Еңбек зейнеті
Ө. Әлімгереев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Еңбек зейнеті. Ө. Әлімгереев
СӨЗ БАСЫ
Ауыл шаруашылығын аграрлық-өнеркәсіптік негізде одан әрі өркендету–КПСС XXVІ съезі белгілеп берген экономикалық және әлеуметтік- саяси программаны жүзеге асыру жөніндегі зор жасампаз жұмыстың ажырамас құрамды бөлігі болып табылады. Оны дамытудың нақты жолдары КПСС Орталық Комитетінің «Шаруашылықаралық кооперация және аграрлық-өнеркәсіптік интеграция негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыру мен шоғырландыруды одан әрі дамыту туралы» қаулысында да жан-жақты көрсетілген болатын. КПСС Орталық Комитетінің июль (1978 ж) Пленумы мен партияның XXVІ съезінің тарихи шешімдері дала ерлерінің еңбекте тың күші мен инициативасын туғызып, жаңа биіктерге мегзеп отыр. Гурьев–негізінен мал шаруашылығы, сонымен қатар «қара алтын» аталатын бағалы шикізат мұнай өнімдерін өндіретін іргелі облыс. Кейінгі жылдары мұнда егін шаруашылығы да интенсивті дамып келеді. Осылай бола тұрса да облыста халықтың жеміс-жидекке, әсіресе көкөніске деген сұранысы әлі де толық қанағаттандырылмай отыр. Осыған байланысты облыстық партия, совет ұйымдары мен ауылшаруашылық партия съезі шешімдері мен КПСС Орталық Комитетінің қаулыларын басшылыққа ала отырып, өндірісті мамандандыру меншоғырландыру негізінде ауыл шаруашылығын онан әрі ұлғайтуға және өнім сапасын жақсартуға бағытталған көптеген шараларды жүзеге асыруда. КПСС XXVІ съезінің шешімдерінде халықтың әл-ауқатын онан әрі жақсарту бағытында елімізде азық-түлік программасын жасаудың маңызы зор екендігі атап көрсетілді. Оның мақсаты–халықты азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету екендігі белгілі. Сондықтан да облыста жеміс пен көкөніс өндіруді онан әрі молайта түсіп, оларды тасымалдауды, сақтау мен өңдеуді жақсартудың жолдары белгіленуде. Соңғы жылдары облыста картоп өндіретін «Жалғансай», тұқым өндіретін «Ақ Жайық», көкөніс-сүт өндіретін «Көптоғай» атты арнаулы жаңа совхоздар ұйымдастырылды. Ал Махамбет ауданы негізінен өкөніс-бақша дақылдары мен сүт өндіретін аймақ болып табылады. Гурьев қаласы мен жалпы облыс халқының қажетін барынша қанағаттандыру мақсатында 1976 жылы «1 Май», «Жалғансай» XXІ партсъезд атындағы, «Теңдік», «Гурьев» совхоздары мамандандырылған шаруашы-лықтар болып қайта құрылды. Міне, содан бері де біраз уақыт өтті. Осы кезең ішінде осы совхоздардың өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. Олардың негізгі өндірістік қорлары ондаған миллион сомға дейін өсіп, 1975 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі 24 процентке артты. Оныншы бесжылдықта әр гектардан алынған өнім тоғызыншы бесжылдықпен салыстырғанда көкөністен – 162-ден 203 центнерге, жүгері – 65-ден 112 центнерге, жоңышқа өнімділігі 39-дан 44 центнерге дейін артты. Көкөністің өнімділігін молайту, оның экономикалық тиімділігін арттыруды «Теңдік», «Жалғансай», «Гурьев» совхоздары республикалық жарыстың жеңімпаздары атанды. Бұл ретте көбіне-көп «Гурьев» көкөніс-сүт совхозындағы игі өзгерістерді тілге тиек етуге болады. Совхоз оныншы бесжылдықта ауыл шаруашылығы дақылдарын баптаудың озық әдістерін тиімді пайдалану және озат тәжірибелерді қолданудың нәтижесінде жылма-жыл рентабельдікке қол жеткізіп келеді. Тоғызыншы бесжылдықпен салыстырғанда оныншы бесжылдықта негізгі салалар бойынша бақша өнімі 13, көкөніс өндіру 14, сүт 17, ет 12 процентке артты. Совхозда көкөніс-бақша дақылдарын өсіруге жыл өткен сайын ерекше көңіл бөлінуде. Бір ғана мысал: бесжылдықтың басында мұнда 8 гектар жерге помидор егілсе, ал сапа мен тиімділік бесжылдығының аяғында мұнда оның көлемі 40 гектарға жетті. Осы дақылдың әр гектарынан жоспардағы 300 центнердің орнына 325 центнерден өнім жиналып, Отан қоймасына 412 мың центнер көкөніс өнімдері тапсырылды. Бұл межеде белгіленгеннен анағұрлым артық. Басқа салалар бойынша да табыстар аз емес. Совхоз егін және мал шаруашылығы өнімдерін көптеп өндірудегі осындай табыстары үшін 1978 жылы республикалық және облыстық,1979 жылы аудандық ауыспалы Қызыл туларға ие болды. Әрине, совхоздың мұндай табысқа жетуіне озат көкөніс өсіруші Октябрь Революциясы және «Құрмет Белгісі» орденді Сәбила Мұхитованың қосқан үлесі де аз емес. Ол егіншілік кәсіпке қырқыншы жылдардың аяғында келген еді. 1968 жылдан бері звено жетекшісі. Жыл өткен сайынмол тәжірибе жинақтап, үнемі табыс биігінен көрініп жүрген саңлақ диқанның өз әріптестері арасында беделі де жоғары. Мұндай бедел оған әр жыл сайын гектар берекесін арттырып, жоғары табыстарға жетуінің нәтижесінде келгені сөзсіз. Соңғы екі бесжылдықта оның басқаруындағы звено өз міндеттемесін орындамай қалған жылы болған жоқ.табыс құпиясына үңілер болсақ, оның творчестволық ізденісінің, озат тәжірибені өндіріске кеңінен енгізуінің, агротехникалық шараларды мүлтіксіз жүзеге асырудың нәтижесі екенін аңғару қиын емес. Сәбиланың жыл өткен сайын көкөніс өнімдерін мол өндірудегі жемісті еңбегі әр кезде баспасөз беттерінде арнайы сөз болып, оның тәжірибесі кеңінен насихатталады. КПСС XXVІ съезіне жасаған Есепті баяндамасында Л.И.Брежнев жолдас: «Азық-түлік программасының негізі ауыл шаруашылығын одан әрі өркендету болып табылады»⃰ деп ауыл еңбеккерлерінің алда тұрған үлкен міндетін белгілеп берген болатын. Партиялық бұл нұсқау, биік талап Сәбила Мұхитованың бүкіл іс-тәжірибесінің, мақсат мәресінің алтын арқауына айналған.
КЕЛЕЛІ ІСКЕ – КЕҢ ӨРІС
Тарихтың қилы-қилы оқиғаларын бастан өткізген қазақ даласының бір қиырындағы Алмалы селосы Сәбиланың көз алдында көркейді. Алмалы – негізінен «Гурьев» көкөніс-сүт совхозының орталығы. Совхоздың шаңырақ көтергенінен жиырма жылдан сәл ғана асыпты. Оған дейін бұл маңда 5-6 үйлі Кондаурово ауылынан басқа ел жоқ болатын. 1960 жылы КПСС XXІ съезінің шешімдеріне орай Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің инициативасымен қала іргесіндегі «Сутягин бағы» қосалқы шаруашылығынан бөлініп, жаңадан «Гурьев» жеміс-жидек совхозының іргесі қаланды. Алмалы селосы осылай қоныс тепті. Алғашқы жылдары шаруашылық небәрі 1200 гектар жерді ғана игеріп, әр түрлі дақылдар екті. Алғаш жұмыс қолы жетіспей, адамдар Гурьев қаласынан келіп істеді. Біртіндеп совхоз орталығынан 2 пәтерлік тұрғын үйлер басқа да құрылыс қанат жая түсті. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас шаруашылыққа қоныс тебушілер көбейе бастады.
-Сол кезде совхозда небары 5 автомашина, 3 трактор болатын. Шаруашылық негізінен алма өсірумен шұғылданды. Ол кезде егістікті су таситын машинамен суаратын едік. Алғашқыда мұнда шағын ғана аралас дүкен, кітапхана, орысша-қазақша бастауыш мектеп қана болғаны әлі жадымда, - дейді совхоздың байырғы шоферлерінің бірі Жолдас Оразақов өткен күндерін еске алып. Совхоз территориялық жағынан Қайыршақты селолық Советіне ал әкімшілік жағынан тікелей Гурьев қалалық атқару комитетіне бағынып келді. 1965 жылдан бастап жаңадан Алмалы селолық Советі құрылып, совхоз енді Балықшы ауданының қарамағына енді. КПСС Орталық Комитетінің 1965 жылғы март Пленумының елімізде ауыл шаруашылығын күрт өрге бастырудағы маңызы зор болды. Пленум қаулысына орай республикамызда ауыл шаруашылық өндірісін маман-дандыру мен шоғырландыру кең көлемде іске аса бастады. Сол кезден бастап-ақ «Гурьев» совхозының территориялық аумағы өсіп, бұған дейін «Теңдік» совхозының бөлімшесі болып келген «Память Ильича» елді мекені енді осы шаруашылыққа берілді. Сөйтіп көкөніс-сүт өндіру бағытындағы шаруашылыққа айналды. Сонау алпысыншы жылдардың соңында «Гурьев» совхозының шаруашылығы біраз артта қалып келген еді. Ең алдымен төл алу жөніндегі жоспар орындалмай жүрді, осыдан келіп мал басының күрт өсуі күрт төмендеп кетті. Егіс көлемі де аз, оның өнімділігі де қазіргіден әлдеқайда төмен болды. Әр сиырдан сауылған сүт мөлшері де 1000 килограмнан аспайтын. Совхоздың жылдық табысының өзі 40 мың сом төңірегінде ғана болатын. Шаруашылық экономикасының өспеуі, бұл жолдағы ойсыраған олқылықтар жайлы әркім әрқилы саққа жүгіртіп, түрлі-түрлі себептер айтатын. Бірақ бәрі де дәл айтар жауап таба алмай, болмашы жерлердің төңірегінде шиырлады да қойды. Сайып келгенде, совхоз экономикасы көтеру, өз ауылларын дәулетіне сәулеті сай келісті селоға айналдыру мәселесі осындағы жеке жұмысшыдан бастап шаруашылықтың бас мамандарына дейін ойлантып, толғандырмай қоймайды. Тіпті бұл жайлы аудан көлемінде де келелі әңгімелер болып жатты. Ақыры бұл мәселе жөнінде совхоз еңбеккерлерінің бас қосқан үлкен жиынында арнайы сөз болып, талқыға салынды. Жиында маңдай алды малшы мен майталман механизатор, еңбегі елеулі егінші мен саңлақ деп танылған сауыншы бастаған біраз адамдар шығып сөйледі. Бәрі де таяу жылдарда қайткен күнде де совхоз шаруашылығын өркендетіп, дәулетін тасытуымыз керек деген сұраққа жауап іздеумен болды. Біреуі совхозды бірыңғай сүт өндіретін шаруашылыққа айналдырайық десе, екіншісі совхоз терри-ториясында жайылымдық, шабындық жерлер жоққа тән, күні ертең қолда бар малға азық таба алмай көршілерге алақан жайып, өзгелерге күлкі болғанша, бірыңғай егін өсіру бағытына көшкеніміз дұрыс деп қарсы дау айтады. Үшіншісі егіншілік деген осы екен деп көзге көрінген дақылды жерге себе берудің жөні жоқ, одан басыбайлы бір-екеуіне маманданып, тек соны өсіруге ғана бет бұрғанымыз жөн, ол түбінде шаруашылықты жеңіске жеткізіп, табысқа кенетуі мүмкін деген сөздер айтты. Жиналыстың алғашқы минуттарынан бастап сөйлеушілер пікіріне құлақ түріп, іштей тынып отырған Сәбиланың ойы сан тарам. Сан түрлі пікірлерді ой елегінен өткізсе, бәрінің де сөзінде жан бар сияқты. Ешкім әуелден өмірге дайын маман болып келмейді. Бәрі де үйрене, тәжірибе жинақтай келе қалыптасады. Дәл қазір Сәбила үшін егіншіліктен, Жер-ананы аялап, оның ырысын тасытудан артық мамандық та, құрмет те жоқ сияқты. Өйткені адамзат баласы аялы алақанымен жұмыр жер бетін жайқалтып,жасыл желекке бөледі. Ырысын тасытып, риясыз шаттығына кенелді. Оған бүгінгі ұрпақ та сыбағалы үлесін қосуы керек. Егін шаруашылығы совхоз үшін тиімсіз емес. Рас, жиналыста шығып сөйлеушілердің айтқанындай, егудің жөні осы екен деп дақыл атаулыны талғамсыз жалпылама еге берудің жөні жоқ. Жергілікті жағдай мен маманданған жақсы. Сондай-ақ сүт өндіруд арттыру керек дегенге де құлақ түруге болады. себебі шаруашылық әуел бастан-ақ қала мен облыс халқының азық-түлік жөніндегі сұранысын өтеу бағытында құрылған болатын. Осыған байланысты басты ерекшелікте осында.ендеше бұл салалардың қай-қайсыссы да тиімсіз емес. Әңгіме шаруашылықты негізгі бір салаға бейімдеп мамандандырып, шоғырландыру ісін қазіргі уақыт талабына орай жүргізу жайлы. Барлық күшті соған бағыттап, ұтымды ұйымдастыра білу керек: Шаруашылықтың бар күшін бір салаға жұмылдырып, соған мамандандырудың тиімділігін ол тәжірибесінен көріп жүр.Бірақ жекелеген санаулы мамандардың жетістігі бүкіл шаруашылыққа тұлға бола алмайды. Сондықтан барлық жұмыскердің еңбек өнімділігіне жетуіне, бүкіл жұмыстың тиімді, өнімді жүргізілуіне жету шарт. Сондай-ақ шаруашылықтың мұндай саласын белгілеуде еңбек өнімділігін арттыру үшін техниканы баптау, күту, озат тәжірибені күнделікті жұмысқа енгізу, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формасына көшу, ең бастысы, мамандардың ролі мен жауапкершілігінің артуына ерекше назар аудару керек. Ал мұндай жұмыстар жүзеге асса, қалғаны ұйымдастыру, басшылықтың дұрыс жолға қойылуы нәтижесінде өз жемісін беретіні сөзсіз. Бір кезде жиналысты басқарып отырған совхоз партия ұйымының секретары Т.Молдақұлов сөзді Сәбила Мұхитоваға берді. Аз да болса бетінде реніш табы бар ол етженді денесін ширақ қимылдатып, мінбеге көтерілді. -Бүгін біз, совхоз еңбеккерлері болып көптеген көкейде жүрген, бірақ шешуін таппай жүрген мәселені талқылап отырмыз. Әр жиналыс сайын «Малдың өсімі төмен, егін шықпайды, себеп не?» деп бірімізден біріміз сұраймыз. Егер малды талап деңгейінде күтпесе, қоңының көтеріліп, тұқымының асылдануына жағдай туғызбаса қайдан өседі. Уақытылы су беріліп, бапталмаса, балғын көк қайтып желбіреп, желкілдейді. Халық «Мал төлден өседі» демей ме. Ендеше оларға ыңғайлы, жылы орны болмаса төл қайдан өседі. Кезінде іріктеп, көктер кезінде көздің қарашығындай сақтап, күтіп-баптамаса егін қайдан мол өнім бере қойсын. Олай болса малшы, егінші, агроном бар бәрі-бәрінің іске жауапкершілігін арттыру керек. Қазір арнаулы білімі бар мамандарға зәру емеспіз. Бірақ сол мамандардың іске қабілетін, ұйымдастырушылық шеберлігін саралап отыруға селқоспыз. Ал әр маусым сайын болатын жиналыстарда олардың есебін тыңдап, еңбекті ұйымдастырудағы үлесіне жете үңілу, еңбегіне қарай нәтижесін сараптау деген бізде жоқ. Ал сұрауы жоқ істің ақыры немен тынатынын мына жұрт жақсы білсе керек. Меніңше бұл жағына ерекше ден қою керек сияқты. Олай дейтінім, қойымыз қоралас, ауылымыз аралас мына «Теңдік» совхозын көріңіздер. Табыстарымен төңіректі дүбірлетіп, талайлардың таңдайларын тақылдатып жатқанда біз көш соңында қалып қойып, кетпеніміз бен шелегімізді салдырлатып, ұяттан жер шұқып жүрміз. Әрине мұны кім қалай түсінетінін мен білмеймін, әйтсе де ол жеке бастың қамы үшін айтылып отырған сөз емес. Жалпы коллектив, шаруашылықтың келешегіне бола сөз болып отырған нәрсе. Әркім өз шыққан тауының биік болғанын қалайды. Менің ойым – өз шаруашылығымыздың алға шығуы, жарыстың жүлдегері атануы үшін күресу. «Теңдік» совхозын басып озбасақ та, үзеңгі қағыстырып,қалай да қатарға ілесу керек. Сондықтан да жұмыла кірісіп жұмысымызды түзету бәріміздің абыройлы борышымыз болғаны жөн,-деп Сәбила шешіле сөйледі. Бұдан әрі Сәбила манадан бері ойында жинақталған сүт өндіруге ерекше ықылас қойып, белгілі дақыл өсіруге мамандандыру жөніндегі ұсыныстарын жұрт алдына жайып салып, бұл жөнінде әріптестерін кеңірек пікірлесуге шақырды.
Шаруашылыққа шын жанашыр адамның сөзі осылай болуға тиіс.
-Мамандардың есебін тыңдау дегеннің жаны бар.
-Сәбила дұрыс айтады, бұны аяқсыз қалдырмау керек.
-Әсіресе соңғы пікірінің жаны бар,-деп жиналыста отырған көпшілік қолдай жөнелді. Совхоз еңбекшілерімен қатар жиналысқа қатысқан аудан басшылары да шаруашылықты мамандандырып, шоғырландырудың ерекшеліктері мен өзіндік пайдасы, оған партиямыз бен үкіметіміздің соңғы кездерде ерекше мән беріп отырғаны жөнінде жан-жақты айтты. Сонымен қатар оның жергілікті жағдайға байланысты кейбір ерекшеліктерін де еске салды. Бірақ бұл мәселе осы жиналыста нақтылы шешімін таппағаны анық. Мамандандыру мен шоғырландыру жөнінде жаңа мағлұмат алып отырған совхоз адамдары екі ұдай талас-тартыспен жиналысты аяқтап, үйлеріне тарасты. Дегенмен де, Сәбиланың орынды сөзі совхоз директоры, қабілетті маман Көшен Төлеубаевты қатты ойға қалдырды. Ол бұған дейін бірнеше шаруашылықта облыстық партия комитетінде қызмет істеп, ауыл шаруашылығының әр саласында ысылған тәжірибелі басшы болатын. Кейіннен Көшен Сәбиланың пікірін аудандық партия комитетінің бюросы мен облыс көлеміндегі бас қосқан жиындарда, тіпті облыстық партия комитетінде проблемалық мәселе ретінде келтіріп, ақыры осы бағытқа біржола бет бұрды. Махамбет ауданының шаруашылықтары бірте-бірте сүт өндірумен және егіншілікпен шұғылданатын мамандандырылған шаруашылықтарға айнала бастады. Бұрын аталмыш ауданда малдың, соның ішінде қой шаруашылығының үлес салмағы мол болды. Енді аудан өз ішінен Махамбет және Новобогат болып екіге бөлініп, Махамбет ауданы – бірыңғай егін өсіріп, сүт өндіруге бағытталды. Ауданның бұлайша ерекшеленуі оның Жайық өзені бойында орналасқан жекелеген шаруашылықтарының да өз ішінен белгілі бір салаға бейімделіп, ыңғайласуына мүмкіндік туғызды. Атап айтқанда «Ақ Жайық» - жергілікті жағдайға бейімделген егін тұқымын өсіріп, дайындайтын, «1 Май» - капуста өсірумен айналысатын, «Жалғансай» - картоп, Партияның XXІ съезі атындағы совхоз – бақша, жуа, «Теңдік» - қияр, «Гурьев» - помидор өсіруге, сонымен қатар барлық совхоздар да сүт өндіру бағытына мамандандырылды. Осы совхоздардың барлығы да өздерінің ішкі қажеттері үшін қосымша көкөніс, бақша өсіреді. Сәбила еңбек ететін «Гурьев» совхозы бірыңғай помидор өсіретін және біраз сауын гурты бар шаруашылыққа айналды. Бұл шаруашылықтың территориясындағы бұрын сортаңданып, игерілмей жатқан ен далаларға түрен түсіп, біртіндеп игеріле бастады. Совхоздың жаңа игерілген жерінің бір ерекшелігі – тез арада сортаңданып, осыдан келіп сол жерлерге шөп шықпай, шықса да ашқылтым түрлерінің көбірек өсетіндігі жиі байқалатын.оның үстіне ауа райының құрғақшылығы, судың тапшылығы да шаруашылықты жүйелі жүргізу ісіне көп кедергі келтіретін. Әрине мұндай жұмысты бірден мақсатты және түпкілікті жүргізу үшін мамандардың да, егіншілердің де мол тәжірибелі болуын қажет ететін. Осыны ескерген совхоз басшылары ұзақ жылдар бойы егінші болып істеген, кейіннен бригадирлік қызметке ауысқан Мардан Дүсіповты бірыңғай көкөніс өсіретін №3 егіс бригадасына бригадир етіп тағайындады. Ал Сәбила Мұхитова жетекшілік ететін звено болса, осы Мардан басқаратын бригаданың құрамында еді. Звено алғашқы күннен бастап-ақ озаттар тәжірибесіне иек артып, оны өз істерінде кеңінен қолдануды мақсат етті. Байлық көзі–жердің бабын табу, оның ақ терге айырбастар игілігін молырақ қармап қалу шаруа-шылықтағы әр егіншінің алдында тұрған негізгі мақсаттың бірі болды. Олар егістікті қарадүрсін, жүйесіз пайдалануға болмайтындығын, жердің берер байлығын игеру үшін оған неғұрлым дұрыс күтім керектігін жақсы түсінді. Совхоз территориясының жер қыртысындағы топырақтың құрамы бірдей емес, әркелкі. Көптеген аймақтың топырағындағы тұздар сулан-дырғанда жоғары көтеріліп, жер беті ақ шаңдақ сортаңға айналады. Ал мұндай жайдың болмауы үшін суармалы жерлерді мелиорациялау кезінде жердің тұзданып кетпеуіне назар аудару керек. Бұл шаруашылықтың жер жағдайының ерекшелігі аудан, облыс көлемінде талай рет әңгіме болды. Сол әңгімелерді түйіндей келгенде, жергілікті жағдай үшін ең қарапайым әдіс–минералдық және органикалық тыңайтқышты көбірек пайдалану керек екендігі анықталды. Ауыл шаруашылығының белгілі маманы, академик Д.Н.Прянишниковтың «Елімізде минералдық тыңайтқыштар қаншама көп өндірілгенмен ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыш заттардың ең бастыларының бірі болып саналатын – көң өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Мұны химияландырудың жоғары дәрежесіне жеткен елдердің тәжірибесі де көрсетіп отыр. Бұл жағдай көңді ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданудың дұрыс жүйесінің негізгі элементтерінің бірі деп санауға мәжбүр етеді», деген сөзі әрбір егіншіге ой салады. Облыстың мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының маманы, ғылым кандидаты Б.Түркіменбаев шақырылып, оның жергілікті жағдайда егістікте органикалық тыңайтқыштарды дайындау және паййдалану жөніндегі ақыл–кеңесі тыңдалды. Ол станцияда соңғы жылдарда органикалық тыңайтқышты енгізу арқылы егін өнімділігін арттырудағы озат тәжірибелері қақында егіншілерге мол мағлұмат берді. Соңында шаруашылықтың Сәбила бастаған Қиуа Жазықова, Сұлушаш Базарбаева, Зиға Қуанышева, Меруерт Омарова сияқты егіншілері станцияның тәжірибе участогінде болып, ғылымның саласындағы соңғы озық жетістіктерімен танысып, мамандардың түрлі ақыл – кеңестерін тыңдап, олармен бірге жүріп, танап құпияларын, соның ішінде шаруашылықтың мамандандырылуына орай көкөніс өсірудің сырларына қанықты. Негізгі іске кіріспес бұрын ең әуелі көкөніс дақылдарының агротехникасы жайында түсінік алу олардың бұған дейінгі танап жөніндегі жалпылама пайымдауларын тереңдетіп, тәжірибелерін молайта түсті. Бір қарағанда совхоз өткен уақыттарда негізінен алма, қала берді өздерінің ішкі қажеттері үшін ғана аз мөлшерде помидор,қарбыз, пияз өсірумен айналысқан. Ірі қара өсіруге байланысты жайылымдық, шабындық алқаптың жетіспеуіне байланысты жоңышқа, беде сияқты екпе шөптер өсірумен айналысатын шағын ғана шаруашылық болатын. Аудан мен шаруашылық мамандары, бригадирлер мен звено жетекшілері көкөніс егуге кірісер алдында диқандарды егістікке апарып, жер тегістеу, топырақ өңдеу, тыңайтқыштар енгізу мен көшет отырғызу тәсілдерін үйретіп, іс жүзінде көрсетіп берді. Алғашқы суару мен күтудің тәсілдері жөнінде сабақтар жүргізілді. Мұның өзі бұрыннан негізі бар істің тез арада жалғасын тауып, көптің кеңінен қолдауына әсер етті. Сөйтіп, диқандар арасында негізгі нысанаға сәйкес біраз тәжірибелер жинақтала бастады. Арада екі – үш өткенде бригада көкөністің әр гектарынан жоспардағы 300 центнердің орнына 400 центнерден өнім жинап, алғашқы табыстарымен қуанта бастады. Ал Сәбила сияқты саңлақтар бұл көрсеткішті 550 центнерге дейін жеткізді. Әрине ол бір кездері шаруашылығы артта қалып қойған, мемлекет алдында қарыздар совхоз үшін үлкен жетістік еді. Ақыры бұл көр-сеткіш қатарынан 4–5 жыл бойы бір деңгейде бірнеше рет қайталанды. Осы тұста КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің «Шаруашылықаралық кооперация және аграрлық-өнеркәсіптік интеграция негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандырып, шоғырландыруды одан әрі дамыту туралы» қаулысы шықты. Аталған қаулы шаруашылық жұмысын одан әрі дамытуға бұрынғыдан да көп ықпалын тигізді.партия нұсқауы коллектив арасында кеңінен талқыланып, басшылыққа алынды. Осыған сай әр бригадада, звенода перспективалық жоспар жасалынып, оның орындалуы әкімшілік тарапынан қатаң бақыланды. Көп кешікпей «Гурьев» совхозының егіншілері тағы да көш бастаушылар қатарына қосылып, аграрлық-өнеркәсіптік интеграция негізінде шаруашылықты мамандандыру мен шоғырландыру бағытындағы игі қадамдармен қуантты. Бірнеше дүркін аудандық, облыстық, республикалық социалистік жарыста табыс биігінен көрініп, жеңімпаз атанды. СССР Конституциясының бір жылдығы мерекесі құрметіне немесе 1978 жылы мемлекетке ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудың үш жылдық жоспары орындалып, Отан қоймасына 56.100 центнердің орнына 64.340 центнер көкөніс, 96.900 центнердің орнына 131.350 центнер бақша дақылдары тапсырылды. 1978 жылы жоспардан тыс 11.363 центнер көкөніс,19128 центнер бақша дақылдары тапсырылды. Шаруашылықтың мұндай жақсы табысқа ие болуына диқан Сәбила Мұхитованың жетекшілігіндегі звеноның да қосқан үлесі айтарлықтай еді. Звено мүшелері 13 гектар помидордың әр гектарынан 372 центнер, 24 гектар қарбыздың әр гектарынан 276 центнер өнім жинады. Ол кезде звено құрамында 26 егінші бар болатын. Олардың ішінде бойларында жастық жалыны алау атқан, күш – жігерге толы жас өрім қыздар мен жігіттер де, жасынан егістік алқабында дамылсыз еңбек етіп, табысқа жетудің талай кезеңінен өткен тәжірибелі диқандар да бар еді. Жастар болса, білсем, үйренсем деген ынта–ықылас жетегіне көбірек ілессе, ересектер танап сырын танып үлгермеген жас өрімдерге білмегендерін үйретуге, мамандық сырына баулуға, кез–келген қиын сәтте көмекке келуге әзір тұратын. Звено мүшелерінің осындай бір–біріне деген бауырмалдық, ынтымақтастығы коллективтің айтарлықтай беделге ие болуына негіз жасады. Ал коллектив жетекшісі–Сәбиланың өзі болса, үнемі еңбек үлгісімен көпшілікке өнеге көрсетіп, жарыстың алдыңғы шебінен көрініп отырды. Алғашқы жетістік, алғашқы табыс та қуанарлықтай болды. 1978 жылы олар сапа мен тиімділік бесжылдығының үшінші жылының тапсырмасын мерзімі-нен үш ай бұрын орындап, оныншы бесжылдықтың алғашқы үш жылында 561 центнер көкөніс, 19075 центнер бақша өнімдерін тапсырып, төрт жылдық жоспарды абыроймен орындап шықты.Сайып келгенде бұл тек шаруашылық көлемінде ғана емес, аудан, облыс бойынша жақсы көрсеткіш еді.
ҰСТАЗДЫҚ ҰЛАҒАТТЫ ІС
Сәбила әр буын әріптестерімен, жастарымен кездесу, сырласы, түрлі бас қосу сәттерін талай өткізді. Ондай сәтте табыс биігіне жетудің сырын білгісі келетін жұрттың сұрағында да шек жоқ. Сондайда Сәбила апай аузына сөз түспей, кәдімгідей қиналып, біраз кібіртіктейді. Әрине, рекордтық табысқа жетудің орны бөлек. Өйткені жетістік қиындықты жеңуге жұмсалған қыруар күш – қайраттың, ақыл – парасаттың жеңісі. Сондықтан ең алдымен еліміздегі егін шаруашылығының озық тәжірибелеріне үнемі құлақ түріп, жылт еткен жаңалық болса, оны көңілге түюге талпыну – әрбір жетелі маманның борышы саналады. Білмедім деп мойып, болмашыға масаттану еңбек адамына абырой әпермейді. Қашан болмасын ыждағаттылық, қиындыққа қынжылмай, алған беттен қайтпаушылық жеңіске жеткізеді–деп ағынан жарылады.– Әлі есімде, елуінші жылдардың басында құмды өңірден осы шаруашылыққа көшіп келіп, қолыма егіншінің кетпенін алғанымда қатты жүрексінген едім. Осы бір тауқыметі мол кәсіпті аз күнде меңгеріп кете алам ба, жоқ па, әлде әлдекімдердің күлкісіне қалам ба деген сияқты дүдәмал ойлар көңілді әлденеше толқытып, тұйыққа тіреді. Бірақ кейбір сәтсіздік пен уақытша қиындықтарға мойымай, қайта оған қажыр – қайратымды қарсы қоюым – жеңістерге жеткізе бастады. «Еңбек түбі – зейнет» деген емес пе, жылдар жылжып өткен сайын табыс та, тәжірибе де молайды. Қарапайым еңбегімді партия мен үкімет жоғары бағалап, омырауыма бірнеше орден, медаль қадады. Қазақ ССР – інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері құрметті атағына ие болдым. СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалін алдым, басқа да сый – құрметтер баршылық, - деп Сәбила әңгімесін сабақтай түседі. Бірде директор шақырып жатыр деген соң ол совхоз орталығына келді. Әдеттегідей,шаруашылық басшысы Сәбиланы жылы шыраймен күлімсіреп қарсы алды. -Сәбила апа, біраз жұмыс жөнінде ақылдасамыз ба деп шақырып едім, оған айып етпессіз. Биылғы дайындаған көкөнісіміз келесі жазға дейін жетпейтіндігін және жергілікті халықтың оған деген сұранысының мол екенін білесіз. Соған байланысты соңғы кезде көп жерлерде қыс кезеңінде теплицада көкөніс өндіруді ұлғайтуға бет бұрып отырғаны белгілі. Облыс, аудан, басқа да жердегі қоғамдық ұйымдармен ақылдаса отырып, бұл істі біз де жедел қолға алуды ойланғанбыз. Оның шет–жағасын естіп жатқан да шығарсыз. Шаруашылыққа шептік көмек беруші құрылыс басқармасының құрылысшылары көлемі 5 мың шаршы метрлік теплица салып берді. Анау ауылдың шет жағындағы бір–біріне тіркесе көз тартып тұрған еңселі құрылыс сол. Байырғы егіншілерді қозғамай, мектеп бітіруші жастардың тілегіне орай жаңадан «Көктем» егінші комсомол–жастар бригадасын құрған болатынбыз.оған жетекші етіп Талғар ауыл шаруашылығы техникумының түлегі Сұлтанов Валерийді тағайындадық. Қазір олар сол теплицада жұмыс істеп жатыр. Жаңа теплицаға алғашқы көшеттер де отырғызылды. Әзірге өсіп–өнуі жақсы сияқты, көңілге қуаныш ұялатады. Бірақ осы толқынның алғашқы қадамдарына сын көзбен қарап, біраз ақыл–кеңесіңізді берсеңіз деп ойлап едік. Қанша дегенме тәжірибенің аты тәжірибе, жастың аты жас қой. Оған қалай қарайсыз? – деп директор сөз соңында Сәбиланың өзіне сұраулы кейіппен қарады. Сәбила аз үнсіздіктен соң барып: «Ол дұрыс қой, өз басым теплицаға тұқым сеуіп, көшеттер дайындап алудан басқа ештеңе істеп көрген жоқпын. Бірақ оның пайдасы жөнінде талай диқаннан естіп, тіпті өнімнің дәмін де татып, теледидардан да көріп жүрміз. Бір кезде газет-журналдардың ленинградтық әріптесіміздің табысы жөнінде тамсана жазғанын да білемін, - деп сөзін жалғастырып кетті. – Бірақ менің ашық аспан астында жатқан егін емес, төрт қабырғаның ортасында теплицада көкөніс өндіруден тәжірибем жеткіліксіз, соған қиналып отырмын – ау. -Әрине, екеуінің өсу, пісіп жетілу технологиясында біраз өзгешелік бары анық. Дегенмен, жинақтаған тәжірибелеріңізді пайдалан отырып осы істі өзіңіз қолға алғаныңыз дұрыс болар еді. -Мен бұған дейін құлақпен естіп, көзбен көрмеген көкөніс өсірудің бұл тәсілінің ауданымызда, тіпті өз ортамызда қолдау тапқанына қуаныштымын. Өз білгеніңді өзгеге үйретуден артық не бақыт болушы еді. Несі бар, барсам барайын, қолымыздан келсе аяна қоймаспыз.
Ол осыны айтты да орнынан тұрды. Директор да орнынан тұрып сыртқа беттеді. Жол–жөнекей совхоз партия ұйымының секретары Камал Ізмұханбетовты да ілестіріп алды. Олар селоның күншығыс бетіндегі теплицаға жақындай түскенде маңдайшадағы қызыл матаға өрнектей жазылған «Мұнда «Көктем» комсомол – жастар бригадасы еңбек етеді» деген жазу анадайдан көз тартты.
Жастардың бұл жасампаздығына шынайы разы болған Сәбила кәдімгідей шаттанып:
-Осы жазудың өзі–ақ жастық жалын жаршысы емес пе?
Міне, бұл әдемі, керек – ақ нәрсе екен, - деді.
-Ол не дегеніңіз. Біз бүгін соларға сүйенеміз ғой. Әкелер мен ағалар
дәстүрін жалғастырушыларымыз да солар емес пе.
Олар осылай жолай әңгімелесе келіп теплица ішіне енді. Мұнда тыстағыдай шыңылтыр аяз емес, кәдімгі шілденің керімсал самалы соғып тұрғандай, жанға жайлы жылы екен. Үстін қалың шынымен қаптаған, аумағы тай шаптырым үй ішінде қияр мен шалқан, көк жуа сабақтары ырғалып тұр. Мұнда өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекше сән–салтанат бар сияқты. Әсіресе төртінші теплица іші көңілді – ақ. Шуақты жазда бой түзейтін помидор сабақ-тары жайқалып, жасана түседі. Жеңіл киінген екі қыздың бірі атыздарға су жіберсе, екіншісі кәдімгі электр желдеткішпен биологиялық тозаңдандыру жұмысын жүргізуде. Екеуінің де қимылдары ширақ, көңілді.
-Іске сәт, қыздарым.
-Сәлематсыз ба, Сәбила апа. Осы кезде жігіт те келіп үлгерді.
-Сәлем, апай. Қош келдіңіз. Біз сізді көптен күтіп жүр едік.
-Күтіп жүр едік деші,ендеше міне келіп те қалдық. Шырақтарым мына бас қосып, бригада құрып, жұрттың жазда шығара алмай жүрген көкөнісін көкшұнақ аязда өсірмек болған ниеттерің жақсы. Дұрыс, қуаныштымыз. Қадамдарыңа гүл бітсіннен басқа не айтамыз.
-Рахмет, апай, өзіңізге де табыс тілейміз.
Осыны айтты да ол жаңағы екі қызды таныстыра бастады.
-Нұрбиға Қосмағанбетова, Сәнім Жүндібаева деген қыздарымыз осылар. Екеуі де коммунист, селолық Советтің депутаттары, қанаты қатаймаған жас коллективтің нағыз жанашырлары деп осыларды айтуға болады. -Меніңше бұл қыздардың да егінші атанғандарына да 5–6 жыл болып қалған сияқты. Осының өзі біраз тәжірибе деген сөз емес пе. -Дұрыс айтасыз, алтыншы көктем де жақындап қалды–ау деймін.Қазір бұл екеуінің баптауында 400 шаршы метрдей помидор егісі бар. -Нұрбиға қалай, көшеттеріңнің түйнектері баданадай болыпты, тіпті алғашқы өнімді жинайтын кез де жақын – ау сірә. -Өсу барысы жаман емес. Таяу күндерде бірінші өнімді жерлестеріміз- дің дастарханына жеткізем бе деп отырмыз. Шамамен 20 центнерден өнім алынатын шығар.
-Күтімдеріңіз қалай болып жатыр. -Әр он күн сайын,-деді Сәнім әңгімені одан әрі жалғай түсіп – көшеттерге су құйып, топырақтарын ауыстырамыз. Арамшөптерден тазартып, құрамында азот, фосфор, калий элементтері бар минералды тыңайтқыш береміз. Бірақ қазіргі негізгі жұмысымыз тозаңдандыру болып отыр. Одан әрі орналасқан 2,3,5 теплицада 1200 шаршы метр жерге қияр себілген. Олардың алдыңғы екеуінде көшеттер бой көтеріп, гүлдеп келеді. Ал жақында ғана 600 килограмдай шалқан жиналған І теплицаға бұл күнде көк жуа егіліп жатыр екен. Бригадир жігіт осының бәрін тәптіштеп айта бастады. Бригадада 11 адам жұмыс істейді. Олардың ішінде А.Оразақова, Э.Жұмағалиева, Қ.Бекбаева, Ғ.Оразғалиева сияқты жастардың есімдері құрметпен аталды. Жас диқандар бұл жылы облыс еңбекшілері үшін 16900 килограмм қияр, 2200 килограмм шалқан, 2500 килограмм көк жуа өндіруді негізгі нысана тұтты. Былайша айтқанда олар қиярдың әрбір шаршы метрінен 20, көк жуадан 6, помидор 6 килограмнан өнім жинауды межеледі. Сондай-ақ өз совхоздары үшін 7 гектар, ал «Жалғансай» совхозына 1 гектар жерге арналған ерте көктейтін помидор көшеттерін даярлап беруге уәде берді. Бұл меже кәнігі егіншіні кәдімгідей ойланлырды. Іштей ризалық сезімде. «Сонда совхозымыз жергілікті тұрғындарды қысы–жазы көкөніспен қамтамасыз ететін болып отыр-ау. Бір кездегі аудан совхоздары алдына қойылған негізгі нысана да осы еді». Сәбила іштей риза болып, көңілді кейіппен жастарға қарады. -Қадамдарың жақсы екен. Алғашқы ізденістерің мені кәдімгідей қуантып тастады. Жастар жүрген жер осылай болуы керек. Меніңше енді аз күннен соң тек жерлестеріміз ғана емес, анау қала жұртшылығының өзі «Көктемнің» көкөнісін дүкендерден іздеп жүретін болады. ал сіздер үшін мұнан өткен еңбек қуанышы, мәртебе болмас–деп жастардың ілкі қадамдарына ізгі тілек білдірді. Содан соң ол ізбасарларына манадан бері теплицаны аралап жүргенде байқаған бірен–саран олқылықтарды ескертіп, оның орныны толықтырудың жай–күйлерін түсіндірді. Жақсы жақтарын мадақтап, көңілдерін көтерді. -Бірақ, - деді ол – бүгін сіздердің орталарыңызға келіп, жұмыс барысымен танысу барысында байқаған кейбір әттегенайларды да ескерте кетсем деймін. Алғашқы қадамның сәттілігі кім–кімді де қуанышқа, тың жеңістерге жігерлендіреді ғой. Естіп, байқап та жүрген шығарсыздар, мынау көрші «1 Май» совхозының егіншілері теплицадан жылма – жыл өнімді көп ала алмай, төменгі көрсеткіште келеді. Олардың табысқа жете алмауының себебі–күтімнің нашарлығынан емес, өйткені онда өмір бойы егіншілікпен күн кешіп келе жатқан Н.Г.Ургарчев деген диқан бар. Оның баптауындағы егіннің өнім бермеуі кездейсоқ. Негізі кемшілік–жылудың қалыпты деңгейде дұрыс берілмеуінен. Көшеттер екі–үш күн бойы салқын жерде сақталса, тіптен екі–үш сағаттық жылылықтың жоғалуы олардың үсіп кетуіне әкеліп соғады. Сондықтан температураның қалыпты 20–28 градус деңгейден төмендемеуін қатты қадағалау керек. Мұны айтып тұрған себебім, қияр алқабының анау шетіндегі көшеттердің жапырақтарында кішкене–кішкене ұншықтары пайда бола бастапты.оны бізде ақаяз дейді. Ал ақаяз тек қана температураның қалыпты деңгейде сақталмауынан болады. Мұның өзі топырақ температурасының 10–15 градусқа дейін төмендеуі, ақыры тамырдың шіріп, дақылдың басқа да ауруларға шалдығуына себеп болады.
Ол назарын енді бригадир жігітке аударып, әңгімесін одан әрі жалғастырды. -Валерий, мен мұны сен білмейді деп айтып тұрған жоқпын.Сен сауатты, арнаулы білімің бар мамансың, теориялық білімің де мол, сөйтсе де ескертіп жатқаным, қиярларыңыз гүлдеп қалған екен. Ал оған осы кезде қосымша тамыр беру үшін аздап күкірт шашу керек еді. Тағы да көң, топырақ төгудің де пайдасы зор.
Оның бұл ақыл–кеңестерін зер сала тыңдап тұрған бригадир жігіт: -Рахмет, апай, біз сізді тек жасы үлкен адам ретінде ғана емес, майталман диқан ретінде де сыйлаймыз. Бұл бір жақсы кездесу болды, кеңестеріңізге ризамыз, - деп жастар атынан алғыс сезім білдірді. Сәбила кейінгі ізбасарларының ерен қимылына риза болған беті тысқа беттеді. Осы кезде аяғын жедел басып келе жатқан мектеп директоры Кенжес Есмұқанов қарсы ұшырасты. -Сәлематсыз ба, апай. Хал жағдайыңыз жақсы ма. Сізді келіп жүр дегенді естіп, мұғалімдердің бәрі сабақта болғасын өзім жүгіріп келе жатқан бетім еді, - деп сәл кібіртіктеп қалды.
Оның бұл ыңғайын сезіп қалған Сәбила: -Өзің іздейтіндей жұмыс болса, несі айып, айта бер, мен тыңдап тұрмын, - деді әңгімені байсалдылыққа аударып. -Таяу күндерде мектепте жоғары класс оқушыларымен мамандық таңдау кешін өткізсек пе деген ойымыз бар еді. Соған еңбек ардагері ретінде өзіңіз қатысып, сөйлегеніңізді қалап отырмыз.
-Сонда мен не айтамын. -Апай, қызықсыз-ау, сіз не айтам деп қиналасыз ба, баяғыдан бергі тынымсыз еңбегіңіз, табысыңыздың сыры, әріптестеріңіз бар, ізбасарларыңыз бар, міне осының бәрі оқушылар үшін үлгі, өнеге емес пе. -Жоқ, оның бәрін тізбелеп жатсам, күнбе–күн теледидар көріп, газет–журналдағы жаңалықтарды үзбей оқып жүрген елгезек оқушыларды зеріктіріп алам ғой. Ендеше неғұрлым қысқа, діттеген жерден тиетін мәнді, тұжырымды сөз болғаны жөн емес пе. -Міне, міне, өзіңіз де біліп отырсыз. Асылы өзіңіздің еңбек жолыңыз туралы айтсаңыз, өте мәнді болар еді.
-Дәл солай депойлайсыз ба?
-Әрине.
-Ендеше мен кеңірек ойланайын, ойымды жинақтап, бір арнаға тоғыс- тырайын, - деп Сәбила кешке қатысуға келісімін берді... Көкшіл «Москвич» «Память Ильича» ауылына қарай заулап келеді. Рульде отырған жүзін даланың қоңыр самалы қақтап, қоңырқай тартқан қараторы жігіт көңілді. Қақ маңдайдан түскен адуын асанның күні мен жер бетін қымтай жапқан ақша қар сәулесі оның мөлдір қара көздерін тайсақтатып, ұялтатын сияқты. Тақтайдай таспа жол белден–бел асып, анау көз ұшындағы шағын ауылға барып тіреледі. Ақпанның осы бір сұлу көрінстері Рамазанды қызықтыра түсетін сияқты. Алдыңғы орында отырған Сәбила машина руліндегі інісіне жол бойы тіс жарып, ештеңе айта қойған жоқ. Өзімен–өзі, қалың ойдың тұңғиығына сүңгіп, кешке жастар алдында не айтатынын алдын–ала жұптап келеді. Иә ол ешқашан егінші болам деп ойлаған жоқ. Өйткені оның арғы–бергі атасында жер жыртып, егін салған ешкім жоқ еді. Есесіне сайын дала төсінде мыңғыртып мал өсіріп, шыңғыртып асау үйреткен шаруа семьясында туып – өсті. Балалықтың балені Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңіне дөп келді. Соғыс тауқыметі Сәбиланың да жүрегіне өшпестей жарақат ізін қалдырды, бұлардың да айрандай ұйыған бақытты шаңырағын оңдырмай шайқалтып кетті. Семья басы – Мұхит, оған қоса Захан, Шәмекен, Қален, Сиғуат атты төрт бірдей ағасы майданнан оралмады. Осындай ел басына туған ауыр күндердің қайғысын арқалап жүріп ер жетті. Туған ел мен жер үшін қан кешкен ерлердің орнын ойсыратпауға бар күш-жігерін бағыштаған ауыл еңбеккерлерінің қатарында ерен еңбекке қатысты, ерте есейді. Сол бір сұрапыл уақыттың ызғары оның жетінші кластан кластан соң оқуына мүмкіндік бермеді. Бар болғаны Гурьев қаласындағы мал дәрігерлік-санитарлық курсты аяқтады.бұдан соң Новобогаттағы 8 айлық фельдшерлік курсты оқыды. Ол еңбектегі алғашқы қадамын осылай бастады. Сөйтіп, біртіндеп туған ауылының барша шаруашылығына батыл да байыпты араласа бастады. Ал егіншілік кәсіпке мықтап ден қоюы–диқаншы жігіт Сәтпен тұрмыс құрып, өзінше отау тіккен кезінен басталды. Олар бір шаңыраққа тоғысқан тағдырларын, арман – үміттерін еңбектегі, ортақ кәсіптегі береке, бірлік, шынайы адамгершілік қатынас арқылы қуаттандыра білді. Бұлардың бойында өз мамандығына шексіз сүйіспеншілік пен майталман диқан болуға керемет құштарлық сезімі болды. Соның нәтижесінде Сәбилааз жылда алдыңғылар легіне қосылып, озаттар санатында есімі аталды. Табыс сыры–тек қана еңбекте, өз ісінің жауапкершілігін жіті түсіне білуде екенін өз өмірі арқылы ұғынды. Енді бір сәт оның есіне құрбысы «Казшвейпром» бірлестігінің Гурьевтегі тігін фабрикасының таңдаулы тігіншілерінің бірі, бесжылдық озаты Тәнзила Шымырбаеваның еңбек жолы түсті. Ол Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Есбол ауданының «Правда» совхозында сауыншы болып қызмет істеді. Сол кезде оның есімі жиналыс, мереке сайын аталмай қалмайтын. Сыйлық, бәйге болса соның атына жазылатын. Сонда бүкіл ауыл, аудан болып, жас қыздың үлгілі ісіне, еңбекқорлығына шаттана қол соғып, таңдай қағатын. Кейіннен ол қонысын қалаға аударып, сауыншы маман-дығын тігіншілікке ауыстырды. Мұнда да аз уақыттың ішінде ісмер тігінші болып шыға келді. Сол құрбысының еңбекпен етене ізгілікке толы өмірі Сәбилаға да өзіндік ықпалын тигізгені анық еді. Адамның жетелі азаматтай болып өсуі өскен ұясы мен өскен ортасының рухына, тағылым–тәрбиесіне көбірек тәуелді екенін жадынан бір сәт шығармайды, ізбасарларын, жас ұрпақты жақсы іске баулуды өзінің азаматтық борышы санайды. Ол жыл бойы көз алдынан өткізген өмір елестерін іштей саралап шықты. Содан соң ол негізгі әңгімені «Қай салада жұмыс істесең де оған бар жан – дүниеңмен беріле, сүйіп істеуің керек, сонда ғана еңбек бақытына кенелуге болады» деген тақырып төңірегіне шоғырландыруды мақсат тұтты. Бұл күндегі өзінің әріптесі, звено жетекшісі, бір кездегі шәкірті Сәуле Базарбаеваны мысалға келтірмек. Ол да осындай кездесуде өзінің жүрек жарды қалауымен мектеп бітіргесін туған ауылында қалып, егінші болғысы келетінін айтқан. Ол сол уәдесінде тұрды. Диқаншылық кәсіпті меңгерудің қыруар қиындығын басынан өткерді. Ми қайнатқан аптап ыстықта кетпенін иығына асып, ұзақты күні атыз жағалау әйел адамға оңай тисін бе. Қолдарының қары талып, алақаны ойылып, табаны жер бастырмай сыздаған сәттерін қалай ұмытсын. Болашаққа сенім мен үмітоны ылғи да ілгері жетеледі. Қазір ол совхоздың таңдаулы диқанының бірі. Өткен 1980 жылы ол күтіміндегі помидор алқабының әр гектарынан 300 центнердің орнына 500 центнерден өнім жинады. Бесжылдық тапсырмасын үш жыл 9 айда орындап шыққан Сәуле аудандық комсомол комитетінің мүшесі. Міне, бұл да жастар үшін үлгі боларлық жақсы мысал. Әріптес–шәкірттерінің осындай ерлікке толы еңбегін әңгімелесе өзінің де өмірге қосқан үлесі әр қырынан көрінбей ме. Ол орнынан баяу көтеріліп, тысқа бет алып еді. Кенет бір нәрсесін ұмытқан адамдай аз үнсіз тұрды да: «Мен теплицаға барайын. Рамазан сен жұмыс аяғына таман келіп мені алып кетерсің. Әйтпесе уәделі сағаттан кешігіп қалуым мүмкін», - деп інісіне ескерту жасады. Осы сәт Қайша әжей: «Әлгі кездесуіңе киер киімдеріңді реттеп кет, жұмыстан кеш оралсаң абдырап жүріп, тағы бірдеңелеріңді ұмытып кетерсің. Балалардың алдында жинақы жүрген жөн» деді. Анасының орынды ескертпесінен тосылып қалған Сәбилаа шифонердегі киімдеріне қолын созды. Алғашқы болып қолына өңіріне жарқыраған ордендер тағылған костюмі ілікті. Ондағы Октябрь Революциясы, «Құрмет Белгісі» ордендері мен В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіндегі «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі, СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалі және Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, жарыс жеңімпазының бірнеше белгілері костюм өңірін әрлендіріп тұр. Осы наградалар осынау қарапайым еңбек адамының ел игілігіне қосқан өлшеусіз үлесін, адамгершілік, азаматтық парасатын биіктендіріп, ірілендіріп, тұрғандай-тын. Аздан соң ол ауыл шетіндегі көшеттер дайындайтын жатаған теплицаларға қарай бет алды. Совхоз тәжірибесінде егін жинау жұмыстары октябрь айының аяғында түгелдей аяқталады. Бұдан әрі совхозда келесі жылдың мол егіні жолындағы әзірліктер басталады. Техниканы көктемгі дала жұмыстарына әзірлеу, тұқым дайындау, егіншілердің қысқы агротехникалық оқуларын ұйымдастыру декабрь айының соңғы күндеріне дейін жүргізіледі. Егіншілер бұл жұмыстардан қолы босаған кездерінде келесі көктемге ерте және кеш отырғызатын көшеттер дайындау үшін теплица әзірлейді. Сөйтіп олар январь айының екінші онкүндігіне шейін бұл жұмыстардың бәрін бітіреді де, көпшілігі кезекті еңбек демалысына кетеді. Ал теплицаға көшеттер отырғызу февраль айының басында басталады. Бұл кезде аумағы 500 шаршы етрлік бес теплицаға тым ерте, ерте, қалыпты, одан сәл кеш пісетін помидор түрлері егіле бастайды. Тұқым себу жұмысы дақылдардың пісу кезеңдеріне орай жүргізіледі. Мұның өзі өнімді белгілі бір жүйемен дер кезінде ысырапсыз жинаудың бір тиімді жолы. Ал ерте пісетін помидор көшеттерін отырғызу апрельдің үшінші онкүндігінде жүргізіледі. Бірақ бұл кезде ауа райының құбылмалы сәттерімен есептесуге болмайды. Кей жылдары көктем аяғы желге, жауын-шашынға айналып, күн күрт салқындап кетеді. Мұндай кезде көшет отырғызу тиімсіз. Кейде ауа райының алдап соғатын сәттері де бар. Сондықтан кәнігі егінші табиғаттың қатал сәттеріне қашанда өзіне–өзі алдын–ала әзір ұстайды. Шаруашылықта ерте пісетін помидор көшеттерін отырғызу кездейсоқ жағдай болмағанда апрельдің аяғында аяқталады. Кеш пісетін помидор көшеттерін отырғызу май айының 5–10-дарында басталады. Сондай-ақ көшеттер отырғызылатын қатарлардың бір–бірінен ара қашықтығы 15– 20 сантиметр болады. Бұл кезде алқаптар кәдімгідей шөптеліп, түптеледі. Мезгілінде су беріледі. Әсіресе атызды алғашқы суарудың орны бөлек. Сушы еңбегінің, оның іс-тәжірибесінің сарапқа түсер тұсы осы тұс. Өйткені әуелде топырақ суына қанбаған егін, кейін қанша баптағанмен ойдағыдай өнбейді. Сондықтан кәнігі сушылар егін суарудың мұндай ұрымтал сәттерін әсте қапы жібермейді. Олар жер бітімі ойлы–қырлы егіс алқабын суарған кезде судың ойпаңдау тұсына көлшіктене тұнып, қыраттау жерлерінің бетін шәйіп өте шықпауын қатты қадағалайды. Бұлардың басқа көшеттерді теплицада емес парниктерде өсіріп, дайындау әдісі тағы бар. Ал бұл әдіс шаруашылық тәжірибесіне соңғы жылдарда ғана еркін ене бастады. Аталған тәсіл бойынша көшет дайындау күн жылынып, тоң кеткен кезеңде қолға алынады. Көшет көң және топырақ төгіліп, өңделген арнаулы шұңқырда (совхоз тәжірибесінде ондай шұңқырлардың ені 1,5 метр, ұзындығы 10–15 метр, тереңдігі 1 метр) арасында 3–5 сантиметр қалдырылып жүргізіледі де, үсті жел, ызғар өтпей, тек күн сәулесі түсуі үшін полиэтилен ақ жабындылармен қапталады. Бұл кезде ол күтіліп, бапталады, су беріледі. Жоғарыдан түскен күн сәулесі жабынды астындағы өсімдікті қыздырып, буландырады, немесе оның тез өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Көшет құлақтан бастағанда әлгі полиэтилен жабындылардың етектері түріледі. Сол ашық іргеден жел жіберіледі, жалпы құлақша 3–4-ке жеткенде жабындылар бір мезгілде алынады. Міне, биыл да бұл жұмыс дәл уақытында басталып, жүйелі жүргізіліп жатқан.Сондықтан Сәбила осы бір баянды істің байыпты ырғағын бұзып алмау үшін звеносына қатысты барлық жұмысты сәт сайын бақылап, артық–кемін ылғи да алдын–ала саралап отырады. Әріптестерінің өз ісіне ықтияттылығы, ықыластылығы өзіне аян. Өйткені звено мүшелерінің дені байырғы егіншілер, тәжірибелі, іскер мамандар. Бірақ кейде салақсу, әлденеге асығып, абдырап жүріп, жұмысты шалағайлау істеу тәрізді ағат әрекеттер бларда да ептеп болса да бой көрсетіп қалатыны бар. Сонымен бірге қатарларына жаңадан қосылған жас қыздарға тек ақыл-кеңес қана емес, нақты іспен көмек көрсету керек. Бұл оның ұстаздық, әріптестік, әрі адамгершілік борышы. Сондықтан жұмысқа асығу, жастармен кездесу, өз әріптестерімен тәжірибе алмасу, сырласу сәттерін қолы қалт еткен бос уақытта ғана өткізу Сәбиланың ежелгі әдеті еді. Қыздар бәрі де орын-орындарында, күнделікті жұмысымен айналысуда. Біреулері топырақты қопсытса,екіншісі тегістейді, үшіншісі себілген тұқым дәндерді қарайды, жаңа көктеп келе жатқандарына қызыға қарап, төккен терінің зейнетін көргеніне көңілі толып,жұмсақ жымияды. Сәбила теплицаның жылу жүйесін тексерді. Бүкіл жұмыс процесін жіті байқап шықты. Ешқандай ақау іс аңдалған жоқ. Әріптестерінің тындырымды әрі тиянақты ісіне дән риза көңілмен қызу жұмысқа өзі де араласып кетті. Кешке қарай көк «Москвич» совхоз орталығына қарай бет түзеп бара жатты. Сәбиланы арман құшағында әлдилеп бейне өз өмірінің тағы бір тың биігіне алып ұшып бара жатқандай. Сәбила сан тарам ойының ұшығын ұстай алмай іштей толқып, тебіреніп келеді. Қарымды қиялы тым алысты кезеді. Сілкінген сезімі сәт сайын ширыға булығып, көңіліне нұр, жүрегіне жыр тұндырып тұрғандай. «Балалар менімен кездесуге асығып отырған болар. Талаптары тәуір, өсер елдің баласы осындай жаңалыққа құштар, ізгілікке жаны іңкәр келер. Жүзін күн сорып, жел қаққан еңбеккер, жетелі ұл, ибалы қыз тәрбиелеп отырған абзал ана өз үйлерінде де бар ғой. Демек олар менің жүзімді көруге емес, салиқалы сөзімді, салауатты ойымды естуге ынтығып отыр. Сонда оларға не айтсам екен? Біздің «Гурьев» совхозының егінші-механизаторлары облысымыздың барлық колхоз-совхоз егіншілері мен механизаторларына арнап биылғы 1980 жылғы көктемгі дала жұмыстарына ұйымшылдықпен кірісу, оны сапалы аяқтау жөнінде үндеу көтерді ғой. Онда көкөністің әр гектарынан 300, бақшадан 300 центнерден өнім жинап, мемлекетке 36000 мың центнер көкөніс, 45000 центнер бақша өнімдерін, алма бағының әр гектарынан 30 центнерден өнім жинауға серт байлап едік. Осы бір өзіміз келісіп, кеңесіп бүкіл совхоз еңбеккерлері атынан көтерген үндеуге нақты іспен жауап беру жолындағы тындырып отырған жұмыстарымыз жайлы әңгімелесем бе екен? Үндеу арқылы туған елге берген уәденің биік үдесінен көрінуге мүмкіндігіміз мол. Оған ілгеріден жинаған шаруашылықты басқару мен ұйымдастырудағы мол тәжірибеміз куә. Мәселен шаруашылығымыз Х бесжылдықтың басынан бері ростовтықтардың «Арамызда бір де бір артта қалушы болмасын» ұранына жемісті де жүйелі іспен жауап беруге ерекше ден қойып келеді. Осынау ортақ мақсатқа жұртшылықты ұйымдастырудағы совхоздағы қоғамдық ұйымдардың іскерлігіне неге жастарды тәнті етпеске. Жеке еңбеккерлер звено, бригадалар арасындағы социалистік жарыстың пәрменді жүргізілуі сол қоғамдық ұйымдар жұмысының зейнеті еді ғой. Соның нәтижесінде 1979 жылы совхозымыз мемлекетке 32109 центнер көкөніс өткізіп, ұйымшылдық пен іскерліктің тамаша үлгісін көрсеттік. Сол өткен жылғы ерлікке тән ерен еңбегімізге орай совхозымыз Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССР Министрлер Советінің, Кәсіподақтардың республикалық Советі мен Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл туымен наградталды. Осы бір келелі табысқа біздің звеноның қосқан қомақты үлесін де айта кетсем артық болмас, сірә. Оныншы бесжылдықтың төртінші жылында біздің звено егіншілері помидордың әр гектарынан 400, қарбыздың әр гектарынан 300 центнерден өнім жинады. Сөйтіп звено еңбеккерлері оныншы бесжылдыққа қабылданған міндеттемесін мерзімінен бұрын орындап шықты. Оқушыларға еңбекке өрілген өмірімнің осы бір өркенді тұстары туралы да толғағаным жөн шығар. Өйткені менімен бүгін кездескелі отырғандардың бәрі жастар ғой. Біздің қазіргі барлық игілікті ісімізді ілгері жетелейтін ерлік, өрлік рухымызды, тамаша дәстүрімізді болашақпен үндестіретін құдіретті күш солар емес пе? біз олардан ештеңені жасыруға қақымыз жоқ. Олардың адал жүрегі, сәбилік пәк ссезімі ағынан жарылып, шын сырды айтқанды қалайды. Сондықтан диқаншылық мамандықтың қызығымен, алдынан кезігер қыруар қиындықты да айтуым керек. Мәселен 1966 жылдың көктемінде апрельдің ортасына дейін жердің тоңы жібімей сіресіп жатып алды. Ақыры оның соңы күндіз-түні қара топырақ суырған үскірік желге ұласып, маужыраған май айының өзі әлем-тапырақ көк дауыл болып өте шықты. Бірақ диқандардың үнжұрғасы түскен жоқ. Өздерінің күш-қайратына, табиғаттың дүлей күшіне мойымайтын өжет те өр рухына сенді. Қылт еткен оңтайлы сәттерді қапысыз пайдалан білді. Соның арқасында өнім алудың межелі үдесінен көріндік. Сол жылғы табиғаттың өзі көлденең тартқан қиындықтарды жеңу жолындағы іс-әрекетіміздің өзі диқан еңбегінің қадір-қасиетін түсінуге жетіп жатыр».
Сәбила іштей осылай толғады.
ТӘЖІРИБЕ ТАҒЫЛЫМЫ
Наурыз айы. Қасиетті жер-ана ақ көрпесін сілкіп тастап, қайта түлеген шағы. Кеңсірік қытықтаған қоңыр самалда көк иісі бар. Осынау керім иіс тіршілік біткеннің тынысын күрт кеңейтіп, табиғатты ажарландырып тұрғандай еді. Әне алыстан мұнартып Бесікті тоғайы көрінеді. Ол да бұлықсып тұрған көктемнің жалқын алауына оранып, буалдырлана дірілдейді. Одан беріректе қоңыр қыратқа ендей қаптап мал шоғыры жатыр. Бір қарағанда осының бәрі табиғаттың керіп тастаған келісті суреті, әлде шымылдығын түріп тастаған сахна полотносы іспетті. Сәбила көктемнің осы бір керім көрінісіне сүйсіне қарады. Сонау көкжиекке сіңіп бара жатқан ақ үлпек бұлттың кесек сілеміне көз қиығын тастап ой толқынында тербелді. Көгілдір маусым көктемнің туған елге береке, ырыс, телегей-теңіз табыс сыйлауын тіледі. Қызығы мен қиындығы қауышқан диқаншылық еңбегінің ертеңгі қарбаласта ғанибетті кезеңін елестетті. Сәбила мінген машина ауылдың түстігіндегі егін алқабына бет түзеп келеді. Терезеден тысқа қарап үнсіз отырған Сәбила бір сәт шофер жігітке: «Оң қолыңа қарай бұрылшы, әуелі сол жақты байқап көрейік» - деді. Содан «Ауадан өткір ызғар үзілмей тұр.биылғы көктемнің ұзаққа созылатын түрі бар. Басы жайлы басталған қыстың аяғы қарлы, боранды болып келетіні қашанғы әдеті емес пе? Жер тоңының әлі көбесі сөгілмей сіресіп жатысы жақсылық-тың нышаны болса жарар еді», - деп айналаға барлай қарады. Машина межелі жерге жетті, жүзінде ой табы бар Сәбила машинадан ақырын ғана түсті де, алқапты аралап кетті. Жерге сүзіле қарап, жылжып келеді. Анда – санда қарақошқыл топырақты уыстап, мытып-мытып қояды. Кәдімгі кеберсіген қара қошқыл. Кәнігі егінші алақанындағы қара қошқыл топырақтан көп сыр түйіп тұрған тәрізді. Алау тұнған айналаға шаттана, шабыттана қарап, жымияды. Бұл оның жердің құнарлылығы мен ылғалдылығын, сапасын алдын – ала бажайлап, қадағалап тұрған шағы. Қардың көбесі сөгілісімен өзіне тиісті егіс алқабын аралап, жердің, топырақтың жай-күйін бағдарлап тұру оның ежелден қалыптасқан әдеті-тін.Ол іштей өз звеносының биылғы көктемгі дала жұмыстарына әзірлігінің барысы туралы ойлап, толғанып келеді. Рас, ылғал тоқтату биыл көңілдегідей өтті. Қар мол болды. Көктемгі жаңбыр да тәуір. Тыңайтқыш та егіс алқабына дер кезінде төгілді.звено құрамы негізінен бұрыннан істеп келе жатқан байырғы мамандар. Егістік алқап та бұрынғы. Өсіретін дақылды да көп өзгеріс жоқ. Тек жылдағыдан бір өзгешелік көкөніс егетін екі звено жаңадан тағы да 55 гектар жерге жоңышқа өсіруді жоспарлап отыр. Оның да өзіндік себебеі бар еді. Шаруашылық негізі-нен көкөніс егу және сүт өндіру бағытындағы совхоз болғандықтан мәдени дақылдармен қатар, мал азықтық жемшөп те дайындалу керек. Бұрынғы жылдары бұл жұмысты шаруашылықтың жеке бригадасы жүргізетін еді. Бірақ жалғыз бригаданың күші совхоз шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз етуге жетпеді. Өйткені жыл сайын совхозда ірі қара саны өсіп келеді. Мысалы, бесжылдық басында мұнда барлығы 492 сиыр болса, бұл күнде оның саны 557-ге жетіп отыр. Соған сай өндірілетін сүт көлемі де ұлғая түсуде. Оныншы бесжылдықтың соңғы жылында әрбір сауын сиырдан 2100 килограмм сүт сауылып, өнімнің майлылығын 3,8 процентке жеткізіп, мемлекетке әр сиырдан 4400 центнер сүт тапсыру міндеті тұр. Ал жаңа бесжылдықта бұл цифрлар аталған мөлшерден де өсетін болады. атап айтқанда ірі қара 600, сауын сиыр 400–ге жетпек. Сайып келгенде шаруашы-лықтың мұндай қомақты көрсеткішке қол жеткізу үшін ең алдымен жемшөптің берік қорын жасау керек. Шаруашылықтың бұл келелі ісін жүзеге асырудың алдына көлденең тұрар табиғи кедергілер көп-ақ. Мәселен, совхоз негізінен топырақтағы сортаң, тұзды өңірге орналасқан. Сондықтан мұнда шабындық алқаптар тіптен аз. Ал бар жерлерінің өзінен әр гектарға 2,5-3 центнерден артық өнім алынбайды. Бұл шаруашылықтың жылдық қажеттігі үшін 1500 тонна мал азығын тек қана табиғи шөптен жинап алу мүмкін еместігін дәлелдеп тұр. Демек, шаруашылықтың қоғамдық мал азығын табиғи шөптермен қатар, екпе дақылдар өсіру арқылы ғана жүзеге асыруы керек. Оған қолайлы жағдай бар, совхоз Жайық өзенінің жағасына орналасқан. Егер жайықтың суын тиімді пайдалан білсе совхозда сармалы егіншілікпен бірге екпешөптің көлемін де ұлғайта беруге әбден болады. шаруашылықтың мал санын арттырып, олардың өнімділігін өсіру жөніндегі болашаққа белгілеп отырған келелі әлеуметтік–экономикалық жоспарының негізі де осыдан келіп шығады. Мұның алғашқы баспалдақтары қазірдің өзінде жасалып та үлгерді. Өткен 1979 жылы совхоз егіншілері 90 гектар жерге екпе шөп ексе, 1980 жылы оның көлемін 260 гектарға жеткізіп отыор. Гектар көлемінің артуына сай, өнімділігі де өсе түсуде. Осының өзі болашақта қоғамдық мал азығын тек екпешөп есебінен ғана жинап алуға жағдай туатынын дәлелдейді. Есесіне шөп түсімі аз табиғи шабындық алқаптар жазғы сауын гурттарын ұйымдастыратын, не бойдақ сиырлар жаятын саяжай жерлерге айналды. Сайып келгенде оның өзі айтарлықтай дайындықты, мол тәжірибе жинақтап, озаттар өнегесін көбірек үйренуді талап етеді. Әрине, ол келешектің ісі. Қазіргі жұмыстар үлкен іске барар жолдағы игі талпыныстар ғана. Бұл ауыл шаруашылығынжан-жақты дамыту үшін қоғамдық малға қажетті жемшөптің сапасын жақсарту, қорын молайту туралы КПСС XXVІ съезінің шешімдерінде айтылған партиялық нұсқауды. Тапсырманы орындау жолындағы совхоз еңбеккерлерінің алғашқы құтты қадамы еді. Сәбиланың жадына анада совхоздың бас агрономы Мақсым Қисымовтың жоңышқа, оның экономикалық тиімділігі туралы айтқан әңгімелері оралды. -Апай, сіздің ілгеріде жоңышқа өсірумен де айналысып, одан кезінде тәуір өнім алғаныңызды біз жақсы білеміз. Жыл сайын өнікті өнім ала алмай келе жатқан осы дақылды өздеріңізге сеніп берудің де бір сыры осында жатыр. Сіздің звеноның совхоз еңбеккерлерінің сенімін ақтап, осы бір болашағы үлкен істің жаршысы, жанашыры болатынына күмәніміз жоқ – деген еді ол. Жоңышқа елімізде өте ертеден бері егіліп келе жатқан бұршақ тұқымдас көп жылдық шөп. Ғалымдардың айтуынша оның дүние жүзінде елуге тарта түрі бар көрінеді. Біздің елімізде соның 36 түрі өсіріледі. Өздерінің совхозында егілетін көк гүлді жоңышқаның өзіндік ерекшелігі, оны баптаудың, өсірудің агротехникалық тәсілдері Сәбилаға бұрыннан белгілі. Жоңышқаның бұл түрі суыққа төзімдірек келеді. Өйткені оның тамыры сабағынан бұрын өсіп, 7–10 снтиметр тереңдікке бой тасалайды. Басқа өсімдік сияқты жоңышқаның өнімі де жеріне, бабына көбірек тәуелді. Сондықтан жоңышқа өсіру ісін әуелі топырақты өңдеуден бастау керек. Әдетте қопсытылған топырақта ылғал мен ауа мол болады да оған қар, жауын сулары тез сіңеді. Ал мұндай жерлерде жеткілікті мөлшерде өсімдік қалдықтары, басқа да органикалық заттарды шірітетін микроорганизмдердің әрекеті күшейе түседі. Осыдан келіп өсімдікке қажетті дайын қоректік заттардың түзілу процесі артады. Топырақты жақсы өңдеудің тағы бір пайдалы жағы – жер қыртысын терең аудара жыртқанда арамшөп тұқымдары терең қабатқа түсіп, ауасыз кеңістікте шіриді. Сөйтіп жоңышқа тұқымы ешбір бөгетсіз, еркін өсуіне мүмкіндік туады. Сондай –ақ жоңышқа жер талғамайды, топырақтың барлық түріне бабы келсе өсе береді. Соған орай жоңышқаны тек мал азығы үшін ғана емес жерді тыңайту үшін егу тәжірибесі қалыптасып келеді. Себебі егілген жоңышқа жерді сортаңданудан сақтайды, әрі тамырындағы тыңайтқыштық бактериялар арқылы топырақтың құнарлы-лығын күшейтеді. Жоңышқа егісіне арналған алқапты құнрландырудың бұдан басқа да әдістері, өзіндік өзгешеліктер бар. Шаруашылық тәжірибесінде жоңышқа атызына март айындағы жерді алғашқы тырмалар алдында әр гектарға 2 центнерден аммиак селитрасы, нитрофос тыңайтқыштары және белгілі дәрежеде көң себіледі. Содан соң шатыраштап жүргізу әдісімен тырмалау іске асырылады. Мұның өзі топырақтың қыстағы ылғалды ұстауына, шашылған минералдық тыңайтқыштармен толықтай араласып қопсып, босауына әсер етеді. Әдетте қопсыған топырақт өсімдік тез өседі. Атызға екінші рет тыңайтқыш себу ісі жоңышқаның алғашқы орымы біткен бетте жүргізіледі. Бұл кезде де әр гектарға 1 – 1,5 центнерден минералдық тыңайтқыш берген дұрыс. Сондай-ақ үшінші орымның алғашқы суын берер алдында гектарына бір центнерден тыңайтқыш себіледі. Ал жоңышқа атызын суару жұмыстары күн жылуы топыраққа енді дари бастаған шақта 10 апрель кездерінде жүреді. Бұл өте өнімді, берекелі дақыл. Егер мейілінше тәуір баптай білсе жоңышқа жылына 3–4 рет өнім береді. Жоңышқа ылғалмен бірге күннің нұрын, ыстық ауаны да өте қажет етеді. Топырақтың жылуы, ауа жылылығы жеткіліксіз болған жағдайда жоңышқа тұқымының бөртіп жандануы күрт тежеліп, бойына сіңірген ылғалынан айырылып, өнуін кешеуілдетіп алады. Бұл құбылыс көбінше жері сортаң, топырағы дұрыс өңделмеген егіс атыздарында жиірек ұшырайды. Сәбилаға жоңышқа табиғаты, оны өсірудің осындай өзіндік әдіс-тәсілдері бұрыннан таныс. Сондықтан ол жұрт жүктеген бұл істің де ауыр жүгін біраз жерге жеткізе алатынына нық сенеді. Ол қолындағы туырылған қара топырақты үгіп тұрып, тұтас төңіректі байыппен барлап шықты. Содан серіктеріне бұрылып тіл қатты. -Топырақ дегдіп қалыпты. Енді санаулы күнде жер жыртуға кірісіп қалармыз. Бұл істі алдымен ауылдың іргесінен бастаған жөн. Байқауымша сол жақтың топырағы қазірдің өзінде кеберсіңкіреп қалыпты. Дегенмен әлі де бажайлап, әліптің артын баққан ғайыл болар. Ауа райын зерттейтін бюроның болжамына қарағанда жақында бұл аймақта күн күрт салқындауы мүмкін.
- Оныңыз дұрыс, әуелі ауа райының аңдысын аңдып тұра тұрған жөн шығар, ертелетеміз деп жүргенде бар ылғалды кептіріп алармыз, - деді Бұрыш Сәбиланың сөзін құптай түсіп.
Кейбіреулер жерді ерте тырмалап, тұқымды сепкенше асығады. Ол дұрыс емес, ерте себілген егіннің көктеуі ала-құла келеді. Ондайда тұқымды қайтадан себуге, сөйтіп артық терт төгіп, қыруар күш-қуатты зая етуге тура келеді. Мұндай жәйттерді Сәбила өз басынан талай өткерген, ондай көңілсіз көріністерге көбінше табиғаттың құйтұрқы құбылыстарын әлі танып үлгермеген аңғал, тәжірибесіз диқан шағында тап болған еді. Ал қазір ол табиғаттың қыр-сырына қаныққан, қиындыққа қарсы қояр өмірлік, егіншілік тәжірибесі мол кәнігі диқан. Ол отыз жылға жуық диқаншылық өмірінен көп нәрсе көрді, көкірегіне түйді. Осынау алау тұнған атырапқа өлшеусізтер төкті. Сол ерен еңбегінің төлеуіне лайық өнім алып, ел байлығына өзіндік үлесін қосты. Қауын, қарбыз, жуа, пияз, сәбіз, капуста, жүгері, жоңышқа бәрі-бәрін екті. Әр дақылды егу мен баптаудың өзіне ғана тән тәсілдеріне тәнті болды. Мысалы, жүгеріде жүргенде мынадай жәйді көп кездестірді. Сүттеніп келе жатып, күрт қамырланған жүгерінің дәні ерте іріленеді. Мұның өзі бір қарағанда диқан көңілін толғайтып, тоқмейілсітіп тастайды. Тәжірибесі аз жүгерішілер бұл көрініске масаттанып, қапы қалуы ықтимал. Мұндай алдамшы құбылысқа малданған жас егінші атызға су жіберу кезеңін өткізіп алады. Ал бойына су нәрі дер шағында жетпеген сүтті дән күн өткен сайын суалып, соли бастайды. Ақыры ол бастапқы қалпын жойып, ерте қурайды. Әрбір дақылдың көктеп-өну кезеңдерінде осындай алдамшы құбылыстар жиі кездеседі. Ал табиғаттың құйтұрқы мінезіне бағым жоқ. Сондықтан диқанға еңбекқорлық пен іскерлік жеткіліксіз, табиғаттың тілін, топырақтың, әрбір дақылдың қасиет-сырын жетік білетін алғыр, сезімтал, білгір болуға тиіс. Наурыз айының аяғында күн қатты суытты. Әуелі бірнеше күн бойы ызғарлы жел соғып топырақты кеберсітіп тастады. Бірде қар аралас жаңбыр жауып диқандар көңілін сәл қобалжытқандай болды. Дала мінезіне қанық еңбеккер қауым табиғатқа әлі де ұпайын ұттыра қоймағанын түсінді. Межелі мерзімнен екі аптадай кешеуілдеп егіс алқабына аттанған диқандар осы бір оңтайлы сәтті қапысыз пайдаланудың қажеттігін іштей ұғынды. Жалпақ жонды таспадай тіліп тракторлар шеруі жүр. Темір тұлпарларының ауыздығымен алысқанг аптал азаматтар трактор табанында жал-жал болып төңкеріле тулаған топырақ толқынға шабыттана, шаттана қарайды. Сәбила звеносы да жоңышқа атызындағы қызу еңбекке араласып кеткен. Сәбила жердің тегіс, бір деңгейде жыртылуын, тұқымның белгілі мөлшерде біркелкі себілуін қадағалап жүр. Өйткені қыр-жалы, ойыс-қиысы тегістелмей жыртылған, өңделген атыздың кезінде суару жұмыс тым ауырлап кетеитіні бар. Себебі ойлы-қырлы жерге су тегіс жайылмайды. Соның салдарынан егіннің өсуі де ала-құла болады. Сонымен бірге мұндай жердің топырағындағы тұзы бетіне сүзіліп шығып, тез сортаңданады. Әдетте топырақтың сортаңдануы–бір жерге бір дақылды үзіліссіз еге берудің әсерінен де болады. Мұндайда топырақ құрамындағы құнар азайып, тоза бастайды. Егістік жерді ондай құбылыстан құтқарудың ең тиімді амалы – ауыспалы егіс екенін тәжірибе дәлелдеп отыр. Мысалы, көрші Новобогат ауданының «Новобогат» совхозында мынадай әдіс бар. Қатарынан 4–5 жыл жоңышқа өсірілген жерге екі-үш жыл судан шөбін немесе тары, арпа егіп, топырақты тыңайтып алады. Соның нәтижесінде бұр шаруашылық егістік жердің сортаңданып кету қаупінен бүтіндей құтылады. Сәбила жоңышқа егудің тек мал азығы үшін ғана емес, жер-ананың табиғи құнарлылық қасиетін баяғы баз қалпында сақтауға қажет екенін әлгіндей тәжірибеден біледі. Содан болар ол осынау жоңышқа егіп жатқан алаптан ертеңгі өнер сан түрлі көкөністің көгілдір теңізін көргендей сезінеді. Дегенмен көңілін бір секемшіл сезімі алабұрттыра беретін тәрізді. Жоңышқа өсірудің, күтудің кейбір қарапайым тәсілдерінің өзіне тосырқап қалған тәрізді. Оның үстіне биылғы ауа райы да тым жайсыз. Соның салдарынан жоңышқаға берілетін алғашқы су мезгілінен екі апта кешікті. Бұл кезде Сәбила звеносының төл дақылы–көкөністі отыр-ғызу ісінің де кезегі келген еді. Бұрынғы жылдары звенода ерте пісетін помидор көшеттерін далаға отырғызу 20 апрельден қалмай қолға алынып, 12 – 15 күнде аяқталып үлгеретін еді. Ал 1979 жылғы көктемгі суық пен өкпек желдің әсерінен бұл жұмыс та мезгілінен анағұрлым кеш жоңышқаның аяғын ала, май айының басында жүргізілді. Сәбила таңмен таласа тұрып, үйреншікті әдетіне орай жұмысқа жұрттан бұрын барды. Түндегі соққан дауылдың суық ызғары жақында ғана отырғызылған көкөніс көшеттерін әбден рәсуа етіпті. Айналасына жіті үңілген сайын көңілі құлазып, жүрегі сыздайды. Әне, енді ғана құлақтанып, бой көтере бастаған көкөніс жапырақшалары бүрісіп, солып қалған. Қыс бойы теплицада өсіріп, ет жақын баласындай аялап баптаған көкөнісі бір-ақ сәттеқұрып бара жатса қалай күйінбесін. Құмға сіңген судай із-дүзсіз жоғалған есіл еңбекке қалай іші күйінбесін. Сәбиланың жүзі күреңітіп тұр. Көшет отырғызуды әлі де болса кешеуілдете тұрмағанына өкінді. Май айының мамыржай көрінісіне малданып, қапы қалғанына ызаланды. Табиғаттың дүлей күшіне, тосын құбылыстарына – күн ілгері әзірленбеудің кәнігі диқан үшін орны толмас өкініш екеніне тағы бір куә болды. Сәбила өз звеносындағы әріптестеріне бүгінгі қауырт жұмыстың мән-жайын түсіндірді. Содан оларды екіге бөліп, кімнің қандай жұмыс істейтіндіктерін белгіледі. Аздан соң егіс даласында қызу жұмыс басталып кетті. Сәт,Хиуа, Зиға бастаған топ суықтан үсіп, құлап қалған көкті жұлып жатса, Қайша, Бұрыш, Сәулелер теплицадағы көшеттерді әкеліп, үсіген көшеттердің орнына отырғызып жүр. Бәрінің де қимылдары ширақ, қолдары епті. Бәрі де өз ісіне шабытты кіріскен. Табиғаттың түндегі кездейсоқ құбылысы оларды бұрынғыдан бетер ширықтырып, уақыт салмағын әдеттегіден молырақ, жете сезіндіре түскен сияқты. Күн ұясына батар алдында бұлар өз жұмыстарын аяқтап, ауылға бет алды. Алқаптағы суық ұрған көшеттердің бәрі де алынып, жас, балауса көшет-термен алмастырылды. Бұл жұмыста звено мүшелерінің бәрі де өз ісіне жауапкершілікпен ықыластылық байқатты. Олар ортақ іске, ел игілігіне жана-шырлық сезімінің жарқын нышанын епті де ыждағатты әрекеттер арқылы тілсіз түсіндіріп тұрғандай еді. Бұл көрініс Сәбиланың табиғаттың оқыс қылығына ренішті сезімін кілт серпілтіп, көкірегіндегі болашақтың сыйлар мол игілігіне сенім мен үміт отын үрлей түскендей әсер етті. Әсіресе жас коммунист Сәуле Базарбаеваның әр қимылы көңіліне қуаныш үйіргендей. Қашан болсын ұстаз шәкіртімен бақытты. Кім болсын өзінің қандай биікке көтерілгендігін, өмірге қосқан үлесін кейінгі ізбасарларының жарқын іс, жақсы қасиеті арқылы шамалайды ғой. Сәбиланың алдынан мектептен түлеп ұшқан талай толқын жастар өтті. Олардың дені ұстаз үмітін ақтап, туған шаруашылығына тұлға боларлық білікті диқандар санатына қосылды. Сол әр толқын шәкірттерін көргенде, олардың жақсы істеріне куә болғанда Сәбиланың мерейі өсіп, бір жасап қалатыны бар. Ол бүгінде өз звеносындағы әріптес-шәкірттерінің жалпы жұмысынан сондай бір тамаша әсер алды. Жастарды еңбекке баулып, өмірге үйрету ісінен Сәбиланың өзіндік тәжірибесі бар. Ол шәкірттеріне құрғақ ақыл айтуға әсте әуес емес. Ол қазіргі уақыттың талабы жалаң үгітті қажет етпейтінін жақсы біледі. Сондықтан ол өз тәрбиесіне алған жастарға нақты іспен әсер етуге талпынады. Шәкірттеріне тек жарқын мінез, жақсы қасиетімен көрініп, оларды қауымдық ортақ іске ыстық ықыласымен, ықтияттылығымен баурайды. Әдетте диқан үшін жылдың төрт маусымы бірдей қарбалас та ғанибетті іске толы. Егіс даласынан өнім жиналып болысымен келесі жылдың мол егісі жолындағы жұмыстар қауырт басталады. Август,сентябрь айларында алдағы жылдың егістігіне арналған сүдігер көтеріліп, дала төсінде тракторлар шеру тартады. Себебі көктемгі жыртылған жерге қарағанда күзде сүдігер көтерілген жерде ылғал 1,5 есе мол болады. Сүдігер көтеруді ерте жүргізудің тағы бір пайдасы – арамшөптің шығуын тежеп, көктемгі егіс жұмыстарының аяқталу мерзімін қысқарта түседі. Бұл әр күні жылға азық болатын көктем маусымын тиімді пайдаланудың өте ұғымды тәсілі. Егістен ойдағыдай өнім алуға сүдігерді дер кезінде жырту, көңілдегідей ылғал жабу жеткіліксіз. Жердің дарқан ырзығын молырақ қармау үшін егілетін, отырғызылатын дақылдар тұқымы сапалы болуы қажет. «Не ексең – соны орасың», болмаса «Жаман тұқымнан жақсы өнім күтпе» деген халқымыздың нақыл сөздері тегін айтылмаған ғой. КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Л.И.Брежнев жолдас КПСС XXVІ съезіне жасаған Есепті баяндамасында селекция мен тұқым шаруашылығын өркендетуге ерекше назар аудара келіп: «Мамандардың бағалауы бойынша бүгінгі күн талабына сай жақсы ұйымдастырылған тұқым шаруашылығы егіннің шығымдылығын кем дегенде 20 процент арттыра алады. Ал мұның өзі–қосымша ондаған миллион тонна астық және басқа да ауыл шаруашылық өнімдері» деген бола-тын. Партия нұсқауын «Гурьев» совхозының мамандары, Сәбила звеносының диқандары өздерінің егіншілік жұмыстарының алтын арқауы тұтқан. Совхоз негізінен көкөніс, бақша өсірумен шұғылданатын шаруашылық болғандықтан мұнда әр дақыл тұқымының аудандастырылған, өсімтал болуына ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен Сәбила басқаратын звенода помидор көбірек өсіріледі. Жалпы облыс көлемінде помидордың «колхоздық 34» сорттары аудандастырылған. Бұл помидордың тұқымдық жемісін апрель айының аяғы мен майдың басында отырғызылған көшеттерден алады. Мұндай тұқымдық помидор көшеттерін өсіргенде теплицаны әзірлеуге және теплицалық қоспаларды дайындауға ерекше назар аударылады. Парниктерде отырғызылғанда помидор қалдықтарының араласып кетпеуі қадағаланып, ескі маттардың формалинмен өңделуі, теплицалар мен парниктердің хлорлы әкпен дезинфекциялануы қадағаланады. Себілген дәндердің көктеп, алғашқы құлақша жапырақтары білінгенде-ақ әрқайсысының аралығын 8Х8 сантиметр етіп бөлектеп, әр қорапқа 250-300 түп өсімдіктен отырғызылады. Ал далаға тігілетін көшеттер сол қораптағылардың ішінен іріктеп алынады. Бақша өсімдіктері айқас тозаңданатындар тобына жатады. Сондықтан тұқым шаруашылығында сорттардың араласып кетпеуі үшін әр тұқым түрінің ара қашықтығын ашық топырақта мың, ал жабық топырақта 800 метрден жақын орналастырмау ескеріледі. Вегетативтік өсу дәуірі кезінде дақылды бірнеше рет сорттық тазартудан өткізу жақсы нәтиже беріп жүр. Әдетте алғашқы сорттық тазарту бүр жару алдында жүргізіледі. Олардың вегетативтік органдарына қарап, жапырақшаларының пішіні мен түсіне, сабақтарының өсуіне орай бұл сортқа тән емес өскіндері жұлынып тасталады. Алекінші тазарту дақылдың түйнек беру кезінде жүреді. Мұнда да осы сортқа сәйкестенбейтін, пішіні, түсі өзге белгілерден тазартылады. Үшінші тазарту түйнектің жетілер шағында жүргізіледі. Сайып келгенде, бақша дақылдары өнімінің биологиялық пісіп-жетілуі қалыпты бір мезгілде аяқталмайды. Мысалы, негізгі сабағында, тамырға жақын жерде өскен өнім (жеміс) ерте пісіп,жетіледі. Оның көлемі қалыпты, дені ірі және салмақты болып келеді. Сондықтан көбейтуге осындай сапалы өнімдердің дәні алынады. Совхозда пияздың шалқан тәріздес түрі өсіріледі. Осыған сай оның қараталдық, каба, октябрь сорттары аудандастырылған. Шаруашылық тәжірибесінде тұқымдық пияз егу ерте көктемде жүргізіледі. Ал дер шағынан 5–10 күн кешігіп отырғызылған пияздың түсімі әр гектарға 30–40 центнерге дейін кемиді. Тұқымнан өсірілген пиязды қысқа мерзімде екі рет–алғашқысын жапырақтар, дәлірек айтса, сабақтар ілкі көріне бастаған кезде аралықтарын 2–3 сантиметр, екіншісін 3–4 жапырақ шыққан кезде аралықтарын 5–7 санти-метр қашықтықта сиретіп отырғызады. Пісіп жетілген тұқымдық пиязды жинау кәдімгідей, қарапайым әдіспен жүргізіледі де дестеге салынады. Мұнан әрі ол әбден пісіп,жетілуі және жел қағып, кебуі үшін бір аптаға жуық далада қалдырылады. Кейіннен мойын жағын қалдырып, тамыры мен сабағын кеседі. Сақталатын пиязға зақымданбайтын әбден піскен түрі таңдалып алынады да, 1–6 градус жылылықтағы ылғалдылығы 60–80 проценттен аспайтын арнаулы қораптағы қабат қалыңдығы 20–30 сантиметр мөлшердегі сөрелерде жинастырылады. Тұқымдық пиязды отырғызар шақта оларды зақымданып,бүлінген, өспей қалған кішкене түрлерінен бөлектеп алып, түйнектің шырынды қабығын пышақпен 0,5 сантиметр тереңдікте тіледі. Өйткені мұндай жағдайда пияздың сабақтары тез өседі де тұқымның өнімділігі гектарына 1–1,5 центнерге дейін көбейеді. Әдетте бұл жұмыстар тұқымды отырғызудан 2–3 күн бұрын жүргізіледі. Осы орайда тұқымдық пияз неғұрлым ірі болса оның өнімінің де солғұрлым мол болатындығын ескерген дұрыс. Тұқымдық пияз трактормен жүргізілетін бороздада 70Х70 сантиметр, қолмен 4–5 сантиметр тереңдікте отырғызылады. Совхоз егіншілерінің тәжірибесінде бұл іс көктемгі дала жұмыстарының бастапқы кезінде, яғни 5–10 апрель аралығында жүргізіледі. Мұның өзі пияз сабақтары қылтиып көрінген кезде олардың тамыр жүйесінің де тұтас, қалыптасып кетуіне жағдай жасайды. Танаптан мол өнім алудың тағы бір маңызды шарты–егістікке тыңайт-қыштар енгізу екені белгілі. Әр гектарға себілетін минералды тыңайтқышты 5 центнерден 10–15 центнерге дейін арттырғанда егістіктің гектар берекесі 111 центнерден 233 центнерге дейін артатыны тәжірибе дәлелдеп отыр. Тыңайтқыш пайдаланудың осы өндірістік тәжірибесі көкөніс дақылдарының түсімін елеулі түрде арттыруға да игі ықпал жасап келеді. Мысалы, «Гурьев» совхозының диқандары помидор алқабының 10 гектар жеріне 30 тонна көң, үш кезеңде 1,1 тонна минералдық тыңайтқыш себу арқылы гектарына 52 центнерден өнім алып жүр. Совхозда күзде көтерілген сүдігердің әр гектарына 2–2,5 центнер мөлшерінде нитрофос тыңайтқышы енгізіледі. Ал жаз айларында әр гектар егістік жер 1,5–2 центнер аммиак селитрасымен, нитрофос тыңайтқышымен үстеп қоректендіріледі. Егістікті минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру атызды төртінші рет суарудан кейін іске асырылады. Ал селитраның пайдасы өсімдіктің бойын, сабағын өсіреді. Бірақ мөлшерден оны артық берсе, күйдіріп жібереді. Нитрофос түйнек беру, жерді жұмсартуға пайдалы. Қатар аралығы сиретіліп болысымен минералдық тыңайтқыш енгізу, топырақты қопсыту, түбін түптеу жұмыстары басталады. Қарбызды да, помидорды д ең кем дегенде екі реттен түптеу жақсы нәтиже береді. Өйткені қай дақыл болмасын, әсіресе помидор тазалықты ұнатады. Оның бірқалыпты өсіп, жетілуі үшін топырақты терең қопсытып отыру пайдалы. Топырақ неғұрлым терең қопсытылса, ылғал солғұрлым мол сақталып, сабағы мен жапырақтарының тез өсіп кетуіне жағдай туады. Мұндай да арамшөптің жетілуі күрт тежеледі. -«Егіннің жаны - су». Шынында қандай дақыл болсын бір күн кенезесі кеуіп шөлдесе өңі өзгеріп, жапырақ-сабағы күлгін тартып, тіршілігін тым әлсіретіп алатынын бәріміз көріп жүрміз. Демек көкөністің көңілдегідей өсіп, толуы суару ісіне де тәуелді. Әуелгі қылтия өнген кезінен бастап ылғалды өте көп керек етеді. Шөлі қанбаған алқаптағы көкөніс тамырына күрт түсіп, әп-сәтте қурап кетеді. Сол сияқты көкөніс пісер кезде ылғалдың шамадан тыс көп болуы да өнім сапасын кемітеді. Мұндай жағдайда көбіне-көп олардың сабақтары жапырыла құлап, жемістері жарылып кетеді. Суарудың тұтас маусымға қажетті мөлшері көкөніс түрлеріне қарай әр гектарға 3600-ден 4800 текше метр деңгейінде болады. Кейінгі жылдары көп шаруашылықтарда көкөніс дақылдарын жаңбыр-латқыш агрегаттардың көмегімен суару тәсілі бел ала бастады. Сондай–ақ егістікке борозда арқылы су беру әдісі де кең қолданылып жүр. Мамандар мен ғалымдардың тәжірибесіне қарағанда бұл әдіспен суарылғанда көлдетіп суарылғандығы сияқты жер беті қабыршақтанбайды, әрі су және ауа алмасу процесі жақсарып, топырақ қыртысының құрылымы бұзылмай бір қалыпты сақталады. Әйтсе де бұл әдіспен суарылған топырақ ылғалды бірқалыпты ұстай алмайды және оның еңбек өнімділігі де онша жоғары болмайды. Себебі бұл тәсіл бойынша жер тегіс болған жағдайда әр сушы күніне бір гектар жерді ғана суара алатындығы дәлелденген. Сөйтіп мұндай әдіспен суару кезінде еңбек көп жұмсалады, өнімнің өзіндік құны артады, әрі су ысырабы көбірек болады. бұған қарағанда егістікті жаңбырлатқыш арқылы суару әлдеқайда тиімді. Бірақ, егін суарудың осы бір озық әрі жаңа әдісі тек «Гурьев» совхозына емес, бүкіл аудан шаруашылығына еркін сіңісіп кете алмай жүр. Сәбила егістікті суарудың мұндай ерекшеліктеріне, тәсілдеріне өз тәжірибесі арқылы қаныққан. Ол егінді түнде, кешкі салқында суарудың тиімділігіне әріптестерінің назарын іспен аударып отырады. Ылғалдың мол болуы арамшөптердің тез қаулап өсуіне жағдай жасайды. Ал оларды жойып, құртып отыру, топырақты қопсыту көп диқанның тәжірибесінде егістікті суарудан кейін ізінше жүргізіледі. Бірақ ол орасан зор қол күшін, еңбекті қажет етеді. Сондықтан Сәбила арамшөп тұқымын қылтиып көктесімен түрлі агротехникалық тәсілмен жойып жіберу ісіне ерекше күш салады. Егістік жерді культивациялаудың ең үздік тәжірибелерінде өз ісіне батыл да байыпты енгізеді. Әрбір жүйектің қатар аралықтарын культивациялау кезінде 6 сантиметрге шейін қауіпсіздік аймағы қалдырылады. Бұл кезде қырқу құралының барынша өткір болуы ескеріледі. Арамшөп тамырымен қоса тұқылданып қырқылады. Қарбыз агротехникалық ережелерге сәйкес көктеп шыққаннан жинап алғанға дейінгі кезеңде 12–13 рет, помидордың ерте пісетіні 10–12, ал кеш пісетіндері 16–18 рет су ішеді. Әдетте помидор жылылыққа бейім. Сондықтан 30–35 градусқа жететін аптап ыстықта помидордың атызын суға әбден қандыру керек. Бұл жағдайда ол қандай ыстық болсын еркін төзетін болып, қаулайды. Сәбила осындай тыңғылықты іс, тиянақты еңбегінің зейнетін көріп жүр. Ол бір кездері помидордың әр гектарынан 300 центнердің орнына ұдайы 580–650 центнерден өнім алып жүрді. Бұл облыстың орта көрсеткішінен 398,1– 468,1 центнерге артық. Сайып келгенде мұндай елеулі жеңіске қол жеткізудің сырын оның іскерлігі мен еңбекқорлығынан, өз мамандығына ыстық ықыласынан іздеген жөн. Егіншінің осындай бір–біріне жалғасқан қауырт жұмыстарының соңы күз маусымына келіп тіреледі. Ал күз дегеніміз береке маусымы, егіншінің маңдай терімен суарылып, бар зейін-зердесімен шығарылған алтын өнімнің Отан қоймасына, замандастар дастарханына жететін, ерінбей жұмсалған ерен еңбектің жемісі таразыға тартылатын шағы. Диқан атаулы бұл шақта жастық-қа басын, төсекке жамбасын тигізбейді. Соның ішінде көкөніс өсірушілер үшін әр күн, әр сағат қымбат. Мезгілінен бір–екі күн асып жиналған өнімнің сапасы да төмен. Сондықтан оны тез арада жинап, қабылдау пункттеріне жіберіп үлгеру керек. Бірақ кейбір жағдайларда қыруар еңбекпен жиналған қымбат өнімді өткізуді ұйымдастыруда әттеген-айлар кездесіп қалады. Соңғы 5–6 жыл төңірегінде егіс басында қабылдау пункттері жұмыс істеп, арнаулы автотаразы қондырылды. Бұл бұрынғыға қарағанда уақыттың рәсуә болмауына өнімді сапалы күйінде өткізуге көп көмегін тигізді. Бірақ сауда және автомобиль шаруашылықтарының, темір жол бөлімшесінің алдын-ала жасалған келісім шарт талаптарын орындамауының кесірінен бұл совхоздың мемлекетке өткізетін көкөніс өнімінің сапасы төмендеп кетті. Әсіресе, жәшіктер мен автомашиналардың жетіспеуі, вагондардың дер кезінде болмауы көкөніс өнімінің межелі жеріне жетпей бұзылуына әсер етіп отыр. Мұндай жай жылма-жыл қайталанып, ол жайлы тиісті орындар әңгіме қозғап жатады. Бірақ ол әлі күнге нақты шешімін таба алмай келе жатқан проблема күйінде қалып отыр. Капуста, қияр, помидор сияқты әр кезде пісетін көкөніс дақылдарының өнімін жинау – еңбекті өте көп керек ететін өте қауырт істің бірі. Бірқатар совхоздарда бұл жұмысты жеңілдету үшін тракторға тіркелген ТТП-12 платформаларын пайдаланады. Мамандардың есебі бойынша бұл әдіс тек помидор жинаудың өзіне қолданғанда ғана 15 мың адам-күн қол еңбегін қысқартып, 40 мың сомнан астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді екен. Бірақ, өнім жинаудың осы тиімді тәсілі шаруашылықта әлі күнге дейін кең қолдау таппай келеді. Сондай–ақ түйнекті пияз жинауға арналған УЛШ-2 М, пияз тазалайтын ЛНС-6 және СЛС 7,0 машиналары да совхоз маман-жетекшілерінің ықыласынан әлі ығысып келеді. Аудандық партия комитетінің бір пленумында Сәбила аупартком мүшесі ретінде көкөніс шаруашылығын өркендетудің осындай кейбір пробле-малық мәселелері жөнінде көкейтесті ойларын ортаға салған бар. Соңғы екі жылда өзі жұмыс істейтін «Гурьев» совхозының егіншілері помидор көшеттерін полиэтилен пленкасы астында өсіруді тәжірибеге енгізді. Көкөніс егілген жердің көлемі жыл сайын өсіп келеді. Июнь айының екінші жартысы-нан бастап мұндай алқаптар гектарына 530 центнерден сапалы өнім бере бастады. Әрине, бұл әдіспен көкөніс өсірудің өзіндік қиындығы да жеткілікті. Әуелі материал, адам күші, еңбек шығыны біраз керек-ақ. Әйтсе де оны да жеңілдетіп, қиындықтарды жеңуге болатындығын Сәбила нақты іспен көрсетіп келеді.
ҰЙЫМШЫЛДЫҚ – ІСКЕРЛІК
Күн ұясынан шыққан шақ. Күннің алтын алауы айналаны әппақ нұрға тұндырып тұрған. Атыраптың қымтай жамылған жасыл желегі де күн алауын жұтып ажарлана түскен. Шөпке тұнған мөлдір шық та күмістей жылтырап, үзіліп түсердей дір-дір етеді. Сайрағыш құстардың көмейінен төгілген сан әуенді саз да осы өңірді ерекше әрлендіріп, жандандырып жібергендей. Әне, қоңыр самал есіп тұр. Таңмен таласа тұрып, егістікке келген диқандардың кеңсірігін етене таныс сүйкімді дән иісі кеулеп барады. Содан болар бәрінің де сезімінде серпін, қимылдарында ерекше екпін бар. Әне, дала қосы жанына сүттей ақ «Волга» келіп, тізгін тартты.Совхоз ди-ректоры Көшен Төлеубаев,партия ұйымының секретары Камал Ізмұханбетов және бригадир Мардан Дүсіпов екен. Егіншілер шаруашылық басшыларының осынша ертелетіп жүруінің сырын түйсініп тұр. Кеше аудан көлемінде алғаш рет осы совхозда, Сәбиланың звеносында биылғы жылдың алғашқы көкөнісін жинау басталды. Көктемнің жайсыз, ауа райының құбыл-малы болуына қарамастан бұл звеноның алғашқы өнімі тәуір еді.Сол қолда бар өнімді дер кезінде жинап алу ісін ұйымдастыру үшін маман-басшылар егіс алаңында бас қосып, диқандармен келісіп, кеңесіп жоспар үшін келген болатын. Совхоз директоры Көшен Төлеубаев Сәбила бастаған диқандармен қол алысып амандасты. Ол осы Жайық бойында туып, өсіп, егінмен көз ашқан білікті маман. Осыдан екі-үш жыл бұрын аудан совхоздары тәжірибесінен «Аграрлық-өнеркәсіп кооперация жағдайында көкөніс, бақша және картоп өндірудің экономикалық тиімділігі» деген тақырыпта экономика ғылымының кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғаған. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген экономисі атағы тағы бар. Оның совхоз директоры болғанына да он үш жылға таяу уақыт болды. Оған совхоздағы егінші, механизатор, малшы тәрізді барлық еңбеккердің жай-күйі жақсы таныс. Олардың бәрін жарқын мінез, жақсы қасиетімен еліте, еліктіре біледі. -Өнім жинауды бастар кеттіңіздер ме?–деді директор әңгімені одан әрі өрбітіп. Ал өнім қалай? Меже деңгейінен күні бұрын көрінуге мүмкіндік бар ма? – деп директор негізгі ойын нақтылай түсті. Бұл сұрақ дәл қазір осында жиналғандардың бәрінің де басында тұр еді. -Өнімнің жаппай жинайтын кезі әлі алда. Әзірге теріп жүргендеріміз ілкі қызарғандары ғана. Кеше бригада бойынша 200 килограмм помидор жинадық. Егер осы қарқынды күннен-күнге үдете түссек шамалы күнде жай пісетін помидорларға да жалғасып, күш алып кетерміз, - деді Сәуле. -Қосалқы көмекті жұмыс қызған кезде жібереміз. Әзірге бұл жұмысты қанша күнде бітіруге мүмкіндік бар деп ойлайсыздар? Жиналғандар үнсіз қалды. Өйткені бұған дейінгі кезеңде егіншілер «барынша тез, сапалы аяқтаймыз» деп ұрандағанмен «бәлен күнде бітіреміз» деп уәде байласпайтын. Егіншілерді бұл тұйықтан құтқарған Сәбила болды. -Бұрынғы тәжірибеге қарағанда 70 күнде бітіріп кетуге болатын шығар, - деді ол. Жұрт иықтарынан ауыр жүк түскендей дабырласып кетті.
-Бәріңіз де осылай ойлайсыздар ма? -Біздің диқандардың іске ынтасы қашан да бөлек қой. Оның үстіне өзіміз көтерген үндеу де бізді қамшылай түскендей – деп Мардан диқандар атынан өзі жауап берді. -Олай болса, бұл уәде болсын. Жолдастар, биыл салқын жылдағыдан анағұрлым ерте түседі деген болжам бар. Ауа райының қазіргі құбылысы да соны аңғартып тұр ғой. Ендеше бәріміздің бұрынғыдан да ширақ қимылдар кезіміз келді – деп директор егіншілерге дем бере сөйледі.
- Оныңыз дұрыс.Біз енді жинаған көкөністеріміздің бір түйірін бүлдірмей, сабағынан үзген бетте арнаулы сақтайтын орынға жеткізу жағын жіті ойластырғанымыз жөн болар.Ол үшін көкөніс салатын ыдысты көбейтіп,сауда орындары машиналарының дер кезінде қатынап тұруын ұйымдастыру керек, жиналған өнім атызда бір күн де түнемеуі шарт. Егер өнімді тиісті, қолайлы жерге уағында жеткізе алмасақ қаншама еңбектің зая кететінін ұмытпаған жөн–деп Мардан әріптестерінің бәріне ортақ тілектің төбесін көрсетті.
Бұл ұсыныстар директорды ойландырып тастады. Осындай келеңсіз жайлардың жыл сайын қайталанып келе жатқандығы рас. Өз шаруашылығын-да транспорт жетіспейді. Мұндай мұқтаждықтан құтқару үшін науқан басталғанда облыстық және аудандық партия комитеттері түрлі кәсіпорындармен келісе отырып, бұларға көмекке белгілі мерзімге өлшеулі автомашиналар жіберткізеді. Бірақ, ондай белгіленген техника совхозға дер кезінде дерліктей келмейді, көп сылтауды желеу етіп кешеуілдей береді. Осыдан келеді де өнімді жинау мен тасудың арасында алшақтық туады. Ақыры ол көкөністің сапасын жоғалтып, рәсуә болуына апарып соғады. Директор әңгімені мұнан әрі созғысы келмеді. – Жарайды ол жағын ойластырармыз – деді. Қос басында өткен әңгіменің түйіні осы болды. Диқан қауымы әр күн, әр сағатты тиімді пайдаланып, Отанды мол табыстармен қуантуға тағы бір тың серпіліс жасады.
Бригадир Мардан Сәбиланың звеносына қарай аяңдады. -Тағы бір жақсы бастамаға жаршы болдық – деп Сәбила Марданға сұраулы көзбен қарады. -«Көз – қорқақ, қол - батыр». Қазіргі қарқынымызға қарағанда межелі жерге болдырмай-ақ жетіп қалармыз. -Дұрыс айтасың, мұндай бастамалардың істің қарқынды жүргізілуіне үлкен әсері барын өз тәжірибемізден талай көрмеп пе едік.
- Айтпақшы, совхоз орталығында қарбыз бен алмадан шырын жасайтын, помидордан томат дайындайтын цех салынады деген хабар естідіңіз бе? – деп Мардан әңгіме тақырыбын тың арнаға бұрды.
-Сен әлі күнге одан хабарсыз ба едің?
-Әуелде анық-қанығы белгісіздеу,ұзын құлақ әңгімеден естігенім бар еді.
-Ендеше бұл шындық. Жаңағыларға қоса ол помидор, капуста тұздап, құтылайтын үлкен цех болады.
-Сонда ол қашан қолға алынбақ?
-Келесі бесжылдықтың үлесіне тиеді.
-Игілікті нышан екен. Онда жақсы болар еді. Бұрынғыдай сапасын төмендеткен көкөністі далаға тастамай, әйтеуір қылтия шыққанның бәрін игілікке жаратуға мүмкіндік туар еді. Егер бұл іс жүзеге аса қалса өздерінен шырын цехын ашқан көрші «Орал» совхозының бағбандары сияқты бізде жұртшылықтың көл-көсір алғысына кенелер едік. Кешке қарай егіншілер өз жұмыстарын аяқтап, дала қосына жинала бастады. Бұл кезде кітапханашы Қибат Жұмағалиева «Молниясын»шығарып, көрнекті жерге КПСС Орталыық Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Л.И.Брежнев жолдастың «Қазір егін алқабында жүргендерге оңай соқпайды. Олар көбінесе күндіз де, түнде де жұмыс істейді. Ауа райы да еркінсітіп тұрған жоқ. Солай бола тұрса да адам-дар жанқиярлықпен, жан-тәнімен ерлерше еңбек етуде» деген сөзін көркемдеп жазып іліп қойған болатын. Л.И.Брежнев жолдастың 1976 жылы 3 сентябрь күні Алматыда өткен Қазақстан партия, шаруашылық активі кеңесінде айтқан бұл сөзі егіншілер өмірін, ерлік, өрлік рухын дәл бейнелеп тұр.
-Бүгінгі күннің әңгімесі емес пе?
-Соны айтсаңшы, кәдімгі өзімізге арналып айтылып отырғандай.
Бұл тиімділік пен сапа бесжылдығының соңғы жылының егінін жинау жолындағы қарбалас қимыл еді. «Гурьев» совхозының №3 егін бригадасында егін орағы осылай ұйымшылдықпен, жемісті басталған болатын. Сәбиланы ауа райының биылғы күрт өзгерісі қатты толқытып жүрген. Бұрынғы жылдары бұл мезгілде күн шуақтанып, бүкіл тіршілікке төтенше қуат беріп тұрушы еді. Табиғаттың мейірімінен әлі де күдерін үзе қойған жоқ. Бірақ алдағы күндерден күтер үмітіне тоқмейілсіп, малданып жүргенде қапы қалмасына кім кепіл. Табиғаттың алдамшы құбылыстарының зардаптарын басынан талай өткерді емес пе? Әттең көкөністің пісуі де тым кешеуілдеп кетті. Әйтпесе бұл ісін межелеген мерзімнен ерте аяқтауға күш-қайраты, ынта-ықыласы әбден жетіп тұр. Дегенмен адамдардың шамасынан да тыс күштер болады-ау. Мұндайда не істеуге болар екен. Қандай айла-шара ойлап таппақ. Әлде уақыттың үкіміне бас шұлғып, әліптің артын бағып жүре бермекпіз бе? Жоқ, қазіргі заман талабы ондай рухани әлсіздікті көтермейді. Қазір батыл қимылдың, байыптылықтың, тапқырлықтың, жасампаздықтың заманы. Ендеше өнімнің бір түйірін де жерге қалдырмай жинап алудың бір айласын неге таппасқа. Түйнектері қызарған, пісуге таяғанөнімдерді тез арада жинап алған дұрыс. Әрине,аз уақытта аяқтауды тілейтін бұл қауырт жұмысқа егіншілермен, совхоз орталығындағы 15–20 механизатордың күші жетпейді. Қаладағы шефіміз – Гурьев медицина училищесі шәкірттері мен педагогика институты студенттерінің көмегін жедел ұйымдастырған жөн. Сонда ғана бұл іс белгілі бір жүйеге түсер.
Ол бұл ойын әуелі өз ішінен сан рет қайталап, сана елегінен өткізді. Сәбила ертеңінде совхоз директорының кабинетінен бір-ақ шықты. Науқанның қызған шағында оның тектен-тек жүрмегенін іштей сезген шаруашылық басшысы әуелгі есен-саулықтан соң әңгімені төтеден қойды.
-Құлағым сізде, айта беріңіз. -Күннің уақыт өткен сайын салқындап, қолайсыз «мінез» танытып отырғанын өзіңіз де білесіз. Мақсымның кешегі хабарына қарағанда күн енді жылымайтын сыңайы бар. Ал егер осы бағытпен жүре берсе, күні бүгінгі пісіп, әзір тұрған өнімнің өзінен айрылып қалуымыз ғажап емес. Сондықтан мұндай қолайсыздыққа ұшырамас үшін қазіргі піскендерін, пісу деңгейіне жетіп қалған өнімді тұтастай жинап алғанымыз жақсы, - деп ойын бір түйіп, оны қалай ұйымдастыру жайлы, кімдерден көмек сұрайтындығы жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Директор Сәбиланың ұсынысын қуана құптады. Озат диқанның ортақ іске шын жанашырлық сезімін бейнелейтін орынды пікірі совхоздағы қоғамдық ұйымдар тарапынан да қызу қолдау тапты. Сол күні ауданға, облысқа қайта-қайта телефондар соғылды. Сауда орындарының көкөніс салатын ыдыстармен жабдықтап тұруы, автомашиналардың дер уақытында егін даласына келуі, қосымша адам күші көптеп, кідіріссіз жіберілуі талап етілді. Олар бұл ұсынысқа қарсылық білдірген жоқ, барлық істі бірден ұйымдастыра бастады. Ертеңінде егіс даласында қайтадан қызу еңбек күш алды. Егіншілер таң бозарып атқаннан күн батқанға дейін танаптан оралмады. Тау–тау көкөніс тиеген машиналар әлсін–әлі қаладағы сауда мекемелеріне бет алып, қатынастарын жиілете түсті. Сөйтіп алғашқы қырау түсіп үлгергенше совхоз егіншілері 1980 жылы мемлекетке 19988 центнер көкөніс, 18150 центнер бақша өнімдерін тапсырды. Сөйтіп оныншы бесжылдық жоспарын, совхоз көкөністен 108, бақшадан 112,8 процент артығымен орындап шықты. Ал мал азығын әзірлеу 150 процентке жетіп, межедегіден анағұрлым асып түсті. Шаруашылықтың мұндай табысқа ие болуына жекелеген егіншілердің қосқан үлесі айтарлықтай. Бұл жолы да социалистік жарыс көшін Сәбила Мұхитова бастады. Үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы орденді Меруерт Омарова мен Қызданай Ароновалар да өздерінің қомақты табыстарымен көзге түсті. Ал ең жас егінші Сәуле Базарбаев әр гектардан 610 центнерден помидор жинап, ауданның «Озат егіншісі» атағын жеңіп алды.
ҰЛЫ БЕЛЕСКЕ ҰМТЫЛЫС
Совхоздағы ашық партия жиналысы әдеттегіден ұзаққа созылды. Келелі мәселені қозғағандықтан ба, әлде көңілде жүрген көп ойды дәл басқандықтан ба, әйтеуір бұл жиналыста коммунистер, еңбеккерлер ерекше белсенділік көрсетті. Жиналыс «КПСС ХХVІ съезінің талаптарына сай өндіріс тиімділігін одан әрі арттыру және өнім сапасын жақсарту жөніндегі міндеттер туралы» деген тақырыпқа арналған болатын. Бұл жөнінде әуелі совхоз партия ұйымының секретары К.Ізмұхамбетов баяндама жасады. -КПСС ХХVІ съезі, - деді ол өз баяндамасында–дүние жүзінде бейбіт-шілікті сақтаудың айқын программасын жасап берді. Бүкіл совет халқы партиямыз бен үкіметіміздің бейбітшілік жолындағы осындай белсенді жұмы-сын қызу қуаттап, оның жүзеге асуына екпінді еңбегңмен үлес қосады. Съезде өндіріс тиімділігін арттыру басты міндеттердің бірі екендігі тағы да атап көрсетілді. Бұл күндері еліміздің қай жеріне барсаңыз да осы міндетті, яғни КПСС ХХVІ съезінің тарихи шешімдерін жүзеге асыру жолындағы соны серпін мен қызу қимылды айқын аңғаруға болады. Партияның ұлы форумының шешімдері басқа жердегі сияқты біздің шаруашылықтың әрбір егіншісінің, бақташысы мен сауыншысының, өндірістің алдыңғы легінде келе жатқан барша коммунисінің көкөейіне келелі із қалдырды. Еңбек ресурстарын ұтымды да ұқыпты пайдалану, резервтердің көзін іздеп тауып, оның тиімділігін арттыру, шығынды мейлінше аз жұмсап, өнімді барынша көп өндіру жөнінде ұшан–теңіз ой салды. Он бірінші бесжылдықтың тапсырма-ларын ойдағыдай орындаудың басты бағыттарын белгілеп берді. Қазір шаруа-шылықтағы әрбір еңбеккер, жұмысшының ойы, ақылы, қабілеті мен білімі, шеберлігі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, әріптестері мен коллектив жинақтаған тәжірибені мейлінше ұтымды пайдаланудың жолдарын сарапқа салу және егжей-тегжейлі есептеу арқылы өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапа-сын жақсартуға жұмсалуда. Совхоз партия ұйымының секретары ұйымда партия съезі шешімдерін кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлініп отырған-дығы, бұл жолда 4 цехтық партия ұйымы, онда 30 үгітші, 15 саяси хабарлама-шы, 29 «Білім» қоғамының мүшесі, 9 лектор, 5 атеист-лектор барлығы, олар-дың әртүрлі тақырыпта жұмыс істеуге мамандандырылғандығы, теориялық бір, КПСС тарихын оқытатын 2, ауыл шаруашылық экономикасын оқытып, үйретуге арналған 2 семинар, 2 коммунистік еңбек мектебі, 4 саяси комсомол-жастар мектебі тұрақты жұмыс істейтіндігіне ерекше назар аударды. Мұнан әрі ол коллективтің партия форумын лайықты тартулармен қарсы алу жолында«КПСС ХХVІ съезіне–26 екпінді апта!»деген ұранмен еңбек етке-нін айта келіп, көсеміміз В.И.Лениннің туғанына 110 жыл толу құрметіне 34, ал Қазақ ССР-і мен Қазақстан Компартиясының 60 жылдығы құрметіне тағы да 18 егінші, 19 механизатор, 1 сауыншы, 1 құрылысшының бесжылдық жос-парын орындағандықтарын еске түсірді. Аталған кезең жоспарын орындау-дағы бұдан да басқа оңды қадамдар мен игі ізденістер кеңінен аталып өтілді. Баяндама бойынша шығып сөйлеушілер әңгіме арқауын жиналыс тақырыбы төңірегінде өрбітіп, өз ойларын ортаға салды. Мысалы, совхоздың Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденді тракторшысы Зейнолла Қисамеденов өткен 1980 жылы егіннен көздегеннен де жоғары өнім алуға мүмкіндігі болғандығы, бірақ көктемгі дала жұмыстары кезінде тракторлардың жиі бұзылып, қол бөгеу жасағандығы, танапқа судың кідіріссіз берілмеуі, жаңбырлатқыш агрегаттардың толық қуатында пайдаланылмай отырғандығы жөнінде айтса, цехтық партия ұйымының секретары Х.Дәулетов ұйымдастыру жұмысының төмендігі, ішкі резервтердің дұрыс пайдаланылмай отырғандығы, ол үшін орта буын кадрлардың жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті. Бұл алқалы жиында байырғы коммунист, шаруашылықтағы еңбек арда-герлерінің бірі Сәбила да жұрт көкейіндегі орнықты ой-пікірді дөп басты. -Өткен жолдарымызға көз жіберіп, саралау, сол арқылы болашаққа жаңа меже белгілеу, - деді ол өз сөзінде–қашанғы әдетіміз. Осы орайда еліміздің барлық егіншілері КПСС ХХVІ съезі шешімдерін жүзеге асыру жолындағы жарысты өрістетіп, көктемгі егіске мұқият әзірленуде. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1981 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына әзірлік және оны өткізу жөніндегі қосымша шаралар комплексін жүзеге асыру басты міндеттердің бірі. Алда атқарылар істер көп-ақ, біз оны жақсы түсінеміз, білеміз. Біздің совхоз егіншілері тұтас алғанда өткен бесжылдықта жаман жұмыс істеген жоқ. Солай бола тұрса да соңғы жылда біздің жалпы жұмысымыз кідіріске ұшырады. Оның себебі не? Бұл арада барлық кінәні ауа райы, табиғат қолайсыздығы деп жауыр болған дәлелді алға ұстай берудің қажеті жоқ. Жоғарыда коммунист Х.Дәулетов жолдас дұрыс айтты. Ең алдымен, ұйымдастыру жұмысында олқылықтар көп. Соның қарапайым дәлелі – көктем ызғарының аз күнде кете қоймайтындығын біз кешірек болса да білдік. Бірақ біле-тұра көшеттерді артық дайындап қоюды ескермедік. Оған толық жағдай бар еді. Жаңадан теплица, парниктер салынған. Сөйте тұра бір жарым жоспарлық көшет өсіру-мен ғана қанағаттандық. Көшеттерге су жеткіліксіз болды. Өйткені көктемгі өр суы кезінде қуатты дизельдердің су айдауы нәтижесінде толып қалған Сарыөзек каналы май айының аяғы, июньнің бас кезінде өзінің деңгейінен төмендеп кетті. Осы жайды ескеріп, суды арналы Жайық өзенінен тартуды алдын-ала ойластырмадық. Шаруашылық қашан болсын озық әдістер мен технологияларды пайдалануды, өмірге кеңінен енгізуді талап етеді. Бұл арада өз тәжірибеме сүйеніп полиэтилен пленкасы астында помидор өсірудің пайдалы екендігін, ондай жердің әр гектарынан 530 центнерге шейін өнім алуға болатындығын және ерте пісетіндіктен мемлекетке өткізу бағасының да жоғары екендігін еске салғым келеді. Ендеше, бұл болашақта қатты ескерілгені дұрыс. Қалаға жақын орналасқан біздің шаруашылықтың негізгі мақсаты – халықты жыл бойы жас көкөніспен жабдықтап тұру екендігі белгілі. Бірақ бұл талапты қанағаттандыруда кейбір қиыншылықтардың кездесіп отырғанын да жасыруға болмайды. Соның ең бастысы–су. «Сулы жер - нулы», «Су–өмір нәрі, өңір сәні» деп бекер айтып жүрген жоқпыз. Жасыратыны жоқ, алғашқы бір-екі айда егістікті көктемгі өр суы кезінде қосымша су айдау көмегімен толып қалған Сарыөзектің суымен суарамыз да, қалған кездерінде Жайық өзеніне иек артамыз. Осы екі ортадағы біраз үзілістің салдарынан егіс алқабы шөлдеп қалады. Оның кесірі өнімнің төмендеуіне апарып соғады. Рас, каналдың сағасына қоныстанған «1 Май» совхозының сушылары көктем кезінде іргедегі Шодыркөл шабындығына аса мол көлемде су шығарады да, Сарыөзектің суын біраз ортайтып тастайды. Егер олар бұл жұмысты күз кезінде жүргізсе, шабындық шөбі ерте шығар еді де, есесіне егістік жер су тапшылығын көрмес еді. Сондықтан егістік өңірден 4 шақырым жердегі Жайықтан су тарту ісін ойластырған жөн. «1 Май» совхозымен бір-лесіп іске асырсақ, екі шаруашылық үшін де экономикалық жақтан тиімді болар еді. Егер осы айтылғандар ескерілсе, егіншілікте өнім сапасы мен оның гектар берекесін әлі арттырып, ырғақты жұмыс істеуге толығынан жағдай туатыны қақ. Тағы бір ескеретін нәрсе – соңғы екі жылда совхозымызда маусымдық қуаты 150 тонна көкөніс тұздау цехы жұмыс істеп келеді. Әдетте облыс тұрғындары мұндай тағамдарды сонау Молдавия республикасы, не басқа да жерлерден әкелінген күйде пайдаланатын. Ал жергілікті жерде дайындау қанша дегенмен жеңіл, әрі экономикалық жақтан тиімді. Осы тұрғыдан алғанда бұл цехтың қуатын күшейту өте пайдалы. Оған өнім де табылады, адам күші мен мамндар, қажетті құрал-жабдықтар да бар. Ал жылма-жыл қанша көкөніс өнімінің егін даласында бүлініп қалуы, немесе сапасын жойып малға берілетінін ескерсек, аталған цех шаруашылық үшін қаншалықты тиімді екенін оңай түсінуге болады. Осы істі жүзеге жүйелі түрде асырсақ қолда бар мүмкіндікті, шаруашылықтың ішкі резервтерін ұтымды пайдалану туралы партия нұсқауына нақты жұмыспен жауап берудің жарқын үлгісін көрсетер едік. Сәбила туған совхозының қазіргі тынысын, оны дамытудың алдағы мүм-кіндіктерін уақыт, заман талабы тұрғысынан осылай талдап, толғағаны бар. Әрине, бұл арада ол шешенсіп, біреуден мақтау естиін, қолпаштау көрейін деп сөйлеген жоқ. Бәрі ел игілігіне өздерінің қосар үлесін қомақтан-дыра түсудің қамы. Бүкіл ой-арманы да ізгі тілектен, мерейлі мақсаттан өрбіп жатқаны өзіне аян. Содан болар қалт еткен бос уақыт табылса өз әріптес-терімен алдағы жұмыс жайлы кеңесуді ұнатады. Мәселен кеше ғана бригадирі Мардан, өзінің үлгілі шәкірті, жас диқан Сәуле үшеуі ұзақ әңгімелесті. Мардан қойын дәптерін шығарды да үлкен стол үстіне жайып салып, оның әр бетіндегі иін тірескен цифрларды іріктеп, шотқа соға бастады. Содан соң: -Ставрополь өлкесіндегі Ипатов ауданы диқандары соңғы үш–төрт жылда егін жинаудың жаңа әдісін өмірге енгізгенін жақсы білесіздер. Байқаймын, бұл тәсіл өте тиімді көрінеді, - деп әңгіме желісін тартты.
– Әсіресе, мал азығын дайындаушы механизаторлар бұл әдісті алғашқы күннен-ақ қызу қолдап, батыл бастап кетті. Озат тәжірибені үйреніп қолдану, оны өрістетіп, пайдалана білу бәріміздің де абзал борышымыз емес пе? Біз де алдағы маусымда осы әдіспен жұмыс істеп көрсек деген ой бар. Совхоз парткомының кеңейтілген мәжілісіне бұл жайлы кеңінен сөз болып, шаруашы-лық әкімшілігі, түрлі қоғамдық ұйымдармен толық келісілді. Енді өзіміз ақылдасуымыз керек.
-Жаңалығың көкейге қонып тұр. Былайша айтқанда бұл «бірің-бәрің үшін, бәрің-бірің үшін» деген коммунистік моралымызға дөп келгелі тұр – деп жымиды Сәбила. Бригадамызда 250 гектар дәнді дақыл егілетін жер бар. Оның 150 гек-тарына жоңышқа, 55 гектарына көкөніс егілетінін де өзіңіз жақсы білесіз. Демек әр тракторшы күніне С-100 маркалы тракторымен 550 текше метр топырақ көтеріп, 6 гектар жер жыртып,4 гектар жерге дән себеді десек, сондай-ақ әр егінші күніне 0,5 гектар жер суарып баптайтын болса, онда көктемгі дала жұмыстарын 15 күннен қалдырмай бітіруге әбден болады, - деп Марда ойын түйді. -Бұл болжауларың ақылға сиятын сияқты. Дегенмен ипатовтық әдісті бірден қабылдауға ішкі резервтеріміз сай келер ме екен? – деп Сәбила сәл ойланып қалды. -Техникаға зәруліктің ауылы әлдеқашан алыс қалған. Ал диқандарымыз шетінен сайдың тасындай іріктелген білікті мамандар. Бригада диқан-дарының үштен бір бөлігі орденді озат, егінші механизатор. Жалпы 4 диқан-ның бірінші класты шебер атағы бар. Меруерт Омарова, Зейнолла Қисамеденов тәрізді тарлан диқан-механизаторлар тұрғанда біздің ештеңеден жүрексінер жайымыз жоқ,- деп Мардан бір түрлі шаттана сөйледі. Сәбиланың жадына осы әңгіме-сұхбат оралды. Өзін ел игілігіне бағышталған баянды да бәтуалы істің тағы бір тың биігі күтіп тұрғанын аңдады. Келер күндердің сыйлар мол несібесін молырақ қармап қалуға құштар сезімі күрт серпіліп, қарымды қиялы тым алысқа қанат қақты. Алдағы атқарар қыруар ғанибетті істерін іштей саралап, туған елге перзенттік парызын, азаматтық борышын ақтаудың қасиеттілігі туралы ойлады. Қала жақтан тартылған үлкен айдау жолдың селоға кіре берер тұсына орналасқан Ұлы Отан соғысынан оралмаған ауылдас жауынгерлерге орнатылған ескерткіш монумент жанына сәл аялдады. Қазіргі ұрпақтардың, бүкіл ақ ниетті адамзаттың бейбіт тұрмысының, бақытты өмірінің байыпты қорғаушысы соғыстан оралмаған осынау 80 боздақтың ерлік, өрлік рухы тәрізді сезінді. «Ерлік пен адал еңбек егіз ұғым, адамзаттың өзімен бірге жасайтын мәңгілік қасиетті рух. Олай болса менің еңбегімнің, адал терімнің өмірге қалдырар өзіндік ізгі өрнегі болғаны ғой» - деп ойлады. Көктемнің шәрбатты самалы сүйген жүзі бал-бұл жанып, көңілін бір шат сезімінің асау толқыны меңдегендей болды. Ол өзінің туған селосының сәні мен салтанатына мейірлене көз тастады. Жалпы 600 балаға арналған орта мектеп, совхоз кеңсесі, оның айналасындағы ақшаңқан үйлер көз қызықтырып, көңіл арбайтын көркем көріністер. Бұлардың бәрі де шағын селоның ажарын әрлендіріп, мұндағы еңбек адамдарының дәулетті де сәулетті өмірін бейнелеп тұрғандай. Шынында да «Алға» селосы тұрғындарының өмірі жыл сайын жаңарып, барлық жағынан кемелденіп келеді. Село жасыл желекке оранған. Көшелерінің көбі асфальттанған,түзу де кең. Үйлердің дені архитектураның соңғы озық үлгісімен салынған. Селоға мемлекеттік электр энергия жүйесі қосылған. Совхоздың әр үш үйінің бірінде жеңіл автомашина, мотоцикл, пәтер сайын телефон бар. Совхоздың КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің село халқына мәдени тұрмыстық қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту туралы қаулысына нақты іспен жауап беру жолындағы құтты да қуатты қадамы осындай. Міне, мұның бәрі біздің ұрпаққа баянды да бақытты дәуірдің сыйы. Бұл тұрғындардың ерлікке тән ерен еңбегінің, туған ел мен жерге шексіз сүйіспеншілігінің жемісі. Сәбиланың да диқаншылық, ардагерлік даңқын алысқа жеткізіп жүрген құдіретті күштің төркіні де, оның сол ел мен жерге шынайы сезімінде, жүрек жылуында, ұлы Отанына махаббатында жатыр. Ол туған елдің жақсы қасиетін бойына еркін дарытып өскен жан. Сондықтан Сәбила туған жердің бәйтерегі сияқты тамырын тереңге тартып, азаматтық, ізгілікке, еңбекқорлық, адалдық, парасаттылық сезімге өрілген ардагер-диқандық тұлғасын ірілендіре, биіктете береді. Сәбила Мұхитова үшін тарихи он бірінші бесжылдықтың алғашқы белесі де еңбек жемісінің тағы да құтты да сәтті кезеңі болды. Ол 1981 жылғы ауа райы арқасында көкөністің әр гектарынан межедегі 300-дің орнына 321 центнерден өнім алып, КПСС ХХVІ съезінің шешімдерін жүзеге асыру ісінің көш басынан көрінді. Сірә, адал еңбектің адамға сыйлар қуанышы мен бақытында шек жоқ болар.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру