Бабалар сөзі 96 том
Әлбеков Тоқтар
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 96-томына ел арасынан жиналған Қарағанды өндірісінің тарихына байланысты, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы және тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты тарихи ауызекі әңгімелер енді.
Астана 2013
Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек
Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир
Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар
Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар
Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік
Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат
Шеңгелбаев Бақытжан
«МӘДЕНИ МҰРА» ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС
4УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Алпысбаева Қ., Ақыш Н., Әлбеков Т. (жауапты редактор), Қалижанов У., Қасқабасов С.А., Қирабаев С., Салтақова Ж. Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Әлбеков Т., Салтақова Ж. (жауапты шығарушы), Елесбай Н. Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2013. Т. 96: Ауызекі әңгімелер.—432 бет. ІSBN 978-601-299-010-2 «Бабалар сөзі» сериясының 96-томына ел арасынан жиналған Қарағанды өндірісінің тарихына байланысты, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы және тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты тарихи ауызекі әңгімелер енді. УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) ІSBN 978-601-299-010-2 (т. 96) © Әдебиет және өнер институты, 2013 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2013
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде
ни мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған тоқсан бес то
мы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді бө
лігі болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге,
шетелдердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар мен
мақал-мәтелдер, аңыздар, шежірелер т.б. жанрларға арнал
ды. Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш,
«Діни дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он
бір, «Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—
жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі,
«Шежірелік жыр-аңыздардың»—үш, «Ертегілердің»—бес то
мы, «Тарихи аңыздардың»—төрт томы, «Ғұрыптық фольклор
дың»—екі томы, «Жұмбақтардың», «Балалар фольклорының»,
«Қазақ мифтерінің», «Моңғолиядағы қазақ фольклорының»,
«Топонимдік аңыздардың», «Күй аңыздың», «Аңыздық ше
жірелердің», «Аңыздық жырлардың», «Өтірік және мысал
дардың», «Магиялық фольклордың», «Түс жору және ырым
дардың», «Хикаяттардың» —бір-бір томы баспаға дайындалып,
басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томында Қытайдағы
қазақтардың, бір томында Моңғолия қазақтарының фольк
лорлық мұралары қамтылды.
Оқырмандар мен ғылыми ортаның назарына ұсынылып
отырған «Бабалар сөзінің» 96-томы кейбір құрама жинақтар
да, хрестоматияларда, газет-журналдарда жарияланып келге
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
німен, ғылыми тұрғыда толық жүйеленіп, арнайы жинақ ре
тінде басылым көрмеген халық прозасының үлкен бір саласы
ауызекі әңгімелерге, нақтылап айтқанда, оның жанрлық түрі—
тарихи ауызекі әңгімелерге арналады. Бұлай нақтылаудың се
бебі—құрастырушылар «Бабалар сөзі» жүзтомдық сериясы
ның келесі 97, 98-томдарына новеллалық, күлдіргі ауызекі
әңгімелерді топтастыруды көздеп отыр.
Ауызекі әңгімеде белгілі бір оқиға сенімді, әрі көркем тілмен
баяндалады. Ол шағын болғанымен, өзіне тән баяндалу тәсілі,
көркемдік жүйесі, композициялық, сюжеттік құрылымы бола
ды. Ауызекі әңгімеге қатысты басты ерекшелік, онда баянда
латын оқиғаның желісі аса кең уақыт кеңістігін қамтымайды
және халық прозасының өзге жанрларына қарағанда, таралу
аясы шектеулі, нұсқалық үлгілері некен-саяқ. Көбінесе, айту
шы өзінің басынан кешірген жайттарды, болмаса жеке басы
қарым-қатынаста болған адамның көрген, білген, тіпті, естіген
әңгімелерін сөз етеді. Сондықтан бұл жанр—халық прозасының
миф, ертегі, хикаят, әпсана, аңыз сияқты салаларына қараған
да жинақы, нақты, шынайы сипатқа ие. Әрине, қай кезеңдерде
де халық өзінің күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдағы бо
лып жатқан басты оқиғалар туралы ауызша әңгімелер туғызып
отырған. Алайда уақыт өтіп, ауыздан-ауызға таралу барысын
да олар түрлі өзгерістерге ұшырағандықтан, көпнұсқалық си
патқа ие болған. Сөйтіп, бара-бара ертегі, аңыз т.б. жанрларға
ауысып, бүкілхалықтық мұраға айналған.
Тағы бір айта кетерлік жайт—әңгімелердің таралу аясы
жалпыхалықтық деңгейде өріс ала алмайтындығынан, сондай-
ақ қарапайым ауызекі тілде баяндалатындығынан, жазба көр
кем әңгімелер секілді қалыптасқан әдеби нормаларға, стилдік
қағидаларға бағына бермейді. Әңгімеге арқау болған жерге,
өлкеге, аймаққа ғана тән жергілікті, кәсіби, диалекті сөздер,
тіркестер, мақал-мәтелдер, нақылдар т.б. көптеп кездеседі.
Томның бірінші бөлімінде Қазақстандағы тұңғыш өндіріс
орны Қарағандының жерінен тас көмірдің табылуы, Ресей
өкіметінің шешімімен оның ағылшын кәсіпкерлеріне саты
луы, қазақтардың көмір қазу кәсібіне мамандануы, жұмысшы
болып қалыптасуы, олардың ауыр тұрмыс-тіршілігі жөніндегі
туындылар, кезекті екінші бөлімінде 1916 жылғы ұлт-азат
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
тық көтеріліске белсенді түрде қатысқан, ауыр зұлматты басы
нан кешірген адамдардың әңгімелері, соңғы бөлікте Абай және
оның айналасын, Ақан сері, Балуан Шолақ, Қажымұқан т.б.
өмірін, халыққа жасаған қайырымды істерін баяндайтын шы
ғармалар қамтылды.
Жинақты баспаға дайындау барысында М.О.Әуезов атын
дағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорында
сақталған ғалым Д.Шалабеков құрастырған «Қарағанды жұ
мысшыларының әңгіме-жырлары» жинағының қолжазба нұс
қасы, Орталық Ғылыми кітапхананың Сирек қорындағы «Он
алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты әңгі
мелер» атты қолжазба-топтамаға енген көтеріліс сарбаздары
А.Қойшыбекұлының, Ә.Сұлтанбекұлының, С.Абрахмановтың,
С.Жандосовтың, Ж.Сыздықовтың, С.Шамұлының, М.Ерке
сариннің, А.Қасымұлының, Б.Баспақовтың, Қ.Мұсаевтың,
М.Ордабаевтың, Матай Садуақас молданың, өзге де ондаған
белгісіз айтушылардың әңгімелері пайдаланылды.
Сонымен бірге тарихи тұлғаларға байланысты А.Бейсен
ғалиқызының, М.Рүстемовтің, М.Ахметовтың, Қ.Қайролла
ұлының, А.Ыбырайұлының, С.Қасимановтың, І.Матақовтың,
Т.Көбдіковтің, Д.Бітімбаевтың, Е.Құлпейісовтің, Ғ.Дүйсе
ковтің, Ы.Нағымановтың, С.Жақыповтың, Ш.Дүйсекеевтің,
М.Мәжікеевтің, Ш.Кәшеновтің, К.Рахмановтың, Ә.Қоңырат
баевтың әр жылдары ел арасынан жиып, аталған қорларға
тапсырған қолжазба мұралары кіргізілді.
Топтаманың ұстанымдарына сәйкес беріліп отырған мә
тіндер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, реттік сан
мен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға енген
мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушылар және басы
лымдар туралы мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми
түсініктеме, сөздік, жер-су, ру атаулары, мәтіндерде кездесетін
тарихи тұлғалар туралы деректер, пайдаланылған әдебиет
тер тізімі мен томның орыс, ағылшын тілдерінде жазылған
түйіндері құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.
Әңгіме—қазақ фольклорында өзіндік орны бар прозалық
жанрлардың бірі. Ол ертегі сияқты кең тараған жанрға жата
ды. Оның себебі—қазақ болмысындағы, көшпелі-бақташылық
тұрмыстағы рухани әрі танымдық талап пен қажеттілігі екені
сөзсіз. Мұндай жағдайда ауызша әңгіме тұрмыс-салттық қана
емес, қоғамдық та мәнге ие болады. Қоғамдық мағынасы бар
әңгімелер тыңдаушыларға қажетті мәлімет берумен қатар,
оларды ойландырады, бірте-бірте олар алғашқы пайда болған
ортадан, автордан алшақтайды, өзінше өмір сүреді, сөйтіп, қо
ғамдық сананың фактісіне айналады. Міне, осындай әңгімелер
ді фольклорға жатқызады.
Ауызша әңгімелер көбіне шын деректерден құралады. Олар
ды оқиғаға қатысқан, иә басынан өткен, немесе сол оқиғаға куә
болған адамдар айтады.
Қазақтың ауызша халық әңгімелерінің пайда болу жолдары
әртүрлі. Олар—көбіне көңіл көтеретін емес, қайта үйренетін
және танып-білу түріндегі әңгімелер. Кейде есіне ерте кездегі
оқиғаларды сақтап, белгілі бір шын, немесе ойдан шығарыл
ған дерекке сүйенеді. Ауызша әңгімелер халықты өмір сүру
ге, өмірдің құнын түсінуге, жақсылыққа, қайырымдылыққа
үйретеді, халықтың тарихымен, еліміздегі оқиғалармен таныс
тырады, зұлымдықты әшкерелейді.
Халық прозасы жанрларының ішінде ұлттық көрініс ауыз
ша әңгімелерде басымырақ байқалады. Көптеген соны сюжет
тер сонда кездеседі. Кейіпкерлердің мінез-құлқы, география
лық ортасы, халық көңілін көтеретін сауық пен күлкі, көркем
нақысты сөз құралы және ең негізгісі, ерекше тақырып, міне,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
осының бәрі ауызша әңгімелердің ұлттық айқын көрінісінің
басты белгісі болып табылады. Ауызша әңгіме ұғынып-түсі
нудің тамаша үлгісі бола отырып, халық өмірінің әртүрлі жағ
дайларынан хабардар етеді (еңбек, достық, махаббат, айтыс-
тартыс, рулық және ру ішіндегі ұрыс-талас, шапқыншылық,
ауыртпашылық, арғы ата-бабаларының істерін, халық батыр
ларын еске түсіру).
Халық әңгімелері халықтың тарихын, адамдар мен ұрпақ
тың тағдырын білу үшін керек. Табиғаты жағынан халықтың
ауызша әңгімесі—өте өміршең жанр, сондықтан онда халық
өмірінің барлық жақтары қамтылады. Мысалы, өтіп жатқан
той кезінде әртүрлі қызықты оқиғалар еске түседі, бірнеше
күнге созылатын бораны бар қатты қыста, суық күндерде өткен
уақыттағы ауыртпашылықтар туралы әңгімеленеді.
Ауызша әңгімелер қоғамдық сананың бір түрі болып та
былатындықтан, өзі пайда болған уақыттың ғана емес,
сондай-ақ өмір сүріп, елге тарап, айтылып жүрген, яғни пайда
болғаннан кейінгі дәуірдің әртүрлі сипаттары мен белгілерін
(әлеуметтік және этникалық) сақтайды әрі бейнелеп көрсетеді.
Әңгіменің фольклорлық жанр ретіндегі қасиеттері: ауыз
ша орындалуы, оқиғалылық, сюжеттің динамикалық дамуы,
жағымды кейіпкер мен ғибраттылығы, тарихи негіз, кейіп
керлер мен әңгімеші қолданатын сөйлеу тілінің ұйқастырыл
ған өлеңге жақындығы, сөйлеу тілінің ерекшелігі, белгілі бір
композициясының болуы олардың фольклорлық айналым
дағы ерекшелігі тұрғысынан танылады. Фольклордың басқа
жанрлары сияқты қазақтың ауызша әңгімесінің де өзіндік
композициялық құрылысы бар. Ауызша әңгімелердің алдын
да экспозициясы, яғни бастама бөлімі болады. Әдетте, әңгімеші
әңгімесін алдымен оқиғаның қай жерде, қай уақытта, кіммен
болғанын немесе кімнен естігені туралы баяндайды.
Экспозициядан кейін оқиға басталады. Бірақ қазақтың
ауызша әңгімелерінде кей жағдайларда оқиғаның басталуы
экспозициямен дәл келуі мүмкін. Мұндай жағдайда сюжет
бірден өріс алады. Ауызша әңгіменің түйіні оқиға басталатын
жерде туындайды. Әңгімеші ситуацияның бастапқы жіпте
рін жинай бастайды. Мақсат пайда болып, оқиғаның бағыты
белгіленеді. Бұл жерде сюжеттік желінің жекелеген элемент
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
тері араласады, сосын оқиға шапшаң дами түседі. Бұл—оқиға
басталатын шекара. Шағындау ауызша әңгіменің композиция
сын қарастырайық:
«Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы
ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп
отыр екен.
—Балалар, аман ба?—депті де, елемей, өздері сөйлесе бе
ріпті.
Сырым жолдасына дауыстап:—Жүр кетейік, бұлар бізді
адам деп отырған жоқ қой!—дейді. Малайсары жалт қарап:
—Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Сырнайдай сайраған мына бала кім еді?—дейді.
—Ата тұрып, ұл сөйлесе—ер жеткені болар,
Ана тұрып, қыз сөйлесе—бойжеткені болар,—дейді Сырым.
—Сен толған екенсің, мен болған екенмін,—деп Малайсары
Сырымды қасына шақырған екен.
Ауызша әңгіменің фабуласы оқиғаның тез дамуын және
оқиғаға кейіпкердің енуін талап етеді. Баяндауды созу, оқи
ғаны түбегейлі сипаттау, пейзажды суреттеу оған тән емес.
Оқиғаны табиғи дамыта отырып, әңгімеші баяндауды жайлап
күрделендіре түседі. Оқиға өрістеудің шыңына жетеді. Бұл
шың шарықтау шегі болып табылады. Мұнан кейін оқиғаның
аяғы—шешілуі болады.
Ауызша әңгімелердің композициясының соңғы элементі
эпилог болып табылады. Сонымен бірге ауызша әңгіме тек
өзіне ғана тән мінез-құлқы бар жеке адамға назар аударады
және өмірдің маңызды мәселелерін көтереді. Сөйтіп, әңгіме
деп баяндау түріндегі шағын прозалық шығарманы айтамыз.
Тақырыбының өзгешелігі мен құрылысының толықтығы, оқи
ғаның мақсатқа бағыттылығы немесе кейіпкердің уайым-қай
ғысы, бейнеленген заттар мен құбылыстардың табиғи, сенім
ді пропорциялары болуы да ауызша әңгімені жанр ретінде
мінездейді.
Бұрынғы әңгімелерде өмірдің ащы шындығы бейнеленеді.
Халықтың мұң-мұқтажын, арманын, байларға деген ашу-ыза
сы мен күресін бейнелейтін әңгімелер өмір сүруін тоқтатпай,
дамып отырды. Халық оларды тыңдап, ұзақ уақыт бойы есте
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
сақтап, ауыздан-ауызға таратып отырды. Әңгімелерден сол
кездегі уақыт ағымын, халықтың дүниетанымын сезуге бола
ды. Кей әңгімелер өзінің көркемдік түрі жағынан қанша әлсіз
болса да, тарихи танып- білерлік материал ретінде құнды болып
табылады. Тарихи анықтық, нақты шындық—міне, осылар
өткен ғасырлардағы әңгімелердің сапасын білдіреді.
Ауызша әңгіме бірнеше рет қайталанған соң, тұрақты түрге
ие болады, сонымен қатар фольклорлану процесі кезінде олар
өзі түскен ортаның ерекшелігіне қарай қайта жөнделеді, әр
түрлі өзгешеліктерге ие болады. Әңгімелердің құндылығы сон
да: олар—ұлттық фольклор ішіндегі ең ширақ қимылдайтын,
қоғамдағы, не жеке өмірдегі оқиғаларға бірінші болып баға
беретін жанр, яғни ауызша әңгіменің негізгі белгісінің бірі
оның шапшаңдылығы болып табылады. Фольклордың басқа
жанрларына қарағанда ауызша әңгіме қандай да бір оқиғаға
негізделіп туындайды. Болған оқиғаны бейнелеп шығады.
Тарихта белгілі, атақты адамдардың көбінесе ауызша әңгіме
лерде бейнеленуі, міне, сондықтан. Оқиға болып кеткеннен
кейін бірден туындаған ауызша әңгімелердің фольклорлық
өмірі көп жағдайларға байланысты. Егер әңгіме өмір ағымына
сай келіп, әрі қызықты болса, кең тарап, халықтың жадында
жақсы қалады. Олардың мазмұны өзектілігімен, қоғамдық
маңыздылығымен, көпшілік сұранысымен ерекшеленеді.
Фольклорлық әңгімеде ең бастысы—сюжеттің тұрақтануы.
Ауызша айтылып, ауызша өмір сүретін болғандықтан, оның
сюжеті негізгі оқиғаны сақтаса да, түрленіп отырады, нұсқа
лар туғызады, оны әдеби әңгімеден бөлектеп тұратын да—осы
айырмашылықтар. Ауызша орындалу мәнері де оны әдеби
жанрдан ерекшелендіріп тұрады.
Көпшілік назарын өзіне аударушылық—ауызша әңгіменің
тағы бір маңызды ерекшелігі болып табылады.
Ол әрқашан әңгімешінің өміріндегі, не құбылыстағы ерекше
маңызды оқиғаларды бейнелеп, сол ортаның талап-талғамына
сай болуы керек. Ауызша әңгімелер, әдетте, ел арасында аты
шыққан адамның жеке өміріне қатысты ғана емес, сонымен
қатар белгілі бір жаңа қоғамдық өзгерістерге байланысты да
туып отырады. Олар тек өз заманын бейнелеп қана қоймайды,
соған қоса оқиғалар мен оған қатысушыларға баға береді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Әңгіме жанрына жататын шығармалар көбінесе шынайы
шындықты бейнелейді, нақты бір сюжетке құрылады. Әңгі
менің құрылымы көп ретте қарапайым, есте қалуға лайықты
болып келеді. Осының арқасында әңгіме ел арасында жиі ай
тылып, фольклорлық циклге түседі, сөйтіп, көпшілікке кең
тараған сюжетті әңгімеге айналады. Әр орындаушы өз әңгімесін
айтады. Бірақ естіген әңгімесінің негізгі сюжеті мен мағынасын
сақтап, басқа компоненттерді өзінше өрнектейді. Кейде халық
әңгімелеріндегі шын дерек белгілі бір жағдайға байланысты
ойдан шығарылған сияқты болады. (Мысалы, соғыс кезіндегі
ерекше операциялар, партизан тойлары).
Әңгіменің негізгі мазмұнын есте сақтап қалу үшін арнайы
дайындықтың керегі жоқ. Егер әңгіме шынымен қызықты бол
са, онда тыңдаушы әңгіменің мазмұнын есіне тез сақтап қалып,
басқаларға да әңгімелеп береді. Және естіген әңгімесінің көр
кемдік қасиеті қаншалықты екеніне аса мән бермейді. Бұл
жерде әңгіме мүлде көркемсіз болады деген ой жоқ. Мәсе
ле—әңгіменің атқаратын қызметінде және оның айтылу мақ
сатында. Егер әңгіме тыңдаушыларға белгілі дәрежеде бір
мәлімет беру мақсатында айтылса, яғни танымдық қызмет
атқарса, оның мазмұнына көңіл бөлінеді, әңгімеші сюжетті
әрлеуден гөрі, нақты баяндауды мақсат тұтады.
Ауызекі әңгіме бекерден-бекерге айтыла салмайды. Оны
айту үшін белгілі бір жағдай, яғни әңгімені тыңдайтын алқа
топ қажет. Сонда ғана әңгімелер айтылады. Және әңгіменің
жанрлық сипаты әңгімешінің шеберлігіне қатысты ашылады.
Мұндай шығармаларда фольклорға тән басты қасиеттер көрі
ніп, әңгіме сол дәстүрдің аясында болады. Оның басталуы, сю
жеттік дамуы, шарықтау шегі, шешімі болады, әрі оқиға әсер
лі баяндалады. Ал әңгіме белгілі дәрежеде көркем беріліп, оны
ең бір мықты орындаушы, әңгімеші айтып берсе, бірақ оның
мазмұны қызықсыз болса, онда ол әңгіме өзінің тыңдаушыла
рын таппай, ұмыт болады. Себебі тыңдаушыға өнердің аумағы
тек бір әдемі сәтпен шектеліп қоймайды. Оқымысты емес, жай
қарапайым адам ретінде өмірде, табиғатта адамды не қызықты
рады—соның барлығы тыңдаушының да ықыласын тудырады.
Ауызша әңгіме фольклор жанрының негізгі категория
ларын да иемденеді. Фольклорлық әңгіме көркем шығарма
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
ретінде қабылдану үшін ондағы айтылып отырған оқиға көп
ретте тыңдаушылары тыңдап отырған уақыттан бұрын бол
ған жағдайды баяндайды. Ол үшін әңгіме тұрақталған сюжет
ке ие болып, шығармалардың әртүрлі мазмұнына тән қасиет
бойынша кейіпкердің бейнесі, мінез-құлқы өз ерекшеліктері
мен берілуі керек. Тек жылдар өткен соң ғана ауызша әңгі
мелер фольклордың шығармалары бола алады. Әңгіме халық
талқысынан өтіп, оның санасында өмір сүреді. Көпшіліктің
көңіл-күйі мен пікірін білдіретін нағыз халықтың шығарма
сы ауыздан-ауызға тарап, ұзақ жыл өмір сүреді. Қызықсыз,
көркемдігі мен танып-білетін белгілері жоқ әңгіменің өмірі
қысқа.
Ауызекі әңгіменің тақырыбы әр алуан болып келеді. Ол ха
лықтың өмірі, тұрмыс-салты, тарихы, жергілікті әдет-ғұрпы,
кәсібі секілді әртүрлі саланы қамтиды. Әр тақырыптағы әң
гіменің өзіндік кәсіпшілік және қоғамдық ерекшелігі бар.
Оның тақырыбы әңгіменің айтылып отырған жағдайына бай
ланысты болады. Айталық, аңшылар демалып отырып, әңгіме-
дүкен құрса, олардың әңгімесі көбінесе аңшылық туралы бола
ды. Ал жиналған топ өздерінің жас кезінде көрген-білгенін сөз
қылса, әңгіме тақырыбы соған сәйкес болады. Демек, әңгіме
ден сол топтың, әңгімешілердің, күллі жұрттың талғамын, ой-
арманын байқауға болады. Әңгіме дереу тыңдаушының алдын
да айтылуы керек. Сол жағдайға байланысты әңгіме мазмұны
қызық па, жоқ әлде айтушының өзінің беделі ме, сол сюжет
көпшілікке керек пе, міне, мұның бәрі—әңгіменің сипатын
айқындайтын нәрселер.
Кез келген әңгіменің фольклорлық сипатын айқындау оңай
емес. Ол үшін белгілі бір белгілерді ұстанған дұрыс. Мәселен,
фольклорлық сипаттың басты белгісі—әңгімедегі оқиға айту
шының өзінен де, сөз болып отырған адамдардан да қол үзіп, өз
бетімен өмір сүріп, ел арасында айтылуы.
Әңгімешінің қабілеті мен қасиетіне, оның қай жанрға бейім
ділігіне байланысты әңгіменің тақырыбы мен құрылымы жа
салады. Әңгімеші әңгімені жай айтып қоймайды, ол онда өзінің
оқиғаға қатысы бар екендігін айтады, оны өзінше сипаттай
ды, әңгімеге кірген белгілі бір жағдайға байланысты өз пікірін
қосады.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Әрине, әңгімешінің тіл байлығы неғұрлым мол болса, со
ғұрлым оның естелік-әңгімесі де қызықты және құнды болады.
Әңгімеші өз көзімен көрген, өзі басынан кешкен оқиғаларды
баяндап қоймайды, сондай-ақ ол өзгеден естіген әңгімелерді де
шертеді. Мұндай жағдайда әңгімеші өзгеден естіген әңгімені
де өзінің әңгімесіндей етіп айтуға тырысады. Ал, егер әңгімеге
арқау болған оқиға оның құрдасы немесе өзімен қатарлас
адамның басынан өткен болса, онда айтушы әңгімеге түрлі әзіл-
оспақ қосып айтуы ғажап емес.
Ауызша әңгімелердің қалыпқа түскен қорытындысы бол
майды, әр әңгімеші оны өзі жасайды. Ауызша әңгімелерде
баяндау көбіне бірінші жақтан айтылады. Ертегі, аңыз, хи
каят секілді ауызша әңгімелер де бір немесе бірнеше эпизод
тан тұрады. Әңгімеші жалпы оқиғадан тыңдаушыға өз өмір
баянының ең қызықты сәтін, ең мағыналы эпизодын алады.
Жалпы, ауызша әңгімеге сырлы сезім онша тән емес. Олар
дың негізгі міндеті—оқиғаны дәл, анық көрсетіп, кейіпкер
лерді бейнелеп шығу. Ауызекі әңгімелердің кейіпкерлері—
негізінен өмірде болған адамдар. Олар өз есімдерімен аталады.
Оқиғаның болған жері мен географиялық атауы көрсетіледі.
Бірақ олар әңгімеде қалай болса солай көп қолданылып, жиі
қайталанбайды, яғни әңгімені географиялық атаулармен, сан
дармен, жеке аттармен күрделендірмейді. Ауызша әңгіменің
ықшамдылығы—сюжетіне байланысты. Оған да фольклордың
басқа жанрлары секілді өмір сүру заңдылықтары тән. Ауызша
әңгімелердің екінші ерекшелігі—баяндаудың ықшамдылығы.
Мәтіндердің көпшілігіне нақты құрылым, бір эпизодтан екінші
эпизодқа логикалық ауысу тән.
Бір ауызша әңгіменің ел арасында түрліше қолданыста бо
луы мүмкін. Әңгімеші бір мәтінді әр жерде түрлендіріп ай
татыны бар. Оны әңгіменің құрылымынан да, стиліндегі өзге
рістерден де, жекелеген бөліктердің түсіп қалуы немесе жаңа
эпизодтардың қосылуынан байқауға болады.
Нұсқалардың пайда болуы—көптеген жағдайларға бай
ланысты. Алдымен, оны әңгімешінің өзі жасайды. Өзінің ай
тып отырған әңгімесіне деген тыңдаушылардың ынтасын,
қызығушылығын сезсе, әңгімеші өзі де әсерленіп, әңгімесін
одан сайын қызықты ете түсуді ойлайды. Сөз арасында, тіпті,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
өлең, мақал-мәтел, жұмбақ, т.б. қосып отырады. Алайда кей
де сол әңгіме қызықсыз, іш пыстыратындай, әсерсіз айтылуы
мүмкін. Бұл әңгімешілердің, тыңдаушылардың көңіл-күйіне
де байланысты болады.
Мәтіннің негізі шын деректен, реалды оқиғадан, нақты
кейіпкерлерден жасалуы керек, әрі дарынды әңгімешілер қа
рапайым ғана қысқа да ықшам әңгімесінде оқиғаны дәл, нақты
бере отырып, бір оқиғаның өрбуін анық, айқын көрсетеді.
Әңгімеде кейіпкер мен эпизод шағын болады. Мысалы, бір сю
жеттен тараған төрт нұсқалы мына әңгіменің үшеуін қарас
тыралық:
«Кебекбай шешен үйі күзгі қорада отырғанда мынадай
бір оқиға болады. Түн ортасында иттер арсылдап жүрген соң,
Кебекең далаға шықса, екі көкжал қасқыр бос қорадан түк
таппай, арсалаңдап жүреді. Ертеңгі ас үстінде ол ауылдас
тарына: «Жеті күн елден, жеті күн жерден күнелткен қас
қырлар қорама келіп, мал таппағанына бір ұялдым-ау!»—деп
ті. Тыңдап отырған ағайындары: «Сіз қасқырдан ұялсаңыз, біз
сізден ұялдық»,—деп, қырық-елу қой жиып беріпті1.
«Қыпшақ Досбол би кедей болыпты. Мал дәметіп, бай құ
дасына барады. Қонақта отырғанда құдасы биден:—Ешкімнен
жеңілдің бе?—деп сұрайды. Сонда би:—Жоқ, жеңілгенім жоқ,
тек екі рет ұялдым,—депті. Бірде—қасқырдан, екінші рет—
сенің қызың, менің келінімнен. Ерте тұрып, қотанда жүр едім,
бір қасқыр қотанға шауып кірді де, маған тілін жалаң-жалаң
еткізіп, өте шықты. Сонда ұялдым, жаңағысы «Досболдың
қотанын шауып, құрауыз шықтым-ау!»—дегені еді.
Келінім түскен соң, мал келгенде шелек алып, қотанға кі
ріп барған ғой. Басқа қатындар: «Бидің үйінде мал болмайтын,
шырағым, қайта ғой»,—депті. Келінім шелекті құр әкелген соң
ұялдым,—депті2.
«Күздің күні Бірәлі бай Сейдахметке соқса, ол кісі жабыр
қаулау отыр екен.
—Неғып отырсыз?—депті Бірәлі.
—Ұялып отырмыз,—депті Секең.
—Неден?
1 Әзірбаев К. Аңыздар сыры. – Астана, 2000. – 52-б.
2 ӘӨИ қолжазба қоры. №1058-бума.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Ит үргенге ертеменен сыртқа шықсам, қорамнан екі қас
қыр шығып келе жатыр екен. «Бізден қай малыңды қызған
дың?» дегендей, екеуі отты көзімен қарады да, жөнеле берді.
Жауыз болса да, келген қонақтың үйімнен құрауыз шыққаны
ұят болды,- депті Сейдахмет.
—Жарайды, Әлімжанды жіберіңіз,—деп, бай он қой бөліп
қойған екен.
—Енді бұны қалай айдап кетесің?—депті бай.
—Әкем айтып еді: «Алдыңа қой салса, айдататын атын да
берер,—деп.
—«Сөз тапқанға қолқа жоқ»,—деп, Бірәлі бай ат мінгізген
екен»3.
Міне, орындаушы автор ауызша әңгімелерді түрлендірген
де тұрақтылықты сақтай отырып, шексіз мүмкіндіктер жа
сай алады. Осылайша сюжеті бір әңгіменің бірнеше нұсқасын
салыстырсақ, мынадай ерекшеліктерді көруге болады: олар
көркемдік сапасы тұрғысынан бірдей болмайды. Ол көлемі мен
қатысушы кейіпкерлерінің құрамы жағынан да әртүрлі. Бір
әңгімеші болған оқиғаны толық баяндап, тіпті, ұсақ бөлікте
ріне дейін көрсетіп, кейіпкерлердің бейнесіне дейін суреттейді.
Ал, енді бір әңгімеші оқиғаға егжей-тегжейлі тоқталмай, тек
нақты, дәл деректерді келтіреді. Ауызекі әңгімелер неғұрлым
халық көп жерлерде жиі-жиі айтылса, соғұрлым ықшамдалып,
тұрақты түрге ие болып, фольклорлық шығармаға айналады.
Халықтың өз өмірінің ерекше құрылысына байланысты
аңыз бен ауызша әңгімелердің өзара араласып кеткені сонша
лықты—кейде, тіпті, оларды ажырату өте қиынға түседі. Бұл
туралы С.Қасқабасов еңбегінде былай дейді: «Бара-бара бұл
әңгіме басқа тайпаға, бүкіл аймаққа тарайды, жай ғана тарап
қоймайды, неше алуан өзгеріске ұшырап, басқа бір детальдар
мен толықтырылып, әсемделіп отырады. Бастапқы айтушының
(әңгіме кейіпкерінің) аты да, айтылу ситуациясы да ұмыты
луы мүмкін, бірақ сюжет—негізгі оқиға сақталып отырады.
Ендігі айтушылар оқиғаны өзіне қатысты қылып немесе өзіне,
көпшілікке қажетті жағдайға байланысты етіп айтуы ықтимал.
3 ӘӨИ қолжазба қоры. №1059-бума.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ Енді алғашқы әңгіме басқа жанрға көшеді. Ол—аңыз я болмаса хикая болуы мүмкін»4. Бұл жерде екі заңдылық байқалады. Біріншісі—ауызша пайда болған сюжеттің тұрақталып, фольклорлануы мен фольк лорлық процеске түсуі, ал екіншісі—осы процестің барысын да әңгіменің аңызға айналып кетуі, яғни әңгіме мен аңыздың жақындығы. Рас, қазақтың ауызша әңгімелерін таңқаларлық және таңғажайып белгілері бар әпсанадан, хикаяттан айыру жеңілірек. Әңгіме көптеген қасиеттерімен аңызға жақын. Рас, аңыз сияқты, әңгіме де шындықты, нақты өмірді бейнелейді. Аңыз дан айырмашылығы—әңгіме қоғамдағы не жеке өмірдегі бір ерекше жағдайды баяндайды. Әдетте, әңгімеші өз басынан кешкенін немесе замандасымен болған оқиға жөнінде айтады. Егер әңгіме халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байла нысты оқиғадан алшақтап кетсе және әр алуан қоспаларға жол берсе, аңызға айналады. Алайда әңгіме аңызға айналғанымен, ол айтушының шыққан ортасы мен тұрған жерінің өзіндік белгісін бойына сіңіріп, содан хабар береді. Фольклорлық белгілері бар ауызша әңгімелердің бәрі бір дей аңызға жата бермейді. Себебі аңыз қазіргі болып жатқан жайды емес, баяғы өткен уақытта болған жайттарды әңгіме лейді. Аңыз бен ауызша әңгіменің айырмашылығы онда бері летін уақытқа да байланысты. Аңыздағы уақыт—ертеде өткен шақ, ал әңгімедегі мезгіл—онша алыс емес кезең, тіпті, қазір гі әңгімеші, яки орындаушы өмір сүріп отырған дәуір болуы да ықтимал. Құрамында аңыздың немесе ертегінің белгілері бар шығармаларда шындықты реальді бейнелеу ме, әлде ойдан шығарушылық па—соны нақты анықтап алу қажет. Әңгіме фольклорлық жанр ретінде оның синкреттілік қа сиетін қабылдауына байланысты ертегінің, хикаяның да элементтерін бойына сіңіре алады. Мұндай жағдайда мәсе ленің барлығы әңгімешінің баяндау шеберлігіне байланыс ты: оның мағлұматының тереңдігі мен көп білетіндігіне, көп оқығандығына және тілдік қорының байлығына тікелей қа 4 Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1984. – 13-б. 2-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
тысты болады. Ертегілік элементтер әңгімеге көркемдік пен
қызықтылық бере отырып, түпкі шындықтан айтарлықтай
алшақтатпайды.
Ауызша әңгімені ертегіден айыру қиын емес, өйткені ертегі
қиял-ғажайып, авантюралық, фантастикалық мазмұндағы сю
жеттерден тұрады. Ертегінің мазмұны, оның сюжеті мен идея
сы қиялға құрылған, бұл ауызша әңгімеге тән қасиет емес.
Әңгімеде оқиғаны шын бейнелеуден ауытқушылық байқал
са, оның негізі фантастикалық сипатқа ие болса, ол шығарма
кейбір шын тарихи деректері болса да, ертегіге жатады. Ауыз
ша әңгімеде кейіпкерді көркем бейнелеу үшін кейде ертегі
сияқты сөйлеу әңгімеге көркемдік, қатысушы кейіпкерлерге
ғажайып мінездеме, баяндауға әдемілік дарытады. Мұның
бәрі әңгімелерді есте сақтап, әрі қарай ауызша таратуға зор
мүмкіндік береді.
Қазақ халқы билердің көрнекті шешендік сөздерін де зер
деге түйіп, ауыздан ауызға тарата отырып, фольклордың игі
лігіне айналдыра білген.
Мысалы: Ертеде бір байдың жалғыз қызы—Ақбалық сұлу
толықсып, бойжеткен шағында мырза, серілердің бірін де бойы
на теңемей, кедейліктен басқа міні жоқ, өз үйінің жас қойшысы
Қозыбаққа ғашық бопты. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалық
ты жылатпай, өзінің сүйгеніне қосыпты. Ақбалық төркінінен
түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыс
танған ру басшылары Қаздауысты Қазыбекті шақыртады.
Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне
кеп түсе қалады. Қозыбақ қойын жусатып тастап, үйіне жаңа
келген екен. Қазыбек би амандық үстінде Ақбалық сұлуды
қағытып:—«Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимәнді
сөзден не мән шығады? Жапалақ үйрек іліпті, өйткенмен, одан
не мән шығады?»—дейді. Ақбалық сұлу осы арада мүдірмей
тіл қатып:—«Рас, мәнді сөзден мән шығады, бимәнді сөзден
не мән шығады? Жапалақ үйрек ілгеніне таңырқайсыз, оның
енді бір қоңыр қаздан дәмесі бар!»—дейді биге күлімсірей
қарап. Қазыбек қыздың қойшыны шын сүйгеніне риза болып,
намысқой ақсақалдарға:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ —Байлық мұрат емес, Жоқтық ұят емес, Теңін тапқанды текке бер, Қосағымен көгерсін!— деп тоқтатып кетіпті»5. Осы әңгіменің сюжетіне ұқсас, Сырым батыр жайлы ва риантында оқиға былай болады: «Сырым тағы бір жол сапарында жолдастарымен бір үйге келіп түсе қалады. Бұларға сый, құрмет көрсетіп жүрген келіншектің сүп-сүйкімді түріне, әдептілігіне іштей толқып отырған Сырым: —«Шіркін-ай, мына келіншектің күйеуі қандай екен, дү ниедегі армансыз жандай ма екен?»—дегендей ойда отырады. Кешікпей көзге қораш, егде тартқан бір адам кіреді. Келіншек тің күйеуі сол екенін білген Сырым: —Мәністің де мәнісі бар, Мәнсіздің мәніспенен не ісі бар? Құладын қу іліпті Япырай, оның не әдісі бар?— деп, жолдастарына сұрақ қойғандай болады. Бұл тұспалды тү сіне қалған келіншек: —Мәністің де мәні бар, Мәніссіздің де мәніспенен бір ісі бар. Құладын қу ілсе, әдісі бар, Тағы да бір аққу құстан дәмесі бар,— деп, күйеуінің мәніссіз емес екенін айтқан екен»6. Келтірілген екі мысал бір қарағанда, шешендік сөз болып көрінеді: екеуінде де басты кейіпкер қазақтың әйгілі шешенбилері—Сырым мен Қазыбек, екеуінде де билердің ақылды лығы мен әділдігі дәріптеледі. Алайда, осыған қарамастан, бұл екі шығарма шешендік сөз емес. Бұлар—бір сюжетке құрылған 5 Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелері. Құрастырғандар: Б.Кенжебаев, Н.Төреқұлов. – Алматы, 1963. – 29-б. 6 ӘӨИ қолжазба қоры. №1057-бума.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР фольклорлық екі әңгіме. Біріншіден, мұнда екі қайраткердің есімінен басқа тарихи немесе нақты дерек жоқ. Екіншіден, әңгімелердің сюжеті біреу-ақ, бірақ Қазыбек туралы әңгіменің сюжеті біршама орныққан, тұрақталған, фольклорлық сипатқа ие, сол себепті онда фольклорға тән басталу, оқиғаның өрбуі мен аяқталуы бар. Үшіншіден, екі әңгімеде де барлық халықтың фольклорында кездесетін «ұтымды жауап» және «ақылды қыз» мотивтері жақсы баяндалған, демек, екі әңгіме де фольклорлық циклден өткен. Оның үстіне бұл сюжеттің басқа да нұсқалары бар7. Рас, олар көбінесе новеллалық ертегілерде кездеседі, тіпті, эпостық шығармаларда да ұшырасады8. Яғни тарихи тұлғалар туралы прозалық фольклор тек тари хи аңыз емес, сонымен бірге ауызша әңгімелер түрінде де бо лады. Олар белгілі бір оқиғаға байланысты туындайды. Бірақ оқиғаның түрі, жағдайының баяндалуы, сондай-ақ құрылымы да түрлі болып, бірте-бірте нұсқалар қалыптасады. Ауызша әңгімелердегі оқиғалардың тарихи дұрыстығына пікір айту қиын. Уақыт өткен сайын бастапқы оқиғадан қа шықтап, ойдан шығарылған эпизодтар мен жағдайлар қосы лып, кейде алғашқы реалды негізінен алшақтап кетеді. Тари хи деректер мен кейіпкерлердің әрекет ететін орындарынан жылжуы байқалады. Бұл жерде ауызша әңгіменің аңызға, әпсана-хикаятқа айналуы байқалады. Мұнан біз әңгімелердің ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыру процесі кезінде белгілі бір контаминацияға ұшырайтынын байқаймыз. Талдауға алын ған мысалдардан әңгіменің тарихи түрі анықталады. Жетпіс үш сюжеттен тұратын барлығы 216 мәтінді қарастыру бары сында әңгімелердің мемуарлық (өмірбаяндық, естелік) және новеллалық, анекдоттар деген түрлері бар екендігі анықтал ды. Қазақ әңгімелерінің ішінде мемуарлық және новелла лық түрлері ерте кезден бар, ал анекдот кейінгі кезеңде пайда болған. Мемуарлық әңгімелер көп жағдайда естелік сипатында болады. Сөз болып отырған оқиғаға қатысқан, оны көзімен 7 Қазақтың би-шешендері. Құрастырғандар: Н.Төреқұлов, М.Қазбеков. – Ал маты, 1993. – 94-б. 8 «Аяз би», «Жиренше мен Қарашаш», «Мұңлық-Зарлық» тәрізді шығар малар.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
көрген адамның әңгімесі бірнеше рет қайталанып, тұрақты бір
сюжетке айналады, содан соң фольклорлық процеске түседі:
әңгіме естелік сипатынан алыстайды, алғашқы айтқан адамы
нан қол үзеді, әңгіме айтылып отырған ортаның ерекшелігіне
қарай жөнделеді. Мысалы, 1916 жылғы көтеріліске қатысты
әңгімелер, Ұлы Отан соғысы туралы әңгімелер осындай процес
ті бастан кешірген. Бұл—фольклордың нағыз өмірі. Оны зейін
қоя зерттеу тек қана фольклортану ғылымы үшін маңызды
емес, сонымен қатар елдің тарихына қатысты деректерді, мә
дени өмірдің қызықты сәттерін қамтуы арқасында ғылымның
басқа салалары үшін де қажет.
Естеліктер мен өмірбаяндар көбінесе бірінші жақтан айты
лады. Егер әңгімеші шебер болса және тыңдаушылары қоштап
отырса, ол оқиғаны асықпай, дамыта отырып, ара-арасында,
кей тұстарда лирикалық шегіністер де жасайды, тіпті, кей эпи
зодтарды өз алдына жеке әңгімеге айналдырып жібереді.
Әдетте, естелік әңгімелерді көргені мен түйгені көп, әр
жерде болып, көп елмен араласқан, сөзге жүйрік, тілі ше
шен адамдар айтады. Әңгімедегі оқиғалар мен сюжеттер тек
көпшіліктің сұранысы болған жағдайда ғана фольклорлық
айналымға кіреді. Белгілі бір ортаның тұрақтанған фактісі бол
майынша, естелік әңгіме фольклорға айналмайды. Фольклор
ға айналғанның өзінде естелік әңгіме міндетті түрде эстетика
лық мақсат көздемейді, сол себепті ол түгелдей дерлік көркем
болмайды. Өмір сүріп отырған ортасында қоғамдық маңызы
бар кейбір әңгімелердің сюжеті тыңдаушыны да, әңгімешіні де
бірдей қызықтыруға тиіс. Ал, егер естелік әңгіме көпшіліктің
сұранысын, я талабын орындамаса, ол әңгіме, айтушы кім
болса да, ол қандай шешен болса да, фольклорлық циклге
түсе алмайды. Сондықтан да естелік әңгімелер, егер сейілдік
мақсатта айтылмаса, көркемдігі жағынан айтарлықтай жоғары
болмайды. Мұнда бейнелік, яғни астарлық көркемдік әдістер
көп қолданылмайды.
Әдетте, новелла терминін шындық белгісі бар шағын про
залық шығармаға қолданады. Ал новелла сияқты ауызша
әңгімелер деп белгілі бір оқиға, тұрмыс, адам жөнінде шағын,
бас-аяғы жинақы баяндауды айтамыз. Жанрдың бұл түрі та
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
рихи және өмірбаяндық әңгімелерге жақын, ұқсас, себебі жал
пы ауызша әңгімелерге тарихи мен өмірбаяндық белгі тән. Бір
әңгімелерде бұл белгі айқынырақ көрінсе, екіншісінде әлсіз бо
лып келеді.
Ал новеллалық әңгіме тарихи әңгіме мен өмірбаяндық
әңгіменің аралық түрі болып табылады. Жанрдың бұл түріне:
сықақ, күлдіргі, тұрмыстық, аңшылық әңгімелер жатады. Оның
тақырыбы алуан түрлі және сюжеті қарапайым, қысқа. Оның
оқиғасы бірден іс-әрекетті баяндайды, кейіпкерлері аз. Ауыз
ша әңгімелердің бұл түрінің негізгі ерекшелігі—тұрақталған
сюжет пен айқын композициялық құрылым. Өмірбаяндық
әңгімеге бірнеше эпизод тән болса, новеллалық әңгімеде—бір
эпизод. Новеллада мысалға келтірілген бір дерек немесе эпи
зод арқылы белгілі немесе белгісіз кейіпкердің бейнесі, тарихи
жағдайы суреттеледі. Мұнда маңызды тарихи оқиға не тарихи
адамдар, немесе әңгімешінің өміріндегі тамаша деректерден
гөрі, өмірдегі белгілі бір қызықты жағдайлар мен оқиғалар
жөнінде жиі баяндалады. Әңгіменің назары тек бір жағдайға,
тек бір кейіпкерге бөлінеді. Сонымен бірге новеллалық ауыз
ша әңгімеде әңгімеші өзінің шеберлігі, ептілігі арқылы болып
жатқан көптеген оқиғалар ішінен ең керектісін, мағыналысын,
ең даулы жағдайларды таңдай білу керек.
Тұрмыстық әңгімелер әртүрлі мамандықтағы жұмысшы
лар мен ауыл адамдарының Қазан төңкерісіне дейінгі және
кейінгі өмірі мен еңбек жағдайларын баяндайды. Әңгімеде өт
кен өмір мен қазіргі өмірді салыстыру кездеседі. Кейбір тарихи
тақырыптағы әңгімелерде қиын тағдыр баяндалады. Әлеумет
тік теңсіздік пен қанаушылыққа қарсы күрескен халық батыр
лары ойда қайта жаңғырады.
Новеллалық ауызша әңгімелерге жататын күлдіргі, сықақ
әңгімелердің көбінде шын фактілер мен шын кейіпкерлер бей
неленеді. Олардағы баяндау жандылығымен, еркіндігімен,
күлкілі, көңілділігімен ерекшеленеді.
Мысалы: «Тілеміс қырғыз манабының үйіне келсе, өзі жоқ
екен. Әйелі қара құмғанмен шай қайнатып жатады. Ақ са
маурын төрде жарқырап тұрады. Тілеміс түк көрмегендей
жағасын ұстап:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
—Әсияш-ау, анау не зат?—депті. Әсияш күліп:—Ол са
мауыр ғой, қоқи, бұрын көрмеген бе едіңіз? Тілеміс таңырқа
ған болып:—Қойыңыз, самауыр деген осы ма? Суды қалай
құяды, отты қалай жағады, шайды қалай қайнатады?—депті.
Мақтанған Әсияш самауырға суды құйды, отты жақты дей
ді.—Қазақта мұндай жоқ па?—депті ол. Тілеміс:—Жоқ, біздің
атақты Ноғайбайға да мұндай зат біткен емес,—деп қойды
Тілеміс. Ақ самауыр шайына қанып алып, «ал, қош» деп жүріп
кетеді. Ертеңіне манап келсе, әйелі ішек-сілесі қатып күледі:—
Үйге бір қазақ келді, әлі самауыр көрмепті,—деп, бастан-аяқ
көргенін айтып береді. Сонда манап санын бір соғып:
—Қап, құдай ұрған, ол Тілеміс болар. Сені масқаралап кет
кен, оның көрмегені жоқ еді ғой,—депті9.
Күлкілі әңгімелер орынды айтылса, еңсесі түсіп, не қайғы-
қасіретке тап болып отырған отбасының бір мезгіл көңіл
көтеріп, сергуіне әсер етіп отырған. Күлкілі әңгімелерді айту
арқылы әлсіздің әлдіге кеткен ренішін, әділет жолындағы
күресін жұртшылыққа жеткізе білген.
Қазақ фольклорындағы әзіл-қалжың, күлкілі сөздер алдын
ала дайындықпен айтылмай, шешен, тапқыр адамдардың түр
лі бас қосулардың үстіндегі әңгімелесу барысында туындап
отырған. Сөйтіп, орынды айтылған қалжың әңгімелер, күлкілі
сөздер ешкімнің арына-намысына тимей, тәрбиелік мәнімен
есте қалып отырған. Дегенмен де, күлкілі сөздер, әзіл-қалжың
дар кей уақыттарда есе қайтару, жұртшылық алдында қарсы
адамды ұятқа қалдырып, оның дүниеқоңыздығы, қаттылығы,
сонымен бірге жылауықтығы жұртшылық арасында сыналып,
мінеліп отырған.
Бұлардың шеберлік, өткірлік, тапқырлық күйлеріне қарап,
сол әңгімелерді шығарған ортаның талантын, өнерпаздығын
тануға, бағалауға болады. Осы әңгіменің барлығын ел іші
әр заманда да, жаппай әңгіме қылатын, көпшілік ортасын
да ешуақытта ескірмей, көп заман бойында ұмытылмайтын,
жойылмайтын әңгіме болып келген. Мәселен, ертеректе өмір
сүрген, тіпті, қазір де халық арасында кездесетін белгілі, жер
гілікті қулардың күлкілі іс-әрекеттері, күлдіргі сөздері ту
ралы әңгімелер ел арасында көп кездеседі. Олар арнайы зерт
9 Әзірбаев К. Аңыздар сыры. – Астана, 2000. – 101-б.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
телмегендіктен, бәрі Қожанасыр, Алдар көсе, Жиреншенің
атына телінуде.
Әрі «бәленше, түгеншелермен» қоса, Қожанасыр, Алдар кө
се аттары да қосарлана айтыла береді. Бір жерде күлдіргі әң
гімені айтып отырған адам осы әңгіменің иесі өзі сияқты бо
лып, көсілтіп, тыңдаушыларын күлкіге бөлеп отырса, екінші
бір жерде Қожанасыр немесе Алдар көсе атынан айтыла бе
реді. Күлдіргі әңгіменің тыңдаушыларын әбден масайратып
алғаны сондай, «бұл әңгімені анау айтты, мынау айтты, не Ал
дар көсенің сөзі ғой» деп, ешкім қарсылық жасамаған. Қайта
«Ой, пәле!» деп, қоштау сөздер көбірек айтылғанда, сөзге шебер
әңгіменің иесі қолма-қол күлдіргі әңгімелердің басқа түрлеріне
көшіп отырған.
Бұл әңгімелер халықтың мақсаты мен мүддесін, аңсары мен
арманын, өнегелі шындықты, қайғы-қасіретті, ренішті, мұңы
мен тілегін, әділет жолындағы күресін, күнделікті тіршілік-
тұрмысын тұтас, түгел қамтып отырады.
Алдар көсе—ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық
образы. Ол өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп
отырады. Оның юморының уыты, ащы күлкісі халықтың қас
жауы болған элементтерге—байлар мен билерге, алыпсатар
аярлар мен қуларға, молдалар мен бақсы-балгерлерге қарсы
бағытталған. Оның бұл әрекетін бұқара халық айыптамайды,
қайта құптап, қошеметтеп отырады.
Қазақ фольклорында Алдар көсенің өмірде болғанын, қай
заманда өмір сүргенін, әлеуметтік қызметін дәлелдейтін тари
хи дерек жоқ. Тек кейбір аңыздарда ол ХІV-ХV ғасырда жаса
ған. Жиренше шешенмен замандас адам бейнесінде көрінеді.
Бұл жөнінде М.Әуезовтің мынандай пікірі бар: «Алдар көсе
әңгімесінің жеке-дара, өз басына келсек, ең алдымен, мұның
әуелгі туған заманын дәлдеп айтуға болмайды. Пәлен ғасырда,
пәлендей қоғам ішінде туды деп, бір дәуірді байлап айту қиын.
Алдар көсенің өз туысы, өмірбаяны туралы да ешбір мөл
шер, дерек жоқ...»10.
10 Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1948. – 94-95-бб.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
Алдар көсе күлкісінің түрі мен құрылысындағы өзгеше
ліктеріне қарасақ, күлкілі жағдай ең әуелі адамның атында
тұрғанын байқаймыз.
Алдардың әлеуметтік мән-мағынасы күшті, оның бейнесін
де нағыз қарапайым халықтың образы сомдалған. Ел қиялы
Алдар көсенің басына көп оқиға мен әрқилы әңгімелерді теліп,
көптеген сюжетті соның маңайына топтаған. Алдар көсенің
аты сондықтан жеке-дара ат емес, жалпы ат болып кеткен. Ал
дар көсе жайындағы әңгімелердің бір зор ерекшелігі осы. Мұ
ның алғашқы, ерте кезде шыққан бір топ әңгімесін сүйіп, көп
қолданып кеткен ел бері келе берген сайын, сол алғашқыға қоса
берген.
...Алдар көсе туралы әңгімелердің негізгі тақырып, маз
мұнын алсақ, бұл көпшілік бұқара қалың еңбекші ел санасы
нан туған шығармалар11. Сондықтан Алдар көсенің бойына
елге жағымды, ең қажетті қасиеттер жинақталған. Соның ар
қасында ол үнемі жұртты алдаймын дегендердің өзін алдап,
жер қаптырып кетеді.
Алдар жөніндегі әңгімелерде күлкі өте ащы, өйткені олар
көп уақыт қоғамдағы тартыстың құралы болып келді. Және
бұл құрал, бұл күлкі—өлмес елдің өшпес күші. Сондықтан ол
үнемі жаңғырып, өсіп, көбейіп отырады. Сол себепті де қазақ
аңыз әңгімелерінде Алдарды өлді деп айтпайды. Алдар аты—
күлкі аты, күлкіге өлім жоқ. Ендеше сол күлкі өшпейтіндей
Алдар да өлмес жан бейнесінде әңгімеленеді. Қазақ әңгіме
лерінде Алдардың тууы туралы айтылады, бірақ өлімі айтыл
мауының мәні осыдан.
Енді сөзіміз дәлелді болу үшін Алдар көсе туралы әңгімеден
мысал келтірейік:
«Алдар көсе бір байдың үйіне қонақ болып түсіпті. Оның
байда өші бар екен. Бай Алдар көсенің неге келгенін білмейді.
Қонақ кәдесімен күтіп алады. Алдар көсе түн ортасында тұрып,
байдың тауықтарын қапқа салып қояды. Таңертең ерте тұрып,
кетуге ыңғайланады. Орнынан тұрмай жатқан бай оған:
—Әлі ерте емес пе? Әлі тауық та шақырған жоқ, қайда
барасың?—дейді.
11 Сонда.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР Алдар көсе: —Шақырмаса, жолда шақырар,—деп кете береді. Таң атқан соң бай неге шақырмады деп қараса, тауықтары жоқ екен. Сон да байдың есіне қонағының айтқан сөзі түседі. «Шақырмаса, жолда шақырар» дегені осы екен ғой деп, өкініп қалыпты. Осыған ұқсас мына бір әңгімені алалық: «Болат деген—ақындығымен қатар, тілге жүйрік, сөзге шешен, әзілқой қуақы болған адам. Бір жылы Болат алысқа жолаушылап бара жатып, бір ауылға келіп, лұқсат сұрап қон ған екен. Жатарда үй иесіне айтыпты. Мен «тауық шақыра жүремін» депті. Салқынмен жүргісі келіп жатқан қонақ бір ұйықтап, қайта ояна беріпті. Атын суарып келіпті, шақырар тауық болмапты. Ағашта қонақтап отырған тауықтан әтешті ұстап, сөмкесіне салыпты да, үйге келіп, қамшысын іздепті. Үй иесі оянып: «Қонақпысың?»—дейді. —Иә, мен, жүргелі жатырмын,—дейді. Үй иесі:—Тауық шақыра жүремін деп ең ғой, ертерек емес пе?—депті. —Шақырса, шақырар, шақырмаса, жолда шақырар,—деп жүріп кетіпті Болат. Үй иесі ертеңгісін біліпті әтешті алып кеткенін. Мысалға келтірілген ұқсас екі әңгіменің алғашқысында Алдардың бейнесі—зілді, ауыр, қатыгез. Оның іс-әрекеті ар найы мақсатқа құрылған, мұнда кездейсоқтық жоқ, қулығы, алдауы әдейі. Күлдіргі әңгімелерімен атағы шартарапқа тараған Қожа насыр тарихта болмаған адам тәрізді. 1960 жылдары Қожана сыр мәселесін шұқшия тексерген К.Дәулетовтың пікірінше, са тиралық қожа бейнесі—Күншығыс халықтарының өмірінде болған бір ұлы оқиғалар дәуірінде, елеулі бір тарихи кезеңде, атап айтқанда, Иран мен Орта Азия халықтарының халифатқа қарсы күресі тұсында халықтың өзі жасаған, өзі тудырған бейне12. Қожанасыр әңгімелерінің бар қасиеті, ең қызығы—соңғы түйінінде, көбінесе Қожаның өз аузынан айтылатын тапқыр, шешен сөзде жатады. Сондықтан әңгіме түйінінің әрі қысқа, ықшамды, әрі ойнақы, тапқырлықпен айтылған сөз болып шығуына көп көңіл бөлінеді. 12 Қараңыз: Қожанасыр әңгімелері. Аударған: Т.Әбдірахманов. –Алматы, 1965. – 7-б.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер сонау Атланти
ка жағалауынан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі елдерге кең
тараған. Көп халық Қожаны өз адамы, өз Насыры санайды.
Тек айырмасы—бір ел Насырды «қожа» (ұстаз, ғұлама ғалым
деген мағынада) деп қошеметтесе, екінші бір ел «молда» (бұл
да алғашқы мағынада) деп атап, үшінші бір ел «әпенде» деп
еркелетеді. Қай жерде жүрсе де, Қожанасыр сырттай қараған
да, аңқау жан бейнесінде көрінеді, бірақ, шынтуайтқа келген
де, әлгі аңқаулықтың арғы жағында ащы мазақ, терең қулық
жатқаны байқалады. Қожа әрқашан-ақ ерегескен адамын жер
соқтырып кетіп отырады.
Қожанасыр туралы әңгімелердің сюжеттері әдетте бір ғана
(кейде екі, үш) қысқа, тұжырымды, оқиғалық логика прин
ципі бойынша біріккен, ықшам эпизодтардан құрылады. Әуе
лінде түрлі кейіпкерлердің аттарымен байланысты айтылып
жүрген бұл әңгімелер кейіннен ел арасында Қожанасыр аты
мен байланысты айтылатын болған. Бір жерден екінші бір
жерге, бір халықтан екінші халыққа ауыса келе Қожанасыр
туралы әңгімелер тобы ел ішінде өзге кейіпкерлердің аттары
мен байланысты айтылып жүрген әңгімелердің кішігірім топ
тарын өзіне сіңіре берген.
Қожанасыр туралы әңгімелер халық арасында кең тарап,
сюжеттік қоры байи келе, Қожанасыр бейнесі де күрделене
түскен. Ол енді әрі фольклорлық, әрі тарихи кейіпкерлердің
сипаттамаларын бойына жиған бейнеге айналады. Қожанасыр
бейнесінің бірде қу, бірде ақкөңіл, ақылды, бірде аңқау, бірде
ақымақ, бірде жомарт, бірде сараң болып көрінуінің сыры
осында жатыр. Қожанасыр туралы әңгімелердің басым көпші
лігі—нағыз халықтық, бұқаралық шығармалар.
Көптеген әңгімелерде де Қожанасыр қала тұрғыны болып
көрсетіледі. Оның іс-әрекеті—шаһар өмірінің көрінісі, ал адам
дармен қатынасы—даладағы қазақы емес, қаладағы өте тығыз
отыратын адамдардың өзара қатынасы, оның тіршілік алаңы—
көп жағдайда базар, немесе көше, яғни адам көп жиылатын, я
болмаса ары-бері көп жүретін орын.
Сонымен бірге Қожанасыр кейбір қазақ әңгімелерінде
өзінің таза қалалық сипатында емес, дала тұрғындарына тән
қазақи мінез-құлық та көрсетеді. Демек, Мұхтар Әуезов айт
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
қандай, Қожанасыр туралы әңгімелерге «әрбір ел өз ерекше
лігін білдіргендей жаңалықты бір қосса, әрбір орта және де
өз белгілерін көп жамаған13. Осындай процеске түскенінің
нәтижесінде Қожанасырдың бойында дала тұрғыны, көңілі
ақ, кеңпейілді қазақи қасиеттер мен қалада тұратын, барлық
нәрсені есеппен істейтін, бір бүкпесі ішінде болатын адамның
мінез-құлқы араласып кеткен де, қазақ әңгімелерінде бір
де өте аңқау, не болса, соған сенетін, бірде өте қу, айлалы
Қожанасырдың бейнесі қалыптасқан. Сол себепті қазақтар
Қожанасырдың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан ешбір бөтендік,
я болмаса сөкеттік көрмейді. Оның аңқаулығы білімсіздігінен
емес, сенгіштігінен, адалдығынан екенін білетін айтушылар
мен тыңдаушылар, бүкіл қазақ жұрты Қожанасырды еркеле
тіп, «әпенді» деп атайтын болған. Тіпті, мұндай адамдарды
«Қожанасыр» деп те атаған. Басқаша айтқанда, Қожанасыр
дың есімі жалпылық сипатқа да ие болған.
Ондай күлдіргі адамдар әр жерде болғаны белгілі. Мысалы,
Қарқаралы дуанындағы Қонтай, Тонтай деген Шаншардың
қулары, сондай-ақ Жетісудағы Жалайыр Тұрымбет атты қу—
ел арасындағы көптеген күлдіргі әңгімелердің кейіпкерлері.
Новеллалық әңгімелердің тағы бір түрі—аңшылық әңгіме
сі. Ол әңгімелерде табиғат құбылыстары жөнінде, аң мен құс
тар жайлы, оларды ұстаудың мәнісі туралы пайдалы кеңестер
беретін, аң аулауда болған қызықты, күлдіргі әңгімелер
ді кездестіруге болады. Мысалы: «Жаз шілдесінің орта кезі,
қасымда он бір-он екі жасар Тұрар бар, мен тауға еліктің текесі
кездессе, соны атып, ол болмаса, бір серуендеп келейінші деп,
таң қараңғысынан бір қосауыз, бір сыңарауыз мылтықпен
тауға қарай келе жаттық. Ауылдан біраз жер жүргеннен соң
Тұрарға: «Тоқта»,—дедім. Көне мерген Белқожа осы араларға
келгенде бізді неше рет тоқтатып, қатар тұрғызып, әдейі осы
келе жатқан жолда мергендердің қандай жолмен жүруі керек
екенін ескертіп, әбден түсіндіріп, сонан соң мылтыққа оқ сал
дырады. Мылтықты келе жатқан жаққа қарай жоғары ұстап
тұрып, оқтататын. Біз де Тұрар екеуміз қос сайдың ортасымен
көтеріліп, жотаға шығып, таң сәрісінде көлеңке сай бойына
13 Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы, 1948.– 97-б.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕ
түскенше екі сайдың екі басын екеуміз қарап шығайық деп
келістік. Межелі жерге уақытында-ақ жеттік, бірақ ешнәрсе
селт етпеді. Әсіресе, менің алдымнан. Көлеңке тік аяқтың ба
сына келгенде, біз орта жотаның кеуде өр жағындағы үлкен
жартастың алдында кездесуіміз керек-ті. Осы уәде бойынша
мен де сайдан орта дөңге көтеріліп, өрге қарай шығып, жар
тас алдына жақындай келсем, алдымда үлкен жалпақ тастың
үстінде отырған Тұрарды көрдім де: «Ә, жігітім, олжа!»—
дедім. Ол күлді де: «Бағана мылтық оқтаған жерде айттыңыз
ғой, Белқожа мерген ұстазыңыз «жазында аң аулау ләзім емес,
тіпті, обал, өйткені бұл—жануар, ғайып ерен ит-құстар да тегіс
балалайды, сондықтан оларды өлтірмеу керек» деп айтқан. Сол
сөзіңіз есіме түсті де, мен бір ешкі, жас екі лағымен жақсы ата
тын жерге кеп еді, атпадым, сіз ренжиді екен деп»,—деді.
...Осы жерде бір сағаттан артық отырып, дем алып, жота
ны төмен жоталай отырып, жолай екі кекіліктің қоразын атып
алдық та, сайдың табанына түстік. Сай табанында ағып жатқан
су бар екен. Осы судың екі жағасына тола тал аралас әртүрлі
шөп шыққан. Қайсыбір жерлерінде қамыс бар. Біз бір талдар
дың түбіндегі тастарға көлеңкелеп отырып, демалдық та. Тұрар
бір кекілікті, мен бір кекілікті жұлып отырдық. Жүнін жұлып,
ішін жарып, тұз сеуіп, отқа қақтайық деп.
Бір уақытта Тұрар: «Ойбай, аға, ана сұмдықты қараңыз
шы!»—деп күледі. Біз ағысқа төмен қарай отырғамыз. Сайдың
оң жағында бір кішіректеу тас, осы тастың қақ алдында бір
шоқ қамыс, жаңағы кіші жартастың түбіне шейін. Осы тастың
ең төбесіне жақын сай жағы тік жар, оның үсті тепкішекке
ұқсайды. Ол тепкішек үсті үңгір, оның үсті—тағы тас, ол тас
тың үсті—дөң жер. Міне, осы тастың шетінде, бір кішірек тас
тың үстінде жылқышы торғайға ұқсас бір қараторғай шиқыл
дап отырды.
Мен Тұрардың жақпар тасты нұсқап, «ананы қара» дегеніне
жақпар тасқа қарасам, осы тасқа өрмелеп бір жылан басын
көтеріп, тастың тепкішегіне бір қарыстай жетпей, басы түсіп
кетіп тұр. Осы жылан басын көтеріп, тепкішекке көтерілген
де жаңағы қараторғай шырылдап кеп, осы жыланды жұтып
қойғандай болады да, тағы да бір аянышты «атой-аттан» де
ген үндей бір шырылдайды. Осы кезде мен Тұрарға айттым:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР «Ана сыңарауызды ал да, ана жыланды ана тасқа өрмелеп бара жатқанда тепкішектен бір қарыс төмен ал да, ат»,—дедім. Бір уақытта жылан тағы тепкішекке қарай жорғалап, басын көтеріп, тепкішекке жеткізе алмай жатқанда, Тұрар атып жі беріп еді, жылан ирелең етіп, шоқ қамыстың ар жағына жоқ болды. Жыланның жерге құлағанын көрген жаңағы қараторғай дереу үн-түнсіз тепкішекке келіп қонады да, біраз отырып, бір байсалды, көңілі жай тапқандай үнмен қоңырлатып, ысқы румен өзінің шүкіршілік деген үнімен ән салды да, тепкішекке кірді де, онда біраз уақыт болып, тағы шығып, осы тастың ал дына қонып отырып, енді Тұрар екеумізге ұзақ уақыт ән салып бергендей болады»14. Қорыта айтқанда, әңгімені ауызша айту әңгіме мен оның желісін тұрақтандырады, олардың түрленуін тудырады. Әң гіменің жасалуына, оның поэтикалық тәсіліне және одан әрі қарайғы дамуына әсер етеді. Сонымен әңгіме деп біреудің немесе қауымның өміріндегі бір ерекше жағдай туралы баяндауды айтамыз. Әуесбаева Пакизат Теңізбайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент 14 Турсунов Е.Д. Легенды, предания и бытовые рассказы о животных в си стеме казахского повествовательного фольклора // Казахские сказки о живот ных.—Алма-Ата, 1979. – С.73-74.
1. ЖАНАТЫН ТАС
Қазіргі Қарағандыдағы ескі қаланың орнында қалың қа
раған өседі. Сол қарағанның ішінде соңында екі-үш тазысы
бар, бір байдың Апақ деген қойшысы қой жайып жүреді. Бір
кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса, бір суыр
қашып бара жатыр екен дейді. Тазылар тұра бастыртады, бірақ
суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді екен. Ол күні күн
кешкіріп қалғандықтан суырдың інінің аузын таспен бекі
тіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады.
Сол жолы суырды қазып ін түбінен көмір шыққан екен дейді.
Әуелде Апақ оның не екенін білмейді...
«Қара бояу ма» деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып ке
ліп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу
болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар
да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған
отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады.
—Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй
тас та емес. Не екенін бір Алла өзі білсін,—деп отырғанда, бір
тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды.
Отырғандар:
—Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!—деп шу ете қалы
сады. Басқалар да қолдарындағы тастарын отқа салады. Әлгі
тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде «бұл жәй тас емес,
жанатын тас болды» деседі. Ертеңінде-ақ сол «жанатын тас»
туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан
Апақты бір төре іздеп келген дейді. Апақ әлгі төреге тасты
Қарағанды өндірісінің
тарихына байланысты
әңгімелер
3-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Апаққа ат тұяғындай алтын,
қой тұяғындай күміс берген екен. Қарағандыдағы тұңғыш рет
ашылған «Қаразабой» деген шахта сол Апақтың көмір тапқан
жерінен ашылған дейді.
2. ЖАЛАУ ЖАНЫНДА АЙТЫЛҒАН ӘН
Менің 16-17 жастағы кезім. 1901 жылдың күзі. Әкем мар
құм шақырып алды да:
—Шырағым, Жақан, жасың болса 16-17-ге келіп қалды.
Үйдегі күнкөріс қарекетімізді көріп отырсың, тапқанымыз та
мағымызға жетпей отырғанын. Жұрт мынау іргеміздегі Екі
басқа ағылып барып жатыр. Онда жұмыс істеп ақша тауып жат
қан көрінеді. Бала-шағалар мен шешең ауылда отыра тұрсын.
Екеуміз Екібасқа барайық, жұмыс істеп ақша табайық—деді.
—Жарайды, әке!—дедім мен.
Әкеміз екеуміз Екібастұзға келдік. Келсек біз секілді жұмыс
іздеп келушілер өте көп екен. Тіпті, бала-шағаларымен шұ
бырып келушілер де бар екен. Келгендерге бірден жұмыс табы
ла қойған жоқ. Жұмысқа түспегендерге үй де бермейді. Тіпті,
бұрынғы орнықты жұмысшылардың өздерінің үйлері де жоқ
екен. Сондықтан үйсіз, азықсыз, қорғансыз қалған босқындар
күні-түні далада жатты. Жонды алып кетті. Кешкілікте от ба
сында айнала отырысқандар ауыр күрсіне отырып қайғылы
әнге салатын еді. Соның нәбір жері ғана есімде қалыпты:
Келдік біз Ерейменнің даласынан,
Қашқан көп ағайынның жаласынан.
Қамалдық Екібасқа барша халық
Ағылған Ертіс, Баян саласынан.
Жазылар күн болар ма біз сорлыға,
Денеге салған өмір жарасынан.
О, шіркін дүние десейші?! Нені көрмедік? Нені естімедік?
Жиналған халықты жұмысқа бүгін аламыз, ертең аламыз деп,
күзгі суық түскенше қамамасы бар емес пе? Ақырында жұмыс
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
қа да қалтасында пұлы бар адамдар ғана алынды. Қалғандары
қар түсе бет-бетімен шұбырып кетті. Сондайды да көргенбіз.
3. ҚЫСҚЫ ҚЫЗЫЛДАРДА
Менің жасымды сұрасаң, жетпіс сегіздемін. Көргеніміз көп
болғанымен, білетініміз аз болар. Қайсы бірі есте қалды дейсің.
Соқпақсыз соқтықпалы жерде өстік,
Өмірде азап сапар талай кештік*,—
деп Абай айтқан емес пе?! Әкеміз кедей болды. Асырауға халі
келмеді. Төрт баланың (Әбеу, Әубәкір, Мақажан, Сыздық)
ішіндегі үлкені мен едім. «Он үште отау иесі» дейді халық. Мен
он үшін жасымнан бастап осы Қарағанды кенінде кіре тарттым.
Ол кездегі осы өңірдегі халықтың кәсібі сол еді.
Ең алғаш әкем марқұм мені бұрынғы кәнігі кірекештерге
тапсырып қосты. Көкалабас деген атанымыз болатын, ірі мық
ты, аяңшыл жануар еді. Нілдіден мыс зауытына көктас таси
мыз. Пұтына төрт тиын төлейді. Әлгі менің түйем 70 пұтқа
дейін іркілмей қозғалады. Бірақ сол кезде қолға ұстата салатын
ақша жоқ. Қолына қағаз береді. Мен төрт рет қатынадым. Қо
лыма тиген ақша жоқ. Мен жүрген қостағы біреуге 80 пұтқа
дейін тартатын Жазылы атан деген түйесін жалдаған Бәсентиін
Қалует деген кісі ақысын алуға келген екен. Елге қайтып бара
жатқан сол кісі арқылы әкеме мынадай деп хат жаздым:
—Иә, әке, қабыл болғай берген батаң,
Сенгені бір үйлі жан Көкала атан.
Көк тиын әлі алғаным жоқ
Білмеймін қожайынның түрі қатаң,—
деп. Аяғын ұмытып та қалыппын. Әкеміздің парсыша сауаты
бар еді. Бір қатынасқан кісіден мынадай жауап алдым:
∗ Қолжазбада өлең жолы осылай өзгертіліп берілген.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Қарағым, айналайын, жаным балам,
Азайған несібесі әлсіз бабаң.
Сөзіңе «рақымсыз мырза» деген
Күдіксіз ешбір оған мен де нанам.
Қаламаса ешбір жағдай оған сенер,
Ақыңды дұрыс санап бермесе егер.
Өксітпе өміріңді, қарашығым,
Деп отыр анаң дағы «қайтып келер».
Жауыздар сорлыларды әсте арбаған,
Бақалшы, сәудегерлер жұрт алдаған.
Тәлкесу кіре тартқан бола алмады,
Тілейік күнкөрісті бір Алладан.
Ақша орнына берген талон бойынша қожайынның лавка
сынан қант, шай, сіріңке және шешемнің тапсыруымен ақы
реттік бөз сатып алып, ауылға қайттым. Бірақ ол кезде қайда
барып күн көресің. Қайта сол Қарағандыға барып тығылдық.
Тағы да кіре тартумен айналыстым.
Есейе, ысыла келе ұзақ сапарға шығатын болдым. Мыс за
водында қорытылған мысты Қызылжар тартатын болдық. Бі
рақ қысқы жол қауіпті де болатын еді. Қыс ішінде 150-200-деген
түйемен мыс тартқан керуен қарлы жолдарда талай далаға да
түнейтін еді. Түйемізді шөгергенде астына қорда орнына төсеп
қоятын садақ төсенішіміз, үстінде боса да жылы жабуы бола
тын. Қар үстіне шөгерілген түйені ықтай сауырына тығыла өзі
міз паналаймыз. Қысқы қызылдарда талай түйе ұшып өлсе, та
лай адамдар үсіп те жатушы еді. Түбі Барғана еді, аты есімде
жоқ, бір жігіт үсініп аяқ-қолынан айрылды. Суық тиіп, кем қа
дам-қайыршы болып кетті. Соның мына бір зарлы әні есімде:
—Үсінді сол аяғым мұжық болды,
Сол қолым жаны кетіп, о да солды.
Қу маңдай домаланған мен бір бейбақ,
Табармын күн көрерлік қайдан жолды?
Ақыры сол жігіт қайыр сұрап кетті. Зауыттан ақша, лавка
дан зат алуға келгендерден:
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Жасы үлкен аға-іні, құрбы-құрдас,
Ойыммен ойы бірге әмсе мұңдас.
Болса егер қалдырыңдар қайыр-зекет,
Бұрынғы көз көргендер, жақын сырлас,—
деп, өлең айтып қайыр-зекет сұрайтын еді. Азапты көп кештік.
Қорлықты көп көрдік. Бірақ қайсыбірін айтып тауысарсың...
1904-1905 жылдары ғой деймін, әйтеуір, менің жиырма
жасқа келген кезім. Рязанов кетіп, Жұмабек төре арқылы Қара
ғандының ағылшын байларының қолына ауысқан кезі. Ағыл
шындар Рязановтан да қатал келді. Ақшаның орнына «ақ та
лон» деген пәле шықты. Нілдіден әкелген көктасты зауытқа
өткізерде өлшейтін. Одан тағы да жейтін болды. Ол туралы мы
нандай өлең айтатынбыз:
Ағызып аязды күн көзден жасты,
Шанамен біз тартамыз ауыр тасты.
«Боқат» деп бір ұстаса, герьден екі
Қымқырған есепшінің қылығы асты.
Біз дағы талай қиғылықты салушы едік. Есепшілер мен қо
жайындарды үйлерінен суырып алып сабайтын кездеріміз де
болатын.
4. ҚҰЛАҒЫМ НЕГЕ КЕМ БОЛДЫ?
Қазіргі Қарағандының Ескі қаласында Костенко атындағы
бақшаның күншығысында 70-80 метрдей жерде қос қабат по
ликлиника үйі бар. Сол үйдің артында поликлиниканың бір
бөлімшесі рентген кабинетіне айналған аласа үй тұр. Сол үй
осы Қарағандының ескі қожаларының бірі, ағылшын байы—
Хорбатель дейтіннің үйі. 12 бөлмелі үйде әйелі, өзі және қызы—
үш-ақ адам тұратын еді.
Менің бала кезім. Кешке жақын мен қатарлы балаларды
жинады. Кейде біріміз бен бірімізді күрестіреді. Кейде шашы
ұстарамен қырылған жалтыр бас балаларды шақырып алады
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
да бірімен бірін сүзістіреді. Күресте кім жықса, оған шет тиын*
береді.
Шегініп келіп қойысқан бастардың жарылғанын, болмаса
кейбіреулерінің талықсып қалғандарын талай рет көргеміз.
Дәл өзім сүзіскенде талайдың басын жарған едім, тіпті айта
берсең, одан өліп те қалған балалар болды. Бір ретте Шегебай
дейтін бала сондай сүзуден қаза болды. Бір баламен екеуі сүзісіп
кеп берді. Күрс-күрс соғысады. Бір кезде Шегебай және онымен
төбелесуші бала шегініп келіп ұрысқанда, Шегебай ұшып кетті.
Құлаған бетте Шегебайдың басы жерде жатқан тасқа соғылды.
Сөйтсе, тас самайдан тиген екен, тіл тартқан жоқ.
... Күрестіруді, сүзістіруді қойып енді жұлқыма деген ойын
шығарды. Кішкентай табуретканың үстіне күміс тарелкеге
ылғи шет тиындарды салып қояды. Кімде-кім өз құлағын Хор
бательдің ұстаған қолынан жұлып әкетсе, шет тиынын ала
ды. Өзіміз күнінде құлағымызды жұлдырып, кейде төрт шет
тиын, кейде сегіз шет тиынын алып та кететінбіз... Көп балалар
«құлағым-ай, құлағым-ай» деп жылап та жататын.
Кейде Хорбатель:
—Мұнікі құлақ та, бас та мықты,—деп құлақтан жоғары
көтеріп-көтеріп қоятын.
Бір күні топ балалардың ішінен мені шақырып алды да,
құлағымнан мықтап ұстады. «Егер жұлып кетсең, екі шет тиын
беремін» деді. Бұрынғыдай емес, бұл жолы қолына ақ биялайы
бар. Олай жұлқимын, бұлай жұлқимын, жоқ, бұрынғыдай емес,
босатпайды. Анадай жерде балалар мазақтап күліп тұр.
«Ал, ал, бәлем!» деп табалаушылардың да даусы естіледі.
Не болса, ол болсын деп бар күшіммен жұлқа тартып жөнелдім.
Босатпады... Жұлқып шығып кетсең, шет тиын береді, ал боса
на алмай қалсаң, ол өз білгенін істейді... Албарында төрт төбет
иті болатын еді. Маңайласқан адам болса, алып тастайды. Сол
иттер тұрған албарға мені кіргізіп жібермесі бар ма?! Бірақ ит
тердің аузы тұмшаланған екен. Кісіні тістей алмайды. Арсыл
дап келіп ұмтылады. Тұмсықтарымен нұқып қалады. Әй, зәрем
кетті-ау!..
* Бір тиынның төрт бөлігінің бірі.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Кешке үйге келе-ақ ауырдым. Бас көтертпейді. Құлағым
түбі шыңылдап, шекем дуылдайды. Құлағым содан зақым тау
ып, сол құлағым естімейтін болды.
5. ЖЫҒЫЛҒАН ҮСТІНЕ ЖҰДЫРЫҚ
Кейін сол Хорбатель басқарған «Юнский» шахтасында ша
нашы болып істедім. Қазіргі жас шахтерлерге «шахтада шана
шы болып істедім» деген сөз біртүрлі жат естіледі. Біз ол кезде
қара жерге көмір тиелген шана тарттық, еңбектің ең ауыр зар
дабын шектік.
Жұмыста мерзімді уақыт болмайтын. Шахтаға таң қараң
ғысынан түсіп, одан қас қарая шығатынбыз. «Юнский» шах
тасының бастығы Хорбатель байдың қолында қайқы қайың
таяғы болатын. Ол көңіліне жақпаған жұмысшыны осы таяқ
пен ұрып жіберетін.
Жұмыс киімді, құрал-сайманды өз жалақымызға сатып ала
тынбыз. Онда киім дейтін киім де жоқ еді, аяғымызға киетіні
міз шәрке болатын. Жер астындағы тізеден келетін суда біраз
жүргеннен кейін шәрке былбырап, оның ешқандай лыпасы
болмай қалатын. Дертке шалдықпаған жұмысшы кемде кем-ақ
болатын.
Бір күні жұмысқа түсейін деп тұрғанда, Хорбатель мені
шақырып алып:
—Баламды жегулі атпен серуенге шығарып келесің,—деді.
Қарашолақ ат жегілген жеңіл арбаға Хорбательдің кішкене
баласы екеуміз отырып алып, тартып бердік. Көргені жаман
ерке бала арба қатты шайқап кетсе болғаны, ағылшын тілінде
міңгірлеп, мені балағаттап қояды. Ақөр дейтін жерден төмен
түсіп зымырап келе жатқанымызда, арба аударылып кетті.
Бала да, мен де анадай жерге ұшып түстік.
Сол күні үлкен пәлеге қалдым. Хорбатель баласын жығып
алғаным үшін мені таяқтың астына алды. Және айып салып,
екі апталық жалақымды ұстап қалды...
Бір күні пештен стволға қарай вагонетка сүйреп келе жат
қанымда, екі вагонетка соқтығысып, қапылыста қолым сы
нып қалды. Осы кезде Хорбательдің қайдан кез болғанын
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
білмеймін, «жығылған үстіне жұдырық» дегендей шекемнен
таяқпен салып-салып жіберді. Талып қалыппын. Қасымда жан
жоқ еді. Шығыс штректе жұмыс істейтін Елегенов Етекпай де
ген жұмысшы жұмыстан шығып келе жатып, менің соққыға
жығылып жатқанымды көріпті. Әлуетті жігіт еді, мені арқалап
қыр үстіне шығарды...
Ол кезде таңның атысы, күннің баттысы жұмыс істегенде
күніне алатынымыз 20 тиын ғана. Ішсек асқа, кисек киімге
жарымайтын едік. Бірақ жұмысшылар да олардың қара құлы
болып отыра берген жоқ. Тіпті ұйымдасқан түрде талай рет жұ
мысқа да шықпай қойдық. Төбелес те, жанжал да жасадық...
6. ЕСТЕ ҚАЛҒАН ЕКІ ОҚИҒА
Менің әкем Ахан Дүйсенұлы—бүкіл өмірін осы Успен
руднигінде жұмысшылықпен өткізген адам. Ұзақты күн жүріп
жұмыс істегендегі табысы шиеттей жеті бала мен қарт анамыз
ды асырауға жетпейтін. Жеті баланың ішіндегі ең үлкені—ме
нің өзім 1892 жылы ғана туғанмын. Бір біздің үй емес, барлығы
да нашар тұратын еді. Жоқшылыққа төзе алмағандықтан ғой
деймін жұмысшылар қожайындармен ойбайласып-бойбайла
сып төбелесіп жататын-ды.
Адам жас уақыттағысын ұмытпайтын көрінеді ғой. Күні
бүгінге дейін көз алдымда көрініс беріп, есімнен кетпейтін екі
оқиға бар, оның бірі мынау.
1905 жылдың күзі, қаңтар айының бас кезі. Жоқшылық
зардабын шеккен осы Успеннің жұмысшылары бір күні тік
көтеріле жұмысқа шықпай қойсын. Жұмысқа тек қазақтар ға
на емес, орыстар да шықпай қойды...
Біз онда жаспыз. Менің 13-14-тегі ғана кезім. Ондай жан
жал түгілі, әлі жұмысқа да түсе қоймағанмын. Кәзірде тірі
Күржебайдың Сембегі, Тышқамбайдың Аманбегі сияқты ба
лалар жиналып алып алыстан ғана төбелестің қызығын қа
рап жүрміз. Бір кезде күллі жұмысшы жиналды. Жиналған
жұмысшылар лек-легімен қожайынның үйіне қарай ағылып
барады. Қожайынның тастан салған үйін жиналған жұрт қор
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
шап алды. Қоршаудың ішінде даң-дұң сөз. Оның не сөз екенін
де білетін біз жоқ...
Ең алғаш бұл Успен руднигінде қызыл жалау сонда ғана
желбіреді. Көтеріліс басталғаннан кейін бір күн рудник кан
торының ең биігіне қызыл шүберек байланған ұзын сойылды
қадап қойды. Біз онысы не екен деп таңғалып жүрміз. Сөйтсек,
онымыз қазіргі қызыл ту екен ғой.
Сол жолы жұмысшылар қожайынның дүкендерін өз бетте
рімен ашып, керек нәрселерін қолымен алған ғой. Әй, балалар
да конфетке бір тойды-ау!
«Сол көтеріліске қатысты, қожайынға қарсы тұрды» деп
менің әкем Ақанды, Көшкенбайдың Ысқағы, Аманбектің Аға
ламы сияқты бірнеше кісілерді жұмыстан шығарып тастады.
Сол ереуілді басқарушы Топарнин дегенді Успеннен мүлде
қуды. Оның өзін көрдік. Ол кезде қырықтың шамасындағы
адам сияқты еді. Ұзын бойлы, қошқартұмсық кісі еді. Қазақтар
«Қошқар тұмсық» дейтін.
Әкемді бірсыпыраға дейін жұмысқа алмады. Күнкөріс на
шарлады. Жұмыс істейтін адам жоқ. Содан әкем десятникке
пара беріп, мені жұмысқа орналастырды. Яғни менің 15 жас
тағы кезім, 1907 жылы еді...
Екіншісі мынау еді:
1909 жылы осы арадағы урядниктің Балабек деген отряж
нигі болды. Оны қазақтар «Салқара» деп атайтын. Өйткені ол
үстіне үнемі ақ киім киіп, сәнді жүретін. Бір күні сол Салқара
қожайындардың лавкасында тұрса, үстіне көксау Ысқақ пен
Қалқымбетов Ахмет дейтін жұмысшылар кіріп келеді. Бұл
екеуінің жұмыстан шыққан беті екен. Үсті-бастары былғаныш
болады. Төрт-бес кісі айналуға келмейтін тар лавканың ішін
де Ысқақ пен Ахметтің кірлі киімдері Салқараның үстін был
ғап кетеді. Бұлар менің үстіме күйені әдейі жақты деп ойлаған
Салқара, бұл екеуіне дүрсе қоя береді.
—Мен сені білемін иттің баласы, Ысқақ,—деп әсіресе Көш
кебайдың Ысқағына әкіреңдей түседі.
—Балабек, әкеден әкенің артықшылығы жоқ, артық бол
саң, менен сенің өзің ғана артықсың. Әкіреңдеме!—деп Ысқақ
айтады. Дүкенші екеуін айырмақшы болған екен, Салқара бой
бермейді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Мен сенің кім екеніңді білемін. 1905 жылғы қожайын
дарға, патшаға қарсы болған сен болатынсың. Енді, міне, істеп
тұрғаның...
Бірақ Ысқақ ешқандай қарсылық көрсете қоймайды. Ахмет
те: «Осы ит бір пәле жасап жүрер» деп ештеңе демейді. Салқара
үдей түседі. Бойын ыза кернеген, ашуға булыққан болу керек
сол жерде Ахмет:
—Әй, Балабек, қой енді. Салқарадан сан қара бола салуың
да ғажап емес,—дейді. Осыған ерегіскен Салқара Ысқақ пен
Ахметті апарып абақтыға жауып тастасын.
Мұны естіген жұмысшыларды ашу-ыза кернеді. Бәрі бір
жерге топталып жиналды да, абақтыға қарай бет алды. Абақ
тының күзетшісі қарсыласып жуытпайын деп еді, оған қалың
топ ерік берсін бе? Өзін қуып жіберді де, абақтыны бұзып,
тұтқындарды босатып алды. Осы кезде Салқара мен урядник
шықты. Олар көпшілікке мылтық ата бастады. Оқтың өтіне
тұруға кімнің батылы барсын, ығыса түсті. Олар қынаптары
нан суырып алған қылыштарын жарқ-жұрқ еткізіп шегініп
ығыса қашқан халықтың соңына түсіп берсін. Өзіміз ол кезде
жаспыз ғой. Және бұрын ондайды көрмеген қорқақпыз. Шегіне
қашқандардың алдында оқ бойы ілгері келеміз. Сол кезде сол
рудникте көптеген жұмыс істеген, денсаулығы нашар, көксау
Байбөрі деген кісі жүгіре алмай топтың артында қалып қояды.
Артынан қуып жеткен урядник қылыштың сыртымен бастан
ұрып жібергенде мұрттай ұшады. Мұрттай ұшқан оның ұртына
қылыштың ұшын тығып алады. Әлгі байғұс соның зардабынан
үш ай төсек тартып жатты... Жұмысшылар болысқа, пристопқа
арыз берді. Бірақ не керек, аяқсыз қалды.
Осы күні біздің үйіміз Успен руднигінің шығыс терістігінде
тұрады. 1907 жұмысқа түскеннен 1956 жылдың апреліне
дейін жұмыстан қол үзгенім жоқ. Тек тақауда ғана пенсияға
шықтым.
Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа бара жатқанда, біздің үйден
75 метрдей жер тұратын Байбөрінің құлаған ояңын көремін.
Сол уақытта бір мезет әлгі оқиға есіме түсіп кетеді де, бүкіл
оқиға көз алдыма келеді.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
—Бүгінгі күн ертең жоқ!... Пай-пай, өтіп бара жатқан өмір-
ай десейші! Мінеки, екі өмірдің куәсі болып отырғанымыз мы
нау!
7. «БАҚТЫБАЛАНЫҢ ЗАРЫ» ДЕГЕН
ӨЛЕҢ ҚАЛАЙ ТУДЫ?
Бақтыбала деген қыздың аты. Ол қыз қазіргі менің кемпірім.
Ал «Бақтыбаланың зары» деп аталатын өлең—мына отырған
кемпірімнің қыз күнінде маған ғашық болып шығарған әні.
Адамның есінде мәңгі қалатын өмірдің кейбір кезеңдері
болады. Сондай кезеңдердің бірі ерлі-зайыпты адамдардың
алғашқы танысуы мен қосылысар кезіндегі жағдайлар ғой
деймін. Мен осы Бақтыбалаға он жеті жасымда, 1913 жылы
қыста қосылдым. Қазір жасым болса аттай алпысқа келді. Бі
рақ сол бір кезең бүгінге дейін көз алдымда. Есімде мәңгі қал
ған ұмытылмас бір оқиға.
Бұл Қарағанды Сармантай, Мұрат, Қареке деген үш тайпа
елдің мекені болады. Бірімен-бірі құда-құдандалы, нағашылы-
жиенді сиырдың бүйрегіндей байланысты болып жатқан ел.
Сармантай Есенбай дейтін кісі болды. Ол кісіден үш қыз бала
болды. Бірі осы Бақтыбала... Бейнетті ерте көргендіктен ба,
есейіп қалған кезім. Жасөспірім жігітпін. Жұмыстан шыққан,
қол босап кеткен уақыттарда қызды ауылға қыңырлай сүйке
ніп жүреміз. Бақтыбаланың ауылы осы Қарағанды маңында
Көкпекті дейтін жерде тұрады. Сол ауылға сәті түсіп бір бара
қалғаным бар емес пе! Сол жолы Бақтыбаламен танысып-ақ
қалғаным.
Ғашықтың тілі—тілсіз тіл,
Көзбен көріп, ішпен біл,—
деген емес пе? Және өзі ойын үстінде таныстық. Сол көргенде-
ақ біріміз бен біріміз көзбен сөйлесіп, жүрекпен ұғынысып-ақ
қалдық. Байділдә дейтін бір хат танитын жолдасым бар еді,
соған бірнеше күннен соң Бақтыбалаға мынадай деп хат жаз
дырдым:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
«Дөңгелек мөлдіреген қара көзің,
Кетпейді әлі есімнен айтқан сөзің.
Жаратқан Хақ Тағалам таңдау берсе,
Қалауым болар едің жалғыз өзің.
Бұл сөзім жалған емес, шын сөзім,
Шыдарлық менен қазір кетті төзім».
Осы хатты жазғаннан кейін төрт-бес күннен соң Бақтыба
ладан да жауап келді. Ол кезде Бақтыбала да хат танымайды.
Хатты бір сырласына оқытқызып, жауапты да соған жазғыза
ды. Жауабының басын қара сөзбен бастапқы да, аяғын мынадай
бір ауыз өлеңмен бітірген екен:
«Құрбыжан, маған жазған хатыңды алдым,
Хатыңды оқып шығып ойға қалдым.
Болғанда сіз—тұйғын құс, мен—қарлығаш,
Шешуін өзің ойла, сізге салдым».
Осылай басталды да көңілдегідей аяқталып, түйінді сөзге
келдік. Екеуміз қосылуға сөз байладық...
Бірақ алдымызда кесе түсіп, көлденең жатқан бір бөгет бар
еді. Ол мынау болатын:
Бақтыбалаға бұл қарсаңда Қареке Төлеңгіт қажы баласына
әпермек боп, құда түскен. Киіт киіп, қалың берген. Бақтыбала
ның туыстары бермекші де, Төлеңгіт қажының баласы алмақ
шы. Ал біз болсақ, кедейміз. Тұрмысымыз ауыр. Бір біз емес,
ол кездегі жұмысшылардың барлығы да нашар тұратын еді ғой.
Біздің арғы бабамыз Мешітбайдан бастап өз әкем Асайын, інісі
Сыпатыл өмірлерін жұмыскерлікпен өткізген адамдар. Асай
ыннан мен туам. Мен де 13 жасымнан бастап жұмысқа түстім.
Бірақ қанша жұмыс істегенмен жоқшылық, мұқтаждықтан
құтыла алмадық.
Асайын, Сыпатылсын Мешітбайдан,
Жазылған несібе-ырзық әлде қайдан,
Асты—сыз, ірге—қырау үйде тұрсың,
Құтылар күнің бар ма осы жайдан,—
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
деген біздің әкейге айтқан бір ақынның өлеңі де болатын. Біз
дің әкеміз қалың беріп қатын әпермек түгілі, Бақтыбала алғаш
рет келін болып түскенінде әкеміздің паналатар дұрыс баспа
насы да болмаған...
Үстіп жүргенде, Төлеңгіт қажының Бақтыбалаға үйленбек
ші болған үлкен баласы қаза болды. Бақтыбаланы тоғыз жас
тағы жас бала, қаза болған жігіттің інісіне әпермекші болды.
1913 жылдың қысында Бақтыбаланы алуға Төлеңгіт қа
жының кісілері келді. Өзі ұзатылайын деп жатқанда Бақты
баланың маған арнап айтқан сәлемі:
«Көргенім менің әлі аз, жаным Шәйіт,
Айтайын саған сырды-ау етіп бәйіт.
Толғанда он жетіге биыл жасым,
Тап болды талабыма қиын жәйт.
Туып ек Есенбайдан үш қыз бала,
Бұл күнде бір адам жоқ болар пана,
Күйеусіз қыз алатын жалаң құда
Ауылға келіп түсті біздің жаңа.
Қайғымен төгіледі көзден жасым,
Тарамас бойға сіңіп ішкен асым.
Ағажан, өзің келіп құтқармасаң,
Мәңгілік дауға түсер менің басым».
Бұл өлең менімен бірге жұмыс істейтін құрбы-достарым
ның арасына таралып кетті. Той-томалақ, ойын-тойларда жас
тардың сүйіп айтатын өлеңіне айналды. Тіпті, жастар тұрсын,
қарттардың өзі: «Шырақтарым, Бақтыбаланың өлеңін айтың
даршы»,—деп тілек білдіретін.
Өзінде тұрақты ән де болған жоқ. Әркім әртүрлі, сүйген
сарынымен айта беретін. Әйтеуір айтылатын. Кейін осы өлең
«Бақтыбаланың зары» деп аталып кетті. Міне, бұл өлеңнің туу
тарихы осылай еді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР *** —Ол уақытта (революцияға дейін) қызды ер алмайды, мал алады. Яғни қыз ерге бармайды, малға барады. Бақтыбаланың 9 жасар Мекебай балаға ұзатылып-ақ кеткені ғой. Көкпектіден қызды әкетіп бара жатқан құдалар жолшыбай Қарағандыға тоқтады. Тоқтаған үйіне ауыл жастарымен бірге ескерусіз бо лып мен де бардым. Амал не? Іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ. Төлеңгіт қажының бәйбішесінің қасында отырған Бақтыбаламен көзбен ғана амандасып қайыра шығып кеттім. Барлық қолымнан келгені бір-екі ауыр өлең шығарып бір жол дасым арқылы Бақтыбалаға бергіздім. «Хатыңды алып едім, Бақтыбала, Бір Алла өзіңізге болсын пана. Өмірде сертін бұзбас Шәйітіңді Өзіңмен өле-өлгенше бірге сана». Аяғын ұмытып та қалыппын ғой... Құдалар жүріп кетті. Бақтыбаланы сыртынан көзбен ұзатып салып мен қалдым. Ал Бақтыбаламен екеуміздің арамыздағы бұл жағдайды тек менімен бірге жұмыс істейтіндер ғана сезетін, басқа ешкім білмейтін. Қарағандыдан шыққан күні олар 30 шақырым жердегі Қарамұрат Жұртыбай ауылындағы Шыныбек байдың үйіне қонады. Төлеңгіт қажы Шыныбек баймен құда еді. Үйіне түскен құдаларын қонақ етіп үш күн бөгейді... Үшінші күні түнде үй іші ұйқыға кеткеннен кейін төргі бөлмеде күйеу бала Мекебайдың шешесінің қасында жатқан Бақтыбала үй ішіне сездірмей түргеліп киінеді де, ауыз үйге шығады. Сыртына ауыз үйде босағада ілулі тұрған ер адамның шапанын, басы на тымағын киеді. Ауыз үйде жатқан ер-тұрманды құшақтап қораға шығады. Қорада тұрған сары атқа ер салып, үстіне мінеді де ұрланып ауылдан шығып кетеді. Ешкім оның кеткенін сез бей қалады. Түн ортасы. Ай қараңғы. Тек айналасында ағарған қар ғана көрінеді. Жолды білмейді. Сондықтан Спасс заводы мен Қарағанды кенінің арасына салынған шойын жолды кесіп ала ды ғой. Ауыл мен шойын жолдың арасы едәуір жер. Қар қалың
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
және ол жылы қардың өзі өте қалың түсіп еді. Ат жүре алмай
ды. Содан өзі жаяу, атты жетелеп жолға келіп түседі ғой...
Шойын жолдың бойымен жүріп отырып оған бозарып атып
келе жатқан уақытта Қарағандының қарасын көреді.
Ағылшын байларының билеп тұрған кезінде таңның атуы,
күннің батуы жұмыста болатынбыз. Таң қылаң берісімен-
ақ жұмысшылар белдеріне қайласы мен күрегін қыстырып,
қолдарына «служка» шамдарын ұстап жер кепелерінен сыртқа
шығатын. Сол әдетіміз бойынша осы Бақтыбала келетін күні
де ерте тұрдық. Таң бозарып атып келеді. Беліме қайламды
қыстырып алып, қолыма «служка» шамымды алып шахтаға
кетіп бара жатыр едім, қасыма тақала берген Бәйділдә дейтін
бір жолдасым:
—Шәйіт, сен нені көріп келесің?—деп сұрады.
—Нені көрейін мен? —дедім.
—Әне, әне біреу келе жатыр. Түн қатып жүрген бұл кім бол
ды екен?—деп қадала қарады. Мен де қарап тұра қалдым.
—Өзінің атқа отырысы, жүрісі ер адамға ұқсамайды. Бірақ
киіміне қарасаң ер адам,—деді тағы да. Сөйтсек, Бақтыбала!
Жұмысшылардың бәрі көрді.
—Не істеу керек?
Өстіп дағдарып тұрғанда белгілі жұмысшы ақын Ілияс деген
кісі:
—Не аңтарылыс бар? Бұтаға қорғалаған торғайдай болып
келді. Бұта құрлы жоқпыз ба? Паналатамыз!—деді. Ол кі
сінің сөзін бүкіл жұмысшылар қолдады. Сары атты бір қуыс
қа, Бақтыбаланы әлгі Бәйділдә дейтін жолдасымның әкесі
Қомшабай деген кісінің үйіне тығып тастады.
Артынан қорадан шыққан ат ізімен індете қуғыншылар да
келді. Ішінде Шынекен, Әубәкір, Кенжебектер бар. Бұл кезде
мен жұмысқа түсіп кеткен едім. Қыздың көңіл қосқан адамда
ры осы болар деген күдікті жастарды жер астынан қыр үстіне
шақыртып алып жатыр. Мені де шақыртып алды. Олай сұрады,
бұлай сұрады ешкім айтпады.
Қуғыншылардың ішінде Шыныбек деген кісі жұмыскер
лерге:
—Қашқын қыздың ізі осы ауылға келіп тірелді. Бұдан әрі
асқан жоқ. Сендер жасырып отырсыңдар. Бірақ та бұл—ағайын
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
арасына алалық туғызу. Қареке, Мұрат пен Сармантайдың ара
сына шоқ тастау болады—деді. Ол кісі де бір қадірлі кісі еді. Ол
сөздің шындығы да бар...
Қуғыншылар Бовровский деген урядникке арыз берді. Қыз
соңына қуа келген қуғыншылар кетісімен, сол күні кешкілікте
жұмысшылар «сход» жасады. Сходқа орыс жұмысшылары да
қатысты. Сол сходта:
«Бақтыбаланы қайтарып бермейміз, неде болса көреміз және
жоғарғы жерге жазамыз!» деп уәде жасады. Ертеңінде-ақ Шы
ныбек пен Текең қажының арызы бойынша урядник Бобров
ский келді. Қыздың келгендігін жасырмадық, айттық. Қыздан
жауап сұрағанда:
—Мен тоғыз жасар балаға күйеуге шықпаймын. Ол үшін
мені атса да, дарға асса да, ризамын. Сондықтан да қашып па
налайтын жерім болмаған соң осында келдім. Ал бұл Қараған
дыда менің көңіл қосқан жігітім жоқ. Ешкімді танымаймын
да,—деді.
Урядник қыз алатын күйеуді—Мекебайды шақыртты. Ме
кебайды көрсе шындығында жап-жас бала. Мойнында асып
алған оқшантайы бар. Ішін ашып көрсе—толған асық.
—Қатының бар ма?—деп сұрайды урядник одан.
Онда ол:
—Жоқ,—дейді.
—Қашан аласың?—деп, сұраса:
—Қашан талысымды кеней мен сақаға толтырам, сонда әйел
аламын,—дейді. Урядник түсінбей:
—Талысың не?—деп сұрайды одан.
—Талыс—талыс, әкемнің талысы,—дейді ол.
Баласының жастығына қажының өз көзі де жетіп отыр. Ол
кісі де ақылсыз адам емес. Жаратылысында кісілігі мол адам
болған. Жұрт алдында не дерін білмеді.
Урядник:
—Бұл істі жоғары жерден сұратамыз. Мен өзім де шеше ал
маймын,—деді.
Содан бір жылдан кейін іш жақтан Бақтыбалаға бостандық
қағаз келді. Қағаз келген соң ғана екеуміз қосылдық-ау.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
8. ТЕКЕКӨЗДІ ТЕПКІЛЕУ
Қожайын Хорбетельдің оң көзі Текекөз деген ағылшын
байы болды. Қыс болса шанаға, жаз болса солқылдақ пәуес
кеге қос теңбіл көк арғымақ жегіп жүретін еді. Жыландай
ысқырған жауыз адам болды. Жұмыс істеп жатқан жеріне
келе қалса, онын тілінен таяғы бұрын жүретін. Ақшаны
кем есептейтін. Бір ретте, айдың аяғында ақша алуға барған
жұмысшыларға Текекөз ақшаның орнына ақ талон беріп қоя
берсін. Және ақшаның өзін кем есептеген. Жұмысшылар
үйді-үйіне қайтысты. Бәрі де ақшаны кем алғандықтарына
ызалы, ашулы.
Мен бар, кәзіргі ескі қалада тұратын Егізгілдин Әбірейім,
Ермағамбетов Ысқақ, Орынбаев Байтыкен, Калинин атын
дағы шахтада істейтін Қойтасбаев Адайқайыр және Мұстафа
дейтін жұмысшылар бар—бәріміз бірге келе жатыр едік.
Артымыздан қос теңбілмен орғытып Текекөз де шыға келді.
Оны көрген Мұстафа дейтін жігіттің:
—Бір күн өліппін,бір күн туыппын... Азар болса Сібір ай
датар,—деген зілді үні естілді.
Текекөз үстімізден өте бергенде, аттың делбесіне Мұстафа
жармасып қалды да, аттың басын бір жағына қарай шұғыл
бұрып жіберді. Арба аударылып кеп түсті. Текекөз де ұшып
кетті. Ол шапшаң қалтасынан бір нәрсені суырып алды. Қолын
көтере берген Текекөзге мына жақта дайын тұрған Адамқайыр
жармасып-ақ қалды. Адамқайыр жас кезінде еңгезердей биік,
шүйделі, әлуетті жігіт еді. Текекөзді ұстаған бетте-ақ жерге
тулақша соқты. Сол кезде /Текекөздің/ қолындағысы гүрс ете
қалды. Пистолет екен.
Ал, сой! Біреудің аяғы, біреудің қолы тиіп жатыр. Текекөз
ессіз, түссіз қалды... Сол кезде Шернияз дейтін бай келіп қа
лып, сол айырып алды. Болмаса тірі қалуы да неғайбыл еді...
Ертеңінде сол төбелеске қатысқан күллі жұмысшыларды
Шернияз айтып берді. Хорбатель протобты шақыртты. Ол
Спастан Өспенге кеткен екен дейді. Уряднигі келді. Оның
шақыртқанына жұмысшылар бармады. Бір шықыртты, бар
мады, екі шақыртты, бармады. Бірақ Текекөз бен Шернияз,
Мұстафа мен Адамқайырдың соңынан қалмады. «Отырса—
4-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
опақ, тұрса—сопақ» деген жұмыстарын жаратпады. Бірақ бе
ті қайтып қалғандық па, Мұстафа мен Адамқайырға кездесіп
қалса, Текекөз сырт айналып жүріп кететін болды... Бір күні
көмір үйінділерінің арасында Шернияз Адамқайырмен кездесіп
қалады.
—Осы, Шернияз, сенің әкеңді өлтірген мен бе? Қараған
дыға келіп Шернияз бай атандың, бар атандың. Бар атандың,
зұлым атандың. Осы менен не тілейсің, соны айтшы?—дейді
ғой Адамқайыр. Шернияз кіретін есік, тығылатын тесік таба
алмайды. Жаман сасады. Ақыры Мұстафаға да, Адамқайырға
да ештеңе істей алмады. Білдекештің Әрібі ма, Илияс па есімде
жоқ, сол екеуінің айтқан сөзі бар еді:
—Баласы Қойтасбайдың Адамқайыр,
Тілеуқор пікіріміз саған зайыр.
Бұқтырып Текекөзді бір бүктедің,
Айтылды Шерниязға сөзің шайыр.
Бірақ кектесіп қалған Текекөз көп уақытқа дейін Адамқа
йырдың көзін жоюға тиісті. Ақырында, 1916 жылғы июнь жар
лығы шыққан соң солдатқа алынатынын білген Адамқайыр бір
түнде Екібастұзға кетіп қалды.
9. ӨЛІМ ҮСТІНДЕ
1913 жылдан 1916 жылға дейін Қарағандыны ағылшын
капиталистері пайдаланып тұрған кезде жер астында шана
шы болып істедім. «Шанашы» дегеніміз—забойшылардың өң
дірген таскөмірін ағаш шанаға тиеп алып, жер бауырлай тар
та отырып, штрикке жеткізетін «мамандық». Әр күн сайын
14-15 сағат бойына осы азаппен жаншылып жұмыс істейміз.
Сонда ағылшын капиталисінен күндік жалақыға алатынымыз
20 тиын ғана. Мұның өзі тамағымызға да жетпейді. Ағылшын
капиталистері шахтерлерді аяусыз қанаумен бірге, оларды
жәбірлеп, тұншықтырып отыратын. Ол сұмдардың өз бірлігін,
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
жергілікті халыққа көрсеткен зәбірін айқындайтын екі оқиға
әлі есімде.
Менімен бірге жер астында шанамен көмір тартып жұмыс
істейтін Әбіл дейтін жолдасым бір күні қатты ауырып, жұ
мысқа шыға алмай қалды. Ашуланған шахта қожайыны, оған
көмек көрсету орнына, «тіпті мүрдем кетісең де [көмірді] де
реу жеткіз!» /шахта ішіне/ деген бұйрық берді. Ол мұны істеді
де. Қатты ауырып есінен тануға айналған адамды күшпен жер
астына әкеліп, шанаға теліп, көмір тасытқанын көрген әрбір
жұмысшының көзіне жас келді. Түні бойы жер астында тыны
сы тарылып, ауырып азап көрген Әбілді таңертең зорға алып
шықтық. Көп кешікпей қадірлі жолдасымыз қайтыс болды. Ол
кезде көп жұмысшылардың тағдыры осылай бітетін еді.
Айта берсең, мұндай оқиға толып жатыр. Сол бір азаппен
өткізген жастық шақтағы көрген адамдардың бейнесімен сөй
леген сөздері мәңгі есте қалған. Жер кеппенің бір бұрышында
арыстай боп Әбіл жатыр. Оның аянышты өліміне жыламаған
адам жоқ. Ертемен тұрып қабыр қазуға зиратқа кеттік. Қазыл
ған қабырға, Әбілді қабырына топырық салуға оның көз көрген
жолдастарынын бәрі келді. Әбіл жерленетін күні жұмысшы
лар жұмыстан кешігіп қалды. Бұған қожайын шәп-шәлекей
болып ашулансын-ай келіп, ашулансын-ай! Қабыр қасындағы
жиналған халыққа Құдрия деген уряднигін ертіп Текекөз бен
Шернияз келді. Бізбен сөзге де келместен урядник боқтай бер
сін, боқтай берсін. Дігірітті ойнаттай келіп! Қолындағы қылы
шын қынабынан суырып алды. Олай бір, бұлай бір жалаңдатып
бізді аттың бауырына ала бастады. Қылыштан қорықпайтын
адам бар ма? Ығысып, жұп жазбастан үйге қарай қайттық.
Әбілдің үй ішінде әлі де жылау-сықтау. Әйелінің дауы
сы да дауыс-ақ еді! Адамның сай-сүйегін сырқыратар неше
түрлі сөзбен күйеуін жоқтап отыр... Хорбатель мен Текекөз
кісінің айқайлап жылаған дауысын үнемі жек көретін еді.
Үнемі олай айқайлап жылауға тыйым салатын. Бұл жолы да
Әбілдің үйіне урядникті Құдрияны жіберсін. Ол келе салып
«тараңдар!» деп жиналғандарға, «үніңді өшір!» [деп] Әбілдің
әйеліне ақырды. Сол кезде Торғаев Ысқақ деген досымыз
болатын еді. Сол артынан баспалап келіп урядникті қылыш
ұстаған қарыннан сойылмен періп жіберді. Қылыш қолынан
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
ұшып түсті. Өзін жиналғандар шап беріп ұстап алып, ал, сой,
ал, сой! Тепкінің астына алып, умаждап далаға тастадық.
Ол күні жұмысшылар шықпай қойсын. Қазақтарды орыс
жұмысшылары да қолдасын. Екеуі бірігіп кетті. Хорбатель
Спасс зауытында тұратын пристав Сакаловқа кісі шаптыр
ды. Ол кезде Спасс зауытындағы жұмысшылар жұмысқа
шықпай, қожайын Манс Фелльге қарсылық білдіріп жа
тыр екен. Өйткені аштықтан өлген жұмысшыларды «бұл
кесепатты ауруымен өлген» деп өртемек болады. Соколов /
Қарағандыға/ келе алмады. Бірақ жұмысшылар ертеңінде
жұмысқа шықты. Жұмысқа шықпаса, аштан өлмек. Кейін
Соколов келіп еді, оның өзі де жұмысшыларға ештеңе істей
алмады.
Қайта «көп қорқытады, терең батырады» деген емес пе?!
Жұмысшылар одақтасып кеткенде қожайындарды бұқтырып-
ақ тастайтын.
10. ШЕРНИЯЗДЫҢ ЗОРЛЫҒЫ
1914 жыл еді. Ағылшын капиталистерінің қолшоқпары
подрядщик Шернияз деген байдың бір ауру бұзауы Ахмет деген
жұмысшының үйінің алдына келіп өліп қалды. Шернияз бай
ағылшынға барып:
—Бұзауымды Ахмет ұрып өлтірді,—деп жалған шағым арыз
берді. Осының ертеңінде шахта иесі ағылшын /байы/ жаңағы
Ахмет деген жұмысшының бұзаулы сиырын Шерниязға қолма-
қол тартып әпергендігін көзбен көрдік. Ол болысқа, пристав
қа арыз беріп көріп еді, оны құлағына қыстырмады. Ахметтің
бала-шағасын шулатып тартып алған сиырды сол Шернияз сол
қалпында пайдаланып кетті.
11. АҚ ТАЛОН
«Берерменге бесеу көп» дегендейін ағылшын капиталисте
рі шахтерлердің қиын қыстау, тар кезеңде жаны қиналып
жүріп тапқан аз тиынын «тамағың» деп бір ұстаса, «жұмыс
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
киімің», «шахта астында пайдаланған құрал-сайманың» үшін
деп екі ұстайды. Қыйт етсе, штраф салады. Ол ақшаларды
бай өз қалтасына салады. Көп жағдайларда подрядчиктер жұ
мысшыларға ақшаның орнына талон береді. Оны біздер «ақ та
лон» дейтінбіз.
12. ОЛ КЕЗДЕ
Мен 1907 жылғы ауылдан бірсыпыра қазақ кедейлерімен
бірге Қарағандыға келіп, ағылшынның «Қарауыз» делінетін
шахтасына жұмысқа түстім. Асылында ол шахта емес, бір тар
қапас еді.
Жер астында забойшы болып істейтінмін. Ол кезде забой
шылық адам жанын қинайтын ең ауыр, ең қиын жұмыс еді.
Ағылшынның шахтасымақтарында машина атымен болмай
тын, ең болмаса көмірлері [машина] күшімен құлатылмайтын.
Ағылшын шахтасын техникасыз, жөн-жосықсыз қазылған
қуыс қана болғандықтан, оның лавалары жиі құлайтын,
адамның завалда қалып өлуі көп кездесетін. Оның үстінде
жер астының ауасы мейілінше жаман болатын. Газды ауада
тұншығып, демігіп, әлсіреп отыратынбыз. Шахтерлер ауыр
жағдайға төзе алмай, лезде жарымжан, мүгедек болып қатар
дан шығып қалатын.
Қайламыз шақылдап көмірге батпаған соң, забойдың жігін
босату үшін оған темір қазық қағатынбыз. Бұл да барып тұрған
азап еді-ау! Өйткені қара тасқа қолмен қазық қағу адамды әб
ден әлсірететін. Күн сайын он төрт сағат бойына осындай азап
пен көмір өндіретінбіз. Біздің өндірген көмірімізді шанашылар
ағаштан жасалған ауыр шанаға салып алып, штрикке қарай
сүйреп әкетіп жататын. Жұққан көмір тозаңынан тісі ғана
ақсиып көрініп, қара терге түсіп, ауыр жүкті еңбектеп тартып
келе жатқан адамды көргенде, жүйке тамырымыз шымыр
лайтын.
Күн сайын 14-15 сағат жұмыс істеп, жан түршігерлік бей
нетпен тапқан 20-30 тиын күндік жалақымыз тамағымызға да
жетпейтін. Жетпейтіні бұлай тұрсын, көбінесе капиталистерге
борышты болып отыратынбыз. Өйткені азық-түлікті ағылшын
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
дүкенінен алатынбыз, онын ақшасын жалақыдан ұстап қалып
отыратын да, ағылшыннан ақша алу орнына оған бересілі бо
лып шыға келетінбіз.
Ол заманда шахтерлерде үй дейтін үй болған жоқ. 30-40
жұмысшы ұзыннан-ұзақ жерден қазылып салынған қараңғы,
лас, ылғалды жер барақта тұратын. Зарлаған аурулардың, жы
лаған балалардың, налыған аналардың дауысы адам жанын
түршіктіретін.
Шахта иесі, ағылшын Джим Герберт мейлінше жексұрын,
қатал адам еді. Ол қылдан тайған шахтерлерге ауыр азап көр
сетіп, қиянат жасайтын.
Бір күні забойшы Дүйсен Нұранов Гербертке мынандай арыз
айтты:
—Мырза, осы сіздің бізден жұмыс киім және құрал-сай
ман үшін ақша ұстайтын себебіңіз не? Шынында, бұлар сіз
дің есебіңізден болуы керек емес пе? Ұшы-қиыры жоқ әділет
сіздіктеріңді қашанғы көтере береміз...
Нұрановтың осыны айту-ақ мұң екен, Герберт ертеңінде
оны жұмыстан шығарып жіберді. Онымен де тынған жоқ, қыс
ішінде ақ қар, көк мұзда шахтердің үй іші, адамдарын жер
барақтан шығарып тастады. Бірақ ағылшынның бұл жауыз
дығына орыс, қазақ шахтерлері наразылық білдіріп, бас кө
терді. Көптеген жұмысшылар Герберттің үйін қамап, онан бала
шағасымен көшеге шығарылып тастаған кеншіні жұмысқа
қайта алуды және үйге енгізуді талап етті. Осыдан именген
ағылшын Нұрановты жұмысқа қайта алуға мәжбүр болды. Бі
рақ кейіннен оған қылдан тайса айып салып, аса ауыртпалық
тұрмысқа душар етті. Осындай қысымға төзе алмаған Дүйсен
ақыры денсаулығын жойып, жұмыстан шығып кетті.
13. НЕМКОВТЫҢ ЖАУЫЗДЫҒЫ
Забой іші тұнып тұрған қою шаң болатын. Дем алудың өзі
қиын. 12-14 сағатқа созылған жұмыс үстінде тіреусіз забой
дың төбесіне шытынап /жарыла төніп/ тұрған көмір породо
сының астында қалып қояр ма екеміз деп үнемі қауіптеніп
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
жүресің. Оның үстіне соңымыздан жүрген бақылаушылардың
бізге ақырған дауысы да ауаны жаңғырықтырады. Олар және
шын болсын, өтірік болсын «аз кінәлі болдың» деп есептесе-
ақ, шалажансар болғанынша сабайды. Николай Немков деген
бақылаушы болды. Оның қолында үнемі қорғасыннан өзек са
лып өгіздің жон терісінен өргізген білеуіт қамшысы болады.
Забойға түсті-ақ сол «құралын» қолданады.
Бір күні жұмыс аяқталған кез еді. Өн бойымыздан тер құйы
лып, шаршаған біздер аздап отырып дем алдық. Бір уақытта
көктен түскендей Немков шыға келсін. Ол:
—Немене бітіріп тастап отырсыңдар ма? Бәріңді қуайын ба
осы жұмыстан?—деп арғы-бергімізден сыпыра боқтай келді.
—Бақылаушы мырза!—деді сол жерде шанашы Мұстафин
дейтін жолдасымыз жасқана сөйлеп.—Қайдан біз жалқау бо
ламыз? Үнемі алақанымыз үлдірегенше жұмыс істейміз. Сау
жер болмайды.
Сол-ақ екен, неге екені белгісіз, Немков бұрынғыдан бетер
қаһарлана түсті. Бар күшімен әлгі жұмысшыны қолындағы
дойырымен сабай бастады. Сабалау қолындағы бұзау тіс дойыр
қамшының сабы сынғанда ғана аяқталды. Соққыға жығылған
адам өзінің көңілсіз лашығында айдан артық жатты, содан соң
ғана жұмысқа шығуға шамасы келді. Амалы қанша сорлының,
тағы да оны аштық айдап забойға түсірді...
Барлық жұмысшылардың соңынан үздіксіз бақылау жүр
гізілетін. Бас есепші Запевал деген есепшілікпен қоса, тың
шылық жұмысты да жүргізеді. Ол кімнің не істеп жатқанын
бақылап, не айтып жатқанын тыңдап тыным таппай жүгіретін
де жүретін, егерде біреу-міреудің бастықтарға қарсы ұнамсыз
сөздер айтып жатқаны құлағына шалынса-ақ, қожайындарға
жеткізеді... Ол адамға жазалаушы күттірмей-ақ жетіп келетін.
Немков «көңілін көтеруден де» қашпайтын. Кейде ол лав
каға барады, оның қорқаулығын біле қоймаған жұмысқа жаңа
түскендер көзіне түсе қалса-ақ, ол оларды лавкаға шақырады.
Оның әмірімен шақырылған жас жұмысшыларға көйлек, паль
толар көрсетіледі. «Көңіліне не ұнаса, соны алуына болады» деп
өзі тұрып ұялмай таңдап алуға үгіттейді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Ол бақытсыздар қуанады, бар тәуірінен таңдап алып киі
неді де шексіз алғысын айтып, кетуге ыңғайланады. Немков
өңеші жыртылғанша қарқылдап күліп, әлгі «игілік көрсетіп,
жақсылық жасаған» адамын қамшының астына алады.
14. ЕРДІҢ СЫРЫ
... 1914 жылдың жаңылмасам, ғыйнуар кезі болу керек.
Біраз үй көшіп, осы күнгі 12 шахтаның бастығы Егеубаев
Оспанның бастауымен Құмдыкөл зауытынан Қарағандыға кел
дік. Анда-санда бір жерде қалқиған төрт-бес үй бар, Герберт
Джим /Қызыл шахта/ деген екі-үш шахталары бар. Гудок бер
се бұлардың пысылдап үні шықпайды. Будақтаса трубасынан
түтіні шықпайды, шақырым ұзасаң, қарасыны көрінбейді. Не
болмаса, мәз болып масайраған, шат көңілді адамы көрінбей
ді. Иә үйден, иә шахтадан екенін білмейсің, тышқан сияқты,
іннен жорғалап шығып келе жатқан адамдарды көресің. Міне,
Қарағандының сол кездегі көлемі, күші, құрылысы осы еді.
Осы күнгі 1-шахтаның орнында сол кезде қазақтар «Қызыл
шахта» деп атайтын болды. Соған келіп жұмысқа түстік. Ең
бекке мойын сұнған кісіге жұмыстың ауырлығы сөз болып
па? Нелер қиыншылыққа шыдадық. Бірақ тұрмыстың жаман
дығы, жоқшылық, әсіресе адамның адамға айуандық қатына
сы—міне, бұл денеге басылған таңба болды...
Әлі есімде. Біз істеп жүрген шахтада қара Иван деген десят
ник болды. Бір күні шахта астынан шығып келе жатып, Оспан
маған:
—Мына қайланы ала шық,—деп қолыма ұстатты.
Әлгі қара Иван ауызда тұр екен. Қайлаға көзі түсіп кетті
де, қолымнан жұлып алып, дәл төбеме қайламен бір салды.
Жарылған бастың қаны бетімді жуып кетті.
Ол, ол ма? «Сен қайла ұрладың» деп 5-6 күн қандалаға
отырғызып қойды. Сөйтіп, тек бірге істеген жұмысшылардың
ашулы тегеуірініне шыдай алмай, мені қандаладан зорға де
генде босатты. Содан былай шахтадан шыққан жұмысшыларды
тінтіп, тексеріп өткізетін болды.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Ал жатар орынның жері барақ, кір, лас күннің көзі түспейді.
Күнің де, түнің де—түн. Күндізгі өмірің ұзақ күнге жер астында
өтсе, түнгі өмірің қара түнек, білте жарығымен күнелткен жер
барақта өтеді. Тапқан табысың тамағыңа да жетпейді.
15. АҒЫЛШЫН КАПИТАЛИСТЕРІНІҢ
АЙУАНДЫҒЫ
Ол кезде мен буыным бекіп, бұғанам қатпаған жас едім. Тар
заман мені де мейірімсіз улы тырнағына ілді. Жас та болсам
бір тілім нан үшін жұмыс істеуге мәжбүр болдым. «Ана сүті
ауызыңнан кетпеген жассың ғой, жұмыс істеуге әлі ерте» деген
ағылшын жоқ. Менің Спасс заводындағы қара пештің шлагын
таситын тәшкеші етіп жұмысқа қойды. Бұл жұмыс мен сияқты
бала емес, тепсе темір үзетін әлуетті жігіттерге де қиын еді.
Күніне 12 сағат бойы тәшке тартам. Шлакты апарып төгетін
жер қара пештен 30 метрдей. Жұмыстан діңкең құрып шығып,
үйге әрең жететін едім. Ол кезде үй дейтін үй бар ма, жерден
қазылған үйшік болатын.
Ағылшындар жұмысшылардың еңбегін сүліктей сорды. 12
сағат титықтап еңбек еткенде ішсек асқа, кисек киімге жары
майтын едік. Ағылшын заводында бірнеше жыл істегенде ұшы-
қиыры жоқ бересіден айырылғаным жоқ.
Әлі есімде. Ақырған ақпан айының іші еді. Бір күні жұмыс
та жүргенімде алай-талай боран соқты да кетті. Боранның
қаттылығы сондай—тіпті аяқ астын жөнді көре алмайсың.
Дүлей табиғатқа не шара? Тәшке тартуға болмайды, қара пеш
тен дамылсыз шыққан шлак үйіліп қалды.
Тап осы кезде завод қожасы ағылшын Оравсон дегеннің сап
ете түскені бар емес пе. Қорыққанымнан шлак толы тәшкенің
тұтқасын ұстап, көтере бердім. Жуан жұдырық оң жақ шекем
нен сарт ете түсті. Құлап қалыппын. Есімді жиып, көзімді аш
сам, жұмысшылар мені қоршап тұр екен. Олардың мені аяған,
ағылшынға қаһар төккен дауыстары естіледі.
Жұмысшылардың арасында аштық пен қайыршылық шы
ңына жетіп, өлгендердің саны тіпті көп болды. Талай жұмыс
шылар аштық азабын көріп өлді. Жұмысшылардың арасын
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
дағы наразалық пен ызалы ашу күшейе бастады. Ағылшындар
кінәні өздеріне жуытпау үшін өлген жұмысшыларды аштық
пен ауыр еңбек жағдайынан емес, қайдағы бір қатерлі аурудан
өлді деп жар салды. Олар өздерінің бұл сайқалдығымен жұрт
ты иландыру үшін өлген бір кеншінің сүйегін көпшілік алдын
да отқа өртемекші болды. Мұны көрген поселка халқы қатты
ызаланды. Топталған адамдар рудник қожайындарының тұр
ған жеріне қарай беттеді. Мұнда оларға пристав Соколов қарсы
шықты. Ол қылышын жалаңдатып, жиналған халықты қуа
бастады. Ақырында бұл іс мынамен тынды: ағылшын Манс
фелдің бұйрығы бойынша пристав Бекова Тәкіжан деген қазақ
әйелінің қолын қылышпен шауып тастады. Сонан кейін бұл
әйелді «бүлік шығарды» деген сылтаумен Ақмола түрмесіне ай
дап жіберді.
Мұндай шектен шыққан зұлымдыққа жұмысшылар төзе
алмады. Олар үш күндей жұмысқа шықпай, мыс қорытатын
пешті тоқтатып тастады. Парфенов, Қозыбаев сияқты жұмыс
шылар ереуіл бастап, ағылшындарға қатты наразалақ білдірді.
Ашынған халықтың ұйымдасқан ереуілінен қорыққан ағыл
шындар Бекова Тәкіжанды тұтқыннан босатып, Ақмоладан
Спасс заводына жеткізіп салды. Арсыз ағылшындар осындай
неше түрлі айуандық істер істеді....
16. ІЛИЯС АЙТҚАН ЕКІ ӨЛЕҢ
—Шырағым, мен 1882 жылы Қарағанды болысы Спасскі
де тудым. Әкеміз кедей болды. Сондықтан жұмысқа ертерек
түстік. Мен 1900 жылдан бастап мыс қорытатын заводта засип
чик /пеште жанып жатқан көмірдің үстіне үгітілген мыс руда
сы көктасты салып тұрамыз/ болып істедім.
Засипчиктік жұмыс өте ауыр еді. Лапылдап жанып жатқан
оттың қасында тұрған адамның үстіндегі киімі жанып кете
тін-ді. Қожайындар спецодежда бермейтін. Аяғымызға жасап
алған шәркеміздің табаны 24 сағаттан артыққа бармай жанып
кететін. Білегімізге киізден жең киіп алатынбыз. Ол дағы екі-
үш күнге шыдамай жанып кетуші еді. Ондай заттарды сатып
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
алайық десек қожайындар ақша бермей, талон ғана беретін.
Ол талон қожайынның жақтастары—байлардың дүкенінен
басқа жерге өтпейді. Ал дүкенші байлар үнемі өтпей тұрған
тауарлары мен тас ұн [сияқты] сапасы нашар тамақтық заттар
босататын. Жұмысшылар бір ретте діңкеледік, ашықтық. Сол
уақытта осы жағдайды көзімен көрген өзімізбен рулас, туы
сымыз Түсіпбек ағайдың құрбысы Ілияс бір күні (ұмытпасам
наурыз айының іші), 1912 жылы осы жағдайға байланысты
жеркепеде әңгіме-дүкен құрып отырған біздерге былай дегені
әлі есімде:
—Кедейлер барлық бірігіп,
Шығайық күсті білекпен.
Ағылшынға барайық
Мынадай біздер тілекпен.
«Ақша үшін зат алмаймыз,
Ақшалай ақы бер» дейік.
«Ұшырауда аштыққа,
Үйімізді көр» дейік.
Тыңдамаса сөзіміз,
Жұмысқа біздер келмейік.
Ырзыққа Алла міндетті,
Қорлыққа бүйтіп көнбейік.
Ақыны қолға бермесе,
Алдауында жүрмейік.
Күштесе зорлап жұмысқа,
Қайла, күрек сермейік.
Бірлікке шыдап бағыңдар,
Намысты қолдан бермейік!
Шындығында, осы өлеңнің бізге көп әсері тиді. Жұмысшы
лар: «Дұрыс, дұрыс айтады Ілияс» десіп жатыр. «Мұның ақыл
екен» дестік.
Сол жылы көп ұзамай сәуір айында қожайын сарайда қым
баттығынан өтпей жатқан еттерін жұмысшыларға алатын ақ
шасының орнына үлестіріп бермек болды. Жұмысшыларға
«арзанға алыңдар» деді. Кейбіреулер әуелде алса да, қайыра
қожайынға өткізбек болды. Қожайын алмады. Жұмысшылар
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР алған еттерін қожайынның есігінің алдына үйіп тастады. Ет іске аспай қалды. Бірақ сол ет үшін, етті әуелде алып, қайырып тастаған жұмысшылардан да ақша ұстады. Жұмысшылар ашуланды-ай келіп, ашуланды-ай келіп! Со дан бұған шыдамаған жұмысшылар қожайынмен жанжал дасты. Сол жанжалды жасар алдында жұмысшылар ақшаны көбейтуді, жұмыс киімін тегін беруді, жалақыны ақшалай бе руді талап етуге келісті. «Оны орындағанша жұмысқа шықпай мыз» десті. Үш күн бойы жұмысқа шықпадық. Ақыры қожайын жұмысшылардың тілегін орындады. Осы жанжал басылған соң бірер айдан кейін қожайындарымыз қайыра бұрынғы әніне бас ты. Ағылшын мырзалардың Летинский деген итаршысы бол ды. Оны біздер «Қылқұрт» дейтін едік. Сол иттің ызасы көп өтті. Жұмысшылардың ақшасын қысқартты. Әр нәрсені сыл тау етіп, штрафты көп салды. Жұмысшыларды таяқтады, көрсетпегені болмады. Сол Қылқұрт мыс заводынан аулақта тұратын ағылшын[ның] Жұмабек төреден сатып алған ағаш үйінде тұрды. 1912 жылдың жазы еді. Сол Қылқұртты Түсіпбек бастаған Әбдрахман Қоқышев, Картасаев Ысқақ, Аралбай Шекше ков деген жұмысшылар завод пен тұрған үйінің арасында Көкөзектің тұсында тосып, тұрып өлтірмек болды. Аңдып оты рып ұстап алды. Сайға апарып өлтірейін деп жатқан жерін де арттарынан пар-пар атты солқылдақ пәуескемен бірнеше төрелер жетіп келеді. Сөйтіп, солар ғана құтқарып алады. Түсіпбектер қашып кетеді. Ол кезде Тәтидің Оспаны болыс еді. Сол Оспан болыстың жәрдемімен Ақмоладан келген Шолақ ояз Түсіпбектерді ұстатып алды да, оны жазаламақшы болды. Бірақ заводтағы барлық жұмысшылар бірігіп, «Летинскийді өлтірем деуші Түсіпбектер емес» деді. Летинский танып қалған екен, «мені өлтірмекші болған осы» деп Түсіпбекке қадалып тұ рып алды. Оған жұмысшылар қатты ызаланды. Қит етсе төбе лес шығарғалы тұр. Жұмысшылардың түрінен сескеніп барып, ақыры, Шолақ ояз ол төртеуін босатты. Осыны естіген Ілияс даладан Түсіпбекке айғайлап өлеңдете, тақпақтап сөйлей кіріп еді. Сондағы оның:
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
—Спасстың ыстық пешінде
Кемелбайдың баласы
Үшеуін бірден істедің.
Қайратпен көріп күніңді,
Шығармай жоқтық үніңді.
Кездессең қанша жоқтыққа,
Жалынып байдан ішпедің.
Барақта сақтап үйіңді,
Кетірмей дене күйіңді,
Тарлықта қанша жүрсең де,
Қажуды тіпті білмедің.
Ағылшынмен алысып,
Еңбегің үшін қырысып,
Бастығы зауыт Қылқұртқа
Істеріңді істедің.
Орыстармен бірігіп,
Күрделі іске кірісіп,
Жұмыс тастар кезеңде
Басшы болып күштедің,
Бел сөзбен істеп қайратты,
Еткенмен байға айбатты,
Түсіпбек құрбым, мен сендей
Күшпенен байға не істедім?—
деген сөзі бар еді.
—Шіркін, Ілияс, жігіт-ақ еді-ау!
17. ІЛИЯСТЫҢ ПРОСТОПҚА АЙТҚАНЫ
Ұмытпасам, 1916 жылдың күзі ғой деймін. Спасс зауытының
атақты саудагер байы Сейтқамалдың Әубәкірінің үйінде бас
қосқан үлкен бір жиын болды. Ол жиынға Соколов деген про
стоп та қатысты. Үсті-басы сап-сарала, көкпеңбек темір асынып
жүреді. Қандай қаһарлы? Ол кезде Спасстың болысы—Тәтидің
Оспаны. Ол да бар. Елдің қасқа мен жайсаңдары жиналған.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Өткенде де адамның неше алуан жорғасы болған ғой. Бір
адам өткен-кеткен әңгімені қозғап отыр... Айдабол Жапар ақын
дегенді бірінші рет сол кісінің аузынан естідім.
Бір ретте Жапар ақын, үстінде құба төбел ғана киімі бар, ар
тында бөктеріншегі бар жалғыз өзі жолаушылап келе жатып,
жаңа ғана көшіп келіп қонған бір ауылға кез келеді. Ел шетінде
кездескен адамнан:
—Бұл ауыл қай ауыл?—деп сұрайды. Сөйтсе, дуанбасы
Ыбырайдың ауылы екен дейді. «Не болса да соның өз үйіне тү
сейін» деп, көп ауылдан сөдектеу тігілген Ыбырайдың үйіне бет
алады. Тақала бергенде Ыбырайдың маң төбеттері Жапарды
ортаға алады. Иттің үргенінен Жапардың астындағы аты үркіп,
өзі аттан мұрттай ұшады. Одан Ыбырайдың пәуескесіне бай
лаулы тұрған аттары үркіп жұла қашады. Сонда Ыбырай:
—Бұл өзі кім, аттан жығылып өле алмай жүрген? Ұрыңдар
өзін,—деп кісі жібереді.
Жапар ақын қоржынын қарына іліп, атын жетелеп Ыбы
райға тақалып келіп айтқаны екен:
—Ажал қайдан болғанда қатер-қауіп,
Дәулетіңе жығылдым есім ауып.
Сен лашын болғанда, мен торғаймын,
Не тоятың қанады маған шауып,—
дейді. Ыбырай райынан қайтып үйіне түсіреді. Сусын беріп, сол
күні үйіне қондырады. Әңгіме-дүкен құрады.
—Жапарым, енді мені жамандап бір ауыз өлең айтшы,—
дейді.
—Айтайын, мырза,—дейді Жапар.
Ыбырай басы үлкен, мұрны қолағаштай өңсіз адам екен.
Және түбі естек екен. Сонда Жапар ақын Ыбырайға қарап оты
рып:
—Жаман демей несі бар, мұндар естек,
Қолағаштай мұрның бар, кеуден тәстек.
Дегеніңе халықты жүргізген соң,
Мың-мыңдап жылқы айдадың өңшең мәстек.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
деген екен. Ертеңінде Ыбырай Жапарды астына ат мінгізіп,
үстіне шапан кигізіп шығарып салған екен.
Әлгі кісіге отырғандардың бірі:
—Сіз жақсы-жақсы әңгімелер біледі екенсіз. Ал өзіңізден
осы сияқты өнер табыла ма?—деді.
—Е, одан да қара жаяу емеспіз,—деді әлгі кісі.
—Ендеше, біздің Соколов мырзаны мақтаңызшы,—деді.
Сонда әлгі кісі отырып:
—Соколов, қылышыңнан қаның тамар,
Зәріңнен көрген жанның есі танар.
Ояз бен жандаралдың сыйлағанын
Көргендер осы күні аң-таң қалар.
Болса адам арамдыққа қия басқан,
Жайың бар көретұғын тез аңғарар.
Бұл маңда сенен асқан жан бар десем,
Жанаспас шындыққа адам нанар,—
деді. Соколов қазақша судай білетін еді. Қарқылдап күліп, қал
тасынан сөлкебай күміс алып әлгі кісіге тастай берді.
Сонда төрде отырған Әубәкір бай:
—Ал енді сізді жаңа мақтағанын естідіңіз, Соколов мырза.
Енді бағанағы дуан басы Ыбырайды жамандағандай жамандаса
қайтер едіңіз?—деді.
—Е, жамандасын,—деді Соколов.
Бағанағы ақынымыз қипыжықтап қалды. Сонда Ілияс:
—Бір тойда екі жар жоқ. Ендігі рет басқанікі. Егер де мырза
кәр қылмаса, жамандауын мен жамандайын,—деді.
Соколов та:
—Жоқ, кәр қылмаймын, ал жаманда,—деді. Сонда Ілияс:
—Бергенің сенің болды екі сөлкі,
Айтуға бір сөз келді жаңа төлкі.
Парадан собираешь богатства,
Етесің нашарларды ылғи күлкі.
Біреуді қорқытасың, біреуді алдап,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР Жыртқышта саған ұқсас жылпос түлкі. Менің де айтқан «мақтап» сөзім үшін Тақсырым, тастарсыз ба екі-үш сөлкі,— дегені бар емес пе? Соколов алғашқы уәдеден тайды. Өңі бұ зылып, қуарып сала берді. Қатты ашулансын-ай келіп Ілияс қа: —Сенің бұзық екеніңді біз ертеден білеміз. Бірақ кешірім жасап келдік. Енді бетіңмен жібере алмаймыз,—деп отыр. Оспан болыс, Әубәкір бай да ұрсып жатыр. Ал Ілиястың да алқымы кеуіп кеткен. —Бас кессең де, тіл кеспек жоқ. Тағы да айтамын,—деп орынынан түрегеп алды. Тағы да Соколовқа: —Дағдың ғой ысқыратын нашар жанға, Боялған қолың сенің қызыл қанға. Алғашқы уәдеңнен адам болман, Тайлығар кәзір сенің жөнің бар ма? Айдату, байлап-матап, қылыш шауып, Жандарға қарсыласқан жала жауып. Алдыңа тізе бүгіп иілмеспін, Басыма төндірсең де нелер қауіп,— дегені ғой. Естуші жұрт: «Әй бәрекелді-ай! Батырдың тұқымы дегенмен батырлығын жасады-ау!»—десіп жатыр. Ал Соколов бұрынғыдан бетер қаһарлана түсті. Ал енді Со колов бірдеңе ететін болса, отырғандардың ішінде кейбіреу лер Соколовтың өзін бассалмақ болып отыр екен. Құрдастары Қоянкөз деп атайтын Қартабайдың Ысқағы, Кемелбайдың Түсіпбегі сияқтылар Ілияс пен Соколов сөйлесе бастағанда-ақ далаға шығып кетіп, жеңдеріне темір тағып алып, қайыра келіп отырады. «Ел ренжісе, жер көтермейтін ауыры бар, ел сілкінсе, қар лы-жаңбыр дауылы бар», «көп қорқытады, терең батырады» деген емес пе?! Әубәкір, Оспандар елдің бет алысын байқап қа лады. Содан сескенген ол екеуі Соколовқа ақыл айтып тоқтатты да, халықты таратып жіберді.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Егер де он алтыншы жылдың дүрбелеңі болмаса, Соколов
тың Ілиясты бір тықырға тақауы да мүмкін еді....
18. ЕКІБАСТҰЗДА
1916 жыл еді. Июнь айының аяғы. Кешке жақын Спасс
зауытынан шапқыншы келді. Жұрт үрпиісіп жиналысып қал
ды. Ентелей басып мен де келдім. Сөйтсек, патша қазақтардан
солдат алатын бопты. Ертең солдатқа кісі алуға осы Қараған
дыға болыс, старшиндер келеді. «Жұмысшыларды ешқайда
жібермей, жиып ұстасын!» деп подрядчиктерге хабар айта
келген шапқыншы екен. Халық абыржып қалды. Әркімнің ал
дында «не істейміз?» деген сұрақ тұрды...
Ой-дай! 19 бен 31 жастың арасын сыпыра бастасын. Ел бұ
ған көне алмады. Жұрттың бәрі «солдатқа бармаймыз» деп
тау-таудың арасына қаша бастады. Тіпті, топ-топ болып жи
налып елден безіп кетті... Біраз күннен соң «Ұлытау жағында
Аманкелді батыр патшаның жарлығына қарсы күрес ашып
ты» деген хабар дүңк ете қалды. Бұл кезде Спасс зауытының
арғы бетіне бұл жақта халқы да топ болып жиналып жатты. Ол
топқа Қарағандының және Спасс зауытының жұмысшылары
да қашып барып қосылып жатты. Шахталарда жұмыс бәсеңдей
қалды.
Сол кезде Мәңкі баласы Ілияс дейтін жұмысшы бар, Жү
сіп баласы Уәли деген бар, Нұранов Қуаныш деген бар—бәрі
«патшаға, байға қарсы одақтасып, еркіндік үшін күресейік»
деп өлең айтады... Солдатқа бармау үшін әркім әртүрлі жол
іздеді. Көбі Аманкелді отрядіне қосылды. Кейбіреулері Екі
басқа кетіп жатты. Өйткені «Екібастағы жұмысшылардан сол
датқа ешкімді алмайды» деген лақап тарады. Сол хабарды ес
тіген мен 1919 жылдың күзінде Екібастұзға келейін. Әуелгі
кезде бұлардан да солдатқа кісі алған екен. Бірақ Екібастұздың
қожайыны патшаға ма әйтеуір, арыз беріп, Екібастұздан солдат
алдырмайтын болыпты.
Онда келсек, «жұмысқа түсеміз» деп келуші адамдар қап
тап жүр. Подрядшіге кім пара берсе, солар жұмысқа түсіп жа
тыр. Ал менде қаражат дегенде небәрі 8 сом үш шет тиын ғана
5-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
ақшам бар. Өйткені Қарағандыға кетерде ақша орнына берген
талоным бойынша Текекөз деген подрядшы ештеңе берме
ді. Тіпті, айта берсем, қашып кеттік. Ол талон басқа жерде
іске аспайды. Амал бар ма, сол жерде Әубәкір деген подряд
шы ноғай бар екен, соған қалтамдағы барымды беріп жұмыс
қа орналастым-ау! «Анауымнан мынауым әм сорақы, Ала
алмассың бұл сұмнан түк жалақы» деген сол кездегі Екібас
тұз жұмысшыларының мақалы болатын. Сондай-ақ ертеңнен
қара кешке дейін жұмыс істегенде алатын ақшамыз тамағы
мызға жетпейтін. Амал не, жұмыстан бас тарта алмайсың. Қит
етсең, сылт етеді. Жұмыстан шығарып жібереді. Жұмыстан
шығып қалсаң, солдатқа алынасың. Бір мен емес, ол жылдары
жұмыс істегендер тек солдатқа барудан қашып, бас сауғалап
жүргендер...
...Міне, өмірдің неше түрлі кезеңдерін бастан кешірген
буырылбас қартың біз боламыз. Екі түрлі өмір көрдік. Біріне
бірі ұқсамайтын өмір. Байлар билеп тұрған уақытта шахтер
болу, жұмысшы болу ең төмен атақ болса, қазір совет дәуірінде
ең құрметті атаққа айналды. Мен өмір бойы жұмысшы бо
лып келемін. Совет өкіметі орнаған соң, 1922 жылдан Екібас
пен Жармақтемір жолында жол қараушы болып істедім...
1931 жылдың 1 майынан бастап Қарағандыға келдім. Содан
бері осы Калинин атыңдағы шахтада забойщик болып жұмыс
істедім. Қазіргі бақытты заманда, қызықты өмірде мәпеле
ніп отырған бақытты совет шахтерлерінің бірімін. Тұрмысым
жақсы. Айлық еңбек ақым—4-5 мың сом.
Көмір—ел игілігі, Отан сыйлығы. Көмір неғұрлым көп өн
дірілсе, социалицистік экономикамыздың күші зорая береді,
бейбітшілік сақтау ісі нығая береді. Мұны біз жақсы білеміз.
Бүкіл совет шахтерлерімен бірге отан игілігі үшін еңбек етіп,
күндік норманы асыра орындаудамыз.
Біздің елімізде еңбек, абырой әперетін, даңқ шығаратын
іске айналды. Октябрь революциясына дейін менімен бірге
жұмыс істеген қарттардың көпшілігі қазір құрметке бөлену
де. Түсіп Күзембаев—Социалисттік Еңбек Ері. 86 жастағы
Бексосын Сыйқымбаев деген қартымыз Ленин орденімен екі
рет наградталды. Шәйіт Асайынов—қазір бассейіндегі бел
гілі адамның бірі. Еңбек Қызыл Ту және Ленин орденімен
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
награтталды. Қазір Горбачев атындағы №8-9 шахтаның бас
тығының орынбасары. Партия мен үкіметіміз еңбегімді жо
ғары бағалады. «Құрметті шахтер» атағын алдым. Еңбек Қы
зыл Ту және Ленин орденімен және бірнеше медальдармен
награтталдым. 1954 жылы сайлауда халық бірауыздан мені
СССР Жоғары Советінің депутаты етіп сайлады. Мұндай құр
метке бөлену Қарағандының ағылшын капиталистері билеп
тұрған замандағы шахтерлердің өңі түгіл, түсіне де кірген
жоқ.
19. ГЕРБЕРТТІҢ ҚАНДЫ ШЕҢГЕЛІ
Ол кезде мен 16 жаста едім, әкем Күзембай бір күні мені ша
қырып алып:
—Ауылда жалшылықта жүріп, өмірімнің көбін ауыр бей
нетпен өткіздім. Ауылдың ауыр өміріне төзе алмаған кедейлер
Қарағандыға кетіп жатыр. Сол жерге бізде барып, күн көрсек
деген ой бар, бұған сен қалай қарайсың?—деді.
Мен әкемнің бұл пікіріне қарсы болғаным жоқ. Сонымен
1907 жылы Қарағандыға келдік те, әкем екеуміз бірдей ағыл
шын шахтасына түстік.
Бізді ағылшын шахтасының қанды азабы, ауыр бейнеті қар
сы алды. Әуелі шанашы, онан кейін забойшы болдым. Күн сай
ын 16-17 сағатқа дейін жұмыс істейтін болдық, әбден әлсіредік,
езілдік. Соншама ауыр еңбекте жүріп, күн сайын табатын
жалақымыз тіпті болымсыз еді. Басқа тұтынуды айтпағанда,
тамағымызға да жетпеді, Бірақ амал не, шықпаған жан, шыдап
жүре бердік.
Мен тұңғыш рет Джим Герберт дейтін ағылшынның «Джим
ми» деген шахтасында жұмыс істеп, түйе кетпен, ит шананың
қасіретін осында тарттым.
Джим Герберт шахтаға аптасына бір рет түсіп жүрді. Мен
осы қожайынмен бір рет кездескенімді әлі күнге ұмытпаймын.
17 сағат бойы жұмыс істеп жүріп, бұл жолы шанаға көмірді
олқы салып алып келе жатсам керек. Өйткені әлім құрып,
титығым бітіп қалыпты. Осыны көріп қалған ағылшын мені
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
таяқтың астына ала бастады. Ауызына келгенін айтып, ақы
рып, зекіріп жатыр.
—Міне, бұл айуандардың істейтіні осы. Мен Англиядан Рос
сияға келгенде құрыйын деп келгенім жоқ,—деп күж ете қалды
Герберт. Сөйтіп, ол мені үш тәулік бойына шахтаның астынан
шығармай, күні-түні көмір тиелген шананы сүйреткізді де
қойды.
... «Джим», «Карно» шахталарында адамның өлімі көбейе
берді. Біреу аштан өлсе, біреу жер астында құлаған лаваның
астында қалып өледі. Мәселен, забойшы Қойшығұлов менің
көз алдымда жер астында ауыр өмірге төзбей, өліп кетті. Гер
берт оның үй іші адамдарын жер барақтан шығарып тастады.
Бұдан кейін көп кешікпей Қойшығұловтың әйелі Әсия және үш
баласы аштан өлді.
Герберт забойшы Мәдиев деген шахтерді жер астында ұрып
өлтірді. Оның да әйелін 4 баласымен бірге жер барақтан шы
ғарып тастап, қаңғыртып жіберді.
Ағылшын капиталистері Қарағандыны пайдаланып тұр
ғанда кеншілердің тұрмысы адам айтып болмайтын ауыр еді.
Жер барақта, қапаста тұратын едік. Ол кезде емхана, мектеп,
мәдени-ағарту мекемелері дегенді, демалысты білмейтін едік.
Шахтада өлуден басқа ешқандай правомыз болмайтын...
20. МӘРТЕБЕҢ ДҮНИЕҢ БОЛСА
АСАДЫ ЕКЕН...
—Біздің атамыз Елкелдіге түсінде бейтаныс бір адам «өлең
аласың ба, көген аласың ба» дегенде, «өлең аламын» деген
екен.
Көген алса бай болмақ екенбіз, өлең алғандығынан ке
дей болыппыз. Менің әкем Айнатас марқұмның өмірі де үне
мі жоқшылықпен өткен. Ол кісі қыр қазағына аты шыққан
Шәріп ноғай деген Ақмоланың белгілі сәудегерінде өмір бойы
жалшылыққа жүріп, менің он бес жасымда қайтыс болды. Жи
ырма екі жасымда күнкөріс үшін жұмыс іздеп Қарағандыға
келдім.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Ол кездегі шахтердің тұрмысы қандай ауыр десеңізші?!
...Таңның атысы, күннің бастысы жер астында жұмыс істейсің.
Бірақ ештеңе өнетін емес. Жағдай жаман. Тапқаным тамағыма
да жететін емес...
Ол кезде бүкіл Қарағандыны Немков деген біреу басқара
ды. Әлгінің жүзіктің көзінен еткендей қос күрең аты бар. Ой,
қандай аттар! Тек ұрлыққа ғана салатын аттар.
Содан бір күні «Тәужи, не де болса осының бір күреңін мі
ніп қашайын» деген ой келді. Бірақ қолға түсіру қи-ы-н! Өйт
кені екі атты Немков күні-түні қолдан босатпайды. Есігінің
алдында тастан салған биік сарайы бар. Жаз болса төбесін
жаңалап жауып көлеңкелеп қана қояды. Екі ат күні-түні сол
сарайда тұрады. Түн болса, есігін сыртынан жабады да, алды
на тайыншадай бір көк итті байлайды да қояды.
—Қалай алу керек?
Күзгі салқын түсе бастаған кез еді. Ел жатып, кісі аяғы
басылды-ау деген кезде Немковтың үйіне жақындап келдім.
Үйдің айналасында ешбір жан көрінбейді. Ұйықтап қалғанға
ұқсайды... Ат тұрған сарайға жақындауым-ақ мұң екен, ит
шабаланып қоя берді. Дереу Немковтың үйінің есігін сыр
тынан бекітіп тастадым. Ит арсылдап, өршелене үріп тұр.
Енді итке жақындайын. Ұмтылған иттің тұмсығы тиер-тимес
жерге барып тоқтадым да, дәл қара тұмсықтан дәлдеп тұрып
қолымдағы темірмен перейін. Иттің жайын сонымен бітірдім.
Есіктің құлпын бұрап тастап, қос күреңді сарайдан шығарып-
ақ әкеткенім емес пе?! Сол кеткеннен мол кеттім. Бір күреңді
соғымға үйге жығып бердім де, біреуін түсін өзгертіп мініп
жүрдім.
Түсін өзгерту үшін түсі елеуішке ұқсас, бірақ сирек тесілген
шлапшын арқылы үстіне бір шелек қайнаған ыстық су құйып
жібердім. Су тиіп күйген жерлері ақ теңбіл болып шыға келді.
Ақырында күрең ат шұбар атқа айналды...
Бірақ Немковтың көзі құрығанша Қарағандыға қайтып
оралмадым. Кейінірек Қарағандыда тек жаз айларында ғана
жұмыс істеп, қысында ауылда болатын болдым...
1916 жылы жаз айында «қазақтан солдат алады» деген ха
бар дүңк ете қалды. Онда мен Қарағандыда жұмыс істеймін.
Кешікпей-ақ хабар шындыққа айналды. Жастарды болыс-
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
билер тізімдей бастады. Тізімге іліккендер жұмысты тастап,
Қарағандыдан қашып кетіп жатты.
Спасс заводының сыртқы жонына халық қаптап кетті.
Ауыл адамдары мен жұмысшылар. Көтерілісті басқарушы
лардың бірі—кәзіргі Бекбосын Сыйқымбаевтың Бөлеген деген
інісі еді.
Ой, шіркін, ер жігіт еді! Болыстардың көмегімен іш жақтан
келген карательдің адамдары өлтірді гой.
Мен де әр жерде паналадым. Спасстан Қарағандыға қайыра
қашып келдім. Сөйтсем, жұмысты тастап өз бетімен кетіп қал
ған, болмаса Бөлеген сияқты көтеріліске қатысқан жұмыскер
лердің семьяларына қожайындар мен простоптар неше түрлі
қысым жасап, қуғын көрсетуде екен. Қарағандыға қайтып
келгеннен паналайтын жер таба алмаймын. Өзімнің бір деген
сыйласып жүрген жолдасым Сасық деген жігіт достық ниеттің
орнына, нағыз дұшпаным болып шықпасын ба? Паналатудың
орнына простопқа бұрын Немковтың атын ұрлағаныма дейін
айтып қойды. Және Бөлегеннің тобында болғандығымды
білдірген. Сонда:
—Мәртебең дүниең болса асады екен,
Көңілің ағын судай тасады екен.
Қолында мал, қорегің болмай қалса,
Жуыспай туысқаның қашады екен.
Қолыңда нәрсең болса, дос дейді екен,
«Тәужиім, не алсаң да бос» дейді екен.
Қолыңнан мал, қорегің табылмаса,
Туысқаның жуыспай қош дейді екен.
Япырмай, Сасық, саған мен не жаздым,
Дос адам бір-біріне өсти ме екен?!
Кедейдің қасиеті болмайды екен,
Алтынын жез орнына алмайды екен.
Гауһар, жақұт тізілтіп тілден өрсең,
Бес тиын қара пұлға тұрмайды екен.
Бұлбұлдай тілді безеп сайрасаң да,
Ескеріп сөзге құлақ салмайды екен.
Басыңа бақыт құсы қона қалса,
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Қарғаша қарқылдасаң, тыңдайды екен.
Басыңнан өтті осылай, көрдім бәрін,
Көз көрді бұл дүниенің кең мен тарын.
Нар туған Бөлегендей батыр ұлдың,
Естідім елге сәлем, айтқан зарын.
Ағайын, құрбы-құрдас, туған-туыс
Жұбату міндетіміз сонын бәрін.
Бұрынғы бірге жүрген достар қайда,
Сүрініп етекті аяқ басқанында.
Көрінер келді кезі нағыз достық,
Тал қармап, суға кетіп сасқанында.
Өлді ол ерлікпенен елі үшін,
Ата-ана, туып өскен жері үшін.
Ақ патша өміріне қарсы шыққан
Көп халық көрді оның қайрат-күшін.
Салғанда залым патша елге қармақ,
Жатқанда қыршындарды жұтып, жалмап.
Жөн сілтеп, ел бастаған батырлардың
Есімі ел аузында мәңгі қалмақ.
деп өлең шығардым. Естігендердің бұл өлеңге жыламағаны бол
мады және жаттап алды.
Амал бар ма? Қарағандыдан бір түні қашып кеттім де, елге
бардым. Елде патшаның жарлығына қарсы көтеріліс жасап,
Сарысуға қарай шегіне көшіп барады екен. Онда Көнек елінің
болысы Тақыр Омар Ақмурзин, Жыланды елінің болысы
Белгібайдың Қасембайы, Қарағаш елінің болысы Шоңның Ах
метжаны еді. Болыстар әуелде спеске жасап солдатқа кісі бермек
болды. Бірақ елдің ыңғайын байқағаннан кейін ол пікірлерінен
тайды. Солдатқа кісі бермеді. Сонда Ақмола уезінен қасында
төрт жүз солдаты бар жандарал шықты. Елден кісіні солдатқа
күшпен жібермек болды. Ел бағынбады. Солдаттармен соғыса
отырып, ел кейін шегіне көшті. Аймысық—Көккезге дейін
барды... Солдаттардан да көп қырылды. Бізден де өлім болды.
Ақыры, солдатқа бармадық...
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
21. ХОРБАТЕЛЬДІҢ КҮРЕСІНГЕ
ТАСТАЛУЫ
1916 жылдың жазы. «Июнь жарлығы шығыпты, қазақ
тардан солдатқа кісі алады» деген хабар құлаққа сап ете
қалды. Кешікпей-ақ 19 бен 31 жастың арасын сыпыра баста
ды. Жұрт абыржуда. Барар жер, басар тау, паналайтын орын
жоқ. Адамқайыр Қойтасбаев тағы басқа бірнеше жұмысшы
лар Екібасқа қашып кетті. Кәзіргі бассейніміздегі даңқтылар
дың бірі Бекбосын Сыйқымбаевтың Бөлеген деген інісі соңы
нан бірнеше жұмыскерлерді ертіп патшаның жарлығына қарсы
Спасс маңына топталған халықтың көтерілісін басқарып кетті.
Ой, шірк-і-і-н! Қандай жігіт еді! Жанып тұрған от еді, шір
кін! Сонда:
—Батыл бас аяқты, кедейлер,
Рухыңмен күреске бекемден.
Туды шақ өзіміз жол ашар,
Бостандық дүниеге кеудемен..—
деп өлең айтатын. Аяғы көп болатын еді, адам айтпаған соң
ұмытып та қалады екен.
Сол жылы июль айы еді. Хорбатель нарядқа келді. Кекті
ашу кернеген жұмысшылар оны масқаралайтын ыңғай біл
дірді. Александр Горбатов, Нұрмағамбетов Ысқақ, Алтайбаев
Хұсайын деген жұмысшылар байқаусызда Хорбательдің арты
на тәшке әкеліп қойды. Мен оны итеріп, тәшкеге құлаттым.
Әзір тұрған жұмысшылар тәшкені тарта жөнелді. Олар сол бе
тінде Хорбательді топырақ төгетін жерге, күресінге апарып бір-
ақ құлатты.
Біздің шахтерлер ағылшын пайдакүнемдеріне өзінің кекті
ашуын осылай білдіріп еді.
22. НЕ ДЕГЕН КҮШ ДЕСЕЙШІ!
1917 жылдың ұмытпасам, март айы. Ол кезде қожайындар
жер үстіне шығарылған көмірден жұмысшылардың көмір алып
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
жағуына рұқсат етпейтін. Әркім өзі шахта ішінен арқалап алып
шығуы керек. Сондықтан шахта астында жұмыс істемейтін
жұмысшылар қырдағы көмірден ұрлап жағады.
Аты есіме түспей отыр, бір ұста бар еді. Көктайша деген
ұстамен бірге жұмыс істейтін. Күлдібай ма екен? Әйтеуір әлеу
метті жігіт еді.
Сол бір күні жағайын десе үйінде отыны жоқ. Шахта басына
барады да, көмірдің бір үлкен кесегін иығына қондырып алып
келе жатады ғой. Алдынаан қожайынның итаршыларының
біреуі шыға келеді де, оны көріп қалады. Байқаусыз өтіп бара
жатқан кісінің тізесінен әлгі сұм таяқпен беріп жібереді. Өзі
нің арқалап әкеле жатқан көмірі аяғына түсіп, содан әлгі жігіт
ақсақ болды. Жерге түскен көмірі екі жарылып түскен екен.
Ертеңінде әлеуетті жігіттер әлгі көмірдің сынығының өзін ор
нынан қозғалта алмады. Жұрттың айтуына қарағанда, әлгі
көмірдің ауырлығы 9 пұттай еді дейді. Не деген күш десейші!
Бір жарым центнерді арқалап жүрген.
Сол жылы Қарағандыда жұмысшылар советі құрылды. Бас
тығы Никитин деген орыс болды. Жігіт-ақ еді. Никитин бастық
болғаннан кейін бастығы Күлдібайды аяғынан ұрып құлатып
жүрген Қара Иван дейтін орыстан құнын әперді.
23. ТҰРЫСБЕК КЕЛГЕНДЕ
1918 жылы февраль айында «Ақмола уезінде кедейлер
өкіметі құрылды» деген хабар келді. Жұмысшылардың қуа
нышы қойнына сыймайды. Қожайындардың құты қашып,
берекесі кете бастады. Бұрын 3 сом ғана жалақы алсақ, енді 5
сом, 6-7 сомға дейін жалақы алатын болдық.
Ақмоладан жаңа өкімет құрылысымен көп кешікпей
1918 жылдың апрель айында Қарағандыға да өкімет уәкілдері
келе бастады. 1918 жылы апрельдің аяқ кезінде Қарағанды мен
Спасс зауытына Тұрысбек Мыңбаев келді. Тұрысбек түскен
үйге жұмысшылар жиналысып қалды. Келгендер шапұр-шұ
пыр амандасып жатыр. Жұрттың бәрі жаңа орнаған өкіметтің
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
жайын білгісі келеді. Әлден уақытта сырттан Ілияс ақын кіріп
келді де мынадай деген өлеңмен:
—Жүрсің бе, Тұрысбекжан, есен-аман,
Естідім келгеніңді Ақмоладан.
«Кедейдің өкіметі орнады» деп,
Алып ек бір хабарды біз қаладан.
«Жақсы сөз, жарым ырыс» деуші еді ғой,
Кәнеки, сөйлеші енді бізге содан,—
деп жұртшылықтың назарын бірден Тұрысбекке аударып қол
алысып амандасты. «Тұрысбек не айтар екен» деп жұртшы
лықтың құлақ түруде. Сүйтсек, кедейлер өкіметінің орнағаны
рас екен. Сол бетінде Тұрысбек Өспенге барып қайтты. Содан
бастап-ақ қожайындардан ерік кетіп, есінен тана бастады ғой.
Қарағанды өндірісі тоқталғаннан кейін мен ауыл арасында
болдым. Ол кезде қосшы ұйымы деген болды. Соның мүшесі
болып сайландым. Ең алғаш колхоздастыру басталғанда
Нұра өзенінің Есен дейтін құйылысынан «Ашық» колхозын
ұйымдастыруға қатыстым. Содан күні бүгінге дейін колхоз
шымын.
24. КІСІ-АҚ ЕДІ!
1920 жылдың басында Қарағанды ақ бандалардан мүлде та
зарды. 1919 жылдан қыс айларында Қарағандының Бұқпа се
лосында тұрған қызылдардың қарулы отрядына арқа сүйеген
жұмысшылар өздерінің өндірістік комитеттерін қайыра сайлай
бастады...
1920 жылдың 2 майында Қарағандыға төрт кісіден жұмыс
шылар комитеті сайланды. Бірінші бастығы Трабовский деген
орыс жігіті, мүшелігіне Сыпан Серікбаев және Нариман Ах
метов деген қазақ жұмысшылары сайланды. Бұл кезде шахта
жұмысын тоқтатпаған. Осипов деген кісінің басшылығымен
көмірді шахтерлер шығарып берді...
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Осындай жағдайлар болып жатқан кезде, сол 1920 жылдың
жазында осы Қарағандыға Гапеев деген инженер келді. Қасын
да Мария дейтін әйелі мен үш-төрт көмекші кісілері бар.
Не деген ерлік десейші! Ол келген кезде Семейден бергі
жатқан жалпақ далада ақ бандалардың түн қатқан қасқырдай
шұбырып жүрген кезі. Соңдарынан түре қуған қызылдармен
қаша соғысып кетіп бара жатқан. Совет өкіметін жақтайтын
адамдар қолдарына түссе, тірідей кескілейді. Және ол кезде
Қоянды жәрмеңкесі мен Қарқаралы маңындағы қазақ ауыл
дарында сүзек ауруы кең таралған. Ол дағы бір жұқпалы
жексұрын ауру ғой. Солардан қорықпай келуі, келу-ақ қой!
Күн кешкіріп бара жатқан уақыт еді. Мені жұмысшылар
комитетіне шақырды. Барсам, басында елпекей ақ тақиясы бар
қоңқақ мұрын, арықша келген бір орыс отыр. Және өзіміздің
сол комитет мүшелері Чемохов пен Ахметов Нариман бар екен.
Нариман:
—Шәйіт, мына кісі біздің қызылдық инженер. Қасында
төрт-бес кісісі бар. Құрал-саймандары бар. Сонау іштен осы
Қарағандыға әдейі жіберілген көрінеді. «Қарағандының өнді
рісін үлкейтеміз» дейді. «Совет өкіметі қамқорлыққа ала
ды» дейді. «Көмірдің көп-аздығын зерттеу үшін әдейі мені
жіберді» дейді. Бұл кісі «осындағы ертеден істеп келе жатқан
жұмысшылармен әңгімелесемін» дейді. Жұмысшыларды жи
найық,—деді.
Жұмысшыларды жинап жібердік. Жиналысты Трабовский
ашты да, Гапеевке сөз берді Әй, шіркіннің сөйлесі-ай десейші.
Қандай шешен десеңізші!
—Бұл өкімет—сіздердің өкіметтеріңіз. Кедейлердің өкі
меті. Сіздердің алдарыңызда бақытты болашақ тұр... Оны жа
саушы сіздер, бауырларым,—дейді,—бұл өкімет сен орыссың,
сен қазақсың демейді. Бәрің де бірдейсің,—дейді.
Гапеев сөзін аяқтағаннан кейін Трабовский шығып сөйлеп,
Гапеевтің келгеніне жұмыскерлердің қуанатынын айтты. Со
дан кейін қазақ жұмысшыларының атынан Ілияс ақын сөйледі.
Ол өзінің сөзін өлеңмен айтты.
—Келдік біз сәлемдесе сізге, мырза,
Бізге айтқан сөзіңізге көңіл ырза.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Болғанда төбем—жайлау, төсім—қыстау
Кәзірде тыныштықта біздің қырда.
Көңілден қасірет пен қайғы кеткен
Қуаныш лебі бар біздің жырда.
...................................................
...................................................*
Іш жақтан бізге арнап келдіңіз бе,
Ықылас, ақ ниетке сендіңіз бе?
Қай елден, қандай адам Ленинді
Көзіңізбен айтшы бізге, көрдіңіз бе?—
деп сөзін аяқтады. Басқалары: «Ой, пәле-ай, дұрыс айтты-
ау!»—десіп жатыр. Нариман Гапеевке Ілиястың өлеңін түсін
дірді. Содан Ленин туралы Гапеев көп әңгіме айтты...
Гапеев екі күндей тынықты. Ол кезде біздер қазған көмірі
мізді ауыл-ауылға таратып, тамаққа айырбастап отыратын едік.
Қой сойып, қонақасы бердік. Қонақасыны қалай берді десейші?
Біз оны былай бердік: бір көгалды жерде, ашық далада. Гапеев
әйеліне айтып жатыр:
—Мұны қазақша ет дейді,—деп. Ол екі кісіге бөлек табақ
жасап, бас тарттық. Нариман Ахметов түсіндіріп отыр:
—Сойылған малдың басы мал кімге арналып сойылса, соған
беріледі,—деп. Сөйтсе, Гапеев қазақтың ол дәстүрімен ертерек
таныс екен. Өйткені 1916 жылы Екібастұзда болып қайтқан
екен. «Жақсыда жаттық жоқ» деген ғой. Сол күннен бастап-ақ
үйреншікті адамымыздай болып кетті.
Содан Гапеев бір жаз бойы болды. Бұрынғы ескі шахталар
ды аралады. Бір шеті Майқұдық, Соқыр өзені, Сораңға дейін,
осы Қарағандыны түгел тексерді ғой. Мен және Жүніс дейтін
кісі бар екеуміз алғашқы күннен бастап қашан Қарағандыдан
қайтқанынша Гапеевтің қарауында жұмыс істедік. Бірақ кәзір
бізді ұмытып та қалған шығар...
Бір күні бір қызық уақиға болды. Қарағандыдан ұзай бердік.
Жаңбырсыз, бұлтсыз күндері жеткен жерімізге түней де салып
жүрдік. Оған ішімнен ренжіп те жүрдім.
∗ Түпнұсқада осылай берілген.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Бір күні күндіз атып алған бес-алты үйректі асып жеп, Со
қыр өзенінің бойында жатып қалдық. Гапеевтің қасында жүре
тін Виктор деген жігіт бар еді. Таңертең бәріміз де тұрдық. Га
пеев те тұрған. Ал әлгі Виктор ұйықтап жатқан-ды. Бір кезде
«тұр!» деп оның үстіндегі көрпесін біреу жұлып алды. Дәл бауы
рында от орнындай болып иіріліп бір қарашұбар жылан жатыр.
Гапеевтің зәресі ұшып кетті. Виктор әлі ұйықтап жатыр. Оны
оятсақ, қозғалып кетуі мүмкін. Байқамай жыланға соқтықса,
жылан шағып алуы мүмкін. Сондықтан бір адам қолынан, бір
адам аяғынан сүйреп ала қаштық. Төсек қозғалғанда жылан
басын ортасынан шығарып, қайқайтып ала қойды. Виктордың
зәресінің кеткені-ай! Сонан кейін далаға сирек қонатын бол
дық-ау! Сол жылы күзгі суық түсе қайыра қайтып кетті. Содан
кейін қайтып оралған емес.
Кісі-ақ еді!
25. ДОНБАССТА
1930 жылы комсомолдың шақыруымен Қарағандыға кел
дім. Өйткені мен 1925 жылдан комсомолда мүше едім. Қара
ғандының ол жылдардағы бейнесі күні бүгінге дейін көз ал
дымнан кетпейді.
1930 жылдың көктемі. Ол кезде мұндай машина да жоқ.
Түйе жегілген арбаларға қайла, күрек сияқты саймандарымыз
ды салып алып, шахта ашатын жерлерді қарауға шықтық. Жұ
мысшыларды бастап келе жатқан кісі—сол жылдың январь
айында ғана іш жақтан келген Корней Осипович Горбачев деген
орыс. Бір уақытта бір жерге келгенде көлікті тоқтатты да:
—Жолдастар, дәл осы арадан Қарағандыда тұңғыш шахта
ның негізін саламыз. Бұл жұмыстың бастамасы болсын. Жұ
мысқа кірісейік!—деді.
Сүйтті де арбадан ұшталған қазықтың бірін алып жерге қақ
ты. Бәріміз де жұмысқа кірістік. Кәзіргі Горный атындағы шах
та тура сол жер...
Сол жылы Қарағандыда небәрі төрт-ақ шахта салынды. Бір-
екі ғана магазин, төрт-бес ларечектер ғана бар еді. Келген бет
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
те-ақ жұмысқа ынталы кірістік. Горбачев бір күні мені жауы
рыннан қағып:
—Әй, жұмысқа ынталысыңдар-ау! Бірақ әлі шахтаның тех
никасымен таныс емессіңдер. Бұл сенің кінәң емес. Әлі-ақ үй
ренесің,—деді.
Бір күні тура ноябрь айының басы еді, мені Корней Осипович
шақырып жатыр деп кісі келді. Барсам, сол жылы ғана менімен
бірге жұмысқа түскен жиырма шақты жастар отыр екен.
—Ә, Алтынбаев, келдің бе, хал қалай?—деп сұрады Горба
чев.
—Халім жақсы,—дедім мен.
—Иә, сенің халің әр уақытта жақсы болмақ,—деді дағы әрі
қарай сөйлей жөнелді,—сендерді шақыртқан себебіміз мына
дай еді: Қарағанды өндірісі күшейгелі отыр. Биыл төрт шахта
ашсақ, ендігі жылы бұдан да көбейеді. Олай болса, бізге ма
ман жұмысшылар керек. Ол жұмысшылар осы сендердің ара
ларыңнан шықпақ. Сондықтан осындағы таңдаулы жастардан
біраз кісіні Донбассқа жібермекпіз. Соған сіз де барсаңыз, қалай
болар еді?
Мен:
—Барамын,—дедім. Басқа отырғандар да бармақшы болған
екен. Сонымен 18 комсомолды 1930 жылдың тура ноябрь айын
да Донбассқа жүргізіп-ақ жібергені ғой.
Донбасстың Рудченко деген ауданындағы №17 «бис» шахта
сында болдық. Барысымен әрқайсымызды әрбір забойщиктің
қасына қосып берді. Мені забойщиктікке Внучик деген кісі үй
ретті.
Шіркін, қандай кісі еді! 1930 жылдың декабрінен 1933 жыл
дың ноябріне дейін қарауында болдым. Бір ауыз «сен» деп қатты
сөз айтқан емес. Қайланың сабын қалай ұстап, көмірді қалай
шабудан бастап барлығын үйретті. Жалғыз-ақ бір ренжігені
бар.
Қарағандыдан шығарда қалтамызға көп ақша салып берген.
Донбассқа барғанда жастар арақ ішіп, шылым тартады екен.
Елде жүргенде мен шылым да, арақ та ішпейтін адаммын. Анда
барған соң шылым тартуды шығардым. Балалық қой енді. Шы
лым тартуды сән көрдім бе, білмеймін. Бір күні коробкасы әде
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
мі бір пашке шылымды сатып алдым. Шахтаның астына әлгіні
ала түстім. Көмірді біраз шапқан соң дәм алып отырдым да,
шылымды алып біреуін шегейін. Сөйтсем шахтаның ішінде от
тұтату, шылым тарту деген болмайды екен ғой. Оны мен қайдан
білейін. Бір уақытта Внучик жетіп келіп қолымдағы шылым
ның дәл қызарған үшін жұлып алды. Ал ұрыс, ал ұрыс: «Кім
үйретті саған шылым тартуды?» деп... Міне, осы жолы қатты
ренжіді. Ашуға булығып сөйлей алмай қалды. Бұл оның ашулы
пікірін танытатын бейнесі еді. Ол күні сонымен тарастық. Екі-
үш күн өткен соң ғана маған өзінің ашуланған себебін айтты.
Сүйтсек, шахта ішінде неше түрлі улы және өртенгіш газдар
болады екен. Оның өзін иісінен, түсінен айыруға болмайтын
көрінеді. Өзі жеңіл болғандықтан забойдың жоғары жағына
жиналады екен. Оның қауіптілігі сондай, егер де шахта ішінде
алты-жеті процентке дейін жиналса, одан өрт кететін көрінеді.
Бірақ ол өзінен-өзі атылмайды да, өртенбейді. Көпшілігінде біз
өзіміз не байқамай шамымызды ашып қаламыз, не шылым тар
тамыз. Содан шыққан от ұшқыннан да кетеді екен...
—Шырағым, Қапаш,—деді бір күні Внучик,—сендерді со
нау алыстан мұнда текке жіберіп отырған жоқ. Сендерді маман
жұмысшы болсын деп жіберді. Мамандық тек қайла шабуда
ғана емес, сонымен қатар шахта астындағы неше түрлі қауіп-
қатерлерден де сақтану әдісін үйренуде. Мен саған метан газы
туралы айттым. Ал ол метан газы әрбір забойда бола бермейді.
Кәзіргі осы біз істейтін забойда ғана кездеседі. Сондықтан ме
тан газының жиналған, жиналмағанын қалай білуге болады.
Білесің бе?
—Жоқ, білмеймін.
—Сенің білмейтініңді білемін. Ал бұрын білмесең, бұдан бы
лай білетін бол! Мен саған үйретейін,—деді.
Сүйтті де қолына шамын алды.
—Міне, мынау шамның қалай жанып тұрғанын көрдің ғой?
—Көрдім.
—Ал, енді осы шамды біртіндеп жоғары көтере берейік, кө
тере берейік. Өйткені бағана метан газы жеңіл газ, сондықтан
забойдың жоғары жағына жиналады дедік қой. Сен қарап
тұр...
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Бірақ шамның жануы бұрынғысынан өзгермеді.
—Міне, енді шамның жануы бұрынғысынан өзгерген жоқ.
Яғни метан газы жинала қоймаған деген нәрсе.
Бірнеше күн өткеннен кейін тағы да шамын жоғары көтеріп
еді. Жоқ, шам жоғарылаған сайын шамның көкшіл жалыны
үлкейе түсті, тіпті жалын шамның шынысының беліне жа
қындап қалды.
—Міне, метан газы көбейген. Қауіпті,—деді дағы, шамын
еппен төмен түсірді де, жерге қоя салды. Шам өзінен-өзі сөнді.
—Тез кету керек,—деп мені жеңімнен ұстай тұра жүгірді.
Далаға шықтық. Ол күні метан газынан забойды арылтқанша
жұмыс тоқталып қалды.
Әй, шіркін-ай, десейші! Талай нәрсені үйретіп еді. Шын
дығында, екі-үш жылдың ішінде көп нәрсені үйрендік.
Бір күні шахта астында авария болды. Штрикте порода
құлап, біздің жұмыс істеп жатқан жерден сыртқа шығатын жо
лымызды бекітіп тастады. Бізді көп уақытқа дейін шығарып
ала алмады. Отырған жеріміздің кеңістігіміздің өзі тап-тар.
Егер де тәжірибесіз жұмысшылар болсақ, сол жерде тіпті өліп
кетуге де болады екен.
—Ал сендер ауаны үнемдеуге тырысыңдар—деді тағы да
әлгі Внучик.
Мен ішімнен: «е, ауаны қалай үнемдейміз» деп ойладым.
Менен басқаларының бәрі қолдарындағы бензинмен жанатын
шамдарын сөндіріп жатыр. Мен де сөндірдім.
Сөйтсем, бензинмен жанатын шамның өзі ауаны көп жұтып
қояды екен. Жалғыз-ақ шамды қалдырды да дереу қолында
ғы қайла, күрек, тақтай, ағаштарды жинастырып отырған
орнымыздың төбесіне тіреу етті. Завал болған жаққа қабырға
жасадық та, отырған орнымызды үйшік етіп бөліп алдық. Оның
себебі құлаған жақтан тозаң, улы газдар болып қала ма деген
қауіп болған екен. Әлгі қабырға арқылы газды бөгеп, отырған
орнымызға жібермеуге болады екен.
—Отырған орнымыз тар. Ауасы шағын. Оны үнемдеуіміз ке
рек. Ол үшін әркім қимылсыз отырсын,—деді Внучик.
Өзі сонсоң көмір қабырғасын бірдеңемен дамылсыз тықыл
датып отырды. Ол арқылы бізді құтқаруға келген адамдарға
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
қайда жатқандығымызды хабарлау екен. Әйтеуір, аман-есен
құтқарып алды-ау!
26. ИЛЬИЧ ШАМЫ ЖАНҒАНДА
1921 жылы өндіріс тоқталды. Бірақ өндіріс комитетінің
қаулысы бойынша Успен, Спасс, Қарағанды жұмысшылары
1924 жылдың май айына дейін өкіметтен жалақы алып отыр
ды...
1929 жылы өндіріс қайыра жүре бастады. Партия, комсомол
ұйымдары ұлғая бастады. 1930 жылы мен патрия мүшелігіне
кандидаттыққа, 1931 жылдан мүшелікке өттім. 1932 жылдан
жолдасым Бақтыбала да коммунистік партияның мүшесі.
Әй, Қарағанды қаулап өссін-ай келіп! Жаңадан шахталар
ашылып, үлкен-үлкен үйлер салынып жатыр. Шахтерлер жер
кепеден шығып жақсы үйлерге кіріп жатыр. Біздің әкейдің Сы
патыл дейтін інісі болды. Ол кісі 72 жасында, 1952 жылы қай
тыс болды. Ол кісі де жер кепеден жаңа үйге шықты. Алғашқы
рет Қарағандыда электр жарығының жанбақ күні.
Шахта комитетінен бөлінген кісі бар, жаңа үйлерге электр
жарығын жүргізіп болады. Дәл жарық жіберілетін күні әлгі
Сыпекең үйіне де электр лампасын орнатып кетеді. Үйде Сыпе
кеңнен басқа ешкім жоқ.
Кешкітұрым уақыт. Сыпекең жұмысқа кеткен. Сол үйдегі
Қайынша дейтін шешеміз күндегі дағдысы бойынша май ша
мын оңдап ауыз үйде жүреді. Шамына керосинін құйып, шам
ның пілтесін оңдап қояды да, енді пияласын сүрте бастайды.
Осы кезде үйдің іші күндізгідей жап-жарық болып кетеді.
Қайынша шешей есінен тана қорқады. Қолындағы шамның
пияласы қолынан түсіп кетеді. Өзі шалқалап барып төрдегі тө
сеулі жатқан киіздің үстіне отыра кетеді.
—Алла, Алла, өзің сақтай гөр!
Өз бетін өзі екі алақанымен электр шамынан тасалайды.
—Кәзір апам үйіне барып қайтайын электр шамы жанғанда
қайтер екен,—деп мынау Бақтыбала жүгіріп кеткен-ді. Сөйтсе,
бұл есіктің алдында тұрып сөйлеген сөзін естіп және тығыз
6-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
жабылмаған есіктің саңлауынан не істегенінің бәрін көріп
тұрады ғой. Есікті жайлап ашып, Бақтыбала үйге кіріп келеді.
Шешей оны да аңғарар емес.
—Алла, Алла, өзің сақтай гөр, өзін сақтай гөр, Алла!—деп
сөйлей береді.
—Не болды, апа, сізге, неғып отырсыз?—дейді Бақтыбала.
Үйіне кірген келінін шешей сонда ғана аңғарады.
—Бұл келген кім, Бақтыбала, сенбісің,—депті шешей кел
ген келініне сұқтана қарап.
—Келін-ау, мынау не, мынауың не сұмдық? Не пәле?
Ауызы кемсең-кемсең етіп, отырған орнынан көтеріле ал
майды дейді.
—Апа, бұл—шам. «Электр шамы» дейді. Қорықпаңыз. Енді
бұдан былай керосин шам жақпаймыз.
—Ә, солай ма, өзінің пілтесі қалай шақшияды?
—Мұның пілтесі жоқ. Пілтесіз жанады.
—Е, пілтесіз қалай жанады? Ой, Алла-ай, сақтай гөр... Өзі
не тақалса ештеме етпей ме?
—Жоқ. Ештеме де етпейді. Бұл керосин шамдай түтінде
мейді де.
—Онда жақсы болды ғой өзі. Мұны кім жасады?
—Мұны жасаған—өкімет. «Ильич шамы» деп атайтын кө
рінеді. Мұны мен де білмеймін ғой, апа-ау, кеше электр ең ал
дымен шахтада жанды ғой. Сонда Шәйіт ертіп барып көрсетті
маған.
Шешей мүлде қорқып қалған болу керек. Орнынан әрең де
генде тұрып, шамға жақындайды.
—Мұны кімнің шамы деп айттың?—деп сұрайды дейді.
—«Ильич шамы» дейді, апа.
—Ол кім?
—Ол—Ленин. Лениннің әкесінің аты көрінеді ғой.
—Сонда осы шамды Ленин жасаған ба?
—Иә, Ленин.
—Мың жасағыр, мың жаса,—деп батасын беріп жатыр дейді.
Сөйтіп, алғашқы электр шамы жанғанда осындай қызықтар
болған. Шам жарқ етіп жанғанда, қорыққандығынан талып
қалғандар да, үйлерінен қашып шыққандар да көп болса ке
рек.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
27. СОНДАҒЫ ҚОРЫҚҚАНЫМ-АЙ!
Бір күні осы Қарағандыда тұратын Салқымбаев Хұсайын
деген кісінің үйіне өздерінің елде тұратын Рүстембай бала
сы Нашарбек деген замандасы келеді. Ол кісі кәзір осы Қара
ғандының батыс жағында Нұра ауданында тұрады. Ол кезде
елге радионың таралмаған кезі. Қарағандының өзінде жаңа
ғана орнатылған...
Етті алдарына жаңа ғана ала бергенде, төрде отырған қонақ
Нашекеңнің көкжелкесінен радио сайрап қоя береді. Арты
на жалт қарайды, ешкім жоқ. Тек бір дөңгелек тарелка тұр.
Сөйлеп тұрған да сол. Ет турауға ыңғайланып жазып алған
бәкісі қолынан түсіп кетеді.
Қорыққанын сезген Хұсекең:
—Қорықпаңыз, бұл—радио. Мұны «радио» дейді. Жер-жер
ден хабар алып тұратын нәрсе.
—Ой, тоба-ай! Қорқып қалғаным-ше,—деп сүйсінгендіктен
қолын кеудесіне қусырған екен.
—Айналайын, өкімет-ай, істемегенің болмады-ау! Алысты
жақын қылдың. Қараңғыны жарық қылдың. Енді, міне, қара
темірді қақылдатып, адамша сөйлетіп қойғаның,—деген екен.
Алдыңғы жылы дәм айдап, сол қарт біздің үйге бір келе
қалғаны бар. Аппақ күмістей сақал-мұрты бар, бөкен қабақ,
аласа бойлы, ақсары кісі екен. Радиоқабылдағышпен Индия
дан концерт тыңдап отырғанда, өзінің әуелде радио сөйлеп қоя
бергендегі қорыққанын есіне алып:
—Сондағы қорыққаным-ай!—деп ішек-сілесі қатқанша кү
леді.
28. СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ
1933 жылдың декабрінен бастап Қарағандының осы Киров
атындағы үшінші шахтасына забойщик болып жұмысқа түстім.
Ол кезде №3-26 шахта деп аталатын. Донбасстан забойщиктікті
үйреніп келген бізге ауылдан келген бір-бір жасты қосып беріп
жатыр. Өзіміз донбасстықтардан үйренсек, бұл жерде басқаны
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
үйрететін болдық. Менің қасыма да бір кісіні қосып берді. Оның
аты Жолдыбай еді. Ой, өзі де жалқау еді. Рас, ауылдан келген
жастардың ішінде жұмысты ынтасымен істеп, забойщиктікті
тез үйренгендер де көп болды. Ал Жолдыбайдың басы толған
ұйқы, қай жер болса да сол жерге қисая кетеді. Және нағыз ас
ішіп, аяқ босатардың өзі еді. Құрбылары:
—Ұйқысы бір қанбаған,
Он кашыны жалмаған.
Қыз, келіншек күледі
Бүйен деп сені оңбаған,—
деп өлең айтатын. Содан әлгі «бүйен» аталып кетті.
Бір күні мынадай бір қызық болды. Біз ол кезде ылғи жастар
бір жатақханада жатамыз. Жұмыстан шығып комнатада дем
алып жатыр едік, сол Бүйенмен бірге жататын бір жігіт жүгіріп
келді.
—Жұмыстан қашан шықтыңдар?—деп сұрайды.
—Күндегі шығатын уақытымызда шықтық,—деймін мен.
—Бүйен сендермен бірге жұмысқа түсті ме?
—Түскен.
—Ендеше ол қайда жүр?
—Білмеймін.
—Шахтада авария болып, өліп қап жүрген жоқ па екен?—
дейді ол. Өйткені ол кезде авария жиі болып тұратын.
—Жоқ, біздің сменада амандық. Ал түсуін бірге түскен,
шыққанда аңғара алғаным жоқ. Әрине, шықты ғой. Қайда кетті
дейсің, жүрген шығар...
Сөйтсек, ұйықтап қалыпты ғой. Келесі сменаға барғандар
оятып жіберіпті. Ойпыр-ай, ішек-сілеміз қатып күлмесіміз бар
ма? Әлгінің ұйықтап қалғаны күллі жұртқа жайылсын.
Бір ретте айдың аяғында ақша алуға бардық. Күллі жұрт
жиналған екен. Бізбен бірге әлгі Бүйен де барған. Жиналған
жерде жұрт әзілсіз, қалжыңсыз бола ма? Басқа бір забойщик
тер бригадасының бригадирі Рақышев Мағауия дейтін жігіт
әлгі ақша алуға келген Бүйенге:
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
—Болғанда ұйқың қанық, бойың сергек,
Шахтаға түсіп, шығып еттің ермек.
Көп шапқан көміріне, Бүйен салым,
Қазына қанша айына ақша бермек?—
деді. Сонда Әбілқарыс дейтін бір жұмыскер:
—Тамақ тоқ, көйлегің көк, өзің толдың,
Түзуін айырмайсың оң мен солдың.
Аталып «бригада жалқауы» деп,
Жағылған біздің бетке күйе болдың, —
деп оның сөзін іліп ала жөнелді. Ой, күле, күле жұрт. Ой, жал
қау еді. Тіпті кей уақытта күрегін әкелсе қайласын, қайласын
әкелсе күрегін ұмытып кетеді. Саймансыз шахта астында не
бітірмек? Көбіне уақыты бос өтеді. Ал кәзір айтқаныңды ертең
ұмытып кетеді. Өзімді әбден қажытсын. Содан әлгімен бірге
жұмыс істеуден мен бас тартайын. Өйткені өмірі күндік беретін
көмірді орындай алмаймын. Норма деген орындалуды қойды.
Норма орындалмаса, ақшаны да аз аласың. Сонсоң бригадирге,
одан участканың бастығына арыз бердім: «Бүйен айтқанымды
тыңдамайды, жұмыс істегісі келмейді»,—деп. Әлгіні менен
басқа забойщиктерге қоспақ болды. Ешкім алмасын. Тіпті ке
рексіз адам болсын. Рақышев Мағауияның бригадасына жі
береді. Ол өзі ақындығы бар, өлеңдетіп, тақпақтап сөйлейтін
жігіт еді. Бүйенге:
—Күрек алсаң қолына,
Қайланы үйде ұмытқан.
Сендей кежір адамды,
Түсінбес сөзге наданды,
Маңыма да жуытпан, жөнел аулақ!—
дейді ғой. Бұл өлеңдердің бәрін Бүйеннің құрбылары жаттап
алып айтып жүретін болды. Қайда барса әлгі өлеңдер алдынан
шығады. «Сөзде қаңқу жаман, ауруда шаншу жаман» дейді
ғой. Содан біраздан кейін, жоқ, Бүйеніміз бұрынғыдай емес,
жұмысқа ынталы қимылдай бастады.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Бір күні күллі жастар жиналған. Жігіттердің кейбіреулері
әлгі өлеңдерді айтып Бүйенді мазақтай берді. Осы сөздің өзінен
де Бүйен қажып біткен болу керек. Бір уақытта Бүйеннің:
—Әй, бауырларым, осы өлеңдеріңді айтпаңдаршы. Тілегім
болсын! Ақысына...
Сонда біреу:
—Бұл сөзді, бұл өлеңді жұрттың бәрі біледі. Білгендерді бә
рін суаруға ақшаң жете ме сенің? Одан да бұдан былай жалқау
лығыңды тастасаң, бұл өлеңдер де тасталады,—деді.
Бүйен:
—Ал, ендеше, жалқаулығымды тастадым,—десін.
Шынында, содан кейін әлгі Бүйеніміз таңдаулы жұмыскер
лердің бірі болып, түзеліп кетті. Бірақ Жолдыбай аты жоғалып,
Бүйен аты қалды. Әнеки, «сын түзелмей, мін түзелмейді» деген
сол екен.
29. ШОМАНОВҚА СӨЗ БЕРГЕНДЕ
1948 жылы май айының аяқ кезінде Қарағанды қаласында
Киров және Сталин атындағы көмір трестерінің таңдаулы
кеншілерінің мәслихаты өтті. Мәслихатқа үкімет адамдары
қатысты. Киров клубының кең залына кілем, көрпе төселді.
Қонақтарға қазақша қонақасы берілді. Оған Ілияс, Қайып
ақындар да қатысты. Әңгіме қыза келе Қайып ақын өлеңдетіп
сөйледі. Ол—жиналысқа қатысып отырған құрметті шах
тер, Социалистік Еңбек Ері №18 «бис» шахтасының атақты
навалотбойщигі Сәкен Шомановқа қарап былай деді:
—Сәкен, тұр Отанына тарту тартып,
Өзіне үстемелі міндет артып,
«Берік серт—Сәкең серті» берген көпке
Көмірді шығаруға тағы да артық.
Атқарып талай қиын істі бастан,
Қиялап тас қамалды аттап асқан.
Сөз бердім батыр шахтер Шомановқа
Ерлігі ақындарға болған дастан.
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...
Шоманов өзінің шахтада 20 жылдан артқан еңбек етіп ке
ле жатқанын таныстыра келіп, үнемі стахановшы болып ке
ле жатқанын айтты. Биылдың өзінде осы өткен бес айдың
ішінде он айлық норманы орындағандығын және 15-20 жас
жұмысшыларға өз тәжірибесін үйрететіндігін айтты. «Шахтер
күніне дейін зор табыспен барамыз» деп сөзін аяқтады.
Осы мәслихатқа қатысып отырған Сәкеңнің сыйлас адам
дарының бірі Ілияс Сәкеңнің сөзін өлеңменен жалғастыра
сөйледі.
—Әй, Сәкен-ай! Бір сөзбен айтқанда былай демейтін бе?
—деп.
—Бұл күнде шалқып жатқан көңлім көлдей,
Тасиды, қимылдасам, көмір селдей.
Жүлде алған серіктерім жебегенде,
Шығамын шырқап алға бәйге бермей!—
деп өлеңдетіп қоя берді.
1. ҚАРҚАРАДАҒЫ КӨТЕРІЛІС
Мен онда учаскелік следоуателдің тілшісі едім. Қарқара
жәрмеңкесінде Падбарков дейтін учаскелік пристоп тұратын.
Қазақ оны «Ақжелке» дейтін. Июльдің жетісі күні пристоп
болыстарды жинады. Болыстарға «Июнь жарлығын» оқыды.
Мені қазақтарға ұғындыруға қосты. Мен қағаздың жазылуын
ша ұғындырып келе жатып, «тыл» деген сөзді білмейді екем,
тоқталдым да қалдым. Оны пристоп ұғындырған соң барып,
түсіндім. Қазақтарға түсіндірдім. Болыстардың өңі құп-қу бо
лып кетті. «Біз елсіз ешнәрсе жасай алмаймыз» деді. Пристоп
бұйрығының тығыздығын айтып, үш күн мәулет берді.
Ертеңінде базарға бір жан келмеді. Күнде топырлап жата
тын жәрмеңке көшкен жұрттай жым-жырт болып, құлазыды
да қалды. Ол күні күн жауды. Кешке таман бір бөлек қара бұлт
Кегенді басып, құздың басына барып жоғалып кетті.
Июльдің тоғызы күні пристоп базардан ат айдата бастады.
Жан-жаққа (елдің күдікті жеріне) адамдар шаптырып, солдат
шығарып, апалаң-топалаң болды. Сол күні бесін уағында күн
жауды. Күн жауған соң болыстар қайтып кетісті.
Ел қобырап кетіпті: «Пристопке айырпылан келіпті, әнеу
күні бұлттатып келген түріктер екен, дауылдатып, жаңбыр
латып кетіпті-мыс», «қазаққа тиме депті-мыспен» ел елеңдеп
кетті. Пристоптың отряды Ұзақтың үйін тінтіп келді. Ешнәр
се алған жоқ, Ұзақ үйінде жоқ екен. Албан боп Ақбейітке жи
налып, Жәмеңке боз бие сойып, бала бермеске бата қылады.
1916 жылғы ұлт-азаттық
көтеріліс туралы әңгімелер
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Жәмеңке—жетпіс бестегі Ұзақтың үзеңгілес жолдасы, шешен,
алғыр кісі еді.
Июльдің 11 күні. Бүгін—пристоптың берген мәулетінің
жауабы берілетін күн. Бауырынан сиген еркек қалмай, ал
бан Айттөбеге жиналып, ұлыққа жауап бермек болады. «Не
қыламыз, бермегенде қайда барып құтыламыз?» деген сөздің
тиянағын Ұзақ айтуға қояды.
Ұзақ бұрын Механов пристоппен ұрысып, үш жарым ай
абақтыға кесілген, барлық провасынан айырылған адам бола
тын және Ұзақтың қалмаққа беделі бар адам.
Ұзақ айтады:—Жігіт бермелік, қалмаққа өтіп кетеміз, ең
кемінде үш жыл жан сақтатам, үш жылға дейін мұның өзі де
бір жайлы болады,—дейді. Жұрт осыған қол қояды.
«Ұлыққа жауапты кім береді?» дегенде: «Тұрлықожа, Айт
бай, Серікбай үшеуі жауап берсің» дегенге келді. Үшеуі бір-
біріне:—«Сөзді сен баста, сен бастамен» тұрып алады. Сөз жа
зылып және көпке келеді. Көп: «Ұзақ білсін» дейді.
Ұзақ:—Жәмеңке айтсын,—дейді. Жәмеңке Серікбайға сіл
тейді.
Серікбай—әдемі сәукеле сақалды, нұрлы, майда тілді, ше
шен кісі еді. Жиналған ел тұтасымен жүріп, Қарқарадағы прис
топқа келді. Сонда жиналған халық қарасы бес мыңдай еді.
Қарап тұрдық, қалың кісі Қарқараны басып кетті. Полиция ел
ді қамшылап кейін қайырды. Ел қамшы көтерген жоқ. Дүкен
ашық, бір жан сіріңке алған жоқ.
Жәмеңке, Ұзақ бата қылған Айттөбеде қалып, елді қайыр
ғанды көріп, қайтып кетіседі. Ел біресе ары, біресе бері жүріп,
ұйлығып, тұрып алысты. Аяғында елді пристоп аттан түсірді.
Бәрін де отырғызды. «Көп ішінен бір-ақ кісі келіп жауап берсін»
деді. Қазақтан: «үш кісі жауап береміз» деді. Пристоп: «Мақұл»
деді. Жауап беруге бастапқы шақырылған Тұрлықожа, Айтбай,
Серікбай үшеуі келді. Ел артынан ентелеп, жаяу сығылып, ба
сып кетті. Полиция ұрып-соғып, қылыштарын жарқылдатып,
әзер тоқтатып тұр. Мен дәл сол, алдыңғы топтың ішінде бұғып
тұрмын.
Пристоп мені іздепті. Ырысқұл Мамырбаев Падбарков де
ген суан жігіт (Мамырбайұлы фамилиясын әлгі пристоптың
фамилиясына сәйкестеп өзгерткен еді) шақырып келді, ұлық
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
тардың қасына бардым. Пристоп Подбарков, оның орынбаса
ры Плотников, Қарақолдың пристопы Красненков, учаскебай
судия Молчевский, следоуател Смернов, медециниский назра
тел Ананеев дегендер тұр еді. Следоуател Смерновтың қолында
фотография жабдық бар, ол құрып, дайындалып жатыр.
Бөркі қолында, Серікбай сөзді майдалап, ізектеп тұр:
—Көп біледі, жұрттың ісі, жұртқа ауыр тиіп тұр, жұрт өз
аузымен айтсын, бала бересіңдер ма?—дегенде, көп:—Жоқ,
жоқ!—деп шу ете түсті.
Үстінде көгал шыт шапаны бар Тұрлықожа:
—Тоқта, олай емес,—деп сөзді алып кетті. —«Хан әділінен
тайса, қарашасы бұзылады» деген, біз орысқа қарағанға елу
жыл толған жоқ, елу жылға дейін салдат алмақшы емес еді,
одан танды. Бір сом жиырма тиыннан артық түтіннен рамат
алмақ еді, биыл 21-45-тің арасына келгеннен алым алды, артық
алды. Жерді алды, қонысты алды, суды алды, аш орысты алып
келді, өз жерімізді өзімізге сатты!—деп, тағы бір осындайлар
ды «бір» деп, «екі» деп дауыстап өзі санап тұрды. Бітіп, айтып
келіп:
—Біз бала бере алмаймыз! Рас па?—деп еді, тұрған көп:
«Рас, Рас!» деп айқайды аспанға шығарды. Көптің қозғалысы
қозып кетті. Көптің ортасынан бір шал өгізін жетелеп келіп
қалған екен:
—Кім болса да, «бала берем» дегенді мен жарып өлтірем,—
деп пышағын суырып алды.
—Патша бала алмасын, мал алсын, бала алса, қолына жаб
дық берсін. Ұрыста ор қазып, шепке ұсталып, қойша қырыл
ғанша, жастығын ала жататын болсын! Астына ат, қолына қару
берілсін, жұрт осыны тілейді!—деді Тұрлықожа.
Айтбай да кібіртіктеп, бірдемені айтты. Бірақ ду оның сөзін
естірмеді. Намаздыгерде ел тарады.
Жайлау. Ел ат-айғырын ұстай бастапты. Бозбала киіне бас
тапты. Осымен бір-екі жұма өтіп кетті.
Жәрмеңкеде тұратын Сұлтанмұрат деген саудагер сарт бар
еді. Соған ғана 5-6 қазақ анда-санда келіп-кетеді. Бір күні «қа
зақ бұзылыпты» деген сөз дүңк етті. Бұл хабар елді көтеріп жі
берді. «Қырғызға кісі жіберіп, хабар салыпты-мыс. Қырғыздың
Бұғысында Батырқан, Қыдыр, Саудамбекке елдер хат жазып,
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
не болып жатқанын сұрастырыпты-мыс. Қазақ көтерілісінен
Сұлтанмұрат хабар алыпты-мыс» деп хабар артынан хабар та
рала берді.
Ел сірне қыла бастады, тумыш істей бастады. Астық пысты,
орылмады, шөп шабылмады, науқан, шаруа, қыс қамы жайына
қалды. Елдің мойны босап, сөз аңдитын болды.
Августің бесінде Асыдағы қызылбөрік көтерілді, спесік
ала келген пристопты ұрып-соғып, 17 орыстың жау жарағын
алыпты. Енді Жаркент уезіне қарайтын қызылбөрік қобыра
ды. «Қызылбөрік атаулыны орыс ұстайды» депті. Қызылбөрік
тер тумыш қыла бастады. Прокордың жолдасы Кравченко ал
бан кісілерін (жоғары жиналыстағы сөйлегендердің суретін
салып алған емес пе еді) ұстай бастады. Ұзақты, Жәмеңкені,
Әбдіхалықты, Серікбайды, Әубәкірді, Тұрлықожаны, Алда
бергендерді ұстады. Ұзақ, Жәмеңкелерді Қарақолға жіберді.
Төрт күннен кейін «Жәмеңке өлді» деп хабар келді. Қатын-
баласы сүйегін алуға лұқсат тілеп, жәрмеңкедегі прокрорға
келді. Ол қолына қағаз бермей:
—Барып, өздерің ала беріңдер,—деді. Қарақолға кісі жі
берген, сүйегін бермепті. Облысқа жандаралға телеграмм берді.
Жандарал лұқсат қылмайды. Ел одан ары өшігіп кетті, ел әбден
жауықты.
Августің онында Қарашығанақта (Нарынқолдың қасы) бір
адамды біреу өлтіріп кетіпті. Судияға, следоуателге хабар келді.
Мұны союға жүрдік, сойылды, кісіден өлген екен. Қайтып келе
жатқанда Сарыжазда бізге ат жетпей, Сатыпалды деген дохтыр
екеуміз қалып қойдық, поштаға келдік. Пошташы үйінде екен,
бізді салқын қарсы алды. Кулаков деген ағаш тілетін зауыты
бар, қазақша мал жиған бір орыстың байы еді, қазақтар өлті
ріп кетіпті. «Сендерге ат бере алмаймын» деді. Өзі таныс еді,
таныстығымыз жайына қалды. Оның үстіне Кеңсу, Шырғанақ,
Талдыдағы омарталарды қазақтар шауып кетіпті. Августің он
екісінде Асыда пристоп өліпті. Осының бәрін айтты. Жалпаң
қып ат алдық. Пар ат жекті, жәмшігі қазақ. 35 шақырым еді,
қатты жүріп келеміз, сары жазық, ел жоқ.
Желқарқараға келдік, жәрмеңке көрінбейді. Он-он бес рет
сирек-сирек мылтық даусы естілді. Жәрмеңке желкесіне шыға
келсек, Қарқара суының батыс жағы, Көкдөңге қалың жыл
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
қы қаптап кетіпті. Бір жан жоқ, тап-таза, елсізде жалғыз біз
ғана. Қарқараға жақындағанда адақтап әр жерден кісі көрін
ді, жылқы қуған, жосып шапқан, ұйлыққан топ. Біреуінен тіл
алуға ынтық болып келеміз.
Бізге бір үшеу жолыға кетті, Дәркенбай (Аламан) деген шал.
Сәлем бердік.
—Ана жылқы не?—десек, ол:
—Жылқы емес, кісі. Бағана Қарқараға шауып, атыс бо
лып, ала алмай, сырылып анау дөңге барғаны, кешке шаппақ.
Қарқараға барасыңдар ма? Онда қазақтан ешкім жоқ, босып
шықты,—деді.
—Біздің үй қайтты?—дедім.
—Сіздің үй тұрған көрінеді, адамы бар сияқты,—деді. Үй
де бәйге атым қалған, туысқаным бар, Сатыпалдының бала-
шағасы бар, састық. Сатыпалдыға:—Енді қайтелік?—деп ем,
—Ойбай, қатын-бала қалды!—деп зыр ете түсті.
—Сен барсаң, мен де барам,—деймін,—мына жылқы қуған
кім?—десем,
—Біздің ауылдың балалары ғой, Шалкөдедегі Алтынкен
дегі Кантр деген орыстың (орыс болмаса керек) жылқысы.
Базарға әкеле жатқан жерінен өзін өлтіріп, жылқысын алып
барады,—деді. Онан ары шошыдық. Мен атыма мінгім келе
ді. Өйткені жаяумын. Сатыпалды бала-шағасын көрмек бола
ды. Сандалып көп тұрдық. Иу-қиу кісі шауып жүр. Аяғында
«тәуекел!» деп жөнелдік.
Жәрмеңкеге жақындағанда басы қып-қызыл біреу (жаяу)
сандалып келеді. Бұл—әлгі өлтірдік деген Кантр. Басы қарыс
айырылып кетіпті. Таныс еді:
—Не болды?—десем:
—Сендердің қазақтарың қылды,—деді. Онан ары шошы
дық. Көшені қақ жарып жүріп келеміз. Бір салдат кіжініп:
«Арада әлі поштаға голәйт етеді»,—деп.
Үйімдегі адамдарым қашып кетіпті. Екі баласы мен иесі (үй,
пәтер ғой) қалған екен. «Тез жоғал!» дедім. Түркебаев судия
ның тілшісі еді, о да көлік таба алмай отыр екен.
Қаладағы наубайлар (нан пештері) ашық қалыпты. Қалада
қалғандар ұлықтардың пәтеріне жиналып, арбадан баркада жа
сап, ор қазып жатыр.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Августің он екісі кешке таман: «Орға кіретін кірсін, кірме
ген кетсін, ұрыс болады» деп бұйрық болды. Шепке келдік, ор
дың ішінде следовател тұр екен:
—Сен көтеріліске қосылып кетті десем, сен де келіпсің ғой,
—деді. Оның сөзі де жақсы тимеді. Ордағы елді қашады деп,
кешке таман абақтыдағы Алдаберген, Серікбай, Әбіхалықтар
ды далаға тұрғызып қойды. «Қарақолды қырғыз алыпты, абақ
тыдағыларды (Ұзақтарды) атыпты» деген хабар сарт ете түс
ті. «Құдай дін мұсылманға қуат берсін!» деп аһылап, Алдалап
жүрген жан.
Пристоп Түркебаевпен екеумізді шақырып алып:—Сендер
ордың ішінен шықпайсыңдар!—деді. Сол жерде бармағымды
тістедім:
—Адасып түстім тереңге, енді маған сай қайда?—деймін,—
мен ғой адасып, көзсіз көбелектей түстім. Сенің қалмағың қа
лай?—деймін Түркебайұлына.
Салдат бір рота (70-тей). Ашулы. Топ-топ ертеулі ат, жүкті
түйе, сиыр, қора-қора қой әкеле бастады. Болыстың, бидің зна
гын, бір шанаш (мес) саф күмісті қой тұяқ, тай тұяқ, жамбы,
сәукеле, жүген-құйысқан, кілем, киім, жабдықтарды [жинап
алды].
Іңірде қойға Қарқара жазығы көрінбей кетті. Анда-санда
қой ішінде туырлық қомдаған сиырлар көрінеді. Пристоп қой
ды салдаттарға жинауға бұйырды. Сарт-саудагерлерге күзеттір
ді. Жәрмеңкедегі дүкендерді тасыттырып, орға жинаттырды.
Әр жерге үлкен-үлкен от жақтырды (дүкенді жағып жатыр).
Ордағы елдің бәріне «қой сойып жей берсін» деп бұйрық беріл
ді. Орыстар, қашқарлықтар ылғи қошқарларды, құнан қойды
сойды. «Қозы сойсаңдаршы» десек, бізді келеке қылады. Бір
сөз айтсақ, бұзып аламыз ба деп үндемейміз. Өйткені сағат са
йын ісіміз оңбай барады.
Базарда қалған ақ отауларды ордың ішіне тасып, жаппа қос
қылып, жасауын үлесіп жатыр. Саудагер, салдат, сарт, таран
шы қазақтың ырғын малына, нәрсесіне тұмсығын тықты-ау, біз
«мырза қамаудамыз». Сатыпалды орға кірмей қашып кетіпті,
түн болды.
Августің он үшінші күні қырдағы елмен титтей қатынас
болған жоқ. Күн батты. Оттар лаулап далада жанып тұр. Екі-
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
үш күннен бері берекелі тамақ ішкенім жоқ. Әлсіреп, шаршап,
құлап қаппын. Елең-алаңда бір-ақ ояндым. Оянсам, кешегі
он мыңдай қой бір-ақ өріп кетіпті. Бір топ салдат Тұзға қарай
шауып кетті. Өйткені Тұз жақта бір қарауытқан көрінген. Ол
Құлжаның саудагерлері екен. Сәскеде Қарақол жақтан шаң
шықты. Мұны: «қырғыз келіп қалды» деп ордағы орыстар шала
бүлінді. 250-300-дей кісі көрінді, алдынан жасақ жасап, әскер
шықты. Жақындағанда салып, қойып жіберді. Келе жатқан
кісі быт-шыт болып, қырқаға қарай торғайдай тозды. Әлгі
жерінде қараң-құраң бір тобы қалды. Салдаттар аттарына мініп,
атып, қуалап, тоздырып кетті. Ұстағанын айдап келді. Бұлар
Қарақолдан апиын кесуге барған қытайлар екен. Он шақты
сын жаралап, 50-60 тай қытайды айдап келді. Бұлардың қа
зақ-қырғызбен байланысы бар екен. Мылтығы барлар «қашып
кетті» деседі. Шынында, бұлар кәсіп іздеген қытайдың нашар
лары еді.
Оларды да орға қамады. Ыңыранып жатып, екеуі өлді. Қал
ған жаралылары да өлімші болып, қыңсылап жатты. Күн кіші
бесін болды. Әкелген мал қара құрық, жылқы аз, бір-ақ айғыр
үйіріндей. Орыстар қазақтың басқұрын көп жинап жүр, еденге
төсемек.
Түнімен у-шу. Мен күн шыға ояндым. Оянсам, өзге карти
на: падоботтың алды кетіп қалыпты, қалғаны кетіп жатыр.
Түйенің үстіне жүк салып, саудагерлер, орыстар Қарақолға
жүріп жатыр. Ұлықтардың біреуі қалмапты. Ақ үйлердің іші
не-тысына қойды бауыздап тастай беріпті. 50-60-тай қойлар
бауыздаулы жатыр. Кейбір қазақ үйлері өртеніп жатыр. Абақ
ты аңырап қалыпты. Ешкім жоқ, Серікбайларды сол күні алып
барып жайғапты. Біреу-біреуге сыр айтпайды. «Балапан басы
на, тұрымтай тұсына». Әркім ат, арба тауып кетіп жатыр. Тай,
бір жабағылы биені бұрышқа қамап ұстадық. Уәли Қайлобин
нің өгей әкесі осында екен. Мен сонымен бірге Жаркентке кет
пек болдым. Ол қатым жаттық. Ертеңінде 40-50 арбамен Жар
кентке жүрдік. Келе жатырмыз, мен ноғайдың арбасындамын.
Түздің аяғын қырқа, бір қылаң жылқы қашып келеді, ер-
тұрманды екен. Қарқараның суына келгенде шылбырына ора
лып тұрып қалды. Ноғайды тоқтаттым. Бір атын шығарып
берді, онымен келіп әлгі ерттеулі атты ұстап алдым. Қолында,
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
санында қызыл бояу, таңбалы ат, ол қазынаға аталған болатын.
Басында қызыл кендір ноқтасы бар еді, оны тізгін қылған екен.
Ол турасынан ілініп, тоқтатыпты. Санында Текес қалмақы
таңбасы бар, шай қызыл жылқы екен. Жер-су баспайды. Жол
дастарым:
—Таңбасын (бояуын) жу,—деді. Мен қарсы болдым:
—Жаркентке жеткізіп, тапсырам,—дедім.
Кегенге (су) жақындағанда бір ақ үй отыр. Бұл Жақсылық
деген дохтырдың үйі еді. Келдім, атасы отыр екен. 500 жыл
қысы бар адам еді. Дохтыр қатынымен жылы суға (арасанға)
кеткен екен.
—Анау ауылдарды көрдің бе?—деді,—ауыл көп еді, бірақ
онда бір жан жоқ, үркіп кетті,—деді. Менің ойым «жау түбі�
—ел, жар түбі—кешу болады», сарттан айырылмайын, кейін
қазақтың куәлігін алмайды» деймін. Мен кіргенде суға жы
ғылдым. Күн кеш болды, қондық. Шылғауымды отқа қалап
қойсам, шылғауымның біреуі өртеніп, аз ғанасы қалыпты. «Бұл
жаман ырым» деп, қалғанын өртеп жібердім.
Күн шықты. Қашқар тонымды арбаға салып жүрдім. Жал
манды өзекке келгенде, бір-екі адам ағызып көлденең өтіп кет
ті. Келсек, әлгі жер айқасып жатқан адам өлігі екен (біз көшіп
жатқанда 5-6 қытайлар кеткен еді, соларды өлтіріп кеткен екен
дедік). Иманға келмей қайырып, тоңқайып-тоңқайып жат
қан өлікті аралап жүріп келеміз. Серікбай дәл жолдың үстінде
жатыр екен, тани кеттім. Әбділхалықтың өлігін де таныдым,
бірталай тараншыларды өлтіріп кетіпті. Сарт өлгендерді танып
ұлардай шулады. Жүріп кеттік.
Кешегі жолыққан Иса (дохтырдың атасы) қуып жетті. Таң
атқан соң 50-60 кісі келіп (ішінде Дәмен де бар):
—Ауылымды шауып, жамбыларымды әкетті, ел бүлінді
(Дәмен өз күйеуі еді, көшпеген-ді. Орысқа жақын-ды, орысқа
санап қылғаны), қыз-қатын ап кетті, Қырғызсайдағы пристоп
қа барып арыз қылам,—деп келеді.
Шошанайға жеттік. Бір жаман тамнан шығып, бір таран
шы шал ботадай боздайды. Ағустың 12-нен 13-не қарсы түні
бұларды (Серікбай бәрін) абақтыдан айдап шығарды. Жолда
бұл тараншы болдырады. Басқа тараншылар арқалайды, аяғын
да жүре алмайды. Ат үстінен бұл тараншыны салдаттар атады,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
бұл құлап қалады, оқтан амал қалады. Олар озған соң қашады,
далада түнейді, Серікбайларды атқан жерге жақын жатады.
Таң атқан соң Серікбайлардың өлігіне келіп, Серікбайдың үс
тіндегі шапанын жауып кетеді. Онан жүріп осы тамға тығылған
болады. Серікбай жолда келе жатқанда, бұл тараншыға: «сен
аман қаласың, елге сәлем айт!» деп, бойтұмарын берген екен.
Шошанайда дамылдап отырғанымызда, бір топ қазақ-орыс
киіп кетті. Иса екеумізді «сендер шпионсыңдар!» деп айдап
кетті. Өйткені Темірліктегі пошта айдаушы орыс-казакты
өлтіріп кетіпті. Бізді Қырғызсайға (казак-орыс поселкесі) ай
дап келді. Менің әлгі қылаң атым пәле болды. «Мына қазақ
қазынаны талап алған, сен сонан алдың» деді. Қырғызсай
орыстары школге жиналып жатыр екен. Иса көкірек ауру еді,
ыңқылдап, қорқып ауырып кетті. Қораға түсісімен шуылдап
атты алды. Сөкті, ұрысты. Шөлдеп барамын. Күн батып бара
жатқанда қыздар қарбыз тіліп жеп жатыр екен, бір-екі тілім
берді. Жан шақырдым.
Таң атты. «Кете бер, ат бермейміз!» деді. Таныс орыс (Смер
нов) бар еді. «Шыға сені тосып, аттырады» деп күңк ете түсті.
Атаман: «Кет, кеттің!» астына алды. «Ат бермесең, кетпеймін»
деп жатып алдым. Змағон дейтін Ақсудың болысының (таран
шы бар еді) дарбызы бар еді, соны жеп ұйықтап қалыппын.
Бар ақшам бір сом елу тиын ғана, бөлке сатып алдым. Оның
үстіне жеті-сегіз жігіт (қазақ) әкеп жамады. Олар—малайлар.
«Жұмысқа» деп бірлеп-екілеп алып кетеді, әкеткені үйірге
қосылмайды. Үшеу-ақ қалдық, өзгені атты. Жамбас тесіліп ба
рады. Қырғызсай қаласын түйе мен сиыр басып кетті. Таран
шыны қуып келіп, ораққа салып жатыр. Түгеліншеге бар
дық, «Баусары дегенді бастан аттым» деді Малышов деген бір
казак-орыс. Қасымдағы жолдастарым мал бағып жүрді. Олар:
«қашамыз» десті. «Жолдарың болсын!» дедім.
Қазақ-орыстар маған дазнания жасады, следоуател келіп
(Смернов) мені падкомбойым жеткіздіртті. Бұрын қол алып
амандасатынбыз, ол болмады. Сұраққа алды. Маған иланғандай
болды. Түркебаевты сұрай береді. «Мен Қырғызсайға келемін,
кепілге алсам, қашып кетпеймісің?» деп үш қайырды. Аяғында
кепілге шығарды. Бір бөлме, көрпе-жастық берді. Мен октабрге
дейін сонда тұрдым.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
2. ҚАРҚАРА ҚЫРҒЫНЫ
Мен июльдің оныншы күні Шалкөдеден келе жатып, албан
ның Қарқараға жиналатынын есіттім. Июльдің он бірінші дүй
сенбі күні, албан Қарқараға жиналды. Кеңес: бала беру, бермеу.
Көп бермеуге қаулы қылып келіп, Серікбай, Айтбай, Тұрлықо
жа үшеуі арқылы жауабын берді. Үшеуі келіп пристопқа айт
ты. Пристоп бір ауық ашуланды, бір ауық ақылын айтып, май
далады: «Қатты жазаға ұшырайсыңдар!»—деді. Жұрт илікпей
тұрып алысты. Аяғында пристоп елге: «Тарқа, не жауап болса,
болыстарыңнан естисіңдер»,—деді.
Ел тарады. Мұның алдында «бесір мен болыстар шет пұш
пақтап спескі жазып жүр» дегенді жұрт күңкіл қылатын. Әлгі
жиналыстан қайтып келіп, өзіміздің бесірді қолындағы кіне
гені тартып алып, жыртып тастадым. Бесір елге өкпелеп: «Ел
қарсы болды» деп пратакол жазып, көрсетпекші болып еді, ел
старшын басы бір қозыдан сегіз қозы, ақша қосып, бесірге бер
мек болып басты. Мен тағы Шалкөдеге жүріп кеттім.
3-4 күннен соң қайтып келе жатып, Қарқараға Әбдіхалық
ты шақыртып кеткенін, мені де іздеп жүргенін естіп, үйге кел
дім. Ауылым у-шу болып, жылап жатыр екен. Болыстан білейін
деп, болысыма келіп едім: «Сені ұлық бізге тап деп жатыр, ай
налайын, ұлыққа барайық!» деген соң, екеуміз ұлыққа келдік.
Пристоп бізді Крабшенкоға жіберді, келдік. Келісімен мені екі
салдат бағынға алды, әрі-беріден соң Крабшенко шақырып:
—Ұзақтікінде боз бие сойғанның ішінде болдың ба?—деді.
Мен:
—Білмеймін,—дедім. Қағазға қол қойдырып алып, мені
Әбдіхалықтың қасына абақтыға тықты. Серікбай да сонда екен,
екі күн жаттық. Бір күні кешке жақын Қарақолға бізді жаяу,
өздері атпен үш салдат кенбай айдады.
Сол күні жолда Қарақолдан бір арбалы орыс келіп: «Қырғыз
бүлінді» деп хабар қылды. Оған салдаттар не қыларын білмей,
жолға тоқтап тұрғанда Қарқарадан жасауыл келіп, бізді қайта
әкеліп, абақтыға тықты.
Ол күні жаттық. Ертеңінде біздің үстімізге 12 ұйғырды, та
раншыны әкеп жапты. Базардағы барлық саудагерлер, адам
7-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
дар нәрсесін тасып, ұлықтың үйіне айнала жиналды, оған
ор қазды, арбадан қорған етілді. Ертеңінде бізді ел жатарда
абақтыдан Жаркентке қарай 15 салдат айдап шығып кетті. 3
қазақ, 12 ұйғырмыз. Тобымызбен томпылдатып, өгізше айдап
келеді. Жардың жағасына жеткенде Мансұр деген бір ұйғыр
болдырып, оны өзге он бір ұйғыр амалдап, арқаласып алысты.
Қарқараның тоғанынан өткенде, әлгі ұйғыр тіпті жүре алмады.
Ол жерге жығылып, аузын ашып жатқанда, бір салдат ат үсті
нен мылтығының істігімен найзалап, өлтіріп кетті. Ұйғырдың
құлындағы даусы шығып бақырды, біздің зәреміз ұшты.
Таңға жақын Кегендегі пошта станциясына айдап келді.
Бізді бір беті ашық қораға қамап қойып, салдаттар шай қай
наттырды. Шайдан бір-екі ожау ішіп, таңдай жібіттік. Сал
даттар тағы жүрмек болды. Серікбай, Әбдіхалық: «Біз жүре
алмаймыз, ақыр өлтіресің ғой, осы жерде өлтір!» деп отыры
сып алысты. Салдаттар ұрмай-соқпай: «Жүріңдер, әлгі арбалы
тараншыға жетелік, соның арбасына сендерді мінгіземін» деп
жалынғандай боп алып жүрді.
Қайқыға жақындағанда Серікбайлар тағы жүре алмады.
Жалынып біраз дем алысты. Дем алған жерде салдаттар мыл
тығына оқ салып, тасты, шиді атып, күлісіп отырды.
Тағы айдады. Әбдіхалық, Серікбай жүре алмады, оны аттың
баурына алып ұрды. Мен Серікбайды демеп алып жүрдім. Сон
да күн сәске. Артымызда келе жатқан салдаттың мылтығы
тарс еткендей болды да, алдымызда келе жатқан бір ұйғыр
жалп ете түсті. Тарс-тұрс, түтін, тұман, Серікбай екеуміз қабат
жығылдық. Біз жер бауырлап жата бердік, бізде қимыл жоқ.
Аздан соң Серікбай:
—Әй, Әбдіхалық, көтер басыңды,—деп екі-үш айғайлап жі
бергенде, мен шошаңдағанымда, Әбдіхалық:
—Қозғалма!—дегенін білем. Үстіме бір ұйғыр және құлады.
Бауыздаған малдай тыпырлап жатыр. Не заманда бас жағым
нан сайманын салдырлатып, бір салдат аттан түсті. Мылтығын
салдырлатқандай болды. Жерге кіріп барам, кеудемде жаным
барын, жоғын білмеймін, тұла бойым шымырлап өліп бара
жатқан секілденем. Құлақ-шекеме бірдеме шақ ете түсті. Сал
дат дабырын құлағым естіді. Әбдіхалықты тінткендей болды
да, менің алқымымнан көтеріп, қойын-қонышымды тінтті.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Мен аузымнан тілімді шығарып жіберіп, дем алдым да, жан
әсерін сездірместен. Тінтіп тұрып мені сылқ еткізіп тастай бер
ді, мен естен айырылдым.
Қанша жатқанымды білмеймін, өзім тірі сияқтымын, бірақ
тіршілігіме сенбеймін. Көптен соң ың-дың басылған кезде, ба
сымды көтерсем, бір жақ шекем томардай болып, көзім шығып
кеткен екен. Ауырғаны білінбейді, сипасам көзім қатқан қан мен
топырақ, сыпырып көзімді аштым, құлақ оққа кеткен екен.
Басымды жұлып ала сала Ақшоқының тауына қарай бұ
ғындым. Тілім аузыма сыймайды. Шапанымды көлеңке қылып
жығыла кетсем, ұйықтап қаппын. Күн екінті бопты. Киініп,
жүріп бір бастау (тұма) тауып, су ішіп әл алдым. Онда талып та
ғы ұйықтап қаппын. Күн бата оянып, жаяу жүріп келе жатсам,
екі атты кісі жолығып, мені мінгестірді. Ертеңінде Көміршінің
сазына үркіп барған елдің артынан жеттім.
Ел онан ары және үркіп, Құлжа ауданына барды. Малдан
айырылып қалыппыз. Бір қызымның арқасында қыстай Қытай
жерінде жан бағып шықтым. Мекалай түсіп, құрият болған соң
1917 жылдың жазына қонысқа жаяу шұбап келдік. Қарқара
дан айдалған он бес кісіден бағанағы алғашқы шыққан Мансұр
ұйғыр мен мен құтылдым, он үші баяғы айтқан жерде қалды.
Серікбай, Әбдіхалықтың моласы сонда, бәрінің сүйегін жинап,
сол жерге көме салыпты.
3. [СҰЛТАНБЕКҰЛЫ ӘУБӘКІРДІҢ
16-ШЫ ЖЫЛҒЫ БАСЫНАН КЕШКЕН
ОҚИҒАЛАРЫ]
Жаңылмасам иүлдің оныншы күні. Албанның «мен» деген
адамын Ақжелке пристоп (Падбарков) Қарқарада өз алдына
шақырды. Барлығымыз жиырмадай кісіміз. Шақырғанда айт
қаны: «Мына Қарқара жәрмеңкесінен саудагерлерден елу ша
малы қара жоғалды, осының бәрін ұрлап жатқан қазақ. Болыс-
болысқа бөліп алып төлейсіңдер!» деді. Біз: «Қарқара қазақ
жері болғанмен қазынаға қарайды, бәрімізге ортақ, төлемей
міз!» дедік. Аяғында сөз ерегіске кетіп, пристоп тақтай тепкі
лесе де, біз қарысып отырып алыстық. Пристоп бастығын Жә
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
меңке мен Ұзақ қылып жиырма бір кісіні абақтыға қамады.
«Түбі осы малды төлемесеңдер, сендерді өлтіретін ыңғай бар»
деп пристопты маңайлаған адамдар айтып жүрді. Біз қорыққа
нымыздан: «Төлейік!» деп уәде қылып босанып, 30000 мың тең
гені албаннан жиып бердік.
Ақшаны алып болған соң Ақжелке жігіт сұрады. Біз оны
«көп біледіге» сүйеп, жүріп кетістік.
Онда албан екі ушаскеге қарайтын. Тараншылармен қо
сып тоғыз болыс елді Қалжат пристоп сұрайды. Бес болыс елді
Нарынқол пристобы сұрайды. Нарынқол пристобы бізді Қыр
ғызсай қаласына жігіт алуға жауапқа шақырды. Пристоп: «Кісі
бересіңдер ме, жоқ па?» деп сұрақ қылды. Біз: «Мұндай ауыр
жұмысты ашып айта алмаймыз, біраз күн мәулет бер. Көппен
ақылдасып жауап берейік» дестік. Пристоп бізге біраз күн мәу
лет беріп, Алматыдағы жандаралға білдірмек болды да, сол
жерде пристоп соғыс пайдасына жәрдем сұраған соң, жанымыз
дан мың сом ақша жинап бердік.
Астымда жайлау етінен жарап жүрген оқтаудай торы атым
бар. Қырғызсайдағы жиналысқа барып, қайтып Қарқараға ке
ліп, бір ағайынымыздың үйіне түсіп отырдым да, атыма бір ба
ланы мінгізіп, етікшідегі тігіліп жатқан етігім бар еді, «соны
әкеле ғой» деп жібере қойдым. Екінті кезі еді. Бір уақытта
әлгі жіберген балам келді. «Атты орыс алып қойды» дейді. Біз
білмейміз, орыстар күтініп отыз шамалы салдат әкеп қойған
екен, пристоптың қорасында ойнап жатыр екен. Крабшенке де
ген біреу тағы келіпті. Елден бірталай қазақтың атын қашаға
кіргізіп байлап қойған екен. Менің атымды бір старшинигі
құйқылжытып мініп келеді екен. Қасында бір қазақ жасауылы
бар. Анадайдан: «Әй, бері кел!» дедім. Бұрылмады. Пристоптың
үйіне таман жүріп барды. Үй жанындағы бір құнанға міне сала
жүгіртіп келіп, атымның шаужайына жармаса кеттім.
—Түс аттан, атымды мінгізбеймін!—дедім.
—Мінемін!—деп старшник айтты.
—Мінбейсің!—деп мен айттым. Қазақ жасауылы:
—Осылардың ниеті бұзылып жүр, шатақ болады, атты қоя
беріңіз,—дейді. Оны:
—Әкеңнің аузын,..—деп боқтап әкеттім.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Жасауыл жайына тұрып қалды. Старшник орысым омы
раулатып жүргісі келіп еді, жуан қамшым бар еді, көмдім
келіп, екі көсіп жібергенімде аттан құлап жерге түсті. Қорада
ғы салдаттың бәрі жүгіріп келіп, мені жүндеп берді. Атыма
тақымым іліне алмай қалды, ілінгенде кететін едім, болмады.
Ұрып-соғып, жабылып сүйреп Крабшенкеге алып келді. Краб
шенке қаруын ала шықты.
Пристоп бұрын таныс болатын. Ауылға қонып, түстеніп,
қымыз алғызып ішіп, аттың майын мініп жүретін араластығы
мыз бар еді. Пристопке «Здрас» десем қырын қарайды. «Мына
иттерің атымды алып әуре қылып тұрғаны» деп айтып көріп
едім, ілтипат қылған жоқ. Былдыр ете түсіп еді, салдаттар мені
апарып қараңғы үйге тығып жіберді. Не екенін білгенім жоқ.
Менің үстіме таңға жақын албаннан көп адамды, бастығы Ұзақ,
Жәмеңке қылып, айдап келіп кіргізді. Бұларды да әдейі салдат
шығып ұстапты. Ұстаған Жәмеңке, Ұзақ, Тұрлықожа, Саржан,
Құрман тағы басқалар еді.
Әңгіменің болғанын енді білдік. Ұлық елдің: «Бала бермей
мін!» дегенін естіп және «Мына Қытайға, шекара қазақтардан
бүлік шығады» деп қауіптеніп, Жетісудағы жандарал бұрын
қам қылуға жасырын бұйрықты береді екен. Қарқараға бір ро
та әскер жібереді екен, қала-қалаға мылтық береді екен, әб
ден жабдықтанып болған соң ел ішіндегі басты-басты кісілерді
қамауға қаулы болады екен. Сонымен Шәлкөдедегі жиналған
жиналыс бұларға үлкен күдік болып, ізін суытпай пристоп бізді
ұстатып тұр екен.
Бізге кісі қатынастырмады, қарауылды қатты қояды. Ел
бізді тартып аламыз деп жиналып келіп, бірнеше кісі өліп,
кейін қайтты. Төртінші күні бізді қамаудан шығарып алды да,
пристоп:
—Сіздер Қарақолға барасыздар,—деді.
—Онда не бар?—деп едік:
—Сонда қырғыз-қазақ бас қосады, жігіт беру, бермеу тура
лы сөз болады, Алматыдан үлкен жандарал келеді,—деді. Біз:
—Бізді босат, Қарақолға барып, жандаралдың алдын көру
ге өзіміз де құштармыз, ауылға барып ат мініп, киім жаңалап
жүрелік,—деп едік.
—Жоқ, сіздерді салдат апарады,—деді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Кешке таман айдап жүрді. Он төрт кісіміз. Айдаған салдат
сегіз, менің атымды бұлардың бастығы мініп келеді. Бір су
дан өтіп, Үкілің кезеңіне келгенде шам жамырап, ымырт жа
былды. Дәрет алып, намаз оқыдық. Көңіліме бір сайтан келді,
«шылымыңды бер тұр» деп ат үстінде тұрғанға жетіп келіп, шап
беріп ұстап, қылышпен шауып-шауып жіберіп қайрат қылайын
деп орнымнан тұрдым да, өзге шалдарды қимадым, «Қарақолға
баралық» деп жүріп кеттік.
Бізді Қарақолдағы ояздың алдына әкелді. Біз келгенде
Қарақолға қараған жиырма екі болыс қырғыздың бас көтерер
жақсыларының бәрі ояз алдында иіріліп тұр екен. Бізді айда
ған кенбай салдат қолындағы пәкетін беріп еді, бізді апарып
абақтыға тығып жіберді.
Сондағы қазақтар: Саурықұлы Ұзақ, Мәмбетұлы Жәмеңке,
Естібайұлы Нұке, Шорманұлы Қазыбек, Құдайбергенұлы
Жаңабай, Сұлтанбекұлы Әубәкір, Разақұлы Біләл, Жансер
кеұлы Тұрлықожа, Сұлтанқұлұлы Бекдайыр, Төре Саза, Әділ
бекұлы Құрман, Бектенұлы Жәйшібек, Арғынұлы Сыбанқұл,
Қаңтарұлы Кәрібоз, Жанпейісұлы Құдиярбек және біреу.
Қарақолдың оязы мені шақырып сұрады да:
—Сен бұзылғансың!—деп кіжінді. Мен:
—Бұзылғаным жоқ, бұзық—Крабшенке, екеумізді тазалау
ға пракурор мұнда жіберді,—дедім. Ояз:
—Ендеше, қазір абақтыда жата тұр, сенің ісің туралы Ал
матыға телеграм соғам, соның жауабын жатып күте тұр,—деп
қайта тықты.
Жарты сағат өтпестен үш қызыл белет алып, бір салдат
келді:
—Губернатыр сіздердің қарсылық жазаларыңызға бір ай ке
сіпті, соның қағазы,—деді. Мен:
—Жарты сағатта тіпті, губернатырдан ештеме келген жоқ,
мұны қылып отырған ояздың өзі!—деп белеттерін жыртып
тастадым, салдат қайтып кетті. Әрі-беріден соң бұрын өзіме
песір болып жүретін Шабданов деген бір қазақ-орыс әлгідей үш
белетті тағы алып келіп:
—Қой, Әубәкір, ұлыққа қарсы айтпа, түбі жаман болады,
мен достық айтам,—деді. Мен:
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
—Достығыңды қылсаң, босат, әйтпесе, осы жердегі ояздың
қылғанын алмаймын, губернатырдың әмірі жоқ!—деп белет
терді тағы да жыртып тастадым.
Енді тағы сондай үш белетті Қарақолдағы Сұлтанмұрат
деген төре алып келді. Ол келіп, бізбен етене болып сөйлесіп,
«Құдайдың салғанын көресіңдер,—деп,—орысты ширықты
ра берме» деген соң белетті алдық. Сұлтанмұрат бізге өз үйі
нен көрпе-жастық, төсеніш әкеліп берді. Түн ортасында абақ
тының есігі ашылып, үстімізге бірталай адам кіргізді. Олар
албаннан: Жәйшібек, Тұрлықожа, Бекдайыр, Қазыбек, Саза,
Кәрібоз, Сыбанқұл, Құдиярбек, Нөке, Жәмпейіс, Құрман,
Жаңабай, Біләл —барлығы он үш кісі, бұларды да Қарқарада
шақырып алыпты да, жауапсыз кенбайлатып Қарақолға айдап
келіпті. Басқа түгін білмеймін және олар Қарқарада бастығын
Серікбай, Әбдіхалық қылып он бес кісіні ұстап, Жаркентке
айдататындығын, елдің толығып, бүлініп жатқанын айтты.
Қамауда он күн жаттық. Он бірінші күні алты салдат келіп:
«Әубәкір, Жәмеңке, Ұзақ үшеуін судиа шақырады» деді. Бұл
уақытында Жәмеңке, Ұзақ екеуі де кісендеулі еді. Жәмеңке—
жаман ауру. Үшеумізді салдаттар айдап шықты. Мен Жәмең
кені сүйеп алып келдім. Айдаған салдаттар сол бойы қарқылдап,
былдырлап: «Әубәкір батыр, Ұзақ батыр, Жәмеңке батыр—үш
батыр» деп мазақтап күліп келеді. Соттың қорасына кіргізді.
Қораның ішіне сот үстелін, жазушысын алып шығып сұрай бас
тады. Мені екі салдат алып келіп, аналарды төрт салдат бағып
қалды. Айырыларда «бәріміздің сөзіміз бір болсын» дескеміз.
Сот менің кім екендігімді, Крабшенкенің орысын ұрғанымды
сұрап келіп:
—Жігіт беруге қалай қарайсың?—деді. Мен:
—Алғашқы патша салдат алмасқа 64 жыл болған екен, сал
датты крестиан мешжаннан алмақ еді, бізге түтін ақша, бөдет
салған. Қазақ сол уәдені біледі, басқаны білмейді, онан бері
келе шегінен асып, арқан, дағар, ақша, ат, үй —соғысқа жәрдем
дегенге елдің тамтығы таусылатын болды. Салдат алам десең,
үстіміздегі үйге шейін алғаныңды қайтар, бастапқы уәдеден
тайдым деп қолыңнан қағаз бер, сонда балаңды қазақ береді!—
дедім. Судиа орысша боқтап, көзін адырайтып, үстелді үш
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
қойып қалды. Мен қаймыққан жоқпын, «ақыр өлген кісіміз»
деп ойладым.
Жәмеңкені және айдатып алды. Судиа тура келіп:
—Жәмеңке, сен жігіт беремісің, жоқ, сен де бермеймсің
бе?—деді. Сонда мен Жәмеңкеге «бермейміз деңіз» дедім. Сал
дат мені мылтықпен түйіп қалды. Салдатты бір қойып қалып,
мылтығын жұлып алдым. Судиа балдырлап салдатқа ұрысты.
Тілмаш келіп, ақырындап менен мылтықты сұрап алды. Судиа
Жәмеңкені жауапқа алды.
—Бала бересің бе?—деді. Жәмеңке:
—Жасым жетпіс бестегі шалмын, берем деп саған уәде қы
луға өз балама да билігім келмейді,—деді. Сот:
—Неге билігің келмейді, жұртқа бергіз!—деді. Жәмеңке:
—Билігің келмеді десең, менің кәрі қа...ды осы жерде пі
сіріп же, берер балам жоқ!—деді. Тілмаш перовод қылып, әбден
түсіндірді. Сот ашуланып үстелді тағы қойғылады, жынданып
кетті.
Енді Ұзақты әкелді. Ұзаққа да:
—Бала беремісің?—деді. Ұзақ Қарқарадағы ұлықтармен
болған жайды айтып келіп, Жәмеңке екеуін мұнда «қырғыз-
қазақ бас қосады» деп алдап әкелгенін айтып:
—Бала бер десең, абақтыдан шығарып, қырғыз адамдары
мен басымызды қостыр, босат, бір жауап берелік,—деді. Онда
судиа:
—Сендерді босатуға бұйрық жоқ,—деді. Судиа лағынаттап,
боқтап тақтайын тағы тепкіледі. Алты салдат айдап әлгі
абақтыға қайтып жапты.
Артынан іле-шала бір орыс:
—Мына дәріні Жәмеңкенің ауруынан емделуге судиа жі
берді,—деп құмырамен дәрі әкелді. Мен:
—Жәке, ішпеңіз, бұл—у!—дедім. Ұзақ батыр:
—Қойшы, әзір бізге қастық қылмайды, домбытып жүр
ғой,—деді. Жәмеңкеде жанына батып отырған ауруына әлгі
дәріні біраздан соң ішкісі келді де, ішті. Ішті де дөңбекшіп,
талаурап барып, екінтіде Жәмеңке өліп кетті. Жәмеңкені
өзіміз кенбаймен жүріп мұсылман қауымының арасына апа
рып қойдық. Онан кейін аман-есен бес күн түрмеде жаттық.
Басқалардан бірде жауап сұраған жоқ.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Түнде бізбен бірге жатқан жеті орыс бар еді, мұның бірі
әйел болатын. Бұлар бұрынғы қылмысты адамдар болса керек.
Бұларды «мұнапас болдың» деп, бәрін босатып әкетті. Біз өң
кей қазақ қалдық.
Сол күні түсте мылтығымен абақтының есік алдында сегіз
салдат келді де, тесіктен сығалап:
—Әубәкір батыр, сендерге патшадан манапис келді, сағат
екіде шығасыңдар,—деді. Мен:
—Тоқта, бағана орысқа келген манапис бізге неге бірге кел
меді, онан да сағат екіде атыласың десеңші, атаңның аузын,..—
деп боқтап жатырмын. Ұзақ:
—Әттеген-ай, мұны бекер айттың ғой, неге өлтіруші еді!?—
деді. Көпшілік маған иланды, дембе қағынып, Кәрібозды
иман ғып намаз оқыдық. Жасынды оқытып, ата-бабамыздың
әруағына дұға қылдық.
Намаз оқып болғанда әлгі үш салдат тағы келді. Бірінде
бесатар, бірінде әміркен тапанша, енді бірінде бердіңке бар
еді. Келе сала, темір есіктің тесігінен мылтықтың астына
алды. Түтін тұман болды. Орнымнан «Аллалап!» атып тұрып,
қалпағымды кигенде, арқама екі оқ тиді. Қайта айналғанымда
сүбемнен бір оқ тиді, үстелден ырғып түсіп, үлкен есіктің таса
сына тығылдым. Оқ тиген алты кісі төрде аунап жатыр. Бұлар:
Нөке, Саза, Құдиярбек, Жампейіс, Қазыбек, Кәрібоз еді. Бұлар
біріне-бірі қақтығып, жығылып жатыр. Мен аз тұрып «ақыр
өлдім» деп, шекпенімнің бір жеңін сыбанып алып, ырғып,
есіктен атып тұрған бесатардың мойнынан шап етіп ұстап,
салдаттың шенеліне шапшаң қолым тиді. Салдат бақырды,
қасындағы екі салдат мылтықпен атуға дат қыла алмай, мен
ұстаған мылтыққа үшеулеп таласты да, тартып алды. Салдат
тың етегі менің қолымда қалды.
Салдаттар қашып шыға берді.
—Ал, жылдам абақтыны бұзалық!—дегенде, Ұзақ:
—Өкшемнен оқ тиді, сонда да шығып өлелік, есікті бұзың
дар!—деді. Есікті ырғап тұрып бір тақтайын суырып алдым.
Сол тақтаймен темір есікті түйміштегенімде төрт шегесі суы
рылып, есік сыртына қапсырылып қалды. Ішіндегілер дүркі
рей жөнелді. Сыбанқұл, Ұзақ, мен үшеуміз жұртты өткізіп ар
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
тында қала бердік, Ұзақты және бес кісіні дауалдан лақтырып
шығарып, өзім дауалға ырғып шыққанымда, Сыбанқұл менің
етегімнен ұстай шықты. Қарғып жерге түсе бергенде, қарсы
алдымыздағы үйдің бұрышынан мылтығын кезей берген сал
датқа көзім түсті. Сыбанқұлға: «Қарғы» дедім, оған сол дауал
дың үстінде оқ тиді. «Аһ!» деді. Мен дауалдың бұрышын ай
нала бердім, сол жерде шығарған әлгі бес қырғызды көрдім,
мен Ұзақты қарап жүргенімде, абақтының қақпасының ал
дынан Жаңабайды атып, жалп еткізді. Көшеге мылтық то
лып кетті. Түтіні тұман сасыды. Мен қашып қаланың ішіндегі
бір ноғайдікіне келдім. Ноғай қақпасынан сүйреп шығарып,
қуып жіберді. Мешітке келсем, онда да ешкім жоқ. Терезесін
талқандап шығып, молдалары қашып кетіпті. Мешіттің алды
нан молданың тобылғы таяғын тауып, бір бұзылған ессіз қора
ға бекіндім.Ол қорада кешке шейін жаттым да, күн батқан соң
қаладан шығып кетіп, жақын жердегі Қарабөлдек деген тауға
жеттім.
Жаяумын, жаралымын. Әлім құрыды, су ішіп, әл жинап,
таң ата қырғыз Балпақ дегеннің үйіне келдім. Сол жерден ота
шы тапқызып, үш оғымды алғыздым. Жарма мылтықтың
дәрісін құйғыздым. Ол жерден ат мініп, ертеңінде жүріп оты
рып, түнде Сарықырдағы үйіме келдім. Ел бөлініп, қырғыз да,
қазақ та үркіп кетіпті. Қатын-баламды жиып алып, мал-мүлік,
үйді тастап елдің артынан Құмбелде қуып жеттім.
Жұрт қалмаққа тарту тартқанда 2000 сом беріп, ары өттім.
Қас деген өзеннің бойына бардым да, Дәрібай деген қызайдың
(Қытай қазағы) ақалақшысының (болысының) қасына қыста
дым. Қыстай күтініп жүріп, жарам жазылды. Жараның жыр
тығы дененің ішін аралаған жоқ еді.
Ол жақта көрмегенді көрдік. Қалмақ еріксіз талады. Оның
үстіне қолдағы көлік пен мал жұтады. Малдың көбі жұртта
қалған. Албан алды болмасам да, тәуір дәулетім бар еді. 17-ші
жылдың жазында қонысқа, екі сиыр, он алты ат, екі жылқы
мен келдім. 17-ші жылы бостандық болдық деп қонысқа кел
генде шеке қызған жоқ. Бостандық казак-орыстікі болған екен.
Келген соң бар малымды және сыпырып алды. Екі жыл атысып
жүріп, тақыр кедей болдым.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Менің әкем Тазабек албанды алқаш орыс алғанда, «Бағын
баймын!» деп жүріп, оққа ұшып өлген. Менің де көргенім аз
болмады. Бірақ әзір жан тірі.
Міне, Кеңес өкіметі орнығып, қолдағы аз ғана ақымыз өз
қолымызға тиіп, шаруамызды өсіруге ниеттеніп отырмыз. Жі
гіттер, жұртың тыныш болсын деңдер!
4. [ЖАҢАБАЙ ТУРАЛЫ]
1916 жылы—мен 36 жаста, үйленген, арғы-бергіні білетін
кезге келген азамат күнім. Қоңырбөріктің Қалқаман, Жарман
деген екі ұлы болған. Қалқаманнан: Кешкіл, Қарақұл, Сарқұл,
Таз, Шақа. Жарманнан: Біте, Майлы, Тама, Базар, Алаш.
Қалқаманнан да бес ұл, Жарманнан да бес ұл. Екі жақты да
«Беспайдың баласы» дейтін. Осы Қоңырбөрікке Жаңабай би
болған. Өте ақылды, зерек, шешен болған. Бүкіл албанға, ары
сы ұлы жүз, бүкіл қазақ, орыс, қырғыз, ұйғырға белгілі болған.
Жаңабай билік жасаса, әділ жасаған. Әлсіздің, кедейдің сөзін
сөйлеген. Менің әкем Мұса Жаңабайдың әкесі Құдайбергенді,
өзін жақсы білген. Мен де Жаңабайды жақсы білемін. Біздің
тұқымды «батыр тұқымы» дейтін. Себебі туысымыздан өте
сүйекті, ірі, ұзын бойлы туғамыз. Бала күннен күреске түстік.
Ат үстінде сайысқа түстік. Менің бойым 2 метр ғой, көріп отыр
сың! Сонан да болар, ел «Қожасан батыр» дейтіні.
1916 жылғы көтеріліске қатынастым. Қоңырбөрік түгел
атқа қонды, мыңнан аса атты қазақ болдық. Жаңабай басқар
ды. Қарқарадағы, Шалкөде, Нарынқол, Шелек, Асыдағы албан
түгел атқа қонды.
Ұзақ батыр, Жәмеңке, Серікбай, Қазбек, Әубәкір бәрін
көрдім. Соғыстың бірінші күні ары-берісі бес жүз қазақ оққа
ұшты. Қарқара жәрмеңкесіне 14 пулемет, 4 зеңбірек қойыпты.
Төрт жаққа түгел оқ атады. Соған қарамастан, көтерілісшілер
Қарқараны алып, патша әскерлерінің штабын өртеп жібердік.
Жаңабай мың қолды бастап астында ақбоз аты бар, патша шта
бына бірінші болып басып кіргенін көзіміз көрді. Бүкіл ел,
көтерілісшілер біледі. Үлгі болды. Екі күн соғыстық. Өлгендер
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
ді түнде жерледік. Үшінші күні түнде Ақжелке деген пристав-
зұлым қашып кетіпті. Қарқара өртеніп жатыр.
Жаңабай мені: «Ақжелкені ұстап кел, қасыңа жүз атты
адам ал,—деді,—әуелі жақсылап барлап ал, арбаға орнатыл
ған пулеметі бар, қырылып қалмаңдар!»—деді. Мен қуалап
жеттім. Он арба қару-жарақты қолға түсірдік. Ақжелке құ
тылып кетті. Бізден тоқсан көтерілісші қазақ оққа ұшты. Оқ
қа ұшқан ерлердің ішінде: Қазақбай, Қанай, Ербосын деген
мерген жігіттер бар еді. Олар да жастығын ала жатты. Патша
жендеттерінің он бес солдатының көзін жойдық.
Шілденің аяғы, тамыздың басында Ұзақ, Жәмеңке, Жаңа
бай, Қазбек тағы басқалар ұсталды. Тамыздың ішінде, әзіргі
ше 12-күні 1916 жылы патша көтеріліс басшыларын, ішінде
Жаңабай бар атып тастады. Қарақол қаласында көтерілісшілер
бұл қанды зұлымдықты естіп, соғысты жүргізе берді. Талай-
талай патша жендеттерін найзаға ілдік. Қайран батырлар-ай
десеңші! Олардың қаны бекер төгілмеді, патша тақтан тайды.
Тағы да айтайын, Жаңабай анық батыр еді. Ел үшін күресті.
Елі үшін өмір сүрді.
...Жаңабай Тоғызбұлақта мектеп салғызған, көп жыл ар
тына түсіп жүріп. Ол мектеп орыс-қазақ мектебі болып ашыл
ған. Ол мектепте оқыған балалар Совет үкіметін орнатуға,
колхоз құрылысын нығайтуға, мәдениетті көтеруге белсене қа
тынасты. Жаңабай шешен, анық ер еді. Көреген еді. Ақылды
еді. Сондықтан да ол елге сыйлы болған.
5. ҚАРҚАРАЛЫ
Қарқаралы уезіне қараған елдерден қара жұмысқа кісі алу
туралы Семейдегі губернатор келді. Болыстарды, билерді,
ауылнайлар мен старшиналарды Қоянды жәрмеңкесінен кейін,
Қарқаралыға жиып, халыққа үгіт айтып, түсіндіру үшін уез
мекемесінің алдына шығып, губернатор-уезнай Макаровиш,
крестианский нашалник Прозоров халық алдына шығады. Ха
лық жиналып тұрғанда Қызылтау елінің болысы Нұрымбек
Бодықұлы болыстардың ішінде оқу білетін жалғыз осы, губер
натордан сұрады: «Жалғыз баланы ала ма, иәки, жеңілдік бо
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
ла ма?» деп. Сонда жиылып тұрған болыстар Бодықұлын жа
былып сабай бастады.
—Сенің жалғыз балаң елдің азаматтарынан қадірлі бол
ды ма? Өлтір!—деп ат үстінде тұрған кісілер атпен сүйрете
бастады. Губернатор Макаровиш қорқып кеңсеге кіріп кетті.
Халықтың бетін көріп, ертеңінде губернатор Семейге қайтып
кетті. Крестиан нашалник, уезнай Камаровиш, податной инс
пектор Рафайл Смернов халыққа насихатын айтып, көндіре
алмады.
Халық не қыларын білмей, ойланып, ақырында «Жиделі
байсынға ауамыз» деп, сегіз қанат киіз үйлерін кішірейтіп,
уық-шаңырақтарын кесіп, үш қанат қылып, түйелеріне қом
дап, дайындап отырды. Жас азаматтар бір ауылдан бір ауылға
кезіп, тау-тасқа қаша бастады. Ұсталар іздеп найза, айбалта соқ
қызды. Жиделібайсынға басшы болып алып баратын Бұқардан
оқып келген Қызылтау елінің қазағы Күмісбек Ханбатыр ұлы
болды. Халық Жиделібайсынға көше алмай, иә тиыштықтанып
отыра алмай сонымен 3-4 ай өткізді.
Болыстың қолындағы үй басының жандарын тіркеп жүретін
қағаздарын тартып алып, «болыстарды өлтіреміз» деп жина
лып жүргенде октәбр айында Семейден қазақ-орыс бастығы
Шистаков деген бес описер, елу қазақ-орыспен, пулиметте
рімен, мылтықтарымен Қарқаралыға келді. Крестиан нашал
ник, уезнай Макаровиш, падатной Смернов әрбір болысқа 3-4
шабарман жіберіп, болыстарды, билерді, старшиналарды, ел
дің бірқатар адамдарын тізіммен атап шақырды. Олар Қарқара
лыға біртіндеп келе бастады. Көптің көзін алу үшін бұларды
үш күн каталашкиға қамаған болды да, ұлықтар оларды боса
тып жастарды жинап келуге аттандырды. Сол екі арада «бұрын
ата-бабалары шен алғандардың, ақсүйектердің балалары алын
байды» деп хабар келді. Шен алғандардың тұқымы бұрынғы
архибтен іздетіп, патшаның берген қағаздарынан көшірмелер
алып, балаларын қара жұмысқа бармайтын қылып босатып
алды. Екінші: «Кімде-кім өндірісі бар жерде жұмыста болса,
алынбасын, казак-орыстың малайлығында болса, оларда алын
басын» деп хабар келді. Казак-орыс байлары көшеге шығып,
аттан салып: «Мың теңге берген жастарды соғысқа бермей, бо
сатып аламыз!» десті. Мұны естіген байлар қазақ-орыс байлары
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
мен шарт жасасып, бір жылға дейін мың теңге беріп, балаларын
босатып алысты. Қара жұмысқа бармайтын адамдардан, байлар
балаларының орнына мың теңгеден кісі жалдап жіберді.
Өндірісі бар жерге, Соқыр зауытына бос жүрген байлар ша
бысып, зауыт иесімен догобор жасасып: «Пәленбай жұмыс
керім бар, көлігіммен жұмысыңды істеймін» деп Қарқара
лыға қайта келіп, мың теңге берген адамды босатты. Ақша
таба алмағандардан жылқы, түйе алды. Бір байдың әйелі Қар
қаралыда жатқан байына: «Енді жабусыз түйе алмасын, түйе
қораға сыймай далада жатады» деп сәлем айтқан. Болыстар,
тілмаштар біреудің жасын азайтуға, көбейтуге, алдынан бар
кісіге 500 сом, орташадан 300, 400, 200 сомнан, ең жоқ кедей
ден 100 сомнан алысты. Мысалы үшін алсақ: Қарқаралының
қазақ-орысы Николай Николайовиш Шербеу (қазақтар Қапас
Көлке деуші еді) бір сапарда тілмаш болғанынан Шұбарталдан
түсірген малынан басқа тек ақшасына, Қарқаралы да бай Көсте
дегеннің жеті бөлме ағаш үйін 7000 сомға сатып алды. Ақсақ,
соқыр басқа кем-кетіктерді әз-мәз ақшаға жалдап, комиссияға
көрсетіп, өз балаларын аман алып қалды.
Өзінің қайласымен құтылған Қарқаралы уезінің Қу елінің
азаматы Бесақынұлы (қазақтар жынды Ахмет дейді) комис
сия шақырғанда өтірік мылқау болып, дәрігер қарап рас деп
тапты. Комиссия қарағанда неше түрлі қайлалармен сұрайды,
қарайды, шығып бара жатқанда құр дәрілеп, даусын естір ме
екен деп мылтық атады екен. Ахмет бұрын бүркіт, кемпір-шал
болып ойнайтын. Ахмет неше сындардан, байқаудан, атқан
мылтықтан білдірмей аман кетті. Мылтық атуды шығарған по
датной Смирнов, өзі үш қара ала атты, екі сары түйені көшеге
жегіп жүретін.
6. 1916 ЖЫЛҒЫ АҚМОЛА УЕЗІ,
САРЫАРҚА БОЛЫСЫНДАҒЫ
КӨТЕРІЛІС
Ел жайлауда. Мал да, жан да тыраңдап дәнемеден хабарсыз
жатқан кезі. Бір күні тұтқиылдан «Қазақтан қазынаға ат ала
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
ды» деген хабар шықты. Екі-үш күннің шамасында-ақ хабар
анықталып, қалаға таяу елден ат алынып жатқаны білінді.
Қоянжүрек, қорқақ ел, қорыққанда табатын ақылы—көш
кені. Жайлаудан мекенге қарай бір түнде апыр-топыр көшіп
жөнелді. Тоқталмастан көшіп отырып, 80-90 шақырым жерде
гі «Шаңлақ көлі» деген жерге барып қонды. Елдің қонуымен
араласа, ат алатын орыстар да келді. ауылнай, болыстарды
шақырып алып, қамшы мен бұйрықты қабат жұмсап, елдің
барлық жылқысын жиғызып, аршынға жараған байдың бал
паңын, жарлының жалғызын ала бастады.
Бірақ тілі, пұлы жететін пысықтардың түгі қурамады. Тілі
жетпейтін момынның, пұлы жоқ сорлының аттары кете бар
ды. «Ақмола қаласына барған соң шағып ақша береміз» деп 150
шамалы атты (бір ауылнай елден) алып кетті. Табаны қайтқан,
соққы жеген ел, ақша түгілі бас аманын тілеп, артынан барған
да жоқ. Бұл хал үлкен тоқырауға түсіріп тұрған уақытта, ізін
суытпай 1916 жылғы 25 июльде «Қазақтан қара жұмысқа кісі
берсін!» деген бұйрық жетіп келді.
Ат алғанда қозғалған елдің жүрегі, енді аузынан шықты.
«Салдат сұраған екен» деп шошыды. Болыстар бұйрықты
орындағанын тәуір көрді. Ел бермегенін көздеді. Көзқарасы
бұзылды, болыстар ұлықтығын істей бастады, оған ел көпші
лігі көнбеді. Жанжал болды, болыс, тілмаш, ауылынайлардың
қағазын, мөрін тартып алды, кісі, тізім бермейтіндікке бекіді,
«Қарсы тұрамыз, қасықтай қанымыз қалғанша патшаның,
төрелердің әділсіздігіне көнбейміз!» деген бірлікті күшейтті.
Бұрынғы ру араздық қалып, мейілінше бауырмал болды.
Біреулері: «Басқа жаққа көшелік» десті. Біреулері: «Жерден
көшпейік, қарсы тұрып соғысайық!» деді. Қысқасы, соғысу
ға бетті түзеді, ара бастық сайлап, ретпен соған бағынды. Осы
күнгі Сарыарқа болысы (ескіше Көнек, Қарағаш) деген ел
ден екі мыңдай кісі әскерлік сабына тізілді. Басқа жақтан өзі
тіленіп келген де бар. Бәрі үш мыңнан артық кісі болды. Сен
табр айының іші, Аймысық деген таудың бауырында көп қосын
шеру тартып жатты.
Қолдарындағы қаруы, машина сабанның темірінен ұсталар
ға соққызған айбалта, найза, кейбіреулерінде бытыралы мыл
тық, қынапсыз ескі қылыш, киімдері: кигізден істелген көнек
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
(ескі батырлардың сауытындай); бастарында: төбесі жіңішке,
ұзындығы екі қарыс, сайларын қызылмен жүргізген құлақ
шын тәрізді қоқима бөрік, іштерінен шандыған арқан, кейбі
реулері жіңішке шыбықтан шарбақ тоқып киген (бұлардың
бәрі оқ өтпестің амалы). Бұл уақытта осы күнгі Қорғалжың бо
лысы (Тінәлі деген ел) бір пристопты Рақымжан деген азамат
тың басшылығымен өлтірген. Содан 300 салдат шыққан хабар
келген.
Біздің елдің де бұл құбылысын естіп келеді деген сөз бар.
Қазақ әскері де қарсы жүріп соғыспақ. 5-6 кісіден бір қос болып,
азық-түлік саймандарын түгендеп, бұл жерге жиналғалы бір
жұмадай болды. Айтқандары—қазал. Оң аттарын баптап, ай
балта, найзаларымен қалай ұрысса жеңетіннің әдісін үйреніп,
өздерінің батырларын, ақындарын, жүректілерін сынасып, тәр
тіп құрып жата берді. Жан-жаққа хабар да салып қояды. Орыс
салдатының келетін мезгілі таянды. Бір күні Құсайын дейтін
поштабай әскер бастығының бұйрығын алып, жетіп келді:
«Бізге қарасын, Тінәліні де Ұлытауға жеткен жерде қараттық,
патшаға қарсы тұрмасын, кісі берсін» депті. Бұйрықты өстіп
алған соң әкелген поштабайды жүндей түтіп, қамшының асты
на ала бастады, арашашы көбейіп, өлтіртпеді. Бірақ тұтқын
дап байлап қойды. Оның артынан бірталай қазақтан ұстаған
тұтқындары бар 200 салдаттың келіп қалғанын білді, алдынан
қазақ әскері қарсы шығып, енді соғыс болды. Орыста мылтық
бар деген қазақтың есінде жоқ, өшігіп отырған көңілмен көкбар
тартқан адамдай қаптап атты қойды. Тоғыз атты салдаты бар,
өңгесі арбада, аттылар арбаның екі жағына кезек шыға састы.
Қазақтар таяна бергенде арбаның қазақ жағына шығып алып,
аттан түсе қалып мылтықты қардай жаудырды. Жаяулары да
атып жатыр, мылтықтың оғы бұршақтай түсіп, түтіні тұмандай
болды. Әлі қазақ қайтқан жоқ, алдымен Әбділда Бекұлы деген
бір азамат жетіп барып, найзаны сала бергенде, өкпеден тиген
көп оқтың күшімен қалпақтай ұшып түсті. Онымен қоса апыр-
топыр қазақтан құлап-құлап қалды, кісі қалып, ат ойнақтап
шығып жатыр, ат жығылып, кісі мінгесіп жүр, салдаттар
маңына жолатпады. Қазақ әскері кейін серпілді.
Санап келгенде өлген атта есеп жоқ, жиырмаға жуық кісі
өліпті. Бұрынғы ойдай болмады, әскердің көбі жасырынып
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
қашып жатыр, бастықтары айқайлап тоқтатып жүр. Енді
қолтықтаспады, алыстан қоршап жүріп алды, әйтеуір, орысты
жүргізбеді. Орыс та сасайын деді. Қысқасы, осымен шөлге екі
күн қамады. Үшінші күні артынан 500 салдат ел шетіне келіп
қалды деген хабар келді. Енді әлінің келмейтінін білді ел,
мұнымен өз бетімен қоя беріп, әскер тарап, елді көшіріп Шуға
қарай қашуға бет түзеді. Бір күн, бір түн тоқтамай көшіп «Еске
не» деген жерге барғанда, кейінгі 500 салдаттың алды қуып
жетті. Соғысарлық шама жоқ, әскер тараған, ел қашып құтыла
алмады. Сол жерге қонды. Атқа мінер ел адамдары қашып,
қатын-бала, шалдар қалды. Орыс түгел жетіп, қалған елді тү
гел тұтқын қылды.
Алғашқы соғыстан бері қарай таудың, саланың бәрі орыс.
Кез келген қазақ баласының қоянша секіріп өліп жатқаны
ның саны жоқ. Ел малдан, жаннан безді, әке баладан айырыл
ды, қашқаны аң болды, қашпағаны мылтық пен қылыштың
жүзінде қор болды. Ел адамдары «Қиямет осы!» десті. Қалған
ел қарады, жүзін берді. Хан болдың деп елдің бас көтерерін
(Алсын, Оспан тағы бірнешелерін) тұтқын қылып, Ақмоланың
қаласына алып кетті.
Табандап айдаған малы, тырнақтап жинаған асыл дүниесі
қазақ-орыстармен бірге Ақмоланың қаласына көшті. Мекендеп
отырған елінен айырылып, жер күңіренді, малынан, басынан
айырылып ел күңіренді, қар-тұман түсіп дүние жаңғырықты.
Қашқаннан қалғаны мекеніне қайта келіп отырды. Болыс
тар қалаға барып, жақындарының арқасында ұлықтармен жең
гелік беріп, жақындасып, кісі беретін болып, уәде етіп қайтты.
Жоғарыдағы 500 салдаттың елшісі, бір бөлек жеті орысты осы
елде Ақберген дегеннің ауылында өлтірген. Оны іздеген бо
латын, болыс соны да таппақшы болыпты. Бір жағынан қара
жұмысқа кісі алынды, екінші жағынан жеті орыс ізделді. Елге
түскен қараңғылық үдей берді. Қаладан қаптап шыққан пош
табайлар, салдаттар көрінген қазақты: «Жеті орысты тап» деп
ұра берді. Көбін өлтірді, ақыры ел қысылды. Жеті орыстың не
шелер қиындықпен сүйегін тауып берді, «Өлтірген осы» деп
Ізжаманды ұстап берді. Басқа ұсталып жатқан кісіде есеп жоқ.
Қысқасы, елдің қашқанынан қалған адамы абақтыда бол
ды, атылды, мал-дүниеге қатын-бала ие болды. Приомға кісі
8-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
шақырды. Бай балалары кіреге, поштабайлыққа, балыққа бар
малын төгіп жазылды, малы жоқтар жұмысқа алынды, ақшаны
дестірге, болысқа, нашалникке беріп қалушылар да болды.
Көзден аққан қанды жас сел болды, еңіреген ел, шулаған қатын-
бала адам баласының арқасын қайыстырарлық күйге түсірді.
Ел адамы Алысын деген кісі ұрумен абақтыда өлді. Басқалар
да елге келген соң адам қатарына қосылмады. Осы ретпен пев
рал төңкерісіне жетті, абақтыдағы босанып, «бостандық» де
ген үн саңқ етті. Ресейге жұмысқа кеткендердің көбі адасып,
еңсесін көтере алмай біразы өліп, қалғаны қайтып келді. Басқа
қашқындар да келіп, ел бір-біріне аңырасып қосылды. Сон
да шатасқан ел арасының бүлік дауы үш жылға шейін барды.
Ақыры жарқырап Кеңес ұраны туған күнде бәрі ұмыт, кімнің
дос, кімнің қас екенін ел тани да алмады. Бірақ 16-шы жыл
елдің есінен әлі қалмады, есіне түседі, менің де әлі есімде.
7. 1916 ЖЫЛҒЫ ҚАРАҚОЙЫН
ЕЛІНДЕГІ КӨТЕРІЛІС.
АТБАСАР УЕЗІ.
(Ел әңгімелерінен)
Осы күнгі Қарақойын болысы бұрын «Он болыс орта арғын»
атанған арғынның қуандық-сүйіндік деген атақты руынан бо
лады. Байлық жағынан Ақмола губернесінде бірінші қатарда
болды. Үй саны көп болмағанымен, байлықтың мастығы мыр
заларды желіктіріп, өзіне ерген елді бөлек болыс қылдырып,
Атбасардан 200-250 шақырымдай тұрады.
Иүн айында болған Атбасар базарының тарқауында, қалаға
губернатор Сухамленов келіп: «Соғыс майданына қазақтың
19 бен 31-дің арасындағы жастарын қара жұмысқа алатын
болды» деген патшаның жарлығын естіртіп, болыстардан:
«Бересіңдер ма?» деп сұрағанда, Асанқожа мен Мейрам қажы:
«Береміз, біздің қазақ халқы патша қазіретіне қызмет қылудан
бас тартпайды деп сөз беріпті ғой» деген сөз ел ішіне жайылып,
кемпір-шал, бала-шағалар үрпиісіп, шаруа баққан ауыл адам
дары не қыларын білмей дағдарысып, жастардың да үрейлені
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
сіп жүрген шағы еді. Кейбіреулер: «Қой, Асанқожа мен Мейрам
қажы қазақтан салдат береміз деп айтушы ма еді және патша
ағзам қазіретінің де салдат алмаймын деген уәдесі бар еді ғой,
өтірік шығар» деп көңіл жұбатады.
Бұл дақпырт сөз күннен-күнге расқа айналды. «Жастарды
алуға қаладан орыс шығады екен» деген қауесет жайылды. Ел
састы. Тығыла бастағандары да болды. Көшуге де, қашуға да
көңілдері кетті. «Салдат алмайтын болып манапес шығыпты»
деп сүйінші сұраушылар да көбейді. Сөткесіне бармады, бәрі
де өтірікке айналды. Жігіттер сеңдей соғылысты, күн күлкі,
түн ұйқы көрмеді, топтанып ат үстінде жүретінді шығарды.
Асанқожа мен Мейрам қажы көрінсе, жеп қоятындай болып
жүр.
Ақырында ел: «Өлмей кісі бермейміз, соғысқа барып өлген
ше, өз елімізде, өз жерімізде қазадан шәйіт болып өлеміз!» дес
ті. Ақсарбас құрмандық шалысты, топ жазбасқа серт қылыс
ты, күнде құдайы. Иүл жұлдызының аяқ шенінде Терісаққан
өзеніндегі Сарыоба бекетіндегі төрт болыс сүйіндіктің (Сары
тау, Қызылкөл, Терісаққан, Сталипин болыстар) сайлауы бол
ды. Мұнымен бірге әскерге ат алушыларда көбейіп жатты.
Әйтеуір, Атбасар ұлықтары түгел. Келгендер мыналар еді:
оязнай нашалник (ақсақал), сьез преседатлі—Водаников, па
датной инспектор (ат алушы), крестианский нашалник Бар
шевский, прстоп Камулло Данил Иваневич, ушитл Грегореев
Иван Грегоревич, Атбасардың атақты байы Белов Петр Петро
вич, тілмаш Мартемиян. Бұлардан басқа 7-8 дохтыр бар, ай
наласы 25-30 шамалы орыс. Дохтырларды алынатын қазақ
жастарын қаратуға әкелген екен.
Сайлауы бар, ат беруі бар, жиналған жұрт көп еді. Төре
лер сөзге кірісті: «Патша соғыс майданына 19 бен 31 жастың
арасындағы жастарды сұрады, ризалықтарыңмен беріңдер,
бермесеңдер бүлінесіңдер, жарыласыңдар, еріксіз бересің
дер, қолың байлаулы, аяғың тұсаулы тұр, ешқайда бара ал
майсыңдар, Құдайдың бұйрығы екі болмайды, патша жар
лығы қайта болмайды, қайткенде де біз орындай аламыз!» деп
күштерін көрсетіп қойды.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Ел шошынды, ұлықтардан өтінді, жылады, патшаның аю
терісіне жазған: «Қазақтан салдат алмаймын» деген антының
барлығын да айтты, тыңдамады. Болмаған соң кемді күнге
пұрсат сұрады, болмады. Не қылғанда, жарлықтың табанда
орындалуға керектігін және орындалатындығын айтып ұлық
тар сөзді қысқа қайырды. Көзбе-көз қарсы сөйлесушілер де та
былмады, құр сырттан мықтаған болып жүр.
Ел ақылға шықты, Мырзақожаның Жақыбы және бірне
ше азаматтарды ертіп, кісі бермеуге бел байлады. Кімде-кім
кісі беру жағына шықса, сонымен жауласуға серт қылысып,
халыққа басшы болды. Халық түгел бұларға ерді. Жанайдар
ұлы Мейрам қажы: «Орысты жеңе алмайсыңдар, абиырсыз
беруден қасиет жоқ, көтерілісті қою керек!» деп ақыл берді.
Жақыптың жалғыздығын айтып: «Пәлеге ұрынарсың, қой
саң қайтеді?» деді. Бірақ оны ақыл сөз деп құлағына ілген жан
болмады. Губернаторға бастапқы Мейрам қажының: «Салдат
береміз дегені рас екен ғой» деп жұрт қайта өзін жау көріп
алды. Бірақ бұл ақыл іске аспады. Өйткені өзі аңдуда болды да,
ұлықтарға сөзі жетпеді.
Ұлықтар: «Бол, болдының» астына алып, қысып жатыр.
Ақыл тез құрылмаса, жастарды қолдарымен шетінен ұстап ала
бермекші де болды. Отыз шақты орыстың рулы елдің барлық
жастарын ұстап әкетеміз деуін жұрт қорлық көрді. Шыдама
ды, өзі ашулы ел, қалаға барып қиратқан, «сазайын бере тұ
райық» деп ұлықтарды дүрелей бастады. Қылыш, мылтықта
рын тартып алып, мойындарына шылбыр салып, ат бауырына
алып сойды. Жыртылмаған киім қалмады, көкала торғайдай
болды. Не орыс, не қазақ арашашы бола алмады. Ұлықтардың
«жансауғалап» қол көтерулері де себеп болмады. Не болса да
төрелердің сыйлығы молайды.
Бозайұлы Қуанышбайдың сондағы айтқаны ғой:
—Көрсетті заң-законмен жайдың бәрін,
Қазақтың тыңдамады айтқан зарын.
Орыстың беті қайтты болғаннан соң
Азырақ дүреледі бұл жастарың.
Законмен оралтқанша бір мықтады,
Ақырын кім біледі не боларын?!—деп.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Ел үрейлене бастады. Жастар лек-лек ат үстінде жүр. Ша
руа деген бір жан жоқ. Сөйтіп толқындатып жүргенінің үстіне
«салдат сұрайсың» деп пристопты бауыздап өлтірген Ақмола
уезінің оңтүстігіндегі шектес отырған бес болыс Тінәлі еліне
500 әскер шығып, үлкен соғыс болыпты. Қазақтар жеңіліп,
мал-мүліктерін талатып, үй-қораларын өртетіп, «Сарысу, Са
ры» деген өзендерге қарай ауыпты деп есітті. Алексей болы
сында (қазіргі Атбасар болысы) Бекежанұлы Дайырша де
ген жігіт Есет болысты жарып тастапты. Кеңтүбек, Бесоба,
Жарқайың жақтарында елдің қозғалулары болса керек, «ұрыс-
жанжал қай жерде болса да болмай қалмас» деген сөздер келіп
жатыр, жерді жаңғырықтырды.
«Аттанның даусы қайдан шығады» деп отырған ел бұрынғы
бұрынғы ма, одан жаман үрейленеді. «Енді жанымыз қалып,
мал малданамыз-ау» деген ой ешкімге де кірмеді. Күн күлкі,
түн ұйқы жоқ, ішкен ас, жеген тамақ батпады.
Мырзақожаның Жақыбы төрелерді дүрелеуді бастаған ер
жігіт еді. Қара жұмысқа алынатын баласы да жоқ, өзі болса
қырыққа келген. «Ерлігі бар жігіт еді ғой!» деп жұрт жиылып
келіп, соған ақылдасты. Жақып: «Сендер үшін жалғыз жа
нымды өлімге қидым!» деді де жұртты бастап Бабастың Жүсі
біне барды. Бұл да—бастапқы жанжалдың жуан ортасындағы
кісі. Жүсіп қостады. Жақсыгелді, Бақтыгелді деген екі баласын
қосты, өзі бірге жүрді. Өз үйінен жиырма бес мылтық шығарып
берді, екеуі 12 атылатын бұқара мылтығы. Бір өзінен 25 мылтық
шығуының себебі, Жүсіптің әкесі жарқын Кенесарының бір
деген батыры екен, Кенемен бірге қырғыздың қолына түсіпті.
Сондағы Жарқынның жинаған саймандары еді деді. Бұқара
мылтығы 12-ші жылы қазанда алыныпты, басқа саймандардан
елде қалғандары болса керек.
Жақып та ауқатты жігіт. Мінуге, союға жарағанның алды
нан шыққан жоқ. Бұларға қосшылыққа ержүректі жігіттің
бірі—Әжібайдың Достаны ерді. Сасықұлы Шөп, Адырбайұлы
Айдарке дегендер ақылында болды.
Елден жинастырып Жақыптың тапқаны жүз мылтық бол
ды (перден, шиті), басқаларына ұсталарды жинап алып, найза,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
айбалта, сапы соқтырып берді. Айналасы сегіз жүздей сарбаз
Жыланды деген тауда жиналды.
Жанынан үміт етіп жүрген бірі жоқ. Бұл нағыз сентәбр
айының іші еді. Сондағы Қуанышбай ақынның айтқаны ғой:
—Шабыңдар азаттық деп қолың жайып,
Жүруің ойнап-күліп енді ғайып.
Бір ауыр бек қабағат жұмыс болды,
Түсті ғой елге қайғы көп мұңайып!—деп.
Бұл тілегіне Мейрам қажы қосылмады. «Жақып бен Жүсіп
сарбаз жинап жатыр» деп қалаға хабар салды. «Қаладан әскер
шығыпты» деген хабар тағы келді.
Осыларды көргенде Қуанышбай ақынның жырлайтыны
ғой:
—Шошайып Ақмоланың моласы тұр,
Күңіреніп Терісаққанның қорасы тұр.
Дабысқа салдат деген көңіл қорқып,
Бұл күнде біздің қазақ әуреде жүр.
Күңіреніп Терісаққан кейін қалдың,
Қия алмай ата қонысы қайта бардым.
Жайқалған жапырағын аралап ем,
Баса алмай аяғымды есім тандым!—деп.
Ел босып Сарысу кетсін, енді қазақ әскері мен патша сар
базының түйісуіне келелік.
Октәбр айының іші. Жыланды тауында жиналып, қазақ
тың сарбазы жатыр. «Бағаналыдан өкімет әскері қайтып келе
жатыр» деген хабар келді. Жақып жансыз қып, Адырбайдың
Әйдеркесі мен Сасықтың Шөбін жіберді.
Әскер келе жатыр деген соң Мейрам да қарап жата алма
ды. Алдынан баласы Омарбек болысты шаптырды. Омарбек
Арғанатының бекетінде кездесіп, Жақып пен Жүсіптің сар
баз жинап, төбелеске қамданып жатқандығын хабар қылуға
келгендігін айтты (сол күні дәл октәбрдің 23).
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Мұны естіп әскер бастықтары Архангелский мен Камбулло:
«Малша жайылған ит қырғыздың бейбастықтығын қарашы,
оларға тию саламыз, ит есебінде қырамыз!» деп ашуланып,
Арғанатыдан шыға бере Әйтен-Сейтен ауылына келіп, сегіз
қора өртеп, қанша мал-мүліктерін талап, Тіней-Тоқпан деген
елге келіп, жеті қора өртеп, сол ауылдың бастық адамы Кенже
болат Тоқпан баласын кескілеп өлтіреді.
Кенжеболат: «Омарбек-ау, ең болмағанда екі бас намазым
ды оқытып өлтіріңдер!» дегенде, Омекең: «Патшаға қарсы тұ
ратын сен итке намаз не керек?» депті. Онда да Архангелский
дің рұқсатымен еді. «Бас намазын оқыған соң табанда
турап-кескілеп өлтірген екен» деп ел аңыз қылады.
Бұдан соң Қарашаттағы Айтбай ауылынан он жеті қора
өртеп, Айтбайдың бес үйінен 25 көк арба бұйым алып, кешінде
Мейрамға келіп қонды. Сол түні Жақып жансыздарының ха
барымен әскердің атын сыпырып алып, жаяу тастауға көп то
рыды, ала алмады.
Ертеңінде (октәбрдің жиырма бесінде) Бекназар жалында
орыс пен қазақтың үлкен ұрысы болды. Қазақ жалдың үстін
де, орыс —етегінде. Оқ жаңбырша жауды, екі жағына да дары
мады. Түс ауған кезде екі жақтың да оқтары таусылып, әскер
қажыды.
Әскер таудың арғы етегіндегі қазақ сарбаздарының қоста
рына келіп, он бір кісі өлтіріп, 70 қос, 81 түйе, қаншама киім
дерді олжа қылды. Жақыпты ұстауға қанша талаптанғанымен,
Жақып қолға түспеді.
Сол күні кеште Шашты тауындағы елге келіп, елу қора өр
теп, барлық дүние-мүкамалдарын сыпырып алып, Жантайұлы
Жүсіп деген ауыл адамын жанындағы екі жолдасымен өлтіріп,
екі езуі құлағында, мұрны қисаймастан мәз болып, әскер қа
лаға қайтты.
Ноиәбір айында елден жігіт алуға 300 салдат (карателни от
ряд) шығып, Тілекей деген орыс қаласына келіп орнап, 80 үй
тіктіріп, қаншама сойыс сойдырды. Бірақ әскер бұл тігілген
үйде жатқан жоқ, орыс үйлерінде жатты. Бұлары —кәдімгі
қаскүнемдіктері.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Мұның бастығы —тағы Архангелский мен Камулло. Бо
лыстарды шақыртып алып: «Тезінен жігіттеріңді жинап бер
месеңдер, өздеріңді өлтірем!» деп қыспаққа салып, шатырлап
жатыр. «Жеңген жауға—қатын ер» деген дағы. Не керек, бес
күннің ішінде екі мыңдай жігіт алып, қалған жігіттерді қалаға
өздері апарып бермек болып, потпескелерін беріп қайырды.
«Сонда Жаңатеңіздің болысы Биғараның Смайылы жігіт
қалдыруға, бір ғана Ағыс деген елден 25 ат, 5 түйе, 30 кілем
пара алды ғой» деп осы күнде ел тамсанып, жағасын ұстайды.
Крателни отрядтың бес күнгі тамақ шығыны былай тұр
сын, тігуге алған 80 үйдің кигіз, бау-шуларынан тамтығын
қалдырмай бөліп-бөліп алып кетіпті ғой. Осы жолғы қыспақ
тың кесірінен алпыс үй Қалқаман, алты үй Ағыс қар үстінде
көшіп, Тоқай еліне барып, Әбдіғапар ханға қосылған екен. Екі
жылдан соң быт-шыт болып, шұбырып қайта келіпті.
Сол көшіп қашқан елдің бір жігіті Жұмабекұлы Есімсейіт
қайтып елге келіп, одан «қашқын» деп болыстың көрсетуімен
қолға түсіп, көрген бейнетін айтып отырғанда адамның дәті
шыдар емес.
Декабрь айында «Жақып бастық болып, малыма, жайыма
тыныштық беретін емес, мазам кетті, жанымнан қорқамын»
деп Мейрам қажы оязға арызға келіп, басын қорғатуға манағы
Архангелскийді бастық қылып, отыз салдат алып қайтты. Ба
ласымен Жақыпты іздетіп, қоярда-қоймай жүріп таптырып
алды.
Архангелский тамаққа сатылып: «Мейрамның өшпендігі
екен, әйтпесе, Жақып өкіметке қарсы кісі емес, халықтың ауа
нымен жазықты атанып жүрген болса керек» деп Жақыпты
ақтап, Мейрамның өзімен араз болып, 45 күн дегенде қалаға
қайтты.
Ел жастарын бергісі келмеді, бұлқынды, тулады, өз отаны
ның басына өзі бүлік салды. Өз жерінде қазадан өліп, шәйіт
болуды тіледі. Сарбаз жинады, ұрысты, соғысты, мезгілсіз уа
қытта шаруасын күйзелтті, дүние-мүкаммалдарын талатты,
жазықсыз талайдың қанын төкті, қолынан түк келмеді, лажы
сыздан өзі келіп қолға түсті.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Үріккен ел орындарына қайта келді. Жып-жылмағай, дым
жоқ. Өлмешінің күнін көріп қана жатыр, жылау да сықтау.
Патшаға бағынып, әмірі екі болмасын деген ел жоқ. «Орыстың
құрығы ұзын, Құдайдың тағдырына көнбей, пенденің лажы
жоқ» деп көңіл жұбатты. Балаларын қолдарынан апарып
берді.
Қалада приом болып жатыр. Лай судан балық аулаушылар
да көбейді. Тізімге іліккен құр болған жоқ. Біреудің жасырып,
біреудің ержетіп 19 бен 31-дің арасына іліккендері болыс пен
тілмаштың қолында болды. Кедейдің 51-31, 49-19 болуы екінің
бірінен табылды. Болысекеңнің келесі сайлау да есінде жүргені
көрінді.
Не қылғанда дүние судай төгілді. Шамасы келген бай бала
лары орындарына кісі жалдады. Подбод тасуға кірісті. Шама
сы келмегендер пиромға алынды, қан жылап майданға кетті.
Өңкей жөн білмейтін, ауылдан бір шақырым жер шықпаған
дүлейлер кеткелі екі-үш ай болды. Аман-жаманнан әлі хабар
жоқ.
Бір күні, март туған кез. «Патша тағынан түсті, жұрттың
бәріне теңдік-бостандық туды, билік ел қолында болатын бол
ды» деген хабар дүңк ете түсті.
«300 жылдан бері патшалық дәуірін сүріп келе жатқан Не
калай тағынан түсті, қазақ сықылданған езілген елге теңдік бе
рілді» дегенге жұрт нанбады. Сонда да көп ұзамады, бұл лақап
расқа айналды. Қан жылап майданға алынған жігіттер қайтып
келе бастады. Болыстар, ауылнайлар орындарынан түсіп, билік
ел қолына беріліп қалды.
Ел қуанды, мәз-майрам болды. «Көктен тілегеніміз жер
ден болды, уәдесін бұзған Некалай патша тақтан түсті, жардан
ұшты. Бозарып таң атты, киіз туырлықтың оңынан ай, солынан
күн туды!» деп ошақтың үш бұтынан тілеген қарт-қариялардың
Бейсенбай, Сәрсенбайлардың түгел аңызы болды.
«Өткен күнде белгі жоқ-ау, сол көтеріліске биыл он жыл бо
лып қалыпты ғой, өлгенше естен кетер емес, қазақ даласы қы
зыл қанға боялып еді, патша өкіметі құламаса, октәбр төңкерісі
болмаса, ел не болар еді? Онда қыспақтан қыспақ, қазақ-қыр
ғыз құрып еді. Теңдікке қолымыз жетті ғой, аман тиышталып,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
шаруа қалпына түсіп келеді» деп осы әңгімені сөйлегенде, орта
арғын елінің көтерілісті көрген азаматтары ауыр бір күрсінеді
де, жүздеріне жылы шырай алады.
Міне, қазақ-қырғыз елі! «Қасапшыға май қайғы, қара еш
кіге жан қайғы» деген мәтел. Сенің басыңа келген ауыр күн
1916 жылдың 25 июні еді.
8. 1916 ЖЫЛЫ КӨКШЕТАУ БОЛЫСЫНЫҢ
КӨТЕРІЛІСІ
(Сапырылысқан сандалыс)
25 иүн еді. Күн ыстық, жұрттың жағасы жайлау, етегі қыс
тау, жан-жануар масайрағандай. Біздің ел екі бөлініп Шолақ
қайың, Кеңасы деген жайлауға келіп қонған. Кешке таман қой
қотанға өрістен келіп жататын, ақсақалдар ет жеп, қымыз ішіп,
бозбалалар ойын-сауықтан басқаны білмей, жазғы жарық түнде
жастар алтыбақан тебетін.
Әсіресе, біздің ауыл Кеңасыда жайлап, өзінше өте қызықты
дәурен сүргендей болып отырды. Елдің бұл қалпына қараған
да, шаруасы күйзелмес, аспаннан оқшау пәле келместей еді.
Жалғыз-ақ, «Некалай салдат алады» деген хабар бар сықылды.
Мен баламын, әлі дәнеме білмеймін, бірақ көз алдымда, жүре
гімнің түкпірінде қалған оқиғаны ұмытпаспын.
Сары знәгін салдырлатып, Алдаберген ауылнайдың көңілі
көтеріңкі екенін, біздің ауылға, Кеңасы жайлауына келіп Ра
хым сұлтанды қамшымен ұрғанын, талай кедейлер жылаға
нын білемін. Болыснайдың дуаннан келе жатып, пар атпен
қоңыраулатып, Есағамның үйіне келіп қонғанын, «қазақтан
салдат алады» деп айтып кеткенін әлі ұмытқам жоқ. Жұрт азы
рақ үрейленген болса да, «патша қазіреті теріге жазған антын
бұзбас, егер де қазақтан салдат алса, ант ауар, қазақты жылат
пас!» дейді.
Жайлауда қымыз ішіп, қызып жүрген жігіттер «қазақтан
салдат алатын болса, біз бармаймыз. Соғыс жасап, қарсы шы
ғамыз!» деген сөздерін айтып жүрді. «Соғыс, салдат» деген сөз
дер көп ұзаған жоқ, шындыққа айналды, жұрт қайғыға салын
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ... ды. Жұрттың көзі кеш болса-ақ: «дуан жағынан қандай хабар келеді, не түрлі іс болады» деп аңыз қылысуда. Ауылдың сырт жағында салт атпен далақтап, сүйінші ал ғандай біреу келе жатыр. Далада тұрған ауыл кісілері «бо лыснайдың поштабайы Кармош болар, бір хабар әкеле жатқан шығар» деп күтісуде. Бірінші кісі жақындағанда-ақ, Кармош поштабай екендігі білінді. Келе сала ауыл ақсақалы деп Жарға бір қағазды ұстата берді де: «Мен Татекең ауылына, Жарық көлге барам» деп далақтап кейін шауып кетті. Бір жағы орысша, бір жағы мұсылманша жазылған бұй рық қағаз екен. Әйтеуір, Қалиасқар ағайдың: «Дала жанара лы Сухаменов жазған екен» дегені осы күнге дейін құлағымда. Бұйрықта қазақ жігіттері алынуы жазылған. Әлгідей болмай, ауылдың жігіттері бірлі-екілі, Жанқожа, Сұлтан тағы біреуле рі жиылып қалды. Әлсін-әлсін бұйрықты оқып, «осы елдің бо лыснайын да, бұл бұйрықты әкелген Кармошын да жаншықтау керек еді» деп қойды. Ауыл у-шу, азан-қазан, кемпірлер жылап жатыр, қотанда айғай, құлағыңды тұншықтырады. «Қарғам, менің Балта шым!» деп сарнаған Бұршақтың даусына адам шыдап тұра ала тын емес. Түны бойы ұйықтаған ауыл жоқ. Кәрі шалдар «ақыр заман орнағаны» деп уайым қылады. Біреу солқылдап жылап жатыр, біреулер баласына көрісіп, бозқасқа құрмалдық айты сып жатыр. Ертеңінде жігіттер аттанып, «Шолаққайың, Жарықкөл, Шарықтас барамыз» деп бір-бір аттарын сайлап, мінісіп алды. Жанқожа шіркін, қандай ер-ді. Атын ойнақтатып, құйрығын түйіп, жаратып тастаған. Қайда барарын өздері де білмейді, сапырылысқан халық, ақылдасқан жұрт, гу-гу сөз, жаңғырған айғай, шаруа ойлаған, тіршілік іздеген жанды көрмейсің, дү ние астан-кестең, бар болғаны—сандалыс. Біреулер: —Жиделібайсынға көшу керек, біреулер: —Соғысу керек,—кейбір жігіттер: —Омбыға барып, жанаралды өлтірсек, бұл бұйрық тоқтай ды. Кешке таман «енді дүниенің керегі жоқ» деп, сатырлатып қойдан тоқтысын ұстап сойып жатыр.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Біраз күн өтіп кетті. Біздің Көкшетау жігіттері «соғысамыз»
деп жиналып қалған. Қызылжар уезінен там-тұмдап, Тайынша
болысынан, Құлансу, Қадір деген елдерден де жігіт қосылып
қалыпты. «Сен соғысуға жарамайсың ғой, әлі баласың ғой» деп
біздің үйге келіп отырып, Шайға деген жігіттің айтқаны әлі
есімде.
Шамасы 1000-нан астам жігіт Кеңасы бойына келіп жатты.
Алыстағы елдерге хабаршы жіберді. «Біз соғысқа әзірлендік,
оларда қару-жарақ алсын, бәріміз Көкшетау қаласына 20 ша
қырым тұратын Ауызтал деген жерге түйіселік» деп хабаршы,
шапқыншыларды жан-жаққа аттандырып жатыр.
Бір топ жігіт одағайланып шығып:—Болыснайды ұстайық,
қажының ауылының жылқысынан ат мінелік, біз соғысқа
аттанғанда байлардың баласы отыра ма?—деп жөнеліп кетті.
Бұлар кешке таман байлардан ат мініп, жастарын ұстап
алып келді. Бірақ болыснай қашып кеткен. Жан-жақтан ха
баршылар келіп қалды, алыстағы елдерде аттанбақ болып, уәде
беріп, Ауызталдан кездеспекші болыпты.
Қолдарына айыр, бақан, шиті мылтық, жаман алтыатар,
бір-бір сойыл алған жігіттер жапырласып атқа мініп жатыр.
Көбіне темірші Баймұқан найза соғып берді. Бабатай ақсақал
бас болып, ақ жалау байлап, қатар тізді. Халық сапырылысып,
у да шу, жылау әлі басылған жоқ. Байлардың көбі қашып кет
кен. Нұрке балалары деген бес ағайынды жігіт: «Байлардың
шаңырағын ортасына түсірдік» деп шауып жүр.
Үлкендері бірыңғай, орташасы бірыңғай, жастары бірың
ғай тізіліп алып, дуанға қарай жөнелді. Кейбір дүмше молда
лар азанын да айтып жатыр, «сусағанда керек» деп шайнауға
ащы құрт алып, бір-бір торсықтарын бөктеріп, байлап алған.
«Дуанды карасын жағып күйдіруге керек» деп, бір-бір мысық
алысты. «Мысықты шүперек байлап, от жағып жіберсе, мысық
көше арасына шауып өрт шығарады» дейді.
Міне, жұрттың сандалғаны. Жігіттер дуанға (Көкшетау
қаласына) жақындап қалғанда, алдынан Кенжеболаттың Кәрі
мі кездесіп: «Патша салдат алмайтын болыпты, бұйрығын тоқ
татыпты, мен дуаннан шықтым», деп жігіттерді тоқтатқан. Бұл
сөзге тоқтамай, «барамыз!» деп ұмтылса да, жігіттер Кәрім
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
мен серттесіп қайтысты. Егер, бұл сөз өтірік болса, Кәрімді
өлтірмек, оған Кәрім көнбек болған. Сонымен жігіттер қайтып
келді, ертеңінде-ақ әлгі сөз өтірікке шықты. Кәрімді өлтірмек
болды, бірақ Кәріекең Жосалы деген жайлауға қашып кетіпті.
Бір таралып кеткен соң енді құралмады, бытырап кетісті.
Ақсақалдар жиылып, патшаға кісі жібермек болысып, үй басы
он сомнан ақша жинасты. Көп ұзамай, көп ортасынан Неғмет
жан, Әбіжан, тағы кімдер жүрісіп кетті. Бірақ бұлар дәнеме
бітірген жоқ. Орынборға барып, халықтан жинаған ақшаға
әдемі пәлте, алтын сақина сатып әкелісті.
Жұрт тағы дағдарды, тағы шулады, приомға тағы жігіт жи
нала бастады. «Ауру қалады» дегенмен көбі таз болып, басына
ми тартып, қолын жарақаттап бүліне бастады. Ел іші жылауда
болды. Приомға барып, көбі қазармада жатып, Сұлтан, Ахмет
тағы бір жігіттер Піскепке кетті. Жанқожа Бурабай заудына
кірді, Ілияс, Есмұхамбеттер кіреге кірісті. «Балапан басына,
тұрымтай тұсына», әркім өз басын қарасты.
Болыс, билер, атқа мінер пысықшалар, ауылнайлар елді
сүліктей сорды. Момын шаруаға кеселін шеңгелдеп тигізді.
«Тізімнен жасыңды артық қыламыз, немесе жоқ қыламыз» деп
жылмаң тілмаштар елді жем қылды.
Айырсақал пристоп келіп, бір жағынан елдің зәресін алды.
Жүрегі суылдап тұрған қорқақ ел одан жаман қойдай ықты.
Пристоп қасына әлденеше кісі ертіп алып, елді жүндей түтті.
Болаттың Асанын, Әлжанның Қабдесін, Нұркеннің Әлімбегін
Көкшетауға апарып, абақтыға жауып тастады. «Көтеріліске
басшы болдың, патшаға қарсы болдың!» деп бұларды қатаң ұс
тады. Елдің басы қаралы, жүрегі жаралы, жаздай ұйқы көрмей
шулады. Қыс күні көбі кіре тартты, кейбіреулері шетке кетті,
шаруа күйзеуленіп, тұралап қалды. «Е, Құдай, патшаңды ал,
патша тұрғанда тиыштық көрмедік!» деп қарғыс айта бастады.
«Биылғы жылы ұлу жылы еді, ұлу жылы біздің қазақ
ұлыды» деп үлкендер аңыз қылысты. Елде әлі үрей көп, көбі
шет жерге кеткен, қалғандары сартылдаған сары аязда кіре
тартып жүр. Халық бірдемені аспаннан күткендей, әлденемені
тілегендей...
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Анда-санда Піскоптегі жаңа басқа жерлердегі жігіттерден
хат келеді, пебрал айының аяқ кезінде Сұлтаннан хат келді.
Хатында: «Қарақұс ұядан ұшар, жақын арада қаз қаңқылдап
жеріне қайтар» деген жұмбақшалау сөз жазған. Ауылдың оқы
ған бала-шаға, кәрі-құртаңы: «Қарақұс—патша, қазы—өздері
ғой» деп жүрісті. Көп ұзаған жоқ, ел арасында «патша түседі»
деген хабар ду ете қалды. Қысылған ел бір-бірінен сүйінші сұ
рап қояды.
1917 жылдың жазғытұры уақыты. «Жігіттердің алды келіп
жатыр» деген сөздер шығып қалды. «Патша түсті» деген хабар
расқа айналды. Көкшетауға барып келгендер: «Крестианский
нашандікті сабап кенелді-ау» деп айтысып келді.
Ауылдың жігіттері келіп те қалды. Кіре тартып жүргендер
жүгін тастап, үйіне жатып алды. Сегіз айдан бері абақтыда
жатқандар қайтып келді. «Е, біздің қарғыс қойсын ба?» деп
қоқиланып, шалдар қарқ-қарқ күлісті. Кемпірлер балаларын
сүйіп мәз болысты. Қара шаруаның көк шоқайы отбасында
быж-быж қайнады...
9. ТОРҒАЙ УЕЗІНДЕГІ ДҮРБЕЛЕҢ
1916 жылы 25 июньде, «19 бен 31 арасындағы қазақтың
жастары қара жұмысқа алынады» дегенді естіген соң-ақ, Тор
ғай уезіне қараған арғын, қыпшақ он бір болыс ел дүрбелеңге
кіріп дүрліге бастады. Орыс патшасының қоластынан көшуге,
не қарсы тұрып соғыс ашуға ұйғарысты. Әйтеуір, жігіт беруге
қарсы, жігіттер баруға қарсы.
Августің 25-нінде Торғай өзенін қабырғалап ағатын Қабыр
ға өзені бойына сегіз мың кісі жиналды. Ішінде ақсақалдар да
бар. Патша жарлығына қарсы болғандардың дені—осы сегіз
мың кісі ішінде, неше күндей кеңесті талқыға салып, ортамыз
дан Әбділғапар Жанқожаұлын, сары ала ту бие сойып, ақ киіз
ге салып, жоғары көтеріп хан сайлап, патшамен қарсы тұрып
соғысуға бел байласты. Жиналған адамдар Әбділғапар хан не
айтса да, орындамақ болды.
Көмекші ретінде Амангелді Иманұлы, Кейкі деген жігіт
терді белгілеп, мерген, батырларды даярлады. «Осы қылған
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
бірлік пәтуаны құлақтанбастан бұрын, шет қала Торғай дуанын
шауып алайық» деген оймен жұрт аттанысуға бел байласты.
Сентябрь жұлдызының бас кезінде самсаған сары қол, сар
базбен бірге жексенбі күні таңертеңгі сағат 4-5 кезінде қалаға
тиді. Қала хабарды күн бұрын құлақтанып қалып, ортасына
қорған істеп, казарма, банка, халық мектепке жиналып бекін
ген. Қаланың тұс-тұсынан от салып, найза, айбалта, қылыш,
мылтықпен соғысуға кірді.
Қоян-қолтық кездескен уақыттар да болды. Кешке дейін со
ғысып, ымырт жабылған кезде тарасты. Екі жақтан да өлген
кісілер бар, қанша екені мәлімсіз. Орыстардың бекінгенін
ертеңінде білген соң қазақтар елдеріне тарасты. Соғысқан уа
қытта арғын орыс жағында, қыпшақ жағы сарбазымен соғыс
қамында болып, екі жік болды. Соғыспай қайтуға осы екі жік
болудың көп себебі болды.
Елге келген соң халықты қайта жинап, күш-көмектерін
нығайтып, бір жерден ханға орда орнатып, сарбазды ықшам
дап, іріктеп, сақадай сайлап алды. Ылғи мерген, батыр. Найза
герлерді бірыңғайлап алып, өз халқын сақтап, қалаға тағы да
қару қылу еді. Сарбаздарды 300-ге ықшамдады. «150 салдат
Қостанайдан Торғай уезіне шығыпты, Торғай қазақтарымен
соғысады» деген хабар білінді. «Келу жолы тәуір ырым болсын,
басып, Торғай құлап, елге Торғай өзенін өрлеп шығады» дегені
естілді.
Амангелді деген мергенді басшы қылып, 160 сарбаз алдына
қарсы шығарды. Күйік қобасында екі әскер кездесіп, бір күн
соғыс болып, бірсыпыра орыс әскерін өлтіріп, кейін қашырып,
жіберілген сарбаздар түгелімен аман келді.
Март ішінде «Торғай уезінің қазақтарымен соғысып, хан
ды өлтіруге 200 салдат шықты» деген хабар естілді. Батпақ
қара дейтін қызыл үйге бекініп, ол жерге орыс салдаттарын
келтірмеуге алдынан сарбаз шығарылды. Бірақ салдаттар күш
бермей, айтылған қызыл үйге барып түседі. Екі жақтан да
қарауылшы қойылып, түнде 50 қарауылшы бір-біріне кездесіп
қалғанда, Кейкі батыр сегіз орыс, бір қазақты атып өлтіреді.
Ертеңінде қазақ пен орыс Ақөткел деген Торғай өзені бойын
да кездесіп, бір күн соғыс болады. Орыстан жүзге жақын сал
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
дат өлді, қазақтан үш кісі өлді. Ертеңінде орыстар қаласына,
қазақтар өз жайына тарасты.
Тұрғын қазақтар үй-қора, малдарын тастап, қыстың аяқ ке
зінде Көл қопаға паналады.
«Қырық мың салдат шығарып Торғай қазақтарын қырғы
зуға даярланып жатыр, патшадан бұйрық шықты» деген ха
барды естіп, қалтақтап тұрғанда, «16 мартта патшаның құлап,
халық кеңшілігін алды» дегенді естіген соң Торғай қазақтары
ның етек-жеңі кеңіді.
10. ТОРҒАЙ УЕЗІНДЕ 1916 ЖЫЛ ОҚИҒАСЫ
Сентябрь жұлдызының оны кезінде Торғайдан 80 шамалы
атты қазақ Қостанайға қайтты. Соған еріп уез началнигінің
орынбасары Ткаченке:
—Мына жақты аралай қайтыңдар?—деп әлгі сексен атты
қазақты Қарақоға, Қараторғай, Сарықопа болыстарына қарай
бұрды. Ткаченке сол жолында әлгі айтылған болыстардан бір
талай адам ұстап, оның бірсыпырасын Торғайға жіберіп, бір
сыпырасын өзімен бірге айдатып жүрді. Ұсталғандардың
ішінде пара беріп құтылғандары да болды. Өзімен бірге жүр
гендерге Ткаченке көп зәбірлік берді. Оларды ұрғызып, соққы
зып, боқтап, өзі күніне неше рет зіркілдеп:—Иттер, бастарың
қырқылады!—деп зәресін ұшырып жүрді.
Жоғарыда айтылған үш болыстан 50-60 адам ұсталды. Ұс
талуының себебі—сол жылы жаз күнінде Ткаченке «әскердің
азығына» деп сол болыстардан мал жинаған. Дәл сол кезде «Июнь
жарлығы» естіртілген. «Июнь жарлығын» естіген қазақтың есі
кетіп, көрінген орысты жау көрген. Сонда Ткаченкенің де ба
сына қауіпті күндер төнген. Қазақтың желіккенін Ткаченке
қалаға қайтқанда сезе қайтқан. Ткаченкенің ойы—әскердің
қабатында жүріп, кегін алмақ еді. Сол ойымен Ткаченке әскер
мен елге шыққан соң, атқамінерлер жек көрген адамдарының
үстінен шағым берген. Ткаченкенің де Құдайы беріп, кім де
болса ақ-қара демей ұстата берген. «Июнь жарлығын» естіп
күйініп, оның үстіне губернатордың «Титтей кеңшілік жоқ»
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
дегенін естіп, күйініп отырған жұртқа Ткаченкенің ісі бәрінен
де жаман батты. Адам ұстап, оларға қорлық бергені—уез қол
астына толық жиылды. Ткаченке әскерге еріп Қостанайға қарай
кетті. Ол Қостанай шегіне кетісімен зығырданы қайнаған жұрт
(Ткаченкенің ісінен) «Ткаченкенің жазықсыз ұстаған адамын
қалай құтқарамыз?» деп кеңесті. Жұрттың ойы «ол адамдар
ды қалаға апарған соң атып тастайды» деген. Ақырында қо
рытқаны—Ткаченкені қайтуында бір ұрымтал жерде тоспақ
шы болды.
Қостанай шегіне барғанша Ткаченке әскермен Наурызым
болысын аралап өтті, одан да 30-40 адам ұстап арбасына тіркеп
алды. Бұлар да бұрынғыларға қосылды. Еншілеріне тигені—
аштық, жалаңаштық, суық. Торғайға қайтып келе жатқанда
бір-екеуі қашып құтылды.
Қостанай шегіне барған жерде Ткаченкеге жүз шамалы
Донской атты казак қарсы келді. Олар Торғайға келе жатыр
екен. Ткаченке соған қосылды. Елді әскер аралағанына жұрт
тың зәресі қалмай, жаман қорықты, оның үстіне Ткаченке де
зәресін алды. Қонған, түстенген жерінде бесатардың (бентевке
ні) оғын көрсетіп: «Біздің қаруымыз мынау, көріп қойыңдар!»
деп оқты жұртқа мәлімдей жүрді. Түнде қара суықта далаға
қамалып, айдауда, ұстауда жүргендер өлуге тақалды. Сол кезде
Ткаченке қайтып Торғайдан 40 шақырым жердегі Татыр деген
көлге жетті (ескіше октябрьдің 5-6 шамасы еді. Татыр—ұзын
дығы 10 шақырымдай, енінің кей жері 1 шақырым, кей жері
жарты шақырым көл).
Бұл көлдің оңтүстік жақ жотасымен Торғайға баратын жол
жүреді. Жотаның ені 80-90 саржандай ғана. Оның оңтүстік жақ
құлай берісі Қарасу, Қопа, қалың қыстау болады. Осы көлдің
орта кезіне әскердің алды келген кезде, қырдың астында бұғып
тұрған 500-600 кісі дүрсе қоя берген. Әскер жалма-жан тоқтай
қалып, мылтықты жаудыра бастады. Сартпа-сұрт араласу да
болып қалды. Бірақ жауған оқтан жығылғандарды көріп, алды
араласа, арты араласа алмай қайта қашады. Қазақ қашқан соң
атты казак артынан түре түсіп, бірталай адамды турап тастай
ды. Қуған казактың үш-төртеуін қазақ та турап тастайды.
Қазақ тиген соң-ақ әскер былай еткен. Арбаларын жол үсті
не қойып, өздері көл жағына шыққан. Көл бір жағынан қорған
9-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
болған, арба бір жағынан қорған болған. Көл жағынан қазақ
келе алмайтын болған соң, арбаның тасасында тұрып ата бер
ген. Қазақтың бірсыпырасы тауы шағылған соң қашып кеткен.
Сол дүрмекте тұтқындардың бірсыпырасы қашып кеткен.
Тауы шағылған қазақ сыпырыла қашқан. Оны білген соң
әскер түні бойы тартып отырып, таң ата Торғайға кірген. Тка
ченке қалаға келе елден келген адамдардың бірін де қоймай
қудыртып, шығартып жіберген. Ондағысы Татырдағы соғыста
болғандардың бастықтарын ұстатып алып, басын қырыққыз
бақ, тез тергеу, тексеру жүргізбек.
Қалаға жақын болыстар қай уақытта тырп етуге халі жоқ.
Олар бірқатар жігіттерін «әкел» деген срокке әкеліп те қалған
екен. Ткаченке оларды да қудырып жіберткен. Қанын ішіне
тартып, бірнеше күн елден адам қатынастырмады, осының ар
тынан бір айдан соң Торғай қаласы шабылды.
11. ОРТАҚШЫЛАР БОЛЫСЫНДА
(Ақмола уезі)
Елдің шөп шаруасын орталап келе жатқанда «19 бен 31-
дің арасындағы жігітті жинайтын болыпты» деген сөз бұрқ ете
түсті. Күн сайын хабар жиілене бастады. «1-2-ші нөмердің ауы
лына ауылнайларын болыс шақыртып, соған кетті» дегендер
естіліп қалды.
Ағұстың төртінде ауылнайлар болыстан қайтып елге келді.
Елден жігіт жинау туралы бұйрық қағазды әкеліп, елге естіртті.
Бір табақ қағаздың бір жағына орысша, қазақша тасқа басқан,
аяғына «Генарал-губернатор Сохамеленов» деп қол қойған.
19 бен 31-дің арасында балалары бар адамдар да, бұл екі ор
тада жасы бар жігіттерде де үрей қалмады. Жұрт әлсін-әлсін жи
налады, құтылу, бармаудың амалын қарастырады, не қыларын
білмей құрғақ тарасады. Үсті-үстіне бұйрық жиілене берген соң
ел абыржыды. Астын-үстін, күндіз-түні дамыл жоқ сергелдең
ге түсті. Шөптегі жігіттер шөпті тастады. Мал жинау, мал асы
рау, қысқы жұтқа ұрынбау деген мүлде ұмытылды. Барлығы
атқа мінді. Жалшылыққа тұрған жасы іліккен жігіттер де бай
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
дан шығып, үйлеріне келді. Ауылдық тізімде 60-70-тей жігіт
ілінген. Көпшілік жағы кедей, төмен атаның жігіттері.
Бәрі де атқа міністі. Лек-лек болып, бастарын қосып ақыл
дасады: «соғысқа барып ит пен құсқа жем болғанша, бармай
елде өлейік, не Бағаналы жағының жігіттері жиналып жатыр
дейді, соған қосылып соғыс ашайық» дегенді айтысты. «Ауыл
най, болыс тізім бермесін, берсе, өлтірелік. Тізім беруге басшы
болғандардың қандарын ұрттайық!» деп гуілдесті.
Бұзаутіс, дырау қамшы мен сойылдан басқа құралы жоқ,
«Июнь жарлығына», бұл жарлыққа демесін болғандарға жаны
қас, өштік күшті. Сол кезінде ретсіз мінез ел ішінен не ауыл
най, болыстан сезілсе, өлтірулері де анық еді.
Әсіресе, 1-ші нөмердің жігіттерінің беталысы жаман, қызу
дегенді естіп, болыс Уәліхан баласы Махмет келді. Елмен ақыл
дасты, есеп-тізімін жаналқымына келгенше бермейтін болды,
іңірде бірсыпыра адам келіп тартып әкетті демекші болды.
Патшаға уәкіл сайлап Сыздық қажы Қойлыбай баласын
жіберді, ол түк бітере алмай жолдан қайтып келді. Жігіттерін
жөнелтсін, списіктерін бұйрық үсті-үстіне келіп жатыр. Ел
бұрынғыдан гөрі қатты дүбіліске кірді, әркім өз баласын, өз
жақындарын іздей бастады. 30-40-тай қауһарсыз кедейлер мен
әлсіздердің балаларының қалуын қайғырушы жоқ. Олардың
қалуға қыры да жоқ еді. Ауылнай поштабай, ауылнай мұғалім,
ауылнай молдасы қалады дегенді естіп, әлді тұқымдар соған иін
соғып балаларын қалдыруға жасырын пригуар жинағандары
естілді. Бірсыпыра қорғансыз жігіттер жікке бөлініп, олардың
үйіне шапты, ұстап алып, қағаздарын тартып алмақ болып,
соңдарына түсті. Ұстаса, табанда өлтірмек болды. Бірақ олар
ұстатпады, сыбыр, сыңқыл, қулық қылғандарда бүйідей тиді,
бірақ кісі өлімі болған жоқ. Әлсін-әлсін «жігіт қалыпты» деп
сүйінші сұрап шауып келеді. Кішкене дене жадырап қалды, іле
«ол бекер» деген хабар келіп қалады, ақырзаман қайта орнады.
Сарбас, құрмалдыққа дамыл жоқ. Кемпір-шалдар бата қы
лып отырып еңкілдеп жылайды, қазақтан салдат алмаймыз деп
антын бұзған патшаны «ант соқсын, төбесінен жасыл түссін»
деп қарғайды (сол кездегі «Июнь жарлығының» жолына шығар
ған малдарын есепке алса, әлденеше миллион сом болар еді).
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Ойын-күлкі қалды, түшіркеніп ұйықтау ұмытылды. Бай,
ақсақал балаларынан жігін айырып, жіктеліп шыққан 30-40
жігіт ақтық ақылға жиналды. Біразы қашуға, біразы соғысуға,
үйде өлуге, біразы: «елді қиратады, қашып құтыла алмаймыз,
қамшы мен сойылдан басқа құралымыз жоқ, мал-жан талау
да кетеді» десіп, бір жерге ақылдарын қоя алмай отырғанда,
Ортақшылар болысының жігіттері: «соғыс жеріне бармайтын
болыпты, Махмет болыс нашалникпен сөйлесіпті, бидай тартып
құтылады» деген хабар келді. Жігіттердің қызуы бұл хабарды
естіген соң бәсеңдей берді.
Сентәбрдің орта кезінде: «Саумал көлден 150 салдат шықты,
Өктәбр болысының жігіттерін жөнелтіп жатыр, екі кісіні атып
ты, беттері жаман» деген шапқын келді. «Ертең Ортақшылар
болысының 1-2-ші нөмеріне келеді, басқа ауылнайлардың
жігіттері барыпты» деген.
Түнгі дүбіліс, жүруге қамдана бастады. Жігіттер түнде та
ғы ақылдасты: «бидай тартқызатыны рас болса көнелік, бекер
болса сол жерден қысқы елге қарай қашайық» деп уәде бай
ласты. Жігіттер жүруге аттанды, үйде тірі жан жоқ, барлығы
Құбажонда, зарлау, дауыс қылу, жылау бүкіл Құбажонды
күңірентеді.
Төрт шақырым шыға бергенде 150 дей атты казак-орыс сал
даты сау ете түсті. Ішінде Жыланды болысының қазағы Сәберлі
деген елдің Әбіш деген қазақ жігіті бар. Көкшетауда тұратын
орадник екен. Жігіттердің спескесін түгендеп алып, жөнелтті.
Приомда алған жігіттердің қалғандары аз болды, алынған
дары қыс бойы дамыл жоқ бидай тартты. Көліктері қирады,
өздері болдырды, расқод, дүние шақ келмеді, тұралап қалған
дары да болды. «Енді қайтеміз?» деп отырғанда патша құлап,
елдің арқасы босады.
Сол кездегі мықты, әлділердің табандарында жүргендер,
Кеңес өкіметі еңбекшілер табынының әперген еркін, бостан
дығы арқасында осы күнде ел ішінде бастық болып, ел меңгеріп
отыр.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
12. БАЙДӘУЛЕТ БОЛЫСЫНДАҒЫ
КӨТЕРІЛІС
Ел жайлауда. Мал-жандар ешнәрседен хабарсыз жатқан
кезі. Бір күні «Қазынаға ат алынады» деген хабар естілді. Ұза
май қалаға жақын жерлерден ат алынып жатқаны білінді.
Сасқалақтап тұрған кезде қаладан екі орыс болысқа «ат жина!»
деп бұйрығын әкелді. Олар болыстың орыс тілмашын қасына
алып, қамшы мен бұйрығын болыс, ауылнайларға қоса жұмсап,
байлардың балпаңын, жарлының жалғызын жинай бастады.
Айнала, барлығы Байдәулеттен 200 шамалы ат жинап ал
ды. «Аттарды аршынға саламыз» деп қалаға жүрейін деп жат
қанда, үш кісі келді. «Қазақтан қара жұмысқа кісі алынады»
деген болысқа әкелген патшаның жарлығы бар. «Сол үшін
тізім алыңдар!» деп екі жағынан патшаның жарлық хаттарын
ел ішіне үгіттеп жатыр. Ел іші у-шу, азан-қазан, күз болғанда
гүлінен айырылған қу ағаштай. Түсі жоқ бозбала, қайтып бара
жатқан қаздай тізбектеліп, жылаған қыз-келіншек, «жалғы
зым жардан ұшты-ау!» деп қақсаған кемпір-шал, иесіз бетімен
кеткен мал, олар да қамыққандай маңырасып, мөңіресіп жа
тыр.
Сондай хабарсыз қайғымен жатқанда Қияқтың Нұрланы
әр болысқа кісі жіберіпті. «Жиылыс жасаймыз, бізді салдатқа
алады, мына жиылған атты бермей қалайық» деп бізге де бір
кісі келді. Болыс, ақсақалдарымыз жүріп кетті. Ел жігіттері
жиналып, «көтеріліс жасаймыз» деп тырнауыштың тісінен,
асыл темірден найза, қылыш, қанжар секілді, табылғаны мыл
тық, алтыатар секілді құралдарын жинап, азық-түлік даярлап,
аттарын жаратып, әйтеуір, шама келгенше даярланып жатқан
түрі бар.
Ел жиналды. Нұрлан үстінде үлкен сиез болды. Біреу ананы,
біреу мынаны айтып, алты ауыз қазақтың баласы сөзге пәтуа
қыла алмай қайтысты. Жиылған аттарды ұры болып тізіп,
әркім өзінікін-өзі алмақшы болды. Елге келіп комиссиядағы
аттарды айтқандай талап әкеттік. Өз жанымен өзі болып ко
миссиялар қайтып кетті. Болыстар патшаның жарлығын орын
дайын десе, жастардың көтерілісінен қорқып, орындамайын
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
десе, патшаның бұйрығынан қорқып, сонымен мөр істерін
жоғалтқан болып, нашалникке жауап беріп жатты. Кей болы
стар істерін, мөрін ел ішіндегі жан аямайтын жамандарға беріп,
өздері тығылып жатқандары да болды. Кей болыстар тізім ала
мын деп жүргенде, ел ішінің пысықтары тартып алып, болысты
ұрып-соғып ісін жоғалтып та жіберді.
Ел жастарының жігері қайтпай әр жерден 20-30-дан жи
налысып, найза, қылыш, айбалта секілді құралдарын дайын
дап, найзаларымен ұрысу амалдарын үйреніп, қалай ұрысса
жеңетін әдісін біліп, өздерінің батырларын, пысықтарын,
ағайындарын сынасып жатыр. Бірақ басшылық ететіндер аз
еді. Сондықтан көбейіп, бір ынтымақтан табылмады. Сонымен
«Ынталы еліндегі Иман Түсіп дейтін кісі жинап жатыр, соның
қолына барамыз» деді. Сөйтіп, жүруге бет алып жатқанда, ел
ақсақалдары «не болса да елде өліңдер, біріңді-бірің қолдан
көміңдер!» деп жібермеді.
Ел аласапыран, біреу ананы, біреу мынаны айтып, еш сөз
ге байлаусыз дағдарысып, не қыларын біле алмай жатты. Пат
шаның жарлығы күннен-күнге күшейді. Сол дағдарыста жат
қанда приом келді. Дүниежүзі азан-қазан, күннің көзі бұлтқа
жамылды. Жүрегі ұшқан ел жастарында үрей жоқ. Қашайын
десе есебін таппай, салдаттан қалу айласын істеп жатыр. Ба
сына қойдың миын тартып, басын сасытып, аузына қан тол
тырып, қан құсып, құлағына адамның қиын тығып исін са
сытып, саңырау болып, сан-балтыр секілді денесін жіппен
байлап ісітіп ақсап, осындай айламенен сандалақтап жатты.
Басқа елден жалданып жүрген малайлар жарлының жалғыз
шолағымен қашып та кетті. Тізіммен аты шыққан бай ұлдары
мал-жанды аямай төгіп, доктор, нашалник секілді ұлықтардың
аузын алып, баласын кіре салуға, поштабайлыққа жаздырды.
Кейбіреулері жасын арттырып, босатып алды. Қара жұмысқа
алынған бай ұлының орнына кедейдің ұлын жалдап жіберді.
Беделі жоқ, малы жоқ кедей сорлының ұлдары соры қайнап
топталған қойдай боздап, уезге жөнелді.
Көп ұзамай, аз уақытта «фебрал төңкерісі» жарық етті. Асын
ішіп, дарға тышқан Некалай тақтан құлады. Еріксіз кіре сал
ған қазақ азаматы лестігін екі бөлді. Дүниежүзіне жарқыраған
күндей жарығы жайылып, «фебрал төңкерісі» орнықты. Қара
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
шаруа мен ел момыны екі езуін екі жаққа созып, далбаңдап
желе жөнелді. Қорлық пенен зорлықта езіліп, еңіреп кеткен ке
дей балалары қайтып келді.
13. 1916 ЖЫЛҒЫ «ИЮНЬ ЖАРЛЫҒЫНДА»
(Қарағанды облысы, Күншығыс болысында)
«Жігіт алады, 19 бен 31-дің арасы тегісімен жиналады» де
ген хабар дүңк ете түсті. Жасым он алты да еді. Қазақтың ол
кезде шын жасын бермейтіні қандай, әкем үш жас артық қосқан
екен, он тоғызға жасым дәл келіп, тізімге мен ілігіппін.
Жұрт сеңдей соғылысып, еңіреу де жылау, ұйқы-күлкі жоқ,
шаруаны тастаған, ылғи дүрлігу. Байымбеттің Әбілқайыры
далбақтап шауып келеді. Жиналып жүрген жігіттерге жетіп
барды. Айтқаны: «Құдай ұрды, болыс спескті беріп қойыпты,
Сейпіл қажы не көрсек те, бір көреміз деп үш ауылнай елдің
жігіттерінің тізімін көрсетіпті. 20 ағұста жігіттерді жүргізіп,
26 ағұста Көкшетеуда болады дейді. Болыс пен орыстың беті жа
ман, ыңғайы теріс. Қалада жатып алып бұйрықты үсті-үстіне
беріп жатса керек» деді.
Мұны естіген соң-ақ жиналған жігіттер тым-тырақай жыл
қыға жабысты. Жиырма шақты жігіт атқа мініп алдық. «Сейпіл
қажыны өлтірейік!» деп гуілдесеміз.
Жөңкіліп шығып Азынабай деген қалың қарағайға барып,
56 жігіт кеңесіп, мынадай қорытындыға келдік: «аттары нашар
жарлының балалары, байлардың жылқыларынан оңды атта
рын ұстап мінсін, қарсы келгендерді өлтірейік, 56 жігітке Сей
піл қажының баласы Шәріпті басшы сайладық. Сейпіл қажы
мен болысты басқа зорлаушылар болса өлтірейік!» десіп ант,
аман уәде байластық.
Сейпіл қажының баласының кәрі шешесіне сақтап қойған
мың жарым теңге ақшасы бар екен, қолына соны түсіріп алмақ
болды (мұны үйіне біреу сездіріп қойыпты). Шәріп ақшасын
алуға барған жерде ұстап алып, Шәріптің аяғына кісен салып,
атына да кісен салып тастайды. Еріп барған төрт жігіт қашып
келді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
«Шәріпті тартып алайық» деп гуілдесіп тұрғанда, Қызыл
жардан қайтып келе жатқан Сараңбай деген шал кездесті.
Шалдың көрмеген жері жоқ, жиһангез адам екен. «Қырық
күншілік шөлі бар, екі күншілік асу тауы бар, патшаға қара
маған ел, қазақша ханы бар, Асанқайғы әулиенің өлген жері,
Жиделібайсын, Құланөтпес дейтін қиын-қиын жері бар, жо
лын оңды білмеймін» деді. Шал бізге басшы болмақшы бол
ды. «Жолшыбай соғысып жатқан жігіттер кез келсе, соған
қосылайық. Жеңіле беретін болса, шалдың айтқан жеріне
барайық» деп ақылдасып, сөзді түюге отырғанда, Шәйсұлтан,
Нұрғали деген екі жігіт: «Патшаның құрығы ұзын, құтыла
алмаймыз, текке қырыламыз!» деп уайым кіргізді. Сол жерде
отыз жігіт ермейтін болды, 26 жігіт жүруге бел байлап, бір-бір
ақсарбас сойып, кешке құрмалдық беріп, таң ата жөнелдік.
Қыз-қырқын, кемпір-шал, қатын-қалаш у-шу зарлап жылауда,
мал-дүние, ас-су ойларында жоқ, шамалары келмейді. Келетін
болса Сейпіл қажыны, болысты, патшаны өздері жеп қоятын
дай зарлайды, жылап, сыңсып жүріп оларды қарғайды.
Денемізді ашу кернеген, сол кезде патшаның жарлығымен
келген адамдар кездессе, түтіп жегендейміз. Шотқопадан ары
10 шақырымдай жер еді. «Қарасындарыңды көріп қаламыз»
деп қатын-қалаш, қыз-қырқын, кемпір-шалдар еңкілдесіп,
зарлап дауыс қылып, жылаумен жөңкіліп жөнелді. «Қайт!»
дегенімізді тыңдамайды. Қалатын болмаған соң желіп жө
нелдік. Қапыштың екі қарындасы желген аттан қалмай жү
гірумен сыңсып, Шотқопаның арғы белесіне дейін қалмады.
Болдырғандары бір-бірлеп қалып отырды.
70 шақырым болыстың шеті Қаңдыжауар деген елге келсек,
олардың жігіттері жиналып жатыр екен. Достай қажыны хан
сайлапты. Үпідегі Қалижан бітіріп, мектеп салғызып жатқан
Жомарт дейтін баласы да ілікен екен. Достайдың үлкен бала
сы Мүсет киізден сауыт істетіп киіп алыпты. Оқ өтпейді деп ай
тады. Құралдарымыз: қақ сойыл, түбіне айналдыра темір шеге
қаққан. Бөктерген азығымыз: қоржынның бір жағында ащы
құрт, бір басында сары май, бес кісіге бір-бір қара шәйнек, бір-
бір темір шашка.
Достай ханмен түні бойы сөйлесіп, Қожас тауында соғыс
ашпақшы болдық. Спесік тізімін берген үш ауылнайдан бас
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
қасы Достай ханға бағынатын болды. 21 жігітті қарауылға
жібердік, Одырай деген биік төбе, айнала ағаш, сонда жатыр
едік, Қабдос, Айтым деген екі жігіт шауып келді: «Қожасқа
орыс салдаттары келіп қалды, ішінде болыс бірге, атыс болып
жатыр, аттаныңдар!» деді.
Таң бозарып атып келеді. Атымызды жайлап ерттеп, мініп
алып шаптық, келсек, атыстан бір ат өліпті, күн көтеріле 17
кісіні байлап алып кетіпті. Жігіттер быт-шыт болып көңілдері
қайтып қалыпты. Үрейленген уайымнан басқа табары кө
рінбеген соң баяғы басшы Сараңбай шалды ертіп алып жүріп
кеттік. Екі қонып Сілеті өзеніне жеттік. Сәрсенбай дегенді ол
ел хан сайлаған екен. Ханның үйіне келдік, хан жиылысқа
кетіпті. Қатыны мен қызы ғана бар екен. Қонақасыға қой сой
ып, қымызды құйып жатыр, сол кезде қасында он шақты жігіті
бар Сәрсенбай хан келді.
Мән-жайларымызды айтқан соң қатты риза болды, сырын
қалдырмай сөйледі. Жиналған жігіттері Сарытөбенің арғы
бетінде, өзен бойында салдаттың жолын тосып жатады екен.
«Салдаттың келетін жолы сол арада» деді. Жөнін сілтеді, жү
ріп кеттік.
Қоналқа бетімізде: «Шәйсұлтан жігіт жинап жатыр, екі
жүздей қолы бар» деп естіп, кешке соған келдік. Сонда төрт
күн жаттық. Шәйсұлтан жігіттерімен Сарытөбеге бірге келдік.
Бір мыңдай жігіт екен. Құралдары: найза, сойыл, айбалта, екі
жүзді қылып соққан қанжар, бауырара сырты жүзді.
Екі күн жаттық, салдаттан хабар білінбеген соң, Сәрсенбай
хан бізді еліне қайтарды: «Аттарың арып қалар, егер, орыстан
хабар білінсе, кісі жібереміз!» деп. Шәйсұлтандікіне келіп
жаттық. Еш хабар болмады. Қайтадан Сарытөбеге бардық, сол
екі арада жиырма шақты күн өтті. Жиналған қол елге қайтты.
Орыстан хабар болмағанына хан екі бие, бір сиыр, он қой
сойып той қылдырды. Елден келіп жатқан саба-саба қымыз.
Тойдан соң хан шақыртты. Барсақ, биік төбеге екі жар бойлап
отырған қалың қол төрт өлеңші, бір сырнайшы өлең айтып жа
тыр.
Хан бізге: «Жақсы елдің қыран жігіттерісің, жиналудағы
ар-намысымыз бірге, аңдыған жауымыз келмеген соң, өз кө
ңілімізді өзіміз көтеріп істеп жатқан той бәрімізгеде ортақ.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Палуандарың, әншілерің, жүйріктерің болса шығарыңдар!»
деді.
Қабдос палуанға түсті, бас бәйге алды, бір тоғыз бәйге шы
ғарды. Қызыл шүперегін жыртып-жыртып аттың кекіліне бай
лап, қалғандарын ханға тарту қылдық. 36 ат шапты, үшінші
болып ат келді. Өлеңді жаңа айтып жүрген баламын, ат үстінен
айғай салып, әнмен біраз қыздырдық. Жат елдің әні қандай
таңсық, Сәрсенбай хан екі есе көтерілді. Кешінде үй тігіп, қыз-
бозбала сауық қылды.
Бір айға жуық жаттық. Орыс келмеген соң, Ереймен қан
жығалы соғысып жатыр дегенді естіп, тоғыз жігіт сонда тарт
тық. Ерейменге ертең жетеміз дегенде, артымыздан төрт
жігіт шауып келіп, ел хабарын айтты: «Елдің жігіттерінің
көбі төрелерге ақша жүргізіп, денесін жаралап, кейбіреулері
көздерін шығарып қалып жатыр. Бізде қайла қылармыз,
қайтайық» десті. Екі күн жатып сөйлесіп-сөйлесіп, жеті жігіт
елге қайтты. Мен Шиді баласы Сәйім екеуміз Ерейменге жүріп
кеттік.
14. ЕРЕЙМЕН КӨТЕРІЛІСІ
Жұрттың саны бұрынғыдан көбейді. Әлдеуін жағы да Сақ
құлақұлы, оның құдандасы, жансүйерлері ғана болмаса түгел
келіп топқа қосылды. Дәл осы кезде қолдың саны бірнеше мың
болды. Жанмолда батыр мен Бала Сыздық балуан қол бастады.
Молдажан мен Жанайдарлар мергендер тобы болып жұрттың
алдына түсті. Бұдан кейін біраз уақыт өтті. Ол қарсаңда салдат
келмеді.
Октябрь [дің] үшінде Тайбай поселкесінен 20-30 көк арбалы
салдат шығып (оның ішінде Олжабай болыс та бар) Кеңасу де
ген жерде соғыс болды. Қазақтар орыстан бұрын таудың басына
шығып алған. Бұрын соғыс көрмеген винтовка, пулемет даусын
естімеген халық алғашқы алыста қаймықса да, бой үйрене келе
орнынан қозғалмай қарсы тұрды. Ол арада бір-екі адамға оқ
тиіп, өлді.
Таудың етек жағында орыстарды қамап аламыз деп, арт
жағынан орап, жан-жағынан өрт салды. Өрт ағашқа тиіп, жан-
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
жақты тұман басқан кезде салдаттар келген жағына қарай бет
қойып, қайтуға айналды. Дауылдаған жұрт, салдаттардың оғы
таусылды, сонан соң қайтып барады. «Бұларды ұстап алуымыз
керек» десті. «Бірқыдыру кеш болған соң қайтқаны шығар,
тоқталық!» деген пәтуаға келісті.
Қайткенмен де салдаттар ағаш күзетшісі (лесник) Ермұқан
деген жігітті өрт сөндіруге келе жатқан жерінен ұстап, алып
кетті. Сол күні бірсыпыра адам салдаттардың соңынан бақылап
отырып, поселкеге енгізіп қайтты.
«Қар бекінген соң тау ішіне салдат келе алмайды» деп,
жүретін жолдар мен таудағы қиын асуларды, қалың орманды
қиып, қаптаған қалың қол көп уақыт соны бекітті. Ол арадан
арбалы, шаналы адам жүре алмайды, жер ыңғайын білетін
адам болмаса, салт аттыларда жол тауып елге қарай өте алмай
тындай еді. Бекітуге келмейтін жерлерге 5-6 адамнан қарауыл
қойып, күзет жұмысын күшейтті. Тайбай поселкесінен басқа
да Ереймен болысының маңында Олжабай (Благодатни) Шеки
(Бородинка) дейін поселкелер арқылы да салдат шығып қалу
қаупі болғандықтан, оның маңындағы тауларда да қарауылшы
тұрды.
Жиналған жұрт ат жетер жердегі көтеріліп жатқан елдерге
кісі жіберіп те алды. Ақсирақ еліндегі көтерілісшілерге Мағыз
деген жігіт барып қайтып, мынадай хат әкелді:
«Қазақ ағайындарға сәлем! Біз атығай, керей елі патшаға
салдат бермеуге қалағанша соғысамыз, соғысқа барып өлгенше,
туған жерімізде өлеміз. Сіздерде осылай етіңіздер!» деп олардың
сайлаған ханы Нұрпейіс деген кісі қол қойған.
Бұл хабарды естіген соң жұрт бұрынғыдан да ары бекініп:
«Шыдалық, қыстан аман шықсақ, Жиделібайсынға, немесе
Қытайға кетеміз» деген сөз болды. Әйтеуір, жұрт бағынып, есе
леп кісі беруді ойлаған жоқ.
Ол екі арада сентябрь айында: «поселкеде ұсталған біздің
ауылдың жігіттерін Ақмолаға жөнелтіп жіберген. Біразын
қамап, жасы 19 бен 31-дің арасындағыларды соғыс жеріндегі
майданға жөнелтіп жіберіпті» деген хабарлар келді. Оның ал
дында баласы ұсталған кемпірлер өгізге арба жегіп поселке
ге барған. Бірақ ұсталғандарды көре алмаған, тек поселкенің
табыншы қазағы Омарқан арқылы сөйлесіп: «олар өздеріне
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
жасаған қысымшылығын айтып, көтеріліс басшылары кім,
елде қандай қару күш бар, ел не істейін деп жатыр?» дегенді
сұрап, ұсталғандардан жауап алғандығын айтып келді.
Ақмолаға ұсталып барып бірнеше күн абақтыда отырған
Ағыбай дейтін біздің ауылдың көксау шалы мен Қазыкен дей
тін бала декабрь айының ішінде елге қайтып келді. Олар қала
халқының «біледі» дегендерінің мұны ұнатпай отырғандығын
айтып келді. Әбден көтеріліп алған жұрт оған құлақ қойған
жоқ. Қайта оның өзін жек көріп алды. Олар біраздан соң көр
ген-білгендерін, естігендерін айтудан тиылды.
Екінші рет Олжабай поселкесінен салдат шығып, Ерей
мен тауының батыс жақ сыртында Қуаңадыр деген биік тауда
соғыс болды. Бұл жолы салдаттардың саны да көбірек, шу де
геннен пулеметті құрып атудан тыным таппады. Биік таудың
тасын паналап Молдажан, Жанайдар сияқты жүректі мер
гендер орыстарға жақындап келіп, жалғыз оқты бердіңкемен
салдаттарға да оқ тигізіп, жаралады. Одан кейін салдаттар көк
арбаны тегермек қып, алқа қотан иіріліп, соны паналап тұрып
ататын болды. Соны көрген соң қулық жасап, елші жіберген
боп, «алдаусыратып қолға түсіріп алайық» деп отрядтарға бұ
рын болыс болып жүрген Төкин деген жуанды жіберді. Ол орыс
тар жағына барып кіріп, қайтпай қойды. Күн кешке айналған
соң орыс салдаттары кері қайтты да, қазақтар өздерінің меке
ніне келді.
Салдаттар Ерейменнің қалың тауының ішіне екі рет келіп
соғысып, түк бітіре алмаған соң тауды айналып, жазық жақтан
ел шетіне кіруді ойлап, Ереймен елінің шетіндегі Шәкей деген
10-15 үй поселкеге келіпті. Бұдан хабар келісімен-ақ, жиналған
қол соған аттанып, түнде жатқан жерінде поселкеден тап басып
қамап алып, сол арада үлкен атыс болады. Орыстар қазақтар
дың қораларын өртеп, малдарын айдап шығып, қараңғы түнде
атыста қазақтан да, орыстан да адамдар көп өлді. Анығын біле
келгенде, мұнда келген салдаттар 10-16-ақ екен. Өлгендердің
дені поселкенің орыстары болып шықты. Салдаттардың көбі
атты-жаяу түнде қашып құтылған. Сол соғыста біраз винтовка
қолға түсті.
Олжабай болыстың жаз күні балалары мен өзі кеткені бол
маса, мал-мүлкі, әйелдері елде отырып, оның сиыр, қойын
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
жиналған қолдың азығына деп қырып алған. Соңғы соғыстан
кейін жиырма күн шамасы өткен соң Тайбай поселкесінен көп
теген атты және арбалы отряд шығып, тура жолмен ешқайда
бөгелместен, ол Жабайдың ауылына келді. Қалың қолға хабар
тиген соң, олар да Қоржынкөлдің қасындағы адырға шығып, ол
адырда атыс болды. Қазақтан бірер адам өліп, орыстарға да оқ
тиді. Жұрт соғысып жатқанда Олжабайлар үй-ішінің мүлкін,
қатын-баласын арбаға мінгізіп алып, салдаттарды соңынан
ертіп, қасындағы жақын ауылға жөнелді.
Ол түні сол арада қонып, ертеңінде орыстар Тайбай болы
сының поселкесіне бет қойып жөнелді. Жолшыбай Берлібай
дейтіннің ауылын өртеп кетеді. Салдаттар қайтадан оралып,
Қаймазар деген ауылға келіп, ол арада тоғыз адам атып өлті
ріп, қорасын өртеп, одан Арғымбай деген елдің қорасын өртеп,
қалың таудың ішіне кірді. Жиналған қол алдын тосқауылдап
соғыспақшы болса да, жазықтау жерден атты салдаттар қой
дай топырлатып қыра берді. Ертеңінде салдаттың бет алған
жағының адамдары қыстаудағы жандарын аман сақтау үшін
әрқайсысы өз ауылдарына бытырап, соғысуға жан қалмай, та
рай бастады. Көп елдің қоралары өртеліп, адамдары қырылды.
Және көбі қыстың күні қашып жан сауғалаумен кетті. Ендігі
жұрттың ойы соғысу емес, көніп, бағыну болды. Бірен-саран
есі бойындағылары орыстарға елші салуды ойлады. Салдаттар
бұрынғы Қоржынкөл болысын, оның ішінде Шағалақты тегіс
аралап қан-жосын қып Ереймен болысының бірталай жерле
ріне ылаңын тигізді.
Ол Олжабай болысқа кісі салып: «Қалған елді қырғызба!
Жаздық, жаңылдық!» деп бас иді. Сонан «екі болыс елдің кө
терілісшілері екі жерге ойын алсын, қару-жарағын тастап бір-
бір атпен келсін!» деп бұйрық берген соң, жұрттың тір қалған
кәрі-жасы тегіс барды. Сақалы сапсиған кәріден басқаның
бәрін тізіп, сол араның өзінен-ақ молаға жөнелтті. Жұрт жина
лып Олжабайдың алдына келгенде:
—Ақмақ-дурак,
Ақылдан жырақ.
Есалаң, есуас,
Есер туған Шағалақ,—
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
деп қарқылдап тұрып Олжабай күлді. Ақмолаға айдап апар
ғанның ішінен Шағалақ жағының бірнеше адамдарын «Көте
ріліс басшысы» деп түрмеге қамапты. Олар патша түскеннен
кейін шықты. «Бонтбасы» деп тапқандарды босаттырып, бір
айғыр үйірлі жылқыдан пара алды.
Ылғи кедейдің балаларын тізіп беріп (оның ішінде 45
жастағы Күймебайдың Ойсайыны 30-да деп ілініп кеткен) бай
балаларын 500 соммен қалдырып отырды. Баяғы Олжабайдың
малын әскерге деп сойып алатын жігіттер түрмеде шіріп, бір
тұяққа төрт тұяқ үй басы жинап төлеу берді. Елдің жүйрік атын,
таза киімін жинатып алды. Мал мен ақша алудан қажыған соң,
пұшпақ жілік пен масаты кілем жинайтын болды. Ол жылғы
көтерілісте қанжығалы елінің малы орасан шығындалып, жа
ны көп қырылды. Қысқасы 1916 жылдың Ереймендегі еңбекші
халық үшін ауыртпалық өте күшті болды.
15. 1916 ЖЫЛҒЫ ОҚИҒАДА МЕНІҢ
КӨРГЕНІМ
Ел жайлауға шыққан, июль айының аяқ кезі. Мен Ахмет
жан Махамбетәліұлы деген болыстың үйінде жалға жүргені
мін. Әкем сол жылы айына бес сомнан алып, саудагер Құрман
ғали Майсобұлына жүріп Тәшкенге қой айдап кеткен. Бір
туған ағам Қасен екі жыл бұрын өліп, алты жас пен екі жастың
арасында үш інім кісінің қолында қалған еді.
Жас басымның қайғысы жаныма батып, ызылдаған қасі
реттің зарлы желін аузымнан атқытып, қойдың артында кеш
ке жақын келе жатырмын. Болыстың аулы толған кісі, абыр-
сабыр төбеге таман шығып бара жатыр. Қатындар да сырласып,
еңсесі түсіп: «Абысын-ау, не болдық?» деп болыстың ақ үйінің
алдындағы ошақ басында әңгіме құрып отыр екен. Менің ес
тігенім қатындардың сөзі болды.
—Патша жастарды қызметке алмақшы болыпты.
—Қызметке алады дейсің бе? Алдап салдат алғалы жүр,—
десті. Аңырып мен де тұрып қалдым. Сонымен әңгіме жұртқа
жайылды. Ел көп отыра алмай таудан көшіп, етекке түсті.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Болыстың аулы күнде топ, күнде қатын-балалардан мен де ес
тіп жүрмін. Көп жиылыстарында: «Кісі бермейміз, соғысамыз!»
деп тарқасып жүрді. Бір күні: «Мұхамәди қажы бес болыс са
дырдың әскеріне бастық болып, Саратқа соғысқа шығатын бо
лыпты» деген хабар келді. «Сарат қаласының қасындағы Ма
қаншы болысында Марданның туын көтеріп атқа мінгізіпті»
десті. Осы хабарды естіген соң біздің Шілікті бұрыннан құ
лақтанып тұрған ел, бірі қалмай атқа мінбекші болды. Ауыл-
ауылдағыларға «бозқасқа» айтып, баталасып жатқан елдің
тобы әңгіменің түйінін бір күнде шешіп, сентябрьдің бесінші
күні жүрмекші болған. Мұнан үш күн бұрын Ахметжан елден
қашып, қалаға кеткен еді.
Көтеріле атқа мінген ел лек-лек болып кетіп жатқанын кө
реміз. «Аты жоқтар байдың жылқысын талап мінсін!» деген
сөзді де естігенбіз. Кімде-кім көтеріліс аттанысынан қашып
бармай қалса, оны байлап кетпекші, не болмаса өлтіріп кетпек
ші. Ел бірігіп жүрген кезде бармаймын деген Келмембетті он екі
жігіт он екі сойылмен ұрып үйінде өлімші қылып тастап кетті.
Үйден шықпайтын қатын, жас балалардан басқа ат жалын
тартып мінуге жарайтын ешкім қалған жоқ. Майданға барып,
қаласының үстінде соғысып жатыр деп естиміз.
Ұлыған ит, мөңіреген сиыр түн сайын азан-қазан, ауыл үсті у
да-шу. Бір күннен кейін: «Сарат қаласын шауып алыпты, сегіз
орысты тұтқынға алып, Құнанбай, Шыныбектер үйіне әкетті»
деп естідік. Үшінші күні «қаладан салдат шығыпты» дегенді
естідік. Сол күні кешке жақын ел үркуге бет қойды. «Қырылған
адамнан Мақаншыда аяқ басып жүретін емес» деген хабар кел
ген кезде жан кеудеден шығардай алқынып, үлкен-кішінің
үрейі кетті.
Күн батты. Түн ортасы кезде сатырлап қашқан елдің дүбірі
білінді. Біздің ауылдан кеткендердің бірсыпырасы келіп қал
ды. Келісімен: «Үркеміз!» деп мал-жанын жинай бастады. Таңға
жуық Ахметжанның жасауылы да жетіп қалды.
«Ел үрікпесін, біздің елге тимейді, онда Ақындай, Мақаншы
елі болмаса, біздің қарсылық білген жоқ,—деді,—және уезни
нашалниктің тілмашы Жагор Кашкаровке біздің болыс екі мың
сом беріпті» деп тағы естідік. Соғыстан қара бақанды сүйретіп,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
ініне су кетіп жұрт қайтып келіп жатыр. Кім өлі, кім қалғанын
анық білмейді. Әйтеуір: «Қырылды!» дейді.
Сол күні кешке жақын Ахметжан болыс ауылға келді, өзі де
ұзыны мен көлденеңі бірдей семіз, қаба сақалды дәу қара еді.
Оның үстіне бүгінгі сиқы тым-ақ жаман, отқа күйген бауыр
дай талауратып кетіпті. Қабағынан қар жауады, үн жоқ, кетті.
Қасында Айтбай отағасы:
—Мақаншы елі дүрліктен кетті, екі жүз адам оққа ұшып
өлді. Келген салдат елді талап жатыр, қырылған жылқы мен
қойда сан жоқ, біздің елден Бейсенбінің елін талап кетті.
Бейсенбілер үрке алмай қалып, адамнан басқа мал, шаруала
рын шашып, күлмен араластырып кетті,—деді.
Онан соң Айтбай соғысқа шыққан елдің жайына түсті:
—Қожамжардың жаяу атысқа шыққандағы ерлігі-ай!—
деді. Шыныбектің сегіз салдатты ұстарда «Алдиярлап!» ұран
шақырып, жұрт алдын бастап кіргенін мақтады. Болыс басын
көтеріп алып:
—Ой, сен де сандалады екенсің, бұзықты мақтап!—деп қай
та жата кетті.
Айтбай лапылдап, бастығы Шыныбек болып ұстағанын, елу
кісіні өлтіргенін көзімен көргенін айтты.
—«Алдияр, Алдияр» деп қылышпен мылжалап жатты-ау!�
—деп өзі өгіздей өкіріп, жылап жіберді. Отырған ел де жылады.
Айтбай тағы да:
—Әй, шіркін, Жақамбайдың Қасымы залым болыс қой, қан
ша елдің қанын төкті. «Елім көнбей жатыр» деп ел көтеріліп
атқа мінгеннен бері қаладан шықпай, солдатты өзі ертіп кел
ді,—дегенде, отырған ел Қасымға лағынат айтты. Ахметжан
басын көтеріп, песірін шақырды:
—Спескены ал, өзіміздің бір старшин елден қанша жігіт ба
рады екен, соны оқы!—деді.
Песір спескені оқып, отыз екі жігіттің атын атап отырып,
бір жерінде: «Нұрмұхамбет Мырзақан баласы» деп өте шықты.
Есікте отырған менің жүрегім су ете түсті.
30 бен 18-дің ортасында Ахметжанның алты баласы бар еді,
ішінде Көпбай деген жарымжан аты шықты. Болыс:
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
—Жігіттерді ертеңнен қалдырмай даяр қылу керек. «Елі
міз соғысқа қатынасқан жоқ» деп отырғанда тезден жиып бер
месек, бәле болады. Біздің болыста кеше екі кісі атылып өлді.
«Біздікі емес» деп танып келіп отырмыз,—деді.
Жасауылдарды атқа мінгізді. Түнімен елді хабарландырып,
ертең жігіттерді даяр қылуға ауыл-ауыл бәрінің де ақсақалда
рын елге шаптырды. Ел тарқай бастады. Болыстың Жетпісбай
деген жылқышысы үйге кірді. Болыс оған ала көзімен қарап:
—Сен де қызметке барасың!—деді. Жетпісбай:
—Неге, тақсыр, менің өз елім, өз болысым бар емес пе?
—Сенде ел бар ма, қашқын емес пе едің?
—Оны Құдайың білер, мені кедей деп ұстап бергің келген
екен?—деді.
Ахметжан орнынан атып тұрып, отбасындағы көсеумен
Жетпісбайды күрсілдетіп ұра бастады. Оны арашалауға адам
бара алмады. Жағасынан алып, кеудесіне мініп ырсылдатып
ұрып жатыр. Жетпісбайда үн жоқ. Анда-санда:
—Өлдім!—дейді. Болыс:
—Өлтіремін, сен кедейді! Құныңды кім сұрайды сенің?—
дейді.
Жетпісбайды қан, болысты тер басты. Жетпісбай талып жат
ты. Жаны шыққан адамдай сылқ түсіп құлағанда, болыс тастай
салып орнына қайтып келді де:
—Шығарып таста иттің баласын!—деді. Менде зәре қалма
ды. Төбе құйқам шымырлап тек тұрдым. Болыс:
—Ағаң жоқ, орнына сен барасың!—деді. Ләм демей Жет
пісбайды көтерісіп далаға шығып кеттім. Оны қора шетіне са
лып қойып, отырмыз. Менде ұйқы жоқ. Жетпісбайдың қасын
да қатынымен екеуміз таң атқанша отырдық. Таң атты. У-шу
жылаған елдің даусына жер күңіренгендей. Болыс түске жақын
ұйқысынан тұрды.
Балаларын қасына ертіп арыз ете келген шал-кемпірлер де
болыс ауылына толып кетті. Сонымен жігіттерді жиып, жүр
гізетін болды. Ішінде мен де кеттім. Онда да шу, мұнда да шу.
Сегіз күн жүріп Семейге келдік. Қыс түсіп, түн суытты. Елге
хат салдық. Некен-саяқ шығарып салған адамдар Семейден
қайтты. Сол жерде елге жіберген хатымда жазған өлеңім:
10-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Біз келдік казармаға барағымен,
Дайын тұр керегісі жарағымен.
Үйіріндей иіріп ап ие боп жүр,
Бір бастық он кісіге санағымен.
Он кісі бір бедіре шай ішеміз,
Бөліп ақ-қара нанды қадағымен.
Аздан ішіп қанағат қылып тұрмыз,
Ішетін заман қайда шанағымен.
Бір үйге жұма жатып, пойыз міндік,
Пойызды көргенде көп тамаша еттік.
Жиырма екі күннің ішінде тоқтай-тоқтай Петрградқа кел
дік. Онан шығып Писков деген қалада 15-ші жылғы қазақтан
майданға алынған киіз үйлерді көрдік. Мұнан өтіп Рига деген
қаланың жанында Саламендір деген станцияға түсірді. Сол
жерде армия болып келген 500 кісіні жүз-жүзден бөліп, қара
жұмысқа алды. Ішімізден алты тілмаш сайлап алды. Аяғы
жүзбасы, песір, онбасының бәрін тілмаш билеп кетті. Таң ата
сағат алтыда айдап, сегіз шақырым жерге апарады. Кешке са
ғат тоғызға шейін жұмыс қылып қайтып, сағат он бір-он екіде
зорға жатақ үйге келеміз.
Қалың қарағайды қақ жарып, жол салдырып жатыр.
Ағашты кесіп, бұтап, шауып, жолға алты ағашты ұзынынан
салып, үстінен көлденең қатарлап ағаш қиямыз. Екі арба қа
тар өткендей жол болады. Бізбен бірге латыш деген ел де жұ
мыс қылысты. Көбінесе, қатын-қыздары жұмыс істейді екен.
Жердің алысы аса қиын болды. Мен сияқты жастар жете ал
майтын болды.
Әлі есімнен кетпейді, жолда келе жатқанда, пойызға мі
нерде жүгімді көтеріп, мінгізіп, елдің артында жете алмай қал
ғандығымда Баймұқанның қасына жетектеп ертіп келетіні, оны
неге ұмытайын.
Ақыры өзім кісінің хатын жазатын болдым. Жұмыстан
кішкене сая тауып, жаным тыншитын еді. Жеті ай жұмыс қал
дық. Айымызға жиырма жеті сомнан ақша аламыз. Қыстың
күні «патша түсті» дегенді естідік. Бұған сол жердегі латыш
та аса қуанышты болып, мәжіліс ашты. 1917 жылы май айы
туған соң «қайтасыңдар» деген хабар алып, қуаныстық. Сөйтіп
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
тұрған кезде сексен шақырым жерден ары қарай жаяу айдады.
Оған үш күн жүріп бардық. Жүгімізді арбамен апарды.
Айдап барып тоғыз жерде қатар қазылған акоптан өткізбек
болды. Екі қатар акоптан өткізгенде бізді тоқтатты. Көпір сал
дыртып, сегіз күн жатқызды.
Күндіз-түні күмпілдетіп атып жатқан зеңбірек астында
жатқандай болдық. Төбемізден айырплан қарғадай қайнап
ұшады. Ана жерде бомбы дүрс-дүрс түсіп, жерді ойып жатады.
Бомбылардан бұлтарыстау жерде, күн сайын аспанда бір үлкен
қап сияқты нәрсе ұшып жүрді. Оның ішінде адамдар күзет
қылады екен. Бұл —айырплан-ды. Жауды көрсе, дүңгірлеп ха
бар қылады, жатқан әскер қамданады.
Солдаттар:—Алдымызда екі шақырым жерде Герман әскері
жатыр,—дейді. Сонымен жағаны ұстап, тосалап, ол жерде сегіз
күн тұрып, елге шынымен қайттық.
Қуанышты жүрек алып қашты білем, желіп отырған арба
дан қалмай, үш сөтке жүрген жолға бір сөтке болмай келдік.
Бірақ жолға бұл жолы болдырып қалған адамдар көп болды.
Сондағы отарбада бір жазған өлеңім:
—Қайтқан қаздай жөнелдік,
Босанып алып жалма-жан.
Шаршау еске кірмейді,
Қызыққа кіріп арнадан.
Исақан мінген арбадан,
Үш теңге беріп жалдаған.
Жүруге жаяу жарамай,
Ежелден Құдай қарғаған.
Исақан менімен құрбы еді. О да жетім болатын, ағасының
орнына кеткен.
15-ші майда Баязарга деген станциядан пойызға міндік. Он
бес күн жүріп, Семейге келдік. Елде хабарланып қалған екен.
Семейден ат алып шығып, баласын әкетіп жатқандар болды.
Біз тағы да арба жалдадық, атқа ақша жетпей, өгізбен жүрдік.
Біз өгіз арбаның үстінде сарғайып жата бердік. Қасымызда
ешкім қалмады. Ырысбай мен ағайынды екеуміз-ақ қалдық.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Кедейлік қабырғаға сол жерде бір батты. Елге бір күндік жер
қалғанда, жалғыз атты шауып келе жатқан кісіні көрдік.
Алыстан құлынымдаған дауыс шықты. Ырысбай: «Мырзақан»
дейді. Жүрегім қуанып, дүрсілдеп кетті. Арбадан түстік. Келе
құшақтады. Ырысбай екеуі көріскенде оңаша далада ырғалып
ұзын күн айырылмай жыласып тұрды. «Қорыққан да, қуанған
да бірдей» болып, мен біраз жыладым. Қуана беріппін, әкем
ағыл-тегіл болып солқылдап жылап, көпке шейін жұбанбады.
Елге келдік, үйірге қосылдық. Жол көріп ысылып қалдық.
16. 1916 ЖЫЛ ОҚИҒАСЫ
(Торғай уезіндегі көтеріліс)
Торғай уйезіндегі бұл көтерілісті үш буынға бөлуге болады.
Бірінші буын—«Июнь жарлығын» естігеннен октябрьдің жи
ырмасына дейін. Екінші, октябрьдің жиырма бірінен февраль
айына дейін. Үшіншісі, февральдан бастап марттың он сегізіне
дейін.
Июнь жарлығының хабары Торғайға июльдің 16-17 кезінде
келіп, елге бір жеті кейін тарады. Жарлықты естісімен-ақ жұрт
үрпиісіп, қоя берді. «19 бен 31-дің арасын алса, іске татитын
адам қалмайды ғой, бұл не деген масқара!» деп біраз уақыт бұған
не істеуді біле алмай, күнде жиын, күнде кеңес, күнде Құдайы,
күнде тасаттықбен жүрді. Қатты састы, ұйқы-тұйқы болды.
«Ақсақалдар не айтады екен, молдалар не айтады екен?» деп
бір мезгіл солардан ақыл сұрай бастады. Бір мезгілде ел аузына:
«Іздесу керек, бұл патшаның әмірі емес екен, бер жағындағы
қулардың ісі екен!» деген сөз кіре бастады. Сонымен қатар екі
ел арасына неше түрлі өтіріктер тарай бастады. «Патша айтып
ты-мыс: қазақ бағынған уақытта берген уәдеміз бар, қазақтан
салдат алмаймыз депті-мыс» деп гулетіп жүрді.
Бұл хабарды шүйіншілеп бірінен-бірі алып қашып, бір түр
лі қып құбылтып жүрді. «Құдайының» орнына кей жерлер де
тойда болып қалған ауылдар болған. Біресе «әзір алмайды-мыс,
түбінде алады-мыс», біресе: «бәлен қожа-молда айтыпты-мыс,
патша адам аламын десе де ала алмайды, оны қожа түсінде
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ... көріпті-мыс». Тағы да осылар сияқты тоқсан-тоғыз жорамал дар елдің ішін алып кетті. Сөз мың түрлі болып құбылып, ел бұл өтіріктердің қайсысына нанарын білмеді, дал болды. Қалаға жас жігіттер бармайтын болды. Барса «ұстап ала ды» деп білді. Ел өстіп жатқанда «қалада қарап жатпаймын, жастардың тізімін тапсыр» деген тынымсыз бұйрықтар келе бастады. Баққұмарлықпен орнынан түскісі келмеді, не бол маса әкімнен қорықты ма, кей болыстар жастардың тізімін тапсыруға ыңғайланды. Тізім тапсыруға көпшілік қарсы бол ды. Спесік тапсырамын деген ауылнай болсын, болыс болсын, болмаса «тапсыру керек» деген қара кісі болсын, елге жек кө рінішті бола бастады. Жастар тізім тапсыруды қуаттаған адамдарды аңди бастады. Болыс, ауылнайлар аңдауда болды. Тізімді болыс, ауылнайлар әкімге тапсырып қояды деген қауіппен, олардың қолындағы тізімді өз қолдарына алып, сенімді адамдарына беріп қоймақ шы болды, хатты жоқ қылғысы да келді. Жастар жиылып ке ліп болыстардан «тізім қайда?» деп сұрай бастады. Олар анаумынау деп сылтау айтқысы келсе, зорлап тартып алатынның ыңғайында көрсетіп жүрді. Ерегіскендері болса, онан да зоры на баруға тайынбайтынын білдіріп, сөгіс беріп, боқтап та алған жерлері болды. Хатты «өлтіреміз» деп ұстап алып, қолындағы тізімді алып, өзін бір-екі күн абақты қылған болыстар да бол ды. Мәселен, бір топ адам жиналып келіп, Тосынның болысы нан: —Тізім қайда?—деп сұраған. Болыс: —Істің арасында,—деген. —Әкімге тапсырасың ба?—дегенде, —Тапсырамын!—деген. Келген адамдар болысты балағат тап, сөгіп, жастардың тізімін тартып алып кеткен. Қарақоға болысының сол кездегі хатшысы орыс екен. Болысты қорқы тып, «тізімді тапсырмай болмайды» деген соң, болыс: «ендеше тізімді тапсырайық» деген. «Тізімді бүгін түнде алып жүрейік, болмаса, күндіз жібермес!» деп екеуі түнде қалаға кетіп бара жатқан жерінде, артынан бір топ адам қуып жетіп, ұстап алған. Өздерін сөгіп, хатшыны «өлтіреміз!» деп те оқталған. Болысты
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
да боқтап, екі күн абақты қып, жалынып, жалпайған соң азар
дегенде екі-үш адамға кепілге босатқан.
Сөйтіп, Қайралапұлы Оспан (әлгі болыс) тізім тапсырмақ
түгіл, басымен қайғы болды. Тізім тапсыру сөз болған соң жас
тар сезікті адамдардың қалаға қатынағанын жек көрді. Қатта
жібермеске айналды. Ел қалаға сирек қатынады. Қалаға алы
сырақ болыстар осы сияқты қалыпта болып жатқанда, қала
жақын жердегі болыстарда желікпей қалмады. Бұлардың жа
стары да тізім тапсыртқысы келмеді. Шұбалаң болысы қала
ның айналасында болушы еді. Жақын болған соң, болыс қалаға
қатынағыш екен.
Бір күні қаладан қайтып бара жатқанында бір топ жігіт бо
лысты қуған. Болыс бір ауылға қашып тығылған. Сол ауылда
тоқсаннан асып отырған бір шал жігіттердің алдынан шығып:
«орысқа қарсы тұрғанмен әліміз келмейді ғой, текке әуре бо
лармыз!» деген соң, зорға тоқтаған екен.
Наурызым болысының (Бірінші Наурызым) атының басы
нан жетектеп, «өлтіреміз!» деп, бір топ жігіт бір қопаға қарай
алып бара жатқан жерінен бір ауылдан келе жатқан бес-алты
кісі кездесіп, өтініп, зорға алып қалған. Бұл болыстың тыма
ғына екі жерден найза сұғып алған екен, көзім көрді. Қолына
найза алып, атқа мінгені октябрьдің жиырмасынан кейін еді.
«Наурызым болысын өлтіреміз» деген уақыт та содан кейін.
Ел қолына найза алғаннан не шығатынын, болмаса ізден
геннен не шығатынын білмей тұрған кезінде Торғайға губер
натор келді. Ел недәуір дәмелі болып: «үлкен әкім ғой, мұңы
мызды айтсақ, бәлкім бірдеме болар» деген ойға кірді. Адам көп
жиналды. Талай шешендер шығып сөйледі. Мұңдарын айтты:
—Бұрын ешнәрсе білмейтін, қатты жұмысқа көндікпеген
жұрт едік. Ауыр жұмысқа бірден жарай алмасақ, патшамыз на
разы болып, ұят болмас па екен? Сіздің бағысы-қағысып тұрған
жұртыңыз біз ғой, осы мұңымызды сізге айтамыз, патшаға
жеткіз?—деді. Губернатор:
—Сендерден мұндай сөз күткен жоқ едім. «Менің қол астым
дағы халқым, сіздің әміріңізге тұяқ серппей құлдық ұрады»
деп баяндама беріп қойып едім. Бұл сөздерің ұят! Патша әмір
еткен соң, бойұсынудан басқа ешнәрсе керек емес. Егер патша
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
әмір етсе, мен екеш мен де үстімдегі киімдерімді шешіп тастап,
әпелеттерімді жұлып тастап, қолыма кетпен алып, жер қазар
едім. Сендер де әлдерің келгенше істейсіңдер! Ақсақалдар, сен
дерге тапсырғаным—әрқайсысың өз аймақтарыңның адамда
рын мезгілінде кел деген жерге тапсыртыңдар, соған жәрдем
етіңдер! Ізденгеннен ештеңе шығады деп білмеймін!—деді.
—Патша әміріне құлдық ұрамыз, жастардың көніп барға
нына да тілектес боламыз. Бірақ бұлардың көне қоятынын
білеміз бе?—деген ақсақалдар болды. «Патшаға дейін бара
мыз!» деп ізденіп, алты адам жүріп кетті. Губернатордың арты
нан он бес шамалы күнде, сентябрьдің жиырмасының ішінде
Торғайдан 70-80 шамалы казак-орыс Шолақсайға жүрді. Оны
тиісті орынға апарып тастап, ол жақтан Данской казак-орыс
алып қайтуға сол кездегі уездің жәрдемшісі Ткаченко шықты.
Баратын тура жолы Майғарау болысын басып, бірінші Науры
зым болысын басып қана жүретін еді. Ткаченко ол жолды тас
тады. Қарақоға, Қараторғай, Сарықопа болыстарына қарай бұ
рылды.
Ел арасына әскер шыққанға жұрт екі көзін қадап, құлағын
тіге қалды. Өте құрықты Ткаченко тура жолынан бұрылға
ны, ойында едәуір жұмыс болып бұрылған екен. Сол үшін бо
лыстан едәуір адам ұстап, абақтыға жапты. Батпаққара деген
жерде бір пелшыр тұратын еді және бір-екі орыс, бір ноғайдың
дүкені болушы еді. Ұстағандағы жұртқа айтқан дәлелі: «Әлгі
пелшырдің саудагер орыс пен ноғайдың нәрсесін талаймыз
деп жиналыпсыңдар, қиямпұрыстық істеуге ниет етіпсіңдер,
бірсыпыра нәрселерін талапсыңдар» деген.
Шынында, оларды ұстау себебі мынау: сол жылы Ткачен
ко әскер азығына керек деп елден сиыр жинаған. Сол кезде
«Июнь жарлығы» естіліп, ел көрінген орысты жау санаған.
Батпаққарадан Торғайға келе жатқанында да, Батпаққарада
жатқанында да Ткаченко оны сезіп жүрген. Қазақ орысты ая
мауға бет қойғанын білген қорқынышты күндер өз басынан да
туған. Әскерге еріп шыққандағы ойы —сол болыстың адам
дарының бірсыпырасын ұстамақ екен. Ол мақсатына жетті.
Жабылғандарға білгенін істеген. Ұру-соғу, сөгу, қорқытып
ақша алу—бәрі де болған. Ақша бергендерді кепілге берген
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
болып босатып, ақша беруге әлі келмегендерді өзімен бірге
алып жүрген. Ткаченконың осы ісі «жан күйді» болып жүрген
жастарға жаман батты.
Ел аралап Ткаченко бір айдай жүрді. Жоғарыда айтылған
үш болысты ғана аралап қайтпады. Ол үшеуінен шығып, екі
Наурызым болыстарына да барды. Онда да соны істеді. Қатта
онан жаман іс қылды. Бірінші Наурызым болысының хатшы
сын: «Жігіттердің тізімін бозбалаларға беріп жіберіпсің!» деп
абақтыға жапты. Оны өте қатаң ұстады. Екінші Наурызым
нан отыз шақты адам ұстап, абақтыға жапты. Оларды да қатты
ұстады. Ол болыстан бірталай ақша да өндіріп алған. Қанша
екенін білмеймін.
Торғайдан шыққан казак-орысты Шолақсайға тастап, өзі
Қостанай шегіне дейін барды. Сол жерде алдынан 140 шама
сындай Донской казак-орыстары келіп, сонымен бірге Торғай
ға қайтты. Ткаченко осылай етіп елді аралап, қан-қақсатып
жүргені —уез қоластына түгел жайылды. Елге Ткаченконың
істегені жаман батты. Бір жағынан әскерден қорықса да, екінші
жағынан жұрт қауғаланып, көтеріліп желіге бастады. «Абақ
тыдағы адамдарды алып қалайық және қалың елдің ортасына
келген азғантай әскерді бүйтіп масайратып жібермейік!» десті.
Сөйтіп, сол әскерге тиюге ниеттене бастады. «Қостанайға
жақын жерде соғыса алмаспыз, Торғай елінің қалың ортасына
кірсін» деп соны күтісті. «Сол әскермен соғысуға адам бес бо
лыстан ғана жиналды» деген сөз бар. Бірақ шынында ол жинал
ған адамның ішінде әр болыстан да адам болған. Бірақ адамы
ұсталмаған болыстардан азырақ болған.
Татыр соғысына себепкер болған бір жағынан Ткаченко
болса, екінші жағынан —ел патшаның рақымынан да күдер
үзгендей болғандығы. Өйткені ізденіп кеткен алты адамның
үшеуі: «Адам бермей болмайды!» деп қайтып келген. «Губер
натор бірдеме дер» деп еді, одан ештеме болмады. «Патша бір
рақым етер» деп еді, онан тағы ештеме болмады. Сөйтіп, үміт
қылған жерінің бәрінен түңілді. Соғысқа Ткаченко себепкер
болды дейтінім мынау:
Егер ол әскермен ел араламаса, адамдарды ұстап шатырла
тып абақтыға жаппаса, «Талаған, өртеген мүліктерің үшін»
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
деп зорлап ақша жинап алмаса, дәл сол кезде жиналып барып,
тып-тыныш кетіп бара жатқан әскерге қаншама жанкүйді
болғанымен соғысатын емес еді. «Бір басқа—бір өлім» деген
жастардың ойына кіріп кетті. Сөйтіп, жиналып Татырда әс
керді күтіп көрді. Жиналған адам екі-үш мың шамасындай бол
ған. Ткаченко Татырға түс кезінде келді.
Татыр деген көл болады, Торғайдан қырық шақырым жер
де. Ұзындығы жеті-сегіз шақырымдай. Сол көлдің күнгей бет
жотасының үстімен Торғайға баратын жол жүреді. Әлгі жо
таның ылдиы қара су, қопа болады. Қалың адам сол қыстауға
жиналып, жасырынып тұрған. Әскер көлдің орта кезіне жет
кен кезде, қырдың астынан шыға келіп, әскерге қаптай дүрсе
қоя берген. Әскер жалма-жан иіріліп тұра қалып, арбаларын
бір-біріне жалғастырып қойып, өздері арбаның тасасына, көл
жаққа шығып, қаптай шауып келе жатқан адамдарға жауды
ра мылтықпен ата берген. Атқанды тыңдамай адам оққа қарсы
шаба берген.
Өйткенмен, адам молырақ болып оққа ұшып бара жатқан
соң және өздерінің бірен-саран бытыра мылтықтарымен
түк бітере алмайтынын білген соң қайта қашқан. Соңынан
әскер түре түсіп, қуып жетіп, бірсыпыра адамды қылышпен
тураған. Қалың кісінің ортасына келіп қалған казак-орыс та
аман құтылмаған. Әскерден де сол соғыста алты-жеті адам
өлді. Қазақтан қырық-елу адам өлді. Апалаң-топалаңда тұт
қынның біреуі қашып құтылған. Ымырт жабылғанша соғыс
болған. Ымырт жабылған соң жиналған адамның көбі быты
рап кетіп қалған. Казак-орыс түн ортасына дейін түріп, түн
ортасы кезінде «Жау бытырап кетті ғой» деп Торғайға қарай
тартқан.
Жолай Байтемір қопасының кезінде мың қаралы адам ке
ліп, тағы тимек болған. Бірақ жұрттың көбі бытырап, қашып
кеткен соң, тиюге бата алмай біраз тұрып-тұрып, бұлар да
тараған. Әскер сол тартқан бойымен жүріп отырып Торғайға
келді. Татыр соғысынан кейін ел: «Енді әдемі кісі бола алмас
пыз» деп, белгілі жаудың кәдесін істей бастады. Сол күннің
ертеңінде-ақ Торғай мен Ырғыз арасында телеграмм сымын
үзіп, станциядағы адамдардың бірсыпырасын өлтірген.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Орыспен жау болатын болған соң құрал жинап, дайындала
бастады. Жинаған құралдары: найза, айбалта, қолдарына түс
кенінше қылыш, бытыралы мылтық. Қалаға Ткаченко келсе,
жақын жердегі болыстардан шақыру бойынша келіп жатқан
жігіттер бар екен. Ткаченко оларды қудырып жіберді. Өсірмесе,
кішірейтпеген, Ткаченко қалаға келгеннің артынан үш күннен
соң сондағы казак-орыстың жүзбасы Загайнев камандант (қала
қорғаушысы, бастық) болды. Болары болып, жау болуға елде
дайындала бастады дедік.
Жігіттер бұрынғыдан да топ-топ болып жиналып, кеңесіп:
«Кім бастық болады, қалай етіп жау боламыз, қалаға тиеміз бе,
жоқ па?» деген мәселелерді ақылдаса бастады. Екі рулы ел екі
хан болуға ыңғайланды. Арғын өз алдына хан, қыпшақ өз алды
на хан болмақ болды. Бұл екі хандыққа Қостанай мен шекара
жерде жататын бірсыпыра ел кірмеді. Олармен хабарласқанда
олардың айтқаны: «Бізде едәуір еліміз, өз алдымызға бір хан
боламыз» деді. Сөйтіп, бір уез ел хан болмақшы болды. Бірақ
Қостанай мен Шекарадағы ел ақылды былай қорытқан: «Ха
нымызды сайлап қоялық, өзіміз соғысуға ізденіп ешқайда
бармалық, «сендер неге сарбаз болмайсыңдар?» деп былайғы
екі ханнан адам келсе,—Біз Қостанай жақта болайық, сен
дер ұсталып, жеңіліп бара жатсаңдар, біз де қарап тұрмаспыз,
жәрдемге барамыз ғой дейік» дескен. «Хан» деп Итболұлы
Бекмағамбетті сайлады.
Арғын хан қылып Шолақұлы Оспанды сайлады. Әскер
бастық қылып Өтетілеуұлы Ахмет, Көбекұлы Ташмағамбетті
сайлады. Әскер қосын тігіп, жорыққа шықты. Торғай қаласын
шабуға бет қойды. Ырғыз, Торғай арасындағы станциялар
ды өртей бастады, телеграмм бағаналарын қирата бастады.
Станциядағы адамдарды және келе жатқан жүргіншілерді, по
штаны ұстап өлтіргенін өлтіріп, өлтірмегенін Торғайға әскер
келіп, көтерілісші қоюға айналған соң ғана босатты.
Арғын ханы күн батыстан келді, қыпшақ ханы күн шығыс
тан келді. Екі әскер Торғай қаласының түбінде түйісті. Бірне
ше күн Торғайдың түбінде бес-алты шақырым жерде ғана жат
ты. Жатқандағы ойлары: әскерді молырақ қылып жинау және
«қаланы қалай аламыз?» деп ақылдасты. Қыпшақ Әбдіғапар
ды хан деп атап қойды. Бірақ қаланы шауып қайтқанша хан
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
қылып сайламады. Өздері соның әміріне бойұсынатын болды.
Қалаға тиетін күн жақындаған соң, Бекмағамбет ханға Оспан
хан мен Әбдіғапар хан адам жіберген, «Қалаға тиетін күніміз
жақындады, бізге әскер жібер!» деп.
Бекмағамбет өзінің кеңесетін, ақылдасатын адамдарымен
ақылдасып, баяғы қорытып қойған сөздерін айтқан. Ол сөзіне
екі хан наразы болып: «Оның өзін шабайық!» деп ақылдасқан.
«Бірақ ол иттің білместігі үшін өз елімізді өзіміз бүлдірмейік»
деп тоқтаған. Бекмағамбеттен белгіленіп келген әскер болма
ғанымен, талапкер бозбалалардың бірқатары Торғай соғысы
ның ішінде болды.
Жұрттың хан қылып Оспан мен Әбдіғапарды сайлаған себебі
мынау: «Хан есімі зор дәреже, оған не бұрынғы ханның нәсілі
болу лайық, ең таба алмағанда ел билеген белгілі орыннан бо
луға лайық» дескен. Жанбосынұлы Әбдіғапар Нияз деген тай
падан болады. Ел аузында «Нияз хан болды» деген сөз бар. Әбді
ғапар —сол Нияздың тұқымы, оның ішінде де ең көп, ең мықты
атасының ұлы. Соның үшін «бұл хан болса, жұрт тоқтайды
және ешкім таласпайды» деп Әбдіғапарды ұйғарған. Әбдіғапар
бұрында қара жаяу емес еді. Бұларды «Жанқожа нәсілі» дейді.
Жанқожа нәсілінен сол кездегі болыстық лауазым кеткен емес.
Әбдіғапардың өз басы жасынан атқа мініп, топтан жігіт жинап,
ұрлық қылдырып, ұрыға бас болған адам.
Оспан жай қара шаруа адам еді. Оның жұрт аузына ілігуіне
себеп болған нәрсе мынау: өздерінің болысы Дәуренбекұлы
Жақып (Тосының болысы) спесікті бермей, есігін бекітіп от
ырып алған. Сонда босағаны суырып, есігін қиратып кіріп
келген. Және шекпенмен орап үстелдің үстіндегі барлық ісқа
ғазды, жастардың тізімін алып шыққан. Бұл бір. Екінші, ар
ғын руынан әрі нәсіл жағынан әрі батырлық жағынан «Хан бо
луға лайық» деп жүрген Алтынсарыұлы Қасымқан мен Оспан
екеуі де Қошқарұлы Жәнібектің нәсілінен. Егер хандық келсе,
Жәнібек қай уақытта да арғын нәсілінен қоймақшы, ол арғын
ішінде биік нәсіл болады. Міне, осы себептермен арғынның
ханы Оспан болып шықты.
Бекмағамбеттің хан болу себебі: ол екі ағайынды еді. Екеуі
де ірі бай еді. Ол елге байлығымен қадірлі еді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Торғай елінің хан сайлап алып, орыспенен жау болғандағы
ойы мынау: «орыс бізді жеңген жау. Өйткенімен осы соғыста
өзі жеңіп шыға алмай тұр ғой. Егер мұның күшіне ешкім шақ
келмейтін болса, жауласып жатқан жауын неге қырып таста
майды. Қырмақ түгіл, жеңілуге бет алған соң бізден жәрдем
сұрап жатыр, бізді алып барған соң шепке ұстайды, алдына біз
ді айдайды, өзі кейін тұрғысы келеді. Герман дегенді ешкім же
ңе алмайтын бір керемет дейді ғой!» Германның күшін, қайла
сын тамаша қылып неше түрлі сөздер айтысып жүрді.
«Егер ептеп-септеп осы қысты өткізсек, оған дейін бірдеме
бәлкім болмас па екен (не болатынын білген ешкім жоқ)? Әс
кер келіп қиратып бара жатса, көшіп, Бетпақтың шөліне кетіп
қалармыз, Түркістан жағына кетіп қалармыз» деген сияқты
ойлар еді.
«Торғай қаласын шабамыз!» дегеннің мықты себебі мынау:
«Егер Торғай қала болып ортамызда тұрса, бұған әскер келіп
талайды, егерде бұл жоқ болса, қыс күнінде ақ қардың үстін
де сары жонға кім келеді?» дегені еді. Торғай мен Ырғыздың
арасындағы станцияларды өртеу себебі сол еді. Торғай уезінің
жері 141976 шаршы шақырым. Сол уезді билеп тұратын әкім
дер тұратын Торғай деген—мың шамалы ғана жаны бар кішкене
қалашық. Онан бөтен Қостанай жақ шегінде Шолақсай деген
бір поселке бар. Сол екеуінен бөтен «қала» дегеннен зат жоқ.
Торғайдың жері егін кәсібіне жарамайды. Сондықтан оған пе
реселен келмеген жер.
Енді манағы Торғайды қамап жатқан әскерге келейік. Өз
дерінше қару-жарағын сайлап, атын бабтап, жігітін шама
сы келгенінше үйретіп болып, қалаға қалай тиюді кеңескен.
Бұл жерде бір айтып кететін сөз—қару-жарақты ел ішіндегі
ұсталар істеді. Хан сайлап, соғысуға бет қойған соң, барлық
ұстаға қару істеуді міндет қып қойған. Шиті, қатта бердіңке
мылтық істеп шығара алатын ұсталар шыққан. Қалаға қалай
тиюді ақылдасқанда, екі түрлі пікір болған. Бір жағы айтқан:
«Өзеннен өтіп жатайық, қалаға су бермейік» деген. «Сусыз күн
көре алмай өзінен-өзі бағынады» деген (қаланың ішінде құдық
болмайды, қала суды өзеннен ішетін еді).
Екінші жағы айтқан: «өзеннен өтейік те, қалаға қаптай
салайық, біз орасан көппіз ғой, тұс-тұсынан шауып барып
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
қалаға кіріп алсақ, қаланың ішіндегі аз ғана салдатты лезде-ақ
жоқ қыламыз ғой, қоян қолтық келген соң» деген. Әбдіғапар
ханның ордасында сол кезде Жангелді Уәліәли жолдас бар
еді. Ол кісінің қай пікірге қосылғанын білмеймін. Алғашқы
пікірді айтқан—Әбдіғапар, соңғы пікірді айтқан—Оспан. Екі
әскер қорытып, бір пікірге келе алмаған. Өйткенімен уәделері:
«өзеннің қала жақ бетіне өтейік, сол кезде екі пікірдің қайсысы
дұрыс болатыны өзінен-өзі анықталар» деген. Сөйтіп, өзеннен
өткен.
Арғын ханының әскер бастығына сайланған адамдары ай
тылды. Қыпшақ ханының әскер бастығына сайлаған адамы—
[Амангелді] Иманұлы Аман баласы (соңғы кезде өзі «Иманұлы»
деген атақта болғысы келіп, сол атақты алып кетті). «Өзеннен
өтіп алған соң, қарап тұрып болмас!» деп қалаға шабуыл
жасауға бет қойған. Арғын күн батыс жақтан, қыпшақ күн
шығыс жақтан тимек болған. Ондағы қорытқан ақылдары мы
нау болған: алдымен қаланың жанында мая-мая болып тұрған
көп шөпті өртемек болған. Өздерінің өткен кезі—түн. «Жұрт
өртті сөндірем деп қаладан шыққан кезде, қала бос қалады ғой,
дәл сол кезде қалаға шабуыл жасайық!» дескен. Сөйтіп, келіп
шөпті өртеген. Бірақ өрт сөндіруге бір адам да келмеген соң,
«қарап тұрып болмас» деп таң сарғая берген кезде айқай-қиқу
салып қалаға шабуыл жасаған.
Қалада әскер жоқ емес еді. Бірақ Загайнев камандант:—
Мен қазарманың маңайын ғана қорғаймын, былайғы қаланы
қорғамаймын,—деген. Қазармаға жақын екі үшкол бар еді.
Қорыққандар сол екі үшколге тығылған. Қаланы шабудан үш-
төрт күн бұрын Загайнев: «Қаланы қорғамаймын» деген соң,
қаланың өз адамдары жиналып, қаланы қорғауға жүз қаралы
адамды қару-жарақпен дайындаған. Бастығы Корбанев деген
орыс ушетіл болды.
Қазақтар шабуыл жасаған соң, қаланы қорғауға осы жүз
қаралы адам шыққан. Бұлар аянып қалмаған. Сол соғыста
Корбанев өлді. Қалаға хандардың шабуыл жасаған күні қатты
жел, дауыл болған. «Хандар қалаға әне тиеді, міне тиеді» де
ген кезде қала адамдары түйсігіп ұйықтамай жүрген. Өртеген
шөп жанып, қаланы жап-жарық қып тұрған. Қатты дауыл кү
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
шейіп соққан кезде түтін қаланы қаптап кеткен. Қаптаған түтін
соққан дауыл мен азан-қазан шулаған адамның даусы бірімен-
бірі араласып, ың-жың, астын-үстін болған.
Қалаға қазақ қаптай шапқан, бірақ сол бетімен орта кө
шелеріне кірмеген, шеткі көшелеріне келген. Соларды өртей
берген. Жігіттердің бірқатары қаланың күнбатыс жағында
жәрменке болатын алаң бар еді, соны өртей берген. Соғысқа
жігіттерді айдап түсірушілер болған. Солар қарап жатқан жоқ,
«Жұмыс істеп жатыр деп айтсын» деп бірсыпырасының ойы
сол болған. Өртеген, бұзған жәрменкесі шеткі көшелердің өзі
нен едәуір ашық тұрушы еді. Бірсыпыралар (әсіресе, ұрылар):
«Кеңселер қайда?» деп соларды іздеп, соларды өртеумен болған.
Көктөбет деген ұрының тілі сақау еді. Сол кісінің турасында
мынадай әңгіме осы күнге дейін айтылады. Көкең: «Пияблен
қайда, пияблен?» деп шапты дейді. Пияблені—правление.
Кеңсені өртегендегі ойлары—іс-қағаздарды жоғалту.
Үйлерді өртегенде найзаның басына жермайға батырған
шүберек байлап алып, сонан соң жанып жатқан отқа ұстап шү
берегін жандырып алып, сол жанған шүберекпен ат үстінен
үйдің төбесіне жапқан қамысқа от берген. Өртей-өртей бір
мезгілде орта көшелерге де бірқатар адамдар келіп кірген. Бі
рақ олар жартымды жұмыс бітіре алмаған. Олай-бұлай шаба
берген. Оққа жығылған адам едәуір болған. Оларды жығылы
сымен алып кетіп тұрған.
Бесін кезінде қазармадағы салдаттардан бір бөлек сал
дат шығып, қалың кісіге мылтықты жаудыра бастаған. Адам
бұрынғыдан жаман топырлап жығыла бастаған. Біраздан
кейін адам өлу көбейіп бара жатқан соң, қаланы тастап қаша
бастаған. Бірін-бірі көрген соң қалың адам дүркіреп қашуға бет
қойған. Өзеннің жұқа ғана қатқан кезі еді. Топырлаған адам
кез келген жерден періп-періп кеткен. Мұз ойылып кетіп, суға
кете жаздағандар да аз болмаған. Қала шабудан бұрын қаланың
адамдары өзеннен ар жақ, бер жаққа өтетін көпірді бұзып тас
таған екен. Оны қазақ әскері білмеген екен. Қашқан уақытта
көпірдің үстіне қарай шапқандары көп болған. Көпірден ат-
матымен жығылғандар көп болған. Сөйтіп, наябрдің алтын
шы күні кешке қазақтың қалың әскері тегіс қашып, Торғай
өзенінен өтіп, Қабырға өзеніне қарай шыққан.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Қаланың шабылған күні—наябрдің бесінен алтысына қара
ған түні. Қаланы шапқан қазақ әскерінің істегені мынау: жәр
меңкедегі дүкендерді бұзған, өртеген. Шеткі көшелердегі үй
лерді бұзған, өртеген. Орта көшедегі үйлерден бірен-саран
өртелгендері болған. Қаланы қорғағандардың бастығын өл
тірген, шеткі көшедегі бір орыстың қатын-баласын тұтқынға
алып кеткен. Ол тұтқындар Әбдіғапар ханның қолында болған.
Оларды өлтірмей-жіттірмей біраз уақыт ұстап жүріп, аман-есен
қалаға қайтарған. Торғай шабылғанда қазақтан қанша адам
өлгені белгілі емес. Бірақ көше арасында өлгеннен сүйегі алын
бай қалған адам отыз шамалы екен.
«Июнь жарлығын» естігеннің артынан бұл сияқты үлкен
оқиғаға кіреміз деген ешкімнің ойында жоқ еді. Бұл сияқты
оқиғаны істеуге себепкер болған—көбіне Татыр соғысы. Сол
соғыстың ішінде болғандар ол оқиғаны өсіре сөйлеп, жұртқа
лақап қылып шашып жіберген. Орыс әскерінің көбі өліп, азы
ғана қашып құтылды. «Казак-орыс әскерімен соғыса алады
екен, ештеме жоқ екен» деген. Бұл оқиғадан бұрын қалың ел
дің ойы мынау еді: «өзіміз шақырғанға бармайық, қару-жара
ғымызды асынып, жиналып жүрейік. Егер жігіттерді айдап
кетеміз деп әскер келсе, байқасып көреміз, болмай бара жатса,
ондағысын тағы көреміз!» деген еді. Тағы бір себеп болған—мол
далардың сөзі. Олар «ағзуны» соғып жіберіп «әлһамға» дейін
келіп, мынаны айтып жүрді: «патша әділдігінен, уәдесінен тай
ды, мұсылманның баласы ниеті қаза болу керек, шәриғат әмірі
осы!» деген.
Бозбалалар осы сөзді естіп: «әйтеуір кететін болсақ, ниеті
қаза болу керек» деп жүрді. Өз әкесін балағаттап, айтқанына
көнбей шауып барып молдаға садақасын беріп, батасын алайын
деп жүрген бозбалалар да көп болды. Бұл себептердің үстіне
жоғарыда айтылған себептер де қосымша болды. Сөйтіп, бәрі
нің қорытындысынан қала шабылды.
Қаладан қашып шығып Қабырға өзеніне бас қосып жинал
ды. Адамдардың өлі-тірісін түгендеп, Әбдіғапар хан өз еліне
(қыпшаққа) қарай қайтты. Оспан хан да әскерін таратпай өз
еліне келді. Мұның елі Ырғыз бен Торғай жолының үстінде
болады. Торғайдың күнбатыс жағында болады. Әбдіғапар елі
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Торғайдың күншығыс жағында болады. Торғай қаласынан үш
жүз шақырымдай жерде болады. Торғай елі хан болып қаланы
шауып жатқанда, Ырғыздан әскер шыққан екен. Оспан хан
еліне келген соң келе жатқан әскерді біліп, алдынан шыққан:
«Қарамыздың көптігін көрсе, кейін қайтпас па екен?» деп. Екі
мыңдай адам жиналып, келе жатқан әскердің алдындағы бір
биік төбенің басына жиналып тұрған.
Жиналғандардың ішінде не жоқ, «бұлай қарап тұру ке
рек емес, әскерге қаптай шабуыл жасау керек, өлім бір» деген
сөздерді айтып, әскерге дем беріп, жүр-жүрлеп тұрғандар да
болған. Сол кезде орыс әскері зеңбірек атқан, зеңбірек оғы қа
зақ әскерінің алдына түскен, жарылмаған себебі, жер құм еді.
«Өлім бір!» деп батырлық айтқан адам алдымен қаша жөнел
ген. Жиылған көп жапа-тармағай бәрі де қашқан. Зеңбіректі
тағы атып қашып бара жатқан қазақ әскерінің алдына түсір
ген. Қазақ әскері басқа жаққа бұрыла қашқан екен, ол алдынан
тағы түсірген, тағы бұрыла қашқанда тағы сөйткен. Сол қашу
бойымен құм-құмның арасына кіріп кеткен. Ішінде амалсыз
жүргендері де едәуір екен, олар сол қашқан бойымен елдеріне
кеткен.
Сол жылы қай жерде соғыс болса да, амалсыз жүргендері
де болған. Қаланы шапқанда да солай болған. Орыс әскері сол
жүрген бетімен жүріп отырып, Торғай қаласына келді. Қалаға
әскер келген соң, абақтыға жапқан адамдардың жасы он тоғыз
бен отыз бірден тысқарғысын қаладан шығарып жіберген.
Ел адамдары абақтыда жатқанда талай азапты көрген.
«Қала шабылады» дегенде-ақ барлық қазақты абақтыға жап
қан. Абақты үлкен емес еді. Ішіне адам сыймай кеткен соң,
адамдар бір-біріне сүйеніп отырған. «Жатқан уақытымызда
аяғымыз сыймаған соң, аяғымызды жоғары көтеріп жаттық.
Шөлдеп өліп бара жатқан соң, «балаларымыз өліп кетер» деп,
есіктің тесігінен қағаздан түтік қылып, сол түтіктен сырттағы
адамдарға жалынып су құйғыздық, түтіктен су аққан кезде
«суды көретінде заман бар екен ғой» деп тұра-тұра ұмтылдық.
Су жетпей қалды. «Суды сатып бер!» деп сырттағы салдаттарға
өтіндік. «Бір шәйнек суды үш сом беріп, сатып алдық» дейді.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
Абақтыда болғандар бағып тұрған салдаттарды жәбірді көп
берген «қатын басты» деп те айтады. Қала шабылғанша жөн
ді тамақ бермеген. Қала шабылған соң онан да жаман ұста
ған. Соғыс күні оққа ұшқан аттардың етін де оңдап беріп тұр
маған. Сол сасық етті де салдаттар ақшаға сататын болған.
Сөйтіп, қалада абақтыда жатқанда бірсыпыра аштықтың да,
шөлдің де дәмін татқан. Екі ханның әскері қаланы бір жеті
ден артығырақ қамады. Сол екі арада қалаға екі-үш рет хабар
салған, «абақтыдағы қазақтарды босат, егер босатпасаң, қала
ны шабамыз» деп өздерінше тығыздап тұрған. Бірақ оларына
хабар қайтпаған. Қала үндемей жата берген. Хабарды қолда
рына алған тұтқындардан жіберіп тұрған.
Бір рет хабарды бір жас қыздан жіберген. Ол қызды қалаға
жақындатып әкеліп, қаланы көрсетіп жіберген. Қарауылға
шыққан салдаттар қызды келіп көріп, қалаға алып барған.
Сөйтіп, қала шабуға қазақ әскері қаладан ешбір хабар ала ал
май-ақ киліккен. Қалаға әскер келіп орнаған соң жұрттың ойы
на келгені: «бұл әскер азырақ тынығып алған соң елді аралап
жүріп, он тоғыз бен отыз бірдің арасындағыларды ұстап әкетеді
ғой» деген еді. Бірақ олай болып шықпады. Әскер қалаға келіп
жатып алды, елді араламады. Сөйтсе де, жұрттың қорқынышы
бұрынғыдан күшейді. Жақын жердегілер жөні келсе, қалаға
кіруге әдіс қарай бастады. Ел жіңішкелеп қалаға қатынай бас
тады. Қаладағылар да елдің қатынай бастағанын жек көрме
ді. Оған да азық, шөп, отын керек бола бастады. «Тасығандар
ға тимейді екен» деп ел жоғарыда айтылған жұмысқа жұмыла
кірісуге бет қойды.
Арғын ханның әскері баяғы төбенің басынан қашқаннан
жиналмады. Арғынның ендігі ойлағаны: «алатын болса, ада
мын берейік, елімізге әскер келтірмейік» деген болды. Қалаға
қатынауды жиілетіп, оны-мұны сылтау қылып бара берді, кіре
берді. Арғынның беті бұлай ауса, қыпшақ олай етпеді. Қып
шақ әскері тарамады. Ол әскер жиналып келіп Батпаққарада
Әбдіғапарды ресми хан көтеріп, ақ киізге отырғызды. Хан ата
сы Шыңберген ақсақал болды. Сардар (әскербасы) Иманұлы
Амангелді болды. Сөйтіп, бұрынғыдан да гөрі күшейіңкіреп,
ретін түзетіңкіреді. Дұрыстап пошта орнатты. Ол пошта ханға
дамылсыз хабар қатынатып тұрды. Жүргізген поштасы екеу
11-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
болды. Біреуі Қостанай жағынан хабар тасып тұрды. Оның се
бебі—арғын әскері тарап, адам беруге бет алған соң ашық жүр
ген поштаның келіп жүргенін айтып қоюы да мүмкін ғой деген.
Жоғарыда айттық, Торғайдың Қостанай жақ шегінде бір-ақ
поселке бар деп, қаладағы әкімдер бұйрық бергенде бірсыпыра
болыстарға: «Адамдарыңды сол поселкеге апарасыңдар!» де
ген.
Әбдіғапардың екі көзі осы поселкеде болды. Сол жаққа әскер
жіберіп, декабрь ішінде Шолақ сайдан шыққан әскермен азы
рақ соғысып та алды. Сол жылы Шолақ сайдан анда-санда ел
ішіне әскер шығып, жиналған қазақ сарбаздарын байқап, кейде
кездесіп те жүрді. Кездескен уақыттарында орыс әскерлері оқ
атып, жиналған сарбаздарды таратып жіберіп жүрді.
Жоғарыда айттық: «Торғайға Ырғыздан келген әскер
ешқайда бармай жатып алды» деп, қыпшақ әскерінің тара
мауына да сол себеп болды. Торғай қаласының маңынан алыс
жердегі елдің ойына кіргені: «қалаға келген әскердің елге
шықпай жатқаны—жиналған қазақ әскерінен қорыққандық
қой!» деді. Әскер бір ай, жарым ай ғана емес, көбірек уақыт
жата берген соң, әртүрлі өсекті де дулатып алып қашып жүрді:
«Германнан орыс жаман жеңілген екен, осы әскердің өзі сонан
қашып жүр екен!» деген сияқты.
Торғайға әскер ноябрьдің он алтысында келіп февральдың
ортасына дейін жатты. Жалғыз-ақ бірінші-екінші январь кезін
де жүз шамалы әскер Торғайдан шығып Қостанайға қарай өтіп
кетті. Әбдіғапар ханның жатқан Батпаққарасына бұрылмады.
Сонан кейін «осының жеңілуі рас» деп ел бұрынғыдан жаман
гуледі. Қайткенмен Әбдіғапар хан болып, әмірін жұртқа едәуір
уақыт жүргізді. «Орыстың қол астынан мүлде шығып кету
ге болмаса да, тереземіз тең ел болуға болмас па екен?» деген
пікірге түсті. Сол ниетпен Қостанай жаққа, Түркістан жаққа
адам жіберіп, хабарласып тұрды. Қостанайдың хабары мынау
болған: «Біз орыстың қолтығында отырған елміз, бас көтеруге
шамамыз жоқ!» деген. Қостанайдан жасырынып бірен-саран
дап қашып келіп жүрген жігіттер болды. Қол астындағы елге
[хан] әмірін тегіс жүргізе бастады. Әр түрлі істерді қарай баста
ды. Телі-тентекті тия бастады. Адам беру жағында болғандарды
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ... белгілі жау көрді. Өйткенмен олардың кез келгенін өлтіре бер меді. Шамасы келгенше «әділдік ету керек» деп, жеңіл-желпі болмай, өзін-өзі салмақтырақ ұстады. Адамға жәбірі тым ора сан болмағанымен, мал жағына, мүлік жағына ықыласын ау дарыңқыраған. Жүйрік ат, сұлу нар, қымбат кілем, ішік сияқ тыларды елден алыңқырады. Батпаққараға жедел Сарықопа болысы болушы еді. Сол болыстың хатшысы Нұрқан Дәлетәлі баласы еді (заты—төре). Сол Нұрқанның үстінен ханға шағым барған. Хан Нұрқанды алдырған. Шағымның түрі: «Нұрқан адам беру жағында» де ген. Нұрқан адам беру жағын хан алдында да жасырмаған. Сонымен, оның қазасы ханнан болды. Әбдіғапар осы сынды хан әмірін жүргізіп жатқанда, арғын жағы адам беруге көніп, дамылсыз қалаға қатынап, 19 бен 31-дің арасындағылардың тізімін тапсырып, фебрал ішінде адам беруге кірісе бастады. Спесік жазылған кезде неше түрлі қулық-сұмдық көбейді. Жақсылардың, байлардың, жуандардың ажары, өтініші, малы араға жүрді. Спесікке 19 бен 31-дің арасы түгел кірмеді. Спесікке адам аз жазылды. Таз, ақсақ, аурулар ол жылы пұл болды. Егер тізімге ажарлылардың баласы іліге қалса, әр түрлі кеңшілік те соларда болды. Болыс пен атқамінерлердің қойы қоздап, биесі құлындап, түйесі боталап қалды. Адам беруге арғын бет берген соң, Оспан хан да көнбеймін дей алмады. Адам беруге о да көнді. Енді оның ойлағаны өзінің басы аман қалу жағы болды. Оспан біразға дейін қалаға келе алмай жүрді. Былайғылары қатынай бастады. Әскербасы болатын Ахмет абақтыға түсті. Оның ар тынан көп ұзамай қалаға Оспан хан өзі келді. Баяғы поштадан талаған қырық мың сомды алып келді. Айтқан сөзі мынау: —Жұрт жиналып келіп «хан бол» деген соң болдым, енді адам беруге көніп, өзім келіп тұрмын,—деді. Жауап алған соң мұны да жапқан. Бірақ екеуі де «патша түсті» деген хабар кел генше ғана жатты. Ол хабар келген соң, шықты. Өздерінің келуі де соның аз-ақ алдында еді. Арғын адам беруге жұмыла кіріскен соң, қаладан жүз елу шамасындай әскер Әбдіғапар ханға шық ты. «Әскер шықты» дегенді естіген соң Әбдіғапар қашып кет педі. Әскерін дайындап, қашпай соғысуға бел байлады. «Қатта сол әскерді Құмкешу деген жерден Батпаққараға жүргізбейік!»
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
деген пікірге кіріп, алдынан әскер жіберді. Өйткенмен тоқтатып
тұра алмады. Орыс әскері Батпаққараны алды, хан ордасын
бұрынғы жерден басқа жаққа көшірді.
Орыс әскері Үрпек пен Доғал арасында ұшырасып қалды.
Сол жерде соғыс болып, бір өзеннің ішінде келе жатқан әскер
ді тосып жатқан алпыс шамалы мерген түгел өлді. Ел соғыс бо
лудан бұрын қарауылға шыққан орыс әскерінің біреуі өлген.
Соғысуға келе жатып әлгі өлген қарауылшының үстінен әскер
баса жүрген. Сол өлген орысты жолдың үстіне өте жаман қылып
тастаған екен. Бұтындағысын кесіп алып, аузына тығып кет
кен. Соны көрген соң орыс әскері бұрынғыдан жаман ашуланып
кеткен. Басшы болып келе жатқан бір қазақты «Сен қолыңды
сілтеп, атой бергендей болдың, бізді теріс әкелесің!» деп атып
тастаған. Ол қазақтың аты—Ідіріс Молдырахметұлы. Алпыс
мерген өлетін соғыстан соң орыс әскері біразырақ жер қазақты
қуыңқырап барып, кейін Батпаққараға қайтты. Батпаққарада
жатып алды. Әбдіғапарды қумай, біраздан соң Батпаққараға
қайтты. Сол жылғы ең соңғы соғыс осы болды. Әбдіғапар сол
соғыстан көп бұрын Түркістан жағына адам жіберген еді. «Ол
жақтың көтерілісі бар ма екен, біліп келіңдер,—деп,—және сол
жақтан қару-жарақ, оқ тауып келіңдер» деп. Жіберген адамда
ры мыналар: өзінің туған інісі Сәдіман және Рияуеттен деген
молда. Олар Ақмешіттен он шақты бұт оқ сатып әкелген және
өздері Доғал соғысынан соң келді. Әбдіғапар хандығын құрып,
адам бермеудің талабында жүрді. Арғын адам беруге мойындады
дедік, арғын ішінде де бірен-саран «адам бермейміз!» деп ханға
әскер болып жүргендер де болды. Марттың 3-4 кезінде Торғайға
еміс хабар келді «патша түсті» деген. Ол хабарға ел онша сене
қоймады. Әлгі еміс хабар күннен-күнге өсе берді. Бір мезгілде
«кеткен жігіттер қайтып келеді екен» деп, шүйіншілеп шауып
жүрді. Сол шүйіншінің түбі рас болып шықты.
Торғай уезінен алынған жігіттер Шалқарға келген уақытта
патшаның түскен хабары болған. Сол хабармен Торғай жігіт
терін еліне қайтарған. Патшаның түскен анық хабары Торғай
ға марттың он екісі күні келді. Патша түсіп, кешірім болған
анық хабарды алып, Әбдіғапарға шүйінші сұрап Қаралдыұлы
Байқадам барған. Байқадам сөзіне де сарбаздар бірден нана
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
қоймаған. «Бізді алдап ұстайын деп жүр» деп ойлаған. Бай
қадам бірталай жылдан бері уездің кеңсесінде іс жүргізуші еді.
Әбдіғапар Байқадамға алаңсыз сенетін еді.
Сөзіне сарбаздар сене қоймаған соң, Байқадам Әбдіғапарға
барды. Оңаша алып сөйлесіп, сөзіне әбден нандырған. Сонан соң
Әбдіғапар сарбазды нандырған. Сөздің растығына сенген соң,
сарбаз қуанғаннан жылаған «біздің тілегіміз де осы еді!» деп.
Өйткені ол кезде уез қол астының көбі адам беруге бет қойып,
қатта бірқатары адамын беріп те қойған. «Адам бермейміз» деп
сарбаз болып қалған үш-төрт болыс қана қыпшақ «біз патшаға
қарсы болып әбден ұрындық, енді бізге еш рақым болмас» деп
жүрген. Қашып бара қоятын жердің жоғына да көздері жеткен.
«Өзіміз қашып кеткенмен, ел жау қолында қалады ғой» деп жа
ман сасып жүрген. Сөйтіп, бұл сарбаз марттың он сегізінші күні
тарады. Осымен Торғай уезіндегі көтеріліс бітеді. Бұл көтеріліс
сегіз ай шамасындай болды. Ел мықтап бір желпініп алды. Сар
баз болып қару асынғандар «сарбаз болу керек емес» дегендерді
едәуір жәбірлеп те алды.
Ол жылы сарбазға мінтетұғын аты жоқтар, елдегі аты бар
дың атын, тоны бардың тонын, берсе қолынан, бермесе жолы
нан алып жүрді. Сөйтіп, кедей байға жуан білегін бір көрсетіп
қалды. Сарбазға қарсы болған қазаққа жәбірсіз жүрмесе де,
қолына түскен орыс тұтқындарына Әбдіғапар рақымсыз бол
маған. Олардың «сарбаздан жәбір көрдік» деп арызға келген
деріне әділ қарап, жәбірін қойдырып жүрді деседі. Ондағысы
«әлдеқалай заман болса, солардан бір жәрдем болмас па екен»
деген ой деседі. Аз уақыт болса да, тұтқынға қатаң болған Оспан
қолына түскендердің көбін-ақ өлтірткен.
Торғайда тұратын бір елубасы (взводный) жігіттің қатыны
Оспанға тұтқынға түскен. Қала шабылудан бұрын ол қатынға
баласы жоқ, бір шалдау адам ие болған. Қатынды жігіттер
қорқытып: «дінге кір, мұсылман бол!» деп жүрген. Әлгі шал
дың қатынды алғандағы ойы—оны мұсылман дініне кіргізіп,
сауап алу—бір, екінші, бала үшін алған. Қатын: —Саған тие
мін, дінге де кіремін, бірақ тұра тұр, тұра тұр!—деп жүрген.
Қатынның байы Оспанға: «Қатынымды әкелгізіп бер, сені
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
мен құтқартайын!» деген. Оспан сол қатынды алдырып бер
ген. Қатынның байы да уәдесінен шығып, кешірім болғанша
Оспанның өлімеуіне көп себепкер болды. Загайнев деген ка
мандант болды деп жоғары да айттық. Камандант болып тұр
ған кезінде көп бұзықтық істеді. Қалаға қатынаған адамдар
дың күнәлі-күнәсізіне қарамай өз қолымен өңменге түйгіштеп
абақтыға жатқыза берді. Ат-тонын, ақшасын сыпырып ала бер
ді. Абақтыда жатқандарға күніне өзі бір рет келіп: «Сендерді
ертең аттырамын!» деп зәресін су түбіне жіберіп отырды.
Бір күні мынадай оқиға болған: абақтыда жатқан бір кісі те
резеден қараса, үш-төрт жігіт жиналып, әр жерге баған орна
тып, басына арқан байлап жатыр екен. Әлгі кісі былай ойлаған:
«бізді дарға асуға дар құрып жатыр екен» деп. Жанындағы
көпке қарап «ойбай, өлдік» деп жылап қоя берген. Отырғандар
шошып кетіп: «Немене?» деп сұрағанда: «Әнеки, дар орнатып
жатыр!» деген. Үйдегілер шуласып, түрегеліп қараса, дар емес
екен, әскер атына шөп жинауға істеп жатқан албар екен. Загай
нев тізесін жалғыз абақтыдағыларға батырып қойған жоқ, елге
де тізесін батырды. Үйінде отырып соның ызғарына бүкіл елдің
сай-сүйегі сырқырады. Патша түскен соң, бұл да түсті. Жәбір
көрген жұрт жиылып келіп, қыстай талаған мал-мүліктерін
қол салып өздері қайта алды.
17. 1916 ЖЫЛЫ ТОРҒАЙ БОЙЫНДА
БОЛҒАН КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ
1916 жылы патша солдат алады деген хабар шықты. Бұл
хабар халыққа онша қолайлы тиген жоқ. Елдегі жастардың
барлығын солдатқа жіберіп отыру—үлкенге де, кішіге де
қиын болды. Сол уақытта біз (Баспақов Уәли, Баспақов Бек,
С.Баспақов) үшеуміз де приемға жасымыз ілікті. Әскерге
бару ешқайсымыздың да ойымыз жоқ. Қалай да бармау [ке
рек]. Ел-жұрт: «Осы жағдай патшадан емес, бергі жанындағы
әкімдерден, патшаның өзіне адам жіберелік» деп уағдаласты.
Сүйтіп, ел ішінен үш адам жібермекші болды. Олар Токин
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
∗ Қолжазбада осылай берілген.
Смағұл, Баспақов Уәли, (...белгісіз)*—осы үш кісі еді. Олар
патшаға дейін барып, патшаға жолыға алмай келгенін, әскер
алу патшаның өзінен екенін айтып келді. Сонымен қатар олар
Орынбордан губернатор келетінін, ол ақсақалдар жиналысын
өткізетіндігін айта келді.
Сентябрдің басында губернатор келді. Ақсақалдардың жи
налысын шақырды. Ел-жұрт жиналып, адам бермеу жөнінде
уағда байласу үшін Қорғамбектің үйіне жиналды. Адам бермеу
туралы келісімге келген соң, енді «сол адам бермейміз деп кім
айтады?» деп, сол адамды тағайындау қажет болды. Губерна
тор алдында сөйлейтін адам шықпады. Амангелді: «Мен ба
рамын!» деп еді, оған ел ұйымады. Өйткені сөздері өте қысқа,
губернаторға жағымсыз еді. Сол арада: «Губернаторлар шығып
қалды, шақырып жатыр!» деген хабар келіп, жиынға жұрт келе
бастады. Губернатор Еврисман, переводчик Каралдин Байқа
дам еді. Еврисман жұртқа қарап сөз сөйледі, оны Байқадам
хабарлады. Екі адам шығып, сөз сөйледі. Оған губернатор қа
тулана түсті.
Осы уақытта Амангелді топ ішінен шығып:—Солдаттыққа
адам бере алмаймыз!—деп бірден айтты. Оны естіген губерна
тор:
—Қолыңнан бермесең, күшпен аламын!—деп қорқытты да,
жүріп кетті.
Ел ендігі жерде не істерін білмей дағдарысқа түсті. Аман
гелді шығып, халыққа арнайы сөз сөйлеп, «Не де болса болды,
енді тайынбай күресу керек!»—деді. Арғын мен қыпшақ елді
ұстай тұру үшін екі хан сайланды. Болыс орнына мыңбасы,
ауылнай орнына жүзбасы сайланды. Амангелдіні сардар (жал
пы сарбаздың бастығы) етіп тағайындады. Осылайша өзара
келісіп, енді әскер жинау үшін әркім елді елге тарасты. Осы
лайша жұрт жатқанда Қостанайдан бес жүз солдат шығыпты
деген хабар тарады. Осы келе жатқан солдатты қалаға кіргіз
бей құрту үшін Шұбалаң, Қарақоға болысының және Аққұм
болысының адамдары жиналып, Дәуренбек, Кәрбоз секілді
мыңбасылардың бастауымен солдаттың алдын тосуға Татырға
келдік. Осы арада келе жатқан әскерді көрдік. Көрінген сол
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
датқа екі мыңдай адам ат қойдық. Солдаттар тас-түйін боп
алды да, жақындағанда оқ атып, сарбаздарға беттетпеді. Ат
қойған уақытта бір бала оқшау шығып барып, оққа ұшты.
Өлім көрген ел иіріліп тоқтай қалды. Солдаттар жылжып
отырып жар жағасына паналады. Осы уақытта алдай тұрып,
солдаттардың бір бөлімі артымыздан шығып, лап қойғанда ел
амалсыздан тұра қашты. Қуған солдаттармен арада соғыс бо
лып қалды. Осы соғысуда сарбаздардан бір бала, оның ағасы
және бір қойшы өлді. Ал солдаттардан бес-алты адам өлді.
Төрт мылтық алынды. Солдаттардың командирі өліп, оның ас
тындағы аты алынды. Сарбаздар кері қайтып, қайта шабуыл
жасамақ болып қайыра ұмтылдық. Солдаттар қалаға кіріп те
кеткен екен. Оқ жаудырып тұрған солдаттарға [қарсыласа ал
маған] сарбаздар кері қайтты. Солдаттар тобымен қалаға өтіп
кетті. Татыр соғысында Амангелді болмады. Хабарды естіп,
жүз кісімен Әлжанды жіберген екен, ол соғыстан кейін келді.
Амангелді келесі күні келіп, Аралкөңде кездестік. Тосын бо
лысынан хабарласуға Төлебаев Ташмағамбет келді. Жалпы
сарбаздар Ақмырзада бас қостық. Бұл жерге Тосын болысы
ның адамдары да келді. Жиналғандар өзара сөйлесіп, Тосын
болысы қаланың арғы жағынан, біз бер жағынан тимекші бол
дық. Осы жерде жатқанда түйеге мінген Әли келіп, бізге газет
беріп, басшылармен сөйлесіп, іште патшаның құлатылғалы
жатқанын айтты да, өзінің жолына түсіп жүре берді. Қала
ға шабуыл жасау үшін Торғай өзеніне көпір салып, күн бата
сарбаздар өте бастады. Сарбаздар таң ата өтіп болып, қалаға
шабуыл жасадық. Қала соғысында Амангелді өзінің мерген
дерімен ерекше көзге түсті. Қалаға сарбаздар өрт қойдық.
Кешке дейін соғысып, қаланы ала алмай, қосқа қайттық.
Ертеңіне солдат шыға ма деп күткен едік, солдат шықпады.
Сонан кейін арғындарға Ырғыз жақтан солдат жібермеуге жі
берілді де, біздің міндетіміз Атбасар, Қостанайдан әскер жі
бермеу делінді.
Осылай болып жатқанда, «Ырғыздан мың әскер келе жа
тыр» деген хабар келді. Бес жүз адам қаруланып барсақ, ар
ғындар Ақшығанақта соғысып, сарбаздар жеңіліп, солдаттар
қалаға өтіп кеткен екен. Тосын болысынан жиналған сарбаздар
ыдырап кеткен екен. Енді Амангелді Доғалға барып орналас
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ТУРАЛЫ...
ты. Біз Аққұмда қалдық. «Қостанайдан тағы да солдат шықты»
деген хабар келді. Оған Амангелді сарбаздарымен барып, соғы
сып қайтқан көрінеді. Оған мен қатысқаным жоқ. Одан кейін
Амангелдімен соғысу үшін Торғайдан сегіз жүздей солдат
шықты. Олармен Амангелді Доғалда үш күн соғысты. Солдат
тар сарбаздарды ала алмай, кері қайтты. Шамасы келмеген болу
керек. Мен бұл соғысқа барғаным жоқ. Көп кешікпей март ай
ында «Николай патша тақтан құлады» деген хабар келді. Бізге
Нарбай жеткізді. Ал Амангелдіге Байқадам апарған секілді.
Алдына жалынып келген соң, Амангелді Байқадамның айыбын
кешіпті.
1. ТАРИХИ УАҚИҒА
Өткен 1921-22 жылдардағы Сақыралықтағы Орта жүз қаза
ғының қоңырат, арғын елдерінде жалпақ аштық болып, өлген
дер көп болыпты. Ел табаны көтеріліп, шұбырып қуғындыққа
ұшырапты. Арғы Ұлы жүз жағында үш-төрт күншілік жердегі
елдер тоқ, жақсы болыпты. Сол тоқшылыққа барам деп осы
ашаршылық елден Сағынбай деген бір азамат Жаңыл деген
әйелі бар, Әділ деген екі жасар баласын арқалап елден шығады.
Алдында көрінетін қара жоқ, жапан сары дала. Азық және жоқ,
бірер күн жүрген соң шаршайды, бұралады, көздері қараяды.
Әсіресе, жүре алмай, Сағынбай бір жерлерге дем алып тұрады,
тағы жүреді.
Сағынбай жүре алмайды, көзі аларып қолы ұйыды да, есін
біле алмай қалды. Әйелі, баласы қасында отырады. Бірақ Са
ғынбай есін жинап, түрегеліп, әйелінен ұстап бір шақырымдай
жерге барғанда, Сағынбай тағы талып құлайды. Әрі-бері жата
ды. Тағы есін жинап әйеліне айтады:
—Мен енді аштан өлемін. Жүруге халім тамам бітті. Мен
ешбір лаж таба алмадым. Мына қолыңдағы баланы маған
бер. Мен жеймін. Қалғанын жолға азық етіп, тоқ елге жетіп
баралық,—деді.
Әйелі күйіп-жанып, жылап не қыларын білмейді. Сасады,
бергісі келмейді. Сағынбай айтады:
—Бұл баланы бермегенде мен де, сен де, бала да өледі. Онан
да бір бала өлсін. Баланы жеп, тоқ елге жетіп баралық,—дейді.
Әйелі бергісі келмейді.
Тарихи оқиғалар мен
тұлғаларға қатысты әңгімелер
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Сөйтіп, отырғанда аспанда бір ақ бүркіттің суылдап бір
жерге түскенін көреді. Ол бүркіттен бұлардың хабары жоқ.
Ақырында әйелі Сағынбайға қимай баланы берді де, «баланың
дауысын естімеймін» деп далаға қарап жөнеледі. Бір белестегі
дөңге шығады. Арғы жағында бір қара көрінеді. Әйел: «Бұл не
зат, пішен бе, аула ма, үйген тас па?» деп көңілі бөлініп, бай
қайын деп тұра келеді. Жақындағанда көреді, саусағы тарбиған
үлкен құс секілді бір нәрсеге бұрып отырған. Әйел қасына та
ман келгенде бір қайық қыран бүркіт көтеріліп ұшқан да, [тө
бенің] үстінде бір киік жатыр екен. Желкесін үзіп жіберіпті.
Әйел сасып: «Өңім бе, түсім бе,—деп тұрады да,—Құдай Әділ
дің көз жасына тап қылды ма?»—деп кейінгі қалған Сағынбай
мен балаға жүгіреді. Қарасы көрінгеннен айқайлайды: «Балаға
тиме, тиме!»—деп.
Әйел келсе, Сағынбай баланы қолына ұстап отыр екен.
Әйелі:
—Жолдасым, мынау Әділдің құрметіне өліп жатқан бір киік
көріп келдім. Тұр, жылдам жетелік!—дейді.
Сағынбай «тамақ бар» деген соң қуат бітіп, тұра келеді.
Үшеуі киікке келіп, жалма-жан бір қоң етін жұлып алып, жеп
қуаттанып, ішін жарып, боғын түсіріп тастап, арқалап, азық
етіп, алдындағы тоқ елге жетеді. Естерін жинап бір жылдан
артығырақ сол елде екеуі қызмет етіп, елге келеді. Өздері жақ
сы қызмет етеді. Үкімет жәрдемі тағы бар, үш жылда алдына он
шақты қара салып, елдің бір белсенді кісісі болады. «Адамның
жаны таусылмай, дәмі таусылмайды» деген осы екен. Айда
лада, жапан түзде үш адамның өлмеуіне себеп неден болды?
Білуші өзі білер. Сол елдегі Әлі деген қарттың сөзі.
2. ӨТКЕН ЖҰТ—ҚОЯН ҚЫСЫ ХАҚЫНДА
ҚЫСҚАША ТАРТУ ӘҢГІМЕ
Барыстың қысы өткен соң, қоянға қарағанда жазда, яғни
1878 жылғы жазда жауын болмай, қыста қар болмай, оңды
жер көктемеді. Жазғы майдың ескіше тоғызындағы хан жәр
меңкесінен келгенде малда ақ болмады, туған балаларын жа
рытпай, аштан өлген төл көп болды. Халықта мал көп. Базарға
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
барған мал арық болып, бағасы болмады. Сонан саратан, әсет
айларында да жауын болмай, жер көктемеді. Азын [-аулақ]
шоқ жауын болса, ащы болып жердегі кішкене шыққан шөбін
қуартып, қағып жіберді. Сол күйімен ауа райы сүмбіле, мизан
айларына барды. Бұл жазда қыр бойында орақ сілтеген кісі жоқ.
Аздап құмда ыссыға шыққан. Самарада аздап қорек шапқан
болды, бірақ мал қоймады, әрі аз болды. Саратан туған соң малы
барлар дағдарып жылқы, қойын Еділ бойына айдады. Пішен
шөбі бар деп бірқатар орта шаруадан кейінгілер елде қалды.
Сол күйде қауысы айы тумай-ақ, малдың алдына көтерем кірді.
Желді-дәлу айларында тамам пішен атағы таусылды. Әр орын
да аздап-аздап болды, құт айында Самардағы ел ауласын бұзып,
бұрыңғы заманнан бергі шірік сабанды жеп жатыр. Құмдағы
3-4 үй бір үйге кіріп, землянкілерінің төбесін алып беріп жатыр.
Дегенмен мал қырылып жатыр. Бірқатар ел малының жарым-
жартысын ертерек сойып алды, қамал ішінде, сәуір бастарында
Самардағы ел жалғыз жарым қарасын қорықтың түбін қазып,
борығын алып кептіріп, тоқпақтап уатып беріп, жалғыз-жарым
қарасын алып қалғандар болды.
Құмда да аула бұзып, әм қыстақтың жерін қазып беріп,
бірер қараларын алып қалғандар болды. Халық қысқы мал
дың қасығымен күнелтті. Сауыр бастарында мал жұтап тау
сылды. Жерде қар жоқ, қара қатқан болды. Біз көрмеген жерде
Алашаның малбасары Тұрарбек Шүнек баласында 25-30 жыл
жинаған көп запас пішені болып, халыққа көп пайдалы бол
ды. Қарызға алса да, сатып алса да, соған араласқан кісіде мал
тұқымы қалды. Әсіресе өзінің үш ауылына көп жәрдемі тиді.
Сол 79-шы жылғы қамал аяғына жақын Самардағы Алаша
Қошбан ауылы Қожабай, Дәулетиярлар 60-70 жылқыларын
айдап келіп, Тұрарбектен пішен жегізіп, жылқы тұқымда
рын жақсы алып қайтуы, олардың пішен беру, алу шарттары
мынадай болған: Қошбанның бір мықты, күшті күтіп жүретін
«Сары азбан» деген түйесі болатын. Соған көтергенше қомдап,
теңдеп, мықтап артып, тұрғызып жүз қадам жерге шыққан соң
түсіріп, екінші түйелерге артып кетеді. Бір түйеге қанша артса
да, Тұрарбек қақпайды. Соған алатын Тұрарбектің қақы—сол
Қошбанның бар жылқысынан таңдап бір жылқы. Оның қолын
қақпай балалары сонымен бір айдай пішен жегізіп, малының
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
тұқымын жақсы алып қайтады. Ол күнде түйешенің жалпы ша
масы 20 бұттан кем болмайды дейді.
Ақырында халыққа беруге о да таусылды. Халық қарызға
сатып алсын. Өзінің малының жиюынан артық басқа алты
мыңдай түйе пішен береді. Сонан кейін жұттан қалған жалғыз-
жарым қара зауал туған соң жерге шығады. Еділге кеткендер
[дің] бағзылары аздап мал тұқымын алып келді, уә бағзылары
екі қолын мұрынына тығып, жаяу қаңғып келді. Қоян өтіп ұлу
ға қараған жазда адам баласының аштан өлуі көбейіп, ел-елдің
арасында қатын-баламен шұбырып жүруі көбейді. Бірқатары
«балық шабағы бар» деп теңізге ауды, бірқатары Сарайға кетті,
сөйтіп, ел табаны көтерілді.
Кез келген құдықта, орда қосақталып өліп жатқан ба
ланы, шалды көресің. Сол 1879-ші жылы сүмбіле айының
ішінде Ордаға Нестр* келіп халықтың жайын көрді, не себеп
пен бұл апатқа ұшырағандығын сұраған. Соған бас жандарал
ішкі ордалықтағы рудың бас адамдары, аяғы ордалықтан жеті
қисымның сексен жеті старшиналары жиналған халықтан не
себеппен апатқа ұшырағанын, өткендегі, қазірдегі қалдерін
сұраған. Сондағы Нестрге халық тарабынан уәкіл болып
сөйлеген байбақты руынан шыққан Әбубәкір Ақбай баласы,
оның сөзін орысша тәржіме етіп сөйлеген шеркеш руы Мақаш
Бекмембет баласы болған. Халықтың мұң-мұқтажын өткен
дегі, әм қазірдегі халдерін дұрыс жеткізгені хақында награда
алады. Сонан кейін үкіметтен көп көп астық, көп ақша шықты,
халыққа таралды. Дегенмен, ұлудың қысы өткенше адамның
аштан өлуі тыйылмады.
Ұлу өтіп жыланға қараған 1880-ші жылда, жаз басында екі
өзен орасан мықтап тасыды. Екі өзеннің аяғы қосылып кетіп,
сорда-сорда құлап, Нарынға шейін барды. Халыққа су келген
нен рақат кіре бастады. Сумен бірге ағынмен жүзген балық
сор-сормен құмға шығып кетті. Балықты қолмен, шаншықпен
алып, халық тоғайда, құмдағы сордың басында балықтың база
ры болды. Су қайтқан соң сорда бөлініп қалған түрлі балықтар
ды алып кептіріп, Нарын ішіне түйе артып кетті. Қыс бойында
да әм тамақ етіп, халық көп пайдаланды. Сол жыланға қараған
∗ Сол кездегі басқарушы ұйымның өкілі болуы керек.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
жаз айы орасан жақсы, жаңбыр көптігі сондай—шықпаған шөп
жоқ. Күзгі құмаршық тағы көп шықты. Ресей жерінде егін ора
жай болды. Күзгі Шортанды базарында бидай 20 тиын болды,
қой, малдар сатылса, 8-10 сом болды. Тағы сондай арзан бол
ды. Халық бір жылда-ақ рахаттанып есін жинап қалды. Сонан
80, 81, 82-жылдарда халық байып жетісіп қалды. Мұнан соң
мұндай апат халықта болған жоқ. Заманның алдының апаты—
анау, артының рахаты—мынау.
Қарттар айтады: «Дүние бір уақытта бетін береді, бір уақыт
та к.... береді. Бетін бергенде көп сүйінбе, к.... бергенде көп
күйінбе» дейді екен. Оның үшін «Бір кеңшіліктің таршылы
ғы болады, бір таршылықтың кеңшілігі болады» дейді екен.
Қазірде қоянға 61 жыл. Ұмытылмас үшін әм жастарға ғибрат
үшін жаздым.
3. «БІР АУЫЗ СӨЗІМ БІР ЖЫЛДЫҚ АЗЫҚ
БОЛДЫ» ДЕГЕН СӨЗІ ОСЫ ЕДІ
...Мырзатай рубасы, болыс болған, шешен де ақылды адам
екен. Сол кісі: «Баяғы қоян жылғы жұтта ел жұтап, ашаршы
лыққа ұшырағанда бір ауыз сөзіммен өз үй ішімді бір жыл асы
радым» деген екен.
Мырзатайдың балалары көп, ауыр семья. Малдың бәрі қы
рылып қалған. Ел аштықтан абыржып, босып көшіп жатқан.
Мырзатайда бір ат, бір сиыр қалған. Ол амалсыздан Тарбағатай
бауырына, нағашысы қаракерейге көшіп барып, ауыл шетіне
қоныс болып отырады. Істейтін кәсіп жоқ, үй-отанына соғым ке
рек, азық керек. Ойланып-толғанып: «Тана төреге барып, аман
дасып, мұңымды шағайын» деп, жалғыз атына мініп, күздің
салқын қара суық мезгілі, тауды бөктерлей, қырқаларды асып,
Шалғындыөзекті басып, күзегінде отырған төренің сегіз қанат
ақ ордасына келіп түсті.
Есіктен сәлем беріп, төрге келіп отырды. Үй іші мейлінше
жасаулы, қатарлап тізілген бума кілем теңдер, бақандарда
ілулі самсып-сіресіп тұрған пұшпақ ішіктер, түлкі, қасқыр,
жанат ішіктер. Күмістелген сүйек төсектің алдында, астын
да аю терісі бөстегінің үстінде, жібек көйлек, алқалы мақпал
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ... кемзал, иығына бұлғын ішік жамылып, шолақ денелі, аққұба келбетті ханым отыр. Үйдің ортасында үлкен тайқазан ошақта от жанып тұр, оттың жанында қара құмған тұр. Хан үйде жоқ екен. Аздан соң ханым Мырзатайдың алдына дастарқан жайды. Қара құмғанға шай салды, тұз салды. Құмғанды өзінің қасына қойды. Кесеге құйып Мырзатайға ұсынды. Дастарқанда ештеңе жем жоқ. Ол кезде қазақ арасына шайдың шықпаған кезі еді. Кесені Мырзатай қолына алып шайқап: —Ханым, бұл не нәрсе?—деп сұрады. —Шай деген ас,—деді ханым. —Мұны кім ішеді?—деді. —Біздің хан ішуші еді. —Ханыңыз ішсе, не еріккен соң ішетін шығар, не желіккен соң, не қазы-қарта жеп шөлдеген соң ішетін шығар. Менің ішімде қор жоқ, мұның ішінде қою жоқ. Мені бұл сақтай ма, мұны мен сақтаймын ба?—деп кесені ханымға қарай ысырып қойыпты. Ханым үнсіз дастарқанды жиып алыпты. Мырзатай: —Ханда шаруам бар еді. Жүздесіп, сәлемдесейін деп келіп едім. Үйде жоқ екен. Үш қайтара сәлем айтарсыз, хош болыңыз, ханым,—деп үйден шығып аттанып кетіпті. Ханым: «Мына кі сі тегін, жәй адам емес екен. Енді мұны естісе хан мені өлтіреді. Құдай қара басытырып, ет, қымыз бермей, шай бергенім не? Мақтаным ба? Бұл не қылғаным?» деп безектеп, жанын қоярға жер таппады. «Мен айтпағанмен, мына құлдан естиді. Одан да өзім айтып, аяғына жығылсам, мүмкін кешірер, өлтірмес» деп ханның келуін күтті. Кешке хан есіктен кіре бергенде, ханым жылап, аяғына ба сын қойып: —Кешіріңіз, тақсырым, мен бір қателік істедім. —Не істедің? —Бір бейтаныс адамға сорлы басым, ет пен қымыз бермей, шәй бергенім. Ол кісі бір қолына кесені алып, шайқады да, «Бұл не нәрсе, ханым!»—деді мейман. Мен: «Бұл шай деген ас» дедім. «Мұны кім ішеді?»—деді. «Хан ішуші еді» дедім. «Хан ішсе, не еріккен соң ішетін шығар, не желіккен соң ішетін шығар. Не қазы-қарта жеп шөлдеген соң ішетін шығар. Ал менің ішім де қор жоқ, мұның ішінде қою жоқ. Мұны мен сақтаймын ба,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
мені бұл сақтай ма?» деп кесені кері сырып қойды да: «Ханда
жұмысым бар еді, жүздесіп, сәлемдесейін деп келіп ем, үйде
жоқ екен, үш қайтара сәлем айт!» деп, аттанып кетті. Алсаң,
міне, бас, алмасаң, алдияр, бас,—депті. Хан:
—Жарайды, бір жолға кешірдім. Бұл кім болды екен?
Бауыр найман өткен қыста қатты жұтап, ел ашаршылыққа
ұшырап, қаракерейге бір жекжатына Мырзатай көшіп кел
ді деп естіп едім. Сірә, сол болғаны ғой. «Мұның ішінде қою
жоқ, менің ішімде қор жоқ. Мұны мен сақтаймын ба, мені бұл
сақтай ма?» дегені сөз-ақ емес пе? Мұңын шағайын деп кел
ген ғой. Бір ауыз сөзбен келген шаруасын да баяндап кеткен
екен,—деп сүйсініп, құлынан қайталап сұрап,
—Не деді? Сөз-ақ емес пе! Шешен екен,—десті.
Ауылдың артында төбешіктеу жерде шоқы жартас болатын.
Кешке жақын Мырзатай сол шоқы тасқа шығып, елді, жерді,
қазіргі жағдайды ойлап, қиялданып отыратын. Бір түйе, бір бие
жетектеген жолаушы шоқы тасқа ат басын тіреп, Мырзатаймен
сәлемдесіп, сол ауылды сұрады.
—Іздеген ауылыңыз осы,—деді Мырзатай.
—Бұл ауылда Мырзатай деген кісі бар ма?
—Бар, үйі анау шетте тұрған үй,—деді Мырзатай.
Сол кезде жолаушының түйесі жартастың түбіндегі шал
ғынды бір-екі шалып жегенін көріп, байдың есігіндегі қара
құл:
—Ей, сен күнде кешке секиіп осы жартасқа шығып оты
расың. Ары өткен, бері өткен саған сөйлесіп, аты, түйесі жеп,
осы жердің шөбін құрттың ғой,—дегенде, Мырзатай ана жолау
шыдан ұялып: «Қадіріңді білетін қайран ел, келімсектің көрген
күні осы да» деп іштей қынжылып, жолаушыға:
—Жүріңіз, Мырзатайдың үйіне мен апарайын,—деп өз үйі
не ертіп келді.
—Мырзатайдың үйі осы ма?
—Осы.
—Ол кісінің өзі қайда?
—Өзі—мен.
—А, сіз бе? Ендеше мені хан жіберді сізге. Сәлем айтты, мы
на ту биені соғымына сойсын деп.
—Ханыңызға рахмет.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Ханым сізге сәлем айтты, мына екі қап құрт пен екі қарын
май беріп жіберді. Сізге кимешек, шылауыш айыбым деп,
кешірсін деп.
—Рахмет ханымға,—деп, бір қондырып, қонағын аттан
дырды.
—Ханның берген соғымы балаларға азық болса, ханымның
берген құрт-майы өзіме бір жыл азық болды,—деген екен.
4. БАЙЛАРДАН КӨРГЕН ҚОРЛЫҚ
(1915-16-шы жылдардағы оқиға)
Әбдірахман шал жасы 50-60-қа келсе де, өмір бойы байлар
дың тепкісінде кейісті көп көрген адам. Өзінен туған екі
әйел, екі ер баласы болғанменен ер балалары жас болып,
Бәтіш, Шәпен деген екі қызын екі жерге ұзатқан. Кіші қызы
Шәпеннің барған жері ескі Көкшетау болысы, 2-ші ауыл
най Айқабақ деген ауылда Алтынов Мыңбай деген болатын.
Мыңбай күйеуі ауырып қайтыс болғалы үш жылдан асты,
Шәпеннің көңілі қалды. Абһар, Шақан дейтін қайнағалары
на тұрақтамайтын болған соң үйіне хабар айтады. Мұндай ха
барды естісімен Әбдірахман шал барып алып келе қоярлық,
астына мініп шығатын керігінің жоқтығынан: «Ағайын елің
бар, не ақыл бересіңдер?»—деп, Қосдәулет қажының ортан
шы баласы Мұхамәди мен кенже баласы Аппас мырзаларға
ақылдасады.
Бұл мырзалар қорған болғансып: «Өзіміз алғызамыз» деп
Нұрмахамбет Ыбырайов, Шопанай Ержанов, Мәсүлім Жүнді
баев деген үш жігітті жіберіп Шәпенді бір түнде алғызды.
Шәпен келген күні ертеңінде Қосдәулеттің Мұхамәдиі:
«Менің қалмақтағы құдам Маралдың Жапарына бересің?!»
деп кісі салады. Тап сол күні Қосдәулеттің Аппасы: «Менің
қолымдағы прикашігім Саржанов Шопанайға бересің?!» деп ол
кісі салады.
Әбдірахман әңгіменің түрін көрген соң: «Баламды мынау,
Айқабақтан арылтып алайын»,—деп екі мырзаға да жақсы
жауабын бере қоймады. Өйткені ел билеп, дегенін істеп отыр
ған мырзалар, өз дегені болмаса, кедейлерді кеспей жұтатын
12-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
кезі еді. Бірақ Әбдірахман ұзақ сонарға салғысы келгенімен,
Мұхамәди, Аппас мырзалар бел күшке салып, Әбдірахманды
қорқыта бастады.
Мұхамәди: «Қызын құдама бересің, егер бермесең, Шәпенді
әкелуге жігіттер мініп барған қасқа бием қотыр болып қалды,
сол биемді төлеп бересің?»—дейді.
Аппас мырза: «Қызын (Шәпенді) Шопанайға бересің, бол
маса, қызды әкелуге мініп барған қашаған қуатын қарагер
бием құлын тастады, соның құлынымен айыбын төлейсің?»—
деп пәлелерін салды (қотыр болу, құлын тастау барлығы бекер,
15 шақырым жерге бір түнгі жүріске қотыр болып, құлын тас
тай ма?).
Әбдірахман қызын екі мырзаның ұсынған екі адамының
қайсысына берерін білмей, жұдырықтай басы шарадай бол
ды. Егер біріне берсе, бағанағы бие сықылды пәлені үйіп-төгіп,
іргесін түйіп қойып, шауып алуы айдан анық. Әйткенмен
Әбдірахман екі мырзаға сенікі дұрыс деген жақсы жауабын бе
ре қоймаған соң, «бізді кісі құрлы көрмеді» деп екеуі бірдей
ашуланып, Шәпеннің шығып келген жері Айқабақ еліне хабар
жіберіп шақыртады: «Жиылып келіп жесірін алсын, болмаса,
айыбын алсын, біз алып береміз, әйтеуір біздің айтқанымызға
көнбеді»,—дейді.
Күтініп отырған Айқабақ елі 50 үй тік көтеріле аттанып
келіп, қорада Әбдірахман шалдың үйіне дігір орнатып, қамап
алды. Бірақ Шәпен ұзатқан әкпесінің үйіне кеткен еді. Тап сол
күні көрші Самарқан дейтін етікшіге 12 жасар баласы Сыздық
қа жазғы тұры көтеремнен өлген жалғыз қарагер атының тері
сін иден әкеліп, етік тіктіріп жатыр еді.
Жау келіп қалды деген соң Сыздық бала мен Самарқан етік
ші етікті қолтықтап шыға бергенде, аңдып тұрған Айқабақ
жігіттерінен Сәдуақас, Сейіт дегендер бас болып, он жігіт ұрға
ны Сыздықты, ұрмағаны жерді ұрып, қолындағы жаңа былға
ры етікті тартып алды. Самарқан байқұс: «қойыңдар!» дегені
болмаса, қарсыласар дәрмені болмады. Басы-көзі қан, соққыға
жығылып Сыздық бала жатыр. Әбдірахманның қолынан бар
келгені—ауылдағы орыс ушителіне жығылып жатқан Сыздық
ты көрсетіп, үйіне көтеріп әкелген болды.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Айқұлақтар ертеңінде екі мырзаның алдына бітімге келіп,
Сентәбр базарынан әкелген екі қызыл құнажынды парымен
қорадан айдап шығып, жүре берді. Аппас, Мұхамәди мырзалар
қорадан өз қолдарымен алып берді.
Айқабақ кеткен күні ертеңінде екі мырза тағы кісі сал
ды. Ашуланған Әбдірахман шал ешқайсысына да болмады:
«Бермеймін!»—деді. Сол уақытта Аппас Қосдәулетовтің бірге
туған немере ағасы «Байқожаның Жүсібі» дейтін тентек атқа-
мінері болған. Сол кезде «Аппас айтқан адамға (Шопанайға)
қызыңды бере қоймадың»,—деп Әбдірахманға әңгіртаяқ орна
тады. Әбдірахманда бес сом алашақ қарыз болады. Жүсіп қы
сып сұраған соң пісіп отырған астығын сатып, бес сом ақшасын
баласы Сыздықтан беріп жібереді. Бала апарып бергеннің арты
нан ертеңінде Әбдірахманның жақыны кедей Қопабайға: «Бес
сом ақшамды әкеліп бер?»—деп жұмсады. Қопабай: «Кеше
баласынан беріп жібергені қайда?» десе, «Сен соның сөзін сөй
лейін деген екенсің!»—деп ұрып, Қопабай байқұстың басын жа
рады.
Қырық үйлі қырғыз Қосдәулеттің ауылында Әбдірахман
мен Қопабайға жәрдем беруші, бұлардың сөзін сөйлеуші еш
бір жан болмады. Байлардың партиясы қызуланады. Екі мыр
за ауылды екі жікке бөліп, қолдарына жиырмадан, отыздан
жігіт ұстап, бірінен-бірі қызғанып, Әбдірахманның үйіне кү
зет қояды. Екі жағынанда күзетшілер күні-түні күзетіп тұра
ды (15-ші жылғы октәбр, нойәбр ішінде), кешке ымырт жабы
ла жаяу-жалпы келіседі.
Күз өтіп, қыс басталып жұрт шанамен жүре бастайды. Сол
күні күн борасындай болып, балықтан ертерек қайтып, ымырт
шайын қара көлеңкемен ішіп жатқанда, үсті-басын қырау
басқан бір адам: «Кеш жарық!» деп кіріп келеді.
Бұл 5-ші ауылдағы Қойғайдың Бейсенбайы еді. Балық
алып, саудагерлік істеп жүретін. Мұның келгеніне, қолында
ғы балық шабағын сатып, ұн-шай қылып алайын деп Әбдірах
ман қуанып қалды.
—Бүгін боранда жөн тауып жүре алмаспын,—деп Бейсен
бай қонуға ыңғайланып, қонып қалды. Әбдірахманның үш бұт
тай балығы бар, мұны бұт жарым ұнға алмақ болып, балықты
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
бұттап, қорабына салып, ұнды екі күн өтіп, үшінші күн әкеп
бермек болады.
Астына мінгені күрең шабдар ат, 10 қадақ сұлыны басына
іліп, сұлымен суытпақ болды. Шананы қар басып қалар деп
қораға кіргізді. Үй ішінің қонақтың аты мен шанасында не
жұмысы бар. Жалғыз-ақ Әбдірахман шанасын кіргізейін деп
жатқанда: «Біздің үйдің маңайында күзетші тұрады, бір нәрсем
жоғалады деп қорықпа»,—деп күлді. «Күзетшіңді де көрерміз»
деген кісіше Бейсембай да мырс етті.
Азын-аулақ жатар асын ішіп, үй іші ұйқыға кірді. Бір
мезгілде тықыр шығып еді, Бейсенбай: «Мен атымды байқап
келейін»,—деп далаға шықты. Әр-беріден соң үй іші толған
кісі. Әбдірахманды кемпірімен байлап, балаларын шықпастай
қылып бастырып тастап, Мұхамәди жағының 20-30 жігіті
Шәпенді түн ішінде алды да жөнелді. Бағанағы қонып отырған
Бейсенбайымыз бұлардың жәрдемшісі болып, солармен бірге
кетті.
Түнгі күзетте тұрған Аппас жігіттері дәл сол күні боран деп
жатып қалып, Шәпенді алып кеткенін ертеңінде бір-ақ біледі.
Әбдірахманды маңындағы үйлер таң атқан соң байлаудан бо
сатады. Бұл оқиғаны естісімен орнынан тұра сала ауылдағы
Бектастың Қалиы, Аппастың енесі Сағила бәйбішеге барып:
«Құдай ұрып, сіздің жігіттер ұйықтап қалып, қызды (Шәпен
ді) Мұхамәди қалмақтағы Жапарға қашырып жіберіпті»,—деп
суық хабар берді (Сағила Аппастың енесі, Қосдәулеттің тоқал
қатыны, Мұхамәдидің енесі басқа қатын).
Сағила бәйбішенің мұндай хабарды естимін деген үш ұйық
таса түсінде жоқ. «Жігіттер, ау, [бірдеңе] қылыңдар, ау!» деп
Қалиды қолындағы ақ таяғымен бір салды. «Менің жазығым не
еді?» деп Қали кете берсін.
Мұны естіген Аппас мырза тұлыбына сыймай, ашуланып,
жігіттерін жиғызып алып, Әбдірахманның үйін шаптырғалы
жатқанының үстіне 5-ші ауылдан Ботбайдың сары көзі келді.
Қолдарына балта, күрек, сойыл, сүймен алған, бастығы—
Байқожаның Жүсібі. Шопанай, Жапар, Темірболат, Жақымбек
(жылқышы) т.т. он шақты жігіт Әбдірахманның қорасындағы
бар малын айдап алуға әзірленді. Осылай істеуге Аппас мырза
бұйрық берді.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Ботбайдың Сарысы: «Бұларың қалай, қызын қолынан беріп
отырған жоқ, өзі де кім алғанын білмей жылап отыр» десе,
бұл сөз Аппас мырзаның құлағына кірмеді. Сонымен, бұйрық
орындалатын болған соң Әбдірахманды айналдыра тұрайын,
мынау иттердің арасына шыдамай, баласының бірін өлтіріп тас
тар деп, Ботбайдың Сарысы аяңдап Әбдірахманға келді. Сары
мен Әбдірахман әңгімелесіп отырғанда, Аппастың әзірленген
жігіттері келіп, қорада тұрған Әбдірахманның екі өгізі мен
бір бұзаулы сиырын айдап алады. «Бұл қорлықты көргенше,
қолында өлейін!» деп ұмтылғанмен Әбдірахманды Сары жі
бермеді.
Аппас мырза қақпасына кірген жерден қоңыр ала өгізді
өкіртіп, бауыздап та тастайды. Қалған бір өгіз бен бір сиырды
сол сағатында, өзімен ауыз жаласқан төрт ауылдың атқамінер
биі Үсеннің Өскенбайына береді.
«Байтал түгіл бас қайғы» қолындағы күн көріп отырған
аз ғана малынан айырылып, барар жер, басар тауы қалмай
сандалып, аш-жалаңаш, жылап-еңіреп Әбдірахман шал қала
берді. Тап осы кезде Қосдәулеттің Омар дейтін үлкен баласы
аюдай ақырып, ел кедейлерінің жақсы жері, жақсы аты бол
са, тартып алып тұрған кезі. Бұл сықылды үстемдік құруына
байлығы, бектігі себеп болса, екіншіден, Елтоқтағы құдасы Ал
жан Жұманов болыс, Әлібек биі Омардың аузынан шыққан сөз
сағатында орындалатын себебі де осы болды.
Аш қасқырдай жалақтап «қайтсем кедейдің қанына тоя
мын?» деп отырған Омар қажыға тоқал шешесі Сағила бәйбі
ше Әбіл дейтін ақсақалды жібереді. Әбіл ақсақал Омарға ке
ліп: «Әбдірахман мен Қопабай үлкен қажының (Қосдәулеттің)
үйінің екі босағасын екеуі екі балта шапқылап, құлатқалы жа
тыр» деді.
Омардың естуі мұң екен, сағатында Алжан болысқа ат шап
тырып шақыртады. Омар шақырған соң болыстар тұрсын ба?
Ертеңінде сәске болмай-ақ қоңыраулатып келіп те қалады.
Әлібек болыс, Сыздық билері бар жиырма шамалы нөкерімен.
«Болыс келді» дегенді естіп жанын қоярға жер таба алмай
отырған Әбдірахман, Қопабай сықылды екі кедейді аттан түс
пей келіп, Қоңқақ поштабай айдап барып, Қосдәулеттің тері
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
жаятын сарайына қамап тастады. Олардан жауап алып, ақты-
қарасын тексеретін кім бар?
Көптен келмеген би-болыстар құдандасы Қосдәулеттің тұ
қымын түгел аралап, қонақ болып үш сөтке жатты. Соған дейін
жарық сәуле көрместен екі кедей суық сарайда қамаулы жат
ты. Күнде бір мезгіл сарайдың тесігінен бала-шағалардың бер
ген қара суы мен бір тілім наны болмаса, үш сөткеде басқа нәр
татқан жоқ.
Болыс-билер аттанарда арбаларының артына байлап әке
тейін деп жатқанда, Ботбай Сары кепілге сұрап алып қалды.
Болыс-билер кетіп, абақтыдан босанып Әбдірахман үйіне
келіп, «үһ» деп демін алып, екі-үш күннен кейін сол күндегі
ел адамдары Кежанбайдың Ержаны, Үсеннің Өскенбайы, Жан
батыр қажы сияқтыларға малының таланып, үрерге ит, сығар
ға биті болмай қалғанын арыз етсе де, кедей сөзіне көңіл бөлетін
кім болсын, даладағы жел сөз болып қала берді.
Сонымен Әбдірахман жаяу-жалпы жылап-еңіреп жүріп,
балық-шабақ алып жан сақтап, қысты өткізді. Қыстың өтке
ніне қуанса да, жазғы жан сақтау одан да қиынға соғатын
болды. Өйткені ішерге тамақ жоқ (сауарға сауын жоқ), мініп
шығар көлік жоқ, қысқасы, үрерге ит, сығарға бит жоқ. Кейі
геннен: «Әйтеуір, өлдім ғой, Қосдәулеттің қорасын өртеп бір
қыздырынып өлейін!» деген сөз Әбдірахманның шығып та
жүреді. Сол кезде байлардың сарайында көп мүлік ел көшкен
де сол қалпымен қалатын. Оған байлар жылда ел жайлауға
шығарда бір үйді күзет тастап кететін, биылғы жылы Сағила
бәйбіше күзетке басқа кісіге сенбей, жаңа Әбдірахманнің
әлгіндегі сөзін естіп: «Не қылса да алдап, соның өзін қояйын»
деп, Әбдірахманнің өзін шақырып алып: «Биылша күзетте
тұр, малыңды күзді күні қайтарамыз, оған дейін, ауыл қораға
қонғанша еңбегіңе бір сиырдың сүтін сау!» дейді.
Бала-шағасы аштан шулап отырған Әбдірахман сорлы
«Малыңды қайтарамын» деген соң, әрі «Бір сиырдың сүтін бе
рем» деген соң күпісіне сыймай қуанып: «Жарайды!» деп, ер
теңінде Қосдәулеттің қорасының түбіне құрым үйін тігіп алды.
Ел жайлауға көшуге әлі жиырма күн бар болса да, Әбдірахман
байқұс тоқылдағын алып, түнімен байлардың үйін айналып
күзетте тұрып, таң сарғая 5-6 шақырым Болат шалқарындағы
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
көлде ауы бар, ауыл тұрғанша оған барып, онды-бесті түскенін
күнделік қорек қылды. «Үйімнің жанына келіп түнімен ал
барымды күзетіп жүр-ау!» деген бай-бәйбішелердің ойына кіріп
те шықпайды.
Әрең өлдім-талдым дегенде ауылдың барлығы жайлауға
көшіп кеткеннің артынан сыңар емшек қызыл құнажынды
беріп кетті. Бір мезгіл шайын бозартқанына Әбдірахман қуа
нып қала берді.
Қырық үйлі қырғызда қыбырлаған жан иесі қалмай көшіп
кетіп, маса-сонаға жем болып, жалғыз-ақ үй Әбдірахман қал
ды. Не ермек қылып кіріп-шығар ауыл жоқ, не тойып ішіп оты
ратын тамақ жоқ, не түшіркеніп ұйықтап, тынығып отырған
жаны жоқ, күні-түні байлардың орамын айналып жүрумен бол
ды. Ұрын бұтағы мен он шақты үйдің орамын түгелінен айна
лып жүрмесең, тағы қиын, бір бұрауы жоғалса, байлар ойлаға
нын істеп, «өзің сатып жібердің» деп пәле қылып, абақтыға
жабудан қашпайды.
Осы қорлықпен алты ай жаздай азап шегіп, «ауыл қорып ма
лымды алам» деп жүрген Әбдірахманға ауыл көшіп қораға қо
нып алған соң «жылы мұрның...*» деп Аппас мырза мен Сағила
бәйбіше, сауып отырған сыңар емшек қызыл құнажынды алып
қалып, «өз қораңа көшіп баруыңа рұқсат» деп қайқайып отыр.
«Биыл берем деген малымды қашан бересің?» десе: «Өгізің мен
сиырың жоғалып кетіпті, бірақ түбінде беремін» деген сөзін ай
тады.
Ол өгіз бен сиырды жау да, жұт та алған жоқ, Қожакелді
дегі Батырқожаға қалың мал үшін берген (сол жылы Омардың
Кам дейтін баласын бәйбіше қолына алып, Батырқожа дейтін
байдың қызын айттырған).
Сонымен Әбдірахман өзінің қорасына қонып, өлмес күнін
көріп жата берді. Ол жылы тағы да баласымен балық-шаба
ғын салып жан сақтап, жазғытұры тағы да малын сұрап Аппас
мырзаға барса, «биыл жаз тағы да күзетте бол, біздегі малың
қайда кетер дейсің, малыңды қайтарамыз» деп алдап-арбап, ол
жылы тағы да бір сиырдың сүті мен бір бұт қара үн алып, ұлан
жаздай байлардың қорасын күзетумен өмірін өткізді.
* Түпнұсқада көп нүктемен берілген.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Сонымен Әбдірахман қыс балық шабағын салып, жаз бір
сиырдың сүтіне байлардың қорасын күзетіп, 15-ші жылдан 18-
ші жылға дейін қора күзетуші болады. Бірақ та талап алған ма
лын байлар бермейді. Сонымен Кеңес өкіметі орнаған соң бала
сы Сыздық азырақ оқып, сана-сезімі оянып, байлардан теңдік
алу жолын қарастыра бастайды.
Бұл оқиға —15-16 жылдың ішінде байлар үстемдігі жүріп
тұрған кездегі оқиға. Әбдірахманның 18-ші жылға дейін малын
бермей әрі толымды еңбек бермей, 5-6 жыл сүйретіп, қорасын
күзеттіріп, 18-ші жылы күзді күні қара жауында қора күзетіп
жүріп, суық өтіп, үш күн жатып Әбдірахман қайтыс болады.
Баласы Сыздық Кеңес өкіметі орнаған соң малын, еңбегін із
дегені бар. Бұл байлар барлығы кәнпеске болды.
5. ӨМІРДЕ ҰМЫТЫЛМАЙТЫН КҮНДЕР
—Мен не көрмедім,—деп бастайды сөзін Нұрман қарт,—
Селтекей балалары өмір бойы Нұралы тұқымында құлдық
та шіріді. 1916 жылғы қазақ еңбекшілерінің патша өкіметіне
қарсы көтерілісіне қатынасқаны үшін Олжабай жазалаушы
отряд әкеліп бар малымызды талап алды. Алты адамымызды
бірдей атып өлтірді, оның ішінде Әбжол Селтекейұлы, Пли
Ситекейұлы, Ақпет Селтекей келіні, Әбдіртай Дүйсенбіұлы,
Бекі Тайбағарұлы, Досжан Ойтанұлы бар.
Бұл жалшы-кедейлердің күн көзін көре алмайтын қара тұ
ман басқан кез болатын. Әкем Қали Селтекейұлы да өмір бойы
жалшы, бұл қанды қақпанға он төрт жасымда мен де іліктім.
Олжабай, Барлыбайдың қойын бақтым, тезегін теріп, отын
жақтым. Олжабайдың үлкен әйелі Қазиненің далаға шыққаны
да маған сор, мен шәйнегін алып аңдып жүргенім. Қанішер бай
лар қой бағуға ат та бермейді, өгізбен жүргенімде бір күні қойға
қасқыр шапты, Барлыбай үйінің бір қойын өлтіріп кетті, менің
қолымнан келер ешбір шара болмады. Қойды қасқыр жеді, мен
Барлыбайдан таяқ жедім. Ақыма тиетін бір қойды бермеді.
Бір күні Барлыбайдікіне немере ағасы Байұзақ деген түс
тенді, ет жерде:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Белдеудің қынындағы пышағымды әпер,—деді маған.
Қарасам, қында кездік жоқ екен.
—Қында пышағыңыз жоқ екен,—дедім мен. Барлыбай ор
нынан ұшып тұрып:
—Сен ұрлап алдың,—деп, мені құлақ-шекені ала қойды
келіп жұдырықпен, көзімнің оты жарқ ете түсті. «Көзім шық
қан шығар» деп ойлап едім, әйтеуір аман қалыпты. Артынан
байқасақ, кездік тағы бір түстенген үйінде қалған екен. Мені
жазықсыз ұрдың дейтін тіл жоқ. Тіл бар-ау, заман жоқ, жылап-
сықтап жүре бердік.
Нұралы балалары—қазақ ауылындағы жалшылар мен ке
дейлердің қас жауы ғана емес, Алашорда партиясының белсен
ді мүшелері Олжабай, Барлыбай, Төлеубайлар совет өкіметі мен
коммунистік партияның да қас жауы.
Олжабай патша өкіметінің болысы, Төлеубай адвокаты,
Барлыбай да байлардың, патшаның атақты, белсенді жауының
бірі. Бұлар совет өкіметін танымады, жарлы-жалшылардың
өкіметін елді билеп өмір сүреді деп те ойлаған жоқ. Өздерінің ел
ішіндегі қанқұйлы, жауыздық әрекеттерін жүргізіп жатты.
Ақмолада алғашқы орнаған Совет өкіметіне Ерейменді ме
кендеген езілген еңбекшілерден Нұралы тұқымдарының оз
бырлығы жөнінде көптеп арыз түсе бастаған. Совет басшылары
Жұмабай Нұркин бастаған бір топ большевиктерді Олжабай
дың мал-мүлкін конфескелеуді, өзін тұтқынға алуды тапсырып
жібереді.
Бұл—1918 жылы. Колчак бандаларының айтақтауымен
елдегі бай-кулактар бас көтеріп, Ақмоладағы совет мүшелерін
тұтқынға алады. Осы жағдайды Төлеубай хат арқылы Олжа
байға хабарлайды. «Ақмолада совет өкіметі құлады» деп жаз
ды ол, «Өздеріңе барған бір топ большевиктерді тұтқындап,
Ақмолаға жеткізіңдер» деп тапсырды.
Олжабай бастаған жүз шамалы адам Малтабарда қонып
жатқан Нуркиндерді ұстауға әрекеттенді. Большевиктер де
мұны сезіп, шегіне ағаш арасына кіре береді. Жұмабайдың
жанында Оспан Есжанов, Офанас дейтін әскерден келген орыс
жігіті бар, барлығы үш адам. Біреуі Малтабарда қолға түсіп
қалған-ды.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Қуғыншылар большевиктерге винтовкадан оқ атты. Олжа
байдың немере ағасы Жолдыбай Нұрмағанбетов: «Қолдарың
ды көтер, атамын!»—деп жақын келіп қалды. Есжанда алты
атар бар еді, қуғыншылар жақындап қалғанда, ол мылтықты
Офанасқа бере қойды. Офанас қолын көтере берген болып
Жолдыбайды тартып жіберді, Жолдыбай аттан ұшып түсті.
Офанас оның қолындағы винтовканы ала салып, жақын келіп
қалған Айтжан Шошановты винтовкамен атты. Айтжан да ат
тан құлады. Екі кісі жығылған соң, басқалары беттей алмады.
Қуғыншылар оқ тиген адамдармен айналысып жатқанда боль
шевиктер қалың орманға кіріп, ұзап кеткен болатын.
Ауылда совет өкіметі бірте-бірте нығая бастады. Жалшылар,
кедейлердің тап сезімі оянып, кімнің дос, кімнің жау екенін
айыра бастады. Нұрман Қалиев бұл жылдары Нұралы бала
ларынан қол үзіп, Звенигородка поселкасының кулактарына
жалданып тас қопаруды кәсіп еткен. Енді, міне, 23 жастағы
тепсе темір үзетін, көкірегін кек кернеген өжет те қайратты
жігіт өткен өміріне, алдағы іске көз жіберетін.
Ауылда совет сайлауы жүре бастады. Уезден келген өкіл
Сәтімов деген азамат Қоржынкөл болысына келіп, кісі еңбегін
қанаған бұрынғы болыстар мен байларды қара тізімге алып,
сайлауда дауыс правосын жойды. Кейбір қауіпті дегендерін
түрмеге де отырғызды сайлау кезінде.
—Бір күні,—дейді Нұрман қарт,—тас қопарып жүрген мені
7-ауылдық советтің кеңсесіне шақырып шапқына келді. Мен
әуелде ешнәрсені түсінген жоқпын. Өкіл Сәтімов: «Жолдас,
сізді Қоржынкөл болысының 7-ауылына совет председателі
етіп сайлауға ұйғарып отыр көпшілік, қалай қарайсың?»—деді
маған. Мен келісім бердім.
Бірақ та байлардың жақындары, құдандалары айтпай
Жүнісұлы дегенді ұсынып, уезге дейін арыз жазып, кісі шап
тырды. «Ел басқару жалшы Нұрман Қалиевтің қолынан кел
мейді, қараңғы» деп көрсетті. Байлардың бұл әрекеттерінен
ешнәрсе шықпады. Нұрман Қалиев Қоржынкөл болысы,
7-ауылға совет председателі болып сайланды.
—Алғашқы кезде мені совет председателі деп байлар, ат
қамінерлер танығысы келмеді,—дейді. Оларға енді Нұрман да
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
бағынбады. Жалшыларға, кедей шаруаларға арқа сүйеп, шын
мәнісінде өкімет билігін жүргізе білді. Нұрман өзі есігінде жал
шы болған Олжабай, Барлыбай, Сүлеймен, Имағанбет, тағы
басқа да байлар осы Қоржынкөл болысындағы 7-ауылда. Түрлі
алым-салық, халық жүктерін таситын көлік күштері, тағы
басқалары байларға баса салына бастады. Байлар мұны ауыр
сынып, не істерін білмей жүргенде, «Мұртқа өкпелеп жүргенде
сақал шықты, қақалғанның үстіне жұдырықтап» дегендей енді
жер бөлісі [шықты]...
Уезден, болыстан өкілдер келіп, ауылда да үштік комис
сия құрылды. Ауылдағы партия ячейкасымен жалшылардың,
кедейлердің бас қосқан жиналысы: «партия мен өкіметтің жер
бөлу жөніндегі саясаты өте дұрыс» деп мақұлдап, шабындық
жердің шұрайлысын жалшылар мен кедейлерге беріп, бұрынғы
жер иеленген байларды алысқа, нашар жерлерге ығыстырып
шығарды. Бұл кезде байлар, атқамінерлер совет өкіметін, оның
өкілдерін тануға мәжбүр болған-ды.
Жер бөлісі ірі байлардың мал-мүліктерін конфискелеу
науқаны алдындағы репетиция дерлік еді. Бұл өңір де ірі бай
лардың тізіміне алынған Олжабай, Барлыбай, Төлеубай, Уәйіс,
тағы басқалар болды. Төлеубай Қызылордада, Алматыда жү
ріп Олжабай, Барлыбайды екі рет тізімнен шығартып, жал
шы-кедейлердің қаулысын бұздырды. Жалшылар мен кедей
лердің жиналысы үшінші рет қайта қарап: «мал-мүліктері
конфискеленсін, өздері жер аударылсын!»—деп қайта қаулы
алып бекітті.
Сөйтіп, бұл байлар конфискеленіп, мал-мүліктері жалшы
ларға, кедейлерге бөлініп берілді де, өздері жер аударылды...
6. [ҚҰНАНБАЙ ТУРАЛЫ]
Тобықты Доғал деген адамның жылына көп ел жиналып ас
беріпті. Ат шаптырыпты. Осы бәйгеде Бәкең деген таптың бір
қойшысы мініп жүрген қоңыр бестісі бірінші болып келіпті.
Екінші болып найманның көксары аты келіпті. Бас бәйге жүз
тайынша, екінші бәйге елу тайынша екен. Бұған наймандар:
«Атты жақын жерден айдағандықтан, біздің атымыз қолты
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
ғын жазып шаба алмай қапты» деп наразы болыпты. Бұл топта
Құнанбай бар екен. Соған келіп найманның Түбек деген ақыны
[былай депті]:
—Құнанбай, қарамысың, төремісің,
Айналып ақ жүзіңді көремісің?
Тай шаптырмас өрістен ат шаптырып,
Көксары аттың бәйгесін беремісің?
Бәрекелді Құнанбай қоғамыңа,
Ат шаптырып, ас бердің Доғалыңа.
Тай шаптырмас өріске ат жіберіп,
Көксары аттың қалдың ғой обалына!
Құнанбай сөзден жығылып елу тайыншаның үстіне және
бір жақсы ат бәйге қосыпты. Найманды аттандырғаннан кейін
Құнанбай Бәкеңдерге:
—Жүз тайынша бәйгені ал, және бес түйе ауыздығына бай
лайын, қоңыр бестіні маған қалдырыңдар?—десе,
—Бізге де жақсы ат керек,—деп бермепті. Сонда Құнанбай:
—«Айдарлының алғашқы жан бергені осы ма екен» демек
ші, менің алғашқы зорлығым осы емес, соңы. Бестіні менен енді
жеңген жерінде алсын,—деп атты апартып, белдеуіне байлатып
алыпты. Сонымен сол ат Құнанбайда кеткен.
7. [ҚҰНАНБАЙДЫҢ ҚАЖЫҒА БАРҒАНЫ]
Құнанбай қажыға бара жатқанда, «жан ауру шығады» деп
мелисиялар тоқтатыпты. Сонда көп қажы жалаңаяқ құмда
отыр екен дейді. Күн ыссы. Сонда қасындағылар байқаса,
Құнанбайдың аяғының сырты ала екен дейді. Мелисиялар кө
ріп таңырқапты. Және: «Мына аяғыңның аласы не?»—депті.
—Мен—қазақпын, қазақ деген ұлт бар. Қазақтың білгіші
нің аяғы ала болады. Мен—сол білгішімін,—деп жауап етіпті
Құнанбай.
Бұл сөзді естіген мелисиялар бастықтарына айтып барыпты.
Сонда бастығы:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Ондай білгішті көрейін, шақыр,—депті. Шақырғаннан
кейін:
—Сен қай ұлтсың?—деп сұрапты.
—Қазақпын.
—Қайда барасың?
—Меккеге барамын,—десіп жөн сұрасқаннан кейін.
—Мәкка деген не?—деп төмендегіше бірнеше сұрақтар
қойыпты. Құнанбай былайша жауап беріпті:
—Ол Алланың үйі, оған біздің байығандарымыз барып, қа
жы болып қайтуға міндетті.
—Алла деген не? Ол қайда тұрады?
—Иә, жарайды. Бір кесе сүт әкел, қайда тұратынын айтып
берейін,—депті Құнанбай. Сүт әкелгеннен кейін:
—Мына сүтте май бар ма?—депті Құнанбай.
—Ие, бар,—дейді.
—Бар болса, сол май бұл сүттің қай жерінде тұрады?—
деп сұрақ қояды. Қасындағы мелисиялары мен сұрақ қойып
отырған бастық ол майдың қайда тұратынын айта алмайды,
«ішінде, ішінде» дей беретін көрінеді.
—Ендеше, Алла да сол секілді осы әлемнің ішінде,—депті
Құнанбай. Содан соң әлгі әкім:
—Рас, мынау, бір нәрсе біледі екен, білмегенмен айта біледі
екен,—деп Одесстен өткізіп тастапты.
8. АБАЙМЕН КЕЗДЕСКЕНДЕРІ ЖӨНІНДЕ
ЕСТЕ ҚАЛҒАНДАРЫНАН...
Бұл 1898 жылы еді. Керей Күшік деген адам менің ағам
Есмағамбеттің астындағы атын аударып алып, оның төлеуіне
бір торы айғыр мінгізіп қоя берген. Бір-екі жыл өткеннен
кейін, бұл бізге берген торы айғыр Найманнан ұрлап алып бізге
өткізген екен. Найман бізден айғырын танып, даулады.
Бұл кезде Қоңыркөкше тобықты болысы Қаратай Жалпин
еді. Қаратай бізге: «Найманның қылмысын бер, болмаса алған
адамдарыңды ұстат»,—деді. Сол себептен маған Абай алдына
баруға тура келді. Бұл уақытта жаман тобықты текебай руы
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
нан атақты үйші Естемірге Абай үй бастыртып жатыр еді. Бұл
адам маған ағайын. Мен келгенде Абайдың ауылы Бақанастың
бойында екен.
Ертеменен ерте келдім. Келсем, Естемір жалықпай мор са
лып, үй басып жатыр екен. Бұл күні ол кісі бір уық, бір кереге
басып, Абайға көрсеткен екен. Сонда Абай керегені көріп:
—Өз білгеніңмен жасай бер,—деген. Біраздан соң Естемір:
—Абай шайын ішіп жатқан шығар, баралық,—деді. Келсек,
шайын ішіп болып қалған екен. Келіп отырғаннан кейін Абай:
—Мына бала кім?—деп сұрады.
Бұрын Естемір менің жылқым туралы айтқан екен.
—Бұл мен сізге айтқан әнеу күнгі інім,—деді. Абай менің
бетіме тура қарады да:
—Осының мәнісін айтшы,—деді.
—Менің ағам Ысқақ Төрегелин Төребаевқа бір қызын беріп
еді. Ол «Керей Наушабайдан мал әперем» деп ертіп барған. Со
дан қайтып келе жатқанда атын аударып алып, ұрлап алған
семіз найманның атын мінгізіп қоя берген еді.
Абай ойланып отырып:
—Қарақұлақ Наушабай Күшік, бұлар біздер ізін баспай
тын адамдар, солардың ізін басып жүрген сен де сау сиырдың
боғы емессің ғой,—деп жауап қайырды. Ол аздан соң бәйбішесі
Еркежанға:
—Бәйбіше, сандықты алшы?—деді. Сандықты алғаннан
кейін, хат жазып берді. Хатты былай шыққаннан кейін Абай
дың қолының қисықтығына қарамастан, тауып шығарып
оқыдым. Хат былай жазылған екен:
«Дұғай сәлем, Қаратай ағамызға! Мына семіз найман та
ныған торы айғырды Күшік деген керейдің бергені рас. Оны ол
таныса да, мен тандырмаймын. Бірақ дуанында ұстаулы екен.
«Бұтақ тарқап шығады» деседі. Керей ұрлаған малын най
ман тобықтыдан қайтып алады, расы осы, бұған қысырмаңыз!
«Ибраһим Құнанбаев» деп қол қойыпты.
Осы қағазды Қаратайға бердім. Осы қағаз бойынша мен мал
дан құтылдым. Кейіннен менен мал даулағандарға, осы қағаз
тірегім болды. Ешкімге мал бермей құтылдым.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
9. [АБАЙДЫҢ ҚОНАҚ КҮТКЕНІ]
1902 жылда Қаражырықтағы Абайдың ауылына қонаққа
бардық. Қонақтың бірі—Ике Дүйсенов, екіншісі—мен. Үлкен
үйін қойып кетіп, кішкене ұранқай үй тігіп отыр екен. Үйінде
бізден басқа бір қонақ бар екен. Ол семіз найман адамы екен.
Бір семіз тоқтыны сойды. Ике Дүйсенов Абаймен замандас,
сырлас адам еді.
—Мұсабай болыс болып тұрғанда Ике Дүйсеновтің қыстауын
Дәбен Мұқажан Қожабаевқа аударып берді. Соны сіздің құда
ңыз Мұсабай Дәбеннің тілін алып, мені осындай қылды,—деді.
Сонда Абайдың айтқан жауабы:
—Мұсабай екеуміз осы күнде құдамыз. Мұсабай мені көр
мейді. Не үшін десең, «арамдығымды көріп қояды» деп. Ара
мызға тілмаш салып сөйлесеміз. Тарбаңбай деген келеді. Бұл
Мамайекең деген елдің соны айтайын деген тәуір жігіті жоқ
Тәуірбектен басқа. Бірақ жас өспірімінде қос артуға Сәменбай
тәуір бола ма деп едім...
Таң атқан соң шай ішіп, атқа қонбақ болдық. Өзі шығып
аттандырып, «қош!» деп үйге кірді. Біраздан соң артымыздан
біреу шақырады: «Абай шақырады» деп. Аттан қойдық. Біз
үйге кіре:
—Мен сендерге қымыз іш деп айтпаппын ғой,—деді,—
қымыз бұзылған, жаңа сабаға құйып, қайтадан ашып отыр
едім,—деп,—қымызды күтіп ашыттым,—деп қымызды орап
қойыпты. Қымызы ып-ыстық болып қайнап тұр. Абайдың
бәйбішесі үйде жоқ екен. Өзінің тамақ жағдайын күткені осы.
Қымыздан бір-бір кесе ішіп аттандық.
10. [АБАЙДЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ]
... Алты қасқырдың күшігін жазға салым ап келіп, асырап,
күз қоя берді. Сонда қасқыр бірнеше күнге шейін ауылды ай
налып адамдарменен, иттерменен, малменен бірге жүрді.
Бұл кезде Бибіш Абайдың қолында болған кездерінде Абай
34 жаста еді. Бұл 1879 жылдарында. Қайнағам Естемір Игем
бай баласы жылқысын бақты, күйеуім Шынтай қойын бақты.
Мен үй шаруасына айналыстым. Жиыны—Абайдың өзімен,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
оның балаларының қолында 13 жыл болдым. Ең алғаш барға
нымызда малымыз жоқ, қамқор адамның қарамағына барған
едік. Он үш жылдың ішінде бізге 500 қой бітті. Мен Абайдың
қолына барғанда 19 жаста едім. 32 жасымда өз еркіммен қайта
көштім.
11. [АБАЙ МЕН АЛШЫНБАЙ]
Абай он үш жасында атасы Алшынбайға сәлем беріп, аман
дасып қайтуға келеді. Абайдың қайын жұрты мен нағашысы да
қаракесек ішінде шаншар екен.
Абай Алшекең үйіне кіріп келсе, жиендерін сынау үшін
шаншардың алты-жеті шалы тосып отыр екен. Абай есіктен
баптанып, дауысын сыбызғыдай созып:
—Ассалаумағалайкум!—деп үлкендерге ізетпен сәлем бере
кіреді. Сонда ақсақалдардың біреуі қасындағы адамдарға бұ
рылып:
—Пай, пай-пай, мына көмейі суырылған шешен ұрпағы сә
лемінің өзін де әндете бергенін көрдің бе?—дегенде, екіншісі:
—Е, байғұс, әкесі Құнанбайға ұқсамай, көзін Құдай сақта
ған екен,—деп қалады. Үшінші шал да тыныш отырмай:
—Жүндес тоқты қошқардай бүкіл денесін әлден түк қап
тауын,—дейді. Сонда Абай қалған шалдарға сөз кезегін кел
тірмей, әлгі үшеуіне тесіле қарап:
—Әй, әттеген-ай! Қыздарыңды ұзатқанда, бәріңіз жабыла
жамырап: «Түкті бала таппа!» деп ескертпеген екенсіздер,—
депті. Орталарында отырған Алшекең теріс қарап мырс—мырс
күліп:
—Ал, ендеше, үшеуіңе бір сыбаға!—деген екен.
12. АБАЙ МЕН ҚИЯСБАЙ
(Бірінші әңгіме)
Қиясбай бірде Абайдың үйіне кіріп келіпті. Басына киген
қызыл елтірінің жүнін сыртына қаратып, пұшпағынан байлап
қойыпты. Абай оның басына қараса Қиясбай:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Абай аға, сені білгіш дейді, менің басыма кигенім ненің
терісі, тапшы?—депті. Абай күліп:
—Мен қайдан білейін, өзің айтпасаң,—депті. Қиясбай:
—Бәлі, Абай аға, бұл аң-таңның терісі емес пе,—депті. Абай
көзінен жас аққанша күліп:
—Жүрген жерің күнде ду,
Сыртың—аңқау, ішің—қу,—депті.
—Таптың, Абай аға, таптың,—деп Қиясбай басын изеп кү
ліпті. Сонан кейін:
—Абай аға, маған мына қағазыңды, қарындашыңды берші,
жазайын,—депті.
—Қияс, жаза ғой,—деп Абай қағаз, қарындаш беріпті.
Қиясбай қағаздың бетіне иір-иір етіп шұбыртып шимайлап
шығыпты да:
—Абай аға, сені жеті жұрттың тілін біледі дейді, мына жа
зуды оқышы,—депті. Абай:
—Әй, Қиясбай, мына жазғаның оқуға келмейді ғой,—деп
күліпті.
—Әй, Абай аға-ай, сізді ел босқа мақтайды екен, бұл айғыр
тышқанының ізі емес пе,—депті.
13 . АБАЙ МЕН ҚИЯСБАЙ
(Екінші әңгіме)
Қиясбай сыбызғышы болыпты. Оның қонышында жүретін
ырғайдан ойып, өңешпен қаптаған сыбызғысы болады екен.
Бір күні Қиясбай сыбызғысын тартып келе жатқанын Абай
естіп, бір жігітке:
—Ана Қиясбай келді, шақыр,—депті.
Қиясбай келіп отырғаннан кейін Абай:
—Қиясбай, сені ақын дейді ғой, өлең айтшы!—депті. Қияс
бай сыбызғысын ойнап, өзінше өлеңдетіп қоя беріпті:
—Ақ сиырдан туады жирен айғыр,
Қойға қасқыр шабады шоқаң-шоқаң.
Көктен жауып келеді боталы інген,
Буынғаным белімде сексен арқан.
13-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Абай көзінен жас аққанша күліп, өлеңін қайта айтқы
зыпты.
14. АБАЙ МЕН ҚИЯСБАЙ
(Үшінші әңгіме)
Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлары
Абай үйінде мәжіліс құрып отырады. Осы мәжіліс үстіне ке
нет Қиясбай кіріп келеді. Ешкім оны келдің-ау, кеттің-ау деп
елемейді. Қиясбай сәл бөгеліп тұрады да:
—Уа, игі жақсы тақсырлар,—дейді дауыстап,—Абай ағамда
оңаша айтарлық бір шаруам бар. Барлығың да шыға тұрыңдар!
«Мына неме не дейді?» дегендей, төрде отырғандар терісіне
сыймай дүрдиісіп Абайға қарайды. Абай:
—Иә, Қиясбайдың оңаша айтарлық шаруасы болса, шыға
тұрыңыздар,—дейді.
Жұрт амалсыздан дүрлігіп сыртқа беттейді.
—Немене, Қиясжан?—дейді Абай оңаша қалған соң.
—Абай аға, маған ұрыса көрме, жаңағы иттердің мені адам
құрлы көрмеді. Соларға өзімнің күшімді көрсетейін деп, әдейі
айтып едім,—дейді Қиясбай.
—Қияс, ризамын. Тапқырлығың үшін қой берейін, алып
кете аласың ба?—дейді Абай ішегі қатқанша күліп.
—Алып кетпейтін несі бар,—дейді Қиясбай қулана жы
миып,—Абай ағам өңгертеді деймісің, айдатады да жібереді.
—«Сөз тапқанға қолқа жоқ»,—деп Абай оған он шақты қой
айдатып жіберіпті.
15. АБАЙ МЕН ҚИЯСБАЙ
(Төртінші әңгіме)
Қиясбай сақа жігіт болғанша үйленбепті. Бір күні Абай
оған:
—Осы сенің не ойлағаның бар? Үйленетін уақытың жетті
емес пе?—депті.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Ұнатқан қызымды әперсең, үйленемін.
—Әперейін.
—Алдымен қыз қарап көрейін. Содан соң ұнатқанымды
өзіңе келіп айтармын.
Бір күні қазанның қара бораны соғып тұрғанда, Қиясбай
ебіл-дебіл боп Абайдың үйіне жетіп келіпті.
—Абай аға, тезірек шықшы, ұнатқан қызымды көрсетейін.
Абай шапанын жамылып сыртқа шықса, жамыраған бұ
зауына қарай жүгіріп бара жатқан қызды көрсетіп:
—Анау!—депті Қиясбай.
—Екеуің бірігіп, шаруа ұрып кете аласыңдар ма?—дейді
Абай сәл ойланып.
—Несі бар, сізге ұнамай тұр ма?
—Қайдам...
—Ендеше, өз көзіңізді былай алып қойып, орнына менің
көзімді салып тағы бір қараңызшы,—депті Қиясбай.
—Сезім айнасы—көз, әділет қазығы—аталы сөз,—депті
Абай,—Айтқаның болсын. Құдалыққа кісі жіберейін.
16. АБАЙ МЕН ҚИЯСБАЙ
(Бесінші әңгіме)
Ертеде Абаймен замандас әрі рулас Қиясбай деген кедей бо
лыпты. Ол өзінің тапқырлығымен, күлдіргіштігімен, әзілімен
атағы шыққан адам екен. Абай осының осы қасиеттерін терең
бағалап, қатты сыйлапты.
Бір күні Қиясбай Абай аулына келеді. Абай оны жақсылап
қонақ етеді. Қиясбайдың тапқырлығына қызыққан Абай әдейі
сөз тартып, аттанарында оның бұйымтайын сұрапты. Қиясбай
балаларына көже-қатық сұрай келгенін айтады. Сонда Абай
бәйбішесіне:
—Мына Қиясбайды етханаға кіргіз, қалағанынша ет алып
шықсын,—дейді. Етханада біраз кідірген Қиясбай қойдың басы
мен төрт сирағын ғана алып шығады. Бұған таңданған Абай
оның мәнісін сұрағанда, Қиясбай қолма-қол:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Басы, төрт аяғы бар қой жетекке жүре бермей ме?—деп
жауап береді. Сөзден жеңілген Абай:
—Ендеше қорадан таңдап бір қой ал,—дейді. Қиясбай қо
радағы қойды ол шетінен бұ шетіне бытыратып қуа береді. Бі
рақ ешқайсысын ұстамайды. «Мұнда бір мән бар шығар» де
ген оймен Абай оны тоқтатып алып, себебін сұрайды. Сонда
Қиясбай:
—Алдыма салып айдап әкетемін десем, жалғыз қой отардан
шығатын емес,—деген екен.
Сонша малдан жалғыз қой ұсынғанына қысылған Абай:
—«Сөз тапқанға қолқа жоқ»,—деп, сол жолы Қиясбайға ай
дап кететіндей оншақты тұяқ беріпті.
17. АБАЙ МЕН КЕЛІНШЕК
(Бірінші нұсқа)
Абай су әкеле жатқан бір сұлу келіншектің білегінен қы
зығып ұстай алады. Әйелге көңілінің кеткендігін айтқанда,
келіншек айтыпты:
—Шынмашын қасында бір қалың қамыстың ішінде бір
арыстан мекендеп жатып, халықтың адамын жеп, малын
жеп мазасын ала беріпті. Сол Шынмашын патшасы арыстан
тілін біледі екен. «Сіз барып арыстанға қой деп айтыңыз» деп
[ті] халық жиылып, болмаған соң патша сөйлесіп, бір ту бие
беретін болып бітім жасасыпты.
Бір күні бір бие әкеп байлап кетіпті. Сол биені екі-үш күнге
дейін арыстан жемепті. Ел тағы «арыстан өкпеледі» деп құзыр
қып патшаны жіберіпті. Патша сұрағанда, арыстан айтыпты:
—Сен өзіңнен төменгі уәзір болмаса, басқа адамның сар
қытын жейсің бе?—депті. Патша:
—Жоқ,—депті.
—Олай болса, мен де аңның арыстанымын, ана биенің оң
санын қарашы?—депті. Патша қараса, бір санын ойып қасқыр
жеп қойған екен. патша ұялып, басқа бие беріпті,—депті ке
ліншек.
Абай қолын алып, жүре беріпті.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
18. АБАЙДЫҢ «ӘЙЕЛДЕН ТОҚТАДЫМ»
ДЕГЕНІ
(Екінші нұсқа)
Осы өзімізбен дуандас Шыңғысты қыстайтын бір найман
ның қазақша бала оқытатын бір молдасы арғы Қапалға қа
райтын найманның бір байына бала оқытып жүріп, сол
байдың бір сұлу қызын алып қашып еліне келсе, елі паналат
пайды. «Ойбай, пәлеңді әкет, ұстап отыра алмаймыз, мына
жағымыздан күшті ел келеді де, шауып кетеді, қызын өзіне
апарып бер!» деп дамыл бермегеннен кейін, молда еліне отыра
алмай, алып қашыпты.
Қызды алып Абайға келеді. Осылай ана елден алып кел
генін, өз елінің отырғызбағанын бәрін айтқаннан кейін, Абай:
«Жарайды, осында отыра бер» деп бір үй босатып беріп, бір
отауы сықылдыландырып отырғызып қояды. Абайдың қай
ны Қарқаралы дуанына қарайтын Қаз дауысты Қазыбектің
тұқымы, Алшынбайдың Жүсібінің қызы Сыламбек болыстың
апасы екен. Сол апасының амандығын біліп кел деп жібер
ген Сыламбектің кісілерімен қолы бос қыз алып кеп жатқан
молда сөйлесіп, Сыламбектің қандай абыройлы адам екенін
сұрағаннан кейін, барып жатқан қаракесек адамдары: «Сы
ламбек Қарқаралыға қараған елдің толық, бір абыройлы ада
мы» деп айтқан соң, қыз алып қашып жүрген молдаға ой түсіп:
«Абай босататын болса, Абайдан хат алып, мына келе жатқан
құдалармен еріп, Сыламбектің қолына кетіп қалсам, ұзағаннан
ел қуып, ешкім келе алмай, сөз аяғы ұзарып, тиыштықта болар
еді-ау!—деп ойлап,—осы жерін Абайға айтып қарасам, қайтер
еді?» деген оймен Абайға айта алмай, мезгілсіз Абайдың үйіне
кіріп, шыға береді.
Бір күні Абай:
—Сен мезгілсіз не үшін келе бердің, ойыңда бір айтатын
жұмысың бар ма?—дегенде,
—Әлей, сізге мақұл келсе, айтайын деген бір сөзім бар еді,—
депті. Абай:
—Айт!—деген соң:
—Менің айтарым, мен өз елім пана бола алмағаннан кейін,
сізді пана қылып келіп отырған бір адам едім. Біздің найман
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
деген ел әуелден істің оң-терісіне қарамайтын ел еді. Және
«атадан келе жатқан осы екі елдің ортасына не бүлік болса да
жесір дауынан болатын еді» деп ойлап, менің үшін жақын жер
ден сізге сөз келе ма деп ойлап, мына келіп жатқан құдалар
дан естуімше, сіздің балдызыңыз Сыламбек деген адам да «кісі
паналатарлық адам» деп естігеннен кейін, мені осы құдаларға
қосып жіберсеңіз, ұзақмойын жерге найманның сөзі де бара ал
мас еді деп, жыл өткізіп, сол жаққа бара тұрсам, сөз де аяқсыр
ма еді, қайтер еді деп, ойлаған едім,—деген соң Абай:
—Ертең бір жауабын берейін, бүгін бара тұр,—дейді.
Ертең «кешегі айтылған сөзге не айтар екен?» деп тағы келіп
отырғанын Абай көріп:
—Сен кешегі сөзге келдің бе? Оған келген болсаң, бір Құ
дайдан басқадан қорықпа, бар, отыра бер!—дейді. Сонан шық
қаннан кейін молданың қолынан келгені «Абай бір Құдайдан
басқадан қорықпа деді» деп ұран қылып, «ана найман естісе,
қаймықсын» дегендей сөзді жаяды. Сонымен сөз аяғы ұзарып,
жаз шығуға айналған кезде арғы найман мен бергі найман ара
сына кісі жүріп, елдік айтып, бергі ел мал беріп, арғы ел мал
алып бітісетін болып, Абай қолындағы молдаға елінен кісі
келеді.
—Екі елдің ортасына кісі жүріп, мал беріп бітісетін бол
дық. Келін мұнда тұра тұрып, өзің елге жүр, мал беріп бітетін
болса, келінді қайтып келіп алармыз,—деп молданы шақырып
кетеді.
Абайдың қорасының әйнек жағында анда-санда жүріп бой
көтеретін, ішіне басқа мал, аяқсыз адам араламайтын сад аға
шы болады екен. Бірақ сол ағашта ауыз су ішетін құдығы бола
ды екен, бір соқпақпен ғана барып су алып тұратын. Абайдың
өзі отыратын үйінен үшінші үй қыз алып қашқан молданың үйі
еді. Түс кезінде біраз жүріп бой көтеру үшін, Абай сад аралау
үшін, тұсынан шығу үшін Абай үшінші үйге қарай еніп келсе,
келіншек суға бару үшін екі шелек алып, мойын ағашы қолын
да әзірленіп жатыр екен. Абайды көріп жалт беріп бұрылып,
жол бере берді.
«Сол арада келіншекке көзім түсіп кеткенде, көзіме үрдің
қызы сияқты көрінді. Үйден шығып жүре бердім де ойладым:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
«япыр-ау, мына молда байқұс жолдас боларлық адамды тауып
жүр екен-ау, өмірлік жолдас болмақ түгіл, мына келіншекпен
бір күн ойнап-күлгеннің арманы болмас» деп ойладым. Сол
бетпен сад ағаштың ішін аралап кеттім. Қайта айналып келе
жатсам, келіншек құдықтан су алып жатыр екен. Қасына та
ман келдім де, білегінен ұстап, ағаштың ішіне қарай жүрдім де
кеттім. Жетектеп келе жатқанда қолымнан шегініп, өтіп кет
кен жоқ. Көзімнің құйрығымен бетіне қарасам, беті бір қыза
рып, бір қуарып, ұяты бетінен шыққан адамдай болып келе жа
тыр екен. Келіншек тұрып:
—Япыр-ай, Абай ағай, сізбен қатар жүріп, сөйлеспек түгіл,
алдыңыздан көлденең өтетін жөніміз жоқ еді, өзіңіз жетектеп
келе жатқан соң айтпасқа болмайды ғой, бір ауыз сөз айтуға
рұқсат етерсіз бе?—дейді. Сөз құмар басым:
—Рұқсат, қандай сөз айтайын деп едің?—деп тоқтай қал
дым. «Қияпаты мұндай болғанда, сөзі өзіне сай келер ме екен?»
деген мақсатпен, сөзін естімек болдым. Сонда келіншек айтты:
—Өзіңіз білетін әңгіме ғой. Бұрынғы уақытта Балық шаһа
ры деген шаһар болыпты ғой, сол шаһардың жас азамат патша
сы болған екен. Құдай құдіретімен патшаның өзі ғана біледі,
басқа адам білмейді. Сол патша ұшқан құс, жерде жүрген аң,
күллі мақұлықтың тілін білетін болған екен. Әрқайсысына өз
тілімен сөйлесуге құдіреті жетеді.
Балық шаһары айналасына ат жеткісіз үлкен шаһар екен.
Сол шаһардың бір жақ тұмсығында қалың орман, жыныс тоғай
бар екен. Бір уақыттарда сол шеттегі елдің сол тоғайдың ішіне
кірген малы да, жаны да үйірге қосылмай жоғала беретін бол
ды. Мал-басы жоғалған адамдар: «Патшаға айтайық» деп, пат
шасына келді.
—Мұны бұрыннан бері неге айтпадыңдар,—деді патша,—
оған зерттеу жүргізу керек екен,—деп қасына қанша кісі алып,
ағаштың сол тұмсығынан келіп кірсе, ары-бері жүрген соң ал
дарынан бір арсыланның ізі кездесе кетті. Арыстанның ізін
көрген соң жанындағы көпшілік жанынан қорқып:
—Ойбай, мұны жоқ қылып жатқан осы екен, қайтайық,
өзімізді жеп қояр,—деседі. Патша тұрып:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Қайтпайық, сендер қорықсаңдар, мен бұл ізге түсейін,
менің қарамды көріп, алыстан отырыңдар, мен тоқтаған жер
болса, тұрып көріңдер,—деп, патша ізге түсіп жүріп кетеді.
Ары-бері жүрген соң алдынан үңірейіп жатқан арсыланның іні
килігеді. Патша тұрып, өз тілімен:
—Ал, мақұлықтың патшасы арсылан, бар болатын болсаң,
шық, сөйлесейік!—дейді. Інінде жатқан арсылан шыға келіп,
өз тілімен айтқан соң, адамша амандасып, сөйлесе кетеді.
Амандасып болған соң патша тұрып:
—Ал, мақұлықтың патшасы, бұ қалай? Келгендігіңді біл
діріп, жөніңді айтпай, менің малыма, жаныма мұнша ақат
келтіргенің не қылғаның?—дейді.
—Ей, адамның патшасы, сенің менімен елдесіп, мұндай
сөйлесетініңді мен қайдан білейін, бұрынғы өз әдетімді ұстай
бердім де,—дейді. Сонда патша:
—Бұрынғы өтер іс өтіп кетіпті. Енді өзің қандай қонақасы
мен қанағаттанасың және қанша тұрасың?—дейді. Оған:
—Сөткесіне бір ту бие берсең болады,—дейді.
—Оны қалай әкеліп беруге болады?—дескенде, бір ағашты
белгі қылады:
—Таңертең мына ағашқа әкеп, бір адам бір ту биені байлап
кетсін, келесі таңертең ол адам жүген-ноқтасын жинап алып,
екінші биені әкеліп байлап отырсын, өзің кетіп қаларлық
болсаң, мына ағашты құлатып кет, кеткеніңнің белгісі сол
болсын,—деді.
Сонда арсылан бұлай елдескеннен кейін: «Мен еш нәрсеңізге
зарар келтірмеймін, қорықпай жүре беруге болады».
Арсылан інінің басында жата береді. Патша кейін көпшілік
ті шақырып алып:
—Мен солай сөйлестім, арсылан тимейтін болды, мына ағаш
қа күніне бір бие осылай байланады,—деп ағашты көпшілікке
көрсетеді. «Ертеңнен бастап сол ағаш құлап қалғанша, күніне
бір бие бір күн біреуің, бір күн біреуің байлап отыр»,—деп, үлес
қылып салып, күнін жазып, тізім қып көрсетіп қояды.
Сол қалыппен бірнеше уақыт бүгін байлаған кісі ертең ба
рып ноқтасын алып, екінші кісі биені байлайтын болып, жан да,
мал да қорықпай аралас жүре беретін болды. Бір күні бір адам
апарып бие байлап, ертең ноқтасын алайын деп барса, биесі
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ... желінген жоқ. Екінші күні барса, тағы тұр. Үшінші күні барса, бие ағашты кеміріп әлі тұр. Кетіп қалды ма деуге ағаш құлаған жоқ. «Қой, мұны патшаға айтайық» деп патшаға келеді. —Ағаш құламаса, бір себеп болған шығар,—деп патша атқа мініп, іннің басына келіп: —Ал, мақұлық ханның патшасы, бармысың?—деп шақы рады. Үш күнде дәм татпаған аш арсылан інінен имиіп шыға келеді. Патша тұрып: —Бұ қалай, бұл биені не себепті жемедің, кетіп қалды ма де уге ағаш құлаған жоқ, бие байлаған адамдар: «Осы күнге дейін бие желінген жоқ» деген соң, аурып қалды ма, не болды?— деп,—білейін,—деп өзім келдім,—дейді. Мақұлықтың патша сы: —Бұлар тура айтыпты. Малды қалай жейін, биеңнің жа нына барып қарашы!—депті. Патша биенің жанына келсе, тай күнінде тақымын қасқыр тартқан екен. —Япыр-ай, мына шіркіннің айып көргені мынау екен ғой, —деп қайтадан жарақатсыз бие әкеліп байлатқан екен. Сол сықылды қайдан білейін, Абай аға, не оймен жетектеп келе жатқаныңызды? Қолыңызда отырған сол арсылан айтқандай, адамның патшасы едіңіз, мен бір жарақатты мақұлығың едім, ендігісін өзіңіз біліңіз?!—дегенде сөзінен тоқталып, қолын бо сатып қоя беріп, тұрып қалдым дейді. —Міне, мені төтелі сөзбен тоқтатқан адамның бірі—осы балдызым,—деген екен. 19. АБАЙ МЕН МҰСА МЫРЗА Мұса мырза Ақмолаға барса, бір жағынан Абай да барады. Айтпай деген қажы Абайды шақырып, Мұсамен сөйлестірмек болып Абайды шақырып келсе, Мұса қолын қалтасына салып жүреді, кіріп келген Абайды байқамай қалады. Абай сыртынан тұрып: —Делбе болған жылқыша сенделіп жүрген бұл кім?—дейді. Сонда Мұса қарап тұрып: —Қалмақ бетті, қатын көтті мынау кім?—дегенде Абай:— Ұялып қалдым,—депті.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
20. АБАЙ МЕН ҚҰНАНБАЙ ТУРАЛЫ
Бір мәжілісте отырғанда, Абай жас бала кезі ғой, әкесіне:
—Әкеден бала ширек кем туады деп еді, өтірік екен ғой,—
депті. Құнанбай:
—Неге?—дегенде,
—Ей, мен сенен артықпын ғой,—депті Абай. Сонда
Құнанбай:
—Сен өзінен артық бала туғызсаң, артықсың, өзімнен артық
бала туғызған сенен мен артықпын,—депті.
21. [АБАЙ МЕН ҚҰНАНБАЙ]
Тағы бір қарттармен отырған мәжілісте Абай әкесіне:
—Қазақта бізден артық бар ма екен?—деп сұрақ қойыпты.
—Ой, былшылдамай отыршы,—депті Құнанбай. Мұны естіп
отырғандар:
—Ей, баланың тауын қайырма, айт!—депті дейді.
—Бізден төрт кісі артық: Алшынбай, Тұрлыбек, Қазанқап,
Шорман,—деп жауап етіпті Құнанбай.
—Оның артығы не?—депті отырғандар.
—Алшынбайдың артығы мынау: қандай үлкен әкімдер
келсе де, алдынан кесе өтпейді. Тұрлыбектің артығы мынау:
келген әкімдер қас болам деп келсе де, дос болып шығады.
Қазанқаптың артықтығы мынау: осы дауда төлеуге малы жет
пес десе, жұрт малынан көп мал алып шығады. Шорманның
артықтығы мынау: Шорманнан бала туса, шен ала туады.
Мұнан басқа қазақтар бізбен қатар ғой,—депті Құнанбай.
22. АБАЙДЫҢ ЕРТЕГІСІ
Бір күні Баймағамбет:
—Абай аға, сіз маған араб, парсы, орыс, түрік халықтары
ның талай ертегілерін айтып беріп, маған жаттаттыңыз. Енді,
анық қазақ халқының өз тұрмысынан алып, жаңа, өзіңіздің
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
жаныңыздан шығарып, бір жақсы ертек айтып беріңізші?—деп
қалыпты. Сонда Абай:
—Ендеше, тыңдап отыр, екеуміз ақылдасып отырып, бір ер
тек шығарайық. Соңынан сен маған айтып бересің?—депті де,
мына бір ертекті жанынан шығарып айтыпты:
—Ерте де қазақ елінің көпшілігі кедей болыпты. Тек қана
ата дәулет, абырой-атақ арқасында не саудамен, не ел жеумен
болмаса, қызын сатып, қалыңмал алумен бай болған байлар
бірен-саран ғана екен. Кедейлер ішсе тамаққа, кисе киімге жа
рымапты. Сонда бір нашар адам кедейліктен өлер халге жеткен
соң, басқа істерлік кәсіп таба алмай, қолына аса таяқ ұстап, ба
сына аққудың терісін киіп, қайыр-садақа жинап, кейде өтірік
бал ашып ел аралап жүріпті. Бір уақытта тентірей-тентірей өз
елінің жерінен шығып, басқа бір рудың ішін аралап келе жатса,
алдынан жаңа ғана бір ел көшкен жұрт кез болыпты.
Диуана жаяу жүруден шөлдеп келе жатыр еді. «Су ішейінші,
осының құдығы әзір таза шығар» деп құдыққа келсе, құдық
тың ішінде бір ақбас атан түйе жатыр. Оны суырып алуға ша
масы жоқ, суды тағы іше алмай таяғын алып, бағанағы көшкен
ауылдың сүрлеуімен аяңдап, сол ауылды іздеп жүре береді. Бір
күндерде келіп әлгі ауылдың үстінен шығады. Сол ауылға кел
се, байдың алты қанат ақ ордасының ішінде лық толған жиын.
Бай еліндегі бақсы, құшынашты жинап алып, жоғалған түйе
сіне бал аштырып жатыр екен. Бақсылар қобыз тартып, жын
дарымен сөйлесіп, ақырында жұрт жорырлық ештеңе айта ал
мапты. Сол кезде байдың көзі диуанаға түсіп:
—Е, диуанам, сенде бір қасиеттен кенде емес шығарсың,
болжап көрші! Жоғалған ақбас атан малымның құты еді,—деп
ті. Диуана:
—Байеке, мен ойнар едім, бірақ мына екі бақсы қобызда
рымен ерітіп, кісілерімді тартып алып отыр, әділетіңізден сұ
ранамын, менің жындарымды өзіме қайтарыңыз?—депті. Бай
бақсыларға:
—Өңкей ұры, залым бақсылар, менің түйемді іздеп сарнап
отыр екен десем, біреудің жынын алдап, өздеріне кісі қылып
алуға сарнаған екенсіңдер, қазір жаныңның барында диуана
ның жынын өзіне қайтар!—депті. Бақсылар:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Байеке, біз жын ұрлағанымыз жоқ, диуана өзі ойнай
берсін,—депті. Диуана олай-бұлай қозғалып, ойнай алмаған бо
лып:
—Байеке, мыналар беретін емес, көйлектерінің ішіне кір
гізіп алды,—депті. Бай ашуланып, екі бақсыны жалаңаштап
дүре соқтырыпты. Сонан кейін диуана таяғын сылдырлатып,
көзін алартып, секіріп жүріп, бір мезетте:
—Сүйінші, байеке, сүйінші! Түйеңіз табылды, түйеңіз әлі
тірі, осы ауылдың құдығында жатыр, құдықтарыңызды қара
тып па едіңіз?—депті. Бай:
—Ой, не айтасың, құдық дегенің мынау, су ішіп тұрған емес
пе, онда сайтан да жоқ!—депті. Диуана:
—Тақсыр олай болса, ескі жұртыңыздағы құдық. Осы сөзім
өтірік болса, басымды берейін!—депті. Бай бұл сөзге иланып,
үш-төрт кісіні атқа мінгізіп, шапқызып жіберсе, олар аман-есен
ақбас атанды құдықтан шығарып алып келіпті. Жұрт сүйсініп,
қайран қалыпты, бай да қуанып өте риза болыпты,—дейді де,
Абай қорғалақтап отырып Баймағамбетке қарап:
—Ұқтыңыз ба?—депті.
—Абай аға, ұқтым ғой, бірақ осыған осы бай не бергенін
айтыңызшы, мен соны күтіп отырмын?—депті. Сонда Абай:
—Сен айтшы, осыған бай не береді деп едің?—депті. Бай
мағамбет:
—Меніңше, мұндайлық көріпкел диуанаға әрі сеніп, әрі ри
за болып, осыған бір жақсы ат міндірді,—дей бергенде, Абай:
—Ой, жаның шықсын, бүйтпесең, қазақ боласың ба? Өтірік
тің де қисыны бар. Бұдан бай бәйбішесін шақырып алып, бір
табақ соқпа мен бір ескі көйлегін бергізді. Бай бұл сыйын: «ең
бағалы, көп берген дүнием» деп есептепті,—деді. Баймағамбет:
—Дұрыс, Абай аға, енді аяғын ұзарта түсіңіз, тым шолақ
болатын,—депті. Абай:
—Диуана байдың сыйын алып, ол ауылды аралап, қайыр-
садақа алыпты да, өз еліне қайтып келіпті. Бірнеше күн өткен
нен кейін әлгі байдың жайлауға шығарда жатаққа қалдырып
кеткен барлық қоймасы, жасау-жабдықтары жоғалыпты. Кім
алғанынан күзге дейін хабар-ошар болмапты. Бай еліне де,
келген-кеткен адамдарға да: «Бұл малым табылады, азар болса
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
түнеу күнгі диуанаға қос атпен кісі жіберем. Ал оның қандай
көріпкел екенін түнеу күні көздерің көрген» деп добылап та
байқады, ешнәрсе болмады.
Ақырында бай қос атпен диуанаға кісі шаптырды. Диуана:
«Бай шақырады» дегенде: «Е, маған бір сый бергелі шақыр
ған екен» деп қуана-қуана байдың ауылына келіпті. Келсе,
байдың қабағы жабыңқы, бір үлкен реніште отырған көрінді.
Диуананың сәлемін алысымен-ақ, бай бастан-аяқ болған жайды
айтты да:
—Диуанам, осы малымды тап!—деді.
Диуана бір сұмдықтың таянғанын сезді. Өзінің өтірігінің
енді беті ашылатынына көзі жетіп, қатты қысылды.
—Қой, бұдан кешке қашып кетіп құтылайын, болмаса, ана
жолы түйені өзім көріп келіп айттым. Абыройды ақбас атан
жапты,—деп ойланды. Аздан соң:
—Байеке, ауылдан аулақ, оңаша үй тіккіз, екі босағасына
екі бәйге ат байла, кешке жақын сонда елді жина!—депті. Бай
барлығын да істепті. Диуана ойнайды: домалады, жүгірді, сар
найды, бір кезде дымы құрып, болдырады. Өзін-өзі зорлап, түрлі
қинауға салғанда, диуана көзі аларып, өңі қашып, қолындағы
таяғын кім көрінгенге нұсқап, өзінің есі дұрысындағы ойлаған
мақсатының әсерімен: «Әй, екеу-ай, екеуің қолыма бір түссең-
ау!»—дей берді.
Бір уақытта әбден дымы құрып шаршайды да: «Не тапқа
нымды есті, айтам! Мені де үйдің маңайында оңаша қалды
рыңдар!»—деді. Жұрт тарқайды. Диуана ел ұйықтасын деп,
әзер тосып отырып, енді екі атқа мініп кетейін деп тысқа шықса,
бір екі жігіт барлық байдың жоғалтқан жасауын әкеп, босағаға
жинап жүр. Диуананы көріп:
—Тақсыр, әулие, бізді айта көрме? Сіз бағана «екеуің,
екеуің!» дегенде-ақ біз тапқаныңызды біліп, өзіміз апарып
беріп, әулиенің өзіне жалынайық,—дестік,—байдың дүниесі
түгел,—депті.
—А, осылай болса керек, мен сендерді кеше білгем, қалың
топтың ішінде масқараламайын деп, сендерге жаным ашып
айтпадым. Ал өздерің осы маңайдан тез кетіңдер!—деді. Диуа
наның әмірін орындап екі ағайынды ұры өз жайларына кетті.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Таң атты. Бай да, ел де бұл сықылды керемет істі адамға өте
разы болды.
Баймағамбет:
—Ал бай осы жолы не берді?
Абай:
—Бай бұл жолы жардай түйеге мінген, бір қыршаңқы ай
ғыр, байтал берді. Сонымен бай «байталды ұстатып берейін» деп
құдықтың басына келсе, дереннің қасында бір бақа секіріп жүр
екен. Бай таяғымен екі рет сілтегенде тигізе алмады, үшінші рет
ұрғанда дәл тигізді. Бақаны таяғының ішіне салып алды да:
—Шақыр әулиені, шын әулие болса, осыны тапсын!—дейді.
Диуана келді.
—Диуанам, сіз әулиесіз ғой, менің мына таяғымның ішінде
не бар? Диуана енді састы. «Алғашқы жолы көзім көрді, екінші
жолы ұрылардың өзі келді, үшінші жолы ұсталдым-ау!»—деп
ойлады. Ары ойлап, бері ойлап таба алмады. Әбден қысылған
соң, диуананың руы Матай ішінде Бақы деген тап екен.
—Е, Бақы, алғашқы жолдан өтіп ең, екінші жолдан өтіп ең,
үшінші жолы шаруаң бітті ме?—дей бергенде, бай:
—Ой, тақсыр, құлдық, таптыңыз, бақа!—деп таяғындағы
бақаны тастай беріпті.
—Ал, Баймағамбет, сен өңдеп айтып өт!—депті. Сонда Бай
мағамбет басынан аяғына дейін айтып шығыпты.
23. АБАЙ КЕДЕЙЛЕРГЕ ҚАМҚОРШЫ ЕДІ
Абай өз заманындағы адамшылығы мол, кем-кетікке жәр
демі көп, көпшіл мейірімді кісі еді. Біздің Көкенталының бауы
рында тұратын Ұзатқан деген бір кедей шаруамен өткенінше
дос болып өтті. Дәйім Семейге келгенінде, қайтқанында ылғи
сонда түсіп, сонда қонушы еді. Ұзатқан тіпті, сіңірі шыққан
қара қасқа кедейдің өзі еді. Оның о жақ, бұ жағынан күннің
сәулесі жұлдыздай андыздап тұратын қара лашық ішінде Абай
аткөрпесін астына салып, шапанын жамылып, жеңін жаста
нып талай қонды. Сөйтіп жүргенде бір күні түнде Абай қонып
жатқанда қалың нөсер жаңбыр болып, Абайға үйден пана
боларлық орын табылмапты. Абай:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Қайтер дейсің, жаңбыр нұр ғой,—деп шапанын басына
бүркеніп, таң атқанша жата алмай отырыпты. Ертеңінде Абай
қайтарында:
—Ұзатқан, күзем кезінде біздікіне келерсің,—депті. Айт
қандай, ел күземін алған соң Мұсақұлда отырған Абайдың ауы
лына Ұзатқан келіпті. Бірнеше күн жатып, енді қайтарында
Абай Ұзатқанды шығарып алып:
—Не сұрайсың, досым?
Ұзатқан:—Түк сұрамаймын,—депті.
Сонда Абай:—Мынаған, бір ат әкеліп ноқталаңдар,—депті.
Сонда Ұзатқан:
—Әй, Абайжан-ай, қателестің ғой,—депті. Абай:
—Олай болса, мынаған бір үлкен кесек киіз дайындаңдар,
атты да, киізді де ал, разымын!—депті.
Ұзатқан:—Абайжан, бұл бір кесек киізді жаңбыр жауған
күні сенің тұсыңа тартам ба, өз тұсыма тартам ба?—депті. Сон
да Абай сүйсініп:
—Е, байқұсым, солай,—деп бір жақын адамдарын шақырып
алып:
—Қазір төрт қанат үйге бау-шуымен киіз дайында!—депті.
Сөйтіп, осы жолы Ұзатқан бір ат пен төрт қанат ақ үй алып
қайтты. «Сол үйдің киізін біздің бала кезімізде көрдік» деп
ауылдағы кемпір-шалдар талай айтқанын естігемін,—дейді.
24. АБАЙ АДАМНЫҢ ШЕШЕНІ
(Бірінші нұсқа)
Абайдың алғашқы атқа мініп, ел сөзіне кірісіп жүрген
кезінде, найман елінде жеті болыс елдің бас қосқан бір ұлы
дүбір жиналысы болыпты. Сол жиналысқа тобықтыдан бала
би Абай келіпті. Билер отырған үйге сәлем беріп кіріп келсе,
бұрыннан отырған өңшең семіз, жуан қарын егде билер Абай
ды біле тұра, жөндеп орын бермепті. Бұл кезде бұлар Абайды
«Орысша оқыған, дінді де толық ұстамаған» деп жаратпай
жүретін кездері болса керек.
Абай келіп, төрдің ең жоғарғы ортасына келеді де, отырады.
Жұрт өте салқын амандасады. Біраздан соң билер намаз оқуға
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
кіріседі. Абай бұрын намаз оқымайтын. Бірақ осы арада бұл да
елмен қатар намазға тұрады. Найманның бір биі имам болады.
Тәрізі осы би өзінше отырған билердің ішіндегі әрі айтқыш, әрі
жасы үлкен беделдісі болса керек.
Намазды оқып болып, орынға отырып жатып Абайға:
—Шырағым, сен осынша тәкаппар екенсің, тәкаппарлық—
кәпірлік, намазыңды қайта оқы!—депті. Абай:
—Мәнісін түсіндіріңіз,—десе, әлгі би айтыпты:
—Біз бәріміз қолымызды кеудемізге қойып саламат айт
қанда, сен бойыңды өте керіп, қолыңды кіндігіңнен төмен
тәніңіздің басына қойып тұрдың. Бұл—құлшылық емес, тә
каппарлық, жуандық. Сондықтан бұл ісіңіз кәпірге ұқсайды,—
депті. Сонда Абай:
—Бұлай болса, иншалла, мен мұсылман екенмін, сен қа
сындағысын қарақтаған шайтан екенсің. Менің көзім сәждеде,
көкірегім Аллада, аузым саламатта тұрғанда, сенің көңілің
күндестікте, көзің менің көтімде болыпты ғой, намазды сіз
қайта оқыңыз, әйтпесе, мұныңыз намаз болмайды,—депті.
25. АБАЙ МЕН БӘКЕННІҢ КЕЗДЕСУІ
(Екінші нұсқа)
Абай мен Бәкен Семейде Уақ Нұрке болыстың үйінде
кездесіп, бірге болады. Сол үйге қонады, түнгі намазды оқымақ
болып Абай Бәкенге:
—Сіз имам болыңыз,—дейді. Бәкен:
—Жоқ, өзің бол, бір емес, екі мектептен оқыдың,—деген
екен. Абай имам болып, намаз оқып болғаннан кейін Абай
Бәкенге:
—Сіздің намазыңыз дұрыс емес, қайта оқыңыз,—деген
екен.
—Неге дұрыс емес?
—Сіз қолыңызды кіндік тұсынан байлау керек еді, ал сіз тө
мен байладыңыз. Сондықтан намазыңыз дұрыс болмады, қайта
оқығаныңыз жөн,—деді. Бәкен:
—Жоқ, сіздің намазыңыз дұрыс емес, сіз қайта оқыңыз.
—Қалай дұрыс емес?
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Имамның намаз оқып тұрғанда көңілі—Аллада, көзі сәж
деде болуы керек. Ал сіздің көзіңіз менің бәленшемде болды.
Сіздің намазыңыз дұрыс емес, намазыңызды қайта оқыңыз,—
дейді.
Абай Бәкенді сөзден тоспақ болып шалып еді, бірақ өзі то
сылып қалған соң, басқа әңгіме болмай қалды.
Бәкен қоштасып кетіп қалды. Абайдың жанындағы адам
дар:
—Абай аға, жаңағы Бәкең мен екеуіңіз аз сөйлестіңіздер
ғой. Біз сөздеріңізді естіп, мерейлене тыңдап, құлақ құрышын
қандырамыз ба?—деп едік.
—Бәкеннің теріс сөзі—күлкі, ойын сөзі—үлгі. Мұндай адам
дүниеге сирек келеді. Сөздері шариғаттан тысқары емес. Оқы
мағанмен, сөзі орынды. Бәкендей ұл туа бермейді,—деп Абай
баға берген екен.
26. АБАЙ ӘДІЛЕТТІ ЕДІ
Абайдың Базарәлімен ұстасып жүрген кездерінің басқы
уақыттарында мен ылғи Абайдың қасында атшы болып жүрдім.
Содан бірер жыл өткен соң Базарәлі маған кісі салыпты: «Ме
нің сүйегімді жасытып, туысымды қорлап, Абайдың қорасы
ның шетінде отырмасын, көшіп келсін. Әгар, жаумен бірге
жаумын десе, отырсын. Онда тірі болам деп ойламасын!» депті.
Осы хабарды алысымен Базарәліден қорыққанымнан бір күні
түнде, Абай үйде жоқта көшіп, қашып кеттім. Ақберді деген бір
Абайдың бай туысқанынан бір жақсы аттың майын мінгенім
де, оны бір күні тоқтамай шабамын деп өлтіріп алғанмын. Оның
орнына беруге малым болмаған соң, билердің алдында подписке
бергенмін. Бұдан соң бір жыл шамасында Ақбердіге астымдағы
атымды түсіп беріп, бересі ат борышынан құтылдым. Бірақ сон
да Ақбердідегі подпискемді қайтып алмаппын.
Тағы бірер жыл өткен соң Базарәлі айдалып кетіп, екі ауыл
кескілескен араз. Тіпті, мен де барсам, ауыр өсек, қол күш жа
ғынан Абайға деген қастықты аяғамын жоқ. Сөйтіп жүрген
жігітекке болыс, билер келіп, сиез ашып, елдің аласыларын
алып беріп жатты. Сиезге Абай да келген. Бір күні жоғарыда
14-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
айтылған Ақберген деген адам болыс-билерге, қолындағы бая
ғы менің берген подпискемді көрсетіп, менің астымдағы атым
ды аудартып алды.
Мұны сол күні-ақ Абай естіп, мені де шақыртып, Ақбердіні
де шақыртып алды. Сөйтсем, Абай менің Ақбердінің атынан
құтылғанымды өзі біледі екен. Ақбердіге ұрысты. Менің атым
ды өзіме алып берді. Азырақ отырған соң бір жазулы жатқан
қағазға тағы біразырақ жазды да, мына бір өлеңді бізге қаратып
оқып берді:
Құйрығы—шаян, беті—адам,
Байқамай сенбе құрбыға.
Жылмаңы—сыз, іші—арам,
Кез болар қайда сорлыға,—деп тақпақтады,
Қорамжанға қарап:
Досыңа достық—қарыз біл,
Дұшпаныңа әділ бол.
Асығыс түбі—өкініш,
Ойланып алмақ—сабыр сол,—деді.
27. АЛЛА КІМ?
Абай артық мінез, өтірік дінді бала жасынан-ақ мазақтаушы
еді. Абайдың Семей медресесінде оқып жүрген кезі. Бір жыл
жазды күні Құнанбай Семейдегі бір имамды шақырып әкеп,
қонақ қылды. Елге дін туралы өсиет айтқызып, құшыр-зекет
сияқты көп қайыр-садақаларды әлгі имамға жинап беріп жат
ты. Имамға арнап ауылдан оңаша бір ақ үйді тіккізіп, ол үйде
имам мен екеуі ғана болатын болды. Ауыл-аймағына: «имам
ның үйіне дәретсіз ешкім кірмесін!» деп жарлық берді.
Бір күні таңертең шай ішіп отырғанда Абай сол үйге сәлем
беріп кіріп келеді. Құнанбай баласының дәретсіз, рұқсатсыз
кіріп келгенін жаратпай, баласына ұрсады. Сонда Абай:
—Менің имамнан сұрайтын бір ауыз сұрағым бар еді, рұқсат
болса,—депті. Имам:
—Сұра?—депті. Сонда Абай:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Біз құлшылықты кім үшін істейміз?—депті. Имам:
—Әрине, жаратушы бір Құдай үшін,—депті.
—Тақсыр, ол жаратушы Алла Тағалла тыста ма, жоқ, осы
үйдің ғана ішінде ма? Біздің тысқарыда, өз үйімізде дәретсіз
қалай отырып-жүруге правалы болып, бұл үйге ғана дәретсіз
кірмейтініміз қалай?—депті. Сонда Құнанбай ашуланып, бала
сын қуып шығыпты. Соңынан имам:
—Құнанбай, мына балаң жанып тұрған от екен, келген же
рінің қиынын-ай!—депті.
28. ТЕЗЕКБАЙҒА
Матай руынан Көжекбай деген Абаймен жолдастасып
жүрген бір байшыкеш адамы болған. Сол адамның Тезекбай
деген ағасы өзі кейде ойынан өлең шығарып, тақпақ айтатын,
қатарлы шешен, тура сөзді адам екен. «Абай таяқ жеді» үлкен
сиезден екі-үш күн бұрын, Тезекбай ел аралап жүріп, Жөкең де
ген таптың: «Абайды осы сиез де қолмен жұмсату керек!» деп
неше румен баталасып жатқанын сезеді де, Абайға соны айтпақ
болып, екі-үш кісі жолдас алып, Абайдың аулына келсе, Абай
есіктің алдында тұр екен. Келген Тезекбайды көріп, Абай:
—Мынау, келген Мамай ма,
Есіктің алдын қамай ма!
Әңгімең болса, айта бер,
Естіп білген маңайда?—
депті. Сонда Тезекбай аттан түсіп жатып:
—Келіп тұрған Мамай-ды,
Мен де көргем талайды.
Мен көрген түс шын болса,
Ертең сиез болғанда
Абай сонда барғанда,
Абайды Жөкең сабайды,—
депті. Абай Тезекбайдың бұл сөзін ұнатыпты.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР 29. КӨКБАЙ ӘҢГІМЕЛЕРІ 1880 жылдан бастап 1886 жылдарға шейін Абай әр кезде аз-аздап өлең жазып жүрді. Бірақ бұл уақыттағы сөздерінің барлығын «Көкбай сөздері» деп жүргізді. Кейін Омбыда «Дала уалаяты» мен «Серке» газеті шыққанда, бірер өлеңді тағы да менің атыммен жіберді. «Сорлы Көкпай жылайды, жылайды да жырлайды» дегені—«мен» қалып қойып, өзін айтып еді. Осы хал 85 жылға шейін келді де, сол жылдың жазында ел жайлауға шықты. Абай аулының ең өрістеп баратын жайлауы Бақанас өзенінің бойы еді. Соған қонғалы келе жаттық. Көш жүріп кеткен еді. Біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай аулында доктор Долгополов* та қонақ еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жерде қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан ауылды көріп, «осы суретті өлең қыл!» деді. Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жайланған соң Абайға келіп едім: —Өлең Көкшенің** бойынан асайын,—деді. Мен: —Асса, басыңда қолқаланып алған нәрсе емес еді. Енді өзі ңіз ретін тауып қайта аларсыз,—деп қалжыңдадым. Сөйтсем, сол күні «Жазды күн шілде болғанданы» жазған екен. Оқып берді. «Жаз» өлеңіндегі Абайдың суреттеген ауылы—өз ауылы. Байдың астындағы аяңшыл—Абайдың Әбдірақметтен алған «аяңшыл күрең төбел аты». Айқайшы шалы—сол жылы өз ауылымен көрші болып отырған Әнет Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер өзінің балалары Ақылбай, Әбдірах ман болатын.*** Осыдан кейін өлеңді жиі жаза бастады. Тегінде ∗ Долгополов—халықшыл революционер, Ресейден жер ауып, Семейге кел ген. ∗∗ Көкше—Көкпайдың руы. ∗∗∗ Көкпай «Жаз» өлеңіндегі аты алмай жалпылап айтылған адам атаулының барлығын өзінше атап, танытып, пәлен-пәлен деп береді. Бірақ біздің ойымыз да бұл Көкпайдың өз топшылауы, өз шешуі. Дәліне келгенде, өз шешуі ұқсаса да тақ аяңшылға мініп келген бәйге. Атындай аңқылдайтын байды Абай өзім деп қойды ма екен. Бұл тым надан бай, ол Абай болмас.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
өлеңді көп жазатын уақыты—қысты күні мен жазға салым бо
латын. Кейін 89-90 жылдарда тыныштық алып отырғанда, көп
әндерін де бір-ақ қыста, жазға салым шығарды. Өзі біреуге ұзақ
әңгіме, ұзақ жыр сияқты нәрселерді айтқызғанда еш уақытта
басқа бөтен нәрселерге аумай, таза көңілмен, үлкен ықылас
пен тыңдайтын. Және әрқашан сондайды тыңдап болған соң,
сол нәрсенің мағынасы мен жөнін ұғындырып, сын айтатын.
Сол ретпен «Ақбала—Боздақты» айтқанымызда, осы жырдың
ішіндегі бір-ақ ауыз өлеңін жақсы көрді де:
—Мынаны шығарған кісі ақын,—деді. Тегінде өлең ішін
де бірер ауыз әдемі сөз табылса, сол үшін қатты риза болып қа
лушы еді. Жаңағы өлеңде Ақбала мен Боздақ тау аралап келе
жатса, алдарынан шағылысып жүрген құр, үйгіп жүрген екі
түлкі кездесіпті. Сонда Боздақ Ақбалаға:
—Бір қораз, бір мекиен талда ойнайды,
Адам түгіл, хайуан мал да ойнайды.
Құдайым бір нәрсеге бастап жүр ме,
Алдымыздан кез келген аң да ойнайды..,—
депті.
Абай өз сөзінен айтушының ақындығы білінеді деп сынады.
Әрқашан Абай ақындық туралы сөйлегенде:
—Ол—қуат, табиғат сыйы, Құдай сыйы,—деп құрметпен
сөйлейтін,—ақындық—шабыты шын келгенде адамды қайта
тудырып жібереді. Ол келгенде адам жай, жабайы адам бол
майды,—дейді. Осы сөздің шындығы—бәріміздің көзімізше ел
ішінің бір ақынның тұсында ақталғандай болады.
85 жылдың шамасында Қарамолада болатын черезвешай
найға Абаймен бірге көп кісі болып келе жаттық. Ішімізде
Байкөкше деген ақын да бар еді. Бір кезде Байкөкшенің түсіне
Абайдың көзі түсті де:
—Мына кәрінің жыны ұстап келе жатыр екен,—деді. Айт
қандай, сол арада Байкөкше Абайға түнде көрген түсін ай
тып, ұзақ өлеңді шұбатып жөнелді. Түсінде Абайдың бірталай
қиындық, қауіптен өтіп, мұратына қолы жеткенін көрген екен.
Соны айтумен бірге өзінің жоруын да өлеңге қосып, Қарамола
дан жолы болып, алысқандарын жеңіп қайтатындарын айтты.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Абай ел ортасында өлең шығарып көретін. «Ақынмын» де
ген жігіттердің кейбіреулеріне кездескенде, солардың өз жа
нынан шығарған өлеңдерін айтқызып, ықыласпен тыңдайтын
уақыттары да болушы еді. Бірақ ол ақындар өзіне өлең шыға
рып айтсын, басқаны өлең қылсын, сөздерін жай тыңдағаны
болмаса, өлеңдеріне орай өлең айтып, айтысқа кіріспейтін. Өзім
білгенде мұндай іс бір-ақ рет болды.
Ел ішінің тағы бір сиезі болып, Семейдің үйезі келгенде
соған тілмаш болып Сыбан, Әріп келді. Әріп екеуіміз құрбы бо
латынбыз. Кездескен жерде әрқашан бірер ауыз өлеңмен жана
сып қалатынбыз. Сиез болып жатқанда, менің бір ақы сұраған
арызым болып, соның тез қаралуын тапсырамын деп Әріпке:
—Найманша адырайма, кеуіп-ісіп,
Ежелден арғын—аға, найман—кішік.
Төбеңмен жүр, тез бітір қызметімді,
Күнде бүйтіп мөлимен ісім түсіп,—
дегенімде, ол:
—Асықпа, бітірермін қызметіңді,
Тапсырған құрбылық пен міндетіңді.
Арғынға, Көкше, сенен Қызай жақын,
Ата қумай, түзей бер өз бетіңді,—
деді. Мен мұның орайына:
—Көкше атам—Тобықтының бел баласы,
Бөтен деген білместің бос даласы.
Нарымбайды* Ташкенттік сарт дейді ғой,
Сол сияқты қазақтың құр жаласы,—
дедім. Әріп:
—Тіпті Тобықты Арғын емес, Көкше тұрсын,
Ата қуып қайтесің, өзің жүрсің.
∗ Нарымбай—Әріптің аталары болса керек.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Құдай ақың теңдесім Алтай-Қарпық,
Құр көңілді көтерген кеудең құрсын,—
деді. Біз осылай сөйлесіп жатқанда өзіміздің елдің біреулері
Абайға барып, «Әріп пен Көкбай айтысып жатыр» депті. Сонан
соң біреуі келіп, «екеуімізді де Абай шақырады» деді. Келіп
едік:
—Не айтасыңдар?
—Мынау ананы айтты, мен мынаны айттым,—дедім. Абай
тыңдады да, әлгі даудың орайына:
—Ақ Сопы дүниеден ұлсыз кеткен,
Енеден жалшысынан бала біткен.
Өкіреш Найман ұлы болмаған соң,
Атасызда найман көп деп ап кеткен,—
деді. Өлең айтқыш жігіттердің сөздерінде нәр жұғын болса, дәм
ді сөзін көріп, ырза болса, ондайлардың өлеңді көбірек айтқа
нын тілейтін. Кейбіреулеріне өлең қылатын теманы да беретін
сияқты еді.
Бір жылы менің өзіме Абылай мен Кенесарының өмір та
рихтарын ұзақ әңгіме қылып айтып беріп:
—Осыны өлең қыл,—деді,—Абылай да, Кенесары да—
қазақтың ерлері. Бұлардың еңбегі де айта қалғандай ұмытыл
мастық еңбек. Солардың бастарынан кешкен дәуренді жақсы
сөзбен жыр қылып, ел ортасына жаю—жақсы өлеңшінің мін
деті. Сен үйіңе барып, орнығып отырып, осыны өлең қылып
кел!—деді.
Содан кейін үйге келіп отырысымен өлең қылуға кірісіп,
күндіз-түні тыным алмай жаздым да, 5-6 күнде бітіріп,
Абайға қарай қайта жүрдім. Абай бұл уақытта үлкен ауылы
нан бауырдағы ауылына, тоқалынікіне барып, сонда жатыр
екен. Кіші ауыл «Аралтөбе» деген жерде. Үлкен ауыл Ділдә
қыстауы—Ақшоқыда. Біздің ауылдан 70 шақырымдай жерде
еді.
Осы жолға қасымдағы атшыммен қысты күні аязда салт ат
пен келе жатып жазған өлеңімді ойлап көрсем, жатқа айтуға
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
бірде-бірі есте қалмапты. Абайдың барысымен «айт» дейтіні
мәлім. Сондықтан жол жүріп келе жатып, өз өлеңімді өзім
жаттауға кірістім.
Күн суық. Қағазды екі жеңіммен ұстап, атымның басын
жолдасыма жетектетіп қойып, жол бойы жаттадым.
Сонымен, кеш болып, ел орынға отыратын кезде кіші ауыл
ға жетіп, Абай отырған үйге сәлем беріп, кіріп келдім. Үйде
кісі көп екен. Алдарына кешкі шайды жаңа алған екен. Кірген
жерімде сәлемімді алмастан:
—Абылай келді ме?—деді.
Тегінде сол 25 жыл жолдас болған уақытымда, анда-санда
қасынан кетіп қайта келгенімде сәлем алып, «мал-жаның аман
ба» деп амандасып көрген емес. Ылғи жаңа ғана көрісіп шыққан
кісідей іліп ала әңгімеге кірісетін. Бұл жолы да соны істеді.
Мен сұрағанына:
—Келді,—деп едім.
—Олай болса, айт,—деді. Киімімді шешінбестен отыра
қалып айта бастадым. Өлеңді алғашқы айта бастағанымда ты
мағымның да бауын шешкен жоқ едім. Тегінде «шешінейін,
жайланайын» деген сөз Абайдың нашысын кетіріп, ықыласын
қайтарып тастайды. Сондықтан өлеңді айта отырып тымағым
ды шешіп, бір алып қойып, тағы бір әредікте белдігімді тастап,
содан өлеңнің желісін үзбей отырып, сыртқы киімімді тастап,
жүгімнен бірте-бірте барып қана босандым.
Абайдың өмір бойғы әдеті осындай еді. Біреу өзіне келсе, кел
ген жерден: «Жұмысың не?» деп сұрайды да, сол арада шаруа
сын бітіріп, содан кейін өзінің әңгімесіне кетеді. Алғаш сұраған
жерде шапшаң айтып жіберген кісі болса, ырза болып қалады.
Басында айтпай, артынан «пәленім бар еді» дегенге ашуланып
қалатын. «Бағана неге айтпадың?» деп ұрысып, тыңдамай да
қоятын.
Сол әдеті мәлім болғандықтан, өлеңді әнге салып айтсам
да шаршаған, талғандығымды білдірмей, желісін үзбей айтып
отырдым. Қағазыма да қарағаным жоқ, ылғи жатқа айттым.
Алдарына келген шай ішілмей қалды. Алғашқы самауырын
суып кетіп, оны алып барып екінші рет қойып, тағы әкелді. О
да суып қалды. Абай да, басқа ешкім де ішкен жоқ. Сонымен
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
үшінші самаурын келгенде Абылай мен Кенесарының жоры
ғын аяқтатып болып, енді Наурызбайға көшіп едім. Бұған кел
генде:
—Енеңді ұрайын, ашулы тентек Кененің бағын да осы алып
еді. Енді шайыңды іш,—деп, Наурызбайдың жайын бұл арада
тыңдағысы келмеді.
Осы өлеңдердің ішінде Наурызбайға Меркенің бегі берген
Ақауыз аттың тұлғасын сыпаттап едім. Ол атты менің сөзімнен
сынады да:
—Мұның шыға шауып, жайылып қалатын ат болған екен,—
деп сол күндерде «Ақауыз» атты жазамын деп «Шоқпардай
кекілі бар, қамыс құлақ» деген белгілі ат сынын шығарды. Ба
сында мұны «Ақауыз аттың сыпаты» деп айтқан соң, мен:
—Абылай-Кене жырына кіргізейін бе?—деп сұрап едім.
—Бұл шіркіннің өзі де мес болып кетті ғой,—деп кіргіз
діртпеді.
Ұдайы жолдас болған уақытымда орыс болсын, қазақ бол
сын, үлкен, иә кіші болсын, әрқашан мінезінде бояма болмай,
шынымен келген кісіні жақтырушы еді. Бойын бағып, қым
тырылып «пәлен көрінем, түгілен көрінем» деп қолдан пішін
жасайтын мінезді көре бастаса, қытығына тигендей жақтыр
май қалатын.
Ондайды кекетіп, мысқыл қылып, қалжыңмен өлең айтып
жіберетін. Қалжың өлеңінің көбі маңындағы жұрттың осындай
мінездерінен туады.
Бірінші осындайдың тұсында өзімді де өлең қылды. Ел іші
нің бір тобынан келе жатыр едік, жолда бірер сөз, бірер мінезді
Абайдың жақтырмай қалғанын сездім. Ауылға жақындағанда
Абай бізден озып кетіп еді. Үйге келсем қолына бір парақ қағаз
бен қарындашты алып жазып жатыр екен.
«Не қылса да өзімді өлең қылып жатыр-ау» деп ішіме сезік
кіріп, қасына жетіп келіп едім, мына өлеңді оқып қоя берді:
Бұралып тұрып,
Буыны құрып,
Қисайта тартып мұрынын.
Әсемсіп, сәнсіп,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Білгенсіп, бәлсіп,
Әр нәрсенің орынын.
Керенау, кердең бір керім,
Жақпайды маған сол жерің,—
деп өзімді өлең қылып қойыпты. Сонан соң жалынып отырып
сұрап алдым да, көзінше жыртып тастадым. Өлеңін өзімнен
басқа ешкім білген жоқ. Сол бір оқып шыққанда есімде қалға
ны осы еді.
Жалпы өміріндегі мұрат қылған қиялы әділшілік пен дұ
рыстық болғандықтан, қазақтағы досы, өтірігі жоқ шыншыл
кісі болатын.
Өтірік айтпай, шынын айтатын болса, мал ұрлайтын ұрыны
болса да сүюші еді. Ұрыдан алатын парасы—шынын айтқаны.
Шындыққа, дұрыстыққа құмарлығын билікте анық көрсетіп
жүрді. Билікке келгенде Абайдан әділ, таза, дұрыстығы күш
ті биді тобықты іші бұрынғы заманда көрген жоқ деп айта ала
мын.
Абайдың билігіне, Абай тергеуіне әрқашан ел ішінде шие
ленісіп, ұстасып жүрген жаулары құмар болатын. Сондықтан
Абай айтқан билікті көбі әрқашан сол жау жақтарының дау
лары туралы бола ма деп ойлаймыз.
Өзіміз көріп, өзіміз естіп білген заманда жауына келіп,
билік айтқызу Абайдан басқа кісінің тұсында болды деп білмей
мін. Тобықты ішінің өзге ешбір адамына дәл билік турасында
мұндай сенім болған жоқ.
Биліктегі әділдігімен қатар, осыған егіз сияқты бір мінез:
Абайдың ерекше мырзалығы, жомарттығы, дүниеқор еместігі
болатын. Жақын маңайдағы елде өз атағын есіткен, атышу
лы жүйрік ат, қыран құс, ит сияқты сауық аспаптары болса,
Абай қалап та алады. Қызыққаны кедейдікі болса, Абай сатып
та алады. Бір жазда бес түйе беріп, екінші ат алғанын көрдім.
Солардан екеуін де сұраған екі кісіге өзі қызықтамастан беріп
жіберді.
Тобықты іші: «Бір досыңнан қызығып алып, бұлдап алған
жақсыңды үйіне жеткібей, бір жақсы көрген адамы алып кет
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
се, содан қызық не бар, деп Абай айтпап па еді?!» деп аңыз
қылысады.
Өзі шаруа басқарып, қырда малдың санын, қалада ақша
пұлдың санын ескерген емес. Қыр шаруасында ескерсе, жыл
қыны ғана ескеріп, жақсыдан айғыр салып, тесе мініліп, ер
батып кеткен арықтары болса, сол жағын ғана ескеретін. Мал
шысына еңбек ақысын толық қылып беріп, мықты малшы са
луды ескеретін. Осындай басқа ауыл шаруасына істейтін қамы
болушы еді.
Қалада болған уақытта ақшасының барлығын қасындағы
атқосшы жігіті ұстайды. Одан «қанша қалды, неге ұстадың?»
деп сұрамайтын. Жалғыз-ақ «бітіп қалды» дегенде ғана тыңнан
ақша тауып, тағы қалтасына салып береді де, отыра береді.
Ауыл—қысы-жазы өте қонақшыл. Әрдайым күндіз-түні ба
сып жатқан неше алуан кісі болады. Солардың ішінде «Абай
дың түстігінен жейміз» деп ас аңдып келетін кедей-кепшекпен
бірге ел-елдің басты адамдары, ертекші, құсбегі, домбырашы,
әнші, не болмаса тоғызқұмалақ, дойбы ойнағыш ойыншылары
да жатады.
Абай қысты күнгі бос уақыттарының бірталайын да өзі оқып
алған романдарды кейде ертек қылып маңындағы жұртпен
бірге, әсіресе өзінің ұдайы қасында болатын ертекшісі Байма
ғамбетке айтып беретін.
Баймағамбет орыс романдарын бір айтқаннан жаңылмай
ұғады. Ішіндегі еуропаша заттарды да жаттап алады. Содан
кейін бірнеше күндер өткенде, өзі айтып берген ертектерін
Баймағамбетке қайтып айтқызады да, ешнәрсеге алаңдамас
тан, бөлінбестен қайтадан түгел тыңдап шығады. Қатесі болса,
сонда түзеп береді. Содан анау айтып, таратып кете барады.
Осындай әдетпен қатар, Абай қырдың тоғызқұмалақ, дойбы
сияқты ойындарына көп уақыт беретін. Әсіресе көп салынып
ойнайтыны тоғызқұмалақ болушы еді. Бұл ойындарға тобық
ты ішіндегі ірі ойыншылардың ең ілгері қатардағы бірі болып
саналады. Ойнай-ойнай келе бірден-біреу озып екшеліп келген
соң тобықтыда бес, алты-ақ үлкен ойыншы шықты.
Солар: Көрпебай, Құттықожа, Қуаттың Құдайбердісі, Ма
қыштың Смағұлы дегендер еді. Абай осыларды кезек-кезек
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
алғызып, кейде бәрін бір уақытта жиып, көп күндер бас алмай
ойнап жатады. Артынан ойын тарқап, әлгі кісілер қайтатын
болғанда дәулеті аз нашарларына соғымдық тай, тайынша,
қой киімі сияқты нәрселер беріп қайырады. Осы сияқты ел
ортасының көңіл сергітетін қазақ сауықтарының барлығын
Абай молынан көріп, толық қызықтырады.
Аңшылық құру, бәйгіге ат апарып қосу, палуан апарып
күрестіру, қаршыға, лашын салғызу, жүйрік ат пен мықты
жігіт сақтап ұры түсіру, қасқыр соққызу, ақын, әнші, күйшіні
сақтап, өнерді қызықтау сияқтының барлығын да өзі де көр
ді, бала, інілеріне де толық көрсетті. Осындай көп әдеттері
маңайының барлығына үлгі болып жайылды.
Қыс бойы елсізде қалатын бұғы, арқар, түлкі болады. Абай
көп кісі, көп жақсы құсбегі, мерген сияқты жақсы аңшылар
мен қостап бірнеше үймен көп соғым сойып барып, бір ай, екі ай
жүріп қайтады.
Бірақ берірек келгенде аңшылықты қойып, жоғарыда са
налған өзге түрлі сауықтарға көбірек ауысты. Бірақ бұл істері
нің қайсысы болса да Абайдың жалпы тыңдаушыға айтып
отыратын өсиет үгітіне, келелі мәжілісіне кітап оқып, білім
табуына көп бөгет жоқ. Бөгет болатын нәрсе болса, ел сөзі, ел
тартысы болды.
Абай Еуропа ғалымдарының ірі пәлсапамен жазылған кі
таптарын оқығанда, өзінің басындағы ой, пікірлерінің ір
ге, негізін аналарға оңай беріп жіберіп отырған жоқ. Жұртқа
өсиет қылып, өз сөзіне мысал қылып сөйлегенде, әрқашан өз
ақылының елегінен өткізіп алып айтушы еді. Көп насихаты
ның түп қазығы адамшылық, ақтық, әділет болса, осының
барлығын мұсылман дінінің діңгегіне әкеліп, бір шалып кетіп
отыратын.
Абай діншіл еді. Бірақ діншілдігі молда, қожа айтып жүрген
сыртқы сопы, діншілдік емес-ті. Бергі жерлердегі кітап сөзі,
молда сөзі, шариғат жолы дегеннің барлығына сынмен қарап,
діннің негізін, мақсат-бағытын ғана алып, соны хақиқат діні
деп қолданған. Сондықтан сыртымен тақуалық қылып, ұдайы
намаз оқып, ұдайы ораза тұтып, ұдайы құлшылық қылған да
емес. Намазды оқығысы келген кездерде оқиды. Бірақ ондайда
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
қасына ешкімді алмайды, оңаша үйде жалғыз өзі ұзақ уақыттар
отырып оқиды.
Онан соң жалпы мұсылманшылық жолындағы үлкен ғұ
ламалар жазған ірі сөздердің көбін білетін. Бәрінен өз тұсын
дағы үлкен молдалардың қайсысымен болса да қатар түсерлік
мағлұматы бар-ды. Семейге барып жатқан уақытта Семейдің
Қамали хазіреті сияқты үлкен молдалармен анда-санда бас
қосып, мәжіліс те жасап қоятын. Осындай мәжілістер арқылы
Семей қаласындағы қазақ, татар молдаларының барлығы да
Абайдың дін мәселесіне әбден жетіктігіне көзі жеткен соң, бұл
кісіні өз заманының ғұламасы сияқты да көрген.
Сонымен кейінгірек жылдарда Семейге миссионер Сергей
деген кісі келіп:
—Мұсылман дінін қорғаушы молда, имамдар болса сөйле
семін,—деп іздегенде, Семей қаласындағы молда хазіреттер
араларынан бір ауыздан Абайды сайлап шығарады. Сергейден
жеңілмей, өз дінінің әбүйірін аман сақтап шығуына мешітке
жиылып, дұға қылып, Абайға бата беріп жөнелткен.
Бірақ Сергейдің не мақсатпен сөйлесемін дегенін қала мол
далары шала ұғынып, алып қаштымен ұлғайтып жіберіп, елді
де үркітіп, өздері де босқа үріккен ғой деймін. Абай барғанда
Сергейдің жайына талас жасамай, бірер нәрселерді сұрап қана,
артынан жай әңгімеге кетсе керек. Бұл мәжілісте Абай дін
жайынан қаншалық сөйлесіп, қанша таласты. Ол расымен то
лық білмеймін, бірақ өзіміз сұрағанда азын-аулақ айтқаны:
—Сергей: «Мұсылман дінінше—Құдай күш иесі. Сондық
тан Құдай жолындағы құлшылық та, халықтың барлығы да
қорқудан туатын сияқты» деді. Оған мен: «Біздің Құдай—рах
ман рахим қуат қана иесі емес, рақым да қылушы. Қуаты—қара
күш бастаған қуат емес, махаббаты бар қуат. Әке мен баланың
арасы сияқты әкеше сүюші ие дедім»,—деді.
Сонан кейін Абай Айса дінінің нанымы бойынша «үш жүзді
Құдай» деген ұғымға қарсы дау айтыпты, «бірлігіне үш жүзді
болу сия ма? Сол үш сипат бір жүзінде болса, Құдайлығына
көп бола ма» десе керек. Бірақ бұл сөзге Сергейдің не айтқанын
толық білмеймін. Жалғыз айтқаны:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Сергей дін жайына аз сөйлесті де, жалпы ғылыми әңгімеге
түсіп кетті. Сонан соң мен де дін жайын қайта қозғағам жоқ,�
—деді.
Бұл мәжіліс туралы тағы да есімде қалған нәрсе, осы сөй
лесетін күні Сергейдің қасында Самидің көп поптары бар екен.
Солардың кейбіреулері бір әредікте мұсылман дінінің ұсақ
мәселелері туралы Абаймен дауласқысы келсе керек. Сонда
Сергей:
—Сендер қойыңдар, Ибраһим Кунанбаевич сендердің тісің
бататын кісі емес,—дейді.
Абайдың осы Сергеймен сөйлескен сөздерін кейінгі уақытта
қаланың жатақтары мен шала молдалары үлкен жырдай қы
лып, ертек қылып әкетті. Соның ішінде «Сергей «үй» депті,
Абай «бүй» депті» деген талай ұйқасты-ұйқассыз сөздер то
лып жатыр. Бірақ мұның бірде-бірін де Абайдың өз аузынан
есіткеніміз жоқ,—дейді Көкбай.
30. УАСИЛА АБАЙ ҚЫЗЫНЫҢ
ЕСІНДЕ ҚАЛҒАНДАРЫ
Мен Абайдың Мағауия деген ұлынан тудым. Мені бір жас
қа толмай-ақ әкем (Абай) асырап алып, Ділдә деген бәйбіше
сінің бауырына салыпты. Содан мен «Абайдың баласымын»
деп, Абай «менің балам» дейтін болды. Мен де, басқа балалар
да Абайды «әке» дейтін едік. Әкем өлгенде мен 13 жаста едім.
Алайда әкемнің түрі, түсі, отырыс-тұрыс бізге, балаларға
айтқан ақылы әлі көз алдымда тұр.
—Жазды күні әкем американ дейтін көзелден кебіс, мәсі
киетін, қара драптан шалбар киетін, ақ репестен бешпент, же
летке киетін, басына тақия, оның сыртынан дөңгелек елтірі
бөрік киетін. Атқа мінгенде мәлескеннен шапан киетін, жа
ғасын барқытпен қайыратын. Тобықты еліне көп таралған осы
қайырма жаға шапан еді. Үйде отырғанда көйлек-дамбалмен
отыратын, көйлек, дамбалы ақ жолақ жібек болатын. Шымқай
ақ көйлек кимейтін.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Қысты күні саптама етік, шалбар бешпент, желетке сыр
тынан мәуітімен тыстаған түлкі ішік, түлкі тымақ киетін.
Ауылда жүргенде әдемі сары тон киетін. Жағасына, айнала ете
гіне қара құлын терісін ұстайтын.
Ауыл көшетін күні әкем ұраңқайға жататын (үш қанат киіз
үй). Ел жүкті артып болғанда тұрып шайын ішіп, тамақтанып,
атқа мінетін. Ұраңқайды тез жығып, үш түйеге артып, басқа
көштен бұрын апарып қондырып, тігіп қоятын. Әкем көштен
бұрын озып келіп, ұраңқайға түсіп жайланатын. Балалары да,
ауыл адамдары әкем үйіне келіп түсіп, тамақ ішіп жайланатын.
Сол кезде басқа үйлер де тігіліп болатын. Әкемнің ұраңқайын
тігетін, қызметін істейтін кішкене Оразалы деген жігіт пен Ба
шей көршісінің әйелі еді. Кәзірде Башейдің әйелі, балалары
бар. Шыңғыстау ауылында «Бидайық» колхозында тұрады.
Әкем балаларды жеті жастан сегізге шығарғанда оқуға
беретін. Еркек балалармен қабат, қыздарын да оқытатын. Қазақ
тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан «балалардың ойы, дүние
тануы кемсін болады» деп әкем көп айтып жүрді.
Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді.
Әдеттегідей бәріміз орындарымыздан тұрдық. Әкем айнала қа
рады да:
—Отырыңдар, —деді.
Біз отырып жайласқан соң молдаға қарап:
—Балаларға мына бір кітап әкелдім. Осыны көшіріп, кө
бейтіп, бала басына бірден таратып бер. Бүгіннен бастап осы
кітапты қоса оқыт!—деді.
Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң молда әлгі
кітапты алды да, бас жағын оқыды. Кітап қолжазба екен. Біз
ол кітапты көшіріп алып, оқи бастадық. Басқа кітаптарға кө
ңіл бөлмейтін болдық. Өйткені бұл жаңа кітаптың тілі ұғым
ды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап
болды. Кейіннен байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты
қара сөзбен жазылған кітабы екен. Біздің молдадан бұл кітапты
естіген басқа молдалар да келіп көшіртіп алып, өз шәкірттеріне
оқытып жүрді.
Әкем балалардың оқып, білім алуына көңілін жиі бөліп оты
ратын. Біз сабақтан шыққанда не өз үйіне шақырып алып, не
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
ортамызға келіп әңгіме айтатын, әңгімесі өте қызық болатын.
Тыңдауға жалықпаушы едік. Әңгімесінің көбі өзіміз естіме
ген, білмеген атақты адамдардың өмірі, ісі жөнінде болатын.
Орыстың Пушкин, Лермонтов деген ақындарының атын тұң
ғыш рет тоғыз жасымда әкемнің ауызынан естідім. Әкем әңгі
мені өте қысқа айтатын және «ұғып алыңдар, ұқпағандарың
ды сұрап алыңдар» деп айтып отыратын. Әкемнің әңгімесінің
қызықтылығы, түсініктілігі сондай—біз бір естігенімізді ұмыт
паушы едік. Егер бір бала әкемнің әңгіме айтқан күнінде бол
май, ести алмай қалса, әкем ол баланы келесі бір күні шақыр
тып алып, біздің біреуімізге: «кешегі естіген әңгімені мынаған
айт!» деп айтқызып, өзі тыңдайтын еді. Сондықтан біз әкемнің
ауызынан естіген сөзді бұлжытпай ұғуға міндетті сияқты едік.
Әкем балалардың сұрауларына қолма-қол жауап беретін. Ол
балаларға өте кішіпейіл еді. Кейде біздің кішкентай болымсыз
сұрауларымызға да зор мағына беріп, талдап түсіндіретін.
Жігітек дейтін елде Қорамжан дейтін кісі болды. Қорамжан
тілге шешен, айтқыш кісі екен. Өзі кедей еді, ұрлық істейді
екен. Бір күні әкем Қорамжанды шақыртып алды. Қорамжан
сәлем беріп, кіріп келді. Үйде кісі көп болды.
—Абай аға, сіз шақырған соң келдім,—деді Қорамжан.
Әкем Қорамжанға қадала қарап қалды, үйдегілер де Қорам
жанға қарады. Аздан соң әкем:
—Сенен бір нәрсе сұрайын деп шақырдым. Бересің бе?—
деді.
Абыржып қалған Қорамжан:
—Алыңыз, алыңыз,—дей берді.
«Жалғыз атынан басқа түгі жоқ Қорамжаннан не сұрайды
екен?» деп басқалар таңырқағандай болды. Әкем Қорамжаннан
көзін айырмай қарап отырды да:
—Маған ұрлығыңды берші,—деді. Қорамжан төмен қарап
кетті де:
—Жоқшылықтан ғой, Абай аға. Аштан өліп, көштен қал
маспын,—деді.
—Ой, шіркін, осы елде сенен басқа кедей жоқ па? Сол ке
дейлердің бәрі бірдей ұры ма? Онан да бала күннен алған тәрбие,
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
үлгім еді десеңші. Кәзір осы ауылдан үш-төрт түйе ал да, үйіңді
көшіріп кел. Ұрлыққа қош айтысып кел!—деді.
Сол күні Қорамжан көшіп келді. Ол ұрлықты мүлдем қойды
да, ел сөзіне араласып, қабырғалы, инабатты адам болып кет
ті. Әкем Қорамжанды талай-талай дауға, ел арасының бітіміне
жұмсады. Біздің ауылға келген соң Қорамжан ұры атағынан
құтылып, адам деген атаққа ие болды.
Бір күні ауыл көшіп, қонып жатыр еді. Біз Қорамжанның
үйінің жанында ойнап жүр едік. Қорамжанның бір келіні
үйдің бауын «байла» деудің орнына «жапсыр» деді. «Бірдеме
түсіп қалып еді» деудің орнына «қонып қалды» деді. Біз өзіміз
естімеген жаңа сөздерге таңдандық. Кешке естігенімізді әкеме
келіп айттық.
Әкем былай деді:
—Бір адамның, не бір заттың өзін әйелдердің қайнағасы
на, не атасының, не сол елдің бір үлкен адамының атымен ат
тас болса, сонда ол адамды, не сол заттың атын атамайды да,
жалған ат қойып алады. Мысалы, үлкен атам Құнанбайды
халық «Тәте» деп атаған. Кеңгірбай биді «Қабеке» деп атаған.
Жас әйелдердің «әтиім», «сылқым», «ортаншым», «тетелес»,
«кішкентай», «төрежан» деп қайындарына, аталарына жалған
ат қойып алуы да сол ғұрыптан шыққан, әдепті болудан шық
қан. Ал Қорамжанның келіні «бауды байла» деудің орнына
«жапсыр» дегені, «түсіп қалды» дегеннің орнына «қонып қал
ды» дегені бұл әдепті болудан, үлкен-кішіні сыйлаудан, келін
шек болғандықтан, ата-аналардың атын атаудан ұялғандық
тан шыққан емес. Олар Жігітек дейтін ел болады. Жігітектің
ұрылары көп болады. Сондықтан олар ұрлыққа аттанғанда
артында қалғандары тілеуін тілеп отырады. Ұры қолға түсіп
қалды деген—жаман сөз. Сондықтан «түсіп қалды» десек,
аттанған ұрыларымыз «түсіп қалады» деп «қонып қалды» деп
сөйлейді. Ұрыны қолға түссе, байлап қояды. Сондықтан байлау
деудің орнына «жапсыр» дейді. Олар мұны ырым қып айтады.
Міне, содан Қорамжанның келіні жаттығып, дағдыланып кет
кен сөзін айтып жүр. Енді ол ондай сөзді айтпайды. Ұрлыққа
аттанбайды және ұрлық істейтін ұрылармен көрші болмайды.
15-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Сендер балаларын өздеріңе жақын тартып, оқуға шақырыңдар,
тату болыңдар!—деді.
Қай бала екені есімде жоқ, бір бала отырып:
—Қорамжанның Қатба деген баласы таз екен. Маңына бар
сақ, басынан ірің ағып тұрады,—деп жиіркенгенін айтты.
Әкем әлгі балаға қарады да:
—Қазір Қатбаны шақырып кел!—деді. Қатба бойшаң, көзі
үлкен, қатқан қара сирақ бала еді. Басынан бөркі қалмаушы
еді. Сөйлегенде тілі мен ернін жалап, жылпылдап сөйлеуші еді.
Ол қол қусырып сәлем беріп, үйге кіріп келді де, босағаға тұра
қалды.
—Сен кімнің баласысың?—деді.
—Қорамжанның баласымын,—деді.
—Атың кім?
—Атым—Қатба.
—Неге Қатба деп қойған?—деді әкем.
—Қайдан білейін, туғанда арық, нашар болып қатып туып
пын, содан Қатба дей салыпты, —деді бала ұялыңқырап.
Әкем қасына шақырып алды да:
—Бала күн ми қайнаған ыстықта бөркіңді неге тастамай
сың?—деп еді, бала екі қолымен бөркін баса беріп:
—Басым ауырады,—деп есікке қарай жалтақтады.
Әкем жылы шыраймен:
—Қорықпа, балам, сенің бөркіңді ешкім алмайды. Басың
қашаннан бері ауырады? Қотыр түскелі көп болды ма?—деп
сұрады. Бөркін біреу жұлып алып, басының тазын көріп, жұрт
күледі екен деп қысылып отырған Қатба «бөркіңді ешкім ал
майды» деген соң бойы бойы кеңіп қалды.
—Өзім есімді жаңа-жаңа білген кезде басыма қотыр түсті,�
—деп жауап берді. Қатбаға қымыз, бауырсақ бергізді. Содан
кейін:
—Балалармен ойнап жүре бер, ұялма,—деді. Артынан әкем
Семейге жүрді, өзімен бірге Қатбаны да ала кетті. Қатба қалада
екі айдай жатты. Әкем қайтып келді. Біз:
—Қатба қайда?—дегенімізде,
—Қатба қалада оқып жүр,—деп күліп қойды. Сол жылы
күзді күні Қатба қаладан келгенде басы құлан таза болып жа
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
зылып келді. Және ол бөріксіз, жалаңбас та жүретін болды.
Сол Қатба кейіннен әкемнің жақсы көрген адамының бірі боп
кетті. Адал, таза, бір сөзді, пысық жігіт еді. Қатба Шыңғыстау
ауданындағы «Бидайық» колхозында тұрады.
Әкем еркек балалармен қабат әйел балаларын да оқытатын.
Күлбадан деген кенже қызын Семей қаласында орысша оқуға
жіберді. Үш жылдай оқыды. Бірақ ағайын, туғандар: «Абай ер
кек балаларымен бірге қызын да шоқындырып жүр» деп неше
түрлі өсек таратты. Оған әкем көңіл бөлген жоқ. Елдің сөзі
Мағаш ағама қатты батты. Үш жылдан кейін Мағаш ағам оқуға
барарда Күлбаданды ертпей, тастап кетті. Әкеме:
—Балаң сабақты жөндеп оқи алмай жүр, өзі ұқпайды. Маған
бөгет болды,—деді. Бұл оқиға әкеме бір үлкен қайғы болып жа
бысты.
Әкем көбінесе таңертең ерте тұрып, жазу жазып, не кітап
оқып отырушы еді. Түнде қонақтар мен үй адамдары жатқан
соң өзі жеке отырып оқитын, не жазатын. Біз әкем ыңғай хат
жазып отыра ма, болмаса Құран оқып отыра ма деп таңданушы
едік. Кейіннен білдік, әкем өлең жазады екен, әрі кітап оқиды
екен. Үйде қонақ көп болса, не бір жаңалықты хабар болса, он
дай уақытта кітап та оқымайтын, жазу да жазбайтын. Қызмет
уақытында өте тыныштықты жақсы көретін.
Март айы туып, қар кете бастағанда, киіз үй тіккізіп, жылы
күні түскі тамақты киіз үйде отырып ішетін. Әкемнің бір ғадеті
күнде түскі тамақтан кейін екі сағат мөлшері жатып ұйықтап,
дем алатын. Бірақ ұзақ жол жүрсе де, түнде көп отырып, ерте
тұрса да, шаршадым деп, не әңгімеге, не жұмысқа ерінбейтін
еді. Және қонаққа, жолаушыға ренжіген пенде емес еді. Кісі де
босатпайтын, сонда да қонақтың, кісінің көп келгенін жақсы
көретін, әсіресе сый кісі, ақын, әнші, күйші, өнерлі, құсбегі,
үйші, ұста, ертекші келсе, бір жасап, масайрап қалатын.
Мен ес білгенімде Қаракесек Мауқат ақын, әнші, күйші
Мұқа, әнші Мұқаметжан (туысқаны), әнші Алмағамбеттер қа
сында көп болды.
Мен әкемнің өлімін еске алғанда, еріксіз көзіме жас келеді.
Жүрегім елжіреп кетеді. Әлденеге бойым тітіркенеді. Расында
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
да әкем өлген жыл біздің ауылда өте ауыр жыл болды. Біз бір
жылаудан көз аша алмадық. «Ой, бауырымнан» құлағымыз
ашылмады. Біз бір жылда үш үлкен өлім көрдік.
Менің 13 жасар күнім еді. Ауыл қорадан (Ақшоқыдан)
көшіп, Есіркем іс деген жерге қонды. Әкемнің ең сүйікті баласы
Мағауия көптен ауру еді. Сарылған аурудың, сарғайған жүзі
нің қайғысы әкемді де, басқа балаларды да жүдетіп еді. Ақы
ры айналдырған ауру Мағашты (Мағауияны) алды. Бұл өлім
бәріміздің қабырғамызға батты. Мағаштың жетісін берген соң
ауыл көшті. Ауыл көшкен күні еркек-әйелдің бәрі бейіт басы
на барды, жылады, сықтады. Әкем өзінің жолдасы Баймағам
бетпен екеуі бейіт басында қалыпты. Түс ауа ауыл қонған соң
әкем келді. Ол кісінің өңі қашып, әлсіреп келді. Келісімен
жатып қалды. Сол күннен бастап сөз бен әңгімесі де азайды.
Кітап оқи берді. Ауыл үдере көшіп сыртқа (жайлауға) шықты.
Қырық ошақ деген жерге көшіп қонды. Мағаш ағамның қырқы
толған жоқ еді, бірақ әкем асықтырып, елге хабар айтқызды да,
қырқын үш күн бұрын бергізді. Қырқын беріп, елдің алды та
рап, арты тарамай тұрып біз әкем ауырып жатыр деп естідік те,
үлкен үйге бардық. Барсақ, үйдің ортасынан үлкен төсек салып,
соған жатқызыпты. Әкемнің көзі жұмулы екен. Біз барған соң
көзін ашып, сөйлемек болып еді, сөйлей алмады. Сол күні көрші
Дағанды болысындағы Бөжей дейтін қазақ докторын әкеліп
еді. Ол бір-ақ дәрі берді. Дәріні көрді де, әкем ішпеймін деген
ишарамен басын шайқады. Үш күн ауырып, Мағаш өліміне
қырық күн толған күні таң ата дүниеден қайтты. Әкем өлген
соң біздің жарқырап тұрған күніміз сөнгендей болды. Амал не,
жылау үстіне жылау болып, шулап қала бердік. Әкемнің артын
да қалған жөн білетін естияр баласы Ақылбай мен Тұрағұл еді.
Олардың да иығы түсіп кетті. Ауылдың шаруасын, елдің сөзін
Кәкітай деген інісі басқарды. Елдің үлкен адамдары жиналды.
Абай бір ғана тобықтының Абайы емес, бүкіл қазақ халқының
Абайы еді. Сондықтан Абайдың қырқын Семей қаласына апа
рып береміз. Халықтың көпшілігі қатынассын деп байласты
сөзді.
Ел бауырға түсе қырық арба қымыз, қырдан бие алып Семей
ге барды. Естуімше Семейде бір үлкен мешіттің ішінде күндіз
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
көп адам шақырып, қырқын беріпті. Сол күні түнде сағат 12-
де Абайдың артында қалған Ақылбай деген баласы төсекке
жатысымен қаза тауыпты. Ақыл ағам өлген күні ел жаман
қысылыпты. «Апырай, Абайдың өзі бас болып, арасына 40 күн
салып өлетін болды ғой» депті. Бұл үш өлім елді өте күйзелтті.
Міне, біздің ауылдың басына түскен үш өлім осындай еді.
Әкемнің өлгені жанға сонда батты. Әсіресе әкемнің бір сөзі есі
ме түседі.
Мағаш (менің туған әкем) өлгенде алты бала қалдық, ең
үлкені мен едім. Бірақ мен әкемнің баласы болып кеткемін.
Мағаштың өліміне басы әкемнің өзі болып егіліп отырғанда,
біздің дәтіміз шыдай ма, бүкіл балалар жылап, жатып алдық.
Бір күні әкем шақырады деген соң келдім.
—Сен кімнің баласысың?—деді. Мен:
—Сіздің балаңызбын,—дедім.
—Менің балам болсаң, Мағаш өлді, жетім қалдым деп жы
лама, мен тірі тұрғанда жетімдік көрмейсің. Мен өлген күні
ғана жетім боласың, жылағанмен, келмейді. Өзің жүдеп кетіп
сің,—деді.
Әрине, әкем тіріде жетім болады екеміз деп ойлағанымыз
жоқ. Мағашты қимағандықтан жыладық. Сорымыз қайнап
әкем өліп қалды. Енді жетімдіктің торына қамалдық. Бір күні
өзімді тәрбиелеген үлкен шешемнің қасында отырып әкемнің
өзін есіме түсіріп былай деп жыладым:
—Мұндай да ажал көрдің бе,
Тонаудан бір күн тынбаған.
Мендей де ғаріп бар ма екен,
Бақытының оты жанбаған.
Қызықты дәурен, өмір жоқ,
Дүние болды тар маған.
Сізсіз де маған жарық жоқ,
Өзгеге мейірім қанбаған.
Артында қалдық көп жетім,
Арманда болып зарлаған...
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
31. ДӘУЛЕТИЯРДЫҢ ЕСТЕГІ СӨЗІ
(Бірінші нұсқа)
«Абай кіші қатыны Айгерімдікіне келіпті» деп естідім. Ол
ауылы біздің Қанаймен жерлес Аралтөбе деген жерде болатын.
Кешке жақын Абайға сәлем беріп қайтайын деп атыма мініп,
аулына бардым. Үйіне сәлем беріп кіріп келсем, шай ішуге жаңа
отырысқан екен. Абайдың қасында үш кісі отыр. Айгерім маған
қарады да:
—Дәулетияр, шай ішуге келіп отыр,—деді. Қыстың суық
мезгілі еді. Сыртқы киімімді шешіп, үш кісіден төмен келіп,
мен де отырдым. Біз шай ішіп отырғанымызда жыртық қой
жүнді шекпен-күпісі бар зор қара кісі кіріп, сәлем берді. Абай
оған қарады да:
—Бұл кім?—деді.
—Бұл—біздің қойшы, өзі Көкше екен. Қыстай қой бағуға
жалдап алып едім,—деді.
Абай әйелінің бетіне тесірейе қарап тұрды да:
—Әй, Айгерім, сен малды жақсы көресің. Малыңды бағып
жүрген малшыны жалаңаш қоясың. Аш-жалаңаш жүрген
кісіде қайрат бола ма? Сенің малыңа қайтіп жақсы қарайды?
Мен осында үш күн қонып, Семейге жүремін, мен кеткенше
тон, шалбар, тымақ тіккізіп, мына қойшыңа кигіз!—деді.
Айгерім:
—Өзім де тіккізгелі жатыр едім, бітіртіп көрейін,—деді.
Қойшы да келіп, самаурынның қасына шай ішуге отырды.
Айгерім оған бөлек бір аяққа бауырсақ салып қойып, шай
құйып күткен боп жатты. Тоңып келген қойшы ыстық шайды
ішіп, терлеп, тойып, кейін шыққан соң, Абай:
—Көкше, әңгіме айтшы,—деді.
Сонда Көкше қойшы:
—Әй, Абай аға-ай, бізде әңгіме бола ма? Не айтайын?—
деді.
—Сені кім кедей қылды?—деп сұрап еді.
—Мені кедей қылған Құдай-дағы,—деді.
—Құдаймен бұрыннан араздығың бар ма еді?
—Жоқ, мал бермегенін айтам,—деді.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Сонда Абай төр жақта отырған бізге қарап:
—Міні, біздің қазақтың оңбайтыны өзі орыншық болып,
жөндеп еңбек қылмайды да. Мына біздің қатын сықылды
адамнан малды жақсы көретін кісіге жалданады. Мұндай кісі
лерге еткен еңбектен мал құрала ма? Ол малды тауып құра
мағынын Құдайдан көреді. Құдай оған ерінбей еңбек қып, мал
таппа деп пе? Осы уақытта білімді елдер еңбек қып, ақысымен
байып жатқан кедейлер бар. Олар мал табуда Құдайға сенбей,
еңбегіне сенеді. «Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тілен
бей» деді.
Сонда мен:
—Абай ағай, ақылға орала ма, баққа орала ма?—дедім.
Абай:
—Дәулетияр, сен қате айтасың. Ақыл дәулетке бітпейді,
ақылға дәулет бітеді. Байдың да, кедейдің де ақылы, сезімі
бірдей. Бірақ сол ақылды орнымен жұмсап, бақыт, дәулет та
бу—ол әрбір адамның жігері талап, қайраттылығына, еңбек
өнеріне байланысты.
—Мен тауып қарсы сөз айта алмадым.
Менің Абаймен кездескенім жалғыз бұл емес, ес білгелі та
лай дәмдес болып, араласып жүрдім. Әсіресе аз, нашар ру қа
найдың жоғалған малдарын тобықтының ұрыларынан Абай
арқылы өндіріп алып жүретін болдым. Абай біздің қанайды
басқаға зияны жоқ, момын ел деп жақсы көруші еді. Өз жері
нің шөбі таусылса, қысты күні жылқысын біздің Қанай жері
не әкеліп жайғызып, ақысына соғымдық мал беріп, жаз болса,
мінерлік ат беріп, үзбей жәрдем қылып тұрушы еді. Қанайды
басынып, тобықтының ұрылары малымызды көп ұрлайтын бол
ды. Жігітектің ұрылары Дүйсембай, Қарала дегендер бір жолы
өзіміздің бір ат, бір түйемізді ұрлап алып, сұрап барғанымда
ұрсып боқтап, ауылынан қуып жіберді. Ол мезгілде Абайдың
ауылы Шыңғыстың сыртындағы жайлауына көшіп кеткен еді.
Алыс жерде жаяу жете алмадық. Күзге жақын «Абай ауылы
қыстауының қасына көшіп келіпті» деп есітіп, бір тайға мініп
бардым. Абайдың үйінде оншақты кісілер отыр екен, сәлем
беріп кіріп келіп едім:
—Е, Дәулетияр, аулың аман ба, әкең сау ма?—деді. Мен:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Әкем сау, бірақ Дүйсембай, Қарала астындағы жалғыз
атын, бір тайын ұрлап, сұрап барып едік, өзімізді боқтап жібер
ді. Сонан сізге жете алмай жаттық. «Көшіп келді» деп есіткен
соң, әкем жіберіп еді,—дедім.
Абай қатты кейіді. Өңі бұзылып кетті де:
—Баймағамбет қайда? Шақыршы!—деді. Біреу жүгіріп ба
рып, Баймағамбетті ертіп келіп еді:
—Әй, Баймағамбет, кәзір екі ат алып кел де, біреуін өзің
мін. Бір еті тәуірін мына Дәулетиярға мінгіз де, Ақылбайді
кіне ертіп бар. Бітімбайдың жалғыз атын Дүйсембай, Қарала
ұрлапты, сол малын үш күннен қалдырмай тапқызып алып
берсін! Өзің қашан Дәулетияр малын, шығынын алып, ырза бо
лып қайтқанша сонда бол. Егер анау-мынау деп малын толық
әпермесе, тез қайтып кел, өзім барамын. Ақылбайға айт! Мен
барған соң жақсы болмаймыз,—деді де:—әй, бәйбіше, мына
Дәулетиярды тамаққа тез тойғыз, шөлдеп, қарны ашып келген
шығар,—деді.
Мені бөлек үйге апарып, қымыз бен етке тойғызды да, оның
арасында Баймағамбет те екі атты дайын қылған екен, қатты
жүріп отырып Ақылбайдың ауылына келдік. Үйге кірісімен
Баймағамбет отырмастан, Абайдың айтқан сөзін түгел айтып
және Абайдың қатты ашуланғанын да айтты. Ақылбай Рами
деген бір жігітін шақырып алып:
—Тез барып, Дүйсенбай, Қараланы ертіп кел!—деп жұмса
ды. Ол біз шай ішкенше екеуін ертіп келді. Ақылбай:
—Мына Баймағамбетті ағам жіберіпті, сендер Бітімбайдың
аты мен тайын ұрлаған екенсіңдер, соны тез берсін депті,—
деді.
Дүйсембай:
—Ой, Ақылжан, қанайдың малы жоғалса-ақ, біз төлей бе
реміз бе? Мұның малын алғамыз жоқ,—дегенде, Ақылбай:
—Олай болса, өздерің ағама ақтықтарыңды айтып құты
лыңдар,—деді.
Сонда Баймағамбет:
—Әй, Дүйсембай, Абай қатты ашуланып отыр. Анық ұрла
маған болсаң, ақтан мал бер демес, бірақ арамнан құтқарар деп
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
барма. Тіл алсаң, мына қанайдың малын тез беріп қайтар!—
деді. Дүйсембай:
—Әй, кішкене қанай-ай, Абайға арқаңды сүйеп, сенің-ақ
ызаң өтті-ау! Жүр үйге, малыңды берейік, ата малдай сіңер де
ген мал еді, болмас,—деді.
Сонда Баймағамбет:
—Онда бұл Дәулетиярмен мен де бірге барамын. Абай
«Дәулетиярдың малын алып бітіп, қайтқанын көзіммен көр
мей, қайтпа!» деген. Сондықтан бітімнің ішінде болуым ке
рек,—деді.
—Жарайды, жүр, бұл тайдан жығылмай көзім ашылмас,—
деп күліп, ертіп барып, атымды, тайымды, шыққан шығымды
беріп, қайтарып еді,—дейді.
32. ҚҰСАЙЫНОВ ҚАСЕННІҢ
ЕСІНДЕ ҚАЛҒАНДАРЫ
1877 жылы шамасында «Абай болыс болды» деген ұзынқұ
лақ хабар таралып жүрді. Абайдың болыс болуына қуанғандар
да, күйінгендер де көп болды. Қуанғандардың көбі—біреуде
есесі кетіп, қолы жетпей жүргендер. Олар Абайдың әділетінен
мархамат күткендер. Ал кейін күйінгендер ел ішіндегі ұрлық-
қарлық, зорлық-зомбылықты кәсіп еткендер еді. Осының екін
ші тобына жататын Құсайын Абайдың ұрыны жек көретініне
қанық болатын. Ол үйіне келіп, әкесіне:
—Абай болыс болыпты,—деп еді, әкесі:
—Ендеше, саудамыз біткен екен. «Қара құлақ—қасқырдың
соры» деп біздің кәсібіміз Абайдың шиқанының ауызына тиеді,
—деп әкелі-балалы ұрылар қатты сасады.
—Балам, бұл елде отырып енді жан сақтай алмаймыз. Онан
да осы бастан мына көршілес сыбанға көшіп кетелік,—деді.
Құсайынның әкесі әрі-бері ойланып отырды да:
—Туған жер мен өскен елді тастап, сыбанға барғанда не
күйде, қандай халде боламыз? Онан да сол Абайдың өзіне ба
райын,—деп Қарасақау Абайдікіне келеді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Қоңыр күз. Абай ауылы күзеткен қыстауына кеше ғана
көшіп-қонып, күздік соғымын сойып жатқан еді. Қарасақау
сәлем беріп, кіріп келсе, Абайдың үйі лық толы кісі екен. Абай
оның бетіне қарайды да:
—Сен кімсің?—дейді.
—Мен Көкше Қыйқымбайдың баласымын.
—Қыйқымбайдың ұры Қарасақауы сен бе едің?
—Иә, Абай аға!
Абай бұдан басқа сөз айтпайды. Үйдегі кісілермен сөзге ай
налып кетеді. Шай ішіп, ет жейді. Бірақ көңілдегі арман ай
тылмайды.
Күн кешкірді. Көп кісімен бірге Қарасақау да қонып қалды.
Қонақтардың сөз әлпеттеріне қарағанда ішінде Абайға атша
бар болғысы келетіндері барлығы байқалды. Олар ел жайын,
қызмет жайын білетіндіктерін айтып отырды. Тамақ ішіп бол
ған соң барлық қонақтар қонақ үйге барып жайласты. Алда
рына салған шөпті тапалап шашып, көп ат қорада тықыршып
тұр. Түн ұзақ. Уақыт бір ұйықтап оянған мезгіл еді.
Қарасақау киімін киініп, аттарды жаюға қорадан шығып
келе жатқанда қасында қолына фонар ұстаған бәйбішесі бар
тысқа шығып келе жатқан Абай қарсы жолығып:
—Қайда баруға жиналдың?—дейді.
—Алдарындағы шөбін жеп қойып, аттар тықырлап тұрған
соң дәтім шыдамай, далаға шығарып жаяйын деп едім,—
дейді.
—Онда жарайды. Бірақ аттардан айырылып қалма. Жем
жеп жүрген аттар ауылына қашып, ит-құс жазым қылмасын!
Қонақ аты—қолда игі,—деп үйге кіріп кетті.
Абаймен бетпе-бет сөйлескенде төбесі көкке тиіп, төңірегі
төрт құбыла болғандай болып, Қарасақау қорадағы аттардың
бәрін далаға апарып, таңертең шай ішетін мезгілде ауылға ай
дап келіп, кең қораға кіргізіп, ауызын бекітіп шығады. Соны
шөпке бүйірі шығып, тойынып келген аттарды көріп Абай Қа
расақауға риза болғандай, жылы шырай көзқарасын білдіріп,
үйге қарай аяңдады да, бір тың ойды қорытқан пішінмен шайға
отырады. Етке тойып, түні бойы қаталап шыққан қонақтар да
қою шайды ішуге кіріседі.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Шайдан кейін қонақтардың қайсыбірі аттанып кетеді. Көбі
сол күні тағы қонады. Кеткендердің орнына бір топ кісі тағы сау
ете түсті. Күндіз-түні қойылған самауырдың, ішілген шайдың,
асылған еттің есебі жоқ. Сырт көзге небір ас беріп, небір той жа
сап жатқан үйге ұқсайды. Бұрын бұл күйдің сырын білмеген
дер осынша қонақбастылыққа қалай шыдап отыр дерліктей.
Ал шынында, сонша топтылы қонақ үшін берілген мол тамақ
Абай үйіне бір шәугім шай бергендей де болмайды. Қайта кел
ген қонақты қарсы алу, күту, аттандыру ауылдың сән-салта
натына айналған сияқты. Ол күні Абай Қарасақауға ешнәрсе
айтпайды. Ол да өздігінен батымдылық істей алмай, Абай өзі
бастап, өзі айтпас па екен деген үмітпен ұзақ күнді оздырады.
Кеш қарайып, күн батқан соң күндегі әдетпен Қарасақау ат ба
ғайын деп тысқа шығып келе жатқанда Абай тағы жолығады.
Ол күні аттарды жайырақ айдап келіп, қонақ үйге барып,
шешініп жатқанда Абай оны шақыртады.
—Иә, сәт, өзі бастап бірдеме дейтін болғаны-ау,—деп зор
қуанышпен үйге кіріп барады.
—Отыр, Қарасақау, шай іш,—дейді Абай оған.
Олар шай ішіп отырғанда Абайдың інісі Оспан келеді.
Амандықты сұрасқаннан кейін Оспан:
—Абай аға, атшабар алдыңыз ба?—дейді.
—Мен жақсымын дегендер толып жатыр, бірақ олардың
аттарын бағуға бір-бір атшы керек көрінеді. Қыйқымбайдың
мына ұры баласы осында екі қонып еді. Ешкім тапсырмай, өзі
түн ортасында барлық қонақтың, ауылдың аттарын бақты.
Түбінде ұрлығын қойса, осы адам бола ма деймін.
—Иә, Қарасақау, сен ұрлығыңды қойып, Абай ағама атша
бар бол. Бұрынғы ұрлағаныңды сұраса, шыныңды айт. Оны
төлеуге өз малың жетпесе, борышыңды мен төлейін. Борыштан
құтылып, таза арық болсаң, жеттігіп адам болып кетесің,—
дейді.
Қарасақау қуанғаннан:
—Жарайды, еңбектен жанымды аямаймын. Бір ауыз өті
рік айтып, біреудің ала жібін аттамаймын,—деп шын уәдесін
береді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Олай болса, қорадағы семіз көк атты ерттеп мініп, Арқат
қа почта апар,—дейді Абай.
Ол орнынан ұшып тұрып, көк атты ерттеп мініп, тайын
жақын ауылдағы бір құдасына тапсырып, әкесіне:
—Құдай жарылқады, мен Абайға атшабар болдым. Қорық
қан адамның өзі пана болды,—деп сәлем айтады.
Содан былай Абайға жиырма жеті жыл жолдас болып, адал
қызмет етеді.
* * *
1900 жылы мен 13-те едім. «Біздің көкшенің жайлауы
Айнабұлақ деген жерге Абайдың ауылы көшіп келіп қонды»
деп Абайдікіндегі әкем Қарасақау үйге келді де:
—Бір тоқтыны сойып, Абай ауылына ерулік алып кел! Мен
сонда бара берейін,—дегенге, мен де әкеммен ілесіп Абайді
кіне келдім. Жолда келе жатып, тақияма бүлдірген толтырып
алдым. Біз ауылға келсек, Абайдың өзіне күркешік үй тігіпті,
үлкен үйлерінің керегелері жаңа жайылып жатыр екен. Әкем
екеуіміз Абай отырған үйге сәлем беріп, кіріп келгенде:
—Әй, Қарасақау, мынау сенің балаң ба?—деді Абай.
—Иә, сізді көрем деп қалмай келді.
—Балам, қолыңдағы не?—деп сұрады Абай менің тақиямды
нұсқап.
—Жеңгелеріме берейін деп жолдан бүлдірген теріп әкеліп
едім,—дедім. Абай қасында отырған бір жігітке:
—Барып Камашты шақырып келші,—деді. Жігіт барып
Абайдың Әубәкірінің әйелі Қамашты ертіп келді.
—Қарағым Камаш, мына Қарасақаудың баласы саған бүл
дірген теріп әкеліпті. Соны ал да, өзіне жақсы ғып көйлек,
ыстан тігіп, кигіз!—деді. Маған қайта қарады да:
—Оқып жүрсің бе?—деді.
—Оқып жүрмін, ата, бірақ қарындашым, қағазым жоқ.
—Балаңа неге қағаз, қарындаш алып бермейсің?—деді
Абай менің әкеме.
—Әпергемін, бірақ жоғалтып алған шығар,—деді сасып
қалған әкем.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Әй, Қарасақау, сенің әкең де оқымаған. Өзің де оқымаған
адамсыңдар. Егер де сендер оқыған болсаңдар, көкшенің бір
білікті адамы болар едіңдер. Енді мына балаңды оқыт. Керегін
толық етіп тауып бер! Оқымай адам болмайды,—деді де, қасын
да тұрған сары сандықты ашып, маған 20 шақты табақ қағаз,
бір қарындаш алып берді. Үстіме көйлек, ыстан киіп, қарын
даш, қағазға қарық болып қуанып, ертеңінде үйге қайттым.
33. АБАЙДЫҢ МЫРЗАҚАНҒА АЙТҚАНЫ
1881 жыл. Сентябрь айы. Қазақтың қойын қырқып, жү
нін киіз басып жататын күзем уағы еді. Мұқыр болысына
қарайтын Көкше еліндегі Аманжолдың баласы Бушан деген
кісіні далада бір жау өлтіріп кеткен. Соны біздің Шақантай
деген еліміздің ұрылары өлтірді деп жала жауып, үстерінен
арыз беріп, ішінде Бөдес деген жақсы кісіміз бар, төрт кісі
ні Қарқаралы арқылы шақыртып алып, Семей түрмесіне тұт
қынға алған.
Сол абақтыға түскен кісіміз туралы Абайдан ақыл сұраймыз
деп алты кісі үйден шықтық. Мырзақан, Мәмбетей, Шоқбас де
ген жақсы адамдарымыз бар. Мен сонда 25 жаста едім. Жалпақ
деген асудан асып, Аршалы мен Ащысудың бойында отырған
елге келіп, Ащысуды өрлей отырып, Абайдың ауылын таптық.
Көкшенің Күйгенбұлақ деген қонысын сұрап қонып, күзеп
отыр екен. Үлкен үйіне киіз бастырып, өзі оңаша ауылдың ар
тына тіккен қонақ үйінде төсек-орын, көрпе-жастық, орамал,
дастарқан деген сықылды шаруашылығымен уақытша Ерке
жан деген бәйбішесімен екеуі отыр екен.
Алдыңғы ауылында сартылдаған сабау, шиге салып тепкен
киіз, бір жерлерде білек салып, киізді баурап басып жатқан
топ-топ әйелдер, үйді айнала «соқ, соқпасаң, тулақ шашу жоқ»
деп жүгіріп, ойнап жүрген жас балалар. «Тулақ шашуды жүн
сабаған әйелдерге, қой қырыққан қырықтықшы еркектерге
береміз» деп даладан қазған жер ошақ, сойылған мал, асылған
ет. Киізді шиге салып, домалатып, тартып, аяқтарымен теуіп
жүріп, бірінің-бірі қолдарын иығына артып, екі-екіден ән са
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
лып жүрген қыз-келіншектер. Бір әйелдер далада киіз теуіп
жүрген әйелдерге қымызды үлкен шелекке құйып, қолына
сырлы аяғын ұстап апарып, беріп жатыр. Біреулері түрегеп
тұрып жұтып, біреулері отырып ішіп, бірін-бірі ойнап түртіп
қалып, қымыз шайқалып ауызынан төгіліп, былқылдап-сыл
қылдап, күлісіп, теуіп жүрген киіздерін басқа бір ауылдың,
үйдің маңына жақын барса, ол үйдің әйелі алдынан табаққа
ірімшік, құртын салып, үстіне сары майын салып, алдарынан
алып шығып, оны жас балалар «талапайлап» алып қашып,
оған бір әйелдер ұрысып, бір әйелдер күліп, көкпарын алып
қашқандай балалар бірінен-бірі ала қашып, ду базар тойдай
боп жатқан бір ауыл.
Абайдың келген қонақты алдынан шығып түсіріп алып
тұратын, сайлап қойған бір-екі жігіттері болады екен. Сол
жігіттер алдымыздан шығып, Абайдың өзі отырған қонақ
үйге түсірді. Сәлем беріп, кіріп келдік. Келсек, Абай үлкен
дөңгелек сырлы, аласа үстелді алдына құрып, үстелдің шетіне
үлкен мамық құс жастықты қойып, жастыққа омырауын
төсеп, қолына бір кітап алып оқып отыр екен. Не кітап екенін
білмейміз. Сол жақтағы тізесіне жақын, көл жағасына саятқа
шығып, салқындап сазда отырған аққудай бәйбішесі Еркежан
отыр екен. Абай біз кіріп келгенде кітабын жауып тастап, ор
нынан түрегелді. Мырзақан, Мәмбетей Абаймен жасы құр
былас, бұрын көріп жүрген таныс адамдары түрегеп тұрып,
төсіне-төсін тигізіп, құшақтасып көрісті. Олардан кейін сол
құшағын маған да жайып тұрды. Мен Абайға қолымның ұшын
ғана азар бердім, оным Абайды менсінбегенім бе, жоқ, жасық,
жамандығымнан қорынғаным ба, әйтеуір, Абайдың құшағына
кіріп көрісуге бата алмағаным айқын. «Ел-жұрт, ауыл-аймақ,
ер-азамат аман ба?» деген қазақтың ресім, амандығымен аман-
есен айтысып отырыстық.
Соның арасында айтқанша болмай дыбысы суылдап, ақ кө
бігі бұрқырап екі кісілеп көтерген самаурын шай келіп қалды.
Үстелдің үстіне дастарқан жайып, оның үстіне ақ бауырсақ, ақ
тоқаш, сары май, қант, кәмпит, өрік, мейіз неше түрлі жеміс
тер аралас беріп, түгел төкті. Мырзақанның дәм шайнайтын
тісі жоқ кісі еді. Сондықтан бауырсақты бәкімен жарып, шайға
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
салып жібітіп жейтін еді. Қантты кішкене тістеуік темірмен
ұсатып, шағып, аузына салып отыратын еді. Алдымызға шай
жасалған соң, Мырзақан бәкісі мен тістеуік темірін қалтасынан
алып, үстелдің үстіне қойды. Сонда Абай:
—Мырзақан, мына көкпеңбек темірің не? Біреуді жарып
тастағалы отырсың ба?—деп күлді. Мырзақан:
—Тісім жоқ, қантты шағып, бәкімен бауырсақты жарып
жейім,—деді.
—Тіс неге салдырып алмайсың?—деді Абай.
—Тісті қайтып салады? Тіс салына ма?—деді Мырзақан
таңырқап.
—Тіс салынады. Мен салдырып алдым,—деп жалған тіс
терін көрсетті Абай оған.
—Оны қалай салады? Қанша ақшаға салады? Кім салады?—
деді тағы да Мырзақан Абайдың бетіне қарап.
—Оны Семейде салады. Мен тоғыз тісім түсіп еді, тіс
салушыға барып: «Тіс салып бер!»—дедім. Тіс салушы: «Тоғыз
тіске он теңгеден берсең, салып берем»,—деді. Мен: «Оның
үстіне бір теңгеден қосып, жүз теңге берейін, бірақ жақсы ғып
салып бер!»,—дедім. Айтқанымдай жақсы ғып салып берді.
Жақсы болды,—деді,—алғаш аузыма салғанда аузымда бөтен
бір нәрсе тұрғандай, тіпті жабағы жүн тістеп отырғандай, ішім
пысып, қапа болып, оған мен де шыдап, үш күнге шейін ау
зымнан алмадым. Содан кейін үйреніп кеттім. Енді осының
бірін алып қойсам, орны олқыланып тұратын болды. Таңертең
бір шайып, жатарда алып, бір шайып, салып отырам. Әйтпесе
базданып, иістеніп кетеді екен. Жақсы болды. Тамақ шайнауға
ешбір кемшілігі жоқ. Сен де тіс салдырып ал,—деді.
—Жүз теңгеге тіс салдырғанша, жүз теңгеге тәтті тамақ
алып ішсем болмай ма?—деп күлді Мырзақан.
—Дүниеде бір күн тұрсаң да, салдырып алған жақсы,—деді
Абай.
Ол уақыттар ақшаның қымбат күні. Мәселен, жүз теңге жүз
тоқты, үлкен қой болса —50 бойдақ.
Осы Абайдың тісі туралы сөзден сөз туып, «япыр-ай, адам
ға тіс те салады екен» деп әлгіні таңырқап отырдық. Абайдың
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР тісін көзіміз көрмесе, нанатын емес едік. Өйткені халықтың мәдениеті, өнер-білімге тіпті қараңғы кезі еді. Сонда Абай отырғандарға: —Сіздер мұны тамаша ғып таңырқап отырсыздар. Бұл тіс деген ұсақ нәрсе. Адам баласының табатын өнері, білімі әлі көп. Құдай Тағаланың адамнан асыл жаратқан мақұлығы жоқ. Адам баласына жансызға жан салуға ұлықсат жоқ, одан басқа ның бәрінің кілті бар. Өнер-білімнің кілтін жаңа-жаңа тауып келе жатыр. Әлі балықша суға жүзіп жүргенін де көресіңдер. Құс болып, қанат қағып, аспанда ұшып жүргенді де көресіңдер. Және дүние мұнымен тұрмайды, өзгерісі болады. Адам баласы осы күнгі балалардың мал өсіріп, «сенен мен артық бай бола мын» деп таласқан бәсеке байлығындай, өнерге сенен мен ар тылам деп өнер арттыруға таласады. Мал байлық бәсекесі бол майды, өнер-білім бәсекесі болады. Осы күні көз салатын да бар, бұлардың бәрі де ұсақ өнер, келешектегі болашақты әрбір тәжірибеден көріп, сезіп отырмыз. Бірақ кейіндеу болады, оны біз көрмейміз. Біздің баламыз, баламыздың баласы көрсе кө рер,—деді. Бұл—менің көз көріп, Абайдың аузынан естіген естегі сө зім. *** Осы жазылған—Абайға үшінші кездескенде естіген сө зім. Мен өмірімде Абайдың алтын жүзін төрт-ақ рет көрдім. 1896 жылы ақырғы рет Семейде көрдім. Жатқан пәтер үйіне сәлем берейін деп келсем, үйдің сыртында ашық қорғанның ішінде жүр екен. Қасында орта жасқа келген бір адам бар. Өз елінің адамы болу керек. Кім екенін, аты-жөнін білгенім жоқ. Қасына келіп сәлем бердім. Сәлем алып, амандасты. Абайға келгендегі ойымдағы мақсат—жалғыз сәлем емес, аузынан басқаша сөз есту. Сөзіне сұлу қыздай ғашықпын. Ұқпасам да, ұстамасам да естігім келе береді. Сонша құмар болсам да, Абай ды бірдеме деп жанап, сұрап сөйлете алатын кісі тағы мен емес. «Сөйлетуші біреу болар ма екен, болмаса, өзі сөйлесер ме екен» деген ойым. Абай:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Құдайдың күнін көрелік, ашық әуеге шығалық,—деп
далаға шықты. Күн шағырмақ ыстық еді. Үйдің көлеңкесінде
бір бөренеге келіп отырды. Үстінде қазақша тіккен бешпет-
шалбары бар. Беталды ашық. Белағаш жақтағы қалың қарағай
көрініп тұр.
—Осынау қалың қарайған қарағай ма?—деп сұрады қа
сындағы адамнан.
—Иә, қарағай,—деді ол адам.
—Оның ар жағында не бар?
—Оның ар жағында пәлен жер бар,—деді қасындағы.
—Онан әрі не бар?
—Онан әрі пәлен бар,—деді қасындағы тағы да.
Мен ішімнен: «Абай осы жерді өзі білмей ме, әлде әншейін
мынаны жас баладай сөйлетіп, ермек қып отыр-ау! Ана байғұс
«өзіңіз білмейсіз бе, менен несін сұрайсыз» деп неге айтпайды
екен» деп ішімнен ойладым да, кетіп қалдым.
34. АБАЙДЫҢ МАҚАМДАРЫ
Абай мен көргенде екі түрлі мақаммен сөйлейді екен. Бір
түрі—сыбырлап сөйлегеннің аз алдында баяулатып, қоңыр
майда үнмен сөйлейді. Екінші түрі—көтеріңкі, күңгірлеген,
адамға не қатты емес, не ақырын емес, құлаққа біртүрлі жайлы
тиіп, қоңырлатып сөйлейтін еді.
Абай сөйлегенде, мейлі ескі ғасырларда болып өткен пай
ғамбарлардан сөйлесін, мейлі патшалардан сөйлесін, болмаса,
өзінің өміріндегі көрген-білгенінен сөйлесін, қандай әңгіме
сөйлесе, сол айтылып отырған зат көз алдында елестеп, көрі
ніп тұрғандай ұғылатын еді. Адамға сөздің кестесін өрнектеп,
ұғындырып айтуы сондайлық, өзімше ойладым, Абай үзбей
сөйлеп отырса, мейлі ескі тарихтан сөйлесін, мейлі жаңалық
қазақ арасындағы болып жатқан әңгімеден сөйлесін, сөз ұғу
ды талап етіп, құлағын төсеп, көңіл берген ынталы талапты
адамның бір сөткеге ұйқы, тамақ ойына келетін емес. Тек Абай
сөйлеп отырсын. Абайдың бір сөтке әңгімесін тыңдаған адам
баласы өмірлік азығын арқалап алып шығуына болады. Бірақ
16-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
мен ақымақтығымнан өмірлік түгіл, бір күндік те алып шығып
пайдаланбадым ғой.
35. АБАЙ ӘБДІРАХМАН ТУРАЛЫ
1896 жылы өзім 20 жаста едім. Абайды алғаш көргенім.
Көруімнің себебін айтайын.
Бұдан бір жыл бұрын қасымда бір жолдасым бар, екі кі
сіміз, Қарқаралыға баруға шықтық. Ескіше Темірші болысы
на қарайтын Қамбар деген елдің Көкшетау, Сораң деген жер
мекені болады. Сол Сораңның Қызылбұлақ деген бұлағында
Алданазар баласы Сабыр деген кісінің ауылы отыр екен. Сонда
келіп қондық.
Сабыр деген кісінің өзі де тірі, Сүлеймен, Ақтайлақ деген ба
лалар бар. Сабыр ақсақалдың өз үйіне қондық. Біздің алдымыз
да екі кісі қонақ отыр екен. Олармен жөн сұрастық. Ол отыр
ғандар Шыңғыс елі Тобықты, оның ішінде Жігітек, Шыңқожа
баласы Ақтамберді деген жігіт екен. «Біз де Қарқаралыға ба
рамыз, бір шақыртуымыз болып бара жатырмыз»,—деді. Мал
сойып, жақсы қонақ асы берді. Дәмге тойып, ойнап-күліп, әң
гімелесіп отырдық. Ақтамберді өте жайдары, күлдіргі, адамды
тез бойына тартып, тез үйір бола кететін адам екен.
Жаттық. Таң атты. Ертеңіне «Шай ішіп, қымыз ішіп жү
реміз» деп едік, Ақтамберді және Сабырдың Сүлеймен деген
баласы: «Екеуің күндіз жүрсеңдер, қорқасыңдар. Бүгін жатып,
кешке түнғатыңдар»,—деді.
Онда ел арасында ұры көп болады. Оннан-он бестен көп бо
лып аттанып, елдің малын жылқышыны ұрып жығып, жылқы
сын алып кетеді. Ел арасында жүрген жолаушыны да тонап, ат-
тонын алып, өзін жаяу, жалаңаш тастап кететін уағы. «Осылар
бізге достық айтып отыр ғой» деп ойлап, «өйтсек, өйтейік» дедік.
Жаттық. Күндіз жүрмедік. Түске жақын болғанда Сүлеймен бір
сүйретпеге қымыз құйғызып алып:
—Таудағы пішеншіге апарам,—деп жүрмек болды. Әлгі
Ақтамберді де:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Мен де барайын, босқа отырғанша тау аралап, пішеншіге
барып, көкке шығып келейін,—деп екеуі атқа мініп, сүйретпе
торсықты байланып жүріп кетті. Біз ауылда жатып қалдық.
Менің мінген атым көрнекті, көрген кісі қызыққандай жүй
рік, сұлу, бәйге ат еді. Жорғақтап басып отыратын санды жү
рісі бар еді. Ер тоқым, киімдерім де тәуір болса керек. Соған
қызығып, мені түнде түңғатып жүр деп айтуының себебі—
тауда бекініп жатқан көп кісі ұрылары бар екен. Күндіз соларға
хабарлап, мені түнде жолымнан түсіртіп, соларға ат-тонымды
тонатып алуға жасаған айласы екен. Күн батқан соң атқа мініп,
ауылдан шығып жүріп кеттік. Айтқандай жолымызды тосып
тұрып, екі кісі жау, қараңғыда алды-артымыздан орап қамап
алыпты. Жан-жағында бұрылып қашуға ешбір мүмкіндік
болмай, бізді жан-жағымыздан мылтық атып айнала қамап
тұрып, ұстап алды. Бір қабат іштік киімімді өзіме қалдырып,
жолдасымның атын ер-тоқымымен алмай, өзімізге қалдырып,
жүріп кетті. Біз олар кеткен соң бір атқа мінгесіп әлгі шыққан
ауылға қайта келдік. «Бізді тонаған жау бөтен жау емес, осы
ауылдың өзінің ұрысы» деп жатып алдық. Олар мойнына алма
ды. Бізді ылаулап, еліміздің шетіне әкеліп салды.
Сонымен, ол мойнына алмады. Біз де одан айырылмадық.
Ақыры келесі жылы мойындап, Сабырдың баласы Сүлеймен,
алған Адылқан, Ақтамберді еді, бізде пайдасы жоқ еді, бірақ
мен өлімді болдым ғой. «Сол Адылхан, Ақтамберді Шыңқожа
балаларынан алған біз, тон тонауыңды біз төлеп берелік. Сабыр
баласы босат!—деген хат, мөр әкеліп берейін» деп сөз байласып,
айтқандай хат, мөр әкеліп берді. Сол хат, мөрін алып, Шыңғыс
елі, Адылхан, Ақтамбердіні іздеп, қасымда 2 жолдасым бар,
үйден шықтық.
Жазды күн. Июнь айының іші. Керей, Тобықтының жай
лауға қарсыласып шыққан уағы. Жолдан Абайға жолығып,
осы жағдайымды айтайын деген ойым да бар. Бірақ әуелі,
өзінің айтқан сөзі, жазған хаты бойынша өздеріне бармақ
пын. Ауылымнан шыққан күні Шақпақтың алдында Қаранай,
Таз қызылдың сыртқы жайлауында отырған Жауыншыны,
Суықбай деген ағайынды екі жақсы бай ауыл бар еді. Сонда келіп
қондым. Менің алдымда, біздің ар жағымыздағы Төлеңгіт Нау
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
шабай деген бір жақсы адам келіп отыр екен. Оның да қасында
екі жолдасы бар. Ол Наушабай Көкше Тобықтыдан жоқ іздеп
барып, қайтып келе жатқан беті екен. Екеуіміз қарсы әлгі ауыл
да, бір үйде қонақ болдық. Қонып отырған ауылымыз екі үйдің
арасынан кермелеп арқан тастап, бәйге ат, құнан жаратып отыр
екен. Өздері бұрыннан бәйге ат ұстайтын ауыл еді.
—Бұл көрмеге байлап, жаратып отырған аттарың не?—деп
сұрадық. Жауыншы ақсақал:
—Абайдың Ақылбайының қызын Көксаладағы Найман
Иманғали, Самбайдың Иманғалысы айттырып, құда түспек
екен. Соған ат шаптырып, құнан шаптырып, жорға салысты
рып, балуан күресетін тойымыз бар, соған келіңіздер,—деп
біздің елге хабар айтқан. Сол тойға қосуға жаратып отырмыз,
—деді.
—Той қашан болады?—дедік.
—Ертең құдасының келмек күні, енді екі өтіп, үшінші күні
тойға барамыз. Төртінші күні ат шабады,—деді.
Наушабай—Абаймен замандас, бұрын бірін-бірі көрген, бі
лісетін адам және өзі ойын-сауыққа құмар, сауыққой адам.
—Япыр-ай, мен Абайдың ауылын білмей өтіп кетіппін,
Абайға сәлем беріп, амандасып кетуім—өзімнің міндетті жұ
мысымның бірі еді. Ертең қайта жүріп, Абайға амандасып, әрі
тойды қызықты көріп кетейін,—деген ойға түсіп, сөзге келді.
Менің өзімнің келе жатқан бетім Абайдың ауылы қашық
емес. Ертеңінде әлгі ауылдан жай аттанып, Абайдың ауылына
келе жаттық. Жиыны—алты адамбыз. Абайдың ауылы «Тай
дың өзені» деген өзеннің бойында, бір кең алқапта отыр екен.
Өзен бізге көлденең ағып жатады. Біз бүйір жағынан бір өзекті
қуалап келе жаттық. Мезгіл қазақтың бие ағытып, кешкі қойын
сауып жатқан уағы еді. Абайдың ауылы аппақ күмбездей боп
күнге шағылысып жарқырап көрінді. Сөйтіп, келе жатқанда
ауылдың төменгі жағынан өзенді өрлеп келе жатқан мөлшері
қырық-отыздай топ кісі саулап шыға келді. Біз ауылға көлденең
нен келе жатыр едік. Әлгі көп кісінің ішінен екі адам ауылға қа
рай шыға шауып, недәуір бұрын озып келіп, көрмеге атын бай
лап тастап, Абайдың өзі отырған үйіне кіріп кетті. Біз көріп келе
жатырмыз. Аз ғана аялдап, кешікпей қайта шығып, көрмедегі
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
аттарын шешіп мініп жатқанда, біз де өкпе тұсынан осындай
келіп қалдық. Екеуі бізге бұрылып келіп, сәлем беріп аманда
сты. Көкбай мен Абайдың Мағауия деген баласы екен. Әлгі келе
жатқан Найман құдалары екен. Бұлар солардың құрметтеп ал
дарынан шыққан екен. Құдалардың түсетін ауылы—Ақылбай
дың ауылы, ол Абайдың ауылынан жоғары, құдаларға тіккен
үй сол ауылда. «Абайға сәлем бермей өте шыққанымыз ұят
болар» [деген оймен]: «Абайға хабарлаңыздар! Ұлықсат болса,
сәлем беріп, амандасып аттаналық»,—деген құдалардың айтуы
бойынша Абайға хабарға келген. Ол сағатында Абай ұйықтап
жатыр екен. «Енді құдаларды Ақылбайдың ауылына алып ба
рамыз» деп, бізге ауылдан бір даяршы жігіт шақырып берді де,
екеуі жүріп кетті. Оның арасында көп кісі құдалар да жақын
дап келіп қалды. Екеуі алдынан шығып, құдаларды жоғары қа
рай алып жүріп кетті.
Әлгі біз келген жігітке: «Наушабай деген кісі» деп жөнін
айттық. Ол Абайға барып айтты. Абай: «Наушабай болса, осын
да келтір»,—депті. Атты көрмеге байлатып, үйге сәлем беріп
кіріп келдік. Абай төсегінің алдында малдасын құрып отыр
екен. Біз кіріп келген соң орнынан ұшып тұрып түрегеліп, Нау
шабаймен құшақтасып, төсіне төсін тигізіп көрісті. Бізге де
сол құшағын жайып тұрды. Өзгеміз Абайды құшақтай алуға
қомынып, қолымыздың ұшымен көрісіп амандастық. Төрдің
алдында жайылған кілем, көрпеге отырдық. Азырақ отырған
нан кейін күн екінті болды. Наушабай тысқа шығып, дәрет алам
деп түрегелді. Абай күліп:
—Дәрет аласың да, зікір саласың да, енді қонақ үйге бара
сыздар,—деді. Наушабай:
—Осы жалғыз дәретім болмаса, өзге мінезім сізге қолайсыз
емес,—деді. Сонымен тысқа шығып, дәрет алып, қонақ үйге
бардық. Бір жігіт ертіп келіп кіргізді.
Қонақ үйі—ауылдан оңаша алты қанат аппақ үй. Қонақтың
шай-жабдығы сол үйдің ішінде болады екен. Шай, қант, орамал,
дастарқан, тегене, ожау, қымыз ішетін кішкене сырлы тоста
ған, үлкен қара сүйретпе—барлығы сол үйдің ішінде. Ойнақтап
тұрған екі даяршы жігіті бар. Кісі басы астына төсеген бір-бір
қалың мақта көрпе, үлкен-үлкен мамық құс жастық, кісі басы
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
үстіне жамылатын бөлек-бөлек бір-бір көрпе, барлығы сол үй
дің ішінде жиюлы тұр. Біз үйге кіріп, намаз оқып, отырғаннан
кейін қайнаған самаурын шай келді.
Қонақ үйге Абайдың өзі де келді. Шай жасалып, ішіп от
ырып Наушабай екеуі әңгімеге кірісті. Кіріскенде, көбінесе
әңгімені айтушы Абай. Сол жылдан бірер жыл бұрын Абайдың
Әбдірахман деген баласы Жаркентте әскербасы болып тұрып, өз
ажалынан ауырып қайтыс болған екен. Анда-санда сөйлеп оты
рып, «уһ» дегенде, төрде отырып ауызынан шыққан демі киіз
үйдің есігін желпігендей болды.
Сол Әбдірахманмен тірлігінде сөйлескен бір сөзін айтты.
—Балам офицер оқуын бітіріп, күзге қарсы әскербасы бо
лып, Жаркентке жүретін болып, үйге бес-алты ай демалысқа
келді. Келгенде, басқа сырт елдерде «Абайдың баласы ірі
білімді» деп көтеріп, мақтап жүрді. Өзім қандайлық білімді
екенін білмеймін, тек тірі келгеніне, көргеніме мәзбін. Сүйтіп
жүргенде, «осы балам қандай білім алды екен, бір сөз сұрап,
қарасын көрейінші» деген ойға түсемін де, сөзімді дұрыс шешіп
берсе, жақсы, шеше алмаса, тауаным қайтып, өкпелеп қала
мын-ау!» деп аяп, айта алмай жүрдім. Сүйтіп жүргенде, Жар
кентке жүретін уағы таянып қалды. Сонан соң ойға түстім. «Бұл
Жаркентке барады, онда бес жыл тұрады, оған дейін мен өлі бо
лам ба, тірі болам ба, жоқ, бұл өлі бола ма, тірі бола ма, жан
ның бәрі менің сөзімді шешіп бере-бере ме? Соның бірі болар,
мұның қандай екенін қарасын көріп, білмей қалғаным арман
болар»,—деп, өзімді-өзім сөз сұрауға бекітіп, бір күні төсектің
алдында шешесімен екеуі шай ішіп отыр еді, мен төрдің алдын
да үстелге бір кітап оқып отырдым да:
—Әбіш, осы ақ асыл ма, қара асыл ма?—дедім. Әбіш жы
миып күліп:
—Қараны асыл дейсіз,—деді.
—Мен қараның асылдығын айтайын:—Құдай Тағала он
сегіз мың ғаламдар жаратты. Оның ішінде барлығынан адамды
асыл жаратты. Ол адамның жаралған денесінен екі көзін асыл
жаратты, ақ асыл болатын болса, көздің ортасындағы қара
сы көрмей, екі жағындағы ағы көретін болсашы, ағы көрмей
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
ді, қарасы көреді. Қараның асылдығын осы адамның көзі ай
тып тұрған жоқ емес пе?—дедім. Екінші себеп—адамның жас
күнінде сақал-шашы қара болады, кәртейгенде сақал-шашы ақ
болады. Ақ асыл болатын болса, адамның сақал-шашы ағарған
сайын ақыл-қайраты молая беретін болсашы. Сақал мен ша
шы ағарған сайын ақыл-қайраты азая береді. Үшінші дәлел—
бір үй толған ақ қағазды жиып қойсаң, одан не пайда таба
мыз, қағаздың бетіне тамған қара сиядан Құдайдың бірлігін,
пайғамбардың Хақтығын, екі дүниенің ғылымын ақ қағаздың
үстіндегі қара сиядан біліп, пайдаланып отырмыз. Құдай Тағала
қағазды қарадан жасап, сиясын ақтан жасаса құдіреті жетпеп
пе? Төртінші дәлел—адам баласы не істесе, күндіз істейді, түнде
ұйқыға кіріп, тыным алып, тыйыш жатады. Оған қарағанда
күндіз қызметін күңге істетіп, жайына жатқан түн бай секілді,
күн байдың қызметкері деп білемін. Бесінші дәлел—пайғамбар
мұғыражыға шыққанда, түнде шыққан екен. Қараның, қа
раңғының асылдығын осыдан білем,—дедім. Әбіш:
—Осының бәрін немен білдіңіз?—деді. Мен:
—Ақылмен біледі де,—дедім.
—Ақылмен білсеңіз, ақыл нұр болады, нұр ақ болады,—
деді,—және миға салып білетін шығарсыз, басыңыздағы ми
ақ болады,—деді. Сонан орнымнан тұрып барып, мойнынан
құшақтап, бетінен сүйдім. Оқ атып, қылыш шауып тұрса да,
қайтпайтын жүректі, ерлігі бар еді және кішіпейіл, есіктен
бір қайыршы, мүсәпір адам кіріп келсе, орнынан атып тұрып,
соған: «Жоғары шық»,—деп орын беріп отыратын кішіпейіл
еді. Осындай көп тұрмайтын мінездері бар еді,—деп қатты ар
ман етіп отырды.
36. СТАМБЕКТІҢ АЙТУЫНША
1898 жылдың жазы. Ел жайлауда. Абай ауылының отырған
о жері бір салқын төс, кең қоныс екен. Желінің басынан басқа
жерлердің шалғыны жапырылмағанына қарағанда, заты бұл
қонысқа таяу қонған тәрізді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР Бұл менің Абай ауылына бірінші рет келуім еді. Мен келсем, Абайдың Ақылбайы Найман Иманғали дегенмен құда түскен тойы болып жатыр екен. Той тарқаған соң қымыз ішейін деп Абайдың өзі отырған үйіне сәлем беріп кіріп келсем, қасында 4-5 кісі бар, Абай қы мыз ішіп отыр екен. Бір тегене қымызды сапырып, кісілерге құйып беріп отырған Көкше Дүтбай деген Абайдың күйеуіне таяу келіп мен де отырдым. Дүтбай қымызды өзі ішіп, қасындағыларға құйып беріп, маған аяқ шетін де иіскетпеді. Сары қымыздың жұпар иісі мұрнымды жарып, тамағымды жыбырлатқандай болып, аңсам ауса да, қымыз маған өз еркімен келе қоймады. Абай қымызды жұта түсіп, әңгімеге айналып отыр. Ал Дүтбай маған көзінің қырын да салмайды. «Шіркіннің таңды ры кеуіп қалған ба, маған неге бермейді» деп қоям ішімнен. Дүтбай қымызды тағы құйып, маған ұсынбай өзі ішкелі жатқанда, аяққа мен де жармастым. Сонда Дүтбай Абайға қарап: —Мына Мырзаның баласы ішіп отырған қымызымызға да зорлық қылды-ау,—деді. Байсалды түрмен Абай бізге қарады да: —Жоқ, оныкі зорлық емес, сенікі зорлық. Бұл жалғыз Көкше ғана ішсін деп қойған қымыз емес, о да шөлдеп кел ген шығар. Ретімен оған да құйып беруің керек емес пе? Сен әділетсіздік істедің,—деді. *** 1901 жылы біздің Мырза Баймосын Меккеге бармақ болып, соның жайын Абайға айтып, ақылдаспақ болды. Маған «атшы болып жүр» деген соң еріп, Абайдікіне бардым. Ол күні қондық. Ертеңіне Байбосын қажыға бармақ болып жүргенін айтты. Сон да Абай: —Әй, Байбосын, сенің қажыға барғандағы мақсатың не? Соны айтшы! Бірінші, сен «қажымын» деп біреудің төріне шығып отырғың келеді. Екінші, күнәдан құтылғың келеді. Ә, олай болса, сенің туысқандарың—Мырзаның бәрі ұрлық
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ... қылады. Олар сенің атыңды мініп, малыңа ұрлықтың малын қосып жатады. Өзің ойлашы, ұрлық пен қажылық бір жер ге сия ма? Інің Малбосын ұрлықпен мал көбейтсе, сен онымен қажыға барасың, одан түк шықпайды. Менің тілімді алсаң, үйіңе барып, бір бие мен он шақты қой сойып, барлық мырза ба ласын жинап ал да, ұрлықтарын қоюын сұра! Малсыз нашарла рына сауын мен көлік бер. Қызметке жарайтындарына Мұқыр өзенінен арық қаздырып, егін салдыр, қарекетке баулы. Сонда төрге де отырасың, кінәдан да да пәк боласың! Ол еткен ісіңнің сауабы қажыға он рет барғаннан артық,—деді Абай. Байбосын үндемей отырып қалған соң мен: —Абай аға, осы кедейліктен, жалғыздықтан қайтсем құ тылам,—деп сұрадым. Сонда Абай: —Кедейліктен еңбек қылсаң, құтыласың. Жалғыздықтан көппен пікіріңді қоссаң, құтыласың. Көппен пікірің қосыл са, жалғыздық көрмейсің,—деді. Мен қалта қарап отырып қа лыппын. Сонда Абай: —«Әділет қайда болса, зұлымдық сонда» деген сөздің не екенін білесің бе?—деді. —Абай аға-ау, өзіңіз айтпасаңыз, мен қайдан білейін,—де дім. Сонда Абай: —Зұлымдық әрқашанда өмірден қалмайтын нәрсе, әділет сіз жерде зұлымдық көрінбейді. Зұлымдықтың бетін әділет ашады,—деді. Қай жылы екені есімде жоқ. Бір жылы үлкен съезд болып, соған барғанымда, астыма мініп барған айғырымды Уақтың бір адамы «менің ұры алған айғырым еді, таныдым» деп жа быса кетті. Мен ол айғырды Көкше Тентекқара деген кісіден алғандығымды айтып, Уақты Тентекқараға ертіп келіп едім, ол: —Айғырды мен Абайдан алғанмын, үшеуміз сонда бара лық,—деді. Сонымен үшеуіміз Абайдікіне келіп, жай-жапсарымызды айтып едік, Абай: —Менің Тентекқараға берген айғырымның түсі мынадай: құлагер, жасы онда, бота тірсек, ой желке, жалы мінер жағына
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
жығыңқы, қабырғасы делдек, күлте құйрық, оң жақтағы
артқы аяғының шідерлігінде ағы бар. Ал, Уақ, сенің жоғалтқан
айғырыңның түсін айтшы,—дегенде, Уақ үндей алмай қалды.
—Сенің қолындағы айғырдың қандай белгісі бар?—деп
сұрап еді, мен де ештеңе айта алмадым.
Содан соң үйде отырғандар тысқа шығып қарасақ, Абай
айтқан белгінің бәрі рас екені анықталды.
Абайдың көргенін ұмытпайтын, зеректігіне қайран қалдық.
Уақ өзінің таныдым дегенінің қате екендігін мойнына алып,
қош айтысып, аттанып кетті.
37. АБАЙДЫҢ ҚОЙШЫ КӨКШЕМЕН
ӘҢГІМЕСІ
(Екінші нұсқа)
Абай Семейге барарында, қайтарында біздің үйге келіп
қонып, түстеніп кетіп жүретін. Әкем Бітімбай жас күнінен
Абаймен таныс болыпты. Біздің қыстау, жайлауымыз Абайдың
кіші әйелі Әйгерім, үлкен баласы Ақылбайға жақын көрші бо
латын. Сондықтан мен Абайды жас күнімнен көріп, үйір бол
дым. «Абай келеді» деп естігенде қатты қуанамын. Себебі Абай
үйге келіп шешініп, отырысымен мені қасына шақырып алып:
—Кәні, Дәулетияр, үйіңе келген керуендерден үйренген
ертегілеріңді айтшы,—дейді. Мен «Қотыр торғай», «Бес ешкілі
кедей» сықылды қазақтың ескі ертегілерін, ұсақ жұмбақтарын
айтамын. Абай басқа нәрсеге алаң болмай, тыңдайды да:
—Жарайды, Бітімбай, мына балаң зерек болады, оқытсаң
шы,—дейді. Әкем:
—Қырдағы молдалардан оқытып жүрмін ғой,—десе,
—Жоқ, Семейден орысша оқыт! Қырдағы молда намаз,
оразадан басқа түк білім бермейді. Орысша оқыса, барлық өнер-
білім содан табылады,—деуші еді.
Әкем сөз айта алмай қалса да, «жалғыз баламды қайтіп Се
мейге жіберемін» деп мені оқытпады.
Абай алдына келген бауырсақ, қант, етке мені қоса отыр
ғызып:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Ертегішім, іш, же,—деп тамаққа әбден тойғызатын.
Ер жетіп, атқа мінуге жараған соң Абайдың ауылына барып,
Мағауия, Тұрағұлдармен үйір болдым.
Бір жылы қысты күні «Абай кіші әйелі Әйгерімдікіне
келіпті» деп естідім. Жақын жерге келген соң «Абайға сәлем
беріп қайтайын» деп атыма мініп, күн бата Әйгерімдікіне
келдім. Сәлем беріп үйге кірсем, Абай отыр екен.
—Ей, ертегішім, келдің бе?—деді. Самауыр әкеп, шай іш
келі жатыр екен. Мен де келіп отырдым. Біз шай ішіп отырған
да еңгезердей бір қара кісі сәлем беріп кіріп келді. Басында
тысы жыртылған елтірі тымағы бар, үстінде жыртық қой жүні
шекпен, аяғында киізден сырған башмақ, алқам-салқам тоңған
кісі сықылды.
Абай әлгі келгенге тесірейіп қарады да, Әйгерімге:
—Мынау кім?—деді. Әйгерім:
—Бұл менің қойшым. Өзі—Көкше. Қыстай қой жаюға жал
дап алып едім,—деді. Абай:
—Әй, Әйгерім, сен қойды жақсы көресің. Қой баққан кісіні
жалаңаш қоясың. Тоңған, ашыққан адамда ақыл-қайрат бола
ма? Бұ да өзіңдей адам емес пе? Мен осында үш күн қонып,
Семейге жүремін. Мен жүргенше мына қойшыңның киімін
бүтінде!—деді. Әйгерім қатты қысылып:
—Жарайды, өзім де киім тіккізіп жатыр едім, тез бітіртейін
енді,—деді.
Әйгерім орнына ұшып тұрып, бір аяқ бауырсақты қойшы
ның алдына қойып, шай құйып беріп, қалбақтап қалды. Қой
шы шайға тойып, терлеп кейін барып отырған соң Абай:
—Ей, Көкше, енді ертегі айтшы,—деді.
Қойшы:—Абай аға, кедейде ертегі бола ма? Не айтамын?
Абай:—Сені кім кедей қылды?
Қойшы:—Мені кедей қылған Құдай дағы.
Абай:—Құдаймен бұрыннан араздық, өштігің бар ма еді?
Қойшы:—Жоқ.
Абай:—Ендеше неге Құдайдан көресің?
Қойшы:—Мал бермеген соң айтқаным ғой.
Абай:—Құдайдың елге үлестіріп жатқан малы бар ма еді?
Қойшы үндемеді. Абай қойшыға қадала қараған көзін ауда
рып, біз жаққа, көпке қарады да:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Міні, біздің қазақтың көбінің сөзі осылай келеді. Бұл—
зор адасқандық. Жас шағынан жалқаулыққа салынып алады
ма, талап қылып, талпынып, алысқа барып, еңбек қып мал тап
пайды. Сол жалқаудың қырсығынан өз еңбегін өзі бағаламай,
мына Әйгерім сияқты малды жақсы көретін малқұмар адамға
жалданады. Мұндай адамдар ішсе тамаққа, кисе киімге жары
майды, жоқшылықтан арылмайды.
Ол жоқшылықты, кедейлікті Құдайдан көреді. Құдай оған
ерінбей еңбек қып, мал таппа деп пе. Осы уақытта үлкен қала
ларда, заводта жұмыс істеуші жұмысшылар бастарын қосып,
байға ақымызды жегізбейміз десіп жатқандар бар. Олар Құ
дайдан мал сұрамайды. Аянбай еңбек қылып, оны күш қосып,
бірігіп жоқтап алады,—деді,—еңбек қылсаң ерінбей, тояды
қарның тіленбей,—деді.
Сонда мен Абайға:
—Сіздің айтқан сөзіңізді ұғатын кедейде ақыл, білім бола
ма, олар бас қосып не бітіреді? Қайда болса да, байдың сөзі бұл
ды болады ғой,—дедім. Абай:
—Қате айтасың. Кедейде не ақыл, білім болмасын, Асан
қайғыдан ақылды, Жиреншеден шешен қазақ баласы болды ма,
ол екеуі де кедей емес пе? Ақыл малда болмайды, баста болады.
Кедейдің басы бар емес пе? Кедей басын қосып біріксе ел де, сөз
де басқара алады. «Көп қорқытады» деген мақал бар. Байдан
кедей көп емес пе?—деді. Мен қарсы сөз айта алмадым. Бірақ
ішімнен «ерікті ауызға бөрікті бас сияды. Абайдың алдынан
ешкім шықпаған соң айтады ғой» деп ойладым.
Тамақ ішіп болған соң төрт қонақ бөлек үйге барып, жатарда
бағанағы Абай сөзі туралы кеңестік. «Е, кедей қалай бас құрап,
ел бола алды? Ел басқарарлық ақыл, білім кедейге қайдан
келсін? Орыстың кітабынан оқыған сөзі ғой, алдына шығарлық
адам жоқ, сондықтан айтады да» дестік.
Міні, осы сөзді Абайдан естігеніме биыл елу жыл болды. Әлі
есімнен шықпайды. Осы күні мен отырған Сталин атындағы кол
хоз қырық үй түгелімен кешегі бір сиырдан басқа түк бітпеген
кедей, бүгін алдының 6-7 қара, 30-40 қой, ешкісі бар, елді де,
шаруаны да басқарып отырған сол кедейдің балалары.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Бұдан елу жыл бұрын осы өмірдің болатынын білген Абайды
ескіше «әулие ғой» деп отырмын,—дейді Дәулетияр қарт.
38. ҚҰНАНБАЙДЫҢ БАЗАРАЛЫ МЕН
ТҰРЛЫНЫ АЙДАТУЫ
Құнанбай Базаралыны жеңіп, отрядпен ұстатқанда мен
ішінде болдым. Жиырмаға жаңа келген кезім еді.
Абай мен Қайранбайдың жиырмадан асқан кезі. Екеуі атқа
мініп, ел сөзіне араласып қалған еді.
Бір күні Төлебайға Құнанбайдан бір шапқыншы келіп:
—Төлебай мен Ибақ келсін, Аягөзден екі казак-орыс әкел
дім. Жігітектің бар кісісін ұстап, қойдай қосақтай айдады,—
депті.
Төлебай, Ибақтар да елден ерген елу кісімен Құнанбай ауы
лына барады.
Түнде тамақ ішкен соң екі казак-орыспен екі жүздей кісі ат
танып, таң ата Базаралының ауылын қамап алып, Базаралыны
бас қылып, Жігітектен 17 кісі ұстады. Өзгесін екі-екіден түйеге
мінгестіріп, Базаралыға жеке бір түйе берді. Тұрлы дегеннің екі
қолын артына байлап, ұзын жіппен орысқа жетектетіп, бір оры
сты артына салып қойды.
Ел қатарласып келе жатыр. Ал Құнанбайдың беті сұрланып,
қанын ішіне тартып, бойын ашу кернеп, терең ойға батып, алда
оқ бойы жалғыз кетіп барады.
Бір мезгілде самайынан тер ағып, табаны ойылып, діңкесі
құрып, адамшылық сәні кетіп, жаяу келе жатқан Тұрлы:
—Ей, Төлебай, Құнанбайдан қорықпа, Құдайдан қорық!
Құдай атын атасып, ақ бата беріскен сарысүйек құда емес пе
едік, шіркін, ат сауырын беруге да жарамадың ба?—дегенде,
Төлебай тұра қалып, казак-орыстың бастығына:
—Мынаны түйеге мінгізуге бола ма?—деп сұрап еді, ол:
—Билік менде емес, Құнанбайдан сұрайын,—деп шауып
келіп Құнанбайға жайды айтып еді, ол тоқтай қалды. Бұл уа
қытта саулап арттағылар да жетті. Төлебайға қарап Құнанбай
түсін суытып:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Енеңді ұрайын, Мәмбетей балалары-ай, қашан болса да
ескі қателіктеріңді бір қоймайсыңдар!—депті.
Төлебай да қанын ішіне тартып тығылып қалды. Халық
тым-тырыс біраз тұрып қалды. Әлден уақытта Қайранбай:
—Ей, Төлебай, Ибақ, Құнанбайға келгенде Шығымбай, Бу
даннан жуандық көрмеймін. Мұндай сөзді естімеймін деп келіп
едім. «Қайда барсам, Қорқыттың көрі» болып, Құнанбайдан
да сөз еститін болсам, онда өз қорлықтан жатқорлық жақсы.
Ізімше қайтып, Шалғымбай, Будандарға-ақ барам. Солардың-
ақ қойын жайып, қолдарына су құяйын. Тарт аттың басын!—
дегенде, Мәмбетей кісілері ду жөнеледі.
Құнанбайлар сол арада ұйлығып тұрып қалады.
Төлебайлар екі шақырымдай ұзағанда, арт жақтан бұр
қылдаған шаң шықты. Бұл шауып келе жатқан Абай екен. Ол
Төлебайдың алдын орай тұрып қалып:
—Құрдасыңыз жіберді. Қатем болса, мойныма алдым,—де
ді,—қайтыңыз, әке,—деп жабысты. Төлебай мен Қайранбай
қайтпай, қарысып тұрып алды. Ибақтың тоқтағысы келсе де,
көрініп ештеме дей алмады.
Сонда Абай:
—Бір ауыз сөзге қатынша қашпаңыз, құрдасыңыздың мой
нына кінә салып, не өз мойныңызға кінәні алып кетіңіз,—деді.
—Төлеке, мынау Ибраһимжанның сөзі дұрыс қой. Не мой
нына кінә салып, не өз мойнымызға кінә алып кеткеніміз жөн
болар,—деді Ибақ.
—Ант ауса, ат жүйрік көрерміз. Жарайды, барсақ, бара
лық. Абай келген соң болмас,—деп қайта жүреді. Бірақ Құнан
байларға қосылмай, ауылға тура тартады.
Мәмбетей кісілерін бөлек үйге кіргізіп, асты-үстіне түсіп,
күтіп жатыр. Ал Жігітек кісілерін бөлек үйден жасаған абақ
тыға кіргізіп, төрт жағынан төрт орысқа күзеттіріп қойды.
Құнанбай мен Төлебай әлі жүз көрісіп, тіл қатысқан жоқ. Абай
ғана істің түбін береке-бірлікке айналдырғысы келіп, екеуінің
ортасындағы дәнекер болып жүрді.
Жас Абайдың шиеленіскен уақиғаның түйінін шешуді терең
ойлап, кеңінен толғайтын тартымды болатындығы осы жолы
айқын көрініп қалды.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Қоңыр күз. Қыс шақырып, қара суық таң атты. Боқырау
дың боз қырауынан ақ киім киген дала, ақ сұлыдай бола қалды.
Ел тұрып, әркім қадары-халінше қалың киімін киініп, қылы
шын сүйретіп келе жатқан қысты қарсы алғандай күжірейе
қалыпты.
Қонақтар шайларын ішіп болған соң Абай келіп:
—Сіздерді тәтем өзі отырған үйіне шақырады,—деді.
Сыртын күрең мауытымен тыстаған орман ішік жамылып,
төсек орнында қасқиып отыр екен Құнанбай. Үйіле келген
Төлебайларды достық, жылы жүзбен қабыл алды. Аздан соң
Құнанбай Төлебайға қарап:
—Төлебай, саған менің тілім тиді-ау, шіркін! Ашу—дұш
ман, ақыл—дос еді. Ашуға билетіп алғандық па, болмаса
қартайғандық па, әйтеуір менен бір қателік іс өтті. Ал өзге
Жігітекті түйеге мінгізіп, Тұрлыны жаяу айдаған [ның] себе
бін айтайын. Ол былай еді: жауласып, жат босып жүрген уа
қыттарда Жігітек талай малымды ұрлады, жеді ғой. Ашу-араз
дықтың үстінде көз болған бір шығынға шыққан малдарым деп
білсем де, білмегенсіп жүре беретін уақыттарым болды. Өзге
ұрлық-қарлықтарын қойшы, «егіз ала» деген екі қаралы атым
бар еді, екеуінің түрі, бойы, жал-құйрықтары бірдей болған
соң, адамға мінгізбеуші едім. Аттарым неше жылдан бері майы
үстінде шүресі түскен құр еді. Сол аттарымды осы Тұрлы ұрлап,
апарып сойып алды. Неше сұрасам да, жауап бермеді. Аяғын
да Жігітектен күмән ұстап, бір съезде билік болып, күмәнға
ұстаған кісімді Жігітектер қорқытып, Тұрлы да Құнанбайдың
«егіз аласы» жоқ деп көп алдында жанын бергізді. Онымен
қоймады, күмәнсініп өткізіп алған соң көп алдында айқайлап:
«Ей, Құнанбай, енді менен ана көзіңнің құнын сұра!» деді. Осы
сөзі күні бүгінге дейін ойымнан шықпайды. Сол ескі ызаның
үстінде кез болып қалған соң, ауызымнан шығып кетті. Енді
мен айыбымды мойныма алдым. Бұл үшін менің саған тартқан
айыбыма белдеуге бір құр ат байлатып қойдым. Мына ішігімді
үстіңе жапқаным,—деп өзі жамылып отырған орман ішікті
апарып, Төлебайдың үстіне жапты. Төлебай үндемеп еді, Ибақ:
—Ат керек болса, күнде мінетін аты ғой, ана белдеуге ат
жылқыға апарып қосылсын. Құнанбай мырза, құрдасыңның
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
салақ екенін білесің ғой. Төлебайдың қысқы киімін ерте тігіп
бере алмайды. Суық түсіп, қыс таянып қалды. Ішікті кисін,—
депті.
39. АҚЫН ӘУБӘКІРДІҢ ӘЙЕЛІ ҚАМАШТЫҢ
(КАМАЛИЯНЫҢ) ЕСТІП БІЛГЕНІ
Мен Абайдың кенже інісі Оспанның үйіне, Еркежан бәй
бішенің қолына келін болып түстім. Ол кезде 17 жаста едім.
Еркежан бәйбішені Абай әйелдікке алып, Оспан деген інісінің
үйіне кірген екен. Мен Абай отырған үйге келін болып түс
кеніме өзімді бақыттымын деп санадым. Мен қазақтың басқа
келіншектеріндей қайнағадан қайрыла қашатын, енеден ең
кейе қашатын, жасы үлкеннің бәрінен жасқанатын, ертеден
кешке дейін келіп жатқан қариялардың бәріне тізе бүгіп, сәлем
ететін келін болғам жоқ.
Мен түскеннен кейін әкем шақырып алып:
—Қарағым, Қамаш, ата-енені сыйлау—үлкенді қадірлеу,
бетін жауып ұялып, тізе бүгіп, сәлем етіп, жан біткеннен
жасқаншақ болудан басталмайды. Алдымен менің өз алдым
да бетіңді аш, сәлем етпей-ақ осы үйдің ішінде өзіңіз оң жақта
жүргеніңдей қаймықпай жүре бер. Біздің мына Еркежан еке
уімізді ата-ене деп қарамай, «әке, ана» деп қара. Менің тілегім
осы,—деп өз алдында менің басымдағы желегімді алғызды.
Сол күннен бастап мен оң жақтағыдай еркін жүретін болдым.
Біздің ауылдың үлкен-кішісі Абайды «әке» деп атайды екен.
Сондықтан мен де «әке» деп атайтын болдым.
Әкемнің киімдерін мен тігетін едім. Жаңа киім тігіп жат
қанымызда қасымызға келіп, тігіліп жатқан киімді көріп, «ті
гісі жатық, жақсы екен, үлгісі сұлу, ұнамды екен» деп мақтай
ды. Сол киімді киген соң балаша мәз-майрам болып қуанатын.
Әкем кербез емес еді, бірақ киімді өте таза ұстап киетін. «Киі
мің ескі болса да, таза болсын, сыны кетпесін, күтіп ки» деп
балаларға ақыл айтып отырады.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
40. АБАЙ МЕН АРХИРЕЙ
1885 жылы Семей қаласына Жетісу облысы арқылы корпус
жаққа жандарал Колпаковский келеді. Онымен бірге Петербор
қаласында тұратын облыстың бас молдасы Архирей келді.
Ол уақытта Семей қаласында 12 мешіт бар еді. Соның 12
имам-молдасын Архирей шақыртып алып, арабша жазылған
Құранды қолына ұстап отырып, бір жерінен «мына сөзін
оқыңдар!» депті. Арабша сөзін оқыған соң, мұның мағынасын
сұрапты. Молдаларлың айтуынша, «бұзық түзік болмайды,
түзік бұзық болмайды» деген сөз екен деседі. Сонда Архирей
молдаларға:
—Бұл қалай айтылған сөз, егер сендердің діндерің бұзықты
түземейтін [болса], біздің дін асыл емес пе,—депті. Молдалар
бұл сөзге жауап таба алмай сасып:
—Бізге бес күн аял беріңіз. Сіздің сұрақтарыңызға жауап
беретін ортамыздан бір адам сайлап берейік, сонымен сөйле
серсіз, —депті. Сонда Архирей 5 күнге рұқсат беріпті. Молда
лар үйлеріне қайтқан соң жиылып, ақылдасады: «Бұған кім
толық және тоқтатып беруге жарайды, егер бұл Архирей бізді
сөзден жеңсе, хрестиан дініне еріксіз кіргізеді. Сондықтан бұ
ған толық жауап берерлік адам табу керек» десіп, ақыры «Абай
болмаса, өзге жауап берерлік кісіміз жоқ» десіп, Семейден 250
шақырым жерде Шыңғыс тауының сыртында Байқошқар деген
жайлаудағы Абайға хат жазып, барлық молда қол қойып, «кел
мей қалмаңыз, қатты қысылдық» деп адам жібереді.
Айтылған 5 күнге шейін Абай келіп жетеді. Сөйлеспек
ші күні Архирейге барады. Келген кепін айтқан соң Архирей
Абайға айтады:
—Құдайың жер-дүниені жалғыз тарының қабығына сый
ғызам деген екен. Осы рас болуы мүмкін бе?—депті.
Сонда Абай:
—Адам баласы жер-дүниені көзбен көреді, көзді көретін
қарашығы тарыдан үлкен емес қой. Сыйғаны осы емес пе?—
депті.
17-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Архирей айтады:
—Сендердің Құдайың «бұзық түзік болмайды» депті. Бұ
зықты түзей алмаған дінде не асылық бар?—депті. Абай:
—Ол сөз сайтан үшін айтылған. Сайтан періште ортасынан
бөлініп, азып шыққан. Басынан өзі бұзық болған соң түзел
меген. Ал адам баласын бұзықтықтан түзеуге Құранда көп
жазылған және түзеуге болады,—деп дәлел айтыпты.
Архирей сөзден қайтып, сөз айта алмай тоқталыпты дейді.
41. АБАЙ МЕН МЫРЗАХАН
1892 жылы жаңа Семейде тұрған кезінде жазды күні июнь
айында Шыңғыс тауының ... Мамық деген жездесіне бармақ
болып үйден аттанып шығып, сол күндегі Семейдегі қазақтар
ноғайдың салтынша екі жағасы тік 3 мешпет ... басына төбе
сін 8 сай ғып сырыған шошақ төбелі тымақ киіпті. Жолда бір
қонып Ашсу деген жерде отырған елге бардым, содан Шыңғыс
тауынан асқанша екі орта 100 шақырым жерде ел жоқ. Жалғыз
жарым адамның атын, киімін алатын ұры бар деген соң, жал
ғыз жүруге қорқып, жолдас іздеп, әркімдерден: «Шыңғыс аса
тын адам бар ма?» деп сұрастырып едім, «Бұл ауылдарда жү
ретін адам жоқ. ... Ақшоқы деген таудың сыртында Абайдың
аулы бар, арлы-берлі жүретін кісі соған соқпай кетпейді. Жол
дас іздесең, сонда бар» десті. Атыма мініп айтқан таудан асып
Абайдың ауылына келсем, үйдің сыртында Абай және баласы
Мағауия, тағы екі адам тұр екен, келіп сәлем бердім. Абайды,
Мағауияны қысты күні Семейге келгендерінде көргемін, таны
дым. Абай:
—Сен қай баласың? Қайдан келесің?—деп сұрады.
Мен жөнімді айтып:
—Жездем Мамықтікіне бармақ боп шығып едім, екі орта ел
сіз деген соң, сіздің ауылдан Шыңғыс асатын жолдас табылар
ме екен деп келіп едім,—дедім. Сонда Абай бетіме қарап тұрып,
бір-екі деп санап тұрды да:
—Алты кісі жолдасың бар, өзіңмен 7 кісі. Жаудан қорық
пайсың, үйге бар, тамақ іш,—деді. Мен оған қуанып, «көп кісі
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
болады екеміз» деп ойлап үйге кірдім, қымыз іштім, біраздан
кейін шай іштім. Енді сыртқа шығып қарастырсам, ауыл ада
мынан басқа жолаушы сықылды бөтен адам көрінбейді. «Бұл
қалай, бағана менімен бірге жүреді деген 6 адам қайда?» деп
аң-таң қалып тұрғанымда, өзіммен жасы шамалас Мағауия
тұрғанын көріп, қасына келіп:
—Мағаш, бағана Абай аға: «алты кісі Шыңғыс асады, соны
мен бірге жүресің» деген соң, күтіп отыр едім. Ондай адам кө
рінбейді, олар қайда, қашан жүретін адамдар?—деп сұрадым.
Сонда Мағауия күліп тұрып:
—Бұл ауылда Шыңғыс асатын адам жоқ. Ағамның 6 жол
дасың бар дегені—үстіңдегі киген үш мешпетіңнің алты жа
ғасын өрескел көріп айтқан болу керек. Үйге жүр, өзінен сұ
райық,—деп мені ертіп Абай отырған үйге алып келді.
—Аға мына жігітке сенімен жолдас болып, Шыңғыс аса
тын алты адам бар депсіз. Бұл сөзге түсінбей жолдас күтіп отыр
екен. Мұны мазақ қылғаныңыз ба қалай?—деді.
Абай тұрып:
—Кімде-кім жаман болса, замандасы күнәлі. Бұл—сенің
замандасың. Мұның мына қыр еліне өрескел үш мешпет киіп
бара жатқанына сен күнәлісің,—деді.
Сонда Мағауия тұрып керегенің басында ілулі тұрған және
аршубке шапанын алып, маған берді де:
—Сенің сыртыңдағы екі мешпетіңді шешіп, астыңа салып
ал. Мына шапанды сыртыңнан ки! Бұл жерде ағам мін тақты.
Елге барсаң, оған ел күлер,—деді.
Шапанды киіп, түн қатып жүріп кеттім.
42. АБАЙ МЕН СЕЙТҚАН
Абайдың Сейтқан деген бие сауыншысы болған. Бір күні
жай үйінде қонақ жоқ, ерігіп отырып:
—Әй, Сейітқан, мен саған бір жұмбақ айтайын. Сен шеш,
болмаса сен бір жұмбақ айт! Мен шешейін, бірақ екеуміз де бәй
ге тігейік. Мен жеңсем, сен менен алатын алты айлық ақың
ды алам. Сен жеңсең, мен өзім мінетін жақсы қоңыр атымды
берейін,—депті.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Сонда Сейітқан Абайға:
—Мен сіздің жұмбағыңызды шеше алмаймын, мен ай
тайын, сіз шешіңіз,—депті.
—Ал айта ғой,—дегенде, Ол:
—Өзіңде бар, ойында жоқ?—депті.
—Бұны шешу үшін ойлануға қанша уақыт бересің?—десе,
—Мен барып, биені бір сауып қайтып келгенше ойланып,
табыңыз,—депті. Сейтхан бие саууға кеткен соң Абай ойла
нып:
—Бұл қай нәрсені айтады?—деп, ол келгенше қорытынды
шығарып қойып, Сейітқан келген соң айтса:
—Жоқ, менің жұмбағымды шешкен жоқсыз,—депті. Абай:
—Олай болса, шешуін өзің айт!—десе:
—Ол адамның кіндігі, өзіңізде бар болса да, ойыңда бол
майды. Адамның өзге несі сөз болса да, кіндікті ешкім аузына
алмайды,—депті.
Сонда Абай ойланып отырып, мына Сейітқанның айтқан
жұмбағына шешуі дәл келді.
—Бұл мені жеңді,—деп қоңыр атын беріпті.
43. КӨКБАЙДЫҢ КЕЙПІ
Абай би болып, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы, барым
талықты ақиқаттылықпен шешіп жүрген кезі екен. Ақын қан
дай мәжіліске барса да, не Ерболды, не Көкбайды ертіп жүрген.
Бірде Абыралының ауылына абыройлы істің шешімін, бір
елдің ішіндегі екі рудың көңіл кірбіңін келістіруге Абайға жол
түскен еді деседі. Осы жолы Абай Көкбайды қасына ертеді.
Барған еліне қона жатып іс тындырып, ертеңіне ел жігіт
терінің бірі Абайдың атының тізгінін ұстап аттандырар алдын
да сөзге келіп тұрады. Бұған қарама-қарсы бір төрт-бес метр
жерде Көкбайдың атының тізгінін ұстап тұрған басқа жігіт:
—Көке,—деп бірдеңелерді ақылдасқан сияқты боп көрінеді
Абайға. Өйткені Көкбай көктің тірегі дәл сол минутта өзінде
тұрғандай кейіп байқатқан. Абай үзеңгіге аяғын салар алдында
Көкбайға жалт қараған болатын. Көкбайдың жасы бірер жыл
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
үлкен болғанмен, Абайды сыйлайтын, әрі сескенетін. Абайдың
әлгі күдік қарасынан Көкең дереу бойын бірден жинап алған.
Жолшыбай екеуі біріне-бірі тіл қатпай желе жортып келеді.
Елге жете Әйгерім Абайдың атын ат байлағышқа байлап,
ақын үйге беттейді. Көкбайдың да тоқалы күтіп тұр екен. Аты
байланысымен, ол қамшысын тоқалына ұсынып:
—Мен Абайдікіне кіріп шығамын,—деп солай қарай аяң
дайды. Тоқалының:
—Абаймен екі қонып бірге келген жоқсың ба, бітпеген не
шаруа бар?—дегеніне қарамайды. Сондағысы «Абайдың ма
ған қарасы жаман еді, бірдеңе деп қойды ма екен» деген күдік.
Көкбай Абайдың үйіне:
—Ассалаумағаләйкүм, ақын аға,—деп сәлем бере енген
де, қауырсын қаламмен жазып жатқан екі шумақ үйлесімін
аяқтап:
—Апырым-ай, Көке, сен жаңа бірге келіп едің, сәлем берген
сен бе едің?—дейді Абай.
Сонда Көкбай:
—Абайжан, бағана маған қараған жанарың өткір еді. Бір
деңе деп тастадың ба?—деген сауал қояды.
—Делініп қалды, Көке,—деп оқыса, Көкбайдың манағы
ауылдағы жігітке көрсеткен кейіпін суреттеген екен.
Бұрылып тұрып,
Буыны құрып,
Әсемсіп, сәнсіп,
Білгенсіп, мәнсіп,
Әр нәрсенің орынын.
Керенау керім—бір керім,
Жақпайды маған сол жерің,—
деген екен. Сонда Көкбай:
—Абайжан, бұл осы арада қалсын,—деп өтінеді.
—Көке, паш етіп жіберем,
Ұқсамайсың тәкаппар «бекке»
Болмасын бұған ешқандай өкпе,—депті.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
44. [ҚОПА ШЕШЕН]
Қопа шешен селдір сақалды кісі екен. Бір күні Семейде Ал
шынбай мен Құнанбайға кездесіп қалады. Адуын Алшынбай
оны бір шалып қалуды ойлап:
—Баянда жүн-жұрқа жинайтындар көп болушы еді, Қопе
ке, сақалыңызды алып сатып жібергенсіз бе?—дейді.
—Сақалды сақтағанша, абыройды сақтау керек. Кеше Қара
обаға барып, параға жеті бие әкелдің, сенің тұтамдай сақалың
Құдай алдында жеті бие үшін жауап бере ала ма?—Қопа да то
сылмайды.
Алшынбай сөзден ұтылып, Қопаның алдында айыбына
жиырма бес сом тастайды. Сонда шешен:
—«Ат жақсысы—боз, ер жақсысы—таз болар» деген, бұл да
Алшынбайдың білгендігі,—деп жиырма бес сомды қалтасына
сүңгітеді.
Екеуі құда болғанмен, арасында бақталастық бар Алшын
байдың басын қозғағанға жаны сүйсінген Құнанбай:
—Қопеке, Алшынбайдың құлағына қолыңызды апарма
ңыз, ол кісінің бас асауы бар,—деп біраз күліп алады.
—Соқыр мен төбелдің құлағынан Қопа жаңа ұстап жүр дейсің
бе?—деп, күлкісін баса алмай тұрған Құнанбайға қарайды.
Шешеннің Құнанбайды да бүктегеніне сүйсінген Алшын
бай:
—Саған сол керек, сені де түрткен жиырма бес сом ғой,—деп
рахаттана қарқылдап күледі. Құнанбай ұялғаннан езу тартып,
Қопаның алдына жиырма бес сом тастайды. Қопа:
—Көздің соқыры кемшілік емес, көкірек соқыры жаман,—
деп бұл жиырма бес сомды да қағып алады.
45. АБАЙ МЕН ҚАЙРАНБАЙ
Абайдың абырой даңқы шыққан кезі еді. Абайдың үстінен
арыз беріп, Өскемен уезі шақыртып, соған барған екен. Қал
бадан Қайранбай қазірет барады. Ол кісінің жасы алпыстар ша
масында, өзі аппақ, сақал, мұрты жоқ көсе адам еді.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Өскемен уезіндегі аға сұлтан Ислам төренің баласы Әлихан
оқыған жігіт еді. Уезге хатшы, әрі переводчик болып істейтін
еді. Сол хатшы бөлмесінде Абай басында шлапы киген және
шылым тартып отыр еді, Қайранбай келіп кірді. Абай:
—Әлихан қарағым, мына ақ кемпірің кім?—деп Қайран
байды нұсқап көрсетті. Әлихан:
—Абай аға, ол кісі Қалбаның болысный молдасы қазірет
Қайранбай деген ағаңыз болады,—деді.
Қайранбай да Әлиханға қарап:
—Басында шлапісі, аузында шылымы мынау шапа орысың
кім?—деді Абайды нұсқап. Әлихан:
—Бұл кісі тобықты Құнанбай ағаңыздың баласы Абай деген
ініңіз ғой.
Бұл кісілер бірін-бірі сырттан білгенімен, көзбе-көз кездесіп
көріспеген еді. Сол жерде екеуі амандасып, көрісіп, біріне-бірі
ізет көрсетіп қалады.
46. АНАСЫ НЕСІ, МЫНАСЫ НЕСІ?
Тобықтыда Қойлыбай деген бай қолына ұры жігіттер ұстап,
төңіректен мал алдырады екен. Абай сол үйге келіп түссе,
Қойлыбай Құранды жайып оқып отыр екен. Сонда Абай:
—Анасы несі, мынасы несі?—депті. Сонда Қойлыбай:
—Анауым—мынанікі, мынауым—анакікі,—деген.
—Анауым мынанікі дегенім—ұрлығым, бұл дүниенің қа
мы. Ал мынауым ананікі дегенім—о дүниенің қамы,—деп жа
уап берген екен.
47. АБАЙ АДАМНЫҢ АСЫЛЫ ЕМЕС ПЕ!
(Бірінші әңгіме)
1919-20 жылы үкімет пен партия, сауатсыздықты жою,
халық ағарту мәселесіне шұғыл кірісіп, Семей губерниясы,
Өскемен қаласынан мұғалімдер дайындайтын қысқа мерзімді
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
3-8 айлық курстар ашылып, елден хат танитын жастар шақы
рылды. Сол қатарда мен де келіп, сегіз айлық мұғалімдер курсы
на түсіп, оқып жүргенімде, қалаға жақын Ұлан елінде тұратын
апайымыз болушы еді—ерте заманда ұзатылған, әкелеріміздің
апайы. Құрманғалының баласы Әбдірахманға келген екен. Бір
баласын жіберіп, бір демалыста мені шақыртып алды.
Келсем ерте заманда салынған төрт бөлмелі ағаш үйде, екі
үйлі жан, балалары, немерелерімен он бес шақты адам, бір
қазаннан ас ішіп, бәрі бірге екен. Мал-мүлік жағынан да, үй
тұрмысынан да нашар екен. Жездеміз Әбдірахман тірі екен.
Келбетті, ат жақты, аққұба келген, мінезі салмақты, ақыл-
парасатты адам екен. Ғылым-білімнен хабары бар, өнерпаз
адам екен. Мысалы, ол кісі—құсбегі, мерген, дойбышы, то
ғызқұмалақшы, домбырашы екен. Сол кездерде апа-жездеміз
жетпіс-жетпіс бес шамасына келіп қалған кездері еді. Ол кезде
Абайдың өлеңдері баспаға басылып шыққанымен, қарасөзде
рі жарыққа шықпаған еді. Жездеміз Әбдірахманның үйінде
жазба түрінде Абайдың қарасөздерінің бәрі бар екен. Маған
көрсетіп, кейбір сөздерді өзі оқып беріп, кейбір философиялық
терең мағыналы сөздеріне ойлы сезіммен еркін түсініп, сүйсіне
оқушы еді.
—Мен сізге Абайдың бір данышпандығын айтайын,—деді
жездем,—менің асқан қыран бүркітім болды. Көрінген аңды
құтқармаушы еді, оның өзге бүркіттен ерекшелігі—түлкіні
қиын жер, қия таста ілсе, бүріп алып аспанға ұшып кетіп, біраз
жүріп, төмпешіктеу жерге қонып, мен барғанша басып, терісін
жыртпай, басқа бүркіттей қызылын шоқымай, бүріп отыратын
еді. Абай сол бүркітімді сұрап екі кісі жіберіпті. Әкем:
—Абай әдейі сұратқан соң, беру керек,—деді.
Мен бүркітімді де, Абайды да қимаймын. Көңілін қалдыр
ғым келмейді. Не істеу керек?
Ертеңіне үй толы адамдар болды. Төрде қариялар, билер,
қажылар отырып, төмен жақта жастар отырды. Әкем төсек ал
дында қымыз құйып отыр, одан төмен мен отырмын. Босағада
тұғырында бүркіт отыр, томағасыз, аяқ бауы байлаусыз. Төрде
отырған Қаумен ақсақал бүркітке қарап:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Әбдірахман қарағым, әлгі түлкіні аспанға алып ұшып
жүретін, атақты тастүлек қыраның осы ма?
—Иә, ақсақал, осы. Мұның басында томаға жоқ, аяқ бауы
байлаусыз. Мұның да негізі қасқыр, жолбарыс секілді жырт
қыш емес пе, сенім бар ма?
—Біреуімізді бас салып аспанға алып ұшып кетпесіне кім
кепіл,—деді ақсақал.
Сол кезде есік жақтағы жігіттер сескеніп, қымсынып та
қалды.
—Жоқ, ақсақал, ол негізі хайуан болғанмен, анау-мынау
адамнан да есті, итке, мысыққа, балға ұмтылмайды. Тұғы
рында байлаусыз отыра береді, ақылды, тәртіпті. Құрманғалы
әкем осы құстың әр қылығын естіген бе, Абай сұратып екі кісі
жіберіпті, қонақ үйде жатыр,—деді әкем. Дәумен:
—Иә, сонымен бересіздер ме?—деді.
—Балам бүркітін қимайды, бірақ Абай ә деп сұратқан соң,
бермеске бола ма?
Сол кезде бүркіт тұғырынан секіріп жерге түсіп, аяқ жақта
отырған жігіттің алдына барды. Жігіт арқасынан сипады, екін
ші кісінің алдына барды, ол да сипады. Сол ретпен жағалай
отырған адамдарға арқасынан бір-бір сипатып, амандасқан тә
різді ең соңында менің тіземе келіп отырды. Мен сылап-сипап
едім, еркелеген тәрізді басын қойныма тығып, наз көрсеткен
дей болды. Ел таң қалып, қайран болды. Төрде отырған кәрие
қажы:
—Әй, Құрманғалы-ай! Осы сияқты қолға түспес асылды да
қиып, біреудің сәлемдемесіне бермексің-ау, кейде асылдың
түсіне қарамайтыныңыз да бар-ау!—деді.
Мен өзім толықсып отырған адам, қажының сөзі маған се
беп болып, қонақтарды: «жата беріңіздер» деп, өзім жаны
ма екі жолдас алып, бүркітті көп ұстайтын, қарағай ішіндегі
Өтеміс еліне кеттім. Біреуден сұрап, біреулерден сатып алып,
ішінде екеуі ақсұңқар—он екі бүркіт әкелдім. Қонақтарды он
екі бүркіт беріп аттандырып, Абайды да осымен «разы болатын
шығар» деп тұрғанымда, әкем үйден шығып:
—Балам, қонағыңды аттандырдың ба? —деді.
—Иә, әке!
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Немене бүркітіңді бермей қалдың ба?
—Бір бүркітке татитындай қылып аттандырдым ғой, әке,—
дедім.
—Әй, балам, «Құс аяған көкке қарайды, ат аяған жерге
қарайды» демеді ме аталарың. Сенің бүркітің құстың асылы
болса, Абай адамның асылы емес пе? Асылдан асылдың несін
аядың? Түбінде адамның асылынан артық асыл бола ма? Абай
дүниеге сирек келетін адам, бекер еткенсің,—деп басын шай
қап, үйге кіріп кетті.
Шынында да, Абай сол он екі бүркітке разы болмапты, «өз
көңілімдегі бүркіт болмаған соң неғылайын» депті.
Абай менің бүркітімді көрмей, «сол бүркіт түлкіні аспан
да, сірә, желді күні көбірек алып ұшып жүретін шығар» депті.
Шынында да желді күні көбірек ұшып жүруші еді. Соны үйде
отырып ақылмен білгені—данышпандық емес пе!—деді жез
дем...
48. АБАЙДЫҢ ҮШ СЕЗІМДІ ҚАТАР
ҚАБЫЛДАУЫ
(Екінші әңгіме)
Келесі күні Құрманғалының үлкен үйінде Рақым деген кіші
баласы бар екен. Мені құда бала деп, үйіне қонаққа шақыр
ды, бардым. Ол үй де кедейленіп қалған сияқты. Рақым толық
денелі, дөңгелек бет, ақсары адам екен. Бәйбішесі де—толық
аққұба адам. Екеуі де алпыс бес-жетпістер шамасында, байсал
ды, сөзге тартымды, парасатты адамдар. Үй іші жинақы, шағын
бас: бір ұл, бір қызы бар. Ол үйде де Абайдың, Құрманғалының
суреттері тұр. Абайдың суретін бұрын да таныдым.
—Мынау Абай емес пе?
—Иә, Абай.
—Сіз Абайды көрдіңіз бе, құда?
—Көрдім, Абайдың үш сезімді қатар қабылдағанына таң
қалдық,—деді.
—Мысалы, қалай болған?
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Менің он төрт шамасындағы бала кезім. Бір жұмыспен
қасыма сөзге шешен Дәумен деген кісіні қосып, әкем Абайға
жіберді. Барған күні қонақасы жеп, сол қонақ үйде жаттық.
Ертеңіне сәске кезінде Абай өз үйіне шақырды. Барсақ үлкен
ақ боз үйде, төсек алдында Абай отыр. Семіз денелі, қара кісі
екен. Кісіге қадала сын көзімен қарап, бастан-аяқ бір шолып
шыққанда, сол кісінің ой-өрісін, мінез-құлқын, қысқасы,
бойындағы бар қасиетін біліп шығатын сияқты. Денесіне тұ
таса біткен, жуан мойны кісіге қарағанда денесімен бұрылып
қарайды екен. Күн ыстық еді, қымыз ішіп болған соң Абай бір
жігітке алдына жез леген алдырып, басына суық су құйғызып
отыр.
Менің жолдасым Дәуменге:
—Иә, Дәке, келген жұмыстарыңызды айта отырыңыз,—де
ді Абай.
Дәумен әкемнің тапсырған жұмыстарын айта бастады, есік
тен елінің бір жігіті келді.
—Жәй келдің бе?
—Сізде шаруам бар еді.
—Айта бер,—деді Абай.
Жігіт те ағайын арасының сөздерін айтып жатыр есік жақ
тан, төр жақтан Дәумен айтып жатыр. Абай былай басына су
құйғызып отыр. «Қазір жүргелі жатқамыз жоқ қой, ана жі
гітпен таласа айтпай-ақ, кейін айтармын» деп ойлаған жолда
сым тоқталып қалды. Сонда Абай:
—Дәумен, сен сырнайдай тақылдаған шешен емес пе едің,
жағың қарысып қалған жоқ па, неге үндемей қалдың?—деді.
Содан соң Дәкең де сөзін жалғастырып, соға берді. Екеуі де
сөздерін айтып болды. Абайдың басына су да құйылып болды.
Абай:
—Дәумен, сен менің сөзім тыңдаусыз қалады деп, тоқтал
дың-ау жаңа, сенің айтқан сөзің мынау ма?—деп, бір әрпін
қалдырмай айтып берді.
—Ал сенің сөзің мынау ма?—деп ел ішінің жігітінің сөзін
айтып берді. «Және басына су құйғызып отырып, бірден үш
сезімді қатарынын қабылдау, неткен алғырлық» деп қайран
қалдым,—деді Рақым.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
49. АБАЙДЫҢ ДАНАЛЫҚ СЕЗІМІ
(Үшінші әңгіме)
Абай тәуір көретін сенімді бір жолдасына:
—Бір уақытта менен бір сөз сұрашы,—депті. Жолдасы:
—Жақсы,—депті де ұмытып кетіпті. Үш-төрт күннен кейін
әлгі жолдасына:
—Әлгі айтқан сөзім қайда?—деген екен. Жолдасының есіне
енді түсіп:
—Кешіріңіз, Абай аға, енді айтыңызшы, сол не еді?—де
ген екен. Үй ішінде жүгіріп ойнап жүрген төрт жасар немересі
Әубәкірді көрсетіп:
—Мына Әубәкір тірі болса, қандай адам болады?—деп сұ
рапты.
—Абай аға-ау, төрт жастағы ойын баласына қалай сын бе
руге болады? Мұнда қазір ақыл бар ма, мінез, сезім бар ма, не
деп сынауға болады?
—Ендеше мен айтайын, жадыңа сақтап ал,—деді Абай,
—егер бұл Әбубәкір тірі болса, жігіт болып өскен кезінде мүм
кін мен болмаспын, ал сендер боларсыңдар, естеріңде болсын:
Ақылбай маған тартқан ғой, ал Әбубәкір Ақылбайға тартқан,
ұстамсыз, айнымалы болар, —депті.
—Не себептен айнымалы болар дедіңіз, Абай аға?
—Олай дегенім, Ақылбай ауырып үйде жатқан кезде біт
кен бала еді. Ақылбай сонда үзбей апиын ішіп жатып еді.
Апиын рухқа шабады ғой, сондықтан мұның рухында апиын
орналасқан. «Айнымалы болар» дегенім сол еді,—депті Абай.
50. ӘУБӘКІРДІ МЕН КӨРДІМ
(Төртінші әңгіме)
Мың тоғыз жүз он сегізінші жылы қазақтан он тоғыз жас
тағыларды армияға алған, сол қазақ полкі өте тәртіпсіз бо
лып, «бай-жуан тапқа қарсы» деген дақпыртпен Құнанбай
аулына шабуыл жасап, сағат, білезік, шолпы тағы басқа асыл
бұйымдар алыпты. Мың тоғыз жүз жиырма бірінші жылдары
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Қарабұжыр болысында съезд болып, сол елден барған екі жігіт,
сол тонаудың ішінде болған екен. Соның біреуінен он бес бесті
даулап Әубәкір барған.
Анау жігіт «алғам жоқ» дейді. Сот екеуін талапкер мен
айыпкерді оңаша сөйлестіреді. Сонда Әубәкір он бес бесті дау
лап, бір бестіге тоқтап келгеніне елдің адамдарының көңілі
разы болмай қалыпты. Елдің ойы «Абайдың немересі кемінде
он бестіге бітетін шығар» деп өздерінше көңілмен кесім еткен
еді.
Не еді екінші жігіттен бес бесті даулап, күмәнға Дуғали де
ген елдің басты жігітін ұстады. Ол өтіп кетіп, одан ештеңе ала
алмай қалды. Дуғали денелі, бұғақты жігіт еді. Соған Әубәкір
наразы болып айтқан өлеңі:
Жігіті бұл матайдың бұғағы іскен,
Сіміріп су орнына қасам ішкен.
Қаз мойын, сұйық жал деп ойлаушы едім,
Тоң мойын мәстек екен майға піскен.
Бұл жерде төрт жастағы Әубәкірге берген Абайдың сыны
расқа шыққаны дәлелденіледі. Мысалы—он бес бесті даулап,
бір бестіге біткені. Бұл ұстамсыз, айнымалы екендігін көрсетсе,
ел жігіті Дуғалидың ант беріп, туысын арашалағанына сынаған
өлеңі—айтқыштығын дәлелдегені.
51. АБАЙДЫҢ ЖЫЛТЫР АҚЫНҒА СЫНЫ
Абайдың он төрт жасындағы бала кезі еді. Құнанбайға аман
даса Бозай төре келген екен. Жанына атақты Жылтыр ақынды
ерте келген. Құнанбай жақсы қарсы алып, Бозаймен әңгімеле
сіп отырғанда, Бозайдың күмістелген мүйізді қара шақшасын
бірде өзі атса, бірде Жылтыр ақынға ұсынып, екеуі кезек атып
отырысады.
Әкесінен төмен отырған Абай:
—Жылтыр аға, атыңызға, ақындық атағыңызға сырттан
қанық едім. Бозай ағайдың өзін шақшасымен қосып бір ауыз
өлең айтыңызшы?—деді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Сонда Жылтыр ақын былай деген екен:
—Қызылсу Шарға құймай тасымайды,
Әркімнің бір жары бар басыбайлы.
Аңырып отырғанша, ермек болсын,
Бозеке, бері таста насыбайды,—
деген екен. Құнанбай мен Бозай: «Бәрекелде, өлең-ақ!»—деген
екен. Жылтыр ақынды мадақтай бастағанда, Абай Жылтырға:
—Сізді ақын десек, жамаушы екенсіз ғой,—деді.
Құнанбай қадірлі сый қонағын баласының мінегеніне қы
сылып:
—Өлең-ақ, қай жерінде жамау бар?—деп баласына қадал
ды. Абай:
—Тіпті жамаушы ғана емес, өтірікші екенсіз,—деді.
Құнанбай Бозайдан қысылып, Абайға қадала:
—Сөзіңді дәлелдеп бер, әйтпесе қайтып ал!—деді. Абай:
—Өтірікші дегенім, «Қызылсу Шарға құймай тасымайды»
деді. Қызылсу Шарға құймайды, өз бетімен Ертіске құяды,
бұл—бір. Екінші, «әркімнің бір жары бар басыбайлы» деді.
Әйелдің жалған байы болса, басыбайлы бола ма? Ал жамаушы
дегенім, осы бір ауыз өлеңге Қысылсу, Шарды, әркімнің жарын
әкеп қосудың қажеті не? Бір ауыз өлең Бозекеңнің айналасы
нан табылмай ма? Бозай:
—Ал, Абай шырағым, өзің айтсаң, қалай айтар едің?—деді.
Абай:
—Мен айтсам былай айтар едім:
Қараша хан қасында басыбайлы,
Қарасыз ханның көңілі тасымайды.
Ақыры отырғанша, ермек болсын,
Бозеке, бері таста насыбайды,—
дер едім.
Бозай төре де, Жылтыр ақын да, әкесі Құнанбай да дәлелді
сөзге тоқтаған екен. Сөйтіп, он төрт жасар Абай үш дәуді бірден
сүріндірген екен.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
52. ӘРІПТІҢ АБАЙҒА ЖАУАБЫ
Сыбан Ақтайлақ бидің немересі Әріп ақын бала кезінде Се
мейде оқып жүрген кезінде Абай Семейге келісімен Әріп барып
сәлем беріп, амандасып тұрады екен. Абай Семейге келетін бол
са, Семей халқы үш күн бұрын хабарланып тұрады екен. «Жаңа
Семей жақтағы пәтер үйіне кешке келді» деген хабарды естіп,
Әріп таңертең орнынан тұра сала бетін жуып, шайын ішпестен
Абай түскен үйге есіктен кіріп келіп:
—Ассалаумағалейкүм, Абай аға!
—Уағалейкүмассалам, сол жерде тұрып үйдегі мен сыртта
ғыны бір ауыз өлең ғып айтшы,—депті Абай.
Сонда Әріп іркілмей:
Шеккені бұл Семейдің өңшең қотыр,
Жиылар бір пұшпаққа опыр-топыр.
Шайына қосатұғын сүті де жоқ,
Аққу құстай сыланып қатыны отыр.
—Жарайсың,—деп қасына шақырып алып, шай ішуге дас
тарқанды жаңа жайып, шайға отырған кезі екен. Абаймен бір
ге ет жеп, шай ішіп, мектебіне қайтады. Ертеңіне Әріп кітабын
қолтықтап мектепке қайтып бара жатса, Абай базарға қарап
тұр екен. Жанында төрт жолдасы бар екен. Әріп:
—Ассалаумағалейкүм, Абай аға!
Абай:
—Уағалайкүмассалам, ей, Әріп, осы жыпырлаған базарды
бір ауыз өлең ғып айтшы,—дейді.
Әріп:
Жегені бұл Семейдің өңшең палау,
Асығыс жұмыстары қызыл танау.
Бірі алып, бірі сатып шуылдасып,
Өз атын жаудай сабап кеткені анау,—
депті. Бұл пароход келгендегі сигналында бірінші очеред алуға
таласып, өз аттарын өздері сабалап, шауып бара жатқан перже
вайшыларды айтқаны еді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР * * * Жазғытұрым Ертіс бұзылып, сең жүріп жатқан кезде «Абай ар жақта үлкен Семейге генералға келіпті» деген хабарды естіп, Әріп «Абай ағаға сәлем беруім керек» деп, Ертіс жағасындағы адамдарды жібермей тұрған күзетшіден қашып, бір сеңнен бір сеңге, мұздан мұзға секіріп ар жаққа аман өтеді. Генерал қақпасына келсе, Абай жолдастарымен шығып ке леді екен. Әріп қол қусырып, сәлем береді. Абай сәлемін алмас тан: —Ей, албасты қандай болады?—депті. Әріп: —Албасты тап сіздей болады,—депті. Абай жайына кете барады. Әріп те өз жөніне жүре береді. Абайдың жолдастары аң-таң болып, аңырап қалады. Абайдың соңынан жолдастары үн-түнсіз еріп, квартиріне келіп, тағы үн сіз отырысады. Бір жолдасы сөз бастап: —Абай, сіздің шешендігіңіз, абырой-атақ, даңқыңыз бар лығы да сай, бірақ бізге түсініксіз бір мінезіңіз бар. Кейде балашағамен де сөйлесетініңіз бар, әлгі бала сізді «албасты тап сіздей болады» деп сөгіп кетті ғой. Ауыр сөз ғой онысы? Абай: —Ол бала—Ақтайлақ бидің немересі. Ол мені сөккен жоқ. Сөзіме жауап берді. Мен оған қапылыста, тосын сұрақ қойдым. Ол—«албасты сіз сияқты қапылыста басады» деген сөзі. Боса нып, қысылып жатқан әйелді, түнде, жалғыз үйде бейуақытта тұтқиылдан басатыны рас. Тамағына тойып, үйінде жай жатқан адамды албасты баспақ емес. Ол баламен ойнамаңдар, ол маған өзін сынатып жүр, мен сынап жүрмін,—депті Абай. 53. АБАЙДЫҢ БӘКЕН ҮЙІНДЕ БОЛҒАНЫ Ұлан еліне жалғас көкжарлы, саржомарт ішінде аға сұлтан Тілеубердімен Абайдың әкесі Құнанбай дос екен. Құнанбай қайтыс болғаннан кейін алты-жеті айдан соң Тілеуберді қайтыс болады. Орнына Абай құран оқуға кетіп бара жатып Бәкеннің үйіне қонады. Бәкен Абайға:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Ақсақалдың өлімі келсең-кел де кез болған екен. Кезеңге
үш шықпай тоқтама!—депті.
Бұл сөзі—«әкеңнің өлімі сенің болып тұрған кезіңе кез
дескен екен. Асыңа үш жүздің баласын түгел шақыр!» дегені
екен.
54. ҚАСҚЫР МЕН АЛШЫНБАЙ
Қазақтың салтында соғым етінен құдандаға, дос-жаранға
арнап сыбаға сақтайды, атақты адамдар, амандасып сыбағасын
жеу үшін, жылына бір рет март, апрель айларында келеді екен.
Қасқыр деген би Құнанбайға сәлем бере, амандаса келсе керек.
Құнанбай қарсы алып, түнде жақсы қонақасы, сыбағасын беріп,
түнімен әңгімелесіп, таңертең ішінен ойлайды: «Осы Қасқыр
ды Алшынбай сыртынан біледі. Бірақ бірін-бірі көрген жоқ-ау!
Осының үстіне Алшынбай келер ме еді?» деп ойлайды.
Сәске уағында жанында жас жігіт атқосшысы бар Алшын
бай сәлем беріп кіріп келеді, амандасып жайғасып отырады.
Қасқырдың түсі суық, қасы көзін жауып тұрады екен. Жаны
на жолдас ертпей өз атын өзі ерттеп мініп, жалғыз жүре береді
екен. Ол кездегі халықтың салты, сый қонақ амандаса келсе,
бір қонып ертеңіне түстік жеп аттанады екен. Және ол кезде үй
иесі таныстырмайды, қонақтардың өздері сұрасып танысады.
Алшынбай келіп отырған соң, кешікпей қолға су құйылды. Ол
Қасқырға істелген түстік еді.
Ақ дастарқан жайылып, үйеме табақ қазы-қарта, жал-жая
сымен ет келді. Жастар жапырақтап ет кессе, үлкендер әңгі
мелесе отырып жей беретін әдеті ғой. Алшынбай атқосшысы
күмістелген кездікпен етті турай бастады. Ылғи шонжарлар
дың алдында жігіт қымсынып, табаққа өңмеңдемей, етті ту
рап отыр. Жылқының майлы еті, төрт елі түскен қазылар,
майы тамшылап аппақ дастарқанды былғап жатқанын Қасқыр
көріп қалып, қасының көзін жапқан қылдарын қолымен сипап
түріп қараса, анық дастарқанды майлапты. «Өй, тәйт!» дегенде
жігіт шошып қалып, қолындағы пышағы түсіп кетіпті, ешкім
үндемеген соң, жігіт етті қайта турайды, тағы майын тамызады.
18-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Қасқыр тағы «тәйт!» деп еді, бейтаныс түсі суық бұл адамның
«тәйт!» дегенінен жігіт тағы абыржып, қолынан пышағы тағы
түсіп кетеді. Мұның бәрі Алшынбайға тиіп отыр. Егер үшінші
рет түсірсе, Алшынбайға өлім, ұят сияқты көрінді де:
—Ей, Құнанбай, Құнанбай! Ауылы он болмаған, жігіті жүз
болмаған, жылқысы мың болмаған, қотаны қой болмаған, кө
ңілі жай, дастарқаны май болмаған мына біреуің кім еді?—деп
ті. Қасқыр да, Құнанбай да ешнәрсе демейді, ас ішіліп болған
соң Қасқыр қоштасып жүріп кетеді. «Бұл кім?» деп Құнанбай
дан Алшынбай сұрамайды, ол Қасқыр туралы айтпайды. Екі-
үш күн жатып Алшынбай үйіне келеді. Шетінен мың айдаған
туыстары «Алшекең келіпті, сәлем берейік, не жаңалығы бар
екен?» деп еріккен, қолдары бос мырзалар келіп, амандасып
болғаннан кейін:
—Ал, Алшеке, аға сұлтанға барып келдіңіз, не жаңалық бар,
айта отырыңыз,—дейді.
—Бәлендей жаңалық жоқ. Ел аман, жұрт тыныш, деген
мен бір жаңалық: біз Құнанбайдың үйіне барғанда, төрінде түсі
суық бір адам отыр екен. Ас ішкенде жолдасым дастарқанға
май тамызып...,—деп болған оқиғаны айтты,—мен осылай де
дім, ол үндемей кетті. Сірә, айтатын кезін күткен болар. «Най
ман Қасқыр деген би бар» деп естуші едім. «Түсі суық, жолдас
ертпей жалғыз жүреді» деп естуші ем, сірә, сол болу керек. Ал,
жігіт болсаңдар, сол Қасқырды менің алдыма бір әкеліңдер!
—Оны қалай әкелеміз?
—Оның бір үйір жылқысын әкелсеңдер, өзі іздеп келеді.
—Е, ондай жағдаймен келсе болды, бірдеме етерміз,—деп
екі жігіт аттанады.
Екеуі жоқ іздеген болып: «Екі атымыз жоғалды, мінер жа
ғында «Б» деген таңбасы бар еді, қамшылар жақ құлағының
арт жағында ойық ені бар еді. Көрген-білген адам болса айт
сын, елу сом шүйіншісі бар»,—деп бір ауылға қонып, бір
ауылға түстеніп, Қасқырдың үйіне қонып, бір тоқтысын жеп,
Ақбақай айғыр үйірін белгілеп алып, сол төңіректе жүріп,
аңдып Ақбақай айғырды үйірімен алып кетеді. Жылқышы
жоқтап, іздейді.
Таңертең жылқышы келіп:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Биеке, ел аман, жұрт тыныш, ұшып көкте, түсіп жерде
жоқ сіздің Ақбақай айғырдың үйірі.
—Жерді арылтып қарадыңдар ма?
—Қарамаған жеріміз жоқ.
—Е, онда көктен жау келді деймісің, ана Алшынбай алдыр
ған да,—деп қоя салады.
Алшынбай ауылының жігіттері келіп, сәлем беріп:
—Алшеке, Қасқырдың тап өзінің Ақбақай айғырын үйірі
мен алып келдік,—дейді.
—Жақсы болды, шып-шырғасын шығармай жылқыға қосып
қойыңдар,—деді де,—ал, жігіттер, ол ерте келер, кеш келер,
әйтеуір бір келеді. Мен үйде болсам болдым, ал үйде болмай бір
жаққа кетсем, күндік жерге кетсем де, артымнан кісі жіберіп
шақыртыңдар. Қасқыр—түсі суық, өзі жолдас ертпей жалғыз
жүретін адам. Келген кезде жақсылап қарсы алыңдар!—деп
тапсырды.
Қасқыр қолы босаған кезде атын ерттеп мініп, жолда қонып
Алшынбайдың аулына келді. Жігіттер қарсы алды. Алшын
бай үйде жоқ екен, төрге көрпе төсеп төрге отырғызды, қымыз
сапырып беріп отыр, он шақты жас мырзалар Алшынбайдың
туыстары. Бір жігіт:
—Ақсақал, танымадық қой, кім боласыз?
—Танымасаңдар, мен—Қасқыр деген кісімін.
Жігіттер бір-бірімен күбірлей сөйлесіп, «ей, адамның да қас
қыры болады екен-ау» деп, Қасқырдан сөз тартпақ болып еді,
бірақ оларға Қасқыр жауап бермеді. Алшынбайға Қасқырдың
келгендігін хабарлауға кісі жіберді.
Алшынбай ести сала аттанып, суыт жүріп келіп, сыртқа
атын тастап, есіктен сәлем беріп кіріп, Қасқырдың алдына бір
тізерлеп екі қолын ұсына бергенде, бір жігіт:
—Алшеке, Алшеке, тоқтаңыз, ол кісі қасқыр көрінеді.
Байқаусызда бір жеріңізді алып тастап жүрмесін,—депті.
Енді Қасқырға сөйлеуге тура келіп:
—Ау, Алшынбай, есігі жоқ, төрі жоқ үйде өскен, к... төсеп,
күлде өскен, әдеп жоқ, ұят жоқ, көргені жоқ, үлгі жоқ мынау
отырған иттерің қайда өскен?—дейді Қасқыр.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР Алшынбай жігіттерін қамшының астына алып, үйден қуып шығып, Қасқырға тайын сойғызып, үш күн қонақ қылып, күн діз-түні әңгімелесіпті. «Қайда барасың» деп Алшынбай сұра майды, «жылқымды іздеп келдім» деп Қасқыр айтпайды. Іштері білісіп отыр. Үш күннен артық жата беруге ұялып, қайт пақ болады. Алшынбай Қасқырдың алдына Ақбақай айғырды үйірімен түп-түгел әкеліп салады, мойнына қосаққа бір жылқы, артына тіркеуге бір жылқы айыбын істеп, жүз адаммен күндік жерге шығарып салған екен. 55. СҰҒАНАҚ КӨК Қазақтың салтында соғым сойылады. Құдаларға, дос-жа ранға, ағайын-туысқа сыбаға сақталады. Күн ұзарып, ет сүр ленген кезде әдейі амандаса барып, сыбағасын жеп қайтады. Үлкен атақты адамдарды ағайыны шақырып алып сыбағасын береді, не сақтап қояды. Құнанбайдың алпыс шамасындағы кезі. Елінде кедей құрдас шалы бар екен. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген кезі март-апрель айының ішінде ет жегісі келіп, Құнекеңе сәлем беріп, «сыбағамды жеп қайтайын» деп тор шолағына желқо мын ерттеп мініп, Құнанбайдың үйіне барып, амандасып оты рады. Құнанбай бәйбішесіне: —Мына құрдас келді, сыбағасын ас!—дейді. Қазы-қарта, жамбас салынып үйеме табақ ет келеді. Шал мейлінше жеп, әбден тойып, рахаттанып қайтады. Түнімен түсіне күндізгі жеген қазы-қарта еніп, дөңбекшіп шығады. Таңертеңіне «шір кін-ай, кешегі...» деп жұтынып, «тағы бір жер ме едім» деп аңсайды. Негізі тамақсау, қай жерде түстік бар, қыдырып ба рып ет жейтін ұятсыздау әдеті бар адам болса керек. —Әй, бүгін де Құнекеңдікіне біреу келетін шығар. Сонымен бірге тағы бір тоймаймын ба?—деп, Құнанбайдың үйіне келсе, Құнекең жоқ. —Уау, Құнекең қайда? —«Сыбаға же!» деп Жәкеңдікі шақырып әкетті,—дейді бір адам. «Ендеше сәті болған екен» деп, атына мініп солай тарт ты.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Келсе, төрт ат байлаулы тұр. Аттан түсіп үйге кіріп келсе,
үйеме табақ етті алдарына енді ғана әкелген екен.
—Қолыңызды жуып, жоғары шығып табаққа келіңіз,—деп
Құнанбай оң жағынан орын берді.
Жастар етті жапырақтап турап отыр. Үлкендер жеп отыр.
Шал байқұс қара кесегіне тісі өтпей ме, әлде май жағын жақсы
көре ме, қазының, үілдірігі жамбастың майын басқалардың ал
дынан, Құнанбайдың алдынан алып жеп, сүйреңдей берген соң,
Құнанбай шалға қырсығып жемей отырыпты.
Үй иесі байқап қалып:
—Құнеке, жеңіз. Сіздің сыбағаңыз, жеңіз!—депті. Сонда
шалдың оң жағында отырған жолдасы:
—Көлденеңнен кез болды-ау, сұғанақ көк,—депті. Екінші
жолдасы:
—Екі қолдап асайды сыбалап кеп.
Үшінші жолдасы:
—Балық алғыш судағы кезқұйрықтай,
Қайдан тауып алады сығалап кеп.
Құнанбай:
—Барар жағын бармақпен түйіп тастап,
Бозғыл жағын ұстайды қуалап кеп,—
дегенде шал орнынан тұрып, қолын жумастан аттанып жүре
беріпті.
56. АБАЙ МЕН БЕГЕШ
Абай мен Бегеш дос-жар, ниеттес болып, бір-бірімен сыйла
сып өтіпті. Абай тобықты ішінде өтетін бір дүбірлі тойға жара
тып қоспақшы болып, керейдің басты адамдары Тышқанбай
мен Бегешке, Манабай, Жүзбай дегеннің «керкекіл», «қарақас
қа» атты бәйге аттарын сұратып сәлем жолдап, кісі жіберіпті.
Ескі салт-дәстүр бойынша бәйгеге әруақ шақырып, ұрандап
шабады. Соны ойлаған Тышқанбай мен Бегеш:
—Біз ат бермейді екенбіз, әруақ береді екенбіз,—деп кел
ген кісіні құр қол қайтарады. Абай бұған ренжіп, реніші «Абай
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Тышқанбай мен Бегешке қатты өкпелі екен» деген дақпыртқа
айналыпты. Осыдан көп уақыт өткен соң Бегеш Абайдың үйіне
барады. Аман-сәлемнен кейін Абай Бегештен:
—Еліңде не жаналық бар?—деп сұрайды. Бегеш:
—Ал, бер деген екі ағайынды еді. Соның алы өліп, бері тірі
қалып, біздің елдің қайғыруында мін жоқ,—деп астарлай сөй
леп жауап қатады.
—Ее, ол елдің өсегі ғой,—депті Абай,—оған шын өкпелеп
жүр дейсің бе?
57. ЫРЗАЕКЕҢ (ЫРЫЗДЫҚБАЙ ТІЛЕУБЕРЛИН)
АҚСАҚАЛДЫҢ ӘҢГІМЕСІ
(1-әңгіме)
Әкем Тілеуберлінің әкесі Тышқанбай әрі би, әрі батыр, әрі
емші, киелі кісі болыпты. Тышқанбай Абайдан бір мүшелдей
үлкен және оның төріне шықса, оң тізесінен орын алып, Абай
мен қатар отырып, тең сөйлесетін сыйлас, қадірменді адамы
екен.
Біздің елде ауа райын айна қатесіз болжайтын Ботақара де
ген жұлдызшы өтіпті. Ботақара:
—Жеті күн, жеті түн бет қаратпайтын ақтүтек боран со
ғады,—деп алдан болжапты. Мұны естіген Тышқанбай:
—Ботақара, сен бүгін жолда Бегештің үйіне қонып, ертең
Абайға жет, хабарды жеткіз!—дейді.
«Ел сенбей қояр» деп Абай бұл хабарды өз атынан тарата
ды. Жеті тәулік бойы толассыз соққан боран ашылған соң,
Тышқанбай Абайдың үйіне барады. Абай оған:
—Тышқанбай, сенің жеткіздірген хабарыңның пайдасы тиді,
тобықты елі әңгіме қып айтып жатыр,—деп риза болыпты.
2-әңгіме
Тышқанбай елу тоғыз жасында дүниеден қайтып, Абай се
бепті жағдаймен сыйлас адамының қазасына бара алмапты.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ... Әкем Тілеуберлі он алты-он жетілерге келген жасында дәм тар тып, Абай аулына жолы түседі. Абай Тілеуберліге: —Балам, әкең иманды болсын, құт-берекесін Құдай өздеріңе берсін! Тышқанбай батыр өлді дегенде, жүрекке қалай тигені марқұмға ізгі ниетті пенденің баршасына мәлім болсын,—деп көңіл айтады. Абайдың әйелі Еркежан: —Атың кім?—деп Тілеуберлінің қолынан ұстайды. Тілеу берлі жөнін айтқан соң, Еркежан: —Жарықтықтың тілеуін Құдай берген екен. Абайдың тір лігінде бұл үйге орыс та, орман да келеді. Мен сені қолыңнан жетектеп, әмсе осы жерге отырғызбаймын. Келген-кеткенде осы араға отырып-тұрып кетесің,—деп жылы ілтипат білдіріп, Абайдың оң тізесінің тұсына әкеп төрт қабаттап көрпе салып ты. 3-әңгіме Әкем Тілеуберлінің апайы Шоланды біздің ауылға «сіңбе» аталатын Нұрлан деген ноғай алған екен. Нұрланның ер кек қоңыр төбел тайын тобықты еліндегі Мырза Мамайдың ұрылары алып, Ырғызбайдағы Қарасақау дегенге өткізіп жі береді. Тышқанбай батырдың көзі тірінде батылы жетіп, тісі батпайтын ұрылар басынғандай болады. Жоқ қуып барудың қисыны дәл уағында келе қоймай, жоғалып олжаға түскен тай айғыр болып, Қарасақау оны үйірге сала тұруға Құйылыс қа беріпті. Тілеуберлі жолсерікке ауылдастары Исабек, Сары молда, Әбубәкір дегендерді ертіп, жоқ іздеуге аттанған екен. Жоқшылар Құйылыста тұрған айғырды таниды. Қарасақаудың билігі Тәкежанда болып шығады. Тәкежан басында кәмшат бөркі бар, қос жастыққа шалқайған күйі барғандардың сәлемін де алмапты. «Кісі келді екен-ау!» деп елемепті де. Одан күдерін үзген Тілеуберлілер Абайға жүгінбек боп келіседі. Абай аулы Шақпақтың ар жағында, Бақанасқа құятын Тайдың өзенін күзектеп отырған екен. Дауды шешу мақсатымен Абай өз үйіне Тәкежан мен Қарасақауды шақыртыпты. Қарасақау:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Айғыр өзімде қалсын, орнына бие берейін,—депті Тәке
жанға жалтақтап. Жоқшылардың биеге де риза екенін Абай та
нып, барлап отыр еді. Кезек Тәкежанға келгенде ол:
—Бұлардың бабалары Жобалай би: «Атыма тай бер, тайыма
қой бер. Қой болар, қозы болар, ақырында ізі болар» демеп пе
еді. Тайына тай алсын да, жөніне кетсін!—деп қыртыстанады.
Абай:
—Бие алсын,—деген шешімге тоқтапты. Бұған іші күйген
Тәкежан:
—Абай, Абай дегенге сен де асып алдың-ау! Тайдың орнына
бие бергенің де әділдік пе?—деп Абайға ала көзімен қарап зіл
тастайды. Абай да оған оқты көзбен қадалып:
—Мен қай жерде астым? Айтшы! Осы қазір Тышқанбай ба
тыр тіріліп келіп: «Әй, Абай, қолыңнан келмейді емес, келеді.
Өзіңнің Ырғызбайыңда тұрған менің жиенімнің тайы жоға
лып, айғыр болды. Менің балам іздеп барғанда не төлеу әпер
дің?» десе, мен не жеп жауап берейін? Осыған сен айтшы, жа
уабыңды. Және Жобалай бітімі дейсің, Жобалай қолы жеткен
соң алып па? Сендер сияқты жыртқыштарға шамасы келмей,
«әйтеуір, орынына бірдеңе алып қалайын» деп айтты ол сөзді.
Ал астыңдағы атыңды мен алайын дағы, саған тай берейін. Бір
туыстым демей, сонда маған сен қандай кәр жасар едің? —деп
қыранша шүйіліп, дала дала жыртқышын тегерурінін сала
бүріп, бүктегендей еді. Осы әңгімелерді Абайдың көзін көріп,
сөзін терген әкем Тілеуберлінің аузынан естіп едім. Тілеуберлі
1951 жылы жетпіс үш жаста қайтыс болды.
58. [ҚИСЫҚ БИ МЕН АБАЙ]
Құнанбай ел ішінің бір шаруасымен он сегіз жасар Абайды
іргелес отырған сыбан руының биі Қисық деген кісіге жіберіп
ті. Абай барғанда бидің алдында екі адам жүгініске келіп отыр
екен. Қисық би әуелі талапкердің арызын тыңдайды да, сонан
соң жауапкерге зілдене қарап:
—Е, Боқбасарым-ай, атыңды да әкең тауып қойған екен, әлі
де қанша боқты басып, ізіңді былғар екенсің. Қане, сөйлеші,—
депті. (Жауапкердің аты осылай екен).
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Бидің ә дегендегі мынадай зілді сөзінен жауапкер ығып, жа
сып қалса керек. Сонда Абай Қисыққа тура қарап:
—Биеке, бүлдірген деген жемістің аты жаман болғанымен,
бүлдірген түгі жоқ, дәмі тәтті, ат үстіндегі адам әдейі жерге
түсіп, жата қалып теріп жейді. Алма деген жеміс бар, «алма»
дегеніне қарамай, әркім-ақ соны құштарлана алып жейді. Сол
сияқты әр нәрсенің адал-арамы болса керек. Егер әр іс атқа
ғана тірелетін болса, осы адамдар турашылдық тілеп сіздің
алдыңызға келмес те еді ғой,—депті. (Бидің аты—Қисық, одан
түзулік тілеуге бола ма деген ишара ғой).
Сонда би үнсіз отырып қалған екен.
59. АБАЙ СӨЗІНЕН
Арғы заты тобықты, оның ішінде найман бір күні Тұтбай
мен Итпай ағайынды екі адам Абайдың үйіне келіп, отырған
үстіне Тұтбайдың туған інісі Көпбай дейтін адам Абайдың
үйіне сәлем беріп кіріп келіпті.
Сонда Абай амандасып болған соң:
—Көпбай, сенің бір ойлаған мақсатты жұмысың бар,—деп
еді,—соның қалай, орындалды ма?—деп Көпбайдан Абай сұ
рапты екен дейді.
Сонда Көпбай Абайға мына төмендегі төрт ауыз өлеңді ай
тып жауап қайтарыпты дейді Абайға:
—Абай-ау, кім жек көрер тәуірлікті,
Тұтбайың ұмытты ғой бауырлықты.
Жасынан мініп жүрген байтал еді,
Сақа айғыр қуып шықты сәуірікті,—
депті. Сонда Тұтбай басындағы киіп отырған тымағын жұлып
алып жерге бір соғып, жантайып жата кеткен екен дейді.
Көпбайдың олай дегені—«Менің ойнап жүрген замандас
әйелімді Тұтбай ажарыма қарамай тартып алып қойды» дегені
екен. Себебі бұл жөнінде өзінің інісі Көпбайдың «осы әйелді
аламын» деп айналысып жүргенін расында білмеуі керек дейді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
60. АБАЙДЫҢ НЕМЕРЕ ТУЫСЫ АХАТ
ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ ӘҢГІМЕСІ
Ахат Құдайбердиев—Құнанбайдың Күңке деген бәйбіше
сінен туатын Құдайбердісінің немересі, Шәкәрім қажының
баласы. Ол Алматы қаласындағы №12 қазақ орта мектебінде
көптеген жылдар бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен
оқытушы, шәкірттерге сабақ беріп, қос орденді, қадірмен ұстаз
атанды.
Ахат Құдайбердиев құрметті демалысқа шыққаннан кейін
Семейдегі Абай музейінің Жидебайдағы филиалына меңгеруші
боп істеп, қартайған шағында Семей қаласына көшіп барған
еді. Ақаң 1984 жылы жазда Семей қаласында сексен төрт жа
сында дүниеден қайтты. Көзінің тірісінде Ахаңмен 1961 және
1983 жылдары екі рет жүздесіп, әңгімелеріне қаныққаным
бар. Оқырман назарына ұсынылып отырған әңгіме сол екінші
жүздесуімнен алған әсер.
Шынардай түзу, бойшаң, ақбурыл қалың мұрттарының
ұштары екі жақ езулігінен төмен салбырап, аппақ қудай
селдір сақалымен дөңгелектене қосылған, адамға анда-санда
бір көзінің қиығымен сынай қарап, зейін қоя көз тастап оты
ратын сабырмен салмақтап, тереңнен толғап, әр сөзін талғап
сөйлейтін, ұстамды мінезді әрі ақын, әрі шежіре қарттың тар
тымды әңгімесі мені баурап әкеткен еді.
—Абай адамды бағалағанда бай, кедейлігіне қарамайды
екен,—деп бастады әңгімесін қарт,—өзімен замандас, құрбы
Әнет Өрімбек деген кедей адамды сөзге тапқыр, шыншыл,
тура, әрі көңілашар күлдіргі, адал мінезділігіне қарап қатты
құрметтейді екен. Атақты Әнет бабаның тұқымы болғандық
тан, ел оны Әнет Өрімбек деп атапты. Оның Таз Өрімбек деген
аты қоса жүрген екен. Ол басының шашы жоқ, жылтыр жер
лерін жасырмай, жасқанбай жүріпті.
Абай онымен тең сөйлесіп, өз қасынан орын беріп, тіпті
игі жақсы атанғандармен мәжіліс құрысқанда да Өрімбекті
шақыртып алуды әдетке айналдырады. Кейде Абайдың оны
мен оңаша сырласып, әңгімелері жарасып отырғанын көріп
жақтырмаған, өздерін зор санайтын бай-жуандар Абайға:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Абай-ау, осы тазға есіл уақытыңды несіне қор етесің?
Оңаша не жайында сөйлесесіңдер?—дейді екен.
—Менің білмегенімді осы Өрімбек біледі. Білмегенімді
осыдан сұрап аламын,—деп Абай ондайларды енді қайтып сұ
рамастай, беттеместей етіп, тойтаратын болыпты.
Әр елден келіп бас қосқан игі жақсы атанғандармен мә
жілістес отырғанда сөздің реті келіп қалып, Өрімбек Абайға:
—Абай, атаң шөккен түйеге міне алмайтын деуші еді. Сен
қайдан жақсы боп тудың?—депті түйеден түскендей етіп.
Мынадай «орынсыз, лақпа сөзді» естіп отырғандар Өрімбекті
жақтырмай:
—Ей, мына таз не дейді? Не деп тантып отыр? Осы тазды
жаңыңа үйір етпе, есіл уақытыңды қор етпе десе, болдың ба?
Енді, міне, әруақты ата-бабаларыңды қорлап, аузына келгенін
оттауын қара!—десіп дабырласып, дуылдасып кетті. Абай:
—Бұл Өрімбек дұрыс айтып отыр,—дегенде, бәрі жым бо
лып, таңырқасып, Абайға қарап қалыпты. Бәрілерінің жүзін
де «бұл кімді мегзеп, не айтқалы отыр» деген Абайдың ойын
тезірек білгісі келгендік белгісі байқалады.
—Айдос бабамды айтқаны емес пе?—деп Абай үнсіздікті
бұзғанда, отырғандар Өрімбек сөзінің төркінін енді ғана ұғып,
ойлары Абайдың төртінші атасы Айдосқа ауып, «Абай одан әрі
не айтар екен?» десіп аңырып қалған.
—Ей, Өрімбек!—депті Абай сөзін жалғастырып,—ер таға
йына (ұлы нағашы) тартады екен. Менің ұлы нағашым керей Ер
Жәнібек қазақтан асып туған. Қазақта Сырым батырдан басқа,
үш қасиетті бірдей ұстаған ер Жәнібек қана. Ер Жәнібек әрі
батыр, әрі ақын, әрі шешен атаныпты, осы үш қасиетті маған
келмеді деймісің?—деп сөзін аяқтапты.
Абайдың үшінші атасы Ырғызбайдың бәйбішесі Ермек ана
осы Ер Жәнібек Бердәулетұлының қарындасы екен. Ал Өрім
бектің мегзегені Айдос көзге қораш, ел аузына іліне қоймаған
бұйығы адам болыпты. Оның бәйбішесі—Айпара кіші жүз Ра
мадан елінің қызы. Айдостан бұрын Айпара адуындылығымен,
сөз тапқырлығымен және көріпкел, болжағыштығымен аты
елге кең жайылыпты.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР 61. АБАЙ АЙТҚАН БІР БИЛІК Ақын Абаймен көрші Қызыладыр болысында Мамай дейтін елдің ішінде Жамантай деген кісі болыпты. Жамантайдың Тезекбай, Көжекбай дейтін екі баласы бар екен. Жамантай қартайған кезінде екі баласына жерін бөліп беріпті. Берте келе Көжекбай байыпты, жеті жүзден астам артық жылқы, екі мыңдай қойы болыпты. Өзінің жеріне мал сыймаған соң, туысқаны Тезекбайдың жеріне малын жая беріпті. Бірақ Тезекбайға жері үшін ақы төлемепті. Тезекбай кедей екен, сондықтан бай туысқаны ақы төлемей, баса көктеп жая берген Көжекбайға ыза болып, бір күні бір семіз биесінің құйрығына құрым кигіз байлап жіберіп, жылқысын үркітіпті. Мұны көр ген Көжекбай да ашуланып, Арыстанбек, Мағауия дейтін ере сек балаларын бас қылып, жасақ жинап келіп, Тезекбайды са бап, басын қырыпты. Көжекбай мамай ішіндегі ақсақал, билерге барып: «жері мізді бөліп бер» дейді. Қошқан, Тұрар дейтін билер келіп Тезек байдың сыртынан билік айтады. Жердің шұрайлысын, көбін Көжекбайға қалдырады. Тезекбай: «мен сендерге жүгінгенім жоқ» деп қалғандардың билігін қабылдамайды. Көжекбайдың малы туа береді. Көжекбай сол болыстан ел басшыларын жинайды, арыз етеді. Ел басшылары да соңғы бөлікті, Қошқанның бөлігін бекітеді.Тезекбай би: —Билікке наразымын. Биі, билікке де наразымын. Сондық тан Абайға барам,—дейді. Билік сөзден Көжекбай қызғанады. Ел басшылары да, Қошқан мен Тұрар да Көжекбайға тоқта десе де: —«Ит құтырса, иесін қабады, дау құтырса, биін табады» де ген. Сендер—құтырған ит, мені қаптыңдар. Менің дауым енді биін табады. Бірінші би, әділ—Абай. Абайдың алдынан өтсем, арманым жоқ,—деп Абайға кетеді. «Абай Тезекбайдың жерін бізге алып бермес» деп қорыққан Көжекбай енді Қошқан мен Тұрарға жалынады. Қошқан мен Тұрар Абайдың інісі Маубасқа шабады. Маубасқа келіп істің жайын айтып:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Осы жиынымызға ара түс. Сізге Көжекбайдың көкбурыл
атын берейік,—дейді. Көкбурыл ат сол кезде бүкіл тобықтыда
алдына ат салмаған бәйге екен. Парақор Маубас:
—Көкбурыл атқа көз тиіп, Абай ағам көнбес! Бірақ бір мәні
сін табармын. Сөйлеген жерді Көжекбайға әпертермін. Бірақ
көкбурыл атты бергендеріңді Абай ағам сезбесін,—депті.
Арада бірнеше күн өтеді. Мамайдың даулары Абайға келеді.
Абай Тезекбайға қарап отырып:
—Жерді Қошқан мен Тұрар бөліпті. Оған не айтасың?
Тезекбай:
—Менің жерімді бір табақ семіз ет бөлді,—депті. Абай:
—Жерді екінші рет еліңнің ел басшылары бөлді дейді ғой.
Оған не айтасың?—дейді. Тезекбай:
—Мен аттың жалы мен қалтаға жүгінгем жоқ. Міне, жү
гінішке келген күнім бүгін. Мен сізге, Абайға келіп жүгініп
отырмын,—депті. Абай:
—Көжекбай, сен мына Тезекбайға бір ту бие, төрт семіз қой
бер. Биыл соғымдық сойып алсын. Содан кейін жеріңе малың
ды жая бер! Қазір қыс іші, күн суық, жерді қар басып жатыр
ғой. Жаз шыға өзім барып, көзбен көріп бөлейін,—депті.
Мамайлар басында риза болып, тысқа шығып өзді-өзі ақыл
дасып:
—Биыл қалай, не болса да жерді бірақ бөлдірейік. Ауылға
шақырайық,—деп Абайдың үйіне қайта келіпті. Сонда Абай:
—Көжекбайың төрт ағаш,
Екі қаптал—екі қас.
Көжекбайдын қымызынан
Қошқан мен Тұрар мас.
—Сендердің дауларын қалған жоқ па? Көк бурыл атқа мініп
алған Маубас қас не айтады?—депті.
Сонда Тезекбай:
—Абай ағай, тағыңда ағар, мынаның арам аты Маубасқа да
іліккен екен ғой,—дейді.
Мамайлар қайтады. Бірнеше күннен кейін Абайдікіне Мау
бас келіп:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Анадағы мамайлардың дауы не болды?—депті.
—Мамайлардың дауы не болсын, көкбурыл аттың алдына
сен, артына мен мініп қарап тұрмыз,—депті. Маубас үндей ал
май үйден шығып кетіпті.
Жаз шыға Абай мамайға барып, Көжекбай мен Тезекбайдың
жерін көріп, елдің қарияларын жинап алып, баяғы Жаман
тайдың бөлген бөлігін сұрапты. Содан кейін Көжекбайға:
—Әкең екеуіңе жерді тең ғып бөлген екен. Енді оны мен
өзгерте алам ба? Жер жетпесе, малыңды жалдап жер сатып ал!
Әкеңнің бөлігі бөлік,—деп ескі бөлікке жаңадан тас қойғызып
қайтыпты. Көжекбай мен Қошқан көкбурыл атының өтпегенін
көріп, бармағын тістепті.
62. ХАЛЫҚ АҚЫНЫ БОЛМАН ҚОЖАБАЕВТЫҢ
АЙТҚАН ӘҢГІМЕСІНЕН
Халық ақыны Болман Қожабаев осы күнгі Қарсақпай қала
сында тұрады. 1944 жылы сентябрь айында Болман ескілікті
жақсы білетін замандастарының арасында отырып бір әңгіме
сінде мынаны айтты:
—Әкем Қожабай Тоқсанбайдың баласы Абайдың заманда
сы екен. Өте пысық, қажырлы адам болатын. Өмір сүріп, атағы
шыққан кезеңі он тоғызыншы ғасырдың жетпісінші жылдары
еді. Ол кезде ақындар болып айтысқа жиналады екен. Сондай
зор айтыстың бірі 1873 жылы Омбыда болыпты. Бұған атақты
отыз ақын атсалысыпты. Сол ақындардың арасында жас Абай
да болады.
Әкем айтушы еді,—дейді Болман,—біздің ортамызда жас
Абай қияға қылыш ұрған қыран секілді еді. Әзілмен бір-бірімен
ашусыз айқасып отырса да, Абайға батып ешқайсысы сөз қата
алмады. Ол кезде Абайдың шешен сөзге, шеберлік жағынан
Ұлы жүз бен Орта жүзге атағы әйгілі еді,—дейді әкем,—айтыс
біткеннен кейін Абай жасы кіші бола тұрса да, әкеме біраз ақыл
айтыпты. Сол ақылын әзіл сөзбен мына өлең түрінде айтқан
көрінеді:
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
—Қожабай, бір сөз тыңда көңілдегі,
Емеспіз халық ханы, елдің бегі.
Білім ал, оқу оқып тілімді алсаң,
Дүниенің неге керек аз бен көбі.
Атамыз бірге туған Арғын, Найман,
Нәсілім Қарақожа, Қаптағайдан.
Қылып алған әдет қылып қараңғылық,
Бір күні еске түсер елім қайран.
Көресің кемшілікті осыменен,
Шаттықтың ел жасайды қошыменен.
Бұрынғы ақын Будық бейбіт өткен
Өлең-жыр орын алған күшіменен.
Қазына, таусылмайтын білім алтын,
Болады білім алсаң, жүзің жарқын.
Дүниеден сапар кешіп өткенімше
Жазармын қысса ғып елдің қалпын.
Арқада, Орта жүзде жатқан Найман,
Білімсіз айтқан сөзден шықпас пайдаң.
Көп сәлем Арқадағы Орта жүзге
Айтарсың, ал, Қожеке,—деп Абайдан.
Әкем басқа өзіндей ақындарға жол бермей жүр еді, Абайға
кенеттен қайырып ешнәрсе айта алмайды. Бірақ Абайдың сөзі
әкемді біраз ойға қалдырады. Сол кезде менің әкем отыз екі жа
старда, Абай жиырма сегіз жаста екен.
Абайдың сол кездегі ел ортасындағы қадірі, үлкен білімі,
мол ақылы әкемді жетектегендей болады. Әкем мәдениеттен
кенже қалғанына біраз налып, Абайға сәлем хат жазып жібе
реді. Сондағы өлеңмен жазған хаты мынау:
«Абай бір өрен жүйрік пырақ екен,
Сәуленің екі дүние шырағы екен.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Ертісте көшіп, жайлап, қоныс еткен
Көбісі Көкшетаудың тұрағы екен.
Адамның осы күнгі дүлдүлі екен,
Сайраған Алатауда бұлбұл екен.
Жолында шариғаттың терең оқу—
Белгілі айтар сөзге үлгілі екен.
Биіктің қыранындай қанат керген,
Артық қып адамзаттан білім берген.
Омбыда алпыс ақын бас қосқанда
Сонда Абай біреуінен сүрінбеген.
Арқаның жүйрігі едім топтан озған,
Көз жетпес көлеміне құлаш созған.
Бетіне біз Абайдың келе алмадық,
Сібір мен бірі келді Орынбордан.
Ысқырған айдаһардай деміменен,
Дұшпанның тартқан ерін алыс жолдан.
Халыққа баяндайын Абай жайын,
Өзімнің тірлігімде келсе қолдан.
Абайдың айтыс сөзі, ер мінезі,
Мінекей, Қожабайдың көрген көзі.
Үш жүзді баян етіп сөйлегенде,
Кетпейді көкейімнен әрбір сөзі.
Бұлбұлы адамзаттың жалғандығы,
Сөздері қолға қалам алғандығы.
«Абайға неге еріп кетпедім» деп,
Бір ғана пұшайманым армандағы.
Қожабай—мұны жазған менің атым,
Абайдай асыл затқа жазған хатым.
Дүниенің екі дәуірі қанып еді,
Жарыққа шығар бір күн өлмес атың,—
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
деп Қожабай ақынның Абайға айтқан өлеңі,—деп халық ақы
ны Болман сөзін бітірді.
63. АҚАН СЕРІ ЖАЙЫНДА
Қазақ ССР-нің мектептеріне еңбек сіңірген, Ленин орденді
мұғалім Бейсенбаев Жәкіш қарт жас шағында бұрынғы Көк
шетау уезіне қарайтын Қарауыл елінде мұғалімдік етті. Сол
кезде ол Ақан ағасымен танысты. Әлденеше рет мәслихаттас
болды. Ақан сері жайында әңгімесінде Жәкең мынадай бір
естелік айтты:
—Көкшетау қаласында жыл сайын өткізілетін жазғы жәр
меңкеге Атбасар уезінен Қарауыл Смайылов Әлмүсіре болыс,
оның інісі Мұқыш мырза келді,—деп бастады ол сөзін,—олар
Ақан серімен таныспақ болып, оны арнап қонаққа шақырды.
Қала жатағының асыл жиһаздарға толы әсем үйі адамға лық
толды. Қызу әңгімелерден кейін көпшіліктің қалауы бойынша
Ақан домбыраға қосылып, бірер ән де шырқатты.
Сыйлы мейманға арнап әзірлеген қонақасы даяр болды.
Қасаптағы ең семіз жал, жая, қазы, қартамен көмкерілген
бағлан еті толтырылған мәнерлі шұңғыл табақтар зиялы мей
мандар алдына қойылды. Ет туралды. Жасы үлкендер бас
тап, басқалар қаужаңдап алып жатыр. Жалғыз-ақ, Ақан сері
табаққа қолын салмады, тек маңындағыларға «алыңыздар»
деп қошамет етті. Бұл құпия сырды дастарқан айналасына
отырғандар анық сезбеді, ал кейбіреулер сезсе де, тіс жармады.
Сонымен, қонақтар қош айтысып, тарқады.
Келесі күні таңертең орнымнан тұрдым да, бой көтеріске
көшеге шықтым. Ақан ағаның пәтері сол көшеде еді, о да бой
көтеріске шыққан екен. Мені шақырып алып, қалтасынан бір
қағаз алды да:
—Мынау пұртокол, мырзаңа апарып бер,—деді.
Мен оны тікелей Әлмүсіре мен Мұқыш мырзаларға апарға
ным жоқ, кешегі жиында болған Көкшетау зиялыларының бірі
Шөбектің Жаналысына апардым. Ол қағазды қолына алды да,
күбірлеп оқып, қалтасына салды.
19-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Інім,—деді ол маған,—мұнда не жазылғанын мен айт
пайын, сен естімей-ақ қой. Бұл қағаз жайы аузыңнан шыға
көрмесін,—деп қатты тапсырды.
Қағаздағы сөзді оқығаным да, естігенім де жоқ. Сондықтан
ол туралы ешкімге ләм демедім. Істің жайын кейінірек білдім.
Ақан аға өз бойын мейлінше таза ұстайтын, отыратын орын
ның, тағам салынған ыдыстың мұнтаздай таза болуын талап
ететін-ді. Кешегі алдына қойылған қонақасыға қол салмауына
себеп—табақ жиегі кір екен. «Мырзаңа тапсыр!» деп маған бер
ген қағазы сол үшін жазылған «протоколы» екен. Жаналының:
«аузыңнан шықпасын!» деп тапсыруы, егер ел ішіне таралса,
Әлмүсіре мен Мұқышқа ғана емес, бүкіл Қарауыл әулетіне ұят
келеді деп, ел намысын көздегендік екен. Жаналы жасырын
түрде араға жүріп, өзара ризаластырды. Мырзалар қателігін
мойынға алып, құрметті ағасы Ақан серіден кешірім алды.
.... Ақан ағаның киіп жүрген киімдері әрдайым магазиннен
жаңа алынған немесе жаңадан тігілген киімдей кіршіксіз таза
болатын еді,—деп бастады,—ол естелігін,—қай үйге барса да,
ең алдымен отыратын орнына көз салатын. Дастарқан жаяр ал
дында, тағам ішілгеннен кейін отырған орында қол жумайтын,
босағаға барып, тіпті сенекке шығып жуатын еді. Дәрет алу
тәртібі де сондай. Жаздыгүні далада, қыстыгүні қора ішінде
алатын. Мұндағы мақсаты—отырған орынға, тағам ішетін, на
маз оқитын жерге сығынды су шашырамасын дегендік еді.
64. [АҚАННЫҢ АТ БАПТАУЫ]
Көкшетау уезіне қарайтын Көшей әулетіндегі қарт ата
Амалдықұлы Жылқыбайға екі рет (1912 және 1917 жылдары)
кездестім. Жықаң жігіт шағында Ақан серімен жолдас болған,
Құлагерді бәйгеге апарған сапарларға да бірге барған екен. Сол
кездерді еске түсіру әңгімесінде ол Ақанның ат баптау жайын
дағы әдетін айтты.
—Ақанның Құлагер ғана емес, басқа да аттары болды,—
деп бастады Жылқыбай ақсақал,—қашан да, қайда жүрсе
де аттарын ерекше күтетін, күндіз де, түнде де солардың жа
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
нында болатын еді. Тіпті, қонған үйлерде жатпай, аттарын
жаздыгүні жазық далаға апарып, қыстыгүні маяның ірге
сінде жататын. Оның бұл әдетін сөкет көргендер: «Ақанның
жасырын жолдастары бар, ол пері қызымен жүреді» деп өсек
теді. Бұл өсектің нағыз жала, жұртшылықтың алдында Ақан
ның беделін түсіру үшін айтылған жала екендігіне—мен жан
ды айғақпын. Ақан асқан ғалым, адамгершілік дәстүрді берік
сақтайтын жан еді, өсекшілер айтқандай болымсыз теңеуге
лайық адам емес-ті...
65. [ЕСЕНБАЙ АҚЫН МЕН АҚАН СЕРІ]
... 1913 жыл. Сол бір ауыл Шұңғыршаға «Ақан сері қайтыс
болды» деген хабар келді. Бұл қайғылы хабарды естігенде қарт
ақын Сасанұлы Есенбай қатты қайғырды. Сол жердегі елдердің
игі жақсыларымен бірге Ақан серінің орнына, ондағы қалың
Жақсылық, Шұңғырша әулетіне көңіл айтуға барды. Бертін
келе Есекең қатысқан бір жиында болдым. Әңгіме арасында
Ақан серіні еске түсіріп, көзіне жас алып, мұңайып отырды.
—Ақанмен түйдей құрдас едім, ел аралап, талай қызық-
думандарға бірге қатыстық,—деп үй толы адамдарды көзімен
бір шолып өтті,—асқан адамгершілік, тапқырлық қасиеттері
үстіне, ойын-сауықтың туы еді. Ол отырған жерде ешқандай
көңілсіздік болмайтын, жиынға қатысқан үлкен-кіші масайра
сып, мәз болып тарайтын-ды.
Ақан басқа ақындардай емес, тапқыр ойдың, шешен тілдің
иесі болумен бірге, үлкен ғалым еді. Өз заманындағы діни дәстүр
қағидаларын, ислам тарихын, Арабстан жерін, араб халқы
ның салт-санасын жақсы білетін. Мұны оның Қызылжар қала
сында қажыларды қарсы алғандағы, қыпшақ елінің білікті ада
мы Шонтыбай қажыны құттықтағандығы сөздері, ауырғанда
айтқан тілек-баталары айқын ыспаттайды.
... Көшей, Көбей елдерінің жайлауында болған үлкен жиын
да, жастар бас қосқан алты қанат ақ отауда домбыра шертіп, ән
шырқап отырмыз,—деді ол,—кенет, «сыртта қарт ақын Орын
бай келіп тұр» деген хабар естілді. Ақан екеуіміз жүгіре шығып,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
қарт ағаға сәлем бердік. Алдын ала жазып, жаттап алғандай
Ақан шұбыртып ала жөнелді.
—Ассалаумағаләйкүм, Оракем-ай,
Бар еді жүз кісідей берекең-ай.
Жанарал Тұрлыбекпен жүрген шақта,
Үш жүзді сайран қылған мерекең-ай!
Өзіңе біздей інің жар болармыз,
Нағылып асыл затқа пар болармыз.
Басың—бұлбұл, аяғың—дүлдүлім-ай,
Бір кезде саған да зар болармыз.
Орекең ат үстінде тұрып:
—Мені де жоқтайтын інілерім бар екен,—деп көзіне жас
алды. Осындай терең мағынаы сөздерді бірден құрастыру тұр
сын, Ақанның жанамызда тұрып айтқан бұл сөздерін табанда
жаттап ала алмадық.
66. МЕНІҢ БАЛУАН ШОЛАҚТЫ
БІРІНШІ КӨРУІМ
Шамасы 1910-жылдары болуы керек. Бұрынғы Қотыркөл
болысы болыстыққа таласып, ел іші үлкен партия болды, бо
лыстық сайлау орны «Шабаққала-Жаңасу» деген жерге бел
гіленді. Ел екі бөлініп, үйлерді қатар-қатар тігіп тастап, зор
мал сойыс болып жатысты. Бір кезде «сайлауға Шолақ Балуан
келіпті» деген хабар тарады. Ол кезде бір ауылдай үйсін деген
ел Қотыркөл болысына қарайтын Шолақтың келген хабары
келісімен, Шолақты бұрын көргені бар, көрмегені бар қайта
көруге асықты. Шолақ: «ойын көрем» депті, «ел бүлінбесін»
депті деген сөз бұрқырап тарап жатты.
Келесі күні кешке Балуан атқа мінді. «Үлкендерге сәлем
депті» деп ел шу ете қалды. Әлгідей болған жоқ, тігілген шеткі
үйдің алдына астында ақбоз аты бар, үкілеп пұшпақ бөркі бар
балуан түсе қалды. Тосқан, жиылған жұрт басып кете жаздады.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Шолақ әр адаммен амандасып, барлық үйді қыдырып шыққан
соң, «кешке ойын көрсетемін, серуенге шығыңдар» депті.
Күн кешке еңкейісімен-ақ жұрт бір жерге жинала баста
ды. Бір кезде ақбоз ат мінген, салдарша киінген, қасында бір
топ адам бар Шолақ келді. «Ол топтың ішінде інісі, екі бала
сы бар екен» деп жұрт шуласып жатты. Мен қайсысы баласы,
інісі екенін айыра алмадым. Бірер адамнан сұрап едім, ол адам
Шолақты менен қызғанып, өзімді кекеп-мұқап тастады. Ол
кезде ойын да басталды. Алдымен бір үлкен тасты көтеріпті.
Ол тас жұмыр ұстауға ыңғайсыз болған соң Шолақ атынан түсе
қалып, қыл шылбырды шолақ қолына орап жіберіп, «әупп!»
деп жіберіп, тасты тізесіне дейін көтеріп алып, ілгері ырғытып
тастай берді. Жұрт айғай салып, «Алланың арыстаны ғой» деп
бүкіл даланы басына көтерді. Қасына жақын келіп, Шолақтың
шолақ қолын, сом қара денесін сонда бірінші көріп, қайтып анау
тасты өзім көтергендей, елдегі кім болса соған айтып мақтаныш
еттім.
Ойынның арт жағы балуан күресі болды. Күреске бірнеше
адамдар шығып жатты. Бізді оларға жібермейді. Бір кезде
Шолақтың баласы мен Қулыбектің Мәдиі шықты. Бұл кезде ел
түлегі өздері-өздеріне тартысты.
Балуан Шолақтың сол күнгі өлеңі елге үлкен әсер етті.
Елдің ән қуған серілері, ән қуған әншілері ауылдағы қыз-қыр
қындары, тіпті жылқышы, қойшылар да келсін-келмесін Ба
луан Шолақтың өлеңі деп білсе де, білмесе де келіп, соғып
жүрді.
Сондағы біз естіген өлеңдері мынау еді:
Шын атым—Нұрмұхамбет «Балуан Шолақ»,
Бойымда толып жатыр күш пенен бақ.
Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын,
Жалғыз-ақ бойымдағы мінім сол-ақ.
Мен өзім он жасымнан шолақ едім,
Намаз бен оразаға олақ едім.
Барғанда о дүниеге кешір, Құдай,
Бір қолым отқа күйген молақ едім.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Дәл қырық бес осы күнде менің жасым,
Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын.
Кешегі сентәбірдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Залөкке жетпіс бес сом ақша салып,
Сындырдым Көрол балуан қабырғасын.
Жиылған сонда маған жұрт шуласты,
Болды деп Қараманнан мынау басым...
67. БАЛУАН ШОЛАҚ ТУРАЛЫ
ЕСТЕ ҚАЛҒАНДАР
Менің туған анам қазір 70-те. Туып өскен жері Балуан
Шолақтың туып өскен Қайрақты жері еді. «Кәрі адам әңгімешіл
болады» деген сөз рас қой. Анам әңгіме айтуға да, тыңдауға да
сондай құмар. Әсіресе, Балуан Шолақ туралы әңгімеге тамаша
құмарлықпен кіріссе, тыңдауға да, өзі айтуға да жалықпайтын.
Бір күні мен бір кітап оқып отыр едім, анам маған:
—Осы Балуан Шолақ туралы кітап бар деп естуші едім. Соны
маған бір оқысаң,—деді. Мен:
—Ол кітап қазір жоқ, жаңадан шығуға тиіс, сонда оқи
мын,—дедім. Анам:
—Шіркін, сабаздың орыстарды бір опыр-топыр қылғаны
есіме түсіп отырғанын қарашы,—деді.
Мен кітабымды дереу жаба сала:
—Айтыңызшы, апа,—дедім.
Әңгіме былай болды.
—Менің 8-9 жасар кезім еді. Сол жылы күз жайлаудан
қыстауға көштік. Сол көшіп келе жатқанда болған оқиға айта
тыным. Біздің ел көшке шықты. Ол уақытта ел, әсіресе біздің
ел бөлшектене көшпейді. Бай да, кедей де бірге көшеді. Арада
бір қонып жететін жер еді—Көктау. Сол күні кеш кіре орыстың
қаласынан ол кезде орыстың жаңа орнап, келіп, елденіп жатқан
кезі. 3-4 шақырымдай қашықтыққа жеткенде көшіміз тоқта
ды. Марқұм Әлі: «Осы жерге түнейік. Жылда түнейтін жеріміз
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
ғой»,—деді. Бұған ауылдың ақсақалдары да: «дұрыс-дұрыс»
десті. Күздік қара малдардың сойылып жататын мезгілі еді.
Әлі марқұм 4-5 жігітті шақырып алып (Әлі—сол елдің әрі биі,
әрі байы): «3-4 семіз құнаншыға тайша әкеліңдер қара малдың
ішінен, және 2 ту байтал әкеліңдер жылқының ішінен, сосын
жандарыңа тағы 4-5 жігіт қосып алып сойыңдар. Бүгін ешкім
ас жасамасын. Бүгін түнде менің күздігімді жесін ел!»—деді.
—Жарықтықтар ас-суға кем-таршылығы жоқ сері адам еді
ғой,—деп анам бір күрсінді де, әңгімесін соза,—сонымен көш
түсті. Жігіттер малды сойып, жер ошақты қазды да, қыз-келін
шектер отын-су даярлап, асты қамдады. Не керек, түн орта
сына дейін әлі марқұм ет, майлы қымызды ауыздан ағызып
бала-шағаларға дейін, молла жарықтық шариғатты соғып, ел
бір тойда болғандай болып қалды. «Таң ағара көшті көшіреміз»
деп ақылдасқан ел, таң ағара көшті көтерді. Бірақ Әлі байдын
жылқысымен бірге қосылып кеткен елдің жылқысы есептеген
де бір табын жоқ болып шықты. Күзетті бағуға кеткен алты-жеті
жігіт те жоқ болды. Он шақты жігіт атқа мініп іздеуге кетті.
Әлден уақытта іздеуге кеткен біреуі келіп: «Құдай ұрды, әлгі
оңбағандар қымызға мас болып, от жағып отырған жерлерінде
ұйықтап қалыпты. Жылқылар қайда десек, біріне-бірі қарай
ды. Содан қаңтарулы тұрған атқа міне салып тұс-тұсқа бәріміз
шаптық. Сөйтсек, бес-алты шақырымдай ана жақ шетте,—деді
қолын оңтүстік жаққа сермеп,—орыстардың егіні бар екен. Сол
егінді қолмен шапқандай қылып жылқылар жайылып жүр. Біз
де бардық. Бір-екі күзетшісі ме, немене, бізге бірдеме-бірде
ме деп шаба жөнелді қалаға қарай. Жылқыны зорға қайырып
алдық. Енді бір сұмдық болады, Әлеке, тезірек көшті тарты
ңыз»,—деді ентіге. Ол уақытта орыс десе, бесіктегі бес жасар
бала жылағанын қоя қоятын кез ғой. Әлгі сөзге бүкіл ел болып
зәре кетті. Көшті көтеріп тарттық. Шамасы он шақырымдай
шыға, күннің көзі көтеріле бергенде артымыздан шаң бұрқ ете
түсті. «Ә, мыналар қуғыншы орыстар» деп ауызда жапқан
ша болған-болған жоқ, астарына мінген бір-бір арғымақ, ша
масы қырық-елудей болады, қолдарына бір-бір жуан таяқ,
кейбіреулерінде айыр, келте бар жетіп келді. «Орыстар да
атқа мінеді екен» деп жұрт таң қалыпты. Келісімен көшті
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
қоршап алысты. Ішінде біреуі орысшалап бірдеме-бірдеме деп
ақыраңдап ортаға шықты. Әлі марқұм жүрегін суырып алса
да, беттескенінен қорқатын адам емес еді ғой. Қамиден деген
бір жас жігіт орыстың қаласына барып азырақ оқыған болып
жүруші еді. Сол жігітті тілмаш ретінде жанына ертіп алып,
орысқа қарсы шықты.
Сол арада екі жағы да қолдарын сермеп, біразырық сөйлесіп
тұр еді, бір уақытта аттың үстінде тұрып орыс Қамиден сорлыны
қамшымен тартып-тартып жіберді. Сонысы сол-ақ екен, оры
стар лап қойды. Әлі марқұм: «Ал, жігіттер, тайынбаңдар!» деп,
даяр тұрған көктөбел айғырына сайтанның жылдамдығындай
шап етіп мініп алды да, арбанын үстінде жатқан уықты ала
сала, опыр-топыр болып жатқан топқа перді де кетті. Әу бетте
жігіттер де тайынған жоқ, бірақ бара-бара орыстар тізелерін
батыра бастады. Кемпір-шал, бала-шаға арбаның астында оты
рып, у-шу болып жылауда. Төбелестен екі жақта қызыл жоса
болып, аттарынан құлап жатыр, анау жерде де, мына жерде де
еңіреуде. Орыстар әбден басынып бара жатқан соң, Әлі марқұм
ортадан сытыла шауып шықты да: «Жігіттер, ептеп шыдаңдар,
мен Шөкеңді шақырып келейін»,—деп шаба жөнелді. Сонда жа
рықтық денесіне бір таяқ тигізбей кетіп бара жатқан екен ғой.
Соған ба, білмеймін, орыстар сосын тұра-тұра шабысты. Қай
да, көктөбелі шаңын бір-ақ көрсетті. Не керек, сол төбелес бір
сағаттайға созылды Әлі марқұм кеткеннен кейін. Жігіттердің
он-он бес шақтысы қаша төбелесіп жатты. Орыстар мүлде жеңіп
кетті.
Әлден уақытта Шолақ таудай болып күрең қасқа атқа мініп,
Әлі марқұмның қасына еріп жетіп келді. Жарықтықтың үстін
де шайы камзол, басында кәмшат бөрік, көйлегінің екі жеңі
төгілген, қолында тобылғы сапты қамшы, өрімінің жуанды
ғы—білектің жуандығындай. «Келе сала кірісе кетеді ғой» деп
ойлап едік. Бірақ жарықтықтың сабырлығы да, ақылы да та
маша еді ғой. Келген бетте орысша айқайлап қолын көтерді.
Жарықтықты Қайрақтың бүкіл орыстары біледі бәрі де бір
кісідей. Шоқтай қам ішіндегі бастық атаманы Шолаққа келіп
сөйлесті. Арыстаным орысқа сонда былай деген екен: «Ат-ша
пан айып бізден, егіндеріңді қиратқан үшін ел жиырма жылқы
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
береді, сонымен келісіп, татуласып тарайтын болыңдар». Бірақ
орыстар жүз жылқы сұрапты. Бұған Шолақ: «Жоқ, олай бол
майды. Жиырма жылқы да жетіп жатыр. Ал бұған көнбесең
дер, келген жолдарыңмен қайтыңдар!»—[дейді].
Сол екі ортада төрт-бес орыс арбаның үстінде жатқан сап
таулы шөп шабатын шалғылырды алып келіп, Шолақты тұс-
тұсынан қоршады. «Ойпырым-ай»,—деді анам таңдайын қаға
жарықтық,—«Атаңа нәлеттер, ендеше, сыбағаларыңды алың
дар!»—деп арыстандай ақырып, күрең қасқаны борбайлатып,
бір орынында шыр көбелек айналып тұрып, қамшымен шал
ғылардың сабынан үш-төрт тартып қалды, орыстардың қол
дарындағы шалғылары ұшып-ұшып кетті. Содан қамшымен
қуып жүріп тартып жібереді. Қамшысы кісіге тисе кісі өкіріп,
аттан ұшып түседі. Атқа тисе, жануар шыңғырып, ауыздыққа
бой бермей, айдалаға шаба жөнеледі. Не керек, «әу» деуге келтір
ген жоқ, орыстардың қашқаны қашып, қашпағаны арыстанның
қамшысынан құлап, тып-типыл болды да қалды. Жалма-жан
жараланған жігіттерімізді көтеріп, арбаға салып, көшті көтеріп
кетуге әзірлендік. Шолақ жарықтықтың мейірмандығы да та
маша еді ғой. Әлі марқұмға: «Мына жығылып жатқан орыстар
ды бір арбаға артып, пар ат жегіп ішінде біреуі божы, елдеріне
қарай жіберіңіз»,—деп жараланған орыстарды еліне жібертті.
Сонымен Шолақ өзі бір он шақырымдай жерге шығарып сал
ды,—деді анам.
68. БАЛУАН ШОЛАҚ ТУРАЛЫ
ЕКІ ӘҢГІМЕ
... Балуан Шолақ патша үкіметінің қуғынымен бірнеше жыл
туған ел-жұртынан айрылып, Көкшетау, Ақмола, Қызылжар
(Петропавл), Семей тағы басқа қалаларда ауып жүріп, аңсаған
еліне сағынып келген екен. Келсе, елінде өзімен бірге бала жа
сынан жасасқан бір жақсы көретін әрі батыл, әрі сері құрдасы
қайтыс болып, елі соны үшіне (үш күндік бата шариғат бойын
ша өлікке өлгенінен үш күн кейін жасайды) жиылып жатқан
уақыты екен.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Сонда Балуан Шолақ жиылған халыққа қарап:
—Уа, халқым, алыста жүріп бәріңді сағынып едім, енді, мі
не, бәріңді көріп төбем көкке тигендей болып тұр, бірақ ішім
де бір шерім қалып тұр. Ол шерім—әруағыңнан айналайын
мына өлік. Егер ұлықсат берсеңдер, қабырынан алып, бетіне
бір қарап, қайыра өз қолымнан топырақ салайын,—депті. Бұл
сөзді естіген молла дегендер:
—Жоқ, дұрыс болмайды, шариғат қоспайды,—депті. Ал
кейбіреулер:
—Батырдың өзі шет жерде кәпірлермен аралас болған соң,
мұсылманшылықты ұмытқан ба,—деп сөз қылыпты.
Бұл сөздерді естіп ренжіңкіреп тұрғанында, мынадай сөз
дерді естіп қалыпты.
—Қайтсін, күші кем болса да өзі сықылды ер еді, досы еді
бала жасынан тай-құлындай тебісіп жасасқан. Көрсе, көрсін.
Алланың кешпейтін күнәсі жоқ мына ықыласқа.
Бұл сөзді естісімен, қолына күрек ала сала зиратқа келіп,
көзді ашып-жұмғанша қабырды қопарып тастап, өлікті суырып
алып, ақыреттің бас жағын шешіп жатқанда, екі-үш молланы
ертіп қажы келіп:
—Батыр, обалдан қорықсаңшы, мұсылманның заңына неге
қарсы шығасың? Әлде шет жерде жүріп кәпір дініне кіріп пе
едің?—депті тілін қадай.
Балуан Шолақ бұл сөзді ойына да алмағандай, алдындағы
өліктің бетіне үңіліп біраз қарап отырыпты да, көзіне келген
жасты сүртіп, өлікті қайыра орнына салып, топырағын аудара
бастап, қажы мен моллаларды енді ғана сезгендей:
—Мен заңдарыңды білмеймін, күнәмді Құдайыңның ал
дына барғанда айтарсың. Әзірше аулақ жүріңдер, өзім қажып
жүргенде басымды ауыртпай,—депті ашулы үнмен.
Ал екінші оқиғасы былай екен.
«Жанында бір топ «атарман-шабарман» дегендей жолдас
тарымен көзге түрткісіз қараңғы түнде салт жол жүріп келе
жатса, алдарынан бір жарық от пайда болыпты. Жолдастары
бұны көріп абыржып, «апырм-ай, бұл жерде ел жоқ еді, мына
жарық от қалай пайда болды, сайтанның оты ма екен» десіпті.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ... Біраз жүрген соң жаңағы «от» жақындағандай болып се зілсе керек. Мұны көрген жігіттер зәрелері ұшып, «бұл сайтан оты екен. Бізді бір пәлеге ұшыратқысы келіп тұр ғой» десіп, аттарының басын тартып орындарына тұра қалысыпты. Мана дан өз бетімен өлең айтып, ешнәрсеге түсінбей келе жатқан Ба луан Шолақ: —Неге тоқтадыңдар?—дегенінде, «ғажап отты» енді ғана сезіпті. Жігіттер: —Бұрылып кетейік бұл пәледен,—деп Балуан Шолақтың ризалығын білгісі келіп шулап қоя беріпті. Балуан Шолақ сон да: —Тәйірі, қайдағы көр-жерден қорқып, «жолдан таяйық» дегендерің не? Сайтан дегендеріңді мен көруге құмармын, жүріңдер,—деп арқан бойы алға түсіп, «отқа» қарай шаба жө неліпті. Жігіттері орнынан қозғалмай, шаба жөнелген Балуан Шо лаққа: —Шөке, бұл пәлеге ерліктің керегі жоқ, тоқтаңыз,—де сіпті. Балуан Шолақ «от» шығып тұрған жерге шауып келгенін де, жаңағы «от» жоқ болып кетіпті. Олай қарап, бұлай қарап, «оттың» орнында тұрған шірік томарды көріпті. —Жаңағы от қайда, сайтандары қайда?—деп ашулана то марды қолындағы қамшысымен тартып жіберіпті де, жолдас тарына айқайлап: —Жүріңдер, сайтандарың қашып кетті білемін,—депті. Сонда жолдастары Балуан Шолақтың қамшымен бірдемені тартып жібергенінде «оттың» жоқ болып кеткенін көріп: —Астапыралла, арыстанның әруағы сайтанды жеңді, бұл бір ғаламат екен,—дескен екен. Мен бұл әңгімені естіген кісімнен: —Сонда Балуан Шолақ шынымен сайтанды жеңгені ме?— деп сұрадым әдейі. Ол кісі: —Иә, шырағым, Балуан Шолақты Алла Тағала екі иығына періштелерін отырғызып жаратқан ғой. Ондай кісілерге пәлежала жуымайды,—деді...
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
69. АҢЫЗ АДАММЕН ДОЙБЫ ОЙНАДЫМ
Қажымұқанды сегіз-он жасымда көрдім. Ол кезде Омбы
облысының Шарлақ (бертін келе Дробышев, Нововаршавка
аталды) ауданындағы Қаратомар ауылында тұратынбыз. Па
луанның Қыпшақ еліне барьп, қайтқан сайын жолшыбай тү
сетін жері—менің әкемнің үлкен ағасы Аманжолдың үйі. Еш
уақытта жалғыз жүргенін көрмедім. Бірде Құдайберген ақын
(Иса ақынның ұстазы), бірде Төлеш әнші, басқа да айналаға та
ныс, белгілі кісілер болатын қасында. Бір келгенінде суық тиіп,
сыздауық шыққан екен. Келісімен:
—Әй, Аманжол,—деді,—әлді жігіт бар ма ауылда, мына
сыздауықтың іріңін сығып алатын.
«Әлді жігіт» деп Сейсенбайдың Шайқыны шақырды ағам.
Шайқы Алматыдағы атты әскерлер эскадронында азаматтық
борышын өтеп келген-ді. Палуан шалқасынан жатып, Шайқы
күректей алақанымен сыздауықтың маңайын басып отырса ке
рек. Бұл қимыл Қажекеңе ұнамады, білем. Басын көтеріп:
—Мен саған қатты бас дедім ғой!—деп ақырып қалды. Шай
қы жалаңаяқ, жалаңбас үйден қашып шықты. Кейін Шайқыны
жеңгелері көргенде қалжыңдап:
—Сен неге гүжілдеп отырсың? Анау күні палуанның сыз
дауығына шамаң келмей, қалай қашқаныңды айтшы,—деп
әжуа қылатын.
Есенбай атам жуан талдан ойып-қиып дойбы жасап берген,
ойнауды үйреткен. Қажекең бір келгенде ағаларым:
—Айналайын, Қажы атаңмен ойнап көрші,—деді. Дойбы
ны жаман ойнамайтынымды қызық көрген Қажекең де «кел,
ойнаймыз» деді де, іске кірістік. Жеңіліп қалды (әдейі жеңіл
ген болуы керек). Сосын дойбымды ұрлағандай қимыл көрсетіп,
үйде отырғандарды мәз қылды.
1935 жылы Құлан елінде (Алтыншы ауылдық кеңесінде) са
бантой өтті. Сол тойда Қажекең өнер көрсетті. Үстінен «полу
торка» (автокөлік) өткізді. Шарлақ аудандық партия комитеті
бірінші хатшысының да жеңіл көлігінің «астына түсті». Ал сол
машинаға палуанның өзі отыра кеткенде, бір жағы қисайып
бара жататын.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Сол сабантойдағы тағы бір көрініс көз алдымда. Самсаған
халық қақ бөлініп, жолдың екі жағында ат бәйгесін күтіп отыр.
Бір топтың ортасында таудай Қажекең, үстінде ақ көйлек, ақ
панамка. Әйелі, балалары—бәрі ақтан киінген. Сол көрініс
ерекше эстетикалық әсер берді. Ол да айналасына көрсеткен
үлгісі ме екен?..
70. ТӨРЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Менің білетінім, Ресей мен Қазақстанды аралап өнер көр
сеткен Қажымұқанның негізгі қоныстанған өңірлері—«Сиб
край» (Омбы маңайы) және «Киркрай» (Оңтүстік Қазақстан об
лысы). Ол Омбы жерінде неге көп тұрақтады?
1910-37 жылдар аралығында мекендеген елі—Төре ауы
лы. Мұнда ол бірінші әйелі Бәтимадан (Н.Чепковская) туған
Халиолламен, екінші әйелі Ырыстыдан көрген үш қызымен
тұрды. Менің әкем Көшкімбай 1939 жылы қайыншылап осы
маңға көшіп келген. Қажекеңнің отбасымен Төре ауылына
қоныстануының өзіндік тарихы бар...
XІX ғасырдың басында «әр елде өзінің төресі болуы керек»
деген салт бар еді. Мадияр қыпшақтар «біздің төреміз жоқ»
деп, «Қызылғақ» (Павлодар облысындағы Ертіс ауданы) деген
жерден Самай төрені шақыртып, жер бөліп, алдына мал салып
береді. Самай туған баласының атын Абылай қояды. Сол Абы
лайдан тарағандар бір рулы ел болып, Төре ауылы атаныпты.
Қазан төңкерісінен кейін Орынборда, әсіресе Омбыда қазақ
зиялылары көптеп шоғырланды. Солардың ішінде белгілі жа
зушы, саясаткер Міржақьп Дулатов та болған. Міржақып елге
шыққанда көбіне Қажымұқанды, басқа да жөн білетіндерді
жанына ертіп жүреді екен. Қажекеңе (өзі—Ұзын қыпшақ) Ма
дияр қыпшақ жұрағаты ұнап, қыпшақтарға сіңіп кеткен Төре
ауылына отбасын көшіріп әкеледі.
Сөйтіп, осында 1937 жылға дейін тұрақтайды. Тағы бір жайт,
жұрттың айтуына қарағанда, ақсақал, қарасақалдар жиналып:
—Айналайын, Қажеке, жас болса келіп қалды. Сені екі әйел
алды деп ешкім сөкпес,—дейді де, іргедегі Ақшаданы жайлаған
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
(Дробышев) Тыныбай дегеннің үкілеп отырған Ырысты есімді
сұлу қызын алып береді. Біз сол ауылда 1939-41 жылдары
Қажымұқанның Ырысты тоқалымен көрші тұрдық.
71. ЖІЛІКТІ ҚАҚ БӨЛГЕН ҚАЙ ЖІГІТ?
Қажекеңнің үрім-бұтағын айтпастан бұрын, жұбайлары
жөнінде аздап әңгімелесек. 1909 жылы Қажекең Надежда
Чепковскаяға үйленеді, 1925 жылы Тыныбайдың қызы Ырыс
тыға, 1938 жылы Мүнәйімға, 1946 жылы Айшагүлге... Менің
жақсы білетінім—«Сибкрай» өңіріндегі жұбайлары, жұра
ғаттары. Бірінші некелесі Н.Чепковская —16 жасында аттың
құлағында ойнаған цирк әртісі.
—Омбыға келгеннен соң ұзамай мені мешітке апарып, Ха
сен деген молдаға некемізді қидырды. Сол күннен бастап мен
Қажымұқанның зайыбы Бәтима атандым. Осының өзін әлі
күнге менің басыма Қажымұқаннан қонған зор қасиет деп
санаймын,—дейді Надежда.
Осы Бәтима апайдан 1910 жылы Халиолла туады. Әке-
шешесі Халиолланы 16 жасқа толар-толмаста Шәпен есімді
қызбен отауластырып, бөлек шаңырақ қылады. Біз сол елде
тұрған жылдары Халиолла іргелі отбасы-тын, «Жаңа жол»
колхозының төрағасы еді. Халиолланың жеті баласы болды. Ең
үлкені—Шабдан 1927 жылы туған. Менімен құрдас, Екіағаш
орта мектебінде бірге оқыдық. Ұзын бойлы, палуан атасына
тартқан. Халиолладан тарағандар—Фарида, Рәзия, Жанайдар,
Елтай, Құлымбет, біреуінің атын ұмыттым.
Ел айтып жүргендей, екі немересінің атын Қажекеңнің өзі
азан шақыртып қойған. Сол уақыттарда Қазақстанды Елтай
Ерназаров, Ұзақбай Құлымбетов деген кісілер басқарыпты.
Ырымдап, бірінің есімін—Елтай, екіншісін Құлымбет қояды.
Құдайға шүкір, Қажекең Бәтимадан туған жалғыз Халиолла
дан жеті немере сүйді. Олардан тараған шөберелерін санамай-
ақ қояйық.
Омбы өңірінде «жілік сындыру» деген дәстүр бар. Жыл
қының тоқпан жілігін қақ бөлу қажет. Елге бір барғанда жі
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
гіттер тамақтан кейін қолдарына орамал орап, сол дәстүрге
кірісті. Көбісінің шамасы келер емес. Бір кезде шымыр денелі
жігіт сарт еткізіп, қақ бөлді. Отырғандар:
—Әй, бұ қайсысы?—десіп жатыр.
—Халиолланың баласы, пәленше (атын ұмытыппын),—де
генде, ақсақалдар:
—Халиолласы не, марқұм Мұқаңның әруағы ғой оған күш
беріп тұрған. Айналайын, өркенің өссін!—деп баталарын берді.
Бәтима апай ақ жарқын, байсалды жан еді. Кездескен кі
сімен шүйіркелесе кететін. Ислам дініне кіріп, Бәтима ата
луының өзі жай адам еместігін аңғартады. Әрине, бұған се
бепкер Қажекең екені белгілі. Бәтима апай қазақша жақсы
сөйлейтін. Қажымұқан 1925 жылы Ырыстыға үйленді, үлкен
шешей өкпеледі, бірақ алысқа кетпеді. Өздері балалар үйінен
асырап алған баласы Ғабдолланың қолына барып, Халиолла
ның қызы, өзінің немересі Рәзияны бауырына басып алды.
Оқытып, тәрбиелеп, Хамза Сәрсенов деген қазақ жігітіне қо
сып, солардың қолында 1966 жылы дүние салды.
72. ӘКЕСІНЕ ТАРТҚАН ӘЗИЯ
Ал Ырыстыға келсек, қараторының әдемісі еді... Айта
кетейін, «Күш атасы» кітабында Ә.Қоңыратбаев: «Арада жыл
дар өтеді, Бәтимадан соң Ырыстыға үйленді. Бұл әйелінен үш
ұл, үш қыз көреді» (155-б.) деп жазады. Үш қыз көргені рас, ал
үш ұл Ырыстыдан болмаған. Ырыстыдан туғаны: София, Әзия,
Рәшида. София менен бір жас үлкен болатын, 1926 жылы туған.
Әзиясы 1928 жылғы, Рашида 1930 жылғы. София сұңғақ бой
лы, әкесіне тартқан. 1950 жылы отадан қайтыс болды. Әзия
сы қыз болса да төртбақтұғын. Үйіртіп базарындағы (Павлодар
облысындағы Железинка ауданы) бір басқосуда Әзия палуан
әкесінің алдына шығып:
Жетіге, міне, келді менің жасым,
Көтерем екі пұттық кірдің тасын,—
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
деп, өнер көрсеткенін көргендер аңыз қылып айтады. Балалар
қалжыңдаса қалса, бір-біріне:
—Әй, мықты болсаң, Әзиямен күресіп көрші,—дейтін. Әзия
бертін келе Қызылорда жағына күйеуге шығып, Шиелі ауданы,
Ленин атындағы колхоздың «Алғабас» бөлімшесінде тұрады
деп естідім. Ырысты мен кенже қызы Рәшида 1939-40-жыл
дары өмірден озды.
Бала кезімде естігенім бар еді. Қажекеңнің Софиясы болгар
елінде, Әзиясы Шығыс Азияда жүргенде туылыпты. Сондық
тан палуан қыздарының есімін сол жүрген өңіріндегі қаланың
аттарына таңыпты ғой. Шынында, сол кездегі қазақ Софияны
(Болгарияның астанасы) немесе Азияны (жер бөлшегі екенін)
қайдан білсін?!
73. ҒАБДОЛЛА МЕН ХАЛИОЛЛА
Палуанның артында қалған ұлдарының тұңғышы—Ғаб
долла, кейінгісі—Халиолла. Ұлы Отан соғысы басталғанда Ха
лиолла майданға аттанды. Жұбайы Шәпен бала-шағасымен ел
қатарлы күнелтті. Халиолла соғыстан аман-есен оралғаннан
соң отбасына бармай, Шарлақта тұратын бір орыс әйелмен не
келесті. Өзі аудандық механизаторлар мектебінің ағаш өңдеу
цехында жұмыс жасады.
Мен сол жылдары Шарлақта қызмет істейтін едім. Әр уа
қытта кездесіп, әңгімелесетінбіз. «Бастық болып тұрғанымда
жұртқа керек едім, қазір маған адам қарамайды» деп өкпесін
айтатын. 1975 жылдары орыс әйелі қайтыс болып, сол жеңгей
ден туған баласымен Шәпеннен туған балаларының маңына ке
ліпті деп естідім. Сонда Омбы облысындағы Платоновкада көп
уақыт тұрса керек. 1999 жылы ұлы Шабданмен кездестім, «әкем
қайтыс болды» деді де қойды. Қажекеңнің Халиолласы қыр
мұрынды, шашы, қасы, мұрты қап-қара, қараторының әдемісі
еді. Дене бітімі де тіп-тік, орта бойлы болатын. Палуанның не
мере, шөберелерінің өсіп-өнуіне жеті бала тәрбиелеген Шәпен
көп еңбек сіңірді.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Бір өкініштісі—Қажымұқанның Ғабдолласы туралы де
ректер жоқ. Кей жазбаларда оның тергеуші екені айтылады да
қояды. Менің білетінім, жоғарыда айтылғандай, Ғабдолланы
Қажекең балалар үйінен асырап алып, өз атына жаздырған.
Яғни Ғабдолла Мұқанұлы Мұңайтпасов. Кейінірек Омбыда заң
қызметкері болған. Ел айтады: «Жоқ, Ғабдолла палуанның
бел баласы, анда-мында әгугәйді салып жүргенде дүниеге кел
ген» дейді. Олай да болуы мүмкін. Сол Ғабдолла 1941-43 соғыс
жылдары біз тұрған Дробышев (қазіргі Нововаршавка) ауда
нына көшіп келіп, тергеуші болып істеді. Жалғыз келген жоқ.
Қолында өгей шешесі Бәтима апай, өздері бауырына салған
Рәзиямен (Халиолланың қызы) тұрды. Аудандық прокурор
кеңсесіне барып жүргенде «Мұңайтпасов қайда?» деп сұрай
қалсаң, «Александр Михайлович пе?», кейде «Абдул Мукано
вич пе?» дейтін.
Ал Ырыстыдан қалған София мен Рәшида ерте дүние сал
ды. Шымкент маңайындағы Мүнәйімнен [туған] Айдарханнан,
ең соңғы тоқалы Айшагүлден [туған] Жәнәбілден палуанның
ұрпағы бар-жоғы маған белгісіз.
Құдайға шүкір, Қажымұқаннан туған балалары, немерелері
парасатты, мәдениетті азаматтар болып өсіп-өніп, жұрағатын
әрмен қарай жалғастыруда. Бірақ ел мақтанышына айналып,
ізін басқан бірі жоқ. Лев Толстой: «Менен кейін табиғаттың бер
ген таланты демалады» депті. Сол сияқты демалып жатуы да
мүмкін ғой. «Тектілік жеті атаға дейін қайталана береді» деген
ата сөзіне сенейік те, күтейік...
74. ШӘКІР ЖЫЛҚЫАЙДАРОВТЫҢ
ЕСІНДЕ ҚАЛҒАНДАРЫ
Менің жас бала күнімде Қажымұқан өзінің әкесі Мұңайт
паспен Ақмола қаласында, қаланың шетінде «жатақ» деп ата
латын жерде көрші еді. Оның әкесі Мұңайтпас ол кезде қар
тайған бурыл сақалды қарт адам болатын. Ол кісінің өзге
адамнан ерекшелігі—бойы өте ұзын болатын. Біз өзімізбен
құрбы жастардың ішінде бойы өзгемізден асып, ұзын болып,
20-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
өсіп бара жатқан жолдастармызды: «Мынау, Мұңайтпас бола
ды» деп күлетінбіз.
Мұңайтпас кедей адам болатын. Бір бұзаулы сиырдан бас
қа малы жоқ, қалтақтап күн көріп отырғандықтан, баласы
Қажымұқанды қаладағы бай қазақ-орыстарға малайлыққа
беріп отыратын.
Анық есімде жоқ, 1910 жылы Қажымұқан толық жігіт бо
лып жеткен кезінде Ақмола қаласындағы лау тартып, жәмшек
айдап кәсіп қылатын. Бір казак-орыстың бір батырағының бірі
болып жүреді. Бұл қазақ-орысты жұрт: «Шошқалы Сыбан» деп
жүретін. Сол кезде мен Қажымұқанның мынадай бір күштілік
көрсеткен жағдайын көрдім. Қаланың «Шөп базары» деп ата
латын базары болатын. Ол қаланың батыс жағындағы бір алаң,
сонда отын, тезек, шөп (пішен) сатылатын. Бір күні сол базарда
ойнап жүргенімізде Қажымұқан базардан шөп алғалы келіп,
біреудің шанаға артқан шөбін саудалап жатқанын көрдік.
Шөптің иесі шөптің ақысын қымбат сұраған соң, Қажымұқан:
«Мынау, аз ғана шөбіңе сонша қымбат сұрайсың, мұнда қанша
шөп бар?» деп шананың арт жағынан алып көтеріп тастады.
Шөптің иесі: «Аз дейсің бе, егер аз десең, осы шөпті шанасы
мен көтеріп әкет, бір ақша сұрамаймын»,—деді. Қажымұқан
мұны естіген соң: «Рас айтасың ба, уәдеңде тұрасың ба?»—деп
өршелене кетті. Екеуінің егесін естіп, базардағы жұрт жинал
ды. Жиналған жұрт қыздырмалап, сөз бекігенсін дереу атты
доғарып тастап, Қажымұқан шананың алдыңғы жағынан келіп,
иығын төсеп тұрды да, он шақты жігіт көтеріп иығына салған
бір шана шөпті көтеріп жүре берді. Сөйтіп жүріп отырып, бір
көшеге жақын жер жүрген соң жан-жағынан у-шу болып келе
жатқан базар адамдары: «Болды, болды, жеңдің, таста!»—деп
тоқтатты. Қажымұқан шөпті алып кетті.
75. [ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ШАРЛАҚТАН
ОМБЫҒА БАРУЫ ЖАЙЛЫ]
Ақтардың әскерінен Қазақстан жері тазартылып, жуан
дық соғыс тоқтап, Қазақстан өкіметі құрылып, ел соғыстан
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
болған бүліншілікті жөндеуге кіріскен жылдары Қажымұқан
Солтүстік Қазақстанның сол кездегі Шарлақ уезі, қазіргі
Солтүстік Қазақстанның Қызылту районында болды. Ол кез
де соғыстың әлегінен күйзелген елде Қажымұқанның негізгі
кәсібіне, циркке түсіп, күресу жағдайы жоқ еді. Сондықтан ол
сол елдегі қайынжұртының ішінде отырып, ояздың орталығы
Шарлақ қаласына лау жәмшек айдап отырды. Оның отырған
жері Шарлақтан 25 шақырым жердегі, үлкен қара жолдың
үстіндегі Алма деген кішірек село болатын.
Қыс түсіп, күн суытқан соң Қажымұқан Шарлақ қаласына
көшіп келді. Қолындағы лау айдап тұрған 3-4 атының бәрі де
арықтап, енді лау айдауға жарамай қалыпты. Сөйтіп, оның
тамақ асырап тұрған кәсібі тоқтаған соң, ол ел ішінде отыра ал
май көшкен екен. Шынында ол Шарлақ қаласына орнап тұрға
лы келген жоқ екен. «Шарлақтан 110 шақырым жердегі Омбы
қаласынан цирк ашылыпты, палуандар жиналып, күрес ашы
лып жатыр екен» деп естіп, сонда бармақ болып шыққан екен.
Бірақ Омбыға тура тартуға қаражаты жетпей, «Шарлақтағы
азаматтардан жәрдем алып кетсем» деп тоқтаған екен. Осы
пікірін айтқан соң Шарлақта отырған азаматтар: «Олай болса,
мына клубқа бір ойын көрсетіп, қаражат жинап алсаңызшы!»
деген кеңес берді. Қажымұқан бұған көнгенмен: «Бұл Шарлақ
менің өнерімді талай көрген, қоретер көрсеткенімен, көп ел жи
нала қоймайды ғой, әттең, менімен күресетін бір адам тапса,
жұрт жиналар еді»,—деді.
Мұны бәрі мақұл көргенімен, Қажымұқанмен кім күрессін!
Орыс, қазақтан ешкім табылмады. Жайшылықта палуан кү
реске түсіп жүрген адамдар көп болғанмен, олардың бірде-бі
реуі Қажымұқанмен ұстасуға бата алмады. Сөйтіп, адам іздеп
жүргенде, сол қалада, Ертістің жағасында параходта крүзшек
болып істейтін Нұры деген ноғай жігіт күресуге риза болып,
бірақ ол: «Ешкімге менің аты-жөнім білінбесін, бетіме қара
маска киіп күресейін»,—деп шарт қойды. Нұры крүзшек бо
лып істеп жүргендіктен денесі шыныққан, алпауытты жігіт бо
латын. Және бойы ұзын, еңгезердей болып қара күреске адам
шыдатпайтын. Бірақ ол французша күресуді білмейді екен.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Сондықтан Қажымұқан оны үйіне апарып, французша күрестің
приомдарын үйретті.
Күн белгіленіп, жұртқа белет таратылған соң, жиналған
халық клубқа сыймай кетті. Ойынның бірінші бөлімінде Қажы
мұқан өзінің өнерін көрсетті. Ең алдымен күреске шыққан
да киетұғын костюммен шығып, өзінің денесін көрсетті. Екі
қолын көтеріп, тірсегін бүгіп шіренгенде қолының, жауырын,
кеудесінің бұлшық еттері бөлек-бөлек болып, табақтай бо
лып төңкеріліп, қозғалып, селкілдеп ойнап тұрғанда жұрт таң
қалды. Одан кейін басқа ойындарын көрсетті. Шалқасынан
жатып, мықты екі жігіт әрең көтеріп кеудесіне салған қара
қазандай тасты қаланың екі ұстасына 10 қадақтық балғалармен
ұрғызып талқандатты. Жуандығы білектей темірді иығына са
лып тұрып, екі жағынан сегіз-сегізден он алты кісіні басқызып,
доғадай игізді. Қалыңдығы бір елі, кеңдігі алақандай, ұзын
дығы үш метрдей темірдің бір басын табанына басып тұрып,
енді бір басын оң қолына алып, сол қолының білегіне орап-орап
тастады. Одан кейін манағы екі ұстаға: «Ал мынаны, қолымнан
жазып алыңдар»,—деп еді, оған екеуінің шамасы келмеген соң,
өзі жазып алып тастады. Жалаңаш төбесіне бес-алты кірпішті
қойғызып, балғамен ұрып сындыртты. Бір қолымен 4 пұт кірдің
тасын көтерді.
Осылайша өнерін көрсетіп болған соң, аз уақыт үзілістен
кейін күрес басталды. Клубтың артқы бөлмесінде бетіне мас
ка киіп отырған Нұры шығып, жұртқа басын иіп амандасқан
соң, Қажымұқанмен ұстаса беріп еді, батыр оны екі секундқа
жібермей алып ұрып, жауырынын жерге тигізді. Жиналған
жұрт у-шу болып, қол шапалақтап клубты басына көтеріп
жатқанда, Нұры ұшып түрегеліп, сыртқы есіктен қашып ке
тіпті. Жұрттың шуы басылған соң, оның бетіндегі маскасын
алайық деп іздеп таба алмады. Сөйтіп, оның өзі жұртқа көп
қызық, күлкі болып, халық тарасты.
Ертеңінде Қажымұқан жиналған қаражатқа бір ат сатып
алып, қатын-баласын шанаға салып алып, Омбыға жүріп кетті.
Бұл кезде қыстың қатты суығы басталып, қар қалың түскен
уақыт еді. Жолда бара жатқанда елсіз жерде Қажымұқанның
шанасын көп қасқыр қамап, жалғыз атын жемек болыпты.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Сонда Қажымұқан шананың бір жетегін суырып, екі қасқырды
ұрып алыпты. Өңге қасқырлар қайтып кеткен соң, ана екі
қасқырды шанасына салып, Омбыға барыпты. Мұны біз арты
нан естідік.
76. [ЖУАНАЯҚ БАЛУАН]
Қажымұқанның айтуынша, Ернақы—Кенесарының қырық
батырының бірі болған. Кенесары өзінің батырларына «Бас
батыр», «Бала батыр» деп атақ береді екен. Бас батырлар қа
тырында Бөгенбай, Қабанбай, Иман, Жәнібек, Ернақы сияқ
ты адамдар болған. Бұл сөздің шындығы табылып, Ернақы
Кенесарының сенімді батырының бірі болған. Ернақы өзінің
барлық өмірін Кенесары мен Науан қасында өткізеді.
1846-1847 жылғы қырғыз бен қазақтар арасында болған
соғыста Ернақы Науан, Иман, Ағыбайлармен бірге соғысқан.
Соғыста аса үлкен қайрат көрсетеді. Ернақы қайтпай ұрысады
екен. Сол үшін Кенесары оны артықша қадірлепті.
Қажымұқанның айтуынша, Ернақы есерсоқтау, ұрдажық
батыр болады. «Қан жұтсаң, жүрегің айнымайды» деп қан
ұрттап алған күндері де болса керек. Ернақы 700 кісімен Ала
таудан асып, Тоқпақ түбіндегі Майтөбе деген жерге шабуыл
жасағанда, қолға түсіп мерт болады. Бұл 1847 жылы болған. Со
нымен Ернақы өзінің ерлігін Кенесары қозғалысымен бастап,
сонымен бітірген. Ернақы 1795 жылы туып, 1847 жылы 52 жа
сында өлген болады.
Ернақы батырдың өзі өлген соң айналасы жұтап, кедейші
лікке ұшырайды. Патша өкіметі оның балаларына қырын
қарайды. 1847 жылдан соң оның үй-іші Ақмола, Қараөткел
жағына барып, жалшылық істеп күн көреді. Қажымұқанның
әкесі Мұңайтпас өзінің бар өмірін осындай ауыр кедейлікпен
өткізген. Аузы тұшып ас ішпеген, шекесі жылтырап киім ки
ген жан емес. Жас кезінде той-думанда бас бәйгеге түсіп, көп
күрескен. Қазақша күрестен жаурыны жерге тимепті. Жұрт
оны «Жуанаяқ» балуан дейді екен. Оның мәнісі: аяғы жер
ошақтай болып, үнемі жалаң аяқ жүреді екен. Қысқа қарай
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
аяғына киізден, не көннен үлкен бір етік киеді екен. Оны да
қонышынан басады екен. Екі аяғы далақтап жер-жаһанға сый
майтын болыпты.
Жуанаяқ балуанның қызмет істемеген байы жоқ. Соның
бірі—Қараөткелдегі Ғаббас дейтін ноғай. Ғаббас үлкен сау
дагер екен. Бір жылы қыс қатты болып, қар қалың жауады.
Қаланы қар басып қалады. Жуанаяқ балуанның қайыңнан іс
теген терідей дәу күрегі болады. Тоң болып қатқан кебежедей-
кебежедей мұздарды жар қорадан асырып атып тұрады. Қары
қалың жерді шаршылап ойып, лақтыра берген. Жуанаяқ
балуанның күрегін ешкім көтере алмайды екен. Қар астында
Ғаббастың екі бұттық кір тасы болады. Қар күреп жүргенде
Жуанаяқ балуан соны да биік жар қорадан асырып жіберген,
тағы бір кішігірім тасты да солай етеді. Оны өзі білмейді. Бай
қыстай гір тастарын жоғалтып, Мұңайтпасқа «сатып жібер
дің!» деп жала жабады. Көктемде қар ерігенде қараса, баяғы екі
тас биік жар қораның сыртында жатыр екен.
Жуанаяқ балуан бір жылы Ғаббастан шығып, бір орыс байы
на қызметке тұрады. Оның жел дирмені бар екен. Бір жолы жел
дирмені бұзылып, оның тасын ешкім қозғалта алмайды. Сон
да Жуанаяқ балуан беліне қыл арқанды төрт-бес қабат байлап,
тастың тесігінен (ұңғысынан) өткізіп алып сүйреп кетіпті.
Бұдан соң қара шаруалау қазақ байына қызметке тұрады.
Мұның бір аяулы биесі құдыққа түсіп кетіп, құдық түбіне ба
рып екі бүктеліп жатып алады. Сонда Жуанаяқ балуан биенің
қолтығы мен шабынан екі-үш қабат арқанды күрмеп байлап,
төрт құлаш құдықтан қауға сияқтандырып көтеріп алып шы
ғыпты. Мұңайтпас 1914 жылы әбден қартайып, кедейлік бо
сағасында өлген. «Жылым—жылқы» деп отырушы еді,—дейді
Қажымұқан.
77. [МҰҢАЙТПАСТЫҢ ШЕШЕСІ
АЙСАРЫ ТУРАЛЫ]
Мұңайтпастың нағашысы атақты Байсеу деген батыр екен.
Руы—сары тарақты. Байсеудің Айсары деген қызын Ернақы
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
алған. «Алып анадан, ат биеден» дегендей, Айсары аса ірі, ба
луан, батыр қыз болыпты. Ернақы жігіт кезінде Кенесарыға
ілесіп, серілеу болып өседі де, Байсеудің ауылына барғыштап
жүреді. Сөйтіп жүріп Айсарыға ғашық болып қалады. Айсары
да сері қыз екен. Екеуі бір түнде екі жорға мініп, Мырзатай
дың аулына келіп түседі. Аяғы «қырық жетінің» қалың малын
төлеп бітіседі.
Ол кезде қыздың өз бетінше қашқаны—атаға үлкен таңба
саналған. Әйтсе де, Байсеу Кенесарының адамы болғандықтан
көп қарыспайды. Айсарының әкесі Байсеу сол кезде қартайып,
кәрі тораңғылдай бүгіле бастаған кезі екен. Оның әйелі де ал
памсадай бір дәу болса керек. Екі құлағы тебінгідей, бойы екі
метрге жақын, арық, сары кемпір болыпты. Мұрны кере қарыс,
жағы ұзын, жалпақ, тізесі отырғанда иығына жетіп отыратын
болса керек.
Дау жайласқан соң той болады. Сонда күлкі әңгіме үстінде
Мырзатай баласына:
—Балам, Байсеудің қызына не деп қызықтың, шешесінің
екі тізесі ауының екі қақпасындай болып, арасынан керуен
өтеді деуші еді?!—деп күледі. Сонда Ернақы:
—Ей, ата-ай, оның інін не қыласың? Ішіндегі түлкісін ал
дым ғой!—деген екен. Сол Айсары кейін ат басындай алтынды
кесек-кесегімен туа берген. Таңатар, Марқа батыр деген алып
тар содан туған.
Қажымұқанның айтуынша, Айсары араб батыры Ғалимен
күресетін Дариға қыздай даңқты әйел болған. Жаугершілік
заманда Таңатар, Ернақы, Марқа алыс жерден жылқы қуып
келеді екен. Сонда Айсары да бірге баратын болған.
Бір жолы Ернақы мал қуған Айсарымен жеке шығады. Қа
лың жылқыны айдап қашады. Таң ата артынан 50-60 жараулы
жігіт жетеді. Бірақ ер мен әйел соның бәрінде аттан құлатып,
ұрып жығып кетеді. Айсарының өзі жиырма жігітті түсіріп
кеткен. Айсары жылқыда жүрген асау айғырларға шауып бара
жатып құрық салып, тоқтатып қала береді екен.
Бір жолы бір атан түйе құдыққа құлап, ауылдың 20-30 ада
мы, жігіт-желеңі түйені құдықтан сүйреп шығара алмайды.
Сонда келіншек боп түскен Айсары басындағы сәукелесін жер
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
ге қойып, атан түйені бір өзі сүйреп шығарады. Ауылда бастияр
адам болмаса керек.
Қажымұқан Айсарының тоқтасқан кезіндегі бір әңгімесін
айтады:
—Бұл Ернақының қырғыз жерінде мерт болып, Айсарының
жесір қатын, жетім бала болып Арқаға азып-тозып барған кезі
болса керек. Қараөткелде Қажыбай дейтін бай Ноғай:
—Пар ат тарта алмаған ағаш отынды тартатын ат бар ма?—
деп сұрайды. Отыны жолда қалып бара жатса керек. Сонда
Айсары:
—Бізде төрт аяқты мал жоқ, екі аяқты бар,—деп баймен
үш сомға шарттасып, қарға батқан арбаны отынымен байдың
қорасына тартып барады.
Айсары ерегіскен кезінде балуанға да түскен. Қараөткелге
Өзбекстаннан Қара балуан дейтін балуан барады. Бір пұт өрік,
бір пұт мейіз, бір пұт жаңғақ тігіп:
—Мені жыққан кісіге осыны беремін!—деп бүкіл Қара
өткел еліне жар салады. Қара балуан жүрген жерінің бәрін де
қиратып, жыға береді. Ең ақырғысы Қараөткелдің құрттай
қайнаған жәрменкесінен де ешкім табылмайды. Сонда намысы
қызған Айсары ғана шыққан деседі. Біраз жұлқыласқаннан
кейін Айсары Қара балуанды үйіріп-үйіріп жіберіп тік көте
ріп алады:
—Бәйгемді бересің бе, жоқ, қабырғаңды күйретейін бе?—
дейді. Қаруы екі қолында болса керек. Қара балуан Айсарының
бәйгесін беріп құтылады. Бұл 1860-1870 жылдар шамасы болса
керек. Айсары жүз үш жасқа келіп, 1900 жылы Қараөткел дуа
ны, Есіл бойындағы Сарытерек болысында өлген.
78. [ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ
НАҒАШЫСЫ—ЛӨК БАЛУАН ЖАЙЛЫ]
Қажымұқанның өз нағашысы—қыпшақ, оның ішінде
бұлтың Лөк дейтін батырдың қызы. Қызының аты—Қабира.
Осы Қабираны Мұңайтпас алған. Қабирадан Қажымұқан,
Әлі дейтін екі ұл туған. Әлі ертеректе өліп кетеді. Қабира
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Қажымұқан екі жасқа келгенде 1873 жылы шамасында өлген.
Мұңайтпаспен екі-үш-ақ жыл отасқан. Содан соң Қажымұқан
әжесі Айсарының қолында қалған. Бұл Лөк балуан жайында
да ел аузында ел аузында қалған әңгімелер көп.
Лөк Қараөткел дуаны, Есіл бойында туып, өскен. Шама
бойынша, әбден қартайып, Айсарымен шамалас өлген. Бейіті
Қажымұқанның туған жері Сарытерек болысында. Лөк батыр
дан: Халық, Бейбіт, Арғынбай деген үш ұл, Қабира дейтін бір
қыз туған. Лөктің батырлығын Қараөткел елі айта алмайды.
Бір күні тоғайға барып отын әкелмек болады. Арбасы бол
майды екен. Үлкен бір қарағайдың тамырын қырқып, бұтақ
тап, бір басын иыққа салып, сүйретіп келеді. Жасында мал
қуып, серілік жасайды.
Бір күні екі жүз жылқыны қуып шыққанда сексен бес кісі
мен жалғыз соғысып, төртеуін өлтірген. Сібірдің аязды қара
суық түндерінде Лөк жалғыз жортып жүреді екен. Сөйтіп жүр
генде, бір топ қасқыр қамайды. Сібірдің қасқыры анау-мынау
құнан өгіздей болады. Адам жейді. Қасқырлар шулап, қар ша
шып, қамап келгенде астындағы атын қамшылап-қамшылап
жіберіп: «Ата-бабамыздың тартқан көк бөрісі осы екен, бұдан
несіне қорқайын»,—деп Лөк қасқырдың бір арланын құлақ ше
кеден алып, тасқа ұрып жібереді. Сол кезде өгіздей-өгіздей 20-
30 көкжал Лөкті қашты деп ойлап, тұра қуады. Батыр тағы бір
арланын алып жерге соғады. Қасқырлар батырдың күпі сыр
тынан киген түйе жүн шекпенін шұрық-шұрық қылады. Бірақ
аттан ала алмайды. Сөйтіп жүріп, Лөк 7-8 қасқырды ұрып ала
ды. Қасқырлар өлгенінің өтін жеп, батырды ала алмасын білген
соң тарап кетеді. Рулы елді жейтін үйірлі қасқырдың жалғыз
Лөкке шамасы келмейді. Лөк отыз қасқырға олжа салыпты.
79. ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
Қажымұқан 1871 жылы Ақмола облысы, Қараөткел дуаны,
Қосқопа деген жерде туған. Әкесі Мұңайтпас сол кезде қарта
йып, жоқшылық уысына түскен кезі екен. Есігінде үрерге иті,
сығарға биті де болмайды. Қарағанды облысындағы Теміртау
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
кенінің жұмыскері Қанаш Жұмалдин, Баянауыл ауданындағы
Ворошилов колхозының қарт мүшесі Асайынұлы Мергенбай
дың сөзін келтіреді. Мергенбай Мұңайтпасты да, Қажымұқан
ды да жақсы білетін адам. Мергенбай Қажымұқанның әкесін
«Маңқас» дейді. Мұңайтпастан өзгертіп алған. Мергенбай екі-
үш жылдай Мұңайтпаспен бірге отырған.
Мұңайтпас сол жылдар іш жақта, Қорғалжың қамысының
бойында отырыпты. Бұрынғы әдеті бойынша шымнан салған
кепеде жалғыз үй отырған. Су бойында Мұңайтпас балық ау
лап күн көрген. «Сол кезде есігінде тышқақ лағы, бұзаулы
торпағы да болмаушы еді» дейді. Үй-ішінің жаны үшеу-ақ екен.
Мұңайтпас, Айсары, Қажымұқан. «Қажымұқанның он екі-он
үш жасқа келе бастаған кезі болса да, қазақтың жиырмадағы
жігітіндей болып көрінетін еді»,—деп жазды. Бұл 1883 жыл
дар шамасы болса керек.
Жұрт Жуанаяқ балуанды жақсы сыйлаған. «Елде болса,
ерніңе тиер» деп, соғым сойған үй балуанға сыбаға атап тұра
ды екен. Күз түсіп, соғым сойылған соң Мергенбайдың ағасы
Шайхислам бір қой, бір мес (сүйретпе) қымыз апарып берген.
Сол күні күн бұрқасындау, жауын-шашынды болып тұрды.
Мергенбай атын байлап, жеркепеге кіріп келсе, Жуанаяқ ба
луан қамыстан себет аяқ тоқып отыр екен. Ет асылып, қымыз
ішілуге қарайды.
—Балам, қымызды менен бұрын ішіп алыңдар, мен ішсем
құр қаласыңдар?—дейді балуан. Бірер аяқ ішкен соң дәу саба
ның қымызы еңсерілместен, бітеу қалады. Мұңайтпас дәу мес
қымызды шайқап-шайқап жіберіп, аяққа құймастан-ақ ба
сына көтере бастайды. Қойдың еті туралғанша бір мес қымыз
Жуанаяқ балуанның қарнына кетіп қалады.
Қойдың етін қазанға тұтас салған екен, артынан оны да со
ғып алады. Ас артынан тұп-тура бір аяқ кемік қалды. Қымыз
бен етке тойып алған соң Жуанаяқ балуан әңгіме айтады:
—Балуандық, батырлық біздің тоғыз атамыздан бері келе
жатыр. Бірақ біздің тұқымдарымызға қанша ма күш, мық
тылық бітсе де, балуанға түсіп күресу салтымызда болған емес.
Топқа түсіп көргеніміз жоқ. Тіл, сұқ тиер деп ойлаймыз. «Бала
атадан қанша артық тудым десе де, батпан кем туар» деген
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
дей менің күшім атамның күшіне жарым да келмейді. Ал енді
менің мынау, жігіт болған балам, менің бір аяғымды да қозғал
та алмайды,—деп Қажымұқанға қарайды.
Сол кезде 12-13 жасар Қажымұқан да жуан, сырттанып,
еңгезердей боп қалған күні екен. Бармақтары тарбиып, тай
жолбарыс сияқты болып өсіп келе жатады. Әңгіме үстінде Жуа
наяқ балуан:
—Мен өмірімде тауға ағаш алуға барғанымда қолыма балта,
ара алып, өгіз арба жегіп барған кісі емеспін. Үлкен қарағай,
қайыңды сындырып, сүйретіп әкеле беруші едім,—деген.
Далаға шыққан соң жас Қажымұқан Мергенбайға: «Әкем
нің әкелген тасы»,—деп бір сандықтай үлкен тасты көрсеткен.
Мұны Жуанаяқ балуан көт басып отыру үшін таудан әкелген
екен. Шамасы 20-30 пұт болса керек. Мергенбайдың жасы
қазір алпыстан асқан. Сол кезде жиырманың үстіндегі жігіт
болған.
Қажымұқан өзінің істерін жеті жасынан бастап біледі. Ба
ла күнінде Құлан қыпшақ Ыбырай сұлтанның баласы Жар
дегеннің ауылында қолғанат бала боп жұмыс істейді. Жар—
алтыбас, оның ішінде Қажымұқанның шыққан руы саңаймен
ауылдас болады. Жар ақ орданы тігіп, жайлауда отырады. Әке
сі Қараөткелдің дуан басшысы болғандықтан, бұ да қазақтың
«сайлаусыз ханы» ретінде болған. Дуан басыларының істен
қалғанына екі-үш жыл болса да, Жар әлі ескі әдетін сақтап,
хан қатарлы салтанат құрған. Қажымұқан осының ауылында
шыбықты ат қып мініп, ойынға барса, Ыбырай:
—Мына қызталақ құлдың баласы, аузы-басы дорбадай бо
лып тұрғанын қарашы. Менің көркімді көргелі келген жоқсың,
даладағы самауырды әкел!—дейді. Жар болыс екен.
Ыбырай да, баласы Жар да ауылына келген қазақтардың
төрге отырып кісілік құруын жақтырмайды екен. Келген қа
зақтар суымен кіріп, күлімен шығып қызмет істеген. Жеті
жасар Қажымұқан ішінде бір жарым шелек суы бар, дәу ақ
самауырынды бажылдатып үйге алып кіреді де, тіркейді.
Ыбырайдың ақпейіл бәйбішесі:
—Бәрекелді шырағым, адам болады екенсің!—деп есіктен
отырғызады. Ет келгенде бәйбіше балаға майлы құйқадан
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
шеңгелдей қып ет ұстатады. Ет артынан жұрт қымыз ішеді.
Бәйбіше мұнда да балаға дәу тостақ қымыз ұсынады:
—Балам, ауыл осы, келіп тұр, ағаңның ұрысқанын кек ал
ма, ойнайды,—дейді. Қымыз жиналған соң Ыбырай:
—«Тоқалдан туған томар бас, томармен ұрсаң, жығылмас»
деген сен екенсің, бар енді бір қап тезек әкел!—деп жұмсайды.
Қажымұқан үлкен қоңыр қапқа ылғи жас тезекті баса са
лып, ауылға алып келеді. Шамасы екі пұттан асық болса ке
рек. Үйдегілері іштей баланың қайратына разы болады. Сол
кезде Қажымұқанның үстінде көйлек, бұтында дамбал да жоқ.
Сирағы сорайып, табаны тілім-тілім боп жүреді екен. Бәйбіше
ертеңінде қызыл ала шыттан көйлек, дамбал тігіп береді. Содан
былай Жар сұлтанның ауылында жас Қажымұқан қызметші
боп қалады. Ат әкеледі, сиыр суғарады, отын тасиды, қазанға
от жағады.
Қатындар: «Қасқыр», «Жүгермек», «Көктүйнек», «Жеті
кесектің астында қалғыр!»—деп қарғап жұмсайтын болған.
Әкесі Мұңайтпас өзі кедей болған соң, баласының қызмет
істеуіне қарсы болмайды. Сонымен, Қажымұқан жасынан-ақ
еңбек істеу, құлшылық дегенді бойына ар көрмейді. Арсыз,
ақжарқын, кексіз, орындағыш болып өседі. Сегіз жасында
ауылдағы 15-18 жасар балалардың бәрін де қирата жығады.
Ауыл адамдары: «Мынау Ұлтанқұл жұртты құртар!» деп атай
тын болған.
Қажымұқан Жарда көп тұра алмайды. Себеп, Жардың қыз
метшілері жас бала емес, ересек адамдар болады. Кісі келеді,
кісі кетеді, оған естірек адам керек болады. Сол себептен алты-
жеті айдан соң Қажымұқан Қараөткелдегі татар Қалипа деген
байға жалшы боп тұрады. Қалипаның қаздары көп болады екен.
Оны бағуға бала аса қолайлы болған. Еңбегі—арзан, міндеті—
аз. Екі жылдай қазы бақтырса да, Қажымұқанға бір жарытып
киім бемейді.
1879 жылы Қажымұқан әкесінің ақылымен Қалипадан
шығып, атаман Сковский деген орысқа тұрады. Бұл кісіде
Қажымұқан баяндатқан үш жыл істейді. Бай балаға жер айда
тады, өгіз бақтырады, арба айдатады, шөп тасытады, қора таза
латады, отын әкелдіреді, істетпейтін бәлесі жоқ. Бұрын Ресей
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
де сығарға биті болмай, мойны ырғайдай болып келген мұжық
енді әбден байып алады.
Он бір жасында Қажымұқан Сковскийден шығып, 1882 жы
лы Степан Кожылин дейтін байға тұрады. Мұнда Қажымұқан
үлкен адамның қызметін атқарады. Ержетеді. Аттай екі жыл
тұрған соң 1884 жылы Маслаков дейтін орыс мұжығынан
шыққан байға жалшылыққа тұрады. Кожылинда Қажымұқан
әбден толысқанша қызмет істейді. Бір жылдары Ақмолаға
кетеді, бір жылдары одан да жақсы күнкөріс болмаған соң,
осы байға қайтып айналып келе берген. Оның мәнісі—байдың
бәйбішесі жас Қажымұқанға өте жақсы қарайды. Ойнап о жер,
бұ жерін түртіп қалатынды шығарды. Оңашада алысады, жы
ғылып қалса, ішек-сілесі қатып күледі.
Сөйтіп жүріп Қажымұқанды әбден бойына үйретіп, ерке
летіп алады. Бай бір жылы Қажымұқанның әйелімен ойнай
тынын біліп қалып, қуып жібереді. Сондай кезде жас балуан
Ақмолаға кеткен. Одан Қараөткел барған. Тапқанын тамағына
салып, көрінгеннің ауылында жүрген.
Ақыр соңында Кожылин Қажымұқанның іске тындырым
дылығын ойлап, оны қайтып алады. Бұған әйелінің ақылы се
беп болса керек. Байдан босап қалған айларында Қажымұқан
Қызылжардың станциясына барып жаққауыздан жүк тасыған,
жүк салған. Ондай ауыр жұмысқа ол кезде ешкім бармайды
екен. Қазақ арасы қалаға бармайды, орыс арасында жұмыскер
жеткіліксіз болған. Сонда алты кісі бір жақ, Қажымұқан бір өзі
бір жақ болып, ерегісіп жүк салысқан. Қажымұқан сол кезде
17-18 жасқа қараған бала жігіт болса да, төрт дөңгелекті арбаға
алпыс пұттан жүк салып, жаяу тасыған. Жүктің салмағын
былайғы барлық жұмыскерлерден асырған. Мұндай қайрат
ерлігі Қажымұқаннан осыдан былай қарай жиі-жиі табыла бер
ген.
Кожылинде жүргенде Қажымұқан бір күні екі шанамен
шөпке барады. Бір ат шанасын тарта алмайды. Атты құлақ-
шекеден ұрып жіберсе, ат өледі. Қажымұқан өлген атты шөптің
үстіне салып, шананы жүгімен жаяу жеті шақырым жерге тар
тып келеді. Кожылин ашуланып:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Ах, зверь, ты меня окончательно разоришь!—деп бұлқан-
талқан болады. Бұдан арғы бір жылдары Қажымұқан қырық
шелектік бөшкемен су тасиды. Бөшке арбаға бекітілген екен.
Жолай арбаның дөңгелегі бір шұңқырға түсіп кетіп, ат тар
тып шығара алмаған соң, Қажымұқан арбаның астына кіріп
дөңгелекті көтеріп тастайды. Судың салмағына шыдамай ар
баның белағашы борт кетеді. Бай осыны төлетіп алған. Ақысын
Қажымұқанның еңбек ақысынан ұстаған. Мұнда да шығарып
жіберуге ойланғанда, әйелі ара тұрады.
Енді сол байдың атын өлтіреді. Бұған шыдамаған бай өлген
атты, шөпті Қажымұқанға жаяу тартқызып, полиция кеңсесіне
барады. Ол жайлы Қажымұқан өзі былай дейді:
—Арқамда шана, қыстың қарақасқа боранында тер сүмек
теп ағып келеді. Тердің буы қалың тонымды жарып, сыртқа
шығып тұрған сияқты. Етігімнің қонышы терге толып, мұртым
собық-собық мұз болды. Маңдайымды дембіл-дембіл алақаным
мен қырып тастаймын. Тер құйылады. Көшедегі бірен-саран
сауда істеген қазақтар соңымнан еріп, жабылып шананы итері
седі. Оған қозғалатын шана жоқ. Біреулер: «Ақшасын төлесе,
қояр» деп ақша жинап, қойныма тығып жатыр. Менің онымен
жұмысым болған жоқ. Сөйтіп жүріп, итшілеп полицияның
қақпасына кірдік.
Қорадан бізді ұзын бойлы, мұртты, қара киізден ұзын
делбегей тон киген, қалпағы едірейген полиция бастығы
қарсы алды. Қасында бірнеше стражингі бар, бай полицияға
барлық болған істі айтты: «Мұны қамау керек!»—деді. Біраз
сөйлескеннен соң полиция бастығы басын шайқап, арбаның ол
жағына бір, бұл жағына бір шықты. Маған артымнан бір, ал
дымнан бір қарады. Стражниктер де ежірейіп, көздері тесіліп
қарап тұр. Таңданғаны да, күлгені де белгісіз. Содан соң байға:
«Қамайтын жұмыс бұл емес, еңбегінен ұстаңыз, не төлетіп
алыңыз!»—деп екеумізді қоя берді.
Полиция солай деген соң мен арбаны тастап, кетіп бара жа
тыр едім, бай: «Шанамды үйге жеткізіп бер, анау атты өзің ал,
ақысын төлейсің!»—деді. Қалада қымыз сататын Қыстықтың
Нұрмамбеті деген қазақ болатын. Жұрт соғым сойса, содан ала
тын. Шанадағы атты соның қорасына әкеп сойдық. Құдайдың
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
құдіретімен байдың жұмыс атынан үш елі қазы шықты.
Ақырында бай төрт жыл тұрған ақыма сол атты жатқызып,
үстіне он екі сом ақша берді. Содан былай Кожылинның жүзін
көргем жоқ,—дейді балуан. Бұл—1888 жылдың қысы. Сол
жылы Орынбор маңындағы бір Косолапов дейтін орыс-қазақ
байына жалданып, сауда малын айдайды.
Жасынан тамақ қамымен жалшылықтан көзі ашылмаған
Қажымұқан «Жақсы тәрбие қайсы, оқу деген не?» оны білмейді.
Бар тәрбиесі—еңбек, маңдай тер, табан еті болады. Бірақ әкесі
Мұңайтпас баласын жасында оқуға беріп те көрсе керек. Алты
жасында Қосқопадағы бір ауыл молдасына береді. Шорқақ,
дүмбілез молда балаларды алқақотан жүгіндіріп отырғызып,
қолына шыбық алып, төбесінен: «Оқы!»—деп жағалап ұрып
өтеді екен. Кейбір балалар шыбық өтпесін деп басына ноғай
тақияның екеуін қабат киіп отыратын болған. Шыбық тигенде
үстіңгі тақия, астыңғы тақияға кептеліп, бастан таяқ батпай
ды. Мұндайды біліп қалса, молда ол баланы арқалатып қойып
10-15 дүреге шейін соққан.
Молданың балалар арасына қойған тыңшысы бар, оны
«Жалдат» дейді. Кім боқауыз сөйлейді, кім тентек, кім ұрлық
қылады, осының бәрін молда біліп отырған. Сабақта отырғанда
әлгі баланың оңашада істеген барлық ісін, айтқан сөзін көп ал
дында айтып, жекіріп отыратын болған. Балалар ішінен: «Бұл
әулие, әйтпесе, қайдан біледі?» деп, екіншілей жұмған аузын
ашпайтын болады. Бойжеткіңкіреген 13-14 жасар қыздарды
төрге отырғызады. «Оқымайсың!»—деп шыбықтың ұшын отқа
бықсытып, мұрнына түтін жіберіп ойнайды екен. Бірақ оқыта
білмеген.
Алдына баланы бір-бірлеп шақырады, оқытады. Кейбір ба
лаға әріпті тақтаға жазып беріп қойған:
—Әліп би де?
—Әліп би,—дейді бала, бірақ түсінбейді. Молда:
—«Әліпте» жоқ, «бесінде»—бір ноқат,
«Х-да» жоқ, «жұмасында»—бір ноқат.
«Далда» жоқ, «Залда»—бір ноқат,
«Е-де» жоқ, «Зеде»—бір ноқат,—
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
деп үйреткен. Балалар мұның қайда жүрген ноқат екенін біл
месе де, жаттап алып, шулап айтып отыратын болған. Түсін
бегендерді жатқызып қойып сабаған, табанына тұз сепкен.
Соның бірі Қажымұқан болады.
«Тәжүйтке тілің келмейді, Құранды қайтып оқисың?»—
деп Қажымұқанды бір күні керіп алған. Арқасы жосадай боп
ауылына қайтады. Бірақ әкесіне болған істі айтпайды. Ерте
ңінде таңға жақын мешіттің қуысына келіп алып жатады.
Молда таң намазына келіп отыра бергенде үлкен қышымен
ұрып жығып, қашып құтылады. Бұдан соң мектеп есігін көр
мейді. Жалғыз-ақ Қажымұқанның есінде қалғаны—бала
лардың өлеңі. Ол кезде оқу сенбі күні басталып, жұма күні
біткен. Бейсембі күні түске дейін оқу болып, түстен кейін оқу
болмаған. Сол жайлы балалар:
—Салдыр-салдыр сәрсенбі,
Сағынғаным бейсенбі.
Жұма біздің досымыз,
Сембі біздің қасымыз,—
деп өлең айтады екен. Молда балалардың бұл өлеңін де естіп,
біліп алады. Оларға әр күні сабақ артынан мынадай өлең айт
қызатын болған:
Қайрабат та қайрабат,
Молдамызға өмір бат.
Балаларға ғылым бат,
Біздің оқытқан молданың
Атасына мың рахмат!
80. ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ БАЛУАНДЫҒЫ
1888 жылы Қажымұқан жалшылықтан құтылып, өзінше
жүре бастайды. Ел арасында қазақша күреске де түседі. Бірақ
ешкім ұстасуға жарамайды. Өстіп жүргенде, келер жылы
Омскіде «Ат ойыны ашылыпты» дегенді естиді. Қажымұқан
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ... бұл кезде сол Омскі облысына қарасты, осы күнгі Дробышев ау данында тұрған. Балуандардың хабарын жұрт алыстан айтқан соң Қажымұқан 1889 жылы қыстың ортасында Омскі барады. Барғанда күресу үшін емес, балуандарды көрейін деп ойлаған. Арбитор Қажымұқанды жалаңаштап көріп, бұлшық еттерін осып-осып байқайды. Төртбақ келген, орта бойлы жас баланың қайраты оны таң қалдырды. Ертеңінде Знобин деген балуанмен қазақша күре седі. Әлгіні қолға ілместен алып ұрады. Осылайша төрт күн ұдайы күресіп, цирктің төрт үлкен балуанын жығады. Бірне ше күннен кейін арбитор Қажымұқанға: «Күш көп, бірақ күрес білмейсің, сен Петрборға бар, онда балуандар мектебі бар, екі жылда французша күрес үйренесің»,—деп ақыл берген. 1889 жылдың жазында Қажымұқан Петрбор сапарына шығып, жолай Қазанға тоқталады. Үстінде мазалы киімі де жоқ, жалаңаяқ болса керек. Көшеде 3-4 ноғай асыға басып ба рады екен. Соларға жақындап: —Жол болсын сіздерге!—дейді. —Сабан тойына барамыз. —Онда не болады? —Күрес!—дейді татарлар. Қажымұқан: —Бізге күресуге бола ма?—деп сұрайды. —Нига болмас, бұла, бұла!—дейді. Сабан тойына ел жық-жық жиналған екен. Орыс, татар, башқұрт аралас. Бір қазақ жоқ. Бір үлкен орыс балуаны жұрт тың бәрін қирата жығып тұр. Оны жұрт: «Сары балуан» деп атап тұр екен. Қылыштай қатқан, кеуделі адам екен. Бір жуан ноғай балуаны барған еді, аяғын көктен келтірді. Қажымұқан киімдерін манағы татарларға ұстата беріп, ортаға жүгіріп бара ды. —Сізге не керек?—дейді сайыскер. —Бізге күрес керек. —Кіммен күресесің? —Жаңағы Сары балуанмен күресемін. —Ярыр қазақ, ярыр қазақ! Син әлі ашагман құйрығыңны құтыртып келген боларсың!—дейді бір татар күліп. 21-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Қажымұқан Сары балуанмен белдесе кеткенде оны бірден
үйіріп ала жөнелді. Екі-үш рет баурап-баурап жіберіп, жерге
ұрып жібереді. Балуан аңғырт қалғандай болды білем, есінен
ауысыңқырап кетеді. Осы күнгі күрестің барлығы Қажымұқан
маңында болады. Бірінен соң бірін тізбектетіп бақандай төрт ба
луанды жығады.
Бұрын татарлар Қырымдағысы мен Қытайдағысын жи
нап, үнемі жеңіле береді екен. Сол себепті жұрт Қажымұқан
ның күресіне өте риза болады. Біреуі алма тастайды, біреуі ал
тын сағат лақтырады, біреулер гүл жаудырады. Күрес болған
алаң үлкен думанға айналады. Ең соңғы балуанды жыққан соң
басқалар шықпайды. Қараса, Қажымұқанның денесі ісініп,
су болып, басы айналған. Жұрт басына су құйып, есін жинай
ды. Сонан соң жақсы киінген бай-батшалар арба алдырып,
Қажымұқанды алып жүреді.
Басына құйған су сорғалап келеді. Байтонды зырғытқан
бойымен моншаға барады. Қасына бір жуғыш қызметкер қо
сып береді. Жуынып болған соң, бір татар дастарқанға түйіп бір
нәрсені алып келеді. Қараса, іші толған киім екен. Екі-үш пар
көйлек, ыштан, шалбар, пенжек, түркі тақия, мойнына сүлгі,
сағат салады. Аяғына жақсы бәтіңке кигізеді. Ескі кір-қоңыс
киімдерін үшақамен көтеріп апарып, қорада жанып тұрған
отқа тастайды. Бірін де ұстатпайды.
Содан соң тағы да манағы байтонға мінгізіп, Қабан көлдің
жанындағы «Бұлғар» деген мейманханаға алып жүреді. Кі
лем төсеген кең бір бөлмеге кірсе, ішінде Қазанның бірнеше
ірі миллионерлері отыр екен. Солардың ішінде миллионер
Бақтеев, миллионер Апанасиев, миллионер Жүсіпов, Яушиеев,
Ғизатулиндер де отыр. Миманханаға ауқат келеді. Ауқат ал
дында Қажымұқанға бір стақан арақ ұсынады.
—Ішпеуші едім,—дейді Қажымұқан.
—Ішесіз!—деп зорлаған соң Қажымұқан толтыра-толтыра
алты стақан жұтып жібереді.
Ертеңінде «Қажымұқанды көреміз?» деген жұрт миман
хананың төңірегіне сыймай кетеді. Апанасиевтің бойжеткен
қызы қасына бір канизагін ертіп байтонмен келеді. Қажымұ
қан соның байтонымен Апанасиевтің үйіне барып қонақ бола
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
ды. Қажымұқанды қонақ етпеген Қазанның атақты адамдары
жоқ. Осы ретпен Қажымұқан Қазанда бір-екі айдай болып,
күз түскен соң Петрбор барады. Бұл Қажымұқанның он сегізге
кәміл толған кезі.
Қажымұқан Петрбордағы «Тадевско-Лебедев мектебі» дей
тін балуандар мектебіне түседі. Мектеп «Караванная 17» деген
үйде тұрған. Мектепте 92 балуан үйренеді екен. Бір жағынан
күресіп тұрады. Айлығы жиырма сом, тамақ, киім әркімнің
өз жанынан. Барлығы бір балуанның жылдық оқуы айына 150
сомнан—1800 сомға түскен. Қойдың маңдайалдысы сол кезде
60-70 тиын, еттің килосы 3 тиын екен. Осы 1800 сом ақшаны
манағы Қазанның бес-ондаған атақты миллионерлері өздері
төлеп тұрған. Қажымұқан счетына түскен ақшадан мектеп
оның қолына 60 сомын береді. 40 сомын ұстайды. Петрборда
Қажымұқан 1889 жылдың авгусынан 1890 жылдың февраль
айына дейін алты ай француз күресін үйренген.
Сол жылдың февраль айында Одессадағы түрлі күрес мек
тебіне кіреді. Оның бастығы Ветлижинский деген екен. Ол кезде
күрес үйренушілердің мектебі жеке адамдарға қараған, өзінше
бір өндіріс болған. Мұнда Қажымұқан февраль, март, апрель
айларын өткізеді. Француз, еуропа, америка күрестерінің бәрін
де үйренеді. Кемісін 1890 жылдың июль, августь, сентябрь ай
ларында Тамбургке барып үйренген. Бұл мектептің иесі Эден
дейтін капиталист болыпты. Бұған Қажымұқанмен бірге 2-3
қана орыс балуаны барған. Сөйтіп, Қажымұқан барлығы он
екі ай күрес үйренеді. Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де
күресін үйреніп шығады.
Осы күресті үйрену жолында татарлардың істеген жақсы
лығын Қажымұқан айта алмайды. «Егер татарлар болмаса,
менің атым Қажымұқан болмас еді!»—дейді. Балуан екінші
бір сөзінде: «Қазақтан татардың қайырымы күшті», —деп
қоятыны да бар.
Еуропа елдерінің барлық күрестерін үйреніп алған соң,
Қажымұқан 1890 жылдың октябрьнде тұңғыш рет Киев қа
ласына келіп, күреске түседі. Бұл жолы күрес үйрену тұр
ғысынан емес, шын күрес, бәсекенің күресі болады. Мұнда
1891 жылдың мартына шейін күресіп, екі-үш бас балуанын
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
жығады. Соның бірі—Иван Байкин. Осы Киевтегі күресте
Қажымұқан ең алғаш орыстың жеңіс бермеген балуаны атақ
ты Поддубныймен танысады. Күрестің ақыры жақындап, «Бас
бәйгені кім алады?» деген тартыс қызған кезде, балуандар
іріктеліп қалады. Ең алдыңғы талапкер сол Поддубный болады.
Ол кезде Қажымұқан тым жас, әлі өсіп келе жатқан кезі еді.
Поддубный француздың Шмидт сияқты дабысы жер жар
ған Аплатондарымен ұстасып жүрген арыстан еді. Бірінші
ұстасқанда-ақ Қажымұқан одан жығылып қалады. Он бес
күннен соң қайта ұстасқанда, Қажымұқан жығады. Бірақ
үшінші жолы, бес рет шешуші сорксыз күрестен соң тағы да
Поддубный жыққан. Киевтің бірінші бәйгесін Поддубный,
екінші бәйгесін Қажымұқан алған.
Қажымұқан өзі де екі сөзінің бірінде осы Поддубныйдың
қайратын, адамгершілігін, достық жүрегін айта алмайды.
«Жер жүзін аралап жүргенде, мен мұндай бүтін туған балуан
ды көргенім жоқ, шіркін, адам десең—адам, арыстан десең—
арыстан еді!»—дейді Қажымұқан.
—Соншалық күшті балуанды қалай жықтыңыз?
—Менің екі-ақ әдісім болатын: Бірі—жамбасқа алып,
арқалап соғамын, екінші—мойнынан қысып алып, бұрап
жығамын. Ұмытпасам, ол кісіні арқалап соқсам керек,—
дейді балуан. Бірақ төрт ай күрескен. Поддубный сол кезде
Қажымұқаннан он жас үлкен, он алты кило шамасы ауырлау
болған.
Киев маусымы біткен соң 1891 жылы май айында Қажымұ
қан Қазанға келіп, жазғы циркте күрескен. Бұл жолғы келіс
мүлдем өзгеше болады. Қажымұқан өзгерген, меруеттей бо
лып сыланған. Оның үстіне еуропаның қай күресіне салсаң да,
сілтей береді. Қазан халқы бұрынғы Қажымұқанын өте жақсы
құрметтейді. Осы себептермен балуан Қазанда бір жарым жыл
дай аялдап қалады. 1891-1892 жылдың маусымында ұдайы
мен күресіп, Қажымұқан бірінші бәйгені алады. Мың сом ал
тын ақша, бір алтын медал берген. Күніне жеті сомнан—айына
екі жүз он сом айлық алып тұрған. Қазан циркінің бастығы
Қажымұқанның күрестерінен өте көп ақша түсіреді. Олай бо
латыны, оның күресіне Қазан халқы тайлы-таяғымен қалмай
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
қатысқан. Халық бір балуанды ұнатса, басқаға қарамайды ғой,
мұнда да сол болған сияқты.
Қажымұқан өзі де осы жылдар татар болып кете жаздайды.
Өйткені жүргені татар көшесі, қыдырғаны татар қыздары бо
лады, бір қазақ көрмейді. Түнде күрес, күндіз қыдырыс, қолы
тимейді. Қазанға 1891 жылдың жазғы маусымындағы күреске
Поддубный да келеді. Бірақ ол ұзамай Петрборға кетіп қалады.
Қажымұқанның ол кісімен жеке достығының басы осы Қазанда
басталған.
1892 жылдың февраль-май айларында Қажымұқан Қазан
нан кетіп, Мәскеу циркіне келіп күреседі. Мұнда күніне жиыр
ма сом жиды. Мұнан да бірінші бәйгені алып, мың сом сыйлық,
бір алтын медаль алған. 1892 жылдың жазында Петрборға ба
рып, Зоологический садқа кіріп, күреседі. Мұнда тағы да Под
дубныймен бірге болады. Жазғы маусымның бірінші-екінші
[орнын]—750 сомнан Поддубный мен Қажымұқан тең бөліп
алған. Екеуіне де медаль берілген. Осыдан былай Қажымұқан
үнемі Поддубныймен бірге жүріп, бірге тұрады. 1895 жылға
дейін Ресейдегі түрлі қалаларында болады.
1895 жылдың қысында Ресейдің бірсыпыра балуандары
Батыс Еуропаға кетеді. Поддубный мен Қажымұқан француз
дың Кинт деген қаласына барады. Бұл жолы Поддубный мен
Қажымұқан ең алдымен Ресейдің намысы үшін күреседі. Пе
терборда: «Еуропаға кімдерді жібереміз?» деген сөз болғанда,
Поддубный: «Кім барса да, ішінде Қажымұқан болсын!» де
ген. Бұл Поддубныйдың Қажымұқанға достығы ғана емес, кү
шіне де сенгендігі еді. Еуропаға кіші-гірім балуан жұмсап, ол
тыраңдап жығылып жатса, оның қаншалықты қызығы болмақ.
Сол себептен Поддубный 1895 жылдан бастап, Қажымұқан
ның әрі әкесі, әрі досы, әрі қамқоршысы болады. Қайда барса
да екеуі бірге жүреді, бір нөмір алады, ақшаны бірге жинайды.
Қазынашай—Поддубный, тамақ, шарап, сыра, арақ, кино-
театр бәрінің шығынын сол жүргізеді, есебін жазып отырады.
«Бір тиыныма қарау қылған пәнде емес, сабаздың адалдығы-
ай!»—дейді батыр бір сөзінде. Қажымұқан да адалдыққа
адалдық, достыққа одан асқан достық көрсетуге тырысады.
Ертеңгісін тұрғанда:
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
—Сіз енді менің атамдай кісі болдыңыз, бұдан былай мен
қызметіңізге қарыздармын,—деп Қажымұқан оның қолына су
құйып, сүлгісін ұстап тұруға дейін қызмет істеген.
Ертеңгі тамақты ішіп, закускелетіп алған соң, бұл екеуі
оңашада жұлысып, күресіп жатқаны. Мұнысы—машықтану.
«Бәлен балуан былай алды, түгенше былай алды» деп көрсетеді
де, соған қарсы амалды іздестіреді. «Ерден ердің қаупі бар» де
ген емес пе, еуропаның да бәйге берместері аз болмаған. «Сол
әдістерге қарсы әдіс іздеймін» деп жүргенде, екеуінің бой-бой
болып шаршап бітетін күндері де болған. Бұлар өздерінің күшін
осылай сынап, осылай шыныққан. Қажымұқан оған кейде мат
кигізсе:
—Ей, қырғыз мордас, сенің күшің күн санап артып бара
ды, бірақ Еуропаға Ресейдің намысын жіберме?!—деп қай
раттандырады. Оның екі сөзінің бірі «Қырғыз мордас» екен.
Мұнысы Қажымұқанды жақсы көріп, әдейі қойған аты. Осы
Поддубный мен Қажыекең жиырма-отыз жылдай бірге жүрген.
«Қызбен қыдыратын болсақ, тазасын іздеп, таңдап жүрдік»,—
дейді балуан. Поддубный бойы биік, қапсағай денелі, бұлшық
етті, жараған бурадай зор балуан екен. Салмағы Қажымұқан
нан бір пұт артық болған.
Кинт қаласындағы күреске еуропаның небір саңлақтары
келген. Бірақ ол қалада бұларға төтеп берген жан болмайды.
Қажымұқанның айтуынша бірінші, екінші бәйгені Ресейдің екі
тарланы тең бөліп алған. Бірінші бәйге мың сом, екінші бәйге
бес жүз сом, франк және алтын медаль алған. Поддубный осы
ны тең бөледі. Осы салт бұларды енеден егіз туғандай етеді.
Кинт балуандарын қирата жығып, бұлар сол 1986 жылдың
көктеміне жуық Парижге келеді. Мұнда да аруағы аспан
ды тітіреткен «Жеңіс бермес!» деп аталған түрге жататындар
аз болмайды. Мұнда Париж халқының еркесі, француздың
атақты балуаны XІX ғасырдың Рүстемі, кәдімгі Павл Шмидт
болған. Мұның аруақты балуан екенін содан біліңіз, ешкімнен
жығылып көрмеген. Бұл—кәдімгі Париждің жезөкше, еркек
құмар әйелдерінің түнде жатқанда түсінен кетпейтін Шмидті.
Париж әйелдері оның жалаңаш суретін басына қойып, сырты
нан ғашық болады екен.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Қажымұқан мен Поддубный Париж күресінің аяқталу қар
саңына барғандықтан, барғаннан-ақ кезек-кезек күрескені осы
Шмидт болған. Бес ай күрескеннен соң, бұл үшеуі тең түседі.
Әуелі Шмидт жықса, екінші жолында Қажымұқан жығады.
Бұдан соң бас бәйге үшін Шмидт Поддубныймен күрескенде
де осылай болған. Сонымен мыналардың жығылса да, пораже
ниесі бір-бірден болады да, ананікі екеу болады. Сонымен, бас
бәйгені бұлар алған. «Ат шаппайды, бақ шабады» деген емес пе,
Ресейдің екі тарланы сөйтіп, даңқы жер жарған француздың
атақты Шмидт сияқты балуанын да шайқалтып жібереді.
Бұдан соң алпамсадай дәу, жеті басты жалмауыздың бірі—
Америка балуаны, атақты Инструменст болады. Шмидттің қа
сында бұл анағұрлым күшсіз, бірақ тым айлалы, қауіпті балуан
болады. Бірақ мұны Поддубный да, Қажымұқан да жығады.
Бірі—Американың арыстаны, бірі—Ресейдің арыстаны, енді
бірі қазақ халқының атын шығарушы жабайы ел балуаны.
«Күш атасын танымас» деген сол. Балуан Париж қаласында бес
ай күрескен соң, сондағы балуандардың жеңіп шыққандары сау
етіп Берлинге келеді. Себебі күрестің әкесі Берлинде болатын.
Сол жылғы маусымда Берлинге 140 балуан келген. Балуандар
дың күресін Вигельм ІІ өзі көреді екен.
Ресей, Еуропа жұртымен қашаннан да бақталас, күндес
неміс капиталистері өздерінің Ганс Гауан, Тонгенеки сияқты
балуандарына сеніп, сол жолғы «Жер жүзін жеңіп шықты!»
деген балуандардың барлығын да Берлинге шақыртады. Инс
труменст, Шмидт, Поддубный, Қажымұқан да сондай арнап
шақыртумен барған еді.
Мұндағы балуандардың нұсқасы да, кескіні де бөлек. Шах
намадағы тау шайқаған Зохақтай ағылшын балуаны Пирар
Колостың түрін ешкім айтып болмайды. Бойы кәміл екі метр
де он сантиметр, салмағы он тоғыз пұт, сандары жараған бура
ның бұтындай, білектері шомбал, еттері бөлек-бөлек, басы кәрі
үлектің басындай, мойынды, жоталы тажал сияқты. Цирктегі
көкірегін керген небір нояндардың төбесінен бірақ қарайды.
Ылғи бір қырын қарап тұрады, иілгенде жуан мойнын сынды
ра алмай, белінен бірақ сынады. Мойны сұңғақты, ұзын, жуан.
Ұзындығына ірілігі, жуандығы сай келген мұндай балуанды
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
бұрын ешкімде көрмес. Павль Шмидт одан біраз шеген болып
шықты. Одан төменірек немістің майталмандары Ганс Гауан,
Тонгенеки тұр. Денесі Шмидттен де зор, жуандыққа келгенде
Пирар Колосыңды екі бүктеп кеткендей. Одан төмен атақты
Инструменст тұр. Бұл сойқан кімнің де болса маңдайынан
мұздай терді қырық рет шығармай жығыла қоймайды. Оның
күшіне Гауаның да жығыла қоймайды. Колосың да, Шмидтің
де тақ тұрады.
«Ерден ердің қаупі бар», бірде берсе, бірде алады. Мінеки,
Австрияның түйе балуаны Аузвахер, бұл бесеуін дүниежүзі әлі
жыққан жоқ. Берлинде бұлардан басқа да жер жүзін жайпа
ған арыстандар аз емес екен. Атақты Хәзірет Ғалының тұқы
мы Араб балуаны Нишафури тұр. Бұл—Рүстемнің тұқымы.
Қытайдан келген Дүң-Шин-Шо кімнен сорлы? Басы үлкен
қара қазандай. Басында бір тал шаш жоқ, құйқасы бес елі,
салмағы 14 пұт.
Ресейдің екі тарланының бақ таластырып, күш сынасатын
жері, міне, осы жер болған. Шмидт пен Инструменсттің бар
лық арманы осы екі балуанда. Бұлардың күшін Пирар Колос,
Ганс Гауандар да білмейді емес. «Тас түссе, талайыңнан» деп,
жеңсең, алатын жер осы еді. Дәл осы қалаға келгенде Поддуб
ный кенеттен ауырып қалды. Қажымұқанның көңілі мұқайды.
Түнде күресіп, күндіз ауруханада жатқан Поддубныйға тамақ
тасиды, сусын береді. Бір күні Поддубный:
—Жұмыс қалай?—деп сұрайды.
—Әзір жығылғаным жоқ, бәрімен де бір-бір ұстастым,—
дейді Қажымұқан. «Бәрі» деп отырғаны—манағы атақты бес
балуан, XІX ғасырдың Хәзірет Ғалысы мен Рүстемдері еді.
—Жүрегің тоқтады ма?
—Тоқтамай қайтер дейсіз, жалғызсырап қалмасам, сіз жа
зылғанша аянбай сілтермін!—дейді Қажымұқан.
—Құрсын, мені айтпа, биылғы күрестен енді маған үміт
жоқ, неде болса, өзіңді күт, намысыңа берік бол, досым! Бұл
күресте Ресей халқының намысы сенің қолыңда қалып отыр,
лебіне нан піскен неміс балуандарының қабырғасын күйрет!—
дейді күліп Поддубный.
—Құдай қаласа!—дейді Қажымұқан.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Ресей халқының, қазақ елінің намысынан жан аямайтын
Қажымұқан Берлинде өте қатты қайрат көрсетеді. Жарты күш
ті өз бойынан алса, жарты күшті Поддубныйдың бойынан ал
ғандай болды.
Ресей халқын Еуропаның асқақтаған елдеріне қалай күлкі
қыларсың? Күрестің соңғы күндері жақындағанда бес-алты
балуан бас бәйгеге таласып сытылып қала берді. Мұндай жер
де күшің қанша артық болса да, кісінің бағы шабады. Соңғы
он бес күнгі үздіксіз тартыстарда Қажымұқан немістердің
әлгі екі-үш түйе балуандарын қат-қабат жығып шығады.
Артынан Ганс Гауаннан өзі де бір рет сүрінеді. Бірақ Ганс
Гауанның Пирар Колос, Шмидтпенде сондай тең түскен алыс-
берісі бар еді.
Пирар Колоспен ұстасқанда да әуелі Қажымұқан жығылып
қалып, екінші реваншта оны арқалап ұрады. Сонымен «Тұяғы
бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ» дегендей, біреулерде
екі поражение, біреулерде үш поражение, біреулерде төрт-бес,
содан ары кете берді. Мұндай нәрсе болмай қоймақшы емес. Со
нымен Қажымұқанда екі, Колоста екі, Шмидтте үш жығылыс
болып шығады да, бірінші, екінші бәйге Қажымұқан—Колос
арасында тең бөлінеді. Үшінші мен төртінші Ганс Гауан мен
Шмидт алады. Баяғы бес-алты балуанның бәйге алмағаны бол
майды.
Қажымұқанның бұл ерлігіне Ресейден барған балуандар
қатты шаттанып, бірнеше күн той қылады. Стобка қаққанда:
«За то, что ты хороший верующий» деп ішіскен. Бұл сапарда Ор
полдан барған орта балуан да бар еді. Осы жөнінде Қажымұқан
өзі былай дейді:
—«Ерді намыс өлтіреді» деген емес пе, сол жолғы күресіме
әсіресе Поддубный қатты риза болды. Екі сөзінің бірінде:
«Ох, киргизская морда!» деп күле береді. Біресе күледі, біресе
қайраттанады, біресе қуанады. Қуанса, дереу боқтаушы еді.
Мені олай бір, бұлай бір, олай бір көтеріп: «Осынша күш
саған қайдан бітті?»—деп қояды. Біздер Ресей халықтары
ның аруағы Еуропаның мәдениетсінген қай халықтарының
аруағынан болса да басым екенін сол кездің өзінде-ақ бүкіл
әлемге білек күшімен көрсетіп едік,—дейді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Осы ретпен Қажымұқан 1905 жылға дейін Париж, Лон
дон, Варшава, Гамбург, Станбұл, Рим, Прага, Иена, Мадрит,
Афина, Одесса, Минск, Вильнюс, Ковно, Симферофон, Ялта,
Орел, Двинск, Бағдат, Дамаск сияқты қалаларда болған. Ұсақ
қалалардың есебі жоқ, барлығы жиырма төрт патшалықты
аралаған. Осы жөнінде Қажымұқан өзі:
—Арасын жиырма төрт патша араладым,
Балуанды неше түрлі жараладым.
Баласы Орта жүздің, бары осы жер,
Арасын бұл кебірдің паналадым,—
деп Шәуілдір ауданында үйсіз-жайсыз отырғанына батыр аздап
ренжиді. Қажымұқан отырған Шіліктің жері кебір болады.
Осыдан екі-үш жыл өткен соң Гамбург пен Парижде тағы
да бір қырғын күрес болады. Бұл жолы Еуропаға Поддубный
мен Қажымұқан дара барған еді. Бұл 1899 жылы болған. Осы
жолы Қажымұқан мен Пирар Колос өлімші болып күреседі,
ұрысады. Сол кезде Пирар Қажымұқаннан екі жарым пұт
ауыр екен. Күрестен бірін-бірі жыға алмай әбден өшігісіп
жүргенде, бір кез бұлар боксқа шығады. Колос қолына темір
қысқаш ұстап барады. Қажымұқанды қанды желкеден ұрып
құлатқан. Жұрт Пирардың қолынан темір қысқашын тауып
алған. Қажымұқан дохтырға көрініп төрт күн жатқан. Екін
ші рет реванш бойынша боксқа түскенде, Колостың аузынан
қара қан ақтарылады. Осыған қызған біреу Қажымұқанды топ
ішінде атып қалады. Оқ желкесінен жанап өтеді. Өзі тыртық
боп біткен. Қажымұқаннан өткен оқ қатар тұрған әскердің
біріне тиеді. Цирк басшылары дереу жарықты өшіріп жібереді.
Қараңғыда Қажымұқанды қашырып құтқарған. Сол күні
түнде бұлар параходқа мінеді.
1900 жылы бұлар қайтадан Парижге барады. «Онда күрес
әділірек болады. Жұрт немістердей ұлтшыл, қызғаншақ емес.
Жау болсын, жат болсын, күшіне қарап бағалайды. Ал неміс
жеріне барып күрессең, шетелдің балуандарына ешкім ша
палақ ұрмайды. Өздерінің бір балуаны сәл қайрат көрсетсе,
шапалақты қайта-қайта ұрып, сол сорлының есін шығарады.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Немістер шапалақ ұрып жатқанда оның талай балуанын
жықтым. Жықсаң, үні өше қалады»,—дейді балуан.
Бұл жылы Парижге қырық үш балуан жиналады. Ресейден
екі-ақ балуан барады. Осы жолы Инструменстпен тағы да қатты
ұстасады. Түркиядан Қажығали дейтін балуан қатысады.
Қажымұқан қырық балуанды жыққан, Поддубный мен Қажы
ғали қырық бірден жығады. Бұл өзі олимпияда сияқты күрес
болғандықтан, талай елдің каролдары, сұлтандары, минстр
лері қатысқан. Ресейден Никалай, Вигельм ІІ, Түркия сұлтаны
Хамид Париж циркінде отырады. Артис, әнші, жазушы, елші,
капиталистердің талайы-ақ болады. Инструменстпен үш күн
күреседі. Әуелі екеуі алысқан. Кім сүріндірсе, сол жеңеді.
Бұдан жеңісе алмайды. Екінші күні бір-бірін құр қолмен ұрып
жығудің бәйгесі болады. Екі балуанның кеудесі қанталап,
ісіп кетеді. Мұнда да жеңісе алмайды. Еуропаның каролдары,
сұлтандары балуандардың ісіне ескі Рум жұртының гладиятр
лары түрінде қарайды. Қып-қызыл боп қан ақса, бірін-бірі
қан құстырып өлтіріп жатса, бұл оларға қызық. Үшінші күні
«күрестен күрес ауыр болсын» деп, екеуінің де беліне қайыс
белбеу буады. Сүрік жоқ. Екі жарым сағат дегенде Қажымұқан
Инструменсті зорға жығады.
Осы жолы Қажымұқанның бір ұстасқан адамы—түрік ба
луаны Қажығали. Қажымұқанның сөзіне қарағанда, алдында
ол Поддубныйды жыққан. Үш-төрт күннен кейін Қажымұқан
күреседі. Күресердің алдында оны Сұлтан Хамид шақырып
алып: «Сыпайы күресіңдер!»—дейді. Қажымұқанға сыпайы
лық не керек? Ресейдің намысы оған түрік сұлтанының алдам
шы сөзінен әлдеқайда күштірек еді.
—Уағында көрерміз, ұлық сұлтан!—деп деп Қажымұқан
аренаға түсіп кетеді.
Әуел ұстасқаннан-ақ қапсағай бойлы, алып Қажығали Қа
жымұқанды көтеріп ала жөнеледі. Бірақ иығынан асыра тас
таймын деп, астына өзі түседі. Рас болса, осы олимпияда Ника
лай да болған екен. Қажымұқанға Никалай өзі медаль таққан.
Қасына шақыртып алып, иығынан қаққан.
Бұдан соң араб балуаны хазірет Ғалының тұқымы—Қажы
Мұзықпен күреседі. Жұрт алып келген балуан болғандықтан,
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
оны да жұрт жаман айтпайды. Денелі, терісі шойындай қара,
жұрттан жан шыққанша, одан тер де шықпайды. Қажымұқан
осы балуанды да жығады.
Австрия, Сербия, Румния, Италия, Германия, Ағышлын,
Франция, Белгия, Голландия, Ирландия, Испания, Полша,
Бұлғар, Түркия, Юнан жерін аралған Қажымұқан 1905 жылы
Жапонияға барады. Бұл сапарға Ресейден он сегіз балуан
шығады. Поддубный бара алмай қалады. Мұнда да асқақтаған
балуандар аз болмайды. Жапон балуандары мен Ресей балуан
дары Харбинде күрескен. Қажымұқанның жүрер алдында Под
дубный оған:
—Қажымұқан, бұл жолы сен Жапонияға менсіз, жалғыз
өзің бара жатырсың, серіктерің жаман емес, бірақ сылымаған,
көбі—гөдек. Үлкен балуан келгенде майданға өзің түс, ұтылып
қалмайық!—деген.
Өзін көптің бір қатарында санаса да, Қажымұқан досының,
ағасының осы сөзін ішінде жақсы сақтаған. Жат ел, ақсүйек
ел, онда да менменсігендер аз болмауы керек екенін ол жақсы
түсінген. Жапониядан отыз шақты нояндар келеді. Әрбіреуі
«Алатаудаймын!» деп жалын көрсетеді. Саркекен деген балуан
бір күнгі күрестен соң, ортаға жалғыз шығып: «Ажал күресіне
шығамын!» деп тұрып алады. Жапондар мұны «жию-житса»
дейді екен. Ресей балуандары мұндай күресті білмеуші еді.
Сұрастыра келсе, бұл шынында да ажал күресі екен. Қолдарына
құрал бермейді, бірақ бірін-бірі өлтіруге ерікті.
Саркекен ортаға түсіп шанып тұрып алған соң, Ресейдің он
сегіз балуаны аңтарылып тұрып қалады. Сонда Қажымұқан
ортаға жүгіріп барады. Кісі өлімі оңай ма, жұмыс жылдам бітеді
екен де, тағы әр бес минутте бір дем алдырады екен.
Келіп ұстаса кеткен заман Саркекен қолы тиген жердің бар
лығын темір қысқашпен жұлғандай бұлшықтай-бұлшықтай
еттерді үзіп алып, лақтырып тастай береді. Қалың етті жүндей
түтеді. Қажымұқан күрестің түрін байқап көремін дегенше, бір
жақ бетінің еті үңірейтіп, сол бойынша жұлып тастайды. Қан
саулап жүр. Үстіңгі ернін сол бойымен үзіп алып, кесекше ата
ды. Ортан қолының басына қолы сәл тиіп кетіп еді, оның басын
пышақша қақ айырды. Осының арасында бес минутта болып
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
қалған екен, дем алысқа шыққанда Қажымұқанның бір жақ
беті, тісі ақсиып, ортан қолы жалбырап, тұлабойы қанға шомы
лады. Есінен танып қалған.
Екінші рет қоңырау соғылғанда Қажымұқан аруағын шын
дап шақырды. Бармақтың ауырғанын, еріннің жұлынғанын
елемеді. Бір минут ішінде Саркекен жер бауырлап құлайды.
Желкеден тиген жұдырыққа шыдамай, Саркекеннің мұрны
нан кесек-кесек қан кетеді. Қажымұқан оның арқасына атша
мініп алып, екі қолын оның екі езуіне салып жібереді де, бас
терісін желкесіне сыпырып тастайды. «Құлақ терісі мен мұ
рын терісі мықты болады екен!»—дейді балуан. «Өзге жері жы
рым-жырым болғанда, құлақтың түбі жыртылмады»,—дейді.
Қараса, Саркеннің бет сүйегі ырсиып, тілі салбырап тұр екен.
Рас болса, Қажыекең тілін жұлып тастайды. «Сұрап алған
бәленің емі жоқ» деп, Саркекен «сұрағанға тілегендей» жауап
тапты. Цирктің іші лезде ала тұман болып кетеді. Жапондар
қызайын дейді. Ресейдің он сегіз балуаны ешкімді жолатпай,
үркердей топтанған бойымен цирктен шығып, Ресей елшісінің
үйіне келіп, түнгі пойзға мініп, Ресей қашады. Бірі бетін та
ңып жатыр, бірі сусын береді, бірі бетінен сүйеді. «Кемедегінің
жаны бір» дегендей, бес-алты күннен соң Петерборға келеді.
Онда Қажымұқан болницада жатып, сауығады.
Оны ең жақсы деген дохтыр қарайды. Күрес дүниесінің
адамдарынан оның көңілін сұрап бармағандары шамалы. Әсі
ресе Поддубный ертелі-кеш қасынан шықпайды, күледі, мазақ
тайды, ойнайды.
Қажымұқанның осы кезде үстіңгі ерні тыртық, жырығы
үлкен, бір асық сиғандай болып, үңірейіп тұрады. Еті қалың
болғандықтан ортасы бітпей қалған. Бетінің еті тыртық боп
біткен. Ортан қолы әлі күнге екі айыр боп тұр.
Қажымұқанның екі құлағы да сол Саркекен, Пирар Ко
лос төбелестерінен күл-талқан болып езіліп кеткен. Осы кез
де екі құлақ орнында екі-үш елі боп қатқан беріш қана тұр.
Құлақ жоқ. Сондықтан Қажымұқанның басын көрген адам оны
«шұнақ екен» деп ойлайды. Құлағының тесігі де бітеліп кет
кен. Болар-болмас тесігінен бір сүйем жүн сыртқа шығып тұр.
Онысы—құдыққа шыққан қамыстай, тығыз, ұзын.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
1917 жылдан бастап, қаделі күреске түспегендіктен, Қажы
мұқан осындай ойындар көрсететін болған. Білетін ойындары:
1) Жалаңаш мойынға жуан темір орайды. 2) 15 пұттық рельске қырық кісіні мінгізіп жүгіріп кетеді. 3) Қырық пұт тасты жалаңаш кеудесіне қойып, екі балғамен
кезек-кезек ұрғызып, бұздырады. 4) Шалқасынан жатып үстіне үлкен тақтай тастап, машина
өткізеді, не жиырма-отыз атты кісіні шапқызып өткізеді. 5) Қырық кісіні арбаға салып сүйрейді. 6) 75 пұттық жүкті арқасынан салғызып, тік көтереді.
81. [ЖЕТПІС ЖАСТАҒЫ
ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҚАЙРАТЫ]
Осы күнгі Шаян аудандық партия комитетінің қызметкері
Мырзахмет Сүлейменов деген жігіт 1940 жылдары Шәуілдірде
отырады. Қажымұқанмен қарым-қатынасты болады. Есігінің
алдында кішігірім сандықтай бір тас жатады. Он-он бес адам
жабылып, қозғалта алмайды. Бір күні Қажымұқан келіп қа
лады. Балуан жақындап келе жатқаннан:
—Құдай маған осы тасты алып тастайтын Рүстемдей бір
дәуді бермеді?!—деп Қажымұқанды ызаландырады.
—Рүстем ауылыңда жүргенде неден састың?—деп, Қажы
мұқан әлгі тасты екі қолымен көтеріп, лақтырып жібереді.
Шамасы 30-40 пұт болса керек. Мұны 1945 жылы Шәуілдірге
барғанымда, Қажымұқанның алдында Сүлейменнің өзі айтты.
Сол сөзіне балуан:
—Тұқымы оңбағырдың баласы, сол жолы бір белім кілт ете
қалып, екі-үш күнге дейін ауырып жүрді,—деп күлді. Бұл 70
жасында істеген қайраты.
82. [1925-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЖЫМҰҚАН]
1925-1940 жылдарында Қажымұқан тағы да Тәшкенге
барып, күреске түсе бастайды. Себебі, басқа табыс болмай
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
ды. Бала-шағаны, өзін асырау үшін күніне бір қой, бір ширек
арақ керек. Оған ешкімнің де шамасы келмейді. Сол себептен
қартайғанда, табыс азайған соң Қажымұқан тілемсек болған.
Сыйлаған, берген адамды жақсы көреді. Соғыс жылдарында
Оңтүстік Қазақстанның Арыс, Шаян, Шәуілдір, Түркістан ау
дандары 1943 жылы жетпіс қой, 1944 жылы қырық бес қой,
1945 жылы 50 қой жинап берген. Осыған дархан балуан екі
рет той істейді. Бірін Сталиннен алғыс алғанда, бірін баласы
күреске түскенде істеген.
Үйіне кім барса, ол барсын, есігінде жалғыз ешкісі болса да
сойып тастайды және бір қойдың етін қазанға бірақ салдырады.
Ауыл-аймағы жиналып келіп жейді. Қажымұқан бұрын бәсеке
үстінде бір қойдың етін 30-40 рет жеген. Оның үстіне 3-4 литр ақ
арақты ішкен кездері тіпті көп. Сыраны шелектеп жұтады, мас
болмайды. 1940 жылы Түркістандағы Хантағы, Ащысай кенті
не барғанда жұмыскерлер кезек-кезек шақыртып, бір күнде
жабыла сыра, арақ беріп, құлата алмай қояды. Тек анда-санда
аузына бір уыс насыбайды бірақ салып, былш-былш түкіріп
отыра берген. Бір балуан үйіне шақыра келсе, бір қолымен
оң тізесінің астына басып отыра берген. Оған орнынан тұрып,
қозғалмайды.
Өзі азық екпеген соң, Шәуілдірдің аудандық орындарына
ай сайын азық сұрап бара беретін болған соң, аудан осы кезде
балуанға жылына екі гектар дән салып береді. Соның да өнімі
жетпейді. Ай сайын ауданнан он-онбес пұт бидай алады. Бірақ
сонысы айға жетпейді.
Балуан 1925-1940 жылдар арасындағы өзбектердің істеген
жақсылығын айта алмайды. 1942 жылы бір рет барғанда
Әбдірахманов қабылдап, 300 метр тауар, 3-4 аяқкиім, кас
тюм, галош тағы басқа толып жатқан дүние бергізеді. Цир
кте Қажымұқан, Прохоров сияқты дәулермен күрескен күні
Тәшкен өзбектерінің жартысы келетін болған. Және алма, гүл
қасап, шапан жабады. Асханаға барып ауқатты тегін беретін
болған.
Осы еңбектері бос кеткен жоқ. 1941 жылы Қазақстанның
25 жылдығы үстінде Қажымұқан «Құрмет белгісі» медалын
(орденін) алған (№85755). Осы жөнінде Оңтүстік Қазақстан
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
обкомының секретары Пазиков пен атқару комитетінің ағасы
Дәуленовтердің жазба құттықтаулары бар. Қажымұқан өзінің
паспортына әкесінің атын қоймайды. Тек «Қажы-Мұқан» дей
салады.
83. ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ТҰЛҒАСЫ
Қажымұқан қайда жүрсе де оның соңынан «көреміз!»
деушілердің өзі бір қора жан болады. Қараөткелдегі Қоян
ды жәрменкесіне барғанда, соңынан мыңдаған адам ерген.
1945 жылы Абайдың аулына барғанда, «батырды көреміз» де
ген халық үйді жығып жібере жаздайды. Қажымұқан жүрген
жерде 40-50 бала, қатын-қалаш қарғаша шулап соңынан еріп
жүреді. Бұл—әдеттегі нәрсе. Осының өзі оның дене құрылысы
ның жұрттан ерекше екенін көрсетеді. Денесінің зорлығы емес
пе, 1909 жылы Омбы музейі Қажымұқанның сүйегін сатып
алуға шарт жасамақшы болады. Қажымұқан бұған ризалық
бермейді. Музей оның сүйегін скелет түрінде сақтамақшы бол
са керек.
«Осынша күш иесі Қажымұқанның 1946 жылғы жетпіс
бес жасқа толға кезіндегі тұлғасы қандай?» деген сауал туа
ды. 1946 жылы май айында Қажымұқанның өмірбаянымен
танысуға Шәуілдір (Шіліктегі) ауданындағы Қажымұқанның
үйіне барғанда, мен Қажымұқанның барлық дене құрылысын
өлшеп қарадым. Сонда мынаны анықтадым:
Қажымұқанның жалаңаш салмағы—174 кило, басқаша айт
қанда 11 пұт. Шалбарына үш метр шерісті (екі қабат), көйле
гіне алты метр сұрып кетеді. Бойы—190 см, төбеден белге дейін
77 см, белінен аяғына дейін 113 см, кеудесінің ені—146 см,
жуан санының қалыңдығы—71 см, сан жілігі (ұзыны) тізеге
дейін 65 см, балтырдың ені—49 см, балтырдың ұзыны—58 см,
табаны—35 см, аяқкимі 54 мөлшерден киеді. Шалбарының
ышқырлығының ені—220 см, белбеулігі—170 см, жалпақ жау
рын—60 см, қолтық еттің жуандығы—50 см, қар еті—47 см, екі
иықтың ені—56 см, мойнының жуандығы—отырғанда 56 см,
жатқанда 60 см, басының айналасы—65 см, иек пен төбенің ара
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
сы (ұзындығы)—79 см, қары—47 см, білектің ұзыны (саусақтың
басынан)—25 см, ортан қолдың ұзыны—14 см, жуаны—10 см,
білектің жуандығы—10 см, самайдың жалпағы—9 см, маң
дайы—8.5 см, маңдайдың көлденеңі—24 см, мұрнының ұзын
дығы—7 см, танауының қуысы—9 см, көздің аламайы—7 см,
құлақтың айналасы (түбі)—8 см, үстіңгі еріннің ұзыны—10
см, астыңғы еркіндігі де—10 см, төбесінің 55 см жерінде айна
ла шаш жоқ, шашы бар жерінің биігі—9 см, шашының ағы—
65%, қарасы—35%, сақал түгел ақ, қалың қаба сақалы бар,
тек қырып тұрады. Мұртын да қырады, мұртының әрбір қылы
инедей жуан.
Балтырдың, саусақтарының еті қатып, әжімденіп тұр. Иегі
мен бас кескіні сырттан қарағанда жұп-жұмыр, анау-мынау
дөнен өгіздің басындай. Иегі ұзыншалау келсе де қалың тері
етін шом болып басып, доп-домалақ қып көрсетеді. Мұрны ұзын
емес, бірақ, мейілінше, танаулы. Танауының биік ұшы етпен
сүйірленіп, бөлшектеніп тұрады, жалпақ танаудың зоры.
Мойны (56 см) тым жуан болғандықтан, ұзындығы білін
бей, арқа етімен бірігіп кетіпті. Желкенің екі мойынның сіңірі
талыстай болып, тұтасып тұр. Мойынның қай жерден баста
латынын білмейсіз. Бастың бұлшық еті жауырындағы қалың
бұлшық етке барып қоспақ нардың өркешіндей болып жотала
нып жатыр. Мұнысы қалың жал, қалыңдығы қарыс келсе ке
рек. Мойын жоқ, тек бұлшық ет. Қолмен түртсең, тырс-тырс
етеді, соншалық көн болып қалған.
Көз аламайы үлкен, жалпақ. Қойкөзді, көзінің шарасы мол.
Үстіңгі қабақтың еті үлкен, көздің екі жағын баса төмендеп
шөккен. Тым қалың төрт саусақтың тарамындай болып, сал
бырап кеткен. Ені де менің саусақтарымдай болар, тұтас бір
адамның алақаны деуге болады. Маңдайы жалпақ, бас терісі екі
елі қалың, қатты беріш. Жақын жерде тырсылдап тұрған сүйек
жоқ. Терісінің қалыңдығы түйе көнінен де қалыңдау, толық екі
елі бар. Төбесінің шашы айнала түсіп, айналасында біраз шаш
қалыпты. Бастың етегінде де бір қырым шаш жоқ, қалың тері.
... Қажымұқанның қазір тістері түскен. Астыңғы жағы
нан 1945 жылы жалғыз тісі болады екен, о да қазір жоқ. Екі
жақтан екі-ақ азу қалыпты. Тамағы нашарлаған. Көбінде
22-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
ұйыған айран, қымыз ішеді. Нанды айранға малшып-малшып
бітеу жұтады. Үлкен әйелі Мінәй өте бапкер, ер күте білетін
адам екен. Ас асса, әбден жеткізе пісіреді. Құнан қойдың еті
болса да жібектей есіліп тұрады. Сонан соң батырдың алдына
қол басындай-қол басындай қылып, бес-алты бөлек құйрық
тастайды, жұмсақ ет қояды, қамырын да езілдіре пісіреді. Ба
тыр шайнамай соғады.
Байқауымша, батыр мал сойғанда бір кило құйрық, 4-5 кило
етті ойнап отырып жейді. Және қол басындай құйрықты аузы
на сол бойынша салғанда, қойдың құмалағы құрам көрінбейтін
сияқты. Үлкен табақ 3-4 салғанда жоқ болады. Соншалықты
жылдам жеп қояды. Содан соң кісілерден бөлініп, қара нардай
қаңқайып отырады. Кісілердің табағына қосылмайды, асатуды
сүймейді. Мен үйінде бес-он күн жатқанымда үш мал сойды.
Колхоз белсенділері ет піскенде үйге сыймай кетеді. Сондағы
дағдысы әлгідей: қатар қойылған табақтың бір жағы туралмай
жатқанда, батыр дәу керсендегі етін жеп бітіріп қояды.
Бұл мешкейлігі емес. Тұлғасына қарай жай адамның он
асағанын, ол бір-ақ асайтын сияқты. Бірақ кісі үйіне барғанда
тым сыпайы, тамақты сұғынып жемейді, ақырын бір жапырақ
тан ғана алып салады. Жұрттан артық ештеңке жемейді. Бес
қолын салмай, екі бармағымен ғана жейді. Бірақ жасында
ауқатты өте көп жеген. Мас болғанда қойдың еті де кеткен, бұл
оған шот емес. Облыстық ұйымдағылар Қажымұқанға тіс сал
дырып беруді міндетіне алып қалды (Дәуленов). Тіс шайнауға
келсе, қайтадан тамағы күшейіп, қуаттануы мүмкін.
Қажымұқанды жай ерттеулі ат көтере алмайды. Сол үшін
үлкен ат жегіп, ылғи арбаға мінеді, қатты айдамайды. Арба
ның үстіне қара киізден шатыр құрып алады да, қатын-бала
сын алып, ақ боз атты қамшылап, ауданнан ауданға, елден елге
жағалап кете береді. Жаяу жүруден қалған. Себебі, денесі тым
ауыр. Етігінің қонышына он бес жасар бала еркін сыйып отыра
ды. Шалбарының екі балағына үлкен екі сандық кетеді, иәки,
үлкен екі адамды салып буса, білінбес.
Қажымұқан
өзінің
өмірінде
көрген-білген
адамдарын
ұмытпайды. Әсіресе, Мәшһүр Жүсіпті, Имамжүсіпті, Балуан
Шолақты, Майраны айтыңқырайды. «Имамжүсіп балуан емес,
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
батыр еді,—дейді,—бір жылы он сегіз жасында Балуан Шолақ
пен ұстасып, жығылып қалғанын көрдім»,—дейді.
Өзі Балуан Шолақпен ұстаспаған. Бірер жылдар дос болып,
бірге жүрген, аға тұтқан. «Жалғыз-ақ рельс темірді көтерісіп
көргенде, күшіміз шамалас болды»,—дейді. Қалижан Бекқо
жин Ақмолада Балуан Шолақпен Қажымұқанның бір жолық
қан суретін айтады.
«Бір жылы Қажымұқан Жаманшалов деген миллионердің
жолға қойған бекеттерінен көлік мініп, Омбыға бара жатады.
Ақмолаға келіп түскенде, жатқан үйіне Балуан Шолақ кіреді.
Бұлар жатып қалған екен. Есікті біреу солқылдатып, суырып
жібере жаздайды. Қараса, ол Балуан Шолақ екен. Есіктен кір
ген жерден қамшымен тонын, етігін қағады, екі мұртында сіре
сіп қатып қалған мұздарды қамшымен қағып-қағып жіберіп,
үйдегі әйелден:
—Өгіздің семізі—соғым, адамның семізі—боғым!—деп,—
мынау, жатқаның кім?—дейді.
—Жолаушы.
Балуан Шолақ аяғымен түртіп-түртіп жіберіп, Қажымұқан
ды орнынан тұрғызып алады. Қажымұқан:
—Аға, аман-сау барсыз ба?—деп қолын алады. Екеуі таны
сады.
—Жасың кіші бала едің, Ақмолаға келіп, маған соқпай өт
кенге әдейі жеті түнде іздеп келдім, мұндай жолсыздықты
кімнен үйрендің?!—деп ұрсады. Ертеңіне ауылына шақырып,
бір құлын сойып беріп, сыйлап жібереді. Қажымұқан Балуан
Шолақты аға тұтып, қатты сыйлаған.
84. ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ СЕРІЛІГІ
Қажымұқан отыздың алтауына келгенде, беріде 1907 жы
лы ғана үйленген. Одан бұрынғы жиырма жылы күрес, серілік
соңында өткен. Бұдан соң 1917 жылға дейін тағы да әйел көрмей,
жержүзін кезіп жүрген. Сондықтан қырық жеті жасына шейін
серілік құрған. Бала қадірін де енді-енді біле бастаған.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Қажымұқан [ның] алғашқы әйелі поляк қызы Надежда
Николаевна Шаткова балуан әйел болған. Бұған Қажымұқан
1907 жылы Петерборда үйленген. Қажымұқанның өз сөзіне
қарағанда, бұл кісімен балуан сол жылы жазда Петербордың
бауында күресіп, жығып алған. Оның қайраты Хәзіреті Ғали
күресетін Дариғадан кем емес еді. Шартымыз—кім жықса,
жығылған кісі соның дініне кірмек, оның үстіне бір-біріне
тимек болады. Бұл күреске қыпшақтан Жаманшалов дейтін
оқымысты, татардан: Яушиев, Опанаеев, Бақтеев, Жүнісов,
Ғизатуллиндер барып қатысқан.
Бұл әйелмен Қажымұқан үш сағат күреседі. «Дін күресі
болды»,—дейді Қажымұқан. Әйел жығылған кезде Жаманша
лов қолынан ұстап, қазақша киім кигізеді, мұсылман қылады.
Атын татардың әлгі миллонерлері «Фатима» деп қояды. Сол
жерде үлкен той жасайды. Сол Фатимадан 1909 жылы Халиол
ла деген ұл туған.
Халиолла қазір Омбы облысы Дровшев ауданы, Киреев со
веті, Жаңажол колхозында тұрады. Фатима 1920 жылдары
өлген. Халиолладан қазір Шабдар дейтін ұл бар, армияда. Жа
найдар, Әлке дейтін екі кіші баласы колхозда істейді, оқиды.
Халиолланың Пәрида дейтін қызы бойжетіп отыр. Халиолла
ның алғаны Шәрипа Бұлтың қыпшақ Әмеке дейтіннің қызы
екен. Қазір тірі.
Фатима өлген соң 1920 жылы Қажымұқан Бұлтыңның
қызы Ырыстыға үйленген. Бұдан үш қыз, үш ұл көрген. Ол
үш қыз қазір тірі. Аттары: София, Әзия, Рәшида. Бұлар Ом
быда Халиолланың қолында. Бір қызы тергеуші. Тоғыз жа
сар кенже ұлы Құлымбеті де солардың қолында, тірі. Ал екі
ұл бұрынырақ өлген. София 1924 жылы, Әзия 1930 жылы,
Рәшида 1933 жылы, Құлымбет 1938 жылы туған. Бұл балала
ры, қыздары «Қажымұқанов» демей, өздерін «Мұқанов» дейді.
Әзия Мұқановадан қарт осы кезге дейін үзбей хат алып тұрады.
1938 жылы Ырысты өлген соң, Қажымұқан осы күнгі
Шәуілдір ауданы, Шілік жеріндегі інісінің әйелі Мінәйға үй
ленеді. Осыдан 1940 жылы 15 январда Айдархан дейтін бір ұл
туған. Қазір дүр болып өсіп келеді. Бұл «Қажымұқанов Айдар
хан» деп КА-612736 нөмерлі паспорт алған. 1946 жылы Шаян
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
ауданынан Айшагүл дейтін жас әйел алған. Мұнысы жүкті.
1946 жылдың жазында үлкен әйелі Мінәйді Шілікке қойып, өзі
осы кіші әйелімен Арыс ауданы, Атамерке қыстағында тұр.
Қажымұқанның серілік өміріне үлкен із қалдырған әйелдің
бірі—атақты әнші Майра. Сарыарқаға даңқы жайылған Май
ра әйелдің серісі еді. Осы Майрамен Қажымұқан 1912 жылда
ры шамасында Керекуде Қоянды жәрменкесінде таныс болады.
Майра жасында Шорманның немересі Дәржанға тиеді. Дәржан
өлген соң одан шығып, серілік етеді. Қоянды жәрменкесінде
ақ үй тігіп, өлең айтып, біреуден ат, біреуден түйе алып, сауық
құрып жатқанда, ақ үйге Қажымұқан тап болады. Екі алып
бірін-бірі жақсы сыйлайды. Майра қой сойып, бір ширек арақ
құяды. Арақты ішіп болған соң балуан барлық жұртты қуып
жіберіп, Майрамен таңды бірге атқызады.
Содан бастап Қажымұқан Майрамен он үш жыл өмір сүрген.
Мұны Семей, Кереку елі тегіс біледі. Жалғыз-ақ жұрт: «Екеуің
де жау танымассыңдар, ашуларың келсе, біріңе-бірің у беріп
өлтіруден де тайынбассыңдар?!» дейді екен. Бірақ Қажымұ
қан: «Майрадан қорыққаным жоқ, ол өте жақсы сүйді, мен де
сыйладым» дейді. Майра Қажымұқанмен жүргенін ел-жұрттан
жасырмайды. Бір күні Қажымұқанға базардан екі қарбыз әкеле
жатып, бірін қолдан түсіріп жарып алады. Сонда біреу:
—Мәке, бұдан үлкенін де көтеріп едіңіз, кішкентайына кел
генде нашарлық істедіңіз білем!—дейді. Сонда Майра:
—Шырағым, жанды нәрсені айтсаңшы, жансызда не тұрған
дейсің?—депті. Мұны Қажымұқан өзі айтты.
Жұрт Қажымұқанды «Тек күш иесі ғана» дейді. Қазақтың
ұғымынша, «Қажымұқан сөз білмейтін топас» болуға керек.
Шынында олай емес, қазақтың қара сөзіне, әзілге Қажымұқан
нан асқан ұста адамды мен сирек көрдім. Есепсіз көп мақал,
әңгіме біледі. Әзіл үстінде біреуді түсіріп кетуге орасан ұста.
1946 жылы мамырдың он жетісі күні Жамал дейтіннің үйін
де қонақ болып отырғанда, бір қарттармен әзілдесе бастады
да, аяғын өзінің әйелі Мінәйға жақындатып қойды. Мінәй
ол кісінің жақын қарындасы Бәлке қызы екен. Мұндай ұсақ
қулықтарының өзі бір сала. Шілік жерінде отырған Балтабай
Тебейұлы сияқты ақсақалдар көп айтып отырады.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
1946 жылы он бесінші мамыр күні үйіне көптен келмей
жүрген [су] мұрабы Са Төлепбергенұлы келеді. Жасы алпыс
бестің шамасында. Тілі қу, әзілкеш адам. Ол бұрынғы бір жыл
дар Қажымұқанның қасына еріп, атын ерттеп жүреді. Олжа
түскенде жақындап, Қажымұқан олжасыз қалғанда, есігінен
аттамайды және сол жылы Қажымұқанның қауындығына су
бермейді. Мен келген соң Са Қажымұқандікіне келген. Балуан
боқтап, өкпесін айтып алды. Са қу оның терісін жазып, алдап,
жұмыстың бәрін жып-жылмағай етті. Сонда балуан әнге басты:
—Мәстектен тұлпар артық шаппаса да,
Затсыздан затты тумас мақтаса да.
Баласы құладынның қу ілмейді,
Алдыңнан тұғыр ашып сақтасаң да.
Бір тамшы өзен судан зәмзәм артық,
Өзендей дария болып ақпаса да.
Шабақтан су ішінде шортан артық,
Ілініп қармағыңа қаппаса да.
Дәрісіз бытырадан шитім артық,
Жылына бір шүрегей атпаса да.
Бай болсаң, білінбейді бойда мінің,
Аяғың екі жерден ақсаса да.
Сөйлесе, кедей байқұс сөзі болмас,
Ертеден кешке дейін қақсаса да.
«Болса да аузы қисық бай сөйлесін»,
Келелі бір кеңесті таппаса да!..
Са күлді.
—Кімді меңзеп айтасыз, балуан?!
—Сені меңзеймін.
—Жарайды,—деді күліп Са.
Ертеңгісін 16 май күні үйіне екі-үш айдан бері келмей,
көрінбей жүрген Ақтөбе колхозының басқармасы Махан Мың
байұлы, ауыл совет ағасы Төле Келдібаев тағы бірер белсенді
келді. Қажымұқан бір қой сойып, соған шақырған соң, келген
екен. Оның үстіне сол ауылда мал санатып жүрген аудандық
атқару комитетінің орынбасары келді. Ел үйге лық толды.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Сол жазда Қажымұқанның аз ғана бидайлығына су жетпей
қалады. Еккен екі пұт бидай, бір жарым пұт арпасы қурап кетеді.
Оның үстіне колхоз майдың он алтысына дейін Қажымұқанға
қауындық жер бермейді. Ет алдынан қымыз ішіп, қызып алған
жұрт күлкіге салынғанда, Қажымұқан да барт болып, терлеп
өлең айтты. Балуанға берілген қымыздың ішінде арақ болуы
керек:
—Сұрасаң, арғы атам—ұзын Қыпшақ,
Тәңірім беріп еді өлшеусіз бақ.
Шын бабам—Қарақыпшақ Қобыланды,
Тең келер біздей ерге қандай қазақ.
Сұрасаң, Қажымұқан—менің атым,
Болады Алтыбас қыпшақ асыл затым.
Кешегі Тәшкен қала цирігінде
Көтердім жетпіс бес пұт кірдің тасын.
Атандым Қажымұқан бала жастан,
Ішінен жиырма төрт патша болдым астам.
Тәшкенде қырық төрт балуан ұстасқанда,
Бәрін де жығып шықтым бір шалмастан.
Дүниеге келер ме екен қайран күшім,
Көтердім Қазақстан дәрежесін.
Үстімнен автомобиль жүрген шақта,
Сонда да қайыспаған қайран төсім.
Қазақта балуан бар ма менен асқан,
«Менмін» деген балуанның көңлін басқан.
Мұқанды қартайғанша топқа салып,
Әруағын көтере гөр, Қазақстан!
Мұның артынан батырға аяқпен тағы да қымыз берілді.
Бұрын «Арақ ішпеймін» деп жүргендіктен, арақты білдірмей
бергіздім. Барт болып терледі, қызды. Көзінен әнтек жас ақты.
Кәріліктің жеткені көрініп тұр. Балаша екі ернін ашып, ел ал
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
дында тағы да біраз өлең айтты. Соның бірі—Дариға қыздың
Хәзірет Ғалымен күрескен жері.
Ертеңіне, он жетінші май күні оның Балтабай дейтін досы
келді. Өзі ақын кісі. Екеуі біраз әзілдесті. Балтабай кіші әйелін
көрсетті. Осының үстінде біраз әзіл кетті. Бұл әйелі екі-үш ай
бұрын ғана түседі екен. Балуан кіші әйелін шақырып алып, шай
құйғызды. Сөйтіп отырып өлең айтты. Мұнысы—Ақан серінің
«Торыны таңға байлап мінген қандай» деген өлеңі. Өлеңді түгел
жатқа біледі екен:
—Көк атты жемге байлап мінген қандай,
Үкілеп, әсемдетіп жүрген қандай.
«Ауылы ғашық жардың қайда екен» деп,
Жүгіртіп сайлау жерден келген қандай?!
Тұйғындай шабыттанған мойнын бұрып,
Ақ үйге қадам басып енген қандай.
«Қарағым, ебін тауып келдің бе?» деп,
Төсекке құшақтасып жатқан қандай?!
Сол жерде сынаспаған сыр қалмайды,
Сандықтың кілтін ашып ақтарғандай.
Ойынның қызығымен ұйықтап қалып,
Сол жерде машырап таңы атқан қандай?!
«Тұрыңыз, үйге сәуле кіріпті!» деп,
Сыбырлап құлағыңа айтқан қандай.
Балағын қызыл шалбар жел соқтырып,
Байлап қойған көк атқа қайтқан қандай?!
Көк аттың шылбырынан ұстап тұрып,
Насыбайды қағып-қағып атқан қандай.
Үш елі төбең көкке жетпей тұрар,
Өлтіріп бай-көпесті ақша алғандай.
Дүниеде қанша қызық болса дағы,
Болмайды қыз қасынан аттанғандай?!
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
«Кесерткіге тойған күшігендей әлгі ит жұқсыз, мұндай
өмірдің де рахатын көрмеді, бар тірлігі оны-мұнымен өткен
бейбақ емес пе?!»—деп қойды. Артынан: «Қу баста қу тіл сай
райды», «Дауасыз ауызды ұрса болар» деген сол!»—деп бітірді.
Сөйтіп тұрғанда жеті күннен бері тынбай соғып тұрған Қа
рабастың желі балуанның үйіне келіп, түйіп-түйіп кеткендей
болды. Шайдың іші құмға толды, шаңырақтан тозаң, шөп жау
ды. Әңгімені мен жеті күн тынбай соққан дауылға аудардым.
Сұрап келсем, Арыстың тұсынан Қаратаудан келетін «Қара бас
ты арыстанның желі» дейтін жел болады екен, бір соқса, он-он
бес күн соғады. Пойызды құлатады.
—Баяғыда бір дулаттың жас әйелі бір жыл осы Арыстан
ды Қарабас жерін қыстап, малы жұтап қалады. Қалғанын
Қарабатыр Бәйжігіт деген Бақтияр ұрлап тауысады. Сонда
Қарабастың желінен таяқ жеген әйел: «Арыстанды Қарабас
жеріңе сиейін, Қарабатыр Бәйжігіт еліңе сиейін!» деген екен.
Бұл сол Қарабастың желі,—деді Балтабай.
Қарабас желі Шіліктің жазығынан өтеді екен. Ұзыны жүз
шақырымға барса, көлденеңі жиырма шақырымдай жерде ға
на болады. Бұл желдің адамға да, егінге де зияны бар көрінеді.
Жерді қуратып жібереді екен. Сөйтіп отырғанда, есік алдына
төрт қой келді. Жылқышы құлынды бес биені айдап келді. Ба
луан далаға шығып:
—Бұларың не?—деді.
—Мынау, сойысыңыз, мынаны сауып ішіңіз!—деді.
85. ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ОТАН СҮЙГІШТІГІ
1945 жылы мен Шәуілдір ауданындағы Қажымұқанның
ауылына бардым. Қажымұқанға бармастан бұрын Оңтүстік
Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының басшыларына жо
лықтым. Жұрт Қажымұқанға істеп отырған көмегін айтты.
Аудандық партия комитетінің бірінші секратары Ахметов
жолдас бір сөзінде маған Қажымұқанның тентек мінездерінде
ескертті: «Колхозға барған ауданның жауапты қызметкерлері
Қажымұқанның үйіне бармай кетсе, ата-бабасынан бері сыбап
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
боқтайды екен. Екінші жағынан жасы сексеннің ішіне келгенде
жас әйел алып отыр. Халық көзінде мұнысы да қолайсыз нәрсе
болды»,—деді.
Ертеңінде мен Шілікке кеттім. Қажымұқанның үйіне кеш
барып, қондым. Ертеңінде кеңірек отырып сөз басталған соң,
Қажымұқан да маған ең алдымен өзінің ауданға деген өкпеле
рін айта бастады:
—Қазақстан мені әлі де болса ұмытпаған екен, оған рах
мет! Мен бұл кезде қартайдым. Қартайсам да отан қызметіне
бір кісідей қызмет істедім деп білемін. Құдайдың қор қылып
жаратқан жаны мен емес, «Сыйлағанды сиыр білмес, сипағанды
есек білмес» дейтінің де мен емен! Облыстың басшылары Не
чаев, Пазиков, Ғалиев, Дәуленов Отан соғысы кезінде менің
жайыма көп қарасты. Астыма ат, үстіме үй, айдарға қой берді.
Шаянның аудандық партия комитетінің хатшысы Шораев
[тың] жолы болсын! Көп достық, ықылас білдірді. Шәуілдір
дің 1944 жылғы хатшысы Жүсіпбеков дейтін баланың да
жамандығын айтпаймын. Осы кезде орысша киім киген бала
болса, оның жақсы-жаманы ажыратылмайтын болды ғой, бәрі
де үлкен кісі болды. Аудандық атқару комитетінің хатшысы,
не аудандық атқару комитетінің төрағасы болып шыға келеді.
Әйткенмен:
«Біреудің аспанда жүр мәртебесі,
Біреудің басы аспанда, жерде басы.
Болмайды адам бірдей адамменен,
Жердей бар аспанменен екі арасы»,—
деген екен Қыпшақ Бұдабай ақын. Осы сөз—шын сөз. Адамның
сыртқы денесі, киімі қаншама ұқсас болғанымен, біреудің ісі
артық, біреудің түсі артық, біреудің күші артық, біреудің жы
лы сөзі артық, біреудің ақкөңіл адамгершілік мінезі артық.
«Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң болар, адам болар
жігіттің арқа-басы кең болар!» деп еді. Біреулер қыздай болып
сызылып, жүйрік аттай сырын бермейді, кішіпейіл болады,
пейілі де кең болады, апырақтамайды, тапырақтамайды, аға
йынға қарасып, үлкеннен ұялып, кішіден именеді. Жүсіпбеков
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
сондай жігіттің бірі еді. Соны былтыр жолдас Пазиков: «Аудан
қызметкерлері арақ ішті»,—деп орнынан алды. Пәлен жыл
жақсы болыпты, сабаудай жас жігіт болмашы нәрсеге жазала
нады. Сол кеткелі маған Шәуілдір дұрыс қарайтын емес.
Жақында азық таусылған соң ауданға барсам, бұрынғыдай
емес, жұрт бір-біріне сілтеді. Айналып Ахметовке барсам, ол
маған уағыз оқыды:
—Балуан, сіз саясатты білмейсіз, сол үшін енді сізге азық
жоқ. Неге десеңіз, біріншіден, ауданнан барған өкімет адамда
рын боқтайды екенсіз, оған сізге кім права берді? Мұныңызға
сіз заң алдында жауаптысыз! Екіншіден, жасыңыз жетпіс
тің бесеуіне келіпті, жас әйел алғаныңыз қалай? Тым болмаса,
«аудан бар, онда отырған өкімет адамдары бар-ау!» деп ойласа
ңыз болмай ма?!—деді. Осыдан соң «Қара ешкіге жан қайғы,
қасапшыға мал қайғы» дегендей, ауданның жаңа басшылары
нан түңілдім де, жұмған аузымды ашпастан ауылыма қайттым.
Содан бері бес-алты ай болыпты, ауданның есігін де көрген пен
де емеспін. Шораев тамырыма жолықсам: «Арыс ауданынан
көшпекшімін» деп өкпе айтты.
Мен ішімнен: «Қарт адам өкпешіл болар, көңіліне ауыр
алған екен»,—деп ойлап, жауырды жаба тоқып, күлкіге сал
дым. Көңілдендіре сөйледім. Батыр ақкөңілді, бала мінезді адам
екен. Лезде шырайланып, күндей жарқырап сала берді.
—Батыр, шыныңызды айтыңызшы, Ахметовке өкпелеген
жоқпысыз?—дедім. Біраздан соң:
—Өкпелемей қайтерсің, мен қазаққа елу бес жыл қызмет
істедім, ол елу бес күнде қызмет істеген жоқ. Бүгін бұтын қы
рыққан серкедей болып қылтиып, зарлатып машинаға мінге
ніне мәз болып, Алатаудай атасына қышқырады. Осы шолақ
байлық неге тұрады? Онан да маған жай сөзбен ақылын айтса,
ұялмас па едім?! Өкілдерді боқтайтыным да—рас. Көбінің тілі
ащы, болмас жерге білгіштік істейді. Келсе, кекірене қалады,
есігімнің алдынан өтеді, сәлем бермейді. Сондай-ақ мен бай ма,
кулақ па, немене? Келіп бір кесе шайымды ішсе, несі кетер еді!
—деді салмақпен.
—Оны сіз білсеңіз, несін айтасыз. «Ондай-ондай хан қызын
да да болады» деген емес пе, «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
бүтін сұңқар жоқ», «Битке өкпелеп тоныңды отқа тастама!»—
депті қазақ. Ауылда отырған бірен-саран кісі бүкіл өкімет ісіне
иелік ете алмайды. Совет өкіметі, қазақ халқы сіздің атыңыз
ды, жақсы қасиеттеріңізді, ерліктеріңізді ұмытқан жоқ және
ұмытпайды, ұмытқан болса, мені жұмсамас та ед!—дедім. Ба
луан қуанып, күлейін деді.
—Айтшы, шырағым, Алматыда мені аузына алатындар бар
ма? Батыр күлгенде жырық ерні ашылып, тісі көрінді. Ерні
тым үлкен екен.
—Неге алмасын аузына?!
—Кімдер алады?—деді тағы балаша,—оларыңның аты бар
ма, жоқ па?—деді түйткіліп. Өзі білетін үлкен адамдардың
бәрін де балуан: «Бәленше ме, түгенше ме?» деп атап шықты.
Балуан жеке адамдардың атын біледі екен де, ғылыми кеңсе
орындарының атын білмейді екен.
Ғылым академиясын біледі де, көркемөнер секторы не, Тіл-
әдебиет институты не? Оған зейлі бара қоймады. Жалғыз-ақ:
—Оның бастығы кім?—деп сұрады.
—Көркемөнер секторының бастығы, қазақтың үлкен ком
позиторы—Ахмет Жұбанов болады,—дедім.
—Бәрекелді, бәрекелді!—деді балуан.
Содан жағалай келіп, Тіл-әдебиет институтындағы, Ғылым
академиясындағы Сатбаев, Сауранбаев, Исмайлов, Әуезов,
Сәбит Мұқанов сияқты адамдарды сұрап, біліп алды. Әңгіме
қыза-қыза Қажымұқанның қазіргі еңбегіне келді.
—Балуан, қазаққа елу бес жыл қызмет істедім дейсіз, осы
кезде қандай қызмет істеп жүрсіз?—деп әңгімеге балуанның
Отан соғысы кезіндегі істеріне қарай бұрдым. Ішімнен: «Өзіне
мақтаныш көріп, көтеріңкі сөйлеп отырған ісінің бірі сол бо
луға керек» деп ойлап отырдым. Және «әуелі әңгімені осыдан
бастап, батырдың тырысқан терісін жазып, көңілін әбден жа
дыратып қояйын» деп ойладым.
Бұл сұраққа келгенде батыр күмілжіп, тоқталыңқырап
қалды. Тоқмейілі тартқан сияқты. Ішінен: «Бәсе, манадан бері
осыны неге сұрамайсың?» деген сияқты болды.
—Шырағым, қанша батыр, Аплатон болғанмен, бір адам
ның қолынан ештеңке келмейді. Жұрттан артық мені не бітір
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
ген дейсің? Немістерді жеңген біздің жалпақ халқымыз. Ұлы
орыс халқы бастады, біз қостадық. Сүйікті көсеміміз Сталин
еліміздің намысын жауға бермеді. «Батыр—жауға, іс—дауға»
дегендей, Сталин атамыз билікке де, батырлыққа да жарады.
Құдай оның мүбәрак өмірін ұзақ қылсын!
Біздің халқымыздың, еліміздің болашағы енді зор, бақ-
дәулеті мол! Ел басына таушыншық күн туып, он бестегі бала
дан елудегі шалға дейін майданға аттанғанда, менің үйде қарап
жатуға дәтім шыдамады. Жатсам, ұйқым келмеді, тұрсам, күле
алмадым. Сондықтан «Жігіттіктің арты—қарттықтың алды»
деп, «батырлық майданына жетпіс бес жасқа келгенде тағы да
бір араласып көрейін» деп ойладым. Ауданға бардым.
—Жұрт танк соғуға елу мың, жүз мыңнан ақша салады дей
ді, соны маған неге салмайсыңдар, мені әлде колхоз басында
отырып, байып алған басқармалардан төмен санадыңдар ма?—
дедім.
—Сізде ондай ақша жоқ қой,—деді күліп Жүсіпбеков.
—Шырағым, олай деме, жұрт малын сатады, мен жанымды
сатамын. Менің жүрген жерім алтын, басқан ізім байлық, осы
ны біліңдер! Маған не саласың, сал, Қажымұқан батырдың да
атынан бір танк соғылатын болсын!—дедім оған.
—Қанша сом төлеуге шамаңыз бар?
—Облыстағы колхоз бастықтарының ең көп төлегені қай
сы? Соның қатарына қой, Қажымұқанның аруағы бір колхоз
басқармасының аруағынан кем болса, Құдайға сал!
—Біреу отыз мың төледі, біреу бар, елу мың төледі.
—Одан көбі бар ма?
—Мақтаарал ауданында жүз мың сом төлеген басқармалар
да бар деседі.
—Ендеше болыпты, маңдай адамың сол болса, мен де жүз
мың сом төлегенім болсын, кімнің аты бәйгеден келерін сонда
білерсің,—дедім.
Ертеңінде жаман биемді арбаға жегіп, үстіне киізден шатыр
орнатып, әйелімді, бір жасар Айдарханымды қасыма алып,
аудан жағаладым. Арыс, Шаян, Сайрам, Леңгір, Шымкент,
Қаратас бардым, жұртқа ойын көрсеттім.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Төсіме үш пұттық тас қойғызып, балғамен ұндаттым. Бі
лектей темірді мойныма орап жіберіп, галстук етіп қамырдай
иледім. Бақандай жуан темірлеріңді жуан белге салып, бүк
теп-бүктеп белбеу қылдым, үстімнен ат арба, машина өткіздім.
Қай ауылға барсам да, бөріге ерген құзғындай соңыма ерген
жұрт. Жетідегі баладан жетпістегі кемпір-шалға дейін соңыма
ерді. Қыз-келіншек, бала-шаға сауысқандай шықылықтап,
Құдайдың кең-байтақ көшелерінде аяғымды бастырмады. Әрі-
беріден соң:
—Ата-бабаңның аузын ит жалағыр, мұнда маймыл бар деп
ойлайсың ба?—деп боқтап, қуамын. Сонда да кетпейді. Бала
лар шабақтай болып, дүркіреп қашқан болады да, құртқа үй
мелеген шыбындай қайтадан айналамды басып, қоршап ала
ды. Біреулер арағын береді, біреулер шарабын береді. Асханаға
кірсем, «Көреміз» деген жұрт қандай үлкен үйді болса да сын
дырып жібере жаздайды. Бес-он күн ел аралағанымның өзінде-
ақ ақша мыс-мыс болды. Ақшаны үлкен екі қапқа салып, ау
зын тіктім. Шымкентке апардым. Обкомның хатшысы Пазиков
жолдасқа барып:
—Соғыстағы балаларыма әкелген базарлығым бар, соны
алыңыз?—деп екі қап ақшаны алдына қойдым. Пазиков,
Дәуленов, Ғалиев жолдастар қарық-қарық күлді.
—Мұнша ақшаны қайдан алдыңыз?
—Ұрлап алдым.
Пазиков жолдас тағы да қарық-қарық күлді. Қолымнан
қайта-қайта қысты. Үлкен жұмсақ диванға отырғызды. Оны
сы жел қайықтай қалтақтап тұрған неме екен, көт қойып оты
ра бергенімде, бір жері сықырлап сынып кетті. Пазиков тағы да
қарық-қарық күлді. Қазақшалап:
—Қарт неміс басқыншыларына әбден ашуланған екен. Біз
дің диванымызды да қиратып барады ғой!—деп күлді.
—Күлсең күл, осы екі қап ақшаны Сталинге тапсырасың!—
дедім. Жұрт тағы да күлді. Ойлаймын: «Өздері мені бір есалаң
қарт» деп тұр, десе, дей берсін. Сәлден соң Тынай келді. Столға
ақ шүперек жайылды. Ас әкелді. Алдыма арақ қойды. Ішімнен:
«Мыналар обком секретарының кабинетінде арақ ішуге алып
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
алды ма, қалай?» деп отырмын. Ауқатқа отырған соң, Пази
ков:
—Өте жақсы болыпты, қарт! Ақшаңызды жеткізіп беруді
міндетімізге аламыз. Әзірше ауқаттанып дем алыңыз,—стоп
каны көтерді. Ертеңінде Сталинге менің атымнан телеграмм
соғылды. Онда: «Қызыл әскердің жауынгерлік ісіне қуана
мын және еліміздің неміс басқыншыларын талқандап жеңіп
шығатындығына сеніп, танк қорына жүз мың сом ақша жібе
ремін!»—делінді.
Бір-екі күндей Шымкенттегі басшы қызметкерлердің үйін
де болып, аунап-қунадым. Мұсылманшылық «аз-аздан!» деп
қомағайлығымды көріп жұрт шошып кетер деп, ауқатты аз
жедім. Кейбір келіндеріміз шибұты, қағанақ басы көрінді.
Мезгіл-мезгіл ауқат істеп, сүрініп жығылатын түрі болды. Со
дан соң арбаға әйелімді, баламды салып алып: «Шілік қайда
сың?!» деп ауылға тартып кеттім.
Онда да жұрт қаумалап, Шәуілдірдің үлкен-кішілері жа
бырлап келіп жатыр. «Адамды абыройға жеткізетін—еңбек!»
деп Сталин атамыз дұрыс айтқан ғой. Бұрын үйінен көже
беріп көрмеген колхозшылар енді қой сойып, қолын қусырып,
бірнеше күндей қолдан-қолға тигізбеді. Ішімнен: «Бұрын сый
ласа, көзі көрмеп пе, менің Отан соғысына арнап жүз мың сом
берген еңбегімді, отан сүйгіштігімді ұнатып отыр ғой, бәрекел
ді, халқым, жарайсың! Отанымды сүйетін жалғыз мен бе десем,
елімнің жас-кәрісі, үлкен-кішісі бірдей сүйеді екен, бәрекелді,
елім!—деп риза болдым.
Осы думан бітпей-ақ бір күні сәске де ауыл шетіндегі арба
жолдан шаң шықты. Бір машина түйе құмырсқадай құйры
ғын шаншып алып, табан жолға түсіп орғытып келеді. Маң
дайы күнге шағылысып, әрбір жерден бір жарық-жұрық етеді.
Баяғыда батырлардың дуылғасы осылай жарқырайды деуші
еді.
Ауыл шетіне келгенде машина «Ақтөбе» колхозының бас
қармасына баратын жолға түспей, біздің үйге қарай бұлт ете
қалды. Есіктің алдына шығып қарап тұр едім. Сөйтсем, мұным
райком хатшысы Жүсіпбеков екен. Қасында аудандық атқару
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
комитетінің председателі бар. Машинадан түскен жерде асығыс
басып, күліп келді. Қол алысқан соң үйге кірмей жатып:
—Қажыеке, бұрын сүйіншіні бала сұраушы еді, енді бала
ның қызметін біз атқарып келіп тұрмыз. Не атайсыз?—деді
күліп.
—Ырымың тәуір екен, шырағым, қалап келгенің рас бол
са, мынау, Айдарханымнан басқаның бәрі сенікі!—дедім мен.
Сөйтсем, менің атыма Сталиннен алғыс айтқан телеграмм кел
ген екен.
—Облыстық партия комитетінің тапсыруы бойынша осы
ны хабарлауға келдік, облыстың адамдары да келеді!—десті.
«Қорыққан да, қуанған да бірдей» деп қазақ бекер айтпаған ғой.
Жүрекке бір қуаныш сезімі толып, тасып кеттім. Бар болғаным,
күле берсем керек. Сасқанымнан:
—Мінәй, Мінәй, бері кел!—деп айқай салдым.
—Немене?
—Мені кәрісіне беруші едің, саған мыналар бүйрегі бітеу
Алмауыттың баласындай қылып бір жас күйеу тауып алып
келіпті. Қойыңды сой, той қыламыз!
—Қойыңыз батыр, мен сізден жас күйеу сұрағаным жоқ
қой!
—Сұрамасаң, тіліңді неге тарта сөйлемейсің?!
—Сондай-ақ не жазыппын балуан?!
—Жазбасаң, неге шаңғытасың? Отты көсіп-көсіп жіберіп
бұрқылдайтыныңды неге қоймайсың? Мінәй күлді.
—Жамандаған кісі не демейді. Қалған өтірігіңіз болса
айтыңқырай түсіңіз, інілеріңіз келген соң, мені шауып аламын
деп тұрған жоқ шығарсыз?!
—Жоқ, енді менің өзім де жасардым!—дедім оған күліп.
Мінәй кісілерді үйге алып кірді.
—Сондағы Сталиннің телеграмы мынау еді,—деп Қажы
мұқан бір қағазды былғары қалтаның ішінен алып берді. Теле
грамның тексті мынау:
«Из Москвы, №825; 35 слов 31.05.30. передача 31/8. 16.54.
Высшее правительственная.
Куда: Южно-Казахстанская область, Шаульдерский р-на,
К/з Актобе. Хаджи-Мухану
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
Примите мой привет блогодарность Красной Армии, това
рищ Хаджи-Мухан, за вашу заботу о воздушных силах Красной
Армии. Ваше желание будет исполнено.
Сталин»
Ертеңіне Шымкенттен сырлаған көк машинаға мініп, об
ком секретарлары Пазиков пен Ғалиев келді. Басқа көршілес
ауданның басшы, қызметкерлері де келіп «Құтты болсын!»
айтып жатыр. Ақ түйенің қарны жарылды. Әншейінде отба
сындағы сараңдығы ұстай қалса: «Айналдырған бес қойың
бар, оның қайсысын сояды?» дейтін Мінәй да енді дарқан бо
лып кетті. «Ақтөбе» колхозының бұрын есігімнен қарамайтын
пысықтары енді айғырдың боғындай боп үймелеп, үйімнен
шықпады. Тасы өрге домалаған небір басқармалар да келіп
жатыр. Біреуі азық, біреуі сойыс әкеліп, көмектесе келеді.
Қағазбен келген құттықтаулардың есебі жоқ.
«Жігіт жақсылық көрсе де, жамандық көрсе де елімен бірге
көреді» деген сол. «Елдің күні ерменен, ердің күні елменен».
Сен халықты қадірлей білсең, отаныңды сүйе білсең, халық та
сені жақсы қәдірлейді. Атамыз Сталиннің аты да, өзінің ота
нын, халқын қадірлей білгендігі үшін бағалы емес пе! Ер бол
саң, сондай бол, қамқор болсаң, сондай бол! Сталиннің аты—
әсіресе бұрын теңдікке қолы тимей, бұратана ел болып саналған
аз ұлттар үшін тым қымбат. Сол себепті Сталинге біздің қазақ
елі өте-мөте борышты,—деді батыр.
—Ойлаңызшы,—деді тағы балуан,—мен бұрын кім едім,
жабайы жалшы, білегінің күшіне мастанған даңғой көп серінің
бірі едім. Енді Сталин сияқты адаммен тілдестім,—дейді ба
тыр.
—Ендеше, сіздің өміріңіздің де, еңбегіңіздің де бос кетпе
гені, қуансаңыз, осыған қуан!—дедім мен.
86. АЛТЫ ЖАСАР АЙДАРХАН
1925-1938 жылдары Қажымұқан Тәшкен циркіне барып
күресіп жүріп, Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ау
23-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
данына көбірек айналысып қалды. Оның себебі—бұл кезде
Бұлтыңнан алған тұңғыш әйелі Ырысты өлген соң, бұрынғы
әйелінен қалған Халиолла ержетті. Өз алдына үйлі-жаранды
адам боп кетті. София, Әзия, Рәшида деген үш қызы соның
қолында қалды. Емізулі баласы Құлымбет Халиолланың
қолында қалды.
Қажымұқан отбасында отыра алмай, Тәшкен жағына кетті.
Қыс Тәшкенде болса, жаз Шәуілдір ауданында жүрді. Онда
Қажымұқанның Ескөрмес дейтін інісі тұратын. Бұл кәдімгі
Марқа батырдың немересі еді. Соның үйіне аялдап жүретін.
Сөйтіп жүргенде 1935 жылы Ескөрмес қаза болып, әйелі Мінәй
екі жас баласы ұлы-қызымен жесір қалады. Ала қоярлық
әмеңгері болмайды.
1938 жылдан бері жар төсегінен бауыры суып, тағы да
бұрынғы желігіне түскен қарт балуан осы кезде өзінің жасы
жеткендігін ойлап, тоқыраулы еді. Ең болмаса, жиренбай кірін
жуатын да адамы жоқ. Дәл осындай кезеңде балуан Шілікте
жүріп, атақты Қызыл жырауға ұшырайды. Бұл 1937 жылдың
шамасы еді. Қызыл жырау қоңырат елінің атақты ақыны еді.
Шын аты—Мырзабек Байжанұлы (1869-1944). Бұл—50-60 жыл
жыр айтқан дегдар адам. Жиырма-отыз дастан білген. Оның
үстіне сурып салма ақын. Даусы домбыраға әдемі қосылады.
Күйі тәтті, сөзі дәмді болған соң жұрт оның атын өте жақсы
қадірлейтін еді.
1939 жылы Шымкентте ақындардың сүлеті болғанда,
осы қарт жырау өмірінің жүзінде бір-ақ рет қатысады. Сон
да облыстың барлық адамы, басқа жыраулардың бәрін жинап
қойып, Қызыл жырауды сахнаға қайта-қайта шақыра беріпті.
Бірақ келер жылы мешел болып, жырау содан былай топқа
қосыла алмай, 1944 жылы Шәуілдір ауданы, Сырдың арғы
бетінде тұратын «Овцевод» дейтін колхозда өлген. Шикіл сары
болған соң, оны жұрт «Қызыл жырау» деп атаған.
Міне, осы екі алып Тілік жерінде кездейсоқ ұшырасып
қалады. Арқаның талай саңлағын көрген, жазаласа, Мәшһүр
Жүсіпті де жырлатқан Қажымұқан бұл жыраудың хабарын
сырттан есітеді екен. Бірақ бармақтай болған тұлғасын көріп,
көңілі тоймай қалады. Қызыл жырау балуанды бір көргеннен-
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
ақ тұлғасын көріп, тани қояды. Амандасып болған соң, Қа
жымұқан даугестікке сала бастайды:
—Басың оймақтай, тұлғаң бір жапырақ сен кім едің?!
—Ақынмын, балуан.
—Құстың бір жеміне жарамайтын қалжаң бар, сен қайдан
ақын бола қалдың?
—О, не дегеніңіз, балуан, «алтын аздан, порас көптен» де
меді ме?
Балуан аяғын жиып қалды. Өйткені «тағы бірдеңе десем,
одан ары тұйыққа түсермін» деп ойлады. Сөйтті де сөздің та
қырыбын өзгертті.
—Сен өзің мені таныдың ба?!
—Жоқ, танымадым,—деді Қызыл жырау әдейі.
—Мақұл айтасың! Ондай болса, сен әуелі өзіңді танытшы,
осынша жасқа келгенше мені танымайтын сен кім едің?
Сонда Қызыл жырау жидеден істеген кішкене ғана сары дом
бырасын алып, күйге басты:
—Сұрасам, арғы атаңыз Қарақыпшақ,
Сыпа болған кісі екен алтын пышақ.
Ойбасқа төрт атамен жетеді екен,
Шамалап екі арасын қылсам қисап.
Атаңыз онан бергі Ойбас екен,
Орақ, Тағай батырмен жолдас екен.
Қастық қылған кісінің қанын ішіп,
Ерегіскен дұшпанын қоймас екен.
Онан бергі атаңыз Қобылан екен,
Кезінде Рүстемдей болған екен.
Қобылан батыр дүниеден қайтқаннан соң,
Аруағы Ержанға кеп қонған екен.
Атаңыз Ержан екен онан бергі,
Көрмеген уақытында ондай ерді.
Дүниеден Ержан батыр қайтқаннан соң,
Аруағы тұқым қуып сізге келді.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Жалған ба осы сөзім, арыстаным,
Түседі астыңызға алысқаның!
«Орта жүзде Қажымұқан балуан бар!» деп,
Жайылды жер жүзіне дабыстарың.
Әсіресе, айқайлап, ұран айтса,
Денеңде бар күшіңді қарыштадың.
Өзіңдей болатұғын бар ма балаң?
Көңілім естіп тынсын, болмай алаң.
Не қылып өзіңді құр бос тастасын,
Басында мықтап берген Аллатағаллам!
—Болды, болды, тоқтат!—деді балуан,—сен мені бүйте
берсең, жазғырады екенсің!—деп Қызыл жырауды жетелеп,
Мінәйдің үйіне апарып, қой сойып, сыйлап жібереді. Ұрпақ
мәселесін осы кезде Қажымұқанның өзі де ойлап жүрген еді.
«Мынау, жыраудың мақтағаны да, боқтағаны да белгісіз бол
ды, енді болмас»,—деп ұзамай балуан өзінің жесір отырған
келіні, манағы Мінәйға әмеңгерлік ретімен үйленіп алған. Сол
Мінәйдан 1940 жылдың 15 январь күні Айдархан дейтін ұл туа
ды. Айдархан Мінәйдің 39 жасында туған төртінші баласы бол
са да, тұлғасы дембелше әйелге оңай тимесе керек.
Мінәй: «Осы баламның бітісі өзгеше болды, содан бері ауру
ға ұшырадым»,—дейді. Бір сөзінде Айдархан біткенде Мінәй
бұқа етіне жерік болыпты. 1946 жылы Айдархан алты жасқа
шықты. Осы жылдары ішінде жап-жас Мінәй бала көтермей,
белін қалың шүперекпен орап жүреді.
Айдарханның жаралысы—шынындада, әкесіне тартып
туған бала. Алты жасқа қараған тұлғасы 12-13 жасар баладай.
Әкесі оған бес жасарында қолдиірменнің бір жағын көтертіп
үйреткен. Басы 16-17 жасар баланың басындай. Он екі жасар
қыз апасымен қатар қойғанда, қыздың басы мұның басының
жартысындай ғана болды. Иығы бірдей, жалғыз-ақ Айдархан
ның кеудесі жуан, талпақ. Қыздың қабырғасының арасы бір-
біріне жабысып, құшиып қалған. Алты жасар Айдарханның
қабырғасының арасынан бас бармақ өтеді. Кеудесі кең, аламай
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ...
лы, қабырғаларының арасында сүйектің емін-еркін өсуіне бос
орындар тұр.
1946 жылы он жетінші мамыр күні мен Қажымұқанның
үйінде болдым. Демалыс үстінде Айдарханды ертіп, үй қа
сындағы биікшеге шықтым.
—Атаң балуан, сен мені көтере аласың ба?—дедім балаға.
—Несі бар!—деп алты жасар бала белден төменгі жерімнен
қапсыра құшақтап алды да, бір таулап тастады. Мен баланы
«құламасын» деп екі қолды иығына салдым. Киімсіз жазғы
салмағым 55-56 кило шамасы ғана болатын. Алты жасар балаға
мұны аз жүк дегенім жоқ.
Ертеңіне сия таусылып, Айдарханды үй қасындағы «Ақтө
бе» колхозының мектебіне жұмсадық. Мектеп жарты шақырым
жерде еді. Балуан оны білген жоқ еді.
—Бекер жібергенсіз, ондағы балаларды жапыра ұрады,—
деді балуан. Сұрастыра келсем, балуан баласын мектеп балала
рына қоспайды екен. Себебі сол жазда бірер ай барып жүргенде,
балалардың бірін-біріне соқтырып, 13-14 жасар балаға шейін
қалам, қағазын, тәуір кітабын тартып ала берген. Сонан соң
мұғалім келіп:
—Балуан, балаңыздың есі енгенше мектепке жібермей-
ақ қойыңыз,—депті. Содан бері Айдархан мектеппенен араз.
Осыны білгендіктен болар, Қажыекең Айдарханның артынан
Мінәйдің ержеткен баласын жұмсады. Барса, балалар қалам,
қағазын тығып, ит пен мысықтай болып жүргенін көреді.
Қажымұқан осы баласына тым мейірбан. Қайда жүрсе де
қасынан бір елі тастамайды. 1945 жылы Абайдың 100 жылдық
тойына келгенде де Айдарханды бірге Алматыға, одан Семейге,
Абай ауылындағы тойға алып барған. Аудан араласа да, Айдар
ханды арбаға салып алады. 1945 жылы Айдархан он екі жасар
баламен күресіп, жығып кетеді. Осы сылтауды себеп қылып,
Қажымұқан сол жылдың күзінде Шілікте екінші той істейді.
Бұл тойды да сол «Ақтөбе» колхозында істеген. Айдар
ханның тойы Шымкенттің облыстық газетінде де жазылған.
Айдарханның тойына балуан өз басы 42 қой, бір бие, бір си
ырын сойған. Барлығы отыз үй тігілген. Мұның сегіз үйін
«Ақтөбе» колхозы, бес үйін Шаян ауданындағы «Тасқұдық»
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
колхозы әкелген. Жай колхозшылардың да өз сойысымен үй
тігіп әкелгені көп. «Ақтөбе» колхозының бастығы[ның] өз басы
бір түйенің етін берген. «Тасқұдық» колхозының бастығы Айт
бек Көкішұлы үш жылқы, екі тай, бір бие, сегіз қой әкелген, екі
жүз кило астығы тағы бар. Тойдың көкбарына жиырма үй бес
жүз сомнан ақша қарасқан. Басқа аудандар да қарап қалмайды.
Айдарханның балуандық бәйгесіне бір нар тігілген.
Қажымұқанның Шілікте көрген екінші зияпаты, қуаны
шы осындай болған. Қазір Айдархан күн санап өсіп келеді. Өзі,
мінезі салмақты, пайымды бала. Атасының ұшқары сөйлеген
сөздерін аңғарып, келген-кеткен адамдардың бәрін де тыңдап,
сұрастырып отырады.
ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ҒЫЛЫМИ
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
ҚАРАҒАНДЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ӘҢГІМЕЛЕР
Төмендегі әңгімелер (1-29) «Қарағанды жұмысшыларының
әңгіме-жырлары» атты 1961 жылы жарық көрген (құрастыр.:
Д.Шалабеков, З.Жантекеева) атты кітапта жарияланған. Ірік
теліп алынған негізгі мәтіндер—аталған кітаптың 1-2 тарау
лары (1.Қазан төңкерісіне дейінгі жұмысшылардың ауыр
халін баяндайтын әңгімелер; 2.Қазан төңкерісінен кейінгі әң
гімелер). Кітаптың алғысөзінде (Д.Шалабеков жазған) құрас
тырушылардың атынан мынадай ескертулер көрсетілген:
«Көпшілік оқушыларға түсінікті болу мақсаты көзделіп, кітап
тың бірінші бөліміне кірген әңгімелерге құрастырушылар
сөзі жетіспей тұрған сөйлемдерге сөз қосу, орны ауысып
тұрған сөздерді орнына қою сияқты кейбір стилистикалық өз
герістер енгізуге мәжбүр болды». Кітаптың соңында ғылыми
түсініктемелер берілген.
Томға енген төмендегі мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әде
биет және өнер институтының Қолжазба қорында сақтаулы, ма
шинкаға теріліп, баспаға дайындалған нұсқалар (ӘӨИ:Қ.432.)
бойынша ұсынылды:
1.Жанатын тас
Қазан төңкерісіне дейін Қарағанды, Екібастұз шахтала
рында 17 жасынан бастап жұмыс істеген, бұрынғы Қарағанды
облысы, Горбачев атындағы шахтасының Ленин орденді 67
жастағы пенсионер, қарт кенші Ыбырай Нұровтан 1936 жылы
6 мамырда жазылып алынған.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
2. Жалау жанында айтылған ән
Қазан төңкерісіне дейін 1901 жылдан бастап Екібастұзда
жұмыс істеген, сол кездегі Екібастұздың «Ақ» шахтасының
72 жастағы зейнеткері, қарт кенші Жақыбай Мақашевтан
1955 жылы 15 тамызда жазылып алынған.
3. Қысқы қызылдарда
Мәтін Әбеу Жаманкөзевтен 1956 жылы 16 мамырда жазы
лып алынған. Ә.Жаманкөзев 1901-1920 жылдары Қарағанды
да кіреші болып жұмыс істеген. Бұрынғы Қарағанды облысы,
Нұра ауданы, Ворошилов атындағы колхоздың тұрғыны. Мәтін
жазылып алынғанда ол 72 жаста болған. 4. Құлағым неге кем болды?
Мәтін Ленин орденді зейнеткер, қарт кенші, бұрынғы Горба
чев атындағы шахта бастығының орынбасары Шәйіт Асайынов
тан 1956 жылы 9 мамырда жазылып алынған.
5. Жығылған үстіне жұдырық
1956 жылы Шәйіт Асайыновтан жазылып алынған. 6. Есте қалған екі оқиға
Әңгіме бұрынғы Қарағанды облысы, Успен руднигінде
1907 жылдан жұмыс істеген 66 жастағы зейнеткер, қарт кенші
Ақмедия Ахановтан 1954 жылы жазылып алынған.
7. «Бақтыбаланың зары» деген өлең қалай туды?
1956 жылы Шәйіт Асайыновтан жазылып алынған. Және
1954 жылы бұл өлеңнің қалай туғандығы туралы әңгіменің
басқа бір нұсқасы Әбеу Жаманкөзевтен жазылып алынған.
8. Теке көзді тепкілеу
1956 жылы 9 мамырда Шәйіт Асайыновтан жазылып
алынған.
9. Өлім үстінде
Мәтін КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, қарт кенші
Адамқайыр Қойтасбаевтан 1955 жылы жазылып алынған. Ол
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
кісі Қарағанды, Екібастұз шахталарында 1913 жылдан бастап
жұмыс істеген.
Әңгіменің бірінші нұсқасы 1952 жылы «Советтік Қараған
ды» газетінің 31 тамыздағы санында жарияланған.
10. Шернияздың зорлығы
Мәтін 1955 жылы 12 тамызда Адамқайыр Қойтасбаевтан
жазылып алынған. Әңгіменің қысқартылған бірінші нұсқасы
1952 жылы «Советтік Қарағанды» газетінің 31 тамыздағы са
нында жарияланған.
11. Ақ талон
1955 жылы Адамқайыр Қойтасбаевтан жазылып алынған.
Бірінші қысқартылған нұсқасы 1952 жылы «Советтік Қара
ғанды» газетінде жарияланған.
12. Ол кезде
Бұрынғы Қарағанды облысы, Тихоновка ауылының тұр
ғыны, коммуналдық шаруашылықтың бастығы, қарт кенші,
зейнеткер Оспан Егеубаевтан 1952 жылы «Советтік Қараған
ды» газетінің қызметкері Қали Садықов жазып алған. Сол
1952 жылы «Советтік Қарағанды» газетінің 31 тамыздағы са
нында жарияланған.
13. Немковтың жауыздығы
Қарағандыда 1896 жылдан жұмыс істеген 76 жастағы қарт
зейнеткер, кенші Илья Парфеновтен 1947 жылы Д.Әкімбеков
жазып алған. Мәтіннің бір нұсқасы А.Хавиннің «Қарағанды
СССР-дың үшінші көмір базасы» (1954) деген кітабында жа
рияланған. 14. Ердің сыры
Мәтінді зейнеткер, қарт кенші Мағауия Рақышевтан
1936 жылы
«Советтік
Қарағанды»
газеті
редакторының
орынбасары Ғалымбек Нәдіров жазып алған. Сол 1936 жылы
«Қарағанды пролетариаты» («Советтік Қарағанды») газетінің
15 тамыздағы санында және «Қарағанды жұмысшылары
ның әңгіме-жырлары» атты кітапта жарияланған. Мәтіннің
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
машинкаға терілген нұсқасы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институының Қолжазба қорында (ӘӨИ:Қ.432)
сақтаулы.
15. Ағылшын капиталистерінің айуандығы
Қазан төңкерісіне дейін Спасс заводында жұмыс істеген қарт
кенші Жексембі Мінебаевтан 1952 жылы Қали Садықов жазып
алған. Мәтін 1952 жылы «Советтік Қарағанды» газетінің 31
тамыздағы санында жарияланған.
16. Ілияс айтқан екі өлең
Спасс заводында 1900 жылдан бастап жұмыс істеген зейнет
кер кенші Сыдықбек Кемелбаевтан 1954 жылдың 18 маусымда
жазылып алынған.
17. Ілиястің пристопқа айтқаны
Мәтін 1956 жылы 5 мамырда Хасен Манкиннен жазылып
алынған. Осы әңгіменің ішіндегі Ілияс айтты дейтін өлеңдер
1955 жылы 16 тамызда Павлодар облысы, Майқайың алтын
кеніне қарайтын Жосалы руднигінде тұратын Мағзұм Ахметов
тен де жазылып алынған. М.Ахметов те бұл өлеңді Ілияс ақын
айтқандығын растайды.
18. Екібастұзда
Мәтін 1955 жылы Адамқайыр Қойтасбаевтан жазылып
алынған.
19. Герберттің қанды шеңгелі
Қарт кенші, Социалистік Еңбек Ері Түсіп Күзембаевтан
1952 жылы тамыз айының басында Қали Садықов жазып ал
ған. Кейін «Советтік Қарағанды» газетінің 1952 жылғы 31 та
мыздағы санында жарияланған.
20. Мәртебең дүниең болса асады екен…
1956 жылы Алматы қаласында бұрынғы Қарағанды облысы,
Нұра ауданының тұрғыны 75 жастағы Тәужи Айнасовтан жа
зылып алынған.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
21. Хорбательдің күресінге тасталуы
Мәтін 1956 жылы Шәйіт Асайыновтан жазылып алынған.
Әңгіменің бір қысқартылған нұсқасы 1952 жылы «Советтік
Қарағанды» газетінің 31 тамыздағы санында жарияланған.
22. Не деген күш десейші...
1956 жылы 16 мамырда Әбеу Жаманкөзевтен жазылып
алынған.
23. Тұрысбек келгенде
Мәтін 1956 жылы Әбеу Жаманкөзевтен жазылып алынған. 24. Кісі-ақ еді
1956 жылы 9 мамырда Шәйіт Асайыновтан жазылып алын
ған.
25. Донбасста
Қарағандыдағы бұрынғы Киров атындағы №3 шахта бас
тығының орынбасары, Ленин орденді қарт кенші Қапаш Ал
тынбаевтан 1956 жылы жазылып алынған.
26. Ильич шамы жанғанда...
1956 жылы Шәйіт Асайыновтан жазылып алынған. 27. Сондағы қорыққаным-ай!
1956 жылы Шәйіт Асановтан жазылып алынған. 28. Сын түзелмей, мін түзелмейді
1956 жылы 10 мамырда Қапаш Алтынбаевтан жазылып
алынған.
29. Шомановқа сөз бергенде
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көкөзек колхозының
тұрғыны қарт ақын Ж.Нұрмағамбетовтен Қ.Мұқышев жазып
алған. Мәтіндегі кейіпкер Сәкен Шоманов—КСРО-ға танымал
кенші, Социалистік Еңбек Ері атанған.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС
ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР
1. Қарқарадағы көтеріліс
Әңгімеде 1916 жылғы патшалық Ресейдің «Июнь жарлы
ғына» қарсы Қарқарадағы албан руының көтерілісі баяндала
ды. ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бумасында, «Он
алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты әңгіме
лер» атты қолжазба жинаққа енген. Әңгімелеуші—Жүнісұлы.
Латын әрпінде машинкаға басылған (46-59-бб). Кейін «Қарқа
ра айбаты» (Құжаттар мен материалдар жинағы.—Алматы:
Өлке,1991) атты кітапта жарияланған. Аталған кітапта мәтін
толық жарияланбай, тек бір үзіндісі алынған.
Томға мәтін толықтырылып, түпнұсқа бойынша ұсынылды.
2. Қарқара қырғыны
Әңгіме Қарқара көтерілісінде қолға түсіп, Қарақолға ай
далып, жолда қырғынға ұшыраған он бес адамның ішінде тірі
қалған Алдабергеннің өз басынан кешкен қиындықтары тура
лы айталады. Әңгіме ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының
1022-бумасындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтері
ліске байланысты әңгімелер» атты жинаққа кірген. Жинап,
жариялаған—Жансүгіров Ілияс. Әңгімелеуші—Алдаберген
Қойшыбекұлы (Қойшыбай). Латын әрпінде машинкаға ба
сылған (60-63-бб). Әңгіме 1991 жылы жарық көрген «Қарқара
айбаты» (1991) атты кітапта жарияланған. Сондай-ақ Жансү
гіровтің көп томдық (Роман, мақалалар.—Алматы: Қазығұрт,
2005. Т.4. 151-154-бб.) шығармалар жинағында «Алдаберген
Қойшыбекұлының естелігі» деген атпен жарық көрген. Алайда
1991 жылғы басылымда мәтін толық жарияланбай, тек үзіндісі
алынған.
Томға мәтін толықтырылып, түпнұсқа негізінде дайындалды.
3. [Сұлтанбекұлы Әубәкірдің 16-ші жылғы басынан кешкен
оқиғалары]
Әңгімеде Әубәкірдің Қарақол түрмесінде көргендері және
он алты-он жетінші жылғы оқиғаларға байланысты өз басы
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
нан кешірген жайлары баяндалады. Мәтін ОҒК-нің Сирек
қолжазбалар қорының 1022-бумасындағы «Он алтыншы жыл
ғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты әңгімелер» жинағына
енген. Жинап, жариялаған—Жансүгіров Ілияс. Әңгімелеуші—
Сұлтанбекұлы Әубәкір. Латын әрпінде машинкаға басылған
(121-128-бб). Әңгіме «Қарқара айбаты» (1991) атты кітапта жа
рияланған. Сондай-ақ Жансүгіровтің көп томдық (2005.142-
150-бб.) шығармалар жинағында жарық көрген. Мәселен
1991 жылғы басылымда мәтін толық жарияланбай, тек үзіндісі
берілген.
Томға мәтін толықтырылып, түпнұсқа бойынша ұсынылды.
4. [Жаңабай туралы]
Әңгімені
Қожасан
Мұсаевтан
жазып
алған—Құрман
Қожахметов. Мәтіннің қолжазба нұсқасы ӘӨИ-дің Сирек
қорында сақталған (1041-бума). Жаңабай Құдайбергенұлы—
1916 жылғы Қарқара көтерілісінің басшыларының бірі. Орыс,
қытай, ұйғыр, өзбек, парсы тілдерін меңгерген.
Мәтін томға түпнұсқадан дайындалып, ұсынылды.
5. Қарқаралы
Он алтыншы жылғы патша жарлығына байланысты Қар
қаралы уезіне қарайтын болыстықтарда, патшаға адам бермеу
дің айла-тәсілдерін қарастырған елдің дүрбелеңі баяндалады.
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бумасын
дағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланыс
ты әңгімелер» жинағына енген. Әңгімелеуші белгісіз. Латын
әрпінде машинкаға басылған (139-141-бб.). Мәтін «1916 жыл».
(Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығына.—
Алматы: Рауан, 1996) атты кітапта (41-43-бб.) «Қарқаралы
жәрмеңкесінде» деген тақырыппен жарық көрген. Аталған
кітаптағы мәтіндер редакциялық өңдеулерге ұшыраған.
Томға мәтін сол олқылықтар түзетіліп, түпнұсқа негізінде
дайындалды.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР 6. 1916 жылғы Ақмола уезі, Сарыарқа болысындағы көтеріліс Мәтінде он алтыншы жылғы Ақмола уезінің Сарыарқа бо лысындағы қарусыз елдің патша әскеріне қарсы ұрысы ба яндалады. Туынды ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бумасындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтері ліске байланысты әңгімелер» жинағына кірген. Айтушысы белгісіз. Латын әрпінде машинкаға басылған (1-4-бб.). Әңгіме томға түпнұсқа негізінде дайындалды. 7. 1916 жылғы Қарақойын еліндегі көтеріліс. Атбасар уезі. (Ел әңгімелерінен) Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бума сындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байла нысты әңгімелер» жинағына енген. Әңгімелеушісі белгісіз. Ла тын әрпінде машинкаға басылған (44-53 бб.). Әңгіме «1916 жыл» (1996) атты кітапта (24-30-бб.) жарық көрген. Бұл кітаптағы мәтіндер редакциялық өңдеулерге ұшыраған. Мәселен: «Орыстың беті қайтты болғаннан соң Азырақ дүреледі бұл жастарды»,— деген сияқты саяси мәні бар сөздер түсіп қалған. Сондай-ақ жарық көрген кітапта «отыз шақты аталы елдің барлық жаста рын ұстап әкетеміз деуін жұрт қорлық көріп» деп қате берілген, ал түпнұсқада: «30 шақты орыстың рулы елдің барлық жаста рын ұстап әкетеміз деуін жұрт қорлық көрді». Томға мәтін осы сияқты жөндеулер мен өңдеулер түзетіліп, түпнұсқа бойынша өзгертусіз ұсынылды. 8. 1916 жылы Көкшетау болысының көтерілісі (Сапырылысқан сандалыс) Әңгімеде 1916 жылғы оқиғаға байланысты Сыздықов Жақанның бала күнгі есте қалғандары мен көргендері ба яндалады. Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бумасындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты әңгімелер» қолжазба жинағына енген.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Мәтін латын әрпінде машинкаға басылған (54-58-бб). Әңгіме
«1916 жыл» (1996) атты кітапта (34-35-бб.) жарық көрген. Дей
тұрғанмен бұл кітаптағы мәтіндер редакциялық өңдеулерге
ұшыраған, қысқартылып жарияланған.
Томға мәтін аталған қателіктер түзетіліп, түпнұсқа негізін
де дайындалды.
9. Торғай уезіндегі дүрбелең
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бума
сындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байла
нысты әңгімелер» атты қолжазба жинаққа енген. Әңгімелеу
шісі белгісіз, соңында «Торғайлық» деген жанама ат жазылған.
Латын әрпінде машинкаға басылған (160-162-бб).
Әңгіме томға түпнұсқа негізінде әзірленді.
10. Торғай уезінде 1916 жыл оқиғасы
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бума
сындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байла
нысты әңгімелер» атты қолжазба жинаққа енген. Бұл мәтіннің
соңында да «Торғайлық» деген жанама ат көрсетілген. Латын
әрпінде машинкаға басылған (160-162-бб.).
Әңгіме томға түпнұсқа бойынша дайындалды.
11. Ортақшылар болысында
(Ақмола уезі)
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бума
сындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байла
нысты әңгімелер» атты қолжазба жинаққа енген. Жинаушысы
белгісіз, әңгімелеуші—Жандосов Сәдуақас. Латын әрпінде ма
шинкаға басылған (129-131-бб).
Әңгіме томға түпнұсқа бойынша әзірленді.
12. Байдәулет болысындағы көтеріліс
Әңгімеде он алтыншы жылғы «Қазынаға ат алу» және оның
артынан жарияланған «Июнь жарлығы» іске асырыла баста
ған кездегі елдегі аласапырандық, берекесіздік, әлділердің әре
кеті мен жарлының шарасыздық жағдайы баяндалады. Мәтін
24-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бумасындағы «Он
алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты әңгіме
лер» атты қолжазба жинаққа енген. Әңгімелеуші—Шамұлы
Сейпен. Латын әрпінде машинкаға басылған (128-130-бб.).
Мәтін томға түпнұсқа негізінде дайындалды. 13. 1916 жылғы «Июнь жарлығында»
(Қарағанды облысы, Күншығыс болысында)
Әңгімеде Мұқан Еркесаринның он алтыншы жыл «Июнь
жарлығы» орындалып жатқан кезде көргендері, басынан ке
шірген оқиғалары баяндалады. Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжаз
балар қорының 1022-бумасындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-
азаттық көтеріліске байланысты әңгімелер» атты қолжазба
жинаққа енген. Әңгімелеуші—Мұқан Еркесарин. Латын әрпін
де машинкаға басылған (135-138-бб).
Мәтін томға осы нұсқа бойынша дайындалды. 14. Ереймен көтерілісі
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бума
сындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байла
нысты әңгімелер» атты қолжазба жинаққа енген. Әңгімелеу
ші— Қ.Сүлейменов. Латын әрпінде машинкаға басылған.
Томға мәтін аталған нұсқа бойынша дайындалды. 15. 1916 жылғы оқиғада менің көргенім
Әңгімеде 1916 жылғы әскерге алынып, қара жұмысқа же
гілген Мырзахановтың (есімі көрсетілмеген) көзбен көрген
оқиғасы баяндалады. Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қо
рының 1022-бумасындағы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық
көтеріліске байланысты әңгімелер» атты қолжазба жинаққа
енген. Ел арасынан жинап, жариялаған—Жансүгіров Ілияс.
Әңгімелеуші—Мырзахан Нұрахмет. Мәтін латын әрпінде
машинкаға басылған. Әңгіме «1916 жыл» (1996) атты кітапта
(35-39-бб.) «Әлі есімде» деген тақырыппен жарық көрген.
Сондай-ақ І.Жансүгіровтың «Көп томдық шығармалар жи
нағында» (2005. Т.4 244-252-бб.) жарық көрген. Аталған кі
таптағы мәтіндер редакциялық өңдеулерге ұшыраған және
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
қысқартылып жарияланған. Мәселен, «1916 жыл» атты кі
тапта:
Қайтқан қаздай жөнелдік,
Босанып алып жалма-жан.
Шаршау еске кірмейді,
Қызыққа кіріп арнадан.
Исақан мінген арбадан,
Үш теңге беріп жалдаған,
Жүруге жаяу жарамай,
Ежелден Құдай қарғаған,—
деген өлең жолдары түсіп қалған. Осындай қателіктер түзеті
ліп, томға мәтін түпнұсқа негізінде дайындалды.
16. 1916 жыл оқиғасы
(Торғай уезіндегі көтеріліс)
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорында (Қ.1017, 25-
дәп.) сақтаулы. Жинап, тапсырған—Қасымұлы Алмағамбет.
Мәтін томға 1934 жылы араб әрпінде хатқа түскен қолжазба
негізінде әзірленді. 17. 1916 жылы Торғай бойында болған көтеріліс туралы
Мәтінді 1952 жылғы Қостанай экспедициясы кезінде Халел
Досымов жазып алған. Айтушысы бұрынғы Қостанай облы
сы, Торғай ауданы Жангелді колхозының тұрғыны—Баспақов
Бек. Қолжазба ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (Қ.141, 2-дәп.) сақ
таулы.
Томға мәтін осы түпнұсқа негізінде дайындалды.
ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР МЕН ТҰЛҒАЛАРҒА
ҚАТЫСТЫ ӘҢГІМЕЛЕР
1. Тарихи уақиға
Мәтінді жазып алып, қорға тапсырған—Құсниев Мұрат.
Әңгіменің соңында айтушы ретінде Сәлімгерей деген кісінің
есімі жазылған (өзге деректер көрсетілмеген).
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан (ӘӨИ, Қ.365) өзгертусіз дайындалды. 2. Өткен жұт қоян қысы хақында қысқаша тарту әңгіме Әңгімеде 1878 жылдары болған ашаршылық, жұт туралы сөз қозғалады. Қорға өткізген—Құсниев Мұрат. Айтушысы— Сәлімгерей. Томға мәтін осы қолжазба бойынша (ӘӨИ, Қ.365) дайын далды. 3. «Бір ауыз сөзім бір жылдық азық болды» деген сөзі осы еді Әңгімені ХІХ ғасырда өмір сүрген бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданының беделді адамдарының бірі, шешен, руба сы Ордабаев Мырзатайдан жазылып алынған. Қорға тапсыру шы —Ғали Дүйсеков. Томға мәтін қолжазба негізінде (ӘӨИ, Қ.866, 2-дәп.) ұсы нылды. 4. Байлардан көрген қорлық (1915-16-шы жылдардағы оқиға) Әңгімеде 1915-16-жылдардағы Әбдірахмен атты жарлының басынан кешкен өмірі, байлардан көрген қорлығы суреттеледі. Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорының 1022-бумасында ғы «Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты әңгімелер» аталған қолжазба жинаққа енген. Әңгімелеуші— Әбдірахманов Сыздық. Латын әрпінде машинкаға басылған (6-19 бб). Томға мәтін аталған нұсқа негізінде дайындалды. 5. Өмірде ұмытылмайтын күндер Әңгімені 1967 жылы ел арасынан Ерейментау қаласының тұрғыны, СССР Журналистер одағының мүшесі Әбу Айзахме тов жазып алған. Томға мәтін сол қолжазбаның негізінде (ӘӨИ, Қ.1025) да йындалды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
6. [Құнанбай туралы]
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорындағы (Қ.629,
4-дәп.) «Абайдың өміріне, ақындығына байланысты әңгімелер»
атты қолжазба жинаққа енген. Айтушысы—Матай Сәдуақас
молда. 1941 жылы қорға тапсырған—Қасиманов Садық. Қол
жазба араб әрпінде хатқа түскен.
Әңгіме томға нұсқа бойынша дайындалды.
7-10. [Құнанбайдың қажыға барғаны],
Абаймен
кездескендері
жөнінде
есте
қалғандарынан,
[Абайдың қонақ күткені],
[Абайдың қамқорлығы жайында]
Мәтіндер ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорындағы (Қ.629,
10-дәп.) «Абай туралы естеліктер» атты қолжазба жинаққа ен
ген кірген. Айтушысы белгісіз. Ел ішінен 1947 жылы жинап,
қорға тапсырған—Хайроллаұлы Қылыш.
Әңгімелер томға осы түпнұсқа негізінде дайындалды.
11. [Абай мен Алшынбай]
Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорында (ӘӨИ, Қ.1094, 1-дәп.)
«Ел аузынан, халық даналығы» атты қолжазба жинаққа енген.
Айтушысы белгісіз. 1985 жылы қорға тапсырған—Мұхамед
жан Рүстемов. Әңгіме түпнұсқа негізінде дайындалды.
12-15. Абай мен Қиясбай (Бірінші әңгіме).
Абай мен Қиясбай (Екінші әңгіме).
Абай мен Қиясбай (Үшінші әңгіме).
Абай мен Қиясбай (Төртінші әңгіме)
Мәтіндер ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорындағы (1059-бума)
«Қазақтың күлдіргі әзіл әңгімелері, шешендік түйіндер мен
ақындық толғамдар, аңыз-әңгімелер» атты қолжазба жинаққа
енген. Ел аузынан жинаған—Бисенғалиқызы Айсұлу. Қолжазба
кирилл әрпінде жазылған.
Әңгіме томға осы нұсқа бойынша дайындалды.
16. Абай мен Қиясбай
(Бесінші әңгіме)
Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорындағы (Қ.1094, 1-дәп.)
«Ел аузынан, халық даналығы» атты қолжазба жинаққа енген.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Ел арасынан жинап, 1985 жылы қорға тапсырған Шымкент
қаласының тұрғыны—Рүстемов Мұхамеджан.
Әңгіме томға осы нұсқа бойынша дайындалды.
17. Абай мен келіншек
(Бірінші нұсқа)
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорында (Қ.631, 4-дәп.)
сақтаулы. Араб әрпімен жазылған қолжазбаны қорға тап
сырушы—Ыбрайұлы Әбдірахман.
Әңгіме томға аталған қолжазбаның негізінде әзірленді. 18. Абайдың «әйелден тоқтадым» дегені
(Екінші нұсқа)
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорында (Қ.629, 5-дәп.)
сақтаулы. Араб әрпінде жазылған қолжазбаны 1938 жылы
жинап, қорға тапсырушы—Ахметов Мағзұм. Әңгіме түпнұсқа
негізінде әзірленіп, томға ұсынылып отыр.
Әңгіме томға осы нұсқа бойынша дайындалды.
19. Абай мен Мұса мырза
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорында (Қ.631, 4-дәп.)
сақтаулы. Араб әрпінде жызылған қолжазбаны жинап, қорға
тапсырған—Ыбрайұлы Әбдірахман.
Шығарма томға сол нұсқа негізінде әзірленді.
20-21. Абай мен Құнанбай туралы (Бірінші әңгіме),
[Абай мен Құнанбай] (Екінші әңгіме)
Әңгімелер ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорындағы (Қ.1059)
«Қазақтың күлдіргі әзіл әңгімелері, шешендік түйіндер мен
ақындық толғамдар, аңыз-әңгімелер» атты қолжазба жинаққа
кірген. Ел аузынан жинап, тапсырған—Бисенғалиқызы Ай
сұлу. Қолжазба кирилл әрпінде жазылған.
Мәтін томға осы нұсқа бойынша дайындалды.
22. Абайдың ертегісі
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорындағы (ОҒК, Қ.629,
4-дәп.). «Абайдың өміріне, ақындығына байланысты әңгіме
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
лер» атты қолжазба жинаққа кірген. Қолжазбаны жинап,
1941 жылы қорға тапсырған—Қасиманов Садық.
Әңгіме томға аталған нұсқа бойынша дайындалды.
23. Абай кедейлерге қамқоршы еді
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорындағы (Қ.62, 4-дәп.)
«Абайдың өміріне, ақындығына байланысты әңгімелер» жи
нағына
енген.
Айтушысы—Дастанов
Қажығұмар.
Қорға
1941 жылы тапсырған—Қасиманов Садық.
Әңгіме томға осы қолжазба бойынша әзірленді. 24. Абай адамның шешені
(Бірінші нұсқа)
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорындағы (Қ.629,
4-дәп.) «Абайдың өміріне, ақындығына байланысты әңгімелер»
жинағына енген. Айтушысы—Бағыбай Құсайынов. Қолжаз
баны ел ішінен жинап, қорға тапсырған—Қасиманов Садық.
Әңгіме томға қолжазба негізінде дайындалды.
25. Абай мен Бәкеннің кездесуі
(Екінші нұсқа)
Әңгімені 1919-20 жылдары Әбдірахман деген жездесінен
жазып алып, 1976 жылы қорға тапсырған—Ғали Дүйсеков.
Мәтін томға қолжазбадан (Қ.866, 3-дәп.) түзетусіз дайын
далды. 26. Абай әділетті еді
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорындағы (Қ.629,
4-дәп.) «Абайдың өміріне, ақындығына байланысты әңгімелер»
жинағына енген. Айтушысы—Жігітеков Қорамжан. Тапсыру
шысы—Қасиманов Садық.
Әңгіме томға қолжазба негізінде дайындалды. 27. Алла кім?
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорындағы (Қ.629,
4-дәп.) «Абайдың өміріне, ақындығына байланысты әңгіме
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
лер» жинағына енген. Айтушысы—Мұхаметжанов Оразғали.
Ел ішінен жинап, қорға тапсырған—Қасиманов Садық.
Әңгіме томға сол нұсқа бойынша әзірленді.
28. Тезекбайға
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорындағы (Қ.629,
4-дәп.) «Абайдың өміріне, ақындығына байланысты әңгіме
лер» жинағына енген. Айтушысы—Мұхаметжанов Оразғали.
Ел аузынан жазып алып, қорға тапсырған—Қасиманов Садық.
Араб әрпімен жазылған әңгіме томға осы нұсқа бойынша дайын
далды.
29. Көкбай әңгімелері
Әңгіме Абайдың досы Көкбай Жанатайұлының айтуы бойын
ша жазып алынған. Жинаушысы белгісіз.
Мәтін томға аталған түпнұсқа негізінде (ОҒК, Қ.599) дайын
далды.
30. Уасила Абай қызының есінде қалғандары
Мәтінді Уәсила Абайқызының аузынан естіп, жазып ал
ған—І.Матақов. Әңгімеде орыс сөздері жиі ұшырасады.
Томға ұсынылған мәтін осы түпнұсқа негізінде (ОҒК, Қ.599)
дайындалды.
31-33. «Дәулетиярдың естегі сөзі».
«Құсайынов Қасеннің есінде қалғандары».
«Абайдың Мырзақанға айтқаны» әңгімелерін ел аузынан
жазып алушы—белгісіз жинаушы.
Томға ұсынылған мәтіндер түпнұсқа бойынша (ОҒК, Қ.599)
дайындалды.
34-35. Абайдың мақамдары.
Абай Әбдірахман туралы.
Мәтіндерді 1945 жылы ел аузынан жазып алып, қорға тап
сырған—Төлеу Көбдіков.
Томға ұсынылып отырған әңгімелер осы нұсқалардың (ОҒК,
Қ.599) негізінде дайындалды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 36. Стамбектің айтуынша Әңгіме Семей облысы, Абай ауданының тұрғыны Стамбек Қыяқбаев ақсақалдың айтуынша жазылып алынған. Хатқа түсіруші белгісіз. Томға мәтін сол нұсқа (ОҒК, Қ.599) бойынша дайындалды. 37. Абайдың қойшы Көкшемен әңгімесі Мәтінді жазып алған —Бітімбаев Дәулетияр. Қолжазбаға қатысты өзге мәліметтер кездеспейді. Томға ұсынылған әңгіме (ОҒК, Қ.599) аталған қолжазбаның негізінде дайындалды. 38. Құнанбайдың Базаралы мен Тұрлыны айдатуы Қолжазбада әңгімені жазып алушы ретінде Есентай деген кісінің есімі көрсетілген. Өзге де нақты деректер кездеспейді. Мәтін томға қолжазба (ОҒК, Қ.599) бойынша дайындалды. 39. Ақын Әубәкірдің әйелі Қамаштың (Камалияның) естіп білгені Әңгіме Абай келіні Камалияның айтуы бойынша жазылып алынған. Бірақ кім, қашан, қайда хатқа түсіргендігі туралы мәліметтер қамтылмаған. Мәтін томға осы нұсқа (ОҒК, Қ.599) негізінде дайындалды. 40-42. Абай мен Архирей. Абай мен Мырзахан. Абай мен Сейітқан Әңгімелерді ел аузынан жазып алып, қорға тапсырғандар дың аты-жөні көрсетілмеген. Томға мәтіндер түпнұсқа (ОҒК, Қ.599) негізінде дайындал ды. 43. Көкбайдың кейпі Әңгімені айтушы—Ы.Нағыманов. Жазып алып, қорға тапсырған—белгілі ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы—Құл пейісов Еркін. Мәтін 1990 жылы 15 қарашада «Қызыл ту» газетінде (Солтүстік Қазақстан обл.) жарияланған.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Томға ұсынылған мәтін қолжазба (ӘӨИ, Қ.1124) негізінде
дайындалды.
44. [Қопа шешен]
Әңгіме ӘӨИ-дің Қолжазба қорындағы (Қ.1094, 2-дәп.) «Ел
аузынан, халық даналығы» атты қолжазба жинаққа енген.
Халық арасынан жазып алып, 1985 жылы қорға тапсырған—
Шымкент қаласының тұрғыны Рүстемов Мұхамеджан.
45-55. Абай мен Қайранбай.
Анасы несі, мынасы несі?
Абай адамның асылы емес пе!
Абайдың үш сезімді қатар қабылдауы...
Әңгімелерді 1919-20 жылдары Әбдірахман деген жездесі
нен жазып алып, 1976 жылы қорға тапсырған—Дүйсеков Ғали.
Оның мәліметі бойынша: Әбдірахман—құсбегі, мерген, дойбы
шы, тоғызқұмалақшы, домбырашы, бір сөзбен айтқанда, сан
қырлы өнерпаз азамат. Халық арасынан, алдымен, Абайдың
өлеңдерін, кейін қарасөздерін де жинаған.
Мәтіндер томға аталған қолжазбалардың (ӘӨИ, Қ.866, 2-3
дәп.) негізінде дайындалды.
56-57. Абай мен Бегеш.
Ырзаекең ақсақалдың әңгімесі
Мәтіндерді Ырыздықбай Тілеуберлиннен жазып алып, тап
сырған—белгілі ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Жақыпов
Сайлаубек.
Томға енген әңгіме сол қолжазбаның (ӘӨИ, Қ.914) негізінде
дайындалды.
58. [Қисық би мен Абай]
Әңгіме ӘӨИ-дің Қолжазба қорындағы (Қ.1094, 1-дәп.) «Ел
аузынан, халық даналығы» атты қолжазба жинаққа енген.
Халық арасынан жазып алып, 1985 жылы қорға тапсырған—
Шымкент қаласының тұрғыны Рүстемов Мұхамеджан.
Томға мәтін осы қолжазба бойынша дайындалды.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 59. Абай сөзінен Мәтіннің түпнұсқасы ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (Қ.142, 3-дәп.) сақтаулы. Әңгімені ел арасынан жинап, 1952 жылы қор ға тапсырушы—Дүйсекеев Шұғайып. Томға ұсынылған мәтін аталған нұсқа негізінде дайындал ды. 60. Абайдың немере туысы Ахат Құдайбердиевтің әңгімесі Әңгімені айтушы Ахат Құдайбердиев—Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған Құдайбердісінің немересі, Шәкәрім қажының баласы. Мәтінді қорға тапсырушы—Жақыпов Сай лау А.Құдайбердиевпен 1961, 1983 жылдары кездесіп, аузынан жазып алған. Томға мәтін осы қолжазба (ӘӨИ, Қ.914) бойынша дайындал ды. 61-62. Абай айтқан бір билік. Халық ақыны Болман Қожабаевтың айтқан әңгімесінен. Мәтіндерді Тілеуберлин Ырыздықбайдан жазып алып, қор ға тапсырған—Жақыпов Сайлаубек. Томға енген әңгімелер осы нұсқалардың (ӘӨИ, Қ.914) негі зінде дайындалды. 63. Ақан сері жайында Мәтінді құрметті ұстаз Бейсенбаев Жәкіштен жазып алып, қорға тапсырған—Мәжікеев Мұқаш. Әңгіменің түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Қ.828) сақтаулы. Томға ұсынылып отырған мәтін сол нұсқа бойынша дайын далды. 64-65. [Ақанның ат баптауы]. [Есенбай ақын мен Ақан сері] Әңгімелерді бұрынғы Көкшетау уезіне қарайтын Көшей әулетіндегі қарт Амалдықұлы Жылқыбайдан жазып алған— Мәжікеев Мұқыш. Ол Жылқыбай ақсақалмен екі рет (1912, 1917) кездесіп, оның айтуынан бір топ халық әдебиеті үлгілерін хатқа түсірген.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Томға мәтін аталған қолжазба (ӘӨИ, Қ.828) негізінде ұсы
нылды.
66. Менің Балуан Шолақты бірінші көруім
Мәтінді халық арасынан жазып алып, қорға тапсырған—
Жақыпов Сайлаубек.
Томға әңгіме түпнұсқа (ӘӨИ, Қ.914) негізінде дайындалды.
67. Балуан Шолақ туралы есте қалғандар
Әңгімені ел ішінен жазып алып, қорға тапсырған—Кашенов
Шұғай. Мәтіннің түпнұсқасы ӘӨИ-дің Сирек қорында (Қ.541,
5-дәп.) сақтаулы.
Томға енген мәтін сол қолжазба бойынша дайындалды.
68. Балуан Шолақ туралы екі әңгіме
Әңгімені қорға 1955 жылы тапсырған—Рахманов Кәрім. Ай
тушысы белгісіз. Түпнұсқада әңгіменің басы былайша өрбиді:
«Балуан Шолақтың өмірбаянын зерттегендей болсақ, бұл кісі
дін бұйрықтарына табына қоятын емес екендігін сезуге болады,
ал «жын», «пері», «сайтан» деген сөздерді тіпті елең қылмайды
екен. Бұл туралы батырдың басынан өткен бір-екі уақиғасы де
рек болғандай. Ол уақиғасының бірі былай».
Мәтін томға қолжазба (ӘӨИ, Қ.123. 7-дәп.) бойынша дайын
далды.
69-73. Аңыз адаммен дойбы ойнадым.
Төре ауылының тұрғыны.
Жілікті қақ бөлген қай жігіт.
Әкесіне тартқан Әзия. Ғабдолла мен Халиолла
Мәтіндер «Астана ақшамы» (10 қаңтар, 2013 жыл) газетінде
жарияланған. Әңгімелеуші—Қалиакпар Әміржанов.
Томға мәтіндер аталған басылым бойынша ұсынылды.
74. Шәкір Жылқыайдаровтың есте қалғандары
Мәтін ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорында (Қ.950, 3-дәп.)
сақтаулы. «Қажымұқанның өмірін жасауға Ә.Қоңыратбаевтың
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
пайдаланған материалдары» атты қолжазба жинаққа енген.
Әңгімені айтушы—Жылқыайдаров Шәкір.
Әңгіме томға 1946 жылы араб әрпімен жазылған қолжазба
негізінде дайындалды.
75-86. [Қажымұқанның Шарлақтан Омбыға баруы жайлы].
[Жуанаяқ балуан].
[Мұңайтпастың шешесі Айсары туралы]...
Мәтіндер ОҒК-нің Сирек қолжазбалар қорында (Қ.950,
2-дәп.) сақтаулы. Ел арасынан жинап, қорға тапсырған—Әуел
бек Қоңыратбаев. Әңгімелер 1946 жылы Қажымұқан Мұңайт
пасовтың айтуынан араб әрпімен хатқа түскен (151-160-бб.).
Әңгімелер томға осы қолжазба жинақтың негізінде дайын
далды.
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ
ЕСІМДЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Айса (Иса, Ғайса)—еврей қауымына келген ақырғы пай
ғамбар. Ол қасиетті Құранда аты аталған жиырма бес пайғам
бардың бірі, әрі «Улул азм» деп аталатын бес ұлық пайғамбар
дың төртіншісі.
Арғынұлы Сыбанқұл—1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-азат
тық көтеріліс басшыларының бірі. 1869 жылы туған. Құрман
болысынан. Би болып ел билеген.
Әділбекұлы Құрман—1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-азат
тық көтеріліс басшыларының бірі. 1879 жылы туған. Айт бо
лысынан шыққан би.
Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділет
ті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере іні
сі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсыл
ман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып күш иесі.
Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болып
ты-мыс. Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам,
самсам деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі
көптеген шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастан
дарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың
басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы,
мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Байжанұлы Мырзабек, Қызыл жырау (1870-1945)—қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген
ақын, жырау. Ташкент, Шымкент, Бұхара, Ақтөбе, Қызылорда
қалаларында болып, Мәделі, Молда Мұса, Майлықожа, Нұралы,
Нартай т.б. ақын, жыраулармен кездескен, біразымен өнер жа
рысына түскен. Шығыстың аңыз-хикаяларын жатқа білген.
Ауылдағы бай-манаптардың әділетсіздігін бетіне басып, уытты
жырымен әжуалаған («Батан байға», «Әкімгереймен айтыс»
т.б.). Қызыл жыраудың «Насихат жыр», «Әмзе қисса», «Ау
дан басшыларына хат», «Құмырсқа мен шегіртке», «Ешкі сау
да» т.б. шығармалары ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы
мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
қолжазба қорында сақтаулы.
Байсүгірұлы Абдіхалық—1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-
азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1864 жыл туған. Ұлы
жүз албан тайпасының алжан руының аламан атасынан. Кеген
болысында ел билеген кісі.
Бектенұлы Жәйшібек—1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-
азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1862 жылы туған. Ұлы
жүз албан тайпасының алжан, оның ішінде аламан руынан.
Естібайұлы Нөке—1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-азаттық
көтеріліс басшыларының бірі. 1852 жылы туған, Алжан болы
сынан. Би болып ел билеген.
Жансеркеұлы Тұрлықожа—1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-
азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1863 жылы туған. Кеген
болысынан. Ірі бай болған адам.
Жәметұлы Жәмеңке—1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-азат
тық көтеріліс басшыларының бірі. Ибанов болысынан, албан
ның төбе биі болған. 1830 жылы туылған. Жиырма жеті жыл
болыс болған.
Зохақ (Захақ)—Захақ Мардас ұлы (Шахнамадағы аты).
Әкесін өлтіріп таққа отырады. Ыбылыс оның екі иығын сүй
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
гендіктен, оның иығынан екі жылан өсіп шығады. Күн сайын
екі жастың миын жесе ғана жыландар тыныштанатын көрінеді.
Каве деген ирандық батыр Феридун патшамен бірігіп, Захақ
ты тұтқындайды. Шахнамада Захақтың Мардас деген әкесі өте
жақсы және діндар адам болған. Бірақ Ахриман Захақты алдап,
әкесін өлтіруге кіріседі. Захақ Феридун қолынан қаза таппай
ды. Феридун оны жер жарығына лақтырып, оны таспен бекітіп
тастайды.
Иманов Аманкелді Үдербайұлы (1873-1919)—қазақ хал
қының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық
көтерілістің басшысы. Торғай уезі, Қайдауыл болысының 3-ау
ылында кедей шаруа отбасында туған. Аманкелдінің есімі қазақ
халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең—1916 жылғы
ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм
қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы
болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына
қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. 1918 жылы
қарашада Аманкелді және Ә.Жангелдин басқарған отряд ақ
гвардияшылардан Торғай қаласын азат етті. Шығыс майданда
Колчак армиясының шабуылға шығуына байланысты алашор
дашылар 1919 жылы 20 сәуірде да төңкеріс жасап, Аманкелдіні
қолға түсірді. Қызыл партизандар қалаға кіруге бірнеше сағат
қалғанда алашордашылардың қолынан қаза табады.
Колчак Александр Васильевич (1874-1920)—Ресей әскери
қолбасшысы, поляр зерттеушісі, гидролог, Азамат соғысы
кезіндегі ақтар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, ад
мирал. 1918 ж. 18 қарашада Сібір үкіметінде төңкеріс жасап,
Колчак өзін Ресей мемлекетінің жоғарғы билеушісі болды.
Қанайұлы Серікбай —1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-азат
тық көтеріліс басшыларының бірі. 1872 жылы туған, Шелек
болысынан. Жастайынан болыс болған атасы Ерсәрі даңқы
ұлы жүзге жайылған 100 жылқыға бір шекпен сатып алған
бай. Бәйбішесі Қаныкей ардақты ана болған. Ел ішінде «Сырт
ты Серікбай билейді, ішті Қаныкей билейді» деген нақыл сөз
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
тараған. Ағанас жазығына ертеде егін егіп, елді отырақтан
дырған ел азаматы.
Қаңтарұлы Кәрібоз—1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-азат
тық көтеріліс басшыларының бірі. 1860 жылы туған. Құрман
болысынан.
Қашақұлы Досжан халфе, Досжан ишан—діни қайраткер,
«хазірет» діни лауазымына ие болған. Өмір сүрген жылдары
бойынша екі түрлі мәлімет кездеседі. Бір деректер 1812 жы
лы дүниеге келіп, 1896 жылы 84 жасында қайтыс болған десе,
зерттеуші С.Салқынов 1815-1890 жылдары өмір сүрген,—
дейді. Ел арасында тараған дерек бойынша, 1874 жылы Абай
дың әкесі Құнанбай бастаған бір топ қазақтармен бірге Мек
кеге қажылық сапарға барып қайтқан. Меккеден оралғаннан
соң, Доңызтаудағы Қайнар деген жерде, кейін Ойыл өзені
нің жоғарғы ағысы тұсындағы Шилісу деген жерде екі үлкен
мешіт салдыртқан. Шилісудағы мешіт ел арасында «Ишан
ата» мешіті атанып, кейін Ишан ата қорымына айналған.
Досжан ишанның денесі сол Ишан ата кешенінде жерленген.
Досжан Хазірет Меккеге барған сапарында қажылыққа барған
қазақтар тоқтайтын тәкие салдыртқан қажылардың бірі.
Қобыланды батыр—Қарақыпшақ Қобыланды (шамамен
XV ғасыр) батыр. Тарихи қайраткер. Көшпелі өзбек елінің ха
ны Әбілхайырдың бас батыры болған.
Құдайбергенұлы Жаңабай (1865-1916)—1916 жылғы Қар
қара көтерілісі басшыларының бірі, би, шешен. Анасы Бал
дай ел арасында белгілі шипагер болған. Жаңабай Жаркент
медресесін бітірген. Уәлибай саудагердің қолында қызмет
ете жүріп, онымен бірге көп жерлерді аралаған. Араб, орыс,
қытай, моңғол тілдерін меңгерген. Жаркент мешітін салуға
үлес қосқан. 1893 жылы Тоғызбұлақта (қазіргі Райымбек ау
данында) қазақ-орыс мектебін ашқан. Жамбыл, Тоқтоғұлмен
етене араласып, Тұтқа, Көгілдір, Шынар, Жәмиқа ақындармен
сөз жарыстырып, шешендігімен көзге түскен. 1913 жылы Ро
манов әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толуына арналған
25-0190
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Санкт-Петербургтегі салтанатқа Жетісу өкілдерімен бірге ба
рып, Николай ІІ-нің қабылдауында болған. 1916 жылғы Же
тісу өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысып, өз
руы қоңырбөріктерді қаруландырып, Қарқара көтерілісшіле
рі қатарына қосқан. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін,
Жаңабай Қарақол (Қырғызстан) абақтысына қамалып, сонда
серіктерімен бірге атылған. Алматы облысы, Ұйғыр ауданының
орталығы —Шонжыдағы қазақ орта мектебіне, орталық көше
ге Жаңабай есімі беріліп, ескерткіш орнатылған.
Құнанбайұлы Абай (Ибраһим) (1845-1904)—қазіргі Шы
ғыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауын
да дүниеге келген. Ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің,
қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, компози
тор, аудармашы, саяси қайраткер, реформатор.
Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеу
меттік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен, Шығыс
пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар
әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Фи
лософиялық трактаттар стилінде жазылған «Қарасөздері»—та
қырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, сая
си-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Лермонтов Михаил Юрьевич (1814-1841)—орыс ақыны.
Орыс әдебиетінде Пушкиннің ізбасары ретінде танылды.
Лермонтовтың поэзиясы мен повестері, очерктері орыс әдебие
тінің озық үлгілері болып саналады. Лермонтов өз шығармала
рында XІX ғасырдағы орыс өмірін, қала мен дала адамдарын,
әскерлер, зиялылар, шаруалар өмірін, өзге халықтар тағдырын
көрсетті. Орыс, кавказ, түркі халықтары тарихы мен фольк
лорының сюжеттерін шығармаларында ұтымды пайдаланды.
Мәмбетұлы Жәмеңке (1838-1916)—Жетісудағы 1916 жыл
ғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Жастайынан
өткірлігімен, шешендігімен көзге түсіп, 18 жасынан билікке
араласып, әділдігімен елге танылған. Жәмеңкенің ұйымдасты
рушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында
айқын байқалды. Патша үкіметінің 1916 жылы 25 маусымдағы
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-
Шарын өңіріндегі албан тайпасының 16 болысының өкілдері
Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жи
налып мәжіліс өткізеді. Осы мәжілістен кейін халық бұқарасы
патша үкіметінің билік орындарына бағынудан бас тартты.
Патша жендеттері 9 тамыз күні Жәмеңкенің тамағына у қосып
береді де, 10 тамыз күні қайтыс болады
Мекалай, Никалай, Николай ІІ (Николай Александрович
Романов) (1868-1918) — Ресейдің соңғы императоры. Алек
сандр ІІІ-нің үлкен ұлы.
Мұңайтпасұлы Қажымұқан (1871-1948)—қазақтың әлем
ге әйгілі балуаны, классикалық күрестің асқан шебері. Қажы
мұқанның балуандық жолы Омбы қаласында өткен балуандар
чемпионатында орыстың атағы жер жарған тәжірибелі балуа
ны Иван Злобинмен кездесуінен басталады. Бұдан кейін ол
Петербургтегі бүкіл Ресейге «Ваня ағай» деген атпен танылған
Иван Лебедевтің балуандар мектебінде тәрбиеленеді. Осында
цирк ойындарын көрсетуге машықтанады. 1908 жылы күрестен
әлем чемпионы Георг Лурихтің ұйымдастыруымен Ресейдің ірі
қалаларында өткен чемпионаттарға қатысып, «Ямогата Му
ханура» деген атпен аренаға шығады. Бұдан кейін де ол бірне
ше қалаларда болып, бірнеше рет жеңіс тұғырына көтеріледі.
Оңтүстік Американың қалаларын аралайды, Варшавада өткен
дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын медальмен марапатта
лады. Чемпион ретінде әлемнің бірталай ірі қалаларында болып
өнер көрсетеді. Түрік еліне барған сапарында түрік жұрты бел
дескен балуандардың бәрін жыққан қайратына риза болып, оған
«Қажы» деген атақ береді. Бұрын оның азан шақырып қойған
аты Мұқан болса, енді ол Қажы Мұқан аталады. Балуанның
осы аты бүкіл өміріне қалады. 1913 жылы Троицк қаласында
халықаралық ең ірі чемпионат өтеді. Қажымұқан осы чем
пионатта он сегіз балуанмен күресіп, соның бәрін де жығады.
Отыншыұлы Жанпейіс — 1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-
азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1860 жылы туған.
Әділбек (таңатар) болысынан.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Өскенбайұлы Құнанбай (1804-1886)—бұрынғы Семей облы
сы, Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауында туылған, би, аға сұлтан.
Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан па
луан, найзагер болды. Қатал да әділдігімен ерекшеленіп, әкесі
Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. Кей деректерде
Құнанбай қажыға 1874 жылы барды делінеді. Меккеде екі жыл
дан астам уақыт тұрып, Құдайға құлшылық етушілерге арнап
тәкие (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады.
Поддубный Иван Максимович (1871-1949)—атақты Ресей
балуаны. Қажымұқанның досы, әрі ұстазы болған адам.
Пушкин Александр Сергеевич (1799-1837) —орыстың ұлы
ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы. Оның
өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеяла
ры үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат
тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол
табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға
бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік
берді. Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді.
Разақұлы Біләл — 1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-азаттық
көтеріліс басшыларының бірі. 1864 жылы туған, Алжан болы
сынан.
Рүстем—Иран, Тұран елдеріне ортақ жартылай мифтік әрі
фольклорлық кейіпкер. Оның есімі Орта ғасырдан бергі дәуір
дегі мұсылмандық шығыс әдебиетінде тұрақты орын алған, бы
лайша айтқанда ертегі, аңыз, хикая-дастандарда ол—батырлық
пен ерліктің ғажайып үлгісі. Рүстем деген сөз қаһармандық пен
орасан зор күштіліктің мәніндегі эпитетке айналған.
Сабанұлы Бегеш (1834-1911)—Абайдың досы, шешен, ке
рей руының азаматы. Ақын да досқа адал, жүйрік, әділ Бегешті
құрмет тұтқан. Сондықтан да Абайдың: «Керей маған Бегешін
берсе, мен Тобықтының игі жақсыларының бәрін берер едім»
деген сөзі ел арасына тарап кеткен.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Cаурықұлы Ұзақ (1855—1916)—батыр, 1916 жылғы Жеті
судағы Қарқара көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Әке
сі Саурық Жетісу жерін жоңғар-қалмақтардан азат етуге бел
сене қатысқан. Ұзақ ел билігіне жас кезінен араласты. Түпкі
мақсаты—қарулы күрес жүргізу мұратынан айнымаған Ұзақ
1916 жылы шілденің бас кезінде майданның қара жұмысына
кісі алу жөніндегі патша үкіметінің жарлығына қарсы үгіт
жұмыстарын жүргізді. Толқудың қарулы көтеріліске ұласып
кетуінен сескенген патша үкіметінің жергілікті органдары
1916 жылы 22 шілдеде Ұзақты бірнеше серіктерімен тұтқын
ға алды. Көп кешікпей ол Қарақол түрмесіне айдалған. 12 та
мыздың түнінде тұтқындарға қарулы күзетшілер кенеттен оқ
жаудырған сәттегі аласапыранды пайдаланып, серіктерінің
көмегімен түрмеден қашып шыққан Ұзақ батыр қапыда қаза
тапқан.
Сұлтанқұлұлы Бекайдар — 1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-
азаттық көтеріліс басшыларының бірі. Айт болысынан.
Сүйіндікұлы Айдабол—би, шешен. Тәшкен қаласы маңында
туып-өскен. Оның ғибратқа толы сөздері ел аузында нақыл бо
лып қалған. Әділдігі сондай—бір дауда «Төрелігім дұрыс бол
маса, ұлым Тайкелтірді ат құйрығына салып өлтіремін» деп
ант ішкені туралы аңыз сақталған. Арғын тайпасының ішіндегі
сүйіндік руының бір атасы Айдабол бидің есімімен аталады.
Көкшетау өңіріндегі Айдабол көлі, Айдабол кенті т.б. атаулар
би есімімен байланысты туған.
Чепковская Надежда Николаевна—Қажымұқанның ал
ғашқы жұбайы, поляк қызы. Оны қазақша Бәтима деп атаған.
Қажымұқанның тұңғышы Халиолланың анасы.
Шорманұлы Қазыбек (1864-1916)—Қарқара көтерілісі бас
шыларының бірі. Қазыбек еңсегей бойлы, қарулы, ел жұртқа
әділдігімен белгілі, сыйлы кісі болған. Әкесі Шорман, ата
сы Есенғұл да белгілі адамдар. 1916 жылы шілде айының бас
кезінде Қарқара, Кеген, Нарынқол өңірлерін мекендеген ел
дерді Жәмеңке Мәмбетұлы, Ұзақ Саурықұлы, Әубәкір Сұлтан
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
бекұлы сынды беделді адамдармен бірге «маусым жарлығына»
қарсы шығуға үндеді. Ол Ереуілтөбеде болған көп адам қаты
насқан мәжілісте патша жарлығын орындауға үзілді-кесілді
қарсы шықты. Осы жиыннан кейін Қарқара көтерілісі ба
сталды. Көп кешікпей патша жазалаушылары Ереуілтөбеде
болғандарды түгелімен тұтқындап, Қарақол (Пржевальск)
қаласының түрмесіне жапты. 8 тамыз күні ішінде Қазыбек бар
бір топ көтеріліс басшыларымен бірге атылды.
Шотаманұлы Құдыярбек —1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-
азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1855 жылы туған. Иба
нов болысынан. Ұлы жүз албан тайпасынан.
Абзи /татар/—аға, бауыр
Авария /о/—апат; оқыс болған оқиға
Август, ағұс /о/—тамыз айы
Ағзам /а/—ұлы мәртебелі; ең үлкен, ең маңызды; аса мәр
тебелі
Ағзу, ағузы /а/—«сыйынамын» деген мағынадағы Құран
сөзі.
Айырпылан /о/—аэроплан
Акоп /о/—окоп; жаяу әскерге арналған ор; бекініс.
Аламайлы—арық емес, қоңды деген мағынада
Албар—үйге, жабық қораға жалғаса салынатын мал қора;
аула
Алдалап /а/—Аллалап; Жаратушының есімін ауызға алу.
Американ дейтін көзел—жұмсақ былғарыдан тігілген
етіктің атауы
Апрель /о/—көктем айларының бірі, яғни жылдың төр
тінші айы; сәуір.
Арбитор /о/— төреші, төрелік айтушы
Артель /о/—еңбек бірлестігі
Аршубке /ж.с./—аңның терісінен тігілген қалың, жылы
шапан
Асату—ағаштан ойып жасалған ыдыс, тегеш
Ашагман /т/—ашымаған деген мағынада
Әдіріс (адерс) /о/—мекен жай
Әлһам, әлһамдулилаһи, әлхамдулла, әлхамдулилла /а/—
даңқтың бәрі Аллаға! Құранның бірінші «фатиха» сүресінің
бірінші аятының алғашқы екі сөзі; бұл сөз тіркесі «Аллаға
шүкір» деген мағынада да қолданылады.
СӨЗДІК
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР Әміркен тапанша /о/ —Америкада жасалған тапанша Әнтек (әттек) /п/—болар-болмас, сәл ғана, аз ғана Әсет /а/—арыстан; шілде айының арабша аты Әпелет—шен, погон деген мағынада Байтон, фағтон—күймелі арба Бақалшы /а/—ұсақ-түйек сатушы; саудагер Банка (банк) /о/—ақша айналымын басқаратын, несие бе ретін, жеке тұлғалар мен мекемелердің арасындағы ақша айна лымын жүзеге асыратын қаржы мекемесі Барақ—уақытша тұру үшін бірнеше отбасына арналып са лынған үй Баркада /о/—үсті ашық, түбі жалпақ жүк таситын кеме. Мәтін бойынша, қорған, қоршау мағынасында Барт болып—қып-қызыл болып деген мағынада Бедіре /о/—шелек Белет /о/—пойызға, автобусқа не ұшаққа отыру үшін бері летін құжат; мәтінде бұйрық қағазы деген мағынада айтылған Бентевке /о/—бесатар мылтық Бердіңке мылтық, берен мылтық—бұл жерде берік метал дан соғылған мылтық дегенді білдіріп тұр. Бесір, песір (писарь) /о/—хатшы Бонтбасы /о/—көтеріліс басшысы, ұйымдастырушы Борық /ж.с/—суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы, шырынды әрі тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі Бөдет /ж.с/—салық мағынасында Бөлке (булка) /о/—белгілі бір қалыпқа салынып пісірілген нан Булимет, пулемет /о/—пулемет Бытыра—қорғасыннан ұсақ етіп, домалақтап жасалған мылтық оғы Біртаулап—тік көтеріп деген мағынада Вагонетка /о/—шахталарда қолданылатын үсті ашық, ва гонның кішкене түрі Винтовка /о/—бесатар мылтық Гектар /о/—ауданның ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында бірліктердің халықаралық жүйесін (СИ)
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР өлшем бірліктерімен қатар қолданылатын жүйеден тыс өлшем бірлігі. Герь (гир)—таразы тасы Гладиятр /о/—көне Рим елінде арнайы үйретілген аренада өзара сайысатын иә жыртқыш аңмен басын өлімге тігіп, жекпежек алыстатын басыбайлы құл немесе соғыс тұтқыны Голәйт /о/—сауық-сайран, серуен Гөдек /п/—бала, сәби Губернатор /о/—бұрынғы патшалық Ресей, қазіргі Ре сей Федерациясында, Америка Құрама штаттары, Англия т.б. елдердегі әкімшілік-территориялық бірліктің жоғары лауа зымды басқарушы Гүл қасап—арнайы буылып жасалған гүл шоғы Ғыйнуар /о/—қаңтар айы Дажал—жалмауыз, бір нәрсенің түбіне жететін жойқын қара күш Дазания (задание) /о/—тапсырма, тапсырыс Дарбыз /ж.с/—қарбыз Дембе қағынып—намазға байланысты, су жоқ болған жағ дайда, топырақпен қағып дәрет алу Дерең /ж.с./—ыдыс Дестір, бесір, песір /о/—хатшы Десятник /о/—онбасы, он шақты адамды басқарушы Дибан /п/—отыруға және жатуға арналған арқалық сүйе ніші бар жұмсақ жиһаз Договор /о/—келісім-шарт, ымыра Документ /о/—іс қағаз, құжат Донской—дондық, Дон жерінен деген мағынада Дохтыр (доктор) /о/—дәрігер Дуан—бір уездік көлемдегі бекініс, аймақ Дурак /о/—ақымақ Дүбіліс /ж.с/—дүрбелең Дігір орнатып—билеп-төстеп, үстемдік етіп Еміс—болар-болмас, естілер-естілмес Жанарал, жандарал /о/—генерал; әскери шенді қызмет кер Жарма мылтық—мылтықтың бір түрі
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР Жасын /а/—Құранның 36-сүресі; «Ясин» сүресі Жәмшек, жәмшік (ямщик) /о/—пошта, жүк, жолаушы та ситын арба Желетке /о/—нымша; жеңсіз киім Желді-дәлу, жедді /а/—желтоқсан айының арабша аты Жеркепе—тұтас не дені жерден қазылып жасалған тұратын үй. Жұмалаған—домалаған Жық-жық—өте көп деген мағынада Закуске /о/—дәмтатым Залөк /о/—аманат, кепіл Запас /о/—басы артық нәрсе, қор Запевал /о/—өлең айту Зарар—залал, зиянды Засипчик /о/—мәтінде пеште жанып жатқан көмірдің үсті не үгітілген мыс рудасын салып тұрушы Зауал—аптапты түс мезгіл; күн батар кез Зауыт /о/—завод Зәмзәм—Меккедегі қасиетті құдық, сол құдықтың киелі, шарапатты суы. Зейлі—зейіні, ақалы Землянкі /о/—жер асты үй Зияпат, дияпат /а/—сыйлау, ішкізіп-жегізу; тамақ, ауқат; ақ көңілділік, кішіпейілділік, меймандостық Знәк /о/—белгі, нышан Зоологический сад /о/—жануарлар бағы Инспектор /о/—бақылаушы, қадағалаушы, тексеруші Июль, иүл /о/—шілде айы Июнь, иүн /о/—маусым айы Камандант /о/—коммендант Канизак /п/—хан сарайындағы тұтқын әйел, күң, күтуші Кантор /о/—кеңсе Карасын /о/—жер майы, мұнайдан алынатын жағар май; керосин Карателни /о/—жазалайтын орын Картина /о/—сурет Каталашки /о/—жазалыларды уақытша қамайтын орын Кашы /о/—каша; ботқа
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Кәміл /а/—толығу, толықтық, түгелдік, кемел
Кәрі тораңғылдай—кәрі тораңғыдай (құмдауыт жерде өсе
тін кең жапырақты ағаштың түрі)
Кежім—кестелеп, оюлап жасаған әдемі ат жабу
Кемді күн—аз уақытқа, аз күнге
Кенбай, падкомбойым (конвой) /о/—қылмысты адамды
бақылап айдап жүруші қарауыл, қарулы бақылаушы; айдауыл
Кеней—асық ойынында ұпай орнына тігілетін кішігірім
асық
Кеп, гәп, кәп /п/—сөз; ірі әңгіме; хикая; оқиға; бір нәрсенің
сыры, мәні; бір істің, нәрсенің себеп-салдары, тетігі
Керсен /ж.с./—ағаштан дөңгелектеп істелген, ішіне бір
қойдың еті тұтас сыятындай кең ыдыс
Колхоз /о/—ұжымшар
Комбинат /о/—әртүрлі жұмыс салаларын бірлестіретін
өндірістік кәсіпорын, өндірісті шоғырландырудың бір түрі
Комиссия /о/—арнаулы бір тапсырманы орындау үшін не
месе мәселені шешу үшін белгіленген адамдар тобының уақыт
ша немесе үнемі болып тұратын мәжілісі
Комната /о/—бөлме
Конпеске, конфеске /о/—тәркілеу
Коробка /о/—қорап
Костюм /о/—кәстөм, пиджак
Крестиян нашалник /о/—шаруалар басшысы
Крүзшек /о/—жүкші, жүк тиеуші
Күзем—күздігүні қой қырқатын мезгіл
Кінеге /о/—кітап
Кіре —жалдамалы күш көлігі, лау; керуен, сауда сапары
Қабағат /п/ —орасан, керемет, қатты, өте, тез
Қазал, ғазал /а/—мұсылмандық Шығыста кең тараған ма
хаббат тақырыбын, адамның өмірлік сезімдерін терең жырлай
тын поэзия жанрларының бірі.
Қазарма /о/—әскери бөлімдерді орналастыратын арнаулы
жатақ үй, ғимарат
Қазынашай /о/—қазынашы, мекеменің, ұйымның ақша
сын, иә бағалы затын сақтаушы
Қарасындарыңды—қараларыңды, түр-тұлғаларыңды
Қаспет—қасиет
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Қатта, кәтта /п/—үлкен
Қатым /ж.с/—кез, рет
Қауыс—мерген шоқжұлдызының уақыты; қарашаның
екінші жартысы мен желтоқсанның алғашқы жартысы
Қоза /ж/—әшекей, шашбау
Қоспақ—айыр түйе мен нарды будандастырудан алынған
түйе тұқымы
Құда андасы, құдандасы—құдасы, жегжаты
Құдайы—садақа
Құладын—қаршыға тұқымдасына жататын кішкене құс.
Құрам /ж.с/—секілді, сияқты, тәрізді
Құрият—құрылтай, жиналыс
Құт /а/—наурыз айының арабша атауы
Қышқыру—ақыру, айғайлау
Қышы—күйдірілген керпіш, кесек
Лавка /о/—дүкен, дүңгіршек
Лақап /а/—алып қашты сөз, өсек
Ларечек /о/—дүкенше
Лау тартты /к.с/—жолаушы тасыды
Лестігін (листок) /о/—қағаз, парақ, парақша
Лұқсат—рұқсат
Мазалы—жөнді, жөндемді, жақсы
Манапес /о/—манифест
Март /о/ —наурыз айы
Маска /о/—бет перде
Машырап (машырық) /а/—күн шығыс жақ, шығыс
Мәлескен—сырт киімдік, мақтадан жасалған қалың мата
Мелисия /о/—тәртіп сақшысы
Мәстек—бой-тұрқы тапалдау, тегі нашар, кішкене жылқы
Мәуіті—оң жағы майда түкті келген, бағалы саналатын қа
лың мата, шұға
Медециниский назрател /о/—ауруларды бақылаушы; кү
зетші, қараушы
Мешжан—қазақ жеріне көшіп келген орыс шарулары
Мизан, мизам —қыркүйек айының ескіше атауы
Мойын ағашы—әкпіш ағаш, иін ағаш
Мор—қисық немесе қатты ағашты ию, түзету үшін жаққан
ыстық қозы, қоламта
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Морда /о/—бет-әлпет, түр, бет сиқы Мұғыраж /а/—көкке көтерілу. Діни аңыздар бойынша, арабша ережеп айының жетінші кешінде Мұхаммед пайғамбар (с.ә.с.) Алланың әмірімен ғарышқа ұшқан. Мұхаммед Қағба ның жанында ұйықтап жатқанда оған пырақпен Жәбірейіл періште келеді. Мұхаммед пырақпен Меккеден Иерусалим дегі Мориа тауына жетеді. Пырақты Иерусалимде қалдырып, Мұхаммед Жәбірейілмен көкке көтеріледі. Ол Алламен жүз десіп, пайғамбарлармен кездеседі және жұмақ пен тозақты көріп, Меккеге оралады. Сол себепті күллі мұсылман қауымы бұл күнді қасиетті күн деп санайды. Мұнапас /а/—күндес, бәсекешіл Мүбәрак /а/—берекелі, қасиетті, құтты Мырамыр /о/—мәрмәр, бағалы тас Навалотбойщик /о/—кен қазушы, кен жұмысшысы Награтталды /о/—сыйланды, мадақталды Намаздыгер /п/—күн батар алдында оқылатын намаз уа қыты Нашалник /о/—бастық, басшы Нашы—реті, жөні Некен салақ—некен-саяқ Ноябрь, наябр /о/—қараша айы Обком—облыстық комитет Олимфия /грек/—ежелгі грек олимпия ойындарының үл гісімен төрт жылда бір өткізілетін халықаралық спорт ойнын дары жарысы Оптимист /о/—дүниеге сеніммен шаттана қараушы Орадник /о/—Ресей патша әскерінің ең төменгі әскери ше ні Оражай /о/—егін, астық Отряжниг /о/—отряд басшысы Очеред /о/—кезек Панамка /о/ —жазда киетін жеңіл бас киім Пашке /о/—байлам, десте Пәкет /о/—бүктетіліп оралған қағаз, конвертке салынған қағаз, қағаз қапшық Пәлте /о/—шапан Певрал /о/—февраль, ақпан айы
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Пелшыр—дәрігердің көмекшісі
Пенсионер /о/—зейнеткер, зейнет ақы алатын адам
Переводчик /о/—аудармашы
Переслен /о/—ауғын, жер ауып келген адам; келімсек;
көшіп келген кісі; қоныс аударған; қоныс аударушы
Пержевайшы /о/—ақшамен, саудамен айналысушы
Пероуод /о/—аударма, аудару, тәржіме
Перчатка /о/—биялай, қолғап
Податной /о/—беруші, тапсырушы, ұсынушы
Подписке /о/—қолхат, тілхат
Подрядщик /о/—көтеріп алушы; медігер; медігерші
Помощник /о/—жәрдемші, көмекші, қолғанат
Поп /о/—поп; христиан дінінің өкілі
Поражение /о/—жаттықтыру; жаттығу; машықтандыру;
үйрету
Порас /ж.с/—нашар
Породо /о/—жыныс; тек; тұқым
Поселке /о/—кент, қыстақ
Поштабай—хат-хабар тасушы, шабарман
Прабител /о/—әкім, әмірші, басқарушы
Предсатіл, преседатл /о/—басқарма, басқарушы, төраға
Пригуар /о/—билік, кесім, өкім
Приказшік /о/—бұйрық беруші
Приом /о/—1. қабылдау 2. әдіс-айла
Пристоп, пристав, простоп /о/—жасауыл, полиция бастығы
Прова /о/—құқық, ерік
Прокрор /о/—прокуратура уәкілі
Протокол, пұртокол /о/—хаттама
Пұрсат /а/—мүмкіндік, мұрсат
Пұт—салмақ өлшемі, 1 пұт=40 фунт=16,38 кг
Рамат /а/—салықтың бір түрі
Расход /о/—шығын
Рахман Рахим /а/—мейрімді, қайрымды; Алла Тағаланың
99 есімінің бірі
Реванш /о/—қайта күресу
Релс /о/—темір жол табаны
Репетиция /о/—дайындық, даярлық, жаттығу
Репес —жұқа мата түрі
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Райком /о/—аудандық комитет
Рюмка /о/—рөмке, арақ ішуге арналған ыдыс
Сабат—шөбі шүйгін, салқын жер, көгал
Сад /о/—бақ, бау-бақша
Саратан /а/—маусым айының арабша атауы
Саржан /к.с/—түрі циркуль тәрізді жер өлшеу құралы. Осы
құралмен өлшенетін, арасы үш кезге (2 м 13-см-ге) тең ұзындық
өлшемі
Сарт—1. саудагер, бақалшы. 2. ұйғыр, өзбек, тәжік секілді
саудамен айналысатын қала жұрты.
Себет аяқ—жас талдан, шыбықтан тоқылған ыдыс
Секратар /о/—хатшы
Село /о/—ауыл
Семинарист /о/—семинария мектебінде оқушы
Сентәбр, сентябрь /о/—қыркүйек айы
Серне /ж.с/—бірнеше үйдің адамы бірігіп, мал сойып жеу,
бас қосу салты
Скелет /о/—қаңқа, сүлде
Следоуател /о/—тергеуші
Смена /о/—ауысу, кезектесу, алмастыру
Собираешь богатства /о/—байлық жинайсың
Совет /о/—кеңес
Сорксыз /о/—мезгілсіз, пұрсатсыз
Сөдектеу, сөдегей —тұрпайы, өрескел
Сөлкебай—Қазан төңкерісіне дейін болған 50 тиындық кү
міс ақша. Орысша полтина делінген. Қазақтар бір сөлкебай, екі
сөлкебай, болмаса, сөлкі деп атаған.
Сөрік /о/—мезгіл, уақыт
Сөтке /о/—тәулік
Спесік, спеске /о/—тізім, тізімдік
Спецодежда /о/—арнаулы жұмыс киімі
Сразу /о/—бірден, лезде, шапшаң
Стақан /о/—стакан
Стан /о/—қос
Старшын /о/—әскери атақ
Стахановшы /о/—Кеңес дәуіріндегі жұмыс жоспарын асы
ра орындайтын, маңдайалды жұмыскер
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Ствол /о/—шахтаның түбіне дейінгі жері
Сүлеті /ж.с/—жиналысы, бәйгесі, айтысы сияқты мағына
береді
Сүмбіле—ескіше ай атауы; қазіргі тамыз айы
Сход /о/—жиналыс, жиылыс, жиын
Сьез, сиез /о/—құрылтай; съезд
Табыншы—сиыршы
Талон /о/—квитанцияның түбіршігі немесе бір зат алу үшін
берілген бақылау қағаз
Талыс—жылқының бас терісінен жасалған, оны-мұны са
лып қоятын ыдыс
Тараншы—ұйғыр халқының егіншілікпен айналысатын бір
бөлегі
Тасқа басқан—анық, айқын деген мағынада
Тауаны қайту—тауы шағылды, көңілі қалды, сағы сынды
Таушыншық күн /ж.с/—бақытты, берекелі, бейбіт күн де
ген мағынада
Тәжүйт /а/—Құран сүрелерін оқып, үйрену
Тәржіме /а/—аударма
Тәшке /о/—тұтқасын қолмен ұстап, ілгері итеріп, жүк таси
тын жалғыз доңғалақты қоларба.
Тәшкеші—тәшкемен жұмыс істеуші, тәшке айдаушы
Тегермек қып /ж.с/—дөңгелек қып, шеңбер жасау
Тегене—ағаштан оймышталып, әшекейленіп, күмістен жа
салып, қымыз құюға арналған тұтқалы, үлкен шұңғыл ыдыс,
үлкен шара
Тема /о/—тақырып
Тиыштық—тыныштық
Толко /о/—тек, тек қана
Тулақ шашу—күзем алғанда шашылатын шашу; тулаққа
жүн сабап алған соң, тулақ үстіне құрт шашатын рәсім
Тумыш /ж.с/—туған-туысқандардың жиналуы, бірігуі
Уағаз /а/—үгіт, насихат
Уә /а/—және
Уез /о/—патшалық Ресейде және аудандастырылмаған
әкімшілік бөлім
Уезнай, уезный началник /о/—уезд бастығы
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Указной (указный) /о/—жарлық
Управител /о/—мекеме бастығы, меңгеруші
Учаскебай судия /о/—жергілікті қазы, төреші
Участок /о/—аумақ, жер, телім
Ушетіл, ушител /о/—мұғалім, ұстаз
Ұранқай—уық сияқты сидам ағаштардан басын түйістіріп
тігілетін, негізінен киіз үйдің бірқатар бөліктерінен ғана құ
ралатын баспана.
Үйгіп—түлкілердің шағылысуы
Үлек /қ/—нар түйенің таза тұқымды бурасы
Үстел /о/—стол
Үшақамен—ағаштың ұшымен деген мағынада
Үшкол /о/—мектеп
Фонар /о/—шам
Черезвешайный /о/—өте-мөте, төтенше, аса
Шанаш—мес, сүйретпе
Шашка /о/—тостаған, шынаяқ
Шәйіт, шейіт /а/—ислам діні жолында қасиетті соғыстар
да қаза болған адамдарды шаһид, яғни шейіт деп атайды
Шенел —арнайы әскери адамдар киетін киім
Шеріс /о/—жүн; жүннен тоқылған мата
Шлаг /о/—қоқыс, боқат, кеннен металл қорытқаннан кейін,
немесе тас көмір сияқты отынды жаққаннан кейін қалатын
қалдық
Шлапі /о/—қалпақ
Шолақбайлық—жалған белсенділік
Шот емес—есеп емес, түк емес
Штраф /о/—айыппұл, айыпақы
Штрик /о/—уақ жіңішке сызықтар
Шурф /о/—кенді іздеу мақсатымен тіке қазып түскен жер
Шүре —жіңішке, арық
Шүрегей—жабайы үйректің тұрқы 35 см-дей, салмағы 200-
400 г-дай ең кішкене түрі
Ызнак /о/—таңба, белгі
Ыштан /о/—дамбал, шалбар
Яшейка /о/—қоғамдық бастаушы ұйым
26-0190
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Ақмешіт—қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған
көне бекініс орны. Ол 1817 жылы салынған. А.И.Добросмыс
ловтың дәлелдеуі бойынша бекіністі Қоқан ханы Омархан
салдырған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған елуге жуық
үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.
Бекініс орыс әскерлері келген кезден «Перовск форты» болып
аталған. Қазан төңкерісінен кейін Ақмешіт аты қайта беріл
ді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін
Қазақстанның астанасы болып тұрды.
Ақмола—Есіл өзенінің бойында ескі керуен жолы өтетін
Қараөткелде орналасқан, аққайрақ тастан әдемілеп жасалған
ескерткіш белгілері; Қазақстанның бас қаласы Астананың
ежелгі атауы.
Ақсу (Шонжы)—Алматы облысы, Ұйғыр ауданының оң
түстік жағында, тау етегінде орналасқан ауыл.
Алакөл—Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының
аумағында орналасқан тұйық көл. Ол Орта ғасырларда Гурге—
нор (монғ. Көпір—көл), кейін Алактагал, Алатеңіз, Алакта деп
те аталған. Батыстан шығысқа қарай созылып жатыр Алакөлге
15-тен астам үлкенді-кішілі өзендер құяды.
Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл
Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақтанды
білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарих
шы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи» атты
еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен ше
жіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді бір
топонимдік атау ретінде пайдаланған.
Арыс ауданы—Оңтүстік Қазақстан Облысының орталық
бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Арыс ауданы 30 елді
мекен, 1 қалалық, 6 ауылдық округке біріктірілген. Аудан
орталығы—Арыс қаласы, Сырдария өзенінің батыс жағалауын
Шардара даласы, Қарақтау тауы, Қызылқұм құмды шөлі алып
жатыр. Қызылқұм өңірінде малға жайлы көптеген қыстаулар
(Жиделі, Жосалы т.б.), суы тұщы құдықтар (Талды, Ошақбай,
Есенгелді, Кепелі т.б.), Сырдария жайылмасында шағын көлдер
(Көккөл, Ащыкөл, Жыңғылшығанақ, Байырқұм т.б.) көптеп
кездеседі. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты—ет
өндіру, сүт өндіру, мақта, көкөніс, бақша дақылдары. Аудан
жері арқылы Орынбор—Ташкент, Арыс—Шымкент—Алматы
темір жолы, Арыс—Шардара автомобиль жолдары өтеді.
Асы—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының ауқы
мындағы ауылдық әкімшілік округ орталығы, өзен атауы және
Іле Алатауының шығыс сілеміндегі жайлау.
Атамерке—Оңтүстік Қазақстанның Арыс ауданына қарас
ты ауыл, қыстақ.
Атбасар—іргетасы 1846-жылы қаланған. Астана қаласы
нан солт.-батысқа қарай 232 шм. Жерде, Жабай өзенінің (Есіл
өзенінің бір саласы) оң жағалауына орналасқан.
Бақанас—Алматы облысы, Балқаш ауданының орталығы.
Балқаш көлі—Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық
көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңізінен кейінгі 3-орын
да. Ұзындығы—605 км. Балқаштың батыс бөлігіне Іле, шығыс
бөлігіне Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз өзендері құяды.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Бұқар—Орталық Азиядағы бұрынғы елдің, қазіргі Өзбек
стан мемлекетіндегі облыстың атауы. Орталығы—Бұқара қа
ласы. Бұқара әсіресе XVІІІ—XІX ғасырларда күшті өркендеп,
исламның ықпалды тірегіне әрі діни-ғылыми орталықтарының
біріне айнала бастады. Бірқатар мұсылман халықтары, оның
ішінде қазақтар да оны «Бұқара Шәриф», яғни қасиетті қала
деп санайды.
Жаркент—қала, Алматы облысы, Панфилов ауданының
орталығы (1928 жылдан). Облыс орталығы—Талдықорған қа
ласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км, Алматы қаласынан
солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде, Іле өзені аңғарын
да, Жетісу (Жоңғар) Алатауынан бастау алатын Үсек (Өсек)
өзенінің сол жағалауындағы орналасқан. Қала 1942-1992 жы
лы аралығында Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың
есімімен аталды. Жаркент арқылы Алматы—Қорғас—Үрімші
автомагистралі өтеді.
Жетісу—еліміздегі ең ірі өлкелердің бірі. Кей деректерде
Жетісу құрамына Іле, Қаратал, Ақсу, Бүйен, Лепсі, Басқан,
Сарқант өзендері жатқызылса, танымал зерттеуші Ә. Тұрлы
баев Бүйен, Басқан, Сарқант өзендерінің орнына Аякөзді, Та
лас пен Шуды кіргізеді. Жетісудың аумағында 1867 жылы Се
миреченская облысы құрылып, ол 1922 жылы Жетісу облысы,
1924 жылы Жетісу губерниясы болып аталып, 1932 Алматы
облысы бөлініп шықты.
Жыланды—Ақмола облысы, Жақсы ауданының оңтүстік
батысындағы тау. Тау Есіл өзенің оң аңғарынан 8 км жерде ор
наласқан.
Кереку—Павлодар қаласының бұрынғы аты.
Көкшетау—Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыра
тының солтүстік-шығыс бөлігінде, Шортанды ауданында оқ
шау орналасқан жақпартасты, орманды-көлді таулар жүйесі.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Көмірші—Алматы облысы, Райымбек ауданындағы ауыл
атауы.
Қазан—Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан авто
номиясының орталығы, Еділдің сол жағасында орналасқан
қала.
Қарағанды облысы—Қазақстан Республикасының орталы
ғында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Солтүстігінде
Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігін
де Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақ
төбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық,
2 қалалық әкімшілік аудандарға бөлінеді. 11 қала, 39 кент,
168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталық—
Қарағанды қаласы. Қарағанды облысының тарихы 1932 жыл
дан бастау алады.
Қаратау—Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы биік
тігі орташа және аласа тау жоталары. Қаратауда жаз айларын
да қар жамылғысы болмағандықтан осылай аталады. Қаратау
атауы Орталық Азияда, Оңтүстік Оралда т.б. түркі тілдес ел
дер аумағында (Түркия, Иран, Кавказ, Қырым т.б.) жиі кезде
седі. Қазақстанда Қаратау жотасы (Оңтүстік Қазақстан, Жам
был және Қызылорда облыстары аумағында), Қаратау таулары
(Маңғыстауда), Кетпен (Ұзынқора) жотасында бар.
Қарқара—Алматы облысы, Райымбек ауданындағы өзен,
тау, жайлау, ауыл атауы. Биік тау етегінен Шырғанақты өзе
ніне дейін созылып жатқан кең алқапты және сол өзен жаға
сындағы ауыл атын жергілікті халық Қарқара атайды. Осы жер
1916 жылы Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс ошағының бірі
болғаны тарихтан белгілі.
Қостанай облысы—Солтүстік Қазақстанда орналасқан,
1936 жылы құрылған.
Қоянды жәрмеңкесі (1848-1930)—кезінде Орталық Қазақ
станда өткізіліп отырған ең ірі маусымдық сауда орны болған.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
1848 жылы Қарақаралы 52 шақырым станциясынан Қоянды
деген жерде айырбас сауда орталығы ашылды. Алғашында
оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана еді. Кейіннен осындағы
Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып
кетті. Жәрмеңкенің алғашқы саудасы қазақи киіз үйлерде
жасалса, 1871 жылдан бастап арнайы сауда балағандары са
лына бастайды. Жәрмеңкедегі негізгі сауда—төрт түлік мал,
оның ішінде қой саудасы негізгі роль атқарған. Сонымен қатар
жергілікті мал және мал өнімдеріне батыс Қытай, Моңғолия,
Үндістан, Батыс Сібір, орталық Ресей саудагерлері өз жерінен
қолданыстағы сауда бұйымдарын айырбасқа салған.
Құлжа—Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шың
жаң Ұйғыр автономиялы ауданындағы қала. Іле Қазақ автоно
миялы облысының орталығы.
Қызылжар—Қазіргі Петропавл қаласының көне атауы.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Есіл өзенінің оң
жағасында орналасқан.
Қырғызсай—Алматы облысы, Ұйғыр ауданының оңтүсті
гінде, тау етегінде орналасқан ауыл.
Омбы (Омск)—Орталық Сібір өлкесіндегі Обь өзенінің
Ертіске құйылатын тұсында орналасқан Ресейдің Омбы облы
сының орталығы. Омбы облысы Қазақстан солтүстігінің көп
жерімен шектеседі.
Өскемен—Шығыс Қазақстан облысының орталығы, қала.
Өспен—Қарағанды облысындағы елді мекен. Іргесі орыс
көпесі Н.Ушаков ашқан мыс кен орнының негізінде 1847 жы
лы қаланған. XІX ғасырда Нілді болысының, кейіннен Нілді
және басқа болыстар біріктіріліп, Асан Қайғы болысы ұйым
дастырылған кезеңде осы болыстың Орталығы болды. Асан
Қайғы болысының негізінде 1928 жылы Асан Қайғы ауданы
құрылып, 1929 жылы С.Сейфуллиннің ұсынысымен Жаңаарқа
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
аудандық болып қайта құрылғанда Успен руднигі деген атау
мен осы ауданның құрамына кірді.
Париж—Франция елінің астанасы, армандар мен пәк сезім
дер мекені. Осында әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы 1889 жылы
Революция күніне орай тұрғызылған. Әйгілі мұнара Париждың
ғана емес, күллі Франция елінің төлқұжатына айналған.
Петрбор, Санкт-Петербор, Ленинград (қаз. Қасиетті Пе
тербор, орыс. Санкт-Петербург, Питер)—Ресейдегі қала. Ле
нинград облысының орталығы. Федералды субъект мәртебесіне
ие. Ленинград облысындағы Нева өзенінің Фин бұғазына құяр
сағасында орналасқан. Санкт-Петербор аумағынан 45-тен астам
өзен, 40-қа жуық канал өтеді. Портты қала, әуе, автомобиль
жолдарының және темір жолдың ірі торабы. Ресей ҒА-ның
ғылыми орталығы, 43 жоғары оқу орны, 120 музей, 18 театр,
Салтыков-Щедрин атындағы Ресей ұлттық кітапханасы, маши
на, станок, прибор, кеме жасау зауыттары, тоқыма фабрикасы,
химиялық, түсті және қара металлургия комбинаттары бар.
Рүм—шығыс халықтары орта ғасырларда Византияны осы
лай атаған. Көптеген шығыс халықтарының әдеби-фольклор
лық туындыларында Рүм өте алыс, ғажайып өлкенің бейнесін
елестеткен.
Сарыжаз—Алматы облысы, Райымбек ауданындағы ауыл
атауы.
Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Іргесі
ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы—Доржынкент.
Тарбағатай—Зайсан және Балқаш—Алакөл арасындағы
су айырық жота. Шығыс Қазақстан, Семей облыстарының же
рінде орналасқан. Жота ендік бағытта батыстан шығысқа қарай
300 км-ге, ені 30-50 км-ге созылып жатыр. Аягөз ауданында
Тарбағатай ауылы бар.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
Торғай—Қостанай облысындағы тарихи қала. ХІХ ғасыр
дың І жартысында патшалық Ресей үкіметі қазақ халқының
ХІХ ғасырдың 40-жылдары ұлт-азаттық қозғалысын басу үшін
қазақ даласының ең түкпірінен бекініс пунктін салған. Торғай
облысының құрылуына байланысты 1868 жылы Торғай қала
атанды. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде ерекше рөлі
болды.
Түркістан—қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қа
ланың көне атауы—Яссы. Яссы Ұлы Жібек жолының сауда
орталығы және округі болған. XІІ ғасырда әсіресе Қ.А.Ясауи
көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Ясауи кесенесі—
ортағасырлардың ерекше сәулеті болып табылады. Керемет
орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау.
1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын
Хазірет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Ясауидің арқасында әлем
ге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы—Яссы болатын. XІV ға
сыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет
Ясауи кесенесі салынған соң атақты болды.
Уфа—Башқұртстан Республикасының астанасы.
Харбин—ҚХР-дың Шығыс солтүстігінде орналасқан ірі қа
лаларының бірі
Шалкөде—Алматы облысы, Райымбек ауданындағы жай
лау. Шалкөде жайлауы таулы жайлауларға жатады. Жайлау
дың орта тұсынан Шалкөде өзені ағып өтеді.
Шарлақ, (Черлак)—Башқұртстанның Дюртюлин ауданын
дағы ауыл, Черлак ауылдық кеңесіне жатады. Шаян—Оңтүс
тік Қазақстан облысына қарасты аудан орталығы.
Шәуілдір—Отырар ауданының (1934 жылдан) ауылдық
округ орталығы. Облыс орталығы Шымкент қаласынан
солтүстік-батысқа қарай 142 км жерде, Арыс өзені мен
Д.Алтынбеков атындағы канал бойында орналасқан.
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Шиелі ауданы—Қызылорда облысының оңтүстік-шығы
сындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 жылы құрылған.
Аудандағы 40 елді мекен 1 кенттік және 15 ауылдық округке
біріктірілген. Орталығы—Шиелі кенті. Шиелі ауданы—ежелгі
Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен.
Шу—Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау ала
тын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен
бастап Шу аталады. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері: (Қазақ
станда): Қорағаты, Мерке, Қарабалта, Ақсу т.б. Теріскей Ала
тау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғарғы Ортото
қой және Төменгі Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған.
Соңғысының тұсына Ортотоқой бөгені салынған. Төменде Шу
Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады.
Шымкент—ежелгі қала, Оңтүстік Қазақстан облысының
орталығы.
РУ АТАУЛАРЫ
Албан—шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Албан
атауы көне жазба тарихи деректерден белгілі. V-VІ ғасырларда
Албандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында
чубань тайпасы аталып, Дулу одағында болған. Қазақ шежі
ресі бойынша, Бәйдібектің Домалақ ана (Нұрила) есімді кіші
әйелінен туған Жарықшақтың тұңғыш ұлынан тараған тай
па. Атамекені—оңтүстік-шығыс Жетісу. Кейбір ұрпақтары
Қазығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендей
ді. Ұраны—Бақтияр, тайпалық ұраны—Райымбек, Бәйдібек,
таңбасы—дөңгелек.
Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлыдағы басты рулардың
бірі. Қыдырғожа әулетінен тарайтын Байұлыда: Есентемір,
Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше бір топ құрайды. Ел
аузында «Есентемір, Адайсың, Берішіңмен қалайсың» деген
сөз де бар. Адай руы Байұлы ішінде халқының саны жағынан да
алдыңғы орындардың бірін алады. ХІХ ғасырдың орта шенін
дегі есеп бойынша Адайлар қырық мың түтін болған. Осы Адай
лар негізінен үлкен екі атадан—Құдайке мен Келімбердіден та
райды.
Алтыбас—Орта жүздегі Қыпшақ руының бір тармағы,
Қажымұқанның арғы аталары.
Арғын—қазақ халқын құраған негізгі тайпалардың бірі.
Шежіре бойынша Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қо
нысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның
ежелден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қы
тай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерт
теушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ
шежіресінде Арғындар бәйбіше Арғын, тоқал Арғын болып
екіге бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып,
Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қақсал),
Қаракесек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті
момын» аталып Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл,
Атығай, Сарыжетім, Шақшақ болып жіктеледі. Арғын тай
пасының ұраны—Ақжол, таңбасы—көзтаңба (оо).
Дулат—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының
бірі. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат—ұлы жүз құрамына
кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов жазып алған Дихан
бай батыр шежіресі бойынша, Үйсін Бәйдібектің кіші әйелі
Домалақ енеден (Нұрила) туған Жарықшақтан Албан, Суан,
Дулат тарайды. Дулат өз ішінде Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шы
мыр болып бөлінеді.
Жетіру—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігінің
бірі. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Тарихшылар
Жетірудың арғы тегін ежелгі түркі тайпалары (Төлеу, Рама
дан, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы) бірлестігімен
байланыстырады. Қазақ руларының тарихына қатысты зерт
теулерде Жетіру Тәуке хан кезінде осы атпен топтасқан қауым
дастық деп түсіндіріледі.
Қарауыл—Арғынның Момын деген бәйбішесінен: Ақсопы,
Қарасопы, Сарысопы; Қарасопыдан: Бәсентиін, Қарауыл; Қа
рауылдан: Түнғатар, Қадды, Бошпан болып тарайды.
Қуандық—Арғын атадан: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік,
Шегендік; Бегендіктен: Қозған, Тәңірберді, Сырық деген бала
лар өрбиді.
Қыпшақ—қазақ халқының қалыптасуына ерекше үлес қос
қан, тарихи деректерде көне замандардан-ақ белгілі тайпа. Бір
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
дәуірлерде оның атақ-даңқы тек қандас түрік жұрттарының
арасында ғана аспандап қоймай, Еуропа мен араб елдеріне де
әйгілі болып, қыпшақ атауы бүкіл түрік тектес елдерді аясында
қамтитын кең мағынада да қолданылды.
Қазақ құрамына енген Қыпшақтар шежіре бойынша негізі
нен Қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасынан (Ұзын, Бұлтың, Көл
денең, Қарабалық, Торы) бөлінеді. Алайда бір шежірелерде
онымен қатар, Мүйізді-Сарыабыздан Қытайқыпшақ, Құлан
қыпшақ, Сарықыпшақ та таралады. Дегенмен олар туралы де
ректер кездеспейді.
Найман—көптеген зерттеушілердің пікірінше «найман»
атауы моңғолша «сегіз» деген сөзді білдіреді. Қазақ халқының
шежіре деректері бойынша, найман орта жүздегі аса ірі тай
палардың бірі. Найманнан Терістамғалы (Елата), Сарыжомарт
(Ергенекті Найман), Телегетай, Сүгірші сияқты үлкен рулар
тарайды. Найманның ортақ таңбасы—бақан (Ү), ұраны—
Қаптағай.
Суан—Жарықшақтың ортаншы баласынан өрбіген тайпа.
Суаннан Байтүгел, Тоқарыстан, Бағыс.
Уақ—Орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре деректе
рінде Уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше батыр мен
оның ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған. Уақтың шығу
тегі туралы пікірлер де әртүрлі. Тарихшылар Ә.Марғұлан
мен Н.Мыңжани ІХ-ХІІІ ғасырларда моңғол үстіртін мекен
деген онгуттарды Уақ деп есептеген. Ш.Құдайбердіұлы мен
А.Левшин оларды қазақ хандығына ХІV-ХVІІ ғасырларда ғана
қосылды деп санаған. Ал Ш.Уәлиханов Ер Көкше, Ер Қосай
батырлар арқылы Уақтар Алтын Орда ыдыраған кезден бастап
көріне бастады дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойын
ша, Уақ Керей тайпасымен туыстас. Уақтың алғашқы атамеке
ні Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның батысы
болса керек. Қазақ жеріне жоңғарлардың баса-көктеп еніп,
алға жылжуының салдарынан Уақтар өзінің ата-мекенінен
ығысып, солтүстікте Тобыл және Үй өзендеріне, Батыста Тор
ғай өлкесіне, ал оңтүстікте Арал теңізінің жағалаулары мен Сыр
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
бойына дейін жетті. Ұраны—Жаубасар, Бармақ, таңбасы—П <
(босаға, ашамай).
Шекті—қазақ халқының құрамындағы ірі тайпалардың
бірі. Шежіре деректері бойынша, Кіші жүз Әлімұлы бірлестігіне
кіреді. Шектінің 12 түрлі таңбасы бар. Зерттеушілердің пайым
дауынша, бұл шекті құрамына Ұлы жүз, Орта жүз руларының
кейбір аталары қосылғандығын байқатады. ХІХ ғасырдың аяғы
мен XX ғасырдың басында шектіге кіретін рулар Орал, Торғай
облыстарын, Сырдария облысының Қазалы, Перовск уездерін,
Арал теңізінің батысынан Хиуа хандығына дейінгі аралықты
мекендеп, мал және егін шаруашылығымен айналысқан.
ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДАРДЫ ЖЫРЛАУШЫ, АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР Дүйсеков Ғали—1900 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында дүниеге келген. Әншілік, домбырашылық өнер әкесі Дүйсектен дарыған. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мәдениет қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау шы. Жанатайұлы Көкбай (1861-1925)—Шығыс Қазақстан об лысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктері, Тақыр ауылында дүниеге келген. Ақын, ағартушы, Абайдың әрі шәкірті, әрі інісі. Жансүгіров Ілияс (1894-1938)—қазақ әдебиетінің кеңестік кезеңін қалаған көрнекті қазақ ақын-жазушылардың бірі. 1925-1928 ж. Москвада Коммунистік журналистика институ тында оқыған, 1932 ж. «Еңбекші қазақ» газетінің қызметкері. 1932-1934-ж. Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 1934 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакторлық қызмет атқарған. ОҒК қолжазба қорындағы 849бумада І.Жансүгіров жинаған фольклор мен ауыз әдебиетінің үлгілері топтастырылған. Көбдіков Төлеу (1874-1954)—қазіргі Шығыс Қазақстан об лысы, Шұбартау ауданында дүниге келген. Қазақстанның ха лық ақыны (1954). Жасынан Абайдан тәлім алған. Ертеректе жазған өлеңдері сақталмаған, кейін тұрмыс жағдайымен Ба тыс Сібір, Алтай жаққа қоныс аударып, ақындық өнерден қол
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
үзген. 40-жылдардың басында туған жеріне оралғаннан кейін
қайтадан өлең шығара бастайды.
Қойшыбекұлы Алдаберген—1916 жылғы Қарқарадағы
ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1866 жылы туған.
Кеген болысынан. Көтеріліс кезінде елубасы болған.
Қарпықбаев Қапан—1922 жылы Қарағанды облысы, Қар
қаралы қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының арда
гері. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Қасиманов Садық (1902-1977)—ақын, педагог, халық мұ
раларын жинаушы. Қазіргі Шығыс Қазақтан облысы, Абай
ауданында дүниеге келген. 1923-1960 жылдар аралығында
ауылдық мектептерде ұстаз қызметін атқарып, өмірінің кейінгі
кезеңінде ҚазКСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет
институтында ғылыми жұмыстармен айналысқан. Отызыншы
жылдардан бастап ел аузындағы халық туындыларын хатқа
түсіріп, институт қорына тапсырып отырған.
Қоңыратбаев Әуелбек—филология ғылымдарының док
торы, профессор. 1905 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы,
Шиелі ауданында дүниеге келген. 1922-1924 жылдар арасында
Ташкенттегі алғашқы комсомол газеті «Жай қайратты» шы
ғарысады. 1925 жылы Қызылордада «Еңбекші қазақ» газетінде
(Б. Майлин бөлімі) қызмет істейді. 1938 жылы Қазақтың Абай
атындағы мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, оның
филология факультетін аяқтайды. Қазақ ССР Ғылым Акаде
миясының аспирантурасын бітірген соң М.Әуезов пен В.Жир
мунскийдің жетекшіліктерімен «Қазақтың лиро-эпостық жыр
лары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.
Оразәлі Кемен—бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Құн
дыз советі, Жүрекадыр колхозының тұрғыны.
Саттаров Қыдырәлі (1936-2011)—фольклортанушы, зерт
теуші, халық мұраларын жинаушы ғалым. Филология ғылым
дарының докторы, профессор. Ол ХХ ғасырдың ІІ жартысын
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
да, кеңес дәуірінде Қазақстанның оңтүстік өңірінен, әсіресе
қазіргі Өзбекстан аумағында, өздерінің бұрынғы ата-бабала
рының атамекені—Сырдария, Амудария құйылыстары бойын
да өмір сүрген қазақтар арасынан халық мұраларын жинауды
ұйымдастырған, оларды жүйелеген, бастырып таратқан, ел
ішіне насихаттаған білімпаз, мұра қамқоршысы. Қ.Саттаров
Оңтүстік Қазақстанның және Өзбекстанның Ташкент өңіріне
бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйым
дастырып, оларды басқарады. Ел арасынан жиналған халық
әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Қолжазба қорына тапсырған.
Сұлтанбекұлы Әубәкір—1916 жылғы Қарқарадағы ұлт-
азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1871 жылы туған. Мер
кі болысынан. Батыл да батыр, сондай-ақ елге би болған адам.
Сыздықов Жақан (1901-1977)—ақын, халық ауыз әдебиеті
нұсқаларын жинаушы. Бұрынғы Көкшетау облысы, Чкалов ау
даны, Аймақ ауылдық кеңесінде кедей шаруа отбасында туған.
Он жасында ауыл молдасынан оқып сауатын ашқан. Петро
павл қаласында ауылдық мұғалімдер даярлайтын курста оқып
білім aлғaннaн кейін 1919 жылдан 1921 жылға дейін қазақ
мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1922-26 жылдары
Көкшетау уезінде азық-түлік комитетінде қызмет жacaғaн.
1926 жылдан бастап «Бостандық туы» газетінде жұмыс ат
қарған. Сондай-ақ Абай поэзиясына айрықша ілтипат-ықылас
білдіріп, ұстаз тұтқан.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Қ—Қазан қаласы
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб
о—орыс
п—парсы
т—түркі
27-0190
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қолжазбалар
1. ӘӨИ:Қ.432
2. ӘӨИ.Қ.141
3. ӘӨИ:Қ.1025
4. ӘӨИ:Қ.1041
5. ӘӨИ:Қ.365
6. ӘӨИ:Қ.866
7. ОҒК. Қ.599
8. ӘӨИ:Қ.1124
9. ӘӨИ:Қ.866
10. ӘӨИ:Қ.914
11. ӘӨИ:Қ.142
12. ӘӨИ:Қ.828
13. ӘӨИ:Қ.541
14. ӘӨИ:Қ.123
15. ОҒК:Қ.1022
16. ОҒК:Қ.1017
17. ӘӨИ:Қ.1094
18. ӘӨИ:Қ.1059
19. ОҒК:Қ.631
20. ОҒК:Қ.629
21. ОҒК:Қ.950
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер
1. Абай әзілдері. Құр. С. Қорабаев, А. Бисенғалиева.—Ал
маты: Ғылым, 1995. 2. Байтұрсынов А. Шығармалары. Әдебиет танытқыш.—
Алматы, 1989. 3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.—Алма
ты, 1974. 4. Әзірбаев К. Аңыздар сыры.—Алматы, 1969. 5. Әуезов М. О. Шығармалар. 11 том.—Алматы, 1969. 6. Әуесбаева П. Т. Қазақ фольклорындағы әңгіме жанры.—
Алматы, 2001. 7. Қазақ әдебиетінің тарихы.—Алматы, 1948. 8. Қазақтың би-шешендері. Құрастырғандар: Н. Төреқұлов,
М. Қазбеков.—Алматы, 1993. 9. Қарағанды жұмысшыларының әңгіме-жырлары. Құр.
Д. Шалабеков, З. Жантекеев.—Алматы, 1961. 10. Қарқара айбаты. Құжаттар мен материалдар жинағы.—
Алматы: Өлке, 1991. 11. Қасқабасов С. А. Қазақтың халық прозасы.—Алматы,
1984. 12. Қожағұлұлы Б. Өлеңдер.—Алматы, 1967. 13. Қожанасыр әңгімелері. Аударған: Т. Әбдірахманов.—Ал
маты, 1965. 14. Оразалин К. Абай аулына саяхат.—Алматы: Жалын,
1994. 15. Сейдімбек А. Күй шежіре.—Алматы, 1997. 16. Турсунов Е.Д. Легенды, предания и бытовые рассказы
о животных в системе казахского повествовательного
фольклора // Казахские сказки о животных.—Алматы,
1979.
17. Шешендік сөздер. Құр.: М. Ғабдуллин, Б. Адамбаев.—
Алматы, 1967. 18. 1916 жыл. (Қазақ халқының ұлт-азаттық көтеріліснің
80 жылдығына).—Алматы: Рауан, 1996. 19. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—
Москва, 1968.
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
20. Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 21. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 1-15 том.—Алматы, 2011. 22. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушылар:
Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
23. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 24. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған
І.К. Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 25. Персидско-русский словарь/Под ред. Ю.А. Рубинчика.
І-ІІ т.—Москва, 1970.
РЕЗЮМЕ
Институтом литературы и искусства им. М.О. Ауэзова про
должается издание научного стотомного Свода «Бабалар сөзі»,
выпускающегося в рамках Национального стратегического про
екта «Культурное наследие».
Предыдущие девяносто пять томов серии были посвящены
эпическим произведениям, народным песням, сказкам, загад
кам, пословицам и поговоркам, а также другим малым жанрам,
которые являются самыми многочисленными и высокохудо
жественными в национальном фольклоре. Если быть точнее, то
были подготовлены к изданию и выпущены тринадцать томов
«Новеллистических дастанов», семь томов «Религиозных дас
танов», одиннадцать томов «Романических дастанов», двад
цать томов «Героического эпоса», одиннадцать томов «Исто
рических поэм», пять томов «Пословиц и поговорок», два тома
«Народных песен», четыре тома «Генеалогических преданий»,
пять томов «Сказок», четыре тома «Исторических преданий»,
два тома «Обрядового фольклора», а также увидели свет одно
томники: «Загадки», «Детский фольклор», «Казахские мифы»,
«Фольклор казахов Монголии», «Топонимические предания»,
«Кюи-легенды», «Поэмы-предания», «Небылицы и басни»,
«Магический фольклор», «Сновидения и суеверные слова»,
«Агиография». В двенадцати томах этой серии были использо
ваны материалы из фольклорного наследия казахов Китая, а
в одном томе—казахов Монголии.
В предлагаемый вниманию читателей и научной обществен
ности 96 том серии «Бабалар сөзі» вошли хотя и публиковав
шиеся в некоторых сборниках, хрестоматиях, газетах и жур
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР
налах, но не систематизированные ранее и не издававшиеся в
специальном сборнике произведения одного из крупных жан
ров народной прозы—устных рассказов, точнее, исторических
устных рассказов. В последующие 97-98 тома составители пла
нируют включить новеллистические и юмористические устные
рассказы.
В устных рассказах повествуется об определенном событии
доверительным и художественным языком. И хотя они кратки
по содержанию, в них есть характерный прием повествования,
художественная система, композиционная и сюжетная линия.
Главной особенностью устного рассказа является то, что рас
крываемые в нем события не охватывают большого периода и
по сравнению с другими жанрами ограничены рамки и охват
повествования. В основном рассказчик говорит о пережитом им
самим событии или же о том, что видели или услышали другие
очевидцы. Поэтому этот жанр по сравнению с другими видами
народной прозы—мифами, сказками, преданиями и легендами
более сконцентрирован, конкретен и правдив. Конечно, народ
во все времена рождал устные рассказы из своей ежедневной
жизни и происходящих в обществе событий. Однако, по исте
чении времени, передаваемые устно друг другу, они претерпели
изменения и появились их различные варианты. Так постепен
но они превращались в сказки, легенды и другие жанры и стали
всенародным достоянием.
Надо сказать еще об одном обстоятельстве. От того, что круг
распространения этих рассказов не выходил на всенародный
уровень, а также излагался на простом устном языке, они не
подчинялись установившимся в художественных рассказах
нормам и стилистике. Поэтому в этих рассказах больше встре
чаюся характерные для определенных местностей и краев вы
ражения, а также профессиональные и диалектические слова,
пословицы и поговорки.
В первую часть тома включены рассказы о нахождении мес
торождения каменного угля на карагандинской земле—пер
вом промышленном центре Казахстана, о решении Российского
правительства продать это производство англичанам, обучение
казахов добыче угля и горному делу, формирование рабочих,
рассказы об их тяжелом труде и положении. В следующей вто
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
рой части идут рассказы активных участников национально-ос
вободительного движения 1916 года о перенесенных ими испы
таниях, и в заключительной части—об Абае и его окружении,
о жизни Акана серэ, Балуана Шолака, Кажымукана и др., рас
сказывающие об их деяниях и служении народу.
В ходе подготовки к изданию материалов этого тома исполь
зованы тексты рукописей из хранящегося в Фонде редких ру
кописей Института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова
сборника Д.Шалабекова «Рассказы и воспоминания рабочих
Караганды», а также из собрания рукописей в Редком фон
де Центральной научной библиотеки «Рассказы, связанные с
национально-освободительным движением 1916 года», в ко
торые включены рассказы сарбазов—участников восстания
А.Койшибекулы, А.Султанбекулы, С.Абдрахманова, С.Жан
досова, Ж.Сыздыкова, С.Шамулы, М.Еркесарина, А.Касым
улы, Б.Баспакова, К.Мусаева, М.Ордабаева, муллы Матая Са
дуакаса и десятков других неизвестных рассказчиков.
Наряду с этим в том включено хранящееся в названных
фондах рукописное наследие, собранное среди народа в раз
ные годы А.Бейсенгаликызы, М.Рустемовым, М.Ахметовым,
К.Кайроллаулы, А.Ыбырайулы, С.Касимовым, И.Матаковым,
Т.Кобдиковым, Д.Битимбаевым, Е.Кулпеисовым, Г.Дуйсе
ковым, Ы.Нагымановым, С.Жакыповым, Ш.Дуйсекеевым,
М.Мажикеевым, Ш.Кашеновым, К.Рахмановым, А.Конырат
баевым.
Согласно принципам издания серии, тексты снабжены на
учными приложениями и произведения соответственно про
нумерованы. Научные дополнения к тому составляют: сведе
ния о переписчиках, издателях и изданиях текстов, вошедших
в него, научные толкования текстов, вошедших в данный том,
словарь, географические, именные указатели, сведения об исто
рических личностях, встречающихся в текстах, список исполь
зованной литературы, резюме к тому на русском и английском
языках.
Общий объем тома—27,0 п.л.
SUMMARY M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art іs contіnuіng preparatіon for publіcatіon of one hundred volume of scіentіfіc edіtіon of the serіes «Wіsdom of ancestors» іn the frame of the Natіonal strategіc project «Cultural Herіtage». Prevіous nіnety one volumes of the serіes were devoted to the epіc works, folk songs, tales, rіddles, proverbs and sayіngs, as well as other smaller genres, whіch are the most numerous and hіgh ly artіstіc іn natіonal folklore. Thіrteen volumes of the «Novelіs tіc dastans», seven volumes of «Relіgіous dastans», eleven volumes of «Romantіc epіc», twenty volumes of the «Heroіc epіc», eleven volumes of «Hіstorіcal poems», fіve volumes of «Proverbs and sayіngs», two volumes of «Folk songs», four volumes of «Genealogіcal legends», fіve volumes of «Tales», four volumes of «Hіstorіcal legends», two volumes of «Rіtual folklores»,one volume of «Rіddles», «Chіldren’s Folklore», «Kazakh myths», «Folklore of Kazakhs of Mongolіa», «Toponymіc legends», «Kyu legends», «Poems-legends», «Faіry storіes and fables», «Magіc folklore», «Dreams and superstіtіous words», «Kazakh storіes» have been prepared and publіshed. Twelve volumes of the serіes іnclude the materіals on the folk herіtage of Kazakhs of Chіna and one volume—Kazakhs of Mongolіa. Volume 96 of the serіes «Babalar sozі» іs proposed for the attentіon of the readers and scіentіfіc communіty and іncludes works of one of the major genres of folk prose—oral storіes, more precіsely, hіstorіcal oral hіstorіes whіch were publіshed іn chrestomathy, newspapers and magazіnes, but not systemіzed prevіously and not publіshed іn specіal collectіon. The compіlers
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР plan to іnclude novelіstіc and humorous oral storіes to the next 9798 volumes. Oral storіes tell about a partіcular event іn a trusty and artіstіc language. Although they are brіef іn content, they have a dіstіnctіve method of narratіon, artіstіc system, composіtіon and storylіne. The maіn feature of oral story іs that the events descrіbed іn these storіes do not cover a large perіod and compared to other genres they have a lіmіted scope and coverage of the story. Basіcally, the narrator tells about the event that he has experіen ced or has heard from other wіtnesses. Therefore, thіs genre compared to other types of folk prose—myths, tales, and legends іs more concentrated, concrete and truthful. Of course, people at all tіmes created oral storіes based on theіr daіly lіfe and events takіng place іn the socіety. However, after tіme passed, they were orally transferred to each other, and changed, and there appeared varіous varіants. Gradually, they turned іnto tales, legends, and other genres and become natіonal property. We should mentіon one more cіrcumstance. As the cіrcle of dіssemіnatіon of these storіes dіd not go to the natіonal level, and they were told іn a sіmple oral language, they dіd not correspond to the establіshed norms and stylіstіcs. Therefore, іn these sto rіes there are expressіons that are specіfіc for certaіn areas and regіons, as well as professіonal and dіalectіcal words, proverbs and sayіngs. The fіrst part of the volume іncludes storіes about fіndіng deposіts of coal іn Karaganda ground—the fіrst іndustrіal center of Kazakhstan, about the decіsіon of Russіan government to sell thіs productіon to Brіtaіn, traіnіng of Kazakhs іn coal and mіnіng productіon, traіnіng of workers, storіes about theіr hard work and lіfe. The second part іncludes storіes of the actіve partіcіpants of natіonal lіberatіon movement іn 1916 about hardshіps they faced, and the last part—about Abay and hіs surroundіngs, about lіfe of Akan, Baluan Sholak, Kazhymukan and others, tellіng about theіr deeds and servіce to people . Durіng preparatіon of materіals of thіs volume for publіcatіon, the texts of manuscrіpts from D.Shalabekov’s collectіon «Storіes and memorіes of workers of Karaganda» from the Foundatіon of rare manuscrіpts of M.O.Auezov Іnstіtute of Lіterature and
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР Art were used, as well as from the collectіon of manuscrіpts іn the Rare collectіon of Central Scіentіfіc Lіbrary «Storіes about natіonal lіberatіon movement of 1916» whіch іncludes storіes of sarbazs—partіcіpants of the uprіsіng such as A. Koіshіbekuly, A.Sultanbekuly, S.Abdrakhmanov, S.Zhandosov, Zh.Syzdykov, S.Shamuly, M.Erkesarіn, A.Kasymuly, B.Baspakov, K.Musayev, M.Ordabaev, Mullah Matay Saduakas and dozens of other unknown narrators. The volume also іncludes manuscrіpt herіtage, collected among people durіng dіfferent perіods of A.Beysengalіkyzy, M.Ruste mov, M.Ahmetov, K.Kayrollauly, A.Ybyrayuly, S.Kasіmov, І.Matakov, T.Kobdіkov, D.Bіtіmbaev, E.Kulpeіsov, G.Duyse kov, Y.Nagymanov, S.Zhakypov, Sh.Duysekeev, M.Mazhіkeev, Sh.Kashenov, K.Rakhmanov, A.Konyratbayev whіch іs kept іn the mentіoned foundatіons. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon of the serіes, the texts are provіded wіth scіentіfіc annexes and works have respectіve numbers. Scіentіfіc annexes to the volume іnclude the followіng: іnformatіon about the copyіsts, publіshers and publіcatіons of the texts, scіentіfіc іnterpretatіon of the texts, dіctіonary, geographіcal names, іnformatіon about hіstorіcal fіgures іn the text, lіst of references, summary іn Englіsh and Russіan languages. The total volume—27,0 pp.
МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан........................................................5 Ауызекі әңгіме.................................................................8 МӘТІНДЕР Қарағанды өндірісінің тарихына байланысты әңгімелер 1. Жанатын тас............................................................... 33 2. Жалау жанында айтылған ән........................................ 34 3. Қысқы қызылдарда..................................................... 35 4. Құлағым неге кем болды?............................................. 37 5. Жығылған үстіне жұдырық.......................................... 39 6. Есте қалған екі оқиға................................................... 40 7. «Бақтыбаланың зары» деген өлең қалай туды?................ 43 8. Текекөзді тепкілеу....................................................... 49 9. Өлім үстінде................................................................ 50 10. Шернияздың зорлығы................................................ 52 11. Ақ талон................................................................... 52 12. Ол кезде.................................................................... 53 13. Немковтың жауыздығы.............................................. 54 14. Ердің сыры............................................................... 56 15. Ағылшын капиталистерінің айуандығы........................ 57 16. Ілияс айтқан екі өлең................................................. 58 17. Ілиястың простопқа айтқаны...................................... 61 18. Екібастұзда............................................................... 65 19. Герберттің қанды шеңгелі........................................... 67 20. Мәртебең дүниең болса асады екен............................... 68 21. Хорбательдің күресінге тасталуы................................. 72 22. Не деген күш десейші!................................................ 72
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР 23. Тұрысбек келгенде..................................................... 73 24. Кісі-ақ еді!................................................................ 74 25. Донбасста................................................................. 77 26. Ильич шамы жанғанда............................................... 81 27. Сондағы қорыққаным-ай!........................................... 83 28. Сын түзелмей, мін түзелмейді...................................... 83 29. Шомановқа сөз бергенде............................................. 86 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы әңгімелер 1. Қарқарадағы көтеріліс................................................. 88 2. Қарқара қырғыны....................................................... 97 3. [Сұлтанбекұлы Әубәкірдің 16-шы жылғы басынан кешкен оқиғалары]............................................. 99 4. [Жаңабай туралы]..................................................... 107 5. Қарқаралы............................................................... 108 6. 1916 жылғы Ақмола уезі, Сарыарқа болысындағы көтеріліс.................................................. 110 7. 1916 жылғы Қарақойын еліндегі көтеріліс. Атбасар уезі. (Ел әңгімелерінен)..................................... 114 8. 1916 жылы Көкшетау болысының көтерілісі (Сапырылысқан сандалыс)............................................. 122 9. Торғай уезіндегі дүрбелең........................................... 126 10. Торғай уезінде 1916 жыл оқиғасы.............................. 128 11. Ортақшылар болысында (Ақмола уезі)........................ 130 12. Байдәулет болысындағы көтеріліс.............................. 133 13. 1916 жылғы «Июнь жарлығында» (Қарағанды облысы, Күншығыс болысында)..................... 135 14. Ереймен көтерілісі................................................... 138 15. 1916 жылғы оқиғада менің көргенім.......................... 142 16. 1916 жыл оқиғасы (Торғай уезіндегі көтеріліс)............ 148 17. 1916 жылы Торғай бойында болған көтеріліс туралы........................................................... 166 Тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты әңгімелер 1. Тарихи уақиға........................................................... 170 2. Өткен жұт—қоян қысы хақында қысқаша тарту әңгіме................................................................. 171 3. «Бір ауыз сөзім бір жылдық азық болды» деген сөзі осы еді........................................................... 174
МАЗМҰНЫ 4. Байлардан көрген қорлық (1915-16-шы жылдардағы оқиға)..................................... 177 5. Өмірде ұмытылмайтын күндер.................................... 184 6. [Құнанбай туралы]..................................................... 187 7. [Құнанбайдың қажыға барғаны].................................. 188 8. Абаймен кездескендері жөнінде есте қалғандарынан....................................................... 189 9. [Абайдың қонақ күткені]............................................ 191 10. [Абайдың қамқорлығы]............................................ 191 11. [Абай мен Алшынбай]............................................... 192 12. Абай мен Қиясбай (Бірінші әңгіме)............................. 192 13 . Абай мен Қиясбай (Екінші әңгіме)............................. 193 14. Абай мен Қиясбай (Үшінші әңгіме)............................. 194 15. Абай мен Қиясбай (Төртінші әңгіме).......................... 194 16. Абай мен Қиясбай (Бесінші әңгіме)............................. 195 17. Абай мен келіншек (Бірінші нұсқа)............................ 196 18. Абайдың «әйелден тоқтадым» дегені (Екінші нұсқа)..... 197 19. Абай мен Мұса мырза............................................... 201 20. Абай мен Құнанбай туралы....................................... 202 21. [Абай мен Құнанбай]................................................ 202 22. Абайдың ертегісі...................................................... 202 23. Абай кедейлерге қамқоршы еді.................................. 206 24. Абай адамның шешені (Бірінші нұсқа)........................ 207 25. Абай мен Бәкеннің кездесуі (Екінші нұсқа)................. 208 26. Абай әділетті еді...................................................... 209 27. Алла кім?............................................................... 210 28. Тезекбайға.............................................................. 211 29. Көкбай әңгімелері.................................................... 212 30. Уасила Абай қызының есінде қалғандары................... 222 31. Дәулетиярдың естегі сөзі (Бірінші нұсқа).................... 230 32. Құсайынов Қасеннің есінде қалғандары...................... 233 33. Абайдың Мырзақанға айтқаны.................................. 237 34. Абайдың мақамдары................................................ 241 35. Абай Әбдірахман туралы........................................... 242 36. Стамбектің айтуынша.............................................. 247 37. Абайдың қойшы Көкшемен әңгімесі (Екінші нұсқа)..... 250 38. Құнанбайдың Базаралы мен Тұрлыны айдатуы............ 253 39. Ақын Әубәкірдің әйелі Қамаштың (Камалияның) естіп білгені................................................................. 256
АУЫЗЕКІ ӘҢГІМЕЛЕР 40. Абай мен Архирей.................................................... 257 41. Абай мен Мырзахан................................................. 258 42. Абай мен Сейтқан.................................................... 259 43. Көкбайдың кейпі .................................................... 260 44. [Қопа шешен].......................................................... 262 45. Абай мен Қайранбай................................................. 262 46. Анасы несі, мынасы несі?.......................................... 263 47. Абай адамның асылы емес пе! (Бірінші әңгіме) ............ 263 48. Абайдың үш сезімді қатар қабылдауы (Екінші әңгіме)............................................................. 266 49. Абайдың даналық сезімі (Үшінші әңгіме).................... 268 50. Әубәкірді мен көрдім (Төртінші әңгіме)...................... 268 51. Абайдың Жылтыр ақынға сыны................................ 269 52. Әріптің Абайға жауабы............................................. 271 53. Абайдың Бәкен үйінде болғаны.................................. 272 54. Қасқыр мен Алшынбай............................................. 273 55. Сұғанақ көк............................................................ 276 56. Абай мен Бегеш....................................................... 277 57. Ырзаекең (Ырыздықбай Тілеуберлин) ақсақалдың әңгімесі...................................................... 278 58. [Қисық би мен Абай]................................................ 280 59. Абай сөзінен............................................................ 281 60. Абайдың немере туысы Ахат Құдайбердиевтің әңгімесі....................................... 282 61. Абай айтқан бір билік............................................... 284 62. Халық ақыны Болман Қожабаевтың айтқан әңгімесінен........................................................ 286 63. Ақан сері жайында................................................... 289 64. [Ақанның ат баптауы].............................................. 290 65. [Есенбай ақын мен Ақан сері].................................... 291 66. Менің Балуан Шолақты бірінші көруім....................... 292 67. Балуан Шолақ туралы есте қалғандар......................... 294 68. Балуан Шолақ туралы екі әңгіме............................... 297 69. Аңыз адаммен дойбы ойнадым................................... 300 70. Төре ауылының тұрғыны.......................................... 301 71. Жілікті қақ бөлген қай жігіт?.................................... 302 72. Әкесіне тартқан Әзия............................................... 303 73. Ғабдолла мен Халиолла............................................ 304 74. Шәкір Жылқыайдаровтың есінде қалғандары............. 305
МАЗМҰНЫ 75. [Қажымұқанның Шарлақтан Омбыға баруы жайлы]..... 306 76. [Жуанаяқ балуан].................................................... 309 77. [Мұңайтпастың шешесі Айсары туралы]..................... 310 78. [Қажымұқанның нағашысы—Лөк балуан жайлы]....... 312 79. Қажымұқанның балалық шағы................................. 313 80. Қажымұқанның балуандығы..................................... 320 81. [Жетпіс жастағы Қажымұқанның қайраты]................ 334 82. [1925-1940 жылдардағы Қажымұқан]......................... 334 83. Қажымұқанның тұлғасы.......................................... 336 84. Қажымұқанның серілігі........................................... 339 85. Қажымұқанның Отан сүйгіштігі................................ 345 86. Алты жасар Айдархан.............................................. 353 ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтіндерге ғылыми түсініктемелер............... 361 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер туралы мәліметтер........................................................ 382 Сөздік......................................................................... 391 Жер-су атаулары.......................................................... 402 Ру атаулары................................................................. 410 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәліметтер............................... 414 Шартты қысқартулар.................................................... 417 Пайдаланылған әдебиеттер............................................ 418 Резюме........................................................................ 421 Summary...................................................................... 424
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 96 том ИСТОРИЧЕСКИЕ УСТНЫЕ РАССКАЗЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек Компьютерге терген: Ж.Т. Салтакова Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2716 Теруге 22.07.13 жіберілді. Басуға 14.08.13 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №0190. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру