Спорт негіздері мен кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы
С.С. Кубиева
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
С.С. Кубиева - «Спорт негіздері мен кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы» шығармасы.
Бірінші модуль. Спорт теориясы дамуының қазіргі күйі және перспективалары.
Дәріс № 1 Спорт теориясы дамуының қазіргі күйі.
Жоспар
1. Спорт теориясының түсінік аппараты күйінің сипаттамасы. 2. Спорттың қазіргі түрлерінің типологиясы. 3. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу. 4. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістері мен амалдары. 5. Спорттық жаттықтырудың қағидалары. 1. Спорт теориясының түсінік аппараты күйінің сипаттамасы Спорт теориясында ұғымдар үш топқа бөлінеді: бастапқы, функционалды және қорытынды (Сурет 1).
Бастапқы ұғымдарға – спорт және спорттық жарыстар енеді.
Спорт (ағылшын тілінде – «ойын») - шынықтыру жаттығуларын қолдануға негізделген, әлеуметтік мәні бар тәрбиелік, ойындық, жарыстық әрекет. Басқаша сөзбен айтқанда, спорт дегеніміз өзіндік-жарыстық әрекет, оған арнайы дайындық, сонымен бірге осы әрекеттер негізінде қалыптасатын адамдар арасындағы ерекше қатынастар, мінез-құлық нормалары қажет. Спорт ұйымдастыру нысанасы ретінде негізгі деңгейде көріне алады: жоғарғы жетістіктер спорты, көпшілік спорт және қосымша спорт. Жоғарғы жетістіктер спорты – жоғары көрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордсмендер спорты. Жоғары жетістіктер спорты: әуесқой және кәсіпқой спорт деп бөлінеді. Әуесқой спортшылар бір жерде жұмыс істеп, не оқып жүріп бос уақыттарында спорт түрлерімен айналысатын адамдар. Кәсіпқой спортшыларға спорт түрімен айналысу бір жағынан жетістіктер, жоғары көрсеткіштер көрсету болса, екінші жағынан жұмыс түрі, олар күні бойы жаттығады, сол үшін ақша алады. Оның ұйымдық объектілері: АБЖОРМ (СДЮШОР), ЦОП, ЖСШМ (ШВСМ) және құрама топтар. Көпшілік спорт – барлық адамдар қатыса алатын, қатысушылар санына шек қойылмайтын спорт түрі. Мысалы, көп адамдар қатысатын кросс, шаңғы жарыстары т.б. Көпшілік спорты қимыл-қозғалыс белсенділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Оның бағдарламалары – мөлшері негіздерін қорғану және белсенді демалыс мәселелерін шешуге бағытталады. Қосымша спорт балаларды сапалы түрде таңдап алуға арналған. Ол машықтанудың тиімді формалары мен дамушы әдістемесін меңгеруге бағытталады. Олардың негізгілері мыналар: арнайы БЖСМ (ДЮСШ), спорттық сыныптар және т.б. Спорттық жарыс – спорттық жетістіктерді көрсету, салыстыру және бағалау, спорт саласындағы бәсекені белгілі бір түрде реттеп отыру. Спортты анықтау, жалпы спорттық шеберлікті жетілдіру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Жарыс іс-әрекеті – спорттық қызметтің кездейсоқ оқиғасы. Ол спорттың әралуан түрлеріндегі спортшы мүмкіндігінің көрінісін, оған тән ережелер сәйкестігі мен қозғалыс әрекетері, жарыстық күрес тәсілдері және нәтижелер бағасының мәнін алдын ала ескереді.
Бастапқы ұғымдардан келіп спорттық қозғалыс және әрекет ұғымдары туындайды. Спорттық қозғалыс – әлеуметтік қозғалыстың ерекше бір түрі – спорт түрлерін құру, дамыту, сақтау, алмасу және тұтыну жүйелерінің тарихи қозғалысы, жеке адамды қалыптастыру құралдырының бірі. Тарихи спорттық қозғалыстар спорттың төмендегідей көпшілік (халықтық), резервтегі (негізгі), жоғарғы жетістіктер (үлкен), әуесқой және кәсіпқой түрлерін дүниеге әкелді. Спорттық әрекет – адам әрекетінің көп қырлы белсенді жүйесі ретіндегі қимыл-қозғалыс дамуының ең жоғарғы түрі. Осы жерде айта кету керек, жарыстық әрекет спортшының жарыс ережесі мен амалдарына сәйкес спорттың барлық түрлерінде өз мүмкіндіктерін көрсетуін және бағалауын қарастырады.
Функционалды ұғымдарға спорттық дайындық, спорттық машықтану жүйесі жатады. Спорттық дайындық – спортшының машықтануы, оның жарысқа қатысуын қамтитын, машықтану және жарыс жүйесін ғылыми-әдістемелік және материалдық тәсілдік жағынан қамтамасыз ететін, оқу мен спортты, жарыс пен демалысты үйлестіру үшін қажетті жағдайлар жасайтын көпжақты жүйе.
Бұл ұғыммен келіп спорттық дайындық жүйесі және мектебі ұғымдары туындайды.
Жаттыққандық дегеніміз - жүйелі дене тәрбиесі жаттықтыруларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы және оның жұмыс қабілеттілігі деңгейінің Спортты қ маманда ну Г.н
Сурет 1 - Спорт теориясындағы негізгі ұғымдар Спорттық дайындық жүйесі – спортшының спорттық жетістікке жету жолындағы дайындық дәрежесін қамтамасыз ететін, оқу мен спортты, жарыс пен демалысты үйлестіру үшін қажетті жағдайлар жасайтын көп жақты жүйе. Спорт мектебі – мамандар тобының күшімен дамытылатын шығармашылық қағидаға негізделген спортшы дайындығының бірыңғай жүйесі. Спорттық машықтану – спорттық дайындықтың негізгі бөлігі және дене жаттығуларын спортшының өзі таңдаған спортында барынша жоғарғы көрсеткіштерге жетуіне ықпал ететін қасиеттер мен қабілеттерді дамыту әрі жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын қолдануға негізделген дене тәрбиесі мамандығының арнайы жүйесі. Спорттық машықтану жүйесі деп білім, қағидалар, әдістер және спорттық жетістіктер жиынтығы, сонымен бірге машықтану процесстерін ұйымдастыру және басқару әрекеттерін айтады. Спорттық машықтанудың әсерін, нәтижесін, спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда «дайындалғандық», «жаттыққандық» және «спорттық қалып» деген ұғымдар қолданылады.
жоғарлауы.
Дайындалғандық – спортшының дене қуаты қасиеттерінің, техникалық шеберлігінің, тактикалық және психологиялық дайындық деңгейлерінің жоғары деңгейге жетуі. «Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының кез-келгеніне жеке де арнайы мүмкін. Спорттық қалып, спорттық бап - спортшының белгілі бір циклде спорттық жоғары нәтижелер көрсетуге дайын күйі. Қорытынды немесе соңғы ұғымдарға спорттық жетістіктер, спорттық нәтиже және спорттық мамандану жатады. Спорттық жетістіктер – белгілі бір нәтижедегі спортшының шеберлігі мен қабілетінің көрсеткіші. Спорттық нәтиже - спорттағы көрсеткіштердің сандық және сапалық деңгейі. Спорт түрінің ерекшелігіне байланысты ол жалпыға белгілі өлшемдермен (кг, м, немесе балл, ұпай және т.б.) немесе басқа да салыстырмалы амалдармен өлшенеді. Спорттық мамандану – белгілі уақыт аралығында спорттық жарыстарға қатысқан нәтижесін жинақтай көрсететін спортшының тұрақты мінездемесі. Спорт белгілерінің пайда бола бастауы адамзат қоғамының ең ерте кезеңдеріне жатады. Шынықтыру жаттығуларының пайда болуының алғы шарты адам еңбегі, оның ішінде, белгілі дәрежеде қимыл-қозғалыс дағдылары мен барлық дене қасиеттерін талап ететін аң аулау болды. Қазіргі заманғы спорт түрлерінде ертедегі адамның машықтанушылық белсенділігінің негізгі түрлеріне ұксас белгілер (мысалы: жүгіру, лақтыру және т.б.) айқын байқалып отырады. Сөйтіп, спорт адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында адамның еңбек және әскери әрекеті негізінде пайда болып, адамның дене тәрбиесі еңбекке, әскери істерге дайындығының маңызды жолдары мен әдістерінің бірі, сонымен бірге денсаулық шындау мен демалысты ұйымдастырудың жолы болып қалыптасады. 2. Спорттың қазіргі түрлерінің типологиясы Спорт түрлері әрекет мазмұнына, сипатына, жарыс ережелеріне, спорт жарыстарын өткізу жолдарына байланысты көптеген, әртүрлі спорт түрлеріне топтала бөлінеді. Қазіргі кезде олардың топталуының 7 түрлі нұсқасы бар (сурет 2 ): 1. Бәсекелесу түріне, сипатына байланысты спорт түрлері бес топқа бөлінеді:
- спортшының дене қуаты қасиеті деңгейінің анықталуына байланысты топталатын спорт түрлері. Олар: күрес, бокс, жеңіл, ауыр атлетика т.с.с:
- техника құралдарын басқару арқылы қозғалу спорт түрлері. Олар: велосипед, мотоцикл, автомобиль басқара жарысу спорт түрлері;
спорттық қарумен нысана ату спорт түрлері. Оған жататындар: садақ, мылтық, тапанша ату спорт түрлері;
- спортшының әр түрлі заттардан қозғалатын құралдар (моделді) құрастыру қызметіне байланысты спорт түрлері. Олар: ұшатын, суда жүзетін, жерде қозғалатын құралдарды құрастыру, аспабпен басқару спорт түрлері;
логика, ақыл-ой мүмкіншіліктерін қолдана отырып бәсекелесетін спорт түрлері. Олар: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.б. спорт түрлері; 2. Жеңімпазды анықтау ерекшеліктеріне байланысты спорт түрлері екі топқа бөлінеді: спортшылардың бәсекесін құралдармен өлшеп, анықтайтын спорт түрлері. Олар: жеңіл атлетика, шаңғы спорты т.с.с.; спортшылардың бәсекесін көру, бақылау арқылы анықтайтын спорт түрлері. Олар: бокс, күрес т.б. спорт түрлері. 3. Қозғалыс құрылысы ерекшеліктеріне байланысты спорт түрлері үш топқа бөлінеді:
- циклді спорт түрлері. Оған жататындар: жүгіру түрлері, суда жүзу, шаңғы, ескек есу т.с.с;
- ациклді спорт түрлері. Оған жататындар: күрес, ауыр атлетика, секіру түрлері, бокс т.с.с.;
- аралас спорт түрлері. Оған барлық спорт ойындары жатады.
4. Қозғалыс әрекетінің күрделілігіне байланысты спорт түрлері екі топқа бөлінеді:
- қарапайым спорт түрлері. Олар: туризм, жеңіл атлетиканың жүгіру түрлері, т.б.;
- күрделі қозғалыс спорт түрлері. Олар: спорт ойындары, гимнастика т.б.
5. Жыныс ерекшеліктеріне байланысты спорт түрлері екіге бөлінеді:
- ерлер жаттығатын спорт түрлері;
- әйелдер жаттығатын спорт түрлері.
6. Жыл мезгіліндегі жаттығу мүмкіншіліктеріне байланысты спорт түрлері екі топқа бөлінеді:
- жазғы спорт түрлері. Бұл топқа 70-ке жуық спорт түрлері жатады;
- қысқы спорт түрлері. Бұл топқа 10-нан артық қысқы спорт түрлері : хоккей, шаңғы спорты, биатлон т.б. жатады.
7. Олимпиадалық ойын бағдарламасына кіруіне байланысты спорт түрлері үш топқа бөлінеді:
- жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлері. Оған 30 спорт түрлері жатады;
- қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлері. Бұл топқа 12 спорт түрлері жатады;
- Олимпиадалық емес спорт түрлері. Бұл топқа 30-дан арттық спорт түрлері және әр халықтың өзінің ұлттық спорт түрлері жатады.
А.Мамытовтың пікірі бойынша қазіргі таңда спорт түрлері географиялық таратылуына және әрбір спорт түрін жүзеге асыратын елдердің санына байланысты. Оларға келесілер жатады:
- спорттың халықаралық түрлері – жеңіл атлетика, жүзу, гимнастика, спорттық ойындар. Олар көп елдерде таратылған;
- кейбір елдерде орын алған спорттың аймақтық түрлері (бейсбол, таэквондо, шөптегі хоккей);
- кейбір халықтың және ұлттардың арасында орын алған халықтық-ұлттық спорт түрлері.
Спорттың және халықаралық спорттық қарым-қатынастың дамуына байланысты халықтық-ұлттық спорт түрлері аймақтық ойындарға, ал аймақтық - халықаралық ойындарға айналуы мүмкін. Спорт түрлері типологиясының әрі қарай жетілдіруі бірнеше жағдайларға байланысты. Бірінші - спорттың жаңа түрлерінің пайда болуы (фрийстал, шорт-трек, кёрлинг). Екінші – еңбек және әскери әрекеттің түрлерін жетілдіру (спорттық виндсерфинг, спорттық дельтопланеризм т.с.с.). 3. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу Дене тәрбиесі мұғаліміне спортшы дайындаудың негізгі сипаттамасын, оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі спорттың орнын білуі, спорттық бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысуы қажет. Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарға бөлінеді: 1. Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып, тарта білу. 2. Спорттық жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру. 3. Жарысқа қатысу. Оқушылар спортқа жан-тәнімен берілуі қажет. Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ықыласымен айналысса, онда ол сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы оқу-тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, біріге жұмыс істеуі қажет. Спорттағы бағдарлау және іріктеу кезінде баланың өз басының ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне, спорт түрінің талаптарына көңіл аударған жөн. Қабілеттілік - баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл-әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы. Спорттағы дарындылық дегеніміз - бала қабілеттілігінің оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы. Баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғылданғысы келуін ескеріп, сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз.
Оны бірнеше түрге бөлуге болады. 1. Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру. Мектепте сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырға газеттері, стендтері, көрмелер, радио, теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу, спорт жарыстарын көру т.б. 2. Спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі оқушымен ол жақсы көретін спорт түрі туралы әңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді. 3. Оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтау. 4. Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты нәтижелі айналысуға болатын спорт түріне бағыттау. Оқушының дарындылығын, спорттық көрсеткіштерін ескеріп, нақтылы спорт түріне іріктеуді спорттық іріктеу дейміз. Спорттық көрсеткіштер: спорт түрлері жаттығуларының техникасын жақсы меңгере білуі, дене қуаты дайындығын анықтайтын сынақ жаттығуларынан жақсы көрсеткіштер көрсетуі, сол спорт түріне қажет дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейі т.с.с. Жаттықтырушы дарынды балаларды іріктеп алып, оларды жоғарғы жетістіктерге жеткізуді жауапкершілігіне алады. Спорттағы іріктеу бірінші және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу - келешек спортшымен танысу, оны жан-жақты зерттеу. Ол мынандай әр түрлі іріктеу түрлерінен тұрады:
- қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау;
- дене құрылысы ерекшеліктерін көру, бағалау;
- психо-физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі);
- ата-аналарымен танысу.
Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған жөн (ағзаның құрылысы және дене мүшелері). Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардын аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Жоғары спорттық көсеткіштерге жету үшін суда жүзу спорт түрлеріндегі баланың алақаны мен табанының жалпақ болуының бірталай әсері бар. Баланың денесінің, дене мүшелерінің өсуін, келешекте қандай болуын болжап, бағдарлаудың да көп маңызы бар. Мысалы, баланың бойы 8-9 жас кезінде жанындағы балалардан жоғары болса ол 18-19 жасқа дейін солай болып сақталады. Ал салмағының келешекте қандай болатынын болжап айту өте қиын. Физиологиялық ерекшеліктер. Физиологиялық ерекшеліктер ағзаның козғалысын ғана емес, вегетативтік (қызметтік) жүйесінің сипаттамасын да көрсетеді. Жүгіру, шаңғы, коньки спорттарын іріктеу кезінде оттегін (ауаны) барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы зерттейміз. Ол деңгей неғұрлым жоғары болса, адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады. Жаттықтыру жасау арқылы ол деңгейді тек 20-30 пайыз ғана көтере алатынын ғалымдарымыз дәлелдеп отыр. Сондықтан, спортқа бейім табиғи дарынды балаларды іздеу қажет. Адамның қозғалыс мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексеріледі. Психологиялық ерекшеліктер. Оқушылар нерв, жүйке жүйелеріне байланысты мықты және шапшаң психикалы спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бірқалыпты, ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде шапшаң жүйке жүйелі спортшылар көп жетістіктерге жететіні дәлелденген. Жүйке жүйелерінің күштері қозу процесінің ұзақ сақталуына (яғни қозуды орталық жүйке жүйесінде ұзақ сақтай алу мүмкіншілігі), қозу және тежелу процестерінің теңдігіне байланысты. Жүйке жүйесі шапшаң спортшыларда қозу процесі тежелу процесінен көбірек болғандьқтан олар тез шаршайды. Бірақ, кейбір спорт түрлерінің өз типологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, спринтерлердің жүйке жүйесі шапшаң болуы, жүйке қозғалыстары кезінде қозу, тежелу процесінен көбірек болып келуі қажет. Жүйке жүйесі шапшаң адам бокста, семсерлесуде т.б. осыларға ұқсас спорт түрлерінде жоғары жетістіктерге жете алады. Жүйке жүйесінің осы ерекшеліктері туа бітер қасиет, ол жаттықтыру кездерінде көп өзгере қоймайды, сондықтан спортқа іріктеуде осы психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн. Тұқым қуалаушылық факторлары. Қазіргі кезде тұқым қуалаушылық факторларға ерекше назар аударылып отыр. Адам ағзасының құрылысы, салмағы ата-анадан балаға тұқым қуалау арқылы берілетіні дәлелденген. Ата-ана мен баланың қозғалыс кабілеттілігінің арасында байланыс бар екені белгілі (мысалы, қысқа кашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру т.б.).Атақты спортшылар балаларының жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндігі әлдеқайда көп.
Спорт түрін таңдау себептері.
Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға, өзіне сенімділікке, мықты, күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады. Балалардың спорт түрін таңдауына жалпылама үгіт, насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар, ата-аналары да баласының қай спортқа бейім екендігін байқап сол спорт түріне жазылуға ақыл-кеңестерін бергені жөн. Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген, әр түрлі амалдар қолданады: 1. Жарыс. Бұл амал ресми және әр түрлі бәсеке түрінде өткізіледі. 2. Жаттықтыру. Спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау. 3. Бақылау сынақтары. Жаттықтыру кезінде қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу. 4.Адам ағзасын зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрлі аппараттар арқылы тексеру. 4. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістері мен амалдары
Спорттық жаттықтырудың амалдары Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.
Жаттықтырулардың негізгі амалы дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді: 1. Жарыс жаттығулары. 2. Арнайы дайындық жаттығулары. 3. Жалпы дайындық жаттығулары. Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек. Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
- жақындататын жаттығулар - негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл-әрекеттер;
- дайындық жаттығулары - негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) дамытатын жаттығулар;
- жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар. Мысалы, гимнасттардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері т.б.;
- бейнелеу жаттығулары - жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (мысалы, конькимен жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі т.б.);
- басқа спорт түрлерінің жаттығулары (мысалы, акробатикадағы сальто жасауды суға секірушінің қолдануы ж.т.б.).
Жалпы дайындық жаттығулары спортшының айналысатын спорт түрінің негізгі жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл-қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандығын жоғарлатуға арналады. Дайындық кезеңдеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.
Спорт жаттықтыруларының әдістері Спорт жаттықтырулары дене мәдениеті жүйесінің бір бөлігі болғандықтан спортшы дайындығына бұрын теория бөлімінде оқыған дене тәрбиесі әдістері қолданылады. Бірақ ол әдістер спорттық жаттықтыруларда басқаша түрде, сипатта, жаттықтыру ерекшеліктеріне байланысты, әр түрлі бес үлкен топтарға бөлініп қолданылады Бірінші топ әдістері. Бірінші топ әдістері қозғалыс әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты қатаң шектелген жаттығулар, ойын және жарыс жаттығулар әдістері деп бөлінеді (10-сурет). Қатаң шектелген жаттығулар әдістері жаттығуды орындау мазмұны, жүктеме, тынығу аралығының қатаң шектелуіне байланысты, стандартты, ауыспалы, кешенді деп бөлінеді. Стандартты орындау әдісі бірқалыпты, қайталау және стандартты-ағымды әдістер деп үшке бөлінеді. Бірқалыпты орындау әдісі, циклдік жаттыгуларды ұзақ уақытқа, тынығу аралығынсыз орындау түрінде қолданылады. Көбінесе циклді спорт түрлерімен жаттығатын спортшыларды дайындауда қолданған жөн. Бұл әдіс ұзақтығымен, толассыздығымен және бір-қалыптылығымен білінеді (төзімділік қасиетін дамытады). Қайталау әдісі кезінде жаттығулар қатаң шектелген уақыт, толық тынығу аралығы арқылы қайта-қайта орындау түрінде қолданылады. Стандартты-ағымды әдіс кезінде жалпы дамыту жаттығуларын тынығу аралығынсыз, бірінен кейін бірін, ағымды, толқын түрінде орындаймыз. Мысалы, балуандардың дене қыздыру кезіндегі арнайы акробатикалық жаттығуларды бірінің артынан бірі кілемде қайталай орындауы (алдыға аунап, артқа аунап, оң жақ, сол жақ иықпен аунап түсулер т.с.с). Бірқалыпты-үдемелі әдіс, циклді жаттығуларды бірқалыпты орындап келіп аяққы бөлімінде үдеу түрінде орындалады. Мысалы, 300 метр -бірқалыпты, 100 метр - үдей жүгіру. Аралық орындау әдісі жаттығуларды сериялы түрде орындау кездерінде қолданылып, тынығу аралықтары қатаң шектелуін керек етеді. Жаттығуларды орындау кезінде тынығу аралықтары бір жағдайларда ұзара түсу, кейбір жағдайларда қысқара түсу, немесе бірқалыпты уақыт аралықтарында қолданылады. Аралас орындау әдісі жаттығуларды орындау қозғалысының, қарқынының өзгере орындалуын талап етеді. Фартлек әдісі кезінде, ашық алаңда, спортзалдағы ойын түріндегі жүгіру жаттығулары әр түрлі қарқында орындалады. Айналма жаттығу әдісі кезінде, шеңбер түрінде орналасқан «станциялардағы» жаттығулар бір уақытта, шеңбер бойымен айналу түрінде орындалады. Бір жаттықтыру сабағында 2-5 рет айналым жасауға болады.
Ойын әдісі. Спорттық жаттықтыруда ойын әдісі үш нұсқада кол-данылады:
- дайындық жаттығулары және қозғалмалы ойындар (мысалы, регбиді тізерлеп ойнау) бірге қолданылады;
- арнайы ойластырылған дайындық ойындарын қолдану (мысалы, пионербол);
- классикалық спорт ойындарын қолдану (баскетбол, футбол және т.б.);
Жарыс әдісі. Жарыс әдісі де спорттық жаттықтыруларда үш нұсқада қолданылады:
- қысқаша бәсеке (сайыс, жолдастық кездесу) түрінде;
- жартылай ресми жарыс түрінде;
- толық ресми жарыс түрінде;
Екінші топ әдістері.
Жарыс жатығуларының техникасын меңгеру ерекшеліктеріне байланысты бұл топтың әдістері:
- бөлшектеп үйрету әдістері (жаттығу күрделі, үйреніп, жетілдіруге көп уақыт, күш кететін жағайда қолданылады);
- тұтас үйрету әдістері (жаттығу қарапайым, үйреніп, жетілдіруге көп уақыт, күш керек етілмейтін жағайда қолданылады);
- тұтас-бөлшектеп үйрету әдістері (басқы үйрету кезеңінде бөлшектеп үйретіп алып, сонан соң жаттығу бөлшектерін қосып тұтас орындау керек кезде қолданылады).
Үшінші топ әдістері. Ағзаның қызметтік мүмкіншіліктерін жақсартуға әсер ететін әдістер:
- жеке, таңдап әсер ету әдістері, арнайы ағзаның жеке функциялары мен механизмдерінің қызметтерін жасартуға қолданылады (мысалы, ағзаны энергиямен қамтамасыз етудегі кретин фосфаттың көбеюіне көмектесу, оның мүмкіншілігін дамыту);
- кешенді әсер ету әдістері, ағзаның көптеген функциялары мен механизмдеріне бір мезгілде әсер ету үшін қолданылады.
Төртінші топ әдістері. Жарыс әрекетін үлгілеу әдістері жарысқа ұқсата ұйымдастырылған жағдай кезінде қолданылады. Жарыс әрекетінің үлгілерін жеке қозғалыс әрекетін жетілдіруге немесе толық үлгілеу кездерінде қолданылады. Бұл топ әдістері спортшыны үлкен жарысқа дайындаудың немесе рекордтық нәтижеге қол жеткізудің тактикалық дайындығы кездерінде орындалады. Бесінші топ әдістері. Спортшыларды дайындау түрлерінің ерешеліктеріне байланысты спорттық жаттықтыруда мынандай дайындық жақтарын дамыту әдістері қолданылады:
- дене қуаты;
- техникалық;
- тактикалық;
- психологиялық;
- теориялық.
Қозғалыс техникасын жетілдіру үшін жалпы педагогикалық: көрнекі көрсету және сөз қолдану әдістері жаттықтыру сабақтарында кең қөлемде пайдаланылады. Спорт жаттықтыруларында қазіргі кезде босаңсыту әдісі де өте көп қолданылады. Ол жоғары қарқындағы үлкен жүктемелерден кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі (монша, массаж, фармакологиялық дәрі-дәрмектер, музыка, гипноз, аутогендік жаттықтырулар т.б.).
5 Спорттық жаттықтырудың қағидалары
Спорт жаттықтыруының өзіндік ерекшелігі өзіне тән қағидаларын тудырады.
Айналысқан спорт түрін терең меңгеру, өз жеке бас мүмкіншіліктерін пайдалана білу, жоғары көрсеткіштерге жету қағидасы. Егер дене тәрбиесі жаттығуларын жәй көңіл көтеру, денсаулықты нығайту мақсаттарында орындасақ, спорт түрлерінің жаттықтырулары, жоғарғы жетістіктерге жету мақсатында, адам ағзасының мүмкіншіліктері шегіне жақын немесе шегіне жету секілді жоғары деңгейлерде қолданып, орындалады. Спорттық жаттықтырулардың сипаты - жүктеменің жоғары деңгейі, жүктеме мен тынығу алмасуының алдыңғы қатарлы жүйесі, циклдіктің айқын білінуі т.с.с. Бұл қағиданың негізгі мақсаты - спортшының санасында жоғары спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.
Біртіндеушілік қағидасы - жүктемені жоғары деңгейге дейін бір-тіндеп өсіру. Даралық қағидасы - спортшының талантына, жеке басы мүмкін-дігіне, өзіндік жаттығу техникасын орындау ерекшелігіне байланысты жаттықтыру әдістемесінің өзгеруі.
Жүйелілік қағидасы (немесе жаттықтыру процесінің үзіліссіздігі). Спортшының ағзасын жаттықтырып, жақсы спортгық жетістіктерге жеткізу үшін, спорттық жаттықтыру үрдісі бір жылға және көптеген жылдарға арналып құрастырылады. Ғалымдар мен жаттықтырушылар кейінгі кездері жоғары дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесіне көп көңіл бөлуде. Сонда жыл сайын жоғары дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесі өзгеретіндегі, сол арқылы да олар өте жоғары көрсеткіштер көрсететіні анықталады. Спортшы өзінің энергиясын, күшін керек уақытта жинақтап, бір мақсатқа пайдалануы үшін психологиялық дайындыққа көп көңіл аударуға тиіс. Циклдік кағидасы. Жүйелік және біртіндеушілік қағидалары жаттықтыру циклдерін құрғанда айқын білінеді. Циклдік - дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру үрдісі бөлімдерінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келесі циклде жаттықтыру кезіндегі жүктеме өсіп отырады. Циклдер: микроциклдер (апталық), мезоциклдер (айлық) және макроциклдер (жылдық) деп бөлінеді. Жүктеме қозғалысының толқындылық қағидасы. Дене қуаты жүктемелері әр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді. Олар кіші, орта және үлкен толқындарға бөлінеді. Кіші толқындар - микроциклдегі жүктеме қозғалысының толқын түрінде өзгеру сипаты. Орта толқындар - мезоцикл көлеміндегі жүктеме қозғалысының өзгеру сипаты. Үлкен толқындар - макроцикл кезеңдеріндегі жүктеме қозғалыстарының өзгеру сипаты. Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу қағидасы. Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті адам ағзасын жан-жақты дамыту болып табылады. Бүл процесс жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысуы арқылы орындалады. Жалпы дайындық кезінде жоғары спорт көрсеткіштерін өсіру үшін керек әр түрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл-козғалыс шеберлігі мен дағдылары игеріледі. Арнайы дайындық кезеңінде таңдап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі. Спортшьшардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы дайындық кезендеріне байланысты өзгертіліп отырылады. Дайындық кезеңінде жалпы және арнайы дайындық көлемінің пайыздық ара қатынасы - 60-40%, жарыс кезеңінде - 20,30-80,70%, өтпелі кезеңде 80-20% болып өзгереді. Бұл спорт түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғары дәрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі көбірек беріледі.
2 Семинарлық сабақтар
2.1 Қазіргі кезеңде спорт теориясы дамуының негізгі мәселелері
Мақсаты – қазіргі кезеңде спорт саласында қолданалатын терминдерді және спорт түрлерінің типологиясы, сонымен қатар спорттағы бағдарлау мен іріктеудегі, спорттық жаттықтырудың әдістемесінде жаңа қөзқарастары туралы ептіліктермен дағдыларды қалыптастыру. Жоспар: 1. Спорт теориясында бастапқы, функционалды және қорытынды ұғымдардың арасындағы байланысы. 2. Спорт түрлерінің типологиясында негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары. 3. Спорттағы бағдарлау мен іріктеудегі негізгі ерекшеліктер. 4. Спорттық жаттықтырудың амалдары мен әдістеріндегі жаңа қөзқарастар.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Спорт теориясындағы негізгі терминдерді дәптерге жазып, олардың қай топтарға жататынын / бастапқы, функционалды және қорытынды / анықтаңыз. 1. Әрбір терминнің мазмұнына қарап, олардың бір-бірімен байланысын анықтау қажет. 2. Спорт саласында спорт түрлерінің топтастырылуының ерекшеліктерін дәптерге жазыңыз. Қазіргі таңда Мамытов А.М. тағы басқа ғалымдардың пікірлері бойынша осы салада қандай перспективалары болып тұр. 3. Спорттағы іріктеудің бірінші және екінші кезендерінің арасындағы айырмашылығын көрсетіңіз. /Өзіңіздің шұғылданатын спорт түрі арқылы/. 4. Спорттық жаттықтырудың қазіргі таңда жаңа әдістері мен амалдарын дәптерге жазып сипаттама беріңіз. Олардың бұрынғы амалдар мен әдістеріне қарағанда қандай тиімді жақтары бар.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Спорт теориясының түсінік аппаратында және түрлерінің типологиясындағы негізгі мәселелер. Мақсаты – қазіргі кезеңде спорт саласында жаңа терминдердің және спорт түрлерінде жаңа бағыттардың пайда болуының негізгі себептерін анықтау. Жоспар: 1. Спорт саласында жаңа терминдердің пайда болуы және оны анықтайтын негізгі факторлар. 2. Қазіргі кезеңде спорт түрлерінің жаңа түрлерінің пайда болуы және оны анықтайтын факторлар.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Қазіргі кезеңде спорт теориясындағы жаңадан пайда болған терминдерді /кәсіптік спорт, әуесқой спорты, супер-жетістілік спорты, коммерциялық спорты/ дәптерге жазып, олардың анықтаңыз. 2. Әрбір терминнің мазмұнына қарап, оларды анықтайтын факторларын дәлелдеңіз. 3. Спорт саласында қандай жаңа спорт түрлері пайда болды екендігі туралы дәптерге жазыңыз. Оларды анықтайтын факторларды дәлелдеңіз. 3.2 Тақырып: Спорттағы бағдарлау мен іріктеуде, спорттық жаттықтырудың әдістемесіндегі жаңа қөзқарастар. Мақсаты - қазіргі кезеңде спорттағы бағдарлау мен іріктеуде, спорттық жаттықтырудың әдістемесіндегі жаңа қөзқарастарды анықтау.
Жоспар: 1. Қазіргі таңда іріктеудің бірінші және екінші кезеңдерінің ерекшеліктері. 2. Қазіргі таңда спорттық жаттықтыруда жаңа әдістер мен амалдар. 3. Қазіргі таңда спорттық жаттығулардың қағидаларындағы өзгерістер.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Қазіргі таңда іріктеудің бірінші және екінші кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз. 2. Қазіргі таңда спорттық жаттықтыруда жаңа әдістер мен амалдардың қолдануының тиімділігін дәлелдеңіз. 3. Қазіргі таңда спорттық жаттықтыруда есепке алынатын жаңа қағидаларына сипаттама беріңіз.
4. СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1. Спорт теориясындағы бастапқы, функционалды, қорытынды ұғымдардың арасындағы байланысы. 2. Қазіргі таңда ғалымдардың спорт теориясындағы ұғымдарына көзқарастары. 3. Қазіргі таңда спорттың қазіргі түрлерінің типологиясына ғалымдардың көзқарасы. 4. Спорттың қазіргі түрлерінің типологиясынының перспективалары. 5. Өзінің шұғылданатын спорт түрінен жасөспірім спорт мектебінде жас спортшыларды іріктеудің ерекшеліктері. 6. Қазіргі кезеңде спорттық жаттықтырудың жаңа әдістері. 7. Өзінің шұғылданатын спорт түрінен макроциклдік дайындық, жарыс, өтпелі кезеңдерінде спорттық жаттықтыру амалдарының қолдану ерекшеліктері. 8.Өзінің шұғылданатын спорт түрінен спорттық жаттықтыру қағидаларын жүзеге асыру ерекшеліктері.
СӨЖ орындау үшін әдістемелік нұсқаулар
а) Баяндаманы келесі құрылым схема бойынша дайындаңыз:
- тақырып;
- тақырыптың өзектілігі;
- баяндамаға тиісті негізігі ұғымдарды анықтаңыз;
- теориялық сипаттама;
- қорытынды.
ә) Ұсынылған әдебиеттерді силлабуста қараңыз.
Дәріс № 2 Спорттың негізгі жақтары, оларды жоспарлау және қазіргі таңда жүзеге асыру ерекшеліктері
Жоспар 1. Спорт жаттықтыруының негізгі жақтары 2. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау 3. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері 4. Жарыс және жарысты өткізу әдістемесі 5. Спорттық нәтижелер және олардың спорттың дамуына әсер етуі. 6. Олимпиялық спорттың және Олимпиялық қозғалыстың казіргі мәселелері және даму тенденциялары.
Әдебиет 1. Теория спорта //Учебное пособие. – Под ред. Ф.П.Суслова, Ж.Холодова. – М.,2000. -
2.Мамытов А. Теория спорта //Учебное пособие. – Бишкек, 2001. – 253 с. 3.Аманбаев Р.Р. Спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері // Оқу құралы. – Алматы, 2001. – 107 б. 4.Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі// Оқу құралы. 2-ші басылым. Өңделіп толықтырылған. - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2009. – 260 б. 5.Турлыханов Д.Б. Уроки летних Олимпийских игр 2000 года в Сиднее (Австралия) и задачи по развитию спорта высших достижений в Республике Казахстан // Теория и методика физической культуры. – 2000. - № 2. - С. 6-11. 6.Легкая атлетика / Н.Г. Озолин, Д.П. Марков. Учебник. – М.: Физкультура и спорт, 1972-672с. 7.Лосев С.А. Развитие легкой атлетики в Казахстане в период с 1941 по 1991 годы // Вестник физической культуры - 2007. -№1- 2 (13-14) – С.56-62. 2. Горанько М.И., Хаустов С.И. Игры XXІX Олимпиады – 2008 завершены. Олимпийскую эстафету принял Лондон – 2012 // Теория и методика физической культуры. – 2008. - № 2. - С. 5-11. 3. Кульназаров А.К. Об итогах выступления Казахстанской спортивной делегации на XXІX летних олимпийских играх 2008 года в Пекине (КНР), и задачах по подготовке национальных сборных команд к XXX летним олимпийским играм 2012 года в Лондоне // Материалы ІІ- Международной научно-практической конференции «Теория и практика физической культуры и спорта». – Алматы, 2008. – С. 3-5. 1. Спорт жаттықтыруының негізгі жақтары Спорт жаттыктырулары дене қуаты дайындығы, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтар деген спортшы дайындығының жақтарынан кұралады. Дене қуаты дайындығы. Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарылатуға, дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дене қуаты дайындығы жалпы жэне арнайы деп бөлінеді. Арнайы дене қуаты дайындыгы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағытталған қимыл дайындығын кең мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады. Жаттыктыру үрдісінің үлкен циклінде алдымен жалпы дене қуаты дайындығы жүргізіледі. Оның үстіне арнайы дайындық фундамент ретінде қаланады да, оның негізінде жоғарғы деңгейдегі қимыл әрекеті қасиеті дамытылады. Осы дайындықтар баспалдақ, саты ретінде орындалады. Төменгі саты неғүрлым мықты болса, келесі саты согырлым биік болады, келесі қозғалыс қасиеттерін де сондайлықбиік деңгейде дамытуга кол жеткізуге болады. Осы үшсатылы дайындық үрдісі шаңғышылардың, ескекшілердің, конкимен жүгірушілердің, волесипедшілердің, суда жүзушілердің жаттықтырулар циклдерінде анық көрінеді. ¥зақ мерзімге төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінің жылдық жаттықтыруында осындай үшсатылық дайындық міндетті түрде орындалуы қажет.
Дене куаты дайындығы дене қуаты қасиеттерін дамыту арқылы орындалады Техникалық дайындық. Техникалық дайындық деп жарыс жат-тығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті - спорттүріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдьшану. Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әр түрлі болып келеді. Мыс. гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау спорт түр-лерінде жақсы техника қозғалыс әдемілігі жэне нақтылығымен бағаланады. Төзімділікті керек ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл-қозғалысты тиімді түрде орындауға байланысты. Мыс. жүгіру техникасын дұрыс, экономиялы орындау. Зерттеулер нэтижесінде спортшының жүгіру қарқыны, адым үзындығы жэне физиологиялық көрсеткіш-оттегі қолдану мүмкіншілігі араларында өте мәнді байланыс бар екені анықталган. Марафонды қашықтықтарға жүгірушінің дұрыс оттегі қолдануы жүгіру қарқыны 16 км/сағат, адым ұзындығы 150см болғанда ғана тиімді болатыны гылыми түрде дәлелденген. Осындай байланыс суда жүзу,конькимен,шаңғымен жүгіру спорттарында да кездеседі. Әрбір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде «эталондық» орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт түрінде негізгі жаттыгуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кинотүсірулерде көрсетілген жаттығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау техникасын негізге алып, өз ерекшеліктерін ескеріп, жаттығуды орындауы керек. Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы, физиологиялық, психикалық ж.б. қасиеттер.
Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындауы керек: 1. Техника нәтижелілігі - жарыс жаттыгу техникасының нәтижелі орындалуы. Мысалы, волейболшының шабуыл соққысы соққан доп, ойын алаңына түсуі, балуанның қарсыласын ұпай санына лақтыруы, боксердің соққысының дәл тиюі. 2. Тиімділігі - биомеханика зандылықтарына сай тиімді қозғалыс құрылысын орындау. 3. Тұрақтылығы - тұрақты жоғары көрсеткіштер көрсетуге бағыт-талган қозғалыс техникасын құрастыру. 4. Бейімділігі - спортшының жетілдірілген қозғалыс техникасын барлық жарыс жағдайында орындай алуы. 5. Үнемділігі - энергияны неғұрлым аз жұмсайтын қозғалыс құрылысы Тактикалық дайындық. Тактикалық дайындық дегеніміз, жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс-амалдарды,айла-тәсілдерді қолдана білу өнері. Тактикалық дайындық екі кезеңнен түрады:
- спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарсыластарының ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;
- осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байла-нысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикапық дайындықты дүрыс іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек;
- қазіргі кездегі өзі айналысып спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;
- мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу;-өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының мүмкіншіліктерін зерттеу (уақыты,жарыс өткізілетін орын т.б.);
-жарыстың тактикалық жоспарын жасау;
-тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру;
-қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету; -өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру. Тактикалық дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас жағдайларда қайталау; арнайы кітаптар оқу, әңгіме өткізу; бейне жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау. Психологиялық дайындық. Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады: 1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған. 2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бүл арнайы дайындық - жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған. Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер-қайрат дайындығы кіреді. Психологиялық дайындық әртүрлі әдістермен іске асады: Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі - көңіл-күйді көтеру, көңілдену, қиыншылықтары жеңуге ойша дайындылу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу және т.б. әдіс-тәсілдер. Идеомоторльщ жаттыгулар әдісі - жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару. Спорттағы психодиагностика әдісі — КБС (К - көңіл күйі, Б -белсенділік, С - сергектік) әдістемесі бойыңша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейін әр түрлі аспаптар, тәсілдер арқылы анықтау. Теориялық дайындық. Теориялық дайындық кезінде спортшыларға дайындық жактарының заңдылықтарын, олардың әдістемелерін үйретеміз. Теориялық дайындықсыз дайындыктың басқа жактарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы арнайы дэрістерді тындап, спорт туралы жазылған ғылыми әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн. Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық дайындықтың маңызы ерекше. Спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күнделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтын насихаттауда да қажет болады. Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол келесі бөлімдерге бөлінеді: 1. Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі. 2. Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы. 3. Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері. 4. Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тіртібі туралы мағлұматтар. 5. Дәрігерлік бақылау, өзін өзі бақылау, жарақаттарды болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж. 6. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістемелері. 7. Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы.
8 Спортшының техникасы, тактикасы жэне оларды жетілдіру әдістері.
9 Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.
10 Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.
2. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау Жоғары спорттык көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы, 10 жылдан артық мөлшерде, үзіліссіз жаттығуы керек.
Осы көп жылдық жаттығу шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.
Алғашқы дайындық кезеңі. Республикамызда спорт мектептерінің алғашқы дайындық топтарына өз еркімен спортпен шұғылданғысы келген, ата-аналарының, мектеп басшыларының, дәрігердің келісімін алған балалар қабылданады. Бұл балалар спорт мектептерінің жас ерекшеліктеріне, спорт түріне байланысты бекітілген ережелері бойынша спорт топтарына бөлінеді. Мысалы, гимнастика 6 жастан, суда жүзу 7 жастан, футбол 8 жастан, хоккей 9 жастан, ескек есу 10 жастан, ат спорты 11 жастан т.с.с. Осы топтардағы оқушылар үш жыл бойы жалпы дене қуатын дамытумен, бастапқы техника негіздерін үйренумен айналысады да, әр түрлі сынақтар тапсырғаннан кейін оқу-жаттығу топтарына ауыстырылады. Бастапқы мамандану кезеңі балалардың жасөспірім жас шағына сәйкес келеді. Бұл кезеңнің негізгі міндеті организмді жан-жақты дамыту жэне қимыл-қозғалыс ептілігі мен дағдысын жетілдіру болып табылады. Бастапқы мамандану кезеңінің ұзақгығы 3-4 жыл, бірақ спортшының дарындылығына, спорттың түріне байланысты ол уақыт өзгеруі де мүмкін. Балалардың жастарына, жаттыққандығына байланысты жаттықтыру уақытының ұзаруы, жаттықтыруларды бір апта ішінде қайталау жиілігі біртіндеп көбейіп отырылуы қажет. Тереңдете жетілдіру кезеңі. Бұл кезең спортшының есейген кезіне сай келеді. Кейбір ерте жастан жаттыға бастайтын суда жүзу, гимнастика, мәнерлеп сырганау т.б. спорт түрлерінде жасөспірім жас мөлшеріне сәйкес келіп қалуы да мүмкін. Бұл кезеңнің негізгі міндеті жоғары спорттық шеберлікті меңгеру. Жаттықтыру кезінде жүктеме көлемі мен қарқындылығы ең жоғары шекке дейін өсіріледі, жарыстың саны көбейеді, дәрежесі жоғарылайды. Бұл кездегі жас шектеу мөлшері жылдамдықты керек ететін спорт түрлерінде 18-ден 26 жасқа дейін, төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінде 30 жасқа дейін болады.
Спортта ұзақ жасау кезеңі.
Бұл кезең дайындалғандық деңгейін төмен түсірмей ұстап тұра алған кезге дейін созылады. Бұл кезенде спортшылардың жас ерекшеліктеріне, психикалық болдыруына, жаттықтырулар мен жарыстардан шаршауларына байланысты спорттық көрсеткіштері біртіндеп төмендей береді. Жалпы жүктеме көлемі жайлап азайтыла бастайды. Жаттықтыруларда жүктеме қарқыны, жарыстар саны азаяды. Әрбір спортшы бұл кезенде жаттықтыру жүктемелерін, жаттықтыруларды кенеттен қойып кетпей, біртіндеп азайтуы керек. Бұлай етпеген жағдайда денсаулығына зиян келетінін білуі қажет.
Спорттық жаттықтыру кезеңдері Көп жылдық жаттықтыру үрдісі үлкен макроциклдерден тұрады. Олар жылдық, және жартыжылдық деп аталады. Әрбір жылдық немесе жарты жылдық цикл дайындық, жарыс және өтпелі деген үш кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі. Дайындық кезеңі жылдық циклде 4-5 айға, жарты жылдық циклде 2-3 айға созылады. Бұл кезеңнің міндеті организмнің мүмкіншілігін жоғары деңгейге жеткізу. Дайындық кезеңі 2 бөлімге бөлінеді. 1. Жалпы дайындық бөлімінде спортшы ағзасының жалпы қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру, қозғалыс қасиеті мен қозғалыс шеберлігін, дағдысын жетілдіру мәселелері шешіледі. Жалпы дайындық бөлімі екі түрлі тарту және негіздеу деген орта циклдерден тұрады. Тарту циклінің мақсаты - жүктеме қарқындылығы мен көлемін жайлап өсіру. Негіздеу немесе базалық циклінің мақсаты - негізгі жаттықтыру жүктемесінің көлемін орындау. 2. Арнайы дайындық бөлімінің міндеті - спортшының өзі айналысқан спорт түріне керек дене қуаты қасиеттерін,техникасын,тактикасын дамыту. Бұл бөлімде арнайы дайындыққа 60-70 пайыз уақыт бөлінеді. Жарыс жаттығуларына ұқсас жаттығулар, бақылау, тексеру, жаттықтыру амалдары қолданылады. Бұл бөлім тексеру, дайындау, шыңдау циклдерінен тұрады. Тексеру, дайындау циклінде жаттықтыру жүмыстары бақылау жарыстарына қатысуымен араласа жүргізіледі. Шыңдау циклінде тексеру жарыстарынан кейін анықталған техника, тактика кемшіліктерін жою, айла-әдістерін шындау жаттығулары жүргізіледі. Жүктеме қарқындылықты арттыру, жаттықтыру көлемін азайту түрінде қолданылады. Жарыс кезеңі. Бұл кезеңде спортшы өзінің негізгі жарыстарына қатысады. Бұл кезеңнің басты міндеті - алдыңғы кезенде жақсы жаттыққан спортшы ағзасының жарысқа дейінгі күйін ұзақ уақытқа сақтау. Жарысқа қатысу жиілігі спорт түріне, спортшы дәрежесіне байланысты. Жарыс алдындағы циклде спорттық бабына кіру және алдыңғы жарысқа дайындалу жаттығулары жүргізіледі. Жарыс циклдері негізгі жарысқа қатысу кезінде өтеді де бірнеше кіші циклдерге бөлінеді (микроциклдер). Олар: жарыс алдындағы, жарысқа қатысу және қалпына келу циклдері. Қалпына келу - көтермелеу циклі кезінде сипаты бір-біріне ұқсас жаттықтыру үрдістерінен спортшыларды жалықтырмау үшін басқа жаттығуларды пайдаланады. Сол жаттығулар көмегімен ағзаның қалпына келуін тездетеді Өтпелі кезең. Бұл кезеңнің міндеті-жаттықтыру мен жарыстардан алған әсерін жоғалтпау, ағзаны қинамай уақытында босаңсытып, қалпына келтіру. Бұл кезенде арнайы дайындық жаттығулары азайтылып, жалпы дайындық жаттығулары көбейеді (спорт ойындары, табиғат аясында жүгіру т.б.). Көбінесе ағзаны тез қалпына келтіретін, спортшы ұнататын жаттығуларды пайдаланған тиімді. Өтпелі кезең 2-3 орта циклдерінен тұрады. Қалпына келтіру - көтермелеу және қалпына келтіру - дайындық циклдерінен біртіндеп, келесі үлкен жаттықтыру циклінің дайындық кезеңінің тарту мезоцикліне ауысады. Кейбір кездерде өтпелі кезеңнің орнына қысқа жеңілдету фазалары кіргізіледі. «Қосақталған микроцикл» деп аталады да, жарыс кезеңінен кейін екінші дайындық, одан кейін екінші жарыс кезеңі, содан соң ғана өтпелі кезең кіргізіледі. Осындай жаттықтыру процестері күш жылдамдығын керек ететін спорт түрлерінде қолданылады. Мысалы: ядро лақтыру, биіктікке секіру, ауыр атлетика, спорт ойындары т.б., ал циклдік сипатындағы спорт түрлерінде (марафондық жүгіріс, шаңғы спорты т.б.) көбінесе жылдық жаттықтыру циклдері қолданылады. Жаттықтыру микроциклдерінің жалпы ұзақтығы бірдей болса да жеке кезендерінің ұзақтығы спорт түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы: көпсайыс түрлерінде дайындық кезеңі, ал спорт ойындарында (футбол, хоккей) жарыс кезеңі ұзақ болады. Жоғары спорттық шеберлік деңгейінде олимпиадалық ойындарға дайындалуына байланысты төрт жылдық цикл жоспары қолданылады. Жаттықтыру үрдісінің ұзақтығына байланысты жоспарлаудың үлкен кезеңдік (болашақтық) және кіші кезеңдік (жедел) деген екі түрі болады. Үлкен кезеңдік жоспарлау төрт жылға немесе бір жылға арналып жасалады. Ал кіші кезеңдік жоспарлау айлық (мезоцикл), апталық (микроцикл) және жеке жаттыктыру сабақтарына арналып жасалады. Микроциклге спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстарда спортшының орындайтын міндеті, оның дайындығындағы айлық кіші міндеттер және жыл көлемінде орындалатын үлкен міндеттер сипаты, жүктеменің көлемі кіргізіледі. Әдістемелік нұсқаулар беріледі. Бақылау түрлерінің және дәрігерлік бақылаудың өткізілу уақыты белгілінеді. Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Жоспарды спортшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бар мүмкіншіліктерін пайдалана білуі керек. Өскемен қаласындағы облыстық балалар және жасөспірімдер олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебінің жеңіл атлетикамен шұғылданатын спорттық жетілдіру тобының жылдық жоспар кестесін қараңыздар (41-кесте). Жылдық жоспардың міндеттері кіші кезеңдік жоспар жасағанда кеңінен, нақтылы ашыла көрсетіледі. Мезоциклдер (айлық цикл) 3-4 микроциклдерден құралады да, 2-3 екпінді және 1 -2 қалпына келу толқындары түрінде жүргізіледі. Айлық жоспар үлгісі 42-кестеде көрсетілген. Микроцикл дегеніміз - бірнеше жаттықтыру сабақтары мен қалпына келу күндерінен қүралған, жаттықтыру процесі түрінің толық біткен, бірақ қайталанатын апталық циклі. Микроциклдердегі жүктеме толқын түрінде өзгеріп тұрады да, 2-3 екпінді кезендерден, қалпына келтіру жаттықгыруларынан құралады. Жарыс кезінде спортшыга жоғары қалпыны келу жағдайы жасалуы, жүктеме дұрыс бөлінуі қажет. Микроциклдегі дене қуаты қасиеттерін, техникасын, тактикасын дамытатын жаттығулар араластырылса, өз кезегімен берілуге тиіс. Күш жылдамдығын керек ететін спорт түрлерінің жалпы дайындық кезеңі микроцикліндегі жаттықтыру сабақтарының келесі міндеттері бар:
- техника дайындығы және жылдамдыққа тәрбиелеу; - қалпына келтіру жаттықгырулары;
- техника дайындығы;
- күш жылдамдығын тәрбиелеу, арнайы төзімділікті дамыту, жалпы төзімділікті дамыту.
Арнайы дайындық кезеңіндегі циклді спорт түрлерінің микроциклдегі жаттықгыру міндеттері:
- техника қозғалыстарын жетілдіру;
- жылдамдық мүмкіндіктерін тәрбиелеу;
- арнайы төзімділікті дамыту;
- қалпына келтіру жаттықтырулары;
- жарыс жағдайында қолданылатын арнайы төзімділікке тәрбиелеу. Жоғарыда берілген жаттықтырулар әсері спортшының жалпы өмір сүру тәртібін (оқу бітіру, еңбек ету) толықтырады, күшейтеді, жұмыс қабілеттілігін арттырады.
Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың негізгі түрі болып келеді. Ол дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты - спортшы денесін негізгі бөлімде өтетін қарқынды, көлемді жұмысқа дайындау. Дайындық жалпы және арнайы деген екі бөлімге бөлінеді. Жалпы дайындық бөлімінде әр түрлі жалпы дайындық жаттығулары қол-данылады. Мысалы, жүгіру жаттығулары, әр түрлі снарядтармен жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары, екі-екіден және топтық жаттығулар және т.б. Арнайы дайындық бөлімінде спорт түріне, жаттықтыру міндетіне байланысты арнайы дайындық және жарыстық жаттығулар қолданылады. Дайындық бөлімінің ұзақтығы сыртқы ортаға, жаттықтыру үрдісінің кезеңіне, спортшының дәрежесіне байланысты 15 минуттан 30 минутқа дейін созьшады. Негізгі бөлімнің міндеті-техниканы, тактиканы жетілдіру және дене қуаты қасиеттерін дамыту болып келеді. Басында жаттығу техникасын үйрету, жетілдіру, сонан соң дене куаты қасиетін дамыту міндеттері орындалады. Жаттықтырудың қорытынды бөлімі жүктемеден кейін спортшының ағзасын қалпына келтіру үрдісін тездету үшін өткізіледі. Денені босаңсыту жаттығулары, жеңіл жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады. Жаттықтыру сабақтары жеке, топтық, фронтальдық, айналмалы жаттығуды орындау әдістері көмегімен өткізіледі. Әрбір жаттықтыру сабағына жоспар-конспекті жазылады. Жоспар-конспектіде жаттықтыру өткізу күні, ұзақтығы, міндеттері, жаттықтыру мазмұны, жаттығуларды орындау саны, әдістемелік нұсқаулар көрсетіледі. Үлгі түрі 43-кестеде берілген. Спорт мектептеріндегі негізгі есепке алу құжаты- жатгықтыру тобының журналы. Журналда жаттықтыру уақытының кестесі, жылдық жоспар кесте, әрбір айға қүрастырьшған айлықжоспар, спортшылардың жаттықтыруға қатысуларын күнделікті белгілеу кестесі (44-кесте), жаттықтырулардың эр сабақ жазулары (45-кесте), спортшьшар туралы мәліметтер, олардың спорттық көрсеткіштері көрсетіледі. Жаттықтыру үрдісі барысында қолданылған әдістер мен амалдардың нәтижелік деңгейін аныктау үшін бақылау мен бағалауды қолдану қажет. Бақылау сапалы болуы үшін спортшының жаттықтыру мен жарыс жүктемелерін, амалдарды тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек. Бақылау спортшы дайындығының өсу деңгейін білу үшін ғана емес, артық жаттығып, болдыру деңгейіне дейін жібермеу үшін де керек.
Артық жаттығу, болдыру.
Оның себептері:
Артық жаттығу, шаршау, болдыру күйі екі түрлі жағдайда пайда болады. 1 Ұзақ психикалық қозудан, тынышсыздықтан, ағзаның демалып қалпына келмеуінен (мысалы, жиі өткен жарыстар). 2 Ұзақ психикалық тежелуден (мысалы, бір сарынды жаттықтыру, зорығу т.с.с). Артық жаттығу, шаршау, болдыру түрлері жүктемеге көп байланысты. Ұзақ мерзімде қайталанган көп жүктеме артық жаттығудың бірінші түріне, ал үзақ мерзімде аса көп жүктеме екінші түріне әкеліп соқтырады. Жаттықтырушы, бапкерлер артық жаттыққанда спортшыны әбден титықтатып тастайтын мынадай қателерді білуі керек:
-жаттықтыру әдістемесінің қателігі, біртіндеушілік қағидасын сақтамау;
- көп жүктеменің арасындагы демалу уақытының аздығы, өте көп жарыстар және т.б.);
- спорт тәртібінің бұзылуы (түнгі ұйқының аз болуы, дем алу жағдайының нашарлығы, теледидарды, кинофильмдерді көп көруі т.б.);
- әлеуметтік ортаның жаман әсері (сабақтың ауырлығы, көптігі, нашар оқу үлгерімі, мектептігі, отбасындағы ұрыс-керістер, маңайындағы адамдардың спортқа деген нашар көзқарасы);
- денсаулықтың бұзылуы.
Жұмыс қабілеттілігі азайғанға дейін де артық жаттығып, шаршап, болдыра бастаудың белгілері біліне бастайды. Ол үш кезеңге созылуы мүмкін. Бірінші кезеңде спортшы психикасы өзгереді,тынышысыздық, өзіне сенімсіздік, әлсіреу пайда болады. Екінші кезенде ағза қызметінде өзгеріс пайда болады. Ұйқы нашарлайды, тамаққа тәбет, салмақ азаяды, ішек-асқазан жолдарының жұмысы бұзылады, спортшы тез терлейді, тез қалпына келе алмайды, қалпына келу уақыты көбейеді. Үшінші кезеңде жұмыс қабілеттілігі нашарлайды. Басында қимыл үйлесімділігі, сонан соң қозғалыс қасиеттерінің деңгейі төмендей бастайды. Сондықтан бірінші шаршау, болдыру белгілері біліне бастағанда-ақ жарысқа қатысуды, жиі жаттықтыруларды азайтып, жүктемені аз бере бастау қажет. Қалпына келу үрдісіне белсенді демалыс, денеге массаж жасау, су, су массажы процедураларын кіргізу қажет. Жаттыктыруды мүлдем тоқтатып қоюға болмайды, ол кері әсерін тиігізуі мүмкін. Жоғарыда айтылған шаршау, болдыру белгілері жоғалған соң біртіндеп жаттықтыру көлемін, сонан соң жүктеме қарқынын көбейтіп, жаттықтыруды жоспар бойынша одан әрі жалғастыра беруге болады. 3. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері Қазіргі кезде балалар спортпен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру үрдісіне, жарыстар өткізуге айрықша көңіл бөлген жөн.
Жас спортшылардың жаттықтыруларына төмендегідей талаптар қойылады: 1. Жаттықтыру кезінде спортшының дене қуаты қасиеттері жан-жақты дамытылуы, ағзасының жұмыс қабілеттілігі жоғарылатылуы керек. 2. Психикалық ширығулар жэне дене қуаты жүктемелері, өсіп келе жатқан бала ағзасының мүмкіндігіне, жасына, жынысына, дайындық деңгейіне сай берілуі керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, ол балаларды жалықтырмайтындай әр түрлі, әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет. 3. Спортшы ағзасының бастапқы қалпына келу тәртібі, жаттықтырушының, дәрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану, дем алу тәртібі қатаң сақталғаны жөн. Жаттықтырулардың бастапқы кезінде толық және қарапайым қалпына келу тынығу аралығы қолданылады. Дене қуаты дайындығының деңгейі көтерілген соң қатаң қалпына келу тынығу аралығы қолданылады. Қалпына келу үрдісін жеңілдету үшін күндік жүктемені бөліп өткізуге болады. Ол кезде бір күндік микроциклдер пайда болады да, кіші және орта жүктемелер қалпына келу үрдістерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді. 4. Жыныстық жетілу мерзімі кезінде спортшы ағзасының қызметі қатаң бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім үл мен қыз балаларға берілген өте жоғары жүктемелер олардың денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Әсіресе қыз балаларға айрықша көңіл бөлген жөн. Олардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі, тез әсерленгіш көңіл -күйлері көбінесе етеккір келу циклдерінің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында және келген кезде жаттықтыру жүктемелері төмендетіледі. Ол арқылы цикл аяқталған кезде спортшы қыздардың жүмыс қабілеттілігінің тез қалпына келуіне жағдай жасалынады. Ал қыз балалардың ағзасының ерекшеліктері ескерілмей жүргізілген жаттықтыру жұмыстары олардың қабілетін төмендетіп, жаттықтыруға ықыласын азайтады. Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік туғызады. Өте көп жүктемелер балалардың жыныстық жетілуіне кері әсерін тигізеді. 5. Балаларға «аз уақыттың ішінде өте жоғары спорттық көрсеткіштерге жету керек» деген міндет қоюға болмайды. Ондай асығыс дайындықтардың бала ағзасына зияннан басқа пайдасы жоқ. 6. Спорт жаттықтыруларын жоспарлағанда мектептегі оқу үрдісінің тоқсандарын, демалыстарын ескерген жөн. Өте жоғарғы дене қуаты жүктемелерін каникул, демалыс кездеріне орайластыра орындау қажет. 7. Дене қуаты және психикалық ширығуларды азайту үшін жарыстарды жеңіл түрде өткізуге тырысу қажет. Ол жарыстар жүгіру қашыктығын қысқарту, спорт ойындарында, жеке сайыстарда жарыс уақытын азайту түрінде өткізіледі. 8. Спорт жарыстарына жас балаларды қатыстырғанда жас шектеуге қатаң қараған жөн. Мектеп жарыстарына 9-10 жастан, қалалық жарыстарға 11-12 жастан, республикалық жарыстарға 15-16 жастан жоғарғы жастағы балалар қатыстырылады. 9. Оқу орындарындағы сабақтардың қызу кезінде жарысты аз өткізуге тырысу керек. 10.Балалардың жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты жеңіл, арнайы, спорт құрал-жабдықтарын пайдаланған жөн. 4. Жарыс және жарысты өткізу әдістемесі
Спорт жарыстары, олардың топтары Спорт дайындықтарының деңгейін анықтауға арналған адамдардың бәсекесін спорт жарыстары дейміз. Спорт жарыстары әр түрлі талаптарға байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. Маңыздылығына байланысты - дайындық және негізгі жарыстар. 2. Мазмұнына байланысты- бір спорт түріне арналған жарыс және бірнеше спорт түріне арналған кешенді жарыс. Кешенді жарыстар спартакиада, олимпиада, ойындар (мысалы, халық ойындары) деп аталады. 3. Көлеміне байланысты - аудандық, облыстық, республикалық жарыстар. 4. Қоғамдық, ведомстволық басқарылу жүйесіне байланысты-«Жастар», «Жігер», «Динамо», «Теміржолшы» қоғамдарының жарыстары. 5. Қойылған міндетіне байланысты - бақылау, классификациялық (спорт дэрежелерін орындау), болатын үлкен жарысқа іріктеу, біріншілік. 6. Сипатына байланысты - ашық және жабық жарыстар, тұрақты өткізілетін жарыстар және бір рет өткізілетін турнирлер, белгілі бір тұлғаны еске алу немесе бір салаға еңбегі сіңген адамды құрметтеу жарыстары, кубкалық жарыстар. 7. Жеңімпаздарды анықтау есебіне байланысты - командалық, жеке, жеке-командалық. 8. Өткізу жүйесіне байланысты - айналма жүйемен, шығып қалу (олимпиадалық) жүйесімен және аралас жүйесімен өткізілетін жарыстар. 9. Жас ерекшеліктеріне байланысты - балалар, жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасындағы жарыстар. 10. Жыныстарына байланысты - ерлер, әйелдер арасындағы жарыстар. 11. Кәсіптеріне байланысты - оқушылар, студенттер, жауынгерлер, өрт сөндіргіштер, жұмысшылар, қызметкерлер арасындағы жарыстар. 12. Денсаулық жағдайларына байланысты - саңыраулар, мүгедек-тер, соқырлар арасында өткізілетін жарыстар деп бөлінеді.
Жарыс және жарыстық дайындық Жарысқа дайындық күнтізбелік жарыс жоспарына өткізілетін жарысты кіргізіп, жарыс уақыты белгіленген күннен басталады. Жарыстың масштабына, маңыздылығына, қатысатын спортшылардың дәрежесіне, санына байланысты жарысқа дайындалу уақыты, кезеңдері белгіленеді. Шартты түрде жарысқа дайындалу кезеңін үшке бөлуге болады. Олар: алдын ала дайындық, жарыс алдындағы дайындық, жарыс кезіндегі дайындық деп аталады. Алдын ала дайындық кезеңіне жарыс уақыты күнтізбе жарыстар жоспарына кіргізіліп, өткізу уақытына 2-3 ай қалған уақыттан басталады. Бұл кезеңнің негізгі жұмыстары: жарыстың мәлімдемесін жасау, демеушілерді дайындау, жарысты үйымдастыру комитетін тағайындау, жиынын өткізу, жауап беретін жұмыстарын анықтау, марапаттау сыйлықтарын, мақтау қағаздарын белгілеу, қатысатын командаларды, жарысты өткізетін төрешілерді белгілеу, мекен жайларын анықтау, мәлімдемелерді қатысатын командалардың мекен жайларына хат арқылы жіберу, жарыс болатыны жазылған хабарламаларды (афишаларды), жарыс бағдарламаларын, қойылымдарын, шақыру қағаздарын дайындау т.б. жұмыстар. Жарыс алдындагы дайындық кезеңі жарысқа бір, бір жарым ай қалған кезден басталады. Бұл кезеңнің негізгі жұмыс мазмұны үш түрге бөлінеді: 1. Байланыс, қонақ үй мәселелері. Олар: қатысатын командалардан, төрешілерден келген телеграммаларды жинақгау, телеграмма келмегендермен телефон арқылы хабарласу, жарысқа қатысатын басқа қаладан келетіндерге (санын анықтағаннан соң) қонақ үйге сұраныс беріп, хат тапсыру арқылы сол уақыттағы бөлмелерді белгілеп қою (бронь алып қою) жұмыстары. 2. Жарыс өткізетін жер, дәрігерлік қызмет жұмыстары. Олар: жарыс өткізілетін спорт кешеніне сұраныс беріп уақытын белгілеп қою, жарысты дәрігермен қамтамасыз ететін медициналық мекемеге хат апарып беріп, оларға жарыс күнін ескертіп қою, жарыс кезінде тамақтандыруды ұйымдастыратын мекемелерге хабарласу. 3. Жарыс ашылу салтанатына байланысты жұмыстар. Олар: жарыс кезінде коцерттік бағдарлама жүргізетін мэдениет мекемелерімен, спорттық көрсетімдер көрсететін спорт мектептерімен хабарласу, жарыс салтанатында сөз сөйлейтін адамдарға, спорт, еңбек ардагерлеріне шақыру қағаздарын беру, ұйымдастыру комитетінің жиналысын өткізу, әрбір командаларға мәдени шаралар өткізіп, жауап беретін мекемелер, адамдар тағайындау, жарыс өткізілетіні туралы хабарламалар ілу т.с.с жұмыстар.
Жарысты өткізу. Жарыс - спорттық жетістіктерді көрсететін алаң. Жарыс өткізілетін алаң адамдар жиналатын, көңіл көтеретін, демалатын, қызық көретін, әр түрлі сезімдерде болатын, спортшьшар сыналатын, бағаланатын, біреулер жетістікке жетіп куанатын, біреулер жеңіліп күйінетін жер болғандықган, оның дұрыс, қазіргі кездің талабына сай болуына өте көп көңіл бөлінуі керек. Жарыс өткізілетін жер өте сәнді безендірілуі, ашылу, жабылу салтанаты жақсы ойластырылып өткізілуі қажет. Адамдардағы патриоттық сезімді ояту үшін міндетті түрде ашылу, жабылу салтанаты кезінде Мемлекеттің жалауы көтеріліп, Мемлекеттің әнұраны ойналуы керек. Жарыстың жақсы өтуіне хабарлау, хабарлап отырған адамның дұрыс ойластырылған, нақты, сауатты сөздерінің де маңызы өте зор. Спортшылардың, төрешілердің, көрермендердің отыратын, жүретін, тұратын жерлерінің дұрыс ойластырылуы, алдын ала белгіленуі, оған жауапты адамдардың сол жерлердегі тәртіптілікті қатаң қадағалауы да маңызды мәселелердің біріне жатады. Спорт жарыстарында таблолардың болуы, төрешілердің өз төрешілік жұмыстарын нақты орындауы, төрешілік терминдерді, қолмен көрсететін жестерді нақ, шұғыл орындауы, өз жұмыстарына жауапты қарауы да жарыс кезінде көзге көрініп тұрады. Өйткені, көрерменнің көзіне спортшының қимыл әрекетімен бірге төрешінің әрекеті де бірдей шалынады. Сондықтан спортшының таза, қонымды спорттық формасымен бірге төрешінің де төрешілік киімі сәнді, таза, жақсы, жарыс талабына сай болуы қажет. Жарыстың ашылу жабылу салтанатында сөз сөйлейтін адамдарды дұрыс белгілеу, олардың жарыс, спорт бағытында, негізгі өткізіліп жатқан спорт түрі жарысы, спортты, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында орынды сөз сөйлеуіне де жауапкершілікпен қараған жөн. Концерттік бағдарламалар, спорт түрлерінен көрсететін көрсетілімдер де тиянақты ойластырылып, адамдар жалығып кетпейтіндей жағдайда болуы керек. Жақсы, салтанатты, мереке түрінде басталған жарыс, салтанатты, әсем, әсерлі түрде аяқталуы, жабылуы қажет. Адамдар өткен жарыстан эстетикалық қанағат алып, жақсы көңілмен тарқағаны дұрыс болады.
Жарыстың құжаттары, оларды құрастыру әдістемесі
Жарыстың құжаттары төртке бөлінеді. Олар:
1. Жарыстың мәлімдемесі.
2.Жарысқа қатысушының сұранысы. 3. Жарыстың хаттамалары. 4. Жарыстың бас төрешісінің есебі.
Жарыстың мәлімдемесін құрастыру, жазу Барлық дәрежедегі жарыстарға даярлық алдында ең негізгі жарыс құжатын — мәлімдемені құрастыру, жазу керек. Жарыстың мәлімдемесін жазған кезде жарыстың атына, атауына үлкен мән берген дұрыс. Жарыстың атауында жарыс көлемі, масштабы, кімдер арасында өткізілуі нақты түрде көрініс табуы керек. Мысалы: «Шаңғы спортынан оқушылар арасында өткізілетін Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі, Дзю-до күресінен ересектер арасында өткізілетін Өскемен қаласының біріншілігі» т.с.с. Барлық жарыс түрлерінің мәлімдемелері негізгі жеті түрлі бөлімдерден тұрады. Олар: 1. Мақсаты мен міндеттері. Жарыстың мақсатын жазғанда, жарыс негізі қандай мақсатта өткізілетінін жазамыз. Мысалы, дзю-до күресінен қала біріншілігін өткізсек, өткізу мақсаты: қаланың мықты дзюдошыларын анықтау. Облыс біріншілігін өткізсек, республикалық жарысқа қатысатын облыс құрама команда мүшелерін анықтау т.с.с. Міндеттері 1-3 ке дейін болуы мүмкін. Мысалы: 1. Спортшылардың денсаулығын нығайту. 2. Жарыс өткізілетін спорт түрін насихаттау. 3. Спорт түрінің техникасы мен тактикасын жетілдіру және т.б. 2. Жарыс өткізілетін орны мен уақыты. Өткізілетін орны мен уақыты қатаң белгіленіп, нақты жазылуы керек. Мысалы: «Жарыс Өскемен қаласында, Спорт Сарайында, 2008 жылдың 1-3 қараша жұлдызында өткізіледі». 3. Жарысты басқару. Бұл бөлімде мәлімдемені бекітіп, оның оң жақ бұрышына «бекіттім» деп қол қоятын мекеме басшысы жарысты басқаруға төрешілер тағайындайды. Сол төрешілер жарысты басқару бөлімінде жазылуы керек. Мысалы, жарысты Облыстық дене мәдениеті және спорт басқармасы өткізсе: «Жарысты басқару ШҚО Дене мәдениеті және спорт басқармасы бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі», - деп жазылады. 4. Жарысқа қатысушы спортшылар мен командалар. Бұл бөлімде жарысқа қатысушы спортшылар кімдер екені (ерлер, әйелдер, қыздар, ұлдар), қай жас тобына жататыны (жасөспірімдер, жастар, ересектер, үлкен жастағы адамдар), қандай спорттық дәрежедегі (разрядтағы) спортшылар қатысатыны жазылады. Командалар арасында болса, команда аттары немесе қай лигада ойнайтын командалар арасында өткізілетіні нақты жазылады. 5. Жарыстың бағдарламасы мен кестесі. Бұл бөлімде жарыстың өткізілу уақыты, сағаты, ашылу және жабылу салтанаты жазылады. Командалар арасындағы жарыс болса, жарыс кестесі, қай команда кіммен ойнайтыны көрсетіледі. 6. Жарысты жүргізу, есептеу жолы мен марапаттау. Бұл бөлімде жарыс қандай жолмен (айналмалы, шығып қалу, аралас) өткізілетіні, ұпай саны қалай есептелетіні жазылады. Мысалы, жарыс айналмалы жолмен жүргізіледі, ұпай саны І орын алған спортшыға - 10 ұпай, ІІ орын алған спортшыға - 8 ұпай, ІІІ орын алған ойыншыға - 6 ұпай т.с.с. беріледі деп жазылады. Марапаттауды жазғанда жүлделі орын алған споршыларға қандай мақтау қағазын, қандай сыйлықтар берілетіні жазылады. Мысалы: «Жүлделі орын алған спортшылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлыктармен марапатталады», -деп жазылады. 7. Сұраныс және оны беру уақыты. Бұл бөлімде сұраныс қандай түрде, жарыс басталардан неше күн бұрын берілуі керек екені жазылады. Төменде сұраныс беру түрі көрсетілген. № 4 бағанада күрес түрлеріндегі салмақ дәрежелері көрсетілді, ал жеңіл атлетика жарысы сұранысы болса жарыс жаттығулары түрлері, 100 м, үзындыққа секіру, граната лақтыру деп көрсетіледі.Дұрыс толтырылмай қалып, мандаттық комиссияның талаптарына сай келмей, спортшылар жарысқа жіберілмесе, егер ол оқиға басқа қаладан барған кезде болса, ол жауапты адам мен бапкерге көп шығындануына, мекеме басшысы алдында үлкен жауапкершілікпен жауап беруіне тура келеді. Сондықтан сұраныс және спортшының классификациялық куәлігінің дұрыс, сауатты толтырылуына үлкен мән беру қажет. Сұраныс толтырылғанда спортшының аты-жөні, туылған жылы, спорттық дәрежесі оның жеке жэне классификациялық куәлігіндегі мәліметтерге сай болуы қажет. Міндетті түрде спортшыларды жарысқа жіберген мекеме басшысының аты-жөні жазылады, қолы қойылады, мекеменің мөрі басылады. Спортшының жарыс алдында дәрігерге тексерілуі, сұранысқа дәрігердің қолы қойылуы, белгісі (штамп) басылуы керек болады. Сұраныстың үлгі түрі төменде көрсетілген. 5. Спорттық нәтижелер және олардың спорттың дамуына әсер етуі Әрекеттің басқа нәтижелеріне қарағанда (мысалы, өндіріс-енбекші) спорттық нәтиже әрекеттің субъктісімен бірыңғайлы болады және оның сапалы мен сандық көрсеткіштерімен байланысты. «Спорттық нәтиже» және «спорттық жетістіктер» деген ұғымдарды бір бірінен айыру қажет. «Спорттық нәтиже» деген ұғым «спорттық жетістіктер» ұғымнан кең, себебі спорттық жетістіктер спортшымен көрсеткен әрбір нәтижені қамтып көрсетпейді, тек қана бұрынғыларды озып тұрған. Бұл мәселеде маңызды орын алатын спорттық бап – қойылған нысандарды орындауға мүмкіндік беретің дайындық күйі. Сондықтан нәтижелердің жеке динамикасы жетістіктердің линиялық өсуімен емес, одан қиын тенденцияларымен ерекшеленеді. Спорттық нәтижелер спорттық төрешілермен кейбір сыртқы белгілер арқылы өлшенеді (мысалы, уақыттың мөлшері, кенестің мөлшері, салмақтың ауырлығы). Осындай өлшемде белгіленген нәтижелер көпшілікке ақпараттың құралдары арқылы жеткізледі. Сол нәтижелер арқылы әрбір ұжымда, елде спорт дамуының күйі бағаланады. Әр спорттың түрінде спорттық даярлықтың барлық компоненттерін жүзеге асыру спорттық жетістіктерді жақсарту, жетілдіру бағытына негізделген. Жеңіл атлетиканың қазіргі таңда даму тенденцияларының бір белгісі спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктерімен сипатталады. 1-кестеде жеңіл атлетиканың қазіргі таңдағы даму барысында спортшылардың көрсеткен кейбір нәтижелері берілген. Мәліметтер Н.Г.Озолин, Д.П.Марков [26] және «Легкая атлетика» [8] журналынан алынған. 1-кестеде берілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, 1968-2006 жылдар аралығында (38 жыл) 400 м., 800 м., 1500 м. жүгіруден жүздік мөлшерінде аз ғана өзгеріс болды. Мысалы, 400 м. жүгіруден 43,8 секундтан 43,62 секундқа дейін көтерілсе (0,18 секунд), ал 800 м. жүгіруден 1 минут 44,3 секундтан 1 минут 43,9 секундқа дейін (0,40 секунд). Бәрімізге мәлім, дене сапалардың арасында жылдамдықтың нәтижелері аса көп өзгермейді. (В.М. Зациорский, 31). Қазақстандағы ең жақсы жеңіл атлетшілердің нәтижелері әлемдік, ресейлік спортшылардан төмен. Мысалы, 400 м. жүгіруден әлемдік рекордтан (Джерми Уоринер – 43,62 сек.) біздің Қазақстандық жеңілатлет А. Курочкинның нәтижесі (45,52 сек.) 1,90 секундқа төмен. Ал Ресейлік спортшылармен салыстырғанда (Фролов В. – 45,09 сек.) біздің спортшының нәтижесі 0,43 секундқа төмен. 1994-2006 жылдар аралығында Қазақстандық жеңіл атлетшілердің Азия орындарында көрсеткен нәтижелері 2-кестеде көрсетілген.
Херосима мен Банкокта (1994, 1998 жылдар) өткен Азия ойындарында Қазақстандық жеңіл атлетшілер жалпы командалық үшінші орынға ие болды. Ал Пусанда өткен Азия ойындарында (2002 жыл) біздің спортшыларымыз 4-ші орында болса, Дохода (2006 жыл) – 5-ші орынға төмендеді. Мұның себебі қандай? Біріншіден, Дохода өткен Азия ойындарында кейбір спортшыларымыз өзінің жеке қабілеттілік мүмкіндіктерінен төмен көрсеткіштер көрсетті. Екіншіден, әлде де Қазақстан Республикасында кешенді ғылыми топтар аздау, сондықтан қазіргі талаптарға сай компьютерлік үлгілеу т.б. технологиялар кеңінен қолданыста болғаны жөн.
Сурет 2 - Қазіргі кезде спорт түрлерінің топтастырылуы Кесте 1 - Жеңіл атлетиканың әлемдегі даму барысында спортшылардың орта ара қашықтықта жүгіруден көрсеткен нәтижелерінің динамикасы
Спортшының Ф. А. Ә.
Ел
Қай жерде және қай жылы орындалды
Жүгірістің түрлері
400 (с)
800 (с)
1500 (с)
Эванс Л.
АҚШ
1968 ж.
Мехико олимп
ойындары
43,8
Даубел Р.
Австралия
1968 ж.
Мехико олимп
ойындары
1.44,3
Кейно К.
Кения
1968 ж.
Мехико олимп
ойындары
3.34,9
Джереми Уоринер
АҚШ
2006
43,62
Мбулаени Мулаудзи
ЮАР
2006
1.43,9
Даниель Камен
Кения
2006
3.29,0
Фролов В.
Ресей
Екатеринбург
2006
45,09
Борзаковский Ю.
Ресей Мәскеу обл.
2006
1.43,42
Кривчонков А.
Ресей Брянск
2006
3.39,70
Курочкин А.
Қазақстан
1985
45,52
Колганов В.
Қазақстан Алматы
2004
1.46,99
Кальсин В.
КСРО Киев
1984
3.37,54
О
р ы н
Херосима – 1994 ж.
Бангкок – 1998 ж.
Ел
Медальдер Ел
Медальдер
Алтын
Күміс
Қола
Барлы-ғы
Алтын
Күміс
Қола
Барлығы
1
Қытай Халық Республикасы
22
18
6
46
Қытай Халық Республикасы
15
17
7
39
2
Жапония
5
9
9
23
Жапония
12
4
8
24
3
Қазақстан Республикасы
4
4
3
11
Қазақстан Республикасы
4
4
5
13
4
Қатар Мемлекеті
4
1
3
8
Қатар Мемлекеті
4
3
2
9
5
Корея Республикасы
3
3
3
9
Корея Республикасы
3
0
2
5
6
Өзбекстан Республикасы
3
2
3
8
Өзбекстан Республикасы
2
6
7
15
7
Қытайлық Тайвань
1
2
1
4
Қытайлық Тайвань
2
3
3
8
8
Сирия
1
0
0
1
Сирия
2
3
0
5
9
Тайланд
0
2
4
6
Тайланд
1
0
0
1
10
Индия
0
1
2
3
Индия
0
2
3
5
О
р ы н
Пусан – 2002 ж.
Доха
Ел
Медальдер Ел
Медальдер
Алтын
Күміс
Қола
Барлы-ғы
Алтын
Күміс
Қола
Бар-лығы
1
Қытай Халық Республикасы
14
14
13
41
Қытай Халық Республикасы
14
9
8
31
2
Сауд Арабия Королдігі
7
1
8
Сауд Арабия Королдігі
6
5
3
14
3
Үндістан
6
6
4
16
Үндістан
5
9
13
27
4
Қазақстан Республикасы
3
4
5
12
Қазақстан Республикасы
5
2
7
5
Корея Республикасы
3
2
1
6
Корея Республикасы
4
4
1
9
6
Жапония
2
14
8
24
Жапония
3
4
1
8
7
Бахрейн Патшалығы
2
1
1
4
Бахрейн Патшалығы
2
1
3
8
Шри-Ланка
2
2
4
Шри-Ланка
1
4
4
9
9
Қырғызстан
2
2
Қырғызстан
1
4
5
10
Қатар мемлекеті
1
4
3
8
Қатар мемлекеті
1
1
3
5
6. Олимпиялық спорттың және олимпиялық қозғалыстың қазіргі мәселелері және даму тенденциялары Қазіргі таңда Ф.Зотова, А.С. Чинкиналардың пікірлері бойынша спорттың дамуында келесі тенденциялар байқалады:
Спорттық жетістіктердің айырықша дамуы.
Бұл жағдай бірнеше факторларға байланысты:
- біріншіден, жаттығудың жаңа әдістерінің жүзеге асырылуы;
- екіншіден, жарыстарды өткізу ережелерінің өзгерілуі, жабдықтарды, спорттық киімдерді жетілдіру;
- үшіншіден, жаттығатын жұмыс көлемінің айрықша өсуі (соңғы 30 жылда – екі еседен артық);
- төртіншіден, жұмыс қабілетін жоғарылатудың жаңа тәсілдерін қолдану;
- бесіншіден, жарыстардың экономикалық ынталандырылуы.
Спорттық жарыстары бағаларының анағұрлым көтерілуі.
Оған әсер ететін:
- өткізу жағдайларына қойылатын талаптардың күшеюі (база, жабдықтар);
- қымбат заттық әрекетті талап ететін спорт түрлерінің пайда болуы;
- өткізілетін жарыстардың келбеттілігі және бағдарламаның кеңейтілуі;
- жарыстардың ұйымдастырылуына, төрешілігіне, дәрігерлік және ақпараттық қамтамасыз етілуіне талаптардың жоғарылауы.
Спорттың жасару процесі.
Мұның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Біріншіден, жоғары спорт жас спортшылардың дене қасиеттерінің дамуына және спорттық шеберліктерінің өсуіне тиімді ықпал етеді. Екіншіден, жоғары жетістіктерге жету үшін жас спортшының организмі ынталандыру биологиялық түрлері жағынан және психологиялық үлкен жүктеменің әсерінен тез ауырады, себебі жаттығатын және жарыстық үдерістің нормалары оның даму-биологиялық заңдылықтарына қарама-қайшы келеді. Қазіргі танда Орталық және Шығыс Европада олимпиялық спорттың және олимпиялық қозғалыстың даму тенденциялары келесі:
- жоғарғы коммерциализация;
- терең кісіптілік;
- Олимпиялық ойындарды ұлтшылдыққа қарсы қою;
- объективті емес төрешілігінің іске асуы;
- әртүрлі стимуляторды қолданудың кең таратылыу;
- рассалық және саяси дискриминацияның іске асуы;
- Олимпиялық ойындардың дайындау және өткізудың адекваттық емес жағдайлары (мысалы, Лос-Анджелестен бастап коммерциализация күшейіп кетті, Ойындарды өткізу жеке секторге аударылды. Бұл жағдай Атлантада өткен ойындардың жағдайларың нашарлығына әкелді.);
- Олимпиялық ойындарды саяси және идеологиялық мақсаттарда қолдану;
- олимпиялық қозғалыстың басшы органдарының қалыптастырудың консервативтік түрі (Халықаралық олимпиялық комитеттің органдарында ұлттық олимпиялық комитеттердің тек қана 42 % өкілдері қамтылған);
- допингті қолдану;
- олимпиялық бағдарламасының кенеюі (соңғы жылдары ойындардың бағдарламасына кёрн, тау фриийстал спорт түрлері кірді);
- олимпиялық ойындарды өткізу үшің қалаларды тандау;
- олимпиялық білімді енгізу мәселесі.
Мамандар жоғарыда аталған мәселелерді шешудің келесі жолдарын ұсынып отыр. Бірінші - бұл Халықаралық олимпиялық комитетінің, ұлттық олимпиялық комитеттерінің және халықаралық спорттық федерациялардың гармониязациясы, яғни бұл ұйымдар бір бірімен бірлесе отырып жұмыс жаса бастады.
Мүдделердің гармонизациясында төрт белгілерді атап кетуге болады:
- олимпиялық қозғалыстың күрделі мәселелердің біршама азаюы;
- бар мәселелерді шешу барысында олимпиялық қозғалыстың әр түрлі мүшелердің көзқарастарының жақындауы;
- олимпиялық қозғалыспен үш жақты басқаруды енгізу;
- олимпиялық білімді енгізудың тенденциясы, соның ішінде ұлттық олимпиялық білім жүйелерінің шекарасында.
XXІ ғасырда спорттың болжамдық моделін құрастыруда екі көзқарас бар.
Біріншісі – бұл модель келесі болашақтағы көзқарасқа сүйенеді:
- келесі ғасырда адамдар мен қоғам қандай болады;
- болашақ қоғамның бүтін құрылымында спорт қандай орын алады;
- қоғамның қандай әлеуметті-мәдениеттік қажеттіліктерін спорт қанағаттандырады.
Екіншісі – спорттың жаңа моделі қазіргі қоғам мен спорттың дамуының кәдімгі тенденцияларына сүйенеді. Қазіргі кезеңде екінші көзқарас ең ыңғайлы болып табылады. Ол гуманизация идеясымен байланысты. Мамандардың пікірлері бойынша, спорттың жаңа моделі басқа логика арқылы жүзеге асырылуы қажет (сурет 3). Осында жекпе-жек, бәсекелесу сияқты қағидаларына сүйенген спорттың дәстүрлі жарыс моделі сақталу мүмкін, бірақ сонымен қатар бұл модельді гумандыққа айналдыру, немесе спорттың жарыс моделінен толық бас тарту және оны басқа «идеологиясы» бар модельмен ауыстыру. Соңғысы жеңімпаздарды және жеңіліп қалғандарды анықтауға бағытталмайды.
Бұл модель келесідей жүзеге асырылады:
Біріншіден, бағалау жүйесін, жеңімпаздарды анықтау және оларды мараппатау жүйесін ауыстыруға ұсыныс жасалады. Жеңімпаздармен қатар рыцарлық жүріс тұрысты көрсеткендерді марапаттауға ұсыныс жасалады. Спорттың практикасында бұл бағытта нақты тәжірибе жинақталған. Мысалы, «Фейер плей» Халықаралык комитеті жыл сайын екі сыйлықты ұсынады: «Мейрімдік (благородный) іс (жест) үшін» Пьер де Кубертеннің трофейі және «спорттық карьерараның барысында мейрімдік үшін». Келесі сыйлықтарды беру кеңінен таратылған:
- ойынның ережесін дәл сақтаған үшін;
- лас (грубый) ойыннан бас тарту;
- қарсыласушыны келемештеуден бас тарту;
- алаңда сыртқы түрі үшін;
- мейрімді істер үшін.
Екіншіден, адамгершілік жүріс тұрысты қалыптастыру үшін адал ойынды сақтау нормадан тыс болу үшін жазалау мақсатында жарыстың ережелеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мысалы, баскетболдың халықаралық федерациясы төмендегідей номенклатурасын қамтамасыз ететін жарыс ережелерінің бұзуының жаңа классификациясын енгізді:
- ойынның барысымен анықталатын кездейсоқ бұзушылық
- қатаң бұзушылық ретінде есептелетін сана сезіммен жасалған бұзушылық;
- дисквалификацияға келтіретін бұзушылық;
- ойынның ережесін бұзатын техникалық қателік.
Мини-баскетболда (8-13 жастағы балаларға) халықаралық федерация сыртқы түрі, тәртіп, жаттықтырушылардың жүріс тұрысы үшін қосымша ұпайларды енгізді. Сондықтан, ойынның соңында жеңімпаз ретінде алаңда жеңіп шыққан команда болмауы мүмкін. Үшіншіден, жеңімпаздарды анықтаудың жұмсақ моделдері енгізілуі мүмкін. Мысалы, Германияда спорттың гуманизациялау мақсатында академиялық ексекте жеңімпаздарды келесідей анықтайды (Г.Лэнк – Олимпиялық ойындардың жеңімпазы ұсыныс бойынша): нәтижелерде ең үлкен айырмашылықтар есепке алынады. Төртіншіден, спорттың ойындық бағытын күшейтуді ұсынады. Балалармен жұмыс жасағанда спорттық әрекеттің гуманистік аспектілерін жоғарлату мақсатында сюжеттік, қимыл ойындар қолданылу мүмкін. Осы бағытта, Францияда «Баярдың кілттері» теледидарлық ойын кеңінен таратылған. Бесіншіден, спорттың келешектегі дамуы қатысушылардың жасының кеңеюімен байланысты болуы керек. Мысалы, спорттың гуманизациясы бұл әрекетте әр түрлі жастағы, денсаулықтағы, дене дайындылықтағы бар адамдар қатыса алып және оларды жоғарғы нәтижелерді алу үшін айырмау мақсатында негізделеді. Осы салада, спорттың практикасында Параолимпиялық ойындар, Макси ойындар (30 жастан жоғары спортшыларға арналған). Алтыншыдан, қарсыласушымен емес, өз өзімен күресу үшін акцентті күшейту. Бұл жағдайда жеке есептен бас тарту талап етіледі (қорытынды командалық есеп бойынша жүзеге асырлады). Мысалы, АҚШ, Канада және Германия елдерінде «Кооперативтік ойындар» (байланыстың ойындары) өткізіледі. Жетіншіден, спорттың даму болашақтық моделдердің біреуі – бұл спорттың өнермен байланысын нығайту. Бұл мәселе Ежелгі Грециядан келе жатыр. Осы салада спорттық қозғалыстың практикасында 1993 жылы Сеулда өткен спорттың және өнердің фестивалін, және Ресейде кең таралған ойынның Спартиандық моделін атап кетуге болады. («СпАрт» проектісі – «Спарт» - «sport» - спорт және «art» - өнер). Спартиандық моделі спорттан, саяхаттық ептіліктерден, көркемдік сайысынан, спортты білгіштер сайысынан, олимпизмнен, өнерден және техникалық шығармашалықтан құрылады. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорттың басшылары төмендегідей баға беріп отыр: Мысалы, Қазақстан Республикасы туризм және спорттың бұрыңғы төрағасы Д.Б. Тұрлыханов «Сиднейдегі (Австралия) жазғы олимпиадалық ойындардың сабақтары мен Қазақстан Республикасындағы спортты дамыту жолында жоғары жетістіктерге қол жеткізу міндеттері» атты мақаласында [2] өзінің пікірін ортаға былай айтты: ... Олимпиададағы алғашқы алтын медалды 100 метрге кедергімен жүгіруде О.Шишигина жеңіп алды, осының өзі әрине, барлық спортшылардың рухын көтерген болатын. Бірақ та басқа құрама команданың жиырма төрт мүшесі болжағандай емес, біздің команда әлсіз өнер көрсеткен болатын. Тек бір ғана С.Залевская биікке секіруден алғашқы алтылықтың қатарынан табылды. Ендеше, жаттықтырушылардың есебін қалай түсіндіруге болады, соның ішінде кейбір жеңіл атлеттердің нашар көрсеткіштері миға симайды. Спорттық жаяу жүгірістен Олимпиадада С.Корепанов тек 15-ші орын алды және өзінің осыған дейнгі өзіндік көрсеткішінен төмен уақыт көрсетті. Сонымен қатар 100 м. жүгіруде В.Медведевтің көрсеткішіде төмен болды. Жоғарыдағы аталып кеткен кемшіліктерді ескере отырып 2008 жылы Пекинде өткен XXІX жазғы олимпиялық ойындарда Қазақстан 29 орынға иеленді. 4 кестеде жеңіп алған медалдардың саны көрсетілген. Кесте 4 – 2008 жылы өткен Олимпиялық ойындарда жеңіп алынған медалдардың саны.
Орын Ел
Медальдер
Барлығы
алтын
күміс
қола
1
Қытай халық республикасы
51
21
28
100
2
АҚШ
36
38
36
110
3
Ресей
23
21
28
72
...29
Қазақстан
2
4
7
13
Қазақстан спортшылары 13 олимпиялық медалдерді жеңіп алды:
Алтын
1. Бахыт Сарсекбаев – бокс, салмақ категориясы 69 кг 2. Илья Ильин – ауыр атлетика, салмақ категориясы 94 кг дейін
Күміс 1. Асхат Житкеев – дзюдо, салмақ категориясы 100 кг дейін 2. Ирина Некрасова - ауыр атлетика, салмақ категориясы 63 кг дейін 3. Таймураз Тигиев – еркін күрес, салмақ категориясы 96 кг дейін 4. Алла Важенина - ауыр атлетика, салмақ категориясы 75 кг дейін
Қола 1. Ербулан Шиналиев – бокс, салмақ категориясы 81 кг дейін 2. Мария Грабовецкая – ауыр атлетика, салмақ категориясы 75 кг жоғары 3. Нурбақыт Тенизбаев – греко-римлік күрес, салмақ категориясы , 60 кг дейін 4. Асет Мамбетов - греко-римлік күрес, салмақ категориясы 96 кг дейін 5. Елена Шалыгина - еркін күрес, салмақ категориясы 63 кг дейін 6. Марид Муталимов - еркін күрес, салмақ категориясы 120 кг дейін 7. Арман Чилманов – таэквондо, салмақ категориясы 80 кг жоғары
Афинада Қазақстан командасы 8 медальді жеңіп алды және 40 орынға ие болды. А.К.Кулназаровтың пікірі бойынша, Пекинде өткен Олимпиада келесі мәселерге көңіл аударуды талап етеді:
- спорттық ғылымның төмен дамуы. Мысалы, американың жүзушісі, Майкл Фелпс 9 күннің ішінде 17 рет әр түрлі арақашықтықта стартқа шығып, 8 рет оилмпиялық жеңімпазы болып аталды. Осы нәтижеге жету үшін оған 4 ғылыми-зерттеу институттары жұмыс жасады – космостық, биологиялық, медициналық және биохимиялық.
- Медальдерді көп жеңіп алуға мүмкіндігі бар спорт түрлері Қазақстан аймақтарында төмен дамылған ( жеңіл атлетика -Алматы, Қарағанды; спорттық гимнастика - Алматы, Қарағанды; Ескек - Алматы, Атырау, Орал).
2 Семинар сабақтары 2.1 Қазіргі кезеңде спорттың негізгі жақтары, оларды жоспарлау және қазіргі таңда жүзеге асыру ерекшеліктері. Мақсаты – қазіргі кезеңде спорттың негізгі жақтары, оларды жоспарлау және қазіргі таңда жүзеге асыру ерекшеліктері туралы жаңа қөзқарастары туралы ептіліктермен дағдыларды қалыптастыру. Жоспар: 1. Спортттық жаттықтырудың дене дайындылық, техникалық, тактикалық дайындақтарының ерекшеліктері және олардың арасындағы байланысы. 2. Жаттықтыру үрдісін жоспарлауында негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары. 3. Қазіргі кезеңде балалардың спорт дайындығының негізгі ерекшеліктері. 4. Қазіргі кезеңде спорттық нәтижелерді анықтайтын факторлар. 5. Қазіргі кезеңде олимпиялық спорттың негізгі мәселелері және шешу жолдары.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Спортттық жаттықтырудың дене дайындылық, техникалық, тактикалық дайындақтарына тиісті терминдердін анықтамаларын дәптерге жазып, олардың қазіргі кезеңде негізгі ерекшеліктерін анықтаңыз. 2. Спортттық жаттықтырудың дене дайындылық, техникалық, тактикалық дайындақтарының мазмұнына қарап, олардың бір- бірімен байланысын анықтау қажет. 3. Жаттықтыру үрдісін жоспарлауда негізгі мәселелерді дәптерге жазыңыз. Қазіргі танда ғалымдардың пікірлері бойынша осы салада қандай перспективалар болып тұр. 1. Қазіргі кезеңде балалардың спорт дайындығының негізгі ерекшеліктері көрсетіңіз. 2. Дәрісте немесе өзіңіздің спорт түрінен қазіргі кезеңді халықаралық деңгейдегі спортшылардың нәтижелерін талдай отырып, сол елдерде спортқа үкіметтің назар аударуының тағы басқа мәліметтерін келтіріп сол нәтижелерді анықтайтын факторларды дәлелдеңіз. 5. Олимпиялық спорттың негізгі мәселелері және шешу жолдарын дәптерге сипаттап беріңіз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Балалар спортында дене, тактикалық, техникалық дайындықтарды жоспарлау және жүзеге асыру ерекшеліктері. Мақсаты – қазіргі кезеңде балалар спортында дене, тактикалық, техникалық дайындықтарды жоспарлау және жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Балалар спортында дене, тактикалық, техникалық дайындықтардың ерекшеліктері. 2. Қазіргі кезеңде балалар спортында дене, тактикалық, техникалық дайындықтарын жоспарлау ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Балалар спортында дене, тактикалық, техникалық дайындықтардың мазмұнын дәптерге жазыңыз. 2. Әрбір дайындықтың мазмұнына қарап, олардың балалар ерекшеліктеріне сүйеніп анықтайтын фактоларын дәлелдеңіз. 3.Балалар спортында дене, тактикалық, техникалық дайындықтарын жоспарлау туралы дәптерге жазыңыз. Оларды анықтайтын факторларды дәлелдеңіз. 4. Қазіргі таңда балалар спортында дене, тактикалық, техникалық дайындықтарын жоспарлау ерекшеліктерін анықтаңыз.
ОСӨЖ
3.2 Тақырып: Спорттық нәтиже және қазіргі таңда оны анықтайтын факторлар. Мақсаты – қазіргі кезеңде спорттық нәтиже және қазіргі таңда оны анықтайтын факторларды дәлелдеу. Жоспар: 1. Өзі шұғылданатын спорт түрінде спорттық нәтиженің құрылымы мен мазмұны. 2. Қазіргі кезеңде спорттық нәтижені анықтайтын факторлардың ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Өзі шұғылданатын спорт түрінде спорттық нәтиженің құрылымы мен мазмұнын дәптерге жазыңыз. 2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп, өзінің шұғылданатын спорт түрінде спорттық нәтиженің динамикасын сипаттаңыз. Оларды анықтайтын факторларды дәлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.3Тақырып: Олимпиялық спорттың және Олимпиялық қозғалыстың қазіргі мәселелері және даму тенденциялары. Мақсаты – қазіргі таңда олимпиялық спорттың және олимпиялық қозғалыстың қазіргі мәселелері және даму тенденцияларын анықтау. Жоспар: 1. Қазіргі танда олимпиялық спорттың және олимпиялық қозғалыстың қазіргі мәселелері. 2. Олимпиялық спорттың және олимпиялық қозғалыстың қазіргі мәселелерін шешу жолдары.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Қазіргі таңда олимпиялық спорттың және олимпиялық қозғалыстың қазіргі мәселелерін дәптерге жазыңыз. 3. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп олимпиялық спорттың және олимпиялық қозғалыстың қазіргі мәселелерін шешу жолдарын сипаттаңыз. Оларды анықтайтын факторларды дәлелдеңіз.
4. СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1.Өзінің шұғылданатын спорт түрінен спорттық жаттықтыру, техникалық дайындықтың ерекшеліктері. 2.Өзінің шұғылданатын спорт түрінен спорттық жаттықтыру,тактикалық дайындықтың ерекшеліктері. 3.Өзінің шұғылданатын спорт түрінен спорттық жаттықтыру дене дайындықтың ерекшеліктері. 4.Өзінің шұғылданатын спорт түрінен жарысты өткізудің ережесін құрастыру және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 5.Өзінің шұғылданатын спортының түрінен жарыстық нәтижелердің соңғы 10 жылдың ішінде талдау және қорытынды шығару. 6.Қазіргі кезеңде Олимпиялық спорттың және Олимпиялық қозғалыстың даму тенденциялары. 7.Өзінің шұғылданатын спорт түрінен жаттықтыру үрдісін жоспарлау ерекшеліктері. Дәріс № 3 Спорт түрлерінің, қызметтерінің, спорттық жарыстар теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, техникасы мен тактикасының даму перспективалары
Жоспар 1. Спорттың қызметтері мен қасиеттері арасындағы өзара қатынасы туралы. 2. Спорттағы басымды бағыттары: олардың ерекшеліктері мен байланыстары. 3. «Спорттық жекпе- жек» және «спорттық жарыс» өзара қатынасының логикасы. 4. Спорттық әрекеттің сипаттамасы. 5. Спорттық жаттығу құрылымы жөнінде қазіргі көзқарас. 6. Спорттық жарыстың техникасы мен тактикасы.
Әдебиет 1. Теория спорта //Учебное пособие. – Под ред. Ф.П.Суслова, Ж.Холодова. – М.,2000. -
2.Мамытов А. Теория спорта //Учебное пособие. – Бишкек, 2001. – 253 с. 3.Аманбаев Р.Р. Спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері // Оқу құралы. – Алматы, 2001. – 107 б. 4.Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдени еті және спорттың ілімі мен әдістемесі// Оқу құралы. 2-ші басылым. Өңделіп толықтырылған. -Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2009. – 260 б. 1. Спорттың қызметтері мен қасиеттері арасындағы өзара қатынасы. Спорт «полифункционалдық» оқиға ретінде сипатталады. Арнайы әдебиетте спорттың біршама функциялары ұсынылады. Оларды дұрыс түсіну үшін, олардың ішінде тек қана спортқа тиісті арнайы функцияларды, сонымен қатар, қоғамдық оқиғалармен процесстердің шекарасында спорттың фукционалдық байланыстарын айыру қажет. Спорттың әлеуметтік қызметі. Спорт – күрделі көп қызметті құбылыс. Оларды төмендегідей жүйемен бөлуге болады: 1) жарыстық; 2) сауықтыру-реактивті; 3) ақпаратты-болжамды 4) адамгершілік; 5) бағдарламалы-мөлшерлі және ұйымдастырушы. Спорттың жарыстық қызметі. Бұл спорттың негізгі белгісі мен ерекшеліктерін көрсетеді және спорттық жарыс категорияларымен, спорттық дайындықпен және спорттық машықтанумен тығыз байланысты. Бұдан келіп спорттық мөлшері, диагностикалық және тартымдылық қызметтері туындайды. Мөлшерлі қызметі. Спортта ең басты тұлға – спортшы. Оған қоса мұндай құндылықтарға ұйымдастыру-басқару жұмыстары, спортшылар мен мамандар дайындау жүйесі тағы басқалары жатады. Диагностикалық қызметі. Спорт ойынымен шұғылдана алудың жолы ретінде қолданылатындығын көрсетеді. Тартымдылық қызметі. Спорттың адамдарды тәрбиелеуге және білім беруге, демалыста, спорт және дене мәдениетімен белсенді шұғылдануға тарту мақсатымен айқындалады. Сауықтыру-реактивті қызметі. Спорт ағзаны шыңдап қана қоймайды, сонымен бірге машықтанушыны қалыптастыру қызметін де атқарады. Адамның дене күйінінің бірқалыпты болуы, оның толыққанды өмір сүру әрекетін қалыптастырады. Мұның өзі спорттық сауықтыру-реактивті қызметінің ерекше маңыздылығын көрсетеді. Бұл қызметтен келіп сауықтыру және дайындық қызметі туындайды. Сауықтыру қызметі спортты сауқтырудың, ғылыми-техникалық жүйесінің кері әсерлерінен (гиподинамия және т.б.) қорғанудың тиімді құралы ретінде қолдануға байланысты, яғни бұл жерде сауықтыру қызметі қорғаушы сипатына ие болды. Дайындық қызметі адамды өмірге дене жағынан дайындайды және қажетті дене дамуына жеткізуді мақсат етеді. Ақпаратты-болжамды қызметі. Бұл қызмет өзінен туындайтын ақпаратты, танымдылық, ағартушылық, болжамды-эвристикалық және парасаттылық қызметтерінен көрінеді. Спорттың ақпаратты қызметі спорттық қозғалыс бүгінгі дүниеде спорттың алатын орны мен атқаратын қызметі, спорттық дайындық пен жарысты ұйымдастыру мен әдістеме туралы хабарлар етіп отыратындығымен айқындалады. Танымдылық қызметі спорттың бірқатар әлеуметтік мәселелерді әсіресе, денсаулықты шыңдау халықтың еңбек ету мүмкіндігін көтеру мәселелерін шешу құралы ретінде пайдалану заңдылықтарын танып білуге байланысты. Спорттық дайындық жүйесінің өзі бірқатар әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды, спорттық шеберлікті қалыптастыруды танып-білуді қажет етеді. Спорт әрқашан да спортшы бойында парасаттылықты тәрбиелеп, дамытып отырады. Ағартушылық қызметі тұрғындар мен спортшылар үгіт-насихат, басқа да шаралар өткізіп отыру жолымен іске асады. Болжамды-эвристикалық қызметі спортты адамның жан-жақты дамуы мен рухани дамуын зерттеу жолы ретінде қосымша мүмкіндіктері ашылады. Спортты парасаттандыру қызметі ғылыми-техникалық және спорттың даму жолдарымен анықталады. Қазіргі заманғы спорттық машықтану жүйесі және оны басқару ғылым асуы мүмкін емес. Адамгершілік қызметі. Бұл ең негізгі қызмет ең алдымен адамгершілік туралы ілімнің жалпы категорияларымен байланысты. Спорттық сауықтырушылық бағытының адамгершілік сипаты бар, бірақ онымен бірге біз спортты ең алдымен адамдар арасындағы шынайы адамгершілік қатынастар орнату құралы ретінде қарастырамыз. Бұл жерде төмендегідей қосымша қызметтерді бөліп қарастыруға болады: идеологиялық, саяси, әлеуметтендіру, адамгершілік-тәрбиелік, пайдалы және интернационалды-интегративті. Идеологиялық қызметі спортта өзі өмір сүріп отырған қоғамдық көзқарас байқалып отыратындығымен анықталады. Спорттың саяси қызметі интернационализмнің, бейбітшілік, жалпы даму және халықтар арасындағы достықтың маңызды факторы болып есептелетіндігінен көрінеді. Әлеуметтендіру қызметі тағы да сол адамды жан-жақты дамыту және жалпы тәрбие мәселелерін әлеуметтендіруге байланысты. Адамгершілік-тәрбиелік қызметі спорттың адам және мәдениетінің жоғарғы тиімді құралы екендігінен көрінеді. Пайдалылық (сәнділік) қызметі спорт мен спорттық жетістіктер сипатының өсуіне көмектеседі. Интернационалды-интегративті қызметі спорт саласындағы халықаралық байланыстың жоғарғы дәрежеде өсіп, жүйелілік пен тұрақтылық, бейбіт қатар өмір сүрудің ең маңызды формаларының бірі болып қалыптасқандығынан және халықаралық қысымның төмендігінен байқалды. Ал бұл олимпиадалық қозғалыста өте айқын көрінеді. Спорттағы интеграция әр халықтың ерекшеліктерін ескеріп отыр атын бірқатар елдердің спорт дамуын бір мақсат етіп қойып отырғандығы. Спорт интеграциялау нәтижесінде көпшілік және қосымша спортты дамытуда, жетістіктерді көтеруде, ғылымда және т.б. салаларда бірігіп шешер міндеттер пайда болды.
Спорттың функционалдық қасиеттеріне келесілер жатады: а) Жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырумен сипатталатын спорттың өсіп келе жатырған маңызы. Бәрімізге мәлім, спорт білім, тәрбие салаларында, әлеуметті-сауықтыру шаралардың кешендерінде, мәдениетті және халықаралық қарым-қатынастар әртүрлі өрістерінде жүзеге асырылады. Бұл жерде мынандай жағдайды түсіну керек. Спорттың жеке тұлға мен адамдар арасындағы қарым-қатынастарға әсер етуі тек онын жекеменшік қызметтері ретінде есептеуге болмайды. Қорытынды нәтиже жарыстық әрекетінің өзінің шекарасынан тыс шығатын әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне спорттың бірыңғай әсер етуіне байланысты жүзеге асырлады. Сондықтан, бұл жерде спорттың жеке және арнайы қызметтері жөнінде емес айту керек, оның функционалдық байланыстары (қасиеттері) туралы. Осыған байланысты, спортты жеке тұлғаны қалыптастыруына және дамуына бағытталған факторы ретінде қарастыру қажет.
б) Халықтың дене тәрбиесінде спорттың өсіп келе жатырған рөлі. Спортпен шұғылданатын адамдардың саны көбейіп бара жатыр. Ел басының үндеуінде халықтың 30 % дене шынықтыру мен спортпен айналысуға тарту қажет деп айтылған. в) Әр түрлі контингентінің ерекшеліктеріне сүйене отырып спорттың дифференциалдық қолдануы. Бұл жерде жеке кондиция мен спорттың сауықтыру-рекреативтік қасиеттерін қамтамасыз ететін спорттың модификациялары бар. г) Спорттың көрініс ретінде рөлін жоғарлату. Бұл жағдай спорттың эстетикалық әдемілігіне байланысты. д) жеке тұлғаны әлеуметтендіру, халықаралық байланыстарды интеграциялау және жақсартудың факторы ретінде спорттың рөлінің жоғарлауы. Спортшымен әртүрлі мәдениеттерге, дәстүрлерге сүйене отырып адамдар арасындағы қарым-қатынастардың әлеуметтік тәжірибесін игеру спорттың жеке тұлғаға әсерін күшейтеді. е) Спорттың коммуникативтік қасиеттері. Олар бәріне түсінетін «спорттық тілдің» интернационалдық түрімен сипатталады. ж) Спорттың экономикалық маңызы. Бір жағынан, зор байлық - нацияның денсаулығы, екінші жағынан – спорттық көріністерден үлкен табыстар пайда болатынымен бұл жағдай сипатталады. 2. Спорттағы басымды бағыттар: олардың ерекшеліктері мен байланыстары. Спорттың даму процесінде міндетті түрде оның дифференциациясы пайда болады. Қазіргі танда спорттың екі ірі бағыттары жүзеге асырылады. Олар «көпшілік спорт» және «жоғары жетістіктер спорты».
Көпшілік спорт
Ол келесімен сипатталады:
- көп адамдарды спортқа тартады;
- барлығына қол жетерлік нәтижені қамтып көрсетеді;
- адамның жеке өмірінде спорттық әрекет басымды болмайды;
- уақытты, күшті, энергияны көп талап етпейді.
Қандай әлеуметтік салаларда жүзеге асырылуына байланысты оның келесі модификациялары болу мүмкін:
- мектептегі спорт – жалпы білім мен өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі жүйесінде қолданатын спорт;
- кәсіптік-қолданбалы спорт - өнеркәсіптің, ауыл шаруашылықтың салалары бойынша мамандарды дайындау барысында қолданылатын спорт;
- физкультурашылық-кондициялық спорт - ересек адамдардың бұрын қалыптасқан спорттық кондицияны сақтауға арналған спорт;
- сауықтыру-рекреативтік спорт - белсенді демалыс пен бұрыңғы қалпына келуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған спорт.
б) Жоғары жетістіктер спорты. Ол келесімен сипатталады.
- абсолютті жоғары спорттық нәтижелері көрсетуге бағытталған;
- уақыттың, энергияның және күштің көпжылдық шығындығын талап етеді;
- адамның жеке өмірінде спорттық әрекет басымды болады;
- ерекше спорттық дарындығы мен таланты бар адамдар үшін арналған.
Соңғы жылдардағы жоғары жетістіктер спорты кәсіптік және коммерциялық спортқа айнала бастады. Сондықтан спорттың қазіргі теориясында спорттың екі түрі бар: кәсіптік-супержеткізу және кәсіптік-коммерциялық. Кәсіптік-коммерциялық спорт бизнестің ерекше саласы болып табылады. Ол ақша табу және коммерциялық пайдалығы бар заңдары бойынша жүзеге асырылады. Бұл спорттың түрімен бұрын коммерциялық емес спортта жоғары нәтижелерге ие болған адамдар айналысады. Әр түрлі шоуларды ұйымдастыруға нақты көріністері бар спорт түрлері осы салаға ыңғайлы (бокс, кикбокс, каратэ, бокс). Спорттың бұл бағытында жоғары нәтижелерді көрсетуге болмайды, себебі ол басқа заңдар бойынша жүзеге асырылады. Бұл жерде сол зандарды түсіну үшін спортшының спорттық бапына назар аударайық. Спорттық бапының зандылықтары бойынша спортшы үш кезеннең өтуге тиісті. Бірінші кезең – бұл спорттық баптың қалыптасу және жетілу, сондай-ақ тұтас компоненттер жүйесі ретіндегі алғашқы көріну кезеңі. Мұнда ағза мүмкіндігі қызметтерінің жалпы деңгейін, бұлшық еттерді және психикалық қасиеттерді жан-жақты жетілдіру, қозғаушы күш-ептілік пен дағдыларды қалыптастыру және қайта құру қамтамасыз етіледі. Осы негізде спорттық баптың алғашқы түрі қалыптасады. Оның нақты параметрлері бәрінен бұрын негізінде сіңірілген еңбекке байланысты болуы табиғи нәрсе. Екінші кезең – көп мерзімді орындалған істер жиынтығы макроциклдер (аумағында жетістіктерге жетудегі спортшы дайындығының орнықтылығын қамтамасыз ететін компоненттер жүйесінің тұтастығы ретіндегі спорттық баптың біршама тұрақтылығымен сипатталады). Компоненттерді бұл кезеңде түбірімен қайта құру мақсат емес, олай ету спорттық бапты жоғалтумен бірдей. Сондай-ақ сақтау қарсаңында спорттық жетістіктер өзіне тікелей тәуелді оны белгілі бір деігейде әрі қарай дамыту жүзеге асырылады. Сондықтан көрсеткіштер жақсарады, бірақ ол қол жеткен спорттық бапты сақтау заңдылықтары шеңберінде жақсарады. Спорттық бапты уақытша жоғалту – оның даму жүйесінің алдыңғы кезеңдеріндей заңды кезең болып саналады. Спорттық бапты иелену және сақтау экзогендік сипатын елеулі қиыншылықтармен: жоғарғы спорттық нәтижелерге, психикалық ширығуға және т.б. жету үшін спорттық жүктемелерді өсуімен, әлденше есе шегіне жеткізе өзін-өзі жұмылдыруына байланысты болады. Бұл қиындықтар спорттық бапты өте ұзақ сақтауды көздеген жағдайда шектен тыс теріс зардапқа ұрындыруы мүмкін. Спорттық жатығудың мерзімделуі (даярлық, жарыстық, өтпелі) спорттық баптың аталған кезендеріне байланысты. Кәсіптік-коммерциялық спортта спорттық баптың аталған кезендері жөнімен іске асырылмайды. Неліктен? Бұл спорттың күнтізбелік жоспары тұрақсыз, спорттық жатығудың мерзімделуінде бар кезендеріне бейімделмейді. Себебі, жарыстарды ұйымдастыру бизнестің зандылықтарына бейімделген: жарыстар жие бөлу мүмкін, ақша табудың ыңғайына байланысты.
Кәсіптік-супержеткізу спорты.
Ол табиғи дарындылықтың және жекелік қасиеттердің кәдімгі дамуы барысында тексерлетін адамның тек өзінің жарыстық әрекеті объектісі ретінде болып табылады. Мысалы, шетелдегі НХЛ тағы сол сияқты ірі спорттық ұйымдардағы спортшылардың спорттық жаттығудың құрылымы спорттық баптың зандылықтарына бағынады. Себебі, спорттық жаттығудың күнтізбелік жоспары спорттық баптың үш кезеңін ескере отырып, спортшылардың жоғары жұмыс қабілетін сақтауға бейімделеді. Жоғары жетістіктерге арналған спорттың және көпшілік спорттың арасында байланыс келесімен сипатталады:
- жоғары жетістіктерге арналған спорт көпшілік спортқа сүйене отырып арттады. Пъер де Кубертеннің пирамидасы мынандай девизді насихаттайды: көп адамдар пирамиданың астында көпшілік спортпен айналысса біртіндеп олар бір қатары жоғары жетістіктерге арналған спортқа көшеді;
- жоғары жетістіктерге арналған спорттағы прогресске байланысты көпшілік спортта позитивті өзгерістер болады (сонғы Қазақстанда өткен 7 қысқы Азиаттық ойындары өткеннен кийін жастардың көбі шанғымен т.с.с. спорттың қысқы түрлерімен айналасуға көңіл бөле бастады);
Бірақ, қазіргі кезеңдегі Қазақстан және басқа елдерде кездесіп жатырған оқиғалар бұл байланыстың тура емес екендігіне дәлел болып отыр. Яғни, көпшілік спортта жетістіктердің жоғарлауы халықаралық аренада елдің жетістіктердің өсуіне кейбір жағдайда әкелмейді. Қазақстан Республикасында жасөспірім спорт мектептері бар болғанымен, халықарылық аренада легионерлер (басқа елдің өкілдері) жарыстарға қатысады. 3. «Спорттық жекпе-жек» және «спорттық жарыс» өзара қатынасының логикасы. Спорттың сипаттамасы жарыстық әрекеттің өзі ретінде оның ішінде жарыстық бастамалармен өзара қатынастардың ерекше рөлін көрсетеді. Осыған байланысты жарыс пен жекпе -жек бір- біріне сай болып тұр. Бірақ, «спорттық жарыс» деген терминді практикада кең ұғыммен байланыстырады. Бұл терминге келесілер жатады:
- спортшылардың жарыстық әрекеті (олардың жекпе- жектері);
- жекпе-жекпеге қатысуы бар адамдар (жаттықтырушылар, төрешілер, жауынкерлер)
- спорттық жекпе жекпемен анықталатың қатысушылардың және қатынасы бар адамдар арасындағы өзара қатынасы;
- жарыс әрекетін ұйымдастыру түрлері, қатысушылардың және қатынасы бар адамдардың жүріс тұрысы.
Сонымен, «спорттық жарыс» деген термин тек қана спортшылардың спорттық әрекетін емес, сонымен қатар сонымен байланысты мәселелерді қамтамасыз етеді. Аталған жағдайларға сүйене отырып «спорттық жарыс» ретінде «жаттығатын старттар», «тексеру жарыстар» бола алмайды. Спорттық жарыстар жүйесі өзіндік даралық мәнге ие ресми және ресми емес бірқатар: өзіндік-спорттық, дайындық, мамандық насихаттылық басқа да жарыстарды қамтиды. Ресми жарыстар біртұтас спорттық күнтізбегі шеңберінде жоспарланады. Оған және басқа спортшы дайындығының ерекшеліктеріне қарай жарыстардың, жеке басының күнтізбесі жасалады. Ол әдетте жаттығу жүйесі логикасынан туындайтын жалпы күнтізбесінің бөлшектерінен ерекшеленеді. Жарыстың жалпы, сондай-ақ жеке басылық күнтізбесінен жоғары деңгейдегі, яғни жеке басылық және қоғамдық қатынастағы жарыстар басты орын алады. Мұндай негізгі және мақсатты жарыстар спортшы дайындығын ұйымдастыруға елеулі әсер етеді. Осыған орай оларға жоғары спорттық жетістіктерге жету жолындағы үйлесімді дайындықты қамтамасыз етерлік мерзім есептеледі, жаттығу кезеңдері жоспарланады. Барлық басқа жарыстар, мейлі алдына шешімін күткен нақты мақсаттарды қойса да, мейлінше әртүрлі болса да (дайындықты тексеру, жарыстық тәжірибе жинақтау, құрама командаға іріктеу және т.б.) дайындық жарыстары ретінде саналады. Бұл бағыттағы дайындық. жарыстары спортшы дайындығы жүйесіне тұтастай енеді және спорттық жаттығу құрылысы заңдылығына бағынады. Қазіргі танда спорттық жарыстардың бірізділік топтастырылуы (типологиясы) әлі аяқталмаған. Сондықтан, осы бағытта «спорттық жарыстардың өзі» және «субспорттық жарыстар» (спорттық жарыстардың өзіне жақын) жарыстарды басшылыққа алады. Спорттық жарыстардың өзі – бұл спорттық жарыстардың өзіне тән барлық белгілермен сипатталатын жарыстар аталады. Бұл шаралар спорттық жарыстардың ресми күнтізбесі, ережесі бойынша өткізледі. Спортшылар дайындау жүйесіндегі жарыстар – дайындық деңгейін бақылау, женімпазды анықтау спорттық шеберлікті жетілдіру анықтау спорттық шеберлікті жетілдіру мен машықтану деңгейін көтеру амалдарының ең маңызды бөлігі болып есептеледі. Жарысқа қатысу жарыстың қатаң талаптарына сай спортшы ағзасының бейімдеушілік мүмкіндіктерін жетілдіру, ерік-жігер қасиеттерін жинақтау қабілетін дамытуға, кездейсоқ қиын жағдайларда табанды болуға ықпал етеді. Мұндай жағдай жаттықтырушылар мен спортшыларды дайындаудың жалпы жүйесінде жарыстарды кең қолдануға ынталандырады. Дайындық жүйесінде жарыстардың мынадай түрлері бар, олар: бақылау, үлгі (жтелеу), іріктеу және негізгі жарыстар. Әр түрлі жарыстарда спортшы қол жеткізген жетістіктер оған спорттық атақ-дәреже алуға мүмкіндік береді. Жарыстың рөлі мен орны көпжылдық дайындық сатысына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі заманғы жарыстар тәжірибесінде үш түрлі әдістемелік жолын бөліп алуға болады. Олардың біріншісі спортшылардың жарысқа жиі қатысуына деген ынтасына байланысты болса, екіншісі қарқындылығы төмен жарыс тәжірибесінде құрылады және мұнда спортшының бар назары мезгілдің ең басты жарысына аударылады. Үшіншісінде жарыс әрекеті кең көлемде өтуі және қатаң түрде бағаланып отыруы керек. 4. Спорттық әрекеттің сипаттамасы Жарыс іс-әрекеті – спорттық қызметтің кездейсоқ оқиғасы. Ол спорттың әр алуан түрлеріндегі спортшы мүмкіндігінің көрінісін, оған тән ережелер сәйкестігі мен қозғалыс әрекетері, жарыстық күрес тәсілдері және нәтижелер бағасының мәнін алдын ала ескереді. Бұл әрекеттің құрылымына жарыс қимылдары мен жекпе-жектің процесінде оның жүріс түрісінің жинақтайтын кешенді формалары жатады. Олар өзінің операциялық құрамы бар (сурет 5). Мысалы, женіл атлетикалық ұзындыққа секірулерде, итерілу, ұшу және қону сияқты сатылық құрылымдары бар. Оның құрылымын талдау барысында қимылдардың бастапқы, кейінгі және қорытынды элементтері басшылықа алынады. Жарыстық әрекеттің ірі элементтерімен комбинаторлық субқұрылымдары болып табылады. Спорттың бір түрлерінде олар қатан қалыптасқан (мысалы, гимнастикада, мәнерлеп сырғанау), басқаларда – шамамен бостандық түрінде және спорттық тактиканың шекарасында оңай өзгеріледі (мысалы, футболда). Жарыс қимылдарын комбинацияларға және олардың бүтін формалары жинақтайтын зандылық байланыстардың спортшы әрекетінің жүріс тұрыстық құрылымын анықтайды. Ол тактикалық ойдың, тактикалық жоспар мен спортшының жүріс тұрысының бағытының ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар жекпе-жектің өзінің процесінде спорттық мақсаттың жүзеге асырылу жағдайлары үлкен әсерін тигізеді. Осыдан, келесі жағдайды сезіну қажет: жоғарыдағы ұсынылған логикаға бағынбайтын спортшымен орындайтын кейбір бөлек қимылдар жарыс әрекетін сипаттамайды. Спорттық әрекеттің мағынасын түсіну барысында жекпе-жектің әрекетінде болатын өзгерістер фазалық түрінде болатындығы маңызды орын алады. Олар жарыс әрекетінің жүзеге асырылуының психикалық және биофункционалдық жағдайларымен анықталады. Жарыс әрекетінің старттың алдындағы фазасында жырысқа бағдар беруді, әрекеттің мотивін, алдындағы болатын әрекеттің моделированиясы, «эмоционалдық дайындалу» және тәжірибелік жаттығу. Жекпе- жектің өзінің өту барысында алдын ала қалыптасқан бағдар және әрекеттің моделі нақтыланады және кәдімгі кездескен жағдайларға байланысты өзгеріледі. Жекпе- жектің аяқталуынан кейін ағзаның биоэнергетикалық және басқа шығындарға реакциясы ретінде спортшы ағзасының әртүрлі жүйелері мен органдарында бұрынғы қалпына келу процесстері жүзеге асырылады. Спортшының спорттық әрекетінде «ұрысып қалу», « рефлексті өзара әрекет» және «әрекетті жалғастырудың мүмкіндігі». Спорттық әрекеттің «ұрысып қалуы» бірдей күші бар және спорттық бағытта дайын адамдардың арасында жеңіске жетуге ұмтылуды қамтып көрсетеді. Спорттағы рефлексті өзара әрекет келесі мағынасын білдіреді. Жарысқа қатысушыларды рефлексті өзара әрекетке түсуші адамдар деп қабылданған жөн. Мұндағы «рефлексті» бейнелейді немесе олардың әрқайсысына өз ойларын жоқ негізінде емес, шын мәніндегі мүмкіндіктерді ескере отырып құрады деген мағына береді. Әрбір спортшының белгілі кезеңге және жарысқа байланысты қойған мақсаты болады. Әрине, әрбір спортшының жарысқа барар өзіндік жолы, белгілі бір тәсілдік-тактикалық амалдары бар. Өзінің және қарсыласының ұтымды және ұтымсыз қасиеттері мен сол жарысқа барар амалдарының бірлігі доктринада көрінеді. Доктрина белгілі бір тактикалық мінез-құлықта, алдағы жарыста мақсатқа жету амалдарында, жоспарланған нәтижелерге жету жолындағы іс-әрекеттерде көрінеді. Рефлексті өзара әрекет деген термин сөз әрбір жарысқа қатысушы басқа қатысушылар ойларын өз санасында. Осындай рефлексия спорттық тактиканың маңызды компоненттімен болып табылады. Спорттық-жарыстық әрекеттің мүмкін болатын түрі алдын-ала болжамданған ойлар кейде іске аспайды (жарыстың өту барысында ауытқулар міндетті түрде болады). Жекпе-жектің барысында спортшының жүріс тұрысы оның нақты мақсатылық бағытына және оның негізінде жатқан мотивациясына байланысты. Спортшылардың жарыс әрекетіне мынадай жағдайлар әсер етеді: жарыс өткізілетін жердің ерекшеліктері: жанкүйерлердің мінез-кұлқы; жарыс өтетін жердің жабдықталуы; географиялық орта; жаттығушылардың мінез-кұлқы және т.б. Жарыс әрекеті ерекшеліктеріне мыналар жатады: 1) қарсыластың әр түрлі айла-амалдары негіздерінде мәліметті қабылдау; 2) мәліметті електен өткізу және шешім қабылдау; 3) қарсыластың белсенді қарсылығы.
Сурет 5 – Жарыс әрекетінің құрылымы жағдайында қабылданған шешімді іске асыру. Жарыс ылғида екі адам немесе топтар арасындағы куреске қ ұрылатын болғандықтан, әрдайым тартыстан тұрады. Жарыс барысында спортшының күйі үнемі өзгеріп отырады, ал ол негізінен сайыстың өту сипатына байланысты болады. Жарыс жағдайында барынша көрініп отыратын және жарысқа тән осы белгілер спортшы ағзасы мүмкіндігінің толығымен іске қосылуын талап етеді. Спорттағы жарыс әрекеті адамның барлық қабілетін, оның ішінде ағзаның шынықтырушылық және психикалық мүмкіндіктерін жан-жақты алып отырады. Дегенмен әлемдік деңгейдегі нәтижелерге тек көптеген жылдар бойы тыңғылықты дайындықтан өткен дарынды адамдар ғана қол жеткізе алады. 5. Спорттық жаттығу құрылымы жөнінде қазіргі көзқарас Спорттық жаттығудың негізгі бөлімдерінің мазмұны іс жүзінде белгіленбеген. Олардың қалай тұтас байланысатынын ажыратпай тұрып, жаттығу жүйесінің мәнін түсіну және оның практикалық құрылымы тәсілдерін меңгеру мүмкін емес. Жаттығу жүйесінің тұтастығы оның табаңдылықпен, бірігетін тәртіп белгілері (бөлімдері, қырлары және буындары), олардың бір-бірімен заңды қатынасы және жалғастығы туралы түсінік белгілі құрылым негізінде қамтамасыз етілді, яғни, спорттық жаттығу құрылымы төмендегіше сипатталады:
- спортшының әр түрлі дайындық қырларының өзара байланысын мақсатқа сәйкес жүзеге асыру тәртібімен (жалпы белгілерімен және арнайы дене дайындығымен, бүлшық етті жетілдіру және тәсілдік дайындықпен т.б.);
- жаттығу жүктемелерінің (оның көлемі мен үдемелі есімталдық мөлшері), сондай-ақ жаттығушылық және жарыстық жүктемелердің қажетті жұптасқан қарым-қатынаспен;
- жаттығу жүйесінің уықытқа сай өзгеру зандылықтарын білдіретін белгілі кезеңдері, немесе сатылары болып табылатын әртүрлі буындарының (циклдер, мезгілдер, кезендер, жекелеген сабақтар және олардың бөлімдері) белгілі жалғастарымен.
Жаттығу жүйесінің сатылы циклдеріне сәйкес оның құрылымының үш деңгейі ажыратылған: 1) көп уақыт ішінде орындалатын іскер құрылымы (макроқұрылым) жартыжылға, жыл бойына және көп жылға төрт жылдық олимпиадалық циклге арналған үлкен жаттығу циклдері құрылымы; 2) орташа мерзімде орындалатын жаттығу циклдері (мезоқұрылым) аяқталған бірнеше аз мерзімде орындалатын жаттығу циклдерін қамтитын жаттығудың орташа циклдері (мезоциклдер) құрылымы; 3) аз мерзімде орындалатын жаттығу циклдері құрылымы (микроқұрылым) жаттығудың бірнеше сабақтан және жекеленген жаттығудан тұратын аз циклдер (микроциклдер) құрылымы. Жартыжылдық, жылдық, не көп айлық циклдердегі жаттығу үш кезеңге бөлінеді: дайындық (іргелі дайындық), жарыстық (негізгі жарыс қарсанындағы) және өтпелі. Жаттығудың ауыспалы циклдік кезеңдерін қажет ететін себебтер мыналар: 1) спорттық баптың даму зандылықтары; 2) спорттық жарыстар күн тізбегі; 3) маусымдық-климаттық шарттар. Спорттық баптың дамуы кезеңдерінде жаттығу жүйесін бірнеше мерзімдерге бөлу табиғи ұмтылысты білдіреді. Спорттың баптың дамуы кезеңдері мен жаттығудың көп мерзімде орындалатын істер (микроцикл) мерзімді арасында заңды байланыс баптың қалыптасу, оны сақтау және уақытша жоғалту кезеңдері жаттығудың әсер ықпалы нәтижесінде болады, олардың сипаты өз кезіндегі, жөғарыдағы кезеңдердің келуіне байланысты. Осыған сәйкес жаттығу жұйесінде дайындық, жарыстық және өтпелі үш мерзім алмасады. Жаттығудың аз мерзімде орындалатын істер жиынтығында (микроциклде) екі саты ерекшеленеді: кумуляциялық (жаттығулар әсері тиімділігінің жиынтығы қамтамасыз етіледі) және қалпына келтірушілік. Микроциклдердің келесі түрлері бар (сурет 6). Олардың негізгілері -меншік-жаттығушылық пен жарыстық, ал қосымшалары – жалғастырушылық, қалпына-келтірушілік. Меншік-жаттығушылық микроциклдері жалпы дайындық және арнайы дайындық болып бөлінеді. Алғашқылары жалпы дене дайындығы үлес салмағын ұлғайтумен байланысты көп мерзімде орындалатын істер жиынтығының (макроциклдің) дайындық мерзімінің бастапқы және кейбір басқа кезеңдердегі аз мерзімде орындалатын істер жиынтығының (микроциклдердің) негізгі түрі болып табылады. Оларға спортшының барлық немесе көбіне көп дене қасиеттерінің дамытуға бағытталған сабақтарды алмастырып отыру тән сипат. Екіншілер арнайы дайындықты дамытуға тиіс мамандырылған жұмыс үлес салмағын арттырумен ерекшеленеді. Оларда тандап алынған спорт түрі ерекшеліктеріне жауап беретін сабақтарды алмастырып отыру тәртіп, қабілеттерді дамыту және дағдыларды жетілдіру үшін үйлесімді жағдайлар жасау қажеттігімен анықталады. Жалғастырушылық микроциклдер жарысқа дайын алдағы старт аралық фазаларды қамтиды. Жарыстық күндерден басқа, егер жарыс бірнеше күнде өтсе және қалыпқа келу жарыстан кейін орындалса, онда бұл аз мерзімде орындалатын істер жиынтығы спортшыны жарысқа тікелей жалғастыру тәртібі бойынша құралады. Жарыстың аз мерзімде орындалатын істер жиынтығы жаттығушылық ұйым түрінен гөрі жарыстық әрекет түрі болып табылады. Күш-жігерді қалыпқа келтірудің микроциклдерді (қысқа мерзімді жүйесі) спортшы қызметі тәртібін ұйымдастырудың ерекше түрі. Бұл жүйе спортшының өзіндік жаттығу ерекшеліктеріне сәйкес күш куатын көбірек тілейтін қимылдар түрін орындағаннан (әсіресе, «денеге күш көбірек түсу») кейін жаттығудың тиімділік әсерін күшейту мақсатында енгізіледі. Орташа мерзімде орындалатын жиынтықтар (мезоциклдер) негіздерінің бірін құрайтын жүктемелер динамикасында орташа толқындардың пайда болуымен түсіндереді. Бір ай мерзімге жуық биоциклдер орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтары созылмалығына, сондай-ақ олардың жүктемелерін бөлу сипатын мүмкіндігінше ісер ететін факторлардың бірі болып саналады. Орташа мерзімде орындалатын жиынтықтардың (мезоциклдердің) типтері (сурет 7). Өзінше тартушы орташа мерзімде орындалатын істер жиынтығы. Жылдық және одан да үлкен циклді жаттығу өзінен басталады. Ол 2-3 қарапайым және бір қалыпты келтіру аз уақытының ішінде орындалатын істер жиынтығын (микроциклді) қамтиды. Жүктемелер саны өсуінің жалпы деңгейі онша жқғары емес, әсіресе төзімділікке тәрбиелейтін спорт.
Сурет 6 – Микроциклдердің типтері түрлерінің мамандануда олардың көлемі айтарлықтай үлкен мөлшерге жетеді. Жаттығу құралдарының құрамы жалпы дайындықтың артықша сипатына ие. Мұндай орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтары (мезооциклдер) саны үлкен жаттыққандық циклдерін бастапқы үйренгіш мүмкіндіктеріне және жаттығудың бұрынғы кезең сипатына байланысты. Бастапқы орташа мерзімде орындалатын істер жиынтығы. Бұл жаттығудың дайындық кезені орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтарының басты түрі. Дайындықтың негізгі мақсаты тек осылар жүзеге асырылып, жана және бүрын меңгерілген дағдыларды қайта құру ісін тұжырымдаудағы негізгі жаттығу жұмыстары орындалады, ағза қызметі мүмкіндіктерін ұлғайтуға жетелейді де барынша елеулі жаттығу жүктемелері енгізіледі. Жарыс алдындағы орташа мерзімде орындалатын істер жиынтығы. Оның ерекшелігі алда тұрған жарыстың режимдерін толық үлгілеу, нақты жағдайларға беймделуін қамтамасыз ету қажеттігінен анықталады. Жарыстық орташа мерзімде орындалатын істер жиынтығы. Бұл негізгі жарыстар кезіндегі орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтарының басты түрі, олар бірінен кейін бірі келіп, арақашықтыққа, орташа циклдердің созылмалығына сәйкес болады. Қалпына келтіруші-дайындық және қалпына келтіруші-қолдаушы орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтары. Бірінші топ рет себептері бойынша бастапқы орташа мерзімде орындалатын істер жиынтықтарына ұқсас, бірақ ол қосымша қалпына келтіруші орташа мерзімінде орындалатын істер жиынтықтарын қамтиды. Екінші топ одан да жұмсақ режимімен және түрлерді алмастыру арқылы ауыстырып қосу тиімділігін, жаттығу сабақтарының мазмұны мен шарттарын барынша кең пайдаланумен сипатталады. 1988 жылы Сеулда өткен Олимпиялық ойындарда спорттың циклдік түрлерімен айналасатын спортшылар-универсалдар жоғары жетістіктерге жетті. Мысалы, К.Отто, М.Бионди 6 және 5 медалден жеңіп шықты (жүзу). 2 және одан жоғары медалдерді алған спортшылардың арасында АҚШ – 19, ГДР – 16, СССР – 8, Венгрии – 4. Басқа сөзбен айтқанда, аталып кеткен фактілерге сүйене отырып екі мектептің жүзеге асырылуын байқауға болады: біріншісі – арнайы қысқарылған мектеп. Бұл жерде спортшының пәндік мамандырылуы және спорттық жаттығудың барлық зандылықтарын сақтауды қамтамасыз етілген. Екіншісі – қатаң мамандырылуды ескермейтін универсалдық мектеп.
Қалпына келтіруші-дайындық
Сурет 7 – Мезоциклдердің типтері
Спорттық жаттығудың мерзімделуінде келесі қарама қайшылықтар бар.
Жеңіл атлетикадан танымал Кенияның маманы Д.Вильзен 1966 жылы африкалық спортшыларды жаттығудың европалық ұлғісіне сүйенбеуді талап еткен. Ол спорттық жаттығудың мерзімделуін алі білген жоқ. Ол туралы А.Д.Новиков пен Л.П.Матвеевтың дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі бойынша оқулықтың 1968 жылы шыққаннан кейін белгілі болды. Д.Вильзен жоғарғы жарыстық және жанжақты дайындылықтың жақтарында аса көңіл болды. Жқғарғы жарыстық жұмысқабілеттің тұжырымдамасын ол сол кездегі әлем рекордсмены Р.Кларктің тәжірибесінен алған. Бұл ойындарда СССР гимнастары 11 алтын, 5 куміс және 3 қола медалдерді жеңіп алды. Бұл нәтиже аға жаттықтырушы Леонид Аркаевтың басшылығымен жүзеге асырылған «үнемі жекпе-жекке дайын» тұжырымдамасына байланысты болды. Бұл тұжырымдамада спорттық баптың жоғарлауына мен төмендеуіне ешқандай сүйену болған жоқ. Қазіргі танда спорттық жарыстардың жалпы күнтізбелігінің кеңеюйінің тенденциясы байқалады, қай жерде жылдың бойында 2-4 ең ірі, жауапты жарыстар болады. Бұл жағдай мамандарды жылдық циклді бірнеше макроциклден құрастыруға әкелді. Осыған материалдық базарлардың жақсыруы бір факторы ретінде болды. Манеждердің, велотректердің, қысқы стадиондардың, бассейндердің пайда болуы көп спорт түрлерінде жылдың бойындандағы айлардың ауысуына қарамауына келтірді. Велоспортта, жеңіл атлетикада, жүзуде жыл бойында 2-3 макроцикл пайда болды. Сонымен, жоғары дәрежелі споршыларда жылдық жаттығуды құрастыруда біржылдық макроциклге (біржылдық цикл), екіжылдық макроциклге (екіжылдық цикл), үшжылдық макроциклге(үшжылдық цикл) сүйене отыруы кездесті (сурет 8). Әрбір макроциклде үш кезең бар – дайындық, жарыстық және өтпелі. Жаттығатын процесстің екі және үш цикл бойынша құрастырудың барысында «екіқосалық» және «үшқосалық» циклдердің варианттары қолданылады. Осындай жағдайда бірінші, екінші және үшінші макроциклдердің арасындағы өтпелі кезеңдер жоспарланбайды. Ал алдындағы макроциклдің жарыстық кезеңі біртіндеп келесі макроциклдің дайындық кезеңінен ауыса бастайды. 6. Спорттық жарыстың техникасы мен тактикасы. Спорттық тәсіл жарыс әрекеттерін орындаудың азды-көпті жетілдіру әдістері болып саналады, ал спорт тактикасы жарыс мақсатындағы жеңіс барысындағы барлық әрекеттер жиынтығының біріккен формасы болып табылады. «Спорттық тәсіл» туралы айтқанда бұл терминнің екі мәнін ажырата білу керек. Біріншіден, іс жүзіндегі тәжірибе немесе ілім
ІІІ
ІІІ
12
Сурет 8 – Біржылдық циклде дайындық процесін құрастыру варианттары
І – дайындық кезеңі
ІІ – жарыстық кезеңі
ІІІ - өтпелі кезеңі
негізінде жасалған жарыс әрекеттерінің тамаша «үлгісі». Екіншіден, спортшыда шынайы қалыптасатын жарыс әрекеттерін орындау әдісі, жарыс әрекеттері спортшының өз мүмкіндіктерін қандай дәрежеде болса да тиімді пайдаланумен сипатталады. Спорттық тәсіл тиімділігінің жалпы белгілері нақтылы спорт нәтижесі мен есептеу нәтижесі арасындағы айырмамен анықталады. Іс жүзінде тәсіл тиімділігінің жеке көрсеткіштері жиі пайдаланылады. Спорттық-тәсілдік шеберліктің критерийлері сенімділік, техникалық тәсілдері меңгерудің мөлшері мен әртүрлігінің көрсеткіштері де болып табылады. Тұтас спорттық әрекеттер техникасының ырғақтығы оның маңызды жиынтық сипаттамасы болып табылады. Ырғақтық әрекеттің барлық құрамдас бөліктерін қосатын заңдылық тәртібін көрсетеді. Жарыс әрекеттерінің ырғағын қалыптастыру және үйлестіру спортшының барлық тәсілдік даярлығын ортақтандыру мәселесі болып саналады. Жаңадан қалыптасатын күрделі спорт қимылдарының ырғақты құрылымы спортшыда бастапқыда даяр күйінде болмайтындықтан, оны қалыптастыру жолында ең алдымен ырғақтағы эталон туралы түсінік пайда болады. Ырғақ одан әрі спортшының бақылап көшіруі арқылы даярланады. Спорттық тәсілдік сенімділік қалыптасқан дағдыларды бәсекелердің өзгерістегі шарттарына сәйкес өзгерту мүмкіндігіне де демек бағыттардың өзгермелі нұсқаулар өрісіне де байланысты. Жарыс әрекеті техникасының мақсатқа сай өзгермелі нұсқаны дәлелденген өзгерішпен сипатталады, ол жарыс шартарына пара-пар. Өзгермелі нұсқаулық жеке сипаттардың, фазалардың және жаттығулар формаларының, сондай-ақ олардың орындалуының сыртқы жағдайларының да бағытталған өзгермелі нұсқаулары жолымен табысқа жетеді. Жарыстардағы спортшы әрекетінің сенімділігі – ішкі және сыртқы бөгелулердің пайда болуына қарамастан, әрекеттің жоғары нәтижелілігіне кепілдік беретін қабілеттіктер мен спортшы дағдыларының жетілдірілген жиынтық нәтижесі. Бөгелу тұрақтылығын арттырудың негізгі жолдары мен шарттары мыналар болып табылады: 1) мамандандыру кезінде дене сапасының шектеулі көрініс беру жағдайларында дағдылардың үйрену; 2) психикалық шиеленіскен жағдайларды модельдеу және қосымша қиындықтар енгізу; 3) жарыс тәжірибесі. Спортшының тактикалық даярлығы спорттық тактиканың ілімдік негіздерін меңгеруді, бәсекелестің деректерін зерттеуді, тактикалық тәсілдерді, олардың комбинациялары мен өзгермелі нұсқаларын (жетілдірілген тактикалық іскерлік пен дағдыларды иеленуге дейін) іс жүзінде меңгеруді, тактикалық дүниетануды және басқа тактикалық шеберлікті анықтайтын қабілеттіліктерді ұйғарады. Спорттық тактика – бұл спорттық күрес жүргізу шеберлігі. Жалпы ұғым спорттық мақсатқа жетуде белгілі ниет және жоспарға бағынатын спорт командасымен (командалық тактика), спортшымен (жеке бас тактикасы) бәсеке жүргізудің барлық мақсатқа сай әдістерін қамтиды. Тактиканың мәні бәсеке жүргізуге өзінің дене, психикалық және тәсілдік мүмкіндіктерін ең көп нәтижеде іске асыра алатын, қарсыласының қарсылығын ең аз шығынмен жеңе алатын әдістерді пайдаланумен айқындалады. Спорттық тактиканың бастапқы жалпы тактикалық ниет – бәсеке жүргізуші негізгі, ол әдетте әрекеттердің, өзара әсердің және мақсатқа жету жолында бәсекелестің қарсылық жоюдың негізгі саласы ретінде әдетте бәсекеге дейін қалыптасады. Оның ниеті бірізді міндеттердің тізімі ретінде ұсынылатын тактикалық жоспарда және соларды шешу әдістерінің ұйғарымына айқындалады. Спорттық-тактикалық шеберлік негізі – бұл тактикалық білім, іскерлік, дағды және тактикалық дүниетаным сапасы. Спортшының тактикалық білімі дегеніміз тактиканың негіздері және тиімді формалары, олардың даму тенденциясы, қолдану ережелері және олардың аса нәтижелі болатын жағдайлар туралы ғылыми-практикалық мағлұматта, сондай-ақ нақтылы және мүмкін бәсекелестер туралы қорытынды ақпарат тұрғысында түсіндіріледі. Спортшының тактикалық ниеті мен жоспарының мақсатқа сайлығы, негізділігі және икемділігі көбінесе осындай білім көлеміне байланысты болады. Спорттық-тактикалық шеберлікте әзірше ортақ, бірегей мөлшерлік критерийлер жоқ. Спорттың жеке түрінде оларды түсіндіру үшін тактикалық тәсілдердің жалпы көлемі мен көп түрлілігінің, тактиканың икемдігі мен түп нұсқалығын бағалауға байланысты критерийлер пайдаланылады, спорттың басқа түрлерінде дистанцияға таралатын күштің дәлдеген, атқарылатын нәтижелілігін және т.б. бағалауға байланысты мөлшерлік критерийлері қолданылады. Тактикалық білім, іскерлік және дағдылардың қалыптасуы бірлігінде тактикалық дүниетаным дамиды. Оның негізгі сапасы спортшының ақпаратты тез қабылдау, бағалау және қайтадан өңдеу және т.б. қабілеттіліктермен көрінеді, ең басты – бірнеше мүмкіндігі бар өзгермелі нұсқалардың арасынан аса дұрыс шешім қысқа жолмен таба білу. Мұндай сапалар кез-келген түрінде, әсіресе, спорт ойындары мен жекпе-жектесуде қажет.
Спортшылардың жарыс әрекетінің тактикасына әсер ететін факторлар. Жарыстардың ережелері. Кейбір спорт түрлерінде жарыстың ережелері үнемі ауысып тұрады. Бұл жағдай жарыс әрекетінің тактикасына өзгерістерді енгізіп тұрады. Мысалы, баскетболдағы үшұпайлық лақтыруларды енгізу; греко-римлік және еркін күрестегі жекпе-жектің ұзақтығын азайту; волейболда шабуылшы соққуды іске асыру барысында блокты қоюда сеткадан қолдарын шығару.
Спорттық жарыстарды өткізудегі сыртқы ортаның жағдайлары.
Жарыстарды өткізу жерлерін ауыстыру, жарықтығы, метереологиялық және басқа жағдайлардың өзгерілуі спорттық техникамен тактикаға өзгерістерді енгізуге әкеледі. Мысалы, шаңғы спортында дистанциясының профилі мен метереологиялық жағдайлардың өзгерілуі қозғалу тәсілдері мен темпін ауыстыруды талап етеді.
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде, спорттық жарыстар теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, техникасы мен тактикасының жүзеге асыру ерекшеліктері. Мақсаты – қазіргі кезенде спорт түрлерінің, қызметтерінің, спорттық жарыстар теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, техникасы мен тактикасының жүзеге асыру ерекшеліктері туралы жаңа қөзқарастары туралы ептіліктермен дағдыларды қалыптастыру. Жоспар: 1. Спорт түрлерінің, қызметтерінің ерекшеліктері және олардың арасындағы байланысы. 2. Спорттық жарыстар теориясының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары. 3. Қазіргі кезеңде спорттық жаттығу құрылымына жаңа көзқарастар. 4. Қазіргі кезеңде спорт техникасы мен тактикасының негізгі ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Спорт түрлерінің, қызметтеріне тиісті терминдердің анықтамаларын дәптерге жазып, олардың қазіргі кезеңде негізгі ерекшеліктерін анықтаңыз. 2. Спорт түрлерінің, қызметтерінің мазмұнына қарап, олардың бір-бірімен байланысын анықтау қажет. 3. Спорттық жарыстар теориясының негізгі мәселелерін дәптерге жазыңыз. Қазіргі таңда ғалымдардың пікірлері бойынша осы салада қандай перспективалар болып тұр. 4. Спорттық жаттығу құрылымына жаңа көзқарастар көрсетіңіз. /Өзіңіздің шұғылданатын спорт түрі арқылы/. 5. Дәрісте немесе өзіңіздің шұғылданатын спорт түрінен қазіргі кезеңдегі спорт техникасы мен тактикасының негізгі ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: спорттық жаттығу құрылымының негізгі мәселелері. Мақсаты – Қазіргі кезеңде спорттық жаттығу құрылымының негізгі мәселелерінің ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар: 1. Спорттық жаттығу құрылымының ерекшеліктері. 2. Қазіргі кезенде спорттық жаттығу құрылымын жүзеге асырудың негізгі мәселері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Спорттық жаттығу құрылымының ерекшеліктерін дәптерге жазыңыз. 2. Қазіргі кезеңде спорттық жаттығу құрылымын анықтайтын факторларды дәлелдеңіз.
СӨЖ
3.2 Тақырып: Спорттық әрекетті талдау мәселелері.
Мақсаты – қазіргі кезенде спорттық әрекетті талдау мәселелерін және оларды шешу жолдарын анықтау.
Жоспар: 1. Өзінің шұғылданатын спорт түрінде спорттық әрекетті талдау. 2. Қазіргі кезенде спорттық әрекетті талдау мәселелері және олардың шешу жолдары.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Өзінің шұғылданатын спорт түрінде спорттық әрекеттің ерекшеліктерін дәптерге жазыңыз. 2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп, қазіргі кезенде спорттық әрекетті талдау мәселелерін және оларды шешу жолдарын дәлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.3 Тақырып: Спорттық техникасы мен тактикасының даму перспективалары. Мақсаты – қазіргі танда спорттың техникасы мен тактикасының даму перспективаларын анықтау.
Жоспар: 1. Қазіргі танда спорттың техникасы мен тактикасы. 2. Қазіргі танда спорттың техникасы мен тактикасының мәселелерін шешу жолдары.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Қазіргі танда спорттың техникасы мен тактикасын дәптерге жазыңыз. 2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп қазіргі танда спорттың техникасы мен тактикасының мәселелерін шешу жолдарын сипаттаңыз. Оларды анықтайтын факторларды дәлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.4 Тақырып: «Көпшілік спорт» және «жоғары жетістіктер спорты» мәселелері. Мақсаты – қазіргі танда «көпшілік спорт» және «жоғары жетістіктер спорты» мәселелерін анықтау. Жоспар: 1. Қазіргі танда «көпшілік спорт» және «жоғары жетістіктер спорты» ұғымдардың ерекшеліктері. 2. Қазіргі танда «көпшілік спорт» және «жоғары жетістіктер спорты» мәселелерін шешу жолдары.
4. СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1. Спорт қызметтерінің ерекшеліктері. 2. Спорт қасиеттерінің ерекшеліктері. 3. Спорттық жарыстың техникасы мен тактикасының ерекшеліктері. 4. «Спорттық жекпе-жек» және «спорттық жарыс» ұғымдардың өзара қатынасының логикасы. 5. Спорттық әрекеті сипаттамасының ерекшеліктері. 6. Спорттық жаттығу құрылымы жөнінде ғалымдардың қазіргі көзқарасы. 7. Спорттағы басымды бағыттар: олардың ерекшеліктері мен байланыстары. Дәріс № 4 Жоғарғы оқу орындағы спорттың өзекті ғылыми-әдістемелік мәселелері.
Жоспар 1. Қазақстан Республикасында студенттік спортты дамытуға кедергі факторлары. 2. Спорт дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі және студенттерді жеке тұлға ретінде қалыптастыру факторы. 3. Студенттік спортты жетілдірудің ұйымдастыру аспектілері. 4. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы емес жоғары оқу орындары студенттерінің спортпен шұғылдануының кейбір ерекшеліктері (жеңіл атлетика, күрес).
Әдебиет 1. Физическое воспитание студентов // Учебное пособие / Под общ.ред. Л.С.Дворкина. – Ростов н/Д: Феникс; Краснодар: Неоглори, 2008. – С. 540-573. 2. Тайжанов С., Караков А. Дене тәрбиесі. 4-кітап / жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Ұш Қиян», 2009. – Б. 11-20. 3. Иванов Г.Д., Кульназаров А.К. Физическое воспитание студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.90-117. 4. Нуржанов С.Г. Современное состояние и перспективы физического воспитания в вузе // Вестник физической культуры. – 2007. - № 1-2 (13-14). – С. 31-34. 5. Караваева Е.Л. Научно-методическое обеспечение физического воспитания учащейся молодежи в средних и высших профессиональных учебных заведениях: автореф… дис.докт.наук.- 13.00.04.- Алматы:КазАСТ, 2008. – 40с. 6. Сағымбаев Н.Б. Жоғары оқу орындарындағы спорт жүмысының оқу-тәрбиелік үрдісінде ұйымдастырылуы // Вестник физической культуры. – 2007. - № 1-2 (13-14). – С. 28-31. 7. Досмухамбетов Т.М. Студент, физическая культура, спорт – Монография. – Алматы,1997. – С. 31- 108. 8. Хлыстов М.С., Белиспаев К.М. Физическая культура и спорт в ВУЗах Казахстана// Вестник физической культуры. – 2001. - № 2. – С. 138-140. 1. Қазақстан Республикасында студенттік спортты дамытуға кедергі факторлар. 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасында келесі мәселерге назар аударылған: Қазақстан Республикасын бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына енгізу үшін біздің спортшылардан әлемдік аренада өте жоғары көрсеткіштерге жету міндеті талап етіліп отыр. Спорттық резервті дайындау мен әлемдік деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеудегі мәселелерді жемісті шешу үшін алдымен басты факторларды ескеріп отыру қажет, нақты көрсеткішке жетуге күш салу қажет. Спортшыларды тәрбиелеу әлем және Азия чемпионаттарында және Олимпиада ойындарында орын алу үшін керек…» [4, 17]. Қазіргі танда Қазақстан Республикасында студенттік спортты дамытуға кедергі факторлары.. А) Министрлік тарапынан спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушыларға оқу жүктеменің нормативтік негіздерінің жоқтығы. Жоғарғы оқу орындарында жаттықтырушылардың оқу жүктемесі басқа оқытушылармен (міндетті түрде өтетін дене тәрбиесі сабағын өткізетін) бірдей есептелінеді. Бұрын, КСРО уақытында, спорттық оқу бөлімшесінде сағаттарды бөлудің төмендегідей үлгісі болған (кесте ).
Кесте - Спорттық оқу бөліміндегі оқулардың сағаттарын бөлу.
Оқу топтары
Аптасына оқулар сағаттар саны
Бір оқытушыға айналасушылардың саны
Жаңадан келгендер және ІІІ разрядтың спортшылары
6
10-12
ІІ разрядтың спортшылары
6
8-10
І разрядтың спортшылары, спорт шеберлігіне үміткер және спорт шебері
8
4-8 Яғни, спортшылардың шеберлігіне байланысты сағаттардың саны әр түрлі болады. Б) Республикалық және жергілікті бюджеттен студенттік спортты қаржыландыру. Әрбір жоғарғы оқу орнында бірнеше приоритетті спорт түрлері бар. Олар бойынша Республикамызда республикалық студенттік ойындар өтеді (қысқы және жазғы). Оларға барлық жоғары оқу орындарыннан командалар қатысады. Себебі, кейбір ЖОО-да жарыстарға қаржыландыру мәселесі шешілмейді. Осыдан, біздің пікіріміз бойынша, біріншіден республикадағы студенттік спорттың деңгейін толық айқындауға мүмкіндік болмайды, екіншіден ЖОО-да спортшылардың квалификациялық денгейі жоғарламайды (республикалық жарыстарға қатыспағасын). В) Кәсіподақтармен қаржыланатын «Буревестник» деген еркін спорттық студенттік қоғамының болашағы. Спорт агенттігі тарапынан оның орнына «Сұңқар» деген спорттық қоғамды ашуды талап етеді. Бұл мәселені жергілікті спорттық әкімшілік қарастыруда. Ақтөбе облысында қазіргі таңда осындай спорттық қарастырылуына байланысты студенттік спорттың ұйымдастырылуы, қалада, облыста жарыстарды өткізу, бұл өрісте пайда болатын ғылыми-әдістемелік, басқа да мәселерді шешу өзінің орнын болашақта таппақ. Г) Ұлттық спорттық күнтізбелікте студенттік жарыстар. Қазіргі танда республикадағы студенттік жарыстар «республикалық студенттік ойындардың» күнтізбелігі бойынша өткізледі. Бірақ олар екі жылда бір рет өткізіледі. Бұл жарыстарды ұйымдастыратын Ұлттық дене тәрбиесінің ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында. Студенттер республикадағы жарысқа бір рет қатысып шығады (қаржыландыру мәселесі шешілген жағдайда). Жоғарғы оқу орындарда жоғары дәрежелі спортшылардың спорттық өмірі келесімен сипатталады. Олар бәрі ірі қоғамдарда (Динамо, Локомотив, жеке спорттық клубтар – Ақтөбеде (Жанибек т.с.с.), немесе спорткомитет, ОДО (олимпиялық дайындықтың орталығы) басқаратын ұйымдарда тіркелген. Жарыстарға да олар сол ұйымдардың атынан қатысады. Себебі, сол ұйымдар оларды қаржыландырады. Бұл жерде пайда болатын қайшылық - әрбір спортшы-студент жеңіске жеткенде соны қаржылындырған ұйымның намысын қорғап шыққандай болады. Ол оқып жатырған университтетке кейде ұпайлар берілмейді, аты аталмайды. Бұл жағдайда спортшы-студент кінәлі болып шығады. Сондықтан, қазіргі танда спорттық үйірмелердің және жоғарғы оқу орындарының арасында келісім шарттар ұйымдастырылуы қажет. Себебі, қазіргі таңда студент кредиттік технология бойынша оқиды. Бұл жағдай студентке үлкен талап қояды, яғни студент күн сайын сабақта болуы керек. Ал жоғарғы дәрежедегі спортшы-студент оны орындай алмайды. Сондықтан, университет тарапынан сол студенттерге арнайы жеке жоспарды жасап оқыту керек. Осы мәселеге Е.Л.Караваева өзіннің докторлық диссертациясында, және С.Нуржанов өзіннің мақаласында көңіл аударды. Қазақстан Республикасы білімінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «дене тәрбиесі» пәні эллективтік курс ретінде қарастырылған және бұл пәнге кредиттер берілмейді. Бұл жағдай дене шынықтыру және спорт туралы Казақстан Республикасының заңына қарсы келеді, себебі жоғарғы оқу орнында дене тәрбиесі аптасына төрт рет жүргізілу керек деген. Осыған байланысты студенттердің дене потенциалының оптималды деңгейі қамтамасыз етілмейді. Бұл жерде, біздің пікіріміз бойынша, дене тәрбиесі жүйесінің үшсатылық бірізділігі бұзылады (дене тәрбиесінің бағдарламасы, дене дайындылығының президенттік сынамалары, бірыңғай спорттық классификация). Яғни, дене тәрбиесі пәнініне дұрыс қатыспайтын студенттің дене дайындылығының деңгейі өспейді, ол спортпен шұғылданбайды, осы өрістегі дене шынықтыру мен спорттың құндылықтарын игере алмайды. 2. Спорт дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі және студенттерді жеке тұлға ретінде қалыптастыру факторы. Бұрын және қазіргі студенттерінің дене тәрбиесінің бағдарламасында спорт оның құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттердің спорттық әрекеті спорттық секцияларда, спорттық оқу бөлімінде және жарыстарда жүзеге асырылады. Жоғарғы оқу орнында дене тәрбиесін бағалаудың ен басты белгілерімен студенттердің дене дайындылығы деңгейінің динамикасы болып табылады. 6 кестеде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті студенттерінің 4 жылдың бойында дене дайындылығы деңгейінің динамикасы көрсетілген. Төрт жылдан кейін жоғарғы курстарда дене тәрбиесі пәні өткізілмегеніне байланысты студенттердің дене потенциалы төмендейді. Сонымен қатар, спортпен шұғылданатын студенттердің ең соңғы курста да өзінің жоғарғы дене дайындылығын сақтайды. Бұл факт оларға оқу және өндірістік практикалардың бағдарламасын жақсы игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар еңбектің жоғарғы кәсіптік тиімділігін көрсете алады. Кесте 6 – Университет студенттерінің дене дайындылығы динамикасының статистикалық мәліметтері (Т.М.Досмухамбетов бойынша, 1997 ) (қыздар)
Бақылау сынақтары
1975 жылы 1 курсқа түскен студенттер (157)
Оқудың 2 жылдан кейін (150)
Оқудың 4 жылдан кейін (120)
М
±m
±V
Мı ±mı ±Vı
М2
±m2
±V2
100м жү-гіру, сек
18,87
0,13
1,69
16,74
0,05
0,81
18,91
0,16
1,57
300м жүгі-ру, сек
72,81
0,69
8,67
67,54
0,43
7,09
71,98
0,56
7,57
Бір орын-нан ұзын-дыққа секіру м,см.
1,53
0,02
0,02
1,69
0,01
0,12
Кесте 7 – Университет студенттерінің (спортпен шұғылданатын, n=92) дене дайындылығы динамикасының статистикалық мәліметтері (Т.М.Досмухамбетов бойынша, 1997) (қызд.)
Бақылау сынақтары
М3
±m3
±V3
t1
P1
t 2
P2
100 м жүгіру, сек
14,5
0,11
1,0
15,3
<0,001
0,18
>0,05
300 м жүгіру, сек
49,85
6,13
10,16
6,5
<0,001
0,94
>0,05
Бір орыннан ұзындыққа секіру, м,см.
2,13
0,02
0,21
7,25
<0,001 -
Көрсеткіштер
Спортпен шұғылданатын
Спортпен шұғылданатын
Университет бойынша
Спортшылар (1 разряд )
Университет бойынша
Үлгерім (%)
91,04
100
92,7
99,2
Өте жақсы бағаға тапсырғандар
13,6
10,24
15,02
8,6
Өте жақсы және жақсы бағаға тапсырғандар
36,6
48,4
34,8
51,0
Өте жақсы, жақсы және қанағаттанарлық бағаға тапсырғандар
38,7
35,6
43,1
33,4
Тек қанағаттанарлық бағаға тапсырғандар
7,4 5,3 6,5 6,2
Қанағаттанарлықсыз бағаға тапсырғандар
А) 1 пәнінен
Б) 2 пәнінен
В) 3 және одан көп
6,5 1,1 0,5
5,2 1,1 0,5
0,8 300 м жүгіру, сек 49,85 6,13 10,16 6,5 <0,001 0,94 >0,05 Бір орыннан ұзындыққа секіру, м,см. 2,13 0,02 0,21 7,25 <0,001 -Көрсеткіштер Спортпен шұғылданатын Спортпен шұғылданатын Университе т бойынша Спортшыла р (1 разряд ) Университе т бойынша Үлгерім (%) 91,04 100 92,7 99,2 Өте жақсы бағаға тапсырғандар 13,6 10,24 15,02 8,6 Өте жақсы және жақсы бағаға тапсырғандар 36,6 48,4 34,8 51,0 Өте жақсы, жақсы және қанағаттанарлық бағаға тапсырғандар 38,7 35,6 43,1 33,4 Тек қанағаттанарлық бағаға тапсырғандар 7,4 5,3 6,5 6,2 Қанағаттанарлықсы з бағаға тапсырғандар А) 1 пәнінен Б) 2 пәнінен 6,5 1,1 0,5 -5,2 1,1 0,5 0,8 -В) 3 және одан көп Бүкілқазақстандық Универсиада нәтижелері. № п/п
Бүкілқазақстандық жазғы Универсиада
Иеленген
орыны
Медальдер
Барлығы
алтын
күміс
қола
1
1-Универсиада 2001
6
2
7
4
13
2
2-Универсиада 2003
8
4
9
9
22
3
3-Универсиада 2005
5
21
9
19
49
1 кестеден көрініп тұр, жыл сайын академияда жетістіктер жоғарлауда. Студенттердің ірі жарыстарға қатысуы бірнеше маңызды факторларды қамтамасыз етеді. Біріншіден, бұл жоғарғы оқу орнының рейтингін көтереді. Екіншіден, студенттердің арасында спортқа тартуды үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Бұл жерде спортклубтың жұмысы жақсы жолға қойылған болу қажет. Мысалы, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында 30-дан астам спортсекциялары жұмыс жасайды. «Салауатты өмір салты – ҚККА студенттерінің өмір салты» деген ұранмен спорттың 14 түрінен спартакиада өтеді. Сонымен қатар, курстардың, топтардың, жатақханалардың арасында жарыстар өткізілуі керек. В) «дене тәрбиесі» пәнін міндетті компонентке кіргізіп, студенттерден дифференциалдық сынақты қабылдау. Қазіргі таңда бұл орындалуда. Студенттердің дене тәрбиесі пәніне қызығушылығы болса, олар спорт түрін таңдап өздері әрі қарай өзінің дене шынықтыру әрекетін құруға жұмыстанады. Г) студенттік спортты дамытудың нормативтік базасын қалыптастыру. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында студенттік спорттық федерация бар. Оның президенті Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Қайруллаұлы Закирьянов болып табылады. М.С.Хлыстов, К.М.Белиспаевтың пікірлері бойынша спорт түрлерінен студенттік федерациялар бөлек университеттер мен академияларға бөлінген (яғни, қай жерде сол спорт жақсы дамиды). Мысалы, қысқы спорт түрлері Павлодармен Усть-Каменогорскіде дамылған т.с.с. Д) Жоғары оқу орындарда спортты дамытуға бағдарламаны құрастырып, оны жүзеге асыруда жұмыстану. Қазіргі танда бірнеше факторлар жоғары оқу орындарда спортты дамытуға бар. Бірінше, ол Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңы. Екінші, бұл ел басының халыққа арналған үндеуінде аталған «халықтың 30 % дене шынықтырумен спортқа тарту». Сондықтан, дене шынықтыру мамандары бірігіп, жоғарғы оқу орнының ерекшеліктеріне байланысты, спортты дамытуға арналған бағдарламаны құрастырып, оны жүзеге асыру жолдарын ашып көрсету керек.
Е) Спорттық бағыттағы дене тәрбиесін жоғары оқу орындарға енгізу. Технологияның негізі – студенттер спорты әр түрлі түрлері бойынша оқу-жаттығатын топтарға бөлінеді. Бұл технологияда келесі қағидалар жүзеге асырылады:
- оқу процесстің спортизациясы;
- дене шынықтуру пәнінің теориялық компонентін күшейту (таңдалған спорт түрінің тарихына, төрешіліктің ережелеріне назар аударуды қамтамасыз етеді).
- бақылау нормативтеріне талаптарды жоғарлату.
Сабақтар кестеден тыс және спорттық жаттығудың қағидалары бойынша өткізіледі. Бұл технологияны қолдану барысында студенттердің дене дайындылығының деңгейі жоғарлайды. Ж) Студенттік спортты дамытудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді нығайту. Л.С.Дворкин, К.Д.Чермит, О.Ю.Давыдовдың пікірлері бойынша университеттерде студенттік спорттың дамуы тиімділігін сипаттайтын 5 сатысы бар (сурет 9): жоғары оқу орнының өзіндегі, жергілікті, аймақтық, қазақстандық (Ресейде – федералдық), халықаралық. Жоғары оқу орнының өзіндегі сатысы үшін келесі көрсеткіштер маңызды болады: жоғары оқу орнында жүзеге асырлатын спорттық шаралардың саны; дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын студенттердің саны (соның ішінде студенттік командарлардың құрамына кіретіндер). Жергілікті сатысы үшін келесі көрсеткіштер маңызды болады: жоғары оқу орнында жүзеге асырылатын спорт түрлерінің саны; жарыстарға қатысқан студенттердің саны; жоғары оқу орнында жылдың бойында кешенді спорттық шаралардың саны (спорттық фестифаль, бірінші курс студенттер күні т.с.с.); разряды бар спортшылардың саны. Аймақтық сатысы үшін келесі көрсеткіштер маңызды болады: облыстың құрама командасына кіретін студенттердің саны; аймақтағы жоғары оқу орнындарда жүзеге асырлатын спорт түрлерінің саны; спорттық шаралардың кешенді есебінде жоғары оқу орнының қорытынды орны; жоғарғы дәрежедегі дайындаған спортшылардың саны (спорт шеберіне үміткер, спорт шебері, халықаралық класстағы спорт шебері). Қазақстандық сатысы үшін келесі көрсеткіштер маңызды болады: Қазақстандық студенттік спорттық одақ күнтізбелігінің финалдық бөлімінде қатысқан жоғарғы оқу орындар мен студенттердің саны; командалық жарыстарды жеңіп шыққан ЖОО-ң саны; финалдық жарыстарды жеңіп алған және призер болған студенттердің саны. Халықаралық сатысы үшін келесі көрсеткіштер маңызды болады: Бүкіл әлемдік универсиадаларда қатысқан жоғарғы оқу орындар мен студенттердің саны; финалдық жарыстарды жеңіп алған және призер болған студенттердің саны. 4. Дене тәрбиесі емес жоғары оқу орындары студенттерінің спортпен шұғылдануының кейбір ерекшеліктері (жеңіл атлетика)
жоғары оқу орнында жүзеге асырлатын спорт шаралардың саны
дене шынықтыру және спортпен айналасатын студенттердің саны
Жоғары оқу орнының өзіндегі
Университет
жоғары оқу орнында жүзеге асырлатың спорт түрлерінің саны
Жергілікті
Сурет 9 – Университеттерде студенттік спортты дамыту тиімділігінің сипаттары Дене тәрбиесі мамандарын арнайы даярламайтын жоғары оқу орнында студенттермен сабақ өткізудегі әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктеріне сүйене отырып, біз келесі әдістемесіні ұсынып отырмыз 1. Дайындалу кезеңі (15 қазан мен 15 сәуір аралығы)
А) Арнайы-дайындалу кезеңі (15 қазан мен 1 желтоқсан аралығы) қарастырады : 1) жүрек-тамырлы және желаяқтардың демалыс жүйелерінің функционалды дамуы; 2) демеуші-двигателді аппаратты нығайту; 3) жалпы дене дамыту дайындығы; Сабақтар Ақтөбе қаласының парк немесе көп ағаштары бар аудандарында жүргізіледі, аптасына 3-4 рет. Жаттығу негізгі мынадай құрамнан тұрады: 1). 5 шақырымнан 15 шақырымға дейін жай жүгіріс, жүрек соғысының 120-150 минутқа дейінгі тазалығында;
2). жүріс кезіндегі секіріс жаттығулары;
3). спорттық ойындар;
4). созылмалы жаттығулар;
5). жүгіріс жаттығулары ;
Мекеннің және жер сипатының әртүрлі болуы және таза тау етегі мен таулы ауа жатттығып жатқандардың сезімін, жұмысқа деген қабілеттілігін көтереді. Осыдан кейінгі жүгіріс көлемінің ұлғаюы және жоғарлаудың пайда болуы спортшыларға барометірлік өзгерістерге көндіреді және осының өзі күш түсіріп отырады. Осының барлығы адам ағзасының барлық жүйесінің функционалдық түрде өзгеруіне алып келеді және олардың қызметін ретке келтіріп отырады, сонымен қатар демеуші-қозғағыштық (двигателді) аппараттын қатайтады және келесі кезеңге өтуге бағыттайды. Б) қысқы дайындық кезеңі (желтоқсан мен қаңтар) төмендегі міндеттерді жүктейді: 1) спортшылардың негізгі функционалды мүмкіндігінің ағза жүйесінде әрі қарай көтерілуі; 2) күштіліктің, шыдамдылықтың, иілгіштіктің және жылдамдықтың жетілдірілуі; 3) моралды-ерікті сапаның немесе қабілеттіліктің тәрбиеленуі Жаттығу жұмыстары 2,5 сағатқа дейін созылады, оның айтарлықтай бөлігі әлі де қала сыртында өткізіледі, оның өзі бір апталық жаттығу цикілінде айтарлықтай мәнді сипатқа ие болады. Осы аталмыш кезеңде негізінен демеуші - двигателді аппараттың бекітілуіне, иілгіштік пен сезімталдықтың дамуына және күш пен шыдамдылықтың дамуына көп көңіл бөлінеді. Егер осының алдындағы кезеңде негізгі басты бағыт жалпы шыдамдылықтың нақты іргетасын құруға бағытталған болса, онда апталық цикл бойынша екінші кезеңде жүгіру үшін екі жаттығу арасына үзіліс сала отырып аралас күйінде орындалады, оның өзі арнайы шыдамдылықтың өсуіне алып келді. Қағидалар үшін біз тек үзіліс жасай отырып жүгіретін жүгірісте біз тек жүгіріс кезін, ал ағзадағы жүрек соғысындағы тазалықты қысқартуларды көрсетудегі уақытты алдық. Берілген жүгіріс кестесі жүректің минуттағы 160-170 рет соғылуын көрсетуі қажет. В) Қысқы жарыстық үзіліс (1 ақпаннан 15 наурызға дейін), оның өзі көлемінің ары қарай ұлғаюына және жүгірудің күш түсуінің белсенділігіне қарай өзгереді, бірақ тек кейбір жаттығулар кезінде (қысқы жаттығулар кезінде) айтарлықтай, амалсыздан төмендейтін болады.
Кезеңнің негізгі міндеттері: 1) жалпы шыдамдылық деңгейінің әрі қарай жетілуі; 2) арнайы шыдамдылықтың тиімді шешімі; 3) жүгіріс техникасын жетілдіру. Мөлшерлі жүргізу жолымен жарыстарға қатысу кезінде спортшыларды функционалды зерттеуге баға беріледі, оның өзі бұған дейінгі дайындық кезеңіндегі жаттығу мөлшерін көрсетеді, сонымен қатар желаяқтың деңгейі анықталатын болады және оның әрі қарай жетілдіру жолдары қарастырылатын болады. Біздің көзқарасымыз бойынша дайындық кезеңіндегі жаттығу құралдары қайталама, ауыспалы және нақты салыстырылып отыратын жылдамдықпен жүгіріс және сонымен қатар тікелей жарысатын жүгіріс болып табылады. Көктемгі дайындық кезеңінің (15 наурыз және 15 сәуір аралығы) өзі басты мәселені шешетін болады, ол алда тұрған жарыстар кезеңіне дайындық болып табылады. Осы мәселені шешу үшін біз кросстық жүгірісті пайдалануды жалғастыра беретін боламыз, бірақ оны бара-бара жылдамықты қоса отырып және әртүрлі вариантта қолдану керек: бірқалыпты, жиі түрде, ауыспалы. Кросстың өзі де жұмыс көзі сияқты яғни жүрек қан тамырлары мен демалыс органдарының және де ағзаның басқа бөліктерінің дұрыс жұмыс жасауына өз ықпалын тигізетін болады, сонымен қатар жүгіріс күшінің қажетті деңгейін сол уақыттағы және сол деңгейдегі көрсеткішін көрсетіп отырады, басқа жаттығу құралдар мен әдістерге қарағанда, жаттығу жасап жүргендердің артық күш түсіру немесе қауіпсіздігіне, шамадан тыс шаршауына жол бермейді. Аталмыш кезеңде 10-15 шақырымға жүгіру пайдаланылады, берілген жылдамдық бойынша шамадан тыс қашықтықьа: қызлар -10 шақырым, ал ұлдар - 20 шақырымға бір рет жүгіретін болады. Жүгіріс 200 метр мен 1200 метр аралығындағы қашықтық көлемі бойынша осы жерде жарыс түріндегі жүгіріс бойынша жүрек соғысын кейбір жерлерде өз алдына жаттығулар кезінде минутына 180 соққыға дейін апара отырып жүргізіледі. Көктемгі ойындарға қатысуға байланысты апталық циклдың құрлымы кішкене өзгеріске ұшырайды. Дүйсенбіден жұмаға дейін күн сайын жаттығулар өткізілетін болады және бірінші екі аптада негізінен күш белсенділік пен көлем деңгейіне түсетін болады. Бейсенбі және жұма күндері күш түсіру жаттығулары немесе жүктеме қала сыртындағы жаттығуларға ауысады, оның өзі төмендетілген бірдей ұзақ жүгіріс түрінде орындалатын болады, ал сенбі күні демалыс, ал жексенбі күні жарыстарға қатысу немесе қортынды жарыстарға қатысу жоспарланады. Аталмыш жаттығулар циклын құру адам ағзасының барлық функцияларының жетіліп, дамуына алып келеді, оның өзі алда күтіп тұрған «негізгі жарыстарға» бағытталған, онда біздің желаяқтар жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Жалпы Қазақстандық студенттер ойындары материалдарында көрінгендей, оның өзі жыл сайын сәуір айының аяғы мен мамыр айының біріші жартысында өткізілетін. Осы жарыстарда ҚазМУ студенттері басқа Республиканың 25-30 жоғары оқу орындары өкілдерімен күресте қыздар да, ұлдар да бірнеше рет жеңіс тұғырынан көріне білді. Әр жарыстар кезеңі бойынша (15 сәуір мен 1 қыркүйек аралығы) оның өзі студент-спортшыларға мамыр және маусым айларындағы жарыс кестесінің жиілігіне байланысты үлкен айтарлықтай күш түсіреді және сол уақытта емтихан-сынақтар сессиясынң басталуына байланысты қиындықтар туады. Сондықтан да мамыр және маусым айларында негізінен жаттығулар үзікті немесе кесінді жүгірістерге бағытталады, әртүрлі вариантты қамтиды (қайталамалы, ауыспалы, бақылау), оның өзі жоғары жылдамдықта жүргізіледі. Осыған байланысты жаттығулар саны мен көлемі азайтылады, жоспарлар жарыстан жарысқа және соның аралығында әрбір спортшының дайындық жағдайына байланысты жасалады. Бұл кезең студенттер үшін негізгі болып табылады, оның алдында жалғасып келген ерте жарыстар құрамы 1 сәуір мен 15 сәуір аралығында болады. Бұл уақытта желаяқтар 1 және 2 рет кросс жарысына қатысады, соның ішінде басты назар стадион ішіндегі жарыс жолағында жүгіруге аударылады. Осыдан кейін бақылау немесе қортындылау жаттығулары қажет болады. Оның өзі жүгіру техникасының негізгі компоненттерінің сай болуына және сонымен қатар желаяқтардың ағзасының барлық функцияларын ретке келтіру болып табылады. Жүгірістің жалпы көлемі сол бұрынғы күйінде қалып отырады, жалпы даму дайындығы құралдары төмен түспейтін болады. Шілде және тамыз айларында жарыс кестесі ауқымды болатындықтан, студенттер емтиханға дайындалудан босатылады, оның өзі жаттығу құралдарының деңгейін көтеруге және әртүрлі бағытта қолданылуына алып келеді. Жалпы жүгіріс көлемі таңертеңгілік 3 және 6 шақырымға дейін қолданылып отырады, ал емтихан кезінде олар араға бір күн салып жүргізіліп отырады. Ал кейбір жағдайларда мүлдем өткізілмеген болып шықты. Жаттығу-оқу жұмыстарының көлемі кейбір мекен-жайларда 70-75 пайызға дейін ұлғайған. Арнайы жасалған жүгіру жолдары мен жолақтар стадионнан тыс әртүрлі бағыттағы жүгірістерді орындауға мүмкіндік береді, оның өзі әдіс пен қозғалыс жылдамдығына қарай орындалады. Осы уақытта кестеге сай бұдан да жоғары және ірі Халықаралық студенттік жарыстар мен біріншіліктер өтіп жатыр. Тәжірибеден қорытынды шығара отырып, мынадай тұжырымға келуге болады: осындай аталмыш жағдайда желаяқтардың дайындығы жарысқа он күн қалғанға дейін болуы қажет. Осы қалған он күнге бірнеше жаттығулар өткізу қажет, оның біреуі қортынды жүгіріс үлгісінде болуы қажет немесе мөлшерлеу түрінде болады. Бұл ең алдымен жақындап келе жатырған жарыстарға солардың жағдайына байланысты ішкі органдардың қызметі мен демеуші двигателді апараттардың координацияның қайта қалпына келтірілуі болып табылады. Ауыспалы кезең. (1 қыркүйек-15 қазан). Бұл кезең желаяқтың күшін қалпына келтіріп отырады, физикалық және психологиялық ауыртпалықтарды түсіруге, жарақатты емдеу мен спортшының мінез-құлқының жақсы көңіл күйде болуына әсер етеді, оны толықтай демалдырады, бірақ негізгі дене құрылысының сапасын сол күйінде сақтап қалған болып есептелінеді. Жаттығу сағаттары аптасына 3-4 рет өткізіледі және 1,5 сағаттан 30 минуттай жай жүгірісті пайдалана және жалпы дамыту жаттығуларын да мол пайдалана отырып жүзеге асырылады. Ерекше бір назар аударатын нәрсе: қозғалыс және спорттық ойындарға көп көңіл бөлінеді (баскетбол, қол добы, доп үшін күрес).
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындағы спорттың ғылыми-әдістемелік мәселелері Мақсаты – Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындағы спорттың ғылыми-әдістемелік мәселелері туралы ептіліктермен дағдыларды қалыптастыру.
Жоспар: 1. Қазіргі кезеңде студенттік спортты дамытуға кедергі факторлар. 2. Студенттік спортты жетілдірудің ұйымдастыру мәселелері. 3. Дене тәрбиесі емес жоғары оқу орындары студенттерінің спортпен шұғылдануының кейбір ерекшеліктері (жеңіл атлетика, күрес).
Әдістемелік нұсқаулар 1. Қазақстан Республикасында студенттік спортты дамытуға кедергі факторларды дәптерге жазып, олардың қазіргі кезеңде негізгі ерекшеліктерін анықтаңыз. 2. Студенттік спортты жетілдіруде ұйымдастыру мәселелерін анықтау қажет. 3. Дене тәрбиесі емес жоғары оқу орындары студенттерінің спортпен шұғылдануының кейбір ерекшеліктері (жеңіл атлетика, күрес) анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Студенттік спортты жетілдірудің негізгі мәселері Мақсаты – қазіргі кезеңде студенттік спортты жетілдірудің негізгі мәселелерінің ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Қазіргі кезеңде студенттік спортты жетілдірудің негізгі бағыттары. 2. Қазіргі кезеңде студенттік спортты жетілдірудің негізгі мәселері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Қазіргі кезеңде студенттік спортты жетілдірудің негізгі бағыттарын
дәптерге жазыңыз. 2. Қазіргі кезеңде студенттік спортты жетілдірудің негізгі мәселері.
СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1. Қазақстан Республикасында студенттік спортына талдау жасау. 2. Жоғары оқу орнында спорттың студенттерді жеке тұлға ретінде қалыптасыру әрекетінің рөлі. 3. Студенттік спортты жетілдірудің ұйымдастыру аспектілері. 4. Дене тәрбиесі емес жоғары оқу орындары студенттерінің спортпен шұғылдануының кейбір ерекшеліктері /өзіннің шұғылданатын спортының түрінен/ Модуль № 2 Кәсіптік-педагогикалық және кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістемелік негіздерінің компоненттері Дәріс № 1 Кәсіптік-педагогикалық және кәсіптік- қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістемелік негіздері
Жоспар 1. «Кәсіптік-педагогикалық дене дайындығы», «кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы» және «кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру»деген ұғымдар. Олардың қазіргі тандағы өзектілігі. 2. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындықты анықтайтын факторлар 3. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері 4. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың міндеттері
Әдебиет 1. Физическое воспитание студентов // Учебное пособие / Под общ.ред. Л.С.Дворкина. – Ростов н/Д: Феникс; Краснодар: Неоглори, 2008. – С. 80-192. 2. Тайжанов С., Караков А. Дене тәрбиесі. 4-кітап / жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Ұш Қиян», 2009. – Б. 136-138. 3. Иванов Г.Д., Кульназаров А.К. Физическое воспитание студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.124-125. 4. Закирьянов К.Х., Иванов Г.Д., Ордабаев Н.О., Жаксылыков М.Ф. Профессионально-педагогическая и прикладная физическая подготовка студентов // Учебно-методическое пособие. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1998. – С.3-15. 5. Загорский Б.И. О содержании основных понятий теории и методики профессионально-пркладной физической подготовки // Теория и практика физической культуры. – 1984. - № 7. – С. 44-46. 6. Габриелян К.Г., Ермолаев Б.В. Профессионально-прикладная физическая подготовка студентов. Смена парадигмы // Теория и практика физической культуры. – 2006. - № 12. – С. 44-46. 7. Полянский В.П. Формирование теории и совершенствование практики профессионально-прикладной Физической культуры как особого социокультурного образования // Теория и практика физической культуры. – 2008. - № 5. – С. 12-17. 8. Менщиков В. М. Профессионально-прикладная физическая культура учащейся молодежи как предмет теоретического исследования // Физическая культура: воспитание, образования, тренировка. – 2000. - №4. – С. 2-5. 9. Коровин С.С. Функции профессионально-прикладной физической культуры // Теория и практика физкультуры. - 1996. -№ 11. – С. 44-46. 10. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М.: Политиздат, 1977. – Изд. 2-е, доп. – С.42. 11. Жолдак В.И. Физическая культура в системе научной организации труда. М.: МОГИФК, 1988. - 108с. 12. Ильинич В.И Профессионально-прикладная физическая подготовка студента //Студенческий спорт и жизнь/Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – М: АО «Аспект Пресс», 1995. – 64 с. 13. Раевский Р.Т. Профессионально-прикладная физическая подготовка студентов технических ВУЗов//Учебное пособие. – М.: Высшая школа,1985. -136с. 14. Физическая культура (включая валеологию) по всем специальностям и направлениям/Типовая программа по предмету «физическая культура» для высших учебных заведений. – Астана,2002. – 35 с. 1. «Кәсіптік-педагогикалық дене дайындығы», «кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы», «кәсіптік-қолданбалы дене дайындылығы» және «қәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру»деген ұғымдар. Олардың қазіргі тандағы өзектілігі Арнайы оқу орнындарындағы дене тәрбиесінің кәсіптік бағыты олардың болашақтағы мамандығына қойылатын нақты талаптар бойынша анықталуы тиіс. Студенттерді кәсіптік-қолданбалы дене дайындығына үйрету өздерінің кәсіптік сапаларын өзіндік бағалау барысында көмегін тигізеді. Өзіндік тұрғыдан берілген бағаның дәлдігі мен лайықтылығы болашақ мамандықтың сипаты туралы өзінің анағұрлым маңызды деген көзқарасы арқылы анықталады. Жоғары оқу орнында оқу барысында кәсіптік бағыттылық қызметі өзінің мазмұны мен шарттарын іске асыру жағынан болашақ маманның атқаратын қызметіне жақын түрде тәрбиеленеді. Педагогикалық процесс күрделі де көп факторлы құбылыс ретінде болғандықтан, жүйелілік теориясына сүйене отырып, тек қана қызметтің психологиялық теориясына жатқызылуы мүмкін. Оның дамуына едәуір үлес қосқан А.Н. Леонтьев жеке тұлғаның қалай қалыптасатыны биологиялық тіршілік иелері мен жануарлардың инстинктілі өмір деңгейінен дамудың жоғары дәрежесіне жеткен адамға ғана қатысты өз мінез-құлқын саналы түрде басқаруға ауысады деген маңызды теориялық тұжырымға келеді. Осы тұжырымдаманың бастапқы кезеңіндегі негізгі ой белгілі бір қызметке жұмылдырылған жеке тұлға деп лайықты мотивациясы бар адамды ғана айта аламыз. Қызмет теориясы туралы маңыздылығы жағынан одан кем түспейтін басқа тұжырымдама осы қызметке мотивациясы бар тұлғадан ғана толықтай осы іске өзіндік берлуімен, шығармашылық белсенділігімен қоса өмірлік тәжірибе арқылы жинақталған тәжірибесі, білімі, біліктілігі мен дағдыларын жинақтаған табиғат берген қабілеттерді өзіндік іске асыруымен байланысты. Және осы теорияның шарықтау шегі бойынша жеке тұлғаның нақты бір қызметке жұмылдырылуы арқылы ғана оның санасы қалыптасып, тұлға ретінде дами бастайды, сонымен қатар болашақ мамандығын меңгереді [10, 42 б.]. Осылайша, қызмет теориясы тұрғысынан ЖОО жағдайында мамандар дайындау процесіне деген көзқарас бойынша оқыту тиімділігі оны ұйымдастыру мазмұны мен әдістеріне ғана емес, көп жағдайда оқу барысында студенттің болашақ меңгеретін мамандығына лайықты мотивациялауды қалыптастыруға байланысты болып келеді. Бұл жерде сөз педагогикалық еңбекті (оның міндеттерін, стилін, тәсілдерін, әдістерін, мотивтерін және т. б.) модельдеуде, студенттің алған білімдері мен тәжірибесі негізінде оқу-тәрбие функциясын тиімді орындауға жаттығатын жағдайлар жасау туралы болып отыр. Дене тәрбиесіндегі қолданбалы бағыт маңызды қоғамдық қажеттілік бола отырып, ең алдымен қоғамдық өндірістің қазіргі сипатындағы сұраныстарға байланысты болуы керектігі атап көрсетіледі. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы теориясының негізін қалаушылардың бірі Б.И. Загорский. Ол «кәсіптік-қолданбалы дене дайындығына арнайы дене тәрбиесінің бір түрі ретінде жеке тұлғаның дене қабілеттерімен байланысты психикалық қасиеттерін дамытуға, сонымен қатар, нақты еңбек және әскери қызмет ерекшеліктеріне қатысты қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруда қолданылады» деп баяндаған. Бұндай тіркеспен барлық оқымыстылар келісе қойған жоқ. Кейбір авторлар оқулықта келтірілген КҚДД ұғымы көптеген ерекшеліктерді көрсете қоймайды, ол адамның кәсіби жұмыс қабілетін арттыру үшін ғана жүргізіліп қоймай, сонымен қатар кәсіби оқытудың тиімділігін арттыру үшін де жүргізіледі деп көрсетті. В.И. Жолдак [11] өз жұмыстарында КҚДД процесінде жеке тұлғаның болашақ мамандығына қатысты әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін дамыту қажеттілігін атап көрсетеді. В.И. Ильинич КҚДД туралы басқа ұғымды ұсынады. Оның пікірінше, кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы – бұл адамды белгілі бір кәсіптік қызметке дайындау үшін дене шынықтыру және спорт құралдарын арнайы бағытта және таңдамалы түрде пайдалану [12] . Р.Т. Раевский КҚДД ұғымы көп сатылы, кәсіпқой жеке тұлғасының дене тәрбиесі мен қалыптастыру жүйесімен байланысты күрделі ұғым екендігін атап көрсетті. Ол өз пікірін былайша баяндайды: «КҚДД деп нақты мамандық қызметі үшін аса үлкен маңызға ие жеке тұлғаның сапалары мен қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ететін дене тәрбиесінің кіші бір жүйесін айтамыз» [13, 18 б.]. «Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы» ұғымымен қатар дене тәрбиесінің практикасында «кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру» ұғымы да іске асырылады. «Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру» ұғымы қолданбалылық көзқарас тұрғысынан өзінің тар және кең мағыналы ұғымы арқылы түсіндіріледі. Кең мағынасында «кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру» таңдаған еңбек қызметіне қатысты өмірлік тәжірибеде қолдану арқылы көрінетін субъектінің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан дене қабілеттерін дамыту деңгейі деп түсіну керек. Осындай қолданбалылықтың негізінде ағзаның функциялық мүмкіндіктерін интеграциялы түрде арттыру құралдары ретінде және өмірлік маңызды қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларының бай жеке қорын жасау дене шынықтыру факторларын құрайды. Дене шынықтырудың «қолданбалылықтың» тар мағынасы деп таңдаған кәсіптік қызметтің арнайы дайындалу процесіне жарамды белгілі бір факторларды практикалық тұрғыдан мақсатты түрде пайдалана білу. Сондықтан ол «кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру» деп аталады, ал өндіріс саласында жұмыс қабілеті мен оны орындаушыларға деген еңбектің әсерің тікелей қолдану үшін -«өндірістік дене шынықтыру» [8, б. 44]. Осылайша, «кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру» біріншіден, жеке тұлға мен жалпыға тән кәсіптік-қолданбалы жеке тұлғалық қасиеттердің, сапалар мен функциялардың, екіншіден, білім берудің барлық кезеңдерінде мамандық меңгеруге және кәсіби қызметті одан әрі жетілдіруге қажетті қолданбалы дене, психофизиологиялық сапалар мен функциялар, қозғалыс біліктіліктері мен дағдылары кешенін қалыптастырудың қоғамдық және жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмылдырылған. Дене тәрбиесін бүкілодақтық іске айналдыруда, адамдардың салауатты тұрмысын ұйымдастыруда маңызды орын олардың кәсібіне және өндірістік қызметінің түріне қарамастан, жоғары оқу орындарын бітірушілерге беріледі. Әрбір мұғалім, инженер, бригадир, ауысым бастығы, звено жетекшісі және тағы басқалары дене тәрбиесінің кейбір ұйымдастырышулық-әдістемелік негіздерін, тек өздері үшін ғана емес, отбасылық дене тәрбиесі топтарын құруға, қараундағылар үшін, игеріп алуы керек. Осыған байланысты «студенттердің кәсіби-педагогикалық дене дайындығы» ұғым қолданылады. Оны қолдану барысында мүндай міндеттер шешледі: а) Өсіп кележатырған үрпақтың білімі және тәрбиенің жалпы жүйесінде дене тәрбиесі манызың анықтау. б) Оқушылардың денсаулығын нығайту, шынықтыру, дурыс келбетің қалыптастыру, дене қасиеттерді дамыту, дене жаттығулармен айналасуға бейемдету үшін болашақтағы мұғалімдерді дене тәрбиесі құралдарын, әдістерін және әр түрлі ұйымдастыру түрлерің жөнімен іске асыруға ұйретіп шығу. Қазіргі танда болашақтағы мамандардың кәсіби дене дайындылығына талаптар өсуде. Оның себебтері: енбектің нарығы үнемі өзгеріп туратың жағдайларға дайын болу; өндірістегі техникалық прогресстің күшеуйі. К.Г.Габриелян, Б.В. Ермолаев [6] пікірлері бойынша қазіргі танда «жеке денсаулықт» тұжырымдаманы құрастырып, соның құрамалық бөлшектерің зерттеуге көшу керек дейді: физикалық статус (дене дамуы мен дене дайындылық); физиологиялық статус (физиологиялық резервтер); психикалық статус; биохимиялық статус; клинико-соматикалық статус. 2. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындықты анықтайтын факторлар Б.И. Загорский КҚДД теориясы мен әдістемесінің қатынастық кестесі мен КҚДД еңбектің объективті факторларымен байланысын көрсететін аралас ұғымдар ұсынды (1 сурет). Олардың жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша адамның дене және басқа да қолданбалы дайындық жақтарына деген айрықша талаптарды анықтай түсетін факторлар туралы көзқарастар мен мәліметтер нақтыланды. Келесі факторлар атап көрсетілді: а) қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету ерекшеліктері; ә) негізгі жұмыс қимылдарының сипаты; б) қызметтің ерекше сыртқы жағдайлары. Қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету ерекшеліктері келіп түскен ақпараттардың сипатымен, көлемімен және оны адамдардың еңбек қызметі барысында қабылдау жағдайларымен байланысты. Бұл жерде модальдық, түрлер, дабылдардың қарқындылығы мен олардың қарқындылығының өзгергіштігі, келіп түскен ақпараттардың уақыт бірлігіндегі саны, қабылдау шарттары (уақыт лимиті, еңбек оъектісі мен субъектісінің қимыл барысындағы, кедергі кезіндегі қабылдауы ескерілген). Нақты қызмет барысында көрсетілген белгілерді, олардың көріну дәрежесін анықтай отырып, мысалы, операторлардың белгілі бір факторларға байланысты түрлі ағза жүйесіне қойылатын талаптарды орнықтыру мүмкін. Негізгі жұмыс қимылдарының сипаты. Бұл ұғым еңбек қимылдарының анағұрлым нақты моторлық ерекшеліктерін көрсететін жұмыс қимылдарының жалпылама сипаттамасын білдіреді. Соңғысы дәл, сандық көрсеткіштер арқылы бейнеленген түрде (соққылық, айналмалы қимылдар, белгілі дозалық микроқозғалыстар және т.б.) ұсынылуы мүмкін. Нақты қызмет барысындағы негізгі жұмыс қимылдарының параметрлері (динамикалық, кеңістік, уақыттық, кеңістік-уақыттық) адамның дене, психикалық және сенсорлық сапаларына деген айрықша талаптарының шарты болып табылады. Негізгі жұмыс қимылдарының сипаты еңбек мазмұны және формасы, оның технологиялық процестерінің нақты ерекшеліктері, аспаптар, машиналар мен оларды басқару тетіктерінің конструкциясы арқылы жанамалана түседі. Еңбек формасын өзгерту барысында негізгі жұмыс қимылдарының заңды түрдегі өзгерісі байқалады: а) қол тетігін пайдалану барысында, ә) механикалық құралдар және б) автоматтандырылған өндіріс құралдары арқылы. Қызметтің ерекше сыртқы жағдайлары адамға деген танымал қатынас талаптарының шарты болып табылады. Қолайсыз сыртқы жағдайлар: қызу микроклимат, шайқау, жылдамдық өзгерту барысындағы асыра жүктемелер, ауаның химиялық құрамы, стресті психологиялық факторлар және т.б. ағза қызметінің қосымша ширығуын туындатады, жұмыс қабілетін төмендетеді және жұмыс қимылдары параметрлерін нашарлатады [7, 10-12 б.]. Кәсіптік - қолданбалы дене дайындығы (КҚДД) өзбетінше, көп қырлы және күрделі дене тәрбиесінің бір тарауы бола отырып, көптеген мамандықтардың еңбек жағдайлары мен сипатындағы маңызды айырмашылықтармен және бір-бірінен дараланып тұрған климаттық- географиялық факторлармен байланысты болып келеді. Осыдан барып «КҚДД» ұғымын түрліше түсіндіру мен жұмысқа қабілетті мамандар қалыптастыруда осы қолданбалы бағыттың түрлі құрылымы мен мазмұнын жасау қажеттілігі туындады. Қазіргі танда енбектің түрі үнемі өзгеріп турады (оның интеллектуалдық бөлшегі, тоталдық компьютеризация байқалады). Төрт, бес жылдан студентпен тандаған мамандықтың мазмүны өзгеру мүмкін, сондықтан студент болашақта мамандықтың қандай жағдайлары болады екенің білмей мүмкің (климатагеографиялық жағдайлар, «өнеркәсіп жағдайлардың зиянды әсері», «нақты енбек орнының ерекшеліктері және талаптарымен анықталатың тандалған енбек әрекетінің жағдайлары»). Бұл жағдайларды оның да оқытушылары білмейді.
Мамандыққа деген айрықша қолданбалы талаптарды анықтайтын еңбек
Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы
Кәсіптік-қолданбалы дене бітіміне дайындалу
Факторлары
Ерекше талапты мамандықтарға қолданылатын КҚДД түрлері Мамандықтар тобының бейініне сәйкес келетін дене бітімінің дайындалуы (дене сапаларының оңтайлы деңгейі мен айрықша құрылымы, осы топ үшін маңызды меңгерілген қолданбалы қозғалыс біліктіліктері мен
Әрекеттің ерекше сыртқы жағдайлар ы
Негізгі жұмыс қозғалыст арының сипаты
Әрекетті ақпаратпе н қамтамас ыз ету ерекшелі ктері
дағдылардың құрамы)
Таңдаған мамандығында қолданылатын КҚДД талаптары
Нақты кәсіби қызмет факторлары
Кәсіптік-қолданбалы дене бітімінің дайындалуы таңдаған қызметінде қажет (дене сапаларының жеке ерекшелікті құрылымын қосқанда)
Сурет 10 - Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы теориясы мен әдістемесі ұғымдары мен КҚДД еңбектің объективті факторларымен байланысын көрсететін аралас ұғымдардың қатынастық кестесі В.И.Ильинич [11] келесі жағдайға өзіннің назарынын аударған: кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы процесі сол кезде басталу қажет, қашан индивид нақты кәсіпті тандап оны игеру үшін күш жумсайды. Сондықтан, бұл процессті тиімді іске асыру үшін тандалған кәсіптің қазіргі тандағы мазмүның, құрылымың, оған қойлатың талаптарын үнемі мониторингтен өткізу қажет.
3 Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері мен міндеттері Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың адам қызметінің айрықша бір формасы ретінде оның маңызды әдіснамалық элементін – жеке тұлғаның қайта туындауындағы сапалар мен объективті мүмкіндіктерге тән функцияларды қарастыруды көздейді. 11 суретте С.С. Коровин жасаған КҚДД функциясының жинақталған жүйесі мен оларды іске асыру формаларын келтіреді [9, 45 б.]. Қоғамдық құбылыстармен байланысын атап көрсететін кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың айрықша қызметіне адамгершілікті-көзқарастық, мәдениеттанушылық, профессиографиялық, құндылықты-бағдарлық және спорттық қызметтерді жатқызуға болады. Жалпы мәдени қызметтерге келесілер жатады: адамгаршілікті-көзқарасты, мәдениеттанушылық, профессиографиялық, қүндылықты-бағдарлы, спорттық. Адамгаршілікті-көзқарасты қызметті келесі мағнада түсіну қажет. Жеке түлғаның көзқарасы танымдық процестермен ғылыми көзқарастың бірынғайлығын қамтамасыз етеді. Жаратылыс ғылымдарының білімдеріне сүйене отырып коршаған ортаны сезіну арқасында жеке түлғаға енбектің тәжиребесінде өзінің көзқарасын қалыптасыруға көмектеседі. Адамгершілік бұл жеке тұлғаның жүріс-түрісінің нормасы мен ережелері. Олар кәсіби-қолданбалы дене дайындықтың процесінде еніп, қоғамдық моралдың нормаларына сәй жеке түлғаның іс әрекетінде қалыптасады. Мәдениеттанушылық қызметінің негізімен жеке түлғаның этикалық және эстетикалық саласына әсер ету болып табылады. Осының арқасында жеке түлғада өзінің спорттық және енбек әрекетінде әдемілкті көруге, сезінуге, қабылдауға қабілеттері қалыптасады. Кәсіби-қолданбалы дене дайындықтың профессиографиялық қызметтері эргономика ғылыммен байланысты – адамның енбек әрекетінің тиімділігің, қауыпсыздығың және рахаттылығың қамтамасыз ету мақсатында жинақталған білімдердің жұйесі туралы ғылым. Өзінің профессиографиялық қызметтеіңі кәсіби-қолданбалы дене дайындық кәсіп- және спортография өзара байланысты процестерде жүзеге асырады. Олар ағзаға әрбір кәсіптің әсер етуің зерттеуіне сонымен қатар кәсіптің талабына сәйкес келетін адамның дене мен рухани күштердің қалыптасуына көмектесетін дене шынықтыру әрекетінің түрлерін анықтыуға бағытталған.
Сурет 11 - Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру функциясының
блок-кестесі
Құндылықты-бағдарлық қызметтерің екі аспектіде түсіну қажет. Біріншісі жеке түлғамен өзі үшін манызды әртүрлі құндылықтарды сатымен бөліп қалыптастыру. Екіншісі тіршіліктің оқиғаларына жеке түлғамен бағаларды қоюдың адамгершілік, көзқарастық, этикалық, эстетикалық, азаматтық дәлелдігің қалыптастыру және сол тіршілікте өзінің орның табу. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындықтың спорттық қызметтері арқылы адам организмніңі мүмкіндіктері туралы білімдер мен көзқарастар кенееді. Сонымен қатар, спорттық қызметтер спорттық қарым-қатынастардың өрісінде адамдарды жақындату процесің қамтамасыз етеді. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың айрықша қызметтері ретінде дене шынықтырудың айрықша салаларына тән қызметтерді түсіну қажет. Жалпы алғанда, айрықша қызметтердің жиынтығы қолданбалы дене шынықтыру біліміне (білімдік), дене жай-күйлерін оңтайландыруға (сауықтыру), оқушы жастарға толық кәсіптік бағдар беру мен кәсіптік бейімдеуге деген білім берудің түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын сапалар арқылы анықталады. Айрықша қызметтерді іске асыру негізінен арнайы білімдердің, қолданбалы қозғалыс біліктіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін арнайы іріктелген формаларды, тәсілдер мен әдістерді және білім берудің барлық кезеңдеріндегі кәсіптік-қолданбалы дайындығын жетілдіру мен қолдау дағдыларын пайдалану арқылы арнайыланған педагогикалық процесс деп түсінетін бейінді дене тәрбиесі барысында іске асырылады. Сонымен қатар кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру-рекреативті және қайта қалпына келтіру сипатындағы шаралар тиімді болып табылады. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың білім беру қызметі кәсіптік-қолданбалы қозғалыс біліктіліктері мен дағдылары кешенін жүйелі қалыптастыруда, қолданбалы дене және жеке тұлғалық қасиеттер мен сапалар мен соған байланысты қабілеттерде, профессиографиялық сипаттағы білімдерде, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негіздерінде өз көрінісін табады. Негізгі сауықтыру функциялары ағзаның шынығуы мен сыртқы ортаның жағымсыз факторлары және өндірістің өзіне тән қарсы тұра білу мүмкіндігін арттыруды; кәсіптік-қолданбалы және дене шынықтыру-гигиеналық сипаттағы сауықтыру шараларын пайдалануға арналған арнайы біліктіліктерді қамтамасыз етеді [9, 44-46 б.].
Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың міндеттері келесі: 1. Тандаған кәсіби қызметінің ерекше талаптарына жауап беретін (яғни, «кәсіби қасиет» құрылымына жататын қабілеттеріне) тұлғалық қабілеттерді дамыту. 2. Таңдаған мамандығында қолданылатын, не оны игеруде жәрдемі тиетін икемділік пен машықты қалыптастырып және жетілдіру. 3. Кәсіби қызметің ерекше жағдайларының қолайсыз әсеріне ағзаның бейімделігін қалыптастыру. 4. Дене тәрбиесі дайындығының тәсілдері арқылы таңдаған кәсіпке қажетті ерік-жігер мен басқа да психикалық қасиеттерді дамыту. 5. Дене тәрбиесі тәсілдері арқылы мектептерде болашақ тәрбие жұмыстарын жүргізетін мұғалімдер даярлау Студенттердің КҚДД-ның айрықша міндеттерінен басқа белгілі бір дәрежеде жастарды нақты еңбек қызметіне дайындау мен бағдар беру проблемаларын шешеді: жаңа жағдайларға кәсіби-еңбек тұрғысынан бейімделу, өндіріс ұжымына жылдам ену, тұлға аралық қатынастар орнықтыру мен нығайту.
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде кәсіптік-педагогикалық және кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістемелік негіздері. Мақсаты – Қазіргі кезеңде кәсіптік-педагогикалық және кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістемелік негіздерін анықтау. Жоспар: 1. «Кәсіптік-педагогикалық дене дайындық» және «кәсіптік-қолданбалы дене дайындық» ұғымдары және олардың арасындағы байланысы. 2. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындықты анықтайтыН факторлардың ерекшеліктері. 3. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері мен міндеттерінің ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. «Кәсіптік-педагогикалық дене дайындық» және «кәсіптік-қолданбалы дене дайындық» ұғымдары және олардың арасындағы байланысын анықтаңыз. 2. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындықты анықтайтын факторлардың ерекшеліктерін анықтаңыз. 3. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері мен міндеттерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының негізгі ұғымдары және осы процессті анықтайтын факторлар. Мақсаты – кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының негізгі ұғымдары және осы процессті анықтайтын факторлардың ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Қазіргі кезенде кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының негізгі ұғымдарының ерекшеліктері. 3. Қазіргі кезенде кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының процесін анықтайтын факторлардың ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Қазіргі кезенде кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының негізгі ұғымдардың ерекшеліктерін дәптерге жазыңыз. 2. Қазіргі кезенде кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының процесін анықтайтын факторларды дәлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.2 Тақырып: Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері мен міндеттерінің ерекшеліктері. Мақсаты – кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері мен міндеттерінің ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар: 1. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері. 2. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың міндеттері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтерінің ерекшеліктерін дәптерге жазыңыз. 2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп, қазіргі кезенде кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың міндеттерінің шешу жолдарын дәлелдеңіз.
СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1. «Кәсіптік-педагогикалық дене дайындығы» ұғымының ерекшеліктері. 2. «Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы» және «кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру» деген ұғымдардың ерекшеліктері. 3. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындықты анықтайтын факторлардың ерекшеліктері. 4. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру қызметтерінің ерекшеліктері. 5. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру міндеттерінің ерекшеліктері. 6. Қазіргі таңда кәсіптік-қолданбалы дене дайындықтың мәселелері және оларды шешу жолдары. Дәріс № 2 Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары, амалдары және әдістері
Жоспар 1. Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары 2. Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдары 3. Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістері
Әдебиет 1. Тайжанов С., Караков А. Дене тәрбиесі. 4-кітап / жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Ұш Қиян», 2009. – Б. 75-89. 2. Иванов Г.Д., Кульназаров А.К. Физическое воспитание студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.66-73. 3. Физическая культура (включая валеологию) по всем специальностям и направлениям/Типовая программа по предмету «физическая культура» для высших учебных заведений. – Астана,2002. – 35 с. 4.Лубышева Л.И. К концепции физкультурного воспитания студентов // Теория и практика физической культуры,1993. -№5-6. -С.15-18. 5. Эммерт М.С., Шулятьев В.М. Содержание и структура профессионально-прикладной физической подготовки студенток, обучающихся специальности «Управление персоналом //Физическая культура: воспитание, образование, тренировка, 2008. - №3. – С.29–32. 6. Гук Е. П. Профессионально прикладная физическая подготовка врача – хирурга: автореф. дис…. канд пед наук: 13.00.04. - М., 1992. - 23 с. 7. Иванов Н.Т. Рациональное соотношение средств общей и специальной физической подготовки летного состава на этапе профессионального обучения: автореф….канд.пед. наук.:13.00.04. -РНИФК, 1992. – 24 с. 8. Гетман В.А. Программирование профессионально–прикладной физической подготовки ( на примере студентов ориентированных на специальность « Бортинженер»): автореф... канд. пед. наук: 13.00.04. – М., 1989. – 23 с. 1. Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары Қазіргі кезде студенттердің дене тәрбиесі жүйесінде кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың іске асырудың бірнеше формалары анықталды, оларды келесі тұжырымдамалар бойынша топтастыруға болады. 1) арнайы ұйымдастырылған оқу сабақтары (міндетті және қосымша); 2) дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша өзіндік және өзіндік әрекет сабақтары; 3) оқу күні сабақтарындағы дене жаттығулары, көпшілік сауықтыру және дене шынықтыру мен спорттық іс-шаралар. Осы топтың әрқайсысы КҚДД-н іске асырудың бір немесе бірнеше формаларына ие болғандықтан, ЖОО-дың таңдауы бойынша түрлі бейіндегі факультеттерде қолданылуы мүмкін. Академиялық сабақтардан басқа осы уақытта КҚДД сабақтары оқу практикасы кезінде оқытушылардың жетекшілігімен кең қолданысқа ие болып келеді. Сабақтан тыс уақыттағы КҚДД студенттердің өзіндік сабақтарында да бірнеше формаларға ие: оқытушылар жетекшілігі арқылы қолданбалы спорт түрлері бойынша сабақтар – спорт секцияларындағы жаттығуларға, сауықтыру-спорттық лагерлеріндегі, оқу практикасындағы, оқу жылы бойындағы бос уақыттарда. Арнайы ұйымдастырылған оқу сабақтары. Олар жоғары оқу орындарына арналған дене тәрбиесінің типтік бағдарламасы бойынша іске асырлады. Мұнда «дене мәдениеті» пәнінің мақсаты білім жүйесін меңгеру, практикалық іскерлік пен дағды, дене қуатын толық жетілдіруді қамтамасыз ету, денсаулықты күшейту, жоғары шығармашылық кәсіби белсенділігіне дайындық болып табылатындығы атап көрсетілген. Дене мәдениеті сабағы білім беру, тәрбие және сауықтыру міндеттерінің шешімдерін алдын-ала қарастырады:
- өмірлік маңызы бар дене қабілетін дамытуда және оны толық жетілдіруде, денсаулықты көп жыл сақтауда және оңтайлы кәсіби жұмыс қабілеттілігін қолдауда дене мәдениеті және спортты пайдалану туралы ғылыми-негізделген базалық білім беру;
- дене мәдениетіне уәжді-құнды көңіл бөлу және жүйелі сабақтарда дене қуаты жаттығулары мен спорт қажеттілігін қалыптастыру;
- дене қуаты қабілетін дамыту бойынша әлеуметтік-мәдени тәжірибені және дене мәдениеті мен спорттың әлеуметтік-мәдени құндылықтарын жан-жақты іскерлік және дағдыларды игеруді қамтамасыз ету;
- дене мәдениеті-спорттық қызметтің әртүрлі формаларын пайдалана отырып, ұйымдастырушылық қабілет пен мүмкіндікті дамыту;
- дене мәдениеті тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып, психикалық күйді басқаруды үйрену;
- дене қуаты жаттығулар жүйелерін және сыртқы орта факторларын пайдалана отырып, жеке биологиялық мүмкіндіктер мен кәсіби қызметті ескере отырып, организмнің дене қуаты және физиологиялық қорлармен ғылыми негізделген дифференцияланған басқаруды қамтамасыз ету;
- бос уақытта және салауатты өмір салтында (СӨС) дене жаттығулары мен спорт түрлерін пайдалануды үйрету;
- спорттық-сауықтыру туризмнің жаттығулар жүйесін (дамытатын, алдын алатын, қалпына келтіретін) кәсіби ауруды алдын ала емдеу мақсатында дене мәдениетінің сауықтыру-оңалту амалдарын пайдалануды үйрету...» [ 136, 4 б.].
«Жоғары оқу орнындағы студенттердің дене мәдениетінен қойылатын біліктілік талаптары. Студент білуі тиіс:
- дене мәдениеті және спорттың әлеуметтік функцияларын;
- дене тәрбиесінің жүйелерін;
- дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен әдістемесін;
- дене қуаты белсенділігі және жұмыс қабілеттілігінің әр түрлі режимдеріне организмнің әрекет ерекшеліктері;
- кәсіби қызметке ықпал етуші анағұрлым маңызды психофизикалық және және функциональды көрсеткіштер мен негізгі формалар, тәсілдер және оларды реттеу әдістерін;
- денсаулықты күтудің гигиеналық негіздерін;
- кәсіби аурулардың алдын-алу шараларын.
Студент істей білу керек:
- арнайы кәсіби жұмысқа қабілеттілікті, денсаулық және кәсіби аурулардың алдын-алу шараларын қолдау үшін дене мәдениеті және спорт тәсілдері мен әдістерін қолдануды;
- дене қуаты және функциональды дайындықты жоспарлауды, бақылауды және басқаруды;
- таңғы және өндірістік гимнастика кешендерін құруды.
Студент дағдысы:
- дене жаттығуларының орындалуын, организмнің физиологиялық мүмкіндіктеріндегі жүктеме тепе-теңдігі бағалануын көрсете білу;
- дене қуаты дайындығын басқару;
- ертеңгілік және өндірістік гимнастика жүргізу;
- жеке, отбасылық салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- таңдап алынған және қолданбалы спорт түрлерінде тактиканың орындалу техникасы мен жарыс өткізудің ережелерін ...» [14, 5 б.].
Жоғарыдағы айтылып кеткендей, қазіргі танда дене мәдениеті сабағы эллективтік курс деп есептелнеді және оған кредит берілмейді. Бірақ, оған қарамастан бұл пән Ақтобе мемлекеттік педагогикалық институтта 1-2 курстарда (1-4 семестрлар) жүргізледі. Міндетті түрде өтетін сабақтарға әрбір семестрде 60 сағаттан беріледі. Сабақтар 100 минуттан өтеді . Сабақ ұш бөлімнен түрады. Бірінші бөлімге (дайындық бөлімі) 25 минут бөлнеді. Әр бір сабақ қойылған міндеттерге байланысты өткізілу керек. Олар студенттердің оқитын мамандықтарына сәй қойылу керек. Олар жөнінде біз басқа, осы мәселеге нақты бағытталған бөлімдерде теренірек қарастырармыз. Бұл жерде айта кететің бір жағдай мынандай. Дене мәдениеті сабағына бір уақытта әртіұрлі мамандықтарда оқитың студенттер топтары келеді (мысалы, математиктер мен филологтар). Оларға разминка (дайындық бөлімі) бірдей жұргізілу керек, ал негізгі бөлімі -болашақтағы мамандық енбегінің түрі мен мазмүнына сәйкес қойылған міндеттеріне байланысты. Негізгі бөлімінде типтік бағдарламадағы үсынылатың материал игерлуге тиісті (жылдық және тоқсандық жоспарына сәйкес). Жоғарғы оқу орнында дене тәрбиесі процесің жүзеге асыруда келесі өзекті мәселелерді есепке алу қажет. Қазіргі танда жоғарғы оқу орындарында студенттердің дене шынықтыру тәрбиесінің тқжырымдамасы [Л.И.Лубышева,15] іске асырлады. Осы тұжырымдамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру стандарты дене тәрбиесі алдына студенттердің өмір стилін қалыптастыру міндетін қойып отыр. Яғни, әрбір студент дене мәдениеті өрісіндегі бар рухани құндылықтарды игеріп, өзіннің жеке өмірінде қолдану қажет. Екіншіден, кредиттік технология бойынша студент көбіне өз бетімен жұмыс жасау керек. Бірақ, осы әрекетке оны оқытушы үйрету керек. Сондықтан, міндетті түрде өтетің дене мәдениетінің сабақтары, Л.И.Лубышеваның пікірі бойынша, практикум-консультация ретінде болу қажет. Яғни, оқытушы сабақ үстінде студенттерге олармен игеретің дене қозғалыстардың техникасың негізгі нуктелеріне, оларды дұрыс жасауына назар аудару керек. Үшіншіден, сабақтағы үсынылған мәліметтерді бекіту үшін оқытушымен дайындалған оқу-әдістемелік құралдар қамтамасыз етілу керек (соның ішінде, электрондық оқулықтар). Дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша өзіндік және өзіндік әрекет сабақтары. Бұл жерде мынандай жағдайды түсініп алу қажет: өзіндік әрекет ұйге берген тапсырмадан қандай айырмашылығы бар? Тапсырманы ұйге беру барысында оқытушы студенттерге келесі мәліметтерді үсынады: қандай жаттығуларды орындау қажет, неше рет қайталау қажет, қандай қарқындылығымен, қандай ұзаұтықта б ұл тапсырманы орындау қажет. Сонымен, оқытушы студенттерге қандай жақдайларда бұл тапсырманы орындау керек, және қалай сол жағдайларды ұйымдастыру қажет екені жөнінде айтады. Кейбір уақыттан кийін оқытушы сол тапсырманы тексереді, соған сүйене отырп келесі тапсырманы береді.
Өзбетімен орындайтын тапсырмалар келесі схема бойынша орындалады. Студенттердің алдында нақты мақсат қойылады, мысалы «кермеге тартылу» Президенттік сынама бойынша норматив орындау. Студент өзі құралдарды тандау, жаттығудың уақытың жоспарлау қажет, өзіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету керек, өзіннің күйің, жұктемесің, әрбәр сабақтағы дайындылығының өзгерістерің бақылау қажет. Нақты уақыттан кийің алынған нәтижелерді талдап, осыған сүйенен отырып өзіннің әрекетіне өзгерістерді енгізу. Оқытушы студенттерге жаттығулардың кешендерің шамамен үсыну мүмкің, бірақ оларды студент өзіннің жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып тандау қажет. Оқу күні сабақтарындағы дене жаттығулары, көпшілік сауықтыру және дене шынықтыру мен спорттық іс-шаралар. Студенттердің арасында әртүрлі жарыстар өткізледі. Олар: студенттердің институттік спартакиадасы, бірінші курс студенттердің арасындағы жарыстар т.с.с. 2. Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдары Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады: студенттердің жұмыс жағдайларын, демалыс пен жас ерекшеліктерін ескеру арқылы дене шынықтыру және спорт тәсілдерін еңбек пен демалыс тәртібінде қолдану біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру; 1) жекелеген спорт түрлері элементтерінің құрылымына ұқсас қолданбалы біліктіліктер мен дағдылар ендіру; 2) нақты мамандық бойынша жоғары еңбек өнімділігіне қажетті қозғалыс сапаларын арнайы түрде тәрбиелеу арқылы. Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру құралдарың төмендегі келтірілген нақты педагогикалық мі
ндеттерге байланысты топтарға бөлуге болады:
а) кәсіпке қажетті манызды дене қабілеттерді тәрбиелеу;
б) қайратты және басқа психикалық қасиеттерді тәрбиелеу;
в) кәсіпте қолданатың ептіліктермен әдеттерді құрастыру және жетілдіру;
г) сыртқы ортаның зиян келтіретің жағдайларына ағзаның тұрақтылығын нығайту. Бірінші топта кәсіптің ерекшеліктеріне байланысты әрбір дене қасиетке әсер ететің жаттығуларды қолданады. Мысалы, гимнастикалық жаттығулар (құралмен және құралсыз, гимнастикалық жардағы, арнайы конструкциялардағы – сөрене). Екінші топта - спорттың әр түрлі спорттың түрімен айналысу. Олар әрбір кәсіпке қажетті психикалық және қайратты қасиеттерді тәрбиелеуге мүмкіндік туығызады (сезімді информацияға реакциясы, эмоционалдық тұрақтылық). Үшінші топта – жаратылыс қозғалыстары қолданылады (секіру, өрмелеу, жүзу, шанғымен жүру, атпен, мотоциклмен ауысу). Төртінші топта – дене қасиеттерді дамытатың және ағзаның өттегіні жетпийтің жағдайына тұрақтылығын котеретің жаттығулар (жүзу, жүгіру т.б.). Қолданбалы білімдерді қалыптастыру процесі студенттердің күнделікті өмірде аурулардың алдын алу мен өндірістік шаршауды ескерту мақсатында дене шынықтыру және спорттың әдістері мен тәсілдерін пайдалану туралы білімдерін меңгертуді қарастырады. Қолданбалы білімдердің белгілі бір бөлігі кәсіптің нақты бір түрі үшін айрықша болып табылады. Мысалы, тауда жұмыс істейтін геодезистерге тау гипоксиясының жұмыс қабілеттілігіне әсері туралы қолданбалы білімдер, сонымен қатар осы факторларға деген тұрақтылығын арттыру үшін дене шынықтыру және спорт тәсілдері туралы білімдер қажет. Болашақ медицина қызметкерлері, мысалы, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану барысында дәрігерлік бақылау мен өзіндік бақылау туралы, спорттық массаж бен өзіндік массаж әдістемесіне, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын орындарға деген санитарлық талаптар бойынша спорттық жаттығу негіздерінің жалпы мәселелері бойынша теориялық білімдерді меңгеруі тиіс. Қолданбалы сапаларды тәрбиелеу барысында қолданбалы білімдер үлкен маңызға ие болғандықтан, студенттің өзінің болашақ мамандығының ерекшелігі бойынша көзқарасы мен білімі ретінде түсіндіріледі, яғни болашақ маманды өндіріс жағдайларына дайындап, вестибулярлық тұрақтылығын тәрбиелеуі қажет. Қолданбалы дене сапаларын тәрбиелеу - ол КҚДД мақсатында адамның дене сапаларын (күшін, жылдамдығын, төзімділігін, ептілігі мен икемділігін) тәрбиелеу мен жетілдіру. Қолданбалы дене сапаларын тәрбиелеу барысында жаттығудың кешенді әдісі анағұрлым тиімді болып табылады, себебі бастапқы кезеңде жағымды құбылысқа ауысуымен байланысты барлық дене сапалары жақсара түседі. Жаттыққандықты ауыстыру үшін дайындық пен арнайы жаттығулардың мөлшерін, қарқындылығы мен құрылымын ғылыми негізде іріктеу жолымен басқару керек. Жүйелі жаттығуларды тоқтату қозғалыс жылдамдығын, күш пен төзімділік қабілеттерін жоғалтуға алып келеді, сондықтан кәсіптік-қолданбалы сапалардың оңтайлы деңгейін қолдау үшін жоғары оқу орнын аяқтаған соң да дене жаттығуларын үнемі орындап жүруі қажет. Күш қабілеттерін тәрбиелеу күш мүмкіндіктерінің өсе түсуіне ықпал етіп қана қоймай, басқа сапаларды да арттырады. Сондықтан бұлшық ет күші белгілі бір дәрежеде жылдамдықты, төзімділікті, ептілікті дамытуға ықпал етеді. Студенттердің бойында абсолютті күшті анықтаумен бірге 1 кг дене массасына қатыстысын анықтау арқылы жеке адамның күш мүмкіндіктері туралы анағұрлым нақты ақпарат береді. Күшті өзінің жеке салмағы мен ауыр салмақты заттар арқылы жаттығулар көмегімен тәрбиелейді. Жаттығуларды жеке дара іріктеу қажет, бірақ жаттығу барысында жалпы принципті басшылыққа алу керек: олар өзінің құрылымы, шамасы мен жүйке, бұлшық ет күштерінің сипаты, жұмыс қимылдарының бұрышты амплитудасына бағытты әсер етуі арқылы (локальді және жалпы) ұқсас болуы тиіс. КҚДД мақсатында кеңінен қолданылуы тиіс: изометриялық жаттығулар өзбетінше және динамикалық жаттығулармен қоса кешенді түрде. Барлық осы жаттығулар арнайы дайындықты, құрал-жабдықтарды қажет етпейді, аз уақытты алады және жұмыс орнында орындалуы мүмкін. Болашақ маманды КҚДД мақсатында жылдамдық тәрбиелеу барысында жұмыс жағдайларының ерекшелігі моделін ескеру қажет, себебі жылдамдық сапасын ауыстыру ұқсас құрылымдық қозғалыстар бойынша іске асады. Қазіргі мамандықтардың көптеген бөлігінде қозғалыс жылдамдығы мен нақтылығының оңтайлы түрде тіркесуі талап етілгендіктен, едәуір бұлшық ет күшін қажетсінбейді (конвейерлердің, есептегіш құралдардың, басқару пульттарының операторлары және т.б.). Жылдамдықты тәрбиелеу үшін қозғалмалы және спорт ойындарын қолдану студенттердің КҚДД барысында маңызды рөль атқаратын қозғалмалы нысандары арқылы қозғалыс реакциясының жылдамдығына ықпал ететін және тәрбиелейтін мақсатқа сай келер еді. КҚДД процесінде төзімділікті тәрбиелеу үшін студент ағзасындағы оның жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесінің қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін арттыру қажет. Арнайы төзімділік адамның арнайы еңбек қызметі арқылы анықталады. КҚДД мазмұнын анықтау барысында еңбек қызметі мен ұсынылған жаттығулар арасындағы сәйкестікті (еңбек пен жаттығулардың қозғалыс қимылдарының қарқындылығы мен ұзақтығын; осы және басқа да қайталаулар санын; демалыс интервалы мен сипатын) табу қажет. КҚДД мақсатындағы ептілік пен икемділік жалпы дене дайындығы тәсілдерінің көмегімен тәрбиеленеді. Бұл сапалар өз бетімен аса үлкен маңызға ие емес, тек көмекші сипатқа ие. Арнайы қолданбалы сапалар арнайы дене жаттығулары көмегімен қоса еңбек қызметі процесінде белгілі бір шекке дейін тәрбиеленеді. Сондықтан КҚДД-ның мазмұны адамның қызметі мен сапаларының дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, оларды болашақ мамандығында қолданады. Спорт ойындары көру бұрышының арта түсуіне әсер етіп, кеңістік пен уақытта бағдар алу мен басқа да көптеген сапаларын жақсарта түседі. Ағзаға гимнастика, акробатика жүзумен айналысу айрықша әсер етеді.Дене жаттығуларын қолдану әдістемесі нақты еңбек жағдайларымен тығыз байланыста болып, студенттің болашақ мамандығында кездесетін тітіркендіргіштерге деген тұрақтылығын қалыптастыруы тиіс. Студенттердің КҚДД тәсілдерін іріктеу әрбір нақты жағдайда жоғары оқу орнындарының дене тәрбиесі кафедралары арқылы шешімін табады. Жекелеген қолданбалы дене жаттығуларын іріктеу еңбек қозғалысындағы ұқсастыққа сәйкес жүргізіледі. Спорттың қолданбалы түрлерін тұтастай қолдану спорттың белгілі бір түрімен шұғылдану нәтижесінде болатын ағзаның сол өзгерістеріне негізделген (дене, психикалық және т.б.). Табиғаттың сауықтыру күштері мен гигиеналық факторлар – студенттердің КҚДД-ның міндетті тәсілдері. Сондықтан, дене тәрбиесі процесінде студенттің суыққа, ыстыққа күн радиациясына және ауа температурасының кенет өзгерістері мен басқа да факторларға деген тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты студенттер дене тәрбиесі процесінде гигиеналық және қайта қалпына келтіру шараларына үйренеді. КҚДД –ның тиімділігін қамтамасыз етуші көмекші құралдарға көрнекі құралдар мен техникалық оқу құралдары жатады, оларды пайдалану болашақ еңбек ерекшеліктері мен студенттердің жаттығу тәртібін сәйкестендіруге ықпал етеді. 3. Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістері Дене тәрбиесі міндеттерін шешудегі маңызды рөлді жаттығу әдістері және оларды практикада қолдану білімдері мен біліктілігі арқылы маманның кәсіби тұлғасын едәуір дәрежеде анықтай түседі. Осы әдістерді жалпыланған түрде үлкен екі топтарға бөлуге болатыны баршаға мәлім: жартылай регламенттелген жаттығу әдістері және қатаң регламенттелген жаттығу әдістері. Бірінші топ екі әдістен тұрады: ойындық және жарыстық, екіншісі – қалғандары. Екінші топ өте кең түрде қарастырылғандықтан, көптеген жаттығу әдістерінен тұрады. Түрлі мамандықтар бойынша жоғары оқу орнындарының студенттеріне арналған КҚДД-н ұйымдастыру әдістері мен формаларын мамандар жасап шыққан, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынған. М.С. Эммерт, В.М. Шулятьев [5] «Мамандарды басқару» мамандығы бойынша оқитын студент қыздар үшін КҚДД келесі әдістер арқылы іске асырылды: ойындық, айналма және көрнекілік әсері бар үздіксіз және қатаң регламенттелген жаттығулар арқылы. КҚДД бойынша жасалған және сауықтыру кешенді бағдарламаларының негізі ретінде жалпы қабылданған кестелер мен оларды өткізу тұжырымдамаларын сақтауды қарастыратын сабақтар болып табылады. Сабақтардың құрылымы жалпы қабылданған сипатқа ие – дайындық, негізгі (аэробты және күш блоктары) және қорытынды бөлімдерге. Жалпы төзімділікті тәрбиелеуге сауықтыру степ-аэробикасы мен тренажер қондырғыларындағы сауықтыру жүгіру тәсілдері ықпал етті. Сабақтардағы жүктемелер аэробты жаттығуларды орындау қарқындылығының артуы орындалатын би композициялары күрделілігінің артуы есебінен өсіп отырды (жоғары үйлестіру күрделілігі элементтері, жоғары амплитудалы қимыл-қозғалыстар қосылып, орын алмасу қозғалыстары мен бұрылыстардың саны барған сайын артып отырды). Дәрігер-хирург Е.П. Гуктың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында келесі жаттығулар қосылған болатын. Арқасы мен аяқ бұлшық еттерінің статикалық төзімділігі бұлшық еттердің ұзақ уақыттық ширығуын талап ететін жаттығуларды орындау арқылы дами түседі. Оған аяқ пен арқа бұлшық еттерін дамытуға бағытталған жалпы дамыту жаттығулары енді, қозғалмалы ойындардың эстафеталары, хоккей элементтері (төменгі тұрыста және шынтақ бүгілісінде клюшка арқылы конькимен сырғанау), футбол элементтері (доп лақтыру, алысқа лақтыру). Кеңістік және күш дифференциясының нақтылығы әр түрлі заттар арқылы нақтылыққа жаттығу негізінде қалыптасады (теннис доптары, клюшкалар, гимнастика таяқшалары, секірме жіптер). Қимыл-қозғалыс үйлесімі мен тепе-теңдікті сақтауды жетілдіру жаттығулары, хоккей мен футбол элементтері қолданылды (алып жүру, беру, лақтыру, қақпаға дәл соққылау). Есте сақтау, қабылдау функциясы, көру айырмасының жылдамдығы, спорт ойындарымен шұғылдану барысындағы жүйке процестерінің қозғалмалылығы (хоккей, футбол), сонымен қатар түрлі орын ауыстырулар арқылы гимнастикалық жаттығуларды орындау барысында [6, 11 б.]. Н.Т. Иванов өткізген зерттеу нәтижелері бойынша талапкер-ұшқыштардың дене дайындығы мен жүйке-эмоциялық жағдайының динамикасы тыңдаушылардың жылдық оқу циклінде функциялану тәртібі ерекшеліктерін ескеру арқылы оқу процесін кезең-кезең бойынша құруды қарастырады. Бірінші кезеңде жалпы дене дайындығының міндеттері келесі тәртіптер бойынша шешіледі: оқытуға бейімдеу(қыркүйек-қазан), дене сапаларын коррекциялау (қараша) және емтихан сессиясы кезінде жоғары жүйке жүктемелерін коррекциялау (желтоқсан-қаңтар). Екінші кезеңде маңызды кәсіби сапаларды және жоғары жүйке жүктемелерін дамыту (ақпан-сәуір) мен жетілдіру тәртібі арқылы (мамыр-маусым) арнайы дайындық міндеттері шешімін табады. Жалпы дене дайындығы кезеңдерінде функцияланудың түрлі тәртібі арқылы келесі дене жаттығуларын қолдану мақсатқа сай іске асуы тиіс:
- жылдамдық арттыруға аралған жаттығуларға бейімделу кезінде;
- артта қалған сапаларды дамытуға арналған басым бағыттарды коррекциялау процесінде;
- емтихан сессиясы кезінде – төзімділікке арналған жаттығуларды орындауда [7, 21 б. ].
В.А. Гетман КҚДД бойынша үздіксіз бағдарлама жасауды ұсынды, оның мәні әдістемелік жұмысты рет-ретімен ашып көрсету арқылы ұсыныс жасауда болып табылады: 1. КҚДД жағдайларына, проблеманың теориялық өңделуіне, оқытушылар, студенттер, сонымен қатар дене тәрбиесі әдістері мен тәсілдерінің мүмкіндіктері мен шектелуі туралы алдын-ала көзқарастарға талдау жасау. 2. Жасау мақсаттарын қоя білу. Мақсат бүкіл жұмысты тұтастай алғанда (кәсіби бағдарланған дайындық – КҚДД) және алдағы уақытта болжанған «адымдар» үшін анықталуы мүмкін (бағдарламада және іс-әрекет барысында). 3. Осы кезеңнен кейін бағдарламаларды іске асырудың мүмкін болған оң және теріс салдарын талқылау көзделеді (басқа оқу бағдарламаларының орындалуына әсері, 3-5 курстарда КҚДД-ның жалғасуы және студенттің жеке өмірінің жекелеген ерекшеліктерінің өзгерістері). 4. Алынған мақсаттарды міндеттер блогына ауыстыру. Бұл жұмыс қолданыстағы әдістер мен тәсілдерге инвентаризациялау мен талдау жасауды көздейді. Іс-әрекет тәсілдерінің мақсаттарға сәйкес келуі барысында міндеттердің бағдарламалар мен жұмыс жоспарларына шартты түрде ауысуы мүмкін. Кездескен қиындықтардың тіркелуі проблемалардың блок-тізбесін анықтауға мүмкіндік береді (осы кезеңде қиындықтар мен проблемалар туындамаған жағдайда бағдарламалау процесі жұмыс жоспарын құрумен аяқталуы мүмкін). 5. Проблемаландыру – принципті қиындықтар мен дау-дамайлы жағдайлардың анықталуы (ЖОО-да оқытуды ұйымдастырудың қиындығы, КҚДД практикасындағы жасалынған бағдарламалардың қарама-қайшылығы). (Екінші «адымға» ауысу). 6. Кейінгі іс-әрекеттерді іске асыру жолдары мен нұсқаларын талқылау, проблемаларды типтік міндеттер жиынтығына ауыстыру (педагогикалық, әдістемелік, ұйымдастырушылық-басқарушылық). Соның ішінде ерекше міндеттер кешені түріндегі проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін жаңа әдістер мен тәсілдерді іріктеу барысы іске асырылады. 7. Міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін жұмыс жоспарларын құру. Жұмыс жүйесін жоспарлау (бағдарлама алдындағы шараларды және КҚДД бағдарламалары мен оларды іске асыру барысын жасау). Ұйымдастыру-қызметтік бағдарламалау бойынша жұмыстың жеке кезеңі КҚДД бағдарламасын жасау болып табылады. КҚДД мазмұнын жасауда ұйымдастыру-қызметтік бағдарламалаудың ұсынылған теориялық негіздерін пайдалану – оқыту мен тәрбиелеудегі икемделген қызмет пен кезеңдік технологиялық зерттеулер қажеттілігінің мүмкіндіктерін көздейді. Аталған көзқарас бағдарламаның дамытылған оқу мазмұнының жұмыс бағытын, студенттер мен оқытушылардың рефлексті ойлауы мен қарым-қатынасы дамуын анықтайды. Осы бағдарламалау принциптерін пайдалана отырып, студенттермен бірлескен жұмыс барысындағы КҚДД бағдарламаларын жасауға бағытталған дене тәрбиесі әдіскерінің басты көзқарасы анықталады [8, 9-10 б.].
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары, амалдары және әдістері Мақсаты – қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары, амалдары және әдістерін анықтау. Жоспар: 1. Қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары. 2. Қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдары. 3. Қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын анықтаңыз. 2. Қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдарын анықтаңыз. 3. Қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістерін анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктері. Мақсаты – жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары. 2. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын дәптерге жазыңыз. 2. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.2 Тақырып: Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдарын жүзеге асыру ерекшеліктері. Мақсаты – жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдарын жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдары. 2. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдарын жүзеге асыру ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдарын дәптерге жазыңыз. 2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп, қазіргі кезенде жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдарын жүзеге асыру ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.3 Тақырып: Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістерін жүзеге асыру ерекшеліктері. Мақсаты – жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістерін жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістері. 2. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістерін жүзеге асыру ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістерін дәптерге жазыңыз. 2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп, қазіргі кезеңде жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістерін жүзеге асыру ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1. Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастырудың жаңа формалары. 2. Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдары. 3. Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістері. 4. Нақты мамандыққа байланысты кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдарын анықтау. 5. Нақты мамандыққа байланысты кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістерін анықтау. 6. Қазіргі танда кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістеріне ғалымдардың көзқарасы. 7. Қазіргі танда кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдарына ғалымдардың көзқарасы. 8. Қазіргі танда кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларына ғалымдардың көзқарасы. Дәріс № 3 Маман моделі және оның кәсіптік-қолданбалы дене дайындықтың бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері
Жоспар 1. «Модель» және «модельдеу» деген ұғымдар. 2. «Маман моделі» шешу мәселелері. 3. Болашақтағы маманның «профессиограммасы». 4. Маманның кәсіптік-қолданбалы дене дайындықтың бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері
Әдебиет 1. Дахин А.Н. Педагогическое моделирование. М.:2001. – 230 с. 2.Комарова А.Д., Набатникова М.Я. Модельные характеристики юных спортсменов // Основы управления подготовкой юных спортсменов.- М.: Физкультура и спорт, 1982. - С.41-85. 3. Суходольский Г.В., Структурно- алгоритмический анализ и синтез деятельности.- Л.: ЛГУ,1976. – 120 с. 4. Верхошанский Ю.В. Программирование и организация тренировочного процесса. - М.: Физкультура и спорт, 1985. - 176с. 5. Марищук В.Л. Информационные аспекты управления подготовкой спортсменов. - М.: Физкультура и спорт,1981. -111 с. 6. Никитин И.В., Чернышев С.В. Моделирование и комплексное тестирование в оздоровительной физической культуры //Сб научн тр. /Под. общ ред. Сонькина В.Д. – М., 1991.- С. 161-164. 7. Новиков А.А., Кузнецов В.В., Шустин Б.Н. О разработке модельных характеристик спортсменов // Теория и практика физической культуры, 1976. - № 12. – С. 58-60 8. Корецкий В.М. Модель специалиста и профессионально – педагогическая деятельности //Теория и практика физической культуры, 1978. - №1. -С. 50-52. 9. Кузнецов В.В. Новиков А.А., Шустин Б.Н. Научные основы создания «моделей сильнейших спортсменов» //Проблемы современной системы подготовки квалифицированных спортсменов. – М.:ВНИИФК, 1975. - Вып. 2. – С. 24-26. 10. Селуянов В.Н. Научные и методические основы разработки инновационных спортивных педагогических технологий //Теория и практика физической культуры. – 2003. - №5. – С.9-12. 11. Ляхова В.В. Королёв Д.И., Павлов Д.А. Характеристика психофизической подготовленности будущих учителей как объективная основа моделирования их профессиональной готовности // Тезисы докладов V Всесоюзной научно- практической конференции . - Кировоград, 1991.-С.61-64. 12. Рыбачук Н.А. Модель подготовки современного учителя в процессе физического воспитания в педагогическом вузе нефизкультурного профиля // Теория и практика физической культуры. – 2002. - №12 - С. 5-8. 13. Тюленьков С.Ю., Зуев С.Н., Крылова Л. М. Технология преподавания физической культуры в вузах // Теория и практика физической культуры. -2001. - №5. – С. 50-56. 14. Рютина Л.Н. Методология научного поиска при определении содержания профессионально- прикладной физической подготовки студентов вузов железнодорожного транспорта // Теория и практика физкультуры. -2005. - № 4. – С. 45-47. 15. Иванов Г.Д. Научно-прогностический аспект интеграции вузовской профессионально-прикладной подготовки с современным производством //Вестник физической культуры. – 2001. - №2. - С. 50-54. 1. «Модель» және «модельдеу» деген ұғымдар Педагогикалық заңдылықтарды кез-келген зерттеу педагогикалық процестерді, құбылыстарды және нысандар жүйесін, олардың моделін құру мен үйрену жолымен, жаңадан конструкцияланған нысандарды құру тәсілдерін анықтау мен сипатын нақтылау және тиімділігін арттыруға арналған модельдерді пайдалану, оларды модельдеу болып табылады. Модельдеу – таным теориясының маңызды категорияларының бірі: кез-келген ғылыми-зерттеу әдісі модельдеуге негізделеді – ол теориялық (соның ішінде әр түрлі таңбалық, абстрактылы модельдер де) тұрғыдан да және тәжірибелік-эксперименттік (пәндік модельдерді пайдалану) тұрғысынан да маңызды болып келеді. Модельдеу – бұл «кей нысанның басқа нысандағы арнайы зерттеу үшін жасалынған сипаттамаларын қайта қалпына жаңғыртуы». Бұл соңғысы модель деп аталады[1]. Модель дегеніміз – кесте, физикалық конструкция, таңбалық формалар немесе формулалар зерттелінген нысанға (құбылысқа) ұқсас болғандықтан, қарапайым да дөрекі түрдегі осы элементтер арасындағы құрылымды, сапаны, өзара байланысты және қатынасты бейнелейді және қайта жаңғыртады [1, 17 б.]. Модель – түпнұсқа құрылымын қарапайымдандыра түседі, аса маңыздыдан шеттей отырып, ол «құбылыстың жалпылама бейнесі, практикалық тәжірибенің абстрактылы жалпылануы нәтижелерінің нысанды және эмпирикалық білімдер туралы теориялық көзқарастарының қатынасы» ретінде қызмет атқарады [1]. Зерттеушіні қызықтыратын модель мен нысан арасында белгілі ұқсастықтар болуы тиіс: 1) нысан моделінің дене сипаттарының ұқсастығында; 2) модель және нысан іске асыратын функцияның ұқсастығында; 3) тәжірибе мен оның моделінің «мінез-құлқын» математикалық бейнелеу теңдестігінде. Кез-келген жағдайда модель өзінің рөлін тек нысанға сәйкес келу деңгейіне қатаң түрде жеткен де ғана орындай алады. Ғылыми зерттеу барысында біз өз назарымызды зерттеушілердің негізінен модельдерді конструкциялау кезінде құрудың келесі принципіне арқа сүйейтініне аудардық [ 2,3]:
- барлық күштерді интеграциялау, дене, психикалық және рухани-адамгершілікті денсаулықты қамтамасыз ететін жағдайларда оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатында оқу орындарының барлық құрылымдық салаларының органикалық тұтастығын сақтау;
- гуманизациялау, әрбір оқушының жеке тұлғасына қоғамның жоғары әлеуметтік құндылығы ретінде назар аудару, жоғары интеллектуалдық, моральдік дене сапасы құндылықтарына ие азаматтылықты қалыптастыруға қондырма жасау;
- Оқыту мен тәрбиелеуді дифференсациялау мен жеке даралау, әрбір оқушының қабілетінің толық көрінуі мен дамуына арналған жағдайлар жасау;
Дене тәрбиесін басқару жүйесінде дайындықтың түрлі жақтарын модельдеу барған сайын кеңінен тарап келеді. Модельдік көрсеткіштер сабақтардың бағыттылығын анағұрлым дұрыс анықтауға мүмкін береді және сол арқылы оқу-жаттығу процесінің тиімділігін арттырады. Модельдеуге қажетті сандық және сапалық көрсеткіштерді тексеру, тестілеу, түрлі эксперименттер, эксперт-сарапшылардың Берген бағасы мен және т.б. арқылы алуға болады. «Модель» деген ұғымның өзі дайындықтың белгілі бір деңгейіне жетуді көздейтін түрлі параметрлер жиынтығынан тұрады [4]. Спорт практикасында «модельдеу» термин сөзінің түрлі түсіндірмелерін кездестіруге тура келеді, сондықтан оларды спорт практикасында пайдалану барысында түрлі көзқарастарға ие болдық. Қазіргі әдебиеттерде «модельдеу» ұғымына жақын терминдер жиі кездеседі: «бақылау нормативтері», «сапалар мен қабілеттердің бақылау көрсеткіштері», «жарыс қызметінің бақылау нормативтері», «нормативті көрсеткіштер», «модельдер», «дайындық көрсеткіштері». Әдебиеттерде «модельдік сипаттамалар» термині басқаларға қарағанда жиі кездеседі. Модельдердің көптеген түрлері өздерінің белгілері бойынша классификациялануы мүмкін.
Түпнұсқаны ұсыну тәсілі бойынша модельдер болуы мүмкін:
- түпнұсқаны, оның құрылымын және функциясын сөзбен бейнелеуден тұратын ақпараттық модель. Ақпараттық модель деп жаттығу сабағының мазмұнын немесе спортшының қимыл-қозғалысын бейнелеу болып табылады:
- Сызу арқылы, сызба, сурет түріндегі түпнұсқа бейнесі;
Кестелер. Осындай модель ретінде, мысалы команданың, спорттық ұжымның құрылымын көрсететін кестені атауға болады;
- математикалық – бұл негізінен математикалық формулалар немесе теңдеулер, олардың көмегі арқылы бір немесе бірнеше параметрлердің басқалардан немесе бірнеше басқаларға тәуелділігі анықталады; онда олардың бірі аргумент болса, екіншісі функция болады. Мысалы, осындай модель түрінде спортшының күші мен оның денесінің массасы арасындағы байланыстылық жазылуы мүмкін:
F= aw 2/3 болса
F - күш, w- өзіндік масса,
а – қол жеткен нәтижелер деңгейін сипаттайтын константа.
Модельдерді түпнұсқаны ұсыну толықтығы деңгейі бойынша айырады:
- толық (түпнұсқаның барлық негізгі сипаттамаларын қайта жаңғыртады);
- жалпылама (түпнұсқаның жалпылама сипаттамасынан тұрады);
- жекелеген (түпнұсқаның белгілеріндегі топтың бірін бейнелейді) [5] .
2. «Маман моделі» шешу мәселелері «Маман моделі» проблемасы дене шынықтыру мамандарын дайындау жүйесін жетілдірудің барлық проблемаларындағы бастапқысы болып табылады.Қарастырылып отырған мәселелер бойынша қолда бар әдеби мәліметтер, спорттағы педагогикалық практикалар тәжірибесі және біздің алдын-ала жүргізген зерттеулеріміздің нәтижелері «маман моделін» күрделі құрылымдық сала деп бағалауға мүмкіндік береді[6]. «Маман моделі» проблемасын шешу барысында алғашқы орындардың біріне маман қызметі мен оның орындайтын функциясының міндетін, мазмұны мен құрылымын анықтау шықты. «Маман моделі» деп, белгілі бір уақыт аралығында белгілі құжатнамалар арқылы бекітілген болуы тиіс маман бейнесі түсіндіріледі, яғни белгілі бір уақытқа қатысты маман туралы көзқарастар жиынтығы логикалық, сызбалық, математикалық байланыстылық пен бейнелеулер түрінде білдіріледі. Базалық модель синхронды және диахронды түрде жасалып, ақпараттық сипатқа ие болады. Келешектік (жобаланған) модель болашақ маман жұмыс істеуі тиіс адам қызметінің сол бір саласында болжау негізінде жасалады[7]. Жобалау барысында үш кезеңді атап көрсетуге болады. Бастапқы кезең жұмыс істеуі тиіс қызмет саласында мұқият үйрену болып табылады, жекелей алғанда мамандық құрылымы ( мамандық шеңберіндегі жекелеген нақты маманданулар), оның сипаты функционалдық міндеттері, сыртқы факторлардың әсері, басқа мамандықтармен салыстырғанда әлеуметтік тұрғыдан беделділігі. Осылардың барлығын қорыта келе біз мамандықтың қалыптасқан элементарлық моделіне ие боламыз. Модельдеудің екінші кезеңінде бұл проекция маманның жоғары деңгейде қызмет етуіне қажетті сапаларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл сапалар ақыл-парасат, ерік, адамгершілік, дене тұлғасының, психикалық сапалары мен мінез қырларынан және т.б тұруы мүмкін (маманның өзінің элементарлық моделі). Соңында, яғни қорытындылау кезеңінде болашақ мамандықтардың пайдасы үшін осы сапаларды қарастыратын әдістер мен тәсілдер жүйесін жасау қажет (дайындық жүйесі, оның элементарлық моделі). Модельдеу барысында жүйелі талдау, жалпылау, байқау, сауалнама жүргізу, тестер, суреттеу, рейтинг, өлшеу және т.б. [8,19]. В.Н. Селуянов [10] дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі -эмпирикалық ғылым деп санағандықтан, ол өзінің жұмысын спорттың жасанды ортасын объективті шынайылық ретінде құру кезінде өзінің дамуын тоқтатқандығын монографиялар мен оқулықтарда көрсете білген. Сондықтан дене шынықтыру саласында жаңа ғылыми және әдістемелік бағыттар жасау қажет. Ол жаңа ғылыми-әдістемелік бағыт – спортологияны дамыту қажеттілігін ұсынады. Спортология – дене тәрбиесі мен спорттың инновациялық технологиясын жасау туралы ғылым. В.Н. Селуянов спортология шеңберінде ғылыми және әдістемелік тұстарды дамыту жақтарын ұсынады. Ғылыми спортология зерттеу объектісі ретінде адамды (спортшыны) қарастырады және дене тәрбиесінің инновациялық технологиясын іске асыру нәтижесінде түрлі ткандер клеткасындағы өзгерістердің жүйелік дәрежесінде зерттейді. Әдістемелік спортология өз алдына дене тәрбиесі мен спорттың жасанды нысандарын, әдістері мен тәсілдерін, технологияларын жасау мен зерттеу (мысалы, тренажерларды) мақсаттарын қояды. Жаңа педагогикалық әдістерді жасауға арналған тетік ретінде ағзаның ақыл-парасатты немесе компьютерлік модельдерін пайдалану арқылы имитациялық модельдеу қызмет етеді. Имитациялық модельдеу көмегімен алға қойылған мақсаттардың шешімін табатын дене жаттығуларын орындаудың анағұрлым тиімді нұсқалары айқындалады[ 10, б.11]. Маманның базалық, кәсіби моделі негізінде маман формуласы жасалуы тиіс болатын, ол дене дайындығының әдістерін, тәсілдерін, түрлерін, бағыттылығын, индикаторлық белгілерін және тұлғаны бағалау әдістерін, дене, психологиялық және психофизиологиялық сапаларын, кәсіби сенімділігі параметрлерін, динамикалық денсаулығы мен кәсіби ұзақ өмір сүруін болжауды алдын-ала анықтаған болар еді[11]. Н.А. Рыбачук педагогикалық жоғары оқу орындарында дене шынықтыру бойынша қазіргі мұғалімдердің сабаққа дайындық моделін жасауға тырысып көрді. Оның зерттеу идеясы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің дене шынықтыру бейініне жатпайтын білімдерді, біліктіліктерді, денсаулық педагогикасының дағдылары мен оларды оқытудың глобальдік процесіне енгізуді меңгеру мүмкіндігін дәлелдеуден тұрады. Бұл дегеніміз түрлі типтегі білім мекемелерінің педагогикалық кеңістігіне қатысушылардың барлығының денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [12, б.5 ]. С.Ю. Тюленьков, С.Н. Зуев, Л.М. Крыловтардың пікірінше, дене шынықтырудың жоғары оқу орнының оқу пәні ретіндегі даму болашағы кафедралардың халық шаруашылығы саласына бітірушілердің психофизикалық дайындық моделін жасау жолы арқылы мамандар сапасын арттыру және оны одан ары жетілдіруге бағытталуы болып табылады. «Кәсіби психофизикалық дайындық» ұғымы өз құрамында келесі мәселелерді қарастырады: жеткілікті кәсіби жұмыс қабілетін; жедел өзгеріп отыратын өндірістік және сыртқы орта жағдайларына өз уақытында бейімделу үшін ағзаның дене және функционалдық қызметтерінің қор мүмкіндіктеріне қажеттілігінің болуы; адамның дене, психикалық және рухани мүмкіндіктеріне негізделген мақсатқа жету үшін берілген уақыт шегінде және мотивациясының болуын толық қалпына келтіретін қабілетінің болуы. Қазіргі кәсіби қызмет адамнан терең теориялық білімдерді ғана талап етіп қоймай, оған қажетті арнайы психофизикалық дайындықты да қажет етіп отыр. Сондықтан, жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған жоғары оқу орнын бітірушінің психофизикалық үлгісін іс жүзінде жасау және оны іске асыру, еңбектің жаңа жағдайларына жедел бейімделу, жоғары кәсібилікті, бәсекеге қабілеттілікті меңгеру – дене тәрбиесі кафедрасы қызметінің соңғы нәтижесіне байланысты шешімін табуы тиіс мәселелердің бірі болып табылады[13]. Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы мамандарды жоо-ларда тиімді түрде тәрбиелеу үшін талапкерлерді өзін ақтай білген психофизикалық іріктеу негізінде кәсіби маңызды сапаларды (КМС) талап ететін базалық тізбелер негізі ұсынылды. КСМ парадигмасы - халық шаруашылығын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету, кәсібилендіру процесінің құрылымдық қызметі мен бағыттылығы, мазмұндылығы арасындағы жоғары сәйкестікке қол жеткізу болып табылады. ЖОО бітірушілерін кәсібилендіру процесін басқаруды ұйымдастырудың концептуалдық тұжырымдамаларын қалыптастыру міндеті саланың қазіргі күйінен шыққан талаптардан ғана тұрмайды, сонымен қатар оның даму болашағы маманның жеке дара сапаларының барлық жиынтығын іске асыру барысында ғана шеше алуы мүмкін. Бұның өзі қызметтің белгілі бір модельдері бойынша кәсіби дайындық пен мамандану ізбе-ізділігінің базасы ретінде қызмет атқарады. Осындай модельдер мамандықтың барлық жақтарының ішкі байланыстар құрылымын толық және жан-жақты түрде көрсете білуі тиіс. КМС-ды атап көрсету үшін белгілі бір мамандықтар мен лауазымдық санаттарға қажет:
- негізгі КМС-ды негіздеу және кәсіби дайындықтың нақты критерийлерін анықтау;
- қызметтің негізгі кезеңдеріне сәйкес келетін біліктілік сипаттамасының негізгі блоктоарын атап көрсету;
- нақты маман немесе лауазымдық тұлғаның кәсіби қызметін қамтамасыз ететін маңызды біліктілік категориясын атап көрсету арқылы оларды классификациялау.
Нормаланған КМС-дан тұратын мамандықтар профессиограммасы маман моделін ұсынады және осы қызсметке сәйкелетін адамның кәсіби қызметнің сипаты мен шарттарына қойылатын талаптарды көрсете біледі, сондықтан да студенттердің ЖОО-да кәсіби түрде дайындауды іске асыруға негіз болып табылады[ 13, б.55 ]. 3. Болашақтағы маманның «профессиограммасы» Л.Н. Рютинаның пікірінше «Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығу теориясы мен әдістемесінің қазіргі жағдайы жоғары оқу орнының типтік оқу бағдарламасы шеңберінде адамның практикалық тұрғыдан алғанда дене және психофизиологиялық сапаларын дамыту мен жетілдіру үшін, маманның өндірістік операциялардың кең ауқымды саласы үшін іске асыруға мүмкіндік береді. Маманның кәсіптік-қолданбалы дене дайындығындағы (КҚДД) бұл бағыт өз құрамында білім компонентімен қоса (теориялық және әдістемелік көзқарастар мен білімдердің қажетті минимумын) өзінің шынайы болашақ кәсіби қызметіне бейімделген қажетті қолданбалы дайындық пен маман тәрбиелеуден тұруы тиіс...». Жоғары оқу орнындағы КҚДД-ын тиімді ұйымдастыру мәселелері алдымен болашақ маманның кәсіби мамандықтар қатары бойынша еңбек қызметіндегі өзгешеліктер мен мазмұнының ғылыми негізделген сипаттамасының, олардың көп түрлі профессиограммасының, әсіресе шынайы өндірістік жағдайларда РТЖ маманының КҚДД мазмұнын анықтайтын жұмыс параметрлері бойынша мүлде болмауынан тұрады. Темір жол мамандығы бойынша оқитын студенттердің КҚДД–ын қамтамасыз етуге арналған профессиограммалар жүйелі көзқарастар принциптері арқылы нақты еңбек қызметін жан-жақты үйрену негізінде құрастырылады. Профессиограммаларға келесі талаптар қойылады: (3 сурет)
- нақты мақсаттың болуы (мамандар дайындау, біліктілікті жетілдіру, ЕҒҰ кәсіби бағдары және т. б.);
- суреттелген құбылыстардың лайықты бейнеленуі;
- түрлі мамандықтарды салыстыруға мүмкіндік беретіндей стандарттық құрылым, дәл анықталатын, салыстырмалы түрде өзіндік кіші жүйелер мен блоктар;
- біркелкі терминдер, ұғымдар мен анықтамалар арқылы суреттелінген бірдей тіл;
- бұрынғының негізінде дамуға, жетілуге және қайта туындауға қабілетті бейінді профессиограмма жасау;
Осы ережелерге сәйкес профессиограмма белгілі бір ретпен 4 блокқа топтасқан 19 тараудан тұрады. Бірінші блоктың тараулары маманның еңбек қызметінің нақты бейінінің бағытын бейнелейді және мамандарды мақсатты түрде дайындаудың бастамасы болып табылады. Екінші блок нақты бейін бойынша еңбек қызметінің құрамын, жағдайларын, регламентін және басқа жақтары мен ерекшеліктерін сипаттайтын тараулардан тұрады. Осы блоктың материалы оқыту кезінде, кәсіби бағдар беру мен кәсіби диагностикалау өткізуге дайындау барысында дайындық мазмұнын анықтауға арналған негіз болып табылады. Үшінші блок тарауларының мазмұны мамандарға қойылған талапты бейнелейді және мамандардың қандай іскерлік жеке сапаларға ие болуы керектігімен, қандай жалпы және арнайы білімдерге ие болып, еңбек қызметінің міндеттерін шешуге арналған қандай кәсіби біліктіліктер мен дағдыларды меңгергендігімен таныстырады. Төртінші блокта мамандар дайындалатын орындар, оларды пайдалану мен біліктілігін арттыру мүмкіндіктері, кәсіби бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында және кезеңдер бойынша аттестаттау үшін көрсетіледі. Профессиограмманың ұсынылып отырған кестесінен бірінші және екінші блоктың материалдары осы бейіндегі мамандықтың біліктілік сипаттамасына негіз бола алады; бірінші және үшінші блоктың материалдары оқу жоспарын қалыптастыруға арналған база бола алады; үшінші блоктың негізінде оқу пәндерінің бағдарламалары құрастырылады, білім алушыларға қойылған сынақ және емтихан талаптары белгіленеді. Сондықтан, мамандық профессиограммасының құрылымы бүкіл жүйенің байланыс компоненті болып табылады. 1. Еңбек қызметінің бағыты: мамандардың лауазымдары, еңбек мақсаты, еңбек нысаны, еңбек пәні, маманның міндеттері мен қызметтері. 2. Еңбек қызметінің сипаты: құрамы (сипаттамалық жақтары, бірыңғай операциялары, еңбек қызметтері), еңбек жағдайлары (орны, уақыты, ұйымдастыру, материалдар, регламенттеу, құрал-жабдықтар, формалар және т.б.); еңбек процесінің негізгі жақтары (сипаты, ерекшелігі, күрделілігі ); еңбек процесінің дене, психологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктері (психикалық және психофизиологиялық процестердің өту дәрежесі, ақыл-ой және дене қуатының шығындары, психикалық, психофизиологиялық және қызметкердің дене сапаларына қойылатын талаптар); кәсіби зияндылықтар (еңбек қызметінің орындалуын қиындататын және қызметкердің жағдайына жайсыз әсер ететін факторлар). 3 Мамандарға қойылатын талаптар (мазмұны, кәсіби дайындығы): маманның іскерлік және жеке сапалары; іргелі және арнайы тағайындаулар; кәсіби біліктіліктері, еңбек дағдылары; арнайы дайындық; кәсібіне көрсетілген қарсылықтар. 4 Мамандарды дайындау мен пайдалану, мамандықтарды сабақтастыру мүмкіндіктері; маман кадрларды дайындау мекемелері; біліктілік арттыру формалары [14 , б.45-46]. КҚДД-ның құрылымдық мазмұнын анықтауда екі негізгі ұйымдастырушы-әдістемелік көзқарастар негізге алынды. Біріншісі психофизиологиялық және дене критерийлері мен мамандық топтарының бірдей немесе ұқсас жағдайлары бойынша зерттеуден тұрады. Екінші көзқарас адам ағзасына, оның дене сапалары мен қызметтік мүмкіндіктеріне (биікке өрмелеуші, су асты жүзгіші, ғарышкер және т.б.) өзіндік ерекше талаптар қоя білетін нақты (жекелеген) мамандықтың еңбек жағдайларын терең де кешенді зерттеу арқылы сипатталады.
1. Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыруда жоғары оқу орнындағы КҚДД-ның және қолданбалы дене шынықтыруды өндірістік дене шынықтыру жүйесіне Іс-әрекет саласы
Мамандарды классификациялау
Мамандықтар профессиограммасы
Оқу жоспарлары
Бағдарламалар
Біліктілік сипаттамасы
Мақсатты дайындық
Мамандарға тапсырыс беру
Өзіндік
Оқу
Өндірістік практика
Қамқорлық жұмысы
Академиялық сабақтар
Курс және диплом жұмыстары
Жас мамандарды бөлу
Стаждан өту
Біліктілікті арттыру
Аттестаттау
Еңбек қызметі
Сурет 12 - Маман профессиограммасын қалыптастыру кестесі
КҚДД-ның теориялық-әдіснамалық негіздерінің маңызды элементі ретінде студенттердің дене дамуының, қозғалыс дайындығының және қызметтік жай-күйінің бағалау критерийлері болып табылады. Көптеген жағдайларда бағалау критерийлерін жасау адам ағзасының қызметтік және даму оптимумын көрсетуге қатысты нормастатистикалық параметрлерді анықтаумен байланысты. Г.Д.Ивановтын [15] пікірі бойынша, жоғары оқу орнының КҚДД-ның қазіргі өндіріс және қоғаммен интеграциясы қажет-ақ. Сондықтан ол келесі бағыттарды атап көрсетеді: қосу, еңбекті қорғау және ғылыми ұйымдастыру арқылы рөлін арттыру. Соған байланысты өндірістік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы-әдіскерлерді қайта дайындау, жоо бітірушілері есебінен қоғамдық негіздегі нұсқаушыларды дайындау мәселесі туындап отыр. 2. КҚДД тәсілдері есебінен студенттердің қозғалыс белсенділігі мен өндірісте жұмыс істеушілердің қозғалыс белсенділігі қорларын кеңейту. 3. Мамандықтардың біліктілік сипаттамасындағы КҚДД-ның нормативті талаптарын жасау, ғылыми негіздеу және іске қосу 4. КҚДД жүйесінде дене шынықтырудың жаңа және дәстүрлі емес тәсілдерін пайдалану 5. Кәсіби дене шынықтыру мәселелерін кәсіпорындардың ұжымдық шартына енгізу 6. Мамандардың қазіргі өндірістік жағдайларға кәсіби жарамдылығы бойынша нормативтік критерийлерін жасау 7. КҚДД-н негіздеу студенттер мен өндірісшілердің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру факторы ретінде 8. Дене шынықтыру-білім беру арнайы семинарлары мен қолданбалы мазмұндағы бағдарламаларды жасау мене іс жүзіне енгізу; 9. КҚДД мен қолданбалы дене шынықтырудың экономикалық маңыздылығын негіздеу; 10. Кәсіпорындар мен жоо-лар арасында мақсатты түрде мамандар дайындау келісімдеріне бітірушілердің дене дайындығы мен денсаулық жағдайына байланысты талаптарды іске қосу; 11. Қазіргі жағдайларда кәсіпорындарда қолданбалы дене шынықтыруды дамытуды және оның экономикалық тиімділігін бағалау тәсілдерін басқару негіздерін жасап шығу; 12. Еңбек жағдайларын оңтайландыру мен мен оның өнімділігін арттыру үшін қолданбалы дене шынықтыру тәсілдерін пайдалану қажеттілігі туралы ебек заңнамасына ұсыныстар енгізу; 13. Келесі міндеттерді шешуге бағытталған кәсіпорындарда бұрын болған дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары немесе психологиялық демалыс бөлмелерін қайта жаңғырту:
- еңбек процесі мен ол аяқталған кезде жалпы және кәсіби жұмыс қабілетін қайта қалпына келтіру;
- еңбектің зиянды факторлары мен кәсіби зияндылық әсерінің алдын алу;
- кәсіби маңызды және психикалық сапалар мен қозғалыс дағдыларын жоғары деңгейде дамыту мен қолдау; қайта қалпына келтіру[ 115, б.53 ].
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Маман моделі және кәсіптік-қолданбалы дене дайындық бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері. Мақсаты – маман моделі және кәсіптік-қолданбалы дене дайындық бағдарламасын құрастыру ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. «Модель», «модельдеу» деген ұғымдар, олардың арасындағы байланыс. 2. Маман моделі және оның ерекшеліктері. 3. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. «Модель», «модельдеу» деген ұғымдар, олардың арасындағы байланысын анықтаңыз. 2. Маман моделі және оның ерекшеліктерін анықтаңыз. 3. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының бағдарламасын құрастыру ерекшеліктерін анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: «Модель», және «модельдеу» деген ұғымдардың ерекшеліктері.
Мақсаты –«Модель» және «модельдеу» деген ұғымдардың ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар: 1. «Модель» деген ұғымның ерекшеліктері.
2. «Модельдеу» деген ұғымның ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. «Модель» деген ұғымның ерекшеліктерін дәптерге жазыңыз. 2. «Модельдеу» деген ұғымның ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.2 Тақырып: «Маман моделі» ұғымының мәселелері.
Мақсаты: «Маман моделі» ұғымы мәселелерінің ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар: 1. «Маман моделі» ұғымы.
2. «Маман моделі» ұғымы мәселелерінің ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. «Маман моделі» ұғымын дәптерге жазыңыз. 2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп, қазіргі кезеңде «маман моделі» ұғымы мәселелерінің ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.3 Тақырып: Болашақтағы маманның профессиограммасын құрастыру ерекшеліктері. Мақсаты – болашақтағы маманның профессиограммасын құрастыру ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар: 1. Болашақтағы маманның профессиограммасы. 2. Болашақтағы маманның профессиограммасын құрастыр ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Болашақтағы маманның профессиограммасын дәптерге жазыңыз. 2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп, қазіргі кезеңде болашақ маманның профессиограммасын құрастыру ерекшеліктерін анықтаңыз.
СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1. «Модель » деген ұғымның ерекшелігі. 2. «Модельдеу» деген ұғымның ерекшелігі. Оны құрастыру жолдары. 3. «Маман моделі» құрастыру жолдары. 4. «Профессиограмма» деген ұғым. Оны құрастыру жолдары. 5. Дене шынықтыру мұғалімінің болашақтағы маман «профессиограммасы». 6. Маманның кәсіптік-қолданбалы дене дайындық бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері. 7. Қазіргі танда ««Профессиограмма» деген ұғымға ғалымдардың көзқарасы. 8. Қазіргі танда ««Маман моделі» деген ұғымға ғалымдардың көзқарасы. Модуль № 3 «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері және оны студенттердің әртүрлі болашақ мамандықтарының кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолдану Дәріс № 1 «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері және оны студенттердің кәсіптіқ-қолданбалы дене дайындықта қолдану
Жоспар 1. «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері 2. Айналма жаттығуды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемелік еркшеліктері 3. Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіптіқ-қолданбалы дене дайындықта айналма жаттығу әдісің қолдану еркшеліктері
Әдебиет 1. Гуревич И.А. 1500 упражнений для моделирования круговой тренировки. - Минск: Высшая школа, 1980. – 120 с.
2.Шолих М. Круговая тренировка. – М: Физкультура и спорт, 1986. – 150 с. 3. Чунин В.В. Организация и методы круговой тренировки // Теория и практика физической культуры. 1971. - №7. – С. 24-29. 4. Ахметов К.Е. Методическое пособие по организации и проведению круговой тренировки в учебном процессе. -Петропавловск: Северо-Казахстанский университет, 1996. – 33с. 5. Романенко В.А., Максимович В.А. Круговая тренировка при массовых занятиях физической культурой. – М.: Физкультура и спорт,1986. – 143с. 6. Гуревич И.А. Круговая тренировка при развитии физических качеств. -3-е изд., перераб. и доп. –Минск: Высшая школа,1985. - 256 с. 1. «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері И.А. Гуревич пікірінше [1], айналма жаттығу – дене сапаларын кешенді тәрбиелеу, оның негізінде іс-әрекет бойынша жүктемелерді есептеу мен реттеудің қарқындылығы мен бағыттылығы арқылы жоғары тестілеуді ескеру негізінде жекелей реакциясы мен жаттығу тиімділігі жатыр. Ол шұғылданушыларды өзіндік ойлануға үйретіп, дене қабілеттерін дамытуға, қозғалыс қимылдарының құрылымы жағынан спорттық немесе өндірістік қызметке жақын болғандықтан, олардың алгоритмдерін жасайды. Оның оқыту мен тәрбиеленудің жеке даралануын қамтамасыз етуі, дене дайындығы үшін жоспарланған уақытты тиімді пайдалануы, спорттық мүліктер мен құрал-жабдықтардың ең аз деген санымен оларды жоғары дәрежеде пайдалана білуі, немесе қолда бар мүліктер мен құрал-жабдықтарды тиімді жарата білуі ең маңызды шара болып табылады. Айналма жаттығуларды енгізу процесінде оқытушы немесе жаттықтырушы оқушыларға нақты іс-қимыл бағдарламасын табыстайды, оның орындалуын бақылайды, орындалған бағдарламаға баға қояды, қажет болған жағдайда түзейді, жекелеген жаттығуларды нақтылайды немесе оқушылардың қимылдарын ретке келтіреді. Оқушылар өз кезегінде тапсырма алады, оны орындайды. Олардың жұмыс сапасы ауызша және жазбаша түрде бағаланады.Айналма жаттығуды жүргізу барысында оқытушының оқушыларға бере алатын ақпаратының әдіс-тәсілі мен реті анықталуы тиіс. Бұл арқылы бағдарламалап оқытудың маңызды компоненті болып табылатын тура және кері байланыс жасау туралы айтылып отыр. Айналма жаттығу көмегімен дене дайындығы моделін жасау бойынша оқу материалын өңдеу тиімді болар еді, егер оқытушы мен жаттықтырушы оқушылардың дене дамуы мен дайындық деңгейі және дәрежесі туралы алдын-ала мәліметтерге ие болса. Оқытушының маңызды міндеттерінің бірі – бір жағынан, арнайы кешендерді модельдеу мен алгоритм шарттарын орындаудан тұрса, басқа жағынан алып қарағанда – оқушылардың өзбетінше қызметін ұйымдастыра білу біліктілігінен және оны дене тәрбиесі сабақтарында басқарудан тұрады. Айналма жаттығу барысында алгоритм шарттары деп, салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығындағы қозғалыс сапаларының жылдам дамуын қамтамасыз етуші, берілген уақыт интервалында бейнелі түрде іріктелген және жинақталған нақты жаттығуларды қатаң түрде орындау деп түсініледі. Дене тәрбиесі сабақтарында жас ағзаларды дамытуға, оқушылардың болашақ еңбек қызметіне қажетті денсаулықты нығайтуға, кәсіптік-қолданбалы дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар пайдаланылады[1, 5 б.].. Айналма жаттығуды ағылшын мамандары Р.Морган, Г.Адамсондар 1952-1958 жылдар аралығында жасап шықты. Оларға еш байланыссыз қалпында айналма жаттығу идеясына Б.Д. Фрактман да келген болатын. Айналма жаттығу әдістері мен принциптері өз кезінде ГДР мамандары М.Шолих [2], отандық оқымыстылар Л. Геркан, Х. Муртазин, М. Пейсахов, Г. Хачатуров, В.В. Чунин еңбектерінде өз көрінісін тапқан болатын. В.В. Чунин [3] айналма жаттығу тиімділігіне және ЖОО-дағы оқу процесін ұйымдастыруға салыстырмалы талдау жасай отырып, дәстүрлі формаларына жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесі тетіктерін жетілдіруде алғашқысының артықшылығын көрсете білді. Дене сапаларын дамыту принциптері бойынша топтастырылған: жылдамдық, күш, ептілік, икемділік, төзімділіктерден тұратын бір жарым мыңдай жаттығуларды И.А. Гуревич [1] ұсынды. Гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, спорт ойындары сабақтарының моторлық тығыздығын арттыру үшін И.А. Гуревич оларға айналма жаттығудың элементтерін немесе тұтас кешендерін енгізуді ұсынды. Дайындық бөлімі мен спорттық жетілдіру топтарына қатысты түрде жаттығу кешендері мен әдістемелік ережелердің күш-жылдамдық жаттығулары және ептілік пен төзімділікті дамытудың жоғары деңгейін талап ететін пәндер ұсынылған. Дәстүрлі түрдегі айналма жаттығу алғашқы сабақта топтарды құрудан және «бекеттердегі» жаттығулар кешенімен таныстырудан тұрады. Екінші сабақтарда уақытты есептеусіз және есептеу арқылы қайталаулардың ең жоғары саны анықталады. Одан ары қарай шұғылданушылардың жекелеген ерекшеліктері мен нақты міндеттеріне байланысты жоғарыдан ¼, 1/3, ½ -ге тең қайталаулар саны арқылы 1-3 дөңгеленуді іске асырады.
Дәстүрлі айналма жаттығу негізінде үш әдіс жатыр.
Үздіксіз-ағымдық, аздаған демалыс интервалы арқылы жаттығуларды бірге, бірінен кейін бірін орындаудан тұрады. Бұл әдістің ерекшелігі – жұмыс қуаттылығын (ең жоғарысы 60% қа дейін) арттыру мен бір немесе бірнеше дөңгелену арқылы жаттығулар санын арттыру негізінде бірте-бірте жекелеген жүктемелерді арттыру. Бір уақытта жаттығуларды орындау уақыты қысқарады (15-20 с дейін) және демалыстың ұзақтығы арта түседі (30-40 с дейін). В.В. Чуниннің пікірінше, бұл әдіс қозғалыс сапаларының кешенді дамуына ықпал етеді. Ағымдық-интервалдық, техникасы бойынша қарапайым жаттығуларды 20-40 секундта орындауға негізделгендіктен (ең жоғары қуаттылықтың 50%-дай), әр бекетте ең аз демалады. Оның мақсаты – бақылау уақытын 1-2 айналмаға азайту. Бұл тәртіп жалпы және күш төзімділігін арттырады, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерін жетілдіреді. Қарқынды-интервалдық, шұғылданушылардың дене дайындығының арту деңгейі арқылы пайдаланылады. Оның тапсырмаларының қуаттылығы ең жоғарысының 75% құрайды және қарқындылық пен жұмыс уақытының қысқаруы арта түседі (10-20 с дейін). Оның мақсаты – стандарты көлемі мен демалыстың уақыттық параметрлерінің сақталуы (40-90 с дейін) Бұл тәртіп жоғары және «жарылма» күшті дамытады. 30-40 с демалыс интервалы күш және жылдамдық төзімділігі жаттығулары нәтижелерінің өсуін қамтамасыз етеді. Дәстүрлі айналма жаттығулардың жоғары тиімділігі бірқатар кемшіліктерден де кем еемес. Оның кейбіреулері сол идеяның өзінде жатса, кейбіреулері ұйымдастыру-практикалық сипатқа ие. Мысалы дәстүрлі айналма жаттығу бір жаттығу сабағындағы қозғалыс сапаларын қалыптастырудың физиологиялық заңдылықтарын ескере бермейді, олардың қатаң дифференсациялаусыз кешенді түрде дамуын ғана қамтамасыз етеді. Бекеттерде жаттығулар орындаудың үздіксіз-ағымдық әдісі қалыпты демалыс уақытын (әр түрлі функционалдық мүмкіндік-тері арқылы бірдей шұғылданушыларға), мақсатқа сай деп тануға келмейді. 8-10 бекетте шұғылданушылардың үлкен контингенті ұйымдастырудың практикалық аспектінде қалыпты емес мүліктер мен құрал-жабдықтардың едәуір көп санын талап етеді. Бұл құрал-жабдықтарды түрлі жастағы, түрлі жыныстағы және дайындығы әр түрлі топтар арасында кеңінен пайдалана бермейді. Белгілі бір сабақтардың міндеттерінің өзгеруі олар өткізілетін орындардағы құрал-жабдықтардың орын ауыстыруын қажет етеді. Сабақтарды өткізетін уақыт факторы да маңызды факторлардың бірі болып табылады. 80-100 адам шұғылданатын кездерде шұғылдану уақыты 2,5-3 сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін, бұл дене шынықтырудың көпшілік формалары үшін шындыққа сәйкес келмейді. Бұл кемшіліктер түрлі санаттағы еңбекшілердің дене дайындығы барысында түрлі айналма жаттығудың дәстүрлі формаларын кеңінен енгізуге кедергі жасап отыр [3, 25б. ]. И.А. Гуревич ұсынған кесте бойынша (сурет 13), мұғалім мен оқушы арасындағы басқаруға қолайлы тұтас тұйық жүйе жасайтын тура және кері байланысқа ие бағдармаланған айналмалы жаттығуды ұйымдастыру уақытындағы өз байланыс моделі көрсетілген. Тура байланыс оқушыға бекеттік карточка-тапсырмаларда көрсетілген жаттығу және орындау тәсілдері туралы ақпараттарды беру үшін арналған. Ал кері байланыс оқытушыға оқушының жаттығуларды меңгеру дәрежесі туралы ақпараттарды алуы үшін, сонымен қатар айналма жаттығу кезінде оған ішкі және сыртқы ортаның әсерін білу үшін қажет. Мәтінді және бейнелі кестелі ақпараттармен бағдарламаланған бекетті плакаттар жасау және оларды орналастыру мен сақтау тәсілдерін анықтау. Қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты дене сапаларын артықшылықпен дамыту қажеттілігі бірқатар ғылыми зерттеулер арқылы дәлелденген. 14 суретте айналма жаттығу барысында күш, жылдамдылық, төзімділіктердің өзара байланысы және ептілік пен икемділіктің дифференсациялануы көрсетілген. Айналмалы жаттығу әдісін қолдану арқылы дене дайындығының түрлі үлгісін жасау барысында қажет шарттар:
- дене қабілеттерін дамытуға кезекті мақсаттарын анықтау мен олардың оқытудағы нақты дамуы кезеңдерін белгілеу;
- жаттығуларға терең талдау жасау, олардың оқу-жаттығу материалдарымен өзара байланысын анықтау, сонымен қатар жекелеген жаттығулардың белгілі бір дағдылары мен біліктілігінің оң және теріс алмасуын есте сақтай білу;
- жаттығулар кешені сабақ пен жаттығудың белгілі бір бөлігіне топтың дене дайындығы дәрежесін ескеру арқылы енгізу;
- жас және жыныс ерекшеліктерін ескеру арқылы жаттығуларды орындау барысында бекеттердегі жұмыс және демалыс көлемін анықтау;
- жаттығуларды орындау жүйелілігін және бір бекеттен екіншісіне өтуде, сонымен қатар кешенді түрде айналмалы жаттығу арасында қайта өту барысында қатаң сақтау.
2. Айналма жаттығуды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемелік еркшеліктері К.Е. Ахметов [4] айналма жаттығуды ұйымдастыру мен өткізуді 4 кезеңнен тұрады деп есептейді: 1. Бағдарламаларды салыстыру:
- жаттығуларды іріктеу;
- оларды орындаудың ізбе-ізділігін анықтау;
- жүктемелердің бағдар беруші есебі;
- жұмыс нүктелерінің («бекеттерінің») орналасуы;
- жұмыс топтарының сандық құрамы.
Бағдарлама жаттығу міндеттері, шұғылданушылар контингенті мен материалдық базаларды ескеру арқылы жасалады. 2. Бағдарламаны тексеріп көру (1-2 сабақ).
Міндеттер:
- жаттығуларды жаттап алу,
- жаттығулар құрамы мен жұмыс нүктелерін нақтылау;
- бір бекеттен екіншісіне ауысу ретін анықтау (бір уақыттық, ізбе-із, дабыл бойынша, өз бетімен);
- «жүктеме бекеттерін» қарастыру;
Сурет 13 - Айналма жаттығу әдісі арқылы мұғалім мен оқушының дене сапаларын тәрбиелеу барысындағы өзара байланыс моделі
Сурет 14 - Айналма жаттығудың қозғалыс сапалары
- жұмыс топтарының құрамын нақтылау.
3. Жүктемелерді тестілеу мен есептеу (2-3 сабақтар)
Міндеттер:
- ЖТ – жоғары тестіні алу (уақытты есептеу немесе есептемеу арқылы жаттығуларды қайталаудың жоғары тесті) жаттығулардың әрбір түрі бойынша;
- айналма жаттығулардың жекелеген карточкаларын толтыру;
- әрбір жұмыс нүктесі бойынша жүктемелерді есептеуді нақтылау (жекеше);
- ЖТ жартысында бір айналманы өту уақытын анықтау (ЖТ*ЖТ/2*1 айналма);
- әрбір сабақтың тапсырмаларын анықтау.
4. Тікелей жүргізу, тапсырмаларды орындау және жүктемелерді реттеу (3-6 апта):
- жаттығу процесін басқару;
- консультациялық көмек, орындауға бақылау жасау;
- жеке дара карточкадағы жүктемелерді есептеу өзгерістері.
Жеке карточкада болуы тиіс:
- жаттығулар тізбесі;
- жоғары тест;
- бастапқы тапсырма;
- мақсатты тапсырма;
- әрбір сабақ бойынша тапсырма;
- оларды орындау;
- жұмыс пен демалыс уақыты;
- өту уақыты.
Айналма жаттығудың ұйымдастыру-әдістемелік сипаттамасы: 1. Шұғылданушылар кішірек топтарға бөлінеді (1-4 адам), жұмыс нүктелерінің (бекеттерінің) саны – 4 тен 12 ге дейін. 2. Жаттығулар бір уақытта орындалады, немесе ізбі-із жалғасу арқылы. 3. «Бекеттен» «бекетке» ауысу дабыл бойынша іске асады, немесе өзбетінше тапсырмаларды орындаған соң іске асады. 4. Әрбір жаттығу бойынша жүктемелер жеке дара тестілеу арқылы анықталады. 5. Айналма жаттығу бағдарламасы тұрақты түрде ұзақ уақытқа созылады (4 айға). 6. Жаттығулардың көлемі мен қарқындылығы үздіксіз өзгеріп отырады. 7. Өзгерістер шамасы мен сипаты алдын-ала есептеу, жеке дара реакция мен жаттығу эффектісі арқылы анықталады. 8. Көлем 3 айналмаға дейін артуы мүмкін. 9. Қарқындылығы 30% дейін артуы мүмкін. 10. Сабақтардың жиілігі аптасына 1 реттен 3 ретке дейін. 11. Бір сабақтың ұзақтығы 10 минуттан 60 минутқа дейін. В.А. Романенко, В.А. Максимович [5] 80-100 адамның жас және жыныстық пен функционалдық мүмкіндіктерін ескеру арқылы қозғалыс дайындығы процесін басқаруға мүмкіндік беретін айналма жаттығу нұсқасын ұсынды. Осы нұсқалардың айналма жаттығулардың дәстүрлі формаларынан айырмашылығы бір сабақта нақты қозғалыс сапасын тәрбиелейтін бұлшық еттер жұмысының бағытынан тұрады. Төрт бекеттің әр қайсысында құрылымы жағынан түрліше жаттығулар пайдаланылады, бірақ бірдей физиологиялық тәртіп әрқашан сақталады. Қозғалыстардың биомеханикалық құрылымы ескерілгенімен (ептілікті тәрбиелеу кешендерінен басқасы), ол кейінге ысырылады да оларды пайдалану тәртібі алға шығады. Сабақтарды осылай құру әдістемесі төрт бекеттің әр қайсысында әрбір шұғылданушы үшін физиологиялық негізделген және оңтайлы дене жаттығулары тұсында ғана мүмкін. Бір реттік жүктеме оның жеке дара ауыспалы шамасына сәйкес таңдалады. Дене тәрбиесін ұзақ процесс ретінде қарастыруға болады, олар оқу жылдары бойынша бөлінеді, оның әр қайсысында циклді түрде бағдарлама қайталанып отырады, бірақ барған сайын сапалық жағынан жоғары деңгейде қарастырылады. Сонымен қатар онда айналма жаттығу әдісі арқылы іске асырылатын жалпы және арнайы кәсіптік-қолданбалы дене дайындығын жоспарлау ерекше орын алады. И.А. Гуревичтің пікірінше, «…барлық сабақтарға арналған жалпы және арнайы кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы материалы оқу жылы бойында дене тәрбиесінің бағдарламасына сәйкес жоспарланады. Мұғалімнің қарауы бойынша бұл материал айналма жаттығу кешеніне бірігуі мүмкін немесе сабақтың кез-келген бөлігін бөліп өткізуге болады. Айналма жаттығулардың мақсатты түрде бағыттылығы үш түрлі маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: жалпы, арнайы және кәсіптік-қолданбалы дене дайындығын бір уақытта және өзара байланысқан түрде салыстырмалы түрдегі қысқа уақыт аралығында және үлкен тиімділікпен іске асырылады» [6, б.9]. Айналма жаттығуды іске асыру барысында студенттердің морфофункционалдық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. В.А. Романенко, В.А. Максимовичтердің пікірінше, «…20 жасқа қарай ағзаның морфофункционалдық жүйесінің қалыптасуы аяқталады да, 30 жасқа дейін бұл жүйелер салыстырмалы түрде қалыпты жұмыс істейді. Осы жас аралығындағы әйелдер ерлерден бұлшық еті мен төзімділгі жағынан ерекшеленеді, қозғалыс жылдамдығы жағынан оларға жол береді. Кардиореспираторлық жүйе, қанның оттегі сыйымдылығы, оттегі тәртібінің үнемшілдігі көрсеткіштері, ОЖС мен оттегі жетіспеушілігі оларда төмен болып келеді. Дегенмен, әйелдердің ерлерге қарағанда икемділік көрсеткіштері артық болып келеді. Олардың буындарындағы қозғалмалылығы да артықшылыққа ие. Осы және басқа да көрсеткіштерді дене шынықтырудың көпшілік формаларымен шұғылдану практикасында ескеру қажет». 25-30 жастарда, ал кейде тіпті ертерек қозғалыс функцияларының инволюциялық процестері басталады, биологиялық даму процестері параллель емес, гетерохронды түрде жүреді, яғни уақыттан артта қалады. Бірінші кезекте ол жылдамдық сияқты қозғалыс сапаларына қатысты болады. Оны құрайтындардың бәрі де зардап шегеді: қозғалыс реакциясының латенттік кезеңі, жеке қозғалыс жылдамдығы мен қозғалыс қарқыны. Жас кезде ептілікті жетілдіру үшін экстремальді жағдайларға жақындатылған альтернативалы шешімдер мен жағдайлар қажет. Бұл талаптарды өрмелеу эстафеталары, өрмелеп асу, акробатикалық жаттығулар, бірнеше заттарды тасымалдау, доптармен және спорт ойындарының элементтерімен жонглерлық жасау қанағаттандырады. Сонымен қатар, ертерек берілген уақыт интервалында акробатикалық жаттығулардың кешендері де пайдалы болар еді. Үйлестіру қабілеттерін қолдау үшін айнадан көрсетілетін жаттығулар мен жаңа биомеханикалық құрылымдарға ие қозғалыс жаттығулары тиімді болып келеді. Азырақ дайындалғандарға қозғалыстардың кеңістік-уақыттық және күш сипаттамасын меңгеруге кеңес беріледі. Оларға жататындар: түрлі бастапқы жағдайлардан белгіленген бір нүктеден белгіленген нүктеге секіру, бір немесе бірнеше доптармен жонглерлық жасау, көздеп ату, қозғалмалы және спорт ойындары және т.б. Жаттығу әдісі – қайталамалы: орташа және жоғары қарқындылықта (шұғылданушылардың дайындығына байланысты). Бұл жаста инволюция процестері өзіне күш қабілеттерін қоспайды. Дегенмен соңғы он жылдықтар ішінде 20-30 жастағы адамдардың бойында күшке қатысты көрсеткіштердің төмендеуі байқалады. Оның негізгі себебі – гипокинезия себебінен май тканьдерінің арта түсуі болып табылады [ 5, б.110-113]. 3. Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындықта айналма жаттығу әдісін қолдану еркшеліктері Студенттердің екі жылы бойы дене тәрбиесі пәнін оқу процесінде шеңбер жаттығуларын жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері келесімен сипатталады. 10 кестедегі айналма жаттығу әдісін өткізу оқу жылындағы бағдарламаларды өтудің реттілігін және оның әр түрі бойынша сабақтардағы айналма жаттығуларының мазмұны ұсынылады. Оқу жылының басында студенттерді айналмалы жаттығу әдісімен таныстыру қажет. А) Кестеде көрсетілген бағдарламалық материалдың 15 түрінен бекеттік плакаттар дайындадық. Плакаттың жоғарғы жағына ұзынынан «бекет» сөзі 1-ден 15-не дейін жазылды. Өлшемдері: плакаттікі –18*12, бекеттік тапсырманікі - 15*8 см. Б) Берілген бекеттік тапсырмаларда сызбалық және мәтіндік ақпарат үндесті. Осындай модель тиімді оқыту мен қабылдауға, санадан өткізуге және бекеттік тапсырмаларды одан әрі меңгеруге оңтайлы жағдайлар туғызады. В) Студенттер жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, гимнастика элементтерін өтіп болғаннан соң, ұсынған бекеттік тапсырмаларда көрсетілген жаттығуларды үйренді. Студенттерді қайталаудың жоғарғы көрсеткішін анықтау үшін сынақтан өткіздік және әрбірі МТ/4 немесе МТ/2 стандартты өлшемге ие болды.
Әрбір бекеттегі жаттығулар еркін қарқында, уақыт есептелмей жүргізіледі; Г) Әрбір бекетті орындап болғаннан кейін студенттердің жүрек қағыстары тексерілді (10 секундтың ішінде); Д) Біз айналма жаттығу әдісінің аталған нұсқасын жүзеге асыруда орташа алғандағы нақты орындау нәтижелерін тексердік. Осылайша, студенттер айналма жаттығу әдісі кешенін орындауды меңгеріп алады.
Айналмалы жаттығу әдісінің келесі үлгілерің қолдану қажет..
Жаттығулар үзіліссіз, қайталаудың стандартталған көрсеткішімен өткізілді. Жаттығуларды меңгергеннен кейін және әрбір бекетте 30 жұмыс және 30 демалыс принципі бойынша қайталаудың ең жоғарғы көрсеткіші анықталған соң жаттығулық стандартталған уақытпен жаттығу өткізіледі. Әрбір айналымды өту өлшемі мен уақыты стандартты болғанымен айналмалы жаттығу саны көбейе береді. Айналмалы жаттығу әдісі аяқталғаннан соң, студенттер есеп карточкасына тек айналып өткен айналма мен бекет санын толтырады. Бірінші жылы оқығанда, гимнастика сабақтарына бірінші жарты жылдықта 6-8 сабақ бойынша айналма жаттығу әдісін енгізу қажет. Айналма жаттығу әдісі станциялардың санына байланысты жоғары тығыздық пен уақыт көлеміне сәйкес келеді, оның әсіресе дене тәрбие сабақтарында маңызы ерекше. Алға қойған сабақтың мақсатына қарай айналма жаттығу әдісін оқытушы негізгі сабақтың басында немесе соңында жоспарлауына болады. Оны қолдану оқушылардың әр топтағы санына да, оқу жылына да, дене тәрбиесі дайындығы мен техникалық шеберліктеріне де байланысты. Оны сабақтың негізгі бөлімінің басына енгізу үлкен күшті және ерік күш-жігерді (тиімді жағдайларда алға қойған мақсаттарға жету үшін) талап ететін дене тәрбиесі саласы бойынша алда тұрған ұтымды жұмыстармен байланысты. Мұндай кешеннің рөлі алда тұрған жұмыстарға студент ағзасының бітімі даярлығы болып табылады және жалпы дамытушылық жүйесі негізгі міндеттерді шешетін сипатталады. Негізгі сабақ алдындағы айналма жаттығуларын қолдану адам ағзасы әлі шаршамаған жағдайда және зор көлемдегі жұмыстарды атқаруға дайын кездегі дене тәрбиесі сапаларын дамытумен байланысты. Сабақтың негізгі бөлімін құрайтын кешендер күш жұмсауға бағытталған жалпы дамытушылық сипатқа ие болады және кәсіптік-қолданбалы дене дайындығымен тығыз байланысты. Онда жеткілікті дәрежеде күш жұмсайтын және жылдамдықтағы жаттығулар болуы тиіс. Негізгі сабақтың аяғында айналма жаттығуының кешені сирек жоспарланады Кесте 10 - Оқу жылында бағдарламаларды өтудің реттілігі және оның әрбір түрі бойынша айналма жаттығу әдісінің сабақтағы бағыттары
Семестр
Бағдарлама
бөлімдері
Айналма жаттығу әдісінің бағыты
Бақылау түрі
1
2
3
4
І
Жеңіл атлетика Кешен 10-15 бекеттен және жылдамдық, секірушілік, жалпы және жылдамдықтық күш-жігер сияқты дене тәрбиесі сапасын дамытуға әсер ететін жаттығулардан тұрады.Кешеннің бағыты студенттердің дене шынықтыру даярлығы деңгейінің қалпымен анықталады.
100м, 1000м, 3000м. қашықтыққа жүгіру мен бір орынан ұзындыққа секіру
Баскетбол
Кешен дене күш-сапаларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ жаттығулардан құралады, ойын техникаларын жетілдіру негізінен атлетикалық, қолданбалы және снарядты гимнастика жаттығулары енгізіледі. Жеңіл атлетикадан – лақтыру, секіру және жүгіру жаттығулары. Ауыр атлетикадан - түрлі ауырлықтағы жаттығулар.
Баскетболдан бақылау нормативтерін қабылдау.
Волейбол
Кешен физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған, сондай-ақ ойын тәсілдерінің техникасын жетілдіруге арналған жаттығулардан тұрады. Негізгі атлетикалық, қолданбалы және снарядты гимнастика жаттығулары енгізіледі. Жеңіл атлетикадан - секіру, лақтыру және жүгіру. Ауыр атлетикадан - ауырлықты жаттығулар.
Волейболдан бақылау нормативтерін қабылдау.
Гимнастика
Кешен иық белдеуінің бұлшық еттерін, қол, іш пен арқаны дамытуға, буындардың қозғалысын ұлғайтуға, дене құрылысын қуаттандыруға, вестибулярлық аппаратты жаттықтыруға бағытталған.
Тартылудан нормативтер қабылдау.
Кесте 10 жалғасы
Семестр
Бағдарлама
бөлімдері
Айналма жаттығу әдісінің бағыты
Бақылау түрі
1
2
3
4
ІІ
Гимнастика Кешен иық белдеуінің бұлшық еттерін, қол, іш пен арқаны дамытуға, буындардың қозғалысын ұлғайтуға, дене құрылысын қуаттандыруға, вестибулярлық аппаратты жаттықтыруға бағытталған.
Тартылудан нормативтерді қабылдау.
Футбол
Кешен дене күш қасиеттерін дамытуға бағытталған, сондай-ақ жаттығулардан құралады, ойын техникаларын жетілдіру негізінен атлетикалық, қолданбалы және снарядты гимнастика жаттығулары енгізіледі. Жеңіл атлетикадан – лақтыру, секіру және жүгіру жаттығулары. Ауыр атлетикадан - түрлі ауырлықтағы жаттығулар.
Футболдан нормативтерді қабылдау.
Жеңіл атлетика
Кешен 10-15 бекеттен және жылдамдық, секірушілік, жалпы және жылдамдықтық күш-жігер сияқты. дене тәрбиесі сапасын дамытуға әсер ететін жаттығулардан тұрады. Кешеннің бағыты студенттердің дене шынықтыру даярлығы деңгейінің қалпымен анықталады.
100м, 1000м, 3000м. қашықтыққа жүгіру мен бір орынан ұзындыққа секіру. және сабақ кезіндегі жүктеме тығыздығы жеткіліксіз болған жағдайда ғана жоспарланады. Мұндай кешендердің мақсаты – дене шынықтыруды дамытуға қол жеткендерді саптау және бекіту, сондай-ақ өткен оқу материалдарын жетілдіру. Дене шынықтыру сабақтарында айналма жаттығу әдісі әсіресе гимнастика сабақтарының тығыздылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы ағзаға өнімді әсер етеді. Жүктеме концентрациясының тиімділігі – қысқа мерзімде жалпы және дене даярлығын табысты дамытуға алып келеді. Гимнастика сабағындағы айналма жаттығу әдісін ұйымдастырудың үлгі-схемасы төмендегідей: 1-сабақта студенттер станциялардағы сабақтардың ұйымдастырылуымен (кесте 11, сурет 15), олардың орналасуымен, жаттығуларды орындаудың ретімен, ауысуымен, есеп карточкаларына жазумен, есептеумен т.б. мәселелермен танысады. 2-сабақта әр станциядағы жаттығуларды орындауын МТ (ең жоғарғы тест) анықтайды. Схема бойынша жүктеме МТ/2 немесе МТ/4 топтың дене шынықтыру даярлығына байланысты. 3-6 сабақтарда МТ/4-1 немесе МТ/2+1 бір немесе бірнеше қайталамаларды әр сабақта белгілі бір дәрежеде ұлғайтумен өткізіледі. 7-сабақта өткен циклдарды қайталаумен жаңа МТ анықталады. Жаңа циклда өту одан бұрын да жүруі мүмкін. Ол студенттер үшін іріктелген кешеннің өзін-өзі ақтап шыққандығына немесе әлі де жалғасу қажеттілігіне қарай реттеледі. Жеңіл атлетика бойынша айналмалы жаттығу әдісінің мамандандырылған кешені 10-15 бекеттен тұрады және жылдамдыққа, секіруге, жалпы жылдамдық, шыдамдылыққа жылдамдық-күш сияқты, күш қабілеттерін дамуына әсер ететін жаттығулар енеді, ол тірек-қозғалыс аппаратын нығайтуға тығыз байланысты болады. Кешеннің бағыты қабылданатын бақылау жаттығуларының көрсеткіштерімен анықталады және мұнда олардың дене даярлығын жан-жақты қамтитын жаттығулардың орын алуы тиіс (қосымша). Дене тәрбиесі сабақтарында айналма жаттығу әдісін жүргізуде жеңіл атлетика бойынша топтың мамандық ерекшелігімен қатар олардың дене даярлығының дәрежесін де есепке алу керек. Нашар дене даярлығы жағдайында студенттерге қосымша жаттығулар ұсынылуы қажет: Үйге тапсырма бере отырып, олардың орындалуын келесі сабақтарда бақылап отырған дұрыс. Оқыту жүйесі ұзақ және сабаққа белгілі талаппен қарауды қажет етеді. Осының барлығын оқуға деген түйсігіне жеткізіп, оларды үнемі және жүйелі түрдегі сабақтарға үйрету керек. Айналма жаттығулары жеңіл атлетика сабақтарында І оқу жылының ІІ жарты жылдығында бақылау жұмыстарынан кейін І және ІІ жарты жылдықта қолданылады. 1-ші оқу жылы сабақтар қарапайым түрде жүргізілу керек, ал кейін неғұрлым күрделі түріне өтуге болады. Онда нәтижелерінің есебі талап етіледі. Кешеннің қызмет ету мерзімі 4-6 сабаққа созылады. Кейбір станциялармен ауыстыруды шартты жағдайларды ескере отырып, сондай-ақ өткен материалдарды жүзеге асыруға болады. Айналма жаттығу әдісін спорт алаңдарында немесе стадионда өткізген жағдайда станциялық плакаттар және оларға қоса ауа-райының қолайсыз жағдайында сақтау үшін жабындардыда әзірлеп қою керек. Ойын сабақтарында айналма жаттығуларының мазмұны ойын станцияларын құрайды. Сабақ бойына оқушылар белгілі бір ретпен бір станциядан екінші түріне өтеді. Олардың әрқайсысында мақсатты жаттығуларды араластыра отырып орындайды. Тапсырмаларын, нақты дене сапасын жетілдіруге, оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған ойын. Сабақ барысында тек қана дене күші сапасын дамыту ғана емес, сондай-ақ ойнау тәсілдерінің техникасы да жетіледі. Түрлі варианттарды қолдану топтың дене және техникасының дайындығы және оқу жылына байланысты шарттар 1-ші орынға қойылады. Ойынға бағытталған арнайы кешендер түрлі құралдарды пайдалана отырып, негізгі, атлетикалық, қолданбалы және снарядты жаттығу гимнастикадан алынған жаттығуларды кіргізу қажет. Жеңіл атлетикадан секіру, лақтыру, жүгіру бойынша жаттығулар. Ұсынылған жаттығулардың әрқайсысы дене бітімінің белгілі бір бөлігіне әсер ететіндей және белгілі бір дене сапасының дамуына есептелген болып іріктелуі тиіс. Спорт ойындарының техникалық тәсілдерін жетілдіру үшін алдын-ала зерттелген ойын элементтерінен тұратын жаттығулар кешені пайдаланылады. Техникалық элементтерді жасауға, үйрену мен дағдыландыруды жетілдіруге бағытталған ойын арқылы дене сапасы тәрбиесі жөніндегі бекеттер санының арақатынасы 3:1 құрайды. Сондықтан спорттық жаттығуларға сәйкес келетін техникалық элементтерді шамадан тыс көп қолданудан аулақ болу керек. Шаңғы дайындығы бойынша сабақтарда айналма жаттығуларын пайдалану. Айналма жаттығу әдісін пайдалана отырып, шаңғы бойынша сабақтарды қызықты да түрлендіріп құрастыруға болады. Қар әлі түспеген уақытта осындай осындай сабақтарды спорт залдарда, сондай-ақ спорт алаңдарында да ұйымдастыруға болады. Ең маңыздысы, кешенге қол, аяқ, дене бітімі, арқаны қосымша тартылулар мен түрлі снарядтар пайдаланып, жылдамдықты дамыту үшін қысқа аралықтарға жүгіруге, секіруге байланысты жаттығулар, жалпы төзімділікке – жүкті тасу, көтеру, жеке күрес, қиын қозғалыстар, ауыспалы жылдамдықтағы аяқ ұшымен жүгіру, қоспалы, араластырып түрлі кедергідегі қозғалыстарға ауысу, баспалдақпен жүгіру т.б. жаттығулар кіргізу керек. Шаңғы сабақтарында айналма жаттығуларын ІІ және ІІІ оқу жылына өткен материалдарды жетілдіру және бекіту сабақтарына енгізуге болады. Мұндай сабақтарды өткізу үшін айналма жаттығуларының формасы мен әдістерімен алдын-ала таныстыру негізгі шарт болып табылады. Барлық ұйымдастыру мәселелерін шаңғы базасында алдын-ала түсіндіру кезінде шешуге болады. 1-ші сабақта станциялардағы жаттығуларды орындау мен таныстыру ұсынылады. Келесі жаттығулар станцияларда ауырлық жүгін қосып отыру тапсырмаларымен орындалады. Келесі циклға өтуді оқытушы алдына қойылған міндеттің қалай орындалғанына қарай өзгертуіне болады. Шаңғымен өткізілетін сабақ жергілікті жердің рельефін білуді, жоғарғы ұйымшылдық пен жақсы дайындықты талап етеді. Сондықтан рельеф пен сабақтың нақты міндеттерін ескере отырып, станцияларды білікті орналастырудың маңызы зор. Сабақты кезектілік, жүйелік, көрнектілік және белсенділік сияқты негізгі дидактикалық принциптерге сәйкес құру қажет. Шаңғы оқуында айналма жаттығуларының типтері бойынша сабақты құру және ұымдастыру әдісі төмендегідей мәселелерді қарастырады:
- шаңғы сабағы үшін орынның болуы;
- сабақты өткізу үшін жердің рельефін зерттеу және станцияларды іріктеу;
- 30х50 см көлеміндегі ылғалға неғұрлым төзімді плакат-станциялар дайындау және оларды бекітетін биіктігі 1 м шамасындағы таяқшалар дайындау;
Шаңғы оқуына шығар алдында алдын-ала станцияларды белгілеп, зерттеу қажет; Спорт алаңдары мен спорт залдарында өтетін сабақтарда гимнастика, жеңіл атлетика және спорт ойындары бойынша айналма жаттығуларын өткізуді ұйымдастыру мен оқушыларды алдын-ала таныстыру; Станциялық плакаттар мен шектеулі жалаушаларды орналастыру (ол үшін түрлі жолдармен қиындыларын бірінші рет оқушылардың өздерімен бірге жасау керек. Әуелі алдын-ала оқытушының өзі не болмаса үздік оқушы жасап көрсету керек). Егер қалың қар түссе станциялардың өзінде немесе бір станциядай жиегіне дейін шаңғымен жол салып бастыру қажет. Ол үшін қатарды бұзбай, бір ізбен барлық станциялардан өтіп шығу керек.
Станциялардың саны:
А) Сабақта өтілетін міндеттерді шешуден;
Б) айналма сабақтарына жоспарланған уақытта;
В) жасы мен жынысына қарай дайындық дәрежесіне;
Г) әрбір станциядағы оқушылардың санына байланысты (тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі көрсеткендей, станция саны нақты жағдайларға байланысты 8-15-тың шамасында болуы мүмкін). Айналма жаттығу әдісінің варианттары мен тәсілдері еркін іріктеледі. Үзіліссіз жаттығуларды ұсынуға болады. Әсер ету көлемі мұндай жағдайда 1-ден 3 айналып өтуге, ал әсер ету ұзақтығы 30-дан 60 минөтты құрайды.
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде «айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері және оны студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолдануы. Мақсаты – қазіргі кезеңде «айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктерін және оны студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолдануды анықтау.
Жоспар: 1. «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері. 2. Айналма жаттығуды ұйымдастыру. 3. Айналма жаттығуды өткізудің әдістемесі. 4.«Айналма жаттығу әдісінің» студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолдануы.
Әдістемелік нұсқаулар 1. «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктерін анықтаңыз. 2. «Айналма жаттығу әдісінің» студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолданудың ерекшеліктерін анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Айналма жаттығуды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемелік ерекшеліктері. Мақсаты – Айналма жаттығуды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемелік ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар: 1. Айналма жаттығуды ұйымдастыру ерекшеліктері. 2. Айналма жаттығуды өткізудің әдістемелік ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Айналма жаттығуды ұйымдастыру ерекшеліктерін дәптерге жазыңыз. 2. Айналма жаттығуды өткізудің әдістемелік ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.2 Тақырып: Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану ерекшеліктері. Мақсаты: Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындық процесі. 2. Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. . Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындық процесінің ерекшеліктерін жазыңыз. 2. Оқулықтарға, мақалаларға сүйеніп, қазіргі кезеңде жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1. «Айналма жаттығу әдісі» деген ұғымға ғалымдардың көзқарасы. 2. «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері. 3. «Айналма жаттығу әдісін» ұйымдастыру ерекшеліктері. 4. «Айналма жаттығу әдісін» өткізудің әдістемелік ерекшеліктері. 5. Айналма жаттығудың әртүрлі қасиеттерді дамытуда қолданудың ерекшеліктері. 6. Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындық процесінің ерекшеліктері. Дәріс № 2 Физиктер,химиктер,математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы
Жоспар 1. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың еңбек жағдайының сипаттамасы 2. Физиктер,химиктер,математиктер мен биологтар, географтардың кәсіби-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістерін тандау ерекшеліктері
Әдебиет 1.Тайжанов С., Қарақов А. Дене тәрбиесі. 4-кітап / жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Үш Қиян», 2009. – Б. 136-162. 2.Иванов Г.Д., Кульназаров А.К. Физическое воспитание студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.124-138. 3. Закирьянов К.Х., Иванов Г.Д., Ордабаев Н.О., Жаксылыков М.Ф. Профессионально-педагогическая и прикладная физическая подготовка студентов // Учебно-методическое пособие. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1998. – С.21-97. 4. Раевский Р.Т. Профессионально-прикладная физическая подготовка студентов технических ВУЗов//Учебное пособие. – М.: Высшая школа,1985. -136с. 5. Физическая культура (включая валеологию) по всем специальностям и направлениям/Типовая программа по предмету «физическая культура» для высших учебных заведений. – Астана,2002. – 35 с. 6. Душенков В.М., Макаров К.В. Летняя полевая практика по зоологии беспозвоночных//Учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. – 256с. 7. Позвоночные животные и наблюдения за ними в природе//Учебное пособие для студ. биол. фак. пед. вузов /Под ред. В.М.Константинова, А.М.Михеева. – М. – Издательский центр «Академия», 1999. – 200с.
Кесте 11 - Гимнастика сабағына арналған жаттығулар кешені (спорт залда) Міндет: иық белдеуінің бұлшық еттерін, қол, іш пен арқа жағын дамыту, буындардың қозғалысын ұлғайту, вестибулярлық аппараттың жұмысын жетілдіру. Физиологиялық тәртіп: жұмыс жасау уақыты – 30 сек, жұмыстың темпі – максималды. Тамыр соғу жиілігі – 160 сеқ/мин. Жаттығулардың сериясын қайта жасау – 30 секөнттан кейін. Тамыр соғу жиілігінің бұрынғы қалпына келуі – 90 сеқ/мин дейін.
Мазмұны
Мөлшерлеу
Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар
Дайындық станция
Жәй темпмен жүгіру
Қозғалыста жалпы дамытатын жаттығулар
5 мин
10 мин
буындарда жеңіл ауыртпалы сезімдерін сезінгенше орындау қажет
1 станция
Аяқта иықпен теңестіріп тұру, доп төменде, допты лақтыру және ұстау, бір уақытта отырып тұру және оң қолды (сол қолды) алма кезек еденге тигізу
30 сек
Допты тез арада ептілікпен қабылдап алу
2 станция
Жарыспалы екі ағаштың арасында тұрған қалпында секіру қалпына көшу және тапсырманы қайталау арқылы алға қарай қозғалу
30 сек
Иық белдеулеріне тіреліп
жаттығуды қайталау
3 станция
Тіземен тіреліп тұру, қол желке тұсында, шынтақты жан-жағына жіберіп, және арқаны иілту арқылы алға еңкею
30 сек
Иілгіштікті дамыта алға еңкею
4 станция
Көлденең салмада аяқты айқастырып жазу және бүгу
30 сек
Аяқты жазған кезде
алға созу
5 станция
Жартылай отырған қалпынан алға және артқа қарай домалау
30 сек
Артқа жамбасты тигізе
домалап жиналу
6 станция
Гимнастикалық қабырғаның көлбеу және тік баспалдақтарын аттап өту
30 сек
Аяқты жоғары көтеру
7 станция
Көлбеу гимнастикалық отырғыш пен қабырғада қол мен аяқтың көмегімен өрмелеу
30 сек
Қол мен аяқты шапшаң
қимылату
8 станция
Гимнастикалық қабырғаға жүзімен тұрып, қолды артқа жіберіп, баспалдақты ұстап еңкею арқылы қайтадан бүгіліп қалыпқа көшу
30 сек
Толық еңкейіп, бүгілуі
9 станция
Секіргішті алға қарай айналдырып иілту арқылы секіру
30 сек
Қос аяқпен секіру
10 станция
Үрленген допқа жатып, шектеулі алаңда тепе-теңдікті ұстау
30 сек
Анық тепе-теңдікті ұстап көрсету
11 станция
Тік отыру, қолды артқа бүгу және басты артқа жазу арқылы денені тусіру
30 сек
Денені артқа жазып түсіру
12 станция
Аяқты бірге ұстап, жоғарыда тұрған қолмен сақинадан лақтырылған созылмалы дәкенің шетін ұстау, бар күшпен жан-жаққа қолды жіберіп қалу
30 сек
Қолға түскен бар күшпен
аяқты бірге ұстау
13 станция
Аяқтың басымен гимнастикалық отырғыштың шетімен қозғау
30 сек
Аяқтың ұшын тіке
алға созып шығару
14 станция
Қолмен аяқтың көмегімен көлбеу арқанда өрмелеу
30 сек
Аяқ пен қол буындарын тез қимылдату
15 станция
Жартылай отырған қалпынан алма-кезек оң (сол) аяқпен көлденең тепе-теңдікке («қарлығаш») көшу
30 сек
Денені тіктеп ұстау
Қорытынды станция
Қимылды ойын «Жасауға болмайтын қозғалыс»!
5 мин
Ойын ережесін толық сақтау. қимылдату 15 станция Жартылай отырған қалпынан алма-кезек оң (сол) аяқпен көлденең тепе-теңдікке («қарлығаш») көшу 30 сек Денені тіктеп ұстау Қорытынды станция Қимылды ойын «Жасауға болмайтын қозғалыс»! 5 мин Ойын ережесін толық сақтау.
Сурет 15 - Гимнастика сабағына арналған жаттығулар кешені 8. ГОСО РК 3.07.025 – 2001 – государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан специальности 030340 «Химия и биология» Образование высшее профессиональное. 9. ҚР МЖМБС 3.08.013 – 2004 – 050113 «Биология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғарғы кәсіптік білім. Бакалавриат. 10.МЖМБС 5.08.263 – 2006 – 050113 «Биология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғарғы кәсіптік білім. Бакалавриат 1. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың еңбек жағдайының сипаттамасы Физика, химия, математика, қолданбалы математика мен механика мамандарының жұмысындағы елеулі еркшелігі миға түсер салмағында. Ұзаққа созылған қауырт ой еңбегі көбіне лабораторияда аппараттар қасында отырған, не түрегеп тұрған күйде атқарылады. Оларды басқару оған баса назар аударылуын, мойынның, арқаның және иықтардың ширыққан бұлшық еттерінің бірқалыпта болуын қажет етеді. Шарасыз жұмыс жағдайы, жұмыстың біркелкілігі, жоғары температура (химиктерде), әр түрлі жиіліктегі электромагнитті толқындар, жоғары қуатты ток, тітіркендіргіш у-шу, ультракулгін және лазер сәулелері (физиктерде) - осының бәрі адамның қажуына әсер етеді. Осы мамандықтарды игеруге талпынған студенттер тобы көбіне дене мен ойдың куаты жинақталатын альпинизм, ауыр атлетика, техникалық спорт түрлерін ұнатады. Мысалы, атақты альпинист, жұмыр жердің ең биік нүктесі Эверест шыңына тұнғыш көтерілген қазақ Қазыбек Валиев физик, Олимпиялық чемпион Илья Ильин биолог және т.б. Студент математиктердің арасында мергендер, шахматшылар жеткілікті. Орындалатын аспаптық және математикалық жұмыстардың дәлдігі студенттердің жауапкершілік сезімдерін оятып, көру анализаторының қызметін барынша іске жұмылдырады және нервтің шиеленісуін күшейтеді. Тіпті, тұлғасы жақсы жетілген студенттердің өзі жалпы шаршауға шалдығып және бас ауруының пайда болуына химиялық қоспалардан ауаның бұзылуы әсерін тигізетін (химия факультетінің спортпен айналасатың 3-курс студенттерімен әнгімеден) ұзаққа созылған лабораториялық жұмыстар жасау кезінде үлкен қиындықтарға кез болады екен. Ал денсаулық жағдайында ауытқушылығы бар және дене тәрбиесі дайындығының дәрежесі төмен студенттер тым тез шаршағыш және көп жағдайда қатты әлсірейтін көрінеді, олай болса, олардың қозғалыс режимін айрықша жандандыру қажет. Уақытты үнемдеу үшін студенттердің өздерінің ағзаларына қосымша психо-физиологиялық салмақ түсіріп, еңбек пен демалыс режимінің қарапайым талаптарын бұзатыны белгілі. Ол, әсіресе, емтихан сессиялары мен жоғары курс студенттерінің диплом жұмыстарын жазу кездерінде жиі байқалады. 10-12 семестр бойы өткізлетін лекциялық сабақтар студенттерді белсенді дене еңбегі қызметінен айрады, мұнын өзі олардың ағзасының тіршілік қызметі мен жұмыс қабілетін ежептәуір төмендетіп жібереді. Аталған мамандықтардың оқу процестерін талдау оларды сапалы түрде игеру студенттерден қосымша, дербес лабораториялық жұмыстар және әдеби шығармалармен жұмыс жасауды талап ететіндігін көрсетіп берді. Мұның өзі ой еңбегіне ерекше назар аудартады және күн сайын деңеге түсер салмақ көлемін төмендетеді. Сонымен, жоғарыдағы аталып кеткен мәліметтерге сүйене отырып, физиктер мен математиктер мамандардың кәсіби қызмет сипаты мен мазмұны және осыған байланысты қажетті дене қабілеттері мен психикалық қасиеттері келесі (кесте 12) Кесте 12 – Физиктер мен математиктер мамандардың кәсіби қызмет сипаты мен мазмұны және осыған байланысты қажетті дене қабілеттері мен психикалық қасиеттері
Кәсіби қызмет сипаты мен мазмұны
Қажетті қабілеті
Орта білім беру мектептегі оқу
бағдарламасына енгізілген математика, физика пәндер бойынша сабақ беру;
Әр түрлі мекемелерде бейінді пәндер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
Аспабтық және математикалық жұмыстарды дәл орындау
Лабораториялық жұмыстарды даярлау барысында қосымша әдебиеттерді қарастыруды талап етеді
Статикалық және динамикалық төзімділік;
Мойынның, арқаның және иықтардың ширыққан бұлшық еттердің бірқалыпта болуы
Көру анализаторына, ой жұмысқабілетіне, өнеркәсіпте болатың зиянды факторларға (у-шу, ультракүлгін және лазер сәулелері)қарсы тұру «Биология» мамадығы студенттерінің оқу еңбегі көбінесе ойлау қабілетін арттырады, оның жетістігі ең алдымен ақыл-ой қабілеттілігі мен зейіннің тұрақтылығы. Ауыр ой еңбегі оқу жылы бойына жабық бөлмелерде қозғалмай отырған күйінде жүзеге асырылады. Оқу процесі зейін және мойын бұлшық еттің, бас пен иық иіннің статикалық ауырлықпен бірге жоғары концентрацияда болады. Кредиттік оқыту технологиясының ережесіне сәйкес студенттер өздерінің апталық бюджет уақыт бөлігін өз бетімен оқу керек. Яғни, олар өздерінің уақыттарын кітапхана мен интернеттен ақпараттар іздеуге бөледі. Мәжбүрлі біркелкі жұмыс қалпы мен еңбек спецификасы (лекцияларды конспектілеу, әдебиетті оқу, зертханалық сабақтарда гербарийлерді, топырақ түрлерін сұрыптау), оның біркелкісі мен бір қалыптылығы өмір тіршілігінің маңызды функциялары мен организм жүйесінің төмендеуіне мүмкіндік береді. Оқу процесінің ерекше күрделі негізгі құралы көру талдағышы мен жүйкеге күш түсіру мобилизациясын талап ететін емтихан сессиясы және диплом жұмыстарын қорғау болып табылады. Бұл факторлар студенттің денсаулығы мен организм функцияларына теріс әсерін тигізеді. Біздің ойымызша, басты себептің бірі ақыл-ой мен дене жүктемелерінің тиімді үйлеспеуі. Биология пәні мұғалімнің дайындық жүйесіндегі маңызды бөлімнің бірі – оқу-дала практикасы. В.М.Душенков, К.В.Макаровтардың ойларынша «... жазғы дала практикасында студенттердің оқу жыл бойы лекциялар мен зертханалық сабақтарда алған білімдері тереңдетіліп, бекітіледі. Бұл практика болашақ мұғалімге тірі табиғат пен ауыл шаруашылық практикасымен танысуға, табиғи тіршілік ортадағы омыртқасыз жәндіктерді зерттеуге, дала жұмысының дағдыларын меңгеруге, табиғатта негізгі байқау әдістері және зерттеу жұмыстарымен танысуға, табиғи ортаның жағдайын бағалау және сақтау жөніндегі шараларға тікелей қатысуға мүмкіндік береді» [6 , 4б.]. Биологтардың еңбек өзгешеліктерін түсіну үшін, олардың дала практикасы кезіндегі қызметтеріне тікелей көңіл аударуымыз қажет. В.М.Душенков, К.В.Макаров ойларынша, «... омыртқасыз су жәндіктерін қолмен жинау кезіндегі ең қарапайым әдіс – судағы тырбиған ағаштардан, бұтақтардан, су өсімдіктерінен және тастардан жинау. Затты су бетінен алған кезде ауаға шығатындай бір қалыпқа бұрып, ақырын алу қажет. Тордорбамен аулаған кезде оны ағымына қарсы жүргізеді. Су бетіндегі жәндіктерді жинау үшін тордорбаны жартылай суға батырылған күйінде ұстау қажет ...» [ 6, 15-16 б.]. Сонымен, жоғарыда айтылғандай, болашақ биологтарға статикалық төзімділік (жүкті статикалық күйде ұстау); ептілік (дене мүшелерінің кең орналасуы, атап айтқанда қызмет мақсатына қарай байланысты аяқ-қол бастары); күш сияқты дене қабілеттері қажет. В.М.Константинов, А.М. Михеев айтқандай «... жер бетіндегі омыртқалылар түрінің құрамын зерттеу барысында негізгі әдістің бірі -әр түрлі тіршілік орындарына саяхатқа бару кезінде оларды бақылау және кейбір түрлерінің жиналуын сыртынан бақылау, мысалы, тоғай шеті, қалың бұталар немесе қурайлар бар жерлерде ... . Жаңа үйреніп жүрген және тәжірибесі аз бақылаушылар үшін маршрут қашықтығы 4-5 шақ., ал фаунистикалық зерттеу дағдыларын меңгеріп алған және нақты аудан бойынша зерттелетін жәндіктерді жеткілікті білетін бақылаушыларға 6-8 шақ., құрайды. Саяхат барысында бақылаушыдан үнемі зейін, әр дыбысқа, сыбдырға, ағаштың ұшар басындағы, шөптегі, бұталардағы әр қозғалыстарға, судағы әр дыбыстарға шұғыл әрекет ету талап етіледі. Бақылаушы мүмкіндігінше дыбыссыз, ақырын жүріп, қажет болған жағдайда бір орында тұрып қалу керек. Жануарды көрген жағдайда оны толығымен қарап, жүріс-тұрысын бақылау үшін мүмкіндігінше ақырындап, білдіртпей жақындау керек» [ 7, 15-16 б.]. Жоғарыда айтылғандардың негізінде биологқа келесі маңызды қасиеттер: көз жітілігі, тез ойлау, зейін (оның көлемі, концентрациясы), көру есі, оперативтік ес қажет. «Биология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының [8-10] мазмұнын талдау маманның кәсіби қызметі түрлерін, лауазымын, біліктілік мінездемесін анықтауға мүмкіндік береді (кесте 12). Сонымен, 050113 «Биология» мамандығы бойынша білім алып жатқан болашақ маман кәсіби қызмет түрлері бойынша білім беру, ғылыми-зерттеу, өндірістік-басқару, ұйымдастыру-технологиялық қызметтерді жүзеге асыра алады. Сонымен қатар ол химия және биология пәнінің мұғалімі, ғылыми қызметкер, басқару қызметкер, мастер-оператор болып жұмыс атқара алады. Осы кәсіп маманы біліктілік талаптарына сәйкес кредиттік оқыту жүйесі бойынша білім алу ерекшеліктерін, органикалық әлемнің даму заңдылықтарының негіздерін, әр түрлі оқыту әдістерді қолданып оқушылармен жұмыс жасай білу, тәрбие жұмыстарының, зертханалық және дала эксперименттер мен бақылауларды практикада көрсете білу дағдыларын игеру қажет. Жоғарыда айтылғандай, биологтар өздерінің кәсіби маңызды қасиеттерін дала практикасы кезінде көрсете алады. Қарастырылып отырған мамандықтың оқу жоспарының маңызды бөлігінің бірі - педагогикалық практика, бұл практикада оқушылар қызметінің сипаты бірден жүктемені көбейту арқылы өзгеріледі және оған студенттердің көпшілігі дайын болмайды. Ақыл-ой жүктемесінің елеулі артықшылығы оқу жылы бойына гиподинамиямен қоса үш өзара байланысты мәселелердің белсенділігі көрінеді: 1. Оқу процесінде организм мен еңбек қабілеттілікті төмендететін студенттердің ақыл-ой және дене жүктемелерінің сәйкессіздігін жою; 2. Оқу-тәрбиелік процесінде арнайы дене дайындығын енгізуі қажет. 3. Педагогикалық практика кезінде студенттердің дене дайындығын ұйымдастыру. Кесте 13 - «Биология» мамандығы бойынша қызмет түрлерінің және атқаратын лауазымдардың сипаттамасы
Мамандық
Кәсіптік қызмет түрлері
Лауазымдар
Маманның біліктілік сипаты
030340 «Химия және биология»
Әр түрлі оқу орындары-нда (мектептер, лицей-лер, гимназиялар, кол-ледждер және т.б.) білім беру (педагогикалық) жұмыстар.
Химия және биология пәнінің мұғалімі Жеке тұлғаның жалпы мәде-ниетін қалыптастыруға және кәсіби білім беру бағдарлама-ларын меңгеруге мүмкіндік жасай отырып, осы көп профильді пәндер бойы-нша оқушыларға сабақ жүргізіп, тәрбиелеуге құқылы.
Ғылыми-зерттеу, әртүрлі мекемелерде кәсіби пән-дер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.
Ғылыми қызметкер Орта мектептің оқу бағдарла-масындағы барлық биология ғылымдары: ботаника, зооло-гия, физиология, биохимия, цитология, сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша терең білімі бар. Әр түрлі деңгейдегі мем-лекеттік құрылымдар-дағы өндірістік-басқару қызметі.
Басқарма қызметкері Химия-биологиялық про-фильді өндірістерде (ауыл шаруашылық және мине-ралды шикізатты өңдеу бойынша өндіріс) ұйым-дастыру-техноло-гиялық қызмет.
Оператор, мастер
Кесте 13 жалғасы
Мамандық
Кәсіптік қызмет түрлері
Лауазымдар
Маманның біліктілік
сипаты
050113 «Биология»
05113.01 «Биология және химия»
05113.02 «Биология және психология»
05113.03 «Биология және экология»
05113.04 «Биология және география»
05113.05«Биология және валеология»
05113.06 «Биология және гигиена»
05113.07 «Биология және фермерлік іс»
Педагог–пән мате-риалын, оқыту тәсіл-дерін, сыныптан тыс жұмыстарды, ата-аналармен бірлескен тәрбие жұмыстарын меңгеру қажет.
Зерттеуші– әдебиет-пен жұмыс жасау және зерттеу методи-касының техноло-гиялық сұлбасын құрау, тәжірибе мен бақылау өткізу, экспериментальды материалдарды жи-нақтап, талдап және қорытындылар т.б. жасай білуі қажет.
«Биология», бака-лавры, биология пәнінің мұғалімі, «биология және химия» бакалав-ры, «биология және психоло-гия» бакалавры, биология және психология пә-нінің мұғалімі, «биология және экология» бака-лавры, биология және экология пәнінің мұғалімі «биология және география» бака-лавры, биология және география пәнінің мұғалімі, «биология және валеология» ба-калавры, биоло-гия және валео-логия пәнінің мұғалімі, «биология және гигиена» бака-лавры, биология пәнінің мұғалімі және сан.эпид. қызметінің мама-ны, «биология және фермерлік іс» бакалавры, био-логия және фермерлік іс пәнінің мұғалімі Әлемдік білім кеңестігінде білім беру процесінің даму заңдылық-тары туралы түсінігі болу қажет; Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқыту ерекшелік-терін, органика-лық әлемнің негізгі даму заңдылықтарын білу қажет; Әртүрлі оқыту әдістерді пайда-ланып, оқушы-лармен жұмыс жасай білу керек; Оқыту дағды-лары мен, тәрбие жұмыстарын, зертханалық және дала тәжірибелер мен бақылауларды практика жүзінде көрсете білу керек.
Кәсіби қызмет сипаты мен мазмұны
Қажетті қабілеті
Орта білім беру мектептегі оқу
бағдарламасына енгізілген биологиялық ғылымдар ботаника, зоология, физиология, биохимия, цитология, сонымен қатар жалпы білім беру пәндер бойынша сабақ беру;
Әр түрлі мекемелерде бейінді пәндер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
Әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда өндірістік-басқару қызметі;
Химия-биологиялық бейінді (ауыл шаруашылық және минералды шикі заттар өңдеу өндірісі) өндірістерде ұйымдастыру-технологиялық қызмет;
Су омыртқасыздарын қолмен жинау; Түрлі табиғат ортасына саяхатқа шығу барысында жер бетіндегі омыртқалыларды тікелей бақылау және олардың белгілі бір түрлерін жиналған жерлерде аңду жолдары арқылы бақылау, мысалы, тоғай, қалың бұталар немесе құрайлар ішінде.
Статикалық төзімділік (статикалық жағдайда салмақты зат ұстау); Ептілік, күш және көру өткірлігі, ойлау жылдамдылығы, зер салу мен назардың тұрақтылық мөлшері мен үйлесімі, көргенін есте сақтау, жедел есте сақтау.
«Биология және экология» 05113.04 «Биология және география» 05113.05«Биология және валеология» 05113.06 «Биология және гигиена» 05113.07 «Биология және фермерлік іс» меңгеру қажет. Зерттеуші– әдебиет-пен жұмыс жасау және зерттеу методи-касының техноло-гиялық сұлбасын құрау, тәжірибе мен бақылау өткізу, экспериментальд ы материалдарды жи-нақтап, талдап және қорытындылар т.б. жасай білуі қажет. «биология және психоло-гия» бакалавры, биология және психология пә-нінің мұғалімі, «биология және экология» бака-лавры, биология және экология пәнінің мұғалімі «биология және география» бака-лавры, биология және география пәнінің мұғалімі, «биология және валеология» ба-калавры, биоло-гия және валео-логия пәнінің мұғалімі, «биология және гигиена» бака-лавры, биология пәнінің мұғалімі және сан.эпид. қызметінің мама-ны, «биология және фермерлік іс» жүйесі бойынша оқыту ерекшелік-терін , органика-лық әлемнің негізгі даму заңдылықтары н білу қажет; Әртүрлі оқыту әдістерді пайда-ланып, оқушы-лармен жұмыс жасай білу керек; Оқыту дағды-лары мен, тәрбие жұмыстарын, зертханалық және дала тәжірибелер мен бақылауларды практика жүзінде көрсете білу керек. бакалавры, био-логия және фермерлік іс пәнінің мұғалімі Кәсіби қызмет сипаты мен мазмұны Қажетті қабілеті Орта білім беру мектептегі оқу бағдарламасына енгізілген биологиялық ғылымдар ботаника, зоология, физиология, биохимия, цитология, сонымен қатар жалпы білім беру пәндер бойынша сабақ беру; Әр түрлі мекемелерде бейінді пәндер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу; Әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда өндірістік-басқару қызметі; Химия-биологиялық бейінді (ауыл шаруашылық және минералды шикі заттар өңдеу өндірісі) өндірістерде ұйымдастыру-технологиялық қызмет; Су омыртқасыздарын қолмен жинау; Түрлі табиғат ортасына саяхатқа Статикалық төзімділік (статикалық жағдайда салмақты зат ұстау); Ептілік, күш және көру өткірлігі, ойлау жылдамдылығы, зер салу мен назардың тұрақтылық мөлшері мен үйлесімі, көргенін есте сақтау, жедел есте сақтау. шығу барысында жер бетіндегі омыртқалыларды тікелей бақылау және олардың белгілі бір түрлерін жиналған жерлерде аңду жолдары арқылы бақылау, мысалы, тоғай, қалың бұталар немесе құрайлар ішінде. кезінде қандай жағдайда болмасын өз бетінше жұмыс жасауға жан-жақты дайын болуға тиіс. Егер «далалық факультеттер мамандарының үлгісі» туралы айтар болсақ, онда оның құрамдас бөлігі мыналар болуға тиіс: 1. Тұлғасының жақсы жетілуі мен денсаулық жағдайы 2. Жан-жақты дене тәрбиесі дайындығы 3. Температуралық және барометриялық құбылмалықтарға ағзасының жеткілікті бейімделу мүмкіншілігі. 4. Барынша бұқаралық және қолданбалы спорт түрлері бойынша теориялық білімдері мен практикалық машықтары. Студенттерді оқу-далаллық және өндірістік практикаларға сапалы дайындау үшін қозғалыс режімін жандандыра түсу қажет. Көбіне лайықты қолданбалы дене тәрбиесі жаттығулары деп мыналарды есептеу керек: 1. Суда жүзу 2. Туристік сапарлар 3. Шанғы спорты 4. Баяу жортақтап жүгіру 5. Топтасып жүгіру (әртүрлі жер жағдайындағы жүрдек жүріс, жүгіру)
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы. Мақсаты – қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруын анықтау. Жоспар: 1. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктері. 2. Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктерін анықтаңыз. 2. Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы ерекшеліктерін анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістерін таңдау ерекшеліктері. Мақсаты – Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістерін таңдау ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістерінің ерекшеліктері. 2. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістерін таңдау ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістердің ерекшеліктерін дәптерге жазыныз. 2. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындықтың құралдары мен әдістерін таңдау ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1. Физиктер, химиктер, математиктер еңбек жағдайының сипаттамасы. 2. Биологтар, географтардың еңбек жағдайының сипаттамасы. 3. Физиктер, химиктер, математиктер кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістерінің тандау ерекшеліктері. 4. Биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістерінің тандау ерекшеліктері. Дәріс № 3 Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және женіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы
Жоспар 1. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және женіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың еңбек жағдайының сипаттамасы 2. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және женіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының ерекшеліктері
Әдебиет 1.Тайжанов С., Караков А. Дене тәрбиесі. 4-кітап / жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Үш Қиян», 2009. – Б. 136-162. 2.Иванов Г.Д., Кульназаров А.К. Физическое воспитание студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.124-138. 4. Закирьянов К.Х., Иванов Г.Д., Ордабаев Н.О., Жаксылыков М.Ф. Профессионально-педагогическая и прикладная физическая подготовка студентов // Учебно-методическое пособие. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1998. – С.21-97. 4. Раевский Р.Т. Профессионально-прикладная физическая подготовка студентов технических ВУЗов//Учебное пособие. – М.: Высшая школа,1985. -136с. 5. Физическая культура (включая валеологию) по всем специальностям и направлениям/Типовая программа по предмету «физическая культура» для высших учебных заведений. – Астана,2002. – 35 с. 1. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және женіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың еңбек жағдайының сипаттамасы Өндірістік- педагогикалық қызметтерді атқарумен қатар қызмет саласына байланысты болашақ журналистерге, тарихшыларға, тіл-әдебиеті мамандарына дене мәдениеті мен спортты насихаттаудың түрлері мен тәсілдерін, арнаулы білімді игеру аса қажет. Болашақ жұмыс орындарында дене тәрбиесі мен спортты ұйымдастырып және өткізу үшін студентке мынадай білімдер мен біргірлікті игерген жөн: 1. Спорттың ең бұқаралық түрлері жеткілікті хабарлар болу 2. Арнаулы түсіндірме сөздіктердің белгілі бір мөлшерін түсіну және білу 3. Лекция оқып, баяндама жасай білу, баспасөзде мақалалар жазып, теледидар мен радиода сөйлеу, стендтер, фотокөрмелер мен дене мәдениеті бұрыштарын жасау. Бұлар, әсірісе, өзінің газет редакцияларындағы, радио мен телевизиядағы қызметі барысында дене мәдениеті мен спортты адамдар тұрмысына еңгізу мәселелерін тұрақты көтеріп жүруге тура келетін журналистер үшін сас қажет. Дене мәдениеті мен спорт негіздерін және оның терминдерін білмеу салдарынан тілшілер көбіне қателікке ұрынады, содан барып жазып отырған мәселесін дұрыстығына нұқсан келіп, хабардың қызығы кетеді. Сондықтан қарастырылып отырған мамандықтардың оқу процесінде ол үшін студенттер жатақханаларда қоғамдық дене тәрбиесі қызметіне студенттерді көбірек тарта отырып, дене мәдениеті мен спорт бойынша кәсіби-қолданбалы дайындыққа назар аударған дұрыс. Жоғарыда айтып өткеніміздей, дене мәдениеті және спортты насихаттаумен жиі айналасатын журналистика факультетін бітірушілер. Сондықтан олар үшін біз мынадай үсыныстар мен есепке алынар талаптарды алға тартамыз: 1. Дене мәдениеті бүрыштарын ұйымдастыруға, қабәрға газеттерін шығаруға, фотокөрмелер, плакаттар мен жедел парақтар (молния) жасауға студенттерді көптеп тарту. 2. Университеттік газеттерде және басқа баспа орындарында, радио мен телевизияда дене мәдениеті мен спорт мәселелерін көтеруге жқртты белсендірек қатыстыру. 3. Факультет жанынан дене мәдениеті мен спортты насихаттау бюросын құру. 4. Бірінші курс студенттері үшін есепке алынатын талаптар (2 семестр) Университеттің көп тиражды газетіне, немесе басқа баспасөз орындарына, ақпарат, не фотосурет дайындап бастыру, радио телевизия арқылы сөйлеу (тандауы бойынша). Сірә, журналистика факультетін бітірушілерге төмендегідей арнаулы білім мен білгірлікті игеру қажет болар: 1. Ең бұқаралық спорт түрлері туралы жеткілікті хабардар болу. 2. Спорттық терминдердің біршамасын білу 3. Спорт жарыстары мен мерекелерінен репортаждар дайындап, жүргізу. Бәрімізге мәлім, бір оқиғаны терен түсіну үшін, соны іштен біліп шығуың керек. Дене мәдениеті саласына келетің болсақ, спорт бір түрімен, шүғылданып, немесе дене жаттығулармен үнемі айналасып, солардың ағзаға, жұмысқабілетіне тиетін әсерің өзін сезінбей, сол туралы дурыс пікір туындамайды. Сол туындаған пікірлерді мамандардың ғылыми дәлелденген мәліметтермен салыстыру қажет. Жоғарыда игеруге қажетті білімдерді қалыптастыруға қазіргі танда Қазақстан республикасында әдебиетке сүйену қажет деп ойлаймыз: 1.ҚР президентінің өкімі « ҚР 2007-2011 жылдарға арналған дене тәрбиесі мен спортты дамытудағы мемлекеттік бағдарламасы» - ҚР үкіметінің қаулысы . - № 280 30 желтоқсаннан 2006ж. 2. Куаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі /Болашақ дене тәрбиесі мүғалімдерің кәсіптік бағытта дайындау мәселелеріне арналған оқу қуралы. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. - 185 б. 3. Уанбаев Е.К. , Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спортттың ілімі мен әдістемесі//Оқу қуралы /2- басылым. Өнделіп толықтырылған. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2009. – 260 б. 4. Иванов Г.Д., Караков А. Дене тәрбиесі /Оқу қуралы. – Алматы: Санат және Мирас, 1995. – 173 б. 5. Толковый словарь спортивных терминов: Около 7400 терминов /Сост: Ф.П.Суслов, С.М.Вайцеховский. – М.:Физкультура и спорт, 1993. – 352с. 6. Спорттық терминдердің энциклопедиялық сөздігі //А.Құсаиновтың жалпы ред. – Алматы, Рауан, 1995. – 220 б. 7. Қаражанов Б.Қ., Аманбаев Р.Р., Калдыбаев М.К. Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт ілімі мен методикасының түсініктері. – Алматы, 1992. – 45 б. 8. Иванов Г.Д., А.К.Кұлназаров. Студенттердің дене тәрбиесі//Оқулық. – Астана, 2008. – 220 б. 9. Кульназаров, Жолымбетов Болашақ жоғары білікті заңгерлерді, тексерушілерді және ішкі істер министрлігінің органдарының басқа қызметкерлерін даярлауда кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі жайындағы мәселелеріне аса көңіл бөлу керек. Оны, мамандарға жан-жақты және арнаулы дене тәрбиесі дайындығы, қолданбалы машықтар мен қабілеті жөніндегі жоғары талаптар қоятын, оларды кәсіби қызметінің ерекше жағдайлары қажет етеді. Жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың еңбек жағдайының ерекшеліктері мыналар: 1. Ұзақ уақыт қозғалыста болуы – конвейерлерді аралау. 2. Есту органдарын бұзатын, машиналардан ауасы ластанатын үй жайда болуы. 3. Технологтардың ақаудың себебін тауып, оны жөндеуіне, жаңа үлгілер жасап, өндіріске жіберуіне, күрделі өндіріс жағдайын тез бағдарлауына байланысты миға салмақтың көп түсуі. Сондықтан да болашақ инженер-технологқа жоғары оқу орнында өткізген барлық жылдарында өзін осы кәсіпке дайындап, орталық нерв жұйесі мен жүрек-қан тамырлары жұйесінің жақсы жағдайын қамтамасыз ететін дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу керек. Жеңіл өнеркәсіптің инженер-технологы күніне 1 сағаттық үзілісті қоспағанда, 8 сағат жұмыс жасайды. Осы барлық жұмыс уақытында ол үнемі қозғалыста болады, немесе, еңкейіп жұмыс жасайды. Сол көп жыл бойы жоғары жұмыс қабілетін сақтау үшін студенттік өмірде: 1. Жалпы төзімділікті, 2. іске ықыласты, 3. жан-жақты дене тәрбиесі дайындығын, 4. қозғалыс әрекеті мен машықтарын дене тәрбиесі арқылы қалыптас тыруды жетілдіру аса қажет.
Опреатор-диспетчерлік кәсіптің шарттары мен сипаты: 1. Операторлар мен диспечерлердің өндірісті қызметі аз қимылдау жағдайында, көбіне, отырған күйде жүзеге асырылады, мұның өзі денсаулық жағдайына және дене тәрбиесі дайындығына кері әсерін тигізеді. 2. Еңбек сипаты – сезімталдығы мен нервісінің ширығуы қатар жүретін ойлау қызметі. 3. Осы кәсіп өкілдерінің түрлі дәрежеде көру қәбілеті нашарлайды, ағзаларының жүрек-қан тамырлары және тыныс жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері төмендейді. Осыған орай кәсіби аурулар деп артрит және кұян (радикулит), суықтан болатын дерттерді айтады. 4. Олардың денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеті сұрақ-жауап бойынша негізінен аз мөлшерде қанағаттанарлық деп бағаланып жүр. 5. Ағзаның жалпы қажуының белгілі болатын кезі, диспечерлердің айтуы бойынша, 3-4 сағаттық жұмыстан кейін болса керек, ал жұмыс аяғына қарай, әсіресе,, түнгі кезекте тұрғанда одн асып түседі екен. 6. Олардың жұмыс қабілеті мен іске ынтасы төмендейді, әсіресе, студент кезінде кім аз ауырпалық тартса, және қазіргі кезде дене тәрбиесімен жеткіліксіз айналысса, типті, онымен айналыспаса, айтарлықтай көп деңгейде төмен болады екен. 7. Жұмыс кезінде қолайлы, әсіресе, эспандерді, резеңке серіппелерді, батпандарды, шынтақ динамометрлерін және басқаларын қолдану арқылы жаттығулар жасау қажет. 8. Өнімді жұмыс үшін қажетті ең басты тұлғалық қасиет – төзімділік. 9. Жұмыс кезегін ауыстыру кезінде оларда жұмыс жасау қалпын өзгерту ниеті пайда болады екен. 10. Жұмыс кезегі уақытында көбіне-көп, ми, мойын бұлшық еттері, арқа, қол мен иықтар екен. 11. Жол диспетчерлерінің дене мүшелерінің қалыптастырғыш және сауықтырғыштық тәсілдерін қолдануды білмеу мен дағдыланбағандығы. 12. Жол диспечерлері ағзаларын жүйке- психологиялық ширығу мен тым қатты ширығуға ұшырататын өндірістік қызметтің бірқалыптылығы және күрделілігі. 13. Суық тиіп ауыру жағдайларының болуы (өтпелі жел, температураның өзгермелілігі) 14. Көптеген диспетчерлер шылым шегеді, мұның өзі олардың денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілетің төмендетуге әсерін тигізеді. Қазіргі кезде адам ағзасына жоғары психифизиологиялық талаптар қоятың тұрмыстағы және өндірістегі жеткіліксіз қимыл әрекеттері (гиподина мия) оператор-адамның сенімділігі проблемелардың көбірек алға тартып отыр. Сондықтан да «сенімділігін айқындау барысында оператрдың күткен резевтер есебі», біздінше, аса қажет сияқты. Оның, әсіресе, операторлық кәсіпке сәйкес келетіндігінің айрықша мәні барын баса айтқымыз келеді. Өйткені, оның негізгі қиындығы: олар үшін, әдетте, үқсатушы аппараттың көлемін бір мезгілде арттыра білуінде, кездейсоқ құбылыстың тап болуына орай, тікелей осы жағдайға байланысты шұғыл шешім тандай білуінде, ал жалпы тұтас алғанда осындай қиын сәттерде жедел қимылдап әрекет жасай білу шеберлігінде, т.б. Диспечерге шындалған шеберлік қана емес, сонымен бірге қимыл-әрекет қозғалысын ұйлестіріп отыру, ойлау, реакция мен қозғалыс әрекетінің шапшандығы керек. Сонымен бірге қозғалыс-тірек жұйесінің, қолдардың, иық белдеуінің, жота мен іш құрылысы бұлшық еттерінің әрекет ету қабілетін қолдап және дамытып отыру қажет. Бір сөзбен айтқанда, жұмысқа қабілеті диспечер ол - жоғары дамыған, функционалдық және психофизиологиялық жағынан дайындалған адам, шаршауға, суық тиіп ауыруға және денсаулыққа сезімдік-нервілік ауырпалықтын, тым қатты ширығудың кажетсіз әсеріне жол бермей, қарсы түра алатын қабілеті бар азамат. Диспечердің қызметі курделі де, психологиялық жағынан қызық жұмыс. Пойыздар жылдамдығыныңартуы мен қатынас жийілігінің көбею осы сала қызметкерлерінің жүйесі мен ми қабаттарының анағұрлым ширығуына әкеп соқтырады, өйткені, ол мол ақпаратты қабылдап және ұқсатымен, көптеген командалар берумен және ес-тұстың өскелен көлемі және жеделдікпен тікелей байланысты. 2. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және женіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың кәсіби-қолданбалы дене дайындығының ерекшеліктері Алға қойған міндеттерді шешу үшін, ен алдымен, заңгерлерге аса қажет тұлғалық қасиеттер мен қолданбалы машықтарды айқындау және дене тәрбиесі жаттығуларының барлық түріндегі (сабақта, спорттық жаттығуда, таңертенгі гимнастикада және дене тәрбиесі үзілісінде, бүқаралық спорттық және сауықтыру шараларында) олардың көлемін арттыру керек. Мұндай жағдайда университеттегі барлық оқу жылы бойында факультативтік және сабақтан тыс жаттығу түрлерін өткізген дұрыс. Аса қажет тұлғалық қасиеттер, қозғалыс машықтары, оларды қалыптастыру жолы мен тәсілдері келесі (кесте 15) Кесте 15 – Заңгерлерге қажетті тұлғалық қасиеттер, қозғалыс машықтары, оларды қалыптастыру жолы мен тәсілдері № п/п
Тұлғалық қасиеттер, машықтар
Негізгі тәсілдері
1
Қолдың күші Салмақ түсіру жаттығулары, өз салмағын билеу, күрес, гимнастикалық жаттығулар
2
Шыдамдылық
Жүрдек жүріс (ходьба), жүгіру, шанғы, спорт ойындары, суда жүзу
3
Жылдамдық Зейінді жаттықтыру, жылдамдық-күш жаттығулары (ұшқыр жүгіріс, секіру, снаряд лақтыру), спорт ойындары, күрес
4
Ұйлесімдік
Акробатика, гимнастика, серіппеде секіру
5
Мотоцикл не автомобиль жүргізе білу
Автомотоспорт
6
Мылтық ата білу
Стенд ату және шағын ұнғылы қарулардан ату
7
Өзін-өзі қорғау машықтары
Күрестің барлық түрлері және әсіресе, спорттық самбо әдістері
ойындары, күрес 4 Ұйлесімдік Акробатика, гимнастика, серіппеде секіру 5 Мотоцикл не автомобиль жүргізе білу Автомотоспорт 6 Мылтық ата білу Стенд ату және шағын ұнғылы қарулардан ату 7 Өзін-өзі қорғау машықтары Күрестің барлық түрлері және әсіресе, спорттық самбо әдістері 2. Дене тәрбиесінің болашақ мұғалімдерінің, автомобиль көлігі болашақ инженерлерінің, суретшілердің және пән-мұғалімдердің кәсіби-қолданбалы дене шынықтыруы
Әдебиет 1.Тайжанов С., Караков А. Дене тәрбиесі. 4-кітап / жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, «Ұш Қиян», 2009. – Б. 145-146, 157-161. 2.Иванов Г.Д., Кульназаров А.К. Физическое воспитание студентов. – Учебник. – Алматы, 2002. – С.124-138. 5. Закирьянов К.Х., Иванов Г.Д., Ордабаев Н.О., Жаксылыков М.Ф. Профессионально-педагогическая и прикладная физическая подготовка студентов // Учебно-методическое пособие. – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1998. – С.21-97. 4. Физическая культура (включая валеологию) по всем специальностям и направлениям/Типовая программа по предмету «физическая культура» для высших учебных заведений. – Астана,2002. – 35 с. 1. Дене тәрбиесінің болашақ мұғалімдерінің, автомобиль көлігі болашақ инженерлерінің, суретшілердің және пән-мұғалімдердің еңбек жағдайының сипаттамасы Басқа пәндердің мұғалімдері әрекетімен салыстырғанда дене мәдениеті мұғалімінің іс әрекеті «дене мәдениеті» пәнінің ерекшелігіне, сонымен қатар қандай жағдайларда жүзеге асырлатына байланысты. Пән мұғалімдерінің әрекеті стандарттық жағдайларда өтеді: барлық оқу сабақтары шекарасы бар бөлмелерде өтеді (кабинеттерде). Осындай жағдай оқушылар мен мұғалімдердің оқу-практикалық әрекетің үйымдастыруды және басқаруды женілдетеді. Дене тәрбиесі процесі әртүрлі жерлерде өтеді: ашық аландарда, спортзалдарда. Сабақ өтетің орнының көлемі үлкен болған сайын (стадион, ашық алан) оқушылардың қозғалтқыш әрекеті кенейді, осыған байланысты оқушылармен басқару процесі қиындайды.
Бұл жерде мұғалімнің дене дайындылығына, денсаулығына үлкен талап қойлады. Тағы да бір арнайы қойлатын талап – оқытушының дауысы (себебі ол арқылы оқушылармен басқару іске асырлады). Мұғалімнің әрекетіне ықпал тийгізетің жағдайлардың арасында оқушылардың үлкен қозғалтқыш әрекетін атп кету керек (себебі спортзалдың ішінде олар әр жерде жаттығуларды жасап турады, ал мұғалім өзінің назарын солардың бәріне аударып турады). Автомобиль көлігі инженерлеріне денеге түсер аздаған салмақ пен жеткілікті жоғары белсенділік қызметі кезеңдерінің алмастырып отыру тән болып келеді. Осы сала маманына ылғи да өзгермелі жағдайда қызмет жасауға тура келеді. Ол одан кездейсоқ өзгеріс жағдайларының талаптарына сәйкес қимыл әрекетін тез өзгерту, оның машықтарын тез игеру қабілетін талап етеді. Қазіргі кездегі өндіріс орындары инженердің психикалық қасиеттеріне, тез ойлауына, оның кездейсоқ және стресс жағдайларында өзінің сезімі мен қимыл әрекетін дұрыс ұстай білуіне үлкен талаптар қояды. Ол батыл, жағдайды тез бағалап, дұрыс шешім қабылдайтын және оны іске асыра алатын болуға тиіс. Ондай мамандардың инженерлік қызметі жедел қимылды, жалпы ептілік пен қимыл әрекетін үйлестіре білуді, бұлшық еттердің арнайы шыдымдылығын қажет етеді. Сәулет өнері факультетінің бітірушілер көбіне жобалау институттарында жұмыс жасайды. Көп уақыт бойы бір орында тапжылмай кульман қасында тұру осы мамандық иелеріне тән жұмыс. Лоарға сонымен қатар көру анализаторы арқылы қадағалау қажеттілігі де, орасан мол ақпаратты ұқсата білу де, чертеждармен жұмыс жасау да, зергерлік дәлдік пен көзбен мөлшерлеуді қажет ететін жарақтармен іс жүргізу де тән болып келеді. Сәулетшінің көзге көп түсетін жұмыс қалпы: кеудені алға жіберіп, басты иеді де, женіл тыныс алады, ал ол мойын бұлшық етінің, иықтар белдеунің, жотаның, аяқтардың бұлшық еттерінің ылғи да тепе-тең жағдайда ширығып тұруын талап етеді. Жұмыс процесі кезінде өте-мөте аз қимыл жасайды да оның барлық бұлшық еттерінің тіршілік қабілеті (тонус) тұрақты күйнде қалады. Сәулетшілер еңбегін күрделі қызметін керек ететін женілдетілген дене еңбегі ретінде қарастыруға болады. Сәулетшіге көбірек тән қимыл әрекеті – иілу шегі шектелген білек пен алақан сүйектерін, саусақтарды бүгіп, жазу. Сөйтіп, сәулетшілер жұмыс процесін ықшам қимылды үйлестіре отырып, саусақтар мен білектердің біркелкі емес нәзік қозғалысымен және көз бен зейінің шиеленісуі жағдайында орындайтындығын айтуға болады. Сәулетші қызметінің еркшелігі мүсін келбетін бұзып және адам ағзасының сүйек-бұлшық еттері, жүрек-қан тамырлары мен тыныс жүйелерінің қызметін төмендетіп жіберетін гиподинамия (қозғалыс әрекетінің жеткіліксіздігі) болып табылады. Мамандармен-суретшілермен, институттың бұрынғы студенттерімен әнгімеден кейін мына жайлар анықталды: Жұмыс басынан 2-2,5 сағат өткен соң тапсырма жеткілікті мөлшерде жылдам да өнімді орындалады екен. Ықылас-зейін шоғырланып, ми қызметі артады, еңбек процесіне араласпаған адамдардың бұлшық еттерінің белсенділігі біртіндеп төмендей бастайды, содан кейін шаршауға шалдығады. Аяқтары, мойыны шаршап, талып, көздері талады, ойлау қабілеті төмендейді. 2. Дене тәрбиесінің болашақ мұғалімдерінің, автомобиль көлігі болашақ инженерлерінің, суретшілердің және пән-мұғалімдердің кәсіби-қолданбалы дене шынықтыруы Дене тәрбиесінің міндеттері көп қырлы және тек дене мәдениеті сабақтары арқылы оларды толық шешу мүмкін емес. Ол үшін сыныптан тыс міндетті жұмыстардың сан салалы түрлерін ұйымдастыру қажет. Бұл мәселені де дене тәрбиесінің мұғалімдері тек өздері ғана шеше алмайды. Оқушылардың дене тәрбиесі – бүкіл ұстаздар ұжымының ортақ ісі. Олай болса, педагогикалық жоғары оқу орындары мен университтерде жоғары білімді мұғалімдер даярлап қана қоймай, сонымен бірге дене тәрбиесінің мәнін және оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың қажеттілігін терең түсіне білетін тәрбиеші мұғалімдер де әзірлеу керек. Дене тәрбиесі бойынша жоғары оқу орындарында белгіленген бағдарламаның теориялық және практикалық материалдарын (оқу бөлімдерінің бірінде) өте келе бошақ мұғалімге: 1. Мектеп күні режимі бойынша және сабақтан тыс уақыттағы бұқаралық сауықтыру және спорттық шараларды ұйымдастырып, өткізуді үйрену. 2. Тәнертенгі гимнастиканың дене тәрбиесі жаттығулары мен дене тәрбиесі үзілістерін түсіндіріп және көрсете білу. 3. Тым болмаса оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес жалпы дене тәрбиесі дайындығын жеткілікті дәрежеде игеру қажет. Студенттердің мектептерде дене тәрбиесі – бұқаралық жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі машықтарын қалыптастыруда ықпалды тәсілдердің бірі – қоғамдық-саяси практиканың маңызды құрамдас бөлігі болып саналатын – қоғамдық кәсіптер факультеттерінің дене мәдениеті мен спорт бөлімшелері болып табылады. Дене мәдениеті мен спорт бөлімшелеріндегі сабақтар студенттердің бұқаралық сауықтыру шараларын өткізу жөнінде (топтарда, факультетте, университетте) теориялық білім алып және практикалық жағынан машықтануына бағытталған және ол олардың қоғамдық-саяси белсенділігің дамытуға көмектеседі. Болашақ мұғалімге оқу бөлімшелерінің бірінде дене тәрбиесімен айналысудан басқа, дене мәдениеті және спорт бөлімшесінің оқу жоспарының теориялық және практикалық тарауларын өтіп қана қоймай, сонымен бірге есепке алынатын негізгі талаптарды да міндетті түрде орындау пайдалы, өйткені, ол жиналған теориялық білім мен практикалық машықтарды нықтауға жағдай туғызады. В.В.Шишкаловтың зерттеуы бойынша «дене мәдениеті» пәнінің мұғалімінің дене дайындылықтың дәрежесі оның кәсіпті әрекетінің барысында ьбіртіндеп төмендейді. Осыған байланысты студенттер оқу процесінде дене дайындылығы денгейің төмендетпеуге әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет. Спортшы студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығына қойылатын талаптар. Барлық разрядты спортшылардың жан-жақты тұлғалық қасиеттерді жеткілікті дәрежеде екенін ескере отырып, біз бағалау үшін бақылау жаттығуларын ұсынбаймыз, қайта төмендегідей есепке алынатын талаптарды орындау керек деп есептейміз: 1. ККДД теориялық бөлімінің білімдерін игеру. 2. Қоғамдыұ нұсқаушылар, не спорт төрешілерінің практикалық машықтарын меңгеру. 3. Тәңертенгі гигиеналық гимнастикамен өз бетінше айналысатын, кәсіби мәні бар, жаттығу түрлерін қолдана білу. 4. Факультеттегі немесе, спорт клубы басқармасындағы дене мәдениеті кеңесінің жұмысына белсенді қатысу. 5. Жатақханаларда бұқаралық дене тәрбиесі және сауықтыру шараларын (гигиеналық гимнастика, жүгіру клубтары, туризм, спорт түрлері бойынша жарыстар) ұйымдастырып және өткізу. Осы аталған есепке алынатын талаптарды орындау спортшы студенттерге халық шаруашылығының маманы, немесе, жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімі ретіндегі болшақ өндірістік қызметіне қажетті сауықтыру шаралары мен ККДД-ын ұйымдастырып және өткізу жөнінде машықтауға мүмкіндік береді. Автокөлік факультеті студенттерінің кәсіби-қоданбалы дене тәрбиесі дайындығының мынадай бағыттары анықталды:
- ККДД-ның теориялық тараулары;
- Оқу-өндірістік практика үшін қажетті кәсіби тұлғалық қасиеттерін қамтамасыз ету;;
- Болашақ еңбектің кәсіби машықтарын игеру
- Кәсіпорындарында дене тәрбиесін ұйымдастыру машығы мен әдістерін қалыптастыру;
- Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің өндіріспен байланысын жүзеге асыру;
- Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы (ККДД) бойынша сабақтың құрамдас бөлігі ретіндегі дене тәрбиесі жаттығуларының жиынтық жобасын жасау.
Сәулетшілердің оқу процесі және еңбегінің жағдайы мен сипатын зерттеу қолданбалы бағыттағы дене тәрбиесінің міндеттері мен бағыттарын анықтап берді:
- қимыл әрекетінің жеткілісіздігінің (гиподинамия) ерекше жағдайындағы жоғары жұмыс қабілетін қамтамасыз ету;
- біртекті қозғалыс пен қимыл әрекетке сәулетші ағзасының орнықтылығын арттыру
- психофизиологиялық қасиеттерді (төзімділік, ептілік, саусақтар мен білектер қимылдарын ұйлестіру, сезім тұрақтылығы, зейін-ықыласты аударып және басқаға бұра білу, тез ойлау мен есте сақтау) дамыту.
- Бұл мамандыққа ие боламын деген студенттер әрине көбінесе ел тану мен жер тануға (туризмге) құмартады. Араларында бодибилдинг мен шейпингті, теннисті, биллиярдты жақсы көретіндер де аз емес.
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, саулетшілердің, автомобиль көлігі, және пән-мұғалімдердің кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы. Мақсаты – қазіргі кезеңде журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің, автомобиль көлігі, және пән-мұғалімдердің кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктері. 2. Қазіргі кезеңде журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, саулетшілердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы. 3. Қазіргі кезеңде автомобиль көлігі және пән-мұғалімдердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктерін анықтаңыз. 2. Қазіргі кезеңде журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің кәсіптік-қолданбалы дене шынықтырудың ерекшеліктерін анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Қазіргі кезеңде журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің, автомобиль көлігі, және пән-мұғалімдердің еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктері. Мақсаты – Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің, автомобиль көлігі және пән-мұғалімдердің еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктері. 2. Дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктері. 3. Автомобиль көлігі және пән-мұғалімдердің еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктерін дәптерге жазыңыз. 2. Дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
3.ӨСӨЖ
3.1 Тақырып: Қазіргі кезеңде журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, саулетшілердің, автомобиль көлігі және пән-мұғалімдердің кәсіптік-қолданбалы дайындық сипаттамасының ерекшеліктері. Мақсаты – қазіргі кезеңде журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың, дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің, автомобиль көлігі және пән-мұғалімдердің кәсіптік-қолданбалы дайындық сипаттамасының ерекшеліктерін анықтау. Жоспар: 1. Қазіргі кезеңде журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындық сипаттамасы. 2. Дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындық сипаттамасының ерекшеліктері. 3. Автомобиль көлігі және пән-мұғалімдердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындық сипаттамасының ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар 1. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындық сипаттамасының ерекшеліктерін дәптерге жазыңыз. 2. Дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің кәсіптік-қолданбалыдене дайындық сипаттамасының ерекшеліктерін дәлелдеңіз. 3. Автомобиль көлігі және пән-мұғалімдердің кәсіптік-қолданбалы дайындық сипаттамасының ерекшеліктері.
СӨЖ
4.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың еңбек жағдайының сипаттамасы. 2. Юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың еңбек жағдайының сипаттамасының ерекшеліктері. 3. Дене шынықтыру мұғалімдерінің, сәулетшілердің еңбек жағдайының сипаттамасы. 4. Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындық сипаттамасы. 5. Юристердің және жеңіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындық сипаттамасы. 6. Дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіптік-қолданбалы дене дайындық сипаттамасы. 7. Сәулетшілердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындық сипаттамасы. 8. Автомобиль көлігі және пән-мұғалімдердің кәсіптік-қолданбалы дайындық сипаттамасы.
Мазмұны
Модуль № 1 Спорт теориясы дамуының қазіргі күйі және перспективалары
Дәріс № 1 Спорт теориясы дамуының қазіргі күйі……………………
2.1 Семинарлық сабақ Қазіргі кезеңде спорт теориясы дамуының негізгі мәселелері....................................................................... 3..1 ОСӨЖ Спорт теориясының түсінік аппаратында және түрлерінің типологиясындағы негізгі мәселелер……………………………… Дәріс № 2 Спорттың негізгі жақтары, оларды жоспарлау және қазіргі таңда жүзеге асыру ерекшеліктері………………………………………… 2.2 Семинар сабағы Қазіргі кезеңде спорттың негізгі жақтары, оларды жоспарлау және қазіргі таңда жүзеге асыру ерекшеліктері................... 3.2 ОСӨЖ Балалар спортында дене, тактикалық, техникалық дайындықтарды жоспарлау және жүзеге асыру ерекшеліктері..........
3.3 ОСӨЖ Спорттық нәтиже және қазіргі таңда оны анықтайтын факторлар. Дәріс № 3 Спорт түрлерінің, қызметтерінің, спорттық жарыстар теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, техникасы мен тактикасының даму перспективалары 3.1 Семинарлық сабақ Қазіргі кезенде, спорттық жарыстар теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, техникасы мен тактикасының жүзеге асыру ерекшеліктері. 3.2 Семинарлық сабақ Қазіргі кезенде, спорттық жарыстар теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, техникасы мен тактикасының жүзеге асыру ерекшеліктері. Дәріс № 4 Жоғарғы оқу орындағы спорттың өзекті ғылыми-әдістемелік мәселелері 4.1 Семинарлық сабақ Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындағы спорттың ғылыми-әдістемелік мәселелері
4.2 ОСӨЖ Студенттік спортты жетілдірудің негізгі мәселері
4.3 ОСӨЖ Студенттік спортты жетілдірудің негізгі мәселері
2 Семинарлық сабақтар
2.1 Қазіргі кезеңде кәсіптік-педагогикалық және кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістемелік негіздері.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының негізгі ұғымдары және осы процессті анықтайтын факторлар.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының негізгі ұғымдары және осы процессті анықтайтын факторлар.
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары, амалдары және әдістері
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктері.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктері.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктері.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: «Модель», және «модельдеу» деген ұғымдардың ерекшеліктері. Модуль № 3 «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері және оны студенттердің әртүрлі болашақ мамандықтарының кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолдану Дәріс № 1 «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері және оны студенттердің кәсіптіқ-қолданбалы дене дайындықта қолдану
ОСӨЖ
3.2 Тақырып: Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану ерекшеліктері. Дәріс № 2 Физиктер,химиктер,математиктер мен биологтар, географтардың кәсіби-қолданбалы дене шынықтыруы
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістерін таңдау ерекшеліктері. Дәріс № 3 Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және женіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы Модуль № 4 Дене тәрбиесінің болашақ мұғалімдерінің, автомобиль көлігі болашақ инженерлерінің, суретшілердің және пән-мұғалімдердің кәсіби-қолданбалы дене шынықтыруы
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Жоғары оқу орнында кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру ерекшеліктері.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: «Модель», және «модельдеу» деген ұғымдардың ерекшеліктері. Модуль № 3 «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері және оны студенттердің әртүрлі болашақ мамандықтарының кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолдану Дәріс № 1 «Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері және оны студенттердің кәсіптіқ-қолданбалы дене дайындықта қолдану
ОСӨЖ
3.2 Тақырып: Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану ерекшеліктері. Дәріс № 2 Физиктер,химиктер,математиктер мен биологтар, географтардың кәсіби-қолданбалы дене шынықтыруы
2 Семинарлық сабақтар 2.1 Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Қазіргі кезеңде физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар, географтардың кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының құралдары мен әдістерін таңдау ерекшеліктері. Дәріс № 3 Журналистердің, тарихшылардың, филологтардың, юристердің және женіл өнеркәсіп инженерлері мен технологтардың кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы Модуль № 4 Дене тәрбиесінің болашақ мұғалімдерінің, автомобиль көлігі болашақ инженерлерінің, суретшілердің және пән-мұғалімдердің кәсіби-қолданбалы дене шынықтыруы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру