Мазмұнға өту
Home

Ескен Елубаев 1 том

Ескен Елубаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ескен Елубаев 1 том

Авторы: Ескен Елубаев

УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 Е 49 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Елубаев Ескен Е 49 Таңдамалы. – Алматы: «Ана тiлi» баспасы ЖШС. – 2013 ж. Т. 1: өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – 384 б. ISBN 978-601-251-088-1 Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық Алаш əдеби сый лығы ның лауреаты, жетпістің жемісті белесіне шыққан Ескен Елубаев тың бірінші томына балаларға арналған ең таңдаулы шы ғарма ла ры іріктеліп берілді. Қазiргi балалар əдебиетi мен өнерiне сiңiрiп жүрген еңбегi зор ақынның шығармалары қазақ, орыс мектептеріне арналған оқулық тар ға да енген. Кiтап көпшілік оқырманға арналады. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 ISBN 978-601-251-088-1 © Елубаев Е., 2013 ISBN 978-601-251-087-4 © «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2013

ƏРҚАШАН ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЕСКЕН Балалар əдебиетiнен, оның iшiнде балалар поэзиясынан бақытын тапқан ақындардың бiрi – Ескен Елубаев. Балалар жазушысында кiсiге деген ерекше бiр парасат, ме йi рiм болады. Олар балаларды өте жақсы көредi. Ба ланың жанын басқалардан гөрi тереңiрек түсiнедi. Ескен Елубаев қырықтан астам кiтаптардың авторы. Сол кiтаптарының ең негiзгiлерi де оқырма ны ның кө зiн де, көңiлiн де тарта беретiн балаларға ар нал ған кi тап та ры. Балалар поэзиясындағы жұм бақ ты да, жаңылт паш тар ды да Ескен есебiн тауып өз жолына, өз жөнi не жетелейдi. Ескеннiң бiр топ балаларға арналған өлеңдерi Моск ваның балаларға арналған журналдарының бə рiн де жа рияланды. Жеттiм деп таспайтын, жамандыққа қадам баспайтын қадiрлi iнiмнiң өлеңдерiн мен ерекше жақсы көрем. Онымен кездесу, сөйлесу өреңдi өсiредi, санаңа жақсы лық нұрын ұялатады. Сол ұлы мейiрiм Ескеннiң елiне, жерiне, балаларына деген сезiмiн көбейте де түс кен. Оның қай кiтабынан да балаға деген нұрлы махаббат, шұ ғы ла лы жүректiң сөзiн тыңдайсың. Болашаққа аттанып кеткен асыл жырларың аман болсын, Ескен. Өзiң жақсы көрген сəбилердiң ер жеткенiн, аға бол ғанын көрерге жазсын саған. Баланы сүйген жүрек еш қашан қартаймайды. Үлкен мейiрiңмен келер жыл дарға аяңдай бер, бауырым. Алдыңнан дəйiм ақ күн шыға берсiн. Ол күндер саған көңiл гүлдерiн ұсына берсiн.

Тұманбай Молдағалиев, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Бірінші бөлім «КӨК ЖЕЙДЕ» ПИМА Байқамақшы болдым да, Сияр, я сыймасын, Атам үйде жоғында, Киiп едiм пимасын. Түбiне аяқ тигенiн, Тимегенiн айта алман. Кисем де өзiм киерiн, Шыға алмай тұрмын қайтадан. АЛАТАУ О бастан-ақ жарасып Тұрған тұлға, реңi. Алатауды қарашы – Алматының кiлемi! Көздiң жауын алғандай, Шырша, Шалғын, Гүлi бар. Көрсе мейiр қанғандай, Алуан-алуан түрi бар. Алатаудай айбынды, Тау көргем жоқ мен əлi. Медеудiң мұз айдыны – Чемпиондық медалi. БОРЫШ Тыныштықпен атса егер Аппақ таңдар, Саған сыйлап сол таңды Жатқандар бар.

Ол – жауынгер, ол – Отан Бекем жатқан, Өз борышын сен үшiн Өтеп жатқан. Жақсы оқы, жақсы жүр Сол үшiн де, Бұл Отанға өтеген Борышым де. ЖЕҢIС КҮНI Мəңгi шықпас ел есiнен, Жеңiстiң көрем бейнесiн мен, Орденге толы, медальға толы Əкелердiң кеудесiнен, Желбiреген жалауынан, Мəңгiлiк оттың алауынан, Күлкiсiнен балалардың, Шаттығынан аналардың, Əр күннiң нұрлы келбетiнен, Гүл жайнаған жер бетiнен! ӨЖЕТТЕР ƏНI Əлиядай апамыз, Бауыржандай атамыз Фашистерден Отанды Қорғап, батыр атанды. Бiз елiктеп өсетiн, Батырларың десе кiм, Əлиядай апамыз, Бауыржандай атамыз. Кешiрiмi жоқ жауға, Өжетпiз бiз бəрiмiз. Елiмiздi қорғауға Əрқашан да дайынбыз!

МЕН БАҚТАШЫ Əкеме ерiп, жиналып, Қолға қамшы аламын. Табынды өзiм суарып, Шалғынға айдап барамын. Көк майса ғой келiскен Сиырлардың қорегi. Табын сиыр өрiстен, Бiзге сүт ап келедi. КӨКПАР Көк дөнендi ерттедi, Жарап тұрған елеңдеп. Менi өзiмен ертпедi: «Көкпар тартып келем», – деп. Қарап тұрмын телмiрiп, Шығып үйдiң үстiне. Əне, əкем тебiнiп, Кiрдi дода iшiне. Қамшы сiлтеп, салысып, Көкпар тартыс қызады. Көкпаршылар жарысып Жотаны асып ұзады. Ауызыма тығылып, Тыншымайды жүрегiм. Əкем аттан жығылып, Қалмаса екен – тiлегiм. НЕ? Қанатбек қутыңдап, Ауызы бұлтыңдап, Қаужаңдап шайнайды, Не жұтып қоймайды, Жеп тұр ма кəмпиттi, Жеп жүр ме сiңiрдi,

Қызығып отырмын, Сезбедi ол мұнымды. Таусылып шыдамым, Өзiнен сұрадым. Ол ашып ауызын, Көрсеттi сағызын. ТҰРАПТЫҢ ҰСЫНЫСЫ Ет астық бiз, пiсiрдiк, Табаққа оны түсiрдiк. – Алыңыз, – деп, – алыңыз, – Жемек болдық бəрiмiз. Жайнап кеттi көзiмiз. Тамсанамыз өзiмiз. Ыстық екен бiрақ та, Оған шыдар Тұрап па: – Киiп алып қолғапты, Жейiк те, – деп ол жатты. БАҚЫТЖАННЫҢ АМАЛЫ Жүргенде ойын деп, Ашқан ғой қарыны, Бақытжан жейiн деп, Алды уыс тарыны. Асаймын дегенде, Шашып ап, қысылды. Апасы келгенде, Ұрсарын түсiндi. Термекшi боп өзi, Байқады, Болмады. Не қылған көп өзi, Жинала қоймады. Сонан соң ең қызық Амалды ол тауыпты. Қойыпты тергiзiп, Əкелiп тауықты.

ӨЗI Ертең ерте өзi тұрып, Асығады ойынға. Бəтеңкесiн өзi киiп, Байлайды өзi бауын да. Шырмап-шырмап ол ешкiмсiз, Байлауын бiр байлайды. Бiрақ кешке əкесiнсiз Бауын шеше алмайды. АҚҚАЛА Бойыма шақ қана, Қаладым аққала. Қуансын қосыла, Жүгiрдiм досыма. Жығыла-сүрiне, Жеткенше үйiне, Мақтанып айтқанша, Ертiп-ақ қайтқанша, Аққалам үлгерiп, Кетiптi күнге ерiп!.. ҚАМҚОР Ойнақ салып бұзауым, Қарашы үйден ұзауын. «Ойна, – дей ме, – берiрек», Енесi тұр мөңiреп. Қайырып мен келейiн, Жарысып бiр көрейiн. Ал кешқұрым болғанда, Апам сиыр сауғанда: «Бұзауға сүт қалсын», – деп, «Тоя емiп алсын», – деп,

Шықпаймын мен жанынан, «Көп саума», – деп жалынам. ТЫРМА Босқа қарап тұрмадым, Бiраз жұмыс тындырдым. Əттең, бiрақ тырманың Екi тiсiн сындырдым. Болып қалдым ұятты, Атам мұны ұқпай ма: Менiң тiсiм сияқты, Ол да қайта шықпай ма?! САУМАЛ Саумал сауып күбiге Апам қымыз пiседi. Көп кiсi кеп күнiне Үйден қымыз iшедi. Мен де күбi пiсер ем, Шашыратып төкпей бiр. Қара терге түсер ем, Əттең, бойым жетпей жүр. КӨК ЖЕЙДЕ Көктемнiң бiр күнi едi, Көгалда ойнап жүр едi. Апасы кеп Сапарды Дүкенге ертiп апарды. Жейде сатып əпердi, Өзiне ол шақ келдi. Түсi көгал сияқты, Апасы бек ұнатты.

– Мына жейдең көкпеңбек, – Дедi Сапар өкпелеп, – Жақында күз болмай ма, Көгал шөптей оңбай ма? МЫСЫҚ-ТЫШҚАН Қол ұстасып тұрыстық, Дөңгеленiп айналып. Екiлене қуысып, «Мысық – тышқан» ойнадық. «Тышқан» болып Құралай, «Мысық» болып мен шықтым. Қуа-қуа қуалай, Əбден өзiм тершiппiн. Мұндай тышқын көрмедiм, Қашты дейсiң ұшып кеп. Шаңына да ермедiм, Жарытпадым мысық боп. – Тышқан құсап тырбыңдап, – Десем де, – жəй қашсаңшы! Құралайым жылтыңдап, Дейдi: «аяқты бассаңшы!» Шаршап, бiттi төзiмiм, Ендi қайтiп ұстармын. Не болса да өзi бiр Жүйрiгi екен тышқанның! БIЗДIҢ ҚАРА ТЕКЕМIЗ Қара теке бiздегi, Жан тынышын iздедi. Қартайған соң, əл кетiп, Балаларды сүзбедi.

Күншуақтап жатады, Тəттi ұйқыға батады. Қартайса да текемiз, Ағармапты сақалы. НЕГЕ ТАР? Киiп едi Өтеулi, Былтыр тiккен жейдесiн. Шолтиып жең, етегi, Қысып тұрды кеудесiн. Өтеулi оның себебiн, Тез түсiне қоймады. Апам оның етегiн Кескен ғой деп ойлады. Дұрыс емес ойы оның Ешкiм қырқып кеспедi. Өсiп биыл бойы оның, Ал, жейдесi өспедi. «ҚОРТЫҚ» ШЫБЫҚ Қар кеттi де, жаз шығып, Ектi Төкен жас шыбық. Жүрмеген соң суарып, Қалды ол өспей қуарып, Ертелi-кеш ойнайтын, Төкен бе екен ойлайтын, Қамыс атпен жортып кеп, Сөгедi оны «қортық» – деп. КIМ? Дабырласып далада, Балалармен бiр жүр ем, Аула iшi сол арада, Болып кеттi дүрбелең.

Қарагер ат шылбырын Үзiп кете жаздады. Баса-көктеп бiр-бiрiн, Қашты көршi қаздары. Итiмiздiң сасқаны-ай, Тығылды үйшiк түбiне. Көк ешкiнiң қашқаны-ай, Лағына сүрiне. Дүрлiктiрiп бүлдiрген, Десем бəрiн кiм екен? Iшi пысып ойнақтап, Қызыл бұзау жүр екен! ТӨРТ АЯҚТЫ БОЛСА ТАУЫҚ Дəмi ауыздан кетпейтiн, Етi қандай тауықтың?! Ал одан да керемет Сөзi тəттi Сауықтың. Тауықтың ол отырып, Екi аяғын жеп алды. Басын шайқап опынып, «Əттең, шiркiн!» – деп алды. Тоймай қалып етiне, Өзi сонда ойлады: – Тауық неге шетiнен Төрт аяқты болмады?.. ƏЙБАТ БАЛА – Қандай жақсы бала едi, Үстiнде жоқ кiр-сатпақ. Айта қойшы, кəне, ендi Бiздерге арнап бiр тақпақ, – Деп қонақтар жиналып, Ортаға алды Серiктi.

Қалталардан сый алып, Шоколод та берiптi. Қойыпты олар құр мақтап, Жаттамапты бiр тақпақ. Жаттатпаған бiр тақпақ, Мамасы тұр қипақтап. САЗАЙЫН ТАРТТЫ – Бəрi қорқып, ықсын, – деп, Сүзеген боп шықсын, – деп, Шыққан жанды үйiне Қайта қуып тықсын, – деп, Қызыл қасқа торпағын Жалықпастан үйреттi. Тыныш жатса ол тағы: – Сүзiсем, – деп сүйреттi. Бермедi ғой тыныштық, Серiк əбден басынды. Жатпаған соң күйiс қып, Торпақ қатты ашынды. Серiк тұрды сөзiнде: Сүзеген қып шығарды. Қазiр оның өзiн де, Үйге қуып тығады. Сыртта жүрсе торпағы, Шыға алмайды үйiнен. Сүзе ме деп қорқады, Тығылып ап күнiмен. ОТЫРМЫН Бар кiшкентай мысығым, Көздерiнiң қысығын!

Жұмсағын-ай жүнiнiң, Титтəйiн-ай тiсiнiң! Қазiр менiң алдымда Ұйықтап жатыр маужырап, Келгендей-ақ əлгiнде Тышқан қуып қалжырап. Балалардың дауысы Естiледi даладан. Барар едiм, шiркiн-ай! Ал, отырмын манадан. Тəттi ұйқысын қия алмай, – Мысығым сəл тынықсын, – Отырмын мен тұра алмай, – Бұзбайын, – деп, – тынышын. БҰҒЫ Бұғы бар Алтайда, Алыста. Аттан да Озады ол Жарысса. Суыққа, Аязға Төзiмдi. Кетедi Көтерiп Өзiңдi. Мүйiзi – Дəрi оның Қымбатты, Сұлу да Денесi Сымбатты. Сұрайды Ал iнiм

Əскербек: «Ағаш па Басына Өскен?!» – деп. ҚОРҚАҚ «Тышқан», – деп ек, елеңдеп, «Қазiр қайтып келем», – деп, Төкен тұра жөнелдi, Жұрт күлкiге кенелдi. ЖЫЛҚЫ НЕГЕ МАҚТАНШАҚ ЕМЕС? (Мысал) Есек айтты: – Мен деген асылмын, – деп, Сахараның еркесi Қашырмын, – деп. Қашыр айтты: – Жапанда желқұйын боп, Ескен желмен жарысар жылқымын, – деп. * Жылқы тұрып мақтанайын деп едi, Таба алмады өзiн кiмге теңеудi. ҰЯ Наурыз келдi, қыс кеттi, Күн шуағын құяды. Топ-тобымен құс кептi, Жасау керек ұяны. Қызу еңбек, не керек, Жоқ тыныштық қыстайғы. Жыл құстарын Керемет Сағынғанға ұқсайды. Балалардың бiреуi – Берiкбайдың Асаны.

Ол да асығып жүр едi, Əсем үйшiк жасады. Үйшiк бiреу – iлуде, Жасағанын жасады. Ағашқа оны iлуге: – Қорқамын, – деп қашады. МIНЕ, ЖIГIТ!.. Тай əрi де тулады, Тай берi де тулады. Көрiп тұрған балалар Дедi: – Əне, құлады. Құламады, жарады, Құйындатып барады. –Мiне, жiгiт! – деп тұрмыз, Тай үйреткен баланы. СЫЛТАУ Жарысқанда балалар, Қосылды оған Жарқын да. Жүгiруге жарамай, Қалып қойды артында. Мазақтап ек «шөже» деп, Жыларманға шақ қалды. – Көп iшiп ем көже, – деп, Сылтау айтып ақталды. БАТЫР «Қорқақ екен өзге, – деп, Осыдан да қаша ма? Жаңбыр деген сөз бе», – деп, Тығылмады ол тасаға.

Су-су қылып киiмiн, Өте шықты нөсер де. Мойнына су құйылып, Бүрсеңдеп жүр көшеде. Сол күнi бiз кешкiлiк, Күлiп едiк «батыр!» деп. Ертесiне естiдiк: – Суық тиiп жатыр, – деп. ТОСТАҒАН Өзгешелеу басқадан Мынау кетiк тостаған. Кiм кемiрген жан-жағын, Кiм кетiк қып тастаған? Тасып тұр ма күштерi, Кiм бұлайша iстедi? Сəкен төмен қарады, Өткiр екен тiстерi... БIЛГIШIН-АЙ Асанды ерттiм жаныма, Бауға бiрге барғалы. Бiледi ол айыра, «ЗИМ» мен «ЧАЙКА», «ВОЛГАНЫ». Көшеде олар асығыс Өтiп жатыр шұбалып. – Ал мынауың «МОСКВИЧ», – Деп қояды қуанып. ...Келе жатты бiр кiсi Осы кезде жолменен. Жетегiнде бұзау бар, Бұрын Асан көрмеген.

– Ал мынау не? – дедiм мен, Асан бiраз кiдiрдi. Содан сөзiн сенiммен: – Ол ит қой, – деп бiтiрдi. ҚАЗ Судан шықпас жаздайын, Қаңқылдаған қаздарым. Мойындарың бiлемiн, Мойынындай түйенiң. Суға түссе балықтай, Жүзе берер жалықпай. Судан шықса, баладай Тəй-тəй басып қалады-ай! АЛА БАС – Ауыртады! – Деп жуытпай шашына, Ұстарамен алдырмай, Қидырар тек қайшыға. Содан басы Ала-ала боп жүредi. Жолдастары мазақтап, Оған мырс-мырс күледi. ЖҰМБАҚ ӨЛЕҢ Бiрi киген киiмдi Екiншiсi киедi. Қайда барса бiр барып, Жұбын жазбай жүредi. Тұра алмайды жарыспай, Ағайынды екеуi.

Бiр-бiрiнен қалыспай, Кезек озып кетедi. Əлi күнге бұлардың Бəсекесi бiтпедi. Не бiреуi қалып қап, Бiреуi озып кетпедi. (Екi аяқ) ЖАТЫСЫ ЖАМАН АХМЕТ Ұйықтар кезде төсегiн Салып берсең төр жаққа, Таң атқанда жатады Есiк жақта, жер жақта. IНIМНIҢ ЕТIГI Етiгi бар əдемi Өзiне шақ əсем-ақ. Жылайды ол əдейi: «Жаман етiк», – десең-ақ. Бұл қиқардың шатағы: Күндiз киiп ойынға, Төсегiне жатады, Етiгiн ап қойнына. БIЗДIҢ КЕҢЕСIМIЗ Күнде-күнде сабақтан, Кешiгедi бiр досым. Көрiп мұны сағаттан Түзелмей-ақ жүр досым. Бiрде бiздер жұптасып, Оған кеңес берiстiк. Бiр пiкiрдi құптасып, Бiз мынаған келiстiк:

– Кешiккенше күнде сен Бiр қоразды тап, – дедiк, – Өзiңе-өзiң сенбесең, Жаныңа алып жат! – дедiк. ДЕГБIРСIЗ Жаңа ғана пiсiрген Бұл ып-ыстық сүт едi. Асығып тұр iшуге Қалай шыдап күтедi?.. Серiк бiраз кiдiрiп, Суығанын тосты ма? Iшiп алды сiмiрiп, Суық суды қосты да. МАМЫР Бұл күнде нұрлы аспаны Көрсең ғой көркем қаланы! Туған ел тойын бастады, Басталды мамыр парады! Желбiреп тулар сан қилы, Шалқыды көкке от өрiп. Самсаған шарлар қалқиды, Кетердей жердi көтерiп. Көктемнiң күмiс жаңбыры Тазалап кеткен көшеде, Шырқалды бақыт əн-жыры, Төгiлдi күйлер нешеме. Көшенi кернеп барады, Еңбек пен теңдiк, туыстық. Қабылдап тұрды парадты: Бейбiтшiлiк пен Тыныштық!

ҚЫСТА ҚҰСТАР ҚАДIРЛI Жер ақ қарға оранды, Күн аязды, боранды, Жылы жақтан келген құс Жылы жаққа оралды. Мұрынымыз қызарып, Құлақтарды үсiттi. Қысқа түндер ұзарып, Кидiк тон мен iшiктi. Суық торғай – сұр торғай Кетпей қалды басқадай. Суықта да жүр торғай, Туған жерiн тастамай. Құстар бiзге ұнайды, Туған жерде жүретiн. Суығына шыдайтын, Ыстығына күйетiн. «Нағыз құстар солар», – деп, Қадiрлеймiз аса бiз. «Қарны ашып қалар», – деп, Күн сайын жем шашамыз... ҚАРБЫЗ Теңбiл-теңбiл қарбызды, Тентек Серiк жарғызды. Сонан соң оны жедi, Жедi де, былай дедi: – Сүйегi болмаса, етi Неткен тəттi едi... IНIМНIҢ АҢҚАУЛЫҒЫ Монтер ағай келдi де, Бағананың қасына. Үзiк сымды көрдi де, Өрмеледi басына.

Əлi өрмелеп барады, «Ту басына жетем», – деп. Қарап тұрмыз ағаны, «Құламаса екен», – деп. Шыбық атпен шапқылап, Келдi мұнда iнiм де. Сөйлеп тұрды ол аптыға Бағананың түбiнде: – Аға, мынау кiм өзi, Құламай ма бұл кенет? Қызық екен мiнезi, Онда ұя iздеп жүр ме? – деп. АҚЫЛ ҚАЙДА? Ақ мамасы сүйiктi Қойдың басын үйiттi. Былбыратып пiсiрдi, Табаққа əкеп түсiрдi. Тойып алып миына: Дедi бала ақыры: – Мына қойдың, шынында, Тəттi екен ақылы. ƏҢГIМЕ Каникулда көргенiн Бəрi де айтып жатқан-ды. Сонда Болат ер көңiл Бəрiмiзге мақтанды. Келемеждеп ойнап та: «Болат жалқау», – десек те, Каникулда ол қой баққан, Мiнiп алып есекке.

Болат жайсаң жайлаумен Достасып-ақ кетiптi. Қора қойды айдаумен, Каникулы өтiптi. Болат бiздiң бiр күнi Мылтық алып жатыпты, Ұстапты қу түлкiнi, Қасқырды да атыпты. Бiрде адасып кетiптi, Атасымен тұманда. Əзер үйге жетiптi, Сендiк бiздер бұған да. Қатты шаршап өздерi, Болдыртыпты қойларын. Шүңiрейген көздерi, Суық алған бойларын. Үш күн шарлап алапты, Адасқаны шын анық. – Сонда қайдан тамақты, Iштiңдер? – деп сұрдық, Болат түйiп қабақты Сасып қалды күйбеңдеп: – Тамақты ма? Тамақты... Iшiп тұрдық үйден кеп... АЙТҚАНЫ ДҰРЫС ПА? Төрде отырып қасқиып, Үлкен жиын бiр тойда. Əкесiне бас тиiп, Серiк миға бiр тойған. Тəттi-ау, шiркiн, ми деген, Дəмi ауыздан кетпейдi.

Бұрын қалай бiлмеген, Дəмдi ас одан өтпейдi. Содан берi ол қыңқылдап, «Ми жеймiн», – деп көнбейдi. Омыртқаны көрсе де, «Миын алып бер», – дейдi. КƏМШАТ Кəмшат шықты далаға, Iсi оның шала ма? Бiр аяқта ақ түстi, Бiр аяқта көк түстi Киiп апты сандалын, Күлдiрдi кеп жан-жағын. ЗЕРЕК БАЛА Əкесiнiң есiмiн, Жазып берер, «Жаз» десең. Жазар шеше есiмiн, Егерде оны аз десең. Жаза бiлер ол егер, Қолға берсең қаламсап. Зуылдата жөнелер, «Əлiппеңдi» ала сап. Талай-талай тақпақты, Шəрiп тұрып жатқа айтты. Оны бəрi мақтапты, Оған теңеу таппапты: – Жақсы оқиды-ау, шамасы, Қандай естi, қарашы! Ерте өскен санасы, Бұл кiмнiң, – деп, – баласы?

Бiлгендерден сұраса, Зеректердiң бiрi екен. Бiрiншiге жаңадан Барайын деп жүр екен... БАЛАБАҚША ЖАҚСЫ МА, МЕКТЕП ЖАҚСЫ МА? – Балабақшада жақсы ма, Əлде мектеп жақсы ма? – Дедiк бiздер Сақышқа, – Айтшы, кəне, айтшы, ə! Мектеп жақсы, ұнапты Оқытқаны сабақты. – Бiрақ бақша сияқты, Бермейдi ол тамақты... ЛƏҢГIЛIК ҚЫЛ Лəңгiлiк қыл iздеп, Күнiмен сабылды. Кешке қойлар келгесiн, Бiр амалы табылды. Торып жүрiп қойлардың Қораға кеп жатарын, «Бақ-бақ» еткен текенiң Кесiп алды сақалын. АЯЗДЫ КҮНI Далада аяз, қашан ғана тыншиды? Мұрынды бiр, Құлақты бiр шымшиды. Үйде Асан ыстық көже iше алмай, Iшек-қарны шұрылдайды, сыңсиды.

Темiр қасық! Қалай аузы күймейдi? Қасығы да ернiне бiр тимейдi. Тиiп кетсе, ернiн қасық күйдiрiп, Асан батыр баж етiп зар илейдi. Суығанша төзiмi оның жетпедi, Көженi алып тысқа қарай беттедi. Қар үстiнде суысын деп тұрғанда, Қос құлағы аз-ақ үсiп кетпедi. МƏНIСI Атасы үнсiз, Əжесi де үнсiз. Папасы да үнсiз, Мамасы да үнсiз. Отырады меңiреу, Адамдардай тiлсiз. Бiр-бiрiне тiл қатса, Сөйлеседi iшiнен. Бөлме iшiнде жүредi, Аяғының ұшымен. Даладағы итi де, Арс-арс етiп үрмейдi. Қызыл қасқа сиыры Мөңiреудi бiлмейдi. Радио да самбырлап, Сөйлемейдi, күлмейдi. Тоқтап қалған сағат та, Сырт-сырт етiп жүрмейдi. Мазаны алып ызыңдап, Ұшпайды да шыбын... Бiлмек болсаң, балалар, Бар мəнiсiн мұның: Үйдегi ерке Батыр Сабақ оқып жатыр!..

ЖАСЫРЫНБАҚ ОСЫ МА? Күндердiң бiр күнiнде Жасырынбақ ойнадық. – Кетiп қалма үйiңе, Бекер əуре болмайық, – Дедi Сапақ: – Алдымен Мен тығылам, сен iзде! Көздi жұмып қалдым мен, Беттi берiп терiске. – Ал, iздеймiн, сақтан, – деп, Iздеп жүрмiн жүгiрiп. Жуық маңнан тапқам жоқ, Қайда жатыр тығылып, Ауылды сан шарладым, Қарап қора, ақырды. Мен қай жерге бармадым, Таба алмадым ақыры. Жүйкелеген күйiмде Қарным ашып қабысып, Соға кетсем үйiне, Отыр Сапақ шай iшiп. ЕРТЕҢ ЕРТЕ Таң атқанда арайлап, Оянады бар аймақ. Бiр кiрiп те, бiр шығып, Басталады тiршiлiк. Жап-жарық боп төңiрек, Сиыр шығар мөңiреп. Ит үредi арсылдап, Шошқа жүрер қорсылдап. Кiсiнескен жылқылар, Жайылымға ұмтылар. Қозылары жамырап, Қой жүредi маңырап.

Қораз-тауық шақырып, Есек тұрар ақырып. ... Кей жылауық балалар Оянады бақырып.... ҚОЛҒАБЫС Əдетiмiз солай, Жатамыз бiз қалай? Колхозға да барып, Көмектестiк талай. Қырықтық та қойды, Тазаладық жолды. Шөмеле де салдық, Қырманға да бардық. Ниет қылып iзгi, Ағай бастап бiздi, Көмектестiк тағы, Қызу еңбек қызды. Мұрат, Тұрап, Асан, Бөкен, Төкен, Хасан – Бiз көп бала едiк, Жинатты алма сенiп. Тапа-тал түс күндiз, Алма терiп жүрмiз. Үйiп-үйiп мол ғып, Бəрiн жинап болдық. Сол алманың, бiрақ та, Көбiн бiз жеп қойдық. ТЕПЛОВОЗ Вагон-вагон темiрдi, вагон-вагон көмiрдi,

вагон-вагон бидайды тiркеп алып, зулайды! Солқылдатқан даланы Үнi жетер алыстан. Iлесе алмай қалады, Оныменен жарысқан. Арынды да екпiндi, Зулап қастан өтедi. Басыңдағы бөркiңдi Ұшырып та кетедi. Əр вагоның – бiр дəу үй. Əрбiр үйде – жүз адам. Əр поезың – бiр ауыл, Жүрген сайын ұзаған. Зулайды жер төсiнде, Мейлiң жазың, қысың бар, Бiр тепловоз өзiнде Жүз мың аттың күшi бар. АЛШЫ Ақ кимешек басында, Ақ ниеттi сөзi де. Аппақ едi шашы да, Ақ қағаздай өзi де. Əжем бiзге жекiрiп, Көрмептi ғой əлiге. Пияздай боп отырып, Шертетұғын əңгiме. Ыңғай маған жақтасып, Арашаға түседi.

Ұрысса жұртпен даттасып, Жаны күйiп-пiседi, Əжем күллi адамды Мүсiркейтiн жаны ашып. Кейде сұрап сақамды Отырады бал ашып. – Менiң күнiм, жарқыным, Сүре ме өмiр бақытты? Өстiп өзi əр күнi Өткiзедi уақытты. – Болар ма екен қарағым Шалқып жатқан дəулеттi. Алды болып баланың Абыройлы, əулеттi. Алшы тұрсаң, асылым Бақытты өмiр сүредi... Алшы тұрса асығым, Нұрланады, күледi. Шаттанады нұр шашып, Сəуле ойнайды көзiнде, «Ыңғай алшы тұрсашы», – Деп тiлеймiн өзiм де. Тұрсың ылғи дедiм де Алшыға əуес болғасын, Тəйке жағын тестiм де, Құйып қойдым қорғасын. МЕНIҢ АРМАНЫМ Асық атып, Доп қуған. Қалды менен ойындар. Нағыз батыр боп туған, Ер атанбақ ойым бар.

«Пайда жоқ қой, одан», – деп, Тастап қысыр ойынды, «Батыр бала болам», – деп, Түйдiм өзiм ойымды. Қойдым лəңгi тебудi, Қойдым асық атуды, Доп та ойнай берудi, Жайбарақат жатуды. «Жүрсiн елдер таң қалып, Жүрем елден ерек боп» – Деп бекiндiм, қамданып, «Ерлiк жасау керек», – деп. Мың отырып, Мың тұрып, Алдым əбден шынығып. Ертелi-кеш жүгiрiп, Суға жүздiм құнығып. «Ендi, мiне, жеттi», –деп, Ерлiк жасар кезең де. Таң ата сап кеттiм де, Бардым үлкен өзенге. «Суға батқан бiреудi-ақ Аңдып, бағып тұрайын. «Құтқар», – десе дереу-ақ, Жүзiп алып, шығайын». Кездiм бойын өзеннiң, Ешкiм: «Құтқар» демедi. Ерлiк жасар кезеңнiң Бiр ретi келмедi. Күнде ертемен барамын, Бойын кезiп жағаның. Батқан жоқ па? Қарадым, Ерлiк жасар баламын.

Құтқарғам жоқ, алайда, Күте-күте шаршадым. Қайткен күнде, Қалайда, Ерлiк жасау аңсарым. Аңдып өзен бойында Əлi күнге жүрмiн мен. Ерлiк жасау ойымда – Қиын бiрақ, бiлдiм мен. ТƏРТIП КЕРЕК БАРШАҒА «Бұзба көше тəртiбiн, Ұрынасың апатқа. Қызықты өтсiн əр күнiң, Жақын болма шатаққа», – Саған, маған, оған да, Айтар осы ақылы. Полицей бұл ағайлар – Барша адамның жақыны. «Ел аман-сау болсын», – деп, Тыныштықты ол сүйедi. Сол үшiн де дүрсiлдеп, Соғатындай жүрегi. КIМ ҚОРҚАҚ, КIМ АЙБАТТЫ? Шығып алып iнiнен, Ұйқы бермес түнiмен, Тышқан түнде жортады, Ол мысықтан қорқады. Ең күштi де қайратты, Тарғыл мысық айбатты. Күншуақтап жататын, Тəттi ұйқыға бататын. Мысық

Иттен тайсақтап, Шеттеп жүрер жан сақтап. Ең күштi де қайратты, Қабаған ит айбатты. Кемiрiп боп сүйегiн, «Əуп», «əуп» етiп үредi. Арлан ит те, Қасқырдан Айбынып-ақ жүредi. Ең күштi де қайратты, Көкжал қасқыр айбатты. Қасқыр түнде қаңғиды, Қой, қозыны аңдиды, Азық iздер жапаннан, Қасқыр қорқар папамнан. Ең қайратты, бiлектi Папам менiң жүректi. Папама үй iшiнде, Жөн-жосықсыз iсiне. Мамам ұрсып тастайды, Папам аузын ашпайды. Ең жүректi, қайратты, Мамам менiң айбатты. Мамамды өзiм ақыры, Санап тұр ем «батыр» деп. Қоя бердi ол бақырып, «Тышқан келе жатыр», – деп. Қолындағы кесе де Ұшып түстi быт-шыт боп. Бiр-ақ қарғып төсекке Шығып кеттi ыршып кеп. Сонда батыр кiм десең, Мен айтайын бiлмесең:

Батыр емес мамам да, Батыр емес папам да. Ең батыр да қайратты, Тышқан екен айбатты! ШАҢҒЫ ЖОЛ Екi аяқта – шаңғымыз, Сайрап жатыр жолымыз. Мидай дала – алдымыз, Шиырлаймыз оны бiз. Тырнадай боп тiзiлiп, Жазыққа енiп кетемiз. Аппақ қарда қызынып, Көршi ауылға жетемiз. Бұрқ-бұрқ етiп буымыз, Ыстықтаймыз жарыста. Даурығысқан шуымыз, Естiледi алысқа. Құлай-құлай Ақ қарға Толып қойын, қалтамыз, Күле-күле ақпанда, Шаңғы теуiп қайтамыз. ЗЕБР Таңаш көрiп зебрдi, Таңырқады, ұнатты: – Матростың жейдесiн Киiп алған сияқты...

ƏСКЕР БОЛЫП АТЫСТЫҚ Ауылдағы баланың Түгелдейi қатысып, «Соғыс ойынын» ойнадық, Əскер болып атысып. Бiр-бiр «мылтық» əркiмде, Бар «пулемет, гранат». Атып жатыр бəрi де Жата қап та, Тұра қап. Шегiнбей-ақ жатырмыз, Алға ұмтылып Өңмеңдеп. Бəрiмiз де батырмыз, Жеңiлген жоқ, Жеңген жоқ. – Шақырып жүр соғысты, Мынау кiлең қыршындар. Бастапты ойда жоқ iстi, Қуыңдар да Ұрсыңдар! – Деп қария таяқты, Қуды, қатты айқайы, Ойын қалды аяқсыз, Шатақпенен тарқады. Быт-шыт болып бəрiмiз, Зытып қашып келемiз, Үй-iшiнен əлi бiз Көресiнi көремiз. «Үлкен адам ұрысты, Ойыны құрсын», – дедiк бiз. Үй iшiнен дұрыстап, Жəне таяқ жедiк бiз.

МЕНIҢ ҚҰЛЫНШАҒЫМ Мен алтыға келгенде, Құлын тапты биемiз. Қорада оны көргенде, Мəз-мейрам боп жүремiз. Өзi сондай сүйкiмдi, Ойыншықтай мендегi. Келтiредi күлкiңдi, Мамасын кеп емгенi. Кеше көрсем қорада Ойнақтап жүр, қызық-ай! Мұндай құлын бола ма, Сирағының ұзыны-ай! Дедi атам: – Бұл құлын Саған атар бəсiрем. Сен өскенше жылқының Тұлпары етiп өсiрем!.. Мен шыққалы жетiге, Тура, мiне, ай болды. Құлын шығып «екiге» Асыр салған тай болды. Бұрынғыдай емес те, Жанынан жай өтесiң. Қарап тұрсаң көресiң, Ойнақтаудың «көкесiн». Атам əлгi қасқаны Қорада ұстап алды да, Күзеп-күзеп тастады Құйрығын да, жалын да. Ертiп келiп көршiнi, «Ұры тiсiн» қақтырды. Ауырсынып қалды ма, Орынынан шақ тұрды...

Сегiздемiн, мiне, мен, Тай есейдi құнан боп. Үйреттi өзiн күнiмен Ерттедi де, жүгендеп. Атам əлгi қасқаны, Ұстап алып жуықта, Жалын күзеп тастады, Тимедi ендi құйрыққа. Ер салғанға үйрендi, Кəдiмгiдей жуасып. Той боларын бiлгенде, Суытамыз түн асып. Құнан жарыс болғанда, Ағам мiнiп шабады. Кейде бəйге алады, Кейде артында қалады... Бiлiмге сермеп құлашты, Тоғызға да жеттiм ғой. Бiтiрiп бiр класты, «Үшiншiге» өттiм ғой. Құнанымыз дөнен боп, О да бiздей есейдi. Бойшаң, биiк менен көп, Құнан емес кешегi. Сауырынан келемiн, Тұрсам оның жанында. Күземедi дөненнiң Биыл құйрық, жалын да. Атам мiнiп көкпарға, «Ұшқыр-ақ», – деп мақтайды. Үстiн жуып тарарда, Бойынан мiн таппайды. Атам рұқсат бергенде, Кейде атқа мiнемiн.

Ауыл шарлап келгенде, Желдiрем де жүремiн... Бiр жыл өттi. «Ондамын». Қалдың дейдi естi боп. Толып дене бой жағы, Дөнен өстi бестi боп. Шаң iлеспес артына, Жүйрiк болды əйгiлi. Сан шабысқа барды да, Алды талай бəйгенi. Дейдi атам: – Бұл «бестi» Алдына ат салмайды. Сен де оқуда бол естi, Басып оз да талайды. ШЕКАРАШЫ Шығыс жақта таң атса, Батыс жақта күн батқан. Солтүстiкте қар жатса, Оңтүстiктi гүл жапқан. Мiне, осындай ғаламға Көсiлген кең жерiмдi, Қорғайтұғын ағам бар – Шекарашы ол сенiмдi. НӨСЕР Бұлттар төнiп келедi, Нөрсе жауар жиылса. Бұлттар төнiп келедi, Сауыны келген сиырша. Бұлт – «Енесi» асыққан,

Құйды нөсер қоймастан. Жер – «Бұзау» боп ашыққан, Емiп жатыр тоймастан... ОРАШОЛАҚ Мынау бiздiң Доңқабақ Шеберлiгi ұстады. Дəу пышақпен жаңқалап, Қарындашын ұштады. Əдемiлеп, Сүйiрлеп, Шығармақшы ұшын ол. Терлеп-тепшiп, күбiрлеп Берiлiптi iсiне ол. Ендi ұштала бергенде, Ұшы бырт-бырт сынады. Ызақорын көрдiң бе: – Өтпейдi, – деп жылады. Əй, шебер боп жарытпас, Қолын кесiп алыпты. Сына-сына қарындаш, Бiр тұтам боп қалыпты. ҰШҚЫШ Төбеден Шаншылып, Бəрiңе Əн салып бередi бозторғай. Одан да Жоғары Əрiде, Ұшады тырналар жезтаңдай.

Əрменде Бұлттар тұр Түнерiп, Қабағы түксиген қап-қара. Сол маңды Мекендеп Жүредi Жаңбыр да, бұршақ та, ақ қар да. Одан да Жоғары Биiкте, Ақ шаңқан ұшағың ұшып жүр. Iшiнде Ұшқыш бар, Бiлiктi, Ол да бiр, самғаған құсың бiр. Көгiлдiр Кеңiстiк Айнала, Сүйедi ол қашан да биiктi. Өмiрiн Қатерге Байлаған, Ұшқышқа кең аспан сүйiктi. ƏКЕМ ЖƏНЕ МЕН Бiздiң үйдiң iшiнде Хат танитын өзiммiн. Хисса оқимын кешiнде, Майын тауысып көзiмнiң. Содан ба екен, мен едiм, Əке менен шешенiң Алып-қосып беретiн Алым-саттық есебiн. Дəн риза болады, Қария əкем iсiме.

«Не жетсiн, – деп қояды, – Хат бiлетiн кiсiге». Өткен кездер жайынан Сыр шертер сол арада: – Онда жұрт қай жарыған, Аңқау кезi баладай. Күн емес-тi күндерi, Еңсе басқан надандық. Мал өсiру – бiлерi, Жан аз тəлiм аларлық. Итшiлеген тiршiлiк, Тағылыққа жақын да, – Деп қоятын күрсiнiп, Өткен өмiр хақында. Бiр атамыз болыпты, Жауыр аты тақымда. Бiр қап тары алыпты, Бермек туыс-жақынға. Тең болсын деп артуға, Екi қапты алыпты. Бiр жағына тары да, Бiрiне құм салыпты. Соған жетiп ақылы, Өңгермек боп тұрғанда. Бiр бала оны – жақыны, Көрдi жүрген сол маңда. «Дұрыс па, ата, оныңыз, Құмыңызды төгiңiз, Бөлiп тары салыңыз, – Дептi, – Сөйтiп, барыңыз». Бала сөзi жөн едi, Жетпептi ақыл осыған. Атаң байғұс жөнедi, Сол баладан қысылған.

Қуанамын мен де ендi, Қазiр ашық көздерiң. Ес қыламыз сендердi, Миятымыз – өздерiң. Билiк тидi адамға, Баққа жеттi қолдарың, – Дейтiн: – Осы заманға Лайықты бол, жаным... ҚУАНДЫ ЕГIН «Бидай қурап қалар ма екен, Ыстық күнге күйген танап...» Мен жүремiн жаным ашып, Өзiм сусап жүргендей-ақ. Жауын жауды бiр күндерде, Сол жайымды бiлгендей-ақ. Бiр жолғы осы тiлегiмдi Құлағына iлгендей-ақ, Мен қуандым, Қуанды егiн, Бұлт-анасы келгендей-ақ. Базаршылап ұзақ жүрiп, Жаңбыр əкеп бергендей-ақ. АРҚАН БОЛАР ТЫРНАЛАР Нiл бояулы көктем кеп, Аспан мөлдiр көкпеңбек. Желбiреткен самалын Жер одан да өткен көк. Шық моншағы үзiлiп, Құлпырады қырқалар. Келедi ұшып тiзiлiп, Тырналар, көп тырналар.

«Тыраулайды» тырналар, Таныс бiзге сол ырғақ. Дауыстайды балалар: «Арқан бол!» – деп, қол бұлғап. Естiгендей олар да, Қанат қағып, жайланып. Бейне арқан болар да, Ауылды бiр айналып. Қос қанаты – құшағы Көктiң жүзiн аймалап. Алыс жаққа ұшады, «Айдын көлдер қайдалап». КЕМПIРҚОСАҚ Жауын жауып өткенде, Көрсең, шiркiн, жерiмдi. Қызыл, Жасыл, Көкпеңбек Кемпiрқосақ өрiлдi. Түсiнбей-ақ əуремiн, Неге осылай болды екен? Өзi əсем нəрсенiң Атын солай қойды екен? АПОРТ Апорт дейтiн алма бар, Жер жаратын атағы. Ондай алма қайда бар, Алматы – оның Отаны. Əр ағаштың түбiнде Жатыр алма қамбасы.

Баптап күтсең күнiне, Берер саған алмасын. КҮН НЕГЕ ҚЫСҚАРАДЫ? «Жазда неге түн қысқа, Керiсiнше күн ұзақ? Қыста неге күн қысқа, Керiсiнше түн ұзақ?..» Сұрақ қойдың сен маған Шым-шытырық осындай. Жауап бердiм мен саған, Сол заматта тосылмай. Аяқ асты жауапты Тапқаныма қуанып, Бала көңiлi талапты Қалсын дедiм жұбанып: – Жақсы-ау, шiркiн, жаз айы, Айналаңа зер салғын. Қызған ойын базары, Күн де жылы, Жер – шалғын. Келдi, мiне, каникул «Ойнаңдар!» деп, – тым ұзақ». Жаз жақсы емей, Кəнiки – Түн қысқарған, Күн ұзақ. Келетiн қар, мұз артып, Қыс айы да ақылды. Түндi əдейi ұзартып, Күндi ерте батырды. «Түк те шықпас ойыннан, Оқыңдар, – деп, – сабақты».

Ызғар шашып бойынан, Түйедi ол қабақты... АЛМА БАҚ Ерте көктемде Ерлеген – бiз. Алма ағаш егiп, Терлегенбiз. Суарып, Баптап, Бағайық деп, Шырын алмасын Қағайық деп, Жеген адамның Қаны толсын деп, Туған өлкенiң Сəнi келсiн деп... Ағаштар өсiп, Алма бақ болды. Өздерi де бiр Əмбебап болды. Жаз бенен қыста, Көктемде, Күзде, Əр алма ағаш Айдала, түзде, Бораған қарда, Желдiң өтiнде, Бiз алма жесiн деп, Еңбек етуде. Көзге қуаныш – Алма бақ сəндi. Оның алмасындай Алма жоқ дəмдi. – Алма табатын Жұмысшы бiз, – деп, Күнi-түнi жатыр Жұмысын iстеп...

ЕКI ҚОЛ Ағайынды екеу екен: Бiреуi оқымаған, Бiреуi сауатты екен. Сауатты елгезек те, Көп iске жауапты екен. Ататын асықты да, Ұстайтын қасықты да, Хаттарды жазатын да, Есiктi ашатын да, Өзi екен. Сонда да ол бауырын Жанындай ұнатады. Дейдi: – Онсыз қалай ғана Таң атып, күн батады. Ағашты жара алам ба, Шалғынды шаба алам ба, Қайықты есер ме едiм, Жалғыз ет кесер ме едiм?.. ЖАҢА ЖЫЛ Жамылған ақ мамық ұлпа қар Нұрлы да кең байтақ Отаным. Бала жоқ сыйлықтан құр қалар, Сыйлығы көп Аяз Атаның. Бəрiмiз бiр жасқа үлкейiп, Бүгiнгi Жаңа жыл тойында, Бiр жүрiп, Қызыққа бiр келiп, Билеймiз, Ойнаймыз ойын да! Жұлдыздар секiлдi нұрланған, Елкалар шамдарын жағады.

Ақ боран қызықтан құр қалған Долданып есiктi қағады. Хош келдiң, Қарсы алдық, Жаңа жыл, Өзiңдi сағына, сағына! Жасампаз жылдардың жаңа бiр Күндерi басталды тағы да! СЕБЕП Алдым бүгiн «екiлiк», Ойламап ем сұрар деп. Қорықпаймын, Жекiрiп, Сонда да апам ұрар деп. Жазатайым тағы да, Жыртып алдым жейдемдi. Апам бүгiн бағыма Ештеңе де демейдi. Клубқа да барамын, Киноны да көремiн. Əбден ойным қанады, Сосын үйге келемiн. Бүгiн еркiн жүремiн, Сайрандаймын, күлемiн. Бiздiң үйге, Себебi, Қонақ келген, бiлемiн. КҮНШIЛ Бiздiң Есет есiрiк, Жақтырмайды Қанатты. «Күндiз-түнi тесiлiп, Оқиды, – деп, – сабақты».

Бар баққаны бiр солдай, Өшiн алар Қанаттан, – «Бала болып бұл қалай, Қашпайды, – деп, – сабақтан?» Ту сыртынан даттайды, Кiжiнедi тұрып ап: «Ең құрыса шықпайды, Ойнауға да бiр уақ», – Дейдi тағы өшiгiп: «Пысық қылып жаратқан, Бiз құсап та кешiгiп, Қалмайды екен сабақтан?» Миғұла ма, бiлмен мен, Көз ашпайды ол таяқтан. Күнi өткенше күндеумен Үлгi алсашы Қанаттан. ЕКI МIНЕЗ «Бес» алса сабағынан, Күн шығып қабағынан, Асығып, жайраң қағып, Əндетiп, сайран салып, Сүрiне-мүрiне, Жетедi үйiне. Тiленiп апасынан, Тiленiп атасынан, «Киноға ақша бер», – дейдi, «Бес» алдым ғой мен», – дейдi. Жұмсаса, тiл алмайды, Малдарды суармайды, Сол күпiнген түрiменен, Ойнайды ол күнiменен. «Бес» алғанын мiндет етiп, Қайтады үйге түнделетiп.

«Екi» алса сабағынан, Қар жауып қабағынан, «Апам шымшып алады-ау» деп, «Атам нұқып қалады-ау» – деп. Айтқызбай-ақ, қақсатпай-ақ, Үй iшiне жақсаттанып, Қораны тазалайды, Деп: «менi жазалайды». Құлаштап ағаш жарып, Мал суарып, суға барып, Үйден ұзап аспайды, Жазатайым баспайды. Қарайды апасының, Қарайды атасының, Жаутаңдай қабағына, Тесiлер сабағына. ...Одан жақсы бала жоқ, Өйтпесiне шара жоқ... БIРIНШI ҚАР Керiлiп барып таң атты, Ерiнiп барып таң атты. Бiр-ақ түннiң iшiнде Қар жауып қапты алапты. Далаға шыққан апам да, Аптыға келдi атама: «Тұрсаңшы, – дейдi, – Қар жауды, Жайғастыр ана мал-жайды». Қуанып жатыр барлығы, Қар болғандай байлығы, «Қалың боп түскен, – деседi, Басып қапты көшенi». «Тазарып ауа қалды», – деп, «Қолға ұстау керек малды», – деп,

Ырду-да-дырду – үй iшi Даурығысады бəрi кеп. Аңға шықпақ бiреуi, Алаша қақпақ бiреуi. Əрi-сəрi барлығы Аспаннан түсiп тiлеуi. Ал, менiң жатқан бүгiлiп, Қабағым қалды түйiлiп. Жатырмын iштей күйiнiп, Булығып, ашу тығылып. «Қар жауғаны, əрине, Сендердiң жақсы бəрiңе», – Деп қоямын iшiмнен, Көрпемдi серпiп əрiге. Орнымнан тұрып жатырмын, «Құрсын, – деп, қардың бүйткенi». ... Есiктiң алдын, Қора үстiн, Күрейтiн менмiн, үйткенi. АҒАЙЫНДЫ ҮШЕУ МЕН «ИРИСТIҢ» ХИКАЯСЫ Үлкенi деп баланың, Есi бар деп, Барып келсе дүкенге Несi бар деп, Жұмсап едi шешесi Серiкбектi Бiр кило шайға салар «Ирис» ал деп. Адам болып қалған ғой Серiкбегi, Көк беттенiп қасарып Кергiмедi. «Ирис» атын естiп-ақ, Дүкен жаққа:

Құланша жортып, Бөкенше желiп едi. Бiр килосын конфеттiң Оратып ап, (Күнi бойы ауызда Соратын-ақ) Қос уысын қалтаға Тығып тастап, Тартты дейсiң үйiне боратып ап. Бiр уысын конфеттiң жеп те болды. Орта жолға сөйткенше кеп те қалды. «Екi уыс конфеттiң орны жоғын Апам бiлер деймiсiң», – деп те алды. Осылайша Серiкбек Желiккен бiр, Келе жатса ойнақтап Елiктей бiр, Жарты жолда iнiсi Асық ойнап, Өзiменен тетелес Берiкбек жүр. Ойынды тастап кету қиын мына... – Мынаны апар, – деп оған Бұйырды да, Өзi iнi орнына Ойнап кеттi. Сақаны мың құбылтып Шиырды да. Нағыз өштер кəдiмгi Бұл тете нақ, Əншейiнде қалушы ед Шырт ете қап,

«Иристi» көрдi-дағы, үйге тартты, Берiкбектiң бүйрегi бүлк ете қап. Берiкбек келе жатып Ой ойлады: «Мен ақжүрек болмайын, қой, болмайды». Екi уысын қалтаға Ол да тықты, «Дəл осыдан, оңбайын, Ортаймайды...» Үйге жете бергенде Берiкбек те, Сыртта жүрген iнiсi Ерiкбекке, Шақырып ап: «Апама Бер», – дедi де, Достары қалған жаққа Желiп кеттi. Ерiкбек мұндай iске Ыңғайлы да, Құдайы берiп тұрса Қыңбайды да, Таяқ жесе, жеген жөн Конфеттi жеп, Жаңбақыша бiразын Жымдайды да. Ерiкбек ең кенже ұл Қастанды едi, Ол да бiр қызықты iстi Бастайды ендi. Бiр уысын азсынып, Қос уысын Қора жаққа тығып ол Тастап келдi.

Бiр-ақ кило «иристiң» Несi қалды, Үшеуi уыс-уысын Көсiп алды, Ерiкбек əкеп бердi, «Мə, конфет», – деп, Апасы да жүр екен Есiк алды. Апасы: «Аз ғой бұл», – деп, Таңырқап тұр, Көңiлi толар-толмас Жабырқап тұр. Ал, үш ұлы тəттiге Қарқ болып, Өздерiн де, достарын Жарылқап жүр... МЕН НЕГЕ МIНБЕДIМ? Отыр Өкен есептеп, Бөлiп жүйе-жүйеге: «Мiнiп көрдiм есекке, Мiнiп көрдiм түйеге. Атты қойшы, ол оңай, Оған кiмдер мiнбеген? Автобус та дəл солай, Онымен кiм жүрмеген?» Поезд мiндi, құштары Тарап қала барғанда. «Ұшақпенен» ұшпадым Əлi бiр», – деп арманда. Көкке жетiп қиялы, Ол армандап жүргенде, Жұрт алдында ұялып, Қалатынын бiлген бе?

«Екiсiн» жою қажет, – деп, Суретiн сап бiр қызық, Қойыпты оны газетте Тасбақаға мiнгiзiп. СОМПАЙ ДЕГЕН НЕМЕНЕ? Қайсыларың бiлетiн, Сомпай деген немене? Келеке ғып күлетiн Мағынаға келе ме? Бiлмесеңдер ондайды, Мен айтайын сомпайды: Бiздiң жақта «Сомпай» деп Мыналарды айтады: Iске аспай жататын Көшедегi сондай көп, Iрi малдың айтады Асықтарын «Сомпай» деп. Тағы бiлем сомпайды, Сол асықпен еншiлес, Əр класта екi жыл Оқымай көңiлi көншiмес, Орынбайдың Тұрашы Жүретұғын жын құсап, Ол оқитын кластың Балалары тым ұсақ. Ал, ол болса, бiп-биiк, Сорайған зор тұрқы бар. Тұратұғын үрпиiп Ата-сақал мұрты бар. Сомпай асық сияқты Икемсiз-ау сондай деп. Мазақ қып ел Тұрашты, Атап кеттi «Сомпай» деп... ЖАНАШЫР «Аяз болса, ызғарлы, – Деп, – Күшiгiм мұздайды», –

Бүгiн Есен кiшкентай Күшiгiне жүз барды. «Жылы болса төсегi – Тез жетiлiп өседi». Кəшек шөптi Қалың қып, Астына əкеп төседi. Еш нəрседен ұтылмас, Қолға түсiп тұтылмас. Бұл мүттəйiм Есеннен Амал қашып құтылмас. «Басым сынып күйiп тұр, Iшiм қатты бүрiп тұр...» – Демiл-демiл далаға Есен шығып-кiрiп жүр. «Iше алмады-ау тамағын, Айналайын, қарағым...» – Деп анасы салдырлақ Шытып отыр қабағын. – Əй, апасы, шошыма, «Ауырғаны» осы ма? Қулық жасап, Нан тасып, Жүр ол күшiк досына. ЕРЛIКТI КIМ ЖАСАҒАН? Бiз қашаннан тек жүр ек: «Қайсысымыз батырмыз, Қайсысымыз ер жүрек?» – Деп дауласып жатырмыз. Мұндайда кiм тартынбақ, Айтылатын жер бүгiн. Айтып жатыр əркiм-ақ Бастан өткен ерлiгiн.

Мараттың бiр жасаған Ерлiгi бар анада. Каникулға тараған, Жаз шығатын шамада. Атасына болысып, Жүретiн-дi қой бағып. Итiменен алысып, Қалған екен алданып. Қойға қасқыр шауыпты, Шыға келiп бүйiрден. Жыртқыш қой ол қауiптi Бiр қапталдан шүйiлген. Марат атқа мiне сап, Тура шапқан қасқырға. Тұра қашқан бiле қап, Ол албасты басқыр да. Бiрге iлесiп қалмаған, Ит те қуған «айт» десе. Əттең, жете алмаған, Əйтпесе ғой, əйтпесе!.. «Қора қойды қасқырға Алдырмауы батырлық. Жыртқышты бiр састырған, Ерлiкке бұл татырлық». Кезектегi ендiгi Бойы биiк бөлекше, Батырханның ерлiгi Бұдан гөрi ерекше. Атасы мен анасы Барарында қонаққа, Үйде жалғыз қалады, Дайындалып сабаққа. Түннiң орта кезiнде Олар үйге қайтады.

Ал ол соның өзiнде Қорықпастан жатады. «Үйде жалғыз қалғаны, Атына сай батырлық. Жүрек жұтқан болғаны Ерлiкке бұл татырлық...» Ал Асхат ше, қасапшы Əкесiне болысқан, Қолғабыс та жасапты, Қаншама қой сойысқан. Тiреуге асып, байлап ап, Еппен iрей бастапты. Мүшелеп боп, жаймалап, Тұз да сеуiп тастапты. «Қорықпай қой сойғаны, – Дедiк, – Нағыз батырлық». Жүректiлiк сол-дағы, Ерлiкке бұл татырлық. «Кiм, кiм ерлiк жасады?» – Деп отырмыз əлi бiз. Тыңдағанда Асанды «Ер ғой», – дедiк бəрiмiз. Жаз бойы үй салғалы Бес мың кiрпiш құйыпты. Тез кепсiн деп бəр-бəрi, Сатылып ол үйiптi. «Жаз жұмыспен алысқан, Iсiн адам сүйерлiк. Үй iшiне болысқан, Бұл да ерлiк, шын ерлiк». Ал Бақыттан балалар Үлкен ерлiк күткен бе? Ол төбеттен қабаған Қаймықпапты тiптен де.

Оны көрсе ит деген Шықпас үйшiк түбiнен. Қорқады екен «тит» деген Сүрепетi, түрiнен. Ал Жақанның айтқаны, Ерлiк емес, есерлiк. Ешкiмге де ол жақпады, Қылығы оғаш десерлiк. Көршiсiнiң бақшасын Күнiменен бағыпты. Қарайып күн батқасын, Жемiстерiн қағыпты. Тыңдаушылар саспадық, Жүректi деп қарамай. Батыл айтып тастадық, Батырлыққа санамай... Жүрексiнiп аса тым Есен айтта ақырын: «Операция жасаттым, Iсi ме ол батырдың?» Соқырiшек болғанда, Дəрiгерге ол барыпты. Iшiп жарып сойған да, Iшегiн кесiп алыпты. Бұл ерлiк пе, емес пе, Бiлмей қалдық бəрiмiз. Алған сайын соны еске, Дал боп жүрмiз əлi бiз... БАЛА ОЙЫ Мезгiл келiп жеткенде Сыбызғылы, сырнайлы, Күн мейiрiн төккенде, Бозторғайлар жырлайды.

Ақ жаңбырға шомылып, Туған жердiң алабы, Қызғалдаққа көмiлiп, Көздiң жауын алады. Жайнап тұрған түз жаққа, Көзiм тоймай қараймын. Əсемдiктiң ұзаққа Созылуын қалаймын. Көкейдегi тiлегiм: Шөбiн шаппай тұрғанда, Жайып дала кiлемiн, Салтанатын құрғанда, Шартараптан келiмдi Көп кiсiлер келсейшi. Менiң туған жерiмдi Осы кезде көрсейшi. БОЛУ ҮШIН КОСМОНАВТ «Болам десең космонавт, Қиын өнер ол», – дедi. Əкем: «Осы бастан-ақ Есепке алғыр бол», – дедi. «Болу қиын космонавт, – Деп, ағам да толғады, – Шынық осы бастан-ақ, Спортсмен бол-дағы». Айтты жəне апам да: «Жiгерлi бол, оқы көп. Космонавт шықпас адамнан Жүрегiнiң оты жоқ». Айтылғаннан осынша Мынау менiң түйгенiм: Болу үшiн космонавт Жөн екен көп бiлгенiм.

ҚАРАП ТҰРСАМ ӨЗIМ Ауламыздың iшi Қызыққандай кiсi: Былтырғыдай биыл Бұзаулады сиыр, Құлындады бие, Боталады түйе, Жұмыртқалап тауық, Қойлар қозы тауып, Лақтап тұр ешкi... Ауламызда қарасаң, Бос жүрген жоқ ешкiм. Алша ағашта – алша, Құжынап тұр қанша. Алма ағашта – алма; Көк жапырақ – талда; Қауын салып түйнек, Бақшамыз тұр гүлдеп. Шөп шауып жүр атам, Үй сылап жүр апам... Қарап тұрса Көзiм: Бос жүрген жоқ ешкiм. Ең ақыры, Өзiм Бiр класқа көштiм. ЖАУ, ЖАҢБЫР Аяқ асты түнерiп Туған жердiң аспаны, Көптен күтiп жүр едiк, Жауын жауа бастады. Өтсе екен деп селдетiп, Нөсер төпеп ауылды.

Барлығымыз əндетiп Шақырдық-ау жауынды. «Жау-жау, жаңбыр, Жау жаңбыр, Кең далаға көлбеген. Жау-жау жабыр, Жау жаңбыр, Қуанышты ел деген. Жау-жау жаңбыр, Жау жаңбыр, Егiн-жайға шөлдеген. Жау-жау, жаңбыр, Жау жаңбыр, Егiн өссе береке. Жау-жау, жаңбыр, Жау жаңбыр, Елге əкелер мереке...» «Жау-жау» десе жауын да, Көп жауар деп естимiз. Жаңбыр жауса ауылда, Əндетемiз, өстимiз. ҚАЗАН Қауын-қарбыз қазан болып, Бау-бақшаның түстi ажары. Қырман басы Тазаланып, Тарқап кеттi құс базары. Бүрсең қағып жапырақтар, Көше кезiп көшiп жатыр. Тыныш қалған атыраптар. Аппақ қарды тосып жатыр.

Жер бетiне суық орнап, Жиналды бұлт жан-жақтағы. Балалар жүр қуып ойнап, Қарабарақ, қаңбақтарды... ӨЗЕН Тау басынан, Құзардан, Тасты соғып Бұза алмай, Тау өзенi Келедi, Ойнақтаған Бұзаудай. Ал еңiсте ағады Жайбарақат жұлынбай, Маң-маң басқан, Жай басқан Сүттi сауын сиырдай. ТАЛАП ПЕН АТАСЫ Шiлде келдi, Алапта Пiсiп қалды шүйгiн шөп. Атасы айтты Талапқа: – Шөп шабуға жүргiн, – деп. Бармасқа жоқ амалы, Талап бiрге кетедi. Қарындағы шалабы Екеуiне жетедi. Құлаштай сап бар күшiн, Атасы шөп шабады.

Сыр-сыр етсе шалғысы Жал-жал десте қалады. Қарт шалғысын тартқанда, Ол шөмеле жасады. Арбаға шөп артқанда, Ол үстiнен басады. Шөлiркейдi күн ыстық, Əдетi осы Талаптың. Азын iстеп жұмыстың, Iшер көбiн шалаптың. ҚАЙЫРЫ ШАЙЫР БОЛДЫ Жапақтың бiр елпеңдеп Мейiрiмi ұстады. Қойды айдап келем деп, Құрақ болып ұшқаны. Жалқаулығын бетiне Басатын ел мiн етiп. Содан ба екен, өзiне Кетсе керек сын өтiп. Қолына ұстап барады Атасының таяғын. Жылдам-жылдам алады Күс-күс болған аяғын. Шынымен-ақ ұқыпты Адам бола қалыпты. Мал алдынан шығыпты, Салмақты өзi, байыпты. Бүгiн көңiлi түсiп бiр, Қолдың ұшын бергенге, Мал соңынан ұшып жүр, Быт-шыт қылып бөлгенде.

Көзге түсiп қайтам деп, Бiрақ Жапақ бүлдiрдi. Бөтен қойды айдап кеп, Үйдiң iшiн күлдiрдi. КҮЗДЕ Қайтқан құсты көрдiң бе, Қаптай ұшқан əуелеп. Күткен күзiм, келдiң бе, Сыңсып бағың мəуелеп. Қамба толды астыққа, Алғыс саған, алтын күз! Бiр уыс дəн шаштық та, Қап-қап қауын алдық бiз. ЖҰМАН БIЗДIҢ ЖАСАСЫН! Күн жайдары жаз едi, Қайғымыз жоқ басқадай. Ауыл маңы саз едi, Ортасында тоспа бар. Сонда өтедi күнiмiз, Күнесiмес шашымыз. Жаман емес күйiмiз, Көңiлдi əрбiр жазымыз. Болса-дағы күлкiлi, Айта алмаймыз жалған бiз. Бəрiмiз де бұл күнi, Моншашыл боп алғанбыз. Апамызға барамыз Ұрысса да соншама. Жылап тұрып аламыз, «Тиын бер» – деп моншаға.

Қайткен күнде тиынды Алатынын аламыз. Моншаға емес, жиылып Тоспа жаққа барамыз. Ол тиынды моншаға Жұмсар кiмбiз сонша бiз? Шомыламыз тоспаға, Тоспа – бiздiң моншамыз. Тиыныңа өз еркiң. Тəттi кəмпит алсаң да, Ешкiм де жоқ сезетiн, Кино жаққа барсаң да. Бiлiп қойып бiр күнi Бергенше үйi жазасын, Ойлап тапқан осыны Жұман бiздiң жасасын! ҚЫЗҒАНЫШ «Айналайын бала», – деп, Мақтайды анам Асанды. «Өзiңдей ғой, қара, – деп, – Не тiршiлiк жасайды. Əркiмдер-ақ малына Асан құсап қарасын. Күрек ұстап қолына, Тазалаған қорасын. Тек ойнамас алысып, Шаруа жайы бiлгенi. Апасына болысып, Суын тасып жүргенi. Жағымды осы жүрiсi, Бiр де тыным таппайды»... Күнде маған үй-iшi

Оны Кеп-кеп мақтайды! Оның жасап жүргенi – Менiң де iстеп жүргенiм. Сонда, шiркiн, Бұл менi Кiм мақтайды, бiлмедiм?! ШАТЫР Темiржол бойы бағана, Сымында көктем құстары. Жып-жылы қазiр далада, Дала да үйдей қыстағы. Шырақ боп мың-сан гүл жанып, Лапылдай түсiп жон жатыр. Жапырақ жайған бүр жарып, Емендер – жасыл қол шатыр. Көктемнiң бала жаңбыры Көшеге шықса жүгiрiп. Астына емен шатырдың Қаламыз бiздер тығылып. ТАБЫҢДАР Асан-Үсен екеуi Тату-тəттi дос едi. Көңiлдерi қош едi, Екi қолы бос едi. Отырған соң зерiгiп, Бiр ермектi тауыпты. Бiр-бiрiне керiгiп, Ерегiсiп қалыпты. Асан айтты: Алманың пiскенi маған, Көгi саған.

Үсен айтты: Қиярдың пiскенi саған, Көгi маған, Асан айтты: Қарбыздың iшi маған. Сырты саған. Үсен айтты: Дүмбiлдiң iшi саған, Сырты маған. Асан айтты: Капустаның көгi маған. Пiскенi саған. Үсен айтты: Жүзiмнiң көгi саған, Пiскенi маған. Асан айтты: Жуаның көгi маған, Қурағаны саған. Үсен айтты: Күнбағыстың көгi саған, Қурағаны маған. Асан айтты: Жаңғақтың дəнi маған, Сырты саған. Үсен айтты: Алшаның дəнi саған, Сырты маған... Егес бiттi осымен, Доғарды олар сөздерiн. Неге бұлай айтысты, Табыңдаршы өздерiң? ПАРА Ұшыраттым Есендi көшеде мен, Ұйқылы-ояу аяғын санап басқан. – Қайда кетiп барасың таң атпастан?

–Деген едiм, күңк еттi жаратпастан. Апам жұмсап жiбердi көршiлерге, Бiр қайнатым шəй сұрап келшi дей ме. – Оның жөн-ақ Ал мына нан кiм үшiн, Көрер көзге оғаштау, ерсiлеу де. Қарап қойды ол нанына қолындағы: – Алып келе жатқам жоқ күлкi үшiн. Нан бермесең, жүргiзбес жолымдағы, Бұл көршi үйдiң қабаған итi үшiн. «МЫҢ СӨЗ» Кiм қойды екен жазалап, Жалғанда тiлi ұзын-ды. Бiз бiлетiн Азамат, Бiр-ақ күнде бұзылды. Басынан тəуiр сабағы, Жүретiн едi жайраңдап. Байқасақ, тұнжыр қабағы, Отырмыз бiздер қайран қап. Тапсырманы сұраса, Қысқартып қана айтады. Көп сөйлемей тым аса, Үйiне жалғыз қайтады.

Шешiлмей жанға шеттейдi, Жүретiн болды оңаша. Мылжыңдап та кетпейдi, Қылығы бөтен, жаңаша. Даурығысқан керiстi, Жандырып өзi бастайтын, Ешкiмменен келiспей, Аяқсыз оны тастайтын.

Бiр айтысса Азамат, Ой, қырсық-ақ болатын. Төбелеске аз-аз-ақ, Жетпей ғана қалатын. Ендi содан қарасақ, Қашатын бопты қалайда. Керiстi бiздер қаласақ, Жуымайды маңайға. Бiлсек кейiн себебiн, Бiр ағасы кептi ғой. Тəңiрдей өзi сенетiн, Сол ағасы дептi ғой: – Əгəр адам бiр күнде, Мың сөзден көп сөйлесе, Өледi ол, бiлдiң бе, Дəл маған кел, өлмесе. Көп сөйлеуге тырыспа, Өлесiң бiрден сол замат... Өтiрiк пе бұл, Дұрыс па? Ойланды қатты Азамат. Көп сөйлейтiн Азамат, Зейiн қойып тыңдапты. Бұл қылығы ғажап-ақ, Көңiлiне дiк апты. Еш нəрсеге сенбейтiн, Соған сене қалыпты. Санап қана сөйлейтiн, Бала болып алыпты. Күлмесең де, күлсең де, Мойымайды ол жалпы, Құйт сен, Мейлiң құйт сенбе, Əлi күнге сол қалпы...

ТЫМАҚ ҚАЙДА? «Сабақ оқып болған соң, Түсiнгенге, бiлгенге Тысқа шығып бой жазып, Не жетсiн бiр жүргенге». Деп, сасқалақ бiр бала, Асығыс тез киiндi. Əр жерге бiр тастаған, Бiрлеп тауып киiмдi. Жатыр екен қолғабы, Текпiшектiң астында. Iлулi тұр бөкебай Ыдыс-аяқ қасында. Тауып кидi пальтосын, Ауызғы үйден етiгiн. Iздедi ендi тұмағын Баса алмай ентiгiн. Шығып жатыр дал-далы, Үйдiң iшi, жан-жағы. Қайда қойған? Бiлмедi. Қайда едi iлгенi? Шашып тастау киiмiн Бiр басының мiнi екен, Сөйтiп жүрсе, тымағы Өз басында жүр екен. АСҚАР МЕН КИМЕШЕК Бұл қылығын бiлмесек, Асқарға бiз күлмес ек. Ол ұнатпас киiмдер – Күндiк пенен кимешек. Жақтырмайды жалтылдақ Əшекейлi зерiн де.

Тұратұғын жарқылдап, Моншақ таққан жерiн де. Қарт анасы той болса, Кимешегiн киедi. Өз-өзiнен ол болса, Шыж-быж етiп күйедi. Ұзамас үй маңынан Деп балалар күледi. Шешесiнiң жанынан Аулақ қашып жүредi. Қуыстанып, қорланып, Қарс жабады қабағын. Тап сол күнi зорланып, Iше де алмас тамағын. Жалбарынып өтiнiп, Қанша айтса да киме деп. Апасы ұрсар зекiрiп, «Жын, перi ұрып жүр ме», – деп. «Неге тидi жынына, Күндiк пенен кимешек. Ел жиналған жиында Бола ма екен кимесек...» Асқар үшiн алайда Бəрiнен де қиыны: Мейрамда өтер қалайда, Ата-аналар жиыны. Жиналысқа апасы Бармаса деп тiлейдi. Барса барсын атасы, Шеше сырын бiледi. Осы Асқар батырың Күндердiң бiр күнiнде Жиналысқа шақырып, Келсе апасын үйiне,

Өтiнедi зар қылып, Жыларманға аз-ақ қап, «Күндiк кисең барлығы Күледi деп мазақтап». Апасына үйiнен Ұзағанша алыстап: «Күндiк киiп келме» – деп, Кетедi ол табыстап... АЙЛАКЕР ТҰРАР Бiрде келiп, Нақақтан Тұрар маған тиiстi, Тiлiн безеп Қақақтап, Бастады ол бiр iстi. Шаңқ-шаңқ етiп шаңқылдап, Шағып алар тiлi бар. Келе жатыр алқымдап, Төбелесер түрi бар. «Мен туралы кеше сен, Айтшы, Жұртқа не дедiң? Сол сөзiңнiң есесiн Қазiр, мiне, беремiн. Өсегiңдi қоймасаң, Қайтарамын қарымын. Жолдас болма Болмасаң, Бар алдымда айыбың...» Кəдiмгiдей шынымен Дедiм өзiм сасайын. Қалай ғана Мұның мен Ыза, Ашуын басайын.

Бiреулердi даттайтын Еш əдетiм жоқ едi, Сырттан өсек айтпайтын Адам едiм, Ақ едiм. Жандай-ақ мен айыпты. Ауызымды ашпадым. Лəм-мим демей қалыппын, Соншалықты сасқаным. Тұрып қалдық осылай, Қабағымыз түнердi. Əй, Бүлдiргiш досым-ай, Тұрар күлiп жiбердi. «Шығардым ба есiңдi, Жеттi осымен, болсын», – деп. «Алдап едiм өзiңдi, Ықылығы қойсын», – деп. Ықылықты қойдырар Бұл бiр əдiс пайдалы. Бiлетiн ем, Ал Тұрар Кеттi асырып айланы. АҚЫЛДЫСЫ КIМ БОЛДЫ, АҚЫЛСЫЗЫ КIМ БОЛДЫ? Бiр бала бар, көрсеңдер, Мақтанғанды жаратыр. Мақтанғысы келсе егер, Былай деп ой таратар: – Сиырлардың iшiнде Ақылдысы болады. Қайтса өрiстен кешiнде, Табады өзi қораны. Бiздiң сиыр осындай, Оны кешке көр ендi. Басқаларға қосылмай, Үйдi тауып келедi. Бiз бiреулер тəрiздi

Барлығымыз жабылып Сиырларын зар iздеп, Жүргемiз жоқ сабылып... Ол мұныменен қоймайды, Шырт түкiрiп тастайды. Үйiндегi қойларды Жəне мақтай бастайды. Күлiп тұрам мен iштен, Ол бiрақ түк сезбейдi: «Кешке адаспай өрiстен Келедi үйге өздерi». Ендi Ненi мақтар деп, Тосып тұрдық тағы да. Ақылды екен Байқасақ, Ит, Қозысы, Лағы да. Сол мақтанған күйiмен Ешкiмге дес бермейтiн, Бұл сабазды, Шынымен, Үйдiң бетiн көрмейтiн: «Сабағын ғой ұмытты», – Деп шешесi күйiне Қолына алып шыбықты, Қайтады айдап үйiне. Мынау қиын сын болды, Жиылған жұрт Жым болды. Сонда, Ақылды кiм болды, Ақылсызы кiм болды?.. «ШТАНГАШЫ» Жүр көршiнiң баласы: «Штангашы болам!» – деп, Ешкiм жоқ-ау, шамасы,

Жаттығатын одан көп. Жүрген күнде шынығып Оның құрал-сайманы – Рельстердiң сынығы, Доңғалағы арбаның. Атасының төстiгiн «Бұл мен үшiн жеңiл!» – деп, Көтередi бəс тiгiп, Қатарынан он рет. «Бұлшық еттi қара!» – деп, Мытып-мытып көредi. «Темiрдей ме, қалай?» – деп, Кеудесiн ол кередi. Мытып-мытып байқайды, Барлық бала, Көршiлер. Құр бастарын шайқайды, Iсiн көрiп ерсiлеу. Өйткенi, əне, бiлегi Анасының талса да, Көмiр тасып жүредi, Қора жақтан қаншама... Өйткенi, əне, бiлегi Қарындастың майысып, Суды тасып жүредi Қос шелекпен алысып... НЕДЕН БҰЛ? Сəске кезi болмастан Тауық тауып жұмыртқа «Қыт-қыт» етiп қоймастан Хабар берiп жүр жұртқа. Сұрады iнiм бiлмек боп:

– Ана тауық жүр не деп? – Күнде табам, Күнде жоқ? – Жүр ғой тауық: – Бұл не? – деп... НЕНI ҰҚТЫМ? Ертемен-ерте Тұрдым-дағы, Жақсылап беттi Жудым-дағы, Азаңғы асты Iшiп алып, Қолтыққа допты Қысып алып, Көшеге шығып, Қарайладым. Ойнайтын бала Таба алмадым. Асанға бардым «Ойнайық» деп, Ол айтты: «Қазiр Қояйық», – деп, «Атаммен бiрге Шөп шабамын. Кетуге содан Жоқ амалым...» Үсенге бардым, Үй сыртына Шақырып алдым Ысқырдым да. «Кез боп тұр, – дедi ол, – Қырсық мына, Үй iшi маған Қыш құйдырмақ...» Есенге барсам, Шапқан олар

Қораға жатыр Шөбiн жинап. Сенделiп жүрмiн Серiк болар, Баланың бiр де Жоғы қинап. Үйiне барсам Тұрсынқұлдың, Əкесi менi Ұрсып қуды: «Көшеде құр бос Сенделгенше, Үйiңе болыс Сен де елше!..» Ойнайтын бала Табылмаса, Дедiм мен: «бекер Сабылғанша, Үйiме барып Iс iстейiн. Бiр жұмыс тауып Кiрiсейiн... Сол күнi менiң Аңғарғаным; Бiр өзiң, жеке Көшенi кезген, Жараспайды екен, Таңғалғаным!.. АНТ БЕРЕ АЛМАДЫ Не қызықтың өзiн бiр Балалықта кешпедiк. Айтатыным осы бiр Ойда қалған естелiк... Барлығымыз «қу» дейтiн. Ағып тұрған «су» дейтiн.

Жəудiр бiзге əлгiде Айтқан едi əңгiме. – Алматыда, – деген ол Алма деген молшылық. Кетiп жатыр келген ел, Етектерiн толтырып. Алма деген көшеге, Топ-топ етiп түседi. Əр күн сайын нешеме Ел шекесi iседi... Естiп тұрған бəрiн де, Түсi Бектiң түксидi: – Жəудiр айтқан əңгiме, Өтiрiк, – деп, – шiп-шикi. – Өтiрiкшi, сен, – дедi Бiздi алдауың не? – дедi, Айтқаның кiл өтiрiк, – Деп қол сiлтеп сенбедi. – Оңбайын! – дедi. Сенбедi. – Оллаһи! – дедi, Сенбедi. – Нан жейiн! – дедi, Сенбедi. – Ит болайын! – дедi, Сенбедi. – Ал сынайын өзiңдi Шын ба екен көрейiн. Адамшылық сөзiңдi Бересiң бе? – Берейiн. – Ендеше айтшы, Сенелiк, Болсын десең сенiмдi, Өтiрiк айтты демелiк Пионерлiк айтшы сөзiңдi!..

– Сендер қалай десең де, Оған ендi бармаймын. Пионердiң атынан Ант бере алмаймын! Бек деген де қу, мықты, Тап бастырмай ұзаққа, Сөйтiп əлгi суқитты Түсiрдi бiр тұзаққа. БƏС Болса да əман iсi – шала-шарпы, Жүрмейдi айтыспаса бала халқы. Далада бiр топ бала – қызыл танау, Бастаған бiр егестi жаңа қалпы. Шығарып бiр газеттi қалтасынан, Ашып ап қос қолымен ортасынан, «Шығам, – деп соны оқып», – Батай айтты, Жатып ап тырп етпей шалқасынан. Батайдың құлақ салып жарлығына, Кеттi ғой екiленiп, Барлығы да. «Болып па сол да өнер». Десiп жатыр, Бұлары iштерiнiң Тарлығы да. «Ол деген қиын емес аса тiптi, Мен де оны оқимын», – деп қасарысты;

Ашқарақ қой, əуелi, Тамақ iшiп, Соңынан жуынатын Сасан мықты... «Несi бар соған сонша таласатын», – Деп қалды бiреу тұрып – Жарас аты; Шыққанда кемпiрқосақ ұстаймын деп, Бiр күндей тауда өзi едi адасатын... Егеске екiленiп қызып алған, Айтыстан алабұртып Жүзi жанған Бiр шетте: «Ол оңай», – деп, Тоқан да тұр; Қауын деп асқабақты үзiп алған... Сасан да қияңқы ғой, Шатақ анық, Қалардай дəл осыдан атақ алып. Дедi ме көзi жетсiн тұрған топтың, Газеттi ол оқып жатыр жата қалып. Батайың iшiн басып күлсiн келiп, Оның бiз мұнысына түсiнбедiк, Бəрiн де көл басына ертiп келдi, Дедi ме мықты екенiн бiлсiн көрiп. Газеттi алып шығып қалтасынан, Ашты да қос қолымен ортасынан,

Дауыстап оқып шықты көл бетiнде Балықша жүзiп жүрiп шалқасынан. Бiлместен сенбесiн де, Сенерiн де, Бар бала көлдiң тұрып кемерiнде, Егестен ұтып шыққан разы боп, Қол соқты Батайдың бұл өнерiне... Бұл күнi барлық бала көл жанында, Бəрiнiң бiр-бiр газет қолдарында. Жатып ап су бетiнде газет оқу, Үйрену осы өнердi ойларында. СҰМДЫҚ ОҚИҒА (Бүгiнгi күннiң ертегiсi) Болды сұмдық оқиға, Расында, Естiген соң шыдап сен Тұрасың ба? Көршi ауылда биылғы Оқу жылы Қалып қойған бiр бала Класында. «Сұмдық екен, мұнысы, Барайын мен, Сəтi түссе тiлдесiп Қалайын мен. Көптен берi көрген де, Бiлген де емен, Қалып қойған класта Баланы мен...»

Елге хабар тез тарап Кеткен екен, Желөкпенiң бiразы Жеткен екен. Көруге оны кезекке Тұрып жатыр: «Бұл бiр сұмдық оқиға Неткен?» – деген. Мұндай бала екiншi Таба алар ма, Таңсық көрiп келдi көп Балалар да. Биыл бармақ оқуға Кенжелерiн Қорқытпаққа əкептi Аналар да. Дəрiгерлер аспабын Жатыр қойып, Тексермекшi ретi Ақыл-ойын. Əлгi оқушы үйiнен Шықпай отыр, Бүкiл ауыл түсiрген Абыройын. Адамдай-ақ кəдiмгi Есi бардай, Ол баланың ұялған Несiн алған?.. Бəрiмiздi əуре етiп, Дүрлiктiрiп, Класына келесi Көшiп алмай... ҚЫЗЫЛҚАЙНАР, КӨКСУ Екi бала танысты, Жөн сұрасып қалысты: – Əй, сен қайсы жерденсiң? – Өзiң қайдан келгенсiң? – Келдiм алыс жайлаудан, Сонау Қызылқайнардан.

– Көксуданмын мен онда, – Танысайық, кел онда. – Қызылқайнардан болғанда, Қып-қызыл ма суы оның, Атын содан қойған ба?.. (Өтiрiктi айтудың Келiп қалды ретi. Бөспелердiң айтулы Ауылдағы ол бiрi едi.) – Қызылқайнар деп халық, Қайнарға ат жай бермеген. Суы қызыл, Көр барып, Сенбейдi ешкiм көрмеген. Аламыз да шишаны Қайнар жаққа келемiз. Су құйып ап, мысалы, Сурет сала беремiз... Кейде апамыз бұлаққа Жейдемiздi жуады. Аппақ жейдең Сол кезде... Қып-қызыл боп шығады. Сөздiң келiп кезегi Екiншi айтты: – Көксуда Бар ғой Көксу өзенi, Сен естiген жоқсың ба?.. (Өтiрiктi бұл-дағы Сапыратын судай қып. Соқты, Қарап тұрмады. Өтiрiктi шындай қып). – Көксудың бiз Суына Қалам малып жазамыз. Сия iздеп, əуре боп, Кетпейдi еш мазамыз... Өтiрiктi екеуi Өстiп судай сапырды.

Жеңiсе алмай, Əйтеуiр, Бiрiн-бiрi қатырды. ҚАНДАЙ ҚАРБЫЗ ПIСКЕН? Жасырайық несiн бiз, Ол күндерде өзiмiз, Қарбыз десе есiмiз, Шығып кетер кезiмiз. Мезгiл едi, Жеткен күз, Алып ұшып өкпемiз, Бақшаға кеп, Қарбызбен Араласып кеткенбiз. Əнтек шығып сөзiмiз, Шоқтай жайнап көзiмiз, Əр қарбызды ұстаймыз, Сылбырымыз, тезiмiз! – Қане, Кiмдер таңдайды, Пiскен екен қандайы?.. Осындайда, сенсеңiз, Тер жуады маңдайды. – Қазiр ендi тоямыз... Бiр пiскенiн соямыз... Деймiз-дағы шетiнен Шертiп-шертiп қоямыз. Шерткенде бос тұрмаймыз, Жатып келiп тыңдаймыз. Шынын айтсақ, бiрақ та, Таңдағанға жұрдаймыз. – Кəне, Қайсын жарамыз,

Тек пiскенiн табамыз! – Деген кезде тартынып, Сасқалақтап қаламыз. Қысыр сөздiң шеберi, Арамызда көп едi. Ал қарбыздың пiскенiн Танитыны жоқ едi. Қол батпай тұр үзуге, Шетiмiзден шеттеймiз: – Бақташы атай келсiн, – деп Үйге тағы кетпеймiз. Жоқ босқа оны жарғымыз, Ұятына қалғымыз. Келiп-ақ тұр, Бiрақ та, Қарбызды жеп алғымыз. Жақсы болды көргенi, Өзi атайдың келгенi. Пiскендерiн бiр-бiрлеп, Таңдап үзiп бергенi. Қарбыз таңдау əдiсiн, Бiледi екен мəнiсiн. Сойып бердi қарбызды, Алып шаппа бəкiсiн. Бiреу айтқан: – Шындасам Бiр қарбызды жеймiн, – деп... Бiр тiлiмiн, қарасақ Тауыса алмай тұр ендi кеп. Оның несiн айтайық, Қарынымыз қампайып, Əрең бiрiн тауысып Жата кеттiк жантайып.

Тойып алып қарбызға, Жатып тақыр аңдызға, Сұрақ қойдық атайға: – Ата, сiзге таңбыз да?! Сұрасақ қой, күлесiз, Бағбандықты сүйесiз, Пiскендерiн қарбыздың Қалай таңдай бiлесiз?.. Бақшашы айтты сабырлы: – Қайтесiңдер дабырды. Таңдағанда қарбызды, Демейдi ешкiм жаңылды. Жатқан қарбыз қалың бұл, – Бағып-қаққан малым бiр. Таңдасқанда бəс тiгiп, Талайды ұтқан шалың бұл... Мiне, Мынау бармағың, Қарбызға бас салмағын, Тессе тырнақ қабығын Оны үзiп алмағын, Пiспегенi ол, Бiлiп қой, Көңiлiңе түйiп қой. Тесiлмесе ал қабығы, Пiскенi сол, Тiлiп, той... Сөйтiп үлкен жаңалық... Естiп бiздер тарадық... Ең ақыры қарбызды Таңдай алмас дұрыстап, Əй, балалық, балалық!.. – Данышпандық осы, – деп Жүрiп кеттiк тезiрек,

Тұрған жоқ па байқасаң, Мақтанудың кезi кеп. Сөйтiп сол жол шаттанып, Кеттiк дереу аттанып. Жұрт алдында бiлгiшсiп, Қалу керек мақтанып... БIР КӨШЕНIҢ ФУТБОЛ КОММЕНТАТОРЫМЕН ƏҢГIМЕ Бiр көшеде тұрамыз, Ат шаптырым арасы. Қос команда құрамыз, Жиналып бар баласы. «Спартак» бiр команда, «Динамо» бiр команда, Бəс тiгiсiп табанда Шыға келдiк алаңға. Бермеймiз деп намысты, Қабақ жауып түнердiк. Қол алысып, Ойынды Бастап келiп жiбердiк. Ең желаяқ балалар Шабуылға барады. Қорғаныста шабандар Амалсыздан қалады. Қақпамызда – «Сорақай», Қорғаныста – «Пұшық» бар, Шабуылда – «Солақай», «Жираф», Өзiм, «Қисық» бар... Басталды бiр сұрапыл, Көтерiлдi қою шаң.

– Доп қайда əлгi ұратын?! Аласұрдық аюша. Бiрiн-бiрi «қиратып» Шекелерiн жарған бар. Доп орнына Сирақты Болды теуiп қалғандар. «Тасбақа» дəл доп берiп, «Пұшық» соқты бiр голды. Жақсы ойнап ол көп-көрiм, Есеп: Ноль де бiр болды. Жау қамалын алғандай, Бастық дейсiң «Ураға!!!» Құлақ бiтiп қалғандай, Шыдап адам тұра ма?! Қарсы жақтың жiгерiн Құм етiп бiз тастадық. Кеттiк тағы iлгерi, Шабуылды бастадық. Шабуылдап, Алайда, Ұмыт қалды қорғаныс... Өкiнгенмен не пайда, Боласысы болғанда iс. Қарсы жақтың «Жалағы» Соғып кеттi бiр голды. Өзгердi есеп жаңағы, Есеп: Бiр де бiр болды... – «Сорақайың», «Пұшығың» «Солақайың»,

«Қисығың», «Жирафың» мен «Жалағың», Кiмдер өзi, қарағым?! – Балалар ғой барлығы, – Дедi ол тiптi баптанып. – Ал əлгiнiң əрбiрi – Жалған лақап аттары. – Ау, тұра тұр, Əңгiмең Жақсы-ақ екен, Не дерсiң?! Балаларға бəрiң де Ат тағуға шеберсiң. Ешбiр адам мұныңды Жақсы екен-ау демейдi. Айтшы, өзiң шыныңды, Сонда сенi кiм дейдi?! Сасып қалды ол əуелi, Iс қылғандай ұятты. Қазбалап мен əдейi Қайта қойдым сұрақты. Қызарақтап тұрды өзi, Қашып бердi бұл мықты. Жанындағы бiр досы Айтты сонда шындықты. Дедi ол сұрақ қойған соң: Шын есiмi – Артықбек, Бойы аласа болған соң, Атап кеттiк «Қортық», – деп...

БҰРШАҚ Бұршақ кең даланы Төпелеп барады. Күйiнген күйiмде, Тыпыршып үйiмде, Уайымдап отырмын, Күтiп мен ақырын. Жүр едi еңiсте Қозы-лақ өрiсте, Баспана паналар Қай жерден таба алар, Бұршақта қалды-ау, – деп, Бастарын жарды-ау, – деп... ФАНТАЗИЯ Түн болғанда қарасаң, Көресiңдер, балалар: Жарқыраған тамаша Аспанда бiр қала бар. Қаланың ең алыбы Бүкiл көктi жайлаған. Терезелер жарығы Жұлдыз болып жайнаған. «Құс жолы» – бас көше де, «Ай» автобус мiнетiн. Жолаушыны нешеме Тасымалдап жүретiн... Бұл қаланың жандары – Бəрi талант, бəрi ақын. Таңға сөнбей шамдары Өлең жазып жататын... Аспанда бiр қала бар, Тұратын кiл даналар.

Сенбесеңдер, балалар, Түнде көкке қараңдар... ТЕҢIЗШI Арманым бар ең iзгi, Армандаумен келем мен. Матрос болып теңiздi Жүзсем кешiп кемемен. Теңiз дейтiн күштiмен, Алысуға жарасам. Тау толқындар үстiнен, Алыстарға қарасам. Желбiреткен төбеге Көкшiл туын елiмнiң. Алып, алып кемелер – Бөлшегiндей жерiмнiң. КҮРЕС Бiреу айтты: – Қайраттың Бойы тапал демесең, Талайларды жайратты, Күшi көп, – деп, – ересен... Бiреу айтты: – Ыңғайы. Қара күштен пайда жоқ, Күрескенде жығады, Болса кiмге айла көп. Айтсам егер, Мысалы, Қайрат бiзге таныс қой. Жыға алмайды ол Мұсаны, Мұса деген əдiсқой.

Мен ит болып кетейiн, Жығылмайды ол тiрессе... Сөйте-сөйте екеуiн Айдап салдық күреске. Қайрат шықты кiжiнiп: – Көрсетемiн қазiр, – деп. Мұса шықты қызынып: – Оған мен де əзiр, – деп. Ұстасып кеп қалысты, Жiбермеуге намысты. Аяқтарын шалысты, Жатып келiп алысты. Қарап тұрсаң, Қайратты Арыстандай айбатты. Қарап тұрсаң, Мұсаны Жолбарысқа ұқсайды... Мұса iшке енiп емiнiп, Қалған едi бұлт етiп. Қайрат жатты көмiлiп, Қою шаңға бұрқ етiп. – Мұса мықты!!! – Жарады! Деп үйдi-үйге тарадық. Ал, Қайрат ше? Мұсаның Соңына ерiп барады. «Жықпай қойман мұны мен, Жығамын, – деп, – күресiп...» Мұсаның ол күнiмен Соңынан жүр iлесiп...

ЖУАС Айтам досым жайында: Момынның ең момыны. Бiрақ бiздiң ауылда Бөлек едi орыны. Қыңырлықты бiлмейтiн, Бiзбен бiрге ойнайтын. Ойын сəнi кiрмейтiн, Онсыз қызық болмайтын. Егеске де жоқ бала, Барлығына көнетiн. Тұр десең де қақпаға, Барып тұра беретiн. Доп кетсе егер жыраққа, Қиястықпен тебiлген, Өзi əкелер, бiрақ та, Жан емес ол ерiнген. Басқаларша санасып, Есептесiп бақпайтын. Жоқ нəрсеге таласып, Қабақ шытып жатпайтын. Сол қылығын бiледi, Барлық бала басынып. Жұмсап өзiн жүредi, Амалдарын асырып... Жүрмiз ғой деп қатырып, Көзiмiзге iлмеппiз. Сөйтсек, оның қадiрiн Ешбiрiмiз бiлмеппiз. Сапарлап ол кеткелi Ағасының үйiне, Еш шатақсыз өтпедi, Ойынымыздың бiрi де.

Тұрғысы жоқ ешкiмнiң, Доп ойнасақ, Қақпаға. Барғысы жоқ ешкiмнiң Доп алыста жатқанда. – Сен бар, – десек, Қырсығып: – Өзiң бар! – деп ол шықты. Бетпақтанып құлшынып, Шетiмiзден зор шықты. – Бар дегенде, бар деймiн! – Қышымаса мұрының!.. – Əкiреңдеме, əй, деймiн, – Үзейiн бе жұлынын. Сөйте-сөйте басталды, Арамызда ерегес. Ешкiм қия баспады, Iле шықты төбелес. Керiлдестiк өлгенше, Қиқарланып ұрыс сап. Сол досымыз келгенще, Өтпедi ойын дұрыстап. Шетiмiзден құр кеуде Өр көкiрек, Менменбiз, Жақсы болды бiлген де, Бұрын сезбей келгенбiз. Жуас емес, Досымыз, Бiлгiрлiгi мол екен. Соған жеттi көзiмiз, Ең мықтымыз – Сол екен. Момынның ең момыны Деген жай бос сөз екен.

Бөлек екен орыны Берекемiз өзi екен! КЛАСС ЖИЫНЫ (Фельетон) Жиыны боп кластың, Сабақтан соң қалғанбыз. «Екiсi» көп Тұраштың, Мəселесiн салғанбыз. Алдыменен класком Суырылып сөйлеген: – «Екiсi» көп, Рас қой, Кертартпа бұл не деген?! Бiздiң бүкiл класты Осы артқа тартатын. Қайтсек екен Тұрашты? Болжамайтын алды-артын? Айтудан еш кенде емес, Қақсаудан еш кенде емес, Қатарыңа теңелмес, Қайдан шыққан кеңкелес?! Бiрi айтты жекiрiп: Көзiн шұқып отырып: – Алатыны «екiлiк», – Көп ойнайды секiрiп. Баланың бұл мылқауы, Аузын ашқан аңқауы. Айтатын көп сылтауы, Шектен шыққан жалқауы. Үшiншi айтты: – Мұның мен

Бiлем терiс iстерiн. Көрдiм Əркiм үйiнен «Наурыз көже» iшкенiн. Оңбайтынын задында Сол кезде-ақ бiлгенмiн. Пионер деген атына Кiр келтiрiп жүргенiн... Бiреу: – Көже iшкенде Тұрған не бар? – деп едi, Үстiнен жай түскендей, Босқа таяқ жегенi. – Ескiлiктiң құрбанын Пионерден... қуған жөн. Қара, айтып тұрғанын!.. Шыдамаймын бұған мен. Жайына қап Тұрашың, Бəрi айтысып қалысты. Жиынында кластың Талай жерге барысты. Тұраш бүгiн орнында Естiп жатты сөз қатты. Жиналыстың соңында Тоқ етерiн өзi айтты: – Күнде «бес» ап қайталық, Бiлгiш болса бар халық, Сонда қара жұмысты Кiм iстейдi, айталық?! Келгенiнше əлiмiз, Оқып жүрмiз бəрiмiз. Жиналысқа сал, салма, Осы ендi барымыз!.. – Айтқаныңды ұқпайды, Қараңдаршы сүдiнiн.

Бұдан түк те шықпайды, Менiң айтар күдiгiм. Қалды бəрi тосылып, Қамданысты қайтуға. Ұйғарысты осыны Əкесiне айтуға. Бəрi өстiп келiсiп, Өре тұрған күйiнде. Жол-жөнекей керiсiп, Жеттi Тұраш үйiне. Ауласының iшiнде Ағытулы қарғысы. Нəн төбет жүр, Түсiнен Қорыққандай əр кiсi. Ұмтылды ол абалап, Секiрiп тiк шарбаққа. Тұра қашты балалар Сасқанынан жан-жаққа. Ал, Тұраш мəз, күлкiден Жарылуға аз-ақ қап. Жылмыңдайды түлкiдей: – Кел, кел, кел! – деп, мазақтап. Шықты əкесi далаға Будақтатып шылымын, Сəлемдесiп балалар Жайын айтты ұлының. Мiнеп жатыр Тұрашты, Осылай да осылай. Керi тартып класты, Қатарға жүр қосылмай. Нашар жəне тəртiбi, Отырады алақтап.

Кешiгедi əр күнi, Зейiнi жоқ сабаққа... Əкесi оның ауылда Бақуатты тұратын. Сөз баласы жайында Жоқ жанын еш қинайтын. Əкесi айтты бiлгенiн: – Жалғыз өскен қалқам ғой, Оның бүйтiп жүргенi, Мына менiң арқам ғой... КҮН ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ? Астанамыз Алматы, Жердiң дейдi жаннаты. Аулымыздан бiр бала Сол қалаға бармапты. Қала дейтiн алмалы, Таулар екен жан-жағы. Өзiн, шiркiн, бiр көру, Барлық бала арманы. Қызығамыз аса бiз, Көремiз деп қашан бiз. Астананы көрiктi, Мақтаныш қып тасамыз. Дақпырты оның қаншалық, Тыңдап жүрмiз жан салып. Зəулiм десе үйлерi, Қуанамыз тамсанып. Сондай күннiң бiрi едi, Айтты достың бiреуi: «Жолаушылап Қалдыбек Алматыға жүредi».

Дедiк: – Шiркiн, мiне, ендi, Қабыл болды тiлегi. Қалай ғана бақыттан Жарылмайды жүрегi. Тобымызбен түрiле, Жеттiк оның үйiне. Орындалған арманы Қызығып шат күйiне. Қолы жетiп төбеге, Кердең-кердең ете ме, Қалдыбектен мақтаншақ Бала ауылда өте ме?! Толған бала маңайы, Шекесiнен қарайды. Шашын сынық тарақпен Қайта-қайта тарайды. Жейде киген жайнаған, Бəтеңкесiн майлаған. Белiн солдат белдiкпен Жарқыратып байлаған. Жол жүредi! Шын анық! – Хал қалай? – деп сұрадық. – Алматыға əпкеме Барам, – дейдi қуанып. Бəйге атындай жарауын, Көтередi танауын, Көзiмiзше қоймайды, Тиындарын санауын. Галстугiн тағыпты, Үстiне əтiр жағыпты. «Алматыға жол шеккен Неткен, – деймiз, – бақытты!»

Жанында бiз – нөкерi, Вокзалға ол келедi. Арамыздан бiрiншi Алматыны көредi! Айтқанымен санасып, Шықтық үйден жарасып. Көтеруге сандығын Жол-жөнекей таласып. Бiз айтқанды ол тыңдап, Кең костюмi қолқылдап, Мiндi жүрдек поезға... Бiр тынбаймыз қол бұлғап. Ол да қолын бұлғайды Бiздiң қол да ыңғайлы. Iшiмiздi қызғаныш Итше келiп тырнайды. Жолын санап келетiн, Əңгiме айтып беретiн. Күндi күттiк асығып, Қалдыбектi көретiн. Келдi бiр күн, Келдi деп, Алматыны көрдi деп, Жеттiк оған, Естиiк Əңгiмесiн ендi кеп. Қарап тұрсақ көзiне, Өзгерiс бар өзiнде. Бойы да өскен сияқты, Тым салмақты сөзi де. Əңгiменi ол бастады, Бiздi ұйытып тастады. Тыңдап тұрмыз ынтығып, Ұмытқанбыз басқаны.

Бiздiкi оны мақұлдау, Оғаш мiнез шақырмау. Болса-дағы басынан Өтiрiкке жақындау. – Көп, – дедi ол алманы, – Бiр-бiр кило салмағы! Шекесiнiң сол себеп, Бiрде iсiп қалғаны... Ең бiр қызық бiлгенi: – Нағыз ғажап бұл, – дедi. Батыс жақтан атады, Алматыда күн! – дедi. Айтқанына көнуге, Басты изей беруге, Болады ма сенуге? Болмайды тек кеюге. Бiз де тыныш тұрмаймыз: – Бұл айтқаның ыңғайсыз. Күн шығыстан атады, Дедiк: – Көкте күн жалғыз! Мəмiлеге ол келмедi, Бетпақтанып көнбедi. – Алматыға бар-дағы, Сенбесеңдер, көр! – дедi. Түйдiк тағы қабақты, Шығардық бiз шатақты. Тақтық содан өзiне, «Суайт» деген атақты... Көп жыл өттi арада, Бiз де бардық қалаға. Қалдыбектiң айтқаны Келедi екен шамаға.

Алғаш рет көргенде, Айнала ма басың да. Күн, Батыстан атқандай, Болды екi-үш күн, расында!!! Өте қатал екенбiз, Кiнəлаппыз бекер бiз. Қалдыбектi сол кезде Босқа «суайт» дегенбiз... ҚАМШЫ Қолға ұстап көруге, Қызыққандай бар кiсi. Iлулi тұр төр үйде Атасының қамшысы. Сол қамшыңыз орнында Кейде жоқ боп шығады. Бар мəнiсiн оның да Атасы тез ұғады. Қар жауады қабақтан, Ұмытады өңгенi. Бұл – Ұлының сабақтан «Екi» алып келгенi. Өзi ғана бiледi, Қанық бала сырына. Таба алмай жүредi, Қамшыны да, Ұлын да. Құпия көп оңында, Бар ма, сiрə, айтары. Қамшы тұрса орнында, Ата көңiлi жайдары...

ƏРКIМНIҢ ОЙЫ ƏР БАСҚА – Қонақ келдi үйге, – деп, Атасы қой сойып жатыр. Ал, анасы кимелеп, Ошаққа от қойып жатыр. Тек баласы бəрiне, Жайбарақат қарап отыр. Қой асығы, Əрине: Менiкi деп санап отыр. ҚАЛАНЫҢ БАЛАСЫ Астанадан Келдi де, Күлдiрдi Ақан Халықты. Атты жатқан Көрдi де, Дедi: – Құлап қалыпты... ЖОРЫҚСЫЗ Тамақ пiстi, Ес кеттi. Столға ол қойылды: Iнiме мен ескерттiм: – Жуып кел, – деп – қолыңды. Түйiп алып қабақты Көтердi iнiм дауысын: – Жейтiн менiң тамақты, Қолым емес, Ауызым.

ҮЛКЕННIҢ ТIЛIН АЛАМЫЗ Ойын қуған баламыз, Ана тiлiн аламыз. Ана тiлiн алмасақ, Кəрiп болып қаламыз. – Қарлығашқа тимеңдер, Ол жарықтық киелi. Адамзатты ол сүйедi, Содан жақын жүредi. Оған тиген баланың, Қолы сынып қалады, – Деген сөзiн ананың Бəрi есiне алады... Ойын қуған баламыз, Əке тiлiн аламыз. Əке тiлiн алмасақ, Секпiл болып қаламыз. – Анау жүрген торғайлар, Даламыздың сəнi ғой. Оны бəрiң қорғаңдар, Елжiретер əнi ғой. – Жұмыртқасын алмаңдар, – Деген əкем – Жармаңдар, Жарамын деп беттерi, Секпiл болып қалған бар... Ойын қуған баламыз, Аға тiлiн аламыз. Аға тiлiн алмасақ, Ақсақ болып қаламыз. – Мынау жүрген малымыз, Күтiп жүрмiз бəрiмiз.

Суғарамыз шөп салып, Ашиды оған жанымыз. Малды тепкен адамның Шорт сынып аяғы, – Деген ағам: – Шойнаңдап, Ақсақ болып қалады... Ойын қуған баламыз, Əпке тiлiн аламыз. Əпке тiлiн алмасақ, Қисық болып қаламыз. – Не шөмеле үйгенде, Не қой жайып жүргенде, – Деген əпкем: – Далада Ұйқтап əсте үйренбе. Далаға еш жатпаңдар. Ұйқтап қалып далаға, Аузы-мұрны қисайып, Масқара боп жатқан бар... Ойын қуған баламыз, Үлкен тiлiн аламыз. Үлкен тiлiн алғаннан Өсе берер санамыз. ТӨРТ ТҮЛIК Табиғат о басында Төрт түлiк мал таратқан. Барлығын да расында Адам үшiн жаратқан. Киiм тоқыр жүнiнен Жаурағанда бойлары. Қажетiнiң бiрi деп, Жаратыпты қойларды.

Қуаттана түссiн деп, Сүт iшпесе қиын-ды. Сүтiн сауып iшсiн деп, Жаратыпты сиырды. Ел көшкенде жайлауға, Жүгiн артып жүредi. Көндiкбас қып айдауға Жаратыпты түйенi. Өксiтпесiн өмiрiн Той болғанда бiр күнi, Көтерсiн деп көңiлiн, Жаратыпты жылқыны. Төрт түлiктiң есектер, Санатына кiрмептi. Алмаған соң есепке Не iстерiн бiлмептi. Оны сөйтiп жүргенде, Қарттар көрiп қалыпты. Жайлы екен мiнгенге Көлiк қылып алыпты! НЕСIП Келе жатқан кəдiмгi, Несiп деймiн, Балалардың даукесi Өзi – «дөйдiң». Шақырайған ыстықта Етiк киiп, Мазағына қалып жүр Несiне елдiң?! Сөйтсек оның мəнiсi, басқада екен, Лəңгi ойнапты баламен, Асқар деген.

Қайта-қайта жеңiлiп, кеше өзi, «Малай» болып жүгiрген қасқаң екен. Несiп деген намыс жоқ, бала ма едi, Жаманатқа осылай, қала ма ендi. Өшiн алу үшiн ол Сəске түспей, Асқарды iздеп асығып, барады ендi! Етiк киiп алды ол əдейiлеп, «Лəңгi тепсең қонышы əдемi», – деп. Асқарды iздеп келедi Шыдай алмай Бүгiн қайтсе жеңбекке дəмелi боп! ҚОРДАЙ БАТЫР Алысып елдiң жауымен, Шабысып жердiң дауымен, Атағы қалған тарихта, Атақты Қордай тауымен. Ел сенген батыр болған-ды, Есiмi оның Қордай-ды. Үзеңгiге сыймас аяғы, Денесi дүр зордан-ды. Қордайдан батыр асар кiм, Желiгiн жаудың басатын. Тобылғы иiп арнайы, Атқа үзеңгi жасайтын.

Құрықтай едi бойы деп, Теңiздей терең ойы деп, Көне көз қарттар кез болса, Əңгiме етер оны көп. Естiдiм аңыз айтқанын, Сүйегi тауда жатқанын. Көк заңғар шыңның басында Көз жұмып батыр қайтқанын. Қай шыңда? Ешкiм бiлмейдi. Қордайдан қалған бiр белгi, Қойқаптың желi соққанда. Ашуы қоса жүр дейдi. Ел қойды атын асуға, Құрметтеп қимас асылға. Есесi кетпес ешкiмге Жан екен теңдес жасынға. Көсем ғой қалың ел деген, Жер атын тегiн бермеген. Көсегесiн көгерткен, Қордайдай тусын ер деген. Алапат едi ықпалы, Жаулары шеттеп ықтады. Батырға жұғып қалыпты, Ем қонбас ауру жұқпалы. Елiм деп соққан жүрегi, Батыр бұл жайын бiледi. Жұқпалы ауру екенiн, Табылмасын да бiр емi. Алмаған емiн тəуiптiң, Көрсетпеу мақсат мəйiтiн. Залалын ойлап ертеңгi, Жайылар елге қауiптiң.

Жұққызбау үшiн елiне, Болмауға күйiк жерiне, Жалғыздан-жалғыз аттанған, Биiк тау басы – «көрiне». Қоштасып байтақ жұртына, Ұзайды ауыл сыртына. Қарасын кеткен көрсетпей, Көнбестен елдiң ырқына. Ел таппас тауға асады, Сүйегiн алып қашады. Сөйтiп ол асқар елi үшiн, Ең соңғы ерлiк жасады! Заманда өткен бұрнағы, Қордайдың бiзбiз ұрпағы. Парасатының қалса ғой, Сынықтай бойда жұрнағы. ЕГIЗДЕР ЖЫРЫ Бiрiмiзден Аумаймыз Бiрiмiз де, Киiмiмiз, Бойымыз, Түрiмiз де. Тысқа шықсақ, Егерде Бiз екеумiз, Шатастырып, Халықты Мəз етемiз. Керегi жоқ Айнаның Екеумiзге, Бiр қарасып Алған да Жетер бiзге.

Қайда жүрсек, Таңданып Жұрт күледi, Жұртқа күлкi Сыйлауды Кiм бiледi? Бiз екеумiз – Егiзбiз, жандай тату, Егiз болу, мiнеки, Қандай бақыт! ҚУЛЫҚ Ала сиыр желiндеп, Туатын күн тақады. Атам оны ерiнбей, Көрiп келiп жатады. Бұзауына сыз өтiп Қала ма деп қорқады. Көзiн iлмей күзетiп, Атады оның əр таңы. Сиыр сөйтiп бiр күнi Бұзау тапты балықтай. Өзi тiптен сүйкiмдi Қарай бердiк жалықпай. Киiз таңып тастадық, Арқасына тоңар деп, Сүтке тоя бастадық, Көршiлер де алар кеп. Апам сиыр сауатын, Мен «бұзауды салатын». «Тарт!» дегенде бұзауды «Əлiм жетпей» қалатын. «Емсiн» деген сырымды Апам сезiп қалатын

Жақтырмастан мұнымды Ұрсып-ұрсып алатын Ыза боп сол iсiме, Нұқып менi өтетiн. Сонда ғана күшiме Күш қосылып кететiн. Жанашыр сол iсiмнен Болдым əбден «өлесi». Осы бұзау үшiн мен Көрiп жүрдiм «көресi». ЕПСIЗ Етiк майын əкелгесiн Iнiм барып базардан, Майламақшы бəтеңкесiн Ақжем болып бозарған. Қызығын-ай қылығының, Ендi оған не дейiн. Майлап алған шұлығының Қара маймен кей жерiн. ГҮЛ (Əнi бар) Аспанда күнiм Нұрланып тұрса. Далада гүлiм Ырғалып тұрса. Қайырмасы: Қызыл, ақ, көк гүл, Не деген көп гүл, Достармен келiп жинаймын. Ең жақсысын Бiр құшағын. Мамама əкеп сыйлаймын.

Бөленсiн гүлге Шағала үйлер. Қызықпен өтсiн Жағалап күндер. Қайырмасы. Қызғалдақ тердiк Даладан шаршап, Əр күндi бейбiт Күтемiз аңсап. Қайырмасы. ЖАҚСЫ КӨРСЕҢ АПАҢДЫ Кейде сұрай қаласың, Балалардан бiлгiң кеп; – Жақсы көрер анасын Қайсы бала, Ол кiм? – деп. Тыңдар болсаң өздерi, «Менмiн ғой» – деп, айтады. Iсi менен сөздерi Қиыспай-ақ жатады. Өзiм айтсам бiлемiн, Асан деймiн бiреуi, Өйткенi оны үнемi, Халық мақтап жүредi. Жақсы көрген ананы Бала болар Асандай. Күнде «бестiк» алады, Оқуынан бас алмай. Ұстазынан, қарашы, Күнде мақтау естiр көп.

Жақсы көрген анасын Бала мiне, өстiр деп. Жақсы көрсең, айтайын; Сөгiс естiп тұрмасын. Сен туралы əрдайым Анаң мақтау тыңдасын. ҚАПШАҒАЙДА Үйренем деп малтуды, Мен уəде бергенмiн. Атақ-даңқы айтулы Қапшағайға келгенмiн. – Ең оңайы емес пе? Сүңгу деген, тəйiрi? – Деп қалыппын мен «еспе», Бiлмей анық байыбын. – Ал қараңдар, əзiрлен, Сағаттарың болса егер, Сүңгиiн бiр, қазiр мен Сүңгiр екем қанша жер? Мөлдiр суға балықша Жүзiп кету – арманым. Жүгiрiп кеп барынша Сүңгiп келiп қалғаным. Бiтiп қалды құлақ та, Сүңгiдiм бе өндiртiп. Ұзадым деп жыраққа, Шыға келдiм дем бiтiп. Мəз болып тұр ел күлiп, Қимай маған мақтауын: – Тұрды, – дейдi, – көрiнiп Су бетiнде арт жағың. Қатырдым деп санасам, Болыппын мен келеке. Жаға жаққа қарасам, Ұзамаппын мен өте...

НЕ БЕЛГIЛI, НЕ БЕЛГIСIЗ? Сиыр кетсе табынға, Сүт əкелер – белгiлi. Ел кетсе шөп-шабынға, Шөп əкелер – белгiлi. Ара кетсе бауларға, Бал əкелер – белгiлi. Ағаш тiксең аулаға, Алма берер – белгiлi. Бүгiн күннiң қалайда, Бататыны – белгiлi. Ертең таңның алайда, Ататыны – белгiлi. Қайсын тiзiп жатасың, Талай нəрсе – белгiлi. Бiрақ несiн айтасың, Белгiсiзi ендiгi: Жұмсай қалған заматта Тiл алары – белгiсiз. Сақан кетсе сабаққа, Не алары – белгiсiз? КЕШКI СУРЕТ Атасы айтты: – Қарғам, – деп. Жiгiт болып қалған, – деп. Кем болмайды қайткенде Əке тiлiн алған, – деп. Қазiр бəрi – бiлiмде, Жаман болмас күйiң де, –

Баласынан айналып Сыймай отыр үйiнде. Апасы айтты: – Күнiм, – деп. Адам бопты бүгiн, – деп. Кiтап бетiн ашпайтын, Түзетiптi мiнiн, – деп. «Оқып отыр сабағын» – Дейдi ата-ана «Қарағым». Емiренген баланың Сықпытына қарағын: Бiр кiтапты парақтап, Əр бетiне қарап қап, Мақтағанға əспенсiп Бала отыр алақтап. Бала отыр тектен-тек, Мақтау оған жеткен жоқ. – Бiр сом тығып қойып ем, Қайда ұшып кеткен? – деп... ОБАЛ ҒОЙ Көктемде амал торғайды Көрсе атқан баланы, «Мынау, мынау оңбайды» – Деп мүйiздеп алады. «Түрiң мынау добалдай, Сенде қандай ақыл бар. Торғайды ату обал ғой, Оған қандай хақың бар...» Атқа қонсақ жиналып, Көкпар деген хабар кеп, «Қаладың, – деп, – қиналып» Шаппайды атпен «обал» деп.

Ешкiмге де көрмедi Нақақтан қол көтерiп. Нанды көрсе жердегi, «Обал» дейдi көтерiп. Барлығына жүргенi Жаны ашып, «обал» деп. Əдiлеттiк – сүйгенi, Көргендiгi одан көп. Жамандыққа жаны қас, Жақсы iстен тайынбас, Арамызда осындай Балалардың бары рас. МЫҚТЫ КIМ? Қайыржанмен бiлiс пе ең, Жақын едi арамыз, Аяғы да жiңiшке, Денесi де тарамыс. Бұлшық етiм бiлеудей, Бойым болса тiреудей. Iрiлiгiм түйедей, Жан-ақ едiм бiрегей. Қорғайтынмын оны мен, Күштiлерден ептеп те... Бiр күндерi, сонымен, Жарыс өтсiн мектепте. Екi аяқта шаңғымыз, Қызып алған денемiз, Артта жоқ қой қалғымыз, Алға ұмтылып келемiз. Аяқ тартты ауыршаң, Қалып жатыр сан белес. Шаңғышы екен Қайыржан, Жеткiзетiн жан емес.

Қарамай-ақ əлiне, Ширақ екен жүрiсi. Бұрын жеттi бəрiнен Мəреге де бiрiншi. Титықтаған денем де, Мен де жете жығылдым. Қайыржанның менен де Мықтылығын ұғындым. Содан берi досымды Бала бiткен сыйлайды. ... Қара күштiң Өзiмдi, Iске аспауы қинайды. БАРЛАУШЫ – МЕН Майын алмай, сықпа қып Жасаған, еһ, құрт қандай? Аузымыздан су ағып, Жүйкелетiп құртқандай. Ши сөренiң үстiне Оны жайып қоятын. Сездiрместен ешкiмге Күн туар ма тоятын?! Үш-төрт бала келiсiп, Сол құрттарды аңдыр ек. Сəтi түссе бөлiсiп, Тамсанар ек «дəмдi», – деп. Құртты қашан жаярын, Барлаушымын, бiлемiн, Қай мезгiлде қоярын – Бақылап та жүремiн.

«Əкел деймiз көп алып, Нар тəуекел еткесiн». «Ал мен кеттiм», – деп алып, Терiс киiп кепкесiн, Тамға Айдар шығады, Қарауылға мен тұрып. Дəл мысықша бұғады, Етпеттеп ол ентiгiп. Қалған бала бұқпалап, Тосып тұрар бұрышта. Құртты алған соң тықпалап, Бөлiсемiз туыстай. Қалтамызға толтырар, Сары құрттың дəмi бал. Қарауылға мен тұрар, Өзiнше оның гəбi бар. Амал, Айла Көп ебi, «Барлаушының» – бiрiмiз. Бiздiң үй ғой, себебi, Құрт ұрлайтын үйiмiз. БАСТАҢҒЫ Жиынды кiм сағынбас, Кiл балалар қағынып, Əншейiнде бағынбас, Бiр бастыққа бағынып, «Жасайық», – деп, – бастаңғы», Бiреу бiр ой бастайды.

Əдетiмiз жастайғы, Мұны бəрi қоштайды. Кiм мақтаншақ, Кiм кеппе, Құштар болсаң бiлмекке. Сырын ашып тастайды, Жаса жиi бастаңғы, Сүт тартатын машина Бар Бекеннiң үйiнде. Шешесi алып қасына Сүт тартады күнiне. Қайырған май, Тартқан май Сол кiсiнiң қолында. Бiр кесегiн батпандай Ұрлау Бекен мойнында. Бектiң үйi келесi, Тары егедi Жаз айы. Тары тасып ол өзi Бiр жарылқай жаздайды. Бiреу үйден женттi, Бiреу үйден Құрт əкеп, Ал бiреулер өрiктi, Жарма талқан Жүр əкеп. Мақтан сүйгiш Жолданды, (Мiнезi тым қызық-ты). Мақтап қойсаң болғаны, Не қазы, Не шұжықты. Сездiрместен үйiне, Тығып алып Келедi.

Сол бойымен күпiне, Түнiменен Кебедi. Асылып ет жатады, Ұмытамыз басқаны. Сан қызыққа бататын Басталады Бастаңғы. Думанымыз жарасып, Бiр жаңалық Ашқандай. Ас iшемiз таласып, Таласа iшкен Ас қандай! Тəбет қашар Əсте үйде, Ал қызық-ау бастаңғы. Өз үйiңнен басқа үйде Көрiнедi-ау Ас дəмдi. ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТI Сатып алды көкесi Лотерея билетiн. – Машина ұтсам, – деп өзi, Арман етiп жүретiн. – Болса көлiк өзiңде, Ұзармай ма қолың бiр. Осы ұтыстың кезiнде Болса екен жолым бiр! – Өстiп өзi үмiт қып Шалықтаған күйiнде, Асып-тасып күпiнiп, Отырды ол үйiнде.

Мамасы айтты: – Көкесi, Неге қызды шекең? – деп, – Болмасты айтып кетесiң, Кiлем ұтсаң жетер, – деп. Жiгiт болған баласы Килiктi осы тұста кеп. Айтты өз ойын таласып: – Мотоцикл ұтса, – деп. Мына менiң өзiм-ақ Айдап оны жүретiн... Келiп тұрған кезiм-ақ Мотоцикл мiнетiн... Ұтыс ұтып алардай Лотерея билетi. Əркiмнiң-ақ қалардай Орындалып ниетi. Кенже ұлы қалмайтын Қапталдасып ондайда, Айтты өзiнiң арманын: – Сағыз ұтса, болмай ма?! МIНЕЗДЕМЕ Қай баланың «Бесi» көп, Сол баланың есi көп. Кiмдер алса «Төрттi» көп, Сана класс көркi деп. Ал баланы «Үш» көп, Ойла, Шала iсi деп. Кiм оқыса «Екiге» – Қарама оның бетiне.

ОРМАНШЫ Қалың ағаш iшiнде Орманшының тұрағы. Елiктер Су iшуге, Үйiне кеп тұрады. Сайрап, басып күйiне, Құстар кеңес құрады. Кейде орманшы үйiне Аю мойнын бұрады. Орманшының қолынан Бұлан жем жеп кетедi. Желе жортып соңынан Түлкi-дағы өтедi. Ормандағы аңдарды Орманшылар қорғап жүр. Аң торитын жандарды Жолатпайтын қорған бұл. Күзетте жүр сол үшiн, Қоритыны аңдар ғой. Ең қауiптi ол үшiн Аң торитын жандар ғой. ШОФЕР Бiз тұрған қалада Көше кең, Адам көп. Бiрақ та, алайда, Машина одан көп. Бiреуi бiрiне Жол берiп, Жол ашқан.

Бiреуi бiрiмен Жөн сақтап санасқан. Барлығы аман-сау Соғыспай жүредi. Шоферлар қалайша Ұғыса бiледi? Шоферлар бiр тiлдi, Бiлер деп түсiнем. Көшеде бiр-бiрiн Ұғысар iшiнен. Сыйласа бiлген мен Əдептi, тəртiптi, Шоферден үйренген Бəрiңе жөн тiптi. БОЛАР ЕДIМ ЧЕМПИОН (Бөспенiң арманы) Спорттың бар түрiнен Чемпион да боламын. Штанга ма, Мұны мен Көтере де аламын. Жарты тонна өзiме Ауырсынар салмақ па? Бұйым көрмей, тезiнен Көтеремiн қаңбақша! Ұзындықтан он метр Секiрiп мен өтемiн! Жүз метрге жүгiрiп Үш сенундта-ақ жетемiн. Екi метр аз болып, Үш метрден қарғимын. Жиылған жұрт мəз болып, Мен де бiрге шалқимын...

Арманым бұл өзiмнiң, Чемпион боп жүрер ем. Ақтығы үшiн сөзiмнiң Тек мынаны тiлер ем: Стадион ол үшiн Жабық болса əрдайым, Жəне орнатса... Мен үшiн Салмақсыздық жағдайын... ШАТАҚ Тұра салып төсектен, Жанжалдасты Есеп кеп. – Сен алдың, – деп, – ақшамды, Бiрден маған бас салды. – Түзу ме есiң, ақылың, Қайдағы ақша ол, батырым? – Жасырғанмын жастыққа. – Жөнiңдi айтшы, Аптықпа. – Үш сом берген, жаңа атам, Жоқ қой қазiр, соны айтам. – Қашан бердi? – Түсiмде. ... Не дерсiң бұл iсiне. – Ол түсiң, Бұл өңiң ғой!.. Өң мен түстi бiлмейтiн Мынауың бiр керiм ғой. АМАЛ Кiшкентай бөбегiм Ұйқыға кiрiстi. Осы едi керегi, Қолға алдым бiр iстi.

Отырмын жұмыс қып, Тыныштық орнады. Бiрақ Бұл тыныштық Ұзаққа бармады. Оянып бөбегiм, Ескi əнiн бастады. Бiтпедi өлеңiм, Жыртып ол тастады. Жəне де келе сап, Мойныма асылды. Сынды да қаламсап, Қағазым шашылды... Бөпеме қылықты Таптым мен амалды. Асырдым қулықты, Бұл əдiс жарады. – Кəнеки, Кел, – дедiм, – Мұрныңды сүртейiн! Сол екен, Бөбегiм Бұрылды кiлт кейiн. Қайтып ол бөлмеге Қойды бас сұққанды, Мазалап əрнеге, Басыма шыққанды. Маған ол келсе ендi, Жағалап, Икемдеп, Қорқытам: – Мен сенiң Мұрныңды сүртем! – деп...

ЖАУ ДЕГЕН НЕ? Жұрт бiлетiн қашаннан Аңқау өмiр сүрiптi. Бiрде ауылға жасанған Сұм жау басып кiрiптi. Жау келедi дегендi Ол да естiп қалыпты. Қолына ұстап жүгендi, Атын ерттеп алыпты. «Немене жау дегенi, Қарсы алдынан шабайын. Дұрыс болды-ау келгенi, Жүзiн көрiп қалайын…» Жеке келген аңқауды Жау қоршауға алады. Аңқау жайын байқады, Iс қиындап барады. Бiрi аңдап аңысын, Бөркiн шауып түсiрдi. Жау дегеннiң мəнiсiн Аңқау жаңа түсiндi. «Құртады ғой бұлар!» – деп Жүйрiк атын борбайлап, «Өзiмдi опат қылар!» – деп, Аңқау қашты ойбайлап. Жүйрiк аттың күшiмен Жаны аман қалыпты. Алаңғасар iсiнен Үлкен сабақ алыпты… Жау келсе егер елiңе, Керегi жоқ танысып. Қуып туған жерiңнен, Құрту керек шабысып.

Қару алып сайысып Өзiң үшiн, Жер үшiн; Өту керек алысып Ұрпақ үшiн, Ел үшiн… АҢҚАУ Күресiп бiз Жатыр едiк, «Ал қайсымыз Күштiмiз!» – деп, Өттi осы кез Жақын келiп Бiр самолет Үстiмiзден. Барлығымыз Қарап көкке, Қолды сермеп, Айқайладық. СССР-деп Самолетке Жазылғанын Байқап қалдық. Ортамызда Тұра қалып, Бiр аңқаудың Сұрағаны. Желкесiн ол Қасып қойды: – Жазуды кiм Жазып қойды? – Кiм жазушы ед, Не дегенiң, Жазды өзiңдей Адам оны! – Самолетке

Төбедегi Дедi ол: – Жеткен Қалай қолы?!.. ҰМЫТШАҚ Ұмытшақ Жүсiп түс көрдi, Түсiнде қызық iс көрдi. Жалғыз өзi Түсiнде, Шөп шабуға келедi. Шабдар аттың үстiнде Бүкең-бүкең желедi. Қоржын толы тамағы, Шалабы бар бiр қарын. Таңдады тау қабағын Жерi майса, Гүл қалың… Айтар болсақ Арғысын, Тұрды дел-сал күйiнде. Шөп шабатын шалғысын, Сөйтсе, Ұмытқан Үйiнде… Тағы бiрде Түсiнде Балықшы екен – қараса, Отыр қайық үстiнде, Көлде өзi оңаша. Ескегiн тез еседi, Терең жерге жетiптi. Ау тастайтын десе ендi, Оны Ұмытып Кетiптi…

Жəне бiрде Қараса – Комбайншы – өзi екен. Шабуға ол жараса, Егiн пiскен кезi екен. Кiрiсе бер тек iске, Шапсаң егiн дап-дайын. Сөйтсе, өзi кеп егiске, Ұмыт Қалған Комбайн… Содан шошып оянды-ау, Қызығы бұл түсiнiң – Олақтығы болар-ау Өңiндегi iсiнiң. Оның барлық себебiн Анықтаған, Бiлген – Мен. ... Сабағына дəптерiн Күнде Ұмытып Жүргеннен. ПОЕЗД ЖҮРIП БАРАДЫ Станция алаңы, Поезд жүрiп барады, Жол ашық деп хабарлап, Светофор жанады. Поезд жүрiп барады, Үнi құлақ жарады. Вокзалдағы кезекшi Оң жол тiлеп қалады. Поезд жүрiп барады, Дүрс-дүрс соғып табаны,

Еңбек күйiн шертедi, Домбыра етiп даланы. СЕГIЗКӨЗ Күндегi осы жұмысы, Сабақтан соң ермегi – «Екiдегi» iнiсiн Ермек жатып тергедi. – Көрсет, – дейдi, – Басыңды? Ал шашыңды, Қасыңды? Ендi көрсет Тiлiңдi, Мойыныңды, Мұрныңды?.. Көрсетiп, не сұраса, Шатаспайды iнiсi. Бiлгiр екен бұл аса, Мақтар едiм мұнысын. Ермегiң де қайтпайды, Күнде сынақ алады. – Бiр де қате айтпайды, – Дейдi: – Iнiм саналы... Көрiп бəрiн қызықтап, Тамашалап тұрғанмын. Келiп Ермек бұзықтан Мен де тергеп сұрадым. – Қай жерде айтшы, Бүйрегiң? – ...? – Ал қай жерде Жүрегiң? – ...? – Ал қай жерде Бауырың? – ...? – Ал қай жерде Жауырын? –…?

– Қай жерде айтшы, Өт деген? – …? – Асқазаның Өкпе мен? – …? Бұғана мен Өңеш ше? – …? – Жұтқыншақты айт, ендеше? – …? Бiраз өзiн тергедiм, Оған жеңсiк бермедiм. Сырын қайдан бiлейiн, Əйтеуiр, бiр ұққаным – Ермек батыр Бiреуiн Бiлмейтiн боп шыққаны. Көрсете алмай талайын, Қара тер боп састы өзi; Қорс-қорс тартып танауын, Сипай бердi басты өзi. Iнiсiнiң көзiнше: «Көп бiледi iнiң», – деп, Сөктiм оны Өзiмше: «Жарамайды мұның», – деп... Қарап тұрып адамды Өстiп құдай ұрады. – Қай жерде? – деп ол менен «Сегiзкөздi» сұрады. Кiм бiлiптi Ондайын, Састырды ол өзiмдi. Бiлеушi едiм, Оңбайын, Алақтатты көзiмдi. Қинап кеттi сол сұрақ, Айттым оған долбармен: – Сегiзкөз бе, Ол, сiрə, Қарт адамда болар, – деп...

ЫЗАҚОР Су басына Күшiк жеттi. Жеткен бойда Жүзiп кеттi. Су басына Мысық жеттi. Келген бетте Жүзiп өттi. Бұзауың да, Құлының да, Келген жоқ-тын Бұрын мұнда. Сонда да олар Бiрден малтып, Су бетiнде Жүрдi қалқып. Бəрiн көрiп Жақып отыр, Ала көзбен Атып отыр. Екi көзiн Сүзедi кеп: «Малтуды ешкiм Үйреткен жоқ, Бұлар қалай Жүзедi?» – деп. Малтуды олар Бiлiп туған, Соған жаны Күйiп тұрған. Сонда деймiз, Жақып неттi? Жүзбекшi едi, Батып кеттi. Бұл өмiрде Адам үшiн Бəрi қиын, Соған түсiн!

ҚОЙ ДЕГЕНГЕ ҚОЙМАҒАН СОҢ... Шектен шыққан ала бөтен, Балтай қорқақ бала екен. Өңi кетер сұп-сұр болып, Десең: – Ине салады екен! Аласұрып класында Жаңа ғана жүрген едi. Əлгi хабар расында, Үрейiн ап, үндемейдi. Жүрек жоқ-ау түймедей де, Қорқып отыр инеден де. Жыламаған бала едi Жығылғанда түйеден де! Дiр-дiр етiп дауысы да, Сөз түспей тұр ауызына. Сұрайды ұстаз: – Не болды? – деп, – Немене, сен ауырдың ба?.. Бұзылыпты түсiң, – дейдi, Ұнамай тұр iсiң, – дейдi. Дем заматта не болғанын Мұғалiмi түсiнбейдi. Балтайға бұл жаман батқан, Үрейiн ап алаңдатқан, Мəз болады парталасы Əлгi өтiрiк хабарды айтқан. Асыр-тасыр ойнаған соң, Қой дегенге, қоймаған соң, Шiңк-шiңк етiк мазасын ап, Айтқан сөзге болмаған соң. Бiр қулыққа барып едi, Сырына оның қанық едi,

Парталасы Балтайды бiр Өстiп жөнге салып едi. ЖЕТIК ЕКЕН ЕСЕПКЕ Əкесi ұзақ сапардан Қайтып, үйде отырды. Сұрады ұлы Қапардан: – Қалай, жайы оқудың? Тексергем жоқ мен көптен, Бiлейiн де сырыңды, «Үшiң» көп пе, «Төрт» көп пе, Жасырма, айт шыныңды... Қапар айтты еркiн кеп, Есепке алғыр батыр ғой: – Əрине, «үштен» «Төрттiң» көп, Бiр санға артық жатыр ғой. ЕРКЕ Ерке Нұрлан бұртиып, Ашпай отыр қабағын. Алдында астың түр-түрi, Қинайды iшпей тамағын. Бəйек болып мамасы, Жалбарынып: – Iш, – дедi. Көнбеген соң баласы, «Iшсеңшi», – деп күштейдi. Нұрлан ашу шақырып Жiбередi бақырып. Үйдiң жалғыз батыры Жеңiп шығар ақыры. Көршi үйдiң баласы Келiп едi,

Қарашы, Қолындағы нанына Отыр ендi таласып. ҚЫҢЫР Бағып оның қабағын, Берсе-дағы мадақтап, Өз үйiнiң тамағын Iшпейдi ол алақтап. Ал басқа үйге барды ма, Өлiп-өшiп iшедi. Тамақ келсе алдына, Қара терге түседi. Асын iшiп алаңсыз, Ұмытады ұятты. Ата-анасы амалсыз Қызартады қулақты. Жақтырмайтын сонысын, Өзi сондай қаскүнем. Басқа үйде ол үшiн Тəттi болар ас кiлең. Осы қыңыр күн сайын Тойсын десең тамаққа, Қыдырыстап үй сайын, Жүру керек қонақта. ЖОЛАТПАЙДЫ ЖАНЫНА Күрiк болып сұр тауық, Басып шықты балапан. Көрiп қалам бiр ауық, Оларды мен даладан. Балапандар үлпiлдек, Бұлтың-бұлтың жүгiрген.

Ұстап алып бiртiндеп, Сипар ма едiм түгiнен. Қанша екен – Санаймын, Санаймын да жаңылам. Алыс тұрып қараймын, Жүре алмаймын маңынан. Сипар едiм мамығын, Ұстап тұрып қолыма. Бiрақ күрiк тауығың Жолатпайды жанына. ҚЫЗЫҚ – Мұндай қызық көрмедiм, Күлкiден сəл өлмедiм. Келе жатыр көтерiп Төрт түлiк өз төлдерiн. Сырын сайтан бiле ме? Құлын отыр биеде. Бұзау отыр Сиырда. Ал ботақан – Түйеде. Күлкiлi жай, өзi шын, Қой арқалап қозысын. Лақ отыр Ешкiде, Бос келмейдi ешкiм де. – Деген едiм, Демесiн Бiлмей сенер-сенбесiн, Аузын ашып таң болды, Байқап тұрмын, дал болды.

Көбейдi оның күңкiлi, – Айтқандарың күлкiлi, Иə, саған өтiрiк Айтасың, – деп бұртиды. Арқалауды бiле ме, Құлыншағын Биелер. Бұзауларын Сиырлар, Ботақанын Түйелер. – Əйтпесе өзiң, Демесiн, Биыл «беске» келесiң, Арқасына əжеңнiң Неге мiне бересiң? Сенi көрiп қалған ғой, Өрiске олар барған ғой. Өзiң құсап «көтер» деп, Жылап жатып алған ғой... ТУАДЫ, ШЫҒАДЫ, ТҮСЕДI, КЕЛЕДI – Мазалаған көптен бiр Сұрағым бар, Дөп келдiң, Халық неге айтады, Туады деп Көктемдi? – Неге десең, Көктемде, Наурыз келiп жеткенде, Құлын, Бұзау, Қозы, Лақ

Толып өрiс беткейге, У-шу болып жатпай ма, Мал төлдерiн таппай ма? Көктем туды деп халық Сондықтан да айтпай ма? – Ендеше айт Мынаны, Жаз неге онда шығады? – Егiн шығып болады, Қауыздары толады. Орақ кезi басталып, Диқан бидай орады. Қырман тау боп жатады, Ел ырысқа батады. Жаз шығады деп халық, Сол себептi айтады. – Ойландырған кешелi Бiр бiлмегiм осы едi. Ал халқымыз нелiктен Күз түседi деседi? – Келген кезде ақырап, Сарғаяды атырап. Ағаштардан түседi Əрi кеткен жапырақ. Шопан жүгiн артады, Таудан түсiп қайтады. Сол үшiн де халқымыз Күз түстi деп айтады. – Жауабыңды бер ендi, Ал Қыс неге келедi? – Тау, Жотаны, Даланы Қырау тегiс жабады.

Қыстың алғаш белгiсi – Сулар қатып қалады. Қыс хабарын бередi. Қамданады ел ендi. Содан жолын күткен соң, Дейдi Қысты «келедi...» ДЕМАЛЫС КҮНI Жексенбi де кеп жеттi, Əр демалыс сайын бiз Өзiмiзге мiндеттi Iстi iстеуге дайынбыз. Таңертеңнен базарлап, Мен ғой – Азық iздейтiн. Қызым – Үйде тазалап, Мамасы – Ас iстейтiн. Ұлдың – айтсам жұмысын, Əдетiнше талайғы, Отырып ап күн ұзын Телевизор қарайды... БҮГIНГI БАЛА Баланың ол зерегi, Бiлгiрлiгi жетерлiк. Бiледi бар дерегiн Көп артистiң шетелдiк. Танып алған бұл бастан, Футболистi түгелдей.

Бiзге айтады тынбастан, Анау пəлен, түген деп. Телевизор алдында, Бiлгiрi оның Бiлгiр-ақ. Ал, ауылға барды ма, Ажыратпас бұл бiрақ: Изен менен Жусанды, Қамыс пенен Қурайды. Асқабақ пен Қауынды, Шатастырып тұрады. ШIКIМАЙ Көңiлi Аманның Нелiктен қапалы? Бəрiнен жаманы – Бойының тапалы. Жəудiреп жанары Жанға сол батады. Серейiп барады, Өзiнiң қатары. Мазақтап кей досы, «Шiкiмай» деседi. «Бой деген Сенде осы, – Деп, – Қашан өседi?» «Спортшы болам», – деп, Қай жерге ол бармады. Мiн тағып оған көп, Еш бапкер алмады.

«Сүйегiң майда екен, Бiр тұтам – бой жағы... Болма əуре жай бекер Кемшiнi сол жағы...» Сол бойы Кей-кейде Iске асып жатады. Атшабыс өткенде, Атқа өзi шабады! «Келтiрмес нұқсан көп, Атқа күш салмайды... «Жеңiл», – деп, «Ықшам», – деп, Ел соны таңдайды. Ал, Бiздiң жиналған Тұрады iш удай боп. «Серейiп туғаннан Қортық боп тумай?!» – деп. ТУҒАН КҮН Туған күндер мынадай Көктемде көп неткен де. Бестi, Дөнен, Құнан, Тай... Туған бəрi көктемде. Тоқты, Тана, Тайлақ жүр... Шыбын, балық, құс та, аң... Туған күнiн тойлап жүр, Құшақтап гүл ұстаған... Қандай жақсы бұлар кiл Туғандары көктемде.

Əйтпесе ғой, сыйлар гүл Бас-басына жеткен бе? ƏКЕНIҢ САБАҒЫ Əкеге келiп баласы, Көрсеттi қолы iскенiн. – Папа, сен, мiне, қарашы, Масалар менi тiстедi. Əкесi күлiп түзеттi: – Тiстедi деме – Шақты де. Шақпайды иттер – Қапты де, Қаппайды мысық – Тырнайды... Қайтедi жүйрiк атты де: Атты жүгендейдi. Атты ауыздықтайды. Атты байлайды. Атты кiсендейдi. Атты шылбырлайды. Атты қаңтарады. Атты қамшылайды. Атты қосақтайды. Атты ойнақтатады. Атты аунатады. Атты күзейдi. Атты жаратады. Атты жетектейдi. Атты жарыстырады. Атты сүрiндiредi. Атты ақсатады. Атты жығады. Атты мертiктiредi. Атты қағады. Атты ерттейдi. Атты сатады.

Атты жемдейдi. Атты қамайды. Атты тасиды. Атты мiнедi. Атты ырғытады. Атты шаптырады. Атты тұсайды. Атты аяңдатады. Атты қарғытады. Атты шомылдырады. Атты суытады. Атты қосады. Атты жаяды. Атты жегедi. Атты сояды. Атты жабулайды. Атты арқандайды. Атты желдiредi. Атты шоқырақтатады. Атты бағады. Атты тағалайды. Атты суғарады. Атты айдайды. Атты қуады. Атты қайырады. Атты ұстайды. Атты семiртедi. Атты арықтатады... Тағысын-тағы, тағы бар. Айтсақ көп-ақ əлi де, Бiлуiң керек бəрiн де. ШЫНДЫҚ ЖАУАП Əке көңiлi қалып бiр, Тергеуге ұлын алып тұр. – Ел не үшiн мектепке Түсiндiршi, барып жүр? – Бiлiм үшiн барады... Бiлу үшiн барады...

– Дым бiлмес сен, өзiң ше?.. Ұлы жерге қарады. Қиын сұрақ мұнысы, Үндемеген дұрысы, – «Екi» алуға барады, – Дедi ол үшiн iнiсi... СУ ЖАҢА БƏТЕҢКЕ Бəтеңкем жыртылды... Əпердi жаңаны... Сықырлақ бiр түрлi Кигенде табаны. Мектепке барарда, Бəтеңкем сықырлап... Бар бала... қарар ма, Мен жаққа жыпырлап. Зер салды талайы, Таныс та, Басқа да. Тер басып барады Өзiмдi, Масқара! Көз тiгер мəз емес, Оңған да түрiм жоқ. Жейде де таза емес... Шалбардың қыры жоқ. Шаш түскен көзiме Шығып ем тарамай. Ал, бəрi өзiме Өтпейдi қарамай. Ұры ұстап тұрғандай Бəтеңкем оңбайды-ау... Қасақана қылғандай Сықырлап қоймайды-ау...

ТIЛ ХИКАЯСЫ Жаз шығады. Каникул кеп жетедi. Қойлы ауылға ұлым менiң кетедi. Қазақшаны үйрен деймiз тапсырып, Қазақша тiл бiлмегенi өтедi. Күз болады. Ұлым үйге қайтады, Тiл бiлмейтiн жылдағыдай жай тағы. Есесiне ол балаларын ауылдың Кеттi үйретiп орысша деп айтады... БIТКЕН ДАУ Балам айналыспаған Спорттың түрi жоқ. Менiң байланыспаған Тренердiң бiрi жоқ. Футбол барды, қуылды, «Жарамайды, əлсiз», – деп. Бокс барды. Қиын-ды... Қашты өзi жайсыз деп... Бiр жыл даудың бiткенi, «Ушу-дан» сабақ алып жүр. Қумас одан... Өйткенi, Ақы төлеп барып жүр. БАЛАЛЫҚ Машинадан шықпай отыр Сарамыз, Үш жасар қыз қылығына қараңыз. Сиыр сүзiп алады деп қорқып тұр... Ол сиырмен жүз метр жер арамыз.

ТӨРТ ТҮЛIК Ұстап жүрсе жүгендi, Жылқышы деп бiл ендi. Қолда жүрсе көгенi, Мен қойшымын дегенi. Ұстағанды бұйданы Сиыршы деп бiл-дағы, Ұстағанды ноқтаны Түйешi ғой деп таны... Жылқышыға келесiң, Ұзын құрық көресiң. Түйешiге келесiң. Түйе жүн шекпен көресiң. Сиыршыға келесiң, Таспа тiлiп көресiң. Қойшы үйiне келесiң, Тулақ, көндi көресiң... Жылқышының қымызын Iш сусын қып күн ұзын. Түйешiден шұбатты Сiмiр, ол ас қуатты. Сиыршының айранын Жұт, кiлегей, қаймағын. Қойшы берер құлақты, Құйрық, бауыр, сирақты. Ел құты – төрт түлiк мал, Баққандарды бiлiп ал, «ҚОЙМА» Үстел үстi толып тұр, Не бiр затқа кенелiп. Класс түгел көрiп тұр.

Оған бiздер не делiк. Рогатка, Гайка, Құрт, Бəкi, Тарақ, Айна, Кiлт, Мейiз, Нанның қиқымы, Темекiнiң тұқылы, Гильза, Лəңгi, Сақа, Тор. Қалам, Түйме, Карта, Бор... Ие дешi бұған кiм? Ол – Омардың Балташы. Заттар шықты, мұғалiм Ақтартқанда қалтасын... БАС МҮЖУ Қой сойып, ет асты, Алға тартты басты. Оны Қайсар бөлдi, Жолы үлкен сол-ды. – Үлкендердi тыңдап, Жүр, – деп, – тiл ап, сыйлап... Балаларға құлақ Бердi ол бөлiп турап. – Айт, – деп, – əндi талмай... Бердi əншiге таңдай. – Мергенсiң, – деп – өзiң... Бердi аңшыға көзiн. Қиын сауал туды:

«Кiм жемекшi миды?» Дедi досы: – Миы аз, Жей ғой өзiң бiраз... ОРМАНДАҒЫ ИЛЕУ Ойла, тапшы, Кəне, жерде Кiмге жақсы Бəрiнен де? Жақсы дер ем Дүниеде, Құмырсқаға Бiр илеуде. Өйткенi олар Мұның сыры, Күнде көрер Бiрiн-бiрi. Сан мыңы бiр Тұрып тату, Қандай рахат Жүрiп жату! НАЛЫҒАН БАЛА Бiр iс бiтсе, бiрiсi Дайын кезек күтетiн, Бұл адамның жұмысы Бар ма, сəрi бiтетiн. Қидырмаса болмыс-ты Шашы өскен, күлкiлi. Алдырам деп сол шашты Кезекте өттi бiр күнi. Бiтпейдi iсi қасқаңның, Бiр iс күтiп тұр тағы: Саусағы мен Башпайдың Өсiп кеткен тырнағы...

Əке ескерттi өзiне, «Тырнақты ал», – деп он рет. Шеше салды есiне, Он реттен көбiрек. Тырнақты алып сонша бiр Жайбарақат жайда едi. Алда күтiп... монша тұр, Кiрлеп кетсе қайтедi? Тiршiлiктiң күйбеңi Өзiн əбден налытты. Көрсе айнадан Түр, реңiн, Шаш тағы өсiп қалыпты... ҚАҚ СУЫ Жаңбыр жауды... Қақ тұрды... «Iшпе оны, лай су», – деп, Сиырға тас лақтырды, Бiр қыз: «Таза бар су», – деп... Қызды қостап, бұйырдым: «Айдап əкет, дұрыс», – деп. Лай су iшкен сиырдың Сүтiн сауып Кiм iшпек?! БАЛАЛАР МЕН АЛМАЛАР Күл, күлме, сен мұныма, Есептегiм келедi, Бiр ағашта Жылына Қанша алма өнедi? Бiлетiндер деседi: Ойда жоқты табасың.

Айту қиын есебiн, Кiм жалықпай санасын. Болғанменен – Бiр түбi Бiрi ерте пiседi. Пiспес бiрақ – Бiр күнi, Бiрiн күзде үзедi. Қатар өскен тұрғылас Олар да дəл балалар... Бiр ағаш – ол бiр класс, Оқушысы – алмалар. Ерте пiсер – Үздiгi, Оқуда алда басары. Пiсетiнi – Күз күнi, Күзге қалған нашары. БIЗДIҢ ҚОЖАНАСЫР – Солдаттағы балама Хат жазып, ал сауабын, – Деп өтiнген анаға, Нұрлан бердi жауабын: – Айдақ-сайдақ жазуым, Апа, – дедi ол, – болмайды. Хат жазуға əзiрмiн, Тек оны оқи алмайды. Қашқақтаймын сол үшiн, Шындығы осы, бар мiнiм. Хатты оқуға ол үшiн Керек өзiм баруым...

КIМНЕН КIМ ҚОРЫҚТЫ? Көршi үйде, бала мысықты Үш жасар Нұрлан көрдi де, Зəресi əбден ұшыпты, Жүгiрiп маған келдi де; – Көтер, – деп, – менi тезiнен, – Жармасты қолға ол тағы: – Ана бiр мысық өзiмнен Қарашы, қатты қорқады... ҚАУЕСЕТ – Өзi асылып өлдi шошқа... – Мұнысы ендi болды босқа... – Əттеген де, обал-дағы Көп-ақ едi торайлары... – Қашан екен жаназасы?.. Қауесеттiң тамашасы Сендi бəрi босқа қалай, Асылмақшы шошқа қалай? Мойнына жiп байланбайды, Неге мұны ойланбайды? Кiм не айтса, сенер болдық, Осыдан-ақ өлер болдық... «РОМАНИСТ» – Жатқа айтшы бiр өлеңдi, – Деп көпшiлiк сұраған. – Ересекпiн мен ендi, Оқимын тек роман, – Дедi Нұрлан, кiлең «үш» Мектебiнде баға алар: – Өлеңдi оқыр, бiлемiз, Майда-шүйде балалар...

НАРЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ Сатушымен тiлдестiк: – Нарқы қанша алманың? – Сатып жүрмiн күнде өстiп, Қайсы алманы таңдадың? Үш сом мына жатқандар. Ал мыналар «екiден». Разы дəмiн татқандар, Рұқсат, таңда шетiнен. – Бұл неге үш сом, себебi, Түрi бiрдей бəрiнiң? – Екi сомдық алмалар Өзi үзiлiп түскендер. Ал, үш сомдық алмалар Қолмен терiп үзгендер... Дық аласың көңiлге Неге бұлай өмiрде? Қолдаушысыз, сүйеусiз Жүрмекке сен бекiнсең, Көмек күтпей, бiреусiз Өзiң пiсiп жетiлсең, Бұл шындықты бiл дер ем, Ойлантардай əркiмдi: Ондай болсаң, Ел төмен Бағалайды нарқыңды... НЕДЕН ҚОРЫҚПАЙДЫ? Бауыр басқан қалаға, Не дерсiң бұл балаға? Келiп едi ауылға Шықпай отыр далаға. – Қызық екен мiнезi, – Дейдi үйдiң иесi.

– Жабайы боп кеткен бе, Қалада өсiп, Бұл несi? Айтты бала тосыннан: – Қорқамын, – деп, – қозыдан, Ауладағы бұзаудан, Шықпай тұрмын осыдан. Үй иесi күлiмдеп, Жөн сұрады: – Ұлым, – деп, – – Неден сонда қорықпайсың? Айтшы, кəне, шынын, – деп. Көштi бала шынына, Қаймықпай ел сынынан: – Ұшып жүрген үйдегi Қорықпаймын шыбыннан!.. ƏДЕП ...Тық-тық ұрды, Тыңдап тұрды. – Бұл кiм? – Менмiн. – Не қажет? – Жеймiн. Қолымда пышақ, Берсең рұқсат, Өзiңдi сойсам, Армансыз тойсам. – Тым ерте келдiң, Болмайды деймiн... Айтқанға көндi. ...Тағы да келдi. Тық-тық ұрды, Тыңдап тұрды.

– Бұл кiм? – Менмiн. – Не қажет? – Жеймiн. Қолымда пышақ, Берсең рұқсат, Өзiңдi сойсам, Армансыз тойсам, – Тағы ерте келдiң, Болмайды деймiн... Қарбыз айтты, Бағбан қайтты. ...Тағы да келдi, Хабарын бердi. Тық-тық ұрды, Тыңдап тұрды. – Бұл кiм? – Менмiн. – Не қажет? – Жеймiн. – Жесең жешi, Тəттi екен дешi. Жолыңды тосып, Жатырмын өсiп. Бақтың-қақтың, Маған жақтың. Болады ендi, – Деп қарбыз көндi. – Мiнеки, пiстiм, Аузына түстiм... Бағбан бiлдi, Қарбызды тiлдi. ТƏРБИЕ ҚҰРАЛДАРЫ Балалардан сұрадық: – Нелер, нелер, нелер? – деп, –

Тəрбиенiң құралы, Өнеге-ықпал берер көп? Бiреуi айтты: – Кино, – деп, Кино түсiп ойына. Құптап қойдық оны да. Бiреу айтты: – Кiтап: – деп Кiтап түстi ойына. Құптап қойдық оны да. Бiреу айтты: – Музей, – деп, Музей түсiп ойына. Құптап қойдық оны да. Бiреу айтты: – Театр, – деп, Театр түсiп ойына. Құптап қойдық оны да. Бiреу айтты: – Телевизор... Телевизор түсiп ойына. Құптап қойдық оны да. Бiреу айтты: – Спорт, – деп, Спорт түсiп ойына. Құптап қойдық оны да. Бiреу айтты: – Белдiк... – деп... Əкесi түсiп ойына... Құптаймыз ба, оны да?! ҚАР Қардан жоқ деп жеңiл, Жүрген сенiп көңiл. Бiр күнi қар жауды, Басып қалды бауды. Жеңiл десем қарды, Сындырды көп талды. Бала асылса сынбай,

Дауылыңа қыңбай, Тұрған талдар тiп-тiк, Сынып түстi бырт-бырт. Қарда жоқ деп қауқар, Ендi кiмдер айтар? Жеңiл болсын, тiптi Бiрiксе – күш! Мықты! ЛАҚАП АТ КIМДЕ БАР? Мына көзiм көрдi, Бес оқушы болды; «Бiрге» оқитын – Бiр, «Екiге» оқыр – Екi, «Үшке» оқыр – Үш, «Төртке» оқыр – Төрт, «Беске» оқыр – Бес... «Маңыз шықпас еш» – Деп Екi мен Бiрдi Оқуынан қуды. Жаман болды бұл, Екi мен Бiр Бұзық болып жүр. Түнде болсын, Күндiз, Жасағаны қылмыс. Бұзықтарды тыңдап, Болу үшiн жұмбақ. Өздерiне лақап Қойып алды атақ.

Бiлмеу үшiн басқа Сот та, Дос та, Қас та, «Компаниясы» Бiрдi Мына атынан бiлдi: «Жалқы», «Жалғыз», «Дара», «Жеке», «Сыңар», «Саяқ...» – дедi... Қалмады одан Екi. Оған да сай лақап Тақты былай атақ: «Қос», «Жұп», «Пар», «Дуэт», «Егiз...» Ендi оны солай деңiз... Қонбаған соң ақыл, Екi менен Бiр Өстiп жүрiп жатыр. Ал, Үш пен Төрт, Бесiң Бұзылады несiн? Болған соң мол ақыл, Үлгерiмi жақсы, Оқу оқып жатыр. Содан-дағы болар, Лақап атсыз олар. ҚИЯЛ ҚҰСЫ Ас iшерде «қолыңды Жу» дегенге орынды,

Ерiншек шын ерiндi, Қиял ойға берiлдi: «Таңертең жу қолыңды, Түскi аста жу қолыңды, Кешкi аста жу қолыңды... Ұнатпаймын соныңды. Күнде тiстi тазалау Барып тұрған азап-ау... Құстардiкi – рақат, Жуар қол жоқ тұра қап, Қатырмастан бастарын, Шоқи берер астарын...» ЖАҢАЛЫҚ Жақып жақын арада, Түнеп шығып далаға, Жаңалықты өзi ашқан Жайды барлық балаға. – Байқадың ба, түнде сен, Мен айтайын бiлмесең, Қараңғыда адаспай Қалай ұшып жүр десем? Алды менен соңына, Жарық берген жолына. Болады екен шамдары Ұшақтардың қолында... ҚОЛ ТУРАЛЫ ЖЫР Бiр жасында қос қолын Емiзiкше сорды ол. Екiсiнде еңбектеп, Аяқ еттi қолды ол. Қасық қылып ас iштi, Үш жасында қолымен.

Төрт жасында күрек қып Жер қызып жүр онымен. Бес жасында қолдары Қалды мүлде жұмыссыз. Бүлдiргеннен басқаны Бiлмес қолы тынышсыз. Жетi жасқа келгенде Қолын нағыз қол еттi. Қағаз, қалам ұстады, Мектебiне келедi. Қолы iске жарады, Бiрiншiге ол барады. ДЕМАЛЫС – Көрмедiң бе, бiлесiң бе? – Деп iнiмнен сұрадым. – Радионы кiм өшiрген, Кiм бұраған құлағын? Радионы ашпа ендi... Өтiндi iнiм күлiмдеп: – Мен өшiрiп тастап едiм, Демалыс қой бүгiн деп... ƏЗIЛ Заман дамып келедi, Дамымаса сəнi жоқ. Жүзiм жемiс бередi, Iшiнде еш дəнi жоқ. Көрiп жүрмiз көлемi Қызылшадай сəбiздi. Помидорлар өнедi Тура əңгелек тəрiздi.

Кей қарбыз бұл күндерi Соп-сопақ, дəл қауындай Кей қауынның түрлерi Асқабақтай, Дəуiн-ай. Алмұрт сортын тауыпты, Дөп-дөңгелек алмадай. Ажырату қауiптi Шатастырып алмағай. Бар, бармақтай шие де, Алша екен деп қаласың. Ал картопты бүйендей, Көрсең, Естен танасың. Болсын мейлi дəмi жоқ, Келсаптай зор, қиярың. Бəрiнiң де мəнi жоқ, Арты немен тынарын. Дейтiнiмiз содан да, Заман дамып барады. Ойлап тапса, Одан да «Екi» алмайтын баланы. ӨМIР ЗАҢЫ Алматыда, шеткейде, Барша аң-құс баласы, Зоопаркте, көктемде, Тату-тəттi арасы. Бiр-бiрiмен жау ескi, Мысық, күшiк қатар жүр. Ал қонжығың тауешкi Лағымен жатар бiр.

Көжек əлi бiлмейдi Бөлтiрiктен қорыққанды. Бала арыстан тимейдi, Қодық қатар оттайды. Жайбарақат алаңсыз, Жүредi олар шарбақта. Күз келгенде амалсыз, Ажырайды жан-жаққа. Тату-тəттi жасында, Өссе кетер жау болып. Бiр-бiрiнiң қасында, Жүру қиын сау болып. Балалық шақ – тəттi шақ, Себебi еш жауың жоқ. Бiр-бiрiне жат құсап, Кiжiнетiн жайың жоқ. Заңы солай өмiрдiң Қалай бəрiн теңесiн. Əлсiз болсаң – Жеңiлдiң, Əлдi болсаң – Жеңесiң. КIМГЕ КҮЛУ КЕРЕК? Достар қатар жүргенде, Жақсы өзара күлген де. Бiрақ та, күл Жөнiмен Себебiн тек бiлгенде. Жазда қарап жатпадық, Шомылуға аттандық. – Жүземiз, – деп балықтай, – Жүр кейбiреу мақтанып.

Келе сүңги жөнелдiк, Болсын қанша тереңдiк. Жағасында өзеннiң Рақатқа кенелдiк. Суға жүзе алмайтын, Терең жерге бармайтын, Күлдiк сонда, Асқарға, Арамыздан қалмайтын. – Несiн, – дедi ол, – күлесiң, Тау мен таста жүресiң. Таулы жерде туғанмын, Қалай жүзе бiлесiң? – Неге керек ерегес, Бұған күлу жөн емес, – Деп күлгендi доғардық, – Кiнəлi оған сен емес... Суға жүзе алмайтын, Терең жерге бармайтын Күлдiк сонда, Айдарға, Арамыздан қалмайтын. – Несiн, – дедi ол, – күлесiң, Құм шөлейтте жүресiң. Шөлдi жерде туғанмын, Қалай жүзе бiлесiң?! – Неге керек ерегес, Бұған күлу жөн емес, – Деп күлгендi доғардық, – Кiнəлi оған сен емес. Суға жүзе алмайтын, Терең жерге бармайтын, Күлдiк сонда, Ақанға, Арамыздан қалмайтын.

Ақан болды шын күлкi: – Жарасымды бұл күлкi. Суға жүзе бiлмеуiң Айналайын, тым түрпi!.. Бұған құлақ түремiз, Күлсек, Саған күлемiз. Сен туған жер – Өзеннiң Жалғасы ғой, бiлемiз. Тұрды ол сылтау айта алмай, Ақталып та, жалтармай. Күлдiк оған, Күлдiк бiз, Жаз бойына алты айдай... ТАҢЫРҚАУ Дөңнiң арғы жағында, Енесiнен айырған, Шөбi бiтiк шалғында, Қозылар жүр жайылған. Арасына келер де, Жалғыз құлын қосылар. Кiсiнесе ол егерде, Маңырайды қозылар. Арасына келер де, Жалғыз бұзау қосылар. Мөңiресе ол егерде, Маңырайды қозылар. Арасына келер де, Жалғыз бота қосылар. Боздаса ол егерде, Маңырайды қозылар.

Арасына келер де, Жалғыз торай қосылар. Қорсылдаса ол егерде, Маңырайды қозылар. Ешқандай дау-дамайсыз, Күндер жылжып өтедi. Жайылады алаңсыз, Бəрiне шөп жетедi. Күнде өрiсте қосылар, Жұбын жазбай оларың. Маңыраса қозылар, Қорсылдайды торайың. Елең етсе төңiрек, Боздар бота үнi ол. Қояр бұзау мөңiреп, Кiсiнесе – құлын ол. Мұндай шалғын табылмас, Жайылса олар күнiмен. Ешқашанда жаңылмас Бар төлдер өз үнiнен. Маңыраса қозылар, Көп деп мұнда осылар, Болса бəрi қосылар, Болар едiң тосылар. Құлын, Бұзау, Торай да, Бота тұрса маңырап, Шын масқара болар да, Таңырқар ек аңырап. Барлық төлдер өз үнiн Ұмытқанды сүймейдi. Ал кей бала өз тiлiн, Көрiп жүрмiз, бiлмейдi.

ОН ТӨРТ ƏРIП (Скетч) – Сұраймын кешiрiм, Кiм сенiң есiмiң? – Жарылқапберген! – Өте қызық екен Өзiң шидей болсаң да, Атың тым ұзын екен... – Оның несi мiн, Кiм сенiң есiмiң? – Сəт! – Бар жоғы сол-ақ па? Өзiң үйдей болсаң да Атың тым шолақ та... – Сенiң атың он төрт əрiп, Оһо-һо! – Сенiң атың үш-ақ əрiп, Еһе-һе! – Оған таң қалма. Фу! Менiң бiр немiс досым бар, Фамилиясы – Шу. – Сол да сөз екен-ау, – деп, Жарылқапберген мақтанды тұра қалып, – Менiң корей досым бар Фамилиясы – Ю, Бiр-ақ əрiп... – Айтпақшы, сенiң фамилияң ше? – Мұқанбетсабыров. – Кететiндей екен адам жаңылып. – Ол аз болса, əкемнiң аты – Тiлеумағанбет. – Ойбай! Екеуi де атыңа сай екен сондай. Батырым, Аты-жөнiң тұп-тура бiр шақырым: Мұқанбетсабыров Жарылқапберген Тiлеумағанбетович. – Күлме, Оған кiнəлi мен емес мүлде. Ал сенiң фамилияң ше! – Раев.

– Атыңа лайық. Ал əкеңнiң аты кiм? Мүмкiн ол да шолақ ат шығар? – Нұр. – Ту, пəле-ай, Əдейi iстегенсiңдер ме, бұл. Раев Сəт Нұровичсiң бе, сен, сонда. – Дұп-дұрыс. Күлкi ме сол да. – Ендеше, ресми түрде танысайық. Жарылқапберген Тiлеумағанбетович Мұқанбетсабыров. – Сəт Нұрович Раев. – Кел, қол алысайық... *** Бұл скетчтiң моралi: Балаға атты талғамай Қоятындар бар əлi. ДЖЕК САЛҒАН ҮЙ (Ағылшын фольклорiнен) Бұл – үй. Оны Джек салған. Ал бұл – бидай. Оны əлгi Джек салған үйдiң Қараңғы шоланында сақтайды. Ал бұл – көңiлдi шымшық. Ол – Джек салған үйдiң Қараңғы шоланында сақтайтын Əлгi бидайды ұрлап тыным таппайды. Бұл – мысық. Ол – Джек салған үйдiң Қараңғы шоланында сақтайтын, Бидайды ұрлап тыным таппайтын, Əлгi Шымшықты үркiтiп, ұстайды. Бұл – шолақ құйрық төбет. Ол – Джек салған үйдiң

Қараңғы шоланында сақтайтын, Бидайды ұрлап тыным таппайтын, Шымшықты үркiтiп ұстайтын Əлгi Мысықты жүндеп,жұлмалап қыстайды. Ал бұл – тоқал сиыр. Ол – Джек салған үйдiң Қараңғы шоланында сақтайтын, Бидайды ұрлап тыным таппайтын, Шымшықты үркiтiп ұстайтын, Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын Əлгi Төбеттi тебедi. Ал бұл – ақ шашты, тырысқақ кемпiр Ол – Джек салған үйдiң Қараңғы шоланында сақтайтын, Бидайды ұрлап тыным таппайтын, Шымшықты үркiтiп ұстайтын, Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын Төбеттi тебетiн Əлгi Тоқал сиырды сауып келедi. Ал бұл – ерiншек те етжеңдi бақташы. Ол – Джек салған үйдiң Қараңғы шоланында сақтайтын Бидайды ұрлап тыным таппайтын, Шымшықты үркiтiп ұстайтын, Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын, Төбеттi тебетiн, Тоқал сиырды сауып келетiн, Əлгi Тырысқақ кемпiрмен ұрсысып қалады. Бұл – екi əтеш. Олар – Джек салған үйдiң Қараңғы шоланында сақтайтын Бидайды ұрлап тыным таппайтын, Шымшықты үркiтiп ұстайтын, Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын, Төбеттi тебетiн, Тоқал сиырды сауып келетiн, Тырысқақ кемпiрмен ұрсысып қалатын

Əлгi Бақташыны Таңертең ұйқысынан оятып алады... МАҚТАНЫШ – Жарқын бiздiң күнiмiз, Бойшаң болып келемiз. Салмағымыз, Құнымыз, Өстi, өсе беремiз. Озып кеттi тым алыс, Ұрпағымыз жетiлген. Болсақ бұрын бiр қарыс, Олар жарты метрден, – Дедi Қияр бəрiне Қозып кетiп арқасы. – Бұл жетiстiк, Əрине, Химияның арқасы... *** Бұл мақтанның мəнi не? Менiң мынау, Болжамым. Қарамайды дəмiне, Қазiр елер Бой жағын... ӨЗАРА СЫН Ұзын Бақай, Сирақты, Құрық Мойын Жирафты, Көрген Ағаш Дер едi: – Бұл Аңдардың Терегi... Сұңғақ, Жасыл Желектi, Көрген Аңдар Теректi, Дептi: – Биiк оғаш тым, Бұл – Жирафы Ағаштың. ЖАЗА Саудагер түксиiп қабағы, Тектен-тек баласын

сабады. Саудасы жүрмесе əдетi, Баладан өшiн кеп алады. Жақын кеп көршiсi сұрасын: – Не үшiн, ұлыңды ұрасың? Не үшiн соққыға жығасың? Айтсаңшы, бiлейiк кiнəсiн? Саудагер зекiдi ұлына: – Көрсетем мен бұған, мұны ма?! Кесенi қиратар бұл деген, Төлеген неше пұл құнына... Сынған еш кесе жоқ, қараса, Көршiсi таң болды тамаша. – Баланы жазықсыз ұра ма, Бер, батыр, бер, батыр, араша... Саудагер көршiге қарады, Қолынан босатып баланы. – Кесенi жармаса... жарады. Ертең-ақ сындырып алады...

ОН ҮШ ШАБДАЛЫ Алып келген шабдалы Он үш едi. Нарқы қымбат базардың Жемiсi едi. Əкесiнiң əуес ас Базарлығын Үш баласы қалайша Бөлiседi? Дəл бөле алмай үш бала Тартынып тұр. Үшке бөлсе, бiреуi Артылып тұр. – Ол артығын мен жейiн Үлкенмiн, – деп Үлкенiнiң өкпесi Алқынып тұр. – Жасым үлкен, үлкенмiн Бой жағынан. Осы əдiлдiк келсек те Жол жағынан... – Болмайды, – деп көнбейдi Екi iнiсi, Сол жағынан шығып бiр, Оң жағынан. Еш ақылға үшеуi Келiспедi, Күн ұзаққа созылып Керiстерi. Бiреуiне бiреуi Берiспедi, Мəмiлеге келмедi, Жеңiспедi... Болмас, сiрə, бермесем Өзiм бөлiп, Бұл таласты тұрған соң Көзiм көрiп,

– Ал, тыңдаңдар үшеуiң Мен бөлейiн, Мынау менiң тоқетер Сөзiм берiк. – Бесеуi – «беске» оқитын Саған тисiн, Төртеуi – «төртке» оқитын Саған тисiн, Үшеуi – «үшке» оқитын Саған тисiн... Он үшiншi – əдiл би Маған тисiн. Қарамаңдар жасқа да, Бой жағына, Қарау керек əрқашан Ой жағына, Бiреуiң дау айтпайсың Бұл бөлiске, Бұдан былай сал күштi Сол жағына... ҚҰРАҚ КӨРПЕ Жердiң бетiн неге теңеу өтiмдi, Жердiң бетi – Құрақ көрпе секiлдi. Суретшiнiң палитрасы ол дөңгелек, Қажет етсең, Бояуы бар не түрлi. Оған дəлел, мiне, теңiз аттары: Қара теңiз, Сары теңiз, Ақ теңiз. Оған дəлел, мiне, таудың аттары: Ақтау, Қаратау,

Сарытау, Алатау, Көкшетау, Қызылтау, Оған дəлел, мiне, өзен аттары: Ақсу, Көксу, Қарасу, Сарысу, Қызылсу, Бозсу. Оған дəлел, мiне, құмның аттары: Аққұм, Қарақұм, Қызылқұм, Сарытауқұм... Мұның бəрiн, шырқау биiк алыстан, Көрер ме едi, көрер ме едi ғарыштан. «ФУТБОЛ» Мектептен келемiз, Неге ермек табылмас?! Кейде доп тебемiз, Қанша соқ! Жарылмас! Бəрiнен Танабай Елiрiп кететiн. Ай-шайға қарамай, Күшенiп тебетiн. Аяқта керзi етiк, Танабай – соқталдай! Футболға ең жетiк, Добыңды ол соққанда-ай! Қопсытып ақ қарды, Ойнап боп шамалы, Танабай допты əлгi

Қолына алады: Тер-тер боп, шапқылап, Бусанып тұрады. Қарларын қаққылап, Тiзеге ұрады. Басқа оны... Киедi, Қызарып құлағы. «Доп» болып жүретiн Соның ғой... Тымағы. КIМ МОМЫН? (Мысал) – Дүниеде кiм момын? – Момын болса – мiнi оның!.. – Бұл заманда ендеше Қиын дей бер күнi оның!.. – Тимес жанға залалы, Жоқ, арамдық амалы, Дүниеде – Қой момын, Қарапайым, адалы... – Келiссеңдер, халайық, Осы ұйғарым, Таралық! – Деген кезде айқайға Салды келiп Қарақұрт: – Бұл пiкiрдi ендi қой, Қойды момын дейдi ғой! Нағыз жауыз – Осылар! Бiздi қуып жейтiн – Қой!.. Көптiң бiтпей даулары, Егес қайта қаулады.

Момын деген қойдың да Болады екен жаулары! КӨРIПКЕЛ Таңдана бер таңдансаң, Алдымда тұр қандай жан. Берем əдiл бағасын, Iскерлiгiн, шамасын. Жанмын өзiм көрiпкел, Сенбесеңдер келiп көр. Бiрақ шартым, келiсiм, Көрсетсiн тек ол үшiн: Етiкшi – тiккен етiгiн, Темiршi – жонған тетiгiн, Тiгiншi – пiшкен көйлектi, Оюшы – құрған өрнектi, Малшы – баққан қойларын, Жолшы – салған жолдарын. Ал оқушы баланың Бiлем, Қалай талабын? Күнделiгiн аламын, Бағаларын қараймын. ТҮЙЕ НЕГЕ КӨҢIЛСIЗ? Ой-һой, шiркiн, көктем, Салтанатты неткен! Жатыр əне – мысық, Баурында төрт мысық.

Iлесiп жүр итке Бақандай бес күшiк. Мынау жүрген – шошқа, Он бес торай тауып. Қасында отыз шөже Анау жүрген – тауық. Сиырда – бiр бұзау, Қойда – қозы егiз. Қоқырайып қаз тұр, Балапаны сегiз. Апанында – қасқыр, Бөлтiрiгi алты. Аюда – үш қонжық Əдеттегi қалпы. Көңiлсiз ғой түйе, Неге жүр ол жалқы? Екi жылда бiр рет Боталайтын салты. Бота таппай бұл жыл, Түйе содан тұнжыр... СЕНСАЦИЯ Қаламызда көрiп мұны Мен кеше, Қос қазаққа Жаным тұрды жабырқап. Қазақ бала – Өз тiлiнде сөйлесе, Соған мəз боп, Тұр екеуi Таңырқап... КIМНЕН ҚОРЫҚТЫ? Үшiншi класта оқитын – Нұрлан, Екiншi класта оқитын – Құрман, Бiрiншi класта оқитын –

Нұрман, Балабақшаға баратын – Құрбан, Жəне де бiр қыз далада тұрған... Дүркiреп бəрi қашып келедi, Азар да безер, сасып келедi. Қорқып жүргендерi – құйттай күшiк! Қашып жүр бəрi жүректерi ұшып! Құйттай күшiктiң алдына түсiп! Болады екен-ау, мұндай да қызық, Балалар едi шетiнен бұзық. КIМНIҢ ҚАТЕСI? – Мына сия көк пе? – Көк. – Мына қарындаш көк пе? – Көк. – Аспан көк пе? – Көк. – Шөп көк пе? – Көк. – Жоқ! – Неге онда «көк» дейдi, Көк жапырақ дейдi. Шындығында жасыл, – деп, Өзеурейдi баласы, – Мiне, түсiн қарашы!..

Жауап таппай осыған, Қиналады əкесi. Осы кiмнiң қатесi?.. ҚЫРСЫҚ ТҰРАР Көп боп емле қатесi, Диктантынан «бiр» алды. Мұны бiлiп атасы, Жазалады Тұрарды. Астамшылық қылды ма, Апасы ашу шақырды. Сөйткен Тұрар тұрды да, Екеуiн де қатырды. Оқта-текте келетiн, Қырсығы оның ұстады. Күнде оқып беретiн, Қойды оқымай «хиссаны». ƏКЕСI МЕН БАЛАСЫ – Жүзiм, – дейдi бiресе, – Қауын, – дейдi бiресе, Əкеледi əкесi Ұлы ненi тiлесе. – Алма, – десе, Алманы, Кейде: «Əкел, – дер, – Шабдалы». Орындайды бұлжытпай Болсын тiлек қандайы. Əке айтпайды: «Болмайды». Ұл жемiске тоймайды. Бiрақ,

Сол ұл «орташа» Оқығанын қоймайды. СЕГIЗ ЕГIЗ Əрiптерде де бiртуған, Бауырластар, егiз бар.. Олай деуге негiз бар. Ал, айтайық, Бiлмесең, Ол егiздер – Сегiз пар: «А» мен «Ə» егiз. «Г» мен «Ғ» егiз. «К» мен «Қ» егiз «Н» мен «Ң» егiз. «О» мен «Ө» егiз. «Х» мен «Һ» егiз. «Ы» мен «I» егiз... Ал, «У» мен «Ұ» жəне «Ү» Үшем болып шықты, Бұлар деген сондықтан Бəрiнен де мықты. Себебi У Уралайтын да осылар, Ұ Ұран тастайтындар да осылар, Ү Үндеу қабылдайтындар да осылар.

Ушықтыратын да осылар, Ұр да жықтар да осылар, Үндеместер де осылар. Уəде бергiштер де осылар, Ұмытып кететiндер де осылар, Үмiттi үзетiндер де осылар. Уақытында орындамайтын да осылар, Ұйымдастыратын да осылар, Үйдей пəле жабатындар да осылар. Усойқылар да осылар, Ұрлық қылатын да осылар, Үлде мен бүлдеге бөленетiндер де осылар. Уландыратын да осылар, Ұсынатындар да осылар. Үй сататын да осылар. У-шу шығаратын да осылар, Ұйым құратын да осылар, Үлесiп алатындар да осылар. Уақтар да осылар, Ұлылар да осылар, Үстемдiк жүргiзетiн де осылар. Уқалайтындар, уқалататындар да осылар, Ұйқастыратын да осылар, Үстiрт қарайтындар да осылар. Уыстап ақша табатындар да осылар, Ұяты жоқтар да осылар, Үкiм оқитындар да осылар... Айта берсек көп, Көпке дауа жоқ, Жоқ жəне де сот...

ҚАҚПАШЫ Қақпашы Тоқпай, Мықты ешкiм жоқтай, Секiрдi келiп, Жел үрген доптай. Бiлмей де қалды Сөйтем деп тұрып, Кеткенiн доптың Қақпаға кiрiп. Əттеген-ай! Қап! Тұр едiк жеңiп! Жабыла сөктiк, Өзiне төнiп! Көңiлi тасқан, Қақпашы Тоқпай. Кiнəлi болды, Қызарып оттай. Тұр Тоқпай шөгiп... Көңiлi жоқтай. Тұр ендi семiп... Бiз тескен доптай. РЕТСIЗ ҚУАНЫШ Футболшы гол соқты, Стадион қол соқты. Қуанды ол, секiрдi Жас бала секiлдi. Қол алып достары, Сүйдi оны, қоштады... Созылып сiңiрi, Ол еңбек сiңiрдi. Жөн делiк оныкi.

Не жорық менiкi? Отырып үйiмде, Қуанған күйiмде, Лақтырып бөркiмдi, Құшақтап əркiмдi, Уралап жүргенде, Оқыс қол тиген бе, Кесенi сындырдым... Мен немдi тындырдым? Бостан-бос бүлдiрдiм... ҚИЯЛ Мақұлықтың бұл де, Зерделiсi пiл де. Бiрi өлген жерге Қайта оралмас мүлде. Бақша, жайды Адам, Қорғайды өстiп одан. Өлтiредi бiрiн, Жоламас пiл содан. Пiлден үлгi алса, Тарақан мен маса. Өлген жерден бiрi Түгi қалмай тайса... КIМДI ЖАҚСЫ КӨРЕСIҢ? – Əкеңдi, əлде апаңды, Қайсысын жақсы көресiң? – Қинама, қонақ, баланы, Жас бала оған не десiн. Қонақ айт, өзiң шыныңды, Жауабын қалай бересiң? Қызыңды ма, əлде, ұлыңды, Қайсысын жақсы көресiң?..

ТIЛАШАР (аллитерацияға құрылған) «А» Астанамыз – Алматы. Алатау асқақ аясы. Алқабында атақты Алқызыл апорт алмасы. «Ə» Əпендеше Əкiмiң Əкелдi де əлгiнде, Əпкесiнiң əтiрiн Əлек шашып əркiмге «Б» Бiлмейтiнмiн болғанын бұрын бұндай, Бiтiк бiткен барынша биыл бидай. «Ж» Жайылып жасыл жайлау жатыр, Жарасып, жайғасып жылдағыдай, Жұрт жабыла жайлап жатыр. «Т» Толқыны таудай тепкiлеп, Телегей теңiз түнердi. Теңселместен теплоход Теңiздiң төсiн тiледi. «Қ» Қиғылықты қыңыр қылды: Құрықты қиды, қырықты, Құрықты қырқып құртты. «О» Олар отырып, ортақ ойын ойнады, Ойынды ойлы ойнағандары оңдады; Ойламай, олақ ойнағандары оңбады.

«Ү» Үңiрейген үйдей үңгiр үрейлi, үнсiз, Үңгiрге үңгуге үмiттенбе, үмiт үз. «Т» Түйетауық, Түйеқұстың, Түйенiң, Түрiн танып, Тобықтай түйiн түйерiм: Түп тамыры Тарайтұғын тереңнен Түбi тектес, туыстас деп бiлемiн. МЕЙIРIМ Далада жүрген мысықты Жас бала көрiп қалды да, Мейiрiмi түсiп қызықты, Көтердi қолға алды да. Аймалап сипап басынан, Мысықты көрсең өпкенiн. Бiлмей де қалды қасына, Шешесi қалай жеткенiн. – Елжiреп, қара, тұрғанын... Қолыңды жу, бар, жоғалғын! Жейдеңдi аппақ былғадың, Мысықты неге қолға алдың?! Балконда тұрған əкесi

Шешеге бердi бұйрығын: – Жуымас болсын екiншi, Шықпыртшы, – дедi, – құйрығын. Осыны көрiп көзiмiз... Абыржып қалдық тосырқап... Өстимiз-дағы өзiмiз, Мейiрiмсiз деймiз жас ұрпақ.

Екінші бөлім ЕРТЕГІЛЕР, АҢЫЗДАР АСАР (Жұмбақ-ертегi) Аю, Қоян, Тиiндi Шақырды да асарға, Көршiлерi жиылды, Əтеш күрке жасарда. Аю сүйреп арбаны, Тiке тартты орманға, Итерiстi қалғаны Ағаш тартып болғанда. Аю ағаш бұтады, Қолына алып балтасын. Əтеш кесiп жатады, Тиiн аршып жаңқасын. Қолының бар икемi Қоян қазды топырақ. Жабу үшiн күркенi Тердi Тиiн жапырақ. Аю қалап жатқанда, Тиiн тұрды шегелеп. Əтеш үстiн жапқанда, Сылар Қоян-епелек. Төртеуi еңбек еттi де, Өстiп кештi батырды. Күркелер бiттi де, Əтеш асқа шақырды. Дастарқаны бай екен, Əтеш көршi жарайды,

Бал, дəн, Жаңғақ бар екен, Сəбiздiң тұр талайы. – Шақырғанда асарға Кергiлеспей келдiңдер. Көршi осындай қашанда, Қол ұшын да бердiңдер. Қосылғанда бастарың, Құр кетпеңдер аш қарын. Алдарыңа тосқаным – Ең сүйiктi астарың. Аю, же де, жалай бер, Қоян, кемiр отырып, Тиiн, сен де шаға бер, Ал мен өзiм шоқиын. Сендер – жолдас дегенiм, – Дедi əтеш, – Алыңдар. Кiмнiң ненi жегенiн Ендi өздерiң табыңдар. ХАЙУАНАТТАР ДҮКЕНI Ашылыпты Хайуанаттар дүкенi, Дүкеннiң бұл Дүниеде үлкенi!.. Аң менен құс, Жан-жануар атаулы Келiп жатыр, Хабарды естiп бiлгенi. Келушiлер Дүкенге таң қалады,

Өздерiне Қажет затын алады. Маймақ аю қомағай-ау, Балдың ол Бiр кеспегiн Домалатып барады. Шаңырақтай Мүйiз iздеп бұланың, Төрт таға алды Тұяғына құланың. Дүкен iшiн Қызықтап жүр аралап, Есек байғұс Салпитып дəу құлағын. Өлшеп үкi Нұры тайған көзiне, Көзiлдiрiк Сатып алды өзiне. Түйе сорлы Ұмытып қап, əне тұр, Алар затын Түсiре алмай «есiне...» Торғай дəндi Өлшетiп тұр бiр табақ, Мысық келiп, Аралап жүр мұрт қарап. Сегiзаяқ Алса сегiз акваланг, Бəтеңкенiң Қырқын алды қырықаяқ. БУРА МЕН АТ ХИКАЯСЫ (Аңыз) Келе жатқан ескiден, Бұл бiр көне жыр едi. Қытымыр да, сестi де, Бiр бай өмiр сүредi.

Қора-қора қойы бар, Үйiр-үйiр жылқысы, Қамсыз өтер жайы бар, Өмiр бойы бұл кiсi. Аз да емес сиыры, Жетiп жатыр түйесi. Қауым жұртты үйiрiп, Қан қақсатқан бiр өзi. Бiрi қойын бағады, Бiрi жылқы соңында. Қайтсе байға жағады – Осы-ақ жұрттың ойында. Көп малының iшiнде Бурасы бар атақты. Қорқынышты түсi де, Салып жүрген шатақты. Бүкiл ауыл қорқады, Жақындауға бураға. Жүрдi ол салып сойқанды, Ал ашуын сұрама. Лайық iс күлерге, Айтсақ сөздiң турасын. Қожа болды бiр елге, Иесi мен бурасы... Ештеңеде ойы жоқ, Тамашалап алқапты, Бiрде мұнда жолы боп, Келе жатты салт атты. Жүрген шетте жайылып, Бура сырын бiлмейдi. Шыбын, Сона жабылып, Астында аты билейдi.

Бура көрiп аттыны, Тура жанап келедi. Жынын шашып, Шабынып, Қуып, жөнеп бередi. Жолаушы да жалма-жан Атқа басты қамшыны. Өзiнде үрей қалмаған, Ғажап емес жаншуы. Бура артта, ат алда, Келедi ұшып құйын боп. Екпiндерiн атама, Барады жай қиын боп. Бiр сəт аты кейiнге Тартынғандай, сезедi. Қуып жетсе тегiнде, Екеуiн де езедi. Үйге жетiп жанаса, Аттан түстi ақырын. Мiне, сұмдық, қараса, Құйрығы жоқ атының. «Бура жұлып тастаған!» Деп ойлады iшiнен. «Болдық, – дедi – масқара, Ұят көрген кiсiден...» Атын байлап қазыққа, Бай үйiне кiредi. Жайын айтса, мазақ қып, Бай қарқ-қарқ күледi. Қорланып ол, қызынып, Тысқа шықса – аты жоқ. Шылбыр жатыр үзiлiп, Қолды деуге қақы жоқ.

Сөйтсе аты өшiгiп, Бураны iздеп кетiптi. Өрiсiнде кезiгiп, Бастан теуiп өтiптi. Оны сөйтiп өлтiрiп, Бурадан кек алыпты. Ақылды атты ел бiлiп, Аңыз-жыр боп қалыпты. АТ БАПКЕРIНIҢ АҢЫЗЫ Ол кезде бiз баламыз, Той-жиынға барамыз. Бiр-бiр атқа мiнiп ап, Бəйгеде де шабамыз. Кiмде жүйрiк жылқы бар Бермейтұғын бəйгенi, Мақтан етер жұрты бар, Ауылда сол əйгiлi. Аты аңыз боп тараған Бiледi ол жайында, Бес жастағы бала да, Сексендегi шалың да. Əбiқай шал бақытты Сондайлардың бiрi едi. Тамсандырып халықты, Риза етiп жүр едi. Қуантып дос, туғанды, Бəйгеден кеп жататын, Жүйрiк аты шығарды Аулымыздың атағын. Əбiқай шал жүйрiгiн Суытады, Баптайды.

Екi етпейтiн бұйрығын, Қалайды мен шапқанды. Боларда ат жарысы Үйге келiп тұрады. Ата-анамнан Бар iсi: Менi қолқа қылады. Кейде тiптi мектепке Қолқа салып барады. Мұғалiмнен ептеп кеп, Менi сұрап алады. Қолқалаудың мəнiсi – Менi ертiп жүредi. Атқа шабу əдiсiн, Дейдi: – Жақсы бiледi. Шапқанға бiр тоймаймын, Бəйгеге сан бардық қой. Талай үлкен тойлардың Жүлделерiн алдық қой. Көршi ауданға, Алысқа Бiрде iлесе барғанмын. Кезектi бiр жарыста Аңыз естiп қалғанмын. Менi Əбекең қасынан Тастамайды екi елi! Əңгiмешiл, Расынан, Өткендi айтып кетедi. Қонақ болған жерiне Елмен бiрге ертедi. Жылқы малы жөнiнде Көп əңгiме шертедi.

Осы күнi өзiме Ұлағатты, Маңызды Əбiқайдың есiме Түседi айтқан аңызы: – Қазақ деген халықтың Кең далаға тараған, Жылқы деген жарықтық Қанатына жараған. Қазақ деген халықтың Жылқысыз еш күнi жоқ. Қазақ деген халықтың Жылқысыз еш күйi жоқ. Iшсе – қымыз, Жесе – етi, Мiнсе – жүйрiк көлiгi. Жылқы малын деседi, Ер қанаты, Серiгi. Сол үшiн де жайылып Көшiп жүрген заманда, Көкейлерiн жайылым Тесiп жүрген заманда. Өрiс үшiн өшiгiп, Жауласатын заманда, Қару сайлап, Шешiнiп, Дауласатын заманда Бəйге алдын бермейтiн, Бiр жүйрiк ат болыпты. Сол ат Ешкiм сенбейтiн, Бəйге алуын қойыпты.

Бұрынғыдай күтiмi, Бұрынғыша-ақ баптайды. Бұрынғыша жұтынып Бəйгелерде ол шаппайды. Бəйге аттың иесi Бас қатырып шығады. Жылқының бiр киесi Бар екенiн ұғады. Күлiмдеп күн атпады, Тыныш түнде жатпады. Iшкен асы батпады, Амалын ол таппады. Жалшылардан сұрады, Бұған кiм де кiнəлi. Малшылардан сұрады, Бұған кiм деп кiнəлi. Жалшысының есiне Түскен екен болған жай. Айтады оны иесiне, Кiнəлi боп қалғандай. Бие сауып жатқанда, Бəйге аты мазаны ап, Ызасы əбден батқанға, Жасқап қалған, Жазалап. Бəйге атының осыдан Кiнəраты ашылды. Иесiнiң шошыған Көңiлi де басылды. Тұлпарлардың кiнəмшыл, Болатыны белгiлi. Жылқы малы – шын асыл, Сыры мəлiм ендiгi.

Ат сыншысы атақты Айтты оған ақылын. Мiне, осы шатақтың Шешiп бердi ақырын. Ортасынан ойды да Қара құрым киiздi, Сол жалшының мойнына Оны апарып кигiздi. Сүт толы ыдыс алды да, Жүресiнен отырды. Бəйге атының алдында Ол кешiрiм өтiндi. Бəйге ат асыл сүйегi Сонда өкпесiн кешiрген. Тұлпар сырын бiледi, Жылқы малын өсiрген. Содан бастап қайтадан Бəйге аты əйгiлi, Оза шауып басқадан, Бермес болған бəйгенi. Ат – ақылды, Ат – естi, Ешбiр адам өйтпесiн, Жасамаңдар қате iстi, Бəйге аты өкпешiл... Айтты осыны бəрiне Түсiнсiн деп ұға алған. Дана, Көсем қария Атағын ат шығарған...

ҚЫРҒЫННАН ҚҰТҚАРҒАН ҚАРЛЫҒАШТАР (Халық аңызының iзiмен) Ерте, ерте, ертеде, Жерi жəннат Өлкеде, Жаулары көп жан-жақта, Асқар тауы бар жақта. Жетi суы Əр жаққа Ағып жатқан Аймақта. Елдiң қашқан қиюы, Жаугершiлiк заманы, Жау шапқанын тыюдың Табылмады амалы. Табиғаттың түрленген, Көктем кезi көгiлдiр. Гүл-бəйшешек бүрленген, Жердiң жайнап көгi бiр. Мұздар ерiп қияда, Өзен асып-тасқан кез, Қарлығаштар ұяда Балапанын басқан кез. Шекараға тым жақын Бiр оқшау үй бар едi. Мекен етiп тұратын, Иесi оның шал едi. Тақыр кедей жарықтық, Қарар болсаң күйiне, Соның ұя салыпты Қарлығаштар үйiне. Ұя толы болатын Қызылшақа балапан.

Талпынуға қанатын Жаңа-жаңа жараған. Қарлығаш – құс киелi, Халық бастан бiледi. «Қызырдың бұл нышаны», – Деп шал жорып жүредi. «Биыл менiң үйiме, – Дейдi ол: – Ырыс кiредi...» «Шетiнемей бiрi де, Ұшса екен», – деп тiледi. Ауызынан күнiне Түспейдi айтқан тəубесi. Тарағандай үйiне Жақсылықтың сəулесi. Бала қолын қақпалап, Тигiзбей ол жүредi. Қарлығаштар – Ақтамақ Сайрағанды сүйедi. «Қарлығашқа тигеннiң Қолы сынып қалады...» – Бəрiне өстiп жүргенi, Арашалау амалы. Ақылгөй шал күн ұзын Көктi шарлап қиялы. Нанын тастап бiр үзiм, Қорғаштайды ұяны. Келгеннен соң «елiм» деп, «Ұя басар жерiм», – деп, Күзетiп жүр ерiнбей: «Мiндетiм сол менiң», – деп.

Хабар жеттi бiр күнi: «Келедi, – деп, – қалың қол! Жаман екен сұрқыны, Қалдырмайды жаныңды ол!..» Көшпендi ел дүрлiгiп Үйiн жақты көшуге. Жоқ болған соң Бiрлiгi, Қайрат қылмақ несiне? Деп «заманның тарлығы», Əп-сəтте есi шатысты. Жөнеп бердi барлығы, Бетке алып күн батысты. Жылап-сықтап, сүйiсiп, Қош айтысып бар жұртқа, Торғайдай боп бүрiсiп, Қала бердi шал жұртта. «Көш!» дегенге көнбедi, «Бұзбаймын!» – деп ұяны. Сонда босқын ел дедi: «Алжыған ғой сыңайы...» Мəз болмай тұр күйi оның, Қалды жұртта Орнында, Тұрды жалғыз үйi оның Жау жасағы жолында. Қалай ғана қияды: Тiлеп жүрген ақ жолын, Талқандауға ұяны Шыдамады дəтi оның. Балапандар ши борбай Шиық-шиық етедi. Мүшкiл халiн шал ойлап, Жасқа толды етегi.

Шыр айналып кетпейдi Қарлығаштар Төбеден, Айтуға тiл жетпейдi, Аянышты не деген! Талпынды ұя шетiне Балапандар бəрi де. Өздерi ұшып кетуге Жарамайды əлi де. Жасақ Елдi таба алмай, Аласұрып келедi. Жұпыны бiр дəл алда Киiз үйдi көредi. Өңкей «мықты», Кiлең «ер», Аңыратып ат қойды. Басқыншылар, Дүлейлер, Шал үйiне лап қойды. Үйдi қоршап жарбиған, Айнала кеп тұрысты. Шалды көрiп қалқиған, Мазақ етiп күлiстi. «Қашпай жолда жатырсың, Өлекседей түрiң бар. Кiмге сенген батырсың, Мұның нендей сыры бар?!» Жау алдында тасыған Шал айтты қолбасыға: «Жiбермеген еркiме Ана ұяны көрдiң бе? Балапанын қимадым, Қарлығашты сыйладым.

Бұзуға оның ұясын Қайтiп қана қиясың. Келмедi алғым Қарғысын, Ендi өзiң бiл арғысын. Ниетi iзгi адал да, Қарлығаш дос адамға, Жасасаң, Маған жаса да, Қиянат оған жасама...» Шыр айналып кетпейдi Қарлығаштар Төбеден. Айтуға тiл жетпейдi, Аянышты не деген?! Қарлығаштар шырылдап, Сұрағандай Араша. Жау жүйкесi шымырлап Кеткендей-ақ қарасаң. Қолбасы айтты үкiмiн: «Бұл арадан кетемiн. Бiлдiм, Шалдың жұртының Мейiрiмдi екенiн. Мұндай шалы бар халық Жауыздықты жасамас. Бiздер керi қайталық, Шабуға қол бата алмас. Мейiрбан бұл халықты Құрметтеймiн, Сыйлаймын. Жүрегi адал алыпты Қуғындауға қимаймын....»

Қолбасы аттан түстi де, Шалды орнынан тұрғызды. Қаһарлы да, Күштi де, Қолды керi бұрғызды... Жасақ қайтып кетiптi, Шалдың жанын түсiнiп. Жау да болса сөйтiптi, Бұл да мəрттiк, Кiсiлiк! Жауды керi қайырып, Жұртын Жаудан айырып, Аңыз болды дана қарт, Атағы елге жайылып... «АЙҒЫРҚҰЛАҒАН» Бiр шоқыны көрдiм мен, Аты – «Айғырқұлаған». Неге олай деп əркiмнен, Осы жайлы сұрағам. Бiлетiндер табылмай. Қызықтырып жүретiн. Ақыры бiр хикая Айтты жөнiн бiлетiн. Дедi: – Əр сай, əр тауға Атты тегiн қоймайды. Естушi едiм қарттардан, Айтайын мен сол жайлы. Бұл оқиға қайғылы, Құлағың сал сөзiме. Бiреудiң бiр айғыры Болған екен кезiнде.

Жүгiргенде жел жетпес, Асыл екен тұқымы. Шоқтығына қол жетпес, Кесек туған бiтiмi. Жылқының бұл киесi, Iшiндегi құты деп. Айғырына иесi Жұмсайды екен күтiм көп. Қызыққандай жұрт қатты, Айғыр болат тұяқты. Болса керек тұрпаты Салған сурет сияқты. Жүйрiк атқа тым үйiр Қай кезден-ақ ел деген. Бiр өзiне Бiр үйiр Жылқы берсе, Бермеген! Айғыр бастап үйiрiн, Кетсе өрiске жайылып, Шет кеткенiн иiрiп, Жүредi екен қайырып. Жайылғанда үйiрi, Айғыр шетте қасқиып, Күзетедi күн-түнi Жолатпай түз қасқырын. Үйiрi үшiн бетпе-бет Бөрiмен сан айқасқан. Шыққан кезде жекпе-жек, Жеңген талай шайқаста. Күндердiң бiр күнiнде Айғырды əлгi келiскен, Иесi ұстап,

Үйiне Келедi алып өрiстен. Жал-құйрығын тас түйiп, Жолаушылап қайтады. Келсе, Малға қасқырдың Шапқанын ел айтады. Айғырының үйiрiн Қасқыр қырып кетiптi. Соған бəрi күйiнiп, Азан-қазан ел тiптi. Жылқы екеш жылқы да Өз үйiрiн қимайды. Жер тарпып ол жұлқына, Кең далаға сыймайды. Айғыр жалғыз азынап, Кезедi тау, төбенi. Биiк құздың басынан Бiр-ақ қарғып Өледi. Сол кезден-ақ шоқыны Атайды «Айғырқұлаған». Дедi қария отырып: – Жақсы бiлген, Сұраған... – Аянышты тағдырын Естiп, бiлiп айғырдың, Сенсеңiздер сол жолы Көңiл босап қайғырдым... Жылқысы да осындай Қасиеттi жердiң кең: Сондықтан да аңыздың Негiзiне сендiм мен.

ШАБАН АТҚА БƏЙГЕ (Ел аңызы) Ерте-ерте ертеде, Қазiргіден көп бұрын, Онда мына өлкеде Трамвайлар жоқтұғын. Есек, түйе, арғымақ – Адамдардың көлiгi. Шляпаның орнына – Болған сеңсең бөрiгi. Шүберектен терiнi Көп киетiн заман ол. Еш пайдасыз ерiгiп, Бос жүретiн заман ол. Бiлiмдiден наданның Əлденеше көп кезi. Көркi болар даламның Ғимараттар жоқ кезi. Бiр бай бопты, ал мұның Байлығында есеп жоқ, Басқа адамның барлығын Ойлайды екен есек деп. Бiрде осы бай қырда Келе жатып ерiгiп: «Шабан атқа бəйгем бар», – Дептi тұрып желiгiп. Келе жатыр шiренiп, Қасында екi малайы, «Ақыл жоқ» деп сендерде Сылқ-сылқ күлiп алады. «Кiмнiң аты артында Қалса, бəйге сол алсын. Үлде менен бүлдеге Ат иесi орансын». Екеуiнiң əуресiн Қызықтап ол көрмекшi. Iшi пысып жүргеннен Тапты осы ермектi.

Ешқайсысы бəйгенi Ала алмасын бiледi. Екi жарлы қайғырып, Бай миықтан күледi. Екi жарлы құп алды, «Дайындал, – деп, – шабысқа», Тосып тұрды бұларды Байдың өзi алыста. Ал екеуi орнынан Тұрып алды қозғалмай. Өйткенi серт емес пе, Артта қалсаң озғандай? Осылайша тұрар ма, Тапжылмастан, кiм бiлсiн. Кез болмаса бұларға, Ойда жоқта бүлдiршiн. Тыңдады да жас бала Екеуiнiң егесiн, Қанық болып жағдайға, Ол айтты бiр кеңесiн. Сонда екеуi аттарын Борбайға кеп басыпты. Қалсын ендi артта кiм, Алға озуға асықты. Ең соңынан қараса, Ең шабан ат бəйге алды. Бала жайлы бай естiп, Ақылына таң қалды. Бұл жұмбақты шешуге Лаж таппай жынданған, Бала сөзi мынадай Екеуiне қиналған: – Аттарыңды ауыстыр, Тұрғанша бос тартыспен.

Сонда өз атым қалсын деп, Шабасыңдар бар күшпен... ҚОЛБАСШЫ ЖƏНЕ ЖОЛБАСШЫ Қай дəуiрдiң еншiсi Айта алмайды еш кiсi. Бiзге жеткен бұл аңыз – Аңыздың «ең» естiсi. Айтса елi ығыпты, Қаһарынан бұғыпты. Заманына сұрқылтай Бiр қолбасшы шығыпты. Жаулаймын деп жалғанды, Ойына ол алған-ды. Сөйте-сөйте қолбасшы Қарақұмға барған-ды. Жетемiн деп антына, Жайсыз тиiп халқына, Əскер жиды қолбасшы Даңқ қосам деп даңқына. Қылыштан қан саулады, Талай елдi жаулады. Əскерi өткен жерлердiң Iзiнде өрт қаулады. Елдi аяусыз қырғызған, Қу бастан тау тұрғызған. Əскерi көп қисапсыз Аспандағы жұлдыздан. Таптап өтсе, төбелер Қара жермен теңелер, Тұтас көлдi аттары Сарқып iшiп жөнелер.

Жүрген жерiн таптаған, Жау қолына қаптаған, Зəресi жоқ халықтың Қарсы амал таппаған. Жұрт iшiнен жасыған, Шыға келдi жас ұлан. «Түбегейлi құтылар Амал бар, – деп, – осыған». Намысы үшiн жерiнiң, – Шекпесiн, – деп, – елiм мұң, Халық үшiн шейiт боп, Қиюға əзiр өмiрiн. Жиып алып жақынын, Айтты əлгi ақылын. Сөйттi-дағы жөнедi, Жаужүрек жан, батырың. Жеке дара ол – басшы, Жатыр едi қолбасшы. Қарақұмға жол табар Iздестiрiп жолбасшы. Бастады ендi ер iстi; Бере гөр деп жеңiстi. Батыр ұлы даланың Жол бастауға келiстi. Қалың əскер жиылды, Жол жүруге түйiндi. Сонда тұрып жолбасшы Даласына сыйынды. «Айналайын Қарақұм, Құмы от боп жанатын. Келген жаудың əдейi Қайырып бер қанатын». «Айналайын Қарақұм, Аспаны от боп жанатын.

Ұшқан құстың Үстiнен Күйдiретiн қанатын». Деп сиынып жолбасшы, Қарақұмға жол асты. Тəуекелге бел буып, Қолын ерттi қолбасшы. Жаудың көзi қанталап, Ентелейдi анталап, Алда байлық қисап жоқ, Шап, Жой, Қыр да, Ал талап! «Бай өлке бұл бiр тұрған, Дақпырты көп сыртынан...» Талап əдет еткенде Жаманы жоқ құлқыннан. Сауыттары жарқылдап, Аш иттей көз жалтылдап. Түске дейiн қалыпты Бiраз жердi алқымдап. Жолбасшы нар азамат Тездетедi мазаны ап. Асырмақшы амалын Жау əскерiн жазалап. «Жедел жүрiп баралық, Барып ойран салалық. Батырларға олжа көп, Кесiп-көсiп алалық». Деген сайын жұтынып, Жау əскерi құтырып, Бiр-бiрiнен озады Қалатындай ұтылып.

Күн шыжғырды төбеден, Ыстық едi не деген. Жолбасшының ақ iсiн Құптағандай жебеген. Алда сағым ойнайды, Бiлмейдi жау ол жайлы, Салтанатты жап-жасыл Қала екен деп ойлайды. Тамшы су жоқ маңайда, Қолбасшы ойы алайда, Көлбеген сол сағымға Тездеп жету қалайда. Үп еткен жоқ жел деген, Болдырды аттар шөлдеген. Төбе тесiп барады, Қапырық күн Не деген? Күн өткенi құлады, Шөлдеп аттар сұлады. Жетемiз деп алданған Жау сағымды қуады. Шештi көбi киiмiн, Тастады артық бұйымын. Қолбасшы да сезедi Оң емесiн күйiнiң. Иен жазық маңайы, Талықсыды талайы. Жерге түссе табанды, Құм күйдiрiп барады. Жау ентелеп қарамай, Састы амал таба алмай, Борсып кеткен сулары Iшуге де жарамай. Жолбасшы алда келедi, Сусап таңдай кебедi,

Жауды қалың құмменен Шөлге бастай бередi. Алдап соққан ақылды Жол бастаушы пақырды Сезiп қалған қолбасшы Өзiне ендi шақырды. Өлтiргенмен сезедi, Ол жазасы кеш едi. Жолбасшының басын жау Қылышпенен кеседi. Тоқ етерi, есебi, Жолбасшы алды есенi. Жау əскерiн құм жұтып, Шөлдеп өлген деседi. Жолбасшы өшiн алыпты, Ақ өлiмге барыпты. Жаудан момын халықты Арашалап қалыпты. Бəрi де рас, Бəрi рас, Елiн сүйген арымас. Ол үшiн жан аямас Батырлардың бары рас... ҚЫРЫҚАЯҚТЫҢ КҮЙI Көпшiлiктiң жүретiн Мазағы боп, Қырықаяқтың көрмеген Азабы жоқ. Тұрмыс нашар, жетедi Қай жағына: Қырық бəтеңке алған соң Аяғына.

Бауын байлап, кигенше Күн батады, Бауын шешiп, жатқанша Таң атады. Көптiгiнен аяқтың Күйi қашар, Қырықаяқтың көретiн Күнi нашар, Не қонаққа, не тойға Бара алмайды. Аяқ киiм сыймас деп Алаңдайды. Баласы бар, қызы бар, Жұбайы бар, Үйi толы бəтеңке, Құдайым-ай. Мен айтайын егерде, Бiлмесеңiз, Аяқ киiм үйiнде Бiрнеше жүз! Сонда да ол мойымай Тəубе етедi: Тiрi болып жүргенге Не жетедi... ЖАУЖҮРЕК Өзендегi көпiрге Жайғасыпты Қарақұрт. Арғы бетке өтуге, Дауалайды қалай жұрт. Қарақұрттың қорлығы-ай, Басынғаны-ай, зорлығы-ай. Көрiп оны алыстан, Өте алмай тұр Арыстан. Болса дағы бойда күш, Жасқанады Жолбарыс.

Өтпек болған Қасқырды Қарақұрт тым састырды. Бата алмай Түлкi тұр. Сиыр, Түйе, Жылқы тұр. Қарақұртқа бармақтай Амал таппай, əл таппай, У-шу болып жиналып, Тұрды бəрi қиналып. Осы кезде – Қой келдi, Жабыла оған жол бердi. Қаймықпай ол дөп барды, Қарақұртты жеп алды. – Неткен, неткен Қой батыр! – Деген бəрi ойда тұр... ИНТЕРВЬЮ Ауыл, шет аймақтан Қалаға бармаққа, Поезға алғашқы Бiр мысық жайғасты. Сұрадық мəнiсiн: – Келесiң не үшiн? – Қалада туыс көп, Келемiн бiр iс боп. «Жедел, тез жет дептi, Көмектес кеп дептi. Бiз тұрған пəтерде Көбейдi қатер де, Тышқандар пайда боп, Соған еш айла жоқ. Мысығы қаланың Болып тұр шамалы. Ұстауға ебi жоқ,

Ерiншек, себi жоқ, Денесiн май басып, Жүр бəрi жай басып. Негiзгi кəсiптi Ұмытып, жасытты... Олардан қайран жоқ, Түнiмен ойран боп. Тышқандар басынды, Ұйқыны қашырды...» Сол үшiн келемiн! Ол тышқан неменiң Жазасын бермекпiн, Шамасын көрмекпiн! Кiм ата кəсiптi Ұмытса – жазықты. Көрсетем тышқанды Қалайша ұстауды!.. Кер кеттi заманың... Мысығын қаланың Басынса тышқандар! Масқара... ұқсаңдар... МӨҢIРЕК ҚҰЛЫН Ертек тыңда бөлекше Сұмдық қызық бұл дейтiн. Құлын жайлы ол ерекше, Кiсiнеудi бiлмейтiн. Құлын – сиыр фермада, Өстi солай туғаннан. Бұзауы көп арада, Жалғыз өзi тұрғаннан. Жатқаннан соң мөңiреп, Барлық бұзау, төңiрек, Болды Құлын – мөңiрек, Мөңiреу естiп көбiрек. Өстiп Құлын қинады, Биенi де, айғырды.

Нендей шара қылады, Екеуi бiр қайғырды. Кiм түзетер мұны деп, Iштерiнен тынады. Бұзау болды-ау Құлын деп, Сағы жəне сынады. Бұзаулармен өрiп бiр, Мөңiрейдi Құлын да. Бұзаулардан көрiп жүр, Кейде өктемдiк қылық та. Оңашада Құлынды Алады олар мүйiздеп. Мүйiзiң жоқ, қиын-ды, Құлын қалай сүзiспек? Енесiне ол өрiстен Кейде оралар өкпемен: «Өткiр мүйiз келiскен Менде неге жоқ деген?» Айғыр шығар сазарып, Жылқы мал деп ең артық. Бұзаулардың сазайын Бермек болып жер тарпып. Мүйiздерi шаншылған Бұқалардың көптiгi Еске түсiп басылған, Бiрақ, талай ентiгi... Бiрде бие құлынмен Жылқы ауылға барған-ды. Көп құлындар мұнымен Шұрқырасып қалған-ды. Кiсiнесе құлындар, Бiздiң құлын мөңiреп, Естiмеген бұрындар Таң қалды оған төңiрек.

Кiсiнеудi бiлмедi, Мазақ болды бұл сонда. Құлын емес бұл ендi, Бұзау да емес, Кiм сонда? Артист дедi құлынды, Көтеретiн көңiлдi. Түзе дедi мiнiңдi, Күлкi етпе бұл өңiрдi. Өстiп бəрi құлынды Мазақ етiп тұрды көп. Соны байқап жырыңды Қасқыр бас сап қуды кеп. Қашты Құлын – мөңiрек Iшiнде ең шабаны. Қасқырдың ол жемi боп, Белгiлi ғой қалары. Құтылмады қашқанда, Қасқыр жемек оны кеп. Есi шығып сасқанда Жiбердi өзi мөңiреп. Мұны естiген Қасқырдың Шыдай алмай жүрегi, Қан қысымы асқынды, Жолда қалды сүйегi. Өстiп құлын – мөңiрек Шын тажалға айналды. Қошемет, сый көбiрек Бiр өзiне арналды. Көрсе болды-ақ қасқырды Қорқытуға дəнiктi. Мөңiреп ол састырып, Көкелерiн танытты.

Шеттететiн бұрындар Келекелеп менсiнбей, Өзiн барлық құлындар Сыйлайды ендi кемсiнбей. Сөйтiп өмiр сүруде, Əлгi құлын – мөңiрек, Не боларын түбiнде, Кейiн айтам кеңiрек... ЖОЛБАРЫСТАР МЕН ПIЛДЕР ШАЙҚАСЫ Кiм көрдi бұл шайқасты, Күш сынасып байқасты, Жолбарыстар бiр жолы Пiлдерменен айқасты. Күн ұзаққа ұрысты, Жеңiсе алмай тұрысты. Жолбарыстар кеш түсе Болды халi қыл үстi. Жолбарыстар шара жоқ, Бəрi естен танар боп, Тышқандарға жалынды Көмек сұрап, амал жоқ. Дедi келе тышқандар: – Кəне, пiлдi ұстаңдар! Пiлдер қаша жөнелдi, Зəрелерi ұшқандай. «Құлағыма кiрер», – деп, «Тесiп, оны тiлер», – деп, «Құлағанша жерге бiз, Шықпай сонда түнер», – деп. Тышқанға амал таба алмай, Соғысуға жарамай, Қашты пiлдер жөңкiлiп, Алды-артына қарамай.

Тышқандардың жасағы, Жауды жеңiп, жасады. Содан берi пiлдерiң Тышқан көрсе, Қашады. ҚОЙ ЖАСАҒАН ТОЙ Жазғытұрым жайлауға, Жиналғанда барлық қой. Он жылдығын тойлауға, Ниет еттi, Саулық Қой. Жылда табар егiзден, Бiлетiн Қой өз iсiн. Шақырды ол емiзген, Тойға он сегiз қозысын. Қой отырып қараса, Немерелер баршылық. Шөберенi санаса, Келген екен шаншылып. Өсiп-өнген тұқымы, Қой бақытты мал екен. Неменелер бұл күнi Қисапсыз-ақ сан екен. Туажаттың қаптаған, Есебiнен жаңылды. Дəл есебiн таппаған Қой Алжасып, аңырды. Кең жайлаудың төсiне, Сыймай кеттi келгендер. Табылмады өзiне Дəл есебiн бергендер.

Саулық қойдың Өзi мен Тұқымының жүнiнен, Қаншама жiп есiлген, Қаншама жiп иiрген! Жүннен тiккен жүздеген Костюм келген, жейделер. Саулық Қойға бiз деген Бай таппадық тең келер. Сырып тiккен терiден, Талай-талай тон да жүр. Сырты момын көрiнген, Арман бар ма Қойда бұл. Созбалақтап не керек, Орасан зор той болды. Бəрiнен де керемет, Той жасаған Қой болды. Бар ма, сiрə, айтары, Бiзде басқа ой бар ма? Бəрiнен бай, Пайдалы Мың рахмет Қойларға. Көрiп отыр көздерiң, Айтыңдаршы үкiмiн. Есептеп ал, өздерiң, Оның ұқым-тұқымын. КIМ ҚАЙДА ТҰРАДЫ? Почташы келiп сұрады: – Алып кит қайда тұрады? Мекенi, Жайы, Қай жерде? Қай құрлықта?

Қай елде? Белгiлi маған керегi, Хат келсе Адрес дерегi... Кит айтты: – Тұрақ тым қиғаш, Көше жоқ онда қым-қиғаш, Табуың менi оп-оңай, Басқа бiр атау жоқ ондай. Мекен-жай – Тынық мұхиты, – Дедi де сөзiн тұқырды. Почташы келiп сұрады: – Пiлiмiз қайда тұрады? Мекенi, Жайы, Қай жерде? Қай құрылықта? Қай елде? Белгiлi маған керегi, Хат келсе, Адрес дерегi... Пiл айтты: – Мекен, тумыстан Джунгли iшi, Үндiстан Ескертiп айтам, тап мұны. Көше жоқ онда нақтылы. Əркiмнен сұрап барасыз, Сол жерден менi табасыз. Почташы тағы сұрады: – Үкiнiң қайда тұрағы? Мекенi, Жайы, Қай жерде? Қай құрлықта? Қай елде? Белгiлi маған керегi,

Хат келсе, Адрес дерегi... Сонда Үкi айтты: – Орманда, Iздейсiң тек түн болғанда. Қиыны – күндiз бармайсың, Ескертем, таба алмайсың. Аралап орман арасын, Тапсаң, тек түнде табасың. Қарақұрт айтты: – Қарақұм, Iздесең, жерiң баратын... Жолбарыс айтты: – Ну қамыс, Сол жердi жайлап тұрамыз... Аю да айтты: – Қар асты... Жыланың айтты: – Жер асты... Почташы жəне сұрады: – Тарақан қайда тұрады? Мекенi, Жайы, Қай жерде? Қай құрлықта? Қай елде? Белгiлi маған керегi, Хат келсе Адрес дерегi... Тарақан айтты тұрағын, – Адрес мынау тұратын: Индекс: мың төрт, ноль жетi, Микрорайон он екi, Қаланың өзi ең шетi, Номерi үйдiң он-дағы Екiншi пəтер сондағы. Бар менде жəне телефон.

Телефон соқсаң керек ол. Отыз үш, төрт ноль, аласыз, Сол жерден менi табасыз... ЖАҢА ЕРТЕГI I Бiр Қосаяқ, Даланы Жүретұғын мекендеп, Жерге тимей табаны, Келе жатты секеңдеп. Көтерiңкi көңiлi, Ештеме жоқ ойында, Көрдi шаңға көмiлiп, Жатқан затты Жолында. Үңiлсе кеп ақырын, Жатқан заты – Жұмыртқа Жоғалтқан қай пақырың, Ешбiр жан жоқ жуықта. «Алған, сiрə, түсiрiп, Кiм болды екен иесi?» Жағдайды ол түсiнiп Босады жан-жүйесi. Жұмыртқаның жатқан бұл, Түр-түсiне қарады. Бiлмедi, Кiм тапқан бұл? Жоқ қой одан хабары. «Бекер, босқа жармайын Жұмыртқаны жолдағы. Обалына қалмайын», – Деп Қосаяқ ойлады.

Жұмыртқаны қолына, Қосаяқ кеп алады... Қалып өзi жолынан, Iздеу салып барады. Жұмыртқаны осы аяп, Тура тауып бағдарды. Тауықтарға Қосаяқ Айтты келiп жағдайды. – Кездестiрдiм дəл алдан, Дөңгелек те, Жұмық та, Тауып алдым даладан, Сенiкi ме, жұмыртқа? Қораз оны тыңдайды, Байыбына қанады. – Бiздiң Тауық мұндайдың Күнде бiрiн табады! Қиын тiптен жоруы, Қиын шаруа, сенiкi. Мүмкiн, мұның болуы, Болмауы да менiкi. Дал боп тұрмын ұға алмай, Белгiсi жоқ, Ұмытпа. Басып оны шығармай, Демен: – Бiздiң жұмыртқа. Берер едiм қол ұшын, Бiрден тани алар кiм? Күту керек ол үшiн, Талай уақыт, Талай күн. Айта алмаймын уəде, Шатастырсам қауiптi.

Жоқ қой сенде, Куə де, Мойындатар тауықты... Тауық айтты: – Ылайым, Бөтен естiп қоймасын. Бұл жұмыртқа – Жыланның Жұмыртқасы болмасын. Онда бар ғой, Екеумiз, Кете алмаспыз құтылып Өңешiнде кетермiз Жанұямен жұтылып. Қораз айтты: – Шошыма, Кез қылмасын тiрiде, Жыландiкi осындай Соншалықты iрi ме?.. – Сақтық керек, қалайда, Ол пəленiң дауы көп. Қосаяғым, абайла, Былайша да жауың көп, – Дедi Тауық: – Ақылым, Саған менiң үйреткен. Бар, секеңдеп ақырын. Сұрап көршi Үйректен. Өз қамың ғой жегенiм, Оғаш айтсам, Сен, кешiр. Бұл жұмыртқа дегенiң Оларда да Көл-көсiр...

II Жұмыртқаны қолына Қосаяқ кеп алады. Қалып өзi жолынан, Iздеу салып барады. Жұмыртқаны осы аяп, Тура тауып бағдарды. Үйректерге Қосаяқ Айтты болған жағдайды. – Кездестiрдiм дəл алдан, Дөңгелек те, Жұмық та, Тауып алдым даладан, Сенiкi ме, жұмыртқа? Таптым мұны жапаннан, Деп тастасам, Обал ғой. Бəлкiм, Түстi арбадан? Бұл өзiмнiң жобам ғой. Жасамаққа жақсылық, Ниет етiп келемiн. Ие шықса, Тапсырып, Өз шаруама жөнейiн. Үйрек оны тыңдайды, Байыбына қанады. – Əрбiр үйрек, Мұндайдың Талайларын табалы. Қиын бiрден тануың, Аяп тұрмын сенi Мен. Шатастырып алуым... Айта алмаймын сенiммен.

Тауық, Үйрек табатын, Жұмыртқалар тым ұқсас. Ажырата алатын, Бiлгiр бiреу, Бiл, шықпас. Дал боп тұрмын ұға алмай, Белгiсi жоқ, Ұмытпа. Балапан қып шығармай, Демен: «Бiздiң жұмыртқа». Бере алмаймын уəде, Айта алмаймын, «Менiкi». Жоқ өзiнде Куə де, Дейтұғын: «Дəл сенiкi...» Қайталады Үйрек те, Қораз айтқан қауiптi. Осы ақылды үйреткен, Сөгiп-сөгiп Тауықты. – Дөңгелек те, Жұмық та, – Дедi Үйрек жазған да, – Мұндай, мұндай жұмыртқа Табады анау Қаздар да. Кеңесiм, Күн жарықта, Бар тездетiп, кеш қалмай. Жөн сұрасаң, Айып па? Оқасы жоқ ешқандай. Тұрған жоқпын жамандап, Жұрт таққан бұл атақ қой.

Сұра жаймен амалдап, Мiнезi оның Шатақ қой... III Жұмыртқаны қолына Қосаяқ кеп алады. Қалып өзi жолынан Iздеу салып барады. Жұмыртқаны осы аяп, Тура тауып бағдарды, Қазға келiп Қосаяқ Айтып бердi жағдайды. – Жүргемiн жоқ босқа аяп, – Деп iш тартты Қосаяқ. – Сенде де бар Қос аяқ, Менде де бар Қос аяқ. Сол туыстық үшiн де, Iздеп келдiм, Ұмытпа. Қос аяқты iшiнде, Мен-ақ таппас жұмыртқа. Қайтайын деп тапсырып, Тура алдыңа келген мен. Жасасаң бiр жақсылық, Көретiнiң сергелдең... Жұмыртқаға еңкейдi, Қаз тың тыңдап, Байқады. Ары-берi төңкердi, Содан басын шайқады. – Түстiң бекер Əуреге,

Мұндай iстен атақ аз. Керек бiзге дау неге, – Деп шiрендi Ата Қаз. Дайын екен ұрсуға, Қиғылықты Қаз қылды. – Мен, Көкек деп тұрсың ба?! – Қосаяқты ол жазғырды. – Жұмыртқасын көрiнген Жерге табар – Бiз емес. Көкектер ол, ерiнген, Тапса, артынан iздемес. Жаппа маған жалаңды, Қандай қажет Ерегес. Танытамын дадаңды, Iздеп жүрсең төбелес... Тiстемекке бас салып, Жасады ол əрекет. Жiбере ме Бас жарып, Бұл Қаз деген пəлекет. Жұмыртқаны босқа аяп, Дау-дамайға тұтылды. Ата Қаздан Қосаяқ Əрең қашып құтылды. IV Жапа шектi жазықсыз Келедi ол күйiне. Бала-шаға азықсыз Тосып отыр үйiнде. «Жұмыртқаны өздерi Табатындай

Мен үшiн. Тiптi кесек сөздерi, Айтпайды да жөн iсiн...» – Деп Қосаяқ қолына Жұмыртқаны алады. Қалып өзi жолынан Тағы iздеу салады. Жұмыртқаны осы аяп, Сұрап жолды бағдарды, Түйетауыққа Қосаяқ Баяндады жағдайды. – Кездестiрдiм дəл алдан, Дөңгелек те, Жұмық та, Тауып алдым даладан, Сiздiкi ме, жұмыртқа?.. Айтты оған шағымын: «Ауыр болды жол бүгiн». Жоқ екенiн бағының, Көрген талай қорлығын. – Талды менiң қолым да, Аяқ сыздап iсiндi. Бəрiн кездiм жолымда, Басса да олар мысымды. Ақыл маған үйреткен, Iздеп бардым Тауықты. Шықтым жаңа Үйректен, Ал, Қаз, тiптен жауықты... Түйетауық тыңдады, Көтерiп бiр аяғын. «Жақында», – деп ымдады, Түйiп қалың қабағын.

Келгенде ол алдына, Бас сап ұстап, түнердi. Тiстеп, Сiлкiп алды да, Лақтырып кеп жiбердi. Қосаяқ қор болғаны, Зəре-құты қалмады. Жұмыртқасын қолдағы Аз-ақ, Аз-ақ жармады. Түйетауық дегенiң, Бердi осылай жауапты. Бiлдi бекер келгенiн, Қосаяқ жеп таяқты. V Ашуланды Қосаяқ, «Əурешiлiк жетер де. Жұмыртқаны осы аяп. Жүрмiн неге бекерге!! Байғұс басым, желөкпе, Азаптанам несiне? Өзi маған керек пе, Керек емес иесiне! Табылмаса құрысын, Неге итаршы боламын? Ең абзалы, Дұрысы, Орнына қояйын...» Өстiп ойын қорытты Жұмыртқасы қолында... Көкек қарсы жолықты, Келе жатқан жолында. – Жолықтырдым дəл алдан, Жөн сұрау ғой,

Менiкi, Тауып алдым даладан, Емес пе бұл, Сенiкi... – Жұмыртқаны салады Тасбақа да, Жылан да. Мазамды алмай, Бар, əрi, Обалды айтып жыланба. Сонау, Мұзды мұхитта, Пингвин де табады. Сенше, Көкек суқит па?! – Деп өшiге ол қарады. – Бiз, Ұяға кез келген Саламыз ғой жұмыртқа. Сол əдеттен өзгерген Жоқпыз, Мəлiм бұл жұртқа. Ата-баба жолынан Исi Көкек, Таймаймыз. Жұмыртқа сап, соңынан Оны баса алмаймыз... Бiздер үшiн бiреулер Жұмыртқаны басады. Жайбарақат жүре бер, Көкек неден сасады. Балапанды асырап Бейнетке кiм қалады. Есейгенде азырақ Бiздi өзi iздеп табады.

Көкек сөктi: – Қарашы, Қосаяқтың бiрбетiн. Кiм иесi? Табасың! Ол өзiңнiң мiндетiң! Мықты бол сен қолыңа, Айтам мұны достықпен. Жарып алма сорыңа, Жұмыртқаны қастықпен. Аяқтайсың бұл iстi, Берер ақыл өзiңе. Болып жүрме қылмысты, Құлақ аспай сөзiме... VI Жұмыртқаны босқа аяп, Жала тауып басына. Қор болды өстiп Қосаяқ, Келе жатыр ашына. Қосаяқтың осылай, Iске басты шатылды. Бəлкiм, оған, досым-ай, Сен берерсiң ақылды. Жасынырып қалуға Жүрегi ұшып батпайды. Пингвинге баруға, Солтүстiкке аттанды. Не болды де аяғы, Немен бiттi өзi анық. Пингвиннiң баяғы, Айтатұғын сөзi анық. Солтүстiкте хал нешiк, Қосаяғың тоңып тұр.

Мұзды басып, Қар кешiп, Қай бiр iсi оңып тұр. Дедi оған Пингвин: – Босқа əуре болдың-ау. Суық екен күн бүгiн, Қалш-қалш етiп тоңдың-ау. Бiз ерекше құстармыз, Бiздi жай құс демеңдер. Құс болғанмен, Ұшпаймыз, Ақылдымыз кемеңгер. Тауық, Үйрек, Жүздеген Жұмыртқаны салатын. Бiр жұмыртқа бiз деген Əрбiр жылда табатын. Жағдай солай, бiлдiң бе, Айтайын мен шындығын. Жоғалтуы мүмкiн бе, Жұмыртқасын Пингвин. Оны өзiмiз басамыз, Шығарамыз балапан. Ұқыптымыз аса бiз, Аулақ, аулақ жаладан... Бiр жұмыртқа тапқаны, Пингвиннiң амалдап. Солтүстiгiн мақтады, Оңтүстiктi жамандап. – Артық туған көрiктi, Шетiмiзден iрiмiз. Көрмейсiң бе келiп тұр, Дирижерге түрiмiз.

Мекенiмiз солтүстiк, Ақсүйекпiз ардагер. Естуiмше, оңтүстiк. Құстары ғой саудагер. Бiздер емес, Олар ғой Жұмыртқасын сататын. Күрке салып, Солар ғой Пайда тауып жататын. Сол себептi кеңесiм Тауықтарға қайта бар. Сол жерде iзде егесiн, Бiзден сəлем айта бар... VII Қосаяқтың сормаңдай Қалды есi ауып та. Кiнəлi өзi болғандай, Қайта келдi Тауыққа. Жалынды оған Қосаяқ: – Басын мұның ашып бер. Жүрген мына босқа аяп Жұмыртқаны басып көр. Кiмдiкi екен, бiлейiк, – Дедi оған, – Нең кетер?! Тапқан пəлем тiленiп, Ақжүрек боп мен бекер. – Осың оңған қылық па, Қосаяқсың құтырған. Мен баспаймын жұмыртқа, Ондай iстен құтылғам. Техника iлгерi Батыл қадам жасады.

Бұларды бұл күндерi Инкубатор басады. Қырық күндей күрiк боп, Отыратын мен емес. Басуға еш құлық жоқ, Өтiнуiң жөн емес. Аулақ жүршi, жөнiңе, Маған неге байландың?! Соларға бар, – дедi де, Тауық терiс айналды. VIII Қосаяғым мəңгiрiп, Бағын сынап бiлмекке, Жол-жөнекей қаңғырып, Қайта келдi Үйрекке. Аяғына жығылды: – Басын мұның ашып бер! Кiмдiкi екен тұқымы, Жұмыртқаны басып көр. Ең болмаса, бiлейiк, – Дедi оған: – Нең кетер! Тапқан пəлем тiленiп, Ақ жүрек боп мен бекер. Үйрек айтты: – Оңбайсың, Жүрсiң бе əлi алысып. Нең бар менде, Қоймайсың, Таскенеше жабысып. Жұмыртқаны басуға Отыратын сорлы жоқ. Жиырмасыншы ғасырда Өрескел бұл, орны жоқ.

Техника iлгерi Батыл қадам жасады. Бұларды бұл күндерi, Инкубатор басады. Техника қуатын Бұдан əрi арттырса. Жұмыртқалар туатын Робот – үйрек таптырса. Жұмыртқаны туғанға Жүрмiз, мiне, қиналып. Техника бұған да Көмек берсе жиналып. Бар, – дедi де – соларға, – Үйрек терiс айналды... Мұндай қорлық болар ма, Қосаяғым сандалды. Болды өзi iстi де, Болды өзi жазықты. Көкек оның үстiне Сотқа арыз жазыпты. «Иесiн ол таба алмай, Жұмыртқаны қор еттi. Қосаяқты қалайда, Бiр жазалау керек-тi...» Не боп кеттi заманың, Жақсылыққа баға жоқ. Кiм табады амалын, Жамандыққа еш шара жоқ. Қосаяғым сотталып, Кетер iске тап келдi. Келедi ол оқталып Инкубатор жаққа ендi.

IХ Ал Қаздан ол қалды ығып, Айта алмады тiлегiн. Бата алмады қаймығып, Ұшырды ғой жүрегiн... Түйетауықтан пайда жоқ, Одан жəне қорықты. Инкубатор қайда деп, Иесiне жолықты. Х Инкубатор иесi Тiредi оны тұйыққа: – Айтсам, – дедi ол, – жүйесiн, Кiмдiкi, бұл жұмыртқа? Жағдайымды ұғарсың, Бəле болып жүрерсiң... Ұрлап алған шығарсың... Қайдан оны бiлерсiң... Қажет бiзге ол аса, Алдыменен растаймыз. Анықтамаң болмаса, Мұны, – дедi ол, – баспаймыз! Шырылдады Қосаяқ, Аяқ-қолы дiрiлдеп: – Жүр екенмiн босқа аяп, Мен таптым ба мұны? – деп. Инкубатор иесi Сазарды да саспады. Қырсық екен мiнезi, Уəжге құлақ аспады. – Əңгiмеңнен байқаймын, Шырақ, Есiң дұрыс па?

Тайталаспай қайқайған, Құлығым жоқ, Ұрысқа. Аяп сенi құсалы, Өз басыңды қарақан. Бастық оны, Мысалы, Шықты делiк балапан. Салса ол сонда кеселдi: «Кiм бұл жерге əкелдi? Тауып бер деп шешемдi, Тауып бер деп əкемдi...» – Əкесi – мен, Айтайын, – Деп Қосаяқ зарлады. Қиындады iс байқады, Басқа амалы қалмады. Инкубатор иесi Ол тоқтамға көнбедi. – Жақпа пəле күйесiн, Ақымақ емес, Мен, – дедi. Қосаяқты таяқтап, Қуды: – Өшсiн қараң, – деп. – Тұрма мұнда жалақтап, Жұғар кесiр, жалаң, – деп. ХI Ендi оның баратын, Не тауы, не тасы жоқ. Қосып ақыл салатын, Не досы, не қасы жоқ. Жас үймелеп көзiне, Қосаяқ тым торықты.

Жарты жолда, өзiне Түлкi бикеш жолықты. Бiлгеннен соң жағдайды, Қосаяқты есiркеп, Қисық көзi бағжайды: – Əурелендiң несiн? – деп. – Болдың босқа жаманат, Жұмыртқаға тап келiп, Мұның жалғыз амалы-ақ: Жейiк өзiн, Қақ бөлiп. Iздеушiсi жоқ болса, Қаңғырғаның жетедi. Қарынымыз тоқ болса, Одан немiз кетедi. Көнбедi оған Қосаяқ, «Болмаймын, – деп, – айыпты...» Жұмыртқаны осы аяп, Бауыр басып қалыпты. Түлкi күштеп алмаққа, Жұмыртқаға ұмтылды. Ал Қосаяқ қалбақтап, Қашты, Зауал күн туды. Бiраз жерге барысты, Түлкi жеттi, Қоймады. Ендi екеуi алысты, Жұмыртқа боп ойлары. Түлкi неден сасады, Тартып алды қолына. Əлiмжеттiк жасады, Қосаяқтың сорына.

Жұмыртқаны қолдағы Жерге ұрды. Болмады. Тасқа ұрды! Болмады! Жарылмады ол тағы! Ашу қысты Түлкiнi, Аласұрып жынданды. – Көргем жоқ, – деп, – бұл күнi Тастай қатты мұндайды. Тептi! Ұрды! Болмады! Түлкi басын шайқады. Жұмыртқаны қолдағы Ептеп зерттеп байқады. Қосаяққа тесiлдi: – Барып тұрған милау, – деп. – Неге керек өзiңдi Тектен-текке қинау, – деп. – Босқа əуреге қалыпсың, Қосаяғым, Жарығым. Жұмыртқа емес, Тауыпсың Теннистiң сен шаригiн!.. Қосаяқты сөктi де, Түлкi iсiн доғарды. Шариктi бiр тептi де, Өз жайына жоғалды. Жұмыртқа деп бос аяп, Жүрсе... Шарик қолдағы. Зардап шеккен Қосаяқ, Қуанғаны-ай сондағы...

Үшінші бөлім БІР УЫС БИДАЙ БIР УЫС БИДАЙ (Пантомима аралас 2 актiлi 6 көрiнiстi пьеса) Қатынасушылар: Бала (Батыр) Əжей Атай Əке Мұғалiм Оқушылар Күшiк, бұзау I акт I көрiнiс Батыр сыныпта. Қалтасына бiр уыс бидай салып алған. Қолында темiр трубка. Қарсы бетте тағы бiр бала. Оның да қолында темiр трубка, қалтасында бiр уыс күрiш. Екеуi бидай мен күрiштiң бiр-бiр дəнiн ауыздарына салып, оны трубкамен атып, бiр-бiрiмен ойнап жүр. Тыстан Батырдың əжесi келiп кiредi. Қолында Батырдың пиджагы бар... Əжей Батыр, мə, кəстөмiң, Күн жауайын деп тұр. Тоңып қаласың, Өзiңнiң желiң бар баласын. Батыр (бұртаңдап, жақтырмай) Өйдөйт деген, Мен саған əкел дедiм бе, Шақырған жоқ сенi ешкiм, Мен кiшкентай бала емеспiн. Жаңбырға да кiсi тоңа ма екен? Əжей О, мұрыныңнан айналайын, Бəлекетiңдi алайын.

Тə, онысы несi. Мə, кəстөмiң. Қасарыспа. Ки. Қымтанып жүр, күнiм, Көктемнiң қарасуығы қиын. (Бала пиджактi алмай қашқақтайды. Əжесi соңынан жүр) Батыр Тiптi қызықсың өзiң, Ылғи өстисiң де жүресiң. Балалар көрсе мазақтар, Бар, бар, кетшi. (Əжесiн итермелеп сахнадан шығарып жiбередi. Аздан соң əжесi тағы келедi) Əжей Ойбу, бетiм-ай, Мендей алжыған кемпiрде, ес қалды дейсiң бе? Мə, өрiк-мейiз жейсiң бе? (Əжесi ұзақ күйбеңдеп, бешпетiнiң қалтасынан бiр уыс өрiк-мейiз шығарып, Батырға ұсынды) Жолда етiкшi Жəкемнiң үйiне кiрiп едiм, Студент баласы қаладан келдi ғой... Мə, мынаны солар бердi ғой. Сен жесiн деп аузыма да салғам жоқ. (Батыр аларын да, алмасын да бiлмей тұрады. Бiрге ойнап жүрген Тұрыс «Маған берiңiз, əже» дейдi) Əжей Тəйт, не дейдi, Батырдың өзi жейдi. (Əжей қоярда қоймай өрiктi Батырға берiп, пиджактi құ шақ тап кетедi. Əжесi кетiсiмен Тұрыс Батырды ке лемеж дей бастайды. Қалтасынан бор алып, Батырға ұсынады) Тұрыс Мə, қант, жей ғой Тəттi екен дей ғой. Əлде бидай жейсiң бе?.. Жоқ, шөп жейсiң бе!.. Батыр Өй, деймiн, Мазағыңды қой деймiн. (Тұрысты қуады. Тұрыс қашқалақтап жүрiп, қал та сынан бет орамалын алады)

Тұрыс Келшi берi, күнiм, Қарашы шөпиген түрiн. Мұрынбоғыңды сүртейiн, Салбырап кетiптi. Қатты жүгiрем деп, Екi бетiң албырап кетiптi. Күн суытып барады, Желiң ұстап қалады. Жылы киiнiп жүрсеңшi, Езуiң жыртылып кетер Абайлап күлсеңшi. Батыр (ашуланып) Мынаны-ай, қап, Аузыңды жап! Тұрыс (жүресiнен отырып) Келшi, арқама салып көтерейiн, Қолыңды əкел, жетелейiн, Əйтпесе құлап қалып жүрерсiң... (Екеуi атысып ойнап жалыққан соң, ендi сыныптағы қыз дар ды бидай, күрiштiң дəнiмен дəлдеп ата бастайды. Бидай дəнi бетiне қатты тиген қыз баж етiп отыра қа лады. Сыныпқа кiрген мұғалiмге шағым айтады) Қыз Ағай, ағай! Мына Батыр, Бiздi бидайдың дəнiмен атып жатыр. Көзiмiздi шығаратын болды, Сыныптың еденiн қараңызшы, Бидай мен күрiштiң дəнiне лық толды. Мұғалiм (еденге қарап, сонан соң Батырға тiксiнiп) Обал-ай! Обал-ай! (Аяғын басатын жер таба алмайды) Жина жерде жатқан дəндi. (Батыр аяғымен жинай бастайды) Саған не көрiнген, Аяғыңмен емес, жина қолыңмен. (Батыр жинаған болады) Дəндi қадiрлемеген деген не сорақылық... Əй, Батыр! Қазiр сыныптан шық та, Мектепке ата-анаңды шақыр.

Батыр Əкем де, Шешем де, Алыста қырманда, Жоқ, бұл маңда. Мұғалiм Ендi үйде кiм бар? Батыр Əжем бар, атам бар. Мұғалiм (аз-кем ойланып) Үлкен кiсiлерге жүруге қиынға соғар, Онда үйiңе өзiм барам. Айта бар. Балалар! Тағы қайсыларың осындайсыңдар? Кəне, мойындаңдар, (Ешкiм үндемейдi) Мысал үшiн күн сайын Əрқайсың бiр уыс бидайдан Рəсуа етсеңдер, Жерге төксеңдер. Сонда қанша астық, Шығын болады? А? Бiр уыс бидай – Бiр жапырақ нан. Жетесiздер, Əбден ырықтан шығып кетесiңдер. Бiр күн аш қойса, Көрер едiм, Қалай ойнағанды. Нанды қадiрлемеу деген Ол барып тұрған қылмыс... Қазiр өте жақсы тұрмыс... (Мұғалiм балаларға нан туралы тамаша бiр тү сi нiк те ме беруге тырысады. Əдемi теңеулер тапқысы келедi. Бi рақ, бар жеткен жерi осы болады) Мұғалiм Жарайды, Нан туралы арнаулы əңгiме, Не диспут өткiземiз (өзiне-өзi) Тiптi, ата-аналар жиналысын шақырам. Сөйтiп қатырам... (Батырға). Бұл əдеттi қою керек, Асқындырмай жою керек.

Өзiңдi сынып жиналысына салып, Осы қылығың үшiн Сазаңды беремiн. Сенiң мерген екенiңдi көрейiн, Тақтаға шық. Сабақты айт. (Батыр сүмiрейiп, орнында тұра бередi...) Мұғалiм Тақтаға шық! Батыр Сабаққа дайын емеспiн. Мұғалiм «Бiрсiң». Тəртiбiң де «бiр» Күнделiгiңдi əкел! Батыр Үйге ұмытып кетiппiн. Мұғалiм Бар да алып кел. (Батыр сумкасын жинап алып, жайбарақат шығып кетедi) II көрiнiс Батырдың үйi. Батыр күшiк жатқан үйшiкке келiп, оны таяғымен түрткiлеп, ызаландыра бастайды. Батыр Асыраған күшiгiң өсе келе, Қабаған ит болып шықсын десең, Соның қамын жесең, Ызаландырып, таяқпен түрткiлеп, Мазасын алып, тыныштық бермей, Қашқалақтағанына көнбей, Ойнап үру керек, Күнде өстiп тұру керек. Сонда ешкiм де, Басын сұға алмайды, Ол əлi Бөтен адамдарды, Ұры-қарыларды, Бiз жоқ кезде үйге Жолатпайтын болады.

(Күшiктi бiраз əурелеп, ырылдатып болған соң, Батыр ау ла ның бiр бұрышында күнесте күйiс қайырып тыныш жат қан бұзаудың жанына келедi. Оны жатқан жерiнен бұй да сы нан сүйрелеп тұрғызып алады. Ноқтасын шешiп бо са тып, бұзаудың басын iшiне тiреп сүзiсiп ойнайды. Бұзау дың тартыншақтағанына, қашқалақтағанына қоймай, қай та-қайта басын өзiне бұрып алады) Батыр (ентiгiп) Қайтсем де, Сүзеген ғып шығарамын мұны мен, Жаттықтырам, жалықпастан күнiмен! (Бұзау сəлден соң, табан тiресiп, сүзуге жаттығып қалады) Мiне, мiне үйренiп келесiң, Дəл былай тұмсықпен пересiң. Сонда өзiң бəрiн де шақ-шелекей қып, Тырқырата қуып, жеңесiң. (Сүзiсуге тез-ақ дəнiгiп, əдет алып қалған бұзау бiр кезде Баланы қатты сүзiп жiберiп, шалқасынан түсiредi) Əй, əй, ақырын, Абайла, Жазатайымда жазым қыларсың! Сен бұзау, Көзiңе қарайла! Өзiңнiң иеңдi Мына мен дөдеңдi, Қатты сүзгенiң, Жарай ма? (Батыр үстi-басының шаңын қағып жатқанда, бұзау басын шайқап-шайқап мөңiреп жiберiп, терiс қарап бейқам тұр ған баланы ту сыртынан жəне сүзiп қалып етпетiнен тү сi ре дi. Бала орнынан көтерiле бергенде, тағы ұмтылады. Бала еңбектеп қаша жөнеледi. Бұзау баланы ауланың iшiн айналдыра қуады. Сасқалақтаған, жəбiр көрген бала үйге кi рiп тығылады. Елiрген бұзау есiктiң алдында тепсiнiп тұра ды. Бала есiктен сығалап қарағанда, бұзау сүзбекке ыңғай ла на ды. Бала бұзауды сескендiрмек, жасқамақ болып, үй ден кеспе сүзетiн кепсердi (не оқтауды) алып шығады. Бұ зау онысына қарамай, тұра ұмтыла ды. Бала үйге қай тадан қойып кетедi. Бұзау есiктiң алдында бiраз уақыт кү тiп тұ рып, баланы сүзгенде оның басынан ұшып түскен, күн-

қа ға ры жапырайған кепкесiн аз-кем тұмсығымен иiс ке леп, кеп ке нi шайнай бастайды. Бала шыж-быж етiп, жан дəрмен мен бұзауға жүгiредi) Батыр Осы ойнағанымыз жетер, Ойыннан от шығып кетер! Бiраз жаттықтың, Жеттi ендi! Əкел деймiн кепкiмдi! Сүзудi үйренiп қалыпсың, Маладес! (Бала бұзауға тақалғанда, бұзау басын тұқырып, оны сүзбекке ұмтылады. Бала керi қашады) Батыр (есiктiң алдында жыламсырап) Қап мына қырсықты-ай, Апам мұны бiлсе, Сорлататын шығар, Көкем мұны бiлсе, Қамшымен ойнататын шығар. (Кепкiнi саржағал ғып сiлекейлеп, мыж-мыж етiп таста ған бұзау аула iшiн аралап кетедi. Бала кепкiсiн қолына алып, жыламсырайды) Батыр Сол керек өзiме, Сүзiсудi үйреттiм екен, несiне, Кепкiңе не болған дегенде, Берем қандай жауап (Басын тоқпақтайды). Мен жындыға осы сауап! Əке-шешем, Төбемдi оятын шығар. Тiрiдей iреп соятын шығар. Əй, оңдырмас, оңдырмас. Аяқсыз қалдырмас, Шекемдi жандырмас. (Көше жақтан қолында ұршығы бар əжесi келедi. Бала кепкiнi артына тыға қояды) Əжей Құлыным, Ең құрмаса тəулiгiне бiр рет, Сабағыңды пысықта. Кiтап бетiн ашпайсың,

Ертең мектепке не бетiммен барам деп, Қаймықпайсың, саспайсың. Батыр Осы сен-ақ тергейсiң де жүресiң, Ал, өзiң не бiлесiң? Бiр əрiп те жаза алмайсың. Сонымен қоймай «сабақ, сабақ» деп, Құдды менiң мұғалiмiм сияқты Қылқылдап, маза бермейсiң. Адамның қыр соңынан қалмайсың. Əжей Əй, тентек, Оқу мына маған емес, Өзiңе керек, Менiң заманымда оқу болмады, Əйтпесе, оқыр едiм бiр адам құрлы. Батыр Маған сабағыңның көк тиынға керегi жоқ, Сол сабағыңның миды ашытқанынан басқа Құйтақандай да көмегi жоқ. Əжей Əлi ақылы толмаған, күшiк, Кейiн көресiң пайдасын. Сонша нең күйiп-пiсiп!.. Батыр Əже! Осы сен оқымағансың, Хат танымаймын дейсiң. Ал ақшаға келгенде оны Қалай ажырата аласың? Мынау екi теңге Мынау бес теңге Мынау он теңге Деп тақылдап тұрасың. Əжей Ендi ақшаны танымай, Милау деп пе едiң. Батыр Өзiң нағыз қудың қуысың, Сұмның сұмысың. (Бала бұртаңдап, өз бөлмесiнде сабақ оқуға кiрiседi. Үйге берiлген тапсырмаларды орындай бастайды. Бөлмеде əже-

сi ары-берi жүргенде, аяғын еппен басады. Орынсыз шу шық па сын, баланың оқуына кесел болмасын деп тырысқаны бұл). Батыр (өзiне-өзi) Атам екеуi де оқымағанбыз, сауатсызбыз дейдi, Ал ақшаны қалай санайды десеңшi, Бiр де жаңылмайды, Екеуiнен есепке жүйрiк табылмайды. (Əжесi ыдыс-аяқтарды жинастырып жүрiп, салдыркүл дiр еткiзiп, тарелкаларды шашып алады) Батыр (орнынан атып тұрып) Сен көршi бөлмеге бара тұр! Тыным ал. Мен сабақ оқып жатқанда, Бiреу-мiреу жанымда тұрғанын Жақтырмайтын жыным бар. Мен бiр қиын есептi шығарамын. Кесел келтiресiң, Мешайт жасайсың. (Əжесi көршi бөлмеге шығады. Бала басын қос қолдап ұс тап алып, алдындағы кiтаптарды дауыстап оқиды) Батыр Айдың диаметрi Жердiң диаметрiнiң 0,25-iне тең. Есептеп шығарыңдар. Ай бетiнiң көлемi Жер бетiнiң көлемiнiң қанша бөлiгiне тең?.. Есеп болғанына болайын. Мен оны қайдан бiле қояйын. Мына есеп қиын, ə. Кiрiп шығар емес миыма. Осы менiң басым бас емес, Кеуек қой деймiн. (Бала айнаны алып, өзiне-өзi қарайды. Басын то қыл датып көредi. Басы қуыс ыдыс сияқ ты, ұрса «тоқ-тоқ» етедi) Батыр Басымдағы ми емес су шығар? Сумисың деп неге ұрсады, əйтпесе. Əй, қайдам, бiлмеймiн, Суми дегенiң мен болып жүрмейiн. (Бала басын ары-берi шайқағанда, судың сылдыр-сылдыр еткен үнi естiледi)

Батыр Айдың диметрi Жердiң диаметрi... Тфу! Есептiң нағыз қияметрi... (Көршi бөлмедегi əжесi қоймай жөтеледi) Батыр Тсс... Ақырын, Сабақ оқып жатыр, Батырың, (Əжесi үстi-үстiне тағы жөтеледi) Батыр Əй, жетер, Болғансың ба көк жөтел. (Əжесi жəне жөтеледi. Тың тыңдап, iлiк таппай отырған Батыр баж ете қалады) Тыныштық бересiң бе, жоқ па?! Сабақ iстетпейтiн болдың, Беталды, нарочно жөтелгендi қойғың. Əжей Тамағым жыбырлап тұрғаны Қойдым, қойдым. Жөтелiп болдым... (Аяқ астынан сыртта жұмыртқа тапқан тауық əде тiне басып бiр сəт те тынбастан «қыт-қытын» бастайды. Қоя тын түрi жоқ. Ызаланған бала орнынан атып тұрады) Батыр Мына тауық, Жұмыртқа тауып, Соншама мақтанып мiндетсiнуiн қарашы. Ойбай, өшiр үнiн, Онсыз да ашып отыр миым. Əжей Мен оның үнiн өшiрiп келейiн, Ауладан қуып жiберейiн. (Сырттан тасыр-тұсыр естiледi. Тауықтың «қытқыт тап» қашқаны, лақтырылған кесектiң дыбысы, əже сiнiң «кiш, пəтшағар» деген үнi естiледi. Дабыр бiрте-бiрте сая быр сиды) Батыр Айдың диаметрi, Күннiң диаметрi... Жердiң диаметрi, менiң диаметрiм... Əжемнiң диаметрi, бұзаудың диаметрi...

Шошқаның диаметрi... Иттiң диаметрi... Əбден өлтiрдi... (Өлi тыныштық орнайды. Бала ойланғансиды. Бiрақ нəти же жоқ. Қас қылғандай қабырғадағы сағаттың бiр кел кi та қы лы анық естiлiп тұр. Бала сағатқа ала көзiмен қа рап отырып, шарасыздықтан өлеңдете бастайды) Тық-тық, тық-тық, Миың жоқ түк-түк, түк-түк. Тыным жоқ тық-тық, тық-тық. (Бала жүгiрiп барып сағатты алып, қайда қоярын бiлмейдi) Батыр Əже, əже! Құрт мына сағатты, Тауысты тағатты. (Əжесi келiп сағатты алып кетедi) Əжей Əй, тентек, тентек, Өзiнiң iстегенi жөн тек, Ал тындырғаныңды көрдiк Оған жағдай жасадық, Мұрсат бердiк. Батыр (ойланып) Айдың диаметрi анандай, Жердiң диаметрi мынандай... (Қайдан тап болғанын кiм бiлсiн, дəу қара шыбын ызыңдап ұша бастайды. Ұшып барып терезеге соғылады да, керi қа рай қайта ұшады. Ызыңы ұшақтардың гүрiлiнен бiр кем соқ пас, сiрə. Аз-кем шыдас қылып отырған ашулы бала алдын да ғы газеттi умаждап-умаждап ұстап алып, шыбынды қуа жөнеледi. Шыбын баланы маңайына жуытпай, тiптi өр ше ле не ұшады. Тентек баланың мiнезi одан да өте дi. Ол да өшiге қуады. Шыбынды өлтiре алмай амалы құ рып, бала шар шап столға келiп отырады) Батыр Əже, əже! Əжей А, далдам, Ол, не, қарғам?

Батыр Қуып жүрiп, қоймай, Мына ызыңдаған фашистiң, Көзiн бiржолата жоймай, Мен сабақ оқымаймын. Есеп шығаруға отырмаймын. Өлiңдер-тiрiлiңдер, Қайткенде де шыбынды өлтiрiңдер. Мазасы өттi, Титығыма жеттi... (Əжесi қара шыбынды қуалауға кiрiседi) Əжей (шыбынды қуып жүрiп) Мына залым нəлет, Ұстатпай болдым-ау əлек... (Осы кезде мұғалiм Батырдың үйiне келедi. Аулада қы зыл бұ зау жүр. Мұғалiм шарбақтың сыртында тұрып ай қайлай ды) Мұғалiм Оу, кiм бар үйде? (Тың тыңдайды) Ешкiм жоқ па мүлде, Оу, берi шығыңдар. (Батыр есiктен басын қылтитып қарайды) – Батыр! Үйде кiм бар? – Əжем бар. – Ə, онда жақсы болды. Иттерiң жоқ па? – Жоқ, тек кiшкентай күшiк бар. (Мұғалiм аулаға кiрiп үйге беттегенде, сүзеген қызыл бұзау ескi əдетiмен мұғалiмдi сүзбекке тап бередi. Мұғалiм тұра қашады. Мұғалiм шарбақтан қарғып кетем деп шалбарын жыртып алады) Мұғалiм (ашулы) Əй, əй мынауың, Қайтедi ей, бұзауың? Құтырған емес пе? Иттен де өткен ғой... Сүзеген екен ғой... (Батырдың əжесi даладағы дыбырды естiп тысқа шыға ды. Бұзауды жасқап қуып жiбередi) Əжей Мұғалiм баламысың, Аманбысың.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙