Қынаптан қылыш. Пьеса
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
ҚЫНАПТАН ҚЫЛЫШ
(пьеса)
Ғабит Мүсіреповпен бірігіп жазған
6 суретті, 4 перделі пьеса. Алматы, 1945
Қатынасушылар
Әзімхан Шалқаров - батальон командирі.
Александр Белов - батальон политругі, шығыс әдебиетінің маманы, жас оқымысты. Рокотов - полковник, кейін генерал.
Зорин - дивизия комиссары.
Юровский - полк командирі, майор.
Сырым Бекетов – рота командирі.
Ерғара Тоғышаров - о да капитан.
Бойко, Шұбақ, Өтеген - жауынгерлер.
Өтешев - сержант.
Айдынғали Асқаров - кіші командир.
Әсия Асқарова - штаб қызметкері, Айдынғалидың қарындасы.
Асубай - ақын.
Фон - Крюгер. Берг. Шульте.
Бірінші сурет
Ипподромда халық мейрамы, ұлт ойындары жүріп жатыр. Ұлт киіміндегі еркек - әйел топтары. Көпшілік ары қарап тұр. У-шу... Көпшілік ішінде өз киімдерінде Ерғара (капитан), Айдынғали (қызметкер), Асубай (ақын), Сырым (қызметкер).
Дауыстар.
Ақбоз ат, ақбоз ат!
Ақ желек, ақ желек!
Ал қыз шықты сытылып!
Ақ қоян. ақ қоян!
Ақ марал, ақ марал!
Уай, жаббар құдай, жаббар құдай, ақ атты қызды! Анаң қара, алдырар емес! Па, орап кетті, орап кетті!
Асубай. Жоқ жоқ! Мына біреу тұйғындай түйіліп барады, қап.
Айдынғали. Біреу емес, екеуі шықты бұлқынып.
Ерғара. Ой, біреуі әлгі біздің командир ме? Ол болса не теңім, что, далиып далада қалады. Ана біреуі орыс, ол қыз қуа алмайды. Сырым. Орыс болғанда ол Саша. Қыз қумақ түгіл, қазақша құран оқи алатын қуың.
Дауыстар. Ойбай, анаң қара, қызық ұрып ұзап алып... Кідіріс қып барады.
- Ағып бара жатқан ат үстінде қарлығаштай канатын керіп шаншылып барады.
Асубай. А, жігіттерім де жарайды. Біреуі аттың екі бүйіріне онды-солды қарсы түсіп, қайта құйғытып, қарқынын жазбай-ақ барады емес пе? Дауыстар. Е, мына жігітің оңай емес екен! Жатыр ғой жамбастап атының жаясында.
- Ойбай, жетті, жетті алдынғы воянный жігіт!
- Жоқ-жоқ! Қыз орамалын тастап жібереді.
- Қап, қағып ала алса жарар еді!
- Алды, алды! Қырғидай қағып әкетті!
- Бірақ қыз да ұзап кетті-ау...
- Ойбой, бұл жолы да дарытпай кетті...
- Міне, міне! Таянып қалды, далаға шық!
- Ана қара, тұра келіп құйғытып келеді.
- Сашаны қара, аттың екі жағына кезек түседі.
- Екіншіні қара, аттың артына қарап мініп шауып келеді, тамаша!
- Тамаша!
(Жұрт алдынан, әріден ақбоз аттың үстінде екі қолын қанатындай керген, қынай буынған, тақия киген Әсия өтеді. Оның артынан жаңағы жұрт айтқан қалыптарында Әзімхан шаба өтеді. Аттың жалы, қыз-жігіттер кеудесі ғана көрінеді. Жұрт гүл атады.)
Ерғара. Ой, ақ атты қыз сенің қарындасың ба?
Айдынғали. Ой, сен оны күнде сұрайсың... білуші ең ғой.
Ерғара. Бүгін танымай қалдым.
Жұрт. Ақ қоян, ақ марал! Жеткіз, кайта орал!
Асубай. Ақ марал, шалдырма! Қос тұйғын алмай түспе! Жетіп өл, жетпесең жолында өл! Айында бір түлеген ақиықтарым, алып түс, алып түс!
Жұрт. Ақ марал алдырмас! Қос тұйғын да қояр ма екен.
Асубай. О, анық өнер, әсем ырғасу күйі ғой! Түйіл, тұйғыным, түйіл! Ойдайт, түйіл! Айдынғали. Уай, қай жері тұйғын болушы еді! Қазақтың ұя басатынын қосыпты әрі. Ерғара. Ой, сен чудак не сөйлеп тұрсың өзің? Сол ма екен қазақтың дүние ісі?
Айдынғали. Е, анау алдыңғы жігіт командир емес пе?
Ерғара. Командир! Сол ма екен командир? Мен оны күнде ойыма алмас ем! Біз ана жылы ағасымен алысқанда,қызыл кұмды қалай ескенді көрсең, бұл сөзді айтпас ен. Сырым. Тоқтаңыздар, тоқтаңыздар... Әне келеді, әне келеді. Бұл кім, кім еді? Ерғара (тізімін қарап). Әртеске, әртеске! (Жұрт алдынан жаңағыларды сықақтағанмен екі жігіт ақырын сырғып өтіп барады. Ән салып барады екі жігіт. Қанаты талғандықты, жете алмай далпылдағандықты көрсетеді).
Ей, қалқа, сен ақ қоян қырдан секеңдеген,
Артында екі ақ қоян жетем деген...
Жетпесе жығыларын білер бар ма,
Күлкі боп жұрт алдында секемдеген.
(Бұл топ та өтіп кетеді.)
Жұрт. Қайта оралды, қайта оралды! Алдырмай оралды! Апырау, алдырар емес!
Асубай. Түйіл, тұйғындарым, түйіл! Төтелей соқ, төтелей! Жарқ еткіз! Уа, жарқ еткіз! Алып түс, жарып таста! Бүріп түс, бүкте! Жан бауыр шөгелдей, мұзбалақ шағырдай, Тінейдің сырасында сорғала! Ал ақ маралды! "Алшағырдың ащы күйі". Тәтіқара, Тәттімбет, Бұлаң жігіт, Бозұлаң, Ұлы жүзде Төле би, Орта жүзде Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Кіші жүзде Махамбет, Жебе, Жебе. Жер қылма жігіт жігерін! Қолда, қолда!
Жұрт. Қу тілді қыз жеңеді! Сипатпады! Тосып алды, алды тұсап.
Асубай. Қап, құрыған дүние-ай!
Сырым. Бәрін шақырғанда Әз Жәнібек пен Абылайды ұмытады. Қап, болмағанда қайтсын, жігіт егесінде арғы-бергі қазақтың аузына алатыны Абылай есімі еді, айып сенде қалды.
Асубай. Қап, қу бала, менің ісімді сен құрттың - ау!
Жұрт. Ал алдын тұсап, ақ маралдың! Енді сипатпалық!
- Сипату түгіл, көздеріне көрсетпе.
- Кел, кел, асыл қыз Әсия! Кел.
(Жұрт қақ жарыла береді. Ақбоз аттан Әсия қарғып түседі. Жұрт қолға алып, гүлге орап қызды бәрі әкетеді. Сәлім мен Әзімхан еріне ергенде, жастар олардың алдын бөгеп қалады.)
Жастар. Сабыр! Сабыр! Аптықпа! Айрылғасын алқынба! (Бүгіле береді.)
Әзімхан. Уай, тым болмаса бір көрсетіңдерші өзін.
Жастаp. Көрсін, ол бұйырса игі еді! Көргің келсе, өнеріңді аямасаң едің!
Сыры м. Уай, бәйгесін беріңдер, қыздар... еңбеккүн деген қайда?
Қыз. Ендеше, бұйырдық, міне, енді қуатын біз. Қашатын сіздер боласыз, бәйге бар, бастарына кигізіңдер. (Әзімхан мен Сананың бастарына қыз бөркін кигізіп, шуласып жатады. Әсияны Асубайдың алдына әкеледі.) Сырым (Асубайға). Ал, ақсақал, айт көсеміңді? Бүйрегің қайда бұрады, бұйрығың қалай тартады? Асубай. Ұлымды ұлардай шулатсаң қайтейін, қызым қызығып шықса, маған ұл мен қыздың аласы мен торысы болатын ба еді. Сенікі бас бәйге, сенікі ақ марал! Атаң сенің тонын жапты. Мәз - мерекесін тапсын, ел-жұртыңның игілігіне жаса! (Жастар Әзімхан мен Сәлімді де осы жерге алып келе жатады. Асубай Әсияға шапан жабады.)
Әсия. Атақ балуанды, бәйгесі сіздікі болат та! (Шапанды Асубайға жабады). Асубай. Уа, мен атаңмын, ақ бүркіттей Асубаймын. Ұлым озбай, қызым жеңді, жасырмаймын, өркеуде өрмін, тарт ақ маралды. Басымнан жат мерейін асырмаймын. Алдырма, армандай боп аға бар алдарында, жетсе алсын, жетпесе қалсын. Ер туса жетпей қалмасын, қанаты талмас ақ бүркіттей қызым, бұлдыраған сағымдай, бел астынан көрініс бер де, ұзай бер! Ақ атты қыз, арман болып алысқа тарт! Амин, алла акбар! (Әсияны жұрт қоршап әкетеді. Әзімхан, Саша шығады.)
Әзімхан. Ой, екеуміз - ақ қалыппыз ғой? Сен кімсің осы?
Саша. Өзің қай бойжеткенсің?
Әзімхан (басындағы бөрікті алып ұрып). Сенің қуғаны атты қыз еді. Сенің қуғанын мен екем ғой. Саша. Ақ атты қыз арман да, сағым да, бірақ... (Соңынан екеуі жалдың екі жағынан қарсы шығып, жотада түйіседі.) Саша. Сен көтермесең, халықтың салты көтереді. Бұл үзіп алып айтатын сөзің. Өзіңе өзің қалай бұйыртып тұрғаныңды ұқса мен! Әлі екеуміз талай белге барысатын болармыз... Әзімхан. Мен болсам, осы қызды арбап қойдым. Сен қазақтың салтын қуған ғой, сірә! Екеуміздің біріміз арам тер болып жүрмейік? Саша. Қыз қызыққандікі емес, қылығы асқанды болатын. Ассаң аларсың, түскен жалғыз сен бе едің?
Әзімхан. Егізімнің сыңары, екі туып бірі салғаным екенсің ғой! Саша. Жарыссақ бірге жарысайық, қалсақ бірге қалайық, сен өзің неңді бұлдағалы тұрған жігітсің? Осыны қазақ қарағым сен де арманда, мен де арманда демейтін бе еді? Егізіңнің сыңары болмай-ақ қойдым. Бірақ қос шерменде деп осыны айтады. (Зорин, Сырым, Ерғара келе жатады.)
Әзімхан. Жоқ, бұл колхоздасуды мен көтермеймін.
Сыры м. Қолға түскен бәйгенің таласы ма деп ем. Түспей кеткенінің таласы екен ғой. Екеуің бөлісіп болғасын, маған да хабарларсыңдар. Оған дейін озған ала ма, бұйырған ала ма, бізде көре тұрайық.
Әзімхан. Ой, мынау не айтып кетті?
Саша. Бәсе, өзің не айтты деп қалдың?
Сыры м. Болмас, ара ағайыннан біреу басалқы айтсын.
Саша. Жоқ, бұндай таластарға кесім айтқан ешбір данышпан болған емес. Махмуд Ғазнауидың заманында жұмбақты қызға данышпан уәзір Ғаяз айтқан мақшар таразысы құрылған жоқ. Сен арызыңды айтар уақыт жеткен жоқ деген, оны екеуіңде жақсы білесіңдер. Әзімхан. Ендеше, сол данышпан Ғаяз осындай арманның кімге бұйыратынын айта ма екен? Саша. Оған жауапты Ғаяз айтқан жоқ, қазақ айтқан. Күн астында Күнікей сұлуды алып қашқан алып қарақұсты қазақтың бір батыры атып түсіргенде, бір батыры жерге түсірмей қағып алған еді ғой. Сол қызды атаң қазақ екі батырдың біреуіне бұйырғандарын естігендерің бар ма, сірә? Жоқ! Сол алып қарақұстан Күнікей сұлуды бірге айырып .иман екі батырдың арманы да осы күнге дейін аяқталмай, әлі күнге шешусіз қатар жарысып келе жатқан жоқ па? Әзімхан. Алып қарақұсты атып түсіруге жараған бір қызды қағып алуға неге жарамады? (Гүлге ораған Әсияны жастар тобы әкетіп бара жатады.) Сырым. Мынауың ұзақтау екен. Әзірше бұйырғаны бола тұрайық. (Әсияны іліп әкете береді). Саша. Ендеше, әнім сол алып қарақұс, әкетті сол Күнікейді! (Әсия енді өз киімінде, интеллигентка.)
Әзімхан. Қап, мына қорлықты - ай!
Әсия (тоқтап). Жұртты орынсыз күйдірмейік.
Сыры м. Аға, орала кетейік. (Әзімхан мен Сашаға келеді.)
Әзімхан. Жеңіс жеңіске ұлассын!
Саша. Жеңілгендер көбейсін!
Әсия. Мен жеңіс бірге болсын деймін. Мен өз өнеріммен ғана озғаным жоқ. Мені оздырған сіздердің өзара бәс - бәс келеріңіз деп білем. Бәйгені де бөлісейік. (Екеуіне екі топ гүл береді.)
Саша. Рақмет, қарындас.
Әзімхан. Бір сені екеулеп жеңгенді мақтан да, жұбаныш та көрмес ем. Әділі осы болады.
Саша. Екеулеп жеңген намыс болса, екеулеп жеңілгеніңе қалай шыдап тұрмыз?
Әсия. Ендеше, өріс ұзақ, жеңіс кезек болсын.
Әзімхан. Құп! Әзімхан Шалқаров тосты сол кезекті.
Саша. Құп болса құп! Александр Белов та түсті. (Екеуі қол алысады.)
Әсия. Біз - Әсия Шалқарова білдік, оған куә болдық! (Құлын екеуінің қолының үстіне салады.)
Шымылдық
ЕКІНШІ ПЕРДЕ
Түн... Айнала қар басқан қалың орман, алып ағаштар. Блиндаж қабырғасы көрініп тұр. Іште Әсия телефон жастығын жастанып, қуыршақтай боп бұйығып жатыр. Саша келеді. Әсия тұруға ыңғайланады. Саша. Жата бер, Әсия. Шүйкедей оралған ақ иықтай боп, әдемі бұйығып жатыр екен, жата бер.
Әсия. Ендеше, өзіңіз де бері отырыңыз.
Саша. Мұңды көңілім сырласар, сұрқыл тартқан бейуақта дейтін бе еді Абай? Халың дәл соған ұқсайды екен. Әсия. Осы күні ұзақ бір жабырқау кештерге қалдық қой. Сағыныш дейтін мұңым да жоқ емес. Дәл таптыңыз. Саша. Ие, кештер ұзақ та, жабырқау да... Осы орнымыз ойсырап, құлазыған бір құдықтай болып барады. Әзімханды мен де қатты сағынам.. Ә с и я (күліп). Сіз сағыныш бетін бұрып барасыз ба, қалай... мен бәрімізге ортақ бір шақты, сонау көл басын сағынып ем. Барымен жайнаған біздің есіл Алматы қандай еді? Әнің де, сәнің де сонда... жалын атқан жастар ше?
Саша. Ұлына қызы сай де.
Әсия. Ел мерейі шалқып тасығандай ерекше бір күн еді-ау сол... тап біздің "тоқымқағарымызға" арналған тойдай, мен қолым босап кетсе - ақ сол күнді сағынам. "Отан" деген сөз айтылғанда, мен ылғи сол күнді есіме алам дейтін өздеріңізді тап сол күнгі қалыптарыңызды көрем. Әндей сағынышты, әсем бір шақ екен-ау, Саша. Саша. Сол күні өзің қандай ұмытпастай едің! Осы күнгі қалпыңа біздің кезде үйрене қойдық па екен! Сол бір күнмен, сол күнгі Әсия Әзімхан екеуміздің таусылмайтын жырымыз болған еді ғой... Әсия. Саша - ау, ондай ғаламат сіздерде де болушы ма еді, рас па? Сұрама, қиял деген біздің маңдайымызға жазылған қарыз емес еді? Саша. Жоқ, Әсия... Үшбу қиял келсе, басқарыс сөз емес - сөз үшін демеп пе еді. Татьяна Әзімхан қиялдаса, тіпті тамаша шарықтап кетеді. Мен танысам, ол ондағыдан ары түсіп жататын, терең сыр, тұнық сезімнің адамы. Сүйсінсе, сүйсіндіре біледі, күйінсе, жирене біледі. Жағаласса, жалындай біледі. Әр қасиеті шашыранды емес, жиын, ерге ғана бітер кесек тұр емес пе? Сол сымбат, сол сыр сыртына бір шыға ма екен, сірә! Таныған ғана көрмес, басқа көп байқай да алмайды. Ол күнде жаңарып, тереңдеп бойлатпай, күн санап бір бел асып жатады ғой!
Зорин. Сен немене, Марстан түсіппін? Не бар, не жоққа жауапты емессің. Саша. Жауапты кезеңде батальонды өзім басқарам деп, бар тізгінді қолға алған тап сіз жауапты. Ырық бердіңіз бе, маңайлаттыңыз ба? Енді мынау батальонды әкеп қамаған нағыз тығырық. Және қайда апарасыңдар, қайда бұрасыңдар? Ал осы саған екінің бірі - ақ деп тұр! Зорин. Жауапты кезеңде алда тұрған батальонды өз қолыма алсам, сендер деп қалған былығынан аршуға алдым, қырағы политрук жолдас, сенің тап өз иегіңнің астынан талай қатпар табылып жатыр.
Саша. Е, не таптың, айт ашып, Юровский!
Юровский. Ондайымызды елемей өт, шұқыма дейтін шығарсың? (Столды ұрып қалып.) Жоқ! Сен аузыңа ие бол! Ұмытшақ болма! Шынына келгенде Шалқаровтың бар ісіне сен де ортақсың. Саша. Ортақсың? Ерғара екеуіңнің ездігіңе ортақ болғанша, Шалқаровтың отына - ақ күйіп... Бар абырой сонымен еді, бар абыройымыз нақ сендермен кетіп отыр. Ерғара. Е, бар абырой Шалқаров екен ғой! Орны толмайтын адам жоқ деп жүрсің, тапқан екенсің ғой сен!
Саша. Шалқаровтың жөнін толтырғаным сенбісің.
Юровский. А, ондай өжет болсаң, бүгін саған он екіде трибуналға барып, Шалқаровпен қатар тұрып жауап бер! Бар да, үлесіңді ал! Зорин. Жә, жетер енді! Мына қысылшаң қамын айтады десе, ішек - қарның ақтарылып, неменені кұттықтап барасыңдар? Жолдас майор, сіз осы батальон шабуыл найзасының өткір ұшы - болат жебесі болғасын келгенсіз. Сол батальон қысылған үстінен шығып отырмыз. Қане, байлауың не? Бұрын шығу ма?
Юровский. Болмас.
Зорин (Тоғышаровқа). Сен ше, қалай?
Ерғара. Болмас. Батальонның ішкі аударыспағы біткен жоқ әлі... Маған бір жиырма төрт сағат уақыт керек.
Зорин. Оны кім бергелі тұр? Немістен сұраймыз ба әлде?..
Ерғара. Әшейін сыра айтқаным ғой...
Зорин. Ендеше, шегіну ме?
Ерғара. Шегіну? Жоқ, ол тіпті болмайды. Онда сіленді генерал қатырады.
Зорин. Енді сонда?
Ерғара. Шабуыл да емес, шегіну де емес. Батальон табан аудармай жұлқынып өледі. Зорин. Өледі? Ол немене, ерлік болмақ па? Қырылу ерлік пе? Жоқ, бұның аты батальонды босқа арандату болады. Басқа айтарларың бар ма, жоқ па өзі? Рокотов. Жөн таба алмай, не байлау жасай алмай отырған команданың аты не? Туар ой, тұл ой бар. Мұның аты - мешеулік. Қорқудан туған азғындықтан кейін екен? Әшейінде қоразданып қысылсаң да, ой таппас әкеліп жығар жері осы болмағанда не болмақ еді. (Әзімхан мен Рокотов келе жатыр.) Әзімхан. Устав (бәрі атып тұрады), генерал... (Юровскийге бұрылып.) Жолдас полк командирі, генералдың әмірі бойынша батальонды қолыма алуға сіздің қарамағыңызға келдім.
Юровский (сасқалақтап). Алыңыз, кірісіңіз...
Рокотов. Майор Юровский, сіз мұнда полкіңіздің ең берік жері деп келіп отырсыз ба? Юровский. Ғафу етіңіз, генерал-майор, күдікті жер деп келіппін. Біздің полкке кім кіргізді, білмеп ем. Рокотов (Зоринге). Жайларын мәлім. Байлау не болды? (Юровский мен Ерғара абыржиды.)
Зорин. Байлау жоқ әлі. Қоршауда батальон қамалуда команда отыр. Рокотов. Құйрықты мұзға қатырып алып отырмыз де шоқайып! Таңертең суға келген қатындар шелекпен - ақ ұрып ала береді ғой онда? Болмаса бұ кемдікті болдырған құтылатын болмасын. Жақсы екен! Оның атын өле көреміз, ерлікпен өлеміз деп те отырған шығарсыңдар! Қапсыра қысқаны ғой Крюгердің қышқашы.
Саша. Бұл бізге шын жаңа ой екен, жолдас генерал майор.
Әзімхан. Ие, тапқырлық пен батылдықты керек ететін ой.
Рокотов. Ойсыз офицер менің офицерім емес деп жолдас болған сағаттан бастап айтқанмын. Осындай сынды кезең, қиын сәтте туар ой жоқ. Бұл ойға қалсақ, оның аты -мешеулік, міне, алдың жаюлы жатқан қанды қақпан, фон - Крюгер айлар бойы алысып, алдырмай келеді. Ол құдай да, қарақшы да емес. Сен түгіл, дивизияның өзін де таңнан талай тартып қан-жоса қылған, сенің үлесіңе тиген неміс фашизмі деген сол. Бүгін ол аузын басып, дәл қасына келіп шапқалы шөге түсіп жатыр. Қимылды тағы да ол бастамақ, комбат, Крюгерге берер жаңа жауабың бар ма сенің! Әзімхан. Мен бұл шапқалы жатқан Крюгерді артына келеді, ілгері аттауға мойнымды бұрғызам деп қорқасың. Шегінейін десең, артында мен тұрмын. Осы ғой байларың?
Зорин. Жасыратыны да, жалтаратыны да жоқ, дәл таптыңыз.
Рокотов. Сендерді осы қинап отыр ма, мен одан да қиынын әкеп отырмын. Табыс дейміз, жеңіс дейміз, бұл күнге дейін біз бұны немен өлшеп келдік. Юровский. Тойтарылған шабуыл, жойылған техника - қырылған жау әскерінің саны деп келдік. Рокотов. Рас, сүйтіп келдік, бірақ қимыл тізгіні кімнің қолында болды? Сендер бұл күнге дейін фон - Крюгер қашан тиер екен, қалай тиер екен жауап іздеумен болдыңдар. Сен қашан тиер екен, сен қалай тиер екен дегенді оған бір ойлаттың ба? Жоқ. Жеңісіңнің басы - Крюгермен арадағы қимыл тізгінін сенің қолыңа алу. Менің әкелгенім осы. Не айтасыңдар осыған? Ә з і м х а н. Мен сол алдына қарай шапқалы жатқан фон - Крюгерді есебін тауып, еріксіз артына алақтатуды ойлап отырмын. Р о к о т о в. А, міне, бұл ой. Жалғыз кеңесім - жыланды өлтіру үшін ұзын денесін баспайды, басын жанышады, осыны ұмытпа! Ойында, ісінде бір-ақ түйін бар. Дивизияның не істейтінін мен саған айттым. Жә, байлауыңа қанша уақыт керек? Ә з і м х а н. Бес минут берсеңіз, үлкен кеңшілік болар еді, жолдас генерал-майор. Рокотов. Бердім. Ойлансын колбасы. (Басқаларға.) Жүріңдер, батальонды шолып кайтайық. (Әзімхан мен Әсиядан басқасы кетеді.) Ә з і м х а н (Әсияға). Жә, екеуміз ғана қалыппыз ғой, Әсия. Жайың қандай, айта отыр.
Ә с и я. Бізге ойлану керек емес пе...
Ә з і м х а н. Әсия, жүректі сынға салып, шынын ашар қан майдан деуші ме еді осы? Сол дұрыс қағида ма екен? Ә с и я. Әзімхан аға, оның жанын мен қанша білуші ем, Сашаны шақырып келсем қайтер? Сізге ойласатын кісі керек қой... Ә з і м х а н. А, Сашаны айтамын, жүрегі бар кісіні таниды екенсің. Ие, ол орнықты жүрек. Азбайтын, орнынан табылатын болар, солай емес пе? Ә с и я (қысылып). Солай дейін десем, сізді өзім ұға алмай тұрмын ба, қалай... Ә з і м х а н. Жоқ, солай. Қатер – қастық сыртыңнан түйілсе, дағдарыс қалқаныңдай, алдыңа ұстасаң найзаңдай, қатарыңда қанжарыңдай бір жүрек бар. Сол жүрек кімде бар, Әсия?
Ә с и я. Аға, сізге ойлану керек еді ғой...
Ә з і м х а н. Сол жүрек қасында болса, тәуекел түнінде арман бар ма? Мегзескен жерден дәл табылады! Қара тонды сара тілер жарқылдай. Сол түннің алай-түлей бораны болса -оранып өтеді... Күн. А с у б а й. Алыстан аңсап Асубай келгенде, уа, сен қайда жүрсің? Осы бой тасалау...
Ә з і м х а н. Ассалаумағалейкум, Асеке!
Асубай. Көтер қолыңды, тіз алдыма сарбазыңды...
Ә з і м х а н. Көтердім қолымды, тағзым еттім, тізем сарбазымды.
Асубай. Уай, айналайын шалқар. (Сүйеді.) Қынапта жатқан қылышым кекті қолмен сүйреп шығып қия сілтегем. Қинай түсші өзін. Бар ашуың бойында, қанқұмар жауың жолында, тұнық күшті сырттаным, таңдамай қалшы, көрейін. Қай майданда болса да жеңбей тынбас майталман. Қай қамалды болса да бұзбай тынбас сайыпқыран, даналардың данасы Сталиннің қолысың, сарбазысың самсаған, сол нұсқаған асқарды алмай қойшы, көрейін. Көні, маған рапортыңды бер. Ә з і м х а н. Осы айтқаның ішінде орындамас жоқ, (рас үстіне. (Генерал, басқалар кіреді.) Қалай өзі, желдете бастаған ба? Ағаш басының да қыбыры бар, боран келеді әкем... Және бүгін ғой Жаңа жыл?
Ә с и я. Ие, боран болғалы тұр, бәсе!..
Ә з і м х а н. Ие, түн қараңғы, күн бұлт... Жүрек пен жүрек танысар, қасиетпен табысар.
Ә с и я. Апырау, сізге ойлау керек емес пе еді?
Ә з і м х а н Ал сол жүрек кімде бар деші! Ол Сырымнан да табылады.
Ә с и я. Уығы...
Ә з і м х а н (жымиып). Шын сенімді жүрек Сашадан табылады. Сен жаңа Сашаны дұрыс атадың. Мен болсам соған тоқтаған болармын... (Саша келеді.)
С а ш а. Ие, колбасы, толғанып болдыңыз ба, байлауың бекіді ме?
Ә з і м х а н. Байлау әзір не екенін сен аташы.
Саша. Шабуыл!
Ә з і м х а н. Ендеше, бекіді!
Рокотов. Ал таңдаймыз ба? Байлауын?
Ә з і м х а н. Жолдас генерал-майор, байлау болды: шегіну де емес, бұл жерде жатып еле кету де емес... Жаюлы жатқан қанды қақпанға тура шабу да емес, борандай борап, қақпанды айналып барып, өзіңіз айтқан көкжал Крюгерді желкесінен басуға байладық. Батальонды қақ бөліп алып, лейтенант Белов екеуміз қос бүйірінен бір сәтте қатар қадаламыз...
Зорин. Бәсе, шын Шалқаров осылай еді ғой. (Қолын қысады.) Рокотов. Өте дұрыс, ой дұрыс... Желкеден ұрып, артынан қадаласың... бір... қоршаудан шығып, құрсау саласың. Г.кі... ар жағын мен ойлауым керек болды! (Әзімханның қолын қысады.) Батальон өлімге жұмсағандай қатерге кетіп барады. Майрылған болат жебем ең. Қайта ұштап, қайта шаншылдырғалы тұрсың! Сау қал, тірі бол! Уәде ғой?
Ә з і м х а н. Рұқсат етсеңіз, мен уәдемді айтар ем.
Рокотов. Айт.
Ә з і м х а н. Менің есіме шығыстың бір нақыл аңызы келіп тұр, жолдас генерал-майор... Ұя басар ақиық балапанын ұшырарда ең биік құздың басынан құлата ұшырып жіберіп, өзі іле артынан ұшады дейді. Балапан алдында жартас тұрса, ақиық өзі алдына түседі екен. Балапан туған құзар қалыңға ұрар болса - қыран ата өзі балапанның астын ала ұшады екен. Ал балапан қарлы, боранды бұлтқа ұрынса, ақиық қанатын жайып, қалқалап балапанның үстінде ұшады екен. Бізді сіз осылай ұшырып келесіз. Менің уәдем соны ақтау болсын. Рокотов. Аңызың жақсы-ақ екен, комбатым. Бірақ бұл бәрімізді баулып ұшырған ақиықтардың ақиығы, бас қолбасшымызға ғана лайық аңыз. Мен осы уәдеңді жадымда тұттым, ал әзірлен, біз кеттік. (Бәрін аяп кетеді.) Әзімхан (сыртқа шығып). Боран! Құтыра соқ, ақ боран! Командирлер, бері келіндер! Орныңды суытпай өз ротаңа бар, менімен боласың, Сырым, ротаңды әзірле! Әсия, сен штабпен шегініп кейін қайтасың... (Бәрі кетеді. Жел ызғырып, боран үдей бастайды. Ақ түтек боран, биіктен ойға қарай шаңғымен сырғып ағып бара жатқан ақ киінген қызыл әскерлер, арқаннан ұстасып, бір ізбен сырғып барады. Сол алай - дүлейде аласұрып жүрген Әсия...) Ә с и я. Орындамаймын бұл бұйрықты, қалмаймын, бірге көрем. Жалғыз мен шегінемін? Мен комбаттың қасында болуға міндеттімін... қалмаймын... (Мылтығын иығына салып, сырғып бара жатқан бір тізбек қызыл әскердің арқанынан ұстап алып, бұда сырғып келеді.) Серт, сертім - серт!
Шымылдық Юровский. Мен несіне барам әлі, бұл қуанышқа мен ортақ емес сияқтымын ғой. Бәрін былғап кеткен құрғыр, осы өткен күн ғой, болмаса дивизия абыройының қақ жарымы менікі болатын емес пе еді! Абырой мен ары ашылудың арасы бір-ақ адым екен ғой, шіркін... Тапалдығын да осындайды айтқан ғой. (Ерғара келеді.) Е р ғ а р а. Ойбай, Марк Михайлович!.. Михаил Маркович, Шалқаров мені кұртыпты біржола
Юровский. Е, неғыпты?
Е р ғ а р а. Ротамды сыпырып алды. Әлгі Бойко дегенге беріпті. Сіз білмеуші ме едіңіз мұны?
Юровский. Жоқ, білгем жоқ.
Е р ғ а р а. Бәсе, өзінің зорлығы екенін біліп келіп ем. Ал енді сіз бұзасыз ғой оның бұйрығын.
Юровский. Жоқ, бұза алмаймын.
Е р ғ а р а. Қалай? Осылай түсіп қала берем бе?
Юровский. Е, түсіп қала бересің де. Менің жайым сол.
Е р ғ а р а. Сіз де түсіп қалыпсыз ба? Онда Алексей Сергеевичке, а, Сергей Алексеевичке бірге жолығайық та.
Юровский. А, қойшы Сергей Сергеич...
Е р ғ а р а. Жоқ, жолығу керек. Мен басқа да көп нәрсе айтам. Мені қақ офицер қорлағанын да айтам. Как офицер не за что таяқ жегенімді де айтам, сіз де айтуыңыз керек.
Юровский. Менің де айтарым көп. Генералға мен де сөйлесем.
Е р ғ а р а. Ендеше, бірге де айтамыз (Рокотов, Асубай, Бойко, Әсия, Өтеген, Шұбақ, Өтешев келе жатыр.) Рокотов (тоқтап). Командирдің деген жерінен шыққан солдатты жақсы дейміз. Ал командирдің ойынан асып түскен солдатты кім дейміз? Мысалы, күнде кездесетін, кездескен сайын шошына келетін мынадай жағдай бар: ойда жоқта тобыңмен оқ астында қалдың. Балта көтергенше дөңбек жал табу керек. Тегіс жата қалдық. Бұл арада селтиіп тұрып қалған солдат - есуас! Оқ түтеп, ажал бұқтырып тұр... Енді жалтарған бас қорғау емес, жағаласқан бас қорғау... Командир ұмтыл деді, ешкім тұра алмай жатыр. Оқ үстінде арадай тулап, бас көтерсең - ақ жұлып кеткелі тұр. Сонда біреу, бір ғана солдат тәуекел деп тап берді. Оның артынан бесеу тұрды, он тұрды, жүз кетті. Ажал енді жаудың өзіне ауды... Әне, сол бірінші солдаттың аты ер!
Асубай. Әне, әне... Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар!
Рокотов. Ерлік бірден бітеді, мыңнан туады. Біз бұл соғыстың алғашқы асуларынан астық. Бұл күнде үдере шабуылдың үстіндеміз, алдымыз жау жері. Жеңіс туын Берлин төбесіне берік орнатпай тоқтамаймыз. Мысалы, міне, дивизиямызға гвардия атағын берді. Бәрімізге орден беріліпті. Лейтенант Өтешев, сен орденді не үшін алдым деп ойлайсың? Ө т е ш е в. Генерал жолдас, мен ойымды қысқа айта алмайтын адам едім, енді қайтсем екен...
Генерал. Онда не амал, жақсы, еркің айт... отырайық... (Бәрі отырады.) Ө т е ш е в. Е, бәрекелді... Мен өзім жылқышы бола тұғын. Жалғыз бір аңыз білетінмін. О да болса жылқышы жайында... Баяғыда бір жылқышы молтақ құлақты шұбар атын қаңтара тастап, тастай қараңғы түнде қалғып кетсе, жылқысы шұр ете түсіпті. Атып тұра келсе, молтақ шұбар көлденең тұр екен. Қарғып мініп кеп алғанда, құдай көрсетпесін, ала - ақ жөнеліпті. Жер қайда? Жекен қайда? Біліп болмайды, қу дала, құла түзге алыпты да кетіпті. Ол кезде жұрт компасты білмейтін қара кезі. Тек жалғыз темірқазық. Біресе алдынан, біресе артынан. Біресе оңынан, біресе солынан шығады, төрт құбыладан да адасты. Таң қылаңда енді аңғарса, астындағы өзінің молтақ шұбары емес. Әлгі тарғыл тағы - жолбарыс екен! Рокотов. Қызық, қызық... Ө т е ш е в. Танығанда жүрегі тас төбесіне шықты. Қорқып кетті. Енді қайтпек? Түсейін десе - жеп қоятын, түспейін десе - әкетіп барады. Сонда жаңағы өзіңіз айтқан "жалынғанмен жан қалмайды, жағаласқанмен жан қалады" деген есіне түсе қалып, ай, енді не болса да деп, тарғылдың арандай ашылған аузына беліндегі қыл шылбырды салып жіберіп, ауыздықтап алып, екі езуін кергілей жыртып, қос өкпеге тепкілепті келіп... Қанша айтқанмен адам жеңбейтін айуан бар ма, таңертең пұшпағынан терін сорғалатып, тілін салақтатып, ит қып айдап әкеп, қосының қасында соғып алыпты.
Рокотов. Соғып алыпты?
Ө т е ш е в. Тап солай соғып алыпты, жолдас генерал - майор. Мен де сол жағындамын. Басында соғыс деген тағы тарғылыңыздан мен қорқуыма да болатын. Сталин жолдас техниканы меңгер деді ғой. Маған ол кезде (қалтасынан екі - үйі компас суырып алып) осы компас қудың өзі машинаның сайтаны көрінетін. Қолыма алсам - адасып қала беретінмін... Ал енді осы күні сол тарғыл тағыны Берлин түбінде қара тұмсықтан қағып тастауға алдымызға салып айдап келеміз ғой, әйтеуір... Менің ұраным осы шығар деймін, жолдас генерал-майор. Рокотов (күліп). Ой, жігіт!.. Сол тарғыл тағыны Берлин түбінде қара тұмсықтан сен сілейтетін болып отыр... Ал, қырғыз ұлы, сен орденді не үшін алдым деп ойлайсың? Ш ұ б а қ. Біздің қырғыз ыршы, тұрмайды, жолдың генерал-майор. Мен "Манасты" көп оқығанмын, батыр кім десе, өзі үңгірдей, мұрны көрдей, шоқысы төмпешіктей деп атады, емес, көрсем бұрынғы батырлық білекте бопты. Бүгінгі батырлық жүректе бопты... Ленин, Сталин бізге бітірген жүрек бен бақта бопты... менің ордені жүректің үстінде орнын тауып тұрып атады қо деймін. Жолдас генерал-майор... Р о к о т о в. О, сенікі де көптің сыры! Жақсы-ақ. Қырғыз ұлы, жақсы-ақ! Ал, командир Бойко, сенің жаңағы сөзің орыс, украин баласының қайнар жүрек шыны ғой, әр оқтың біздікімен бірге, ар жақта қырылған атаның ыңырануы құлағына келеді дедің ғой. Саған Берлин көшесінде жеңістің соңғы оғын атқызатын әмір де сол... Ал, қызым Әсия, сен кеше түнде ерлік істеймін деп өліп қала жаздапсың. Сен өлмеуің керек. Бұл арада менің ұлым көп те, қызым сен жалғызсың, ерлік те істе, аман да қал. Ә с и я. Қазақ жаным - арым садағасы дейді. Ар әмірі бойынша ерлік қарызым болсын!.. Ал өлу, өлу... Өлуде бұлайша бола алатын болса, өлмеймін дейін. Рокотов. Жә, қырандар, қолбасы келе жатыр, тарайық осымен. Ол қатал адам, жай барақат көтермей жүрер... (Қолдарын қысады, жауынгерлер кетеді.) Ә з і м х а н. Жолдас генерал-майор, әміріңіз бойынша ерекше батальонға командир етіп капитан Сырым Бекетовті ұсынамыз.
Рокотов. Дұрыс. Капитан Бекетов, бүгін штабқа келіндер.
Сыры м. Құп жолдас, генерал-майор. (Юровский, Тоғышаров шығады.)
Юровский. Жолдас генерал-майор, мүмкін бе?
Рокотов. Мүмкін, мүмкін... (Қасындағыларға қарайды. Олар бөлініп шегінеді. Асубай ілгері кетеді. Зорин, Әсия, Әзімхан, Сәлім бір бөлек қалады.) Юровский. Жолдас генерал-майор, капитан Тоғышаровтың сізге жазған арызы бар екен. Рокотов. Беріңіз, капитан... (Тоғышаров қағазын береді. Рокотов қағазды оқып тұрып қалады.)
Зорин. Айтпақшы, Әсия қайда қалады? Полкке ауыса ма? Батальонда қала ма? Ә з і м х а н. Мен өзі шешсін дер едім... С ә л і м. Полк командирі ерік беретін болса, мен де өзі шешсін дер едім.
Ә с и я. Жауынгер қайда барам десе де ерікті болушы ма еді?
Зорин. Жоқ, бұл айрықша жағдай... Бұл жерде таңдау беріледі. Командирің полкке кетіп барады, комиссарын қалып барады. Сен өзің шешесін, Сырым... Саша. Мұнда үйренген тобын... Ә с и я (күліп). Анда командирін жалғыз кетіп барады. Зорин. Бәсе, бәсе... Бұл жерде тақ Сүлейменнің әділдігі керек болар. Ә с и я. Ендеше, билік айтар өзім болсам, мені штаб атаулыдан түгел босатып, жауынгерлер қатарына жібер деп өтінер ем.
Ә з і м х а н. А? Сәлім. Не?
Ә с и я. Менің байлауым осы, жолдас полк командирі. (Асығыс Сырым келеді.)
Сырым. Жолдас генерал-лейтенант, жаудың қаңғырған бір самолеті бомба тастап келеді. Ішке, сыртқа, ағаш түбінде Өтешев Шұбақ пен Өтегенге компасты үйретіп жатыр. Қолында компас. Ө т е ш е в. Ал қазір жөнелеміз. Компасты түсіндіңдер ғой, менде игерілді. Айттым, үшеуміз үш бөлек кетеміз. Тек адасып кетіп жүрмеңдер. Бұл жер сенің Алатауың емес. Жотаға шығып алып, жадысын барлап алатын, бұғып жүріп, компаспен барып, компаспен қайтасың. (Екеуіңе екі компас беріп.) Ал енді бұл бір қу. Бар бәле мына құйтыңдаған құйрықта дедім ғой. Бұл иттің қыпылықтамай тұрар күні жоқ. Бұл бір сайтан, кейде жауға, кейде өзіне әкеп ұрындырады.
Ш ұ б а к. Атаң көрі, қоқи, өзіңізді бір ұрындырған - ау, сірә? (Күледі.) Ө т е ш е в. Қайдағыны айтып қалжырап отырғанын... Аузыңды бұзып жіберейін бе!.. Ө т е г е н. Тек әшейін, содан үйренерсің, он екі сағат қарауыл астында қолыңа ұстап тұрсаң... Ш ұ б а қ. Апырау, бізді көп қинаған екен-ау бұл қу... Өтешев. Енді қайт деп тұрсың? Бір құйрығын германға бұрып, бір құйрығын маған тіреп тұрып алмады ма!
Ө т е г е н. Онда комбат оңтүстікте, сіз солтүстікте тұрған екенсіз ғой?.. Ө т е ш е в. Міне, міне, дәл таптың, енді үйрендім де... Ал кеттік. (Бұлар кетеді, блиндажға Сәлім келеді, Әсия тұруға ыңғайланады.) Кіріңіз. Ә з і м х а н. Тараңдар! (Зорин, Сәлімдер ішке кіреді. Әзімхан Рокотовқа барады.) Жолдас генерал-лейтенант, тез бекініске жүріңіз!
Рокотов (қасындағыларға). Жақсы, штабта шешейік.
Юровский. Тағы бір ауыз... (Әзімхан мен Рокотов көтеріле береді. Самолет үні жақын.) Е р ғ а р а. Жолдас генерал-лейтенант, полк командиріне айтып кетсеңіз екен...
Ә з і м х а н. Жолдас генерал, тезірек.
Е р ғ а р а. Алексей Сергеевич, а, Сергей Алексеич бір ауыз. Сергей Сергеич... (Бомбы түседі. Генерал мен Әзімхан құлайды, Зорин мен Сәлім генералды құшақтай алады. Сырым Әзімханды құшақтай алады...) Сырым (атып тұрып Ерғараға). Сенен езіп - созып тұрған! (Ерғараның погондарын жұлып-жұлып келіп.) Под караул! (Әсия келіп, Әзімханның үстіне шырылдап кеп құлайды.)
Ә с и я. Әзімхан жаным, жаным!..
ҮШІНШІ ПЕРДЕ
Бірінші сурет Қала сыртындағы балалар санаторийі. Колонналы кең зал. Екі жағында баспалдақтар, терраса. Айнала ағаш, қалын қар. Залда Толстой, Жамбыл, Некрасов, Салтыков, Достоевскийдің мүсіндері. Колонналарда топ-топ лампалардан құрылған люстралар. Залдың арғы қабырғасы тұтас айна. Ортада жасалып болып келе жатқан елка. Елка қасында Берг, Шультс, басқа офицерлер сыртына күзет... Ш у л ь т с. Жақсы-ақ болды білем... енді бір келіскен Аяз бабай табылса, шығып көр...
Б е р г. Тезірек, тез, генерал қазір келемін деді. Қысында қырау...
Ш у л ь т с. Қырау неге ерте келіп қалды екен?
Берг. Біз полк жасап көрген жанбыз ба, сене алмай, көруге келеді де.
Ш у л ь т с. Ендеше, офицер, полк ісінің қандай болатынын біз көрсетейік.
Берг. Әне келе жатыр. Жап аузыңды. (Бәрі әдеппен тізіліп тұрып қалады. Крюгер келеді.) Асыл фрау құрметіне әзір болады. Елтифатыңызға міне. (Елканы айналдырады.) К р ю г е р. Мен мұндайға орашолақпын ғой, ханум не дер? Мен фантазия аздау екен дер ем. Аяз бабай қайда?
Берг. Аяз бабай әлі табылған жоқ. Салып жатыр, генерал мырза! Крюгер. Мұжықты Ресейден сақал да табылмады ма? Тұр ғой, міне, тізіліп бар ғасырдың сақалы. Берг. Бұларыңызды біз танымады, генерал мырза!.. Колхоздың арандары ма, болмаса орыстың шын ақсүйектері ме. Әйтеуір таныс емес екенбіз. Крюгер. Жоқ, бұлар нағыз жауларың: орыс жазушылары, мынау - атақты Лев Толстой. Бұл орыс тарихында жеке-дара, бірден-бір дана адам. Жер жүзінің жазушыларында Наполеонның бет пердесін ашуға жүрегі тұрған осы ғана. Мұның сонау кездегі орыс мұжығының отаншылдығын оятқан жүздері бүгін бізге қарсы соғысып жатыр. Ұлы Наполеонға бұдан басқа кімнің тісі батқан еді? Біздің Краузе үшін бұл Ресейді еш уақытта, ешбір батальон ала алмайды деп, орыс мұжығын мәңгі - бақи сендіріп кетті ғой. Орыс мұжығының басына мықтап орнаған ойды айдап шығу да оңай емес. Бұл тап біздің келерімізді бір ғасыр бұрын сезгендей. Орыс мұжығына қара балтаңды қайраулы ұста деп кетті. Сондықтан бұл бас біздің қонағымыз да бола алмауы керек, солай ма, майор... Берг. Кешіріңіздер, генерал, әкетеміз, жоямыз. (Жамбылды көрсетіп.) Ал, мынау азиат та колхоз торайы емес пе?
Крюгер. Жоқ, қымбаттым... Бұ да бір зиянды шал.
Берг. Сіз мұның кім екенін де білесіз бе?
Крюгер. Мұны сіздің де білуіңіз шарт дер ем. Жамбыл дейтін қазақ. Ақын деп аталады, осы азиат шал "Отан бұйрығы" деп, бүкіл Ресей атынан сөйлейді. Таңданарлық емес пе? Бізбен ең алғаш Мәскеу түбінде айқасып еді, қазір осы арада соғысып жатыр. Карсы тұрған Қазақстан дивизиясымен қатар тұрып алып, күнде бір оқ атады. Петрдың халқына "Балаларым!" деп жазады қазақ! Азиаттың да азиаты!
Берг. Орыс халқы осылардан жирену санасына да жеткен жоқ па!? Крюгер. Жоқ, олар мұны ең жоғарғы адамшылық деп санайды. Олардың күші де осында деп санайды. (Крюгердің адъютанты келеді.)
Адъютант. Соңғы сағаттың халін баян етуге рұқсат етіңіз, генерал-майор!
Крюгер. Ие, құлағым сенде.
Адъютант. Екі бүйірден сезікті белгілер бар. Саны белгісіз жау қолы Н. қаласының екі жағын орап, екі бүйірден ілгері басқысы келгендей. Түн қатты боранды болғандықтан, дәл мақсұт еткен беті аңғарылмайды. Женіл қақтығыстардан қаймықпай да келеді. Мүмкін партизандар болар деген жорамал бар штабта.
Крюгер. Жоқ, бұл партизандар емес. Рокотовтан қандай қимыл байқалады?
Адъютант. Күн бойы тырп еткен жоқ еді, кешке жақын күшін жия түсті.
Крюгер. А... ойландырарлық хал екен. Машинаны әзірле... (Адъютант кетеді. Майорға.) Майор мырза, Рокотов бұдан, мен білсем, қасқырша шабуды ойлаған сияқты. Одан оны күтуге болады. Оның көкейін тескен Н. қаласы. Құп, мен оны дәмелендірем. Қалаға тұмсығын тигізіп барып қарсы алам. Ол бұрынғы қысқашты сындырып-ақ келсін... Сіз полковник Тип пен полковник Кохқа менің атымнан бұйрық етіңіз: екі бригада үнсіз қозғалып, ілгері барып, қала шетінде айқас басталған кезде Рокотовты сыртынан қаусыратын болсын. Қасқыр қапқалы келе жатса, қапқан шапқалы тұрсын!
Б е р г. Құп!
Крюгер. Мен сізді фрау үшін бүгінгі соғыстан азат етем. Бұл жерге соғыстың өзі түгіл, үні де келмес. Сіз елканы келістіріп жасаңыз. Фантазия, тапқырлық молырақ болсын. Мен сауықтарыңа адал еңбекпен келем. Кәрі қасқыр бұл түнде қақпанды баса қоймаса да, қамаудан шыға да алмайтын болар. Біз дәл сағатына келеміз. Фрау сіздің фантазияңызға мін таға алмас деп сендім, майор. Бәріңізге де тілек сол, офицерлер... (Кетеді, басқалар тұрып қалады.)
Ш у л ь т с. Қысқасы, мынаның бәрін де жою керек болды ғой.
Берг. Ие, тазарт! Содан соң осындағы барлық полк байталдарын айдап әкел, мен қазір келем... (Шулатып бір жаққа жүгіріп кетеді. Басқалары мүсіндерді әкетеді. Берг бұрыш бөлмедегі телефонға барады.) Полковник кім? Жаңа жыл құтты болсын... қайыр, қайыр... (Сөйлесе береді. Бір топ әдемі киінген әйелдерді ертіп шулатып келеді.) Ә й е л д е р. Капитан мырза! Жаңа жылды қарсылауға әлі ерте емес пе?.. Мен тіпті киінуге де әзірленген жоқ едім...
- Түу, әсем елка болғалы тұр екен.
- Мен бүгінгі елкада балалар болмайтын болғасын, он екі жасар қызша киінсем деп отыр ем.
Ш у л ь т с. Ол сізге келіссе игі еді...
Әйелдер.Ал бізді неге ерте алып келдіңіздер? Кімге керек болдық?
- Не үшін? Бакал үшін бе?
Ш у л ь т с. Майордың айту - шаптауына қарағанда, басқа бірдеңе үшін... Ә й е л д е р. Рас - ай, келіңдер, жас қыздар киінейік бүгін. (Берг келеді). Б е р г. Осындағы ең жас бала капитан Шультс екеуміз болсақ. Оның не керегі бар? Киінейік десе, шешінейік деңдер...
Ә й е л д е р. Немене? Немене?
- Шешінейік? Бәріміз де?
- Не үшін? (Бәрі анталасады.)
Б е р г (команда беріп). Қатарлан! Тыныш! (Әйелдер қатарланып қатып қалады.) Бүгін офицер елкасы, ешбір бала-шаға болмайды... Мына бұрышқа Германия тұрады, мына бұрышқа Венера! Аяз бабаның алдында Психея жатсын. Оның қасында Дит, мына жерге асқан сұлу Елена... Қысқасы, жаңа заман империясының офицерлері мен ескі дүниенің сұлулары ғана болады.
Ш у л ь т с. Дит деген ен табылған нәрсе! Ол енді әзір бізді...
Б е р г. Түсінікті ғой! (Әйелдер тағзым етеді.)
Ш у л ь т с. Міне, бұл фантазия!..
Берг. Әкет, әзірлеп әкел. Енді саған Аяз бабайды табу да киын болмас?
Ш у л ь т с. Ойымда сайрап тұр!.. (Әйелдерге.) Жүріңдер, өңшең шолпандарым... (Әйелдер жүгіріп кетеді. Берг жалғыз.) Б е р г. Фон - Крюгер менің бұл шағыма ылғи ортақтасып отырады. Мен оның Жаңа жылдық елкаға армия штабына шақырылғанын да білем. Бірақ маған келді!.. Қосалқы штабым дегенімен, осы сарайды, осы бір қалың ағашты құйқалы шұрайды маған бейімдеп жүр. Жақсылыққа жақсылық дегенді мен де білем ғой... А, көзі жайнап тұр екен... Ш у л ь т с. Нағыз Тәңірі, көр! (Басқалары әр жерге әртүрлі станоктар қояды, онда кейін әртүрлі сымбатты әйелдер тұратын болады. Қасына тіпті "Исимея" келіп, Аяз бабайдың алдына жатады... Елка айналып кетеді... Музыка... Жарты жалаңаш, кілең сұлулардың киіміндегі әйелдермен парласқан офицерлер елканы айнала жүріп хор айтады! Хордан кейін әйелдерді мүсін орнына қойып, бокал көтеріседі... Қайта іліп әкетіп, билеседі. Биден кейін әйелдер ойны тағы да орындарына тұрғызып, тағы да бокал көтере бергенде, осы қызыққа елеуреп қарап тұрған сырттағы үш күзетші жалп-жалп құлап түседі. Ақ киімді әскерлердің сыртынан салған қанжары жарқылдасады. Ақ киімді немісіне киінген бұрынғы күзетшілердің орнына тұра қалады. Бұлар Бойко, Өтеген, Шұбақ.)
Ө т е г е н. Ой, мыналар қатын алып жатыр ма?
Ш ұ б а қ. Ма, бос тіркеу тұрмайды, бұт құдайына шоқынып атады...
Ө т е г е н. Тап кіндігіне шоқынады екен...
Бойко. Ой, екі оңбаған бас ұрма... Қатынды құдайдан айыра алмай тұрғандарын қарашы!
Ш ұ б а қ. Е, қатын бас болып ба?
Бойко. Сен екеуіңнің қолыңа түссе, шыдай берсін деп неміс қыштан жасап әкелді. Тас болса, тымау тимейді... Мына бір мысықты құрту керек болар... (Қанжарын оңтайлап, солай қарай жылжиды.)
Ө т е г е н. Ой, Әсия! (Бойконың аяғынан тартады.) Ш ұ б а қ. Ойбай, сол! (Артына бұрылып.) Әсия! (Арғы жақтан Сәлім басын көтереді.) Өлді, өлді! Бойко. Ие, сол екен. (Әсияның тықырын сезіп қалған Шультс өзгелерге сездірмей атқып терезеге барып, Әсияны жонынан көтеріп ала бергенде, Саша Шультсті атып түсіреді. Әсия да құлайды.) Ш ұ б а қ. Қоқи! Намаздары оң бопты... Қара - қара, қатындардың бұты қозғалады.
Ө т е г е н. Оңбаған қоқи, саны десеңші, ойбай-ай, не деген аппақ еді!
Ш ұ б а қ. Атаң көрі қазақ, өлгелі тұрсың - ау неміс қатынға.
Бойко. Екі қара жалақ, сендер шығарсың. (Екінші жақтан ақ киініп, мысықша жылжыған Әсия шығады. Мыналар абыржып қалады. Әсия анда-санда артына бұрылып, кейінгі жолдастарына белгі беріп, баспалдаққа шығып, залдың ішіне қарайды.) С а ш а. Қапта! Ал ауызға қанжарды! (Бәрі қанжарларын көлденең тістеп, ішке ұмтылады. Офицерлер мылтық суыра алмай қалады.) Сал қазақша күреске! Салдым түбі бір-бір офицермен. (Алыса түседі. Әсия жүгіріп келіп шегінгенде, аз ғана әскер мен Ерғара қарсы ұшырайды. Екі бағанадағы люстраның шамдары бір-бірлеп сөніп тұрады... Екеуі де мерген... Аяғында Әзімхан етпетінен түседі.) Б е р г. Сол сыбағаң! (Бағанадан шығып, Әзімханға қарай баса бергенде, Әзімхан атып құлатады). Ә з і м х а н. Қойыңыз мынау шығар? (Бұл кезде өлгені өліп, байланғаны байланып, күрес тоқтайды. Әзімхан да тұрады.) Бұл штаб! Барды басып, жайды білейік, жүр, Сәлім! Сырым, Өтешев, осында болыңдар. (Сәлім екеуі жүгіріп әрі кетеді.) Сырым (Өтешевке құлап жатқан "Психеяны " нұсқап). Мына бір өлген қатынын сүйреп таста ары. Ө т е ш е в ("Психеяны" сүйрей беріп). Ойбай-ау, борбайы жып-жылы екен. Мынауың тірі болар. (Полктің артынан қарғысымен сүйретіле "Дит " шыға береді.) Ойбай, мына жерде, мына жерде бар білем!
"Д и т". Ақырын жолдас... Тірі кісіні өлтіріп алып жүрерсің.
Ө т е ш е в. Ой, мынау жолдас деп тұрған неткен ит.
Дауыстар (залда). Ал жамбасқа! Шал қырқадан! Арқалай сок! Матай көсілт! (Залда алып соғып, ұшып кетіп, қайта ұштасқан алай-дүлей күрес.) Е р ғ а р а. Немістер... Жат! (Әскерлері жата қалады.) Немістер... граната! Граната!..
Ә с и я. Жатпа! Ұмтыл! Міне, Сәлім!
Е р ғ а р а. Мен Сәлім мен немісті айыра алмайды деп тұрмысың? Жат әрі! Граната, граната! Ә с и я (Ерғараның гранатасына жармасып). Өз кісіңді, Сәлімдерді қырасың, тоқта! Ішке ұмтыл! Е р ғ а р а. Ай, осы бір қыз - қатын деген... ары кет, ары. (Қолында таяғы, Әзімхан шығады.)
Ә с и я. Іште қырғын... Сәлімдер катерде, құтқарыңдар.
Ә з і м х а н (Ерғараға). Сен неғып жатсың?
Е р ғ а р а. Гранатамен жайпайын деп жатырмын да...
Ә з і м х а н. Мә, саған жайғау! (Таяқпен бастан періп жіберіп, ішке жүгіреді.) Әсия, кейін бар! Қоршаңдар үйді! (Әзімханның артынан Ерғара да ішке жүгіріп, қарсы келіп қалған әйелдерді қуа жөнеледі. Бір жауынгерді өлтіріп тұрған Берг Әзімханды көре сала атып қалып, бағанаға тасалайды.)
Б е р г. А, арланы екенсің ғой!
Ә з і м х а н. А, текесі екенсің ғой! (Екеуі екі бағананы тасаланады. Атысады, қызу жекпе-жек.) Бұлар сайын мыналарды өлтіріп, сені осындай қорлықтары үшін ұстап жүр.
С ы р ы м. Ал мынау тисе ше?
В а л я. Ол шын ит!
Ө т е ш е в. Онда бұл оқыған ит болғаны ма?
Валя. Оқыған ит. Ескі Ресей алпауыты граф неміске еріп келіп, бұрынғы жер - мүлкін алып, бек болмақ. Әзірше немістің қарғы қара төбеті болып жүр. Ө т е ш е в. Онда апарып байлай тұрамыз да. (Әйелмен екеуін алып кетеді. Валяға.) Сен де бері жүр! (Бәрін әкетеді. Әзімхан, Бойколар келеді.)
Е р г а р а. Жеңіс, жеңіс, жолдас комбат!
Ә з і м х а н. Атаңның басы жеңіс! Әкетіңдер қатындарды. (Әскерлер қатындарды әкетеді.) Сынға түссең - сасасың, құтылсаң - тасасың. Не жының бар осы сенің. Е р ғ а р а. Жолдас комбат, қорлай беруді қашан қоясың осы? Әлгі таяғыңды ұмытты деп тұрмысың? Ә з і м х а н. Көзіңе айтайын, ол жерде сені атып тастауымыз керек қой. "Психея". Ойы граф.
Ө т е ш е в. Ой, мынаның бәрі тіл қатады, сығыр ма өзі, немене?
Аяз б а б а й. Сығыр емес, қорлық...
Ө т е ш е в. Мына неміс иттің Аяз бабайына дейін сөйлей ме?
Аяз бабай. Сөйлейді.
Ө т е ш е в. Ассалаумалейкум, ендеше... Уай, Сырым, бері кел! (Сырым келеді.) Нағыз бәле енді шықты! (Мылтығын ыңғайлайды.)
Аяз б а б а й. Мен бәле емес, өзіңсің.
Ө т е ш е в. Ой, шал, өзің бері шық!
Аяз бабай. Мен жылжи алмаймын, таңулы тұрмын.
Сыры м. Босат өзін.
Өтешев (босатып жатып). Ой, бұл тегін шал болмас.
Аяз бабай. Әуелі сақал-шашты бір...
Ө т е ш е в (сақалын сыпырып алып). Ойбай, мынау бала (шашын сыпырып алып) енді қыз болғалы келеді. (Шешінді, бері алып шығады.) Әукесі өзінің?
Аяз бабай. Шешім осы, сарайдың иненің сыпыратын... шешімді...
ҮІШНШІ ПЕРДЕ ЕКІНШІ АКТ
Оқиға сол сарайда. Бойко, Өтеген, Шұбақ. Залды жинастырып жүр.
Мүсіндер орындарына кайта орнаған.
Бойко. Болыңдар, комбат қазір келіп қалады.
Ө т е г е н. Түнде тап осы жерде аппақ бір қатын тұрды. А, Шұбақ.
Ш ұ б а қ. Қазақ атамның айғырыңдай орнын иіскеп тұрмысың. Болсаңшы. Ө т е г е н. Қатынды құдайдан айыра алмайтын сен деймін. Бұт құдай, бұт құдай деп, шұлғып қалған сен емес пе едің... Бойко. Қойыңдар деймін оттауды. Екеуің құдайды да құбыжықтай шошындырып алып, енді не көкіп тұрсыңдар? Ө т е г е н. Тас құдай тапжылмайды дегенің қайда? Тым болмаса өзің бізден көрі жақын емес пе едің, сенен неге қашты? Бойко. Қашпас, сен екеуіңмен жүргенде құдай түгіл, шайтан тұрар ма екен... Енді олар сен екеуіңді өмір бойы түстеріңе кіріп, шошып оятатын болады. (Стол көтертіп Өтеген, қағаздарын алып Әсия келе жатыр.) Ө т е г е н. Қарағым Әсия, түндегі жорық бір оң сапар болды. Оу, қалай алдадық, немісті де ілгері қарай айдап тастадық. Кешкі орнымызға тағы қайтып келдік. Ә с и я. Ие, боранды түн, сәтті түн болды. Жетісіп жатқан жерінен жалмауыздай жауынды желкелеп айдап шыққан күн дегендей, бірің Манастай, бірің Қобыландыдай қимылдамадың ма!
Ш ұ б а к. Уа, Әсияң айтқылар, айтқылар!..
Ә с и я. Өзің, өзі айтып жіберші, Шұбақ аға.
Ш ұ б а қ. Уа, жауды сайсақ біз сайдық, Ертегі өткен Манастың Қай жерінен кем сайдық! Құсып жатқан арақты, Ештен шыққан манапты, Өтеген, Бойко, Өгешев - Туған жері Таластан, Түп атасы Манастан, Қасында қабылан ер Шұбақ Қан құштыра қанапты!.. Содан соң қарық боп жатыппыз, міне... Ө т е г е н. Шұбақ пен Бойко түндегі құдай қыздарының орнына намаз оқығалы тұр, Әсия.
Зорин. Сен немене, Марстан түсіп пе едің? Не бар, не жоққа жауапты емессің. Саша. Жауапты кезеңде батальонды өзім басқарам деп, бар тізгінді қолға алған тап сіз жауапты. Ырық бердіңіз бе, маңайлаттыңыз ба? Енді мынау батальонды әкеп қамаған нағыз тығырық. Және қайда апарасыңдар, қайда бұрасыңдар? Ал осы саған екінің бірі - ақ деп тұр! Зорин. Жауапты кезеңде алда тұрған батальонды өз қолыма алсам, сендер деп қалған былығынан аршуға алдым, қырағы политрук жолдас, сенің тап өз иегіңнің астынан талай қатпар табылып жатыр.
С а ш а. Е, не таптың, айт ашып, Юровский!
Юровский. Ондайымызды елемей өт, шұқыма дейтін шығарсың? (Столды ұрып қалып.) Жоқ! Сен аузыңа ие бол! Ұмытшақ болма! Шынына келгенде Шалқаровтың бар ісіне сен де ортақсың. С а ш а. Ортақсың? Ерғара екеуіңнің ездігіңе ортақ болғанша, Шалқаровтың отына - ақ күйесін... Бар абырой сонымен еді, бар абыройымыз нақ сендермен кетіп отыр. Е р ғ а р а. Е, бар абырой Шалқаров екен ғой! Орны толмайтын адам жоқ деп жүрсің, тапқан екенсің ғой сен!
С а ш а. Шалқаровтың жөнін толтырғаным сенбісің.
Юровский. А, ондай өжет болсаң, бүгін саған он екіде трибуналға барып, Шалқаровпен қатар тұрып жауап бер! Бар да, үлесіңді ал! Зорин. Жә, жетер енді! Мына қысылшаң қамын айтады десе, ішек - қарның ақтарылып, неменені кұттықтап барасыңдар? Жолдас майор, сіз осы батальон шабуыл найзасының өткір ұшы - болат жебесі болғасын келгенсіз. Сол батальон қысылған үстінен шығып отырмыз. Қане, байлауың не? Бұрын шығу ма?
Юровский. Болмас.
Зорин (Тоғышаровқа). Сен ше, қалай?
Е р ғ а р а. Болмас. Батальонның ішкі аударыспағы біткен жоқ әлі... Маған бір жиырма төрт сағат уақыт керек.
Зорин. Оны кім бергелі тұр? Немістен сұраймыз ба әлде?..
Е р ғ а р а. Әшейін сыра айтқаным ғой...
Зорин. Ендеше, шегіну ме?
Е р ғ а р а. Шегіну? Жоқ, ол тіпті болмайды. Онда сіленді генерал қатырады.
Зорин. Енді сонда?
Е р ғ а р а. Шабуыл да емес, шегіну де емес. Батальон табан аудармай жұлқынып өледі. Зорин. Өледі? Ол немене, ерлік болмақ па? Қырылу ерлік пе? Жоқ, бұның аты батальонды босқа арандату болады. Басқа айтарларың бар ма, жоқ па өзі? Рокотов. Жөн таба алмай, не байлау жасай алмай отырған команданың аты не? Туар ой, тұл ой бар. Мұның аты - мешеулік. Қорқудан туған азғындықтан кейін екен? Әшейінде қоразданып қысылсаң да, ой таппас әкеліп жығар жері осы болмағанда не болмақ еді. (Әзімхан мен Рокотов келе жатыр.) Ә з і м х а н. Устав (бәрі атып тұрады), генерал... (Юровскийге бұрылып.) Жолдас полк командирі, генералдың әмірі бойынша батальонды қолыма алуға сіздің қарамағыңызға келдім.
Юровский (сасқалақтап). Алыңыз, кірісіңіз...
Рокотов. Майор Юровский, сіз мұнда полкыңыздың ең берік жері деп келіп отырсыз ба? Юровский. Ғафу етіңіз, генерал-майор, күдікті жер деп келіппін. Біздің полкке кім кіргізді, білмеп ем. Рокотов (Зоринге). Жайларын мәлім. Байлау не болды? (Юровский мен Ерғара абыржиды.)
Ә с и я. Аға, сізге ойлану керек еді ғой...
Ә з і м х а н. Сол жүрек қасында болса, тәуекел түнінде арман бар ма? Мегзескен жерден дәл табылады! Қара тонды сара тілер жарқылдай. Сол түннің алай-түлей бораны болса -оранып өтеді... Күн. А с у б а й. Алыстан аңсап Асубай келгенде, уа, сен қайда жүрсің? Осы бой тасалау...
Ә з і м х а н. Ассалаумағалейкум, Асеке!
Асубай. Көтер қолыңды, тіз алдыма сарбазыңды...
Ә з і м х а н. Көтердім қолымды, тағзым еттім, тізем сарбазымды.
Асубай. Уай, айналайын шалқар. (Сүйеді.) Қынапта жатқан қылышым кекті қолмен сүйреп шығып қия сілтегем. Қинай түсші өзін. Бар ашуың бойында, қанқұмар жауың жолында, тұнық күшті сырттаным, таңдамай қалшы, көрейін. Қай майданда болса да жеңбей тынбас майталман. Қай қамалды болса да бұзбай тынбас сайыпқыран, даналардың данасы Сталиннің қолысың, сарбазысың самсаған, сол нұсқаған асқарды алмай қойшы, көрейін. Көні, маған рапортыңды бер. Ә з і м х а н. Осы айтқаның ішінде орындамасы жоқ, (рас үстіне. (Генерал, басқалар кіреді.) Қалай өзі, желдете бастаған ба? Ағаш басының да қыбыры бар, боран келеді әкем... Және бүгін ғой Жаңа жыл?
Ә с и я. Ие, боран болғалы тұр, бәсе!..
Ә з і м х а н. Ие, түн қараңғы, күн бұлт... Жүрек пен жүрек танысар, қасиетпен табысар.
Ә с и я. Апырау, сізге ойлау керек емес пе еді?
Ә з і м х а н Ал сол жүрек кімде бар деші! Ол Сырымнан да табылады.
Ә с и я. Уығы...
Ә з і м х а н (жымиып). Шын сенімді жүрек Сашадан табылады. Сен жаңа Сашаны дұрыс атадың. Мен болсам соған тоқтаған болармын... (Саша келеді.)
С а ш а. Ие, колбасы, толғанып болдыңыз ба, байлауың бекіді ме?
Ә з і м х а н. Байлау әзір не екенін сен аташы.
Саша. Шабуыл!
Ә з і м х а н. Ендеше, бекіді!
Рокотов. Ал таңдаймыз ба? Байлауын?
Ә з і м х а н. Жолдас генерал-майор, байлау болды: шегіну де емес, бұл жерде жатып еле кету де емес... Жаюлы жатқан қанды қақпанға тура шабу да емес, борандай борап, қақпанды айналып барып, өзіңіз айтқан көкжал Крюгерді желкесінен басуға байладық. Батальонды қақ бөліп алып, лейтенант Белов екеуміз қос бүйірінен бір сәтте қатар қадаламыз...
Зорин. Бәсе, шын Шалқаров осылай еді ғой. (Қолын қысады.) Рокотов. Өте дұрыс, ой дұрыс... Желкеден ұрып, артынан қадаласың... бір... қоршаудан шығып, құрсау саласың. Г.кі... ар жағын мен ойлауым керек болды! (Әзімханның қолын қысады.) Батальон өлімге жұмсағандай қатерге кетіп барады. Майрылған болат жебем ең. Қайта ұштап, қайта шаншылды тұрсың! Сау қал, тірі бол! Уәде ғой?
Ә з і м х а н. Рұқсат етсеңіз, мен уәдемді айтар ем.
Рокотов. Айт.
Ә з і м х а н. Менің есіме шығыстың бір нақыл аңызы келіп тұр, жолдас генерал-майор... Ұя басар ақиық балапанын ұшырарда ең биік құздың басынан құлата ұшырып жіберіп, өзі іле артынан ұшады дейді. Балапан алдында жартас тұрса, ақиық өзі алдына түседі екен. Балапан туған құзар қалыңға ұрар болса - қыран ата өзі балапанның астын ала ұшады екен. Ал балапан қарлы, боранды бұлтқа ұрынса, ақиық қанатын жайып, қалқалап балапанның үстінде ұшады екен. Бізді сіз осылай ұшырып келесіз. Менің уәдем соны ақтау болсын. Рокотов. Аңызың жақсы-ақ екен, комбатым. Бірақ бұл бәрімізді баулып ұшырған ақиықтардың ақиығы, бас қолбасшымызға ғана лайық аңыз. Мен осы уәдеңді жадымда тұттым, ал әзірлен, біз кеттік. (Бәрін аяп кетеді.) Әзімхан (сыртқа шығып). Боран! Құтыра соқ, ақ боран! Командирлер, бері келіндер! Орныңды суытпай өз ротаңа бар, менімен боласың, Сырым, ротаңды әзірле! Әсия, сен штабпен шегініп кейін қайтасың... (Бәрі кетеді. Жел ызғырып, боран үдей бастайды. Ақ түтек боран, биіктен ойға қарай шаңғымен сырғып ағып бара жатқан ақ киінген қызыл әскерлер, арқаннан ұстасып, бір ізбен сырғып барады. Сол алай - дүлейде аласұрып жүрген Әсия...) Ә с и я. Орындамаймын бұл бұйрықты, қалмаймын, бірге көрем. Жалғыз мен шегінемін? Мен комбаттың қасында болуға міндеттімін... қалмаймын... (Мылтығын иығына салып, сырғып бара жатқан бір тізбек қызыл әскердің арқанынан ұстап алып, бұда сырғып келеді.) Серт, сертім - серт!
Ш ы м ы л д ы қ Юровский. Мен несіне барам әлі, бұл қуанышқа мен ортақ емес сияқтымын ғой. Бәрін былғап кеткен құрғыр, осы өткен күн ғой, болмаса дивизия абыройының қақ жарымы менікі болатын емес пе еді! Абырой мен ары ашылудың арасы бір-ақ адым екен ғой, шіркін... Тапалдығын да осындайды айтқан ғой. (Ерғара келеді.) Е р ғ а р а. Ойбай, Марк Михайлович!.. Михаил Маркович, Шалқаров мені кұртыпты біржола
Юровский. Е, неғыпты?
Е р ғ а р а. Ротамды сыпырып алды. Әлгі Бойко дегенге беріпті. Сіз білмеуші ме едіңіз мұны?
Юровский. Жоқ, білгем жоқ.
Е р ғ а р а. Бәсе, өзінің зорлығы екенін біліп келіп ем. Ал енді сіз бұзасыз ғой оның бұйрығын.
Юровский. Жоқ, бұза алмаймын.
Е р ғ а р а. Қалай? Осылай түсіп қала берем бе?
Юровский. Е, түсіп қала бересің де. Менің жайым сол.
Е р ғ а р а. Сіз де түсіп қалыпсыз ба? Онда Алексей Сергеевичке, а, Сергей Алексеевичке бірге жолығайық та.
Юровский. А, қойшы Сергей Сергеич...
Е р ғ а р а. Жоқ, жолығу керек. Мен басқа да көп нәрсе айтам. Мені как офицер қорлағанын да айтам. Как офицер не за что таяқ жегенімді де айтам, сіз де айтуыңыз керек.
Юровский. Менің де айтарым көп. Генералға мен де сөйлесем.
Е р ғ а р а. Ендеше, бірге де айтамыз (Рокотов, Асубай, Бойко, Әсия, Өтеген, Шұбақ, Өтешев келе жатыр.) Рокотов (тоқтап). Командирдің деген жерінен шыққан солдатты жақсы дейміз. Ал командирдің ойынан асып түскен солдатты кім дейміз? Мысалы, күнде кездесетін, кездескен сайын шошына келетін мынадай жағдай бар: ойда жоқта тобыңмен оқ астында қалдың. Балта көтергенше дөңбек жал табу керек. Тегіс жата қалдық. Бұл арада селтиіп тұрып қалған солдат - есуас! Оқ түтеп, ажал бұқтырып тұр... Енді жалтарған бас қорғау емес, жағаласқан бас қорғау... Командир ұмтыл деді, ешкім тұра алмай жатыр. Оқ үстінде арадай тулап, бас көтерсең - ақ жұлып кеткелі тұр. Сонда біреу, бір ғана солдат тәуекел деп тап берді. Оның артынан бесеу тұрды, он тұрды, жүз кетті. Ажал енді жаудың өзіне ауды... Әне, сол бірінші солдаттың аты ер!
Асубай. Әне, әне... Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар!
Рокотов. Ерлік бірден бітеді, мыңнан туады. Біз бұл соғыстың алғашқы асуларынан астық. Бұл күнде үдере шабуылдын үстіндеміз, алдымыз жау жері. Жеңіс туын Берлин төбесіне берік орнатпай тоқтамаймыз. Мысалы, міне, дивизиямызға гвардия атағын берді. Бәрімізге орден беріліпті. Лейтенант Өтешев, сен орденді не үшін алдым деп ойлайсың? Ө т е ш е в. Генерал жолдас, мен ойымды қысқа айта алмайтын адам едім, енді қайтсем екен...
Генерал. Онда не амал, жақсы, еркің айт... отырайық... (Бәрі отырады.) Ө т е ш е в. Е, бәрекелді... Мен өзім жылқышы бола тұғынмын. Жалғыз бір аңыз білетінмін. О да болса жылқышы жайында... Баяғыда бір жылқышы молтақ құлақты шұбар атын қаңтара тастап, тастай қараңғы түнде қалғып кетсе, жылқысы шұр ете түсіпті. Атып тұра келсе, молтақ шұбар көлденең тұр екен. Қарғып мініп кеп алғанда, құдай көрсетпесін, ала - ақ жөнеліпті. Жер қайда? Жекен қайда? Біліп болмайды, қу дала, құла түзге алыпты да кетіпті. Ол кезде жұрт компасты білмейтін қара кезі. Тек жалғыз темірқазық. Біресе алдынан, біресе артынан. Біресе оңынан, біресе солынан шығады, төрт құбыладан да адасты. Таң қылаңда енді аңғарса, астындағы өзінің молтақ шұбары емес. Әлгі тарғыл тағы - жолбарыс екен! Рокотов. Қызық, қызық... Ө т е ш е в. Танығанда жүрегі тас төбесіне шықты. Қорқып кетті. Енді қайтпек? Түсейін десе - жеп қоятын, түспейін десе - әкетіп барады. Сонда жаңағы өзіңіз айтқан "жалынғанмен жан қалмайды, жағаласқанмен жан қалады" деген есіне түсе қалып, ай, енді не болса да деп, тарғылдың арандай ашылған аузына беліндегі қыл шылбырды салып жіберіп, ауыздықтап алып, екі езуін кергілей жыртып, қос өкпеге тепкілепті келіп... Қанша айтқанмен адам жеңбейтін айуан бар ма, таңертең пұшпағынан терін сорғалатып, тілін салақтатып, ит қып айдап әкеп, қосының қасында соғып алыпты.
Рокотов. Соғып алыпты?
Ө т е ш е в. Тап солай соғып алыпты, жолдас генерал - майор. Мен де сол жағындамын. Басында соғыс деген тағы тар мен қорқуыма да болатын. Сталин жолдас техниканы меңгер деді ғой. Маған ол кезде (қалтасынан екі - үйі компас суырып алып) осы компас қудың өзі машинаның сайтаны көрінетін. Қолыма алсам - адасып қала беретінмін... Ал енді осы күні сол тарғыл тағыны Берлин түбінде қара тұмсықтан қағып тастауға алдымызға салып айдап келеміз ғой, әйтеуір... Менің ұраным осы шығар деймін, жолдас генерал-майор. Рокотов (күліп). Ой, жігіт!.. Сол тарғыл тағыны Берлин түбінде қара тұмсықтан сен сілейтетін болып отыр... Ал, қырғыз ұлы, сен орденді не үшін алдым деп ойлайсың? Ш ұ б а қ. Біздің қырғыз ыршы, тұрмайды, жолдас генерал-майор. Мен "Манасты" көп оқығанмын. Ішінде батыр кім десе, өзі үңгірдей, мұрны көрдей, шоқысы төмпешіктей деп атады, емес, көрсем бұрынғы батырлық білекте бопты. Бүгінгі батырлық жүректе бопты... Ленин, Сталин бізге бітірген жүрек бен бауыр бопты... менің орденім жүректің үстінде орнын тауып тұрып атады қо деймін. Жолдас генерал-майор... Р о к о т о в. О, сенікі де көптің сыры! Жақсы-ақ. Қырғыз ұлы, жақсы-ақ! Ал, командир Бойко, сенің жаңағы сөзің орыс, украин баласының қайнар жүрек шыны ғой, әр оқтың біздікімен бірге, ар жақта қырылған атаның ыңырануы құлағына келеді дедің ғой. Саған Берлин көшесінде жеңістің соңғы оғын атқызатын әмір де сол... Ал, қызым Әсия, сен кеше түнде ерлік істеймін деп өліп қала жаздапсың. Сен өлмеуің керек. Бұл арада менің ұлым көп те, қызым сен жалғызсың, ерлік те істе, аман да қал. Ә с и я. Қазақ жаным - арым садағасы дейді. Ар әмірі бойынша ерлік қарызым болсын!.. Ал өлу, өлу... Өлуде бұлайша бола алатын болса, өлмеймін дейін. Рокотов. Жә, қырандар, қолбасы келе жатыр, тарайық осымен. Ол қатал адам, жай барақат көтермей жүрер... (Қолдарын қысады, жауынгерлер кетеді.) Ә з і м х а н. Жолдас генерал-майор, әміріңіз бойынша ерекше батальонға командир етіп капитан Сырым Бекетовті ұсынамыз.
Рокотов. Дұрыс. Капитан Бекетов, бүгін штабқа келіндер.
Сыры м. Құп жолдас, генерал-майор. (Юровский, Тоғышаров шығады.)
Юровский. Жолдас генерал-майор, мүмкін бе?
Рокотов. Мүмкін, мүмкін... (Қасындағыларға қарайды. Олар бөлініп шегінеді. Асубай ілгері кетеді. Зорин, Әсия, Әзімхан, Сәлім бір бөлек қалады.) Юровский. Жолдас генерал-майор, капитан Тоғышаровтың сізге жазған арызы бар екен. Рокотов. Беріңіз, капитан... (Тоғышаров қағазын береді. Рокотов қағазды оқып тұрып қалады.)
Зорин. Айтпақшы, Әсия қайда қалады? Полкке ауыса ма? Батальонда қала ма?
Ә з і м х а н. Мен өзі шешсін дер едім...
С ә л і м. Полк командирі ерік беретін болса, мен де өзі шешсін дер едім.
Ә с и я. Жауынгер қайда барам десе де ерікті болушы ма еді?
Зорин. Жоқ, бұл айрықша жағдай... Бұл жерде таңдау беріледі. Командирің полкке кетіп барады, комиссарын қалып барады. Сен өзің шешесін, Сырым... Саша. Мұнда үйренген тобын... Ә с и я (күліп). Анда командирін жалғыз кетіп барады. Зорин. Бәсе, бәсе... Бұл жерде тақ Сүлейменнің әділдігі керек болар. Ә с и я. Ендеше, билік айтар өзім болсам, мені штаб атаулыдан түгел босатып, жауынгерлер қатарына жібер деп өтінер ем.
Ә з і м х а н. А? Сәлім. Не?
Ә с и я. Менің байлауым осы, жолдас полк командирі. (Асығыс Сырым келеді.)
Сырым. Жолдас генерал-лейтенант, жаудың қаңғырған бір самолеті бомба тастап келеді. Ішке, сыртқа, ағаш түбінде Өтешев Шұбақ пен Өтегенге компасты үйретіп жатыр. Қолында компас. Ө т е ш е в. Ал қазір жөнелеміз. Компасты түсіндіңдер ғой, менде игерілді. Айттым, үшеуміз үш бөлек кетеміз. Тек адасып кетіп жүрмеңдер. Бұл жер сенің Алатауың емес. Жотаға шығып алып, жадысын барлап алатын, бұғып жүріп, компаспен барып, компаспен қайтасың. (Екеуіңе екі компас беріп.) Ал енді бұл бір қу. Бар бәле мына құйтыңдаған құйрықта дедім ғой. Бұл иттің қыпылықтамай тұрар күні жоқ. Бұл бір сайтан, кейде жауға, кейде өзіне әкеп ұрындырады.
Ш ұ б а қ. Атаң көрі, қоқи, өзіңізді бір ұрындырған - ау, сірә? (Күледі.) Ө т е ш е в. Қайдағыны айтып қалжырап отырғанын... Аузыңды бұзып жіберейін бе!.. Ө т е г е н. Тек әшейін, содан үйренерсің, он екі сағат қарауыл астында қолыңа ұстап тұрсаң... Ш ұ б а қ. Апырау, бізді көп қинаған екен-ау бұл қу... Өтешев. Енді қайт деп тұрсың? Бір құйрығын германға бұрып, бір құйрығын маған тіреп тұрып алмады ма!
Ө т е г е н. Онда комбат оңтүстікте, сіз солтүстікте тұрған екенсіз ғой?.. Ө т е ш е в. Міне, міне, дәл таптың, енді үйрендім де... Ал кеттік. (Бұлар кетеді, блиндажға Сәлім келеді, Әсия тұруға ыңғайланады.) Кіріңіз. Ә з і м х а н. Тараңдар! (Зорин, Сәлімдер ішке кіреді. Әзімхан Рокотовқа барады.) Жолдас генерал-лейтенант, тез бекініске жүріңіз!
Рокотов (қасындағыларға). Жақсы, штабта шешейік.
Юровский. Тағы бір ауыз... (Әзімхан мен Рокотов көтеріле береді. Самолет үні жақын.) Е р ғ а р а. Жолдас генерал-лейтенант, полк командиріне айтып кетсеңіз екен...
Ә з і м х а н. Жолдас генерал, тезірек.
Е р ғ а р а. Алексей Сергеевич, а, Сергей Алексеевич бір ауыз. Сергей Сергеевич... (Бомбы түседі. Генерал мен Әзімхан құлайды, Зорин мен Сәлім генералды құшақтай алады. Сырым Әзімханды құшақтай алады...) Сырым (атып тұрып Ерғараға). Сенен езіп - созып тұрған! (Ерғараның погондарын жұлып-жұлып келіп.) Под караул! (Әсия келіп, Әзімханның үстіне шырылдап кеп құлайды.)
Ә с и я. Әзімхан жаным, жаным!..
ҮШІНШІ ПЕРДЕ
Бірінші сурет Қала сыртындағы балалар санаторийі. Колонналы кең зал. Екі жағында баспалдақтар, терраса. Айнала ағаш, қалын қар. Залда Толстой, Жамбыл, Некрасов, Салтыков, Достоевскийдің мүсіндері. Колонналарда топ-топ лампалардан құрылған люстралар. Залдың арғы қабырғасы тұтас айна. Ортада жасалып болып келе жатқан елка. Елка қасында Берг, Шультс, басқа офицерлер сыртына күзет... Ш у л ь т с. Жақсы-ақ болды білем... енді бір келіскен Аяз бабай табылса, шығып көр...
Б е р г. Тезірек, тезірек, генерал қазір келемін деді. Қысында қырау...
Ш у л ь т с. Қырау неге ерте келіп қалды екен?
Берг. Біз полк жасап көрген жанбыз ба, сене алмай, көруге келеді де.
Ш у л ь т с. Ендеше, офицер, полк ісінің қандай болатынын біз көрсетейік.
Берг. Әне келе жатыр. Жап аузыңды. (Бәрі әдеппен тізіліп тұрып қалады. Крюгер келеді.) Асыл фрау құрметіне әзір болады. Елтифатыңызға міне. (Елканы айналдырады.) К р ю г е р. Мен мұндайға орашолақпын ғой, ханум не дер? Мен фантазия аздау екен дер ем. Аяз бабай қайда?
Берг. Аяз бабай әлі табылған жоқ. Салып жатыр, генерал мырза! Крюгер. Мұжықты Ресейден сақал да табылмады ма? Тұр ғой, міне, тізіліп бар ғасырдың сақалы. Берг. Бұларыңызды біз танымады, генерал мырза!.. Колхоздың арандары ма, болмаса орыстың шын ақсүйектері ме. Әйтеуір таныс емес екенбіз. Крюгер. Жоқ, бұлар нағыз жауларың: орыс жазушылары, мынау - атақты Лев Толстой. Бұл орыс тарихында жеке-дара, бірден-бір дана адам. Жер жүзінің жазушыларында Наполеоннын бет пердесін ашуға жүрегі тұрған осы ғана. Мұның сонау кездегі орыс мұжығының отаншылдығын оятқан жүздері бүгін бізге қарсы соғысып жатыр. Ұлы Наполеонға бұдан басқа кімнің тісі батқан еді? Біздің Краузе үшін бұл Ресейді еш уақытта, ешбір батальон ала алмайды деп, орыс мұжығын мәңгі - бақи сендіріп кетті ғой. Орыс мұжығының басына мықтап орнаған ойды айдап шығу да оңай емес. Бұл тап біздің келерімізді бір ғасыр бұрын сезгендей. Орыс мұжығына қара балтаңды қайраулы ұста деп кетті. Сондықтан бұл бас біздің қонағымыз да бола алмауы керек, солай ма, майор... Берг. Кешіріңіздер, генерал, әкетеміз, жоямыз. (Жамбылды көрсетіп.) Ал, мынау азиат та колхоз торайы емес пе?
Крюгер. Жоқ, қымбаттым... Бұ да бір зиянды шал.
Берг. Сіз мұның кім екенін де білесіз бе?
Крюгер. Мұны сіздің де білуіңіз шарт дер ем. Жамбыл дейтін қазақ. Ақын деп аталады, осы азиат шал "Отан бұйрығы" деп, бүкіл Ресей атынан сөйлейді. Таңданарлық емес пе? Бізбен ең алғаш Мәскеу түбінде айқасып еді, қазір осы арада соғысып жатыр. Карсы тұрған Қазақстан дивизиясымен қатар тұрып алып, күнде бір оқ атады. Петрбордың халқына "Балаларым!" деп жазады қазақ! Азиаттың да азиаты!
Берг. Орыс халқы осылардан жирену санасына да жеткен жоқ па!? Крюгер. Жоқ, олар мұны ең жоғарғы адамшылық деп санайды. Олардың күші де осында деп санайды. (Крюгердің адъютанты келеді.)
Адъютант. Соңғы сағаттың халін баян етуге рұқсат етіңіз, генерал-майор!
Крюгер. Ие, құлағым сенде.
Адъютант. Екі бүйірден сезікті белгілер бар. Саны белгісіз жау қолы Н. қаласының екі жағын орап, екі бүйірден ілгері басқысы келгендей. Түн қатты боранды болғандықтан, дәл мақсұт еткен беті аңғарылмайды. Женіл қақтығыстардан қаймықпай да келеді. Мүмкін партизандар болар деген жорамал бар штабта.
Крюгер. Жоқ, бұл партизандар емес. Рокотовтан қандай қимыл байқалады?
Адъютант. Күн бойы тырп еткен жоқ еді, кешке жақын күшін жия түсті.
Крюгер. А... ойландырарлық хал екен. Машинаны әзірле... (Адъютант кетеді. Майорға.) Майор мырза, Рокотов бұдан, мен білсем, қасқырша шабуды ойлаған сияқты. Одан оны күтуге болады. Оның көкейін тескен Н. қаласы. Құп, мен оны дәмелендірем. Қалаға тұмсығын тигізіп барып қарсы алам. Ол бұрынғы қысқашты сындырып-ақ келсін... Сіз полковник Тип пен полковник Кохқа менің атымнан бұйрық етіңіз: екі бригада үнсіз қозғалып, ілгері барып, қала шетінде айқас басталған кезде Рокотовты сыртынан қаусыратын болсын. Қасқыр қапқалы келе жатса, қапқан шапқалы тұрсын!
Б е р г. Құп!
Крюгер. Мен сізді фрау үшін бүгінгі соғыстан азат етем. Бұл жерге соғыстың өзі түгіл, үні де келмес. Сіз елканы келістіріп жасаңыз. Фантазия, тапқырлық молырақ болсын. Мен сауықтарыңа адал еңбекпен келем. Кәрі қасқыр бұл түнде қақпанды баса қоймаса да, қамаудан шыға да алмайтын болар. Біз дәл сағатына келеміз. Фрау сіздің фантазияңызға мін таға алмас деп сендім, майор. Бәріңізге де тілек сол, офицерлер... (Кетеді, басқалар тұрып қалады.)
Ш у л ь т с. Қысқасы, мынаның бәрін де жою керек болды ғой.
Берг. Ие, тазарт! Содан соң осындағы барлық полк байталдарын айдап әкел, мен қазір келем... (Шулатып бір жаққа жүгіріп кетеді. Басқалары мүсіндерді әкетеді. Берг бұрыш бөлмедегі телефонға барады.) Полковник кім? Жаңа жыл құтты болсын... қайыр, қайыр... (Сөйлесе береді. Бір топ әдемі киінген әйелдерді ертіп шулатып келеді.) Ә й е л д е р. Капитан мырза! Жаңа жылды қарсылауға әлі ерте емес пе?.. Мен тіпті киінуге де әзірленген жоқ едім...
- Түу, әсем елка болғалы тұр екен.
- Мен бүгінгі елкада балалар болмайтын болғасын, он екі жасар қызша киінсем деп отыр ем.
Ш у л ь т с. Ол сізге келіссе игі еді...
Әйелдер.Ал бізді неге ерте алып келдіңіздер? Кімге керек болдық?
- Не үшін? Бакал үшін бе?
Ш у л ь т с. Майордың айту - шаптауына қарағанда, басқа бірдеңе үшін... Ә й е л д е р. Рас - ай, келіңдер, жас қыздар киінейік бүгін. (Берг келеді). Б е р г. Осындағы ең жас бала капитан Шультс екеуміз болсақ. Оның не керегі бар? Киінейік десе, шешінейік деңдер...
Ә й е л д е р. Немене? Немене?
- Шешінейік? Бәріміз де?
- Не үшін? (Бәрі анталасады.)
Б е р г (команда беріп). Қатарлан! Тыныш! (Әйелдер қатарланып қатып қалады.) Бүгін офицер елкасы, ешбір бала-шаға болмайды... Мына бұрышқа Германия тұрады, мына бұрышқа Венера! Аяз бабаның алдында Психея жатсын. Оның қасында Дит, мына жерге асқан сұлу Елена... Қысқасы, жаңа заман империясының офицерлері мен ескі дүниенің сұлулары ғана болады.
Ш у л ь т с. Дит деген ен табылған нәрсе! Ол енді әзір бізді...
Б е р г. Түсінікті ғой! (Әйелдер тағзым етеді.)
Ш у л ь т с. Міне, бұл фантазия!..
Берг. Әкет, әзірлеп әкел. Енді саған Аяз бабайды табу да киын болмас?
Ш у л ь т с. Ойымда сайрап тұр!.. (Әйелдерге.) Жүріңдер, өңшең шолпандарым... (Әйелдер жүгіріп кетеді. Берг жалғыз.) Б е р г. Фон - Крюгер менің бұл шағыма ылғи ортақтасып отырады. Мен оның Жаңа жылдық елкаға армия штабына шақырылғанын да білем. Бірақ маған келді!.. Қосалқы штабым дегенімен, осы сарайды, осы бір қалың ағашты құйқалы шұрайды маған бейімдеп жүр. Жақсылыққа жақсылық дегенді мен де білем ғой... А, көзі жайнап тұр екен... Ш у л ь т с. Нағыз Тәңірі, көр! (Басқалары әр жерге әртүрлі станоктар қояды, онда кейін әртүрлі сымбатты әйелдер тұратын болады. Қасына тіпті "Исимея" келіп, Аяз бабайдың алдына жатады... Елка айналып кетеді... Музыка... Жарты жалаңаш, кілең сұлулардың киіміндегі әйелдермен парласқан офицерлер елканы айнала жүріп хор айтады! Хордан кейін әйелдерді мүсін орнына қойып, бокал көтеріседі... Қайта іліп әкетіп, билеседі. Биден кейін әйелдер ойны тағы да орындарына тұрғызып, тағы да бокал көтере бергенде, осы қызыққа елеуреп қарап тұрған сырттағы үш күзетші жалп-жалп құлап түседі. Ақ киімді әскерлердің сыртынан салған қанжары жарқылдасады. Ақ киімді немісіне киінген бұрынғы күзетшілердің орнына тұра қалады. Бұлар Бойко, Өтеген, Шұбақ.)
Ө т е г е н. Ой, мыналар қатын алып жатыр ма?
Ш ұ б а қ. Ма, бос тіркеу тұрмайды, бұт құдайына шоқынып атады...
Ө т е г е н. Тап кіндігіне шоқынады екен...
Бойко. Ой, екі оңбаған бас ұрма... Қатынды құдайдан айыра алмай тұрғандарын қарашы!
Ш ұ б а қ. Е, қатын бас болып ба?
Бойко. Сен екеуіңнің қолыңа түссе, шыдай берсін деп неміс қыштан жасап әкелді. Тас болса, тымау тимейді... Мына бір мысықты құрту керек болар... (Қанжарын оңтайлап, солай қарай жылжиды.)
Ө т е г е н. Ой, Әсия! (Бойконың аяғынан тартады.) Ш ұ б а к. Ойбай, сол! (Артына бұрылып.) Әсия! (Арғы жақтан Сәлім басын көтереді.) Өлді, өлді! Бойко. Ие, сол екен. (Әсияның тықырын сезіп қалған Шультс өзгелерге сездірмей атқып терезеге барып, Әсияны жонынан көтеріп ала бергенде, Саша Шультсті атып түсіреді. Әсия да құлайды.) Ш ү б а қ. Қоқи! Намаздары оң бопты... Қара - қара, қатындардың бұты қозғалады.
Ө т е г е н. Оңбаған қоқи, саны десеңші, ойбай-ай, не деген аппақ еді!
Ш ұ б а к. Атаң көрі қазақ, өлгелі тұрсың - ау неміс қатынға.
Бойко. Екі қара жалақ, сендер шығарсың. (Екінші жақтан ақ киініп, мысықша жылжыған Әсия шығады. Мыналар абыржып қалады. Әсия анда-санда артына бұрылып, кейінгі жолдастарына белгі беріп, баспалдаққа шығып, залдың ішіне қарайды.) С а ш а. Қапта! Ал ауызға қанжарды! (Бәрі қанжарларын көлденең тістеп, ішке ұмтылады. Офицерлер мылтық суыра алмай қалады.) Сал қазақша күреске! Салдым түбі бір-бір офицермен. (Алыса түседі. Әсия жүгіріп келіп шегінгенде, аз ғана әскер мен Ерғара қарсы ұшырайды. Екі бағанадағы люстраның шамдары бір-бірлеп сөніп тұрады... Екеуі де мерген... Аяғында Әзімхан етпетінен түседі.) Б е р г. Сол сыбағаң! (Бағанадан шығып, Әзімханға қарай баса бергенде, Әзімхан атып құлатады). Ә з і м х а н. Қойыңыз мынау шығар? (Бұл кезде өлгені өліп, байланғаны байланып, күрес тоқтайды. Әзімхан да тұрады.) Бұл штаб! Барды басып, жайды білейік, жүр, Сәлім! Сырым, Өтешев, осында болыңдар. (Сәлім екеуі жүгіріп әрі кетеді.) Сырым (Өтешевке құлап жатқан "Психеяны " нұсқап). Мына бір өлген қатынын сүйреп таста ары. Ө т е ш е в ("Психеяны" сүйрей беріп). Ойбай-ау, борбайы жып-жылы екен. Мынауың тірі болар. (Полктың артынан қарғысымен сүйретіле "Дит " шыға береді.) Ойбай, мына жерде, мына жерде бар білем!
"Д и т". Ақырын жолдас... Тірі кісіні өлтіріп алып жүрерсің.
Ө т е ш е в. Ой, мынау жолдас деп тұрған неткен ит.
Дауыстар (залда). Ал жамбасқа! Шал қырқадан! Арқалай сок! Матай көсілт! (Залда алып соғып, ұшып кетіп, қайта ұштасқан алай-дүлей күрес.) Е р ғ а р а. Немістер... Жат! (Әскерлері жата қалады.) Немістер... граната! Граната!..
Ә с и я. Жатпа! Ұмтыл! Міне, Сәлім!
Е р ғ а р а. Мен Сәлім мен немісті айыра алмайды деп тұрмысың? Жат әрі! Граната, граната! Ә с и я (Ерғараның гранатасына жармасып). Өз кісіңді, Сәлімдерді қырасың, тоқта! Ішке ұмтыл! Е р ғ а р а. Ай, осы бір қыз - қатын деген... ары кет, ары. (Қолында шәңгі таяғы, Әзімхан шығады.)
Ә с и я. Іште қырғын... Сәлімдер катерде, құтқарыңдар.
Ә з і м х а н (Ерғараға). Сен неғып жатсың?
Е р ғ а р а. Гранатамен жайпайын деп жатырмын да...
Ә з і м х а н. Мә, саған жайғау! (Таяқпен бастан періп жіберіп, ішке жүгіреді.) Әсия, кейін бар! Қоршаңдар үйді! (Әзімханның артынан Ерғара да ішке жүгіріп, қарсы келіп қалған әйелдерді қуа жөнеледі. Бір жауынгерді өлтіріп тұрған Берг Әзімханды көре сала атып қалып, бағанаға тасалайды.)
Б е р г. А, арланы екенсің ғой!
Ә з і м х а н. А, текесі екенсің ғой! (Екеуі екі бағананы тасаланады. Атысады, қызу жекпе-жек.) Бұлар оқ шығарған сайын мыналарды өлтіріп, сені осындай қорлықтары үшін ұстап жүр.
С ы р ы м. Ал мынау тисе ше?
В а л я. Ол шын ит!
Ө т е ш е в. Онда бұл оқыған ит болғаны ма?
Валя. Оқыған ит. Ескі Ресей алпауыты граф неміске еріп келіп, бұрынғы жер - мүлкін алып, бек болмақ. Әзірше немістің қарғы қара төбеті болып жүр. Ө т е ш е в. Онда апарып байлай тұрамыз да. (Әйелмен екеуін алып кетеді. Валяға.) Сен де бері жүр! (Бәрін әкетеді. Әзімхан, Бойколар келеді.)
Е р г а р а. Жеңіс, жеңіс, жолдас комбат!
Ә з і м х а н. Атаңның басы жеңіс! Әкетіңдер қатындарды. (Әскерлер қатындарды әкетеді.) Сынға түссең - сасасың, құтылсаң - тасасың. Не жының бар осы сенің. Е р ғ а р а. Жолдас комбат, қорлай беруді қашан қоясың осы? Әлгі таяғыңды ұмытты деп тұрмысың? Ә з і м х а н. Көзіңе айтайын, ол жерде сені атып тастауымыз керек қой. "Психея". Ойы граф.
Ө т е ш е в. Ой, мынаның бәрі тіл қатады, сығыр ма өзі, немене?
Аяз б а б а й. Сығыр емес, қорлық...
Ө т е ш е в. Мына неміс иттің Аяз бабайына дейін сөйлей ме?
Аяз бабай. Сөйлейді.
Ө т е г е н. Қарағым Әсия, түндегі жорық бір оң сапар болды. Оу, қалай алдадық, немісті де ілгері қарай айдап тастадық. Кешкі орнымызға тағы қайтып келдік. Ә с и я. Ие, боранды түн, сәтті түн болды. Жетісіп жатқан жерінен жалмауыздай жауынды желкелеп айдап шыққан күн дегендей, бірің Манастай, бірің Қобыландыдай қимылдамадың ба! Ш ұ б а қ. Уа, Әсияң айтқылар, айтқылар!.. Ә с и я. Өзің, өзің айтып жіберші, Шұбақ аға. Ш ұ б а қ. Уа, жауды сайсақ біз сайдық, Ертегі өткен Манастың Қай жерінен кем сайдық! Құсып жатқан арақты, Ештен шыққан манапты, Өтеген, Бойко, Өгешев - Туған жері Таластан, Түп атасы Манастан, Қасында қабылан ер Шұбақ Қан құштыра қанапты!.. Содан соң қарық боп жатыппыз, міне... Ө т е г е н. Шұбақ пен Бойко түндегі құдай қыздарының орнына намаз оқығалы тұр, Әсия. Крюгер (қасындағылары). Сізде қалай? (Әзір.) Сізде қалай? (Түгел әзір.) Сізде қалай? (Сенімді әзір!) Крюгер. Жақсы, жақсы! (Жүріп қарап сөйлейді.) Соңғы қорған, соңғы сағатта. Бұдан ары қорғайтынымыз да жоқ, соңғы тірек осы-ақ. Қорғайтының Берлин, қорғайтын сен. Кепілің кім, куәң кім, білсін. Жұлысып, шайнасып өлер шек осы, тап осы жал, тап осы үңгір! Өмірді ойлау, үйді ойлау, өлімнен қорқу, шіміркену жоқ енді. Жасқанар жүрек жарылып кетсін. Мейлі қан сел боп ақсын. Жара байлауымыз жан үміт! Тістескен бойда үн шықпай қатып қал!.. Естеріңізде ме Мәскеу? Қасарысқан ел, қарысқан аязы. Қақпасыз қамалға айналған! Әттең, бүгін жадыраған жаз, жау қақпанда тұр, жау қақпаны, оғы өлігіңді басты! Бастыр бәріңмен! Босаңсыр болсаң, біттік... (Одан әрі арғы түпке дейін әр жерде тура қалған офицерлері, Крюгердің әмірін де, шабуылдың хабарын да біріне бірі тасымалдап, ерсілі-қарсылы жеткізіп тұрады. "Ура!" Біресе жақындап, біресе алыстайды. "Ура - а!" Жақындағанда арғы түпке қарай құлай жалындаған жалқын шабуылды жапырып, қайта серпіп тұр.)
С ы р т т а н. Ура!
Крюгер. От! Офицерлер түкпірге дейін жеткізеді. От! От! От! От! (Түкпірден көтерілген жалқын ар жағын жалап жібергендей. "Ура " алыстай береді.)
Ең арғы офицер. Тойтарылды! Тойтарылды!
Бергі офицерлер. Тойтарылды, тойтарылды! (Крюгерге жеткізеді, хал бірнеше рет қайталанды. Бір рет қызыл ту жалт етіп көрініп, қайта шегінеді. Аяғында адъютант Крюгерге келеді.)
Адъютант. Шабуылда талас жоқ, генерал.
Крюгер. Атпа, шара болар емес.
Адъютант. От әлсіреп пе, қалай?
Офицерлер. Елші, елші... елші... (Берг, оң жақтан ақ ту көтерген неміс офицері қалт-құлт етіп келе жатыр. Артында жонына мылтық төсеп, бұғып келе жатқан Өтешев.) Ө т е ш е в. Бас аяғыңды. Барасың, жалтарсаң, өзім сілейтем. Бар! (Крюгер жалдан кейін түседі.)
Крюгер (адъютантына). Кім екен, сұра?
Адъютант (елшіге). Сен кімсің?
Е л ш і. Тұтқынға түскен неміс офицері.
К р ю г е p. Не айтпақ?
Адъютант. Не айтпақсың?
Е л ш і. Мені генерал Рокотов жіберді, фон Крюгерді сөйлесуге шақырады. Сіздің бес минут уақытыңыз бар. Жалдың үстіне ақ ту көтересіз. Адъютант. Генерал Рокотов жіберіпті, сізді сөйлесуге шақырады. Бес минуттың ішінде ақ ту көтерілуі шарт! Крюгер. Осындай масқара итшілікке жеткен герман офицері, сен азғын, сұмырайсың де өзіне!
Е л ш і. Рас, амалсыз солай... (Артына жалтақтайды.)
Ө т е ш е в. Ердің ерін көрсең, тақымында күлерсің. Сұмырай емей, кім ең.
Крюгер. Тоқталсын от! Көтерілсін ақ ту... Келсін Рокотов. Ал анау итті ит өліміне бұйырам! Жой көзін. (Адъютант елшіні басып салады. От тоқтайды, ақ ту көтеріледі, Крюгер кейін кетеді.) Ө т е ш е в. Солай болар! Қол аташы мықты болса, қазығы жерге кіретін. (Кейін кетеді. Өзгелер де жым... Жалғыз адъютант бұғып қарайды. Әзімхан келе жатыр).
Адъютант. Шықты бірі, келе жатыр.
Крюгер. Жақын ба?
Адъютант. Міне! (Әзімхан келеді.) Крюгерге шыныңды айтқызғанға өкпелеме, бауырым. (Көтеріп алып, шыр көбелек айналдырады.) Ә з і м х а н (честь беріп). Совет командованиясының атынан генерал Рокотовтың елшілікке жіберген өкілі полковник Әзімхан Шалқаров... Крюгер. Жөн. Мені шақырған генерал Рокотовтың өзі болатын. Өзі неге келмеген? Ә з і м х а н. Генерал Рокотов сізбен сөйлеспейді. Генерал Рокотов пен сөйлесу үшін ақ туды Москва түбінде кідіртуіңіз керек еді. Оқиғадан төрт-ақ жыл артта қалыпсыз. Берлин түбінде сізбен сөйлесуге полковник Шалқаров шын олқы емес. Ол жеңіп келе жатқан армияның өкілі, ғафу етіңіз... Крюгер. Мәскеу түбінен келген генерал армиясы тайса, Берлин түбінен орыс армиясының капитанына генерал Рокотовтың көзі жетеді екен! Ә з і м х а н. Әбден жетеді! Онда сізді қуған ұлы Совет Армиясы да ол сізде жоқ! Ол да сізді қуған ұлы совет қолбасшылығы да. Ол сізде жоқ, ол сізде болған емес! Ол да сізді қуған әділ ашу, кәрілік кегі бар ұлы совет елі дәл, ол сізде жоқ! Ол сізде болған емес! Бұл түйілген тарих тағдырының кесімі! К р ю г е р. Ол кесім бір кезде Мәскеуге де атылған. Ол қатер Москваға да төнген. Біз Москва түбінен қыстыгүні қайтқанбыз... Берлин түбінен жаздыгүні кайтсақ, қас масқара сол болады. Ә з і м х а н (жымиып). Юпитер, сен ашу шақырдың, Юпитер, сен айыпты екенсің ғой! Дейтін бе еді грек аңызы (сүйсініп), жоқ, Берлин құлайды, Берлинмен бірге сіз орнатқан тозақ дүниесі қуана құлайды. Берілесіз бе, жоқ па?
К р ю г е p. А, келісім жоқ, кесім әкелген екенсіз ғой!
Ә з і м х а н. Келісім іздесең, мына жалдың жотасына ақ туынды тіз! Уақытыңды айт! Крюгер. Ендеше, келісім шартын ойланып жасау үшін маған бес сағат уақыт керек. Сол уақыт генерал Роготовқа да қажет. Ә з і м х а н. Жоқ, генерал Роготов ол кеңшілігіңізге мұқтаж емес. Генерал Рокотов сізге бес минут уақыт береді.
Крюгер. Ондай мазақты Герман қолы қабылдап көрген емес.
Ә з і м х а н. Ендеше, мазаққа қоса азапты бірге қабылдадым деп біл! (Екеуі екі айырылады, Крюгер түсе беріп, ақ туды лақтырып тастайды.)
От!.. Ура! Е, сынбайды.
Офицерлер (әрі қарай). Ой! Ой! От, От! Арғы түптен тойтарылды, тойтарылды. От! Тойтарылды! (Деген сөздер алғашқы түрде әрі барып, бері қайтып, қайталанып тұрады.) Ура!!! (Біресе алыстан, біресе жақындайды. Тағы бір осындай қарбаластың тұсында үш-төрт адам жағаға жетіп, баурына бұғады. Бұлар Саша, Сырым, Әсия, Шұбақ, Өтеген.)
Ш ұ б а қ. Атан көрі, қоқи, жеткізбей келе көрші!
Ә с и я. Ал асайық, шығайық жалға!
Ө т е г е н. Бойко мен Өтешев бұрын шығып кетіп жүрер, шығайық тезірек.
Сырым. Жат! (Сәлім екеуі сөйлесіп жатыр.)
Ш ұ б а қ. Мына бір тұс аласа екен.
Ә с и я. Інінің бір-ақ аттам жері қапты ғой!
Сыры м. Жат!
Ө т е г е н. Ай, Өтешев өтіп кетті ендігі!
Сырым. Жат! (Саша бәрін көтереді.)
Ө т е г е н. Осы қырсыққа бізді жіберіңдерші! Аттай мінейік қыр желкесінен.
Ш ұ б а қ. Жолдас командир, жіберіңіз бізді, жіберіңіз.
Саша. Сабыр, сабыр! Енді мұның тетігін табу керек. Есептеулі ерлік жоқ. Жауды санап соғысушы ма еді. Қол сүргісі бастайтын, қалың қол қостайтын кезекте тұрмыз. Осы жалдың тетігі аз да болса біздің қолда! Сырым. Бастайық сен екеуміз. Мен анау қара үңгірдің төбесінен түсіп, айдаһарын табамын. Желкесінен басамыз. Сен осы жылдам алдынан соқ!
Саша. Байлау!
Сыры м. Әсия, серт осы! Артқа жеткіз... өзің артта бол!
Әсия. Құп. Бәрі кейін сырылып кетеді. "Ура! Толқыны...Ат! Тойтарылды!.." деген тасымалдар бірнеше рет қайталанады. Уралаған Сәлім үні шығады. Сәлім бір топ әскермен кідіреді. Екінші жақтан қызыл туды қолына алып, өтіп келе жатқан Сырым артында әскерлері... алдынан лап етеді. От жалқыны жалқынға жалғаса берген. Сырымды ұшырып түсіреді, ту құлай береді. Сырым соңындағы Бойко, Өтешев, Шұбақ, Өтегендердің алдында ағызып өтіп келе жатқан Әсия құлай берген туды қағып алып, ілгері ұмтылады.) Ер, бауырлар, соңымнан! Отан... (Лап еткен жалын. Әсия туды ұстаған күйі шөгіп қатып қалады. Қолы тудың сабағында, басы көтеріңкі, етпетінен түсіп мызғымай сіресіп қалған. Шұбақ пен Өтеген құлайды. Бойко, Өтешев бастаған әскерлер жолдан асып кетеді. Жолдың арғы беті жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, қолма-қол...) С а ш а. Шық-шық, улы жылан, шық көріңнен! (Үңгірден Крюгер атқып шығады. Қасында екі офицері. Алдынан көзін аштырмай түсе қалған аппақ жарық. Крюгер жанталасып жөн таба алмай қалған, ары асып кетеді.)
Крюгер. Қайда, қайда! Берілме, өл!
С ә л і м. Таста құралды, бүк тізеңді! (Мылтықтары түсіп, тұра қалады.)
Крюгер (офицерлеріне). Ат! Ат! Бір! (Бірінші офицері атып құлайды.) Екі! (Екінші де солай.) Үш! (Крюгер өзін-өзі басып салып құлайды. Әзімхан келеді.) Ә з і м х а н. Бармысың, Сәлім. (Ортада екеуі түйіседі.) Ой, кеңшілік - ай! Арма?
С ә л і м. Бар бол, қабыланым!
Ә з і м х а н. Кім бар, кім жоқ?
С ә л і м. Кім жоғын айта алмаймын. Ерлер осы хал үстінде еді, білейікші... (Екеуі жалға қарай беттегенде, Рокотов, Зорин, адъютанттары келеді.)
Ә з і м х а н. Бұл жердегі жау қамалы алынды, жолдас генерал. Рокотов. Берлин де алынды! Барлық ұлы армия жаудың ең соңғы қамалын, берілме деген Берлинді басып алған қимылынан қалыспай, бір босағасына сен де кірдің. Қуанамын, құттықтаймын, ұлдарым! (Сүйеді, Крюгерді көріп.) А, мынау кім?
С а ш а. Бұл ескі танысыңыз генерал фон - Крюгер. Өзін - өзі атып өлтірді! Р о к о т о в. А, долы бөрі өз жарасын өзі жауып өлді де! (Өте береді.) Ал бірлікті, батальондарды ретке салыңдар. Бүгін Берлинге кіреміз. (Рокотов өз тобымен қара үңгірдің үстіне шығады. Қала жақтан, әр тұстан көптеген ақ тулар көтеріліп, қызыл туға бас игендей төмен салбырайды. Зорин, Сәлім, Әзімхан қызыл тудың қасына келіп, бас киімдерін алып, аз тұрады да, Әсияны алып, төмен түсіп, биіктеу жерге көлденең салып, екеуі екі жағында тұрып қалады. Аяқ жағында Зорин.) Ә с и я. Екеуіңнің аранда өткен аз дәурен ең армансыз шағым еді. Екеуіңнің аранда өлуім де армансыз... қош, жақсы аға, жан достарым. (Екеуіне екі қолын созады, үзіледі.)
Ә з і м х а н. Қош, жан бауырым, ардақтым.
С а ш а. Қош, Әсиям қимасым. (Екеуі де бөріктерін алып, бір тізелеп отырып қалады.) Қош, ерлікке баста, биікке меңзеген есіл асыл достық.
Зорин. Қош, қадірлі қызым. Отанның адал құрбаны! Қыз герой.
Ш ы м ы л д ы қ
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру