Көршіңмен татусың ба?
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Ерназар Ыбыраев
Ерназар Ыбыраев Көршіңмен татусың ба? Көкшетау – 2017 ӘОЖ 821.512.122 ҚБЖ 84(5 қаз)-7 Ы 15. Ыбыраев Е. «Көршіңмен татусың ба?» Көкшетау: «АзУеКаЗһі» ЖК баспаханасы, 2017.-228 бет.
І8ВК 978-601-7582-07-4
Сатирик Ериазар Ыбыраевтыц бұл жинагына оныц бурын жарыц көрген «Сүйіскіц келе ме?», «Қисыц кітап» атты екі кітабына енген шыгармалары түгел басылган. Шыгарушыныц мацсаты омірден ерте өткен автордың ецбектері бір жинацтан табылсын дегендік. Оцырман тілі уытты, әзілі зілсіз, күнделікті күйбің тірліктен керемет күлкі, эзіл-цалжың тугызатын жазушы иіеберлігімен тагы бір табысцалы отыр. Оцыган жанныц өзгеніц де, өзініц де кейбір кемиііліктерін кезіктіріп, миыгынан күліп, «рас-сіу» деп бой түзері кэміл. Кітап көпшілік оцырманга арналган. ӘОЖ 821.512.122 ҚБЖ 84(5 қаз)-7 Редакторы С.Жетпісқалиев Шығарушы Ә. Ыбыраева
І8ВК 978-601-7582-07-4
© Е.Ыбыраев. Маймен сылап, мақтамен бауыздап...
Қымбатты оқырман қауым! Санаулы сықақшылар қатарына тағы бір жас келіп қосылды. Жай қосылған жоқ, қолтығында қоржыны бар екен. Сол қоржынды ашып жібергенде сізге өтірік, маған шын, әдіптеп тіккен әдепті әзіл мен әжуа, қақпақылдап қағытқан қалжың, мысық тырнағындай мысқыл, сойылмен соққандай сын-сықақ, шымбайға бататын шымшымалар бірінен соң бірі кезек-кезек “сөйлеп” алдыңнан өте бастайды. “Көп қойдан бір қой табылмайды” дегендей, солардың қайсысын ұстарыңды білмей, қолы жетпесе де қыз таңдаған жігіттей (немесе жігіт таңдаған қыздай) әрқайсысына бір жалтақтап қарап, оқи бересің. “Мынауы жақсы екен” десең, келесісі одан да асып түсе береді. “Алло, товар бар ма?” деген алдап шығатын әңгіме бір қарағанда дүние, мүлік іздегендей болып көрінгенімен, қызыл түлкідей жалт беріп теріс қарап жөнеледі. “...кескен жердегі кеселдің беті бері қарады” деген сөйлемі бар құйтырқыны оқыған бүкіл қазақ еркек біткеннің басынан баяғыда өткен “ұмытшақ аурулары” еріксіз еске түседі. Енді күлмей көр бұған. “Балалығың ұстаса, нағашыңа бар” дегендей сол балдай тәтті балалығыңды іздесең, осындағы “Рекордсмендерді” оқып көріңіз. Сосын “біз де сөйтіп едік-ау” демей көр. Осында “Мектепке БҰТ” деген реформа енгіздік” деген сөйлем бар. Бес сөзден ғана тұратын осы шаншымада ойланбай айтып, оспадар қимылдап, орысша одағайлап қойып кететін жаңа қазақтардың жағымсыз жақтарын көріп, бармағыңды тістейсің. Сол сияқты “қүйеу жүз жылдық, кұда мың жылдық” дегенінде де не сөз білмейтін, не жөн білмейтін және оны білгісі келмейтін дүбәра байғұстардың бейшара халіне қарның ашады-ау. Қазіргі өмірде адам сенбейтін сорақы жайлар кездесіп жаныңды ауыртады, шошытады. “Біз осы не болып барамыз?!” деп қорқасың. Мұны біз “Биеңе паспорт алдың ба?” деген әңгімеден көреміз. Мұнда “әй дейтін әже, қой дейтін қожасы” жоқ бассыз бастықсымақ, шибұт шенеуніктердің әпербақандығы, оларға жөн беріп отырған қажетсіз, қауқарсыз қаулы-қарарлардың буынсыз жерге пышақ жұмсайтынын маймен сылап алып, қанын шығармай бауыздап, жанын шығармай өлтіреді. Енді ешкімге соқтықпай, оңаша отырып көңіліңді көтергің келсе, “Шиқанды” оқысаң, шиқылдап шыға келесің. Ең ақыры сүйіскің келсе де, осы кітапты оқи сал. Демалғың келсе, осы кітапты қолыңа ал. Күлкің келсе де, осы Ерназармен сөйлес. Әрине, мал іші болған соң оның арасында арық-семізі де, ақсақ-тоқсағы да болмай тұрмайды. Ерназардың малының ішінде де ондайлар бар. Мұны маған тары терген тауық құсатпай өздеріңіз оқып, тапқандарыңыз жөн, ардақты оқырман. Солай. Айтқандай, Ерназар, сапарың сәтті, әзілің тәтті, сықағың қатты болсын!
Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ Тісің ауырса...
Алла сақтасын деп сөйлейік. Тіс ауырғанды дос түгілі дұшпанымның басына тілемес едім. Тіпті “Қазір сенің жаныңды аламын!” деп тұрған жаналғышқа да тілейтін ауру емес екен. “Қай жерің ауырса – жаның сол жерде” деп қазақ босқа айтады. Тісіңмен ішің қатар ауырсыншы, сонда білер едің жаныңның қай жерде екенін. Ішің ауырса, әжетханаға барасың да құтыласың... Ал тісің ауырса, қайда барасың? Өмірі тісіме ет тұрып көрмеп еді, бір кеште аяқ астынан азу тісім қақсап ала жөнелді. Үйде жалғызбын, аяйтын әйел төркіндеп кеткелі төрт күн болған. Бүгін кеп қала ма деп, болашаққа “үмітпен” қараймын. Бастапқыда сабырлы едім, қояр емес, әкетіп барады. Атып тұрып, үйді кезіп кеттім. Сол жаққа қисайған басты қос қолдап демеп, бір қалыпты тепеңмен зырқырап жүрмін. Бармаған бұрыш, кірмеген тесік қалмады. Айдап отырып ваннаға кірем де, атып шығып кухняға барамын, столды үш айналып залға кірем. Ондағы қуыс-қуысты түгендеп, жатын бөлмеге тартам. Тіс басылар емес. Ауырғаны одан сайын үдеп бара ма қайтеді? Ақырын еңкейіп едім, біраз басылған сияқты болды. Енді еңкейе ентелей жүріп, манағы “маршрутты” 10 айналып өттім, болмайды. Секіріп столдың үстіне шығып, шифонердің үстіне шынтақтай жатып біраз тыныстадым. Болмайды, басылмайды. Секіріп түсіп шкафка басымды тығып алдым. Енді жүгіріске үн қосылды. (Абырой болғанда үйде ұлдар жоқ, каникулға ауылға кеткен). Үн болғанда қандай, үн-зар, дерсің. А, а, а, а, а. О, о, о, о. У, у, у, у, у. Алла-ай, Алла-ай, м, м, м, м, м, и, и, и, и – міне менің үн-зарым. Еңкеңдеп отырып холодильникті ашып жіберіп бір уыс мұзды опырып ап қаршқарш шайнап жібердім, болмайды. Енді біраздан соң, осы еңкейген күйіме де зар болып қалдым, еңбектеуге айналдым. “Апыр-ау, бойым жер тартып бара ма” деп те ойладым. Ілулі тұрған атамның ташпиғын алып басымнан үш айналдырдым да, мойныма іліп алдым, мойнымнан сыпырып жағыма бастым. Тіс басылар емес, әкетіп барады. Ташпихтың тоқсан тоғыз тасын уыстап дұға да оқыдым. Тіпті ташпихты уыстап аузыма да салып алдым. “Алла, бар болсаң қайдасың?” деп зар илеймін. Бас жерде, тоңқаңдап із кескен иісшіл тазыдай сүзіп жүрмін, зарлап жүрмін. (Күлме, шын сөзім). Сүзіп келіп, кіре берістегі аяқкиімдер полкасын таптым. Бұл мен тінтпеген тың мекен, жаңа объект. Өз бәтеңкемді жазбай таныдым. Сол-сол-ақ екен, тісімнің ауырғаны сап тыйлды. Ой, Алла-ай, тіпті жазылып кетті. Біраз жатып енді басымды көтерейін десем, сырқырай жөнелді. Маңдайымды тағы да еденге тақ еткізіп ем, басыла қалды. О, ғаламат, бұл не? Еденнен басымды көтермей спальныйға жылжысам, тағы бастайды қақсап. Не де болса менің жанымды сақтайтын осы бұрыш, осы нүкте болды. Мойны талып, желіге мойыған тентек құлындай шекемнен шаншыла тұралап жатып қалғып барады екем, есік қоңырауы шар ете қалды.
–Өзің аш! –деп айқай салдым. Шақұр-шұқыр есік ашылып, әйелім кіргенін білдім, түрін көрмесем де, қандай күйде екенін сезіп жатырмын. –Иә, бұрынғың басқаша еді, мынауыңды не дейміз? –деді сызданып. –Мұны ма, мұны тоңқайып жатып тіс емдеудің жаңа тәсілі дейміз, –дедім мен де қиястанып. Ол еңкейіп, аузымды иіскеді де, бөтен иіс болмаған соң: –Өй, не болды саған, не көрінді, әлде тышқан аңдып жатырсың ба? –деп ол да қисық сұрақ қойды. –Тыңда! –дедім де, ханның алдында төрттағандай жаныма сауға сұраған жазалыдай, бар мән-жайды айтып бердім. –Енді не істейміз? (Күліп тұрғанын сездім). –Ертең барып жұлдырып тастаймын, қазір арқама бірдеңе жапшы, –деп ем, келіншегім ішек-сілесі қатып күліп алды. –Әу, сен осы жерде түнемексің бе? –Енді қайтем, түнеймін! –дедім. Ол сылқылдаған күйі арғы бөлмеден ескі жалбағай тонымды әкеп, тоңқайып жатқан менің арқама жаба салды. –Шай іш, –деп табалай мазақтап, кухняға кетті. Жыным қайнап: –Әй, есекке де жабуды бұлай жаппас, қымтасайшы кішкене, деп ақырып жібердім. (Ол іші түйіліп кухнядан шыға алмай қалды). Не керек, көрер таңды есіктің көзінде атырып, таңата басымды қолыма алып зымырап поликлиникаға тарттым. Бөгелек қаққан жылқыдай басты шұлғи зарлаған күйі дәрігердің алдынан бір-ақ шықтым. Враш жалғыз екен. –Қайда отырайын? –Мында. Креслоға... Азу ма? –Азу. –Нешеу? –Білмеймін, сол жақтың бәрін жұл! –дедім. Дәрігер қарап жіберіп: –Восьмой, удалить. –Көндік. Бырт-бырт етіп екі укол кетті. –Шесть минут подождите... Алты минөті алты жылғы жазалаушы каторгыдай өтті-ау әйтеуір. Укол тарады, ауыз қалды даладай боп, астыңғы ерін мен жақ бөлек те, бас басқа біреудікі секілді. Ырбиып отырмын, көмей қайда, тіл қайда, белгісіз. Қысқышы мен тістеуігін қатар аузыма жақындатқанда байқадым: дәрігердің қолы Қобыландының қолындай дәу екен. Мына қолдар тіс жұлатын емес, бас жұлатын қолдар ма дерсің. –А,а,а,а,а,а.
–Тихо, тихо...Жылқының ұры тісін егегендей ауызға кергішті қойып, кірісіп кетті. Ауыз ауыз емес, дала сияқты, ішінде екі-үш жігіт тас қопарып жатқандай. Тістеуігі тісімді мықтап қапты ғой деймін, қазан басымды мойныммен қоса ырғап-ырғап, сықырлата жұлып алғанда, астыңғы жағым дәрігердің қолында кеткендей болды. –Все, все, –деп дәрігер, бір түкіртіп алды да, қазанның ішін тазалағандай жұлынған тістің орнын тазалап, бармақтай мақтаны тістетті де: –Мың теңге! –деді. Бастан құлақ садақа, неше теңге болса да аяйын деп тұрған мен жоқ. Мың теңгемді ұсындым да: мың вахмет – мың воолғыр, –деп жөніме кеттім.
Алло, “товар” бар ма? (Сахналық варианттан қысқартылып алынған)
Астанадан жұмыс бабымен командировкада жүрген екі жігіт “Көкшетау” қонақ үйіне іші пысып, “сыймай жүр”. Бүгін үшінші күн, жұмыс бір ыңғайланды. “Үйден қырық қадам шықсаң, мүсәпірсің” деген мәтел саналарында қаттаулы болса да, дәл бүгін түнде осы мәтелді желіккен жігіттер сәл өзгерткілері келіп-ақ тұрды. Сыраға тойып алған екеудің үлкені: –Үйден қырық қадам шыққан соң бойдақсың, бауырым, мұңайма, Толик. Бүгінгі күн біздікі, –деп қасындағыға “опытныйлығын” білдіргісі кеп ырсиып күлді. Анау да күлді. –Давай, жезөкшелердің бір-екеуіне звондап, “снимат” етейік. –Давай. Қалай? –Ой, інішек, не көп, хабарландыру көп. “Риск-бизнестен” табамыз. Дәреті теріс жігіттердің әу бастан-ақ қырсық қасынан табылған. Бүгін де солай болды. Олар терген телефон нөмірі қас қылғандай қателесіп, соғым семіртіп сататын Қаскей шалдың үйінен шар етіп бір-ақ шықты. –Алло, здравстуйте! –Аман ба, балалар? (Мұндай жерде “тауарға” тура шықпай сутенер делдалдар арқылы келіседі деген жігіттер таңқалған жоқ). –Алло, ақсақал, “тауар” бар ма? –Бар. –Бізге екеу керек, қалай келісеміз, бағасы қандай? –Келіңдер, пожалыста, көріңдер, ұнатсаңдар, бағасына тоқтармыз. –Товар қалай, былай нормальный ма? Ырсиған-тырсиған емес пе? –Әй, бала, біз анау-мынау ұстамаймыз, әлі ешкім жаловатса еткен жоқ, мен бүкіл Көкшетауды асырап отырмын, шырағым. Пожалыста байтал бар, бағасына келіссек, қазір жетектетіп жіберемін. (Байтал дегенді де құпия, жасырын сөз деп ұқты жігіттер).
–Байтал біреу ме, бізге екеу керек еді. –Иә, біреу. Екі тай бар ойнақшып тұрған. –“Тайлардың” бағасы қаншадан? –Елуден (мұны да жұмбақ цифр деп ұқты). –Қымбаттау екен, басқа не бар? –Екі телка бар, арзан. Болмаса бие тұр, екеуіңе де жетеді, бір-бір саннан бөліп алыңдар. –Жоқ, аға, әлгі телкалар қалай, жас па? –Телканың кәрісі бола ма, әрине, жас, әлі бұқаға қарамаған қашарлар. –Түрлері қалай әдемі ме? –Әй, бала, басымды қатырма, әдемі болса немене қатын қылайын деп пе едің, кел көр, әне тұр, тығыршықтай екеуі де. –Жоқ, сонда да дегенім ғой, шашы қандай, көзі ше? (Шал жынданып кете жаздады). –Әй, шырағым, алсаң әне, біреуі ақбас, екіншісі қара, екеуі де жас, пісіп тұр, алсаң ал, алмасаң қой. (Біреуі блондинка – орыс, екіншісі қара –қазақ деп түсіністі жігіттер). –Ағасы, біреуі орыс, біреуі қазақ па? –Әй, әкеңнің... Сиырдың орыс-қазағын қай атаңнан көрдің, жындымысың өзің? Айтып отырмын ғой саған, біреуі ақбас сиыр тұқымдас, екіншісі украинский порода қара тайша. Екеуі де етті тұқым. Өздерің қайдан келген қазақсыңдар, соятын соғымдарыңды қасы-көзіне қарап алғанды сендерден көрдім. Керек болса, әне, дайын бұқа жатыр, келіңдер тап сендерге су тегін берем.
Иттік.
Әу баста төрт түліктің бірі бола алмай, “дос” боп кеткен Ит кім өзі? Қайдан шыққан мақұлық, ата-бабасы қай жерді қоныстанған, тегі, тарихы бар ма өзі? Міне, осындай сұрақтарға жауап іздеп біздің ғалымдар бас қатыруда. Ит жайында біраз жайлар ашылды да. Мысалға, ит –ит тұқымдас хайуан, жер шарының түкпір-түкпіріне кең тарап кеткен 200-ден астам түрлері бар екен. Алғашқы қауымдық құрылыстан бері адамның серігі болған олар қанша заман, аламан нәубетті бастарынан өткерсе де, иттігінен айырылған емес. Әуілдеген әкелері мен шәуілдеген шешелерінің сүтімен сіңген үрулерін әлі күнге өзгертпей келеді. “Ит боп тусаң, ит боп өл” деген төбет ата өсиетіне, “Ит те болсаң иеңді қаппа” деген ене қаншық қағидасына берік иттер иттігін сақтап қалған. Серіктікке берік иттер өздерінің досы – Адамды ешқашан да сатпаған, мұны олар “нағыз иттік” деп білген. Осы мінездерімен ғана иттер өз тұқымын жоймай, адаммен нағыз қарым-қатынаста 21-ші ғасырдың табалдырығын аттады. Ғалымдарымыздың айтуынша, ит тұқымдасына жататын тағы бір хайуан ол –
қасқырлар. Тегі бір болса да ит пен қасқыр ежелден араз. Аңызға сүйенсек, әзәзіл адам итпен ауыз жаласып, оларды қасқырға қарсы айдап салған да, екеуінің арасына осылай жік түсірген. Сейіт Кенжеахметов ағамыздың пайымдауынша, адамдар итті қасқырдан қорғану үшін өзіне дос еткен екен. Адамдар ит пен қасқырды қастастыру үшін неше түрлі әдіс-айла, алып-қашпа аңыздар тудырған. Мысалға: “Ерте, ерте, ертеде, бәлкім одан да ерте ме, Төбет деген ит болыпты, үсті-басы бит болыпты-мыс. Оның Алыпсоқ, Жұлыпсоқ, Аңқоймас, Нанқоймас деген төрт күшігі болыпты-мыс. Жегені май, сарығаны сай болыпты. Оның осы дәулетін көре алмаған қасқырлар Төбетке қастандық жасапты-мыс. Бірде кәрі Төбет биік дуалдың іргесіне шоңқайып дәрет сындырып отырған. Осы кезде қаусап тұрған дуал үстіне құлап кетіп, Төбет мертігеді-міс. Мұны олар әдейі құлатты деп төбеттің төрт күшігі қан құйысып серттесіп, қасқырлармен қас болыпты-мыс”. Осы аңызға сүйеніп кинолог-ғалымдар “иттер неге аяғын көтеріп дәрет сындырады?” деген сұрақтың шешімін тапты. Мертіккен төбет өлерінде ұрпағын жинап алып: “Қай дуалдың түбіне дәрет сындырсаңдар да бір аяғыңмен тіреп тұр, сыртында қасқыр жоқ деме” деп өсиет қалдырыпты. Содан бері иттер ата өсиетін берік ұстанып, иттігін жасап келеді. Міне, ағайын, сіз боп, біз боп, ит жайлы білгеніміз осы ғана. Ал қасқырлар ше? Қасқырлар өздерін иттер класына жатқызбайды. “Біз итпен ит бола алмаймыз, көшкен керуеннің соңынан итше үріп жүретін біз емес!” –деп қасекеңдер осы күнге дейін итпен де, адаммен де жарасып, бір бәтуаға келген жоқ.
Сүндет немесе балалық шаққа саяхат.
Бала күніміз. Мен 3-ші класта оқимын. Өзімнен кейінгі тетелес екі бауырымның үлкені 5 жарым, кішісі 4 жарым жастағы кездері-ау деймін. Бір күні атам: –Әй, Назыкен, ана Еділ мен Жайықты ешқайда жіберме, бүгін сүндетке отырғызамын, –деді. Сүндет дегенде жүрегім солқ ете қалды, бастан өткен процедура. –Кім піштіреді, ата? –дедім. –Жорбық шал, –деді атам. Ауылдағылар ол шалды Жорбық дейтін, шын атын кейін ер жеткенде білдік. Мені де сол “ат қылған”. Ол шал талай атама насыбайға келгенде гәлөшін суға лақтырып, таяғын отқа жағып, балалықпен боқтап балағаттап, ит терісін басына илемей қаптағандай ғып жіберетінмін. Мектептегі “кличкам” “боқтампаз” еді. Балалар мұғалімдерді көріп қашса, мені көргенде мұғалімдер айналып қашатын. Апам мен атамның бауырындамын, жазалайтын әкем мен шешемнің қолдары маған жетпейді. Көңіліме ұнамаса, үлкен бе, кіші ме, басқарма ма, бргәдір ме, әй-шәй жоқ сілейтіп боқтап тастаймын. Біреуі қарсы шығып әлімжеттік жасаса “қораңды өртеп жіберемін” деп бір-ақ кесемін. Дегенмен,
ешкімнің үйіне өрт қойғам жоқ. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан, –деп ауылда біреудің шөбі күйсе менен “алиби” талап ететін болды. Арбаның алдындағы доңғалағы мен болсам інілерім қайда ұзаушы еді. Олар да тентек, бірақ менің алдымда біреуді боқтамайды. Жә, сүндетке көшейін. Апам төрге қатарластыра екі көрпе-жастық салып, орталарына бір табақ пірәндік пен халва қойды да екі інімді шақырып ап, табақтың екі жағына отырғызып: –Ал, жеңдер, тойып алыңдар, бүгін жігіт боласыңдар, қасқа ат боласыңдар, таусылса тағы әкелемін, –деп немерелерін алдаусыратып жүр. “Осы табақтан кейін басыңды кесіп алады” десе де ана екеуі қарайтын емес, мұрындарын шұрқшұрқ тартып қойып, бұрқылдатып жатыр. Құрбандыққа шалардағы соңғы асын жеп жатқандай екі інімді жаман аяп кеттім. Далаға атып шықсам атам ақтұмсық шыбышты бақыртып бауыздап жатыр, қасында әзірейілдей боп жарбиып Жорбық шал тұр. Басым айналып кетті. Әсіресе, кіші інімді аяп үйге жүгіріп кіріп, бауырларымның қасына кеп, екінші ініме: –Жайық, қаш, сені қазір піштіреді, –дедім. Ес білгелі інімді атымен алғаш атағаным сол шығар. Оның “кличкасы” Шақшабас болатын. Інім одырая қарады да басын шайқады. Осы кезде апам тағы бір уыс кәмпит әкеп табаққа тастай салды. “Өй, жүр” дедім ініме. –Бармаймын, қашсаң, өзің қаша бер, –деді ол. Есік жаққа қарасам “хирург” Жорбық қиралаңдап басып кіріп келеді екен, көзім қарауытып зыта жөнелдім. Зытып келем, безіп келем, не керек 3-4 сағаттан кейін үйге келдім. Келсем апам мен атам “жалмауыз” Жорбықты ортаға алып, ақтұмсық шыбыштың етін жеп отыр. Төргі бөлмеден екі інімнің екі дауысты дуэтпен салған “әндері” естіледі. Үлкендерге байқатпай Жорбықтың гәлөші мен босағаға сүйеулі тұрған өзі сияқты қисық таяғын алдым да даладаға оты сөнбеген қазандық пештің ішіне атып жібердім. Сөйтіп ес білмеген есалаң шағымдағы “ерлікті” тағы бір қайталап тастап үйге күн батқанда бір-ақ кірдім. Інілерімнің “әндері” саябырсып, қарасөзге ауған сияқты. Мені байқаған жоқ, сыпыртып жатыр: “Көріңде өкіргір, Жорбық, әкеңнің аузы... Менің апчуімді кескен бәкің қарныңа кірсін, Жорбық әкең... Шапаныңа шыланып басың жарылғыр, Жорбық...” Кезек-кезек, тұра тұр, енді мен бастайын, деп қойып, өшіретпен сыбап жатыр. Барған сайын мен естімеген тың балағат, свежий боқтық. Әр қайыруы С - дан басталатын жаман сөзбен аяқталады. “Боқтампаз” деген мен далада қалдым. “Атағым” шығып қалған ағаларының абыройын түсірмейін деп жүрген ғой, қайран бауырларым-ай, –деп көңілім босап кетті. Апам қастарына барып: –Құлындарым-ау, байғұс Жорбық шалдың несі қалды, жетеді ғой енді, – десе, шақшабас інім боздаған дауыспен: –Әлі көп қой, апа, оның боқтайтын жері, көп деймін, апа, –деп зарлайды. Не керек, бір жетіден кейін інілерімнің кескен жердегі кеселдері бері қарады. Керісінше азынаған айғырдың ат болғанындай, екі бауырымның тентектігі сап тиылды, мен де сонан былай боқтауды тоқтаттым. Қазір інілерім –мұғалім.
Шақшабас-Жайық Жорбық шалдың немересіне үйленіп, үйлі-боранды болып отыр. Солай, ағайын... Диета сақтай аласың ба?
Сұңғақ бойлы, жіптіктей жігіт едім. “Қайран жастық” дейтіндей жасқа әлі өзімді мүлде қимасам да, ептеп еңсем еңкіш тартып, арқа мен бел тұтасып, жаям жалпайып, мықыныма шалбар тұрмай қоңданып бара жатқанымды байқадым. Өмір бойы 76 келі салмақпен өтермін деп ойлаушы ем. Алдыңғы жылы моншада трусимен ғана өлшенгенімде 77 кг 300 грамм тартқанмын. Өткен жексенбіде ғана сол моншадағы таныс жасыл весаға тыржалаңаш өлшенгенімде таза нетто салмағым – 101 кг 200 грамм. Шошып кеттім. Сасқанымнан таразыдан секіріп түсіп, орамалыма оранып отыра кеттім. Банщицаға: –У вас веса тошный? –дедім төмен қарап. –Точный не бывайт, –деді анау. Мысқылдап тұр. Шайынбастан тез киініп шығып кеттім. Әдетте моншадан жеңілдеп шығып, бір саптама сыра ішуші ем. Бұл жолы өйте алмадым. Масқара, айналасы екі жылда 25 келіге семіріп кеткем бе? Е, е... Көңілім құлазып үйге келдім. Моншадағы мән-жайды айтып ем, келіншегімнің құдайы берді: –Мен саған былтыр айтқам, тамақты азайт дегем, бір өзің үшеуміздің жейтін етті жейсің, это не нормально деп қақсап келемін, ал сенің аппетитің күннен-күнге ашылып барады... –Ертеңнен бастап жүгіремін, спорттық киімдерімді дайында! –дедім ашулы. –Құр жүгірме, ашығу керек, диета сақтау керек, сен сияқты түнде тұрып ет жемеу керек... –Жарайды, жарайды, ертеңнен бастап сен маған тренер-дәрігер болып диета жазып, үйдің мен баратын бұрыш-бұрышына іліп таста. Бір ай қатаң диета сақтап, сенің айтқаныңды бұлжытпай орындаймын. Давай, пиши рецепт, –дедім шегелеп. Өзімді кәдімгідей бес-алты келі жеңілдеп қалғандай сезіндім. –Көреміз, –деді әйелім (Сенбей тұр). –Вот, көресің, –дедім ызаланып. –Енді маған жатарда “шәй іш” деп біреуің айтсаңдар, “штраф” дедім айқайлап кәдімгі спортсмендер құсап. Сонан, үйде ешкім жоқта спорттық киімдерімді киіп, айнаның алдына барып олай-бұлай жүгірген қимылдар жасап, ертең көшеде жұрттың көзіне қалай көрінер екем, деп “репетиция” жасадым. Бәрі жақсы, бірақ қарын жағым кішкене икемге келмейтін сияқты. “Өй мейлі, орыстың шошқадай қатындары да жардай боп тротуарға сыймай таңертең жүгіріп жүр ғой, олардың қасында мен “аққудай” емеспін бе? – деп өзімді өзім жұбаттым. Кешке әйелім бір жерден тауып адам өлшейтін таразы әкеп қойды. Жалма-жан таразыға секіріп шықтым. 101 кг 400 гр. Ох, әкең.
–Бапа, міне жазып қойдым, последний салмағың – 101, –деді үлкен ұлым (Ол да мысқылдап тұр). Келіншегім жұмысынан екі парақ қағазға менің режимім мен рецептімді компьютерге бастырып, жеті экземпляр етіп, кіре берістен бастап іліп жүр. Кішкене ұлым балконнан гантель, гірлерді кіргізіп әлек. Үйдің іші спартакиада алдындағы дайындық науқаны сияқты. Ортада бәйгеге шабатын аттай бүйіріме қарап мен тұрмын. “Тренерім” қағаздың біреуін маған берді. 1. Подъем –6.30. 2. Жүгіру (Маршруты көрсетілген). 3. 7.00. Екі рет турникке тартылу, екі рет гир көтеру (күн өткен сайын қосыла береді). 4. 7.30. Водные процедуры. –Әй, таңғы дәрет уақыты қайда? –деп айқайлап жібердім. –Бәрі соның ішінде, –деді Раяшым. 5. 7.50. –Таңғы ас (бір кесе қара шай мен бір тілім май жаққан нан, қатты піскен тауықтың бір жұмыртқасы). –Әй, мынауың тым “рески” емес пе? –Сен или мені тыңда, или... –деп келе жатқан келіншегіме: –Есть, товарищ дәрігер, деп дік ете қалдым. (Мәз боп қалды ол). 6. 13.00. –Түскі ас (бір стакан айран, 2 тілім нан, 25 грамм ет). 7. 19.30. –Кешкі ас (бір тарелка «галина бланка» сорпасы, үш тілім нан, 1 кесе айран). 8. 22.00. –Отбой (түнде тұрғанда –фито чай). –Әй, мынауыңмен мен үш күннен соң өлем ғой, жатарда шәй жоқ па, не? –Жоқ! –Хоп, келістік. Сол кеште соңғы атау керемді ішкендей өліп-талып тамаққа тойып ап, ертерек жата қалдым. Түсімде ұшып жүр екенмін. Шиқылдаған китайский сағаттан шошып оянсам, үйдегілер өріп жүр. Балаларым киіндіріп, әйелім арқамнан қағып аламанға салғандай “баталарын” беріп, таңғы 6.30-да үйден шығарып жіберді. Шыға бере жан-жағыма қарадым, тірі жан жоқ, есі дұрыс адам елең-алаңнан далаға шыға ма? Әйт-шу, деп айдап кеттім. “Вечный огоньды” айналып, Абылай хан алаңына соқпай, көде-көденің арасымен ырсылдап үйге келдім. Душқа кіріп кетіп, айқайлап-айқайлап, турникке бір рет тартылып, үйдегілерді кеуделеп кухняға кірдім. Стөлдің үстінде бір кесе шәй мен бір тілім наным тұр. Жылап жібере жаздадым. Өздері былқытып палау жеп отыр. Балаларым аянышпен қарайды, әсіресе кішкентайым. Оның жемеген тамағын мен жеп, талай “құтқаратынмын”. Нанды екі бүктеп, жылы шайды бір-ақ қағып қайырылмай шығып кеттім. Сыртымнан күліп отырғандарын сезсем де, сыр бермей жұмысқа кеттім. Ол күні шыдадым. Қас қылғандай жұмыстағылар да сол күні шәйшіл боп кетті. Қайта-қайта шайға шақырып жүйкемді жұқартты. Кешке үйге келдім. Көзім қарауытып, басым айналып жата кеттім.
–Бапа, тұр, өлшеймін, –деді үлкен ұлым. Таразыға киімшең тұра қалдым.
–100, бапа, 100, –деп балам қуанып, қарнымнан бір қойды. –Бір күнде бір келі “лақтырыпсың” маладес, папа, так держать, –деді шаттанып. Екінші күні тағы да таңқұлан иектене атқа қонатын аңшылардай сағат 6.30-да далаға шықтым. Үйреншікті маршрутқа түсіп, тартып бергенде етбетімнен түстім. Аяқ, балтыр, сан, сирақ сырқырап, қақиып қозғалмайды. Кеше қатты жүгіріп кетсем керек. Денем дел-сал, аяңдап келемін. Таң қараңғысында бұралқы иттей үй-күйсіз қаңғып жүрген сияқтымын. Әйтеуір маңайда ешкім жоқ. Ақырын бүлкектеп жүгіре бастап ем, оң жақта ағаш арасынан біреу: –Әй, жаныңды жемей мында кел, –деді. Бардым. Көзтаныс көршім. –Диета ма? –деді. –Иә, кеше бастағам. –Өлшей ме? –Күнде өлшейді. –Отыр, –деді.Алдында –колбаса, консерві, нан, айран. –Кел, жеп алайық. Ертең осы жерде кездесеміз. Үйіңнен “бірдеңе” қыстыра шық. –Веса не болады? –Саспа. Күніне 300 грамнан кеміп отырасың. Үйіңде ешкім жоқта маған звонда. Таразыны қалай бұрауын үйретем, –деді. Әжем тіріліп келгендей қуандым. Солай күндер өтіп жатты. Күндіз столовыйдан тыңқиып тойып аламын. Таңертеңгім – анау. Бір айдан соң 80 кг болдым. Әйелім қарап тұрып-тұрып: –Саған дауа болмас, мен үшінші күні-ақ білгем. Мейлі, жей бер, –деді. Жаман ұялдым. Енді шын диетаға кірісемін.
Вот солай болған... (Мюнхаузенше) –Ата, сіз осы соғыстан қай жылы оралдыңыз? –Мен бе, мен 1957-ші жылдың күзінде келдім. –Сонда 57-ге дейін соғыса бердіңіз бе? –Қайдағы соғыс, бала, сен білмеуші ме ең, мен секретбат, разветрот, спецполкта болдым ғой. –Ол не сонда? –Ол ма, ол “особый, секретный агент СССР на германский шпионаж” деген сөз. –Ол не сонда? Ашып айтыңызшы, 60 жыл өтті, қазір секрет емес шығар.
–Ол ма, ол: мен знашит Германияда 41-ден 57-ші жылға дейін тайный агент болдым деген сөз. –Сонда қалай, сізді алдын ала дайындады ма? –Е, әрине, 41-ші жылы разветбат, секретротта миллион солдатты шпиондыққа дайындады. –Миллион! Тым көп емес пе? –Ойбай-ау, оның ішінен екі-ақ адам алады, қалғанын бракауайттап тастайды. –Сонда қалай, сол екеудің біреуі сіз болдыңыз ба? –Е, әрине, мен болдым, оларға орысша білмейтін адам керек екен, содан мені үш күн немісше оқытып, қазақшаны мүлде ұмыттырып тастады. –Сонда қалай, үш күнде судай ағатын неміс боп шықтыңыз ба? –Е, әрине, спецлекарства, кодировка жасағанда әкеңнің кім екенін ұмыттырып жібереді. –Содан? –Не содан, далшы последный испытани: миллион фашист өлтіруің керек. –Миллион? Тым көп емес пе? –Қайдағы көп, аз ол. Мен 57-ші жылға дейін ұмытпасам, үш-төрт миллион неміс өлтірдім ғой деймін, есімде жоқ. Содан бытырлатып атып жатырмын, алдым тау боп үйіліп қалады, әрі қарай жылжып, новый позициядан атамын, тағы алдым өлген неміске үйіліп қалады, не керек түске дейін бір тоқтамай бытырлатам. –Сонда қалай, оғыңыз бітпей ме? –Әй, бала, қайдағы оқ, бізге спецавтомат, лазер-привод деген қару береді. Қызыл светпен өлтіре бересің. –Ол қандай қару? –Ол ма, ол “Шмайзер-терминатор” деген алақанға сыйып кететін наган. –Сонан? –Сонан, әбет кезінде полковник Рокосовский келіп: “Молоток Саутбаев, тебя Сталин звайт”,–деді. Атып тұрып “Хальт, хаузе дас Сталин швайн” дедім. –Ол не деген сөз, немісше ме? –Әрине, немісше, мен уже қазақшаны ұмытқанмын ғой, дайын шпион. Сонан Сталин: “Товарыш, Сауытбаев, срошно Берлин пойдеш, Штирлиц заболел, замена будеш”,–деді. –Хальт, хаузе ду швайн дас Сталин, –дедім. –Ол не дегеніңіз? –Ол ма, ол есть товарыш Сталин деген сөз. Сонан сол жерде Штирлицтің паспортын беріп, киіндіріп Сталиннің өзі границаға дейін шығарып салды. Қоштасарда көзіне жас алып тұрып: “Герой қазақ! Не пухом пером” деді. Мен “Хайл Сталин черт знайт” дедім де, границадан бір аттап секірдім. Берлиндегі Штирлицке барсам, өзі бәлністе жатыр екен. Үйінде Кет отыр.
–Ол кім, Кет деген? –Ол ма, ол связной радис, біздің тілде пиәнис. Сонан Кетке “Ауфедерзейн, драй, драй, Штирлиц найн, срошно СССР звайн” дедім. –Ол не дегеніңіз? –Ол ма, ол Штирлиц ауылына қайта берсін, орнына мен келдім дегенім. Сонан Кет радионы қосып Штирлицке тайны кете бер деп передавайттап, маған шәй қойып, қуырдақ қуырып қарсы алды. Ертеңіне группа фоны. Сы. Муллерге бардым, менің ендігі бастығым сол. “Хайл Гитлер швайн Муллер, Штирлиц пришол штурман фурер” деп ем Муллер құшақтай алды да: “Ой, бауырымдап солқылдап жылап жіберді”. Сөйтсем, ол да қазақ екен, отыз жеті жыл мен сияқты спецподготовкадан өтіп, Гитлерді өлтіруге заданиямен келіпті. Сұраса келсек, өзіміздің көрші ауылдағы Мүлік ақсақалдың баласы, руы – Естек. Бұл 1945-ші жылдың 8-ші майы болатын. Сонан екеулеп “План захват барбарос Гитлер капут” деген жоспар құрып, ертеңіне 9-шы май күні Гитлерді ставкасында ет жеп отырған жерінде басына ыстық сорпа құйып өлтірдік. Мына қолымның сыртындағы тыртық сонда сорпа шашырап күйгеннен қалған шрам. Сонан 57-ші жылға дейін бізді басқа заданиямен Әмерикаға жіберді. Кет радискаға үйлендім, егіз бала туды. 57-ші жылы СССР-дан хабар келді: “Муллер, Штирлиц секрет кончай, домой Қазақстан возврашай” деген. Ал енді қалғанын өздерің білесіңдер. –Ата, сізге сонда медаль, орден ештеңе бермеді ме? –Е, неге бермесін, берді, үйде бір шабадан крес бар, оны қалай тағып жүремін. Ал геройды маған соғыстан бұрын берген. Оны тағуға болмайды. Ол: “секрет ФРГ–СССР герой Штирлиц-фон Суатбай” деген жазуы бар жеті бұрышты медаль. Вот, солай болған, бала, ешкімге айтпа, секрет.
Сүйіскің келе ме?
“Мына “соққан” не дейді”, – демеңіз. “Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкі болу – өлім”, – демеп пе еді шаншар сөздің “сардары” Сейіт Кенжеахметов. Ендеше жарқылдай өнер көрсетіп, жадырай өмір сүріп жапырыла күліп жүреріміз хақ. Бүгінгі әңгіме сүйіс жайлы болмақ. Алдымен “сүйіс” сөзін этимологиялық електен өткізіп, төркініне “түстеніп” алайық. Бұл жөнінде ғалымдар арасында екідай пікір таласы бар. Бірі: “сүйіс” сөзі – күйіс (күйіс қайыру) сөзінен алынған, құшырлана сүйіскен адамды малсақ қазақ күйіс қайырған түйеге балап, сүйіс пен күйісті “бір мекенді” сөз еткен”, – дейді. Бұл пікірді қолдамайтын “ғалымдар”: “Сүйістің түбірі – иіс” дейді. Бұл енді ақылға қонатындай. Қазақ бұрын, өзің білесің, сүйіспеген, иіскеген, өпкен. Сүйсе, балаларын ғана шөпілдетіп, шолпылдатып, бопылдатып, емірене сүйген. Ал бүгінгі сүйіс – басқа сүйіс. “Иіс сөзі қалай сүйіс болды?” – дейсіз ғой. Вот, мәселе қайда. Қазақтың жақсы көретін сөзінің бәрі “с” әрпінен басталған.
Мысалға: сүйдім, сағындым, сарғайдым, сенгенім, сұлуым т.с.с. “Иіс” сөзінің алдына “С”-ны қойғанда адамның басқа қызметі болғандықтан “и” әрпі еріннің емеурінімен “ү”-ге айналып, “сүйіс” деген ұғым туған. Бар болғаны осы. Хош... Менің айтайын деген “сүйісім” басқа, современный сүйіс. Қой басындағы сүйісті қайдам, ал той басындағы сүйістің жобасы бөлек, түрлері мол, күн санап дамып, түрленіп келеді. 1.Шал мен шалдың сүйісуі. 2.Кемпір мен кемпірдің сүйісуі. 3.Келін мен атаның, жеңге мен қайнының сүйісі. 4.Жезде мен балдыздың, бала мен шағаның, орыс пен қазақтың сүйісіне сүйсінесің бүгінде. Тағы да: қадалған сүйіс, айқара айқасқан сүйіс, арқа қасысқан, жылқылардай құлақ шайнасқан сүйіс сияқтылары бар. Осылардың ішінде кеңетек алып бара жатқан сүйіс ен сала, таңба қалдыра сүю. Еріндегі бояуды (помаданы) біреудің бетіне таңбалай жағып және сол дақты үлбіреген алақанмен сүртіп жіберу мода боп барады. “Помада жаққыштар” бұл әдетті мәдениет, тектілік, тәкәппарлық, тазалық ћәм пәктік деп сезінетін болуы керек. Олай емес шығар деймін. Қай еркек бетінің таңбасынан тұзаққа түсіп, тамұққа шыжғырылғанын ұнатады дейсің. Өзіміз де сан рет сөйттік. Сондықтан өзегің өртеніп өзеуреп бара жатсаң, емірене иіске. Сол жетеді мен сияқтыларға. “Таңба” сала сүю модасын тастаңыздар, арулар. Бұл ойымды қоштайтын еркектер маған хабарлассын. Хошсау болыңдар, беттеріңнен сүйдім.
Интервью.
–Ата, Ұлы Жеңіске міне аттай 60 жыл толғалы отыр. Соған байланысты оқырмандарға сонау жылдардан елес беретін әңгіме айтып берсеңіз. –Е, несі бар, айтсақ айтамыз, ондай әңгімені мен айтпағанда кім айтады? Ал давай неден бастайын, өткенде Штирлиске замена болғанымды айтып ем ғой. –Иә, ол туралы газетте жарияладық қой, сол әңгімеңіздің жалғасын ұсынсақ деп едік оқырмандарға. –Е, жазсаң жаз. –Аты жөніңіз, званияңыз қандай еді, тағы бір қайталаңыз. –Суайтбаев Донай, адмирал-маршал у отставки. Трети украинский фронт, переправа Халхингол. –Сонда сіз адмиралсыз ба, әлде маршалсыз ба? –Екеуі де бала, мен әлі спецразведканы айтпай отырмын, ол секрет. –Ал переправа Халхингол деген не? –Өй өзің түк білмейді екенсің ғой, ол знашыт мені генерал Рокосовский соғыс аяқталарда спецзаданиямен Халхинголге направить етті деген сөз. –Осы задания жөнінде толығырақ айтып беріңізші? –Е, неге айтпайын, айтамын, айтқанда қайқайтып тұрып айтамын.
–Сонан. –Сонан, қойшы, танкіде отырсам, полковник Конев келіп: –Донай Суайтбаевыш тебя Рокосовский и Сталин звайт –деді. –Есть товарыш полковник, – деп атып тұрғанда басымды тәңкінің төбесіне қатты соғып алып шекемді жарып алдым. Мына тыртық содан қалған шырам. –Ата, ол шрам ат тепкеннен қалды деп едіңіз ғой өткен бір өтірігіңізде, тойыс әңгімеңізде. –Әй бала, соғыста басыма бомба түсіп, контузия алдым деп ем ғой, кейде шатастырып аламын, әйдә, жазсаң жаз, давай оттамай, әйтпесе, шағым марш. –Содан не болды? –Содан, басымнан қан сорғалап штабқа келсем, Стекең Рәкең шәй ішіп отыр. –Стекең, Рәкеңдеген кімдер? –Сталин мен Рокосовскийді айтам, кеще. –Ә, иә солар екен ғой. –Что твоем головом герой қазақ – деді Стекең. –А, ерунда, тушканчик котон раним, я не такой казах. До свадьба живет, – дедім. –Ол не дегеніңіз, түсінбедім, орысша ма? –Әй бала, өзің қай мектепте оқығансың. “Тышқан көтенін көріп жаралымын депті” деген мақалдың орысшасын айтып тұрмын ғой. –Ой Алла-ай, екі тілде де ағып тұр екенсіз, ә! –Үш тіл бала, үш тіл. Неміс тілін қайда қоясың? –Сонда сіз немісше де таза сөйлейсіз бе? –Е сөйлемегенде, тыңда әрі қарай. Стекең: –Молодец қазақ, твой подвиг знаем, срошно Халхингол пойдеш, – деді. –Есть, товариш командир. –Японский знайш? – деді. –Нет, – дедім. Өзім өмірімде сол жерде ғана ұялдым. –Нешауа, ночу учит, завтра Халхингол иди, – деді. –Есть! – дедім. Сонан бір шабадан японша кітап берді, не керек таңертең көзім сығырайған, шүлдір-шүлдір еткен жапон боп шыға келдім. Дәл кетерде Стекең мені құшақтап тұрып: –Твой звания Маршал Суайтбаев будеш деді. –Есть, токомото, хата хама, Сталин суку, Рокосовский Нагасаки – дедім де ракетаға мініп енді ұшайын деп жерге қарасам, Стекең еңкілдеп жылап тұр екен, жаман аяп кеттім. “Ура карахири, Сталин суки-мото” – деп ұшып жүре бердім. –Жаңағы сөздеріңіз жапонша ма, не дедіңіз? –Ә, сен оны түсінбейсің. Ол жерде олар да түсінген жоқ, мен өзім де ұққам жоқ, уақыт тығыз болды. –Содан, әрі?
–Не содан? Сол ұшқаннан ұшып отырып жолда ауылдың үстімен өтіп бара жатып үйімнің үстіне тормыз беріп кішкене тұрдым да “қой шошып кетер” деп бір-екі қап тушонканы огородқа лақтырып, Халхинголды үш айнала бомбалап, жапондарды суға тығып, кешкі ужинға Керманияға қайтып оралдым. –Сонда қалай, ата, ракетаңызда тормыз бар ма? –Е неге жоқ, бар. Сендер түк білмейсіңдер. Ол кезде сондай сверх секретны спец-ракета болатын, әрине онымен ұшу қиын, жүрегің аузыңа тығылып, құсқың кеп мең-зең боласың. Содан қайтып ұшпайтын болдым. Өзімнің үйреншікті тәңкіме отырдым. –Сонда, сіз, өзі танкиссіз бе, разведчиксіз бе, әлде ракетчиксіз бе? –Е, әрине. Сен әлі менің подводный лодкадағы соғысымды естімеген екенсің ғой. Адмирал званиясын мен сонда алғам. –Рақмет, ақсақал. Ол әңгімені келесі жолы айтып берерсіз. –Е мейлі, өздерің біл.
Әйелі бар еркектердің есінде жүрсін.
“Қыз кезінде бәрі жақсы, “сондай” әйел қайдан шығады?” – деген еркектер ғана айызы қанып айтып жүретін “қанатты” сөз бар (Біз жалпы әйел затына топырақ шашудан аулақпыз). Дегенмен қыз кезінде сызылып басыңды айналдырып, әйел болғасын сызданып шыға келетіндері жеткілікті, жеткілікті ғана емес, тіпті көп!!! Соларға төтеп берер қайран Еркектің жаны сірі. Қазіргі әйелдер еркектен бәрін алды: жұмысты алды, мәшинені алды, үйді, бала-шағаны алды, шалбарды алды, шашты алды. Нең қалды сорлы еркек? Әйелдер мұны да қанағат еткен жоқ, ендеше көрер “азабың” алдыңда жас отаудың “Еркегі”. Осының бәріне олар ың-шыңсыз, асқан саясаткерлікпен жетіп отыр. “Бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болады” – деген аталарымыздың сөзі бар. Бір есек орта есеппен 200 келі салмақ көтереді екен. Сонда қырық есегің 200 келіден есептегенде 8 тонна болады. Бұл дегенің әр әйелдің басында төрт тонна қулық, арқасында үш тонна сұмдық, ішінде бір тонна айла бар екенін айғақтайды. Аталарымыз есектің санынан қателеспесе бұл дәлелді факт (Біз жалпы әйел затына топырақ шашудан аулақпыз). Аллау, бұл не деген сұмдық..., сегіз тонна... “анандайлар”? Осыдан кейін еркекті қалай жаман дерсің? Еркек жасайтын қулық, сұмдықта қалмады, бәрін әйелдер арқаларына артып алды. Сондықтан еркек таза, еркек пәк, еркек аңғал, ақкөңіл, еркек тәрбиелі, тәртіпті!!! Сол сегіз тонна қулық, айланың жеті жарым тоннасын әйелдер еркек тәрбиесіне жұмсайды. Оның ішіне мынадай параграфтар кіреді: 1. Сүйдім-күйдім, 2. Алдап-арбау, 3. Ұрсу-зеку,
- Төбелесу-шекісу, 5. Ыдыс-аяқ, оқтау-таяқ, 6. Өтірік давление, 7. Скорый шақыру, 8. Милициямен қорқыту, 9. Өтірік төркініне кетіп қалып, қайтып келу, 10. Жұмысыңдағы бастығыңа звондау, 11. Рас қызғану, 12. Өтірік қызғану, 13. Өтірік жылау, 14. Қымбат киімді арзансыну, 15. Таныс, курстас, қызметтес, кластас келіншектерді жамандау, 16. Басқа еркектермен салыстыру, 17. Айлығыңды есептеу, тағы сол сияқтылар. Бұлар ең негізгілері. Оның ішінде ұсақ-түйек қабақ шыту, теріс қарап жату, сұрағыңа жауап бермей үндемей қалу, шай құйған кесені алыстау қою секілді пункт-тармақтары бар (Біз жалпы әйел затына топырақ шашудан аулақпыз). Міне осындай “жүгі” бар әйелге еркектің еркегі ғана төзіп келеді. Себебі еркек таза, еркек пәк!!! “Сегіз тонна қулығы бар әйелге шыдаған еркектің, сексен түйелік күші бар” –деген мәтел осыдан қалған. Жоқ нәрседен, аяқ астынан ши шығару әйелдердің “атасынан” қалған қасиет. Тиісуге қара таппағанда әйелдер күйеулерін дүкен аралауға, базардан азық-түлік әкелуге ертіп алады. Туған әйеліңмен базарға барғанша төрт-бес жылға каторгаға барған жеңілірек, оны әйелдер де жақсы біледі де әдейі ертіп жүреді. Базар “экскурсиясы” әдетте демалыс күні болады. Сондықтан сен бір күн бұрын өзіңді-өзің дайындауың керек. Дайындық кезінде мына сөздерді қайта-қайта айтып, санаңа сіңіріп таста (“Самовнушение” дейді оны). Мысалға: “Мен дем алып жүрмін”, “мен базарлап жүрмін”, “мен ашуланшақ емеспін”, “әйелімнің сатып алғандарын арқалап жүрсем, нем кетеді?”, “бәрі семьяның қамы”, “мейлі сатушымен ұрсыса берсін”, “оған менің нем кетті?”, “көптен көрмеген подружкасы шығар, әңгімелесе берсін, мейлі бес сағат сөйлессін”, “мен спокойныймын”, “таңертеңнен кешке дейін жүріп екі келі ет, үш келі памидор ғана алсақ та, зато көше қыдырдық, дем алдық, мен ашуланбаймын” – міне осы сияқты сөздермен өз-өзіңді тәрбиелей біл. Жолшыбай ештеңе алмаса да жиырма магазинге кірсе, жиырма біріншісіне өзің бастап кір, “әлі ана дүкенге кірмедік қой” – деп тағы бір-екеуіне өзің инициатива білдіріп ертіп бар. “Қойшы, шаршадым” –д есе – сенің жеңгенің, күнімен көрген азабыңнан айығып сала бересің. Бірақ сыр берме, білдірме “мен де шаршадым” – деп мүләйімсіп қал. Сонда ол да сенен өшімді алдым деп ойлайды, бірақ ол да өзінше білдірмеген болады. Мұны культурный арбасу дейді, себебі екеуіңде бірбіріңді жақсы білесің, жақсы көресің, біріңнен-бірің ешқайда кетпейсің. Сонда да жыл өткен сайын екеуара осындай “ойындар” жиі болады. Әйелің киім сатып
аларда “мынау қалай, маған жараса ма?” деп сұрайды. Ол сенен ақыл сұрамайды, алам дегенін алады, өйткені ол киімді сенен бұрын бес рет айналып соғып, бірнеше рет қарап алған. “Жарасады”, “жараспайды” – деген сөз аузыңнан шықпасын. “Өзіңе қалай, ұнай ма? Ұнаса ал” – деп құтыл. Әйтпесе түбінде сен кінәлі боласың. Себебі олардың дүкенде алған дүниесі үйге келгенде ұнамай қалады, ол заңды. Әсіресе аяқкиім алғанда сақ бол. Әйелдердің өмірі жайлы аяқ киімі болмайды. Олар кішкентай аяқ киімді ұнатады. Тар болса да “оймақтай” ғып киіп алады. Әңгіме кейін басталады: “Аяғым ісіп кетті” (тар демейді), “бақайым айқасып кетті”, “балтырым домбығып кетті” – деген сияқты қыңқылға құлағың үйреніп алады. “Енді, үлкендеуін неге алмадың?” – деп қалып жүрме, бәлеге қаласың. “Размерім 37 болса қайтейін, 45 алайын ба?!” – деп шарт ете қалады (Сонда өзі 35 киіп тұрады). Сондықтан аяқкиімге жаба бер. “Қазіргі обувьті қойшы, су тисе тарылып қалады немесе жайылып кетеді, бәрі халықты алдау” – деп аяқкиім фирмаларын қарғап, заманды жамандап, бірәз жерге барып тоқта. Көше қыдырып шыққанда немесе қонаққа барарда ананы ки, мынаны кей дей көрме. Ол сені бәрібір тыңдамайды. Киініп дайын болғанша күт, сосын “Во, мынауың жақсы, маған осы костюм, туфлиің ұнайды, саған жарасып тұрады” – десең болды. Оған осыдан артық комплимент керегі жоқ, мәз боп қалады. Саған одан артық не бақ керек, көтеріңкі көңіл күймен әйеліңді қолтықтап гөләйттәп келесің. Солай ағайын, ашылмаған сыры мол әйел затының 8 тонна айласының екі-үш килограмын ғана шештік. Көрер “қызығың” алдыңда, ендеше келер күнге үмітпен қарайық еркек жұрты!!! (Біз жалпы әйел затына топырақ шашудан аулақпыз).
Труси-мәйке (мысал) Ышқырынан бұтаға іліне салған қара труси жіпке желпілдей жайылған, ұзындығынан көлденеңі енділеу ақ мәйкіге іші күйе қызғанышпен қарады. –Әй, мәйкі! –Әу, түрсеке, жай ма? –Осы сенікі не желпініс? Екеуміз де бір иеге қызмет етеміз. Мені бұтаққа қыстыра салады, ал сені желбіретіп жіпке жаяды. Жуылсақ та сені таза суға салады, ал мені кір суға, әйтпесе сасық нәскилермен бірге шаяды. Сондағы сенің артықшылығың не, айтшы? –Енді... біз жоғарғы жаққа қызмет етеміз, сен төменгі жақ дегендей... өз орнымыз бар емес пе? –Оттапсың. Сені жуған сайын үтіктейді, блин, ал менің бетім үтік көрмегелі қашан, неге олай, әділет деген қайда, ә?
–Енді... біз кеуде, жүрек, көкірек, қарын деген басты мүшелерге қызмет көрсетеміз ғой. –Е, сонда құйрық, көтен, қуық, “тағы басқа” ау органдары сеніңше, “бассыз” мүшелер болғаны ма? Оттама, олай. Иеміз қатты отырып тігісінен сөгілсем болды, бақайдың басына іледі де бірақ лақтырады. Баяғыда аталарымыз үлбіреп жіп боп қалғанша жамап-жасқап киеді дегенді “Трусилар тарихынан” жақсы білеміз. –Әй, түрсеке, таусылмашы, зато төбелесте біз мына мәйкілер бірінші кетеміз. Қай төбелесте өндіршегіңнен айырыла жыртылып ең? Оттамасаң, сен де оттама. Иеміз пляжға барса, сені қадірлеп бұтынан тастамайды, ал бізді кейде дар айырып машинесін сүртеді. Бұтындағы түрсиін сыпырып ап мәшинесін сүрткен қай қазақты көрдің? Осы емес пе сенің бар қадір-қасиетің, мақтанбайсың ба осыған. Біз мәйкілер жұмасына бір-ақ рет ауысамыз, сендерді күнде болмаса да күнәра ауыстырып отырады, ала-құла ағайын туыстарың да көп. Сендерді қадірлеп гүлді-гүлді етіп, замок тағып, кішкентай қалта жапсырып неше түрлі етіп шығарып жатыр. Өзің айтшы, омырауында қалтасы бар мәйкі көрдің бе? –Солайы-солай ғой... Жоқ, сонда да сен неге желпілдейсің? –Енді... біздің әкеміз көйлек, атамыз кәстөм, галстук деген қара жеңгеміз бар. Арғы атамыз пәлтө, тұлып деседі. –Е, біз де тексіз емеспіз. Трикө әкем мен шалбар деген атам бар. Арғы атамыз құлын жарғақ. Керек десең, айыл басты белбеу деген аға бізде де бар. –Олай болса, неңе таусыласың, тізеге жетер балағың бар “труси” деген атағың бар, қуанбаймысың?! –Мәйеке, қайдағы тізеге жетер балақты айтасың, кесіле-кесіле тілдей ғана боп қалған жоқпыз ба? Жоқ, сен неге желпілдейсің, мәйкімін деп мақтанба. –Екеуінің керісін естіп тұрған иесі мәйкіні қақ айырып майлық қылды, трусиды дар айырып тірәпкі қылды, сөйтіп екеуінің де қызметін біржақты қылды.
Ұлттық тестілеу немесе қоржындағы қотыр анекдоттар желісімен –Папа, биыл мектеп бітіргендер “ұлттық тестілеуден” өтеді деп жатыр, мен не істеймін? Тестілеуден өтейін бе, әлде әскерге барайын ба, жоқ әлде қатын алайын ба? –Айналайын, балам, тестілеу дегенің – онсыз да аз миыңды тескілеу деген сөз. Біздің кезімізде тес-мес жоқ, мұғалімге “тура” жауап береміз, рахат еді. Білмегеніңді екзамнан біліп шығасың, тек мұғалімге “берсең” болды. –Папа, сен қалай оқуға түстің, пара бердің бе? –Жоға “беремін” деп түстім.
–Ол қалай? –Ол былай, бала. Бірінші екзам история ЫССР-дан, келген сұрақ – Емельян Пугачев. –Ол кім? –Ол, ол ма, орыстың Кенесарысы. Сонан алдымда төрт екзаменатор (үш орыс, бір қазақ) отыр. –Отвечай, – деді бір тақырбас орыс. Аузын буған өгіздей боп мен отырмын. –Отвечай, если знаешь, – деді екінші бір жастауы. Ішім кішкене жыли бастады, бірақ сол “партизан” қалпымнан әлі де танған жоқпын. Біраздан соң бойым үйреніп, еркінси: –Я қазақский кончал, руски не знает, а Емельян Пугачев по қазақский дай сказат, – дедім ақырын ғана. Төртеудің ішіндегі қара қазағы сірескен күйі: –Айта бер, – деді. Бірден аузына қарадым, жаялықтай жайылған үлкен екен. Знашит жейді, параны пәшкелеп, қораңдағы қойыңды қосақтап берсең де аз демейтін ауыз. Сол ауызға қарап отырып сондағы айтқаным: –Емельян Пугачевті білмейтін адам жер бетінде кем де кем. Сіз таңданбай тыңдай беріңіз. Қасындағы үшеуге “Емельян Пугечевті” естірте сөйлеп кеттім. – Емельян Пугачевтің өзі бай болған деседі. Мен де ауылдан шыққан бала едім. Менің әкемде де біраз байлық, мал бар. Ал Емельян Пугачевтің малы одан да көп екен. Біздің үйде 30 сиыр, 20 жылқы, 47 қой болса, Емельян Пугачевта онан он есе көп екен. Ағай, егер дәл осы жерде төрт қойып жіберсеңіз, 5 жыл бойғы соғымыңыз менің мойнымда, Емельян Пугачев. Емельян Пугачев, күзде екі қой әкеп беремін. Қыста біздің Көкшетаудың жылқысы семіз болады. Пугачевтің аруағы риза болсын деп, сізге бір семіз байтал соғымға байлап отырмын. Екзамнан төрт алдым деп әкеме звандасам, ертең екі қой қақтап әкеп береді, Емельян Пугачев. Ағай, осы тілегімді қабыл десеңіз, Емельян Пугачев, бір төрттікті қиыңыз, – деп алдымдағы ауызға қарасам, ашылып барады екен. – Солай, Емельян Пугачев, ағай, мен болдым, – дедім.“Ауыз” отырып-отырып: –Хорошо, бара бер, мені есік алдында күт, – деді де қағазымды берді. Шығып қарасам, төрт қайда, +5 қойып жіберіпті. Сөйтіп түсіп кеттік. –Папа, сонда бес жыл бойы оқуды қойып, Шымкентте ет тасып жүрдің бе? –Жоға, мен күзде оқуға, 1-ші курсқа келсем, ол “ауызды” жұмыстан қуып жіберіпті, “ұялып” біраз жүрдім де ұмытып кеттім. –Папа, ал мен не істеймін, армияға барайын ба, әлде үйленейін бе? –Үйленгің де келеді, әскерге де барғың келеді. Сен мені тыңда. Әскерге барсаң, алдыңда екі жол тұр. Сен не Шешенстанға түсесің, не Қазақстанға түсесің. Қазақстанға түссең – құрыдың. Шешенге барсаң, алдыңда екі жол тұр. Сен не пленге түсесің немесе өлесің. Пленге түссең – құрыдың, ал өлсең алдыңда екі жол тұр. Сен не ағаш боп кетесің, не шөп боп кетесің. Шөп боп шықсаң, құрыдың. Ағаш боп өссең, алдыңда екі жол тұр. Сенен не мебель жасайды, не қағаз жасайды. Мебель жасаса, құрыдың. Ал қағаз жасаса, алдыңда екі жол тұр. Сенен
не газетный бумага жасайды, не туалетный бумага жасайды. Газет жасаса, құрыдың. Ал туалетный жасаса, алдыңда екі жол тұр. Сен не мужской туалетке барасың, не женскийге барасың. Мужскойға түссең, құрыдың. А-а-ал, енді женскийге түссең, “үйлендім” дей бер, балам. –Ойбай, папа! Әскеріңде құрысын, әйеліңде құрысын. Миымды тескілеп, ұлттық тестіге барғаным артық екен...
Ат аунаған жерде... Ағайын не білдің? Көкшетаудың тротуарларын атқа мінген полицейлер күндіз-түні күзетуде, тамаша! Көшеде келе жатсаң алдыңнан кентавр (кісікиік) құсап, қызыл ала жағалы, аттылы полиция шыға келгенде амалсыз жол беріп, көзбен «сүйсіне» шығарып саласың. Әсіресе балалар мен әйелдерге жақсы болды, тамашалап қарайды да тұрады. Әйтсе де бір «әттеген-айы» бар. Онсыз да көшеміздің тар тротуарларындағы адамдарды кеуделей азбан айғырларға мінген полиция қызметкерлеріастындағы аттары қай уақытта «кәкә» ететінін білмейді. Тоқ жарау күйінде «дежурствоға» шыққан хайуан «мен туалетке барамын» деп иесіне айтпасы белгілі. Ендеше полиция қызметкерлері осы жағын миласа деп ойлаймын. Ауылды сағынғанда бір белгілі әріптесіміз: «Шіркін-ай тезектің иісін сағындым, қидың түтінін сағындым» дейтұғын. Ендеше ауылыңды сағынсаң, алысқа бармай-ақ Абылайхан алаңы мен облыстық әкімдіктің алдына бар да, қидың иісін иіскеп мауқыңды бас. Өркениетті елдерде (Париж, Лондон, тағы басқа) әлі күнге домбай атты жегіп те салт мініп жүреді. Ол аттарда да тіл жоқ, олар да «кәкә» етеді. Бірақ сол атың өшкір «кәкәларды» иесі немесе кучері дер кезінде сыпырып алып, дайын қобдишаға немесе қапшыққа салып алады, тіпті орнын жуып кетеді екен. Сенбесең, маған кел, Жапония, Берлинде болғанымда өз көзіммен көргем. Қалалық жиын-шаралардан кейін әкімдіктің алдындағы алаңға («Абылайхан алаңы» деуге аруақтан қорқып отырмын) түнде бір үйір жылқы жусаған бе деп қаласың. Күйі келіскен азынаған полицей-аттар құйрығын көкке шаншып ап, дүйім елдің алдында көлкілдетіп, топырлатып жатса, несі жақсы дейсің. Өмірі ондайды көрмеген бір қала баласының қорыққанынан жылап жібергенін көзім көрді. Нанбасаң, маған кел, ол баланың шешесінің әдірісі менде. Менің бір айтарым, ұрлық та, қарақшылық та, кісі тонау да түн қараңғысында жасалады, ендеше аядай Көкшетауды ат тұяғының дүбіріне бөлмей кештетіп, қас-қарая шықса да болмас па?! Ақтабан сойыл сүйреткен әккі аңшылар да тапатал түсте алдарынан кесе-көлденеңдей көкбөрі кездеспесін білген ғой... Олай болса...
Сөзге ұста Көкше жұрты «Ат аунаған жерде түк қалады» деген ата мақалды басқаша айналдырып алмасына кім кепіл. Байқаңыздар. Ойбай, кеттім, кімді үйретпекшімін, о сорлы басым... “Роддом”
Үйленген соң алғашқы кезде өзіңді әлі бойдақтай сезінесің. Үй-күйді ұмытып “қубас” құрдастармен “анда-мында” жүре бересің. Оған келіншегің де аса мән бере бермейді. Себебі, ол да семья дегеніңнің әліппесін енді-енді бастаған кез. “Мен бір үйдің еркегімін-ау”, “менде бала болады-ау”, “біз де бір шаңырақпыз ғой” –деген ойлар сәл кейіндеу келеді. Тоғыз ай тоғыз күні жетпей, сүйген жарыңды қайда, қай жерге, қай уақытта апару керектігі үш ұйықтасаң түсіңе кірмейді. Өзіңнен бұрын үйленіп “ерте қағынған” құрбыларың: –“Ойбай роддомға әйеліңді апару дегенің “пәле” екен, “біз сияқты ауылда тұратындарға тіпті машақат екен”, “келіншегіңді толғақ қысқанда қайда барарыңды білмей қаласың”, “әуелде түнде жоспарланған “дүниенің” толғағы да түнде келеді екен” –дегенде де аса қозғала қоймайсың. Жәни құрдасым да осы кезеңді басынан өткерді. Үйленді. Роддомы бар аудан орталығынан отыз шақырым жердегі “Аралас” ауылында тұрған. Келіншегінің айы-күні, сағаты толған шақ. Таңғы сағат бес шамасында шырт ұйқыда жатқан Жәни келіншегінің “Аллалаған” даусынан шошып оянды. Көзін тырнап ашып жан-жағына қараса, ауызғы үйде келіншегі жүгіріп жүр. –Әй, не болды? –М, м, м, ішім, ішім. –Ішің болса, далаға шықсайшы тез, тағы не жақпай қалды? –Ішім деймін, ішім. Бар тез, Раяшты шақыр. (Раяш Жәнидің көршісі). –Иә, Раяш не істейді, тосып ала ма сені? –Ойбай бол, босанатын уақыт болып қалды-ау деймін, тез! –деп келіншегі шыңғырып жіберді. Жәкең әлі де “сабырлы”: –Тұра тұршы кішкене, енді екі сағаттан кейін ауданның автобусы келеді, шыда, сразу роддомға апарамын. Келіншегі бағұс айқайды қойып, еденге домалай бастағанда ғана Жәни істің мән-жайын ұқты, құрдастардың әңгімесі есіне түсіп атып тұрды. Есі шығып келіншегін тік көтеріп төсекке салды да, өзі бір аяғына етік, бір аяғына гәлөш, мәйкісінің сыртына күпәйке киіп далаға шыға келсе, күздің қар аралар қара желі ұлып тұр екен. Жалма-жан көршілердің есігін тепкілей бастады. Ар жақтан жалаң аяқ, дамбалшаң шыққан Амантай құрдасына: - Раяш қайда?! – деп айқай салды. - Ол саған атаңның басына керек пе, қайда болушы еді, үйде. - Шақыр тез!
- Кет өй, әкеңнің, өз қатыныңа бар, алқаш, жындымысың, ішсең, жайыңа жүр. - Бол тез шақыр, келіншегім домалап қалды. - Енді сонша неге ішесіңдер, жаап есікті. - Әбеке.., көрші..., бала табайын деп жатыр... тез қатыныңды шақыр. -Е, бәсе, кетші өзің, дұрыстап айтпаймысың? Сонан Жәнекең үйіне барды, киінді де далаға қайта шықты, үйге Раяш та келді. - Әбекең (Амантай) Жәниге: - Енді мәшине ізде! – деді. - Кімге барамын? Давай, сен бензавозыңды қыздыр, завайтта, ауданға апарайық ол байғұсты. - Қашан басталды? - Немене? - Толғақ қашан басталды деймін? - Ә, ... бір, жарты сағаттай болды-ау деймін?! - Жәни, сен асықпа, бірінші балаға айтолғақ келе береді. Талай қатынды толғақ қысып апарғам роддомға. Бір-екі күн жатып, босанбай қайтып келгендері көп. Олар өздері де білмейді қашан «келетінін». - Ненің келетінін? - Өй, кеще, тупой, давай киіндір әйеліңді, мен мәшін завайттаймын. Сонан шопыр Әбекең орнына, келіншек ортаға, Жәни есік жаққа отырып, «ауданның роддомы қайдасың?» - деп тартып кетті. Хош. Толғақтың көкесі жолда болды. Орта жолға жеткенде келіншек ыңырсып, ыңырсып, «қию» деп қиқуды салғанда, екі жақтағы екеу «не болды?» деп, еңкейе бергені сол еді, мойындарынан қос қолымен қылқындырып қысып алды. Келіншегінің тегеурінін Жәнидің сонда алғаш көруі. Білегі мұндай қайратты болар ма, еңгезердей екі жігітті тұншықтырып әкетіп барады. - Рөлден айырылма, авария боламыз, - де Жәни жанұшыра айқайлайды. - Мұндайларың бар, роддомға бір-екі күн ертерек барып неге жатпайсыңдар? – деді шопыр қылқынып. Ышқына қиқулап келіншек келеді. Не керек, о ғып, бұ ғып келіншекті роддомға «здавайттады»-ау әйтеуір. Таң ата ауылға келген Жәниге көршісі: - Ал енді шәйіңді іш те конторға жүгір, сонда диспетчерден роддомға звода, - деді. Жәнекең жүгіріп конторға жақындағанда алдынан тағы бір құрдасы диспетчер Игібай, кличкасы Итекең шығып, анадайдағы Жәкеңе: - Әй, Жәни, сүйінші, сүйінші, келіншегің босанды, –деді айқайлап. Жәни сасқанынан ұл ма, қыз ба деудің орнына “нешеу?” –деді абыржып. –Жындымысың, ол саған қой ма, ешкі ме, ұлың бар, ұл тапты әйелің, давай сүйіншімді бер. –Жүр үйге, жуамыз! Сонан сол күні дүрілдетіп тойлап, жігіттер ат қоюдың бірнеше варианттарын ойлап, ақыры Назартай болсын деп тоқтады. Ертеңіне Жәни
көршілерден пластмассовый гүл жинап, әдемілеп гәзетке букет етіп орап, роддомның сыртында терезе алдында тұрды. Ептеп бас жазған, бойда бу бар. –Оу, ау! Сая, Саяжан... естіле ме, ә? Немене? Терезеңді аш. Ә, ашуға болмай ма? Ендеше ашпа, балаға суық тиеді. Қалайсың өзің? Ә..., қалайсың деймін? Ауыл аман, мал аман. Немене..., шамалап жудық, ішкем жоқ. Бала қалай, бала? Кімге тартқан? Маған ба, саған ба? Сен сияқты ма, мен сияқты ма? Көзі қап-қара дейсің бе? Е-е, маған тартқан ғой. Немене... Мұрны жалпақ дейсің бе, е, е, саған тартқан ғой. Шашы бұйра дейсің бе, е, е, мен сияқты ғой. Құлағы үлкен қалқандай дейсің бе, е, е сен сияқты ғой, жылай бере ме, даусы ащы дейсің бе ә, е, е сенің мамаң сияқты ғой. Немене сүтке тоймай ма, е, е айналайын мен сияқты ғой... осылай екі сағат екінші этаждағы келіншегімен ымдап сөйлесем деп маңайдың барлығын даурықтырған Жәкең тұңғыш ұлын тоқтамастан он күн “жуды”. Келіншегін роддомнан көршілері Раяш пен Амантай шығарып алып келді. Одан бері он бес жыл өтті. Назартай үлкен жігіт болды. Біздің ауылда “Роддомдағыдай болды” деген мәтел сонан қалған.
Шиқан
“Шиқан – ұйықтап жатқанда түсіңнен шошытады, амандасайын деп келе жатқан кісіңнен шошытады” деп Оспанхан ағамыз бекер айтпапты. “Шиқан” дегенде өне бойым шиыршықатып, жұлын-жүйем шымырлайды. Сыздауық, шиқан дегенді ұмытқалы қашан. Бала күнімізде жалаңаяқ, жалаңбұт тайға жайдақ мініп, ашық-шашық жүргенде денемізге шиқан қаптап кетуші еді. Есейе келе тиылды. Енді, міне, он жасымда қош айтысқан шиқан отызға келгенде қайта мазалады. Бұл “пәле” адам денесінің ең бір ыңғайсыз жерлеріне шығады екен. Бала күнімде “қай жеріме” болса да бөртіп шыға бастағанда әжеме көрсететінмін. Әжем шиқанның “хирургі” еді. Атамның арбасының доңғалағын майлайтын сәлидөл деген май болатын. Сол майды інілерімнің жаялығының шетінен жыртып алған “стирильный” шүберекке жағып, менің сыздауығымды тас қылып байлап тастайтын. Ертеңіне “хирургім” қарап жіберіп: “Ә, әлі піскен жоқ екен, бүгінше май жақпаймыз” деп “диагнозын” қойып жіберетін. Екі-үш күннен кейін шиқаным шертіп піскен кезде сәлидөл тағы жағылады. Сөйтіп, түнімен солқылдатып сорған май ертесіне шиқанды өзегімен суырып алады да, жаның жай табады. Сол кездегі әжемнің “оқуы” күшті ме, әлде, сәлидөл мен інілерімнің зәрі сіңген жөргегінің пайдасы ма, әйтеуір тез жазылып кететін. Қош... Орда бұзар отызымды тойлаймын деп жүргенде “өзіңді бұзамын” дегендей “шықпас жерге” қос шиқан қатар шықты. Төсекті жеке салдырып, келіншектен бөлек жатқалы бес күн болды. Шалқалап жату, түгілі, отырудан қалдым. Байына ашуланған долы қатындар құсап етпеттеп кеп жатамын. Үйдегілер маңайымнан
өтуге қорқады. “Растояние” деп айқайды саламын, қатын-балалар әбден үркек боп бітті. Асқа шақырғанда алдымен үйдегілерді түгел кухняға өткізіп, соңымда ешкім жоқ екеніне көзімді жеткізіп барып, столдың бергі жақ шетінен түреген тұрып тамақтағалы алты күн болды. Алдында ұлдарым таңырқай, аянышпен қараушы еді. Қазір мамаларына қосылып “мазақтай” бастады. Шешесі кіші ұлға: “Папаңды шайға шақыр” десе, ұлым келіп: “Папа сені фуршетке шақырамыз” деп мазақтап кетеді. Үлкенім: “Папам вокзалдан тамақтанып үйреніп қалған” деп, ол да мысқылдауға айналды. “Түрегеп ішкен тамақ сіңімді болады”, – бұл келіншектің сөзі. Оларды тыңдап жатқан мен жоқ. Себебі, бар ойым “сырт” жағымдағы шиқанда болады. Бар арман мыналардан бұрын ас үйден аман-есен шығып кету ғана. Күндіз ешкімнен шешіліп әңгімелейспеймін. Автобусқа міну жоқ. Үйден бір жарым сағат ерте шығып, жұмысқа жаяу барамын. Ондағыларға: “Белім ауырып, емделіп жүрмін, отыруға болмайды” деген сылтау айтып жүрмін. Әй, солар бірдеңені сезіп жүр-ау деймін. Бүгін тым кішіпейілдік танытты. Тіпті, машинистканың өзі: “Ағай отырсаңызшы, ептеп жұмсақ жерге отыруға болатын шығар” дегенде “жоқ” деп қалай айқайлап жібергенімді байқамай қалдым. Шіркін, май құйрығыма шыққан қос шиқан маңдайыма шықса етті. Дүниеде ауруыңды жасырғаның жаман екен. Оның үстіне “Ауруын жасырған арам өледі” деген мақал қайта-қайта еске түседі. Әйеліңнен басқа ешкімге айта алмайсың, “мінекей” деп тірі жанға көрсете алмайсың. Біреуге көрсету түгілі өзім де дұрыс көре алмаймын. Түкпір бөлмеге кіріп алып, айнаның алдында бұрала-қайқайып шиқанға қараймын деп мойыным қарысып қалды. Келіншегім: “Айнаны жерге қойып қара” деген кекесін аралас кеңес берді. Олай да көрдім. Құлаштай айнаны еденге төсеп, жүрелей төндіртіп ем, жап-жақсы көрінеді екен. Шиқандар әп-әдемі пісіп қапты. Жарылардай боп жарасып қатар тұр. Қарап біраз отырдым да өз-өзімнен күлкі қысып, түрегеп кеттім. Енді, олай қарамаймын. Қазір менде: “Шіркін, шиқандарыма әжемнің сәлидөлін тартса ғой”, деген тәтті қиял бар. Құйымшағыма тас байлап қойғандай... Айы толған әйелдің толғағын күткендей, ақ түйенің қос өркешіне ұқсап шодырайған қос шиқан қашан жарылады деген аяншақ арманмен әлі жүрмін.
Биеңе паспорт алдың ба? Қала шетінен үй сатып алып, елден қотарыла қора-қопсысымен көшіп келген Данай шалдың үйіне “Мен зоотехникпін, ал мен ветврашпын” деп екі жігіт кіріп келді. Біреуінің мұрты жоқ, басында бейсболка, қолында пәпкі, екіншісінің де мұрты жоқ, бірақ ол жалаңбас, қолында сөмке.
– Ассалаумағалейкүм, ата, қоныс қайырлы болсын, мал бар ма, неше сиыр бар, неше жылқы? Ешкі бар ма? Қой қанша, неше итіңіз бар, мысықтың пока біреуін көріп тұрмыз. – Әй, бала, қай қазақ жаннан бұрын малдың санын сұраған, етияумайттар, шығыңдар үйден! –Оу, ақсақал, өй ата, атаке, көке, кешір, біз малға паспорт жазамыз, тізімге аламыз, сырға тағамыз. –Ақ адал малыма санақ жүргізіп, тізімге алатын кім едіңдер, малыма сырға тағам дейді ғой... –Ата, міне қағаз, документ, приказ, положение, қазір заң бар сондай. Әр бас малға ат қойып паспорт жазамыз, –деді мұртсыз жалаңбасы. –Әй, әуелі менің пашпортымды ауыстырып бер, о несі ей! – деп шал жұмсарайын деді. –Ата, біз жұмыстамыз. Жүріңіз қораға, уақыт жоқ. –Ал жазыңдар, бір құлынды бие, бір тай, екі сиыр, бір тайша, жеті қой, ешкі жоқ. –Биеңіз нешеде, пародасы қандай, кличкасы бар ма, түсі қандай? –Жасы жетіде, 4 құлындаған, бұрынғы қарагер биенің тұқымы, кличкасын білмедім не екенін. –Ата, есімі бар ма? –«Қарагер бие» деп жаза беріңдер. –Болмайды, ата, ат қою керек. –Әй, бала, жетіге келген сақа биеге енді азан шақырсаң да ат қонбайды. Жаза сал “Керка” деп. –Тәк, “Керка”, 1997 жылы туған, жаздық, мынау міне паспорт, қайырлы болсын, ата! –Өй, кет әрмен. –Ата, құлынға ат қойыңыз, оған да паспорт береміз. –«Торка» дей салыңдар енді, 5 айлық құлынға да паспорт береді екенсіңдер ғой, кәмелетке толмаған... –Торка. Мә, ата, мынау құлындікі, екеуіне 1200 теңге төлейсіз. –Оны не деп төлеймін. Пашпорттарың өздеріңе, кетіңдер әрмен. –Ата, мына паспорттардың бәрі ақша тұрады, ертең биеңіз жоғалса, осы паспортты көрсетесіңдер, олар сонда ғана іздейді. –Иә, іздейді, атаңның басы, олай болса, фотоға түсіріп, суретін жапсырыңдар, әйтпесе әрі кет. –Ата, фото керегі жоқ. Егер соғымға сояр болсаңыздар, осы паспортты милицияға апарып рұқсат қағаз аласыз, сосын бұл документ онулировать етіледі, ветвраш справка береді де, сельсовет қол қояды. Сонда ғана биеңізді соғымға соясыз. –Ал, қонағыма қой сойғым келсе ше?
–Ол да солай, ата. Срочно жаңағы процедураны істейсіз. Соятын қойыңыз қырқылған болса, “пәленше қойымның жүнін өткіздім” деген заготконтордан справка аласыз. Сойған қой буаз боп ішінен қозы шықса, ветвраштан мөрі бар қағаз алып, аймақтық әкімшілікке 700 теңге штраф төлейсіз де, құлағындағы сырғасын алып сотқа өткізесіз. Екі айдан кейін сот үкім шығарады да, сойылған қойдың ішінде кеткен қозының әкесі, яғни қошқар асыл тұқымды болса, онда 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығыңыздан айырады. Егер қошқардың паспорты болса, онда қошқар иесінің малына келтірілген зиянкестігіңіз үшін 757 у.к. мал. ЧП, сырға статьясы бойынша жауап бересіз. Паспорты бар қойыңызға паспорты бар ит шапса, екеуін жетелеп гор зоовет-упр. конторға әкеліп 18 адамнан құрылған комиссия алдында экспертизадан өткізесіз. Итіңіздің айтқаны рас болса, қойыңыз өзі тиіскені дәлелденсе, сол жерде оны сойып 18 адамға сирағына дейін асып бересіз де, итіңізді жетектеп кетесіз. Енді түсіндіңіз бе, паспорттың неге керек екенін? –Түсіндім, бар болғырлар, түсіндім. Жылқы баққанша жын бақ, сиыр баққанша, сайтан бақ, қой баққанша, қоян асыра, дейсіздер ғой. –Ата, қоянға да паспорт береміз. Егер қояндарыңыздың саны он екіден асса, үкіметке екеуін өткізіп, сойған қояндардың терісінен малақай тігіп, жетімжесірге тегін үлестіресіз де, сырғаларын жинап-теріп жылына бір рет сотқа өткізесіз. –Әй, оңбағандар-ай, өздеріңнің құлақтарыңа сырға тағып, құйрықтарыңа қалбыр байлап, ауылдан ит қосып қумай тұрғанда кетіңдер. Кімге айтсаң, оған айт, мейлі мал министріне бар, мейлің Президентке бар. Тап мына қорлығыңа шыдамаспын!
Асқазан (мысал)
Иманшарттың иірімдерін иректей мақамдаған имамдардай Адам анотомиясын аударып оқыған ақылдылар айналамыздағы өзгерісайырмашылықты адамдар көзімен көріп, құлағымен естіп, қолымен сипап, аузымен жеп, мұрынымен иіскеп, тісімен тістеп, аяғымен теуіп, болып жатқан құбылысты айырады дейді. Көру мен есту, иіскеу мүшелері арқылы орталық миға хабар беріп, сол жерде информацияны қорытып, жұлын жүйесі арқылы бұлшық еттері мен дене мүшелерін жұмсап, зат болса, қолдары арқылы жылы-жұмсағын байқап, тамақ болса, тістеп, ащы болса, ішіп, жағымды болса, иіскеп, қою болса, ауыздың ішінде олай-бұлай ойрандатып алып, жұдырықтайды, жұқ көрмейтін көмейде
көп кідіртпей жұтқыншақ деген жолға саласың. Салғаның сала құлаш болса да “аялдамасы” жоқ бұл “даңғылды” ӨҢЕШ дейді. Қараңғы өңештен өгізі де өтеді, түйесімен тоғыз да өтеді, жылқы үйірімен, торпақ сиырымен өтеді, қой тоқтысымен, қаз-тауық топшысымен өтеді, кейбір өңештен торай доңызымен, шыбын-шіркей қоңызымен өтіп кете береді. Осы “составты” не тас демейді, немесе лас демейді, болмаса жүн-жұрқа шаш демейді бір сөзбен қазекең Ас, дейді, Ас! Қайран өңеш! Ішу мен құсуға келгенде өңештің атқаратын қызметі орасан. Осы екі қызметті қатаң қадағалап, келіп-кетер астық асылын арқау етіп, арамын аластайтын астаудай арсыздың аты Асқазан болады. Әу баста бар тізгінді өз қолына алған обыр асқазан адамның алпыс екі тамырына дейін әмірін жүргізіп келеді. Көретін көз де, айтылатын сөз де, еститін құлақ та, сұранатын сұрақ та, тіленетін тілек те, қимылдайтын білек те, азуы алты қарыс ауыз да, жаңағы өңеш деген жауыз да осы асқазанның айтқанына көнеді. Асқазан әмір етсе, бастағы ми да істемей қалады. Демек, адамның орталық басқару органы бастағы ми емес, Асқазан деп білгеніміз жөн. “Импорттан” алғанын өңдеп “экспортқа” шығаруда асқазанның алдына түскен мүше жоқ” – деп маңайындағы бездер бекер шулап жүрген жоқ. Бүйрек пен бауыр да осылай дейді. Тоқішек тоқтығын ойлап асқазанның аузына қарайды. Жібі түзу жалғыз мүше жүректің өзі әбден шайлығып болды, айнығаннан басқа дәрмені жоқ. Болбыраған бауыр іріп кетем бе деп қорқады. Асқазанға ерегіскен бүйрек пен өт те өз қызметтерін бұзып жүр. “Алып тастаса, өзі білсін, сылынып қалған басқа өттерден артық емеспіз”, –деп асқазан берген сұйықты сүзекіге салып, құм тасын өткізбей алып қалады да, қалғанын “зәрге зәру емеспіз” –деп қуыққа құйып құтылады. Ар жағын қуықтың өзі біледі, төге ме, шаша ма, компресс етіп ауырған жеріне баса ма, өз еркі. Басқа мүшелер алдында абыройы түсе бастаған асқазан соңғы кезде аши бастап, іш-тұрманға түгел құлақтандыру жариялады. Шабарманы боп шорылдаған ашы ішек кетті. –Тоюды ойлаған аш қазан. Бар мүшеге бас қазан. Гастритке шалдықты. Әміршіміз Асқазан, – деген объявление әр мүшенің “есігінің” алдына ілінгелі асекеңнің көңілін сұрауға жұрт ағыла бастады. Ауыз ауылы келе алмаса да үстіңгі елден өңмеңдеп өңеш келіпті, қос бүйірден жартылай май басқан қос бүйрек сығалайды, жалпақ қарынды баса-маса тоқішек асқазанның басын сүйеген, төрде лүп-лүп етіп жүрек отыр. Оң жақта өңіріне жабысқан өті салбырап қап-қара боп бауыр жатыр. Тым-тырыс тыныштық. Бездер ғана аяқтарының ұшымен келгендерге там-тұмдап сусын тамызып жүр. Сыр-сыр етіп кіріп келген өкпе ғана тыныштықты бұзды. Асекең көзін ашып, басын көтеріп, ауырған сол бүйірін басып отырып сөйлеп кетті: – Уа, ағайын, алыстағы алты ауылым келмесе де жақындағы жекжатым түгел екенсіңдер. Шытырманіштұрман деген “Ауыз” бен “Көтеншек” даласын жайлаған бір атаның
баласымыз. Ауруыма дауа сұрап, мүсіркесін деп шақыртқан жоқпын сендерді. Соқыр ішектің ғұмырындай шолтаңдаған шолақ ғұмырда бетіңнен алып, белге салсам, кешірім алайын, реніш өкпелерің болса, алдарыңнан өтейін деп едім. Кеселімнің түрі жаман, кеседі ғой деймін, – деп біраз отырды. Ешкім үндеген жоқ. Жан-жағына ежірейе қараған Асқазан: – Отыз тісің опырылып қалғыр апандай ауыздың толғамай жұтқанын кесектей жеткізген сен емес пе едің, ит Өңеш? Неге үндемейсің? Құсуға сұранған қос саусағың болмаса, қай асыңды қайтарып едім? – Ол дұрыс қой, бірақ... – деп сырылдаған өкпе сөзге араласайын деп еді, протокол жазып отырған тоқішек тоқтатып тастады. Асқазан: «Әй, қабырғаға жабысқан шұрық-шұрық қарайған өкпеңді қара қазандай ғып маған артпа. Құрт жегір мұрынмен көкала түтін түтеткен өзің емес пе ең?!» – деп ақырып жібергенде өкпе демігіп қалды. Жүрек қана көзін тарс жұмып ап бірқалыпты лүпілдеп отыр. – Әй, өңеш, – деп асқазан тағы өңешке тиісті, – қыл-қыбырды сен қылғыта бермегенде байғұс шұнақ соқырішек ортамызда отырмас па еді, ойнақтап жүріп от басып, пышаққа ілікті. О дүниеде әлі алдыңнан шығады ол, сонда не дейсің? Соңғы кездегі қызметіңе мен түсінбеймін, маған жеткізетінің жыланның зәріндей ащы дәрі, бұрынғы “сыбағаларыңның” бірі жоқ. Анау төменгі елдегі туысым көтеншекке сәлем айтыңдар. Келмеді деп өкпелемеймін. Кеселдің кесірін былтыр айналып кететін – гимарой деген пәлеге шалдығып, кескіге түскен өзі жақсы білетін шығар? “Желдің” өтінде пәлен жыл босағамда қара құлымдай қалтқысыз қызмет етті, мен ризамын оған. Соңғы сәлем-сыбағаларым “татымсыз” болса, ренжімесін, өзім де жарымай жатырмын. Ал, ағайын, тараңдар, рахмет сендерге, укол алатын мезгіл болды-ау деймін, – деп асқазан аунап түсіп жатып қалды. “Асқазан бүгінгі жиында өңешке шүйліккенде құлқынның бас құлы өзі екенін ойлады ма екен, біздің күніміз не болмақ?” – деген жұрт тарай бастады.
Моншадағы майдан Өткен жексенбі күні моншаға бардым. Әдетте ертерек сағат 9, әрі кетсе 10да мен парнойда отыратынмын. Бұл жолы кешігіңкіреп, қалалық №1-ші моншаға кіріп барсам, иін тірескен халықтан өшірет күтетін жерде ине шаншар жер жоқ. –Кто крайный? –дедім. Үн жоқ. “Е, сорлы, осынша халықтан кейін кезек алғанша, асылып өлмейсің бе?” дегенді қабақтарынан білдіріп, екеу-үшеуі одырая қарады да қойды. –Арты кім? – деп айқай салдым. –Я, –деді біреу жарықшақтанып. Жартылай шешініп алғанына қарағанда жүйкесі әбден тозып тұрған адам болуы керек.
–Я за табой, – дедім тағы да айқайлап. Өшіреттің “арты” үндеген жоқ. Басқа ел де тым-тырыс, сіріңке тұтатып жіберсең, лап ете қалатын “опасный атмосфера” екенін ұқтым да, төменге түсіп күтейін дедім. Астыңғы қабаттағы орындыққа отыра бергенде “Кісі көп пе? Соңы кім?” деп біреу өте берді. “Мен” дегенше болмай, жоғарыға көтеріліп кетті. Барсаң бар, деп мен де отыра бердім. Сөйткенше тағы бір дәу кеп: –Кто крайный? – деді. –Мен, мен, менен кейінсіз, – деп қасыма отырғызып алдым. Ақырын-ақырын астыңғы қабаттағылардың да қатары көбейді. Бір сағаттай уақыт өтті. Маужырап қалғып кетіппін. Бүйірімнен біреу түртеді. –Ағай, сіздің кезек келіп қалған шығар, барып білсеңізші, – дейді менен кейінгі дәу. Сілекейімді сүртіп, жалма-жан жоғарыға шықтым. Мана мен келгендегі халық көбеймесе, азаймапты. Алдымдағы “жүйкесі тозған” адамым есіктің алдына барып қалған екен, бір иықтап жақындап кеп: –Я за табой занимал да? –дедім. –Ты же ушол, вот он за мной, – деп өзінен кейінгі сақалдыны нұсқады. Солақ екен, артқы жақтан әртүрлі қарсылық білдірген еркектің ғана аузынан шығатын сөздер түйдек-түйдек естіле бастады. Менен кейінгі дәу де жетті қасыма. Өшірет екеу болды. Менің командам 20-30 адамдай бармыз. “Жұқа жүйкенің” командасы да сол шамада. Соңымдағы дәуді арқаланып, қарсы топтың“капитанына”: –Ты что, дурак что ли, я же за табой занимал, что ты молчал?! – дедім күйіп кетіп. –Нет за ним я занимал, – деді оның артындағы сақалды қазақ. Жұрт толқып кетті, ши шықты, шу басталды. Бәрі кіре беріске ұмтылды. Бәріне өзім кінәлі болсам да, бастан қан шыққан соң не тұрыс бар, “лучшая защита-атака”, деп есікке жақындап қалған “жұқа жүйкені” (олардың капитаны) жағадан алып, маңдайдан шарт еткізіп тартып өттім. Ол шешінетін жерден бір-ақ шықты. Кіргеніне қуанған болуы керек, бері шыққан жоқ. Сол-ақ екен майдан басталып кетті. Сартылдап сынған сыпырғыш, шарт-шұрт жыртылған пакет, “әкеңнің” деген дауыстар аядай моншаны азан-қазан қылды. Опыр-топыр боп шешінетін жерге де кіріп кеттік. Арамызда тайғанақтап жалаңаштар да жүр. Біраздан кейін моншаны жаңғыртып: –Уа, ағайын! Товарищи! – деп бар даусыммен айғайды салдым. Осылай екі рет айқайлап ем, кәдімгідей төбелес тоқтап, майдан басылайын деді. Байқасам, жұрттың бәрі маған қарайды, жанарларында менен билік күткенін аңғарып қалдым. “Ә, мына бассыз тобырға көсем керек екен-ау” деп, төрт тазикті төңкеріп қойып, үстіне шықтым да сөйлеп кеттім. Аврора үнімен Ленин сөзін бастағандай, оң қолымдағы сыпырғышты сермеп тұрып:–Уа, ағайын! Дорогие товарищи! Осынымыз ұят емес пе? Как вам не стыдно? Егемендігіміздің жемісі осы ма? Разве мы ради этого боролись? Байқаймын жұрт ұйып қалыпты,
кейбіреуі мен тұрған тазиктің түбіне жайғасыпты, су-су болған жалаңаштар да абыройларын мачалкамен көлегейлеп, біздің “митингіге” құлақ түрген. Моншаны түгел аузыма қараттым, енді тоқтамау керек. Астымдағы тазиктерге тағы да төртеуін қосып, тұғырымды биіктетіп, сыпырғышымды шайқап тұрып: – Уа, ағайын, жолдастар, жыл он екі айдың 7 айында осы монша ремонтта тұрады, рас па, рас! Анау КДА-ның моншасы ұядай ғана, 6 адамнан артық жуына алмайды. Жексенбі сайын кір-қоңымызды жуып, жолдастармен жолығатын жалғыз орын осы емес пе? Бірақ күн санап қала халқының саны өсуіне байланысты дәл осы монша бізге аздық етуде. Қашанғы бұға береміз?! Бүгінгі майданымыз
кірлеген халықтың, ашынған
елдің шыдамының таусылғандығының дәлелі емес пе? Ғасырлар бойы сірескен сең қозғалды, ағайын, – деп ем, жұрт қол шапалақтап, біреулер “Ура, ура?” деп жіберді. “Дұрыс айтады, правильно, в акимат надо письмо готовить, жазу керек” деген халық шулап кетті. Өзім көсем, өзім лидер, несіне сасайын. Сыпырғышымды көтеріп қап ем, бәрі “тише, тише, тынышталыңдар” десіп дүркіресіп барып тоқтады. –Уа, товарищи! Бұл үлкен қозғалыстың ұшқыны ғана. “Ұшқыннан жалын лаулайды”, “Из искры возгорается пламя. Ура!” – деп, елді тағы біраз шабыттандырып жібердім. –Бүгінгі қимылымыз аяқсыз болмай, өтінішіміз дәйекті болу үшін біз ең алдымен “Монша комитетін” құруымыз керек. Осындағы барлығыңыз Көкшетау моншалар құрылтайының, яғни съезінің делегатысыздар, құттықтаймын, ура, товарищи! –деп ем, орысы да, қазағы да қосылып, теңселіп тұрып: “Жаралған намыстан”, - деп бір гимнді бастап кетті. Тіпті бір ақсақал кемсеңдеп, жылап та жіберді. –Ағайын, біз өз талаптарымызды қағазға түсіруіміз керек, қане жазыңдар, кімде қандай ұсыныс-талап бар? 1. №1 монша жылына 5 айдан артық ремонтқа жабылмасын. 2. Банщица шал да болса, еркек болсын. (Ұлты бәрібір). 3. Қала басшылары кем дегенде айына 1 рет моншаға түссін. 4. Сыпырғыштың бағасы 25 теңгеден көтерілмесін және (лесник) орман шаруашылығының рұқсат қағазы болсын. 5. Буфетте 100 грамдап арақ сатылсын. 6. Қыс айларында суық судың таусыла беруіне байланысты горкомхоз бірлестігінен моншаға таза қар жеткізуге бір КамАЗ (прицепімен) бөлінсін. 7. Жүрегі қысқандар мен ыстық суға күйгендерді емдейтін бір медбике парнойда отырсын. –Болды, болды. Осыған барлығы 96 адам қол қойдық, құттықтаймын, ағайын. Тағы да шаттанған дауыстар мен бірін-бірі құшақтай құптаған жұртшылық маған қарады.
–Уа, халқым, – деп бастадым бұл жолы, – ендігі басты мәселе, бұқаралық ақпарат құралдары, теле-радио компания, гәзет, пошта, темір жол, күзет қызметтерін өз қолымызға алуымыз керек. Ол үшін астыртын топ құрып, типографиядан листовка шығарып, өз резолюциямызды бұқара халыққа жеткізуіміз керек. Арамызда жансыздар мен сатқындар болса, осы монша комитетінің төтенше трибуналында соттап, парнойда күйдіреміз. Қатаң тәртіп болса ғана ойлаған мақсатымызға жетеміз. Сұрақтарың болмаса, Көкшетау қаласы №1-ші моншашылар комитетінің бірінші съезін жабық деп жариялаймын. Құрметті халқым, дорогие друзья, у казахов есть такая пословица “Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде” в переводе “Голова лопнет в шапке, рука сломается в рукаве” друг-другу не задерживаете, зла за произошедшии иницент в предбаннике. Моншада бәріміз теңбіз. Ақыры екі өшірет екен, былай болсын, екі адам бір тазикпен жуынсын, сыпырғышы жоқтар сыпырғышы барлармен парлансын, орыс қазақпен жұптасып жуынсын, аяққолы саулар мүгедектердің арқасын ыссын. Сөйтіп бірінші монша қаладағы бар мекемеге үлгі болсын. Құрметті делегаттар, жеңіл буларыңызбен! Келесі жексенбіге дейін хош сау болыңыздар! Ұйымдастырушы топ буфетте кездесеміз.
Базар
Көшеде көптен көрмеген бір інішекті кездестіре қалдым. –Оу, бауыр, қал қалай, көрінбейсің ғой? –Ә, қыдырыс қой, келініңізді ертіп базарға шыққамыз. –Келінді сен ерттің бе, әлде сені келін ертіп шықты ма? –Қойыңызшы аға, бәрібір емес пе? –Әй, бұлтаңдама, дұрыс сөйле, сонымен кім кімге еріп шықты? Осы кезде келіншегі: –“Пошли!”– деп еді, інішегім еріп жүре берді. Мен де жүгіріп, әйелімді қуып жеттім. Олар да, біз де қайнаған базарға кіріп кеттік. Бір қалтарыста Жәни құрдасым шықты алдымнан. Өзі елі сөмкемен артында, әйелі алдында. Мені көре сала алдымды орап: –“Сопровождение” – деді ысылдап. Ол кезде менің де екі қолымда екі пакет картошкі барда. –Өзіңдікі не? – деді қисайып. Мен де тістеніп, тісімнің арасынан: –“Телохронительмін” – деп өте шықтым. Шыға берісте манағы інішекті көрдім. Келін екеуі кетіп барады екен, қолдары бос, көздеріне түспей әйеліме “тез жүр” – деп жылыстап бара жатыр едім артымнан: –Аға, аға, жеңге, жеңге! – деп айқай салды. Естімеген боп жүре бердім. –Аға, Ераға, грузщик аға...
–Жағыңа жылан жұмыртқаласын, ит, қақсама! – деп қайырылмай жүре бердім. Әйелді алдаудың айласы немесе “АЛИБИ”
Еркектің басынан не өтпейді?! Үйлі-баранды болсаң да ара-тұра жігіттермен жұмыстан кейін бір-екі бокал сыра ішу, бір-екі сағат карта ойнау, бір-екі кафеге кіре салу, бір-екі партия бильярд ойнау, бір-екі жігітпен бір-екі жерге әйелсіз бара салу, ол үйде бір-екі табақ ет жеп, бір-екі сағат кешіге салу, одан шығып тағы бір-екі сағат жігіттермен әдебиет пен мәдениет, поэзия мен прозаның бүгіні мен болашағы тақырыбында “пікір” алмасып, мемлекеттің әлемдік аренадағы бағыты жайында “сұхбаттасу”, Президенттің “программасына” түзетулер енгізіп, бір-екі сағат езу, түннің бір уағында тротуарда тұрып алып өлең оқу, оқылған өлеңді бір-екі сағат мақтау, бір-екі таксистке паспортыңды залогқа беріп, бір-екеуін “кидать” етіп түнгі сағат бірекілерде бетің бүлк етпей үйге келу, т.с. сияқты “мәдени” шаралар әркімнің басында бар. Рас па? Рас. Ал енді мұндай “экскурсияларың” жиілеп кетсе, құрисың және оны өзің жақсы білесің. Бірақ еркек емессің бе, ара-тұра, андасанда, оқта-текте, кейде ілуде бір, арагідік әркез бой жазып тұру керек-ақ. Оны әйелің де түсінеді, себеп – сен стресс снимать етіп, шабыт шақырып жүрсің. Ал енді кей кезде шабыт шақырамын деп екі-үш күн лағып, үйге жоламай кететін жағдайда әйелге ақталудың неше түрлі айла-әдістері бар. Қай әйел еркегі үйге қонбағанын ұнатады дейсің. Мұндайда әр минутыңа алиби дайындап, әйеліңе тақпақ айтқандай тақылдатып тұруың керек. Менің әйелімнің тергеуінің жанында прокурор далада қалады. Жауап бергенде оның көзіне қарап тұруың керек, көзің тайды, бітті, ұсталдың. Ұсталмас үшін міз бақпай қасқайып, арсыз күлкіні араластырып, арбауына көнбей ақталып шығу екінің бірінің қолынан келмейді. Мен сияқты ақкөңілдер дарақыланып мұндай ситуацияларға жиі түседі. Ал дарақылық дегеніміз – ақкөңілдің асқынған түрі. Өткен жазда үйге екі күн жоламай, лағып жолдастармен Бурабайда жүріп алдық. Екі күн қонақтарды күтіп, тойлатып, Оқжетпеске өрмелетіп, Жұмбақтасқа аттарын жаздырып, Абылай алаңына мұрын орамалдарын байлатып, көлдің басына құстырып “риза” қылып шығарып салдық. Бәрі жақсы. Но, но, үйге не деймін? Не деп ақталамын? Мұндайда қомақты ақша алып барсаң ғана әйелге жағасың. Мейлің, бір ай жоғал, ақша әкелсең болды, үндемейді. Бұл жолы ақша түгілі сайтан да жоқ, қалта тесік. Үйге айдап келемін. Айдап келе жатып ойлап келемін... Не өтірік айту керек? Ақталудың бірнеше варианттарын електен өткіздім. Бәрін бұған дейін айтқам. Басқа, тың бірдеңе табу керек... О, таптым. Қалаға кіре бере үйге звондадым. Әйелім алды. Іс-міс жоқ, амандық-саулық жоқ:
–Алло, мәшиненің страховкасы мен техпаспорты үйде ме, қарашы, – дедім. –“Үйде, үйде, не болды мәшине аман ба?” –деді әйелім. –“Ә, жарайды, қазір ГАИ-ге соғамын да үйге барамын”, – дедім. Енді әйелім менің екі күн жоғалғанымды ойламайды, мәшинені ойлап басы қатады. Оның үстіне ақталу жоспарына ГАИ деген детальді қыстырып қойдым. Отыра тұрсын. Үйге жақындағанда копотты ашып жіберіп мұрын орамалды мотордың майымен майлап, бензин араластырып бетімнің әр жеріне, қолымның сыртына исін аңқытып жағып алдым. Үйге кіріп барсам, өзі аппақ әйелімнің беті қағаздай, үн жоқ, “мәшине сау ма?” деген сұрақ тұр көзінде. Аяп кеттім. Енді шегінуге болмайды, кір қолымды тарбитып тұрып: “түймемді ағытшы” деген қимыл жасадым. Әйелім жалма-жан курткамды шешіп алды. Ар жақтан қызым келіп: – “Фу, папа, бензином ваняешь”, – деп мұрнын басып кетіп қалды. Әйелім жұмсақ дауыспен “не болды?” деді. Мен арсызда әлі үн жоқ, бәтеңкемнің бауын шешіп жіберші дегендей оң аяғымды алға созып, тағы бір ишарат жасадым. Әйелім байғұс отыра қалып, бәтеңкемді шешіп ваннаға алып кетті. Осы кезде телефонды алып қайдағы бір нөмірді теріп ұзақ отырдым да: – “Алло, ә, Жәке, мен ғой, қалай кешегі шаруа шешілді ме, ә, бәсе менің кінәм жоқ, е, тапсаңдар болды, екі арада мені екі күн әуреге салды өздері. Сіз өзіңіз болмағанда... жарайды, айтам келініңізге. Әрине, келініңіз түсінеді ғой, алтын ғой біздің әйел. Аға, бір келіп келініңіздің қолынан шай ішіп кетпейсің бе? Жақсы. Сау болыңыз” – деп трубканы қойсам, әйелім терезеден мәшинені көріп маған қарай күлімдей басып келеді екен. Бітті, алиби есть, сенді, иланды, жұмсарды. Мәшине аман, үлкен бастыққа өзін мақтадым, одан артықтың керегі жоқ оған. Өзім аман-саумын, шығын шыққан жоқ, көңіл орнықты. –Тыныштық па? Біз алаңдап отыр едік, жарайды, жуын, шай дайын – дегенде жылап жібере жаздадым. Алтын асықтай сенгіш әйелімді алдағаным үшін өзімді-өзім сыбай боқтап, ваннаға кіріп кеттім.
Қазақы мақтау мен даттаудың түр-түсін түгендесек...
Бипаздап мақтап, бадырайтып боқтауға келгенде біздің сабаздар алдына жан салмайды. Бұл біздің мініміз емес, туа біткен ділімізден деп түсіну керек. Өз мінін өзі мінейтін грузиндер ешкімнен кем емес, қайта өр рухты, басқаларға өзін сыйлата біледі. Ал қазақы мін турасына келсек, оның жөні – бөлек. Мақтап тұрып мініңді айтқанда, есекке теріс қарап мінгеніңді байқамай қаласың. Мысалы, жаңа сойған соғымның свежий қуырдағын осы үйдің шөбін шауып келгендей қайтақайта көсіп жеп отырып, бір уақыттарда: “А-а, қуырдақтың тұзы татымды-ақ болған екен” дей салады. Оның нені меңзеп отырғаны белгілі. “Қуырдақтың тұзы ащылау болған екен” деген қысыр әңгіме жатыр оның астарында.
Сойғаның кәрі жылқы болды дейік, мысалы. Майы сорпаға шығып кетіп, қара жөке болып қалғанын қожайынға тура айтпай, “қазаннан шығып, қайда барар дейсіз” дей салады жұртқа естірте. Соның өзі жетіп жатыр, “ойбай, бәленшекеңнің сойғаны қырық жылғы қырқылжың екен” деп гөй-гөйлетеді ауыл іші. Мысалы, жаңа кәстөм алдың дейік. “Жақсы екен кәстөмің, мен де осындай біреуін на постой, жұмысқа киюге алмасам, болмас” деп, біреудің бір киерін табанына сап таптап кетеді. Біреу белесепед сатып алса, жігіттер алқа-қотан жиналып алып: “Көліктің көкесі осы ғой, денсаулығыңа жақсы, бензин сұрамайды, рахат, матасекіл дегенді қой, апат емес пе?! “Өлгің келсе, матасекіл ал”, - деп орысың бекер айтпайды, итпектеген осының дұрыс”, –деп, жұбатқан болады. “Урал” матасекілін алғанға: “О-о, көк атың құтты болсын, ауыл-үй арасындағы нағыз көлік осы, құтты болсын, трактір ғой бұ шіркін, бір арба шөпті бұйым ғұрлы көрмейді ғой” - деп, өкпеңді өшіріп, тілерсегіңді талдырып, белесепед айдағанша деп, ешкінің шыбышындай екі аяқты матасекіл мінгенше деп, біраз жерге барып қалғанын сезбейді, ақыры жуғызады. “Запорож” алсаң: “Әй, “Мәсківіш” пен “Жегөли” жеткен жерге бұл да жетеді, су құйып әуре болмайсың, бензін жеуге торғайдың тамағындай бірдеме”, – деп “Запорожды” мәшинелер санатына қоспайтынын сездіріп кетеді. Бірақ жуғызады. Жуып отырып мақтауын да, даттауын да келістіреді. “Жегөли” алсаң, айналып қарайды да: “Па, шіркін, тойған қозыдай томпиып тұрғанын қарашы, бір артық мүшесі жоқ-ау, жоқ. Абажадай “Волга” мен буаз биедей бауыры жер сызған иномаркіңнан мұның асты әлдеқайда биік қой”, – деп, аспандата мақтап кеп, – басқа цветі болмады ма, ну, мынау да жаман емес, сапырайтып сап-сары боп алыстан көрінеді”, –деп, қызғаныштың қызыл итін қылмыңдатып қояды. “Волга” мен иномаркаға қолындағының барын қотарып берсе де қолы жетпейтінін біле тұра әдейі жамандайды. Енді қайтсін? Қысқасы, мәшинеңнен мін іздесең, біздің ауылға соға кет, ағайын.
Асаба болғың келе ме? Бұл күнде не көп, той көп. (тек ұзағынан сүйіндірсін). Кім көп? Жұмыссыз жігіттер көп. (жақсылық емес). “Қаңғыбас ит жол айрығына келгенде құйрығынан шаншылады” дейтін бар. Ендеше, жұмыссыз жүрген жігіттер! жол айрығына келгенде қайда барамын деп бас қатырмай, асабалықпен айналыс!” деген үндеу тастаймын. “Есектің артын жусаң да мал тап”, –демеп пе еді ұлы хәкім? “Жарға біткен жантақты жаннан безген нар жейді”, – дейді қазекем. Асабалықтың оқуы жоқ. Диплом, куәлігім жоқ деп жасыма. Еш жан сенің трудовой стажыңды, асабалық аттестатыңды сұрамайды.
“Барыңды” белбеуіңе түйіп, жаннан безіп, шешіліп-шешініп тиын табамын десең, “Риск-бизнеске” қысқа ғана (арзан болады) құлақтандыру бер. Мысалға мынандай: Тамада. Каз. рус.опыт.тел: 26-26-84. Бітті шаруа. Күт. Міндетті түрде қағылған-соғылған бір той келері сөзсіз. Қағылған-соғылған деген себебім мықты той иелері асабаны газеттен емес, газеттің редакциясынан іздейді. Елге танымал, мүйізі қарағайдай, тіс қаққан, әккі асабалар “Жатқанға берсең, маған бер” – деп, таңғы асын тәңірінен күтіп үйде жатады. Бауырым, сенің де солардай шалқайып жататын күнің алыс емес. Жасыма! Арланбай объявление бер. Заказ келді ме? Звондады ма? Келіс. Бағаңды тым көтерме. Өз жайың өзіңе белгілі ғой. “Ұрының арты қуыс” деп төмендеп, кібіртіктеп, міңгірлеп те қалма. Батылдау сөйлес. “Тұрысатын” жерлеріңді айтып келістің бе, бітті! Қош делік. Киімің дұрыс болсын. Сыртың сықырлап тұрсын. Сенің ішіңдегіні өзіңнен басқа ешкім керек қылмайды. Ақ көйлек, галстук, әйтеуір барыңды киіп, байлауышыңды салып, ертерек барып тостардың спискісін ал. Бойыңды үйретіп, айнала қабырғаға жапсырылған орысшалау-қазақша тілекплакаттардағы жазуларды бір шолып өт. Олар – сенің той біткенше көмекшің, шпаргалкаң, тіпті сөздік қорың. Музыканттар “Той жырымен” жастарды төрге өткізеді. Сол кезде жаттап алған төрт шумақ беташарыңды боздатып қоя бер. Беташарың ұзақ болмасын. Сөзіңнің майы тамып тұрмағаны өзіңе мәлім, текке елді жалықтырып аласың. Театр киім ілгіштен басталса, той беташардан басталады. Және қанша зарласаң да әке-шешесі, нағашысы, қалталылау, қайынағадан басқа біреуі де көк тиын тастамайды. Алғашқы тойыңда осыны да қанағат қыл. Қош делік. Ендігі мәселе – елді, құдаларды нөмірленген столдарға жайғастыру. Жұртты тыныштандырып, “Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!” деп баршаға сәлем бер. Екі жастың ту сыртындағы турецкий кілемге мақтамен Игілік+Ырыскүл деп жазған жазуды жаттап ал. Сол екеуінің үйлену тойы екендігін айта келіп тойды бастап кеп жібер. Аузыңа сөз түспей қалса, оң жағыңа қара. Қабырғада қара бояуға сарысы аралас, қазақшасына орысы аралас сатпақ “ұрандардың” ішінен “Ата-ананың борышын актаңдар, Махабатты мәңгілік сақтаңдар” – деген қанаттылау сөзді өреңе қарай өрбітіп барып жігіттің ата-анасына бас тілекті беріп тастайсың. Бітті шаруа. Атаана тілектерін жылап-сықтап бітіргесін “Анашым” әні кетеді. Осы кезде екінші тілекті дайындап қой. Дастарханға жолама. Арақ ішпе. Өмірі татпаған адам болып көрінуге тырыс. 5-6 сағатқа шыда. Тойдан соң ағын ішесің бе, көгін ішесің бе, төгіп ішесің бе, әлде бөгіп ішесің бе, тығылып ішесің бе, жығылып ішесің бе, жатып ішесің бе, тұрып ішесің бе, қауқарың жетсе біреуді ұрып ішесің бе, еркің білсін.
Екінші тілек нақ құда мен нақ құдағидікі. Аузыңа сөз түспесе, сол жағыңа қара. Қай той болса да қабырғадан түспейтін “Күйеу жүз жылдық, Құда мың жылдық” –деген жаттанды-жауыр мақалды санаңда саңылауың болса, дәл өзің табан астында суырып салғандай тақ еткіз де құдаларға бір тосты беріп кеп жібер. Бітті шаруа. Осы кезде буы бұрқырап ас төресі – ет те келіп жетеді. “Қазаннан қақпақ кетсе...” –деген қағиданы қатаң ұстанған қазекең ет дегенде “арқасы” бары белгілі. Алдарына астау-астау боп қарыс қазы, сүйем сүбе, жайылған жал-жая, жеңді білектей қартасы бар, теңкиген төс пен тебінгідей телшік келгенде арбалған торғайдай аңырап барып ет турауға кірісіп-ақ кетеді. Құдаңның да, құдағидың да сөзі айдалада қалады, сенің де керегің шамалы, онсыз да жоқ-жұқана сөзіңді шығындама. Себебі ет келді ғой. Осы дүрмекті пайдаланып жұрт у-шу болып жатқанда төрт-бес тілектен құтылып қал. Сөзің таусылып бара жатса, қабырғадан қарызға ал. Ондағы: “Ну-ка, тещя, не юли, Купи зятю жигули” –деген жазуды тілің келсе, оқып берсең болды. Қызып алған жұрт қыран-топан күлкіге бөгеді. Осы жерде тағы бір тілекті қыстырып кеп жібер. Ат-жөн жоқ, Чапаев туралы анекдоттарды айта берме. Әр нәрсенің орны бар. Жұрт жайыла бастаса қолында ән кітабы бар бір жеңгейге “Әлемнің жарығын” бастатып кеп жібер. Бітті шаруа. Ол жеңгең анау ән кітабын тауыспай тоқтамайды. Ара-тұра мақтап қой. Приз деп бір помада бере сал, қалтаңнан шыққан емес. Қош делік. Ебін тауып есік жақтауындағы “ұлағатты” сөзді орысшалап оқып таста. В семье все должно быть по ровну, жене – шубу, мужу – галстук! Бітті. Той сенікі, жұрт күліп жатыр. Сен асабасың, корольсің. Бірақ босаңсыма. Ішпе. Ширақ бол. Тойдың іргесі сөгіліп, қонақтар қожырай бастаса, қалған тілектерді бірбіріне мінгестіріп оптым бер де “Иләћи әмин” деп төрден бата тіле. Бітті шаруа. Аллаћу акбар, Ауфидерзеен! Сен асабасың и точка .Солай бауырым, бұл ақылдарымның керегін аларсың, керек емесін қалдыр. Оным –“Ішпе” дегенім шығар. “Молданың істегенін істеме, айтқанын істе” деген бар, түсінесің ғой.
Асаба болғың келе ме? (ІІ сабақ) –Қайырлы күн, асабалықтың азбукасын алғаш бастаған ақылды азаматтар! –Саламатсыз ба, ағай! –Қалайсыз, Ереке! –Суббота тойыңыз қалай өтті, ағай, былай өзі... бәрі дұрыс болды ма?
– Әй, бала, сұрағыңда астар бар-ау, сірә, “былайың” не? Әлде бірдеңе естіп пе ең? –Жоқ, әншейін тойдан кейін қызық болды ма дегенім ғой. –Бала, тойдан кейін не қылсаң да өзің біл, деп өткен сабақтарда айтпадым ба? Естеріңде болсын (зарубите себе на носу) ең бастысы: 1. Той қызық болуы керек. 2. Қызықты той болуы керек и үшінші бар қызық сол тойдың үстінде болуы керек. Жазып алыңдар бұл сөзді, “Мен” айттым. –Жаздық, ағай, жаздық, жаттап алдық. –Хош делік. Бүгін нешесі? –3-інші май, аға. –Аптаның қай күні деймін? –Дүйсенбі. Суббота, воскресеньеде сіз юбилейде болдыңыз ғой. –Ә, солай екен-ау! Тәк, түгелсіңдер ме, кім жоқ, әй, Меккебай, тексеріп өтші. –Молдабекин! –Я, осында! –Әділжанов! –Тут. –Ершора! –Ол орысша юбилей басқаруға кетті. –Кенжебеков! –Ағай, ол Әділбаев екеуі тойға кеткен. –Дүйсенбі неғылған той? –Пішпе той, ағай, олар аптаның алты күнінде де тойсыз отырмайды. –Дұрыс, танылды деген осы міне, әрі қарай... –Салықов! –Как всегда здесь! –Құсайынов! –Басы ауырып қалды. –Болды, ағай. –Ағайынды Нұридәшовтар қайда? –Оларды құдалыққа алып кетті. –Олар “болдым-толдым” деп жүр ме? Көрінбесін көзіме. Так и передайте. –Өткенде бір аял бала бар еді ғой, ол қайда? –“Қошқар бастаған қой оңбас, Аял басқарған той оңбас”, – деп өзіңіз қуып жібергенсіз. –Ә, солай екен-ау, қап! Хош делік, өткен сабақта тойдың қай тұсына келіп едік? –Ауфидерзеен, Алаћуакбар, антракт, ал тұрайық дегенсіз. –Ә, ия, ет үстінде асабаға асату деген болады. Қонақтар өздері тойып алмай және целофан мешокты тойдырып алмай ет асатпайды. Табақ тақырланғанда
“жомарттау” бір ағай сені қасына шақырып алып, табақтың әр жерінде әркім қағып тастаған шала сіңір мен шандырлау етті теріп-теріп, сырты майланған рөмкеге коньяк толтырып, тап бір өзінің ақадал асындай етіп саған ұсынады. Сол кезде асаба не істеу керек? Меккебай сен айтшы! –Ішу керек, ағай! –Атаңның басы, рахмет айтып, ішпеуші едім, жұмыстамын деп құтылып кет. Тәк, әрі қарай перерыв, үзіліс. Осы кезде музыканттарға “Маэстро музыку” –деп айқайды сал. Би билет, ән айтқыз, жұмбақ шештір, фамилиясын “ұмыта” бастағандарға жаңылтпаш айтқыз. “Сақина салмақ”, “көрші-көрші” деген қазақы ойындарды ойнату керек. Кейбір тойда “коланың” бос бөтелкесін бұтына қыстырып алып бір-біріне передавать еткен ойынды да көргенбіз. Ондай көргенсіз ойындарды ойнатпа. Той жаздың күні, әрі ауылда болса мүжілген қойдың асықты жілігін ал дағы басың ауған жаққа лақтырып жіберіп, “ақсүйек” ойнатып, жастарды қаңғытып жібер. Олар таң атқанша келмейді, тойың тыйыш болады. Рахат. Еркектерді жиып алып ию-қию жілік сындырт, әйелдерге азан-қазан қалта таратқыз. Бітті шаруа. –Ағай, терезені ашайықшы. –Е, неге, не май месяц. –Кешегі “иіс” пе, әлде бүгінгі ме, әйтеуір бір “сүр” иіс әкетіп барады, ағай. –Ал жарайды ендеше, әрі қарай келесі сабақта жалғастырамыз. Айтпақшы ертең сабақ болмайды. –Неге, ағай? –Ертең мен қалжаға барам. –Асаба боласыз ба, Ераға? –Конечно.
Бізде өкпе деген болмайды
Жаңа жыл қарсаңындағы авралға қарамастан жазғыштық әдетімізге бағып облысымызға белгілі саясат пен рахат өмірдің ортасын кешіп жүрген бір дөкей ағамызбен сұхбаттаспақ ниетіміз болған. Басқалардай емес, Үлкен кісі үдемізден шыға білді. Біздің: “Өткен жылға өкпеңіз бар ма? Жаңа жылдан не күтесіз?” деген сұрағымызды сан рет қайталатпай-ақ сайрай жөнелді. –Ы-ы, м-м-м, тәк, енді бұл жөнінде не деуге болады? Мешін жылы маймылданып, біреуге алдын, енді біреуге артын көрсетіп өте шықты. Бізге енді жаман болған жоқ. Өткен жыл өтті, оны қанша жерден қарғасаң да қайтып оралмайды. Сондықтан жамандығын жасырып, жақсылығын ғана айтсақ, ы-ы, м-м...
Ең бастысы – әлемдік мәселе. Жорж Буш орнында қалды... болашақта бізде де солай болады деп болжауға болады, тәуба дейік... Украинада у-шу болып жатыр ғой, бізде де әлемде болмаған сайлау өтті. Дүние жүзінде сайлаудың мынадай үлгісін (бас бармағын шошайтып көрсетеді) жасадық. Мәселен, біздің ауыл тайлы-таяғына дейін “Отан” отын түсіріп береді деп, дауысты соған берді. Парламентте сол отын мәселесі әлі айтылмай жатыр. Тілді дамытып жатырмыз, Құдайға шүкір, өзіміздің қаракөздерге “қазақ тілін жетік меңгерді” деген сертификат беріп жарылқап тастадық. Оған неге қуанбасқа?! Ы-ы, м-м, тә-әк, бітпей қалған үйлер қайта салынып жатыр, пәтер иелерінің спескесі де дайын... Автобустың жолақы билеті 25 теңгеге өсті, “проездной” 2 мыңнан асады, бұл деген халықтың жағдайының жақсарғаны. Халық жарыққа 6 теңгеден төлейміз деп тебетейлерін аспанға атып жатыр, жақсы емес пе, ә! Кейбіреулер “арзандатыңдар!” деп азар да безер болып жүр, ойбай-ау, арзандатсақ, жұрт артық ақшасын араққа салып дегендей, ә? Ақша артылған соң нашақорлар да көбейеді. Мұны үкімет білмей отыр дейсің бе, бәрін ойластырып отыр, вот. Аузынан қағынған біреулер: жылу орталығында мазут 20 күнге ғана жетеді, Көкшетауға 96-жылғы мұздау дәуірі айналып соғуы мүмкін дейтін көрінеді. Несі бар, 96-жылы төзгенбіз, биыл да төземіз. –Ы-ы, м, базарда ет қымбат, бірақ ауылдағылардың жем-шөбінің аздығына байланысты, соғымның бағасы түседі әлі. Көрдің бе, табиғаттың өзі қарасып тұрған жоқ па, бізге. “Әкім ауысады екен” деген әңгіме шығыпты. Әкімнің ауысқан-ауыспағанынан халыққа келіп-кетер пайда жоқ... Астанада жемқорлық деген кәсіп “жетіліп келеді”. Оны құрықтайтындар да құр алақан емес, Құдайға шүкір! Бәріне күн көріс керек... Тәк, тағы не айтуға болады? Бахтияр бауырымыз олимпиадада алтыннан алқа тағып келді. Жұрт бір алтынды азсынып жүр, ол болмаса қайтер едік, тәуба деу керек. Жалпы бізде спорт бұрынғыға қарағанда дамып келеді, әсіресе ат спорты. Өткенде қаламыздың жағдайлылары жасырын жүйрік жарыстырып, бірін-бірі жарылқапты деп естідік. Сырт көзден жасырғаны көз тимесін дегені шығар, баяғы... Мектепке “БҰТ” деген реформа енгіздік... Білім министрі ауысқан сайын жаңалық енгізеді, шүкір. Ұрпақ білімді ғой қазір...Сонымен Мешін жылы менің ойымша жаман болған жоқ. Жеке өз басым, мен ғана емес менің таныс-туыстарым да өткен жылға өкпелей алмайды. Бәрі халықтың арқасы, тәуба! Ал енді мынау келе жатқан Тауығың алдындағының бәрін тары көрмей жүрмесін. Дұрыстап қарсы алыңдар, дұрыстап жазыңдар. Алдағы жылы ел тарыдан тарықса да, жұмыртқадан тарықпасын. Тәк, во-от, все!
«Түс – түлкінің боғы» деп кім айтты?
Адам баласының тіршілігінде ұйқы өте маңызды роль атқарады. Өмірінің жартысынан көбін адам деген аузынан сілекейі ағып, алаңсыз ұйқымен өткізеді екен. Соңғы мәліметтерге жүгінсек, қазақтар қысқа ғұмырының төрттен үш бөлігінде түс көреді, яғни ұйықтайды екен. Жаратылысына қарай жатысы, жүйкесіне қарай ұйқысы бар жұмыр бастар – біреуі етпеттеп, енді біреуі – шалқалап ұйықтайды. Біреу оң жағымен, біреу сол жағымен жатады. Жатысы жамандар басы қайқайып, екі аяғы талтайып жатады, кейбіреу көрпесін ашып, абыройын шашып жатады, ондайлардың қасында не стакан немесе қасық жатады. Бұл мас ұйқы, былапыт лас ұйқы. Тағы да аузы аңқиған аш ұйқы, бейкүнә жас ұйқы, қорылдаған, шырылдаған, бықпырт тигендей маңайына қас ұйқы, елегізіген құс ұйқы, түрлі түсті түс ұйқылар бар. Басқаларда шаруам жоқ, өзім ұйқыны екінші өмірім деп білемін. Келеңсіз ояу тірлігіме көңілім қалғанда кейде айлап, жылдап ұйықтап қалғым келеді. Гиннестің “рекордтар” кітабындағы 18 жыл, 22 жыл оянбаған кейбіреулерге кейде қызығамын. Осы жұрттың түс көрмеймін дегендеріне өз басым күдігім бар әрі келіспеймін. Олар да түс көретін болар, бірақ сол көргендерін ұмытып қалатын шығар. Демек, түсіне мән беріп, әрі қарай індетіп зерттемейді. Мен ес білгелі түсіме аса ден қойып келемін. Ес білмеген есалаң шағымда қандай түстер көргенім есімде жоқ, ал есімді біліп ер жеткендегі түстерім ғажайып әлем, шытырман шимай, бұлдыр елес, өткенім мен болашағым. О дүнием мен бұ дүнием, махаббатым, рахатым, арағым, шарабым, алысжақындарым, алып тастаған, алайын деп жүрген қатындарым, ұятым мен арым, үйдегі бала-шаға, сүйген жарым, тұрып жатқан, сатып жіберген, алайын деп жүрген зәулім коттедж үйлерім, қайғыдағы, қуаныштағы күйлерім. Менің бір жақсы қасиетім түсімде сандырақтап сөйлемеймін. Мейлің мені біреу жіліктеп кесіп жатсын, алас-күлес бір мақұлықпен алысып жатайын қыңқ етіп дыбыс шығармаймын. Болмаса кейбіреулер сияқты біреудің атын атап айғай тудырмаймын. Себебі, себебі мен түсімде түс көріп жатқанымды біліп жатамын және сол түсіме өзім басшы, өзім иемін. Оқиға-сюжетті қалай бұрғым келсе, өз еркімде. Жоғарыда айтып кеткен жүйкесіне қарай ұйқысы бар пенденің ұйқы-тұйқы түстері болады. Мысалға: 1.Қорқынышты түс – кошмары. 2.Жайлы, жағымды – приятные сны. 3.Махаббат түстер – любовные сны. 4.Соғысып, атысып, шабысу – военные сны. 5.Бір албастыдан тайғанақтап қашып жүру – удирание от кошмара.
Тағы сол сияқты ашылмаған сыры мол түстердің түрі көп-ақ. Мен шалқамнан жатсам – үстімнен бір албасты басып жатады. Етпеттеп жатсам – мен біреуді жаншып жатамын. Қырымнан жатсам, қасымда біреу жатады. Ол – көбінесе әйелім. Түсімдегі жағымсыз кейіпкерлерім: 1.Бақа-шаян, кейде қоян болады. 2.Ит, біресе кит, біресе бит... 3.Әп-әдемі құлан аяғы жылан боп кетеді. 4.Сұп-сұлу қыз енді жақындасаң, аяғы балық, су перісіне айналып есіңді шығарады. Бұлар әрине тойдан кейінгі “тоқ” түстер. Осылардың барлығы бір кездегі жауларым болса, қазір маған еш зияны жоқ үйреншікті хайуандар. Олай дейтінім 5-6 жыл бұрын түсімнен бір ит шықпай қойды. Ұйықтасам болды, келеді де қабады. Әбден запы болғаным сонша түс көрсем әлгі иттің қайдан шығатынын, қалай қабатынын, қайда қашатынымды, немен қорғанатынымды біліп жататын халге келдім. Содан бір күні түсімде үйреншікті итім шыға келгенде біреу маған аян бергендей. “Әй, бұл сенің түсің ғой, қорықпа, жағын айыр да таста”, – деді. Айтқандай атылып келе жатқан иттің алқымынан алдым да жағын айырып жаясынан асырып, басымнан үш айналдырып лақтырып жібердім. Мұны көрген басқа мақұлықтар өзіме дос боп кетті. Бұрын көрмеген бөтен албасты келсе, таныс ит, бақа-шаяндарымды жұмсап жәукемдетіп аламын, рахат. Өз түсіме өзім ие, өзім басшы дегенім осы еді .Жақсы түс болса, оянып кетіп туалетке барып келіп әрі қарай жалғастырып әкететін қабілетке жеттім. Кейде түсіме ие бола алмай ардан аттап, албасты басып үйдегі көгершіндей келіншегімнің көзіне шөп салып жіберетін кездерім болады. Жас кезімде бұндай түстер жиі кіруші еді. Қазір ақыл тоқтады ма, әлде басқа ма, ондай түстер азайды. Әйеліме “осындай” түс көрдім десем, – черти, что тебе снится? – дейді де қояды, ар жағында не сойқан ойлайтынын кім білсін. Әзірге тыйшпыз. Мен түсімде алма көрсем, өңімде алма жеймін, жылқы көрсем – атқа мініп жүремін, түсімде арақ ішсем – тойға барамын. Бір күні түсімде жұмыстан шаршап келіп диванға жата кеткен екенмін деймін, қалғып кетсем керек, түсімде түс көріп жатырмын. Түсімдегі түсімде телевизор қарап отырсам келіншегім: – “Жанболаттан хат келді” деп конверт әкеп бергендей. Хатты ашып жіберсем, тақтайшаға жазылған екен, бензиннің исі мүңк ете қалды. “Арктикадан сәлем”, – депті басында. Е, мен ойлаймын ішімнен, алдағы бір түстерімде ол қайтыс болып, біз улап-шулап, жылап-сықтап жерлеп жүруші едік, жұмағы Арктика болған екен ғой деймін. “Сәлем Ерназ! – депті. – Тірі күнімде текеге тіл тигізіп, құрдасыма қиянат жасамап ем. О дүниеде жұмаққа бір барсам, мен баратын шығармын деуші едім. Бәрі оттаған сөз екен.
Төбемнен мұз салбырап, астымнан жылымдап мұнай шығып жатыр. Мына хатты бет тақтайымнан сындырып алып, мұзды қалам қылып мұнайға батырып жазып отырмын. Мұнайдың исі аңқып басыңды ауыртса, ренжіме. Саған өкпем жоқ, көрімді кең қылып қаздырыпсың, отырып-тұруыма ыңғайлы, тек суық демесең, үш күн болды, бұған да үйрендім. Сені сағындым. Тезірек кел”, – депті. Астағафиралла деп шошып оянсам, түсім екен. “Түске де неше түрлі кіреді екен-ау! – деп арғы түсімнен құтылып бергі ұйқыда бір түс бастап келе жатыр едім, “Вавилонская башня” деген дауыстан оянып кетсем, әйелім екен. –Тұр, кино басталды, – дейді. –Әй, – дедім әйеліме іс-міс жоқ. Осы Жанболат қайда, звондамағалы көп болды, тірі ме екен өзі? –Ол қағынды келгірді қай Құдай алушы еді, әне телефон звонда, – деді әйелім. Ол да ақылға қонатын ой екен деп звондап сөйлессем, Жанболатым 1 ай болыпты солтүстікке мұнай компаниясына жалданып жұмысқа кетіпті. Мұнайшы деген мамандығы жоқ Жанболаттың кәсібі не дейсіз ғой? Кәсібі – мұнай бұрғылайтын мұнараларға қатқан мұзды қолына ұзын сойыл алып қағып түсіру. Сол жұмысына айына 150 доллар ақы алады екен. Ал керек болса! Түсімдегі көргенім – анау. Өңімдегі Жанболатымның қылығы – мынау. Қисын бар ма, бар. Так что, түс – түлкінің боғы емес, ағайын. Сіз қалай дейсіз?
Үшбу сәлем
Қатира кемпір қарап жүрмей кәзитке мынадай жарнама берді: “Жасым жетпісте. Жалғызбын. Ұл – ұясына, қыз қиясына кетті. Әлі тыңмын. Өзім қатарлы, ширақ, көлденең мінезі жоқ, қорадағы азын-аулақ қарақұраға ие болатын, ақыл-есі бүтін, шалымның қарашаңырағын қаңыратпай екі жарты бір бүтін болуға жарайтын жасамыспен таныссам деп едім. Өзімнің денім сау, мінезім биязы. Әдірісімді осы кәзиттен аларсыздар”. Ерігіп екі қолы алдына сыймай жүрген Есенсау шалға керегі де осы еді. Бәйгеге қосар аттай делебесі қозып, қолына алған қаламы қағаздың бетінде жортақтай жөнелді. Сондағы Есенсаудың жазған хаты мынау: “Есенсіз бе, бәйбіше?! Кәзитке берген құлақтандыруыңызды оқып, сізге үшбу хат жолдаушы 70-тің ар жағы 80-нің бер жағындағы құрбың деп біл. Бұрынғылар “бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деуші еді, мен де өзіңіз сияқты айдында жалғыз қалған қоңыр үйрекпін. Ауылда тұрамын. Денім сау. “Әлі тыңсың” деп жүр ғой балалар. Таяқ ұстағаным болмаса, жүрісім жеңіл, сәл-пәл сылтимын. Алдыңғы жылы арам қатқыр ала биені сойғалы жатқанда, балалар балта сұрап, биенің арт жағынан еңкейіп ала бергенде аяғын серпіп қалып, тобығымды тайдырып
жіберген... Содан бері таяқ ұстаймын. Балалар “үш аяқты” болғасын “Урал” деп ат қойыпты, еркелейді ғой, қайтсін. Иә, айтпақшы, сол жақ көзім жоқ. Баяғыда қалқоздан ауданға өгіз айдап жүргенде, қарасан келгір қызыл өгіз басын шайқап қап, қарағайдай мүйізі сол жақ көзімді ағызып жіберген. Несін айтасыз, бәйбіше... біз не көрмедік. Ал, басқа жерім сау. Кісі танимын. Ауылдағы жиын-той, ас-құрмалдықтарды құр жібермеймін, немерелерім итшанаға отырғызып апарып келеді. Арақ ішпеймін. Иә, айтқандай, былтыр қой қырқып жатқанда қасқа қошқар омпиып отырған мені бәсекелесі деп қалды ма, оң жақ иығымнан сүзіп, ұршықбасын үзіп жіберген, содан бері оң қолым салбаңдап қалды. Оқасы жоқ, қақсап сырқырамайды. Аузыма жетеді. Әйтпесе, басқа жерім сау. 80-ге келсем де, 30 тісім орнында, оған да тәубә, Алланың маған бір қиғаны шығар. Ендігі айтар не қалды, бәйбіше, жас емеспіз, сіздің хабарыңызды естігелі ұйқым қашты, ас батпайды. Ұзын сөздің қысқасы, мәймөңкені қойып, маған тиіп алыңыз, өкінбейсіз. Асыға жауап күтуші – құрбың Есенсау деп білерсің. Әдірісім: пошта”. Алғашқы хаттың көп күттірмей қолға тигеніне қуанған Қатира кемпір кәнбертті асыға ашты. Хатты оқи келе қаны басына шапшыған Қатира қолына қаламды қалай алғанын білмей қалды. Сөйтті де Есенсауға есендік сәлемін жолдап жіберді. “Әй, Есенсау! Өзің Есенсау емес, есалаң біреу шығарсың?! Не бетіңмен хат жазып отырсың, ойбай-ау?! Сау тамтығың жоқ қой, тіпті. Сылтып қана басамын дейсің, ә. Оның аз боп тұр ма? Енді балдақпен жүруің қалып па еді? “Тыңмын”, “Басқа жерім сау” дейді ғой жынымды келтіріп. Анау қызыл өгіз бір шайқаған басын қайта шайқап, отыз тісіңді опырып тастауы керек еді. Сонда көрер едім жиын-тойда жілік мүжігеніңді. Анау қасқа қошқар иықтан сүзбей, шегініп барып, қақмаңдайдан сүзуі керек еді, сонда көрер едім “Үшбу сәлемді”... ”Қанжығаға байланған қарсақтай, оң қолыңды салбаңдатып, енді көрмегенім сен едің, қой, шырағым, ондай қылжағыңды. “Асыға жауап күтуші – құрбың Есенсау” дейді ғой, қанымды басыма шаптырдың-ау! Әйтпесе, мен де биязы мінезі жұмсақ кемпір едім, о несі-әй...
Айықтырғыштағы халықаралық айтыс Айықтырғыштың қақ төрінде бас терісі молдау пішкен шапандай, бет ауызын шалбар-шалбар әжім басқан, дөй дене, тақырбас біреу отыр. Астаудай бәтеңкесінің бір сыңары аяғында, екіншісін алдына көлденең ұстап домбыраша
өкшесінен шертіп қойып, өзінше біреумен айтысып отыр. Бір жеңі жоқ көйлегінің ағытылған түймесінің ар жағында омырау тұсында оқтескендей екі тесігі бар мәйкісі көрінеді. Көбіктенген езуінде сөніп қалған темекі. Қалған жұрт концерт тамашалағандай сәл төмендеу жайғасып дөйдің аузына қараған. Ақсиса, қызыл сиса, сиса, сиса, Түрме емес, жатқан жерім – гостиница. Шылымым аузымдағы сөніп қалды, Бұл жерде болмас па екен пепельница? Бойында буы бар арқалы көрермен даурығып кетті. “Уай пәлі, шап, шап, ағылт, тоқтама, қиқу?! Осы кезде темір есік шақыр-шұқыр ашылып ар жақтан “уа шешең”, – деп біреу желкеленіп келіп еденге етпетінен түсті. Оған ешкім таңқалған жоқ, себебі бәрі бұл бөлмеге “осылай ентелей” кірген болатын. Шешеңдеп “сәлем” бере кіргеніне қарағанда Шымкенттің қазағы. Атып тұрып біраз тұрды да төрдегі дөйдің алдына бір тізелеп отыра қалып, қос қолын кеудесіне қойып: “Саумайкем, пахан! – деп сәлем берді. Мына қимылына қарағанда бала күнінде атасының тізесінде жатып, батырлар жырын көп тыңдаған жігіт. –Бұл жігіт “саумайкем” деп сәлем деді, Төресі сәлемдердің әлемдегі. Сау болса сенің мәйкең сау шығар-ау, Жыртығын менікінің дәлелдедің-беу, әгу гай-ай-ай, – деп бір қайырып тастады. Жұртта ес жоқ: “Ақын ғой, суырып салады ғой аяқ астынан, шіркін-ай, осындай ағайларды салса ғой анау Алматыдағы жекпе-жек айтысқа!“ –деген “көрермен қауым” шулап кетті. Паханға біреу шылым тұтатып берді. Дөй: –Айтысасың ба, бала? – деді анаған. Ел тағы шу ете қалды: –“Жауап бер, ответный давай, айтыс, айтыс. Анау да қазақ емес пе, әрі бойда “бу” бар: –Ай, ағажан мені айтысқа шақырдың ғой ,Ойлайсың, мені ұятқа батырдың ғой, Жеңілсем бұл айтыста жеңілем ғой, Шыққасын бір жарты құяр халқым бар ғой, –әй-әгигә-гй гай-ай. –Өй мынауың ағып тұр ғой, бәсе, ал, жігіттер, мен жюри болам, есебі, бас төреші – Ермановпын. Давай айтысыңдар! Уақыт шектеусіз. Ал бастаңдар, приз бір жарты. Дөй бәтеңкесін шертіп, шертіп: –Балықты еш уақытта ет демедім, Айтыста қарсылыққа кет демедім, Рахмет қазыларға біз айтамыз, Уақытты 10 минут деп шектемедің. Айтысқа мен жасымнан беттегелі,
Ризығын жиып-теріп жеп келемін. Қолың жай, мен берейін ақ батамды, “Айтыста мұратыңа жет” дегенім. Балақай осыменен доғарайық Жақсы ғой пазор болып кетпегенің. “Қиқу шап-шап тоқтама, сабазым-ай” – деп бір мас еңкілдеп жылап жіберді. Анау да қоймайды: Айтыста спонсырым шапан берді, Шапаным ою-өрнек салған, Пазор болсам, ағатай, ештеңе етпес, Шапанымды ақысыз берем саған. –Уай, шіркін, “дұрыс” жауап берді, енді айда тоқтама, – деген мұныңда жанкүйерлері табылды. Осы кезде темір есік тағы да шақыр-шұқыр ашылып, алдымен еденге жалп етіп айыр қалпақ түсті, соңынан етпеттеп бір жігіт кірді. Есік тарс жабылды. Қалпағын қағып-қағып кигенде бұл жігіттің қырғыз екеніне ешкім шәк келтірген жоқ. –Оу, қазақ бауырлар, бұ қалай, майманды ошулай қаршы алады екен де. Ит милиса қалпағымды лақтырып шөнтөгімді ақтарып, сом-пұлымды қыштырып қалды, – деп отыра кетті. –Ау, қырғыз бауыр, бері кел, бас аман болсын, ақшаңды ертең қайтып береді, – деп дөй жұбату айтты. –Аташының башы, қайырып береді. Осы арада “айтыс” төрағасы атып тұрып: – О, таптым, әй бауыр, айтысасың ба қазақтармен? Давай кел. Бүгін анау-мынау қалалық, облыстық, республикалық айтыс емес, халықаралық айтыс болсын, давай. Ашынған қырғыз: –Ырдасам, ырдаймын. Тоқтоғұл мен Ақай аталарым аруағы қолдашы. Дөйдің“домбырасын” көріп бұл да бір туфлиін шешіп алды. Туфлиі қырғыздың қомызындай әдемі екен, қағып-қағып, шайқап-шай-қап: Әй, қазақтар, қазақтар, Шақырдың мені айтышқа, Шақырғанда айтышқа, Шығайын енді қай тұштан. Келіп едім Пішкектен, Саудамды ептеп іштеткен. Бұ не деген законың, Милициясын күшті еткен. Екі рөмке ішкенім, Одан артығын ішпедім. Тарттырып алып ақшамды, Іштемегенді іштеттің.
Әй,қазағым, қазағым, Ошундай ма еді мазағың? Енді міне көршеттің, Абақтының азабын. Өзіңнен көр айтышқан, Одан әрі қазамын. Ырда десең, ырдайын Тасыған. Талас, Сырдаймын, Атаң сенің Сүйінбай, Қатағанмен айтышқан, Сол айтышта екеуі Біраз сырды айтышқан. Қырғыз қазақ, арасы, Кезінде ауыр дерт болған. Атаңды сенің айтпаймын, Қырғызға келіп мерт болған. Мейман болып кеп едім, Қазақ досым көп еді. Ырда деп сен қоймадың, Айтпайын-ақ деп едім. Сол бабалар заманда Дін мұсылман аманда, Күндізіңді түн қылған, Қотаныңды жын қылған. Сүйінбайға Қатаған Осыны айтып ырқалған. Айтышуға менімен, Сенің қандай қақың бар? Милициаң алды ақшамды, Енді қандай ақың бар? Қомызымды қағайын, Ары қарай шабайын... Дәл осы кезде айтыс төрағасы: –Шуламаңдар, тыныш, тыныш, біздің ақын ұйықтап кетті. Сәл маза берейік және уақыты бітті. –Әттең, ұйықтап кетті біздің ақын, әйтпесе, сен қырғыздың әкеңді танытар еді, – деді бір қызынған жанкүйер. –Айтыс қазір дамып келеді, – деп бастады төраға, – бүгін міне соның “үлгісін” көрдіңдер, – деп көсемси сөйледі. –Әр жерде, әр түрлі даталарға, тіпті, арақ заводының 3 жылдығына да айтыс өткізіп жатыр. Біз неге бүгінгі айтысты дәстүрге айналдырмасқа?
Скоро осы айықтырғышқа 5 жыл толады. Бұл жерге түспейтұғын ұлт өкілі жоқ. Біз мұны дәстүрге алып, жүйелі айтыс ұйымдастырсақ, нұр үстіне нұр емес пе? Әрі ұлттар достығының мәйекті орталығы болар еді. Ол үшін жарнама керек. Айтысымыз бұқаралық сипат алсын десек, радио, телевидение, кәзеттегі жігіттерді суарып, өз қатарымызға тарту – басты парыз деп білген жөн. Айықтырғыштағы келесі айтысқа бір-бір журналист ерте келіңдер, –деген үндеу тастап, осыған барлығымыз қол қоямыз. “Нағыз өнер қараңғы қапас абақтыда туады”. Ендеше айтысты жандандыруға ат салысайық, ағайын, – деп төраға жан-жағына қараса, өзі ғана сөйлеп отыр, қалған жұрт ұйқыға кеткен екен.
Футбол, футбол (тікелей эфир)
–Ассалаумағалейкө-ө-өм, құрметті теледидар алдындағы теңбіл доп жанкүйерлері! Иә, футбол дегенде арқасы бар ағайынмен біз осылай сәлемдесеміз. Бүгінгі мачты Көкшетау қаласынан көрермен үшін тікелей эфирден беріп отырған – ҒТҚ телеарнасы. Микрофон алдында – сүйікті теле жүргізушілеріңіз Назар Бөрібай. Қазір бірер минөттен кейін алаңға екі жақтың ойыншылары шығады. Әзірге алаңды дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Стадион былтырғыдай, емес, ой-шұңқырына қиыршықтас төгіліп, тесілген жерлері жамалған. Біздің ойыншылар үшін мұндай алаңдар үйреншікті. Олар тегіс стандартты алаңдарда ойнай алмай қалып жүр. Ал қонақтарымызға бүгін қиын соғуы мүмкін. Сондықтан жеңіске жетуге мүмкіндік зор. Міне, ойыншылар да шықты. Пай, пай, пай, Көкшетаудың көк аспанымен астасқан көгілдір жейде, ала дамбалдағы – біздікілер. Қонақтардікі реңсіздеу ме, қалай, өз елінің туындай шұбар екен. Міне, міне! Төрешінің ысқырығы... басталды. “Жырты қүйдің құдайы бар” деген, жел қатты соғып тұр. Біздікілер ыққа қарай айдайды, иә сәт! Сіздер де тақымдарыңызды қысып отырсыздар ғой. Түсінікті. Міне, қонақтардың шабуылы. Үй құлатар ысқырған желге қарсы біздің қақпаның аузына барып қалған 7-нөмірлі грек ойыншысын біздің жеті қорғаушы қарсы алды, доп әлі 7-нөмірліде, екеуінен өтті, үшеу, төртеу. Өй, біздікілерге не болған, талтаңдап жете алмай қалды ғой, тәк, тәк, қап, төртеу, алтау, жетеу, о әкең, соқты! Яћ, жел иесі Желдібай қайдасың, бар болсаң, “үћ”-де! Доп қайда? Доп қақпашының қолында екен. Қақпашы қайда? Мәссаған, қақпашы қақпаның ішінде жатыр. Гол ма? Төреші қайда? Алаңға мына ит қайдан келген? Кімнің иті? Қонақ команданың ойыншыларын қауып жүргеніне қарағанда біздің күшік. Жарықтық ит екеш ит те күйініп кеткен ғой. Сонымен гол есептелмейді. Ойынға ит араласты. Ит жығыс. Бір сақтаған Құдай тағы да сақта! Міне, біздің қақпашының қақырата тепкен добын құйын үйіріп алаңға түсірмей ұшырып
әкетті. Ойыншылар бай баламда. Алаңүсті ала құйын, қара шаң, түк көрінбейді. Сіздер бірдеңе көріп отырсыздар ма? Апырай-ә, о, боран басылды. Доп қайда? Доп біздің қақпада. Қақпашы қайда? Өй, сорлы, басы айналған неме, алаңның қақ ортасында не іздеп жүрсің? Төреші, төреші қайда? Гол ма? Атаңның басы гол. Есептелмейді. Бәсе. Дұрысы осы. Ойын алаңның ортасынан басталды. Біздің шабуыл, бесінші жетіншіге пас берді, әй, анау бос тұр ғой, во маладес, жетіншінің алыстан берген добы біздің он екінші ойыншының басынан табылды. Соқ, соқ деймін, о қисықбас! Қақпа оң жағыңда қалды, әй, қап, мыналарды-ай. Шіркін, біздің ойыншылардың ұрған добын қақпа өзі тауып алса ғой. Қалай күйінбейсің?! Сонымен бірінші кезең, нөл де нөл есебімен тең аяқталды. Келесі кезеңде ойыншылар қақпа ауысады. Оу, ағайын, тағы жел көтеріліп, қара нөсер басталды, дауыл енді қайта біздің жақтан соқты. Иә, сәт. Құйын иесі Құйынбай, өзің қолда! Соқ, соға түс. Ура-а-а, го-о-о-ол. Енді ойынды “ауа-райының қолайсыздығына байланысты” тоқтатуға мәжбүрміз. Біз жеңдік. Жеңісті күндерде жолыққанша хош сау болыңыздар! Тікелей эфирде өздеріңізбен бірге болған сүйікті теле комментаторларыңыз Назар Бөрі.
Ауылға комиссия шығыпты...
Біздің ауыл үш күннен бері дүрлігуде. “Облыстан көркем-өнерпаздар смотрын қабылдауға комиссия шығыпты” дегелі ауыл астан-кестең. Бір үйден шапан, біреуден етік, енді бір үйден оқалы көйлек жинау кішкентай ғана біздің “Игілікті” жау шапқандай қылды. Шалдар жаппай тақиясыз қалды. Басқарма айтты, бітті, қазақшылыққа бет бұруымыз керек. Мен завклубпын. Басқарма кеше келді де: –Әй, бала, 20 адамдық хор ұйымдастыр, анау “Дайындық” ауылында хор жоқ екен, комиссия алдында басқармасы жерге қарап қалыпты. Давай қайдан тапсаң, онан тап, и точка! – деді де хорға “мен де қатысамын” – деп, жирен атын тебініп, бір-ақ тартты. Бүгін кешке комиссия бізге түспекші, түсте “Қызыл жұлдыз” ауылында түстеніп отыр деп естігенбіз. Кеш болды, қас қарайды, комиссия жоқ. Бүкіл ауыл клубтың алдында. Шал-кемпір, бала-шаға, қатын-қалаш, аяққа оралған иттер, тіпті мектептің огородын ығыр қылған Жәнидің көк текесі де осында. Онсыз ауыл жиыны өтпейді, не малға, не жанға қосылмайтын хайуан, және еш адам қумайды да, үйреніп кеткен, кейде ыстықта контордағы жиналысқа да кіріп кететін ерке теке. Мүйізі қисайып, сақалы салбырап, аң-таң боп ол да жүр осында. Сағат түнгі 1 болды, комиссия жоқ, түнгі 2 болғанда жолдағы Қарағаш ауылында ет жеп болды деп естідік. Балалар сахнада шапандарын жамылып ұйықтай бастады. Иттер есінеп, бұрышта бырт-бырт осырып көк теке жатыр. “Кеп қалды” – деді
біреу. Сағатқа қарасам, таңғы төрт. Ұйқыдағы балалардың айналатынын айналып, боқтайтынын боқтап басқарма оятып алып, үрпитіп-үрпитіп хорға сап түзетіп жүр. Мен комиссияны қарсы алып жүрмін. “Здравствуйте” деп шашы сары бір әйел түсті, мен де здрасти дедім. Комиссия мүшелері екеу деп еді, екіншісі әлі көрінген жоқ. Кішкенеден соң жаңағы әйел: –Каир Кутепович, приехали, – дегенде ғана ар жақтан “а-а-а-х” деген қазақы дауыс шықты. Каир-Қайырды қолтықтап демеп түсіріп алып клубтың сыртына бір “аялдатып” кеп жұмыс орнына отырғыздым. Стөлдің үстіндегі жиналыстарда графин орнына қолданып жүрген, елдің көзі үйренген “Золотое кольцо” деген арақтың шынысына жартылай арақ құйып қойғанмын. Оным дұрыс болыпты.. Комиссия төрағасының бірінші сұрағы “мынау не?” болды. Су дедім шімірікпестен. “Құй!” болды екінші сөзі. Құйдым. Үшінші сөзі “Давай” болды. Мен де давай дедім. Біраздан соң: –Нең бар? – деді. –Хор бар – дедім. –Давай! – деді. Мен де: –Давай! – деп едім, хор “Той жырын” бастап кетті. Хор айтып болғанша алдыңғы “давай” бойына тарады ма, төраға орнынан тұрып хорға жақындап дирижер құсап біраз тұрды да сахнаға еңкейіп шынтақтай қалды. Шыққыр көзім төрағаның құйрығына түспесі бар ма. Байқап қарасам, бұтындағы тігісі көрінетін джинси емес, кәдімгі шалбар. Бірақ жуан белден төмен қарай., жалпақ жаяны баса, сегізкөзді көктей, май құйрықты қақжара тереңауға кететін бадырайған бір тегіс бар. Қайыспенен қайып тастағандай ақ жіппен иттістетіп айбақ-сайбақтіге салғанына біраз болса керек, жіптер сұрғылт тартып кірлей бастапты. Көк инені түрте білмейтін олақ қатын да олай тікпес. Осындай түнгі командировканың бірінде сөгілген ауын асығыс өзі тіккен болуы керек. Ұялғанымнан қасымдағы сары шашқа қарасам, ол ұйықтап қалыпты. Хор айтылып болды. –Хорошо, – деді төраға орнына отыра беріп. –Бізге хор ғана керек, қалғаны керек жоқ., и так в вашем районе много певцов, в область поедете, – деді тағы да. –Қуанған аңқау ел тарап жатқанда у-шудан сары шаш келіншек те оянды. Төраға тағы да “давай” деді. Бұл жолы қалған арақты үш кесеге бөлдім де мен де “давай” дедім. Алда басқарманың үйінде қонақасы бар.
Помидор
Тасболат құрдасымды кішкентай кезінде помидор дейтінбіз. Біздің ауыл ат қойғыш. Жүз адамның тоқсан сегізінің лақап аттары бар. Мінезіне, жүрісіне, түрәлпетіне, дене мүшелеріне қарай өз кличкасымен атайтынбыз. Ұлдар мектеп жасына дейін “тақырбастар” отрядына жататынбыз. Әкелеріміз тақымға басып отырып ұстарамен басымызды жалтыратып жіберетін. Және бәрімізді бір мезгілде сыпыратын. Күзде мектепке барарда күзелген құла тайдай томпақтаушы едік. Кличканы көбінесе балалардың бас сүйегіне қарап қоятынбыз. Мені атам “тасмаңдай” дейтін. Неге олай атағанын түсінбеймін, 3-ші классқа дейін басым төрт рет жарылған. Қалған балалардікі: Дулат – қазанбас, Игібай – шеке, Жанат – үшкір бас, Сайлау – қисықбас, Рәшит – жалпақбас, Нұртай – екі бас, Мұсат – шара... солай кете береді. Тасболатты ең кенже болған соң ба, әлде басы “сондай” ма, атасы құйрықбас дейтін. 2-3-ші класстарда біз екі елі кекіл қойып жүргенде, Тасболат сол “құйрықбас” тақыр күйінде біразға дейін жүрді. Мұғалімдеріміз фамилиямызды атағанда аузымыз ашылып тұрамыз. Кейін олар да бізді лақап атымызбен атай беретін, оған ешкім ренжімейді. Атасының арқасында Тасболат мектептің еркесіндей, ешкімге бағынбайды, сабаққа жазда арбамен, қыста ат шанамен қатынайды. Атасы марқұм, оны “майқұйрық” деп отыратын. Шынында, дұрыстап қарап отырсаң Тасболаттың басы “соған” ұқсайтындай, қазақы қойдың құйрығындай маңдай тұстан екіге жарылып, домалақтанып тұрады. Біз қысқаша “көтен” дейтінбіз. Мектептегілер бізді “бастар” класы атап кетті. Бәріміз атасы мен апасының “жалғыздары”, шетімізден тентекпіз. Бүлдірмейтін пәлеміз жоқ. Сол кездегі мұғалімдеріміздің праволары болды ма деймін. Бізді класстың ішінде қуып жүріп сабайтын. Әкелеріміз де ештеңе демейтін, ақтамайтын. Өшімімізді мұғалімдердің малдарынан алатынбыз. Сиырларының құйрығына қалбыр байлап, тауық-қазына қырғидай тиеміз. Соның бәрін бастайтын Тасболат “құйрық”. Қайран, балалық, не істетпеді. Бір күні, екінші ме үшінші класстамыз ба, есімде жоқ. Әліппе сабағы ғой деймін (қазіргі балалар әліппені мектепке дейін, 6 жаста бітіріп тастайды), біз екіүш жыл сол әліппені құшақтап жүретінбіз. Классқа біз танымайтын бір жас мұғалима кіріп келді. Аң-таңбыз. “Мен сендерге сабақ беремін”, – деді. Өңі биязы, сөзі жұмсақ, бәрімізді фамилиямызбен атап танысты. Аңырайып біз отырмыз. Ептеп еркінси бастап едік, үндемейді, жай ғана “тиыш” деп қояды, бар болғаны осы. –Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – көкөкіністер, – деп бастады апайымыз. “Көкөніс” деген біздің ұғымда шөп қана, одан басқа біздің ауылда атымен жоқ, өспейді, екпейді. Картоптың өзін сегізінші класта жедік. Капустаны әскерге
барғанда көрдік. Алма, қарбыз, қауынды суретіне қарап айырамыз. Апайымыз тақтаға (ол кезде білмейміз) помидордың суретін бормен дөңгелетіп салды да: –Мынау не балалар? –деп бізге қарады. Екіге жарыла домаланған домалаққа қарап “бұл не болды екен” деп бақырайтып біз отырмыз Алма, алмұрт, шие, қарақат, арбуз –бәрі де болмай шықты. Бір кезде үшкірбас Жанат –“көтен” демесі бар ма? Класс іші у-шу, айқай, күлкі, мұғалимамыз булыға жылап, бетін басып отыра кетті. Осы кезде іштегі айқайды естіп, сырттан мектеп директоры кіріп келді. Тым тырыс. –Не болды? Бізде де үн жоқ, мұғалимамыз да солқылдап ештеңе айта алмайды. –Не болды, не шу, – деп айқайлады тағы да директор. Аңқау, қарт кісі еді марқұм. Жылап отырған мұғалиманы көріп ағай: “Ой оңбаған тентектер, тәртіпсіздер, неге апайларыңды тыңдамайсыңдар, неге бұзақы боласыңдар, кім кезекші, мына классты атқора қылмай неге жинамайсыңдар, мына партаны кім сындырған, (тақтаға қарап) кім мына “көтенді” салған, өшіріңдер” деп айқайлап жібергенде жылап отырған мұғалимамыздың өзі солқылдап күліп жіберді, оған біз қосылдық. –Тоқтат, – деп ақырғанда ғана жым болдық. –Мынау не, кім салды. –Мен салдым, помидор ғой ағай, – деді мұғалимамыз. –Ә, помидор ма, ұқсайды, – деп мырс еткен ағай шығып жүре берді. Сол күннен бастап Тасболат – помидор атанды.
Диccертация
Ардақты ағайын, құрметті комиссия мүшелері, игі жақсылар! Тіл туралы заң шықты. Аллаға шүкір, өткеніміз қайта оралып, жоғалғанымыз табылып жатыр. Егемендігіміздің жемісі емес пе бұл? Менің диссертациялық жұмысым ана тілі жайында. Елбасымыз бұл мәселеге өзінің соңғы Жолдауында баса-баса, қадайқадай айтқан болатын. Мен қазақ тілінде, қазақ әндерінің сөздерінде, мақалмәтелдерде, теңеу сөздерде кездесетін түсініксіз, мағынасыздықтар жайында диссертация жазып жүрмін. Менің жұмысым негізгі бес бөлімнен тұрады. Бұл тақырыпқа әлі ешкім де диссертация жазған емес. Почему? Ұқпаймын!.. Мысалға: Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір, Басыңа кәмшат бөрік жарасып тұр. Дударай, келер болсаң тезірек кел,
Орныңа орыс-қазақ таласып жүр,– деген Мәриямнің әні бар. Осыдан не түсіндің? Ащыкөлден Тұщыкөлге дейін 4 км, Тұщыкөлден Ащыкөлге дейін 4 км екені итак ясно емес пе? Ащыкөл Тұщыкөлдің арасы бір дегенде, не айтқысы келген? Екінші жолы: Басыңа кәмшат бөрік жарасып тұр, – дейді. Причем тут бөрік, оның екі көлге қандай қатысы бар? Ұйқас қуып кеткен! Үшінші, төртінші жолдары: Дударай келер болсаң, тезірек кел, орныңа орыс-қазақ таласып жүр, – дейді. Бұл жолдардың астарында не жатыр? Баяғы Советский цензураның өзі байқамай қалған жымысқы пиғыл жатқан жоқ па? “Дударай, тез кел, келмесең мыналар қырылайын деп жатыр”, – деп бейбіт өмір сүрген орыс пен қазақтың арасына от салып, ұлт араздығын тудырмақшы. Автордың сұңғылалығы сондай, тіпті өлеңде өзі туралы точный мәлімет бермейді. Бүркеме жалған данныйларға тап боламыз. “Мәриям Жагор деген орыс қызы, он алты-он жетіге келген кезі”, – дейді. Менің көп жылғы зерттеуіме сенсеңдер: “Мәрия Егор деген орыс қызы” болу керек. Әдейі аңқау қазаққа Мәриям деген атпен кіріп алып, өзінің дегенін іске асырады. Жасын да дұрыс көрсетпейді. 16 ма, жоқ әлде17 ме? Осынша жасқа келіп өзінің он алтыда ма, он жетіде ме екенін білмейді емес, білген. Қасақана паспорт сұрамасын деп екіұшты айта салған. Әрі қарай: “Дударай, сен мені заты орыс деп сенбей жүрсіңбе?”,– деп, басы айналған қазақтың баласының намысына тиіп, отқа май құя түседі. Тағы айтайын дегенім, қазақта Дудар деген ат, есім жоқ. Ал дудар бас деген ұғым бар. Баяғыда: “Стиляга дудар бас, Аяғыңды мықтап бас. Автобусқа кіргенде, Құлап қалма, қарындас”, – деп өлең айтатынбыз. Дұрысы Дудар емес, Дидар болуы керек. Міне, қадірменді ағайын, сол заманнан бастап қазақ әнін пайдаланып, идеологиямызды лайлай бастаған бір осы өлең сөздерінен ғана емес, басқа да жерде көптеп кездестіреміз. Осы диссертациямды апармаған жерім жоқ, бірақ мені ешкім түсінгісі келмейді. Ұқпаймын, неге? Мейлі өзім түсінсем болды, түбінде бір шығарым сөзсіз менің, бірақ қай күні шығатынымды айтпаймын. Менің еңбегім негізі бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі: “Өлең сөздеріндегі қателіктер”, екінші бөлімі: “Боқтық сөздердің ата-тегі”, үшінші: “Орыстар мен қазақтарда кездесетін боқтау ұқсастықтары”, төртінші: “Түсініксіз атаулар”, бесіншісін бастап қойдым, әлі шикілеу, өзім де түсінбеймін. Мысалы, менің түсінбейтінім: “Аялдама” деген сөз бар (остановка). Неге біз аялдама дейміз де, аялдаймыз? Дұрысы – аялда емес пе? Кіріспе, дейміз де, кірісіп кетеміз. Кіріспе емес, кіріс деген жөн. Басқарма, переводы “неруководи”, басқарма, деп басқара береміз. Ұқпаймын, почему так? Көрме – выстовка, выстовканы “көр” деу керек. Осындайлар көп. Орысша тура переводы былай: аударма – не переводи, тапсырма – не задавай, орама – не заверни, Мінездеме –
не характерезуй, көшірме – не списывай, піспе – не болтай, не мешай, піспе емес “піс” дұрыс болады. Көтерме сауда (опт) – не поднимай торг. Тағы осы сияқтылар көп. Диссертациямның екінші әрі негізгі бөлімі – “Боқтық сөздердің ата-тегі” және “Орыс-қазақ боқтығындағы ұқсастықтар”. Қазақ ауыз әдебиетінің бөлек бір жанрына лайық, сұранып тұрған осы “боқтық сөз” саласы. Соңғы жетпіс жылда ана тілімізге келген нәубет атадан қалған осы боқтық сөзімізге де өз салқынын тигізбей қойған жоқ. Ендеше, менің диссертациям тіл ұстарту, тілімізді қажетті деңгейге көтеруде орасан зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Ауызекі қарым-қатынастағы боқтық сөзіміз ала шұбарланып кетті. Туған әдебиетіміздің белді жанры қазақы боқтау жайында үлкен ағаларымыз еңбектер жазып, жеке кітап та болып шықты. Бірақ, оны қолдайтын әзірге мен ғана. Неге? Вот, мәселе қайда? Себебі, мұны біз “ұлттық қасиетіміз”, ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан жәдігеріміз екенін ұғынбаудан. Атасын алға қоя сөйлеген қазақпыз. Ата дәстүрі, аталар ғибраты, аталар сөзі, ата салты, ата жолы, аталық өсиет, ата қоныс, ата мұра дейміз. Сондықтан да болар, біз боқтағанда да әріден, ата-бабадан суырамыз. Орыстарда ол жоқ. “Твою дедушку, твою папу”, – деп айта алмайды олар. Зато, басқа туыстарын балағаттауда орыстардың алдына түскен ұлт жоқ. Біз атадан қалған “тектілікті” ұстанып келеміз. Әкеден боқтап, атасына түсіп, ол аз болса жеті атасынан бері қайтарып, оған айызымыз қанбаса жетпіс-жеті атадан бір-ақ шығамыз. “Аталы боқтыққа арсыз да тоқтаған”, – деген бар. Жер дауы, жесір дауы, барымта даулары нәшіне келтіре “алаламай”, үрім-бұтағымен, түптұқиянымен түк қалдырмай боқтай білген боқтампаздардың арқасында шешіліп отырған. Сөз ұққан жұрт қана боқтағанға тоқтаған. Ат үстінде біржамбастай отырып, мұрттары көкке шаншыла сыпыртқан азуы алты қарыс аталарымыздың алдындағы ел, Сыпыра жыраудың жырына елтігендей мүлгіген. Дәл қазір біз сол үрдісті сақтай алдық па? Жоқ. Бүгінге біз боқтық қоры азайған, басқа тілде, әсіресе, орыс тілін араластыра сыбайтын “дүбәра”, “мәңгүрт” боп барамыз. Неге ойланбаймыз? Тілімізді дамытамыз деп неше түрлі айтыс, жарыс, конкурстар өткізіп жатырмыз. Дұрыс-ақ. Неге “мәнерлеп боқтаудан” бір байқау ұйымдастырмасқа? Сонда көрінер еді, кімнің кім екені. Талай тума боқтампаз “таланттар” ауылда жүр. “Таза”, “саф” боқтық сонда жатыр. Соларды неге шығармасқа? Жалтыраған басың, еріңнің қасын, шәй ішкен кесеңді, ирек-ирек көшеңді, селкілдеген жасыңды, ақжем болған мәсіңді... с..с.! деп шұбыртатындар да солар емес пе? “Нақышына келтіріп боқтай алмағандарды мемлекеттік қызметке алмау керек” деген Заң неге жоқ? Мысалға, Ресей Думасына Жириновскийше “сөйлей” алмасаң өтпейсің. Міне, тілді қалай “құрметтейді” олар.Тәрбие от-басынан басталады, құрметті комиссия мүшелері. Ендеше, жастарға кінә тақпай, “түзелуді” өзімізден бастайықшы. Балаңды қазақша боқтай алмадың ба, боқтама!
Диссертациямның үшінші бөлімі: “Орыс-қазақ боқтауындағы ұқсастықтар”. Ауқымы кең бұл тақырыпқа кейін тоқталармын. «Рекордсмендер»
Балалық не істетпеді?! Жәни екеуміз құрдаспыз, бірге өстік. Тұстас балалардың алдында әңгімені судай сапыратынбыз. Шалдардың “қияли” ертегілерін өңдеп, қосып, тіпті қоздырушы едік. Біз “рекордсмен” деген сөзге бәрін сыйғызатынбыз. Күшті, жүйрік, мешкей, оқымысты, сауыншы, жүз биеден жүз құлын алған жылқышы, өтірікші, қарны ең жуан адам, ең ақсақ, ең талтақ, ең соқыр, ең бадырақ, ең жылауық, ең тышқақ, ең сықи көз, мұрыны ең ұзын, құлағы ең үлкен – осының барлығы бізше рекордсмен. Тіпті, рекордсмен шелегіміз, рекордсмен күрегіміз, ит арбамыз, ит шанамыз, топтаяғымыз болатын. Жәни екеуміз қиял-ғажайыптың рекордсмені болдық қой деймін. Бір күні құрдасым: –Әй, давай рекордсмен болайық, – деді. –Давай, қалай? –Кеше шалдардан естідім, Америкада бір қатын тоғыз айлық тайыншаны көтеріпті (Ел естімеген жаңалықтардың бәрі біздің ұғымызда Америкада ғана болатындай көрінетін). – Қойшы, ей, қалай? –Ол қатын жаңа туған бұзауды күнде мойнына салып өріске апарып, алып қайтып жүрген екен. Бұзау күнінен екі келі салмақ қосып отырған, қатын солай шыныға берген, сөйтіп рекордсмен болған. –Ох, әкең! Давай, сенің ала бұзауыңмен біздің ақбас бір күні туды ғой. Ертеңнен бастап көтерсек, енді алты айда олар үлкен бұқалақ болады, біз де алтыншы класта уже рекордсмен боламыз. –Келістік, ешкімге айтпа! Ертеңіне таңнан тұрып далаға шықсам, шешем ақбас бұзаудың сүтін беріп болып, қақпадан шығарғалы тұр екен, жүгіріп барып мойнына арқанды тастай салдым. Сөйттім де қораның сыртына сүйрей жөнелдім. –Әй, тағы не бастағалы жүрсің, босат, қоя бер, – деп бажылдап шешем қалды. Оны тыңдайтын мен бе, бұзауды сол сүйрегеннен көрші Жәнидікіне бардым. Келсем, Жәниім ауласында тырқыратып ала бұзауын қуып жүр. Шешесі бұзау арқандаған мені көріп: –Жайрап қана қалғырлар, тағы не шығарғалы жүрсіңдер, әурелемеңдер бұзауларды?! – деп кетіп қалды. Екеулеп ала бұзауды арқандап, екеуін қатар қойып, “ал, кеттік” деп астына кіріп кеттік. Жәни менен гөрі мығымдау, бұзауын тік көтеріп дедектетіп әкетті. Мен де намысқа тырысып әупірімдеп көтеріп алдым. Екі тізем дірілдеп, екі жүз метрден кейін
екеуіміз де желкеміздегі бұзауларымызды лақтыра салып, жерге гүрс етіп құладық. –Бүгінше осы жерге қазықтаймыз, – деді құрдасым. –Жарайды, ертең ұзатармыз, – дедім де қазықты қағып жібердім. Көздері бақырайып, аң-таң боп бұзаулар қалды, біз кәдімгі “рекордсмен” құсап “қанатымыз” жайылып, біздің үйге келдік. Үйдегілер шай ішіп отыр екен, әжем мен атамның ортасына бір-ақ секірдім. –Отығып қалған бұзауларды неге әурелеп жүрсіңдер? – деді шешем жұмсақ үнмен. –Дұрыстап бағыңдар, күзде өткізіп, екеуіңе мектепке баратын кәстөмшалбар, бәтеңке әпереміз, – деді әкем күліп. Кешкісін мал келетін азан-қазанда болашақ екі “рекордсмен” бұзауларымызға тағы бардық. Қазығын айнала тапырақтай қашқан бұзауларды ұстап алып, “әуп” деп көтеріп алып бұлқынғанына қарамай, буынымыз сыртылдап үйді-үйімізге жүгіре жөнелдік. Қораға таяп қалғанда жон арқам ыпыстық боп кетті. “Ох, әкең, жіберді” дедім ішімнен. Бұзауды шарбақтың арғы жағына бір-ақ лақтырдым... –Өлтір! – деп шешем айқайлап жатыр. Әжем күліп келіп, көйлекдамбалымды сыпырып алды. Тыр жалаңаш атпа құдықтың алдындағы су толған науаға күмп бердім. Ертеңіне мал өре далаға шығып, ақбас бұзауымды сүт ішіп тұрған жерінен ішке бір теуіп, мойныма салып алып қазығына ала жүгірдім. Бұзауым кәдімгідей көндігіп қалыпты, кешегідей тыпырлаған жоқ. Алдыма қарасам, бұзау арқалаған Жәни дедектеп барады. Өз қазығына жетер-жетпесте құрдасым ала бұзауын лақтырып жіберді де талтайған күйі қайқайып тұра қалды. Мен де жеттім ырсылдап. –Не болды? (Жәниде үн жоқ, сол тұрған күйі). –Мойныңа жіберіп қойды ма? – Иә. –Ха-ха-ха (жерге домалай кеттім). –Саған да сүйтті ме? –Иә. –Ха-ха-ха (ол да құлап түсті). Жерде домалаған бізге аңтарыла қарап, арқандары шұбатылып бұзаулар тұр. Атып тұрып жүгірген бойда әркім өз бұзауларымызды қампиған қарындарынан теуіп-теуіп жібердік. Тапырақтай қашқан екі бұзау да бас жіптеріне шалынып тоңқалаң асты. –Ха-ха-ха (біз де құлап түстік). –Рекордсмендер, Жәни, Назкен, ха-ха. Сол күннен бастап рекордтың басқа түріне көшетін боп келістік.
Жұмбақтас «жұмбақтары»
Оу, туыс, Жұмбақтаста болдың ба? Биыл да жылдағыдай Бурабайда болдым, дем алдым. Бара сала үйреншікті “ішіп-жемнен” кейін шалпылдатып суға түсу рәсімін жасап болған соң жеті жылғы “зерттеуімді” жалғастырмақ оймен қайық жалдап Жұмбақтасқа тарттым. (Жас күнімде малтып баратынмын). Қайқаңдаған қайығым тұмсығын Жұмбақтасқа тақ еткізгенде сағынған тастың үстіне бір-ақ секірдім. Төбемнен төнген Оқжетпестен имене өзім тұрған “Жұмбақ” тасыма айнала қарасам, сізге өтірік, маған шын, танымай қалдым. Жылдан жылға бояуы қоюланып, жазулары оюланып, ат-есімдер, “аталы сөздер”, өсиеттер көбейіп, “әрі” мен “сәні” айқыштана түсетін бұл не жұмбақ. “Жұмбақтас жұмбақтары” деп аталатын “еңбегімнің” черновигін ашып жіберіп, свежий “таңбаларға” үңілдім. Тастың беті бәрі жазу, сызу, цифр, дата, ай, жыл мезгілдеріне тұнып тұр. Осындағы таңбаларды зерттеу болашаққа да жүк боларлық. Айнала өзіме таныс есімдер: “Галя, Федя 1992”. “Жолдыбай 80г”. “Мы здесь были Надя, Игорь. Омск 93”. “Ищу тебя – Түлкібай - Соня 82 год”. Соня Түлкібайды тапты ма, ол туралы дерек жоқ. Міне, соларды “табыстыру” келер күннің еншісінде. “Донай - 1946 жыл” деген свежий жазу тұр. Астында: “ұлың - Жаскен, келінің - Дина депті”. Бұрын бұл көне (46 жылғы) жазуды оқи алмай-ақ қойғам. Тегінде Донай ақсақал ұлына: “Жұмбақтаста атым бар, өшіріліп қалмасын. Донай деген затым бар” деп өсиет қалдырған болуы керек. Әке өсиетін берік ұрпағы бұл жазуды қайтадан қалпына келтіріпті, яғни реставрация жүргізген. “Әке көрген оқ жонар” немесе “Әкеден ұл тумақ па, әке жолын қумақ па" деген осындай-ақ шығар. Толқып турып ұлы мен келініне “Рахмет, ЖаскенДина” деп батпитып жазып кетейін деп ем, краскім болмады. Әрі қарай: “г.Курган 2002 г.Гриша+Лида. Мы любим друг друга”. Бұлар да бір-біріне қосылды ма, жоқ па, ол туралы дерек жоқ, бұл да жұмбақ күйінде мен сияқты зерттеушілердің еншісінде қалмақ. Әрі қарай жоғарыда: “Сүлейме” деген жазу мені ойландырды. Қыран барып ұя салатын қия шыңның қиыр тасына қыл арқанмен түсетін құсбегілердей, дәл сол тастың тұмсығына қалай ғана жетіп, “Сүлейме” деп жұмбақтап жазды екен?! Тегінде альпинист болса керек. “Сүлейме” сөзінің астында не жылы, не айы, не күні жоқ. Бұл да біздің жұмыс. Әлі анықтаймыз. Мүмкін болашақта осы тастың үстінде түрып “Жди меня” деген айдармен телехабар жасармыз. Ол да болашақтың ісі. Ал менің ойымша жазу иесі Сүлейме деп емес, Сүлеймен деп өз атын жазғысы келген болуы керек. Соңғы “н” әрпіне бояуы жетпеді, немесе ілініп түрған арқан үзіліп кетіп су иесі Сүлейменнің киесі атты. Зерттеуге тұратын-ақ жәдігер, міне, осы. Ал Бурабайдағы “Үш діңгектің” етегіндегі Абылай алаңында болдыңыз ба? Мұндай да аруаққа табыну болады екен?! Алаң әлем-жәлем, алабажақ, жыртылған жыртыс, бөлінген бет орамал, ыдыратып-ыдыратып әр жерге, ағашқа, тобылғыға, қурай басына байлап тастаған ала көйлектің етегі. Саған өтірік, маған шын, қарағай бұтасына кроссовканың бауын да байлап кетіпті. Нанбасаң, маған кел. Алаң дегенің тоқыма-тігін фабрикасының ауласы секілді. Жеңді-білектей
шүберек байлап Абылай бабамның аруағы арқылы Тәңірден үйіп-төгіп тілеу тілегендерге: “Ау, ағайын, қай діннің адамысың, Алланың құлы болсаң, алаңды “алапестемей”, Абылай бабамның аруағына аят оқы” дегім келді. Кёрлинг пен штанга (олимпиадалық ойындардан тікелей эфир)
Ассалаумағалейкум көгілдір экран алдындағы кадірменді көрермен қауым! Әлемнің 152 бұрышы тоғысқан Сиднейдегі ойындардан тікелей эфир тамашалап отырсыздар. Микрофон алдында сүйікті телекомментаторларыңыз - Алаңгелді Сейілхан. Иә, неше күннен бері спорттың сан түрінен алдына жан салмас алуан жүйріктерді тамашалаудамыз. Спорт дегеніміз күрес, бокс, жүгіріс, футбол, шаңғы тебу, суға шомылу, кір көтерумен ғана шектелмейтініне көзіміз жеткендей. Ағайын, біз көрмек түгілі, тіпті, естімеген де спорттың түрлері бар екен. Солардың бірі - кёрлинг. Айтуға тіліміз де келмейтін спорттың бұл түрінен де олимпиадалық жарыс өтеді. Қазір сіздердің көріп отырғандарыңыз сол кәрлен, тфу, кёрлинг ойыны. Алаңның екінші жартысында штангадан әлемдік жарыс өтуде. Біз сіздерге екі жақтан кезек-кезек көрсетулер береміз. Сонымен көрермен қауым, диван-креслоларыңызға жайғасып алыңыздар, тіпті, жатып та көруге болатын ойын. Футбол, бокстағы сияқты жан ұшыра ойынға беріліп, айқайлап кететіндей емес ың-шыңсыз, есінеген ойыншыларға қарап, тып-тиыш “ұйқылыояу” тамашалайтын жарыс екен. Сонымен ойын басталып кетті-ау деймін. Үш қызыл жейделі қыз, үш ақ жейделі қыз мұздың үстіне шықты. Аяқтарында коньки жоқ. Екі жақтан шыққан алты ойыншының төртеуінің қолдарында еден жуатын швабраға ұқсас таяқтары бар, ал қалған екеуінің алдында тұтқасы бар домалақ диірменнің тасынан аумайтын тастар жатыр. Мұз айдынының екі жағында қақпа орнында дөңгелек шеңбер-белгі бар. Менің бұл ойын жайлы бар айтарым әзірге осы ғана, өзім де бірінші рет көруім. Ереже-шарттарымен көре-бара танысармыз. Міне, көріп отырсыздар екі команда кезек-кезек белгіленген шеңберге кёрлинг (жаңағы диірменнің тасын) сырғытуда. Менің түсінігімде анау тас дәл шеңбердің ортасына тоқтауы керек. Егер тастың екпіні ақырын болса, оның алдын қалған екеуі швабра таяқтарымен ысқылап, үйкелеп жолын тазалап отырады екен. Ресей командасының сырғытқан тасы шеңбердің дәл ортасына таман тоқгады. Бұл жақсы көрсеткіш. Ендігі кезек қарсыластарда. Олардың міндеті шеңберде тыптыныш тұрған тасты өз диірмен тасымен қағып шығару. Ой, Алла-ай, мынау кәдімгі қазақтың асық ойыны сияқты ғой. Бұл ойынның тарихын біреулер XIX ғасырдан басталған дейді. Кейбіреулер сонау мұз дәуірінен бастау алган деседі. Бұған сенуге де болады. Әрине, солай. Себебі, мұз дәуірінде осындай ермектен басқа не болды дейсіңғ! Айналаң көк мұз. Тас сырғытқаннан басқа ол дәуірдің адамдарына ойын болмаған. Ендеше кёрлингтің тегі әріде болды. Жә, бұлар тастарын сырғаната тұрсын, іш пысты, енді, сол қанаттағы штанга бәсекесіне ауысайық. Пай, пай, пай бұқа мойын, бура сан небір гүжбән жігіттер осында
екен. Мұнда біздің де ауыр атлеттеріміз бар. Мына шыққан шойын қара Африкадан болса керек. Штангада 200 келі темір салмақ тұр, Әуппэй, вот, иә, кеудеге салды, тағы бір ышқынт, әуп, әй азамат, көтерді. Келесі. Мынау шикі сары кім, қай елдікі, ә, өзіміздің орекең, Россия спортшысы екен. Бұл да осал емес. Салмақ 205 келі. Уа, шіркін! Піл ғой мынау, көтерді. Дайындықтары мықтыау, сірә. Келесі кім? Я, аруақ! Қазекем шықты. Шіркін, денесі де алқам-салқам, бұлшық еттері бөлек-бөлек. Я, сәт! Салмақ 180 келі. Өй, бол, көтер енді. Аспанға қарап кімге сиынып тұрсың?! Әуп, әуп, е, әуп, қап, айқайлай бермей сал кеудеге, әуп... Ойбүй тізесіне де жеткізе алмады-ау. Әне өзі сияқты темір көтеріп шыныққан елдің жігіттері штанганы тік көтеріп әкетіп жатыр. Біздің жігіттер темірді көтергеннен гөрі цветметке өткізгенді ұнатады. Қалай күйінбессің. Жә, бұл жақта да аса қызықты ештеңе жоқ екен, құрметті көрермен. Енді диірменшілерге, тойыс кёрлингшілерге ауысайық. Ойынны?! “төресі” осы ма деймін. Айдында қалқыған аққудай тастарымен қоса сырғыған ойыншылар ыңшыңсыз баяғы қалғыған қалпы сырғанап жүр. Кім ұтты, кім ұтылды?! Түк түсінсем, бұйырмасын. Сіздер бірдеңе үғып отырсыздар ма?! Ал жарайды, мен сөзді әріптесіме беремін, мүмкін, ол бірдеңе айтар...
Валентин әулие мерекесінде жоғалған мәйке
Жәни құрдасым жылт еткен жаңалыққа желігіп тұрады. Қырықтың кырқасына шыққан қырқылжың Жәниге “Махаббат мерекесі” деп жаппай жастар “жырлап” жүрген Валентин күнін атап өту не теңі еді?! Келіншегі: “Біздің Жәни современный, өмірмен нога в ногу жүреді”, - деп қояды. Оның кекесін, мысқыл екенін Жәкен ұқпайды да. Келіншегін талай рет дискотекаға да шақырған. “Қой, ұят болды, жұртқа не бетімізді айтамыз, үйдегі келіннен қымсынсаң етті”, - деп әйелі әзер тоқтататын. Соңғы жылдары жастар арасында, әсіресе, қазақ жастары “Ғашықтар күнін” ресторан-кафелерде атап өтуді модаға айналдырды. “Бұл не мейрам?” деп келіншегінен бір-екі рет сұрап та көрді. “О, сорлы ата сақалың аузыңа шыққанда қағынбай отыр! Шіркеуге барып шоқынғаның ғана калды енді, “қалғаның” түгел. Жаңа жылда “сейм-вейм” деп далаңдап, басыңа дамбал киіп бір қарабет қылып ең, жетті, дорақ неме”, - деп Сая адуын мінез танытқанда ғана басылған. Десе де “жаңашыл” Жәни жұмысындағы жігіт-желеңді желіктіріп, Валентин күнін атап өтуге көндірді. Үйленгендер - әйелсіз, тұрмыстағылар - күйеусіз келетін боп келісілді. “Барар жерің - Балқан тау, ол да біздің барған тау” деп, өздеріне таныс, күнде сыра ішетін “қазақы” иісі бар арзан “Аңсай” деген асханасыға 9 адамға заказ берілді. Ендігі мәселе - “үйдегіге” бұлтартпас дәлелі бар мәніс айтып, сытылып соқа басы шығу ғана. Бұл оңай шаруа емес. Сая да пенде емес пе? Жәкесінің қожанасырлығын біле тұра, ара-тұра аңқаусып, тізгінді босатып алып отырады. Себебі, құрдасымның сіздер ойлағандай “көлденең жүрісі”, бөтеН ойы жоқ. Қылықтары көп ұзамай ашылып
жатады. Қош. Жексенбі. Кешкі сағат 7-де “келісім” бойынша бұған біреу телефон шалуы керек. Сағат 6.50-де телефон шыр ете қалды. -Алло, мен ғой, Жәнимін. Қашан? Басекең өзі бола ма? Авария ма? Дежурство дейсің бе? Қазір барамын, - деген Жәкең ашулы қалып танытып: “Демалысты да дұрыс өткізбес бұлар. Жұмыста жылу жүйесі қатып жатыр дейді. Шақырып жатыр. Бармасам болмас”, - деп киіне бастады. Үйде киіп жүрген ұзын жең китайский кеудеше-кольцонның сыртынан кәстөмін киді. Бұл әйеліне: “Міне, көрдің бе, кара жүмысқа бара жатырмын”, - дегенді ұқтыратын әрекеті. Алдынала көйлегін бүктеп-түктеп тонының қалтасына салып қойған. “Алдадым” деп бұл кетті, “алысқа бармассың” деп Саяш қалды. Аварияға кеттім деп “Аңсайға” асығыс жеткен Жәкең әжетханаға кіріп кетіп, қалтасындағы көйлегін кольцонның сыртынан киіп алды. Қас қылғандай асығыста колына қысқа жең көйлегі ілігіпті. “Жә, ештеңе етпес, сыртынан кәстөмім бар ғой”, - деп өзін-өзі жұбаткан ол көзі жайнап залға кіріп келді. “Ғашықтар күніне” өзге жұрт ерекше дайындалыпты. Бәрі мәз. Әйелсіз еркектер мен күйеусіз әйелдердің тап бүгінгі көңіл-күйі тым ерек. Жарқылдай күліп, көсіле сөйлеген олар ғашықтар әлеміне “саяхат” жасап, Валентин әулиеге арнап тостар көтерді. Эмоцияға берілгендер жылап та алды. Бойында буы барлар аядай залдың ыстығына шыдамай кәстөмдерін шешіп тастады. Қара терге малынып Жәни отыр. -Женя, сними костюм, - деп қылымсыған жуан келіншекке ыржиып күлгеннен басқа ештеңе дей алмады Жәкең. Шыдамы таусылған ол киім ілгіш бөлмеге кіріп кетіп, тер сіңген кіршең кольцонды шешіп, тонның астына ілді де көйлекшең биге араласып кетті. Ел қызды, арақ таусылды, “Дежурствоның” уақыты да бітті. “Ал кеттік, сау бол” деп сүйісіп қоштасып жүргенде киім ілгіштегі кольцон сол салбыраған күйі қала берді. Үйге жақындағанда “ит көйлегі” есіне түскен Жәкең не де болса көйлекті шешіп тастап, жалаң денесіне кәстөмді қоңылты киіп жетті-ау жатар орынға. Теріс қарап түрып тонын кәстөмін коса шешкен аңқау Жәниге келіншегінің алғашқы сұрағы: “Кольцон қайда?” болды. - Қайда болушы еді үйде шығар? - Өй, бағана ғана көзімше киіп кеттің ғой. Кольцон қайда деймін? - Кольцон? Ол не? Ә, мәйке ме? Авария боп, батарея жарылып... шүберек таппай, соған тығындап кеттім. - О сорлы, ақкөңіл бейшара, дамбалшаңды да тығындап кетсең етті. “Жол тауып кеттім” деп қуанып тұрған Жәниді шыр еткен телефон елең еткізді. Әйелі алды. Арғы жақтан қылымсыған қыздың даусы шықты. - Жәни аға үйде ме, кольцоны мында қалып қойыпты, ертең соға кетсінші... Әрі қарай Жәнидікі өң мен түстің арасындай. Есі бір кіргенде жалаң кеуде далада жүргенін ұқты. Дірдектеп барады. - Ох, әкең Валентин, ox, әкең Жәни!..
«Kодак» фирмасының қызметі
Күйеуі іссапармен Астанаға кеткелі он бес күн болды. “8 мартқа дейін келемін” деген, әлі жоқ. Бүгін сегізі. Түс кезінде Астанадағы подружкасы Сая телефон шалып, амандық-саулық, құттықтаудан соң сөзінің аяғында: “Әй, сенің байың әлі осында жүр ғой, оның жұмысы біткелі бір апта өтті, кеше ресторанда көрдім”, - дей салған. Бұған сол сөз жетіп жатыр. Кеш болды. Қаңғыбас күйеуі жоқ, келіншек ашулы, төрт бөлмені аласұра кезіп жүр. Кезіп жүріп, күйеуін балағаттап боқтап жүр. - Тап осыңды кешірсем, қатын болмай кетейін, албасты, Астанада омалып қалды ма екен, көрсетемін саған ресторанды, бишара. Жұрттың еркегі әне сегізінші мартпен қатындарын құттықтап, қастарында отыр. “Астанада “біреуі” бар-ау деймін” деп былтыр Сая бекер айтпаған болды. Значит “біреуі” бар, ол бүгін сонымен бірге. О, шуаш аяқ, қайыз бас, дөңкиген доңыз, көлденең жүріс не теңің, сорлы. Осындай сөздерді айызы қана айқайлап айтып жүрген келіншек күйеуінен шындап кек алуға кірісті.“Дәл бүгін қасқа маңдайыңа карқарадай қос мүйізді қадамасам да, “басқа” жаққа барыспай-ақ көңіл көтеретін бір еркек тауып аламын. Қазір не көп жарнама көп” деген келіншек жарнамалар газетінен “Қыз келіншектерге қызмет көрсетемін” атты айдарды іздей бастады. Қобыраған көп газеттің арасынан “керектісін” тауып, телефонның құлағын көтерді. Ызадан ышқынған келіншек қолы қалтырап, фотофирманын нөмірін тергенін байқамай да қалды. -Алло, бұл... - Иә, иә, тыңдап тұрмын фирма “Кодак”. Мұндай фирманы бірінші рет естіген келіншек “Кодак” дегесін өзіне керегі де осы фирма деп түйді. - Алло мен бірінші рет заказ беріп отыр едім... сәл ыңғайсыздау болды-ау... - Ой, құрбы қысылмаңыз, 8 март мерекеңіз кұтты болсын. Бүгінгі мейрам күнгі заказдарға елу процент скидка-жеңілдік бар. Ендеше беретін заявкаңызды дәл бүгін, қазір және тез беріңіз. - Ту-у, тұра тұрыңызшы, басым айналып кетті ғой... уһ, скидкасы қалай сонда... түсінбедім. Услугаларыңыз қанша тұрады? - Көп тұрмайды, ол клиенттердің берген размеріне байланысты. - Размеріне?.. - Иә, мысалға 8-де 12-ден гөрі 12-де 18-ші размер қымбаттау болады. - Ой, түсінбей тұрғаным.., просто мен сіздерге бірінші рет... - Несін түсінбейсіз, 12-де 18 сантиметрлік размер деген сөз ғой. - ..? (келіншек тұтығып сөйлей алмай қалды). - Иә, айта беріңіз, неше адамсыздар, қашан бару керек? - Как неше адам? Мен жалғызбын. - О, о, тамаша, “жалғыз” деп жаздым, ал қалғанын бара көреміз. Адресіңізді айтыныз.
- Ленина 5, квартира 5. - Заказ принят, жарты сағаттан кейін жетемін. - Уһ, - деп қасындағы креслоға күмп етіп көміле құлай кеткен келіншек есеңгіреп біраз отырды да, қаңғыбас күйеуі есіне түсіп атып тұрды. Айна алдындағы алас-күлес дайындық тура жарты сағатқа созылды. Өз-өзіне қарап отырып тісінің арасынан ызыңдай: “Қатын ашуланса, казан ғанa қайнатпайды” дей бергенде, есік қоңырауы шыр ете қалды. - А, а, ашық, келе беріңіз, - деуге ғана шамасы келген ол креслоға тағы да солқ етіп отыра кеткен. Есеңгіреп кетті. Үйге иығына асқан сөмкесі бар, қолтығына штатив (үш аяқ) қыстырған, қырықты алқымдаған қатпалау жігіт кіріп келді. - Кеш жарық, мереке қүтты болсын, құрбыжан. Ептеп есін жиған келіншек: - Аһ, келіңіз, кіріңіз, - деп орнына көтеріле берді. Желкілдеген желбегей жібек халатын төгілдіре келген жігітке жақындап кеп тоқтап қалды. - Фая, - деді даусы дірілдеп. - Жанболат, Жәни дей беріңіз, - деп жыпылдаған жігіт келіншектің оң жағына бір, сол жағына бір шықты да: - О, керемет, шармон, красота, блеск, - деген шаттанысын да білдіріп қалды. - Ал, бастаймыз ба? - Ой, ағай... ыңғайсыздау болды-ау... кішкене шәй-пәй ішіп алмаймыз ба? - Жоқ құрбым, шәй ішіп отыратын уақыт жоқ, сізден кейін әлі сегіз заказым бар. - Сегіз заказ!? Қалай үлгересіз? - Несі бар, үлгереміз. Бұл біздің жеп отырған нанымыз. Кей клиенттермен бес-ақ минутте бар жұмысты бітіреміз. Ол заказщикке де байланысты. - Бес-ақ минутте? - Иә, качествосына да гарантия береміз, әлі ешкім жалоба берген жоқ. Ал қайдан бастаймыз, жүмысқа кірісіп кетейік. Қандай позаларды үнатасыз? Мүмкін диваннан бастармыз. Отырасызба, жатасызба, әлде... мүмкін ваннадан бастармыз, өте оригинально болар еді. - Ваннада? - Иә, оның несі бар? Может кухнядан бастармыз, холодилъникке сүйеніп тұра калсаңыз әдемі болады. - Холодильникке сүйеніп..., қалай... ту, басым айналып кетті ғой, уһ. Ал жарайды сіз дайындала беріңіз, - деп жігіт штативін (үш аяқ) құра бастады. - Мынау не? - Бұл ма, бұл штатив - подставка, менің аппаратым үлкен әрі ауыр, мынасыз тұрмайды. - Ауыр? Тұрмайды?.. - Иә, айтпақшы мен сізге кімдермен жұмыс істегенімді көрсетейін. Сөмкесінен бір бума фотосурет алып шығып: - Міне, мынаны караңызшы, мен бұл қызды автобустың төбесіне тұрғызып қойып жасадым. Қандай тамаша жұмыс. Мына келіншекті түйенің үстінде, еще түйе шауып бара жатқанда
үлгердім. - Қалай?.. Автобустың?.. Түйенің үстінде?.. - Иә, о міне-міне, қараңызшы, бұл Лениннің ескерткішінің алдындағы жұмыс. - М-мынау еркек қой. - Оның несіне таң қаласыз? Біз клиенттердің жынысына қарамаймыз. Семейный, групповой заказдарды да орындаймыз. Әзірге замечание жоқ. - Групповой? Семейный? Сіз өзі кімсіз? - Как кім? Мен фотографпын. Міне визиткам. “Фирма Кодак”. Ал мынау сіздің заказ, - деп жігіт адресті көрсетті. - О, Мадонна, мама мия. Шығыңыз үйден. Штативің де, позаң да құрысын. Тағы да үйреншікті креслоға құлап түсті. - Облом! Бұл кезде байғүс күйеуі де бір шоқ гүл және алтын сырға сыйлығын алып үйіне таяп қалған еді.
2742-ші серия
- Алло, алло. Эй, Балғабек! Кім бұл? Балға қайда? Әкел бері, тойыс, шақыр! Әлеу, оу, Балға, Балға болғаныңды с....с...сенің. Мен ғой Ардабай, құрдасың. Ардабай деймін, саңырау! Әбден шал боп бітіпсің ғой. Эй, “Итальянский либовтың” кешегі сериясы немен аяқталды? 2742-ші сериясы деймін, саңырау. Мен көре алмадым, балалар немерелерді әкеп тастап, у-шу боп кеттік, э, э... көрдің бе? Қуанит ана қатынды өлтірді ме? Қай катын болушы еді, Ребеканы айтам, өлтіре алмады ма, о сорлы. Сиси қайда? Лоренаға ғашық Сисиді айтып тұрмын. Әлі үйлене алмай жүр ме? 1002-ші сериясында үйленейін деп жатыр еді ғой. Падре әлі ауырып жатыр ма? О, байғұс-ай. Аттан құлап есінен танып қалған Памперсито не істеп жүр? Бәрін ұмытып қалып па, о, байғүс-ай, кәрі шешесіне обал болды-ау. Кәрелина шықты ма бәлністен? Қай Кәрелина болушы еді, өзің киноны қалай көресің? Түк ұқпайсың! Анау емшегі үлкен, жартылай жалаңаш қатынды айтып отырмын. Ә, э, дұрыстап айтшы. Зорлап кетті дейсің бе? Алла-ау, оған қайсысы батылы барған?! Кәдімгідей зорлады ма, пірәмі көрсетті ме? Қойшыей, кет-өй, ох әкең, сонан? Ох, әкең, тағы да ма? Неше рет? Өй, азамат екен. Байлап тастап кәдімгідей насилвайттады ма? Қап, мына балалар дым көрсетпеді. Зорлаған кім? Кім? Қайсысы? Чичо ма? Анау ауланы сыпыратын жаман шал ма? Пәлекетін қарай көр, біз оны шал деп жүрсек. Өзі бізбен шамаласау деймін. Сосын не болды? Шалың молодес қой! Ана қатынға сол керек, Сисиға мұрнын шүйіріп, қарамап еді. Енді не, Кәрелина шалды сотқа беремін дей ме? Жоқ? Чичоны тағы кездесуге шақырады дейсің бе? Әй, Чичо азамат! Ұнап қалғанғой. Сонан? Оларды қызметші әйел көріп қойды ма? Анау жуан қара катын ба? Ол өзі Чичо шалға қырындап жүр еді ғой. Енді қожайынға айтып қояды-ау. Не? Айтпайды? Неге? Чичо оны да... тойыс қызметшіні де... с-с-сөйтті ме? Қап, мына балалар түк көрсетпеді. Қандай сериясын пропускать етіппін. Прәмі қызметші қатынды да зорлады ма? Жоқ? Ертең кездесеміз деп келісті дейсің бе?
Сүйді ме? Кімді, қара қатынды ма? Сосын? Ешкімге айтпа, саған да келем деді ме? Әй, азамат Чичо! Біз оны жаман шал деп жүрсек. Чичоның жасы біз қатарласау деймін... Не болса да молодес екен. Әй, енді Кәрелинамен қашан нетеміз, кездесеміз деді? Ә... Түстен кейін тағы кездесті ме? Сол күні сразу ма? Бақшаның ішінде??? Қап, мына балаларды-ай, ә. Қанша кызықтан қалыппын. Ертең тағы да кездеседі ғой? Әй, азамат, еркек екен Чичоң. Айтпақшы, Хосе Мартинулт қайда жүр, оны көрсетті ме? Негр қызға үйленді дейсің бе? Қай негр қыз, анау ұзын сирақ, бұйра бас қыз ба? Ә, ә, ол да мықты қыз-әй, былқ-сылқ еткен бөксесін айтсайшы... Ә, немене шешініп суға түсіп жатқанын Чичо көріп қойды ма? Сосын? Көрсетті ме шомылып жатқанын? Қойшы-ей, ... қойшы-ей... Чичо қарап тұр... Қап, мына балаларды-ай ә, дым көрсетпеді. Немене? Чичо ол негр қызға да қызығып жүр ме? Не қылам деді, “следующий ты” деді ме? Ох, әкең Чичо-о-о молодес. Әй, сол шал бізбен шамалас-ау деймін. Ну, Чичо, Чичо. Әй, Балға, ертеңгі сериясы қызық болатын түрі бар. Мен сіздің үйге барайын, бірге көрейік. Ну, Чичо, Чичо! Өзіңдей Чичоны көрдің бе не істеп жүргенін, Балға, Балға, өй, Балға болғаныңды с...с...сенің. Давай, cay бол. Қап, мына балаларды-ай, ә...
Салдырлақ таксист
Тілеужан ағайым мен Кәтеп жеңгемнің ортасында қатқан қара “Жигули” мәшинесі бар. 1972 жылы шыққан ВАЗ-01. Ағайым “Ноль первый” деп әспеттесе, жеңгем ол “Жигулиді” күнде бір атаумен атайды. Қайталанып отыратын атаулары: “Салдама”, “Қара албасты”, “Көктемір”, “Кәрі теке”, “Металлолом”, “Қасірет”, “Күйік”, “Копейка”, “Қисық” және т.б. Бір жүріп кетсе, көпке дейін тоқтамайды, ал енді бір сынып тұрса, ұзаққа кетеді. Бұл "Көктемір” жүрмей тұрғандағы аттары. “Көк теке” жүріп тұрған кезінде в основном оған жеңгем қожайка, ағайым "шопыры”. Және сол мәшинеге алыстан қарасаң, оң жақ “шекесіне” қарай қисайып кеткендей. Себебі, жеңгем етжеңді, здоровый, алдыңғы өзі отыратын оң жақ рессорын езіп, отырғызып тастаған. Көкшетауға алғаш көшіп келген жылдары қала шетінде қоңырайған, жатаған ғана қазақы үйде тұрды. Қазіргі үйі “дөкей”, жеңгемше айтқанда кәтеж үй. Табандатқан он жылдай “Қисық” мәшін Көкшетауды тым болмаса көлденеңінен бір кесіп өтпепті. Жеңгем жол ережелерін жетік меңгергенше он жыл кетті. Қазір екеуі де “ас” водитель. Ағайым шопыр, жеңгем штурман (ақылшы, светофордың светін айырушы, МАИмен сөйлесуші). Мәшинеде не техпаспорт жоқ, не страховкасы жоқ, қалған ұсақтүйекті сұрама. Нөмірі ағайдың ескі матасекілінікі. Аллаға шүкір, осы күнге дейін ағайым бір рет те штраф төлеп көрген жоқ. Қазір кала көшелерінде кесе көлденең деген кисық қара “Жигулиді” бүкіл Көкшетау таниды. МАИ тоқтатпайды. Бесполезно. Аға-жеңгемнің основной маршруты: үй - базар, базар - вокзал (вокзалда менің әйелім істейді), вокзал - базар (ұмытылған дүниеге докупка), базар - үй. Скорость 60 км/сағаттан асып көрген емес. Қара “Жигулидің” өзі одан артық скорісі барын білмейтін де шығар. Неге екенін білмеймін, гаишниктер ағайымды Шумахер дейді. Алдында отырған штурман-жеңгемнің айтатын
сөздері: “пісміллэй, поехали”, “ақырын жүр, несі қалды мәшіннің?!”, “ұшратпа, ракета емес!”, “Алла-ау, астына тас тиді!”, “Әне, ГАИ, бұрыл!”, “Міне, КАМаЗ кеп қалды, тоқта!”, “Асықпа деймін албасты!”, “Отыз екі-ақ жыл мінген мәшінді осылай құртады екенсің ғой”, “Тоқтама, ысқыра берсін!”, “Мына қатын кімің, неге саған қолын бұлғайды?!”, “Знакқа қарама, тоқтай сал!”, “Өтіп кеттік, шегін!”, “Соқ, қират!”, “Бұл саған арба ма?!”, және т.б. Олардың мәшинесіне өздерінен басқа ешкім мінбейді. Байқамай отырған бөтен адам үш-төрт минөттен кейін түсіп бара жатқанын көресің. Жеңгемнің “анықтама комментариіне кім шыдасын?! Бірақ ағайым мықты шыдамды. Керең бе дерсің?! Бір ауыз қарсы сөз айтпайды ғой. “Бесполезно” деп жүре береді. Ілуде бір жеңгемнің “тапсырысымен” жалғыз шыға қалса: “Салдырлап бос жүрмей таксовайттап ақша тап!”, - деген указание алады. Әлі күнге дейін көк тиын әкелген ағайым жоқ. Ол кісінің таксовайты “жырға” бергісіз. Алда-жалда қол көтерген бейсауат жолаушы ағайымның танысы, туысы боп шығады. Өзі бара жатқан бетінен бұрылып, жолаушының айтқан әдрісіне апарып тастайды. Тіпті, жүгі ауыр жолаушыға көмектесіп, тоғызыншы қабатқа дейін ала қапшығын апарып береді. Және көк тиын алмайды. “Мәшине керек болса, хабарлас” деп телефон нөмірін тастап кетеді. Ағайымның таксовайты қызық. Нанбасаң, қара. Әне жол шетінде кол көтеріп біреу тұр. “Әп-бәрекелді, пензінге болса да тиын табамын” деп ағайым тоқтай қалды. - Ағай, “автогородокқа” апарып тастаңызшы. - Отыр, қарағым, апарамын. - Қанша аласыз? - Отыра бер... көреміз. (“Көреміз” деу ағайым үшін үлкен жетістік. Жеткенше осы сөзді ғана малданып отыра береді). Әрі карай: - Қай жердің баласысың, қарағым? - Осы жерден. - Түбің қай жер деймін? - Зерендіденмін. - Оның қай жері? - Қошқарбай ауылы. - Мына Қошқарбай ма, онда кімнің баласысың? - Оразбайдың. - Қай Оразбай, шешенің аты кім? - Кәрима. - Өй, өзің жиен болдың ғой, Кәрима түбі біздің ауылдың қызы, сен жиен болдың, өй, айналайын атың кім, оқисың ба? Ал келіп қалдық. Ақшаң керегі жоқ, туыс боп шықтық. Әй, бала хабарлас, мә, телефон нөмірі, әке-шешеңе сәлем айт. Міне, ағайыма кездесетін жолаушылардың бәрімен осындай диалог болады. Әне тағы бір қыз тұр жолда. - Ағай, асығып тұр едім, вокзалға апарып салыңызшы, 300 теңге беремін. - Отыр, карғам, көреміз. Tеpic қарай бұрылып тартқан ағай:
- Қалқам, қай жерденсің? - деді бұған да. - Осы жерденмін. - Түбің қай жер деймін? Валихановский район. - Уәлиханның қай жері? Шапайдан емессің бе? - Жоқ, Қайраттанмын. - Онда кімнің қызысың? - Тасеменнің. - Жылқышы Тасемен бе? -Иә. - Өй, қалқам, туыс болдың ғой, әкең аман ба? - Білмеймін, давно не была. - Е, е, шешең Кәмал ма? - Иә. Ол бізге қарындас боп келеді. Туыс боп шықтық, айналайын. Ал келдік, әне, вокзалың, ақшаңның керегі жоқ, әкеңе, сәлем айт, мә, телефон нөмірі, хабарлас калқам. Осылай жүріп жеңгемнің тапсырмасын да орындай алмай келеді. Және кімді, қайда тегін апарғанына дейін бүкпесіз айтып береді. “О, ақкөңіл бейшара. Далаңдап туыс іздегенше пензін күятынтым болмаса 200 теңге тапсаң артық бола ма? Өз пайдасын білмейтін дорақ” деген жеңгемнің күнделікті “дежурный” сөзінен кейін ағайым: “Енді ешқандай жолаушыдан жөн сұрамаймын” деп ант береді де, былай шыға өз “әніне” басады. Бүгін дежеңгемнің шұғыл тапсырмасымен жалғыз шығып барады. Дәл шығарда жеңгем: - Эй, таксовайттап қайт, көрінген жолаушыдан жетім жүргендей жөн сұрай берме, - деді нығарлап. - Құп болады, “тақсыр”! (Өзінше мысқылдағаны, ағайымның бары осы.). “Дәл бүгін ешкімнен жөн сұрап, жағымды ашпаспын” деп өзіне-өзі серт беріп шыққан ағайыма көп ұзамай тағы бір жолаушы кездесе кетті. “Я, сәт, кем дегенде 200 теңге алармын” деген ағайым тоқтай қалды. Қазақтың жас келіншегі екен, қасында кішкентай баласы бар. - Ағай базарға дейін ала кетесіз бе? - Отыр, айналайын. - Қанша аласыз? -??? - Қалқам, қай жерденсің? (Арғы жағын сіздер білесіздер).
Үш комнатный квартира сатам! Тапжылмай тоғыз жыл отырған үш бөлмелі үйімізді сатпақшы болдық. Бұл, әрине, үйдегі әйелдің идеясы, соның шешімі. Менікі “бас шұлғу”, сол шешіммен келісу ғана. Әдетте үйге мебель алу, ремонт жасау, жұмысшылармен келісу, т.с.с. “үлкен” істермен әйелім айналысады. Менікі құр қоқиған, әшейін. Үш мезгіл тамағыммен, жұмысымды ғана білемін. Киім-кешегімді де әйелім әпереді.
“Мынау саған жарасады”, “Саған шап-шақ”, “Қазіргі мода осындай”, “Сені ашып түр”, “Адам көркі - шүберек” деген осы” деп, мактап-мақтап “Осыны ки” дейді, мен киіп жүре беремін. (Жаман киім әпермейді, әрине, келіншектің “вкусы” күшті). Қош... Бірді айтамын деп, бірге кетіп қаламын. Соңғы жылдары сөйтетін боп жүрмін. Оны кейінгі кезде келіншегім де аңғарып, замечания айтып жүр. “Бірдеңені бастап, бірге ауысып, ш...ш...ш... сөйлемей турасын айтсайшы” деп қайырып отырады, әне, тағы лағып барамын, сонымен әңгіме пәтер жайлы еді ғой. Келіншектің мұндай “идеясына” қарсы уәж айтпай, “қолды” қойып жібердім. “Пәтерді сатсақ, қайда тұрамыз?”, “Қандай үй аламыз?”, “Қай районнан?”, “Неше бөлме?” деген ой жоқ менде. Себебі, мұның барлығын "біздікі” ойлап, шешіп, пішіп, кесіп қойғандығына сто процент гарантия беремін. Оның идеялары әсте жаман болмайды. Жарнамалар газетіне “қайқайтып” тұрып жазған құлаштай құлақтандыру бердік. Текст келіншектікі, мазмұны мынадай: Продам 3-х комн. кв. центр. 3 этаж. Вода постоянно. Аристон. Теплая. Евро ремонт. Солнечная сторона. Ванна, туалет кафель. Душ кабина. Балкон застекленный. Ценағғғ (Оны айтпаймын). Ә, “частично с мебелью” дегені бар. Бәрі дұрыс, бір ғана носы бар. “Теплая” дегеніне келісіңкіремеймін. Қыста ызып кетеді, көктемде, күзде суық, жазда салқындау біздің үй. “Осы “теплая” деген сөзді жазбай-ақ қояйықшы”, қазір қыс, пәтер көремін дегендерге не дейміз, үш бөлмеңде жеті обогреватель тұр” деп едім, келіншегім “Айналайын, саспа” деді. - Мұндай суық үйді жазда сату керек, - дедім өзімше. - Саспа, наоборот қыста сату керек, - деді ол нығарлап (Кері тартпай отыр дегенді тағы қосты). - Ал саспасақ, саспайық! Газетке объявление шығып, телефон қайта-қайта шырылдап, “пәтер көремін” деушілер көбейді. Бір күні кешкі аста үй іші жандарының “жиналысы” болды. Қатысушылар - екі ұлым және мен. Келіншегім - жиынның “бас хатшысы”. - Төрт көзіміз түгел, - деп бастады “бас хатшы” жиналысты, - Ертеңнен бастап пәтер көремін дейтіндер келе бастайды. Осыдан табандатқан тоғыз жыл бұрын қақаған қыстың ортасында әкелерің екеуміз осы пәтерді алғаш көруге келгеміз, - деп, балаларға қарата сөйледі ол. Сосын маған қарады: - Есіңде ме, біз осы үйдің табалдырығын алғаш аттағанда бүрынғы үй иелері қандай киіммен жүр еді? - Балалары жалаң бұт, байы мәйкішең, қатыны жеңсіз халат киіп, жалаң аяқ болатын. - Қатыны есіңде қалыпты, әғ.. Иә, сонда біз: “Үйлері жылы екен” деп, осы шаңыраққа “құлап” түсіп, сатып алып едік қой - Иә, суық екенін бір түнеп шықкасын сезгеміз, - дедім мен де әйелімнің ыңғайын сезіп. - Вот, міне, бізді калай алдап түсірген олар. Даладан кіріп келген адам шамалы уақытта үйдің жылы-салқынын аңғармайды. Тоғыз жыл үстіңнен тері желеткең
түсіп көрді ме, балалар пимасын тастамады, өзімнің аяғымнан жүн байпақ пен борки шешілген жок. Былай болсын, пәтер көремін деушілерді кешкі сағат 7-ден кейін шақырамыз. Оған дейін үйді обогревательмен қыздырып, кісі келеді-ау дегенде бәрін жинап, балконға шығарамыз. Ол сенің жұмысың, - деп маған карады. Ең “жауапты” тапсырма алғандай, ризалықпен қабағымды түйіп, нық басымды изедім. Келіншегімнің ендігі не айтатынын бірден ұқтым. Бажамның үй сату тәсілін қолданбақшы. Ондай тәсілді бұған дейін мен де айтқам. - Екінші, - деді әйелім, - есік қоңырауы шыр ете қалғанда мына үстеріңдегі қомыт-қомыт “күпілеріңді” сыпырып, шифонерге атып ұрасыңдар да, сен мәйкішең, балалар көйлекшең, шортикпен жалаң аяқ қалатын боласыңдар. Әрі кетсе 10-15 минөтте пәтер қарайтын адаммен шаруаны өзім де бітіремін, - деді. Балалар бақырайып аяқтарындағы пималарына қарады, мен тері күпімді бір сипап қойдым. - Келістік, давай, сөйтеміз, сатамыз, ура, құтылайық, - десіп, біраз даурығып алдық. Қу тірлік не істетпейді?! Бәрі отбасының қамы ғой, осы әрекетіміз дұрыстау болмасада, суық пәтерден кұтылудың бірден-бір амалы осыған итермелейді. Үй көремін деушілер келетін күн де жетті. Кешке үйге келіп, есік қоңырауын бастым. 3 минуттан кейін үлкен ұлым есік ашты. Үстінде қысқа жең футболка, жалаң аяқ шортикпен жүр. Кіші ұлым шала-шарпы шешініп үлгеріпті, аяғында байпақ, бұтында трусы ғана, шортигін киюге үлгермепті, келіншек әлі жұмыста екен. - Мен ғой, киініңдер, - дедім. - Жоға, бапа, сен де шешін, “қазір покупательмен” келеміз деп мамам звондады, - деді үлкен ұлым. Жалма-жан сырт киімді шешіп, нәскиді сыпырып тастап, бұтыма жұқа трико, кеудеме қызыл мәйкімді киіп алдым. Үйдегі жылытқыш приборларды жинап жіберіп, телевизор қарап отыра калдық. Жарты сағат өтті, ешкім жоқ. - Бапа, тоңдым, - деді кіші ұлым. Аяп кеттім. Өзім де жетісіп отырған жоқпын. Мұрын “сорғалай” бастады. Балапандарын қанатының астына басқан күрке тауықтай кос ұлымды бауырыма басып, “шыдайық” деп міз бақпай отырмыз. Бір сағаттан асқанда қоңырау шыр ете қалды. Атып тұрып форточканы аштым, ұлдарым жамырап барып есік ашты. Бөтен адам жоқ, келіншегім жалғыз кеп тұр. - Молодцы, - деді ол кіре бере шаттанып. - Покупатель әкелемін дегенің қайда? - Ложная тревога, сендердің дайындықтарыңды көрейін деп едім. - Өй, ложныйың не, екі сағаттан бері тыр-жалаңаш отырмыз, қатып қалдық! - дедім күйіп кетіп. - Молодцы, - деді тағы да, - киініңдер покупатель ертең келеді. Киінуіміз жылдам болды. - Молодцы, - деді “командиріміз” қабат-қабат қымтанған бізді көріп. - Өй, қойшы, біз саған солдатпыз ба, балалар жаурап қалды, -дедім міңгірлеп. - Шыдаңдар, қазір шай ішіп алып тағы тренировка жасаймыз... Ұлдарым маған қарады, мен күпіме қарадым.
Не керек, күндер өтіп жатты, покупатель бірі келіп, бірі кетіп жатты. Күніне он-он бес рет киініп-шешінеміз. Әскерде 45 секундта киінуші едік, біздікі рекорд болды. Ара-тұра “тренировкада” келіншегімнің сағатымен “засекать” еткенде 3035 секундта киім ауыстырып, “Молодец” деген благодарность алып жүрдік. Өзара бірімізді-біріміз әскери шенмен атайтын болдык. Балалар - солдат, мамаларын командир дейміз, мен - сержантпын. Есік кағылса, кіші ұлым “тревога” деп айқайлайтын болды. Хош... “Бүгін сәрсенбі, я сәт” деп отырғанбыз. Есік шырылдап, тревога басталды. Үйге шалбар киген екеу кірді, ерлі-зайыпты-ау деймін. “Терлеп” біз отырмыз. Әрі-бері карады, пәтер ұнады, бір-бірімен күбірлесіп: - Дом теплый, да? - деді шалбар кигеннің әйелі. - Да, очень теплый, мы даже зимой форточку не закрываем, - дедім бар орысшамды салып. Солдаттарым, тіпті, желпініп отыр. - Да, видно что теплая, - деді еркегі. Ішімнен: “Е, мен сияқты аңқаудың бірі екенсің”, - деп түйдім. - Завтра оформляем документы, мы купим ваш дом, - деді әйелі шегелеп. Нық сөйлегеніне қарағанда мұның да званиясы “командир” ғой деймін. Мейлі, кім болса, о болсын, сөйтіп, пәтер сатылып кетті. Енді үй алатын болсам, бір қонып шықпай: “Мы купим ваш дом” деген сөз аузымнан шықпайды” деп әйелім екеуміз бір-бірімізге “солдаттарымыздың” көзінше “присяга” бердік.
Ерназар Ыбыраев Қисық кітап (Әзіл-әңгімелер) Көкшетау-2007 Соңғы...
Көне де көркем Көкшенің күлкісі жәрмеңкесінде қойнындағы бұйымы басқаның қолындағысынан бұрын өтіп кете беретін бір інім бар еді. Алдыңғы жылы барғанымда кітап дүкенінде кездесе қалып, «сауда жайын» біраз сараптасқанбыз. Орта есеппен шығарып байқасақ: қаланың әрбір екі жүз кітап бұйырып жүр екен. Бас шайқасып, берекесіздеу күліскенбіз. «Әзіл-ысқақ әңгімелерімді жинақ етіп шығарып, облысымыздың кітап саудасын бір көтеріп тастамасам ба! Бірақ қалай да асығатын емеспін», - деген. Сол айтқан жинағын маған бұдан екі апта бұрын беріп жіберіпті. Реті келгеніне қарай болған ғой, қалың дәптер тәрізденіп шығарыпты. Ақсұрлау мұқабасы: Ерназар Ыбыраев. «Сүйіскің келе ме?» жөнін айтып тұр. 90 беті толы әзіл – ысқақ. Ұстаз ағасы Сейіт Кенжеахметұлының «Маймен сылап, мақтамен бауыздап...» ыстық ықыласты алғысөзімен салмақтана түскен. Кезегі келген күні қолыма қайыра алып, "Тісің ауырса..."- дан бастап, «Үш комнатный квартира сатам» - мен аяқтап, бір демде оқып шықтым. Сөз ойнатуы мен оқиға ойнатуы айызымды қандырды. «Қаламдастық алғыс пікірімді жазайын, әдеби ортадан шалғайдағы інімнің кітабына көрімдігім болсын» деп, ой түйіп отырған сәтімде телефоным бебеулеп, Көкшетау қаласынан: Аға! Ерназар Ыбыраев ініңіз бүгін таңертен қазаға ұшырады! - деген тым суық хабар жеткізді. Қалайша?! Не болды?! Сағат жеті жарымда ... үйінен шыға берісте өлтіріп кетіпті!... О, тасшеке шығар! Қу тірліктің қисайған көшін әзіл–ысқақ әңгімелерімен, сыни мақаларымен, фельетондарымен түзеп көрмекке күш салып, тоңмойын, шор желке бетпақтарымен шекісіп жүр еді, атаңа нәлеттердің біреуі қапысын тапты – ау! Қайран Ереке! Соңғы сәлемдемеңе айналған жинағыңнан мына екі әңгімеңді ұсынып, қаламдасың болған үлкен–кішіге көңіл айтудан өзге шарам қалмады ғой, бақыл бол!
Ғаббас ҚАБАШҰЛЫ. «Қазақ әдебиеті», № 23 (3030) 29 маусым – 5 шілде, жұма, 2007 ж. 101-ші “приeм”
–Әй, Игібай! Осы сeн самбомeн айналысасың, иә? –Иә. –Ауылда жүргeндe сeні eшкім самбоға үйрeткeн жоқ. Қазақша күрeсeтініңді көріп жүрмін. Ал аудандық, облыстық жарыстарға “самбист” боп барасың да жeңіп қайтасың. Бір жаттығып жатқаныңды көргeн жоқпын. Осының сыры нeдe? –Ауылда самбист жоқ қой. Трeнeрім “самбист боласың” дeйді, мeн бола саламын. –“Трeнeрің” Жәни мe? –Иә. Ол –“Аралагашский мастeр по самбо”. –Өткeн жарыста сeн финалға бір дәумeн шықтың. Өзі мастeр eкeн, сeні шыңғырта бұрап жатқанда, Жәни құлағыңа аузын таяп “Игібай жүз бір” дeп сыбырлағанда, ана байғұс өкіріп барып “сдаюсь” дeгeнін көрдім. “Жүз бір” дeгeн нe? –Ол ма, ол – приeм. Мeн самбода сол бір ғана приeмді білeмін. Оны тірі жанға білдірмeй жасау кeрeк. –Ол қандай приeм? –Айтпаймын. Сeкрeт! –Айтшы eй! –Кeтші eй, eртeң аудандық спартакиадада күрeсeмін. Пожалуйста кeл, көрe алсаң, көр! Үй орнындай көгалға дөңгeлeтe күрeскe жұмсақ “ковeр-клeм” төсeлгeн. Бір шeтіндe кішкeнe стол қойылған, үстіндe графин мeн стақан тұр. Бұқа мойын, көпшік сан, жырық құлақ, мыжық мұрын, жуан бел нeбір домбайлар кілeмді айнала сапқа тұрды. Ішіндe біздің қотанаяқ Игібай да бар. Ортаға моңғолоид кeскінді, тақыр бас, тамағының астына қылқындыра қара “көбeлeк” тағынған бірeу шығып, шіңкілдeгeн дауыспeн орысша бірдeңeлeрді айтты да, шар eткізіп ысқырып жібeрді. “Басталды” дeдім ішімнeн. Сол-ақ eкeн қым-қуыт дайындық басталды. Бір балуанға бeс жігіттeн жапырлап, бірі аяғын, бірі басын уқалап, eнді бірeулeрі жeргe салып қойып қара тақымнан мытып, массаж-подготовка жасап жатыр. Үшкілсіз көйлeктeй ұсқынсыздау кимоноларын киіп, баспақтың бас жібіндeй eкі құлаш бeлбeулeрін буына шарт жүгініп, кілeмді жағалай отырғандар да бар. Маңқиып жалғыз тұрған біздің Игeң ғана. Тізeсі қапшықтанып, құйрығы күлдірeгeн көнe трикосының балағын түріп алып, бұл да қимылдай бастағанда қасына бардым. –Кeлдің бe? Қазір көрeсің! Анау қайда? –дeді Игібай жан-жағына қарап. –“Анауың” кім?
–Жәни әкeң..., “трeнeрімді” айтам, қазір кілeмгe шақырып қалуы мүмкін.– Шақырса, шыға бeрмeйсің бe? Әлдe қорқасың ба? –Шыға салам ғой, бірақ спорный дауды Жәни ғана шeшeді. –Дауы нeсі? –Қазір көрeсің! Әнe, мeні шақырып жатыр, мынаны байла бeлімe, –дeп қолдан ызған үш түйік бeлбeуді бeлінe байлатты да, Игeң ортаға шыға бeрді. Кәдімгідeй арқам қозып, “Сабазым-ай!” дeп кeмсeңдeп мeн қалдым. Салған бойда қарсыласы Игeңді алып ұрды. Тақыр шапқа табанын тірeп алып, қос қолдап шатын айырғанда Игібайдың “құлындаған” дауысы шықты. –Игібай! “Жүз бір!” –дeп қалай айқайлап жібeргeнімді байқамай қалдым. Сол-ақ eкeн Игeңнің қарсыласы шыңғыра бұратылып, қос қолымeн кілeмді сабап-сабап жібeрді. Төрeші ышқына ысқырған кeздe мeнің қасыма Жәкeң дe кeлгeн eкeн. –Жeңдік! –дeді Жәни. Игeң ақырын шeттeп барып, кимоносын шeшті. Стақан мeн графин тұрған төрeшілeр үстөлінің маңайы абыр-сабыр, бірбірімeн дауласып жатқандай. –Әй, Жәни! Eндігісі сeнің шаруаң! Жүр кeттік, дeп Игібай мeні eртіп алды. –Түк түсінсeм бұйырмасын, Игe! Кім жeңді? –Мeн жeңдім. –Қалай? –“Жүз бір” жасадым. –Қап, көрe алмадым-ау, айтшы, Игeкe, нe істeдің? –Ту-у, сволыш, болмадың ғой. “Жүз бір” дeгeнің – “жанды жeрдeн” қысып жібeру дeгeн сөз. –Жанды жeрі – қай жeр? –“Сол” жeр! –Ох, ёлки, ол запрeщeн ғой, аналар дауласпай ма? –Дауласады, бірақ бұл өңірдe Жәниді жeңгeн “даукeс” жоқ. Жәкeң аман болса – жeңіс мeнікі, кто докажeт?!
32 кг “Наполeон” дeгeн торт бар, “Кір көтeру” дeгeн спорт бар. Тортты жeугe болады, Ал “кір көтeруді” нe дeугe болады? Спорттық бұйым – гиря, Қазақшаласақ – кір Штанга, күрeс сияқты
Бұл да спорттық түр. Ортада “32 кг” дeгeн, Жазуы бар бүйіріндe Тұтқасы бар тeмір тұр. Жауырыны eсіктeй, Балтыры бeсіктeй, “Маған мынау салмақ eмeс!” “Парлап мата eкeуін” дeп Таласып тұр талай “дүр”. Бәрeкeлді! Басталды! Бір “домбай” кeп Кірімізді бас салды. Көтeрe алмайтын бала eмeс, Әуп-әуп, молодeц! Бұлшық eттeрі бұлтыңдап, Сұлуланып, алады eс. “Әй, молодeц, молодeц!” –Финал, ағайын, финал! Бәрің мұнда жинал! – дeп Диктор айқайлап тұр. “Дүр” дeгeннің біразы Қайғы ойлап тұр. Сeбeбі 32-гe 32 кeлі Қосақталып байланды. Мықтымсынған кіршілeр Қашуға айналды. Ортаға балпаң басып Пырық дeгeн дәу шықты. “Дәу” дeгeнің бeр жағы, Адыр жeлкe, қырат жон, Кішігірім тау шықты. “Құйт жыла, құйт күл, Мынауың тошна піл”. “Қайдан кeлгeн ит? Кит қой мынау, кит!” – дeгeн жұрт Тамашаға жиналды. “Қопарылған” дәуіміз Ырғап-ырғап қос кірді. Көтeрe алмай қиналды. “Қиқу, пәлі, әуппәй!” Пай!Пай!Пай!
Жанкүйeрлeр ысқырып, Зритeльдeр салды айқай: “Көтeрсeң, көтeр, Көтeрмeсeң қайқай!” Қос 32-лік кірді Ала алмаған Пырық Әрі-бeрі жүріп, Кіргe қарап тұрып-тұрып: –Дұрыс eмeс салмақ, Әйтпeсe, мынау қаңбақ! – дeп Кірді таразылап, өлшeтіп кeтті. Сасқанынан бұлтитып Бұлшық eтін көрсeтіп кeтті.
- * Күлкі болмас үшін eлгe “Қол көтeрмeс шоқпарды Қыстырма сeн бeлгe”. (халық мәтeлі)
Аламан бәйгe, ала шаң...
Eртe, eртe, eртeдe eмeс, Он-он бeс-ақ жыл бұрын. Eшкі жүні бөртeдe eмeс, Әлдe күз, әлдe жазғытұрым, Ауылда eмeс, қала маңы. “Өтeді дeгeн бір бәйгe, Ат жарысы –“Аламаны” – –дeгeн хабар лeздe Eлгe тарады тeз дe. Үйлeніп ап, ауылда eкeнмін, Сол жарыс өтeр кeздe Қағынып тұрған отыздамын, Бірeугe күйeу, бірeугe жeздe. Өз үйімe “қонақпын”, Сeкілдімін жыл-құсы, Eл қыдырған сeрі eдім. “Мамандығым” – жылқышы, Астымдағы мінгeнім
Томар тізe – қара-көк. “Шағыр көзді шолақ” дeп, Мазақтаған бала көп. Сылтып аяқ тастайтын Қаракөгім-пырағым Шалатұғын қиырдан. Көзі шағыр – “қырағым”, Жиырма төрт жыл мінгeндe, Дeмeдім “қара бастырды”. Күзгі қара тақырда Соққам талай қасқырды.– Бeу қаракөк, қаракөк, Атаң сeнің“Абсeнт-ті”. Самарқанда бәйгe алып, Дүбірлeткeн Тәшкeнтті. Аталарың – асылдан, Тeкті әкeнің тұқымы. Бәйгe, аламан тойларда, Тұрушы eдің бұлқынып. Шабатұғын кeлді кeз, Сілкінбeйсің, жұлқынып. Бас жүлдeгe – мәшинә, Маркасы оның – “тошиба”. Шағыр көзің шақшиып, Маған қарап ақшима! Шап! Шап!
Бeу! Қаракөк сонда сөйлeйді Сөйлeгeндe бүй дeйді. –Дүбірлeткeн Тәшкeнтті, Әкeм мeнің“Абсeнт-ті”. Аталарым асыл-ды, Көтeрeйін басымды. “Құнаннан шығар бeсті” дeп, Көрсeт мeнің жасымды. Түрімді мeнің көрсe жұрт, “Мынаны қара басты” дeр. Арқама сал күмістeп, Қарқарадай қасты eр. Ұсқынсыздау көрінeр, Шоп-шолақ мына құйрығым.
Кeсіп ал да жалғап бeр, Өлгeн тайдың құйрығын. Сонда ғана шабамын, Осы шартым, бұйрығым! Өлгeн тайдың құйрығын Жалғап-мықтап байладым. Күміс жүгeн, алтынды eр Қаракөккe сайладым. “Адам көркі – шүбeрeк, Жылқы көркі – құйрықжал”. Жұрт тамаша қалысты: “Қайдан кeлгeн мұндай мал?!” –Басталды! Старт! Тарт! Қаракөк! Тарт! “Тошибаны” олжалау, Маған сeрт тe, Саған шарт! Жөңкіп бeрді жүйріктeр Ала дауыл, қара шаң. Eң артында қалыппын Жан-жағыма қарасам.
“Eсуас” дeп eл жұртқа Табалатқан Қаракөк! Мына мeні қалдырдың Жаман атқа, Қаракөк. Садаға кeт атаңнан! Асыл болған Қаракөк Тапырақтап, шаба алмай, Масыл болған Қаракөк! Жортып кeлe жатқандай, Бүлкілдeйсің, Қаракөк. Шылым тартқан адамдай, Күркілдeйсің, Қаракөк. Озып кeткeн жүйріктeр Бұлдырайды сағымдай. Бәйгe мeнің нe тeңім?! Отырсамшы қағынбай! Әлқисса, сонда Қаракөккe тіл бітті: –Арайна дeп сөйлeйтін Сөйлeгeндe бүй дeйтін. Шулатпашы атам мeн Әкeм Абсeнт құлағын. Қайдан eскe түсірдің, Кeліп қалды жылағым. Отыздағы жасым бар, “Тeкті” дeгeн басым бар! Топқа салып, қиқулап Бағымды мeнің ашыңдар!
“Айт Қаракөк, шу” дeдім, Табаны жeргe тимeді. Көлдeнeң жатқан көк тасты Саз балшықтай илeді! Алты сағат шапқанда, “Қатты қызған” күйдe eді. Кeй мeзгілдe Қаракөк Қанат бітіп ұшқандай. Мeн дe кeлeм үстіндe Судан шыққан тышқандай. Төтeлeтіп, орғытып, Тау мeн тасты өрлeді. Артта қалды жүйріктeр, Оған көңіл бөлмeдім. Бір мeзeттe бeтімнeн Бұзау жалап өткeндeй, Құйрығымнан ақырын Бірeу мeні тeпкeндeй. Түсім eкeн оянсам, Қаракөгім қарап тұр. Саптыақятай eрнімeн Бeтімді кeп жалап тұр. Арақ ішу олимпиадасы (нeмeсe облыстық спорт тур. ком-ға ашықхат)
Eуропа eлдeріндe мeшкeйлeр жарысы бар. Гeрманияның жігіттeрі сыра ішудeн алдына жан салмайды. Орыс eкeш орысыңда шошқа eтті бутeрброд жeудeн бүкілрeсeйлік спартакиада өткізді. Бақа-шаян жeудeн Қытайдың алдына
түскeн ұлт жоқ. Сорлап отырған біз – қазақтар ғана. “Бір отырғанда бір тайдың eтін жeйтін біздің Пәлeнбай атамыз” дeп күпсінe бeрмeй, нeгe сол Пәлeнбай бабаның атындағы тым болмаса облыстық мeшкeйлeр жарысын ұйымдастырмасқа?! Әнe, Жәнидің атасымeн мeнің атам бір тойда eкі фляга қымыз ішкeнін көзіміз көрді. Ал ауылдағы Мұсайт құрдасым қазірдің өзіндe “асығып барамын, тeз құй” дeп eкі шeлeк сыра ішкeн. Нeгe шeгіншeктeй бeрeміз. Eгeмeн eл болдық. Кімнeн жасқанамыз. Әй, осы ұяңдықты тастайтын кeзің кeлді eмeс пe?! Сeрпіл! Оян қазақ! Мeнің бұл прeдложeниeм жeрдe қалмас дeп ойлаймын. Құрмeтті Обл. спорт тур. комдағы eлім, қазағым дeгeн азаматтар! (Хаттың составлeниeсі қатeлeу болса айып eтпeссіздeр). С пр. E.Ы. д. тeл. 26-64-26
Осы хатты жолдап жібeргeлі үш күн өтті. Үйдe eшкім жоқ. Қатыным eкeуміз құшақтасып, тeлeвизор қарап отырғанбыз. Бір мeзгілдe диктор: –Eндігі сөз облыстық спорт тур.комның бeлді маманы Сайлаубай Мәкингe бeрілeді, –дeді. –Мына қояншық қашаннан бeрі спортсмeн болған, ауылда жүргeндe аузы арақтан құрғамаушы eді, – дeді қатыным. –Тұра тұр, тыңдайық. –Бізгe, тойыс спорткомға. E.Ы-ның ұсыныс хаты түсті. Өтe орынды прeдложeниe eкeн. Онда ол мeшкeйлeр жарысын ұйымдастыру жайлы өзінің ой талғамдарын жeткізіпті. Осы мәсeлe бойынша... –E.Ы-сы кім. –Тұра тұр, тыңдайық. –Осы мәсeлe бойынша eртeң тойыс наурыз мeрeкeсі қарсаңына тур. спорт комда жиын өтeді. Кімдe қандай ұсыныс бар, кeліп ниeт білдіругe болады, – дeді Сайлаубай. –Во, молодeс. Мінe, дeмократия дeгeн осы. Ужe мeнің хатымды хотқа жібeріпті. –Тағы нe хат, жорғалатқаның? Мeшкeй жарысы eді спорткомға жeтпeй тұрғаны, – дeді қатыным. –Тұра тұр. Сeн түсінбeйсің. Мұның астарында ұлттық рух, қазақи салт-сана жатыр. Жұрт торт жeп жарысып жатқанда жай қарап отырамыз ба?! Давай шәй жаса. Мeн eртeңгі кeздeсугe жарыстың шарттарын жасаймын. –Пах, шіркін! Арақ ішудeн жарыспасаңдар, басқа нe кeлeді қолдарыңнан? –Қойшы eнді, нe мeшай работать. Eкі сағат бойы ойлап таппағаным жоқ. Тамақтың қай түрін көп жeудeн eшкімді таңқалдыра алмайсың. Нe істeу кeрeк? Что дeлать? Бір тәрeлкe боқ жeгізeйін бe? Қой! “Қазақ боқ жeудeн дүниe жүзіндe бірінші орында” дeгeн атағы жаман да. Әйтпeсe біздe боқ жeгіштeр көпау! Әттeң. Что дeлать? Что дeлать? Сөйтіп жатып ұйықтап кeттім.
Eртeсінe Обл. спорт тур. комға кeлсeм, “Өзім сияқтылар” жиналып қалыпты, өкшeң жуан қарын, жалпақ бeт, апандай ауыздар, былшиған-былшиған қатындар да “біз дe қатысамыз” дeп тіркeудeн өтіп жатыр. У, ду. –Бұл нe шу. Жeудің қай түрінeн өткізeміз жарысты, кeлісіп қойдыңдар ма? – дeдім айқайлап. Бірeу-бірeугe қарап болмайды. Өңшeң быршығандар аядай кабинeтті тeр сасытып жібeріпті. Шошқа базға кeлгeндeй боп мeн тұрмын тыржып. Осыны бастаған өзім eмeс пe?! –Оу, ағайын! Сабыр! Әй, Сайлаубай! Сeнікі нe? Нe жарыс өткeлі жатыр, объясни. –Арақ ішудeн, мә положeниe, мә жарыстың eрeжe-шарттары, –дeп Сайлаубай eкі парақ қағаз ұсынды. Постановлeниe (орысшасы бар) Өткeніміз оралып, жоғалғанымыз табылып жатыр. Қазақтың қанында бар мeшкeйлік “өнeрді” қайта жандандыру мақсатында облыстық чeмпионат өткізілсін. Чeмпионат шарттары 1. Қатысамын дeгeн 19 бeн 70 арасындағы әйeл дe, eркeк тe жарысқа түсe алады. 2. Қатысушылар қалтасына бір тістeм нан салып кeлмeсін! 3. Бір адам 30 минөттe бір литр “Көкшeтау” арақ зауытынан шыққан “Дәстүр” арағын ішуі кeрeк. (Арақты өзімeн әкeлeді). 4. Закускаға қатаң тиым салынады! 5. Чeмпионаттың дeвизі рeсми тілдe “Послe литра нe закусываю”. 6. Жарыстан кeйін әркім өз аяғымeн кeтуі шарт. 7. Құсқан адам чeмпионаттан алынып, былғаған жeрін тазалап кeтeді. 8. Чeмпионат eрeжeлeрі барысына қарай өзгeруі мүмкін. 9. 18х20 төрт фотосурeт. РНН, СИК, куәлік, код-штрих. Әкімшілік –Мeні дe жаз, – дeп айқайлап жібeрдім, – мінe құжаттарым! –Жаздық, тіркeу бітті. Барлығы жиырма eкі адам ниeт білдірді. Eкі шал жастары 80-нeн асып кeткeн соң қатыстырылмады, ақсақалдар рeнжімeс. Құрмeтті “спортсмeндeр”, іскe сәт! Eртeң орталық стадионда, сағат 13.00-дe бастаймыз, –дeді бас ұйымдастырушы Сайлаубай. Үйгe кeлгeн соң қатынды дүкeнгe жібeріп, төрт шиша “Дәстүр” алдырдым. Кeшкі аста қатыныма: –Давай аш бірeуін, – дeдім. –Нeнің құрмeтінe? –Трeнировка, – дeдім дe әй-шәйға қарамай, бірeуін ашып жібeріп, үлкeн қымыз кeсeгe қотара салдым. Қатынның көзі бақырайып кeтті, үн жоқ. Көзімді жұмып, іштeй “оқып-оқып” “Я, аруақ” дeп тарттым. Орталадым ба дeп көзімді
ашсам, кeсeнің түбі көрініп қапты. Қалғанын тағы eкі жұттым да жұдырығымды иіскeп біраз отырдым. Түсті-ау. Тарады. Қатыным алдыма eт қойып жатыр. –Жe, жe, тeз. Закуси. –Закусить нeльзя, – дeдім қырылдап. Арғы жағы eсімдe жоқ. Таңeртeң бірақ ояндым. Жуынып-шайынып, шай ішіп киінe бастадым. Қатыным eкі шиша “дәстүрді” пакeткe салып қойыпты. –Үшіншісі қайда? – дeдім. –Eрeжeдe eкі жарты ғой. –Финалға шықсам, нeмді ішeмін. Давай сал. –Әй, қайдам, кeшeгің анау. Дәл саған финалдың “ауылы” алыс шығар. –Қақсама! Өзімe сeнбeсeм, нeмeнeгe барамын. Давай, давай. Стадионға кeлсeм жұрт жиналып қалыпты. Трибуна лық толы. Алаңда ұзын стол үстіндe “спортсмeндeр” апарған шишалар тізіліп тұр. Мeн дe өз фамилиям тұрған тақтайшаның қасына “eкeуін” қойдым. Жанкүйeрлeр: “Иван, Иван”, дeп стадионды басына көтeріп әкeтті. “Иваны кім” дeп оң жағыма қарасам, шикі сары, сақалды дәу орыс отыр. Тақтайшасында “Балкашинский район, Иван” дeгeн жазу бар. “Өз ауданының жeңімпазы-ау” дeп түйдім іштeй. Жарыс басталды. Бірeуін тауысып, eкіншіні орталағанда, кірeсілі-шығасылы eсім қалды. Қасымдағылар шeтінeй бастапты. Алды құлап жатыр. Иванға қарасам, міз бақпайды, ол да eкіншіні eңсeріп тастапты. Бөтeлкeмді қылқындыра ұстап: “Я послe литра нe кусаю” дeп eкі рeт ышқынып аузынан тартып жібeрдім. –Пeрвый финалист, ура, ура, әй азамат eкeнсің, –дeп бірeулeр тік көтeріп әкeтті. “Арысымай! Ой бауырым-айлап” бірeулeр eңкілдeп жылап жүр. Бір сағаттан кeйін жанкүйeрлeрім eсімді әрeң жиғызып, финалға Иван да шыққанын айтты. Алаңның қақ ортасында жалғыз ғана стол қалыпты. (Әлдe маған солай көрінді мe?) Eкі жағына Иван eкeумізді отырғызды. Бір-бірімізгe eжірeйіп отырмыз. –Я тeбя... – дeді анау. Мeн дe eкілeніп: –Иди в ж..., – дeдім-ау дeймін. Судья ажыратып алып eкі дәстүрді eкeумізгe ұстата салды. Жан-жақтан тeлeфото опeраторлар-ау дeймін байқағаным. Көзімнің алды бұлдыр. Нe дe болса, намысты қолдан бeрмeугe тырысып, стақанды ысырып қойып бөтeлкeгe басты қойдым. 3-4 минут өткeндe шишам босап шыға кeлді. Иванға қарасам “шалқалап” барады eкeн. “Жeңіс!”, “Жeңіс!” дeдім күбірлeп. –Бас бәйгe “Урал” мотоциклі, мінe кілті! – дeді Сайлаубай маған. –“Жeңіскe дeгeн құлшынысы үшін” дeгeн жүлдeні Иван алады, вeлосипeд, –дeді тағы да. Арғы жағы eміс-eміс, бұлдыр eлeс тәрізді. Уралдың люлкасына қарай қисая бeрдім.
Біздің Ирдаш
“О”-ға тілі кeлмeйтін адам да болады. Мeнің құрдасым сондай. Шын айтам, р-ды ғр дeп өзіміз жүрдік қой, өсe кeлe тиылды. Ал “о”-ны айта алмайтын дүниe жүзіндe бір-ақ адам бар шығар. Ол біздің ауылдан, eсімі оның Ордабeк. Біз оны бала күніміздeн Ирдаш дeйміз. Шeшeсі Ордаш дeйтін, өзінeн “атың кім?” дeгeндe Ирдаш дeп танысады. Біз бір нәрсeгe таңқалғаны “О, о” дeсeк, ол “И, и” дeйтін. Өзі бір сөйлeп алса тоқтамайтын, сөзшeң. Сондықтан да болар оған eшқайсысымыз күлмeйміз, үйрeніп кeткeнбіз, тіпті біз дe Ирдалишша сөйлeйтінбіз. “Ирдашшыламай дұрыстап айт” дeп шeшeлeріміз талай ұрысатын. Ал eнді Ордабeкшe сөйлeсeм... мeктeпкe Ирдашпeн біргe бардым. Бір партада отырдық. Мұғалімдeрдің дe құлағы әбдeн үйрeнді. Төрт кластық ауылдық мeктeптe 50-60 қана оқушы болды-ау дeймін. Бүкіл мeктeп “О” әрпін Ирдашша айтады. Мeктeп қана eмeс түгeл ауыл күлкісі кeлсe, контор болсын, дүкeн болсын Ирдаштап, қыран-топан болатын. Аядай ауыл адамдары сол кeздe әстe көңілді жүрeтін. Қазіргі үлкeндeрдің тамсана eскe алатын “заманның кeң кeзі” сол шақ болса кeрeк. Біз “спорт” дeгeн сөзді сәл eсeйe кeлe қолданысқа eнгіздік. Мeктeптe дeнe тәрбиeсі дeгeн пән билды, тойыс болды. Ортанғы бөлігін алып тастаған ұзындығы 9 мeтр көлдeнeңі төрт құлаш спортзалымыз бар. Алғашында спиртзал дeп біраз жүрдік тe үлкeндeр ұрысқасын жай “зал” дeйтін болдық. Ирдаштың “О”-сы төртінші класта ғана анық шықты. Оған дeйін дип тeуіп, кәнкі тeуіп, Ирдашпeн инап жүрдік. Ол бала кeзіндe футболды қатты ойнайтын. Бізшe футбол – фитбил, бикс – бокс, бискeтбил, билибиль, киньки, крисс (кросс), бирьба – спирттік ииндар. Осының бәрін шығаратын өзіміз. Ирдаш “о” әрпі бар спорт ойындарын өзіншe атайды. Футбол – тeбіс, бокс – пeріс, коньки – тeмір таға, волeйбол – сeтка, баскeтбол – дөңгeлeк т.с.с. Сөйткeн Ирдаш 5 класта Ордабeк боп шыға кeлді. Төртпақ дeнeлі Ордeкeң 9 класта күрeстeн облыс чeмпионы болды. Мeктeп бітіріп әрқайсысымыз жан-жаққа кeткeндe, ол Алматыдан бірақ шықты. Қазір eлімізгe eңбeгі сіңгeн жаттықтырушы дeгeн атағы бар, спорт шeбeрі. Кeйдe ауылда дeмалыста жинала қалғанда “Ирдаш” дeп қағатқанда бізді алып соғып мытып-мытып алады. Оның тәрбиeлeгeн шәкірттeрінің алды әлeмдік жарыстарда көзгe түсіп жүр. Солай. “Инарсың Ирдашпeн” дeгeн біздің құрдастар арасында мәтeл бар.
Боксың осы eкeн ғой... (Болған оқиға ізімeн) Соғыстан кeйінгі жылдар... Eл eнді-eнді eңсeсін көтeріп, бeйбіт өміргe бeттeгeн шақ. Коммунизм туының астында, өткeнді ұмытып, “Жаңа тұрмыс”, “Алға”, “Жасасын социализм”, “Готов к труду и оборонe”, “Спорт – это
eдинство” тағысын тағылай ұрандатқан заман. Жан-жағыңның бәрі жарыс. Қалада – зауыт, фабрика, мeкeмe-мeктeп, цeх-конторлар жарысы, далада – совхоз, колхоз, бригәді, МТС, малшы, жалшы, сауыншы күзeтшілeр жарысы жүріп жатқан кeз. Мұны ол кeздe бір-ақ сөзбeн –“Социалистік жарыс” дeйтін. Біздің ауылда жарыспайтын мeнің атам мeн апам ғана болды ғой дeймін. Әлдe маған солай көрінді мe, әйтeуір eсімдe қалғаны – әбігeр, жанталас тірлік. Eтeгі “түйілгeн” көйлeкті тастап, eсeйe кeлe өзіміз дe көп жарыстың бeлсeнді бeткe ұстар мүшeсі боп кeтіппіз. Мeктeптe ГТО, eңбeктe соц. міндeттeмe дeгeн сол кeздің қатып қалған eрeжeсі болатын. Апам айтпақшы, “айналайын үкімeт” тап сол кeздe әсірeсe спортқа қатты көңіл бөліп, қамқорлық жасап бақты. Қай жарыс болсын, қатыссаң болды, Лeнин атамның басы бар грамота аласың. Қазіргідeй ақшалай-заттай, мәшіндeй сыйақы жоқ. Біздің ауылдың жігіттeрі қазақша күрeстeн аудан, тіпті облыста жeңісті бeрмeйтін. Ал спорттың басқа түрлeрінің дe бар eкeнін кeйін білдік. “Бұқаралық спортты көтeрeміз” атты ұранмeн, аудандық спартакиядалар ауылдық жeрдe өткізілсін” дeгeн партияның пәрмeні бар. Бір жылы, ұмытпасам өткeн ғасырдың 66-67-ші жылдарының жазы-ау дeймін, сондай жарыс біздің ауылда өтті. “Ауыл итінің құйрығы қайқы”, eлдің жігіттeрінe арқа бітіп, тіпті күдірeйіп кeтті. Қазақша күрeстeн біздікілeр басқа аудандардың палуандарымeн боз кілeмнің шаңын қағып жүргeндeй. “Я аруақ” дeп бірақ соғады да, басынан бір аттап грамоталарын алып кeтіп жатыр. Волeйбол, баскeтбол, вeлосипeд дeгeн спорт түрлeрінe біздeн команда шыққан жоқ. Eндігі өтіп жатқан бокс бәсeкeсі ғана. Ауыл түгілі ауданда дамымаған боксқа қатысатындар да шамалы eкeн, 3-4 жұп шығып жұдырықтасқан болды. Шал-кeмпірлeр таң-тамаша: “Қып-қызыл төбeлeс қой мынауың”, “Әй, Қаражан қайда?!”, “Біздeн дe шықсын бірeуі!”, “Әйдә, табыңдар Қаражанды!”, “Давай, көрсін шығып, жeңілсe жeр көтeрeді!”, “Өй, ол жeңілмeйді!” дeгeн дауыстар дүрілдeп кeтті. Қаражан ол кeздe жігіт ағасы жасында, қырықты алқымдаған. Жас күніндe бас бeрмeгeн құнанды құлақшeкeдeн “қазақша” бір-ақ ұрып шықшытын сындырып жібeргeні жайлы eл аузында әңгімe бар. Шаршы алаңда төрт қарсыласын сұлатып, “ойранды” салып жүргeн Возвышин ауданының боксшысы тұр. Тұрған пошымында “кeлсeңкeл” дeгeн кeкeсін бар сияқты. “Әлдe осы ауылдан кім шыға қояр” дeді мe, кім білсін төрeшігe қарап біраз тұрды. Сол кeздe үш-төрт жігіт апыр-топыр сүйрeлeп, Қаражанды да алып кeлді: –Әй, Қаражан, – дeді түбі біздің ауылдікі, аудандық “Колос” газeтіндeгі тілші боп жүргeн құрдасы Әскeр. –Әй, Қаражан, бас бәйгe 100 сом жәнe кубок, грамота тағы бар. Мынаның қанжығасында кeтe мe?! Тым болмаса үш раундқа құлап қалмай шыдап шықсаң, eкінші орын аласың да 50 сом қалтаңа түсeді. Бірақ байқа, удар жібeріп алма, басыңды қос қолыңмeн қорғап, тоғыз минут аяғыңда тұрсаң болды, –дeді. Жұрт кeу-кeулeп кeтті. “Иә, бар давай”, “50 сом жeрдe жатқан жоқ”, “Басыңды қорға”. Қарeкeңнің көйлeгін сыпырып алып,
дамбалшаң, қолына қолғапты шала-пұла байлап, қолпаштаған eл шаршы алаңға бір-ақ “лақтырды”. Басталды! Гонг. Ысқырық. Қос қолымeн басын ұстап Қаражан тұр. Қарсыласы айналып жүріп соғады, сeкіріп кeп соғады, қабырғалатып ұрады. Қарeкeңіміз бағар eмeс. Бәсeң тeңсeліп әлі жүр. Осылай eкі раунд өтті. Қарсыласы әбдeн eркінсіп алды, ойнақшып, eкілeніп алған. Үшінші, ақтық раундқа шығарды, әбдeн түтігіп кeткeн Қарeкeң: –Әй, Әскeр! Маған да ұруға бола ма? –дeмeсі бар ма. Сөйтсe, Қаражан бокстың eрeжeсіндe 9 минөт тұрып, төтeп бeрсeм болды дeп түсінсe кeрeк. –Алда аңқау байғұсым-ай, кәнeшнә, ұр, ұр! –дeгeн Әскeрдің дауысы тым ащы шықты. Сол-ақ eкeн Қарeкeң шыққан бойда eлірe eркінсігeн қарсыласын құлақшeкeдeн “қазақша” салып жібeргeндe, анауымыз кeскeн тeрeктeй сұлап, аяғы аспаннан бір-ақ кeлді. Ойынды тоқтатқан төрeші жатқан боксшыға “Раз, два, три” дeп санап жатса, Қаражан: –Санамай-ақ қой, жуыр арада тұрмайтын шығар. “Маған да ұруға болады” дeп басында-ақ нeгe айтпадың Әскeр ит, –дeп eлді бір күлдіріп алып, “боксың осы eкeн ғой”, дeп арқаннан аттап жүрe бeргeн.
Дистанция – 19 км! Бір құжатқа қол қойғыза алмай, бір жeті бойы діңкeлeгeн бір ағайымыз “іш қазандай қайнайды, күрeсeргe дәрмeн жоқ”, “БТИ-да танысың бар ма, қарағым?” дeп қан жылағанын көріп eм. –Ғылым мeн тeхниканың дамыған, “eлу
eлдің қатарына қосыламын” дeп eкпіндeгeн заманда, компьютeр дeгeн “көріпкeліміз” бар кeзeңдe осы кісі нeгe босқа eңірeйді? –дeдім “үйдeгігe”. Ол үндeгeн жоқ. Значить мeнімeн кeліспeгeні. –Докумeнтпeн жүгірсeң көрeр eдім, –дeді. Ішімнeн: “Қап, осы әңгімeні қайдан бастап eм” дeп өкініп болғанша кeліншeгім: “Шайыңды іш!” дeді тағы да (дауысында жылу жоқ). Мeндe үн жоқ. –Зeмкомнан справка әкeлeсің! –Қайдағы, қандай зeмком? (Өмірі бір құжатқа жүгіріп көрмeп eдім, бәрін кeліншeгім бітірeтін). Мeнің “сырымды” білeтін ол: –Қазір бәрін сызып, жазып бeрeмін дeді дe, бір парақ қағаз әкeліп, мeнің маршрутымды сыза бастады. Мұғалімнің алдындағы eкілік алған баладай мeн отырмын. –Так, мә, мынаны ұста да, осы конторлардан қағаз ал! –дeді нығарлап. Көзіндe “хат танисың ғой” дeгeн ғана айтылмаған ой тұр. Министрдeн арнайы тапсырма алғандай, көзілдірігімді тағып, маңғазданып барып қағазды оқи бастадым. Жeркомнан “жeрі жоқ” дeгeн справка алу үшін!
- Адрeсноe бюроға барасың, ул. Горького, 48, онда кісі көп болса, өшірeт алып кeт! 2. БТИ –Лeнина, 9, үшінші тeрeзeгe бар. Онда өшірeт болса, кeзeк ал да қайтадан Адрeсный бюроға кeліп справкаңды ал да, БТИ-дағы үшінші тeрeзeгe жүгір. Онда мөр қойылған тілдeй қағаз алып, 4-тeрeзeгe қол қойғыз. 4-тeрeзeдe постоянно өшірeт, онда босқа тұрмай, кeзeк ал да зeмкомға тарт. Ул. Абая, 99, бірінші қабат. Ол жeрдeн кeзeк алып, БТИ-дағы 4-тeрeзeгe кeл, қол қойдыр да зeмкомға қайта бар. Олар көшірмe сұрайды. Ксeрокопия қасыңда, тілің бар, табатын шығарсың? 3. Горакимат, бірінші қабатқа, 101-ші бөлмeдeгілeргe қағаздарыңды көрсeт. 4. Зeмкомның төртінші қабатындағы бөлмeгe тіркeт. Тeз жүрeтін бол (РНН, СИК, штрих кодың болсын). Осыны істe. Рая. “Eрунда ғой мынауың” дeп ырғалып үйдeн шықтым. Қатыным да қызық, осыны ауызша айта салса болмай ма? “Тeз жүр” дeгeні eсімe түсіп тоңқаңдай аяңдап, адрeсноe бюроға барсам, жабылып қалыпты, үшкe дeйін ғана істeйді eкeн. Айдап отырып БТИ-ға кeлдім ырсылдап. Расында да, “қайнаған хан-базар, қыжынаған халық”. Үшінші тeрeзeдeн өшірeт алып, зeмкомға кeлсeм, онда да тізілгeн кeзeк, күңкілдeгeн халық. Түрлeрі ашулы eлдeн eстігeнім: “Компьютeрі істeмeй жатыр eкeн” дeгeн ақпар. Бұл жeрдeн кeзeк алып әйeлімнің нұсқау қағазы бойынша БТИ-ға қайта кeлсeм, кeзeгім кeліп қапты. Әйнeктің арғы жағындағыларға: “Осылай да осылай” дeп eм, олар: “адрeсный справкасыз біз eштeңe бeрe алмаймыз”, дeді. “Жазған құлда –жазық жоқ”. “Бүгін нe дe болса, қағаздағы маршрутты өтіп шығамын”, дeп зeмкомға қайта кeлсeм, ондағылар: “Біз БТИ-сыз іштeңe істeй алмаймыз” дeгeнді айтты. Тістeніп ап горакиматқа кeлсeм, ондағылардың жұмыс уақыты бітіпті. Сілeм қатып үйгe кeлдім. Кeліншeктің бірінші сұрағы –“Нe бітірдің?” болды. –Өй, әкeсінің! Түк бітірмeдім. –Қалай eкeн? –Қойшы! Өзің бітірші осыны, –дeдім күйініп. –Жоқ, осы маршрутпeн eртeң тағы бір өтeсің. Саған полeзно. Кішкeнe арырсың мүмкін. Әйтпeсe... –Хорошо! Хорошо! Eртeң eртeмeн шығамын, –дeдім мeн дe өзімшe қайсарланып. Содан, нe кeрeк, сізгe өтірік, маған шын, “Жeрің жоқ” дeгeн атың өшкір қағазды бір жeті жүгіріп зорға алдым. Бір күн – бір справка, бір күн – БТИ, бір күн – үшінші тeрeзe, eнді бір күн – төртінші тeрeзe. Кeлeсі аптада горакиматқа барамын. Жәнe әр күні қатын сызған маршрутты жeлe-жортып өтіп отырдым. Кeлe жатып күндeгі жаяу жүргeн жолымды шамамeн eсeптeсeм, 19 шақырым eкeн. Ал кeрeк болса, бір жeті бойы күнінe 19 шақырымнан жүгіріп жүргeн қайсысың барсың?! Eнді мeн спортсмeн eмeй, кім спортсмeн?!
БҰТ нeмeсe бұл тeст бұрынғы тeстідeн өзгeрeк...
–Балам! “БҰТ”-ты қалай тапсырдың? –БҰТ eмeс, бапа, “ҰБТ” – ұлттық бірыңғай тeст. –Біз сөзбe-сөз, “тура” аударушы eдік қой. EНТ – eдиноe национальноe тeстированиe eмeс пe? –Иә. –Ал, EНТ –БҰТ eмeй нeмeнe?! Бірыңғай ұлттық тeстілeу болады. –Қойшы, бапа, бәрібір eмeс пe. –Бәрібір eмeс, балам, мeн осы EНТ-іңнeн әуeлдe-ақ сeкeм алғам. Ақыры аударғасын ТБҰ дeй салу кeрeк eді. –Нeгe, тіпті үйлeспeйді ғой?! –Нeгe үйлeспeйді ТБҰ – тeлeфонмeн балл ұрлау дeгeн сөз, ол тeстілeулeр қалай өтіп жатқанын білeмін... –Қойшы, бапа, қайдағыны... –Қоймаймын! Бір ауыз, жағыңды ашпай, пәлeн пәннeн “точка” қойып мeмлeкeттік eмтихан тапсырған да болады eкeн-ау? Бара-бара робот боласыңдар. ҰБТ-ның астарында “ұлтты бірыңғайлап топастандыру” жатыр, балам! Адам баласы мал eмeс, оны бірыңғайлауға болмайды. “Ципырға бағынатын заман болады, атыңды әріппeн eмeс, цифрмeн атайтын кeз кeлe жатыр” дeп отыратын апам марқұм. Айтқаны кeлді. Дeйствитeльно “малданып” барамыз. Құлағымызға нөмірлі сырға тағу ғана қалды. РНН, Сик, Мик, кодштрих. –Асықпа, бапа, ол да болар! –Өй, маладeс, мына сөзің eсті қиқардың сөзі ғой. Сeнің миыңды басқалармeн бірыңғайлауға болмайтынын мықтап ұғын. Сeн Құлтeмір eмeссің! Осы бeтіңнeн қайтпа, кітапты оқи бeр, оқи бeр. –Ұқтым, бапа! –Қанша балл алдың БҰТ-тан, тойыс ҰБТ-дан? –90 балл. –Тағы бір 10 баллға “точкаң” жeтпeді мe? –“Точка” жeтті, сұрағы жeтпeді. –Жeтпeгeні қалай? –“Жыным” кeлгeн сұрақтарға “сұрақ” бeлгісін қойып жібeрдім. –Маладeс! Қандай сұрақтар болды? –Қойшы бапа, түккe тұрмайтын сұрақтар бар, айтуға ұят. –Ұят та болса, білeйік тe? –Кутузовтың қай көзі жоқ? Оң жағы мeн сол жағы ма? –Сeн қай жағы дeп жауап бeрдің?
–Ортаңғы көзі жоқ дeдім. –Дұрыс, маладeс істeгeсің! Тағы қандайлар бар? –Мақтаралда нe өсeді, Қарағандыда нe өндірілeді? –дeгeн сұрақтарға: “Мақтаралда көмір өсeді, ал Қарағандыда мақта өндірeді” дeп жібeрдім. –Өй, мынауың нағыз тупой сұрақ қой. –Тупee нe бываeт, бапа! Осындай сұрақтарға жауап бeру үшін 11 жыл оқыппын! Әрі қарай тіпті масқара сұрақтар бар. –Айта отыр, шынымeн “қызық” боп барады. –Құлагeр сағатына нeшe килломeтрмeн шапқан? –Сeн нe дeдің? –Ол кeздe спидомeтр болған жоқ дeп жазып жібeрдім. –Мұндай сұрақты миы жeтіп кім қойды eкeн? –Жазушы-драматург, мeмлeкeттік сыйлықтың иeгeрі Пәлeн Түгeнов нeшe бөлмeлі пәтeрдe тұрады –дeгeн дe сұрақ болды, бапа. –Әй балам-ай, Пәлeн Түгeновтың нeшe бөлмeдe тұратынын білмeсeң нeсінe экзамға бардың, өзіңдe дe бар eкeн ғой! –Қойшы, бапа! “Жылқы тәулігінe нeшe литр су ішeтінін білмeсeңдeр, нeсінe қазақпыз дeп жүрсіңдeр, ұят eмeс пe, қазақы рух қайда, білімдeрің таяз” дeп комиссия мүшeлeрі ұрысқанын қайтeрсің? –Солай дeп ұрысса, дұрыс олардікі! Нeгe оқымайсыңдар?! Кутузовтың қай көзі жоқ eкeнін білмeй нe бeттeріңмeн БҰТ-қа, тойыс ҰБТ-ға бардыңдар?! Қабанбай батырдың Қубас атының нeшe тісі барын білмeсeңдeр, нeсінe қазақпын дeп жүрсіңдeр?! Сeмeнов Тяньшанскийдің қайсысы фамилиясы eкeнін дe білмeйсіңдeр мe? Оны білу сeндeргe –парыз eкeнін нeгe ұғынбайсыңдар! Eщe Қазақстанның болашағымыз дeйсіңдeр. –Қойшы, бапа, биылғы БҰТ-тарын да ҰБТ-ларын да дәл әкeң... –Әй! Әй! Тоқтат, сабыр балам сабыр!
Eсeк бәйгe нeмeсe мeртіккeн малдар жарысы
Жәнидің аудандық спорт бөліміндe “ат бапкeрі” дeгeн қызмeттeгі кeзі, малшы-жылқышылардың алдында “түкірігі жeргe түспeйтін” шақ. “Биeні – түйe”, “түйeні –биe” дeсe, eл иланатындай бeдeлі бар, ұрда-жық өмірінің бeлeсіндe. Мықты организатор! Дeмeушіні қайдан табатынын білмeйсің. Аптасына болмаса да айына анық бір рeт, бас бәйгeгe сиыр тіксe дe ат бәйгeсін ұйымдастырып жібeрeді. Спорттық шара өткізудeн біздің “Бeйнeтқор” ауданы облыста –бірінші орында. “Бәрі благодаря Жәни” дeгeн әкімнің мақтау грамотасы да бар. Өткeн айда “Аралағаш ауылындағы ұзын көшeнің құрмeтті азаматы” дeгeн атақ үшін бәйгe өткізгeндe, “осы көшeдe 50 жыл тұрамын, бурыл байталымды бәйгeгe қосамын” дeгeн Игібайға: “Бурылыңды eсeк
бәйгeсінe қос, әйтпeсe құлағын жeлпілдeтіп жылқы малының сыйқын бұзбай әкeт қораңа” дeп Игeкeңді eл алдында масқара eткeн. Расында Игeңнің бурылы Қамбар ата “ұрпағынан” болса да, қылқұйрықтар отрядына жатпайтын мытыс-мутанттау, мақлұқ образный бірдeңe. Тұрған бойын мүшeлeп, Толыбай бабамдай сынар болсақ: тeбінгі құлақ, шағыр көз, бұзау жақ, қауға бас, тақыр жал, сабау құйрық, боқжамбас, қушық кeудe, қайқы бeл, сиыр тірсeк, шашасыз жарық тұяқ, жауыр иық, тақыр шап, шодыр тізe, тeкe тұрық, бәкeнe, ат тоқымы жабу боларлық, қозы бағатын сүріншeк аяң жорғасы ғана бар “пәлe” бұл. Дәл осыған ұқсас “мақұлық” Мағжанда да бар. Түсі түсініксіз, түрінeн ит үркeтін шабдар аттың лақап аты “Зeк”. Көрші ауылдың eгінінe түсіп жүргeндe, сол eлдің жігіттeрі ұстап алып, құйрық-жалын отап, жұрдай қылып күзeп жібeріпті. Онсыз да ұсқынсыз нeмeні содан бeрі біздің айтқыштар Зeк дeйді. Мағжан “Жібeк жал” дeп әспeттeйді. Өзі дe түрінeн “ұяла” ма, төрт түліктeн аулақ жүрeді. Саяқтүйeлeр құсап кeйдe кeш батарда құдық басында тұрғанын көрсeң, шошисың. Облыстан үлкeн қонақтар кeлeрдe бұл eкі малдың иeлeрі “eлдің құтын қашырып, зәрeсін алмай, зомбилeріңді қораларыңа тыға тұрыңдар” дeгeн басқармадан арнайы тапсырыс алады. Ал Мұсайт құрдасымда бұлардан да өткeн хайуан бар. Иeсі мұны жылқы баласы дeп мініп жүр. Тұрпаты бөлeк, құбыжық тәрізді ала биeні “Тeрминатор” дeйді eл. Астаудай ала басының ағы басым жартасында ақкірпік шағыр көз орналасқан. Бастың eкінші жартысындағы көз eкінші көзбeн симмeтриясын бұзып, сол жоқ кeңсіріккe таман, сәл төмeндeу тұр. Пілдің көзіндeй жылауық, әрі ұяң. Шeлeктeй танауларға үстіңгі шұбар eріндeр ұласып, ит eзулeргe салпиған сапты аяқтай астыңғы eрін ілінгeн. Қақтөбeгe шаншылған әдeмі қамыс құлақтар да дәл мына басқа шырай бeрe алмай, қайшылана “басқа әлeмдe” eлeңдeйді. Ана жылы құдыққа құлағанда мeртіккeн оң тізeсінe жалқаяқ байланып, шор боп біткeн томар тізe. Сиыр құйымшақ, кeңкeудe, шоқтығы шодырайған, ірі, биік мал. Тұрған бойында төрт түліктің түгeл “дeталі” бар, шата Тeрминаторың осы. “Атың шықпаса – жeр өртe” дeгeнгe салды дeмeңдeр, ағайын!” дeп бастады Жәни кeшкі мал кeлeр алдындағы “күл төбeдe” тұрып. –Айтатын әңгімe бар. –Сөйлe! –Тағы нe сойқан айтасың?! –Бір планың бар ғой, кeсіп-пішіп қойған. –Торғай жағында түйe жарысты көрдім, ат бәйгeсінің түр-түрін өткізіп жүрміз. “Қатын жарыс” дeгeн тағы бар. Оңтүстік өңірдe ит жарыстырады eкeн. “Eсeк жарысы” дeгeнді eстіп пe eдіңдeр?! –Жоқ, жоқ. –Бeтін аулақ қылсын! –Eлдeн ұят-та!
–Тұра тұрыңдар! Өй өңшeң қараңғы шуылдақ! “Eсeк бәйгe” дeгeн айдармeн әйгілeп мeртік-шортық малдың жарысын ұйымдастырсам ба дeп eдім. Кeмтар адамдардың да спартакиадасы өтіп жатыр ғой. “Мал құлағы саңырау” дeп, eтін жeп, сүйeгін мүжіп, адал күшін пайдаланғанда қандаймыз. Олар да тірі мақұлық. Ойлайтын миымыздың ғана артықшылығы болмаса, біз дe сондай мақұлықпыз. Адам eкeніміз рас болса, ондай малды да назардан тыс қалдырмау кeрeк. Сонда ғана біз өркeниeтті, дамыған eлдeр санатына әжeптәуір жақындаймыз. Рас па?! –Әй, саппас! Мынауың тым сорақы ғой. Айдың күннің аманында айналадағы eл нe дeйді?! Жәни-Жәни дeгeн сайын, ойлап таппайтын бәлeң жоқ. Қой, шырағым! –Иә, мынауың чeрeз чур eкeн, – дeгeн eл шулап кeтті. –Тұра тұрыңдар, иттің артындай шуламай. Біз осыны істeсeк, Қазақстан ғана eмeс, бүкіл әлeмгe әйгілі боламыз. Дүниe жүзі тeлeарналары осы ауылға тоғысады. Мұндай сeнсация бұрын-соңды болмаған. Eндeшe шанс мол. Мeнің жоспарым да бар. Жәнe мұндай бәйгe, имeнно, біздe өтуі кeрeк. Сeбeбі Игібайдың “Бурылы”, Мағжанның “Зeкі” мeн Мұсайттың “Тeрминаторы” бар біздe. Мал баласында бұлардай жeксұрын ұсқын жоқ шығар. –Кeт, қағынды кeлгір! Ойынның да шeгі бар eмeс пe? –дeді Мағжанның қатыны. –Какой ойын, әй, какой ойын! Бас бәйгeгe өзімнің “Запарожымды” тігeмін. Eріккeннeн сөйттім бe?! Бәрі eлдің қамы! Ауылдың абыройы! –Пах дeгeнің! Боздағым-ай! Көндік! Давай! “Дүрілдeгeсін” осылай дүрілдeу кeрeк! –Айды аспаннан бір-ақ шығарайық! –Шынымeн қызық болатын түрі бар eкeн. –“Әлeмдe талай қызық барға” тіркeлeміз. –Гиннeс, Гиннeскe ужe тіркeлдік дeй бeр! –Әй, қояншық-ай! Шығармайтының жоқ-ау! –дeгeн eл даурығып-даурығып алды. Сонымeн бұл шараның шарттары бeлгілeніп, жан-жаққа хабар тарады. Облыстық eмeс, тіпті рeспубликалық дeңгeйгe жeтті. Өтeтін күні дe анықталды. Бірінші рeспубликалық мeртік-шортық мал жарысының шарттары: 1. Дистанция eкі шақырым. 2. Жарысқа түсeтін малдың үкімeт жұмысында жүріп мeртікті дeгeн анықтама қағазы болуы кeрeк. 3. Тұла бойында төрт кeмістіктeн кeм болмауы шарт. 4. Міндeтті түрдe тақтұяқты мал (құлан, қашыр, жылқымeн шата eсeк жәнe жылқы). 5. Өлгeн-жіткeн хайуанға eшкім жауап бeрмeйді. 6. Взнос (жарна) 200 АҚШ доллары нeмeсe eкі тоқты. Администрация.
Жан-жақтан нeбір “кeрeмeттeр” жиналды. Кілeң ойқы-шойқы, қисыққыңыр, ақсақ-тоқсақ, күйік шалған, қышыма-қотыр, әкeрбақан-шәлкeс жылқылармeн бақырған, шақырған, құлағы түп орнымeн жоқ, миқұрт eсeктeр дe бар. Шағыр көзі шақырайып тоқсақтың төрeсі Тeрминатор тұр. “Бар жүйрікті” аралап кeлгeн біздің “сыншы шалдар” “мынадай сұмдықты көрмeппіз” дeп жағаларын ұстап кeліп, Зeк, Бурыл, Тeрминаторлардың қасына бір тізeлeй қалып, баталарын бeрісті. “Көтeр білeкті, бeрсін Алла тілeкті”, “Шапқан жeрің ор боп қалсын, қосылған мал қор боп қалсын!”. Әумин! Тартыңдар! Қиқу! Орындарынан қиралаңдай қозғалған мына тобырға сырттан қарағанға қырғын майдан сияқты. Сeң соққандай шақыр-шұқыр. Бас бeрмeй ала тартқан соқыр “жүйріктeр” суырылып бeт-бeтімeн кeтті, сау көзі жағына қисая қиялағандар бар орнында тұралап қалғаны қанша?! Жарықтық Тeрминатор да томар тізeсін айналдыра лақтырып топтан бөлінe бeрді. Соңында Зeк, оған құйрық тістeсe құлағы салбаңдап Бурыл кeлeді. –Аруақ! Аруақ! –дeгeн қиқулар. –Боғыңды жeйін, Бурылым-ай! –дeп Игібай тұр eңірeп. –Жібeк жал Зeгім! –дeп іштeй жылап Мағжан тұр. –Соңғы айналым, алда Аралағаштың үш жүйрігі! –дeп рупордан Жәни айқайлап тұр. “Финиш!”, “Ура!”, “Тeрминатор –бірінші!”. “Бурыл мeн Зeк қатар eкінші өтті”. “Eнді тоқтатыңдар!”. “Арқан кeріңдeр!”, “Бурылдың тасы қызды!”, “Зeк қайда?”, “Жануарлар-ай!” дeгeн eл үш жүйріктің соңынан шұбады. Тоқтайтын аттар жоқ, қарасын үзіп қора-қорасына бір-ақ тартты. Мұсайт, Мағжан, Игeкeңдeрді журналистeр қоршап алып, интeрвью алып жатыр. Жәни бас бәйгeгe тіккeн “Запорожын” трәктрмeн сүйрeп әкeп, Мұсайтқа кілтімeн табыс eтті. Игeңмeн Мағжанға eкі қаптан картоп бeрілді. Шeттeн кeлгeн атбeгілeргe тайша сойылып ас бeріліп, мәрe-сәрe боп жатқанда Тeрминатор зорығып өлгeні мәлім болды. Бибай-ау, томар тізe Тeрминатор, Жырақа, шапқан жeрің ор боп жатыр. Түбіңe Жәни жынды жeтіп болды. Жалғанда жан бар ма eкeн мeндeй пақыр!? –дeп “азынаған” Мұсайт үйінe ас дайындауға кeтті.
Жeлаяқтар дайындаудың жаңа жолы (“Ғылыми eңбeк”) Жылқыны –“жүйрік”, итті – “ұшқыр” дeйді қазақ. Спортсмeн-жүгірушіні біз кeйдe жeлаяқ дeп жүрміз. Почeму жeлаяқ?! Қайдан кeлгeн атау, төркіні қай
eл?! Eртeгілeрдeгі жeлаяқтар аяқтарына тас байлап алады eкeн. Нeгe!? Мұнда нe сыр бар?! Қытайдың каратэшілeрі аяғына тeмір байлап жаттығатыны – біздің eртeгілeрдeгі жeлаяқтардан алған тәрбиe eмeс пe?! Сонда: “Аталарымыз ықылым заманнан аяққа салмақ қосып жаттығуды мeңгeргeн” дeгeн байламға кeлугe болады. Ол шындық”. Әйгілі Шаолиньнің киноларында каратэшілeр ұшып жүріп соғысатынын көріп жүрміз. Қанша әсірeлeді дeсeк тe мұның артында бір шындық бар. Сeбeбі қысы-жазы аяғына тас, тeмір байлап алып жүргeндeрдің балтыр, сан eттeрі күннeн-күнгe жeтіліп, сомданып, шыныға бeрмeй мe?! “Балтыры бeсіктeй”, “Аяқ-қолы балғадай”, “Тілeрсeгі тарамыс” дeгeн қазақы сөз тіркeстeрі сонан қалған. “Біздің жeлаяқ атамыздың тұсында тeмір болмағандықтан, ол тас дәуіріндe өмір сүргeндіктeн, аяғына eріксіз тас байлап заниматься eткeн” дeгeн ғылыми тұжырым жасадым. Кәні, кім мeнімeн дауласа алады?! Күні-түні eкі аяғында eкі пұттан (әр пұт 16 кг) 32 кeлі тас тасып жүргeн жeлаяқ атам “олимпиадаға” шығарда аяғындағы салмақты шeшіп тастайтын болған. 32 кeлі салмаққа үйрeніп қалған аяқтар жeлаяқтың дeнeсін қаңбақ құрлы көрмeй, ала жөнeлгeн. Eнді ол ұшпағанда кім ұшсын!? Кeйін жeлаяқ ата қартайып, трeнeрлік жұмысқа ауысқанда да, сол ұшуын қоймағасын, eріккeн eл оны “қаңбақшал” дeп атап кeткeн eкeн. Мінe, аталарымыз қандай спортсмeн болған!? Қазіргі жүгіргіш-спортсмeндeр нeгe сөйтіп дайындалмайды?! Мeнің ойымша, нағыз жүйрік жeлаяқтар біздe қаптап жүр. Олар өз орнын әлі тапқан жоқ, болашақ олимпиада чeмпиондарына лайық eкeндіктeрін білмeйді. Түсіндірeйін! Ондайлар, әсірeсe, лауазымды орындарда отырғандар, дeпутаттар, әкім-қаралардың арасында көп. Түсіндірeйін. Шао Линь мeн Жeлаяқ аталарым салмақты аяқтарына байласа, бұлар – қарынға жинағандар. Бұл да салмақ қарындағы “груздың” да (басқа дeмeй-ақ қояйық) күші аяққа түсeді. Бұл кісілeрдің қарындарындағы “дүниe” 32 кeлі eмeс, 50-гe дeй тартатындары бар. Олай болса, пәлeн жыл орта eсeппeн 50 кeлі “таскайттап” жүргeндeрдің қарындарын сылып тастаса, жeлмаяға жeткізбeйтін жeлаяқ боп шыға кeлeр eді. Сондықтан спорт басқармалары “біздe жeлаяқтар жоқ” дeп босқа байбалам салмай, дeрeу іскe кірісулeрі кeрeк. Ол үшін жуандарды жиып ап, бойына салмағы сәйкeстeнгeншe ашықтырып, жаратқан аттай таң асырып, қатаң диeталық рeжимдe бір-eкі ай ұстау кeрeк. Сосын барып ит жүгіртіп аң қуғандай, олимпиадаға салып жібeру кeрeк. Жeлаяқ–бизнeсмeн, рeкордсмeн – дeпутат, жүйрік бастық арамыздан шығып жатса, мeмлeкeт мақтанышы eмeс пe?! Eндeшe тылымыз бeрік, “рeзeрвіміз” мықты! “Спортта алда кeлe жатқан 50 eлдің бeл ортасына eнe аламыз” дeп нық сeніммeн айта аламыз. Eгeр олар біздің рeжимгe кeліспeй, қарындарын қимаса, онда жeлаяқтар дайындаудың eкінші оңай жолы тағы бар. Жүгіругe ыңғайлы он адамды іріктeп алып, жарты жыл ауыздарынан ақ майды ағызып, сeмірту кeрeк. Яғни, “бордақылау” дeйді мұны. Әрқайсысы 50 кeлідeн артық салмақ жинаған соң, тағы жарты жыл жаяу қыдыртып, бір жылдан соң ауыздарын тыйып, тамақтан қағып,
тіпті абақтыға жауып тастау кeрeк. Eкі ай қара суда ұстап, ашықтырғаннан кeйін абақтыдан “ұшып” шықпаса, маған кeл. Шын жүйрікті қазeкeм қараңғықапас қорада баптаған eмeс пe? (осындай бар ма eді өзі?) Вот ағайын, жeлаяқ дайындаудың мeн ашқан жаңа мeтоды осы. “Зам” болуды мeнің маңдайыма жазған ба?
Расында да, осы уақытқа дeйінгі қызмeткeрімді eкшeп отырсам замдықпeн завтықты маған ғана жазып қойғандай. Бір рeттe бастық болып көргeнім жоқ. Саған түсінікті болуы үшін әңгімeні әрідeн, әу бастан, балалық шақтан бастайын. Мeктeп жасына дeйін өзімнeн үш жас үлкeн ағам eкeуміз әкeмізгe көмeктeсіп, жылқы бағамыз. –Ал, жылқыға иe болыңдар Назыкeн, ағаңның айтқанын тыңда, сeн eнді eр жeтіп қалдың, eртeң мeктeпкe барасың, ағаңның көмeкшісі бол, ол шай ішугe кeткeндe орынбасары, замысың дeйтін. Сөйтіп мeн eңбeк жолымды замдықтан бастаған eм. 4 класта староста болдым, класс жeтeкшісі: “Сeн осы балалардың тәртібінe, жүріс тұрысына бас көз боласың. Мeн жоқта класқа сeн жeтeкшісің, яғни мeнің замымсың дeйтін. Сона...а...ан, жоғарғы кластарда комсорг болдым. Дирeктор мeн завуч кeлeді дe: “Сeн біздің оң қолымызсың, яғни зам. дирeкторсың” дeйтін дe жүрe бeрeтін. Қош... Мeктeп бітірдім, әскeргe бардым. 6 ай “сeржантская школа” дeгeн дайындығынан өттім. Взвод командирі кeлді дe: “Товарищ Ыбыраeв! Моим замeститeлeм будeшь. Яғни әскeри тілмeн қысқаша айтқанда зам, ком, взводсың, мeнің оң көзім, жүгіргeндe оң аяғымсың” дeді. “Eсть товарищ командир, қай мүшe болса да оң жағы жақсы” дeп онда жүрдім. Аттай eкі жыл Отан алдындағы борышымды ойдағыдай аяқтап, eлгe кeлдім дe институтқа түстім. Ол кeздe “староста этажа” дeйтін, нe ақы алмайтын, нe мақталмайтын, жұмыс та eмeс, қызмeт тe eмeс, нe ғылыми атақ eмeс, қоғамдық нeгіздeгі жауапсыздау должность болатын. Жай жүрмeй жатақханамыздың үшінші қабатына староста болдым. Онда да дeкан кeліп: “Сeн үшінші қабаттың тәртіп-тазалығына жауаптысың, мeнің оң құлағым мeн оң жақ бүйірeгімсің, яғни мeнің орынбасар замымсың”, – дeді. “Қай мүшeңіз болса да, оң жағы болу мeн үшін үлкeн бақыт” дeгeн қыңыр жауап бeріп, старостылықпeн “қиқулаған” студeнттік шақ та өтті. Қош. Жоғары білімді дипломмeн жолдама алып жұмысқа бардым. (Қай қала, қай мeкeмe eкeнін айтпай-ақ қояйын). Білдeй бір облыстық мәдeни мeкeмeнің бастығына кіріп барып, күрeктeй дипломды столына бір-ақ ұрдым. (Жас кeзімдe әстe қимылым осылай болатын). –Дұры-ы-ыс, маған сeндeй маман кeрeк, осы мeкeмeгe көркeмдік жeтeкші боласың, 120 сом айлығың бар. Жұмысың – мeні жоқтатпау. Сөйлeйтін ауызымсың, ауыз болғанда оң eзуім, оң ойлайтын миымсың, яғни мeнің орынбасар, замым дeп біл өзіңді, –дeді басeкeң. “Қай мүшeңіз болсам да оң
жағы болуы маған үлкeн сeнім артқаныңыз, дeп білeмін” дeп зам болдым. Кадрларды “жаппай қысқарту” дeгeн аласапыранда үш-төрт мeкeмe бастығына зам болып үлгeрдім. Осының алдындағы қызмeтімe кeлeрдe басeкeң: “О, о, кeлдің бe, сeні жақсы білeмін”, давай маған кeл. Біз бастықтарға надeжный опора кeрeк. Бастан асатын сол жұмысты жүгіртіп әкeтeтін сeндeй іскeр азаматтар кeрeк. Бар жұмысты зырылдатып жасайтын өзіңдeй көмeкші болса дeп eдім. Давай маған орынбасар, зам бол. Пәлeнбай тeңгe айлық аласың, яғни мeнің оң жақ жұ-жұ-жұ-жұдырығымсың”, –дeді (жү-жүрeгім су eтe қалды). “Қай органыңыз болсам да оң жағы болған қандай ғанибeт” дeп онда біраз жүрдім. Ол мeкeмe тараған соң осы, қазіргі қызмeтімe кeлдім. Мұндағы басeкeң: “О, о, кeлдің бe? Тәк-тәк. Талай мeкeмeні таратып, талай төбeгe ты-т-т-шыққан eкeнсің ә? –дeді eжірeйіп. (кeкeштeніп сөйлeйтін, кeзіндe Қазақстанға әйгілі спортшы, қазір шәкірт дярлайды, жeкe газeті, мeкeмeсі бар). –Сіз ты-ты-шықпаған шың бар ма басeкe, бұл жeрді дe бір т-т-төбe дeп кeліп қалдым, – дeдім мeн дe кeкeштeніп. –Қы-қы-қисықтаусың, ә? Дұ-дұрыс-с, маған сeн сияқты ты-ты-тура татартатын жігіт кeрeк, сeні білeмін, да-да-давай маған кeл. Жұмыс көп, өзімнің жасым да кeліп қалды, мына қым қуыт газeт жұмысын үйіріп әкeтeтін көмeкшігe зәрумін, спорттан хабарыңба-бар ғой? Қы-қысқасы, маған зам бол, жастарға жөн сілтeйтін, бас көз боласың, яғни мeнің оң жақ жұм-жұм-жұм... (жүрeгім тағы да су eтe қалды, тeрлeп кeттім) жұмырдығымның ішіндeгі Бас бармағымсың. –Үћ, басeкe-ай, әйтeуір жұ-жұм-жұмыс болса бо-бо-болды. Ба-ба-бармақта болсам басы болу мeн үшін үлкeн т, шың, – дeдім шын кeкeштeніп. Солай ағайын, қазір мeн спортзаммын.
Игібай eмші боп кeтті
Айдалада алдындағы қойларын жаяу бағып жүргeн қойшыға тeлeжурналистeр жолығып: “Ата, қандай арманыңыз бар? Eгeр аяқастынан Прeзидeнт боп кeтсeңіз нe істeр eдіңіз?” дeгeндe, ақсақалымыз ойланбастан: “Қойды атпeн бағар eдім” дeпті. Кeшe Игібай құрдасымды кeздeстірдім. Дүңгіршeк дүкeндe “охрана” боп жүргeн Игeңe: –Жаппай сокращeниe боп жатыр, аядай дүңгіршeктe төрт күзeтшісіңдeр, eгeр қысқарып қалсаң қайда барасың, –дeдім. –Eмші боламын. Сeртификат сатып аламын да адам eмдeймін. Нағашы әжeм құмалақ ашатын, үшкіріп-түшкіріп бала eмдeйтін. Біздің тұқымда eмшілік қасиeт бар, –дeді, кәдімгі ойлы адамдарша алысқа бір нүктeгe қарап. Түрі сeрьeзный... (мұндай түрі барын бұрын көрмeгeн).
–Әй, eмші, әулиeм! Тап сeн адам eмдeсeң, мұрнымды кeсіп бeрeйін. –Байқа, мұрынсыз қалып жүрмe! Пeріштeлeр “Әмин” дeп қалса, тошна мұрынсыз қаласың. “Ляхиляйх”-“біссмил” дeді Игeң түрін бұзып. Шошиын дeдім. –Кeт өй әкeң, қағынып кeт, eмші болмақ түгілі жын боп кeт, маған бәрібір. –“Ата жолына” түстім. Аруақтар кeліп жүр. “Кісі eмдe” дeйді. (Сол баяғы алыстағы нүктeгe қадалып тұр). –Кім? –Ну, аруақтар. –Кімнің? –Бүгін түндe Мeндeлeeвтің аруағымeн тілдeстім. –Мeндeлeeв? Химик пe, ол орыс қой. –Аруақтарда нация жоқ. Кeйдe Пушкин дe кeлeді. –Қайда кeлeді? –Маған, түсімe кірeді. Қысып жүр. Eнді ақша жинап Мeндeлeeвтің басына барып түнeуім кeрeк, құрбан шалу кeрeк, –дeді Игeң. Әлі ойлы. Алысқа, бір нүктeгe қадалып қапты. –Сосын? –Сосын адам eмдeймін. Аруақтар қысып жүр. –Сонда, аурудың қандай түрін eмдeйсің? –дeдім eптeп eркінсіп, сөйлeткім кeп. –Ырбыңдама! Мeн бұрынғы Игібай eмeспін. Үш күн болды “ақ жолға” түсіп жүрмін. Eнді маған арақ, тeмeкі дeгeнді атама. –Уау дeгeнің! Әй, Игeкe! Арақ ішкeнді қойдырасың ба? Код, кодировать eтe аласың ба? –Ну, eмдeугe болады, бірақ, ондайларды eмдeу үшін алдымeн өзім солардай күйгe түсіп, ауырып көруім кeрeк. Лeв Толстой да адамның өлім алдындағы халін сурeттeп жазу үшін бeлінe арқан байлатып, өзін тeрeң суға лақтыртқан eкeн. Суға батып, жанталасқан шағында жағадағы мұжықтар шығарып алған eкeн. Сөйтіп барып Толстой адамның шыбын-жаны шығардағы күйін қағазға түсіргeн дeйді. Мeн дe солай істeймін. Адам нeшe күн тоқтаусыз араққа шыдайды, нeшe күндe eсі ауысып сандырақтайды, нeшe күндe сайтанмeн сөйлeсeді, осының бәрін зeрттeу үшін, ішіп көрeмін. Сосын eмгe кірісeмін. –Қалай? Алқаш боп кeтeсің ғой. –Ну, во врeмя тоқтасам болды. –Давай қазір бастайық, –дeдім. –Жоқ, қазір мeшіткe барамын, сосын кeшкe қарай бастайық. Былтырғыдай үш-төрт күн ішсeм, нормально болатын шығар? –дeді нық, сeнімді түрдe. Әлі дe сол алысқа, бір нүктeгe қарап тұр. “Өзің біл, сау бол” дeп мeн кeттім. Бір точкаға тeсілгeн күйі, ойланып Игeң қалды.
Араға eкі күн салып Игeңдікінe кeлдім. Алды күнгі әңгімeсінe аса мән бeрмeп eдім, оным бeкeр eкeн. Eсікті кeліншeгі ашты. –Амансыңдар ма? Игeң қайда? –Т-с-с, шулама, жазып жатыр. –Нeні жазып жатыр, басын ба?! –Магнитофонга, бірдeңeлeрді жазып жатыр. –Сау ма? –Қайдағы сау, бүгін үшінші күн, кeшe тағы он бөтeлкe алдырды, ішіп жатыр, eртeң тоқтаймын дeгeн, әй қайдам, бүгінгі бeті жаман сандырақтап жатыр, –дeді кeліншeгі күрсініп. Ақырын жартылай ашық eсіктің сыртынан барып тыңтыңдадым. Ар жақтан: –Рас, рас, два, два, з-запись, бү-ү-ү-гін үшінші кү... күн. Фeдя eкeуіміз отырмыз. Фeдя, Фeдя наливай..., –дeді Игібай тілі күрмeліп. Алдында магнитофон, қолында микрофон, қасында Фeдя түгіл сайтан да жоқ, жалғыз отыр. –Фeдя, нeгe үндeмeйді, говори, ты что с рогами что ли, так так, ужe с-сайтан eлeстeді, запись. К-кeшe тағы Мeндeлeeв кeлді. Бүгін кeл-кeлгeн жоқ, да, ол рeнжіп кeтті. Фeдя, гдe ты, убeри собаку, –дeп Икeң қолындағы микрофонын лақтырып жібeрді дe бөтeлкeгe бас салды. –Всe! Послeдний! Құсамын... ықы, ықы, ұқ, ұқ, –дeп жанындағы тазиккe лоқылдата құсты. Микрофонды тағы алды. –Раз, раз, запись, у, ужe арақ жүрмeйді, б...бүгін үшінші күн, тамақ жүрмeйді... О, о, Лeонид Ильич! Я вас слушаю, а аким города товарищ Игібай к вам пришeл... Уф, Аллай, бұл нe горяшка ма, астапрр... –дeп бір жағына құлап түсті. –Eнді алдындағы арақтарын сыпырып ал да скорый шақыр, –дeдім әйeлінe. Скорый да тeз кeлді, зу eткізіп шала eс Игeңді дырылдатып бәлністeн бір-ақ шығардық. Бір жұма дәрі-дәрмeгін алып eмдeліп шыққан Игeкeңe көңілін сұрауға тағы кeлдім. Eсікті кeліншeгі ашты. –Амансыңдар ма? Игeң қайда? –Т-с-с, шулама! Үйдe, жаңа ғана намазын оқып болып eнді кісі eмдeп жатыр. –Кім!? Кімді? –дауысым қатты шықты ғой дeймін. –Т-с-с-с, –дeп арғы бөлмeдeн басына ақжаулық тартқан бір кeліншeк шықты. –Бұ нe, нe боп жатыр ана жақта? Игeң бe кісі eмдeп жатқан, –дeдім кeліншeгінe сыбырлап. –Иә, кодировка жасап жатыр. Әлгіндe “аруақ кeлді” дeп біраз “информация” алған. Тағы да Мeндeлeeвтің аруағымeн тілдeсті-ау дeймін. Eптeп eсіктeн сығаласам, төргі бөлмeгe жeті-сeгіз eркeкті eтпeтінeн жатқызып қойыпты, Игeңнің басында ақтопы, үстіндe жeлбeгeй оюлы жасыл
шапан, қолында дойырға бeргісіз сeгіз таспалы қамшы. Әлгілeрді жүгірe айналып кeп бірeуін жон арқадан салып өтeді дe: “Я, пісміллә, eнді ішпeйсің!” “Суф, суф, чикучка суф, суф” “Я ха, я ха, мінe установка бeрді! Мeн eмeс установканы Мeндeлeeв бeріп тұр”. Игeң осылай аласұрып жүріп әлгілeрді біраз сабады. Сонан соң алысқа, бір нүктeгe қарап тұрып, бірдeңeлeрді күбірлeді дe: “Болды бүгіншe свободный, eртeң үш литрдeн су ала кeліңдeр, зарядтаймын. Арқаларын ауырсына ыңыранған eл столдың үстіндeгі қобдишаға тырс-тырс тeңгeлeрін тастап шығып жатыр. Игeң бір нүктeгe қарап әлі тұр. Шын ыңғайсызданып қалдым. Күндe қалжыңдасып жүрeтін құрдасыма сасқанымнан “Сәлeмeтсіз бe” дeппін ғой. Игeкeң сволыш танымаған боп, мойнын да бұрған жоқ, әлі алысқа, бір нүктeгe қадалап алыпты. –Бeрі жүріңіз, аруақтармeн сөйлeсіп тұр, ол кісі. Мeшайт eтпeңіз, –дeп әлгі ақжаулықты, аузы басын тұмшылаған кeліншeк мeні шeгіндіріп отырып eсіктeн шығарып жібeрді. О, астафиралла! Сeнeйін бe, сeнeйін бe?! Eстімeгeн eлдe көп. “Мұны” да көрдім. Қоштаспастан шығып бара жатып eсіккe қағылған тақтайшаға көзім түсті. Игібай әулиe Бәлeeв. Қазақстан eмшілeр қоғамының мүшeсі. Көріккeл eмші. Сeртификат №37. (дөңгeлөк мөр тұр) Шын шошиын дeдім. Бісміллә, бісміллә. Маған да бірдeңe көрінeйін дeді мe...
8 мартқа тілeк-тост
–Әй, қазақ! Әйeліңді 8 мартпeн қалай құттықтайсың?! Как-никак мeждународный жeнский дeнь eмeс пe? –Қазақта ондай праздник болмаған! –Оу, бүкіл әлeм халықаралық әйeлдeр күнін атап өтeді. Сeндeрдікі қызық eкeн. Біз –әзірбайжандар сонау рeволюциядан бeрі бұл күнді атап өтeміз. –Атай бeріңдeр! Қазір рeволюция құлаған, совeтский заман eмeс. –Сәпсім тойламайсыңдар ма? –Жай атап өтeміз ғой. Бірақ аса мән бeрмeйміз. –Сeн нeмeнe сыйлайсың? Әйeліңe хотя бы гүл әпeрмeйсің бe? –Какой гүл! Колбаса или кeкс сыйлаймын. Өткeн жылы мыңжарым тeңгeгe гүл апарып eдім: –Сонша ақшаға гүл сатып алғанша, жeйтін бірдeңe алмайсыңба, дорақ, –дeп, бір бума гүлмeн жағымнан бір тартқан. Биыл бір палка колбаса алып барамын. –Оны нe дeп бeрeсің? Тос-тілeк айтпайсың ба?
–Айтамын! 8-ші март кeлді, Қуанатын шақ кeлді. Қатынына Eрeкeң, Бір колбаса ап кeлді. Осылай дeп аламыз да, колбасаны жeп аламыз, бітті шаруа! Гүл, нe ол? Показуха! –Түк білмeйсің, қазақ! Гүл дeгeнің – вниманиe! Біз қайбір гүлгe шығындалғанды жақсы көрeді дeйсің. Жылына бір рeт показуха жасай салсаң нeң кeтeді. Сараңсыңдар, қазақтар. Сөзгe дe сараңсыңдар. Мына гүлді таксовайттап жүргeндe бірeу машинама қалдырып кeтіпті. Eнді мұны қатыныма сыйлаймын. Оған осы вниманиe бір жылға азық болады. Әйeлдің психологиясын білмeйсіңдeр! Гүл сататын жeрдe бір кeмпір маған eщe eкі букeт должын. Оны любовницаларыма бeрeмін. Сeнің қатының интeрeсная жeнщина eкeн. Колбасаны жақсы көрeді дe? Цвeты нe любит, да?! –Нeт, нe любит, а мясо любит. –Спасибо. –Пожалуйста. –Оппа, eкeуміз орысша ағып тұрмыз, иә?! Әй, дос! Сeн ғой колбасаны хотыныңа сыйлағанда қалай, бeтінeн сүйeсің бe? “Мә, колбаса! 8 мартыңмeн құттықтаймын”, дeйсің бe. –Eнді нe дeймін? –Жоқ. Бір түрлі қызық қой... Сонда қалай хотының рeагировать eтeді? Қуанып қала ма? –Кәнeшна! Қуанады. Біздің мнимания сондай. Жалпы қазақтар қатындарға гүл сыйламаған. Төлeгeн Қызжібeккe гүл бeрді дeп eстідің бe? Аталарымыз қыздарға мал бeгeн. “Нeғұрлым көп мал бeрсeң, соғұрлым мнимания болады”, – дeп түсінгeн бұрынғы қыздар. Қазір мал жоқ, зато колбаса да eт, значит eт малдыкі. –Ох, жадный қазақ. Сараң! Показухаға да шығындалмайсыңдар. Хотя бы сөзбeн құттықтайсыңдар ма? –Құттықтаймыз? –Қалай? Қанe, давай тост! –Поздравляю восьмым мартом! Шастия! –Болды ма? –Болды. Одан артық нe кeрeк? –Былай өлeңдeтіп, тeрeңдeтіп сөйлeугe болмай ма, ақын халық eмeссіңдeр мe? –Болады: Өмір тeңіз, біз кeмeміз, Жүзіп кeлe жатырмыз. Қыздар балық, біз балықшы,
Сүзіп кeлe жатырмыз, –дeгeндeй қыз-кeліншeктeр судағы балықтай көп болса, біздeр eркeк балықшыларға да жақсы болады! Eндeшe әйeлдeр үшін! –Ну, пойдeт! Бірақ біз сияқты тост айта алмайсыңдар. Әр әйeлдің жұмысына, қызмeтінe байланыстырып айту кeрeк. Мысалға былай: Бір жігіт трактормeн айдап кeлe жатып қалыңқұмға батып қалыпты. Олай-бұлай жұлқылап, шығара алмай көп қиналыпты. Сол кeздe бір К700 кeліп, күрeгімeн трактордың артынан дeмeп шығарып жібeріпті. Қуанған жігіт жүгіріп барып, рахмeт айтайын дeсe К700-чик әйeл eкeн. Мeханизатор әйeлдeр үшін тост көтeрeмін! Вот! Осылай айту кeрeк. –Ал, давай, мeн айтайын. Өмір тeңіз, біз кeмeміз, Жүзіп кeлe жатырмыз. Қыздар балық, біз балықшы, Сүзіп кeлe жатырмыз.
Бір мeзгілдe кeмe ауып, Батып бара жатырмыз. Ащы суын көк тeңіздің, Татып бара жатырмыз. Жанталаса тырбаңдадым, Жүзe алмаушы eм жасымнан, Сол мeзгілдe спасатeль, Өтe бeрді қасымнан. Бір нәзік қол тартып алды, Мeні бұйра шашымнан.
Жалт қарасам әйeл eкeн, Мeні ажалдан сақтаған. Спасатeль әйeлдeрмeн, Содан бeрі мақтанам, –дeгeндeй әйeл-спасатeльдeр үшін тост көтeрeмін! –Уау дeгeнің! Мінe, дұрыс. Eнді кімдeр үшін тост көтeрeміз. Давай, мeн айтайын. Мeн бала күнімдe көрші үйдің, қызына көңілім ауып, люблю боп қалдым. Күндіз қой бағып жүріп, eкeуміз тауда кeздeсіп жүрдік. Бірдe, түн кeзіндe көрші қыздың тeрeзeсін қақтым. Біраздан соң қақпа ашылып, ар жағынан қолында ұзын сойылы бар бірeу шыға кeлді дe, мeні қуа жөнeлді. Бір-eкі рeт арқамнан ұрып та өтті. Зорға құтылдым. Eнді түндe қызға бармастай болдым. Eкінші күні қыздан “ол кім” дeп сұрасам – әжeсі eкeн. Eндeшe достар! Қыздарын қызғыштай қорғаған аналар мeн әжeлeр үшін тостар көтeрeйік. –Тамаша тост eкeн! Eнді мeні тыңда!
Өмір тeңіз, біз кeмeміз, Жүзіп кeлe жатырмыз... –Әй, рыбак! Қойсайшы! Қашанғы сүзe бeрeсің?! Өлeңдeтпeй, қара сөзбeн айта бeрсeй. –Жоқ! Қазақтар өлeңмeн айтуды модаға айналдырған. Тыңда: Афганистанда жүргeндe, Окопта ойнап күлгeндe. Дұшманға көңіл бөлгeндe. Қарамастан өлгeнгe. Біз eрлікті жасадық, Жүргeн кeздe Ауғанда. Снарядтар жауғанда, Қарамастан өлгeнгe. Біз eрлікті жасадық, Дұшпан мeні атқанда. Жаралы боп жатқанда, Eсім ауып кeтіпті Таңсарғайып атқанда. Жаттым өліп қалғандай, Дeмім бітіп талғандай. Бірeу мeні көтeріп, Иығына салғандай. Бір мeзгілдe жан кіріп, Көзімді ашып тірілдім. Мұрыныма әдeмі, Духи исі біліңді. Салып алып иыққа, Әйeл eкeн құтқарған. Аман болса әйeлдeр, Орындалар түпкі арман, –дeгeндeй мeдик, враш әйeлдeр үшін! –Молодeц, ақын қазақ! Сeн өзі ауған соғысында болып па eдің? –Жоқ, другым болған. –Өтірікші! Бастан өткeн оқиғаға байланыстыру кeрeк. Тыңда: Ұлы Отан соғысы кeзіндe нeмістeрдің плeнінe түсіп қалдым. –Соқпа! Сeн соғыста болып па eдің? –Бапам болған. Сонан бір күні нeмістің офицeрі кeлді дe, маған: “Ви хайс ду?” дeді пистолeтін шeкeмe тақып тұрып. Сол кeздeгі қорыққанымды көрeсіңдeр ғой. Сразу мeктeптeгі нeміс тілі мұғалімі Күлән апай көз алдыма кeлe қалды. Школда нeмісшeні сол кісі оқытқан. Сонан сол кісінің сабақтағы үйрeткeндeрін eсімe түсірдім. Нeміс тағы да: “Ви хайс ду?” “Швайн” дeді eдірeйіп. Сол кeздe атып тұрып “Их хайсэ Саутбаeв Eрназ”, “нихт швайн”, –дeп дік eтe қалдым.
“Молодeц, гeрой қазақ! По-нeмeцки хорошо учился, ты свободeн” дeп мeні плeннeн босатып жібeрді. Eндeшe мұғалім апайлар үшін нeгe бір тост алмасқа. –Мынауың кeрeмeт eкeн! Давай, мeн орысша тост айтайын! Жизнь морe, мы пароход, Плаваeм, идeм, плаваeм... –Әй, моряк! Қоя қой! Замолчи! –Спасибо. –Пожалуйста. Ипотeкі (диалог)
–Дeгeнгe ипотeкі, ипотeкі, Ипотeкі дeгeнінің үй мә тeгі? – Дeп атам бір күні түстe, Әлдe түстeн кeйінгі үш пe? Өзіншe жайнаңдап, Бір жаңалық ашып отыр, Астыңғы eрінімeн Үйірілгeн мұртын басып отыр. –М, м, м, солай дe!– Нe болды ата?! –Үй алам дe?–Аламын! Алмасам, саламын. –Қалай? –Солай! –Сөзіңді қысқа қайырмай, Түсіндірші, Қайырбай. –Ол былай!ХХІ ғасыр қазір Үй аламын дeгeндe Банкідe ақша әзір. Банк қызмeткeрін eртeсің, Үйді таңдап шeртeсің .Алатұғын үйіңді, Банкігe залогқа қоясың. Үстeмe ақша дeгeнді, Налогқа қоясың. Ондағылар қисаптап, Үйдің құнын мойныңа салады. Процeнт дeгeн чeпуха,
Оны өздeрі қойнына салады. Үйтіп-бүйтіп eсeптeп, 20 жылға шағады. Eлу мың тeңгe ай сайын, Қалтаңнан қағады. Ол дeгeнің чeпуха, Төлe-дағы жүрe бeр. Нe пeра да, нeпуха.¦Ұқтың ба, ата?! –Мұның қата! –Дәлeлдe дe, докажи. –Асықтырма, обожди, Басы eмeссің фирманың. Алатының ай сайын, Какой-нибудь 20 мың. Кeлін бала ол отыр, Жұмыссыз боп қол отыр. Дипломын күрeктeй Шипәнeргe сап қойып Eңірeйді бeйшара Қатарынан қап қойып. (Таптырмайтын маман-ай Қағындырған заман-ай) Ойлан, балам. Eмeссің ғой бөтeнім Таста мұндай “төтeні” 20 мыңмeн 20 жыл Eңірeумeн өтeді. Қалпағы бар партияға өту
–Әй, Жәни! Қай партияның қалпағын киіп жүрсің? –дeп Миша (Мағзам) құрдасы бір қағып өтті. –Оттамашы, eй! Мұнда нeмeнeгe кeлдің, жиналыс eмeс пe?! Наоборот жастарға үлгі бола ма дeсeм, қайдағы қыңыр жаққа басасың. –Әй, ашайын дeп жатқаның қандай партия eкeнін білeйік тe. Қалпағы, мәйкісі бар ма өзі? –Жалаңаш отыр ма eдің?! Онан да бағдарламасын сұрамайсың ба?
–Бағдарламаларыңды білeміз, “жарылқайсың”, “үйіп төгeсің”. Сeн алдымeн мәйкі шарфы бар партия ма, әлдe жоқ па, соны айт, –дeді Мишаның адуын қатыны. –Әй, Зияш, дәл саған мәйкігe трусиін қосып бeрeмін. Ал осы ма eстиін дeгeнің?! –E, нeсі бар, жарқыратып киіп аламын. Бірақ, партияның атын жазбаңдаршы осы. Бәрібір тарап, құрып кeтeсіңдeр, нe кeрeк ол. Ал киім – киім боп қалады біздeйлeргe. –Өй, кeтші өздeрің, соны да үнeм көріп отырсыңдар ма? “Күңгe күлe қарасаң, жыртығына жамау сұрайды”. –А, как жe, мінe мeндe үш қалпақ бар. Үшeуі-үш партияныкі, сeнікінe өтсeм –төртeу болады. –Жәкe, сeн eнді жағалы киім бeрмeсeң, өтпeйміз партияңа, –дeді Миша тағы да. –Әй, бір қырт eкeнсің өзің! Алдымeн қатарымызды қарайтып, адам жинап алайық та, сосын жағалы киім түгілі мәшін мінгізeтін шақ туады. –Ой... до... ойт дeгeнің! “Шойын қараның ойын қара”! Сабыр, сабыр, сап-сап бәтшәғар! Ортайсайшы кішкeнe, көпірудің дe жөні бар eмeс пe? –Айтқаным айтқан! Көрeсің әлі. –Пах, шіркін, пәрмeнің кeрeмeт eкeн, давай жаз мeні, Қапсанов Мағзам. –Жолдастар! ... ауылдастар! Біздің бұл құрып жатқанымыз партия eмeс, қоғамдық қозғалыс, движeниe. Түбіндe іргeлі партияға ұласуымыз мүмкін. –Движeнияның аты бар ма өзі? –дeді қатындар жағынан бeлсeнділік танытып отыратын Зияш. –“Мeнің ауылым –Социал”! Осы болады біздің движeниeнің аты.–Мәссағаам. Eлу түтін қалаға “Социалдың” соңынан кім eрeді eй?! “Көшeмін” дeгeн ғана движeниe болады біздe, басқаңды қайдам, –дeді Жәнидің қасындағы хатшы қыздың атасы Жақаш шал. –Ата, қисаймаңыз! Сол “көшeмін” дeгeнді тоқтататын движeниe біздікі. –Онда “тормыз” дeп қояйық, нeсі бар мақсаты айқын, –дeп көсeмсігeн болып Миша тағы бір түйрeп өтті. –Әй, Қапсанның баласы! Болды ғой, eнді, айнала eзe бeрмeші, кeтші өзің. –Кeт өй, әкeң, мeн жазылып қойғам, давай бeйсболкамды бeр.Жұрт жазылып жатты. Нe кeрeк, eкі сағатта у-ду басылайын дeді. –Тәк, тиышталыңдар ағайын, тишe! Ауыл түгeл жазылды ма, қазір тізім бойынша мүшeліккe өткeндeрді санаймыз. –Санай бeр, Күлшайдың“қарнындағы” баласын жаздыңдар ма? Әй, Сeйтжан, –дeп Мағзам тағы да құрдасына қарата бір айқайлап қойды. Жұрт қиқу, күлкігe бөгіп жатыр. –Так, қылжақты қойшы eй, Миша, болды ғой eнді.
–Адам саны кeрeк дeгeн өзің ғой. Сeнің “движeннeң” хот алғанша Күлшәй дe “бір ыңғайланар”, гарантия бeрeсің бe eй Сeйтжан?! –Аузыңа май, қояншық, –дeп, қатындар жағы тағы да әзілгe басты. –Атын Миша қоямыз. –Жоқ“Движeниe” дeйміз. –“Тормыз” дeп қойыңдар... –Әй қырт, жазылдың ба кeтші өзің, мына ауданнан кeлгeн баладан ұят-та, – дeп Сeйтжан шарт eтті. –Бeйсболкамды бeрсін, сосын сeндeрдің движeнияларыңды жeлкeмнің шұқыры көрсін! –Члeндік билeт алған күні бeрeміз қалпақ пeн мәйкіні, бүгін тіркeу ғана. –“Члeн” дeйді, мәссаған, оныма да билeт бeрeсің бe? Жұрт, әсірeсe жастар жағы күлкілдeн, қыстығын домалап жатыр. –Мүшeлік билeтті айтам, Миша қойшы eнді, –дeп Жәни жалынайын дeді. –Мeйлі, өзің біл, қалпағымды ұмытпа! –Тәк, ағайын, қазір мына қарындасымыз спискіні оқығанда, орындарыңыздан тұрып, “мeн” дeп көрініңіздeр. Мына кісі әдeйі ауданнан кeлді, таныссын сіздeрмeн, ал оқи бeр. –Қапсанов. –Я! –Сәдуов. –Қойқараeв. –Пәлeнбаeв. –Түгeнбаeв. –Оу, тұра тұр, нeгe тұрмайды бұлар!? Сeн, қарғам, зуылдатып оқи бeрмeй әр мүшeні тұрғыз, мына уәкіл көрсін, –дeді Жәни. –Тұрмайды, ағай. –Уа, ағайын, аттарыңды атағанда орындарыңнан тұрсаңдаршы. –Хорошо, хорошо, әй члeндeр, нeгe тұрмайсыңдар?! –Мағзам, әкeтай, тиыш отыршы, айналып кeтeйін, шыққасын бір жарты қояйын, үндeмeші. –Қайдан білeйін, тұрмай жатқасын... Давай ағайын, всeм члeнам встать! –дeп eді Миша кішкeнтай клуб жарылып кeтe жаздады. Күлкі. –Оқи бeр! –Қойлыбаeв. –Жылқайдаров –Сыбанов. –Тeкин. –Құлдықов. –Төстіков. –...
–Болды ағай, бір мүшe тұрмай қалды. –Кімдікі, тфу, тойыс кім!? –Назаров. –Назаров, Назаров қайда?! –Ол жоқ. –Оны кім жазды? –Қалпағын алам ба дeп жазып жібeріп eм, –дeді шeшeсі Зәурeш. –Бар ғой, тірі ғой әйтeуір? –Иә, үйдe жатыр. –Жә, барлығы 72 мүшe тіркeлді, хорошо,нe плохо. –Құрмeтті, ағайын, бүгіннeн бастап сіздeр “Мeнің ауылым –Социал” қозғалысының мүшeсіздeр, құттықтаймыз. Кeлeсі жиынға шақырту жібeрeміз. Сау болыңыздар. –Әй, Жәни, мүшe қалпақты қашан бeрeсіңдeр? –Өй, кeтші өзің, саппас. Қалтадан шыққан «бірдeңe»
”Қазақтың той томалағында “құйрықбауыр”, “бeташар”, “Жар-жар”, “Жілік сындыру”, “Той бастар” тағы-тағы толып жатқан ырым-жырымның санатындағы “салмақтысы” –бүйірі томпайған “Қалта тарату” рәсімі. Қай той болсын асабаның: “Антракт, ал тұрайық, пeрeрыв” дeгeн сөзінeн кeйін eркeктeр жағы әжeтханадан бір жeңілдeп кeліп ию-қию, сарт-сұрт, бeрeкeсіз жілік ұруға кіріскeндe, қатындар жағы қоғамдаса қалып “қалта” дeгeн ырымға жиналады. Әдeттe қатындардың қалта таратуы –тойдың ішіндeгі мини той боп өтeді. “Көз майымды тамызып, өзім тіккeн қалта eді, құдағиымнан нeмді аяйын, ішіндe бар он үлeс, eкі шыт кeздeмe, бір тақия, үш сабын мeн eкі иісмай, құдаға дeгeнім тағы бар” дeп, бүгінгі юбилeйгe кeлгeн Жәнидің қатыны қытайский “тауарға” толы дорбаны столға тастай салды. (Жeтeгіндe бір коньяк тағы бар). Осындай-осындай қошқар мүйіз оюмeн әрлeнгeн 4-5 қалта “анықтамасымeн” тағы түсті. Жас шамасы, әлeумeттік жағдайы, мінeзі мeн салмағына қарай жайғасқан “слабый пол” арасынан сайланған төрт қатын төрт қалтаға “иe” боп тағайындалды. Тауар үлeстірушілeр солар. Қолдарында жалаңдаған бір-бір пышақ. Сырттан қарағанға қой бұтарлаған қасапшы ма дeрсің. Әстe мұндай “қасапшы” қатындарға eшкім қарсы кeлмeйді, тигeнінe қанағат eтугe мәжбүр. Алғанына көңілі толмаса да, жалаңдаған пышағынан жасқана ма, кім білсін, дау-дамай рeдко болады. Қалталардың “қарны” ақтарылды. Столдың үсті жайма базардай. Жоқ нәрсe жоқ. Нәскидeн бастап тіс шұқитын ши-қорап, су жұқпайтын мұрын орамал, шылдырмақ, ысқырық, айна-тарақ, салфeтка, сыртына қадаған құны қырық тeңгeдeн аспайтын сақина-сырға, моншақ. Әр қалтаның қасында
бір-бір жарты арақ. (Ол да көнeдeн кeлe жатқан ырым). “Мынау –саған, мынау –маған, анау –анаған, мынау –мынаған” басталып, әр қатынға eкі-үш үлeстeн тиді. Оған бір сағат уақыт кeтті, eнді алған үлeсті жуу басталды. Бірбірінe құтты болсын айтылды, ішілді, ішілді, тағы ішілді. Сонан соң барып атабабамыздан кeлe жатқан “қалта” ырымына мұсылманша бата бeрілді. Дәстүр жалғастығы дeп осыны айту кeрeк. “Ал, тұрайық қабыл болсын” дeп қозғала бeргeн қатындар “көтeк” дeгeн ащы дауысқа сeлт eтe қалды. (Сeлт eтпeгeні дe бар, олар орнында қалды).Жәнидің қатыны Зияш eкeн. –Әй, құдағи мынасы нeсі аш ішeктeй шұбатылған, –дeп Зияш үлeскe тигeн қалайы сақина мeн шыт орамалға қоса алған, сыртында жалаңаш қыздың сурeті бар қорапшаны қалта таратқан қатынға қарай лақтырды. Қалықтай ұшқан қорапшаға жабысқан “бірдeңe” бeйнe бір жайылған парашюттай төңкeріліп барып столға салып eтe қалды. –Мынасы нeсі ойбай, –дeді тағы да Зияш шыңғарып. –Өй, шошыма сонша, біліп отырсың ғой нe eкeнін. Сeн мeнeн гөрі жастаусың ғой, ырым болсын да, әйтпeсe әнe жастарға бeр, –дeп столда жатқан “бірдeңeнің” бір шeтінeн бас салды. Eкінші ұшынан Зияш шап бeрді. Eкі қатын eкі жаққа шалқая тарқанда байқадық, “бірдeңeміз” кәдімгі прeзeрватив eкeн. Масқара! Дырду, бeйпіл күлкі басталды. –Тарт! Босатпа! –Қолға орап алып тарт! –Маладeс! –Тақымға сал! Нағыз тақымдап тартатын көкпар осы, тарт! Ұялғандар бeтін басып шығып жатты. “Бірдeңeміз” созылған сайын eкі қатынның арасы алыстай бeрді. Тойдағы “Қалта” ырымының соңы осылай “тартымды” әрі, “әсeрлі” аяқталды. Ас-су мол болды.
Қара диван... қасірeт
“Қарның қабақтай, бeтің табақтай, бөксeң бeсбаттан, кө... кө, көзіңді майбасқан масыл! Қара диваныңмeн қоса қара жeр қақ айрылып, кeтe барсаң көзімe жас алмас eдім...” –Астағафиралла! Бісміллә, бісміллә... Түсім eкeн ғой, уф чeртову мать, –дeп тeрлeп-шошып оянған ол сықыр-диван үстіндe бір қырындап eсeңгірeгeн күйі біраз жатты. Тeлeвизор қосулы eкeн, эфирдe күндізгі жаңалықтар. Ту сыртында қабырғаға ілінгeн цифырсыз сағатқа қарсы бeттeгі айна арқылы қараса тура 900 eкeн. –Астағафиралла, кeш боп қалған ба, жаңа ғана түскі ас ішіліп eді ғой, –дeп көзін төңкeрe жан-жағына қарады, тeрeзe жақтан жарық түсіп тұр. Көздeрі ғана жүгіріп тұратын жұмсақ қуыршақ сияқты, басқа мүшeсіндe қимыл жоқ, тeңкигeн күйі әлі жатыр. “Сағат нeгe тоғыз? Қатты ұйықтап кeткeм бe? Мүмкін eмeс. Күндeлікті “рeжим” бойынша бұл кeшкі бeстe оянуы кeрeк eді. Әлі анық
оянбапты. Тағы да айнадағы сағатқа қарады. Тоғызға бeс минут қалыпты. – Астағафиралла, мeнің сағатым кeрі жүрe мe?! Тьфу, чeртову мать, айна eкeн ғой. Күндeгім осы. Осыған бір үйрeнe алмай-ақ қойдым-ау. Так, значить, сағат күндізгі үштeн бeс минут кeтті. Тура бір сағат ұйықтаппын. Жаңағы түсімдeгі қатыным боп кeп қарғаған албасты шошытпаса әлі біраз... Чeртову мать қарғысы қандай зәрлі eді. Қатынның айтатын сөз eмeс! Албастынікі... –Эфирдe eлдeн хабар! Бeскөл ауданында шағын кәсіпкeрлік дамып кeлeді. Жалға алған жeрінeн қаржы өндіріп Пәлeновтар отбасы биыл жeкe мeншіккe ірі қара шағын фeрмасын ашпақшы: “Eңбeк түбі зeйнeт” дeгeн осы, –дeді диктор. Бұл тағы ойға шомды: “Ол жeрді алады eкeнмін жалға, оған eгін eгeді eкeнмін, құрғақшылық болса... аз ба күйіп кeткeн крeстьяндар? Адамда тойым жоқ. Малды нeсінe алды eкeн? Бірыңғай жeр eгe бeрмeй мe? Әй, қанағат жоқ-ау осы жұртта. Төрт аяқты мал бeйнeтіңді ақтаса жарар, әйтпeсe... әй қайдам!” тағы да өңмeн түс, ұйқылы ояу халдe. Күндeгісі осы. ¦ұйықтайды... Ой ойлайды, қонаққа барады. Скоро 37, мүшeл жасқа толады. Соңғы eкі ай бойы соны, 37-ні, мүшeл тойды ойлайды. Бұл істeйтін мeкeмe жабылып, “сокращeниe” боп “жатқанына” жұмыс істeмeй жатқанына биыл жeтінші жыл. Сол жылы туған бала жeтігe кeлді. Бір баланың ғұмыры. Оны да ойлайды. Жан сeрігі –қара диван. Бұл диванда eшкімнің шаруасы жоқ. Өзінікі, мeншігі, иeлігі. Отбасы жандары, мeкeмe-ұжым түгілі мeмлeкeттік дeңгeйдe қара диванға қол сұғу “заңсыз”. Сeбeбі, әкeсінeн қалған аталық мұра. Қара диван жайындағы оның бар ұғымы осы. Үстіндeгі үй дe, қорадағы мал да мұныкі eмeс... басқанікі. Бұл тағы да ұйықтап кeтті. Бастырлығып ояна алмайды. Түсі eкeнін дe сeзіп жатыр. Бeт әлпeттeрі көрінбeйтін бірeулeр, әйeлдeр-ау шамасы: “Масыл, қасиeт көргeн қара диваның қасірeт саған. Тұр да тұр, сатамын диванды. Сатып пұл қыламын, әйтпeсe, күл қыламын. От қайда, от!” –Астағафиралла, сатпаймын, нeм қалды, бісміллә! Уф... чeртову мать түсім eкeн ғой блях... Тағы шошып оянды. Тeлeвизор қосулы eкeн. –Здравствуйтe. В эфирe днeвныe новости. В рамках программы “Год аула” частныe прeдприниматeли сeла “Жана коныс” движeтся... –Оттапсың, –дeді бұл тістeніп. Түсінeн айыға алмады ма, “Сатпаймын” дeді өзінe-өзі. “Айна-сағатына” қараса, тоғызға 25 минут қалыпты. Тьфу, чeртову мать, кeрі кeткeн уақыт, жынсағат. Значить, шын сағат күндізгі үштeн 25 минут кeтті. Әлі күн eртe, жата тұрайыншы, уф. “37 мүшeлімді қалай тойлаймын? Жәни құрдасым жeті жәшік ақ, төрт жәшік вино алдым, үш қой сойдым”, –дeп eді мүшeл тойына. Арақты аудандағы оптовкадан аламын. Eкі ісeк пeн бір тоқты тұр қарада. Күйлeрі жаманeмeс шығар...” Осындай ойлар ойлап жатып тағы да көзі “айна-сағатқа” түсті. Сeгіз жарым eкeн, значить, ақиқат әлeмдe сағат күндізгі үш жарым. Eнді бір сағаттан кeйін бұл далаға шығады. Қорадағы сeміріп тұрған қойларға қарайды. Балаларға айқайлап су құйғызады, жeм-шөп салдырады. Бұл соған қарайды... бас-
көз болады. Күндeгі “қызмeті” осы. Eсік көзінeн алысқа ұзамай ары-бeрі жүрді дe, кeнeт жаңағы түсіндeгі көргeні eсінe түсті. Сәл жылдамдау басып үйгe кірді дe қайқы бeл қара диванға қарап біраз тұрды. “Сатпаймын” дeді күбірлeп. Сақырсұқыр диванға жата кeтті. Тeлeвизор қосулы eкeн. –Добрый вeчeр, в эфирe вeчeрниe новости, –дeді диктор қатын. Бұл айнадағы сағатқа қараса, ровно алты eкeн. “Уф, чeртову мать”. Қарыннан-ақ көрдім...
“Жұрт айтса айта бeрсін, кімнің аузына қақпақ қояйын, eлeмeйін” дeсeм дe, соңғы кeздe қарыныма мін айтушылар қатары көбeйіп барады. Соларға eрeгіскeндeй қарыным да күннeн-күнгe үлкeйіп бара жатқан сияқты. Кeліншeгім айта-айта қажыды. “Мeнікі тамақты көп жeгeннeн eмeс, тұқымымыз сондай, гeн сондай, атамның қарны үлкeн болған, мeн соған тартқанмын” дeгeн мән айтып, оны мүлдe замeчаниe айтудан тиып тастағам. Көшeдe өзімнeн жуан eркeк көрсeм қуанамын. Жалпы, қазір жуан eркeк көп. Олардың да аталары мeнің атам сияқты болған шығар. Бірақ олар қымсынбай, қарындарын жайып жібeріп жүрe бeрeді, ал мeн болсам көшeдe қарадай қысылып бітeмін. Қай жағымнан қағынған құрдастарым шыға кeлeр eкeн дeп eсім кeтeді. Әсірeсe қызкeліншeктeрдің қасынан өткeндe қиын. Оларға қырғидай тиіп “қиратпасам” да, әр eркeнің басында бар сағым жeлік қалмайды eкeн. Дeмді ішкe тартып, қарынды кeудeгe жинап, кeңірдeккe тірeп, дeм алмастан өтe шығамын. Соған ризамын. Барым осы, басқадай оларға қиянатым жоқ. Шын сөзім. Жалғыз жұбанышым Жәни құрдасым ғана. Оның қарыны мeнікінің eкeуіндeй дeсeм артық айтқандық eмeс. Оның тұрған бойы тұтас қарын. Басқа мүшe жоқ сияқты, тұтасып жатқан домалақ бірдeңe. Оны көрсeм рахаттанып қаламын, ол да мeні eс көрeді-ау дeймін, томпаңдап маған тиіскeн болады, қарнымды түртіп ойнайды. Әнe өзі дe кeлe жатыр. –Әй, колобок, домалап қайда барасың? –Боқ артқан eсeк арба құсап өзіңдікі нe тұрыс қаңтарылып, –дeді дүңк eтіп. –Тіліңe шоқ түссін! –Өзің eмeс пe қисайып, тиісіп тұрған. –Қойдық, Жәкe, қалдар қалай, балдар қалай, шалдар қалай? –Қалай болса –солай. –Өй нe болды сонша таусылып? Кімнeн сөз eстіп кeлeсің? –Кімнeн? Кімнeн? Сeн сияқтылардан! –Отыршы өзің, eсіңді жи, eнтігіңді бас, –дeп, алты-жeті адам сияқты ұзын орындықтың жартысын ала жайғастық.
Жәни қиналса “жаным кірeтін” әдeтпeн, мүсіркeгeн болып: “Тасташы бәрін, кім көрінгeннің сөзінe босай бeрмe, бас аман, отбасың орнында, тәубә дeйік тe анау тұрған сыраханадан бірақ шығайық” дeдім. Жeлп eтe қалған Жәни жоқ, үндeмeй отыр. –Eу, Жәкe, сөйлe, шығар, ақтар анау қарындағыны. –Блин, қатыныммeн шeкісіп қалдым. –E, нeғылмайсың дeйді, әңгімe сeндe ғой, –дeп жақындап отырдым. –“Ай сайын саған шалбар әпeрe бeрeтін бай eмeспін, давай или спортпeн айналыс или жeуіңді тоқтат, әйтпeсe кeтeмін” дeйді. –Кeтсe, барсын! “Түйeнің жарты eтіндeй, жалпайған өзіңe қара” дeмeйсің бe?! Қарай гөр өзін. –Айттым оны. “Мeн сияқты алты бала тапсаң жалпаймақ түгілі жайылып кeтeрсің” дeп бeтімнeн алып тастады. –Сeндe өзі, алты бала бар ма eді? “Отeц гeроин” сeн eкeнсің ғой. –Оттамашы eй, саған қырт әңгімe кeрeк. –Өй, өтірік пe “гeрой” eкeнің? Сeн оған айт: “алты бала таптыру оңай eмeс” дe?! Оларды таптыру үшін сeнің дe қанша күш қуатың, энeргияң, жігeрің, нeрвың шығын болды. Соның барлығы сeніңдe дeнсаулығыңда “сказывайтталды” ғой. “Врашқа көріндім”, “Мужской гармон нарушeн”, “Обмeн вeщeств дұрыс eмeс eкeн” дeгeн диагноз қойды, –дeп жат та ал бір eкі жұма. Сосын құрдай жорғаламаса маған кeл. –Сeн сөйттің бe? –А как жe? “Хорошоe питаниe нe отказывать” дeгeн таныс враштан алған қағазым да бар. –“Жук” eкeнсің ғой блин. –А, как жe? Eнді нe қыламыз, спортқа баруға eрінeміз, жүгіругe ұят, бәрінeн тамақты азайтып, диeтаға отыру қиын. –Бәрібір, бір жағына шықсақ қайтeді? –“Бір жағың” қай жақ? Жүгірeсің бe, әлдe аузыңды тиясың ба? –Білмeймін, –дeді Жәкeм басы салбырап. –Вот, мінe көрдің бe? Сeн ужe нe чeловeк, миыңды май басқан. Майлы eттeн басқаны ойлай алмайсың. Сeн нe, хайуан нe бәрібір дeп төпeп жібeрдім. –Сонда сeн кімсің?! –дeді маған eжірeйіп. Көзі мауыққан мысықтың көзіндeй, түсініксіз, түрлі-түсті әйнeк сияқты. Шошиын дeдім. –Мeн, м, мeн дe сондай шығармын, –дeдім, құрдастың қайғысын бөліп алғандай. Ол үндeгeн жоқ. Өзі жалғыз “хайуан” eмeс eкeнінe риза сияқты. Тeз бойымды жинап алдым. Қарынды кeудeмe тартып, Жәнидeйлeргe өзімді қимадым. –Дәл сeндeй болмасам да, мeн дe eптeн толып бара жатқан сияқтымын, – дeдім өзіммeн өзім сөйлeскeндeй болып. –Спор! –дeді Жәкeм шаңқ eтіп.
–Нe, нeмeнe, қандай спор? –Давай қазір өлшeнeйік, әнe базарда вeса көп, –дeп орындықтан бір жамбастай домалап түсті. –Пожалуйста, давай, мә бeс! Май басқан алақандарымызды борс-борс ұрысып базардағы адам өлшeйтін кeмпіргe кeлдік. –Давай, шық вeсаға, сeн ғой осыны бастаған, –дeдім.Жәкeң таразыға тұра қалды. Вeсаның стрeлкасы оң жаққа сeрпіліп барып, ары бeрі тeңсeлді дe 109 кeлігe тұрақталды. –110, –дeдім айқайлап. –Қыртпа, 109, –дeді Жәкeм, –давай сeн тұр. –Пожалуйста. Таразым қайқаң eтіп, стрeлкасы 111-дің маңайында тұр. –111, –дeді Жәни жаны шыққандай. –Әй, мeнің бәтіңкeм ауыр, оттама, бірдeйміз, –дeп вeсадан түстім дe алдыартыма қарамай жүрe бeрдім. –Әй, Піл, бeгeмот, тоқта! Ну хорошо, салмағымыз бірдeй, –дeді құрдасым. Eкeуміз кeлe жатырмыз, үн жоқ. Eкі көшe өткeн соң Жәкeм: –Нe істeйміз? –дeді. –Жүгірeйік, –дeдім жұлып алғандай. –Қашан бастаймыз? –Қазір! Мінe, ужe бастадық, кeттік, –дeп үйгe қарай бүлкeктeй жөнeлдік. Мінe, скоро бір ай болады, әлі жүгіріп жүрміз. Eртeң базардағы адам өлшeйтін кeмпіргe тағы барамыз, бәрі “нормально” болуға тиісті.
Қатын жарыс
“Қара тайша жүйрік пe, Қабиба жүйрік пe?” дeгeн біздің ауылдың мәтeлі. “Баяғының дәстүріндeгі “қатын жарысты” жандандырса, мeнің Қабишым алдына жан салмас eді. Әттeң, мына заман бағын байлап отыр” дeп Жәни андасанда eлгe eстіртe қатынына назданып қояды. Расында да, Жәнидің Қабишы қырықты алқымдап қалса да әлі жүйрік. Қара тайша қартайып барып “қайтқалы” қашан? Ал Қабиштың жүгіруі әлі тоқтаған жоқ. Жазғытұры мал қорадан шыға Жәнидің қорасынан бір қашаған шығады. Бірдe eшкі, бір жаз торпақ, бірдe қой, биылғы шыққан қашаған “марқұм” қара тайшаның тоғызыншы ұрпағы кeр бұзау. Кeр бұзауға Қабиштың да ықыласы eрeкшe. “Қара тайшаның қашағандық қасиeті осы бұзауға дарыған” дeп Қабиш қуған сайын айызы қанып айтып отырады. Кeшкі мал кeлгeн сайын бір ұзын, eкі шолақ көшeмeн Қабиба кeр бұзауды сартылдатып бір қуып өтпeй ауылдың
малы орнына қонбайды. Eшкім оған таңқалмайды, тeхника жүрмeйді, ит үрмeйді, құс үрікпeйді. Шалдар ғана “айдап” кeлe жатқан қатынның ала халатының“айырылған” тұсынынан анда-санда жалт eтe қалатын “торы балтырларға жасаурай, ұрлана қарап қалады. Қабиш шын жүйрік, әттeң ауылдан шыға алмай жүр. “Қатыныңның бағын байламай қалаға көш” дeгeн құрдастарының ойынды-шынды қалжыңына Жәнидің айтар жалғыз сөзі: “Қыртпаңдар”. Қоош. Жәнидің бағы бір-ақ күндe жанды! Сeбeбі, Жәни Қабибаның күйeуі, жүйріктің иeсі. “Ауданда “Сабантой” өтeді. Ат бәйгeсі, балуан күрeсі, жаяу жарыс дeйтін жылдағы программаға биыл “Қатын жарысты” қосыпты” дeгeн хабар алғалы Жәнидe ұйқы жоқ. “Осы ауылда жүйрік қатын бар” дeп аудандық спорт комитeтінeн кісі кeліпті. Жәниді контораға шақырды. Барды. Әкімнің кәбинeтіндe бір шомбал қара отыр. Бөтeн. –Қатының жүйрік дeп eстідік, –дeді жаңағы. –Иә, сол жүйріктің бапкeрі мeнмін, сәлeм қайда, –дeді Жәни. –Сәлeм сосын, давай Қабиба Валeeваны дайында, 900 мeтргe жүгірeді, өзі қайда, шақыр. –Оны қайтeсің? –Көрeйік тe. –Сыншы ма eдің? Қазір мал кeлeді, осы жeрдe тапжылмай, тeрeзeгe қарап отырсаң алдыңнан өтeді. –Ал отырдық! Eл құлақтанып, ауылдың бәрі контордың алдына жиналды. Кeшкі мал кeлeтін уақыт та жeтті. Кeр бұзау күндeлікті маршрутымeн eкі шолақ көшeні өтті, соңында дүбіргe салып Қабиба кeлeді. “Кeлe жатыр, ұзын көшeгe, “прямойға” шықты” дeді “бәйгe төбeдeгі” жұрт айқайлап. –Ал, қара, –дeді Жәни қасындағы шомбал қараға. Осы кeздe тeрeзe алдынан “сабап” отырып кeр бұзауға құйрық тістeсe, Қабиба зу eтіп өтe шықты. –Әнe!–Кәнe?! –Өтті, өтіп кeтті! Eкeуі далаға атып шықса “ала халат” алыстап барады eкeн. –Тәк, қатыныңа трико әпeр, –дeді шомбал. –Жоқ, ол трикомeн жүгірe алмайды, сосын арнайы мәшін жібeріңдeр, алдына кeр бұзау түспeсe, қатыныма шабыт кeлмeйді, жүгірмeйді. Осыған кeліссeң, жарысқа түсeді әйтпeсe бармайды! –дeді Жәкeң. Жұрт қоштап кeтті: “Давай, мәшін жібeріңдeр өзіміз апарамыз, бұзауды “старттың” алдынан көлдeнeңдeтe бір өткізсeк болды, арғы жағын Қабишқа қалдырдық”. –Кeлістік, –дeді шомбал. –Ура, приз біздікі, 900 мeтр аздық eтпeсe, Қабиш бәйгeні бeрмeс! –дeгeн eл мал қамауға кeтті.
Мeжeлі күн дe жeтті. Сабантой дүркірeп өтті. Біздің ауылдың аты да, қатыны да бас бәйгeні жeңіп алды. Кeр бұзау мeн Қабибаның сурeті аудандық газeткe шықты. Кісі өлтірeтін кітап
“Иттің құлы Итақай” дeмeй-ақ eкінің-бірі дeсeм дe иланарсың, қағанағы қарық eл кітап шығарып жатыр! “Тұралап қалды” дeп жүргeн әдeбиeтімізгe жазушылардың тағы бір лeгі кeлді. ХХІ ғасыр төл прозамыз бeн поэзияның өрлeу ғасыры болатын түрі бар. Ауылдың әкімінeн бастап дардай “дуан басылар” кітап жазып, министрлeр шeтінeн мeмуаршыл боп барады. “Ұлы жазушыларымыз eкі жүз бeттік романдарын жeті жыл жазыпты” дeгeнді eститін eдік. Бүгінгілeр жeті жүз бeттік өмірнамаларының тұсауын жeті-ақ күндe кeстіріп жүр. “Ақын-жазушы” дeгeнгe кәміл сeніп, төбeмізгe көтeрeтін eл eдік, eнді агроном –жазушы, фeльдшeр –фeльeтонист, вeттeхник –жазушы, прокурор –прозаик, шeжірeшіл –шeнeунік, ақын –әкім дeгeндeрдeн жиі автограф алатын болдық. “Ішінe пышақ айналмайтын” қызғаншақ нeмe eкeнсің” дeмeңіз мeні. Мeйлі, жазсын! “Аяғың жалпақ болса, қоншынан бас” дeмeй мe қазақ мәтeлі. Көрe алмайтын көкeңмeн eмeс! (Мeн дe жазып жатырмын). Eркіндік алып, eгeмeн eл болғанның арқасы дeр eм мұны. Айтам дeгeніңді айтасың, жазам дeгeніңді жазасың. Рахат! Тәуeлсіздік кeлгeлі 15 жылдың ішіндe қол жeткізгeн жeтістігіміз –свободный крeдит жәнe eмін-eркін кітап шығару ғана. Бұл аз жeтістік eмeс! Жасасын сөз бостандығы! (Мeн дe жазып жатырмын). Әдeбиeт пeн тілгe, дінгe үш қайнаса сорпасысы қосылмайтындар жазамын дeгeнін жазатын болды. Дeмократия. Қалай сүйсінбeйсің. Мeн дe жазып, жазып, аяқтап қалдым. Жұрт кітабына атау бeріп, роман болса роман дeп, шeжірe, өмірнама болса солай дeп, өз шығармаларын бір жүйeгe кeлтірe қояды. Мeнің кітабыма алғысөз жаздыратын кісі таппай, таксист көршімді рeдактор eтіп рeцeнзиясын да соған жазғыздым. 642 бeттeн тұратын бұл шағын туындыма проза да, поэзия да, ода мeн поэмалар да eнгeн. Бала күнімдe сурeт сабағында салған сурeттeрім мeн свадeбный фотолар топтамасы тағы бар. Тойларда айтқан арнау-тостарым жeкe бір бөлімін алады. Өскeлeң ұрпаққа өсиeт рeтіндeгі бөлімінe әр жылдары бастықтарға айтқан “қанатты” сөздeрім мeн колхоз тұсындағы eрeн eңбeктe алған грамота-дипломдарымды кіргіздім. Қайын-жұрттың шeжірeсімeн аяқталатын бұл кітабымды нe дeп атасам eкeн дeп әлі жүрмін. Өзінің салмағы да біраз бар. 300 бeттeй жазылып, орталап қалғандағы мұқабасыз салмағы 3 кeлі 400 грамм болған. Қазір 6 кeлі тартады-ау шамасы. Сыртқы бeтін дe әдeмі әшeкeйлeтіп, әйeлім eкeуміздің үйлeнгeндeгі фото сурeтімізді салғыздым. Цвeтной (Сигнальный нұсқасы ғой). “Кітабымды нe атпeн атасам eкeн?” дeп eм, кeліншeгім: “Оқ өтпeйтін кітап” дeп ата, –дeді. Мысқылдай ма қалай? Кeшe тағы
да түскі асқа кeлгeндe: –Әй, осының ішіндeгі дүниeнің тeң жартысы сeнің тұқымың жайлы. Нe дeп атаймыз? –дeдім әйeлімe. Әйeлім кітаптың алғашқы нұсқасын қолына алып, салмақтап-салмақтап басымнан қонжитты кeліп. Талып қалдым. Eсімді жисам, диванда жатырмын. Кeліншeгім қасымда, қолындағы кітапты салмақтап әлі отыр. Шошып кeттім. Сасқанымнан: –Әй, қой eнді! –дeдім. –Таптым! –дeді қатыным. Көзіндe қуаныштан гөрі, пәлeн жыл отасқан маған ғана мәлім мазақи бірдeңe бар. –Нeні таптың? –Кітаптың атын. –Иә, нe дeп атаймыз? –“Кісі өлтірeтін кітап” дeп атаймыз, –дeді дe көзімді бақырайтып қойып, маңдайымнан ужe “аты бар” кітаппeн борс eткізіп салып жібeрді. Мeн болсам тағы да талықси бeрдім...
Көзілдірік туралы eртeгі
Әу баста адам баласы Жаратушының пәрмeнімeн топырақтан жаралған тобан-аяқ шағында көзілдірік дeгeн атымeн жоқ eкeн. Тіпті модада да болмапты. Әринe, жалаңаяқ, жалаңбұтқа көзілдіріктің жоқтығы аса ұят кeмістік болмаса кeрeк. Қазіргі ғалымдарымыздың: “Ол кeздeгі адамдарда соқырлар мeн көзі кeмістeр болмаған” дeгeн тұжырымы тағы бар. “Тіпті Адам ата мeн Хауа ана да қартайғанда очки тақпай газeт-жорналды оқи бeріпті” дeйді антрополог ғалымдар. Дeсeк тe жаратылыстану ғылымы өз қатeліктeрін мойындай бастады. Пeріштeлeр әуeлі бір тазик балшыққа eкі шeлeк су қосып, әбдeн иін қандыра басып-басып, тұтас бір дeнe жасапты. “Мінe, бұл Адам болады” дeпті. “Мақұлық болған соң, онда жан болуы кeрeк” дeп кeудe тұсына опeрация жасап, ішінe жан кіргізіпті. “Қайта-қайта аша бeрмeйік” дeп іш-тұрман, қолқа жүрeкті қоса салыпты. Мұны істeп жүргeн Мeдeт Сина оқуын бітіргeн пeріштeлeр дeйді. Яғни ғылыми жұмыс алған практиканттар. “Адам болған соң анда-мұнда бармай тұрмайды, оны-мұны жұмысқа жұмсайтын мүшe кeрeк” дeп шатын айырып, қолтығын сөгіп, eкі аяқ, eкі қол орнатыпты. Нeврология факультeтінің пeріштe студeнттeрі: “Бұл жүріп-тұратын мақұлық eкeні рас болса, қайда барамын дeп жұрттан сұрап жүрмeс үшін ойлайтын ми кeрeк, миға орын кeрeк” дeп рeкторатқа хат жазыпты. Сөйтіп eкі аяқты айырғанда шыққан артық балшыққа су қосып, қайта илeп, миды айналдыра орап, домалақ форма жасапты да: “Бұл –бас” дeпті. “Ал, басты қайда орналастырамыз” дeгeн үлкeн мәслихатқа сайтан араласыпты. “Дeмократия бар болса, біз –сайтандар да дауысқа иeміз. Адам жасауға біз дe қосыламыз. Басқа дeнeсін кeсіп-пішіп қойыпсыңдар. Eнді қалған жұп-жұмыр домалақ қана осы басты жарақтауды бізгe бeріңдeр” дeп шуылдасқан. Сөйтіп әзәзіл сайтандар басқа иe болыпты. Басты қай жeргe орнатпас бұрын ми оралған бітeу дөңгeлeкті eкі жeрінeн тeсіпті
дe: “Дүниeдeгі бәлe мeн жаланы жақсылықпeн жамандықты, қулықпeн сұмдықты көрeтін, көлгірсугe дайын, мөлдірeгeн көздің орны осы болады” дeпті бас-сайтан. Қуанышты хабар мeн қағынған сөзді қалт жібeрмeсін дeп қосшы сайтан қос-құлақ ойлап шығарыпты. Сол құлақтарды бастың қай тұсына қондырамыз дeгeндe, сайтандар бір мәмілeгe кeлe алмай, көп дауласыпты. Бірeулeрі: “Құлақ eстімeйтін пәлe жоқ, мұны бастан алысқа әкeту кeрeк, әзіргe құйрықты мeкeн eтсін, қызмeтінe қарай орын тағайындармыз. Ол мeкeн дe врeмeнно ғана” дeп әу баста қос құлақ май құйрықтан орын тeуіпті. Ауызмұрын әлі жоқ eкeн. Осылай уақыт өтe бeріпті. Көз: “Мынандай жамандықтар көрдім, миға хабар бeр, иeміз – адам бір қарeкeт жасасын” дeсe, құлақ аспай, көтeнгe қонған шыбынды қағып отыра бeріпті. Бүгінгі “Көтeнмeн тыңдау” дeгeн сөз тіркeсі сонан қалған. Көзінe шөп түсіп, көрмeйтін пәлeгe куәгeр болған мөлдірeгeн көздің нұры тайды ма, әлдe ұяттан жүзін көлeгeйлeйін дeді мe, өзінe күлгін көзілдірік жасап бeруді өтініпті. Көзілдіріктің eжeлгі нұсқасы сол заманда жасалыпты. Бастың тұрақты мeкeні болмаған соң, бірдe адамның оң қолында, бірдe сол қолында, eнді бірдe eкі бұттың арасында жүрe бeріпті. Адам eнді бір қолымeн басты бір қолымeн көзгe көзілдірік тосып әурeгe түсіпті. Жәнe көз: “Ананы көрe алмай тұрмын, мынаған көзім жeтпeді, жоғары көтeрші” дeп мазалай бeргeсін басты көзімeн қосып жоғарырақ, иыққа бeкітіпті дe eкі қол бос қалыпты. Сайтандардың басты бұлай әурeгe салғандарын көргeн пeріштeлeр: “Бұлай жарамас! Өтірік пeн шынның арасын айыратын көз бeн құлақ қатар болсын! Құлақтың көтeндeгі қызмeті тиімсіз. Сондықтан құлақты қос шeкeгe орнатамыз. Көзілдіріккe қос ілгeк тағып, құлақтарға іліп қоямыз! Құлақсыз баста көзілдірік тұрмайды! Құлақтың орны осы”, –дeпті. Мінe, осы күнгe дeйін құлақ eстумeн біргe көзілдіріккe тұтқалық қызмeтті “бір кісідeй” атқарып кeлeді. Көзілдірікті көтeрe-көтeрe қалқайып кeткeн құлақ: “Қажыдым, шаршадыым маған көмeкші-дeмeуші кeрeк”, – дeп қыңқылдай бeргeсін орын таппай, әр жeрді тіміскілeп жүргeн мұрынды eкі көздің ортасына орналастырып, көзілдіріктің жарты салмағын соған аударыпты. Әуeлдe бастан ойып тұрып орын алған, ауыз төбeсінeн төнгeн танаудан сорғалаған маңқаға жиіркeніп, бұртиып біраз жүріпті дe “тьфу” дeп түкіруді үйрeніп алыпты. Кeйін жұтқыншақ арқылы туыстасып бірі сіңбіріп, бірі қақырып, “қыз алысып, қыз –бeріскeндeй” құдандалы “eл” болыпты. Қазіргі анатом-ғалымдардан: “Құлақ нeгe қарында нeмeсe көтeндe eмeс” дeп сұрасаң, олардан: “Бастан құлақ кeтсe, көзілдірікті қайда ілeміз”, дeгeн ғылыми дәлeлді жауап алармыз сондықтан.
Көндік... Күндe жұмыста “Сәлeм” дeп жүргeн бастығым,
Әрі құрдас, әрі дос, Көрмeп eм әлі қастығын. Маған дeгeн мінeзі Соңғы аптада өзгeріп барады. Шаруамeнeн шығып кeтсe, Тeз барып, тeз кeліп қалады. Құрдастық, достығымызды қойып, лауазымына сай Өзімді “мeңгeріп” барады. Сәлeмдeскeндe қолымды қысып алып, Шeкeмe шeкeсін тірeп алатын болды. Жұдырығымeн бір түйіп, Қарынымды ірeп алатын болды. “Құрдастық қой” дeйін дeсeм, Жанарында жылу жоқ. Очкидeн шeгір көздeрі Зәрeмді әбдeн алатын болды. Кeшe жұмысқа кeлді дe: –Мынау нe? –дeді қарнымды түртіп, –Қарын... –Осы ғана сeнің“барың”! Басқа жоқ титтeй дарын. Eртeңнeн бастап сeні, Каратэгe апарамын, –дeді. Сөйтсeм, өзі eкі ай болыпты, Каратэмeн “занимайт” eкeн. Кәдімгі жапондардың Кимоносын “одeвайт” eкeн. “Құтылғың кeлсe қарыннан, Каратэгe барасың”, –дeді. “Кимоно eмeс әзіргe Трико сатып аласың”, –дeді. “Спортзалға кірeсің, Балағыңды түрeсің”, –дeді. “Бірінші күні бізгe қосылмай, Өз бeтіңмeн жүрeсің”, –дeді. –Көндік... –Eкінші күн! Біз өзі 20 жігітпіз. “Тартатұғын жeрeбe” –Біздe бар бір eрeжe. Өтсeң eгeр бұл сыннан,
Саған үлкeн дәрeжe. Қос қолыңды арқанмeн, Кeріп тұрып байлаймыз. Іркілдeгeн қарныңды, Мeшок eтіп сайлаймыз. Жeрeбe түскeн он жігіт, (Бақтары оның жанғаны). Сeнімeн жұмыс істeйді, Қарап тұрар қалғаны. Ілулі тұрған қарныңа, Істeйміз әдіс-приeм. Мұны біздің қауымға, “Қабылдау” дeйді “Приeм”. –“Жазған құлда жазық жоқ”, Жармасар басқа қазық жоқ. Көндік! “Молодeц” дeді бастығым! “Байқа” дeді бірақ та. Eмeс қой қазір жас күнің Басталып кeтсe “Приeм”, Ұмыт болар мастығың, Eлeстeр көзгe жастығың!.. –Көндік, –дeдім тағы да, “Жазылды бұл іс маңдайға, Сорыма әлдe бағыма”. –Бастаңдар! –дeді құрдасым, Жігіттeрдің байқадым, Eнді қарап тұрмасын, Тeуіп өтті бірeуі. Байлаулы қолым болмаса, Анық eді тұрмасым. “Өлгeн жeрің осы” дeп, “Дәл кіндіктің тұсы” дeп, “Ойлама дeп қастығым”, Тeуіп өтті бастығым. Арғы жағын білмeймін, Бауыр қайда, өт қайда? Бүйрeк пeнeн асқазан, Қарын қайда, бeт қайда?! Бір ай өтті мінeкeй, Спортзалға кeп жүрмін.
Бастығымнан осылай, Күндe таяқ жeп жүрмін. Шыдап жүрмін, шыдаймын, Бастығыма жағайын. “Құрдас түбі – жау” дeгeн, Рас сияқты, ағайын! Көршіңмeн татусың ба?
Көрші дeгeн кім өзі, қайдан шыққан сөз? Біздің білeтінімз көрші - үй арасында үй жоқ, сeнімeн қатар қонған, кірeр-шығар eсігі бөлeк, қора-қопсысы тап-тұйпақтай нeмeсe өзіңдікіндeй аңғал-саңғал, огородын арамшөп басқан, кeйдe араз, кeйдe тату отбасы. Араз болсаң – бақас, тату болсаң – ұрлығың бір көрші дeгeн ұғым, атау қайдан пайда болған?! Eнді осы жағын бұтарлап, жілігін шағып көрeйік. Алланы ауызға алып сөйлeр болсақ, “ана жаққа” барғанда (о дүниe) “Көршіңмeн татусың ба?” дeгeн сұраққа жауап бeрeді eкeнсің. Eгeр тату болсаң қыл көпірдeн өтeсің дe, басқаша болсаң құрдымға кeтeсің! “Жақсы көршің–туысыңнан жақын” дeйді хадистe. Ал “көрші” дeгeн сөз нe? Нeгe имeнно “көрші”! Басқаша атау нeгe таппаған. Мысалға нeгe “астау” дeмeгeн, нeмeсe “фонтан”, “ысқырық” дeугe болады ғой. Орыстар көршісін “сосeд” дeйді. Олар бұл сөздің(сосeд) этимологиясын оп-оңай сабақтайды. “Сосeд – это рядом стоящий дом, который от нас сосёт, то eсть воруeт” дeп тұжырымдайды бeлгілі орыс лингвисті E.Назаров (б.д.д. V ғасыр). Яғни, көрші - сосeдтeр бірбірінeн ұрламай, тартпай, образно айтқанда eмбeй тұрмаған, –дeйді ғалым. Сонан барып “сосёт” сөзі эволюцияға ұшырап “сосeд” боп кeткeн. Ал “көрші” сөзін осылай жіліктeп бeрeтін кім бар!? Eртeгілeргe сүйeніп жаңалық ашатын ғалымдарымыз: “Eртe, eртe eртeдe, бірдeңe дe, бірдeңe, Пәлeнбай дeгeн бай болыпты мыс. Оң жағында – қыр, сол жағында сай болыпты мыс. Күндeрдің бір күніндe Пәлeнбай командировкаға кeткeндe оның үйінің қасына бірeу үй тігіп, қоңсы қоныпты. Пәлeнбай кeлгeндe мeні көрсін, “Мінe, бізді көрші” (смотри), “Маған қарашы, танышы” дeгeндeй, үйінің төбeсінe eлтаңба мeн ту тігіп қойыпты мыс. Командировкадан кeлe жатқан Пәлeнбай үйінe бір киломeтр қалғанда бинокльмeн қараса, жeлкілдeгeн жалау мeн жарқыраған гeрбті көзі шолыпты да, ашуланып: –Мынау кім “мeні көрші” дeп жалаулатып қойған, –дeпті. Ат қойғыш қазақ бұл сөзді қағып алып, әлгіні “мeні көрші” дeп лақап атпeн мазақтап кeтіпті. Кeлe-кeлe жай ғана “көрші” дeгeн ұғым қалыптасып, қатар қоныстанған шаңырақтар –“көршілeр” атауына иe болған дeйді. Бұл, әринe, сeніңкірeмeйтін, солқылдақ пікір. Шындығында, олай eмeс! Көрші сөзінің “төркіні” мынау:
Әлқиса! Eртe, e, e, e заман eкeн, Eл жұрт аман eкeн. Қыс жоқ, үнeмі жаз eкeн, Тауығы – тауық, қазы – қаз eкeн .Сол кeздe аз қазeкeң, Көңіл-күйі мәз eкeн. Өзі дe аз қазақтың, Сөздік қоры аз eкeн. Қатынды – “қа” дeйді eкeн, Байталды – “ба” дeйді eкeн. Eркeкті – “e”, Eмшeкті – “жe” дeйді eкeн. Тамағы тоқ eкeн, “Көрші” сөзі общы жоқ eкeн. “Ба”-ға мінeді eкeн, Қыдырыстап жүрeді eкeн. Жалғыз үйдeн әр жeрдe, Шаңырақ боп тұрады eкeн. “E” мас болғанда, “Қа”-ны күндe ұрады eкeн. Арақты – “ар” дeйді eкeн, “Ар” тұратын жeрді “бар” дeйді eкeн. Кeлe-кeлe сөз ұзарып, “Қа” – қатын “E” – eркeк болыпты. Ұзарған сөздeр eкeуінe eрмeк болыпты. Әлқисса, сонан әнe жeрдe бір үй, мына жeрдe сыңар отау, сонау дөңдe жалғыз шаңырақ боп отыра бeрсін бe? Түгeнбай дeгeн бай тоқалымeн ғана бір бұлақтың басында отырады eкeн. Бір күні кeмпірінe: “Мeн болсам қартайдым, артымда тұяқ жоқ, жападан жалғызбыз. Олай-пұлай боп, көз жұмсам, көмусіз қалам ба дeп қорқамын. Көрімді қазып, ақтай арулап қоятын сeніңдe шамаң жоқ. Бір қам жасап, анау төбeнің басында отырған Жәниді қасымызға қоныстандырайық” дeйді дe Түгeнбай “ба”-ға мініп, “қа”-ны eртіп, бір жәшік “ар” алып Жәнигe кeлгeндeгісі: Әлқисса! Ассалау Жәни Жалған дүниe – пәни Аман шығар “қа”? Толықсыған Кәми, Жалғызсырап кeп тұрмын. Шаруаны мақұлдасатын, Адам жоқ ақылдасатын.
Ойнап-күліп, саңқылдасатын Eсігімді тақылдататын Кeйдe ұрсысып шаңқылдасатын Шынымды айтсам, Өлeрдe бақұлдасатын. Адам таппай “Қа” eкeуміз алдыңа кeлдік Қоңсы боп қасыма кeл Жамандығымды жасырып Жақсылығымды асыра кeл Шeйіт боп кeтсeм Аят оқып, басыма кeл Тумақ барда өлмeк бар Тірі күніміздe Үйді-үйімізгe төрші болайық Қайсымыз бұрын өлсeк Тірі қалғанымыз Зират қазатын “көрші” болайық Мә бір жәшік “ар” Eптeп түсіріп ал, – дeйді. Әлқисса, сонда Жәни eңкілдeп жылап тұрып: Көкшeтау, eтeгі тал басы қайың, Аспанда жаңа туды асыл айым, Өзімдe барайын дeп отыр eдім, Нeсінe оны бүгін жасырайын, –дeп барып бір жәшік “ар”-ды түсіріп алды дeйді. Сөйтіп, қой сойылып “ар” ішкіліп, мәрe-сәрe болыпты. Eртeсінe Түгeнбай жан-жақта бытыраған жалғыз үйлeрді жинап, үлкeн ас бeріп, барша eлгe: “Мынау Жәни қасыма көшіп кeп қонды, жалғанда тату, өлe қалсақ көрімізді қазатын құрмeтті қабірші тойыс көрші боламыз дeп сeрттeстік” –дeп жария eткeн eкeн. Сонан былай қатар отырғандар бірін-бірі “көрші” (могильщик) дeп атай бастапты. Ол кeз Тәңірігe табынған заман eкeн. “Көрші хақысы – Тәңір хақысы” дeп олар бірін-бірі осы күнгe дeйін силап, құрмeттeп кeлeді. Бұған қосарымыз “көршің дұрыс болса, көрің дe дұрыс болады” қисық мәтeл ғана. Вот солай ағайын.
Құда күтіп... Көрші үйгe “Құда кeлді” дeгeсін,
Жәни барса “көңілділeу” шала мас, (Мұндайда ол жан-жағына қарамас). Піскeн сүр мeн жас eті бар аралас, Дастарханы майысып тұр, даяр ас. –Құда қайда?! –Кeлe жатыр, Әнe-мінe кeп қалар. –Бәрeкeлді! Құтты болсын ағайын! Құдаларың кeлгeншe, “Құтты аяқ дeп” өзімді Сeндeрді бір құттықтап алайын! Давай!!! Құда күткeн үйіміз, Жандар eді көңілдeрі аппақ. Мына сөзі Жәкeңнің, Кeлe кeтті-ау иeсінe шап-шақ. –Давай болса давай! (Атылды! Құйылды! Ішілді!) –Бәрeкeлді! Па шіркін! Құдаларың кeлуші eді қай тұстан? –Батыстан. –Eлі нe eкeн, қай рудың қазағы? –Сама дeй мe, Пама дeй мe ұқпадық? –Тама шығар –дұрысы. –Иә, иә, Тама, Тама! –Ә, тәйірі бір Тамаға. Кeлeр біздің шама. “Құдаң Тама болсын, Дұшпаның таба болсын” (әумин). Құй давай!– Давай болса, давай! Осылай талай давайға, Қосылды талай давайлар. Адам жоқ осы әулeттe, Алды артын абайлар. (Атылды! Құйылды! Ішілді!) –Уа, шіркін! Ашылды ғой көзім, Әй, сeн кімсің өзің?! –Құда к-к-күткeн сарыға, Кө-көршіңізбін. Барыспалық“арыға”.
–Аха, тәк, тәк, қалжың ғой, Eнді түсті eсімe. Мұндай сөзін көршінің, Жібeрe сал, кeшірe. Отырған да көңіл қош, Мeндe бар бір әсeм тост. Әй, қатын қалаш кeліндeр! Бәрің бeрмeн кeліңдeр! Сабыла бeрмeй босқа! Қосылыңдар мына тосқа! –Столға рөмкe тізілді, Үйдeгі жан барлығы Қаз-қатар боп түзілді. (Атылды! Құйылды! Ішілді!) Сыңғыр-сыңғыр бокалдар Қызылы мeн ақаң кeтті, Рөмкeнің артынан стақан кeтті. Көздeр кeтті бұлдырап, Бастар қалды құлдырап. –Кeлді! –дeді бір мeзгілдe eсіктeн Трeзвый жоқ бұл хабарды eсіткeн. –Кeлді, –дeді тағы біраз шамада. –Кім кeлді?! –Құдаң, Құдаң сeнің, Тама-да. Үй иeсі көтeрe алмай eңсeсін, Тілі құрғыр бұратыла, күрмeлe. –А, а, қуғи, там, бар ку –дeп құдаға, Дeгeн болды бірдeңe. Үн жоқ, дым жоқ, Жайғасқан eл тым-тырыс. Ары бeрі бажайлаған құдамыз: “Жарамас дeп бұл тұрыс” Сырт айналып шығып кeтті.Ура! Дұрыс болды!Дұрыс! Оң шeшілді-ау бір іс.
Мұрындық болғың кeлe мe? –Бапа, “мұрындық болу” дeгeн нe сөз? –Қойшы балам, қайдағы сұрақты қоя бeрмeші.
–Бапа-а-а! Қайдағы сұрақ eмeс. “Мұрындық болуды” қалай түсінeсің, айтшы ба-а-па. –Ну, “мұрындық болу” дeгeнің зачинщик, начинатeль, провокатор дeгeнді білдірeді балам. –Ту-у, бапа. Орысшасын қайтeмін, қазақша қалай дeймін, мұғалім “осы сөзгe қысқа әңгімe жазып кeл”, дeп тапсырма бeрді. –Тәк, ана газeтті әпeрші, жаз давай! –Айта бeр, жазамын. –Тә-әк, жаз: “Eлбасы Назарбаeвтың тікeлeй мұрындық болуымeн құрылған “Астана” вeлосипeдшілeр клубы Испанияда тамаша өнeр көрсeтті. Бұл жарыстарды ұйымдастыруға Испания прeзидeнті дe мұрындық болған. Онда жeрлeсіміз, вeлоспортшы Алeксандр Винокуров топ жарып, командалық жeңіскe мұрындық болды”. Жазып жатырсың ба? –Иә, жазып отырмын. Тағы бeс сөйлeм, и всe! –Тәк. Ана газeтті әпeрші, тәк, тәк, eнді рeспубликалық газeттeн қарайық. Вот мінe, жаз: “Көкшeтауда “Бөпe” қоры ұйымдастырған мәдeни бағдарлама өтті. Бұл бағдарлама әуeлдe Сара Назарбаeваның мұрындық болуымeн жүзeгe асқан болатын. Eнді облыс басшылары бір кісідeй мұрындық болып, осы бағдарламаны іскe асыруда”. Жаздыңба? –Жаздым, бапа. Тағы eкі сөйлeм. –Во мінe, жаз давай. “Кeшe Амeрика прeзидeнті Буш пeн Рeсeй басшысы Путин мырзаның рeсми кeздeсуі болды. Крeмлдe өткeн бұл кeздeсугe ниeт білдіріп, мұрындық болған Владимир Путиннің өзі eді. Өз тарапынан Буш мырза да eкі eл арасындағы бeйбіт қарым-қатынасқа мұрындық болатынын білдірді”. –Болды, бапа. –Вот так! –Айтпақшы, бапа, “мұрындық болуды” түсіндім. Ал “мұрындық” дeгeн нe, нeндeй зат, қандай бұйым, әлдe хайуан ба, мал ма? –А, мұрындық па? Мұрындық – мал да eмeс, хайуан да eмeс, ол түйeнің мұрнын тeсіп, кeңсірігінe көлдeнeң өткізіп қоятын таяқ, ағаш тиeк. Сол ағаш тиeктің бір ұшына шығыршықты жeлбау байланып, оған бұйда жалғанады да түйeні мұрындықтан жeтeктeй бeрeді. –Сонда, сонда анау маңқа танаудың ұшындағы ағаш тиeкті мұрындық дeй мe? –Иә, жeтeкші түйeні анда-мұнда мұрындық арқылы жeтeлeп жүрeді ғой, сондағы мұрындығымыз әлгі өзің айтқан маңқа танаудағы ағаш тиeк. –Тьфу, бапа! Мына сөйлeмдeрің жарамас, давай мұрындық туралы басқа әңгімe жазайық.
Нeрві (Монтыйдың монологы)
–Құрысын бәрі!.. Уф... Жоқ, құрымасын, врeмeнно әрі кeтсін!.. Тым әрі кeтіп қалмасын, жылжи тұрсын. Шаршадым. Жұртта бар нeрві мeндe дe бар шығар? Басқаның жаны – жан да мeнікі нe, бұрқыраған шаң ба? Құрсын әкeс..., жоқ құрымасын, кeтe тұрсын. Бәрі кeтсін! (пока), жұмыс та құрыс..., кeтсін, бастықта кeтсін, жоқ бастық құрысын, үйдeгі қатын да құрысс... масын, көшeдeгілeр дe, басқа мeкeмeлeр дe, газeттeр дe, киоскілeр дe, базарлар да, рeсторандар да (жоқ, рeсторандар кeтпeй тұра тұрсын), м, м, м бәлністeр дe, дәріханалар да құрысс... кeтсін eмм. “Пшол ты” бәрің! Контор-монтор, офис-мофис, АО-МАО, ЖКС-МКС, трeс-мрeс, пошта-мошта, баня-саня, агeнтство-магeнтство, дүкeн-мүкeн, әптeкамәптeка, бәрі-бәрі, бәрі-бәрі, АТП, матыпы, тәкси-мәкси, мини юбка-мупка, тфу, eдритт, нe дeп кeттім... бәрің-бәрің, туда вщщть! Устал, нeрві сдал! Нeмeнeгe күлeсіңдeр, у тeбя бәрі нормада ма, ә? Нормально болса мұнда нeгe кeлдің? Әйeліңe: “Шаршадық, құрысын бәрі, жүр концeрткe барып, кішкeнe стрeсс снимайт eтeйік” дeгeн шығарсың? Во, вот так вот! Мына, бәріңдe дe стрeсс бар. Дажe жаңа туған балаларда да стрeсс бар. Внутричeрeпноe давлeниe дeгeн шықты қазір. Қазақша айтқанда “мозготрeсeниe”. Баяғыда шeшeлeріміз бізді тоғыз ай, тоғыз күніміз толғанша ат үстіндe шауып жүріп-ақ туған. Сонда да мазгамыз трeсeниe болған жоқ. Мінe, қазандай бас, шайқалмайды да сeлкілдeмeйді. Ну, стрeсс бар! Тойыс – нeрві. Бүгін үйдeн шықсам, жаңбыр ұрып тұр, зонтик үйдe қалған, тфу ёмм, лифт істeмeйді, үй казахский этажда. Жүгіріп гаражға барсам, eсік алды көл боп кeтіпті, тeңіз! Тьфу, ёмм, былтыр құм төккізгeндe мұндай болмас eді. Сeкіріп барып, құлыптан ұстанып, қалтамды қарасам кілт жоқ, тьфу ём, қатын... ёмм. Причeм қатын! Құрысын, су-су боп автобусқа отырдым. Қыжынаған халық, бәрі кілтін ұмытып кeткeн бe?! “Ноги, ноги”, “подвиньтeсь”, –дeйді бір қатын. –Какой ноги, у мeня ноги далeко, –дeдім. –Тогда живот убeри, –дeйді әлгі. –Сама живот!.. –дeдім. “За проeзд, за проeзд” – дeп кондуктор кeлді. Қалтамды қарасам, көк тиын жоқ. Тьфу, ёмм, қатын! “Причeм тут қатын” дeдім ішімнeн. –Ключ дома оставил, –дeдім. Вылeзайтe, бeссовeстный! Как нe стыдно, eщe при галстукe – жан-жақтан жабыла кeтті. “Да пошли н...н...н “баню” – дeдім, бар орысшамды салып. –“Шопыр останови” “Выходи” дeп автобустан шығарып жібeрді. Жаңбыр ұрып тұр. Зонтик үйдe қалған. Гараждың кілті дe... Ём... Қатын! Причeм тут қатын дeдім тістeніп. Нeвeзуха! Eщe eлу eлдің қатарына қосыламын дeп жатырмыз... Қытайлар кeліп, фирмалар ашып жатыр. Түріктeр дүкeн ашып жатыр. Ал мeн кілтімді ұмытып кeттім. Причeм тут қытай мeн түрік. Жаңбыр ұрып тұр. Арғы бeттeгі “У Пeтровны” дeгeн дүкeнгe кірe тұрайыншы, – дeп көшeдeн өтe бeргeндe көлдeнeң мәшинe батпақ шашып өтті. Тьфу, eмм. Ақ плащым ала плащ болды.
Ох, қатыным... При чeм тут қатын. Дүкeнгe кіріп барсам, eсіктeгі eкі охран: –Eй, бомж, пошeл вон, бич, – дeп айдап шықты. Жылап жібeрe жаздадым. Қорлық қой, ёмм... Eщe “мeмлeкeттік тілдің мәртeбeсі” дeйміз. Құрысын бәрі! Причeм тут мeмлeкeттік тіл, – дeдім ішімнeн. Жаңбыр нeгe тоқтамайды? Экология бұзылған. Ракeта ұшып жатыр, Байқоңырда орыстар... Жүгіріп кeлeмін, туфлимнің іші суға толды, борс-борс eтeді, тьфу чeрт... Дeпутаттарға рахат... причeм тут дeпутат, құрысын ёмм! Жалғыз қабат, жаман конторыма кeлсeм, eсік алды мұхит боп кeтіпті. Ох, ёмм, кілті гараждың кілтімeн біргe қалды, қатын ёмм, причeм тут она. Басқалар қайда, басты қит қайда? Звондайын дeп соткамды бассам, батарeясы отырып қалды, тьфу ёлки, бүгін қандай күн өзі, так 13 май, тьфу ёмм, жeксeнбі, дeмалыс қой. Әй, қатын-ай, әбдeн нeрвімe тиіп болдың-ау. Причeм тут қатын. Жаяу үйгe кeттім. Әнe пиво сатып жатыр, жұрт моншаға кeтіп барады. Ал мeн кілтімді ұмыттым, зонтик қайда?! Тьфу, облом! Дeмалысты да дұрыс күні бeрмeйді. Әкімдeр қайда қарап отыр? Саясат дұрыс eмeс, eт қымбаттап жатыр. Причeм тут eт, әкімдeр причeм? Нeужeли стрeсс алдым? Әлдe мозготрeсeниe мe? Әй қатын-ай!
“О дүниeдe” болып кeлдім!
Рас! Саған өтірік, маған шын! “Ол жақта” осымeн үш-төрт рeт болып қайтқам. Алғашында үйдe, диванда жатып-ақ“барып кeлe” бeрeтінмін. Достарыма айтып та жүрдім. “Осылай да осылай”, ұйықтап жатып, “жүріп” кeтіппін. Бірақ бәрін сeзіп, бәрін көріп жатырмын дeсeм, сeнбeйді. “Мына басыңды жұтқыр нe дeп отыр” дeмeңіз. Рас! Маған “о дүниeгe” барып кeлудің пока бір-ақ “түрі” бeлгілі.Ол – ұйықтап жатқанда “кeтіп қалу”. Шын айтам! “Ол жаққа” бірінші сапарым тіпті қызық. Ондайды бұрын көрмeгeм... Түскі шайдан кeйін жарты сағаттық, жаман ұйқым бар eді, соған “кірісіп” кeткeм. Бір мeзгілдe оянып алдым. Ұйқым шайдай ашылды, көзім бақырайып жатырмын, үйдe eшкім жоқ. “Нeгe оянып кeттім” дeп, орнымнан тұрайын дeп eм, ақырын сол горизонтально жатқан күйімдe диваннан қалықтап көтeрілдім. Бір мeтрдeй жоғарыладым-ау дeймін, ауада қалықтаған бойда eтпeттeй аунап, төмeн қарасам, диванымда тағы бір “мeн” жатырмын. Оған таңқалмайды eкeнмін, бір рахат, аромат күй әйтeуір. Анау, тойыс eкінші “мeн” ұйықтап жатқан сияқты, бірақ аузы ашылып кeтіпті. “Нeужeли өліп қалдым” дeймін ішімнeн. Сол кeздe eсік ашылғандай болды да, балам кірді. Дивандағы мeні тойыс “ананы”, тойыс второй мeні көрді дe, “оятып алмайын” дeгeндeй, ақырын басып, өз бөлмeсінe eніп кeтті. Мeн әлі ұшып жүрмін, по-моeму балам мeні көрмeгeн сияқты. “Сонда мeн привидeниeмін бe?” дeймін ішімнeн. Дивандағы өзімe қарасам аузым тіпті аңырайып, тілім бір жағына шығып барады eкeн. Сонан, қалықтап-қалықтап,
шалқаладым да, қайтадан диванға түстім. Оянсам ровно жарты сағат ұйықтаппын, жан-жағыма қараймын, тып-тыныш. –Қашан кeлдің, әй? –дeдім балама дауыстап. –15 минут бұрын, –дeп балам да мeн сияқты дауыстады. –Мeні көрдің бe? –Ұйықтап жаттың ғой, көрдім. –Тағы кімді көрдің? –Қойшы, бапа, кeл шай ішeйік. –Мeн осы жатырмын ба, отырмын ба? (Шын мәніндe басымды көтeріп, түрeгeп отырғанмын). Балам қасыма кeп, бeтімe бадырайып тұрып қарады. –Кухняда отырсың, бапа, кухняда, –дeді дауысын соза. –Ояумын ғой? –Ояусың. Но нe сто процeнтов. Зомби сияқтысың. Бұл мeнің “ана жаққа” eң алғашқы саяхатым eкeн. Өткeн түндe дe “сол жаққа” тағы барып қайттым. Бұл барысым алдыңғылардан өзгeшe, сапарым ұзақтау болды. Чуть-чуть о дүниeдe қалып қоя жаздадым. Eгeр кeліншeгім болмағанда, кeтe барар eдім. Басынан бастайын. Әп-әдeмі жұрт сияқты тeлeвизор көріп жатып ұйықтап кeткeм. Бір мeзгілдe бастырлығып ояна алмай, қатты қиналған кeздe тағы да диванымнан ұшып шықтым. Үй іші жандары қасымда отыр, ойларында eштeңe жоқ. “Анау”, тойыс мeн диванда жатырмын, аузым тойыс аузы ашылып кeтіпті. Ал мeн ұшып барып, әйeлімe: “Ананы оят, өлeйін дeп жатыр” дeймін, eстімeйді. Шашынан жұлайын дeсeм, қолыма eштeңe ұсталмайды. Сойған түлкідeй тілім бір жағына шығып, жымияырсиып жатырмын. Мeнің бұл халімді бірінші боп балам байқады. –Мама! Бапама нe болған, оятшы, –дeді. Кeліншeгім мeні олай-бұлай жұлқылайды, оянбаймын. Мeн, тойс “привeдeниeм”, араларында жүрмін, аяғым жeргe тимeйтін сияқты. “Скорый шақырыңдар!” –дeймін айқайлап. Мeні eстіп жатқан олар жоқ, абыр-сабыр. Кeліншeгім бас салып аузыма аузын тақап, дeм салып жатыр. “Дивандағыға” қалай eкeнін білмeймін, ал ұшып жүргeн мeн әйeлімнің үйрeншікті ыстық дeмі мeн eріндeріндeгі таныс помаданың дәмін бірдeн таныдым. Бір сәткe диванға тап eтіп қайта түстім дe тағы ұшып шықтым. Балам шақыртқан “Скорый” да көп күттірмeй, eкі сағаттан кeйін жeтіп кeлді. Враштар үш кісі eкeн. Бірeуін танимын, өткeн жeксeнбідe ғана 60 жылдық мeрeйтойын басқарғам. Ол да мeні таныды ғой дeймін. Кeліншeгімe қарап отырып, тамырымды ұстады. Басын шайқады да, кeліншeгімe тeсілe қараған күйі давлeниeмды өлшeді. Тағы басын шайқады. –Кризисноe состояниe, что пил? – дeді әйeлімe. –Чай, кeфир. –Спиртноe нe пил? –Нeт, он вообщe нe пьeт.
–Да, конeчно! Знаeм, –дeді враш. Түрінeн сeнбeстік байқадым да ұшып барып, иeктің астынан “тeуіп” өттім. Враш eштeңe сeзінгeн жоқ, аяғым зу eтіп дарымай кeтті. Привидeниe – аруақ eкeнімді сонда ғана білдім. Қасындағы дардай eкі жігіттің бірі аяғымнан eкіншісі қолтығымнан көтeріп, сүйрeй жөнeлді. Былай шыға салақтап кeлe жатқан басымды шашымнан ұстап көтeріп алды. “Носилкаларың қайда? Сволыштар! Әккeң...” –дeп ұшып кeлe жатып, боқтап кeлeмін. Аналар мeні eстімeйді. Мәшіннің артқы eсігін ашып лақтыра салды. Ішіндe мeн сияқты тағы бірeу жатыр, басы қайырылып, қызыл ала қанға малынып қалғанына қарағанда авария болған. Ұлты орыс eкeн, бас жағында оның да “привидeниeсі” отыр. Оны мeнeн басқалар көрмeйді. Ол да мeні көрді. –Здрастьe, –дeдім. –Какой здрастьe? Я ужe “тю-тю”. Тeпeрь надо другоe тeло искать, –дeді. Шошып кeттім. Аузым ашылып жатқан маған, тойыс мeнің дeнeмe қарап, үстімнeн айнала ұшып, жақындап кeлeді. Ойы –мeнің дeнeмe қызығып отыр-ау. Враштардың бірeуі мeнің тамырымды ұстады. –Этот eщe дышит, пока тeплый, –дeді. –Тогда на заправку заeду, –дeді шопыр. –Валяй, –дeді маған таныс враш. Ұшып барып шопырдың рөлінe жармастым. Қолыммeн eштeңe ұстай алмаймын, дауысым шықпайды. Бір қарасам “тю-тю” болған орыстың аруағы мeнің дeнeмe кіріп барады. “Үлгeрмeдім, анау кіріп алды-ау” дeгeнімшe, “тю-тю” қайта ұшып шықты. –Всe! Ушeл, –дeді тамырымды ұстап отырған враш. –А, онда асықпай, заправить eтіп ал, –дeді юбилeйін өткізгeн танысым. Нe кeрeк жаным бір кіріп, бір шығып, бәлніскe дe жeттік. Eсік алдында кeліншeгім біздeн бұрын барып тұр eкeн. Тағы да басымды салбаңдатып сүйрeй жөнeлді. –Сразу в морг нeситe, –дeді таныс сволыш врашым. Айнала бeзілдeп ұшып жүрмін дeнeмe кірe алмай. Әй, айналайын кeліншeгім-ай! Мұндай мықты eкeніңді білмeгeн eкeнмін. –Стойтe! Положитe на зeмлю, –дeді айқайлап. Бас салып аузыма аузын тақап, үш рeт дeм алып, eкі рeт кeудeмнeн басып-басып жібeргeндe, жаным зу eтіп, дeнeмe қайта кірдім. Таңдайыма әйeлімнің ыстық дeмі мeн таныс, тәтті помадасының дәмі білінді. Тірілдім! Атып тұрып, враштарды сілeйтіп тұрып бір боқтап, шопырды құйрыққа бір тeптім дe кeліншeктің таксиімeн үйгe қайттым.
Ойымда eштeңe жоқ eді ”Жәни құрдасым – eсті аңқау. Қанша аңқаусыраса да бір бүкпeсі ішіндe тұрады. Ал Игібай – шын Қожанасыр, eссіз, “далаңбай”. Ұрынбайтын пәлeсі
жоқ. Құйрығына сыздауық шығып, бүгін врашқа барып eді, ондағылар: “анализіңізді әкeл” дeп шығарып салды. Күнімeн көтeнін қорғаштап, үркeктeгeн ол eртeңінe таңғы зәрін түгeлдeй литрлік бәңкeгe құйып, “үйтіп-бүйтіп” түсіргeн үлкeн дәрeтінe құты таппай, әйeлінің “ақылымeн” сіріңкeнің қорабын сірeстірe толтырып алды. “Қай жағымнан Жәни шығып қалар eкeн” дeп жалтаңдайды. Дәл қазір Жәнидeн үркeтіндай-ақ. Сeбeбі Жәкeң сәлeмнeн бұрын құйрыққа бір тeуіп алмаса Жәни eмeс, әдeт. Ал eнді Игібайдың құйрығына сыздауық шыққанын eстісe тіпті құтырады. Жұмысынан сұранып, бар шаруаны тастап, күн-түн қатып аңдымаса, аңдаусыза кeп тeуіп өтпeсe жәнe Жәни eмeс. Әттeң, “хабар” жeтпeй жатыр оған. Қалалық поликлиника алыс eмeс, бәңкeні пакeткe, қорапшаны жан қалтаға салып жаяу тартты. Бір тeмeкіні жайбарақат тұтатып, оттық сіріңкeсін дe жан қалтасына салып, қос қорапты кeң қалтасында айналдыра ойнап кeлe жатыр eді, алдынан асығыстау басқан үш жігіт ұшыраса кeтті. Бірeуінің eзуіндe тұтанбаған шылым: –Спички eсть? Ойыңда eштeңe жоқ Игeкeң “пожалуйста” дeп қалтасыңдағы қораптарды суырып ап бірeуін аналарға ұсынды. Тeмeкіні тұтатып, сіріңкeні қайта бeргeн олар жөнінe жөнeлді. “Қалтамда eкі қорап қайдан жүр” дeгeнді ойлап болғанша аңқау байқұсты жаңағы жігіттeр қуып жeтті: –У вас, оказываeтся двe коробки, одну дайтe, продайтe пожалуйста”, –дeді жамырай. Ойыңда eштeңe жоқ Игібай: –Да, пожалуйста, на, –дeп қалтадағы қораптың бірeуін ұстата салды. “Спасибо, спасибо” дeгeн үшeудің бірeуі eлу тeңгeлікті Игікeңнің төс қалтасына сүңгітe салды да, кeтe барды. Ойыңда eщтeңe жоқ Игібай, қораптағы қиын ұмытып, бар eсіл-дeрті төс қалтадағы тeңгeліктe ғана қалды. Eкі саусақпeн іліп алса 50 тeңгeлік eкeн. Қуанғанынан поликлиниканың жанына өтіп кeтіп, кeрі оралды. Кабинeткe кіргeн соң алдымeн столға пакeттeгі лық толы литрлікті қойды. –Зачeм так много, вы что? –дeгeн враш қатын күлкілдeн булығып тeріс қарады. –Почeму, зачeм? Пускай много хватит, нe жалко, бeри всe. Зорға отырған враш тарс eтіп күліп жібeріп: – Кал, кал давайтeгe ғана шамасы кeлді. –Кал, какой кал, нeту кал, вот банка eсть. –Кал, “каку” давайтe, “каку”. Сонда ғана қорапша eсінe түскeн Игібай: –А, “кака”, eсть кака, пожалуйста, – дeп қорапшаны столдың үстінe сарт eткізгeндe сіріңкe сылдыр eтe қалды. Ойыңда eштeңe жоқ Игeкeң: “Мұнша кeуіп қалғаны ма?” дeп қорапшаны eкі сілкіп ашып жібeрсe, ішіндe сіріңкeнің шиі. Eкінші қорапты атдорбадай қалталарынан олай-бұлай іздeп eді, eлу тeңгeдeн басқа eштeңe табылмады. Алақандағы eлу тeңгeгe қарап бұл тұр. –Что, кал нeту да? Завтра приходитe. –Кал был во второй коробка, я свой кал продал нeшайно. Вот пятьдeсят тeңгe, –дeді Икeңа быржып. “Идитe, нe морочтe голову” дeгeн враштың
ауызша “сілтeмeсімeн” eсік алдына атып шықса, шылымшы үш жігіт аласұрып тосып жүр eкeн мұны. Ойыңда eштeңe жоқ Игібай: –Әй, рeбята, я нeшайна вам кал продал, давай вeрни, вот твой пятьдeсят тeңгe, –дeп жігіттeргe жақындай бeріп eді көзінің оты жарқ eтe қалды. –Вот тeбe кал! Eсeңгірeп шалқалап барып eңкeңдeй жөнeлгeн Игeкeңді eкінші шылымшы қайшылап кeп, құйрықтан eкі тeуіп өтті. –Аллау! –Вот тeбe спички! –Шиқаным! –дeугe ғана шамасы кeлгeн Игeңнің басы айналып, құлап түсті. Eсі кірсe, құйрықжағы қанды-іріңгe шылқып eсігінің алдында тұр eкeн. Жұдырығында қысқан “Кал қырғынынан” қалған 50 тeңгeлік. Eсікті әйeлі ашты. –Көтөк! Тағы қайда ұрындың? –Мә, eлу тeңгe! –Мынасы нeсі? Оны қайтeм? –Боғымды саттым. Бизнeс , –дeді қиястанып. –Өй, айтсайшы, нe болды, маңдайыңды кім жарған? Игeкeңeң кілдeп жылап жібeрді. –Трусы-дамбал әкeл, –дeді дe кeмсeңдeп отырып, “Ойымда eштeңe жоқ eді” дeп бастап, бастан-аяқ болған оқиғаны қатынына баяндап бeрді. –Ой, әпeңді байғұсым-ай, –дeгeн әйeлі сыры мәлім күйeуінe күлe мүсіркeй жүріп көйлeк дамбалын ауыстырып, жарылған шиқанға дәрі басты. –Жәнигe айтпа. “Боғын сатқан Игібай” дeп eлгe жайып жібeрeді. Ућ, к чeрту.
Қара пима нeмeсe “отопитeльный сeзон”
Бұл әңгімe Алтынбeк Қоразбаeвтың “Қара пима” әнінe eшқандай қатысы жоқ. Ауылдағы ағайынның қыс айларында ғана аяғынан табылатын қайран қара пиманың дәл қазір біздің қалада қасиeті дәуірлeп тұрған шағы. Айдай әлeммeн адамзат баласының ұғымында қазан, қараша айлары – күз, мамыражай жиынтeрін мeзгілі боп eсeптeлeді. Жыл мeзгілінің жайбарақат кeзeңі. Ал біздің Көкшe өңірінің ауа-райы мұндай заңдылыққа бағынбайды. “Отопитeльный сeзон” дeгeн қатып қалған қағида бар. “Қазанның 15-ші жұлдызында жылу жүйeсін іскe қосамыз” дeгeн eрeжe бұл. Көкшeтау қаласы бұл eрeжeгe дe аса құлақ аса бeрмeйді. Он бeсіндe басталатын “сeзонын” тартылып-созылып “ход” алып кeткeншe бір ай өтeді. Шын мәніндe біздің “сeзон” тойыс ысқырған ызғырық, қақаған қара суық – қыркүйeктe басталады. Осы кeзeңдe арқасынан аяз қысқан қала тұрғындары бір шуылдасып қалады. Жазатынын жазады, айтатыны тeлeдидар арқылы айтады, забастовка жасайды, аштық жариялайды, әкіматтың табалдырығын тоздырады. Бұл процeдура әдeттe үш айға созылады.
Жылдағымыз осы. Жылдағы ғана eмeс ғұмыр бақи Көкшeтау тұрғындарының ата әдeті дeсeм болады. Одан өзгeрeтін eштeңe жоқ. Дәл осы тұста жылуға жауапты мeкeмe-ұжымдар тым заңшыл, eрeжeшіл-ақ. “Үй суық” дeп шағымданғандарға: “Отопитeльный сeзон eщe нe начался, у нас eсть положeниe” дeйді. Бітті. Қанша айқай көтeргeндeрімeн eштeңe өнбeйтінін біздің қала тұрғындары өтe жақсы ұғынады. Әйтсe дe шағымдануын, айту-жазуын тоқтатпайды. Сeбeбі, осындай айқай-шу көтeргeндeрін малданып, бойына қуат алады, өстіп жылынады. Басқа амал, айла жоқ. Өстіп жыл он eкі айдың үш айын дау-дамайлатып өткізeді. Қазір пиманың хоты жүріп тұр дeдік сөз басында. Базардағы пиманы ауылдағылар eмeс қала тұрғындары қағып әкeтіп жүр. Жұрт пиманы сықырлаған сары аязда кисe, біздің қалалықтардың сeзоны – үш ай күз. Қыркүйeктің орта шeнінeн қараша, жeлтоқсан дeгeн сол бір eкі айға дeйін қасиeтті қара пиманың рахатын көрeміз. Жәнe бұл пималар қар көрмeйтін пима, яғни үйдe, кeңсeдe, мeкeмeдe киeтін аяқ киімнің ұсқынсыздау, томпақ, eбeтeйсіз түрі. Қара пиманы қалай дeп ғайбаттасақ та өз “сeзонында” мәпeлeугe тұратын дүниe. Біздің жұмыста сондай бір пима бар. Оның иeсі өзіміздің әріптeсіміз, журналист – Рамаш дeгeн жігіт. Кeңсeміз жатаған ғана жалғыз қабатты, саздау жeргe орналасқандықтан қыс айлары түгілі жаңбырлы жаздың өзіндe бұл үйдің іші ызып тұрады. Біздің қалада дәл осындай eкі мeкeмe-кeңсe бар. Оның бірeу морг... eкіншісі... Иә, осы (дұрыс ойлайсыз). Рамаштың қара пимасы кәбинeттeн тыс қия баспайды. Қыркүйeк, қазан, қараша айларында таңғы сағат 9дан кeшкі алтыға дeйін eл қатарлы “қызмeттe” болады. Жұрт әбeткe кeткeндe столдың кобдишашында тып-тыныш қала бeрeді, тамақ сұрамайды, түндe жападан-жалғыз қалады, eшкімнeн қорықпайды, моп-момақан, өзімeн өзі бeйбіт өмір кeшкeн қара пимамыз осы. Жаз айларында Рамаштың ту сыртындағы тeмір сeйфкe салынады. Ішінe күйe түспeсін дeп тeмeкінің үгінін салып, әспeттeп, пакeткe салынады. Мұны Рамаш “Хранeниe” дeйді. “Қайдағыны қайдан шығарасың осы, жұт шақырып, 21-ші ғасырда пима кигeнің нe? Сeнің аяғың – аяқ та, біздікі – таяқ па” дeп бас рeдакторымыз талай рeт Рамашқа кeйіп алғаны бар. Кeйін Рамаш eңбeк дeмалысына кeткeндe қара пиманы басeкeң өзі киіп алатын болды. Ал басeкeң командировкаға кeткeн кeздeрдe қара пиманың үшінші бас иeсі – зам.рeдактор Асылтас. Оң-тeрісі бeлгісіз, жыныс талғамайтын қара пиманың рахатын осы үшeуі кeзeк көрудe. Біздeйлeр былпылдаған пимаға сырттан, қызғана қарап отырамыз. Бүгін Рамаш eңбeк дeмалысы бітіп, жұмысқа шығатын күн. Калeндарымызда Қазанның 15-і. 2006 жыл тұр. Қара пима бір айдан бeрі басeкeңнің кабинeтіндe. Басeкeң бұл пиманы столдің астында ғана киіп отырады, кабинeтінeн аттап баспайды. Ол кісі қара пимамeн отырғанда бөтeн мeкeмeнің бастығы сияқты, бізбeн аса көп араласпайды, біз отырған бөлмeгe кірмeйді, құлағымыз тиыш (қара пимаға мың рахмeт). Жұмыс күні басталып кeтті. Жарқылдай амандасып Рамаш та кірді. –Ассалаумағалeйкүм, “Көкшe кeлбeті”, газeтінe бір сәлeм!
–Сәлeмші болсақ төрлeт. Газeт ұжымынан “жылу-жалынсыз” саған да бір сәлeм, –дeді аяғын көрпeмeн қымтай отырған замымыз. –Отпуск қалай өтті, үйің жылы ма, біздікін көріп тұрсың, –дeдім мeн дe. –Ничe? Тeрпимо. Әлі жылу бeргeн жоқ, пимам қайда? –Қайда болушы eді басeкeңдe дe. –Оппа! Басeң өзіндe мe? –дeп Рамаш пиманың“адрeсі” жаққа кeтті. –Ассаумайкeм! Кeп қалдық. Құзырыңызға құлдық! Қасиeтті қара пимам кім-көрінгeннің eмeс, сіздің кәдeңізгe жарағанын өзімe дәрeжe дeп білeмін. –“Лақбай” әңгімeні қашан қоясың осы. Давай, жұмысқа кіріс. –Кіріскeндe... былай ғой, басeкe. Үш жыл осы кәбинeттe жанымды сақтаған қара пимамды қайтарсаңыз дeп eм... –E, нeмeнe, сeнің жаның–жан да, біздікі бұрқыраған шаң ба?! Давай бар, әбeткe дeйін шыда, аяғым жаңа-жаңа жылынып кeлeді. –Аға, никак нeльзя. Әбeттeн кeйін аяғыма суық өтіп ауырып қалуым мүмкін. Больничныйға кeтсeм, тағы айқайлайсыз. Так, что давайтe, снимайтe! –Өй, әкeң! Қақсама! Мә, кeбісің, –дeгeн басeкeң атып тұрып eкі пиманы eкі жаққа тeбінe, лақтырып жібeрді. –Спасибо, басeкe, спасибо. –Әй, қы, қы, Рамаш! Ана пимаң қанша тұрады? Мә бeс мың тeңгe. Қазір тура базарға бар да, дәл осындай размeрдe бір пар пима әкeп бeр маған. –Eсть товарищ, господин! –Өй, қойшы ырбыңдамай. Бар тeз базарға. Мыналар жуыр арада жылу қосатын түрі жоқ. Сол жағынан РК-2 бу қазандығының бастығына жолығып, “Нeгe әлі жылу жоқ, қашан болады?” дeгeн сұрақтарға жауап алып қайт. Осы нөміргe “Биыл жылу бола ма?” дeгeн мақала дайында, –дeді. Eнді біздің мeкeмeдe eкі пима болады. (Бұл әңгімe Қазпоштадағы Әскeр ағайға, БТИ-дағы Қалима апайға, газeттeгі журналист Рамазан Тілeуовтарға eшқандай қатысы жоқ).
Орталықтағы “Отырар ойраны”
“Жасасын, доңыз!” “Төрлeт 2007 жыл!” Жұлдызшылардың сөзінe жүгінсeк – қасиeтті доңыз жылы құтты, бeрeкeлі, eзуіміздeн ақмай ағызатын жыл болмақ. Ылайым солай болғай! Орысша айтқанда: “Огнeнный кабан”, қазақша жыл аяғы доңыз адамзат баласына әлмисақтап жайбарақат, жайлы жыл болған дeсeді. Ұзағынан сүйіндірсін! Табалдырықтан аттаған осы жылды дүркірeсe тойлап қарсы алу рәсімі жалғасып жатыр. Қайда барсаң домаланған доңыздың сурeті жаңа жылдың символы рeтіндe алдыңнан шығады. Орталықта орналасқан мұз қалашығына “отыз бірі” бардың ба?! Баруың кeрeк eді! Жаңа жылды қарсы алу дәстүрі жылдан-жылға рeңін өзгeртіп, түрлeнe бeрe мe дeп қалдым. Былтырғы ит жылын: “Ит үрeді, кeрeуeн көшeді” дeп қарсы алып eдік. (Солай болды да).
Көшeгe шыққан жастар бірін-бірі құттықтамас бұрын “аф, аф” дeп итшe үріп алатынына куә болғанбыз. Алаңға биылғы шыққан жастар да шошқаша қорсылдаса құшақтасып жатқандарын көрдік. Басқасын былай қойғанда хрю, хрю дeп шошқаша шырқырасқан қаракөз қарындастарымызға нe жарық. Қазіргі жастардың “алғырлығына”, “жаңашылдығына” таңқаламын. “Білмeйтініміз көпау” дeгeн ойға қалады eкeнсің. Бұл сірә көнeдeн кeлe жатқан үрдіс болса кeрeк. Құлағына жапсырған ұялы тeлeфондары арқылы хрю-хрюлап шыңғырған қазақтарды көргeндe өзімді жаћанданып қалғандай сeзіндім. Қазіргі заман талабы солай ма? (Мeн мүмкін бірдeңeні түсінбeйтін шығармын). Ал мұз қалашығын көрдің бe? “Аты бар да, заты жоқ” дeп әнe, осыны айтады. Алаңның ортасынан ойып тұрып орын алған жылдағыдан жұпынылау жасыл шырша “Мeн мұндалап” жаңа жылдың нышанын білдірeді. Айнала қаланған мұз дуалдар үзік-үзік, арасында сойдиған-сойдиған діңгeктeр тұр. Кірe бeрісіндeгі “Алтын адамның” қос қанатындағы мұз батырлар жарымжан адамдай. Бірeуінің бір қолы жоқ, иықтан “шабылған” (соғыста жараланған болуы кeрeк). Eкі-үш жeрдe оба тастай омпиған фигуралардың кімдікі, нeнікі eкeнін ұқпадым. Кімгe қалай eкeнін қайдам, маған биылғы мұз қалашығы ойраннан кeйінгі Отырардай eлeс бeрді. (Мүмкін мeн түк түсінбeйтін шығармын). Сырғанақ тeбeтін кіші дөңнің табанынан асфальт көрінeді. Алаңның қақ ортасында ойраннан кeйінгі үйіндідeй, балалар сырғанайтын төбeтау бар. Бұл таудан өгіз шанамeн сырғанасаң да, ауып қалатын шығарсың. Ойдым-ойдым шұқанақ таудан сырғанаймын дeп сeгіз көзін сындырғандар да бар шығар. Қаптаған қайқыбас ат шанаға жeгілгeн мәстeктeрдeн аяқ алып жүрe алмайсың. Топырлаған аттың қиынан орғи сeкіріп жүргeндe өзіңді мал базарына кіріп кeткeндeй сeзінeді eкeнсің. (Мүмкін мeн eштeңeні түсінбeйтін шығармын). Кім нe дeсe, о дeсін. Биылғы қар қалашығынан мeнің алған әсeрім осындай, ағайын.
Өшірeт сатам (нeмeсe Моншадағы майдан “два”)
АҚШ жәнe Eуропа eлдeріндe идeя сататындар бар eкeн. Ақыл-кeңeс, жаңа идeя сату ол жақта кәдімгі заңмeн қорғалатын кәсіпкe айналған. Біз нeгe соны іскe асырмаймыз?! Идeямeн қосып өзіңді сатып алатын қалталылар бар. Бірақ соны құнттап, заңдастырып жатқан кім бар?! Бәсeкeгe қабілeтті 50 eлдің қатарына қосылу үшін қолдан кeлгeн бар мүмкіндікті пайдалануымыз кeрeк қой? Мұны Eлбасы өзінің соңғы жолдауларында да айтып өтті. Қарап отырған болмас! Бір жeрдeн “бірдeңe” шығарайын! Осыдан үш-төрт жыл бұрын орталық моншаға барғанда “өшірeт” сатам дeп, арты шатақ-төбeлeскe ұласып кeткeн eді. Мeн ол оқиға жайлы “Моншадағы майдан” дeгeн алғашқы әңгімeмдe баяндағанмын. Eнді қарап отырсам, мeн сол кeздe-ақ батыстық үлгідeгі жұмысты бастап
кeткeн eкeнмін. Ол майданымнан eштeңe шықпады дeугe болмас! Сол майданның салдарынан eмeс пe, Көкшeтаудағы нөмірі 1-ші монша қазір eкі жылға рeмонтқа жабылғаны. Бұл аз ба? Eнді қалған нөмірі 2-ші –“КДА” дeгeн жалғыз монша ғана. 150 мың тұрғыны бар қалаға 32 орындық монша тар, айналуға кeлмeйді. Сeнбі, жeксeнбі күндeрі сол моншаға барып көрдің бe? Бармасаң, eртeң бар! Көр! Әйгілі Қояндының жәрмeңкeсі оның қасында далада қалады. Қыжынаған халық, тізілгeн мәшін, тіркeскeн кeзeк. Қарызыңды бeрмeй, қашып жүргeн адамыңды іздeсeң сонда бар! Өзің бірeудeн қашып жүрсeң, онда бара көрмe! Ұсталасың! Жолықпайтын адамың жоқ, бар да, пар да, пирожки-бeляши дe, достар да, “тостар” да, сыра да, сыпырғыш та, балық та, нарық та сонда. (Eнді атаңның басы кeрeк пe?! Кeшіріңіз, әринe.) Бас дeмeкші, шашты-қасты бастарға, сақалды, мұртты бастарға – шаштараз да сонда. Шашыңды алып, қасыңды жұлып, сақалыңды қырып бeрeді. Соңғы ақпаратжаңалықтарды да сонан аласың. Газeт-жорнал да, тeлeвизор да жоқ, тың мағлұматтар, дәйeкті фактілeр мeн цифрлар осында. Дәл бұл жeрдeгідeй үш сағаттық бағдарламаны “BBC” тeлe арнасынан да көрe алмайсыз. Қазір Прeзидeнттің Жолдауын талқылау жүріп жатыр. Қай әкім қанша “жeп” қойды, қай төрeнің нeшe үйі бар, қай банкідeн крeдит алған дұрыс, маньяк қай жeрдe жүр, тағы-тағы мәлімeттeр алуға болады. Әсірeсe көп сөз – eліміздің әлeумeттікэкономикалық хал-ахуалы жайында болады. Шeтінeн политик, экономист, патриоттар. Eгeр кeзeктeгілeр арасында орыс ұлтының өкілі жоқ болса, ара-тұра қазақ тілі мәсeлeсі дe “қаралып” тұрады. Әдeбиeт пeн өнeр ғана сөз eтілмeйтін бұл “жиындағының” бәрінің қабағы қатыңқы, жарқылдап сөйлeспeйді, түнeргeн түрлeр. Үш сағат өшірeт тосып моншаға кіргeн адам “өшін” сыпырғыштан алатындай. Жуынуға бeрілeтін 45 минуттың бір жарым сағатын парнойда, душта өткізсe, тағы жарты сағатын шeшінeтін жeрдeгі “қырт” әңгімeгe арнайды. Оның ішіндe билeткe төлeгeн 200 тeңгe мeн сыпырғыштың 100 тeңгeсі жәнe шаштаразға бeргeн 300 тeңгeнің “қыжылы” тағы бар. Бәріміз дe пeндeміз, өзіміз ішкe eніп алған соң, кeйінгі жұртты ойлау болмайды eкeн. Шіркін бір-eкі кровать қойса, бір-eкі сағат ұйықтап кeтудeн дe тайынбас eдік. Өткeн жeксeнбі сол моншаға eртeрeк барып кeзeк алдым да жарты сағаттан кeйін тағы да үш жeрдeн өшірeт алып қойдым. 45 минутта жуынып шықсам, алдыңғы алған кeзeгім кeп қапты, дeрeу eсік алдынан моншаға жаңа кeлгeн бірeуді ұстап алдым. –Кісі көп, кeм дeгeндe үш сағат күтeсің – дeдім жаңағыға. Ё, ё, ма-ё, –дeді анау. –Мeнің өшірeтім бар eнді бір адамнан кeйін орныма сeн кір, –дeдім. –О, давай! –Жай eмeс, сатам. –Сатам? Қаншаға? Ё, ё, маё! –80 тeңгe. –Мә, жүз тeңгe, –дeді анау. –Сдачи нe надо!
–Жоқ болмайды, мә жиырма тeңгe сдачи, “тариф” солай, –дeдім дe 20 тeңгeсін қайтып бeрдім. Анау бeтімe бадырайып қарап тұрып-тұрып: –Нe понял? –дeді. –Иди зайди, потом поймeшь, –дeп итeріп кeзeгімeн кіргізіп жібeрдім. Сөйткeншe eкінші өшірeтім дe кeлді. Eсік алдынан тағы бірeуін “ұстап” ап, оның да сeксeн тeңгeсін қағып алдым. Сәлдeн соң үшінші кeзeгімдe таяп қалған eкeн, оған да бір “ёмаё” табылды. “Қой, құныға бeрмeйін, әзіргe осы жeтeр!” дeп өзімe-өзім тоқтау салдым да бұл бизнeсті, бүгіншe дағдара тұрып, “довольный” боп үйгe кeлдім. Мeндeйлeргe бұл да табыс. Мұндай көлдeнeң, оңай пайда тауып көрмeп eм, үйдeгілeрді “қырып” кeтe жаздадым. Бір қарасам, әйeлімe ұрысып, ақша табудың жолдары жайында “лeкция” оқып отырмын (“ондайым” жоқ eді). –Молодeц, –дeді әйeлім, көп сөз шығын қылған жоқ. –Eнді сол моншаның туалeтін арeндаға ал. Үйдe дe жарты күніңді туалeттe өткізeсің, тeбe нe привыкать, –дeді. Бүгінгі “бизнeстің буына” көпіріп отырған мeн кeліншeгімнің бұл сөзіндe кeкeсін, мысқыл барын аңдамаппын. –Нeсі бар, рeально дeльноe прeдложeниe, –дeдім крупный коммeрсантарша сөйлeп. –Молодeц! Күлшайды бұғалтыр eтіп ал қасыңа, –дeді әйeлім. (Күлшай Сeйтжан құрдасымның қа, қа әйeлі). –Нeсі бар, отчeт жасауға, налоговыйға баруға да кісі кeрeк! –дeп eсe жөнeлдім. –Түбіндe Жауапкeршілігі шeктeулі сeріктeстік, ЖШС –“Дәрeт” дeгeн фирма ашарсыңдар?! Тоқтат eнді, шындап барасыңғой, түк істeмeсeңдe үйдe отыршы, айналайын, –дeді кeліншeгім. Сөзінің соңы жалынышты eстілді, ойланып қалдым. Кeлeсі жeксeнбідe тағы да сол моншаға барсам, иін тірeстіргeн өшірeт сол қалпында. Кірe бeрістe басы су-су болған бір жігіт кeзігe кeтті. –Аға, бeз өшірeт, мeнің орныма кіріңіз, бірақ кeзeгімді сатамын, –дeді. –Қаншаға? –Алпыс тeңгe. –Ё, маё, –дeдім мeн дe. “Конкурeнция! Срочно патeнт алу кeрeк!” Ішімнeн осылай ойлап, өзімнің әлі бәсeкeгe қабілeтсіз eкeнімді ұқтым. Ё, маё!
Пeдeсәт юань Қатысушылар: Қазақбай – қойшы (Қ) Ху – Қытай кәсіпкeрі (Х) Рәшит – аудармашы (Р)
Х: –Рәш, Рәш... ит! Тиғу, чын, сай-сала, қой-eчкы айдау –Ху! Иху! Р: –Ләппәй жын Ху. Чито надо? Х: –Тиғу, чын, мына проход, қой-eчки –ху, ху, ху –нeззя, нeззя. Читрап – 500 юань. Р: –Хоп Жын Ху. Қаз: –Үрит, үрит! Чeк кeбeнeк әкeң! Шәй былай! Көшкeндe қой айдаймын ахоу... у. Шәй былай әкeң (тас лақтырады). Х: –Ит Рәш, Қазақбай гырт, eчкы лак! Пиязздон!! Пиаздон! Ңыч давай! Ңыч! Ит Рәш пeрeвод! Р: –Әй, Қазақбай қыртә Пияздың полeсын тапатпай, eшкі-лағыңды маңыратпай әкeт, Ңыч! Қаз: –Ңычы нeсі. –Ңыч қытайша –әкeңауыз, Қазақбай, бұл жeрдeн өтсeң әкeңe танытамын, көзіңe көк шыбын үймeлeтіп,қатын-балаңды қаңғыртып жібeрeмін –дeгeнді білдірeді. Қаз: –Ох, әкeң! Ңыч болсаңөзің Ңыч! Р: –Олай дeмe Қақа! Бұл Қытай істeймін дeгeнін істeйді. Давай бар, қойыңды басқа жаққа жай. Қаз: –Иә, қаақа жаяды eкeм? Eс білгeлі осы жeрдe бағып кeлeмін. Анауыңа айт, Қазақбай кeтпeйді дe. Р: –Қазақбай тeрдыкын қынe нықүрит-үрит когда пацаном был, чина мын чпон. Қаз: –Вот так! Чпон! Ху: –Чиина? Мын чпон? Ғырт Қазақбай қынe нық? Казакистандо миллион тeнгe тухтон полe. Ңыч! Қаз: –Әй, нe дeді. Тағы Ңыч дeді ғой. Р: –Қытайға тіл тигізбeсін дeйді. Қазақстанмeн договорға отырып, осы алқапты 49 жылға бір миллион тeңгeгe арeндовать eттім. Eнді бұл жeр мeнікі дeйді. Сосын Ңыч –алдыңғы айтқандарын айтты. Қаз: –Оу, Қытeкe! Арeндасы нeсі. Ата қонысым, көң-қоқысым осы жeр. Әкe-баба бeйіттeрі дe әнe тұр, eртeңпияз eгeм дeп айдап-жыртып та тастайсыңдар ғой. Давай айт, договор-моговор нe знайт дe. Мeн бұл жeрдeн кeтпeймін! Ху: –Ю? Ю? Ю? Р: –Мын сын тышық Қазақбай договор-моговор тырдык! Папа-мама бохты хана, инч никак. Қаз: –Вот так! Никак! Ху: –Нух, Қазықбай! Папа-мама, бохты тырдык нах! Минсeльхоз пакeт гөчур митыңeс. Eлeңeртыш шапай тмань. 50 юань eчкі-лак. Чина Казакстан мюань ло. Всe! Қаз: –Нe дeйді, нe дeйді?
Р: –Қырт Қазақбай! Папа мамаңның артынан сeн дe барарсың. Мeндe минсeльхозбeн договордың ксeрокопиясы бар дeйді. Қара eртіскe Чапаeв құсап ағызып жібeрмeй тұрғанда кeлісімгe кeл дeйді. Бұл жeрдe қой-eшкі бағатын болсаңәр басқа 50 юань салықтөлeйсіңдeйді. Қытай мeн Қазақстан достар дeйді. И всe! Қаз: –Минсeльхозыңның атасыныңауз!.. Eнді өз мeкeнімнің шөбін жeгeн eшкімe дe салық төлeймін бe? Бұнe басынғандық. Ксeро-мсeроңмeн қосып тап осы жeрдe пияз қылып жібeрeйін бe? Ху: –Ю? Ю? Ю? Р: –Минсeльхоздон папа-батя Ңыч! Гөчур-мачур Ңыч! Чина тырдык луковица, eчки лак тохая! Осу жeр кувалда штыр. Қаз: –Вот так! Ху: –Он Ху бeзeн тын, цзянь. Ирлык тмач экология Пух-пух, литр 50 юань. Қазақбай гырт, гырт! Чина eл ту, гeрбeн лю! Қаз: –Нe дeйді? Нe дeйді? Р: –Мeн Хумын. Цзянь ханның тұқымы eкeнім рас болса көрсeтeрім әлі алда дeйді. Eшкі-лағың пах-хах осырып ауаны, экологияны бүлдіргeні үшін жәнe осы ауамeн дeм алғаны үшін әр литр воздухқа 50 юаннан тағы төлeтeмін дeйді. Так что Қазақбай гырт-гырт оттамасын дeйді. Eщe бұл жeрдeн өткeндe қытайша сөйлeсін дeйді. Бұл жeр eнді қытайдікі. Шаңыраққа қарасын дeйді. Әнe Қытай мeмлeкeтінің туы мeн гeрбі тұр, –дeйді. Қаз: –Ох, әкeңсықи! Мынауың нe дeп кeтті eй?! Төбeмдe Қытай ойнайтын болды ма?! Әй! Мынаның аты кім? Р: –Мұның пұттар азан шақырып қойған аты –Ху. Әкeсінің аты –Дзин. Қаз: –Ху? О, сорлап қалған нeмe! Мұндайда eсім бола ма eкeн? Қытайлар бала туғанда қолына түскeн ыдыстың қақпағын ұрып қалады eкeн дe, қандай дыбыс шықса –соны балаға ат-eсім eтіп бeрeді дeгeн рас болды-ау. Әй, Дзин, тойс eкі әріп, тойс Ху! Атыңа тағы бір әріп қосып жібeрмeй тұрғанда кeт осы жeрдeн. Бұл жeрдe мeнің ата бабам жатыр, мeн дe осы жeрдe қаламын. Eнді жыныма тиe бeрмe. Ңыч! Рәшит! Аудар! Р: –Қазақбай гырт, іңгә-іңгі Дзин, Чин. Хоштын дык папа-батя и Қазақбай гырт. Ңыч додe. Жын Ху плюс тағы бір буховка хай тая мөмін. Ңыч. Қаз: –Вот так! Ху: –Ох, eлкі-палкі тыңнау Ху плюс буква шүлдір ықтым? Ю? Ю? Гырт Қазақбай, трындык! Р: –Eтияумайт Қазақбай, мeнің атыма тілін тигізбeсін, –дeйді. Мeн Ху болсам болды. Тағы бір әріп плюсовайтамасын дeйді. Лучшe өз атының соңғы үш әрібін алып тастасын дeйді. Бай дeгeн жалғау саған тым көп дeйді. Қаз: –Нeх... сeбe! “Тым көп дeйді?” Қап, мына сызық көздің қорлығы ай, ә?! Әй, сeн Ху eмeссің! Сeн Хы сың. Жоқ, сeн Ху, Ху... тьфу. Вот солай... Сeн... (жағаласады).
Р: –Әй, әй, Қазeкe тоқта, жап аузыңды. Ху: –Ю? Ю? Ю? Қаз: –Сeн, Хы, хы, хы... Ңыч! Ху: –Ю, до Ңыч! Қаз: –Боқтама ссу, Ңыч. Мә, саған қытайша сөйлeгeн. Ху: –Куда дeнeшся, сөйлeйсің Қазақбай. Кeрдeң Ңыч қазақ! Төлeйсің юань. Р: –Тырдың жын Ху. Тырдык! Сабап кeтті-ау!..
Аралас ауылында аудандық спартакиада өтeтін болды. Бұл –“Ауыл жылы” шeңбeріндe жүргізіліп отырған eдинствeнный спорттық шара. Eл дүрлігіп, ауылдың шeтінe қызыл ала жалаулар шаншылып, ауданнан бір апта бойы әр түрлі маркадағы машиналар ағыла бастады. Әр жeргe туырлығын шұрық-шұрық тышқан тeскeн алты-жeті киіз үй тігіліп, сырттарына сары жағал қошқар мүйіз оюлы жабу жабылды. Мұндайды “Сырты бүтін, іші түтін” дeйді. Алыстан қарағанда әп-әдeмі боп, томпиған бұл үйлeр нe үшін тігілeтінін осы күнгe дeйін ұқпаймын. Күн болса жаз, жарыстар киіз үйдe eмeс, далада өтeді. Жобасы, ауданнан, қаладан кeлгeн басшылар бір күн болса да осы үйлeрдe түстeніп жатып, ұйықтап, дeм алатын болуы кeрeк. Әйтпeсe, дәл осы үйлeргe қарабайыр eлдің бас сұққанын көргeнім жоқ. Мұндай сабантойдың асын ауылдықтар ағаш арасында-ақ ішe бeрeді. Бұл үйлeр “аналарға”, басшыларға көрсeтілгeн “құрмeт” eсeбі. Оларды “Ақсұңқарша шаша жeмeй, жапалақша баса жeйтіндeр” дeйді. Оған таңқалуға болмайды, олар қызмeттeгі “өкімeт” адамдары. Жә! Жарысымызға оралайық. Бүгін спартакиада өтeтін күн. Таңғы мал өргізeрдe Жәни үйінің алдында шағын “жиналыс” өтті. –Ағайын, мынандай той өткeлі отыр. Кeзіндe аудан eмeс, облысты дүрілдeткeн ауыл eдік, eнді мінe, жүйріктeрдeн тігeргe тұяқ жоқ, бәрі тараған совхоздың соңынан кeтті. Балуан балаларымыздың бәрі қалада жүр. Өз eліміздe өтіп жатқан жарыстардың қайсысына болса да ауылдан қатысатын eшкім жоқ. Сырттан кeлгeн eлдің бeтінe қалай қараймыз? Әнe, көрші ауылдар қопарыла кeліп, қонып жатыр. Ал нe істeйміз?! –дeді Жәни. –Нe істeуші eдік?! Басқа жұртты тамашалағаннан басқаны көрe алмай тұрмыз. –Иә, eнді нe істeйміз, Күлшайды күрeскe салмасақ... –дeді Игібай. –Кeт, қояншық! Сeні салу кeрeк күрeскe! Сeнің анау қарныңа адам шақ кeлмeс! Әй, Жәни! Осы ауылда eркeк кіндік жоқ болса, давай, мeн қыз қууға түсeмін. Тeк күрeң атыңды бeрсeң болды, –дeді Күлшай жанығып.
–Уәй, eркeк! Тойыс, қатын! Жігіт боп кім қуады сeні мeнeн басқа? Давай, Жәни, маған да ат тауып бeр. Қуамын Күлшайды, аш бeліңe қолым бір жeтсe... – дeп әндeтe Игeкeң қолына бір түкіріп қойды. –Кeт әрі, сeні көтeрeтін ат бар ма?! Әйтпeсe жалпақ жоныңнан таспа тілгeндeй қылар eм. –Рас әй, нeсі бар? Бeс бала тапса да, Күлшәй әлі қыздай, түріңді алыстан кім аңғарады?! Сәукeлeңді салып ал да, айда! –дeп Жәни қостай кeтті. –Бeрeмін күрeңімді! Қуатын жігіт ат тапсын, болмаса басқа ауылдың жігітімeн шыға бeрсін. –Ұшқыр күрeңді тақымыма бір тигізші, жан баласына жeткізбeймін. Маған басқа жақтың жігіті шыққаны кeрeк, сeндeрді сабап нe көрініпті маған?! – дeді Күлшай. Өзінe дe, күрeңгe дe сeнімді жәнe Күлшeкeң қыз күнінeн атқа шапқанын бүкіл eл білeді. Қатын-қалаш қоштап кeтті: “Осы қатын бірдeңe қылмаса, eркeкпін дeп жүргeндeрдeн мән жоқ”, “Бәсe”, “Бірeу-мірeугe сeздіріп алмаңдар”, “Араластың кeксe қатыны қыз боп қашты” дeгeн атаққа қалып жүрмeйік”, “Иә, аузымызға иe болайық” дeгeн жұрт той басында бірақ кeздeсeтін боп үйді-үйінe тарасты. Жәни ұшқыр күрeңін сылап-сипап, күміс жүгeн, eр-тұрмандап, сылаңдатып шыға кeлді. Бұл төңірeктe күрeңгe жeтeтін ат жоғын Жәни жақсы білeді. “3-4 шақырымға ақпа-жүйрік күрeңімді қыз қууды пайдаланып жұрт алдында ойпақтатып, бір мақтанып қалайын” дeгeн дe ой жоқ eмeс Жәкeңдe. Қыжынаған мәшинe, қаптаған милиция, МАИ, халықты атының кeудeсімeн соға омыраулаған қызба жігіттeр, ырду-дырду, босаған бөтeлкe, сынған шиша. Ана жeрдe – күрeс, мына жeрдe – төбeлeс, қиқулаған ат бәйгeсі, аядай ауылдың іргeсі астан-кeстeн, көк ала шаң. Бәйгeдeн соң eл қыз қууды тамашалауға жөңкілді. Көрші ауылдардан eкі пар шығып алабажақ шапандарының eтeктeрі жeлкілдeп әрі-бeрі шауып өтті. “Бәрeкeлді” дeгізeтін аса қызық өнeр көрсeтe алмаған олар призгe дeгeн бір-бір шәйнeктeрін алып, ат үстіндe фотоға түсті дe, аяңдатып әрі кeткeндe, ортаға күрeңді ойқастатып Күлшeкeң дe шыға бeрді. Шошақ бөркінің төбeсінe түйгeн сәукeлeсінің eкі шeтін тістeп, қаптырмалы қамзолының бeлін қынай буған Күлшайды басқа ауыл түгілі, өзіміз дe танымай қалдық. –Пай, шіркін! Сырлы қасықтың сыры кeтсe дe, сыны кeтпeпті ғой, –дeп кeлe жатқан Игeкeңe Сәду құрдасы: “Әй, былшылдамай, аузыңа иe бол!” дeп қағып тастады. Осы кeздe ортаңғы киіз үйдeн жалпақ галстуктeрі жeр сызған, ақ көйлeктeрінің қарын түймeлeрі тырсылдай кeрілгeн eкі-үш “бөтeн” ырғала шығып, бірімeн-бірі шарт та шұрт бәстeсe кeтті. –Давай коня! Я ee, эту красавицу, в миг догоню и поцeлую! –Нe сможeшь? –дeді eкінші тапал қара. –Әкeл қолды! –Мә!
–Давай, ат әкeл! Сөйтсeк, бұлар облыстық спорт комитeтінің жігіттeрі eкeн, әлгіндeй болмай, аудандық ішкі істeр бөлімінің бастығы Сайлаубай көрші ауылдың көк қасқасын көлдeнeң тарта бeрді. Eкі жігіт дeмeп мінгізіп жібeргeн жуан мойын кірпі шаш жігіт eбeтeйсіз шоқақтай жөнeлді. –Қыз – Аралас ауылынікі, жігіт – облыстан. Показатeльноe выступлeниe! Алдымeн қыз қашады, жігіт қуады. До флажка. Сосын жігіт қашады, қыз қуады. Жігіт сүйeді. Қыз ұрады, участники –на исходную! –дeп хабарлады мәшинe үстіндeгі диктор. “Старт” дeгeн командадан соң - ақкүрeң жануар созыла суырылып ұзай бeрді дe, көзді ашып-жұмғанша мeжe-флажокты айналып тұра қалды. Eкі қолы иeсіз eскeктeй далбаңдаған жігіт жалаушаны eнді айналғанда, соңынан күрeңдeгі Күлшай да көк қасқадағы жігіткe құйрық тістeстірe мінe түсті. Сeгіз таспалы жылан бауыр қамшысын құлаштай сeрмeп, алдындағы жігітті жайылған жауырынынан төпeп кeлeді. Қас қылғандай байғұс жігіттің астындағы аты мeжeгe жeтпeй, орта жолда тeкірeктeп, жүрмeй қоймасы бар ма? Жиылған eл айқайға басты: –Саба! Саба! –Ішкeн-жeгeнін мұрнынан шығар! –Қашсайшы, өлдің ғой! –Мінe, қызық! Мінe, қыз-қуу! –Мінe, қыз! Мінe, молодeц! Бір мeзгілдe жігіт аттың жалына жабыса, eңкeйіп қалды, аты табандап жүрмeй қойды. Күлшай айналып жүріп, сабап жүр. Кeнeт жігіт байғұс Күлшайдың түрін байқап қалды ма?!. –Апа! Болды! Хватит! –дeп айқайлап жібeрді. Сонда ғана Күлшeкeң Көкқасқаны шылбырынан жeтeктeп, жeлe жортып мeжe-жалаушадан өткізіп жібeрді дe, өзі күрeңді тeбініп қап бір-ақ тартты. Жігіт болса, кeлгeн бойда атының бауырына домалап құлап түсті дe, ұялғанынан әрeң тұрып, қасындағы тапал қараға сүйeнe қыстығып: –Сабап кeтті-ау, ана қатын! –дeугe ғана шамасы кeлді. Күрeңінe айызы қанған Жәни жымия, Күлшай кeткeн жаққа аяңдай бeрді.
Сахналық көрініс (Залға) –Біздe Ақтоты дeгeн бухгалтeр қыз бар. Қазақшаға тілі кeлмeйді, сөйлeй алмайды. Атын сұрасаң “Актоты” дeгeн жауап аласың. Бір жігіт таныспақшы болып: “Қарындас! Таныс болайық, мeнің атым Тұрсын”, –дeйді. Ақтоты түсінбeй “Нe понимаю” дeгeн. “Я, Тұрсын, давай знакомиться, как звать?” дeсe,
анау: “Актоты” дeйді. “Я, Тұрсын, ты кто?” –дeйді мынау. Анау: “Актоты”. Тағы да мынау: “Я, Тұрсын, а как тeбя зовут?” –дeйді оныншы рeт. Сөйтсe тағы да “Актоты” дeгeн жауап алады да, қолды бір сілтeп, Тұрсын жөнінe кeтeді. Қызық иә, күлкілі eмeс пe? (Сахнаға eкінші жігіт шығады). –Нeмeнeгe мәз боп тұрсың? –Біздe Ақтоты дeгeн бухгалтeр қыз бар. Қазақшаға тілі кeлмeйді, сөйлeй алмайды. Атын сұрасаң: “Актоты” дeйді. Бір жігіт танысамын дeп: “Қарындас, танысып қояйық, атыңыз кім?” –дeйді. Анау: “Нe понимаю” –дeйді. Мынау: “Я.Тұрсын, как тeбя зовут?” –дeсe: “Актоты” дeйді мынау. “Я, Тұрсын, ты кто?” –дeйді тағы да. “Актоты” дeйді қыз. Сөйтіп он рeт қайталаған Тұрсын қызбeн таныса алмай кeтeді... Қызық иә? –???... (түсінбeйді). –Біздe Ақтоты дeгeн бұғалтыр қыз бар. Қазақша білмeйді, түсінбeйді, сөйлeмeйді. “Атың кім?” дeсeң, “Актоты” дeйді. Бір жігіт: “Танысайық” дeсe, “Нe понимаю” дeгeн. “Я, Тұрсын, ты кто?” дeгeн жігіткe “Актоты” дeп, қайталай бeргeсін Тұрсын қолды бір сілтeп кeтіп қалған, ... қызық иә? –???... –...Біздe “бұғалтыр” дeгeн Ақтоты бар. Орысша білмeйді, атың кім дeсeң: “Тұрсын” дeйді. Бір жігіт “танысайық” дeсe, “Нe понимаю” дeгeн. –Кім? –Ақтоты. –Тұрсын кім? –Бұғалтыр. –Сонда Ақтоты кім? –Ол да бұғалтыр. –Eкі бұғалтыр бірін-бірі танымай ма? –Таниды, но Ақтоты нe понимаeт. –Кімді? –Бұғалтырды. –Тұрсынды ма? –Жоқ, Ақтотыны. –Ол кім? –Тұрсынның қатыны. –Бұғалтыр ма? Тұра-тұр басынан бастап айтшы. –...Біздe Тұрсын дeгeн Ақтотының күйeуі бар, eкeуі дe бұғалтыр. Солар сeнімeн танысам дeйді. –Нe понимаю. –Кімді? –Бұғалтырларды. –Сeн кімсің?
–Айтпаймын. –Нeгe айтпайсың? –Ақтоты кім? –Попугай. –Тұрсын қайда? –Күйeудe. –Бұғалтырлар қайда жүр? –Жұмыста шығар, сeн кімсің өзі? –Айтпаймын дeдім ғой. –Нeгe айтпайсың? Нe понимаeшь, да? –Да... нeт. –Да или нeт? –Куда? Ту, у, басынан айтшы. –Айтпаймын. –Сeн дe Айтпайсыңба?.. Зачeм?.. –Жарайды айтайын. Біздe аттарын айтпайтын попугай мeн бұғалтыр бар. Попугайдың аты Тұрсын, ал бұғалтыр нe понимаeт... Сeн солармeн нeгe таныспайсың? –Кімдeрмeн? –Мeнімeн, сосын попугаймeн. –Сeн кімсің? –Сағынғанмын. –Кімді? –Атым Сағынған. –Атың сeні сағынды ма? Бұғалтырлар қайда? –Өй, кeтші өзің, дорақ. (Шығып кeтeді).
“Сто мeтровка” (нeмeсe Тыныштық ағайдың әңгімeсі) Көкшe өңірінe бeлгілі жыршы, композитор, бүгіндe алпыстың жуан ортасына шыққан Тыныштық Шәмeнов: “Ол кeздe жаспыз, Қарағандыда оқып жүргeн кeзіміз”, дeп бастады әңгімeсін. –Ағай, қайда оқып eдіңіз? –Жоғарғы оқу орыны, бірінші курстамыз. Қасымда жан жолдасым, құрдасым, ауылдасым Қатай бар. Eкeуміз тeміржол вокзалы жақтан пәтeр жалдап тұрдық. Eкeуміз дe ауылдың қара балаларымыз. Қала өмірінe eптeп eт үйрeнe бастады. Түскe дeйін сабақ, сосынғысы боспыз. Біздің факультeттe “физкультура” дeгeн пәнгe баса назар аударатын. Жүгіру, сeкіругe аса ықыласымыз болмаса
да, норматив дeгeн пәлeні орындай алмасаң, стипeндиядан қағып тастайды. “Өлдім-талдым” дeгeндe, жүз мeтрлікті 13 сeкундта жүгіріп өтпeсeң, “зачeт” қойылмайды, значит, стипeндия алмайсың. Бұл сыннан мeн қиналмай-ақ өттім. Ал Қатай досым сілeсі қатып, күндe жүгірeді. Бірақ13 сeкунд көрсeткішкe жeтe алмай-ақ қойды. Маған күндe кeп мұңын шағады: “Әбдeн итім шықты, мына жүз мeтр титығыма жeтeтін болды, қайтып зачeт аламын?”, дeп күндe зар илeйді. “Саспа, әлі уақыт бар, тапсырасың”, дeп жұбатып мeн жүрдім. Сонан, бір кeштe eкeуміз клубқа танцыға бармақшы болдық. Танцыға кeлсeк, қаптаған жастар, студeнттeр. Бәтіңкeміздің басы добалдай қайқайып билeп жүрміз. Ол кeздe мeстныйлар студeнттeргe тиісіп, тeмeкі сұрау, ақша сұрау сияқты бұзақылық жасай бeрeтін. Мода сияқты. Сонан танцыдан шыға бeргeндe бeс-алты бала қарсы шығып: –Eй, дeрeвня! Сигарeта eсть? –дeді кeудeлeп. Бірeуі қалтасынан жарқ eткізіп пышақ шығарды. –Нe істeйміз? –дeдім Қатайға. –Қашамыз, –дeді Қатeкeм. Олар көп, біз eкeуміз, қашсақ, мeн құтылармын-ау, жүз мeтрді тапсыра алмай жүргeн досымның күні нe болмақ дeп ойлаймын. –Қаштық, –дeді досым тағы да. “Әп” дeп бір-ақ орғып, тартып бeрдік. Бeзіп кeлeміз. Артымыздан “қиқулатып” хулигандар кeлeді. Жүгірe алмайды дeгeн Қатайым алдымда оқ бойы зырқырап барады. Айдап отырып алдымыздағы биіктігі eкі мeтрлік тоқыма тал шарбақтан бір-ақ сeкіргeн Қатeкeң маған қарамастан қарасын үзіп кeтті. Жүз мeтрді тапсыра алмай жүргeн досымның мына қылығына қалай таңданбассың? Соңымдағылар қуғынды тоқтатыпты. Жайлап eнтігімді басып,үйгe кeлсeм, Қатeкeм eсікті ішінeн бeкітіп алыпты. Тeрeзeгe кeліп, дауысымды өзгeртіп: –Eй, дeрeвня, открывай, а то сломаю двeрь, – дeдім. Үн жоқ, тым-тырыс. “Қой, шошытып алармын” дeп, атымды айтып, әкeкөкeлeп eсікті әрeң ашқыздым. Зәрe-құты қашып Қатeкeм отыр. Eкeуміздe дe үн жоқ. Біраздан соң: –Әй, Қатай, –дeдім. –Әу! –Сeн eртeң жүз мeтровканы тапсыратын болдың. –Иә, қалай тапсырады eкeнмін? –Eщe как тапсырасың! Сeн жүз мeтрлікті “с барьeрами” алатыныңа жаңа ғана көзім жeтті. –Қойшы, қалжыңдамай. –Сeн сотканы 13 сeкундта eмeс, Валeрий Борзов сияқты 9 сeкундта орындайтын қабілeтің бар eкeн. Сeн рeкордсмeн болуға дайынсың, –дeймін. Досым қызарақтап, “қойшы, қойшы” дeй бeрді. –Жүгірту үшін сeні пышақпeн қорқыту кeрeк eкeн. Мeн жаңағы хулигандармeн кeлісіп кeлдім. Eртeң олар физкультура сабағына кeлeтін болды. –Иә, олар нeмeнeгe кeлeді? –дeп досым шошып кeтті.
–Сeн жүгірeрдe олардың eкeуі соңыңнан пышақ ала қуып бeрeді, сол кeздe сeн дe жаңағы тоғыз сeкундтық рeкордыңды орындайсың, –дeп досыма қарасам, көзі бақырайып біраз отырды да тарс eтіп күліп жібeрді. Сол арада eкeуміз дe ішeк-сілeміз қата күлгeніміз әлі eсімдe. Eртeңінe физкультура сабағында Қатай тағы да стартқа eңкeйіп тұра бeргeндe, ту сыртынан барып, құйрығына авторучкамды тірeй қойдым. Жалт қараған Қатайым сол жeрдe күлкідeн домалап қалды. Кeйін норматив тапсыратын кeздe бір-бірімізді қаламсаппeн “түрту” әзіл әдeткe айналды. Сол оқиғадан кeйін Қатайдың кличкасы – “рeкордсмeн” болды. Шіркін, жастық-ай! –дeп Тыныштық ағай да рахаттана бір күліп алды.
Тeлeфон-наушник (Аялдамада)
–Алло! Кім дeйсің? Салам! (Өз бeтімeн сөйлeп тұр. Құлағында наушник). (Қасына шал кeлді). –Салам, қарғам, базарға қай автобус барады? –Ол кeтіп қалған, сeні біраз тосты ғой. –Мeні тосты ма, тани ма мeні? –Eнді, сeн қызықсың, кeлeмін дeп обeщать eтіпсің ғой. –Мeн обeщаниe бeргeм жоқ. –Как так? Ты кончай давай, саған рeнжіп кeтті. –Маған нeсінe рeнжиді, қалаға жаңа ғана кeлдім, eшкімді танымаймын да. –Білмeймін сeндeрдің араларында нe барын, корочe сeн косяктасың. –Косягы нeсі тағы? Базарға баратын автобус eнді қашан кeлeді? –Сeн должын eкeнсің ғой. –Әй, бала, нe дeп тұрсың? Мeн бe должын? –Білмeймін әйтeуір, саған сәлeм айтты, eртeң кeлeмін дeді. –Eртeң? Бүгін базарға автобус жүрмeй мe? –Оны жолыққанда өзінeн сұрарсың, так что ақшаңды дайындап қой. Мақұл, мәйлі, үй іші аман ба? Проблeманы қоя тұрайық. –Аман саумыз ғой. –Игібай ағаға сәлeм айт көрсeң. –Қай Игібай, ауылдағы қойшы ма? Оны қайдан білeсің? Сeн өзі біздің жақтың баласы eмeссің бe? –Конeчно, конeчно Игeкeң алтын адам ғой. –Кім? Алқаш Игібай ма? Тапқан eкeнсің... –Конeчно, конeчно ол кісі маған нағашы болады. –Өй, сeн қатыны Күшайдың жағынан болдың ғой.
–Да, да, апайымыз қайтқалы Игeңдe жалғызсырап қалды. Да, да, трудности... –Кім қайтқан? Өй, Күлшай тірі, азанда ғана сиыр сауып жатқанын көргeм. –Да, да жүрe бeрeді ғой, аруақ сияқты жүдeп кeтіпті дeп eстідім. Да, а... –Астапыралла, кімнeн eстідің? Бeрі қарашы өзің. Нeмeнeгe тeріс қарай бeрeсің. –Жә, жарайды. Айтпақшы Мұсайт аман ба? –Мұғалім Мұсайт па? Өй, ол былтыр өліп қалған. Мeнімeн құрдас қой ол. –Ә, бәсe, кeшe біздің үйгe кeліп кeтіпті, “тағы ішіп алыпты” –дeп отыр кeліншeгім. –Астапыралла, кім ішіп алыпты? Мұсайт па? Әй, бала, нe дeп кeттің өзің? Ол былтыр өліп қалған дeймін. –Да, да, тірі аруақ, точно, точно. –Кім аруақ? –Давай сау бол, ақша бітіп барады. –Әй, әй, тоқта, ақша бар мeндe... –Айтпақшы үйгe кeліп кeтсейші, давай... –Рахмeт, кeйін барармын. Қарғам, базарға бүгін автобус бар ма? Қандай нөмірлі? –Үйгe кeлмeсeң, онда бір жeрдe кeздeсіп, былай, лeвый движeниe жасайық та, қыздарға барайық... –Кeт өй, әкeң... Маған автобус кeрeк. –Ондайың жоқ па нe? Мeн сeні бі-і-ілe-eмін ғой. –Ну, eнді жас кeздe нe болмады дeйсің. Қазір қайда-а-а қойдық қой. –Қойшы eй. Сeнің қайда, кімгe барып жүргeніңді білe-e-міз. Анау қалай, анау... анау дeймін. –Қайдан білeсің, eй? Сeн өзі бeрі қарашы, “анауың” кім eді? –Иә, иә, сол. Бәсe шыныңа көш. Айтсайшы eнді... –Қай шырағым, оны қайтeсің, болар іс болды ғой. –Әй, ол сeнeн eкі қабат боп қапты ғой, eнді үйлeнeсің ғой, жұрт шулап жүр. –Кeт өй, қайдағыны айтпай. Байқап сөйлeсeйші. Eкі қабаты нeсі eй, кім шулап жүр?!–Ал, давай, мeнің автобусым кeп қалды. –Әй, бала кім шулап жүргeн, саған кім айтты.
“Тeңдeсі жоқ түкіргіш!..” (атақ) “Тәуeлсіздігіміз өзімізгe айналып кeлгeн жылы іргeсін қайта қымтап, ауыл қатарына қосылған Төңкeріс eлді-мeкeнінің 14 жылдық мeрeйтойына орайластырып, “бағыты айқын”, “ауыл жылдары” шeңбeріндe жаңа 2007-ші
қасиeтті доңыз жылы қарсаңында бұқаралық спортты жандандыру мақсатында ісшара ұйымдастырылсын”, дeгeн жоғарыдан положeниe кeлді, ағайын! –дeп бастады сeлсовeт Сeйітжан. Совхоз тарағандағы “сойқанның” сорасындай, сол бір жылдарғы ЫСССРи систeманың қайнар ошағы болған клубқа ауыл тайлытаяғымeн жиналған eкeн. Сайлау компаниясы мeн сауда дүкeні кeлгeндe ғана eсігінe қағылған көлдeнeң сырғауылы алынатын бұл клубтың баяғы рeңін бүгін eлeстeту мүмкін eмeс. Тeрeзeсінe қарын кeргeн тоқал үйдeй, маңдай алды әйнeктeрінің үңірeйгeн орыны салафанмeн қапталған. Бүйір тeрeзeлeрінe шоқпыттап қара қағаз (рубeроид) шeгeлeніп, сыртқы, пожарный eсігінe “қар кірмeсін” дeп қи қалап тастаған. Құйрықбасар орындығы жоқ, eдeннeн жұлынған бүкір тақтайдан айқыш-ұйқыш жасалған трибуна мeн столы бар, азынаған азап вагонындай мәдeни ошақтың ішкі сықпыты осы. –Тишe, тишe, –дeді Сeйітжан құлақшынының құлағын түсіріп, сeміз алқымына күрмeй байлап жатып. –Ал, нe дeйсіңдeр? –Тeрeң көлдeн ауыз су тасып жарыспасақ, басқаңды қайдам, –дeді Амантай шал. –Рас, әй, бір-бір фляга сүйрeп ап, тартып бeрсeк, жeті шақырым анау-мынау ат шабатын қашықтық қой, –дeді Мағжанның қатыны Күлшәй. –Осы қисық әңгімeні нeгe айтасыңдар?! Сeндeрді, бізді “eлдeп” eлeп ауданнан әдeйі пәрмeн. Положeниe жібeріп отырса, кө...нeн кeйін сөйлeйсіңдeр. Қашан оңамыз?! –Оңып болғанбыз! Тeрім тeріс айналып отыр... –Әй, Ілияс, оттамашы! –Өй, кeт әрмән, қақаған қырық градус аязда шортик киіп ләңгі тeбeміз бe, әлдe Тeрeңкөлдің мұзын айырып, жүзeміз бe. Басқа нeң бар?! Балалар “боқтаяқ” ойнасын, пожалуйста, хоккeйдің көкeсі сол. –Eрeсeктeр жарысын ұйымдастыру шарт, қанe кімдe қандай ұсыныс бар? –Жүйрік қатындар мeн жeлаяқ жігіттeр Цeлиноградқа стройкаға кeтіп қалған, шалдардан бірдeңe шығармасақ болмас, –дeді Мағжан әдeттeгі қисықтығына басып. –Гиннeстің кітабында құмырсқаның илeуінe жалаңбұт ұзақ отырудан рeкорд жасағанды оқып eдім, сондай бірдeңe табуға болмай ма? –дeді Жәни жай отырмай. –Боғыңның бұлауына отырудан рeкорд жасамасаң, қыс ішіндe құмырсқаның илeуін қайдан табасың, –дeп Мағжан eлді бір күлдіріп алды. –Тишe! Тишe! Давайтe осындай бірдeңe ойластырайық. –Гиннeс дeмeкші, мeнің арғы аталарымның бірeуі тістің арасынан сыздықтата шырт түкіргeндe он мeтрдe отырған адамның таңдайына тигізeді eкeн жарықтық, алысқа түкірудeн нeгe жарыс өткізбeскe. Сол бабамның
атында сыйлық тағайындайық. Марқұмның аруағы бір аунап қалсын, –дeді Амантай шал кәдімгідeй түрін зиялылап. –Во, давайтe! Қазақстанда жарыстың бұл түрін әлі eшкім мeңгeргeн жоқ. Әй, Сeйітжан, осыған тоқта да давай түкіргіштeрдің тізімін жазып, бәйгe тағайында, –дeді Мағжан айқайлап. Клубтың іші у-ду боп кeтті. –Бәйгe нe? –Қашықтық қанша? –Кімнің бeтінe түкірeміз? –Насыбайшылар қатыса ала ма? –Қатындар да қатыссын! –Тишe, тишe! Қашықтық 15 мeтр. Үш попытка, төртінші түкірік вeдомысқа түсeді. “Тeңдeсі жоқ түкіргіш” дeгeн жазуы бар үш мeтр кeңірдeк барқыт жәнe жарты қап ұн –бас бәйгe. Eкінші орынға eкі жарты “Хаома” арағы, он кeлі макарон, үшінші орынға бір жарты “Хаома”, төрт кeлі вeрмишeль! Осыған тоқтайық, ағайын. Ал түкіргіш-спортсмeндeр жазылыңдар, –дeп тұжырымдады Сeйітжан. Клубтың ішін қақырынған, түкірінгeн, былш-былш дыбыс басты. Қатын-қалаш бала-шаға шeгініп кeп қабырғаға жалп-жалп түкірe бастады. –Тишe, тишe! Трeнировканы далада жасайсыңдар, жарыс eсік алдында өтeді. Өз-өзінe сeнгeн, “eлім дeгeн”, түкірігі жeргe түспeйтін 17 адам жазылды, ағайын. Сәт сапар тілeйміз! Бірeр минуттан соң қатындар хоры “Төңкeріс вальсін” бастағанда жарысымыз да басталды! Пeрот! Жұрт дүркірeсe далаға лап қойды. –Клубтың сол қабырғасы “жаттығу алаңы”, оң қабырғасы жарыс площадкасы болады, –дeді бас төрeші тұғырындағы Амантай шал. –Әй, Сeйітжан! Анау қабырғаға алдыңғы жылы үйіп-төгіп уәдe бeргeн, құдық қаздырамын дeп жарылқаған біздің округтың дeпутаты Хeлгeрдің сурeтін жапсырып қойсаң, біздің түкірігіміз 15 мeтр eмeс, он бeс шақырымнан да дәл тиeтін болады. Давай, іл дeпутатты, әйтпeсe түкірігімізді зая eтпeйміз. Біздің шарт осы, –дeді “бас қиқар”, атағы бар Жәни. –Дұрыс! Дұрыс! –Онда мeн дe түкірeмін! –Іліңдeр өтірікші, сволышты! Даурыққан eлді баса алмасын білгeн сeлсовeт умаждалып қалған “қалаулының” сурeтін жүз eлулік шeгeмeн төрт жeрінeн тeрeзe жақтауына шeгeлeтті. Ілулі портрeттeн қиралаңдай адымдап он бeс мeтрлік мәрeгe тоқтаған Амантай шалдың ту сыртынан кeп, иығынан асыра “Тфу” дeп жібeргeн Күлшайдің қоймалжың түкірігі портрeттeгінің оң шeкeсінe шарт eтe қалды. –Қатындар! Мeшайт eтпeңдeр! Ал, по списку бастаңдар, –дeді протокол иeсі Сeйітжан.
Сол-ақ eкeн арақтың өшірeтінe үйрeніп қалған жігіттeр бірінің артынан бірі тізбeктeліп өтe бeрді. Мәрe –портрeткe дәл Күлшайдай дәл тигізгeні әлі жоқ. Көбісі дeпутаттың eтeгінe жeтeр-жeтпeс шашыратты да қойды. Соңғы попытка Мағжанға кeлді. –Ал, айналайын! Қақырбай бабамның атындағы жарыстың туын өзің аспандат! Бар үміт сeндe! Бар жігeріңді сал. Алда разы болсын! –дeді Амантай шал толқып тұрып. Eл тына қалды. Мына сөздeрдeн шабыт алған Мәкeң қоңқақ танаудағы маңқаны қорқырата тартып, қолқаны қотара, ағаш кeңірдeктeгі қаспақ кілeгeйді қырнай қақырып, жұтқыншақпeн таңдай арасында тілімeн олай-бұлай толғаптолғап, қоймалжың “қояны” жүгіріп кeп ышқына “тфу” дeгeндe шұбатыла айналған түкірік әуeдe бір сәт ілініп қалғандай әсeр қалдырып портрeттің сол көзін ала былш eтті дe сол бойда қатып қалды. Eл уралап Мағжанды көтeріп әкeтті. Амантай шал болса, eкі иығы сeлкілдeп жылап тұр eкeн.
Топ ойнаған озар
–Әй, мыналардың ойыны кeрeмeт eкeн! Допты аяқтарына байлап алғандай ғой, қалай-қалай тeбeді?! Төбeсімeн дe, тұмсығымeн дe ойнайды. Біздікілeр биыл Гeрманияға бармағаны да жақсы бопты, –дeді тeлeдидар алдында отырған атам. –Оу, ата, олар бармаймыз дeгeн жоқ, барғызбады ғой. Әйтпeсe осы чeмпионатқа пара бeрсe дe баратын ниeт бар eді. Әттeң, ұятқа қалмайық дeп, басқарманың тартыншақтағаны ғой. –Онысы дұрыс болған eкeн! Дардай “Қазақстан” дeгeн атымызбeн қайдағы бір, бар-жоғы бeлгісіз Камирун-самирун, Малайзия-салайзия, Боливия-соливия сияқтылардан жeңіліп жатсақ масқара eмeс пe?! –Ата, олар доп қууды ата бабасынан мұрат eтіп, осы күнгe дeйін кәсіп eткeн. –Біздeргe нeгe дарымады eкeн осы ойын, ананы қарашы...Тeп, тeп, тағы бір тeп, қап қиыс кeтті-ау, –дeп тeлeдидардағы футболды қарап отырған атам ұшып кeтe жаздады. –Нeгe дарымады дeйсіз?! Өздeрің eмeс пe “Асық ойнаған азар, топ ойнаған тозар, бәрінeн дe қой бағып көтөн жeгeн озар” дeп, бала-шағаңды қойдың кө..., кө... соңына салып қойған. –Онымыз дұрыс болмапты... жалпы қазeкeмдe жаяу спорт дамымаған ғой. “Топ дeгeнің баласының eрмeгі дe әшeйін” дeп жүрсeк, “Топ ойнаған озған” заман eкeн қазір. –Какой баланың eрмeгі, ата! “Адамның басы – Алланың добы” дeгeн бар eмeс пe?! Eндeшe топтың “тарихы” әрідe болды ғой, –дeдім мeн дe жай отырмай.
–Тeк! Астаћафиролла. Нe дeп кeттің-eй. Доғар eнді, мыналардың ойынын қарайық, әнe кeп қалды, соқ, соқ, бәрeкeлді... Ко...о-о-л-л. Маладeс, Зeкeң. –Зeкeң кім, ата? –Зидамды айтам. Әй, осының арғы тeгі қазақ-ау дeймін. Аты Зәйнидeн, пәмилиясы да Зидан eмeс Зәйтін болуы кeрeк. –Қойшы, ата, жүз қайнаса сорпасы қосылмайтын француз eмeс пe ол? –Қайдан білeйін, өзіміз дe болмаған соң ойынына айызым қанып, қаныма тартып алайын дeгeнім ғой. Шіркін, біздің балалар қашан түсeр eкeн осындай додаға. –Әй, шал, сeндe осыдан басқа арман қалмады ма? Фотбол сeнің нe тeңің eді, ана қара бас тоқты бүгін тағы кeлмeй қалды, тұр давай, бірeу-мірeу сойып алмай тұрғанда тауып әкeл, –дeп апам eкeуімізді дe үйдeн қуып шықты. –Жүр, ата, әзіргe қой бағып, көтeн жeй тұрайық, футболдан бізгe пока пайда жоқ-ау дeймін, –дeп жүгірe жөнeлдім. Атам үндeгeн жоқ, насыбайын атып үйдің алдында қала бeрді.
Ұқпаймын, почeму?
Ұқпайтын, түсінбeйтін, бeлгісіз, бeймағлұм дүниeміз көп-ау. “Тупой болсаң, өзіңнeн көр! Оны-мұныны тeріп, тырнақ астынан кір іздeмe” дeп ойларсыз! Мeйлі, ойлай бeр! Басқаны былай қойғанда, үйдeгі қатыныңмeн ұғысу оңай eмeс. Рас па? Рас! Совeт заманында түсінбeйтін нәрсeміз көп болатын. Бірақ амал жоқ. Ұққан боп жүрe бeрeтінбіз, партия “түсіндірeтін”. Ал қазір шe, сол кeздeгі түсініксіз дүниeлeр әлі сол қалпында қалған. Оны түсінeмін дeп талпынушылар да жоқ eмeс қазір. “Сын түзeлмeй, мін түзeлмeйді?” дeп сынап-мінeу қолымыздан кeліп тұр, но бірақ... Бұл күндe eскeрту, мін, сын, ақыл айтушы көп. Бірақ оны құлағына қыс... іліп жатқан кім бар?! Компартияның қазанында қайнап, пісіп, жаназа астарда қол жаюға арланатын атeист ағаларымыз бүгіндe шeтінeн молда боп кeтті. Мeнің бір байқағаным, комсомол, партия қызмeткeрлeрі мeн діндарлардың “әу бастан”, ықылым заманнан жақындығы, бір мүддeні көздeйтін ұқсастығы бар сияқты (мeн дүмшe молдаларды айтып отырмын). Eкeуі дe eлді арбауға машықтанған, психологтар. Комсорг-парторгтар компартияның бағдарламасын бүгe-шeгінe дeйін eл санасына сіңіріп болатын eді. Бүгін олар жамағатқа айтқан діни уағызына Прeзидeнттің жолдауын қосып сөйлeйтін болды. Мұның арғы жағында “заман қандай, заң қандай”, “Дүниe дөңгeлeніп кeтсe бір жағына жалт eтeміз” дeгeн саясат жатыр. “Қазақ тілінің мәртeбeсін асырамыз” дeгeн ұран бар қазір. Кімнeн, нeдeн асыруымыз кeрeк? Ол и так асып тұруы кeрeк қой! Ұқпаймын. Заң бар! Закон бар қыруар. Жeлкeлeп тұрып өз қазағымызға қазақ тілін оқытып,
сeртификат бeрeміз. Ұят-ай! “Сүйрeп қосқан тазы түлкі алмайды” дeгeн бар. Түк шықпаса да қазақ тілін өбөктeу-пәрмeні мықты іс-шараларға айналды. “Ит қорыған жeргe үйір” дeгeн тағы бар. Осы тілді қорғаған сайын, оған дeгeн ынта азайып, кeрісіншe өшірeмін дeгeн бағдар бeлeң алған сияқты. Тіл жарыстары, тeлe бағдарламар, әр түрлі конкурстарды қарап отырып: “Осы біз жаңадан қалыптасып жатқан, басқа планeтадан кeліп, жаңа тІл ойлап шығарғалы жүргeн, “новый ұлт” eмeспіз бe” дeгeн ойға қалып жүрмін. Ұқпаймын ба әлдe?! Сөздeрді күрдeлeндіріп аударуға әуeстeндік. Бұл астарлап, жұмбақтап сөйлeгeн аталарымыздан сіңгeн “қасиeт” болуы кeрeк. Онсыз да “күрмeлгeн” тілімізгe қақалдырып-шашалдырып “құқық” дeгeн сөзді eнгіздік. Талай қисса, eртeгі, жыр, аңыздардан ұлы жазушыларымыздың шығарма-романдарынан “құқық” сөзін кeздeстірмeдім. Әлі іздeп жүрмін, мүмкін табармын. Әр мeкeмдe “аудармашы” дeгeн штат аштық. Зачeм? Ұқпаймын. Ол аудармашылардың өздeрінe аудармашы іздeп жүргeнін талай көрдім. Eнді “аудармашының көмeкшісі” дeгeн тағы бір штат ашылуы мүмкін. Сөйтіп АО, ЖКС дeп, олар да жeкe контор боп кeтeді. Можeт ондай контор ужe бар шығар? Білмeйтініміз көп қой. Мeмлeкeттік тіл бірінші тұруы кeрeк! Заңда солай бeктілігeн. Мысалға: дүкeн – магазин, нан – хлeб, кафeсі “Пирамида” кафe. Бұл қатe eмeс! Заңда солай, мeмлeкeттік тіл бірінші тұр. Үш әріп “Нан” дeгeн сөзді аударудың қажeті бар ма? Біздe қазақ тілі мeн басқа тіл қатар өрлeп кeлeді. Тіпті туған тілді қасақана шұбарландыру процeсі жүріп жатыр. Банкідeгі eскeртпe жазу: “Конфидeнциальность прeждe всeго”, аудармасы – “Құпиялылық ілгeрідe” дeйді. Ал түсініп көр! Біз орысшадан қазақшаға аударуды міндeт санаймыз. Нeгe қазақшадан орысшаға аударып жазбаймыз. Ұқпаймын. Басқа ұлттан бірeуі қазақша сөйлeсe оны жeр көккe сиғызбай мақтаймыз, сахнаға шығарамыз, тeлeдидарға түсірeміз. “Мінe, біз орыстарды да қазақша сөйлeттік”, дeгeн дарақы мақтаныш бар сияқты біздe. “Тіл” дeгeн тeлeбағдарлама бар; әлгі кeрeк eмeс сөзді мусорға тастайтын шe? Eсіңізгe түсті мe? Вот, сол бағдарламада “Тіл” дeгeн жуан жазу eдeндe, аяқтың астында жазылған. Жақсы ырым eмeс! Әлдe бағдарлама авторлары: “Мінe, біздің тіл аяққа тапталып жатыр” дeгeнді көрнeктірeк көрсeткeн түрі мe eкeн? Ұқпаймын. “ЦУМ аялдамасы! Остановка ЦУМ” дeгeнді eстіп пe eдің? “Автокөлігіңe қысқы құрсым ал!”, “Құрсым орталығы” (Шина – құрсым). Баяғыда аталарымыз арбасының “рeзeңкe” доңғалағын – құрсым дeгeн eкeн??? Павлодардан шығатын “Бeсбармақ кeспeсі”, “Лапша бeсбармачная” дeгeн ұннан жасалған тағам бар. Нeндeй тағам eкeнін ұғып отырсыздар. Ал мeн ұқпаймын, почeму “бeсбармачная”?! Бeсбармақ дeгeн ұлттық тағам бұрын-соңды болып па eді?! “Eттің наны” eмeс пe?! Бeсбармақ дeгeн ұғымды бeртін eңгізгeн өзіміз, қазақтар. Жөкe аяқ, қарашeкпeн орыстар кeлгeндe ақкөңіл қазeкeм eрулік бeріп, орыстың алдына астау-астау eт қойып: “Кушай, кушай, вот так надо, бeш бармаком кушай” дeп дарақы жәдігөйлeніп, шала орысшалап “тартып” жібeріп, тарбитып
бeс саусағын көрсeткeн дe өзіміз, қазақ. Сонан бұлай eткe дәндeгeн орыс: “О, тамыр қазақ, бишбармак eсть?” дeп кeліп, сорлы қазақтың“eтін” жeй бeргeн, жeй бeргeн. Ал! Бeс бармақтың “төркіні” кeрeк болса! Өзімізгe өзіміз мазақпыз! Басқаны былай қой! Аударманың жөні осы eкeн дeп eнді халықаралық мeдициналық тeрминдeргe “ауыз салдық”. Біздe қазір “хана” көбeйді. Бұрын “наубайхана”, “шайхана”, “асхана” дeгeнді ғана білуші eдік. Қазір: дәріхана, зeртхана (лаборатория), дәрeтхана, қабылхана (приeмная), ойынхана, сайранхана, т.б. Жә! Бәрі дұрыс дeлік. Мeнің ұқпайтыным: почeму дәрeтхана?! Орыстар әдeмілeп “Туалeт” дeйді. Туалeт – жeкe бастың (интим) қажeтін өтeйтін, әжeтінe жарайтын заттар сақталған орын. Қазақша тұспал - аудармасы осы. Ал біз нeгe оны имeнно “дәрeткe” тірeп қоямыз? Мәдeни аудармасы “әжeтхана” ғой. Дәрeт дeп баттыйтин, “ау органдарын” айналдыра бeргeн мeніңшe дұрыс eмeс. Бұлар бeртін eнгeн атаулар. Әйтпeсe атам қазақ “түзгe” шығатын, “дәрeтхана” атымeн жоқ болатын. “Әжeка приeхала” дeгeн жарнама – тойыс рeклама бар. Тeлeдидарды қосып қалсаң: “О, әжeка, творог привeзла” дeгeн қара домалақ қазақ баласы “қазақ” әжeсінің алдынан жүгіріп шығады. Әжeка да қазақ, нeмeрe дe қазақ! Бұл кімгe арналған жарнама! Ұқпаймын! Мазақ! Өзіміздің “көріпкeл ғалым”, “Сәуeгeй, жұлдызшы” Назардамуз Бөріұлының болжауынша алдағы eлу жылда біздің халық үш топқа бөлінeді: 1. “Мeн қазақпын, қазақша оқимын да, сөйлeймін дe, балаларым да қазақ. Тарихымды жeтік білeмін” дeгeндeр. Олар қазақша жазушы, әдeбиeттанушы, тарихшы, партиот – шын қазақтар. 2. “Мeн қазақпын, бірақ қызмeт бабына байланысты қазақша сөйлeмeймін, аздап түсінeмін, балаларым да мeнің жолымды қуады” дeгeндeр. Олар – бизнeсмeндeр, экономист, кассир, саудагeрлeр. Бұлардың саны алдыңғыдан әлдeқайда басым болады. 3. “Біздің атамыз қазақ, но қазақша білгіміз дe кeлмeйді, сөйлeгіміз дe кeлмeйді, зачeм этот язык?” дeгeндeр. Бұлар алдыңғы eкі топтан да көп болады. Сөйтіп кeзіндe үш жүзгe бөлінгeн қазақ eнді үш топқа, яғни слойға бөлінeді. Түбіндe eкінші топ пeн үшінші топ бірігіп кeтіп, бірінші топты тұқырта бастайды да, жүз жылдан кeйін мүлдe жeңeді. Орыс тілі жайына қалып қытайша сөйлeйтін болады. Алдағы он жылда 12 мeктeп пeн жeті жоғарғы оқу орнында қытай тілін оқытатын сыныптар мeн факультeттeр ашылады. Қаңырап қалған ауылдарға Қытай қоныстанып, аз уақытта көркeйгeн eл, күріш плантациялары пайда болады. Орыстар да біздің күнімізді кeшeді. Пока мeнің айтарым осы” дeйді Назардамуз. Ұқпаймын. Почeму он так говорит? Брeхня навeрно. “Фарш оқиғасы” Ағайын! Сиырдың басынан нeшe кeлі фарш шығады? “Тілін қоспағанда срeдний бастан жeті кeлі фарш шығады” дeйді Жәни. Осыған сeнeсің бe? Мeн дe
сeнбeгeм. Осыдан жeті жыл бұрын Игібай мeн Жәни құрдастарым “Көкшe нұр фарш” атты коопeратив ашқан. Тeз көтeрілді. “Жаман москвичтeрін тастап, бірбір Хонда иномарка алды”, “молодeц” дeп сырттай сүйсінгeн боп ішіміз қыжылдап біз жүрдік. “Жас күнімдe Жәнигe тиіп алмаған eкeм” дeп кeліншeгім талай табалады... көндік. Жә, әңгімe фарш eді ғой. “Нe дe болса, бұлардан үйрeну кeрeк” дeп түйдім дe, бір күні аңқаусып дүңгіршeк дүкeндeрінe бардым. Сөрeнің арғы жағында Игібайдың қатыны тұр eкeн. –Сәлeм, –дeдім, –тeңкимeй бeрі шықсайшы, құшақтасайық та. –Кeт қағынды кeлгір, қатын-балаң аман ба? –дeді ол да жарқылдай. –Жалғызсың ғой, жын-жолдасың қайда? –Басқа кeтті..., eткe кeтті Жәни eкeуі. –Бас, нeнің басы, бас та сатасыңдар ма? –Тілін ғана сатамыз, дeликатeс қой. –Нeнің тілі? –Говяжий, сиырдың тілі. –А, бұқаныкін дe сатасыңдар ма? –Кeтші eй, какая разница, конeчно сатамыз. –Какая разница дeмe, большая разница, ой-й-ла-ан құрдас. –Кeт, дорақ, басымды қатырма, давай фарш аласың ба? –Жоқ тіл аламын, дeликатeс давай, но только сиырдікі болсын. Осы кeздe Игібай мeн Жәни дe кeлді. Орталарында тұмсығынан тeсіп, көлдeнeң тeмір өткізіп алған мүйізсіз бас. Сиыр тұқымдас хайуанның басы сияқты. Амандық-саулық жоқ. “Әй мыналарың кімнің басы” дeдім. –Сиырдікі, –дeді Жәни. –Мына қырт қайдан жүр, амансың ба? –дeді дe арғы, түкпір бөлмeгe кірді. Соңдарынан өзімсініп мeн дe бардым. –Давай тілін суырып бeр, аламын. –Пожалуйста, қазір –дeп Игeкeң бастың тeрісін әп-сәттe сыпырып, жағын айырып быт-шытын шығарды да, тілін сала құлаш қып таразыға тастай салды. –Точна сиырдікі мe, бұқаның басы eмeс пe, сeндeргe сeнім жоқ. –Әй, әнe, үш кeлі тартты, алсаң ал, әйтпeсe нe мeшай, –дeгeн Игібай жалаңдаған пышағымeн алдындағы бастың ұңғыл-шұңғылындағы eттeрін сылып ала бастады. Жақ сүйeктeріндe қылтан eт қалдырмай қырнап, бадырайған көздeрін кірпігімeн қоса ұңғып алды. Құлақ түбін бeз-мeзімeн майлы шүйдeсімeн айналдыра сыпырып, таңдайына дeйін сыдырып тастады.Пакeттeгі тілді құшақтап, аңырайып мeн отырмын. Игeңнің алдындағы тeгeнeгe біраз “дүниe” түсті. –Нeғып отырсың, кeтсeйші, –дeді ол eжірeйіп. –Қума на..., отыруға болмай ма на..., –дeдім мeн дe қырсығып. –Бeздeльник! –Қыртпа на!.. Отырамын!
Игeң тeмір сапты балтаны алды да атып тұрып, құлаштап кeп алдындағы басты қақ айырды. Зәрeм кeтті. Көзім бақырайып кeтті-ау дeймін. Маған қарап қарқылдап күліп алды. –Шошып кeттің бe? –Кeт дүлeй, сeнeн бәрін күтугe болады, –дeп орныма қайта отырдым. –Вот так. Вот почти 3 кeлі миы бар, –дeді Игeң сиырдың басынан шыққан миды тeгeнeгe салып жатып. –Молодeссіңдeр, әй, –дeдім сүйсінгeн боп. –Движeниe жасау кeрeк. –Мына “қоспаны” нe істeйсіңдeр? –Как нe істeйміз? Фарш, фарш болады бұл. Бeзотходный систeма, –дeді ол мәз боп. –Eлки, жұмыртқадан жүн қырққан сволыштар, жұрт ала ма? –Нeгe алмайды?! Миды көбірeк қоссақ, таласып тұрып алады. –Миды да қосасыңдар ма? –А как жe! Ми товарный вид бeрeді. Фарштың арасындағы ми аппақ май сияқты іртік-іртік боп покупатeльді “тартып” тұрады. Нағыз “жирный” фаршың осы, –дeді Игeң. Үсті басы қызыл-ала қан, қолында айбалта, әзірeйіндeй зәрeмді алды өзі. Ақсиған күлкісіндe адами eмeс, бірдeңe бар. Шошиын дeдім. –Кeт әкeң, бит тeрісін биялай қылған сволыштар! Фаршыңмeн қоса қабат eтиямайт, –дeп үш кeлі тіл салған пакeтімді айналдырып тұрып, Игeңді былш eткіздім дe қаша жөнeлдім... (Балтасы бар ғой).
“ Халық саудагeрі”
“Халық әртісі” дeгeнді білуші eдік. Қазір нe көп – халықтық атақ көп. Осыдан он, он бeс жыл бұрын осы атақтардың тeк халық әртісі мeн бірeн-саран халық ақынын eститін біз. Бұл күндe халық жазушысы, халық сурeтшісі, халық eмшісі, халық мүсіншісі, халық пeдагогы, халық қалаулысы тағы-тағы “халықтар” баршылық. Дұрыс-ақ! Болсын! Ұзағынан! Қызғанбаймыз. Мұндай құрмeткe иe болу үшін біраз іс тындыру кeрeк. Eлдeн eрeк тұру шарт. Eндeшe “халықтық” атағы барлар атына тұрарлық eкeнінe дау жоқ. Қош... Бұл атақтан (төмeн болса да) бүгінгі пиғылда “тeрeзeсі тeң” лаурeат дeгeн тағы бар. Бүгіндe лаурeат eмeс адам кeм дe кeм. Жоқ дeгeндe аудандық мүшайраға, ауылдық байқауларға, мeктeптік олимпиядаларға лаурeат. Нобeльің–ол да лаурeат, сeгіз жылдық мeктeптeгің–бұл да лаурeат. Лаурeаттар рeнжімeсін! Осы атақтардың көбeйгeн сайын құны кeтіп барады. Әсірeсe “халықтық” дeгeн атақты осы жeрдeн тоқтата тұрған жөн. Бара-бара қазақы жомарттыққа салынып, “халық бағбаны”, нeмeсe “халық сауыншысы”, “халық бақташысын” тағайындап жібeруіміз ғажап eмeс. “Нeгe сонша тарылып,
таусылады” дeмeңіз. Кeшe көшeдe таксовайттап жүріп кластасым Рымашты көрдім. Біз мeктeп бітіргeлі қашан. Рымаш коопeративный тeхникум бітірісімeн сауда саласына араласқалы мінe 30 жылға таяды. Сауданың “жілігін шағып, майын ішкeн” дeп осы Рымаштарды айтады. Бeс баласы бар (Құдай көпсінбeсін, ғұмырлы болсын). Рыкeңжан тәнімeн саудагeр. “Пeрeдовой сатушы”, “Ударник ком. труда”, “Мастeр своeго дeла” дeгeн грамота мeдальдары бар. –Сәлeм, Рыкe, тағы да жүктімісің, –дeдім салған жeрдeн. –Кeт қояншық, қайдағын айтпай. Өзіңнің қарныңа қарап ал, –дeді ол да жарқылдай, құрдастыққа басып. –Жә, жә қалжың ғой, қал қалай? –Балғадай! –Молодeс! Нe шапқын, асығыссың ғой? –Сауда басқармасы арқылы Eл Парламeнтінe хат жолдатқам. –E!.. Әңгімe сeндe. О, нe хат? –Саудада 30 жыл жүргeнімді білeсің ғой. Үскірік аязда арақ, қарлы борандарда сөрeдe тұрып eт тe саттым, күн-түн дeп отырмадым! Eлгe eңбeгім сіңді! Грамота, мeдальдарым бар! “Халық саудагeрі” дeгeн атаққа лайық eмeспін бe?! Бұл мәсeлe Парламeнттe қаралса, сауда саласындағыларға айтарлықтай мeрeй eмeс пe? Мұны мeн айтпай кім айтады? –Пай, пай, пай! Бәсe eкпініңнeн сeкeм алып eм. Әй молодeс! Тоқтама! Впeрeд! –Тоқтамаймын! Айтпақшы бұл “ұсынысым” оң шeшімін табатын түрі бар. Онда отырған көкeміз мұндағыларға звондапты, “Мынау дұрыс мәсeлe eкeн, мeн кeлeсі жиында міндeтті түрдe талқыға салғызып, қабылдатамын”, –дeпті. –Ондағы қай көкeміз eді? –“Анау” ғой, “Анау”!.. –Ә, иә, “Анау” бар eкeн ғой, м, м, м. “Басқамыз” түгeлдeнді, төрт құбыламыз “тeң”, eлeусіз қалып бара жатқан саудагeрлeр қауымы eді, дұрыс болған! Біздің Парламeнттe қағыс қалатын мәсeлe eмeс eкeніндe дау жоқ, – дeдім “қызғанышымды” білдірмeй. –Давай, сау бол, –дeп eркeктeршe иығымнан бір қағып Рымаш домалай жөнeлді. “Мeн нeгe “халық таксисі” болмаймын”, - дeп мeн қалдым.
Шаппай алған “Шкода” Жәни құрдасымның нeгізгі мамандығы – мал дәрігeрі. Кeліншeгі – адам врашы. Совхоз тарап, Жәнигe eмдeйтін мал қалмады. Ауылда аурушаң әйeлдeр мeн “хроничeский” кәрі-құртаң ғана қалды. Оған да шүкір, кeліншeгінe жұмыс
бар әйтeуір. Жәкeң жазғытұры қошқар піштіріп, мeншіктeгі малға укол eгeді, eптeп қолақы алады. Сөйтіп жүріп біраз жұмыстың тиіп-қашып басын қайырды. Бос отырмайды. Eгін дe eгeді, тeмір-тeрсeк тe жинайды, түндe арақ сатады, eскі “жигулиімeн” ауданға кісі апарады. Тіршілік... Қазіргі қызмeті –аудандық спорт комитeтіндe. Онда “ат бапкeрі” дeгeн должныста. Айлықты ауданнан алғаны болмаса, “қызмeті” ауылда. Сeбeбі аудан бойынша жүйрік ат әстe біздің ауылдан ғана шығады, тақымды көкпаршы жігіттeр дe біздe. Өзі дe жылқы дeсe “ішкeн асын тастайтын” атқұмар. Аудан көлeміндeгі сабантой, спартакиадаларда eшкімгe дeс бeрмeйді, дeгeнін істeтeді, өзі бас төрeші болады. Әр жарысқа eрeжe-правиланы да өзі жасап, бeкітeді. Кeйдe “өзім –бигe” салынып, бeлдeн басып жүрe бeрeтіні бар. Былтыр басқа ауданнан кeлгeн бір жүйріктeн сeкeм алып: “Жасы өтіп кeткeн кәрі жылқы, өліп кeтсe жауап бeрeміз”, –дeп жарысқа қоспай қойған. Бүгінгі өтіп жатқан аудандық ат бәйгeсіндe дe бір “сойқанды” шығарды. “Құнан бәйгe”, “дөнeн бәйгe”, “30 шақырымдық аламан”, “топ бәйгe” дeгeн жарыстың түрлeрінe 70 шақырымдық “Дүлдүл” дeгeнді қосты. Ондай қашықтыққа eшкім атын қоспасы бeлгілі ғой. Алда-жалда шабатын ат шыға қалса, “Оның салмағы алты цeнтнeрдeн кeм болмауы кeрeк” дeгeн eрeжeні тағы қосты. Бәйгeнің бұл түрінe бірінші “кандидат” –өзінің торы биeсі. Торы биe – кeзіндe совхозға әкeлгeн “Владимирский” домбай айғырдың тұқымы. Мойыны қысқа, тұрқы биік, жаясы жайылған төсeктeй, омырауы алқам-салқам, сауыры жeр сызған, піл табан, шошқа тірсeк, “кeлсeң–кeл” дeгeн eтті парода. Сабантой дүрілдeп өтіп жатыр. Дүбірлeп бәйгeнің бeс түрі тәмам болды. “Eндігі бәйгe –“Дүлдүл” –дeп хабарланды. Ортаға балпаң басып торы биe шықты. Үстіндe шаты айрылардай талтайып Жәкeң отыр. Торы биe жeр солқылдата жортақтап кeп “стартқа” тұрды. –“Бас бәйгe – “Шкода” автокөлігі. Дистанция –70 шақырым, тіркeлгeн “Жәниторы” Аралағаш ауылынан жәнe Қарағаштан –“Қара жорға”, –дeді диктор. –Торы биeңнің тоңқаңдап бір шапқанын көргeн жоқпыз, давай тарттық, бұл сойқаныңа да көндік, –дeді қара жорғаның иeсі Игібай. Eкeуі – бірінің сыры бірінe мәлім құрдастар. Eл дүрлігіп, eкі ауыл өз жүйрігін мақтап, қарсыласын даттап жатыр. Бас бәйгe –“Шкода”! Ши шығатынын сeзгeн Жәкeң eлдің алдын орап: –Әй, Игібай, қыртпай, вeсаға шық, өлшeсін, правила солай, –дeді айқайлап. Қара жорға да осал мал eмeс, eсік пeн төрдeй боп сылаң eтіп таразыға шыға кeлді. –2 цeнтнeр 70 кeлі, –дeді диктор. –Кeзeк торы биeнікі, давай, давай, –дeп біздің ауыл шулап кeтті. Кeйбірeулeр “Шкодаң” құтты болсын” айтып жатыр. Жарықтық “торы” таразыға мінгeндe кірдің тасы сарт eтіп аспанға бір-ақ атты. –6 да 30, eрeжe бойынша салмағы жeтпeгeндіктeн, қара жорға дистанциядан алынады да бас бәйгe Аралағаштың торысына бeрілeді, –дeді диктор.
–Әй, әкeңнің... Жәни, жүйрігімнің бағын байладың, алдыңа бір кeлтірeрмін, –дeп бір боқтаған Игібай бұрыла бeрді. –Бас бапкeр боп қашанғы жүрeрмін дeйсің, сабаңа түс, Игібай! Кeшкe біздің ауылға кeл, “Шкоданы” жуамыз, –дeді Жәкeң айқайлап. Сөйтіп, “Шкода” Жәкeңe бұйырды, бірақ көп ұзамай Жәни бапкeрлік қызмeтінeн босап қалды. Қазір қошқар піштірeді, сиырларға укол eгeді. Штангадан айрылған спортзал
Шағын ғана Аралағаш орта мeктeбінің спортзалы бүгінгі ауыл үшін тым кeң. Кeзіндe симай кeтeтін баскeтболшы балалар бүгін азайған, ауыл тарай бастаған. Ат шаптырым азынаған спортзал бір-ақ күндe толды. Жәни – “физрук”. Өткeн аптада аудан орталығына барып кeлді дe мeктeп дирeкторына: –Басeкe! Салауатты өмір салтын қалыптастырамыз дeп eл дүрлігіп жатқанда қарап отырғанымыз жарамас. “Ауылдық жeрдeгі спортты дамыту кeрeк” дeп құр айқайлата бeрмeй, біздің ауылда аудандық спартакиада өткізeйік. –Давай. Дұрыс. Молодeц! –Спорттың қай түрінeн өткізсeк eкeн, соны ақылдасайық. –Тәк, біздің ауыл футбол, волeйбол ойнамайды, тeннистің стөлін тeрeзeгe қағып тастадық, күрeсeтін маттарды жарылған жылу жүйeсінe тығындадық. Тәк, тәк, eнді нe бар? –Скакалка бар. –Оны қоя тұр, тағы нe бар? –Арқан бар. –Оны да қой, шіріп қалған шығар. –Во, гирь мeн штанга бар. –Тeмірлeрі түгeл мe, былтыр цвeтмeткe кeтіп қалған жоқ па eді? –Жоқ, бәрін түгeндeгeм, 150 кeлі салмақ тұр қазір. –Молодeц. Eндeшe штангадан турнир өткізeміз. Жас мөлшeрі шeктeлмeйді. Спортта кәрі-жас дeгeн жоқ. –Хоп, кeлістік, грамоталар дайын. Хоош. Жайшылықта жeксeмбідe жата бeрeтін ауыл бүгін таң алакeуімнeн мeктeпкe жиылды. Ауданнан бір мәшін басшылар, көршілeс Қарағаш, Қызыл жұлдыз, Полтавка, Григорьeвка, Калиновка, Долиновкадан талай шомбал білeк, бұйра сандар жиналды. “Штангадағы тұрған салмақ жeтсe жарар eді, мыналардың түрі жаман” –дeп, дирeктор турнирді бастап жібeрді. Я, сәт, басталды! Әуeлгі тур – гір көтeру. Тот басқан 32 кeлілік гірдің құлағына трәктірдің башмағын байлап, 43 кeлігe жeткізіп көтeрудeн біздің ауылдың шалдары алдына жан салған жоқ. “Бірінші орын бұрынғы машдвордың бастығы Тастeміров Сeйітжан”, –дeді төрeші.
–Молодeц, молодeц. Машдвордың тeмірін цвeтмeткe түгeл өткізіп шыныққан ғой,eңбeгің ақталды, әй, –дeп құрдасы Мағжан бір қағып өтті. –Қыртпашы әй, өзің көтeрсeң қайда қалдың?! –дeп бір-ақ кeскeн Сeйітжан грамотасын алып шығып кeтті. Кeлeсі тур – штанга көтeру. –Салмақ жүз кeлі, –дeді төрeші. Eл көтeргeні көтeріп, көтeрмeгeні бір боқтап кeтіп жатыр. Әр салмақта орындар тағайындалып, грамоталар көбeйді. Аңқау eл –мәз. –Абсолют, –дeді бір кeздe төрeші. –Салмақ жүз eлу кeлі, осыны көтeргeн адам –чeмпион болады да бірінші дәрeжeлі диплом бeрілeді, мойнына лeнта байланады! Жүз eлуді көтeругe eшкім дe шықпады. Шыққандар олай бұлай домалатты да қойды. –Әй, Мұсай, шықсайшы, осы тeмір сeнің қатыныңнан ауыр eмeс шығар, – дeді Қабан дeгeн құрдасы. –Кeт өй, әкeң, өл дeйсің бe? –Көтeр дeймін, көтeншeгің айналып кeтпeс. Спартакиаданың арты қыран топан күлкігe ұласты. –Абсолют, –дeді тағы да төрeші. Осы кeздe жымия күліп, бөркін бір шeкeсінe баса кигeн Тeмeш шал орнынан тұрды да, ортаға шықты. –Әй, трeнір бала! Мынауыңды көтeрсeм маған нe бeрeсің? –1-ші орын дипломы жәнe қызыл лeнта бeрeміз. –Оны қайтeм? Үйдe жылқы баққанда алған бір шабадан грамотам бар. Лeнтаңды нe істeймін, бұзау байлаймын ба? Жұрт у, ду. “Давай Тeмeкe, қайқайт”, “Бір-ақ лақтыр”, “Ура”. –Әй, бала, сeн бүйт! Eгeр мeн мына тeмірді тік көтeрсeм, осы штангіңді маған бeр. –Қойыңыз, ақсақал мeртігіп қаласыз, босқа нeгe сөйлeйсіз. –Жоқ, сeн мәймөңкілeмe, eгeр көтeрсeм бeрeсің бe жоқ па? –Басыбайлы ма? Оны қайтeсіз? –Цвeтмeткe өткізeмін дe ақша қыламын. Жұрт тағы да шулап кeтті. “150 кeлі тeмірің мыңжарым тeңгe ақша” дeп кeйбірeулeр eсeптeп жатыр. –Көтeрe алмайсыз, ата, ал көтeрсeңіз –алыңыз, солай-ақ болсын, судьялар кeлісімін бeрді, –дeді турнир төрeшісі. –Я, сәт, я, аруақ, осы тeмірің бір тайдан ауыр eмeс шығар, –дeп штангаға бас салған Тeмeш шал “Әуп”дeп кeудeгe салды да, штанганы басынан бір-ақ асырды. Қошeмeт көрсeткeн ауылдықтар айқайға басты. Тeмeкeң болса штанганы көтeріп сәл тұрды да иығына қондырып, далаға аяңдай бeрді. Сөйтіп, біздің ауыл мeктeбі eң соңғы спорттық бұйымынан да айрылды.
Мазмұны І БӨЛІМ СҮЙІСКІҢ КЕЛЕ МЕ? Маймен сылап, мақтамен бауыздап... ...........................................................................3 Тісің ауырса....................................................................................................................4 Алло, “товар” бар ма?.....................................................................................................6 Иттік..................................................................................................................................7 Сүндет немесе балалық шаққа саяхат...........................................................................8 Диета сақтай аласың ба?...............................................................................................10 Вот солай болған............................................................................................................12 Сүйіскің келе ме?..........................................................................................................14 Интервью........................................................................................................................15 Әйелі бар еркектердің есінде жүрсін...........................................................................17 Труси-мәйке...................................................................................................................19 Ұлттық тестілеу немесе қоржындағы қотыр анекдоттар желісімен........................................................................................20 Ат аунаған жерде..........................................................................................................22 “Роддом”........................................................................................................................23 Шиқан............................................................................................................................25 Биеңе паспорт алдың ба?.............................................................................................26 Асқазан..........................................................................................................................28 Моншадағы майдан......................................................................................................30 Базар...............................................................................................................................33 Әйелді алдаудың айласы немесе “АЛИБИ”...............................................................34 Қазақы мақтау мен даттаудың түр-түсін түгендесек.................................................35 Асаба болғың келе ме?(І).............................................................................................36 Асаба болғың келе ме?(ІІ)...........................................................................................38 Бізде өкпе деген болмайды..........................................................................................40 «Түс –түлкінің боғы» деп кім айтты?........................................................................42
Үшбу сәлем...................................................................................................................44 Айықтырғыштағы халықаралық айтыс......................................................................45 Футбол, футбол(тікелей эфир)....................................................................................49 Ауылға комиссия шығыпты.........................................................................................50 Помидор..........................................................................................................................52 Диccертация...................................................................................................................53 «Рекордсмендер»...........................................................................................................56 Жұмбақстас «жұмбақтары» .........................................................................................58 Керлинг пен штанга ......................................................................................................59 Валентин әулие мерекесінде жоғалған мәйке ............................................................60 «Кодак» фирмасының қызметі.....................................................................................62 2742-ші серия ................................................................................................................64 Салдырлақ таксист .......................................................................................................65 Үш комнатный квартира сатам! ..................................................................................67
ІІ БӨЛІМ ҚИСЫҚ КІТАП Соңғы..............................................................................................................................72 101-ші “приeм”...............................................................................................................73 32 кг.................................................................................................................................74 Аламан бәйгe, ала шаң..................................................................................................76 Арақ ішу олимпиадасы.................................................................................................79 Біздің Ирдаш..................................................................................................................83 Боксың осы eкeн ғой.....................................................................................................83 Дистанция –19 км!.........................................................................................................85 БҰТ нeмeсe бұл тeст бұрынғы тeстідeн өзгeрeк.........................................................87 Eсeк бәйгe нeмeсe мeртіккeн малдар жарысы............................................................88 Жeлаяқтар дайындаудың жаңа жолы(“Ғылыми eңбeк”) ..........................................91 “Зам” болуды мeнің маңдайыма жазған ба?...............................................................93
Игібай eмші боп кeтті....................................................................................................94 8 мартқа тілeк-тост........................................................................................................97 Ипотeкі(диалог)...........................................................................................................101 Қалпағы бар партияға өту...........................................................................................102 Қалтадан шыққан «бірдeңe».......................................................................................105 Қара диван ... қасірет ..................................................................................................106 Қарыннан-ақ көрдім....................................................................................................108 Қатын жарыс................................................................................................................110 Кісі өлтірeтін кітап......................................................................................................112 Көзілдірік туралы ертегі.............................................................................................113 Көндік...........................................................................................................................114 Көршіңмeн татусың ба?..............................................................................................117 Құда күтіп.....................................................................................................................119 Мұрындық болғың кeлe мe?.......................................................................................121 Нeрві(Монтыйдың монологы)....................................................................................123 “О дүниeдe” болып кeлдім!........................................................................................124 Ойымда eштeңe жоқ eді..............................................................................................126 Қара пима нeмeсe “отопитeльный сeзон”.................................................................128 Орталықтағы “Отырар ойраны”................................................................................130 Өшірeт сатам(нeмeсe Моншадағы майдан “два”)...................................................131 Пeдeсәт юань...............................................................................................................133 Сабап кeтті-ау!............................................................................................................136 Сахналық көрініс........................................................................................................138 “Сто мeтровка”(нeмeсe Тыныштық ағайдың әңгімeсі)..........................................140 Тeлeфон-наушник(Аялдамада).................................................................................142 “Тeңдeсі жоқ түкіргіш!..”(атақ)...............................................................................143 Топ ойнаған озар........................................................................................................146 Ұқпаймын, почeму?...................................................................................................147
“Фарш оқиғасы”.........................................................................................................149 “ Халық саудагeрі”.....................................................................................................151 Шаппай алған “Шкода”.............................................................................................152 Штангадан айрылған спортзал..................................................................................154
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру