Мазмұнға өту
Home

Жапырақ-жаздың жүрегі

ISBN: Беттер саны: 7 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жапырақ-жаздың жүрегі

Авторы: ISBN: Беттер саны: 7 Жанр:

Күләш Ахметова Жапырақ-жаздың жүрегі

Жапырақтар, әр түрлі ән құрарсыңдар, Алдарыңда әр түрлі тұрар сындар. Нәзіктерім, сендермен сырласайын, Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар. Ұғарсыңдар, ұғу да, тану да арман, Жасарыңдар, жасқанбай жауын, қардан. Дайын тұру қажет-ақ барлық сынға, қорықпаңдар салқыннан, дауылдардан. Қорықпаңдар шөлден де, аптаптан да, Әр өзені өмірдің қатты аққанда, Құларсыңдар биіктен, оған дейін Қол соғыңдар әр күнгі аппақ таңға. Тіршілікте боран да, Құйын да бар, Қайдан сенің түсінсін күйіңді олар? ЬІлғи жақсы болуды тілегенмен, ЬІлғи жақсы боп қалу қиын болар... Солай, алда әр түрлі тұрар сындар, Тұрарсыңдар, әр түрлі ән құрарсыңдар.

Нәзіктөрім, сендермен сырласайын, Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар. Тыңдаңызшы! Жас шынар ән салып тұр! Білесіз бе? Қымбат шақ қаншалық бұл?! Ән салып түр мәңгі іңкәр жапырақтар Көздеріне көк жасыл тамшы алып бір. Әнсіз олар жеткізсін қайдан бәрін? Айтып жатыр: Жас өркен жайғандарын, Көктем мен қыс, жаз бен күз арасында Күрес барын, бітпейтін майдан барын. Тыңдаңызшы! Тым жақсы әндетеді, Айтады олар: Дүние сәнді екенін, Бір жаманы - бұл ғұмыр қысқа екенін, Бір жақсысы - махаббат мәңгі екенін. Қандай шынар! Сұлу да, биік те тік! Бір-біріне қылығын сүйікті етіп, Қараңызшы, дірілдеп қуанады Жапыраққа жапырақ тиіп кетіп. Басатынын біле ме ақыры ақ қар,

Жаздың жырын тыңдайды атырап бар. Сабағынан сарғайып үзілгенше Өлең айтып өтеді жапырақтар. Жапырақтар, таң ата жыламаңдар, Жылап тазармайсыңдар күнәдан бар. Әр таң, рас ғұмырды қысқартады, Баяғыда-ақ түсінген мұны адамдар. Серпіліңдер, сөйлеңдер жыр тілінде, Күнде естілсін қуатты, күлкілі үндер, Көз жасынан аумайтын таңғы шықтар Буға айналсын, билеңдер, сілкініңдер. Шырқатыңдар, сендерде сыршыл ән бар, Тыңдар оны аспан, су, шың, шыпарлар. Тіресіңдер тірліктің үдесі үшін, Күресіңдер, шулаңдар, тыншымаңдар. Тағы үзіліп түсті бір жапырағың, Бәлкім, гүлдеу дәуірің өткен шығар. Мезгіл - өзегі, жұлқиды батыл ағын, Мұңайма, гүл,

Қайтадан көктем шығар. Алдың - ақпан. Ол сені аямас-ты. Сабағыңды сап-салқын қар басады. Бірақ өзің қалсаң да аяқ асты, Ұрпағыңа ғұмырың жалғасады. Дірілдейсің Үрей бар жүрегіңде, Намыс кәне? Ән салған дауыс кәне? Ағын судай асыққан бұл өмірде Ғұмыр деғен осындай ауыспалы! Қысқалықты адамдар қас қағым дер, Нәркес көзің мөлдіреп жылама, гүл. Көктем келер, жайқалар басқа гүлдер, Басқа гүлдер үшін де қуана біл! Балкондағы гүл мұңы Қалайша қырда өскен боп түс көрмейіп, Қалайша өзіме-өзім күш бермейін? Таңғы нұрға тапшы екен батыс балкон, Күннің нұры түседі түстен кейін. Қара жерден жайқала, шаншыла әрі Шыға алмадым. Аңсатты таң шуағы. Тыңайтқышты топырақ - мекенімде

Билемеді жаңбырдың тамшылары. Айтылмады әңгімем желге менің. Жапырағым жетпеді жерге менің. Жағадағы қайықтай балкондарда Жалғыздықтан қалтырап, тербелемін. О, адамдар! Сәулесін бетіме Күн Түсірмейді, Солды енді от реңім. Ұрығымды жиып ап осы күзде Кең далаға шашыңдар, Өтінемін! 1976 ж. Дауыстар: Сыңғырлы, Сүйкімді, Дауыстар: Мың түрлі, Сиқырлы. Бөледі ойымды, көңілімді. Бұзады тыншымды, ұйқымды. Самал жел, Шашымды тарама, Думанды бақтарды арала!

Жапырақ түн бойы жана ма? Жайдары жаз өтіп бара ма? Дір еткен... Шық қонған гүл шығар, Гүлдерді тербетіп Күн шығар. Жырласын жаз барда жапырақ, Жаз өтер, олар да тыншығар. Күрсінді... Күрсінген тау шығар. Дауыстар еместей таусылар. Қараңғы, жарықтың... бәрінің өзіне лайық даусы бар. Тыңдаймын... Ұйқы да жау сынды, Сүйемін мазасыз маусымды. Адам мен табиғат даусына Қосайын өзімнің даусымды. Жаратпа, жасаған, мұңсыз ғып, Жаратпа тірлікті тілсіз ғып. Шаршатпас мені бұл дауыстар, Шошытар - Мезгілсіз үнсіздік. Ұшуда тыраулап тырналар, Ұшатын осылай жылда олар. Өзінен бергендей бір хабар Сөйлейді

сәулелер, жылғалар. Сөйлейді Жүрегі ояулар. Ақындар бәрінен ой аулар. Сөйлейді шөптер мен жұлдыздар, Сөйлейді суреттер, бояулар!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙