп-жебегені ме? Жаһаннам дала бая
ғыдан елестер мен рухтардың мекені ғой.
Алыстағы апайтөс Арқа мен шалғайдағы Шуға тең орта осы,
Бетпақтың талмау кіндігі, сол кіндікте адасқанның алды да
соқпақ, арты да соқпақ, күн сағаласа – ажалы, ай сағаласа –
азабы.
Жалпақ сордан жанын жалдап өткенге шыбын жаны ғұмыр
бойы олжа.
Күрең ауыздығын күтір-күтір шайнап пысқырынды, жер
шетіне шығандамаса да, жер ортасына жеткенін түйсінді ме
жануар? Дәл қазір ол үшін де, өзі үшін де, сүметілген мына
үшеуі үшін де Бетпақтың қалың соры – жаһаннамның өкпе
тұсы, өксігі басылмайтын өкпек тұсы, өзегі талған өлексе тұсы.
Жаһаннамның не екенін Бетпақта болып көрмегендер
қайдан білсін. Жаһаннам жайлы айтқың келсе, Бетпақ жай
лы жырла, тек қырсықтан басқаның бәріне жағы қарысып
қалған кесір жырлай бастағаннан жыландай жиырылады ғой.
Сортаңның ернеуі жылан қабыршықтанып, жақындаған
сайын сұстанды, күрең құлағын жымитып осқырынды.
Сағы сынған жын сағымды сапырып, жел көтеріліп еді,
сирек қурайдың сабағында ызыңдады, сар далада сая таппай
сарнағанда, қай құдайына шағынады екен? Шағынғанның
8-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
бәріне шырай берсе, құдайдан қадір қала ма, зарлаған сайын
зар илетер.
Сорға таяу селдіреген ұшқат Бетпақтың күйіп бара жат
қан күнінде ду етіп тұтанғалы тұр. Көні кепкен жаһан төсінде
тебіндегеннің бәрін отқа орап лаулай жөнелсе, тамұқ дала о
дүниенің тозағын адыра қалдырар.
Құлағын қайшылай берген күреңнің тізгінін тартты, аттан
түсіп, үш малғұнның қолын шешті, түбінде суы сылдыраған
торсықты лақтырып тастап ерге қайта қонды.
Әлем-тапырығы шыққан үшеу өңі қашып ошарылды.
Жалпақ сорда жайдақ ескен жел желіге бастады, сұрланған
тақырда тұзды тозаң көтерілді.
– Бітті!
Көзін ала беріп торсыққа қарай бір табандап жылжыған
үшеу тына қалды.
– Бітті осымен! Бетпақта сағым жалдатқан, сабырын
сарыққан сапар мен үшін сарқылды! Сендер үшін қашан сар
қыларын сұрай алсаңдар, Бетпақтан сұраңдар!
Сумаң-сумаң сусыған тұз тозаңды қағына кеткен құйын
құтыртты, бозала боран бозара қалған даланың қиянына
бошалады. Күреңнің жалына бозқырау бозаңытып қонды,
боздай жөнелген өң-түссіз өңір бұғынып жатып «Бозқасқа!»
деді.
– Мен сендерден енді азатпын! Сендер менен азат бола
алсаңдар!
Жалпақ сорда боз борандатқан аптап жел даусын айдалаға
ала қашты.
– Бола алсаңдар... бола алсаңдар! – Құйыннан соң құйын
ойнады, сағы сынған жынның сағы сынғанына жыны келгені
де, ойран-топыр сағым ойбай салып жатыр, тұз татыған дала
тұз жалап сарнайды.
Арқадан шыққалы соңында жүрген бөрі әлі күнге бөлініп
қалмаған ба?!
Ұйқы-тұйқы үшеуді ұйлықтыра таянды.
– Азат бола алсаңдар! Қынадай қырылған елдің киесі
нен, қан сасыған даланың иесінен, тау теңселген тақсіреттен,
жанды жеген қасіреттен азат қала алсаңдар!
Жалпақ сорда ақ жалын жалаң қақты, тұз жайлаған әлем
нің ақ жамылған аруақ алауы андыздап келеді, Бетпақты
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бірде елдің, бірде малдың қамымен талай кезгенде, сан рет
алдынан шыққан сордың дәл бұлай бұзылғанын көргені осы.
Алас-күлес алқынған жел Шудан шулап жетті ме, Арқадан
аттандап ат қойды ма, қай жақтан тепсінсе де, бүгін сабасы
на түсер түрі жоқ. Тіксініп келіп тінткілеп, тентіреп келіп
тепкілеп, өзін-өзі булыға буындырады.
Сағы сынған жын ойран-топыр сағымын айран-асыр ала
қашты. Кірпігін қақса, жанарында тұз тұнады, әлде содан, әлде
өз әлемін жайлап алған өз сортаңынан, жас парлап қоя берді.
Бүлінген Бетпақ енді қайтып бүтінделмейтін шығар. Тал
қан болған дала тағдырын талқандап жатқан шығар. Жал
ғандығына күйінген Жалған жапанның жағасына жармас
қан шығар. Жарық дүние жарылқай берер деп алданған бұл
жаңылдырған жаратқанды жазғырмақ па?!
Жел өтінде теңселген үшеуге боз борандата шүйлікті.
– Азат қала алсаңдар!
Ақ жамылған аруақ алауға араласа айғайға басты.
– Азат бола алсаңдар!
* * *
Саңғырудың шаты айырылған шатқалын кезген қырсық
жел тар қуыста ысқырынды, шамданған шыңнан қартаң
қыран шаңқылдап ұшып, шақырайған көкке шаншудай қа
далды. Құламаны қырнап қиялаған қарағай мүйіз қара жон
арқар қапталдағы қиын тасқа қияпаттана қарғыды. Тауда
таяуда пайда болған қартаң қыран қашан ұшса да қағынып
ұшатын, қырына алғаны қыбын қандырмаса, тасқа түсуден
тайынбайтын қантүбіт қайқаң етіп қайырылғанша қарасын
батырды. Терең қойнауға еңкейген атан бойлы тарғыл тас
қанат-құйрығы суылдаған құсқа «Қырып ал»! деп қырсықты.
Балақбауы салбыраған қыран кеше кешке жалпақ жонына
саңғырып кеткен.
Сиыр сауырланған құмдақ беткейден теректі қойнауға
қарай төгілген бұлақтың сыңғыры күні-түн бір тынбайды.
– Тау тау болғалы, есен-сау болғалы сарқылмаған бұл
сыбдыр не сыбыр? – деп дал болды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Биіктен екпін алған ағынның арнасын қасып қыдырған
қиыршық бір-біріне шық-шық тиіп ішегі қатты. Дөңкиген
тарғыл қабағын шытты, төбесінде зорайған шыңнан тас
құлады.
Шың шың болғалы, шың екені шын болғалы осылай,
маңайдағы биік біткеннің заңғары қанша аспандаса да, көк
пен терезе теңестіре алмағанына күйіне ме, әредік дүр-дүр
сілкінеді.
Бір-бірін қуалай құлдилаған көп тас тасыр-тұсыр дүр
лігіп, қылтанақсыз тақыр шатқалды шаң-шұң шулатты.
Атан бойлы тарғыл жапа-тармағай жаңғырыққан шың-құзға
құлағын түріп күрсінді.
– Жарық дүниеде, жалғыз да болса, жаңғырығып алғанға
не жетсін!
Жаңғырыға алатындарды жаратқанның жарылқай бер
мейтінін білмеген соң солай демегенде не десін?! Жалғанды
жаңғырықтырып жатқандардың жаңғырығып жүріп жа
рапазандатып бітетінін сезбеген соң да осылай жаңылады да.
Қыран жал-жал көк тас төс айылдай тартылған шыңнан
құламаны қиялаған құлжаны көріп көтерілгенді, шырқау
биіктен құйылып келіп, сауырдан салып өтсе, шұңғыма шат
қалға құлдилай жөнелер еді. Түйілген талайды көрген тарлан
ба, қиынға қаймықпай қарғыды, тіктеп тиген қарағай мүйіз
қатпар тасты қақ бөліп ұшқын атты.
Құлжа «Құтылдым!» деп сілкінді.
Қыран «Таудан тағы табыларсың!» деп ширықты.
Тарғыл тастың түбінде талайдан тапжылмай отырған
жалғыз қарсы алдындағы бір түп таушымылдықтың сабағын
орай қысып ысылдаған сұр жыланға қарап суынды.
– Кәпір қандай сұсты еді?!
Бүркіт қонған биігінің кіндік тұсында түйілген тарғыл
тастан қарауылдағанына бүгін екінші күн. Көз ұшындағы
Айдаһарлыдан не күтетінін өзі де анық білмейді, бағанадан
көз алмай қадалып отыр. Шалғайдағы тау, жанарын тай
дырмай ұзақ қарағандықтан ба, бірде мұнарланып аласарады,
бірде қалбаң-құлбаң қозғалақтап қалқи жөнеледі, кейде
алыстап айдалаға қаңғып кетеді.
Сұр жылан ысылдауын қояр емес, тау шымылдықты жиы
рыла қысса, сабағы сырт-сырт сынады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Құдай-ау, мына жын жайлаған дүниеде бұған бәрі неге өш?
Неге жайына қалдырмайды? Қытығына неге тие береді?
Жанында жатқан бірдеңені қолына алды. Атан бойлы тар
ғыл тас күн күн болғалы, күннен соң түн болғалы алғаш рет
жаңғырықты. Сұр жылан ортасынан қақ бөлінді.
Мылтыққа сүйеніп орнынан тұрды, жан кетпеген жарты
денені сүйретіп, тілін жалаңдатқан пәлені жез тағалы өкше
жаншып өтті, қалың теректе қалған күреңге жеткенше сан
ойланып, сан толғанды. Бетпақтан оралғанда орнын сипап
қалған, Саңғыруды кешелі бері сан арылтып таба алмаған
бала-шағаны енді қайдан іздемек? Қапыдан қатер төнбесе,
олар бұл арадан қозғалмауы керек еді ғой. Дараттың бұлағын
дағы қырғыннан соң тағы қандай зобалаң күтіп еді мұны?
Атқа қонған соң ұрымтал тұстан әредік қарауылдап Аю
шатты арылтты, одан Жамбаскөңнің тоғанын сүзіп шығып,
Атасудың қалың талын Айдаһарлыға дейін өрлеп барды да кері
қайтты.
Тіршілік атаулыдан көзіне түскені қоғалы қарасуды ба
уырына дейін жалдап үйездеп тұрған үш саяқ, таяла бергенде
үрке жөнелді, талдан сатыр-сұтыр суырылып шығып, көделі
жазықта жын қуғандай жосылды. Таулы өңірден ел қарасы
өшкелі тағыланып үлгергені ме?!
Сол жерде ат шалдырып, Дараттың бұлағына бет түзеді,
Әлі мен бозбаланы одан жолықтыра алатындығына күмәнді
болса да соға кеткісі келді.
Бұлақтан бергі қалың қарағанға іліккенде, өзі ана үш
малғұнды байлап әкеткенде тігулі қалған киіз үйлерді көре
алмай аңтарылды, Дараттың етегі жым-жылас. Сар желген
күреңді еспе аяңға салып, мылтығын ыңғайлады.
Ауадан жайсыз иіс білінеді, бұлаққа жақындаған сайын
қолқаны қауып, жүректі айнытты. Биік шалғынның шет
жағында әлдене бозара дөңкиеді, соған тұс-тұстан үймелеген
топ құзғыннан үріккен күрең бұлт етіп бұлтарды. Қапелімде
ерден түсіп қала жаздап, бойын зорға тіктеді, таялмай қойған
аттың ыңғайымен сонадайдан айналып өтті.
Мынау бозбаланың бозы болмасын деген суық ой сусып
үлгерді. Күреңнен қарғып түсіп, жүгіре жақындады. Құдай-ау,
соның өзі ғой! Мойнын алқымына ала құлаған аттың еті бүлі
ніп үлгеріпті, соған қарағанда кемі екі күн бұрын мерт болған.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Айнала қарап жүріп, оқтың қақ маңдайдан тигенін көрді.
Шауып бара жатып құлаған шығар, тартпасы үзілген ер
сауырына қарай сыдырылған. Жүректі айнытқан қоңырсық
иістен, әлде көкірегін шоқтай күйдіріп ала жөнелген күдік
тен, шалғынды жалдап бара жатып қолқасы суырыла лоқсыды.
Дараттың тақыр биігінен тас домалаған шығар, мүмкін
өрекпіген жүрегі тарс жарылды ма, тізерлей бере тіксіне қайта
тұрды.
Жасаураған жанар жотадан әлдененің жонын шалып қал
ғандай болды. Қолынан түсіп кеткен мылтығын шап беріп
шаншылды, жұп-жұмыр жонында селдір сағым желдіртіп
жымын білдірмеді.
Ескі жұрт әлем-тапырық. Бұлаққа таяу тігілген ақбоз үй
дің орнында тысы тілгіленген құстөсек пен жастық бұрқырап
жатыр, төңкеріліп қалған сандықтың үстіне қонған қара қар
ға жақын келгенше ұшқан жоқ, осы жерде қазыққа керіл
ген үшеудің бірін жанұшыртып, жанарын шоқитын пәлеге
ұқсайды, жайбарақат көтеріліп барып қарқ етті.
Құмдауыт жақтағы киіз үйлер түгел өртелген, от қоймас
бұрын ішіндегі дүниелерді сыртқы шығарып астан-кестен
ақтарған ба, сынған ыдыс-аяқтан, жан-жаққа лақтырылған
көрпе-жастық пен киім-кешектен аяқ алып жүргісіз.
Әлмағамбеттің қараша үйінің орынында да күл бұрқырай
ды, етегі күйген күпі жер сүзе құлаған адам сияқтанып
шошытты.
Әпендінің осы күпіні кейде шыжыған ыстықта киіп жүре
тіні есіне түсті.
– Мұның не, батыр? – дегендерге жақтырмай шүйлігетін.
– Жалғанға жалап-жұқтап қарайтын жанарлардан сүйегім
сырқырайды.
Бейшара қазір қайда екен?
Ауылдың орта тұсына төрт жерге қазан көтерілген, соған
қарағанда, иесіз ауылды талқандағандардың кемі жиырма
шақты адам екенін шамалауға болатындай.
Қарашаның қара суығындай жайсыз ой үйіріп өтті. Со
нау күні қалың жылқыны айдап аттанған жасақтың қайта
оралғаны ма?
Соңынан ерген күрең тау етегіндегі ойпаңға өскен қалың
қарақатқа қарап осқырынды. Таудан тағы да тас домалады,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
шақ еткен дыбыс анық естіліп қалт тұра қалды. Бұл не болуы
мүмкін?
Күдікті күдік қуалады. Әлгінде жұмыр жонда бұлаңдаған
селдір сағым емес, мұны сыртынан торуылдап жүрген біреу
болмасын?! Бұлақтың басында болғандар маңайды аралап
шығуға аттанып, соңында қарауыл қалдырып кетуі кәдік қой.
Тоналып, таланған жалғыз бұлар деймісің, әр жерде өзі секіл
ді қолға түспей кеткендерді аңдып келсе, әр таста бір көз,
ұстауы әбден мүмкін.
Күреңнің шылбырын белдігіне күрмеді, мылтықтың оғын
түгендеп, айналаны тым-тырыс шолды, маңайда бөгде дыбыс
жоқ, бұлақтың сылдыры ғана жұтылып естіледі. Дараттың
биігі тақыр жотаның үстінен тіксіне қарап, тілсіз түйіліп тұр,
қарағанды жазық күлгін сағымнан басы айналып меңіреу.
Көрқыстау жақ шоқыдан әлде кезқұйрық, әлде қарақұс
сорғалап келіп қалың қарақаттың түбіне қонып еді, бір топ
қарға қарқылдап көтерілді.
Сол тұстан жеткен болымсыз леп күлімсі иісті ала келді,
айнала тегіс іріп-шіріп кеткен бе, жағалай мүңкіп қоя берген
тәрізденіп жүрегі аузына тығылды, екі күннен бері табаны
нан таусылып іздеген бала-шаға маңайда тарыдай шашылып
жатқандай түршікті. Мазасыздана шегіншектеген күреңнің
шылбырын жұлқа тартып ойпаңға асықты.
Қалың қарақатқа барып тірелетін шалғын үш жерінен
ұзына бойына жапырылған, екі адам әлденені сүйретіп апа
рып кері қайтқан сияқты, шеткі қос із ортаңғысына қарағанда
терең. Белуардан келген бидайық пен қоңырөлеңге шалынып
жүрісі өнбей қойды, қарсы алдында көлденеңдеген қарақатқа
жеткенше ақ тер, көк тер болды, қол созымдай жер қалғанда
селк етіп тоқтады, шөп арасынан адамның аяғын көзі шал
ды, етіктен жоғары жағы жалаңаштанған, қарға-құзғын киі
мін дар-дар айырып, тізеден ары сыдыра жеген етсіз сүйек
жанарына тікендей қадалды.
Ат әрі қарай жүрмей, табандап тұрып алды, айдалада ит-
құсқа жем болған сорлының кеуде тұсын қалқалаған шөпті
мылтықтың ұшымен қайра беріп кері ыршып түсті. Көріп
үлгергені – етсіз бас сүйек пен арса-арса алқымдағы қайыс
баулы тұмар.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Байғұс-ай! – Еңсесі езіліп отыра кетті. – Қыршынынан
қиылған боздақ-ай!
Қайыс баулы тұмарды Ысқақтың ауылынан келген бозба
ла тағатын.
Үрей, күдік жарыса жамырады, күреңге күңіреніп ұмтыл
ды, бұлақтың айналасын, қарағанды жазықты, таудың тікен
ді алқымын, Алабастың асуы жақтағы шоқының төңірегін
ат сауыры сабынданғанша арылтты, бәрі жым-жылас, бәрі
шілденің аптабында шыжғырылып, жанарды қақтайды.
Қайтып оралып, бозбаланың сүйегін қалың қарақаттың
түбіне жерледі.
– Қош, құлыным! – Күреңнің жалын құша еңіреді. – Бақұл
бол, балапаным!
Бұлақтың басынан боздап аттанды, ер үстінде еңіреп тең
селді, Көрқыстаудың желкесінен қиып алып, Дараттың ту
сыртынан шыққанша егілді.
Тақыр тау аспанның асты ақырзамандатып аңыраса да,
айылын жинар түрі жоқ, саяқ жота, бедеу жон қызғылт
түстеніп, күн көзінде қызара бөртіп сұлқ түскен, беткейде
дөңкиген доғал тас қатпар-қатпар биіктің арам безіндей бұл
тияды. Дарат Дарат болғалы, атағы алысқа тарап болғалы
етінен ет кессе, қыңқ деді ме екен?!
Атты үй орнындай қуысқа үркіп өскен шоқ терекке байлап,
тауға жаяу көтерілді, көз жетер жердегі жүгірген аң, ұшқан
құс жанарыңда жүзетін биіктен маңайды қарауылдап көрмек.
Иесіз ауылды қаусатып кеткендер қайтып оралса, аңдыспаққа
бекінген.
Қағынан жеріп, қан қақсата берген бұлаққа суына қарады.
Тақыр тас күйіп тұр, жеңіл белдемшені екі бүктеп астына
төседі. Жанторсықтың тығынын ағытып, аузына апара бер
генде, ту сыртынан тықыр шықты, бұрылып үлгергенше әлде
мылтық, әлде семсер, қыр арқасына қадала кетті.
– Сайтан!
Әлдемді қол желкесінен бүре сілкіді. Қарлыққан, өңешті
жыртқан дауыс қаһарлы.
– Қозғалма!
Қыбыр етсе қырқып түсердей түршіктірген қару жотасын
жансыздандыра қыдырып алқымына таялып келеді. Жала
ңаш етінде сұр жылан сумаң қаққандай қалтырады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жарық дүние қас қағымда жалп етіп сөнгені ме? Жан
тәсілімде шыр айнала бұлқынды, қарулы қол жағасын дар
айырып әкетті, тақыр таста сүрініп тұрды.
Әлде сапы, әлде семсер, жанарының алдына жарқылдады.
– Қан қаптырамын!
Алба-жұлма біреу бұрқ-сарқ төніп келеді. Бұғына жалта
рып тобықтан теуіп өтті. Сол екпінмен мылтыққа қарай
ұмтылып, қолы іліге бере жалт бұрылғанда, өзіне қарай шың
ғыра атылған Әлмағамбетті көрді.
– Тоқта!
Ол бұрынғыдан бетер құтырды.
– Албасты!
Тақыр жонды есінен адаса жаңғырықтырды.
– Тоқта, нақұрыс!
Диуана дүлей жыртқыштанып алған, аузынан көбігі ша
шырап күркірейді.
– Қараңды батырамын!
Семсерді сайтандана сермеді. Бұл жолы да сытылып үлгерді.
Айызы қанбай аласұрған меңіреу қатпар тасты жарқ-жұрқ
осқылап, көгістене қылғынды.
– Турап тастаймын!
Ту сыртына тулап шығып, түлен түртіп таялды.
– Жетер!
Өршеленген сорлыны талмау тұстан сілейтті.
* * *
Аюшаттың түбіндегі соқыр бұлақ сарқылайын деген
шығар, салынды сасиды, қос қапталдан көмкерген көк жа
сыл қоға тартыла-тартыла тоқымдай жерде тұнған саязға
тұнжырап төнген, бөдене батпас сыңар су суалып тынса,
қуарып тынатынын ойлай ма екен?
Салынды үстінде бұлтиған көлбақа сусып таялған сарбас
жыланды аңғара алмай ант атты. Қоғаға қонған бозторғай
безек қағып, боз далаға безіп кетті. Сарқындының сыртында
үңірейген үңгірден үрке қашқан үйір-үйір ұшқат шалғынды
сайдың қаймағындай қалқып, Саңғыруға ұласқан сары бел
АЛДАН СМАЙЫЛ
дің сауырында батқан күннің қанжылым шапағы қалғыды.
Әлгінде солай қарай сорғалаған бүркіт қара ноқаттанып
қайырылып келеді.
Екі кеште ереуілдегені несі екен?
Біресе көкке шаншыла шығандап, біресе төменде тең
білденген ойпаңға құлдилап, аң-таң аспанда солғын сәуле
шарбы бұлтқа сүрінді.
Қалғып бара жатқан айнала күлгіндеген көктің бауырын
сойып өткен шаңқылдан селк етті. Дүмбілез кешті дүрліктір
ген қыран тау асқан тазқараға тас төбеден түйілді, тасқаяқ
таған тағы таялып қалған құсқа тұяғын төсеп, тақыр жонға
жотасымен жосылды.
Бұрқ еткен бауыр жүн «бозқасқалаған» аспанда бозаңыт
ты. Тарс еткен тақыр топ еткен тазды тайғанақ тастан теуіп
тастады.
Жағадан алған жау аздай, жан берісіп жағаласқан Әлма
ғамбет салы суға кетіп отыр. Көрмеген аз күнде жағы суалып,
шүңірейген шүрегей жанар тереңнен сілесі қатып сығалайды.
Мұны біразға дейін таныған жоқ, шырамытып барып есіне
түсірген кезде еңіреп қоя берді.
– Сенбісің? Жұмағұлдың Смайылымысың? – деп аңыра
ды. – Мен сені қаптап кеткен көп әзірейілдің бірі екен деп
шауып тастай жаздадым ғой.
Өзін іш тартып, көңілі босаған осы сәтте сөзге тартып қалу
ға асықты.
– Әзірейіл дегенің бұлақтың басында болған жауыздар ма? –
деді суыртпақтап.
– Енді кім деп едің?! Олар шетінен жалаңдаған жаналғыш
тар ғой, – деп суынды ол.
– Солардың тағы бір тобы, түгел өртеп жіберді, тірі жан
таппай аласұрды, тау-тасты кезіп қолға түсіргендері улап-
шулаған бала-шаға ғана. Жалмауыздардың мәз-мейрам бол
ғанын көрсең сонда, мылтықтарын тарс-тұрс атып, жалын
датып от жағып, азан-қазан тойлады келіп.
Лаулай жөнелген ұшқатқа қарап, сұрланып отырып қалды.
Сауалмен жетелеп көрмек болды да, бүлдіріп алармын деп
тоқтады, жанары шатынап бара жатыр еді.
– Иә, азан-қазан тойлады! – деп айғалап жіберді бір кезде. –
От айнала билеп естері шықты. Әзірейілдердің сары сайтан
ШЫҒАРМАЛАРЫ
секілді жалын жалап сайрандағанын кім көрген?! Әзірейіл
әумесер әзәзіл емес қой. Әзірейілді де албасты басқаны да.
Отқа қарай емініп қалш-қалш етті. Шатаспай тұра тұрса
екен деді бұл іштей.
Ол орнынан жұлқына атып тұрды да, қайтадан сылқ етті.
– Әзірейіл алжасса, тәңірдің де шатасқаны ғой, – деп
қажыды.
Содан соң бұған жалт бұрылып, тесіле қалды. – Сен айтшы,
турасын айтшы! – деп қадалды. – Тәңірдің орнына албасты
отырып алған жоқ па?
– Жоқ, – деді бұл. – Мен білемін ғой, анық білемін.
– Қайдам... – деп күрсінді ол. – Тәңірдің орнына албасты
отырып алмаса, әзірейіл сары сайтанданбайды ғой, тәңірінің
құлдарын жағалай қырмайды ғой.
Тамағына тас тығылғандай тына қалды, жарылып кеткен
ерні дір-дір етеді.
– Иә, тәңірі тағынан таймаса, әзірейілді албасты баспай
ды, – деп мұңайды.
Қарауытқан ойпаңға жиіркене әрі үрейлене қарап қаба
ғын шытты, осы сәтте өзінен де, өзге дүниеден де біржола
күдер үзгендей тым қайғылы еді.
– Қара жердің әзірейіл секілді жұтынуын-ай! – дегенде
өзегі өртенді.
Манағы қыран көкте әлі дабыл қағып жүр, Дараттың биі
гін шаңқ-шаңқ жаңғырықтырды.
– Сорлы неме! – деп қыжылдады Әлмағамбет. – Кәрі бүр
кітке айналған қақпас аруақ! Сенің қолыңнан осылай жа
ныққаннан басқа не келмек?! Менің қолымнан диуана сары
нын сарнатқаннан басқа не келмек?!
Әлде жапалақтан, әлде үкіден жанұшырып паналаған жері
осы болды ма, жалғыз торғай Әлмағамбеттің жанына қонып,
сәлден соң қайта ұшты.
– Ылғи осылай, – деді Әлмағамбет, – сабылып жүргендері.
– Нені айтасың? – деді бұл.
– Шыққан жанды, – деп күйзелді ол. – Бұл күнде кеудеден
шырылдап ұшқан жанда да маза жоқ, көк пен жердің арасында
албасты басып адасқан.
Тұңғиықтың түбіндей жылымданып қарауытқан көкке
жанары тұмандана қарады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Сен білмейсің ғой, – деп тұнжырады. – Аруақ байғұсқа
адасқан жаннан ауыр қайғы жоқ қой. Не көкте, не жерде емес,
сенделеді де жүреді.
Батқан күннің соңғы шапағы да әлдеқашан сөнген, батыс
кемерден Есекқырған көрінді, төменіректе солғын жұлдыз
сөніп-жанып әуре, тау іші түнгі сарынын тауып, тақыр тасты
елес үн кезді. Дараттың сыңар биігі күрсініп алып аласарып,
көз байланар дел-сал шақта тәңірінен дамыл тілеп мүлгіді.
Алыстан, бәлкім, жақыннан байғыз бұғына сыңсыды.
– Сорлы мұндар! – деп күйінді Әлмағамбет. – Сай-сүйекті
сырқыратып неге сыңси береді?!
– Кімді айтасың? – деді бұл.
– Бейшара періштелерді, – деді ол. – Олар таудан асып
бара жатып осылай сыңсыған еді ғой, аруақ біткенді ботадай
боздатқан.
Қарауытқан ойпаңнан әлдекім булыға жөтелді, сірә, үкі
болар, түн баласында жемтігін басып отырып осылай тұншыға
үн салатыны бар, құрбандығына иман тілеген түрі шығар.
Желке тұста тұтаса сұлаған тау сытыр-сытыр суынды, күн
еңкейгеннен салқындайтын жарықтық кәрі сүйегі сықырлап
тоңазыған шығар.
Жылы суға езіп берген құртты басына бір-ақ көтерген
Әлмағамбет те тыншығанға ұқсайды, жалындаған отқа сы
ғырая қарап тілсіз, жанары аруақ шақырып жалқынданбай бір
мезет сабырын тапқан.
– Оларды түгел айдап әкетті, – деді әлден соң. – Жылап
кетті байғұстар. Бәріміз – тау да, тас та, дала да, шілденің
шақырайған, шыжғырған күні де – тілеуін тіледік, сары
сайтанданған көп әзірейілдің қырып салмағанына құлдық
ұрдық. Содан соң иесіз қалған бұлақтың басында тәңірге ұзақ
жалбарындым, әзірейіл біткенді тәубесіне түсір деп жалын
дым. Олар тіптен құтырып кетті ғой, аждаһаланып алды. Ал
періште атаулының бәрі дәрменсіз.
Қолындағы ағаш аяқты жанына қойып, бұған көңілі бұзы
ла қарады.
– Сен білмейсің ғой, боз мінген байғұс періште бұ дүниеден
боздап кетті ғой.
Қалтасынан құрманың сүйегінен жасалған тасбиғын алып
айналдыра ұзақ қарады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ – Ол түн ішінде келді, – деді бір кезде. – Боз аспаннан бо заңытып түсті, бозара қалған жалғанның боздағын шығарып жүйткіді. Ай астында бозбұйдаланған боз сәуле дерсің. От айнала улап-шулаған қалың әзірейілді қақ жарып ағып өтті, жан алған жалмауыздар жан беріп қан қақсады. «Жасаған жар бола көр!» деп еңіредік, тас та, тау да, бір өліп, бір тірілген сансыз жұлдыз да солай зарладық. Ал көкайыл көктегі тас керең тәңір қашанда қатыгез ғой, сірә да жібімейді ғой. Жанары жалынға шағылысып жарқ етті, түн жамылып тылсымданған ойпаңға әзірейіл көргендей қалтырап қарап, қалшылдап қоя берді. Тағы да бүлінеді-ау деп қынжылды бұл. Әлмағамбет селк-селк етіп ұшып тұрды, шытыр-шытыр жанған отты айнала жүгіріп зікір салды. Тәңір болмақ кәрі сайтан, Тағдыр болмақ сары сайтан, Көрінгеннің бәрі сайтан, Аулақ, аулақ, әрі, сайтан! Уһ-аһ! Уһ-аһ! Үңгірге қарай безе жөнеліп, тастан-тасқа секірді, күбіркүбір қайтып келіп, шатыр-шұтыр алаулаған ұшқатты айғай салып ала қашты. Адам бекер, сайтан хақ, Жұмақ жұмбақ, тозақ хақ, Жылай алсаң, жылап бақ, Өмір жалған, өлім хақ! Уһ-аһ! Уһ-аһ! – Бітті! Бұл енді қайтып оңалмайды! – деп түңілді бұл. Ол мүлде құтырынып алды, от үстінен ерсілі-қарсылы қарғып сақ-сақ күлді, іле ботадай боздап егіліп, артынша түксиген көкке күркіреп айбат шекті. Албастымен жарасқан, Қарғыс атқан қара аспан,
АЛДАН СМАЙЫЛ
Адам азды екен деп,
Тәңір неге адасқан?!
Уһ-аһ! Уһ-аһ!
Желдей есіп келіп жанында жатқан қамшыны қағып әкет
ті, салынды иісі шыққан сарқындыны жалдап жүріп саба
лады, ұйысқан қоға қырқылып түсіп жатыр. Қай кезде
қайдан ұстап алды екен, бір қолында құлаштай сарбас жылан
салаңдайды, жиырыла алмай шұбатылған пәлемен үсті-басын
жұлына осқылады.
Желдеп жүрген жесір жылан,
Кердеңдеген кесір жылан,
Есінемей есіл, жылан,
Кеше алсаң – кешір, жылан,
Жасағанның жағасына
Оратылмай, шешіл, жылан!
Уһ-аһ! Уһ-аһ!
Қамшыны бір жаққа, жыланды бір жаққа лақтырып тас
тады, сарқындыдан салдыр-гүлдір атып шығып, қалғыған
тауға шарт жүгініп отыра кетті.
Өзегі талып өлген тау,
Өзін-өзі көмген тау,
Көміп жатса, көнген тау.
Тасың тырдай жалаңаш,
Жотаң арық, жоның аш.
Тыр жалаңаш жаныңды
Тыр жалаңаш ала қаш!
Атып тұрып жан-жағына алас-күлес қарады да, мұның
жанында жатқан сапыға тұра ұмтылды. Бұл одан бұрын
қимылдап, тақымының астына баса қойды.
– Әкел! – деді алақ-жұлақ етіп.
Екі жүзді болат сапыны мана қолына алғаннан таныған,
Ақбидің қаруы, өзіне ұзынтұра көрсеткен көп қазынаның
ішінде еді, мынау қалай тапты екен?
Әлмағамбет сұрлана таялды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Әкел! – деп қалшылдады.
– Жоқ! – деді бұл да даусын көтеріп.
Ол иығы қусырылып, әп-сәтте пұшайман бола қалды.
– Әкелші, – деп жалынды.
– Бере алмаймын, – деді бұл. – Тағы да жауша жағаласпақ
сың ғой.
Әлгіндегі арсыл-гүрсілден әбден болдырған ба, құр сүлдері
зорға отыр.
– Шаршадың ба? – деп еді басын изеді.
– Қажыдым ғой, – деп күрсінді. – Қажыған қартаң жын
не қарасын батырмайды, не тыншымайды. Қашанғы кәрі
жолдас болған соң көңілін қимай дегеніне көнемін деп бол
дырып біттім емес пе!
– Мына сапыны сол тауып берді ме?
– Иә.
– Қайдан?
– Тас астынан.
– Тағы не берді?
– Алақандай алтын берді, күңгір-күңгір күміс берді, хор
қызындай гауһар берді, жауқазындай жүзік берді.
– Олар қайда?
Әлмағамбет жалт қарады, жанары қайтадан жалқындана
қалған, тізерлеп отырған қалпы санын сабалап сұңқылдай
жөнелді.
Алтын беріп албастыдан сатып алдым жаһанды,
Алтынымды сол албасты толғай алмай қақалды.
Күміс бердім жалын күнге күлім қағып жүрсін деп,
Тамұқ көктің түңлігін күнде келіп түрсін деп.
Шолпыны алып Шолпан қыздың жанарына жалаттым,
Сақинаны жұлдыздарға жүзіп жүріп тараттым.
Алқаны алды алақайлап, аяр екен ана ай,
Ертеңіне кетті бірақ, барып едім, қарамай.
Жүзігімді хор қызының саусағына кигіздім,
Гауһарымды алаулатып таң нұрына сүйгіздім.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Болат кездік тарғыл тасқа қайта-қайта қайрадым,
Қайрап алып заңғар шыңның белдігіне байладым.
Алтын теңге арқаладым таудың түнек түнінде,
Жалт-жұлт етіп жатыр енді терең шатқал түбінде.
Күміс сырға сыйға тарттым сай жайлаған қайыңға,
Сылқым қайың сыр айтады сұлу сырға жайында.
Білезікті бедеу жылан сұрап алды қиылып,
Сұсты сапы тағып алдым жаратқанға сиынып.
Бәлкім, мен де кәрі жындай қажыдым да алжастым,
Сары алтынмен кәрлі тауда мен осылай арбастым.
Әлмағамбеттің даусы баяулай берді де үзілді, жанары
қоламтадай күлгінденіп «Уһ!» деді.
Қарауытқан ойпаңды естілер-естілмес сарын жайдақ кезіп
барады, есі бірде кірген, бірде адасқан мына сорлының кәрі
жыны қаңғып кетті ме екен, әлде торғын түнде қалың аруақ
елсізді елес болып ен жайлай ма, әйтеуір бір еміс-еміс есілген
үн үзілмейді, ғайыптан үздігеді де тұрады.
От сөніп барады, тау арасын сылбыр кезіп келген леп
көгістене бастаған шоқты соңғы рет қызартып баяу ағып
өтті. Түнгі сыңар сарын бір мезет таудан сыңсып асқан бала-
шағаның тас ішінде сенделіп қалған жетім үні секілденді,
жын жайлаған, түнерген, тірі дүниеге сірә да шырай бермеген
өлексе өңірден енді не қайыр күтіп емексиді екен?
Саңғырудың биігіне құйрықты жұлдыз құйылып келіп
жоғалды, боз мінген боздақтың боздап қалған рухы безерген
көкте күңіреніп жүріп күйіп кетті ме екен?
ІV. Көкжал мен үшеу
Арлан таң алдында тәуекел етті, әуелі Шуға қарай сүмең
деп, одан шығысқа шығандаған үшеудің соңынан дәмелі түсті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Шығар күннің сүйінші шұғыласы ұлы шөлдің көкжиегі
нен шыжғырылып көрінді, кәрі Бетпақ көде кірпігін көтере
беріп күрсінді, көкжал күреңіткен көкке қарап арс етті, тұз
татыған даланың бүгін де жалын атып жаланатынын сезді.
– Мейлің! – деді Бетпақ, күлімдемей көгістенген көкжиек
ке күйдіргілене қадалды. – Мейлің! Ұлып шығып, қыңсылап
бататын күн тағы да күйдірер деп күйзеле алмаспын!
– Мейлің! – деді қорқау, түн түнегін түре алмай түтеленген
көкке кектене қарады. – Сор сасыған өңірде тағы бір аптап
апшымды қуырады екен деп алған бетімнен қайтпаспын!
Көз көрімде қараңдаған үшеудің соңынан бүкең-бүкең
жортты. Сұрланып барып сарқылған сортаңнан кейін бастал
ған көделі жазық, жарыса кеткісі келіп желікті, төсінде үйір-
үйір киік ұршықша үйірілген, үйір-үйір құйынның соңынан
үйір-үйір үміт үздіккен ұшқыр күндерін аңсаған шығар.
Шығыста селдіреген сирек ши шұғыла шыжғырылған
көкжиекке құлдырап барады, қу далада қурап қалғанша
шығар күнге шығандап барып күйіп кеткісі келді ме екен?!
Қарсы бетте шоқ қараған таң асып қаңтарылып тұр, тү
бінде әлдене қараяды, тері сасыған өлі иіс білінді, жанарын
жалаңаштаған тірі жемтік тұрғанда аялдап қайтем деп өте
шығып, ұзай бере қайта оралды.
Көкжиектен ұрлана сығалаған күн Бетпақта өзімен бірге
ұрандап көтерілетін ұрын желді күтті, өңі қашқан өлі дала
жанарын жасқап, сары ала таңда өлім жайлы ойлағанына
күйзелді.
Ол ұлы шөлді көрген сайын осылай тітіреніп, тым-ты
рыс тынатын, көкжиекте көміліп қалғысы келетін, құдіреті
күшті көк сеңгір болмаса, сүйек-сүйегіне дейін қураған құла
дүзге көрініп несі бар?! Өлім жайлы күн сайын күңіреніп несі
бар?!
Ал өлі дала өлім туралы сірә да тебіренбейтін, өлім өмір
екенін ғана әредік ойлап қоятын, өзінен басқа дүниенің өлім
нен өмір көктеп жататындығын түсінбейтіндігіне қайран қа
латын, өңіріне өзекті тірлік өлім іздеп келетіндігіне шүкірлік
ететін.
Өлгендердің бәрі бақытты, тірілердің қайғысызы қайда
бар?!
9-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Өлім жайлы өліп-тіріліп ойлау өмір мен өлімді егіз жарат
қан жасағанның жақсылығына жапа шектіру ғой.
Құла дүз күрсініп алып, қарағанның түбінде тұлданған
қорқауға күмәнмен қарады, ол өмір іздеп жүріп өлімге айна
лып кеткенін әлі күнге білмейтін шығар.
Бөрі үшеудің соңынан қайта түсті, әлгінде іркес-тіркес
кетіп бара жатқан сияқты еді, енді аралары ашылған, соңғы
сүметілгені тәлтіректеп барып отыра кетті де жер тіреп зорға
көтерілді, алдыңғыларға қолын бұлғап қылғына қыңсылады,
олар тоқтаған жеріне жалп-жалп құлады. Көкжиектен сығы
рая сығалаған күн қымсына көтеріліп, құла дүздің кемерінде
дөңгелене қалыпты.
Қорқау шоқ басқандай шоршыды, қан қызыл күн ішек-
қарнын қос бөрі қылқ-қылқ жұтқан қаншықтың қанталаған
жанарындай қарып түскен. Бетпаққа беттегелі осы, албас
тыланған аждаһа жанар түсінде тап-тап беріп, арса-арса
талайтын, кейін қарсы алдынан қапелімде шыға келіп шыж
ғыра қадалатын болды.
Шақырая бастаған күннен сырт айналды, бір топ қурайға
тіреліп қалған қаңбақтың тасасына шөкесінен түсті.
* * *
Ұзынтұраның естен тандырған ойбайы қасқырдың түнгі
сарынына ұқсас еді, кеспелтек құлағын басып теңселді.
– Тоқтат! – деп шарылдады. Ол естімеді ме, шыққан күнге
шарт жүгініп алып үдете түсті.
– Бітті! – деді күйзеліп.
Бүгін мынау, ертең өзі есінен адасып, Бетпақта жынданып
өлер. Тілім-тілім ерні удай ашиды, аузына сыймай ісінген тілі
көмейіне кептеліп, тұншығып өлетін шығар.
Ұзынтұра енді өзіне қарай еңбектеп келеді, жанары жан
сызданып алған сұмырай кешелі бері тістене таянуды шы
ғарған, не ойлағанын сайтан білсін, әйтеуір бұл сырғақтаған
сайын таяла түседі.
– Жоғал! – деді сескеніп.
Шілденің күні таяқ бойы көтеріле бере ысыды. Бәлкім,
әбден қалжыраған, өне бойы үздіксіз күйіп-жанған бұған солай
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көрінген шығар, мынау әдеттегі табақтай күн емес, аспанның
астын жайлап алған алапат жалын, біресе аппақ алау болып
лаулайды, біресе қып-қызыл шоққа айналып қариды.
Ұзынтұра тағы да сарнады, маңайындағы көдені жындана
жұлып, әлде мұны, әлде өзін ата-бабасынан бері қарай сы
пырта жөнелді. Тісі ақсиып, көзіне көзін қадап алып тесіледі.
– Аулақ! – деп шегіншектеді. – Аулақ!
Орнынан тұрып еді, буын-буыны сырқырап, басы айналды,
Бетпақтың тамұқ даласы, аспанның астында әбжыландаған
жалын төбесіне төңкеріле құлап келеді. Теңселіп кетті ме, әлде
жүріп келе ме, айыра алмай шатасты, бір сәт алаулаған құла
дүз өзіне қарай құлдырай жөнелді, заулаған, желдей ескен
күйі бозғылт әлемге сүңгіп кетті.
«Ажал осылай айналдыратын шығар, – деп ойлады. – Оның
келетін уақыты болып еді ғой».
Дөңгеленген алау жаңа ғана күйдіре жөнеліп еді, енді
сақылдаған сары аязданып қарып барады. Аздан соң дүние
мамыражай тына қалды да, зілдей біреу кеудесіне қона кетіп
зіркілдеді.
Көзін үрейлене ашқанда, тістене төнген ұзынтұраны көрді,
жан-дәрмен жұлқынып, үстінен аунатып түсірді.
– Сен! – деп сұстанды ол. – Сен кінәлісің бәріне!
– Құры! – деп шарылдады бұл.
– Өшір үніңді! – деді ол. – Өшір!
Тізерлеп алып қайта төнді.
– Сен ит болмағанда, осылай азапқа түсер ме едім?!
– Не оттап отырсың?!
Ырық бергісі келмей өршеленіп еді, ол егесе ентікті.
– Жайдақ елді жайратып салған кім? Қан құстырып, қан
кештірген кім? Қынадай қырған кім?
– Сандалма!
Ұзынтұраның жағасынан ала кетті. Ол қолын қағып тастап
қырылдады. Жағасынан шап беріп ессіздене сілкіледі.
– Сен енді менен құтыла алмайсың!
Бетпаққа іліккелі сүмірейген нақұрыс аяқ астынан қалай
құтырып шыға келгенін түсінбей дағдарды, тарамыс саусақ
бүркіттей бүріп тырп еткізетін емес.
– Қаныңды ішемін! – деп қылғынды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
«Қолына қалай түсіп қалдым? – деп қынжылды іштей. –
Бұл енді айырылмас».
Амалы таусылып ұзынтұраның шатынаған жанарына
жасқана қарады.
– Сен... тоқтай тұршы. Бұл мен ғой.
Ол қызыл иегі қашып, сояу-сояу сойдиған тісі ақсия ши
қылдады.
– Менмін деймісің? Сені кім білмейді?! Қан сасыған жал
мауызды білмей бұл жалғанға не көрініпті?!
– Шатыспа, – деп күмілжіді, – Никита екенімді қалай
ұмыттың?
Ұзынтұра құтын қашыра қарқылдады.
– Никитамын де, кәдімгі әзірейіл Никитасың ғой. Солай
анық айтсаңшы.
Жағасына жабысқан қолы жазылар емес, қарысып қалған
шығар, білегіне оратылған тарамыс саусақ тарылып барады.
– Әзірейілің не? – деп шоршыды. – Алжаспасаң солай дер
ме едің?!
– Ә! – деп төнді ол. – Мен бе алжасқан?
Шатынаған жанар шақшиған күнге шағылысты.
– Мен бе деймін алжасқан?
– Сен! – деп жанұшырды. Ұзынтұра құтырына түсті.
– Алжасқанды көрсетемін саған!
Білегіне оратылған саусақ жазыла беріп алқымына сарт етті.
Онсыз да тұманданған көз алды қарауытып барады, ты
нысы тарылып жанұшырды, барын салып жұлқынып жүріп
алқымын зорға босатты.
– Құтыла алмайсың! – деп жабысты ұзынтұра. – Құт
қармаймын!
Тізерлеп барып көтерілген мұны жерге бұрап түсірді.
– Малғұн!
Әрі қарай жағаласуға дәрмен жетпеді, басы айналып, жа
нарының алды қайтадан аударылып-төңкерілді.
Ұзынтұра да екі иығынан дем алып отыр, жағасында
тарбиған саусағы бұрынғыдай әлуетті емес.
– Алысып өлемін! – деп қожылдады, даусы сесінен айы
рылып, булығып естілді.
– Сен... сабыр етші, – деп мүсәпірленді бұл. – Тыңдашы.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ол қыстыға жөтеліп, қалтырап қоя берді, безгегі ұстаған
дай селкілдеп, өзімен-өзі әлекке түсті.
– Сен! – деді бір кезде. – Сен, қарғыс атқан қарақшы, жаға
лай күнәға батырып, оп-оңай өле қалмақсың ба?
Тілім-тілім ерінін тыжырана жалады.
– Жоқ, жеп-жеңіл өле салмайсың, тозақ отына тірідей
шыжғырыласың! Мен күнәмнан солай арыламын.
«Мынау мені өлтірмек пе?!» деп үрейленді.
Жалпақ сордағы тұз боран қайтадан құтырынған ба, қайда
қараса да бозаңытып шыға келеді, бірақ үф еткен жел жоқ,
сірә, бұл алыс-жақынды айыра алмайтын болған ғой. Ұзынтұра
біресе кішірейіп, біресе зорайып көрінеді.
– Солай, – деді ол, – мен мына дүниеден тазарып көшемін.
– Сандалыпсың! – деп қырсықты бұл. – Кеңірдегіңе дейін
қанға батқан сен тазару туралы ойламай-ақ қой.
Ұзынтұра өрекпи беріп түкірігіне шашалды.
– Күнәмнан құлан таза арыламын, – деп ықылық атты.
– Сенің көзіңді құртқан адам тәңірінің сүйген құлына
айналады.
Үстіне қона кетпек болып жұлқынды, бар болғаны көтеріле
беріп қайтадан сылқ етті.
– Сандырақ, – деп ыңыранды бұл.
– Солай, – деді анау, – сені жаһаннамға жіберген жан о
дүниеде күңіренген рухтардың қошеметіне бөленеді.
– Сандырақ! – деп айғайлады түршігіп. Ұзынтұра есті
мегендей жалғастыра берді.
– Әлде түсімде, әлде өңімде рух сорлы солай деді ғой маған.
Анық айтты. Сенен әзірейілдің өзі жиіркенетін болған соң
осылай демегенде қайтсін.
– Сандырақ!
Ызыңдаған нақұрысты өлермендене сілкілеп шарылдады.
– Сандырақ! Дүлейленген сен де, есі ауысқан рух та, бар-
жоғы белгісіз тәңірің де сандырақ! Бәрі жалған, бәрі қауқар
сыз елес қана!
– Елес! – Көзінің оты жарқ етті. – Елес деймісің?!
Ұзынтұра бұл жолы көкжелкеден қондырды.
– Сенен басқаның бәрі елес, тек сен ғана ақиқатсың ғой!
Үсті-үстіне соққылап аттандады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Елеске айнал ендеше, сар далада сағымданып сарна да
жүр!
Жұдырығы ісініп кеткен ерніне тиіп зар қақсатты.
– Елес! – деп долданды бұл да. – Жапан далада жайылып
жүрген жабайы елестер! Обал да, сауап та жоқ оларға, тәңірің
басқа бір теуіп қаңғытып жіберген сұмырайлар өңшең!
Ұзынтұра жоқ болып кетті ме, дүние тып-тыныш бола
қалды.
Әлден соң дәл жанынан әлдекім ыңырсыды.
– Сол ит шығар, – деді. – Сілесі қатып сұлқ түскен де.
Қалың көдеге жармаса жылжыды, мына нақұрыстан аулақ
кетпесе, есін жиып алып қайтадан құтырар.
Соңынан ышқынған дауыс естілді.
– Тоқта! – деп айғайлады ол. – Тоқта! – Даусы тозақтан
шыққандай түршіктірді. – Тоқта, қанішер!
Ұзынтұра тісі ақсиып қуып келе жатқандай үрейі ұшты,
жер бауырлап барып бойын әрең-әрең түзеді, албастыланған
хайуаннан тәлтіректеп ұзай берді.
* * *
Қорқау қурайдың тасасында кешке дейін жатты, Бетпақ
тың кірпігіне ілінген үшеу бір құлап, бір тұрып алыстап кетсе
де қозғалған жоқ.
Олардың кешеден бергі жүрісін түсіну қиын, осы арадан
үш-төрт күндік жердегі Арқаға бет түзеудің орнына, біресе
қияндағы Шуға, біресе елсізге бұрылып әуре-сарсаң. Жалпақ
сордың батысындағы шыңырау да ойларында жоқ, Бетпақты
жалдаған жолаушылардың ішінде сол терең құдыққа соқпай
сандалған тек осылар шығар.
– Мейілдерің, – деді арлан қурайдың тарамыс сабағын кү
тір-күтір шайнап. – Сендер үшін енді бәрібір. Безерген Бетпақ
қылқ-қылқ жұтынатын күн қыр астында тұр.
Содан кейін мына үшеудің Арқадан ұлы шөлге неге қаң
ғып келгенін ұқпай дал болды. Кеудесінде жаны бар тірлік
шыжыған шілдеде Бетпақтан безе қашатын, тәңірі талақ еткен
тамұқ даланың жалғанға жалана жантәсілім тілейтін шағы
бұл.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Батып бара жатқан күннің қан қызыл шапағын жамылған
жалбыр бұлт ту биенің көк жасыл шалғынға шашылып түскен
ішек-қарнындай шұбатылып, аш өзегін тырнады. Қурайдың
түп сабағын қарш-қарш шайнап қағынды, Арқаның аң-
құсы армансыз тоқ күндер жамырап қоя берді, жеті түнде
желігіп келіп көп жылқыға жұлына араласқан айбатты сәт
тер андыздады, қысырдың сауырын құйғытып сауып, қоң
етін қылқ-қылқ жұтқан, айбынына ай астының айызы қанған
шырайлы шақтар шамырқантты. Бағланнан бал тамызып,
тоқты-торым тоқымқағарға ғана жүрген тәубасы жоқ тоқмейіл
уақыт еске түсіп у жалатты. Өңешінен шикі өкпе аңдаусызда
өтіп кетсе, құсып тастап өрекпіген өңшең өркөкірек күндер қу
далада құлдырады.
Шарбы май шалықтатып, көк бауыр кекірегінде кілкіген
кесірлі айлар екі кеште көккемерде кекірейді. Бөлтірік бүй
рек берсең бедірейген бетсіз шақ шаң қаптырып шығандап,
Арқадан шалғайда тауы шағылып шатасты.
Жатқан жерінен аш әлемі әлем-тапырақтанып көтерілді,
манадан бері қара үзіп кеткен үшеудің соңынан өшіге салды.
Жоталана жортып алып, батқан күнге бауыр басып қарап
еді, Бетпақтың қияны қанталап қағына қалды.
Осы арадан жылқы жығар жерде қалың қау төңкерілетін,
Арқаны алты ай жайлап, сары ала күзде Шуға шулап шұ
быратын табын-табын киік соған сапырылып келіп, аунап-
аунап алушы еді. Бетпақты аң-таң аңыратқан аңға қырдағы
қиқулы күндерден жалығып еріп, жаһанда желмен жарыса
тын. Төтеден қосылса сытыла сырғып, төскейден төгілсе төрде
озып, қиырдан көрінсе қиянда қалқып, қарасын үзіп кеткен
де, кәрі Бетпақ тепең-тепең тебініп, қызылсырап қиқулайтын.
Көлденеңдеп келіп қалған әбжыланнан қарғып өтіп, қаң
сыған қара жерді түте-түтесі шығып тырналады, сумаңдаған
сұсты немені азуында турап-турап түкіріп тастаса сауап болар
ма еді?
Алдынан ашыла кеткен ақселеулі алаң ағараңдап аласарды,
ай аунаса түгі қалмас, ат аунаса тері үгілмес тайғанақ ойпаң
көлеңке үйірілген кірпияз шақта дөңгелене тай тұяқтанды.
Бетпақтың есі түзу елгезек кезінде осындай ойдым-ойдымда
дуадақ бұлт-бұлт бұлтаратын, салып ұрып сапыра тиіссе, қанат
каққанша қағып алушы еді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Сүметілген үшеу елсізге еміне еніп кеткен бе, бауырын
жаздырып барып қара танытты. Кешеден бері кейіндей берген
денелі бұл жолы да алдыңғы екеудің соңында қалыпты, ашу
шақырар аралыққа дейін таялып, төңкерілген көдеге арс етіп
аунап алды.
* * *
Жынданып алған ұзынтұра шығар, біреу арт жағынан
тажал көргендей шыңғырды, әуелде өзін көкбеттеніп қуып
келе ме деп қауіптенген, әлгі шырыл үдеп бара жатқан соң
сескене іркілді. Соңынан қалмай қойған нақұрыс қаққан
қазықтай қатып қалған, одан әріде әлдене Сергейді жығып
салып жұмарлап жатыр.
– Никита! – деп бақырды есінен адасқан есуас. – Никита,
сұмдықты қара!
– Не? – деп ошарылды бұл.
– Қасқыр! – деп бажылдады ол. – Сергейді қасқыр жеп
жатыр!
– Мынау әбден алжасқан екен, – деді тыжырына күңк
етіп. – Қасқыры несі?
– Қан жоса жарып тастады! – деп ойбайлады ол енді. –
Жайратып салды!
Өзі біресе солай қарай ентелеп, біресе бұған қарай бүкеңдеп
сенделіп жүр.
Көз байлана қоймаған ала шарбы шақта серейіп қалған
Сергейдің үстінде әлдененің қорбаң-қорбаң еткенін анық
көрді, ырылға ұқсас ызалы үн еміс-еміс естілді. «Шынымен
қасқыр ма?!» деген үрейлі ой қанжардай қадала кетті.
Әлгі шарыл батқан күннің көкжасыл шапағына шыңыл
дап жаңғырығып, дірілдеп тұрып алды. Жан-жағы жағалай
шырқырап қоя бергендей құты қашты, ұйысқан селеудің үс
тінде тайғанақтап барып құлап түсті.
– Жеп жатыр! – деп шыңғырды ұзынтұра. – Тірідей түтіп
жатыр!
Сүрініп-қабынып тұрғанша «Қайдасыңдап» жер-көкті ба
сына көтерді, жан даусы шыққан күйі Сергей жаққа бүкеңдеп
барады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ – Қасқыр, – деп мәңгірді соңынан қарап. – Бетпақтың жын қуған жыртқышы Сергейді емес, сені жайратуы керек еді. Содан соң келе жатқан бағытымен көлеңке қонған далаға сүлдерін сүйрете сүмеңдеді. – Қасқыр! – деді ұзай бере. – Қасқыр болса қайтпекпін?! Оң қол жағында қараңдаған ұшқатқа бұрылып барып, жуантық біреуін сындырып алмақ болып еді, шарт бөлінбей майыса берді. – Қарғыс атсын! – деді күйініп. Ұзынтұра қалған жақ дардар айырылып жатыр. – Никита! – деп аттандайды ол. – Қайдасың?! – Қайда болушы едім, – деп күңк етті бұл. – Кетіп барамын, өз бетіммен қаңғып барамын. – Қаныпезер сұмырай! – деп долданды ол. – Көксоққан доңыз! – Қылғына түс! – деді бұл. – Буынып неге өлмейсің! Бетпақтың күрең жорға тәулігі сөнген күннің соңында күңгірт жортады, түменденген даланың жалқынданған ке мері құла дүздің көмейінде кептеліп қалған. Ұшқаттың арғы жағынан көрінген аласа шиге қарай қозғалып күңкілдеді: – Қасқыр дейді ғой. Жайратып жатыр деп шарылдайды. Жайратуға жаралған жауыз жайратып салмай қайтпек? Бөрі жортқан жаһаннамда тажал да жортар әлі. Ұзынтұра мұнан адасып қаламын деп қорқа ма, шыбыншіркейі шығып жатыр. – Тоқта, доңыз! – деп барқырайды. – Тоқта, иттің баласы! Аласа шиден әрі көкпекті тақыр, сор қайнатып тұз бо рандатқан Жалпақ сор көз алдына оралды. – Мұнысы несі тағы?! – деп кілт тоқтады. Бетпақта екі күн сенделгенде, айналып жүріп, сол тозақ сорға қайтып келгені ме? Шарылдап жатқан ұзынтұраны естуден қалды, көкпекті тақырға жасқана таялды. – Жоқ! – деп дауыстап жіберді шетіне іліге бере. – Мынау тозаңытқан түз емес, жылмиған ай тақыр ғана. Ілбіп отырып одан да өтті. – Қасқыр дейді ғой! – деп күйінді. – Болса қайтейін?! Сүй ретіліп келе жатып қараң өшкір қазақтың Бетпаққа қашан
АЛДАН СМАЙЫЛ айдап әкелгенін есіне түсіруге тырысты. Алжаспаса, содан бері екінші күнді артқа тастады, оған дейін Жалпақ сорға жеткенше үш күн сабылған, егер бұл дұрыс келе жатса, енді бірер күнде Арқаға ілігеді. – Төзе тұру керек, – деп қайрады өзін. – Шыдай тұру керек. Ұзынтұраның даусы алыстап бара ма, қалай? – Қайдасың, қарақшы?! – деп айдалада азынап жүр. – Өлім деген сырбаз ғой, байғұсым, – деді артына қарап алып. – Ол асықпайды, кезек-кезегімен жалмайды, бүгін Сергей, ертең кім, өзіне ғана аян. Ал сен шарылдайсың келіп. Қарсы бетте биік қараған ба, әлде Бетпақта қаңғып кезіге тін тобылғы ма, қарауытып тұр, жанына келгенде тығыз өскен сасырдың қураған сабағына жапырлап тіреліп, үйме-жүйме үймелеген қаңбақ екенін көрді. – Солай, – деді тасасына тізе бүгіп жатып. – Өлім асықпай ды. Қаңбақтың қылтанағы желкесіне қадалып ығысып отырды. Өлекселенген аспанның жидіген өкпесіндей ақжемденген ай ажарын жоғалтып аң-таң. Ұзынтұраның даусы қарлығыпты. – Жер жұтты ма, доңыз?! – деген үн барлығып естілді. – Әзірге шырылдай тұр, – деді бұл. – Өлім кезек-кезегімен жайпайды. Ол, бәлкім, Бетпақтың ашқұрсақ қорқауы болып келген шығар, қайдан білесің. Өлім дегенің сәт сайын құбылып тұратын сайқымазақ сайқалдың дәп өзі ғой. Қаңбақтан сырғып түскен кесіртке тізесінің үстінен жүгіріп өте шықты, Бетпаққа аяқ басқалы көрген тірі мақұлығы осы сумаңдаған сұмырай ғана. Ұзынтұраның қарлығыңқы даусы өңсіз айдың астында қаңғып барады. – Иә, әзірге шарылдай тұр, – деді тілі таңдайына жабысып. – Сенің де кезегің келер. Ана жалаңдаған пәле Сергейді ұзақ ермек етер деймісің, көп болса ертең салдыраған сүйегін ғана қалдырады. Содан соң соңымда салаңдаған саған ауыз салар. Жылы-жұмсағыңды жайғап, қаңқаңды кеміргенше тағы бірер күн өтеріне күмәнданбай-ақ қой. Солай, жарқыным, осылайша екеуің маған екі-үш күн өмір сыйлайсыңдар. Оған дейін есім барда ел де табармын. Ойда жоқта алқымынан ала кетіп албастыланған ұзын тұраның лаңы мен ғайыптан шыға келген бәрінің үрейі
ШЫҒАРМАЛАРЫ
білдірмеген бе, тұла бойы сырқырап барады. Буын дейтін
буын да жоқ, қол-аяғы былқ-сылқ, кәрі Бетпақ сілкініп қалса,
шашыла салғалы тұр, у құйғандай ашыған көкірек бара-бара
өртене жөнелетін шығар.
Көз байланып, солықтаған ақжем ай ажарланған секілден
ді, тұңғиықтанған түнгі аспанда сирек жұлдыз жылан көрген
тышқанкөзденіп алған.
Ұзынтұраның даусы құла дүзде жұқарып жұтылды.
– Алжасқан рухтарыңмен бірге адаса тұр, – деді қаңсыған
көкірегін тырналап. – Сендей есуасқа есі дұрыс рух серік
болар деймісің.
* * *
Арс еткен дыбысқа жалт қараған, есік пен төрдей жерден
әлдене Сергейге оқша атылды.
– Қасқыр! – деп дауыстап үлгерді.
Бөрі айғайлауға да мұршасы келмей қолын сермелеген
сорлыны салған бетте үйіріп соқты, көзді ашып-жұмғанша
алқымынан орып жіберіп, ішек-қарнын ақтарып тастады.
Шарылдап таялған бұған қан тамшылаған азуын ақситып гүр-
гүр етті.
Үрейі ұшқан ұзынтұра сескеніп кері шегінді.
– Қайдасың?! – Бетпақ тым-тырыс, Никита доңыз тіл қатпай
сорлатты. – Енді қайттім?! – деді безектеп.
Қорқау төрт тағандап керіліп, іле садақша иіле қалды,
жемтігін қызғанды ма, тыпыр етсе бас салғалы тұр, көка
йылданған жанардан буын-буыны мұздап сала берді.
– Қайдасың, хайуан?!
Даусы жыртқыштанып шыққан шығар, бөрі одан бетер
бүлінді, қан жұққан қалың қауды қауып өтіп, ту сыртынан
күркіреп ойқастады, сәт санап таялып, апшысын қуырып
келеді.
– Никита!
Үні өшкен сұмырайдың келмейтінін, енді қайтып дыбыс
бермейтінін білсе де тамағы жыртыла айғайға басты. Қорқау
гүр-гүр етіп таялып, жалы күдірейе көлденеңдеді, табанының
АЛДАН СМАЙЫЛ
астында сырт-сырт сынған қу шөппен бірге қабырғасы бырт-
бырт сөгілгендей қалтырады.
– Бітті! – деді дымы құрып.
Арс еткен, ажалдай алып ұрған үн құлағын тұндырды,
сылқ етіп тізесімен отыра кетті, үстінен қабыландана қарғы
ған қасқырдың ақшулан бауырын көріп үлгерді.
Әлден соң сүреңсіз айдың боз қырау сәулесін діріл қақ
тырып сұр жыландай зәрлі үн қолқаны суырды, күрең далаға
сүңгіп кеткен қорқау түнеріп келе жатқан түннің түкпірінен
ұлыды.
Орнынан буын-буыны үзіліп зорға тұрды, қол-аяғы қал
тырап қарға адым жер қайғы болды. Сергейдің арса-арсасы
шыққан мүрдесінен алыс кетуте асықты.
Бетпақтың созылып тұрып алатын ақшамы сарқылып, көз
байланып келеді, Никита оңбағанның бұларға қарайламай
сіңіп кеткен жағы қара күрең мұнар, өлімсірген айдың солғын
сәулесі жерге жетпей талықсиды.
Даланың алыс қойнауы қорқырап басылды, ылғи осы, түн
ішінде шалғайда беймәлім қорыл әредік талып жетіп, айна
лаңа алақ-жұлақ қаратады. Тозақ даланы тағы қандай тажал
кезіп жүр екен?!
Қарсы жақтан қараң еткен қараған жаңағы аждаһаланып
алған қорқау секілденіп жүрегі аузына тығылды. Ол бөрі емес,
бұларға алабөтен келген пәле шығар.
Никита зым-зия.
– Қай қарағанның түбінде бұғып жатыр екенсің?! – деп
кіжінді. – Көрге кіріп кетсең де таппай қоймаспын!
Әлгінде үрей қысса, енді шөл шыдатпай барады, қолдан
келсе, соған дәті жетсе, өз қанын өзі сарқып алып, сылқ-сылқ
сімірер еді. Әлі құрып келе жатып, бұдан әрі шөл туралы
ойламауға тырысты.
– Ол не, тәйірі, – деп далбасалады, – сүреңсіз бірдеңе ғой,
тек сол сүмелек жайында ойлай көрме, сүметіліп еріп жүреді
де, итше қыңсылап қаңғып қалады.
Құдай-ай, мұндай антұрған даланы кім көрген, күндіз-
түні қаңсиды, аласа қараған-ұшқаттан басқа қылтанағы жоқ,
шілденің ертелі-кеш күйдіретін аптабында шөкімдей көлеңке
таппай талықсисың. Әредікте сылбырап жел ессе, желігіп шыға
келеді де, онсыз да шоқтай қарыған күннен жалын сауады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Бөрі мені неге жайыма қалдырды? – деп ойлады жан-
жағына секемдене қарап. – Бүгіндікке біреуі де жетер деді ме?
Содан соң әлгі қорқаудың қасқыр екендігіне күмәндана
бастады, жұтаған қыс емес, сары ала жазда бөрі адамға шабу
шы ма еді?
– Жоқ, бұл айтып келген ажалдың тап өзі, – деп түршікті.
Өңезденген айдың сұйық сәулесі боз көденің үстінде діріл
дейді, қайда қараса да сыбыссыз сырғыған түссіз сағым.
О заман да, бұ заман түнде сағым ойнағанын кім көрген,
бәлкім, Бетпаққа келгелі түсіне жиі кіретін рух шығар.
Көзі ілінсе болды, маңайына ақ оранған біреулер толып
кетеді де шулай жөнеледі.
– Азат болғың келе ме? – дейді шыр айнала жүгіріп.
– Иә, – дейді бұл.
– Онда ананы жайратып сал.
Бәрі жапыр-жұпыр сазарып тұрған Никитаны көрсетеді.
Келе-келе оларды ұйқылы-ояу отырып та көретін болды, тек
түсіндегідей шулап жүріп алмайды.
– Азат болғың келсе, – дейді де сол заматта жоғалады. Әуел
де ауыса бастаған шығармын деген, дені сау адамның көзіне
рух көрінуші ме еді, рухтың еншісі о дүние ғой. Бара-бара
үйреніп кетті де, өзіне-өзі күмәндануды қойды, оның орнына
Никитаға деген өшпенділік өрши бастады.
Бұл рухтардың алдында ағынан жарыла алса, сол хайуан
ды оларсыз да өлтіргісі келгенін мойындар еді.
– Иә, – деді айдың себездеген сәулесін жалдап келе жатып. –
Мен оны тау етегіндегі бұлақта өлтірмек едім.
Мұндай ұры ой алғаш рет ел-жұртын өздері қырып салған
екі ауылдың алтын-күмісін таудың тасына тыққан күні келді,
қыруар қазына түнімен дөңбекшітті.
– Мен осы кім үшін, не үшін басымды бәйгеге тігіп жүр
мін, – деді ашық қалған шаңырақтан жұлдыз санап жатып. –
Революция дегені күннен-күнге іріп барады, ханды да, қа
раны да қырған түсініксіз бірдеңе, жерден де, көктен де,
ойдан да, қырдан да жау іздеп жалаң қағады. Осы бетімен кө
зіне көрінгеннің бәріне қырғидай тиетін болса, біраздан соң
ұрынарға қара таппай, көлеңкесін қырып алып қылғынды
рып отыратын шығар. Қазірдің өзінде біріне-бірі ауыз сала
АЛДАН СМАЙЫЛ
бастады. Қайдан қаптап кеткенін сайтан білсін, іштен шық
қан жау көбейді, басшы да контр, қосшы да контр, ұрлана,
ұрына қараған жанарлар жалаң қағады.
Тентіреп кетпей тұрғанда төркінін тапқаны дұрыс шығар,
бұл күні ертең өздерін Қарағандыда не күтіп тұрғанын біл
мейді ғой, үшеуінен жау жасау үшін қапияда қатынның
қолынан өлген Ударцевтің өлімі де жетеді, жазалаушы
лар отрядының жаужүрек командиріне қасақана қастандық
ұйымдастырған деп айыптағысы келсе, ақ-қараңды айырып
жатпайды.
– Жетер! – деді ширығып. – Қарауылда қалтыраған бүйткен
өмірмен қош айтысатын кез келген шығар.
Осыған біржола бекінді, ана екеуін оңтайы келгенде жай
рата салады да, қыруар қазынаны өңгеріп қан сасыған бұ
лақтың басынан жалғыз аттанады.
Никитадан сыбыс жоқ.
– Қараңды батырдың ба?! – деді бұрынғыдан бетер өші
гіп. – Жылыстай тұр әзірге. Менен сытылып кетсең де, ана
айтып келген ажалдан құтыла алмассың.
Бетпақтың онсыз да қан-сөлсіз айына бүгін не болды екен,
қағынды келген қарасанның шикі өкпесіндей өңсізденіп,
өзінің де, тозаңытқан түнгі аспанның да сұрқын қашырып
тұр. Күлгін дақ теңбілдеген беті алапестеніп алыстан жүре
гіңді айнытады, сүреңсіз сирек жұлдыз үркіп барып, Жеті
қарақшының шаужайына жармасқан, көк тәңірінің жапанды
күзеткен жалқы жанарындай жарқыраған Темірқазық қана
кірпігін қақпай, тапжылмай тесіледі.
Әбден шаршаған шығар, үй орнындай майда қарағанға
жеткенде аяғы-аяғына шалынды.
– Аздап демалсам да болар, – деді қисая кетіп. – Никитаны
содан соң іздермін.
Бұл оны қалай да табуы керек, ана күркіреген тажалдан
бұрын табуға тиіс. Көзі ілінсе шуылдап жетіп келетін ақ
оранған рухтардың алдында ант еткен, азат бола аларына серт
берген.
Олар бүгін де келер ме екен?!
Шыныдай мөлдір сәуле шашып жүретін сол көп елесті
көрмесе қоңылтақси бастайтын болып алды, о дүниелікке бет
бұрған адам, сірә, осылай оңтайлана беретін шығар.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Шөл шыдатпай барады.
– Рухтар қайда жүр екен? – деді көзі қарауытып. – Бір жұ
тым су сұрап жалбарынып көрер едім. Кім біледі, тәңірінің
жақсылығы шексіз ғой, олар жанын жалдап айтқан жалғыз
тілегін орындап та қалар.
Табан аудармай тесіліп алған Темірқазыққа телмірді,
кірпігін қағып қалса, тастай суық тамшы тамып түсердей
емінді. Шіркін-ай, жымыңдаған көп жұлдыз бір-бір тамшы су
болып таңдайынан табылса, бұл жалғаннан армансыз өтер еді.
– Иә, мен Никитадан құтылмақ болғам, – деді рухтарды
күте-күте сарылып.
Қыруар қазынаны алып Қытай асса, Сырдың суы сирағы
нан келер ме, есі түзу ел солай қарай ауып та жатыр ғой. Мына
қызыл қырғынның соңында азынаған аштық барын сезген
жұрт сеңдей соғылысқан, енді алаңдайтын ештеңе қалған
жоқ, атыс-шабыс созылған сайын тақырланып барады, аш
көзденіп, аласұрып барады, бірінің етін бірі жейтін күн қыр
астында қылқ-қылқ жұтынып тұр. Өзіне келсе, артында қарай
лайтын ешкімі жоқ, өмір бойы арбакеш болған әкесі осыдан екі
жыл бұрын өлген, таңертең атын жегіп жатып құлап түсіпті.
Шешесі болса, былтыр көз жұмды, бұл ес білгелі дімкәс байғұс
пеш түбінде телміріп жатып, жанында тапжылмай отырған
бұған әлдене деп иек қақты да, үзіліп кетті.
Үйреншікті күндер үйірсек, әкесінің орнына арба айдады,
өзі тұрғыластардан кем өмір сүрген жоқ, қоңыр төбел күндері
не өкпелеген емес, құдайына да, құдайсынғандарға да құлдық
ұрмай, өз бетінше жүріп жатты.
Сөйтіп жүргенде желіккен желөкпе күндер басталды да
кетті.
Қызылмыз дегендер қызылкеңірдектеніп шыға келді.
Бетпақтың көксау даласы ма, әлде бұдан қашып құтылмақ
болып сырғақсып кеткен сұмырай ма, күрк-күрк жөтелді.
– Алысқа ұзай алмаған екенсің ғой, – деп елеңдеді. – Зым-зия
жоғалып едің, табылдың ба ақыры?! Жарайды, жатқан жерін
де жайрай тұр. Аздап демалайын, сонан соң айналысармын
сенімен.
Мұны қызылдарға қосқан – осы ит.
Қаланың ортасындағы абажадай үйдің сыртындағы сарай
ға көмір тасып жүрген. Бұрын мұнда қала басқармасы бола
АЛДАН СМАЙЫЛ
тын, енді қылыш, мылтық асынған әскерге лық толған, іші де,
сырты да қаптаған қызыл жұлдыздылар.
Атының қисайып кеткен доғасын түзеп жатқанда екі қо
қырайған қалпақты жанына келді.
– Сәлем, бауырым! – деді кеспелтек ересектеу.
– Сәлем, – деді бұл немқұрайлы.
– Көмір тасып жүрмін де.
– Иә.
– Атың кім?
– Ұзынтұра.
– Лақап атың шығар?
– Иә?
– Шын есімің қандай?
– Саған бәрібір емес пе?!
– Мынауың шамданады, ей! – деп таялды ол. – Адам бол
ғың келе ме?
– Түсінбедім.
– Біз сияқты жауынгер болуға қалайсың? – деп тиянақта
ды ол.
– Жоқ, маған осы тірлігім де жетеді.
– Қарала-торала болып көмір тасып жүре бермексің ғой.
– Қолымнан келетіні сол.
– Өзің сұңғақ, қарулы жігіт сияқтысың, көркің де жаман
емес, мына кәсібің тіптен де жарасып тұрған жоқ.
Бұл кетуге ыңғайланып еді, алдын орады.
– Былай болсын, – деді қадалып. – Ертең таңертең мына
үйге келесің де мені сұрайсың. Жоғалып кетсең өзім іздеп
табамын, бірақ олай бола қоймас деп ойлаймын, өйткені мен
сөзімді аяқ асты еткендерді ұнатпаймын.
Соны айтты да қалтасынан бір жапырақ қағаз алып қолына
ұстатты.
– Түсіндің ғой?
– Иә, – деді бұл еріксіз.
Мұның осылай жаңа өмірі басталды, кеспелтек қол-аяғын
жерге тигізбей үйірді де әкетті. Астына ойнақтаған құр ат
мініп, бес қаруын асынып шыға келді.
Әскердің сарт-сұрт тәртібімен сақылдап жүріп білгені – бұл
қырдағы елге шығатын, жаңадан құралған жасаққа алыныпты.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бірі еркімен, бірі ықтиярсыз келгендердің арасында орыс
та, қазақ та, татар да бар, көбісі көміршілер, қалғандары тұ
рақтап жұмыс істемеген сыбай-сылтаң, қағып кетіп, соғып
кетіп үйренген ұры-қары сияқты.
Алғашқы жорық Шерубай Нұраның бойындағы ауылға
жасалды.
Бұлардың осында келетінін күні бұрын біреу хабарлаған
ба, өзенді орай тігілген киіз үйлерден шал-кемпірлер мен
бала-шағадан басқа жан табылмады. Кеспелтек бәрін иіріп
қойып астан-кестен долданды. Сақалы беліне түскен қарияға
тапаншасын кезеніп айғай салды.
– Қалғандарың қайда?! Қарттың құлағы мүкіс пе:
– Не дейсің? – деп аңтарылды.
– Ауылдың басқа адамдары қайда?! – деп ақырды кеспелтек.
– Кімді сұрайсың?
– Атаңның басын!
Шықшыттан тиген соққы қарияны ұшырып түсірді. Кес
пелтек енді таяққа сүйенген шалға шұқшиды.
– Қайда?
Жаңағыдан кейін жасқанып қалған ақсақал:
– Жүр де жан-жақта, – деп шегіншектеді.
– Қайдағы жан-жақ?
– Бірі малда, бірі шөпте.
– Жалған!
Тапанша гүрс етті, шал шалқалап барып құлап түсті. Кес
пелтек терісіне сыймай арсылдады, шулап қоя берген елдің
басынан асыра атқылап жымдай қылды.
– Біздің келетінімізді кім хабарлады?!
Жұрт тым-тырыс, үрейі ұшып кеткен әйел-бала дыбыссыз
сыңсиды.
– Соңғы рет айтамын! Кім хабар берді?! Ел құты қашып
бір-біріне тығыла түсті.
– Жарайды!
Сыздана сұрланған кеспелтек киіз үйлердің бақандарын
жинатып дар ағашын жасатты.
– Мынау жынданған шығар! – деді бұл түршігіп.
– Әкел! – деп бұйырды ол.
Солдаттар шапаны шұбатылған аппақ қудай қарияны дарға
қарай сүйрей жөнелді.
10-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Қызықтың көкесі деп осыны айт, – деді жанында тұрған
қысық көз қара.
– Сұмдық! – деп дірілдеді бұл.
Көз алдарында болып жатқан мына лаң ананың қаперіне
кіретін емес.
– Біз, жігітім, мұнан да зорын көргенбіз, – деді жайбара
қат. – Әлі-ақ етің үйреніп кетеді. Кісі өлтіру дегенің, шырақ,
соншалықты қиын шаруа емес. Тіпті бар ғой, кейде қолың
қышып тұрады, желіктіріп жіберетін бір пәлесі бар.
Кеспелтек қарияны ызғарлана айналып өтіп қарсы алдына
тұра қалды.
– Кім хабарлады?
– Білмеймін! Шыныменен білмеймін! – деп қиналды ол. –
Тоқсанға келген алжыған шалмен ақылдасады деймісің!
Ұйысқан, үрейленген топтан бір әйел жанұшырып шықты.
– Босат! – деп шырылдады.
– Бәлкім, сен айтарсың? – деп түйілді кеспелтек.
– Мен де ештеңе білмеймін! – деп еңіреп отыра кетті әйел. –
Кім хабар бергенін ер азамат қатын-қалаш пен шал-суанға
айтушы ма еді?
– Яғни жігіт-желең, мырза-пырзалар малда да, шөпте де
емес, қашып кеткен болды ғой? – деп жекірді кеспелтек.
– Кетті әйтеуір! – деп көз жасына шашалды әйел.
– Тарт! – деп шаңқ етті кеспелтек. Солдаттар қалт-құлт етіп
жағаласпақ болған қарияның мойнына дардың тұзағын салып
жіберіп шірене тартты.
– Қарғыс атсын! – деп аңырады әйел.
– Қарғыс атсын! – деп жаңғырықты өзен бойы.
* * *
Бетпақтың алыс қойнауы тағы да қорқырады, аждаһа дала
неге жұтына береді екен?!
Көз алдына Сергейдің қан-жыны араласқан денесі елестеп
және түршіктірді, ол да кеспелтек секілді қанқұйлының өзі
еді, енді айдалада арса-арсасы шығып көмусіз жатыр.
Майда қарағанның үстіне қонған бозғылт сәуле бүлк етіп
үріккен тәрізденді, мұның көзі іліккенін күтіп айналсоқтап
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жүрген рухтар ма екен, әлде олар өзінің кеспелтекті жайра
тып салатын сәтін күте-күте күдер үзіп, құбыжықтанған
қорқауға айналып кеткен шығар, ана тажалдың аяқ астынан
андыздап шыға келуі тегін бе?
Әлгінде есіне алғандықтан ба, аппақ қудай қарияны ара
шаламақ болған әйелдің аңыраған даусы естілді.
– Қарғыс атсын!
Құла дүз күңіреніп кетті.
– Қарғыс атсын! – деп жаңғырықты Бетпақ.
Бұл да құданың шатастырғаны шығар, кейде талайғы үн
ұмыттырып жіберіп, ойда-жоқта тауып ала қояды. Енді қысық
көз қараның даусы құлақ түбінде ұйтқып тұр.
– Кісі өлтіру дегенің, шырақ,– дейді ол, – соншалықты
қиын шаруа емес. Тіпті бар ғой, кейде қолың қышып тұрады,
желіктіріп жіберетін бір пәлесі бар.
Мұнысы шындық екеніне сонда сірә да сенбеген, кейін
ақиқатқа айналды. Кеспелтекпен бірге талай қырғынды кө
ріп жүріп қаны қарайып алды. Неге осылай өзгерді, қалайша
қарақшыланып кетті, түгін түсінбейді.
Ой, сұмдық-ай! Ойқастап шыға келген салқын ойдан селк
етті.
Бұл Никитаға кісі өлтірмей тұра алмайтын болған соң да
шүйлігіп жүрген шығар. Ол екеуінің қолы қанданбағанына
бес-алты күннің жүзі болды ғой.
– Рух дегенің де далбаса болып жүрмесін, – деп жүдеді. – Мен
оларға құдайдай сеніп едім. Бар-жоғы өз ойымның сандалған
елесі болып шыққаны ма?
Әйтсе де олардан күдер үзгісі келмеді.
– Менің азат болғым келеді ғой, – деп үздікті. – Азат болғым
келеді.
– Кімнен? Неден? – деді ту сыртынан біреу.
– Жасаған күнәмнан, жазықсыз жайрағандардың обалы
нан, – деп жасқана тіл қатты.
Ту сыртына бұрылуға сескенді. «Рух енді менімен өңімде
сөйлеспек болған ғой» деп ойлады.
– Сандырақ! – деді ол қатайып. – Сенің күнәң – екі дүниеде
кешірілмейтін күнә!
– «Азат болғың келсе» деп өзің үміттендіріп едің ғой, – деп
күмілжіді бұл.
АЛДАН СМАЙЫЛ – Сынағым келген, – деді ол. – Қайтер деп едім. Сен өзің үшін жауыздықтың қандайына болса да бара алады екенсің. – Ол әзірейілдің нақ өзі ғой, – деп ақталды енді. – Қан сасыған елдің кегін алмақ болдым емес пе. – Сен кектің құдіретті кие екенін білмейді екенсің ғой, – деп ширықты рух. – Күнәкардың қолымен киелі кекті қайтара алмайсың. – Мен оны бәрібір тірі қоймаймын! – деп қатайды бұл да. – Азат бола алмасам да, жайратамын! – Мейлің! Даусы жұтылып шықты, өзінен алыстап бара жатқан сияқты. – Тоқта! Кетпе! – деп жалынды. – Айдалада жалғыз сенделте көрме! – Солай ма?! – деп жаңғырықты ол. – Азат болғысы келетін сүмелектің зар илеуін! Құдай қарғаған жауыздың қанына сатылатын рухты қайдан көріп ең? – Сабыр етші! – деп жыламсырады амалы таусылып. – Аялдай тұршы! Қырын қарап кеткен рух жібімеді, шалғайдан шаңқ етті. – Жоқ! Аялдай алмаймын! Аялдайтын да ештеңе қалған жоқ! Сендер менсіз де біріңнің етіңді бірің жейсің! Бетпақ өзінен өзі шала бүлініп жаңғырықты. – Жоқ! – деді күркіреп, қайырымсыз рухтың даусын қия нына ала қашты. Аппақ қудай шалға араша болуға асыққан әйел шығар, түн гі даланы дүрліктіріп жүр. – Қарғыс атсын! Тұла бойы тулап шыға келді. – Қарғыс атсын! – деп айғайға басты. – Қарғыс атсын бәрің ді! Әлгінде өзімен тілдескен рух та емес, басқа да емес, Никита екенін білмеген күйі жер сабалады. – Қарғыс атсын! – Қалай екен?! – деп мырс етті кеспелтек түн жамылып алыстап бара жатып. – Жынданған үстіне жындана түс солай! Ол жанына жақын келіп аялдаған мұны біразға дейін аңдыған, қолына түссе, енді құтқармайтынын білді. Есінен
ШЫҒАРМАЛАРЫ
адасқан ит қу даланың құлағында құрбақа ойнатып ойбалау
мен болған жоқ па.
– Жайратып салмай тынбаспын! – деп өрекпиді. Жындан
ған доңыз алған бетінен қайтар деймісің, соңынан өшіге түсіп
сандалтады ғой, ал мұның әлі сәт санап құрып барады, онымен
жағаласатын шамасы жоқ.
Сол жақ бүйіріндегі майда қарағанның шетінде қарайып
отырған дүлейге бұғына қарап, есінен мүлде адастырсам ба
екен деп ойлады. Еңбектеп келіп ту сыртынан шықты.
– Азат болғым келеді, – дейді малғұн.
– Ал азат бол! – деп тістенді. – Сен енді аршылмақ болған
күнәңнан емес, өзіңнен біржола азат болып мәңгіріп кетерсің!
Ол шыныменен жынданған шығар, жағалай қарғыс айтып
зар қақсап жатыр, даусы бұ дүниеден емес, о дүниеден естіледі,
өлеусіреген өңез айға шағылысып шаң-шұң.
– Қарғыс атсын! – дейді аласұрып. – Қарғыс атсын бәріңді!
Ұзап кетуге асығып жүріп біраз жерді өндіртіп тастаған
сияқты, табаны тайғанай берген жұмсақ көде таусылып, тізені
қаққан жусан басталды, көкіректі шайдай ашқан қышқыл
тым иіс аңқып қоя берді, Бетпаққа келгелі кеудесін керіп еркін
тыныстағаны осы шығар.
Ұзынтұра сол орнынан әлі қозғалмаған ба, даусы талмаурап
естіледі.
– Қарғыс атсын!
Бір тал жусанды жұлып алып талғажу етіп көрмек еді,
үзілмей шаршатты.
– Сандалған сорлы! – деді қажып. – Сені мен мені қарғыс
атқалы қашан!
Жұлынбаған жусанның бүршігін үгіп алып аузына салды,
ащы дәм аш өзекті шұрқыратты.
Ұзынтұраның өлексе айға шағылысқан даусы ма екен,
жусанды жазықты сүйкімсіз сарын кезіп кетті.
– Бізді қарғыс атқалы қашан! – деп күрсінді.
Әлгі сарын күшейіп бара жатыр, бұларды қаңсыған Бет
пақта қарғыс торуылдап жүрмесін.
Жусанның ащы бүршігін шайнап-шайнап түкіріп тастады.
– Мейлі! – деді құрысып. – Мейлі! Жер де, көк те жағалай
қарғысқа айналсын, маған енді бәрібір!
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Жемтікке үймелеген көп күшіген бөріні алыстан байқап
қопарыла ұшты. Андыздап жеткен қорқау селдіреп қалған қу
сүйекке күйіне күркіреді, қара қабырғаны қапсыра қауып,
сарт-сұрт айқасқан азу сырт-сырт сына жаздады.
Айнала шәт-шәлекей, жөңкіле қашқан, табаны жерге
тимеген делқұлы дүние. Аңызақ дала аумағымен сағымға
айналып сабылып кеткен, төңірек түгел түріле дүрлігеді.
Көп күшіген төбесінде әлі қалықтап жүр, жемтікті жәу
кемдеп алып, енді бұдан дәмелі ме?
Қалың көдеге арс етіп аунап алып, маңайды түгендеді.
Кеше кеште серігін қорғамақ болған сүмелек көрінбейді.
Сіңіріне ілінген сорлы шамасына қарамай қанын қарайтқан
жоқ па, қағып түсіп қарпып өтуге шақ қалған, табан тіреп
тап бермей, безгектене безілдегенде ызылдаған ызаның тоғы
қайтып қалды, алыса кетпей азынап, тісі тимей тентіреп тез
жерітті.
Көдесі жусанға, жусаны ай тақырға ұласып алапестенген
далаға осқырына қарап, алдағы күндерінің алдамшы екенін
ойлады. Бетпаққа беттеген төртеудің соңынан қара тартып
түсіп, түбінде қияндағы өзенге құлармын деген дәмесінен дәм
кеткелі сабырсыз. Жалпақ сордың сыртынан Шудан қайтқан
бөрінің қаңқасын көрген. Бөкен желіспен-ақ жер апшысын
қуыратын тағы шалғайдағы Шудан арып-ашып қайтпаса,
Бетпақта қаңсып қалмас еді.
Тозақ түзде дәм-тұзы таусылған бөрінің күшіген шоқып
тастаған терісін иіскелеп жүріп Дараттың тақыр тасындағы
көкжалды таныды. Үйірімен ұйтқып, жолындағының бәрін
жайпап, азуын айға білейтін адуын Арқаны бұдан көп бұрын
тастап шыққан-ды. Соңында қаншығы мен былтыр алғаш қар
басқан үш бөлтірігі бар болатын. Олардың сүйегі көрінбеге
ніне қарағанда, түбіне мынаның өзі жеткен секілді.
Қамысын құлатып ағып, толқыны шулап төңкерілетін Шу
енді түсіне кірмейтін шығар. Көкжал тұралап қайтқан қиян да
ай тақырға айналған Арқаның кебін киген ғой.
Ат арқаны айналатын аумақта дөңгеленген майда қараған
ды орап өтіп із кесті, жалғыз жаяу бұл жерге аялдамай, қол
ШЫҒАРМАЛАРЫ созымдағы тақырға қарай ұзапты. Былай шыға бере соның сорабынан тағы бір табан із бөлінді, екеуі бірде тоғысады, бірде ажырайды. Делқұлы дүние делебесі қозып дүрлігіп жатыр, кәрі Бетпақ қайда барып бас сауғаламақ екен, өзінен өзі қашқан, өзінен өзгені қоса ала қашқан әпенді даланы көргені осы. Қағыпқағып алып, қақ айырып, лақтырып тастар ма еді, қақ бөлін ген Бетпақпен бірге ғайыпқа қарасын батырар ма еді. Ай тақырдың апшысын қуырып жосылды, тақырдан соң көлденеңдеген жал-жал көкпектен қаны тасып қарғыды, бұғынып өскен бөдене бойлы бетеге шашасына шаң жұқ тырмады, қызғылт құмдақта қылтиған жұқалтаң тікенді тістене тіліп өтті. Сағымның арасынан жалғыз жаяу қараңдады, жұлынып жетіп жын үйіріп озды. Көз ұшында тағы біреуі күйбеңдейді, қапталынан қағып өтіп, құлдырап барып қарсы алдынан тос ты. Делқұлы дүние түте-түтесі шығардай түңілді. Кәрі Бетпақ тағы бір сұмдықты сұстана тосып сызданды. * * * Жанынан ағып өткен бөрі кеспелтекті бүйі тигендей бөр ліктірді. – Мынау қайдан шыға келді?! – деп түршікті. Ол сонадайдан ызғар шашып шөкесінен түсіп жатыр. Тоқтаған жері құмдақ, балапан тікен балағына жармасып, не істерін білмей састы. Қорқауланып сұстана қалған маңай да жалғыз жанталасып, жан дәрменде ұзынтұраны жалтақжалтақ іздеді. Соңынан ойбайлап қалмай қойған есуас зым-зия, бағана қараңдап еріп келе жатқан сияқты еді, са пырылысқан сағым сарқып алғандай ұшты-күйлі жоғалған. Бөрі тапжылатын емес, қозғалақтаса ырылдап айбат шеге ді, оң жағында ұйысқан шиге қарай жылыстай бергенде алдын орап арс етті. Жеткен жерінде содан өзге бас сауғалар түйір жоқ, сазарған Бетпақ етегін түріп тастап тыр жалаңаш. Онсыз да қағынып тұрған қорқауды одан сайын құтыртып қарсы
АЛДАН СМАЙЫЛ
бетте құйын үйірілді. Ұйтқып шыға келген ұршық жел үстінен
ұлып өткенде, қарғып-қарғып алып, құрақ ұшқан қаңбақты
қарш-қарш шайнады.
Тізесі дірілдеп, тұла бойын үскірік үрей тімтіне тінтті,
шақырайған күн шатқаяқтап барып шалқасынан түскендей,
жанарының алдында жасын ойнады. Қанқызыл жалын көк
жасылдана құбылып қым-қиғаш араласты.
– Қайдасың?! – Ұзынтұраны шыбын жаны шырқырап із
деді. – Қайдасың, малғұн?!
Ол тым-тырыс, естімей ме, әлде естісе де елемей ме, әйтеуір
қарасы өшкен.
Оң жақ бүйірдегі қалың шиге іліксе жаны қалатындай,
жалаңаш далада жанары тоқтаған жалғыз ықтасын осы, көк
жал енді сол тұста көлденеңдейді.
Теңселіп тұра-тұра табаны тозды, қаңсып біткен қара саны
қақ бөлінетін шығар.
Ұзыннан түскен қорқауға ұрлана қарап шегіншектеді,
осылай сездірмей сырғи берсе, сытылып кететіндей дәмеленді.
Құмдақты тырнап өскен тікен табанының астында бырт-
бырт сынды, бөрі жота жүні тікірейіп күркіреді, жалы кү
дірейе көтерілді, кірпік қақса киліге кететін түрі бар. Тоза
ғы шығып тұрып, қорқаудың тас-талқан айқаса кетер сәт
іздеп сабырын сарқатынын сезді. Бұл сілесі қанша қатса да
торуылдамай топалаң асыра беретін тоқты-торым емес қой,
аңысын аңдып алыспақ шығар, әлде екеуіне де не өлім, не өмір
дегізген Бетпақта бетпе-бет шайқасқа шақырған серті ме?
– Қалай болған күнде де бұдан енді құтыла алмаспын, – деп
түңілді. Жаңағыға дейін, мына сойқан ығы-жығы сағымнан
суырылып шығып сүліктей қадалғанша, шөл далада шулаған
өлімнен өлексесін сүйретіп жүріп сусып кететініне үмітті еді.
Құлазыған құла дүзге құлазып қарады, ол қанша тозақтан
са да бұл табалдырығында тұрған о дүниеден ыстық қой.
Тізесі дірілдеп барып жер таянды, сұлап түсе жаздап зорға
оңалды, қорқаудың қабағын жүрелеп отырып бақты.
Әлгі үскірік үрей тұла бойына үмітсіздік болып сіңіп кет
кен бе, бастапқыдай үйіріп соқпайды. Өлім алыста жүргенде
ғана қорқынышты көрініп, жақындай келе жынын алдырған
бақсыдай солығы басылатын шығар, бойы үйрене бастады,
сескене қарап отырып, ол жайында ойламауға тырысты.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Арлан қалың шидің етегіндегі көдеге жонын қасыта ау
нап алып көсілді. Ығына жығып қойып ызбармен ыңғайлай
бермек шығар, әбжылан арбаған торғай албастының аузына өзі
түседі.
Ұзынтұра көрінбейді, таң алдында «Қайдасың?» деп қа
ғынғаннан бері тілсіз, алжаса-алжаса айдалада елес қуып кетті
ме екен, қарғыс атқан екеуі Бетпақта қалай сандалам десе де
ерікті ғой. Бұлардың ендігі еншісі – албастыланып алып о
дүние мен бұ дүниенің арасында адасу.
Көкірегін жалап-жұқтаған жалын қашан басылар екен,
шартабақтай күн кеудесіне талақтай жабысып алып қарып
барады, сүйек-сүйегі сырқыраса, онсыз да сыздауықтай сыз
даған жүрегі жарыла жаздап жанталасады.
Бір сәт соның бәрін ұмытып, Бетпақта бөрі рухтанып
алғысы келді, құлазыған ұлы шөлде қорқауланғандар ғана
қорланбайды ғой.
Арлан арбасуын қойып жайбарақат, аңдығаны алдынан
ұзамасын білген соң алаңсыз шығар.
– Не ойласаң да асықпай тұра тұр, – деді құрысып қалған
аяғын жазып.
– Менің дәл қазір өле салғым келіп тұрған жоқ. Содан
соң: «Әл жинап алсам, алысып та көрермін, – деп ойлады. –
Алқымынан ала кетсем, қарысып қатып қалармын».
Шілденің күлгін кешіне әлі біраз уақыт бар, кім біледі,
мынау оған дейін бүлінбес, бөрі ұры түнде ұрандайды ғой.
Бәлкім, Бетпақтың қиянында, бәлкім, шалғайдағы Нұ
раның үстінде шарбы бұлт жолақтанады. Тастақтың тастай
өзені сарқырап жатыр ма екен?!
Талай-талай ат жалдатқан талды су түнде түсіне кірген,
таудан төңкеріліп түскен түйдек-түйдек толқын шамырқа
нып шулайды, шалқып алып, шымыр-шымыр қайнаған ай
дынмен шұрқырасып табысады.
Ғажап-ай, ұлы шөл ақкөбіктенген арнаға ақ шаңданып
жөңкіліп барады, арқыраған күйі арсыл-гүрсіл қойып кетті,
тулап шыға келген таудай толқын қағып алып қақпақыл
ойнады. Көк шалқар айдында қалтқыдай қалтылдаған Бет
пақ «Шөлім бір қанды-ау!» деп шалқыды.
АЛДАН СМАЙЫЛ Тусыраған толқыннан ту тіккен арна арқырап алып ағылды, тастақ жағаны арс-арс қауып, аласапыран алысты, қалқыған шөлді шөкімдей көрмей шиырып тастады. Шөл қысқан бұл шиыршық атқан айдынға шімірікпей шолп етті, тастай судың тереңінде телегей теңіз тебіренгісі келді, безерген Бетпақтың бетсіздігін айтып аңырағысы келді. Тұңғиықта дүлей толқын дүрлікті, түйіліп келіп түйіп өтті, қас қағымда жағада түте-түтесі шығып жатты. Әлде тұңғиықтың тереңінен, әлде шөлі қанған Бетпақтан біреу айғай салды. – Қайдасың?! Оянып кетіп бозаңытқан түнгі далаға түсінбей қарады. – Қайдасың?! – деп барқырады әлгі тағы да. Азынаған ит есуастанып жүр. Бетпақ бәз-баяғы күйі тәйтері кебінденіп қаңсып жатыр. Арқыраған арнада тулаған толқынның шуылы әлі естіліп тұр. – Тастай тереңде тұңғиықты неге сіміріп салмадым?! – деп өртенді. Таудан құлаған асау өзен енді өзінің тереңінде сарқырады, төңкерілген көк толқын буырқанған ақ жалынға айналып қуыра жөнелді. – Өгейсіген дүние түсімде де өзегімнен тепті-ау! – деп күйін ді. * * * Тізесіне тікен қадалған соң жамбасына аунап түскен, қара саны қан қақсап, зар илеп қоя берді. Бөрі арс етіп көтерілді, қарғып келіп, қалтырап қоя берген мұны ызғарлана айналып өтті, құмдақты тұра қалып тырна лап тұлан тұтты. – Бітті! – деді тынысы тарылып. Ту сыртынан, әлде күннің астынан әлдене өңешін сығып сыңсыды. Қорқау табанының астын алай-түлей боратып, солай қарай сұғынып барды да, кері салды. Жосылған күйі қағып өтіп, қалың шиді ерсілі-қарсылы ойрандады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Айуан! – деп қатайды әлгі үн.
– Қайдасың? – деп бұғынды бұл. Бәлкім, солай дегісі келген
шығар.
* * *
Терісіне сыймай түтігіп жүріп зорға басылған арлан
бағанағы жеріне қайта сұлады. Айдалада шалықтаған ұзын
тұра болмаса, әлгінде жайратып салар ма еді? Оның есуас
даусы әредік естіліп жүріп, ақыр соңында біржола жоғалды,
шілденің шыжыған күнінде қашанғы сарнасын, сілесі қатып,
жеткен жеріне құлаған шығар.
– Сен екеуміздің қолымыздан ендігі келетіні екі дүниенің
ортасында алжасу ғой, – деді бөрінің әлгі лаңынан соң өзі де
есінен адасқан сияқтанып. Мына тозақтан бетер жалғаннан не
болып, не қойғанын сезбей ауысып өлу де бақыт екен ғой.
Сағымданған Бетпаққа далбаса үмітпен қарады.
–Айдалада албасты бастыратын жын-сайтаны қайда? Қар
ғыстанып келіп қағындыра салмай ма?!
Енді кірпік қағуға дәрмен жоқ, қан қақсаған қара сан
қақырап барып қақ айырылса да тырс ете алмайды. Сырқыра
ған омыртқа отыз жерден бөлініп опырылып түссе де бүлк
етпейді. Қырына алған тажал қыңқ десе, қырғын салады.
Шілденің күні Бетпақтың нәр тамбайтын қысыр аспанын
күйдіре-күйдіре жалығып, бауырына бұлт балаламайтын бе
деу көктің батыс қапталына қарай ойысқан, бесінді бесігіне
бөлеп есінейді.
Күйдіргі күнді күмістенген көкке көгендеп қояр ма еді?!
Сөнер күн шалшық ғұмырын сарқып кетер ме екен?! Кір
пияз кеште бөрі бүлік іздейді ғой. Ол ұзынынан түсіп қимылсыз.
– Сергейді қалай жайратты екен? – деді қара көкжалы
жалдап кеткен жонында жанары тайғанақтап. – Азу тісін
алқымға азыната салды ма?!
Өз ойынан өзі үрікті.
Бетпақ шалғайында дүрлігіп басылды, қаңсыған дала қа
жып біткен шығар, қапталында қаңбақ жортса да дүңгір-
дүңгір дүркірейді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Қалай жайратты екен?! – деді тағы да. – Сорғалап келіп
сойып өтіп, сойқан салған шығар.
Айтып келген ажалымен арбаса-арбаса алжаса бастаған
болар, өз ырқынан тыс қайталай берді.
– Қалай жайратты екен?
Безбүйрек Бетпақ безілдеп қосылған ғой, жан-жағы жа
патармағай жамырап қоя берді.
– Қалай жайратты екен?
Бесін ауып бара жатса да сағымы сарқылмаған бұлыңғыр
дүзден әлдекім қараң-құраң көрінді.
– Ұзынтұрамысың? – деп қуанды. Жыртқыштанып бүлін
ген есуас бүйідей тисе де кетпесе екен. Ол жүрісі өнбей, көзінің
алдында көлбеңдеп тұрды да қойды, енді дауыс жетер жерде
сағым сапырып отыр.
– Мен мұндамын! – деп қол бұлғады бұл.
– Көріп тұрмын! – деді ол.
– Мынау ұзынтұра емес қой... – деп таңырқады.
– Иә, ол емеспін, – деді сағым сапырған бейтаныс. – Та
нымадың ба?
О, тоба! Бұл қайдан келе қалып еді, бұлыңғыр дүзде
қараңдаған Гриша шалға ұқсайды.
– Сен... Сен қайдан жүрсің? – деп күмілжіді.
– Мен егесіп ерген елесің емеспін бе? – деп таялды шал. –
Есіңді кетіруге келдім.
Ол өзгермепті, бәз-баяғы қалпы, аппақ қудай сақалын
қашанғы әдетімен салалап сауып отыр, сәл қызарған жа
нарында мейірім шуақтанады.
– Ит өлімімен өлетін болдың ақыры, – деп жымиды. – Саған
басқа өлім жараспайды ғой.
«Өлім жайлы айтып отырып жымиғаны несі?!» деп та
ңырқады бұл.
– Ит өлімімен өлгендер о дүниеде итше қыңсылап жүреді, –
деді ол сол күлімдеген күйі.
– Кешіре алмағаның ғой, – деп күйгелектеді бұл. – Кешіре
алмайсың, әрине.
– Кешірім жайлы ойланбай-ақ қой, – деп салқындады ол. –
Кешірілмейтіндерді кешіргенді кешірімнің киесі атады.
Өңі суынғанмен жанарында мейірім үйіріліп тұр.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Жарайды, – деді бұл. – Жайыма қалдыр мені.
Шал керілген қорқауға қарап қайтадан күлімдеді.
– Талайлардың жаны жай табатын болды.
Бұл енді оған қарамауға тырысты, алжасқан адамға бәрі
бір ғой, елес пе, сайтан ба, сандалсын да сарнай берсін. Бұған
о дүниеде жұмақ жайқалып тұрмағанын сүйегі баяғыда қурап
қалған Гриша шалсыз да біледі.
– Жайыма қалдыр! – деп жекірді.
– Жаным жай табатын болды, – деді ол. Даусы бесіні ауған
Бетпақтың қиянынан естілді.
– Ұзынтұра қайда екен? – деп елеңдеді бұл. Оны неге із
дегенін түсінген жоқ. Сірә есі ауысқан байғұсқа мұны да рух
айналдырып жүргенін айтқысы келген шығар. Оны құла дүзде
қаумалаған елес бұған қайрап салса, Гриша шалға қайтпаған
кегі маза бермейді ғой.
– Сәл шыда, – деді көрінбей кеткен қарияны көңілінде
түлетіп. – Ит өлімін итше қыңсылатып жетермін.
Шілденің күні елес келіп кеткен көктің бөтегесінде бұл
тияды, Бетпақтың бүгінгі кеші жұтынып жетер ме екен?
Сағымы саябыр тауып сабасына түсе бастаған дала самар
қау, көкті күнұзын кезген көп күшіген көрінбейді. Арқаның
алыстағы биігіне асылып барып қонған шығар, ертең тағы да
алты айшылық жерден аңдиды да. Бетпақта безілдеп қалған
бұған:
– Жемтікке айналғанша! – деп кетті ме екен?!
Жемтікке жерік болғаны несі екен?
Өзін өзі осылай мазалай бергісі келді, ақшамы жамыраған
сәтінде аялдай тұрғысы келді.
Қалың шидің түбі көлеңкеленіп барады, енді сәлден соң
шалқайып алған шамшыл аспан аласарды. Шілденің бозбұй
да түніне ілесе келетін өңез ай тағы да жұлдыз санап өлексе
ленетін шығар. Қарғыс атқан Бетпаққа айдың да ажарланып
бітпегені ғой.
– Жаным жай табатын болды, – деді әлгінде жоғалған Гри
ша. Бұл өзін әлі төңіректеп жүр ме еді, итше қыңсылайтын
шағын көзімен көріп кеткісі келеді де. Ол мұның өлімін
тағатсыз күткелі қашан!
Өлім аузына түсе бергеніне түршікті, әлгі шалдың елесі
секілді айналшықтап жүр ме екен, әлде мұны осылай әредік
АЛДАН СМАЙЫЛ
мазалап қоятын Гриша ажалын өзімен бірге ала келген шы
ғар. Сұлаған жерінен қозғалмаған бөрінің үстіне де көлеңке
қонақтайын депті, шыбынсыз Бетпақта көз шырымын алып
ап, ширығып тиіспек пе?!
Өмірден күдер үзгендердің ойы да сүреңсізденеді екен ғой,
есіне түсіргісі келгеннің бәрі тұзы татымай жерітеді, ертеден
бар ескі сырқаттай әлсін-әлі белгі беретін, Бетпаққа келгелі
соңына түсіп, енді асқынып алған үрей көңіліне үйірілгеннің
бәрін үмітсіздендіріп тоз-тозын шығарады.
– Өлгеннен соң мен де рухқа айналар ма екем? – деді
сандалып отырып.
– Атаңның басы! – деді елестей берген Гриша. – Дәмесінің
зорын! Жаныңды жаһаннамға жолатар ма екен. Бетпақта
қаусайтын қаңқаңмен бірге мәңгі қаңсисың!
Бұған осынша кектенбесе қайтеді екен, аузын ашса алыса
кетеді.
Енді ештеңе де ойламауға тырысты, бұл жалғанда елес те
жоқ, елес ерсілі-қарсылы көшетін көк те, жер де жоқ, өлімді
күткен өзі де, өлім болып аңдыған бөрі де бекер, тіпті жаһан
мен жағаласқан Бетпақ та жалған.
Отыра-отыра жамбасы жерге жабысып қалған, құмдаққа
қолын тіреп көтеріліп көрмек болып еді, сүйек-сүйегі жарыса
сырқырады, неше күннен бері қысқан шөл тірісінде қаңсы
тып, қуратып бітірген шығар, қырсыққан қорқау тарпа бас
салса, қаусап жүре беретін түрі бар.
Бөріге алғаш рет түсінгісі келіп қарады, ол өзін өлім болып
қамағанынан қаперсіз ғой, бұл үшін өлтірмек жоқ, өмірі үшін
күрес қана бар, сондықтан да қайғысыз.
Талайлардың тағдырын тәлкек еткен бұл да мұңсыз еді,
өзінен өзгеге өршіп шыға келетін өшпенділіктің өртін басу
үшін арпалысып жүріп қайғы дегенді ұмытқан-ды.
– Ғұмыр бойы сол қарасы өшкір өшпенділіктің құлы бол
дым ғой! – деп күйзелді. – Ол мені қатыгездендіріп алып, өмірі
барларға қайрап салды да отырды.
Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлекселеніп
келген өзіне, содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті,
удай мас болып құлап жатқанда талай рет үнін өшіре салғы
сы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін істейтін сұмырай
ШЫҒАРМАЛАРЫ
өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қорқаулана қой
мағандығы ғана кінәлі еді.
Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың
өзі секілді бұралқы иттей бұратылып жүрмегендігі үшін,
күңіренбей күлгені үшін, жетімсіремей жетіскені үшін...
Сыныққа сылтау тауып өшігетін, өшіккен сайын өлер
менденетін. Өшпенділіксіз өмір өмір емес-ті, өшіге алмай
тындарды өлердей жек көретін. Өшінен айырылса, өмірі қа
ңырап бос қалатындай қасарысатын.
Қарғыс айтып қыңсылап жүргендер өшін ала алмай өлек
селенгендер ғой, олар қашанда өкініп өледі, өшік етіп өш
кендердің күйзелісінен сақтасын. Өзегі өртеніп тұрса да өшіге
білмейтіндер – баяғыда өліп біткендер.
Мұңсызбын деп жүргендердің бәрі өздерінен өш ала
алмайтынын сезеді. Қайғылының бәрі алынбаған өшінің со
ңында ғұмыр бойы салпақтайды.
Өмір өшіктіру мен өш алудан тұратынын ұқпағандар өшін
қуғандарды қайдан түсінсін. Тәңірдің өзі бұларды тозақтан
бетер жұмыр жерге өмірден өшін алу үшін жамыратып
жіберген жоқ па?!
Шілденің күнін еңкейтіп әкеліп, батыс кемерге тұсап қой
ған кеш таң атқалы кезек бермей сарылтқан уақыттан өшін
алып күреңітті. Сәлден соң түксиген түнмен ымы-жымы бір
ымырт өшіге жетеді, батар күннің соңғы шапағын өшпенді
лікпен жұтып алып түнере қалады.
Шілденің күні Бетпақты шыжғырып келіп қонақтаған
сайын күйіп-жанатын күлгін кемерден күлімсі иіс шыққан
секілденді.
Бұрқ етіп тұтанып, өртене жөнелмейді ғой. Құла дүзде бө
ріге таланғаннан өртеніп өлгені жақсы ғой.
Көкейіне келгеннің бәрін күңгірлете бергісі келді, көкі
регін сарқып айтып қалғысы келді. Ал аузын ашса, тіліне
өшпенділіктен басқа ештеңе оралмайды, қазір де ымырты
үйіріліп келе жатқан
Бетпаққа өшіге шүйілді.
– Өшігіп жүріп ақыры сол өшпенділіктің құрбаны бол
дым, – деді сөніп бара жатқан соңғы жалқынға үздіге қарап. –
Бетпаққа әкеліп қаңғыртып кеткен сұмырай өшін алып тынды
ғой.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Соңғы жалын жұқарған сайын тынысы тарылды. Әлгі Гри
ша қайда екен, ана суынып бара жатқан қан қызыл шапақты
үрлеп-үрлеп, құла дүздің көлеңкеленген көгіне іліп қой деп
жалынар еді.
Ол бағана өзіне кектеніп кеткеннен бері көрінген жоқ,
жанында ширығып айтқан сөзі ғана қалды.
– Бетпақта қаңқаңмен бірге қаңсисың!
Ауыр тисе де ренжімеген, несіне көңіліне алады, ол бұған
не десе де ерікті емес пе, елес боп келіп жүріп, баяғыда есінен
ауыстырып кетпегені үшін құлдық ұрса жарасады ғой.
Содан соң:
– Менің рухқа айнала алмайтыным рас па екен? – деп
аңтарылды. – Гриша біліп айтса, о дүниеде де жағалай өшігу
мен күңіренеді екем ғой.
Бөрі жатқан жерінен керіліп-созылып көтерілді, батқан
күннің соңғы жалынына қарап арс етті.
– Өлімді көріп тұрған адам не ойлайды екен? – деді
орнынан сүйретіле тұрып жатып. – Қарауылында талай-талай
қалтырағандар не ойлап үлгерді екен?
Алыстан, бәлкім, ұясына қонған күннің астынан біреу:
– Қайдасың? – деп қарлықты. Даусы өзінің көкірегінде
сыздаған үрей секілді ұлиды. – Қайдасың, малғұн?!
– Ұзынтұрамысың? – деді бұл. – Мені іздемей-ақ қой, Бет
пақта босқа сабылып қайтесің, о дүниеде кешікпей кездесерміз.
Ғұмыры қорқауға кезіккелі бесін мен ымырттың арасында
ұзарды. Өштесумен өткен өміріндегі соңғы олжасы бұл.
– Ал баста! – деді көкжалға қарсы жүріп.
Бөрік үдірейе қалды, шегіншектей беріп күркіреп атылды,
ақсиған азу алқымын көздеп келеді. «Тамақтан қадалады
екен ғой» деп ойлап үлгерді.
– Жаным жай тапты ғой! – деді біреу. Гриша екенін аңғар
ған жоқ.
* * *
Арлан қалың шиде екі күн аялдады, осыған дейін қара
санын қауып жейтіндей ашыққанын ұмытып, Бетпаққа еті
үйрене бастаған. Құла дүз өзімен бірге тоғайып, кәдімгідей
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көтеріліп қалды, күн түске тармаса азынап шыға келетін
аңызақ желі саябырсып, сағымы бүлк-бүлк шымырлады да
жатты.
Қалай десе де шілденің соңы емес пе, кешегі түн мүлде
жайлы тиді, іңір жусауынан кейін Шу жақтан ескен самал
таңға дейін үзілмей, тынысы бір кеңіген, құла дүзде айды
аунатып бауырына басқандай арыстанданып еді.
Бүгін түс ауа дүр-дүр сілкініп алып, қызғылт құмдақтан
айналаны қарауылдады, төңіректен иіс шалып, шығыстан
көтерілген суырма желдің ауанын бақты.
Бетпақта түсініксіз сандалған үшеудің соңғысы табан жо
лынан жымын білдірмей жаңылдыратын жылмиған далада
алысқа ұзамауға тиіс-ті.
Жорық жалданып, көкірегін күркіретіп алып Арқаға
қарайғы жусанды жазыққа төтелей салды. Есі түзу кезінде
жонында үйір-үйір киік жосылған, үйір-үйір киікке дәмелі
бөрі қиыннан қосылған қызба дала желігін құтыртты. Бауры
нан жараса, құла дүз бауырынан жаратуға жараса, қиқулы
Бетпақтың қай егесінен тартынған, сусыған жел бауырынан
суырылып, айғай даланың жанарынан жас парлатты. Жусан
ды жазық алқымын терлетуге жарамай таусылды, алдынан
аламандап ашылған ақселеулі алқап айызын қандырмай сар
қылды, төбел тазданған тақырға іліккенде тоғы басылды.
Соңынан сорына түскен бөріні көрген ұзынтұра қу далада
жалғыз қалғанын сезіп бөгелді.
Құла дүзде құйын үйірген қорқау жоғы табылып тоқтады.
V. Ызғар
Смайыл Дараттың тақыр тасы мен Саңғыруда қазанның
соңы қар құсып, тау ішінде таяу қыстың ызғары білінгенше
жүрді. Арқада сақылдаған сары аяз бен бүлік тілеп буыр
қанатын ақтүтек бірде ерте, бірде кеш, әдетте қараша қату
қабақтанып, желтоқсанға жалғасар тұста тулап шыға келетін,
биыл жұт жеті ағайынды болып, қыс ерте түсті. Таудың биігін
қар алып, терең қойнау, қиын шатқалдарда қара суық ертелі-
кеш азынады да тұрды.
11-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Соңғы бірер күн Аюшаттың үңгірін паналаған, айнала
суынған тас қабырға жаққан отты сыртқа теуіп, түнімен дір
дектеп шықты. Бүгін тас кезіп келіп, Саңғырудың қалың
терегіне енгенді.
Тығыз өскен сүмбілдің түбі тыныш, ұшар биігін жел
шайқап, жағалай қонған көп қарға қарқ-қарқ тербеледі. Кісі
белі үйген қу бұтақтан өрілген жалын жалаң қағып, таяу
ағаштың қалтырап қалған жапырағын жалмап алды, жақын
өскен жалаңбұт шілік шоршып тиген шоқтан тұтана жаздап
шырт етті.
Өлмегенге – өлі балық, тас кезгенде қарауылға іліккен
қырғауылдың етін қақталмай жатып қарбытты. Әлмағамбет
екеуіне кешелі бері бұйырған несібе осы.
Ол отқа тімтіне таялып үнсіз отыр, бұлақтың жағасында
өртке оранбай жалғыз сау қалған қараша үйінің құрым киі
зінен долбарлап берген жамылғыға оранып, қырғауылдың
қыр жіліншігін күтір-күтір шайнайды. Суық түскелі сіңі
ріне ілініп сүреңсіз, сақалы қыстан көтерем шыққан көпей
тоқтының жабағы жүніндей жалбырап, ұйысып кеткен.
Қара суық тау кезіп келіп тар қойнауда ашөзектене ұлы
са, қалың терек қабырғасы қайыса сықырлайды, көк қабық
сүмбілді ығына алған кәрі ағаш сытыр-сытыр сына жаздап
сестенеді.
Тағы да қар жауайын деген шығар, қырбық қылау биіктен
баяу қалқып келіп, тал арасына қалың түскен жапыраққа
қонып жатыр. Таудың тақыр тасына сіңген ызғар үскіріктен
гісі келіп, ұйытқыған желге қосыла кетіп ызылдайды.
– Ертең Атасудың бойындағы Қарғабайдың қыстауына
кетеміз, – деді Әлмағамбетке қырғауылдың төс етін сыдырып
беріп.
– Қаратөбедегі өз қыстауың бар емес пе? – деді ол.
– Онда әзірге баруға болмайды.
– Неге?
– Көріп жүрген жоқсың ба, Қарағанды жақтан ойда жоқ
та қылт ете қалатын әскер Жезқазғанға қарай асса да, Қу,
Мұңылыға беттесе де Айдаһарлы, Қабантау мен Қаратөбені
бір арылтып шығады. Оның үстіне Ұлытау жақтан, әлде Сары
су, Байқоңыр бойынан жаяу-жалпы шұбырып, Қарағандыға
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ағылған елдің де төте жолы сол. Қарғабайдың қыстауы қиыс
әрі өзеннің бойы, су жағаласақ өзегіміз талмас.
– Ел неге шұбырып кетті екен? – деп бүрісті ол.
–Алдындағы малын айдап алып, қыс түсе құрығын ұстап
қалған жұрт тыр жалаңаш далада қалай қалады? Қалаға қара
танып ағылады да.
Қылаулаған қар қалқып түспей, тал арасын ұйытқып
қыдыра бастады, алаулаған жалын бірде таяу ағашқа, бірде
өздеріне қарай шалқиды, от іргесінде тұтанған қу жапырақ
жана беріп сөнді, қалың терек үйіре соққан желдің өтінде
сықырлап-сықырлап алып ұзын сарынына салды.
– Тыңдашы!
Жамылғышын қымтана бүркеніп бір уыс болып қалған
Әлмағамбет жанары жасаурап күбірледі.
– Байғұстар ық жағалап жүріп сыңсиды.
Не айтып отырғанын түсінбеген бұл жан-жағына қарап
аңтарылды.
– Олар біраздан бері төңіректеп жүр, – деп елеңдеді енді ол. –
Иманды болғыр марқұмдарды айтам. Ұмытып кетпесін
дей ме, әлде иесіз тауда ызғырықта қалт-құлт еткен бейшара
ларын желеп-жебегені ме? Көзді ашып-жұмғанша бәрінен
құлан таза болған, жалаңаш таста тағыланып бара жатқан
бізге тәңірі қырын қарап кеткенін қайдан білсін.
Сыңсыған теректі төңіректе үн салған аруақтарға теліп
отырғанын енді аңғарды.
– Олар қашан да бірге ғой, өмірлерін өксітіп өшіргендер
бізді де тыныш қоймасын біледі ғой, – деп жалғады ол.
Күшейген жел қалың ағашты биігінде үйіріп алып суыл
дайды, бұтақ сайын қарайған қалың қарға бір ұшып, бір
қонып, байыз таба алмай шулады. Өзі әлгінде тақырлап мүжіп
лақтырып тастаған қырғауылдың сүйегін ала қанат сауысқан
сүйреп апарып, жуан теректің тас уыстап тарбиған тамыры
ның астына тықты. Ту сыртында қаңтарылған күрең дүр-дүр
сілкініп алып тыншыды.
– Ертең бұл жерде қалуға болмайды, – деді қайтадан
тұнжыраған Әлмағамбетке қарап.
Мына азынаған тауда енді бірер күн аялдаса айырылып
қалар.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Пана болудан қалған тасты бұл қайбір қимай жүр, жасан
ған жау қырда жаз бойы арылған жоқ, апта аралатып, кейде
одан ұзатып, сау етіп түсе қалады. Күзге қарай көрінбеп еді,
қазан бел орталана бере тағы да қара танытты.
Бұл жолы Дараттың бұлағына аялдап алып Өгізтау ас
қан. Араға үш күн салып оралғанда, қарасыны мол көрінді,
ызылдаған жаяу мен үйір-үйір жылқыны лекітіп айдап келіп,
Жамбаскөңнің тоғанын бір күн жайлады.
Биіктен дүрбі салған бұл:
– Ала жаздай тақырлағанда таусылмаған қайдағы мал? –
деп таңырқаған. Кілең бүйірлі боз Сарысудың құмға сіңер
тұсындағы аз үйлі тамаға да бұғалық түскенін аңғартқандай
болды. Кезінде жүзді ерке қызының жүзігі үшін бере салған,
мыңды мырза көңілінің көрімдігі еткен Жидебайдың бүгін
гі балалары сыбай-сылтаңданып қалды деп естуші еді. Боз
мініп қылаңытқаны болмаса, өрісі тарылып, өрде оза алмай
жүргендей-тін, тоғанның бауырында тарлаулы жазыққа иі
рілген жылқының қоғамы, әрі кетсе, үш айғырдың үйіріндей
еді.
Ашық жерде жел өтінде ошарылған ел жүнжіп үлгеріпті,
қаусаған шал-кемпір әр жерде тарыдай шашылған, бірыңғай
бөлектеген қыз-қырқын қылышы салақтаған, сұрқай киін
ген, шетінен ыздиған солдаттар жақындаған сайын қоғадай
жапырылады. Олар бір-біріне тығылған сорлыларды жал
ғыз-жарымдап шөккен түйелердің ығына, тас арасына әкетіп
жатыр.
Бұдан кейінгі күндерде дала ат дүбірінен арылған сияқты
еді, қара суық басталғалы жаяу-жалпы шұбырған елді көретін
болды.
Сондай бір топ осыдан екі күн бұрын Дараттың бұлағына
ілігіп жығылған. Алыстан аңысын аңдып, қарусыз, қарақан
басының қамымен қажыған жұрт екенін көрген соң жөн сұрай
барды.
Бұлақтың желкесіне жаққан отты айнала отырған елдің
ұзын саны он шақты, үш шал мен мыжырайған екі кемпір,
қырықтың қырқасындағы екі жігіт, қалғаны әйел-бала.
Пұшпақ тақиялы қария сәлемін селқос алды. Жөн сұра
ғанда да ағытыла қойған жоқ.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Халдің несін сұрайсың... – деп етігінің қыртыстанған
қонышын тартқылады.
– Қайдан келесіздер?
– Қараағаштан.
– Тоқа Шоңның Қараағашы ма?
– Иә.
– Қырға қырғидай тиген жау ол жақты да жайпап өткен
екен ғой?!
– Жайпады дегенің жай сөз, шырағым, жайратып кетті.
Жазда келді – малды алды, күзде келді – жанды алды. Алас-
күлес басталған аз күнде не көрмедік.
Шапанының ішіндегі көнетоз қамзолының қалтасынан
насыбай шақшасын алып етігінің өкшесіне қақты.
– Байғұс-ау, кеше бітті деп отыр едің ғой, несіне қақ
қыштайсың? – деді жанында отырған кимешекті кемпір. –
Қазір жоқты іздеп тағы да шала бүлінеді бұл.
Смайыл кісесіне ілген алақандай шақшаны алып шалдың
алдына тастады. Насыбайды анда-санда ермекке ататын.
– Алыңыз, басы бүтін сіздікі, – деді. Алақанының шұқы
рын толтырып ерніне тастап жіберген қария:
– Уһ! – деді.
Кішкене шөңкеге бұқтырған бидайды көсіп қойып отыр
ған әйел:
– Алла-ай, не жазып едік?! – деп көкірегі қарс айырылды. –
Қу далада қырылғанымыз ба?!
– Жағдайдың түрі осы, – деді қария. – Ер азаматтан
жұрдаймыз, ана жалаңдаған иттер жазда көзінен тізіп айдап
әкеткен.
Жазығы – құр ат мініп, тоқ жүргені. Олардың әйел-бала,
келін-кепшігі де кетті зар еңіреп. Бірен-саран қарсылық біл
діргендер оққа ұшты, екі сөзге келмей атады, айтқаның ұна
маса шабады.
Қара жер хабар бермесін, Шоңкеңнен қалдық пәлеге. Бұл
кімнің ауылы – Шоңның ауылы. Бұл қай ел – болыс Шоңның
елі. Қай жұрт – Алтай-Қарпықты аузына қаратқан Шоңның
жұрты. Осы жетті түбімізге. Қарға тамырлы қазақ емеспіз
бе, Шоңкеңе біріміз ағайынбыз, біріміз жегжатпыз, біріміз
құдандалмыз – түгел сыпырды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Үш-төрт жастағы баласын алдына алған жігіт бұлақтың
маңын үнсіз шолып отыр. Өртенген үйлердің орындары, ша
шылып жатқан ыдыс-аяқ, Әлмағамбеттің қараша үйінен
қалған кереге-уық ой салды ма:
– Бұл маңда ұлардай шулаған сияқты ғой, – деп тоқтады.
– Біз көрген тозақтың қайсысын айтып сарқыла алам, – деді
бұл.
Болған жайды қысқа қайырды.
– Құдай-ай, қандай заманға тап қылдың?! – деп кемсең
деді кимешекті кемпір. – Бес уақ намазы қаза болмаған,
аузынан тәубасы түспеген, кірген жыланның басына ақ құ
йып шығарған, ала жіптен аттамаған ел не жазып еді, қай
қылығынан тауып еді?!
Шал жанары боталап күрсінді.
– Өзің кім боласың? – деп әңгіменің бетін өзгертті.
Жөнін айтып еді, естімеген сыңай танытты.
– Қара жаяу қалғандарыңызға қарағанда, тігерге тұяқ
тастамай, түгел әкеткен болды ғой, – деді қайтадан қамыға
тұнжыраған қарияны сөзге тартып.
– Малдың өзі түгілі, тақырға түскен ізіне дейін қырып
әкетті, – деді шал. – Жаздай тісіміздің қанын сорып шықтық.
Жақсы-жайсаң түгел ұсталып кеткен соң жөн сілтер жан
жоқ, не істерімізді білмей сенделдік. Ақыл – алтау, ой – төр
теу болды, қалай толғансаң да шығарға жол таппайсың. Сол
сандалумен қара суыққа ұрынғанда, елдің шеті сөгілді. Бірі
Жезқазғанға, бірі Ақмола – Қараөткелге, бірі Қарағандыға
кетті. Ұлытау жағы
Байқоңырлатып Сырға сырғыды деп естиміз.
Солай, шырағым, алты алаш аумағымен аунап-қунаса
мұрты сынбайтын есіл жер елсіз қаңырап қалды. Артың – өлім,
алдың – үрей, шарасыздықтың құлы болып сандалған түріміз
осы.
– Қараағаштан қашан шықтыңыздар?
– Бүгін алтыншы күн. Ескене, Жайылмалатып, одан Ма
нақа құлап сүрініп-жығылып келеміз.
Бала ұстаған жігіт ауыздығын күтір-күтір шайнаған күрең
ге қарады.
– Үйір-үйір жылқыдан қалған жалғыз шығар? – деді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Иә, – деді бұл.
Ол аттан көз айырмай қадалды. «Мынау не ойлап отыр?»
деп секемденді.
Отқа әлгінде бір құшақ қараған әкеліп салған балуан денелі
жігіттің көзқарасы да ұнамады.
– Ал, ақсақал, – деді кетуге ыңғайланып, – менің қолымнан
келетіні тілекші болу ғана.
Атына қарғып мініп желдірте жөнелді де қайта қайырылды.
Жігіттер орындарынан ереуілдеп тұрыпты, күреңді олжа
лап қалуды ойлағандығына енді күмәні қалған жоқ.
– Алдарыңызда әлі төрт-бес күндік жол бар, – деді айдалада
тірі аруақ сияқтанған шалға қарап. – Қарағандыға аман-есен
жетсеңіздер бір кәделеріңізге жарар.
Әлмағамбет жұрдай қылған көп дүниенің орнынан тапқан
алтын ақшаның бірін сыңғыр еткізіп тастай салды.
* * *
Отқа бетіңді беріп отырсаң арқаң мұздайды, ұйысқан терек
ті түгел өртеп жібермесең жылынар түрің жоқ, күн сары аязда
нып қатайып барады. Тал түсте мынадай болса, түнге қарай таза
шыдатпайтын шығар. Әлмағамбетті атқа мінгестіріп алып,
Қарғабайдың қыстағына қазір тартып кетсе ме екен?!
Осы ойға он бекініп, он айныды. Амандық болса ертең
қозғалар, ал бүгін қалың ағашты тастап шығудың реті жоқ,
Атасудың бойындағы қоражай талай жер әрі онда жеті түн
де жетіп барудың түбі немен тынары белгісіз, иесіз болмай,
арып-ашқан босқындардың үстінен шықса қатер. Дараттың
бұлағында жолыққандардан аман-есен кеткеніне тәуба қыл
ғаннан бері Қарағандыға қарай шұбырған елге жолаған емес.
– Алла-ай! – деді отты қоғамдап жатып. – Бөлінбеген
еншім бар десе, танымайтын адамына астындағы атын түсіп
беретін мырза елді бір-біріне ашкөздендіріп қойған жоқтық
тың басы мынау, аяғы немен тынар екен?!
Сол күні, бұлақта, алпамсадай екі жігіт қапияда бас салса,
алыс-жұлыстың соңы екі жақтың бірінің жазатайым болуы
мен бітуі мүмкін-ді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Бүрісіп қалған Әлмағамбеттің жамылғысын қымтады,
байғұс қалтырап тоңса да ашық-тесік отыра береді, қазіргі
қалпында тірі өлік те бір, ол да бір, шытыр-шытыр жанған от
қа қадалған күйі кірпігін қақпай қатып қалған.
Жалғыз суықторғай манадан бері айналшықтап жүр, жа
нына шыр етіп қонады, лаулаған отқа секектеп таялып, пыр
етіп ұшады, шалажансар даланың кеудесіне қонақтай алмай,
қара үзіп және кете алмай, шығар-шықпаста сандалған шы
бын жан секілді дәйексіз. Қараша тумай ұлыған ала қаншық
өңірдің жұмырына жұқ болмай жұтылып кетер ме екем деп
дірдектейді.
Аңырап қалған Арқада сақылдаған сары аязды сарнап жү
ріп сапырған ызғар кімдерді қабығында қалтыратпаған?!
– Сыңси бермей неге кетпейді?! – деп кейіді Әлмағамбет.
Жалаңаш бұтағы жел өтінде ызылдаған тоғайды әлі күнге
аруақтың сарынына балап отыр ма, қалың теректің қойнына
күрсініп қарады.
– Қайта-қайта шақырып, мазамды алып бітті, – деді әлден
соң. – Сірә, бұл өмірден озатын кезім келген шығар.
Бұл алабұртқан жүзіне ұрлана қарап үнсіз отыра берді.
– Онсыз да өлім шақырып өзеуреген өлексе өңірде өлім
жайлы тіс жарма, – деді. Ішінен айтты.
Ол жамылғысын серпіп тастап, сілкініп барып басылды.
– Кәрі жынның қар үстінде қалтырауын!
Отқа таяу секектеген суықторғай шырылдап ұшты.
Қабағын қарс жауып алған қарақшы күндерде қауқарсыз
қажыған сорлының бір уыс болып қалған кәрі жыны ма екен?!
Қыр астындағы қарашадан жақсылық күтпей, тақыр та
сынан суынып жеріген тауды тас-талқан кезген үскірік үдей
түсті.
– Алжыған жынның ақырғы ашуы ғой, – деп теңселді
Әлмағамбет. Ол бүгінде ауыл болып әжуә ететін баяғы әпен
де емес, аруақтанса ықтырған, дүрліккен дүниеде дауылдап
жүріп, алдағы аласапыранды алыстан болжаған түсініксіз
тылсым. Тақыр таста тулап айтқан көп сарыны көкірегінде
жаңғырықса, жабыққан жалған жағасын ұстайды.
Таудың тағыланып алған тарпаң желі көп теректің төбесі
нен төгілген қарды алай-түлей ала қашып, аптығып қайта ора
лып, от үстінде дөңгелентіп зікір салған тәрізденді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Киесі кетіп ел талақ,
Иесі кетіп жер талақ,
Шерменде болып шер талақ,
Еңсесі түсіп ер талақ,
Даласы дімкәс қылтамақ!
Уһ-аһ! Уһ-аһ!
Жел ұйтқытқан жалын лаулап-лаулап алып жалп етіп,
жалаңдап қайта лап етіп, ала жынданып аласұрды.
Қырда қалды қақ сүйек,
Тыпырлама, жат, сүйек,
Сай табаны сар сүйек,
Ой табаны ақ сүйек.
Уһ-аһ!Уһ-аһ!
Будақ-будақ көтерілген көк ала түтін бұтағы тарбаң-тарбаң
айқасқан қалың ағаштың арасында адасып жүріп, саңылау
таба бере саулай жөнелді.
Жалаңбұт, жалаңбас,
Мола тоқ, дала аш,
Өлігіңді арқалап
Өлмегеннен ала қаш!
Уһ-аһ!Уһ-аһ!
О, тоба! Ұлыған желге қосылып, көк ала түтінді көз алдында
қуалап өзі де сарнап отыр.
Ала табан, ақ табан,
Ала қайғы қақтаған,
Өлімді өлім таптаған,
Кіл өлексе қаптаған!
Көрде тыныш жатпаған!
Көкейінде күйзелген сары уайымды сарқып алып са
бырсызданды, жалқынданған жанарын жалынға қақтаған
байғұс қағып әкетіп қағына жөнеле ме деп қорықты.
АЛДАН СМАЙЫЛ Кейінгі күндері бейуақта осылай сабылатынды шығарды, қайда қараса да кеудеден тепкен, кері кеткен дала жалғыз жасытып келіп, торғайдай тоздырайын деген шығар. Табаны нан таусылып жүріп сағалаған тақыр тау да талақ етуге айнал ған мұның Әлмағамбеттің кәрі жынындай қаңғалақтайтын кезі әлдеқашан жеткен. Көкірегі сол сорлының гөй-гөйіне толып, қайтадан жаң ғырықты. Үйірілген үскірік үсіп өлер күн бар ма? Жағаласқан жал ғанды сілкіп тастар күн бар ма? Күн астында күйінбей жанып кетер күн бар ма? Жанып жүріп жаһаннан кек қайырар күн бар ма? Қарқ етіп үріккен қарғамен бірге көтерілді. Отыра бер се – өлгені, күйіне берсе – көнгені. Күйзеліп жүріп кектенеді, сарнап жүріп сұстанады. Сықырлаған көк теректен сақылда ған сары аязға қарсы салды. Тарғыл тастың түбінен сығалап аққан бұлақтың көмейі ғана бүлкілдейді, талға бұрымданып бұрылатын арнасы қа тып қалған, кеудесіне қарай кеулеген көк мұз қалыңдай келе тұншықтырып тынатын түрі бар. Шалғайын алты ай жаз шаттандырған жалғыз қайнарын қайната алмаған тас құдайдан не қайыр? Тарғыл тасқа шамырқанып шықты, төменде төңкерілген түмен дала үскірік үйіріп тентіреп жүр. – Тентірей түс! – деп тістенді. – Төсіңдегі тірлігің түгел тентіреп кеткенде тентіремей көр! Ту сыртында Саңғырудың сыңар биігі суынады, енді со лай қарай сұғынды, бірде қарсы алдынан ұйтқып қайырып, бірде бүйірінен түйіп бүлініп, қуалап жүріп қағынған тау желі сол биікке жеткізбеймін деп жанталасты. Ызылдап-ызылдап алып, шалқасынан түскен шатқалда шаты айырылды. Гуілдепгуілдеп алып қарқаралы құздан құлдилап құлады. – Құлазып қалған қиянда қылғынып неге өлмейді! Сыңар биікке сүрініп сүйенген сүйір шың желдің өтінде сүйегін жинай алмай әуре, қатпар-қатпар қызғылт тас қа быршықтанып сарнаса, жықпылында жаланған үскірік жұл қылап жүріп еңірейді. – Қақ айырылып қақырап, қаусап неге түспейді!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жалына қол тимеген заңғар сүйір шыңның сұрын қашырып
сұстанды, қар жамылған тәкаппар таялған сайын тасбауыр.
Қырғи қонсат қитыққан, қыран қонса қыбықанған сең
гірден жалғыз құлжа секіріп түсіп сестенді. Арша мүйізі
айбаттанып, айқара таста арқырап тұрды. Апайтөс таудың
ашуын адуын жел жосылған жонға ала қашты.
Талай да талай келген тау табан тірер жерін тақымына ба
сып алып таялтпай қойды, жоғарылаған сайын қалыңдаған
қарға кей тұста күрп етіп түсіп кетеді, төсіне қылау қондыр
май жалаңаштанған тақыр шетінен тайғанақ, ұшар шыңға
барар жолда қураған жалғыз терекке түйе ойым өрмеледі.
Бұдан әрі қиямет-қайым, тік қия бірінен соң бірі қиындап
биіктей берді.
Жуан діңгегі арса-арса жарылған қу ағаш қаусап түспей
қалай тұр, ұйтқыған жел шатқаяқтатып шап берді, қар тұр
маған көк тасты тілгілеген тамырға табан тіреп:
– Уһ! – деді.
Шалғайдағы Оғызтау биіктен көз салғанға есек мінгендей
ғана, қатарында сұлаған Айдаһарлының алыстан аңғартатын
айбаты жоқ, қарлы ызғарда ұлан далаға ық болуға жарамай
аласарған.
Атасудың талды арнасы тімтініп жортқан түлкінің қыр
быққа түскен ізіндей, борасын бұрқ етсе, көміліп қалғалы тұр.
Қырда қара жонданған Қабантау алдағы алты ай қыстан аман
шығарына сенбей жүдейді.
Көзін тырнап ашқаннан көріп келе жатқан үш тауды
көріп тұрып сағынды. Бауырынан бағзыдан байғазы өмір жа
мыратқан жарықтық жалғанда қалай жалғыз қалдырып жа
ңылды екен?!
Жалғыздық жаратқанға да жараспайтынын сезбеді ме
екен?!
Қарай-қарай жанары талды, қараған сайын жалғыз емес
тігіне иланғысы келді.
– Жалғыз қалдыра көрме! – деп жанұшырды. Қар жамыл
ған тау заңғарында жаңғырықты.
– Жалғыз қалдыра көрме!
Қу ағашты құшақтап алып еңіреді, қу ағаштай қурап қал
майтындығыма сендіре гөр деп аңырады. Қу ағашқа қу құ
дайлап құлдық ұрды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Қалың теректің іші жым-жырт, от сөніп қалыпты, Әл
мағамбет көрінбейді. Суық сорған соң қыбырлайын деген ғой.
Күреңді ағаштың бұлақ жағындағы қауға арқандап, қу бұтақ
дайындауға кірісті. Түнге мол қылып жинап, таң атқанша
жағып шықпаса, қатайып бара жатқан ызғар өңменінен өтер.
Бағана биіктен тайынбай қарғыған құлжа көз алдына
елестей берді, қолға түспейді ғой, шіркін, апыл-ғұпыл сойып
жіберіп, жаясын жайнаған шоққа жайып тастап жайын тап
саң, қазанның соңы қыркүйектей шыбынсыз жазға бергісіз
болар еді-ау.
Ертең аңдып көрсем бе екен? Қарғабайдың қыстауына
қанжығасы бос бармай, тоқ барса, шым үйде шылқып бір
тершімей ме?!
Әлгінде тауда бойын суық алайын деп еді, қу бұтақты
бытыр-бытыр сындырған сайын бусанды. Әредік жан-жағына
көз салып қояды. Әлмағамбет байқалмады. От жағып жүріп те
алаңдаумен болды.
– Қой, іздеп келейін, – деді жуан ағаштың діңгегіне сүйеп
қойған мылтығын алып жатып.
Екі-үш күннен бері мүлде тұйықтанып кетіп еді, әредікте
тіл қатса, көрген түстей өте шыққан, күні кеше ғана бірге
жүрген марқұмдарды есіне алып, олардың енді қайтып кел
мейтініне сене алмай сенделеді.
Кеше шығар:
– Олар тауда адасып жүр, – деп мазасызданды, ағаш арасын
байыз таппай кезіп жүрді де, дөңкиген тарғыл тастың үстіне
шығып, маңайды ұзақ қарауылдады. Қайтып келген соң да
біразға дейін тыншымай қойған.
– Іздеп келсең етті, – деп мұны түртпектеумен болды.
Бұл әлгінде қоздана-қоздана қопарып тынуға айналған ыза-
мұң қайнап-қайнап алып, орнынан тік көтеріп, тау бездіріп
жібергенде, сол марқұмдарды іздеп кетті деп ойлап, соңынан
ере шықпады ма екен?
Әуелі қай жақтан қарайтынын жобалады, жаңа өзі келген
тұстан көре алмаған, қалың теректің қойнау қуып кететін
қапталы ит тұмсығы өтпейтін тікенге ұласады, ал Даратқа
ШЫҒАРМАЛАРЫ
шығатын сауыры ашық, одан әрі қарағанды ойпаң басталып,
осы арадан бие сауым жердегі Аюшатқа дейін созылады.
Ойланып тұрып, бірден солай қарай жүрді де кері қайтты,
тобықтан түскен қарда із жоқ.
Таудың ерте жететін кеші белгі бере бастаған ба, маңай
көлеңкеленген сияқтанып, қарсы бетте дөңкиген тарғыл тас
қарауытып көрінді. Арғы беті құлама шатқал еді, аруақ ай
налдырған сорлы қаңғалақтап жүріп соған арандап қалмасын.
Тау-таста терісіне сыймай тентіреймін деп, биік атаулы
дан тауы шағылып қалған ба, әншейінде тез көтерілетін тасқа
алқынып зорға шықты. Төменге құлдилай жөнелетін шат
қалға қиялап түсіп, қиғаштап қайту да оңай болған жоқ.
Жазған құлда шаршау жоқ, табанынан таусылып сүйір
шыңға дейін барды, айғайлай-айғайлай даусы қарлықты, енді
күреңді ерттеп Дарат жақты арылтпаса, бұл төңіректен іздеу
бекер.
Салы суға кетіп қайтып келе жатқанда, қалың теректің
тікенді қапталынан әлсіз дауыс жұтылып шыққандай болды.
Тоқтай қалып тың тыңдаған, маңай құлаққа ұрған танадай.
– Жалғызды құз атпай жындандырып тынар! – деді қаны
басына шауып. Ылғи осылай, аяқ астынан әлдекім дауыстап
шақырады, кейде тұншыққан талмау үн алыстан анық білініп
жалт қаратады, айнала алаңдатып есін кетіреді.
Бұл жолы алжастырып біткенше аңдысайын деген болар,
әлгі дауыс тағы да естілді, бағытын өзгертпей жаңағы жерден
үн салған.
Ұрынарға қара таппай сенделіп келе жатқанда сабыры сар
қылды, мойнындағы мылтығын жұлып алып үсті-үстіне атты.
Тас жарардай шаптыққан шаңқыл тау ішін әптер-тәптер
жаңғырықтырды.
– Ана сорлы тірі болса, үрейі ұшқан шығар, – деді қаруын
қамдап жатып. Ол мылтықтың гүрсілінен өлердей қорқатын.
Мынасы тағы несі еді?! Қалың теректің тікенді қапталына
қарап қалт тара қалды. Ұйысқан ағаштың үстінде қою қара
түтін будақтайды.
– Өрт!
Күтпеген сұмдығы есін шығарып жіберген шығар, үрке көз
салып, тапжылмай тұра берді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Өрт! – деп айғайлайды әлсін-әлі. Қолынан келетіні тек сол
ғана сияқты.
Осылай қанша сілейгені есінде жоқ, терекке қарай жүгіріп
келе жатып өзіне өзі келді. Нудың шетінде елеңдеген күрең
нің арқанын асығыс-үсігіс шешіп, шылбырымен тұсай салды.
– Әлмағамбет! – деп жанұшырған даусынан қалың ағаш
шыңылдады. – Әлмағамбет!
Одан белгі жоқ, қиын қойнауда ертеден ұйысқан тоғайдың
үстінде будақтаған түтін қоюланып барады.
– Соның ісі де, басқа не дейсің?! – деп ұмтылды. Теректің
тікенді түкпіріне таялған сайын тынысы тарылды, алды ала
пат от, шарт-шұрт тұтанып, сатыр-гүтір жанған сан жылғы
жуан ағаш жалаңдаған жалынды бірінен бірі іліп алады. Дің
гегі кісі беліндей кәрі терек лап еткен қу бұтағын тарс сын
дырып лақтырып тастады, тілім-тілім қабығын сумаң-сумаң
тінткен алау алқымына өрлеп барады.
Көктей солған бір үйір шілік от тимей жатып лаулады,
шөкімдей шоқты домалаңдап ала қашқан кірпі жолындағы
томарға аунап түсіп бықсыды. Білеу-білеу томырдың асты
нан атып шыққан аш күзен қоршап алған өрттің ортасында
аласұрып, жалыннан жалынға қарғыды.
Сүмбіл терек балтырынан бас салған отты теуіп тастай
алмай теңселді. Қалыңда қаңғып өскен топ қайың жалыннан
салған жаулығын жалаулата бұлғады. Тас сауған қартаң қара
ағаш қиялап тұрып:
– Қош! – деді.
Өрт сәт сайын өршіп барады, гуілдеген, тасқынданған қа
лың сарында жалғыз аласұрды.
– Әлмағамбет!
Ол тіс жармай діңкелетті, енді теректен жүгіріп шығып ту
сыртынан айналды.
Қалың ағаштың еңіске сұйылып сіңген етегіне от жаңа
жеткен бе, өрт бұл тұста әзірге бел ала қоймапты. Сол тұстан
әлдене қараң етті.
– Әлмағамбет! – деп безектеді.
Ол жамылғысын жалпылдатып зікір салып жүр, тұтана
бастаған ағашқа бір кіреді, бір шығады.
– Қайт! – Дауыстай беріп жақпар тасқа сүрініп құлады. –
Қайт деймін!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Есіріп алған сорлының бұл жаққа қарайтын түрі жоқ,
кәрі жынын шақырып қалшылдап жүр. Безек қағып таялған
мұны көргенде тіпті құтырып кетті, жалынды жалын қуған
өртке сүңгіп шықты, лақтырып тастаған жамылғы жана жө
нелді, алба-жұлба киімі әр жерінен түтіндейді.
– Қайт деймін!
Шоқтана бастаған сирек ағашқа бұл да жетті. Еліріп кет
кен Әлмағамбет шоршып түсті.
– Таялма!
Омырауын тістене дар айырды, жанары алақ-жұлақ
алып қашып бір орнында тұрмайды, айтқанына көнбей жа
қындаған мұны атарға оғы жоқ, өшіге шүйіліп жарқ-жұрқ
жасынданды.
Қаңғалақтаған кәрі жын, аласұрған тірі аруақ ұшқын
атып, жалындап-жалындап алды ма, жалын аңсаған дүние лап
етіп жанды ма, жаратқанға алаулап жарқырап жеткісі келді
ме?!
Қалыңнан қаптаған өрт қаумалап келеді.
– Шық! – деп дызылдады.
Әлмағамбет табанының астында жана бастаған жапырақ
ты көсіп алып шашып жіберді.
– От шашыңдар! От боп шашылыңдар! – деп алаулады. Ту
сыртынан жалынға оранып құлап келе жатқан биік ағашқа
шаттана қарап санын сабалады.
Жұмақ жайлы әңгімені жауып қой,
Өртеніңдер, өмір деген жалын ғой.
Ығындағы жіңішке теректі түгел жайпап құлаған зілдей
ағаш құшақ-құшақ отты жан-жаққа толқын-толқын лақтырды.
Жоқ болып кеткен Әлмағамбет шоқ түсе қоймаған тікеннің
тасасынан шыға келді, қимылына көз ілеспейді, бір-ақ қарғып
қарсы алдынан, құйындай ұйтқып өрт ішінен табылды.
От тәңірден ескен мына самалды-ай,
Өртеніңдер, өртеніңдер жағалай!
Саңқ-саңқ етеді, шаттанғаны, күйінгені белгісіз, от ала
қашқан сайтандай тез, бықсып жанған жапырақтар ерсілі-
АЛДАН СМАЙЫЛ
қарсылы жосылса, жолақ-жолақ от соңында өріледі. Мылты
ғын лақтырып жіберіп қойып кетті.
Құдай-ау, анау қалай жүр, қарып түскен жалын қайтадан
серпіп тастады. Сыртынан долбарлап киіп, белінен буып
алған киіз жамылғы түтіндеп үлгерді. Қолқаны атқан көк
түтін күрк-күрк булықтырып, көзінен жас парлады.
Әлмағамбет әлгі екі ортада көрінбей кетіп еді, даусы то
ғайдың арғы жағынан шықты. Солай қарай ұмтылғанша,
қолына лаулаған қу бұтақты ұстап от арасында ойнақ сала
жөнелді.
Өрт тұрғанда енді неден қысылам,
Өрт құдайы – күнге осылай қосылам!
Жанып жатқан сол ма, бірі лаулаған, бірі түтіндеген көп
ағаштың арасында от ала қашып жүр ме, буда-буда жалын
тұрақ таппай қыдырады.
Қырбық қарға аунап-аунап алып, отқа тағы да араласты,
жалын-жалынның жігімен жылжып, Әлмағамбетке таялып-ақ
қалып еді, ол қалың өртке қарай ығысты.
– Жоғал!
Тоз-тозы шыққан киімі әр жерінен түтіндеген, әйтеуір лап
етіп жанудан аман. Қолы мен бет-аузын күйік шалыпты, бір
орында байыздамай дызылдап, ата жауын көргендей ақырды.
– Жоғал!
– Бұл мен! Смайылмын! – деп жақындай түсті. – Мен ғой!
Тағы да таялса, түгел өртке оранған қалыңға қойып кетке
лі тұр. Сол жақтан дозақтанған жалынның қызуы шыдат
пай барады, бір бүйірінен құлап түскен теректен қапелімде
зорға жалтарды. Табанын тескен шоқ қуырып ала жөнеліп,
тоғайдың сыртына жанұшырып шықты.
Ол соңынан ере жүгіріп, жақындай бере түршіге шарылда
ды, шашылып жатқан томар тастарға қарап безек қақты.
Сүйегін кеміріп кесір отыр,
Күйеуін кеміріп жесір отыр!
Алла! Алла!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Үрейін ұшырғаны сонша, айналасына шошына жалтақ
тады, шашылған қожыр тастардың қолына бір-бір сүйек
ұстатып қойғандай сескенді.
Диуана сорлы сақ-сақ күліп, іле бұлқан-талқан долданды,
оттан сусып шығып қарсы алдында саңқылдады.
Әкені ұлы қуырған,
Шешені қызы қуырған,
Жақынды жақын қуырған,
Алысты алыс қуырған,
Жағалай жұрт қуынған,
Жанары жаман суырған!
Уһ-аһ! Уһ-аһ!
– Осылай сарнай бер, зікірден зікір сал, тек өртке жақын
дай көрме! – деді бұл.
Білтеленген киімі әлі түтіндеп жүр, оң жақ етігінің табаны
жалп-жалп етеді, қас-кірпігі үйтіліп қалған, екі қолының
сырты да қарала-торала, жыртық шалбарынан көрінген тізесі
күйе ме, шоқ қарыған ба, айырғысыз. Секіріп-секіріп алып,
жалт-жұлт бұлтарып, ұрымтал жерге келтірмей діңкені құрт
ты, қыбыр етсе, үркек жылқыдай сусиды. Сол баяғы кәрі
жыны ұстаған, ештеңе көрмейді, ештеңе естімейді, ешкімді
жолатпайды. Біресе жел аударып-төңкерген көк ала түтінге,
біресе кешқұрым дүлейленген тауға, біресе жалындаған өртке
қарап өңешін жыртады.
Алқам-салқам ел қаңқа,
Арса-арса жер қаңқа,
Өртке бөлеп тастайын
Саудырламай кел, қаңқа!
Не айтса да, қалай айтса да, аузынан аштық азынайды,
қу жалған Әлмағамбет болып алжасып, Әлмағамбет болып
азынап, Әлмағамбет болып жер-көкті өртейді.
Бұрын еліріп алғанда ақ тер, көк тер қаусайтыны болмаса,
тозағы шығып, тозбайтын, енді шабынбай жатып шалдық
қан, болдырмай жатып барлыққан. Сай-сай әжім суы тартыл
12-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
ған жырадай қаңсиды, көзінің асты әлденеше қалталанып,
бейберекеті шыққан бетінің жартысын алып жатыр.
Ана түйілген қабақтың түйіні енді жазылмайтын шығар,
шүңірек көздің үстіне түнере қонып алып түксиеді, өсіп
кеткен сақал-шашы өртке оранған тоғайдан шыңғырып шыға
келген қара орманның қарт киесі ме дегізген. Тынымсыз
зарлаған, әлденеге кәрі жыны қан қақсаған, әлдененің жайын
таба алмай қыстыққан кие.
Суалып қалған бұлағы,
Қуарып қалған құрағы,
Шешілмей жанды қинайды
Құдайдың қиын сұрағы!
Қандай қиынға қамалды екен, қай қайғының қаймағын
қалқып жүр, осынша неге күйінеді?
– Әлмағамбет, бұл мен ғой! – деп көріп еді, естімеді, есіл-
дерті жарты әлемді жайпайтындай өршіп кеткен жалын, жан
дүниесін жамыратып барады, кәрі жынын аңыратып қайтады.
Бір сәт алапат өртке тым-тырыс тесіле кетті, қойнауды
шулатып гүрс-гүрс құлаған жуан ағаштарға қайран қалды,
адуын жалын қарауытқан аспанға өршелене шапшып, гу-гу
тілгілеп еді, қыбы қанды. Көкке қалын созып тізерлеп отыра
кетті.
О, қу құдай! Қу құдай!
Өртім барда жай оғындай жосылмай,
Неге тұрмын осылай?!
Сатырлаған, аһылаған, үһілеген, жауар күндей күркіреп-
күркіреп алып, жалынға жалын жайпатқан, өртке айналған
нуға бұрылып орнынан тұрды.
– Өртенейік! – деп айғай салды. – Отқа оранайық! От тәңірі
от шуағына орап алсын!
Көзді ашып-жұмғанша ғайып болды, аранын ашқан ал
пауыт өртке қойып кетті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
VІ. Арыстан
Күздің қара суығы, ызғарлы қала ызалы. Таңы күдікпен
атып, кеші үреймен батады. Түнгі дос – ертең жау. Сенгені –
жансыз, иланғаны – имансыз. Жайдары қараса – жабыласың,
арқадан қақса – атыласың. Жайыңды сұраса – жаназаң, атаңды
сұраса – ақырзаман.
Табалдырықта құлап жатқан байғұс аяғынан шап берді.
– Ағатай, атып кет!
Адам емес, қу сүйек, қозғалсам шашып алармын деп
шошынды.
– Өлтіріп кетші, ағатай!
Әлсіз қолы балағынан сусып сылқ етті.
Кеңсенің алдынан қозғала берген көшірін шақырды.
– Мынаны үйге жеткіз.
Қараша туғалы осы, Қарқаралы, Ақтоғай, Атасу бойының
қазақтары Қарағандыға жетіп жығылып жатыр. Селкілдеген
шал-кемпір, аруаққа айналған азамат, ажары тайған, арыған
қыз-бозбала, көктей солған көкорай...
Ызғарлы қала ығын бермей ытырылып, ысқырынып тұр.
Кеңсенің терезесінен көрінген сұрғылт көше сұсты. Сұр
шинелді, сұңғақ бойлы солдат жабыса кеткен жалбыр ты
мақтыны сұлатып түсірді.
Салт атты сарбаз сонадайдан көрініп еді, көшедегі қара
талға сүйеніп отырған әйел тұра қашам деп мұрттай ұшты,
жетегіндегі жас бала айналасына алақ-жұлақ қарап қар үстіне
жата кетті.
Терезенің пердесін жұлқып қалған шығар, дар айырылды.
Суынған, суалған, соры қайнаған дүние түсініксіз түй
нейді.
Есікті теуіп ашып үш жағалы кіріп келді. Жүрегі су етті.
Шені үлкені сәлем орнына өкшесін сарт-сұрт соқты.
– Мынау ревкомның шешімі! – Мөр басылған қағазды
алдына тастай салды. – Ертеңнен бастап басқа кеңсе іздейсің!
– Неге?
– Басыңды босқа қатырма!
Тарс-тұрс шығып кетті.
Шахталар басқармасына қарайтын көлік мекемесінің қыз
мет үйі көп-көрім еді, төңкеріске дейінгі кеңсесінен қозғал
АЛДАН СМАЙЫЛ
май отырған. Қызыл кірпіштен көтерген екі қабатты ықшам
ғимараттың үстіңгі қабатына таяуда ревкомның бір бөлімі
көшіп келген, енді біржола иемденейін деген ғой.
Киініп далаға шықты. Қараша қағынып тұр. Ызғарлы жел
шыр айналды, бір құшақ қарды ашық қалған есікке бүркіп
кетті.
Қара ағаштың түбінде бүріскен әйел баласын бауырына
басыпты. Жанына келіп еді, зар иледі.
– Тиіспе!
Баласы үш-төрт жаста, жаутаң-жаутаң қалтырайды.
– Жүр.
– Тиіспе!
– Ана үйге барып жылын.
Бетіне үрке қарап орнынан тұрды.
– Бүгін түн сонда қон.
Жетектеп әкеп кіргізіп кетті.
Шахта басқармасына жеткенше шешесіне тас кенеше
жабысқан баланың аштық пен үрейден аларып, есіріктеніп
кеткен жанары көз алдынан кетпей қойды.
Басқарма бастығы ашуланғысы келсе де ашулана алмады.
– Ертең осында көш, – деді.
* * *
Қу сүйек жігіт Атасудың бойындағы Қоңырөлеңнің тамасы
болып шықты. Аты – Сүлеймен. Сұрамасаң жақ ашпайды, онда
да жарытпайды.
– Әскер қашан барды?
– Жазда.
– Малды түгел алды ма?
– Түгел.
– Кедей-кепшікке бөлмеді ме?
– Бізде кедей жоқ.
– Онда кәмпескеге бәрің іліккен екенсің ғой?
– Көбі.
– Қарсыласқандар болды ма?
– Болды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Оларға қару жұмсады ма?
– Жұмсады.
– Атылғандар бар ма?
– Бар.
– Қанша?
– Ағатайымды, сонсоң үлкен құданы, Майлыбайдың
Төкенін, Ескендірді, Сейдәлінің Сапарын, молла Рахымды,
шатақ Садырды, Байбатырдың Сыздығын, Есенәліні...
Саусағын бір-бірлеп басып тауыса алмай қойды.
– Қалғандарын не істеді?
– Қатын-баласымен айдап әкетті. – Ол тағы да санай бастады.
– Түсін түстемей-ақ қой, – деді тоқтатып. – Қарағандыға
қарай қанша адам шықтыңдар?
– Жиырмадан астам.
– Бәрің жеттіңдер ме?
– Жоқ. Жартысы жолда өлді.
– Атасудың бойындағы басқа ауылдар да шұбыра бастаған
шығар?
– Босып кетті ғой.
Мұның көзін ала беріп жарты бөлке нанды қойнына тыға
салды.
Малдан айырылған жұрт қалаға қыркүйектің соңында келе
бастаған, қазанда күрт көбейді, солардың арасынан әзірге өз
елінің адамын кездестірген жоқ. Қайдардан айтқан сәлемінен
соң Шу асып кетті ме, әлде қырға шыққан өңшең сен тұр, мен
атайынның кәріне ілініп қырылып қалды ма, хабар-ошарсыз.
Өзі талайдан арқандаулы, аласапыран басталғалы қолында
үлкенді-кішілі билігі бардың бәрі ревкоммен НКВД-ның
назарына іліккен, басқан ізі аңдулы.
Есеп партиясының мүшелері қолға түскелі тексеру тіпті
күшейді. Олардың арасында туған жиені Малғаздар да бар
екен деп естіген. Соның салдары болар, НКВД-ның қалалық
комитетіне шақыртып, шаһардан рұқсатсыз шықпау жөнінде
қолхат жаздырып алған.
– Қарағандыға қай жолмен келдіңдер? – деді Сүлейменге.
– Атасуды бойлап отырып Дараттың тоғанынан асып түс
тік, одан Сұлу Мәдиналатып Шерубай-Нұрадан өттік, – деді ол.
– Тоғанда ел жоқ па екен?
АЛДАН СМАЙЫЛ – Көре алмадық. – Біздің ауыл күзде сол маңға көшіп қонушы еді, Қанбо латтың Жұмағұлының ауылы. Ол жайында ештеңе естімедің бе? – Жоқ. Жанары тұрақтамай үйдің ішін кезіп жүр, өз көзіне өзі сенбейтін секілді, көшеде бұратылып жатқан жерінен, аяқ астынан, осынша қарық боламын деп ойлаған жоқ қой. – Бағана неге өлтіріп кет дедің? – Қажыдым әбден! – Бірге келгендердің тірі қалғандары қайда? – Тарап-тарап кеткенбіз қайыр сұрап, артынан бір-біріміз ден адасып қалдық. – Қалаға келгелі әлі ешқайсысын көрген жоқсың ба? – Кеше Жаппастың Смағұлын көрдім, ана базар жақтан, өліп қалыпты. – Өзі өлген бе, біреу өлтірген бе? – Қарақұсынан аққан қан қатып қалыпты, астына баса құлаған бір жапырақ наны бар. «Мұны әрі қарай не істесем екен? – деді. – Осы қалпында қара жұмысқа жарамайды, өзінің қарамағында да қолайлы ештеңе жоқ, шахталардың күнделікті шаруасына жүретін ат арбалар бос емес». – Ағатай! – деді ол бір кезде. – Осымен құрып біткеніміз бе? Бұл үндеген жоқ. Үндегенде не айтады? Мына аласапы ранның ақыры немен тынарын кім тап басып айта алады? Шұбырған, сіңіріне ілініп, шыбындай қырылған елді осылай күресінге лақтырып тастай ма, әлде басын көтеріп аузына су тамыза ма, түгін білмейді. Ой бөлісер, түсінісер ешкім жоқ, алыс-жақынның бәрі аузына су ұрттап алған, екінің бірі тыңшы, әр адамның соңында қос-қос аңдушы. Қайда барсаң да қадалған ызғарлы жанар, өңменіңнен өтеді. Көз алдына шешесіне тас кенеше жабысып алған сорлы келді, әлі сәби сүймегендіктен бе, балаға жұғымы жоқ бо латын. Әйелі, топырағың торқа болғыр Жамал алдыңғы жы лы дүние салғаннан бергі салт атты, сабау қамшылы өмір нәресте деген ұғымды ұмыттырып жіберген де секілді-тін, жастайынан қолында өскен кенже інісі Зейноллаға ағалық
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сезім ғана жүрегін жібітетіндей еді. Қазір ол да қолында жоқ,
мына арпалыстың сызы білінген жылы Алматыға мұғалім
дер семинариясына оқуға жіберген, жазда демалысқа келді,
сыртта жүріп ысылып қалыпты. Қайтарында бұрын жоқ мі
нез тауып көңілі босады.
– Қарағым, құлағың түрік жүрсін, – деген. – Мына төң
керіліп түскен заманға. Соның ыңғайын бақ. Алда-жалда істі
болыпты, ұсталыпты деп естісең, салып ұрып жетіп келме.
Мұңыңды да, сырыңды да білдірме. Танып тұрып – таныма,
көріп тұрып – көрме.
Осы күндері ерекше сағынған, көз алдында бейнесі жүзеді
де жүреді.
Қу сүйек жігіт құлағалы отыр, ар жағына ел қонған соң,
талайдан нәр сызбаған байғұс әлсіреген ғой.
– Мынаған жататын жерін көрсет, – деді дастарханның
басында манадан үнсіз отырған Қайдарға. – Сонан кейін
кеңсеге барып, бағана мен түнемелікке қалдырған әйел мен
баланы алып кел.
* * *
Бес-алты солдат аттарын ауыздығымен алыстырып, көше-
көшеге қаптап кеткен аш-жалаңаш қазақтарды қуып жүр.
Оларды қалаға бұрын да жолата қоймайтын, кейінгі күндері
жұқпалы індет тарай бастаған соң шаһарды күндіз-түн қори
тын болған.
Жалынған, жалбарынған дауыстар, боқтаған, ит терісін
басына қаптаған айғай құлақ тұндырады. Ызғарлы, ызалы
қала у-шу.
Пар ат жеккен көк арба көлденең көшеден өтіп бара жа
тып тоқтады. Үстінен қарғып түскен екеу жерден әлденені
көтеріп алып, артқы доңғалақ жаққа лақтыра салды.
– Өлгендерді теріп жүр, – деді көшір.
Базарға жақындағанда әлгіндей тағы екі арба көрінді,
қораптарының ернеуінен түнде аязда қатып қалғандардың
аяқ-қолы сереңдейді.
– Күнде осылай, – деді көшір, – азаюдың орнына көбейіп
барады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Қара базар артта қалғанда, алдыңғы жақтан әйелдің шың
ғырған даусы естілді. Осы арадан жүз қадамдай жерде ескі
бақсымақ болатын, жөргектегі баланы қолтығына қысып
алған еркек солай қарай қиралаңдап барады, соңында шашы
дода-дода жайылып кеткен әйел сүрініп жығылады.
– Анау мына бейшараның баласын алып қашып барады, –
деп түршікті көшір.
– Шап!
Арба алдын орап тұра қалғанда, қарасұр еркек баланың
аяғын кергілеп ысылдады.
– Таялма! Қақ айырамын!
Түрі адам шошырлық, тістері түсіп қалған, қызыл иегі
нен тілі жалаңдайды. Әлгі екі сөзді булығып зорға айтты.
– Сабыр! Сабыр! – деп састы. Өлім мен өмірдің арасында
алжасқан пәле не істеп, не қойғанын айыра алмай, нәрестені
мерт қылуы мүмкін.
– Сабаңа түс! – деп алдаусыратып, қалтасынан суырып
алған әмиянды аяғының астына тастай салды. – Ананы ал да,
баланы босат!
Ол жылап жіберген, әлде ессіз күлген секілді түсініксіз
қырылдап баланы жерге түсірді де, әмиянды ала сала баққа
қарай ұмтылды. Шамасы жалғыз рет ышқынуға жетті, қи
салаңдап барып құлап түсті.
– Өліп қалды ма? – деп аңтарылды бетіне үңілген көшір. –
Иә, өліп қалыпты. Сорлы соңғы сәтінде есінен ауысқан ғой.
Жүгіріп барып сәбиді жерден көтеріп алды.
– Тірі! – деп айғайлап жіберді.
Әйел бұларға қарай әлі сүрініп-жығылып келеді.
– Бәйтемір! – деді бұл.
– Ә?
– Сен қолыңдағы бала мен шешесін үйіңде бірер күн күт.
Әрі қарай бір ыңғайын табармыз.
* * *
Үйге қаусап жетті, көшірді аналы-балалы екеумен қоя
беріп жаяу келген, жолшыбай тағы бір сұмдыққа тап болды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Әлгі бақсымақты төтесінен кесіп алып, орталыққа қарай
созылатын тар көшеге шыққанда, пар ат жеккен арба көрінді,
еңгезердей мұжық қорабына сүйеніп тұр. Қасына таялғанда
жолын кес-кестеді.
– Тамыр, постой, шаруа бар!
– Не шаруа?
– Напарник мас болып қалды.
– Оның маған қатысы қанша?
– Сен былай, ренжіме, помоги. Ана өлген қазақты көремі
сің, соны арбаға грузить етісіп жібер.
– Жоқ! – деп кете беріп еді, алдына көлденеңдеп тұра қалды.
– Қазақ твой, давай, помогай!
Қар үстінде етпетінен жатқан адамды бүйірден теуіп жі
берді.
Ол ыңырсығандай болды.
– Мынау тірі ғой!
– Ну и что? – деп шайқалды мұжық. – Аздап тірі, это не
проблема. За город шыққанша өледі.
Қалтасындағы шөлмекті алып аузынан қылқ-қылқ жұтты.
– Я тебе больше скажу, – деп теңселіп түзелді. – Кеше такой
полуживой қазақ за город шыққанша другой қазақты кусать
етіп тастапты, съел короче. А я так долбанул его – раньше всех
побежал к своему мусульманскому богу.
– Жоғал! – деді түршігіп.
– Что?! – деп едірейген мұжықты шықшыттан қондырды.
Терезеден ызғарлы қаланың сұсы білінеді, жақыннан, үйдің
дәл жанынан арбаның сылдыры мен тұяқ дүбірі естілді, НКВД-
ның қара пәуескесі шығар, жеті түнде сол ғана жүреді, орыс
арасында
«Джек потрашитель» атанып кеткен оның төбесі көрінгеннен
ел есінен айырылады.
– Бұл жолы соққан жоқ, – деді, текеметтің үстіне сылқ етіп
отыра кетті. Жан дүниесі астан-кестен.
Бүкіл дүние, қоғам, халық үміт атаулыдан бір-ақ сәтте
қалай жұрдай болды? Бірді емес, жүзді емес, мыңды да емес,
миллиондарды қарауылға байлаған, жан түршіктірген қа
тыгездік қайдан тамырланған? Елді елге, адамды адамға ата
жауындай айдап салған айғайдың күші неде? Жұрт неге қан
кешіп жүріп ұрандайды? Адамзат осылай кезең-кезең қан
АЛДАН СМАЙЫЛ
ұрттап тұрмаса, талай-талай у құстырған қаншелек тарихтың
қыбы қанбай ма? Есі барды – есінен, мейрімі барды – мейірім
нен, ары барды – арынан қас қағымда жұрдай қылған нендей
құдірет? Саналы өмір сәт сайын өмірге құштарланбаушы ма
еді? Жақының анау – жаны үшін жан алмаққа жалаңдаған.
Жұрт мынау – иманын итке лақтырып, жаратқанның жағасы
на жармасқан. Тәубәсізде тоқтам жоқ, тәңірсізде тойым жоқ,
араны ашылған қоғам аждаһаланып алып жалмай бермек пе
осылай?
Сағын сындырған, сандалтқан сан сұрақ сағағында қал
тырайды. Сол көп сауалдың бірі өзі, үзіліп түскелі тұрған
үмітсіз үркек сауал.
Көкірегінде сағыныш сапырылды, көзден кетсе де көңілден
кетпеген көкорай шақты көксеген сары уайым сағыныш.
Қыдырып ішкен қымызын бұлдаған, қыр астынан қызығын
бұлғаған қырмызы күндердің сарқылып бара жатқан сыбы
ры естілетіндей. Күліп қарасаң – қытығы, қонақпен бірге
қыдыры келген жылдардың жылап жеткен лебізі. Алты қыр
дан асқан әнге арғымақ мінгізген сері айлардың сыбызғы
сарыны. Ұл туса кіндігін Ұлытауда кескен, қыз туса қырда
қызғалдақ гүлдеген ақ көңіл айлардың аңқылдаған аңсары...
Еділ-Жайық еді ғой ел.
Алтай жазда аттан түспей, аяғы жетер жерді алты қабат
аралайтын көк дөнен көңіл ағайын алдына келген асқа ай
дарынан жел есіп қарайтын. Тартылған табақтан таңдайына
жағары табылмаса:
– Тұрысар жеріңді айт! – деп тулайтын шу асау шырай
лы күндер бауырынан жарап, жүрген жерін шулатушы еді.
Барға бәсеке жарасқан, бәсекенің соңы:
– Бәрекелді! – деп тарасқан кездің тері кеппей желіп кет
кен желігі не дегізбеді?!
Сары уайым сағыныш сыздай келе иі қанбаған қыжылға
айналды.
Төс айылға тебінген жарау күндер, шап айылға шабынған
қарау күндердің қайсында қалың ел дәл қазіргідей қансырап
еді? Аттаны бар айғай, лақпағы бар ойбай күндерде де сөзі
ұтылғанмен өзі ұтылмай, өршеленіп өрге салып келген жоқ
па?! Дарасы дарынды, қарасы қарымды шығып, шашасына
шаң жұқса, қарау желге қарсы шабатын.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Енді сөйткен шу асау ағайын қайда? Сабырсыз салтанат
ты сайран қайда? Қадырсыз қара қабырғадан қатықсыз қара
су айырған күнге зар болып, қарға адым сайын қырылған ел
қорамымен құрып кетпесіне кім кепіл? Қырғынды қиядан
ойлап, қасақана қырып жатпасына кім кепіл? Қырған сайын
қызынып, қағына түспесіне кім кепіл?
Текеметтің үстінде өзі де тентіреді, ойы да тентіреді.
Орнынан тұрып терезенің алдына барды. Көшенің бас
жағынан ат тұяғының дүбірі естілді. Тағы да қара пәуеске ме?
Әйнекке жақындай түсті, елдің үрейін ұшырып бітірген
сол пәлеге түн жамылып анықтап қарағысы келді.
Ол неге қара? Неге сары, көк немесе қоңыр емес? Неге
қан түстес қызыл жасаулатып тастамайды? Қара атты қатар
жегетіні несі? Көшіріне дейін қара киініп қаздиып отыраты
ны қалай?
Түнгі көшеде жаяу борасын қиыршық қарды қырып алып
қыдыртады. Әлгі тұяқ дүбірі таялып келеді, денесі суынған
тәрізденді, үйдің іші салқындаған шығар. Әйнекке демінен
жұқалтаң қырау тұрды.
Дүбір екі аттікі, одан кем емес, соның өзі ғой, түн таңға
тармасқанда үрей қарадан басқа не жүруші еді?
– Үрей қара? – деп қайталады.
Тұяқ дыбысы тіпті жақындай түсті. Қос қара сар желіп
келеді. Қара пәуескенің сылдыры қандай жағымсыз, түрпідей
тиді.
Қысқа түнде терезесінің алдынан екінші рет өтіп барады.
– Екінші рет, – деп күбірледі.
Неге, кімге айтқанын түсінген жоқ, бәлкім, өзіне шығар.
– Түнгі жүрісін жиілететін болған ба? – деді содан соң. – Бұл
жолы кімге құрық салды екен?
Біреу терезенің жақтауына сездірмей шегелеп тастаған ба,
ысырылып кетпек болып еді, қозғала алмады.
* * *
Таңертең Қайдардың даусынан оянды.
– Тұрыңыз!
– Бүгін демалыс емес пе?
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Иә.
– Онда неге оятасың?
– Есеп партиясына ашық сот болғалы жатыр.
– Оны қайдан естідің?
– Солдаттар таң атпай жарапазандатып жүр.
– Қайда болады екен?
– Ревкомның алдында.
Үш қабатты үйдің ат шаптырым ауласы бұл келгенше ха
лыққа лық толыпты.
– Әкеле жатыр, – деп гуілдеді алдыңғы жақтағылар. Кісі
бойындай ағаш жайманың үстіне әуелі қаланың прокуроры,
революциялық сот пен ревкомның, НКВД-ның басшылары,
тағы біреулер көтерілді, айыпталушылар содан кейін көрін
ді. Бәрін мұнтаздай киіндірген. Малғаздардың үстінде өзіне
қона кеткен қара пальто, басында шляпа.
– Ұсталғандарды ұрып-соғады деуші еді, өтірік екен ғой, –
деді жанында тұрған шоқша сақалды шал. – Мыналарың
жіптіктей.
Сот кіріспесіз бірден басталды. НКВД-ның қалалық коми
теті жүргізген тексерудің қорытындысын оқыған сырықтай
сарының кім екенін айыра алмай қалды, ағаш жаймадан
шыққан дауысты жел ала қашады. Естігені: Есеп партиясы –
контрреволюциялық ұйым, оны құрғандар Ленин идеясы
ның қазақ даласына таралуына тосқауыл қоюды, Қарағанды
да совет үкіметін құлатуды, байлар мен билердің үстемдігін
сақтап қалуды мақсат етіп, еңбекші халықтың мүддесіне
қарсы әрекеттерге барған, революциялық комитеттің бас
шылары мен жалынды большевиктерге қарулы қастандық
ұйымдастыратын топ жасақтаған.
Сырықтай сары қағаздан бас алмай судыратты. Есеп пар
тиясының жетекшілері мен мүшелері тергеу барысында өз
дерінің осы контрреволюциялық қанқұйлы әрекеттерін толық
мойындағанын айтып сөзін аяқтады.
Содан соң айып тағылғандар бір-бірлеп ортаға шығарыл
ды, әрқайсысының жанында денелі екі солдат иық тиістіріп
айырылмайды.
– Сен байқайсың ба, – деді жанындағы шал, – ана солдаттар
болмаса, мыналар құлап түскелі тұр. – Бұл үндеген жоқ. –
Ұрып-соғатыны рас болғаны-ау! – деп үстемеледі ол.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Молчи! – Неслышно! – деп шап етті жардай әйел. Мы
нандай ірі істі бастан-аяқ өзің тиянақтайсың деді ме екен,
революциялық соттың төрағасы жауап алуға кірісті. Тергеуді
Малғаздардан бастады.
– Аты-жөнің?
– Малғаздар Айқынбайұлы.
– Туған жылың?
– 1894.
– Туған жерің?
– Қарағанды уезі, Атасу болысы.
– Шыққан тегің?
– Ауыл молласының әулеті.
– Есеп партиясында қай жылдансың?
– Құрылғаннан.
– Дұрыс жауап беріңіз!
– 1920 жылдан.
– Тергеу қорытындысына алып-қосарыңыз бар ма?
– Жоқ.
– Анығырақ айтыңыз!
– Тергеу нәтижесінде тағылған айыпты толық мойындай
мын. Сот төрағасы оған бастан-аяқ қарап алды да:
– Әкетіңдер! – деді. Қалған алты айыпталушыны осы тәр
тіппен айналасы жарты сағатта тергеп бітірді.
– Сот мүшелері кеңесуге кетеді, – деп орнынан тұрды.
Алдыңғы қатар ұрандап қоя берді.
– Смерть врагам народа! – деген көп дауыс алаңды басына
көтерді.
– Халық жауларына – өлім жазасы! – деген айғай сол қалың
үнге көміліп қалды.
– Жұрт неге әндетіп жатыр? – деді шоқша сақалды шал.
– Жаназа шығарып жатыр.
– Не дейд?! – деп шошынды ол. – Тірі адамға ма?
– Иә.
Кеңесуге кеткендер кешіккен жоқ, төраға ортаға шығып
үкімді оқуға кірісті. Алыстан бастап, саясатты қалыңдатып,
Есеп партиясының қылмысын қоюлата түсіп ұзақ тәптіштеді.
Қорытынды үкім – бәрі ату жазасына кесілді.
– Нет пощады врагам народа! – деп күркіреді алдыңғы жақ.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Халықтың, біздің көзімізше атыңдар! – деп айғайлады
тағы бір топ.
– Тілерсектерінен асып қойыңдар, тұрсын салақтап! – деп
даурықты дәл жанынан сыптығыр қара.
– Тек! – деп үрікті шоқша сақалды шал. – Жазықты болса да
мұсылманның балалары емес пе!
Сыптығар қара өрекпи түсті.
– Бүйрегің бұрып тұр ма?
– Әрі жүр! – деп сырғақтады шал.
Солдаттар жазасы кесілгендерді сүйретіп ала жөнелді, Мал
ғаздар табанын тіреп, жағаласып айғай салды.
– Қош, қор болған ел!
– Қош! – деді бұл ішінен.
Тамағына тығылған өксік тынысын тарылтты.
* * *
Ертеңіне жұмыста отырғанда НКВД-ның курьері жедел
шақырған қағаз алып кірді. Қол қойғызып шығып кеткенше
сыр бермей, есікті сыртынан жапқан соң сылқ етіп отыра кетті.
– Мұнысын қалай түсінсем екен?! – деп дағдарды. Әдетте
біреу ұсталса, талайлар қоса кетеді. Малғаздардан бір осал
дық болды ма екен?
Іле басқа ой жетелей жөнелді. Егер солай болса, бұған
шақыру жібере ме, бірден ұстауға келмей ме?
– Мынаның мәнісі басқалау, – деді орнынан тұрып. НКВД-
ның қалалық комитеті шахталар басқармасынан біраз жер,
ат арбамен салдыратып жеткенше әлгі екі ойдың ортасында
сенделумен болды.
Ел «төрт әріп» атап кеткен сұсты мекеменің екі қабатты
кірпіш үйі көшеге түксие қарап түнеріп тұр. Ызғарлы жен
дет жанар жан-жағынан қадала кетті, көзге шалынбай шыр
айналып аңдиды.
Есік алдындағы сақшыға қағазын көрсетіп, екінші қабатқа
көтерілді.
– Арыстан деген сен екенсің ғой, – деп жиырылды бетінде
тыртығы бар қара торы. – Екеуміз бұрын кездесіп пе едік?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Жоқ.
– Онда танысып қоялық. НКВД капитаны Жолшин.
Содан кейін алдында жатқан қағаз папканы ұзақ аударып-
төңкерді, әр параққа сүт пісірімнен шұқшиған шығар.
– Осылай да осылай, – деді бір кезде. – Есеп партиясында
туған жиенің бола тұра тап-тазасың. Кісі сенерлік емес, әрине.
Бірақ амал жоқ, факт есть факт.
Бұл тіс жармай отыра берді.
– Ана Малғаздар Айқынбайұлының туған-туысы түгел
жер аударылғанын білетін шығарсың? – деді ол столдың
үстінде жатқан револьверді өзіне қарай жақындатып.
– Жоқ.
– Оның жарамаған. Жегжаттың жағдайын біле жүру керек.
– Елмен араласпағалы көп болды.
– Мен де солай. Қырға шығуға қол тимейді. Жұмыс көп,
өйткені жау көп.
Шылым тұтатып, көк ала түтінді бұған қарай будақ-будақ
жөнелтті.
– Қысқасы, былай, – деді күрт суына қалып. – Есеп пар
тиясының жалдаптары қолға түгел түскен жоқ. – Даусын
қатайта беріп кілт тоқтады. – Естіп отырсың ғой?
– Иә.
– Сені шақырған себебім де сол. Бізге ұзынқұлақ керек.
– Түсінбедім.
Ол столды қойып қалып атып тұрды.
– Құйтырқыланба!
Бөлмені құрым етігі сықырлап ерсілі-қарсылы кезді.
– Әлде қона жатып түсінгің келе ме?
Түрі танымастай өзгеріп шыға келді, бетінің тыртығы
тереңдеп, қара торы адамда сирек болатын көкшіл көз шан
шудай қадалды.
– Тілің байланып қалды ма? – деп таянды. Қаны басына
шапса да тілін тістеді.
– Солай! – деді ол орнына отырып жатып.
Сөніп қалған шылымын күлсалғышқа сала беріп бұған
қарай шертіп жіберді.
– Бүгіннен бастап сен менің айтқаныммен жүріп-тұрасың!
Бар деген жеріме барасың, біл дегенімді білесің!
АЛДАН СМАЙЫЛ
Алтыатарды қолына алып бөлшектеп тастады да, асықпай
қайта жинады, әр оқты барабанға сүртіп салып отыр.
– Есіңде болсын!
Орындығын сықырлата керіліп-созылып, құрыс-тұрысын
жазды, столдың тартпасынан қол айна алып біраз шұқшиды.
Осының бәрін қасақана істеп отырған секілді, мысын ба
сып, жұқарта түсетін көп әдістің бірі болуы керек.
– Есіңде болсын! Сені Есеп партиясы итаршыларының
соңынан жөнелте салу маған түк те емес!
Қаруын саусағында шыр айналдырып қорабына салды.
– Әзірге сау бол! Керек кезіңде өзім тауып аламын!
* * *
Еттен өтіп, сүйекке жеткен қорлық жүрегіне беріш болып
байланған, түйнеп мазасын алды.
– Өңіңіз келіспей отыр ғой, бәлкім, үйге бұрылармыз? –
деген Бәйтемірге сыр бергісі келмеді.
– Кеңсеге! – деді де темекі сұрады.
– Тартпаушы едіңіз ғой, – деп таңырқады ол. – Менде
махорка, тоқтап орап берейін.
– Онда керегі жоқ, жүре бер.
Тыртық бет сұмырайдың сұсты жүзі көз алдынан кетпей
шаршатты. Бұл оның «Айт!» десе абалай жөнелетін қабаған
төбеті болмақ па?!
Қалада соның және сондай талайлардың қанша алып кел,
шауып келі жалаң қағып жүр екен?
Кеудесін жасын жарып өтті, көкіректі емі жоқ дімкәс ойдың
қара бұлты торлап алса, қамалып қалған ыза найзағай болып
жарқылдамағанда қайтеді?!
Көшенің бойында біреулер от жағып отыр, күйген жүннің
иісі білінеді.
– Аналар не істеп жатыр? – деді Бәйтемірге.
– Білмеймін.
– Көре кетейік.
Үстеріне не болса соны орап алған екі әйел, қанден бе, күшік
пе, талдың бұтағына түйреп шоққа қақтап отыр. Анадай жер
ШЫҒАРМАЛАРЫ
де сақалы қар сызған қария осылай қарай еңбектеп келеді.
Жүрегі тағы да шаншыды.
– Қозғалайық, – деді кеңсеге тезірек жеткісі келіп. Сол
кезде көшенің қарсы бетіндегі шым үйден тоны шұбатылған
ұзын бойлы мұжық жұлынып шықты, қолында көлденең ұс
таған айыры бар, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып келеді,
сірә, мыналар үйткен ит сонікі болар, арбадан секіріп түсіп
жолын кес-кестеген мұны қағып өтті.
– Гады! Живодеры!
Ұстап үлгергенше әйелдің бірін көк желкеден кіжіне
соқты, отқа етпетінен түскен байғұстың беті шыжылдап шыж
ғырыла жөнелді.
Қыбы қанып бір боқтап алған мұжық енді екінші әйелге
шүйілді. Сол кезде Бәйтемір тобықтан қағып құлатты.
– Хайуан!
Іштен сылқита соғып кеудесіне қона кетті.
Отқа құлаған байғұс қатты соққыдан өліп кетсе керек,
кеудесінде жан жоқ. Екінші сорлы иттің күйе-күйе етін
апыл-ғұпыл жеп жатыр, дәл жанында улап-шулаған бұларға
қарамайды да.
Еңбектеп жеткен қария соған қолын соза беріп сылқ түс
ті, шамасы, жасы сексенге жеткен, күзен ішігі мен былғары
саптама етігіне қарағанда, бұл өмірде тарығам деп ойламаған
адам.
– Таста! – деді астындағы малғұнды әлі төмпештеп жатқан
Бәйтемірге.
– Өлтірем! – деп бұрқырады ол. – Тірі қоймаймын!
Қарсыласуға шамасы келмей қол-аяғы ербеңдеген доңыз
дан зорға ажыратып алды.
– Күнде осы ғой! – деп безектеді ол. – Күнде осылай! Аштық
бір жағынан, жыртқыштанып кеткен жұрт бір жағынан қы
рып жатыр! Шарасыздық пен қорлықтан өлер болдым, аға!
Жүрегі тағы да шаншыды. Сөніп бара жатқан оттың жа
нында қалқиған әйел иттің етін емес, өз қолын қақтап жеп
отырғандай түршікті. Қаусаған қария басын жерден көтере
беріп қайтадан сұлқ түсті.
– Ана кісіні арбаға салайық, – деді Бәйтемірге. Орнынан тұ
ра салып қаша жөнелген мұжық былай шыға бере сыпыртты.
– Ит жегендерге өз етін жегізбесем ит болайын!
13-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Желтоқсан желігіп басталды, үдере соққан боранның то
ластамағанына бүгін үшінші күн. Аласапырандатқан ақтү
тек көтерем қаланы ақ кебінге орағанша асық.
Қыс күшіне енбей жатып шалажансарланған шаһар шықпа,
жаным, шықпамен қашанға шыдары белгісіз, қаңтар тумай
жаланған жеті ағайынды жұттың үңірейген өңешіне жаутаң-
жаутаң қарайды.
Аштық босқан елді сарқып, жалпақ жұртқа ауыз салған.
Халық ұрандатқан күндер ұлып шыға келгенде есінен айы
рылып жым-жырт. Дүрегей тыныштық жауар бұлттай түне
ріп, қаны қашқан қаланың қабынған қабағында түксиеді.
Өзегі талғанның бәрі қарақшы, тал түсте тайсалмай та
лайды, жұрт түнді қойып, күндіз жүруден қалған. Қадірі жоқ
қайыршы күндерде қатыгездіктен басқа күтері жоқ. Кірпі
гінде үрей түлеген, түңілумен таң асқан түндер күдігі көп
көксоққан күндерге күрсініп жалғасады.
Өлгеннің ойы жұмбақ, өлмегеннің көңілі көмулі. Ақтүтекте
көрден шыққан көрсоқыр күндер күңгірт көшені күңіреніп
кезеді. Аруақ қала аласапыранда адасып әлек. Тіленші тір
лік мысық тілеу үміттің үрейінде үздігеді. Үдере соққан бо
ран үдей түсетін шығар. Ұлыған жел – ұлы шындық іздеген
есуас сана, ұры жалғандық ұлылықтан дәмеленіп ұрандап
жатқанда, ақиқат аңсап не керек? Жасанды құдай жасағанмен
жағаласып, жалғандықтан жалпақ ел зар илейді.
Жалғандыққа жау серік – жалғандығын жасыруға. Қара
уылда қалтыраған жұрт жау іздеп әлек. Жаусыраған күндер
қансырап қағынады. Ойлай алғанның бәрі дұшпан. Ойсыз
заманға ой не керек? Ары барлар арам қатқан. Қан тілемеген
дер шетінен қауқарсыз.
Алай-түлейге араласып тұра бергісі келді, аласапыран ас
қына түссе екен. Жатаған үйдің үстінен қар жүріп кетіпті,
қиыршық құйын орай соғады, есіктің алды омбыға айналған.
Аш-арық қала аш-арықтардың қыр жілігіне асылып қалған
дай, азынаған жел аңырап жоқтайды.
Сүреңсіз ойлар қажытып барады, кесек қарды маңдайына
басты. Күтпеген дауыс селк еткізді. Қасында Қайдар тұр.
ШЫҒАРМАЛАРЫ – Қашан келдіңіз? – Әлгінде. – Мұнда бекер соқтыңыз ғой. – Мына боранда кім байқай қояр дейсің. Бұл жерге бүгін алғаш рет келген. Қаланың шетінде бая ғыда қаңырап қалған баракты Қайдар мен Сүлейменге жөн детіп, босқан елдің бала-шағасын жинатқалы соға алмай жүрген. Кім біледі, тыртық бет қара соңына көп сүмелегінің бірін салып та қойған шығар. Ұзыннан созған аласа жайдың іші қоңыр салқын, екі жер ден жаққан темір пештің айналасы ғана жылы. Балалар соларды төңіректеп ойнап жүр, ұзын саны елу шамалы. Кішісі үш-төрт, ересегі жеті-сегіз жаста. Көшеден теріп алған тілекші өмірі, бүгіні үркек, ертеңі жұмбақ жасқаншақ тір лік, қырылған елден қырнап алған уанышы. – Анадағы аттың еті біразға жететін шығар? – деді жанына келген Сүлеймен мен Қайдарға. – Бірер апта амалдауға болады. – Мініп келген атымды да қалдырып кетемін. Бүгіннен қалдырмай сойып алыңдар. Қайдар маңдайын ысқылап күмілжіді. – Түбі қиын тиеді ғой сізге. – Құдайдың басқа салғанын көрерміз. – Тегі, абайламасаңыз болмас. Өрістегі мал емес, жау шап ты, қасқыр тартты дейтін, қорадағы жегін атты іздемей тұра ма? – Сонда не істеуім керек? – Енді көлік малына соқтықпай, басқа амалын қарастыр сақ. Көже-қатық, шөп-шаламмен де күн көрерміз. – Оны қайдан аласың? Қалада сыңар бидай жоқ, ел босқан жұрттың кебін кигенін көріп жүрсің ғой. Сөзге жоқ Қайдар біраздан бері алынбаған сақалын ысқы лап үнсіз қалды. Сақалы беліне түскен қария құбылаға қарап мүлгіп отыр. – Күн ұзақ осылай, – деді Сүлеймен. – Жалбарынады да жатады. – Қай ел екенін біле алдыңдар ма?
АЛДАН СМАЙЫЛ – Сұраған сайын жаңылады. Бірде қаракесекпін дейді, бірде бәсентиін болады. Тек күнде таңертең тұрысымен «Жылқыға бардыңдар ма, өрісін ауыстырып па екен?» деуді ұмытпайды. Мұны жатсынды ма, балалар шуылдамай, тыныш, темір пешке жақын жайылған ұзын дастарханды айнала жәудіреп отыр. Өңдері жүдеу, мөлдірей қалған жанарлар жасқаншақтап, көзің түссе үрке жөнеледі. – Көбісі түнімен шошып шығады, – деді Қайдар. – Бұлар көретін түсті сен көрсең, баяғыда жынданып кетер ең. –Байғұстар түнге қарай тынышсыздана бастайды, – деп күрсінді Сүлеймен. – Бір-біріне тығылып бүріседі де қалады. – Алла тағала осылардың көз жасын көріп амандығын берсе етті, – деп уһіледі Қайдар. Құбылаға мүлгіген қария әредік сөйлеп-сөйлеп алып кү ңіреніп кетеді. – Тақ-талайды таңда алды, беріп алып неге алды, алма деп ем шамданды, шырқыраған қу жаннан басқа енді не қалды? Ой, алла-ай! Бес-алты жастағы ер бала өздеріне қарай келе жатыр, қолында кішкентай түйіншегі бар, таяла беріп қипақтап тоқтады. – О не, Сәлім? – деді Қайдар. – Ана кісі қазір қалаға қайта ма? – Иә. – Жақсы болды ғой, – деп қуанып кетті ол. – Мәз болдың ғой өзің, – деп арқасынан қақты Сүлеймен. – Сәті түсті-ау, әйтеуір. – Қалаға бармақ па едің? – Баруға да болар еді... – деп күмілжіді бала. – Адасып кетемін ғой. – Онда неге қуандың? – Мына аз ғана дәмді шешеме беріп жіберейін деп едім. – Осының аса аз да емес, – деп көтермеледі Сүлеймен. – Өз үлесімнен екшеп жинағаным ғой. – Жарайды, апарамын, – деді бұл. – Тек шешеңнің атын айтсаң болды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Нұрила, – деді бала. – Аққұба, әдемі кісі.
– Қай жерден іздесем екен?
– Базарға барғанда адасып қалғам, сонда әлі жүрген шығар.
– Әрине, жүреді, осы күні елдің бәрі базарда.
Бала бір сәтке ойланып қалды.
– Адам аштыққа қанша күн шыдайды екен? – деді аң
тарылып.
– Адам ит жанды ғой, – деді Сүлеймен. – Ай бойы жүре
береді.
– Мен оны көптен көргем жоқ, – деп мұңайды бала. – Ол
одан көп бұрын нәр татпай жүретін.
Көңіліне күдік ұялаған сияқты, жанары боталай қалды.
– Базарда жүрген адам ашыға ма екен?! – деді Қайдар. Бала
мұңайып тұра берді.
– Бәрібір ал! – деді бір кезде. Түйіншегін қолына ұстата
салды.
Кетіп бара жатып жылап қоя берді.
Хаққа мүлгіген қария күбір-күбір қиналды.
– Асауға мінсем – жығады, шабанға мінсем – шалдығады,
жұмаққа немен жетемін?!
Боран кешке қарай басылды.
* * *
Қыстауда, сонау қиянда ақтүтектен соң ит үрмей, қой да
маңырамай тым-тырыс тынатын. Аласапырандатқан қыс ел
дің мазасын алғанына қысылып, бей-жай тұнжырар еді. Сай-
салаға лық толған қар сүттей ұйып, қыз емшек төбелер уыз
қылықтана қалатын.
Биік таулар асқақтай түсіп, бұйығы далаға айбындана
қараса, төрт құбыласы түгелденіп шыға келер еді.
Момын дала қалың қардың астында ештеңе болмағандай
жатады да қояды. Оған таулардың асқақтығынан келер-ке
тер дәнеңе жоқ, алты ай қыста сақылдаған сары аяз бен үс
кіріктің өтінде не жетіседі дейсің. Тау деген аты үшін құр
әйтеуір көкірегін кереді де. Таң атқаннан кешке дейін аспанға
тесілмей, жанары жазықты жалдап, ұлан даланың кеңдігіне
АЛДАН СМАЙЫЛ
таңданумен болатындығын жасыратындығын қайтерсің? Те
гінде тау дегенің апайтөс даланың жанында шөкімдей ғана
бірдеңе емес пе?!
Боран сілтідей тынғанда бозторғай төбеге шырылдап кө
терілетіні даланың мейрімділігінен ғой, қарға сүңгіп-сүңгіп
алып, аунап-қунайды келіп.
Қысқы салқын сабырын тапқан даланың малға жайлы
күндері қайта басталатындығын ойлаған қария қабағы ашы
лып, жанына келген сұрамшақ шалға насыбай шақшасын
сұратпай береді. Шаруасынып, шаужайласа сөз қосып, суы
рыла кеткен кемпіріне алара қарағаны болмаса, тыйып тас
тамай, тыңдаған секілденеді.
Қатпайтын қара бұлаққа суға барған келіншек жылқы
дағы күйеуім келсе енді келер деп елден бұрын елеңдейді.
Үйден шыға шуласып, жалаң аяқ қар басып, итпен бірге
жүгірген бала-шағаның өз қызығы өзінде.
Шалғайға қараған маң төбет сырттандана қар қауып, қия
дағыны қияннан шалғансып шатасады.
Тып-тыныш күнде жып-жылы қыстау анда-санда аласұ
рып алатын, аласұрып алып тым-тырыс тына қалатын қысты
берген жасағанға: «Жарылқай гөр!» – деп жаны жай табады.
Бұлардың қыстауы Қаратөбе тауының Шажағай өзеніне
қарайғы ығында еді, жазы-қысы қатар жайласаң мұрты сын
байтын шүйгінде болатын.
Қайран дүние-ай, ойдағы-қырдағы қазаққа бұл жалғанның
жұмағы сол бір аядай ұя екен ғой.
Қазір, орнынан тұрған бетте тауға, қи иісі аңқыған, қыста
үстінен қар жүріп кететін, кішкене терезесінен түскен сәуле
төрге жетпейтін ескі қыстауына жүре берсе ме екен? Ешқайда
аялдамай, артына қайырылып та қарамай кетеді де қала
ды. Жолшыбай да еш жерге соқпайды, ақпан-қаңтар қанша
аласұрса да жотасына қар жолатпай қара адырланатын да
жататын Қаратөбенің қос өркеші көрінгенде ғана «Бармысың,
баяндым!» деп тоқтайды.
Содан кейін мәңгілік тыныш өмірі басталады. Ұрандама
ған, қарақшыланбаған, жасандылығы жоқ қарабайыр өмір.
Таңы күдіксіз, кеші күрсініссіз момын тірлік көсегесін кө
гертеді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жалғыздықты да сезінбес қария далада жалғыздық деген
бұйым ба? Көкірегі ояу көсем дала талай-талай сыр шертер,
өткенге табындырып, кеткенді сағындырып, қай қиырдан
қозғаса да қоңды шығатын әңгімесін қоңырлатпай ма. Те
реңнен тартса таң атып, кешегіден шертсе кеш батып отырар
еді толғатып.
Тау да тербеліп қойып қосылар еді сол сөзге. Батырды айтса
«Бәрекелді!» деп, тақсырды айтса «Солай-ды!» деп тебінеріп те
кетер.
Осы қазір орнынан тұрады да жүре береді, артына қа
йырылып та қарамайды. Қаратөбеге, жып-жылы қыстауына
жоғын іздеп кетеді.
Қайдар әлдене деген секілді.
– Ойланып кеттіңіз бе, естімедіңіз ғой, – деді.
– Не деп едің?
– Бәрін, жұмысты, бізді, қаланы тастап кетсеңіз қайтеді?
– Қайда?
– Жер көп қой. Талай ел Қытай асып үлгеріпті ғой.
Пешке салған қарағай сатыр-сұтыр жанады, ағаштың
қышқылтым иісі білінді. Қабырғадағы ескі сағат кешкі жетіні
соқты.
Терезенің сырты гуілдемей жым-жырт. Орнынан ауыр кө
терілді.
– Елден бөлініп еңіреген өмір кімге керек?!
Терезенің алдынан салт атты шауып өтті, көршінің шай
пау қандені қиғылықтанып шәуілдеп, әптер-тәптер болды.
Көшенің орта тұсындағы ескі дүкен жақтан тарс-тұрс мылтық
атылды.
Екі-үш әйел сойған шошқадай шыңғырып жатыр, бірінің
даусы бірінен ащы.
– Тағы да ма? – деп терезеге үңілді Қайдар. – Үш-төрт күннің
ішінде екінші рет. Өткен жексенбіде ғана тып-типыл тонап
кетіп еді.
Көз алдынан Қаратөбедегі жып-жылы қыстау кетпей қойды.
Ел аман, жұрт тыныш тағы қалпында елестейді. Кірбіңі жоқ
кірлемеген күндердегі беймарал көрінісі.
Құмалақ батқан күнгейде қалың қой тоқтап жайылған. Ат
үстінде зеріккен қойшы қыр астындағы көрші ауылға қарап
әндетеді.
АЛДАН СМАЙЫЛ Барайын десем жер алыс, Бармайын десем бар намыс. Көріспей өткен көп күнде Кеттің бе болып бейтаныс? Дауыс жетер жердегі сол ауылдың қылықты қу қызы ермек үшін қиыла қарап қытықтап кетті ме екен? Дәметіп қалған бұл байғұс енді емексіп қойып есінен айырылады да жүреді ғой. Есік алдында таяғына сүйенген қария қарсыдағы қарлы тауға қарап: – Бармысың, батырым! – деп есен-саулық сұрасты. Үлкен әкесі Жұмағұлдың дауысы секілді. Аңсыраған ақ тазы жазықта көсіле салып жұлдыздай ақты. Маң төбет желіккен болып желпілдеп барып тоқтады. Тік беткейден заулаған шанасы орта тұста аударылған бала аспанға қарап қанаты жоқтығына қиналды. Тау қиялап қалқып жүру қаршадайғы арманы еді. Кетер ме еді ойланбастан, ештеңеге алаңдамастан жүре берер ме еді. Қиянда қарайған қартаң тауы қуанып бір қаларау. Ел кеткенде елеңдеп, елсіреп тұр ғой жарықтық. Біреу есік қақты. Беймезгіл жүрген Бәйтемір екен. – Аға, шахталардың бірінде жарылыс болыпты! – деп ентік ті. – Қашан? – Өткен түнде. – Содан бері ешкім білмеген бе? – «Төрт әріп» айтқызбапты. – Сен қайдан естідің? – Көршілерден. – Адам өлімі бар ма екен? – Бар дейді. – Маған біреу жіберді ме, өзің келдің бе? – Өзім. Басқарма бастығын ұстапты деген соң сізге ха барлайын дедім. Кеңседе отырған жерінен әкетіпті. Қара көлеңке бөлме күңгірттеніп барады, майшамның әл сіз жарығы түбіне ғана түседі. Есеп партиясының у-шуынан кейін тағы бір дүрбелең басталды десейші.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Таңға қанша қалды екен, көзі ілінетін емес. Көршінің
жаман қанденінің жағы талмайды, табанының астында қар
сықырласа да үретін шығар. Бүгін түнде «Үрей қара» қанша
адамды қанжығасына байлады екен, шахтадағы жарылыстан
соң алақанына түкіріп жортады ғой. Оған керегі де осы, жау
табылған сайын жаны кіреді.
Бүкіл идеологиясы жау көбейтуге арналған қоғамда дұш
пансыз таң атып, күн бата ма, керегесі қақырап, уығы бырт-
бырт үзіліп, шаңырағы ортасына түседі ғой.
Ғаламат деп осыны айт, тұтас мемлекет күні-түн жау жасап
жанталасып жатыр. Қандай жау болатынына дейін белгілі.
Жай әншейін емес, халық жауы.
Жау көбейткен идеологияның өзі болса тап-таза, жауы
жоқ. Ол күрессе тек халық жауымен күреседі. Атқылап, шап
қылап жатқаны кілең солар ғана. Халық үшін бәріне дайын.
Халық үшін халықты да қыра салады. Халық деген ұғым
халықты жайпап жүру үшін керек. Күндіз-түні халық деп
қақсай бер. Халық халық болған соң жаусыз болмайтынын
айтып сұңқылда да тұр. Үрейі ұшқан халық:
–Жауымды тауып бер! – деп қыр соңыңнан қалмай зыр
жүгірсін.
Ұлы жеңіс деген осы. Жаусыраған жарымес халық көзіне
көрінгеннің бәріне жауығып жүріп өзін де, жарты әлемді де
аяғыңның астына лақтырып тастайды.
«Үрей қара» сондықтан да үрейлі. Қанден енді көше кезіп
шабаланып жүр. Ит мұраты да жау табу ғой.
Бүгін таңды кірпігінде оятатын шығар. Ұйқы қашқан соң
түрегеп отырды. Көз алдына қамығып кеткен Қайдар келді.
– Дұрыс болды, – деді. – Мен енді бәріне дайынмын.
Оған қолындағысын түгел берді, қағаз ақшаның өзі бірта
лай.
Бірлі-жарым алтын бұйымдар да бар. Қайдардың берекесі
кетті.
– Рулы елден қалқиып жалғыз қалмасаң етті! – деп еді
бордай үгілді.
Осы күнге дейін қырдан бірде-бір адамның келмеуі соңғы
кездегі күдігін ұлғайта түскен. Жұрт Шуға ығысқанмен жа
АЛДАН СМАЙЫЛ лаңдаған жаудан құтыла алмайды. Қырғыннан сау болса да, ұстау, қамаудан аман емес. Қайсы қай тордың ішінде күңіре ніп жүр екен? Жиған-тергенін екіге бөлді. – Мына жартысын балаларды бағып-қаққан әйелдерге бер. Екінші жартысы өзіңде қалсын. – Алла-ай! – деп күйзелді Қайдар. Күйінгеннен күйі келсе, елдің көз жасы дарияға айналғалы қашан. Сығырайған майшамды столдың үстінен алып, жерге қойды. –Мынау алтын ақша, Николай заманынан қалған қымбат дүние, бөлек ұстарсың. Бәрінен айырылсаң да бұдан айырыл ма. Есебін тауып жұмсағанға талай жыл азық. Қайдар кемсеңдей бастады. – Мені әкеткен күні сен де қаладан кет. – Қайда? – деп аңтарылды ол. – Ел іздеп қаңғыма. Елді ұмыт. Ел енді жоқ. Орнынан тұрып, бөлменің біраз жерін алып тұрған был ғары диванға барып отырды. Қаракөлеңкеде Қайдар шөгіп, жүдеп кеткен секілденді. – Алматыға жет! – деді. – Зейнолланы ізде. Ол мұны осы қазір ұстағалы тұрғандай дегбірсізденді. – Тап оны! – деді өтіне әрі қатая қарап. – Мен үшін тап! Құрып бітуге айналған әулет үшін тап! * * * Көршінің қандені шәуілдеп-шәуілдеп алып шалықтайды, абалаған емес, шабаланған да емес, ызалы әрі үрейлі қыжыл дың қыңсылы, үйден ұзап барады да қыңсылап кері қашады. Қырда, жеті түнде дүбәра дүрегей жақын келген қасқыр дың тегеурініне шыдамай осылай шыжғырылатын. Мына сорлы нені көріп безектейді екен?! Қарақшы қаланы қараңғы түнде не пәле кезбейді дейсің. Орнынан тұрып шкафтың суырмасынан тапаншасын алды. Оны дәл қазір неге іздегенін өзі де білмейді, орауын жазып,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
айналдырып қарап отыр. Түсініксіз жұмбақ халде оғын тү
гендеді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын таныс көпесі Симон беріп
еді. Ол жазда үйінде атылып өлді. Рас-өтірігін кім білсін, ел
солай дейді. Әредікте, ойламаса да, Қаратөбедегі жып-жылы
қыстау елестейді.
– Не сыры бар мұның? – деп таңырқады. – Адасып қалған
алысты неге осынша іздейді?
Кетсе ме екен, шынымен тартып кетсе ше қиянға?!
Қанденнің шәуілі жүйкесіне тиді. Қыстаудағы маң төбет
тің әупілі кең даланың әлдиіндей екен ғой.
Тапаншаны шкафтың үстіне қойды. Сыртта қылышын
шықыр-шұқыр қайраған қарулы түн түнереді. Алда қанша
үрейлі түндер бар екен?!
Адам адасса, ғалам да адаса ма? Өзі де дамылдайтын, дүние
ні түгел дамылға шақыратын сабырлы түндер қай ғайыпта
сандалып жүр екен?
Мына түн басқарма бастығының соңғы түні болуы мүмкін-
ау. Ол тар камерада түн туралы ойлай алмайды ғой, тыртық
бет сұмырайлардың алма-кезек алған жауабынан соң оған түн
де бір, күн де бір емес пе.
Қарағандының шоқынды татары болатын, қорқақ адам еді.
Осыдан ай бұрын алдына өтінішпен барғаны есінде.
– Атамаңыз! Аузыңыздан шығара көрмеңіз! – деп шыр-
пыры шықты. – Босқан елге тегін тамақ деген... кешірерсіз,
түсіңізге де кірмесін! Қала пролетариаты ашығуға айналғанда,
шұбырған бай-құлаққа... жо-жоқ, түрмеде шірір жайым жоқ!
Үрейін ұшырған жерге ақыры барды. Терезеден басы жоқ
кеуде сығалап тұрғандай. Басынан айырылған халық жеті
түнде тентіреп жүр ме екен? Халық деген дардай аты болған
соң күн жарықта қайыр сұрауға қысылады ғой. Көршінің қан
дені соған шабаланып, жағы сембей кеткен шығар, қаңғыған
бассыз кеуде шошындырмай қоя ма? Өз ойынан өзі түршікті.
Бассыз көрсоқыр көкірек көз алдынан кетпей сенделтті.
Жау жасаушыларға басымен емес, жүрегіне сіңіп кеткен үрей
мен ойлайтындар керек қой. Баспен ойлайтындар басындыр
май қоюы мүмкін. Бассыз кеуде басып отыруға жақсы.
Енді қуыс кеуделер көбейе беретін шығар, баспен алысатын
ғасырдың жайсаңдары солар болады ғой. Бассыздар қауымы
АЛДАН СМАЙЫЛ
баспен ойлап табылғанның бәрін талақ етуге кіріскенде, қуыс
кеуделердің айы оңынан туады. Қуыс қоғам кеңістікте қаңғып
жүреді.
– Ой, тоба-ай! – деп түршікті.
Басын қолтығына қысып алған миллиондар кезекте тұр.
Жаңа қоғамға басымен жарна төлеп кіріп жатыр. Бассыз
кеуделер көшелерде есі шығып ұрандайды.
– Бас көтертіп келген озбыр заман жойылсын!
– Бастан азат еткен ұлы бассыз жасасын!
Таңға қанша қалды екен? Сағатына қарап еді, түнгі бір. Ал
бұған Қайдар кеткелі сағыздай созылып бір ғасыр өткендей.
Қанденнің шәуілі естілмейді. Бассыз кеуде ұзап кеткен
шығар.
Біраздан бері мешітке бармағанын ойлады, іле оның мүмкін
емес екені есіне түсті. Көк сырлы ағаш мешітті жазда өртеп
жіберген. Елді жинады да, медресенің балаларына айнала
от қойғызды. Тартыншақтағандарына қаратпай дедектетті.
Өртеушілер мәз-мейрам, сірә, балалардың «Аллалап!» еңіреп
жүріп от қойғандарын қызық көрген шығар.
Талай жыл кепкен қарағай бөренелер май құйғандай лап
ете қалды. Солдаттар қалпақтарын аспанға лақтырып ура
лады, жалын көкке өрлеген сайын есіріктенеді, қайсыбірі
мылтықтарын тарс-тұрс атып жатыр.
Бір солдат сілтідей тынған елден жырылып шығып, бүкең
деп кетіп бара жатқан қарияны қайырып әкелді. Шапанының
жеңінен ұстап алып шыр айналдырып жүр.
– Биле, шал! Сен енді Аллаңнан азатсың!
Есіріктенгендер қиқулап қоршай кетті, алақандарын сарт
сұрт соғады.
– Кәне, шал! Тайраңдашы бір!
Қария қалбалаңдап барып құлап түсіп еді, еліріп алғандар
одан сайын шулады.
– Қараңдар! Мынаны құдайы атып жықты!
Орнынан тұрғызып алып, қайтадан дөңгелетті. Ысқырып,
қиқулап азан-қазан. Басынан тақиясы түсіп қалған қария
үрпиген топқа жалынып жанұшырды.
– Ел-ау! Жұрт-ау! Қорлатпасаңдаршы мыналарға! Солдат
тар қарқылдап қарық болып қалды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Безектеме, шал! Бәрі тамаша! Біз сенің санаңды сәуле
лендіріп жатырмыз ғой!
Топтан кимешекті кемпір айғай салды.
– Азамат болмай кетіңдер! Әкелеріңдей адамды ит рәсуа
қылып жатқанда, тұрыңдар солай мелшиіп!
Ел солдаттарға қарай топтана жылжи беріп қалт тұра
қалды. Олар тез шеп құрып, мылтықтарының шаппасын сарт-
сұрт қайырды. Қарияны кетіп бара жатқан жерінен қайырып
әкелген солдат бұрынғыдан бетер есірді.
– Санаңның бостандығын тойлап қал осылай!
Өзі де, мына сұмдықтың еріксіз куәсі болған басқа азамат
тар да екі оттың арасында тістенді. Тыйымсыз кеткен иттерге
қыбыр етсең ата салу түк те емес. Көзсізденіп алған солдат
тың тоқтайтын түрі жоқ, тізерлеп отырып қалған қарияның
желкесінен төніп ақырады.
– Тұр, қақпас!
Қалған жауынгерлер мылтықтарын кезенген күйі қаз
диып қалған. Бүйірін таянып талтайған мұртты сұстана сыз
данады, мыналардың командирі осы сияқты.
– Тоқтат ананы! – деді соған қарап.
– Не дейсің? – деп таялды ол.
– Доғарыңдар бассыздықты!
– Кәне, бері шығып айтшы! – Топтан өтіп жанына келді. –
Қайталашы!
– Тоқтат қорлықты! Көзінің оты жарқ етті.
* * *
Пештің шоғын көсеп ағаш салды, жеңді білектей қайыңның
бауырында балапан жалын шүпірледі, жылт-жылт көбейіп
келеді. Кепкен қайыңның қаперінде түк жоқ, жыпыр-жыпыр
немелердің лаулай келе өзін жалмап алатынын ойламайды.
Қыбыр-қыбыр жұрт та осы ғой, оның бауырына еніп алып,
мен сені азат етемін десең жетіп жатыр. «Кімнен?» деп те
сұрамайды, әйтеуір азат болса болғаны.
Аңқаулықтан әрине, әйтпесе азаттық деген ұғым бұл өмір
де мүлде жоқ екенін білер еді ғой.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ал мына көрсоқырлар пенделік тәуелділіктің құлы болып
жүріп, ұлы ақиқаттан азат еткісі келеді. Сен үшін емес, әри
не, өздері үшін.
Жасанды құдай жасап алғандарға ақиқат құдайдың қа
жеті қанша? Құдайды іздегендер ұлы ақиқатты іздейді ғой.
Жаһандық шындық пенделік шындықты әлімсақтан жоққа
шығарып келе жатыр ғой. Жердегі тәңірлерге бұдан үрейлі не
бар?!
Жеңді білектей қайың жалынға оранды, бауыры теңбіл-
теңбіл тілімденіп, ойылып түсе бастады. Бұлаңдаған алау
аймалап жүріп кеміріп жатыр, әне, жонына шығып алып
қайқаңдайды.
«Сен енді Аллаңнан азатсың!» – деп есірген малғұн секіл
ді еліреді. Одан дәл қазір, осы қызыл жалауланған кезінде
«Мұның қалай?» десең, жүзі жанбастан «Мен оны қайың
болудан азат етіп жатырмын!» дер еді. Жердегі жасанды құ
дайға ұқсағаны өзінше. Ол да осылай даурығады.
– Адамды азат ету дегеніміз – адамды адамдықтан азат
ету, – деп жаңғырығады.
Қабылдағың келсе де, келмесе де осы. Азат жүргің келсе,
амал қайсы, өзіңнің адам екеніңді ұмытып, адамша өмір
сүруден бас тартасың. Адам жайлы ұғымың тақырланған
сайын жайқала түсетініңе сенгің келеді.
– Рас-ау, – дейді қыбыр-қыбыр жұрт. – Адам болудың қа
жеті қанша? Бар пәле өзіңнің адам екеніңді сезінуіңде ғой.
Кепкен қайыңның көк кеуектенген өзегі ғана қалды. Бұдан
әрі отқа ораудың да қажеті жоқ, бос кемік тұқыл үшін бас
қатырмаса да болады.
Жаланған жасын бәсеңси берді, қою жасыл реңденіп солы
ғын басты. Қайың екендігін біржола ұмытқан қайыңды одан
әрі өртегесі келмеді. Түп-тұқиянымен жоқ қып жібергенше,
не лаулап жана алмай, не бықсып сөне алмай шалажансар
жатсын осылай. Енді онда қайыңдық түк те қасиет жоқ, қа
йыңдық санасы пештің гуілдеген көмейінен әлдеқашан өтіп
кеткен.
Ақиқат жайлы сенім-түсінігі де күлге айналып, ұшып
кетуте дайын. Ол енді ештеңеге ешқашанда сенбейді. Түген
елде, бәлен жерде ақ қайыңдар жайқалып өсіп тұр десең, өлсе
де иланбайды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Оларды өртеп жіберіп, қайыңдығынан азат ету керек
екен, – деп сандалады.
Қабырға сағат түнгі екіні соқты. Дың... дың.... Әуезді үн
жанға жайлы қоңыраулатты. Ғұмырыңның әр сәтін ұрлап
алған сайын осылай.
Қайыңды жалмаған жалындай емес, әйтеуір ақиқатты
айтады.
– Өмірің өтіп бара жатыр! – дейді.
Өмірдің жалғандығы туралы шындықты қайталаудан жа
лықпайды. Мәңгілікпін дегендердің бәрі мәңгіріп қалғанын
айтумен болады.
Қыбыр-қыбыр жұрт болса, ол жайында ойлауды қойған.
Өмір туралы толғана бастаса, адам хақындағы шындықты
айтып қояды ғой. Өмір жайлы құрбандықтар арқылы ғана сөз
қозғайтын заманда, ең дұрысы, ой атаулыны құрбандыққа
шалу.
Қайдар пештің жанына насыбай шақшасын тастап кетіпті.
Аса қадірлі заты еді, қалай ұмытты екен?
Күміс шапқан мүйіз шақшаны айналдыра қарап отырып,
өзінің мына аласапыранда жалғыз қалғанын сезді. Бәрі өгей,
бәрі жиренішті. Әңгүдік ұрандардан әпербақандық аңқиды,
кесіп алса қаны шықпайтын қатыгездік қоғамды инквизиция
заманына лақтырып тастаған. Құдайға үкім шығарған Понти
Пилаттар адамның арын дарға асып қойғанына мәз. Тақыр
да пайда болған тұрпайы идеология адамзаттың ақыл-ойын
тістеніп алып күні-түн тепкілейді.
Жағы семген қанден қайтадан шәуілдеді, өрекпіп-өрекпіп
алады да көк долылана қылғынады.
Көз алдына терісіне сыймай барлыққан тыртық қара келді.
Кейінгі шақырғанда ол да осылай буынған.
Талай күннен бірде-бір революция жауын әшкерелемеген
мұны енді арқадан қаға ма?!
– Мойында! – деп буынды. – Сенің бізді атарға оғың жоқ!
– Біліп тұрып несін сұрайсың?!
Тапаншасын суырып алды.
– Жайратамын! Осы қазір тұқымыңды құртамын!
Әлем-тапырақтанған түрі мейлінше жиренішті еді.
– Ат! – деп атып тұрды орнынан.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Пешке үстемелеп салған қайың да лаулап жанып жатыр.
Қайыңдығынан азат болғанша асығады.
Адам жалғанның жымысқылығынан азат болу үшін не
керек екен? Адам баласы ешқашанда қолы жетпейтін азат
тық дегенді кім ойлап тапқан?
Адамды мәңгі азапқа салу үшін жаратылыстың ойдан
шығарған қасіреті ме? Азаттықты әдетте азатыққа мұқтаж
еместер іздейді ғой.
Тыртық қара оны қайдан білсін, қаруын маңдайына қадап
алып қалшылдайды.
– Көзіңді құртамын!
Оның азаттық жайлы ұғымы жою ғана. Өзін емес, өзгені.
Құрта салғысы келіп қылпып тұр. Ондарды, жүздерді
жайратқан бұл жайратқан үстіне жайратуға құштарланады
ғой.
Қанденді әлде иесі, әлде басқа бір теуіп қаңқ еткізді.
Итті иттігінен азат етсе не күйге түсер еді? Ит емес иттің
кімге керегі бар?!
Адамдықтан кеткен адам адамның қасіреті ғой.
Тыртық қара үшін бұл жайында ойлануға тыйым салынған.
Тапаншасының шаппасын қайырды. Шүріппені басып
қалса жаны жай табар еді. Мұның жау болғандығынан емес,
қаң аңсағандығынан.
Бетіңе қараса, ыза мен құмарлық қатар қылпып тұр.
Шегіншектеп барды да жалт бұрылды. Шүріппесін басып
қалды, оқ құлағының түбінен ысқырып өтті. Тыртық бет пері
соққандай қарқылдады.
– Қалай?! Тірі қалғаныңа сенбей тұрмысың?!
Столды асықпай айналып өтті, шылымын баппен тұтатып,
қайтадан қарқылдады.
– Мен сені осылай шым-шымдап кеміре беремін! Естисің
бе? Кеміре беремін! Кеміре беремін!
Столдың үстінде жатқан екі жүзді кездікті алып, төрдегі
шкафқа құлаштап қадады.
– Өшпенділік жаныңды жегідей жейді. Басыңды тауға
да, тасқа да соғасың! Ал мен кеміремін де рахатқа батамын.
Рахатқа батамын да кеміремін!
Түкірігіне шашалып ықылық атты.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қашан жалыққанша!
Жанған қайыңның қышқылтым иісі тынысты кеңейтеді.
Жыпжылы қыстауда қазандықтан қи иісі шығатын. Пешке
толтырып салсаң, түн жарымына дейін лаулайды.
Пештің гуілі шешесіне қоңырлатып ән салғызады.
Алыста қалды ауылым,
Ауылда еді бауырым.
Бауырыма сақтайын
Сыбағаның тәуірін.
Төркін ауылы қозы көш жерде ғана. Қозы көш сағыныш
қанша сазды ән салғызды екен?! Жып-жылы қыстауларда
пеш түбінде жып-жылы әндер туатын.
Кетсе ме екен, осы қазір орнынан тұрып жүре берсе ше?!
Бозторғайдың ұясындай шап-шағын қыстауға жетіп жығылса
арман не?!
Тыртық бет қара қиянда сондай момын өмір бар екенін
білсе де білмейді ғой. Оның кеміре бергісі келеді. Жаныңды
жегідей жесе болды. Намысыңды таптап, жаншып тастағанша
асық.
Ары дарға асылған елдің намысында қауқар қалды деймі
сің. Жұрт ақыл-ойын, ар-ожданы мен намысын жасандыларға
жасау қылып берген. Аузын ашса жасандылық жайлы мадақ
жыры маздайды.
Айсыздарға ай болған,
Күнсіздерге күн болған...
Жып-жылы қыстаудың жып-жылы әні қойдың құмалағын
теріп жүр. Сағат түнгі үшті соқты.
Өмірдің өткен сайын қымбаттай түсетінін айтпақ болып
қоңыраулатады. Өмірдің мыңдар үшін біржола өшкенін, мил
лиондар үшін көк тиын құны қалмағанын қайдан білсін.
Өмірдің арзан-қымбаттығын өмірден өткендерден сұрау
керек қой. Өмірі барлар өмірден үрейленуді ғана біледі. Өмір
дің өзге шындығының бәрі қауқарсыз.
14-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Кеміре беремін! Кеміре беремін!
Тыртық бет өршелене қайталаумен болды, ара-тұра есі
ріктене қарқылдайды.
– Өш ала алмай өртенесің де жүресің! Күйзеле-күйзеле
рухың күйіп кетеді!
Көршінің қандені шәу етті де жым болды. Әлгінде беймез
гіл үремін деп қыңсылап қалғаны есіне түскен шығар.
Терезенің алдына ат шана сықырлап келіп тоқтағандай.
Жататын бөлмеге өтті, асықпай киінді, тапаншасының
оғын түгендеп, белдігіне қыстырды. Біреу есік қақты.
– Сабыр! – деді. – Қапылу сендерге де, маған да қолайсыз!
Ауызғы бөлмедегі пештің үстінде сақырлап қайнап жатқан
шәйнекті жерге алып қойды. Қабырға сағат бәз-баяғы қалпы
тық-тық жүріп тұр. Майшамның әлсіз жарығы түбіне ғана
түседі.
Жып-жылы қыстаудағы білте шамның жарығы да тал
маурап тарайтын. Асығары жоқ, алқынуды білмейтін, жа
ратқандай төзімді, кеңпейіл өмірдің көңіліне қарап ақырын
діріл қағатын. Қарапайым тірліктің ғалам жайлы қараба
йыр толғанысын толқындатып алудан жасқанатын. Тып-ты
ныш түнде, тым-тырыс қыстауда, жып-жылы пештің түбінде
қоңырлатып ән салса ғана жарасатын.
Жаһандай жалпақ жалған-ды,
Өтпестей тұрып алған-ды,
Көшерін кеш білгенде,
Тарылып көңіл қалған-ды.
Білте шамның талмаураған жарығы ғұмыр жайлы терең
тебіреністі осылай жайдақ жайқалтуға жеткілікті еді.
Есікті тағы да қақты.
Жып-жылы қыстауда өмір жайлы ашылып-шашылып
айтылмайтыны неліктен екен? Өмір туралы өмірдің көңіліне
келмейтіндей биязы ғана сыр шертіледі ғой. Өмір беті ашыл
маған ұяң келін дерсің.
Есік жақ тарс-тұрс.
Иә, жып-жылы қыстауда өмір жайлы өктем сөйленіп көр
ген емес. Кінәмшіл өмір өзінен кейінгіге өкпелемей жүрсін
дейтін шығар. Сенен соң да өмір бар ғой.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қабырға сағат сол қалпы тық-тық, аздан соң таңғы төртті
соғады.
Қысқы таңның кешігетінін қарасайшы.
Өмір жайлы толғанса – сары ала таң толғансын.
Жып-жылы қыстауда қарлы таң қаһарлы қыста да то
ңазымай ататын.
Қайдардың күміс жапқан мүйіз шақшасы қалтасында жүр.
Ол қарақшы қаладан аман-есен кетсе екен.
Пештің гуілімен бірге ақылынан алжасқан қарияның қар
лығыңқы даусы естіледі.
– Асауға мінсем – жығады, шабанға мінсем – шалдығады,
жұмаққа қалай жетемін?
Елдің жұмақ іздеген жұмбақ жүрегі жұлым-жұлым. Есікті
тепкілеп жатыр.
Өмірді қиып кету қиын емес секілді ғой. Өмірмен тіл табыса
алсаң, әрине. Өмірге өмір боп сіңіп кетсең қандай ғажап!
Есік шалқасынан түсті.
– Революция атымен!
Тыртық бет апыр-топыр кіріп келді. Тапанша шаңқ етті.
Шалқасынан түскен малғұнның сыртында серейгендер жары
са атты.
VІІ. Ат жетектеген жалғыз
– Мұның не?
Жамағайыны Исаның қолында жүзі кере қарыс пышақ,
күрең төрт аяғы буулы теңкиіп жатыр.
Қонышынан кездігін суырып алып, аттың шашасынан
шанди берген арқанды бырт-бырт кесті. Жанары шарасынан
шыққан жануар шұрқырап қоя берді.
Есік жақта үрпиіп тұрған әйел жерде жатқан күректі ала
сала ұмтылды.
– Қараңды өшір!
Жалтарып үлгермегенде қайтер еді, қораның қабырғасына
сарт еткен күректің сабы ортасынан қақ бөлінді.
Иса қолындағы пышағын лақтырып тастап отыра кетті.
Әйел көкезулене шаптығып басылар емес.
АЛДАН СМАЙЫЛ – Таста да қараңды өшір! – деп тап-тап берді. Атты жетектеп қақпаға қарай ығысты, шыға сала қарғып мініп шаба жөнелді. Сол бетінде Соқыр өзенінің жағасына келіп бір-ақ тоқтаған. – Ойпыр-ай! – деді ентігіп. – Аттан айырыла жаздадым ғой. Таңғы намазға тұрмағанда күрең бұған жоқ еді. Кеше Қарағандыға көз байлана жетті. Түнеген қалаға қа раңғыда енуге сескеніп, ертеден аралас-құраластығы бар Иса ның шет жақтағы үйіне бұрылған. Күреңнің ажалы айдаған екен ғой. – Құрысыншы! – деді түршігіп. – Аман құтылдық, әйтеуір. Жарқабақты жағалап келіп шоқ талдың көлеңкесіне отыра кетті. Күрең елеңдеп тұрып-тұрып жайыла бастады. – Жалғанның жазымы көп деген осы екен-ау, – деді тынши алмай. Қарғабайдың қыстауында өткізген ұзақ қыстан соң асы ғып жеткен қалаға алыстан секемдене қарады. Жоқтықтан жыртқыштанған әйел соңынан қуып келе жатқандай. Жер астынан көмір тартатын мұнаралар шалғайдан сал қын зораяды. Айналаға шаншыла көз тігіп, жұтып алар кім бар деп жұтынады. Таныс әрі бейтаныс шаһар күңгірт мұнар жамылып түксиіп алған. Дауыс жетер жерде өзеннен он шақты адам шұбатылып өтті де жағаға құлай-құлай кетті. Одан беріде тал арасында екіүш әйелдің жаулығы ағараңдайды. – Ер-тұрманды қалдырып кетіппін-ау! – деді сол жаққа қарап отырып. Оны қимағандығынан емес, қанжығадағы қоржында азын-аулақ кепкен ет болғаны үшін есіне алған. – Енді, міне, құр алақан қалдым. Өзіне жақын жарқабақтың асты түтіндеп жатыр. Әлгі екіүш әйел солай қарай келе жатты да, жалт бұрылып кері қайт ты. Соңдарына елеңдеп қайта-қайта қарайды. Қамсыз отыра бермей, маңайын байқап алғысы келді. Ор нынан тұрып, түтін шыққан жаққа ақырын жақындады. Орта жастағы екі адам отқа әлденені қақтап отыр, қойдың асықты жілігіне ұқсайды. Соларға жақын жерде қызарған нәрсе көңіліне күдік ұялатып тағы да таяла түсті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
О, тоба! Мынау өлген адамның денесі ғой, бір қолы иығынан
кесілген, кеудесіне пышақ қадалыпты.
Келген ізімен кері еңбектеді, шоқ талды айнала жайылып
жүрген күреңге әрең жетті. Кеудесі қысылып, көзі қарауытты.
Адам етін қақтаған екеу көріп қалып соңынан тұра жү
гіргендей.
Олардың өзенге құр сүлдер жеткен елді аулаған айуандар
екендігіне күмәні қалмаған.
Күреңнің жалына асыла-асыла арқасына зорға қонды. Өзі
әлгінде қашып шыққан қалаға құр сүлдері беттеді.
* * *
Шаһардың бұрынғы у-шуы жоқ, қыр қазағының жарау
атын үркіте жөңкіліп, дүркіреп өте шығатын пәуескелер,
ерсілі-қарсылы ағылатын ию-қию ел көрінбейді. Әредікте
бірен-саран салт атты солдаттар шауып өтеді. Оқта-текте
кезігетін жаяу жүргінші шетінен асығыс, мойындарын иы
ғына жапсырып алып дедектеп бара жатқаны. Бәрінен жиі
ұшырасатыны – сіңіріне ілінген тіленшілер.
Арыстанның үйі көзіне оттай басылды, шарбаққа жете
бере аттан сыпырылып түсті. Есікте жұдырықтай құлып тұр,
ұры-қарыдан сақтанғаны шығар, терезелердің қақпағын жа
уып кетіпті.
Күреңді үйдің сыртындағы отын сарайының көлеңкесіне
байлап, табалдырыққа көтерілетін ағаш баспалдаққа келіп
отырды.
Күн бесіннің мұғдары, кешке дейін әлі біраз уақыт бар.
– Мейлі! – деді кеудесін кере тыныстап. – Мамырдың шабан
күні осы орнында тапжылмай тұрып алса да еркі. Жетті-ау,
әйтеуір.
Бұл жақта да ел сұйық, көзге басқалардан гөрі әскери
киімділер жиірек шалынады, олар да оқта-текте өтеді. Қарсы
бетте кимешегі көзіне түсіп кеткен кемпір бүк түсіп отыр, өлі-
тірісі белгісіз, қимыл жоқ. Көрші үйдің қанден иті жанына
үріп барады да, шәуілдеп-шәуілдеп кері қайтады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Есіктің алды күнгей, біраздан соң қалғи бастады. Сол бетін
де көзі ілініп кеткен шығар, құлағының түбінде күңгірлеген
дауыс селк еткізді. Сыптығыр жігіт төбесінен төніп тұр.
– Шал! Жүрегіңді жалғағың келе ме?
Айтқанын шала естіп, бетіне аңтарыла қарады.
– Сен қорықпа, – деді ол даусын жұмсартып.
Жан-жағына қарап алып жанына жайғасты.
– Қалтаңда қағылған-соғылған алтын жүзік, сақина сияқ
тыларың болса, қолма-қол нанға айырбастап беремін.
Сырт киімінің өңірін ашып, кірпіш секілді кесек нанның
шетін қылтитты.
– Кәне, нең бар? – Көзі ойнақшып тұр.
– Ондай қымбат дүние қаңғып қалған маған қайдан кел
сін, – деп ығысыңқырап отырды.
– Білеміз ғой, – деді ол, – бәрің де солай дейсіңдер. Құрала
қан болмасаңдар да сөйтесіңдер. Ал біз сендер аштан тұрала
масын деп әлекпіз.
Сырт киімінің өңірін тағы да қайырды.
– Көрдің бе? Нан болғанда қандай! Үлпілдеп тұр! Аузыңа
салсаң үгіліп жүре береді.
Көзі түсіп еді, сілекейі шұбырып қоя берді.
– Кәне, қалтаңды тез қаға ғой, – деп зуылдатты сыптығыр. –
Көніңді жібітейін де жоғалайын.
Әлмағамбет тау-тасқа шашқан көп қазынаның түбінде қал
ған екі алтын ақша есіне түсті. Қамзолының қалтасына баяғы
да тастай салған, осы күнге дейін бар-жоғына алаңдамапты.
Сыптығырға сездірмей қалтасын сыртынан басып көріп еді,
қолына қатқыл бірдеме білінді.
– Құнын айтшы, – деді.
– Нанның ба?
– Иә.
– Міне, енді жөнге келдің, – деп желпінді ол. – Затына қарай.
Көршінің қандені безектеп қоя берді, сау-тамтығы қалмай
шабаланады. Отыздардың шамасындағы дембелше жігіт шар
бақтың есігіне таяу келіп тоқтады. Бұған көз тоқтатып аял
дады да, қатардағы үйге жете беріп қайта оралды.
Сыптығар сыбыр етті.
– Жөнелейін. Нан керек болса, көшенің жоғарғы жағын
дағы дүкен жаққа кел.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Дембелше оны көзімен ұзатып салып ішке енді.
– Салаумағалейкүм, ақсақал!
– Әлейксәлем!
– Алыстан келгенсіз-ау, шамасы?
– Қырдан.
– Бұл үйде жақындарыңыз тұрушы ма еді?
– Жоқ, – деді, қандай адам екенін, не ойлағанын кім білсін. –
Иесіз үй сияқтанған соң босағасында демалып отырмын. Өзің
кім боласың?
– Қаланың қазағымын. Жүзіңіз таныс секілді көрінген соң
бұрылғаным ғой.
Көрші үйден шыққан әйел екеуіне жалт-жұлт қарап, есігі
нің алдындағы сарайға кіріп кетті. Қанден бүк түскен кем
пірді әлі ермек қылып жүр, шабаланып барады да шапанының
етегін жұлмалайды.
– Жаңағы не деп жүр?
– Алтын болса нан беремін дейді.
– Ондай алаяқтардан абай болыңыз. Нан орнына ағаштың
үгіндісінен жасалған кеуекті ұстата салады да тайып отырады.
– Имансыздар-ай, ә. Ескерткенің жақсы болды.
– Қымбат бұйымыңыз болса, ешкім көрмесін. Дүкеншіге
беріп тамақ ала қоямын деп те ойламаңыз. Қырдан шұбыр
ғандарды қалада адам деп есептемейді, алады да қуып шығады,
талассаңыз ұрып өлтіре салу түк емес. Сіздейлердің құны
сұраусыз.
«Бұл маған неге жанашырлық танытып отыр? – деп ойла
ды. – Бір есебі бар ма екен, әлде мына түнерген жатбауыр
шаһарда жібі түзу адам сарқыла қоймаған ба?»
– Рахмет, айналайын! – деді. – Өзім де бүгін бір қатерден
әупіріммен аман қалдым.
– Жарайды, кетейін, – деді ол.
Шарбақтың есігінен шыға беріп, бірдеңені тарс ұмытқан
дай кілт тоқтады.
– Бұл үйді төңіректей бермеңіз.
– Неге?
Жауап орнына:
– Сау болыңыз! – деді.
Ол кеткен соң көшенің төменгі жағынан ат арбаның сал
дыры естілді, осылай қарай келе жатыр. Ұзамай қос қылаң
АЛДАН СМАЙЫЛ
көрінді, көк арбаның үстінде бетін түк басқан екі мұжық
отыр, бүк түскен байғұстың жанына жете беріп тоқтай қалды.
Жерге секіріп түскен сақалдының бірі кемпірді аяғымен
түртіл қалып еді, ол сол бүктетілген күйі құлай кетті. Мұ
жық барқылдап-барқылдап алып, шүйкедей денені қорапқа
лақтырып тастады.
Қанден енді арбаның соңында шабаланып барады.
Көрші үйдің әйелі сарайының алдында состиып тұр, қаң
ғыған шал торуылдап жүр ме деп қорқатын шығар, қа
рақшыланып алған қалада адам адамға қасқыр ғой.
Тар көше көлеңкелене бастағандай. Арыстанның жұмыс
тан келетін уақыты таялған болар.
Жыртығы көбейген шапанын төрт бүктеп астына салды,
жүздеспегелі жылдан асқан, қатты сағынған тұңғышына
өрім-өрім болып көрінгісі келмеді.
Көшенің жоғарғы жағынан шу шықты. «Тоқта!», «Атамын!»
деген қатқыл дауыстар қабаттаса естілді. Бағанағы сұғанақ
аяғы-аяғына жұқпай жүгіріп келеді. Шарбақтың тұсынан
өте бергенде мылтық гүрс етті. Айғайлап жіберген байғұс ек
пінімен тәлтіректеп барып құлап түсті. Соңдарына бес-алты
адам жүгіре ерген екі әскери киімді көрінді. Алдымен жет
кені сұлап жатқан жігітті шалқасынан аударып тастап, бетіне
үңілді.
– Шаруасы бітіпті!
Екіншісі қойны-қонышын ақтаруға кірісті. Олай қарап,
бұлай қарап іздегенін таба алмаған болу керек:
– Мынау тап-таза! – деп орнынан тұрды. Соған таяу тұрған
тәпелтек безілдеп қоя берді.
– Дұрыстап қараңыз, қолымнан қағып әкеткеніне құдай
куә.
Дүкеншіге ұсына бергенде іліп түсті.
– Иә! Тура солай! – деп қостады оны ілмиген бойшаң. – Мен
кезекте осы кісіден соң тұрғам. Сайтандай сап ете қалды.
Шапшаңын-ай өзінің!
– Алғаны анық болса, енді қайда? – деп зірк етті әскери.
– Қашып бара жатып лақтырып жіберген шығар, – деді
шеткерек тұрған етжеңді әйел.
– Мәселе былай! – деді екінші әскери тәпелтекке шұқ
шиып. – Байбалам салған сенсің! Сенің кесіріңнен кісі өлді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Осы маңайдан мынау алып қашты деген затың табылмаса,
түрмеде шірітемін!
– Жо-жоқ! – деп шарылдады ол. – Мен болған жайды айт
тым.
Бір түйір жалғандығы жоқ!
– Ізде! – деп ақырды әскери. – Таппасаң талқаныңды
шығарамын!
Ере келгендер апалақтап табандарын жалтыратты.
– Құдай-ай, енді қайттім?! – деп сүмірейді тәпелтек.
– Ізде, малғұн! – деп артынан бір тепті ызбарланып алған
әскери.
Есеңгіреп қалған тәштек о жер, бұ жерге шұқшиып біраз
жүрді де еңбектеп іздеуге кірісті. Әскерилер сұлап жатқан
сорлыны көшенің жоғарғы жағына қарай сүйретіп әкетті.
Исаның үйіне түскелі нәр татпағандықтан ба, әлде бүгін
гі көрген сұмдықтары тұралатып бітірді ме, басы айналды.
Бір жағынан шөл де қысқан. Орнынан тұрып отын сарайына
барды, ретсіз ыбырсып жатқан темір-терсектің ішінен тот
басқан шелек табылды.
Есіктің алдындағы көшенің аяқ жағында шегенді құдық
бар еді, келіп-кетіп жүргенде талай көрген, соған барып
шөлін қандырды, бір шелек суды күреңге ала келді.
– Әзірге осы, – деді оқыранған атқа. – Тағы да әкеп берер
едім, Арыстан келгенше қараңдап көзге түсе бергім келмей
ді. Қарағанды қаныпезерленіп алыпты.
* * *
Көз байланып барады, Арыстан әлі жоқ. Ағаш баспалдақта
отыра-отыра белі талған соң шарбақтың ішінде ерсілі-қар
сылы теңселді. Әр сүйем жерді сипалаған тәпелтек көшенің
ортасын арылтып болып, көрші үйдің маңайын тіміскелеп жүр.
– Құдай-ай, енді қайттім?! – деп таусылады. Соңында
жүрген қанден шарбаққа қонған қарғаға шәу ете қалып еді,
шошып атып тұрды.
Түсіп келе жатқан түннің тоңазитын түрі бар, енді бірер
күнде құралайдың салқыны жетеді, кейде қарлы жаңбырла
АЛДАН СМАЙЫЛ
тып, кейде қара суықта қалтыратып, қырдағы елді қырына
алатын ызғардың лебі күні бұрын біліне бастайтын.
– Арыстан жұмысбасты болып кеңсесінде қонып қалса не
істеймін? – деді. – Жалғыз адам үйге асыға қоймайды ғой.
Тәпелтек айналасына мәңгіріп қарап тұрды да өзіне қарай
жүрді.
– Ақсақал, сіз бағанадан осындасыз ба?
– Иә.
– Ана өлген жігіт қашып бара жатып сіз жаққа ештеңе
лақтырған жоқ па?
– Жоқ.
– Апыр-ай, құдай сандалтайын десе оп-оңай екен ғой.
Табылмайтын шығар.
Ұнжырғасы түсіп әбден қиналып тұр.
– Көзімнің қарашығындай сақтаған күміс сөлкебай еді, –
деп қажыды. – Дүкенші жарты бөлке нанға келіскен соң әкеле
қоймаймын ба. Енді, міне, жалалы болып сандалып қалдым.
Шарбаққа жабыса таянды.
– Аналар мені шынымен түрмеде шірітер ме екен?
Көшенің жоғарғы жағынан екі адам жарыса қарқылдады.
Тәпелтек селк етті. Екі әскери бірінің сөзін бірі іліп алып
даурығып келе жатыр.
– Мыналар ішіп алыпты! – деп үрейленді тәпелтек. –
Аямайды енді!
Олар жақындаған сайын құты қашты.
– Ақсақал! Қалтаңызда сөлкебай секілді ештеңе жоқ па?
Құдай үшін!
Әскерилердің бірі сонадайдан барқырады.
– Әй, малғұн! Таптың ба?!
Тәпелтек қалтырап қоя берді.
– Неге үндемейсің? – деді екіншісі. – Қазір! Сәл шыдай тұр.
Ана баукеспенің соңынан жөнелтпесем ит болайын!
– Қақ маңдайдан сілейт! – деді жанындағы. – Жын-сай
танның ортасынан қалай шыға келгенін сезбей қалсын!
– Құдай үшін! – деп кемсеңдеді тәпелтек. – Шиеттей ба
лаларым бар еді! Менсіз қырылады ғой!
Даурыққан екеу теңселе таялып келеді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қасқа маңдайдан тарс еткіз! – деп өрекпіді тарғыл да
уыстысы. – Аш-жалаңаш дірдектегенше, мырза құдайына
тайып тұрсын!
– Қарақұстан қақыратсам да ренжімес! – деп қарқылда
ды жанындағы. – Қас қағымда мырза құдайы ырза құдайға
айналсын.
– Құдай үшін! – деп еңіреді тәпелтек. Мылтықтың шап
пасы сарт-сұрт етті. Теңселген екеу жақын келіп тоқтады.
– Дабай! Тездет! – деді сұңғақ бойлысы.
– Құдай үшін! – деп боздады байғұс. Қамзолының қал
тасындағы алтын ақша қолына қалай іліккенін білмей қалды.
– Ұста!
Тәпелтек сылқ етіп отыра кетіп, тырмысып қайта тұрды.
Теңселе басқан екеуге қарай тәлтіректеп бара жатыр.
– Табылды! – деп айғай салды. – Таптым-ау ақыры!
* * *
Түн шынымен тоңазыды, ағаш баспалдақтың үстінде жат
қан шапанды киіп қымтанып алды.
Отырса басы зеңеді, шарбақтың ішін айнала берді, айнала
берді. Айналған сайын құлази түсті.
– Арыстан неге кешігіп жатыр?
Өзінен-өзі осылай жүз мәрте сұраған шығар.
– Аман болса игі еді!
Осылай да осылай мың мәрте қиналған шығар.
Тас төбеде жыпырлаған көп жұлдыз дүр етіп шашырайды,
құйындай үйіріліп қосылады. Аспанның асты шым-шытырық.
Ол да аласапырандатып, екі иығын жұлып жеп, жара
тылыстың жатырын дар-дар айырып жатыр ма екен?!
Көк күңіренсе жалғанның жантәсілімі жан ұшырып жетер.
Жатырынан жеріген жәдігөй жерді жағадан алмай қай
теді? Сілкіп-сілкіп суынар, суынған сайын сұстанар.
Аспаннан құйрықты жұлдыз құйылды. Көкте жұлдыз
сорғаласа, жердегі ғұмыр құрбандық. Қырда қырғын болғалы
қанша жұлдыз аңырап ақты екен?
Қараңғы түнде қамыққан қала қайғысына қамалып қалған.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Қапталынан көмір емес, көр қазып жатқандай түршігеді.
Қараған өскен қарабайыр күндеріне зар болған дімкәс дала
ның төсін кеміріп-кеміріп алып кемсеңдейді. Тұз жалаған
сорлыға шөлің қанады деп у жалатқандай шалажансар.
Түн суытып барады. Құралайдың салқыны биыл ерте бі
лінейін деген шығар, қырдан шұбырған аш-арық елге ұқсаған
көтерем жел сүметіліп сүйкенсе, өлік сүйектеніп суындырады.
Күреңнің ауыздығын алып шарбақтың ішіне бос жіберді,
талайдан орылмаған бидайықтың түбі кигіздей тұтасқан.
– Осылай отыра тұр, – деді білтеленген жалын саусағымен
тарап. – Бүгінгі түн сенің олжа түнің ғой. Екеуміз дәм-тұзы
мыз таусылғанша әлі талайды көрерміз.
Содан соң құралайдың салқынына дейін малды ауыл
дардың жайлауға көшпейтінін ойлады. Жас төл жағалай
қырылмасын десең, қыстауға жақын жерге үй тігіп, мамыр
дың қабағын бағасың.
Жүрегін өртеніп бара жатқан өкініш пе, сары уайымданған
сағыныш па, сыздата жөнелді.
Жадағай ел жайбарақат еді ғой жарықтық. Жұмыр жерде
өз өмірінен басқаға жұғымы жоқ жалғыз жұрт болса, шыбын
жаны туралы жантәсілімде ғана ойлайтын өз жұрты шығар.
Жәдігөй жердің жымысқылығына жарамсыздығынан ба
екен?
Аңқаулық ақылсыздықтан емес, өзіне де, өзгеге де адал
дықтан ғой. Адалдықтан жапа шегуден арылмаған жалғыз ел
болса, ол да қынадай қырылып жатқан сол сорлы ел шығар.
Ақ көңілі айықпас дерті екенін түсінбей кетіп барады. Сол
дерт көшеде көк арба болып қыдырып, өлігін ойнап-күліп
теріп жүр.
Көк арба толса – төгеді, толмаса – төбесінен төнеді.
Көше тастай қараңғы. Маңайдағы үйлердің терезелері жа
ғалай жабылып қалған. Шетінен жабырқау, әлденеден сес
кенеді, әлдекімдерден үрейленеді.
– Арыстан бүгін келмейтін шығар, – деді тағаты таусы
лып. – Түнде де қолы босамайтын мазасыз жұмысты қайдан
тауып алды екен?
Шарбақтың есігі сықырлады.
– Қайдасыз?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Тәпелтектің даусы сияқты. Тыпырлап келе жатып жерде
жатқан кесек ағашқа сүрініп құлай жаздады.
– Түннің суығын-ай!
Жанына отыра кетіп, қойнынан қол басындай түйіншекті
алып шықты.
– Мынаны жылыдай жеп алыңыз.
– Бұл не?
– Картоп қой. Суға пісірілген. Бақандай үш түйір. Тұз сеуіп
жеп алсаңыз, ханға сәлем бермейсіз.
Қаздың жұмыртқасындай бірдеменің қабығын аршып жа
тыр.
– Болған оқиғаны әйеліме айтып едім, байғұс жылап жі
берді. Мынау сізге сәлемдемесі. Кәне, алыңыз.
Өзегі талған адамға қолға түскеннің бәрі ас. Бұрын көрме
ген нәрсесі болса да қарбытып жей бастады. Тәпелтектің аузы-
аузына жұқпайды.
– Сіз болмағанда бітіп едім. Аналар барып тұрған жауыз
дың өзі. Оларға адам да бір, бұралқы ит те бір. Басып салады да
жүре береді.
Жөткірініп алып жан-жағына қарап қойды.
– Қала толы солар. Күн өткен сайын қағынып барады.
Жау да жау, жау емес те жау. Күнде топырлатып ұстайды да
жатады. Екі күн бұрын ғана он шақты адамды алаңда ашық
соттап еді, енді солардың сыбайластарын іздеп аласұрып жүр.
Шарбақтың есігі сықырлаған тәрізденді. Тәпелтек сөзінен
жаңылып қалды. Көрші үйдің жаман қандені екеуіне сы
ғырайып қарап тұр. Күрең дәл жандарында бидайықты бырт-
бырт үзеді.
– Барып тұрған бассыздық, – деп жалғады тәпелтек. –
Беттеріне тіке қарағанның бәрі дұшпан. Сөзі түзу түгел қа
мауда, қаланың бетке ұстарларынан тірі жан қалған жоқ.
Көшеден екі салт атты шауып өтті, салқын түнді дүрліктіріп
жосылтып барады.
– Ылғи осы, – деді тәпелтек тық-тық жөтеліп алып. – Күні-
түн ауыздықтарымен алысып жүргені.
Жабыса жақындап құлағына сыбырлады.
– Сіз Қарқаралы жақтан емессіз бе?
– Жоқ. Жәй сұрадың ба?
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Сәуірдің аяғында сол жақтың қазақтары көтеріліп, мы
на жауыздардың қырық адамдық жасағын қырып салыпты.
– Ашынған ел не істемейді, тығырыққа тірелген соң бас
тарын бәйгеге тіккен де.
– Бірақ, не керек, өздері де қан жоса болған көрінеді. Көп
адаммен соңдарынан түсіп, түгел қырған дейді. Бас көте
рерлерінің кейбірі қолға түсіпті. Қалаға әкелгенде әдейі ор
талық көшемен айдап өтті, ел көріп үрейленсін дегендері
шығар.
Сөзін кілт үзіп, жағасын ұстады, өңі қуқылданып, еңсесі
түсіп кетті.
– Алла-ай, мұндай да жауыздық болады екен ғой! – деп
түршікті. – Қолға түскен сорлылардың бәрі көк ала торғай
дай. Біреуінің иығынан шабылған қолы сіңіріне ілініп са
лақтап жүр. Байғұс қайта-қайта сүрініп тұрады. Ақырында
гүрс етіп құлады. Айдап келе жатқандардың бірі бара сала
тепкіледі, бас-көз демейді. Анау тұра алмай жанұшырып жа
тыр, кеудесін көтере береді де сылқ ете түседі. Қорқауланып
кеткен ит қылышын қынабынан суырып алды да бүкіл елдің
көзінше шауып тастады. Сол кезде қолын артына қайырып
байлаған қария жұртқа қарай айғай салды.
– Атқа қон! Аттан сал! Тұқымың тұздай құрымай тұрғанда
қарманып қал! Оян! Оят қаңғып қалған ұраныңды, тапталып
қалған намысыңды!
Қалпағы едірейген жирен мұрт атын сабалап ұмтылды.
Қарияны қамшының астына алды.
– Жастығыңды ала өл! – деп өршеленді қарт. – Көрде кегің
кемірмесін!
Бетін қан жауып кеткен. Жирен мұрт аттың омырауымен
қағып түсіріп, ауыздығымен алысқан торыны үстінде тулатты.
Әлгінде көшенің жоғарғы жағына қарай жосылған екеу
тасырлатып қайта шауып келеді. Қамшы үстіне қамшы салып
дүркіреп өте шықты.
Тәпелтек бір уыс болып кемсеңдеп отыр. Сабалақ қанден
жақын келген аттан қорқып үй айналып кетті де бұрыштан
сығылады. Жеті түнде жатаған үйлер жер жастанып тым-
тырыс.
– Біз осы далада неғып отырмыз? – деді тәпелтек бір кезде. –
Кеттік, ақсақал!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қайда?
– Біздің үйге!
Қалбалақтап қолтығынан демеп жатыр.
– Манадан бері сөйтсемші. Әй, осы менің ақылым ылғи
артынан келеді. Қашанда солай.
– Рахмет! – деді жаны қалмай жалпылдаған оған. – Бара
алмаймын.
– Неге, ақсақал? Барасыз! – деп үйірілді тәпелтек. – Мына
салқын түнде қатып қаласыз.
Қояр да қоймай құрақ ұшты.
– Ренжіме. Қырдан бірге келген ағайынымды тосып отыр
едім, – деді болмай бара жатқан соң. – Осындағы таныс адамын
іздеп кеткен. Қайтып оралғанда орнымды сипап қалады ғой.
– Онда, әрине, – деп дағдарды тәпелтек.
Өзі де бір көңілшек байғұс екен, көр-жерді айтып ай
налсоқтай берді. Қайта-қайта қоштасып жүріп зорға кетті.
Ызбарлы қаланың түні ызғарлы. Шарбақтың ішінде ша
шылған ағашты жинап от жақпақ болды да, орнынан көтері
ле беріп қайта отырды. Көше көзген ұры-қары бар, тәпелтек
шошынған көп жауыз және бар, бірі болмаса бірі мазамды
алып жүрер деді.
Шапанын қымтанып күйзеле күрсінді.
– Арыстан неге кешігіп жатыр, құдай-ау?!
Сұғанақ иттей тиіп-қашқан көп күдік ерік берсе, дүркірей
жөнелгелі тұр.
Күндіз жолыққан жігіт: «Бұл үйді төңіректей бермеңіз!» –
дегенде нені мегзеді екен? Үйдің айналасы неге көптен адам
аяғы тимегендей? Тәпелтек айтқандай, қаланың бетке ұстар
ларының бәрі қамауда болса, Арыстан сол жақсы-жайсаңның
бірі емес пе еді?
Көмір емес, көр қазған қала көрдей қараңғы. Өзінің де,
өзегі талған өзге дүниенің де өрекпіген үрейі қазған көрін
қыңсылап жүріп үңгиді. Кіріп барған күрп етіп күңірене
жөнелсін дейді.
Қараң қалған жалғанды тереңді тепкілеп жатып қарғасын
дейді. Бұл өмірде тереңдей алмағандар ең құрыса терең көр
дің тереңінде тебіренсін дейді.
АЛДАН СМАЙЫЛ Дүние тарының қауызындай тарылғанда, көрдің кеңдігі не не жетсін?! Көмусіз қалғандар саяз көрді қарызға сұрап сандалып жүр ғой. Таң атып келеді. Көр қазған қаланың көрдей суық таңы. Жапалақтай жарбиған жатаған үйлер түнеп шыққан көрі нің жанында бір-бірімен көрісе алмай көңірсіп отыр. Көрден құдай сақтағандардың да көркі келісіп тұрған жоқ. Бүрісіп қалған бірен-саран адам көшенің бойымен бүкеңдеп барады. Бүріспегендерді бүлініп атқан таң бүре кететіндей. Күн көтерілерде қар қылаулады. Қырсық шалған өңірді мезгілінен ерте қыдырған құралай қырсықпаса қайтер еді? Сумаңдаған суық желдің сүйкенбейтін жері жоқ, түнді өт кізген жері ық болудан қалды. Шарбақтың ішінде шашылған ағаштарды жинап от жақты. Құлқын сәріден тұрған көрші үйдің әйелі состиып қа райды, көрден шыққандарға ұқсататын шығар. Көрден шық пағандардың бұдан айырмашылығы шамалы екенін білмейді де. Тозақтан келіп, тамұққа тап болсаң, көрмен көрісіп та бысарсың. Қараңғы көр қайғысыз ғой. Күрең жалына қонған қылауды дүр-дүр сілкіп кісінеді. Салқын таңда көсіліп жататын өрісін аңсаған шығар. Қуық тай өріс түгілі, далиған даланың тайтеректей тарылғанын қайдан білсін. Тар құрсақта қамалған үміті жарық дүниені көре алмай үзілер ме екен?! Таңға дейін келмеген Арыстан таңнан соң да сарылтса, жанып сөнген тірліктің тілі байланбасына кім кепіл? Тімтінген қала таңмен бірге тілемсектеніп тұрып жатыр. Тілерсегі майысқан біреу шарбақтың сыртында телміріп бе рекесін кетірді. Жиіркенішті дүние енді қайтып жібімейтін шығар. Атты жетектеп көшенің төменгі жағындағы құдыққа бет теді. Бірен-саран жаяу бұған емес, күреңге қарайды. Құдыққа таяу үйдің алдында екі шал қауқылдасып отыр. Терең құдықтың суы тастай, шөлдеп келіп бас қойған, шекесінен шықты. Су иісін сезген күрең кісінеп қоя берді. – Қаланың тағы бір таңын көрдік, – деді оған. – Алдымызда әлі қанша таң бар екен?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ұйқысыз түн қажытқан екен, қайтып келе жатқанда басы
айналды. Әлгі екі шал туғалы жылқы көрмегендей едірейіп
тұр.
Жандарына таялғанда қапталдаса кетті.
– Әкетті! Тападай тал түсте талап кетті!
Жарысы аттандап есін шығарды. Аттың шылбырына жар
маса берген біреуін итеріп тастап еді, одан сайын дүрлікті.
– Қайдасыңдар? Қараң қалдыртпаңдар! Қаптаңдар!
Екіншісі алдын орап ойбайлап жүр.
– Өлтіріп кет! Атты алғанша қырып кет!
Маңайдағы үйлерден үркіп шыққан әйел-еркек у-шу.
– Енді тал түсте тонайын деді ме?!
– Қаптаған қаңғыбастан көрдік қой көресіні!
Көсеуін көстеңдеткен қара қатын жаулығын жұлып алып
жұлынды.
– Әй, еркексіңдер ме, жоқ па?! Сілейтіп неге салмайсың
дар?!
Бүйіргі үй жақтан көрінген қырма сақалдың қолында сабы
ұзын балта, оған жүгіре қосылған жас жігіт сүймен ұстапты.
Атқа мінбек болып еді, денесін көтере алмады.
Дәм-тұзы қарлы таңда таусылайын дегені ме?! Жан-жағы
на күйзеле қарады. Жан дәрменде көгденің жиегінде жатқан
жуан бөренені байқап қалды. Балта ұстаған қырма сақалдыдан
көз алмай, соған қарай сақтана жылыстады.
Екі қақпастың бірі өңіріне жармаса кетті, қолын қағып
жіберіп, қонышынан кездігін суырып алды.
– Жарып тастады! Бауыздап кетті! – деп ойбайлады екіншісі.
– Еркек болмай кетіңдер! – деп шарылдады қара қатын.
Бөренеге шығып үлгерді. Ат үстіне қонғанда, күреңнің
сауырына әлдене сарт етті. Денесі дір ете қалған жануар құ
лағын жымып алып шапшыды.
* * *
– Бар енді! – Күреңнің жүгенін сыпырып алып қоя берді. –
Үйреншікті далаңа кет! Менің қайтып көрер-көрмесім белгі
сіз тауларға жеткенше аялдама!
15-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ол көк шөптің үстіне аунап-аунап алып, дүр-дүр сілкінді.
Көктемгі қар суы тоқтаған саяз көлшіктің сыртындағы
жазыққа қарап үйірсектене кісінеді. Жылқы жарықтық ұлан
далада құлпырып кетеді ғой. Қырдан құбылып жеткен жел
жалын тарап, жер тарпыды.
Қияннан, Арқаның аламанға жаралған апайтөсінен құ
лын күндері күңгір-күңгір қол бұлғады ма екен, желіп барып,
желге төсін төседі. Басын шұлғып тастап, төрт тұяғын көде
лі төскейге тең төсеп көсіле жөнелді. Шашасынан келмейтін
тайызды тасыр-тұсыр жалдап барып кері салды, жанынан
құйындай құйылып өтіп, қайта жосылды.
– Қош, қайран күрең! – деді. – Мен енді жалғыз қалдым.
Таңда түскен жұқалтаң қар күн көтеріле еріп, жағалай
білтеленген шөптің үстінде құр сүлдері сүйретілді.
Иә, бұл жападан-жалғыз қалды. Емі жоқ, сүйеніші жоқ
сүйкімсіз жалғыздық. Көзге шыққан сүйелдей сүреңін ке
тірген, сенделе-сенделе қу сүйегі қалған, шағына-шағына құ
дайды ығыр қылған мазасыз жалғыздық. Қайтып үйірін таба
алмаған, тапқысы да келмеген, табары жоқ екеніне сан ила
нып, сан сенбеген тұл жалғыз.
Әне бір шоқ тал күрең мініп жортқанда жол үстінде сияқты
еді. Сонау үйір-үйір қарағанды кесіп өткен тәрізді еді. Мына
бір селдір сасыр сол қол жағынан көрініп еді.
Енді біраз жүрсе талақтай тарылған жер төбесінде төңке
ріліп тұратын шығар.
– Арыстан менен алыстап кеткен ғой, – деді көкірегінде
запыран ақтарылып. – Қиянға шығандап кеткен шығар.
Жақында жүрсе сағынышы шақырар еді, мұнда семдіре
берген сезіктен басқа селт еткен сезім жоқ қой. Мәңгүрттеніп
кеткен меңіреу бірдеңе, мелшиіп алып үміт атаулыны үркітеді
де тұрады.
Ұйысқан көденің үстіне отыра кетті. Қысы-жазы қыр
соңынан қалмаған мұңлы ыза азынап қоя берді.
– Арыстан менен алыстап кетті! – деп аңырады.
Қаңыраған дала қосыла жаңғырықты, ту сыртында күрең
нің төрт тұяғы айдаланың төсін төпелеп дүңгірлейді, жо
сылған жазықты дүр-дүр сілкіндіріп жатыр. Жонында жүйрік
желмен жарысса, желөкпе жазық жүйтки беруден басқаны
ұмытады ғой.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Маңайы ұлардай шулап, ұлып жатса да шаруасы жоқ,
жазылып алып көсіле жөнеледі, көсілген сайын қолтығы
сөгіледі.
Айдалада аңыраған мұның қайғысына қайырылып қайтсін.
Жайылып жазық болғалы, жонында ғұмыр жортқалы жа
ратқан қайғы-зарға зәру қылып көрген жоқ қой. Мұңайғанға
мұңданып, күрсінгенге күңірене берсе, баяғыда күйреп қал
май ма.
Жарымес жалғанда күйзеле білмейтіндер озып жүр ғой,
қайғыға қарайламайтындардың айдарынан жел еседі, жер-
дүние күңіренген сайын құлпырады. Құшағыңнан жарыңды,
бауырыңнан балаңды сылып алып сылаң қағады. Құдайдың
арлы құлы болғандарды өзінің арсыз құлына айналдырғанша
аямасқа бекінген.
Ту сырты дүрлігіп жатыр. Сағынған өрісіне жұлдыздай ақ
қан күрең шашасына шаң жұқтырмайтын шын шабысын енді
тапқан шығар, тұяқ дүбірі қияннан жұтылмай жаңғырығып
жетеді. Енді оның еркіндігі өзінде, бірін-бірі күні-түн көр
ге сүйрегендерден азат болған шағында есінен айрылған
жалғанның айғай-шуына шалдырмай кеткенше барын салады
ғой.
– Қош, қайран күрең! – деді. – Мен енді жалғыз қалдым. Сен
жалғыздыққа қара танытпай кете алар ма екенсің?!
Орнынан қолқасы суырылып көтерілді. Сонадайдан тү
ңілдірген қалаға басын бәйгеге тігіп беттеді.
Маңайында қараң-құраң жоқ. Соқыр өзені жіңішкеріп
келіп жылғаға айналатын жазықта өзі ғана.
Арқан бойы көтерілген күн ерте білінген құралайдың ың
ғайын бағып қоңыр салқынданады. Түнімен тоңазыған дала
маңдайы жіпсімей тоңтеріс. Тоқымдай жерге тығылып өскен
сарғалдақ суынған өңірге сағы сынып қарайды.
Ту сыртындағы дүбір әлі естіліп түр, дүрлігуін қоймаған
өз жүрегінің дүрсілі ме екен, күреңнің қара үзіп кететін кезі
болып еді ғой.
Төбесінде төңкерілген көк тұңғиығына дөңгелене жұты
лып барады, аяғының астындағы көделі жазық шыр айналды,
теңселіп кетіп түзелді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Басталды, – деді. – Осылай там-тұмдап әл-қуатынан айы
рыла беретін шығар. Бара-бара өң мен түсін айырудан қалса,
арғы жағында алжасу алыс емес.
Қала жаяуға біраз жер. Онда барғанда не күтіп тұрғаны
белгісіз. Жұмақ емес әйтеуір. Тозақта жүргендерге жұмақты
аңсап не керек? Тамұқтағылар бір-бірін тыныш қойса, оған да
үйреніп кетер ме еді?
Сонау көрінген дөңеске жетсе, аяқ суытып алғаны дұрыс
шығар. Бәлкім, сол жерде кешке дейін аялдар, қалаға несіне
асығады?
– Арыстан қиянға кеткен ғой, – деді қамығып. – Ана жа
һаннамданып алған қаладан жалғыз ғана жол шығады. Қия
мет-қайымға.
Жүрегін жас жуды, егілгісі келіп, егіле алмай күйзелді.
Адам шарасызданып біткенде қайғы-мұңынан аңырап жүріп
арылғысы келеді ғой. Соңғы рет қолынан келетіні сол. Мұның
енді оған да шамасы жоқ. Тарлаудың түбіріне сүрініп тұрды,
етігінің табаны зілдей, қорғасын құйып қойған секілді. Тісі-
тісіне тисе сырқырап қоя береді. Бүгін таңнан бері көзінің алды
мұнарланатын болды.
Осы күйінде қашанға шыдар екен, бір, әлде екі апта, содан
соң көшеде бүк түсіп отырып үзілген кемпір тәрізді көк ар
баның қорабына лақтырып тастайды.
Қарсы алдындағы қаланың үстінде каракөк мұнар кіле
гейленеді. Одан екі рет қуылып шығып, тағы да барғалы отыр.
Арыстан жайлы қалайда бір дерек білуі керек. Өлі ме, тірі ме,
қандай жағдайда болса да көзі жетпей тозақ қаладан кетпейді.
Ту сыртынан тықыр шықты, біреу астындағы атын тапы
рақтатып таялып қалғандай.
– Мейлің! – деді. – Кім болсаң ол бол. Таптап өтсең де еркің!
Ол жақындай түсті.
– Мынау мені іздеп жүрмесін! – деп тіксінді. Бағанағы
екі қақпас жау іздеп алақандарына түкіргендерге осылай да
осылай деп зар еңіресе, соңынан қуып келуі де мүмкін ғой.
Бұрылып қарады да орнынан қалбаңдап көтеріле берді.
Күрең құйрығын шаншып алып құйылып келеді. Әне-міне
дегенше желдей есіп жетті.
– Мұның не? – деді ойқастап барып тоқтаған атқа. – Неге
қайттың?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ол ет қызуын баса алмай сырғақсыды.
– Бекер келдің ғой, – деді енді. – Екі рет ажалдан қалғаның
ды ұмыттың ба? Менде енді сені қорғайтын қауқар қалған жоқ.
Қырсыққан тағдыр мойныма мініп алып соңғы күндерімді
санап отыр.
Атты қырға қарай айдамақ болды.
– Кет! Үйреншікті өрісіңді тап! Ана аждаһа қала тірідей
түтпей тұрғанда қараңды батыр!
Сауырынан жүгенмен салып жіберді. Күрең тайыз көлшік
ке қарай желіп барды да, кері қайтты.
– Жоғал! – деп айғайлады енді. – Маңдайымның соры сенсіз
де бес елі! Жауыққан қаланы одан сайын өшіктіріп біткен
жоқсың ба. Көзіне қайтып көрінсең, мені де, сені де қасқайып
тұрып кескілейді.
Ат айдалада жападан-жалғыз айғай салған иесіне үркектеп
қарап осқырынды. Дөңестің етегіне қарай қиыстап құлағын
қайшылады.
– Барсаңшы! – деп жалынды енді бұл. – Бәйге далаң тұр
ғанда менің қажетім қанша саған? Соңыма ерсең, сорың қай
найтынын ұқсайшы. Мен оңалмауға бет алған адаммын.
Күреңнің мойнынан құшақтап, бүкіл жан дүниесі бордай
үгіліп тұрып өтінді.
– Жазда қияғы мен көдесі ту биенің сауырындай төңкері
летін, түгін тартсаң, майы шыққан далаңа бар. Беткейінде
бұлағы сылдыраған, баурайында шалғыны бауырыңды сызған
тауларыңа кет. Таралауы таңдайыңа жағатын құба белдеріңе
асық. Өзің үшін де, мен үшін де жет соларға.
Ат басын жерге салып, түбі көгерген көдені бырт-бырт үзе
бастады.
– Түсінсейші! – деді амалы таусылып. – Сені ана қалада
не күтетінін біліп тұрып қалай алып барамын? Жоқтық пен
аштықтан айуанданып кеткен иттер тарпа бас салуға дайын
отыр ғой. Көше-көшені кезіп сүмеңдеп жүр. «Ат жетектеген
жалғыз қайдасың?» деп тісін қайрап жатқан шығар. Ал сен
менен үйіріліп шықпайсың.
Жүгендеп алып қырға қарай қайта жүрді. Дамылсыз сөй
леп келеді, құлынынан қолында өскен күрең бір түсінсе енді
түсінетіндей самбырлайды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Ана жусанды жазықтан ағып өтсең, құба белдерден соң
Нұра жолыңда көлденеңдейді. Көктемде күркіреп тасыған
өзеннің ашуы әлі қайта қойған жоқ шығар, құлдыраған күйіңде
қойып кетпе. Одан әрі бетегелі ұлан дала, қиқулап жарыса
ды да отырады. Қоңыр салқында көсіле шапқанға не жетсін,
бауырың жазылып, жерің кеңіп сала береді. Талай-талай ащы
теріңді алған айғай дала ғой, алыстан аңсап жеткеніңді сезер,
алқындырмай қиянға құлшындыра шақырар. Содан соң өзің
де құстай ұшасың, көдесі қияғына, қияғы жусанына, жуса
ны ақселеуге кезек-кезек алмасқан құла дүзде бауырыңнан
жарайсың. Екпініңмен құйын үйіріп, тұяғың тастақты дүр-дүр
сілкіндіргенін аңғармай да қаларсың. Сол кез қарсы алдыңнан
етегінен ел кеткен, беткейінен мал кеткен, жалғызсыраған
қайран тауларың қол бұлғар. Қайран биіктеріңмен шұрқы
рап табысарсың. Жанарың еркіңнен тыс боталар.
Сұрар, әлде сұрамас, сәлем деді дегейсің! Аңсар, бәлкім,
аңсамас, жетер бір күн дегейсің! Аялдай көрме тек қана!
Ал мен жұмбағы көп адаммын. Шешуі жоқ қиын жұмбақ
тар кілең. Арыстаннан бастап солай. Ол енді бұ дүниенің
адамы емес, сезеді ғой жүрегі құрғыр. Жағалай жалмаған
жалмауыздар қойсын ба. Жақсы-жайсаң үрейін ұшырады ғой
олардың, ақымақтығы үшін қалтырайды. Естілер тұрғанда
есуастығыңнан құтылмайсың ғой, ақиқатың айтылмай қой
майды.
Иә, Арыстан жоқ енді маған. Ол пәле-жаладан аман болса
бір хабарын өзі-ақ берер еді. Тауға Қайдар келіп-кеткеннен
бері үнсіз. Мына аласапыранда тілсіз қалғанынан-ақ қорқып
едім, қорқа-қорқа келіп едім, күйзеле-күйзеле күйреп бара
мын енді. Тірлігі құрғыр үзілгісі келіп үздігеді де, жанұшы
рып тал қармайды. Алыста, сасық тұмандай торлап алған көп
күдіктің қиянында жанып-сөнген шалажансар үмітке ілініп,
күзгі жапырақтай қалтырайды да тұрады. Әлде жалған, әлде
рас сол сорлы үміт. Итжанды адамның тілегі де итжанды ғой,
айрылмай жүрмін сол үркек үміттен. Ойлай-ойлай сенемін,
сенемін де секемденемін. Өзім күткендей боларына құдайдың
хақтығындай иланғым келеді. Иә, – деймін. – Арыстан түбі бір
ұсталарын сезсе, қолындағы Зейнолланың жайы толғандыр
май тұрмас-ты. Тапқан шығар бір амалын. Аттандырған шы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ғар аңдығанның аты жетпес алысқа. Сен түсін соны, қайры
ла бермей қайран тауларыңмен табыс. Бұл жалғанда саған
олардан өзге қорған жоқ.
Далаңа бар далиған, көкірегіңді самалына төсе де, жақсы
лық тіле жалғанға. Мен үшін де, менің үркек үмітім үшін
де. Ал мен сол солғын үмітімді іздейін, сол үшін жасағаннан
азын-аулақ ғұмыр тілейін. Ағымнан жарылып ақиқатымды
айтайын. Сөніп-жанған үмітім ақталған күні алсаң, арманым
жоқ дейін. Сол сарғайтқан сәтіме жетіп жығылуға мұрсат бер
дейін. Қайырымды ғой жаратқан. Жазықсыз неге зарлатсын?
Жалбарынсам өзі берген өмірдің біржола өшпеуі үшін ғой.
Өмір әуелден пендеден емес, Алладан ғой. Өзі жаққан шырақ
ты өшіре берсін қашанғы.
Сен енді қарайлама маған. Тірі жүрсем, тірі жүрсең та
бармын бір күн қалайда.
Жүгенін сыпырды да кері қайтты. Аялдаса күрең тағы
да оралатындай сылп-сылп жүре берді. Әлгінде аяқ суытқан
дөңестен де өтті, түбінде сасыр тығыз өскен майда қарағанға
да аялдаған жоқ, денесі ауырлап, не болса соған сүріне берсе
де іркілгісі келмеді, тажал қала қайдасың деп сілесі қатқанша
сабылды. Ол енді алыс емес, қалжыраған бұған ет пісірімдей
жерде түксиеді.
Жолшыбай жуандығы баланың білегіндей қу ағаш тауып
алды, бірде сүйеніп, бірде беліне көлденең салып тағы да шай
қайнатып жүрген. Шамасы соған зорға жетті, тізеден келетін
бидайыққа теңселіп келіп құлай кетті.
– Әлімнің құрып бара жатқаны-ай, – деді. – Ұзақ жатсам
тұра алмай қалар ма екем?
Соңғы күндері көрер таңды көз ұшында атырғандықтан
ғой, кірпігі айқаса берді. Сергелдең ой бірі келіп, бірі кетеді.
Қалтасындағы жалғыз алтын ақшаға қанша нан алуға болады
екен? Әрі кетсе, бір табасы шығар.
Жер сыз ба, кеудесі суынды, таңда жауған қар суы сіңіп үл
гермеген ғой. Құралай тағы қалай құбылар екен. Тау сағалап,
дала жалдап жүрсе болжай да алар еді. Енді болжап не керек?
Жалғыз таба нан неше күн талшық болар екен? Күніне бір
үзімнен амалдаса, екі-үш аптаға жеткізеді ғой. Екі-үш апта
өмір ұзақ па, қысқа ма? Екі-үш аптада үркек үміті сөнер ме
екен, жанар ма екен?
АЛДАН СМАЙЫЛ
Кеудесін төсеген қатқақ жердің жүрегі дүрс-дүрс соғады.
Мүмкін өз жүрегі шығар.
Дүрсілдеген жүрек – тықылдаған сағат. Тоқтайтын күні
алыс па екен, жақын ба екен?
Жүрегінің дүрсілін үмітінің дүрсіліне жалғай алса, арман
не?! Қатқақ жер тақ-тұқ. Жүрегінің тықылына осынша жаң
ғырыққаны ма?
Әлде... Күрең кеткен жаққа жасқана қарады.
* * *
Қалаға көз байлана енді. Арыстанның үйіне алыстан абай
лап келіп таялды. Шарбақтың алдында біреу жүр. Мұны көре
сала алдынан шықты.
– Бар екенсіз-ау, әйтеуір! – деп аттың шылбырынан ұста
ды. – Осымен үшінші рет іздеп келіп тұрмын.
– Жүрміз ғой сенделіп, – деді ерден түсуге ыңғайланып.
Кеше келіп жолыққан жігіт. Бұл мұны неге шыр айналып
жүр?
– Аттан түспей-ақ қойыңыз, – деді ол. – Менімен бірге
барасыз.
– Қайда?
– Үйге.
Бетіне жылышырайланып қарады.
– Бұл не қылған адам деп тұрған шығарсыз?
– Танымайтын адам қайта-қайта іздесе, әрине.
Ол шылбырды қоя беріп, аттың жалына асыла таялды.
– Сіз Арыстанның әкесісіз ғой? – деді күтпеген жерден.
Не дерін білмей аңтарылып қалған мұның жауабын тоспай
іліп әкетті.
– Мен ол кісінің жақсылығын көрген адаммын, сізді тө
ңіректеп жүргенім де сол.
Бұл атын тебініп тұра жөнелетіндей күреңнің жалына жа
бысып алған.
– Айтылатын әңгіме көп, үйге барып, кең отырып сөйлесе
йік, әке.
Жүрегі шым ете қалды. «Әке» деген сөзді естімегелі қашан?
Ол алдында, бұл соңында, қаланы қиғаштап ұзақ жүрді. Жер
ШЫҒАРМАЛАРЫ
астынан көмір тартатын мұнаралар жақтағы ат қораға ұқсас
ұзын үйге жеткенше жігіт өз жайынан сөз қозғаумен болды.
Тыңдап отырса, қырда бұл көрген сұмдықтың бәрін ол да
басынан өткеріпті. Сөзін түгендей келіп:
– Япыр-ай! – деп таңдайын қақты. – Адамға адам осынша
ұқсайды екен ғой!
Үй толы бала, есіктен кірген бұған қарап үрпиісіп тұр.
Отыздардағы екі әйел сәлем берді, төрде сақалы беліне түскен
қария мүлгіп отыр. Есендесіп еді:
– Жылқыдан келдің бе? – деді. – Өрісін ауыстырып па? Не
айтарын білмей жанында тұрған жігітке қарады.
– Назар аудармай-ақ қойыңыз, – деді ол. – Көрген-білген
сұмдығы жаңылдырған бұл да бір мұңлық.
Түкпір жақтағы темір пештің жанына жайылған дастар
ханға қарай бастады.
– Есімімді айтпаппын-ау сізге, – деді отырып жатып. – Атым
Сүлеймен.
Дастархан жүдеу, бір-екі жапырақ нан мен кеше түнде
тәпелтек алып келген түбір секілді үш-төрт түйнек көрінеді.
Әйелдің бірі жез шәйнекпен бірге кішкентай кесеге салынған
быламық әкелді.
Сүлеймен:
– Алыңыз, алыңыз, – деп отырып, мән-жайды тәптіштеп
айтып шықты. – Жаны жомарт, жүрегінен иман төгілген адам
ғой, – деп күрсінді. – Ол кісі болмағанда, осы үйдегілер түгел
итжемеде өлетін едік.
Шай құйып отырған әйел жаулығының ұшымен көзін
сүртті.
– Жылқының бетін Ақтекенің жайлауына қарай бұрыңдар
деп едім, бұлар тыңдай ма! – деді төрдегі қария. – Ақтекенің
бауыры жайқалып тұрған шығар-ау!
Балалар үйір-үйір бөлініп тым-тырыс.
– Шырағым! – деді Сүлейменге. – Арыстан жайлы не біле
сің, түгел айт. Бүкпей айт. Мен тағдырдың салғанына көнген
жанмын. Біржола көнген.
Ол күрсініп қойып төмен қарады.
– Күмілжіме! – деп жетектеді енді. – Көңілге қарап көлең
келейтін не қалды? Жалғанда дүдәмалдықтан жаманы жоқ.
АЛДАН СМАЙЫЛ Анығын білсем, ауыр да болса ақиқат қой. Шықпаған жан ға шындық та дәру. – Тынығып алыңыз. Бұл әңгімені содан кейін жалғас тырайық, – деді ол қашқақтап. – Қарағым, уды у қайтарады. Уланып біткен мені мүсіркей тін болсаң, одан сайын улайсың. Шай құйып отырған әйел орнынан тұрып кетті. – Менің білетінім көп емес, – деді Сүлеймен. – Арекең осында соңғы рет келгенде алай-түлей боран болатын. Қай тарында мініп келген атын тастап, Қайдарды өзімен бірге ала кетті. Соған жиған-тергенін түгел беріпті. «Жартысын балаларға қалдыр да, қалғанын өзіңде ұста. Мені қамады деп естіген күні қаладан кет» депті. – Қайдар қашан кетті сендерден? – Сол түннің ертеңіне қалаға барып келді де жолға жинал ды. Арыстанның үйінде атыс болыпты деп, үрейі ұшып жеткен. Есіміз шығып кетті. «Аялдай тұр, аужайын білейік» деп едім, көнбеді. Көз байланғанша отырды да, қараңғы түсе қош айтысып кете барды. – Атыстың жай-жапсарын кейін біле алдың ба? – Жоқ. Қан ұрттаған хайуандар ылғи түн жамылып жүре ді ғой. Үйдің маңындағы елден сұрастырып ем, дерек ала алмадым. Көршінің әйелі таңға қарай мылтық даусы естілгенін, те резден пар ат жеккен күймелі шананы көргенін айтты. – Қайдар кетерінде басқа ештеңе деген жоқ па? – Жоқ. – Қайда баратынын да айтпады ма? – Сұрап едім, «Сенің Арыстан жайлы да, мен жайлы да ештеңе білмегенің дұрыс» деді. «Ол неге ізін жасырды екен? – деп ойлады. – Арыстан Зейнолланың қамын ойлап, Сүлейменге сыр ашпа деді ме екен? Өзін ұстағандар айналасын түгендеп жүріп күндердің бір күнінде бұған да шығуы мүмкін ғой...» – Қайдар сол кеткеннен хабарсыз, – деді Сүлеймен. – Ұштыкүйлі жоғалды. Әуелде араға уақыт салып бір соғар деуші едім, содан бері қыс та өтті. Тірі болса оралар, ат айналып
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қазығын табады ғой түбінде, өлгендерден басқаның бәрін кү
тесің.
Майшамның сығырайған жарығы дастарханның үстінде
дірілдейді, ұзыннан-ұзын үйдің қалған жері қараңғы. Екі
әйел балаларға төсек салып жүр. Төрде қарауытқан қария
өзімен-өзі күбір-күбір.
– Ақтекенің жайлауында күнде ойын, күнде той еді, – деп
күрсінеді. – Қымызға қызған ел қызарып атқан күндей қыза
ра бөртетін.
Күндердің бір күнінде мұның да осылай өткенді ессіз қоз
ғап, өзегі өртеніп отырмасына кім кепіл?
Сүлеймен үнсіз, дастарханның бұрышын уқалап тұнжы
райды.
– Арыстанның үйінде болғалы Қайдар екеуінен басқа еш
кім көзіңе шалынбады ма? – деді.
–Жоқ. Әредікте көшірі кіріп-шығатын. Басқа келіп-кетіп
жүрген адамды байқамадым. Ел ақар-шақар араласатын уа
қыт па? Бірінің төбесін бірі көргеннен бұғады.
Үйдің ішін тағы да үнсіздік жайлады, екеуден екеу тұнжы
рап ұзақ отырды. Балалардың бірі қыңқылдап жылай бастады.
– Түн болып кетті ғой, ертең барамыз, – деді жұбатқан әйел. –
Таңертең тұрамыз да жолға жиналамыз. Ал қазір ұйықта.
– Шешелерін әлі күнге іздейді, – деді Сүлеймен. – Күдерле
рін бір үзбейді.
Содан соң:
– Айтпақшы! – деп қалбалақтады. Ішкі қалтасынан шын
жыр баулы сағат алып шықты. – Мынаны Қайдар беріп кетіп
еді.
Қалай да сақта деп қайта-қайта тапсырды.
– Өзінікі ме?
– Жоқ. Соңғы жолыққанда Арекең беріпті. «Әкем тірі
жүрсе, соңымнан іздеп бір келер, сонда ұстатарсың қолына.
Атам Жұмағұлдың киесі сіңген заты еді, иесіз қалмасын»
депті. Қайдардың маған табыстағаны, жалғыз-жарым жүрген
адам әртүрлі жағдайға тап болады, айрылып қалармын деп
сақтанғаны шығар.
Майшамның жарығына айналдыра қарап жазбай таныды.
Әкесінің қақпақты күміс сағаты. Немересіне ырым қылып
берді ме екен жарықтық?
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ой, дүние-ай! Сенейін десең – сенгісіз, сенбейін десең –
ақиқат, екеуі де жоқ енді мына жалғанда.
Тіл ұшында дірдектеген дертті әңгімеден соң сары уайым
үнсіздік тұмшалап алып сыздады. Жарымес жалған да, жұ
таған жұртында кәрінен айырылған кәрі жын азынаған өзі де
мәңгіріп барады. Сол дел-сал, мәң күйінде делқұлы дүниеге
жым-жырт жұтылып кеткісі келді. Мең-зең мәңгүрттіктен
жанын жалдап жырылып шыққысы келді.
* * *
Күрең қала жақ ойпаңда жайылып жүр. Далаға қанша
қуса да айналсоқтап кетпей қойған жануарға жүрегі жылып
қарады.
Жылқы жарықтық та иесіне осынша бауыр басады екен ғой.
Отар-отар қойдан, үйір-үйір жылқыдан қалған жалғыз
тұяқ осы.
Жалпақ даланы жағалай жалмағанда, қыруар малды бұ
лар қайда жіберіп жатыр? Қала да, қыр да неге шетінен аш?
Байдан сыпырып алғанда, жарылқамақ болған жарлыға неге
қимайды?
Есік алдында жүрген балалар жүдеу, бой салып ойнамай
ды, жарқылдап күлмейді, дыбыс шықса, бір-біріне тығылып,
айналаға жасқана жәудірейді. Шеткерірек тұрған бес-алты
жастағы ер баланың етегіне жабысып алған балдырған бұған
әредік аң-таң қарап, бірдеме деп былдырлайды.
Жанында отырған қария ата-бабаларына қайта-қайта
құран бағыштап, ақыр аяғында өзімен-өзі әңгімелесуге кірісті.
Екі әйел үйдің алдындағы егіске еккендерін баптап жүр.
Олар да жабығыңқы, бір-бірімен сирек тілдеседі, көбіне
үнсіз.
Бұларға сырласудан үрейлі не бар дейсің, аузын ашса,
көрген-білген сұмдығы ащы запыран болып ақтарыла жөнеле
ді ғой. Содан кейін тоқтап көр, қайғы-шер таңды-таңға қосып
зарласын да тұрсын.
Әлгі ер бала екі-үш жасар балдырғанды жетелеп келе жа
тыр, таяла беріп имене тоқтады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– О не, балам? – деді басынан сипап. – Ол батылсызданып
жанарын алып қашты. – Айта ғой, не сұрамақ едің?
– Мынау да мазаны алған, – деді ол.
– Қарындасың ба?
– Иә.
– Аты кім?
– Айгүл.
– Ол не деп мазаңды алады?
Бала жасқаншақтап келіп құлағына сыбырлады.
– Сіз бұған «Мен сенің атаңмын!» деңізші.
– Жарайды, айтайын.
– Жәй айта салмаңыз.
– Қалай дейін?
– Атам оны «Күн жоқта күн болған, ай жоқта ай болған» деп
еркелететін.
Өзіне қарап күлімсіреп тұрған балдырғанды:
– Әуп! – деп көтеріп алды. Ағасы айтқандай айналып-тол
ғанып, бетінен иіскеді. Жұртта қалған жыртық сабадай қаң
сыған көкірегі жылып жүре берді.
– Ата! – деп мәз-мейрам болды ол. – Ата!
Маңдайын төсіне төсеп, жеңіл күрсініп қойды.
– Сенді, – деді бала. – Жақсы болды ғой.
Екеуінен сағыныштың лебі еседі. Шөлі басылмайтын,
мейірімі қанбайтын, тауы шағыла беретін жетім сағыныш.
Қария бүйірінен түртті.
– Сен осы Құнанбай мешітінің имамы емесің бе?
«Жоқ» десем меселі қайтар деп:
– Иә, – деді.
– Онда айтшы, жұмақ пен тозақтың арасы қанша жер?
– Қас қағымдық қана.
– Соншалық жақын ба?
– Жақсылық пен жамандықтың арасындай ғой.
Қария кебесінің басына қарап ойланып қалды.
– Солай екен-ау.
Балдырған алдынан сырғып түсіп балаларға қарай жүгіре
жөнелді, секіріп қойып желкілдеп барады.
Құралайдың салқыны кеше қар бүркіп басталып еді, бүгін
ылғалсыз қара суық ызғырып тұр. Аш-жалаңашқа жайсыз.
Үйге қайтқан екі әйел:
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Көгергенді үсік шалады-ау! – деп уайымдайды.
Қала жақтан қаңғып келген шуда бұлт шуы түспеген ін
гендей маңқиып, қырға қарай маңып барады. Маң далаға
жалбырап жеткенше жырым-жырымы шығып жыртылып
бітер.
Малсақ дала биыл төл даусын ести алмай дал шығар. Қо
зы маңырап, бота боздап, құлын күлдір-күлдір кісінемеген
көктемге күдікпен қарап тұр ма екен? Мамырдан уыз сауа
алмай, төл иіскеп төсі иімей, жамырап у-ду шуламай жа
бырқайды да жарықтық.
Қысыр қалған құла дүз құрауламай кімге керек, құла
зытқан құрғақ күндер кетеді де бір-бір саңғырып. Көкорай
шалғын ен жайлау желегі көлбең қаға алмай, көлікті көш
ке қызғалдақ көрімдікке бере алмай, қапталдағы қапсағай
тауға жаутаң-жаутаң қарар-ау «Ел төбесі көрінсе, ұран салып
бұрын айт, сүйіншің, міне, даяр!» деп. Елсіреген қартаң тау
ерте тұрып елеңдер «Бұл жұрт қайда кетті?» деп. Сағынады
ғой жайдақ жұртын, жабығады ғой көп ойлап. Ел кеткенде
шұбырып, соңынан қарап күрсініп, егілген шығар сан қабат.
Тау шерленсе тас үгілер «Керегім енді қанша?» деп. Ел мен
жерді жаратқан жалғап қойса сезіммен, аңсамай тұрмас бір-
бірін. Сезімсіз жалған сергелдең ғой әуелден.
«Сезімсізден сақта!» деп жаратқанға зар илер. Сезімсіздер
сенделткен жоқ па жағалай. Зауалды сезбегендер заманды
сезіп не жарытсын? Сезімсіздікте шекара жоқ, бетсіздік шек
сіздігімен түңілдіреді ғой. Біреудің мұңын сезе алмаған өз
қайғысының төркінін қайдан танысын? Сезімсізге бәрі өгей,
жатсынып жүріп жауласар, жалғанға ортақ болдың деп.
Шектеле алмағандар сезімнің шексіз ғалам екенін қайдан
білсін. Шектен шыққандар құдайдың шеңберінен шығып
кеттім деп даурығады. Алла мен адамның арасына қыл көпір
тартып айғай-шу.
Шуда бұлттан белгі жоқ, жел өтінде жалпылдап қырға да
түбі бір жетер.
Құралайдың салқыны үйір-үйір жылқыға шыбынсыз
жаздың өзі еді. Былқылдақтың жайлауы құлпырып тұрған
шығар бұл күнде. Жылда осы уақытта әкесі екі-үш үймен
елден бұрын қонатын.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қария жан-жағына қарап елеңдеді.
– Осы мен жұмақта жүрген жоқпын ба?
Айналасын аң-таң шолып, ақ сақалын салалады.
– Тозақта кімдер жатқанын көрер ме еді...
* * *
Ертеңіне жаяулап қалаға келді. Орталық көшеге жа
қындағанда өзі секілді шұбырынды қазақтарды айдып келе
жатқан салт атты солдаттар көрінді. Біреуі байқап қалып,
мұны да соларға қуып тықты.
Қайда апаратыны, неге жинап алғаны түсініксіз, әйтеуір
қолды-аяққа тұрғызбай келеді. Сол беттерінде қаланың ше
тіндегі ақ тақырға әкеліп иірді.
Тақырдан әріректе қоңырқай киіз үй тұр, жанында он
шақты ат арба. Киіз үйден үш әскери адам шығып өздеріне
қарай жүрді. Алдындағы қызыл жағалы таяу келіп талтайып
тұра қалды, бұларға адам көрмегендей адырайып қарайды.
– Мыналарың салдырлаған қу сүйек қой, – деді жанында
ғы екеуге.
– Өзіңіз тапсырған шаруаға осылардан қолайлысы жоқ, –
деді қылышы салақтаған тығыршық қара. – Барған күні көже-
қатық беріп тірілтіп аламыз.
– Әй, қайдам... – деді қызыл жағалы. – Қара да тұр, мы
налардың біразы жолда сеспей қатады.
– Өлгені өлер, өлмегені жетер, – деді анау. – Оны мүрдем
кетсе, жүзін қолма-қол жайнап аламын, қала толы осылар.
Қаптап келіп жатыр, келіп жатыр.
– Мейлің! – деді жағалы. – Тартыңдар!
Атар баға үйме-жүйме отырғызып ала жөнелді, бағыты –
Теміртау жақ. Сол беттерінде шамасы он-он бес шақырымдай
жер жүрген шығар, бастап келе жатқандар қалың ағаштың
ішіне еніп тоқтады. Қылышы салақтаған қара атын ауыз
дығымен алыстырып әмір беріп жүр. Соның нұсқауымен
бәрін шоқтай үйіріп, талдың тасасына тігілген төрт киіз үйдің
жанына айдап әкелді.
Ат үстінде саңқылдаған қараның сөзінен ұққаны: бұлар
ертеңнен бастап осы жерде мал сояды. Тәртіп әскери, күңкіл-
АЛДАН СМАЙЫЛ
сүңкіл, қыңқыл-сыңқыл деген болмайды. Қыңырайғандар
мен сөз қысқа.
Келген адамның ұзын саны елуден астам, он бес-жиыр
мадан киіз үйлерге бөлді. Бұл шет жақтағы шаңыраққа жі
берілгендердің ішінде кетті. Шал-суаны, жасамысы бар – бәрі
кірген бетте жерге төселген құрым киіздің үстіне сылқ-сылқ
құлады. Содан кешке дейін ешкім мазалаған жоқ, қас қарая
далаға үйме-жүйме айдап шығып, ұзын тақтай үстелге жаға
лай тізді.
Бергендері – ішінде селдіреген бидайы бар қайнатқан
сылдыр су, тісіңде сағыздай иленетін бір тілім қара нан.
Ертесіне құлқын сәріде тұрғызып, ағаштың сыртындағы
биік шарбаққа алып келді. Шарбақтың іші тола жылқы, кемі
жүз қаралы. Солдаттар сыртынан айналып жүріп гүрс-гүрс
атқылап жатыр.
– Сұмдық-ай! Мынасы несі?! – деп түршікті жанында тұр
ған күзен тақиялы.
Жылқы шұрқырап апыр-топыр, бірін-бірі баса-көктеп
жуан бөренелерден тұрғызған шарбақтың қабырғасына шап
шиды, оқ тиіп жығылғандарын таптап жаншып жатыр.
– Обал-ай! Алла-ай! – деп безектеді ел.
Шарбақтың өздері жақ жиегіне жалы төгілген қарагер
асылып аласұрды, жанары ұясынан шығып шатынап кеткен.
Беткі жуан бөренеге алдыңғы аяғы іліге беріп сусиды, қыс
тыға шұрқырап қайта қарғиды.
Айнала желдірткен солдаттардың бірі көріп қалып, мыл
тығын маңдайына тіреп тұрып басып салды. Шарбақтың қа
бырғасы солқ-солқ, астынан жылғаланып аққан қан шөп
арасымен аяқтың астына қарай жылжып келеді.
– Мына кәпірлер жылқыны құлынымен қоса қамаған ба?! –
деп үрейленді тақиялы.
Екі бөрененің арасынан құлынның тұмсығы қылтияды,
байғұс тар саңылаудан шығып кететіндей жанұшыра талпы
нып жатыр. Аласапыран болған көп жылқы толқып келіп
шарбаққа жапсырып тастады ма, саңылауға кеңсірігіне дейін
күтір-күтір кептетіліп қалды.
Атын қызыл танау қылып таялған солдаттың алдынан
шибарқыт киген шал қалбаңдап шықты.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Мыналарың не, құдай-ау?! Есіл малды азан-қазан қыр
май-ақ соятын едік қой, – деп шаужайына жабысты.
– Тоқтат!
Ол қарияны тізесімен қағып өтіп шалқасынан түсірді.
– Бұлар, кәріне іліксең, мына тұрған елді де дәл осылай
қырып салудан тайынбас! – деп шошынды тақиялы.
Әлекедей жаланған иттер шаруасын сүтпісірімде бітіріп,
тізгін тартты.
– Кәне, іске кірісіңдер! – деп шаңқылдады қылышты
қара. – Ана арбаның үстінен пышақ пен қайрақ алыңдар да
қимылдаңдар. Сендердің шаруаларың – жылқының терісін
сыдырып, кесек-кесек бұтарлай беру.
Шарбақтың іші тобықтан қан, шылқ-шылқ етеді.
– Мына жерде малды қалай соясың? – деп шегіншектеген
дерді солдаттар төбелерінен қамшы үйіріп жүріп қуып тық
ты.Құдайдың басқа салғанына дауа бар ма, ел күңкілдеп жү
ріп күйбеңге көшті. Тақиялы екеуі шарбақтың кіре берісіне
құлаған торы биеге жақындаған.
– Жануар-ай, жаның қыстыққан шығар! – деп үркектеді ол.
Алдыңғы аяғын бунай бастаған бұған бие әлі тірі сияқты
көрінді. Жанарына қарап, денесі дір ете қалды, көзін ашып-
жұмып жатыр.
– Тоқта! – деді шабын іреуге кіріскен тақиялыға. – Мына
ның жаны шықпапты!
Ол пышағын лақтырып жіберіп ыршып түсті.
– О, құдай, не дейді?!
Оқ биенің өкпе тұсынан тиіпті, жанұшырған жылқының
бірі басып өткен ғой, мойнының терісі алақандай болып
сыдырылып қалған.
– Қиналып жатыр, байғұс! – деп дірдектеді тақиялы.
– Бауызда! – деп еді, ат-тонын ала қашты.
– Атама! Жоламаймын! – деп шырылдады.
Шарбақтың іші қаптаған қара шыбын, көлкілдеген қанға
қона-қона молайып, аяқтың асты киіздене бастады. Не аузың
ды, не көзіңді аша алмайсың.
Қанша бекінсе де биені бауыздауға қолы батпай қойды.
«Пышақты лақтырып тастап, қалаға тартып отырсам,
мыналар не істер екен?! – деп ойлады. – Ата салуы мүмкін-ау!»
16-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Не істерін білмей сенделіп тұрғанда, шарбақтың орта тұсы
у-шу болды да кетті.
– Қаш!
– Қағып өлтіре ме, ей, мынау?!
– Ойбай, былай кет!
– Жолына тұрма! – деп шәт-шәлекейі шығып жатыр.
Ат па, айғыр ма, есік пен төрдей шабдар маңайындағылар
ды айнала тепкілеп, шарбақтың қабырғасына барып соғыл
ды да кері салды. Теңкиіп жатқан көп жылқының үстінен
үркектеп қарғып, аласұрып келеді. Тақиялы екеуіне жақын
дағанда жалт беріп, шашасынан келген қанға тайып құлады.
Шұрқырап жіберіп, апыр-топыр ұмтылып, табаны жерге тиген
бетте шарбақтың ашық қалған есігіне қарай шапты. Алдынан
жүгіріп шыққан екі солдаттың ортасынан қақ жарып өтті.
– Бәрекелді! – деп айғай салды тақиялы. Сырттағылар азан-
қазан.
– Атқа қон!
– Жүгір!
Тұяқ дүбірі шарбақтың дала жағына қарай ойысты.
– Ат! – деп өңешін жыртты біреу.
– Е, Алла! Жануарға жар бола гөр! – деп шылқылдаған
қанның үстіне тізерлеп отыра кетті тақиялы. Тарс-тұрс мылтық
атылды. Оқ тимеді ме, әлгі өңешін жыртқан боқтап жіберіп
барқырады.
– Дәлдеп ат, малғұн! Мылтық тағы да гүрс етті.
– Хайуан! – деп қылғынды жаңағы дауыс. – Қай жеріңді
көздеп отырсың?!
Тұяқ дүбірі алыстап барады.
– Құтқара гөр! – деп жалбарынды тақиялы.
Тыстағы у-шу басыла бере шарбақтың ішіне мылтықтарын
оңтайлап ұстаған солдаттар кіріп келді. Бырдай болып жатқан
жылқыларды теуіп көреді де, жаны шықпағандары табыл
са, маңдайдан сілейтеді. Бірен-саран тірі қалғандардың дені
құлын, әр жерде құлап-тұрып жүр, олар енді соларға қырғи
дай тиді.
– Иттен жаралған айуандар! – деп ышқынды тақиялы.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Күндер сылбырап өтіп жатты. Жуан бөренелерден жасал
ған шарбақтың іші таң сайын жылқыға толып тұрады. Тағы
да тарс-тұрс, тағы да қан-жоса қырғын. Әуелде жазатайым өз
ауылының жылқылары тап болып қалар ма екен деп қорқып
жүрді. Ақ-адал малыңды алдыңнан кетсе де мынадай сұм
дыққа қимайды екенсің.
Жылқы жарықтық сезімтал ғой, солдаттар мылтықтарын
шошайтып таялғаннан шұрқырай бастайды. Әсіресе мама
биелердің қиналысы ерекше, құлындарын бауырына алып,
сыртта қарауылға алғандарға құты қаша қарап, әбігерге түседі.
Ат-айғырлар қабырғаны тарс-тұрс тепкілеп аласұрады, биік
дуалға дамылсыз қарғумен болады, айбат шегіп арпалысып,
қансырап құлағанша қайрат қылады.
Күңгір-күңгір кісінесе, қырдағы елдің бетіне қан жүгі
ріп, қартаң даланың қабағы ашылатын есіл мал осылай топ-
тобымен қырылып жатыр.
Қаптаған көк арба күн сайын қораптарын етке толтырып
алып ғайып болады, қайда, кімге әкететінін ешкім білмейді.
Елдің арасында да шығын бар, осында келгелі бес қария
дүние салды, бәрінің өлімі бірдей, шетінен мал сойып отырып
үзіліп кетті. Ауырмайды, сырқамайды, әлсіреп жүреді де көз
жұмады.
Қалған жұрттың жағдайы да шықпа, жаным шықпа, күніне
жалғыз рет беретін сұйық көже мен саз балшықша иленген
кебек нан қайдан ас болсын, ал жұмыс ауыр, таңнан кешке
дейін тыным жоқ, жатын орынға сүрініп-қабынып зорға же
тесің, әл-қуат сарқылып барады.
Түн баласы жадау сорлылар өткен-кеткен әңгімені тая
ныш қылады. Көрген қорлық, бастан кешкен қиындық сар
қылмайды, аштан өлген әйел-баланың, оққа ұшқан ағайын-
туғанның, жер ауған бауырдың қайғы-мұңы болып жалғаса
береді, жалғаса береді.
Сондай сүреңсіз сөзге тақиялы араласа қоймаушы еді,
бүгін тиегі ағытылып кетті. «Тыңда!» деп қойып ащы ішектей
созып отыр, құлақ қоймасаң, тұралаған байғұс жұтап қала ма
дейсің.
АЛДАН СМАЙЫЛ
«Иә!» деп қойып дем бересің.
– Қарашаның қарлы суығында өзімізге қараған бес үй
жолға шықтық, – деп жалғады ол. – Жегжат, тамыр-таныс
соңымыздан үрке қарап тұр. Еңіреген бала мен аңыраған әйел,
ұлыған ит төбе құйқаңды шымырлатады. Елмен, жермен боз
дап қоштасқанда, алты қырдың асты күңіренеді. Жер сілкін
се сыр бермейтін қариялардан да сабыр қашқан, ақ сақалдың
бойымен тарам-тарам жас ақса, дүние жалған аһ ұрады. Қой
шы, әйтеуір күйзеле-күйзеле кеттік. Өз орнында қалғандардың
ертеңгі күні не болары белгілі, мал жоқ, түк жоқ, үскіріктетіп
жеткен қыстан аман шықпайды. Біздікі – белгісіздік, отыра
берсең, омаларың анық болған соң Қарағанды қайдасың деп
далбасалап келеміз.
Жол жүрген сайын ауырлай берді. Нұра өзенінің бойын
дағы Көбетей деген жерге таялғанда әр тұстан өліп жатқан
адамдар көзге шалына бастады. Қарағандыға жақындаған
сайын олар көбейе берді. Қу далада қаусаған шал да, жігіт-
желең, қыз-келіншек те, анасының бауырына тығылып қа
тып қалған сәби де жатыр. Қарасаң, жүрегің қан жылайды.
Өлмеймін, жағаласып бағамын деген соқыр сенімің тас-талқан
болады. «Мына бейбақтар қалаға жете алмай үзілгенде, біз қай
жерде мүрдем кетер екенбіз?» дейсің.
Не керек, арып-ашып Қарағандыға да іліктік. Шаһардың
іші құмырсқаның илеуіндей, шетінен сіңіріне ілінген, өлуге
қолы тимей жүрген біреу, жақындасаң, зар илеп жабысады.
Бастапқыда базарға апарып нан-панға айырбастайтын ол-
пұлымыз болды. Біреудің қоржын үйін паналадық. Келе-келе
құр қол қалдық. Қара базарда жұдырықтай нанға екі жүз елу
сом сұрайды, оған шама қайда?
Сөйтіп өлімге бел байлап жүргенде, қалаға өзімізбен бірге
жеткен Аманжол деген ағайыным келді. Өзі әбден жүдеген, қу
сүйегі ғана қалған.
– Бауырым, – деді салы суға кетіп. – Ақылдасайын деп едім.
– Иә, айта бер.
– Бауырымдағы жалғыз баланы асырай алатын емеспін.
Осында жетім балалардың үйі бар дейді, соған берсем қайтеді?
– Алдымен барып көрейік.
Келсек, ол жатаған ғана үй екен, ішінде он шақты бала жүр.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бәрі аш-арық, тілемсектеніп, телміріп қарайды. Қолда
рында бір-бір шыбық. Ересектеу біреуі бізден қайыр болмай
тынын білді ме, жуынды-шайынды төгілген жерді әлгі шы
бықпен шұқып, әлденені алып жей бастады. Қалғандары да
соны істеп жатыр.
– Бұлар нені талшық қылып отыр? – деді ағайыным. Қа
расам, өлген тарақан, сол сияқты тағы бірдеме. Көзіме жас
тығылды, қалталарымды ақтарып едім, тәңір-ай, ең құрыса
нанның қоқымы да шықпады. «Мына сорлылар да күні ертең
түгел қырылады-ау» деген суық ой өн бойымды қарып өтті.
Өз-өзімді ұстап, әлгі ересек балаға таялдым.
– Әке-шешең бар ма?
– Аштан өлген, – деді ол жерден басын көтерместен.
– Мұнда сендерге тамақ бермей ме?
– Несін береді, тәрбиешілердің өзі аш, түк таппаған соң
үстіміздегі киімімізді сатып жіберді.
Енді жағдай белгілі болды, екеуміз сүлдерімізді сүйретіп
үйге қайттық. Күнкөріс күн санап емес, сәт санап қиындай
түсті. Бес жанбыз, әкем мен шешем, екі қарындасым бар. Олар
әлсірей бастады.
Көшеге шықсаң, қадам сайын өлген адамға сүрініп жы
ғыласың. Әуелде оларды арба-шанаға салып алып кетуші еді,
енді жинауды қойған, үй-үйдің арасында тарыдай шашы
лады. Сөйтіп жүргенде әкем, одан соң шешем ауырып қайтыс
болды. Аш адам сыртқаттанса, бірден құлдырайды екен,
екеуі де көп жатқан жоқ.
Анамды арулап жерлегім келді. Ананың жолы ауыр ғой.
Жаназасын шығаратын адам іздеп базарға бардым. Сонда
әркімге бір жалынып жүргенде, Ақылбек деген жегжаты
мыз жолықты, қолында баланың көйлегі, сатпақ болып жүр.
– Шешем қайтыс болды, – дедім жанына барып.
Ол естімеген адам секілді бетіме сүлесоқ қарады.
– Шешем өлді, – дедім енді қаттырақ дауыстап. Жегжатым
ернін жыбыр еткізді.
Естімей тұр ма деп тағы айттым. Оның өңі қуқылданып
кетті.
– Неге тақылдай бересің?! – деп айғай салды. – Өзім де қара
жамылып тұрмын! Баланың соңы кеше ғана көз жұмды. Мына
көйлек сол байғұстікі. Пұл қылып, жерлейін деп едім сорлыны.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Даусы жарықшақтанып барады, жанары қанталап кеткен.
Бір кезде өзін-өзі төпелеп, бас-көзге қарамай сабалай жө
нелді.
Зәрем ұшып тұра жөнелдім. Шешемді ақыры арулап көме
алмадым.
Қарындастарым уақыт өткен сайын әлсірей берді, күн
ұзын соларға бір үзім нан іздеп сабыламын, бірақ қайдан
табасың, әдеттегідей екі иінің салбырап құр қол қайтасың.
Бір күні көшеде сенделіп келе жатқанда, қызыл жағалы
ұстап алды, дедектетіп отырып кең етіп қоршаған аулаға
алып келді, ішінде үлкен қора бар екен, алдында ат жегілген
шаналар, мен секілді сіңіріне ілінген төрт-бес адам тұр.
– Сендер ана қорадағы мүрделерді қаланың сыртына та
сисыңдар, – деді қызыл жағалы.
– Ақы төлейсің бе? – деді ілмигендердің бірі.
– Төлеймін, – деді анау.
Ішке кірдім де тілім байланып тұрып қалдым. Ұзындығы
жүз елу, екі жүз, ені қырық-елу қадам болатын қора төбесіне
дейін лық толған өлген адам. Сыртқа шығып жөніме кетейін
деп едім, қызыл жағалы қайта қуып тықты. Сонымен, амал
жоқ, мүрделерді ат шаналарға сала бастадық. Бәрі жала
ңаш, киімдерін сыпырып алыпты. Қалада «Қызылдардың
өздері өлгендердің киім-кешегін базардың жүліктері арқылы
сатқызады екен» деген сөз тарап жүретін. Рас болды дедім.
Мүрделерді артып алып қаланың сыртына шықтық. Сай
лауытта жеті-сегіз адам жалындатып от жағып жатыр. Біз
әкелген мүрделерді шанадан аударып тастады да, қол-аяқ
тарынан ұстап соған лақтыра бастады. Осылай таңға дейін
әуре-сарсаңға түстік.
Түн суық, ызғарлы жел ызылдап соқты да тұрды. Қора
ға кіріп бойыңды жылытайын десең, ол көрден де суық.
Өлгендердің денелерінен зәрлі ызғар еседі.
Далада отқа жылынайын десек, жанып жатқан тек мүр
делер ғана. Өздері май құйғандай лаулайды екен, кәдімгідей
сатыр-сұтыр етіп жалындайды, құдды қу қарағай өртенген
дей. Бірақ үсіп өлесің бе, амал жоқ, аруаққа айналған сорлы
лардың қызуына беті-қолымызды тосып лаждадық.
Қызыл жаға ит екен, уәдесінде тұрмай кетті. Қалаға келген
соң еңбегіміздің өтеуін сұрап едік:
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Аман-сауларыңда тайып тұрыңдар! – деп, беліндегі мыл
тығына жармасты.
Ой, дүние-ай, көнесің осының бәріне, бізге төзуден басқа
не қалды? Төзіп жүріп өлуді еншілеп қойса, лаж қайсы? Тек
сенімің жоғалады екен біртіндеп, итшілегеннен де сорақы
құрғыр өмір кейде Алланың өзінен күмәндандыра бастай
ды. «Құдай-ау! – дейсің зар жылап. – Бес уақ намазды қаза
қылмаған, ешкімнің ала жібін аттамаған, өзіңнің хақтығыңа
күмәнданбаған мұсылмандықтан көрген жақсылығым осы
ма?» деп егілесің.
Солай қайнап-қайнап алып, қайтадан құлдық ұрасың жа
сағанға. Сөніп бара жатқан бауырың үшін, азапқа түскен
ағайын үшін, жазықсыз жапа шеккен ел үшін.
Екі қарындасым көз алдымда семіп бара жатыр, қараған
сайын қажимын, тілдескен сайын торғайдай тозамын.
Бір рет күн ұзын қаланы, базарды шарлап елден келген
дерді іздедім. Олар сиреп қалыпты. Соңғы баласын жерлей
алмай есі ауыса жаздаған жамағайын да жоқ, өліп тынған.
Бірен-саран аман жүргендердің жағдайы өлімнің о жақ, бұ
жағы.
Өстіп жүріп күнәға баттым. Ешқашан кешірілмейтін, өле-
өлгенімше жанымды жегідей жейтін, айуандандырып жі
берген күнә. Мен үйге баруды қойдым. Қарындастарымның
сәт санап сөніп бара жатқанын көргім келмеді, олардың
қиналып өлгенін көруге батылым жетпеді, ол мен үшін жан
шыдамайтын азап еді, одан да өзімнің көзім құрығаны әл
деқайда жеңіл еді.
О, тоба! Көшеде бұратылып келе жатып, өзімнен-өзім
күбірлеймін.
– Сорлылар ендігі өліп қалған шығар.
Ызылдаған желдің өтінен ықтасын тауып бүрісіп отырсам
да сол.
– Байғұстар бұ дүниеде енді жоқ болар! – деп қайталай
беремін, қайталай беремін.
Баяғыда молаға айналған үйді алыстан орағытып жүріп те
сандырақтаумен боламын.
– Қарғыс атқан күндердің азабынан құтылған шығарсың
дар! – деймін, соны жан-тәніммен тілеймін.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Тақиялы әлде булыға өксігені, әлде есуастана кіжінгені
белгісіз, қыстығып отырды да бір бүйіріне сылқ етті. Үзіліп
кетті ме деп басын сүйеп еді:
– Атасына нәлет! – деп айғай салды. Жан-жағына үрейлене
қарап, алақ-жұлақ ессізденді.
* * *
Елдің қатары күн өткен сайын сиреп барады, екі аптаның
ішінде елу шақты адамның жартысы ғана қалды.
Жұрт кісі өлімінен шошынуды қойған, сұлап жатқан мүр
денің үстінен аттап жүре береді. Сіңіріне ілінген сорлылар
үшін өлімсіз күн зая кеткен күн сияқты, таңертең бір-бірінен:
– Бүгін кімдер көз жұмды екен? – деп елеңдесіп сұрап
жатқаны. Сөйтіп жан жалдап жүргенде тірі қалғандарды ағаш
кесуге әкететін болып, елең-алаңда алды да жөнелді.
Келген жерлері – Хан сүйегі деп аталатын тығыз өскен
талтеректің іші. Маңайда тігілген үй не қос көрінбейді.
– Ашық аспанның астында боласыңдар! – деді қылышты
қара. – Жаңбыр жауса, талды паналайсыңдар. Көшеде бұ
ратылған сендерге сыңсыған ағаш жұмақтың өзі емес пе?!
Жұмысқа бірден салды да жіберді, содан кешке дейін
қолдарынан балта түскен жоқ.
Ағаш шабу қан кешіп жүріп жылқы союдан ауыр емес,
тек талмен таласа өскен тікен түгіңді қоймайды, кірмейтін,
жыртпайтын жері жоқ. Онсыз да жұлым-жұлым ел кешке
қарай алба-жұба болып шыға келді.
Талдың ішінде күлімсі иіс бар, мүңкиді де тұрады.
– Сүйегіміз осы жерде қалатын шығар, – деді шалдардың
бірі. – Бізден бұрын ағаш шапқандар бұта-бұтаның түбінде
көмусіз қалған ғой.
Түнге қарай бұлт үйіріліп еді, әйтеуір жауған жоқ. Лау
лаған отты айнала отырған ел жағалай үнсіз, мұң-зарын
баяғыда сарқып болған. Оның үстіне жұрт бір-бірінің қай
ғысына құлақ қоймайды, өз жүрегің қан жылап жатқанда
басқаның күрсінісі жүйкеңді жұқарта түседі ғой, жаныңды
жегідей жейді. Шамаң келсе, дүниенің азап-мұңына таске
ШЫҒАРМАЛАРЫ
рең болып қатып қал. Қайғы деген қасарысқан пәле қозғаған
сайын қорқаулана береді, аранын ашып аждаһалана, асқына
түседі, астына бүктеп салғанша сілкілеседі.
Таңға әлі талай уақыт бар, қараңғы түнде тұтасқан бұлт
жұлдыз атаулыны жұтып алып түнереді. Бұларға түннің
де, түнгі аспанның да, тұтасып алған бұлттың да, баянсыз
жұлдыздың да бар-жоғынан келіп-кетері шамалы еді. Олардың
бәрі өгей, бәрі жат, шетінен қатыгез. Ғаламның жүрегі зіл
батпан қара тасқа айналған, дүние-жаһанның мұң-қайғысы
жиылып келіп, жойқын жасынданып күні-түн тілгілесе де
бүлк етпейді.
Жақсылыққа мейірімі қанбаған әлем жамандыққа шөлін
қандырып көрмекке бекінген шығар. Жамандық жалғанды
жерік асындай жұтындырып келгелі қашан. Жақсылықтың
бәрі сатулы емес пе, қадам сайын құнын даулаған ізгілік ығыр
қылып бітеді ғой. Ал жамандық өтеуін суыртпақтап алады,
өксіп өткен өміріңмен, күйзелген, көмусіз қалған күндерің
мен.
Жер бетінде жұмақ болмайтындығы жайлы шындықты
жаратқан әуелден аңыратып айтып қойса не лаж? Жұмақсыз
жалған тозақ та емес, тозақтан бөтен де емес, түсініксіз бірдеме
ғой. Адам соған лайық кілең түсініксіздіктерден жаратыл
ған, ол сондықтан да өзін ешқашан іздемейді. Түсініксіздік
тен қалай түйсік саусын? Одан да қияндағы құдай мен құдай
сияқтанғандар жайлы қиялдау әлдеқайда жеңіл. Жер-жа
һанның ақиқаты сондықтан да мәңгі айтылмақ емес. Ал
ақиқатсыз дүние адасудан көз ашпайды ғой. Адасқандар арып-
ашып жүріп бірін-бірі таламағанда қайтеді? Олардың сол хан
талаудан басқа ақиқаты да қалмаған. Шындықтың тәңірісі – өз
шындығыңды шыңғыртып отырып мойындату екендігіне көз
жеткелі осылай.
Шалғайдан, түнерген аспанның сауырынан найзағай жарқ
етті.
– Жауын жауса сорладық қой, – деді шалдардың бірі.
Қараңғы түннің салмағы сезіледі, отқа телмірген сайын
еңсесі езіліп есеңгіреп барады. Түн баласында ойдың да, бой
дың да ауырлайтыны несі екен? Түнерген тылсымның қылмыс
пен қылмыстан да қасіретті пиғылдар үшін жаратылғанд
ығынан ба?!
АЛДАН СМАЙЫЛ
Орнынан тұрды да тоғайға беттеді, күндіз оталған жермен
ұзаңқырап барып тікенді қалыңға енді. Одан зорға өтіп,
кішкене алаңқайға шыққан соң жан-жағын асықпай барлап
алды.
Соңынан ешкім ермеген секілді, маңай тым-тырыс.
Жеті түнде мұны кім іздей қояр дейсің, солдаттардың көбі
кешке қарай қалаға қайтады, күзетте қалатын бірлі-екілі
адам әдетте бұларға жолай қоймайды.
Алдыңғы тұстан күлімсі иіс білінді, үйір-үйір бөлектенген
қашаған тал жақтан мүңкіп тұр. Қалаға қарай тіке жүретін
болса, солардың арасынан өтуі керек.
Жағалай жалмауыз өлгендерді осы жерге әкеліп лақтыра
берген шығар, басқа не болушы еді? Айналып өтпек болып
қиыстап барды да тікенді қалың талға тірелді.
– Қой, не де болса, тіке тарта берейін, – деп кері серпілді. –
Өлгендерді көрмей жүрмін бе? Өлгендердің өле алмай жүрген
менде несі бар?!
Үйірленген ағашқа таялған сайын сасық иіс қолқаны атты,
жырым-жырым шапанының өңірімен бет-аузын тұмшалап,
жүрісін тездетті.
Алдыңғы жақтан, қалың шөптің арасынан әлдене қараң етіп
жоқ болды. Өлгендерді жырымдап жеп жүрген қасқыр, әлде
түлкі шығар. Одан әріректен адамның, бәлкім, түнгі үкінің
булыққан үні естілген тәрізденді.
– Бұл тағы не пәле? – деп кілт тоқтады. – О заман да бұ заман
өлгендер бір-бірімен тілдесуші ме еді?
Жерге отыра қалып жан-жағына сезіктене қарады. Әлгі
дыбыс үзік-үзік білінетіндей, қарсыдағы бір үйір талдың іші
тыныш емес.
– Мұндай да сұмдық болады екен-ау! – деп түршікті. – Жеті
түнде жайрап жатқан мүрделерге шынымен тіл біткені ме?
Бұл жерде аң-құстан басқа тірі мақұлық болмауға тиіс қой.
Тізерлеген күйі кері шегіншектеп бара жатып, жерге жата
қалды. Адамның даусы енді анық естілді. Жүрегі аузына ты
ғылды, тал арасында арса-арсасы шыққан көп мүрде өзінің әр
қимылын бағып ереуілдеп тұрғандай.
Дүние пәленің бәрінен сол құтқаратындай етігінің қо
нышынан кездігін іздеді. Ал қарсыдағы талдың арасы қа
ШЫҒАРМАЛАРЫ
раң-құраң қозғалақтай бастаған, әлдекімдер дабыр-дұбыр
сөйлеседі.
– Мүмкін емес! – деді өз ойынан өзі үркіп. – Жеті түнде
қаптаған өліктің арасында адам жүруі мүмкін емес!
Қалың шөптің үстінде жер бауырлап еңбектеп, өзі әлгінде
тірелген тікенді ағашқа қарай жылжыды. Соның арасына сі
ңіп кетсе, өлгендер түгілі, тірілерге де қара танытпай зым-зия
жоғалар еді.
Ақ тер, көк тер болып зорға дегенде оған да ілікті. Айқыш-
ұйқыш бұтақ, тұтасып алған итмұрын шапанын жапырақ-
жапырақ жыртып жатыр, әредікте жалғыз-жарым сауысқан
тал үстінен қырқ етіп үркіп ұшады. Үй орнындай шалғынды
алаңқайға іліккенде, сыңар жапалақ кеуде тұсынан қалбаңдап
өтіп, шөп арасына жалп етіп қонды. Түлкі ме, әлде қарсақ
па, ағаштан шыға келіп, жан дәрмен қайта қойып кетті. Әлгі
үрейлі тал жақтан дүрлігіп көтерілді ме екен, қалың қарға
қарқ-қарқ шулап төбесінде ұшып барады.
Ентігін сәл басып алды да тағы да жүрді. Алаңқайдан арғы
тал аса тығыз емес екен, демде таусылып, көделі ойпаңға
ұласты.
Зәресін алған сезікті ағаш оң қол жағында қарауытады.
Енді сол тұстан күлімсі иіспен бірге түтіннің қышқылтым
иісі шығатындай. Әр жерден от жылтырайды.
Талдан жуан қу бұтақ сындырып алды, кездігін қамзолы
ның сыртынан байлаған белдігіне қыстырып, солай қарай
сақтана таялды. Жеті түнде ағаш арасында не болып, не
қойып жатқанын біле кеткісі келді, әлгі дыбыс та, қараң-құраң
да тегін емес әйтеуір.
Жылтыраған от аумағын тез ұлғайтып барады, қою қара
түтін әр жерден бұрқ-бұрқ көтеріліп жатыр. Сол тұсқа жақын
өскен жуан теректің түбіне жете беріп отыра кетті, қолдары
на алаулаған шырақ ұстаған біреулер үйір-үйір талдың бергі
сыртында ұзыннан-ұзын дөңкиген маяға айнала от қойып жүр.
– Өлгендерді өртеп жатқан болар, – деп ойлады. – Жер қа
зып әуре болғанша, от қойып күлін көкке ұшырған әлдеқайда
жеңіл ғой.
Бұларға неге ағаш дайындатқаны да енді белгілі болды.
Жалын сәт санап бел алып барады, сатыр-сұтыр тұтанған
қу ағаш жан-жаққа құшақ-құшақ шоқ болып шашырайды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Маңындағылар бүкең-бүкең кері серпілді. Мылтығы шошай
ған екі солдат өзі тасасында отырған терекке таяу келіп жерге
сұлай-сұлай кетті.
– Осымен бітсе еді, – деді біреуі шылымын тұтатып жатып. –
Сасыған еттің иісінен ығыр болдым әбден.
– Мынау нешінші? – деді жанындағы. – Мен тіпті есебінен
жаңылдым.
– Мамыр туғалы оныншы, – деді анау.
– Сонда осы айдың өзінде бес мың мал отқа оранғаны ма?!
– Неге бес мың?
– Әр үйіндіде кемінде бес жүз жылқының еті бар.
– Сен не, есептеп жүргенсің бе?
– Әдейі санамасаң да нобайы белгілі ғой.
– Онда қаңтардан бері қанша мал қырылғанын да білетін
шығарсың.
– Жобамен жиырма мыңның о жақ, бұ жағы.
Атқа мінген солдаттар желдіртіп барып құшақ-құшақ тал
ды жалынға лақтырады. Олардан соң екінші толқын жетеді.
Осылай үздіксіз.
– Сен осыдан бірдеңе түсінесің бе? – деді сұлап жатқанның
бірі. – Үйір-үйір неге қырады? Қырып алып неге өртейді?
– Сайтан білсін, – деді жанындағы.
– Не қылса да ақылға сыймайтын шаруа. Босқа өртегенше
ашыққан елге бермей ме?!
– Онда жұмысың қанша?
– Жоға дегенім ғой.
– Жоға деп жүріп жоғалып кетпе.
Алапат жалын көкке шапшып жалаң қағады, айнала
самаладай жарқырады.
– Кетейін, – деді іштей. – Көзге түссем, мына сұмдықтарын
көрген мені тірі қалдырмас.
Жер бауырлап шегініп жалғыз теректен ұзай берді.
* * *
Қаланың үсті мұнартады да тұрады. Көшеде, үй-үйдің
маңында тарыдай шашылғандардың рухы кектеніп алып,
күні-түн түйіле ме екен?!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Есік алдындағы тақырға қонған жалғыз торғай талайдың
әне-міне шырқырап ұшқалы тұрған шыбын жаны секілді,
секектеп байыз таппайды. Жанында таяғына сүйенген қария
жөткірініп еді, ғайып болды.
Үйден әрі қарайғы ойпаңға өскен бидайық самал ессе,
теңіздей толқиды. Қияндағы Бықылдақтың жайлауы тұнып
тұр ма екен? Қапталдағы Қаратөбе сыңғыр-сыңғыр құлды
раған, дүниеде жайқалған жайлау бар екендігіне, жайқалған
жайлау әлімсақтан өзіне зар екендігіне қуанған мөлдір бұлақ
тың кәусарынан бір жұтсам деп қалбаң-қалбаң қозғалақтай
ма?! Шалғайда еңсе көтерген Бәйбіше шарбы бұлт шәлісін
түзеп қойып, көктемнің самал желінен саумал сапырады ғой
сонда. Саумал самалға шөлін қандырған дала төбесінде төң
керілген зеңгір көкке жанары боталап қарап тәубә дер.
Таяғына сүйенген қария қабырғасы сөгіле күңіренді.
– Дүние-ай, өтер де кетер болсаң, аялдамасайшы!
Алыстан, қиялында қалған қияннан тау біткен таусыла
күрсінді. Маңайы күңгір-күңгір.
– Жалған дүниенің өтері де, кетері де жалған!
Мұны айтқан задында момын Оғызтау ма екен? Үні кү
мілжіп, үгіліп шығып еді.
– Жалғанда бардың бәрі жалған!
Тәңір-ау, мынау әлімсақтан шу асау Айдаһарлының даусы
ғой, айбынданып, айызы қанып, азуға салып дүрлігеді, айнала
жаңғырығып жүре берді, ойпаңда жайылып жүрген күрең
басын жерден көтеріп алып елеңдеді. Есік алдына долбарлап
салған қазандықтың жанында секектеген сауысқан қырқ етіп
ұшты.
Қаланың үстіндегі мұнар сейілер емес.
– Жалған да бір жетім жетектеген жесір ғой, қарғап жүріп
боздайды.
Шалғайдан Саңғыру заңғардың күрсінісі шалдығып жет
кен.
Жарықтық неге қамықты екен?!
Маңайды тау жайлы мадақ кезіп кетті. Мадақты маздат
қан Әлмағамбет байғұс. Иә, тап өзі. Әне, таяғына сүйенген қа
рияны шыр айналып жүр.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Саңғыру – тәңірінің ертегісі,
Келеді ертегімен өртегісі.
Тау емес, тау демеңдер жарықтықты,
Тарихқа тарих болып ерген кісі.
Сол алба-жұлба күйі, үстіндегі көне жарғағы жырым-
жырым, қанталаған жанары сескендіреді, сескендіріп тұрып
әлденеден секемдендіреді. Диуана жалғанда диуана болып
ессізденіп алған. Өлім иісі аңқыған құп-қу өңінде түсініксіз
тартымдылық бар, үрейлендіріп тұрып, жанға жайлы, бейжай,
қоңыр тірліктен үміттендіреді.
Сірә, делқұлы дүниеге диуана ғұмыр ғана жарасатын шы
ғар. Ессіздік жайлаған жалғанда естілерге не жорық, түбінде
есуастанып тынатын болған соң, тәңірден санасыздық пен
саңылаусыздықты егіліп тұрып тілеу керек қой. Жасаған
безбүйрек жетесіздерін жарылқап жатқан жоқ па?! Аңырап
қалғандар Алла тағалаға сонда да алғыс айтудан танбайды.
Әлмағамбет елеске айналып кетті. Аруақ сынды қария да
бұлдыр-бұлдыр елес. Алыста да, жақында да елес үн толассыз
сарнайды.
Тауға қарар тәңірге шөлдегендер,
Тау емес, тауды, тегі, тау демеңдер.
Заңғарларға айналып жатады екен
Өлген, бірақ ақиқат өлмегендер.
Әлмағамбеттің өзі тауға айнала алар ма екен?! Ол қалың
терекпен бірге өртеніп кетті ғой, отқа оранғандардың рухы
көкте жалын болып алаулап жүрер, сірә.
Ғарышта лапылдаған бір құшақ от. Айналасын шуаққа
бөлеп жүретін бейкүнә жалын о дүниеге де керек шығар. Қай
ғалам жылуға зәру емес дейсің.
Елес сарын жұтылып барады.
Бұл жалғанда болмайды, жоқ қайғысыз,
Тау бола алмай жылайды төбе байғұс.
Жанарының алдын жалын шарпыды, Әлмағамбеттің алауы
шығар, отқа оранған сорлы шынымен лаулап жанып жүрсе
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жақсы ғой. Оны енді жылт еткен жарықтың бәрінен іздесе ме
екен?!
Өзін қатты сағынғанын қарашы, қиянда қаңырап қалған
таулары мен даласын аңсағандай сарылған, делқұлы дүние
диуаналығын ұқтырған әпендісіз тұл жетім екен-ау!
Елес сарын жұтылып барып ұзын сонар ызыңға айналды.
Жалғанның жалаңаш қалған жүрегі сыбызғыдай сыздайды.
Бәлкім, өз жүрегі ме екен, әлде Әлмағамбет сорлының отқа
қақталған рухы шығар.
Ол диуана әлемін жаһанға жамыратып жіберіп, мұны сары
ла іздеп жүр ме екен? Өлгендер тірілерді, тірілер өлгендер
ді мүсіркейді ғой қашанда, жауызданған жаһанда жанын
жалдаған бұған қайырылмай кете алсын ба, ғайыптан қарай-
қарай күңіренген де болар сан рет.
Жеткен шығар енді. Жай жетпей, таулар жайлы мадақ
айтып келгенін көрмеймісің. Сайындағы заңғарларын са
ғынған ғой ол да.
Елес сарын талықсып барып тынды.
Қаланың үсті қалың мұнар. Таяғына сүйенген қария сол
жаққа қамыға әрі үрейлене қарайды.
– Тозақты жұмаққа неге таяу салды екен?
Тұра-тұра аяғы талды ма, жерге жалп етіп отыра кетті.
– Жұмақта тозақ жайлы ойламайын-ақ деп едім.
Өзін о дүниелікпін деп есептейтін шығар. Тірісінде аруаққа
айналған мұндар қала тозақтанып алғанын қалай сезді екен?
Адамның өмірі адамға тәуелді болған жерде тамұқ бастала
ды ғой.
Құдайдың иелігінен шығып кеткен пендеден тәңір де
жақсылық күтпейді.
Адам өз ғұмырын жасағансыз жұмаққа айналдыруға қа
білетсіз екенін кімдер ұғып, кімдер түйсінген?
Бәрі де қайғысыздықтан, қайғыра алмаудан ғой. Шын
қайғыра білетіндер өзімен бірге өзгелер үшін де мұңданады.
Тозаққа айналған қала мен дала қайғыдан қуаныш саумаққа
аласұрып жатыр. Көз жасыңды алдындағы асына тұздық қып
құйып тамсанады келіп.
Қария жер тіреп орнынан тұрды.
– Періштелерге тозақты жұмақтан қашыққа көшір дейінші.
Таяғын тықылдатып ойпаңға қарай кетіп барады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Қаланың үстіндегі мұнар қоюлана түскен. Сол жақтан
беймаза ызың толассыз естіліп тұр, ол бірде мұңлы ұзын сарын
ға айналады, тұла бойды тітірендіріп үзілмей қояды, сарнап-
сарнап алып тына қалса, аулаға өскен сирек бидайдықтың
сабағына дейін сыздайды.
Қария ойпаңдағы шалғынға шапанын жайып тізе бүкті де
көкке қолын жайды. Тас төбеден тырна тыраулады, бұлтсыз
аспанға сына боп қағылған әулие құстың әуезі мұңлы көңілді
одан әрі шерлендірді. Жанарын жас жуған шығар, көкірегі
ысып жүре берді, мұңданып отырып мұңдана алмай, шерленіп
отырып шерлене алмай қыстықты.
Өз қайғыңды өзің сезе алмау қандай қасірет.
Қария тыраулап ұшқан көп құсқа қол бұлғап бүкеңдеп
барады. Шалғында жайылып жүрген күрең үркектеп, ойпаңды
айнала шапты.
Көкке қолын сермеп әбігерленген қарт бір сәт Әлмағамбет
сияқтанды. Бұл сол бір мұңлы байғұсты сірә да ұмыта алмай
тын шығар. Қазандықтың жанында секектеген торғайларға
қарап жас шылаған жанарын сүртті.
Әлмағамбет жалғанның жаның тұрақтар жалғыз ақиқа
ты ма екен, ізгілігінен ібілістігі басым дүниенің ұғынылмай
кеткен шындығы емес пе ол. Тірліктің үрейлі ақиқатын үркіп
түйсінген жанның азабы тәңір төзгісіз ауыр ғой, өз күйігіне
өзі шыжғырыла-шыжғырыла бұл жалғаннан диуана болып
безінер.
Қария бұлтсыз көкке сіңіп кеткен тырналардан адасып
қалып аласұрып жүр, шапанының етегі жалп-жалп етіп ерсілі-
қарсылы сабылады.
Күрең әлі де үркектеп, ебіл-дебіл қартқа сонадайдан ос
қырына қарап тұр.
Жалғанда әлі қанша жан диуанаға айналар екен?!
* * *
Қаланың үстіндегі мұнар ертеңіне де сейілген жоқ. Мұ
нардың асты сабылған жұрт, айғай-сүрең, астарындағы ат
тарының
алқымы
ақкөбіктенген
солдаттар
сатыр-сұтыр
шапқылайды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Алаңға!
– Орталық алаңға!
Жүрегі су етті. «Бұлар тағы не ойлады екен?!» Шаңытқан
көшенің бойындағы жатаған үйлердің арасымен бой тасалап
кетпек болып бұрыла беріп еді, соңынан шыққан тұяқ дүбірі
тасыр-тұсыр қуып жетті.
– Алаңға!
Саңқ еткен дауыс, сарт еткен қамшы бүкең-бүкең желдірді.
Екі қабатты кірпіш үйдің алды иін тірескен халық, жи
налғандардың көбі жадау, қырдан ағылған кілең аш-арық.
Солдаттардың айдауымен келіп қалған бірен-саран қала жа
тағы көрінеді.
Сіркіреп жауын жауды да тез күшейді, сірә, өткінші, ұй
лыққан ел не болып, не қойғанын аңдап үлгергенше сатыр-
сұтыр құйып берді, нөсерлетіп, төгілдіріп, өршіп барады.
Жанында сіңіріне ілініп тұрған шал күңк етті.
– Мамырдың соңғы жауыны ғой, жарықтықтың мезгілмен
жылап қоштасқаны да.
Өзіне қарай аттап түсті де теңселіп кетті, жеңінен шап
беріп зорға түзелді, етсіз тарамыс саусақтары бүре кетіп,
шыжымдап сығады. Кеудесі сырылдап алқынып тұрды да
бетіне үңілді.
– Қай елсің?
Аузын ашса, баланың жұдырығындай жұтқыншағы жо
ғары-төмен жосылады.
– Әулиеата жағынан, – дей салды. Шал тық-тық жөтелді.
– Аруақты жерден екенсің ғой.
Жілігінен майы үзілген, барып-келіп тұрған қарияның
жөн сұрасқаны оғаштау көрініп, жеңін қолынан босатпақ
болып еді, тарамыс саусақтар сіресіп қалыпты.
Шал одан сайын таяла түсті.
– Солай де, Әулиеатаданмын де.
Денесі тітіреніп қоя берді, өн бойын жиренішті салқын
діріл тімтіне кезіп кеткен. Сұмдық-ай, шалдың сол қолы
қалталарын ақтарып шығып, қойнына сұғынып барады. Ту
сыртындағыларды жыға-мыға, шошына ыршып түсті. Қарт
теңселіп барып жерге тізерлей шөкті, шелектеп құйған нө
сердің астында әлдене деп міңгірлейді.
17-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Түнерген аспан әне-міне сенделген елдің үстіне күңірене
құлап түсетіндей. Салқын жел жұлым-жұлым қара бұлтты
сақалынан сүйреп барады.
Тізерлеген шал енді жер сабалап сарнады. Шатыр-шұтыр
күркіреген күн жағаны ұстатты. Топтан жырыла сөгілген
дерді аттылы солдаттар қамшының астына алып қайта қуып
тықты.
Өңкей аш-арық жауынның астында сілейіп тұра-тұра әлі
құрыған шығар, шылқылдаған судың үстіне гүрс-гүрс құлап
жатыр.
– Неге осынша үйіріп тұр? – деді өзіне-өзі.
Күн тағы да күркіреді, аспан қақ айырылып барып бүтін
делген, құлақты тұндырған шатыр-шұтырдан төбе құйқасы
шымырлады.
Мамырда нөсер кезек алғанда Саңғырудың шыңында жа
сын күні-түн жарқылдаушы еді.
Жасын да ала жын ғой, не көктен, не жерден сая таппаған
жетім жын. Ал жетім мен жесірлердің бәрі кекшіл, өгейсіген
дүниенің астын үстіне шығарып, найзағай ызамен тілгілейді
келіп.
Көк долы жасын кімдердің тереңін талқандамаған?! Ті
рілердің бәрі атылмаққа құштар бір-бір оқ, орайы келмей
қайғылы.
Әуелден арсыз жалғанның беймаза құрбандығы болып
жаралған соң өз құрбандығын ала кеткісі келеді де. Мәңгілік
тен басқаның бәрі солай.
Алыстан, сірә, Саңғыру жақтан, бәлкім, Бетпақтың кекті
даласынан күн күркіреді, жаңғырығы талып жетті.
Жалғаннан өтіп кеткендер мәңгілік бола алмағанына тас-
талқан тулап, түнерген көктің астында күңіреніп жүр ме екен?!
Мәңгілік келмеске лақтырып тастаған күндер мен жыл
дардың көкірегі де сыздауықтай сыздайды ғой. Ғұмыры сар
қылғандар азын-аулақ ғұмыры барлардың бәріне кектене
қарайды да. Өлгендер де тірілер секілді, жамандықты жақ
сылық тілегендей тілей ме екен? Өшкендер өшпегендер жай
лы ізгілікте болса, жер бетінде қайғы жұқарар еді ғой.
Тобықтан келген суға гүрс-гүрс құлағандар көбейіп бара
ды, қара жердің адамды қажығанда табандап тартатын әдеті
емес пе.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Салқын жел сақалынан сүйреп сабаған қара бұлт жабағы
жүні жалбырап шығысқа шығандап кеткен, аспанның батыс
бөктері жыртылып ашылды, дүркіреп өте шыққан нөсердің
соңғы тамшылары аяқ астындағы шалшыққа шылп-шылп
тамады.
Әлгінде су сабалап сарнаған шал шүйкедей болып бүк
түсіп қалған. Мана өзіне зәрлі қадалған шүңірек көз енді
шекесіне шығып алып тесіліп тұрғандай, бірі жүрелеген, бірі
сұлқ құлаған, бірі еңсесі түсіп есеңгіреген көптің арасымен
шегіншектеп, әрірек барып аялдады.
Жыртылып ашылған көктің саңылауынан аяр жалған
әзәзіл сығалап тұр. Сіңіріне ілінген көп сорлының ендігі
үміт-дәмесі өзі секілді тұл жалған екендігіне шырайланатын
шығар, ыдыраған кіршең бұлттардың арасынан төгілген сәуле
күңгірт қызыл.
Екі қабатты үйдің жалпақ есігі сықырлады, үш әскери
ереуілдеп көрінді. Ортадағы ұзын бойлы, сары ала иықты
орыс қасындағылардан озыңқырап тоқтап, оң жағындағы
тапаншалы қазаққа иек қақты.
– Тыңдаңдар!
Жарықшақтанған дауыс сілесі қатқандардың үстінде дар-
дар айырылды. Тізерлегендер мен сұлқ түскендер жер тіреп
тұрмақ болып жатыр. Бойын тіктей алмай қойған, жырым-
жырым кимешегінің әр жерінен аппақ қудай шашы бұрқыра
ған кемпір дауыс шыққан жаққа еңбектеп барады.
Тапаншалы қолын ерсілі-қарсылы сермеді.
– Бүгіннен бастап сендерге тегін тамақ беріледі! – Сіңіріне
ілінгендер теңселіп кетті. – Қазірден, осы сәттен көше-көше
нің бойында қазан көтеріліп жатыр.
Алаңды ессіз гуіл кернеді.
– Не деді?
– Жаңылыс естімесем етті.
– Құдай-ау, шыны ма, мазағы ма?
– Қайталап айтшы! – деген дауыстар әр тұста тұншықты.
Тапаншалы екпіндей түсті.
– Барыңдар! Кенеліңдер! Қаптаңдар!
Қақырайған қалпағын жұлып алып айғайға басты.
– Кемеңгер де көреген...
АЛДАН СМАЙЫЛ
Сөзінің соңы естілген жоқ, жұрт азан-қазан аласұрды,
сеңдей соғылысып, бірін-бірі баса-көктеп, тар көшеге қарай
лап қойды.
Өлген-тірілгендеріне қарайтын емес, жығылып-сүрінген
дерді таптап өтіп жатыр. Жан дәрмен алаңның шетіне қарай
ұмтылды, бүйірден түйілген ессіз шоғырдан әупірімде жал
тарып үлгерді, жүгіріп келе жатып көшенің жиегіндегі жуан
ағашты тасалап тоқтады.
Айғай-шу өршіп барады, көзінің алды пері соққандай сү
реңсіз, көптің арасынан бөлініп шыққанша үсті-басының сау-
тамтығы қалмаған келіншек қағанаққа айналған қос емшегі
жалаңаш омырауын сабалап сонадайдан бықсып көтерілген
түтінге қарай безіп барады. Байғұсқа осынша күш-қуат аяқ
астынан қайдан бітті екен?
Бір кебісінің қонышы ғана бар, табаны жоқ кексе әйел
жанынан оза беріп өз аяғына өзі шалынып жығылды. Кеуде
леп келе жатқан топ сатыр-сұтыр басып өте шықты. Әлде
соның, әлде әр жерде жер құшып жатқандардың ыңырсыған
үні, күйзелген, жан тәсіліміндей күйдірген ызыл тітірендіре
көтерілді. Жарықшақ дауыс аласапырандатып даурығады.
– Кемеңгер де көреген, мейірімді...
Әйелдің көйлегі басына түріліп қалыпты, етсіз көк ала
бүйірінен кесек-кесек сынған қабырғалардың ұшы қылтия
ды, қайырылып барып опырылып түскен оң жақ аяғы терісіне
ілініп қалған.
Одан сәл әріректе баласын бауырына ала құлаған келін
шектің бетін қан жауып кетіпті, сорлы өліп тынды ма екен,
қимылсыз. Алқымының астынан нәрестенің қолы шынта
ғынан шығып жатыр, тұншыға жанұшырып, жер сабалаған
секілденді.
Өлермендене өзеуреген елдің арасымен бұлт-бұлт жалта
рып, ышқынып жетті.
Келіншектің алға қарай созылған қос қолы жаншылып
қалыпты, айналасына қарақошылданып қан ұйып үлгерген.
Денесін аударып тастап, жерден көтеріп алған бала алақа
нында жансыз былқ-сылқ етті.
Құлағы шулады ма, әлде шын естіп тұр ма, сырт жағынан
біреу жік-жаппар жалынады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Құдай үшін, пайғамбардың ырзалығы үшін...
Бұрыла беріп манағы сіңіріне ілінген шалды көрді, жер
тіреп кеудесін көтерген болады да, сылқ түседі, үстінен жөң
кіліп өткен ел белін үзіп жіберген шығар, бөксесінен әрі қарай
жансыз тәрізденді. Өзіне қарай ыңырана жер бауырлап еді,
аяғы өлекселеніп сүйретілді.
– Құдай үшін! – деді жалбарынып. – Тегін тамақ беретін
жерге жеткізіп тасташы!
Баланы шешесінің жанына жатқызды да, шалды тік көте
ріп иығына салды.
Жарықшақ дауыс әлі жаңғырығып жатыр.
– Көреген де кемеңгер, мейірімді көсеміміз жасасын!
Тар көшенің бойымен лап қойған елдің талайы жер жас
танған, дені әйелдер мен қарттар. Шеткеріректе сұлаған
қамзолды біреудің сауырына іркілген қанды бұралқы ит
ашқарақтана жалап жатыр, жақын келгендерге тісін ақситып
айбат шегеді.
Алдыңғы жағында шөкелеген ер адам көтеріле берді де
зар иледі, тұрмақ болып жанталасып, шалшыққа жалп-жалп
құлайды. Бір кезде көлденеңдеп алып аунай жөнелді.
Иығындағы шал ауыз жаппай азынап келеді, бейшараның
өн бойында сау жер жоқ шығар, қадам басқан сайын шырқы
рап есін кетірді.
Қамзолдының қанын жалап жатқан бұралқы ма екен,
жанынан сумаң етіп өте шықты, қарсы тұстан тағы біреуі
көрінді, жан-жағында ырыл мен арсыл күшейіп барады.
Көшенің жиегіндегі қу ағаштың түбінде үш-төрт төбет қан-
жынға таласып, бірін-бірі жүндей түтіп жатыр.
Жарықшақ дауыс саңқ-саңқ етеді.
– Жасасын! Даңқы арта берсін!
Жүндес қара төбет жанынан ырсылдап өте шықты, әлдене
аузында салаң-салаң етеді.
Иығындағы шалды жерге тастай салып соңынан ұмтылды.
– Таста!
Ит көшені қиып өтіп, қарсы беттегі шым үйлердің арасына
сіңіп жоғалды.
Жүрегі аузына тығылып, көңіліне ұялай кеткен күдіктен
дегбірі қашты.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Маңайы күл-қоқыстан аяқ алып жүргісіз жеркепелерді
кезек-кезек арылтты.
Зым-зия. Ақ тер, көк тер болып келесі көшеге өтті, төбет
жоқ, жер тұтып кеткендей. Сандалып алаңға қайтып келді,
салған бетте манағы нәрестелі келіншекті іздеген, оның жан
сыз денесі қан-қан болып сіресіп қалыпты, баланың мүрдесі
көрінбеді.
Қаптаған ит тапталып жаншылғандардың арасында әлі
жортып жүр.
Айналасына мәңгіре, есуастана қарады. Адамды адам
жеген заманда итке не кінә? Олар арс-арс айбаттанып еркінсіп
алған, ақ төс дүрегей көйлегі түріле құлаған әйелдің санына
азуды ақсита салды.
Жарықшақ дауыс әлі саңқ-саңқ.
– Даңқы арта берсін!
Түтін көтерілген жақ даңғұр-дұңғыр, сырнайлатып-кер
нейлетіп жатыр, аш-арыққа тегін асты думандатып берейік
деген шығар.
Екі қабатты кірпіш үйден мойындарына қызыл шүберек
байлаған жас балалар шыға келді, омырауларына өңгеріп
алған дүңгірлектерін құлаштап-құлаштап соғады. Алдарын
да ойқастаған бойжеткен айғайлап-айғайлап алып келте қа
йырады.
– Жасасын!
Қаздай тізілген көкөрім көп өлікті көктей өтіп келеді. Сарт-
сұрт, дүңк-дүңк. Таяқ тастам жерде бүктетілген сақалдыдан
аққан қанды жалап-жұқтап алған қаншық тоғы басылып
керіліп созылды. Қалың қарға өлім иісі аңқыған алаңды то
руылдап қарқ-қарқ түршіктірді. Бойжеткен шоқ басқандай
шар-шар етті.
– Даңқы арта берсін!
Қаншық ыршып түсіп безіп ала жөнелді.
– Қарғыс атсын!
Көкірегі у ішкендей күйіп барады. Түтін көтерілген жақ
қа ырқынан тыс жүріп келеді. Неге солай жасағанын аңғар
мастан, түбін жалын жалаған қазанға телміргендердің қа
тарына жетіп тоқтады.
Қанша уақыт өткені белгісіз, әлде бие сауым, әлде сүт пісі
рім, ит қуамын деп жүріп қалдырып кеткен шал есіне түсіп,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
алаңға оралды. Ол мұны көрген кезде есуастана айғайлап
жіберді.
– Тастай көрме! Жеткізе гөр!
Даусы о дүниеден естілгендей. Жансыз аяғын салаңдатып
иығына өңгеріп алды.
– Тез! – деді ол. – Тездете гөр!
Аш өзегі қарып бара жатқан шығар, тегін тамақ бұлар
жеткенше таусылады деп те үрейленеді ғой. Жолында шашы
рап жатқан көп мүрденің бірі жанынан өте бергенде шалқа
сынан аунап түсті, қолын ербеңдетіп қыр-қыр етеді.
Мойындарына қызыл байлаған көкөрім түтін шыққан
жақты дүңкілдетіп жатыр, жіңішке ащы дауыс жаңбырдан
соң шайдай ашылған аспанның астында желөкпеленіп саң
қылдайды.
– Жасасын!
Ту сырты тарсыл-гүрсіл жаңғырықты. Әлде өзінің тағы
лана ұлыған мәңгүрт әлемі, әлде көп мүрдені бүкең-бүкең
тіміскілеген ашкөз бұралқы қаңқ-қаңқ қаңсылайды.
Тітіркене қарап тұрып қалды. Солдаттар алаңда қан-
жынға таласқан иттерді бейберекет атқылап жүр. Гүрс-гүрс,
шаң-шұң. Алқымына қан қатқан көк төбет бүктетіліп түсіп
қорқырап, дүлейлене қаһар шашты, жұлына көтеріліп, қа
руын кезене таялған солдатқа жиырыла атылды. Мылтық
шаңқ етті, ит қарғыған күйі шалшыққа омақаса құлады.
Қызыл байлағандар ырғағы қатқыл сарт-сұрт әнге салып
жатыр. Тұс-тұстан оқ тиген иттер қан қақсайды. Шал тілін
шайнап жік-жаппар.
– Жеткізсеңші!
Жер-көк талмаурады ма, көзінің алды қан қызыл, аяғы
ның астында су емес, қан шылқылдайтын тәрізді. Иығындағы
шалдың өн бойынан да қан тамшылап тұрғанай.
Солдаттар енді серейіп қалғандарды арылта бастаған, өлі
тірісін білмек шығар. Қол тигізуге жиіркене ме, аяқпен бір
тебеді де бетіне үңіледі.
Пар ат жеккен жайдақ пәуеске көшенің жиегімен қоңы
раулатып барады, артқы жағында отырған денелі, сары ала
иықты тас мүсіндей қатып қалған, қан жоса алаңға көз қиы
ғын да салған жоқ.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Тынысы тарылды, күрк-күрк жөтеліп еді, кеудесі қысы
лып лоқсыды, бір ащы запыран көкірегін у құйғандай күйдіріп
барады.
Қатқыл әнді саңқ-саңқ ереуілдеткендер өзіне қарай сарт-
сұрт келе жатыр, алдында ойқастаған бойжеткеннің екі қо
лында дамыл жоқ, алас-күлес сермейді. Жанынан өтіп бара
жатқанда көзіне-көзі түсіп еді, жүрегі шым етті, өткір, қы
тықсыз жанарда жылу жоқ.
Иығындағы шал сусып түсе жаздады, сілкіп қалып оңтай
лап еді, жан даусы шықты. Солдаттардың бірі жалт қарап,
жүгіріп жетті.
– Қайда апара жатырсың?
– Ана жаққа.
Иегімен түтін көтерілген тұсты нұсқады.
– Кімсің?
– Көріп тұрсың ғой.
Мылтығын көлденеңдетіп екінші біреуі жетті.
– Кімсің? – деп ежірейді енді анау.
Үнсіз кете бермек болып еді, алдына кесе-көлденең тұра
қалды.
– Кімсің дедім ғой!
– Таста, тәжікелесіп қайтесің, – деді кейін келгені. – Жүр,
кеттік.
Ревкомның алдына жиналыңдар деп жатыр.
– Сен не сезесің? Мынау иығындағыны қалтарысқа апа
рып жайрата салады. Әлжуазына ауыз салатын қорқау ғой
бұлар.
– Мейлі, не істесе, оны істесін.
– Хайуан ғой шетінен. Өзін тарс еткізіп сұлата салайын ба?
– Ой, сен де, қыңырайып алсаң түбірлеп қоймайды екенсің.
–Қайда барсаң қаптап кеткен сүмелек, қаның қайнайды.
Сықпытын иттің, кәдімгі жабайы, адам сиқы жоқ. Қызығы
сол, қырып сал да, тап-таза боп шыға кел. Ал біз өбектеп тегін
тамақ үлестіріп жатырмыз.
Мылтығының шаппасын шақыр-шұқыр қайырды.
– Неғып тұрсың?! – деп қылғынды иығындағы шал.
– Қырып салу керек! – деп нығарлады анау. – Адал еттегі
арам без өңкей.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Сандалма! Кеттік! – деді екіншісі.
– Тыңдашы өзің, – деп түбірледі қадалып алған пәле. –
Сұмдық емес пе? Коммунизмде осы сұмырайлар бізбен бірге
жүре ме?!
– Жеткізші! – деп үздікті шал.
Көкірегі астан-кестен. Неге өшігеді бұлар сонша? Шетінен
неге қаныпезер?
– Бірін қалдырмай жайпау керек! – деп өрекпіді шаншудай
шаншылған ит.
Екі қабатты үй жақтан керней даусы естілді, алаңдағы
мүрделерді аударып-төңкеріп жүрген солдаттар солай қа
рай асығып барады. Қарсы алдындағы жауыз мылтығын
оңтайлады. Көшенің бас жағы қоңыраулатып, қос ат жеккен
пәуеске қайта көрінді.
– Кешіктік, – деді екінші солдат.
Бағанағы жарықшақ дауыс болар, орысшалап саңқ-саңқ
етті.
Мылтығының қарауылынан сығалаған ит жалт қарады,
аяқ астынан әбігерге түсіп ербеңдей жөнелді.
– Уһ! – деді. Қыр соңынан қалмай қойған көп ажалдың
бірінен құдайдың бұл жолы да қаққаны ма?!
Түтін көтерілген жерге мең-зең болып құр сүлдері жетті.
Қазанның айналасы әлем-тапырақ, бірін-бірі баса-көктеп,
киіп-жарып, азан-қазан. Шалды оңашалау жерге жатқызып,
солай қарай жүрді. Ығы-жығы елмен таласып-тармасып, жай
пақ қаңылтыр ыдысқа құйылған сұйық көжеге қолы зорға
жетті.
– Әкелдің бе? – деп емінді шал.
Жанына отыра бергенде шап етіп жұлып алды, апыл-ғұ
пыл қылқ-қылқ жұтып жатыр, әп-сәтте жалап-жұқтап қойды.
– Алла! – деді.
Шүңірек көзі батып кеткен бе, ұясы ғана үңірейеді, ықы
лық атып үзіліп барады.
* * *
– Байғұс өліп қалды, – деді арқалығы сынған ағаш орын
дыққа отырып жатып. – Атаукересін ішіп өлді әйтеуір.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Көшенің қарсы бетінен маңдайшасына қызыл ту қадаған
еңселі үй көрінеді, қаладағы қаптаған кеңселердің бірі болар,
кіріп-шығып жатқан ел көп.
Ауа құйып өткен нөсердің сызында тоңазиды, аспанның
шығыс жақ қапталы әлі түнеріңкі, алыстан, мамырдағы
жылаңқы көктің қиянынан күркіреген күннің жаңғырығы
талып жетті.
– Атаукересін ішіп өлді, – деді күрсініп. – Атаукеренің
дәмін татпай кеткендердің өкініші қара жердің қабырғасын
қайыстырып жатыр ма екен?
Түтін өрілген жердің у-шуы басылатын емес, әредік мыл
тық гүрс етеді. Жатаған үйлердің арасында бұралқы иттер
сумаң қағып жүр, тақыр жүнді дүрегей алаңға қарай бүлкіл
деп барды да, қалт тұра қалды, ырылдап, табанының астын
жыртқыштана тырналап шала бүлінді, көп өлексенің жемтік
иісі ашкөздендіріп арс-арс етті.
Бойы тоңазып бара жатқан соң, қамзолын шешіп суын
сықты.
– Қайтайын, – деді. Орнынан тұрмақ болып еді, белі қақсап
қоя берді.
Қазан көтерілген жақтағы қалың шуыл кейде айғайға
ұласады, қарғыстанып, қаншырдай қатып қалған дауыс құ
лақ жетер жерді жанынан бездірді.
Жалғанның жан даусы ма екен?!
Сол тұстан қалаша киінген біреу өзіне қарай келе жатыр,
қолында қаңылтыр шелек. Жанына жетіп жалп етіп отыра
кетті.
Көшенің бойын қыдырған жел салқын, қырда құралай
аяқтанғанша мамырдың қабағы ашылмайды ғой, даланың
бота тірсек төлі үшін тоқымын қағып, дүр-дүр сілкініп алады.
Арқаның көктемі қашан буырқанбай қоштасып еді?
Дүрегей ит әлі арсылдап тұр, сабалақ қанден жортақтап
жетіп еді, бас салып талады.
– Да! – деді жанында жырбиып отырған бейтаныс. – Қалада
не көп, аш ит пен бұралқы қазақ көп.
Қалтасынан сарғайған қағаз алып темекі орауға кірісті.
– Солай, – деді орындықты сықырлата ырғалып, – қаптап
кетті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Шылымды құныға сорып, көк ала түтінді будақ-будақ жа
мыратты.
– Жағалай көтеремге жапа-тармағай беріп жатқан ша
йындыдан итіме ала салайын десем, өңкей өлермен маңай
лататын емес.
Түтін өрілген жаққа мұрты тікірейіп жиырыла қарады да
жерге бір түкірді.
– Бұлар бара-бара шетімізден жалмар.
Алыста, шығыс қапталдың қиянында күн әлсін-әлсін
күркірейді, қара жерден қалшылдап көтерілген ыза көк сең
гірде көк долыланып, қайтпаған нәлет кектің күйігіндей
күңіреніп жатқан шығар. Шері тарқамағанның бәрі шерменде
емес пе.
Шерленгендердің қайғы-мұңынан шексіз көктің өзі шы
тынайды.
Жымысқы жалған жайдақ жердің мұң-зарынан шерлен
ген сайын ғайыптағы ғарыш таскереңденіп алып, тылсымы
на тереңдей береді ғой. Күні түскенге құдіретсінген көк те
көкбет, көгістеніп алып көкайылдана сыздайды.
Көкірегі мәңгүрттене күңгір-күңгір.
– Атаукересінен үзілген сорлының рухы қайғы-шерден
азат болып үлгерді ме екен?
Түтін көтерілген жақтың азан-қазаны аш қаланың үстінде
аңырайды. Мәңгүрт әлемін қай-қайдағы қияли ой кезіп жүр,
көкірегі рухтар жайлы ағынан жарылғысы келді.
Түнерген шығыстың жыртылып ашылар түрі жоқ, төгіп
өткен нөсердің сызы тарқамағанына қарағанда күн тағы да
жауатын шығар.
Мұртты бетіне үңіліп, бүйірінен түртті.
– Сен неге ана жақта емессің?
Естімеген болды, маңдайшасына қызыл ту қадаған үйге
кіріп-шығып жатқандарға қарап үнсіз отыра берді. Ол даусын
көтере түсті.
– Неге қазан жағаламайсың деймін!
– Үйіріп өткен саяқ жел көшенің жиегінде жатқан түбі жоқ
қаңылтыр шелекті қаңғыр-күңгір домалата жөнелді. Еңселі
үйдің алдындағы шарбаққа байланған ат құлағын қайшылап
тықыршыды, тас төбеде топ қарға қарқ-қарқ ұшып барады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Көкірегі ырқынан тыс сыбыр-күбір.
– Рухтар азаттық жайлы толғанбайды ғой, олардың өзі
азаттық қой.
– Азат рухқа айналғандардың арманы бар ма екен?!
– Рухқа айналғанша асығайық та!
Жауын бүркіп өтіп сап тыйылды.
Азат рухқа айналғандар азатсыздарды ойлап, көз жасын
сығып алды ма екен?
Шығыс қапталдан, қияннан тағы да күн күркіреді, мәң
гүрттенген әлемі қоса жаңғырықты. Қияли ойлар үркіп кетті.
Бұл осылай шатасып барып, түбінде алжасып тынатын
шығар.
Әлгінде дүрегей талаған қанден көшенің ортасында бүйірін
жалап қыңсылайды. Аш-арықтың азан-қазанында азынаған
қала дозақтанып алған, көшені саяқ желмен бірге салқын
үрей суыт кезіп жүр.
Үріккен ойлар көкірегінде қайта қиялиланды.
– Алжаспағандар азаттық жайлы ойланбай-ақ қойсын!
– Алжасу дегенің жалғанның азабынан арылу ғой.
– Азаттық жайлы алжасқандардан сұрайық!
Алаң жақтан арбаның сықыры естілді, тапталып өлгендер
дің денелерін жинап жүргендер шығар.
Мұртты ағаш орындықты сықырлата керіліп-созылды.
– Сен осы жуынды-шайындыға тойып алып, тымпиып
отырсың-ау. Айтшы, ол өзі итке беруге жарайтын нәрсе ме?
Бұл жолы да үнсіз қалды.
Қос ат жеккен көк арба сәлден соң түтін өрілген тұстан
көрінді, сықыр-сықыр таялып келеді, көп бұралқы енді соның
соңынан шұбырған.
Еңселі үйдің шарбағына байланған ат осқырынып, үрке
жұлқынды, құлағын қайшылап аспанға шапшығанда шыл
быры үзіліп кетті, құйрығын қадап алып көшенің дала жағына
шаба жөнелді.
Арба мүрдеге лықа толған, әйелі, шал-кемпірі аралас ай
қыш-ұйқыш лақтыра салыпты, қораптың алдыңғы жағында
күржиіп отырған мұжық бишігін ысқырып қойып үйіреді.
Төрт дөңгелек сықыр-сықыр, шақұр-шұқыр, жүйкесін жұқар
тып, төбе құйқасын шымырлатты, әлдекім сүйек-сүйегін арса-
арса суырып алып, бір-біріне егесе егеп жатқандай.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қияли ойлар тағы да қылаңытқан, қыр соңынан қалатын
емес, әлде олар адасып жүрген сорлы рухтар ма екен?! Кілең
бейшараның арып-ашқан рухы қайбір жетіседі дейсің, тоз-
тозы шығып қай-қайдағыны қоздатады да.
Міне, бәрі жиналып алып мұны ғайыпқа шақырып әуре.
– Азат болғың келсе! – деп шулайды. – Азап-мұңнан та
зарғың келсе!
Мең-зең мәңгіріп отырып, рух атаулының өзін күні-түн
неге төңіректейтінін түсінбей дал болды. Бұлары несі? Мұны
өлдіге санағандары ма? Қанша қажыса да, құр сүлдері әбден
титықтаса да тірі емес пе. Өлген жоқ қой, өліммен арпалысып
жүр ғой.
Көк арба сықыры бәсеңдеп, қалың бұралқыны соңынан
шұбыртқан күйі ұзап барады.
Шығыс қаптал әлі түнеріп тұр, ала бұлт аспанның батыс
бөктері де алабұрта бастаған, рух жайлаған көк тағы да нө
серлететін шығар. Рухынан айырылған көп мұндардың о
дүниеге арқалап кеткен қайғы-мұңын солай шайып тастамақ
па екен? Ғарышты қасірет торламауы керек қой. Ғарышқа
мұңсыздық жарасады ғой.
Орнынан ауыр көтерілді. Қақсап қоя берген белін қайтсе
екен, қақ бөліп лақтырып тастар ма еді?
Алаңға қарай сылбыр беттеді, қиып өтіп келесі көшеге
шықса, Арыстанның үйі алыс емес.
Ол жаққа аяқ баспағалы талай күн, әлі қаңырап тұр ма екен?
– Тезірек жетейін, – деді. – Барайын да топырағы бұйыр
маған мұңлықтың табаны тиген жерге бауырымды басып
шерленейін.
Қазанның маңы әлі апыр-топыр.
Бүгін қанша бейбақ бұ дүниенің азабынан арылды екен?
О дүниелік болмай азаттық жайлы ойлаудың қажеті қанша?
Рухтар мұны сондықтан да төңіректейді ғой.
Екі қабатты үйдің алдында солдаттар қатар түзеп тұр.
Ұзын бойлы сары ала иықты саптың алдында ерсілі-қарсылы
саңқылдайды. Сонадай жерде он шақты бала сұқтана қарап
қалған.
Жүрегі сыздап қоя берді.
Жау айдап әкеткен Әлілер қайда екен?
АЛДАН СМАЙЫЛ
Боз мінген боздақтың рухы күні-түн боздап жүрген шығар.
Балалар енді сап құрап жатыр, ересектеуі сары ала иық
тыға еліктеп саңқ-саңқ. Жендет болуға асыққаны ма?!
Қатар түзеген солдаттар сарт-сұрт жүре бастады. Тарс-тұрс,
гүрс-гүрс. Анда-санда алаңды жаңғырықтыра ұран салады.
Тұла бойы дүрлігіп жүре берді. Жанарының алдында Да
раттың айғай-сүрең жазығы азан-қазан көшіп барады.
Жадағай елді жазыққа жауып жіберіп, қос бүйірден қу
сыра кескілеген көп жауыз жендет ұранды дәл осылай желп-
желп желіктіріп еді ғой. Иә, дәл осылай, мына сарт-сұрт
жалмауыздардай.
Сары ала иықты тарс-тұрсқа айызы қанып шіренді.
Көкірегін қорқау кек қауып өтті, кеспелтек көз ұшында
көлбең етті.
Кәрі Бетпақ кәрлене алды ма екен? Ашулы далаға азына
ған кегін аманат етіп еді ғой.
Ұлы шөл кенезесі кеуіп, кезерген ернін кезбе желге жала
тып қаңсып жатқан шығар. Тозақтанған үстіне тозақтана
түссем деп, ай тақырлана адыра қалады ма? Ұлардай шулаған
усойқы ызасын жаһанның жанарына жанып-жанып алып,
жалғанға жаныға қарар.
Жаңбыр тағы да себездеді, алаңға жанаса өтетін көшеге
шыққанша шұқанақтарға жиналған судың беті шымыр-
шымыр қайнай бастады. Үй-үйдің арасын ұры жел сұғанақ
кезіп, жансызданған қала жауынның астында сүреңсіз су
ынған, жұтаған, көр дидарланған сұрықсыз дүние.
Әр жерде саяқсыған тал-терек селдіреп жетімсірейді, та
мыры әлдеқалай тырс-тырс үзілсе, жапырақсыз жалаңаш
бұтақтары қаңсыған қақ сүйектеніп, қу далаға тұра қашар ма
еді.
Өлім тілеуленген, өзі де өлекселенген өңсіз шаһардан кім
безінбейді дейсің?! Өлімге еті үйреніп кеткен жалған өмірді
өгейсиді ғой.
Аяғын аттап басу қиындап барады, титығына жеткен
қайсы екен: қара аспандатқан қайғы-мұң ба, жүрегін күні-
түн шоқтай қарыған көк долы кек пе, кектен де сесті ашу-ыза
ма, өмірден өтіп бір кеткен көп шерменденің аңырап қалған,
алжасқан сорлы рухы ма? Қайсы?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сүйретіліп барып көшенің оң жақ бүйіріндегі құдықтың
шегеніне сүйенді. Сүйеніп тұрып мәңгілік жайлы ойлағысы
келді.
Дүниеден озған да кеткен көп боздақтың сағынышы мәң
гілікте түбі бір қайта қауышатындығына сендірмек болып
сабылып жатыр.
Мәңгілік жайлы ой өлім туралы сары уайымды сарната
бермеу үшін керек қой. Мәңгіліктен үміткер қағілез ойсыз
өмір шалажансар ғой.
Қол созым жердегі үйден шелек ұстап шыққан әйел құ
дыққа келе жатты да кері қайтты, құбыжық көргендей алақ-
жұлақ.
Жауын күшейіп барады, салқын ескен желдің өзегінде зәр
бар, жаңбырдың соңы қарға айналмаса жарады.
Мамыр неге осынша шала бүлінді екен?
Арыстанның үйі сонадайдан көрініп тұр, жанары жылып
сала берді.
– Жетейін, – деді. – Рух пен мәңгілік жайлы қашаған ой
адастырмай тұрғанда жетіп жығылайын.
Көңілі әлденеге алабұртып елегізи береді, тұтасып алған
аспанның астында мұны тағы не күтіп тұр екен?
Алаң жақтан тұяқ дүбірі естілді, мана көп мүрдені айқыш-
ұйқыш артып алып үрейлі сықырлаған көк арбадан үріккен
ат ер-тоқымын бауырына алып тулап жүр. Екі салт атты қос
қапталынан қусыра таялып еді, осқырына тепкілеп сытылып
шықты, жалт-жұлт жалтарып шошына шұрқырады.
Неден түршікті екен?
Ошақ орнындай шалшықтан аттап түсем деп тайып жы
ғыла жаздады. Мына алаяқ күндерде әлі қанша шатқаяқтай
ды екен?
Жатаған жер үйлердің қарауытқан терезелері жылымда
нып тесіледі, қайда көз салсаң да, жылан жанарланып алған.
Мәңгілік жайлы сұқсыр ой тағы да мазалай бастады, жаны
күйзелген жалғанда мәңгі жалғыз қалатындай үрейленді, о
дүниеге зар еңіреп көшкендердің бүкіл қайғы-мұңын арқалап
мәңгілік сенделетініне сенгісі келді. Өлім туралы алғаш рет
құлшына тебіренді, өлімсіз рахат жоқ екендігіне егіле иланды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Мадақтасақ, өлімді мадақтайық! – деп күңіренді көк. –
Қуаныш-күйініші, арман-үміті, жақсылық-жамандығы – бәрі
алдамшы алаяқ өмірдің үнін өшіретін өлімді ардақтайық!
Шалажансар шаһарды өлім әлдилеп жатыр, түнеріңкі тө
ңірек өмірді талақ етіп мәз-мейрам.
Бойы жеңілдеген секілденді, өлімнің мәңгілік өмір екен
дігіне сенген сайын еңсесі көтерілді.
Арыстанның үйіне де жақындап қалған, әне, әр жерінен
опырылған шарбағына дейін көрініп тұр, сонау күні бүтін еді,
маңайдағылар отқа сындырып әкеткен ғой.
Қанден иттің шәуілі естілді, үйдің арғы бұрышынан бері
шыққан біреудің балағына тап-тап беріп шала бүлініп жатыр.
Ол жан-жағына қарап алып, шарбақтан секіріп түсті.
– Кім болды екен? – деді жүрегі аузына тығылып. – Арыс
танның шаңырағын өзінен басқа кім іздеуші еді?!
Бәймәлім жалғыз есікке жетіп тоқтады, әлденеден се
кемденетін секілді ме, жан-жағына елеңдеп қарап, байыздай
алмай тұр, бұл жақындағанша көшеге шығып үлгерді, міне,
өзіне қарай беттеп келеді.
– Иесіз үйді тіміскілеген суық қолды біреу болды ғой, – деп
ойлады. – Мұны көріп сырғақтаған ғой.
Жауынның суын тобығынан кешіп таялып тақалды, қал
пағының күнқағарын көзіне төндіріп алған, бетіне ұрлана
қарап өте шықты.
– Осылай жөнінді тап, – деді іштей, – қаңырап қалған
шаңырақтың қайғысы сенсіз де қалың.
Қанден енді өзіне әлем-тапырақ ұмтылған, тас-талқан
талап тастайтындай өршеленеді.
Күн бұлыңғырланды ма, әлде көзі ұлдырады ма, маңайы
тозаңытқан тәрізденді. Ендігі жетпегені осы еді, бұршақ боз
борандатып ұйтқып жатыр.
Қанден қаңқ етіп безіп кетті.
Тамағы құрғап, жөтел буа жөнелді, шарбақтың есігіне жет
кенше өліп-тірілді.
Соңында әлдекім еріп келе жатқандай, иесіз үйді тонай
алмай, енді өзін торуылдауға ойысқан әлгі пәле болып жүр
месін.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Секемденіп жалт қарады. Иә, соның өзі, өкшелеп келіп
қалыпты, қол созым жерде кілт тоқтады, әлдене деп тесіле
қарайды.
– Әрі! – деді тіксініп. – Әрі жүр!
Ол мысық табандап таялды.
– Сіз... сабыр етіңізші, – деп алдаусыратты,
– Жоғал! – деді шегіншектеп. – Жоғал!
Жөтел тағы да қысты, бойын билей алмай барады.
– Сіз.... – деді анау тағы да.
– Кет! – дегісі келіп еді, даусы шықпады.
– Сіз! – деген үн енді жаңғырығып естілді. Бұлыңғыр дүние
төңкеріліп түсті.
Құдай-ау, мынау таныс үн ғой! Сүт сіңді уыз үн!
Мамырдың аласапыран аспаны дабылдатып жөңкіліп ба
рады.
Әлдеқайдан, қияннан, бәлкім, алыс-алыс таулардан, Бет
пақтың ұлы шөлінен, мүмкін рухтар сапырылысқан көктен
біреу «Әке!» деп шырқырады.
– Әке! Бұл мен ғой!
Мүмкін өзі, мүмкін қиырдағы құба даласы, әлде Дарат
тың қамкөңіл жазығы «Құлыным!» деп құлдырады.
Ып-ыстық құшаққа сүңгіп кетті. Ып-ыстық жас жүзін
жуып жатыр. Ып-ыстық құшақтан сусып бара жатып та
лықсыды.
* * *
Тамұқтан келген адам жайлы әңгімені осымен тоқтатқым
келді.
Тамұқтан келген адам тамұқтан оралған жалғызымен қа
уышқан соң өлім жайлы ойламайтын болған-ды.
Өлім туралы рухтар да жақ ашпайтын, тек әредікте біздер
таптап жүрген көнбіс жерде бір кездері тозақ оты жаланға
нын ұмытпау үшін үнсіз еске алатын.
Ал өмірді осы күнге дейін ешкім түсінген емес.
18-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
АРҒЫМАҚ ПЕН АГБА
Повесть
Агба аттың жер тарпып пысқырғанын естіп, орнынан
тұрды да, қораның есігін ашты. Іштен мана өзі оттыққа
үйіп салған көк балаусаның иісі бұрқырап қоя берді. Бесті
айғыр Шам мұны көріп оқыранды да, қайыс шылбырды кере
жұлқынды. Байлауы үзіліп, не шешіліп кетсе, жолына кесе-
көлденең тұрғанды омырауымен қағып өтіп, сыртқа атыла
жөнелетіндей. Сауырының, кең алқымының бұлшық еттері
серіппедей жиырылып-жазылып шиыршық атады.
Кең қораның іші қазіргі кешкі шақта қара көлеңке тар
тыпты. Қызғылт қымбат ағаштан қиып жасаған, енді көк
темірмен торлап тасталған терезеден ішке батып бара жатқан
күннің әлсіз сәулесі талмаурап тарайды. Әшекейлі оттықтың
оюлы бедерлеріне жете бере жұтылып, бірте-бірте өңсізденіп,
аздан соң біржола сөнейін деп тұр.
Албар жақтан әңгі айғыр Хабданның шәңгірі естілді де,
Шам бұрынғысынан да мазасызданды. Аясы үлкейіп кеткен
жанарында долы ызаның табы бар, ағаш еденді қайта-қайта
тарпып, бүлік іздейді. Осында әкелген он шақты күннің ішін
де еті арып, қыр арқасы біліне бастапты. Онсыз да сала құ
лаш мойны тіпті ұзарып кеткендей, бұған бұрыла қарағанда,
доғаша иілді.
– Жат ел, өгей жерге үйірсектене алмай әбден мазаң кетті-
ау, жануар, – деді Агба аттың жалынан сипап. – Мен де қайбір
жетісіп жүр дейсің. Адам деп ескеріп жатқан тірі пенде жоқ.
Оның үстіне көзім іліге қалса, сахараның бұйра-бұйра ыстық
құмын, бәдәуилердің тотыққан жүзін, құдіреті күшті бейдің
рахымы түсіп берген азын-аулақ теңгеге салып алған аядай
лашығымды, мейірімді аспаз әйел Фатиманы көремін де, ояна
келе қарадай қажимын. Бұл сағыныш дегенің жегідей жейтін
дерт қой, емі жоқ дерт.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Шам оның даусын естіген жоқ. Аттың күтіп-бағушысы –
Агба тумысында мылқау адам болатын. Әлгі сөзді іштей
айтып, іштей күңіреніп жүр еді. Сол күйінде Шамның шылбы
рын ұзартыңқырап байлап, ақшыл жалына жабысқан шөптің
қиқымын тазартып болғанша біраз мұңын шағып үлгерген.
Арабтың үстінен құс ұшып өткенше қанаты күйетін ұлан-
ғайыр шөл даласын, шымырлап ағып жататын қасиетті Нілді,
айшықты күмбездері заңғар көкпен тілдескен сән-салтанат
ты мешіттерін, адамның жанынан өзгенің бәрі табылатын,
сатушысы да, алушысы да, ұры-қарысы мен кәріп қайыршысы
да құжынаған, азан-қазан базары бар Мәкканы күйзеле еске
алғанда, жанарына жас үйірілді.
– Оларды жұмыр басты пенде мен түгілі, төрт аяқты хайуан
сен де аңсайсың ғой, – деп таусыла аһ ұрған.
Содан кейін оттықтың жиегіне барып, әлі де тынши қой
маған Шамға қарап ұзақ отырды. Әлсін-әлсін қабырғасы
сөгіле күрсініп, енді өзінің жат жердегі мұңын шағар жалғыз
сырласы, жабыққанда аз да болса көңілін демдер таянышы
мына иненің көзінен өткен сәйгүлік екенін ойлады. Онымен
өз тағдырының біржола байланғанына көзін жеткізе келіп:
«Елегізи берме, тұлпарым. Мен сені тастап ешқайда кетпеспін.
Алла атымен ант беремін саған», – деп жұбатты.
Орнынан ат қораның ішін тастай қараңғылық тұмшалап
алған, жат бауыр бейтаныс өлкеге тағы бір тылсым түн әбден
орныққан кезде тұрды. Бұл қозғалақтағанда қос құлағын
қайшылап, қайтадан тыпырши бастаған Шамның сауырынан
еркелете сипады да, еденге тізерлей отыра қалып, тәңіріне
сәйгүлікті жын-періден қорғай жүр деп жалбарынды.
Тысқа шыққанда салқын жел екпіндей соғып тұр екен.
Дала көзге түртсе көргісіз, көрдей қараңғы. Жұлдыз біткен
ұшты-күйлі жоғалған. Мана кеш алдында аспанның батыс
жақ қапталын қою қара бұлт торлап жатқан, соның аумағы
сәт санап ұлғайып, енді заңғар көкті саңылау қалдырмай,
құрсаулап тастағандай. Ауадан жаңбырдың сыз иісі білінеді,
оның кешікпей сатырлап құя жөнелетіндігі де анық еді. Бірді-
екілі жетім тамшы тама бастаған.
Агба аспаны да, ызғырық желі де, тіпті көгінде қаңғыған
кезбе бұлты да өгей болып көрінетін жердің мына салқын тү
АЛДАН СМАЙЫЛ
нін мүлде жақтырмады. Ол бар маңайды бұған ерегісе, қасақа
на тұмшалап, бүкіл жан дүниесі мен ой-санасынан Арабтың
жазы мәңгі билік құратын, өрісінен аруанасы мен сәйгүлігі
арылмаған, түні мақпал, күні қызулы қасиетті өлкесін біржо
ла өшіріп, қайыра еске түспестей етіп ұмыттыруға тырысқан
секілді еңсені езіп барады. Әлгі әзірден бері қатая түскен желі
де бұған өш, тұла бойын тітіркенте мұздатып, әбден түңілдір
ген.
– Тәңір куә, мен бұл жерге ешқашан да бауыр баса алмас
пын! – деп айғай салды ол іштей.
Содан кейін тумысында мылқау, нойыс адамның дүние-
әлемнің бәріне кекті долы қыжылымен аяғының астын жұл
қына тепкіледі. Тастай қараңғы көкке жұдырығын түйіп,
әлдекімге кіжіне сес көрсетті. Ғұмыр бойы қасірет пен азап-
мұңнан арылтпай қойған қатыгез тағдырына ағыл да тегіл
қарғыс жаудырып, осынау сұрқай өмірге келгеніне таусыла
өкінді.
Ал меңіреу түн оның тұлан тұтқан ашу-ызасына пысқырып
та қараған жоқ. Тауын шағып мелшиіп, түнеріп тұрды да,
аспанның астын күркірей дүрліктіріп, отты жылан болып
тілгіледі. Күн күркіреп, найзағай үсті-үстіне жарқылдады.
Ірі тамшылар қара жерге сырылдай төгіліп, айнала енді бұ
рынғысынан да суына, жат бауырлана түсті.
Агба дәл мұндай ызғарлы жауынды алғаш рет көріп еді.
Үсті-басы әп-сәтте малмандай су болды, тісі-тісіне тимей, қал
тырап бара жатты. Мәкканың жылы жаңбырының астында
қалған талай қиын күндер басына түскен мына қысылтаяңға
қарағанда, жайсыз түс көргендей ғана ауыз ауыртып айтуға
тұрмайтын кез екен. Ондай шақтарда бұл әбден қажыса, ат
қораға барып паналайтын, не мейірімді аспаз әйел Фатима
ның есігін жасқана қағатын. Ал қазір мұның барар жері, басар
тауы мүлде қалмаған. Жат жерлік жаңа қожайыны француз
бей бұған қорада түнеуге үзілді-кесілді тыйым салған бола
тын. Неге осынша қатты кеткені белгісіз, Агба, әйтеуір, оның
өзін салған беттен жақтырмай қалғанын, төбесі көрінсе, қаба
ғы түйіліп кететінін ғана біледі.
Ызғар сүйегінен өтіп, шыдатпай барады, енді қалай да бір
пана табу керек. Есіне осындағы ат бағушылардың ішіндегі
ШЫҒАРМАЛАРЫ бұған жылы шыраймен қарай бастаған ұзын тұра жігіт түсті. Оның үйі ат қорадан алыс емес, осы арадан төрт жүз, бес жүз қадам жердегі өзеннің жағасында. Бір жолы ол мұны ертіп барып, тамақтандырған да. Дәм үстінде ұзынтұра шарапқа лық тойып алып ұзақ сөйлеген, бірақ Агба оның не айтқанын түсінген жоқ, қолын кіжіне сілтегенінен, қыза келе үстелді қайта-қайта қойғылап, ашу шақырғанынан әлдекімге ызалы екенін ғана ұққан. Ақыр аяғында әйел-баласына, мұның өзіне соқтығып, бәрін далаға қуып шықты. Қазір бара қалса, кім білсін, артынан бір теуіп, есіктен қуып шығуы қиын ба. Қайткен күнде де ол жаққа беттеуге жүрегі дауаламады. Ал жаңбыр күшейе түсті, қатты жел үйіре соққанда ірі там шылар жалаң қабат көйлегінен өтіп, денесіне шаншудай қадалады. Қайыс шәркейі езіліп, табанынан да ызғар өтіп барады. Дәл төбесінен шарт етіп найзағай атылғанда, аспан қақ жарылғандай болды, қораның ішінен Шам шұрқырай кісінеп қоя берді. Ат қораны алыстан орай қоршап тастаған биік темір шарбақтың қақпасы жақтан күзетушінің қабаған қасқыр иті қыңсылады. Агбаның енді ойланатын мұршасы да, жауынның астында тұра беретін шамасы да қалмап еді, ызғар бар төзімін тауысып, тәуекелге бел буғызған. «Мейлі, – деді ол іштей жанығып, – мейлі, көп болса қожайын дүре соққызар. Ол көрмей жүрген қоқайым ба. Ат қораға барып, Шаммен бірге түнеп шығайын». Осы ұйғарыммен қораның есігін жасқана ашып ішке кір ді де, киімін шешіп, суын сығып, оттықтың ернеуіне жайып қойды. Қараңғыда сипалап жүріп, Шамның жібек жабуын тауып алды. Соны оранып, бұрыштағы сабанның үстіне барып отырды. Даладағы суықтан кейін қораның іші жұмақтың тап өзін дей болып көрінді. Денесінің қалтырағаны басылып, аздан соң бойына ыстық қан жүгірейін деді. Алакөбеден тұрғаннан кешке дейін дамыл көрмей, күйбеңдеумен болғандықтан ба, қол-аяғы салдырап, дел-сал күйге түскен. Түзеліп отыруға да ерінді, кешікпей көзіне ұйқы тығылып, маужырап бара жат ты.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Ол шым-шытырық түс көріп еді.
Мәккаға тағы бір ымырт үйіріліп, бұл өзінің аядай ғана
лашығына келіп кірді. Босағада тұрған құмғанды алып қолын
жуды да, кешегіден қалған нанға құрма қосып жеді. Содан
кейін дұға оқып, төсегін салып жатып қалған. Бұл үшін осы
тіршілігінен артық рақат, сірә да, табылмайтындай көрінетін
де, көзі ілінер алдында құдайына құлдық ұрып, шүкірші
лік ететін. Басында панасы, өзегін жалғар асы бар, одан өзге
не қажет бола қойсын. Өмірдің басқа қызығын армандау
бұл үшін ессіздікпен пара-пар, оны қиялдағанымен қолы
жетпесін айдай айқын біледі ғой, ендеше құр есек дәмемен
өзегін өртегенде не таппақ. Құдіреті күшті тәңірі мұны бір
тәтті үмітіне жеткізген, тумысында жүйрік атаулыға барымен
құштар еді, міне, бейдің білдей ат күтушісі болып жүр. Күн
сайын қожасының, оған Алла жар болсын, көздің жауын
алатын талай дүлдүлін көріп қана қоймай, жал-құйрығын
тарап, бауырынан жаратып баптайды. Сәті түскенде, сирек те
болса олардың бойын қыздыру үшін ерттеп мініп, ұлан-ғайыр
албардың ішінде тақымын жазады. Сол кезде екі дүниеде
Агбадан бақытты адам болуы мүмкін емес-ті. Осы салтанат
ты, рақат-қызығы өлшеусіз шағы үшін ол өзін өмірге әкелген
тәңіріне ағыл да тегіл алғыс жаудырар еді: «Көріңдер мені.
Тұлпар мінген Агбаға қараңдар. Мұндай бақыт екінің біріне
қонбайды», – деп жар салатын, ерекше шаттанатын.
Ұйқылы-ояу жатқанда лашықтың тақтай есігі сықырлап
ашылды. Келген адамның мейірімді аспаз әйел Фатима
екендігін бірден білді. Бұл оның жүрісін өзін көрмей-ақ та
нитын, ол жанына таялғанда еркінен тыс масайрап, екі езуі
екі құлағына жетіп, күле беретін. Бұл жолы да солай болып
еді, Агба жатқан жерінен асығыс тұрып, Фатиманың алдында
құрақ ұшты.
– Неменеге тұрдың? – деді ол бұған жымия қарап. – Жата
бер, мен әншейін кіре салып едім.
Соны айтты да, қыш табаққа салынған, иісі бұрқыраған
кебабты ірге жаққа қойды.
– Бәлкім, ыстық кезінде жеп аларсың, – деген мұның жа
нарынан көзін тайдырып әкетіп.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Агба рақметін ыммен білдіріп, төсегінің үстіне отырды.
Фатима да жанына тізе бүкті. Етжеңді әйелдің қоңырқай
толық білегі иығына тиіп кетті, бір сәт ол мұны әдейі істеген
болып көрініп еді. Агба оған ұрлана қарап, осылай отыра
беруін, кетіп қалмауын құдайынан тіледі. Осы кез Фатимадан
көрікті, одан мейірімді әйел заты жоқ секілді сезілген.
Ол лашықтың ішін үнсіз шолып шықты да:
– Күні ертең үйленіп, балалы болсаң, қайда сыйғызасың? –
деп күлді.
Агба қызарып кетті, бұл төңіректе кейде ойға да бататын,
оның өзінде түн баласында оңашада ғана толғанатын. Сонда
көз алдында үнемі Фатима тұрушы еді. Әйел сол ұры ойын
сезіп қалғандай қысылып, маңдайы тершіді.
Фатима тағы біраз уақыт үнсіз отырып, мұның үсті-басына
қарады.
– Көйлегіңді шешіп бер, – деді күтпеген жерден, – жуып
қояйын.
Агба әйелдің алдында кеудесіне дейін жалаңаш қалуға
ұялып, азар да безер болды. Бірақ ол көнетін емес, бұл өздігінен
шешпейтінін көрген соң, бар денесімен қопарыла бұрылып,
қол салды. Екеуі тар лашықта ойда жоқта апыр-топыр алысты.
Фатиманың етжеңді жұмсақ денесі, шығыңқы кеудесі келіп
тигенде Агбаның басы айналды. Ол бірте-бірте әлсіреп, көзі
қарауытқандай болып, әйелдің ырқына илігіп бара жатыр
еді. Тек оның алыса жүріп өзін құшақтай беруін қалаған же
тім үміт, қыз-қыз қайнаған құштарлықпен ғана қарсыласқан.
Бара-бара Фатиманың мысы мүлде басып, әрі мұны бұрын-
соңды болмаған батылдық билеп, төсекке екеуі қатар жығыл
ған бір сәтте өзін-өзі ұмытқан, алғаш рет әйелдің ер адамға
сыйлар ұшан-теңіз бақыты бар екендігін сезіп, аласұрған.
Одан кейін аяқ астынан жат жерден бір-ақ шықты. Бейдің
француз патшасына сыйға тартқан сегіз сәйгүлігін айда
сып әкелісті. Мұнда келгендеріне аптаға жуық уақыт болған
сияқты, арабтар елге қайтуға жиналып жатыр. Бәрі ол-пұл
шаруасын реттеп, атқа қонуға дайын тұр. Бұларды басқарып
келген жүндес Омар кілең жүйріктің қайтарымына берілген
қымбат мүлікті серіппелі арбаға артқызған еді, өзі соның жа
нынан айналсоқтап шықпайды, таялып кеткенге ақырып-
жекіріп шала бүлініп жүр.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Агба өзіне бөлінген көлік – жараған аттың жанында екі
иіні салбырап жүдеп тұрған. Іштей бекінген өзіне де то
сын шешімінің кейін мұны қаншалықты азап-бейнетке са
латынын, оны ана жүндес Омар мен жат жерліктердің қа
лай қабылдайтындығын білмей дал болды. Осында айдалып
әкелген бесті айғыр Шамды тастап кетуге қимай, қарадай
қажығанда бұл қылығын серіктері түсінбеді, бәлкім, қол-ая
ғын байлап алып кетуге де тырысар, өйткені бұл бейдің басы
байлы құлы ғой. Ал олардан бір есебін тауып, қалып қойған
да, күні ертең өгей елде қайыр сұрап кетпесіне, аштан өліп,
шыбын-шіркейге жем болып, көмусіз жатпасына кепілдік
және жоқ. Француз қаласының ұшар басы үшкірленіп барып
бітетін биік мұнаралары, өңкей сұрғылт үйлер, қабақтары
салыңқы, ерсілі-қарсылы асығыс жөңкілген киімдері сыптай
бөгде адамдар, анда-санда тағалы аттарын тас төселген көше
де желдірте, асығыс өте шығатын қылышты солдаттар бұған
тым сұсты, әрі қатыгез болып көрінді. Ойы онға кетіп, әбден
сарсаңға түсті, өзегі өртеніп барады.
Бұрылып ат қораның алдында байланған сәйгүліктерге қа
рады. Шам ерен жүйрік, есті жануар ғой, шылбырын жұлқа
тартып, тыпыршып тұр, осында мүлде қалдырылғанын анық
сезетін сияқты, әлде мұны қимай қинала ма екен? Бесті ай
ғыр болғанша ерен жүйріктігімен Мәкканың басын шыр ай
налдырған дүлдүлді Агба құлын күнінен аялап өсірген. Ол
мұның мейірімді аспаз әйел Фатимадан кейінгі баға жетпес
қымбаты еді. Жаратылысынан тәкаппар, кірпияз жүйрік өзі
нен басқа ат күтушіні маңайына жолатқан емес. Оны бұдан өзге
ешкім де ауыздықтап мінбеген. Талай әлдемді шабандоздар
Шамның жынын қағып алмақ болып дәмеленгенде, мертіге
жаздап, зорға аман қалған.
Бірде Мәдинаға аты шыққан Әли шабандоз келіп, бейдің
алдында асауды жабыдай жуасытатындығына серт берді. Бей
оған егер сөзінде тұрса, Шамды тарту ететіндігін, ал кері
сінше болып шықса, өзінің басыбайлы құлы етіп қалдыра
тындығын ескертті.
Бұл сөзге Әли қарқылдап күлді.
– Ат әлсізді басынады, өзінен мықтыға тәк тұрады, – де
ген сендіре. – Көріңіз де тұрыңыз, асау айғыр менің тақымым
тигеннен-ақ дірдек қағады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сонымен жұрттың бәрі албарға жиналып, Агба Шамды
ерттеп алып шықты. Белін арқанмен шандып тастаған Әли
жатағандау келген, тұрқы ұзын, бір қарағанда шабысқа жоқ
шабан да болып көрінетін бестіге көз салып, сәл бөгелді. Айна
ла қарап, ерсілі-қарсылы жүргізіп, ұзақ барлады. Содан кейін
бейдің сарайында тұратын, елмен бірге қызық көруге шық
қан хазіреттен бата алып, тізгінді қолына ұстаған. Оның ерге
қалай шапшаң қарғып мінгенін Агба да, былайғы ел де аңғара
алмай қалды. Аты шулы шабандоз өте епті екен.
Әлидің қас қағым сәттегі бұл әрекетін асау Шам да байқап
үлгере алмағандай, алғашқы бетте қимылсыз тұрып қалды.
Тек ауыздығын қарш-қарш шайнап, жер тарпи берді.
Кейінгі барлық жын ойнақ шабандоз тебініп қалған кез
ден басталды. Шам тұншыға кісінеп алып, Нілдің алты құлаш
дүлей жайынындай тулады. Маңайында тұрған жұрт жан
дәрмен бас сауғалап, ат қораға қарай қашты. Сәйгүлік біресе
мөңкіп, біресе қалт тұра қалып аспанға шапшиды. Тұра шап
қан бетінде екі қапталына алма-кезек жалтарып, құйындай
құтырынды. Талай атпаз ол осылай жалт-жұлт жүйіткігенде
ерден ұшып түскен. Ал Әли жырынды құлаған жоқ, алдыңғы
екі аяғын Шамның қолтығына тығып жіберіп, атты аспанға
қарғытпауға, мөңкіп шаба жөнелтпеуге барын салып жүр.
Асау тоқтай берсе, сауырына қамшы басады, алға ұмтылса,
тізгінді тұқырта тартады.
Адам мен аттың жекпе-жегі осылай біраз уақытқа созылды.
Шам да, Әли де қан сорпаға түсіп, қажып тоқтайтын кез алыс
қалмаған секілденді. Агбаның жүрегі аузына тығылды. Шам
мәдиналық шабандоздың жетегінде желіп кете баратындай
көрінген. Онда бұл жұртта қалған бұралқы иттей сандалар,
бар қызығы мен өмірінің өзегінде өрілген үміті біржола то
налатыны анық болатын. Шам шабандоз атаулыны шыдат
пай, тулай берген соң оған тек өзі ғана мініп шабатын. Талай
бәйгелерде сәйгүлігін желдей естірген Агба мәреге бірінші
болып келіп жүрді. Екпіні шапқан сайын үдей түсетін дүл
дүлді құтырта жүйткітіп, азан-қазан шулаған, таңдана бас
шайқаған, Шамды бұ дүниенің дүлдүліне теңеген елді қақ
жарып, ат үстінің қызба желігіне мас болып, сол думанды,
ештеңеге теңестіруге келмейтін шақтың рас, өтірігіне көзің
жете алмай ағызып өте шығу қандай ғанибет еді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Агба әрбір бәйгеден соң өмірге қайта келетін. Бұл жалған
пәниге Шам сынды тұлпарды әкелген тәңірге құлдық ұрып,
бейдің оза шапқаны үшін беретін азын-аулақ теңгелерін
мешітке тапсырып, өзі сол баяғы бірде аш, бірде тоқ күйінде
жүре беретін.
Аз ғана уақытта арғымақ пен екеуінің лақабы Арабтың
біраз жерін шарлап кетті. Агба ат күтушілердің түсіндіруі
мен өзінің елдің аузында ертегіге бергісіз сан түрлі аңызға
айнала бастағанын білді, соған мағұрланып, Мәкканың бір
мықты тіреуіндей сезінді, тар лашығына сыймай, шаттанумен
болды. Сол кездері мейірімді аспаз әйел Фатима мұны бұрын
ғыдан да жақсы көріп кеткен.
Келе-келе Шамның бұдан басқа жанды маңайына жо
латпайтын шу асаулығы өзіне кесір де болып тиетінін қайдан
білсін. Әлдебір қаскүнем: «Агба сәйгүлікті дуалап тастаған
көрінеді, ол жалған мылқау, әрі зымиян сиқыршы екен», – деп,
гу-гу өсек таратып жіберіпті. Бұл лақапқа бей сеніп, Шамды
Мәкканың ғұлама молаларына талай рет қаратты. «Оның
бойынан мылқау сиқыршының дуасын қайтарған адамға
шаш етек сый тартамын», – деп жар салғызды. Сол жарлықты
естіген иісі молла бейдің сарайына қаптап кетті. Ұзақты күн
бойы Шамды орталарына алып, дұға, аят оқыған діндарлар
дың сарнаған дауысы бір тынбады. Бара-бара шалғайдағы
Мысыр, Бағдаттан да бақсы-балгерлер келетін болды. Бірақ
Шам шу асаулығынан арылған жоқ. «Ал енді қойдан да жуас
еттім, мін де жүре бер», – деген моллалардың сөзін малданып,
талай атпаз жер құша жығылды, кейбіреулері мертігіп, қор
болды.
Соған ыза болған діндарлар мұны енді бейге ібіліс етіп
көрсетіп, нәлет айтып шулады. Бейдің сарайындағы хазірет
бастаған моллалар Агбаны көзге шұқып тұрып:
– Кет, пәлекет. Иісі мұсылманның маңынан жүрме. Кесір-
кесапатыңнан аулақ, – деп арс-арс етті.
Сорлы Агба олардың қанталап кеткен сұсты жанарларына
қарауға қорқып, қалтырап тұра берді.
– Кімде-кім мына жын-сайтанның құлына рақым көрсете
тін болса, о дүниеде тозақ отына күйеді, – деп үркітті хазірет.
– Өшсін қарасы! Мәккадан қуылсын, – деп дүркіреді діндар
атаулы.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Агбаның әлі құрып, жерге тізерлеп құлап бара жатты. Сол
сәтте басына қатты соққы тиген, одан кейінгісін білмейді.
Есін қаланың шетінде борпылдақ құмның үстінде жатқанда
бір-ақ жиды.
Осы қарғыс атқан күннен бергі үш-төрт айда мылқау бай
ғұстың көрмеген азабы жоқ еді. Күндіз Мәкканың іргесін
дегі қоқым-соқым үйілген сасық жерге жасырынып, түнде
ұрланып барып, үй-үйдің күресінінен өзегін жалғар талшық
іздейді. Кей күндері өзеннің жағасына шығып қалған балық,
өліп жатқан құс қолға ілігеді. Осы қияпатты ауыр сәттер
дің азабына шыдай алмай, талай мәрте өлгісі де келді. Бірақ
тірлікті қиып кету мұның дәті баратын іс емес екен. Ол енді
өзі іздеп табатын түбі бір келуге тиіс ажалды сарыла күтумен
болды.
Сондай күндердің бірінде, тірі өлікке айналған шағында
Шамды соңғы рет көріп, бұл маңнан қарасын мүлде өшіруге
бекінген. Түн қараңғылығын жамылып, бейдің ат қорасына
тартты. Жақындаған сайын жүрегі атша тулап, қыбырлаған,
қарайғанның бәрінен үрейленді. Ат қораның темір қоршауы
на таяғанда ойда жоқта домаланған жүндес ит қарсы алдынан
шыға келіп, шәуілдеп қоя берді. Өне бойы қалтырап кеткен
Агба жан дәрменде жерге жата қалды. Абырой болғанда ит
бұған өшіге ұмтылып, шабаланып тұрып алған жоқ, ырылдап
айбат шеккен қалпы айналып өтіп кетті.
Орнынан сүйретіліп тұрып, тағы да алға жылжыды. Енді
гі бар ойы күзетшінің көзіне шалынып қалмау еді. Барын
ша еппен қимылдаған болып, ат қораның сыртқы жағына
шықты да, осылай қарай қатерлі жолға аттанғанда белдігіне
қыстыра салған кетпеннің сынығымен шарбақтың астын қаза
бастады. Қуғын-сүргінді, аш-жалаңаш күндерде әбден ары
ған бұған жер қазу оңайға түскен жоқ. Өлдім-талдым дегенде
денесі сыятын шұқырды зорға жасады.
Жерге жабысып жатқан күйі ішінен дұға оқып, тілін кә
лимаға келтіріп, тесіктен аман-есен өтті-ау. Ендігі жерде ол
Шам қамалатын қораға қиындықсыз жететіндігіне сенімді
еді. Албардың іші қалың қау болатын, оның арасымен ең
бектеп, алға дамылсыз жылжи берді. Көп кешікпей межелі
тұсына да келіп қалды, жер бауырлап барып есікке де ілікті.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Айналасына әбден қарап алып, іске кірісті. Өзі осында жүр
генде салынатын құлыпты бұл қолына түскен шегемен оңай
аша беретін. Енді қараса, басқасы ілулі тұр. Үлкендігі қос
жұдырықтай қара құлып пұт балғамен ұрсаң да қайыспай
тын секілді, тым мықты екен. Агбаның кетпеннің сынығымен
шұқылағанына ештеме өнбеді. Біраз әуреге түскен соң бұл
қарекетінен түк шықпайтындығына әбден көзі жеткен.
Түн баласындағы қауіпті жортуылының соңы осылай
күйзеліспен біткенде, Агба өкініш пен ызаға шыдай алмай,
иығы селкілдеп, ашына жылап жіберді. Мылқау сорлының
көкірегі шерге толды, кеудесінен күңіренген үн көтеріліп,
оны сап басуға дәрмені жетпей қиналды. Дәл осы сәтте бұған
өмірдің де, өлімнің де көк тиын құны жоқ еді. Қораның іші
нен, әлде мұны иісінен, әлде күңіренген мылқау үнінен таны
ған болар, Шам кісінеді. Жануар ішін тартып, оқтын-оқтын
шұрқырайды.
Агба есікке сүйеніп орнынан тұрды, бар күшін салып,
қауіп-қатерді жадынан мүлде шығарып, тұтқаны жұлқылай
берді. Темірмен құрсауланған есік енді бір күш сала тарт
са, шалқасынан түсетіндей көрініп өшіге, өжеттене түсті. Ал
Шам іште әлі кісінеп тұр, аласұра жұлқынғанына дейін анық
естіледі.
Мылқау сорлы оның кісінегенін естігенде, тілсіз болса да
құлағының сау екендігіне шүкіршілік еткен. Ту сыртынан
жүгіре басқан, дабыр-дұбыр еткен адамдардың дүбірі шыққан
да да есікті жұлқылауын доғарған жоқ, дүлей ыза буып алып,
арыстанша алыса берді. Келе сала жапа-тармағай бас салған ат
күтушілер мен күзетші оның қарысып қалған қолын тұтқадан
зорға жазып алды.
Агба таңертең салы суға кетіп, бейдің алдында тұрды.
Қожасы қаһарына мініп жер тепкілейді. Бұған жаудырмаған
боқтығы қалмай, бұрқ-сарқ етті, ызбарлы, аларған көзі ша
расынан шығып кеткен.
– Әкетіңдер! Жақсылап тұрып дүре соғыңдар! – деп зіркіл
деді ақыр соңында екі иінінен дем алып.
Мылқау байғұс оның бұл үкімін күтпеп еді, өзін неліктен
өлім жазасына кеспегендігіне таңданып, сарайдағы елдің бәрі
ығатын атарман-шабарманы ожар Насырдың айдауында кете
барды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Аш-арық Агбаға дүре тым ауыр тиді, есі кіресілі-шығасы
лы болып ұзақ жатты. Оның тап осы жолы қайтып қатарға
қосылмайтындығына мейірімді аспаз әйел Фатимадан бас
қаның бәрінің көзі жетіп еді. Бейшараның қан-сөлсіз құп-қу
өңі, арса-арса қабырғалары, ырсиып-ырсиып жараға айнала
бастаған, қамшының ізінен сау жері жоқ арық денесі, қараған
кісіні түршіктіретін үрей жайлап алған жанары оны о дү
ниелік ғаріпке көп ұқсататын. Көк тамырлары білеуленген
тарамыс саусақтары әлдекімді алқымнан алып, ашына қылғын
дырып жатқандай ұстаған жеріне тас кенеше жабысып, сы
ғымдай береді.
Арада ай өткенде күйіп-жанып қиналғанын қойғандай бо
лып, айналасына көз тоқтатып қарағанда жанында отырған
әйел мен шабандоз Хайыр сенер-сенбесін білмей аңтарылды.
Ал ертеңіне ол әкелген асты өзі ішетін халге жетті.
Бұған шын пейілімен жаны ашып, жиі келіп-кетіп жүре
тін Хайыр сонда Агба ешқашан да күтпеген, өмірге қайта
әкелгендей әсер еткен, жарық дүниеге біржола нәлет айтып,
тас емендей қатып қалған жүрегін жібіткен жақсы хабар
жеткізіп еді.
– Бейдің сені неге өлтірмегенін білесің бе? – деді ол. – Өзің
қуылғалы Шам бәйгеге қосылған жоқ. Бейдің басқа жүйрік
тері қырық ру бас қосқан, жан беріп, жан алысқан аламан
жарыстарда Мұхаммед саудагердің қыл құйрықтарынан оза
алмай-ақ дымымызды құртты. Ал Шам ешкімді мінгізбейді.
Бей өстіп, талай қыруар олжадан қағылды, абырой-атағына
дақ түсті. Бара-бара бәйгеден алдыңғы аттан кейін келген
сәйгүліктерін жұрттың көзінше қамшының астына алатын
болды, әбден қаны қарайып, бәрімізге қырғидай тиді.
Қыжылы көп сондай күндердің бірінде, күтпеген жерден
сені есіне алды. «Табыңдар. Көрден қазсаңдар да, жеткізің
дер», – деп бұйырды. Бұл әміріне хазірет қарсы болған екен,
сол мезетте тыйып тастапты. Енді, міне, өзің келдің. Жазыл
ған күні Шамға қайта мінесің, әлі талай қиқулы бәйгелердің
айдарынан жел ескен жеңімпазы да боларсың.
Осылай бір өліп, бір тіріліп қайта табысқан Шамнан мұ
ны ана Әли тағы да айырмақ. Агбаның табанының асты
АЛДАН СМАЙЫЛ теңселгендей болды, көзі қарауытып бара жатты. «Тәңірім, соңғы тілегім болсын, Шамға қуат-қайрат бере көр!», – деп жалбарынды. Асау айғырдың шарт сына шамырқанып, ұшып көкке, қарғып жерге түсуін, шабандозға топырақ қаптырып, ойнақтап шыға келуін бұршақ сала тіледі. Бәлкім, мұның күңіренген үні әдетінде тас бауыр тәңі рінің құлағына шалынған шығар, оның да жақсылық пен жамандыққа селт етер ет жүрегі бар ма, Шам ышқына кісі неп алып, ор қояндай қарғыды. Қазіргі қимылында жаралы барыстың дүлей ызасы бар еді, қайта-қайта аспанға атылып, мойнын алқымына ала мөңкігенде қараған жұрт шошынып, жағасын ұстады. Сол құйын-перен алыс-жұлысын тоқтатпай жындай долырған күйі бүктетіле шаба жөнелді де, қас қағым сәтте кері жалт бұрылды. Ел шу ете қалды. Әли ерден әудем жерге ұшып кетіп еді. Ат күтушілердің бәрі соған қарай тұ ра ұмтылды. Агба да соңдарынан жүгіре ерген. Шабандоз ор нынан қиралаңдай тұрды да, өңі қуарып қайта құлады. Қос жұдырығымен қара жерді үсті-үстіне төпелеп, әлдене деп сандырақтайды. Бейбақ қатты жығылғанда есі ауып кеткен секілді, түрі әлем-тапырық. Бір кезде жерден сүйемелдеп көтерген ат күтушілердің қолын жұлқына қағып тастап: «Мен құлмын. Уа, бей, ба сыбайлы құлыңмын! Мен құлмын!» – деп қырылдай берді. Осы сәтте оның түріне қарау мүмкін емес-ті, аузы қисаң дап, көзі шатынап кеткен, өзін де, өзгені де аямайтын қорқау ашуға булығып, тісін шықырлата қайрайды. Ат қораға қарай теңселе басып кете барды, сол бетінде есіктен ішке енді де, қолына айыр алып қайта шықты. Жұрт оның не істегелі жүр генін болжап үлгергенше албарды айнала шауып, таялып ке ле жатқан Шамға төтелей ұмтылды. Ашынған шабандоздың бесті айғырды жайратпай тынбайтындығы анық-ты. Ел шу ете қалды, бәрінен бұрын Агба есін жинады, барысша атылып, Әлиді тез қуып жетті де, қолындағы айырға жармасты. Сол мезетте басқалары да келіп үлгеріп еді, көзіне қан құйыл ған шабандозды тырп еткізбей сүйреп, аттан алысқа алып кет ті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Осындай талай сұрқылтай сыннан өткен Агба енді не істерін
білмей дал. Арабтар жолға әбден жиналып болған, алды атқа
да қонды.
– Әй! Мелшиіп не ғып тұрсың? – деді жүндес Омар арбаға
мініп жатып. – Кеттік!
Агба тұрған орнынан қозғалмады.
– Ей, мынаны албасты басқаннан сау ма? – деп күжілдеді
енді Омар. – Мін атқа!
Мылқау ат күтуші сонда да тапжылмады.
– Өзін жүндей түтіп алар ма еді. Бұл қай қиястығы-ей, – деді
анау ашу шақыра бастап. – Мына дүлей осында қалудың қа
мын ойлап тұрмасын. Бұдан ол да шығады.
Енді арабтардың бәрінің назары өзіне ауды.
– Жүр! Уақыт өткізбе! Жол алыс, – деп шуылдады.
Агба олардың дауысын естімеген адамдай әлі мелшиіп тұр.
Жүндес Омардың шыдамы енді мүлде таусылған болар.
– Ұстаңдар да, арбаның артына таңып тастаңдар! – деп
бұйырды.
Төрт-бес араб аттарынан қарғып түсіп, біреуі қанжығасы
нан арқан шешіп алып, қаумалай таялды. Олар қол созым
жерге жақындағанда, Агба кері секіріп түсті. Байлаулы Шам
ды, өзін көрсетіп, сәйгүлікті қимайтындығын, онсыз бұл құ
дайға да, адамға да керегі жоқ сорлы екендігін ыммен асығыс
түсіндіре бастады. Бірақ арабтар құлақ асатын емес, бірте-бірте
қоршап, түнере төніп келеді.
Агба сонда да үмітін үзбеді. Өзінің тағдыры асау Шаммен
біржола ажырамастай байланғанын, керек десе, онымен бір
ге өлуге де бар екендігін ұқтырмақ болып жанталасты. Күн
тотықтырған әжімді жүзін ып-ыстық жас жуып жатты. Ал
серіктестері болса сапарға шығуға асығулы еді, сондықтан
оның мұң-зарын, көкейіндегі күйігін елең қылмаған. Мыл
қау ат күтуші енді бір сәт кешігіп, әрекетсіз қалса, бас салып
байлап тастауға әзір болатын. Агба мұны кәміл сезді де, қы
нынан қайқы қара кездігін суырып алды. Өңі аяқ астында
суынып сала берді, арабтар дағдарып, қалт тұра қалды. Сапар
ластарының осы сәтін пайдаланып, ол ат қора жаққа шегіне
АЛДАН СМАЙЫЛ
жылыстай берген. Екі аралық едәуір алшақтаған кезде аяғы-
аяғына жұқпай тұра қашты.
– Енді қайттік! Бейге не айтамыз? – деп дүрлікті арабтар.
– Таста. Қалсын қалың кәпірдің арасында. Бей Агба жо
ғалды деп құлсыз өтпес, – деді жүндес Омар күжілдеп. – Кеттік.
Алла жолымызды оңғарсын.
* * *
Агба әдеттегісінше өте ерте оянды. Ат қораның іші әлі қара
көлеңке екен, қарсы бұрышқа көзі еркін жетпеді. Шам жусап
тұр, дәл қазір оның түсі қандай екендігін де айырып айту
қиын болатын. Жанарының алдында сағым бұлдырайды. Ол
осы жерге қашан, қалай келгендігін де ұға алмаған, әйтеуір,
жатқан орны жайсыз емес-ті, қайтадан ұйқы қысып, бейжай
отыра берді.
Содан кейін түні бойы көрген түсін жорып көрмек болған.
Оның ұзын-ырғасын түгендеп байқаса, бұл өзінің өткен өмі
рінің есте мәңгі жатталып қалған, еш уақытта ұмытылуға
тиіс емес, шырғалаңы көп соқпағын қайта жүріп өтті. Бәлкім,
соның әсері шығар, жүрегі өрекпіп, аузына тығылғандай
болды, көз алдына ұбап-шұбап, Арабтың қасиетті сахара
сын бетке алып бара жатқан, ұзақ сапар шеккен жерлестері
елестеді. Олар мұның қолқасын суырып, ет жүрегін өздерімен
бірге ала кеткендей өн бойы ұйып сала берді. Көңілінің сонау
терең түкпірінен Мәкканың күмбезді мешіттері, иыр-қиыр
тар, шулы көшелері, желдей жүйткіген Шамды аруақтан
дыра ұрандаған жанкүйер ел, аламан бәйге бой көтерді. Ал
тар лашығының жанында мейірімді аспаз әйел Фатима мұны
сарыла, сағына күтіп тұр.
Ол осында, жат жерде қалып қойғалы алғаш рет туған
жерін тағаты таусыла сағынған еді, тұңғыш рет өзінің жол
серіктеріне ермегендігіне қабырғасы қайыса қынжылған.
Бірақ енді бәрі кеш, әрі мұнда Шам бар ғой, оны қалай қиып
кетсін.
Теңселіп орнынан тұрды да, оттыққа жайып қойған киімін
киді. Ат қорада бұдан әрі отыра беруге болмайды. Француз бей
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мен оның ожар Насырға ұқсас, ат күтушілер сыртынан Қабан
деп атайтын алып кел, шауып келі мұның осында түнегенін
білсе, басынан сипай қоймас. Көзге түспей тұрғанда тез жо
ғалғаны жөн.
Қораның есігін абайлап ашып, далаға шықты. Аяқтың
асты көлкіген су, шылқ-шылқ етеді. Жаңбыр түнімен жауып,
жаңа бір әзірде ғана басылған секілді, төбенің тақтайынан
тамшы тамып тұр. Маңайдың бәрі: албардың ішіне өскен шөп,
әріректе жаяу адам жүретін жолдың жиегіне отырғызылған,
бұл атын білмейтін аласа, тығыз өскен ағаш, мұнартып кө
рінген, биік сұрқай үйлері бір-бірімен бәсекелесе көкке бой
созған жат қала, бауырын ыдырай бастаған алба-жұлба қара
бұлт шұбарлаған түнеріңкі аспан, тіпті шығыс көкжиектен
жасқана білінген таңның алғашқы өңсіз сәулесі – бәрі тоңа
зып, суық сорып жүдейді. Таяқ тастам жерде күзетшінің қыш
кірпіштен салынған, төбесі шатырлы үйі тұр. Ол да түнімен
жауған жаңбырдың ызғары өтіп, жерге шөге түскендей көзіне
аласарып көрінді.
«Жазы мынадай, қысы айтып келген жұттың тап өзі
шығар», – деп ойлады Агба. Сол ойынан өзі үрікті. Бұл ондай
сүйектен өтетін аязды, үскірік айларда бір күні мүрдем кетер.
Қазір де жетісіп тұрғаны шамалы, балағы далақтаған кенеп
шалбары мен жалаң қабат шыт көйлегі таңғы салқынның
өзінде пана болуға жарамаған ол өзін мүсәпір халде сезінді.
Қала енді-енді ояна бастады, сол жақтан әуелі тұншығып
шыққан ұзын сарын шым-шымдап күшейіп, әлден соң анық
естілді. Өгей шаһар қорқырай оянып, алып денесінің құрыс-
тырысын ыңырана жазған дию сияқты еді, қылқ еткізіп жұта
салатын құрбандығын іздеп, сояу-сояу сом тырнақтарымен
қара жерді қақырата бүріп, күркіреп тұрып келе жатыр. Агба
жанарын алып қашты. Осы жат өңірдегі жанды-жансыздың
бәрі неге үрей шақырып тұратындығын, оның алдында қай
қылығымен күнәһар болғандығын білмей сандалды. Бәлкім,
қара жер де өзінде тумаған ұлға өгей шешедей салқын қарап,
сырт теуіп тұратын болар. Агба бұл топырақтың перзенті емес
қой, ол сахараның ыстық құмынан жаралған.
Шалшық суды шылп-шылп басып, өзен жақтағы жер ке
пелерге қарай жүрді. Онда іші үнемі қобарсып жататын кіш
19-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
кене асхана бар. Агбаның Шамды, осында қалған басқа да би
жүйріктерді күтіп-баққанына алған азын-аулақ теңгелерін
жұмсайтын жері осы ғана. Күн сайын таңертең және кешкісін
тамақ ішіп кетеді. Бұл есіктен кіргенде асхананың иесі бір
тілім нан мен сопақ кесеге құйылған салқын сүтті дайындай
бастайды. Мылқау араб басқа ештеме сұрамайтын.
Ауқаттанған соң келген ізімен кері қайтты. Ат қорадан
Шамды алып шығып суарды да, албардың ішіндегі қалың
қауға шалдырып, біраз уақыт өткізді. Оның алдыңғы күннен
бергі бар алаңы мен ермегі осы асау айғыр ғана болып қалған
еді. Француз бей басқа араби аттарды біртіндеп сатып тауысқан.
Шамның оты қанған сияқты болған кезде ат қораға қайта
жетектеп апарды да, ерттеп мінді. Кең дуалдың ішінде жел
діртіп, бойын жазды. Бұл кезде басқа аттар да далаға шыға
рыла бастаған еді. Оның көбі Шамнан ірі, сауырлары төңке
рілген, шоқтықтары қол созым, алқымы аяқ қаптай өңкей
сүйекті, әлуетті жылқылар. Бастарымен алысып, төңкерілген
тостағандай қатты тұяқтарымен пысқырына жер тарпыған
да, жетектеген адамды дедектете сүйреп, басымен алысқанда,
қараған көз құмартады. Рүстем сынды алыптарға бола жа
ратылғандай адуын, кеудесі көріктей қорқыраған тұлпарлар
жанарыңды билеп алады. Мұндай жылқы айшылық жерді
алты-ақ аттайтындай болып көрініп, Әзірет Әлінің дүлдүліне
теңеуге шақ қаласың, жоқ жерде күнәға бата жаздайсың.
Сөйте тұра иелері оларды ат жарысына арнайы салынған
қоршаудың ішінде таяқ тастам жерге ғана айдайды. Аттың
қолтығы сөгіліп, алқымы бусанып үлгермейтін қарға адым
қашықтыққа қамап қор қылады. Омырауымен тау соғардай
болып, екпіні жел үйірген, ауыздығымен алысқан аттар үшін
бұдан өткен қандай қысастық бар. Бауырын жаза, көсіле шап
паған хас жүйрік құмары тарқамаған сұлу секілді, ол да құса
болып, шерге бататындығын Агба жақсы біледі. Шамды сар
желіске салып жүріп, берісі отыз, әрісі елу-алпыс шақырымды
алқымдайтын аламан бәйгенің қиқуын аңсайды, құла түзге
шығандап кетіп, межелі жерге жақындаған сайын шабысы
үдей түсетін аруақты сәйгүліктің үстінде лап етіп тұтана
тын құйын-перен желікті, басқа бір жүйрік үзеңгі қағыстыра
өзеурегенде қыз-қыз қайнайтын намысты сағынады. Ол да
ШЫҒАРМАЛАРЫ
екінің біріне бұйыра бермейтін, айтуға тіл жетпейтін ғажайып
дәурен ғой.
Сондай бір алапат шабысқа осы елде қосылар күн туса, жат
жер мұның, бесті айғыр Шамның бойында қандай құдірет
бұғып жатқанын таңдай қаға көрер еді, екеуінің бағы қайта
жанып жүре берер еді. Бойында бұлқына-бұлқына сыртқа
шықпай тұншыққан қайрат-жігердің түбі – дерт. Агба соны
ойлап қажиды, ерен жүйрік Шамды аяп, салы суға кетеді.
Күн арқан бойы көтерілген кезде француз бей, алшаң-
алшаң басқан және басқа үш мырза келді. Жандарында еңге
зердей Қабан мен киімдері жұпыны тағы екі адам бар. Олар
албырдың орта тұсындағы аттарды ұзын арқанның бойымен
желдіртіп, бойларын қыздыратын тақыр алаңқайға тік тарт
ты. Сәйгүліктерін жетелеген шабандоздар да солай қарай
шұбырды. Таяла бере аттарына қарғып мініп, бей бастаған
топтың алдынан біресе сар желіске салып, біресе шоқытып,
ерсілі-қарсылы өтіп жатыр.
Агбаға қожайынның назарын Шамға аударудың орайы
келе кеткендей болып көрінді. Мәкка мен Мәдинада құйрық
тістесуге жарайтын жүйрік табылмаған дүлдүлдің парқын
білсін, қолына баға жетпес асыл, тауы шағылмайтын атақ
пен даңқ келіп қонғанын ұқсын. Соны аңғартқан Агбаны қа
дірлейтін болсын.
Ұзындығы недәуір албардың екінші басына шауып барып,
сол жерден қожайыны тұрған жерге төтелей салды. Шамның
күткені де осы екен, тізгінін кере ұмтылып, көзден жас ағыза
заулады. Жиырылып тұрған серіппедей атылып, сынаптай
сырғыған. Әне-міне дегенше аттарын ерсілі-қарсылы шоқы
тып жүрген шабандоздарға жетіп қалды, араларынан ор
қояндай жалтарып, олар қайырылып қарағанша зу етіп өте
шықты. Сол бетінде қайыра бұрылып тағы да жүйткіткен.
Бұл жолы шабандоздар қақ жарылып, екі қапталға ығысып
үлгерді.
«Осының өзі атқұмар жанның делебесін қоздыруға же
тер», – деп ойлаған Агба мырзаларға таяды. Шамның әлі
құрыс-тырысы жазылмаған, ауыздығын қарш-қарш шай
нап аласұрады, тізгінді сәл босатса, ала жөнелгелі тұр. Маңа
йындағы аттардың бірі тыпыршып бұлталақтаса, аспанға
шапшып долырады, өкпе күйер қияпат шабыс тілейді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Агба мырзалардың Шамға қарап, бірін-бірі іліп әкетіп,
жамырай сөйлегенін аңғарды, әсіресе тәпелтек келген мұрт
тының дауысы қатты шығады. Қолындағы әшекейлі таяғын
дамылсыз сілтеп, әлденені қызына айтады. Бәлкім, ол Шам
ның ерен жүйріктігіне күмән келтіріп, өнбес дауды қоздырып
тұрған болар, басқаларының аузын аштыратын емес. Бір кезде
бұған қол бұлғап, жанына шақырды, аттан түс дегенді ыммен
ұғындырып, тізгінді қолына алды.
«Мынау Шамға мінбек пе? – деп секемдене ойлады Агба. –
Байғұс ажалынан бұрын өліп жүрмесін». Қапелімде сасқа
лақтап, тізгінді өзіне қарай жұлқа тартқан. Тәпелтек айы
рылып қала жаздап, кері серпіп қалды, қайдағы бір мылқау
арабтың кесірлі қылығы шамына тиді. Зығырданы қайнап
шыға келген, Агбаны кеудесінен итеріп тастап, Шамды тақыр
алаңның ортасына қарай жетектеп әкетті.
«Бітті. Ана сорлы мерт болады енді. Ол атқа отыра да
алмайтын шығар», – деп түршікті Агба. Соңынан ұмтыла
берген, сол сәтте Қабанның темірдей қатты қолы жауырынына
сарт ете қалды да, етпетінен құлап түсті.
Агба қатты жығылған еді, орнынан тәлтіректеп тұрғанша
тәпелтек Шамға мініп те алыпты. Еті қызып, шабыс тілеп
тұрған бесті айғыр ерге мылқау ат күтушіден басқа тірі пендені
қондырмайтын қиястығына басып, тулап ала жөнелді. Әуелі
мырзаның төбесі биік қара қалпағы ұшып кетті, іле өзі де жер
құшты. Шам тізгінін шұбатып ойнақтап шыға келді, бірақ
мөңкіп тұра шаппай, шұрқырай кісінеп қайта оралған.
Агбаның бағына қарай тәпелтек мырза мертігуден аман
екен. Орнынан тұрғызған соң қиралаңдай басып, ерсілі-
қарсылы жүрді де, Қабан әкеліп берген қалпағын ызалана
лақтырып жіберіп, жерге түкірді. Жанындағыларға былдыр
лап сөйлеп қояды, бірақ манағы қарқыны жоқ, үні жасып
шығады. Үсті-басы баттасқан лай, беті-аузына дейін қара ала,
торы ала.
Француз бей оған қарап қарқ-қарқ күледі. Шамды нұсқап,
мынадай тұрқы қысқа, аласа аттан жығылғанын мазақ
еткендей ішек-сілесі қатады. Агба оның жүзі жылып, елден
ерек мәз болғанын көргені осы еді, қияқ мұртына дейін күле
тін сияқты, етжеңді денесі селк-селк етеді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қожайын осылай біраз желпініп алған соң Қабанға әлдене
деп бұйырды, ол басын шайқап, қарсылық көрсетіп жатыр,
балпылдап жік-жаппар болады. Сірә, оған асауға енді сен
мін десе керек. Алпамсадай жігіт екі қолын кезек сілтеп,
шегіншектей беріп еді, дауысы қатты шықты да, Қабанның
үні өшті. Екі иығы салбырап, Шамға қарай беттеді. Таяла
бере басқаларға сездірмей үркітіп жібермек болып, қорбаң
ете қалған. Ат ырғып түсіп, оқырана желген күйі Агбаны із
деді. Көрген бетте жанына барып қалт тұра қалды, арқасына
тұмсығын үйкелеп, қайта-қайта пысқырынды. Осы қареке
тімен оған «тізгініме ие бол, ешкімге ұстатпа» деп тұрғандай
еді. Агба дәл солай ұғынған, бірақ сорлы арабтың қолынан не
келсін, француз бейдің әмірімен Қабанға жетектеп апарды.
Ол атқа ірі денесінің икемсіздігіне қарамай, жеңіл ырғып
мінді, тізгінді де тез жинап ала қойған. Шамды салған жер
ден ырқына иліктіріп алмақ болып, бар дауысымен ақырып
қалды. Қабанның қорқыраған үні әлдебір азулы жыртқыш
тың күркіріндей естілген болатын, шабандоздардың астын
дағы аттар бастарын оқыс көтеріп алып, құлақтарын қай
шылады, француз бей тыжырынып, қабағын шытты.
Шам шегіншектеп бара жатыр, Қабанның тізгінді тұқыр
та тартқаны соншалық, аттың басы алқымына жетіп, мойны
доғаша иілді. Бар ойы оны тулатпау болған өңкиген неме
омыртқасын үзетіндей күшене шіреніп, ерді нығарлай жа
ныштайды. Ұзын аяқтарын үзеңгіден шығарып жіберіп, қос
бүйірден қатты қысып алған. Агбаға Шамның қозғалуға мұр
шасы қалмаған секілді көрінді, көздері шатынап, аузынан
сілекейі шұбарып, қыр-қыр етеді.
Қабан осы тістескен қайратынан жаңылмаса, бесті ай
ғырдың тынысы тарылып барып құлап түсетіні қарап тұрған
елге мәлім бола бастады. Мырзалардың жанындағы жұпыны
киімділер алпамса жігіттің өгіз қара күшін дәріптеп, үш литр
арақты суша сіміргенде буыны босамайтындығын, қырық пұт
кірдің тасын оңай көтеріп, жүріп бара жатқан пар ат жек
кен күймені артынан ұстай қалып, тыпыр еткізбей тоқтата
салатынын жарыса айтады. Сөйте тұра қараңғы көшеге жал
ғыз шықпайтын қорқақтығы да сөз болып жатыр.
Шам қатты қиналып еді, ол мұндай қарулы адамды бұрын-
соңды кездестірген жоқ болатын, зілдей қара жартас белін
АЛДАН СМАЙЫЛ
сырқырата сындырып барады. Төрт аяғы сыз жерге тізесіне
дейін кіріп кеткендей қозғалмайды, тулап мөңки жөнелу тү
гілі денесін нық ұстап тұру үшін тұяғын қыбырлатудың өзі
мұң болды, оның үстіне мойны сырт-сырт етіп опырылып
барады, ауаны еркін бір жұта алмай сілесі қатты. Табанының
астындағы қара жер тарыла қусырылып келеді, дөңгелене
жиырылып, тоқымдай ғана болып қалған, сәл теңселіп кет
се, құрдымға құлағалы тұр. Ал үстіндегі тақымы темірдей
пәле алып бүркітше бүріп, шыңырауға шірене итереді, өзі
мен қоса құласа да шіміркенетін емес, қабырғаларын майыс
тыра қысқанда өкпесі аузына тығылады. Жанарының алды
қызылды-жасылды от ұшқындарына толып кетті, қара са
нының көк еті сөгілген шығар, удай ашыды.
Иесі қайда кетті екен, қиналған кезде неге қол ұшын бер
мейді?
Сәйгүлік шұрқырай кісінемек болды, бірақ көмейі кепте
ліп қалған, тыныс алудың өзі қияметтің қиыны. Жүгеннің
ауыздығы тілін тісіне қыса қиып барады, тізгінді сәл қатты
тартса бөлініп түсетін шығар, тұла бойын айдаһар жылан
орап алып, жиырыла сығымдаған сияқты жоны, бөксе тұсы
жансыздана бастады.
Шам иесін жан ұшыра көмекке шақырды. Ішін тарта кү
ңірене кісінегісі келді, бірақ көмейі тығындалып қалған,
бәлкім, өңеші үзіліп кеткен шығар, дамылсыз қорқырайды.
Оның енді құлап түсуден басқа лажы қалмап еді, тек адуын
қайсарлығына басып қана құлағысы келмейді.
Агба бұдан әрі шыдай алмады, Шам тәлтіректеп кеткен
дей болып көрінді. Атқа қарай ұмтылды, сол сәтте француз
бейдің: «Ұстаңдар!» – деген әмірлі дауысы қабат шықты.
Шабандоздар алдын орап, аттарының омырауымен қаға-маға
кері қуды. «Кәпір! Жауыз! Доңыз! – деп кіжінді Агба Қабанды
өшіге балағаттап. – Осыдан Шам жығылсын! Осыдан жазым
болсын! Алла атымен ант етемін, тірі қоймаймын!» Бет-аузы
қисаңдап, тұла бойы қалш-қалш етті. Сыз жерге отыра қалып,
қолын көкке жайып жіберді де, тәңірінен Шамды желеп-
жебеуін жалына, барымен қиыла, жан дүниесімен егіле өтін
ді. Содан кейін асаулығынан арылып, қыр-қыр етіп буынған
Шамға қарап, мелшиіп қатты да қалды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бәлкім, тәңірінің бұған деген тас емен жүрегі жібіген шы
ғар, шиыршық ата тартылған тізгін бырт етіп үзіліп кетті.
Қабан аттың сауырына қарай шалқалақтап барып түзелді
де, Шамның құлағынан ұстай алмақ болып, қолын ербеңдете
созды. Сол кезде бесті айғыр қос аяқтап тепкіленіп, мөңки
жөнелген, бірақ қимылы шалт емес, Қабанның әлгі қыспағы
әлсіретіп тастаған ба, жалт-жұлт бұрылатын шапшаңдығынан
айырылған, шаба жөнелмек болып алға ұмсынды да, іле қалт
тұра қалды. Үстіндегі үйелмендей пәледен құтылудың төте
жолын іздегендей бір сәт тынышталып, күтпеген жерден
мойнын алқымына ала құлады.
Қабан кескен дөңбектей төңкеріліп ауып бара жатты,
жерге сылқ етіп түскенде, жамбасын аттың сауыры басып
қалды. Жан ұшырған дауысы қоса шықты. Ел жүгіріп жет
кенше Шам атып тұрып, үрке жөнелген. Ал Қабан орнынан
қозғалуға әрекет те жасаған жоқ, қатты ыңырсып, тісін
шықырлата берді. Түрі бұзылып кеткен, жуан салалы сау
сақтары жерді бүркітше бүреді.
Оның қатты қиналғанын көргенде, Агбаның әлгіндегі ашу-
ызасы су сепкендей басылды. Қожасының абалатып қойған
қабаған төбеті секілді ожар жігіттің мына бейнетіне өзі кінә
лі секілді көрініп, бұл жерден тез кетуге асықты, қора жаққа
қарай шауып кеткен Шамның соңынан кең шалбарының
балағы далбаңдап тұра жүгірді. Жүрегі аузына тығылып,
тынысы тарылып барады.
* * *
Кешке дейін ат қораның маңын шиырлап, сенделді де
жүрді. Өзіне қарай әлдекім келе жатса, буын-буыны діріл
деп қоя береді. Француз бей шақыртып жібергендей, асау
айғыр Шамның бүгінгі қияпат бүлігі үшін шықпыртып
дүре соғатындай көрінеді де, кірерге тесік таппайды. Ол
манадан бері осылай қажып жүріп, бесті сәйгүліктің енді
бәйгеге қосылмайтындығын, оған ешқандай шабандоз міне
алмайтынын ойлап, одан әрі жүдеген. Ал мұны француз бей
тірі жан деп есептемейді, назарын да салып көрген емес. Енді
мұның, бейбақ сәйгүлік Шамның кімге қажеті бар.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Қинала келе Мәккадағы қожасының Шамды жат елдік
бейге қалай қиып, сыйға тартқанына түсінбей дал болды.
Оның осы тосын әрекеті бұл түгілі өзінен зорлары да пайым
дай қоймайтын, түбінде мықты есебі бар мырзалық шығар.
Құлақ жетер өңірге қаталдығымен, көл-көсір байлығымен
аты шыққан бей көңілі түскенге гареміндегі он бесіндегі ай
дай толықсыған аруды да жетектетіп жіберетін. Сондай бір
сұлу үшін қазынасын қотара ақтаратын. Ендеше, Шамды
сәлемдемеге айдатып жібере салу оған қиын болып па. Тек
мұны неге ғана істеді, басқа сәйгүліктер де аздық етпес еді ғой.
Агба бейбақ осылай бір таусылған, жақсы мен жаманның
бәрі тәңірдің ісі болса, оның өзі жаратқан жұмыр басты пенде
лерін неге сорлата беретіндігіне түсінбей күйзелген. Құдіреті
күшті құдай мұны жарық дүниеге мылқау етіп әкелгені аздай-
ақ, осыншама сарсаңға салғанда, қай қылығымен жақпай
қалды екен.
Ерсілі-қарсылы жүре-жүре аяғы талып, ат қораның ал
дында жатқан жуан бөренеге барып отырды. Күзетшінің үйі
жағынан сорайып біреу келе жатыр. Ешқайда бұрылмай, тура
өзіне қарай беттеген. Жақындай бере оның Ұзынтұра екенін
таныды. Дәл қазір мұның ешкімді көруге зауқы жоқ еді, іштей
жақтырмай қалған. Бірақ онымен еркінен тыс бас шұлғып,
құрақ ұшып амандасты. Ол құл біткеннің қанына сіңген дағ
ды бойынша жүрегі қан жылап тұрып, өзінен әлдінің алдында
құрдай жорғалай жөнелуге әрқашан дайын болатын.
Ұзынтұра жанына жайғасып отырды да, қалтасынан қор
қорын суырып, асықпай тұтатты. Көк ала түтінді аузынан
да, делдиген танауынан да будақтатады. Жіңішке мойны
көйлегінің жағасынан сорайып шығып тұр, етсіз білектері
білеуленген көк тамыр, әр жеріне шимайлап сурет салып тас
таған. Ашық жағасынан жүндес төсі көрінеді, ол да жала
ңаш әйелдің бейнесімен әлеміштенген. Сопақ бетіне түскен
әжімдері терең, көзінің алдында тыртықтың ізі бар. «Бұдан
бұрын қандыбалақ қарақшының тап өзі болған шығарсың», –
деп ойлады Агба оның тұла бойын сездірмей шолып шығып.
Бірақ Ұзынтұраның басқалардан гөрі мейірімді, қолы ашық,
көңілі ақ жарқын екендігін еске алып, әлгі байламына сен
гісі келмеді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ол қолын Агбаның иығына салып, өз тілінде сөйлей бас
тады. Араб түк түсінбей отыра берді. Ұзынтұра енді ымға
көшті, ат қораның Шам байланатын тұсын көрсетіп: –
Мықты! Жүйрік! – деген сөзді ұғындырды. Артынша бет-
аузын түгел құбылтып, тым асау екендігін, ондай аттардың
сатылатындығын айтты.
Агбаға бұл хабар жайсыз тиді. Көкейдегісін ыммен тез
ұқтыратын жаттанды қимылмен Шамды сата қалса, қан
ша теңгеге беретіндігін сұрады. Ұзынтұра ойланып қалды,
маңдайын сипап отырды да, он саусағын бірнеше жұмып
жазды. Ондай қаржы мылқау арабтың түсіне де кірмес еді.
Әуелде «сәйгүлік сатылса, қайыр сұрап тиын-тебен жинап,
өзім алсам қайтеді» деген алдамшы ой келген. Енді онысы
сал аурудың сандырағы сияқты далбаса болып шығып, мүлде
күдер үзді.
Ұзынтұра тағы бірдемелер айтып еді, зейін қоймаған Агба
ұға қойған жоқ. Қабанның не халде екенін сұрап білмек бол
ды. Топыраққа шошқаның суретін салып, сауалын анық
жеткізді. Ат күтуші оның бұл әрекетіне қарқылдап күліп,
жамбасын көрсетті. Сыныпты дегенді де іле түсіндірген. Содан
кейін кеудесін кере күрсінді, басын қайыра-қайыра шай
қап, таңдайын қақты. Агба оның бұдан арғы ымы мен қолы
ның қимылынан қожайынның ауру, не жұмысқа жарамсыз
адамдарды қуып шығатындығын, ал бұл жерде ондайлардың
күні қараң екендігін білген. Шам екеуі күнәлі болғандай
еңсесі түсіп кетті. Ол сәйгүліктің төсіндегі жұдырықтай қа
ра таңбаны әуелде-ақ жамандықтың белгісіндей көріп, көзі
түскен сайын көңілін күдік жайлап ала беретін. Бүгінгі то
сын оқиға сол байлам-түсінігінің ақиқат екендігіне енді бір
жола иландырған секілденді. Ол басына іс түскен осындай
тауқыметті кездерде Шамның оң жақ артқы аяғындағы ақ
жолақты есіне алып, соны түбі бәрі игілікпен беретіндігінің
айны қатесіз хабарындай көріп, жарымжан халіне таяныш
ететін. Бұл жолы да сол ырымын медеу тұтып, күдік-мұңнан
да арыла алмай, дел-сал отыра берді.
Бүгінгі күн желді болып еді, таңертең аспанды шұбарлап
тұрған жалбыр бұлттарды батысқа қарай сырғыта айдап әкет
кен. Кешке қарай бәсеңдеп, сабасына түскенде, айнала өзінің
АЛДАН СМАЙЫЛ
дәл қазіргі сүлесоқ халіндей тұнжырады. Ұясына енген күн
нің қан қызыл, сарғыш, күреңіткен, алуан түрлі шапағы да
ала-құла, олар да біртіндеп кіршең тартып, өңін жоғалтып
барады. Әудем жердегі үлкен қаланың биік мұнаралары
кешкі шақта зорая көрініп, айналасын қабырғасыз, қас қақ
пай күзеткен қаскөй дию секілді елестейді. Тағы бір меңіреу
түн кезек алар тұста мың сан халқы бар шаһар тастай қа
раңғылықтың тылсым қойнауында қалуға сескеніп, бұғына,
тарыла түскен тәрізді, орталық жағындағы еңселі үйлер ғана
көзге шалынып шет қапталын мұнар торлап тастаған. Одан
бергі арнасы кең өзеннің бетінде аппақ желкендер баяу қал
қып барады. Кешкі бұлыңғыр шақта ақша бұлттарға ұқсап
кетеді.
Кешкі көлеңкелі шақ бірте-бірте ымыртқа ұласып, маңай
қара күрең тартқанда, қаланың үстіндегі мұнар да қалыңдай
түсті. Сол жақтан шыққан сарын бәсеңдеп, сездірмей орныға
бастаған түннің тылсым қойнауына сіңіп кетіп жатыр. Әлгі
ақ желкендер баяу қалқыған күйі өзен бойымен алыстап бара
ды, көңілдің қас-қағым сәттік алдамшы қуанышындай бо
лып, көзден тасалана түскен сайын жүректі сыздатады, әлде
қашан жоғалған бақыттың апақ-сапақтағы баянсыз елесіндей
бұлдырайды.
Ұзынтұра орнынан тұрып, менімен бірге жүр дегенді
ұқтырды. Агба қайда баратындарын сұраған жоқ, соңынан
ерді, түнейтін баспанасы жоқ оған бәрібір еді. Оның үстіне
түн салқындап бара жатқан, бүгінгідей дүрбелеңді күні ат
қораға жатып шығуға батылы жетпейтін. Егер онысын әлдекім
көріп қалып, француз бейге жеткізсе, Қабанның өшін бұдан
алып, жон терісін сыпырар. Пәледен машайық қашады, аулақ
жүргені дұрыс.
Екеуі албардың қақпасынан шығып, ат күтушілердің өзен
жағасындағы жеркепелеріне тура тартты. Терең арна жақтан
судың салқын иісі білінеді, бұлар келе жатқан жалғыз аяқ
сүрлеуді кесіп өтетін қара жолмен жалғыз ат жеккен арба
сықырлап кетіп барады. Дөңгелегі шиқылдап, тымық түн
нің тыныштығын дамылсыз бұзады, аттың тағалы тұяқтары
жолдың қатқақ табанына тық-тық тиіп, арбаның сықырына
қосыла өзінше бір жарасымды ырғақ табады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Агба бұл түнді Ұзынтұраның үйінде өткізді. Таңертең
кетер кезде ат күтушінің әйелі көнерген, бірақ әлі де киюге
жарайтын, қонышы тізеге жететін етік әкеліп берді. Аяғына
үлкендеу болғанымен, сәл су тисе езіліп, кебе келе қыртыс-
тыртыс болып, жиырылып шыға келетін қайыс шәркей
ден әлдеқайда артық, құр атқа мінгендей бір жасап қалды.
Үй иелерінің алдында иіліп-бүгіліп, ризалығын білдіріп,
құрақ ұшқан. Әйел оның бұлай кішірейіп, аяққа жығыла
жаздағанына ыңғайсызданды ма, қызарып кетті. Күйеуі мен
екеуіне алма-кезек қарап күлген болды, осылай келіп, тамақ
ішіп кетіп тұр дегенді ыммен асығыс түсіндіріп жатыр. Сол
сәтте ол бұған мейірімді аспаз әйел Фатима секілді көрініп
еді, бұрынғыдан да жылы ұшырай қарап, жанары жасаурады.
Бейшара арабты мына жанашыр ықылас пен көптен көрмеген
жақсылық елжіретіп жіберді.
Ат қораға келген бетте етікті жақсылап қарап шығып,
жымия берді. Күнделікті күйбеңіне де құлшына кірісіп, жұ
мысын тез тындырып тастады. Шамды суарып, әдеттегідей
албардың қалың қауына оттықтырды да, үстін мұнтаздай етіп
тазартты. Кеше Қабан тізгінді тұқырта тартқанда жырылып,
түн асқанда қара қотырлана бастаған езуін өзінше емдеді.
Қайта-қайта үшкірді. Ол осы әбден жаттап алған аятты ем
үшін де, пәле-жаланы үркіту үшін де, тіпті жайсыз түс көрсе
де оқи беретін. Адам өзінің қысылтаяң өмір алдындағы дәр
менсіздігін біле түскен сайын тірліктің таба алмаған тірегін
өз қиялынан іздеп шарқ ұрады ғой. Көзі анық жетпесе де
санасына сіңіп қалған, шындыққа пара-пар сенім-нанымына
жүгінеді. Агбаның діндарлығы оның осы тиянақсыз халінен
тамыр алып, басына үйірілген әрбір ауыртпалықпен күшейе
түсетін.
Шамның бабын тапқан соң ат қораны жылан жалағандай
етіп тазартты да, оттыққа барып отырды. Оның ендігі арманы
үстін бүтіндеп алу еді. Қожайын рақымы түсіп, тағы да азын-
аулақ тиын-тебен беретін болса, тамақты іркіп, жинай беруі
керек. Әуелі қалың сырт киім қажет, өйткені күн уақыт өткен
сайын суытып келеді. Содан кейінгісін тағы да көре жатар.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Шіркін, Мәккадағы тар лашығындай жеркепе тұрғызып
алса, мұртын балта кеспес еді. Оның ретін қалай келтіру
керек екендігі жөнінде Ұзынтұрамен кеңескені жөн. Осылай
тіршіліктің қамын күйттей бермесе бола ма.
Агба сөйтіп өзі үшін аса мәнді шаруаларды түгендеп
отырғанда, күн ұлы сәскеге тармасты. Сырттан аяқ дыбысы
шығып, артынша екі жігіт кіріп келді де, ай-шайға қаратпай,
Шамды жетектеп жүре берді. Мылқау араб әуелі не істерін
білмей, аңтарылып қалды да, соңдарынан ілесе жөнелді. Олар
темір албардың қақпасына қарай тартып барады. Сол жерге
жеткен соң байлаулы тұрған аттарына мініп, Шамды жетек
ке алып, қалаға бет түзеді. Шыға бере сар желіске салған.
Агбаның көз жазып қалмауы үшін жүгіріп отыруына тура
келді. Бейтаныс екеуі осы беттерінде шаһармен екі ортадағы
өзеннің үстіне салынған ұзын көпірге тез іліккен.
Бұл жерде аттылы-жаяулы жүргінші көп екен, ерсілі-қар
сылы өтіп сапырылысып жатыр. Жүк тиеген, шөп артқан
арбалар, жеңіл күймелер де жеткілікті, бәрі асығыс, бірін-бірі
киіп-жарып, алға өзеурейді. Әскер киіміндегі бір жас жігіттің
астындағы биік көк ат аяқ астынан үркеді екен, көпірдің орта
тұсына жеткенде аспанға шапши тулап, жаяу елді қаға-маға
алып қашты. Жұрт у-шу болып, екі қапталға қақ жарылды.
Арқасына асып алған шүберек дорбасы бар, сақалы беліне
түсетін шалдың таяғы қолынан ұшып кетіп, сүріне құлады.
Тәлтіректеп қайта тұрған бетте аттылының артынан қос жұ
дырығын түйе айғайлады, дауысы мұндай ащы болар ма,
құлақты тұндырды.
Арғы беттегі елдің шуылы күшейіп барады, үркек ат біреу
ді қағып кеткен сияқты. Агба Шамнан көз алмай асыға ба
сып, солай қарай жақындағанда, шашы жалбыраған, үстінде
ала қоржынның түсі іспеттес өңсіз киімі бар бозбала жігіт
тің екі өкпесін қолына ала, артына жалтақтап қашып келе
жатқанын көрді. Соңынан екі әскер өкшелеп қуып келеді,
біреуі тапаншасын бұлғап, қашқан жігітті атып жығатындай
өзеурейді, түсі тым сұсты екен, тікенек мұрты едірейіп кетіпті.
Шашты бозбала арбалы, жаяулы елдің арасында қосаяқша
жалтарады, сірә, оның мұндай қуғынға ұшырағаны жалғыз
бұл емес тәрізді, аяғы-аяғына жұқпай, жанталасып барады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сол бетінде соңындағы екеуден құтылып та кетер ме еді, кім
білсін, алдынан көрінген атты жауынгер қынабынан қылы
шын суырып алып, тап берді. Жігіт қапелімде не істерін
білмей, қалт тұра қалып, көпірдің жақтауына қарай ығысты.
Анау атын омыраулатып жақындап келеді, өкшелей қуғандар
да таялап қалған. Сол кезде қашқын қылыштыға қарап жын
ды адамша қарқылдай күлді. Шегіншектеп, көпірдің жиегіне
қарай ысырылған сайын дауысы қатты шығады. Құтылмасына
көзі анық жеткен бір сәтте төменде шымырлап ағып жатқан
өзенге қарғыды да кетті.
Жұрттың бәрі де оны өлдіге санап еді, бозбала жігіт суға
күмп еткен бойда көрінбей кеткен болатын. Ел шуылын сап
тыйып, өзенге үрейлене үңілді, терең арнаның ағысты ай
дыны әр жерінде иірім дөңгеленіп, шымыр-шымыр қайнап,
жанарды жасқайды, кең көмейі тойымсыз қылқ ете қалған
дай түршіктіреді. Үстінде ерсілі-қарсылы сапырылысып, да
мылсыз ұшып жүрген шағалаларды да енді-енді жұта сала
тындай сұсты.
Шамды жетектеп алған аттылар да тоқтап, өзенге үңілген,
Агба соларға қатарласып барып іркілді, әлгі байғұс шыны
мен-ақ суға кеткені ме?! Оның дәм-тұзы осы жерде, тападай
тал түсте, бүкіл елдің көз алдында таусылғаны рас болар,
айдынның үстінде қарайған бір белгі жоқ. Әлгі уақыттан
бері су астында тұншығып та өлетін еді. Жұрт та солай
ойлаған шығар, біртіндеп жөндеріне тарай бастады. Қашқын
жігіттің алдынан қылыш ала ұмтылған жауынгер де атын
аяңдатып кетіп барады. Өзіне ел қарағыштай берген соң барқ
етіп ақырып қалған. Оның: «Париж тағы бір бұралқы иттен
құтылды. Оның несіне ежірейесіңдер!» – дегенін Агба білген
жоқ, желдірте жөнелген екеудің соңынан ұмтылды.
Салт аттылар қалаға енген соң да бұраң құйрықтатып
отырды. Арабтың тынымсыз жүгірістен кеудесі күйіп бара
ды, қара терге малшынып, көзі қарауытты. Таңдайы құрғап,
тілі аузына сыймай кеткен, буын-буыны дірілдей бастады.
Өткен-кеткен оған аңтарыла қарайды, бүкіл елдің арасында
қалбаңдай жүгірген Агбаны есі ауысқан біреуге балады ма,
басынан аяғына дейін қара киінген кемпір асығыс-үсігіс шо
қынды. Екі-үш бала жарыса ысқырып, соңында келеді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ол осы бойда ана екеуі аппақ үлкен үйді алыстан айналды
ра қоршаған, күміс түстес сырмен боялған биік шарбақтың
есігіне жетіп тоқтағанша жүгірді. Олар Шамды жетектеген
күйі ішке өткенде тас төселген алаңға сылқ етіп отыра кетті,
басы айналып, денесін еркін игере алмай, екі жағына кезек
теңселеді. Бір кезде анадай жерде тұрған су ағатын темір
құдықты көрді, бара сала шүмекке аузын тосты, кеңірдегі
қылқ-қылқ етіп құныға жұтып жатыр. Содан кейін күйіп
бара жатқан кеудесін салқын судың астына ұстап, басын жуды.
Есі енді кіргендей болып, айналасына қарап, біраз отырды.
Еңселі үй ақ мәрмәрдан қаланыпты, кіре берісіне өрілген
баспалдақтар мен биік әшекейлі тас бағандар. Нар бойындай
биік жармалы есіктің нақыштары да ерекше сәнді көз сү
ріндіреді, ертегілерде ғана айтылатын бейіштің қанатты пе
ріштелері секілді сан алуан бейне ойылған. Олар бұған біресе
күліп, біресе түйіліп қарайды, қайсыбірі өткір тырнақтарын
сойдитып, жиырыла атылғалы тұр. Қос босағаға қашалған
алма ағашына бүйірлерінде кішкене қанаты бар ұзын екі
жылан оралыпты, түстері суық, қалжыраған Агбаға иретіле
қозғалатын сияқты көрінді. Одан сәл беріректегі үлкен тас
тұғырдың үстінде қызғылт тастан жасалған арыстан шоқиып
отыр. Ол да қарсы алдына ызбарлана қарап, өткен-кеткеннің
бәріне айбат шегеді.
Мына үй Агбаның Мәккадағы қожасының сән-салтанаты
асқан сарайынан бір де кем емес сияқты, хас шебердің қолымен
салынып, қыруар еңбек жұмсалғаны анық байқалады. Биік
маңдайшаға қашалған мүсіндердің өзі-ақ көздің жауын ала
ды, қолдарына шолақ найза, екі жүзді семсер ұстаған дулы
ғалы, айбатты жауынгерлер алға ұмсынып, дұшпанына бүйір
дей тигелі тұр. Одан сәл төменде ауыздығымен алысқан, қан
ды ұрыстың үрейі билеп алған, құйрық-жалын жел тараған
аттар бейнеленіпті. Солардың бәрінің үстінде шолақ сақал
ды, төбесінің шашы дөңгелене түскен, шұбатылған оюлы киі
мі бар шал төніп тұр, жүзінде дүниенің астан-кестені шықса
да қиналмайтын кесепатты салқындықтың табы бар, ал сәл
түйілген жанарынан кесіп алса қаны шықпайтын қатыгездік
тің белгісі байқалады. «Ол, сірә, жаратқан жасағанға сенбей
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тін кәпір елінің ойдан шығарған құдайы болар», – деп түйді
Агба.
Үйдің алдындағы екі жағына құлпыртып гүл өсірген алаң
ға, одан сәл әріректе басталатын үлкен бақ пен шарбақтың
қақпасына қарай кететін жолдарға қызғылт тас төселіпті.
Әлгі екі жігіт аттарын алдарынан шыққан егде адамға ұста
та салып, еріктерінің нәлі тасқа шық-шық тиіп, үйге еніп
кеткен болатын. Қайыра шыққаннан кейін Шамды жетектеп,
есіктің алдына апарды. Сол кезде іштен үстінде күн көзінде
сәуле шашып, жылт-жылт ететін, етегі жерге тиген көйлегі
бар отыздардың ішіндегі сымбатты әйел көрінген. Соңын ала
француз бейдің өзі шықты.
Әйел Шамға қарап әлдене деп сөйледі, оны қожайын бас
шұлғып, қостап жатыр. Сірә, мына көрікті жанның аузы
нан шыққанның бәрі егде тартып қалған оған сол заматында
орындалуға тиіс заң сияқты, әйелдің алдында аса сыпайы.
Ол қысқа ғана тіл қатып, аппақ биялай киген қолын тек
ханшаларға ғана тән қылықты қимылмен сермегендей бо
лып еді, екі жігіт Шамды жетектеп, ерсілі-қарсылы жү
ре бастады. Сәйгүлік өзінің арудың алдында сынға түсіп
тұрғанын сезетіндей бар сымбатын жайып салып, аяғын
билеп басады, басын қайыра-қайыра шұлғып, ұзын мойны
әсем иіліп, тізгінін ұстаған екеуді сүйрете алға ұмтылды.
Оның біреуі сүрініп кетіп құлап қала жаздап еді, әйел аттың
тентек қылығына сүйсініп, қолын шапалақтады. Француз
бей оның көңілі көтерілгенде айрықша мәз болып, жүзі
нұрланып сала берді.
Агба Шамның бейтаныс жердің әрбір қараң-құраңынан
үркектеп, сабырсызданғанын білген, ат күйі келіп ойнақтап
жүрген жоқ еді. Қайткен күнде де көрікті әйелге ұнағаны
анық. Ол сәйгүлікті есіктің алдынан тағы да екі-үш қабат өткі
зіп, үйге бұрылды. Француз бей жігіттерге қысқа әмір беріп,
соңынан ілесті. Олар егде адам ұстап тұрған аттарына мініп,
Шамды жетектеп шарбақтан шықты да, келген іздерімен кері
қайтты. Агба да арттарынан ерген, ол әлгі сұлу қожайынның
әйелі екендігін ұққан сияқты болғанмен, Шамды мұнда неге
әкелгенін білген жоқ-ты.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Сымбатты әйел күйеуінен арабтың жүйріктері келіп түс
кенін естіген соң, соның бірін күймесіне жегіп жүруді жөн
көрген. Француз жұртына жұмбақ болып көрінетін елдің
Парижде табылмайтын сәйгүлігін ойнақтатып салтанатын
асырса, қаладағы талай бақталас княгинялардың ішін қызға
ныштың жалыны қарымай ма, абырой-атақтарына дақ түсіп,
күншілдікпен күйзеле күйінер. Олардың сол сағы сынған,
бүкіл дәулет-байлықтан, намыстан жұрдай болған секілді
іштей қынжыла жүдеген түрлерін көру қандай бақыт.
Аттылардың ендігі баратын жері белгілі болды. Агба олар
дың Шамды ат қораға қайыра апаратындығын аңғарған соң,
дедектеп жүгіруін қойды. Ыю-қию араласқан арбалы, жаяу
лы жұрттың арасымен асықпай аяңдап, жан-жағына жіті
көз салып келеді. Өзеннің өрін қақ жарып, үлкен кеме жүзіп
барады, сорайған тұрбасынан қою қара түтін бұрқ-бұрқ кө
теріледі. Сүйір тұмсығы айдынға көміле батып барып қайта
түзелгенде кісі бойындай қара көк толқын буырқана үйіріліп,
жиекке қарай серпілген, қырық бүктетіле жөңкіліп келеді.
Жолындағы желкенсіз шағын қайықтарды лықсыта ысырып
тастап, ұрынарға қара таппай аударылып, төңкеріледі. Сол
сапырылысқан бетінде тайпақ тастақ жағаға жетті де, ежелгі
егескен дұшпаны қарсы алдына кесе-көлденең тұра қалған
дай тулап, қатты екпінмен өшіге соқтыққан. Өз екпінімен кері
серпілген сәтте қайтадан өшіге ұмтылып, бүлік іздеп тұлан
тұтты, жағалаудың бойын өрлей арпалысып, ақ көбіктене ырс-
ырс етті.
Агба көпірдің шет жағын жиектеп жүріп барды да, тө
мендегі тұңғиық өзенге көз салды. Манағы қашқын жігіттің
шымырлап, иірімдеп ағып жатқан айдынға қалай батылы
барып секіргенін ұға алмай дағдарған. Ол үрмеден қашты
ма, әлде айдаудан сытыла жөнелді ме, кім білсін, әйтеуір,
еркіндіктің қадірі өткен жан екендігі анық болатын. Тәні
ғана емес, ары мен жаны азапқа түскен адам үшін ондай ит
тірліктің құны көк тиын. Мұның өзі де ұлан-байтақ Мәккадан
бас сауғалар сая таппай сандалғанда, жарық дүниеге қаскөй
жауындай қарап, бетіне сан түкірген. Қолында құдірет тұрса,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
оның сұрқай сәулесін өшіре салуға дайын болатын, тек соны
мен бірге мәңгі көз жұмуға әзір-ді. Өйткені ол мұның ес біліп,
етек жапқалы соңынан шырақ алып түсіп, бейнет пен қор
лықтан арылтпай келеді. Өзіңді елдің бәрінен өткен қор сезі
ну қандай ауыр қасірет еді. Кейде адам деген дардай атының
бар екендігіне күмән келтіріп, әлдебір дәулетті кемпірдің
жетегіндегі жүні жып-жылтыр, бүйірі тоқ, өткен-кеткен
ге жасқанбай, батыл үре алатын итке айналуға құмартқан
шақтары да болды ғой. Ана сорлы да осылай күйзеліп, ба
сын тауға да, тасқа да соққан шығар-ау, оған өмірден күдер
үздірген сол екі жүзді зымиян өмірдің өзі екендігін екінің
бірі ұға алмас. Мына жалған дүниеде бардың да, жоқтың да
өз тілін өзі талаудан шімірікпейтін безбүйрек ғұмыр кешіп
келе жатқандығын да кім сезген?! Агба жан-жағына бойын әп-
сәтте билеп алған үреймен жасқана қарады.
Еңсесін езген, жүрекке түрпідей тиетін осы ауыр ой қа
жытып, ат қораға ұзақ жүріп жетті. Албардың ішінде бес-алты
адам шуылдап, әуреге түсіп жатыр, араларында Ұзынтұра бар.
Таяла келе олардың Шамды арбаға жегуге үйретіп жүргенін
көрді. Сәйгүлікті бұлай қорлау оның аяғына тұсамыс салып,
бәйгеге шапқанмен бірдей ессіздік еді. Бесті айғырдың қалаға
не мақсатпен апарылғаны да енді белгілі болды. Агба бүйіріне
шаншу қадалғандай қиналып, тынысы тарылды. Өзінің мұңын
шағып, сырласа алатын жалғыз мейірбан адамы Ұзынтұра
ны осы өрескел іске қатысқаны үшін жақтырмай қалған. Ол
ыммен әлденені түсіндіре бастап еді, тыңдағысы келмейтінін
білдіріп, әрі қарай өте шықты.
Шамды үстіне жуан бөренелер артқан ескі арбаға жегіпті.
Жүк тым салмақты болар, төрт дөңгелек өткен түнгі нөсерден
кейін әлі кеуіп үлгермеген жерге батып тұр. Жануар мұны кө
ріп, тұншыға оқыранды, тұла бойын тер жауып кеткен, жүнін
жұлған тырнадай ұсқынсыз. Алқымы ақ көбікке малынып,
бүйірі солқ-солқ етіп, ауыр тыныстайды. Соған қарағанда оны
ана екеуі келе сала қолға алған сияқты, албардың ішін арба
ның айқыш-ұйқыш ізі шимайлап тастапты.
Делбені ұстаған арық шал «Шу!» деп ысқырынды. Шам
арбаны төрт тағандап тартып, аяңдай жөнелді. Бауырына қа
рай созыла тарамданған тамырлары білеуленіп, әне-міне үзі
20-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
ліп кететіндей болып көрінеді. Екі жағынан қамшы үйіре ай
дағандардан әбден зәрезап болып қалса керек, барын салып-
ақ барады. Сол бойда қақпаға жете бере делбенің ыңғайымен
айнала бұрылғанда, арбаның алдыңғы дөңгелегі тұяқ бата
тын кішкене шұнаққа түсіп кетіп кілт тоқтады. Сол-ақ екен
сауырына қамшы жауып кетті, әсіресе білегін түріп алған
сақалды шірене сілтейді. Шам ышқынып-ақ жатыр, бірақ
әл-шамасы жетпесе не істесін, құр тыпырлағаннан басқа қай
рат көрсеткен жоқ. Әлгі сақалды енді таяу келіп, қамшыны
ысылдата шыпылдатты, соққысы бесті айғырдың жанына
қатты батқан шығар, не кісінеген, не шәңгірлеген емес, сүйекті
сырқырата қорқырады.
Агбанның төзімі енді мүлде таусылған-ды, атылып барып
сақалдының қолындағы қамшыны жұлып алды да, сабын ті
зесіне салып қақ бөлді. Бұдан ондай ірі қылық күтпеген анау
аңтарылып қарап қалған, екі көзі мылқау арабтың белдігін
де салақтаған қайқы кездікте. Жазым етер деді ме, тұрған
орнынан қозғалмады.
Агба ызаға бөгіп, бөренелерді жұлқына аударып жатыр,
әп-сәтте арба босап қалды. Содан кейін сілесі қатқан Шамды
жетектеп, ат қораға қарай жүрді. Сәйгүлік ала қашқан да,
бұлталақтап бұлқынған да жоқ, бұрын жегіліп жүрген аттай
үрікпей кетіп барады. Оның дәл қазір соңында салдырлаған
арбадан құтылуға әрекет жасайтын халі жоқ-ты.
Қораға жеткен соң Шамды доғарып, терін сүрткіштеп,
тыным таппаған Агба іштей дамылсыз сөйлеумен болды.
«Сен бүгін жаның төзгісіз азап шексең де, менен әлдеқайда
бақыттысың, – деп жұбатқан сәйгүлікті. – Сені қажетіне жара
татын, құныңды білетін адам бар. Әлдеқайда өле салуыңа жол
бермейді, күтіп бағады. Оның үстіне сенде кек сақтайтын,
көрген азабыңа қорланатын, Кеудеңе сыймай бұлқынып, жа
рыла жаздайтын мендегідей сезімтал жүрек жоқ қой. Аздан
соң терің кеуіп, ентігің басылғанда бәрін ұмытасың, ешқандай
мехнат көрмегендей қайыра түлеп шыға келесің. Ал маған
ондай бақыт бұйырмаған, менің шерге толы кеудемді әлдекім
қанжармен бір-ақ орып, қақ жарса, оны кернеп тұрған мұң-
қайғы ана жат, жұмбақ әрі сұсты қаланы күңгірт тұман болып
орап алуға жетер еді. Адамға болмашы ғана көңілсіз жайға
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қинала алатын нәзік жүрек берген соң бұл жарық дүниеге
жасаған ием зорлық пен зомбылықты неге қаптата жамыра
тып жіберді екен? Сен менен әлдеқайда бақыттысың, Шам».
* * *
Агба ат қораға қонып қалды, сәйгүлікті тері кепкен соң
суарып, шөп салып күйбеңдеп жүргенде түннің біраз уа
қыты өтіп кетіп еді. Бұл жерде ешкім қалмаған болатын, тек
маңайдың таң атқанша бақыланатындығын сездіріп күзет
шінің кішкене үйінің терезесінен май шамның жарығы жыл
тырайды. Қарауыл жігіттің кейде ат қораның алды-артын
орап, мылтығын көлденең ұстап, кезіп жүретін әдеті бар.
Мұның осында, сабанның үстінде жатқанын сол ғана көруі
мүмкін. Бірақ Агба дәл қазір одан сескене алмайтын еді, сірә,
бүгінгі Шамға жасалған қиянаттан қатты қорланып, терісіне
сыймай ызаға булыққанда өзінің осы әрекеті үшін жазалануы
мүмкін екендігін есінен шығарған болар.
Жылы, жайлы жерде жатқанмен ұйқысы келетін емес,
көз алдына елу жылғы өмірінің үздік-создық, өткен-кеткен
оқиғалары елестеп, шыр айналып, үйіріліп шықпайды. Ештеңе
ойламауға барын сала тырысса да, қай-қайдағы, өңшең көңіл
сіз көріністер тізбектеліп таусылатын емес. Ол солардан басын
арашалап алудың қамымен бағана көрген сәулетті үйді, үстіне
аса қымбат көйлек киіп, француз бейді жанарымен билеген
сұлу әйелді есіне алды. Оның көркін хор қызының сымбаты
мен салыстырды. Сондай кербез, әсем жанды құшқан адамның
өлшеусіз бақытына мас болған шәрбат сезіміне бөленуге де
тырысты.
Агба сабанның үстінде аунап түсіп, көзін жұмды. Сұлу әйел
дің мінсіз көрікті дидарын анық көргендей. Ол аппақ білегі
жарқ етіп, алыстағы біреуге наздана күледі, бірақ өңі сынық
сияқты. Кім біледі, оның көңілінде де кірбің ұялап жатқан
шығар, өйткені мына безбүйрек өмір дәл өзіндей нәзік емес
қой. Ол арудың да жүрек лүпілін ұға бермес. Содан кейін бұ
лыңғыр сағым ойнап, жанар талып жететін қашықтан мейі
рімді аспаз әйел Фатима көрінгендей болды. Толық денелі,
АЛДАН СМАЙЫЛ басына тартқан тек байламы, құлағындағы жалпақ жез сыр ғасы көзіне оттай басылды. Ол сұлу әйелге қарай ақырын беттеп келеді, міне, қатарласты да, сол кезде Агба таң-тамаша болып, оларға жапақтап қарай берген. Фатима үлде мен бүл деге оранған арудан әлдеқайда көрікті еді. Ат қораның іші жылы, бірақ ауасы қапырық, тезектің қышқылтым иісі шығады. Маңдайшадағы әйнектен айдың сүт сәулесі дірілдеп құйылып тұр. Далада жел көтерілген бе, су-су еткен дыбыс естіледі, күзетшінің үйі жағынан шабала нып ит үрді. Алыстан түннің тыныштығын ұлардай шула тып, сарнаған үн көтерілді, ол ылғи осы мезгілде азынап қоя беретін. Ұзынтұраның түсіндіруімен Агба оның елді жұмысқа шақыратын белгі екенін білген-ді. Ал Мәккада таң алакөбеде азаншының мақамы тербеп оянатын. Айнала сілтідей тынған беймарал шақта ол тағы бір бейнетті күннің басталғанын, со ны аман-есен көргені үшін иісі мұсылманның құдіреті күшті Аллаға қарыздар екенін, өмір бар жерде қаза бар екенін, ал оның алдында тірлік атаулының бәрі дәрменсіз болатынды ғын сездіріп, төсектен тұрмай жатып жігерді жасытушы еді. Азаншының күңіренген, тұла бойды дел-сал қылып ұйытқан үні созыла түскен сайын секемшіл жүрек соғысынан жаңы лып, бұ дүниеде өзіңнен өткен күнәһар жан жоқтай түңіл діріп, сарсаңға салады. Біразға дейін оның зарлы мақамы күдікшіл көңілінде жаңғырығып хақ тағаланың қарғысына ұшырағалы тұрған бейбақтай пұшайман күйге түсірумен бол ды. * * * Ат күтушілер жұмысқа ерте кіріседі, енді тұрса да болар еді. Қазір жалпақ арбасына сұлы салған қаптарды толтырып алған, ел Шевалье деп атайтын аппақ құдай шал жетеді. Таңер тең аттарға бір мезгіл жем беру – бұл жердің бұзылмайтын әдеті. Одан кейін кілең бауырынан жараған аттарды албар ға шығарып, бойларын жаздырады, кейбіреулері осы арадан бәйге өткізілетін жерге әкетіледі, қалғандарын кейде топтап жайылымға айдайды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ат жарыс болатын күнді Агба ешкім айтпай-ақ біледі.
Ол күні шабандоздардың бүкіл қам-қарекеті, тіпті мінез-
құлықтары да өзгеріп шыға келеді. Бір-біріне тіл қатпай,
үнсіз түнеріп алады, өзге адамдармен де ықылассыз сөйлесе
ді. Сайысқа түсетін басқа аттарды көзбен атып, олардың ши
рақ, әлдемді қимылын көргенде араларындағы бақталастық
тұтатқан қызғаныш-күйініштерін жасыра алмай, өңдері суып
сала береді.
Агба алдыңғы күні Ұзынтұраның үйіне қонып шыққанда
одан мынадай суық сөз білген.
Шабандоздар әлдебір әулетті жанның қолындағы карта
секілді, олардың бәйге жолындағы барлық қимыл-әрекеті
әуел баста өлшеп-пішілген. Бұл жердегі сәйгүліктердің еге
сінде ат та, бап та, бақ та шаппайды, аузында билігі, қолында
қаржысы бар әлдінің үкімі озады. Жүзден – жүйрік, мың
нан – тұлпар шықпай, алдын ала әбден ойластырылған айла-
шарғымен қолдан сәйгүлік жасайтын құйтырқы қылық бар.
Шабандоз атаулының ішіне кім кіріп-шыққан, аты аламан
шабысқа қосылғанның күні ертең қалтасына тыға салатын
тиын-тебені үшін астындағы ерен жүйрікті еппен іркіп, ке
йіндей беретіндер аз емес. Кейде олар озатыны күн ілгері белгі
лі сәйгүлікке бүкіл жанкүйер жұрттың көз алдында тірі жан
ға сездірмей, қастық жасай береді. Қатарласа келе өзіне түбі
шаң қаптырып кететін аттың айыл-тартпасын қас қағым сәтте
қиып түседі, артына бір қарағанда, оның үстіндегі шабандоз
ер-тұрманымен бірге ауып, құлап бара жатады. Енді бірде бү
гін озуға тиіс атты алға жіберіп алып, мәреге бұрын жетуі кәдік
жүйрікті екеу-үшеу болып тосқауылдап, қақпан құрады.
Мұны қойшы, одан да өткен жауыздық жасалып жатады.
Бірде қожайынның аты шулы сәйгүлігі, талайдан бері алдына
ат салмаған Грог бәйгеге қосылған күні ақсады. Алдыңғы сол
жақ аяғын баса алмай, ат қораға зорға жетті. Ел оны қатты
шапқандықтан деп ойлап, әуелде мән бере қоймаған, қожайын
да онша назар аудармап еді. Бірақ Грог ертеңіне де, одан арғы
күні де оңалмады, қайта кері кетіп, қарға адым жер жүруі мұң
болды. Бара-бара қорадан шығарылмай, жем мен су сол арада
берілді. Есіл жүйрік күн өткен сайын етінен арып, тулаққа
айналып бара жатты.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Бір күні ат күтушілер оның қорада төрт аяқтап құлап жат
қанын көріп, қожайынға тез хабар бергізді. Ол келгенде Грог
қатты қиналыс үстінде болатын, бүйірі солқылдап, тынысы
ауырлап кеткен. Соны көрген қожайынның еңсесі түсіп кетті,
ат күтушілерді қорадан қуып шығып Грогпен жалғыз қалды.
Жартылай жабылған есіктен оның назалана сөйлегені, аһ
ұрғаны анық естіліп тұрды. «Грог, менің қымбатты жүйрігім,
не болды саған?» – деп тебіренді ол. Аттың жалынан сипап,
әлдекімге ашына қарғыс айтып ұзақ отырды. Әлден уақытта
есік алдына теңселе шыққанда, жүзі қан-сөлсіз қуарып тұр
еді. Белдігіндегі тапаншасын суырып алып, Қабанға ұстатты
да, албардың қақпасына қарай екі иығы салбырап үнсіз жүре
берді.
Қабан оның болымсыз қимылына дейін қалт жібермей тү
сіне қоятын, ішке кіріп кетті, сол мезетте тапанша тарс-тұрс
атылған. Қожайын Грогтың жанын қинай бергісі келмеген
екен.
Ертеңіне ол мал дәрігерін ертіп келді, сәйгүліктің ақсаған
аяғын екеуі ұзақ қарады. Ақыр соңында қыр жіліншігін
арамен екі-үш жерінен кесіп, ұшы біздей өткір, кере қарыс
шеге тауып алды. Сол күні қожайынның әмірімен бүкіл ат
күтушілер қара жамылып аза тұтты. Бұрын шабандоз атау
лыны құрметтеп, қызыға, құмарта қарайтын Агба осыдан ке
йін оларды іш тарта қоймайтын болды.
Сыртқа шыққанда таңның алғашқы көгілдір алауы біліне
бастапты. Жем тарататын аппақ қудай шалдың арбасы сы
қырлап, сол алаудың әлсіз сәулесін үркітіп келе жатқандай
болып көрінді. Кіршіксіз мөлдір нұр әлі түн қараңғылығынан
толық айықпаған далаға жасқана, себездеп қана таралады.
Шалдан Шамның үлесін алып, астауына төккен соң, ат
күтушілердің жеркепелеріндегі асханаға барып тамақ ішті.
Оның иесінен шөптің майын сұрап алып, көнетоз етігіне сіңіре
жақты, кешеден бері аяқ киімінің еш жеріне дақ түспеген
дігін, жыртылып-сөгілуден аман екендігін көріп, көңілін дем
деді. Ат қораға қайтып келгенде түндегі ашу-ыза мен реніштің
табы шайлыққандай біршама сергек еді. Оның үстіне алды
нан шығып кездесе кеткен Ұзынтұра әлі төсек тартып жатқан
Қабанның орнын басқанын айтып, қолына бір уыс тиын-тебен
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ұстатқан. «Сен қожайын ақы төлейтіндердің ішінде бұл жолы
жоқ екенсің, ат күтушілердің есебінен шығарып тастапты,
мен қайта енгіздім», – дегенді ұқтырды. Агба оның бұл жа
нашырлығына майдай еріп, құдіретті желеп-жебеушісіндей
елжірей қарады, құл атаулыға біткен дағды бойынша аяғына
бас ұра жығылған, анау сол сәтте жерден тік көтеріп алды.
Ыммен: «Ендігәрі бұлай етпе, ұят», – деп ескертті.
* * *
Күн түске тырмасқанда кешегі екі жігіт күймеге мініп кел
ді. Ұзынтұрамен қысқа кеңесіп, Шамды алдыртты да, күй
меге жекті, делбені Агбаның өзіне ұстатты. Сәйгүлік алғаш
қы бетте бұлталақтап, әредік алып қашып жүрді де, біраздан
кейін онысын қойып жуаси бастады. Агба кең албардың ішін
төрт-бес қабат айналып шыққанда асау қылық танытқан жоқ,
жаратылысына тән қызбалықпен ғана делбені кере тартып
желдіртті де отырды.
Осыдан кейін күймеге екі жігіт кезек мініп, Шамның ар
баға қаншалықты бастыққанын әбден бақылады. Біресе шо
қытып, ара-тұра бауырын жаздыра жүйткітіп, ұлы сәскеге
дейін атқа да, өздеріне де дамыл таптырмады. Сол беттерінде
албардың қақпасынан шығып, қалаға қарай тартып кеткен.
Агба соңдарынан жүгіре басып жөнелмек еді, Ұзынтұра тоқ
татты. «Олар кешке қайтып келеді, атты қаланың у-шуы кө
шесінде жүргізіп үйретеді», – деп ұстап қалған.
Мылқау араб оның бұл сөзіне тынши алған жоқ, Шамның
әлдекімдердің иелігінде кете барғанын қынжылап тұрып,
одан бір сәтке де көз жаза алмайтындығын түсінді. «Сәйгүлік
маған неге осыншалық қымбат болды, – деп ойлады ат қора
жаққа кетіп бара жатып. – Оның төрт аяқты мал емес, сырлас
серігім секілді жылы тартып тұратыны неліктен? Шам әлде
жылқы бейнесіндегі өзгеше бір тылсым күш пе? Ерен жүйрік
аламан бәйгелерде аруақтанып, жал-құйрығы төгіліп, бауы
ры қара жерге тие, көсіле зулағанда, қараған жұрт қанатты
періге балап, жағасын ұстаушы еді ғой. Бәлкім, ол пейіште
ғана болатын, ғайыптан жерге түскен қасиетті пырақ шығар.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Мұны оған әмірі күшті тәңірдің өзі жіпсіз байлап, әуел бастан
қосақтап қойған болар. Шамның бұдан басқа тірі пендені ерге
отырғызбайтындығы тегін бе?»
Діндар Агба өз ойына өзі сенгендей болып, енді бірде бұл
байлам-түсінігін түбірімен жоққа шығарып, әуреге түсті.
Шамды құлынынан күтіп баққанын, ешқандай да тылсым
қасиеті жоқ екендігін есіне алды, бірақ ғұмырында ештеме
ге қызықпай, бақыт та, жақсылық та күтпей, өзінің жұмыр
басты пенде екендігін де ұмытқандай болған мәңгүрт кезін
де сәйгүліктің сол құрдым шыңыраудан талай алып шығып,
адамдық қасиетін, қуаныш пен сүйініштің парқын айы
ра білетін сезімін қайтарып бергенін, өміріндегі сол үшін де
жүйріктің алдында мәңгі қарыздар екенін осы сәт пайым
дай қойған жоқ. Ол Шам аруақты бәйгелерде сыйлаған даң
ғайыр шаттыққа бар болмысымен балқып жүріп, жарық дү
ниеге күле қарауды үйренді ғой, өмірдің өзегінен шарапатты
жақсылық күтуге дағдыланды, сол күндері алғаш рет өзін
қоршаған дүниенің бойынан мейірім шапағатын сезінді. Келе-
келе ғұмырының білінбес бір бөлшегіне айналған Фатимаға да
осы шақтарда құлай ғашық болған еді.
Агба ақыры Шамды кешке қайыра алып келгенше мазасыз
сезімнен арыла алған жоқ. Күймеден өзі доғарып, әлдекім
дер осылай ақ тер, көк терін шығарғанда арашашы болуға
жаралмағандығына кешірім сұрап жүріп, күндегі орнына
байлады.
* * *
Осы түнде Шам мен Агба туралы қожайынның үйінде едә
уір сөз болған. Күйеуінен сәйгүлікпен бірге мылқау арабтың
қалып қойғанын естіген графиняның аясы үлкен, аспан түстес
мөлдіреген жанарында қуаныштың нұры ойнап шыға келді.
– Құдайым-ау, бұл жақсы хабар ғой. Сен білесің бе, Жюль,
менің енді шетелдік пұсырман көшірім болады, – деді наздана
жымиып. – Қандай тамаша! Ана Пьер, Жак, тағы басқалары
негр күтушілерді үйлерінде ұстағанда ішім күйіп еді. Олар
енді қайтер екен? Әсіресе күншіл Эленнің түн ұйқысы төрт
болатындығына күмәнім жоқ.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Күйеуі оның бұл шешімін құптай қоймады.
– Қымбаттым, ол араб тумысында мылқау, оны аз десең,
қабағы бір ашылмайтын жұмбақ жан, – деді әйелін айны
туды ойлап. – Шамасы мінезі де оңып тұрмаса керек, әрі ол
Париждің көшесінде қалай жүріп-тұру керек екендігін де
білмейді ғой.
Әйел мақпал креслодан тұрып, қымбат хрусталь құтылар,
алтындатқан бағалы ыдыстар жиналған өрнекті шкафтың
алдына барып тұрды. Ол әлгі сөзге өкпелеп қалып еді. Жюль
кінәмшіл әйелінің жүзін көрмесе де, дәл қазір жанарына
мөлдіреп жас үйіріле қалғанын, бұл қашан айтқанына келісіп
жұбатқанша тіл қатпай тұра беретінін білді. Жанына барып
жалаңаш иығынан еркелете сүйді.
– Жарайды, мен қарсы емеспін. Шындығында, сенің ше
телдік атқосшыңның болатын уақыты әлдеқашан жетті емес
пе? – деп ыңғайына жығылды. – Қазір Парижде дәулеті жа
ғынан менімен терезе теңестіретіндер кем де кем. Ендеше,
барлық сән-салтанат сол байлыққа лайық болғаны жөн. Сен
араб жөнінде дұрыс ойлап таптың.
Әйел күйеуінің жылы сөзіне оның қолынан наздана қы
сып, жауап берді. Қайтадан жадырап шыға келген жанарында
«Мен қандай бақытты едім!» – деген шаттық нұры алаулап тұр
еді.
Мұның бәрінен хабарсыз Агба Ұзынтұрадан рұқсат алып,
ат қораның ішіндегі сабанның үстінде дамылдап жатқан.
Көзі ұйқыға кете бере бұйра-бұйра құмы шыжыған аптап күн
нің бар қызуын бойына жинап алып, күйіп-жанып жататын
сахараны көргендей болған. Ол жалғыз өзі сол ұлы шөлді
жаяу кезіп, қиянды бетке алып кетіп барады екен.
Бұл түні оған жөні түзу түс те бұйырған жоқ.
* * *
Күн кешкі мезгіл, бірақ үлкен шаһардың көшелеріндегі
сапырылысқан елдің қатары көбеймесе, азаятын емес. Ерсі
лі-қарсылы шұбырған, бірін-бірі киіп-жарып асыққан жұрт.
Көбінің киімі тым жұпыны, өңдері де сынық, көшенің таба
АЛДАН СМАЙЫЛ
нына төселген жұмыр тастарды тайғанақтап басады. Екеуден,
үшеуден топтанып, жан-жағына сұғанақтана қарап, үнсіз
томсырайған бозбалалар қара танытып қалады. Олар түн қа
раңғылығы қаланы тезірек құрсаулап алуын асыға тосатын
секілді, бұрыш-бұрышты сығалап, өткен-кеткенді көздерінің
астымен бағады. Бір-екі зіңгіттей жігіт Агба отырған күймені
төңіректеп, бұған тымырая қараған, бірақ жақындаған жоқ,
сірә, мынадай қымбат, сән-салтанаты еріксіз көз тартатын
көліктің ат айдаушысы қарусыз болмайтынын білетін тәрізді.
Анда-санда көшенің бойымен аттарын сар желдіртіп, қы
лыш асынған, бастарындағы қалпақтарына шашақ таққан әс
керлер өте шығады. Жаяу жүргіншілерге қолдарындағы көр-
жерін ұсынып, сатып алуларын безектеп айтудан жаңылмай
тын жыртық киімді балалар байқалып қалады. Көше қара
көлеңке тартып, көз байлана бастағанда жалаңаш иықтарына
тор орамал жаба салған екі өрімдей қыз күйменің жанынан
ырғала басып өтті. Жұрттың назарын өздеріне аударғысы келе
ме, сықылықтай күліп мәз болады, жандарына жақындағанға
жанарларын төңкере қарап, қылықты жымияды.
Шаһардың шет жағынан орнаған түнді үркітіп, аруанаша
боздап, құлаққа жайсыз үн көтерілді. Бұл бүгінгі жұмыстың
аяқталғандығының, бүкіл қаланың дамылға бой ұрғанды
ғының белгісі еді. Шаһардың көшелеріндегі сапырылысқан
тірлікті қас қақпай күзеткен қарауылдарға ұқсап биік мұна
ралар қарауытады, біреуінің бел ортасына таман орнатылған
үлкен дөңгелек сағат қоңырауларын күңгірлетіп қоя берді.
Дың-дың еткен ашық әрі күшті сыңғыр қаланың үстінде
майда қалықтап, алысқа жаңғырыға таралады, түн мұнарын
жамылған, көзге еш уақытта түспейтін жез таңдай ғажайып
құс шаһардың аспанын әдемі әнмен көркейтіп ұшып өткен
дей Агба өз ырқынан тыс көкке үңілді. Бірен-саран жұлдыз
туыпты, тәңірдің бейішті нұрға бөлеген сиқырлы шырақтары
сияқты жадырап, ғарыштың қиян төрінен күлім қағады.
Агба қожайынның көрікті әйеліне көшір болғалы жаздың
мұндай талай түнін күйменің үстінде көз ілмей өткізіп жүр.
Сұлу графиняның үйде байыздап отыратын кездері сирек,
көбіне қонақта, той-думанның ортасында болады. Кейде түн
ді орталап, кейде таңды атырып қайтады, ойын-сауық ұзақ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қа созылған шақтарда француз бей күймеге ауыр жүк арқа
лағандай шаршап жетіп, жиі уһілейді, өңі қашып қуарып,
үнсіз отырып қалады. Ал графиня сергектігінен арылып көр
ген емес, егде тартқан күйеуіне еркелей тіл қатып, сөз арасында
жиі күліп, ауыз жаппайды.
Ол мұндай ұзаққа созылатын той-думанға жалғыз да бара
беретін, ондай сәттерде сұлу әйелді күймеге шығарып салу
шылардың қатары тым көбейіп кетеді. Агба мен Шам дуылдай
лепірген өңшең сымбатты, шамадан тыс көңілді жігіттердің
ортасында қалып, олардың тезірек кетуін, графиняны үйіне
жеткізіп, бір мезет дем алуды тағатсыз тілейді. Ал масаң,
қызба топ оңайлықпен тарқамайды. Шарап толы шыны құ
тылардың тығындарын тарс-тұрс атып, көрікті ханымның
денсаулығы үшін шуылдаса ішеді, қосыла ән салып, көшені
бастарына көтереді.
Осындай у-шудың бірінде әскер киіміндегі мұртты жігіт
қорабынан тапаншасын суырып алып, гүрсілдете үсті-үстіне
атқан. Шам үркіп ала жөнелді. Агба қапелімде дегбені жинап
үлгере алмай қалды. Күйменің ашық тұрған есігі әлгі есерді
қағып өткенде, ол жерге серең етіп құлап түсті. Графиняның
шошынған ащы дауысы Агбаның төбе құйқасын шымырлат
ты. Барын салып алысып жүріп, Шамды тоқтатты-ау, әйтеуір.
Күйменің соңынан шұбыра жүгірген жігіт-желең жеткенде,
жүрегі аузына тығылып, дүрс-дүрс соғып тұрған.
Ентігіскен жігіт-желең келе сала қорқып қалған княги
няны жапыр-жұпыр жұбатып жатыр. Мылтық атқан әскери
киімді сылтып басып Агбаға таянды да, жағынан кіжіне тар
тып жіберді. Арабтың төбесі шошақ қалпағы ұшып кетіп, басы
зыңылдап жүре берді.
Сол сәтте графиняның қатқыл дауысы естілді. Дуылдаған
бетін басып, зәбірлене жүдеген Агба оның дөкір жігітке қыс
қа, кесімді әмір бергенін көрді. Анау басын шайқап, айтқанын
орындай алмайтындығын аңғартып мелшиіп тұр. Графиня да
сабасына түсетін емес, Агбаны нұсқап күйінеді.
Жігіт үнсіз тұрды да көшір жаққа бұрылды, оның жүзіне
жирене қарады. Агба мұртының қызарып кеткен жанарынан
менмендікпен қорлай кемсітушіліктің удай ащы табын көрді,
көзін еріксіз тайдырып әкетті. Ол осылай біраз тесіліп тұрды
АЛДАН СМАЙЫЛ
да, мылқау арабтың қолын алып сықырлата қатты қысты.
Басқаларға сездірмей, бетіне түкіріп жіберді. Іле қарқылдап
күліп, княгиняның алдына барды да, тізерлеп отыра кетті.
Агба бетін сүртіп, есеңгірей күйзелген күйі булыға еңіреді.
Дыбысын шығармай тұншыға өксіп, қалш-қалш еткен қолы
мен күйменің суық ағашын сығымдай берді, қатты қиналып
қорланғандықтан шығар, жағы қарысып қалған, тамағына тас
тығылып, демікпе ауруы бар адамдай қыстықты.
Графиня сылқым жігітке көшірден кешірім сұратқанына
мәз болып, сыңғырлай күлді. Далада тұрып та біраз шарап іш
кен қызба топ әлдебір мылқау арабтың алдында кішірейген
мұрттыға сұқ саусақтарын шошайтып ішек-сілесі қатады. Бі
реуі оған енді атылып өлуің ғана қалды дегендей, тапаншасын
көрсетіп самайын түртті. Мұртты сұрланып кетті, тізерлеген
жерінен сілкіне атып тұрып, қынабына қол салғанда графиня
шыр ете қалды. Істің насырға шабатынын сезген серіктері
оған жапырлай жабылып, қаруын тартып алды да, оғы тау
сылғанша гүрсілдетіп, бір сазды әнді қосыла шырқап, ұлардай
шулады.
Дойыр жігіт жағынан тартып жібергенде графиняның
реніш білдіргені Агбаның көңілін жібіткен, енді онысы ән
шейін әзіл үшін жасалғанын көріп, сұлу әйелге алғаш рет жақ
тырмай қарады. Оның үлбіреген қып-қызыл еріні, албыраған
сүйкімді жүзі, сыңғырлаған күміс үні табан астында өзгеріп,
көз алдында бар көркінен айырылған. Қолы бишікті тез тапты,
шуылдаған әумесер жұртпен қоштастырып үлгертпей Шамды
желдірте жөнелді.
Графиня бүгін сол жолы болған екі қабат еңселі үйге келіп
еді. Айналасы мұнтаздай таза, бау-бақшаға оранған сәулетті
ғимараттың үлкен терезелерінен әсем әуен сыртқа құйқыл
жи шалқиды. Агба Мәккада жүргенде естімеген нақышты,
жанға жағымды саз бірінен соң бірі ойналып, тамылжыған
ырғақ, әуезімен жабығыңқы, қараңғы көшеге әр беріп, майда
толқындайды. Бағанаға ілінген шамның күңгірт сәулесі со
ның самалды лебімен баяу ырғалып, діріл қағады.
Агба ән сазына елтіп, күймеден түспей отыра берді. Үйді
алыстан орай қоршаған биік темір шарбаққа сүйеніп, қыз бен
жігіт сыбырласып тұр. Бойжеткен қымсына ұялғандай болып
ШЫҒАРМАЛАРЫ
төмен қарайды, жігіттің иығына салған қолын әлсіз итерді.
Баяу тіл қатып, кейін қарай ығысып еді, терезеден төгілген
әуен күшейіп шалқи жөнелді. Жігіт қыздың белінен құшақ
тап дөңгелене үйіріп әкетті, екеуі бір-біріне еркелей қараған
күйі тербеле билеп, алыстай берген.
Олар көрінбей кеткен кезде үйден біреу шықты, асығыс
басып күйменің жанынан өте берді. Агба оның баяғы дөкір
жігіт екенін таныды, ол тағы да шатақ шығарып, тайып тұруға
мәжбүр болған сияқты.
Шам анда-санда дүр сілкініп қойып сүлесоқ тұр, Агба әлгін
де сұлыға тойдырған. Ол аттың жемін күйменің жүк салатын
қуысына тығып, үнемі бірге ала жүретін. Енді графиняның
үйге қайтатын кезін тосып, мүлгіп отыра беруден басқа ештеме
қалған жоқ. Шамалауынша, түн орталанып қалған, ел аяғы
басылып, көше иесіз тұнжырайды. Бірен-саран бұралқы ит
қоқым-соқым төгілетін темір қораптарды иіскелеп, одан түк
таппай, бұрыш-бұрышты кезіп кетті.
Сәулетті ғимараттың іші де саябырсыған, әуен тыйылып,
әредік ду етіп көтерілген күлкі естіліп қалады, шыны ыдыс
тардың қылықты арудың жүректің қытықтайтын назды үні
не ұқсас сыңғыры талып жетеді. Агба сол жақтан шыққан
дыбыстың бәріне құлақ түріп отырып, көптің астасып кеткен
дауысы төменгі қабатқа қарай ойысқанын аңғарды, қонақ
тардың тарқайтын уақыты таялған секілді.
Көп кешікпей-ақ бұл түйіні дұрыс болып шықты, үйдің
сыртқы жармалы есіктері айқара ашылып, үлде мен бүлдеге
оранған әйелдер, оқтау жұтқандай сірескен тіп-тік еркектер
көрінді. Графиня оларды бұл жолы да өзіне табындырып алған
екен, бәрі соны қаумалап келеді. Әдеттегідей тағы да тарс-тұрс
шарап атылып, мәре-сәре болған ел ұзақ шуылдады. Графиня
бүгін ерекше көңілді, ұсынған шараптан бас тартпай ішкен,
өзі масаң, дамылсыз күледі. Күйме орнынан қозғалып ұзап
кеткенше артта қалғандарға қол бұлғаумен болды.
Агба жатқа біліп алған бағытпен қожайынның үйіне төте
лей тартты, Шам сар желдіртіп екі көшені қиып өткен. Делбені
қағып қойып, алдындағы бұрылыстан айнала бергенде, біреу
аттың алдынан шыға келді. Агба секемденіп, осындай түнгі
жолға шығарда ғана берілетін тапаншасына қол салды. Сол
АЛДАН СМАЙЫЛ
сәтте ол секіріп келіп делбеден ұстай алды. Айдың бозғылт
сәулесі иығындағы жезге шағылысады, көшір араб оның сонау
күні өзін жақтан тартып жіберетін дойыр екенін таныды, Шам
ға қамшы үйіріп, жетекпен қаға-маға жүріп кетпек болды,
бірақ жігіт атты тырп еткізген жоқ, күйменің есігін жартылай
ашып, сыртқа қараған әйелге әлденені асығыс айта бастады.
Оның бағана елден бұрын неге кеткені енді белгілі болған.
«Оңбаған! – деп кіжінді Агба. – Жексұрын, айуандығыңмен
бірге жымысқы залым екенсің ғой». Графиняның оны маңы
на жолатпайтындығына құлай сеніп, әмірін шыдамсыздана
күтті. Тек белгі берілсе, өзін өлгенше есінен кетпейтіндей етіп
қорлаған итті бишіктің астына алып, жүндей түтуге дайын еді.
Графиня тіл қататын емес, жиі тыныстап күрсінгені есті
ліп тұр. Жез иықтының аузында дамыл жоқ, дауысы дірілдеп,
бастырмалата сөйлейді. Әйелдің қолынан ұстап, алақанына
бетін басты, үні ессіз адамның сандырақтағаны секілді үзіліп-
үзіліп кетеді.
Графиня қиналған кейіпте әлдене деп еді, жігіт еркінсіп,
күйменің ішіне кірмек болды. Әйелдің дауысы енді қатқыл
шыға бастады, өзеуреп ұмтылған жез иықтыны итеріп қалды,
бірақ еңгезердей еркек тұрған жерінен қозғалған жоқ, есікті
айқара ашып, графиняны сыртқа тік көтеріп алған. Бетінен,
мойнынан алқына сүйіп, ай астында аймалайды. Арқасына,
бетіне жауып кеткен әйелдің шапалағы әсер ететін емес.
– Агба! – деп ышқынды графиня бір кезде. – Агба!
Көшір арабтың күткені де осы еді, күймеден секіріп түсті,
әйелді босата салып, қарсы тұра қалған жігітті бишікпен бе
тінен осып жіберді. Ол басын қайқаң еткізіп, өзіне тұра ұм
тылғанда жалтарып кетіп, құлақ шекеден кіжіне соқты. Қолы
қатты тиіп еді, бірақ анау құлаған жоқ, еңкейе беріп мысықша
атылды. Агбаның көзі жарқ ете қалды, сол сәтте тас көшеге
шалқасынан түскен. Жалма-жан ұшып тұрмақ еді, басы зеңіп,
буыны бекімеді. «Енді тепкілейтін шығар» деп үрейленді,
қалбалақтап қаруын іздеді.
Сол бойда аласұрып аяғына тұрғанда, жігіттің графиня
ның алдында тізерлеп, жалбарынып отырғанын көрді. Әйел
басын шайқайды, шегіншектеп, күймеге жылыстап барады.
Жез иықты оған тізесімен жылжи еріп, жалына сөйлеуін
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қоятын емес, ол дәл қазір жыларман халде еді. Бір кезде тас
көшеге жата қалып, әйелдің жүріп өткен жерін сүйе бастады,
мұнысы есінен ауысқан адамның қылығы сияқты тым ерсі, әрі
қорқынышты еді. Графиня құдайына шағынып, асығыс-үсігіс
шоқынды, аялы жанарын үрей жайлап алған. Жігіттен көз
алмай, дірілдеп қалған қолдары тірек-таяныш іздейді, жаңа
онымен алысқанда қобырап кеткен шашының ұшын тістелеп
түршігіп тұр.
Агба атып тұрып, сылқита соғудың орнына қадалып қарап
қалған. Жігіт те ту сыртында жауы бар екендігін ұмытқан,
жерден әлі көтерілген жоқ. Оның әлгіден бергі қылығы шы
дамын әбден тауысқан, әрі қорқыныш билеп алған графиня
күймеге отырып жатып, сұлу әйелге жат ызғарлы дауыспен
зірк-зірк тұлданды.
– Кет! Жолама маған! Кет!
Дауысы тіпті қатайып, тарғылданып барады.
– Естимісің, маңымнан жүрме! Сен қорқау, қорқынышты
адамсың.
Жез иықты жерден сүйретіле тұрды, қинала ыңыранып,
теңселіп кетті. Графиня бөріні көрген қояндай шошып, күйме
ге тығылды.
– Кет! Көрінбе көзіме! Жоғал!
Еңгезердей жігіт бір уыс болып бүрісті, екі жағына тәл
тіректей ауып, құлап кеткелі тұр. Агба басынан түсіп қалған
қалпағын тауып киіп, Шамға қарай жылжыды. Жез иықты
ның мына мүсәпір халін көргенде, оны әрі аяп, әрі сескенген.
Жігіттің өлім мен өмірдің жігінде, қыл көпірдің үстінде
тұрғаны анық еді, тезірек тайып отыру керектігін ұқты.
Ол мелшиіп, жанары жансызданып алған, жаралы жырт
қыштай ыңыранып маңдайын қойғылайды. Өзін-өзі жұлып,
иығындағы жез оқаларын тігілген жерімен қоса дар-дар
айырды. Жанынан асығыс өте берген Агбаға барысша аты
лып, қолынан бишігін жұлып алды да, атты сауырдан тар
тып-тартып жіберді. Шам күймені салдырлатып шауып ала
жөнелді, графиня ішінде жалғыз кете барды. Соңынан дал
балақтап жүгірген Агбадан лезде ұзап кетті, етіне қамшы бат
қан ат төрт дөңгелек тас көшені тасыр-тұсыр дүрліктіргенде
үрке жүйткіп, тез алыстай берген, әп-сәтте түн қараңғылығы
АЛДАН СМАЙЫЛ
на сіңіп жоғалды. Күйменің салдыры мен графиняның үрейлі
айғайы ғана біразға дейін естіліп тұрды.
Етігінің табаны таңғы шық түскен жұмыр тастардың үс
тінде тайғанақтап Агба жиі сүрінеді, бір-екі рет жер құша
жығылып, тізесі қан қақсады. Оған да қарамай сылтып ба
сып, жан ұшыра ұмтыла берді. Шам желігіп, бойы қызып
алса ұзаққа сілтейді, қарсы алдындағы қатерді көрмей, омы
рауымен соғады. Ат әлденеден үркіп жалт бұрылса, биік
күйменің қопарыла ауатыны анық, онда графиняның аман
қалуы екіталай.
Артынан әлдекім пері соққан жанша қарқылдады.
– Ха-ха-ха.
Тамағы жыртылғанша барлығып, көшені жаңғырықтырып
жатыр.
– Хи-хи-хи.
Жез иықты, сірә, есінен адасқан шығар, шегі қатып жа
падан-жалғыз мәз болады. Агба артына бұрылғанда, ол әлі сол
орнында тұр екен.
Тұла бойын дір еткізіп, қаланың шет жағы сарнап қоя
берді, елді жұмысқа шақырып жатыр. Ал Агба екі өкпесін
қолына алып жүгіріп келеді, демін ішіне тартып, анда-санда
күйменің салдыры қай тұстан шығатынын барлайды. Талып
естілген дүрсіл тым алыста, Шам дағдылы жолмен ат қораға
тартқан сияқты, мылқау араб енді өзеннің үстіне салынған
көпірге төтелей жүгірді.
* * *
Соңынан қалмай салдырай беретін пәлені сәйгүліктің
баяғыдан суқаны сүймейтін, одан құтылудың жолын таба
алмай дал болатын. Мойнына кигізілген, омырауын қаға
беретін зат та қолайсыз, жиіркенеді де тұрады, бірақ амал
қанша, иесі келіп сыпырып тастағанша шыдайсың. Енді оның
қайда жоғалғаны белгісіз, жат біреу жетіп келіп қамшының
астына алғанда, мұны қорғауға жарамай айдалада қалып
қойды. Артынан өкшелей ілескен салдыр-гүлдір бұл одан
сытылып кетуге тырысып, шабысын үдеткен сайын күшейеді,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
әбден түршіктіріп шыдамын тауысады, сірә, мұның өкпесі
өшіп құлауын тілейтін шығар.
Шам ерегісе, егесе жүйткіді, күйменің ішіндегі әйел да
уысы шырылдап шығып, жынын қоздырды, тар көшеден
тез құтылып, шабысқа жайлы кең жазыққа жетуге тағатсыз
асықты. Сонда бауыры жазылып, жусаннан аласа, бетегеден
биік болып, құба даламен қызына жарысар еді, көкжиекті
бетке алып, жазғы таңның аспан түстес мөлдір алауына құл
дырап барып сүңгіп кетуге құлшынар. Дала жарықтық өн
бойында шабысқа құмар алапат желік қоздырып, қанын
қыз-қыз қайнатар еді, табан жолына жазыла төселіп, қиянға
шақыра қиқулар еді. Кеудесінде оты, бойында қайраты бар
Шамға одан артық не керек. Ұлан жазықтың бәйге төрінде
жұлдыздай ағып, желмен жарыспай ма, бәлкім, даланың алыс
кемерінен асып түссе, бұйра-бұйра құмы толқынданған, ыстық
күні шақырайып жанарды қаритын өзінің қайран құлан кезі
не куә сахарасы қарсы алдынан табыла кетер. Жадына мәңгі
тоқып, үнемі аңсаумен жүретін, түсінде талай көріп сағын
ған топырағына арқырай шауып жетіп, көл-көсір қуанышпен
шұрқырап қоя берер.
Ал әзірге шаһардың тастақ көшесін зорға тауысып, арналы
өзенге қарай салып ұрып келеді. Күйменің дөңгелегі әр жер
ден бір тиіп, екі жағына жиі шайқалады, ішінен шырқырай
естілетін дауыс өшкен. Шамға оның ұшты-күйлі жоғалғаны
керек еді, бұл қиқусыз-ақ барын салып келеді ғой, желіктіріп
не керек. Ерен жүйрік орынсыз айғай-сүреңді ұнатпайтын,
сәйгүлікті еркіне жібер де, желсіз шақта дауыл соқтырған
алапат шабысын қызықтап отыра бер.
Шам қанша қитықса да, барын сала құлдырай алмады, ол
күймені сүйретіп бұлай шауып көрген жоқ еді, қос жетек кері
тартып, сілесін қатырып бітті. Сүйретілген ұзын делбе біресе
алдыңғы, біресе артқы аяғына оратылып, шалынып келеді,
көпірге іліккен тұста сүрініп жығыла жаздады. Онда құрыды
дей бер, артындағы салдыр-гүлдірдің бәрі үстіне төңкеріліп
таптап өтер.
Көпірдің үстінде екі жаяу қараң-құраң етеді, тумысында
жылқы көрмегендей аңтарыла қарап қалыпты. Алдынан ер
беңдеп шығып, ұстай алмақ болып безектеп жүр. Таң жаңа
21-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
құланиектеніп келе жатқан беймарал шақтың тынышын
кетіріп қосыла айғайлайды. Біреуі қолындағы ат дорба се
кілді жалбыраған нәрсесін бұлғап үркітпек болды. Шам оған
таялмай, көпірді жиектеп шаппақ еді, екіншісі солай қарай
ұмтылды. Енді омыраумен соғып жіберіп өте шығудан басқа
лаж қалмаған, оларға тұтылса, бойы қызып, алқымы ақ кө
біктенген сайын құмарта аңсаған бәйге даласына жете алмас.
Сәйгүлік көпірдің үстін күйменің салдырымен шулатып,
қиястанып алды, ол енді ештемені көрген жоқ, дүлей екпін
мен қарсы беттегі екеуді жолынан дүркірете қуып тастап, алға
ашына ұмтылды. Мұны енді кім қуып жетсін, тек ұлан өңірде
еркіндікке бір ілінсін.
Таңның көгілдір алауы ажарланып, ашық өң ала бастаған,
сол самала әлемге құйындай құлдырап барып сүңгіп кетсе, қос
бүйіріне қанат байланып, бәлкім, ұша жөнелер.
Шам шабысын барынша үдетті, әне, көпір де таусылған,
шетіндегі жуан бөрене сойдиып шығып тұр. Соны жанай өте
бергенде бір әлдемді күш оң жаққа қарай қатты тартып қалды.
Мойын омыртқасы үзіліп кеткендей шым етіп, көзі қарауы
тып жүре берді. Бірақ жығылған жоқ, сол жақ қапталға бұ
рыла бұлқынып, аспанға шаншыла атылды. Күйменің ішінен
жіңішке ащы дауыс естілді, ол өзінің шұрқырағаны сияқты
сезіліп, қыстыға кісінеді. Бар қайратын жинап, жазыққа қа
рай ұмтылғанда, соңындағы жүктің ауырлағаны аңғарылды.
Жанынан әлдене домаланып өтіп барады, ол күйме бөренеге
екпінмен соқтыққанда ағытылып кеткен дөңгелек еді.
Бұдан әрі жүрісі мандыған жоқ, көзін тер жауып, табан
жолы бұлдырай берді, таңғы алау бір сөніп, бір жанады. Ұлан
далаға, бәйге төріне шынымен-ақ жете алмағаны ма?
Бір бүйірден шапқан аттың дүбірі естілді, бұл, бәлкім, ие
сі шығар, өзі үсті-үстіне айғайлап, мазаны алып бітті. Міне,
дауысы тіпті жақыннан шықты, астындағы көктің сауырына
қамшы басып алдын орады. Жанаса, еңкейе шапқан күйі шұ
батылған делбеге қолы ілікті. Қиян жазыққа жете алмаған,
таңғы алауға сүңгіп жүре беру маңдайына жазылмаған Шам
оған шытынай қарады. Аяғы аттың үстінен жер сызған бейта
ныс біреу бұлқына тулағанына қарамай, делбені құрастыра
тартып, лажсыз тоқтатты, сәйгүлік қыстыға кісінеді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ Таңғы алау бір сөніп, бір жанады. Шамды тоқтатқан Ұзынтұра болатын, ол Қабанның орнын басқаннан бері тапқан әдетімен елден ерте тұрып, ат қораға көңілді келе жатқан. Тумысында кісі алдында бас имеген, сол соқыр тәкаппарлығы үшін талай таяқ жеген, бірақ көрген қиындығы бастықтырмаған өр кеуде жігіт кешелі бері тәңі ріне дән риза еді. Ат жарысқа барып, қожайынның ағылшын дардан осыдан екі жыл бұрын сатып алған сүлік қарасына бәс тікті. Бұрын мұндай көрсе қызар желөкпелігі жоқ-ты, алдыңғы күні мәреге бұрын келген шабандоз Жан жүлдесін жуып, оның аяғы ойран-топыр ішіске айналып, ипподромға қызып келген болатын. Жігіттің бағы жанайын десе қиын ба, ұтты да алды. Пора-пора франк шалбарының қалтасына сыймады, белдігін қатты тартып, көйлегінің ішіне сүңгітті, қайыра-қайыра қарап, қызықтау үшін бір уысын қолына ұстап жүрді. Егер ат күтушілер қанша ұтқанын сұраса, ол: «Баубақшасы бар төрт-бес бөлмелі кірпіш үй мен бір бұзаулы сиыр сатып алуға болады», – дер еді. Ал ішуді ұнататын шабандоз есептей келіп, он екі бөшке арзанқол араққа жеткізген. Осындай мол олжаның қуанышы мен қызуы ұйқы атау лыны қуды да шықты. Түнімен көз ілген жоқ, ойша сатып алмаған заты да қалмады. Әйелі байғұс таңертең тұра сала тура киім дүкеніне тартатынын, ең алдымен мейрамдарда кие тін таза көйлек алатынын айтып сұңқылдаумен болды. Енді қайтсін, ол сорлының да ел қатарлы сылаңдап жүргісі келеді де. Сөйтіп ол үйден ерте шыққан, ат қораға жете бергенде көшірі жоқ, бір жағына қарай шоңқиған, аты алып қашқан күймені көріп төбе шашы тік тұрды. Агба бейшараның бір пәлеге ұшырағанына шүбәсі қалмады. Қолына түскен атты жайдақ міне салып, тұра қуды. Енді, міне, аласұрған Шамды зорға доғарып байлаған, күйменің есігін аша алмай, әуреге түсіп жатыр. Іштен ыңы ранған үн шығады. Ұзынтұра қатты састы, тұтқадан қос қол дап ұстап, бар күшімен жұлқығанда шалқалап барып құлады, есік өзімен бірге кетті. Күймедегі графиня екен, жұмсақ орындықтың үстінде ет петінен жатыр. Әлденені үзіп-үзіп айтқан болады, Ұзынтұра құлағын тосты.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Өліп барам… Жюль… Кеш… кешір мені…
Ат күтуші не істерін білмей апалақтады, оның орнында ер
адам болса, өн бойын қарап, жарасын таңар еді. Мынау әйел,
әрі графиняның тап өзі. Сандырақтап сөйлегенін де қоятын
емес.
– Кет! Әрі жүр! Қорқау! Жолама!
Ұзынтұра бұл сөз өзіне айтылғандай шошып кетті, жоқ,
әйелдің сыртқы дүниеден хабары шамалы, басқа бір әлемде.
Бірте-бірте батылдана бастады, әуелі еппен қимылдап, шал
қасынан жатқызды. Есіл сұлудың бетіне не болған, қан жуып
кетіпті-ау. Оң жақ иығы да қып-қызыл болып малшынған,
қолы тиіп еді, қатты ауырсынды. Талай қиян-кескі төбелесте
жүрегі шайлықпаған ер жігіттің буыны дірілдеді, графиняның
торғын көйлегін тістене қақ айырды, аппақ ару дене ашылып
сала берді. Ұзынтұра одан бетер қалтырады, дір етіп басылған
қос анарға қарамауға барын сала тырысып жүріп, әйелдің
жаралы иығын таңды. Қол орамалын алып, бетінің қанын
сүртті, графиняның қабағына болымсыз сызат түсіпті. Соған
қуанып кеткен, өзінің мінсіз қалпын сақтап қалған сұлулық
үшін қуанып еді.
* * *
Қалың орман, қарағай мен қайың аралас өскен нудың
қойнауы жынын алдырған бақсыдай дел-сал, тек биік ағаш
тардың ұшар басындағы жіңішке бұтақтар баяу ырғалады.
Сыңсыған ну, қия тасты биік тауды бөктерлей келіп, екі
қапталға қанатын кең жайған, бір шеті етектегі шалғын
ды жазықты жалдап, біраз жерге созылып барып іркіліпті.
Жуан қарағайлардың кеспелтек діңгектері, қабығы арса-арса
жарылып кеткен кәрі теректер, қурай бастаған шомбал емен
жиі көрініп, орманның қартаң тартқанын аңғартады, күні
өткен, жапырақ атаулыдан ада болған иыр-қиыр қайыңдар
жүдеу нудың ішіне сұғанақ жел ебін тауып енсе, қабырғалары
қайыса күрсінеді. Көкке сұғына бой көтерген сүмбіл терек
пен жас қарағай бәрінің үстінен асқақ, әрі менмен қарайды,
қайраты тасыған бұла тіршіліктің өр кеуде тәкаппарлығымен
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дандайсиды, сиықсыз, әлжуаз кәріліктен жиіркеніп, іргелерін
аулақ салады.
Қалың орманның қойнауында мүлгіген қара көлеңкені
жапырақтардың саңылауынан түскен күннің өткір сәулесі
айқыш-ұйқыш тілгілеп жатыр. Дамылсыз шырылдап, байыз
таппай кеткен бозторғай, бармақтай ғана сайрауық шымшық
сол жіңішке, тіп-тік сәулелерге алма-кезек ұшып қонады,
алыстан, әлде жақыннан орман үкісі күңіренеді, сытырлап қу
бұтақтар сынып, еріксіз жалт қаратады. Ну тоғайдың ішін
де баяу қозғалып, ұйқысырай ыңыранып секем алғызатын
тылсым тірлік бар, діндар Агба дұғасын жиі оқиды, үркек Шам
қос құлағын қайшылап, маңайын жіті барлап келеді.
Шүйкедей ғана ақ тиындар бұтақтан-бұтаққа секіріп,
байыз таппай жүр, қарағай мен қайыңның биігінен төменге
көз салып сәл тұрады да, жалт етіп жоғалады. Бір-екі қабат
жерге киіздей төселген шіріген жапырақтың асты бүлк-бүлк
қозғалып, кірпі шыға келді де, сол заматта қайта тығылды.
Қураған кәрі ағашқа қонып отырған қара қарға өңешін жырта
қарқылдап еді, құстың шырылы, тысыр-тысыр тылсым үн сап
басылып, орман демін ішіне тартып ала қойды.
Қарға айналасына тінте қарап, тағы да қарқ етті.
– Сақтан! Сақтан!
Күннің өткір сәулесі үстінен суылдай ұшып өткен құс қа
натының лебімен дірілдеді. Агба жанына таялған қайыңның
екі-үш жапырағы үзіліп, жерге қарай қалықтап құлап келеді.
Дәл алдында ұзын шұбар жылан иретіліп, шіріген түбірдің
білеу-білеу тамырларының арасына кіріп барады. Арабтың
жүрегі су ете қалды. Әлгі қарға енді қарқылдап ұша жөнелген.
– Сақтан! Сақтан!
Агба Шамды жетектеп алып, қураған ағашы көп жерді
іздеген-ді. Оны енді тапқан да сияқты, бір үйір қалың тікенек
тің сырт жағындағы бес-алты түп сида қарағай тұр. Аяғының
астындағы балапан көшеттерді басып кетпеуге тырысып жү
ріп оған да жетті, атты байлап, төмпешіктеніп үйіліп жатқан
шіріндінің үстіне отырды.
Ол бүгін көңілсіз еді, таңертеңнен бері еңсесі бір көтеріл
мей қойды, өзін-өзі іштей қайрап, көз алдындағы тірліктен
түңілмеуге тырысып-ақ бағады, бірақ кеудесін кернеп бара
АЛДАН СМАЙЫЛ жатқан, сыздауықтай сыздатқан мұң тарамайды, бықсып, тұ манданып тұрып алады. Әлгінде орманды кезіп келе жатып өзінің өмірде бар-жоғын айырып білмеген бір қиын хал кешкен, Агба деген бұл емес, заты мүлде басқа бейтаныс жан, ал өзі соның соңынан қалбалақтап ерген шала-жансар аруақ қана, екі дүниеге де сиықсыз, жексұрын елес. Қайда барса да жолының болмайтындығы сондықтан, ондай сүреңсіз тірлік иесі өзіне де, өзгеге де опа бермек емес. Бұл болмаса, Шам талай шабандоздың астында сан бәйгеге қосылып, жұлдызы жарқырап жанар ма еді. Енді, міне, екеуі қайдағы бір ағаш дайындаушының есігінде иттей қор болып жүр. Таңның атысы, күннің батысы, бір дамыл жоқ, бұта мен тікен іліп жыртқан киімі де алба-жұлба. Сәйгүлік те арықтап бітті. Қабырғалары ырсиып кеткен, жал-құйрығы ұйпа-тұй па. Табанына тас тиген бе, кешелі бері сылтып басады, жаңа қожайын тағалатпай қойды, ол әбден арыса да асаулығын тыймаған жүйрікке кектене өшігіп алған, сартылдатып сабай жөнелуге қамшысы дайын. Мұндай да безбүйрек болады екенау. Байлаулы тұрған Шам күрсінді. Агба көңіліне ұялай кеткен сұмдық, жан түршігерлік ой дан шошынып, жағасын ұстай алды. «Екі аяқты тәңірлердің алдында жорғалай-жорғалай адамдық қасиет-парқыңды жо ғалтқаның да жетер, саған дегенде тастай қатқан қатыгез құдайға құлшылық етіп, сәт сайын шілдің қиындай тозудан тыйыл», – дейді бір сұрқия үн. Өзі өктем, айтқанына көнді ріп, дегенімен жүргізетіндігіне сенімді секілді зірк-зірк етеді. Құлағының түбінде тұрып алып, дөң айбатпен күңгір-күңгір сөйлейді. – Жаратқан иең тасбауыр! Агба қорқып кетті, естімеуге тырысып, құлағын алақа нымен баса қойды, бұл ібілістің арбауына түскен болар, ол мы на ну, тылсым орманның ішінде жападан-жалғыз кезіккен де түп етектен жабысқан ғой. Сұрқия залым мұңды, ренішті шағында жүрегінің қиян түкпірінде тұнып жатқан, ғұмырын да айтылмауға тиіс шындығын тірілтіп, әлекке салады. – Жаратқан иең тасбауыр! Орманның ішін өсекші сұғанақ жел аралап кетті, қапта ған қарағай мен сыңсыған қайыңды тінте кезіп, сумаң-сумаң
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сыбырлайды. Айналаны шырмауықтай шырмап алған ит тұм
сығы батпас тікен мен бір-біріне орала, майыса өскен шілік
іштен тынып тың тыңдайды.
– Жаратқан иең тасбауыр!
Үстінен қанаттары сусылдап, ала қанат сауысқан ұшып
өтті. Үні қандай тұрпайы еді, оған ілесе бір топ шымшық
маңып барады. Әлдеқайдан алыстан, бәлкім, дәл жанынан ор
ман үкісі күңіренді. Аяқ жағында құмырсқаның кішкене иле
уі бар екен, айналасы шүпірлеген, құжынаған тірлік, дамыл
таппайды. Тоғайдың шет жағынан жабайы бұғы мөңіреді,
үні жұтылып, көрден шыққандай тұншығып естілді. Соған
елеңдеп мазасызданған Шам кісінеп қоя берді. Сыңсыған ну
орман булыға күрсінді.
– Жаратқан иең тасбауыр!
Агба бұдан әрі шыдамады, орнынан ұшып тұрып, белінен
балтасын суырып алды. Өзінің осы пұшаймен тірлігіне, әбден
сарсаңға түсіп қажығанда, кейде үрей буып, түсініксіз хал
кешетін қазіргідей мәңгүрт осалдығына солар кінәлідей қу
ағаштарды өшіге шапқылай берді. Өткір балта тиген жеріне
кірш-кірш қадалды, аппақ жаңқалар тоз-тоз болып ұшып
жатыр. Баланың беліндей сида қарағай сықыр-сықыр ауып
құлап барады, жолындағы майда шіліктерді жапыра сұлап
түсті.
Араб демалуды ұмытып, екіншісіне ұмтылды, оны да тез
жайратып салды. Аздан соң және біреуі жер жастанды, қыл
шылдаған балта бүлік іздеп жарқ-жұрқ жұтынады, тыныш
күнде лаң тілейді. Агбаның әлемі де астан-кестең, ол бойын
дағы бар қайраты мен қыжылын жасқанбай сарқа жұмсай
тын егесті шақты тағатсыз күткен сияқты, кеткен есесінің,
тапталған ар мен намысының қарымын қайтаратын күн туған
тәрізді, кіжіне, өлермендене арпалысқан сайын бойы жеңіл
дей түсті. Денесі бусанып, жанары ұшқын атып, өзін өзі та
нымастай шиыршық атты, дәл қазір ол қасқайған көк бет қара
жартасты да бір салып қақ бөлетін алапат қайрат тапқан.
Ол енді әлгі суық ойдан да шошыған жоқ, оны мүлдем ес
тімегендей қатайып алды. Өзінің бүгінгі нәрсіз құм секілді
құты қашқан парықсыздығына ыза болды, ішкі әлемінде күр
кіреп тулаған тасқын тұла бойын кернеп, шаршап-шалдығу
АЛДАН СМАЙЫЛ
ды мүлде ұмытқан. Соңғы қу ағаш сұлап түскенде, пәтуасыз
сұрқай өмірдің шаңырағы шатынап, сонымен бірге опырыла
құлағандай айызы қанды. Балтаны лақтырып жіберіп, сұлқ
тұрған Шамның жанына барды. «Сен кешір мені, сәйгүлік,
әлгінде дүниеден таусыла түңілгеніме ренжіме, – деді оның
ұйысқан кекілін тарқатып тұрып. – Агба шаршады ғой,
қартайып та келеді. Бәрі соның кесірі. Сен де мұңайма, біз
әлі талай дүрбелеңді бәйгелерде жұлдыздай ағамыз. Тек мы
на қатыгез ағаш дайындаушыдан құтылайық. Мен күнде
отынның бір бөлігін одан жасырып сатып жүрмін. Аздаған
ақшаның басы да құралып қалды. Әлі де жинайын, содан кейін
сені қайыра сатып аламын. Ол күн туған кезде бұл дүниеде
екеумізден бақытты ешкім болмас. Тек сен кейіме маған».
Агба сәйгүліктің шөп-шалам жабысқан құйрық-жалын та
зартты, өзі ауыз тимей, соған арнап қалтасына салып қойған
нанын берді. «Жей ғой, мен аш емеспін, – деді сілекейін жұ
тып. – Агба күн ұзын нәр татпай жүре беруге үйренген».
Ол көңілін осылай демдеп алып, қалаға қайтуға қам жа
сады. Қу ағаштарды ашық далаға бір-бірлеп сүйретіп шы
ғарғанша бесін де болып қалып еді, ну орманның іші бұ
рынғысынан да күңгірт тартты. Ал оның шетінен басталып
шалқи жөнелетін шалғынды жазықтың үстінде бұлтсыз ашық
аспан төңкеріліп тұр, бұл жерде құс біткен ерекше үнмен
құйқылжыта сайрайды. Айыр құйрық, ақ төс қарлығаштар
Агбаның қалың жыныстың тылсым қойнауынан аман-есен
шыққанына қуанады, алды-артын жанай ұшып, қанаттарын
қақпай қалықтайды. Таудан соққан самал құс біткеннің әуез
ді әнін толқынданған шалғынның үстінде тамылжыта тер
беді, маңай құлпырып жүре берді.
Осынау әсем табиғат аз уақытқа ғана болса да, Агбаның
жеке-дара иелігінде еді. Ана қия тасты, түксиген құз-жар
тасты еңселі тау, мына көгорай дала, көгілдір шыңырау аспан,
гүлден гүлге ұшып қонған ақ көбелек, сайраған құс, қалың
шөптің арасында сойдиған қурай, саумалды самал – бәрі мұ
ның патшалығы. Агбаның таулы өңірді, қатпар-қатпар жар
тастарды, ұлан даланы жаңғырықтырып ән салғысы келді,
іштей арабтың сазды әуенін сызылта шырқады, нақышты
ырғақ көкірегінде тербеле толқып, қазіргі тебіреністі сәтінің
ШЫҒАРМАЛАРЫ
әсерін қосып алып әуелегенде, жанары жасаурап бара жатты.
Туған жердің әнін жат өлкеде кімдер ғана толқымай айтқан?!
Кімдер ғана сағыныш жасын іркіп қалған?
Кіндік қан тамған топырақ,
Төсіңде өнген төліңді
Сыртқа теппес болсайшы.
Алыста қалған ұлыңды
Желеп-жебер болсайшы.
Сахарадай шөліңді
Көріп барып өлер күн
Тезірек туар болсайшы.
Агба әннің сөзін осылай құрап, шырқай берді, әжімді жүзін
жуған көз жасы омырауына төгілді. Аттың тізгіні қолынан
сусып шығып кетті, оған сағыныш сазынан басқаның бәрі
баянсыз, пәтуасыз елес сияқты ғана еді, өзін де ұмытқан еді,
өгей жұртты да, ну орман мен көкорай шалғынды да, бұлтсыз
көкті де – бәрін біржола ұмытқан.
Агба бұл әнді ұзақ айтты, шалғынды жердің салқын кеші
түнге ұласқан кезде де, маздатып жаққан от сөніп, айнала
түксие түнеріп алғанда да, желке тұсынан қарауытқан ор
манға қарай таудан тас құлап, қарағай-қайыңға сатыр-сұтыр
соқтыққанда да тоқтатқан жоқ. Жайылып жүрген Шамға,
бұлтсыз көктегі сансыз жұлдыздарға қарап, көкірегін шерден
тазартып, оның орнына сағыныш мұңын қосып алып соза
берді. Дәл қазір өткен-кеткен қиындықтары жадында жоқ
еді, графиняның өлім халінен аман қалғанын, француз бей
дің мұны сыбап-сыбап қуып жібергенін, Шамның атқұмар
ағаш дайындаушыға мүлде арзанға сатылғанын, қайран бағы
ашылмаған сәйгүлік үшін оған өз еркімен ақысыз-пұлсыз
малай болғанын ұмытқан. Арабтың оныз да мұңлы әнін іштей
жасыта шырқай берді.
Төсіңде өнген төліңді
Өгейсімес болсайшы.
Алыстағы ұлыңды
Желеп-жебер болсайшы.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Топырағында өлер күн
Тезірек туар болсайшы.
Тезірек туар болсайшы…
* * *
Агба шаһарға жеткенде, таң жаңа сәулеленіп келе жатқан,
бірақ мазасыз ағаш дайындаушы тым ерте тұрыпты, мұны
есіктің алдынан қарсы алды. Түнде Шаммен бірге ұшты-күй
лі жоғалған арабты қашып кетті деп ойлап, терісіне сыймай
тұлан тұтқан болар, бірден тарпа бас салды. Әдеттегідей қолы
аузынан бұрын қимылдады, Шамды доғарып жатқан Агба
ны іштен бір теуіп, арс-арс етті. Байғұс араб екі бүктетіліп,
тәлтіректеп барып, артында жатқан жәшікке сүріне құлады.
– Міне, енді дұрыс болды! – деп кіжінді ағаш дайындаушы. –
Кеш түсе жет дегенім қайда. Ымырт жабылды жоқ, түн болды
көрінбейді. Дыз-дыз етіп мен жүрмін. Еркінсиін деген екенсің
ғой, жал біткен ғой саған. Тұра тұр, бұл аз, көзіңе көк шыбын
үймелетермін.
Иесі таяққа жығылғанда Шам оқыранып, тыпырши бас
тады. Сәйгүлік оған бір жамандықтың болғанын түйсініп еді,
жетекті сықырлата мазасызданып, тыпырши берді. Ағаш да
йындаушы енді өзіне қарай тепсініп келе жатыр, қолында сабы
шолақ қамшы. Шам шегіншектеп, кірерге жер таппай сас
ты, ол осы бір қолы қатты, аузынан ащы иіс мүңкіп тұратын,
дауысы да жексұрын адамнан өлердей қорқатын. Ана қамшы
шолтаң ете қалса болды, бас-көзге қарамай төпелейді дей бер.
Шам пысқырына бұлталақтап, ағаш дайындаушыдан ығы
сып кетпек болды. Бір бүйіріне жалт бергенде арба жылжып
барып, ауа құлады. Үстіне артқан қу ағаш салдыр-гүлдір ша
шылды, арасында жаңғырыққа деп сала салған кеспелтек
дөңбек жатқан, сол қожайынның аяғын уатып кете жаздады.
Жаны көзіне көрінген шығар, айғайлап жіберіп, жерге отыра
қалды. Қыр жіліншігін аянкестене сипалап, аузы ырсиып
кеткен.
– Бітті! Құрыдық! – деп үрейленді Агба. – Қазір Шамды
өлтіре сабайды. Ағаш дайындаушы дәл осы жолы өзін ұстап
ШЫҒАРМАЛАРЫ қалса, бұл барлық жиған-тергенін тәңіріне садақа етуге дайынды. Бірақ қожайынның жыны одан әрі қозып, орнынан тұрған бетте Шамға ақсаңдай ұмтылды. Қамшы ауада ысылдап үрей шақырып алып, аттың сауырын шып-шып тілгіледі. Бір қолына делбені мықтап орап алған, қор болған сәйгүлікті тыпыр еткізетін емес. Қызына, қорқаулана келе, бас-көз де мей шықпыртты. Қамшы ат аспанға шапшымақ болса басына, жұла қашуға тырысса сауырына оратыла кетеді. – Е, Алла, тұлпардың жанарын сақтай гөр! – деп жалбарын ды Агба. – Көзі ағып түсе көрмесін. Онда біткені ғой, қараң қалғаны да. Соқыр сәйгүліктің көк есектей құны жоқ қой. Қожайын ырс-ырс етеді, көйлегінің жауырын тұсы терге малшынған, басындағы қалпағы түсіп қалыпты, шашы қобы рап, онсыз да сиықсыз өңі сойған қойдың өкпесі секілді тар ғылданып кеткен. Шамға шалқая беріп тістене қамшы сілте ген сайын түнеріп, жансызданып барады. Агбаның шыбын жаны мұрнының ұшына келді, жыланша иретіліп ысылдаған қамшы өзінің жалаңаш етінен таспа тіліп жатқандай қиналды. Орнынан сүйретіле тұрған бетте үйге қарай ұмтылды. Кіре берісте тамақ пісіріп, күйбеңдеп жүрген әйелдің алдына тізерлеп отыра кетті. – Ханым, құтқар! Рахым ет! Қожайыныңды тоқтата көрші! Әйел мылқау арабтың әлем-тапырық өңінен жалына, табы на қараған жанарынан осыны ұқты. Қолындағы көк жуаны тастай салып, далаға жүгіре шықты. Күйеуі байғұс хайуанды әлі жүндей түтіп жатыр. – Мишель, тоқтат! Ұрма! Ол тыңдай қоймады. – Доғар енді! Сенің де малдан артықтығың шамалы, – деп күшейді әйел. – Ашындырма мені! Мишельге осы сөз жеткілікті болды, қанша нойыс, әпер бақан болса да, бір долданып алса, жыны өзінен асып түсетін айбарлы әйелінің әмірі сабасына түсірді. – Аюға ақыл үйреткен таяқ. Көр де тұр, мен бұл жабайы хайуанды әлі қойдан жуас етемін! – деп қамшысын лақтырып жіберді. – Тақымымда ойнайтын болады. – Ұра берсең, одан сайын тулар, – деді әйел үйге бұрылып. – Босқа күнәға батасың!
АЛДАН СМАЙЫЛ
Мишель жақтырмай мырс етті.
– Ақымақсың, сен қатын. Санаңда зәредей саңылау жоқ.
Үстіне мылқау дүлейден басқаны отырғызбайтын асаудың
шын жүйрік екендігін білмейсің, әрине. Оны ауыздықтаған
күні Мишель граф-срафтарыңа пысқырып та қарамайтын бо
лады. Париждегі бүкіл ат жарыстың қыруар бәйгесі қалтама
өзі келіп құйылып жатады.
Әйелге оның бұл сөзі зәредей де әсер еткен жоқ, қос жана
ры қанталап кеткен, үрей буып қалтыраған атқа, жыларман
болып кемсеңдеген мылқау арабқа қарап, күйеуінің күнәға
белшесінен батып жүргенін ойлады. Күйеуі тірі пендеге зала
лы жоқ, қабырғалары ыржаңдаған қайдағы бір көтерем үшін
ит қорлыққа төзген мылқау сорлыға жұдырық жұмсаған
сайын тәңірінің алдында жел өтіндегі жапырақтай қалты
райтын. Тұрмысқа шыққалы құрсақ көтермеген әйел өзінің
осы бақытсыздығын күйеуінің ожар қылығынан, оның реті
келсе, көк тиын артық пайдаға бола бәрін таптап жүре беретін
аярлығынан да көретін.
Әйел осыны есіне алған сайын мылқау сорлыға жақсылық
жасағысы келеді де тұрады. Кәріп байғұстың сауабы тиер,
құданың рақымы түссе, әлі баладан қалатын жасқа жеткен
жоқ.
Үйге кіріп кетіп, бір кесе сүт пен нан алып шықты.
– Мә, оразаңды аш, қайбір жетісіп отырмын дейсің.
Агба әйелге ризалықпен қарап, тамақты тез ішіп-жеді де,
Шамға қарай кетті. Атты доғарып, қораға байлады да, қам
шының ізі түскен жерлерін дұға оқып үшкірді. Әйтеуір, сәй
гүліктің жанары аман, ыздан қалтырай ма екен, әлі үрейден
арыла алмаған шығар, қалш-қалш етеді. Араб аттың көзіне
қарамауға тырысты, ол жасқа толып тұр еді. Асыға басып да
лаға шықты да, шашылып жатқан отынды ішке кіргізе бас
тады, тыным таппай қимылдай беру керек екендігін ұқты.
Дәл қазір өне бойын қарып бара жатқан ызамен, жүрегін
қыстықтырған удай ащы кекпен бетпе-бет қалып, оңаша әре
кетсіз отыра беру қатер еді.
Осы күннен бастап, қожайын бұрынғысынан да қаны
пезерленіп алды. Ол Шамды жасытудың жолы аштан бұрал
тып, күйін әбден кетіру, есін шығарып, ара-тұра қамшының
ШЫҒАРМАЛАРЫ
астына алу деп түйген. Емендей иілмейтін тәкаппарлық пен
қанжардай қатқан өжеттік жан алқымға келгенше ғана дә
уірлейді, тұщы етіне ащы таяқ өткеннің бәрі мүсәпір, айт
қаныңа көніп, айдауыңа жүреді. Кеудесінде тіршілік оты
бардың бәрі қорыққанының құлы, дүниені ауа жайдырмай,
басын біріктіріп ұстап тұрған әлділердің тас емен қатыгезді
гінен басқа ештеңе емес. Ертеңгі күнін ойлай білетін, аузында
тәңірі, көңілінде тәубасы бар адамның өзі шыр бітсе, құ
дайын ұмытып кетеді. Бұл жалған болса, Мишель екі дүниеде
оңбасын.
* * *
Бағы жанбаған сәйгүлік түні бойы қаңтарылып тұрады,
таң атса, қожайын зілдей арбаға жегіп алып, орманға қарай
шауып бара жатады. Далада шөпке қоя береді деп ойлап,
Агбаны отынға жібермейді. Сөйтіп, онсыз да қоңсыз Шам
аз күннің ішінде көтерем болуға айналды. Агба оны қайта
сатып алатындығынан күдер үзе бастады, ағаш тасымаған
соң ақша қайдан келсін. Мұның үстіне жиған-тергенін шым-
шымдап жұмсап, шөп, жем алып жүр, түнде қожайынның
көзі ұйқыға кеткенде, қораны ұрланып ашып, Шамның аш
өзегін жалғайды.
Осылай түртіншектеп, өлместің күнін көріп жүргенде
қалтасы да тақырланды. Бір мәрте Ұзынтұра есіне түсіп, содан
жәрдем сұрап барған. Ол Шам екеуінің жағдайына қанған
соң, атты тастап, бірдеме етіп еліне кеткені жөн екендігін
айтты. «Жат жерде арам өлесің ғой, байғұс, – деген мүсіркей
қарап. – Есің барда, еліңді тап. Мен ат күтушілерді үгіттеп,
жол қаржы табуыңа көмектесейін. Әрине, араб жері тым алыс,
оған жету үшін көп ақша керек, дегенмен сеп қой, әйтеуір».
Агба басын шайқады. Ұзынтұра оған таң болып қарады,
бұл мылқау ғана емес, ақыл-есі де кем сорлы шығар. Әйтпесе,
қайдағы бір асау ат үшін өзін азапқа салып қоя ма. Жоқ, мұ
ның дені дұрыс болмады.
– Онда өзің біл, мен жаным ашығандықтан айтамын, – деді
ыммен. – Тарығып, амалың таусылғанда ғана емес, былай да
келіп жүр.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Бүгін Ұзынтұраның берген ақшасы да біткен, Агба не істерін
білмей, таң атқалы сенделумен болды. Ескі танысына қайта
барып алақан жаюдың реті келмейтін сияқты, ол бір жолға
көңілін қимаған шығар, тағы да тіленіп тұрып алса, ренжіп
қалуы мүмкін ғой. Беті бір қайтса, ұлан-байтақ шаһардағы
жалғыз мейірімді адамынан да айырылар. Жоқ, басқа амалын
табуы керек, Шамды, өзін аштықтың азабынан аз да болса
арылтуға септігі тиетін жол қайсы? Тап, Агба, ойлан, Агба, сен
қияметтегі қыл көпірдің үстінде тұрсың. Одан талай өтіп те
едің ғой, бұл жолы құлап түсе көрме.
Қорадан шығып, көшені кезіп кете барды, қайда бет ал
ғанын өзі де білмейді, әйтеуір, жүре беруі керек. Жүрген
аяққа жөргем ілігеді деген үміті кесілсе де, ерсілі-қарсылы
ағылған елдің арасында болуға тиіс. Ең құрығанда, тамақ
сататын дүкендердің ішінен аппақ нан мен семіз шұжықты
көріп, дүние түп-түгел жұрдай емес екендігін білер, тым бол
маса, асханалардың маңайын төңіректеп, ыстық тағамның
бұрқыраған иісін құныға жұтар, қайткен күнде де мұның ен
дігі құтқарушысы қыбыр-қыбыр көше ғана.
Агба осылай ұзақ тентіреді, сандалып жүріп француз бей
дің баяғы сән-салтанатты еңселі үйіне қалай келгенін біл
мей қалды. Құлпыртып-ақ салынған аппақ сарайдың маңайы
тып-тыныш, бұл арада жүргіншілер бола бермейді, үй оңаша
жерге оқшау ірге тепкен. Алыстан орағыта қоршаған темір
шарбақтың ішінде бейсауыт ешкім жоқ, әріректегі мәуелі бақ
жақтан әлде бұлбұл, әлде сандуғаш төгілте сайрай жөнелді.
Әдемі әнін құйқылжыта әуелетеді де қалт тына қалып, аздан
соң қайта шырқайды. Онсыз да сәулетті сарайдың салтанатын
асыра түскен таңғы шықтай таза, әсерлі әуен таяныш етер тал
шықтай да үміті жоқ қам көңілдің өзін елеңдетіп, әлденеден
дәмелендіреді, көз алдына көрікті графиняның мінсіз ару
жүзін елестетеді. Ол үнемі ақ жарқын жымиып, төңірегіне
қуаныш таратып жүретін еді ғой. Агба хор қызындай сол хас
сұлуды білетіндігі үшін де, оның күймені тоқтатуға, не жү
руге белгі беріп, өзіне талай тіл қатқаны үшін де өлшеусіз ба
қытты болатын. Бақытқа бөленіп тұрып, мейірімді Фатиманы
сағына еске алатын.
Ту сыртынан жеңіл арбаның салдыры, тағалы аттың тұяқ
дыбысы естілді, биік, аршынды боз арғымақ жеккен күйме
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тура өзіне қарай келе жатыр. Ат ерекше мүсінді екен, билеп
басып ырғақты желеді, алқымы кең, жоны шыбын тайып
жығылғандай жұп-жұмыр, жалпақ сауырының бұлшық етте
рі бұлт-бұлт ойнайды. Ұзын, сүйірлеу келген басында қырып
алар артық ет жоқ, сіңірлі тілерсегі серіппелі, жал-құйрығы
күлтелене төгіліп жайнаң қағады. Делбені ұстаған, мұнтаздай
киінген орта жастағы көшір тіп-тік болып қаздиып отыр, Агба
жаққа көз де салған жоқ, жанынан кекжиіп өте берді. Араб
оның орнында осыдан біраз уақыт бұрын өзі ат айдағанына
сенер-сенбесін білмеген халде бір шетке шегіне ысырылды.
Мына көшірді көшеде жеке кездестірсе, дәулетті мырзалар
дың біріне балап, иіліп тағзым етер еді.
Оның ендігі ойы бұрынғы қожасының көзіне түспеу бо
латын, келген ізімен кері бұрылды. Сол сәтте күйменің есігі
сырт етіп ашылып, еріксіз жалт қараған, сұлу графиняның
мейірбанды, жүректі шым еткізетін сиқырлы жанары өзіне та
ңырқай қадалып мөлдірей қалыпты. Агба тынысы тарылып,
алқам-салқам кеудешесінің өңірін сипалай берді. «Ол таныды
мені, ұмытпапты. Көрді мені», – деп ойлап үлгеріп, арудың
өзінің мына сиықсыз түріне көз салуға жиренбегендігіне дән
риза болды. Апалақтап, басы жерге тигенше иілді, осында кел
геніне, графиняның ойда жоқта кезіге кеткеніне қуанды. Ол
шыңырау құздың көмейіне құлағалы тұрған мұны құтқарып
қалатын шарапатты періште секілді сезілген.
Күйменің есігі қайтадан тырс етіп жабылды, сол мезетте
тастақ алаңға жалпақ сырғаның үлкендігіндей күміс теңге
сыңғыр етіп түсіп дөңгелей жөнелді. Күннің сәулесіне жалт-
жұлт шағылысып, қоңыраулатып барады, сыңғыр-сыңғыр
дыбыс Агбаның жүрегіне шаншудай қадалып, жанын жегі
дей жеп барады. Әне, таяқ тастам жерде күн көзіне шағылы
сып жылт-жылт етеді. Араб оның өзіне кемінде төрт-бес күндік
азық болатынын білді, бірақ қолына алып қалтасына салуға
асықпады, күміс теңге саусағын қарып түсетіндей көрінді.
Тас үстінде мұның айдай әлемге белгілі мүсәпір бейша
ралығының қайда барса да алдынан андыздап шыға беретін
қарғыс атқыр таңбасы жарқырап жатыр.
Мойнына су кетіп, теңселе басып жүріп барады, көз алды
на ару графиняның мейірбанды, сүйкімді жанары, күн көзіне
АЛДАН СМАЙЫЛ
жылт-жылт шағылысқан күміс теңге алма-кезек тұра қалды.
Ол енді екеуінен де алысқа кетуге асықты, екеуі де жүрегін
шоқтай қариды, жарық дүние неткен тасбауыр еді.
Сол бетінде ел көп жүретін көшеге шығып, әркіммен бір
қақтығысып қалып жүре берді. Біраздан кейін бір-біріне иін
тиістіре салынған көп дүкенге келіп жетті. Солардың ортаң
ғы тұсында әйнектері есіктің үлкендігіндей, маңдайшасына
әйелдердің асыл алқасы, жүзік-сырғаның, үлкенді-кішілі мон
шақтардың суреті ілінген көк үй тұр. Өтіп бара жатып әйнек
тен өзінің сұлбасын көріп қалды да, аялдап шұқшия қарады.
Қарсы алдында шошақ қалпағы мыжырайған, шалбарының
балағы жырым-жырым, кеудесіне кигені олпы-солпы, аш-
арық біреу тұр. Мәкканың ырду-дырду базарында қойдай
өріп жүретін, Алланың атымен қайыр садақа сұрап, ұзақты
күн жақтары бір сембейтін, үсті-бастары қасқыр талағандай
өрім-өрім қайыршылардан айнымайды. Агба мейірімді аспаз
әйел Фатиманың өзіне деген ықылас-назары суымауын іштей
үрке тілеп тұрып, оларға реті келгенде талай мәрте тиын-
тебен тастаған. Қайыршы атаулы Алла тағаланың аузы дуа
лы, берген батасы қате кетпейтін бейкүнә пенделері ғой. Мына
бейбақтың да бәдені соларға әбден келіп тұр.
Агба қырынан тұрып та, жақындап та қарады, оған үңілген
сайын «қайыршы» деген суық сөз көмейіне кептеле берді.
Қайыршы!
Тәңірдің бейкүнә құлы.
Енді мұның олардан несі артық.
– Қайыршы! – деп түршіге қайталады ішінен. Бойы мұздап
бара жатып, осы сөздің өзіне неге тас кенедей жабысып алға
нын білгісі келді. Енді сәл кешіксе, ана әйнектегі арса-арса тірі
аруақ қалбалақтап келіп бас салатындай секемденді. Ол: – Кел!
Қорықпа! Қосыл қатарыма! – деп шақырады.
Агба жіпсіз байланып алғандай сезілген ұсқынсыз бейнеден
өзін ала қашты, асыға басып тайып тұрды, содан мұнаралары
сорайған, сыртынан қарағанда қамалға ұқсас биік үлкен ғи
маратқа жеткенше тоқтаған жоқ. Бұл көне шіркеу еді, Агба
оның не екенін айырып жатпай, кіре беріске таяу жерде өскен
жапырағы қалың жуан ағаштың түбіне ентігіп отыра кетті.
Көзін тарс жұмып, өзінің әйнекке түскен сұлбасын жадынан
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мүлде өшіруге тырысты. Бағанадан бергі ұзақ жүрістен әбден
шаршаған екен, денесі дел-сал болып ауырлап барады. Аздан
соң маужырап, қалғи бастады.
Өңінде, әлде түсінде аспаннан аяғының астына бірдеме сың
ғыр-сыңғыр құлайды, шың-шың етіп мазасын алады. Адам
ба, адам тектес басқа бір тіршілік пе, бетіне көлеңке түсіріп,
естілер-естілмес күбірлейді. Ол кетсе, кішкенеден соң басқасы
келеді, тырп-тырп басқан аяқ дыбысы шығады. «Мейлі, жүре
беріңдер, менің сендерде жұмысым жоқ, – деп кейіді ұйқы
жеңген Агба. – Тек мазаламаңдаршы».
Сілесі қата шаршаған араб осылай ұзақ отырған, көзін
шіркеудің қоңыраулары даңғыр-дұңғыр қағылғанда бір-ақ
ашты. Жанарының алды күңгірт тартқан сияқты, кеш тү
сіпті, күннің соңғы сарғыш шапағы зәулім мұнараның жез
қаңылтырмен қапталған сүйір қабырғаларына шағылысып
тұр. Діңгегіне сүйеніп отырған жуан ағаштың бұтақтарына
қонақтаған көп торғай бір-бірін бұдан сақтандырғандай шиқ-
шиқ етеді. Қоңыраудың даңғыры үркіткен бір үйір ақ көгер
шін ғимараттың үстін айнала ұшып жүр. Солардан арғы
биікте қалқыған жұлым-жұлым бұлттың бауыры күрең, жо
ғары жағы көкшіл, батыс көкжиекке қарай созылған шеті
тарғылданып, алуан түске боялыпты.
Көше жақтан шымқай қара киінген үш кемпір бүгжеңдеп
келеді, бірін-бірі сүйемелдеген күйі мұның тұсына жеткен
де, жарыса шоқынды. Ортадағы иегі имиген көзілдіріктісі
қолындағы кішкене дорбасынан сылдырлатып тиын алып,
Агбаның аяғының астына тастады.
Араб аң-таң болып бақыр түскен жерге қарады, алды быр
дай шашылған тиын-тебен, сасқалақтап орнынан атып тұрды.
Кемпірлер тағы да жапыр-жұпыр шоқынды, бұған мүсіркей
қарап, сүйретіле басып кетіп барады.
Соларға, жердегі теңгелерге алма-кезек көз салып, тапа
дай тал түсте ұрлық жасаған адамдай қуыстанды, мән-жайды
түсінген кезде жүрегі атша тулады. Өткен-кеткен жұрт мұны
қайыршыға балаған ғой.
Жанарының алдына әйнектегі ұсқынсыз бейне келіп тұра
қалды.
– Кел! – дейді ол. – Кел, қорықпа! Аяр өмірдің құрбандығы
демесең, қайыршы да анадан туған өзекті пенде.
22-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Шам сол түні аштықтан бұратылған жоқ, ел аяғы басы
лып, қораның сыңар көзді терезесінен түскен бозғылт сәуле
өшкен кезде иесі есікті жайлап ашып ішке кірді, көк шөптің
бұрқыраған жұпар иісі аңқып қоя берді. Шылбырын кере
тыпыршып, тартынып еді, жанына ентіге жетіп тыныштан
дыра бастады, жүрегі дүрс-дүрс етіп өрекпіп соғады. Содан
кейін әкелген балаусасын оттыққа тастай салып, сыртқа
сезіктене үңілді, демін ішіне тартып, сытыр еткен дыбысты
қалт жібермей бағады.
Сәйгүлік шөпке құныға бас қойды, қожайын бүгін күні
ұзақта қос уыс сұлы ғана беріп, қаңтарып тастаған-ды. Кешке
дейін мойнынан қамыт та түспеді, арбаға жегіп алып, қаланы
кезді де жүрді, сонда бітірген түгі жоқ. Ең аяғы шаһардың
шет жағындағы айналасы лайсаң кірпіш үйге кіріп кетіп, көп
ке дейін көрінбей кетті. Ол мұнда анда-санда соғып тұратын,
көбіне одан тәлтіректеп басып шығады, бұл жолы да арбаға
қисалаңдап зорға жеткен. Делбені қолға ұстай сала, ысқы
рып-ысқырып алып шықпырта жөнелді. Шам тар көшелер
дің бойымен ұзақ шапты, бір-екі рет қарсы кезіккен күймеге
соқтығып қала жаздады.
Шөп аса көп емес екен, шамалыдан соң сойдиған сабаны
ғана қалды, біраздан кейін оны да тауысқан. Оты қанбай ие
сіне қарап, иығына тұмсығын үйкеледі, ол назар аудара қой
маған соң, киімінен ақырын тістеп, өзіне қарай тартты. Ес
тілер-естілмес етіп пысқырынды, сәйгүлік иесі жанына түн
де келгенде, оқыранып кісінеуге, жер тарпып қуануға бол
майтынын түсінетін. Бірде қожайын оны осындай сәтте көріп
қалып, сылқита ұрған болатын, оттықтағы шөпті долдана
шашып ұзақ зіркілдеген.
Иесі жарылып, мүйізденіп кеткен түрпідей алақанымен
мойнынан жұбата сипады, қалтасынан бір кесек нан алып
екіге бөлді де, жартысын берді. Өзі әредік кеуде кере күрсінеді,
мұны бауыры езіле аяйтын шығар. Шам да оны кейде өзінше
мүсіркеп, қожайын тоқпақтай жұдырығын ала жүгіргенде,
қолқасы суырыла қиналатын. Шылбырын үзіп кетуге ба
рын сала тырысып, қолды-аяққа тұрмай аласұрады, оны
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ана жексұрын екі аяқтының жәбірлегенін көргісі келмей
жанталасады. Иесінің бұған міне салып, тірі жанға жеткізбей
неге жүйткіте жөнелмейтіндігін ұқпай тыпыршиды. Сондай
бір асыға күткен шақ туса, Шам құстай ұшар еді-ау, у-шуы
көп, жақсылығы жоқ бедірейген бетпақ шаһардың тар кө
шесінен оқша ағып өтіп, өзі талай шаңын қаққан ыстық
құмдақ даланы бетке алып, құйрықты жұлдыздай құлдырар
еді. Жаратылысынан туа біткен менмен тәкаппарлығына ба
сып, соңынан ере түскен талай жүйрікке тезегін тергізер,
қос қапталында шыр айналған ұлан жазықты көктей өтіп,
қиындағы көкжиектен алапат екпінмен қарғып түссе, арғы
жағынан бұйрат-бұйрат құмды шөл даланың көріне кете
тіндігіне құлай сенеді.
Иесі неге міне шаппайды екен?!
Сонда сәйгүлік қуанышымен қарсы алдында көсіле жө
нелетін қайран қуаң өңірдің шақырайған аптап аспанын жаң
ғырықтыра кісінеп, сағынышы тарқамай, айнала жүйтки
берер еді. Оған шексіз бақытқа кенелген иесі қуана қосылып,
тебірене шаттанар. Екеуі бүкіл ен өлкені, бұларды сарыла
күткен даланы ғаламат шабыспен желіктіре сергітіп, базары
тарқамайтын ұлы думанға бөлеп жүріп, туған топырақтың
өлшеусіз ыстық екендігін жыр қылып айтар еді. Құлын кү
ніндегі қылауы жоқ, мұң-шері жоқ, Нілден соққан салқын
самалдай естен кетпес аяулы сәттерін қайта тауып, түлеп
шыға келмес пе.
Иесі неге міне шаппайды екен?
Шам оның нан иісі сіңген қолына қарап күрсінді.
Қораның іші көрдей қараңғы, Агба бұдан әрі бөгеле бе
рудің қатерлі екендігін ойлап есікке беттеді. Аулада сіркіреп
жаңбыр жауып тұр, мана аспан бұлтсыз ашық сияқты еді, тез
өзгере қалыпты. Шарбақты жағалап барып арбаның астына
отырды, айнала сілтідей тынған, әредік көшенің бұралқы
иттері қаңқ етіп безектейді, далада қалған шелекке тамшы
тырс-тырс тамады. Анадай жерде жатқан жаңғырықтың тү
бінде ала мысық қараңғыда көзі шалған жемін аңдып бұға
қалыпты. Бөксесі шайқалып, одан сайын жиырыла түсті де
оқша атылды, шиқ еткен дыбыс қоса шықты, тышқан ұстаған
болар.
АЛДАН СМАЙЫЛ Агба бүгінгі аяқ астынан қолына түскен олжаны ойлап отыр, оны есіне алса, әйнектегі ұсқынсыз бейне көз алдына келе қалады. Сиықсыз неме әуелде сұсты көрініп жүріп, аяғында сездірмей үйірсектеніп сырласатын болып алған. – Аяр өмір құрбандыққа шалған демесең, қайыршы да ананың ақ сүтін емген өзекті пенде. Сіркіреген жаңбыр не күшеймейді, не толастамайды, өзі нің сағыздай созылған желім ойындай берекесіз бүркіп тұр. Жерге шым-шымдап сіңіп, кепкен тандырын жібіткен болып жатыр. Ауланың іші, шарбақтың сыртында түнерген көше ме ңіреу қараңғылықтың тымырсық құшағында тұншығып, делсал тұнжырайды. Мана жаңбыр сіркіремей тұрғанда жыпыржыпыр жаудыраған сансыз жұлдыз сиреп, жүдеу тартыпты. Дүние жаралғалы қонған жұртынан табан аудармай, тап жылмай келе жатқан Темірқазық қана ажарлы. Түпсіз шы ңырау аспанның шырқау биігінен тастай қараңғы мәңгүрт әлемге жанары жасқанбай, қас қақпай қарайды. Бәлкім, ол Агбаның қияс ғұмырдың қияпат, дүлей толқындарымен бірге аударылып-төңкерілумен болған, күніне жүз өліп, жүз тірілген, өзінен басқа тірі жан сезе алмайтын, ешқашан да тауы шағылмайтын момын, әрі өжет жүрегінің мәңгі сөнбес шамшырағы шығар. Темірқазық жанары талмай жарқырайды. Жерде жылт еткен жарық сәуле жоқ, көшенің бойындағы шамдардың бәрі әлдеқашан сөнген. Агбаның ішкі әлемі де тастай қараңғы, түнгі шаһардың айы батқан, аспаны нұрдан жұрдай болған кездегі кескін-келбеті де көрдей суық, осынау дағарадай қаланы әлдекім бауыр басып, әлдекім түңіле жүріп қимайтындығына дәл қазір қай адам сенген. Ғарышта Темірқазық тас қараңғы әлемге егесе жарқырай ды. Меңіреу түнде жарық жұлдыз бен Агба ғана ояу. Жаңбыр әлі сіркіреп тұр, ауланың әр жерінде іркінді су жылтыраған тәрізденеді, бәлкім, таң белгі берейін деген шы ғар. Қаланың шет жағынан қанша тыңдап жүрсе де үйрене алмай қойған, сарнап қоя берген сайын селк ете қалатын, жүйкесіне түрпідей тиетін үн азынай жөнелді. Тым-тырыс қала жау тигендей аңырап, бей-берекеті шықты, қылаулана
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бастаған жазғы таңнан жақсылық күтпейтін болар, ұлардай
шулады.
Темірқазықтың өңі бозарып барады.
Жарық жұлдыздың сөнейін дегені ме?
Агба оған қайтып қараған жоқ, жер басып жүрген барлық
тіршілік иесі секілді алдағы қам-қарекетін ойлады. Қожа
йын оянбай тұрып бұл арадан тайып тұру керек болатын. Ол
кеше енді қайтып қарасын көрсетпеуді тепсініп тұрып қатты
ескерткен, көріп қалса оңдырмайтындығы айдан анық.
Мұздаған денесінің құрыс-тырысын жазып, ат қораға кірді,
асығып жүріп оттықтағы шөптің қалдығын жылан жалаған
дай етіп тазартты да, қолын иіскелеп нан дәметкен Шамның
кекілінен сипады.
– Ренжіме, қоқымы да қалған жоқ. Өзімнің ішім де аш
қасқырдай ұлиды. Бүгін көбірек әкелуге тырысармын, оған
дейін төзе тұр. Екеуміздің ендігі жарылқаушымыз сол төзім
ғана.
Далаға шығысымен қораның бұрышын айналып, шарбақ
тың өзі шегесін босатып қойған тұсынан көшеге өтті де, қа
шанғы әдетінше беті ауған жағына жүре берді. Сол қалпында
аяңдап отырып, осы арадан едәуір жердегі базарға жеткенде,
қала түгелдей оянды. Түнімен сіркіреген жаңбыр басылған,
таңғы салқын жел үй-үйдің арасында ұйтқи соғып тұр. Күн
арқан бойы көтерілгенде ол да саябырсыды.
Базарға арбалы, жаяу, аттылы жұрт тұс-тұстан ағылып ке
ліп құйылып жатыр. Базардың орта тұсындағы төбесі жабық
алаңның ұзын сөрелері әп-сәтте затқа толды да кетті. Сонын
оң жақ қапталындағы жайма тақтайды жеміс сатушылар ием
денген, жандарына жақындағанның түп етегіне жабысып, шу-
шу етеді. Киімі жыртық, қабағы салыныңқылар таялып кетсе,
бөріні көрген сиырлардай өкіріп бақырады.
Базаршылардың аужайын көздерінің астымен баққан әс
кери киімділер, өткен-кеткенге жанаса сүйкеніп, жоқ жер
де шу шығарып жүрген аш күзендей шақар сұсты жігіттер,
қалталарын қайыра-қайыра қағып, бір құты шараптың пұ
лына жеткізе алмай пұшайман болған маскүнемдер судай
сапырылысады. Әйтеуір, хан базардың аруағын сыйлап келіп,
әр нәрсені бір шұқып көріп құрғақ саудамен уақыт өткізіп
жүргендер де көп.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Агба кешегідей отыра кететін ыңғайлы жер іздеп, ба
зардың екінші шетіне дейін барды. Қолайлы деген орынның
ешқайсысы бос емес, алдарына бас киімдерін шалқасынан
тастаған қаптаған тіленші, бір бет-аузын түк басқан соқыр
қайыршы мұның өзіне қол жайды. Содан әрірек өткен кезде
жыртық-тесік аяқ киімді жөндейтін тақтай күрке көрінді де,
соның іргесіне жайғасты. Қалтасынан кір орамалын алып
алдына жайды, қалпағын көзіне түсіріп, аздап мызғып алмақ
болды.
Базардың у-шуын естіп отырып-ақ қалғып кетіпті, бір кезде
әлдекім бүйірінен түртті. Енжар бұрылып қарағанда, жа
нында өзі секілді алқам-салқам, бір қолы шолақ мосқал адам
тұр екен. Ол орынды босат дегенді аңғартады, сау қолында
ғы қаңылтыр ыдысымен иығынан қаққылап қыр-қыр етеді.
Аздан соң мұның мылқау екенін білді ме, бұл жер баяғыдан
менікі, сен басқа орын ізде дегенді бет-аузын жүз құбылтып
зорға түсіндірді.
Агба еріксіз айтқанын істеді, базарда әр қайыршының мен
шіктеп алған өз орны бар екенін ұққандай болып, басқа тұсқа
қарай кетті. Бірақ ол жақ құдайы садақа сұрауға қолайсыз
екен, тұрақтай алмады. Азық арзан қол құрал-сайман, шырын
су, темекі, қағаз-кітап сататын дүкендердің алдынан өзінің
кебін киген тіленшілер шыға келді.
Осылай біраз сандалған соң базарды тастап шықты да,
қаланың ортасына қарай бет түзеді. Әуелгі ойы кешегі мұ
наралы, қоңыраулы ғимаратқа бару болатын, жүріп келе
жатып ол шешімінен тез айныды. Кәпір шіркеуінің түбінде
Алла атымен садақа сұрау күнәнің ең ауыры еді. Енді қайда
бармақ, қайыршы болудың да өзгелер білмейтін қиындығы
жетіп артылады екен-ау, басқа түспеген соң кім сезген.
Мойнына су кетіп, екі қапталында биік қарағайлар сап
түзеген көшеге ілікті. Соның бойымен жүріп отырып, маң
дайшасы мен қос босағасына әдемі құтылардың суреті салын
ған үлкен үйдің жанына тоқтады. Кіре берісі мұнтаздай таза,
биік баспалдағының қалқасы отыра кетуге қолайлы екен, құр
сандалудан ештеңе өнбес деген байламмен сол араға жайғасты.
Үйге ылғи күйме мінген мырзалар мен ханымдар келеді
екен. Олардың әзірге ешқайсысы садақа берген жоқ, көз
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қиықтарын да салмай өте шығады. Бір әйел баспалдақпен
көтеріле беріп қолтығынан ұстаған мұртты еркекке тіл қата
Агбаға қарап еді, анау мұрнын шүйірді.
– Бұларға берген садақа тәңірге жетпейді, қайта күнәға
батасың. Ішіп алып көшеде тырайып жатқандары.
Араб осылай соқыр тиынсыз күн ұзын отырды, асты тас еді,
сызы өтіп барады, бірақ тұрып кетуді ойлаған жоқ. Кім білген,
өңшең сәнді киінген мырзалардың ішінде де құдайға қараған
біреуі бар шығар.
Алдына жайып тастаған орамалын көшені сұғанақтана
кезген жаяу жел қайта-қайта желпиді, күн көзін бұлт көле
гейлеген тәрізді, жоқ, кеш түсуге айналыпты. Үйдің қарсы
бетіне келіп тоқтаған күймелер біртіндеп көбейе бастады,
қартаң тартқандар да, қылшылдаған жігіттер мен сылаң қақ
қан қыз-келіншектер де баспалдақтан жиі өтеді. Бәрі де дүниеде
қайыршы деген мүсәпір бар екенін тарс ұмытқан сияқты, бұған
қарамайды да.
Агба бағы ашылмаған арғымақ Шамды ойлады, бүгін оған
бара алмас, құр қол көрінгенше қарасын батыра тұрғаны
жөн. Сәйгүлік жырып берер ештемесі болмаса, күрсініп іштен
тынар, мұның лажсыз сараңдығын кешпейді ғой.
Көшеге қоңыр кештің көлеңкесі үйіріле бастады, арабтың
көңілі ел көшкен жұрттай құлазыды. Ол енді келген-кет
кендерден мүлде күдер үзіп, мәңгіріп отыра берген, сағыздай
созылған уақытты қайда өткізсе де бәрібір емес пе. Үйдің іші
нен сыбызғыша сызылып шыққан әсем әуенге де селт етпеді,
баспалдақтан дабырласып түсіп келе жатқан үш мырзаның
масаң дауысы құлағына жетіп тұрып естілмейтін секілді дел-
сал халде құты қашты. Олар да жанынан теңселе өтіп барады,
төрт құбыласы түгел дәулеттілердің қайдағы бір қайыршыда
не шаруасы болсын. Агба көңілді мырзаларға әрі қызыға, әрі
жек көре қарады. Сол сәтте дөңгелек сақалды, бойшаң біреуі
бұған бұрылып, қып-қызыл жанарын тесе қадалды. Серікте
рін тоқтатып, талтайып тұра қалды.
– Өмір неткен ала-құла. Әділетсіз ғой ол, нағыз сайқалдың
өзі, қатал, нысапсыз жезөкшеден бөтен ештеңе емес.
Қайыршыға буыны теңселіп тұрған жас мырзаның да көзі
түсті.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Европадағы ең мәдениетті ел – Францияда қайыршы
болмауы керек. Солай емес пе, мырзалар?
Етженді тәпелтек офицер:
– Франция қайыршылардан азат болсын! – деп айғайлады. –
Мен оларға қарсы крест жорығын жариялаймын!
Дөңгелек сақалдыға бұл сөз ұнамады.
– Қайыршылар дегеніміз, – деді оған сұқ саусағын кезеп, –
Диогеннің бүгінгі ұрпақтары. Қайыршылар ғана өмірдің шын
бағасын анық айтып бере алады.
Жас мырза өзінің бастапқы пікірін ұмытып, оны қуана қос
тады.
– Диогеннің ұрпақтары жасасын! Құрметтейік те, табы
найық!
Офицер жақтырмай тыжырынды.
– Табынатын құдайларыңды тапқан екенсіңдер.
– Табынса несі бар, – деп өзеуреді дөңгелек сақалды. –
Табынамын. Сен білсең бар ғой, нағыз әулиелер де осылар.
Ана шіркеудегі қаба сақалдыларды жылы жауып қой. Олар
реті келсе құдайыңды да қу тақырға отырғызып кетуден та
йынбайды. Ал қайыршының жөні басқа. Сен ертең кімді ал
дап соқсам деп түнімен аласұрып шығасың. Ол қайыр-садақа
көп түсу үшін мына біз сияқты алаяқтардың жүрегі мейірім-
шарапатқа толса екен деп тілеумен болады. Міне, солай…
Жас мырзаның көңілі босап кетті. Агбаға мүсіркей қарап,
қалталарын ақтарды.
– Мырзалар, біздің жүрегіміздің желеп-жебеушілері – қа
йыршылардың алдындағы азаматтық парызымызды өтейік.
Қолына іліккен үлкен қағаз ақшаны Агбаның алдына тас
тай салды.
Дөңгелек сақалды одан асып түсіп екеуін суырып берді.
Офицер де жібіді. Көл қағаздың бірнешеуі жерге қалықтап
түсті.
Үшеуі дабырласып жөндеріне тартты.
– Қайыршылар жасасын! – деп айғайлады жас мырза тәл
тіректеп бара жатып. – Европадағы ең мәдениетті ел Фран
цияның әулие қайыршылары жасасын!
Агба өмірінде мұндай көп ақша ұстап көрген жоқ бола
тын, қолы қалтырап, сықырлаған көк қағаздарды қалтасына
асығыс сүңгітті, тез тығып тастамаса әлдекім жетіп келіп жұ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
лып алатындай көрінді. Масаң мырзалардың кезіге қалғаны
мұндай оңды болар ма, құдіреті күшті құдайдың бағы жанбаған
сәйгүлік Шам мен екеуінің көз жасына иігені де бұл. Мына
қаржыға қыруар жем мен шөп алуға болатын шығар, қуан
арғымақ, шаттан Агба!
Орнынан тұрған бетте шөп сатушының үйіне қарай дедек
тей жөнелді. Жанынан өтіп бара жатқан арбакешке тоқта деп
белгі беріп еді, ол бұған немқұрайды қарады да, атын айдай
түсті. Агба жүгіре басып алдын орады, саусағының ұшына
көлдей қағаз ақшаны қыстыра желпілдеткен.
– Тр-р! – деп делбені шірене тартты арбакеш. – Қайда ба
расыз?
Агба жат шаһарға келгелі тұңғыш рет күйме жалдап мініп,
көшеде көңілі тасып бара жатты. Астындағы жұмсақ отырғыш
былқ-былқ етеді, биік торы ат басын шұлғып қойып сар
желеді, ал арбакеш бұл қазір қайда жүр десе, айтқанын ойлан
бастан орындауға дайын. Кеш түсіп, манаурай бастаған қала
да бұрынғыдай салқын қабақ танытпайды, көп қабатты үйлер
жарыса зорайып, Агбамен бірге еңселерін көтере түседі. Ерсілі-
қарсылы ағылған жұрттың да өгейлігі жоқ. Шаһардың орта
тұсынан шіркеудің жез қоңыраулары күмбірлеп қоя беріп еді,
кешкі аспан сыңғыр-сыңғыр әндетіп, ауа әдемі әуенмен бірге
тербеліп, көңілді көркейте түсті.
Айналасына масаттана қараған Агба кенет өзін аяқ асты
нан бақытқа бөленген әлгі жарылқаушыларын көрді де, олар
бұған көз салмаса да еңкейіп тағзым етті. Әскери киімді мен
дөңгелек сақалды өздігінен жүруге жарамай қалған жас мыр
заны екі қолтығынан сүйемелдеп, анда-санда сілкілеп алып
шатқаяқтап барады. Ол салбырап кеткен басын әредік әнтек
көтеріп, айғайға басады.
– Ұлы еліміздің асыл азаматтары, бейкүнә қайыршылар
дың даңқы арта берсін!
* * *
Агба Шамды арбаға жегіп орманға кеткен ағаш дайын
даушыны сарыла күтті. Шөп сатушыдан қолына тиген ақ
шаның бір аттың құнынан асып түспесе, кем емес екендігін
АЛДАН СМАЙЫЛ
білген болатын. Содан бері сәйгүлікті қайтарып алудың қа
мына бел шешіп кіріскен. Көк қағаздардың қанша теңгелік
екені миына кіріп те шықпайтын болса да, шытырлатып қай
та-қайта санайды.
– Міне, енді екеуміз де азатпыз, Шам, – дейді іштей мар
қайып. – Көк тиын үшін жанын сататын жауыз мына көк
ақшаны көргенде тізгініңді қолыма ұстата салмаса, қара да
тұр. Тек тезірек қайтыңдаршы.
Күн бұған қасарысқандай, сірә да, бататын емес, батыс
кемерге қарай бағана ойысқан еді, әлі сол жерден тапжыл
май тұр. Тура жолына кіршең жалпақ бұлт жантайып жатып
алыпты, оның жұлым-жұлымын шығарып жүндей түтіп қуа
тын қатты жел жоқ, қаланы кемерлеп ағатын өзен жақтан
соққан самал шарбақтың ішіне өскен бір түп өлең шөптің
сабағын қозғауға да жарамай сылбыр еседі, өзімен бірге су
жағасының салқын салынды иісін ала келеді.
Қожайынның кеудесі шығыңқы, бөкселі әйелі өзі сияқты
жуан ағаш бөшкені жуып жатыр. Жөкені шелектегі тұзды
суға малып алып қатты ысқылағанда, бөшкенің име ағаштары
сықырлап сына жаздайды, ақыры ауыз жағының құрсауы
шығып кетті.
Ыза болған әйел жөкені лақтырып тастап жөнелді.
– Бүйткен күні құрысын. Ылғи ілде-алда, іске жаратамын
деп қанша тыраштансаң да, икемге келмейді. Жиған-тергені
ана тоң мойынның тура өзі секілді. Ондай дүлейге қайдан дені
дұрыс дүние бітсін!
Орнынан тұрып, бағанадан мелшиіп отырған Агбаға қа
рады.
– Кетсейші, сорлы-ау. Оның сені көрсе жыны қозады. Өзің
де бір етіңе таяқ өтпейтін байғұс екенсің.
Ештемеге түсінбеген Агба оған жымия көз салды, әйел одан
сайын ыза болды.
– Е, мейлің, бадалып қал. Кұдай біледі, өлтіріп жатса да
араша түспеспін. Өз обалың өзіңе, сені мен шақырған жоқпын.
Агба ішкі қуанышын жасыра алмай әлі ыржиып отыр, ол
бүгін Шамды сатып алады ғой.
Әйел енді оған таңдана мүсіркей қарады.
– Бейшараның дені сау емес шығар. Есі дұрыс болса,
қайдағы бір көтерем үшін от пен суға түсе ме. Онда да өзінің
ШЫҒАРМАЛАРЫ
малы емес. Жоқ, мұның дені сау емес. Осы күнгі еркектер төрт
аяқты хайуан түгілі, басына іс түссе, қойнындағы қатынын
да тастап қашады. Біздің дүлей Пьердің үйінде қонақта бо
лып, кеш қайтқан кезде қараңғы бұрыштан шыға келген екі
ұрыдан қорқып, зытып отырған. Мен шырылдап жалғыз қала
бердім. Әне, байымыздың сықпыты. Ал бұл Шам дей ме, Сам
дей ме, мінгі де білмейтін атқа бола басын тауға да, тасқа да
соғады.
Желсіз тымық кештің көлеңкесі қалыңдай берді, шырақ
шы көшедегі бағаналарға ілінген шамдарды тексеріп жүр. Екі
бала мойнына қоңырау байлаған ақ ешкіні жетектеп барады,
соңдарынан домаланған ала мойнақ күшік жүгіре ерген, өзі
шаршап қалған болуы керек, бір кезде шоқиып отыра қалды
да қыңсылай бастады. Баланың біреуі артына бұрылып, ша
қырып еді қозғала қоймады, қалтасынан шығарған нанға да
ұмтылмаған соң, кері қайтып келіп көтеріп алды.
Олардың соңынан қу ағашты сықап артқан ат-арба көрін
ген. Агба орнынан ұшып тұрды. Бұл орманнан енді ғана орал
ған қожайын еді. Шамды жетектеп келеді, сірә, сәйгүлік әбден
болдырған болуы керек, әйтпесе ағаш дайындаушы қарға
адым жер жаяу жүрмейтін.
Әйел шарбақтың есігін ашты, қанша дегенмен күйеуі емес
пе, қалбалақтап-ақ жатыр. Көшеге шығып қарсы алып, атты
айдасты, шу-шу деп, қолын ербеңдете береді, бағанағыдай
емес, өңі жылы.
– Бүгін өзің ұнататын тамағыңды әзірлеп қойдым, семіз қаз
асқам, – деді даңғырлай сөйлеп.
Ағаш дайындаушы қалжыраған болар, тіл қата қоймады,
арбаны шарбақтың ішіне енгізіп, Шамды доғаруға кіріскен
кезде Агбаға көзі түсті.
– Мына пәле тағы келген бе. Бұдан тірілей құтыла алмаспын.
Әйел соны сөз қылып қайтесің дегендей қолын сілтей салды.
– Бағанадан бері отыр байғұс, енді қайда барсын, бізді қара
тартады да.
Күйеуі зірк ете қалды.
– Қайда баратындығында менің шаруам қанша? Мүмкін
сені ұнатып қалған шығар, ә?! Анадай май басқан бөксеге қы
зығатын болар.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Әйелдің жүзі лезде түтігіп шыға келді.
– Сандалма, қорлама олай. Қайдағы бір мылқауға телігені
несі ей!
Қожайын қолындағы доғаны жерге тастай салып, Агбаға
қарай жүрді.
– Кәне, аузың қан жаламай тұрғанда табаныңды жалтырат.
Араб оған өзінің осында келгендегі шаруасын ыммен асы
ғыс түсіндіре бастады. Қалтасынан шытырлаған көк қағаз
дарды алып, Шамды көрсетті.
– Ә, атты саудалағым келеді де. Кәне, қанша бересің? – деп
қожайын жақындай түсті. – Қолыңдағың немене өзі, шытыр-
шытыр етуін.
Агба ол тілге, келген соң көкейдегі ойының жүзеге аса
тындығына көзі жеткендей болып, Шамды сатсаң апта бойы
айтқан жұмысыңның бәрін ақысыз-пұлсыз істеп беремін де
генді қиыла ұғындырды.
Ол басын изеді де ақшаға қол созды, араб ойланбастан ұс
тата берді. Қожайын көк қағаздарды бір-бірлеп айналдыра
қарап, қалтасына салды да, Шамның әбзелдерін сыпырып
тастады. Көшеге, бағаналарға ілінген шамдарды жағып жүрген
шырақшыға, өткен-кеткен жүргіншілерге ойлана көз салып,
біраз уақыт үнсіз тұрды.
– Әкет. Ат сенікі, – деді бір кезде.
Агба жан-тәнімен асыға күткен келісімді ол ыммен тү
сіндірмей-ақ ұқты. Ұшып барып Шамның шылбырынан ұс
тай алды, жүрегі жарыла қатты қуанғанда жанары жасқа
тұнды. Құл атаулының қанына сіңген дағдысын ұмытып, ағаш
дайындаушыға иіліп тағзым етпестен жетектеп жүре берді.
– Шаттан, арғымағым. Азатсың сен, мен де еркіндіктемін
енді. Жат қалада барар жер, басар тауымыз, бой жасырар
қуысымыз болмаса да, ыстық құмы бұйра-бұйра толқындаған
сахара құс қанаты талатын қиянда қалса да, бізден бақытты
тірі пенде жоқ. Қожайынның тастай қатқан жүрегін жібіткен
рақымы көп, құдіреті күшті тәңірге құлдық ұрайық. Шаттан,
арғымағым!
Қара көлеңке көшені бойлап, сәйгүлікпен іштей тебірене
сөйлесіп, ғажайып түс көргендей балқып жүріп келеді. Кеуде
сі күңгір-күңгір жаңғырыққан үнге толған, ол ішке сыймай
лықсып сыртқа атылады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Ей, еркін дүние! Қараңдар маған, жер үстінде теңдесі
жоқ арғымақ Шамды азаттық алған бақытты сәтімен құттық
таңдар. Ол әлі тыныш күнде екпінімен дауыл соқтыратын ерен
жүйріктігімен сенің басыңды шыр айналдыратын болады.
Күндіз көз алдыңнан, түнде түсіңнен шықпайды. Мұны айтып
тұрған мына мен, Мәкка мен Мәдинаға даңқы жайылған
шабандоз Агбамын!
Шам аяғын сүйретіп басады, жануар әбден қажыған ғой,
енді оған қиналудың жөні жоқ, Агба тірі болса, күні ертең-ақ
түгі жылтырап шыға келеді, мына үлкен шаһардың тастақ
көшесінде ауыздығымен алысып, қараған елдің көңіліне қанат
бітіріп ойнақтап бара жатады. Жүзіктің көзінен өткен Шам
сынды сымбатты тұлпардың иесі – бұған бәрі қызыға, қызға
на қарап, соңынан шұбыра ереді. Сонда Агба екі дүниеде хас
жүйрікті бауырынан жаратып мініп, алапат жарыстарда бәйге
төрін бермей, не бір күпшек санды сәйгүлікке шаң қапты
рып кетуден асқан қуаныш жоқ екендігін, тұлпар шабыспен
қашаған арман-үмітіңді де қуып жетуге болатындығын ой
лап, жалын атқан шаттықтың қызуына балқып, ет жүрегінде
аппақ нұр таң шапағындай алаулар.
Көшедегі шамдар Агба мен арғымақтың жолына жарығын
жамырата түсіріп тұр. Көтерем болуға айналған теңдесі жоқ
тұлпардың тұяғы тас үстінде сүрініп кетпесін дейтін шығар.
Күнде осы уақытта сарнай жөнелетін азынаған үн түнге ұласқан
ымырттың үрейін ала көтерілді, бұл жолы Агбаның жүйкесіне
тиген жоқ, шексіз қуанышын тасыта қосып алып, шаһардың
үстінде күшейе жаңғырықты да, қиянға қалықтай таралды.
– Қазір шөп сатушының үйіне барамыз, – деді Агба іштей
сөйлесіп келе жатып. – Жем мен шөптің ақшасын төлеп
қойғанмын. Сұлысының әрбір дәні баданадай, бал татитын
шығар, ал кеше шалғыннан орып әкелген балаусаның иісі көш
жерден бұрқырайды.
Содан кейін түнгі қаланы қақ жарып өтіп, өзенге жетерміз.
Оның жағасы көкорай, салқын самал бетіңді аймалап соға
ды да тұрады, шыбынсыз жазға бергісіз. Мен бірер қабат сол
жерде түнеп шыққанмын, сондықтан жақсы білемін. Аздаған
маса бар, бірақ ол не істей қояр дейсің, от жағып, түтін салсақ
безіп кетеді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ертең де сұлыға тойғызармын, ана қорқау қожайынға қал
тамды сарқып берген жоқпын, қымқырып қалған тиын-тебе
нім бар. Агба ақымақ емес қой.
Жанынан үш әскери киімділер өтті, аларып қарап жөнде
ріне кеткен. Бәрі қылыш асынып алыпты, олар осылай түні
мен көшені кезеді де жүреді, ұры-қарыны аңдиды.
– Олардың сыптай болып киінгеніне қарап, дөкейдің өзі
екен деп қалма, – деді араб әңгімесін созып. – Жетісіп жүр
гендері шамалы, қажет болса, қараңғы жерде өздері де кісі
тонайды. Мен түн баласында көз ілмей қаңғып жүріп көр
генмін де. Бұлардың асып бара жатқаны шамалы, тек туған
топырағының төрінде жүр демесең.
Түн қараңғылығы қоюланған сайын бағанаға ілінген шам
дардың жарығы өткірлене бастады. Артқы жағынан әлдекім
жүгіре қуған секілді, тасыр-тұсыр аяқ дыбысы шықты. Жалт
қараған Агба ағаш дайындаушыны, оның соңынан далбаң
даған әйелді көрді.
Мылқау арабқа Шамды көп саудаласпай сата салғанда
ағаш дайындаушы екі жеп биге шығудың жолын ойлаған бо
латын. Ол атты жетектеп кете берсін, кішкене ұзаған соң бұл
аттандап тұра қуар.
– Тонап кетті! Сорлап қалдым! Құтқара көріңдер! – деп
көшені басына көтерді.
Ентігіп, пұшайман күйге түсіп, жағы сембей зарлайды.
– Халайық, талатпаңдар! Ұстаңдар ана қарақшыны! Ұмты
лыңдар!
Әйелі соңынан жүгіре еріп келеді. Бүлдірмесе не қылсын.
Кещенің нақ өзі ғой ол, айтып келе жатқан сөзінің сықпы
тын қарашы.
– Тоқта, Мишель! Құдайдан қорық! Қоя бер сорлыны!
Ол айғайын бұрынғыдан да күшейтті.
– Қарауыл! Тонап жатыр! Аттан! Аттан!
Бұл жерден ұзай қоймаған үш жандарм дауыс шыққан тұс
қа қарай жүгірді. Олар келгенше ағаш дайындаушы Агбаның
алдын орап, Шамның шылбырына жабыса кеткен болатын,
шашы дудырап, айналасына алақ-жұлақ қарайды.
– Аттан! Аттан!
Агба не болғанын білмей аңтарылып қалды да, іле мән-
жайды шошына түсінді. Қорқау қожайынның алдын-ала
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ойластырған залымдығын ұққан кезде оған талайдан бері
кектенген жүрегі ызадан қақырап бара жатты. Шылбырды
қолынан жұльш алып итеріп жіберді, ол теңселіп барып қайта
ұмтылғанда, іштен сылқита теуіп, шалқасынан түсірді.
Енді тез тайып тұрмаса болмайды, Шамға секіріп міне
бергенде, үш қарауыл қаумалап тұра қалды, қолдарындағы
жалаң қылыштарының жүзі көшедегі Шамның жарығына
жарқ-жұрқ шағылысады. Біреуі ытқып келіп тізгінді ұстай
алды, екіншісі Агбаны аттан аударып түсірді, құлаған же
рінен жұлына тұрған ағаш дайындаушы оған жұдырығын
ала жүгірді. Арабтың көзіне қан толып кетті, иығынан бүре
ұстаған қарауылды серпіп тастап, қынындағы қайқы қара
пышағын суырып алған бетте кіжіне тап берді. Бірақ қаруын
сілтеп үлгере алмады, қарауылдың біреуі қылыштың қыры
мен қарынан қатты ұрып жіберген. Пышақ көшенің доғал
тастарының үстіне ұшып түсті, солған еңкейе ұмтылған кезде
белінен тиген сойқан соққы есеңгіретіп, жер құша құлады.
Ағаш дайындаушының әйелі булыға жылап теріс айнал
ды, үйге қарай бүгежектеп кетіп барады.
– Қарғыс атсын сені, Мишель! Құдай жазаңды берсін!
Өмірден ұрпақсыз қу бас болып өтіп бара жатқаның да осы
қаншелек қорқаулығыңнан ғой. Оңба, Мишель!
* * *
Агбаның түрмеде отырғанына ұмытпаса, бүгін он күннің
жүзі толды. Алғашқы күндері ол қайда, неге қамауда жат
қанын түсіне алмай, дүние атаулыға қарғыс айтып, тас қып
бекітілген темір есікті дамылсыз тепкілеумен болды. Жүгі
ріп келіп иықпен де соғады, ашынып, өзін-өзі жұлып жейтін
дей ессізденіп, жұдырықтың астына алады, әбден шаршаған
кезде, оған арқасымен сүйеніп тұрып, етігінің өкшесімен
дүңкілдетеді. Алғашқыда күзетші есікті ашып, қаһар шашып
кетіп жүрді, бұл ол қоқайына ықпаған соң, бір-екі рет жақсы
лап сабап алды, бірақ мылқау тұтқынның беті қайтпады,
өзеуреп өршелене түсті.
Үш-төрт күннен бері бұл дүлейлігін қойған, күзетшінің
құлағы тыншыды, анда-санда есіктің тесігінен сығаласа, ерсі
АЛДАН СМАЙЫЛ
лі-қарсылы жүргенін көреді. Мұның білуінше, мынау өле
алмай жүрген түріне қарамай, қайдағы бір ағаш сатушының
атын ұрлапты. Түнгі қарауыл қашып бара жатқан жерінде
ұстағанда, пышақ ала жүгіріп, қасқырша талапты. Олар,
әйтеуір, қылышпен жасқап жүріп, зордың күшімен ұрып
жыққан, айтып отырса сұмдық.
Өзінің қай ұлт екенін сайтан білсін, жебірей ме, әлде сыған
ба, айырып алғысыз, бәлкім, негр мен ақ нәсілді біреудің қос
пасы шығар. Осы күні әулетті ақсүйектердің өздері қызық
үшін негр күтушілердің қыздарына ұрын барады дейді ғой, рас
болар. Қай тектен шықса да, бағы жанбаған бір сорлы екендігі
анық, үстіндегі қомыт-шомытын шешіп, түрменің алабажақ
киімін киіп жатқанда жон арқасына көзі түсіп кетіп еді, құдай
басқа бермесін, тілім-тілім. Адамның неше түрлі итжандыла
ры бола береді екен ғой, анадай дүрелерден тірі қалғанда, енді,
сірә да, өлмес.
«Осы мен оның несіне таңданып отырмын, – деп ойлады
күзетші мылтығын сүртіп жатып. – Түрмеде тұтқындарды
жіңішке темір сүмбімен де шықпыртады ғой, көк етіне дейін
іреп салады. Енді біткен шығар дейсің, бейшараны жендет
дырылдатып сүйрете жөнелгенде еріксіз шоқынасың. Ал үш-
төрт күннен соң, өзің о дүниеге жөнелтіп қойған байғұс қа
рауылдың айдауында тағы да тергеуші мырзаның бөлмесіне
қарай кетіп бара жатады».
Мұның күзет орнын ұзын, қысыңқы кіре берістен бөліп
тұрған тор есік шықырлады, сырттағы қарауыл етжеңді әйелді
ертіп келе жатыр.
– Мынаны әлгі мылқауға алып бар. Офицер мырза рұқсат
берді, – деді де кейін қайтты.
– Ол қарақшыны да іздейтін біреу бар екен ғой, – деп
таңданған күзетші бір буда кілтін сылдырлатып, Агба қамал
ған камераға қарай жүрді.
Араб ағаш дайындаушының әйелін көргенде, қабағы қарс
жабылып теріс айналды, жүзіне қарағысы келмеген. Өзін
осынша азапқа салып қойған жауызға қатысы бар нәрсенің бә
рі жексұрын болып елестейді, сол түнгі оқиға есіне түскен са
йын тұла бойы безгек буғандай қалтырап кетеді. Агбаны жа
рық дүниеге шыр етіп келгеннен бергі басынан кешкен барлық
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тауқыметі қорқау қожайынның залымдығына қарағанда,
байынан таяқ жеген қатынның бір сәттік көрген қорлығы
секілді ғана еді. Теріс айналған күйі темір тор ұсталған,
шынысы салтақ-салтақ кішкентай терезеге қарап сазарып тұра
берді.
Әйел де ыңғайсызданып қалған болатын, мылқау арабтың
алдында күнәһар екендігі рас, бейшараның жазығы жоқты
ғын біліп тұрып, қарауылдарға ләм-мим демеді. Шындықты
қалай айтсын, онда күйеуі күйіп кеткелі тұр, екі оттың ара
сында қалып, құр шырылдағаннан басқа қолынан не келсін.
Оны мына сорлыға түсіндіре алмайтындығын да біледі, ол тіпті
дүлей байының ызасы үшін алып соғып тепкілеуі де ғажап
емес. Түрмеге келе жатып осылай да ойлаған, кері қайтпақ та
болды, үйіне қарай біраз жер жүріп барып тоқтады. Жазық
сыз мылқаудың обалы мен қарғысы алдындағы үрей одан да
зәрлі еді.
– Сен кешір мені. Күйеуім үшін қаралама, – деді жасқана
тіл қатып. – Қарғай көрме.
Агбаның мылқау екендігін, жат тілді түсінбейтіндігін ұмы
тып кеткен сияқты, үзіп-үзіп сөйлеп жатыр.
– Мишельді атарға оғыңның жоқ екендігін білемін. Сон
да да келіп тұрмын. Ол құдайын ұмытқан, тәңір сол кесапат
қылығына бола мені бедеу етті. Әйел үшін бұдан артық қайғы
бар ма? Сен адал, әулие жансың, оған баяғыда-ақ көзім жеткен.
Бізге беріш болып қатқан жүрегің жібімесе, менің әлі де құр
сақ көтеремін бе деген соқыр үмітім біржола кесіледі. Ая мені,
Агба, кештім деші! Аяшы мені!
Ол мылқау арабқа қарай жасқана жақындап, тізерлеп
отыра кетті де, өксіп жылап жіберді. Агба көзінің қиығымен
қарап, әйелдің әлдебір ауыр мұң езіп, шөгіп бара жатқанын
көрді. Өзіне бола осынша қайғырады деп кім ойлаған, мына
адуын, мінезі шапшаң кесек қимылдайтын әйелдің жүрегі
мейірімді әйел Фатимадай нәзік екен ғой.
Бір сәт оған көңілі жібіген сияқты болды, қожайын талай
жұдырық ала жүгіргенде арашалап, таяқтан аман алып қал
ғанын, бірер мәрте ыстық тамақ бергенін ойлады. Мұның не
кінәсі бар, заты әйел болған соң, түбінде дүлей ме, әлде қа
23-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
рақшы ма, әйтеуір, біреудің етегінен ұстауы керек, күн көру
үшін де солай істеу қажет. Тәңірі ана жауызға көгендеп қосып
қойса, амалы не, сүйретіліп жүре береді де.
Бұрылып келіп, әйелді орнынан тұрғызбақшы болды, бі
рақ қол-аяғы илікпей, сіресіп қатып қалған. Оған көңілшек
тік көрсетсе, ағаш дайындаушының жасаған қорлығы кө
кірегінде қоздана түсетін сияқты сезіліп, тапжыла алмады.
Жақсының да, жаманның да, озбыр мен ожардың алдында да
ғұмыр бойы иіліп-бүгілумен болған Агба енді түрмеде шіри
тін, өмірден күдері үзілген шағында кектене, сол кекке өртене
білуге тиіс.
Әйел әлі сөйлеп отыр. Ол мылқау арабтың илігетіндігіне,
күйеуінің ит қылығын өзінің жасқаншақ, бірақ күдерін үз
бейтін, керек десе өмірінен де қымбат үміті үшін кешетіндігі
не құлай сенбек болды.
– Сен қасарыспа. Көз жасымнан қорық. Әйел жылай салу
ға дайын тұрғанымен, оның шын көз жасы өзін талақ еткен
махаббатының, абыройы ақтарылған арының, кесілген арман-
үмітінің алдында ғана төгіледі. Сен ая мені, Агба.
Ол енді булыға өксіді, мына мылқау сорлыны әулие деп
түсініп, қарғысы шаңырағын ортасына түсіретіндігіне діндар
көңілмен әбден сеніп, сол наным-түсінігінен ешқашан арыла
алмай қиналатындығына қабырғасы қайыса қынжылды. Оған
өкінбес те еді-ау, әйел байғұстың нәрестелі болғысы келеді,
сәбиінің жұпар иісін құшырлана иіскеп өліп кеткісі келеді.
Бұл жібімесе, тағдырдың онсыз да тас емен жүрегі қарая түсер.
Агба өзінің тас керең саңырау болмағандығына өкінгендей
дел-сал халде еді. Әйелдің үні сай-сүйегін сырқыратып барады,
көз алдына қияндағы Мәккада қалған, қайтып көру-көрмеуі
неғайбыл Фатима елестейді. Қорқау қожайынның ештеңемен
теңестіруге келмейтін қысастығы жүрегін қарайтады, түрме
нің сұрғылт қабырғалары қусырыла тарылып, еңсесін езеді.
Ол енді әйелден тезірек құтылғысы келді, жалт бұрылып
отырған жерінен тік көтеріп алды.
– Бар! Тезірек кет! Көрінбе көзіме! – деп ақырды іштей,
көкірегі әлем-тапырық. – Мен жұмыр басты пенде атаулыдан
түңіліп біткенмін.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Әйел одан көзін тайдырмай қадала қарап қалған, жас жу
ған жүзі боп-боз. Агбаның өзін орнынан тұрғызғанына үміт
тенген, әрі сескеніп шошынған түрде өксігін сап тыйып сілейді
де қалды.
– Кетіп қал! Жылдам кет! – деп қатая түсті араб.
Ол қайтадан тізерлеп отыра кетті, Агбаның қолынан тас
қылып ұстап алған, араб не істерін білмей әбден дағдарды.
Не тілейді ол бұдан, неге кішірейеді соншама, көз жасын көл
қылғаны қалай. Енді мұны аяп аялағаннан келер иненің жа
суындай да жеңілдік жоқ, қайта күпті жүректі жаныша,
езе түсетінін қайтіп ұғындырса екен? Атып алған маралдың
мөлдіреген бейкүнә жанарына көзі түсіп, жүрегі дір ете қал
ған аңшының кейін күйзелгенінен не пайда, жүрегіңді қан
жылатып алып жаны ашығанның мүсіркегенінен өткен азап
болмас, одан да қайтып шықпайтын құрдымыңа итере сал.
– Баршы, жанымды жегідей жемеші.
Әйел Агбаның өңменнен өтетін сұсты жанарынан қатыгез
дікті де, сол қатыгездікті сәл де болса жібіткісі келген үркек
мейірімді де қатар таныды. Сақал-шашы дудырап өсіп кеткен,
ұрты суалып әбден жүдеген, тұйыққа тірелген кезінде бұрын
ғы именшек қалпынан өзгере түлеп, баянсыз өмірді, түбінде
соның құрбандығы болу пешенесіне жазылған бүкіл өзекті
пендені, өзін аяққа басып таптап келгеннің бәрін мүсіркейтін
секілді мысы басып барады. Оның алдында аршылғысы кел
ді, арыз-арманын ақтарып, шерін сарқа тартқысы келді. Есі
кіргелі табынумен болған құдірет қарсы алдында тұрғандай
буын-буыны дірілдеп, ойынан жаңылды, қолындағы түйін
шегі түрменің сұрғылт тас еденіне түсіп кетіп, шегіншектей
берді. Енді бөгелгісі келмеді.
– Кешір мені, әулием! Жазғыра көрме!
Есіктің тесігінен көңіліндегі ұры ойының қашан іске аса
тындығын сабырсыз күтіп қарап тұрған күзетші кейін ысы
рылды.
Қаңыраған қапаста Агба жалғыз қалды.
Түнерген түрмеде өмірдің бар азап-мұңын арқалаған, оның
алдында тізе бүкпеген әулие отыр.
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Күн бұлыңғыр, таң ата соққан күшті жел шаһардың үстіне
әлдеқайдан түйдек-түйдегімен дүркірете қуып әкелген кір
шең бұлттар ию-қию сапырылысады. Күркірей тасыған өзен
нің өрі сеңдей соғылысқан, ызалы, адуын екпінмен аласұрып,
толқынды толқын жүндей сабайды. Аспан әлемнің сұсты әмір
шісі секілді қабағы түйіле түнеріп, тас төбеден ызбарлана
шүйліккен. Бір мезет қырық бүктеліп жау талаған жұртқа
ұқсады, түңлігі тілгіленіп, жабуы қырық айырылып, үзік
бауы бырт-бырт үзілген, әне-міне өзі де шайқала шытынап,
аумағымен төңкеріле құлағалы, астындағы қыбыр-қыбыр
тірліктің бәрін зілдей салмағымен езе жанышқалы тұр. Ию-
қию араласқан жұлым-жұлым бұлттар қара үрейін ұшырған
қара жер дөңгелене көшіп, маңып бара жатыр.
Жер мен көк неден үрікті екен?
Қыркүйекте соққан салқын жел көше-көшенің бойында
жиырылып-жазылып ысылдайды, бұралқы ит атаулыны бүр
сең-бүрсең жортақтатып, шұбатылған ұзын көйлекті әйел
дердің етегін желп-желп көтереді, шыр айнала үйіріп, ерсі
қылжақтайды. Дүкеннен шыға келген бойжеткеннің жиегін
торғын тормен көмкерген ақ қалпағын ұшырып әкетіп, ауада
қақпақылдап жүрді де, өтіп бара жатқан күйменің астына
тастай салды. Әлдеқайдан ала қашқан көк орамал бағананың
басына ілініп қалған, ызалана жұлмалап ұзақ әуреленді, ақы
рында жайына тастап, дөңгелек мылжалап кеткен қалпаққа
қайта шүйлігіп, желп-желп секіртіп қуа жөнелді.
Енді сорайған мұржалардың көмейіне еніп алып күңірене
уілдеген, үні көрден шыққандай үрейлі, гөй-гөйге басып аңы
расып келіп, кімге жоқтау айтады екен.
Ағаш дайындаушыға желдің сарнаған үні бір сұмдыққа
бастап тұрғандай көрінді. Кейінгі кезде қолға алған ісі оң
бай кетіп еді, арам қатқыр асау құр шандыры қалса да, ерге
аяқ артқызбай тулауын қоятын емес, ал әйелі мұның бар-жо
ғын елең қылмайды. Бұрын көңіліне әлдене ұнамай қалса,
бұрқылдап сөйлеп-сөйлеп алып сабасына түсетін, жер-жебі
ріне жетіп барып басылушы еді, енді сең соққан балықтай
өзімен өзі мәңгіреді де жүреді. Кейінгі кезде үйдің шаруасын
ШЫҒАРМАЛАРЫ
да ұқсатпай тіпті жүнжіп кетті, бұл күндері шіркеуден шық
пайды, одан қайтса, бұрыштағы құдай бейнесінің алдында
мінәжат етіп, дұға оқып отырғанын көресің.
Бағана түрме бастығының шабарманы келіп шақырып кетті.
– Түсте мырзаның алдынан табыл. Кешіксең, не келмей
қалсаң, өз обалың өзіңе! – деп зірк-зірк етті.
Әлгі мылқаудың ісіне бола іздеген шығар, ол итті әлі сот
таған жоқ па еді, несіне созбайлап жүр. Көзін тезірек құртса,
аздап тыншыр ма еді, кім білсін, кейінгі кезде қайтып келіп,
үй-орманын тып-типыл етіп өртеп жіберетін секілді, тайға
нақ халге душар бола бастаған. Дүлей пәле одан тайынады
дейсің бе, түрмеден босатып жіберсе, бұл күндіз-түні ешқайда
шықпай, қолына мылтығын ұстап, үйді шыр айналып жүруі
керек. Сол албастыға неменеге соқтығып еді, әй, өзінде де бар.
Таза киім киіп, айнаның алдында тұрғанда, ішкі бөлмеден
әйелі шықты, өңі сынық, жақтырмағаны, яки шаршағаны бел
гісіз, жанарында нұр жоқ.
– Қайда жиналдың? – деді немқұрайлы.
Шынын айтты, оны бұл күндері жалған сөйлеп алдау мүм
кін емес сияқты еді.
– Мен де барамын, –деп әйелі тез жинала бастады.
Бұл тағы не ойлады деп сезіктенді күйеуі. Өң мен түстің
арасында жүрген, тұнжыраған, әбден діндар болып алған та
қуасымақ байғұс түрме бастығына бар шындықты жайып
салса, құрығаны ғой.
– Әуре болып қайтесің, өзі бірталай жер, босқа шаршайсың
ғой, – деді жорта қамқорсып.
Әйелі тіл қатпай жүріп киініп алды.
– Қай уақытқа шақырып еді?
– Түске.
– Онда кеттік.
Бұдан әрі қарсы келмеді, соңынан үнсіз ерді. Екеуі содан
түрме бастығының кісі қабылдайтын бөлмесіне келіп кірген
ше жарытып сөйлесе алмады. Әйел алдына түсіп алып, жан-
жағына қарамастан жүрді де отырды, жолда кезіккен соқыр
қайыршыға қайыр-садақа бергені болмаса, еш жерге аялдаған
жоқ.
Түрме бастығы ұзын бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей
келісті адам екен, бурыл тарта бастаған шашы, қияқ мұрты
АЛДАН СМАЙЫЛ
көркін енгізіп тұр, қалың қабағының астынан қараған көзі
ғана суық.
Үстіндегі сұр мундирінде кіршік жоқ, ине-жіптен жаңа
шыққандай, денесі өмірі иіліп көрмеген секілді тіп-тік.
Аяғындағы құрым етігінің табаны сықырлап, кең бөлменің
ішін ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Анда-санда биік терезенің ал
дына барып тұра қалады да, сыртқа үңіліп, аз-кем аялдайды.
Бұлар рұқсатын алып ішке енгелі сүт пісірім уақыт өтсе де
тілге келген жоқ, көрсе де аңғармағандай, көзіне ілуге арлана
тындай үнсіз.
– Сонымен шындықты ғана айтамыз ғой, – деді бір кезде
жанына таялып келіп.
Ағаш дайындаушы күтпеген жерден қойылған сауалға
кібіртіктеп жауап берді
– Дәл солай, мырза... жалған сөйлеп не көрініпті.
– Онда бәрін басынан бастап айтып шық.
– Көпке созатын ештеңесі жоқ, ұрлағаны рас. Оның алдын
да үйге талай рет келген, түріне қарасақ өлуге қолы тимей
жүрген бір бейшара. Аса көңіл аудара қойған жоқпын, сонау
Араб елінен өзімен бірге әкелінген атты қимайтын шығар
деп ойлағам. Ретті жерінде тамақ, тиын-тебен беріп деген
дей қайырымдылық та жасап жүрдік. Сөйтсек, оның ойында
арамдық бар екен ғой.
– Қалай ұрлады сонда? Менің шамалауымша, сен анау-
мынауға мал-мүлкіңді ұрлата қоятын адамға ұқсамайсың.
– Қараңғыны жамылып келді, аулада тұрған маған пыс
қырып та қараған жоқ. Арбада байлаулы тұрған атты же
тектеп жүре берді. Айғайлап тұра ұмтылып едім, қынынан
пышағын суырып алды. Жақындасам, жарып тастайтын түрі
бар.
– Солай де…
– Тап осылай, мырза, артық-кемі жоқ. Бір түйір өтірік
қоссам, тәңір куә, оңбай кетейін.
– Оның саған бұрын өштескен жері жоқ па еді?
– Қайдан болсын, кісі жуитын адам ба ол, не деп соқтыға
мын.
Түрме бастығы бөлмені қайтадан кезіп кетті, бір жақ қа
бырғаны тұтас алып тұрған сөренің алдынан өтіп бара жатып
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кілт тоқтады. Онда кітаптан гөрі неше түрлі кішкене мүсін
дер, хайуандардың ағаштан ойылған, жезден құйылған бейне
лері көп екен. Солардың ішінен маймылдың мүсінін алып,
айналдыра қарап тұрды да орнына қойды.
– Ол кісі өлтіруден тайынбайтын қарақшының тап өзі, –
деді ағаш дайындаушы еркінси бастап. – Қарауылдар келе
қалмағанда, мен осы күні о дүниеде жүрер едім. Босатпау ке
рек оны, түрмеде шіріту керек. Парижде ұры-қары онсыз да аз
емес.
Түрме бастығы үлкен столдың арғы жағында оюлы арқа
сүйерлігі сорайып тұрған орындыққа барып отырды. Қал
тасынан сағатын алып қарады да, ыңырана шалқайды.
– Сен маған ақыл үйретпе, не істеу керек екендігін кім
көрінгеннен сұрайтындай әзірге есіміз ауыса қойған жоқ, –
деді салмақпен.
Ағаш дайындаушы сасқалақтап қалды.
– Мен... әншейін айтқаным ғой.
Ол енді әйелге қарады.
– Сіз неге келіп едіңіз? Күйеуіңіз дұрыс жауап бере алмай
ды деп қорықтыңыз ба?
Әйел күйеуіне, одан терезеге қарады, қол сумкасын ақ
тарып, орамалын бір алып, бір салды.
– Иә! – деді ақырында. – Ол қазір де барлық шындықты
жайып салған жоқ.
– Міне, қызық, – деп түрме бастығы түзеліп отырды.
Ағаш дайындаушының жүрегі су ете қалды.
– Мылқау арабтың бар жазығы ана атқа жаны ашып, қатты
күйзелетіндігінде ғана, – деді әйел сөзін сабақтап. – Ол өзі бір
мейлінше асау мал, үстіне содан басқа ешкімді отырғызбай
тын көрінеді. Әуелде осындағы бір графтың қолында болған
екен, оның шабандоздары да бастықтыра алмай қойыпты,
сөйтіп менің күйеуіме сатып жіберген. Ал мылқау сорлы
ат қайда барса, сол жерде жүреді, тапқан-таянған тиын-те
беніне шөп-жем сатып алып, аузына тосады. Күйеуім атты
жуасытамын деп түні бойы таң асырып қоятын, соны көрген
мылқау кейде қораға ұрланып кіріп, қайдан табатынын кім
білсін, қолтығына қысқан шөбін жасырып беріп жүрді. Мен
талай көрдім, бірақ ешкімге айтқан жоқпын, атқа өзімнің де
жаным ашитын.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Міне, қызық! – деді түрме бастығы әлгі сөзін қайталап. –
Айта беріңіз.
Әйелдің дауысы қарлығыңқырап шықты.
– Мылқау сорлы ат бір күні көтерем болып өледі деген
шығар, содан кейін ұрламақ болған ғой.
Ағаш дайындаушы мойнына кигізілген дар тұзағынан бо
сағандай бойы аздап жеңіл тартты. Орындығын сықырлата
тұрып, әйелінің жанына барған түрме бастығына, өзін қыл
үстінде ұстаған жұбайына көзінің астымен ұрлана қарады.
Оны өлсе де ертпеу керек еді, қарашы, енді…
– Ол графтың аты есіңізде жоқ па? – деп сұрады түрме
бастығы.
Әйел басын шайқады.
– Оқасы жоқ, керек болса, өзіміз де табамыз.
Ол өзі атын сұраған графты білетін, енді қалай, Париждің
игі жақсыларымен күнде қоян-қолтық араласып жүрген бұл
зиялы қауымның өмірінде не болып жатқанынан бейхабар
қала ала ма. Мәкканың бір бейі оған сегіз сәйгүлікті сыйға
тартқанын қала ғана емес, бүкіл Франция естіген. Ал мылқау
араб пен асау аттың мына әйел айтқан тағдыры сол оқиғаға
келіп тірелетінін, шынын айту керек, болжай алмап еді.
– Тамаша! – деді терезеге қарай беттеп.
Несі тамаша екенін ағаш дайындаушы да, әйел де түсінген
жоқ.
Ол тағы да сағатына қарап, столдың үстінде тұрған қо
ңырауды шылдырлатты. Есік ашылып, шегір көз қарауыл
кіріп келді, босағадан аттаған бетте қаздиып қатып қалған.
Түрме бастығы ағаш дайындаушыға қарады.
– Сені көлгірсіп сөйлеп, жалған жауап бермек болғанын
үшін қамай тұру керек еді, бір жолға қоя берейін. Тек мына
ны жақсылап ұғып ал, ана ат өлмеуге де, жоғалмауға да тиіс,
түсіндің бе?
Ағаш дайындаушы одан құтылғанша асықты, орнынан
қорбаңдап тұрып жампаң қақты.
– Ұқтым, мырза! Айып етпеңіз, мырза!
– Ендеше, екеуің де боссың.
Әйел күйеуінің соңында қалып қойды.
– Тақсыр, мылқау сорлының күні не болады?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Түрме бастығы жауапты қысқа қайырды.
– Жолыңыздан қалмаңыз, мадам!
* * *
Ол асығып тұрған болатын, бүгін бесін кезінде ірі фаб
рикант досының үйінде Париждің біраз жайсаңдары бас
қосады. Англиядан аты шулы лорд Годольфиннің келуі құр
метіне үлкен бал ұйымдастырылмақ, оған король сарайының
қызметіндегі ірі ақсүйектері мен дәулетті графтар, қаланың
таңдаулы сұлулары, даңқы шыққан музыканттар, қысқасы
жазатайым өле-мөле кетсе, Сенаның суы тартылып қалатын
дай көрінетін төбесімен көк тірегендердің көбі жиналады.
Осындай зиялы қауымның ортасында болу құрметі басын шыр
айналдырған түрме бастығы бүгін өте қуанышты еді. Таңер
тең қызметіне келген соң, межелі уақыт жеткенше жынданып
кететін шығармын деп ойлады, оның істей қоятын жұмысы да
жоқ болатын. Сөйтіп бөлме ішінде сенделіп жүргенде, есіне
таяуда ат ұрлап ұсталған мылқау түсе кетті, дереу қарауылды
шақырып, жәбір көрушіге жөнелтті.
Енді, міне, балға барғанда көптің назарын өзіне қаратуға
әбден жарайтын әңгіме аяқ астынан табылды. Париждің ұсақ-
түйек өсек-аяңын, ел тыңдаудан әбден жауыр болған саясат
туралы пыш-пыш әңгімені, Францияның Испаниямен арада
ғы қақтығыстарын сағыздай созатындарды жерге қаратып,
бұрын мүлде айталмаған, жаңа тосын оқиғаны әрлеп, әдемілеп
жеткізсе, король сарайындағы ақсүйектердің көзіне түсті дей
бер.
Қарауылға күймені дайында деп бұйрық беріп, әлгі
ақсүйектермен карта ойнайтын мүмкіндік туа қалса, ұтқы
затын ақшасын қалтасына бөлек салып сыртқа шықты. Кө
шеде салқын жел үйіре соғып тұр, жаяу жүргіншілер сонда
да көп, сеңдей соғылысады. Көңіліне желік бітіп, көшенің
қарсы бетіндегі сұрғылт үйлерге, маңайына керги көз салып
тұрған бұған иіліп сәлем берген біреуі жоқ. Шетінен қойдай
топырлатып түрмеге қамаса, кім екендігін білер еді, тегін
де, бұл қара нөпірді сөйтіп анда-санда жөнге салып қоймаса,
құдайын ұмыта келе таптап жүре беруі ғажап емес.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Солқылдаған жеңіл пәуеске алдына келіп тұра қалды, пар
жеккен қос қылаң тыпыршып ала қашуға дайын. Ішке еніп,
жұмсақ орындыққа отыра берген сәтте күйме сырғи жөнелді.
* * *
Бұл досының үйіне жеткенде, шақырылған қонақтардың
басы құралып қалған екен. Дегбірсізденіп жүрген фабри
кантпен, оның елуге келсе де жаңа түскен келіндей сызылып
тұратын, сыры кетсе де сырын бермеген кербез әйелі Жан
намен есендесіп, таныстарына бас шұлғып болғанша бір топ
бекзада қаумалаған лорд Годольфин де жетті. Жұбайы гер
цогиня Мальборо француз ханымдарынан өзгеше, аса сәнді
киініпті, онымен бірге Англияның бүкіл сән-салтанаты ере
келгендей үйдің меймандарды қабылдайтын мрамор бағаналы
кең залы құлпырып жүре берді.
Лорд пен герцогиняның құрметіне марш ырғақты қоше
мет әуені дүркін-дүркін ойналып, сатыр-сұтыр қол соғылды.
Ерлі-зайыпты ағылшын залдың екі қапталына қақ жарыл
ған елдің ортасымен еңсесін биік ұстап жүріп келеді, жұртқа
мәртебелеріне жарасымды инабаттылықпен сәлем беріп төрге
қарай өтті. Жұбайына қарағанда егде лорд жұпыны киінген
десе де болады, бірақ өзіне қонымды, денесі тіп-тік, сыртынан
көз салғанда, қылшылдаған жігітке бергісіз, атағына сымбаты
сай келіп тұр. Бакенбарды мұртына иіле жалғасқан ат жақ
ты, шырайын жоғалтпаған жүзінде Ұлы Британияның дүние
жүзіне дүрілдей жайылған даңқына орайлас менмендік пен
аса байқала қоймайтын асқақтықтың, ұстамдылық пен тамы
ры тереңде жатқан салқын ақылдың нышаны аңғарылады.
Жекірмей иментіп, үркітпей жасқандырып тұратын жасы
рын сұс та қара танытып қалған.
Түрме бастығы лордтың өмір тарихын там-тұмдап қана бі
леді, оның өзі қоспасы көп көпірме ауыздардың шыны өті
рікке, жалғаны ақиқатқа оңай ауыса салатын тайғанақ де
ректері. Естуінше, лорд қисапсыз байлық иесі, герцогиня
Мальбороға үйленгеннен бері дәулеті тасып жүре беріпті.
Оның үстіне жұбайының жездесі Англияның мемлекеттік
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қазынасының кілтін ұстап, королеваның оң қолына айналған
соң, Кембридж графтығының барлық шалғынды, өзенді, шұ
райлы жерлеріне ие болған. Ірі мемлекеттік істерге араласып,
көрегендігімен, түптің түбінен ойлап, әрдайым дұрыс шешім
таба білетіндігімен де аты шыққан деседі.
Осал жері жүйрік ат көрінеді, жинаған байлығының тең
жарымын шашып жүріп, иелігіндегі Гог-Магог өлкесінде
Англияның бұрын-соңды болып көрмеген үлкен жылқы заво
дын ашқан. Онда Европа елдеріндегі аты шыққан сәйгүлік
тердің біразы жиналған, тіпті қиырдағы Үнді, Америка жер
лерінен әкелінген арғымақтар да бар болса керек. Соларға
жұмсалатын бір жылғы қаржы он мың гинейден асып түседі
дейді, өтірік айтса жандары шықсын. Бұл, әйтеуір, сене қой
майды, бірақ кім біледі, мына лордтың қолынан бәрі келетін
сыңайы бар.
Түрме бастығы оның өмір тарихын іштей сараптап келіп,
осы тұсқа іліккенде, есіне мылқау араб пен асау түсе кетті.
Лорд жылқыға қатысы бар кез келген әңгімені құмарта
тыңдайтын болғаны ғой, ендеше, бүгін қалайда бір есебін
тауып, оған жеткізуі керек, атпаз ағылшынмен жақынырақ
танысудың бұдан төте жолы жоқ.
Меймандардың ұзын саны елу-алпыс адам болып қалады,
олардың арасында ересектердің жайдақ әңгімесінен қашып
құтылуға дайын тұратын, графинялар ерте келген сүйкімді
бойжеткендердің жанынан үйіріліп шықпайтын жас мыр
залар да бар. Үй иесі құрметті қонақтарын дастарқанға ша
қырғанда, солар сездірмей сырылып бөлектене берді, сыңғыр-
сыңғыр күлкі ұзындығы ат шаптырым дерлік залдың мра
мор бағандарына, хрусталь люстраларға жаңғырыға тарап,
күмістей шашылды.
Дастарқан рәсімі шамадан тыс әдепті, егер түрме бас
тығының бағасына жүгінсек, іш пыстырарлық дәрежеде өтіп
жатты. Фабрикант досы ұзақ сөйлеп, Франция мен Англия
ның арасында атам заманнан бері салқын қанды болса да
достық қарым-қатынас орныққанын, өйткені екі елдің дү
ниеге тәңірдің көзімен сергек, әрі біртектес ниет-таныммен
қарайтындығын, бұл мемлекеттер қазіргі заманғыдай қа
рыштап дамымаса, Европаның әлі құлдық дәуірдің о жақ, бұ
АЛДАН СМАЙЫЛ
жағында жүретіндігін, адамзат оларға бүгіннің өзінде өнді
ріс, мәдениет, ғылым салаларындағы аршынды прогресс үшін
қарыздар екендігін майын тамыза айта келіп, аса құрметті
герцогиня Мальборо мен лорд Годольфиннің денсаулығының
мықты болуына тост көтергенше кемінде жарты сағат өткен
шығар. Досының бұл ұзақ сөзді күні бұрын жазып алып,
кешелі бері жаттаумен болғандығына мұның күмәні жоқ, ол
екі-үш жерде ұмытыңқырап қалғанда, жанында отырған әйел
ақырын сыбырлай қойған.
Бұдан кейін төрт адам сөйледі, олардың мақамы да әлгі
ұранды асқақ лебізден алыс кете қоймады, бәрі әлемді жалаң
аяқ кезіп кетіп, Франция мен Англияға шаршап-шалдығып
оралғанда, бағы жанып жүре берді, дүниені алақандарында
ұзақ ұстап тұрып, дастарқанының үстіне домалата салады да,
герцогиня мен лордтың ауылына ат басын тірейді. Олардың
Париж бен Лондонға, Мадрид пен Берлинге кең тараған даң
қының түңілігі ұзақ желпілдеп, қоғамды бұйдалап алып алға
жетелеген ақсүйектер әулетінің тарих төріндегі балталасаң
өшпейтін, тәңірдің өзі отырғызған орыны мен сіңірген еңбе
гі ұшан-теңіз деректермен дәріптеледі. Лордтың көсемдігін,
тапқырлығы мен біліктілігін дәл айтып беруге лайық ерек
ше сөз бен теңеу екі тілден де табылмай сарсаңға салады. Сол
сызылған сырбаз дәріптеулерден мезі болып, бұрынғы той-
домалақтарда ие бермей жамырайтын Париждің өсек-аяңын,
қала гарнизонының бастығы мен герцог Бретаньнің әйелі
сыбыр-күбірге кірісіп еді, күйеулері қабақпен қақпақылдап
тыйып тастады.
Содан соң аз уақыт үнсіздік жайлады, фабрикант досы
әркімге бір қарап астынан су шыққандай болып отыр. Күні
бойы іште сақтаған әңгіменің тірілетін кезі енді жеткен сияқ
ты, түрме бастығы дүрс-дүрс соғып өрекпіген жүрегін саба
сына түсіруге тырысып, жайлап сөз бастады.
– Мырзалар, мен сіздерге бір қызық оқиға айтып берейін,
бұл өзі аңызға да ұқсас жайт, алайда шырылдаған шындық
екендігін алдын-ала ескертіп қоймақпын, – деді дауысын
барынша ашық, әрі салмақты етіп.
Кім болса да, біреу сөйлесе екен деп тыпыршыған үй иесі
қуанып кетті, бұ дүниеде шақырған қонақтарыңның ауыз
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дарына су толтырып алып, тымырайып отырғанынан қиын не
бар. Жұрт та елеңдесіп жалт қараған.
Түрме бастығы иығын қомдап, көтеріліңкіреп отырды.
– Сіздердің қымбат уақыттарыңызды алмай, әрі құрметті
герцогиня мен мәртебелі лордты зеріктірмей қысқартып ай
та отырып, бұл оқиғаның сирек кездесуге тиіс екендігіне,
бұдан кейінгі күндерде қайталанбауы да мүмкіндігіне назар
аударғым келеді, – деп елді ынтықтыра түсті.
Одан кейін қанына сіңген жорғалығына басып, үстінен
су төгілмей, лықсып келген ойына сөзі сүрінбей желдей есіп
жүре берді. Бара-бара айтқандары аңызға бергісіз ғажайып
ертегіге айнала бастады, кей тұстарда өзі де таң қалып, кілең
алыс-жұлысқа, айқай-ойбайға толы ырду-дырду оқиғаға қы
зына араласып кетті. Мылқау араб бірде асау сәйгүлікке
мініп алып, қу далада жалғыз маңып бара жатады, бірде қай
қы қара пышағын жалаңдатып топ адаммен жападан-жал
ғыз арпалысады, бірде аш арғымаққа бола шөп сатушыны
буындырып жатады, енді бірде түрменің темір торлы терезесін
быт-шыт қылып қашып кетеді, не керек, оның батпаған суы,
күймеген оты қалмады.
Ел аузын ашып, ұйып тыңдаған, меймандар қоспасы көп
болса да өздерінен тысқары тұрған етек басты өмірмен бетпе-
бет келтірген әңгімені тосын жаңалықтай қабылдады, ылғи
сірескен, сырдаң сұлу сөз, көлгірсіген көсем топшылаулар
мен пікірлер бір-бірінің жүрегін май ішкендей кілкітсе де,
мақұлдай тыңдап, ырықсыз құптап қажитын жұртты бірден
баурап алды.
– Қандай бақытсыз адам! – деп күрсінді осындай жиын-
тойлардың бір де біреуінен қалмайтын қартаң графиня.
– Мылқау араб өз ерік-жігерінің, көзі жеткен шындығы
ның нағыз рыцары екен, – деп түйді фабрикант.
Столдың үстіндегі босаған шыны, ыдыс-аяқты алып кетіп,
олардың орнына басқа тағам әкеліп, аяғынан тік тұрып са
былған күтуші әйелдің жанары жасаурады.
– Ондай қарақшысымақтардан ер жүрек жауынгер шығар
еді, – деді Париж гарнизонының бастығы. – Әлі тағылықтан
толық арылмаған шығыс халықтарында мұндай ашкөз жа
лаңтөстер жиі ұшырасады, олар борсық сияқты етіне таяқ
АЛДАН СМАЙЫЛ
өткен сайын семіре түседі, шетінен итжанды. Жартылай жа
байылардың жер бетінен құрып кетпей, сақталып қалуы
сол табиғи көнтерілігінен, егер Европадағы қазіргі қару-жа
рақ болмаса, тағы халықтардың қанталауына ұшырар еді,
ешқандай да данышпандық пен көрегендік құтқарып қала
алмас еді. Мырзалар, күн сипатты ұлы король Людвиг он
бесіншінің жеңімпаз армиясы үшін тост көтеруге рұқсат
етіңіздер.
Меймандар орындарынан дүрліге тұрып, бокалдың түбінен
шырағданның жарығы көрінгенше қотара ішті.
– Ұлы жарылқаушымыз король жасасын! – деп ұрандады
қызып қалған граф Бретань.
– Жасасын! Жасасын! – деп жаңғырықты кең сарайдың
іші. Мрамор еденге лақтырылған қымбат салдыр-гүлдір сын
ды, қонақтарды есірік жаулап алды, жанарлары жарқ-жұрқ
еткен. Дастарқан рәсімі аяқталғанша корольді тәңірдің өзіне,
ұлылардың ұлысына теңдесі жоқ, данышпанға теңеген көпір
ме дәріптеулер дауылды күнгі теңіздей сапырылысты.
Меймандар осы желөкпе екпінмен биге желпіне кірісіп
кетіп еді, қартаң графиняның өзі ебедейсіз дөңгеленіп жүр.
Салт-дәстүр бойынша герцогиняны алғашқы биге шақырған
үй иесінің жүзі нарттай болып қызарып кеткен, май басқан
ауыр денесін барынша жеңіл ұстауға тырысып әлекке түседі.
Лорд гарнизон бастығының қуыршақтай сүйкімді, талдырмаш
әйелін үйіре шыр айналдырып әсем билеп жүр.
Қонаққа жұбайын ертпей жалғыз келген түрме бастығы бұл
жолы биге араласа алмады, граф Бретаньнің жұбайына бұры
ла бергені сол еді, ол күйеуін қолтықтап сырт айналды. Жал
ғыз қалып, бидің аяқталуын сабырсыздықпен күтіп тұрған
күйі лордтың әлгі әңгімеге назар аудара қоймағандығына
қынжылды. Суыртпақтап сауал қойып, тілге келер деп үміт
тенген, ол болса естімеген адамдай, елдің атқұмар дегені ән
шейін дақпырт шығар.
Ақиқатқа жүгінсе, лордты қайдағы бір асау ат пен мыл
қаудың қызықтыруы мүмкін де емес қой, е, мейлі, бұл
ағылшынсыз да күн көрген, онсыз да далада қалып жатқан
жоқ. Осы ел оған кісінің жынын келтіріп соншама неге жал
бақтайды? Францияға шетелдік төрелер емес, жат жерлік құл-
құтандар керек.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ырғақты әсем әуен толқындана тербетіліп баяулай берді,
лорд сүйкімді әйелден айырылғысы келмегендей музыка
әбден аяқталғанша биледі, аяғын нық әрі жеңіл тастап дөңге
леніп барды да, түрме бастығы тұрған тұсқа таяла тоқтады.
Тізесін бүге еңкейіп әйелге тағзым етті, бойын қайыра тіктеген
бетте герцогиняны іздеген, көзі манағы қызық әңгімені айтқан
жігітке түсті.
– Сіз тәрізді жылқы түлігіне жақын жүретін адамдардың
бірі боларсыз, – деді жанына келіп. – Оған қуаныштымын,
кісінің қай тұрпаттағы жан екендігін, керек десеңіз, дүние
танымын да табиғаттың бізге тартқан ерекше сыйы – жа
нуарларға қалай қарайтындығы арқылы біле алар едіңіз.
Жасырмаймын, әңгімеңіз мені қатты тебірентті, толқып оты
рып мынаны ұққан тәріздімін: ол асау ат, тегінде, мылқау
араб қана білетін айрықша қасиеті бар хайуан болуы керек.
Кешірерсіз, мен хайуан деген сөзді орынсыз келтірдім ғой
деймін, асылы жүйрік атқа мұндай салқын теңеуді лайықсыз
көремін. Онымен мына сіз бен біз секілді тілдесіп, құрмет
тей білген жөн, лайығы сол. Менің бұл пікіріме қарсы емес
шығарсыз.
Түрме бастығы асыға-үсіге қостады.
– О не дегеніңіз, менің де байлам-түсінігім тап сіз айтқан
дай, үстінен дөп түстіңіз. Қайран жүйрік, жігіттің бағы да,
қуанышы мен арманы да ғой.
– Міне, бұл нағыз серінің жүрегінен ғана шығатын сөз, –
деп қуаттады лорд. – Англия дүние жүзінің көп жерін жау
лап алса, сарбаздардың сенімді серігі, қанаты бола білген
сәйгүліктерге де қарыздар.
Лорд сырттай тұйық көрінгенмен, сөзшең екен, әрі жыл
қыға байланысты өте көп білетін болып шықты. Түрме бас
тығы ара-тұра қостап қойып зерікпей тыңдады, ол ағыл
шын, француз, американ елдеріндегі жылқы атаулының ата
тегін алақанында тұрғандай таратты, шын жүйрік Орта Азия
мен Африка континентінде екендігін айтқанда, қолға түс
пей қойғандығына қынжылды. Жазы ыстық, даласы қуаң
жерлерде шым болаттай шыңдалған жылқыны ауа райы
жұмсақ, көгорай шалғынды Англияда өскен желіске мықты,
сүйекті арғымақтарға будандастырса, хас тұлпардың дүниеге
келетіндігіне құлай сендірді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Бұл әзірге менің қиялымдағы шындық, бірақ түбінде
жүзеге асырылатын ақиқатым, – деген сөзін аяқтай келіп: –
Ал енді сізге бір орынсыздау өтініш айтсам, ғафу етерсіз.
Қолдан келмейтін шаруа болса, меселімді қайтарсаңыз да
ренжімеймін.
– Айтыңыз, қызметіңізге әзірмін, – деп ілтипат білдірді
түрме бастығы. – Ұлы елден келген мәртебелі меймандарға
біздер, француздар, қонақжайлылық көрсете алмасақ, сүйек
ке таңба емес пе?
Лорд ризашылықпен жымиды.
– Мен өзіңіз суреттеп берген асауды сатып алсам ба деп
едім. Бұл шешімім, бәлкім, сізге ерсілеу де көрінер, бірақ
амал не, қанға сіңген атқұмарлық еркімнен тыс меңдеп әкет
ті. Оның бетін қайтара алмайтындығыма көзім әбден жеткен
соң, лажсыз өтініп тұрмын. Тек жазғыра көрмеңіз, таныспай
жатып қолқа салғаным үшін тағы да кешірім сұраймын.
«Қызға құда түсе келгендей сызылуын, – деді түрме басты
ғы іштей, – ақсүйек атаулының қанына сіңген мысық тілеу
әдептілігіңнің арты қайырлы болғай, әйтеуір».
Ұры ойын жинап алысымен, атақты ағылшынның өзіне
қолқа салғанына марқайды. Құдай берді деген осы.
* * *
Агба шым-шытырық түс көрді.
Жағалау жақтан өскен желге желкенін жайып жіберген
үлкен кеме шеті де, шегі де жоқ көк жасыл айдынның өрінде
қалт-құлт етіп келеді. Көз талар қиянында аспанмен жым
даса астасқан ұшан-теңіз мұхиттың осы уақытқа дейін жаға
лауын обырлана жалмап алып, қара жерге аранын аша тап
бермей, өз кеңістігінен қанағат тапқанына сену қиын, ыңыра
на, күңірене тулаған нар толқындар кеменің өкпе тұсынан
көкбеттене ұмтылып, гүрс-гүрс соққылайды. Буырқана дол
данып келіп арқырай киліккенде, кеме тақымыңның астын
дағы асау жылқыдай бұлтақтап, әне-міне түсіріп кететін
секілді шошындырады, ық жағына жантая ауып, сықыр-
сықыр шытынайды. Ұлы мұхит қара жерге сыйыса алмаған
ШЫҒАРМАЛАРЫ
пенденің тойымсыз ындынынан түңіле тулап, жағалауға
түре қуып тастағанша асығатын тәрізді, ызбарлана аудары
лып-төңкеріледі, шыңырау тұңғиығына тұншықтыра тартып
әкететін сұсты қабақпен үрейлендіріп бұрқ-сарқ қайнайды.
Лек-лек болып аңдыздаған көк ала толқындардың түбінде
дегеніне жетпей тынатын түрі жоқ, бірін-бірі өкшелей қуып
келіп толассыз шабуылдайды, кеменің кемерінен асып төгіліп,
құрбандығын ашқарақтана іздейді.
Ала бұлт аспан дамылсыз аунақшып-дөңбекшіген адуын
мұхитпен бірге шайқалып, тас төбеден түңілдіре төнген, алыс
шеті бұлыңғыр тартқан, ұлан-ғайыр шалқардың көз еміс-
еміс жетер тұсы да күңгірт, сес көрсете түнеріп алыпты, тал
түстегі күннің сәулесі төсіне жетпей зым-зия жоғалып жа
тыр. Артта қалған жағалаудан қара танытарлық еш белгі жоқ,
жолаушыларды қатерлі сапарға күдікпен шығарып салып,
күйігін көрмеуге тырысқандай із-түзсіз ғайып болған.
Түпсіз мұхит жел жөңкілген жаққа қарай сарқырай көшіп
бара жатқандай, қараған жанарды арбап, басты айналды
рады, терең иірімдер дөңгелене үйіріліп, толқын көміп кет
кенше қылқ-қылқ жұтынып тұрып алады. Айдын аумағымен
қопарыла күрт төмендеп, қайтадан жиырыла жазылғанда,
буырқанған шалқар жаныңнан бездіреді. Ара-тұра естілген,
аһылап-үһілеп күңіренген үн күшейе келе булығып, буына
ыңыранды. Мұхиттың меңіреу қойнауында бұлқынған теңіз
жалмауызы дәл төбесінде тұрған жемтігі тырнағына ілінбей
тұлан тұтып, тас-талқан тулап-тулап алып күркірей күйіне
тін тәрізді. Әлгі бір әзірде кемеге ұшып келген ақ шағала
құты қаша шаңқылдап, қанатының қағысынан жаңылды,
қонақтар жері жоқ байғұс құс топшысы талған болар, тулаған
толқындардың үстінде үрейлене сұңқылдайды.
– Бері қарай ұш. Кемеге жет, – деп айғайлады Агба.
Бірақ дауысын мұхиттың азынаған сарыны жұтып әкетті,
өзіне де естірткен жоқ, жалғыз құс оқ тигендей жалпылдап
суға құлап барады, сол сәтте жылан толқын жиырыла атылып
қағып түсті. Агба дір ете қалды. Желкеннің жуан бағанына
әлгінде өзі байланған Шам шұрқырап қоя берді, жалт қара
ғанда, шылбырын үзіп кетіп, кеменің тұмсығына қарай шауып
бара жатқанын көрді. Сәйгүлік сахараның құмдақ жазығын
24-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
да ұлы бәйгеге қосылғандай жүйткиді, көзді ашып-жұмғанша
кеменің жақтауынан көк жасыл мұхитқа бір-ақ қарғыды.
Агба не істеп, не қойғанын білген жоқ. «Шам» деп жан
ұшыра айғайлап, үрейлі тұңғиыққа шаншыла сүңгілген. Сәй
гүлік түпсіз тереңнен тұншыға кісінейді.
– Шам! Арғымағым менің! Қайдасың? – деп қыстыға
айғайлады. – Қайдасың, Шам?
Одан кейін…
Одан кейін оянып кеткеніне, әлгі сұмдық оқиғаның бәрі түс
екендігіне қуанды.
Мана ат қораның айналасын сыпырып болған соң, есік
алдындағы бір шоқ талдың көлеңкесіне келіп қисайған-ды,
ұйықтап кеткен екен. Ана жолы жаңа қожайынымен бірге
кемемен жүзіп өткен мұхиттың түсіне енгеніне таңданған жоқ,
ол сапарда бұлар қиындық көрмегенімен, қашан жағалауға
жеткенше бойынан үрей тарқамай қойғаны рас-ты. Шалқар
мұхит баяу толқынданып жатып та үркіте алады екен, өріндегі
әрбір өзгеріске жасқана қараумен болып еді, дүниені топан су
қаптап кеткендей серги алмай қойған.
Басын көтеріп түзеліп отырды, Шамды ағаш дайындау
шыдан сатып алған ағылшын қожайынының өзіне жасаған
жақсылығын ойлап, оған тәңірден шарапат тіледі. Бұл үшін
жер бетінде одан мейірімді адам болмақ емес. Сәйгүлікті
қолына түсірген соң мұны ескерусіз тастап жүре берсе не істер
еді, ал ол ұмыт қалдырмай, түрмеден босатты. Содан кейінгі
кезде де жәбір көрсеткен жері болған жоқ, көзінің қырын
салуға арланбай, мұнтаздай етіп киіндірді, тіпті түнемелік
баспана да тауып берді.
Мейірімді қожайынның терісі кең ғой, Шам оның айт
қанынан қайтпайтын бірбеткей інісін алып қашып, айдалада
жығып кеткен күнгі дүрбелеңнен кейін де бұған кейіген жоқ,
сәйгүлікті өзі күтіп-баптап жүрді. Жүйрік қоңданып, жал
біткен соң бір мезгіл ерттеп мініп, жаңа жердің шалғынды
жазығын еркін аралайтын. Агба тумысында мұндай шұрай
лы өлкені көрмеген болар, кең жазық сыңсыған шүйгін, биік
өскен бітік шөп аттың бауырынан келеді, сылдырап ағып
жатқан тайыз өзектердің өңірі гүлге оранған, жұпар иісі өткен-
кеткен қиындықтарыңды біртіндеп ұмыттырып, көкейіңде
ШЫҒАРМАЛАРЫ
күмбір-күмбір күй өреді, ұлан жазықтың кең бітіміне жара
сымды асқақ ән тауып, маңайды жаңғырықтыра шырқай
бергің келеді.
Ен өңірдің сәл биіктеп, жайдақ белге ұласар тұстарынан
ойдым-ойдым тал көзге түседі, әдетте солардың ішінен бас
талатын суы тастай мөлдір бұлақтарға ат басын бұрмай тұра
алмайсың, соқпай кетсең күнә болар еді, өкінер ең. Оларға
таялғанда Шам да желпініп, еспе аяңға көшеді, сол кезде бұл
ерден қарғып түсіп, сәйгүлікті еркіне жіберетін. Ат салып
ұрып бұлаққа барады да, кәусар суды бүйірі шыққанша сі
міреді, жағасындағы көк өрім құрақты бырт-бырт жұлып,
қайтатын уақыт жеткенше жерден бас алмай жайылады.
Бұлақ етектегі шүйгінді жазықты аралап барып өзекке же
тіп жығылғанша, сылдыр-сылдыр сыр шертумен болады.
Төңірегінде ұшып-қонған сан алуан құстардың әні айналаға
тамылжи таралып, төбеңде төңкерілген ашық аспанда жүз
деген күміс қоңырау самал желмен сыңғыр-сыңғыр тербе
леді. Еріксіз көкке қарайсың. Жанарың жазғы күннің өткір
сәулесіне шағылысып, көз алдыңда түрлі-түсті ұшқын жал
қындайды.
Агба кейде-кейде ойдым-ойдым тұлпардан да әрі барып
жүрді, Шамды сар желдіріп, сүйір шоқының төбесіне көтеріл
се, бар маңай алақанға салғандай айқын көрінеді. Алыстан
доғал жоталары жайылып жүрген алып, тағы өгіздерге ұқсас
биік тау қол бұлғайды, оған дейінгі аралықты біресе қазан
шұңқырлана ылдилап, біресе қайқаң етіп қайта көтеріліп
толқындаған көгорай алқап алып жатыр. Оң қол жақ беттен
жағасы жайдақ, ені тай шаптырымға жуық дөңгелене қал
ған айна көл жалтырайды, соның арғы жақ кемерінен аппақ
еңселі сарай бой көтерген, шалғайдан қарағанда айдында
баяу жүзіп бара жатқан желкенді кемеге ұқсайды. Ол мұның
естуінше, мейірімді қожайынның мекен-жайы, талай ғасыр
дан бері тұрған көне қамал. Кейін қайта салынған деседі, бұл
маңда онымен бақ таластырып, сәулетін асыратын терезесі тең
ғимарат болмаса керек.
Сол қол жақ қапталда мұнаралары көк тіреген үлкен шаһар
мен мұндалайды, оны көргенде Агбаның жүрегі дір ете қал
ды, француз еліндегі қалада өткен қияпат күндері жадында
АЛДАН СМАЙЫЛ
ұлардай шулап, ай даланы азан-қазан етеді, шалғынды, ай
на көлді, ойдым-ойдым тоғайлы өңірдің құты қашқандай
болады. Тал түстегі сағым іргесін шайқалтып, бірде ауаға
қопарыла көтеріліп, бірде теңселіп барып түзелген шаһар қара
жердің қыр омыртқасын күтір-күтір үзіп, өзіне қарай жыл
жып келе жатқандай шошындырады.
Шам ауыздығын қарш-қарш шайнап, төмендегі жазық
пен жарыса жүйткіп жөнелмек болады, тізгінді сүзе тартып,
сабырсыз тыпыршиды, бір орында дөңгелене шыр айналып,
Агбаның тағатын таусып бітеді. Тақымды қысып қалып,
тып-тыныш даланың төсін сәйгүліктің тұяқ дүбірімен жаң
ғырықтырғысы келеді, ұлан өңірді кесіп өтіп, алыстағы биік
таудың өгіз жонды жотасынан қарғып өте шығуға барымен
ынтығады. Одан да әріге құлаш ұрып, қияндағы кемерге
іліксе, ен жазықпен жігі білінбей астасқан даңғыл аспанға
құлдырай өрлеп, заңғар көктің күмбезін дүңгірлете биіктеп
жүре берер, сол биіктен бұйра-бұйра ыстық құмы толқындан
ған сахарасы қара танытар.
Бірақ ат қолтығы терлемеуі керек, бұларға қатаң ұғын
дырылған заң осы, ол қағида бұзылса, қайтып Шамның қа
расын көру-көрмеуі екіталай. Жүйріктердің ащы тері жирен
сақал шабдар шал мен тыриған арық сарының көз алдында
ғана алынады, мұны шабандоз атаулы құран сөзіндей жат
тап алған. Агбаның осындай бақытты шақтары күздің жазға
бергісіз тамылжыған күндеріндей созыла берді.
Бір күні Шам бәйгеге қосылатын болды, шабандоз мұның
өзі, енді ше, ерен жүйрік арғымақ одан басқа тірі пендені ерге
отырғызбайды ғой.
Сәйгүлік арнайы жаратылмаса да киіктің лағындай ойнап
тұрған, әрі кетсе он шақырымнан аспайтын ат жарыс күндік
жерге шапқанда түгі жығылмайтын Шамға бұйым болып па?
Тек тұлпардың жолдасы қыдыр болғай...
Тәк бәйге жолында сүріндіре көрмегей...
Шалғайда сынға түскен арғымағын қасиетті туған то
пырағының аруағы желеп-жебегей...
Бәйге ертең болады деген түні Агба көз ілмей, іштей кү
бірлеумен болды, көкірегінде бір ғана тілек, оқыған дұға-аяты
таусыла келіп, соның әуенімен өз жүрегінің лүпіліне ұласып,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жалғаса берді. Түрмедегі ауыр күндерде тапқан, қанға шым-
шым сіңген әдетімен ескі мақамға салып алып, ұзын-сонар
ойлардың ұршығын иіреді де отырады.
Кіндік қан тамған топырақ,
Төсіңде өнген төліңді
Өгейсімес болсайшы,
Алыста қалған ұлыңды
Желеп-жебер болсайшы,
Сахарадай шөліңді
Көріп барып өлер күн
Тезірек туар болсайшы.
Тұлпардың тауын шаққан күн,
Тағзым еттім табыңа,
Қасарыспай батсайшы.
Шам сынды қайран сәйгүлік
Арқырап келіп бәйгеден
Ағыл да тегіл көз жасы
Жүзімді жуып жатсайшы,
Жүзімді жуып жатсайшы...
Ертеңіне жирен сақал шабдар шал бастаған бес шабандоз
күн көтеріле атқа қонып, қозы өрісіндей жердегі шаһарға
келді. Бәйге қаланың шет жағындағы ашық далада өтеді екен,
сайыс басталардан едәуір бұрын жеткен бұлар сәйгүліктерін
тынықтырып, жарыс жолының әрбір бұрылыс-мүйісіне көз
қанықтырып біраз жүріп қалды. Шабдаршал Шамнан үміт
күте қоймайтын сияқты, көбіне басқа жүйріктердің маңынан
табылып, Агбаға таялмай кетті, бұл қылығын көңіліне алып
жатқан араб жоқ, оның басыбайлы малайдан артықшылығы
шамалы бола тұрса да, қайдағы бір төменгі нәсіл, тағы арабпен
тілдесуге арланатынын қайдан білсін, түс қайта үшеу-төр
теу болып келе бастаған аттарды көріп, бәйгеге қосылаты
нын сезе тықыршыған арғымағын тыныштандырумен жүр.
Шам талай айдан бері ат шабысқа қосылмай келгенде, ырду-
дырду егеске түсетін күнді тұлпар аңсаумен сағынған секілді
ерекше құлпырып кетті, қос жанары шырақтай жанып, тал
бойын дүлей күш-қуат кернеп бара жатқандай қолды-аяққа
АЛДАН СМАЙЫЛ
тұрмайды,
маңайына
таялған
жүйріктерге
жақтырмай,
қиястана қарап, тап-тап бермек болады. Бәйге жолын жеке-
дара билеуге құлшынып, ат атаулыдан талағы тарс айырыла
қызғанғандай ызалы.
Агба басқа аттарға қараса, өрекпіген көңілі пәс тартады,
кілең күпшек санды, сіңірлі, алымды сәйгүліктер сайдың
тасындай екшеліп, көз сүріндіреді, ауыздықтарын қарш-
қарш шайнап, құтырына жер тарпып, шабандоздарды ала-
ала қашқанда, садақтың оғындай суырыла жөнеледі, көктен
түскен пырақ па дейсің. Әсіресе жасы өзі шамалас, жағы
суалған арық шабандоздың астындағы тұрқы есік пен төрдей
көктің аяқ алысы ерекше, жануар ерен шабыстың ғана емес,
егесті намыстың да жүйрігі болуы керек, құлағын жымып
алып ұрынарға қара таппай жүр. Дәл қазір басын бос қоя берсе,
тау-тас демей арындай ұмтыла жөнелуге дайын, әредік аспанға
шапшып, арқырап-арқырап алады.
Агба мұнда танабы жер қуырған өңшең арғымақтың жи
налғандығына шүбә келтірген жоқ, олар жігерін жасыта
да қоймады, көңіліне бәйге аралығының хас жүйрік үшін
күрмеуге келмейтін жіптей қысқалығы күдік ұялатады,
бар-жоғы он екі шақырым. Ондай таяқ тастам қашықтықта
Шамның алқымы да жіпсімейді, бауыры еркін жазылып, топ
аттан суырыла шығып шырқап кететін шын шабысын таба
алмай торығады. Сондықтан бір амалын тауып, сәйгүліктің
бәйгеге қолтығын сөгіп барып қосу керек.
Шабдар шалдың өзін көзіне ілмей қойғанын пайдаланып,
атын жетектеп ұзай берді, елден сыртқары шыққан соң ерге
қарғып мініп жосылта жөнелді, қара топырақты, шүйгінді
даланың төсін сәйгүліктің төрт тұяғына дүбірлете қасытып
шығандап кетті де, кері қарай салды. Осылай екі рет қай
талағанда Шам алапат шабысын енді-енді таба бастап еді, бәйге
алаңына құстай ұшып жетті.
Кешікпей кілең жүйріктер қаз-қатар тізіліп, шабандоздар
ат айдаушының қолындағы бір тұтам кішкентай мылтықтың
атылуын демдерін ішіне тарта күтіп тұрды. Тапанша кенет
тарс ете қалған, сәйгүліктер бәйгеге қосқан иелерінің үмітін
арқаланып, бірін-бірі киіп-жара алға лап қойды. Теп-тегіс
етіліп сыпырылған, аздап су себілген тақтайдай жерге ондаған
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тұяқ дүрс-дүрс тигенде, сабаудың астындағы тері тулақтай
тасыр-тұсыр дүрлігіп жүре берді, алға шығып үлгерген ат
тардың тозаңы бұйраланып өріліп жатыр, айналадағы ел
азан-қазан. Аспанның жолы тасыған судай ағып келіп, аттың
алқымына зу-зу құйылады, маңайдың бәрі жойқын көшкінге
айналған.
Сәйгүліктер алғашқы үш-төрт шақырымды алқымдаған
да, Агба аттардың көбі дыз еткен ұшқыр екенін аңғарды, бір-
бірімен құйрық тістесіп жұптарын жазбай келеді, оң жақ шетті
ала шапқан Шам біраз жерге дейін топтан суырылып шыға
алмады, тек орта жолға іліккен шақта алға оза берген манағы
көк арғымақтың соңынан өршелене ұмтылып, ежелгі құйын-
перен екпінін тапқан.
Агбаға көп аттың алапат екпінімен соққан айдау жел
Шамның бауырына кіріп алып көтере жөнелгендей көрінді,
сәйгүлік қара жердің бетінде ауаны қақ жарып ұшып келеді.
Көкірегіне ып-ыстық жас құйылды, озам деген үмітіне қанат
байланып, арғымақпен қатарласа қалықтап, мәреге қарай
бірге заулап келеді, алып қашпа желік пен арнасын кернеп
бара жатқан қуаныш ет жүректі қақ айырмаса жарар.
Құлдығың болайын, арғымақ,
Арқырап озып бәйгеден
Ағыл да тегіл көз жасым,
Жүзімді жуып жатсайшы,
Жүзімді жуып жатсайшы…
Көкірегі күмбірге толды, қыз-қыз қайнаған желік жер-
көкке сыйғызбай барады.
Көк ат кейіндей беріп қайтадан құйрық тістесті, бәйге өрін
де екі сәйгүліктің өліспей беріспес теке тіресі басталды, шарт
сынбаса қатер-ді.
Биік көк бүктетіле, бүгіле шапты, міне, үзеңгі қағысты,
міне, озып та барады, қол созым жерден тостағандай төрт тұяқ
қара топырақты бұрқ-бұрқ лақтырады.
– Тригер! Тригер! – деп шулады ел.
Сәйгүлік көкті солай атайтын шығар, ол енді құйрық бойы
алда, ал мәреге көп болса екі-үш шақырым ғана жер қалған.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Агба Шамға еркінен тыс қамшы басты.
Артық туған арғымақтың сауыры дызылдап қоя берді,
иесі неге асығады, аттардың шаба жөнелгені жаңа ғана емес пе,
бар күшін қазір сарқып алса, алдағы ұзақ жолда шаң қабады
ғой. Жоқ, қызбалықтың керегі жоқ, бұл онсыз да алдыңғы
лекте келеді, осылай бір сарын сыдыртып отырған дұрыс.
Удай ащы қамшы тағы да тіліп өтті, мұнысы несі, иесі
талайдан бері бәйге төрін көрмей, жан беріп, жан алатын егес
тің жөн-жосығын ұмытқан ба? Шамның қаны басына шапты,
ауыздығын күтір-күтір шайнап, алдындағы атқа өшіге қарады.
Тыраң-тыраң етіп қайда барады, тұяғының астынан ұшқан
түйір-түйір топырақ бетіне тиіп, жынын келтірді. Тоқтай тұр,
енді біраз сілкілескен соң сіңірің созылып, тезегімді теріп
қаларсың.
Ал мәре тіпті жақын қалды, Агба торға түскен жыртқыш
тай аласұрды, қамшыны құлаштай сілтеп, көміп-көміп жі
беріп, тістене жұлынды. Ұрандап аруақ шақыруға тіл жоқ,
Шамның құйқасын шымырлата айғайлап, маңайын дүр
ліктірсе, артық туған арғымақ түлеп сала берер еді, бар қы
жыл-ызасы көкірегінде ғана бұрқ-сарқ қайнады.
Соңғы тиген соққы тым өткір еді, Шам иесінің тектен-тек
ашынбағанын ұқты, тарпаң-тарпаң шапқан көктің соңынан
жемін көрген барыстай жиырыла атылды. Қас қағым сәтте
қапталдасып, үстіндегі шабандоз мұны қамшымен жасқап
үлгергенше алдына да түсті, манадан бері озық келе жатқан
көктің жанары қанталап шыға келді. Бақталасқан, өлердей
өшіккен кекті жанар, намысты қолдан беріп алған долы жү
ректің қадалған жерін шоқтай күйдірген ызалы жанары.
Агба әлгіден бері іш құса қылған күйіктен толық айықпай
жатып, ат үстінде ағыл да тегіл аңырады. Артық туған арғы
мақ екі аттаса, көзден бал-бұл ұша жаздаған ерен ғайып
бақыттың жұмақ әлеміне қойып кетер.
Сауырыңа қамшы батса,
Кешірші.
Жылан қамшы шағып алса,
Кешірші.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Айналайын арғымақ,
Танабың жерді қуырып,
Күншілдің жанын суырып,
Мәреге дара жеткенде,
Сүйінші сұрар жан болса,
Жүректі үзіп берейін,
Жүректі үзіп берейін…
Шам мәреге дейін қалған жарты шақырымға толар-толмас
жерге Агба есін жиып үлгергенше жетті, иесі тізгінді бос қоя
беріп ер үстінде көкке қолын жаяды, еңкейе құлап мойнынан
құшақтайды, желбіреген жалына бетін басып солқ-солқ ете
ді, шауып келе жатқан бетте қамшысын қақ бөліп аспандата
лақтырды. Арғымақ бәйге төрі өзінікі екенін ұқты, мұндай
құлын ойнап өтетін, адымың еркін жазылмайтын да жарыс
болады екен ғой, иесінің әлгінде шыбын-шіркейі шығып неге
тызылдағанын енді ғана түсінді, биік көк мұның емес, бұл
оның тезегін тере жаздаған екен.
Сәйгүлік деген даңқына бұл жолы да дақ түспеген Шам
тізгін тартылмай қойған соң біраз жерге еркін сілтеген, топ
жүйріктен озған аруақты сәттің желігімен жал-құйрығын
салқын самалға таратып, тағы да егесті шабыс тілеген, ар
тынан шыққан қиқу одан сайын құтыртып, қанаттанып алып
еді, алдынан жалтырап көрінген, салынды иісі шыққан өзенге
қарай құлдырады. Алдымен жеңіл күймеге одан кейін зіл
дей сықырлауық арбаға жегіліп сағы сынған, жазықсыздан-
жазықсыз жонына қамшы үйірілген, бір түп көде аш қарын
ның күндіз-түнгі арманы болып тілін тістеткен, аламан ат
шабыс көзден бал-бұл ұшқан қиямет күндердің әлі де жа
дынан кетпейтін тауқыметін артқа тастап, қара танытпай
кету үшін де барын сала құйғытты. Бәйге дала біржола кү
дер үзгізе жаздап, өткендегі қиқулы шақтарын түсінде де
сағынған, келмеске кеткен сол тамұқ кездің елесі де қалмауын
еліте тіледі, еске түссе көкірегін сырқырай сыздататын қор
лық-зомбылыққа егесе, өршелене жүйткіді. Қарсы соққан
екпінді жел жанарынан жас ағызып, көз алды қараң-құраң
бұлдырайды, аспанның асты аузымен құс тістеген сәйгүлік
тің тұяқ дүбіріне толып, дүңгір-дүңгір жаңғырығады. Енді
бұған өзенің де бөгет емес, қарғып өте шығар, тұяғы да су
АЛДАН СМАЙЫЛ
иіскемес. Тізгін қиыс тартылғаны несі? Қиғаш бұрыла берді,
қарсы шапқан үш-төрт аттың жанынан екпінімен құйын үйі
ре өте шықты, алдында жаңағы бәйге жолы теп-тегіс болып
жазылып жатыр.
Аспан да, жер де у-шу, арғымақ елдің өзін дәріптеп, көкке
көтеріп жатқанын сезді, көптің көзін арбай түскісі келіп,
аяғын билеп басты, жаңа ғана өзін тақыр жерге отырғызып
кете жаздаған биік көкті көргенде, одан әрі құлпырды. Иесінің
ырқына көнбей, оны әдейі жанамалай жүрді, қатарласа беріп
жүрісінен жаңыла жаздады. Аршынды, шоқтықты жүйрік
тің түгі жығылып, жанарынан нұр тайыпты, астыңғы ерні
салбырап, жүнжіп тұр. Намысқой сәйгүлік мәреге бұрын жете
алмай, күйіктен өртене жаздағанда, өзіне де, бұған да кекте
ніп, бойынан жігер атаулы қопарыла көшкен, құр сүлдері
қалған.
Айнала у-шу, қаптаған жұрт озған жүйрікті қолпаштайды,
шаң жұтып қалғанның онсыз да күпті жүрегін жаралай бе
реді, қашан да осылай, бүгін шашбауыңды көтерсе, ертең
талай бәйгеде айызын қандырғаныңды оп-оңай ұмытып, та
балаудан тайынбайды. Тек есе жібере көрме, бағы тайған
жүйріктен жабы артық.
Агба жирен сақал шабдар шал тұрған жерге келіп тоқта
ды, аттан түсісімен серіктес шабандоздар жеңісімен жапа-
тармағай құттықтап, қоршай кетті. Жан-жақтан қараған
жанарларда қызғаныш табы жоқ. Шабдар шал ғана состиып
тұр, бір кезде қарсы жүрді де, Шамның мойнынан сипап, ие
сіне көз салмастан өте шықты. Агба оның бұл қылығын елей
қоймаған, артық жаратылған арғымақтың алдында басын
исе, тұлпар туған топыраққа да ізет еткені. Жат жерде өткен
сұрқай күндерден соң бәйге өрінде намысын тұяқтыға тап
татуға хақысы жоқ. Шам мәреге жеке-дара суырылып кел
ген сайын мәртебесі арта берер, кекжиген кесірлі бастар мен
көріктей ісінген кеуделердің алдында сағы сынбас. Бүгін
Агбаның бағын жандырып, арғымақ қайта туған күн.
Шабдар шал сонадай жерде тұрған мырзаларға қарай ке
тіп барады. Олардың арасынан қожайынды көріп қалды, жа
нындағы сұңғақ бойлы адамға шүйлігіп алған, дауысы қатты
шығады. Екеуінің арасында қызу дау бар секілді, шабандоздар
да сол тұсқа беттеді, Агба соңдарынан ілесті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Таяу келгені сол-ақ екен, мырзалардың көзі жетегіндегі
Шамға қадала кетті. Діндар араб арғымаққа олардың сұғы өтер
ме екен деп қорықса да тұра берді.
Сұңғақ бойлы мырза жанындағыларға сөзін мақұлдата
сөйлеп, аттың жанына жетіп келді, дауысы ащы, шаңқ-шаңқ
етеді.
– Міне, қараңдар! Бәрің де көріңдер, ат таныған адамға
айдан анық ақиқат. Енді не дау айтар екенсіңдер.
Бұрқылдап-бұрқылдап алып, Шамның тұла бойын тінт
ті, тұяғынан бастап шоқтығына, мойнынан сауырына дейін
қарыстап өлшеп жатыр.
Агба түк түсінбей аң-таң.
Сұңғақ ағылшын енді тізгінге тап берді, қолынан жұлып
алып Шамды қожайынның алдына жетектеп апарды да, бұ
рынғысынан бетер шаңқылдады.
– Мынауыңның тұрқы таза қанды ағылшын жылқысынан
екі қарыс қысқа, мойны сәл ұзын. Ал сирағына қарашы, жіп-
жіңішке қу таяқ дерсің, сауыры, алқымы етсіз. Барлық бітім-
тұлғасы мен мустангымын деп айғайлап тұр.
Қожайын Шамға бажайлап қарап, дауласа жөнелді.
– Тіпті ауа жайылып кеттің, қайдағы мустангының құла
ғын шулатып тұрсың. Бұл Франциядан келген ат, Еуропаның
өз төлі, жылқының тегін танымайды екенсің, буынсыз жерге
пышақ салма.
– Қайдан келіп, қайдан алынғаныңда жұмысым жоқ,
ал индеецтердің жабайы мустангысы екендігіне құдай куә.
Ондай атты таза қанды ағылшын сәйгүліктері ғана қосыла
тын бәйгеге алып келу, кешірерсіз, көз бояушылық, қымбатты
лорд.
– Сен, құрметтім, әдептен асып барасың, сөзіңе есеп бере
сөйле. Мустангыны түсіңде де көрмеген боларсың, ендеше,
қалай айырмақсың?
– Неге көрмеймін, ұлы мәртебелі королева Елизавета
анамыздың ұлан-ғайыр шалғындықтарының бірінде мустан
гының тура бір үйірі жайылып жүр.
Лорд аппақ қол орамалын алып бетін бипаздап сүртті,
Шамға, сұңғақ мырзаға кезек қарайды.
АЛДАН СМАЙЫЛ Агба түкке түсінбей дел-сал, даудың тұтануына сәйгүлігі себепкер сияқты, тағы да қандай қырсық айналдырғалы тұр ғанын кім білсін. Осы кезде көзі шүңірейген аппақ құдай шал атты айналды ра қарап, біраз шұқшиды. Басын шайқап, таңдайын қағады, алысырақ барып еңкейе үңіледі, көзіндегі шынысын бір алып, бір киеді. Елдің бәрі соның қимыл-қарекетін аңдып, тымтырыс бола қалған. – Мырзалар, қымбатты лорд пен герцог, мені бәрің жақсы білесің, әлдекімнің көңілі үшін көлгірси сөйлеу, жалған айту маған жатқылық. Ал Лондонда жылқы жайын менен артық таратып беретін адам және жоқ. Жұрт әлі тым-тырыс. – Ендеше, айтқанымды ақиқат деп қабылдап, екі жақ та тәк тұратын болсын. Лорд та, герцог та басын изеді. Ол королева мен атақты әскер қолбасыларының қолына талай сәйгүліктердің түсуіне себепкер болған сұңғыла еді, соның жөн сілтеуімен Англия әлемнің біраз жерінен жиналған үйір-үйір арғымақтардың мекеніне айналған. Қарт ақ сүйекке қарсы тұратын шама жоқты. Шал Шамның кекілін сипады. – Мырзалар, бұл мустангы да, европалық жылқы да емес, арабтың шөл даласында өсіп-өнген тұлпардың нақ өзі. Әлемде сахарада жортқан жылқыдан жүйрік қылқұйрық табылмайды. Қолыңа дүлдүлдің тура өзі келіп түскен екен, құттықтаймын, лорд. Годольфин сәл иіліп, қошемет көрсетті. Шал сәйгүлікті тағы да асықпай сүзіп шықты. – Ал енді бәйге мәселесіне көшейік, ұлы мәртебелі коро леваның өзі берген жарлыққа сүйенсек, ат жарысқа ағыл шынның таза қанды арғымақтары ғана қосылуы керек. Дүниенің тең жарымынан астамын билеп тұрған даңқты еліміздің сәйгүліктері де ерекше құрметте. Бүгін де, ертең де, ғасырлар бойы әлемде Ұлы Британияға қатысы бардың бәрі үстем болады. Жарылқаушы анамыз осыған дейін ойлап, өлшеп-пішіп берген. Мына жүйрік енді қайтып біздің көзімізді ерен шабысымен қуанта алмайды. Аянышты, әрине, бірақ заң солай. Қымбатты лорд, қынжыласың да көнесің осыған.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ал бәйге қашан да озғандікі. Герцог, сен Тригердің са
ғын сындырған тұлпардың дүлдүлдігін сыйла, құрметті Го
дольфин, сен осындай сәйгүлікті бауырынан жарата білген ана
шабандоздың бейнетін бағала, мен жүлдені соған қидым.
* * *
Агба жайлап көшіп бара жатқан көлеңкеге қарай ысы
рылып отырды, күн ыстық. Қарсы беттегі ат қораның төбесін
де бір үйір көгершін қонақтапты, оларды күзетші көрсе мыл
тығын үсті-үстіне атып үркітер еді. Бұл маңайға сәйгүліктер
мен адамдардан басқа тірі мақұлық жоламауға тиіс, жұқпалы
індет таратса, арылуың қиын.
Жирен сақал шабдар шал қорадан арғымақ айғыр Гобгоб
ленді жетектеп шықты, сірә, желдіртіп, қанын таратпақ бол
ған ғой. Айғыр арқырап үйір іздеді, шалды омырауымен соғып
жіберіп ата жөнелген. Ол тәлтіректеп барып, арғымақтың
мойнына байланған арқанның ұшынан ұстап үлгерді, әлемді
жалқыны тоқтата алмай, сүрініп-қабынып дедектеп барады.
Табанын жерге тіреген болып еді, желік билеген Гобгоблен
дырылдата сүйреді де, етпетінен түсті.
Агба көмекке барудың қажет екендігін жақсы білгенімен,
орнынан қозғалған жоқ, өзін көрсе тыржиып жақтырмай өте
шығатын кесірлі неменің пұшайман халіне алаңдай қойма
ды. Егер айғырдың алдынан жас жігіт Джек шыға келмегенде,
шабдар шал арғымақтан айырылатын еді. Одан кейін құры
ды дей бер, үйірсек Гобгоблен дуалдан бір-ақ қарғып, өріске
тартып отырады, үйірді тауып алса, жын-ойнақтың көкесін
сонда көресің. Айғырсымақ тай-құнан мен бие дегеннің не
екенін ұмытқан аттарды тым-тырақай қуып, бездіріп жібереді,
жеткенін қасқырша талап, тіпті мертіктіруден де тайынбай
ды. Көзі қанталап, осылай құтырынып алғанда, жылқышың
оған бұйым емес, соңына түсіп қалмай қойса, әрі-беріден соң
астындағы атына ауыз салады.
Гобгоблен, міне, осындай аты шулы адуын айғыр.
Бір рет қапылыста босанып кетіп, өріске арқырай шауып
жөнелген, аттарына жапырласа мініп, тұра қуған шабандоз
АЛДАН СМАЙЫЛ
дар шаңына да ілесе алмай қалды. Шам мен Агба ғана ұзатып
барып жетті, бірақ бұғаудан зорға құтылған айғырдың бұлар
ға көнетін түрі жоқ екен, қайыру бермей, ақыры жайылып
жатқан жылқыға қырғидай тиді. Үйірді шоқтай иіріп алып,
айнала шабады, жылқышы сығылыса бұлтақтаған топ биенің
ортасында қалып қойды, үрейі ұшып, үсті-үстіне айғайлайды.
Агбаның қолында қамшы да жоқ болатын, ал құр қол
қуғыншы Гобгоблен үшін жанды қуыршақ қана. Арқырап-
арқырап алып, жирен байталды үйірден бөле қуды, адуын
айғырдан
зәресі
қалмай
қорыққан
байғұс
бұлталақтап
жалтарып көруді де ұмытып, құба далаға безе жөнелген. Екі
иығын жұлып жеген періге де керегі сол емес пе, соңынан
жүйткіп барады, қуғыншы-қиқушыдан, жат көзден оңаша
алысқа айдап барады.
Басынан қалпағы ұшып кеткен Агба соны тауып алып,
Шамға қайта мінгенше айғыр мен байтал сағымға оранып
көзден тасаланды, әйтеуір, жөнің осы ғой деп шаба берген.
Біраздан кейін теп-тегіс жазық майда белдерге ұласып, тол
қындана бастады. Гобгоблен мен байтал ұшты-күйлі жоғалған,
атты тоқтатып, тың тыңдап еді, тұяқ дүбірі де естілмеді, қай
жонның астында қалғанын біліп көр.
Бірақ іздей беру керек, айғыр зым-зия болса, қожайын
ызадан жарылып өледі. Гобгоблен ол үшін аса ардақты. Ай
ғырдың қорасын әшекейлеп, көркемдеп баққаны соншалық,
табалдырықтан аттасаң, бекзаданың сарайына кіріп кел
гендей еріксіз қалт тұра қаласың. Қабырғалардың бәрі сұр
ғылт мәрмәр таспен безендірілген, есік-терезенің өзінің
құны бір қыздың жасауына жетерлік, қызыл ағаштан жа
салған жақтаулардан неше түрлі жылтыраған тастарды,
күміс, жез өрнектерді көресің. Жас шабандоз Джектің түсін
діруінше, есіктің алтын жалатқан тұтқасын сатып алу үшін
бұл королеваның сарайындағы кенесшілердің бір жылғы
жалақысындай ақша табуы керек.
Гобгоблен, міне, осындай қадірлі арғымақ.
Ал қазір ол Шам екеуін сарсаңға салып, көзге түспей қой
ды, екі-үш белден асқан соң дағдара бастады, құр сандал
ғаннан не өнеді, бірақ кері қайтудың де реті жоқ. Атын аяңға
көшіріп, айналасына жалтақтап қарап жүре берді. Мұндай
ШЫҒАРМАЛАРЫ
астындағы жылқының септігі тимесе, өзіңнен қайыр шамалы,
ол қыр астындағыны сенен бұрын сезеді, тізгінді бос қоя берсе,
бәлкім, айғырдың үстінен түсірер.
Айтқандай-ақ, Шам иесі ерік берген соң, оң жақ қапталда
томпайған аласа төбеге қарай желе жөнелді, құлағын қайшы
лап, тура тартып келеді. Таялған кезде айғырдың оқырағаны
анық естілді, Агба қуанып кетті. Әңгі айғыр байталды қашан
ға дейін қусын, көзден тасаланысымен-ақ тоқтаған ғой. Әне,
өздері де көрінді.
Гобгоблен манағы пері қылығынан айығыпты, байталдың
сауырына тұмсығын үйкелеп жайбарақат тұр. Жиреннің де
одан қорқатын түрі байқалмайды, жорта жақтырмағансиды.
Ойда жоқта состиып шыға келген аттылыны көргенде құла
ғын жымитты, жерге басын салып жайылып жүрген сыңай
танытты.
– Әй, шатақ Гобгоблен-ай, ақыры дегеніңе жеткен екенсің
ғой.
Агба екеуін орағытып келіп жылқы жаққа қарай айдады.
Осындай қияпаттығы бар айғырды Джек пен шабдар шал
зорға тыныштындырған, қазір ол ерекше күтімде, біраздан
бері бәйгеге де қосылған жоқ. Сұңғақ ағылшынның (қарғыс
атсын оны, Шамның жолын кесіп, ат жарыстың маңына
жуытпай қойған сол ғой) Тригерінің тауын шағып, мәреге ылғи
бірінші келе берген жүйрікке басқа үміт артылған.
Таяуда қожайын ұшқырлығы бүкіл Англияға белгілі бол
ған қулық Роксананы қыруар қаржыға сатып алды, иесінің
бұл саудаға қалай тәуекел еткендігі белгісіз, сірә, ақшаның
зәрулігі өтіп кеткен шығар, әйтпесе, ұшқырлығы сонша,
өткен жылы ұлы мәртебелі королева қатысқан, кейін ел
аузының суы құрып ұзақ уақыт айтып жүрген Гобгобленнің
өзін артқа тастап, мәреге жұлдыздай ағып жетті. Сірә, таза
қанды ағылшын жылқысынан әзірге мұндай тұлпар туа
қоймаса керек. Джектің ұғындыруынша, ол атылған оқты да
қуып жететін қанатты пырақтың не өзі, не соның о жақ, бұ
жағындағы айрықша жаратылған арғымақ, басқа ештеңе де
емес.
Роксана, шындығында да, жұтынып тұр, аздаған ғана бас
асаулығы бар, онысы өз қадірін білгендігінің белгісі сияқты,
АЛДАН СМАЙЫЛ
жалынан еркелете сипасаң тез тыншиды. Денесінде артық ет
жоқ, қазанат қалпын жоғалтпайды, ылғи билеп басып, ойнап
тұрғаны. Аясы кең жанары мөлдіреп, жан-жағына қос құла
ғын үкідей тігіп қарағанда, жылқы емес періштені көргендей
сүйсінесің.
Қожайынның есебінше, арғымақ Гобгоблен мен ерекше
жүйрік Роксанадан кілең тұлпар туатын болады, арада бірер
жыл өткенде оның жылқы заводының даңқы бүкіл әлемге
жайылады, сәйгүліктің құлынын сатып алу әрбір қалталы
мырзаның арманына айналды, Годольфиннің есімі дүниені
шарлап кетеді.
Ал Шам әлдебір кесірлі үкімнің құрбандығына налып,
осылай тасада қала бермек, алалағаны аздай-ақ, малға даралап
таңба басқан елдің жүрегін жұмыр басты пендеге тән сезім
емес, есірік желік пен көрсоқыр менмендік қана билейтін
болар. Агба мұндай кесепатқа душар боламын деп ешқашан
да ойламаған, әлі де сенер-сенбесін білмей, кейде өзін қоярға
жер таппай дағдарады. Бар ермегі де, таянышы да шалғынды
жазық дала, ойдым-ойдым бұйра тал, сыңғырлап аққан кәусар
бұлақ, сонан кейін артық туған арғымақ Шам мен бұйра-бұйра
құм белдері толқынданған сахараға арналған сағынышы.
Шабдар шал мен Гобгобленді тыныштандырып жатқанда
қожайын көрінді, астындағы бурылды тайпалта жорғалатып
күтпеген жерден жетіп келген. Айғырмен алысқан екеуге
таяла тоқтап, ат үстінен сөйлесті.
Джек қораға қарай жүрді де, жолай Агбаны көріп, өзіне
шақырды, «Атыңа мін, шаруа бар», – дейді ымдап.
Араб қораға кірді, оқыранып қарсы алған Шамға қалтасы
нан бір түйір қант алып берді.
– Шалғынды жазыққа асығып тұрсың ба, қазір оған да
жетерміз, аздаған шаруа бар сияқты, соны бітірген соң боспыз.
Шамды ерттеген жоқ, жүгендемеді де, қайыс ноқтасының
қысқа шылбырынан жетелеп, сыртқа шықты. Сәйгүлік бұған
ауыздықсыз-ақ тәк тұрады, тіпті ерттеп жатудың да қажеті
шамалы, күйлі аттың арқасы тақымға батпайды.
Қожайын мен шабдар шал, адуын айғыр ауладан көрінбей
ді, шамасы далаға қарай кеткен болуы керек. Қораның түкпір
жағынан Роксананы жетелеп Джек шықты, Шам қулыққа көзі
ШЫҒАРМАЛАРЫ
түскенде шоқ басқандай әлек болып, Агбаны айнала аласұрды,
жұлып кетер деп қауіптенген араб үстіне қарғып мінді.
– Тыныштал. Роксана саған бұйырмайды, босқа шаршама.
Шам иесінің қақпайлағанына көнгісі келмей, қулыққа
қарай сырғақтай берді, ақыры қатарласа жүріп барып сәл
тыншыды. Джек өзгеріп, түгі жылтырап шыға келген жүйрікке
күле қарап басын шайқады.
– Байқа, Гобгоблен қырындағаныңды сезіп қалса оңдыр
майды. Оның қаһарына ұшырай көрме, бетін аулақ қылсын.
Шарбақтың қақпасынан шыққанша Агба Джектен не
істейтіндіктерін сұрап үлгерді.
– Бүгін неке тойы, арғымақ айғыр мен сәйгүлік Роксана
отау тігеді.
Одан кейін білгені: осы жерден бір шақырым шамасында
айналасы алыстан жақсылап қоршалған бұлақты шабындық
бар, күйеу мен қалыңдық соның ішіне еркін жіберіледі. Біраз
күн мықты күзет қойылады, тіпті лордтың өзі қарауылмен
бірге болмақ.
Қожайын мен шабдар шал, атқа мінген тағы үш шабандоз
бұларды асыға күтіп тұр екен, бәрі әлгі шабындықты бетке
алып, тартып кетті. Еспе аяңмен отырып, кейде желе жортып,
межелі жерге тез жеткен. Шамға жайдақ міне салған Агбаның
тақымы ысып, аттан елден бұрын түсті.
Қоршаудың құлыптаулы үлкен тақтай қақпасы бар екен,
шабдар шал қалтасынан бір топ кілт алды да, шықырлатып
бұрай бастады. Ішке әуелі қожайын кіріп, атын тайпалтып
әрлі-бері жүрді, содан кейін Роксана енгізіліп, жүгені сы
пырылды. Гобгоблен босатыла сала қоршауға өзі ұмтылған,
әпербақандығы ұстап кетті ме, әлде қулықты бірден ырқына
жығып алмақ па, құлағын жымитып қуа жөнелді. Сол-ақ
екен, жер тарпып тыпыршып тұрған Шам Агбаны алқымымен
қаға ұшырып түсіріп, екеуінің соңынан шапты.
Араб тұра сала ышқына жүгіріп еді, шабдар шал жекіріп
тоқтатты, аттарына міне берген шабандоздарды да тыйып
тастады. Ол Гобгобленнің Шамды шырқыратып қайта қуып
шығатындығына кәміл сенген болатын, лорд та солай ойлады
ма, тұра қумады.
Гобгоблен артынан дүбір шыққанда қайырылып қарай
қоймаған. Аттылардың біреуі шығар, олардың осылай жан
25-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
дайшаптанып, орынсыз килігетіні несі екен. Е, мейлі, жал
пылдап шаба берсін, мұны енді сауырлы қулықтан айырып
алу қиынға түсер. Ерегіссе, астындағы атын үркіте қуып,
бездіріп жіберуден тайынбайды, содан кейін Роксана екеуі
құла түзге қатар шауып шығандап кетеді, айдалада бұла сезім
ауыздығымен алысады.
Тұяқ дүбірі жақыннан естіле бастады, адуын айғырды
көзсіз қызғаныш пен хайуанға тән дүлей ыза буып алды.
Қашанғы шыдауға болады, қуғыншы адам ба, мал ма, енді
айырып жатудың қажеті жоқ, бетін қайтарып тастау керек.
Сауырлы, жоны жұп-жұмыр қулықтың көз алдында соңында
ғы есірікке айбат шекпей қаша беру де қорлық, айғырлығын
танытып қойғаны дұрыс, бие атаулының арқыраған айбат
пен тасқа шапса жүзі мұқалмайтын өжеттікті күтіп тұратын
түсініксіз құштарлығы бар.
Жел жайып жіберген жал-құйрығын қобыратып, шауып
келе жатқан бетінде қиыс бұрылды. Мынаған не жоқ, ат қо
раға кіріп-шығып жүргенде анда-санда көзіне түсіп қалатын
тәпелтек күрең өңмеңдеп келеді. Жаманыңнан мұндай да
өнер шығады екен ғой, сор түрткен байғұс, ажалыңнан бұ
рын өлейін деген екенсің. Қазір сүйріктей мүсінді қулықтың
алдында абыройыңды айрандай төкпесем, арғымақ Гобгоблен
атым өшсін.
Қара жерді қаһарлана тарпып-тарпып алып, тұяғы тиген
түп-түп қияқты тамырымен қопара атты, көзіне шалынған
бір уыс аспан, шөкімдей бұлт, шалғынның үстіне қалбаңдай
құлап, жемін ілген жыртқыш құс, бұрқ-сарқ еткен ашу-ыза,
күреңнің қаймықпай қарсы ұмтылуы – бәрі зығырданын
қайнатты. Таяқ тастам жерге жетіп қалған айғырға күркі
рей атылды, талай құнан, бестілерді бір қаққаннан мұрттай
ұшыратын оралымды әдіске салып, күреңді кеудемен соғып
өтуге бекінді, одан кейін қайта тістесе кетуге дәті қалай шыдар
екен.
Шам Гобгобленнің айласын бірден біле қойды, бұлт етіп
жалтарып, сүйегі ауыр айғыр оралып үлгергенше сауырына
азуын салып қалды. Денесі білеу-білеу шандыр ма, тісі тайып
кетті, жонына дейін бунақ-бунақ бұлшық ет, қапы кетіп ал
қымының астына түсіп қалса, мертікпей құтылу екіталай.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қайтадан жалт-жұлт бұлтарып, тізеден, не шоқтықтан ауыз
салатын ұрымтал тұсты аңдыды. Адуын неме мұның жай
оғындай шапшаң екендігін аңдамай, бүйірінен түре тиіспек
болғанда, өкпе тұсынан сілейте теуіп кетті. Үйелмендей жа
уының іші қорқ ете қалды, осылай екі-үш рет қапысын тап
са, қатты тиген соққылар шалт қимылдауға мұршасын кел
тірмейді, қимылы баяулай береді. Одан кейін бетпе-бет айқаса
кетуге тәуекел етіп бір байқар.
Анадай жерде Роксана екеуіне үрке қарап тұр, жанары
жасқаншақ, қорқа ма қалай? «Шам, өркөкірек, озбыр пәледен
құтқар», – дегендей-ау бұған. Енді аянар не бар?
Гобгобленді бүйіріне тиген тұяқ өшіктіре түспесе, жас
қандырған жоқ, қаша ұрыс салған күреңді қасқая қарсы қарап
тістесетін айқасқа шақырып алдын орай берді. Айғыр екені,
қулықтан дәмелі екені рас болса, бәтшағар неге теке тіресе
кетпейді, қуыс көкірек, көке-жасық неменің бұлтара беруін
көрдің бе. Тоқтай тұр, азуым жалыңа, не сауырыңа бір тисе,
шөкеңнен түскеніңді білмей қаларсың, одан кейін жығылған
да шайнамайтын айғыр сертті ысырып қойып, ендігәрі кісі
неген жерімде қалтырап қоя беретін су жүрек етермін. Рок
санадай мүсінді қулықтың алдында жер жастанған кездің
қорлығы да түбіңе жетіп тынар.
Арқырап алып, күреңге жыртқыштана ұмтылды, ол бұл
жолы бой сала қашқан жоқ, қарсы шауып, шарт-шұрт айқа
сар тұсқа жеткенде, сол жақ бүйіріне шыға келіп, қос аяқ
тап тепті. Қабырғалары сөгіліп кеткендей болып көрінді, енді
бұл тәсілінен сақтанбаса қатер, өзеуреп атылмай, есеппен қи
мылдау керек. Дүлей қара күшке шалт шапшаңдықты қарсы
қойған дұшпанмен әлі біраз айқасатын түрі бар, арқырап қуа
берсе, тынысы да тарылады.
Көзіне қан толып кеткен Гобгоблен өзін айнала шапқан
күреңді қолға түсірудің басқа айласына көшті, таялтып алып
барып басып қалатын сәтті сабырмен аңдыды. Кеудесінде
жаны болса, тәпелтектің еркінси келе ашкөздене ұмтылуы
мүмкін, сол кезде қапы жіберіп алмаса, одан кейінгісі оңай.
Сауырлы қулық шошына қарайды, аясы үлкен жанары
үрке көз салған кезде қандай тартымды еді. «Гобгоблен, ана
тыштаңдаған неменің омыртқасын үзе сал да, тез жет. Тағат
сыз күтіп тұрмын ғой!» – дейтін сияқты-ау.
АЛДАН СМАЙЫЛ
«Қазір, Роксана, сәл шыдашы, оны маңайыңнан жүр
гізбейтіндей етіп сүйегін уатайын. Содан кейін құлдырап
жетемін өзіңе. Мұны саған айтып тұрған мына мен, арғымақ
айғыр Гобгоблен!»
Шам кібіртіктеп қалған айғырдың өзіндей оралымды емес
екендігіне көзі жеткен сайын шеңберін тарылта берді, ол бір
орында біраз айналған соң, мұның қай тұстан келіп килігеті
нін аңдай алмайтын халге жетеді, сонда кеудемен қарқырата
соғып, тізеге ауыз салса, шөкесінен түсер.
Құйындата шауып жүріп, қатты екпінмен қойды да кетті,
Гобгоблен теңселіп барып бойын түзегенше шоқтығына азуын
батыра қадалды. Бар салмағымен жанышып, жерге қарай
тұқырта түсіп, шайнай берді, қайратты жауынан сескенуді
біржола ұмытып, тағыланып алды. Тісінің түбінен шып-шып
шыққан қан көмейіне құйылып, тынысын тарылтса да азуын
босатпады, жағы қарысып қалғандай.
Гобгоблен шоқтығы күтірлеп жүре бергенде, аспанға
шапшыды, ышқына тулап, серпіле ытқығанда көк еті сө
гіліп кеткендей тұла бойы удай ашыды. Азуы қасқырдың
тісіндей өткір күреңді түсіріп кетпесе, сілесі қатып, қай
рат қылуға дәрмені жетпей жер жастанатындығын түйсінді.
Жуан мойнын бұрып оған ауыз салмақ болған жанталасынан
түк шықпады. Есеңгіретіп бара жатқан салмақ, бырт-бырт
шайналған шоқтығының тұз сепкендей, шыдатпай күйіп-
жануы, бос қыжылға айналған қайраны жоқ долылық көз
алдын тұмандандырып жіберді. Бар күшін жинап, көкке үсті-
үстіне шапшыды, соңғы рет қарғығанда күреңді ала-мала
жерге шалқалай құлады.
Азуы шоқтықтан шығып кетіп шалғынға сылқ ете түскен
Шам Гобгобленнен бұрын атып тұрды, әпербақан айғыр кеу
десін көтерген сәтте жалының түбінен қайта ауыз салды.
Шайнап-шайнап алып жұлқи тартқанда, ол серең етіп құлай
кетті.
Бұдан әрі талау жылқы тектінің қанына сіңбеген қылық,
кері айналып түсіп, айғырдың ендігі қарекетін күтті, дәл
қазір қарсы шабатын қайраты қалмағаны анық-ты, аяғынан
тік тұрғызып алып тырқырата қумақ.
Гобгоблен масқара болып жеңілгенін білді, айқасқа қайта
түссе, мерт болуы мүмкін. Мана бір әзірде тұла бойына симай
ШЫҒАРМАЛАРЫ
буып бара жатқан адуын күш-қайратынан жұрдай болған,
денесі ауырлап, жерге қарай тарта береді. Қозғалған сайын
шоқтығы сықыр-сықыр үзіліп, жанын көзіне көрсетеді. Төрт
аяқ та икемсіз, бауырын көтеріп, сүйретіле тұрғанда діріл
деп қоя берді. Мұны қазір шалғынды далаға еркін жайылып,
семірген есірік құнан да талап тастар.
О, сұмдық-ай! Сауырлы қулық жиіркене қарап тұр. Аясы
үлкен жанары неткен сұсты, қара жерге қазық қып қағып
жіберер ме екен.
«Кешір, Роксана, мен қапыда қалдым. Бірер күн есімді
жинауға мұрсат берші, ана тәпелтек пәлені жаныңа жолата
көрмеші. Асыл текті арғымақ айғыр Гобгоблен атыммен жа
лынамын, менен безінбеші, Роксана!»
Шам айғыр жерден көтерілген соң өзіне өзін келтіртпей
тарпа бас салды, енді қарсыласса, өмірден күдерін үзе берсін.
Гобгоблен тапырақтай қашты, жеңілген айғырдың маң
дайына бітері осындай қорлық қана, өліп тынғанша шайқаса
беру пешенелеріне жазылмаған қылық.
Шам бақталасын шырқырата қуды, сауырын әне-міне
қауып түсетіндей түршіктіріп, өкшелеп келеді. Роксана соң
дарынан құйғытқан, енді оның мұны өзі таңдайтындығына
күмәні жоқ, бие атаулы айбаты асқандікі.
Агба аттылардың соңында дедектеп келеді, әлгінде алысқа
шауып кеткен айғырлардың қарасы қайта көрінгенде Шам
ның, артық туған арғымақтың Гобгобленді тұқырта қуғаны
на таң қалған, таң қалып тұрып көл-көсір қуанған. Адамды
алалағаны аздай-ақ малға даралап таңба басқан елде ол тағы
да айдарынан жел естірді ғой, садағаң кетейін сәйгүлік есесін
осылай алмас па, асылдығын осылай танытпас па?
Қос айғыр жер-дүниені дүрс-дүрс солқылдатып, жүйткіп
келеді. Алдында Гобгоблен, артында Шам.
Әне, аттыларға қайыру бермей киіп-жарып өте шықты,
сәйгүлік қулық Роксана соңдарынан бір елі қалатын емес.
Үшеуі жұлдыздай аққан күйі қоршаудың ашық қақпасынан
сыртқа атылды, енді оларға қай тұлпар жетсін.
Кең жазық көсіліп сала бергенде Гобгоблен жалтара қаш
ты. Шам енді соңына түскен жоқ, жал-құйрығы суылдап,
қияңға бет түзеген Роксанамен қапталдаса заулады, жүйрік
АЛДАН СМАЙЫЛ
қулықты оздырмай, батыс кемерге еңкейген қып-қызыл күн
ге қарай желіге жүйткіді.
– Сен қандай әсем едің, Роксана!
– Дүниеде менен өткен сұлу жоқ!
– Сен қандай ұшқыр едің, Роксана!
– Дүниеде менен асқан жүйрік жоқ!
– Мен қандай бақытты едім, Роксана!
– Дүниеде өзіңе тең тұлпар жоқ!
Шалғынды жазық қып-қызыл күнге қарай көсіліп жатыр,
ен далада екі жүйрік алдағы көрер қызығына, жарық күн мен
айлы түн, жымыңдаған жұлдыз, таңғы саумал самал ғана куә
болатын балшекер шағына тағаты таусыла асықты.
* * *
Гог-Магог поместьесінен алпыс шақырым жердегі екі
үйлі қыстаққа көптен бері ешкім ат ізін салған жоқ. Агба
мен қаусаған шал Джон қалт-құлт етіп бойкүйез өмір сүріп
жатты. Түн түнерсе, таң атпай қояды, күн көтерілсе, ымырт
үйірілмей сарсаңға салады, құдайдың қарғысына ұшыраған
түкпірдің әр сағаты айдан ұзақ. Джон үшін өзінің осында
қорықшы етіп жіберілгеніне тура бір ғасыр уақыт өткен се
кілді, ал Агбаның келгеніне аттай төрт жылдың жүзі толған.
Бәлкім, одан көбірек те шығар, әйтеуір, ішкі есебі осының о
жақ, бұ жағында, қателесуі екіталай.
Бүгін дағдылы әдетінше күн шықпай тұрып, қолына
шалғысын алып шабындыққа кеткен. Тізеден асатын биік
шөпті күн ысып, түнгі шық құрғамай шабу қиын екендігін
білсе де келіп еді, қарағай қабырғалары шіріп, күлімсі иіс
аңқып тұратын үйде тұншығып отырғанша, таза ауада сенде
ліп жүргені көп артық.
Агба жартылай батпақты, жағалауы баланың еңбегіндей
былқылдап жататын ойдым-ойдым көлді өңірді әбден зерігіп,
іш құса болғандықтан ғана ұнатпайды, әйтпесе көркіне көз
тояттайтын-ақ жер. Гог-Магог поместьесіне қараған қапталды
кемерлеп жатқан ұзын белден бергі атырап сонау суық қысқа
дейін жайқалады да тұрады. Кішкене көлдерде қаз-үйрек,
басқа да толып жатқан адал, арам құс жыртылып айырылады.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Таңның атысы, күннің батысы тыңдайтының сан алуан үнде
құйқылжыған, сәт сайын жаңарып, өзгере құбылған әуен,
шағаланың шаңқылы, қаздың қоңыр сазы, үйректің қарқылы
мен аққудың сұңқылы, ал ымырт үйірілсе болды, әупілдектің
жағы сембейді. Оған көлдің көп бақасы құрылдай қосылып,
ара-тұра байғыз күңіренеді. Қамыс арасы үрке ұшқан ығы-
жығы құстың сарт-сұрт соғылған қанаты мен ию-қию шуылына
толып, кейде жау тигендей дүрлігеді, маңайда сұғанақ түлкі
мен қарсақ бар.
Түн күреңіте бастағаннан-ақ қорықшы шал ескі зілдей
мылтығын мойнына асып, үлкендігі тайыншадай қара ала
төбетін ертіп, айналаны торуылдауға кетеді. Шалғайдағы
өңірге жиі келмесе де, анда-санда аңшы-сымақтардың төбе
көрсетіп қалатыны бар. Осы сапарға әдейі дайындалып, са
қадай сайланып шыққан оларға қаусаған шал не істесін, өзінше
мылтық атқансып, итін айтақтап қоразданып жүреді де, құс
аулағандардың қаңғыған оғы жазатайым жер қаптырмауы
үшін үйге қайтып келеді. Оның бұл әрекетіне төбет те әбден
әккіленіп алған, айтаққа құтырына жөнелмей, иесіне бір,
далаға екі қарап әупілдейді де, шоқиып отыра береді.
Шал мен жалқау төбет Бегемот үшін лордтың аңға келетін
кезі дүрілдеген той. Өткен көктемде үш мырзаны ертіп, сау
етіп келе қалғанда шал оны аттан түсіріп алуға асығып бара
жатып, шөптің арасындағы тасқа сүрініп жығылды. Онсыз
да қаусап тұрған байғұс орнынан тұра алмай қалды, түнімен
қақсап шығатын белі шойырылды ма, безек қақты. Соңы
нан бір елі қалмайтын төбет жанында қыңсылап тұр, иесінің
ұшып кеткен сабан қалпағын тістеп әкеліп, қолдан келген
жақсылығын жасап-ақ жатыр.
– Джон, қайдасың? Аттарды байла! – деп дауыстады лорд.
Шал еңбектей жылжып, сүйретіліп барады.
– Мен қазір… белі құрғыр… – деп міңгірледі.
Лордтың үні қатқыл шыға бастады.
– Шал, сен ішіп алғаннан саумысың. Тұр, мырзалардың
аттарын қаңтарып қой. Кейін бірер сағаттан соң жем берерсің.
Джон жерден ыңыранып көтерілді, тәлтіректеп жүріп ат
тарға да жетті-ау. Сол кезде Агба да келген, шалды кейін қай
тарып, оған жүктелген шаруаны өзі жайғастырды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Мырзалар ауыр қоржындарынан жеңіл-желпі тамақ шы
ғарып, шарап ішті де мылтықтарын, оқшантайларын мойын
дарына асып көлге кетті, бұлардың қарағай қабырғалары
шіріген, көңірсік иісі мүңкіген үйіне жақындаған да жоқ,
Лорд қана қараған болды.
– Шал, мына күрке сені бір күні басып қалады ғой.
– Дұрыс айтасыз, мырза.
– Тірідей көмілесің ғой.
– Әлбетте, мырза.
Бұдан әрі сөз болған жоқ, олар ұзасымен мылтық гүрсіл
дей бастады, жыртылып айырылатын құсты бара салып ата
бермегенде не істесін.
Агба аттарға беретін жемді тазартып отыр, әлі ыңқылдап,
қиралаңдап жүрген шалға қарап қояды. Онымен бірге өткіз
ген екі жылдан астам уақыт ішінде өгей тілді ептеп түсінетін
болған, ал Джон мұны ымынан бірден ұғады. Өзі қоржындар
дың ортасында күйбеңдеп, бүкжиіп отыр, шалдың не істейтіні
белгілі, құтыдағы шараптардан аузы бұрандалы қаңылтыр
ыдысын толтырып алады. Лорд кетерінде тастайтыны бар,
сонысы бар, біраз уақыт көңілді жүруіне жетеді.
Шал ішіп алғанда әуелі өлең айтады, нұры тайған жана
рында кешкі күннің күңгірт шапағы секілді болымсыз сәу
ле тұтанып, Агбаға баяғы қылшылдаған жігіт кезіндегі хи
каяларын қотара бастайды. Араб бұл әңгіме тым жиі айты
латындықтан келе-келе құлақ қоймайтын болған, тыңдаған
сыңай танытып отыра береді.
Джон оны біраз сапырылыстырған соң мұңын шағуға кі
ріседі. Бұдан кейін әңгіменің де, шалдың да шырқы бұзылады.
Баяғыда бір көпестің етегінен ұстап кеткен әйелін, ер жеткен
соң ұшты-күйді жоғалған, өлі-тірісі белгісіз ұлын есіне алып
кемсеңдей бастайды, ақыр аяғында шала бүлініп, тәңірді, өзін,
опасыз дүниені, лордты, тіпті маң төбет Бегемотты қарғап-
сілейді. Онсыз да жұлым-жұлым киімін ызалана жыртып,
аулада сандалады да жүреді, анда-санда айғайлаған дауысы
естіліп қалады.
– Ұлы Британия дүниедегі ең дәулетті ел, ал Джон әлем
дегі ең бақытсыз жарлы. Англияның маған соқыр тиын ти
мейтін шалқыған байлығына түкіргенім бар ма!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Біраздан кейін жалқау төбет Бегемоттың әупілі де кү
шейіп бара жатады. Шал әбден ашынып, өмірді талақ еткізген
ыза шырқау шегіне жеткенде құтыдағысын итаяқтағы астың
қалдығына құя салады.
– Іш. Тойып ал. Енді екеуміз үшін дүниенің, дүние үшін
біздің құнымыз көк тиын. Күшейіп алып, оның бетіне тү
кірейік.
Төбет итаяқты жалап-жұқтаған соң айбаттанып шыға ке
леді, түн қараңғысында айтақтасаң баспай қоятын көлге қарай
ұзап кетіп, таң атқанша арсылдайды.
Джон қаңылтыр ыдысын шарапқа шүпілдетіп толтырған
соң, үйге апарып тығып тастады. Көл жақ гүрс-гүрс жаң
ғырығып жатыр, жазыққа қарай топ-топ болып үрке ұшқан
қаз-үйрек бұлт сияқты күннің көзін қалқалайды.
Біраздан кейін мырзалар қайтып келді, олжалары көп,
адал құстың әр түрі бар, тіпті бұл маңда сирек кездесетін
қызыл қаз да оққа ұшыпты. Көктемде бір жұбы үйірінен бө
лініп, мекендеп қалып еді, сірә, екеуінің біреуі алысқа ұшуға
жарамай, амалсыз аялдаған шығар, енді, міне, шөптің үстінде
жансыз серейіп жатыр.
Мырзалар мылтықтарының қанды, жолдарының сәтті
болғанын тойлады, Джонның асыға күткен сәті туды. Ол
мұндай кезде аяқ астынан ширап, сөзшең болып кетеді, не
айтатынын кім білген, мырзалардың ішек-сілесін қатырып
жүріп, шарапты ықылық атқанша ішеді. Аңшылар аттарына
мінетін шақта тәлтіректеп қалады.
Бұл жолы да дәл солай болған, лордты атқа мінгіземін деп
жүріп, үркек жылқының астына түсіп қала жаздады.
– Шал, байқа, әзірге өлмей тұра тұр, – деді қожайын ерге
түзеліп отырған соң.
– Неге, мырза?
– Сенің орныңда басқа қорықшы болса, баяғыда байып
кетер еді, көлден құс атаулыны бездіріп жіберер.
– Құп, мырза, өлмей-ақ қояйын.
– Өзің де тәңірдің алдына баруға қорқатын шығарсың, ә?
– Жоқ, мырза, онда барудан бұл өмірді қимайтындар ғана
қорқады, тірліктің тәтті дәмін көп татқандардың үрейі
ұшып тұрады. Ал маған бәрібір, граф та, герцог та, дворянин
де емеспін, сіңіріне ілінген қорықшы шал Джонмын.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Келіп тұрған ажалды қайтесің, ит қосып қуасың ба?
– Қумаймын, мырза, сіздің ізіңізге салып жіберемін,
жердегі тәңірден рұқсат ал деймін. Содан кейін кімді таң
дайтынын өзі білер.
Шараптың желігі билеген аңшылар қарқ-қарқ күлді, лорд
атына қамшы басты.
Джонның ішіп алғанда осындай тапқыр, әрі батыл бола
салатын қызық мінезі де бар.
Күн көтеріле келе шабындықтың үсті тұмандана бастады,
шөпке түнде қонған шық буланып жатыр, алыс шеті бұлдыр-
бұлдыр сағымға оранған. Көлдің үстін де тұман жапқан, боп-
боз боп мұнартады, қиғаш түскен күн сәулесі бергі шетін
сан алуан түске бояпты, үлкен күмбездің аумағындай жерде
кемпірқосақ құбылады. Су бетінен шыбын қаққан балықтың
шолпылы болмаса, бөгде дыбыс жоқ, бұл кезде құс атаулы
қырға жайылуға ұшып кетеді, қамыс арасынан балапан аң
дыған бір-екі қарақұс қана көзге түседі.
Өзі үйден шыққан бетте босатып қоя берген Шам су жақ
тан шауып шықты, әлденеден үріккен сияқты, көлдің қо
рыс қамысының арасында жабайы шошқа да жүретін, содан
шошынған шығар. Джонның айтуынша, бұрын олар өте көп
екен, жалғыз қорықшыдан қаймығуды қойып, кейде та
йыншадай қабандар үйдің іргесіне дейін келіп жүріпті. Кейін
аңшылар бей-берекет аулап, құртып жіберуге таяған, қазіргі
қалғандары әрі кетсе он шақты-ақ болар. Доңызды суқаны
сүймейтін Агбаның оларға бүйрегі бұра қоймайды, кәпірдің
қорсылдаған үнінің өзі жаман ғой.
Сәйгүлік иесін көріп желген бойда жанына келді, көл
жаққа осқырына қарап, құлағын қайшылайды. Қазір сәй
гүліктің кемеліне әбден келген шағы, айшылық жерді алты-
ақ аттататын қайрат өн бойын есіп тұр. Қиқу шықса ұша жө
нелуге асыққан, қанатын қомдап, тағатсызданған сұңқар се
кілді ықшам бітім болмысымен таңдандырады. Жазы қоңыр
самалды келетін шүйгін өңірде еркін жайылып, түгі жылты
рап семірген, жалына қол батпайды, қыз-қыз қайнаған желік
жер-көкке сыйғызбай құтырып, кейде ұлан даланың төсінде
жападан-жалғыз желмен жарысады, жапан түзде кезіккен
түлкі, қоянды алдына салып алып, өкпесін күйдіргенше шы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бын-шіркей қуады, таяу маңнан кезіксе жан ұшыртып көлге
әкеліп қамайды.
Шындығына жүгінсек, Гог-Магог поместьесінің осы қиян
түкпіріне жер аударылған Агба емес, Шам еді. Әпербақан
айғыр Гобгобленді бездіріп жіберіп, Роксананы айдалаға
қуып әкеткенде, ешкім жете алмай, аттарын зорықтыра жаз
дап көз жазып қалған. Сәйгүлік пен жүйрік қулық сол кет
кеннен бес күнге дейін қолға түспеді, әркім әр жерден көріп
қалады, іздеп барсаң, дым жоқ, алдыңда мекиен өңір қаңырап
жатады.
Лордтың өзі бастаған жоқшылар әбден ақ тер, көк тер
болып қажыған бір күні екі қашқын қожайынның асыл тұ
қымды биелерінің үйіріне келіп қосылыпты. Сол күні Шам
мен Роксана ат қораға әкелініп байланды, лорд ертеңіне
қулыққа Гобгобленді қосақтап көріп еді, шыр айнала тепкі
леп, маңайына жолатпады, арқыраған есіріктің сілекейі шұ
бырып, құр әуреге түсті.
Жағдай белгілі еді, Роксана айғырдан шығып кеткен,
лордтың үлкен үміт артқан жоспары тас-талқан болды, өзі
одан бетер бүлінді. Шамды нәр татқызбай екі күн қаңтартты,
Агбаның ел көзіне түсуі мұң болды. Роксананы қуып әкет
кен сәйгүлік емес, мұның өзі секілді бозбала шабандоз Джек
ке дейін теріс айналды. Жирен сақал шабдар шал ат қораға
жақындауға тыйым салды. Баяғы француз бей мен қорқау
ағаш дайындаушының қысастығы қайтадан бел алып, тұйық
қа тіреп келе жатты, Агба енді біткен шығармын деп еңсесі
түсіп кетті.
– Әй, бар болғыр Шам-ай! Тұяғың тиген жердің бәрі лаң-ау,
өзіңді от пен суға салғаныңмен қоймай, мына мені де, сен үшін
басын тауға да, тасқа да соққан Агбаны да қажытып біттің
ғой. Әй, артық туған арғымағым-ай!
Араб сәйгүлікке кейде осылай өкпелейді, енді не істесін,
оның бәйге төрін бермей, атағы жер жаратын деген сұңқар
шағы өтіп бара жатыр ғой. Шам қатарға қайта қосылмаса, туа
біткен дүлдүлділігіне обал-ды, пырақ сынды тұлпарлығына
қиянат еді, мұндай жүйрік дүниеге енді қайтып келер ме?!
Осыны ойласа, Агба Шаммен бірге өзін де жазғырады,
өзін де, оны да аяйды, хас тұлпардың сыйлар қуанышы мен
бақытына мас бола алмаған елге бауыры езіледі. Ол жер үс
АЛДАН СМАЙЫЛ
тіндегі жалғыз пырақты көз алдында жоғалтса, күнә емей
немене.
Шам тағы да көл жаққа қарап елеңдеп, жер тарпыды,
ауық-ауық кісінеп, айналаны шоқтай жанған жанарымен
ұзақ кезді. Үйірсек айғырды жапан даладағы жалғыздық
әбден зеріктірген болар, бәлкім, Роксана сынды сауырлы,
әсем қулықты тағатсыз сағына ма екен, қайткен күнде де
сәйгүліктің сүлесоқ тыныш болған кезі санаулы ғана.
Күн көтеріле салқын самал баяу есе бастады, қалың шал
ғынның үстінде мұнартқан бу сейіліп барады, кең жазықтың
үстінде сағым бұлдырап, ұлан өңір аумағымен қопарыла көш
ті. Алыстан әлдене қараң-құраң қозғалады, аттылы ма, әлде
шығып кеткен некен-саяқ мал ма, иесіз даланы ербеңдей кез
ген ессіз жын ба, айырып болатын емес. Агба сол жаққа аз-кем
қарап тұрды да жанарын тайдырып әкетті, құдай қарғаған
Гог-Магог поместьесінің бұл қиян түкпіріне кім ат ізін сала
қойсын, толассыз жөңкілген сағым көзді арбап, ен жазықтың
төсінде қылтиған әлдебір бұтаны зорайтып көрсеткен шығар.
Белінен келетін қалың құрақты сырылдатып ора бастады,
биік шөп жапырыла құлап түспей, бір жақ бүйірге сәл қисай
ған қалпында жал-жал болып қалып жатыр, шалғыны құ
лаштап сілтеген сайын айызы қанады. Қиылған көкорайдың
жұпар иісі бұрқырай аңқып, көкірегі шайдай ашылып, тыны
сы кеңіп сала берді.
Шам да елегізуін қойып, жайыла бастаған еді, әлден уақыт
та әлгі қараң-құраң байқалған жаққа құлақ тігіп, кісінеп алды
да шаба жөнелді. Араб оның маңайдан жылқы малын сезіп
қалғандығына күмән келтірмеген. Шалғының сабына сүйе
ніп тұрып жазықтың өн бойын барлай тінтті, қарсы маңайда
көлбеп жатқан құба белден салт атты желдірте асып түсіп
келеді. Қорықшының мекен-жайын бетке алып тура тартып
барады. Енді бұл жерде аялдауға болмайтын еді, шалғысын
иығына салып, үйге қарай аяңдады.
Аттылы онда бұдан бұрын жетті, Джон шал әдеттегісінше
қалбалақтап, келген адамның жанында құрақ ұшып жүр.
Оның жынды суы таяуда таусылған, күн сайын әлдекімнің
төбе көрсетуін сабырсыз күтуде болатын, лордтың қатынаған
адамнан өзіне ең азы бір құты шарап беріп жіберетіндігіне
құлай сенеді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Агба таяла келе жолаушыны Джекке ұқсатты, жаза бас
паса дәл соның өзі. Джонмен жүре сөйлесіп, бұған қарай бет
теген, асығыс секілді ме қалай, атын қадаға байламай жетек
теп алыпты.
Араб оған басыбайлы құлға біткен дағдымен иіліп сәлем
берді. Джек қос қолын ұсынды.
– Сәлем, Агба! Халің қалай? – деген дауысы да жарқын
естіледі.
Араб күлген тәрізденіп, дәм-тұзы таусылмаған пенденің
бәрі бақытты дегенді ыммен ұқтырып, тағы да иіліп-бүгілді.
Джек оның жарылып кеткен бетіне, сай-сай әжімі мен
үнемі мұң торлап тұратын жанарына қарады, Агба кейінгі екі
жылдың ішінде қартайып қалған екен.
– Сен енді шын бақытты бола аласың, лорд кешті бәрін де,
тіпті Шам мен екеуіңді көргенше асық. Қане, сәйгүлігіңді
ұста да ертте, кешікпей жүріп кетеміз, – деді келген шаруасын
бірден ақтарып салып.
Агба оның айтқанын түсінген кезде буын-буыны дірілдеп,
теңселіп кетті. Джектен дәл мұндай қуанышты хабар естимін
деп ойламағандікі ме, сенер-сенбесін білмей, жаутаңдап қарай
берді.
– Солай, Агба, – деді жігіт айналаға көз салып, – Шам кө
рінбейді ғой, кешігіп қалмайық. Сен ана жақта қандай құр
мет күтіп тұрғанын білсең, жер-көкке сыймай кетерсің, бара
білгенің дұрыс. Ал, қане, қозғал.
Агба одан мән-жайды тәптіштеп сұрап жатпады, өрістегі
сәйгүлікті алып келуге асығып, елпілдеп жүгіре жөнелді, егде
жасына қарамай құлдырап барады. Ойы он саққа кеткен, ішкі
әлемі ойран-топыр: «Лорд неліктен өзгерді екен, артық туған
арғымақтың айы оңынан туатын шағы шынымен жеткені
ме?! Тек ендігі жақсылық баянсыз болмағай, тек ұзағынан
сүйіндіргей…»
Шам бір бүйірден шауып шықты, иесінің жанынан жел
дірте өтіп барып кері қайтты. Агба оны жүгендеп, ерттеп
мінгенше асықты.
– Еліре берме, қане, мұнда кел. Сен екеуміздің мына қапас
қойнаудан құтылатын кезіміз осы бүгін жеткенін білемісің.
Алда тосып тұрған қуанышымызға асығайық, сенің жалғасын
табар бәйге жолыңа қарай жүйткиікші.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Араб осылай іштей сөйлей берді, не айтып жүргенін өзі де
жете пайымдай қойған жоқ, Шамның мойнына түрулі тізгі
нін шешіп алып, үстіне секіріп мінген кезде де күбірлеумен
болды. Бара-бара көкірегі әлдебір сазды әуенге толып, жа
нарына ыстық жас үйірілді. Өзі баяғыда жоғалтқан, іштей
сызылта салса, онсыз да жаралы жүрегін одан сайын сыздата
тын болған соң лажсыз жоғалтқан ескі мақамды аяқ астынан
қайта тауып, жағасы жайлау болып келе жатты.
* * *
Лондонның Шам бұдан төрт жыл бұрын бәйгеден дара
келгенімен, оған жүлде берілмеген ипподромы түске қарай
халыққа лықа толды. Лорд Годольфин осындағы орынның
бәрін өзі сатып алып, елді ат жарысқа ақысыз-пұлсыз шақыр
ған соң, қызыққұмар ағылшын жұрты лек-легімен ағылған-
ды. Енді кілең сәйгүліктердің егесті шабысын көргенше асық
болып, араның ұясындай гулейді.
Елдің шыдамы таусыла берген тұста жүйріктер де көрінді-
ау. Биік қылаң мінген жаршы ортаға шығып, арғымақтарды
көпке таныстыра бастады, дауысы саңқылдап, жұрттың на
зарын өзіне бірден аударып алған.
Агба жаршының сөзіне құлақ қойған жоқ, Роксана мен
оның ерен жүйрік құлыны, Шамның төлі, төрт жасар Экстаз
ды мінген шабандоздардың қатарында артық туған арғыма
ғының мына қиқулы бәйгеде сағы сынбауын құдайынан жалба
рына тілеп тұр. Шам да іштей ширыққан тәрізді, бәйге өріне
бұрынғысынша өзеурей ұмтыла қоймап еді, жаршы міндеті
нен құтылып, аттар рет санымен тізіле бастағанда өзгеріп
шыға келді. Жанына таянған есік пен төрдей тұрқы ұзын құ
лаға құлағын жымитып, ауыздығын қарш-қарш шайнады,
жерді тарпып-тарпып алып, тізгінін кере алға ұмтылды, Агба
зорға тежеп қалды. Сол сәтте жарыстың басталғанын білді
ріп, мылтық та гүрс атылған, ондаған тұяқ дүбірі жанкүйер
жұрттың у-шуына ұласып, аспанның астын азан-қазан етті,
жер де, көк те, делебені қоздырған қиқумен жаңғырығып
жүре берді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Агба Шамды ә дегеннен алға оздыруға тырысты, қамшы
ны сауырын сипай сілтеп, тізгінді бос қоя берді, ал екі көзі –
Роксана мен Экстазда. Тұлпарының осы бәсекеде тауын ша
ғатын қыл құйрық тек солар ғана, артық туған арғымағы жан
беріп, жан алысатын егесте намысты аяққа таптатсын ба,
барын салары анық.
Шам ұлы дүбірді сағынып қалған екен, ә дегеннен барын
салды, апыр-жұпыр жөңкілген көп аттың алдына түсіп алып,
бауырын жаза еркін көсілді. Агба оның шын шабысын біраз
ға дейін таба қоймасын анық білсе де, қазіргі екпінінің өзіне
дән риза болған. Ерен жүйрік қана емес, мұның өзі де осынау
өзекті өртейтін бәйгені талайдан бері сарыла күткен еді ғой,
жанарды да, ет жүректі де шоқтай қаритын, намысты қыз-қыз
қайнататын жарыс шабандоздың бағы мен соры екенін жұрт
қайдан білген. Шауып келе жатқан Шам емес, өзі, өзінің өрт-
жалынға оранған қайран ұлан-ғайыр сахарасы сияқты өкпесі
аузына тығылды.
Алақандай аялы жанары жарқ етіп, астындағы сәйгүлігі
мен қатарласа берген Роксананың ала құйын шабысына құ
марта қарады. Міне, ол Шамнан құрық бойы озып барады. Өзі,
мүмкін ет жүрегі, ұлардай шулап қоя берді.
Шамға қамшы баспаса да тақымын шыдамсыздана қы
сып, мәреге дейінгі аралықты қыстыға болжады, алда әлі жер
бар еді. Ал Роксана шабысын үдетіп барады, онымен құйрық
тістесе көсіле сілтеген Экстаздың да қазіргі қарқыны Шам
ның аяқ алысынан әлдемді болатын. Үш жүйрік осылай егесе
сілтегенде, Шам екеуінің соңында қалды. Басқа топ ию-қию
араласып, арқан бойы кейінде келеді.
Агба шынымен қиналды, елдің толассыз өрекпіген шуы
лы Шамның екі жүйрікті алға оздырған кезіндегі шабысын
қоздыруға жарамай жүйкеге тиеді. Міне, Экстаздың өзі таяқ
тастам жерде еркін жүйткіп барады, сауырлы Роксана енді
арқан бойы сытылып шыққан. Шам сонда барып ширықты,
шабысын сәт санап үдете түсті. Алдағы қос сәйгүлік оны дыз
етпе ұшқырлығымен ғана ұтқаны бірте-бірте белгілі бола
бастады. Роксананы аз уақытта қуып жетіп, айғырға тән
еміренумен мекірене оқыранды, сауырлы биенің қанталай
бастаған сесті жанарында болымсыз мейірім нұры көмескілен
ді, Шам қатарласып, үзеңгі қаға таялғанда мойнын бұрып,
АЛДАН СМАЙЫЛ
шабысынан жаңылғандай болған. Үстіндегі шабандоздың қам
шы сілтегенін елемей, арқырап қоя берген айғырға жанаса
таялды.
Шам Роксанаға қиыла, әрі мұңая қарады, есті жануарға ар-
намыс дәл мынандай шым болатша ширыққан сәтте кездес
кені жанына қатты батқан болар, теп-тегіс жерде қапылыста
сүріне жаздап, босаңсыған денесін өз еркінен тыс зорға жи
нады. Сонау жадында мәңгі қалған қашаған күнде екеуінің
құла түзге барын сала безіп жөнелгені есіне түсті, қазір де
дәл сондағыдай бәрін: мына бәйге жолын, иесінің ат жарыс
үстіндегі үміт-мұратын, сәйгүліктік ар-намысын қоздыратын
егесті шабысты талақ етіп, Роксанамен бірге айдалаға шы
ғандап кетер ме еді. Қарсы алдарынан еркіндіктің самал
желі жігерді ұштай, екпіндей есіп, елсіз-күнсізді бетке алып,
құйындай құлдыраса, құлын кезіндегідей мұңсыз шақпен
шаттана табысар. Ал қазір бұл бәйгеге қосылған, пешенесіне
өзінен әлдеқайда құдіретті тірлік иесінің қызыққа тоймас
құмарын тарқату парызы жазылған, сол жолда өліп кетуге
дайын.
Адымын сәл жазса, Роксана кейін қалмақ, ал Экстаз екеуі
нен озып барады, жастыққа тән көзсіз қызбалықпен алдыға
аптыға асығады. Аяқ алысы қандай әсем.
Роксананың бойын қуаныш пен өкініш қатар биледі. «Сабыр
етші, Экстаз, арғымақ туған әкеңнің жасыта көрме жігерін».
Ол шабысын үдете түсті, бұдан бұрынғы жарыстарда бәй
ге өрі орталанар тұста топ аттан жеке-дара бөлініп шығып,
оқ бойы алда отырушы еді, енді бұрын-соңды кезікпеген қай
дағы бір жараған айғыр көпке дейін қатарласып жанына тиген.
Төрт аяғын еркін, тең тастасына қарағанда, мәреге ентікпей
жететін түрі бар, дәл қазір екі аралықты алшақтатып алмаса,
қапыда қалдырып жүрер. Бар қайратын сарқа жұлдыздай
ақты.
Шам өз еркінен тыс ширықты.
«Роксана, қала көрме артымда, желігін ана баланың баса
алмасам, ұят-ты».
Қос сәйгүлік тізе қоса жүйткіді, олар талай алапат бәйге
ге сан мәрте қосыла жүріп, дәл осылай зауламаған болар,
Экстазды ұзатпай қуып жетті де, ортаға алып, қапталдаса
шапты. Қос бүйірден өртше шарпып қоздырған айқай-сүрең
күшейе түсті, межелі тұсқа енді алыс қалмаған. Үшеуінің де
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сауырына жылан қамшы сарт-сарт тиді, үшеуі де бар өнерін
қараған көздің алдына жайып салды, бәйге тағдырын қас-
қағым сәт шешетін еді, ол үшін Шам да, Роксана мен Экстаз да
кінәлі болмайтын.
Агба сәйгүлігінің өзін әлі де тежеп келе жатқандығын
сезді, артық туған арғымақтың тұяқтыға намысын жібермей
тін көкбет долылығы қайда, неге барысша атыла жөнелмейді,
неге іркіле береді? Әне, мәре таяқ тастам жерде мен мұндалап
тұр, оза шабуға енді қам жасамаса, Шам алғаш рет бір емес, екі
бірдей жүйрікке есе жіберіп алмақ.
Арабтың тынысы тарылып бара жатты, өрекпи соққан
жүрегінің дүрсілі бәйге төрін жаңғырықтырғандай көрінді,
қатты қиналғанда басы айналған болар, жанарының алды бұл
дырап, ат үстінен ауып түсетін секілді секемденді. Тақымын
қысып ерге еңкейе берді, көзінен жас ағызған сусыма суық
жел кеудесінен кері итеріп, сәйгүліктің екпінін тежей ме екен,
Шам бір орында төрт тағандап тұрып қалғандай үрейі ұшты.
Аттың жалына қарай одан сайын бүгіліп, қамшы үйірмек
болғанша мәренің белгісі – ақшыл жалау оң жақ бүйірде
қалып, үш жүйрік ағызған күйі апыр-топыр өте шықты.
Бұдан кейін не болып, не қойғанын Агба көпке дейін аңғара
алмады, Шамның екпінін зорға басып, қайта айналып кел
генде, көңілі енді, сірә да, айықпастай күпті еді. Роксананың
екі жүйріктен сәл ғана кейін қалғанын, Экстаз бен Шамның
мәреден қатар өткенін білетін халі болған жоқ, елдің шуылын
да естімеді, жүрегі лобып, денесін ұзақ діріл буып тастады,
ұйып жүре берген қолы қорғасындай ауыр, бара-бара тізгіннің
өзін тең ұстау мұң болды. Ол алғаш рет артық туған арғыма
ғына көкірегі сыздап, барша дүниені тәрік етіп күйзеле ренжіп
еді.
Сахараның ен даласы тарылғанға ұқсайды,
Есіл Нілдің кең арнасы тарылғанға ұқсайды.
Айналайын арғымақ,
Намысты қолдан бергенде,
Агба жерге енгенде,
Тарқар ма енді бұл қайғы?!
Ол осылай күңіренген, өзіне жүздеген жанарлар тесіле
табалай қадалып, шоқтай қарып бара жатқан секілді. Гог-
26-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Магог поместьесінің құдай қарғаған түкпірі іспеттес елсіз
қиынға судай сіңіп, ел бетін көрмей, жалғыз қалатын кезді
қынжыла аңсады. Бір құты шарапты дүние-әлемнің жарты
құнындай көріп, ел мен жерінің, қарақан басының, тіпті ет
жүрегінің намысы мен кегіне пысқырып та қарамайтын Джон
шал қандай бақытты адам еді.
Бойын зорға тіктеп, қарсы алдына мағынасыз көз салғанда
Джек және бір сол шамалас жас жігіттің өзіне қарай жүгіре
басып келе жатқанын көрді. Екеуі келе сала Шамның тізгіні
не жармасты, ипподромның шет жағына ай-шайға қаратпай,
жетектеп барады. Агба мән-жайды сұраған жоқ, оған енді бә
рібір секілді болатын, ит өлген жердегі қорыққа дәл қазір
қайта түре қуса да өкінбейді.
Джек аса көңілді, Шамды жетектеген күйі бір топ адам
ның жанына алып келді, олар мұны асыға күтіп тұрғандай
аттан сүйемелдеп түсіріп, қолды-аяққа тұрғызбай жіберді. Араб
түк түсінбестен ырықтарына көне берген, ұзын бойлы арық
шал Мәкканың бай-батшаларына ғана бұйыратын өз елінің сән-
салтанатты киімін әкеліп ұсынғанда ғана таңдана бастады.
– Киіп ал, бүгін Шам екеуіңнің мерейің үстем болған күн, –
деді Джек. – Тезірек қимылда, ел күтіп тұр.
Үш-төрт адам сәйгүлікпен әуре болып жатыр, үстіне оюлы
жібек жабуды төгілдіре жапқан, жал-құйрығы таралып, бей
дің рамазан тойында мінетін арғымағындай сыландырыпты.
Аздан соң Джектің айтуымен Шамға мініп, соңына өзіндей
безене, малына киінген бір топ шабандозды ертіп, әлгінде
ғана шауып өткен бәйге жолымен аң-таң күйде келе жатты.
Кең алаңның орта тұсында тұрған сырнайшы-күйшілер бұл
таялған кезде екпінді әуенді әуелете ойнай жөнелді. Сатыр-
сұтыр соғылған қол, үсті-үстіне айғайлап, қошемет көрсеткен
елдің шуылы, өң мен түсі белгісіз ертегі шақ ішпей-жемей мас
қылды.
Агба мұндай құрметті аңсап та көрмеген, өзінің жат жерде
осыншалық бағасы артқандығына қалай сене алар, бәлкім,
бұл есінен адасқан шығар, мына таңғажайып көріністің бәрі
құр елес болып жүрмесін. Әлде Шамның мәреге қатар келген
жүйріктен мойны озық болды ма, әлде мына азан-қазан жұрт
ақылынан алжасты ма...
Тас төбеде ала бұлтты аспан аударылып-төңкеріледі, қара
жер бір тарылып, бір жазылады. Көз алдында сахараның бұй
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ра-бұйра құмды, кенересі кепкен ұлан-ғайыр шөл даласы
көшіп барады, Ніл арнасын қақырата қопарып сарқырай та
сиды. Баяғыда елге аттанып кеткен мұны жат жерде еріксіз
қалдырған арабтар алыстан дамылсыз қол бұлғап, тағатсыз
шақырып тұр. Әне, мейірімді аспаз әйел Фатима сүріне-қабына
жүгіріп келеді, жүзін жас жуып кетіпті, өзіне қарай құстай
ұшпақ болады, бірақ жүрісі өнбейді. Мына пәле қайдан жүр,
қатыгез ағаш дайындаушының дәл өзі, түрі әлем-тапырық,
біресе кіжіне жұдырық түйеді, біресе жерге тізерлей отыра
кетіп маңдайын соққылайды. Шалғайдан сұлу графиняның
періште кейпі көзге шалынды, мінсіз ару хор қызындай құл
пырып еліктіріп, елітіп барады, алақандай аялы жанарын
неге мұң торлады екен?! Ту сыртында әлдекімдер ызың-ызың
шулайды, жалт қараған. Париждің араның ұясындай қыз-қыз
қайнаған базарының бүкіл тіленші-қайыршылары соңынан
шұбырып еріп келеді.
Екі қапталдағы жұрттың дауысы күшейе түскен. Әлде
қайдан құдіретті үн бәрінің мысын басып, аспанның астын
жаңғырықтырып ұран салған.
– Жол беріңдер, иіліп тағзым етіңдер. Жаны жаннаттай
таза, дүниені аппақ рауан ниетімен билеген ұлы адам келеді.
Арғымақ пен Агба!
* * *
Міне, мен олармен қоштаспақпын, қимай қоштасқам. Агба
мен артық туған арғымаққа қол бұлғап тұрып, сіздерді мына
жайдан хабардар ету мені сәл де болса тыныштандырар деп
үміттендім.
Агба да, Шам да өмірде болған. 1710 жылы Тунис бейі Па
рижге сыйға жөнелткен сегіз сәйгүліктің бірі осы арғымақ
еді. Ол ағылшын лорды Годольфиннің даңқын әлемге тарат
ты. Шам мен Роксанадан таралған құлындардың бәрі ерен
жүйріктігімен таң қалдыра берді. Қазіргі таза қанды ағылшын
сәйгүліктерінің тегі нақ солар болатын. Кейін оның біреуін
Россияның князі Орлов сатып алып, орыс желгіштерін өсірді.
Ал Шам күні бүгінге дейін Годольфин-Арабиан деген атпен
тұлпарқұмар жұрттың жадында ілтипатпен сақталып келеді.
1980 жыл
АЛДАН СМАЙЫЛ
КҮЗДЕ ТАСЫҒАН ӨЗЕН
Повесть
Әлгінде ғана жылы жаңбыр жауып өткен, айналадан сыз
топырақтың исі білінеді. Өзен жақтан салқын самал соқса,
қою қараңғылықтың құшағында тоқымдай болып тарылған
даланың тынысы кеңиді. Аспанды қалың бұлт тұтаса тұмша
лап алған, аңда-санда дүниені дүрліктіре күн күркіреп тас
меңіреу түннің түңлігін найзағай жарқ-жұрқ тілгілейді.
Мана бір әзірде қабағынан қар жауған түнгі даланың күн
батысынан талмаураған өңсіз сәуле білінген тәрізді еді, енді
ол да біржола сөнген, шудалана ұйысқан бұлттың тігісі сірә
да сөгілмейтін тәрізді. Сыз тартып, бетке жұққандай болып
қоюланған ауа уақыт өткен сайын салқындап барады.
Аяғына шалыс өре салынған торы ат үйреншікті өрісін таба
алмай біраз жерге дейін шоқалақтап барды да, қарсы алдында
қарауытқан заттан үркіп тоқтады. Қос құлағын қайшылап
үрейлене осқырынды, айналадан тың тыңдап түнгі даланың
алыс қойнауына сескене көз тікті.
Ол бүгін құлын күнінен үйреншікті өңірді мүлде танымай
қалып еді, баяғыдан бауыр басқан өрісі мұны, бұл оны жа
тырқайтындай өгейсіген. Осы таяуда ғана мына ен жазық
тың төсінде қырық жылғы көде төңкеріле ұйысып, қияқ пен
тарлаудың жұпар исі бұрқырап жататын, бұлтсыз түнде ақ
селеу ай сәулесіне шағылыса ажарланушы еді. Алысқа ұзамай-
ақ ат арқан бойындай жерді айнала жайылғанда оты қана
тын, бірен-саран кезігетін өлең шөп пен шыралжыңды үзуге
ерінетін.
Енді тізерлігін соғатын көде де, қышқылтым қияқ та жоқ,
түнгі дала қара барқынданып, топырағы қопсып жатыр. Әл
дене қыртысты жердің қалың құйқасын егесе тілгілей берген
секілді, ұлан өңірді дүрліктіре, тау-тасты қаңбақша домала
тып, жанды-жансызды торғайдай тоздырып, жолындағының
бәрін астан-кестен етіп сұрапыл дауыл соғып өткен тәрізді,
бәрі жым-жылас.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Торы ат ішін тартты.
Жер-көк тас керең, тылсым тыныштық тымырсықтанып
тұрып үрейлендіреді. Қарсы алдында жұмбақ қарауытқан зат
қозғалақтағандай болды, әлдеқайдан, бәлкім, алыстан, бәл
кім, дәл жанынан бөрінің қоңырсық исі білінген тәрізденіп,
осқырына секіріп түсті. Қос құлағын қайшылап, айналасына
сезікті көз тіккен. Көңірсіген леп әлгі беймәлім зат жақтан
шығатындай, енді одан аулақ кетуге асығып, дүркін-дүркін
пысқырынып алып алға жылжыды.
Мұндайда оқыстан шыққан дыбыс шөп арасының қыбыр-
қыбыр тірлігін жанынан түңілдіріп, көде түбінен шүйкедей
бозторғай шырылдай ұшушы еді. Қырдың сужүрек қояны
бұғып жатқан жерінен қос құлағы едірейе атып тұрып, басы
ауған жаққа безе жөнелетін. Қураған ши сытыр-сытыр сынып,
сарышұнақ бүлк-бүлк жортар еді.
Қазір соның бірі жоқ, бәрі жұмбақ, бәрі тылсым. Жер дү
ниені қара топырақ қаптай орап, қаумалап көміп келе жат
қандай түршіктіреді. Бір жағынан шалыс өре адымын аш
тырмай зығырданын қайнатып біткен. Күзгі түн де қасарыса
түнеріп, маңайды тұншықтыра бүркемелеп, жүрер жолын
жасыра еңсесін езіп барады.
Ол қою қараңғылықтан әбден мезі болып еді, бұрынғы
шүйгін өрісті жоқтап, айсыз меңіреу түнге егесе үздіге кісінеді,
салбыраған дел-сал тыныштықты дар-дар айырмақ болды.
Ал жылмиған реңсіз дала жаңғырықпай тұнжырап, мең-зең
талмаурап жата берді.
Бұдан әрі тіске басар қылтанағы жоқ сүреңсіз өңірде
жалғыз қалу тасқапқыр қамағаннан да ауырды. Көптен бері
алғаш рет сонау есте жоқ ескі күндерде жоғалтқан үйірді
қыстыға аңсады. Ол дәл қазір, мына безбүйрек түнде қай жер
де жүр екен. Сірә, ойдым-ойдым тарлауы, биік-биік қияғы
тұнған шүйгін өрісте пыр-пыр пысқырынып, таңдаған шөбін
ғана үзіп, тай-құлыны байыз таппай желігіп, өз қызығы өзін
де болып, мұның бұл дүниеде бар-жоғын қаперіне де ілмей
алаңсыз жайылып жатқан шығар.
Кезінде бұл да ен жайлауда талай-талай дәуірлеп еді-ау.
Құлын болған, енесінің уызына қанбаған. Тай болған, желмен
жарысқан, ала құйын шабыстың қиқуына тоймаған. Дөнен
күнінде ғана ет қызуы аздап басылғандай болып еді. Бүкіл үйір
АЛДАН СМАЙЫЛ
ді бидайықтай қуыратын адуын құла айғырдың қас-қабағын
бағып, сондай бір биліктен дәмеленіп, өзінше жал-құйрығын
түзеген. Ал дөненінде оған айбат шегуге жүрегі дауалағаны
есінде. Құла айғырдың ығына жүргісі келіңкіремей, тіпті
кейде құлағын жымита дөң айбат көрсеткенсіп, кесірлі мі
нез таныта бастаған-ды. Омырауы аяққаптай, жалы тізесіне
түскен, қос жанары үнемі қанталап, қаһарланып тұратын,
шәңгірлеген үні естіген құлаққа түрпідей тиетін сол оспадар
немені жылқы біткен неге есіртіп қойғанын білмей, жыны
құрысатын еді. Бірақ тұрқы есік пен төрдей мама биелердің
өздері ығатын айғырға бұл не істей алмақ, оның кәріне ілік
сең, шыбын жаныңнан күдеріңді үзе бер. Құдай оның бетін
аулақ қылсын, қуып жүріп шайнайды.
Бірде солай болды да. Онда бұл құтырынған құладан үйір
дегі боз байталды қызғанып еді.
Жылқы түсте бұлақтың басында үйездеп тұрған. Боз байтал
құлынды биелерден бөлініп келіп, жанына тоқтады. «Дөнен
дегеніміз осындай болады екен ғой» деп таңырқағандай бұған
біраз қарап тұрды да таяла түсті. Әуелі жорта үркектегенсіп
пысқырынып қойды. Содан кейін алқымымен сүйкеп өтіп,
онысын бұлдағандай құлағын жымитты. Бәтшағардың түгі
жылтырап жұтынып тұр, тұла бойынан даланың, күннің исі
бұрқырайды.
Бұл әлі енесінің сүтінен дәмелі ашық ауыз тай да, құ
лындармен жарыса жөнелуден именбейтін далаңдаған құнан
да емес, жал-құйрығы төгілген, әр нәрсенің парқын пайым
дап үлгерген әжептәуір дөнен ғой. Боздың мына қылығына
кәдімгідей марқайып қалды, оны іш тартып, елжіреген тә
різденіп, өзі де жанаса сүйкенді.
Байтал сырғақтамай, жанары тұманданып бара жатқан се
кілденіп тұра берді. Торы соны малданып, енді бұрынғысынан
еркінси түсіп, жалын қасыған. Боз қытығы келгендей дір етіп
барып тыншыды.
Міне, осы кезде құла айғырдың шәңгірлеп жетіп келмесі
бар ма. Бұлар ес жиып үлгерген жоқ, тарпа бас салды. Екеуі
екі жаққа жырыла қашқанда, байталдың соңына түсті. Ол
шұрқырап, бей-берекеті шығып суырыла жөнелген, анда-
санда үрейлене кісінейді. Адуын құла алысқа ұзататын емес,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қаһарына әбден мінген, саптыаяқтай төңкерілген тұяқтары
қара жерді дүңк-дүңк ұрғылап, тап-тап береді. Боздың жан
ұшыра үсті-үстіне тепкілегеніне қарамай, омырауымен өр
шелене соққаңда, ұшырып жібере жаздайды.
Жылқы біткен екеуіне үрке көз тігіп, едірейісіп тұр. Құ
ланың тізесі батып, зәрезап болып қалған кейбір тай-құлын
мама биелердің тасасынан шошына қарасады. Үйірге таяуда
әкеліп қосылған арқасы жауыр күрең ат өзінен-өзі үрейленіп,
құладүзге безіп барады.
Торы дөнен бас сауғалап тұра қашқанына қорланғандай
болып, байталға қарай бұрылды, оны жанамалай шауып, ай
ғырдың бетін бұрып әкеткісі келді. Бірақ құла мұны көзіне
де ілген жоқ, боздың алдын орап барып, оқыс жалт бұрылды
да, сауырына азуын көміп жіберді. Анау бөксесі шөмиіп сүрі
ніп кетті, жанары жансызданып, бойын зорға тіктеді Үстіне
қайтадан ызғар шаша төнген айғырға жүні жығыла, мүсәпірсіп
қарап, қалш-қалш етті.
Сол кезде торының қаны басына шапқан, бүйткен күні
құрысын, қолында өлмекке бекініп, зығырданы қайнап, ағыз
ған күйі құланы алқыммен соқты да өтті. Соғып өткен бетте
тілерсегі дір-дір етті, омырауы қасқайған қара жартасқа ти
гендей қақырап, қақсап сала берді. Сонда да сыр бермегенсіп
басын шұлғып тастап кері бұрылғанда, айғыр оқтай атылған.
Оның ақсиған азу тістерін ғана көріп үлгерді, артынша шоқ
тығына удай ащы әрі өткір бірдемелер кірш-кірш қадалды.
Жанарының алдында қызылды-жасылды от ұшқындады, бел
омыртқасын сықырлата езген зілдей салмақты көтере алмай
жерге құлап бара жатты.
Айғыр осы бетінде жанын жаһаннамға жібермей тынбас
па еді, кім білсін, тәңір жар болғанда жылқышы сары шал
келіп құтқарып қалған. Содан бері ол құланын тұяқ дүбірі
естілгеннен-ақ үрейлене бастайтын, ал боз байтал бұған қай
тып жоламай қойды. Мұның итше таланып, бүкіл үйірдің
алдында масқара болғаны аздай, күндіз-түні әңгі айғырды
сағалайды.
Біраздан кейін дөнен осы сүреңсіз оқиғаны ұмыта баста
ған, басқа саяқтармен емін-еркін жайылып, бұрынғысынан
да қоңдана түскен, тек енді құла айғырдың билігінен дәме
АЛДАН СМАЙЫЛ
ленуді қойып еді, боз байтал да алаңдата бермейтін, көзіне
шалынғанда ғана өз ырқынан тыс оқыранатын да басылатын.
Адуын айғырдың да мұнымен ісі болған емес, егер жазатайым
жақындағандай болса, одырая қарап, сескендіре жер тарпи
тын. Оның сол сесті кейпінен: Батырым, қалай екен. Байтал
түгілі бас қайғы болған шығар, деген жігерді құм қылатын
кесірлі кекесіннің ызғары білініп тұрушы еді.
Сол жылы жаз жайлы болды, араға төрт-бес күн салып
жаңбыр жауады, жер-көк шаранасынан аршылған төлдей
тазарып, алуан түрлі шөптің жұпар исі аңқиды да тұрады.
Кең жайлаудың төскейі қоңыр салқын, түгі жылтыраған
жылқылар қиқу естілсе, ойнақтап шыға келеді, ен даланың
шүйгінді жазығында тасқын судай құйылып ағады. Тайға да,
құлынға да ерекше желік біткен, кәрі сақа биелердің өздері
әредік тасыр-тұсыр шапқан сияқтанып, кебеже қарындары
шұрқ-шұрқ етіп, желге қарсы қасқая желетін. Ал арқасы
жауыр арық күреңге жал бітіп қайдағы бір айғырсымақ қы
лық тауып, құланың көзін ала бере қулықтарға қырындайтын
ерсі мінез шығарған.
Ал мына қара топырағы көпсіген өңірде соның бірі жоқ,
шашасына дейін малтығып, әрі шалыс өре адымын аштыр
май ит әуреге түсірді. Әлгі көңірсіген исі бар қарайған зат
оң жағында қалып барады, түн баласында сезікті деңкиіп
алаңдата береді. Шіркін төрт аяғы бос болса, оған қайырылып
та қарамай, баяғы ен жайлауды бетке алып құйындай құлды
рар еді-ау. Бірақ оған дәрмен бар ма?
Түн бұрышысынан да түнере түскен, денесін тітіркентіп
жаңбыр себелей бастады. Аспанның астын шулатып күн күр
кіреді, жарқ еткен найзағайдың жарығы ұлан даланы көз
алдына бар кескін-келбетімен жайып салып, сол заматта тас
тай қараңғылықпен шапшаң қымтай қойды. Әлгінде ғана
жанарына сыйған ұлан өңірді көрдей үрейлі түн қылқ еткізіп
жұта салғандай.
Торы аттың дегбірі қашты, ол мұны да жалмап қоятын
сияқты еді, аспанға қарғымақ, көсіле шаба жөнелмек болып
аласұрды. Алға өршелене ұмтылғанда шалыс өре шалып жыға
жаздап, омырауымен топырақ қауып барып зорға оңалды.
Әттең дүние-ай, құйын-перен шабуға ғана жаратылған төрт
ШЫҒАРМАЛАРЫ
аяқтың шырмалып тасталғанын көрмеймісің, бұдан өткен
қорлық болар ма?
Торы жеті түнде айдалада аласұрғаннан ештеңе шықпай
тынын түйсінгендей саз балшықша иленген бос топырақтың
үстінде бір сәт қыбырсыз тұрып қалды. Әлдеқайдан... ту...
ту... алыстан жылқы кісінеген тәрізденеді. Елеңдеп солай
қарай оқырана бет түзеді. Жанарының алдына тағы да мама
биелердің желіні шалғынын сызған, саумал самалы тұла бой
ды сергіткен, кәусар бұлағының дәмі таңдайдан кетпеген, бұл
күнде көзден бал-бұл ұшқан жайлау елестеді.
Ол мына тас керең түнде таптырар ма. Сол бір жайма-шуақ
күндерде бұл құла айғырдан ығыр болып, тауы шағылып
жүргенде, одан кейінгі тірлігінің бәрі сор татыған бейнет
екенін қайдан білген. Оған өзі де, боз байтал да, жаздың күні
шілдеде қамысты бұлақты жалдап барып, құйрығымен суды
шапаттап, үйездеп тұратын көп жылқы да, әпербақан құла
да кінәлі емес-ті. Мұның тыныш, беймарал күндерін судай
сапырып, астан-кестенін шығарған даусы ащы, қолынан ұзын
құрығы түспейтін денелі сары шал еді.
Ол бір күні жылқыдан оқшауырақ жайылатын саяқтар
дың арасында қаннен-қаперсіз тұрған бұған бұғалық салды.
Міне, содан бері сары шал мұның үстінен түскен емес.
Бұл мініске әбден үйреніп, ерге арқасын өзі тосатын көнбіс
күйге жеткенде, ол жылқыны колхозға біржола тапсырып,
Жаңаталаптағы ауылына келген. Торы өзінің ел Садақ, Сәке,
кейде Шатақ деп атайтын, осы жылы жетпіске іліккен қарт
тың, ортаның жұмысынан қол үзерде сыйға алған малы екенін
қайдан білсін. Күндіз соның астында сар желіп жүріп, түнде
арқандалып тұрып құлын күнінен үйірсек болған жылқылар
ды аңсаумен болатын. Қалғып кетсе, соларды түсінде көреді,
кейде боз байталмен қапталдаса шауып, табақтай күнді бет
ке алып, құйындай құлдырап шауып бара жатады. Енді бір
де екеуін құла айғыр шыбын-шіркейін шығарып қуып ала
жөнеледі де, ен жайлау жау шапқандай дүрлігеді. Әредік
қыл арқан аузынан қанды көбік ағызып буындырып тұрып
алады. Қайсыбір кезде сары шалдың ащы айғайын естігендей
шошып оянады.
Ал арқаннан аяғы босаса, үстіне ер салынады дей бер.
Иесі үйде байыз тауып отыра алмайды, не бітіретінін, кімді
АЛДАН СМАЙЫЛ
іздейтінін құдай білсін, әйтеуір бұл маңайда ат ізін салмайтын
жері кем де кем. Таң атса өрістен сауып отырған екі-үш биені
айдап әкеледі, содан үйдің жанында күйбеңдеп біраз жүрген
соң, қымыз аңқыған торсықты қанжығаға байлап алып, өзен
бойын арылтады. Көбіне ауылдан недәуір жердегі ескі тоғанға
баратын. Оған жеткенде торының арқасы босайды, шал ая
ғын тұсап қоя береді де, жалғыз өзі жаяу сенделеді де жүреді.
Әуелі бөгеттің етек жағыңдағы түйедей-түйедей тарғыл тас
тарды жағалайды, одан жоғары өрлеп, су ағатын қылтаның
ернеуіндегі шоқыға шығады. Сол жерден тоғанға таяу жерде
салынып жатқан үйлерге ұзақ үңіледі.
Ол жақтан тарылдаған, гүрілдеген мазасыз үн үзілмейтін.
Оны торы ат ұнатпаушы еді, ен даланың тыныштығы бұзыл
май, жерінде аңы, көгінде құсы үрікпей, өз қызығымен өзі
болып жатқанына не жетсін. Бәлкім, иесі де беймаза дауысты
жақтырмайтын шығар, қайтар кезде ердің үстінде отырып,
төменге күрсіне қарайтын да: Осының бәрі бекер, – деп
қынжылатын.
* * *
Себелеп басталған жаңбыр күшейіп барады, ірі тамшылар
қара топыраққа сыр-сыр құйылады. Манағы жұмбақ қа
рауытқан зат жақтан білінген күлімсі иіс енді жоғалған.
Торыға оның не екенін білудің қажеті шамалы еді, жер жыр
тып жүргенде сынып қалған ескі трактордың атқа қатысы
қанша, оған қазір өзінің аяқ астынан жоғалған үйреншікті
өрісі керек. Тісің тиер-тиместен үзілетін көде, аузыңа салған
да бырт-бырт бөлінетін қияқ, жылқы малы қанша шалса да
тоймайтын тарлау тұнып тұрса, одан артығының керегі не.
Түн баласында шегіртке шырылдап, маңайында бозторғай
мен сары шымшық ұшып жүрсе, таяу жерде жапалақ тышқан
алып жатса, қандай рахат.
Ал қазір жер-дүние жылан жалағандай, жаңбырдың астын
да иленген топырақтан басқаның бәрі із-түссіз жоғалған. Торы
мұндай сұмдыққа алғаш рет душар болып, бір зобалаңның
болғанын сезіл, үсті-үстіне пысқырды. Мына қу тақырдың
ШЫҒАРМАЛАРЫ
үңірейген үрейлі көмейі бардай, маңына жолап кеткенді таң
дап-талғамастан қорқ-қорқ жұта беретіндей шошынып тағы да
аласұрды. Аяғына салынған өреден құтылғанша асықты. Ол
әлденеге ілінді ме екен, бір кезде тапжылтпай сіресті де қалды.
Бұлқынса қыр жіліншігіне батып, удай ашытады.
Торыға оның жанына батқанынан тіске басар сынық шиі
жоқ жып-жылмағай көсе даланың сұсты кейпі қорқынышты
еді. Жанталаса тартына берді, амалы таусылғандай болған бір
сәтте қыстыға шұрқыраған. Соған ілесе, тас төбеден құйқа
ны шымырлата шатыр-шұтыр күн күркіреп, қара жерді қақ
айырғандай зәрені алды. Қапсағай қара жартастар бір-біріне
гүрс-гүрс соғылыса құлап келе жатқандай есі шыға тулады.
Барын сала жұлқына берді, қайыс өренің ағаш тиегі қыр жі
ліншігіне шегедей қадалып, шытынағандай болғанына да
қараған жоқ, аспанға өршелене қарғыды. Сол бір сәтте алға
ұмсынып барып, саз топыраққа омақа аса құлаған. Жалма-
жан атып тұрғанда, өре үзіліп кеткен бе, төрт аяғының бірдей
босағанын біліп дүр-дүр сілкінді.
* * *
Садақ қанына сіңген дағдысымен құлқын сәреде оянды.
Далаға шыққанда сарша тамыздың таңы жаңа белгі беріп
келеді екен, ауылдың желкесіндегі тастақ төбе мұнарлана
бастапты. Шығыстан көтерілген көгілдір алау күмбездене
қалған, төмендегі талды өзеннің үстінде тұман шөгіп жатыр,
аспанда кіршең бұлттар шудалана жалбырайды. Жаңбыр таң
әулетінде ғана басылған сияқты, ауа әлі сыз татып тұр, аяқ
басқан жердің бәрі шылқ-шылқ етеді. Ауыл ұйқыдан тұрма
ған, айнала жым-жырт, ит екеш итке дейін таңғы салқында
жылы орнынан қозғалғысы келмей, бұйығып жатыр, қыбыр
еткен жан жоқ. Бірен-саран торғай ғана үйдің алдындағы
жазғы пештің жанында секектеп жүр. Дәл төбесінен ауа
суылдағандай болды, бір топ дарқоңыр үйрек өзенді бетке
алып ұшыпа барады. Қораның бұрышында жатқан қаздар
қозғалақтады, көрші үйдің әтеші шақырып еді, оған басқала
ры жарыса қосылды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ауылдың кейпі жүдеу, әркім өзіне қолайлы деген жерге
салған, іркес-тіркес орналасқан шым үйлердің сыртқы сы
лағы әр тұсынан жарылып түсіп, ағал-жағал. Іргелері шө
гіп аласарып кеткен, кейбіреулерінің төбесіне алабота қап
тап өскен. Әне бір шеткі жақтағысының қос терезесі қу бас
тағы көздің орнында қалған қуысы тәрізді үңірейіп, суық
қарауытады. Иесіз қалған шаңырақ оңушы ма еді, айналасын
да арбаның сынған дөңгелегі, ортасынан қақ бөлінген жетек,
майысқан мосы, бүйірі ішіне кіріп кеткен жез самаурын, те
мір-терсек шашылып жатыр. Үйдің бұрышында жүндес ала
мысық үрпиіп отыр.
– О тоба! – деп күрсінді Садақ. – Күні кешегіге дейін бұл аты
рапта осы ауылдан ажарлы қоныс болмаушы еді. Өмір қыз-қыз
қайнап жататын. Мына көріп тұрғаным шын ба, өтірік пе?!
Қазір Жаңаталапта өзі секілді селкілдеген төрт шал мен
совхоз орталығынан жұмыс таба алмаған дәрігер, ондағы
орысша мектептен орын жетпеген мұғалім ғана қалған. Бас
қаларының бәрі қоныс аударды.
– Адыра қалғаны да, – деді тағы да күрсініп. – Біткені де!
Таңғы көгілдір алау сұйыла бастады, шығыс кемерден та
мыздың күні көтеріліп келеді. Ауылдың желкесіндегі төбе
биіктеп бара жатқандай, кіршең бұлттар сәл жеңіл тартқан.
Бұзауының жанында жатқан қызыл сиыр ыңырана тұрып,
азынай мөңіреді. Жалпақ қораның төбесінен секіріп түскен
төбет ит жан-жағына қарап алып, еріне маңқ етті де, иесіне
қарап құйрығын бұлғаңдатты.
Садақ әлгі қаңырап бос қалған үйге қайта көз салған. Ол
осындағы шөпшілердің бригадирі Шаяхметтің мекенжайы
болатын. Әкесі Ысқақ өзімен құрдас, тете өскен сыралғы жан
еді, алты атадан қосылатын жегжаттығы да бар. Екеуінің
ту баяғыдан осы Жаңаталап колхозы шаңырақ көтергеннен
бері жұбы жазылмай келді, күні кешегіге дейін ат үстінен
түскен жоқ. Ортаның жылқысын бақты, өле-өлгенше шаруа
дан қалған емес. «Мен жылқыдан кетсем, ұзаққа бармай
мын, – деуші еді марқұм. – Қол қусырып қарап отыру біздің
мандайымызға жазылмаған. Не қыбырлап жүру керек, не көз
жұму керек. Екінің бірі ғана».
Байғұстың аузы дуалы ма, айтқаны келді, былтыр колхоз
жаңадан ашылған тың совхозының құрамына еніп, жылқы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ны басқа бөлімшеге бергенде, амалсыз үйде отырып қалған.
Содан арада ай өткенде ауырмай-сырқамай дүние салды.
Марқұмның денесін қара жердің қойнына бергеннен кейін
екі жұмадан соң өзі де ауырды. Әуелде бойының ауырлап,
ұнжырғасы түсіп бара жатқанын мойындағысы келмей бағып
еді, келе-келе жүріп-тұру мұң болды. Денесінде қақсамайтын
жері жоқ, сүйек-сүйегі сырқырағанда жаны көзіне көрінеді.
Қыстың ызғарлы желі буын-буынын қуалай соғып, жаздың
аптабы қақтағандай түсініксіз бір дерт жайлап алған. Ат үс
тінде жүргенде ауырғандай болса, бір бусанғаннан қалмай
айығып кететін. Ендігі сырқаттың беталысы жаман сияқты,
күн өткен сайын меңдеп барады.
Бір күні жаны қыстығып жатып Ысқақтың сөзін есіне
алды, оның айтқаны келетін болса, мұның да ажалы жеткен
шығар, жарық дүниеден баз кешейін дегені де.
Осы ой шынымен-ақ үрейлендірді, өлім табалдырығында
аңдып тұрғандай, жастықтан басын көтеріп алды. «Қол қу
сырып қарап отыру біздің маңдайымызға жазылмаған. Не
қыбырлап жүре беру керек, не көз жұму керек. Екінің бірі
ғана» деп күңіренді.
Осы суық сөзді қайталаған сайын тұла бойы түршікті.
Тәубәсіне келіп, оң-солына көз салса, бұған дейін өлім жай
лы ойланбаған екен. Оның бар-жоғын ұмытып кеткендей,
жылқының соңында, күнделікті күйбең-күйбең шаруаның
жетегінде салпаңдап жүре беріпті. Енді ажал деген жалмауыз
үн-түнсіз келіп тарпа бас салғандай шошынған.
Алакөлеңке үйде жалғыз өзі аласұрып, басын тауға да,
тасқа да соқты. «Екінің бірі! – деді тістеніп. – Не бар, не жоқ
болайын!»
Сүйретіліп есік алдына шықты, дала жап-жарық екен, басы
айналып, құлап түсе жаздады. Өзіне-өзі келгенше қабырғаға
сүйеніп, тұла бойын ұсақ діріл буып едәуір тұрды.
Жанарының алды айқындалып, буыны сәл бекігеннен
кейін, немересі Артықты шақырды. Дәтке қуат болғанда ол
үйдің маңында жүр екен.
– Не, ата? – деді жүгіріп келіп.
– Торы атты ертте!
Ол мұрны шуылдап жүріп айтқанын істегенше жаным
шығып кетер ме екен деп үрейленген. Дәл қазір даланың ен
АЛДАН СМАЙЫЛ
жазығын дүрліктіріп, соңғы рет шауып өтуден басқа ешқандай
тілегі жоқ болатын.
Өлдім-талдым дегенде, тағаты таусылып барып торы да
ерттелді-ау. Аттың үстіне немересінің демеуімен зорға кө
терілді. Әуелде бойын тіктеп отыра алмай, екі жағына алма-
кезек ауған, жоғарыдан қарағанда жер шыңыраудың түбінде
жатқандай қарауытты, тақымы босап, торының жалына
жабыса кетті.
– Екінің бірі! – деді кіжініп. – Өлсем аттан құлап өлейін! –
Жақ еті жиырыла тістенді, кеудесін зорлана көтеріп, тізгінді
жинады да ауладан шықты. Артық бірдеме деп дауыстап еді,
айтқанын ұққан жоқ, сөйтсе қамшыны ұмытып кеткен екен,
жүгіре басып келіп қолына ұстатты. Маңайда бөгде жан жоқ,
ал қарсы алдында көделі жазық шалқиды. Соған іліккен соң,
басымен алысып келе жатқан торыны еркіне жіберді. Әуелі
ауылдан таяқ тастам жердегі өзенге қарай төтелей салған,
оған жете бере талды арнаны қуалай шапты. Бастапқыдай
емес, тақымы бірте-бірте бекіген тәрізденіп, денесін буған
діріл басылайын деген. Аттың жалына жабысқанды қойып,
түзеліңкіреп отырды. Ал торы еркін көсіліп келеді: ойдым-
ойдым қара су, тікенді шағын алаңқайлар бірінен соң бірі
кейіндеп қалып жатыр. Біраздан соң шөбі шабылып, шөме
ле-шөмеле болып үйілген шабындықтар кездесе бастады.
Өзеннің жағасына төндіре салынған тас бейіттерді де артқа
тастады. Одан әрі сай-жыралы болып келеді, аттың басын оң
жақ қапталдағы биік тауға барып тірелетін жалпақ жазыққа
қарай бұрды.
Ол жердің табаны құмдақ еді, төрт тұяқтың дүбірі күшейе
түсті. Қарсы беттен салқын самал соқты ма, бойы сергіген
тәрізденіп, денесін тіктеді. Шапанының етегін жинап, айдала
да жападан жалғыз атой салды.
Иесінің талайдан бері естілмей кеткен ащы айғайы шық
қанда, торы құлағын жымып алып бүктетіле шапты. Ол да
бойын еркін жазып, ащы терден бір арылғысы келгендей
құтырына құлдыраған, жал-құйрығын жел шайған.
– Аянбаймын, ерден сыпырылып түсіп қалғанша сілтей
мін! – деп тістенді Садақ. – Бәлкім, бұл менің соңғы шабысым
шығар. – Торының сыры мәлім, осылай бір сарын сыдыртып
ШЫҒАРМАЛАРЫ
отырады да, қозы көш жерден соң екпіні күшейіп, қолтығы
сөгіледі. Содан түйе сойым уақытқа дейін алқынбайды, со
ңында сұйық шаң қалдырып, төрт аяғын тең тастап, жолай
кезіккен қарағай-тобылғыдан жеп-жеңіл қарғып өтіп соза
тартады, көпке шейін айызыңды қандырады.
Мұнартқан таудың алқымына алақұйын іліккенде Садақ
тың денесі жіпсіді, маңдайынан шып-шып тер шығып, жана
рының алдында бұлдыраған сағым ыдырай бастады. Тауды
бөктерлей отырып, көз ұшындағы Қарауылтөбеге жеткенде,
көйлегі етіне жабысып, қан сорпасы шыққан.
– Сілтей түс, жануарым, шабысыңнан жаңыла көрме! – деді
айғайлап, – Тасырлатып тауға шығып, құлдырап жазықты
жалдайық! Маған таялған ажал айдалада адасып қалсын!
Қарауылтөбеден еңіске қарай құлдилағанда торының ал
қымы көбіктенді, тізгінді кере тартып үсті-үстіне пысқырды.
Бұл жануардың бүгінгі шабыс ұзаққа кететінін сезгені еді. Ал
Садақ бірнеше күн қатарынан дерттің тұтқыны болғанын ұмы
та бастаған, қос тізесінің үзіліп ауырғанын, белінің ат соққан
сайын сықырлап мазасын кетіргенін аңғармауға тырысты.
Дүниеде желмен жарысқан жылқы барда, жылқының жігіт
ті жындандырып, кәріні есіртетін желігі барда, қас тұлпар
айлап шапса таусылмайтын көл-көсір дала барда сырқат деген
немене, тәйірі.
– Құйындай құтырын, жануарым! Тұяғың тиген көк тастан
от ұшқындасын! – деп елірді Садақ. – Дүбірің жеті қырдың
астынан естілсін! Уай, құйғытайықшы! Түбі бір өлер болсақ,
кібіртіктемей ағып өтейік!
Торы онсыз да ағызып келе жатқан, иесінің айызы сонда
да қанбаған екен. Ал мынасы несі, бұған ауыр болмасын деге
ні ме. Шапанын шешіп, жалбырата лақтырып жіберді. Оның
артынан қамзолы да кетті, енді басындағы пұшпақ тақиясын
қолына алып әуелете бұлғап келеді. Ауық-ауық айғай салады,
даусы бұрынғыдай шырылдап шықпайды, ащы да емес, өжет
те өктем.
– Заулайықшы бір! Сүйекті жасытқан кәрілікке егесе
заулайық. Тез өте шыққан, баянсыз жастыққа ерегісе жүйт
киік! Өткінші өмірдің басын айналдыра құйғытайық!
Аттың көзіне тер құйылды, жасауратып, удай ашытып ба
рады, бірақ шабысын бәсеңдеткен жоқ. Үстінде қырық жыл
АЛДАН СМАЙЫЛ
жылқы баққан иесі отырғанда, оны қай құдай алсын, қарсы
бетті шала көрсе де аянбай сілтеді. Енді манағы бір салқын
самал ұшты-күйлі жоғалған, маңдай тұсынан аңызақ жел
азынайды, омырауынан мошнақ-моншақ үзіліп түскен терді
жылт-жылт еткізіп іліп әкетіп жатыр.
Әуелде иесінің тақымы бос еді, енді әредік кеудесін бүре
қысып, қарсы кезіккен бұта-түбірден жалт-жұлт жалтарта
ды. Еңкейе беріп жанарын сүртті, ат жаратып, жүйрік баптап
өскен шал мұны қалай ұмытсын. Ол қазір торының құрбан
дығы болуға дайын-тын, көрден сүйретіліп шыққандай болып,
үзеңгіге аяғын зорға тірегеңде, дәл осылай сергіп, желігіп сала
беремін деп ойлап па еді. Осы сәтте барша дүниенің билігі өз
қолында тұрғандай аруақтанған.
Жүйткіп келе жатып ұлан жазықтың таусылмауын тіледі,
ол тарылмай, шапқан атқа апшысын қуыртпай шалқи берсе
болғаны. Тұла бойын қыжылы тарқамаған ыза мен беймәлім
кек, құрып кеткір кәріліктің қыжылымен қоса шегіне жа
қындаған өмірге деген егестің гөй-гөйі кернеп бара жатыр еді.
Атқа үсті-үстіне қамшы басты. Сол бетінде қиыстай бұрылып
барып, ескі тоғанға қарай құлдилады.
Енді ол осынау құйын-перін шабыстың үстінде мандайдан
азынап соққан желдің де бойға дәру екенін сезген. Денесі
не жабысқан, тер сіңген көйлегін дар-дар айырғысы, әлі де
сыздауын қоймаған тізесін, сырқыраған белін аттың көріктей
қызған деміне қақтағысы келді. Жанарына жиналған жас
бұршақ-бұршақ болып үзіліп, көкірегін жалын жалағандай
күйіп-жанды.
Ескі тоғанға жетіп қайтты ма, жоқ па, есінде жоқ, торының
қара жерге дік-дік қадалған төрт тұяғының дүрсілін ғана
естіген, шыр айналған даламен бірге дөңгеленген.
Міне, осы күннен бастап Садақ торының терін кептірген
жоқ, айдалада атойлап шабатын да жүретін. Ерден түссе еңсесі
езіліп, атқа қонса, өзін-өзі танымай қалады. Иен өңірде дертін
ұмытып желігіп шыға келеді. Ен жазықта үйір-үйір жөңкіл
ген киікпен жарысады, қиялай қашқан қарсақ пен түлкінің
ұзатпай алдын тосады. Бауырынан жараған торы қай қиян
ға салса да аузымен құс тістейді. Сар далада аттың алқымы
ақкөбіктенсе, мұның сүйек-сүйегі қорғасындай балқиды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Күн таяқ бойы көтерілгенше үй маңының күйбеңінен
босаған жоқ. Бірлі-жарым ұсақ-түйегін өріске айдап салды,
азынап мөңірей берген сиырдың бұзауын ағытты.
Екі-үш күннен бері осындай берекесіз шаруаны өзі жай
ғастырып жүр. Жетпістегі шалға лайықты іс емес, бірақ лаж
қайсы, осы күнде құдай жалғыз, бұл жалғыз. Кемпірі таяуда
түс шайысып қалып, жаңа совхозда тұратын ұлға кеткен.
Бала болса, былтырдан бері өкпелі, орталыққа қолыма көшіп
келмейсің деп жазғырады. Келіннің де, былайғы елдің де
айтатыны сол, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай.
– Жарайды, бір жөні болар. Торыны тауып алайын, – деді
күрсініп.
Содан кейін атты іздеп таппаса, осы өңірде шын жалғыз
қалатынын сезді. Дәл қазір оны мініп жүріп тындыратын
шаруасы да жоқ, торы есіктің алдында көлденең байлаулы
тұрса, қоңылтақсыған көңіл сәл де болса сабасына түсер еді.
Жайшылықтың өзінде атты ерттеп қойып, соның төңі
регінде күйбеңдеп жүретін әдеті бар. Бұл жылқы малына
үйірсектігінен бе, әлде осы жасқа жеткенше тақымы ерден
босамағандықтан ба, кім білсін, әйтеуір торысыз күні күн емес.
Қолындағы жүгені сылдырлап, ауылдың шетіне қарай
жүрді. Қарсы алдынан мектептің шатырлы үйі көрінді. Бү
гінде ол да қаңырап бос қалған, есік пен терезеден жұрдай,
ауласына алабота қаптай өсіпті. Бір кезде көк сырмен боялған,
биіктігі кісі бойындай, кең етіп қоршаған шарбағы әр тұста
құлап, сиқын одан әрі кетіріп тұр.
Жақындап келгенде мектептің кіре берісінде біреудің күй
беңдеп жүргенін байқады. Осы ауылда түтін түтетіп қалған
төрт шалдың бірі Қабылға ұқсайды. «Ол мұнда таң атпай неге
келді екен» деп ойлады да, солай қарай бұрылды.
Қабыл бұған дәл жанына келгенше назар аударған жоқ,
тоқымдай тақтайды шүберекпен ысқылап сүртіп жатыр.
– Ау, батырекесі, бармысың? – деді ту сыртынан.
Ол оқыс жалт қарап, танымаған адамдай тұрып қалды.
– Құлқынсәріден бұл жерде не іздеп жүрсің?
– Е, сен бе едің. Амансың ба? – деді Қабыл жерге шырт-
шырт түкіріп. – Мынаны орнына қағып қоймақ болып жат
қаным ғой.
27-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Садақ құрдасының қолындағы тақтайға қарап, ондағы ірі
етіп жазылған әріптерге көз тоқтатты. «Арыстан Жұмасейі
тов атындағы Жаңаталап жетіжылдық мектебі» деген сөзді
ежіктеп оқып шықты.
– Кеше кешке қой іздеп жүріп осында келсем, жерде
жатыр, – деді Қабыл ерніндегі насыбайды сұқ саусағымен іліп
алып тастап. Содан үйге алып барып, қиюы қашқан жерлерін
бүтіндедім. Енді қайта түспейтіндей етіп бекітіп тастаймын.
– Ол қиын болып па, бірақ енді бұған кімнің назары ауады
дейсің. Маңдайшаға ілінген қу тақтай түгілі, мектептің өзін
бұзып әкетеді әлі, – деп Садақ шым топыраққа жабыса өскен
жоңышқаның үстіне отырды.
– Солайы солай шығар, алайда көзім көріп тұрып, қалай
ша күл-қоқысқа көмдіріп тастаймын, – деді Қабыл тақтайды
бұрынғы орнына бекітіп жатып. Арыстан марқұмның бұл
мектепке еңбегі сіңіп бағып еді ғой. Есіңде шығар, осының
қабырғасын қалайтын тасты таудан жалғыз тасыған болатын.
– Неге ұмытайын, – деді Садақ, – осы дәл қазіргідей көз
алдымда.
Қабыл жөткірініп, кеудесі сырылдап булығып қалды.
– Ол кезде Жаңаталап әлі колхоз болып құрылмаған еді
ғой, – деді Садақ күрсініп. Ал көз алдына сонау отызыншы
жылдардың жүдеу кескіні елестеп еді, төрт-бес үйлі артельдің
сұлбасы қылаң берген.
Үй дегеннен осы Қабыл мен ЬІсқақтың, Арыстанның,
өзінің жеркепесі ғана бар болатын, былайғы екі-үш шаңы
рақ әлі баспана салып үлгермеген. Марқұм сөйте тұра мектеп
ашамын деп отырып алды, оған шама жоқ екендігіне қарады
ма. «Бұл осы өңірдегі алғашқы мектеп болады, тездетіп салып
алсақ, жұрт артельге өзінен-өзі жиналады», – деп күбірлеп
қоймады. Сонда бұлар да қасарысып бағып еді, оның ойына
алғаны мүлде қисыны келмейтін шаруа сияқты болып көрін
ген. Ел аш-жалаңаш, тіске басар сынық бидай үшін кісінің
құнын бересің. Ал артельде мал дегеннен жиырмаға тарта
құлынды бие, азын-аулақ қой-ешкі ғана бар. Былайғы жұрт
болса, қыс қатты болып жұтап қалды ғой. Әсіресе сол жылы
ел азып кетіп еді, мамыр ортасынан ауғанша қарлы жаңбыр
үзілмеді, ал содан түу сарыала күзге дейін жерге нәр тамбай
ШЫҒАРМАЛАРЫ
діңкені және құртқан. Ана ескі тоғанның алдына салған азын-
аулақ егін болмағанда, бұлар қырылып қалар ма еді, кім
білсін. Ал Арыстан мектеп саламын деп дігерлеуін қоймай
ды. «Ау, осы сенің есің дұрыс па? Қыс болса, қыр астында,
он екі де бір ұсқыны жоқ шаруаны кім реттейді. Жаздай шөп
шауып, егін жинап, бір тыным жоқ, сіңірімізге ілініп отырға
нымыз мынау. Одан да өлмес қамымызды ойлайық, ең құ
рыса басымызға күрке тұрғызып алайық. Тіпті осының бәріне
уақыт жеткенмен, алдында асы, үстінде бүтін киімі жоқ өңкей
аш-арықтың шамасы келе ме?» – деп жөнін айтсаң, жатып кеп
ренжиді.
Сондай күндердің бірінде мұның жер кепесіне бас сұққан.
Екі кештің арасы еді, оны-мұны шаруа жайын сөз етіп біраз
отырды.
Арғы-бергіні арылтып келіп, әңгіменің бетін мектепке
қарай аударды.»Садақ, сені көзі ашық, көкірегі ояу азамат
деп білгендіктен ғана тағы да қолқа салып отырмын. Ертең
менімен бірге тауға жүр, екеуміз іске кіріссек, қалған ел қарап
қалмайды», – деген. Сонда мұның терісіне сыймай, шатынап
шыға келгені. Ал кеп жер тепкілесін, ал кеп абаласын.
– Сен елдің қамын жемейсің, көзіңді шел басқан, – деді. –
Осыны жұртты одан әрі тұралату үшін істемексің. Барып
тұрған зиянкессің, контрдің дәл өзісің, – деді.
Қойшы, әйтеуір айтпағаны жоқ. Ақыр соңында енді осы
сөзін қайтып естісе, артельге қосқан құлынды биесін жетелеп
тайып тұратынын ұқтырды.
Арыстанның өңі құп-қу болып кетті, тамағына тас тұрып
қалғандай, әлде тынысы тарылғандай булығып, ерні көгісте
ніп бара жатты. Бірақ сыр білдірген жоқ, үн-түнсіз отырып-
отырып, бір кезде үйден шыға жөнелді.
Әй, ит еді ау бұл да, дүлейдің нақ өзі еді ғой.
Содан кейін Арыстан тірі жанға тіс жаруды қойды. Артель
дің сынық мүйіз қызыл өгізін арбаға сыңар жегіп, таудан
тас тасуға жалғыз кірісті. Күніне екі рет қатынайды, тыным
жоқ. Қай уақытта дамылдайтынын кім білсін, елең-алаңда
қараңдап кетіп бара жатады, түнде сықырлап қайтып келе
жатады, он шақты күнде өгіз де, өзі де әбден арыды. Ал бұл
болса, оның осы бейнетін көрмеуге тырысқан.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Бірде оған айдалада жолығып қалды. Кешке жылқыны
өрістетіп бара жатқан. Арыстан құла дүзде арбаның жанында
күйбеңдеп жүр екен. Жылқыны әдейі солай қарай айдап,
таялып келгенде, қолындағы қыл арқанды жетектің түбіне
байлап жатқанын көрді. Сынық мүйіз қызыл өгіздің тілі
салақтап кеткен, бүйірін соғып барып-келіп тұр.
Арыстанға сонда не айтқаны есінде жоқ, сірә, сәлем берген
шығар, бірақ ол тіл қатпай шаруасын істей берді. Арқанды
мықтап байлаған соң, бір ұшын иығына асып, арбаға өгізбен
қатар жегілді. «Шу, шу!» деп шірене тартқанда, күре тамыры
білеуленіп шыға келді. Арба сықыр-сықыр етіп алға жыл
жыды, тасты тым көп салған ба, төрт дөңгелегі жерге батып
барады.
Ол солай ілбіп ілгерілей берді, дөңгелектің шиқылына қо
сылып, анда-санда «шу-шулеген» қарлығыңқы даусы естіле
ді. Бұл өз ырқынан тыс соңынан ілесіп, ат үстінде салбырап
жүріп келеді. Қыл арқан Арыстанның жалаңаш иығына
батып қажаған жерінен шып-шып қан шығып, тілерсегі ма
йысып дір-дір етеді, қабырғалары санап алғандай, ал өгіз одан
да арық.
– Мынандай да жанкешті болады екен ғой, – деді салы суға
кетіп.
Арыстанның қанталаған иығына, күтір-күтір еткендей
болып майысқан омыртқасына, тілім-тілімі шыққан жалаң
аяғына көзі түссе, жүрегі өрекпіп аузына тығылады.
– Тоқта! – деп ышқына айғайлап жіберуге шақ қалды.
Ал арбаның шиқылы жүйкеге тиіп, төбе құйқасын шы
мырлатып барады. Ол осылай жүз қадамдай жер жүргенде, бұл
ат үстінде келе жатып, атпай-шаппай қара терге малшынды.
Ерден қарғып түсіп арбаға Арыстанмен қатар жегіле кеткі
сі келді, бірақ дәті жетпеген. Оның сіңіріне ілінген, сүйек-
сүйегі шодырайған денесінен адамды еріксіз ықтыратын уыт
ты ызбар тарайтындай қаймыққан еді.
Бір кезде сынық мүйіз өгіз басы кегжең етіп барып, кілт
тоқтады. Арбаның алдыңғы дөңгелегі жыраға түсіп кетіпті.
Арыстан оны шу-шулеп айдап, өзі де сіресе тартқанмен, түк
бітіре алмады. Бірақ оған қарайтын түрі жоқ, алға қарай
ышқына ұмтылады, жерге дізерлеп отыра қалып, тістене
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жұлқынады. «Тағы бір қимылдап көр, жырадан өте шықпасақ
қара да тұр» деп қырылдайды. Алайда зілдей арба қозғалмақ
түгілі, сықырламайды да.
Арыстан енді қыл арқанды тастай салып, алдыңғы дөң
гелекке жабысты, оны көтермек болып барын салып жатыр.
Күре тамыры білеуленіп, жанары қанталап кеткен, ерні тілім-
тілім.
Бұдан әрі шыдап тұра алмады, атты тебініп жіберіп, жерде
жатқан қыл арқанды қамшының сабымен іліп алды да, та
қымға салып тарта жөнелді. Тың жылқы қойсын ба, арбаны
жырадан жұлқа шығарып, өгізді қоса дедектетіп келеді. Осы
бетінде тоқтамай ауылға дейін жеткізбек еді. Ал Арыстан
қапталдаса жүгіріп келеді, әлден соң озыңқырап барып қар
сы алдына қалт тұра қалды.
– Әкел арқанды! – деді ақырып.
Жүзі өрт сөндіргендей түтігіп кетіпті, жанары мұндай
зәрлі болар ма, өңменінен өтеді. Бұл түкке түсінбей, оны ес
тімеген болып атын тебіне бергенде тізгіннен ұстай алды.
– Әрі кет! – деді қадала қарап. – Бар, жолыңнан қалма! – Өңі
суық, ал өзі теңселіп зорға тұр, әбден қажыған.
Көрден шыққан аруақ сияқты жанары жансызданып ке
тіпті, жүзі қан-сөлсіз құп-қу.
– Әкіреңдеме, былай тұр! – деді сыр бергісі келмей.
Ол райынан қайтатын емес.
– Жөніңе кет! – деп шаңқ етті. – Жоғал!
Марқұмның сондағы түрін көрсең, тұп-тура тірі өліктің
өзі дерсің, көзіне тіке қарау мүмкін емес. Ызадан қалш-қалш
етеді, егер айтқанына көнбесең, аянатын түрі жоқ. Ырқына
қалай жығылғанын өзі білмей қалды, атты қамшымен сауырға
бір тартып, жылқыға қарай шаба жөнелді.
Арыстан, міне осындай адам еді.
* * *
Қабыл тақтайшаны орнына қағып болған, насыбай атып
тұр. Оның, сірә, манадан бері аузы дамыл таппаған сияқты,
бұл өз ойымен болып естімеген де.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Ол кезде дүлей едік қой біз, – дейді тісінің арасынан
сыздықтата түкіріп. – Қатыгез болатынбыз.
Содан кейін Садақтың жанына келіп отырды да, төс қал
тасынан көзілдірігін алып киді. Тақтайшаға тесіле қарап,
ондағы жазуды асықпай оқып шықты. Ал Садақтың көз
алдында марқұмның бейнесі тұрды. Атжақты, қой көзді,
жасы отыздан енді ғана асқан ұзын бойлы жігіт өзіне ойлана
қарайды. Ол бұған қазір де риза емес сияқты, әлденеге ренішті
еді. Бәлкім: Садақ-ау, Қабыл екеуіңе не қара көрінді, ұлан
өңірдің сонау қиын-қыстау жылдардағы азып-тозған еліне
пана болған, басын құрап жұрт қатарына қосқан ауылды қа
ңыратып қойғандарың қалай, – дегісі келген шығар.
Садақ көзін жұма қойды.
– Біз оған бәрібір қол ұшын бердік қой, – деді әлден соң.
Мұнысы Арыстанның әлгі елесінің алдында ақталғаны сияқ
ты болып көрінді.
– Мектепті көп болып салғанбыз, – деп қосты іле. – Қар бір
жауғанша бітірдік-ау әйтеуір.
– Әуелде бір бөлмелі үй еді, артынан жыл өткен сайын
кеңейте бердік қой, – деді Қабыл. – Марқұмның айтқаны
келді. Ел мектебі бар жерге алдымен бірен-сарандап, кейін топ
танып жинала бастады. Ал енді мұның ешкімге қажеті жоқ,
Арыстан жайлы да тірі пенде жұмған аузын ашпайды, сөйте-
сөйте бәрі де ұмытылады.
Аспанды бұлт торлап ала қойыпты, тағы да жаңбырла
тайын деп тұрған шығар. Бұл өңірде күз кей жылдары әдеттен
тыс жауынды болатын, ылғал көп түскендіктен өзеннің арна
сы кәдімгідей толып, өткел бермей кетуші еді. Ал ескі тоғанға
келіп құятын, таудан тасып ағатын Сарқырама гүр-гүр етіп
құтырынып, бөгетті талай рет бұзып өткен-ді. Сол себепті
оны байлауды бұл ел ертеде-ақ қойған болатын. Ал совхоз жаз
бойы ескі тоғанды қайта көтеріп әуре.
Садақ орнынан тұрды.
– Қайда барасың? – деді Қабыл оған.
– Әлгі торы атты тауып алайын.
– Мынадай салқында жаяуға жылқы таптырушы ма еді
Онан да үйге жүр, шай іш. Содан кейін менің күреңімді ерттеп
мін де іздей бер.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Осы тұста мектепті қоршаған кең шарбақтың дала жақ
бүйірі ойсырап ойылып қалғанын көрді. Сынып құлаған емес,
әлдекім бұзып алып кеткен.
– Кім болды екен, ә! Қандай ит екен? – деп құлазыды.
– Нені айтып тұрсың? – деді Қабыл.
– Ананы.
Садақ шарбақтың кетілген тұсын нұсқады.
– Ә, ол әлгі Тұрғанбектің ісі ғой.
– Қашан әкетіп жүр?
– Алдыңғы күні бұзып жатқан. Тиіспе дегеніме қарады ма?
Қолды бір-ақ сілтеді.
Садақ ызадан қалш-қалш етті. Қаны басына шауып,
Тұрғанбектің үйіне қарай алқына басып жөнелді. «Әй, төбет-
ай! Құмның қи домалатқан сасық қоңызы», – деп тістенді.
Ол осында қоныс аудармай қалған төрт шалдың бірі. Бұ
рындары тері-терсек жинайтын, бертін келе демалысқа шық
қан соң пошта таситын болған. Соңғы екі жылда одан да қол
үзіп, өз шаруасын дөңгелетіп әкетіп еді. Жиырма шақты
жылқысы, жүзге тарта қойы бар, қаз-үйректе есеп жоқ.
Жаңаталаптан бақ тайғаннан бері иесіз қалған үйлердің
қора-қопсысын бұзып, керек-жарағын тасиды да жатады. Оны
не істейтінін кім білсін. Мына құдайға да, адамға да көк тиын
құны қалмаған ауылда елден жырақ отырып отар-отар қой,
үйір-үйір жылқы өргізбек болар. Дәл қазір Тұрғанбек не істесе
де, қолынан қағатын тірі пенде жоқ.
Үйге зығырданы қайнап ентелей енді. Іздеген кісісі төрде
қос жастықты шынтақтап шалжиып жатыр. Келе тиіскен.
Ол әуелде айылын да жинамады. Садақпен жастықтан басын
көтермей қитықты.
– Өзім алғалы жүр едім, алдыңды орап кетіпсің демейсің бе.
Неменеге алқынасың, – деп кергіді.
Онсыз да терісіне сыймай тұрған Садақ сабырын сарықты.
– Тұр! – деген ақырып. – Бар! Апар орнына!
Тұрғанбек теріс аунап түсті. Сол сәт әлдемді қол жауы
рынына сарт етіп тиген. Бүріп ұстап үйіре сілкіп қалғанда,
басындағы тақиясы ұшып кетті. Сасқалақтап әрі қорланып
қарсыласпақ болған, бірақ Садақ одан әлдеқайда әлуетті еді,
қаңбақша көтеріп алып, еденге дік еткізіп қоя салды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Дәл қазір орнына жеткізесің! Осыны екі етіп көр! Оң
дырмаспын! Оныма өкінбеспін! – деп төнді.
Тұрғанбек жұлқынып барып босап, сазара қалды.
– Ал апармадым! Ал көнбедім!.. – деп шақ-шақ етті. Төрде
ілулі тұрған мылтықты жұлып алып, кезеніп тұра қалды.
– Кәне таялшы! – дегенде бет-аузы жиырыла жыртқыш
танған.
Садақ жанына екі-ақ аттап жетті. Қос ауызды суық қаруды
қолынан жұлып алып, лақтырып жіберді.
– Айтқаным айтқан! Егер илікпесең, ана жиған-терген
боқтығыңмен қоса өртеймін! – деп нығарлады.
Содан кейін есікті бір теуіп шығып кеткен.
– Оңбаған! – деді ұзай бере. – Өз бойында қасиет болмаған
соң басқаның қадірін қайдан білсін.
* * *
Қабылдың даңғарадай төрт бөлмелі үйінен шыққанда,
жаңбыр шелектеп құйып тұр еді. Биыл жаз бойы осылай, күн
көзі әредікте ғана жылтырап ашылады да, жер дегдіп үлгер
мей қайта түнеріп, зілмауыр бұлттар түйдек-түйдек жөңкіле
ді. Мұндай ылғалды жазды бұл өңір талайдан бері көрмеген,
әдетте маусым мен шілдеде аспаннан нәр тамбай, табақтай
күн шақырайып алып, Арқаның онсыз да қуаң даласын қақ
тайтын да жататын. Ақселеу мен көде көгеріп үлгермей
сарғаюшы еді.
Соңын ала Қабыл да тысқа шығып, қорада тұрған күреңді
есіктің алдына әкеліп байлады.
– Мына жаңбырда қайда барасың, онан да жылы жерде
тыныш жатсаң қайтеді, – деді атын ерттеп жүріп.
Садақ жауап бере қойған жоқ, үйіне барып байыз таба
алмасын ойлаған. Қарақан басы қалқайып уақытты қалай
өткізеді. Кейінгі кезде жалғыздықтан зәрезап болған. Өз
қатарының селдіреп бара жатқаны мынау, осы күнде Қа
былдан басқа сыр ашысып, көкейдегісін алдына алаңсыз ақ
тарып салатын ешкім жоқ, бәрі о дүниелік болып кетгі. Ал
кейінгілермен тіл табысу қиын, тіпті өз балаң да айтқаныңды
жүре тыңдайды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ауыл болса, ол да қамкөңіл, біраздан бері қабағы ашылма
ған жаңбырлы күзбен бірге жабырқап, еңсесі езіледі де тұра
ды. Есік-терезелері үңірейіп, төбелеріне алабота ұйыса өскен,
іргелері іри бастаған үйлерді көрсе, өзінің кескінін таныған
дай болады, солармен бірге қаусап-құлап түсетіндей күйзеледі.
Жоқ, дәл қазір жалғыз қалу мүмкін емес.
* * *
Атқа қонған бетте өзенге қарай шоқыта жөнелген, оны
кесіп өтіп, содан арғы бұйратты даланы сүзіп шықпақ. Бұрын
мал үй іргесінен ұзамай жайылушы еді, алдыңғы күні өңкей
соқалы тракторлар қаптап кетті де, өзеннің екі жағын жосылта
жыртты. Көз жетер жердің бәрі қап-қара.
– Бұлар бара-бара үй-үйдің арасын да айғыздап тастайтын
шығар, – деп күрсінді Садақ.
Даланың жон арқасына шаншудай қадалатын соқаның
тісі ұлан өңірдің қалың құйқасын емес, өзінің бетін айғыз
дап тастағандай қынжылды. Өзеннің сырты тұяқты мал бас
көтермей жайылатын от еді, оны осы маңайдағы ел Қоңырөлең
деп атайтын. Шалғыны белден келетін, жусаны, өлеңшөбі мен
жоңышқасы айқаса өскен жазық мал баққан жұрттың құты
еді ғой. Қыс қатты болған жылдары осы төңіректегі колхоздар
өзара пәтуаласып, жылқыны сол жерге қаптата айдайтын, мың
сан тұяқ күртік қарды күрп-күрп теуіп жатпаушы ма еді. Енді
сөйткен Қоңырөлең жоқ, Садақтың жабығыңқы көңілі одан
сайын құлазыды.
Жаңбыр басылатын емес, әлі жауып тұр, сай-жыралар жы
лап аға бастаған. Жер лайсаң, күрең шоқытып келе жатып
тайғанақтайды, өзенге жете бере бір бүйіріне сүріне ауып
барып зорға оңалды.
– Иттің малы! – деді ұрынарға қара таппаған Садақ.
Біраз күнгі жауын Тоқыраудың арнасын толтыруға жа
қындатыпты, лайлана ағып жатыр. Күңгірт түстеніп, әр
жерінде иірім дөңгелеп сұстанып алған, бір-бірін қуалаған
толқындар жағадағы қоғаны алма-кезек жапырып, суға ба
тырып-батырып жібереді де, алға жиырыла ұмтылады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Осы тұс қылтамойын еді, енді арнасы тас лақтырым кеңе
йіп, өткел бермейтін сыңай танытады. Су бетінде құстың түте-
түтесі шыққан ұясы, қу ағаш ағып барады, жаңбырдың майда
тамшылары сыр-сыр құйылғанда, өзеннің айдыны шымыр-
шымыр қайнайды.
«Торы ат бұл арадан өтпесе керек, – деп ойлады Садақ. –
Өзенді өрлеп кеткен шығар». Осы байламмен талды жағаны
бойлай жүрген, біраздан соң Қырсықтың қос шұңқырына ілік
ті. Бір-бірінен таяқ тастам жерде қайдан пайда болғаны, кім
қазғаны белгісіз, екі терең ор үңірейіп жатыр. Жиегіне аласа
тікен, жалғыз-жарым қурай өскен. Елдің айтуынша, баяғыда
оларды егіз айдаһар мекендепті. Тағы бір жорамал бойын
ша бұл жеті қат жердің астына алып баратын жол екен. Оған
кімнің көзі жеткен, әйтеуір қараған сайын шошындыратын
түпсіз бір шыңырау, көктемде өзен арнасынан шыға тасыған
да талай рет су астында қалса да, ернеуі, сірә да, толған емес.
Маңайдағы елге ауық-ауық қырсығы да тиіп тұрады. Жиегі
не шығып ойнап, қозы-лақ құлайды, қыста некен-саяқ мал
жығылады, әйтеуір жырып алып, жұтып жатады.
Осы араға келгенде Қарауылтөбе жақтан жел тұрды,
әуелде көде басын қозғауға ғана жарап, жайлап соғып еді,
бірте-бірте күшейе түсті. Аспанды торлап алған қорғасын
бұлттар көктемде сарқырай тасыған өзеннің бетінде жөңкіле,
аударылып-төңкеріле аққан сеңдей сапырылысып, іркес-тір
кес көше бастады. Әр жерлерінен жыртылып айрылғанда, күзгі
күн теңбіл-теңбіл көктің ұшар биігінен жетімсірей қарайды.
– Жаңбыр енді басылатын шығар, – деді Садақ өзімен-өзі
сөйлесіп.
Содан кейін аттың басын Қырсықтың қос шұңқырының
желке тұсындағы жалғыз терекке қарай бұрды. Ол бір зәулім
ағаш еді, діңгегі кісінің беліндей, жуан бұтақтары қанатын
кең жайып жіберген, арса-арса тамырлары әр жерде адыра
йып шығып жатады.
Соған жетіп барып күреңнен түсті, атты байлап, үстінің
суын сілікті. Күйбеңдеп жүріп, осы араға талайдан бері аял
дамағанын есіне алды. Тіпті ол жалғыз ағашты әдейі айналып
өтетін еді ғой, аса жақындай қойғысы келмейтін.
Теректің түбі құрғақ екен, жуан діңгегіне сүйене бере
әлдекім өзіне тесіле көз салған секілденіп, жоғарыға жалт
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қарады. Буынтық-буынтық бұтақтар дәл төбесінде самұрық
құстың салалы тырнақтары тәрізді төне тарбияды. Салқын
жел жұлмалаған жапырақтар дамылсыз судырлап, құлағын
тұндырғандай, қай-қайдағыны қоздатқандай мазасын кетірді.
Ал көз алдына сүйегі баяғыда қурап қалған Тоқабай марқұм
ның бейнесі елестеген.
Ол өзі қай жыл еді, қара басын соны да ұмытайын дегені ме.
Өзінен-өзі қысылып, құдай аманаты саудырлаған сулы
ғының қалталарын ақтарды. Саусағы тигенін суырып алып
еді, жіңішкелеп өрілген шылбырдың үзігі екен, аяғының
астына тастай салды да, жыланша иіріліп-жазылғанын көріп,
жанарын алып қашты.
– Иә, енді есіме түсті, – деді күбірлеп. Жаңаталапта мектеп
ашылған жыл еді ғой.
Қара бұлты қаптай жөңкілген аспанның асты тарылып
бара жатқандай кеудесі қысылды. Мұнысы несі екен, айдалада
ауа жетпегені сұмдық та, сырт киімінің түймелерін ағытып,
суық тер шып-шып шыққан маңдайын сүртті.
– Сол бір келмеске кеткір қиын жыл болатын, – деді
дауыстап. Ал көз алдында сапырылысқан көп елес: Артель
ге қараша туа топ-топ болып келе бастаған аш-жалаңаш ел,
өңкей сіңірі шыққан, өлуге қолы тимеген, азып-тозған жұрт.
Қолына ұстатқан бір үзім нанды бұғынып жеген бала, он екі
де бір гүлі ашылмай солған бойжеткен, жасына жетпей семген
бозбала, тірі аруаққа айналған кәрі-құртаң, жансыз, үмітсіз
өлі жанарлар.
Садақ соның бәрін көз алдынан үркітіп жіберуге тырысты,
күзгі жабырқау далаға қарады, саябырлай бастаған жаңбыр
дың әлсіз сырылына құлақ тосты, жапырақтың сыбдырын
аулады, тоз-тоз болып жөңкілген кіршең бұлттарды түгендеді,
бәрібір әлгі сұрқай көріністен құтыла алған жоқ. Бір-біріне ию-
қию араласып, сағымдай бұлдырап, басын айналдырып бара
жатыр. Ара-тұра Тоқабай марқұмның сұлбасы қылаң берген.
Ол ауып келген елдің ішіндегі сақалы ұйысып, сүрініп-
қабынып жүретін ілмиген шал еді. Кемпірі өзінен өткен,
арса-арса, құдды көрден шыққандай. Екеуінің соңына ерген
жалғыз немересі бар, төрт-бестің шамасында. Айтуларына
қарағанда, баласы мен келіні Қарағандыға кәсіп іздеп кет
кеннен қайтып оралмапты, өлі-тірісін білмейді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Арыстан оларды мектепке орналастырған, ал мұнда түпкі
бөлмеде астық сақталатын, кілтші – Садақтың өзі.
– Сен абайла, – деп еді Арыстан оған қамбаны тапсырып
тұрып. – Көзі қарауытқан ел бір үзім нан үшін ештеңеден
аянбайды.
Астық дегенде бар-жоғы жиырма шақты қанар бидай
ғана. Содан күн сайын орта қазан ботқа пісіріледі де, жұртқа
қасықтап таратылады.
Садақ қолына әртелдегі елдің алдағы алты ай қыстағы
талшығы тиген соң мазасы кетті. Үйінде не күндіз, не түнде
байыз тауып отыра алмайды. Жұрт ақкөзденіп алып, мектеп
тің үйін тас-талқан етіп жатқандай болады да тұрады.
Сөйтіп, төрт көз болып жүргенде бір күні астықтың ұр
ланатынын байқап, жүрегі тас тобесіне шықты. Оны кімнің
қалай алып жүргеніне басы жетпей әбден дағдарды. Құлып
бұзылмайды, есік сынбайды, терезе де бүтін, қолға ұстап көз
бен көретін айғақ жоқ.
Үйге қайтып келе жатып, мұны әзірге өзінің ғана білге
нін жөн көрді, ұрыны ұстамай ешкімге тіс жармауы керек.
Жалғанның жазымы көп деген, біреу-міреу мұның өзінен
көріп, ел оған сенер болса, тұқымы құрыды дей бер.
Сол күні сенделіп жүріп-жүріп, бір амалын тапқандай
болған. Тоқабай мен кемпірін жорта бір шаруаға жұмсады да,
әйелін ертіп мектепке келді. Алдын-ала кесіп-пішкендей өзі
қамбаның ішіне еніп, сыртынан құлып салдырды.
Бұл екі кештің арасы еді, содан бидай исі аңқыған суық
болмеде түн ортасы ауғанша жатты. Сандалып жүріп жылы
киінуді ұмытып кетіпті, әбден тоңды, тісі-тісіне тимей са
қылдағанда, аңдыған ұрысы естіп қоя ма деп тістеніп баққан.
Сәт санап шыдамы таусылып барады, әрі-беріден соң осы
қарекеті ақымақтың ісі секілденіп, жыны құрысқан. Ойына
алмағаны жоқ, бір сәт бұл ұрлық өзіне қасақана жасалған айла-
шарғы тәрізді болып көрінді де, төбе шашы тік тұрды. Бұған
өштескен, не қамбаның кілтіне ие болуға ынтыққан әлдекім
бидайды білдірмей қымқырып, мұның үйінің бір қалтары
сына үйе берсе, артынан елді жинап көрсетсе, қалай ақталады?
– Атасына нәлет! – деді іштей күйзеліп. – Арыстанның айт
қанына бекер көнген екенмін. Азын-аулақ жылқыны бағып
жүре берсем ғой, түк пәле жоқ.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сөйтіп әрі тоңып, әрі қай-қайдағы күдік жүйкесін тозды
рып, өзімен-өзі арпалысып жатқанда сырттан тықыр естілді.
Демін ішіне тарта қойды, үйден ала келген балтаның сабын
қыса түсіп, аңысын аңдыды. Біреу тура есіктің алдына тоқ
тады да, қыбырсыз тұрып қалды. Сәлден соң барып әлдене
шылдыр-шылдыр етті де сап тыйылды.
Жүрегі аузына тығылып, бойын үрей билеп бара жатқандай
болды. Айдалада ат үстінде қандай жау тап келсе де, қасқая
қарсы шабар еді, барымта еті өлген атыс-шабыс қой, ал мына
қарақшының қандай қаныпезер екенін бұл қайдан білсін. Ол
да қамсыз емес шығар, қаруы да бар болар. Аш-жалаңаш елдің
аузындағысын жырып жеген залым кімді аясын.
Тұла бойы бір ысынып, бір суынды, балтаның сабын сы
ғымдай-сығымдай саусағы қарысып қалды. Сол екі ортада әлгі
шылдыр қайта естілген, ұры құлыпты ашып жатыр.
Орнынан атып тұрып, есікті бір тепсе, ананы қоса шал
қасынан түсірер еді, оған күші жетеді. Бірақ бір тылсым құ
дірет екі иығынан нығырлай басып, тырп еткізетін емес.
Әлдеқандай әзәзіл сыбыр: Әліптің артын бақ, қозғалма! – деп
бұйырады.
Сөйткенше есік сықырлап ашыла бастады, әуелі ұрының
қолы қараңдады, іле өзі де көрінген. Ішке енісімен босағада
ғы қанардың аузын шешіп, әлденеге бидайды уыстап салуға
кірісті. Өзі пері соққан адамдай күбір-күбір етеді.
– Уһ, Алла-ай, енді қайтейін, – деп міңгірлейді. Екі иінінен
дем алып тұр.
Қойманың іші бұрынғысынан да қараңғыланып кеткен
сияқты, мына адамның кім екенін айыру мүмкін емес. Әлгі
күмілжіл шыққан даусына қарағанда мосқал тартқан жан
тәрізді, қимыл да баяу, алқына дем алғанда, кеудесі сыр-сыр
етеді.
– Тәңірім, кеше гөр! – дейді тұншыға күбірлеп. Садақ оның
енді әуелде көрінген кездегідей үрейлендірмейтінін аңғара
бастады. Ұрының қарасы да қомақты емес, қапелімде бас салса,
қару жұмсатып үлгертпей, дода-додасын шығармай ма.
Осы шешіміне әбден бекініп, бой тасалаған жерінен ақыра
атып шықты.
– Тыпыр етпе! Өлтіремін! – деп тарпа бас салған.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ұры бұған бұрылып та қарай алмады, «Аһ!» деп шошына
дауыстап, қолы тиер-тиместен еденге құлап түсті. Сол сәтте
шапанының жағасынан шап беріп, жерден тік көтерген,
әуелі көргені оның ақсиып кеткен күрек тісі болды, одан ке
йін өзін де танып еді.
– Мынау Тоқабай ғой! – деп айғайлап жібергенін өзі де
байқамады. Ол жансыз адамдай былқ-сылқ етеді, тіршілік
тің белгісі жоқ. Қараңғы қоймада әлдене қаһар шаша тұра
ұмтылғанда, қорыққанынан жүрегі жарылып кеткен секілді.
Бұл шалда не қауһар бар дейсің. Жалма-жан қанар қапқа сү
йеп отырғызып, терезеге айқұш-ұйқыш қағылған ағаштарды
жұлып тастады. Ішке айдың бозғылт сәулесі құйылғанда,
оның жүзіне анықтап қараған. Бейшараның денесі бір-ақ уыс,
аузы аңқиып ашылған қалпы қыбырсыз жатыр.
– Әй, қорықпа, мен Садақпын! – деді дауыстап. – Кілтшімін!
Шал біреу буындырып жатқандай қырылдады, ерні жы
бырлайтын тәрізді, әлдене айтқандай болды. Аузына құлағын
тосқанда: Лә... илла...һа.., – деген бірлі-жарым күбірін зорға
естіді.
Иманын айтқан түрі еді.
– Мейлің, қалай сандырақтасаң да еркің, – деді Садақ, – тек
өліп кете көрме, жалаңа қалармын. Маған өлі шал емес, тірі
ұры керек.
Бойын түзеп отырғызбақ болып еді, денесін билей алмай
құлап түсе берді. Байғұстың өзінде де түк салмақ жоқ, мұндай
да арық адам болады екен-ау.
Бейшара үрейі ұшқан күйі өліп кетпесін деп, самбырлап
сөйлей берді.
– Мені жын-пері екен деп қалма. Кілтшімін ғой, – деді
даусын жұмсартуға тырысып. – Өзің осыншама сужүрек
болармысың. Кәне, есіңді жый, тілге келсеңші.
Шалдың күбірі күшейген тәрізденді, лә илла... һа-сын
жиілете түскен. Сол иманын айтқан қалпы, әлден уақытта
мұның жүзіне қарап аз-кем отырды да, арқасын сүйеген қапқа
жабыса ысырылды. Бетін алақанымен көлегейлеп, сақалы
ербиіп бұрынғыдан да құты қашты.
– Сен... Садақ... кілтші... – деді үрейленіп.
Содан кейін оқыстан зарлап қоя берді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қарағым-ай! Өлтір мені, тірі қалдырма! – деп аяғын
құшақтай жығылды.
– Ә, тірілдің бе? Мұның жөн, – деді Садақ. – Кәне, тұр! –
Шал одан әрі жік-жапар болды.
– Құдай үшін қатыра салшы! – деп үздікті. – Елге ұстап бере
көрме.
Садақ оның дәл төбесінен төніп, шабынған бурадай
күркіреді.
– Қорқасың, ә? Онда неге қамбаға түстің?
Тоқабай енді сұңқылдап жылап жіберді, кері ысырылған
Садақтың соңынан еңбектеп еріп жүріп жалбарынумен болды:
– Елге қарабет ете көрме. Қара басты ғой мені. Ана ауру
немеремнің қамы үшін шатастым. Ол хал үстінде жатыр.
Қамбадан азын-аулақ ұрлаған бидай болмаса, әлдеқашан өліп
қалар еді. Сен түсінші... тыңдашы мені!
– Сандалма! – деді Садақ ақырып. – Сенбеймін сөзіңе!
Шал енді қарғана бастады, даусы мұндай зарлы болар ма,
ауыз жаппай сұңқылдағанда, қамбаның іші күңіреніп кетті.
Айдың бозғылт сәулесі бұрыш-бұрышқа жетпеген, қаптар
дың үстін ғана қылауландырып тұр. Сыртта әлсін-әлсін ит
үреді, үйіріп соққан желдің ызылы естіледі, оған Тоқабай
дың сарыны қосылады.
– Бір атадан қалғаны мына төрінен көрі жақын сорлы қақ
пас пен ана әлжуаз бала ғана, – деп аһ ұрды. – Ол қыршынынан
қиылса, аруақ кешпейді мені.
Содан кейін қылғына ұзақ жөтелді, қақалып-шашалып
үзіліп бара жатқандай ышқынды. Жүрелеп отырған жерінен
тұрмақ болып еді, көтеріле бере қайтадан сылқ ете түсті.
Садаққа мұның бірі де әсер еткен жоқ, дәл қазір әбден
қатайып алып еді. Қаусаған шалдың түрі кісі аяйтындай бол
са да қаншалықты қорғансыз, мүсәпір көрінсе де жібімеген.
– Сен тұқымсыз қалады екен деп, қазақ атаулы құрып
кетпес, – деді зілдене. – Мен бір-ақ нәрсені білемін, оңбай адас
тың, шал. Бауырына тартып, қол ұшын берген елдің бетіне
түкірдің.
Тоқабай қанар қапқа сүйеніп, көзін жұмды. Жанында сым
ның кесіндісі жатыр. Садақ соны қолына алып, айналдыра
қарады. Бір ұшы иілген, кілтке ұқсас, құлыпты осымен ашып
АЛДАН СМАЙЫЛ
жүрген ғой. Мына сүңкиген немеден мұндай өнер шығады деп
кім ойлаған.
– Тұр! – деді жекіріп.
Шал селк ете қалды, орнынан жығыла-сүріне зорға көте
рілді, безгек буған адамдай қалшылдайды. Түрі әлем-тапырық,
дәл қазір оның Тоқабай екенін бұдан басқа ешкім танымас
па еді, кім білсін, қатты өзгерген. Шүңірек көзі сөнген оттың
қоламтасындай күңгірт, шапанының жағасынан жұтқын
шағы шодырайған мойны сорайып шығып тұр, сақалы дода-
дода.
– Аруақ кешпейді мені, – деді сандырақтаған тәрізденіп.
Содан кейін әлдекімдерді, әлденелерді жұлына, ашына қарғай
жөнелді. Ол ел-жұртты күйзеліске ұшыратқан қиын-қыстау
кезеңге нәлет айтты ма, әлде басынан бағы тайған халықты
қарғап сіледі ме, бәлкім, сексенге келген селкілдеген жасына
дейін сордан арылмаған өзін жерден алып, жерге салды ма,
Садақ айырған жоқ, шалдың аузынан шыққан көп сөздің төр
кінін аңғаруға құлқы да болмады. Ол осы шүйкедей қарттың
қылмысын тезірек әшкерелеп беруге ғана асыққан. Содан
кейін әлдебіреудің мұң-зарын тыңдап тұра берудің ауыр еке
нін сезіп еді, Тоқабай аяғына жығылып жалынған сайын онсыз
да сұрқай күндер бұрынғысынан да сұстанып бара жатқандай
тітіркенген.
– Кәне, кеттік! – деді зекіріп. – Сен мені бәрібір жібіте
алмайсың.
Шал мұның илікпейтіндігіне көзі жеткендей біруақ ты
ныштала қалды.
– Тәңір-ай! – деді таусылып, – Адамның ісі заманына қарай
ғой. Аяу мен мүсіркеу тоқшылыққа ғана жарасқан. Не лаж
бар?
– Оны білгеніңе де тәуба, – деді Садақ.
Содан соң қанар қаптың аузын байлады, қолынан әлі
тастамай жүрген балтасын белдігіне қыстырып, шалды есікке
қарай итерді. Ол бұл жолы да ырқына жығылмады.
– Тоқташы! – деді даусы жарықшақтанып. – Сәл сабыр етші.
– Тағы не айтпақсың?
– Не деймін саған. Тек бір ғана өтінішім бар, мені ашыққан
елдің алдына алып бара көрме.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қорқасың, ә?
– Қорқамын да, қорланамын да.
– Өлтіріп салады деп үрейің ұшатын шығар.
– Жоқ, өлімнен үрейлейбеймін.
Шал алқынып терезеге бұрылып, айдың бозғылт сәулесіне
бетін тосты, жүзін жас жуып айғыз-айғыз. Додаланған сақал-
мұртты, көзіне түскен ұзын қасы аппақ қудай, ұрты суалып
ішіне кіріп кеткен. Жақ еті жыбыр-жыбыр етеді.
– Өлімнен қорықпаймын, – деді тағы да. – Онымен осы
ғұмырымда мың мәрте жолыққан шығармын. Аяқ басқан
сайын кезігіп келемін, үйреніп кеткенім соншалық, кейінгі
күндерде оны өзім іздейтін болдым. Түр-түсіне дейін таныс
маған, ажал дегенің онша үрейлі де емес. Оған әлі-ақ сен де
бауыр басып кетесің.
Шал осылай тоқтамастан сөйлей берер ме еді, кім білсін,
Садақ шорт кесіп тастады.
– Жетер! – деп ызбарлаңды. – Сенің жарапазанынды тың
дауға құлқым да, уақытым да жоқ.
Тоқабай қынжыла ыңыранды.
– Сәл шыда, – деді өтініп. – Менің айызым өлім туралы
айтқанда ғана қанады. Өмірден осылай өшімді аламын. Ажал
мен күліп тұрып сөйлесетін адам бұл жалғанда жалғыз мен
ғана шығармын.
– Мынау сандырақтап барады, – деп ойлады Садақ.
Ол шынымен де өзгере бастап еді. Даусы жәбірсіз, мұңсыз
шығып, ыржиып күлген секілденді.
– Ажал қиналғанда қол ұшын беретін қайырымдылардың
бірі ғана, басқа ештеңе де емес, – деді саңқылдап. – Мен оны
осы қазір де көріп тұрмын, әне, ана жерде. Үрпиіп сұрлана
қалғанын кәпірдің.
Садақ оның нұсқаған жағына еріксіз жалт қарады да селк
ете түсті. Терезеге қарсы қабырғаға жабыса әлдене қараң ете
қалған.
– Соның тәп өзі, – деді Тоқабай.
Жалма-жан белдігіне қыстырылған балтаға жармасты,
жаңағы қарайған тағы да қалбаң етіп, іле зым-зия жоғалған.
Тұла бойы мұздап сала берді.
– Ә, қалай екен, үрейің ұшы ма? – деп шиқылдады шал.
Садақ сол тұсқа кірпік қақпай тесіліп, қаққан қазықтай қал
28-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
шиып біраз тұрды да, өзін де, есі ауысқан Тоқабайды да боқ
тап жіберді. Қарбаң-қарбаң еткен айдың бозамық сәулесінде
қабырғаға түскен шалдың көлеңкесі еді.
– Қорықпа, ол бізге таялмайды, – деді Тоқабай. – Мен оны
өзім ұстап аламын, тыпыр еткізбеймін. Сексен жыл бойы аң
дысып, енді тап келгенде, құтқарып жіберетін ақымағың мен
емес.
Садақтың төзімі таусылды. Тезірек сыртқа шығуға асығып,
шапанынан ұстай беріп еді, ол жұлқынып кеудесінен итеріп
жіберді. Даусы шаңқ-шаңқ етіп, күш алып барады.
– Сен мені жақсылап тыңдап ал, – деді қадала қарап.
Шүңірейген көзінде жарқыл пайда болған, тесілген жерін
қарып түседі. – Адамнан қорлық көрсең, кіжінесің, заманнан
жапа шексең, езілесің. Тап солай.
Содан кейін шапанының жайылып кеткен өңірін жинап,
желкесіне қарай ысырылған тақиясын түзеді.
– Мен бәрібір өлемін, – деп саңқылдады. – Тек соған мұрсат
бере гөр.
Садақ оған таңырқай қарап, түкке түсінбей дал болды.
Әлгінде ғана есінен айырылып, жылап тұрып күлген, күліп
тұрып жылаған шал енді бір сөзінен де жаңылмай, айран-асыр
еткен. «Жоқ, бұл тегін адам емес, мені манадан бері арбап
жүр, – деп ойлады. Шыдап көрейін, тағы да қай қырынан
танылар екен».
Тоқабай қайтадан сөйлеп келе жатты да, манағы бұрышқа
тіксіне қарады.
– Мен әлгінде өлімді көрдім, – деді сол тұстан көзін алмас
тан. – Әлде маған елестеді ме екен. Бәлкім, есім ауысқан болар,
жоқ, көргенім рас. Ал сен одан қорқынышты емессің. Маған
енді бәрібір.
– Онда ер соңымнан, – деді Садақ. – Ана аш-жалаңаш елге
күнәкар болғаныңды өз аузыңнан айт.
Шал басын шайқады.
– Жалынамын, сөзімді бөле көрме, – деді өтініп. – Онда
мен қайтадан шатысамын. Ал қазір аздап қалпыма келген
сияқтымын.
Әжімді жүзі бұрынғысынша сұп-сұр, иегі дірілдейтін сияқ
ты, бірақ жанары өткір.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Сен менің ұрлығымды жария етпе, – деді әлден соң. –
Онда өлмелі кемпір мен ауру балаға қырсығым тиеді. Ұрының
ұрпағына кім қол ұшын береді дейсің, көрген жерде көзге
шұқиды. Ал мен қарамды батырамын, кетемін бұл итаршы
өмірден. Өлім маған осыны ұқтырды.
Садақ кекесінмен мырс етгі.
– Солай да солай, шалым, – деп таяла түсті – Мені алдап
соққың келеді, ә. Жер соқтырмақсың ғой.
Тоқабай қабырғасы қайыса күрсінді.
– Исі адамға айтар соңғы өтінішім бұл, – деді күйзеліп. –
Естимісің, ақырғы тілегім.
Одан әрі тіл қатуға ырқы жетпей қыстығып, көкірегі сыр-
сыр етті. Екі иінінен дем алып, кеудесін тырналады.
– Мен ұры болып ұсталсам, ана сорлыларды тентіретіп жі
береді ғой, – деді әлден уақыттан соң. – Түсінсейші соны!
Садақтың енді оның гөй-гөйін бұдан әрі тыңдауға зауқы
жоқ еді, шыдамы да таусылып біткен.
– Жетті! – деді долырып. – Түс алдыма! – Тоқабай түкке
түсінбегендей аңтарыла қарады.
– Не? – деген қалтырап.
– Жүр! Сенімен тәжікелесіп тұруға уақытым жоқ. – Тоқа
бай сасқалақтап бетін алақанымен көлегейледі.
– Жо...жоқ, тиіспе маған, – деп бүрісе қалды.
Ол осы күйінде сәт санап кішірейіп, алакөлеңке бөлменің
ішіне сіңіп бара жатқандай еді.
– Тиіспе, – деп жалбарынды. – Сен өзің тұқымсыз өтудің
қандай қорқынышты екенін білмейсің ғой, әттең. Оһ, ол
жаналғыштан да үрейлі.
Содан кейін әлденені есіне түсіре алмағандай маңдайын
ысқылап үнсіз қалды.
Садақтың қаны басына шапты.
– Өзің жүремісің, әлде дырылдатып сүйретіп шығарайын
ба? – деп тап берді.
Шал әзірейілді көргендей шегіншектеп кері ысырылды,
арқасы қанар қапқа тірелген кезде қойнына қолын сұғып
жіберген. Жүзі кере қарыс кездік айдың бозғылт сәулесіне
шағылысып, жарқ-жүрқ етті.
– Жақындама! – деді қырылдап. – Осы арада қан боламын. –
Кездікті тамағына тірей қалды, орып жіберуге дайын тұр.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Садақ не істерін білмей састы, өңешіне тас тұрып қалған
дай жұтына да алмады.
– Ей, жындандың ба? Мұның не? – деуге шамасы зорға жетті.
Ол безеріп тіл қатпады, дәл қазір тым сұсты еді, жыланша
жиырылып, ысқырына айбат шеккендей сескендірген. Бір
кезде қамбаның ішін жаңғырықтыра қарқ-қарқ күлді.
– Сен өлімсің ғой, – деді үзіп-жарып. – Бәсе әлгінде анық
көрген екенмін. Тіміскілеп жүріп тапқан жерін қарашы.
Бәрібір сенің қолыңнан өлмеспін. – Сөзін аяқтай бере есікке
қарай атылды. Садақ бір шетке қалай ыршып кеткенін бай
қамай қалды, қолындағы балтасы еденге дүңк етіп түскенде
барып есін жинағандай болған. Соңынан тұра ұмтылып, сү
ріне-қабына далаға шықты.
Шал көрінбейді, сасқалақтап мектепті айнала жүгірді, құс
болып ұшып кеткен бе, зым-зия.
– Алда ит-ай! Қулығын асырып кетті! – деп кіжінді.
Енді оның қамбаға түскенін дәлелдеп көр.
Сөйтіп, апалақтап тұрғанда мектепке таяу жердегі Қа
былдың төбеті маңқ еткен. Солай қарай ұмтыла басып, аптыға
жеткенде, иттің күркесінде әлденені қажалап жатқан тазыға
қарап, айбат шегіп тұрғанын көрді. Жалма-жан кері қайтып,
мектептің іші-сыртын тінтті, одан Тоқабайдың шырт ұйқыда
жатқан кемпірі мен немересін дүрліктірді, қарамаған жері
жоқ. Ауылдың ішінде шарқ ұрып, Қабылдың есік алдына
үйіп қойған отынын қопарды, өкпесі аузына тығылып жүріп,
қайтадан мектептің маңын сүзіп шықты.
Өзі түгілі, ізін де таба алмады.
Ақыры салы суға кетіп, қамбаға келді де, есігін бекітіп,
үйіне қайтты.
– Қайда кетермін дейсің, ертең-ақ қолға түсерсің, – деп
өшіккен. – Бәрібір мойындатамын, түбіңе жетпей қоймаймын.
Содан жабулы қамбадан қалай шыққанын сұраған әйеліне:
– Әбден тоңған соң есікті бір теуіп едім, құлып бекітілген
темір шығып кетті. Орнына қайта салдым да, дедектеп үйге
жүгірдім, – деп, төсекке киімшең құлай кетті. Әйелі пештегі
отты көсеп жатып бұған кінә тақты.
– Қайдағы ұры ол, көзіңе қос көрінген де. Тонаған адам
еңсеріп бір-ақ әкетпей ме, – деп жөн айтқансыды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Қанша уақыт ұйықтағанын кім білсін, көзі ілініп кеткен
тәрізді еді, Тоқабайды көрді. Шалдың шүңірек көзінен ұш
қын шашырап, сақ-сақ күледі, қолындағы кездігі айдың
сәулесіне жарқ-жұрқ шағылысқанда жанарының алдында
жасын ойнағандай болды. Сирек тістері ақсиып, аузынан кө
бік бұрқырап, бурадай шабынды.
– Сен өлімсің! Жаналғышсың! – деп аттандады. – Қыр
соңымнан неге қалмайсың?
Содан соң күндей күркіреп, оқ жыланша атылған. Кезенген
кездігі тура алқымына төніп келеді, үрейі ұшып, жанұшыра
айғайлаған, бірақ үні шықпады. Тұра қапшақ болып еді, екі
аяғы зілдей, біреу жіліншігін үңги тесіп, ішіне қорғасын
құйып тастағандай көтертпейді.
Ал есі ауысқан шал баж-баж етіп, жалаңдаған кездікті
көкірегіне кірш-кірш қадады.
– Сен өлімсің! Жаналғышсың! – деп үсті-үстіне барқырайды.
– А... а... а…
Садақ қара санына қылбұрау салған құлындай шыңғыр
ды. Тоқабай мүлде ақкөзденіп алған, енді кездігін лақтырып
тастап, құлап бара жатқан мұны долдана сілкілей бастады.
Осы кезде оянып кеткен, әйелі жауырынан түйгіштеп-
түйгіштеп алып бетіне үңілді.
– Соншама айғай салғаның не? – деп үрке қарап тұр. –
Жайсыз түс көрдің бе?
– Құрып кетсін, – деді басы зеңіп. – Мезгіл қай тұс?
– Әлі ерте.
Жатқан жерінен сүйретіле көтеріліп, қазандықтың аузын
да тұрған шәйнектегі сумен бетін шайды, шөңкенің түбінде
гі түннен қалған суық көжені ішті. Көз алдынан Тоқабайдың
әлем-тапырық түрі кетпей қойған.
Далаға шыққанда жапалақтап қар жауып тұр еді, аспан
да, жер де бұлыңғыр, үф еткен жел жоқ. Қараша туа аласара
түскендей болған көктен ақ мамық қалықтай төгіледі, аяқ
тың астында тапталған шөптің, күресінде әредік қарқ етіп
шоқақтаған қарғаның, иесіне құйрығын бұлғаңдата еркеле
ген тазының, ит әлдеқайдан сүйретіп әкелген жырым-жырым
АЛДАН СМАЙЫЛ
терінің, бұлтты күнде тарылып көрінген даланың үстіне жеп-
жеңіл қонып жатыр. Ауа сусап келгенде шөліңді қандыр
ғандай.
Есіктің алдында айналсоқтап мектеп жаққа қарады, ма
ңайда тірі жан жоқ, бәрі жым-жырт, айнала тілсіз, жеркепе
лердің ұзынды-қысқалы мұржаларынан көтерілген түтіннің
де исін сезбейсің, ал аппақ қар жапалақтап жауып тұр, жер-
дүниенің мысқылдай да салмағы білінсейші, алақаныңа сал да
жүре бер.
– Міне, қыс та басталды, – деді тобықтан келген ұлпа қар
дың үстінде із тастап келе жатып. Ол қандай болар екен?
Сол бетінде Тоқабайдың үйіне келген, кемпірі пешке от
тұтатып жатыр екен, төрде тақыр тонға оранған бала көріне
ді. Қарияға сәлем беріп, соның жанына тізе бүкті. Оның не
ұйықтап, не ояу жатқаны белгісіз, әйтеуір жиі тыныстайды.
Кемпір бұған назар аударған жоқ, пештің көмейіне салған
тал тұтанған соң, күйесі бір елі шәйнекті киіздің жыртығы
мен ысқылап, тазартуға кірісті.
– Шеше, отағасы қайда? – деді жай жұмыспен келген
адамның сыңайында.
Ол мұның айтқанын естімеді ме, әлде жорта тыңдамаған
болды ма, шаруасын үнсіз істей берді. Енді әлгі сұрағын қат
тырақ қайталаған.
Кемпір киіздің жыртығын сулап, күлге аунатып алды да,
бүкіл денесімен бұрылды.
– Бала көптен ауру. Сырқатының беті қайтпай қойды ғой, –
деді.
Садақ орнынан тұрып жанына келді.
– Отағасы қайда деймін.
– Ә, шалды айтасың ба? Жүрген шығар әлгі өзен жақта.
Байғұс балаға ыстық сорпа ішкіземін деп, қоянға дұзақ құра
ды. Бірақ әлі өлі тышқан да ұстаған жоқ, ол өзі жолы болмай
тын бір сорлы адам.
Бұдан әрі кемпірді сөйлеткісі келмеді, оны тыңдасаң,
жағдайдың ауырлығын, Қарағандыға кәсіп іздеп кетіп, ұш
ты-күйлі жоғалған ұлы мен келінін, ауру немересін айтып
шағынар, аяғында жылап-сықтап, қай-қайдағыны қозғар,
кеткені жөн.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Далада қар әлі жапалақтап жауып тұр, келген ізін жа
сырып үлгеріпті, жер биіктеп, жайдақ төбелерін ақ ұлпа
тегістеген үйлер аласара түскен. Күн аспанның қай тұсында
екенін айыру қиын, қазір күндіз емес, бұлтсыз түнде он бесін
дегі толық ай сүт сәулесін толқындата төгілдіріп тұрғандай.
Есік алдына шыққан бетте өзенге қарай жүрді, одан То
қабайды кездестіре қоятындығына күмәнді, шал бұл маңнан
табанын жалтыратқан шығар. Бірақ қайда барып паналай
ды, ана ауру бала мен қаусаған кемпірін тастап кете алушы ма
еді. Әлде ол түнде шынымен-ақ жынданып кетті ме екен, ол да
ғажап емес-ау.
Аппақ даланың үстінде қарауыта иретілген талға қарап
келе жатып, шалды аяйтынын сезді. Түнде тым қатты кет
педі ме екен, ол байғұс өлердегі сөзін айтқанда да жібімей
қойды-ау. Бұл соншалық қатыгез бе еді.
Қардың астында қалған жыраға тобығынан батып, сү
рініп кетті, төрт аяғы төрт жаққа жайылып оңбай құлады.
Маңдайымен жер сүзіп жығылғанда, тас па, әлде ағаштың
сынығы ма, бетіне қатты тиген. Дызылдап қоя берді.
Бір мезет ауылға қайтпақ болды, сол Тоқабайдың соңына
несіне түседі, одан да қазір кері оралып, түндегі оқиғаны
Арыстанға айтса, ол бір жөнін табар. Елге дабыра қылмай,
шалдың есін шығармай, тек ұрлығын тыйдыратын етіп қы
сып алса, болғаны емес пе.
Осы оймен аз-кем толқып тұрды да, алдымен Тоқабайды
табу керек деп шешті. Оның біразға дейін ауылға жоламай
кетуі де мүмкін ғой.
Өзеннің іші жапалақ-жапалақ қардың жерге қалай түске
ні естілетіндей тымық, бұтақтары сойдиған боз тал діңгегі әр
жерінен майысқан қайың, тығыз өскен шілік пен ұйысқан
тікен мұның аяқ дыбысына селт етпей мүлгиді. Арнасы бірде
арқан бойы кеңіп, бірде қол созым тарылып, сыбдырсыз аққан
судың беті қоймалжың тартқан. Жағалау бойы қалың қамыс,
үстіне қонған қарды ауырсына майысады.
Өзенді өрлей жүріп, қыбыр еткеннің бәріне құлақ түріп
келеді, қоянның соқпағы өтеді-ау деген тұстағы әр талдың
діңгегін түгендейді. Әзірге дұзақ та, адамның ізін де көре
алған жоқ.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Сол бетінде Қырсықтың қос шұңқырына дейін ұзады,
бірде тоғайдың ішіне бойлап енеді, бірде жағаға шығып тың
тыңдайды. Әредік төбесінен ала қанат сауысқан сезікті қар
қылдап ұшып өтеді, кейде қол басындай боз тышқан қар ас
тынан қылт етіп көрініп, іле қайта сүңгиді, қоян мен түлкінің
ізі жарыса жосылады, ал шалдан еш белгі жоқ.
Енді оны кездестіретіндігінен күдерін үзе бастады. Қыр
сықтың қос шұңқырының желке жағындағы биік терекке
қарай бұрылды. Осы жерде аяқ суытып алып, ауылға қайтпақ.
Бұл маң кедір-бұдырлы, сай-жыралы болып келеді, зәулім
ағашқа таялғанша үш-төрт сүрініп тұрды, құдайдың бір қар
ғыс атқан жері. Өзіне қар ерекше түскендей, тері шоқайының
қонышынан құйылады, ал қырық жыл шалғы салынбаған
көденің қауы киіздей тұтасып алған, жүрген аяққа ол да тұсау.
Сөйтіп терлеп-тепшіп келе жатқанда қарсы алдынан әлде
не қарауытып, аппақ қардың үстіне біреу тері тулақ жайып
тастағандай көрінді. Жүгіре басып тез жеткен, тысы әр же
рінен жыртылып, жүні білтеленіп шыққан ескі шапан
екен. Бұл мына жерге қайдан келуге тиіс? Аңтарылып жан-
жағына қарады. Айнала жым-жырт, ойдым-ойдым майда
қараған, түп-түп үшқат көрінеді, жалғыз қара құс жерге қарай
лақтырған тас секілді құлдилап құлап барады. Тышқан аулап
жүр де. Ал мұның іздегені добалдай адам.
Шапанды көтеріп алды да, қайтадан тастай салды, пәле
сі жұғатындай сезіліп еді. Содан кейін биік терекке қарай
асықты, бәрі де құрып кетсін, зәулім ағашқа жетеді де ентігін
басқан соң ауылға тартады.
Ол қашық емес еді, әне зорайып, ту-у биіктен қиянға көз
салып тұр. Міне, таялып та қалды, енді бір секірсе, кісінің
беліндей діңгегіне сүйеніп отыра кетпек.
Алдынан кезіккен бір түп аласа тобылғыдан айналып
өтіп, біреу тас төбесінен қос қолдап қойып жібергендей қал
шиып қатты да қалды. Теректің түбінде Тоқабай қисайып
жатыр, үстінде қамзол, екі аяғы екі жаққа кеткен, өлі-тірісін
бір құдайдың өзі білсін.
– Әй! – деді шошытып алмайын дегендей ақырын ғана.
Мұны өзінің еркінен тыс жасап еді, манадан бері іздегені
осы шал болса, енді жақындауға жүрексініп тұр.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ол ешқандай белгі бермеді, ұзынынан сұлаған күйі қы
бырсыз.
– Ей! – деді тағы да.
Шал қарайтын емес, содан кейін абайлап жақындай баста
ды, аяғын санап басып, есік пен төрдей жерге таялған. Әлде
не сытыр ете қалды да шегіншектей беріп тоқтады. Теректің
бұтағына қонып отырған қарға үркіп ұшып еді, бір тобы
әуеге қарқылдай көтеріліп, азан-қазан дүрлікті. Атарға
оғы болмай, зығырданы қайнады, ал Тоқабай көп құстың
ию-қиюын естімеген тәрізді, басын көтермейді. Әлде бұған
солай көрінді ме, әлде шынымен қозғалды ма, бір сәт жүзін
өзіне қарай бұрған тәрізденді. Ұясынан шыға адырайған жа
нары өңменінен өтіп барады. Оң қолының саусақтары қара
жерді шеңгелдеп бүрген қалпы қарысып қалғандай, ашық
омырауынан тырнақтың ізі байқалады.
– Мынау жыңды шығар... Өліп қалғаны несі, – деп түршікті.
Даусы тым қатты шықса керек, теректің бұтақтары зы
ңылдады, төбесінде айналып жүрген көп қарға үрейлі қарқ-
қарқ етті.
Шалдың түрі түсіне енген кездегіден де суық еді, әжімді
беті тарғылданып кеткен, аузы ашылып, бұған да, қыр со
ңынан қалмай қойған өлімге де, ғұмырының соңғы сәтіне дейін
қыспаққа алған өмірге де ашына қарғыс айтып жатқандай.
Жүзі кереқарыс кездік теректің діңгегіне қадалып қалған,
көйлегінің омырауы өрім-өрім. Ол, сірә, көк жөтел қылқын
дыра буғанда, тынысы тарылып үзіліп кеткен тәрізді.
Сасқаны ма, қорыққаны ма, діңгектегі кездік пен Тоқабай
дың жансыз жүзіне алма кезек шошына қарап, не істерін біл
мей дағдарды. Бір мезет артына қайырылып қарамастан тұра
қашқысы келген. Шалдың ұясынан шыға аларған жанарына
көзі түссе, иманы қасым болады, ол мұның әр қимылын қас
қақпай аңдып, әне-міне бас салатындай үрейлі.
– Қарғыс атсын! – деді ерні әрең икемге келіп. – Қарғыс
атсын!
Мұны о дүниелік болып кеткен қарияға ма, әлде ұнжырғасы
түскен, дымы құрыған өзіне ме, кімге айтқанын білген жоқ,
қайталай берді. Қайталаған сайын жүрегі алып-ұшты, бойы
АЛДАН СМАЙЫЛ
мұздап суынып барады. Жанарының алды тұманданып кет
кен, енді не істеу керек, оны ойлаған да жоқ. Қолы қалтырап
Тоқабайдың жанарын жапты, қамзолының түймелерін сал
ған болды, содан кейін кездікті суырып, Қырсықтың қос
шұңқырына қарай құлаштай лақтырды. Дәл қазір тегі кім
екенін білмейтін айдаладағы шал емес, өз әкесі өлгендей күй
зелген. Буын-буыны босап, көз алдындағының бәрі бұлдыр-
бұлдыр теңселді, жүрегі сыздап, кеудесі қысылып бара жатты.
– Оңба, Садақ, айуан жыртқыш! – деп сенделді. – Итсің сен!
Әртелдің қабаған төбеті!
Есінен танған адамша жұлынып биік теректің діңгегін
тепкіледі, қолының терісі сыдырылып, қан-жоса болғанына
қарамай үсті-үстіне соққылады, төмен қарай иілген қу бұтақты
шап беріп, бытыр-бытыр сындырды.
– Ашкөз жаналғыш! – деді азынап. – Сезімсіз көрсоқыр
албасты.
Сол дүлей халде аласұрып келіп, Тоқабайдың жансыз дене
сін қаусыра құшақтап алып, жерден ашына көтерді. Иығы
на дік еткізіп сала салған, бейшарада түк салмақ жоқ-ты.
Әлденеге, әлдекімге бәлкім, өзіне, бәлкім айдалада аласұрып
өлген шалға кіжінгені белгісіз жұлқына басып жөнелді. Қа
лың қарды қабырғалы қара атандай бұрқыратып, ауылға тік
тартты. Ол өзін дәл осындай әлдімін деп ешқашан да ойлаған
жоқ шығар, бойына бір сұмдық күш буырқанып құйылған.
Осы сәт дүниені төңкеріп тастайтын секілді еді, осы сәт өзімен-
өзі арыстанша алысқан. Осы сәт тілмен жеткізуге келмей
тін бейшаралығын да ұққан. Мына жансыз, қаңбақ құрлы
салмағы жоқ сорлы шал бұдан әлдеқайда құдіретті сияқты
болып көрінді. Ол мұны өлік қалпында-ақ басып-жаншып, тұ
қыртып бара жатқандай. Әне-міне алқымынан шап беріп ала
түсетін секілді үрейін ұшырады. Иығынан төмен салбыраған,
көгістенген саусақтары қазір бүре кететіндей сескендіріп, тұла
бойы қалтырады. Көзі түскен сайын жаны алқымына келіп,
қыжына тұншықты. Бұл өлген, өлексеге айналған шалды
емес, өзінің жансыз денесін арқалап келе жатқан тәрізді еді.
– Ашкөз жаналғыш! – деді азынап. – Атың өшкір жалма
уыз!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Зәулім ағаш әлі де сол қалпы тым асқақ. Кісінің беліндей
діңгегінен қырық жыл қырғын болса да қыңбайтын мықты
лық, қара дауыл қаптай соқса шайқалмайтын ірілік таны
лады. Көкжасыл қабығы сай-сай тілімденіп, көпті көрген
көненің әжімді жүзіндей сабырға шақырады.
Ал Садақ осы жасқа дейін ел қатарлы аяғын асықпай ба
сып, аптықпай өмір кеше алмай-ақ келеді, араласпайтын,
алаңдамайтын шаруасы жоқ, сол үшін талай сөз де естіген,
талай-талай таяқ та жеген, бірақ сабасына түспей-ақ қойған.
Бұл да күндердің бір күнінде Тоқабай секілді басын тауға да,
тасқа да соғып жүріп, ажалынан бұрын өлетін шығар.
Арыстан марқұм айтатын: «Сенің ойыңнан әрекетің бұ
рын жүреді».
Марқұм сонда жаңылыспаған екен, бұлар сол бір аласапы
ран күндерде желмен жарысты ғой, аптыққандары сонша
ма, ақ пен қараны, оң мен солды айырудан қалды. Жаусың
деп жағадан ала кету оп-оңай болатын. Тоқабай алғашқы
құрбандық еді.
Жаңбыр басылуға айналды, бұлт аздап сейілген, бірақ
жел бірін қуып әкетсе, екіншісін айдап әкеліп сеңдей сапы
рылыстырады. Даланың алыс кемері тұтаса қарауытып тұр,
нөсер құйып жатыр ма екен. Қарауылтөбе жақ ашық, тау
дың сауырын жанамалай кемпірқосақ керіле қалған, терек
тің бұтақтарынан домалап түскен тамшы күннің сәулесіне
шағылыса жылт-жылт етеді.
Күреңнің шылбырын шешіп, ағаштан әрірек жетелеп апар
ды да атқа қонды. Алған беті ескі тоған, бүгін торыны сол
маңнан іздеп көрмек, табылмаса, ертең басқа жерді арылтады.
Осы бойда әр жерге ат шалдырып, асықпай жүріп отырып,
межелі жеріне күн түске тармаса жетті. Тоғанның аузында
үш-төрт жеңіл машина тұр, бөгеттің үстінен бір топ адам ер
биіп көрінеді. Үстеріндегі киімдеріне қарағанда атқамінерлер
болуы керек. Өздері әлденеге келісе алмағандай қол сермесіп
қызына сөйлеседі.
Таяла келе дауыстары анық естіле бастады, бөгеттің шеті
не қарап тұрған орта бойлы жуантық біреу өзгелердің аузын
аштыратын емес.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Николаевич, сіз мені тыңдаңыз, бұл тоғанның ернеуі
толмағалы не заман, – деп төпелей жөнелді. – Мәселеге бүгінгі
күннің көзімен қарау керек. Біз бәрін де есептедік, мұны
қалпына келтіруге жіберген қаржы ертең мыңдап-миллион
дап қайтарылады.
– Миллионыңды қоя тұр, – деді ұзынтұра жігіт ағасы.
Сірә, Николаевич сол секілді. – Мыңды айта бер, әзірге соған
да қанағат.
Садақ аттың басын тура соларға бұрды, дәл жандарына
келгенше олар назар аударған жоқ. Ішінде өзінің жалғызы
Далабай да бар екен, сол бұрын байқап, қарсы жүрген.
– Жол болсын, әке! – деді үркектеген күреңнің шылбыры
нан ұстап.
– Әлей болсын!
Үстеріне өңкей қаудырлақ қара сулық киген топ бұған
немқұрайлы қарады да, әңгімелерін жалғастыра берді. Орта
ларына ақсақалды шал келгені қаперлеріне де кірмейтін
секілді. Бұл Садаққа ұнамаған.
– Ассалаумағалейкум! – деп аттан түсті. – Сәлем беруге де
ерінесіңдер ғой, түге.
Олар сірескен қалыптары еріндерін жыбырлатты. Дала
байға бұл сөзі орынсыз болып көрінді ме, жақтырмай қарап,
ұзынтұра орысқа күлімсірей бұрылды.
– Иван Ильич, ақсақал менің әкем, еңбек ардагері. Орденді
жылқышы болған.
Иванды Садақ бұрыннан білетін. Тың совхозының ди
ректоры.
– Жақсы. Өте жақсы, – деді ол.
– Ал мына кісі – Петр Николаевич – аудандық ауыл ша
руашылығы басқармасының бастығы, аудандық партия ко
митетінің бюро мүшесі... – деп шұбыртты Далабай.
– Жә! – деп тоқтатты Садақ ұлын. – Ол мені, не мен оны
қызметке алғалы тұрғандай бәрін жіпке тізгенің не?
Шеткерек тұрған жасы отыздың ішіндегі жігіт мырс етіп
күліп жіберді.
Садақ тоған жаққа қарады, жан-жағын қолдарынан кел
генше бекітіп баққан екен. Таттанып үлгермеген болат тосқауыл
көзге тым мығым болып көрінеді. Лайланған судың лықсып
ШЫҒАРМАЛАРЫ келіп ыңырана үсті-үстіне соққанына айылын да жинайтын емес. Бөгетті кісі бойындай биіктеткен, бірақ бұрынғы тар табаны баяғы күйінде қалыпты, қалыңдатылмаған. «Түбінде сол сыр беріп жүрмесе» деп ойлады Садақ. Кейінгі қалың жаңбыр Сарқыраманы тайдай тулатып үл геріпті, тоғанның суы қазірдің өзінде мол. Ұстап тұра алса, құт екені анық, ал бөгетті бұзып кетсе, жолындағының бәріне қатер. – Мынауың кішігірім көл ғой, – деді Петр Николаевич. – Міне, жергілікті рерурс дегеніміз осы. Соны айтып совхоз директорының арқасынан қақты. – Сен бұған тегіннен-тегін қызықпаған екенсің, Иван. – Рахмет, – деді ол толқынданып жатқан айдынға қарап. – Кезінде осыны қалпына келтіретін қаржыны әр мекемеден жүгіріп жүріп, қайыр сұрағандай болып жинадым ғой. Оны сіз жақсы білесіз. – Сол күндерде саған қол ұшын бере алмағаныма өкіне мін, – деп Николаевич қалтасынан шылым алып тұтатты. – Енді жағдай басқаша, істің тізгіні шаруашылық орындары ның қолына тиді. Өзіміз шешіп, өзіміз атқарамыз, мүмкіндік көп. Содан соң етектегі көсіліп жатқан ұлан далаға қарады. Оның ылдидағы совхоз орталығына дейінгі бөлігі бұрынғы кейпін бұзбаған, ал әрі қарай тегіс жыртылған, көз жетер жердің бәрі қарауытып жатыр. – Биыл қанша гектар тың көтеруге тиіс едіңдер? – Жиырма мың. – Аз, әлі қосу керек. Мына ұшан теңіз өңірде дала аруы жүгері жайқалып тұрса, қандай ғанибет. Оның шегі де, шеті де болмасын. Міндет, міне, осындай. Садақ күреңнің шылбырын Далабайға ұстатып, оған таяу келді. – Шырағым, – деді назарын аударып. – Иә! – Мен мына Жаңаталап ауылының тұрғынымын, бұрынғы колхоз, білетін боларсың. Петр Николаевич директорға қарады. – Осы арадан он шақты шақырым жерде, ескі қоныс, – деді ол.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Садақ оларға тағы да жақындай түсті.
– Қарағым, төтеден килігіп сөзге аралассам, бұл жақтың
шалдары әдепсіз екен деп қалма. Өзіңдей басшылар қолы
мызға түсе бермейді.
– Тыңдап тұрмын.
– Әлгі ауыл азып-тозып барады.
Петр Николаевич мұның сөзін тосып алмай, директорға
бірер нұсқау берді. Шал сілтідей тынды. Айтпақ ойы ыдырап,
тауы шағылып үнсіз түнерді. Апыр-ау, бұл ит те болса үлкен
ғой, неге елеусіз етеді.
– Сіз, жолдас, маған жөндеп құлақ салыңыз, – деген енді тік
кетіп.
Ол сонда да көз тоқтатып қарамады.
– Құлағым сізде, – деді өзгермеген, аса илікпеген сыңайда. –
Айта беріңіз.
– Айтсам, ауылымыз азып-тозып барады. Алдымен малды
әкетті, артынан амалсыздан ел көшті. Бүгінде өзім секілді
үш-төрт өлмелі шал, емдейтін жұрты жоқ дәрігер, оқитын
баласы жоқ мұғалім ғана қалдық. Бізді осылай дүрліктірудің
кімге қажеті болды екен?
– Жері нашар шығар.
– Үй-үйдің арасына егін екпесе, іргесі шүйгін. Өсіп-өне
мін деген елге таптырмайтын-ақ қоныс. Баяғыда, ту-у кол
лективтендіру жылдарында Арыстан марқұм таңдаған жер.
Шырағым, сен оны білетін шығарсың, большевик Жұма
сейітовті айтамын.
Петр Николаевич көзін сығырайтты.
– Естігем жоқ, – деді кідіріп барып. Содан кейін: Ондай
белсенділер көп болған ғой, – деп қосты.
Садақ Арыстанды көп белсендінің қатарына қосқысы кел
месе де қарсы дау айтқан жоқ, бастапқы ойын тірілтті.
– Өтінерім біреу-ақ, Жаңаталап құлазымасын, бір жөнін
табыңдар, – деген. – Ең болмаса бригада ашуға болады ғой.
Ол совхоз директорына бұрылды.
– Шалдікі қысыр әңгіме, – деді Иван Ильич. – Жаңаталап
келешексіз ауыл, осылай кесіп-пішілген.
Садаққа бұл сөз шаншудай қадалды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Келешегі жоғы несі, азған адам мен алжыған кәрінің
ғана болашағы болмайды. Өйтіп шатаспа, шырағым, – деген
шамданып.
Директор басын шайқады, кейігені секілді.
– Сіз мені дұрыс түсінуге тырыссаңыз, – деді қабағын шы
тып.
– Тың игерушілер бәрін жаңадан жасамақ. Ескі жұртты
қалпына келтіріп әуре-сарсаңға түсе алмаймыз.
– Сонда сен үшін байырғы елдің қолымен жасалғанның
бәрі тозған ба?
– Бәрі болмаса да, көбі көнерген. Ал көне жұртта жаңаның
көсегесі көгермейді.
– Ашығын айтқаныңа рахмет. Мен де ақиқатына көшейін.
Ескі дегенің сылтауың. Өзіңе қолайлы оңаша жер іздедің.
Байырғы елдің қамын ойлағың келмейді.
Директордың өңі сұрқай тартты.
– Сіз... онда мынаны біліп қойыңыз, – деп шүйілді. – Жа
ңа атаулы ескіні қирата келеді. Әр жіліктің өз құрбандығы
болады. Керек болса, ана Тоқырау мен мына Сарқыраманы да
теріс ағызамыз.
– Солай де.
– Тап солай!
Иван Ильич сыздана қалды. Садақтың да қаны басына
шашы.
– Шатысқан сендерсіңдер. Байырғы ауылдардың бәрін
таратып жатырсыңдар. Ел жұмыссыз қалды. Әлгі тың совхоз
дегендеріңе шұбырды. Онда барғанда бірінде үй, бірінде күй
жоқ. Бала біткен қазақша мектеп іздеп тағы әбігер. Осы күні
алды ауданға, соңы басқа ауылдарға шашырап тоз-тоз. Бұл
неге батпасын шымбайға. Ол неге айтылмасын. Мұны неге
жаны ашымастың ісі демеймін.
Директор тұлан тұтты. Өңі бір қызарып, бір сұрланды.
– Далабай! – деді шаңқ етіп. – Сен қайда қарап тұрсың. Мен
енді бұл кісімен сөйлеспеймін.
Ол әкесі мен бастығына алма-кезек қипақтап қарап, әбі
герге түсті.
– Қойыңыз енді, артық кеттіңіз, – деп ескерткен болды.–
Үйге қайтыңыз.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Садақ бағанадан бері күреңді ұстап тұрған ұлының қолы
нан шылбырды жұлып алды. Бұдан әрі іркілудің өзі артық
еді, атқа жас жігітше қарғып мініп, бөгеттің үстімен тасыр
лата шаба женелді.
– Да! – деді Петр Николаевич оның соңынан қарап тұрып. –
Батыл шал. Тоғанға тайып құлаймын деп қорықпайды. Қа
зақтар баяғыда батыр болған деседі.
– Ақсақалды бекер ренжіттіңіз, – деді директорға манадан
бері әңгімеге араласпай үнсіз тұрған жігіт. – Біз елді не айтса
да, қалай айтса да зер салып тыңдауға тиіспіз.
Иван Ильич шаңқ етті.
– Онда соңынан жүгір!
* * *
Садақ күреңді үсті-үстіне қамшылап, совхоз орталығына
қарай құйғытты. Құлазыған көңіл жауынды күнгі алабұлт
ты аспандай әлем-тапырық.
– Көрдің бе.. ей, су тиген кендірдей ширатылады, – деп
күйіп-пісті. – Өңкей кекірейген неме. Бұл ел би-манаптан
осыдан қырық-елу жыл бұрын арылған жоқ па еді. Ал мына
кесірлі төрелер қайдан шыққан?
Ат ылдиға қарай бүгіле шапты, төрт тұяғы иленген қара
топырақты кесек-кесек лақтырады, қос құлағын жымқырып
алған. Төменде көрінген шатырлы үйлердің үстінен ағызған
күйі қарғып өтетіндей желігеді.
Осы бетінде Далабайдың отауына дейін шапты. Аттан
домалап түсісімен: Зылия, қайдасың! – деп айғай салды. Кем
пірі сенекте жүрген бе, тез көрінді, есіктен сығырая қарап тұр.
– Киін, ауылға қайтасың!
Ол бірдеме деп күңкілдеп еді, түсінген жоқ.
– Бол! – деп ақырған. – Аттың алдына салып қумасын десең,
қимылда!
* * *
Торы ат таң атқанша сандалып, бұрынғы жайлауды таба
алмады. Мұғдарлап келген жері де жыртылған, ұлан жазықта
ШЫҒАРМАЛАРЫ
өркештеніп көрінген аласа белдерден басқаның бәрі қарауы
тып жатыр. Су сіңген май топыраққа шашасына дейін батып,
еркін шаба да алмайды, шеті де, шегі де жоқ ми батпақтың
ішіне бойлап енгендей, шығар жол іздеп аласұрды.
Алыста, ту... у көз ұшында бірдеме тырылдайтын секілді,
дыбысы кейде талып естіліп, кейде үзіліп кетеді. Аудары
лып-төңкерілген томардай-томардай кесектердің арасында
бір топ ұзақ әлденені шоқып жүр, әріректе жалғыз суыр қақ
қан қазықтай қаздиып тұр. Тамырлары қиылып жамбастай
құлаған қараған-тобылғы, топыраққа жартылай көмілген тү
бір-түбір тарлау, желсіз таңда дөңкиіп-дөңкиіп қыбырсыз
қалған қаңбақ байқалады.
Ауық-ауық кісінеп алып, желе жөнелді, әлгі суыр мұның
әр қимылын бағып тұр екен, ініне сып берді. Сол бетінде
іркілместен ұзақ шоқытты, түнімен шөп үзбегендікі ме, іші
шұрқ-шұрқ етеді. Бір рет әлдене езіп кеткен кірпіні көрді, тағы
бірде әр жерді тоқтай қалып иіскелеп, сүмең-сүмең жортқан
қарсақ көзіне түскен. Бұған едірейіп қарап тұрды да, жөніне
кетті.
Күн көкжиектен құрық бойы көтерілгенше тоқтаған жоқ,
содан соқа тісінен аман қалған көделі ойпаңға жетіп, бірақ
іркілген. Қарсы алдынан судың салқын исі білінеді, сонадай
жерден күзде де өңін бермеген шалғынды алаңқай көрінді.
Жерге басын салып, жаңбырдың тамшылары қонған бір түп
қияқты үзіп алды да, бырт-бырт шайнады.
Мына ара көзіне жылы ұшырайтын секілді, ана көк майса
лы алаңқайды құлын күнінен білетін тәрізді еді. Шілденің
ыстығында енесінің сүтіне шөлін қандырып алып, исі жұпар
аңқыған шалғынға кеудесін төсеп, алаңсыз ұйқыға кететін
күндері елестегендей. Сонда жалы күлтеленген, жамбасын
да қиық таңбасы бар, кебеже қарын торы бие мұны айнала
жайылатын.
Елеңдеп шалғынға қарай аяңдады, анық сол, сылдырап
аққан судың күміс күлкісі естілді, даланың бүкіл бозтор
ғайы осы жерге жиналғандай жыртылып-айырылады, шырыл
дап, шықылықтап, тамылжыта сайрап у-ду. Ал айна бұлақ әлі
бәз-баяғы қалпы жарқырап жатыр.
Торы салған бетте оның қайнар көзін тауып, тастай суды
ұзақ ішті, әбден шөлдеген екен, біразға дейін бас алған жоқ.
29-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Содан кейін жағасында жайқалған құрақты күрт-күрт орып,
алаңсыз жайылуға кірісті. Бозторғайы, шымшығы мен бұл
бұлы араласқан көп құстың әуеніне құлақ түріп қарайған
түбірлердің үстінде жарбиып отырған бақаларды пысқыры
нып үркітіп, көк майсаның жұпар исіне тоймай, түні бойы ұзақ
жортуылдың азабын ұмыта дүр-дүр сілкініп алды.
Алыстан қарағанда бұл жер қап-қара болып шалқыған
ұшы-қиыры жоқ теңіздің ортасындағы шағын арал секілді еді.
Енді оның иесі аяғында үзілген өренің қайысы шұбатылған,
құлын күнінен үйірсек даласын жоғалтып ала жаздаған, қыр
арқасындағы ер батқан жеріне ақ қылшық өскен, тұрқы есік
пен төрдей ат қана. Соны аңғарғандай дәл осы сәт ешқандай
қауіп-қатер ойлаған жоқ. Алқынының астынан ирелеңдеп өтіп
бара жатқан сарбас жыланды бір тарпып қақ бөлді, қайдан
шыға келгені белгісіз, сонадай жерде үрпиіп, құлағын тіге
қалған ор қоянды көзіне де ілмеді. Тек шалғыны бауырын
жалаған бұлақтың маңынан баяғы көп жылқының көрінбе
гені ғана түсініксіз болатын. Құла айғырдың шәңгірін естіп,
боз байталдың жалын қасымағалы не заман.
Ал бұлақ сылдыр-сылдыр ағып жатыр. Айдалада алақан
дай арал, теңізсіз, көлсіз жетім арал, жалғыз ат.
* * *
Ертесіне Садақ таңмен таласа тұрып, кеше ауылдың сыр
тына арқандаған күреңді алып келді. Оны Қабылға қайтар
маған болатын, атты тауып алғанша мінетінін айтқан. Торы
ендігі жердің түбіне шығандап кеткен шығар, оңайлықпен
таптырады дейсің бе, бұрынғы өрісін таппай маңып жүре бе
реді де. Тек ит-құстан аман болсын.
Сиыр сауған соң жапа жинап күйбеңдеп жүрген кемпіріне
шай қойғызды да, үйге кіріп, талайдан бері қолына ұстамай
кеткен бердеңені тазартты. Бұл да ескі жолдас, сан рет қаже
тіне жараған қымбат мүлік. Баяғыда артель колхозға айна
латын жылы Арыстан марқұм жылқының санын көбейткен
екпінді деп, май тойындағы жиналыста өз қолынан сыйға
тартқан еді. Бүгінде бар-жоғы бес-ақ оғы бар, оның өзі атыла
ма, атылмай ма құдай білсін.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Дастархан басында кемпірі кінәлі адамдай үнсіз отырды.
– Е, байғұсым-ай, өміріңде менің ырқымнан шығып, алғаш
рет өз дегеніңді істеп едің, ашуың алысқа бармады ғой, – деп
ойлады. – Ана ынжық ұл саған тартпаса нетті.
Оразасын ашқан соң керек-жарағын түгендеп алып аттанып
кетті. Бүгін де ескі тоғанды орағытып әкетіп, содан арғы өңірді
арылтпақ. Совхоздың жылқысы кейінгі кезде сол маңда деген,
торы үйірсек еді, қара тартып барып қосылуы да кәдік.
Күн бұлыңғыр, сылбыр соққан жел бар, бауырлары қо
ңырқай тартқан жалбыр бұлттар аспанда еріне жүзіп, баяу
қалқиды. Күн шығыс жақ тұтасып алған, не қылса да биылғы
күз қысқа ылғалды болып жалғасатын секілді, даланың шөлін
бір қандырған. Күрең кешегідей емес, тізгінді кере желмейді,
сауырын сипай қамшыласа, шоқақтап барып қайтадан аяңға
көшеді. Оты қанбаған ба, қолы сәл босаңсыса, мойнын созып
жіберіп, су сіңген биік көдені үзіп үлгереді. «Әлгінде жем
бермеген екенмін» деп ойлады.
Одан кейін есіне кешегі әңгіме оралды да, кеудесін кере
күрсінді. Сөзіңді балаңмен жастылар жүре тындаған соң, көк
тиын құрлы құның қалмағаны ғой. Тіпті көздеріне де ілгісі
келмейді, жай айтсаң, естімейді, қатты айтсаң, шамданады.
Ал қыбын тауып көр.
Пұшпақ тақиясын қолына алып, жіпсіген мандайын сүрт
ті, содан соң талайдан бері қинап жүрген бір ұзынсонар
ойдың түйінін таппақ болған. Батыр-ау, Жаңаталап дайын
тұрған бөлімше емес пе еді. Одан ат-тондарын ала қашып,
ана Сүлейдің көк тасының түбінен жаңа ферма ашқанда, не
ұтты? Ол жерде өзен де, бұлақ та жоқ, ел не жазда, не күзде
жайламайтын өңір. Ана бір кезде арнайы барып көрген, жеті-
сегіз үй салыпты, бір-екі қора тұрғызыпты. Ал айналасы тап-
тақыр, машина мен трактордың дөңгелегі қазып кеткен сай-
сай жыра, селдір жусан, жерге жартылай сіңген қия-қия көк
тас. Жаңбырлы күздің өзінде өңі қашып жатыр.
Ауылдың ортасынан өтіп бара жатып, есігінің алдында
ағаш бұтап отырған жігітке бұрылды. Бұл маңның адамы
емес, бұрын көрмеген кісісі. Жөн сұраса келіп, ту...у Үркіттен
қоныс аударғанын білді.
– Ақыры ит өлген жерден келген екенсің, мына Сүлейдің
көктасы емес, жайлы жер таппадың ба? – деп еді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ол бұған күле қарады, сірә, айтқанын дұрыс түсінбеген
тәрізді.
– О каком Сулее говорите? Это Каменка. Вы заблудились, –
балтасын жаңғырыққа кірш еткізіп қадап, орнынан тұрды.
– Каменкесі несі, – деп ойлады бұл. – Осы не айтып тұр өзі?
– Да, старик, вы не туда завернули.
Ал керек болса, сонау қияндағы Үркіттен келіп бұған жөн
айтады.
– Шырағым не деп кеттің. Адасқаны қалай? – деді таң
қалып.
– Мен мына ауыл түгілі, Сүлейдің өзін де көрген адаммын.
Осы өңірдің қыбырлаған аңына дейін біледі мені. Қой, қай
дағыны айтпа, Кәмеңкеңді ұмыт. Бұл жерге Сүлейдің көк тасы
деген атты сен қойған жоқсың, ендеше өзгерте де алмайсың.
Жігіт маған бәрібір дегендей иығын қиқаң еткізді.
– Ныспың кім? – деді енді Садақ.
– Андрей.
– Мен әкең құлағыңа азан шақырып қойған осы есіміңді
ұмыт, енді сені Бөрібай деп атайтын боламыз десем, көнесің бе?
– Нет.
– Әне, бұл ұнамайды саған. Келіспейсің. Сүлей де солай,
көнбейді ол да.
Содан аттан түспеген күйі кері қайтып еді. Алаң еткен
жайдың түйінін табамын деп барып, көңіліне кірбің ұялатып
оралған.
Күншығыс жақта тұтасқан бұлттың аумағы бірте-бірте ұл
ғайып келеді, аспан аласара ауырлап кеткендей. Даланың
селеуі мен көдесі түбінен күлтелене көктеген, ат тізесін қаға
тын биік жусан көктемдегі бояуын қайта тапқандай жап-
жасыл. Ал Қарауылтөбенің тарғыл тасты жалаңаш жотала
ры айналаға менменсіп сыздана қарайды, ұшар басына дейін
тақыр, не сексиген жетім терегі, не қалқиған қарағай жоқ.
– Сүлей, садағаң кетейін, абыз адам еді ғой, жарықтық, –
деді күреңді сипай қамшылап.
Қашан жүріп-тұрудан қалғанша Жаңаталапта бала оқытты.
Отырған жері шежіре еді, жаз шықса өзімен бірге қартайған
бозжорғаны мініп, осы маңдағы елді аралайды, қазақтың кө
не қария сөзін, ескі жыр-аңызын жинайды. Естігенін майын
тамызып айтушы еді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Балалардың қысқы демалысында ылғи жылқышыларға
келіп жүрді.
– Қара қоста өткен әр күнім жылға бергісіз, – деуші еді
марқұм.
Бірде сол Сүлей айтқан: Ертеде, есте қалмаған ескі заман
да осы өңірді Мық деген ел мекендепті. Бақса – малына, істе
се – ісіне құт дарып, жоқшылықтың не екенін білмепті. Үйір-
үйір жылқы, отар-отар қой өсіріп, таудан кен қазған. Тылсым
тастың тілін біліп, алтын мен жезді қорғасындай балқы
тыпты, темірден түйін түйген деседі. Жеті қат жер астына
үңіліп, аспандағы алыс жұлдыздан сыр сауған.
Сыйласқанға дархан, мұңдасқанға бауырмал болыпты,
төресі мен бегі, ешкімге өші мен кегі жоқ екен. Жау мен дау
деген ұғымды білмепті, талдан иіп садақ, болаттан шыңдап
қылыш жасамапты. Даласы жомарт кең екен, төрт құбыласы
тең екен.
Құстан әнші деп бұлбұлды, аңнан әсем деп маралды қас
терлепті. Халықтың мұратын айтады деп ақынды, көптің
қамын ойлайды деп қарияны құрмет тұтыпты. Биіктікке
талпындырған тауды, дархандыққа үйреткен даланы ардақ
тапты. Бұлақтың сұлу сылдыры қызының тілінде, заңғар-
заңғар шыңдардың тәкаппарлығы ұлының жүрегінде екен.
Адамды адам құрбан етеді дегенге сірә да сенбеген деседі.
Дүниеде күнә мен күпірлік атаулы қарасын батырғанда өлім
ұшты-күйлі жоғалады деп уағыз таратыпты. Мәңгілік деп
күнге, тіршіліктің тұтқасы деп жерге табыныпты. Таңды
шашу шашып қарсы алған, ақ отауды ай нұрына бөлеп кө
терген.
Осы өнері асқан елге өнегесі жоқ жұрт көрші болған деседі.
Сол заманда оны Удайди деген залым хан билеп-төстепті.
Бір күні Удайди қатыгездігі өзінен бір де кем емес, өресі
тар, кең емес, өңкей екі иығын жұлып жеген қолбасыларын
жинайды.
– Уа, өздігі жоқ өзеуреген, айтары жоқ айғайлаған көп
тобыр, не естіп, не көрдіңдер? – дейді.
– Көреген сен тұрғанда, көз біздерге не керек!
– Хан тағының алдында сөз біздерге не керек! – деп шулайды
олар.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Сонда Удайди сөйлейді:
– Мық дегенің өнері асқан ел болды,
Қақ жолымда сұлап жатқан бел болды,
Қусам, жеткізбейтін жел болды
Бөгесем, ағыны қатты сел болды.
Жаулап алған жері жоқ, –
Атағы асып барады.
Қосып алған елі жоқ, –
Мысы басып барады.
Құрты болды көзімнің,
Таусылды енді төзімім.
Кеудесін бір баспақпын,
Жойқын соғыс ашпақпын.
– Иә, иә!
Еңсесін бір басамыз!
Қырғын соғыс ашамыз! –
деп өзеуреді бәрі.
Содан күндердің бір күнінде қаптаған қалың қол бейбіт
елге тұтқиылдан тап берді. Жер қайысқан, аш қасқырдай
жалаңдаған әскер жолындағының бәрін ат тұяғының астын
да таптап, кәрі-жас, бала-шаға демей қойдай қырды. Нәрес
те шырылдап найзаның ұшында кетті, сұсты қылыштар жай
оғындай жарқылдап, азынай атылған сұр жебе көзделген же
ріне кірш-кірш қадалды. Ұлан дала ұлардай шулап, етекте
орман, қырда тау күңіренді. Қызғалдағы сағағынан үзілмеген,
құсының ұясы бұзылып көрмеген есіл өңір торғайдай тозды.
Ашкөзденген алпауыт дұшпан бесікте бала, үйде әйел, түзде
еркек қалдырмай жалаң қақты.
Көкте күн тұтылды.
Шыққыр көзім не көрдің, жарқырамай сөнсемші!
Жаһанда қара жердің қабырғасы қайысты.
Қан сасып қаңсып жатқанша, қақ айырылып кетсемші!
Қайқы қылыш шалт көтерілсе, дүние жанынан безді. Бұлт
үркіп шөкімдей, дала түршігіп тоқымдай тарылды.
Кешке қарай жау жолында тірі пенде қалмап еді, жансыз
денелерден аяқ алып жүру мұң болды, кесілген сансыз бас ұлан
ШЫҒАРМАЛАРЫ
өңірде тарыдай шашылып жатты. Удайди ат басын тартып,
Мық елінің күлі көкке ұшқан, бағы тайған жеріне айызы қана
қарады.
Ақын қайда? Ерлігімді жырласын.
Мадақтаған ән-күйі айлар бойы тынбасын! –
деп әмір етті.
Дүниеде қарақан басының қамы үшін жендеттің шаш
бауын көтерген ақыннан өткен азғын бар ма?
Жер-жаһанда әзірейілді әнге қосқан жыраудан өткен ез
табылған ба?!
Тау олардың даусын естімеуге тырысып сырт айналды,
қара орман қалың тұманға оранып тас бүркенді. Ал арсыз
ақын жағы талмай сарнады. Оның үнінен жансыз мүрделер де
жиреніп еді. Сол көп өліктің арасында анасы бауырына баса
құлап, қорғап қалған Мық елінің соңғы тұяғы бой тасалап
жатқан-ды.
– Ақын әнге салса, жаудың беті қайтқаны, – деп ойлап
орнынан көтерілді.
Қаптаған қалың дұшпан қайтадан азан-қазан болды, тұс-
тұстан анталай ұмтылып, тап-тап берді.
– Шауып тастаймын! – деді біреуі
– Ат құйрығына байлаймын! – деп жұлқынды екіншісі.
– Тірідей тұту керек! – деп өршеленді өзгелері. Бірінің айт
қанын бірі тыңдамай, қан сасыған даланы бастарына көтерді.
Сонда Удайди орнынан тұрды.
– Бәрің де ақымақсың! – деп күркіреді. – Мен оған өлімнен
де зәрлі жаза таптым.
Қынындағы қанжарын суырып алып баланы бас салды.
Шырылдатып, жерге алып ұрып, алқымынан бүре буындырды.
– Міне, менің үкімім, – деп тілін кесті де лақтырып тастады.
Қалың қол теңіздей толқып, құтырына қиқулады.
– Өлтір, тақсыр! Тірі жіберме! – деп шулады.
«Өлім! Өлім!» деген үрейлі үн аспанның астын кезіп кетті.
Қолында қанжары жалаңдаған Удайди ортаға жұлына шықты.
– Тоқтат! – деп арс етті.
Содан кейін омырауын қан айғыздаған балаға қарады.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Ал енді кете бер, жолың ашық. Сен бұл өмірден еліңнің
қойдай қырылып, көктей солғанын тірі пендеге айта алмай
күңіреніп өтесің. Көзің көрген сұмдығың көкірегіңе шемен
болып байланып, адам жаны төзгісіз азап шегесің. Айда
лада аш қасқырша ұлып, түнерген түнде байғызға үн қоса
сарнайсың. Тәңіріңнен ғұмыр бойы бір сәтке ғана тіл бітіруді
аһ ұра өтініп, басыңды тауға да, тасқа да соғасың. Мен ақтық
демің біткенше күндіз көзіңнің алдында тұрамын, түнде түсіңе
енемін. Кегің алынбайды, қыжылың басылмайды. Ал одан
өткен қорлық жоқ.
Міне, Удайди осындай қорқау еді.
Бала сенделіп кете барды. Аңырады үні шықпады, зар иледі
даусы естілмеді. Сол бетінде тауды бөктерлеп, Сарқыраманың
таудан шапшып ағатын қайнар көзіне жетіп жығылғанша
тоқтаған жоқ. Осы жерде есінен танып ұзақ жатты.
Көзін ашқан кезде аспанның асты қылаңытып тұр еді,
жұлдыз сирек, Жетіқарақшыдан бастап Темірқазыққа дейін
өңі қашқан. Түнгі көктің төрінде дөңгеленген ай жаудың оғы
ысқырынып келіп өңменіне қадалатындай сұп-сұр. Бозамық
сәулесі тау арасына боздап төгіледі.
Бала тәлтіректеп орнынан көтерілді, тау өзені тасып ағып
жатыр, көкезу көп толқын бірін-бірі баса-көктеп, тастан
тасқа ұрынып бүлік іздейді. Қырық бүктетіле көкке шап-
шып, аспандағы айға атылады. Жағада қалқиған кәрі терек
бұтақтары үрейлене тарбиып, арса-арса тамырларын жақпар-
жақпар тарғыл тастың қуыс-қуысына сүңгітіп жіберген, қатты
ағыс қашан жұлып әкетеді деп қалтырайды.
Мық елінің сорлы болған соңғы тұяғы өмірден күдер үзді,
ол Удайдидің мұның пешенесіне жазған қайғы-қасіретінен
азып-тозғанша өлуге бекінді. Жағадағы қия тасқа өрмелеп
шығып, айдынында үйір-үйір жын ойнақ салған, көбік шашып
аласұрған долы өзенге қарғыды.
Әуелде мұздай суға шым батып кетіп еді, тынысы демде
тарылып тұншығып бара жатқан, сол кезде бір әулетті күш
кеудесінен түйіп өтіп, серпе лақтырды. Алапат толқын қаң
бақша домалатып әкеп жағаға топ еткізді.
Бала не болып, не қойғанын да аңғарып үлгерген жоқ. Сар
қырама күркіреп қоя беріп еді, әлгі дүлей толқындар, қырық
бүктетіліп, жиырылып жазылды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Мені енді ажал да алмайды, – деп күйзелді бала.
Осы кезде етектен улап-шулаған, бейберекет жамыраған
дауыстар естілді. Бала кеудесін көтеріп, сол тұсқа бұғына
көз салды. Таудың бөктеріне келіп тірелетін ойпаңнан жы
пырлаған сансыз жарық көрінді. Әр жерде лаулата жаққан
оттың жалыны көкке шапшиды, айдың бозғылт сәулесіне
болат дулығалар жылт-жылт шағылысқанда, жүрегі кеудесіне
сыймай дүрс-дүрс соқты.
– Удайди ғой бұл, – деп ыңыранды.
Ол қалың қолымен көк шалғынға қаптай қонып, қанды
жорықтан соң думандатып жатыр еді. Шегірткедей құжына
ған көп қарақшы қарқ-қарқ күліп мәз-мәйрам., Бағанағы
арсыз ақын Удайдиды жер-көкке сыйғызбай көкиді, әлденені
қаңғыр-күңгір қағып, оттың жарығында ербеңдеп жүр.
Баланың көкірегі сыздады, тұла бойы безгек қысқандай
қалшылдап бара жатты. Сонда оның не айтып аңырағанын,
әттең дүние-ай, тірі мақұлық та ести алмаған.
Түнде көкті билеген
Күнге басын имеген,
Ай тәңірім жалынам –
Бәрінен еңсең асқан-ды,
Есірген жаудың үстіне
Жіберші тастап аспанды, –
деп жалбарынды ол.
Ай бәз-баяғы қалпы өңі бозарып тұра берді.
Енді бала қараңғы түнде қарауытқан тауға жүгінді.
Қара жерді таптаған,
Жалғанда тең таппаған,
Тауым – заңғар тәңірім,
Жетіміңді жұбатшы.
Қалың жаудың үстіне
Шың-құзыңды құлатшы.
Тау түнере түсіп, өркеш-өркеш биігі қараңдап тіл қатпады.
Бала Сарқыраманың жағасына келді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Айбаттанған, тулаған,
Қаһарланған, шулаған,
Су киесі құдірет.
Қойдай қырған елімді
Көп дұшпанның үстіне
Қаптатсаңшы селіңді.
Сарқырама жағаға шапшыды, арнасына сыймай буырқан
ғанда, жиектегі көк терек жанын шүберекке түйді. Жолына
еміне төнген жартасты ақжал толқын өршелене сабалап ашу
шақырды.
Баланың көкірегі қарс айырылды.
– Мені ешқайсы да естімеді, – деп, қолқасы үзіле қамықты.
Ал асау өзен бұрқ-сарқ қайнап, тау іші жаңғырығып бара
жатты, баланың құлағына өктем де өжет үн келіп жетті.
Сорлы жетім, сен мені қатыгез деп санама,
Ер қырылып жатқанда барлығы да садаға!
Сарқыраманың айбынды даусы жеті түнде зеңгір көкті
шарлап кетті, жұлдыз біткен жыпыр-жыпыр жасқанып, Үркер
бір бүйірге ауа көшті. Ай тоқымдай бұлтты тасалап, таудың
биік шыңдары ербең-ербең елеңдеді. Өзен тас-талқан тулап,
етекке қарай арқырай ақты, айналаны ақ көбік басып, тыл
сым түн түнере түршікті. Ал жау жасағы сол бәз-баяғы қалпы
думандата берді.
Мылқау баланың көкірегін шоқ қарығандай күйзелді.
Удайди Сарқырамадан да құдіретті ме еді.
Асау-асау толқындар, ай батылар толайым,
Жауды жайпап өтсеңші, құрбандығың болайын, –
деп егілді.
Өзен
долдана
күркіреп
жағаны
жүндей
түтті,
енді
бұрынғыдан да ширыға, қаһарлана күркіреді.
Әлде менің, әлде оның, білмей қойдым, соры ма,
Қара жартас қырсығып, жатып алды жолыма.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сол кезде түксиген тау дүр сілкінді, терең шатқал, жық
пыл жыра қаңғыр-күңгір жаңғырығып, шың-құз күтір-күтір
шытынады.
Тауға тіл бітті.
Тентек өзен тектенсе, мен де өнерді бастайын,
Қара жартас қырсыққан, қағайын да тастайын.
Бөктерде әлдене шатыр-шұтыр қақырап, гүрс-гүрс құлады,
түн құлағы тұнып, тынысы тарылды, жер теңселіп, аспан
қуықтай қуырылды. Бірінің үстіне бірі құлап, аласұрған асау
толқындар етекке қарай үдере лап қойды. Күндей күркіреп,
жер-көкті азынатып, түйедей-түйедей тастарды допша до
малатып барады.
Бала өзенді жағалап құстай ұшты, түн ішінде бөктерден
жанұшырған көп дауыс сарнап шыққан сайын барын салды.
Ал Сарқыраманың құдіретті гүрілі жаһанды жаңғырықты
рып, бәрін билеп-төстеп алған.
– Уа, Удайди, сен дегеніңе жеткен жоқсың, мен мылқау
емеспін! – деп айғайлады жүгіріп келе жатып.
Садағаң кетейін Сарқырама оның даусын әуелете іліп әкетті.
Жансыз деме, дұшпаннан Су-ана да жериді,
Қайғысына елінің қара тас та ериді.
Таудай толқындар ойпаңға лақ етіп құйылғанда, жау есін
жиып үлгере алмай, алапат тасқынның астында қалды. Удайди
дәл төбесіне құлап келе жатқан үйдей тасты көріп үлгерген,
таудан күркірей аққан асау өзен емес, өзі қырып салған қалың
ел тәрізденіп қылғына шыңғырды. Сансыз көп мүрде жан-
жағынан жармасып тірідей түтті ме, әлде өңкей тілдері кесіл
ген мылқау балалар үстіне ұмар-жұмар құлап, сүйек-сүйегі
күтір-күтір уатылды ма, білген жоқ. Зілдей тас жаншып өте
шықты.
* * *
Сүлей айтқан осы бір аңыз Садақтың жадында мәңгі бақи
жатталып қалған, оны ескі тоған жаққа келген сайын есіне
АЛДАН СМАЙЫЛ алатын. Марқұмның аузынан естіген қария сөзі жалғыз бұл ғана ма, оның тұла бойы тұнған жыр-дастан еді ғой, жұрт ертең де күн барын, бүгіннен қалдырмай істеп тастайтын шаруа барын, бәр-бәрін ұмытып ұйып тыңдайтын да отыратын. – Содан бері Сарқырама бөгет атаулыны тас-талқан ете бе ретін болыпты, басқа өзендердің арнасы көктемде ғана толса, оның жылына екі рет тасып ағатыны тегін бе, – деп бітіруші еді қиссасын. Марқұм дүние салар алдында Жаңаталаптың тайлы-тұя ғын қалдырмай үйіне жинады. – Мен сендерге өзім білетін аңыздың бәрін айтып бердім, ал сендер оларды ұмыта көрмеңдер, – деп еді жарықтық. Артынан жұртқа өсиет еткен. – Мық елінің сол жалғыз тұяғы ана ескі тоғаннан сыртқары жатқан оқшау көк тастың түбінде жерленіпті десе ді. Мені сол араға арулап қойыңдар. Күреңді еспе аяңға салып отырып ескі тоғанға күн арқан бойы көтеріле жетті. Әлгінде жаңбыр сіркіреген еді, әйтеуір себездеп тұрып-тұрып басылған, көз алдында өзі талай-талай шарлаған өңір шалқып жатыр. Бұл оның қай жерінде жыра, қай тұсында сайы барын жатқа біледі. Ана бір жыртылған ойпаңда, бір шоғыр ұшқаттың түбінде түлкінің іні болушы еді, мына сол жақтағы қарағанды жазықтың арасында қысы-жазы қоян жыртылып айырылатын, ал Қарауылтөбенің сонау қия тастарынан арқар үзілген емес. Тоғанның етегіндегі шалғын дуадақтың өрісі болатын, қазір сол аң-құсты ілуде-шалуда көріп қалмасаң, іздегенде емге таба алмайсың. Осы күні аңнан аңшы көп. Ойы сан-саққа кетіп келе жатып, тағы да Сүлей марқұмды есіне алды. Оның есімімен аталатын көк тастың аяқ асты нан Кәменке болып шыға келуі жынын қоздырған. Тәйір-ау, өзгертілген жер атымен бірге елдің тарихы ұмытылатынын бұлар неге ескермейді. Сүлей марқұм айтушы еді: Ертегіңді жоғалтсаң, ертеңіңді жоғалтасың. Ол көненің көп аңызын тегіннен-тегін қайта тірілтті дейсің бе? Садақ күреңді қамшымен сауырдан қалай тартып жіберге нін білмей қалды. Ат шауып ала жөнелді, тізгін тартпаған,
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бағанадан бергі аяңға құшыры қанбағандай тақымын қыса
түсті.
Сол бетінде тоғаннан өтіп кеткенше күреңді еркіне жібер
ді, Сүлейдің көк тасына жалғасатын тақыр белге көтеріліп
барып бір-ақ ірікті. Осы жерден айналаны шолып, мана үйден
ала шыққан дүрбімен қарайған бұта, қалқиған қараған-то
былғыға дейін түгендеді, некен-саяқ жүрген мал көрінбейді.
Ту... у алыста үш-төрт трактор жер жыртып жүр, одан беріде
астығы жиналған егінжай көзге шалынады, сабаны әлі та
сылып алынбапты, көпене-көпене болып үйілген қалпы жы
пыр-жыпыр етеді.
– Қой, жылқышыларға барайын, – деді күреңді тебініп, –
солар бір жөнін білуі мүмкін.
Бұл арада жер құмдауыт, шөбі сұйық. Осыдан бес-алты
жыл бұрын кен іздеушілер жаз бойы табан аудармай жатып
біраз зерттеген. Солар қазып кеткен шұңқырлардың жиек-
жиегіне селдіреп тікен өсіпті. Кей түс қылтанақсыз ақ тақыр,
таздың төбесіндей жалтырайды, адам сияқты жер де ала-құла.
Бірде шоқытып, бірде сар желдіріп отырып, Көлбайдың
қасқа бұлағына жақындағанда, қарсы беткейде қаптай жа
йылған жылқы көрінді. Манадан бергі жолда осынау даланың
бір кемдігі бардай, әлденеге елегізи берген еді, жетпегені ана
қарақұрым мал екен. Астындағы күрең де елеңдеп, қайта-
қайта пысқырып, құлағын қайшылады. Жапан дүзде қиқу
лап, шаба жөнелгісі келді, қалың жылқыға ұрандап араласа
кетуге асықты. Бытырап жатқан жануарлар жанарын алыстан
арбап, делебесін қоздырды.
Беткейден асып түскенде, бұлақтың жанына тігілген
шатыр көзіне шалынған. Жанында үш-төрт ат байлаулы
тұр, жеңіл арба көрінеді. Соның тасасынан екі төбет ит шыға
келді, тыныш жатқан қойнауды арс-арс жаңғырықтырып
қарсы ұмтылған. Таяла беріп, тұра-тұра қалысып, бауыры
ның астындағы жердің топырағын бұрқ-бұрқ боратты. Аттың
үстінде болмаса, тарпа бас салып, жүндей түтетін түрлері бар.
Сол кезде шатырдан ұзын бойлы жігіт шыққан, жүзі таныс
секілді, жақындап келсе, Ысқақтың Шаяхметі. Қарбаң-қар
баң етіп, аттың шылбырынан ұстап жатыр.
– Ассалаумағалейкум, Сақа, жол болсын!
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Әлей болсын!
– Үй ішіңіз аман ба?
– Шүкір.
– Ойпыр-ай, әкемнің өзі іздеп келгендей болдым ғой. –
Қалбалақтап асты-үстіне түсті, шатырға енгізіп, астына көрпе
төсеп, жастық тастады. – Біздің ендігі кәсіп осы, – деді күбіден
қымыз құйып жатып. – Жылқыға көшкем.
Садақ шатырдың ішін шолды, баяғы қара қос емес демесең,
жабдығы өзгере қоймаған. Шағын төсек-орын, іргеге сүйе
ген қосауыз мылтық, босаға жаққа тастай салған ер-тоқым,
аяққап, ескі киіз, басы артық бір нәрсе жоқ.
– Ақыры Ысқақ марқұмның жолын қуған екенсің ғой, –
деді қолына ұстатқан сырлы аяқтағы қымызды баппен ішіп
отырып.
– Солай болды, – деді Шаяхмет. – Шөпшілердің бұрын
ғы бригадасы енді жоқ, жігіттер түрлі жұмыста жүр. Бірі
трактордың тіркемешісі, бірі жүгеріші, тағы бірі құрылыста.
Жылқыға өзім сұрандым.
– Бағып отырғаның қанша тұяқ?
– Үш жүзге тарта.
– Бұрын бұдан көп еді ғой.
– Осы күні жылқыдан қадір кеткен жоқ па? Көрші сов
хоздарға таратты, сойды, сатты, әзірге қалғаны осы.
– Неше адамсыңдар?
– Екеу.
Әр жайдан құлаққағыс бола отырып, қымызды сарқып
ішті. Бір ашуы ішінде сияқты жүрегін қыжылдатқан. Ер адам
ұстаған дәмде қандай бап болушы еді.
– Бұл жаққа нендей шаруамен келіп едіңіз? – деді Шаяхмет.
– Ат іздеп жүрмін. Алдыңғы күні кешке өре салып жі
бергенмін, содан таптырмай кетті. Көзіңе түспеді ме? Қам
шылар жақ құлағына ен салған торы.
– Байқамадым. Жылқыға бөтен мал қосылған жоқ.
Садақ ас қайырып орнынан тұрды. Шаяхметке ол бұ
рынғысынан шөгіп кеткен секілді болып көрінді. Даусы да
жарықшақтанып шығады, тек жанары баяғысынша өткір.
– Қайда асығасыз, қара қоста қадір бар деген емес пе, қо
нып кетіңіз, – деп қолқа салды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Рақмет, шырағым, – деді шал есікке беттеп. – Әлгі атты
тауып алуым керек.
Іштей бүгін осында қалғысы да келіп тұр еді, жылқыдан
қол үзгеннен бергі уақытта қара қосты қатты сағынғанын
аңғарған. Көптен жоғалтып, таба алмай сарсаңға салған асы
лына кез болғандай халде еді. Жерошақ жақта жатқан тері
тулақ, шөптің үстіне тастай салған ағаш қазық пен тоқпақ, қыл
арқан, сонау беткейде қаптай жайылған жылқы, тіпті сырты
қап-қара күйе болған шөңкеге дейін көзіне оттай басылды. Ол
өзінің осынау ұзақ өмірінде солардан қымбат, олардан әсем
жиһазды, сірә, көрмеген шығар. Бұған, шындығына келгенде,
жылқышының аласа қара қосы мен ана іргеге сүйей салған
қайың құрықтан басқаның қажеті де шамалы еді. Түнімен
жылқы жайып келіп, таң ата қостың іргесінде аттан түсіп жат
қанда, аяқты малдың отын қандыруға ғана жарайтын өрісті
ғана емес, бүкіл әлемді шарлап шыққандай, көз алдындағы
ұлан далаға көсегең көгере, еңсең биіктеп бір қарағаннның өзі
неге тұрады. Сонда тобылғылы, көделі, бұйрат-жоталы, бұлақ
пен өзенді, аясы мол, садағаң кетейін, шалқар даланың иесі
тек өзің екенін масаттана сезініп, жер-дүниең кеңіп сала берер
еді ғой.
Неге екенін кім білсін, ол осы сәт сар даланың бойын
жалғыз кезіп кеткісі келді. Оның ат тұяғы баспаған бір де бір
пұпшағын қалдырмай, аралап шыққысы, өмір бойы қас қа
ғым уақытқа да жанарының алдынан жоғалтпай өткісі келді.
Өзін дүние жаралғалы онымен бірге жасасып келе жатқан
дай сезінген, сонымен бірге мәңгі-бақи ғұмыр кеше беруге
ынтыққан.
Осы бір тосыннан келген құштарлықпен атына қарай
жүріп еді. Шаяхмет өзінен озып барып, күреңнің шылбырын
шешті де, алдына көлденең тартты. Қолтығынан демеп, ердің
үстіне дік еткізіп қондырған.
– Қонып кеткеніңізде дұрыс еді, – деді шылбырды қолына
ұстатып жатып. – Сізді қимай тұрғаным.
– Ә, солай ма, – деді Садақ. – Шал-суанды сағына бастаған
екенсің ғой. Әлі көздеріңнен бал-бұл ұшармыз. Сарыла із
дерсіңдер сонда. Қариясы жоқ ауыл жетім, осыны ұмытпа.
Содан кейін кетуге ыңғайланып барып іркілген.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Сен мына алдыңдағы малды дұрыстап бақ, – деді қадағалай
тапсырып. – Ол әкең Ысқақтың да, мына менің де аманатым.
* * *
Даланың төсінде бірте-бірте күш алып келе жатқан күз
дің қадау-қадау белгілері байқалады: әшейінде түс әулетінде
даланы сағым торлап, бұлдыр-бұлдыр жөңкіліп жатушы еді,
енді мұнарланып суына бастаған. Жалпақ жазықты қуалай
ескен көп көде тоңазыған қара жердің сыртына шыққан
түгіндей үрпиеді. Ат тұяғының дүсірінен үркіп ұшқан бірен-
саран торғай болмаса, құс атаулы да ұшыраса бермейді, ақ
селеулі алқаптың үстіне бауырын жалата қалықтайтын кез
құйрық пен дала шағаласы зым-зия жоғалған, қылт етіп кө
рінгеннің бәрінен үркетін қоян да көзіне түспей, айналаға
жабырқай қарады.
Қара танытпай кетсе, түздің аңы да сағындырады екен,
дәл қазір жылқы баққан көп жылдарының ұзына бойында
жауша жағаласып өткен аш бөрі алдынан ойқастап шыға
келсе, кәрі жыны қызып, қиқулап қуып бермес еді, ежелгі
ескі жолдасындай іш тарта қарап, бүкең-бүкең жортқанын
қызықтап, жанарының алдынан жоғалғанша құмарланар еді.
Түз тағысы да адамның көз қуанышы, әуелде ырзығына бола
жаратылып, соңынан ермегіне айналған ол да бір мұңлық.
Аспаннан, ту... у ғарыштан тырау-тырау ән естілді, ат
үстінде шалқая қарап, ештеңе көре алмай жанары жасаурады.
Күзде қайтқан тырнаның үні адамның құлағында айлар бойы
қалар еді, өтіп бара жатқан уақыттың жаңғырығы, келер
күннің күмбірі болып тілдесетін. Әркімнің өз жүрегінің терең
түкпірінде сақталатын, тірі пендеге, сірә да, айтылмайтын
уылжыған аяулы сыры да сол. Мейлі, төріңнен көрің жақын
тұрсын, мейлі тамыры суалған, күзгі жапырақтай қалтыра
ған кәріліктің соңғы күндерін тауысар кезің келсін, өмірден
бәрібір күдер үзгізбейтін тіршілікке құштар көңілдің мұңлы
сазы да сол. Күзгі аспанның төрінде тыраулап ұшқан тырна
лар керуені жыл сайын адам ғұмырының бір үзігін бірге ала
кеткенде, келер көктемде өзіңе қайтып берер болсайшы.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қамшылар жақ тусынан Құланасқанның сыңар биігі кө
рінеді. Басына бүркіт ұя салатын еңселі, қия жартасты тау
осы арадан ат шаптырым жерде. Етегі сайлауыт, ала жаздай
шапсаң таусылмайтын шабындық, қойнау-қойнауында бұла
ғы сылдырлап ағып жатады. Ал көш жер ұзап шықсаң, құмдақ
тақырға кезігесің, содан қашан Сарқырамаға жеткенше шөбі
сұйық қуаң дала таусылмай діңкеңді құртады.
Баяғыда, ұмытпаса, Жаңаталапқа мектеп салынғаннан ке
йінгі жылдың қысында Арыстан марқұмды осы Құланасқанға
дейін айдап барған болатын.
Сұмдық-ай десеңізші, соған мұны өзі қояр да қоймай
көндіріп еді.
Сол жылы қыс қатты болды, екі күннің бірінде боранда
тып, желтоқсанның өзінде жылқының өрісін тарылтқан.
Бұлар азын-аулақ тұяқты алысқа ұзатып жая алмай, Тоқы
раудың екі қапталын шиырлай берген. Жаңаталаптағы ар
тельге ол молынан жетер еді, күзге қарай күтпеген жерден өрт
шығып, өзеннің қос өңіріндегі талай жылғы қауды тып-типыл
етті. Оның қалай болғанын, кім жасағанын Арыстан бастап,
ауылдың барлық кедей-кепшігі жабыла іздегенімен, ұшығын
да ұстай алмады.
Тоқабайдың өлімінен кейін бұл кілтшіліктен безіп, қайта
дан жылқы бағуға шыққан. Қыста малды Ысқақпен кезек
тесіп қарайтын, кейде Арыстан екеуін алмастырып, бір уақ
тыныс беретін.
– Атқа қонып, жылқы ішінде жүрсең, еңсең биіктеп, адам
болып қаласың, – деп күлуші еді.
Ал қыс борандатып тұрып алғанда келуін тіпті жиілетті.
Сол күні ол бұларға түс ауа жеткен, қанжығасында қоржыны
томпаяды.
– Бүгін сендерге ыстық сорпа ішкіземін, – деді үшеуі
қосқа кіргенде. – Кеше олай ойлап, бұлай ойлап, бір өгізшені
сойдырғам. Ел қысыла бермесін дегенім ғой, суық түскелі
ауыздары қызылға тиген жоқ. Соның етінен сендерге де ала
келдім, қазір жақсылап тұрып асамыз.
Күн желтең еді, жылқыны Ысқақ тоғайдың ықтасына
қайырып келгенше, екеуі қостың ішіне маздатып от жақты,
мосы құрды, оған шөңке ілінді. Біраздан соң пісіп келе жатқан
жас еттің тәбетті ашатын хош иісі біліне бастады.
30-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Бұл еріксіз отқа қарай жақындап, етті істік ағашпен әредік
қозғағыштай берген. Талайдан бері бидай көже мен қатық
сыз қара шайдан басқа дәм аузына тимеген, суық сорған Ысқақ
отты үстемелей жағып, қайта-қайта жұтынады.
Арыстан әр жайдан сөз қозғап отыр.
– Қарағандыдан елге кәмәсиә шығыпты. Мал жинайды
деген сөз бар.
– Қой, бекер шығар, – деп Ысқақ ыршып түсті. – Елде мал
қалып па еді?
Арыстан насыбай шақшасын етігінің өкшесіне тық-тық
ұрып отырып күрсінді:
– Өзім де түсінбедім. Ресей жақтағы кедей-кепшіктен ас
тық алып, зар еңіретіп жатса керек. Бізден мал сұраса, біткен
жеріміз сол шығар.
Көңілсіз әңгіме сұйылып барып өрбімей қалды.
Дәм үстінде де әңгіме жалғасын таба қоймады. Ал сыртқа
шыққанда күртік қардың үстінде сырғыма жүріп, мың сан
ала шұбар жылан сумаң-сумаң иіріліп жазылып жатыр еді.
Аспанның асты шаңғытып алыпты, батыс та, шығыс та, төрт
құбыла тегіс бозғылт мұнар, айнала ызбарлана құлазиды.
Қостың ығына байланған аттардың үстіне қырау қонған,
торысы да, күреңі де, бозы да қылаңға айналыпты. Танаулары
на сүңгі байланып, ауыздықтарын күтір-күтір шайнайды. Бәрі
де жарау, қаншардай қатып қалған.
– Сендер бүгін дем алындар, – деді Арыстан боз дөненнің
шылбырын шешіп жатып. – Осы түн жылқыны мен бағайын.
Бұлар қарсы болған жоқ.
– Жарайды, – деді Ысқақ. – Біз көз байланғанша тоғайдан
тал шауып, отын дайындап алайық.
* * *
Іргесін белуарына дейін қармен көміп тастаған киіз қос
тың іші май тоңғысыз, лаулата жаққан қу талдың қызуы бет
ті шарпиды. Бураның тізерлігіндей жуан томар қып-қызыл
шоққа айналған, әр жерінен сырт-сырт етіп бөлініп түсіп
жатыр.
ШЫҒАРМАЛАРЫ Тыста жел ызыңдайды, қара қосқа әлдене сүйкенгендей ме, ұшар бастары айқұш-айқұш айқастыра байланған тіреу ағаштар кей сәт сықыр-сықыр қажалады. Түтін сіңіп құрым ға айналған киіз буланғанда, шайырдың исі білінеді. Аяқ жағында жатқан жұлым-жұлым болған тулақтың үстіне шоқ ұшып түсіп еді, көңірсіп барып сөнді. Отқа таяу тұрған ескі жез шәйнек бүйірі қызып ызылдайды. Ысқақ үзілген тартпаны жамап отыр, мұрнының астынан ыңылдап, әлдебір мұңлы әуенді естілер-естілмес етіп созады. Қайырмасына жеткенде, «Сағындырған сәулем-ай» деп күр сінгендей болады. Сол әуенге бірте-бірте елтіген тәрізді еді, лаулаған жа лынға қарап жатып өзінің де жалындап жанғысы келе ме, сыбызғының үніндей сызылған бір ғажайып күй кешуге ын тыға ма, көз алдына оңаша қиялында үнемі көретін таңтамаша арудың сиқырлы жүзі елестей ме, әйтеуір осы бір шақ аса әсерлі еді. Сірә ту.. .у ес біліп, етек жапқаннан бері көргенбаққаны бейнет болған қам көңіл өзін-өзі осылай жұбататын шығар, бәлкім, қай-қайдағы ыстық сезімді тірілтетін қиял да бір ғұмыр ма, кім білсін, дәл қазір бұл сан түнде сақылдаған сары аязда қатып-семіп, астан-кестен боранда талай-талай өліп-тірілгенін ұмытып еді. Сөйтіп жатып қалғып кеткен болу керек. Ысқақтың ыңы лы әсем әнге айналған тәрізденді, бір аса сүйкімді дауыс оны сызылға салады. Әлде мінсіз сұлудың ыстық лебі ме екен ол, бәлкім, өз қиялының қанат қағысынан ескен саумал самал шығар. Бұл осындай тек қиялында ғана рахат күй кешетін. Өңінде өмір шіркін тәтті ғой дегізетін, шырайын шығаратын, өзіңді мүлде ұмыттырып, қайғы-мұң атаулыдан бір сәтке болса да аршып алатын бақытты шақ, сірә да, кезікпеген секілді. Тіпті бар ынта-ықыласымен құлай сүйіп, ғашық та бола білмепті. Жар таңдау, құмарлану жоқ, әйел алу, үй болу ғана бар-ды. Ана кемпірін қыздай алғанымен, қызыққан, елжіреп еліткен кезі енді мүлде еске түспейді. Ол да құшақ жайып құлпыра алмай-ақ қойған бір жұмбақ жан. Ерінен имене білгені үлкен олжасы секілді қашанда төменшік, түн баласы табысып жатып күрсінер.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Содан бұл өмір бойы жоқ іздеумен келеді. Тарқамаған
құмарының, іңкәр сезімге балқымаған жүрегінің, ешкімге
еліте айтылмаған арманының жоғы. Сүйе білмеген соң сү
йіндіре алар ма. Құлай берілмеген соң қуандырып бола ма.
Үйде де алаң, түзде де алаң. Іздегені қиялында, сандалар да
түңілер. Тек ендігі жерде осынау бір оңашада ұрланып табы
сатын тәтті сезім, бұлыңғыр түс, буалдыр суреттен арыла
көрмегей. Қиял демесең, ол да бір ғұмыр, көсегеңді көгертпес,
көңіліңді демдейді.
Сол бір ертегі сәтте әлдеқайдан, мүмкін аспанның төрі
нен, әлде ғарыштың қиял жетпес қиянынан күн күркіреген
тәрізденді. Әлгі әсем ән жұтылып барып, жоғалып айналасы
қаңғыр-күңгір жаңғырығып тұрып алды. Біреу дәл жанынан
күмбір-күмбір тіл қатты. Ол Ысқақ еді.
– Мылтық атылды ма, қалай? – дейді.
Осы дауыс қалғып-шұлғыған бейжай кезінен аз да бол
са сергіткендей еді, көтеріліңкіреп отырып, жаңағы әсерінен
толық айыға алмай балбырады. Қайдағы бір түсіне зорға енетін
сұлу жайлы қиялдау не теңі еді десеңші.
– Әлгінде сен не естідің? – деді Ысқақ. – Мен жаңылыспасам,
мылтық атылды.
– Иә, бірдеме күркірегендей болды, – деді бұл. – Жылқыға
қасқыр шауып жүрмесін.
Ысқақ иығын қиқаң еткізді.
– Ол да ғажап емес.
Садақ әрі-сәрі болып біраз отырды да, жылқыға бармақ
болды. Түннің біраз уақыты өткен, енді Арыстанды алмастыру
керек, онда қай бір күй бар дейсің. Дімкәс адам түнгі суыққа
ұзақ шыдамайды.
Осы ойын Ысқаққа айтты да тысқа шықты. Күндізгі
жаяу борасын әлі басылмаған, аяз қатая түсіпті, бетін қарып
түскендей болады. Қостың ығында екі ат сықырлап тұр.
– Жануар-ай, сендерге обал-ақ, бірақ бүгінше шыдаңдар, –
деді өзіне тиесілі күреңге мініп жатып. – Ертең басқа жылқы
мен алмастырамыз. Белдерің де босайды, отығасыңдар да.
Содан желе жортып отырып жылқының ізіне түсті, өзенді
өрлеп біраз жүрген соң малдың қарасы танылды. Астындағы
атын үркіте сол жақтан тарс етіп мылтық атылды, оған ілесе
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Арыстанның айтақтаған даусы естілген, күреңге қамшы ба
сып шаба жөнелді. Бұл да белгі беріп, түнгі даланы дүрліктіре
қиқулады.
Сәлден соң үйірді анық көрді, қасқыр шабудан аман секіл
ді, дөңгелене шоғырланып қар теуіп жатыр. Арыстан арғы
бетінде ат шалдырып жүр.
– Не болды? – деп дауыстады. – Неге мылтық аттың?
– Мана бір әзірде қасқыр шапты, – деді ол өзіне қарай беттеп
келе жатып. – Үш-төртеуін анық көрдім. Жылқы шұрқырап,
тоз-тозы шықты, бытырай қашқан, зорға жинап алдым. Со
дан бері тыныш, бөрілер қайта айналып соға ма деп әлсін-әлі
мылтық атып жүрмін.
– Үйірді түгендедің бе? – деді Садақ.
– Жоқ.
Ат үстінде тұрып шолып шықты, малды түр-түсінен
танитын оған үйірден ылғи бөлек жайылатын қысыр қулық
тың жоқ екені бірден белгілі болған еді. Арыстанға айтқанда,
ол абдырап қалды.
– Апыр-ай, ә. Түгел сияқты еді ғой, – деп қайталай берген.
– Мен маңайдан қарап келейін, – деді Садақ атын тебініп.
Әуелі шоқ-шоқ талдардың арасын арылтты, одан кейін
өзеннің ту сыртына өткен, бұл жақтан да көзіне түспеді. Содан
қайта оралып келе жатқанда астындағы аты осқырынды, оң
қол жаққа құлағын тігіп бұлталақтай бастады.
Анадай жерде әлдене қарауытып жатыр, үркектеген күрең
ді үсті-үстіне тебініп жақын келгенде, ішек-қарны ақ қардың
үстіне ақтарылып түскен қулықты көрді.
* * *
Бұл оқиға Арыстанға мірдің оғындай тиеді деп кім ойлаған,
таң ата жылқыны қостың жанына айдап келіп, үшеуінің басы
қосылғанда, тосын шешімімен төбеден жай түсіргендей болған.
– Садақ! – деді бұйыра сөйлеп. – Сен артельдің бастығы
ретінде не айтсам да орындауға тиіссің. Мені, ортаның малын
көпе-көрнеу шығынға ұшыратқан зиянкесті, ауданға айдап
барасың.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Жүрегі тас төбесінен шыққандай болды.
– Солай, – деді ол, – бұған сендер көз жұмып қарамаңдар.
Әркім өз қателігін өз мойнымен көтеруі керек.
Қара қостың іші тым-тырыс бола қалды.
– Зиянкесің не? Есің дұрыс па өзі? – деп килікті бір кезде
айран-асыр болған Ысқақ. Тыңдамаймын сөзіңді! Естіртпе
қайтып!
Арыстан түнеріп алған, өңі қуарып кетіпті, іштей өзімен-өзі
арпалысып, қатты қиналғаны байқалады.
– Зиянкес емей кіммін? – деді нығарлап. – Жылқыға қасқыр
шапқаны сылтау бола алмайды. Білдей қулық арам өлді, ал ел
оны көзінің қарашығындай сақтап келді ғой. Бұл – қылмыс.
– Ой, қайдағы жоқты айтады екенсің! – деді Ысқақ тері
сіне сыймай. – Қасқыр жылқы түгілі, сенің өзіңді де жарып
кетер еді.
Арыстан міз бақпады, күйбеңдеп жолға жинала бастады,
тонын қаусырына киіп, белін буып жатқанда булығып ұзақ
жөтелді. Қақалып-шашалып жерге отыра кеткен, қоламтада
тұрған шәйнекті алып, қылқ-қылқ жұтты. Сол екі ортада әлі
құрып болдырып қалған.
– Мына бетіңмен орта жолда арам қатасың ғой, – деді Са
дақ. – Аудан осы арадан жүз шақырым жер. Азынаған қыс
болса анау.
– Ешқайда да бармайды. Жібермеймін, – деп жұлқынды
Ысқақ. – Мұның есі дұрыс емес.
Ол қос қолымен жер тіреп орнынан сүйретіле тұрды. Іргеде
сүйеулі тұрған мылтығын алып, есікке қарай жүрді де, ар
тына бұрылып Садаққа қарады.
– Айтқанымды орындайсың ба, жоқ па?
Садақтың жүрегі шым ете қалды, Арыстанның жанары
өңменінен өтіп барады.
– Жоқ! – деді даусы жарықшақтанып.
– Ендеше мен жалғыз кетемін.
Сол кезде Ысқақ қостың есігіне арқасын беріп тұра қалды.
– Жібермеймін! Қолыңда өлемін! – деп айғайға басты.
Арыстанның өңі бұрынғысынан да сұрлана түсті.
– Кет былай! – деп ақырып жіберген. – Мен өз кінәмді осылай
жуа алмасам, ертең кімге жөн айтамын?!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ысқақ кірпік қақпай қатты да қалды, жағы қарысқан
адамдай тілсіз. Ал қостың ішін үрейлі тыныштық жайлап ала
қойған. Садақ қозғалуға қаймықты. Қыбыр етсе, әлдене гүрс
етіп жарылатындай көрінген, бір мезет Арыстан ақылынан
алжасқан жоқ па екен деп те ойлады.
Сол кезде ол Ысқақты жағасынан шап беріп, қостың төріне
қарай лақтырып жіберді. Қимылы шалт болғаны соншалық,
Садақ не істеп, не қойғанын аңғарғанша далаға атып шықты.
– Жүгір! Ұста! – деп аттандады Ысқақ. – Жіберме!
Сыртқа жүгіре-қабына ұмтылған, Арыстан атқа мініп үл
геріпті, тоғайды бетке алып шаба жөнелді.
– Қап! – деп санын соқты.
– Бұл еңді тоқтамайды! – деп жер тепкіледі Ысқақ.
Екеуі осылай аңтарылып біраз тұрып қалған, ол лезде
өзенге жетіп, талдың тасасында көрінбей кетті.
– Не істейміз? деп аңтарылды Садақ.
– Сен соңынан бар. Тағы да айт, қайтаруға тырыс. Көнбесе,
ауданға дейін серік боласың, ол жалғыз жете алмайды, –
деді Ысқақ өзен жақтан көз алмай. Жолға азық әкет, оқ-
дәрі де ұмытпа. Мен Арыстанның райынан қайтатындығына
сенбеймін.
* * *
Садақ оны Құрдымның қос шұңқырынан асқанда қуып
жетті. Арыстан бұрылып та қараған жоқ, бозды еспе аяңға
салып, алдына түсті де отырды. Мұның кері қайтаруға тыры
сып айтқан көп сөзінің біріне де құлақ аспаған, естімеген адам
секілді тіс жармайды. Жақ жүні үрпиіп, қан-сөлсіз бозарып
алған, аттың жалына қарай еңкейе отырған күйі анда-санда
тық-тық жөтеледі.
Бүгін жаяу борасын басылған, оның есесіне сақылдаған
сары аяз бетті қариды, әйтеуір дәтке қуат болғанда жел
жоқ. Талайдан бері тұтаса мұнартып алған аспан әр жерінен
жыртылып ашылып, күннің көзі көрінген, аппақ қарға ша
ғылысқан сәуле жанарды жасқайды. Екі ат танауларынан бу
лары бұрқырап, бір-бірінен кейін қалмауға тырысып, күртік
қарды күрп-күрп жалдап келеді.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Желтоқсан үскіріктеніп тұрып алғанда, даланың аңына
дейін басы ауған жағына маңып кеткен бе, қар үстінде бөгде
із жоқ, әлгінде бір топ қара қарға ғана өзенге қарай қарқыл
дап ұшып кетіп еді. Бүгін таң атқалы қырда қарсақ пен түл
кі жортпаса, аяздың әлі де қатая түсетіндігін аңғартқаны,
ағаштың дініндегі шырынын мұзға айналдыратын суықта аш
қасқыр да жыңғылдан ұзап шықпайды, жылқы да шашыра
май, жабағыларды ортаға алып, дөңгелене жайылар еді.
Екеуі үнсіз жүріп отырып, ескі тоғаннан да асты, Садақ
осы мәнсіз сапарының түбі итқорлықпен тынатынын күні бұ
рын сезгендей берекесі қаша бастады. Оған астындағы жүрі
сі жайсыз күрең де, бетті қарып, денеге шым-шымдап сіңген
аяз да, ақ қарға шағылысқан күн сәулесі де, Арыстанның
тоңмойындығы да, тіпті көз алдындағы қысқы бұйығы дала да
ұнамады. Бәрі де салқын, бәрі де өгей.
«Енді не істесем екен? – деп тістенді іштей. Мына дүлейді
тағы да үгіттеп көрер еді, одан келер түк пайда жоқ. Әлде
қапылыста бас салып байлап тастаса ма екен. Ауылға тыпыр
еткізбей бір алып барса болды, одан арғысын ел өзі шешеді».
Осы ойы жөн секілді болып көрінді, қатарында келе жа
тып, ту сыртынан шап беретін оңтайлы сәтті күтті. Бұл жол
Арыстанға қатерлі екенін біле тұрып әрекетсіз қалғаны, оны
оз қолымен байлап бергені. Ендеше бекінуі керек. Міне, қазір
бойын жинап, жүрегін тоқтатса болғаны. Тек қимылы қате
кете көрмесін.
Күреңнің тізгінін тартып, сәл кейіндеді де, үзеңгіден аяғын
шығарып жиырыла қалды. Іле күш шақыра айғайлай атылған,
арам қатқыр боз ат алға қарай қарғыды да кетті, астындағы
күрең де бір бүйіріне үрке жалт берген. Қолы Арыстанның
арқасына тиер-тиместен қардың үстіне жер бауырлай жалп ете
түсті.
Басын көтеріп жан-жағына қарағанда Арыстан күреңді
қуып бара жатыр екен. Қақпайлап апарып омбыға қамады
да, сүйретіліп жүрген шылбырын қамшымен іліп алып, бері
беттеді.
Бұл қардың үстінде әлі қимылсыз жатқан, әлгі ойы жүзеге
аспай қалғанына қынжылулы еді, енді шынымен-ақ сонау ит
арқасы қияндағы ауданға дейін салпаңдамақ па? Ал аман-есен
ШЫҒАРМАЛАРЫ
барды делік, одан кейін ше... Арыстан өзін ондағы үкіметке
зиянкеспін деп әшкерелейді. Осылай да осылай дейді, бәрін
айтады. Содан соң не болмақшы... Ондағылар не демек, қа
сақана жасаған деп тауып қамап тастаса, құрығаны ғой. Осы
күні біреуге халық жауы, контр деген жала жабылса, ақ-қара
сы тексеріле бермейді. Уақыт қатал, заман қатал, ел де қатал.
– Тұр, – деді Арыстан. – Атыңа мін.
Бұл жерден құлықсыз көтеріліп, ерге қонды.
– Сен бүйтіп босқа арамтер болма, – деді ол тық-тық жөте
ліп. – Маған олай жаның ашымай-ақ қойсын. Жұрт бір уыс
бидай ұрлағаны үшін жауапқа тартылады, ал менікі одан да
өткен қылмыс.
– Жарайды, солай-ақ болсын, – деді Садақ жұмсарған
сияқтанып. – Түбін ойласаңшы. Қайдағы бір қысыр қулық
үшін түрмеде шірімексің бе?!
– Ісіме қарай жазамды аламын.
– Әңгіме көбейіп кетсе ше? Ауданда сені мұқатуға құштар
оңбағандар табылса қайтпексің? Ойдан-қырдан қосып, ісің
ді насырға шаптыратындар шықпас деймісің? Онда біржола
құрығаның.
Арыстан ойланғандай болды, етігінің қонышынан насы
бай шақшасын суырды да, оны не үшін алғанын ұмытқандай
қайтадан тықты.
– Ол да мүмкін, – деді қабағы түйіліп. – Бірақ алған бетімнен
қайта алмаймын.
Аяз қатая түскен сияқты, екі беті дыз-дыз етеді, әлден
осылай қысса, соңыра сірестіріп тастайтын шығар. Тек жел
соға көрмесе екен, онда арам қатырады. Ал жер әлі шалғай,
барар жолда ел де кездесе қояр деймісің, қазір бұрынғы қыс
таулардың бәрі қаңырап бос қалған.
Осы бір қыжыл сәт санап күшейе берді, бара-бара бойы
на сыймай, көкірегін шоқтай қарыған. Іштей кешегі түнді,
жылқыға шапқан бөрілерді, тұқымы құрыған қысыр қулық
ты, Арыстанды қоста қалдырмай, етке тойып алып шалқа
йып жатып алған Ысқақ пен өзі түгін тастамай сыдыртып
өтті. Ойындағысын орындауға шамасы жетпей арпалысқан
да, қолынан түк келмеген шарасыздығына күйіп-пісіп тұлан
тұтқан.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Қарсы маңдайдан Құланасқанның сыңар биігі мұнартады,
бұлар іркілмей жүрсе, оған қонаға жетуі ықтимал. Жол ауыр,
күртік қар кей жерлерде аттың тізесін қағып, еспе аяңның
өзінен жаңылдырады, үнемі сар желдіртіп отыру қиын.
Кешелі бері арқасынан ер түспеген боз да, күрең де тың емес,
әрі оты қанбаған, бір болдырса, қайтып ширауы қиын.
Шамасы түс әулетінде ме екен, батыстан жел көтерілді,
күртік қардың бетін сыпыруға да жарамай сылбыр есті де
тұрды. Бірақ соның өзі де аязды күшейте түскен, Садақтың
қос тізесі мұздай бастады. Ұзын сеңсең тон мен тері шалбар
дан өткен ызғар бара-бара денесіне жайылса, айдалада, аппақ
қардың үстінде уақыт өткен сайын суына бергенің де.
Арыстанның кигені де тон, бірақ тым ескі, әр жерінен
жамау салған, жағасының жүні қырқылып тақырланған. Ол
қазірдің өзінде тоңып келе жатқан шығар, атқа отырысы да
икемсіз, етек-жеңі олпы-солпы. Жайшылықтың өзінде қи
мыл-әрекеті қолапайсыз болушы еді, ұзын бойлы аш-арық
жігіт жазда шалғымен шөп шапсын, егін орсын, соның бәрінде
көштен кейін қала беретін. Мұның үстіне сырқат болған соң,
одан не күтесің.
Құланасқанның бергі тұсында тама Құдайменденің қыс
тауы бар, ол асып-тасқан бай емес-ті, дөңгеленген орта ша
руалы болатын, атқа мініп елдің дау-дамайын шешуге ара
ласқан демесең, басқа артықшылығы жоқ еді. Сол бертін келе
кәмпескеге ілікті, өзімен бірге әйел-баласы да жер аударыл
ған. Кезінде мұның бұрыс-дұрыстығына бұлар көңіл қойған
жоқ, кейін ойлап қараса, Құдайменде осыншалық тоз-тозы
шығатындай не жазып еді деп дал болады.
Енді бәрі өтті-кетті, бұл басын қатырмаса да болады, әрі-
беріден соң саясатта не шаруасы бар, жоғарыдағылар солай
шешкен екен, ендеше өзге жолы қалмағаны да. Қазір бұған
басқа мәселе қымбат. Құдайменденің үй-жайы жинақы бо
латын, соны ел бұзып әкетпесе жарады. Түнеп шығып, бой
ларын жылытар еді.
Арыстан жиі жөтелетін болып барады, түнімен жылқы
жайып одан көз шырымын алмастан мына түбі немен тынары
белгісіз қиын жолға шығу оңай тимеген де. Өз басын өзі әлек
ке салып қойса, оған не істемексің?!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Біраздан кейін жер еңсесі көтеріле бастады, бұлар Құла
насқанның бөктерін белдеулеп келіп, шөбі сұйық, құмдауыт
жазыққа іліккен. Қар жұқарып, жол жеңілдейін деді, Садақ
енді күреңнің жүрісін ширатып, сар желіске салды.
* * *
Қарлы дала етінен ет кесіп алса, қаны шықпайтындай
безеріп жатыр, бұл маңда ұшқат та, қараған да жоқ, қайда
қарасаң да көзің сүрінбейді. Атам заманнан бері қарай қырдың
сұғанақ желі жайлаған ұлан өңір екі салтаттыны өгейсігендей
сұп-сұр.
Садақтың бойы мұздауға айналған, аяз зәрлі, қыс кәрлі
болса, сеңсең тон да сыр береді екен, ал қос тізе сырқырайтын
секілді. Екі беті бағанадан бері дызылдап келе жатыр еді, еңді
онысын қойған, сірә, домығып тынған шығар, мұның бұрын
да теңбіл-теңбіл жүзіне тағы бір таңба түскені де. Е, мейлі,
әуелден кескіні келісіп тұрғаны шамалы, мына сапарға қыз
көру үшін аттанған жоқ.
Арыстан бұрынғысынан да бүгжиіп кетіпті, жанаса беріп
өңіне үңіліп еді, ерні көгістеніп, қоңқақ мұрны бұрынғыдан да
ұзарып, сұры мүлде қашып кеткенін көрді. Кірпігінің ұшына
қырау тұрған, сұйық мұртына мұз қатқан, жанары жолда емес,
боздың жалында, тізгінді сол қолының қарына іле салыпты.
Енді жөтелуге де шамасы қалмағандай, ықылық атса, бүкіл
денесімен селк-селк етеді.
«Маған не қыл дейсің, – деді іштей қабырғасы қайыса
күйзеліп. – Сені осы жолға қояр да қоймай айдап салған мына
бейнет қой. Тек әйтеуір үсіп өлмесең жарады».
Күн кешкіргені ме қалай, даланың үсті бұлыңғыр тарта
бастады. Бағана бір байқағанда, бесін ауып бара жатқан се
кілді еді, қыста таң мен түстің арасы таяқ тастам ғана, әне-
міне дегенше көз де байланар. Оған дейін Құдайменденің қора-
қопсысына жетіп жығылу керек.
Садақ осы оймен күреңді тебініп-тебініп қойды, жануар
ұзамай бір пана таппай болмайтынын сезетіндей, қатты пыс
қырынып алып текіректей жөнелді. Омырауы, екі сауыры
АЛДАН СМАЙЫЛ
аппақ қырау, таңнан бергі суыт жүрісте болдыра бастағанын
білдіргісі келмей тізгінді сүзе тартып, басын шұлғып-шұлғып
қояды. Садақ еңкейіп мойынынан қақты. Өзінше демегені еді.
Жылқы баққан талайғы уақытының ішінде, астындағы
атының қыс көзі қырауда далаға тастағанын көрген емес.
Сарышұнақ аяз бен ақтүтекте жануардың қайсысы болсын,
межелі жерге жеткенше барын салушы еді. Күрең де сол дағ
дыға басқан секілді мұның емеурінін тақымының әр қимы
лынан танып келеді.
Құланасқанның сыңар биігін көлегейлеген мұнар қоюла
нып барады, оған әлі де бес-алты шақырым жер қалған, ал
мұның көздеп келе жатқан қыстауы таудың бергі қапталын
дағы қыратта, қысы-жазы үзілмей ағатын үлкен бұлақтың
дәл желкесінде. Енді есіл-дертін сол жайлап алған, тез жетуге
тағатсыз асыққандығынан шығар, көрінбесе де көргендей
болып елегізе берді
* * *
Екеуі қыстауға іңір қараңғысында жетті, аттан алдымен
Садақ түскен, күреңді жетектеп жүріп үйдің есігін тапты,
үңірейіп шалқасынан ашық жатыр. Маңдайшасынан сорайып
шығып тұрған арқалыққа атын байлап, ерден ауып бара жат
қан Арыстанды сүйемелдеді.
Дәтке қуат болғанда қыстаудың төбесі бүтін екен, терезе
сінің орны бар, өзі жоқ, пештің мойны да құлаған, қазандық
тұрған бөлменің ішіне жал болып қар түсіпті. Садаққа, қатты
тоңғандықтан ба, соның өзінде аядай жылы секілді көрінді.
Қазір ағаш тапса, лаулатып жағады, таң атқанша сөңдірмейді,
содан кейінгісі тәңірден.
Сыртқа шығып жапсарлас салынған қораны төңіректеді,
төбесі ішіне құлаған, сырық ағаштар, майда шілік шашылып
жатыр. Соларды керегінше тасып алды да, от тұтатты. Әбден
жаурап, тілі сөйлеуге келмей күрмелген Арыстанды лаулай
көтерілген жалынға таяу отырғызды.
Осылай бір жобаға келіп алған соң аттарды бұлаққа апарып
суарған, шіркін енді бұларға аздаған шөп табылса тіпті қатып
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кетер еді. Оны кім берсін, жетектеп әкеліп өздері отырған үйге
енгізді. Сол жерде қораның бұзылған төбесі есіне түскен, әдет
те шіліктің үстіне шөп салынатын.
«Бәрі ойлағандай болады, ендігісі түк те емес» деп өзімен-
өзі сөйлесіп жүріп, шіріндіге айнала бастаған бір құшақ шөп
жинап алды. Артынан қайта барып, тағы да әкелген, бұл жолы
жөтелуден қолы босамаған Арыстанның астына төседі.
Оның бойы жылынайын деді ме, жүзіне аздап қан жүгірген
секілді, әлде қызуы көтерілді ме екен, біліп болмайды.
– Ескі дерт бағанадан бері мазаны алып бітті, – деді бір
кезде. Содан соң денесінің қызбайтынын, кеудесі тарылып
кеткендей көрінетінін, ауа жетпейтінін айтып, мұңайып бі
раз отырды. Садақтың дорбадан шығарып алдына қойған қа
ра нанынан ауыз тиді де, өзіне қайта ұсынды. – Түк тәбетім
жоқ, – деп, шіріген шөптің үстіне қисайды. – Мен, сірә, осы
жасқа дейінгі шеккен бейнетімнің зейнетін көре алмайтын
шығармын.
– Қайдағыны айтпа, – деді Садақ. – Кім ауырмайды? – Бұ
дан кейін екеуі де үнсіз қалған, әбден қураған сырықтың
бытырлап жанғанына қарап, жиі-жиі күрсінісіп қойып оты
ра берді. Түтіннің қышқылтым исі, кейде төбеге дейін жетіп
лаулап, енді бірде өздеріне қарай шалқып құбылған жалын,
сыртта ызылдаған жел, үңірейген терезе, қарауытқан төрт
бұрыш, бәрі дел-сал күйге түсіреді. Алдыңды от қыздырса,
арқаңды тастай суық қабырғаның ызғары мұздатады. Шірінді
шөпке алданған екі аттың тысыры мен өз тынысын да қазір
бұрын-соңды естімеген жат дыбыс секілді, Садақ кейде мына
қаңыраған қыстауда неге отырғандарын түсінбейтін мағы
насыз хал кешеді.
Ара-тұра ертеңгі күнгі қарекетті ойлайды, енді ауданға
баруға мүлде жол жоқ, Арыстан көнсін мейлі, көнбесін мейлі,
бұлар таң атқан соң ауылға қайтады. Ол мына өлмелі түрімен
артельдің өзіне аман жетсе жақсы.
Осылай әрі-сәрі күйде отырғанда, үңірейген терезенің тұ
сынан әлдене қараң еткендей болды. Анықтап көз салғанда,
ештемені байқамаған, ал аттар осқырынып, бастарын көте
ріп-көтеріп алып еді. Олар бірдемені сезсе керек, ендеше әлгі
аңғарғаны тегін емес.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Сол екі ортада терезенің дәл түбінен ит қыңсылап өткен
сияқтанды, әлде бұл қағыс естіді ме екен. Жалма-жан жанын
да жатқан мылтығын алып, оқ салды. Бәтшағар, тасқапқыр
болып жүрмесін, олар әбден ашықса, кісіге тал түсте шабудан
тайынбайды.
Мүжіп отырған Арыстан да қозғалақтады, әлгінде тын
шыған сияқты еді, тағы да булыға жөтеліп әбігерге түсті. Өзіне-
өзі зорға келген соң, бұған жаны жүдей қараған.
– Суық өтті маған, – деді кеудесі сырылдап. – Енді жуық
арада оңалмаспын.
Садақ әлі терезе жақты аңдып отырған, даладағы болым
сыз дыбыстың өзін қалт жібермей, не нәрсеге болса да дайын
тұру керек. Кім біледі, жалғанның жазымы көп, ел ішінде
қашқын бар деп айтатын, тек оның бетін аулақ қылсын.
Аттар тағы да осқырынды, терезеге әлдене қарғып шыққан
тәрізді, мылтығын кезене беріп, қасқырдың жақтауға асыл
ған екі аяғын, содан кейін өзін көрген. Қапелімде атып салуды
ұмытқандай: Арыстан! – деп бұғына дауыстады.
Ол мұның иегімен нұсқаған жағына жалт қарады да, ұзын
сырықтың біріне жармасты. Іле: Атпа! – деп мылтығын ұстай
алған. – Бөрі емес бұл. Құдай біледі, қасқыр емес.
Садақ айырып үлгергенше, аң ба, жын ба, әлгі жоқ болып
кетті.
– Енді немене? – деді аңтарылып.
– Ит, – деді Арыстан, мен бірден байқадым, кәдімгі төбет.
– Ол мұнда қайдан келеді?
– Құдайменденің иті.
– Немене?
– Иә, сонікі. Оның кәмпескеге іліккеніне біржарым жыл
дай уақыт өтті. Ал әлгі төбет содан бері иесінің мекенін күзе
тіп жүр. Мен жазда ауданнан келе жатып өз көзіммен көрген
болатынмын. Әуелде қыстауға таялтпай айбат шегіп, алды-
артымнан абалап, біраз жұлынды, содан кейін үйдің төбесі
не шығып ырылдап жатып алды. Ерте кетпек болып, қанша
шақырсам да жерге түспеді. Мынау соның нақ өзі. Бағана біз
келгенде аң қағып, далада қаңғып жүрген ғой..
Садақ сенер-сенбесін білмей басын шайқай берді.
– Қайдам, итке ұқсамайды, – деген терезеден көз алмай.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Солай, – деді Арыстан. – Ол иесінің өлгенін көрген жоқ
қой. Түбі бір қайтып ораларына дәмелі, күдерін үзбейді.
Осы кезде ит терезеге тағы да асылған, бұл жолы мылтық
кезенбегенін көріп батылданды ма, тісін ақситып айбат шекті.
Өзі де тайыншадай екен, жалғыз-жарым адамға түн ішінде
кезіксе, дода-додасын шығарар. Алқымы ісініп гүр-гүр етеді,
көзі оттың жарығына шағылысқанда, ұшқын атып зәрені
кетірді.
– Кә! Кә! – деп шақырды Арыстан. Садақ мылтығынан қол
айырған жоқ.
Төбет арс етіп, терезенің жақтауын қапты, күтір-күтір
шайнап, долдана қырылдады. Ешқандай құдірет жуасыта ал
майтындай ызалы, әр қимылынан тұла бойын жалын болып
қарыған долылық байқалады, тап беруге шақ тұр. Жалы кү
дірейе күркірегенде, қаңыраған үйдің іші қосыла жаңғырып,
шулап қоя берді, аттар басымен алысып апыр-топыр болды,
Садақ мылтығын оңталай бастаған.
– Жат! – деді Арыстан төбетті алдаусыратпақ болып. –
Долырма!
Содан кейін қол созым жерде жатқан дорбадан нан алды
да терезенің алдына тастады. Ит оған көз қиығын да салған
жоқ, басылудың орнына бұрынғысынан да құтырына түсті,
қабырғаны қарш-қарш тырнап аласұрды. Оттың жарығына
шағылысқан көзі біресе жасылданып, біресе шоқтай қызарып
үрейді ұшырды.
– Қоя ғой, не болды сонша, – деді Арыстан. – Кел, кірсеңші
ішке, өзің неткен долы едің?
Төбет ырылдап заһар шашуын қойған жоқ, ол осы абала
ған, жыртқыштай жұлынған, терісіне сыймай қаһарланған
шағында бұларды қыстаудан қуып шықпай тыншымайтынын
ұқтырып еді. Терезенің жақтауын қайтадан өршелене қауіп,
күтір-күтір уатты, ішке қарай ұмсына түсіп жиырыла қалды.
– Қазір атылады, – деп ойлады Садақ. – Мынаның түрі
жаман.
Ит сол күйінде бұлардың әр қимылын бағып біраз аң
дысты да, сыртқа қарай қарғыды. Арсылдап есікке келіп
босағаны тырмалады, одан үйді айнала күркіреді. Әлден соң
тыншығандай болып, дыбысы естілмей кетіп еді, артынша
АЛДАН СМАЙЫЛ
құйқа тамырды шымырлата ұлыды. Үні әрі зәрлі, әрі зарлы
еді, Садақтың тұла бойы түршікті.
* * *
Сірә, қалғып кетсе керек, әлдене көк желкесінен төніп
тұрғандай басын шошына көтеріп алды. Әлгі төбет шығар,
үйдің төбесін қазып тастапты, үңірейген ойықтан тісі ақ
сиып қарап тұр. Тесіктің жиек-жиегін тырналап қыстыға
қыңсылайды, қанталаған көзінде ызғар да, мұң да бар.
– Сорлы неме, – деді күрсініп, енді бұл адыра қалған қыс
таудың несін қорисың. Осылай шабаланып, аласұрып жүр
генде, өткен-кеткен жолаушының бірі қаңқ еткізіп атады да
тастайды.
Төбет арс етті де ойықтың аузын аңдып жатып алды, бұл
қимылдаса, ырылдап сес көрсетеді.
– Мейлің, – деді тонына қымтана оранып, – бар пәле менімен
бірге кететін болса, талап тастасаң да еркің.
Арыстан ұйықтап жатыр, анда-санда ауырсына ыңыры
нады, сандырақтағаны ма, әлдене деп дыбыстаған секілді
болды.
Байғұстың сырқаты меңдеп бара жатқан тәрізді-ау, өзі де
бір шырайы шықпаған сорлы. Бала жасынан көргені мехнат
пен бейнет, күні бүгінге дейін жаны бір жай тауып көрді ме
екен. Енді айдалада, азынаған иесіз қыстаудың ішінде ауру
мен арпалысып жатқаны мынау.
Садақ күйзеле күрсінді, оның осындай бір сүрінсе, қай
тып тұра алмайтын дертке шалдыға тұрып, өзін-өзі аямай
тындығына жүрегі езіле қынжылып еді. «Зиянкеспін, қыл
мыс жасадым» деп жанын қу шүберекке түйіп, қыс ішінде
сабылатындай не әкетіп бара жатыр екен?
Әбден мазасы кетті. Ана сырттағы ызғарлы жел не деп
азынайды. Мына тағыланып кеткен төбетке қосыла ұлып,
жазықсыз жапа шеккен Құдаймендені жоқтай ма, басқа қай
зарды қозғамақ. Бейнет бар да, зейнет жоқ, соны сарнап мең
зегені ме екен. Тоқтаса болар еді бір уақ. Өшсе еді үні.
Ит оқыстан тағы да гүр ете қалды. Төбедегі тесікті кеңіте
тырнап аласұрды. Арс-арс етіп ала бөтен долырған, иесін басқа
ШЫҒАРМАЛАРЫ
біреу емес, бұл жер аударып жібергендей өлермендене өшігеді.
Зәрлі көздерінде, сірә да, бір басылмайтын уытты ыза, көк
бет кек, тарқамайтын зіл бар. Адам атаулыға қаны қарайған
жаралы жыртқыштың жан шошитын кейпі. Алқымнан ала
түспекке бекінген, өзгені де, өзін де өлімге байлап берген
бітіспес дұшпанның сұсы. Ықтырып барады, түршіктіріп ба
рады.
Садақ оған қарамауға тырысты, айдала, иесіз қыстау, ыза
лы ит бір сұмдықтың белгісі секілді түршіктірді. Арыстанды
ауылға аман алып қайтса жақсы болар еді-ау. Өзі де әбден
қажыған, бойы жылынды ма, әлде әлі мұздап отыр ма, айыра
алмады, жігерсіз, үмітсіз бір бейбақ, бәрінен жеріді. Қазір
тағаты таусыла күтетіні бір ғана нәрсе, келер таң. Мына тү
нерген түнмен жалғыз аңдысу оңай емес.
Ит төбені тағы да тырналады, ырылдап алас ұрып жүр,
арс-арс етсе, жүрегі дүрс-дүрс соғады. Бір кезде сап тиылып,
дыбысы білінбей кетті де, әлден соң қолқаны суыра ұзақ ұлы
ды. Үні мұңдай зарлы болар ма, құйқа тамырын шымырла
тып, сай-сүйегі сырқырап барады. Бар маң ұлардай шулады,
түксиген түн қосыла күңіреніп, сарнап бір бергендей құлағы
тұнды.
– Кет! – деді тұла бойы қалтырап.
Бірақ даусын төбедегі төбет түгілі өзі де естіген жоқ. Шер
лі ит дүниені түңілдіре зар шеккенде, мұның бүкіл әлемін
ұлыта тоздырғандай үгіліп бара жатты. Жанарының алдында
бұлаңдаған қызғылт жалын өн бойына жайылып өртеп бара
ма, бір сәт алды-артын от орап алған секілденді.
– Күйіп барам, күйдіріп барады, – деп ыңырсыды Арыстан.
Ал төбет сарнауын қоятын емес. Айдалада айсыз түнде сая
таптырмай ұлиды.
* * *
Таңды көз ұшында атырды, терезе жақ қылаулана бас
тағанда сенер-сенбесін білмегендей бір уақ кірпік қақпай
қадала қараған. Жаңылмапты, түн түнегі сұйылып барады.
Тәңір-ай тек алдамшы алау бола көрмегей.
31-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Екі қолымен жер тіреп, орнынан зорға көтерілді. Жуан ағаш
әлі бытыр-бытыр жанып жатыр, далада зәрлі жел азынайды,
терезеден қар борап тұр.
Арыстанға қарап еді, ол бүк түсіп алыпты, тонының екі
өңірі жайылып кеткен, дем алысы білінбейді. Мына қалпында
тірі адамның белгісі жоқ.
Жүрегі су ете қалды, жанына жүрелеп отыра қалып кеуде
сіне құлағын тосқан, бекер шошыныпты, қалжырап барып таң
әулетінде ғана көзі іліккен болар, қатты ұйқыға кеткен. Тонын
қымтады да, қоламтаны көсеп, шоқтың үстіне қу шыбық
тарды тастады, отыра қалып үсті-үстіне үрлеп тұтатқан соң
аттарға қарай жүрді.
Күрең мен бозды жетектеп далаға шыққанда, үйіре соққан
құйын теңселтіп жіберген, тонының етегі жалп-жалп етті.
Қиыршық қар басқа-көзге сабалайды, айнала әлі қара-күрең,
қыстаудың желке жағындағы қойнаудан гуілдеген, ызылда
ған үн жетіп, мына азынай ұйытқыған желдің жуық маңда
басылмайтындығын аңғартады.
Аспанның қабағынан қар жауады, жұлдыз атаулы зым-
зия жоғалған, айсыз, саңылаусыз, меңіреу түнек еңсесін езіп
тұр. Есік алдына жал-жал қар түсіпті, содан сүріне қабына
өтіп, бұлаққа қарай жүргенде, төбет ит алдынан шыға келді,
бауырының астын бұрқырата, жұлына тырналап, ырылдап
тұрып алды, аяқ бастыратын емес, әр қимылын аңдып, қада
лып қалған.
– Кет! – деп ұмтылған болып еді, тістері ақсиып жақындай
түсті, әне-міне алқымына қарай шапшығалы тұр, не істерін
білмей састы. Аттардың омырауына қарай ысырылып, қо
рыққанын білдірмеуге тырысып, ақырын кері жылжыды.
Төбет ере таялып, бұл есіктің алдына дейін шегінгенше айбат
шегумен болды. Енді бұлаққа барып, көлікті суару туралы
ойлаудың қажеті жоқ еді, екі көзін иттен айырмай жүріп ішке
қайта енген.
– Мынау кісі жер, – деді шарасыздығына қорланып. – Атып
тастасам ғой, кімнен таптым дер едің.
Ал іштей төбеттің түні бойғы қылығына тәнті еді,
Құдайменде байғұстың артында қалған шын жоқтаушысы
жалғыз сол шығар. Бұл оны сарыла күтіп жүр-ау, мына жын-
ШЫҒАРМАЛАРЫ
пері ғана жайлауға жарайтын азып-тозған қыстауды сол үшін
сақтап қалмақ қой.
Арыстан әлі оянбапты, енді тұрғызуы керек, жолға жи
налғанша күн де көтеріледі.
Жанына барып, иығынан қағып еді, белгі бермеді. Қат
тырақ қозғап та тұрғыза алмады, басын көтеріп еді, ыңыр
сып былқ-сылқ етті. Демі жалын боп шарпиды, ерні кезеріп
жарылып кеткен. Жалма-жан есік жақтан қар уыстап әке
ліп, алақанында ерітті де аузына тамызды. Сол кезде аздап
қозғалақтаған, көзін жартылай ашып, ернін жыбырлатты.
– Апыр-ай, енді қайттім, – деп аңтарылды Садақ. – Мына
түрімен атқа да отыра алмайды ғой.
Үйдің ішіне абдырап көз салып біраз отырды, не іздегенін
өзі де білмейді. Әлден соң ұшып тұрып, түнде алып келген,
отқа жағудан аман қалған екі-үш сырықты айналдыра қарай
бастады. Мыналардан шанаға ұқсас бірдеме жасауы керек.
* * *
Бұл жолға әбден дайындалып болғанда, таң да ағарып атып
еді. Арыстанды қолына түскен, іске жаратуға болатын зат
тың бәрімен шандып тастаған сырықтардың үстіне жатқызды.
Оған әлгінде төбетпен арпалысып жүріп әкелген, қораның
төбесіне салған талдан жетек жасаған. Соны бір қолымен ұстап
тұрып күреңге мінді. Еңді тоқтайтын не бар, ауыл қайдасың
деп тартып кетті. Төбет біраз жерге дейін абалап еріп келді,
қыстаудан ұзап шыққанша арсылдап қапталдаса жүрді де
отырды. Мұның енді қайтып бұрылмайтынын сезген соң ғана
өршелене үруін қойған.
Біраз жер жүріп барып артына қарап еді, ит аппақ қардың
үстінде қарауыта шоқиып отыр екен. Айдалада Арқаның зәр
лі желі азынайды.
* * *
Совхоз орталығына жетіп, жалғызы Далабайдың үйіне соқ
ты. Келіні де, ұлы да жұмыста екен, есік алдында дағдарып
АЛДАН СМАЙЫЛ
тұрғанда немересі Артық келді. Арсалаңдап мойнына асыла
кеткен.
– Айналдым, – деді елжіреп. – Жарығым менің.
Бала тым көңілді еді, жайраң қағып жүр. Үйге еніп жай
ласып отырғанша біраз жайдан хабардар етіп үлгерді. Әкесі
таяуда орден алыпты.
Садақ марқайып қалды, соңына ерген жалғыз тұяғы
абыройлы болып, тең құрбысының алдынан табылса, өз ме
рейінің үстем болғаны да. Кеше ескі тоғаның басында ке
зіккенде екеуі дұрыстап жөн де сұраса алмады ғой. Оған
мұрша болды ма. Тегінде бұл Далабайды жас күнінен еркіне
жібермей, тізгіндеп ұстап келеді. Еркелетсе де, елжіресе де,
ұрсып, ұрса да, бәрі өлшеулі еді. Ұзын арқан, кең тұсауға
салмай, ыммен отырғызып, қабақпен тұрғызып, өз дегенін
өткізуден әсте жаңылған жері жоқ.
Сонысымен көп нәрсе ұтқан тәрізді еді, айтқанын екі ет
кізбейтін. Тек кейінгі жылдарда қызметке араласа бастаған
кезде мұнымен санаса бермейтін мінез байқатып жүр. Ақыл
етіп, шымшылдап жеткізбек болса, сырғақсып сүлесоқ тың
дайтын әдет тапқан. Андыздап алдын орап, көпе-көрнеу өзім
білемге салмаса да, бірі жаяу, бірі ат үстінде тұрғандай аражік
көзге көрініп-ақ қалады.
Тағы бір байқап қараса, жүрісі жорға, сөзі сақ болып
барады екен. Өз атынан кесім жасауға батымсыз, басқаның
айтқанын тірек етіп, соны демеу қылып көлденең тарта қою
ға бейім. Сен бергіден қозғасаң, ол алысы облыс, жақыны
ауданның құлағын шулатады. Өздігі көрінбейді, өзгелердің екі
ортадағы айғайшысы секілді сыбай-сылтаң.
Осындай әрі-сәрі ойда отырып, ұлының орден тағарлық
қай ісі бар екенін сарапқа салған. Алып-жұлып бара жатқан
ештеңе жоқ секілді. Оқу бітірді, одан жұмысқа кірді, небәрі екі
жылдың ішінде бас агроном болып шыға келді. Бар-жоғы сол
ғана.
Ал өзі ғұмыр бойы жылқының соңында жанын жалдап
жүргенде Арыстан марқұм баяғыда сыйға тартқан бірдеңе
ден өзге ештеңеге ие болмапты. Осы күнге дейін сый-құрмет
туралы ойланбаған да екен. Кешегі өткен Ысқақ пен бүгінде
көз қимас көп құрбының соңы болып қалған Қабылдың да
алғаны жоқ, бергені мол.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Немересі төргі бөлмеге дастархан жайды. Ауылда жүргенде
мұндай пысықтығы болмаушы еді. Жетіден сегізіншіге көш
кен ер баланың үй ішіндегі ұсақ шаруаға күйбең-күйбең кірісіп
жүргені ұнамай отыр.
– Таста, әрі! – деген. – Аш емеспін.
Осы кезде есіктен Далабайдың төбесі көрінді. Мұнымен
киімін ауыстырып, шашын тарап, үсті-басын түзеген соң
амандасты.
Сөзді орденнен бастады.
– Сондай бір қуанышымыз бар, – деді ол жүзі жылып. – Той
сізден.
– Оның жөн, – деді Садақ. – Мерзімін айт.
Осы сәт өзінің босаңқырап қалғанын сезіп еді. Жалғыз
баланың мәртебесі толқытпай қоймаған.
– Осы аптаның аяғы, – деді ол. – Иван Ильич солай шешті.
– Иваның кешегі жалпақ сары ма?
– Сол кісі. Шаруашылығымыздың директоры ғой.
– Ол неге сенің жеке ісіңе төрелік айтады?
– Енді басшы адам болған соң, келісеміз әр нәрсені ақыл
дасып шешеміз. Жұмыстың ыңғайына қарай өлшеп-пішеміз.
– Жарайды. Өз билігің кісі қолында болған соң, сөйтесің де.
Далабай бұл әңгімені осымен доғаруға асыққан болу керек,
шаруа жайына ойысты. Совхоздың биыл жиырма мың гектар
тың көтергенін, жүгері бітік шыққанын сөз етті. Ескі тоған
ның суы өздерінің ойлағанындай кәдеге жаратылса, келесі
жылы табыс шаш етектен болатынын айтып, өсіңкіреп отырды.
Содан атқарылған әр істі тәптіштеп келіп, осының бәрі Иван
Ильич пен мына Петр Николаевичтің еңбегі екенін қызы
на дәлелдеп біраз орағытқан. Ара-тұра олармен өзінің жақын
араласатынын, ауданнан келген басшының түнде осы үйде
болғанын әңгімелеп, суыртпақтап таратты.
Иван Ильич қайта-қайта тост көтеріпті. Болашағың бар
депті. Өсесің депті. Арқасынан қағыпты. Келінін жанына
отырғызып, ілтипат көрсетіпті.
Бұған соның бәрі мерей. Болып-толып отыр.
Садақ үнсіз тыңдады, сөзін бөлген жоқ. Іштей кешегі
өзі қозғаған сөздің сол жерде ұмытылғаны ма деп отыр. Ол
жайында бұлар кеңеспеген болып шықты ғой.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Сендер менің айтқандарымды кейін естеріңе де алма
ғансыңдар ма, – деген ол іркілген бір сәтте.
Далабай күмілжіді. Әлгінде жадырап, жайдақ отырған
қалпынан өзгеріп, тамағын қырнай берді.
– Сіз қатты кеттіңіз, – деді ақыр соңында. – Баяғы қыз
балыққа саласыз.
Садақ ұлының жүзіне зер сала қарады. Мынау не айтып
отыр өзі. Сонда не демек?
– Бүкіл елдің жалғыз жанашыры өзіңіз ғана сияқтысыз.
Сізден басқаның бәрі тасбауыр. Жұрт таланып, жер қуарып
бара жатқандай шабыласыз келіп. Жаңаталаптың жоғын
жоқтап, сабылғаннан табарыңыз бар ма? Заман жаңа, ой-мұ
рат жаңа. Соны неге түсінбейсіз? Ал ескі ауылдар қаңырап-ақ
қалсын. Одан дүйім жұрт ұтылды ма екен?
– Сонда сен түк аңғармағаның ба?
– Нені көрмекпін?
– Көз алдыңда елдігіңнен айырылып барасың. Бүгінгі жо
ғалтқаныңды ертең немерең де түгендей алмайды. Қайда
барсаң, өзгерген атау, туған жеріңде ай-күннің аманында
адасасың. Айғыз-айғыз жыртылған дала дар-дар айырылған
арысың ғой. Бала біткен өзге тілде шүлдір-шүлдір.
Далабай орнынан тұрып кетті. Есікке таялғанда:
– Мұны басқаларға айта бермеңіз, – деді. – Ең құрыса, мен
үшін солай істеңіз.
Осымен сөз бітіп еді, Садақ одан әрі сыр тартуға болмайты
нын ұқты. Босаға жақта аң-таң қарап қалған немересіне де
бұрылып қарамастан үйден шықты. Сол бетінде атқа қонған,
сол бетінде тартып кетпек болған. Оның қазір торыны іздеуге
де зауқы жоқ еді.
Көше жақтан әлдене жүйкесін жұқарта сықырлады, есік
тің алдына ат жеккен арба келіп тоқтаған. Толтырып ағаш
тиеп алыпты.
– Ей, кому отын! Давай, кел мында! – деп айғайлады үстінде
шошайып отырған біреу. – Арзанға беремін.
Даусы таныс сияқты, құланы аяңдатып таяу барды.
– Мынау Тұрғанбек қой, – деген өзіне-өзі.
Ол қорбаңдап түсіп жатыр. Садақ арбаны айналдыра қа
рап, тиеп алғаны мектепті қоршаған шарбақ екенін көрді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Арасынан партаның бұрышы шығып тұр. Онсыз да тарылған
көңіл біржола құлазыды.
– Мынауың не? – деді саңқ етіп.
Тұрғанбек сәлем бермек болып созған қолын тартып алды.
– Сұрауы жоқ дүние де.
– Саған иесіз деп кім айтты? Анада ескертіп едім ғой.
Тыйылмаған екенсің. Оңдырмаймын деп едім сонда.
Тұрғанбек шегіншектеп барып іркілді.
– Сен, бұлай әкіреңдеме маған, – деп айбат шекті. – Байқап,
байқап сөйле.
Садақ оған тебіне жақындады.
– Кәне, бұр аттың басын! Түс алдыма! Ол мырс етіп, жерге
шырт-шырт түкірді.
– Абайла, – деген зіл көрсетіп, – мен бәрін заңдастырып
қойғанмын.
Қойнын ақтарып, бүктелген қағазды суырып алды.
– Мә, оқы мынаны.
Садақ ұзақ ежеледі. Ұққаны бір-ақ ауыз сөз. «Тұрғанбек
Көпжасаровқа отынға ағаш дайындауға рұқсат берілсін».
Төменде дөңгелек мөр басылып, қол қойылған.
– Ал енді не дейсің, – деп сызданды ол. – Ауылсовет берген
қағаз бұл. Дөкімент.
Мұнысы тосын жай еді, «Залым-ай! – деген ішінен, – осыған
дейін ойластырғанын көрмейсің бе?! Мейлі, кімге иек артса да
мектепті талатып қоя алмайды. Онда тірідей өлгені, Арыстан
марқұмның аруағын аттағаны, сол бір көп бейнетпен келген,
ескіден қалған тас үйден өсіп-өнген ұрпақты, кешегі айналып
кетейін Сүлей марқұмды қорлағаны».
Ауылсовет мектепті бұзып отқа жақ демеген шығар, – деп
соқтықты. – Бұр аттың басын.
Тұрғанбек енді күш көрсете бастады.
– Сен бұл үшін жауап бересің, мен ізденемін, – деп сес
көрсетті.
Садақ тіксініп қалды. Мұнысы одан ыққаны емес еді, әлгі
бір жалғыз ауыз «ізденемін» деген сөз тітіркендірген. Оның
естілмей кеткеніне не заман, баяғыда, сонау отызыншы жыл
дарда айтылатын. Бір түрлі ызғарлы болушы еді, түбі ылаң
ды, жарға соқтырар еді. Іздене кеткенде, іліктіре кететін, оны
мына қаптесердің ұмытпай тілінің ұшында ұстап жүргенін
АЛДАН СМАЙЫЛ
қарасаңшы. Бұл қазір де аянбас еді-ау, сорына қарай заман
басқа.
Енді Тұрғанбекпен тәжікелесе берудің қажеті жоқ, ол
ырылдасуға жалықпас. Құланы тебініп, арбадағы аттың шыл
бырынан ұстай алды да жетелей жөнелді.
Анау шоқ басқандай шар ете қалған, алдын орап далбаң-
дұлбаң жүгірді.
– Тоқта! Соқтықпа! – деп жанұшырып көшені басына
көтерді.
Соның даусын естіді ме екен, үйден Далабай атып шықты
да аңтарылып тұрып қалды. Тұрғанбек арашаға түсер адам
табылған соң батылданып кетті. Құланың тізгініне жарма
сып, бұрынғыдан бетер өршіге айғайлап, барын салып жүр.
– Ұрынба маған. Бүгінде сенің де, мектебіңнің де құны бір
тиын! – деп тап-тап берді.
Садақтың көзі қарауытып кетті, ат үстінде қаһарлана ақырды.
–Не дедің?
Тұрғанбектің жанары шатынап, аузы қисаң-қисаң етеді.
Көк долылығынан болар, езуі ақ көбіктеніп еліріп алған,
қолында өлетін түрі бар. Өңдіршегі сорайып аттың басымен
ырс-ырс алысады.
– Ал дедім! Ал айттым! – деп қырылдады. Шіріп кеткен
аулыңды тік көтере сатып жіберсем, қолымнан қаға алмайсың.
Садақ құлаға қамшы басып, омыраулата таялды. Шар-шар
еткен ит аттың астында қала жаздаса да тізгіннен айырылған
жоқ. Енді бейпіл ауыз қатынша қарғап-сілеп жүр.
Тиіспегені, соқтықпағаны қалмаған, еліре келе Арыстан
ның да бұл күнде елдің жадынан өшкенін, бәрі адыра қалға
нын айтып, мұны өткеннің дақпыртымен пәле қуып жүрген
залым деп күсталағанда күрт кетті. Қамшымен қалай тартып
жібергенін білмеді. Ол әуелде не болып, не қойғанын сезбей,
көзі алақ-жұлақ етті де, қиқалаңдап барып құлап түсті.
– Доңыз! – деп тістенді Садақ. – Сендейлердің талайын, осы
лай жер қаптырғанбыз.
Содан кейін арбадағы атты жетелеп кете барды. Жүгіре
жеткен Далабай әлдене деп күйінеді.
– Тағы не бүлдірдің, әке, – дейді.
– Бүлдірген жоқпын, балам, бүтіндеп жүрмін, – деп кесіп
айтты.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Енді оны ешкім де тоқтата алмайтын еді, жан-жағынан
анталай қарап, манадан бері түкке түсінбей, әр үйдің алдында
үймелесіп тұрған жұртқа көз қиығын да салған жоқ. Көшені
өрлеп ұзай берді.
Дәл қазір ештеме де ойламаған, басы әңкі-тәңкі, қарақұсы
зырқ-зырқ етеді. Жанарының алдын анықтап көруден қал
ған, әйтеуір алған беті дұрыс, мына көшені бойлап отырып,
селоның шетіне шығады да, Жаңаталапқа баратын қара жолға
түседі. Одан әрі даңғыл желдіртер де отырар.
Ауылға іліксе, тура мектепке бет түзейді, мына арбадағы
шарбақты өз қолымен қайта тұрғызады. Енді ешкім қозғай
алмайтындай етіп біржола бекітіп тастайды. Қажет десе, оны
күндіз-түні күзетуге де бар, өзі көз жұмғанша тірі пендеге
талатпақ емес.
Тұрғанбектің айғайы әлі естіліп тұр. Не айтып шулатып
жатқаны белгісіз, сөзі үзік-үзік жетеді «Тірі қалған екенсің
ғой, – деп кіжінді. – Сендей қаптесерлер итжанды келеді,
маңайындағының бәрін аздырып-тоздырып біткенше көзі
құрымайды. Бірі өшсе, екіншісі дайын тұра қалады, көктемей
жатып тез пісетінін қайтерсің, арамның бәрі өсімтал».
Осы бетінде көшені көктей өтіп, жолға да іліккен. Әлгінің
үні де сап тыйылған, айнала жым-жырт, қырдың кезбе желі
басылған, ауыр қара қошқыл бұлттар аспанның астында түк
сие салбырайды.
– Бүгін де құйып бергелі тұрсыңдар-ау, – деп күбірледі.
Арба сықыр-сықыр етіп ауыр қозғалады, ат аяңнан аспай
қойды. Мына мимырт жүріспен Жаңаталапқа ел жата жетсе де
жақсы. Е, мейлі, асығатын не бар. Шындығына келсе, бұл да
бір біткен шаруа.
Біраз жер ұтқан соң артқы жағынан машинаның гүрілі
естілді. «Далабай шығар» деп ойлаған. Ол әлгі оқиғадан кейін
мұнымен тілдеспей, тек жата алмаса керек-ті. Әлде Тұрған
бекті салып алып, орталықтан аулаққа әкетпекші болды ма
екен. Пәледен машайық қашады, елді дүрліктермей бір жөнін
табуды қарастыруы да кәдік.
Осы түйінінің шегіне жеткенше машина қуып жетті,
жанынан өте шығып, жолдың жиегіне кілт тоқтады. Ішінен
Тұрғанбек, Далабай және бір бөгде адам түскен. Онысы ми
лиция болар, екі иығы сарыала, басындағы қалпағы қоқиып,
сүзе қарайды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Үшеуі қарсы алдында қаздиып тұра-тұра қалды. Тұр
ғанбектің аузында дамыл жоқ, суша сапырады.
– Товарыш милисия, мынау опаснай шалабек! – деп бар
қырады. – Остарожнай, әйтпесе жарып тастайды.
Милиция басқа ұлттың адамы екен. Айтқанының бірін
түсінді, бірін ұққан жоқ. Әйтеуір бізбен бірге жүресіз дегенін
аңғарған.
Мына атты қайда тастаймын, деп еді, Далабай шырылдап
қоя берді.
– Ойбай, қасарыспаңыз! Мұндайда әр сөзіңізге дейін
жіпке тізіледі.
Милиция бұдан әрі жіті қимылдады, арбадағы атты до
ғартып, құла екеуін сол жерге байлаттырды. Содан кейін бәрі
машинаға отырып, совхозга қайта оралған. Кеңсеге келісімен
бірден жауап алуға кірісті. Тұрғанбек – айыптаушы, бұл –
айыпталушы. Екі ортада Далабай безек қағады. Сарыала
иықты аз сөйлейді, көп жазады. Бұл не болып, не қойғанын
бүкпесіз айтып берді, ұлы аударып түгел жеткізді білем:
Да, серьезная ситуация, – деп басын шайқады. Онысы, сірә,
«Оңбайсың» дегені болар, Тұрғанбек көтеріле түсті. Басқа-
көзге төпелеп, бастырмалата сөйлейді.
– Сынок, я так не оставит. Райком барамын, – деп қораздан
ды. – Бандының орны түрме.
Милиция оған зер салып біруақ қарап отырды да, қабағын
шытты. Содан соң қысқа тіл қатқан.
– Дауды қазақ жолмен шешейік. Екі ақсақал бір-бірінен
кешірім сұрап бітіссін деп отыр, – деді Далабай. Тұрғанбек
шоршып түсті.
– Жоқ, көнбеймін бұған. Екі дүниеде кешу жоқ. Түрмеде
шіріттіремін, –деп шабаланды. – Сен, қарағым, Далабай сені
азғырып, өзді-өзің ымдасып отырған шығарсың. Менімен олай
ойнама, Тұрғанбек осал адам емес. Заң- законды біз де білеміз.
Мынандай басбұзар әкенің ұлы үлкен қызметте жүре алмаса
керек. Әлі аяңдап саған да жетемін.
Далабай тілі байланып қалғандай біразға дейін ләм-мим
демеді. Тұрғанбек одан әрі өршіді.
Жазықсыз жанға қол жұмсаған кісі кемінде екі жылға
қамалады. Мына шал оған төзе ала ма? Сүйегі түрмеде шірір.
Бірақ мен райымнан қайтпаймын. Көтермеймін қорлығын,
жібермеймін кегімді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Садақ кекесінмен мырс етті.
– Әй, сені өлтіріп тастасам да сот жоқ маған. Мына өзің
дей қорқау жалмауыздан елдің ішін тазартқаным үшін де
қамалмаймын.
Милиция Далабайға қарап бірдеме деп еді, ол ұзақ сөйледі.
Содан кейін Тұрғанбекке бұрылған.
– Тұқа, сіз сыртқа шығып кетіңізші, оңаша шешетін шаруа
бар.
Ол милицияға, одан Садаққа қарады. Көзі алара сызданды,
жорта жөткірініп, сұйық сақалын салалады. Далабай екеуі
сыртқа кетіп бара жатып «безобраз» деген.
Содан олар біраз бөгеліп еді. Қайтып оралғанша сағатқа
жуық уақыт өткен шығар. Ал есіктен көрінгенде ұлының өңі
түзу еді, Тұрғанбек те әлгіндегі өрекпуін сәл басқан, дегенмен
әлі қораздана, аяғын шірене басады.
– Товарыш, милисия, – деді қарсы алдына тұра қалып. –
Жібер мынаны.
Бұлар біріне-бірі қарамауға тырысып көшеге шыққанда,
күн бесінге таянған-ды. Тұрғанбек бірден ат-арба қалған
жаққа тартты.
– Әке, – деді Далабай, – енді ұрынбаңыз анаған. Мен реттедім
бәрін.
– Не істеп едің?
– Жайластырдым әйтеуір. Шарбақ та өз орнын табады, Сіз
де боссыз.
– Көмейіне құйдым де.
Далабай басын шайқады, шындығында Тұрғанбекке дауды
қоздырмай басу үшін біраз ақшаны бергені рас болатын.
* * *
Торы еркіндіктегі екі күннің ішінде жұтынып шыға келді.
Иесі онсызда күтіп мінетін аттың қазір түгі жылтырайды, не
болса соған елеңдеп, не болса содан үркектеп, ала қашып тұр
ған желік бар. Айдаладағы күміс бұлақтың қос өңірін жалғыз
жайлап, осы еділжайық күндері, сірә да, бір сарқылмай
тындай мүлде алаңсыз. Кей кездері арқасына жылқы болып
ер салынып көрмеген, құлын күнінен емін-еркін жүріп, бас
АЛДАН СМАЙЫЛ
асаулығынан әлі арылмаған секілденіп, аяғындағы шалыс
өренің үзігінен тепкілене жериді. Өткен-кеткен ер қашты
жылдардың жексұрын белгісіндей қытығына тиеді. Шабына
айыл, төсіне тартпа батқан айлардың енді қайтып оралмасын
бір бұлыңғыр түйсікпен сезгендей болады. Жер шүйгін, күн
салқын, шыбынсыз жазға бергісіз сарыала күзде өзі күнде
ертемен байланып, кеш түскенше қаңтарылып тұратын
шарбақты, шылдыр-шылдыр мазалайтын жүгенді, иесі үстіне
қона кетсе, сауырын суық сүйкеп өтетін қамшыны, сол бір
беймаза, үнемі жолаушылайтын да жүретін шалды ойлаудың
өзі күнә еді. Торы бәрін ұмыта бастаған, анығында ұмытқысы
келген. Ол тіпті адам атаулыны көргісі келмей кетіп еді. Бірақ
онда не ерік бар, үшінші күні таң ата тіркемесі салдырлаған
трактор бұлақтың басына жетіп тоқтады.
Ішінен үш адам түсті. Торы оның ана бір еңгезердей, даусы
гүр-гүр еткен ұзын бойлысы Степан екенін, шіңкілдеп сөй
лейтін тәпелтек сарысы Матвей, ал ашаң жігіт Тұрғанбектің
совхоз орталығына былтыр көшіп қонған ұлы Дүйсен бола
тынын қайдан білсін. Оған бір ғана нәрсе анық-ты, енді күміс
бұлақтың өңірін еркін билей алмайды. Бұл адам деген екі
аяқты пәленің тімтініп тінтпейтін жері болсайшы, айдалада аш
бөрідей жортады да жүреді. Қайда барсаң да соларды көресің,
қашып құтыла алмайсың. Көкте де, жерде де каптап кеткен.
Торы бұлақтың жағасындағы биік құрақты бырт-бырт
орып тұрып, олар кешікпей кететін шығар деп дәмеленді.
Бірақ Степанның ондай ойы да жоқ еді. Тегінде қара жұмысқа
мықты, тас шапса да қажымайтын әлді жігіт елден жырақ
осындай ен даланы жақсы көретін. Осы күнге дейін ол нені
бастан өткермеді десеңізші. Көзі жылтырап ашылғаннан бері
көріп келе жатқаны қу бейнет. Өмірді қалай жеңілдетсем екен
деп арпалысып-ақ баққан, алайда әуелде бағы жанбайтын
сорлы болып жаратылған соң, не істесе де шырайы шықпайды
екен. Әйтеуір оңала алмай-ақ қойды.
Әсілі ол әуелде тәп-тәуір жігіт болатын, мектепті ойдағы
дай бітірді, одан туған колхозында трактор айдады. Әскер
қатарында да жаманаты шыққан жоқ. Бар пәле елге келген соң
басталды.
Сол бір қияпат күндерді Степан еске алғысы келмейтін,
бірақ өзіңнен өзің қайда қашып құтыласың, ойламайын-ақ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дейді, болмайды, көңілге орала береді. Кеше осылай қарай
жүретін болған соң ана Матвей екеуі жолға қам жасаған.
Мұндайда, әрине, алдымен «ақаңнан» қамтып қаласың, оны
молдау етіп ала шығу керек. Мына алдамшы, екі жүзді өмірдің
ауыртпалығын сәл де болса жеңілдететін сол ғана.
Сөйтіп бұлар жап-жақсы әзірлік жасап еді, жаңа осында
келісімен қыл мойын шынының біреуін қылдай бөліп босат
ты. Сол-ақ екен Степанның кәрі жыны қозды. Ойына орал
мағаны жоқ, әскерден келгеннен кейін жап-жас уылжыған
Катяға үйленгені, оны құлай сүйгені, араға жарты жыл салмай
жатып, жүзіктің көзінен өтетін жұбайының басқа біреумен
көңіл қосқаны, дүниеден түңіліп, басын тауға да, тасқа да
соғып, қатты азап шеккені, ақырғы аяғында әйелін соққыға
жыққаны, сол үшін сотталғаны есіне түсті.
Онда да ішіп алған еді, не істеп, не қойғанын артынан бір-
ақ білген. Әп-әдемі Катяны жүндей түтіпті, бет-аузынан сау
тамтық жоқ, қабырғасын күйретіп, кемтар еткен. Бұдан ке
йін қайдан оңсын, жеті жылға бас еркінен айырылды. Содан
мерзімін толық өтемей, осында, мына тың жерге келген. Мұн
дағылар өзін аса өгейси қоймап еді, сотталған адам екеніне де
мән бере қойған жоқ, сұраған жұмысын алған. Алайда өзінде
береке жоқ, ішеді де бәрін бүлдіреді. Әуелде автомашинаға
отырып еді, аударып тынды. Одан тракторға ауысып, екі айдан
соң өзі тастап кетті. Күндіз-түні тыр-тыр еткен пәленің ішінде
итінесің де отырасың, бұдан да совхоз орталығында жұмыс
істегені дұрыс. Үй жөндей ме, су таси ма, отын дайындай ма,
шаруа жеткілікті, ең тәуірі дүкен жанында, қалаған кезде ал
да іше бер.
Бүгін мына бұлақтың маңын қоршаулары керек, осында
тәрізі қорық болатын секілді ме анық білмейді. Тағы бір ес
тігенінде бұл маңды жыртпай, келешек ұрпақ үшін сақтап
қоймақ болған көрінеді.
Е, мейлі ойларына келгенін істесін, мұның шаруасы жоқ,
жұмсады ма, орындайды.
Айналаны барлап қарап шықты, қорша дегендері аумағы
бір жарым шақырымға толмайтын тоқымдай ғана жер, ен
даладан бүтін қалғаны осы ғана. Өзі бір көркем өңір екен,
шөптің неше атасы өсіп тұр, исі жұпар аңқиды, әр тұстан дала
сарымсағының биік сабағы көрінеді Ол дегенің тап-тырмайтын
АЛДАН СМАЙЫЛ
ащы басар ғой, ақаңнан тартып жібер де, күтір-күтір шайна,
көзің шырадай жанады.
Бұлақтың суы да мол, сылдыр-сылдыр ағып жатыр, жаға
сы жайқала шалқиды. Кешегі ішістен басы ауырып, таңдайы
кеуіп тұр еді, жата қалып құныға жұтты. Суы тастай екен,
шекесінен шыққан. Орнынан тұрғанда, таяу жерде жайылып
жүрген ат осқырына үркіп жалт берді.
Дүйсен мен Матвей тіркеме арбадан керек-жарақты жерге
түсіріп жатыр. Қой, енді іске кіріспесе болмас, өзі араласпай
шаруа біте ме. Ана қазақ сыралғы емес, ал Матвей барып тұр
ған жалқаудың өзі, тұяғы қыбырласа ұнжырғасы түсіп кетеді.
Кезінде қаланың қалтаға түсетін ұрысы болған, өзін ақсаусақ
деп білетін шыңылтыр неме мұндай қара жұмыста сенімді адам
емес, бірақ бүгінде бұдан безіп кетпеген жалғыз жолдас сол
ғана. Ұрса да, соқса да соңынан сүмеңдеп қалмайды.
Торы ат таң атпай келген үшеуге сонадайдан үрке қарап
тұрды да қайтадан жайылуға кірісті. Адам көрмеп пе, мейлі,
жүре берсін, бәрібір оларға қылатын дәрмені жоқ, тек бұған
жоламаса болғаны, мына шүйгін өңірден түре қумаса жарады.
Өздері күйбең-күйбең етіп, тыным таппай жүр, жуан
ағаштарды сүйреп әр жерге бір тасиды. Трактор әлгінде қай
тадан тырылдап еді, дүние тарылып бара жатқандай болды.
Екі күннен бері жаңбырдың сырылы мен бозторғайдың шы
рылынан басқаны естімеген аттың құлағына түрпідей тиді.
Бұл трактор әмбебап техника болатын. Дүйсен онымен
қада орнататын шұқыр да қаза алады, арық та тартады, жер
де жыртады, жүк те тасиды. Несін айтасың, қайда салсаң
да оңтайыңа келе қалады. Қазір артқы жағына темір бұрғы
орнатып алған, жерге қада да, газды басып қал, тереңдігі кісі
белінен келетін шұңқыр дайын болды дей бер. Алда-жалда
бірдеңесі сынып қалмаса, бұлар бұлақтың төңірегін түс ауа
қоршап бітеді. Тек мына екеуіне сенім жоқ, өздері жолға тура
бір сөмке арақ алған. Одан ауыз тисе бітті, жұмыс тоқтады дей
бер, қашан сарқып тауысқанша басқа дүниені ұмытады.
Дүйсен қорбаң-қорбаң етіп, жуан бөренелерді тасып жүр
ген Степанға қарады да басын шайқады. Тепсе темір үзетін
алпамсадай жігіттің қара күшіне таң қалған. Зілдей ағашты
жеп-жеңіл көтереді. Мынаның қолына түссең оңбассың.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Күн мұнартып тұр, бүгін де жаңбыр жауатын шығар, жы
лауық күздің қабағы ашылмай-ақ қойды. Жер де сыз, ауа да
сыз, таң әулетінде бойың мұздайды. Мал тұяғы тимей тұтаса
өскен шалғын дымқыл, екі қадам жүрсең, аяғың малмандай
су болады. Дәтке қуат болғанда, мұның жұмыс орны трактор
дың іші, шұқырыңды қазуды ғана біледі, қалғанында шаруасы
шамалы.
Сөйтіп бұлар іске кірісті, ұлан-байтақ даланың соқа тісінен
сау қалған тоқымдай пұшпағын қоршап тастаулары керек. Ол
келер ұрпақ үшін, баяғыда мына өлкеде көдесі мен тарлауы,
өлеңшөбі мен жусаны жайқалған Арқа атты ен дала болды деп
айту үшін қажет. Кім біледі, болашаққа ие болатын ұл-қыз
Сарыарқаның жазығында жер-жаһан жаралғалы жүгері өседі
деп ойлап қалуы кәдік қой.
* * *
Садақ түнімен дөңбекшіп шықты, сөзінің еш жерде өт
пейтіндігі сарсаңға салған. Ең ақыры өз төлі Далабай да
түсінбейді, жан бағып, күн көрістің қамын күйттейді. Оған
мұның айтқандарынан ана Иван деректірдің қолпаштауы
қымбат, ел билігіне араласпай жатып, сіңірген еңбегін емес,
өсер жолын ойлап әуре. Құдай біледі, бұлар алған өнім, келген
табысқа көптің игілігі емес, қызмет бабымен көтерілудің көзі
деп қарайды.
Кешегісі не еді, қайдағы бір сұғанақ Тұрғанбектің алдын
да тіл-аузы байланды да қалды. Бұл сотталмас еді ғой, екі
алжыған шалдың дауын басуға жарамаса, заңның да, заңды
қолданатындардың да көк тиын құны қалмағаны. Ал мұның
ұлы тұйыққа тіреліп, ана ашкөз итке пара беруден арланған
жоқ. Сондағысы өзіне кесірі тие ме деген қорқынышы.
«Жасық неме! – деп күрсінді. – Мол қармап, кең қамтудан
дәмелі болып жүріп, әлі талай сұғанақтың жеміне айналарсың».
Осылай өз ойымен өзі арпалысып жатып таң алдында ғана
көз шырымын алған. Онда да бір сәтке қалғып кеткен сияқты
еді, сиыр саууға тұрған кемпірімен бірге оянды.
Тысқа шыққанда таңғы суықтан бойы тітіренген. «Ызғарың
тәп-тәуір екен, шөп басына қырау қонатын күн алыс емес» деп
АЛДАН СМАЙЫЛ
күбірледі. Содан кейін өз ырқынан тыс мектеп жаққа қарай
аяңдаған. Тұрғанбек залым шарбақты оған жеткізбей күресінге
үйіп кетіпті. Мұны мұқатқандағысы да.
Садақ қабырғасы қайыса күрсінді. «Тәңір-ау, – деген, –
дүние қоңыздықта шек болмайды екен ғой. Пайғамбар жасы
нан асқанша түртіншектеп дүние жиғанда, қай қысылғанынан
еді. Неге жанталасады сонша, қаңдай себебі бар?»
Он ойлап, жүз толғанса да шешуін таба алмаған. Елдің
қамын ойлайтын ақсақал көртышқандай көрсоқыр болса, бы
лайғы жұртта не жазық?
Тағы бір пайымдап қараса, бұл күнде дүние-мал көздің құр
тына айналып бара ма деп топшылайды. Жоқтықтың зары
өткен бұлар қызықпайтынға кейінгілер ашқарақ. Сонда заман
қай қырына қарай ауып барады. Түпкі ниет дұрыс сияқты
көрінгенімен, ішкі есеп шикі болса, ірілікті кімнің бойынан
табасың. Ұсақтықтың тұсы бақай қулық емес пе еді. Бүгінде
соған жиі кезігеді.
* * *
Таңғы асын ішкен соң құланы ерттеді. Бүгін торыны қалай
да тауып алуы керек. Қазір осы жерден күміс бұлаққа төтелей
тартады. Басқа жақты түгел арылтқан, сол арадан табылып
қалуы кәдік. Айнала айғыз-айғыз жыртылып, тіске басар
қылтанақ таппай сенделгенде сол шүйгінді жазықты іздеуі
де мүмкін-ау. Ал егер ол маңнан кезікпесе, қолды болғаны.
Білдей ат ел аман, жұрт тыныпгга ұшты-күйлі жоғалып кетсе,
басқа неге жорысын. Осы күні әр жерде мал ұрлана бастапты.
Тыңға келгендердің арасында химияға кесілген дей ме, неме
не, сотталғанымен қамалмайтын, күзетсіз жұмыс істейтіндер
де бар деп естіген. Солардың ісі де, тоналған дүкен, соққыға
жығылған адам да жоқ емес. Бұл пәлелерді неге әкелгенін
түсінбей дал болды, өңшең содыр-сойқан жер жыртып, егін
егіп жарытпас. Әйтеуір бәрі мидай араласып жатыр.
Тоқырауды кесіп өткен соң, ұшан-теңіз жыртылған ал
қапқа тап болды, шеті де, шегі де жоқ. Оң қол жақтағы ен
жазықтың бойына жүгері өсірген екен, түгел шауып алыпты.
Осы арадан аңызды кесіп, өтетін қара жолға түсті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Аспан түнеріңкі, кіршең бұлттар жалқау жүзіп барады,
ауадан жаңбырдың исі білінеді, жер де, көк те сыз. Ұлан да
ланы суға малып алып, жайып тастаған секілді. Жолдың
ой-шұңқырының бәрі шалшыққа айналған, кей тұстарын
трактордың табаны сойып кетіпті, олар да бетімен бірдей,
қолқ-қолқ етеді.
Ат үстінде ой көп. Күпті көңілдің түгендемейтіні жоқ.
Ойлап қараса, тыңға ат басын тірегендер жердің реңін ғана
емес, атын да өзгерте келген. Әркім өзі туып өскен жұртының
атауын қанжығасына өңгеріп жетіпті. Бұл не сонда? Ел сәби
дің есіміне де таласып, өкпелесіп жатады, ал жердің жөні тіпті
бөлек. Әр сүйемінде қазыналы қалың елдің тарихы жазылған.
Ол да бір айтары көп, тағылымы мол шежіре. Атына қарап
затына қанасың, бетіне шимай көп түссе, соңыра төркінін тану
қиынға соғады. Мұны ойлап жатқан кім бар? Өзегін өртеген,
жанын шүберекке түйгізген бір уайымы осы. Оны өзінен басқа
ешкім түсінбесе, қалай қажымасын? Бажайлап қараған адам
ға мына даланың әрбір сай-жырасына дейін шежіре. Бұрынғы
ел бүгінгі өмірді жалғастыратын ұрпақпен бірге қалың тарих
ты, ұлағаты көп аңыз-әңгімесін, көпті бір арнаға салып, бір
түйінге ұйытатын салт-дәстүрді қалдырған. Оның дені қазақ
жұртында қағазға емес, осынау ұлан далаға жазылған. Бұлар
енді соны тонап жатыр, өткенінен айырып жатыр. Басқа-бас
қа, аты ата-бабаңның аруағындай естілетін Ақмолада несі бар
еді? Бүгінде ол да жоқ, түгендейтін, аңсайтын жұрт та жоқ. Ен
далада елдігіңе мұрнын шүйіретін өзгелер қойдай өріп жүр.
Күні ертең солардың «іргеңді әрі сал, бұл менікі» демесіне кім
кепіл? Атпай-шаппай отарлап жатқан жоқ па?
* * *
Жаңбыр құйып тұр, соқа тісі айғыздаған даланың үстіне
сыр-сыр төгіледі, қара жолдың тапталған табаны да езіліп
кеткен, ат тұяғы батады.
Бет алған бұлағы бұл арадан жиырма шақырымдай жер-
ді, түс ауа жететіні анық. Торыны сол маңнан ұзатпай тапса,
кешке ауылда болады. Тек мына жаңбыр басылса екен, осылай
тоқтаусыз құя берсе, қалың берзент плащы да пана болмайды,
су өтіп кетеді.
32-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
Кейінгі кезде белі жиі сырқырайтын болып жүр, оның да
темірге айналып кетпесе, сыр беретін уағы әлдеқашан жет
кен. Осы күнге дейін шыдап келгеніне де риза. Жер-дүние
жанарыңа сыйып, тірілердің санатында жүрген соң тәубаңа
келе бермейсің, әйтпесе ендігі есендік те алдамшы. Өмірден
жан қиналмай өту де бір дәурен.
Таяуда радиодан бір ойлы ән естіп еді, сөзі де, әуені де
салмақты. Тыңдағанын көкейге құйып алатын қазақы дағ
дымен есінде сақтап қалған. Қалай еді?
Ай бозым, айхой бозым, даңғыл бозым,
Ел шалғай жете алмаймын жалғыз өзім.
Сүйкімді, сүйіскенді сағынғаннан
Талады қарай-қарай екі көзім.
Өзіңмен теңдес құрбың болмаған соң,
Өтеді енді кімге айтқан сөзім?
Осылай бір аһ ұрып еді ғой, сай-сүйегіңді сырқыратып, қай-
қайдағы ойды қозғап, ұмытылған, көнерген мұңды тірілтіп,
күңіренте күрсіндіріп тұрып алған. Артта қалғанның бәрі
қымбат, жоғалтып алған күйкі жүрек езіліп барып еңірегендей
болған. Көзге жас толып, ақсақалдың бойымен тарам-тарам
аққанда, өзім шертер ендігі мұңды күй осы ғой, дәп өзі дегізіп,
сан толқытқан.
Дүние-ай десеңші, өміріңнің соңына достығы сатусыз, көңіл
қаяуы бір, айтары көп, бөлісері бар ойлы құрбыңмен бірге
жету де арман екен ғой. Ғұмырыңды ұзартатын нақ солар ғой,
сол бір жан қимас аяулыларың ғой.
Садақтың көңілі босады, айдалада күзгі нөсердің астында
жападан-жалғыз аңырады. Көз жасына бар болмысымен езіле
ерік берді. Өзіне-өзі ие бола алмай, аттың мойнына құлап түсіп
қолқасы суырыла егілді. Жүзін жаңбыр да, жас та жуған, өзегі
өртеніп, денесінен әл кетті.
Енді оған бәрібір сияқты еді. Ал көз алдында баянсыз өт
кен, беймәлім бүгін. Көңілінде әлгі әуеннің сөзі, жүрегінде
сол мұңды сағыныш әні. Ол мұның көкірегінен жоқтау сазы
болып өрілген. Өмірден өтіп кеткен қайран асыл құрбылардың
жоқтауы еді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жаңбыр үдеп барады, Арқа аспаны өзімен бірге ағыл да
тегіл төгілгендей.
– Аңырайықшы бір! Бүкіл дүниенің қабырғасын қайыс
тыра боздайықшы, – деп өксіді Садақ. – Бұл жалғанда үнемі
қайсар болып жүру үшін де осылай бір босап алу керек.
Ал жауын екілене құйды келіп, сырылдаған дыбысы то
налған керуеннің сарынына ұқсап қамкөңіл алау-далау. Аң
сағаның не, қимасың кім, сүйенер-сүйсінерің қайсы, бәр-бәрін
іздетеді. Ойың сарсаң, өзің дел-сал, өткен өмір мен бүгінгі
күніңе риза болар-болмасың да жұмбақ, бір ауыр мұң қинайды
келіп, баурайды келіп.
Нөсердің астында тарылған далада өзінен басқа тіршілік
белгісі жоқ, ұлан алқап дәл қазір жансыз. Жер де су, көк те су,
тәңіріңнен зар илеп тілесең, дәл бұлай көл-көсір бере қоймас.
Мына атыраптың бойына біткен бір мінез осындай жомарт
тығы аста-төк, сараңдығы сағыңды сындырғандай. Бір жыл
жал бітіп қоңданса, бір жыл көтерем, нәр тамбай, аптап күннің
астында есіл дала ақ тақырға айналған күндер де болған. Қай
қылығын бақсаң да қазақы аумалы-төкпелі мінез танылады,
жадыраса, түгі қалмай шашылады, тарылса, тарс жабылады.
Егіле-егіле өзегі талды, көкірегі удай ашиды, сағынғаны
оралмайтын, қимас күндері қайтып келмейтін қария күндер
қажытады-ақ екен. Ойлай да толғай келгенде артында жоқ
таушың қалса, ол да бір ғанибет. Түбінде бұ дүниеден өтіп бір
кеткенде, «марқұм жақсы кісі еді ғой» дегізерлік қасиетің
болса, көрген қиындық, шеккен бейнетің бәрі садаға.
Күздің қалың жаңбыры басылатын емес, ал межелі түс
алыс қалған жоқты, күміс бұлаққа таяқ тастам ғана. Оған да
жетер-ау, торы атты да табар, мал да болса, құлынында аунаған
жердің топырағын аңсап, құйқасы сай-сай жыртылған ұлан
өңірді кесіп өтіп тапты ма екен. Қайтсін енді, бұл атырапта одан
басқа оты қанар оймақтай жер жоқ. Бұл бүгін одан да айыр
мақ, басқа амал қайсы, ғұмыр бойы жылқы баққан, алпысқа
алқынып жеткенше ерден түспеген шалға ат жалын тартып
міну де бір ғұмыр екенін ол қайдан ұқсын. Торыға тақымы
тисе, талай-талай жайдан сыр сауар еді. Баяғы тозығы жет
кен, жамай-жамай теңбіл-теңбіл болған, Ысқақ марқұм екеуі
тастамай кәдеге асырып келген ескі қара қос, сол бір күндер,
қызыққа балаған, қызығарлығы аз сәттер еске оралар. Бүгінде
АЛДАН СМАЙЫЛ
бұған еткен кезеңнің әр сағаты қымбат, мына даланың әрбір
бедері, қарайған тобылғы, сүрлеуі мен соқпағы, жансыз тасы,
бәрі естелік. Иен өңірдің тоқымдай пұшпағы реңін жоғалтса,
қимасынан айырылғандай қиналады.
Ал жаңа атаулы әуелден ұшқыр, ауыздығымен алысады,
артына зәудеде бір қайырылып қарауға зауқы болар, уақыты
жоқ. Бара-бара өз екпініне өзі ілесе алмай алқынып, сірә, бір
аялдар шағы жетер, сонда мұның халін кешер.
Құла елеңдеді, күміс бұлаққа жетіп қалған, Садақ қарсы
алдына аңтарыла қарады. Тәңір-ау, мына жерді де жыртпақ
болғандары ма? Ана трактор қайдан келген, не істегелі жүр?!
Атын қамшылап желдірте таялды, жақындаған кезде шүй
гін алаңқайдың кең етіп қоршалғанын көрді. Сонда барып
сабасына түскен, бәсе көне даладан да осындай бір белгі қалуы
керек қой. Бұлары ақыл болған екен.
Трактордың маңында тірі жан жоқ, жаңбырдан қорғалап
кабинаның ішінде отырған шығар. Өздері көп жұмыс тын
дырыпты, жуан бөренеден қиылған қадаларды жиі орнатып,
тікенек сым тартып тастаған, мал түгілі, аң да кіре алмас.
Садақ шүкіршілік етті, тегінде ұлтандай ғана жерді емес,
тұтас бір алқапты жыртпай алып қалса да болар еді, әйтсе де
бұл да дәтке қуат.
Торы қоршаудың ішінде жайылып жүр, көзіне оттай ба
сылды, оны іздегеніне бүгін үшінші күн ғой. Қазір әуре-
сараңға түспей тез ұстап алса дұрыс, сырғақтап суси беретін
кірпияздығы бар еді, бұлтаққа салатыны анық. Әне салт ат
тыны көріп, оқшырая қарап тұр, құлағын үкідей тігіп алған.
«Мына сары шал ақыры тапты ма, бұдан сірә да құтыла алмай
тын шығармын» деп мазаланған секілді басын шұлғып тастап,
әрі қарай ойысты.
– Әй, жануарым-ай! – деді Садақ, – Қадіріңді білетін жалғыз
жан мен болармын. Бұл шал алда-жалда о дүниелік бола қалса,
қайтер ең. Қой, олай сырғақтама, тұра қал. Босқа шаршатпа
мені.
Ат үстінде ықшамданып, қанжығада байлаулы жүрген
қыл арқанды шешіп алды, мойнына асынған бірдеңені түзеді,
тұшпақ тақиясын баса киіп, ерге оңтайлы отырды. Қоршауды
жағалап, ішке енетін ауыз іздеген.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бұл кезде Степан мен Матвей трактордың кабинасында
бірінің сөзіне бірі қонақ бермей қызынып отырған. Олардың
басы бар аяғы жоқ бей-берекет әңгімесінен екеуі қанша қол
қаласа да арақ ішпей сау отырған Дүйсеннің құлағы тұнды.
Тар кабина көкала түтін, шылымнан ауыздары босамайды,
тысқа шығып кетуге жаңбыр құйып тұр.
Степан түрмеде отырған кездегі оқиғаларын айтып тауы
сатын емес, сөзіне сенсе, істемеген пәлесі жоқ. Абақтыда екі
күннің бірінде қырғын-төбелес болатынын содан алғаш рет
естіген.
– Содан, – деді ол Матвей ұсынған темір күрешкедегі арақты
аузына құя салып, – әлгі Бөрі екеуіміз аңдыстық та жүрдік.
Ол қыбын тауып мені іштен сылқита тепкісі келеді. Қолынан
гөрі аяғы оңтайлы, бір-екі рет тобықтан қағып қалып сүрін
діре жаздады. Оған құлай салатын Степан қуыс қурай ма екен,
қайта құтырына түстім. Тап берсем, ыршып кетеді, сілтеген
қолым ауаны қармайды.
Осылай біраз жүрген соң, басыма бір ой келді. Қалайда қоян-
қолтық алысу жағын қарастыруым керек. Бөрі қашып жүріп
ұрыс салуға машық, ұрымтал тұста соғып өтіп әлсірете бермек.
«Бұлай болмайды қорқауым, – дедім іштей. – Білекті болсаң
тартынба, қасқая қарсы шап». Мүмкіндігінше түрменің тар
қуысына қарай тықсырып бақтым. Әттең қолым бір тисе,
айырылмас едім. Ол соны сезіп тайқып шыға береді.
Ал екеуімізді қоршап тұрған өңкей малғұн қасқырға ит
қосқандай айтақтайды. Көбі Бөрінің, азы менің жағымда. Бір
сұмырай төбелес басталғаннан бері түгімді қоймай сыбап жүр.
Соған еріксіз көзім түсіп кетсе керек, аңдып тұрған жырынды
төбет ішімнен тепті де өтті. Бойымды билеп үлгергенше екінші
қабат соққан. Көзім қарауытып кетті, ол енді қайрат көрсете
алмайды деп ойлады ма, сақтануын қойып ақыра ұмтылды.
– Қап! – деп қынжылды Матвей. – Әттеген-ай! Сол кезде, –
деп күркіреді Степан, – жыртқыштанып кеттім. Сілтей берген
қолынан шап беріп, үйіре лақтырдым.
Қарғып барып қайта соқтым. Жерге алып ұрып, басқа-көзге
қарамай төмпештей бердім, төмпештей бердім.
– Жаса, Степка! – деп есіре айғайлады Матвей.
Степан дәл сол төбелестен жаңа ғана шыққандай буырқа
нып, кабинаның есігін періп-періп қалды.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Құй! – деді барқырап. Матвей әмірін әп-сәтте орындады.
– Батыр туған Степка үшін! – деп сіміріп салды. Дүйсен
нің жүрегі айныды, шылым мен арақтың исі қолқаны атады.
Бұдан әрі отыра алатын түрі жоқ, бұлай қор болғанша жа
уынның астында жүргені артық. Есікті ашып, жерге секіріп
түсті.
– Әй, қайда барасың! – деп шіңкілдеді Матвей. – Степка,
қарай гөр мұны, бізді менсінбейді, мұрнын шүйіреді.
Степан иығынан салып қалды.
– Сен бар, үйретіп ал. Әлде жүрегің дауаламай ма, сескене
сің, ә?!
– Қорлама өйтіп, – деп күшейді Матвей. – Мен де талайды
көрген сойқанмын.
Соны айтып кабинадан жұлына қарғыды. Өзінше жерге дік
етіп түспек болған, бірақ тайып кетіп, қалпақтай ұшты. Тұра
беріп қайта жығылды, бойын арақтың уыты жайлап алған.
Оған ана қазақ кінәлі сияқты болып, жыны құрысты.
– Қазір! Тоқтай тұр! – деп тістенді. – Сен әлі Матвейдің кім
екенін білетін боласың.
Осы кезде көзі қоршаудың ішіне еніп бара жатқан аттыға
түскен. Бұл қайдан жүр, жерден шықты ма, әлде көктен түсті ме?
– Ей, қымбаттым! – деп айғайлады. – Мұнда кел!
Салтаттылы бұған қарады да, естімеген адамдай жүре берді.
Матвей одан әрі долырды:
– Көрдің бе мұны, адам деп санамайды. Қаңғырған алқаш
дейтін шығар, кемітеді ғой, ә?
– Степка! – деп шырылдады енді ол. – Бері кел!
Ол қорбаңдап жерге түскенше, Дүйсен тайқып үлгерген
еді. Мына екеуінің түрі жаман, арақты олгенше ішті, қазір
ештеңені айырмайды, сәл нәрседен ілік тауып түре тиіссе,
қолынан не келеді. Абырой болғанда енді жалғыз емес, ана
бір аттылының келе қалғаны мұндай жақсы болар ма. Солай
қарай жылыстады. Өзі таныс секілді, мынау Садақ қарт қой.
– Сақа! – деп дауыстады аяғын жеделдете басып. Ол аттың
тізгінін тартып, тосып тұрып қалды.
– Ассалаумағалейкум, ата!
– Бар бол, балам. Сен екенсің ғой.
Тұрғанбектің кенже ұлы жайдары амандасты, сірә кешегі
оқиғаны білмейтін болуы керек. Өзінің киімі жұқа, су өтіп
тоңған, жақ жүні үрпиіп жүдеп тұр.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Тракторыңнан неге түстің?
– Ата, ана екеуі дені дұрыс адам емес, қирай мас, шошынып
тұрмын.
– Не қылмайсың дейді?
– Ішкен кісіде пәтуа бар ма?
Сол екі ортада олар да жеткен, Матвей келе Садаққа шүй
лікті.
– Ей, шал! Сен неге қоршаудың ішіне кіресің! – деп қадала
кетті. – Бұл араға аяқ басуға болмайды.
– Неге?
– Мен айттым, бітті! Тайып тұр!
Садақ оған анықтап қарап, тәжікелесуге болмайтынын ұқ
ты. Жанындағысы еңгезердей біреу екен, түксиіп таялып
келеді.
– Дед, давай убирайся! – деп дүңк еткізді.
– Неге деп сұрап тұрмын ғой.
– Бұл жер қазынанікі. Қорғауға алынған.
– Солай де.
Жерге бас салып, жайылмақ болған құланың тізгінін жұл
қи тартты. Сау қалған ұлтарақтай жерге мынау екеуі ие болса,
жетіскен-ақ екен.
– Сен мені дұрыстап тыңда, – деді оған. – Ана қоршаудың
ішінде жүрген ат менікі. Соны ұстап аламын да кетемін.
Матвей жынданған адамша шиқ-шиқ етіп ұзақ күлді.
– Мына шал қай тілде сөйлеп түр, ә? Ағылшынша ма, әлде
испанша ма? Бәлкім, немісше шығар...
Содан кейін аттың шылбырынан ұстап, бір ұшын білегіне
орады.
– Сен әлде французша тілдескен боларсың. Ал маған бәрібір.
Садақ шылбырды тартып еді, жібермеді, ұрынарға қара
таппай тұр. Бір кезде атты басқа бір салып, қиқулап үркіт
ті «Хей, хей, хей!» деп, далп-далп секірді. Құла осқыры
нып шиыршық атты, аспанға шошына қарғып жан ұшырды.
Ал Матвей одан сайын құтырынған, өкіріп-бақырып ойына
келгенін істеп жүр. Дүйсен қойғызбақ болып шылбырға
жармасып еді, Степан бір ұрып ұшырып түсірді.
Енді аянатын ештеме қалған жоқ-ты, Садақ мойнындағы
бердеңені жұлып алып, Матвейді жалпақ жауырынан салып
жіберді. Ол қайқаң етіп барып, кескен теректей сұлады. Сол
АЛДАН СМАЙЫЛ
кезде Степан шалт қимылдаған, шалдың қолындағы мыл
тықты жұлып алып, серппесін шарт-шұрт қайырды.
– Ей, кәрі қақпас! Қазір өлесің!
Қарауылға алып, көздеп тұра қалды. Әне-міне дегенше шү
ріппені басып қалмақ. Әлгінде құлаған жерінен жанұшыра
тұрған Дүйсен оқша атылды. Бердеңені ұстай алғанда, «Аһ»
деген дауыс қатар шықты. Степан түйенің табанындай шойын
жұдырықпен маңдайдан дәлдеп ұрып еді. Қағілез жігіт қаң
бақша домалады.
– Міне, енді дұрыс болды, – деді ол. – Қолымның қышуы бір
қанды-ау.
Содан кейін ызадан түтігіп кеткен Садаққа сүзе қарады.
– Итше қыңсылатып атып тастаймын!
Қарттың бойы мұздап сала берді, өлген жері осы шығар.
Қайдағы бір маскүнемнің қолынан мерт болғаны ма.
Анау асығатын емес, әуелде жүрек тұсын көздеп еді, енді
маңдай тұсына кезеніп тұр. Өңкиген алпамсадай денесі, шал
бар-шалбар болған, ісінген беті, қарауылдың бойымен тімті
ніп келіп тесілген қып-қызыл көзі, мылтықтың қарауытқан
ұңғысы – бәрі зәрлі. Арбап тастағандай қозғалуға дәрмені жоқ.
Әуелде үрей билеп, денесі жансызданған тәрізденіп еді, енді
ештеңені сезбейді, құлағы да тарс бітелген. Тіпті өлім туралы
да ойлай алмаған, мылтықтың гүрс етіп атылуын есеңгіреп
күткен түсініксіз халде қатты да қалды.
– А, сен қорықпайсың! – деді Степан. – Қарай гөр мұны! –
Содан кейін басынан асыра атып жіберді, құла үркіп жалт
бергенде, Садақ ерден түсіп қала жаздады. Степан даланы
жаңғырықтыра қарқылдады.
– Ал қалай екен?! Жан керек, ә!
Мылтықтың серіппесін қайтадан қайырды. Садақ ыза мен
қорлықтан қалтырап тұрып оның мұны ермек етіп, мазақ
қылуға ойысқанын ұққандай болды. Бердеңкенің оқ саларын
да әлі төрт патрон бар, қайтпек керек. Қару қылса, шынымен
басып салар.
Әлгінде өзі ұрып жыққан жексұрын басын енді ғана кө
терді, бірақ тұруға дәрмені жоқ болуы керек, алға ұмсына беріп
қайта құлады. Оның есесіне тілі шыққан.
– Степка, атып таста! – деп шәңкілдеді. – Ол мені ондырмай
сұлатты. Кегімді ал, Степан!
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Дүйсен есінен айырылып қалды ма екен, қимылсыз
жатыр, байғұс өліп кетпесе жарады. Мына пәленің соққысы ат
тепкеннен кем емес шығар.
Ол енді кеуде тұсын көздеп тұр.
– Матвей, тірі екенсің ғой, – деп гүрілдеді – Маған бір круж
ка арақ құйып әкелші. Ішіп алып мынаны жайрата салайын.
Анау тұрмақ болып тырбанды да, ауырсынып қайта жатты.
– Шамам жоқ, – деді ыңыранып. – Сәл шыдай тұр.
– Әй, нашарсың ғой сен, Матвей, – деді Степан. – Көрінгеннен
таяқ жейсің де жүресің.
Сөзін аяқтай беріп тағы да атты, бұл жолы оқ оң иығының
үстінен ысқырып өте шықты.
Садақтың төзімі таусылды, бірақ не лаж бар, атты тебіне
ұмтылса, үлгере алмайтыны анық. Анау мылтықты қайта оқ
таған. Еңді іштей әрекет жасауға көшті. «Үзеңгінің біреуін
ептеп босатып алуым керек» деп ойлады.
Степан мұны қарауылға ала беруден жалықты ма, бір кез
де қоршаудың ішінде жүрген торыны көздеді. Мылтық гүрс
еткенде, ат сүрініп барып оңалған. Жануар жаны қыстыға
шұрқырады, аяғына тұсамыс салынған жылқы секілді шо
қақтап қашпақ болды. Бердеңке екінші рет атылғанда омақа
аса құлап түсті.
– Бітті, – деп күйзелді Садақ. – Қош бол, қоңыр торым!
Қош, жануар!
Бұдан әрі көзіне қан толған, үзеңгіні босатып ала сала Сте
панға ақыра ұмтылды. Мылтық та шаңқ етті, сол жақ қолы
дызылдап қоя берді. Сол сәт өңкиген немеге төніп-ақ қалған-
ды, алғашқы соққы басына тиді, қайырыла бере тағы сілтеді.
Құла екпінімен өте шығып, тақымның ыңғайымен жалт
бұрылғанда, ол жерге тізерлеп шөгіп бара жатыр еді.
* * *
Күн ұясына қонуға бет алған, ал жаңбыр шүмектеп құйып
тұр, бір сарын сырыл күшеймейді де, бәсеңдемейді де. Үсті
нен су өтіп әбден жаурады, бірақ дәл қазір оны елейтін шама
жоқ. Біресе қабырғасы қайыса күйзеледі, біресе тас түйін
қатаяды, ыза да бар, күйініш те бар, көкірегін екеуі қосылып
АЛДАН СМАЙЫЛ сыздауықтай сыздатады. Осы бір сәт жанын қоярға жер таппай сандалып еді. Өзегі өртеніп жүріп торының аяғындағы шалыс өренің үзігін шешіп алды, бұрқ-сарқ буырқанып жүріп қарсылық көрсетуге шамасы келмей, белі кеткен қаранар секілді шөгіп қалған Степанның қолын байлады. Ал Матвей қиралаңдай қашып айдалаға ұзап кетті Оны қуған жоқ, қууға зауқы да жоқ, мейлі, қайда барып оңады дейсің, қаңғырып келген екен, тентіреп жүре берсін. Дүйсен зорға оңалды, қатты соққы есінен тандырған, басын ұстап әлі теңселіп жүр, өлмей тірі қалғанына шүкіршілік. Бағана жанын жалдап ара түскенін ойласа, іші жылып қоя береді. Байғұстың дәм-тұзы таусылмайын дегені де, үшеуінің үстінен бұл түспегенде, күні не болатынын кім білсін, ана екеуі қасқырша талайды ғой. Сол қолы әлгінде ұйып қалған тәрізді еді, ал қазір қан қақ сап шыдатпай барады. Дүйсен қояр да қоймай жүріп көйле гін жыртып таңып тастады. – Оқ қара етті сойып өтіпті, ештеңе етпейді, әлі-ақ жазылып кетеді, – деп жұбатып жүріп біресе қамығады, біресе күледі. Өңі боп-боз, оңған шүберектей қуарып кетіпті, әлгінде тракторын от алдырып еді, артынша сөндіріп тастады, не істеп, не қойғанын білмейтін сияқты. Ал Степан жүні жығылмаған екеуіне өшіге тісін қайрады. Тіркемеге сүйемелдеп мінгізген де: – Малғұндар! – деп қырылдады. – Жер басып жүрсем, әлі кездесерміз. Оһ, сонда доңызша өкіртермін! Садақ етігінің қонышына тыққан қамшыны өз ырқынан тыс суырып алды, қақ бастан тартып-тартып жіберсе сауап болар еді-ау. Бірақ қолы батпады, онда кетер кегі жоқ, мына адам деп айтуға тілің илікпейтін азғын кектенуге тұра ма? Даланың үсті қарауытып келеді, ақшам жамыраған, ке шікпей түн басады салбырап. Оның көзге түртсе көргісіз бо латыны анық, жаңбыр әлгі бір әзірде күшейе түскен, бар маңды зілқара бұлт тұмшалап тастағанда, иен өңірдің тынысы тарылғандай, демі таусылып бара жатқандай еңсені езеді. Садақ осы жасында бұдан да сорақы түндерді көрген, сан мәрте адасқан да, сан мәрте өліп-тірілгендей болған, қайтып үйірге қосылмайтындай талай-талай қажыған да, тек сағы
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сынбаған. Бұл соның бірі ғана. Осы сәт айдалада оққа ұшқан
торы сол шеккен бейнет, көрген мехнаттың құрбандығы дегісі
де келген. Оған бірақ озбыр тірліктің қыбы, сірә, қанар ма,
садаға деп қабыл алар ма. Қайран торы көз қуанышы еді, сыр
бермес сыралғы серігі еді, жұбанышы еді.
– Қош, жануарым! – деді қабырғасы қайыса. – Қош, қоңыр
торым!
Құлын кісінесе қуанып, жылқы көрсе уанып қалатын кө
ңілді енді қайтіп көтерер. Шеккен ғұмыры, аруағыңнан ай
налайын Ысқақ екеуінің шұрық-тесік қара қосындай жырты
ла-жыртыла қырық жамау болса да, көнбеймін, мойымаймын
деп, өрге салып өршелене беруден жаңылмағаны ғана медеу
енді. Бұлар тағдырмен арпалысып туған, айқасып өтпек.
Дүйсен тракторға отыруға бет алды.
– Сіз Жаңаталапқа қайтатын шығарсыз, – деген.
– Жоқ, – деді Садақ, – бүгінгі бағытымыз бір. Мынаны ми
лицияға өзім тапсырамын.
– Онда аттың ер-тоқымын алып қоя берейік. Кабинаға
отырыңыз, мына жауында ауру табасыз.
– Дым да етпейді. Ат үстінде мені ажал да ала алмайды.
* * *
Қара жолға түскен соң сар желіске салды, осылай бір
жортып бергенде, сақылдаған сары аязда да бойын суық сор
майтын. Жылқы мінген жігіттің қашанда бір желігі ішінде,
қайратты ердің ат үстінде азынаған ақтүтек боранда маңдайы
жіпсиді. Бетін сары-шұнақ аяз қарымай, тал бойына аптап
күннің қызуы дарымай есіл ұлдың есі кірген бе? Мал баққан
қазақ мал соңында кетпеген, түн баласы ай нұрына шомыл
ған, ала таңда ақ ниетін аппақ арман етіп жамыратқан, саумал
самалмен жайма-шуақ ән тербеткен, қоңыр кеште тәтті үмітін
күмбір-күмбір қоңыраулатқан. Қызда иба, ұлда қылық қалған,
жасып туып, жасық өткені аз болған.
Садақ ширығып алды, тастай қараңғы түнді қақ жарып
тартып келеді. Трактор артта, бұл алда. Тоқтының терісіндей
тарылған даланы мотордың гүрілі дүрліктіріп тынышы кетті
ме екен, ол да беймаза, ой да беймаза. Ат солқ-солқ желген
АЛДАН СМАЙЫЛ
де, жаралы қол үзіліп түсіп қалатындай қинайды, лақтырып
тастап кетсе, дәл қазір жоқтамас еді.
Мынау тобылғы торы торғын түн емес, тылсым түнек түк
сиіп төнеді. Толарсақтан саз кештіріп, атты жүрісінен жа
ңылдырады, құла жиі тайғанақтайтын болды, тек тізгінді тең
ұстаған тегеурінді қол сүріндірмей келеді.
Садаққа біраздан соң сар желіс те аз көрінді, көкірегі бара-
бар бұрқ-сарқ қайнап, шыдатпауға айналған, өткен екі-үш
күннің дүрбелеңі өрт боп өршіген шығар. Жарып жіберсе,
қараңғы түнде жарқ етіп жалындар. Кеудені қарыған отқа
оранып айдалада аңырата шаба жөнелгісі келді, бұйыққан
өңірді ат тұяғының астында гүр-гүр сілкіндіргісі келді. Лаулап
жанып, ұшқын атып Сарқыраманың адуын ағысына қойып
кеткісі келді.
Ол қазір қандай күйде екен, талай күнгі жаңбыр арнасы
нан асырып, асау толқын аспанға шапшып жатыр ма, таудан
күркірей құласа, көк долы өзен жолындағының бәріне бүлік
іздеп соқтығады. Етінен ет кесіп алсаң, қыңқ етпейтін көнтері
өңірдің бойынан шарт сынар намыс, басқа салса қайтпайтын
қайрат іздесең, соған бар. Тар шатқалды шулатып жататын
Сарқыраманың жағасында тұрып шамырқана алмағаннан еш
теме күтпе. Қарабайыр даланың ерке өскен есті тентегі, сірә да,
бір буырқанар болса, ойрандамай тынбайды.
Садақ оның тұлан тұтып, бүлік салған қияпат кезін екі рет
көрген. Көрген сайын шошынып еді, таудан гүрс-гүрс құлаған
отау тас бөгетті күлпарша етіп бұзып өткенде, кернеп тұрған
лай су төменге қарай күркіреп лап қойды. Арнасына сыймай
аласұрып, жағадағы көп талды қоғадай жапырды. Жер де,
көк те қалтырап, ұлан дала жанынан безді. Ұрынған жерінде
терең із қалдырып, тау етегін тіжілеп бағып еді, шалғай далаға
дейін жайылып, сай-жыраның бәрін толтырған. Ал келесі жы
лы бөктердегі қалың шалғынды шауып болып, әне-міне тасып
аламыз деп жүргенде құтырынып шыға келді. Онда да бүлік
іздеп бүліндіріп тынған-ды.
Мына нөсердің түбінде сондай бір ылаңға түрткі болмасы
на кім кепіл. Жаңбыр басталғалы қашан, толастамай құяды
да тұрады. Ал түн суытып барады. Садақ ат үстінде бусана
алмады, әлгі бір кезде қыз-қыз қайнаған көкіректің жылуы
қайтқан секілді ме, алабұртқан көңіл сабасына түскен. Құла
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сар желгенде тұяғымен жер түйіп отырады екен. Тақымы сәл
босаса, екі етегі жалп-жалп етеді. Міністің малы емес, арбаға
жексе, сіңірі созылғанша жүре беретін тарамыс ат.
Бір мезет трактордың кабинасына отырсам ба екен деп
ойлады.
Тізгінді тарта беріп қайта босатты. Оның іші де оңып тұр
маған шығар, бензиннің исі мүңкісе, жүрегі айнитынын ой
лады.
Совхоз орталығына көп жер қалған жоқ, кешікпей жетуге
тиіс, мына жаңбырлы түнгі жол ауыр, әйтпесе иек астында
тұрған ауыл емес пе, төтелей тартса, ендігі қарасын танытар
еді. Асылында несіне асығады, болар іс болды. Қайран торы
енді жоқ, бұдан былай Садақ қара жаяу. Баяғыда артельге
кіретін жылы буаз қулықты мінуге аяп жетектеп жетіп еді,
сондағы таз қалпына қайта оралған да. Бүгінде сауып отырған
жалғыз биеден өзге байлығы жоқтың қасы. Одан артықты
сұрап жатқан бұл жоқ, іздегені басқа, сағынары бөлек күй.
Құланың тізгінін тартып, сар желістен аяңға түсірді,
жолдың жиегіне шығып, жанына таяла бере кабинаның те
резесінен қараған Дүйсенге тоқтама деп қолын сілтеді. Біруақ
тыныс алғысы келген, манадан бері жолда ер үстінде солқ-
солқ еткен дене салдырай бастаған еді. Жаралы қол да қақсап,
мазасын кетіріп бітті.
Трактор біртіндеп ұзай берді, шамының жарығы түн қа
раңғылығын тілгілеп салдыр-гүлдір етеді. Алыстаған са
йын мотор даусы жұтылып шығып, айнала тынши бастаған,
жаңбырдың сырылы айқын естіліп тұр. Баяу жел есейін деген
бе, бетіне салқын леп тиді.
Ат аяңы шаршаған денеге жайлы келіп, кеудесін кере
тыныстады. Бір мезет «түбінде мен бұ дүниеден ат үстінде
өтетін шығармын» деп ойлаған. Өзін соған сендіргендей болып
еді, пешенесіне солай жазылған тәрізденген. Артынан өлім
туралы жиі еске алатын әдет тапқанын көңілге түйіп, мұңая
күрсінді. Жападан жалғыз келе жатып өткен өмір жолын
бастан-аяқ сүзіп шықпақшы болды, қартайған жанға ол да бір
ғұмыр.
Содан соң Сүлей марқұм екеуінің осындай бір қараңғы
түнде даланы ала таңға дейін кезгені есіне түсті. Жарықтық,
АЛДАН СМАЙЫЛ
кей кезде тосын мінез тауып, солай бір иен өңірде жүріп алушы
еді. Ұмытпаса, кеш бата үйге келді.
– Атыңды ертте, – деген.
Бұл «қайда барамыз» деп сұрады ма, жоқ па, білмейді.
Марқұм дегеніне көндіретін, сөзін жерге тастай алмайтынсың.
Қашанда ұйып тыңдап, «е, бәсе» деп мақұлдап, бас шұлғып
отырар ең.
Екеуі әуелі Қаратөбе жаққа ұзап шығып, тауды бөктер
леп барды да, Тоқырау кесіп ағатын жалпақ далаға ойысты.
Сүлей сөйлемейді, өзімен-өзі үнсіз, ал бұл «осы жүрісіміз
қалай?» деп сұрай алмайды.
Сонымен түн ортасы ауғанша ауылға бет бұрған жоқ, мына
иен өңірден не іздейтінін кім білсін. Шегірткенің шырылына
құлақ түреді, байғыздың күңіренген даусы естілсе, ат басын
іркіп тым-тырыс ұзақ тыңдайды, қараңғыда жапалақ жанай
ұшып өтеді. Алыстан Сарқыраманың тулап аққан сарылы
естіледі, әредік үкі үн салады, бәрін қалт жібермей бағады.
Садақтың бара-бара іші пысты, қайтуға ыңғайланып еді,
Сүлейдің қабағы түйілді. Кінәлай қарап, тілсіз басып таста
ған. Енді не істеуге болады. Әбден зеріккен соң кеудесін кере
тыныстап алып, ащы бір әнге басқан. Оның әуенінен айғайы
қалың еді, түнгі дала ұлардай шулап қоя берді, тау да, тас та
жаңғырып жатқандай. Тұнып тұрған дүние бей-берекет көшіп
бара ма, қалай, астындағы ат құлағын қайшылады.
Сүлей аяғына дейін ден қойып тыңдады.
– Кімнен үйрендің? – деді соңында.
Садақ күмілжіді, қайдан естігені белгісіз болатын, әйтеуір
жылқыда жүргенде осы әнді жиі айтатын, бәлкім, бала кезінде
тыңдаған шығар.
Ол қайтып сұраған жоқ, атынан түсті де жерге құлай кетті.
– Сен білесің бе? – деді бір кезде. – Мен түн баласы үйге
сыймаймын. Есіл-дертім дала, күнде көріп жүрсем де аң
саймын да тұрамын. Сен мынау не айтып тұр деп таңданба.
Оны көлденең көк аттының бәрінен қызғанамын. Бұл не?
Өмірім өтіп бара ма, айдала арбап алатын тылсым құдірет пе.
Менің онымен ағымнан жарыла сырласқым келеді, еш жанға
айтпайтын құпияммен қылаусыз бөліскім келеді.
Құба дала тіл бітіп, күңгір-күңгір сөйлесер ме еді, сонда.
Көне бір бағзы заманның шежіресін толғай да толғай шер
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тер ме еді. Ұмыт қалған ғасырларды шақырар ма еді қасыма.
Ақындар өткен бүгінге сөзі жетпеген, даналар өткен тәңірің
нен де көреген. Қайда солар, тап-тап дейді көңілім.
Садақ аң-таң, ал Сүлей ағыл-тегіл сөйлеп отыр, сөйлеп
отыр. Бір кезде бұған жалт қарап, шарт жүгініп алды.
– Қарғыс атсын! – деп саңқ етті.
Даусы ащы әрі үрейлі еді, Садақ қаққан қазықтай қатты да
қалды.
– Қарғыс атсын! – деді ол тағы да. – Өткенін тәлкек еткен,
өтіп бір кеткендерден есті болуға асыққан, тарихын талақ
қылған ұрпақты қарғыс атсын!
Содан кейін орнынан сүйретіле көтеріліп, атын жетектеп
жүріп кетті. Садақ соңынан тұнжырай ілесті. Оның иығы
салбырап жүдеп барады, айдалада аңырап жылап барады,
әлдекімді азынап жоқтап барады. Үзік-үзік сөзі жетеді, бу
лыққан қыстыққан үні жетеді «Арысым дейді, ардағым дейді,
айбозым дейді».
* * *
Садақтың көңілі босады, осымен бүгін екінші рет жасы
ған. Марқұмның сол түнгі кескіні көз алдына келсе, жүрегі
шаншады. Ол кімді жоқтап еді сонда?
* * *
Сарқырама бір сойқанды бастамақ еді, таудан аққан су
атаулының бәрі тастан-тасқа тайғанап келіп үсті-үстіне құ
йылып жатыр. Терең шатқал дәл қазір тулап тасыған, үйдей
толқындар бірін-бірі басып-жаншып ырс-ырс араласады,
ыңыранып келіп ышқынын соқтыққанда, ақ көбік аспанға
атылады. Тоғанның маңын үрей жайлап алған, қарауытқан
аспан да, түксиген тау да, толассыз естіліп тұрған сарын да
қорқынышты. Өзеннің арнасын мекендеген аң-құс бір сұм
дықтың боларын білгендей жым-жылас жоғалған. Тың кө
терілгенде қаптап кеткен көп елдің дүрмегінен шошып ыққан
қыр тағыларының бірен-саран қалдығы: сумаң-сумаң жортқан
АЛДАН СМАЙЫЛ
қос түлкі, бұғына бұлт-бұлт жалтарған қарсақ, күшіктерін
шұбырта ерткен сақ күзен, борпаң-борпаң бүлкілдеген борсық
мына қатерлі жерден ұзап шыққанша асық.
Құлаштай қара шұбар жылан жалтыр тастың бетінде
жоғары қарай жорғалап барады, етектегі қалың талда ұялары
қалған көп қарға бөктерді қуалай ұшып қарқылдап, онсыз
да зәрезап өңірдің құтын қашырды. Қия жартастың басында
селтиген жалғыз арқар төменге сескене қарап тұрды да, қар
ғып түсіп жоқ болды.
Ұлан даладан сая таппай көп сандалып, өткен көктемде
Сарқыраманың бойындағы қалың жыңғылды паналаған екі
қасқыр ойдан қоян қағып келе жатып қалт тұра қалды. Тау
жақ ұлардай шулайды, бірде күтір-күтір қақыраған, бірде
гүрс-гүрс жарылған сияқты болып үрейді ұшырады. Зілдей
толқындардың аударылып-төңкеріліп келіп, жағаны ырс-
ырс ұрғаны талып жетеді, табан астындағы қара жер теңселіп
кеткендей болады.
Арлан көкшулан жалы күдірейіп, арс етіп ауаны қапты,
қаншық қыңсылап жер тырнады, айнала иіскеленіп алып
қырға қарай бүкең-бүкең жорытты. Бұл маңнан да пана та
былмағаны да.
Бөгетті күзетіп жүретін Дәлду аңтарылып тұрып қалған,
Сарқырама кешке қарай құтырына бастап еді. Әуелі шымыр-
шымыр қайнап, сан жиырылып, сан жазылған. Аунақшып
толқып, тынши алмай алабұртқанда, көкала толқындар бөгет
ті толассыз соққылап, шатқалды қуалай, керней соққан жел
албасты көрген бақсыдай зікір салды.
Содан атына міне салып совхозға шапқан. Директордың
кабинетіне алқынып кіріп, көргенін көлдей ғып айтып берді.
Ол бұған елеусіз көз салып біруақ отырды да, орнынан тұрды,
сырт киімін киіп, ләм-мим деместен шығып кетті.
Дәлду түкке түсінбей, кең бөлменің ішінде алақтап қала
берді. Бастық қайтып келетін шығар деген дәмемен біраз
тосты. Бірақ ол оралған жоқ.
Содан бұл да далаға шыққан, аулада Далабай мен тағы бір
бөгде адам тұр екен. Енді көрген-білгенін соларға жеткізді.
– Директорға айтып па едің? – деді олар.
– Естіді.
– Не деді?
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Үндеген жоқ.
– Жарайды, бара бер.
Иван Ильич бұл кезде тоғанға жетіп те қалған болатын.
Шоферін «тездет, тездет» деп үсті-үстіне асықтырып, бөгеттің
үстіне көтерілгенше тағат таппады. Енді тосқауылдан асып
түсуге шақ қалған, толқып жатқан суға қарап мелшиіп тұр.
Бір қатердің бар екеніне көзі әбден жетіп еді, Сарқыраманың
күзде таситыны шын болғаны ма. Қалың жаңбыр тайқазандай
қайнатып бұрқ-сарқ буырқанып алған, ие беретін түрі жоқ,
көкдолы өзен айбатты.
Машинаға асығыс мінді, жүрегі аузына тығылып, іштей
үрейленіп келеді. «Бұл не болды сонда, деп мазасыздан-ды.
Шынымен қателескені ме. Әлгі дауылдатып жүретін шақар
шалдың айтқаны тура келгені ғой. Еңді не істеу керек?»
Кеңсеге қайтып оралғанша ойы торғайдай тозды, нақты бір
шешімге келе алмай сарсаңға түсті. Сарқырама бөгетті тас-
талқан етіп қалың су қаптай жөңелсе, жолындағының бәрін
жалмайды, қаншама қаржы, қыруар еңбек бір-ақ сәтте далаға
кетеді. Оның артында сұрау бар, тағылатан кінә, жазғыратын
көп ауыз бар. Қара да тұр, күні кеше қостағандардың дені жалт
беріп тайқып шыға келеді. «Бұл табиғаттың апаты емес, қолдан
жасалған, тілеп алған қатер» деп өре түрегелді.
Кабинетіне кіріп, орнына отырысымен ауданға телефон
соқты. Арғы жақтан:
– Қабылдау бөлмесі, – деген үн сыңғыр етті.
– Маған Петр Николаевич керек еді.
– Ол кісі жоқ, әзір келмейді.
Қырсыққанда қымыран іриді деген осы, тасқын болмай
тұрғанда хабарлап, ерте қимылдағанын білдіру керек еді.
Ақыл сұрай отырып, әрекетсіз емес екенін айтса, ертеңгі күні
тілге тиек етуге жарайды.
Маңдайына шып-шып шыққан терді сүртіп сәл ойланды
да, өлкеге қоңыраулатты. Мұнда да сол жауап, «Соңыра таман
хабарласыңыз» деген жайсыз дауыс онсыз да жұқара бастаған
жүйкесін жегі құрттай жеді. Бұл ел орнында отырып жұмыс
істеуді қойған ба?
Хатшы қызды шақырып алып, барлық мамандарды жинауға
жарлық етті. Дәл қазір айтары да дайын емес, әйтеуір қармана
беру керек, шулай беру керек.
33-0158
АЛДАН СМАЙЫЛ
* * *
Сарқырама енді бетіне ешкімді қаратпаған, алапат толқын
бөгетке жойқын екпінмен күркіреп соғылып, қайқаң етіп
қайырыла бере кері құлап түсті. Одан екіншісі ұрандап ұры
нып, темір қалқанды шайқалтып-ақ тастаған. Сол сәт ернеуді
кернеп тұрған су тар саңылау тауып ысқырына атылған.
Мана қайтып келіп, осы маңнан ұзай алмай жүрген Дәлду енді
біткен шығар деп шошынды. Көз байланып бара жатқанда
жалғыз өзі жанұшырып ерсілі-қарсылы жүгіріп жүр, бөгет
жаққа ұмтыла түседі де, жүрегі дауаламай кері ығысады, таза
кетіп қалуға да ырқы жетпейді, біреу жіпсіз байлап қойған
дай айналсоқтай береді.
Ол осы араға емін-еркін қожа еді, мына тоғанның дирек
тордан кейінгі иесі жалғыз өзі, суды босата ма, жоқ па, екеуі
ғана шешеді: Жүгерішілер: Дәке! – деп сызылып тұрғаны.
Темір қалқанды сәл-пәл көтеріп, сыздықтатып жіберетін су
бұған әжептәуір бедел әкеліп еді, атқа отырысы да оңалып-ақ
қалған.
Енді бәрінен айырылғалы тұр, маңдайы терлемей табатын
еңбекақы да көзден бал-бұл ұшар. Ал совхоздағы көп бастық
мана топырлап келді де, шуылдап тұрып-тұрып кетіп қалды.
Сөздеріне құлақ түрсе, пәтуа жоқ.
– Түрі жаман екен.
– Бұзып ақпай тоқтамас.
– Есіл еңбек-ай, десеңші.
– Бүгін түн сақ болу керек,
Осыдан басқа ден қоярлық бірдеңе айтса, мұрнын кесіп
берсін.
Қысылғанда қайрат көрсетеді деген директор жиналыс
өткізісімен бір жаққа кетіп қалыпты.
Міне, осылай, ал бұл болса, жанын қоярға жер таппайды.
Жалғыз өзінің қолынан не келсін, Дәлду қай жағына жетеді.
Бөгетке таяу барып, шөптесінге дізерлеп отыра кетті. Ала
қанын жайып аспанға қарады.
– Тәңірім, өзің жар бола гөр, – деді күбірлеп.
Содан кейін көктегі жарылқаушы сыбырын естімей қалып
жүр ме деп күдіктенді ме даусын көтере түсті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Құдіреті күшті құдай! Бір тілегімді бер! Ырзығымнан
айырма. Сарқыраманы сабасына түсір!
* * *
Тау өзені тас-талқан, жолына көлденең тұрып алған бөгет
ті бұзып-жарып өте алмағанына шамырқанып қайратына
мінді. Терең шатқалдың биігінен өкіре-ақыра атойлап келіп,
азыната соққанда темір қалқанның қос жақтауы күтір-күтір
сөгілді. Толқыннан толқын іліп алып, қайқата бір көтерген
де, көкпардың лағандай да салмағы сезілмеді. Қарсы келген
қой тас, құба тал, қалың жыңғыл – бәрін талқандап, енді өзі
бүлік салып бара жатты.
Алапат тасқынның екпіні қатты, тау бөктеріне қарай
құйыла жөнелгенде, табан жолын кеулей қазып, қарақошқыл
лайланып, қылқ-қылқ жұтар құрбандығын құтырына ізде
ген. Тамырымен жұлынған тал, дода-додасы шыққан үйір-
үйір шілік, өкшесі әр жерден бір жылт етіп, бір-біріне шақ-
шақ тиіп, лағып бара жатқан қойтастар, шөп шауып жүргенде
сынып, сол орнында қалған бірді-екілі ескі трактор, сүйре
тіп әкеліп тастаған өлген сиыр, ешқайсысы жұмырына жұқ
болған жоқ. Оған шыр-шыр етіп сауға сұрап, құландағы даусы
құрақтан шығатын, шыбын жаны үшін өзінен өзгенің бәрін
талақ қылатын тірі құрбандық керек еді. Сондай бір қанқұмар
қорқаулықпен етектегі ауылға жеткенше асықты. Күркі
реп, көк езуленіп келіп, міне, оған да ілікті. Өзеннің жағасы
на салынған шеткі үйді айдаһар толқын жиырыла орап алып
бүріп әкеткен.
Арнасына сыймай, аулаққа құлаш ұрып, еңселі, қарасыны
зор шатырлы үйге баса-көктеп кіріп келді. Бұл совхоздың
кеңсесі еді, әдейі өзенге таяу көрікті жерге келістіре салынған
болатын. Ырғап көріп теңселте алмай кектене шүйлікті, көп
толқынды жындай құтыртып, қиқулап қосты да жіберді.
Қалың қабырға әр жерінен шытынап барып жалп-жалп құ
лады, сол-ақ екен алажын тасқын кернеп еніп, керіп әкетті.
Суға төңкеріле күмп еткен тақтай шатырды алапат ағыс
қақпақыл ойнатты.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Ашулы ашкөз өзен осылай тағы біраз үйлерді қаусатқан,
соның бірінен тірі пенде таппай аласұрды. Ауылдың шеткі
жағындағы атшаптырым қораны да күлпарша еткен, соған
жұтынып жеткенде, өкірген өгізді, азан-қазан ұйлыққан көп
малды көрмекке дәмелі болатын, кездестіргені өңкей көке-
жасық, аузының дәмін келтіруге жарамайтын шылғи бұзау
болып шықты. Не пәлеге ұшырағандарын аңғартып үлгерт
пей өңешінен апыр-топыр өткізді де жіберді.
Тоғы басылмаған тасқын құтырына түсті, ол мына олжаны
қанағат ете алмайтын, енді ылди қуып, қос қапталын қағы
на тінтіп айдалаға аттандай тиісті. Көде түбінде ысылдап,
жиырыла қалған, сұр жылан, түн баласы бұғынып жатқан
бөдене, таң атса тамылжытып ән салмақ ойы бар, ши түбін
де бұйыққан бозторғай әп дегенде жоқ болды. Араламаған,
арылтпаған сай-жырасы жоқ, түнгі даланың дамылға бой
ұрған тірлігін жанынан бездірді. Жерден бауырын көтеріп,
қанат қағып үлгерген кезқұйрық қиянға лағып кетті.
Бұл қанша көкдолы болғанмен ұлан дала тарыла алған жоқ.
Құлашын кеңге салып, төріне оздырмай жазық жерде жа
йып жіберді. Екпіні амалсыз басылып, сонау тар шатқалдан
күркірей аққан, соңынан талып жеткен, бұрынғыдай бұрқ-
сарқ буырқана алмаған, сиыр таңдайлана өзгерген толқыңдар
дың әупіріммен ғана ілгері жылжыған. Сондай бір сабырын
тапқан тұста алдынан терең сай келіп, бар аумағымен төңке
ріле сар-сар құйылды. Бұл бір көзден таса қуысты.
Тастай қараңғыда жын ба, пері ме, әлдене жылан шаққан
дай шырқырады. Ойпаңның бір шоқ тал өскен жайдақ таба
нында тұрған машинаға қарай екі адам далбаң-дұлбаң жүгіріп
барады.
– Ойбай, тез! Су құлап келеді! – деп айғайлады біреуі.
Мотор гүр ете қалды, сол сәт лайланған тасқын алды-артын
орап ала қойған, әп-сәтте дөңгелегінен асты. Әлгі екеуі енді
есіктен жанталаса сыртқа атылып, қырға қарай малшына
ұмтылды.
Бұл мамандармен жиналыс өткізіп, әрқайсысына тапсырма
берген соң жол жүретінін хатшы қызға ғана ескертіп, бүгін
гі түн бойы тасалай тұруды жөн көрген, содан шөпшілерге
соғып, артынан мына ағып жатқан бұлағы, көкорай шалғыны,
көлеңкелі талы бар сайға жетіп аялдаған Иван Ильич еді.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Бөгетті ақыры бұзып өткен ғой, – деп ойлады қарсы қабақ
қа өрмелеп бара жатып. – Ауыл, ел аман болғай, әйтеуір».
Жеткен жеріне ентігіп отыра кетті, шофері қырға бұдан бұрын
шыққан, киімін сығып жатыр. Су бірте-бірте молайып келеді,
ұры сай кешікпей бетімен бірдей болатын шығар.
– Сайтан алғыр! Машина құритын болды-ау! – деп күйінді
шофер жігіт.
Қимай қиналып тұр, алғандарына көп болған жоқ-ты, көз
жауын алатын «Победа» су астында шіриді енді.
Жыны құрысып отырған Иван Ильич оған ызбарлана
қарады.
– Қу темірің кімге керек! – деп жекірді. – Андағы елді ойла.
Ол сайдан көз алмай тұрып естіртпей күңкілдеді.
– Елді ойласаң, осылай қаңғып жүресің бе?
Директордың басы қатты, бұл әрекеті түбінде немен тынар
екен, тасқын болатынын біле тұра әдейі бой тасалағаны мынау.
«Шаруа жайымен жүрген болып, бүгін түн ауылдан табылмау
керек» деген ой еркін билеп алып, еңсерді де әкетті. Апат қыр
ғын салғанда аулақта жүрсе, күні ертең жауап беру жеңіл
дейтін сияқты болды да тұрды. Сел кезінде орныңда болсаң,
«Неге үйтпедің, неге бүйтпедің?» деген сұрақ жаңбырдай
жауады, құтылып көр содан кейін. Мал-мүлік шығын болса,
ештеңе емес, адам кетсе, қиын.
Осы байламмен екі кеште шөпшілерге барды, оларға күзгі
қауды шапқызып жатқан-ды. Сол маңда біраз аялдады, істің
барысымен танысып, үйіп-төгіп нұсқау берді. Бригадирді
біраз тұқыртып та алды. Әуелде сонда қонбақшы еді, бірақ
еш жерде байыз тауып отыра алмаған, қайда барса да елегізи
береді. Содан түнделетіп қайтадан жолға шығып, совхозға
қарай келе жатты да, кенеттен мына ұры сай есіне түсті. Таң
атқанша дем ала тұруға жарайтын жер. Оны бір кезде Дала
бай көрсеткен болатын, үстіңнен абайсызда шыға келмесе, тірі
жанның көзіне шалынбайсың. Жұмыстан шаршағанда сыр
лас адамыңды ал да тартып кет, емін-еркін сайранда, ешкім
таппайды.
Енді бұл қуыс та пана болудан қалған, айдалада отыра
берудің де жөні жоқ, қазір жаяу жүріп кетсе, таң ата ауылға
ілігуі мүмкін.
АЛДАН СМАЙЫЛ
Солбырайып орнынан тұрды.
– Жүр кеттік! – деді шофер жігітке.
– Қайда?
– Совхозға.
– Машинаны тастап кетпеймін.
Иван Ильич оған состиып қарап тұрды да, қолын сермеді.
– Мейлің!
Содан кейін сайды айналып өтіп, ауыл жаққа қарай бет
түзеді, көптен бері былай жаяулап көрмеп еді әрі үсті мал
мандай су, түн болса ызғарлы, құты қашты. Алға басқан аяғы
кері кетеді, мұндай күйге душар боламын деп ойлап па еді,
бірақ басқа түскен баспақшыл. Даланың әрбір түбіріне бір
сүрініп, жүрісі өнбей салбырап келеді.
Алыстан, бір қыдыру жердегі таяу жақтан аһылаған-үһі
леген, әлде күңірене күрсінген үн естіледі. Жаңбырлы, қа
раңғы түн жігерін құм қылып ит әуреге салған. Бұл жердің,
кеше ғана ырқына көніп, айдағанына жүрген өңірдің, осындай
да қияпат мінезі бар екен ғой. Жапан дала, құлазып жатқан
қуаң дала, қараңғы дала деп сан атау тағылған ұлан атырап
тулай да біледі екен, шулата да біледі екен.
Біраз жүрген соң көлкілдеген суға тап болды, жалдап өтпек
еді, арғы жағы тереңдеп, амалсыздан кері қайтты. Аяғының
асты лайланып үлгерген екен, тайып кетіп шалқалай құлады.
Тұра беріп қайта жығылды.
– Атаңа нәлет! – деді зығырданы қайнап.
Кімге айтқанын өзі де білген жоқ. Табанынан ызғар, дене
ден суық өтіп, тісі-тісіне тимей кетті.
Енді орағытып барып жол табу керек, бүкіл дала дарияға
айналған ба, қайда бұрылса да шылқ-шылқ етеді. «Мұным
бекер болды, – деді өзіне-өзі жаны құрысып. – Ақымақпын
мен». Осынысы не еді, жапан дүзде жалғыз тентіреп, әлі ит-
құсқа жем болады.
Сүйретіліп жүріп аласа белге шықты, алыстан әлгі
күңіренген үн әлі естіліп тұр. Дәл қазір жер де емес, аспан
да емес, өзі де мүлде басқа адам. Мына түн мұны, бұл оны
талақ еткен секілді жан дүниесі қаңырап босап қалған. Еште
ме ойлатпайды, бір мең-зең меңіреу әлем, мәңгіртіп барады.
«Жүре беру керек», – деп күбірлеп белден етекке түсті, үрей
ме, әйтеуір белгісіз бір сұрқай сезім біржолата билеп алған.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Сарқырама әлі тасып жатыр, әуелде бөгеттің темір қал
қанын жұлып әкетсе, енді оның өзін тас-талқан еткен. Жолын
бөгемек болып үйген таудың атан түйенің өркешіндей тарғыл
тастарын сатыр-сұтыр домалатып, етекке айдап тастады. Қазір
екпінін тежейтін ештеме жоқ, аттандап келіп, ұрандап ағады.
Талай жылдан бері бұлай шамырқанған емес-ті, табанына лай
тұнып, балдыр-батпақ тұрып көкірегін кір шалған, енді соның
бәрінен арыла бір тазармақ. Тау өзені терең түбі алақанға
салғандай анық көрініп, мөлдіреп ақпаса жараса ма.
Мұны байлап-матап, сасық тоғанға айналдырмақ болған
да, соңғы екі-үш жыл айдыны борсуға ойысып, желсіз кеште
күлімсі иіс мүңкіп тұрар еді.
Жазда жаңбыр айдынын қытықтаса, тереңінде сары сазан
мен табан балық қозғала бастайды, беймаза, сабырсыз көкжон
шолп етіп шыбын қағады, шұбар шортан зу етіп сүңгіп, қайқаң
етіп көтерілсе, азуына май шабақты қыстыра шығады. Оның
бірі де мұның алапат ашуы артында жатқанын, әлімсақтан
бері арындап ағатын арнасы тарс бекітілгенде, өшпенді кек
көкірегін тырнап, ақтық бір айқасқа түсер шағына тағатсыз
асықтыратынын білмейтін еді. Өзімен-өзі өсіп-өніп, қамсыз,
қарекетсіз жүріп жатқан.
Енді олар да құрбандық, тастан-тасқа соғып әп-сәтте тоз
дырды да жіберді. Қайсының қайда кеткенінде мұның шаруа
сы қанша, тек бірер мәрте құлаштай қара шұбар шортанның
толқыннан толқынға қарғып, кезігіп қалған құба тал, қия
тас атаулыдан жалт-жұлт жалтарып, өзінше амал тауып
арпалысып бара жатқанын көрген.
Қазір бұған тең келетін құдірет жоқ, таң ата әбден күше
йіп айдаһарша жаланған, төмендегі ауылдың жартысын тып-
типыл етті, қапталдағы төбені бөктерлей салынған үйлер
ғана аман қалды. Бірақ тірі пенде қолына ілікпеген мұтқыл
ел қыр үстінде азан-қазан. Мұны қарғап-сілеп жатыр ма,
жерден алып, жерге салып жатыр ма, өштесті ме, кектенді ме,
онда шаруасы қанша. Мейлі, құдіреті жетсе, Сарқыраманы
теріс ағызсын. Әділіне жүгінсе, оларға жауыққан жері бар
ма еді, сірә да, өз ырқымен себепсіз ұрынған емес. Талайлар
ауыздықтамақ болған, әлі жетпеген. Талайлар тоқтатпақ бол
АЛДАН СМАЙЫЛ
ған, тілін таппаған, бұлар не істей алсын. Жайына жүрсе,
жауша жағаласып несі бар. Тау тау болғалы, таудан су аққалы
бір-ақ рет өзі іздеп барып соқтығып еді. Онда жағасында жетім
бала жатқан, етегін жау алған, ұлан өлке қан сасыған, ұлы
дала ұлсыз қалған.
Қайраты таси келе шалғайдағы иен алқапқа дейін жайыл
ды, жыртылған қара жер саз балшықша иленді, дала толы
құба бел, жатаған төбе су ішінде қарауытып мың аралға айнал
ды. Жауын табанын ғана жылтыратуға жараған талай сай
ернеуінен асып-тасып, Сарқырамаға еліктегенсіп, еліріп аққан
сияқтанып әлек болды. Сан бұлақ телегей теңіз судың астында
шымыр-шымыр қайнады.
Таң қылаң бергенде жапан дүзден жалғыз жаяу көрінген,
ұнжырғасы түскен біреу аяғын сүйретіп басады. Әбден қал
жыраған, қарсы алдында шалқып жатқан суға жүні жығыла
қарап, қайда барарын білмей дағдарады. Өңі сүзектен тұрған
дай боп-боз, өзі ауру ма немене, безгегі ұстаған адам сияқты
қалш-қалш етеді.
Сарқырама оның таң құлан иектегенше сабылған Иван
Ильич екенін қайдан білсін. Ен далаға еркін жайылып, аптығы
басылған кезде әшейін қараған да қойған. Ал жалғыз жаяу
совхозға дейінгі жердің бәрін су алғанын енді ұғып, осы арадан
он бес-он алты шақырым болып қалатын шөпшілерге жетіп
жығылуды ғана ойлады. Түні бойы солай істесейші, ауыл
қайда, бұл қайда. Оны тасыған өзен баяғыда орап алған шығар,
су қайтқанша көктен түспесең, өзге жол жоқ.
Шылқ-шылқ еткен, ауырлап кеткен киімін сығып қайта
киді, суық сүйегіне жетіп, буын-буыны құрысып қалған, жү
гіріп көрейін деп еді, ауыр дене икемге келмеді, алты аттамай
жатып алқынды. Екі шеке, қарақұсы зырқ-зырқ етеді, жүрегі
қыжылдап, аузы кермек татиды. Сірә, бұл бетінде оңбайтын
шығар, мына ызғар алып соқпай тынбас.
Біраз жүрген соң әлі кете бастады, өкпесі аузына тығылып,
қараптан-қарап үрейлене береді. Біреу мұны өкшелеп куып
келе жатқандай, әлде қарсы алдында бой тасалап аңдып тұр
ғандай жүрегі өрекпиді. Айдаладан аш бөрінің өзі құрып
кеткені, бұл маңда тірі жан жүрмейтіні көңілге демеу емес,
өзінен-өзі безінгендей ме, әлдене шошына күткендей ме,
әйтеуір сабырын таппай-ақ қойды.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ұзақ жүрістен аяғы талды, көзі қарауытып барады, бірақ
іркілу ойына келген емес. Жүре беру керек, жүре беру керек,
бір тоқтаса қайтып тұруы қиынға айналуы мүмкін. Кейде
жанарының алды бұлдырап, маңай мұнартып кетеді, бар
күш-жігерін жинап, өзін-өзі қайрап, алға жылжи берді «Мен
осыншалық осал емес едім ғой, – деп ширыққан тәрізденді. –
Жігерім қайда? Әшейінде бойға сыймай қыз-қыз қайнайтын
қайрат қайда?» Түйіліп кеп берсе, талайды түңілдіруші еді,
бетіне жан қаратпау мұраты болатын, сөз бен іс кесек келсе,
өзгелер үгітіліп сала беретін-ді. Бұл шаруашылықта қарсы
тұрар жан таппаған, қайсы болсын жылмиып кіріп жылжып
шығады. Оған үйренгені соншалық, әлдекім әлдеқалай тік
келіп, тік кетсе, кек тұтар еді.
Бір кезде мұның өзі де сөйткен, май жаққандай лыпып
отыратын, сөз де, жүріс те жорға болатын, одан ұтылған жоқ,
ұтқаны бар. Иіліп тұруды кішіпейілділік, жағына салуды
көргенділік деп тонын айналдыра салатын ол да бір дәйексіз
тайғанақ шақ еді.
Қазіргі хал басқа, суық сорып қажуға айналды, таң атқанда
күн көзіне шуақтауға дәмелі еді, ал аспанды қара бұлт торлап
алған, бұған егесе қымтайды келіп.
Қарсы алдынан бір үйір ұшқат көрінді.
Сүйретіліп барып құлай кетпек болған, сол кезде ұшқаттың
тасасынан біреу сумаң етіп шыға келді. Оның кім екенін,
адам ба, жын ба, айырып үлгерген жоқ, көзінің оты жарқ ете
қалды, бұдан арғысы тас қараңғы түнек, есі ауып сұлап түсті.
Анау жіті қимылдап жатыр, талдыра ұрған жемтігін тонау
ға асығыс кірісті. Әуелі плащын шешім алды, костюм-шалбары
жаңа екен, оны да олжалады. Қалталарын ақтарып, тырси
ған күмәжінекті көргенде, көзі жайнап кетті. Қол сағатын да
ұмытқан жоқ.
Бұл күміс бұлақтың басында Садақ пен Дүйсеннен қашып
құтылған Матвей еді. Жалғыз жаяуды бағана байқап, осы
жерде тосып жатқан, дәл үстіне сор айдап келе қалғанын
көрмейсің бе. Оны құр жіберу бұл үшін кешірілмес күнә.
Жағаласа кетуге иіліктірмей, бір ұрғаннан сұлатып салғанына
дән риза.
Өзіне көңілі толып жымың қақты, жол болды деген осы,
бағына қарай сіңірі шыққан сорлы емес, қалтасы қалың әл
АЛДАН СМАЙЫЛ
ді екен. Күмәжінікті ашып қарап еді, сықып тұр, аспаннан
шелпек жауғаны емей немене, біраз шайқауға жетеді. Ал
мыналарының бұған түк те қажеті жоқ, көр-жер жазған қойын
дәптерінің керегі қанша, паспортының құны да көк тиын.
Әлде ала салса ма екен, кейде бұған зәрулер де табылады. Түр
меден қашқан, тығылып жүрген, ойға да, қырға да сыймаған
өңкей жалаң аяқ, жалаң төстердің бірі болмаса біріне өткізіп
жіберуі де кәдік. Жарайды, ауырлығы жоқ, ал куәлігінің жөні
басқа, іске жарап кетуі әбден мүмкін. Тоқтай қал, не дейді?
Сайтан алғыр-ау, мынау совхоздың директоры ғой. Ал керек
болса, бүл неғып танымай қалды екен. Пәтшағардың қатты
өзгергені соншалық, анықтап қарағанның өзінде сол деп ойла
мас еді. Оны өмірінде бір-ақ рет көрсе, әрі айдалада кезіктір
се, қалай шырамытсын. Зіңгіттей бастық жапандүзде жаяу
сенделіп жүреді дегенге, оллаһи, өлтірсе де сенбес.
Е, мейлі, кім болса, ол болсын, әлде мырза, әлде құл бол
сын. Матвейге пұл болсын. Одан өзгесінде жұмысы жоқ, өзі
тыныстайтын секілді, қой табанды жалтырату керек, тұрып
кетсе, жағадан ала түссе, бас жарылып, көз шығар.
Тонап алғаңдарын буып-түйіп арқасына салды. Көйлек-
дамбалшаң қалған байғұс ыңыранып, басын көтере берді де
қайта талықсыды.
Ештеңе етпейді, деді Матвей. Қазір-ақ тіріліп кетесің. Ал
сау бол, мең зыттым. Артық кетсем, айып етпе.
* * *
Трактор тоқтады ма, салдыр-гүлдірі естілмейді. Әлгі пәле
босанып кетіп, қайтадан лаң салып жүрмесін.
Садақ құлаға қамшы басты, шауып жетіп келсе, Дүйсен
жерде қарсы алдына қарап қалшиып тұр.
– Уа, не болды?
– Қаптаған су, қайдан шыққанына таңым бар. Дала көл-
көсір.
Атын тебініп озыңқырап барып тоқтады, шынымен көлк-
көлк етеді. Көрген сәтте Сарқырама тілінің ұшында тұрды,
ақыры бөгетті бұзып аққан екен ғой. Тәңір-ай, сезіп жүрсе де,
сенгісі келмей бағып еді, ақыры арқырап бергені ме.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Бұл тасқын, тау өзенінің лаңы, – деді Дүйсенге.
Ол суды шолп-шолп жалдап жанына жетіл келді.
– Қайдағы тасқын?
Даусы жарықшақтанып шықты, дегбірсізденіп бұған бір,
жерге бір қарайды.
– Сарқырама тоғанды тас-талқан еткен ғой.
– Жо... жоқ, атамаңыз! – деп шоршып түсті ол. – Бетін аулақ
қылсын. Онда совхоз орталығын жайпап өтеді.
Садақ та көңілі алабұртып сабырсызданып тұрған.
– Сен енді алға жүре алмайсың, – деді Дүйсенге. – Трактор
батып қалады. Мен кеттім, аялдауға болмайды.
– Жоқ, атамаңыз, – деді ол ширығып. – Анда ел шулап
жатқанда өлсем де жетемін.
Жүгіріп барып тіркемені ағытты, кабинаға отыра салып
газды аңырата басты, жайдақ суды қақ жарып тартып барады.
Шамның жарығы түскен жердің бәрі көлкіген су, көде басы
нан асып жайылған.
– Апыр-ай! – деп қынжылды Садақ. – Жеті түнде тасуын
қарашы. Ел сақтанып дайын отырса жақсы-ау, қапыда
кетсе қатер-ді. Құланы қамшылап асығып-ақ келеді, сол
қолының қақсауын ұмытқан, енді жүрегі сыздап, көңілін
күдік жайлап барады. Көз алдында су астында қалған үйлер,
асау толқын үйіре лақтырып қақпақыл ойнаған адам, жан
ұшырған шарасыз жұрт. Ию-қию араласқан үрейлі елестен
шошынды, олай болмайтындығына, етектегі елдің қарекет
сіз қалмайтындығына құлай сенгісі келді.
Аздан соң Сарқыраманың сарылы да естілген, әуелде
жұтылып жетіп еді, алға озған сайын айқындалып күшейе
берді. Әредік әлдене сатыр-күтір соқтығысады, бір-біріне шақ
етіп тиген тас па, бар аумағымен қопарыла құлаған бөгет пе,
айырып болғысыз, әйтеуір тоған жақ астан-кестен. Трактор
дың гүрілі қабаттаспаса, онда не болып, не қойып жатқанын
шамалап білер де еді. Мына сарынына қарап-ақ селдің күші
жер сілкіндіргендей ме деп түршіккен.
Құла ағысы кәдімгідей біліне бастаған, бірте-бірте тереңдей
түскен суды осқырына жалдап үркектеп келеді. Осы ара еңіс
болатын, бірақ көп ұзамай биіктеп, тау бөктеріне жымдасып
кетеді, ол ештеңе емес, тек алдында көктемгі қар суы қуалап
ағатын тар өзек бар, сол ғана тосқауыл. Ендігі лықа толған
АЛДАН СМАЙЫЛ
шығар, өткел бермей жүрсе, біраз жер бос сандалып, орағытуға
мәжбүр болады.
Кей тұста ат шатқаяқтап барып түзеледі, жыра ма, шұқа
нақ па, бәрі кедергі, ал су құланың бауырын жалауға жарап
қалған. Дүйсен сонда да іркілетін емес, трактор азынап-сарнап
келеді. Бар болғырды мұндай мықты деп кім ойлаған.
Өзек өзі ойлағандай сарылдап ағып жатыр, құла беттей
алмай бұра тартты. Төніп барып тоқтаған Дүйсен кабинаның
есігін ашып, не істерін білмей жан-жағына аңтарыла қарады.
Бір кезде жерге секіріп түсті де әй-шәй жоқ қойды да кетті.
Садақ атты борбайлата тартып-тартып жіберіп, соңынан
ұмтылды. Ағыс қатты екен, ананы үйіріп алып барады, енді
кешіксе көз жазып қалуы мүмкін. Не де болса, бірге көруі
керек. Жануар иесінің ырқына шарасыз көніп, терең суға
күмп ете түскен бетте Дүйсеннің ығын ала жүзді.
– Бері қарай! Маған қарай! – деп айғайлады өңеші жыртыла.
Ол барын салып жүр, бір сәт ағыс қуып келіп аттың ал
қымына соғылған. Садақ қыл шылбырды лақтырып үлгерді,
бірақ Дүйсен көрмеді ме, құланың жалына жабысты. Ат екі
адамды ауырлап, бір батып, бір шықты, еңді бұл да тәуекел
етіп, ерден сусып түсті де таралғыдан ұстаған күйі қатар жүзе
жөнелді.
Таудан құлап аққан су мұндай ызғарлы болар ма, сай-
сүйектен өтеді, ал қазір бәрінен де жан олжа, таяқ тастам
жерде қарауытқан кемерге үздіге қарады, соған бір іліксе,
бұл, сірә, жүз жасар. Сол қолы таралғыдан айырылып қалмай
шыдаса игі, күш салуға келмейді, үстіндегі киімі зіл қара тас па
дерсің, тереңге тартып сілесін қатырды. Бір-екі рет су жұтқан,
қақалып-шашалып дымы құрыды, енді біткен шығармын деп
еді, Дүйсен жанталаса демеп, атқа қарай лықсытты.
Құла да ышқынған, жануар ағысты қиыстай жүзіп, жағаға
үздіге ұмтылады, шама келгенше оған күш салдырмай өзі
қимылдап бағуы керек. Шіркін, мына шұбатылған плащын
шешіп тастар ма еді, екі етік те су толып қор қылды. Ал көрініп
тұрған кемер жеткізетін емес, жақын қалған секілденіп қараң-
құраң етеді, бірақ екі аралық қысқармай сілені қатырады.
Бұйраланған көп толқын бетті шапақтап, тынысты одан са
йын тарылтқан, ықылық атып, жанарының алды тұманданып
кетті.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Кеудесін көтере бере ауаны апыл-ғұпыл жұтты, бүкіл
денесімен алға қарай ұмсынып өзінше қайрат қылған. Ал
Дүйсен аттың жалын қоя берген бе, осы сәт көре алмап еді.
Құла тайғақтап сүрініп, жығылды, осқырына ұмтылғанда
шоқтығы судан шыға келді.
– Табаныңызды жерге тіреңіз, – дейді біреу. – Іліктік
тайызға! Аман қалдық!
Дүйсеннің даусы көрден шыққандай күңгір-күңгір. Жа
ғаға қарай сүйемелдеп әкетіп барады, алқынып қақалып-
шашалады, шөптесін жерге аяғы тиісімен сылқ етіп құлай
кетті. Бұл да тізерлеп шөгіп барып сылқ түскен, есі кіресілі-
шығасылы сияқты, өлім аузынан қалғаны ғана анық, одан
басқасы бұлыңғыр.
Қанша уақыт өткенін кім білсін, бойына аздап әл кіріп,
басын көтергенде, Дүйсен құланы ұстап алып, өзімен-өзі
сөйлеп жүр екен.
Жануарым дейді. Садағаң кетейін дейді. Сен болмағанда
құрып едік дейді. Тағы бірдеңелерді айтады, қағілез жігіт
қараңғы түнде аттың ар жағына бір, бер жағына бір шығады.
Орнынан әупірімдеп тұрып, солай қарай жылжыды, діңкесі
құрып әбден қажыған, екі жағына кезек теңселеді.
– Ата! – деп дауыстады Дүйсен. – Атты маған беріңіз. Мен
анда қалайда тез жетуім керек.
Садақ бірдеңе демекші болып еді, аузын аша беріп булы
ға жөтелді, көкірегі удай ашып буынып қалды. Түнгі суық
жаңбыр, мына мұздай су, екеуі қосылып тұралатқан екен,
ал жаралы қол әне-міне үзіліп түсіп қалатын секілді жанын
көзіне көрсетті.
– Сен... тоқта... бірге барайық, – дей бере, тағы да тынысы
тарылып тұтығып қалды.
– Түсінсеңізші! – деді Дүйсен жалбарына. – Ел қырылып
жатқанда қайтып шыдаймын.
Садақ құлаға әрең жетті, ердің қасынан ұстап үзеңгіге
аяқ салып еді, денесін кетере алмады, екі-үш ырғалып барып
шаршап тұрып қалды.
– Ал бардың... сонда не істейсің?
Дүйсеннің даусы алыстан есгілгендей, басы айналып, жер
үстіне төңкеріліп келе жатыр.
АЛДАН СМАЙЫЛ
– Білмеймін... Бірақ тез жетуім керек… – деген үн әуелде
жаңырығып шығып еді, тез жұтылды.
– Демеп жібер, – деді тілі күрмеліп. – Таралғыдан ұста, –
деді денесін әрең тіктеп. – Атқа ілесіп отырсаң жарадың.
Құла текіректеп келеді, жануардың одан арғыға шамасы
жоқ, мұнысына да шүкіршілік. Ал тау жақ у-шу, азынаған үн
бойды тітіркентеді, Сарқырама қос қапталын арс-арс қауып,
қопара жөнелді ме екен, жер де көк те дүңк-дүңк, тарс-тұрс,
аяқ асты әне-міне қақырап қарс айырылатындай қарауға
жүрегің дауаламайды.
Мұнысы тағы несі екен, қарсы беттегі таудың етегі түріле
көтеріліп барады. Өз еңсесі де сонымен бірге биіктей түсті
ме, ер үстінде қомданып бір отырды. Тәңір-ау, таң атып келе
жатыр ғой, күздің көп күттірген, сілені қатырып аңсатқан,
әбден сағындырған таңы қылаң берді. Ал Сарқырама ақ
сайтанданып, бар маңайды жанынан бездіріп жатыр, ырс-ырс
алқынған, арылдап дөң айбат шеккен зәрлі үн аза бойыңды
қаза тұрғызып, айдалада әңгір таяқ ойнатады.
Таң сәулесі айқын білініп, әуелі тау беткейі қылаңытты,
көз алдында қырдың сұйық көдесі, шоқ-шоқ қараған-то
былғы беткейді қуалай сусып бара жатқан көлеңке, естігені
Сарқыраманың ұлы сарыны. Ал көкірегі толған запыран,
сыздатып барады, кеулеп барады. Ат үстінде, сірә да, былай
қыстығыл көрмеп еді, ала таңда дәл осылай шымырқына да
алмаған. Тау өзеніне қосылып тасып аққысы келген, өз бөге
тін тас-талқан етіп атойлап бір арқырай жөнелгісі келген.
– Сарқырама! – деді бар даусымен. – Ей, сойқан Сарқырама,
сарқыла көрме, сірә да!
МАЗМҰНЫ Тамұқтан келген адам...........................................................3 Арғымақ пен Агба..............................................................274 Күзде тасыған өзен.............................................................404
Алдан Смайыл
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Көп томдық
Бірінші том
Роман, повестер
Редакторы Айдана Сыдықбай
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Гүлжан Смағұлова
Компьютерде беттеген Ұлжан Бердібекова
Басуға 21.05.15 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 33,0.
Тапсырыс №0158. Таралымы 2000 дана.
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру