Қажытай Ілиясұлы. Таңдамалы шығармалары 1 том
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Қажытай Ілиясұлы
ҚАЖЫТАЙ ІЛИЯСҦЛЫ
ТАҢДАМАЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ
І том «Нҧра-Астана» баспасы Астана-2008 ББК 84 Қаз 7-5 І 47 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҦРАҒАТ КОМИТЕТІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛАДЫ ІЛИЯСҦЛЫ Қажытай. Таңдамалы шығармалары. І 47 Бірінші том: лирикалық өлеңдер, толғаулар, дастандар. Астана: Нҧра-Астана. – 2008, Т.1. – 344 бет + 0,5 б.т. жапсырма. І 470225022 00 «05»-08 ББК 84 Қаз 7-5 Ілиясҧлы Қ., 2008. «Нҧра-Астана» баспасы, 2008. Ілиясҧлы Қ. І том. Таңдамалы шығармалары. Лирикалық өлеңдер, толғаулар, дастандар.
Ақынның бҧл томына ең алдымен халықаралық, республикалық деңгейде ӛткізілген әйгілі жыр мҥшәйраларында ҧзын саны 9 мәрте жҥлде алған жырлары тҥгелдей еніп отыр. Онан кейін кезінде, ӛте аз таралыммен жарық кӛрген «Қайран, жастық!ң, «Тасжарғанң тәрізді жинақтарынан іріктелді. Сонымен бірге уағында қҧнтталмай, мерзімді баспасӛз беттерінде қалған және еш жерде жарияланбай, автордың жеке қаттамасында жатқан шығармаларының таңдаулылары енгізілді. Бас-аяғы сегіз бӛлімнен тҧратын аталмыш томның тақырыбы келісті де кең. Туған жер, ӛскен орта табиғаты, халқымыздың ғажайып қасиеті, ата-бабаларымыздың ірі мінезі, іргелі елдігі, қайырым-мейірімі, тіршілік дағдысы тҧтас қамтылады. Адалдықты, адамгершілікті ту етіп ҧстанған ақын жақсылықты да, жамандықты да жасырмай, бойын пендешілік билеген әлдекімдердің жағымпаз мінез, жәйсіз беталысын іліп отырады. Кемел ой, кестелі тілімен ерекшеленетін топтаманың эстетикалық әсері де, танымдық тағылымы да тартымды.
Арман айнасы (сурет)
БІРІНШІ БӚЛІМ
ӚЛЕҢ ТОҒЫЗ ТАРТУ ЕТЕМ ТОЙЫҢА (Қажытайға) Қазақ тҥгіл қайсысында шет елдің, Сатирада саған қазір жетер кім?! Лирикада Жҧматайға* жҧп болып, Сазгерлікте серігісің Секеннің**. Қуғын-сҥргін кӛріп шығыс-батыстан, Аман қалдың талай шабыс-атыстан. Кездерің кӛп қайран Мҧқағалимен Қалампырлы хас насыбай атысқан. Жоқшысы боп Мҧстафа Ӛзтҥріктің, Кҥллі елдің кӛзіне жас іріктің. Қайда барсаң, басыңды жҧрт қҧрметтеп, Тӛрде отырдың сҧлтаны боп жігіттің. Шекарадан кісі арқалап қҧйғытқан, «Сарыкӛйлектің артық кӛрген сыйлықтан. Сен емес пе ең атқосшы боп Тӛкеңе*, Арыстанды ала тҥскен қҧйрықтан?!
Жақсыда әсте болмас жаттық, жалғыздық, Кӛрем сенен нағыз сері, салды ҥздік. Қол артыпсың Рудадай сҧлуға, Кҥллі қыздар оқу орнын балдыз ғып.
Бірімізді біріміз тауып жағалап, Біріміз іні, біріміз жҥрдік аға боп. Отырыпты-ау, кілең классиктерге, Алматыда менің шешем пана боп!
Қымыз бар да жӛніміз жоқ сусайтын, Кӛп болмас әр ауыл тойға ту сойсын! Тойлап жатқан жарыса екі мемлекет, Мерей тойың тойға ҧлассын « Усойқым”!
Жҧматай Жақыпбаев Секен Тҧрысбеков *Тӛлеубек Жақыпбаев
Оразақын А СҚАР Халықарылық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
БЕТАШАР
Қызысың ба, осы елдің ҧлысың ба? Шешіліп, шер тӛгейін уысыңда. Кҥзетіп кісіліктің шекарасын, Тағдырым тҧрды ҥнемі қыл ҧшында… Жҥргем жоқ дҥбірлетпей, тым аяңдап, Бірақ жалқы дауыстан кім оянбақ?! Қарулы қанат бітіп қаршадайдан, Іштестім естілермен қҧдай оңдап. Бағымды бақас байлап, кӛсе кҥндеп, Кҥншілден қайтты есепсіз меселім кӛп. Топтанған тосқауылға шырматылып, Қолыңа тиді жырым кешеуілдеп. Жан жасып, кӛргенсізден кӛз қарықты, Бағымды дҧниеден озған ҧқты… Кӛңілін кӛншітпеген солардың да, «Ештен кеш жақсы» деген сӛз қалыпты.
Сҧм бар да, суайт бар да, жала бар да, Кӛрмеген ит қорлықты дана бар ма? Бітсе екен біздің тҥспен, қауқылдасып, Бҧлбҧлдың жемін жейтін ала қарға!.. 1989 жыл
АРМАН АЙНАСЫ
Ҥйіріп, ҥздіктіріп арман-ағын, Қалқам-ау, қанша жерді шарлағамын?! Менің кеудем жарым шар альбомыңдай Суретін жинап-терген әр қаланың. Әр қаланың шулатып, қарғаларын, Жандауыспен шырқадым арман әнін. Білдірдім бірақ қазақ екенімді. Еңсемнен исі аңқып сардаланың. Сардаланың бояуы қармағаным, Кӛп тыңдадым мҧңдының зарлағанын. Кінәсіздің кӛз жасын сҥртсем, болды, Қаскҥнемнің қайтемін қарғағанын?! Қарғағанын, қайтемін арбағанын?! Бҧздым талай тасырдың тар қамалын. Ақкӛңіл, албырттықпен аңғармаппын, Ақсҧңқардың орнында қарға барын.
Қарға барын, білсем де, қарманамын. Жаңылмай, айтсам-ау, деп арман әнін! Ата-баба мінезін білмейтҧғын, Қарғаң маған жӛн айтса, бар ма амалым?! Бар ма амалың? Сӛз сенен, ал, қарағым! Ӛзгеден ӛзгелігімді аңғарамын… Ӛзіме тіл бітеді, таратылса, Жаныммен жазылған қол таңбаларым… 1989 жыл Балалық Япыр-ау, қайда қалған тҧлымды шақ, Бҧлдырап шабатҧғын қҧлынға ҧқсап?.. Желдетіп, желіктіріп әкеткен бе, Қашық ән, асыл арман, шырын қҧшақ?! Шҧралап, шу асаудай басы қатты, Жорыққа тағалаушы ек жас лақты. Ӛлең жазып отырған мынау саусақ, Ол кҥнде садақ тартты, асық атты.
Шынтақтай шҧбар балық шалшықтағы, Қуғызды, тҧла бойдың балшық бәрі. Сыйпалайсың жарылған жіліншікті, Шыпылдап тҧрған кезде қан шыққалы. Тҧрлері болатҧғын сайыстың не, Бірі оның – тартысу тай ҥстінде. Қамшылар жақ қылта мен алақанды, Ысады қып-қызыл ғып қайыс кҥнде. Ертеден қара кешке алмай тыным, Жар-жақ бар жҧмыртқа іздеп, шарлайтынын. Қақпан сап, тҧзақ қҧрып, жақындаса, Ҧсталмаған қҧстан-қҧс қалмайтҧғын. Алдың қызық, балалық артың қалай, Тҥнердім, баяғыша жарқылдамай?.. Ӛзім жҥрмін, жҥгіріп ӛз кеудемде, Қайта кӛрген дыбыссыз картинадай… 1965 жыл
ҦЯЛАС
«Ырыс алды ит», – дейді аттас бала, Иті жоқтан ауа ма бақ басқаға? – Дегенімде жымыңдап, аңғарлы әкем, Бір кҥшік әкеп берді ақ тӛс, қара. Жауқабақ, кӛнек басы ойға қҧмар, Ҧшы аппақ қҧйрығының мойнағы бар. Тҧмсығын шҥйіреді иіс тартып, Шақырса, алдап-сулап қойдағылар. Қазақпыз кҥбі байлап, кӛнек керген, Иесіз ит жоқ онда қоректен кем. Батырдай балпаң басып, емін-еркін, Алты айда бой теңгерді тӛбеттермен. Қан жейді, қарамайды тӛккен безге, Басқадан бақандыдай ӛктем кӛзге. Бір сҥйем биіктеді ең дәуінен, Ҥйіне омыраулап жеткен кезде.
Ҧялас атануы – туады егіз, Осындай сыңарың да бҧла деңіз. Ылыққан шоғырларға килігеді, Кіргендей қой тобына қҧнан ӛгіз. Кҥтім бе, тҧқымдағы кемшіні ме? Ӛзге иттер жолай алмай жеңсігіне… Ҥрпиіп, ақсақ-тоқсақ, себепкері, Тиетін ҧяластың меншігіне. Таласса, созылмайды майдан онша, Шайқайды тобы тҥгел жайрағанша. Кӛшкен ел, бӛтен жҧртта кӛрерің сол, Қҧйрығын тҥсірмейді қайда барса. Татпайды ҧсынбасаң, ас-тамақтан, Жатпайды қауіп тӛнсе, басқа жақтан. Ҧялып оқыс ҥрсе, ҥлкендерше, Ҧғатын айтарыңды қас-қабақтан. Қай-қашан озбыр кӛріп, рахатты, Ҧрпағын ҧяластың бҧра тартты… Айырып елді иті мен ырысынан, Малданып қалмайықшы қҧр атақты!
СҦРКӚЖЕК
Сҧқсырдай сусылдаған Сҧркӛжегім, Қант жесем, қарбыз жесем, бірге жедің. Ӛзіме кӛзің-айна, жанарымнан, Кейде нҧр, кейде кҥңгірт мҧң кӛремін… Тҧмадай аласҧрған саңлау іздеп, Жанымды жегідей жеп жҥрді ӛлеңім. Секіріп биікке де, ҧзынға да, Шошытқан ауылдасты ізің ғана. Арқаңа албастыдай жабысатын, Шау тартты-ау, шҧғынықтай қызыл бала! Киелі жануар ең, тҥсіне еніп, Ҧлымның ҧсқынына тҥзу қара!.. Еліктей елеңдетіп, зыттырғызып, Қуғыншы-қҧмай тазы, итті ҥргізіп. Ойнаттым, ойнақтаттым циркшідей, Жатқызып, тікеңнен де тік тҧрғызып Әскердей ертуші едім бар баланы Кӛргеннің кӛкейіне қҧрт кіргізіп.
Бітер ме енді сендей малға мҥсін?! Сҧңқардай сҧлу едің, алданышым! Тайыңнан таңдандым-ау, қҧнан алмай, Қазақтың осы ӛнерін жалғау ҥшін! Самсаған сары қолдан шығушы едің, Тосқауыл туғызса да жанға қысым! Олжа алған дәулеттіден, кемерліден, Той-топқа ӛрен жҥйрік тӛнер кілең. Соның да қҧрсауынан қҧтқарып ең, Лып етіп, кісі бойы кедергіден… Тҧқырып, сәл тежесем, кӛлденеңдеп, Қҧйындай қҧбылатын ӛнерлім ең! Пәниде қызық кӛп қой армандарлық, Қазақы даналыққа қайран қалдық. Оққағар болды ма екен ажалы ма, Тҧқымын хас тҧлпардың аңғарғандық?! Ӛлуші ем, ӛзге мінсем, аман кеттім, Кӛкпармен қҧрық бойы жардан қарғып.
Танытып қариялар жылы кейпін, Ауылым содан бастап «ж-жы» дейтін. Әкем бір малын сойып, таратты елге. Жасытып, мені де онша мҥжімей, тым. Жымиды нағашымыз сонда тҧңғыш, Қайғыдан қабақ ашып, жібімейтін. Сол шіркін, жаныма әлі нәр береді, Басқасы тақияма тар келеді. «Ж-жысы» – бҧл Қажытай пері-шалыс, Қорғайтын жылқы-жыны бар, дегені. Есейсең, ескі сурет тербейді екен, Тірілтіп, бастан кешкен әр немені!.. 1999 жыл
ЖОЛ АЛДЫНДА
Жатайын ба, ҥйімде жатпайын ба, Кетсем қайтер, сыңсыған ақ қайыңға? Жирен қҧлын секілді жыр шумағын, Кӛзіңді ашып-жҧмғанша таппайым ба?! Уақиға ҥйіріліп ҧлу жылғы, Басқа ермек кӛрінбей тҧр шыбын қҧрлы. Сағал атпен кӛсілтіп кӛкпар қуған. Кҥрең жон кӛңілімді шҧғыл бҧрды… Шағыңда қас-қабақтың тас тҥйілген, Шабытым қамшы емес пе ең басқа ҥйірген?! Қырмызы қызыл тҥлкі ӛлең болса, Аңшымын ғой қадалған аш бҥйірден. 1969 жыл
ӚЛЕҢГЕ ӚЛШЕМ
Ӛлеңді қорламаймын ӛлерменше, Ҧстанар жолым осы ӛле-ӛлгенше. Қолжаулық болмас еді-ау, кӛрінгенге, Ӛзіне талап қойса, ӛлең менше! Ӛлеңді жазбау керек пысықтарша, Тыныш жҧр, елдің тілін қышытқанша! Кетеді сӛзден сҥйкім салдақыдай, Дедектеп, біреу кӛзін қысып қалса… Шырғаны, шындықты айтып, дәрменімше, Жарылқайын, жасыған жан кӛрінсе, Ӛлеңнің кӛзін шҧқып, басын жарса, Ататҧғын киесі бар меніңше… 1978 жыл
ҚЫРАН ХИКМЕТІ
Шарпысып ҥкі, жердегі жыртқаш бӛрімен, Қолыма қондың алты қат аспан тӛрінен. Бҥркеулі – жанар, байлаулы – аяқ, мен саған, Тҥрменің дойыр қожасындай кӛрінем. Қҧтырып кӛкке, сағына самғап шықтың да, Қҧлқының қҧрып, тҥстің бе, торға – тҧтқынға?! Ысқырып атқан киіктей барлап, талғамай, Еркіндіктің қадірін енді ҧқтың ба?.. Дҥние – иен, қанаттыларға бәрі бар, Аспанды аңсап, шерлендің бе екен, жануар? Айлакерлігі адамнан асқан тағы бар, Тағыдан бетер – адамнан азған тағылар. Талбойыңнан тарыдай бір мін таппаймын, Қылышың, шалғың қырындай майда тақтайдың. Қҧдайың оңдап, қоя берсем қайтеді, Әлдекімдерше жақсылығымды сатпаймын.
Шешіліп шыжым, сыпырылса, томаға, Ҧшқан ҧяңа жете алар ма едің қонаға?.. Адалдық жағын ӛзімнен ҥйрен, тек қана, Басыңды байлап «алдамшы» асқа жолама!.. 1999 жыл
САЯТТА
Сәріден қолда қҧс қырындап, Сақалын тарайды мҧнар бҧлт. Қарт жанын тартады қҧрулап, Бойдағы аңшылық, қҧмарлық. Астында жарау ат, тоқ бҥйір, Бӛктерге тартты тік қыстақтан. Болса да бет алды кӛп шиыр, Таниды-ау, тың ізді тіс қаққан?! Жӛнелді бір сәтте қҧйғытып, Кӛз жазып шыжымды бҥркіттен. Қараймын жаныма кҥй бітіп, Қылпына нҥктедей бір тҥрткен!.. 1964 жыл Бозторғай Ҥніңе тағдыр ӛзі шешен еткен, Қҧлағын, ата-бабам тӛсеп ӛткен. Бҧлтиған бҧзаушықтай сҧрша қҧсым, Боз болып атануың, не себептен? Ҧнайды мінезің де, ӛнерің де, Хақың бар кӛбеюге, кӛгеруге. Ҧран қып ҧруыңды шақырмай-ақ, Кӛнесің әніңді айтып ер елімге.
Жақының аз болғанмен, жан ашырың, Әрлейді аспанымды жарасымың. Дҥниені ойлай-ойлай нҧры тайған, Еске сап дана кӛздің қарашығын. Жапалақ, ең осалы кәрі қҧмай, Саған бҧл тырнақтының бәрі «қҧдай». Кетесің қандай сҧмның шеңгелінде, Ҥміттей шырылдаған, жарығым-ай!.. 1966 жыл
ДОМБЫРА
Кҥйдірме, кҥйдің нарқын елемесең, Мейлі сен кім болсаң да тӛбелесем. Жанымды сейілтетін, сергітетін, Кҥйшінің кӛкірегі ол – неге десең? Домбыра тәрізді ғой дарқан адам, Пәниде шер-қҧмары тарқамаған. Әсет пен қашқын Мәди қанжығалап, Мҧсасы жаяу жҥріп арқалаған. Ҧлының ғой ҧқтырған ҧлылығын, Оны ҧқпай, неге керек тірілігім?! Ана жылғы естіген ойлы «Қоңыр»*, Кетпейді қҧлағымнан кҥні-бҥгін. Ҥнінен қатуланса, батыр Адай, Жыр қашап, әнін қосқан ақын Абай. Шанақтан қыран-топан кҥй бораса, Қазақтың шыдаушы еді дәті қалай?! 1966 жыл –––––––––––– * Ә.Хасеновтың кҥйі
ГИТАРА
Тәтті саз бейне ғашық кҥбіріндей, Арыңды кейде тҧлпар дҥбіріндей. Іңкәрмін екі тҥрлі ғажабыңа, Бірі салқын, кҥн шуақ бірі кҥнгей. Сезетін кҥйге ғана жаны қҧштар, Тым нәзік ҥзілердей сағыныш бар. Ҥндесіп кҥйігі кӛп кәрияға, Шыңғырған шыңыраудан жалыныш бар. Мҧңайып кҥрсінеді, ысқырады, Булығып айта алмайды, ышқынады. Сҥңгітіп, ӛзге ӛмір ӛлкесіне, Жалғасы бітпейтіндей тҥстің әлі. Алыстан арбағандай бҧлдыр ҥміт, Қояды аласҧртып, жынды ғылып. Сиқырлы, сыралғылы әлдиіне, Ӛтермін ӛле-ӛлгенше қҧлдық ҧрып.
Ал кейде сияқты ғой сырласымдай, Қҧштарлық, не қылайын, жҥр басылмай?! Жетеді-ау, адам тілі жетпегенге, Бір шертсем, жас жасаймын бір ғасырдай!.. 1965 жыл
БИ КЕШІНДЕ
Сыртқа шалқып, жан толқытқан ҥйдегі ҥн, Қоздырады делебемді би менің. Сусылдаған қарлығаштай серілер, Сетінетіп танысын, не сҥйгенін. Кӛк жайлаудың иісі аңқып мҧрынға, Тисін қолың кемінде бір бҧрымға. Қабақ шытып, жапа-жалғыз тҧрғанның, Кӛңіл кҥйін жайсыздыққа ырымда! Танылады уайымсыз нҧрлы кӛз, Табылады баққан бәрін дҥрбі кӛз. Мағынасы ҧқсамайтын ӛлеңдей, Аңғарасың неше тҥрлі сыр, мінез. Ҥйірімін кҥн жолындай қайталап, Бір-бірінің әуселесін байқамақ. Желпіндіріп, алқындырып барады, Бәрекелді, анау жігіт, сайтан-ақ!.. 1967 жыл
ЖҤРЕГІМ БОП…
Қҧштарлық тілді кҥрмеп, мендетті анық, Кӛксеймін нҧр жҥзіңді шӛлдеп-талып. Ҧшып кеткен суретің елестейді, Кӛңілімнің кӛлінде ӛрнек қалып… Зарығып, ақыл-ессіз қҧр сҥлдерім, Сенделсе, мҥмкін бе екен кҥрсінбеуім?! Еңсені қорғасындай ауырлатып, Сыздаған жҥрегім боп тҧрсың менің!.. 1960 жыл ХОР ҚЫЗДАРЫ (Балдыздарға) Тҥсті де жақсылыққа ырымдылық, Кӛз тартпас, кӛріксізге ҧрынбадық. Ҧжмақта хордың қызы бар деп естіп, Табиғи таза жолдан бҧрылмадық. Жігітті жер тҧбінен тҧнғаттырар, Ішінде неше тҥрлі сымбатты бар. Сҧлулар кӛрмесіне жиналғандай, Сендер кім боласыңдар, қымбаттылар?..
Сӛйлессек, ғашықтардың жоқ тілімен… Шырақтай жанарларың отты кілең. Әлемде не ғажайып ӛлең туған. Сҧлудың ӛздеріңдей кӛптігінен. Жайлаудың бірің бейне-қоңыр гҥлі, Аққудың бірің қҧдды кӛгілдірі. Әркімді жер шетінен іздеп, тауып, Қҧраған қалай, қайтіп ӛмір мҧны?! Бҥрлеген бірің торы тобылғыдай, Айып па, толқып тҧрса, кӛңіл бҧлай?! Жҥргендер кӛкке қарап, мҧнда келсе, Бермей ме, жерден тауып, жоғын қҧдай?! Қҧлақта біреуінің әні қалып, Тереңдеп таныспадық, танымадық. Ӛлеңді ойланармыз, ең әуелі, Хор қызымен ауыздың дәмін алып… 1994 жыл.
ӘБІКЕННІҢ «ҚОҢЫРЫН» ЕСТІГЕНДЕ
Қағасың кҥңірентіп, майда ғана, Кім білген, қадіріңді қайран аға?! «Қоңырыңды» естісем, егілем де, Қаңғып кеткім келеді айдалаға!.. Қаңғысам, таяқ ҧстап айдалаға, Дем бар ма кҥннен кӛмес, айдан ада?! Естіні іскектеген есіріктер, Қанжарын қадамаған қай данаға?! Бір тістем, қолы жетпей, шайнамаға, Кебінсіз сҥйсек толса, бай далаңа. Тіл шешпеген тҥйінді, кҥйің шешіп, Қабырғаң қайысыпты-ау, қайран аға!.. Борандай боздатуың жай ғана ма? Кӛкірегің қайғылы майдан аға!.. Тәтті мҧң мҧхитына сҥңгітпесең, Жҥрегім жҥрегіңе байлана ма?! 1969 жыл
ІҢКӘРЛІК
Тастаса да жҥрегіме жҥз қармақ, Ӛлең жазып кӛрмеп едім қызға арнап, Бҥршік жарды тҥкпірінен жанымның, Ӛзіңдей бір ҥлбіреген қызғалдақ. Қҧмарлықтың қҧдіретті қыспағы, Айтарымды ауыздықтап, ҧстады. Дидарыңа тіке қарай алмаймын, Қҧпия ой кӛкіректе пысқалы. Еркің білсін ӛжет десең, ез десең, Кӛркіңе кӛз суғаруға кездесем. Тіл байланып, тіс жаратын емеспін, Іңкәрлікті осы ӛлеңнен сезбесең. 1961 жыл
ҚЫЗЫҚПЫН-АУ!..
Қызықпын-ау, мен осы қызықпын-ау, Бетіме бейнет салған сызық мынау! Сӛйте тҧра кӛзі жоқ кӛбелектей, Аспандағы қырғиға қызықтым-ау! Батылмын-ау, мен осы батылмын-ау, Батылмын-ау, әсершіл ақынмын-ау! Сезімнің серпініне тізгін берсем, Әуе ашық, жер жазықта шатылдым-ау! Кӛзімді сҧлулыққа суардым-ау, Енді ненің кҥтері буалдыр-ау! Қамаймын қай қапасқа ниетімді, Қҧмармын-ау, бәрібір қҧмармын-ау! 1993 жыл
ҚҦРБЫНЫҢ ҚУ СӚЗІ
Қанымды қағындырған ҧл ма, қыз ба Аңсарым ауып кетті-ау, тҧлғаңызға! Ӛмірдің тәттілігін білгендіктен, Сҧлуды сҥю ҥшін туғамыз ба?! Дәндетіп тіл ҥйірген жеміңізге, Сый-қҧрмет жасадыңыз теңіңізге. Тағатсыз тасқын жҥрсе, тамырлардан, Осыны тоқтататын еміңіз не?.. Сапырсақ, қанды-қанға, жанды-жанға… Қалқам-ау, қасыңыздан тапжылам ба?! Осындай дерттен ӛстіп, жазылдым деп, Еске алып отырармын алжығанда!.. 1980 жыл
ӚҢ МЕН ТҤС АРАСЫНДА
Әсерлі әлпет, мойылдай мӛлдір жанарың, Тҥсінесің бе, тҥсімнен шықпай қаларын?.. Риясіз ізет, сӛлкебай сӛзің сыңғырлап, Кетірді дағын жаныма тҥскен жараның. Ҥшкірсең, сені әспеттейтіндей әр әнім, Лебіңе қҧдды торғындай толқып барамын! Ақ мамық гҥлдер ҥстіңнен ҧшып, тҥсімде, Қауырсын қатпар тҥгесілгенше қарадым… Ырқыма кӛнбей, ашылды-ау, ақыр араным, Ершікешпіз ғой, қайрайтын қару-жарағын… Лапетпе сезім бойымды билеп әкетті, Қылымың мҧны не дейтін еді, қарағым?..
ШАБЫТ
Жайыларда жаңа жырдың ӛркені, Қажап еді, сезім қандай ерке еді?! Айналаңа меңіреу ғып ілезде, Қиялыңды қияныңа серпеді. Тыңдағандай тіл байлаған ән-кҥйді, Ойың сергек, жаның ҧйып қалғиды. Қайта таппай қалам ба деп сасасың, Сыбыры жоқ, сыры ғажап әлдиді. Ӛте шығып ӛкінішті тҥске ҧқсап, Зарықтырма, бір ӛзіңді кҥш тҧтсақ! Ӛлең шіркін жҧдырықтай жҧмылсын, Байырқала қайырлы сәт, ыстық сәт!.. 1967 жыл
ӘН ТУАРДА
Сарыны қҧлағыма жылда естіліп, Ән тескен кӛкейімді мың бестілік. Қағып қап інім соның бір бунағын, Періге жіберді ме тілдестіріп?! Тҥрткендей сыбызғы ҥні, қырда естіліп, Кең дала елестейді мҥлде ескіріп. Шабытым шарықтады қас-қаққанша, Қырандай кететҧғын ілместі іліп. Қҧсына кӛңілімнің із кестіріп, Еркімді алақашты бір кешкі ҥміт. Жаңа ҥйге сҥйреп барды сҥйегімді, Таксиге інішегім мінгестіріп. Әлгі әуен бірде естілмей, бірде естіліп, Ӛзімді жҧтатындай кҥн кешкіріп… Сәулелі сахарадай кӛкірегім, Сабылған мың кӛш шығып, мың кӛш кіріп.
Жанымның жалауынан нҧр кестіріп, Ақыры әуен таптым мың бестілік. Адуын «Ән осындай» толқып туған, Атасаң, сҥйіншіңді іздестіріп. 1990 жыл ҚОЛТАҢБА ОРНЫНА (Кітапқа түскен) Нҧр жаусын талабыңа Мақан-інім! Ҧғатын ҧл болыпсың ата мҧңын… Қағылез жарты сӛзден жай тҥйеді, Жай емес шығар ақын атануың?! Қонақтап, кӛңіліңе тарамаса, Жете алмай, туған жерге жатады ҥнім. Танырсың табиғатты «Тасжарғаннан» Тентегімін Алматы шаһарының. Сыймаған дҥниеге бҧл ағаңның, Себебін сезсең болды шатағының… Мақан Байдҥйсен – менің аталас, ауылдас, ақын-інім.
ПОЛОНЕЗ
Ҥніңді ҧқтым, ҥніңнен мҧңыңды ҧқтым, Полякша білмесем де тіліңді ҧқтым! Мен ҥшін сенің сӛзің қазақша ғой, Айтылған аржағынан шымылдықтың. Кім білсін сені менше бастан кешпей?! Бәрімізді тарыдай шашқан мешкей… Бҧлтымен, боранымен араласып, Гималай шоқысынан асқан кӛштей. Сен – поляк, мен қазақпын айырмамыз, Сені ҧстаған тҧста біз Жайырдамыз. Қай заман, одан бері, қҧдайым-ау, Шықшытын талай қырттың айырғамыз… Онда сен тергеудесің, Польшадасың. Мен сәби ем, сҥйреткен қолшанасын. «Кеден – кеден болғанда, кесір неден?» Анық талдай алмадым сол шамасын.
Қорланып қҧл-қҧтанға қайран басың, Еріксіз туған жерден айдалғансың. Ӛріп жҥр жер шарында мен сияқты Сені пір тҧтатҧғын майдандасың. Қайғыдан кҥлем кейде арылған боп, Маңайымда тарығып, тарылған кӛп. Мен ӛзіңнен он есе қорлық кӛрдім, Бірақ әлі жҥрегім жарылған жоқ. Жаным суып, ҧқсайды Тундраға, Зорлық бар да ӛнерді оңдыра ма?! Жерім кеңіп қалады, қҧйқылжытып, «Поленезді» ойнасам, домбырада. Қазына жатады ғой мида ғана, Мен де кӛп кӛңіліне сыйғам, аға. Ақынмын, атбегімін десем егер, Ол жақтағы ынжықтар илана ма?.. Арамды тазартатын ағын суша, Тасимын ерегесіп, сағым сынса. Аруақ болсаң, Джордж Соросқа айтып, Осы ӛлеңді сӛйлетші ағылшынша!
2000 жыл
ҚҦТ
Ӛмірдің ӛзгергенмен тҥрі мҥлде, Сырын біл, сыртын білмей, тірі кҥнде. Кесегі ҧсақтардың ісін істеп, Ҧсағы алар орнын ірінің де. Ондайлар елді ойламай, жемді ойласа, Қажеті болар ма екен бірінің де?! Жолы тар ылдиының, ӛрінің де, Кӛздінің кілтипан бар – кӛруінде. Себепсіз салдар қайдан туар дейсіз Темір де балқымай ма кӛрінгенде?! Пендеден ҧялмаған, хақтан қорқып, Рақым жасамайды ӛлімінде. Жомарттық ниеттен ғой, сараңдық та Не жетер періштедей адалдыққа?! Бӛлініп, бӛріге жем болар жай жоқ, Жаралып қазекеңнен таралдық па? Дәрідей тазалықтан тамтық қалмас, Кедергі қойылмаса, арамдыққа.
Бергенім бар, кӛп әлі берерім де, Сондықтан, сҥңгимін ӛз тереңімде. Менің қҧтым, қуатым ӛнерімде, Кертіп берем жҧртыма керегінде. Пысқырмай, кещесіне, кереңіне, Алшаң-алшаң баспай ма ер елінде?!
ЕКІНШІ БӚЛІМ
АЛТЫН БЕСІК
ЛЕБІЗ. ЭКСПРОМТ
Шу асауды ӛз ырқына кӛндірген, Лапылдаған талай ӛртті сӛндірген. Тонна-тонна руданы қопарып, Алашыма асыл ҧрпақ ӛндірген – Қажытай ағам; Қажытайым қайыспайтын қҧрышым, Бар ғҧмырын сарп еткенде жыр ҥшін, Ҧрпақ жалғап, иіп берген ҧлтына Бойындағы алтыны мен кҥмісін – Руда жеңгем! Ҧлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері
ЕМІЛ
Атыңды естігенде «Еміл» деген, Елең етіп, қайғыдан жеңілденем. Кетпесем, желдей есіп жер тҥбіне, Отыз ӛлең арнар ем кемінде мен. Жылқың қайда, шҧрқырап, тебіндеген, Жҥйрігің жоқ, дереннен жемін жеген?.. Тҥбегің тҧяқтыны аңсаған ба, Шалғыны дірілдейді желінбеген?.. Ҧрынып не бір дҥмше, не бір керең, Бӛгеген-ау, бетонды темірменен. Аңғарың қҧлазиды арнаң олқы, Сонда менің тынысым кеңір неден?! Табиғат ҥйлесе ме жемірменен?! Не қалды екен жемірлер кемірмеген?! Саған да бір сҧмдығын жасаған ба, «Аралды» жҧтып қойған шегір немең?..
Ауырды сараламай, жеңілменен, Азапты аз кӛргем жоқ тегінде мен. Ҧзақ жыл хабарымды білмей қалдың, Сҥйектей жаназасыз кебіндеген. Жетем деген жалғыз-ақ сенімменен, Бӛгеттің не тҥрінен шегінбеп ем. Кеще кӛп маған да сан қақпан қҧрып, Пәлесін табаныма желімдеген… Соларды жазамын да кӛңілденем, Алыста әзілдесіп, ӛлімменен… Толқиды тоқтаудағы айдынындай, Кӛп ӛлең кӛңілдегі тӛгілмеген… Кеш біліп, туатынын ненің-неден, Жанардан жас қайнады-ау, телімдеген. Жӛңкіл бері, жӛргекті жуған ӛзен, Алатының кӛп әлі сенің менен!.. 1990 жыл
АЛАТАУ
Дулыға киген басың мҧз қҧймалы, Сайыңнан ӛреді ӛзен жҥз бҧйдалы. Пейілің кең ақ езу аязда да Кетпейді етегіңнен кҥз дидары. Жаралған заманыңды жарықтығым, Білеміз бе кӛргендей барып бҥгін?! Бірақ та сен білесің тым әріден, Шаттығын ӛткен елдің, ғарыптығын. Кәнекей, шежірең бар есте қандай? Ҧғайын, ҧқыптайын кешке қалмай. Япыр-ау, неге ғана тіл қатпайсың, Кӛп біліп, аузын баққан ескі адамдай?.. 1968 жыл
АЛАТАУДЫҢ КЕЙ СӘТІ
Табиғат тамашасын айтасың қай?! Жырға қос қҧлжаларын сай тасындай. Алатау иығына бҧлт ілінсе, Ӛшескен буралардың шайқасындай. Ақ бура, қара бура, қоңыр бура, Тҥксиген келе мҧнда, шоғыр мҧнда. Кҥркіреп арасынан от шығарса, Қаймыға қаһарынан қорындың ба?.. Ашылар таудың әсем кӛркі тағы, Тәубесіз, тантық ӛзін зор тҧтады. Кесірі бір пенденің мыңға тиіп, Табиғат талтандасаң, қорқытады… 2000 жыл
ЖАЙСАҢ
Кемері кілкілдеген қҧба белге, Қызығып кім қҧмартпас мына кӛлге?! Жағасы кер бетеге, тегін курорт, Жайсаңдай жер бар ма екен бҧл әлемде? Кӛгерген кӛркі бейне кӛсегем ғой, Даңқына қҧмар болдым кеше кӛрмей. Қандай ғажап табиғат, жер шетінде, Аспанның тҧйық басын тӛсегендей. Ертеде қҧлан жортып, нар жҥретін, Ақсуат, Тҧғыл дейді арғы бетін. Бекіре мен қҧртқаға қҧныққан ел, Менсінбепті тӛрт тҥлік малдың етін. Сҥйегін арғы атамның жуған кӛміп, Толқыннан Тҧғылына тҧнған кӛбік. Тірісінен іздедім ҧқсас белгі, Тобылғыдай тҥрімді судан кӛріп… 1971 жыл
ЕРТІС
Мың толқын бір толқынның ырқыменен, Ақ Ертіс алқын-жҧлқын кҥркіреген. Тҥбінде тӛңкеріліп жатыр аспан, Ап-анық ай, жҧлдызы, бҧлтыменен. Айдынды кеме жарса, омыраулап, Толқындар тебіседі, ӛріп аулақ. Ақ тақыр шағалалар арпалысып, Жебедей шаншылады балық аулап. Тҧп-тҧнық жасындайсың қуаныштың, Келеді қаз-қалпында бірақ ішкім. Тым оқыс шоршығанда ерке шабақ, Бауырынан жалт-жҧлт етіп шығады ҧшқын. Ақ Ертіс алқын-жҧлқын кҥркіреген, Мінезім мінезіңдей бір тҥлек ем. Кеудемнің арнасынан ағылсашы, Тоқтаусыз толқынындай шіркін, ӛлең! 1963 жыл
ҚОҢЫР ДӚҢ
Бармысың кит жонындай қоңыр дӛңім? Тҧзымды алыстатты-ау, ӛмір менің! Келеді қҧшырлана қҧшақтағым, Сендегінің кӛзіме кӛрінгенін. Қҧйқалы қоңыр дӛңім, момын дӛңім, Желписің жер тҥбінен кӛңіл кӛгін. Суырдай судан шыққан сҥмірейтіп, Сағынам нӛсеріңнің тӛгілгенін. Орнықты момын дӛңім, қоңыр дӛңім, Тӛліңнің аялаймын кӛрінгенін. Жҥгіргім келеді ылғи жалаң аяқ, Кіргізіп табаныма шӛгірлерін. Келіскен кит мҧсінде қоңыр дӛңім, Қонжиып отыр екен тӛріңде кім? Сетіркей* серпетін кит қҧйрығындай, Табиғат қалай сызған со бір жерін?!
Маған да ой тҥсіп жҥр қоңыр дӛңім! Тағуым оғаш екен ӛмірге мін. Ортаңғы ҥй шет болмаса, шеті кӛшіп, Осынша ҥлкендерден кемір ме едің?.. 2000 жыл –––––––––––––– * Маңғолша – кетік, жер аты.
ҚОСАҒАШ
Жайнатып, жайған кезде кӛктем гҥлін, Туыппын бірі болып жоқ белгінің. Атан бойы ақ шиге қос бәйтерек, Әйгілеп тҧрады екен ӛктемдігін. Шҧбартып ҥйге тҥскен кӛлеңкеден, Кинодай тіріледі ӛткен кҥнім… Ақ орда саясында алты қанат, Жапқандай жасыл тҥбек жалпы манат. Әкеліп екті ме екен осы ағашты, Қасырлар қатпарының халқы қалап? Келгендей сол жорықтан бусанады, Суымай, табан астын тарпыған ат. Батырдай жауға шапқан басты байлап, Желігіп, жеткізді ме, тасқын айдап?.. Емілдің ернеуіне қалай ӛскен, Ойлайық қартты демеп, жасты қайрап! Ӛнетін, маңындағы басқаларын, Әлде кім жҧлды ма екен қастық ойлап?..
Басына шығушы еді кӛрші-кӛлем, Кҥн салып, маңдайына тершімеген. Байыппен малын кӛздеп айналадан, Кӛп болса, бір шыбығын еншілеген. Сәби ем сол биіктен дәмесі бар, Сағыныш онда бҥйтіп, ӛршімеген… Бҧл менің кіндік кескен жҧртым еді, Жҥрегім соған ылғи нҧр тіледі! Орынын отау ҥйдей опырайтып, Енді оны қандай пысық қҧртып еді?! Ағашым атымен жоқ аялаған, Несімен жҧбатады қырты мені?! Мҧндай да қайтып қана тҧра аласың?! Айтушым кҥмілжіді сҧрағасын. Қҧруы-Қосағаштың рас екен, «Білмеуші ем, – деп қҧтылады, – бҧл арасын…» Мешітке, қарай бердім, мҧнараға, Қҧлатып, кӛңілімнің мҧнарасын!.. 1989 жыл
АҚСУҒА БАРҒАНДА
Туған жер, ыстық еді кӛркің неден? Жанарға жас қайнаттың мӛлтілдеген. Алды-артын аңғармайтын есер едім, Егесте мен айтайын, сен тҧр деген. Сескеніп, семсерінен қиын жылдың, Ӛмірдің отыз тарау кҥйін білдім. Мен сенің маңдайыңа симағанмен, Сен менің таңдайыма сиып жҥрдің. Атансам ақын, сазгер бағым жанып, Ӛзіңе арнағанмын әнімді анық. Тарыдай тіс жігіне қыстырылған, Кӛз тойды не етерден жаным қалып. Ӛнердің жолын қусам серттей бекем, Қарама шендескенді ертпей, кетем. Тӛрінде ҧжымақтың сайраңдадым, Бәрі-бір туған жерге жетпейді екен.
Бала кез домалатып тасымды ӛрге, Ізімді қалған сар дала, жасыл белде… Аруақ кешір мені кешіре алсаң, Жеткенше иілейін басым жерге! 1989 жыл
ТҤРКІСТАН ТОПЫРАҒЫ
Ойымның жеткізермін орамын қай?! Кенере кӛп, керуен сорабындай… Әлемдегі әулие, әмбиенің, Тҥркістаным тоғысқан торабындай. Алтын бесік дарынды дастан етер, Біз тҥгіл, қҧс та ҧясын жасқап ӛтер. Тҥйіп ал топырағын қастерлесең, Дәретсіз Тҥркістанды баспа бекер! Ділімді жас білмесе, қартаң ҧғар, Ерлікті пір тҧтады арқалылар. Қабанбай қалқан болса, Тҥркістанға, Тҥркістанда Қабанбай қалқаны бар. Кімім жоқ, бҧл ӛлкеде киелім бар, Қаным бар, қадірлейтін сҥйегім бар. Қасырлар қатпарында қалып қойған, Керуенді жҧтқанда тҥйе қҧмдар…
Ойым бар, арманым бар, ҧраным бар, Қарманыңдар, осында қҧралыңдар! Қазақтың бәрі тҥгел жиналғанда, Аузыма қарататын бір әнім бар… Жадырап жарлық берсе, бас денеңе, Кӛзіңе тебіренбей, жас келе ме?! Аруақ мені кӛтерме әуреленіп, Мен сендерді кӛтерем тастӛбеме! 1999 жыл
КӚШПЕНДІЛЕР КӚКТЕМІ
Тӛлі туып, жусаны бҧрқыраса, Қазақпыз қадірлейтін жҧртын аса. Мәз-мейрам ауыл сырты асаулардың, Бірі мӛңкіп, біреуі зырқыраса. Ақ ҥйлер, қоңыр ҥйлер, аппақ ҥйлер, Ботаға ҥкілерін таққан ҥйлер. Сол кезең, сол кеңдікті саралаймын, Таласып-тырмыспайтын таққа билер. Кӛшкенде тҥйе ғана артатының, Ойымның кім ҧғынар сарқа тҥбін?! Қорқыттан ҥйренгендей боталы інген, Қобызын кезек-кезек тартатҧғын… Қонақтың бірі кетсе, бірі келіп, Сӛзі де, қолқасы да іріленіп. Жылдан есен шыққаны тӛс соғады, Қырғыннан жолыққандай тірі кӛріп.
Бҥркіті томағалы тҧғырында, Шолпы, теңге қыздардың бҧрымында. Жорға, жҥйрік мінгені жанасалап, Қара таппай тҧрады-ау, ҧрынуға! Жылқышы, мерейі ҥстем тҥйешінің, Тҥргізіп тӛрде отырар ҥй есігін. Сарыала уыз, сҥрі табақ сонда, Қҧлынын ертіп берсе, биесінің. Кигені жасыл мақпал, қара манат, Кҥтеді отағасы қадағалап. Дҥбірге кҧндік жерден қҧлақ тҥріп, Деренде тықыршиды жараған ат. Солардың кӛру бақыт кӛркін анық, Бозбала кҥреседі бӛркі қалып. Босаға бояған жіп, қҧрған ӛрмек, Кергендей кемпірқосақ кертіп алып. Кӛбелек, қоңыз ҧшқан далада жаз, Тай мініп, тайынша ҧстап бала да мәз. Сап-сары кӛйлек киген ақ бҥркеніп, Жеңгелерім сияқты сарыала қаз.
2000 жыл
ЖАЙЛАУ ТАҢЫ
Қоңырқай дҥниені сәндегелі, Сазан тӛс самалалап таң келеді. Бозторғай аспандағы қоңырауша, Шырылдап, ҧқтырғандай әлденені. Ару кҥн кҥлім кӛзін қадап еді, Кӛк аспан жирен тартып сала берді. Кӛлеңке жҧлым-жҧлым тҥлеп әне, Тҧмшалап жатқан жаңа бар әлемді. Бусанып кҥнгей тастың шар тарабы, Меруерт шық мӛлт-мӛлт тҥсті аршадағы. Із тҥсіп теріскейге сойдақтаған, Ауылдың қыбырлады барша малы. Тек әжей тҥндік ашып, қҧртын жайды, Сиыр ӛрді-ау, тҧяғы сыртылдайды… Жетпеген бие бауға дҥбірді естіп, Елеуреп, арқандағы ат тың тыңдайды!.. 1963 жыл
ЖАЙЛАУДАҒЫ ШАҢҚАЙ ТҤС
Қҧбылтып торған самал бетегені, Бір толқын, мың толқынды жетеледі. Қызыға телміреді кҥлімкӛз кҥн, Кірпігін қағып қалса, не етер еді?.. Аспан да тым ӛзгеше кҧйде тҧнық, Асауға арқан кетті сҥйретіліп. Ақырады ҥлкендер бозбалаға, Іргелері тҧрілген ҥйде отырып. Желі басы қызыққа батқан ойнақ, Бәріне қҧмартамын нақ бажайлап. Сауатҧғын биені қайырғалы, Біреу міне жӛнелді атқа жайдақ. Кӛрер-ау, жаңбыр жауса, кӛрешегін!.. Бірақ неткен мезгілдің тӛресі едің?! Май тҧздаған қыпша бел қыз бетінде, Барқыт жол сағымы тҧр ӛрешенің… 1966 жыл
ЖАЙЛАУ КЕШІ
Кҥн еңкейсе, кӛлеңке ӛсіп бауырда, Соңғы сәуле менің биік тауымда. Ірімшіктей қызыл-ала сиырлар, Азан-қазан шулап қайтар ауылға. Тояттай ма, жемін торып, қызғанбай? Кҥйкентайы кӛк аспанға сызғандай. Бір биіктен кӛз жіберсең алысқа, Ой салады шаңыттанған тҥз қандай?.. Мҧршасызын қимылынан ҧққызып, Тастай бере септеп жатқан жіпті ҧзік. Жер ошақта шалғышымен жеңгей тҧр, Кӛк тҥтінде тыжырына сҥт сҥзіп. Сом тоқпақтың дҥрсілінен қатты ҧрған, Тау жаңғырып, селк етеді, ат қардан. Топ етіп кеп ҥркіп қонған бӛдене, Тас тәрізді мал алдына лақтырған. 1965 жыл
ЖАЙЛАУ ТҤНІ
Қатпарлы қара-ала бҧлт сеңі, Жасырса, жалаңаш ай жҧзін. Кӛлеңке жаныңды жапқандай, Есіңе тҥсірер қайғы ізін… Қоңыр тҥн самарқау мҥлгиді, Дірілдеп ҧйыған қалпында. Момақан киіз ҥй томсарып, Жел табан жігіт тҧр артында… Кӛрші ауыл озаны шалғайдан, Талықсып қалады естілмей. Кҥйісін бағызор қайырып, Қой жатыр дӛңгелек кӛшкіндей. Ҥңірейген қараңғы шатқалдан, Сезді екен әлде не дауысын? Бҧйығы тӛбеттер жінігіп, Жаңғырта жӛнелді тау ішін. 1964 жыл
ЕРТЕҢ АУЫЛ КӚШЕРДЕ
Қоңырқай кеш кӛк жиектен тҥсті аунап, Даңғаза-шу, табысқан мал тысқы аумақ. Әкем беттен жҥген ҧстап келеді, Қҧнанымды кӛш атына қҧсбаулап. Кӛмпіс анам кӛмекке жан шақырмай, Ҥйін жалғыз жығып апты-ау, япырмай! Шеңбер жҧрттың иір-иір майсасы, Итқорлықтан енді шыққан ақындай. Шымқай қызыл керегелер жосалы, Жайрап жатыр, тігілген жоқ қос әлі. Опырайған орны қалып қазықтың, Желі, кӛген тӛлден тегіс босады. Шаршылаулы тендер қатар тәштиген, Ыс иісті туырлықты тас тҥйген. Әккі жеңгей сиырының желінін, «Емізер» деп сылап шықты жас қимен.
Тҥйе біткен тізерленді іргеге, Бҧла бота оқшау боздап жҥр неге?! Ит екеш ит кӛкке қарап ҧлиды, Жҧртын қимай, сезе ме екен бірдеңе?.. 1963 жыл
ЖАҢА ЖҦРТТА
Ҧясында дӛңгеленіп ерке кҥн, Қҧлпыруы-ай, мына жасыл ӛлкенің! Мама саулық сақаулана маңырап, Мҥйізі әрең кӛрінеді серкенің. Ит солықтап келгендей-ақ шайқастан, Сая тҧтты кӛліктерді айқасқан. Суыр ҥні жаңғырығып қалады, Маңайдағы қожыр-қожыр қойтастан. Бір туырлық жабылыпты зорға әлі, Жап-жалаңаш киіз ҥйдің тӛр жағы. Кӛкейіңнен мҧндай сурет тірілер, Кӛшпенді елдің кҥйін кӛрсең қордалы. 1970 жыл
КЕМПІРҚОСАҚ
Кӛрмедей әсем шағын, асыл шағын, Ашады ақжаңбыры басылса, кҥн. Керіліп кіреуке аспан иығына, Ал қызыл, сары жиек, жасыл сағым. Бойынан айыққандай мҧңы бҥткіл, Айнала уылжиды қҧбылып гҥл. Қыз ажар ҥлбіреген кӛріністің, Жаны тек жалғыз қылға ілініп тҧр. Шендеспейтін басқа еш кездерменен, Ӛзіңдей жазылмады-ау, кӛз кӛрген ӛң! Тамаша табиғаттың Әйгерімі, Шҥкімән аты бірақ ӛзгермеген. 1971 жыл
ІНГЕН ЗАРЫ
Артына бала кҥнің бір қарамас, Жайлаудамыз, ҥй алды сынған ағаш. Не шӛкпей, не жайылмай, зарлап тҧрды, Кҥзелген пҧшық інген тыржалаңаш. Бҧзатын ақсақалдың сӛзін балдай, Інгенді есіркеймін кӛзімді алмай!.. Жабырқап, жайлау сонда қҧлазыды, Мелшиіп, қоңыр жартас қожыр маңдай. Ботасы ӛлген екен жануардың, Іздесе, әр адамнан табылар мҧң… Тӛлі жоқ, тҧмсығы жоқ бишараны Мҥсіркеп, обалсынып, қамығар кім?.. Жасаурап, жағал бетті кӛз жанары, Қобыздай кҥрсінтеді боздағаны. Жаңғыртып, бірден-бірге кӛтермелеп, Зарына мҧқым жайлау қозғалады.
Солқылдап тҧрғандайын табан астым, Бақытын ойлатпайды қара бастың… Аяуды әлгі іңгеннен ҥйрендім бе? Ӛмірге жҥрексіне араластым. 2000 жыл
ДАЛА
Топырақ дей алмаймын теп-тең маған, Ыстық қой кіндік қанды тӛккен далаң! Бҥрлесе бҧрқыраған бӛрте жусан, Қҧлындай қҧтырынам кӛкке аунаған. Кӛсіліп ҧлан-асыр кеткен далам, Ой келді ӛзіңдей кең кӛптен маған. Томпайып әр тӛбеңде жатқан шығар, Алысып албастыңмен ӛткен бабам. Анамдай жібек желің ӛпкен далам, Елестейсің ойға бір кеткенде адам. Несіне жасырайын, сенен қымбат, Табылмайды жер тҥгіл, кӛктен маған?! Жаныма жыр тҧқымын еккен далам, Алыстау – қҧшағыңнан неткен жаман?! Қасырдың қаңбағындай қаңғып жҥр ғой, Білімге кенезесі кепкен балаң. 1965 жыл
БӘЙГЕТӚБЕ
Ат тҧяғын бояса, қой бҥлдірген, Аспаны – жуған әйнек, мӛлдір мҥлдем! Миллион тҥсті гҥл ӛскен кӛк жайлауға, Кӛзімді бала қҧстай тӛндірдім мен… Торғын самал қҧбылтса, қас асылдай, Қҧныққан қҧмарымды басасың қай?! Белегір бетегесін жыбырлатып, Тарайды шабдар аттың шашасындай. Лҥп етіп, лебі бетке білінгенде, Тоңасың, таба алмайсың шыбынды емге. Сақтадым жҧпар жҧтсам, мҧз кеміріп, Кейінгі керек-ау, деп тілімді елге!.. Қасырлар қар ерімей, жылжи берген, Аңызда мҧны Қыпшақ Кҥнби кӛрген… Ат қосып, ат тосыпты… осы ӛңірде, Бас қосып, ылғи сері, ылғи мерген.
Жылқымның суын басып, балаусадан, Жаңғырттым жартастарды ән аңсаған… Бәйгеге қобыз қосқан Қойлыбайша, Отырмын, мен де сеніп қалам саған!.. Табылса танитындар, ӛлең ӛңін, Жанымның кӛрсетейін кӛбелегін. Кӛкейімде сурет кӛп… мені іздесең, Бәйгені тосатҧғын тӛбедемін!.. 2000 жыл
ҤШІНШІ БӚЛІМ
ӘН ӚЛЕҢДЕР
ҚАЖЫТАЙДЫҢ КЕЛБЕТІ
Тҧлғасының табылмас танадай міні, Толымды жуан, сымбаты – қарағай діңі. Қылқандай шашы қым-қуыт шашырап ӛскен, Қҧрметтер дос-жар маңайы панадай мҧны. Кісілікке кіршіксіз баладай ділі, Қанына сіңген қазақтың сара, бай тілі. Насыбай басып ерінге қызара кҥліп, Кеңесі баурап кҥмбірлер *лабадай ҥні. Қиғаштау кӛздің қиығын кӛтеріп жауып, Қызықты сӛздің, теңеудің дӛкейін тауып. Айрандай ҧйытып ҧдайы кҥлкіге кӛмсе, « Тектім-ай» деуге тҧрақтар кӛкейің ауып. Байырғы батыр, бегінше бай Азияның, Мҧзбалақ балапанынша аяз ҧяның. Тізбекті бӛгет, бейнетті бҧзып танылған, Ақсҧңқары еді ән-кҥйі мен поэзияның.
«Ҧлттық қасиет, салт-сана ӛнерге нәр» – деп, Саз сиқырын, жыр тілін мәнерлеп-әрлеп, Тіл қҧдіретін қазақтың таныта жазды, «Әзіргілер бҧрынғы шеберге зар» деп. Жолына қҧрып кҥншілдер қақпан мен тҧзақ, Ӛнерін бӛгеп, бҥлдіріп шапқанмен ҧзақ. Сатирасымен сойылдап, мысалмен ӛртеп, Сун-уыкоңще** сан тәсіл тапқан ер қҧж-ақ! Қырық жылдан қай шағы қайырмай ӛтті? Ӛзіне де, елге жалындай жайдырмай кекті. Содырлар соққан сорлыны қҧтқарып талай, Жҧдырық сілтеп, бық-бырт қып айғырдай тепті. Атбегіліктен жылқының перісіндей боп, «Шындықты қорғап, кҥресу борышым ғой» деп, Ӛз басы ҥлгі кӛрсетіп келеді, нағыз, Сегіз қырлы қазақтың серісіндей боп.
Дутан СӘКЕЙҦЛЫ Қытай Мемлекеттік «Тұлпар» сыйлығының иегері.
- Лаба – дауыс кҥшейткіш қҧрал ** Сун-уыкоңще – «Тасмаймыл» фильміндегі бас кейіпкер
ТУҒАН ЖЕР (әні бар)
Жанға балап басқан мекен маңдайға, Тарғыл тастар жаңғыртатын ән қайда?! Аңқығандай жҧпар лебің, жҧтар лебің алыстан, Таңқурайдың дәмі келді-ау, таңдайға!
Қайырма: Туған жерім, Қызығыңа, қҧзырыңа табындым! Тӛсіңде ӛткен Бала кҥнді, самалыңды сағындым.
Алтын шатыр ашылғандай алдымнан, Батар кҥнге балбырайтын балғын маң. Балаусаға сҥңгіп кірген, шҥйгіп кірген жылқының, Жотасы әрең кӛрінетін шалғыннан.
Қайырма.
Ойға батып, ара-кідік кӛз жҧмсам, Елестейді қызыл изен, боз жусан. Тҥсірем бе бәз-қалпыңды, қаз-қалпыңды, қағазға, ӛмірбақи ӛлең ойлап, сӛз қусам?! Қайырма. 1964 жыл АРМАН-АЙ! (әні бар) Дҥние сенен де ӛтер, менен де ӛтер, Әуенім аққуды да елеңдетер. Тақ пен бақ, жиған-терген жолда қалып, Ән жетер, кейінгіге ӛлең жетер. Уа, дариға, арман-ай! Заманның қайран қалып пысығына, Шыдадым кӛр шегедей қысымына. Кӛңілім арыстандай аласҧрды-ау, Кӛз жетпей қиянаттың ҧшығына! Уа, дариға, жалған-ай! Жалыным барып-барып сӛнер мейлі, Сонда да ӛзегімді ӛнер жейді… Әттең-ай, ӛкінішім шашымнан кӛп, Ер жігіт тіршілікте не кӛрмейді?! Уа, дариға, арман-ай!
Жан-жҧйем ән-кҥйменен егіз бе еді, Жҥрегім жҧртта жоқты неге іздеді?! Ән қалар, қҧлағыңда мен кетермін, Кемедей суға батқан теңіздегі. Уа, дариға, жалған-ай! 1987 жыл ӘКЕМЕ (әні бар) Жан әке, ҧмытқам жоқ тәліміңді, Ер едің еңіреген, жаны мҧңды! Кекілді кезімде айтқан ӛсиетің, Жҧлдызым адаспайтын әлі кҥнгі. Заманым аяған жоқ барын менен, Досым кӛп, бҧтін дәнін жарып жеген. Жабырқап отырушы ең жалғызсың деп, Азамат қарын бӛлем қадірлеген. Мҧхитты елемейтін теңіз қҧрлы, Ән тӛккен сері болдым сегіз қырлы. Шекемнен шерпегенің тірлігіңде, «Қыранның балапаны-ай!» дегіздірді.
Кҥлкі ойнап кәрі-жастың қабағында, Дҥние дӛңгеленді табанымда. Ҧжымақ ӛзін айтқан осы-ақ шығар, Дариға-ай, кӛрмедің-ау аманыңда!.. 1979 жыл ҚАРШЫҒА (әні бар) Шабытымның жанғандай бар шырағы, Серуенмен тазарды-ау, жан шуағы! Қаршығадай қағілез қарағым-ау, Домбыраңды алшы, кәні! Қайырмасы: Аршалы тау, кӛк шілік, сынап ӛзен, Сергітті ғой серідей қаршығалы, ән шығады!.. Толған шағың торқамен тойланғанда, Тебірендім жеңдіріп бойды арманға. Кӛңілімнің кҥмісін сыңғырлатып, Шашайыншы қойнауларға! Қайырма. Жҧмыр жердің бетінен мына мені, Сендей ешкім елжіреп, ойға алған ба, кӛк жайлауда?!
Қҧйылды әуен кӛкейге қалай-қалай? Мезгіл ӛтіп барады-ау, абайламай! Қауырсының жетілді қаршығадай, Қабағыма қарай-қарай! Қайырма. Аспан ашық алдыңда шар айнадай, Шарықтайсың япыр-ау, қалай, қалай, қалай қарай?! 1981 жыл ЫНТЫЗАР (әні бар) Арнайтындай жаныңның бар жалынын, Шырайыңнан шын ықылас таныдым… Тіл жетпейтін белгісіндей бір сырдың, кҥрсіндің, Тыңдағанда сағыныштың сарынын, зар ҥнін! Қайырма: Тіл жетпейтін белгісіндей бір сырдың, кҥрсіндің, Қандай ғана сезімтал ең жарығым, жарығым!
Сенем оған, сендіретін сезім ғой, Мені де жҧрт ҧғына ма ӛзіңдей?! Елес болып бҧйра бӛктер былтырғы, мың тҥрлі, Бәлкім, сен де жҥр ме екенсің ӛзімдей, кӛз ілмей?! Қайырма: Елес болып бҧйра бӛктер баяғы, саялы, Бәлкім, сен де жҥр ме екенсің кӛз ілмей, ӛзімдей?! Кӛрсем қазір кӛргім келіп қайтадан, Ӛзегімді ӛртеп туды айтар ән! Қайтқан қҧстай қҧшағымнан ҥзілдің, бҧзылдым. Қанаттым-ау, қайда барсаң, қайт аман, қайт, аман! Қайырма: Қайтқан қҧстай қҧшағымнан ҥзілдің, бҧзылдым, Қанаттым-ау, қайтіп қана жай табам? қайт аман! 1978 жыл КЕШІКТІҢ (әні бар) Сыңсыған тырнаның, Тыңдадым сырлы әнін. Қозғады-ау, қоңыраулатып, Жанымның ырғағын! Қайырма:
Ӛзіңде назарым, Жабырқау ажарым. Аңырдым аспанға. Жас толы жанарым, Сағыныш еңсені басқанда. Тізбегі алыстап, Кетті ол да дауыстап. Мҧңайып, мҥсіркегендей, Жҥдеді таныс бақ. Қайырма: Қҧстан кем емес ең, Кешіктің неге сен?! Жетсеңші, кідірмесеңші, Ӛртенсін демесең! Қайырма: 1981 жыл САРБАЗДАР САЗЫ (әні бар) Ҧлы даланың мирасқорымыз, Елдігін елдің ойлайтын. Ҧрпақтың ҥнін, намысын-арын, Бақытын, барын қорғайтын. Арманы толғап, аруағы қолдап, Бабадан қалған байырғы. Сарбаздың сапта, қатары мықты, Қадамы қҧтты, қайырлы! Бауырмал бәрі, жетелі әрі, Жетілген әдіс, қайратқа. Әнҧраны бар, шаңырағы бар, Сертіміз кӛкшіл байрақта! 1999 жыл
ТАРТУ (әні бар) Әулиенің айтуындай, Ақыл-ойдың артығындай. Жарты шаттық, жарты мҧңдай, Әуені осы Қажытайдың, Тағдырының тамтығындай. Табиғаттың тартуындай, Айдаланың алтынындай. Қауқарлының қарпуындай, Әуені осы Қажытайдың, Тҥндегі оттың жарқылындай. Қаршығаның қарқынындай, Жасыл жайлау салқынындай. Бейнетінің қайтымындай Әуені осы Қажытайдың, Армандаған ән туындай. 1990 жыл САРЫ ЖОРҒА (әні бар) Кӛшпе алтындай сары жорға, Жосылғанда шайтан-ай! Қаражолды қапсыратын, Жал-қҧйрықты «Чайкадай». Қайырма: Сары атым-ай, Қанатым-ай! Әнге айландың, Қайран қалдым, Пай-пай, жорғаң-ай!
Еті қызса, ерегесіп, Жҧлынатын қамшы ҧрмай. Тіл ҥйренбей, цирктерден, Би ҥйренген қаншырдай. Қайырма: Сәл тежесең, жерді қазып, Кіріп кете жаздайтын… Атылғанда, зымырандай, Қырып кете жаздайтын. Қайырма: 1997 жыл ҚАЙРАН, ДАУЫС!.. (әні бар) Жаңғыртып, жағал таудың қарлы басын, Шырқаушы ем сал-серінің бар мҧрасын. Сырнайдай сыңғырлаған қайран дауыс, Екі ауыз әнге келмей, қарлығасың. Қайырма: Ей, тамағым-ай, Ой, дауысым-ай, баяғыдай! Кҥйік-қой, бақытыңды бағаламау, Сҧқтанып, сор да сҧғын қадаған-ау! Делбіреп делебесі, қозатҧғын, Досым да, дҧшпаным да табалады-ау! Қайырма:
Тынысты дерт шалғанда, ала-бӛтен, Қайтейін, қарманбаған салақ екем! Биікке тілің жеткен, ҥнің жетпей, Жоғалтқан ӛзіңді-ӛзің жаман екен! Қайырма. 1977 жыл ЕЛГЕ СӘЛЕМ (әні бар) Шҧбырған тҥйелі кӛш, сағым ойнап, Тҥсімнен шықпай қойды-ау, ауыл-аймақ! Дәм-тҧзым дараланды-ау, барған сайын, Қайықтай алыстатқан дауыл айдап! Басымды дуанаға теңесе егер, Рас-ау, аяулы аға, жеңешелер. Тҥрімді туысымнан қызғана ма, Жаратқан жасыруға неге шебер?! Қайда екен, қарындасым, інілерім? Тақпап ем еркелетіп, біріне мін. Жайлаудан жан ҥзерде жҧпар жҧтсам, Мен тіпті ӛлсем қайта тірілемін.
Буынды бекітпесе, дәрі ішіліп, Тәрізді сҥйегімнің бәрі сынық. Кейінгі зейіндіге керек-ау деп, Жыр жазып, ән шығардым жанҧшырып. 1999 жыл ЖАН КҤЙІМ (әні бар) Табатын кәрінің де, жастың емін, Ән-кҥйім, той-думанның аштың ӛңін, тасқын едің… Самғайды-ау, арт-артынан тастҥлегім! Деуші едім алаңсыз, Сәбидей залалсыз, Кедергі жетеді екен, не етер екен? Кҥні ертең кҥрсінтпесем, бәстігемін! Қайтейін, жарығым ең, жақҧтым ең, Қызғанса, пенде шығар, кендесі бар, бақыты кем. Жҧмбақ жоқ шешілмейтін уақытымен, Толқыса, жан кҥйім, Тӛгілген ән-кҥйім. Тҥсініп тҧрса-дағы тҥрткіледі-ау, Аты – адам болғанымен, заты – тҥлен.
Қолдаса, ел оңалар сҧңғыласын, Қасымдай қараланған Қҧнды басым, булығасың… Батырдай шешпей кеткен дулығасын, Кҧншілдік кӛрсетпей, Жҧртыма ӛлшетпей, Ырқына – биліктінің, килікті ҥнім, – Мойындар кім кінәсін? Қынжыласың… Ҧғатын қҧлақ бар ма базынаңды? Уақыт кҥзін беріп, Қазын алды, назы қалды… Серінің қҧйқылжиды сазы мәңгі!.. Танымай заманы, таусылған амалы, Кең қала, ен далада, мен ғана ма? Кемсеңдер кім кӛрсе де қазынамды?! 2000 жыл МҦСТАФА ӚЗТҦРІКТІ ЖОҚТАУ (әні бар) Ботам-ай, бҧтағым-ай, боздағым-ай! Қайғымды қай-қайдағы қозғауың-ай! Тозғандар, тоналғандар жылынатын, Шоқ едің шоқат-шоқат қоздағыдай.
Ойлым-ай, опалым-ай, ҧланым-ай! Аузы кӛріпкелдей дуалым-ай! Ажалға аттай мініп қаншама жыл, Әуе ашық, жер жазықта қҧлауың-ай! Қайырма: Аңсарым-ай! Қайтейін, қапы кеттің-ау, Қайсарым-ай! Бағым-ай, базарым-ай, бауырым-ай! Қазаңның жер кӛтермес ауырын-ай! Әр елде жҥгі жанып, кҥлі қалып, Жҧлдыздай шашыраған ауылың-ай! Қыран ең еркін ӛскен қорғаламай, Тҧңғиық тҥсті екенсің торға қалай?! Қҧсбегі аз, тауықшысы кӛп заманда, Қазақтың қайта-қайта сорлағаны-ай! Қайырма: Арлым-ау, әдептім-ау, ибалым-ау! Жанымды жай тҥскендей қинадың-ау! Ҧлтыңның абыройын асырып ең, Тайқы-тар маңдайына сыймадың-ау!
Қҧтым-ай, қуатым-ай, қҧралым-ай! Боздамай қалай шыдап тҧрамын-ай! Тамсанған алты қҧрлық арысым-ай, Алты алаш атап айтар ҧраным-ай! Қайырма: Сәнім-ай, саңлағым-ай, сабазым-ай! Мың жылда бір туатын қазағым-ай! Жанымда жазылмайтын жара бар ғой, Қағынса, қайтіп қана жазамын-ай! Ел шерлі, досың мҧңды, ҥйің нарау, Ошағың аяқ жетпес қиырда анау!… Еңіреп «елім-айлап» жетсең-дағы, Топырақ атажҧрттан бҧйырмады-ау! Қайырма: Қош енді, қош-қош енді мақтаным-ай! Жатағың жаннат болсын бақтағыдай! Тыныштық тірісіне береке бер, Азамат атаулымды сақта, қҧдай! Қайырма: ҚҦМАРЛЫҚ-АЙ! (әні бар)
Кӛкейде кӛлдей кӛлкіп тҧнық жырым, Ӛтіпті-ау, арпалыспен қырық жылым! қҧмарлық-ай! Талғам жоқ, таразы жоқ, ырың-жырың, Тобына қарсы шаптым жырындының, Кӛтерген қолтығымнан қҧмарлық-ай! Ӛнердің ҧғынғанмен тәттілігін, Жанымда қатпар-қатпар жатты мҧңым. қҧмарлық-ай! Жалғаннан жалаң – жаяу ӛтсем-дағы, Тауыппын таппайтынын аттылының. Кӛтерген қолтығымнан қҧмарлық-ай! Кӛргем ғой, барлықты да, тарлықты да, Басымды теңгермедім бар мықтыға. қҧмарлық-ай! Жаңылмай, әнімді айттым азаматша, Дауысым қар жегендей қарлықты ма?! Кӛтерген қолтығымнан қҧмарлық-ай!
Орнығар ӛнерлі озбай, ойым қалай? Тҧяққа тҧрғысыздың тойынғаны-ай! қҧмарлық-ай! Тҥрім бар тоқсаныңа тоқтамайтын, Жҥзіңді жҥрер ме екен, мойындамай?! Кӛтерген қолтығымнан қҧмарлық-ай! 1999 жыл АЛМАТЫ (әні бар) Тҧғырың қҧтты, ғҧмырың мықты, Әлемге аян-арғы атың!.. Аямай барын, тартқан нәрін, қаратқан бәрін, Абыздай асқақ, Алматым, жәннатым! Дәм айдап келіп, Ән ойлап келіп, Затыңды ҧққан тҧлғаны, Қҧлыңдай кӛрмей, қҧлындай кӛрдің, Ҧлыңдай кӛрдің, Қҧшағың мамық қҧндағы, гҥлбағы! Ерен ердің де, тӛл ӛнердің де ӛзіңде жҥйрік, жорғасы! Бала ниеттің мәдениеттің, әдебиеттің, Қылымның, ойдың ордасы, сӛз басы!
Тҧрағы бірге, Ҧраны бірге, Ҧрпағың ҥлгі бастаған. Аруақ қолдап, шаңырақ оңдап, киелі таудай, Биіктей берші басқадан, асқақ ән! СЕРГЕЛДЕҢ (әні бар) Гҥл қуған арадай, Ӛзгеге қарамай, Ҥздігем ӛнерге, Қҧмарым тарамай! Қайырма: Сезінсең, сергелдең, Саз екен тербелген. Ән қалай тумайды, Жӛргегін сағынған ерлерден?! Қайырылмас жастық-ай, Қайран, ой тасқыны-ай!.. Жер-кӛкті шарлатқан, Шипагер бақсыдай! Қайырмасы: Кӛксетсем, мҧнардай, Кӛргенде тҧра алмай, Кӛрісіп ауылым, Шулайтын ҧлардай. Қайырма: Енді алыс аралдай, Аңсаймын, талардай… Кӛңілде барамын, Ӛңімде бара алмай. Қайырма: 2001 жыл УА, ДАРИҒА, ВАЛЬС! (әні бар)
Тҧлпардай тҧра алмайтын қиқу кӛрсе, Теңіне телміргендер икімделсе. Шебердей шеңбер сызу – рахат қой, Әуенді тыңдай тҧра, іркілгенше! Толқытып, талықсытып, іліп-тартып, Он кӛлбеп, отыз ӛрлеп, қырық қарпып. Ӛлеңдей ҧйқастырып, қияпатын, Ойқастап, ӛршеленген білікті артық! Жҥзіндей қылпылдаған ҧстараның, Саралау топтан-топты кҧш, қарағам! Тотыны тамылжытса аққу демеп, Буынға тҥсіргендей қҧстар әнін. Сҧлулық жетегіне биші кӛнер, Оны тек ақын аңдап, кҥйші кӛрер!.. Қимылдан хикметті оқытатын, Ӛзіңе не теңесер шіркін, ӛнер?! 2000 жыл АҚҚАН ЖҦЛДЫЗ (Бақытжан Нұрғажаевқа арнадым)
Айы толған баяғыдай, Ашық аспан алабын-ай!.. Дала ҥнсіз дірілдейді-ау, Кӛлкіп тҧрған қалайыдай?! Қайырма: Аққан жҧлдыз қас-қағымда, Жҧмбақ еді бастабында, Кҥміс арқан сҧйреткендей, Қҧмартушы ем жас шағымда. Саралайтын әлі зерде, Кӛп екен ғой жазым ерге. Кӛктен жҧлдыз сӛнеді екен, Жерден адам жан ҥзерде. Қайырма: Оған жҧрек иланулы, Кімге айтармын, мҧңлы әнімді?! Тамған жастай жҧлдыз кӛрсең, Ҥйіре жҥр иманыңды! Қайырма: Қызықтырып, қҧнықтырып, Ҥзіледі-ау, ҥміт, кҥдік!.. Пенде тоймас дҥниеге, Жалғандығын біліп тҧрып. Қайырма: 2001 жыл ЗАМАН-АЙ! (әні бар) Махамбеттен – Алтынбекке дейінгі қапыда кеткен қаһармандарға арнадым Автор
Заман да заман, қай заман, Батырын оққа байлаған?! Азаматтары ашынып, Халқының қаны қайнаған?! Қайырма: Нарлар-ай! Арман-ай! Нарлар-ай! Армандап ӛткен, арманда кеткен, Нарлар-ай! Нарлар-ай! Арман-ай! Заман да заман, тҧл заман, Тӛмадай тҥбі тҧнбаған. Жазықсызды да жазалап, Сәбиін сатқан қу заман! Қайырма: Заман да заман, зар заман! Осылаймеді бар заман?! Жҧртымды қалай, жҧбатам, Арысын аңсап, зарлаған?! Қайырма: ӘН ОСЫНДАЙ (әні бар) Ӛрнегі ой мен сезім сарасындай, Қҧлашы – кӛк пен жердің арасындай. Кернейтін кең даланы шымырлатып, Қажытай сері салған ән осындай.
Самалы салқын таудың сағасындай, Толқыны тоқсан ӛзен саласындай Қҧмары-ғашықтың кӛз қарасындай, Қажытай сері салған ән осындай. Жанардан жас парласа, қара судай, Сипайтын маңдайыңнан жанашырдай. Қазақтың жазылмайтын жарасындай, Қажытай сері салған ән осындай
ТӚРТІНШІ БӚЛІМ
ТУМЫС ПЕН ТҦРМЫС
ҚАЖЫТАЙҒА
Ой толғап тҧңғиыққа батқандайсың, Желпініп жеңіл-желпі шаттанбайсың. Бҧрқанып, шамырқанған сәттерінде Жанартау жалын атып жатқандайсың. Адамын илеп нандай қамырлаған, Айырған бізді талай Тәңір малдан. Қҧбылмай, қулық қумай сен тҧрасың, Аршадай тасты жарып тамырланған. Намысшыл ӛзің жазған тҧйғын қандай, Жымысқы пасықтарды тыйдың дардай. Кӛрсоқыр кӛрместердің кӛзін ашып, Санаға сӛздің нәрін қҧйдың балдай. Текті мал тҧлпар десе, жаның қҧмар, Сендей-ақ болар отты, жалындылар. Тозаңың тҧншықтырған кейбір топас Кектеніп артта қалған шаңыңды ҧрар.
Тастап ап насыбайдың бір атымын, Биллиард шарын қандай ҧратының?! Ӛзгеше маған ҧнар бір мінезің Қақ жарып қара қылды тҧратының. Сиқырын сҧлулықтың кӛргендейсің, Таспалап тастан тҥйін ӛргендейсің. Досыңа қажет болса жҥрегіңді Кеудеңнен жҧлып алып бергендейсің. Серілік сертің берік, жаңылмайсың, Ел сыйлап, кҥнде шапан жамылғайсың. Білерім, тілерім де саған осы, Қырандай қҧз басында дамылдайсың. Кәбір ҒАБДУЛЛИН Халықаралық «Сорос-Қазақстан» қоры мүшайрасының бас жүлдегері.
МІНЕЗІМ
Мен адаммын бір мәрте туып, ӛлер, Озбырлыққа пенденің қуы кӛнер. Қажытай боламын ба, қарағым-ау, Қисайтсам, кісіліктің туын егер?! Ӛмірде әркім ҧғар ӛз жарасын, Ілінді қаршадайдан сӛзге басым. Затыңда тазалық жоқ пысықтармен. Ҥйлесе алмай келеді кӛзқарасым. Кӛргенде мәнсаптыны дірдектеген, Жан жалықты тҧрлаусыз. ҥркӛппеден. Тобырға тойпаң ауыз бойды ҥйретіп, Қайтып қана әулекі дҥрмекке ерем?! Ойымда тҧрады ылғи обал, сауап, Бар ма екен алатындар одан сабақ?.. Кҥншілдер кҥндіз кӛрген кӛлеңдейді, Кӛрпеме кӛзді жҧмып, орансам-ақ!
Ағайын кӛшке берген тайын алса, Жаяуың жӛн, арамнан байығанша. Сӛз ҧқпайтын қаскҥнем хайуанға, Сӛйлессең, тез ҧғады хайуанша!.. 1990 жыл
БЕЙНЕТІМНІҢ БЕЛГІЛЕРІ
Жіліншіктен дерт – дербез жыландай кіріп, Қылтамды қия жаздайды, қырандай бҥріп, Жеті жылдай жан алып, жан беріссем де, Той тойлағым келеді жҥре алмай жҥріп. Бітпейтін іс болмақшы тҧра алсам, қандай! Тақымыма шыңғыртып, бҧрау салғандай. Талайымнан тауыппын бәрін де соның, Жер-кӛктегі бейнетке сҧрау салғандай. Дәндеді ме, дәрігер, кӛрінсем қойдай? Алты жылда бес сойды, соғым сойғандай. Бҧрынғы шақ киімнің бәрі қолқылдап, Сҥйегіме қосыла кӛнім солғандай. Сегіз мәрте қҧлаппын бопыр қорғандай, Сҥйек-саяқ быртылдап, отын жарғандай… Несібемнің қалғанын тәңірім білер, Сҥйретіліп келемін топырдан қалмай…
Ӛткен кҧннің ойымнан елесі арылмай, Шуылдайды… мың жылдық кӛне сарындай. Тыртығым кӛп жҥректі лупамен кӛрсең, Ас ӛткерген ауылдың жерошағындай. Жай білмеске жалынып, сыр ақтарғанша, Қозғалмаппын осылай қҧлап қалғанша… Ҥш тісімді шалмамен суырып алдым, Дзержинский мҥсінін қҧлатқандарша. Ӛзге азапты қозғасам, қара дауылдай… Бастан кешпей, ҧғынсын аға – бауыр қай?! Зәрезәп болдым жазылмайтҧғын жауырдай, Мынау… заманда жҥрсе екен адам ауырмай!
МЕНІҢ ШЕШЕМ
Қоштасып Қызыл ашы, кӛгерген терекпен, Менің шешем жиһанкез шетке кеткен. Кісі ӛлтіріп, керуен тонамаған, Ӛткізген ҥрейлі кҥн ӛткелектен. Жан тартып, сырласса бір кексе қатын, Кҥрсініп туған жерін еске алатын. Әні бар маңдайымнан сҥйіп тҧрып, «Қайран Алтай, Марқакӛл!» деп салатын. Кемсеңдеп айта алмайтын ары қарай, Байғҧсқа тҧл ӛнердің дарығаны-ай!.. Қиық кӛз, қияңқылау әкемізге, Ақылшы сияқты еді әрі малай. Тҧрған соң дәмі тартып пақыр жолдан, Қҧланша қҧтылған ғой ақыр қолдан… Шайқайтын шаршы топты бӛріктіріп, Менің шешем бақытсыз ақын болған. 1971 жыл ХАТ (Нағашы шешем Қанапияға)
Налыма, хатыңды алдым ғазиз анам, Қозғалса, запыран мҧң азады адам. Кӛзіңнің тірісінде кӛрінбеуім, Ӛмірі ӛтелмейтін жаза маған. Бейуаз аңқау анам, табанды анам, Немерең, келінің де, балаң да аман. Айналдым қасиетті жҥрегіңнен, Біз ҥшін атша тулап алаңдаған. Қайдағы секілденіп осал адам, Ҧлыңның ӛлеңіне босама анам. Жол тҥсіп, жер кеңісе, Марқакӛлге, Екі-ақ кҥнде жетемін осы арадан. Маядай мертіктірген ботасын оқ, Пәниге кім қамықпас опасы жоқ?! Сҥйегін кӛре алмаған марқҧмыңның , Сҥйгізермін мҧрасы, фотасы боп. 1970 жыл АНТОЛОГИЯ АҒАТТЫҒЫ (Кінәлі кісілерге тие берсін!)
«Емілдің жатады елім есіне алып, Кӛз жазса, ақынынан несі халық?! Ҧйқасы бҧзылмайтын бҥтін жырдың, Бҥлдірген ғой жартысын кесіп алып!.. Сӛгеді оны тағы да есіне алып, Ақынын жоқтамаса, несі халық?! Тапалға теңегендей жырымды емес, Тізеден аяғымды кесіп алып. Қозғалса, мҧның ӛзі асқынады, Білмеген шығар, бәлкім, бастығы әлі!.. Арнайы Әділғазы Қайырбеков, Ортан қолдай он ӛлең тапсырады. Қастығын қҧзырлының кім біледі?.. Әлде бҧл – оларға ортақ «ҥлгі ме» еді?.. Дірілдеп...ҧстағаны бір-ақ ӛлең, Оны-дағы бӛлшектеп, бҥлдіреді!..
Ӛзгенің кӛз жіберсек, іздеріне, Кӛлем берген кӛбік сӛз тізбегіне!.. Іші тар келіншектей, ҥйде отырған, Тҧзақ қҧрып келетін тҥздегіге!.. Тарайтып, жақсылықтың кең қақпасын, Ондайға кҥнің тҥссе, неңді ақтасын?! Буыны-ән, бунағыкҥй бҥтін жырды, Кӛре алмаса, кӛзіне шел қаптасын!..
ЖЫМҚЫРМА АҚЫНҒА
Тапқандай таудан тегін ара балын, Ойымның еншілепсің жарағанын. Маңдай терім аузыма тҥсіп отыр, Ӛртке кетіп қалғандай балаларым. Кейпің келіп қылмысты тҧл келінге, Кездессем, қипақтайсың… білмедің бе?.. Бақытын басыңдағы жырымдаса, Тіл шығып кетеді ғой кім де –кімге! Жаңғыртып жаймағанмен даңқымды елше, Тҧнық ем тынып жатқан салқын кӛлше. Қызғанбасаң, қызығып лайлапсың, Періште-ай, жолдан тайған алтын кӛрсе!.. 1968 жыл
«СЫБАҒАҢ БАР»
Не кӛрмеді, бҧл басым кӛрген бәрін, Жоқ сонда да қайтқан бет, сӛнген жалын. Білемін тартыстың бар тарихында, Тықсырып, титықтатып жеңген дарын. Орғыта шолғанменен мыңдар алдын, Бҧзыпты ниетіңді тырнақ алдым. Кҥндізгі айдай елеусіз жҥргенімде, Тапқан тәуір ойларды ҧрлап алдың. Тірлігін жасайды ғой тірі адамдар, Ала тҥс, жырым-шетік қҧрағандар!.. Ӛйткені, денсаулығым жаман емес, Қойнымда қуанатын «сыбағаң» бар… 1968 жыл
ЖАЛҒЫЗІЛІК
Етекті елпілдетіп қарбалас жай, Қалдың ба, қайран мезгіл пайдаға аспай?! Ӛлеңсіз айым ӛтті-ау, апта айналып, Миуасы қысыраған алма ағаштай! Кімге айтам, кімге ӛкпелеп, назданамын?! Кӛп әлі жазғанымнан, жазбағаным. Қызықтырған қиялды, уа, дариғай, Тӛгіп-тӛгіп алар ма ем азғана кҥн!.. Жаюлы жыр тағы да қалды ҥзіліп, Қандай адам кӛреді мәңгі қызық?! Кҥрмеуіңе келмейтін қысқа жіптей, Жалғанда жаман-ақ қой жалғызілік! 1969 жыл
АСЫҒАМЫН
Жырым бар қауашығы ашылмаған, Албырттау болар бәлкім жасында адам. Бергенше Мҥсілімнің ҧзын ӛмірін, Бер, тағдыр, Ілиястың басын маған.
От бардай ӛн бойымда маздаған бір, Қинайды ҧшпаған ой, жазбаған жыр. Кім білсін, қайсы кезде ағыл-тегіл. Ылықсып, тӛгілуге азғана-ақ жҥр.
Ӛзіме дос табатын, қас табатын, Кҥтем сол бақытымның сәт сағатын. Кітапқа асықпаймын жастанатын, Ӛлеңге асығам жҧрт бас салатын…
1965 жыл
- Мҥсілім Шерәлиев 163 жасқа келіп, қайтыс болған адам
АЗАМАТПЫН
Қҧрышпын кӛрігіңде жалындаған, Кҥміспін таралғыңа шабылмаған. Мҧңды-ақпын қҧлағыңа шалынбаған, Қымбатпын базарына барылмаған. Батылмын тағдырына табынбаған, Ақынмын жҧртына әлі танылмаған. Қазақ-ақпын пиғылы тарылмаған, Азаматпын қырсығы арылмаған!.. 1972 жыл
ӘКЕЛ, БЕРІ!
Бҧлданып сала берме ойға бӛтен, Домбыра алып, жылқыға, қойға кетем. Себебі, сен сияқты дҥмшелерден, Менен басқа ақын да тойған екен. Жанының жалынымен дауыл кескен, Қазаққа біткен ақын ауылда ӛскен. Білмейтін ер қадірін, зер қадірін, Қыртысым жараспайды жауырмеспен Халқым бар саралайтын сӛз қадірін, Ақын деген ардақты ат – тозған ҧғым. Соны сендей мыжғаулар таратады, Әрдайым «қазатҧғын ӛз қабірін». Ақшалы жан емес ем, танысқа бай, Сондықтан-ау, жағыңның қарысқаны-ай!.. Әкел бері ӛлеңді, орын жоқ па? Жыбырлап, макетіңді қарыстамай!
Аң қуып сайгҥлікпен аңыратам, Маған ырза Ыбырай, Әмір атаң. Жасыл жонды жабатын жылқы ӛсіріп, Ӛлеңді де қозыдай жамыратам. Бӛлданып сала берме ойға бӛтен, Домбыра алып, жылқыға, қойға кетем. Себебі, сендейлерден қырын сынып, Талай ақын жазуды қойған екен… 1972 жыл – – – – – – – – – – * І.Жансҥгіров
АШУ
Жаным-ау, азап қой бҧл сезім деген, Не керек абзал ойым, сезілмеген! Қалшитып қармақшыдай есіл арман, Қанша тҥн тӛсегімде кӛз ілмеп ем?! Тҥнердім ҧқсап жҥзім кҥзгі аспанға, Симастай долы шабыт жҥз дастанға. Сезе тҧра сезбесең, жасамаймын, Мҧз бассаң да, жарама тҧз бассаң да. Бойымды лепірте алса, асқан жігер, Ол мені биігіне бастай жҥрер?! Ебім жоқ кӛдектейтін, кӛлгірситін, Шамдансаң, аспаныңды тастап жібер.
ШЕШЕ ЗИРАТЫНДА
Аш адамдай, әлде бір мас адамдай, Жатырмын қабіріңнен бас ала алмай. Сағындым-ау, кӛркіңді кӛрсетсеңші, Топырақтың астына тасаланбай! Анашым, дыбысташы тӛлім десең, Тынысым жоқ, еңіреп, егілмесем. Қақ жарып, қабіріңе кірейін бе, Есікте мен жатайын, тӛрінде Сен. Ҥнемі сәтін тілеп сапарымның, Несіне тірі жҥр деп бата қылдың?! Қосылған қой тобына арқарға ҧсап, Ырқына илікпеймін қатарымның. Тәріздімін қайғыға батқан Асан, Мақтанға, ҧмтылушы ем таққа қашан?! Ақыретте кӛкке сау емшегіңді, Ҧл болып туғанымды ақтамасам! Жолықтырма!
Жақсы жар, елге тәлім, ерге қанат, Келіппін кендірді де зерге балап. Сан рет сағым сынды дос алдында, Ӛрге қарар шағымда жерге қарап. Бҧлақты бӛгегендей кең арналы, Жылжытпады, жетекке ере алмады. Не жетер қҧтырғаннан қҧтылғанға, Тірі жҥрсем, орнына келер бәрі! Жаны бар аспап едім, киелі ҧнді, Жоғалтты-ау, бітеу пенде тиегімді! Екі дҥние бейнетін бірдей тартып, Қарсақ қажап жатқандай сҥйегімді. Азапты тірі кӛрер, ӛлген кӛрмей, Ӛз ҥйім суық тартты тӛнген кӛрдей. Ӛмірде қайтіп, қалай кҥн кешемін, Ҥнемі ӛлген итті ӛңгергендей?!
Тәуекел, бастағы асыл миды алғанша, Садақа, тірліктегі жиғанды алса! Кещені кҥндер кӛріп қиналғанша, Кетейін гитара ҧстап сығандарша. Тҥсінен дҥниенің торықтым да, Жыр тӛктім жапа – жалғыз қонып қырға. Қҧдай-ау, хас ӛнердің ғашықтарын, Мен кӛрген қасіретке жолықтырма! 1981 жыл
ШЕКАРАДАҒЫ ШЕКІСУ
Қызығы ортая ма кӛп ішінің?! Жақсының жаманға айтса, сӛзі шығын. Шекара бҧзғаным бар жігіттікпен, Қолпылдап иығымда кӛк ішігім. Сондағы бір майордан сӛз естігем, Аспанға кӛтерем деп Момышҧлын. Меңі бар бетінде ме, ҧртында ма?! Жерден ап, жерге салды жылтыр қара. Тас басып, таудан асып, титықтаған, Қомсына қарайды ӛзі тҧр-тҧлғама. Аңғардым жауабынан нәрсіз екен, Сықиып, сылап жҥрген сыртың ғана. Мен айтқан жылы сӛзге жыны келіп, Бере салды қойыртпақ тіліне ерік… Пагоны бар, әйтпесе, менменсіген, Танауын талай қырттың тіліп едік. Ноқайлығын есіне алар ма екен, Оқыса, осы ӛлеңді тірі кӛріп?!
Адамда арман асқақ, ӛре бӛтен, Әлі таңмын соған не керек екен?.. Жҧмсақтап, Жҧмаділов қҧтқармаса, Ауыздан ат тепкендей переді екем… Желкемді жетпей жатып, ӛзім ҥзіп, Кім білсін, қандай бейнет кӛрер екем?.. Жҥргем жоқ байығалы малымды айдап, Жырымды кҥйіттедім, әнімді ойлап. Бәукеңше сан ажалға сҥйкеніппін, Жоталы жолсыздыққа қаным қайнап. Қас батыр легіндегі Бас батырдың, Келген ғой осындайлар бағын байлап.
ЖЕКЕ ШУМАҚТАР
Қылышы, жембасары беп-белгілі, Сонда да «Тҧйғын» дейсің бӛктергіні. Қҧсбегі әулеттерің тҥкірмей ме, Сен осы дҥниеден кеткен кҥні?..
- * Кӛзіңше, қамқорсынып былай тағы, Қаралап, ту сыртыңнан мін айтады. Осындай табаны жоқ ағайынның, Қылығы кейде адамды мҧңайтады.
- * Тамсанып жазбағанмен бағлан жыр, Кей мылжың кердең қағып, жадырап жҧр. Қас тҥйеді қайсы бір қас маңғаздай, Шімірікпейді екен-ау, тәңір алғыр!
- * Алыстап бақыт, қызық, жыр-кҥнделік, Кетсем де ӛмір-бақи сҥргін кӛріп. Жібекті жҥн дейтҧғын арамзаны, Тҧрады қаным қызып, ҧрғым келіп.
- * Ӛлген соң неге керек қҧр ӛкініп, Тірлікте баға қойсақ, кіл екілік. Кҥйік-қой дарындыны қаса-қана, Қақпайлау қасиетін біле тҧрып!
- * Ауылдан тентірейсің қалаға кеп, «Кезігіп жітік-саяқ қала ма?» деп, Сендірген серт ҥстінде жан-жарыңның, Іркілген кӛз жасынан садаға кет!
ТАСЖАРҒАН
Дән кӛктесе, жартасты тесіп егер, Азық бер, әуелесін несібе бер! Себебі, ол «арман асты» менсінбейді, Бірбеткей табиғатын кешіре гӛр. Қат-қабат кедергіге, кенет алдан, Жаншылып жан тамыры, дене талған. Қайсар ғой қақпайлауға ерегісіп, Нәр алған, қысқан сайын медет алған. Ӛне ме кҥтімі жоқ бойшаң шынар, Қорымға тҧншықтырып қойсаңшы, бар! Қайдан білдің, жасынан мәпеленсе, Тасжарған шынардан да сойқан шығар?! Жортқанда қазақ атаң жолға бӛтен, Томары шоқпар болған қолға бекем. Сапты аяқ, ҧршық, ожау, ҥй мҥлкі ғой, Оқты да тасжарғаннан жонған екен.
«Не тәйір, сол алмалы бау қасында?» Десең, кӛке дайынмын дауласуға. Шетен емес, шынайы жемісті ағаш, Әйтсе, бҧл ең тәттісі әу, басында!.. 1971 жыл
БАС ЖАҚҚА БАРЫСҚАНДА
Кҥміс таяқ тәрізді жарығым-ау, Қырау тҧтып тҧрғандай қарыдың-ау! Қырт бастық, қыли қарап, қиқайған соң, Мақтаулы жҧмысымның жарымы-дау. Ел алатын сыйлықты мен алмадым, Ақшамның жоғы мынау… бары – мынау!.. Сыбайлас былық-шылық жҧрген жері, Озды ғой ҧратындар қҧр кеудені. Аядай асханада жыр толғаппын, Мекендеп он жыл бойы бір бӛлмені. Ӛмірге келдім бе екен ӛнерлі боп, Қысылып-қымтырылып кҥн кӛргелі?! Ия, он жыл отырдым асханада, Мҧрт шығыпты сондағы жас балаға. Дәл мҧндай қатыгездік адамда емес, Кезігеді қаны жоқ таста ғана. Қадірсіз қақпайласа қадірліні, Ӛмірден қадірлейтін бас қала ма?! 1990 жыл
АҚЫНБЫЗ
Ӛлеңді місе тҧтқан кейде туар, Ақынбыз зейнеті жоқ, бейнеті бар. Біреумен салыстырсаң қырларымды, Кӛзінде қайталанбас бейне тҧрар. Бҧлақтай жартас жауып, ақпай қалған, Ақынбыз ӛмір бойы қақпайланған. Ескеріп енді бізді есіркей ме, Тарихтың дӛңгелегі қатты айналған. Ҧлтының ең ғажайып нәрін кӛрген, Ақынбыз айтысқанның бәрін жеңген. Елінің ертеңгісін ойлайтҧғын, Сыйластық қадір білер, қарымды ермен. Адамбыз берекесі бетте тҧрған, Ақынбыз айту ҥшін сертке туған. Тҧлпарын томарларға сҥріндіріп, Қазақпыз кӛкірегі кекке тҧнған.
Кейінгі ҥлгі шаштық толқынға біз, Жорғалы жолаушыдай жортудамыз. Білмейтін сӛз қадірін жетесізге, Адамның ең тӛменгі сортындамыз… 2000 жыл
ДАМЫЛДАҒАН...
Заманның бір қызығы – залым заман, Бҧрынғы жҧқа беті қалыңдаған. Миллиард доллар жекенің атында ма? Онда жҧрт ҥлесі кӛп алынбаған. Ата-баба айтатын әділеттің, Ҧшығы жамағатта тамырлаған. Жҧт жылғы аш-арықтай халіміз бар, Шалдырып, кӛтеремін дамылдаған!..
ШІРКІН, АРМАН!
Қозғанда саусағымның сиқыр – жыны, Домбыра, балалайка қҧйқылжыды. Бақсыдай балпаңдаған ел ішінде, Есімнен шығатҧғын ҥй тірлігі. Ҧстасам, ширығып кеп гитараны, Тереңге сҥңгітеді кҥй талабы. Ӛнер деген қонбаса, қонбайды екен, Жінігіп, талай жанпоз қиқалады. Шаяндай қабырғамды қыршып алған, Ҧйқымнан оятады-ау, шіркін арман! Ӛнерліні халықтан кҥлегейлеп, Бек қҧпия ҧстауды кім шығарған?.. 1976 жыл
КЕЛЕМІН
Әлі ҧмтылып келемін, әлі ҧмтылып, Кӛргені жоқ жалғанда жаным тынып. Жетем демей, жатам ба тепеңдемей, Ауызда антқа жеген наным тҧрып?! Бетімді биіктерден кӛрсетермін, Қҧрулы шымылдықтың бәрін тҥріп. Әлі қақсап келемін, әлі қақсап, Әрі жасқап, бастыны әрі бастап… Жылағанды уатсам, жынды басып, Кҥндемеппін ешкімнің бағын асқақ. Шаршатпаса, болғаны пенделердің, Судан тҧнық кӛңілді тағы аластап!.. Әлі сеніп келемін, әлі сеніп, Жабырқасам, жақсының жаны серік. Жақҧтымды жарғаққа балар ма екен, Еті ҥйреніп кеткендер, намысы ӛліп? Шын ақын атын айға жазады ғой, Қалса да дҥниенің шамы сӛніп.
ХАТҚА ЖАУАП (Е. Асқардың «Алматы ақындарына хат» деген өлеңіне орай) Елірме, еліктесең Ерік Асқар! Жоталы жҥйрік ем ғой сені бастар. Пышағым қазы ҥстінен тҥскені жоқ, Қоршайды, қошаметтеп сері жастар. Шабытты шақты қалай тҧйінделік? Қолтықтан кӛтергендей қҧйын келіп. Тараздың бар бәйгесін жеңіп алған, Алты ақын Маралтайдың ҥйінде едік. Ойының ойың жетпес ҧңғысына, Сен одан жыр сҧрама, ҧлды сҧра! Асылды асыл ғана таниды ғой, Ат қойған Жҧматай деп тҧңғышына. Байқадық бағытыңды қосшы бала, Олайша Алматыны топшылама! Байпақты баяғыдай кесіп-пішсең, Сенің басқан ізіңе шӛп шығама?!
Ӛлеңнің ол кездегі Ақтангері, Мҧқағали басында бақ бар ма еді?! Талайды адастырған қарт ақының, Колбинге кӛк шапанды жапқан жері… Ол заман жаңылған ғой кҥйісінен, Сондықтан, тізгін тартпай, тиісіп ең. Жеңіліп ат мінетін қай жӛнің бар, Сҥйеушің ҥй тікпесе, ҥй ішінен?! Ақынның айнасы ғой адалдығы, Сӛйлесе, жарқ еткізер қараңғыны. Есімнен кетер емес сондағы бір, Жікшілдің жылпылдаған арамдығы!.. Әуелі мені дҧрыс тҥсініңдер! Жайым жоқ жала жауып, кісі кҥндер. Қазыға билік берсе, неге кетті, Қадырлар, тҧлан тҧтып, Мҥсілімдер?!
Ҧстазын ҧмыттырған балалық-ай! Сиқырлы, сып-сыпайы амалың-ай! Бәйгені мен алатын сен алдың-ау, Айғырдың жемін жейтін жабағыдай!.. Тынбайтын тату досты атыстырмай, Кім тҧрған арамызда, тақыс тҧрмай?! Сҥрінбей тірі жаннан жҥрсем-дағы, Айтысқа қойды емес пе қатыстырмай!.. Баяғы Батыраштың кӛк атындай, Баян да шошаңдады-ау, қоя тҧрмай! Мен барсам, Замырбекті жеңер едім, Екеуің балағыма оратылмай! Шумағы нар кҥмістен қҧйылғандай, Қанибет сӛз сҧлуын сҥю қандай?! Қырғызға олжа салып оралмас па ем, Қатырған Қатағанды Сҥйінбайдай?!
Ағаңның бҧл ӛмірден тҥйгенін кӛр! Жалғыз-ақ – ақиқаттан имендірер! Атақсыз атақтының бәрін жеңген, Айтысты мына менен ҥйреніңдер! Мән бермей, мағынасыз айғайға кӛп, Ҧмтылдым ӛзімді-ӛзім қайрай демеп. Мен сенен ҥмітімді ҥзгенім жоқ, Боз атын босағама байлай ма деп!.. Жиені сияқты едің жақсы атаның, Ақынға тҥсіп берген патша тағын. Байбота, Мәди айғақ айыбыңа, Атаған қайда маған ат-шапаның?.. Тҥрің бар Нҧрқансыған, ӛскесіген, Қазақтың жалықтым-ау, бӛспесінен! Жер болмай, ер болсаң, бір келмейсің бе, Шаһардай шарабың тҧр бӛшкесімен?!
Сергітіп кестелі кҧз, оюлы кҧз, Тҥртер ек мҧнда отырсаң, ойыңды біз. Қҧтыға мойыныңды бҧрғызар ма, *Қҧланнан қҧйрық қосқан қою қымыз?! *Қҧлан – жер аты Ӛсер ел ӛрге тартар ӛнегесін, Жаңылмай, жақсыны айтсаң, кӛгересің. Қол тисе, қоңырсытып кӛрмек пе едің, Баян мен Жҧматайдың тӛбелесін?.. Шәмшінің аты шықса, алты арысқа, Ӛзімдей жҥрген шығар қалтарыста?.. Хас ӛнер қамалыңа қарамайды, Біреудің бағын байлап, арпалыспа! Кӛбейсін, қомақтансын мҥшайралар! Кезең-ау, кӛксегенің кісі ойланар?.. Ӛксіткен ондай кҥндер енді менің, Басымнан садақадай ҥш айналар.
Жҧматай, маған ерген Дәуітәлі, Бар ма екен кедергілер әлі тағы?.. Озсақ та, оңалмадық, озаңдадық, Кім сонда осы ӛнерді дамытады?! Тарихтың сҥңги алсаң тереңіне, Берген ғой беретінін ер еліне. Ортаны ойландырар ӛлең жазбай, Халықты қаралаудың керегі не?! Ӛлеңнен басыңа бақ қондыратын, Таразда бет кӛрістік он бір ақын. «Қазіргі ел жыр сҥймейді» деуің қате, Кез осы әр жҧрекке орнығатын. Жадырап, залдағының тҥнергені, Ӛлеңнің қҧйқылжыды-ау, қыл ӛрнегі!.. Әйгілі Баласағҧн сарайынан, Жамағат тҥс ауғанша жібермеді.
Айтайын қайсы бірін тынған істің?! Нҧрға орап, кӛргенімді жырға қыстым. Кӛпшілік кӛкейімде кете берді, Басындай бҧлғақтаған кҥнбағыстың… Жыр тумас санаңда сан сапырылмай, Шыныңды айт баяғының батырындай! Тарихта «Астана» деп газет ашсам, Тойынан неге қалдым, шақырылмай? Жақсыны кәдесіне жарататын, Айдарлар елді аузына қарататын. «Астана» болмап па еді мҧзжарғыштай, Тигізіп «Шаңыраққа» шарапатын?! Арқауын алмас ҥшін ҥзіп жырдың, Кейбірін кейінгіге тізіп жҧрмін. Ӛзге жҧрт аузын ашпай отырғанда, Жазылып жатпады ма «Қызыл қырғын?!»
Сен оған кӛзіңді ашып, қарамадың, Жер-кӛкті жиһан гездей араладың. «Астана сӛзін тапқан ағам бар» деп Тым қҧрса, сыбырлауға жарамадың! Жҧматай келген екен май басыңа, Не істеп ең, ҧлы ақынның пайдасына?.. Әуе ашық, жер жазықта не кӛрінді, Зайдасын шатастырып Ләйласына?! Бәріне кӛнген бас бар, сӛнген қос бар, Жанымды жабырқатты-ау, ӛлген достар! Қойшыны танымайтын, қойды танып, Сияқты болмаңдаршы бӛлген қошқар!.. Қасқайып, әр заманның қаһарына, Жҥйріктің енді іліндім қатарына. «Қалақай қамшы» деген ӛлең-томды, Шығарған ӛткен жылы «Ата-Мҧра».
Жалықпай, сала берсе, бар ынтасын, Хас ӛнер қайырмай ма, қарымтасын?! Мені – бҧл, Шәмшіні – ол танып жҥрсе, Қҧдайым қос Мҧхтардан жарылқасын! Тоғамай тҧрғандай бір тоғысты айлар, Мҧныңнан таба алмадық ӛрісті ойлар. Жыр-дәмін, ғасыр-қамын қайтпек екен, Серіктер, Ҧлықбектер, Қонысбайлар? Ниет-жӛн, тек талғамға тереңдейін, Ӛлең жаз ақын болсаң, менен кейін! Алғы сӛз Ақаңдікі-ау, мҧнысы не, «Кӛрмегенге кӛсеу таң» дегендейін?! Жазған соң, жазбайсың ба, жан бітіріп, Самалдай сарай ашқан таңғы тҧнық! Мҥлгітіп, мҧсылманды мҧнарада, Қалатын ай сияқты мәңгі тҧрып!..
ЖҦБАЙЫМДЫ ЖҦБАТУ
Асығыс аттай салған ғасырыңды, Ақын ем адамзатқа басы қҧнды. Таптым ба деп танбайтын ғашығымды, Арнадың маған барлық асылыңды. Дос-дҧшпан, алыс-жақын арасында, Тҥсірдің ылғи алшы асығымды. Әрине, кінәлімін, кеуделімін, Жаным да жатырқайды жасыруды. Әкені тыңдамаппын, әйел тҧрмақ, Ешқашан кҥтпе менен бас ҧруды! Онсыз да аялаймын намысымдай, Қайтейін, жыр арнамай, ән ҧсынбай? Сәтің кӛп жабырқасам, жадыратқан, «Қоңырды» Әбікеннің қағысындай. Ақыры ҥй қҧрадық, жҧмыртқаның, Біріміз ақ, біріміз сарысындай. Шығармам кӛтереді қолтығымнан, Баяғы Шығанақтың тарысындай. Сырымды білетінге жӛнім бӛлек, Алаштың ардақтайтын арысындай.
Кезінде озбыр орып, мешкей қағып, Ӛлгендер тірілді ғой, ӛшкен жанып. Наданға тізгін тисе, қай заманда, Тҥседі жақсы ақынға кештеу-жарық. Тек қана қабағыңды шыта кӛрме, Жҥрмеспіз аштан ӛліп, кӛштен қалып?! Ӛнердің қантамыры тҥйілгенде, Кемсеңдеп, кемеңгерлер шешкен налып. Қажытай қазынасын жоғалтпайды, Басынан не тҥрліні кешкен халық. 1989 жыл
АТАҚ
Адамның кӛріп ҧсақ, ірісін де, Аңыз болдым кӛзімнің тірісінде. Жолатпай жырларымды жырыңды топ, Қанжардай жата берді қын ішінде. Тоналдым сан ескерткен шешем дана, Қолымда қаламым мен кесем ғана. Қымсынбай жазғанымды иемденіп, Ӛзіме жӛн айтады мешел бала. Қыртатын бірдеңесін ҧрттап алып, Мҧң шағып, мандисың ба қыртқа барып?! Жапанда жалғыз жортқан жолаушыдай, Сондықтан, жҥрем ылғи сыртта қалып. Ін қазып, биліктінің кеудесінен, Аз ба еді шығарғандар елді есінен?! Жарты бет қағаз жазбай «жазушы» боп, Қҧрбының пысық жейді бермесінен.
Кигені бӛрік пе еді, папах па еді? Тҥйсінер тҥк кӛрмеген жатақ нені?! Ӛлеңім, әнім, кҥйім ӛртенбесе, Табады қуып жҥріп, атақ мені. 1999 жыл
ӚНЕР БӘСЕКЕСІНДЕ
Қош кепсіздер, думанға сырнайлатқан, Ата-ана, немересін бірге ойнатқан! Мҧндай жақсы жарысқа жол ашылсын, Елге бірлік, ақынға жырды ойлатқан! Қуаныш қҧтты болсын салтанатты, Шарпыған шарапаты шартарапты. Ӛзіндік ӛрнегімен ӛнерлі озып, Шабытын шарықтатсын әр талапты! Кеңейтіп зейнеткерлер арқа-басын, Бет бҧрсын берекеге алты Алашың! Басқаға бастамамыз ҥлгі болып, Тойдан-той Алматыда тарқамасын!
ЖАЗА
Дҥр етіп, топты торғай жасыл нудан, Ағашқа паналады басын буған. Жан-дәрмен соңғы екеуі жетті-ау әрең, Кәдімгі жҧдырықтай ашып-жҧмған. Жағалтай қуған екен соның бәрін, Оқтаулы мылтық еді қолымдағым. «Ат» деген әлеуметтің ӛтінішін, Шалғыдан кесе-кӛздеп орындадым. Мҥсәпір болды «мықтың» е, дегенше. Торғай азат кӛгіме келе берсе!.. Обалын арқалайды бҧйрық берген, Менікі жӛн, би тҥгіл, тӛре кӛрсе. Тигізер мергенмін ғой ондықтарға, Дарындыны даттаудай қорлық бар ма?! Жамағатты торғайға ҧқсататын Кӛңілімде орны жоқ зорлықтарға!
ТАБАНДА ТАБЫЛҒАН ЖЫР
Бір қызыметтесіміздің қоныс тойында, Мҧхтар Шахановты асаба (тамада) етіп бекіткен едік. «Ақын аңғал» деген рас қой. Сӛз кезегін жасы ҥлкендерден бастамай, ҥш қызды іркес-тіркес сӛйлеткені. Қҧрастырған кӛрімдігімізді ҥй иесіне табыстай алмай, ақсақалдар жағы да қобалжулы. Қылдан тайса, бірін-бірі ызасырықтан ӛткізетін кілең ақын, жазушы тыныш отыра ма?! Марқҧм Жҧмекен Нәжімеденов тиегін ӛзі орнықтырып, қҧлақ кҧйін тҥзеп отырған домбыраны қолыма ҧстата салып: — Қажытай, жосылт енді! – деді жымың-жымың кҥліп. Бақсам, сӛз кезегі ҥшінші қызға таман аунап барады екен. Жӛпелдемеде аузыма ақырып басталатын «Адайдың арманы» деген жыр әуені тҥспесін бе?! Бар пәрменіммен «Уай» деп қалғанда, орнынан сыпайы кӛтерілген қыз оқыс селк ете тҥсіп, саусағына қыстырған оймақтай рюмка ҧшып-ақ кеткені. Жҧрт ду кҥлді. Мен оған қарамай, еңкілдете жӛнелдім. Мҧхтар онда уыздай жап-жас. Бірақ қалжыңдаса беретінбіз. Екі қолын бірдей кӛтеріп, қиқулағандардың арасынан «Тоқтат!» деген белгі береді. Оған ел кӛне ме?! Кӛтермелеп, кеу-кеулеп отыр. Сӛйтіп, «Қоғалы кӛлдер, қомсулар» деп басталатын екінші шумағын аяқтаған сәтте, асаба: – Қажеке, онда ӛзіңдікін айт! – деді кекілін салалап. Арқаң қозғанда, алды-артқа қарайсыңба?! Жырдың бҧрынғы сілемін тастай бере, осы әуенмен ӛзін бассалайын. Менің қолыма-қол айтқан жауабыма ӛзге де, ӛзі де кҥліп, – Мен тамада болмаймын, – деп отыра кетті Мҧхтар. Мен де асығыс едім. Ақыры екеуміз сықылықтаған кҥйі қол ҧстасып, бірге қайттық. Аты аталғандардың бәрі бірге істейтін қаламдастар еді. Сондағы табанда табылған ӛлең мынау: Оу, Мҧхтарды қойдық тамада, Сақал жапсырғандай ғып балаға, Ҥлкендерін ҧмытып, Сӛз берді бала-шағаға Суырылған қыз-қырқын, Қарамай ма шамаға?! Қабдеш пенен Заманбек, Елемес пен жалғыз сарт, Аузын ашпай қалама? Бҥйтерін білсем, бағана, «Сабакіні» сабайтын едім далада. Бҧ да хас жҥйріктерге жарасады-ау!
ҚОЛМА-ҚОЛ
Тасбҧлақ деген ауылда кешкі малдың алдынан шыққан ақ кӛйлекті бір жастау әйел кӛмірдей марқаны екі тізесімен қақпайлап, желкесінен жетелеп барады екен. Қасымсейіт, Әукен, Тҧяқ тағы басқа ӛлең жазып жҧрген топты жігіттің ортасында тҧрған бір азамат: – Мына кісіні қолма-қол ӛлеңге қосқан ақынға бәйге беремін, – деп қалды. Сонда, мен жалт қарап, бірден айтыппын. 30 жылдан кейін Тасбҧлақ ауылына қайта барғанда бҧл оқиғаның басы-қасында болған Тӛлеухан деген досымнан кӛшіріп алғаным бар. Ол былай екен: Кептердей келіншектің кӛзі кҧліп, Барады Қарабҧйра қозы мініп. Ӛлең деген не тәйірі, ақындарға, Айтқанын ер істесе, ӛзі біліп. Бірдеңенің ыңғайы келетіндей, Жҥрмесе, Әукен, Тҧяқ мезі қылып.
АЙТЫСҚА АТТАНАРДА
Ошанбай ҧрпағы байлаған ҥйдегі бір шылғи тҥлкіні илемек ниетпен сары етін сыдырып отырғанымда, Жҧматай (Жақыпбаев) кіріп келді, ӛзі аздап кӛңілді сияқты. Айтуынша, айтысқа қатыстырылатын бір-шоқ жазба ақынның тізімінен менің аты-жӛнімді анық кӛріпті. Соған екі ойлылау екенімді ӛз аузымнан естіген соң, – Ендеше, – деді ол қолымдағыны орындықтың арқалығына сыпайы ғана іліп қойып, – Дәл қазір бҧл тҥлкі туралы екі ауыз ӛлең айтасыз. Сӛйтті де қабын ӛзі ашып, ішінде тҧрған домбырамды қолыма ҧстатты: – Болыңыз, Кәрия! Бҧл Сіздің айтысқа бару, бармауыңызды белгілейтін емтихан, олануға уақыт жоқ. Бҧл тҥлкі қандай тҥлкі және сіздің уысыңызға қалай тҥсті?! – деп дігірлетіп жіберді. Не де болса, қҧдайдың аузға салғанын кӛйтсем керек… Шіркін, ақын емес пе! Жҧматай жас баладай қуанып: – О, Кәрия алып тҧрсыз бас бәйгені! Білемін ғой, Сіз мына тҥріңізбен кімнің болса да «пашақ-пашағын» шағарасыз, Кәрия, – деп бетімнен сҥйіп, сӛз соңын «Ендігісі жуып-шаюға да байланысты ғой» деп әзілге бҧрған еді марқҧм. Сондағы екі-ауыз ӛлең мынау: Бҧл тҥлкі ҧрғашы емес, арлан екен, Аяғы жеткен жерге барған екен. Дегерес шал-шауқаны жылда қуып, Қулы бір жете алмаған арман екен.
Бҧл тҥлкім, тҥлкісі екен Қозыбастың, Ӛзі – ҧры, ӛзі – жәлеп, ӛзі – қашқын. Кҥн кӛре алмай жҧрген соң, қҧладҥзде, Қалаға алып келіп, кӛзін аштым.
ШАЙХАНА ШАРАПАТЫ
Таңдай жібітпек ниетпен, шіліңгір ыстықта бір шайханаға кірдім. Жанымда тиіп-қашып ӛлең жазып, әнді нашымен айтатын Қазез деген ағайым бар еді. Әскери шені – полковник, ӛзі ӛте пікірлі, силы адам болатын. Кӛп кідіртпей, алдымызға ӛрік-мейізімен шай әкелді. Қатарымызда отырған ҥш-тӛрт әйелдің «Шәйіңнің тҥсі не боп кеткен бҥгін?» – деген кҥңкілін қҧлағым шалып қалды. Қарасақ, бізге қойылған айшықты гҥлі бар, жарқыраған әдемі шәйнектің шҥмегі сынық болып шықты. Қазекең даяшыны шақырып алды да: «Ей, ақын, отырасың ба мӛлиіп? Айтшы бірдеңе!» – дегені. Сонда дереу былай деппін: — Шәйіңнің кҥндегіден тҥсі бӛтен, Полковник сый кӛрмейтін кісі ме екен? Сыланған бойжеткендей шәйнегіңнің, Мҧрнына жел тҥскен бе, пҧшық екен?… Қолма-қол басқа шәйнек қойып, шәйін тҥзегенде тағы бір шумақ айтыппын. Оны ойға тҥсіре алмадым.
Бәкеңе (Бәттәшқа) хат!
Ӛнерлі екі студент. Семейдегі радио-телевиденеге барып, практикадан ӛтпек екен. Бҧрыннан ӛзімді аға тҧтып, пана тҧтып, ара-тҧра ҥйіме де келіп, кетіп жҥретін дарынды балалар болған соң, қалай да бірдеңе істеуім керек сияқтанды. Ол кезде Бәттәш Сыдықов деген атақты атбегі, сол мекеменің бастығы болатын. Aры ойлап, бері ойлап сол кісіге жай бір хат жазып бергелі отырып – аяқ астынан ӛлең туғаны бар. Мҧндағы жирен дӛнен дегеніміз – кәдімгі Оралбек Сарбасов та, қҧлақҧнан деп отырғанымыз – марқҧм Бейбіт Қҧсамбек болатын. Екеуінің со жолы ҥлкен абыроймен оралуына себі тиген ӛлең –хаттың мәтіні былай еді: Қҧрметті, қҧдіретті Бәттәш, аға! Міндет артам жақса да, жақпаса да, Жібердім жирен дӛнен, қҧла қҧнан, Сенбесі бар келер деп ат қоса ма?!
Жиреннің жортақысы, жорғасы бар, Жолаушы нәсілдіні жолда сынар?.. Тҧнық су, қҧнарлы жем, кҥтушінің, Бәрі де қҧзырыңда, қолда шығар?.. Ол ӛзі кенже туған қҧлын еді. Шарғалау , тайынан бас біліп еді. Ӛзімдей бабын тапса, екеуі де, Ҧзамай, ел аузына ілінеді... Қҧласы қҧлаштылау, арындылау, Ат жайлы сіз бен бізде таным бір-ау!.. Қҧнанды тегіс тиып, анда-санда, Бәйгесін арқалы аттың алып жҥр-ау!.. Кӛз салсаң, сҥйегіне бітім бӛлек, Аялаушы ем осы бір қҧтымды ерек! Айтқанда қыл-қысқасын, қос тҧлпарға, Баладай мәпелейтін кҥтім керек!
Кҥліктің кӛрсең, бҧдан кҥштірегін, Кҥз тҥсе екеуін де «піштіремін”... Әйтпесе, ӛзімсініп іс тапсырар, Жоқ онда сенен басқа тіс-тірегім!... 1981 жыл АЙТҚАНЫҢ АЙДАЙ КЕЛЕР МЕ? (Дулат Бабатайұлына) Жҥрген жеріңдей, кӛрген тӛріңдей бҧрынғы, Орды да ҧғып ... торды да біліп... қҧрулы. Екі ғасыр ерте айтсаң-дағы аңқау ел, Қазандай қаққан қызыл қырғынға ҧрынды. Жаманы жақсы, жақсысы жаман делініп, Кермеден атың, ел деген ақын сҥрінді. Қаймағын алған, айраны қалған кӛк сҥттей Еліңнің жабық тҥңлігі тҥрілді.
Жеріңді кернеп, тҧмандай тҧтқан кең мҧнар, Халқын да сатқан, салтын да сатқан шенқҧмар. Қарасын сығып, парасын жиған болысы, Отаршылдардың малайы болса, неңді ҧғар?! Кӛсіле кҥліп, сӛгіле айтар шындық жоқ, Серілерінен тарқамай кеткен серқҧмар. Кенедей кекшіл, Абылайдай алымды, Ҧлдарын кӛксеп, кӛз нҧры тайған шерлі бар. Талданар болса, екі жҥз жылғы кҥнпарақ, «Майырғаң қазақ басшысы – тӛсек, ҧлтарақ. Жетіпсің ӛзің жер-жебір, жекен-суына, Бҥлдірген бәрін «қылықты қыздай» қызталақ!.. Ошаған ҧстап, кәріқыз тҧтқан етекті, Ҧйысқан шашқа табылмағандай бір тарақ. Табылар еді, арылар еді тікеннен, Арылса егер сыбайлас, кҥңдес кҥңтамақ.
Бәстесе қалсаң тірілерімен егерде, Ҧтатын едің айтқаның айдай келер ме?! Жартасқа тиген жебедей екен асыл сӛз, Қурайдай қуыс, нәрі жоқ, ӛңшең кереңге. Қазағың содан торғайдай тозып кеткен ғой, Жер-суға қоса, мал-мҥлкін санап берерде. Кӛрінген тҥстей, жҧлынған тістей ӛтті ӛмір, Шӛберең тҥгілі, немерелерің сенер ме?! Кемеңгер-ақсың жортарман жҥйрік, жондыдай Мҧнша азапқа еркімен қазақ кӛнді қай? Қҧдайдың ӛзі ниетке қарай, бере ме? Ит жеккен асқан атмайын қимас тонды бай. Қиянаткерлер айтқызбай келген атыңды, Ӛзің тҧрмақ, сӛзінен шошып бомбыдай. Тҧлпарды тығып, есекке бәйге бергендей, Сылтауы заман, арамның осы қорлығы-ай!
Данышпандарға, арыстандарға қҧмар ел, Даналығыңа шашылған мҧраң куәгер. Шӛп шыққан жерге шығатыны шын болса, Тегіне тартып, шегінен артып туады ер! Топаннан дәнді, қылшықтан майды бӛлгендей, Зейінділерім, Дулаттың тҥбін қуа гӛр!.. Хас ӛнердегі қаттыбас, қайсар,Қҧлагер! Ӛрт ақындардың ҧраны болып тҧра бер!
ТӘУБА Тҥп онда... қайдан қаулап, қайда келдік? Қҧланға қҧрық тастап, қауға кердік. Анығын табиғаттың ӛзінде оқып, Телімін таратыппыз таудан ӛрбіп. Данасын алтынға орап қойған жҧрттан, Жанасың, қалай ғана тайған елдік?! Жетем деп кедей байға, бай қҧдайға, Тепендеп ел шаптырды найзагерлік. Жемді ойлап, елді ойламай, кҥңтамақтар, Бҥлдірген берекені дауда кергіп. Хан алып, ханның басын, қала қирап, Тоналып, торуылда орда бӛлдік. Абылай атқа қонса, ашынғаннан Танымай, таңыр қатқан хандағы ерлік. Қақ жарған қара қылды әділ би мен Оқ жанған ҧлдар шықты жан берерлік. Салтынан сал-серісі санатганып, Шалқыған шағы екен-ау ән келерлік! Ӛнбеген тақ таласы ҧрындырып, Кӛлденең кӛк аттыға сауға бердік. Алқалы жау жапырған хас батырлар, Байқады солардан бір айлагерлік... Опырып омыртқаны отты қару, Ӛкініп, зая кетті-ау қайран, ерлік!.. Асқынып, алтыбақан, алауыздық, Бастығып, кҥтті әлгілер жаудан елдік... Қалтаны балта билеп, бара-бара, Бҥркітті булықтырған қарға кӛрдік. Ажалға ақынды айдап, байды байлап, Батасыз байталын да пайда кӛрдік. Тәңірді танымайтын қасапшыдай, Қылышы қылшылдаған паңнан ӛлдік... Ту тҧрып, қанды ғасыр қалпағына, Қҧлпырып, жанған шамдай сәуле кӛрдік. Ардақтап алыптарды, ғарыш барлау – Кейінгі зейіндіні қайрар елдік! Алайда, бӛл кезеңнің салмағы бар, Сиқырлы-сыбағалы бай кӛнерлік. Тӛрт тҥлік мал қҧрыды, ауыл азып, Сорғанда солқылдатып саудагерлік. Жыр тегін, жігіт тегін, жҧмыссыздан,
Кӛпеске ит қадірлі ауға ерерлік. Пайымды басшыларға жараспай ма, Тәупиық, таза ниет, тәубәгерлік?! Таласта ӛл сӛйлемей, пӛл сӛйлесе, Қопарып, мҧның несін, әурелендік?! Бҧқардай бҧзып-жарып шынымды айтсам, Сҧңқардай еркіндіктен, тәуба, дерлік! 2001 жыл Бесінші бӛлім
КЕЛЕШЕККЕ КЕҢЕС
ҚАЖЫТАЙ АҚЫНҒА
Бергенде жырға қанат, сезімге ерік, Ханның да, қараның да сӛзін бӛліп. Атты айтсаң, арқаланып отырады, Бәйгеде аттан бҧрын ӛзі келіп. Кҥйді айтсаң, кӛңілін бір жайландырып, (Ҧқты екен соның бәрін қайдан біліп?) «Қоңырын» Әбікеннің шерте қалса», Алады тыңдаушысын айналдырып. Кҥзетші ақы алмайтын, Аяулы Арға, Қаны бар таза тҧлпар баяулар ма?! Қайшылап қос қҧлағын бір тебеді, Таяз ба талант-кҥшің Таяу барма! Дақпырты жетіп еді бізге алыстан, «Жҥйрік – деп – бәйге бермес жыр-жарыстан». Достары мәре-сәре масаттанса, Дҧшпаны у ішіпті қызғаныштан.
Дария сӛзге салсаң – жосып ағар, (Ой болмас пікіріне қосып, алар). Қаншама жігіттермен араластым, Кӛрмедім мҧндай жайсаң – досына адал!!! Бҧрқанса таудан тасқын ағызатын, Мақтаса – тілінен бал тамызатын. Мінезі – астан-кестен, айқыш-ҧйқыш, Асылы осы болар нағыз ақын. Темірше САРЫБАЙҦЛЫ Жамбылдың 150 жылдығы, Момышұлының 90 жылдығы қатарлы республикалық жыр мүшәйрасында бірінші бәйгені үш мәрте жеңіп алған жүлдегер
ҦЛЫМА ӚСИЕТ
Шешейін қҧндағыңды талпы, балам! Бордан да бос болады талпынбаған. Тоғыз қабат торқаның керегі не? Керегі – тыр жалаңаш қалпың маған. Талпын балам, тырбаңдап, талпын, балам! Бос қалады талпынып, алқынбаған. Тақтайға жат, сен тҥгіл, Мәди жатқан, Бесіктің керегі не алтындаған?! Әкелік ӛсиетті ҧғын балам! Бҧгін ғалам жәрмеңке дуылдаған. Әр адам қоғам екен ӛз алдына, Сен тҥгіл, әкең мен де ҧғынбағам. Қайта айтам, ӛсиетті ҧғын балам! Бҥгін ғалам жәрмеңке дуылдаған. Әуелі азамат бол, ақынның ше? Пошымы емес, болмысын ҧғын, балам!
Кҧңірентіп кҥй шертейін, қымсынба одан, Ертерек қҧлағыңа сіңсін балам! «Қоңыр» мен «Қосбасарды» тҥсінбесең, Сәудегер боп шығарсың сусылдаған. Ҧрайын қҧйрығыңа жыла, балам! Дҧрыстап кҥле алмайды жыламаған. Қайтеді ей, бір қаққанға бақыра ма? Қайтпайтын қайсар десем мына жаман! Қой енді долыланба, тиіспейін, Тиіспейім деген соң тиіспейім. Қҧмартып Қҧлыстайдың изеніндей, Аш, кәне насыбайдан бір иіскейін!.. 1971 жыл
ЖАРҚЫН
(Жас нәрестеге ат қою үстіндегі ұсыныс) Бәйге алсын азаматым, Жарқын атың, Ҧл бол тек жарқын ойға талпынатын. Аңқылдақ әкеңде ӛзге бар ма тілек, Сенімен болса арманы қамтылатын?! Ақын бол шабыт буып, шарқ ҧратын. Әнші бол кӛмейінде бал тҧнатын. Кҥйші бол саусағынан бҧлбҧл сайрап, Биші бол қимылында сән тҧратын. Әлемге әйгіленсін Жарқын атың, Дана бол дарынымен паң тҧратын! Ақын бар сарқылатын, сарқылмайтын, Сен бол соның бәрінен артылатын! 1965 жыл ШАҚАЛАҚҚА ШАПАН (Мұхтар ұлына көрімдік) Шақалақ әке жолын қуса екен деп, Тілеймін інілері туса екен деп! Жаныңды жасытатын шағып, сҧғып, Жауыңның аузына қҧм қҧйса екен деп.
Қайыстан, «қалақайдан-қамшы» алсын деп, Тілеймін жан айтпаған ән салсын деп! Дҥрлігіп дҥниенің тӛрт бҧрышы, Алдынан шашу шашып қарсы алсын деп. Тілеймін ӛнерлі де ӛр болсын деп, Еңсесі ендігіден зор болсын деп! Жаңа ғасыр, жақсысын иемденіп, Жабатын жамандықты мӛр болсын деп! 1999 ж
ІНІЛЕРДІҢ ЕСІНЕ
Пейілмен жаттамасаң, пенде сырын, Қадайтын қаскҥнем кӛп ерге сҧғын. Таңданба тобыр кӛрсең, қҧлагерден, Қодығын оздыратын жерлесінің. Жерлесінің білдірмей, елге сырын, Дәміне дәніктірген бермесінің. Әдейі қызықтай ма, қолдан жасап, Дәлдір мен данышпанның белдесуін?! Белдесуін, тілейтін теңдесуін, Тҥсін кӛріп, тҥңілем ӛңгесінің!.. Дәлдір жығып, данышпан тайып кетсе, Ҧғарсың кімнің кіммен селбесуін!.. Селбесуін, еркектің жеңгесуін, Зертемесең, шықпайды дербес ҥнің. Ӛксітсе, ӛнерліні қуанады, Жадырап, жастанғанша жербесігін.
Жерібесігін ойлай ма зердесі – қҧм?! Ӛзінен салмағы ауыр кеудесінің. Жамбы салған сандықтай тҧрпатыма, Тістеніп, кӛп қадады пенде сҧғын… Пенде сҧғын қадаса, кең несібем, Не айтсам да елеңдетті елді есімім. Тарихы таланғанның тамтығымын, Тек қана тілі менен бермес ҥнін. Бермес ҥнін рас па, теңдес – інім? Ер жігіт жасырмайды ерге сырын. Ал мен бе, домбыраң сәл кеңкейгенде, Жаңадан қосылатын пернесімін.
ЖОЛЫМДЫ КЕСКЕНГЕ ЖОРАЛҒЫ
Кещенің шарасы не ескен желге?! Шыбығым шынар болды ӛскен жерде. Шапан жапсам ба деймін жинап алып, Ӛмір-бойы жолымды кескендерге! Жем шашсам, ӛнердің ақ кептеріне, Қызғанды тҧрмайтындар шерткеніме. Адамнан ҧяла ма, хақтан қорқып, Бітпесе қылдай қытық беттеріне?! Қҧрулы тҧзағына бармасам да, Жаласын жабушы еді анда-санда. Оятып, шырт ҧйқыдан толғандырып, Нҥктемді ширығатын дәл басар ма?! Ненің тӛмен екенін, ненің биік, Сезген соң, қалам алдым, демім кҥйіп… Мен мінгенде қиялдың қанатына, Қалды бәрі тауықтың кебін киіп. 2000 жыл
КӚНІП КЕЛЕМ
Әсем жыр ғашығымның келбеті боп, Ержеттім қайғы деген шӛлге тҧнеп. Серідей бірде шалқып домбыралы, Ал, кейде бола кетем шер кӛкірек. Жаздырмай, қҧлашымды кедергілер, Кҥн кештім қырт табалап, керең кҥлер. Шығыппын сан ажалдың аузынан, Адалды аруағы демеп жҥрер. Қиындап, қиралаңдап кҥнелтуім, Шешектей шҧбарланды тҥгел тілім. Тҧғырын біліктінің бітеу алған, Әр ненің әулиедей білем тҥбін. Ағыңды бәйге атындай желікпенен, Қҧныға жазып едім кӛрікті ӛлең. Ығыңа жығылатын тентек ҧлдың, Әкедей тәлкегіне кӛніп келем. 1972 жыл
КӚЗБЕ-КӚЗ
Шуды да кӛрген, сҧмды да кӛрген бҧл басым Қураған жҧртқа қҧндызын қайтып қҧндасын?! Тайраңдап тайлақ келеге ие болар ма, Тізерлеп қойса, тырп еткізбей, бурасын?! Жақтырмайды екен, жатырқайды екен жақының Адамша ойлап, бабаңша айтсаң турасын. Балалық емес, тазалық қажет ӛнерге, Жолыңды барлап, ӛмірді арнап қуғасын. Беделің тҥсіп, бояуын қҧсып кетпей ме, Таза даңғылдан бетіңді кері бҧрғасын?! Наданды жақтап, әділетті аттап жҥреді, Менің де кейбір кербездеу, кесек қҧрдасым. Ескермей тҥкті, дес бермей тіпті кетеміз, Дарындылардың білсек те кҥнде тумасын. Саралап бәрін, бағалап нәрін кӛзбе-кӛз, Қайнарын аршып, тҧндыру қажет су басын! 2000 жыл
ДОДА
Қою шаң бҧйраланбай кӛк тӛрінде, Шулықса, кӛкпар деген дерт тегінде. Кергілеу неге керек, ағайындар, Қарсымын бір лақты тӛрт бӛлуге. Сірескен тымағының бауын тістеп, Қауын тҥс кӛп, айырылса ауыр тҥспек. Ежірейіп қарайды кимелесең, Тҧрғандай жаңа ғана жауын тҥстеп. Олжаны келмей тірі қиғылары, Сусиды топ, қайтадан жирылады. Жапанды жаңғыртқанда дҥбірлі айғай, Жер тарпиды сҥмбедей жҥйрік әлі! Есе жоқ, бірақ, оған амал бар ма?! Ит бар да, кҥншіл бар да, арман бар да. Қағатын қуғыншыны қарауылдай, Кес-кестеп, жол бермеді-ау, талайларға!.. 1969 жыл
ӘЖЕЛЕР КИІМІ
Келін мен әжелердің жарасымы – Келіскенде бал татыр қара суы!.. Осылардан ӛсті ғой бҧл қазақтың, Қайталанбас бар дана, бар асылы. Шылауышын қарашы, кимешегін!.. Әжесіз тіліңді де білмес едің. Қиянннан қылпын шалсам киімінің, Ауылымды кӛргендей кҥй кешемін… Бҥгін бӛлек, кигені, бҧрын бӛлек, Ҧлтыңның ӛнегесін білу – медет. Мҧражай, театрдан ғана кӛрмей, Саркідір ханым тҥгел қию керек! 2000 жыл
КҤЗГІ КӚҢІЛ
Кӛк жҥзін кҥміс зерменен, Кестелеп қайтса, тырналар. Сыңсыған саздай пернеден Жаныңда салқын мҧң қалар. Бояулар оңып тҥздегі, Ызғары жетіп әрненің. Жайсыздау тиіп кҥз демі. Жабырқатты ма әлде кім?! Кӛшіне тҧрмын қызығып, Кҥрсіне қосып даусымды. Бір нота кетті-ау, ҥзіліп, Аяқталмаған ән сынды!.. 1972 жыл
ДОЛЛАР
Шықпағанмен сені ешкім жек кӛретін, Шығады екен сен ҥшін текке ӛлетін. Біреуді шолжаңдатып қоясың да, Біреудің шығарасың беттен отын. Біреудің тӛбесінен тҧйіп кетіп, Біреуді сҥйрелейсің биікке тік. Сақардай қайнатасың зығырданды, Тістінің несібесін, қиып кетік. Біреуге кепкен тандыр шӛл екенсің, Біреуге дайындалған кӛр екенсің. Миллиондар маңдайының тері екенсің, Біреудің жҥзіп ойнар кӛлі екенсің. 1966 жыл
ҚҦЛАЗЫДЫМ
Келбетіңе келісетін наз – қылық, Тҧрушы еді мені ылғи мәз қылып. Кҥдіктендің нахақ едім, ақ едім. Қала бердім ӛзімді ӛзім жазғырып. Бӛтен қызбен той ҥстінде масалаң, Билегенде баспаладың тасадан. Неменеге мағынасыз есіріп, Неменеге ішіп едім, жасаған?! Содан қайтып әперердей жат кегін, Оралмадың, сҥйкімді едің, тәтті едің. Кӛшкен жҧртта жапа-жалғыз қалғандай, Қҧлазыдым, кӛп ӛкіндім, «қап» дедім!
«АСТАНА» ГАЗЕТІ
Ҧтылап, ондырмайтын ҧстасқанын, Қытымыр, қызық еді-ау, тҧстастарым! Ат қойып, «Астана» деп айдар тағып, Тілімді тірілтерлік іс бастадым. Газет пе, маңайына айбаты кем, Шіркінді, соксафондай сайратып ем! Тиынға тірнектеген кӛзін сҥзіп, Килікті, билікті ӛңшең пайдакҥнем. Талас боп отырғызу таққа кімді, Жандайшап, жарамсағы атқа мінді. Кеңестің кезебінше билеп-тӛсеп, Жетімдей жемек екен тапқанымды. Арман не кәдеге ойың жараса, нақ?! Алысса, жығылады аласа жақ. Қор қалды, ақша қалды, басқа қалды, Басымды шықтым әрең арашалап.
Мінгенің әлей болса, алысқа айда! Қор қайда, газет қайда, намыс қайда? Сол атым – қҧдай оңдап, бас қаланың, Қонатын қҧты болып, жабыспай ма?! Газетке «Астана» деп қойған атым, Қҧт болды расында тойланатын. Қойды біліп, қойшыны білмейтін кӛп, Тәйірі-ай, кім бар бізді ойға алатын?! Той тҥгіл, тҥймесін де кӛре алмаса, Ӛстіп жазар, тобырдан тойған ақын?! 1998 жыл
КҤЛМЕСІН!
Жҧдесем де, жоғалған жоқ мҧлде есім, Танығаным – таққҧмар боп жҥрмесін?! Ер азамат қадірлейді бір-бірін, Әйел ғана ҧнатпайды кҥндесін. Абақтының бордақтаған бҥргесін, Санадық па батырлардың мҥрдесін?.. Қайда барса, қара қылды қақ жарған, Әділ бидің іздеп келем мінбесін. Сабақтасым, қанаттасым, тілдесім, Бекіттік пе, тіліміздің іргесін?! Жайлы жҧмыс жақын-жуық қолында, Қазақшаны білсін, мейлі білмесін. Кимесе де ҧлдесі мен бҧлдесін, Ел дегенде, аяп қалар ҧл несін?! Бойына оқыс шыр біткендер әспенсіп, Ақындар мен батырларға кҥлмесін! 2000 жыл
ҚҦЛАҚҚАҒЫС
Аңсаттырып келіп ем қырдың дәмі, Тӛрт тҥлік жоқ, даланың тҧлдыр бәрі. Тепсе, темір ҥзетін жігіттердің. Жанын әрең бағып жҥр тырбыңғаны. Жақсы ырым емес шығар талма тҥсте, Қасқыр жесе, итіңді шынжырдағы?.. Сәні қайда, ауылдың малы қайда? Қазақ болсаң, қазақтың қамын ойла! Бҧрынғы айтушы еді, расында, Жетіскен қыз тӛркінін танымай ма?.. Биліктілер пейілін ӛлшеу керек, Тӛрт мәрте тҧтқындалған Абылайға. Мҧсылман аяуыш еді мҧсылманды, Қылмысты топ ҧсталып, қҧшыр қанды. Әйткенмен, пагоны бар бауырлардың, Ҧмытып кеткені жӛн кісі ҧрғанды. Қап сҥйреп, қарақоңыр келіншектер, Онсыз да жеті жылдай қысыр қалды.
Байлықты қолы жеткен бӛліп алып, Шалқып жҥр білмейтіндей оны халық. Кезінде бәрін елден жимадық па, Астынан ат, ҥстінен тонын алып?! Енді ақынын ертерек тауып алсын, Ӛлмейтінге жолықса ӛлі балық!.. 2000 жыл
ИТТІҢ ИНАУАТЫ
Ауылды ең алдымен ит қорғайды, Ит ашықса, ӛреден қҧрт қоймайды. Ит пен бит жанын бағып кетеді ғой, Кім мына аш – жалаңаш жҧртты ойлайды?! Иттің жатақ, адамның тҧтіні бар, Иесі бар иттердің кҧтімі ҧнар?.. Ит қалай ел болмайды басын қосса, Дҧниеде тӛрт жҧз алты тҧқымы бар?! Ҧсақ билік қолына тиісімен, Кейбіреу ҥй тігеді, ҥй ішінен Ит байғҧс неше алуан қылмыскерді, Ақысыз тауып жҥр ғой иісінен Кӛнеді тауға айдасын, тасқа айдасын, Қоймайды елден биік бас пайдасын. Ендеше, шойын қора салдырғандар, Иттен кҥні тӛмендеу жасты ойласын!
Тӛбеттер топ қҧрмайды, пара алмайды, Пендеше қиянатқа бара алмайды. Ит қҧрлы қадірі жоқ алаяқтар, Кінәсіз ақынды да арандайды. Алдына келген елді талағанша, «Жазушы» деп жасанды ат жамағанша. Дҥние бір серпіліп қалар ма еді, Жауыз ит – нағыз иттен сабақ алса?! 2000 жыл
ШОЙЫНҚҦЛАҚ
Тҥсің жылтыр тәрізді қҧлын жарғақ, Жан бағасың қулыққа қҧрық жалғап! Сау жерін жаралайсың кінәсіздің, Бойыңнан қандай ӛнер ҧрық жармақ?! Сҧңқарды жапалақтай кҥндегесің, Кӛрген ел қайтып қана ҥндемесін?! Қысылып қылмысыңнан қысқа кҥнде, Қыбылжып, қырық алуан тҥрге енесің. Жазбапсың, жаза алмапсың ӛмірінде, Қҧмарсың «жазушы» боп кӛрінуге! Не қол жоқ, не аяқ жоқ домалақсың, Пҧшпағы болмайтын ба, терінің де?! Біреудің бағы жанып, беделі асса, Дереу кҥйе жағасың неге қасқа? Пақырсың басы бітеу, шойынқҧлақ, Кірмейтін шекесіне шеге қақса. 1975 жыл Сыбайластар Ақсақ иттің кӛңілі аржақтаны, Неге айтты екен ескінің заржақтары?
Қолында жоқтығынан кӛрінбей жҥр, Ӛнердің не ғажайып саңлақтары! Жайлады момын елдің елдің ішін еркін, Індеттің естілмеген тармақтары... Нашаға ҧл қҧнығып,қыз бҥлінсе, Ол да осы замананың зардаптары. Шатасса дҥниенің ҥндестігі, Енді оны тҥзете ме қарғап бәрі?! Саудың кҥні немене мас қасында? Қарттың кҥні немене жас қасында? Анықтап ақша тықса,қонышына, Аяқ силы кемеңгер бас қасында. Ӛз елін жаудай шапқан «аяқтардың” Мэрседес зырқырайды бас-басында. Айналып,шағын тобыр Қарынбайға, Қалғаны шегінгендей тас ғасырға. Алтын кӛміп кеткендей аталары... Қап-қап доллар шетелдің кассасына Қарынбайлар әлемді араласа,
Ҧғынған ҥлгісі жоқ,сараң аса! Шіріген шеттегі ақша неге керек, Ҥрейден ішкен асы тарамаса? Әскери шенді барып барымтаға, Бәлесі ӛкше ізінен балаласа... Батаға шал-шауқаны жарамаса, Бәлесі ӛкше ізінен балаласа... Батаға шал-шауқаны жарамаса, Сӛйте тҧра ауылды алаласа. Бҥйтпес еді о бастан сыбайлас топ, Байлықты бей-берекет таламаса.
КӘКЕҢНІҢ ҚАЛПЫ
Қоқиқаздай қолаттың тӛріндегі, Жемнен басқа кӛзіңе кӛрінбеді… Жетесізді жетелеп, жала жаптың, Ҥйретпесін адамға ӛмір нені?! Қарызынан бейуаздың қҧтылмассың, Кебініңді берсең де кӛріндегі?! Жҥгінерсің байыздап, арға қашан? Ас батпайды біреуді арбамасаң. Жиеніңді желкеге шығарғанмен, Істің ығын білмейді балғаласаң. Несіне айтысамын айыбыңды, Бетіңе баса отырып, сарнамасам?! Сыбайласың әйтеуір жемді білсе, Кербезсіп, кердиесің кеңгуруше. Қуғындап, қҧтайтпап ең дарындыны, Несі бар, ісіңе жҧрт енді кҥлсе?! Ініңе кіріп алып, шықпас едің, Осындай ерегестен ел бҥлінсе!..
Сайлаған, қайрағаның тілдіні ілсе, Қағасың қанатыңды пингвинше!.. Пәлеқор паналайды қолтығыңды, Жып-жылы жерҧйықтың кіндігінше. Кабинет – қабақхана, кім қынжылмас, Мешітке ішіп алған жынды кірсе?! Бір момын арандалып, тек тҥнерсең, Аққа да қара бояу тӛктің ӛңшең. Ойлансам, ӛмір бойы сыйыспапсың, Білімі, білігі бар беттімен сен. Ҥрейің ҧшатҧғын жалғыз ғана, Жайдары, жаны – таза сотты кӛрсең. Ту тҧрып, тҥспегенмен арай мҧндай, Бетімді бҧлай бҧрғам, олай бҧрмай Бас аман, бауыр бҥтін, шҥкір, Алла, Сауығын сапырмаспын сарайдың қай?! Алайда кеп – кеспірің келеді еске, Талайтын тай – қҧнанды кәрі айғырдай… 1990 жыл
КІМ ҤЙРЕТКЕН?
Қолдаушы ем нандай адал намыскерді, Кім ҥйреткен ел тонар әдістерді?.. Теледен кӛзім шалып, жерге кірдім, Басына байпақ киген «табыскерді». Тҧтанып, тҥңілткендей жҧртыңдағы от, Не сҧмдық, мына сҧмдық ҧлтында жоқ?! Артында біреу бар ғой табылатын, Әңгіме тҧйықталса, қҧлқынға кеп?.. Қазаққа қайдан жҧққан бҧл қаталдық? Іс екен іздеу ҥшін тҥн қатарлық. Халықтың қасіретін айта алмасақ, Несіне қалам ҧстар тҧлға атандық?! Санама сапырғанда әр елді мен, Қынжылып, қытықтасаң, әрең кҥлем. Қылмыс жоқ ашылмайтын, ашылады, Жемтіктес болмаса егер заң орнымен.
Айтқаны баяғының ақыл-кӛмек, Аяла аумағыңды, затыңды елеп! Таласып табысына бейкҥнәнің, Кісі ӛлтірген кісіні ату керек! 1989 жыл
АҚЫН ӘЛПЕТІ
Бақыт шығар, болса егер санаң ҥстем, Ештеңе тындырмайсың қара кҥшпен. Жалғанның жалғандығын сезіп, біліп, Ежелден есті шайыр шарап ішкен. Сӛгеді, біреу оны табалайды, Есіркеп, қабағына қарамайды. Сәби ғой нағыз ақын бҥкпесі жоқ, Есеппен жанға жала жамамайды. Кӛз салмай, дҥниеге кемді кҥнгі, Солар анық ойлайтын елдігіңді. Залалын замананың бҧрын айтса, Қҧрметтеп, кӛтермекпіз енді кімді?! Адамның ақын деген сезімталы, Сондықтан, жақпайды оған сӛз ҧнтағы. Іркілмей, айтатынын айтып салып, Ҧстайды емін-еркін ӛзін тағы.
Кӛкейде саңылауы жоқ затыңды ҧғар, Жаманға жақын жҥрсең, шатылдырар. Мезгілдің тамыршысы ақын ғана. Сол ҥшін әспеттейді ақылдылар. 1999 жыл
АЛУШЫ – ЖАЗУШЫ
Отыз жыл жҧмыс бабын пайдаланып, Шолтаңның шулатқаны – айдан анық Сықпытын сызғандаймын сол себепті, Қаламды бетон бетке қайрап алып. Бірақ мҧны тағы сол иемденсе, Ойпыр-ау, кҥн кӛреміз қайда барып?! Жазғанын жаудай жайпап маңайының, Бітімге сабылтады ағайынын… Жоғалса қырдан тымақ, ойдан бӛрік, Осында тамтығы жҥр талайының. Тезегін бықсытқанмен біріге ме, Қоспасы – қаңылтыр мен қалайының?! Меңгеріп, кей қылығын ҧрғашының, Тосады кӛрінгенге қҧр қасығын… Тойына ҧлы ақынның тарту етті, Еңбегін иемденіп, қҧрдасының…
Жесір шал, кӛпті кӛрген ол баяғы Келін айтса, кҥні ҥшін, қол қояды… Онсыз да жҥйелесек жолсыздықты, Шӛмішке тірелетін болды аяғы. «Мың бір тҥннің» Дәлетілмақталы – анау!.. Бҧл қазақтан туған жоқ ондай әлі!.. Тҥйсінбей, тосып тағы қҧр қасығын… Атынан кітап шықты бір басының… Дақбыртын дабырайтып газеттерге, Ҧрының кӛріп пе едің тҧлғасуын?.. Іргеңе сҥйегімді сҥйреп келдім, Мҧңымды, мҧқтажымды біл ғасырым!.. Мешкейше иесі жоқ малда қалған, Әлгінің бәрімізден алғаны – алған!.. Ӛзіме сілтеуін кӛр, ӛз сӛзімді: «Бақытты бақа» деген балладамнан… Абайдың ӛлеңінше «қор болды» ғой, Әсеттей «Қайран тілім балға малған!»
Балпаңдап баса берсе, қонышынан… ҧрының не шығады онысынан?.. Қҧйрыққа тҥскен қҧрттай майлы орынды, Тапты да… кӛше салды қонысынан. Орысша шала білсе, мӛр ҧстайтын, Кем бе осы – баяғының болысынан?.. Баладай бағананың басындағы, Ол – «биік» жерде сӛздің асылдары! Таңбадай тасқа басқан жыр қашап жҥр, Алдырып ақындардың ашынғаны. Әлемнен кездесер ме бізден басқа, Авторды алушының басынғаны?! 2000 жыл
БОЛЫСПАСАМ…
Жанымды тҥйетінім-шҥберекке, Бәлкім, артық тамырлар бітер ерке. Жері бай, жемісі кӛп жерҧйықта, Сҥрініп жҥрем ылғи тікенекке… Жылпосқа ҧяттылар ӛгей бала, Ӛнерді ӛлтіретін кӛмей ғана… Қалтақтап,қолы-басы, жолақыға, Тҥйілген он теңгесін тӛлейді ана. Бҧршағын, стакандап шемішкесін, Жетіссе, қарт мҧндайды неге істесін?! Езуінде сигарет жап-жас қыздың, Сенделеді, ішкен бе, ел ішкесін?! Жетесізді қолпаштап, елпектеген, Кӛкке шығып барады тер тӛкпеген… Бір жігітке бесеуі жабылып жҧр, Еркекті қорлай ма екен еркек деген?! Тӛкпеген абыройды соғыс қашан?! Кіжіне бҧл ҧмтылды, оны ҧстасам, Арашаның аяғы қызық болды… Мылжалап кететіндей болыспасам.
КӚРШІЛЕР МЕЙРАМЫ
Екі Ержан, қос Ғалия, екі Гҥлжан, Кӛрші екенбіз ең кемі жеті жылдан. Ата салтын сақтаған сабаздарға, Бҧрылып, келе алмайды беті жылмаң. Бір Бақыт, бір Нағым мен бір Кәдірбек, Қонаққа қолқалайды «қырға жҥр!» деп. Сергітіп, сыйластықпен салқындатып, Кӛріктей бірін-бірі тҧрған ҥрлеп!.. Қҧрбан айт, Ораза айтта, Наурызда, Ағайын қҧжынайды-ау, жанымызда!.. Ірікпей, қолдағыны тӛгіп-шашып, Дән риза боламыз барымызға! Шарықтап, мҧндайда бір қыр асайын!.. Бақытқа бақыт қосар тҥбі осы айың. Оқытсаң, қҧраныңды, қол қусырып, Жасай бер шелпегіңді жҧма сайын!.. ҚАРУ ХАТ (Ләйлі қызға)
Шақырып шабытымды алыстағы, Жӛн екен жыр жазғаның танысқалы. Ризамыз гҥлбудаңа, осындайдан Жезденің балдызға ептеп жабыспағы… Сен ӛзі ҧзынсың ба, қысқасың ба? Отырған ханымдайсың іс басында. Босатқан тҧтқындарды қыз емес пе, Байырғы хиссаның кӛп нҧсқасында. Тебіренсең, ӛлеңің саулағандай, Ләйла болсаң, басыңды аш, дауға қалмай!.. Жҧматайдан айрылып қалмадың ба, Тым қҧрыса, кӛңілін аулай алмай?! Әйткенмен, сергітердей батылдығың, Сӛзді қусаң, жауапқа жатыл, кҥнім! Еркіндік, еркелігі, тапқырлығы, Қай-қашан жауып тҧрмақ ақын мінін.
ЖІГІТ БОЛСАҢ…
Асылдың ғана тиеді асылға себі, Егде тартса, әулие жасында сері. Ӛтімді жерде отырса, ӛнердің пірі, Дарындыны дарынсыз басынбас еді. Биліктілер ҧғынып адам мәнісін, Реттеп жатса, заңымыз арамдар ісін… Жерімдей жылжып, қоғам да қозғалар еді-ау, Жасаттырмай айнала адалға қысым! Жҥдетпес еді жоқшылық алқымнан алып, Шуламас енді жӛн таппай, халқым да налып. Жігіт болсаң, берген жӛн уәдені, Баяғының биіндей алтынға малып! 2000 жыл
ТӚЛ МЕН ТӚР
Кӛз жетіп, кӛңіл сеніп, кӛрген ӛңін, Тілеуші ем ӛнерлінің ӛрлегенін. Жҧмекен, Мҧқағали, Жҧматайға, Тимеді-ау, ӛле-ӛлгенше, тӛрден орын!.. Тӛрден орын тимесе, тӛрлемедім, Тӛрде отырсам, тӛменді жӛндер едім. Қайбірі сынықсиды, сыртын сылап, Оңдырып жҧргендей-ақ ӛңге жерін… Ӛңге жерін оңалтса, ерлер едім, Жҧртымның шығарғанша, тӛрге ӛнерін. Таңырқап, табар едің сонда менен, Сҧлудың суретіндей сӛз бедерін. Сӛз бедерін танысаң, ӛңгелердің, Қуаттап, қорғаушыңдай жол беремін. Маскалы мәңгҥрттерді тойғыза алмай, Ҥзіліп кетер ме екен, ӛлмелі елім?..
Ӛлмелі елдің ӛңдірсе, ӛнбегенін, Кісіге керегі бар ӛңге ненің? Қазақтың сҥйегі де сӛз емес пе, Ендеше, неге қҧрттық сӛз беделін? Сӛз беделі дегенім – ӛз беделің, Кеңірдек пе, мҧратың, кӛздегенің? Дарындыны даттайтын таққаҧмардың, «Қазақпын» дегені ҥшін жерге енемін. Жерге енемін… жақсы еді кӛрмегенім, Нем қалды ӛлеңімнен ӛңге менің?! Қасымның қасіретті сыңарындай, Аяқ бассам, кӛрсетті кӛлденеңін... Кӛлденеңге жӛн болмай, жӛн дегенім, Бҧрды талай арбамның дӛңгелегін… «Қорға» жазған қҧндыма қырт ие боп, Мылқаулардың добындай дӛңгеледім.
Шығармаң «уысына» ӛнген егін, «ӛзі алады», қҧлатып, кӛнбегенін… Жҧрт білді әлгі қырттың «жазушы» боп, Орнына ӛнерлінің ӛрлегенін… Місе тҧтпай, дақпыртпен ӛрлегенін, Қуыстанды, суытып, сӛнген ӛңін… Тек кӛзімді жоюдың жолын іздеп, Бастады –басқа қолмен– кӛлденеңін… Кҥйдіріп, әділетке шӛлдегенім… Жоқ екен осы «топтан» кӛрмегенім!.. Қимадым, жазғанды емес, жазарымды… Ӛлтіріп, не қолында ӛлмек едім. Ӛлмек едім, осылай – ӛлмегенім, Жол бермеді, шӛлдеген тӛл дегенің… Жанашыр кҧні бҧрын сақтандырып, Тайқып тиді, тӛбемнен тӛнген ӛлім!..
Шӛлдегенге кӛрсетіп, кӛрмегенін… Енді ҧғындық алаңды ӛңдегенін… Мың жылғы «қаңтар» айын, «желтоқсан» деп, Дҥмшелер шатастырды ӛлмегенін… Білгірдің қадағалап ӛрмелеуін, Ноқайға тиген ылғи тӛрдегі орын. Тастанды сәбилерше айдың атын, Естігенбіз опырып… ӛңдегенін… Бабаның басып-жаншып, мол дерегін, Қабылдау қателікті сор дер едім. Асты да жҧта алмады-ау, шайнап берген, Балғабек1 айтты емес пе ең керегін. Біреу кезеп тҧрғандай зеңбірегін, Шошығанға ақылды мен беремін. Жасанды «білімпаздан» жарымайсың, Тӛріңді толтырмаса, сенген ерің.
Тҥсірер қамшыгердей сермегенін, Кӛрер ме ем білгірлердің ӛрлегенін!.. Орнында сҧңғыланың сҧмпайы жҧр, Ширығып, соны ойласам, шерленемін. Шерленемін, шыдатпай, кернеген ҥн, Жылатып, домбыраның пернелерін… Шипалы, шежіредей кҥй шықпаса, Қайқайып, қай бетіммен кӛрге енемін?! Сілтеме: Балғабек Қыдырбекұлы күн тізбе туралы дұрысырақ мақала авторы. 1990 жыл
АҚЫН АЖАЛЫ
Шырайы шығар кҧннің бҥйіріндей, Айбаты Абылайдың дҥбіріндей. Бар еді-ау, бір шоқ ақын Алматыда, Аяулы алтын балық ҥйіріндей!.. Сопыдай сӛнген екен соның кӛбі, Аузына жырдан ӛзге ҥйірілмей… Ӛмірі ӛтті, ӛкініп, екі ортада, Ӛлеңін жҧрт, қадірін ҥйі білмей. Кҥмістен кҧн орнатсаң, кӛз жҧмған соң, Бір минут тепсінер ме тірі кҥндей?!
Ой, пірім-ау, қазақ мҧндай емес еді, Озғанды ондырмайтын не кеселі?! Жақсыны жатырқаса, жаман-жҧтық, Қайда жҧр, жӛн айтатын ересегі?.. Әлемді айнасынан кӛрсететін, Бақастың баспадағы кӛп есебі Ӛзіңе қимаушы еді-ау, ӛзіндікін! Барғанның бардай соған берешегі Шыбыны шырқырамай, қайтсін ақын. Кҥншілге байланған соң келешегі?!
Бҧлқынып, булықсам да бҧлталақтан, Жанымның шамын жағып, нҧр таратқам!.. Кейітіп, кірпігіме тамшы іледі, Тағдыры дәм татқанның бір табақтан! Тӛлеген тҥңілді ме ерте кетті, Білген соң, тҥк шықпасын қҧр талаптан? Маржанын Мҧқағали мҧңға малған, Дҥркіреп, қашқан кезде жҧрт арақтан. Жҧматай жҧмбақ – жҧлдыз былайғыға, Ӛлеңнің аспанынан шырқап аққан. Ендеше, ең қиын дерт іштарлық қой, Ызғардай ӛтетҧғын ҧлтарақтан… Шӛлдеген жҧта алмаса ақыннан нәр, Кәнеки, парқы қайсы қылтамақтан?..
Мҧқатса, дарындыны қыбы қанар, Сҧмдығын сҧмпайының кім ҧға алар?! Ӛлгенше ҧлы ақынды кӛзге шҧқу – Салт па еді бірі нанбай, бірі нанар?! Кӛбейген кӛкала қырт кӛбелектей, Ҥні жоқ уысыңда нілі қалар Кірпіштей кітабының кейбіреуі, Ішінде болмағанмен, іліп алар. Қорлық жоқ бҧдан ӛткен шын ақынға, Дерттенер некен-саяқ тірі қалар!.. 1998 жыл
КЕЛЕШЕККЕ КЕҢЕС
Өнерпаз болсаң, арқалан Абай
Келешек, мені тҥбі тҥсінерсің, Жалғыздың топқа қайтып, кҥші келсін?! Жҧлдызым жҥйткімеді ит біледі Ӛнердің ӛкше ізіне тҥсіп ем шын!.. Кҥндейтін кӛріктіні кӛргенсізге, Кӛрсетпей, кҥмісіңді пісірерсің!.. Тойтыңдап, топ жинайды, тҧзақ қҧрып Кӛбік мас, кӛкірегі – ісіген сҧм!.. Тобырдың тҧрлауы жоқ тҧғырына, Менсініп, қай кӛңілдің қҧсы қонсын?! Таққҧмар тақуа кӛп талтаңдаған, Қай дарын қайбірінің тҥсіне енсін?! Мен кӛрген мҧз жҥректі кӛрмей-ақ қой, Кӛзінің ызғарынан ҥсінерсің?.. Кҥншілдік қаусарға да қҧм қҧйғызған, Кәусарды жаны кәусар кісі кӛрсін! Кҥйімді қҧйқылжытсаң, әнімді айтып, Арбамай, аспаннан қҧс тҥсірерсің. Тҧлпардың тҧқымынан тусаң анық, Кӛргенде-ақ тҧяғымды кісінерсің!..
1990 жыл
АҚЫН ӘКІМ КЕТКЕНДЕ
Уыс-уыс ӛрікті басқа шаққандай, Кәрі-қҧртаң қыңжылды, жас та шаттанбай! Жалғыз ақын әкімді тайдырдық па, Қылпылдаған қылышты тасқа шапқандай. Алатауды ән кеулеп, ӛлең ҥйіндей, Ой тҥсірген әлемге кӛне кҥйімдей… Астаналық әкімдер ақылға сайып, Сол жігітті пір тҧтқан тӛбе биіндей. Қолтығынан қоғамның сҥлік тергендей, Қҧлайтындар ӛрледі іріктеу кӛрмей. Сол жігітті тайдыру шамыма тиді, Бар қазақты жауына жығып бергендей. Намыскердің бет-аузын бос тырнағандай, Қҧлагерін бәйгеге қостырмағандай. Сол жігітті ҧшыру ҧят-ақ болды, Бҧқараны қорғайтын посты ҧрлағандай. 1995 жыл
ҤЙЛЕНУ ТОЙЫНДА
Қасымханның тҧсы емес, қалың мал сҧрар, Ердің ерін қыз біткен сабырдан сынар? «Теңін тапса, тегін бер» деген қазақ, Қҧшақтасып, қосылсын сағынған сыңар! Тәрізденіп із кескен кәдімгі аңшыллар, Бірін-бірі сан іздеп, сабылған шығар. Бҧлықсытқан бураны қос ӛркештей, Бір-біріне екеуі табылған сыңар. Жігіт бәлкім жарлыдай жалынған шығар, Қыз да сосын ырқына бағынған шығар. Тым тереңнен ҧйлесіп, ҧнатудан Бір-біріне тәңірдей табынған шығар?! Дҧшпан тҧгіл, досың да жарыңнан сынар, Ыдыс-аяқ сыңғырын жадыңнан шығар. Бір-біріңді тапқаның, танығаның, Жанатҧғын ендігі бағыңнан шығар?!
ҦЛЫСТЫҢ ҦЛЫ КҤНІНДЕ
Хас ӛнер қаршадайдан желіктірдің, Ендігі серпініме сеніп кірдім… Әлеумет, топ ортаңа, той ҥстінде Жалынып, шақырған соң келіп тҧрмын. Нҧр жаусын ішіндегі талаптыңа, Дҧние кең емес пе қанаттыға?! Кӛруім осы-ақ шығар қозғалысты Отырған кӛсемдері абақтыда. Бҧйыртып жамағаттың татқан асын, Қой жылы қыдыр дарып, бақ қарасын! Асынып баяғыдай садақ-сайман Білсем бе, балалардың ақ-қарасын?!. Наурыз таңы әбден атқан мейрам, Халықтың қас-қабағын баққан мейрам. Саяси саудагерлер сатқандықтан Алпыс жыл абақтыда жатқан мейрам. Бабамның ардақтаймын ірілігін, Ежелгі ережелер сырын ҧғын!.. Тҥрмесіз һәм дҥресіз ел тоқтату – Ежелгі дағдысының бірі мҧның.
Билері ел мҧратын ақылдасқан, Батыры найза сҥйеп, ашу басқан. Кек қуып, ел шабысқан ауылдар да Ҧлыстың ҧлы кҥні татуласқан. Қолдарын батыстырып қызыл қанға, Екі жақ серттесетін ҥзім нанға. Дегдары жҥрмейтін бе жамап-жасқап, Ел іші әлде неден бҧзылғанда?! Ӛмірді ӛткізбесең залымдарша, Бетіңді танытарсың бағың жанса. Жҥйкені жҧқартатын кедергі кӛп, Еңбегің жалпақ елге танылғанша. Кӛргенсіз, соттаған ғой мерекені Мына біздің Мҧхтар мен Қалымжанша. 1.Мҧхтар Әблязов, Қалымжан Жакиянов Кім ҧтты, бҧл пәниде ҧтылды кім? Ажары артық шығар кҥтімдінің. Ес болса атқа мінген жігіттерде Жҧртының ойламай ма бҥтіндігін?!
Туысың, араз-ашты досың қайда? Ағайын ӛкпеңді ӛрте, осындайда!!! Ҧлыстың ҧранымен ҧшықтасам, Ҧрпағым ҥйіріне қосылмай ма?! 2003 ж КИЕЛІ ЖОЛ (Райымбек кесенесінде) Қыңыр сҧрау кӛп… Ырымшыл-ау, деп сӛкпеңдер! Бҧйырғандықтан, қиырдан шыққан, Боз атан боздап шӛккен жер. Алпыс қҧлаш ақыретпен Топыраққа оранса, Қҧдайдың ӛзі мейірімін тӛккен жер! Аят оқып, бет сипамай кетпейді, Теңіздей толқып, олай, бҧлай ӛткендер… Бағым бар шығар, Сорым да болар алдымда, Тап-таза жолдан Ризықсыз қалдым ба?! Кҧдіктенсем, шынымды айтып, Мҧңымды айтып жҧгінер, Алты алаштың әулиесі бар мҧнда. Осылардың жолын ҧстап жҥрмісің, Сәл адасып, жаза басып қалдың ба?!
Кенереден жаңғырып, зәулім кесене, Бҧрылып оған жиылғандар мен сиынғандар нешеме?! Жасалғандай осының бәрі байқасам, Қасырлардың мойнында кеткен есе ме!.. Тәңірге тәубә! Бәрі де дҧрыс, жӛнделсін! Бҥйірімді тҥртеді бір ой десе де… Осындай еді-ау, ата ойының даңғылы!.. ӛзгеге аңыз, мейірімі, сері салдығы. Бҧзылып жолы, ҥзілген ҥлгі-ӛнеге, Тҥбіне жетіп, ҧлықтарының паңдығы… Халықты қасат қарларға қамап кеткендей, Ортақ байлықты ҥлескен ӛңшең шаңғылы… Батырың жатыр Жау жапырған жорықта, Қарайлап соған қалатындар кӛп қонып та.
Онысы жӛн-ақ, кеңірдегі кеңейген, Тіріден қорық, ӛліден мҥлде қорықпа! Тайраңдағандар, тақырда тайған тарихта Керемет жолдың киесіне жолықпа!!! Алтыншы бӛлім
КІСІЛІК КЕЛБЕТ
АҚЫН АҒА
Қажытай Ілиясҧлына Бітелген кӛзі тҧмадай едім, Қайнарды келіп сен аштың. Бойымда тулап қҧралай-сезім, Биікті аңсап бел астым. Нәзіктік менде бҧрыннан бар-ды, Қайсарлық сенен дарыды. Арманым менің бҥрлерін жарды, Жаныңның тҥсіп жарығы. Тҥсердей келіп сағым да қолға, Қасиет шашты гҥлдер де. Талпынды арман, адымдап алға, Ҧмтылып ғажап кҥндерге. Арманға шоқты тамызған едім, Ҧласты ӛртке маздаған. Жырларым саған қарыздар менің, Сол шоқты кӛсеп, қозғаған. Бейбіт ҚҦСАНБЕК Ақын, сазгер, Республикалық Жастар сыйлығының және журналистердің «Алтын жұлдыз»сыйлығының иегері
ЖАМБЫЛ МҤСІНІНЕ
Ӛзгерсе, жыл жылыстап, айлар қандай, Тҥсініп тҧрғандайсың қайран қалмай. Кӛмескі қҧпия жоқ кӛріпкелге, Білетін батылымен пайғамбардай. Айтыста жібермейтін ӛзі намысын, Қалпың бар мың қҧбылтқан сӛз мәнісін. Жҧртыңның жоғын жоқтап қалдың ба екен, Торығып, әлде неден тозбау ҥшін. Таянып домбыраны мықыныңа, Қазақтың ҥлгі шашсаң, тҧқымына. Жауабын кҥткендейсің қарсыластың, Әдейі тие тҧрып, қытығына. Жӛнімді білгеніңмен, сҧрап жатпай, Отырсың сӛйлемейтін тҧр аңғартпай! Батаңды берер ме едің, алдиярым, Қозғалып, сақал-мҧртың қҧран қаптай!.. 1996 жыл
МОМЫШҦЛЫ
Бҥркіттей сесті, Бурадай сҧсты тҥр-тҥсің, Жайраңдап кҥлмей, Сармойнақ бидей, Жҧртыңның жырттың жыртысын. Ажалдай ҥстем, Қатерлі кҥштен қаймықпай. Барыңды салдың, жаныңды шалдың, Ҧлт ҥшін! Басқҧрдай бекем, Қасқырдай қайсар ағам-ай! Атағың қалды, Мақалың мәнді данадай. ӛңіңнен ҥскін, Кӛзіңнен ҧшқын кӛруші ем, Тҧлпарға қаққан, Шағылдан шапқан тағадай. Нӛсердей ойдың Кӛсемдей толғап тҧйінін, Шытынап сыртың, Бытырап мҧртың, Аяғындай бҥйінің. Қылыштай ӛткір, Кҥмістей таза кҥйінде, Жасындай текті, Басылмай кетті кҥйігің! Қайыңдай тіп-тік,
Айымдай айқын қалпыңда, Тҥс кӛріп жҥрмін, Тістеніп жҥрмін… артыңда. Халқың-дағы арман, Салтыңда қалған мінездің Куәгерімін, Мҧрагерімін, айырбастамас Атбасындай алтынға! 2000 жыл БАУКЕҢНІҢ КӚЗІНШЕ Ертеңгіні, елдікті ойлайтындардың, Тҥбіне жетпей, тҥртініп қоймайтындар кім?.. Жӛматайша айтсақ, кҥн кӛру тәсілі екен ғой, «Ақын ӛлтіру ойынын» ойнайтындардың. Осы «ойында» намыссыз жауым жамаған, Жиіркенді ме, жарыәтыә, ауыр жаладан? Арыстандай аәырып, сӛзімді бӛлгенді, Таяқпен тарта жаздаған Бауыржан ағам.
Жасыл бӛркін шірене шекеге тиіп, Селк еткізген тҧлғасы жеке де биік. Дәлелдеп едім кӛзбе-кӛз мінбеде тҧрып, Бет қалатынын, тҥбінде бетеге кҥйіп... Ҥстемдік қҧрса ақиқат, жауыздық қашқан, Шапалақтарды естідім, нағыз қҧптасқан!.. Арқаланып кеттім-ау, арқам да қозып, Бабындағы бәйгедей ауыздық басқан! Дені сауға топтасып, қисынсыз жала, Жабатындардың білмессіз сиқын Сіз ғана. Керең, қортық шал болды осы кҥнде, Ізіне шӛп шықпайтын сҥйкімсіз бала. Нақақ кҥйсең, аузыңнан жалын шығады... Шығармасаң жалынды, жаның шығады. Әр сӛзімді жаңғыртқан шапалақтардан Миллион кептер ҧшқандай жазушы залы.
Бірін-бірі ӛңшең қырт асыра мақтап, Жақсы ӛлеңді жабатын қасына қаттап... Ҥлкен, кіші кӛзінше осындайлардың, Ит терісін кетіп ем басына қаптап. Қару ҧстар батыр ем, майданға ертеде, Жетіскендер сағаттық сайранға ерте ме?! Қҧдіретің болса, қҧдайға тіке тілдесер, Сӛйлестірші бір мәрте қайран, Бәукеме!.. 1980 жыл ЖҤСЕКЕҢ (Жүсіп Алтайбаевқа) Ақ-кӛңіл, таза-ниет, қарапайым, Адамның әділі еді, ағатайым! Кӛп қырлы кӛрінбеген ӛнері бар, Дариға-ай, қайсы бірін таратайын?! Мҥлгітіп, тыңдаушыны әрдайымда, Ақынша жыр қашаған дардайында. Жауабы дайын еді іздегенге, Оқтаулы пистолеттей таңдайында.
Тҧйықтан қилы-қилы қырына алған, Қҧтқарса, тазалық пен тҧнық арман. Дойбы ма, карта ма, әлде шахмат па, Ойнаса, жеңілмейтін тірі жаннан!.. Ӛзгеден ӛзгешелеу ой-тоқтамы, Салғастырсаң, маңының бӛйтек бәрі. Ҧршықтай ҥйіретін айналасын, Айтқаны аңыз болып той-топтағы. Қолына домбыра алса, кӛп ҧсынып, Тҥр-тҥрін «Қосбасардың» тӛгісін ҧқ!.. Киіліп кӛзілдірік маңдайына, Қаны қаша қалатын, ӛңі суып. Ондайда тіл қатпайды әсте кҥліп, Ырғаққа ара-кідік қас керіліп. Сӛгіле кҥрсінетін соңынан бір, Қолынан кҥй, кӛзінен жас тӛгіліп!..
Жан тартып, жақын тартып, баласынбай, Ақыл айтса, қазақтың данасындай… Ӛзіне-сӛзі сәйкес, ісі-лайық, Кісіні кӛре алмадым дәл осындай! ҚАБЕҢНІҢ ҚАЛПЫ (Қ. Мүсреповке) Тумысы – маңғаз, келбеті – кесек, маңдайлы, Қимылы – кербез, тынысы – кҥй талғайды. Кӛзілдіріктің қара кҥреңін кимесе, Басқасын тіпті тегін берсең де алмайды. Дҧниенің ҧсақтығынан бейхабар, Біреуге мал, ал біреуге жан қайғы. Қиғаштау қасы болымсыз ғана тҥріліп, Нәрлі ойыңа еңсерілсе, бҧрылып. Ары қарай жауабында жататын Тӛгілген зердей, жеті қат жердей ірілік. Мысқылымен кҥлдіргенде маңайын, Кететіндей ӛлген адам да тіріліп.
Киініп мҧздай, шашын тік жарып шекеден, Жҧпары аңқып, мҧрынды жарса не етер ең?! Шаршы топтан суырылып сӛйлесе, Бағытыңнан бҧрылып та кетер ең. Жазушылар қолдап, қоршап алатын Қабеңді кҥнде келгендей-ақ Меккеден. БІР АУЫЗ СӚЗ (Қ. Мүсрепов рухына) Жақсының еркі жаманға тиген мезгілде, Ел-жҧртын тонап, есіріп алған ез мҥлде. Кесегін-ҧсақ, шешенін қырты билесе, Адамның қалай азатындығын сездің бе?.. Кӛкіректегі сау болса, қарашықтары, Шарасына не сыйдырмасын кӛз кҥнде?!
Жазадай жайсыз, қазадай қатал бәлеңді, Менсінбей ӛткен еркекті тыңда, ал енді! — «Бейімбет жау ма? Мен де жаумын,» – деп салған Кімге теңерсің жҥрегі тҥкті Қабеңді?! Ӛлім мен ӛмір ҧстараның жҥзінде, Қабеңше бойлап, Қабеңше кӛрсең әлемді. Ӛсірген жері, кӛсілген тӛрі нҧрланғыр! Тазалығының мысалы ғой бҧл – мыңнан бір. Арыстанның аузында тҧрып сӛйлейтін, Ерлердің жаны ар-намыс ҥшін хҧрбан дҥр. Жҧртына барып, қҧлқына бағып толғанса, Қҧнығатындай, қҧйылатындай жырдан-жыр!
Билігі барды әспенсіткенде тоқтығы, «Биіктейді» екен аласаның да шоқтығы. Бәйге алғандар мен қайғы алғандарды ойласақ, Сҧм заманның да, бҧл заманның да кӛп міні… Арманың бар ма, әділқазылар тобынан, Білінбей тҧрса, ер Қабеңнің жоқтығы. АҒАҒА АРНАУ (М.Базарбаевқа)
Қайнардай тәліміңнің таныс дәмі, Армандай ағайым ең алыстағы. Жайлаудай жаныңды ҧқтым танысқалы, Айбардай аз ҧлтымның арыстаны. Тарландай тарпынатын жарысқалы, Мәрмәрдай тҧр-тҧлғаңның намыс бәрі. Маржандай алармын кӛп дәрісті әлі, Қарманбай қайтем шабыт тағы ҧстады?.. Жандардай жайы бӛтен Марстағы. Тар маңдай талай дҥмше алыстады… Жайраңдай қҧшақ жайдың қауышқалы, Айбардай қазағымның арыстаны, Сайрардай ақыныңның жабысқаны Қайрардай тақырыбын дәл ҧстады. Сармаңдай татар салған дауыс жағы… Армандай дастан еді тауыспағы… Барғандай соңғы сертке нан ҧстады. 1981 жыл
Қолжазбада «Мәрмәрдай тҧр-тҧлғаңның намыс бәрі» деген жолдағы «Мәрмәрдай» деген сӛз «ай маңдай» деп алынған. «Айбардай қазағымның арыстаны» дегеннен кейін «Сайрардай ақыныңның жабысқаны, Қайрардай тақырыбын дәл ҧстады» деген тҥсіп қалған екі жол қосылды. Соңында 9.06. 1981 жыл деп кҥні қойылыпты.
ҚАБДЕШ ХАҚЫНДА
Ҧлтыңды қолдап, басынан бір сӛз асырмай, Тік жҥргендейсің кемінде екі ғасырдай. Жердің шарын жҧмыртқаша шайқадың, Қҧйының әлі, кҥйігің әлі басылмай. Торғайдай тозған туысқаның жазылды-ау, Кең маңдайыңа қазақы ердің қасындай. Бәр-бәрін соның қапысыз қашап ҥлгердің, Қасиетін де, қасіретін де жасырмай. Арындап ойлап, қаның да қайнап қарадай, Қамығушы едің ішкен ас бойға тарамай. Жҧртыңның жҥгі қаншама ауыр болғанмен, Қайыспай тарттың, майыспай тарттың, нар аға-ай! Шеніңе келмей, шелиетіндер толып жҥр, Шылауыңа да, қылауыңа да жарамай. Кісіліктің шырағы жанып басыңнан, Жосылып бердің алды-артыңа қарамай!..
Тындырған ісің керіні бері бҧрғандай, Адамын ақтап, арманы тҥгел ҧрғандай. Атақтың бәрін сыпырып алдың қаламмен, Сӛз салмағы безбенделсе, қҧр қалмай. Шын данышпан данышпанға тарта ма, Айнымайтын мазмҧн қандай, тҥр қандай?! Есі барға елестейсің барыңмен, Мҧхтар болып қайта туып тҧрғандай!.. 1996 жыл ІНІГЕ ІЛТИПАТ (Нұрлан Оразалинге) Тегің де таза, демің де таза о, бастан, Куә-дҥр оған қара жер мына кӛк аспан! Жыр жиһаз мынау, драма анау қат-қабат, Ӛз қатарыңнан ешкім де сенен жоқ асқан.
Тобырлар кҥндеп, қҧрыштай жҥйкең жҧқарса, Жанар тау жырлар атылмақ ақын тҧтанса!.. Бағдарыңды да, бақытыңды да барлаппын, Айдалада Абылайды кӛрген Бҧхарша!.. Қанатты ойлар халық қамымен ҥндесіп, Шабыт қҧсыңа ашыпты қҧдай кҥнде есік! Аяп та кетем Одақта жҥрген кезіңді, Жындыхананың директорындай кҥн кешіп!.. Сҥтпенен біткен тҧлғаңда мінез мәрмәрі, Бозбола шақтан қыз-қырқындардың арманы! Тарта бер ӛстіп, тардымды ойдың сардары, Бойыңа қҧт боп қуаныштарыңның бәр-бәрі!
ӘТТЕҢ-АЙ!..
(нағашым С.Уақбаевқа) Айрысыларда, қайғы қысарда «сенем» деп, Қҧшақтап едің, кӛзіңнен шарпып, денемді от. Кең толғап, кесек ойлайтын, қайран ағам-ай! Есірткен мені ешкім жоқ еді-ау, сенең кӛп!.. Емендей қара, тебеңдей ғана жан едің, Мейірім едің, тҧлғаңмен тҧтас ән едің. Ӛртіме тӛзіп, дертіме тӛзбей, кеттің бе, Тҥнеріп тҥндей, тҥбіңе жетіп әлегім?! Миымды шағып, намыс пен ҧят арадай, Сӛйлеймін тағы… ӛлтіргеніне қарамай… Қарызың қалды-ау, мойнымда туған жҧртыңды, Демің біткенше, бір кӛрсетуге жарамай!..
Ӛлместей кӛрдім, кӛнбестей кӛрдім ӛлімге, Қазадан хабар ала ма, адам ӛмірде?! Жҧпарын жҧтса, жайлауын кезіп еркінше, Шҥкірлік етіп, отырар деп ем тӛрімде. Кӛзімді байлап, кӛрсетер қызық тҥрлері, Елестей берді тек соның думан-дҥрмегі… Межеге жете оққа ҧшқан альпиниске ҧқсап, Самғау тҧсынды ажал да аңдап тҧр ма еді?! Бәсіңді артық кӛргенмен, әке-шешемнен, Қай қҧным асты паррықсыз, нәрсіз есерден?! Атыңды атап, бетімді тіліп жіберсем, Аңғырттығымды, салғырттығымды кешер ме ең?.. 1995 жыл ЖҦМБАҚ ӚЛІМ (Зәки Ахметовтың асында…)
Соқырға айналасы қараңғы жар, Жҧтады айтылмаса, адамды зар, Жаныңды жалықтырған жасандыға, Батырдай қарсы шаптың қамал бҧзар. Адамзат ӛнер тілін ҧғынғалы, Ерекше бір сәуле едің ғылымдағы. Даңқың бар, даңғылың бар сайрап жатқан, Естіге айдан анық мҧның бәрі. Егіліп ыстық жаспен жуған ӛңін, Кҥрсініп қала берді туған елің. Шешпейтін жҧмбағы жоқ кемеңгер ең Шешілмей тҧр тек осы «жҧмбақ» ӛлім. БІР ТҤЙІР ҚАН… (Сәкен Жүнісовке) Атаңның кені… Ақанның кегі жоқталса, Кӛкіректерден тҧтанып кетер от қанша?! Шаршы топтан Сәкенге мойын бҧрады, Жҧлқынған біреу суырылып, сӛзге оқталса.
Ширатылғанша, театр барса, қыз-қырқын, Серіні кӛрмек қолтығы гҥлден қызғылтым. Опасыздықтан, жеңілтектіктен шошынып Ажал мен Ажар тҥсіне кірер жҥз дҥркін. Той-топта біреу әншілер жайын сӛз қылса, Біреуден-біреу әуенін сәл-пәл оздырса. Сәкеннің әні Әсеттей қаңғып кетпей ме, Сҧлулар қолдап, арқасын әбден қоздырса. Қатарымызда кӛкейі кӛзді жан аз ба? Туатын шығар дегдар да, жомарт, сабаз да! Сәкен сері содан да жҥлде қағардай, Қашығының суретін сызса қағазға. «Тастаяқ» ойнап, біреуден біреу ҧтылса, Керенау сӛйлеп, ҧтқаны кергіп, қҧтырса. Ондайдың жынын қағатын тағы Сәкен ғой, Жҥз елу грамм коньяк шәймен жҧтылса…
Әспенсіп дәулер, алдында кеуде кӛтерсе, Тӛбелес тумақ сіздер кӛргеннен тӛтенше. Бәрінің ӛңі бҧзылар айғыр тепкендей, Айып-қиыбы айналасынан ӛтелсе. Қҧшаққа толып, жабатын гҥлдер қыр ҥстін, Жетпіске жетті сҥйенер, кҥтер тыныс-кім?.. Алты алашты дҥрліктірген осынша, Алтыннан қымбат бір тҥйір қаны-ай, Жҥністің! ЖОМАРТ ЖОЛЫ (Мұхтар Құл-Мұхамедке)
Мен көрдім дүние деген иттің көтін. Абай Әйгілі бес Мҧхтардың кенжесі едің, Қайғылы қашқындардың жерлесі едің. Кҥндеудің шетін кӛрсең, кӛтін кӛрдім, Кӛрмесең, кӛргеніме сенбес едің. Шылбырын ӛнерлінің ӛрге тартып, Кҥн бҧрын тиді ботам, елге себің. Тҥсіндім айтыс сайын машина атап, Ҧсындың сыйлықтың да ең кесегін. Ол тҥгіл, мҥшайраға жолатпай жҥр, Әйтпесе, ешкімге есе бермес едім. Атынан «Ата-Мҧра» айтыстыршы, Басыма оған дейін тӛнбесе, ӛлім!
Бҧрылмай, қҧрылса да қандай қақпан, Қҧрымдай тер сыпырдың маңдай жапқан. Сәбидей ӛз кіндігін ӛзі кескен. Мәдидей бағыңды аштың жанбай жатқан! Жҧғымды жҧрген жерге мінезің бар, Ҧғымды сӛзің жҧртқа майдай жаққан. Айта алсақ, әңгіме кӛп тҥбірінде, Былайғы ел мазмҧнына қанбай жатқан. Састырып сараңдарды сол жарықтық, Шәуешек шаһарына балдай батқан, Ерлікте ерегестен туады ғой, Кӛргендер ӛліп-ӛшіп таңдай қаққан! Атымтай асығына кҥміс қҧйса, Арғы атаң ақша жағып, шай қайнатқан… Дініңдей тік тҧрғызған бӛрененің, Бҧлінбей тҥзу ӛскен ӛрен едің.
Барыңды, жаныңды сап тірілттің-ау, Қастерлі қазағыңның кӛне ӛнерін! Арамнан байығандар біле ме оны, Сазарған қҧдық кӛрмей, кӛнек ерін?! Қажеттей қазіргі айтыс жалғыз саған, Кӛкиіп кӛрсетпейді-ау, тӛбелерін!.. Сол сенше ақыл сатып, дәулет жиса, Кӛмексіз кӛсілгенін кӛрер едім!.. Әулеті ақсҧңқардың шашып жейді, Қарық қып сырқытына тӛңірегін… Мені де шырт ҧйқыдан оятады, Қақпайдан кӛрінбеген кӛп ӛнерім!.. Кімге айтам, ән мен кҥйдің ақ кептерін, Ӛлеңнің ӛліп жатқан кӛбелегін?! Кҧдікті ҥміт жеңіп, сергімесем. Тҥңіліп әлдеқашан сӛнер едім Есалаң ғасыр бізді ескере ме, Соны айтшы, жаны жақҧт, кӛрегенім?! 1996 жыл
ТАБИҒАТ ТӘЛИМАТЫ (профессор Ұ. Сыдықовқа) Басы барға табиғат аз оқыла ма?.. Соны ҧғынған қағілез, қазақы бала. Қызықтырып, қиялын қиянға серпіп, Талайына кез-келді-ау, жазатын аға!.. Қысық кӛзі ғылымның шалғынын шалса, Қатарының кӛргені қазоты ғана. Ҧстанғаны ӛмірден тазалық екен, Қайнары тҧнбай, дария таза тҧна ма?! Бӛрі ҧлыса, ауылынан қоралы малдай, Із кесетін ауылдас сорабы дардай. Осы ӛңірде тоғысар торабы бардай, Тӛрт қыраннан тӛңкерген бораны қандай?! Соның бәрін білуге шын қҧмарланып, Ҧйқыны ерте ашқан ғой, оранып алмай! Келе-келе ғылымның тҧбін де тҥртіп, Шешілген тҥйін тҥп-тҥгел орамы қалмай!..
Баға берсе, әрнеге ақынша жайнап, Кең ӛріске тартады нақылша қайрап! Сыртын білмей ғаламның, кілтін білген соң, Тҥйіндейді қоспасын батырша байлап. Аруақтарға тілдесіп, ақ ниетімен, Періштесі жетеді шақырса, қайнап. Бойына сіңген бояудай Қабанбай нҧры, Алты алыптай қаумалап, ақырса қайрат!.. 1997 жыл
ТАҢДАЙДЫҢ ТАБИҒАТЫ
Ауылдың әлпештеген Таңдайы едің, Ӛзің теңдес баланың маңдайы едің. Қолдағысын қҧрбыдан аямайтын, Біреуге бай, біреуге нандай едің. Оқуға ӛзі тҧскен Таңдай едің, Студенттің бетке ҧстар маңдайы едің. Жастықта неше тҥрлі болады ғой, Қыз-қырқындар жағына қандай едің?.. Дағдыланған балалық шақтан кҥліп, Мінезіңе жоқ еді жаттандылық. Сен-дағы бір биіктен шығасың-ау, Қауыптың қақпағынан аттап жҥріп. Ҥлгі тҧтып, озғанды іріктейсің, Жаман-жҧтық сӛзге де ілікпейсің. Кӛңіл жай, жҥйке тыныш, сондықтан-ау, Қырыққа ілікпеген жігіттейсің.
Сӛзің майда жолаушы жорғасындай, Бастық болдың салмағы қорғасындай. Қылым менен жазуды ҧштастырған, Ҧқыпты едің татардың молдасындай. Отырғаның қҧты бар тақ секілді, Сыртың аппақ, ішің де ақ секілді. Ендеше, жҥзге дейін отыра бер, Айналаңа қонатын бақ секілді. 1997 жыл СҤЙЕГІ АСЫЛ СҦҢҒЫЛА Т. Кәкішевке Тҧлғасы тҧтас кҥмістей, қасы да қалың, Қадіріне жеттік пе, асыл ағаның? Бҧрынғыдан бҥгінге керектілердің, Қалай жиған қамбадай басына бәрін?! Қанаттыларды тоғытса, азапқа қарпып, Тҥйсінген ерте тумысы «Садақта»* балқып «Қалияның»** тәлімі-дәлелдеп тҧр-ау, Дарынды жҧрттың жоқтығын қазақтан артық!
Алуан архив ақтарып, қалалы жерден, Жалындыларға жабылған жаланы кӛрген… Қолымен қҧмның алғандай алтынын екшеп, Тірілтен тінтіп, не дегдар, дананы кӛрден. Қылкӛпірлері қиямет қысқа да, ҧзын, Буалдыр тартты тҥріндей тҥс ғажабының… Тҧяғын қақпай, ӛтуі-туралығы ғой, Жалаңаяқ басқандай ҧстара жҥзін… Жетпіске жетсе, жігіттей жілігі майлы, Білгірлігі мен қазақы қылығы ҧнайды. Керенау кеще кешегі керілдескенмен, Шошынады кӛргендей тірі қҧдайды Сҥйініп соған асылса, қыз бала қолы, Әлдекімдердің сіресіп, сызданар ӛңі Тоқсанында аруды әнімен ерткен, Жасай берсін, жарықтық, Зілғара жолы!
Қҧрдасы кейбір таянып, таяғын имек, Хал сҧрағанда, еңсесін аяғы билеп. Сҥйегі асыл сҧқтанып, сҧлу жарына, Қутыңдар еді «Инші алла, баяғы кҥй» деп. Кҥттірсе ӛзін, кӛрікті, кӛркем есімге, Мықтылығы ғой, кҥндесең, ӛртенесің бе? Жеңгеме сыйлы тӛбе би, елге де сыйлы, Жарасар еді жалпыңа тӛр тӛбесінде. 1998 жыл *қазақша жарық кӛрген журнал **Медрессе атауы
БІР БИДАЙ
(Рудаға үй-ішінің одасы) Ӛзгеге арман тҥс болсақ, Кӛре алмас мәңгі қылжимай… Ауыздағы тіс болсақ, Ерін болдың ыржимай… Ҧядағы қҧс болсақ, Жем тасыдың қырғидай. Дорбадағы дән болсақ, Ҥш тал арпа, бір бидай. Ордадағы хан болсақ, Ылғи ерке, ылғи бай Жанымыз ашып сондықтан, Тҧра алмадық жыр қҧймай. 1995 жыл ҚАЙРАН, ШӘКЕ! (Ш. Қалдаяқовқа) Қанбады қҧлағымның қҧршы ғана, Не деген терең едің, сыршыл аға?! Тепсінсем, тебінгідей қҧлағы бар, Бейнеңді бедерлейтін жыр шыға ма?! Сығанды сен де білдің, мен де білдім, Сығандай жаны ашиды елге кімнің?.. Кӛбінен айырылдым-ау, қапылыста, Басыма кӛштей шулап келген ҥннің!
Қайран ән, қайда жатқан, кҥтіп кӛпті?! Тыңдаса, жадырардай, бітіп кекті… «Теріскей, Серенада» бойды билеп, Еріксіз кӛзімнен жас ытып кетті. Жайыңды шын тілеулес достан ҧқтым, Ӛмірге сені іздемей, бос налыппын. Қоздырды-ау, делебемді «Сербиянка», Таспасынан Серікбай Оспановтың. Зәуіде әйел – шайпау, ер-қияңқы, Соларды жҧмсартатын «Сербиянка». Қоссақ қой домбыраны мандалинге, Шіркіннің шығар еді енді даңқы!.. Дариға-ай, дарыныңа таласар кім?! Алдында аруағыңның аласардым. Сырласпай, жӛніңді айтып, тым қҧрыса, Жаныма жазылмастай жара салдың.
Ойласам, ӛміріңнің азап бәрі, Данасың қайталанбас қазақтағы. Елеусіз, ескерткішсіз қалуың да, Басымды отқа ҥйіткендей азаптады. Арыста, Алматыда, Тҥркістанда, Тҥкірдім сенімен бет жыртысқанға. Жақсыны жаман-жҧтық билеп, тӛстеп, Бҧл пенде не табады қырқысқанда?! Амал не, боп кетіпті болар ісің!.. Кӛңілді жҧбатар ма қола мҥсін?! Келді екен, қанша сазгер жер бетіне, Қайран, Шәке, бәрінен жоғарысың! Түсініктеме: 1. Оңтүстік Америкада «Сербиянец» деген ел тұрады. Шәмші мандалинге ойнап, жаздырған осы күй – сол елдің қыздарының биі. Мен оны бала кезімнен домбырада ойнаған едім.
АҚЫН ӘКІМ КЕТКЕНДЕ
Уыс-уыс ӛрікті басқа шаққандай, Кәрі-қҧртаң қынжылды, жас та шаттанбай. Жалғыз ақын әкімді тайдырдық па, Қылпылдаған қылышты тасқа шапқандай. Қолтығынан қоғамның сҥлік тергендей, Қҧлайтындар ӛрледі іріктеу кӛрмей. Сол жігітті тайдыру шамыма тиді, Бар қазақты жауына жығып бергендей. Намыскердің бет – аузын бос тырнағандай, Қҧлагерін бәйгеге қостырмағандай. Сол жігітті ҧшыру ҧят-ақ болды, Бҧқараны қорғайтын посты ҧрлағандай. 1993 жыл
АРАША
(Секен Тұрысбековке) Мҥліктей мінсіз, кҥліктей кҥйсіз, кҧнқақты, Мамықтай ҧлға тамҧқтан ауыр мҧң батты. Мектепте сіңген кҥзетші-кҥйші атанып, Балықтай ҥнсіз, батырдай қҧнсыз кім жатты?.. Алыптай сығып, табыттай суық қҧндақты, Ҧйқысы қашып, тҥр-тҥсі жасып, тҥн қатты. Тҧмардай бӛлек, қҧмардай керек кҥйлері, «Шиферша» қайнап, сиқырша байлап тіл-жақты. Шырақтай қызу, шынардай тҥзу, сымбатты, Тамыздай тҧмса, абыздай қуса, ырғақты… Жетелі ҥнін жесірден бетер сыңсытып, Жалпақ жҧртына жан-жҥрегін тыңдатты.
Самарқанд жақтан сатылған әтеш сирақты, Кӛк техас киіп, Мәскеуге барды, жын қақты Шамына тисе, жҧқарған жҥйке шыдар ма?! Тҧлпардай тулап, тобырды топ-топ қиратты. Кҥйге айналдырар кӛңілге тҥскен қырбақты, Шабытты шағын тҥсіне кӛрме біржақты! Танысаң егер Тәттімбет тірі, ағайын, Қымбаттылардың ішіндегі ең қымбатты! 1991 жыл
СЕЙІТҚАН ТУРАЛЫ ТҤЙІН
Халқың мен салтыңды айтып, зар илейсің, Жалшының ӛрістегі әніндейсің. Алтайға алтын басың симай кетсе, Симаған Сарыарқаға Мәдидейсің. Сабазсың, сабырлысың, туламайсың, Ӛмірі ӛстіп, кесек турағайсың! Амалсыз аласталған келесінен, Қастерлі, қайсар, қара бурадайсың. Сараңның саудасына ілінбейсің, Бағылан баяғының биіндейсің. Кӛшірген кӛкейіне ел мен жерін, Алтайдың тарихы мен тіліндейсің. 1997 жыл
СҤРІНГЕН ТҦЯҚ
Сҥйегі – ақын, сҧсы – әкім, реңі – бала, Ӛзгеден ҥлкен жаралған жҥрегі дара. Шаңырақпен шашақтау – Алматыны, Шарапатты ісінің біреуі ғана. Пәктігі – тәлім, жҧртына ақылы – қорған. Асылық кӛрсе, азамат тақымы – зордан. Тарғыл тарих шошытқан шоғырлармыз ба, Ақыны әаңғып, қҧритын батыры қолдан? Мейман емес, билік те кҥніне келер, Терезесі жанының тілі мен ӛнер. Тақырда тайса табаны жалындылардың, Кімі кӛктеп, естінің кімі кӛгерер?! Алды-артына әараса, атәа мінгені, Жҥрек жҧтқан ер еді ол хатқа ілінгені. Тамсандырар тар жолда тҧлғасы тҥгіл, Асыл пышақ қайтеді, қап тҥбіндегі?.. 1994 жыл
АҒАЙШАНЫҢ АЖАРЫ
Ӛң анау... ақ ҥкідей ҥлбіреген. Әжім жоқ қарасаң да дурбіменен. Әрі ҧстаз, әрі ғалым, әрі ана, Әйтпесе, әзіл айтып бҥлдірер ем. Кӛз анау, кҥншіліктен кҥлімдеген, Жібектей жаны нәзік дірілдеген. Кӛрмеген кӛк етікті бойжеткендей, Оң жақта отызға әлі ілінбеген. Лебізі – қоңыр салқын қыр лебіндей, Негізі – жақсы ҧяның тірнегіндей. Сырнайдың тіл бітеді саусағына, Жҥйткісе, Жҧматайдың жиреніндей. Ӛнері – айтсаң, сенбес аңыздардай. Ӛзі ескен гҥл секілді қауыз жармай. Сондықтан, нҥктесі жоқ ӛлең жаздым, Елуге келді деуге ауыз бармай!.. 1998 жыл
ЖАНАТЫМ – ҚАНАТЫМ!
(Жанат Дүкенбаевқа) Жан-жҥрегін кҥйдегі қисын ерітер, Жанатым еді-ау, қалпымды сҥйсіне кҥтер!.. Гитарама тосатын ӛліп-ӛшіп, Жырта қарыс қҧлағын кҥйшіге бітер. Ауызы қҧлып, білдірмес жатқа жараны, Ҧмыта алман қағылез, қатпа қараны... Жуып-шайып, ҥтіктеп киетінімді, Жорыққа ертсе, бҥйгедей баптап алады. Әнге де қҧмар, кҥйге де, жырға да қҧмар, Кӛңілденсе ӛзінің бір қағары бар... Ол кӛрмеген жоқ шығар азап пен тозақ, Ішкі әлемін тыңдасаң, шулаған ҧлар... Он тарау жолын Ӛнердің оңдырмай ҧқсақ, Қырандай кӛзін жеткізген, қор қылмай кҥн сап!. Жынына тисең, қанжардай қатая қалар, Әйтпесе, дегдар, мінезі торғыннан жҧмсақ!
Шашы сәл сиреп, таймаған ӛңінің нҧры, Бҥгін тӛртпақ, байсалды торының бірі. Бӛледі әлі қаттаулы он кірпішіңді, Алдаспандай тигенде, қолының қыры. Жазуынан жанының сҧлулығын кӛр! Міндет артсаң, шылбырын, мҧрындығын бер!.. Ҧл сӛйлемей, пҧл сӛйлеп бара жатса, Ала қойсын ҧғынып, тілімді кімдер?!
ҤЛГІ
(Г. Рамазанқызына) Киеңнен келеңсіздер ҥркіп жҥрсін, Кӛзіңнің кӛрегені-ай, шіркін, Гҥлсім! Ниет-ақ, ойың – ҧшқыр, қолың-торғын, Дертімнің кім ӛзіндей кілтін білсін?! Басыма кҥдік-кҥмән қораланып, Кӛзімнен ӛкінгенде, сорам ағып. Жыл бойы аунай алмай, тӛсегімнен, Жаттым-ау, мҥсәпірдей домаланып!.. Жейдеше жеке киіп, мҧңды мҥлде, Ҧрып ем, таңды-таңға, кҥнді-кҥнге. Қатпаған қабырғасы ӛңшең ҧсақ, Тапсырып кетермін деп ҧлды кімге?! Ӛмірді олай ойлап, бҧлай ойлап, Тҥңілгенде, кімге-кім кінә қоймақ?! Әйтеуір шықпас жанның себебіндей, Кез келдің қиуадан қҧдай оңдап.
Ем-домың еліктіріп, қиялымды, Кӛмейден ән, кӛңілден кҥй ағылды. Мызғыппын әу, дегеннен жан жадырап, Кҥн ӛзын серпи алмай тҧяғымды. Тастаттың таяқты да бара-бара, Жақсы ҥлгің жалпақ елге тарала ма! Тҥбінде сен жеңесің, жетесің де, қай-қашан, ағың-ақ қой, қара-қара!.. 1998 жыл БЕЛГІБАЙДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ (Б.Сахариевке) Шалбардың қыры – қылыштың қырындай кілең, Ҧқыпты ҧланның ӛрісін ырымдай білем. Сәби еді-ау, қағылез тап-тҧйнақтай, Уызға жарып отыққан қҧлындай кҥрең. Арада жылдар жылжыды, арада кҥндер, Ойласаң, «қҧда тҥспеген» балаға кімдер?! Бір кӛргенде дәрігер аппақ халатты, Бір кӛргенде кигені сарыала мундир.
Офицер шенді, қу мҧртты сындардай жігіт, Айтарыңды тҥріңнен тҧрғандай біліп. Кепкісін алса, керемет бҧйра басына, Жан болған жоқ, дәл сонда қыздардай жуық. Қоңыр кеште жҧргендей шырағын ҧстап, Сҧқтанған сҧлу жыласа, қҧмары қыстап Жыламай қайтсын, жымиса, «Қыз-Жібектегі» Тӛлегеннің тҥсіксіз сыңарына ҧқсап. Кҥйіп-жанған махаббат шоғына маздап, Хабардармыз ғой ғашықтар тобынан аздап. Қыз-қырқын кӛп болатын жорта жӛн сҧрар, Кӛшедегі кӛлікке соғыла жаздап. Содан қашып, қорғаушы, тергеуші болды, Тәубасына келтіріп, мергенсігенді. Ары қарай судья, кӛшелі заңгер, Оны олқысынғандар жерге енсін енді!
Азаматым деп білсе, тҧшынып халқы Ӛзгерер, бәлкім, пенденің тҥсінік, нарқы. Ӛзгермеген жалғыз-ақ Белгібайдың, Екі кӛзі, ежелгі кісілік қалпы! Тумысы таза тҧлпардай, суаты жасыл, Қадірін білсек, тым сирек туатын асыл! Бақ-береке тілерім ҧзақ ғҧмыр ғой, Тӛбе бидің тӛрдегі мҧраты ғасыл!.. ПЕРНЕБАЙ Берік ең, сыртқа сырды жаймайтҧғын, Тіл-аузын кӛрген әыздың байлайтҧғын. Періште алтын кӛріп, жолдан тайса, Сен ғана тағалы атгай таймайтҧғын. Ол кезде еркелетіп «Пернеш» дедік, Айтқан жӛн әлеуметке енді естелік. Біз сені Зағишаға сеніп бердік, Әйтпесе, басқасына бермес пе едік?!
Тереңдеп, тебіреніп тҥйген ҧғар, Жаның тым нәзік еді-ау, кҥйге қҧмар. Беріп те жіберер ең ҧнағанға. Тірнектеп жиғаныңды ҥйдегі бар. Табындың тәңіріңдей «Керуенге», Ойнатсаң, жеті тҥнде ерінем бе?! Бағым ба деп ойлаймын Гитараны, Серімен табыстырған перімен де. Еңбегің елестетіп, лағыл тасын, Сирепті-ау, оқ етпестей қалың шашың! Тап-таза бітіміңмен, пікіріңмен, Білетіннің бәрін де сағынтасың. 1995жыл
БЕЙБІТТІҢ БІТІМІ
Жақсыны жақтап, жаманды кӛзі де кӛріп, Жігіт болды жетелі сӛзіне берік. Қасарысса, қаймықпай, қаралықтарға, Намысы тҧтап, бітетін ӛзіне желік! Жаны тым нәзік, жанда жоқ сабырлылығы, Әндерде туған шабытты, арынды кҥні! Гитараны да ҥйрете бастаған едім, Ындынын еміп тҧрған соң, «табырдың» ҥні! Ҥлкенге қҧрмет, ініге ізеті қандай?! Тіс жармаушы еді, ішкі ойын тҥзетіп алмай! Қағылез қалпын ӛзгертпей, сақтанатҧғын. Ӛкшелеп жҥрген, соңында кҥзеті бардай! Білімі-мығым, тҧғырдай мойылдан қиған, Олжасы – ҥлгі, торқалы тойыңнан жиған. Ӛнері – ҥстем, қыры – кӛп, жыры да жетік. Тҧлғасы – тҧтас, мҥсіндей шойыннан қҧйған.
Қызғаныш кернеп, жаласын тізгенде надан, Пысқырмайды оған бҧрылып, ізденген адам! Бәйгені кҥткен бапкердей тілеуін тілеп, Болса екен дейміз, тек қана тіл-кӛзден аман! Бағалы басы – ғаламдық жарық қҧндысы Қошқар қояр қозыдай қалып-тӛрғысы, Ең сәулелі Министр болар-ақ еді, Қоя салса, қарымын танып бір кісі!.. 2003 жыл.
ЖЕТІНШІ БӚЛІМ
АРНАУ ӚЛЕҢДЕР
ӘУЛИЕ
Қажытай Ілиясұлына Мен де кеше кӛк балауса ӛскін ем, Сізге келіп, сізді кӛріп ӛстім мен. Досы ғой деп Жҧмағҧлдай Шораның Жыр тҧсауын сізге әкеліп кестіргем. Бҥгін енді ҧшқым келсе ҧшамын, Жҥрегімде тербеп жыр мен қҧс әнін. Атына сай заты асқақ болсын деп, Ҧлымның да сіз кестіңіз тҧсауын. Қҧмырсқадай шымырлатып, шымшылап, Сӛйлесеңіз дос та әзер тҧр шыдап. Сҥлейменов Асқар қҧсап кешегі, Аузыңыздан аппақ-аппақ гҥл шығад... Домбыра алсаң жанға тыным бергендей, Тҧңғиықтан інжу-маржан тергендей. Алматыны әлдилейді бір әуен Тәттімбеттің ӛзі кӛшіп келгендей.
Тамсанғанда қазақ солай кҥйіңе, Бойжеткендер кӛз қадайды сҥйіне. Қалам алсаң қазақы сӛз тіріліп, Ілияс боп тебіренер дҥние. Толқын жетпес жағалаудай жаныңды, Бізге ҧғу қиын боп тҧр мәніңді. Еш пендеге зияны жоқ зиялым, Баяғының әулиесіндей кәдімгі. Маралтай РАЙЫМБЕКҦЛЫ, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты КӚРКЕМ КӚҢІЛ (Жағыпар Жүнісжанүлының 80 жылдығында) Толғамы терең, ойлары кемел данадай, Кінәсіздігі, кішіпейілдігі баладай. Ӛзінің нанын, ӛзгенің қамын жейтҧғын, Әнетпен ҥндес, Асанмен мҧңдас ағам-ай!
Жан тазалығы бҥркеусіз, бҧлтсыз аспандай, Шежіре шертсе, тарихқа таңба басқандай. Оранып отқа, жалын жамылған жас шағы, Орайын кҥтіп, басталмай жатқан дастандай. Соғыс алаңы, жер мен кӛк тҧтас жанғандай, Ақын да кетті, батыр да кетті аймаңдай. Ағамыздың адалдығын, адамдығын есіркеп, Бораған оқтан ажал да аяп қалғандай. Ӛтпеді жылдар басына қатер тӛндірмей, Ҧмтылды ҧзақ ҥміттің отын сӛндірмей. Финдер ме, әлде кімдердің шекарасында, Қошамет кӛрген шпион ҧстап, ӛндірдей. Ең дойырға да мінезі ҧнап жібектей, Сыйласар еді арасынан қыл ӛтпей! Бейнетқорлығы, тӛзімділігі ӛнеге, Біз тҥгіл, сонау Ел басына да тіректей.
Сексеніңіздің сеңгірінде де мҥлгімей, Қалам ҧстауы-қаламдастарға ҥлгі ғой. Отызында ҥш жҥз аттан бәйге алған, Солақайдың торысындай дҥл-дҥл, ей! Бата-тілеуі жалпыға жауған нӛсердей, Енді оны кімдер толғайды дейсіз тӛселмей!? Сондықтан, мәңгі ӛшпейтін бейне ҧсындық, Кӛңіліміздің тӛрінде тҧрған кӛсемдей!
ТОЙДА ТУҒАН ЖЫР
Ақын Шәкір Әбеновтің 90 жылдық мерейтойына Жазушылар Одағының делегациясын бастап барған халық жазушысы Қалихан Ысқақовқа сӛз берілді. Қалекең осыдан бір жыл бҧрын Шәкір ақсақалдың Олжас Сҥлейменовке кіріп (ол кезде Олжас Одақтың тӛрағасы болатын), екі-ҥш тҥрлі бҧйымтай айтқанын хабарлады. Біріншісі – екі том, жазғансызғаным бар. Соны шығарып бер! Екінші – 1943 жылға дейін «Халық ақының деген атағым болған, сонымды қайтартып бер! – деп отырып қалады. Олжекең –ал ҥшіншісі, – деп саусағын санағанда, Шәкір ақсақал тҥрмеде барлық уақытым ӛтіп, есемнен кеш қалдым. Енді тездеп бір қатын әпер! – депті. Қалжыңдап отырғанын Олжас та біле қойып, дереу Сайын Мҧратбековті шақырады. – Мына кісі бір кемпір керек деп отыр. Бізде лимитте қанша кемпір бар? – депті кӛзін қысып. Бірін-бірі қабақтан тҥсінетін ӛңшең сӛз зергерлері жауап таппай ма?! – Отырса тҧра алмайтын, тҧрса отыра алмайтын 5-6 кемпір бар. Тамағын ӛзім істеп, кірін ӛзім жуып кҥтемін десе, біреуін берейік, – дейді ғой баяғы. Сонда Шәкең: – Ойбай, маған бала таба алатыны керек, – деген екен. Онда кӛрерміз десіп, кҥлісіп шығарып салады. Қалихан сӛз арасында, Олжастың осы сәлемін жеткізді. – Әлі адам іздеп жатырмыз. Ойдағыдайы кезікпей тҧр. Енді бір 10 жылға шыдасын! Жақсысын әперемін, – десе керек, сәлемінде. Мен жаңадан Шәкеңе арнап ӛлең жазып отыр едім. Осындай дуылдаған кҥлкінің арасында сол кездегі ауданның бірінші тҧлғасы Хафиз Матаев екінші сӛзді маған ҧсынып қалғаны. Соңғы шумақты призедиумнан мінбеге барғанша ойланып, жағдайға қарай ҥстінде айтуыма тура келді. Мәтіні былай:
Шәкеңнің кескіні Мінезі – бір бет, бастығы – ары, иманы, Қаршадайынан ғасырдың қамы қинады. Тҧлданған тҧстың туырлығын тілгендей, Шексіз далаға бармақтай басы симады. Қимайтын қыздар кемсеңдей ҧшып, «ағайлапң, Еңіреп қалды ел ...Итжеккеннің дәмі айдап. Қайғысы қажап, мҧңы да мҥжіп, ӛртеді-ау, Ӛлеңге қоса жҧрт тағдырын тағы ойлап. Қат-қабат сурет, қай заман содан бергісі, Жер кӛтерместі кӛтереді екен ер кісі. Мәңгілік оттай сӛнбейтін шабыт бар мҧнда, Келеді ылғи тереңнен інжу тергісі. Ӛлең мен ӛнер ес білгеннен қуғаны, Есіңе салар қаһарлы, қайсар бураны. Еті қайтқанмен, беті қайтпайтын сері ғой, Таяғы – теке, дорбасы – кҥміс қҧймалы.
Пікірі болса, кәрі де, жас та қҧрдасы, Ӛнерсіз жерге байласаң анық тҧрмасы. Томағасын алған бҥркіттей жҧла қарайды, Тҧсынан ӛтсе, сырғалы, ӛңді ҧрғашы. Кӛңілі нҧрлы, кӛкейі дҥрбі ақынға, Ақыл айту жӛн емес, әйел хақында. Шабытты шал он жылға қайтып шыдайды, Осы тойда ҥйлендірейік, мақҧл ма?!
КӚЗДІ АДАМ
(Тұрар апаға) Балғын шағы шалғайда, тҥсі кӛктемдей, Кӛп суреттің ҥстінен ҧшып ӛткендей, Алпысты аман аттаған апамыздың, Желкелеуге жетпісті кҥші жеткендей. Кемел ақыл, мейірлі алақан барын, Сезінгендер сіңірді жарата алғанын. Алатауға Абайдан қуатты келді-ау, Анақаздай шҧбыртып балапандарын. Қыз ӛсірді, қылықты, қҧлқы да дара, Ҧл ӛсірді тоқпақтай мҧртына қара! Ҧрпағы ҥшін шымшықтай шырылдап ӛтер, Қай қҧдірет теңессін шіркін, анаға?! Ініге ізет, ҥлкенге қҧрметі қандай?! Білетіндер іздейді, ҥйде отыра алмай. Мақпалға орап, мәпелеу керек-ақ енді, Кӛзді адамның кӛңілін кірлетіп алмай! 1998 жыл
АҚЫН АТАҒЫ
(Қ. Алтынбаевқа) Ақанның сайысатын қҧласымен, Тҧлпардың тҧқымы едің қҧлашы кең. Алпыстан астым-ау, деп абыржыма, Қҧдайдың қозғалмайтын қҧдасы ма ең?! Қас тҥгіл, арыныңа достар сенбей, Бҧлқындың Бҧқтырмадан босқан селдей. Қазақта арғы-бергі болған емес, Жырына Абай жҧртын қосқан сендей. Дәметсем қазынасы – толған жерден, Ӛзіңдей ӛлең керек орман-бермен. Тҧп-тҧтас атақсың ғой ӛз алдыңа, Атақты қайтушы едің қолдан берген?! Қалбаның қайыспайтын тірегісің, Атақ бер Байбураңа мінезі ҥшін! Біздегі атақтылар ішіндегі, Атақты екеніңді біледі ішім... 1984 жыл
НҤСІПХАН-ХИССА
Қиып алған, хиссадан Нҥсіпхан атың, Тҧлпар болды-ау, тҧяғы қышып шабатын! Балық аулап, доп қуып, асық атып, Бақтыда ӛтті балалық ҧшып-қонатын. Ақкӛңіл ең, әккіге тҥсіп қалатын, Кӛрші кӛрдің, тойға да ішіп баратын. Ондайлардан сырт жҥріп, сырнайлатып, Жігіт болдың қызға кӛз қысып қалатын. Іздемей-ақ біреудің пысықтап атын, Орайың бар, оқуға тҥсіп те алатын… Бір кӛргеннен тек қана Бибігҥлге, Әдет бітті қолға гҥл қысып баратын. Табылмастай кӛзі сәл қысыққа қатын, Жолын бақтың екі жыл, пысықтап атын. Боксерлықты ҥйрендің, қорғау ҥшін, Бір пергенде қалпақтай ҧшып, талатын.
«Ыңқ» еткенге арбаңнан тҥсіп баратын, Дәрігерге айналды Нҥсіпхан атың. Ақ киінген мамансың ақша жағын, «Ине – тебен» әркімге пісіп табатын. Тойтарылып, тіліңді қышытқан ақын, Бастық болдың, жағымпаз қҧшып қалатын. Ал сонда ерке науқас болған жоқ па, Еміңсіз-ақ, деміңмен ҧшықталатын?. Бетің жҥріп, әмірің пысықталатын, Мекемеңнен қуылды ішіп баратын… Мҧрындыға ҧрынбай, біз сияқты, Қыз алдың қайда апарсаң, пҧшық табатын. Астанадан бҧрқ етіп Нҥсіпхан атың, Табыс таптың қазіргі ең пысық табатын. Кӛлік міндің, ҥй ҧстап кӛк тӛбелі, Қақпасына шынжырлап, кҥшік бағатын.
Жемісі кӛп, бҧтағын қысып таңатын, Мақаншы жақ шет еді ол кҥшік бағатын. Арнайы тоқты-торым кӛтергендер, Сопаң етіп, тҧсыңнан тҥсіп қалатын. Басқа болса, кісімсіп, ісіп қалатын, Бір курортты биледің, Нҥсіпхан ақын. Пәтер тиді қаланың ортасынан, Балконына кӛгершін ҧшып-қонатын. Арақ берсең, адамды ішіп қабатын, Кҧшік қалды, кҥн туып пҧшық бағатын. Енді ойлан, баяғының шалы емессің, Тоқал-поқал алмаса, ҥсіп қалатын!.. Шапан киіп, ат мініп, ішік қағатын, Кӛмбе ілгері тақымды қысып қалатын. Кетілмесін қанатың, қауырсының, Жҥлделі жҥзге ҥкідей ҧшып баратын!
СЫБЫЗҒЫ ҤНДІ
(Г.Ақпановаға) Қҧйғытып, қҧйқылжытып, созған әнің, Айызын қандырардай бозбаланың. Сырнай тіл, сыбызғы ҥнді сылқылдатып, Кӛңілдің кҥй пернесін қозға, жаным! Қозға, қозға, ысқырып, шуылдақты, Беу, шіркін, ӛзегімді шымырлатты. Қайда жҥргем, естімей қайда жҥргем, Он тарау, отыз соқпақ, мың ырғақты. Сазыңды бҧлбҧлдан да басқа дедік, Естімеппін осынша жасқа келіп. Кідіріп тындайтындай адам тҥгіл, Жолбарыстан шошынып қашқан елік. Лекітіп, сағақтатып, созған әнің, Ақылын аңтармай ма бозбаланың?! Сырнай тіл, сыбызғы ҥнді сылқылдатып, Кӛңілдің кҥй пернесін қозға, жаным! 1972 жыл
НҦРҒАЛИ МАМЫРОВҚА
(«Аман бол, ағаларым» әнімен) Қарманып, қанаттанып «Алғабастан», Қҧстайсыз кҥллі таудан самғап асқан. Толғанып, дҥниенің тӛрт шетіне, қазақтың Қажеті ҥшін таңба басқан. Қайырмасы: Тәлімді дарқан аға, Халқына қамқор аға. Затыңыз тартқан екен, Қастерлі қарқараға. Туыпсыз бетке ҧстап сері кҥзді, Ӛткен кҥн елді ойлайтын ерін ҥзді... Биікке енді қалай шығармақсыз, Жері бай, сағы сынған еліңізді? Қайырмасы: Ҧқпаймыз ақыл-ойы аласаны, Тек сізге не айтсаңыз да жарасады. Жҥріңіз аман-есен бағымызға, Кӛп емес, бӛл қазақта дана саны! Қайырмасы:
ТІЛЕК
(Рымбек Тазабековтың мерейтойында) Ата-баба әдетін бҧрынғы ӛткен, Кӛрем ылғи тек осы Рымбектен. Сыпайы, сҥйкімді еді жас шағында, Қыздардың жан-жҥрегін дірілдеткен. Академик болуы мҧнда тҥр ғой, Қылым қуса, атағын дҥрілдеткен. Ҥлгі етіп, Тазабектің тазалығын, Азабын арқалады қазағының… Жҥзге де жеткізбей ме дедектетіп, Алпыста дәмін татса «базарының?! Бірақ бҧл тоқсанында тоқал алып, Бірі болып шықпаса, «жазалының?..» Келін енді «ондайдың» алдын алса… Әй, бірақ әттеген-ай, қалды қанша?! Тоқал тҧрмақ, тобық та ойналмайды. «Қауіптің» алдын алып, «дағдыланса»!.. Әйтеуір ғҧмыр-жасы ҧзақ болып, Арманы сӛнбесе екен алжығанша!
КҤЙШІ КӚРІШСІ
(Біләл Ысқаққа) Атақсыз ағылса да жыл алыстап, Кҥйімен кӛлік мінген Біләл Ысқақ. Қазақта мҧндай дегдар бірен-саран, Шынымды айтсам, қолыма кҧран ҧстап. Ҧқсайды қалың койған қасы мҧртқа, Қадірлі қайда барса, басы жӛртқа. Сыпайы, сынық кҥйі, сырбаз қалпы, Асырып, сӛйлемейді, жасырып та. Кірі жоқ, зілі де жоқ ар жағында, Кӛңілі кҥйдің інжу-маржанында... Бойында дҥниенін кҥйтабағы, Мҧңы да дҥниенің бар жанында. Алмаса заман тәлім бҧл, кісіден, Асылдың айрылады ҥрдісінен. Қҧдай бізге тірі кҥй жасап берген, Кәукен Кенжетаевтың ҥлгісімен!..
ТАМАША
(С.Тҧрысбековке) Қыдырдай дарып, қиырдан танып дегдарын, Тойлатса патша, ойлатқаны ғой ер қамын. Қайшылығы кӛп, таршылығы дӛп кезеңде, Ҧсынған екен жомарт кӛңілінің тӛр жағын. Басыңда бар-ау, затында бар-ау серілік, Жҥргендер қанша кемеңгер жанын кері ҧғып?! Тамаша-ақ екен, жарасады екен бәрі де, Боразданды бҥлдіріп алма, еліріп!.. Сарнаған жырдың, зарлаған қырдың мәніндей, Оңалса, тірлік-әлемге ҥлгі, тәлім ғой. Даралық керек, жаңалық керек кҥн сайын, Бекболатымның қобызға қосқан әніндей. Кешегі ӛлең бҥгінгі кҥнге кӛнерген, Отауың кӛшсе, қос атпен қуар кӛрермен? Ӛнерлі аз да, Ӛлермен кӛп қой ӛмірде, Қайда жҥрсең де, Ӛнермен кӛрін, ӛнермен!
Жігіттің пірін ежелден шаршы топ сынар, Бәйтерек болмас, кҥтімін кӛрмей, кӛк шынар?.. Жер бетінде сені мҧндай ҧғынған, Сегіз қырлы, сері патша жоқ шығар?!
ҚАДІРІҢДІ БІЛСЕ, ЖҦРТ…
(Қасымхан Базарбековке) Данамен де, келісіп дойырмен де, Кӛсемсіп, кӛтермейсің бойыңды ӛрге. Әсем ән, айшықты сӛз, кҥйге ғана, Елтисің ішкен асты қойып жерге. Сӛз болса, халқың жайлы, салтың жайлы, Жаныңнан мың найзағай жарқылдайды… Осы мықты-ау, дегеннің кӛбін кӛрдім, Салмағы санатыңнан артылмайды. Адамның ҧшырассаң, тҥр-тҥріне, Менмін ғой ең жетігі мҧң тіліне. Кішілік, кісілігің тік кӛтерді-ау, Жібермей, қайығымды су тҥбіне!.. Пендеге бетің жарық, жалынбайсың, Білсе жҧрт қадіріңді, табылмайсың… Серінің сегіз қырын тҥгел ҧққан, Жалғыз ӛзің бір ҥлкен ауылдайсың. 1994 жыл КҤМІС ҚҦЛЫП (Бағила Бақытжанқызына)
Қаламымды қаздаңдатты-ау, Бағила! Бағиланы бҥкіл қазақ тани ма?! Танымаса, танығаны жӛн шығар, Себебі, ол – жазылмаған қағида!.. Сырқаттансақ, емдеп-домдап, кҥш берді, Осы ӛмірде, ӛңінде сан тҥс кӛрді... Қатырады жҥлгесі жоқ болғанмен, Еркек ебін келтіре алмас істерді. Қуанса да, мҧңайса да бір келкі, Әсем әуен, жалындаған жыр-дерті!.. Ақ тҧйғындай қанат қаққан кезінен, Талайларды тамсандырған тҥр-кӛркі! Шамаң келсе, жамандарға қол артпа! Илан осы Атымтайдай жомартқа! Екі тілде егес туса, егерде, Кетер еді алды-артыңды орап та!..
Пікірі-айқын, тумысынан бір беткей, Келеді ӛзін кҥншілге де кҥндетпей! Сҧлулығы бәз-баяғы қалпында, Сырлы аяқтан сыр кетсе де сын кетпей!.. Пендең емес, абыройға асығар, Бір ӛзінде, он кісінің басы бар. Кҥміс қҧлып, ережесі ішінде, Қалпын бақсаң, кілтін тапсаң, ашып ал!.. 2008 жыл
МАҒИРАШҚА
Шҥкір Алла, ортаның ҥлгісіміз, һәм білгір, һәм ӛнерлі бҧл кісіңіз. Салт-сана, ән мен әдеп бағаланса, Сарапқа тҥскендердің қҧндысы – біз. Тал тҥсте қыз елеуге келе ме екен. Болмаса бір жҧмысы тҥнгі тығыз?.. Енді елу жыл қосылып «Әпитӛкке» Кӛктем сайын қҧлпырсын жыл қҧсыңыз! Серідей бір ауылды бағар еді-ау, Бҥркіт салып кетуге тумысы қыз!
ДӘРІГЕРГЕ
Балтабекке Қалмаспын деп дәл осы кҥзден аман, Ҥмітін тіршіліктен ҥзген ағаң. Мені де санатыңа санағайсың, Кҥніне алғыс айтса жҥздеп адам. Келгеннен тҥзу ҧшып тҥтіндерің, Жыртығын кӛңілімнің бҥтіндедің. Айығып кетемін-ау қҧлан-таза, Палуанға тҥсетіндей кҥтімдемін! Ақынның арманы кӛп, бір тӛбесі-ем, Ішім-қҧса, қаламды сілтемесем. Кім білсін, бастың қайда қалатынын, Тірілер тізіміне тіркемесең 2008 жыл
ТАШКЕМПІРГЕ
Тҥйсінген дҥниенің тегіс тілін, Ӛзі едім ғой тік ӛскен жемістінің. Басында батпан-батпан мін болғанмен, Басқаның кешірмейтін кемістігін. Білінбей тентектігім, терістігім, Сенімен кеңейердей кеңістігім. Тҧра ма, тҧяғыңа торғайым-ау, Жинаса қыз-қырқынын жер ҥстінің. Кӛрсетіп ықыласын келістінің, Сыйлайсың серісіндей жер ҥстінің. Сондықтан, ӛзімді орап ҧсынайын, Ӛзім жазған ӛлеңнің ең ыстығын.
МҤШЕЛ ТОЙДА
(профессор Ә.Аблақовққа) Шашты сәл-пәл сҧйылтқанмен, тартыс кей, Алпыс деген ӛзің ҥшін талтҥс қой. Атқа мінсең қыз қуатын жігітсің, Ән салғаның анау-мынау әртістей. Орыс қызын ҥйіргенде ҧршықтай, Ӛзбек қызы шырылдайды шымшықтай. Вальс пе, лезгинка ма, полька ма? Би жарыстан, жҥлде аласың қҧр шықпай. Қҧдайға шҥкір, қол-аяғың балғадай, Нҧр таймаған екі бетің алмадай, Қырық жастан парқы бар ма алпыстың, Уа, Әбеке, жӛніңді айтшы, қал қалай?.. Ҥлгі шашып әалаға да, қырға да, Тоқсанында тоқал алса, Зілқара. Қыста қазы, жазда қозы жейтҧғын, Қу шалдардың айласы ма бір ғана?!.. ҚАЛЖЫҢ – ХАТ (Т.Шәріпжановқа)
Сҧрау сап бері ӛткеннен ары ӛткеннен, Ізіңді шығарып ем Қараӛткелден. Дҥмпу бар ӛзің жайлы неше алуан, Саумысың жазу жазбай, тары еккеннен? Мәдише қоныстансаң, Қараӛткелден, Жасыта алмас жалғыздық зары ӛткенмен. Алды-артына топырақ, жаның сауға, Азап бар ма, жаманды жар еткеннен?! Әрине, тоқал алсаң, ҧтылмадың, Жӛн де шығар қҧлдықтан қҧтылғаның!. Білемін жаңа жеңгем жайлы болса, Саулайды кӛмейіңнен жҧтынған ҥн... Егерде болса, бізден ақылдырақ, Мӛлшері, жас отауды жатыр қҧрап? қарасын қабағыңа, сен де сыйла! Ақынды билемейді қатын бірақ...
Жеңгеміз кӛрем десе, келсін бері, Мҥмкін емес, бҧл жақты жерсінеуі. Айтқандайын, кіндігі дҥңкіді ме, Қанша болды ӛзіңнен тер сіңгелі?.. Газетке қонжиғаның қайта келіп, Дҧрыс екен жҥрмесе, «сайтан» еріп?.. Алматыңда қызық кӛп қыздырмалы, Тауысам, қайсы бірін айта беріп?! Есен-сау қатын-бала, қара басым, Сол мінез, қадалғаннан қан аласың. Қашан да қажетіне жарағасын, Кеңейді дос-жаранмен араласым, Жҥсіп, Қабдеш, Ғабдылхақ тҥгел аман, Баяғы бәз қалпында сарамасың!.. 1976 жыл
ЕЗУДЕН ЕНШІ
Тасқындай жҧрдек қаламы қайсар, қажырлы, «Қауіпті қазақ» – жазушы-Жанат қазіргі!.. Ҧлтының ҥні, жҧртының мҧңы мойнына, Ӛз саусағымен ӛзіне артқан ажырғы Қамытты біліп, шабытты білмес қаскҥнем, Кілпілдеп жҥрер, ҥрейлі кӛздің астымен. Жорғаңды жосылт, жазушыларды аулайтын, «Қақпанның» енді жоғалғанына бәс тігем! Жаратылғаннан жақсыға ғана қҧнығар, Қанаттылардың қҧпия қҧлпын кім ҧғар?! Мойындаса, сойылдаған итақай, Қазақтың ғажап тҥзелетҧғын тҥрі бар!.. ЖОЛ-ЖӚНЕКЕЙ (С. Қапшықбаевқа) Қҧрметті, қҧдыретті Серағамыз: Қайдасыз, қайтсек, сізге ере аламыз?! Шақырсақ жоқ, іздесек, табылмайсыз, Енді қайда «жарнама» бере аламыз?!
Бҧл ӛзі-қалай еді дҧрысында, Дананың не бар деуші ем уысында?! Дҥниені дӛңгелеткен қайран, ағам, Отырып «Балдырғанның» бҧрышында! Кӛп тартқан тауқыметті армандасым, Сергісін ел мҧңынан талған басың! Біреуді-біреу білмей, екі ортада, Тозған қаздай топтанған қарға алмасын! Қҧт қонды, ізіңізге нҧсқа қонды, Әлпештеп, бас зерігер ҧстап енді?! Толқытып, тӛгіп-шашып айтар едім, Әттең-ай, уақытым қысқа болды!..
ТОҚТАБОЛАТ ДҤКЕНІНДЕ
Айтулы, аты шығып ҧсталықпен, Ҥнемі несібесін тыста кҥткен. Ойы-озық, бойшаң емес, Тоқтаболат Тҧлғасы шымыр, мығым қысқа біткен. Ӛзгеден айырмасы қасы-қалың, Халқының қадірлейді асыл әнін. Әйтеуір екі қолдың арқасында, Кӛрмеді ел тарыққанын, жасығанын. Сҥйініп, Тарбағатай сеңгіріне, Жҧртының дән риза елдігіне. Кӛгерсе кӛсегесі батаменен, Ағайын жҥз жасатпақ енді, міне!.. Басынан ӛткен кҧнді сағым дерсің, Жаңаның демі жетіп, дәмін кӛрсін!.. Қҧдайдың қолында ғой бәрі-дағы, Әйтеуір кӛп тілеуі қабыл болсын!
СЕГІЗІНШІ БӚЛІМ
ТОЛҒАУЛАР МЕН ДАСТАНДАР
Мінез Қажытай Ілиясұлына Иесі кім мынау шалкез қҧла аттың? Жымқырулы оған біткен қҧлақ тым. Алдына бар-тік шапшиды кісінеп, Артына бартепкілейді бҧл әккің... Иесі оның деді біреу Қажы ағаң, (Қажы ағаңды тағдыр талай қажаған) Иесіне ҧқсайды екен жануарМезі болған арба, соқа, жазадан... Аламанда ақ сҧңқардай самғайды, Соңындағы жҥйріктерге-шаң қайғы. Дӛңгелетіп, шырқ ҥйіріп әп-сәтте, Кӛз алдыңа әкеледі шалғайды... Жәркен БӚДЕШ Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты АХМЕТ ҚАЖЫ (А. Яссауи туралы баллада)
Ясыдан қанша кітап парақталып, Ізденген перзент екен талапты анық. Артынша айналаға сәуле шашқан, Қылыммен қаруланып, қанаттанып. Най тартып, шарбат ішпей, шарап ішкен, Сескеніп, бой тартады харам істен. Зорлыққа – зомбылыққа кӛндіге алмай, Иықтасып қалады қара кҥшпен. Тілгілеп надандықтың туырлығын, Қағілез жолын қуған ғҧмырлының. Бегімен Самаркенттің келісе алмай, Тастайды медіресе мҥдірлігін. Іздемей пана – тҧрақ еру елден, Қайдағы тілдескендей перілермен. Қолына таяқ ҧстап, ілеседі, Кӛз жазбай, қоңыраулы керуеннен.
Сол беті сапары ҧзап, кете барған, Жыл жҥріп, айлап жҥріп, Меке барған. Ӛмірі қиянатқа бетін бҧрмай, Сопы ғой биігінде жеке қалған. Аттанған Жәлменділер, Фарабилер, Онда жоқ дейсіздер ме, қаралы ҥйлер?! Кӛңілін қалдырған ғой ғҧламаның, Дәндеген елді тонап, бәдәуилер. Кеткісі келген сонда елге суыт, Жататын емін-еркін кең кӛсіліп. Қҧрма жеп, зәмзәм ішіп жҥргенімен, Бар екен мҧнда-дағы пендешілік. Сейілдеп Мҧғаллахты, Қағыбаны, Келген соң қҧдай жолын танығалы. Осында қол қусырып, қҧрбан шалып, ӛтемек қажылықтың қамын әлі. Білгенше, тәңір жолын таза танып, Шәйіт боп кетті әлде кім қаза тауып.
Ахмет сауап ҥшін бәрін ӛтеп, Оралды туған жерге қажы атанып. Ешкімнен ақыл-кеңес сҧрамаған, Жиһанкез әрі шайыр, ғҧлама адам. Алпыс ҥш жасында еніп, хлуетке, Әйтеуір ӛзіне-ӛзі ҧнамаған. Елемей, маңайының жоқтағанын, Қараңыз қандай ойға тоқтағанын. Жасырып пенде жҥзі, кҥн кӛзінен, Ҧғынды ел ӛзін-ӛзі соттағанын. Кӛз алмай, сҥрелерден, аяттардан, Жазған ғой, ештеңе жоқ таяп қалған… «Диуани хикметті» бітірген соң, Ӛмірі жер астында аяқталған. Артық қой қияпаты дәрістен де, Ахаңнан басқа мҧны жан істер ме?! Пенделер ӛзін ӛлшеп жҥргені жӛн, Осындай теңдесі жоқ намыскерге.
Тҥсініктеме: Ясы – қаланың аты. Най – хорхордың түрі. Мүдір – директор. Жәлменді – Жетісудың атақты биі, сүйегі Меккеде. Мұғаллах – Меккедегі тіреусіз тас. 2000 жыл Абаймен әңгіме (толғау) «Кісіге қарап, сӛз алма!..» деп ең кемеңгер, Ҧға ма оны кеудесі бітеу кереңдер?! Кӛңілден ӛшпей, ӛмірден ерте кӛшті ғой, Мағжан сынды, Шәкәрім сырлы тереңдер. Естісі бітіп, ешкісі нҧқып, кіжіндік, Бҧлтартпай бетті, тіл тартпай кетті, ӛнерлі ер… Айдың аты да, кҧннің сәті де ауысып, Ҧмытқан мҥлдем тҧлпары тҧрған дереңді ел.
Былыққа жарып, ҧлыққа жағып, қҧтырған, Мҧсажан сені тонатса, тосып Мҧқырдан. Оның да қортық қошқардай езі қожаңдап, Ӛсіп-ӛнетін ҧлыңнан тҥгел қҧтылған… Жаманға жаппай, заманға жауып жаласын, Кінәлілері торайдай тӛмен тҧқырған…
Айдатып ерді, байлатып елді тҧсаған, Кердеңдей басып, кекіріп жҥрсе, ісі арам. Шақырып келіп, сапырып беріп… аяғы. Шоқынып ӛлді, ӛкініп ӛлді Мҧсажан. Бақсысы ойнап, бақасы тойлап жатқанмен, Қарғысың тиіп, оңбады болыс қҧсадан… Ҥйірсе сойыл… Оразалідей қас-жауың, Бекер-ақ болған кӛрбала кӛзін ашқанын… Беліңнен сынса, кҥміс кісеннің ілгегі, Тҥнеріп тҥсің, тӛңкерілген-ау, аспаның!.. Сілесі қатса, сілемін айтқан заман-ай, Қылмысын қымтап, сҧмпайы, содыр, тазшаның. Сабатып қырдан, қаматып тынған басыңды, «Қитығын» қара, сиқырын қара, ақшаның?! Ӛзіңді-ӛзің сілкілеп, алып шақпасаң, Айдатпақ екен параға беріп, бастағын… Кереңі соның «керегін» елден қымқырып, «Ӛнерлі» атанды, маскасын киіп, басқаның… Дарынсыздардан, қарымсыздардан қол жиып, Кӛрсетпей келген, ӛнері ӛте асқанын… Жауыздықтарға, ауыздық қажет, әйтпесе, Сҧңғылалардың сӛнуі – тіпті қас-қағым.
Тағдырдың таңдап тырақылықты жазуын… Мысқылдар едің, кӛзіңмен кӛрсең залымын. Сҧмдыққа ғана, ҧрлыққа дара қҧныққан, Қақса да қоймай, қасқа тісін, азуын… «Ҥретін иттің, кҥлетін» кӛлгір кҥшігі, Он есе пысық тҧқымынан тазының… Тҥлкіге шаппай, Тӛкенге «шауып» талтҥсте, Сыбағасын сыпырып кеткен жауызың! Озбырлығы да Оразәлінің ӛзіндей, Жемтік кӛрді ме ашады оқыс ауызын… Ырғалып келіп, сҧрланып қайтса, тойыңнан Солай да солай… тапқан ғой тағы азығын…
Ойласам, бәрін, кӛңілге кӛлдей толар мҧң, Қыстауын даулау – ойыншық екен Қодардың. Отыз жыл аулап, қарсағыңдай сонардың, Ҧрынып қалды, қырылып қалды кӛп арлың, Кӛсілген бейіт, кесілген орман кейіпті, Тҧнжырап тҧлдыр, тҥбіріндей томардың, Қҧныкер қонақ «Дегелең жақта» деседі, Орыстың тілін, болыстың тҥрін білуші ең, Мәнісін айтшы, халысын айтшы солар кім?..
Бӛжейше оған ас беріп, ат та тҧлдамай, Ӛліп те жатты… кӛміп те жатты қулар-ай!.. Аштықтың сҧмдық сойқанын кӛрсең баяғы, Қалшылдар едің қаңтардағы бурадай. Тҥндігі жабық, жаназасыз қалған ауыл кӛп, Осыны кӛріп ішіп те кеткен Дударай. Қашқаны қашып, қалғаны шошып, қайран ел, Торғайдай тозды-ау, кӛзінің жасы қҧрғамай!.. Орыстың тілін, ҧлықтың бетін білуші ең, Қазақта қҧн жоқ, қонақта ҥн жоқ, бҧл – қалай?..
Қҧн сҧрау тҥгіл, сусырып адам, мал-дағы, Тҧрағҧлыңша тура айтатындар қалмады. «Сҧмырай келіп, су қҧрып…», бәле тудырып… Қҧдықтар қурап, ӛзендер ӛшті арналы… Қамығып, қанша кҥрсіндің екен, жарықтық, Ішіңді ӛртеп, еліңнің мҧрат – арманы?! Деміңнен тіпті кӛк жайлау кҥйіп кеткендей, Далаға шауып, «сен ішкен удың» тармағы, Кещелер ҥшін кешірім сҧрап келдім сан, Қҧнарлы ойдың қҧдіреті кҥшті тарланы! Жалбақтап жҥрмей, салмақтап жҧрмін барлығын, Ҧйқымды шайдай ашатын еді зарлы ҥнің…
Сенетінің де, келетінің де болар ма ем, Туылсам егер, ӛз ғасырымнан сәл бҧрын. Біреуі болдым «сӛзіңді езден» қорғаштап, Намысқа шабар, қарысса, шабар нәрлінің. Тарқаса кегің, айқасар едім, ендігі Ақын жолының кеңейту ҥшін тарлығын… Тойыңды қҧдай қолдады білем, ҧлан жаз Қураған тҧсқа кҥбілеп, қҧйып жаңбырын. Қонысың кӛктеп, қалпына келді байырғы, Жібітіп жындай Шыңғыстың кепкен тандырын. Шаңқан боз ҥйлер мыңдаған аққу тобындай, Пахидан соны жайнатып тҧр ма жан-нҧрың?! Алты алаш тҥгіл, алты қҧрлық тамсанып, Тамашалады жҥз жасқа балап, әр кҥнін, Аруағың аунап, солқ етті де жҧмыр жер, Қарауылыңнан… ғарышқа тӛте қарғыдың… Қаскҥнемдердің «мыңымен жалғыз алысса», Желкелейтінін кӛзіммен кӛрдім арлының… …Кесенең – мынау!.. кешегің – анау!.. Дҥние, Мойындап тҧрды… ақында кие барлығын!.. Тоқтамыс елі тойтарып бетке тҥкірді-ау, Содырдың сонау сҧқтанған шерміш, дәлдірін!.. Ақынды демеп, батырды елеп жатсақ та, Босадым ойлап перзенттеріңнің тағдырын… Елағасына кӛріскім келді, сондықтан, Перзенттеріме тҧмар ғып, кҥллі жарлығын!..
(1978 жылы жазылып, тойдан соң өңделген) ШӘКЕРІМ ҚАЖЫНЫ ЖОҚТАУ (әуені бар) Бірінші бӛлім Жҧртыңа қорған едің, кӛшелі едің, Жаныңды жапырақтай тӛсеп едің. Қатықтай ҧйытатын қаймананы, Ҧлтыңның рухани кӛсемі едің. Әлемнің айтысардай тӛресімен, Білімді, білгір едің, ӛресі кең. Қазаққа қажеттіні анықтаған, Пайымы Фарабидей философ ең. Сазгер ең, ақын едің ағып тҧрған, Әуенің жетті-ау, шіркін, талып қырдан!.. Жалықпай, жарамсақты кӛрдің қайтып, Адамның кӛзін қардай қарықтырған?! Отыз жыл кҥннен кӛмес… айдан ада, Кептеліп қҧр қҧдыққа айдалада. Киімшең кеткен шайт санатында, Жаттың-ау, жаназасыз, қайран аға! Екінші бӛлім
Сҧм заман, сҧрқай заман, сҧмдық заман, Кімің бар іштен тынып, қынжылмаған. Кәдедей кәмпескеден байтал тисе, Қуанып, ілуде біреу қҧнжыңдаған. Ҧлығы бар пара алса, жылмыңдаған, Бҧлігі бар, тӛбеттей шынжырлаған. Бақсысы бар, ел ақтап, қылжыңдаған. Сақшысы бар, сауатсыз ыржыңдаған. Биліктің Голощекин бас жағында, Қырғын бар «жобасының» астарында. Су бҥркіп, сҥмелектің қолтығында, Қорлайды жетеліні қас-қағымда. Атаның касиетті салты қалып, Әумәсір атқа мінді, халқы налып! Қараны ақ дей салды, ақты қара, Ақша алып, жӛні келсе, алтын алып.
Менсінбей, әнгҥдігі пайғамбарын, Қҧрыды топ-тобымен қайран, дарын! Қолын кӛзір, сирағын кісен қиып, Ҥзілді, байлар аңсап айран дәмін… Тірідей бірін кӛмсе, терең кӛрге, Мыңын айдап, қатерлі деген жерге. Қаймақтай қалқыған ғой, қаныпезер, Індетше келген кілең кемеңгерге! Шындықтың ҥні шықпай, шыбын қҧрлы, Адалды арамзасы ҧрындырды… От жағып, тату-тәтті арасына, Бҥгін жау болып шықты бҧрын қҧрбы. Қалған жоқ, істе маңыз, сӛзде дауа, Тҧту шарт жатты жақын, ӛзгені аға. Біреуге біреу сенбей, қашып, шошып, Кҥдікпен кӛлгірсиді кӛзге ғана. Ҥшінші бӛлім
ГҤЛНӘРДІҢ ДАУЫСЫ
(Шәкерімнің қызы) Ауысты-ау, кҥнім, тҥніме, Опасыз неткен дҥние?! Аузыңды бағып, антҧрған, Ақыры жетті-ау, тҥбіңе?.. Бар қазақтан асып ең, Ӛнерге ӛле ғашық ең. Тҥн қатып келгіш дҥмшеге, Несіне сырды ашып ең?! Намыссыз, нәрсіз сатқындар, Сілесі серттей қатқырлар! Аққудан таза әкемді, Аямай, қалай аттыңдар?! Тілеуін қҧдай бермегір-ай! Кеудесін қайғы кернегір-ай! Тҧқымы тозып, тҧқырып, Тіліне есті ермегір-ай! Менен де бетер зарлағыр-ай! Озбырдан басқа қалмағыр-ай! Кӛрінген бетке тҥкіріп, Тӛңірегі тҥгел қарғағыр-ай!.. Тӛртінші бӛлім
Сабыр, сабыр, қҧдайға мың шҥкірлік, Аспан ашып, тӛбеден тҥн сыпырдық… Ақордаға жарасып, жасыл жалау, Тәуелділік торынан шын сытылдық. Іске асып, Шәкерімнің ойындағы, Қазақты бҥкіл әлем мойындады. Кімде-кім басқарады ӛзін-ӛзі, Біреудің міндет емес тойынбағы. Тарғыл тарих, кешегі дертіңді ҧқтым, Бҥгінгіңе сендім де, серпін кҥттім. Жалпыдан жалғыз ғана тілейтінім, Қадірін білу керек еркіндіктің! 1998 жыл
Бәукеңнің ашуы (Баллада) Жақсының тимей қоймас елге себі, Жаманның ӛзін қҧртпақ ӛз кеселі. Ауылға туысшылап барған батыр, Керемет кесірліге кездеседі. Бҧлданып, момындарға міндетсініп, Аз ба, әлі жҥретіндер ілместі іліп?.. Жатады Бәукең барса, тӛрде біреу, Нән екен бәтіңкесі – бір бестілік. Маңында «жаны ҥзілген» қҧмыралар, Ол да бір әспенсудің тҥрі болар?! Келгенін қаһарманны қайдан білсін, Бақсыдай қас қаққанша жынын алар?! Келген соң, ревизор елін сынап... Ҧсынған ҥйі иесі тӛрін шыдап. Сыбырлап былай дейді ыммен ғана, «Дӛкейдің» білгендіктен жӛнін сҧрап.
- Ойбай, бҧл жоғарыдан келіп жатыр, Қайдағы жоқ бәлені теріп жатыр. Арақты қҧлынына қҧйып тӛрмыз, Әуелі жібітсін деп кӛнін кәпір! Соны айтып, ояттырмай, шырылдайды, Батыр да ҧсақ іске бҧрылмайды. Тал тҥсте шырт ҧйқыға батқан екен, Жеткендей жайлауына бір ыңғайлы. Жайылып ішімдігі бойына анық, Біржола серейген ғой тойып алып. Қорқырап ештеңені сезер емес, Қорасын ӛртесең де, қойын алып... Жинауға ҥлгере алмай, есті ертерек, Теңкиіп, жата тҧрсын кескен терек!.. Ҧлтында мҧндай сҧмдық болмағанын, Есі бар інілерге ескертер ек.
...Арада шай демделіп, ас келеді, Бәукеңе мал сойылып, бас береді. Жадырап Бәукең бата жасар кезде, Ым қағып, шақыртады мас немені!.. «Жемқордың» басы-кӛзін май басады, Кӛргенде ондайларды қайғы асады... Бет-жҥзін шала жуып, сәлем бермей, Әлгі Дәу тура тӛрге жайғасады.
Итпелеп, Бәукең одан жӛн сӛраса, Сӛзінің кедір-бҧдыр тӛркіні аса... «Тек ӛзім шешем» депті ыңыранып, Қазақ қой туыс тҧтар кӛрші ҧнаса. Бойында тулап туар мақал бар да, Ғайыптан кҥш бітпей ме қаһарманға?! «Істі қалай жасайсың» деп қалады, Ашуы алқымына тақалғанда. —Тасымды олай қақсам, олай болмақ, Қайырып, бҧлай қақсам, бҧлай болмақ, – Дегенде қас батырдың кәллесіне, Оқыс бір ой тҥседі қҧдай қолдап! —Кетіп ем, фашистерді талай қандап, Аә тҥстен тазара ма қарайған дақ. Менің де миым жетпей тҧрған шығар, Ал, сонда былай қақсам, қалай болмақ? – Дей беріп, нан шайнардан перген екен, Дариға, келуші еді, ерге не тең?! Бабамның батылдығын қадірлеймін, Мҧндайда қолың болса, серме, кӛкем!.. Ар жағын айтпасақ та мағлҧм ғой. Кісінің кісілігін таныдың ғой?.. Қазаққа намыскерлік қылмыс емес, Кәрі-жас ойланатын тағылым ғой... Ӛмірде болған істі ӛндемедік, Кешірім сҧрапты әлгі жӛнге келіп. Хикая қиялымды қыздырған соң, Осындай ӛлең туды дӛңгеленіп. 2000 жыл
АҚЫН АРУАҒЫНА Ән мен күй өлең сені Қоя алмаспын... Қасым Аманжолов
Кӛрмегенің жоқ еді-ау, сенің-дағы! Алғамын жоқ бағам мен демімді әлі... Тәтті әуен тіл ҥйірер жырдан басқа, Аузыма татушы еді ненің дәмі?!
Ӛсиет ҧсынғандай әке-бабам, Қҧйған ғой қҧлағыма Тәкен* ағам. Сҧңғыла ӛсіп, сҧмпайы ӛшеріне, Әр дәуірден мың мысал әкеле алам.
Кӛрсетсе, тҧрпайы топ ӛктемдігін, Тӛнып тӛр тӛрт томыңда теккен мҧңың. …соны сезіп, Мәскеуден жарқ еткізген, Мҧхаңның* да кеш білдік ӛткен кҥнін... __________________________ Т.Әлімқҧлов *Мҧхтар Әуезов
Қай-қашан қасиетті, Қасым аға, Ақынды әңгҥдігі басына ма? Жҥйкеңді жҧқартқанның кӛбін кӛрдім, Іші – тар, іргесі – жҧт, басы – қара. Кҥншілдер кҥйлесе, текке кҥліп, Еркіңе еліктеп ем шетте жҥріп. Қиылды қиянаттан талай ақын, Тікендей қытығы жоқ бетке кіріп... Ел болдық сҥйте-сҥйте шҥкір Алла! Аруақ болсаң, кӛңіліңнің қҧтын арна! Бірақ әлі қазағың оңалған жоқ, қыр соңынан қалмайтын жҧты бар ма?.. Тӛебемізге тәуелсіз ту орнаған, Кӛре алмаса, кӛкиіп, кҥлер надан. Бірақ осы он жылда байқағаным, Жӛрт жҥдеді егіндей суармаған.
Естісін ескермейтін халық бар ма?! Кҥмбез қойдық, ас беріп, алыптарға. Алаш тҥгел ақталды, ӛшкен жанып, Адамға медеу екен тарыққанда. Жҥйрік ем жҥлде алатын қосқан кҥні, Жҧртқа аян тҧрпайы топ тосқандығы... Жетеді кемістік те, жетістік те, Бірі соның баспасӛз бостандығы. Ӛнерді сауда-саттық таптап кетті, Жоқ-жітік Алматыға қаптап кетті. Менше оның себебі ең алдымен, Иттен ҧят, қазаннан қақпақ кетті.. Жыландай жҧрт мойнына оратылып, Асқынды неше алуан сорақылық. Байлар ҧрлық ақшасын шетке салды, Мал бақтырмай, қаншама қора тҧрып.
Тауда суыр, далада қарсақ қалмай, Кӛп ауыл кҥйреп кетті жау шапқандай. Қасқыр кҥндіз ҥйшіктен ит аулады, Ӛзге тҥк таппаған соң, жан сақтардай. Жҧрт қамалып, қара нан, қара суға, Сәби мен қыз сатылды нанасың ба?! Ескі қытай қорғаны орнағандай, Халық пен ауқаттының арасында. Асқынған бҧл кезеңнің бейбастығы, Кӛршілерін, танысын жей бастады... Кӛшеде жҧмыссыздар, қайшы алысып, Амалсыз ел тонады кей жастары. Серіні кҥйеуіндей ҧрын келген, Кҥтетін ӛнеге жоқ бҧрынғы елден. Тӛлеужен, Мҧқағали, Жҧматай да, Тек қаламақысымен кҥнін кӛрген.
Шынын да шешілмесе, қаламақы, Он жылдың ойланарлық ғаламаты. Алты малтаны ас еткен аталардың, Қанымызда қалды тек қанағаты. Билікке, саясатқа қатысым жоқ, Бірақ, ӛлең, ӛнерде нағышым кӛп. Қабырғасын жапқан жер кӛрдіңдер ме Ақын мен жазушының ақысын жеп?! Әр ненің ойлаушы еді алғыр тҥбін, Қайтейін, қандастардың қайғыр туын?! Ӛзгесі ҥнсіз, Мҧхтар* мен Амангелді**, Жамайды қаламдастың қай жыртығын?! Ағытса, кӛркем ойын киелі ҥнмен, Есті еріп, лебізіне би егілген. Сал-сері сарқыты ек қой, Қасым аға, Сӛз ӛтпей, кӛз ӛте ме сҥйегімнен?..
Қатерден қаймықпасын кім бҧрынғы?! Қолдай гӛр жақсылыққа ділгіріңді! Ақанша бас ӛңгеріп қайтпау ҥшін, Тапсырдым аруағыңа шылбырымды!.. 2001 жыл
______________________________
- М.Қҧл-Мҧхаммед ** А.Ермегияев
ЖҦМАТАЙ ЖОЛЫ
Шәпеті бойлы, сымбатты сырлы қасықтай, Таянса мықын, қаздиған алшы асықтай. Домбыра кӛрсе, жеріне жетсе шертетін, Алты қат аспан аударылса да асықпай. Қыртыссыз маңдай, кесек бір мыңдық ақшадай. Ес білген екен, бетінен пенде жасқамай. Ӛнер мен ӛлең-кӛксегені, кӛргені, Ләйлаға ғашық, кінараты жоқ басқадай. Кірпік, қасына жаққандай қҧнттап қараны, Кҥнге ҧсталған моншақтай кҧрең жанары. Еріккен мерген жаттығуларын жасаған, Нысанадай жаны да шҧрқ-шҧрқ жаралы. Баспаның бақас, қҧықты қҧлы ербиіп, Шамына тисе, шайнаспай,неге кергиік?! Сҥйектен сӛзін ӛткізіп, мірдің оғындай, Бекзада қалпын бҧзбады-ау, сонда кермиық!
Шашы мен мҧрты қаралтқым еді бояудан, Жеткеннің қолын жеткізбей қойды-ау, ой, арман!… Жҧлындай жҧмыр, қҧлындай шымыр ақынның, Кӛкірек кӛзі мектепті кӛрмей оянған. Адамзат емес, перінің тілін білгендей, Ӛңі жып-жылы, мҧңайғаны да кҥлгендей. Қарасын ҥзіп, қайрылмай кетті ӛлеңнен, Кіжініп келіп, зымыранға жайдық мінгендей! 1995 жыл
ЖҦМАТАЙ ЖӚНІ
Алты атасы оқалы кҧпіні киген, Ділмәр тумай, кім туар тҧқымы биден?! Қайын-жҧртқа кҧн сайын аттанардай, Мҧртын басып, қозғалмақ, кҥтініп ҥйден. Тарихқа бойлап, бітпейтін бітімі мимен, Сауытты ойлап, Сардақ пен Мҧқылы киген. Елдікті ойлап ежелгі, телміре қалса, Езуінен шылымның тҧқылы кҥйген. Қасіреттің шыққан соң, тҥтіні кҥймен, Елестейтін сергітіп, ҥкілі жирен. Жҧматайдай жоғары болғың келсе, Батыстан бҧрын, бақасқа тҥкіріп ҥйрен!.. 1995 жыл
ЖҦМАТАЙ ЖЕРОШАҒЫ
Кекеп-мҧқап, кӛзқарас, кҥй танымдарын, Ҧнатпаушы еді кещелер қиқағын жаның, Басыңды қайдам, барыпты асыңды сыйлап, Білетіндер кәдімгі қҧйқаның дәмін… Қаңқадайын сыпырған қҧрамын еттен, Сенің жырың-ҥлкен жыр сҧрауы жеткен!.. Баспаға да сыйғызбай, соның кейбірі, Домбырадай босап ең бҧрауы кеткен. «Барабанын» ҧрғылап, негрден бҧрын, Ҥркітті ғой, сияқты ең керілген қҧлын!.. Жеті жылда шықпаса, жарты томың да, Есімде жоқ, есінеп, ерінген кҥнің. Беруге бейім, досым ең алудан гӛрі, Кҥреңіте қалатын тарылғанда ӛңі! Басыңды қорғап, бара алмай қалдым асыңа, Босамаған сарбаздай қарудан қолы!.. СЕРТ (поэма)
Арманы, әлде кімнің назы ма екен?.. Шертетін оқиғаның сазы бӛтен. Мҧрадай бірден-бірге кӛшіп жҥрген, Қызықты, қисыны бар аңыз екен. Ӛнері кӛрмегенге жҧмбақ талай, Тҧра алар шын ерлікті кім мақтамай? Міні жоқ тал бойынан табылатын, Алғандай айдан пішіп сымбат қалай?! Жанары жай отындай шатынаған, «Тҧйғын» деп тура берген атын адам. Тең бе оған жібек шыжым тақса-дағы, Шаутҧяқ ителгінің заты жаман. Сіңірлі шақпақ етті, шаршы бітім, Ерекше самғауы мен қаршуы тым. Қуантса қҧсбегіні, қырып салып… Ақтайды артығымен аңшы ҥмітін.
Тәкәппар, ширығатын қҧлқы бӛлек, Шамданса, тек ӛзінің ырқы керек. Кҥйкентай, тоғысайдай, тҧрымтайдай, Садаға кетпесін бе, мың сҥмелек! Албаты кӛтерді-ау, деп бір «жындыны», Кінәлап, сӛге кӛрме қҧрбым мҧны! Әуенмен безбенделсе, бҧлбҧл қҧны, Қыранды қыран еткен қырғындығы. Жоқ оның ажалдан да именгісі, Баптайды сыр мінезін білген кісі. Тарыдай тас бар екен жиегінде, Кӛзінің ӛзге қҧстан бір белгісі. Теріп жеп ырыздығын айналадан, Ҧғар ма қыран қамын ойламаған?! Мең емес іштен туған, сҥйел емес, Ал сонда орныққан тас қайдан оған?! Осы ғой тоқсан ойдың тҥйіні де, Тік тҧрар тӛбе шашың кҥйігіне!.
Сҧм шайтан суырылып, бәстеседі, Тҧйғын қҧс ҧшарда ӛз биігіне! Жауыздың жанасуы жай ғана ма?! Арамдық, бағатыны пайда ғана… Нән тасын тіселмеген диірменнің, Кҥн бҧрын дайындапты айдалаға. Амалы алпыс тҥрлі ерегессе, Арамза, қиянатшыл неме емес пе?! Шайтанның залымдығын қозғап кетіп, Бейнелер қилы-қилы келеді еске!.. Қайраған неге керек қамшылаған?! Дариядан замзам артық тамшылаған. «Е» демде жҥз дуадақ ілсең-дағы, Қарымың кемдеу шығар Қаршығадан?! Ӛмірден біле білсең, кӛп ҧтылдың, Бҧркітке кегің кетті, не бітірдің?.. Намысын қумайтҧғын жетесіз боп, О, баста шала-жансар, ӛлі тудың!
Дәмеленіп, қаз тепкен дардайыңда, Ойлаушы ем тоятыңды әр дайымда. Жҥрексініп бір жолғы кедергіден, Жапалақтай жалт берсең, қарғайын ба?! Бӛлмесең бір ҧрғанда демек, кӛкем, Басыңды бӛденеге теңеп кетем. Шіріген тас, ҧлтаңдай қалыңдығы, Шынайы қыран ҥшін бӛгет пе екен? – Деп бір сәт ашылғандай мҥз қабағы, Кӛлгірсіді, куә жоқ жҥз қаралы. Ӛлтірмек, ебін тауып мертіктірмек, Асылдың абыройын қызғанады!.. Пәниде ерің бар да, езің бар да, Қҧтылар кҥншіліктен кезің бар ма?! Шайтаннның жері кеңіп, қыбы қанбақ, Тҧйғынның шоқып жатса, кӛзін қарға!.. Шарттасып ала жіпке алсылғырмен, Қаймықпай, қабылдады бәсі бірден.
Сенеді кемеліне келген қыран, Алапат арыны бар тасып жҥрген. Серідей серт бҧзбайтын кербез еді, Тоқтам сол – ҥшке дейін ер кезегі. Іркілмей шҥйгіп кетті ойлы аспанға, Бейбақтың таялды ма сор кезеңі?.. Япыр-ау, тҧйғын сонша неге батыл? Зымырап пәрменімен келе жатыр. Тас сынды… қас қаққанша, шайтан бірақ, «Жарадың мойындаймын» демеді ақыр. Жалма-жан желімдеді жан таласа, Серқҧмар не болады, тарқамаса?! Тас бҥтін тҧйғын кері оралғанда, Кӛрініс оған мҥлде таң-тамаша… Ал, шайтан палуанша кілемдегі, Нығызсып: қауқарыңды білем, – деді. Қалмасын қамырығың әбден байқа, Торғайым, тҧштаңыңнан тҥк ӛнбеді.
Шыққанша ата сақал, мҧрт кӛбіне, Қосады-ау, тҧяқтыға жҧрт сені де! Ойласаң, тастың аты тас емес пе, Сына ма ӛлеусіреп, тҥрткеніңе? – Тықсырып, осылайша табалады, Тҧйғынның ашылмай тҧр қабағы әлі. – Кәнекей, қайтала! – деп, иек қақты, Келіскен тоқтам бар ғой бағанағы. Жабырқап, жануар-ай, жетімсіреп! Нәумездеу кӛтерілді екінші рет. «Қырыңды сындырдым ба?» дегендейін, Шақшиып, шайтан жерде отыр шіреп. Қараса, бӛлінген тас кері пішін, Қайнатып, қалшылдатып сері кҥшін. Шарықтап, шарбы бҧлттан әрі кетті, Зеңгірден ағындап кеп перу ҥшін. Еңкеймей ерегесте кеткен ӛліп, Әулеті ақ тҧйғынның сертке берік.
Аспанды қақыратып, а, дегенше, Жіберді бітеу тасты тӛртке бӛліп. Беу, жалған қай қылығын айтам бірақ?.. Тағы да желімдепті, шайтан қҧрап. Тоқ санап ӛз кӛңілін бастапқыдан, Тҧйғын қҧс оралғанда байсалдырақ. Жҥргендей айғақ, кепіл, ӛріп нӛкер, Кӛзсізге келді қайдан кӛніп бекер?! — Қҧсадан ӛлмесе де долы қҧстың, Рухы бір жолата сӛніп кетер? – Дейтҧғын азаматтық пікір қайда?! Есерге ерік тисе, қҧтырмай ма?! Әзірше бҧл шайтанды әспенсітті, Арамдық, бәз-баяғы мҧқыр хайла. — Ежелден жҥруші едім кҥдер ҥзіп, Ашылды қас масқараң міне, қызық! Бос мойын, буыны осал, кӛбікмассың, Емгендей тоятына қҧр емізік.
Жедің бе әлде байғҧс, қолдан ботқа? Тауыққа тап берсеңші қорған жоқта! Шертесің шегірткеше қайта-қайта, Тыртаңдап, жҥзің айдай болған жоқ па?.. Арының жетпей қалды алғашқыға, Дегенде, қаһарланып албастыға. Тҧйғын қҧс шарт қатайып әуеледі, Кім білсін ажал айдап, қан басты ма?! Бәйгедей сӛресіне жақындаған, Қҧс кӛкте, тӛменде әлі жатыр надан. Баяғы бақай қулық жӛнді келсе, Тӛндірмек тҥбегейлі ақыр заман. Дҥрсілдеп жҥрек шіркін шапқан аттай, Қас қыран қҧйылды да бет қаратпай. Шығарды шегір тастың кҥл-паршасын, Кіжініп зеңбіректен атқан оқтай. Шайтан састы ӛзінің санан бҧрап, Ал тҧйғын, бҧрынғыдан арындырақ.
Аулақта екі кесек қала берді, Ҥлгермей мат-қапыда бәрін қҧрап. — Осылай шынықпасаң, кеш қаласың, Ҧрыншақ, ерегеске ӛш боласың. Жеңілдің, бӛлу қайда кҥшенгенмен, Кетідің әрең-әрең шет жағасын? – Деп шайтан тартты ӛзіне мәртебені, Тҧйғынға ҥйіп – тӛгіп бар пәлені. Сарылып сағы сында-ау, амал қанша?.. Жазира жаны қандай дарқан еді?! Кӛңілдің аласҧртып терең кӛлін, Қаскҧнем еш кетірді ер еңбегін. Ҧпайын ондайлардың қҧттықтауға, Тілім сақау, қҧлағым керең менің. Тҧйғынның татымайтын шертуіне, Шайтан-ай, масаттанған жемтігіне. Қалайша кӛлгірсиді, жақын санап, Қанжарын сайлай жҥріп жең тҥбіне?!
Жасыған қыран дел-сал шарықтады, Бақыты жанбағанның ғарып қалы. Жабырқау келбетінде кете барды, Қаламат қорланудың анық табы. Ӛзегін қол арадай қыршып тҧрып, Кӛзіне келгенде жас ыршып тҧнық. Кірпігін жалғыз қағып, қайран маңғаз, Жҧтыпты кӛкірегіне тҧншықтырып. Жас сонда тас боп, қатып қалған екен, Естуің бҧл сҧмдықты бар ма, кӛкем? Ӛресін ӛнерінің кӛріп ӛлу – Біз тҥгіл, қҧсқа-дағы арман екен!.. 1972 жыл АҚНАЙМАН (дастан) Дерегін жиғаныммен, шығарманың, Қырық жыл басқа қағаз шыбарладым... Ойланған білер бәлкім, рулы елдің, Бір тҥйір қаннан тарап, қҧралғанын. Обалы ҧйқымды алып, сәбилердің, Қозғамай, қҧпияны тҧра алмадым!..
Пенденің обал-сауап қолында тҧр, Кесіпті кӛп сәбидің жолын кәпір!.. Ӛткізіп перзентхана қҧзырына, Соңынан зарлағандар толып жатыр!.. Әлде кім қиянатын заңдастырып, Әлдекім осындайдан тойынды ақыр!.. Әлсізін жҧтса жылан әлдірегі, Адамның шымырлайды-ау, жан-жҥрегі! Сәулесіз сәби сатқан саудагердің Ақша ғой әулет емес, бар білері!.. Толқытқан, толғандырған мені-дағы, Дәл сондай Ақнайманның тағдыры еді!.. Жалғанның соны айтайын жарығанда, Тҧлпардың сын болмайды арығында. Мән-жайды кейінгінің білгені жӛн, Дҥние тҧра бермес қалыбында?! Ӛсуі не ӛшуі бабына тән, Бір тҥйір жерге тҥскен тарының да.
Шын аты Қуансейіт Ақнайманның, Ішінде ӛсіп-ӛнген қан майданның!.. Ӛзім де талай-талай ӛртке сҥңгіп, Әйтеуір қҧдай оңдап, жанбай қалдым!.. Енді оны мен айтпасам, кім айтады, Жарқырап туған кезде маңдайдан кҥн?!
- *
Ойыңның сала жҥрсең, елегіне, Қанарсың әңгіменің кенеуіне. Тегінен бірер дерек қыстырайын, Келмес бҧрын лақап ат себебіне. Қалған жоқ хатқа тҥсіп, бәрі бірдей. Есіл Ер жеткенімен, дегеніне!..
Әулие аты кеткен алты арысқа, Жолымбет қалып, жатыр қалтарыста... Етекпен «топалаңдың тоқтатқанын, Естіген зейінді жас, қартамыс та. Ол тҧрмақ, Дулат ақын әрең шықты-ау, Топтанған тобырлармен арпалыста!..
Жолымбет алдырмаған ерге секем, Аталас, Қабанбайдың жерлесі екен. Кәдімгі Шақшақҧлы Жәнібекпен, Заманы, жас-мӛлшері теңдес екен. Туатын Маржан деген әйелінен. Ақнайман Жолымбеттің кенжесі екен.
Тӛркін-жҧрт Қожамбеті Марқакӛлдің, Ішінде бҧлаңдаған дарқан елдің! Ол кезде тоқал-поқал айттырмаса, Қайсыбір сер қҧмары, тарқар едің?! Енді оны қазбаламай, лақап атқа. Тікелей келіп отыр тарта бергім!
- *
Мың нәлет ел шабысқан замандарға, Тоқтатар ӛктемдікті - амал бар ма?! Ән созса, «Қаратау» деп жҧбанатын. Қан жҧтып, қайғы кӛрген адамдар да. Жаралар сау жеріңді билік тисе, Жалғанда ең қиыны-жаман қарға!..
Кӛш сайын жетектеулі тҧлдаған ат... Кӛш сайын жылау-сықтау бір ғаламат!.. Шҥкірлік етеді екен ҥлкендері Найза ҧстар артындағы ҧлға қарап. Бірақ соның кесектік, адалдығы, Әрдайым бітірердей жырға қанат!
- *
Сӛзінің қисыны жоқ кісі нанар, Қоқанның қоқаңдаған тҧсы болар?! Ауылда болмай қалса, ер азамат, Бастайтын ел тонайтын ісін олар. Ізімен барғандарға бҧралқы иттей, Қҧйрығын бҧттарына қысып алар.
Ауылда ешкім қалмай мҧрты бардан, Кешегі жауды қуған шіркін, арман!.. Жолымбет оралғанда, қолын ертіп, Қаратау бӛктерінде жҧрты қалған!.. Қалшылдап, қарт бҧрадай тҥсі суып, Қоқан болды ендігі ырқын алған!?.
Тірі жан кӛрінбейді ошаң еткен, Маңынан кӛп-кӛп ауыл қоса кеткен. Із кесіп, алды-артымен ақылдаса, Басқа болса, ақырын тосар еппен! Жолымбет ақылдаспай, «Аттан!» деді, Әйтеуір айрылмайды осы әдеттен!.. ...Жеткен соң, жер тҥбінен сонша налып, Шулатты Қоқаныңды қоршап алып!.. Алғашқы қарсыласқан әлдекімі, Тапталды найза ҧшымен боршаланып. Қоқанның бегі шошып, жӛнге келді, Қоя ма уыттанған сонша халық?! Шығын не, әр ауылдан, әр кісіден?.. Бәрін де қайтарды айып-анжысымен. Қайтпаған Қуансейіт, берер емес, Қоқандар айрылса да бар кҥшінен. Ҥш есе қҧнын тӛлеп, алып қалмақ, Байырғы жинап-терген қаржысымен.
Қызығып, жас баланың бітіміне, Кӛрсетпей, жҧртының жоқ-жігітіне, Бауырына салып қара кемпірінің, Ерекше кӛңіл бӛлген кҥтіміне!.. «Ертеңгі патшамыз» деп білсе керек, Қоқанның ойша қосып тҥтініне!..
Нҧрлы екен, кӛрген кӛзін ала алмастай, Ондай ҧл жер бетіне жаралмастай!.. Бауырына салған кемпір «немерем» деп, Маңына жолатпайды, кәрі албасты-ай!.. Сӛйткенше, Ферғанаға жҥйткітіпті, Қайтерсің жамандаспай, арандаспай?!
- *
Болған соң, қара кемпір «немерелі», Жолымбет қолын кері шегереді. Худаяр-хан дегені міңгірлейді... Кісі жоқ кесіп айтар, кең ӛрелі! Сәлделі, тақиялы сыбырласқан, Бір ӛңкей сақалды екен тӛңірегі!..
Шаңдатқан, жау жапырып кер даланы, Қалың қол қоршай тҧрсын Ферғананы!.. Тырбанып, қымтамаса қиянатын, Кҥні ертең Қоқан жағы жер болады... Бірақ та «Аман-есен» қалғың келсе, Кәнеки, былжырамай, бер баланың! Дейді де, сӛз тосады Жолымбеттер, Тепсініп, мықты болсаң, бейімдеп кӛр!.. Сәудегер тиын сауған айналасы, Жоқ мҧнда бала тҥгіл, тегін кептер!.. Шаһары шаңырақсыз қалатындай, Лекерлеп, келтірмесе, ебін бектер?.. Қордалы кәсібі бар кӛп арналы, Оңай жау емес бірақ олар-дағы. Ҥстіне жеміс-жидек, пышақ тиеп, Сҥйретіп жҥргенімен, қоларбаны. Бҧл дауға кез-келгені ойланбай-ақ, «Қазақты» жӛн,-дер еді, доғарғаның!
Осынау шешпек болып мажыраны, Жиналды сарапшысы, қазылары! «Мҥбәдә» қазақ алса, бҧл ҧғылды, Қайғыдан қара кемпір жарыладың Деп біреуі қыдырта қарағанда, Мақҧлдап, бас шҧлғыды азырағы. Мҥлгіткен бау-бақшасын шебер, Алла! Дейтіндей жиналғандар «дем алам ба?» Гҥлі аңқып, ортасына кілем жайған, Жамағат тығыздалды кең алаңға. Майпаңдап, қазылар да келіп, жетті, Қҧлақ тос, қызық кӛрсең, келе қал да!.. Екі жақ салғыласса, быжалақтап, Тоқтатпақ, бірін-бірі тҧралатпақ!.. Ӛңінен дым оқытпай, қара кемпір. Жолымбет тебінеді қызарақтап. Бел буып, Маржан отыр тӛлін кӛрсе, Оңтайланып, қҧшуға бір-ақ аттап.
Кемпір де жоқтан жонып, жаннан қҧрап, Тапқандай шҧбыртады бардан қҧрақ... Ойының қисыны бар салмақтасаң, Дәлелі, тҥйіні де арзан бірақ. Ҧрт орта, бір жҧмада жағы солып, Қыстыға кҥрсінеді Маржан жылап!.. «Шалжиып сен несіне жатырсың?» деп, Тӛрдегі әлдекімге ақырсын кеп!.. Жҧмсарып, сонан кейін шешім айтты, Қҧлаққа мҧндай кезде нақыл сіңбек. «Баланы дәл ортаға отырғызып, Шешесі екі жақтан шақырсын!» деп. Сәбиге бір кҥн ҧзақ бір айыңнан, Жауыз-ай,ата-анадан тірі айырған!.. Ҥреймен жаутаңдады жан-жағына, Жҥдеген есі шығып, уайымнан! Тағдыры қыл ҥстінде бала келді, Бір медет сҧрамасаң, қҧдайыңнан!
Сәні жоқ кигенінің киіт қҧрлы, Қазақтың кӛкейіне кҥйік кірді!.. Қара ала тақияны милықтатып, Орнына тымағының киіп тҧрды. Ҥстінде сҥйретіліп ала шапан, Етегі еденге де тиіп тҧрды. «Баланы» қайдан, қалай келтіріп ең? Шоңқайма етік, тымақ жоқ елтіріден!.. Оюлы шапан-шалбар тағы да жоқ. Маржанның кигізілген тӛркінінен, – Деп біреу тҥрегелді, - сҧрау керек, Қоқанның қҧйқылжыған кемпірінен!.. Қоқандық бірді-бірге қосып отыр, «Ӛзіміздің ҧғыл» деп бӛсіп отыр. Біле алмай даудың қалай шешілерін, Тағатсыз екі жағы тосып отыр. Естімей, нәтижесін ет қҧлақпен Орнынан қозғалмастай осы нӛпір!..
Балаға Қоқан жақтан ат қойылса, Кім ҧғар шымбайына батпайынша?! Алар ма қазы сауап кӛз алдыңда, Тілінен бірге біткен жақты айырса?! Ӛз шеше, ӛгей шеше екі жақтан, Жарыса шақырды енді шарт бойынша! Кӛрсетіп дәніктірген... алма-ӛрігін, Әуелі кемпір тҧрды әрлеп ҥнін!.. Сҥрмелеп, қасы-кӛзін, бетіндегі, Далабы білінеді әр жерінің... Мән берген оған тіпті тірі жан жоқ, Балада ықыласы бәрлерінің!.. Есі бар аңғармасын адам нені?! Сонан соң: «Килің-килің балам!», - деді. Мҧндай тәтті ҥйде кӛп, таудай-таудай!.. Соны тҥгел беремін сағанң - деді. Бала солай жҥргенде қоқандықтар, Даурығып, «Ішні» кари тамам!..ңдеді.
«Олжаның енді алардай қҧдайсыз-ақ! Бәлсініп, Қоқан жҧрты жуансымақ!.. Біреуге белбаласын беріп қойып, Тҧратын Жолымбет пе, бҧған шыдап?! — Қуансейіт!»деп Маржан айғай салды Дауысы ашты шыққанмен, жыламсырап!.. Белгісіз істің оңға баспағы әлі, Аяйсың томпаңдаған жас баланы!.. Ҧстаған алмасымен топ ішінен, Маржанды тура барып, бас салады. Қуып кеп, әкетуге қара кемпір, Қазақтың қабағынан жасқанады!.. Тыныстап, етек-жеңі кеңігелі, Шошынған анасы ҥнсіз егіледі!.. Сау басын саудаласа, алаяқтар, Ҥш жасар сәби одан не біледі?! «Бірінші шоңапамға барғанң десіп, Сӛз тоспай, әлдекімі желігеді!..
Кӛңілі қоқандықтың зәулім еді! «Ҧғыл бизнің» деп қана әулігеді!.. Кемпірге барғандығын сылтауратып, Салмақ-ау, сӛзбҧйдаға әңгімені! Шулайды дҥрмекке еріп кӛпшілігі, Науқастың дертін қайсы сау біледі?! – Мҧндай ҧл қазаққа да арман шығар, Тануың баламызды жалған шығар?! Әжеден саған барса, онда не тҧр? Бірдеңе береді деп барған шығар?.. Әйтпесе, ол қайтеді қазақтарды?! Қазылар ақ, қарасын ардан сынар?.. Қайталап, қайран қалдық келісіңе, Әжеміз ӛлер симай, терісіне!.. Баласын бауырынан алмақсыңдар, «Кемпірдің қызыққан» деп – жемісіне! Ал сонда оның қҧнын кім тӛлейді! Араласқаның бар ма, ел ісіне?, –
Деп біреуі қазының тҧрды шіреп!.. Пайданы Қоқан жаққа бҧрғысы кеп. Шыдаған тісін-тіске қойып әрең, Жолымбет ҧшып тҧрды ҧрғысы кеп! «Баланы шешіндір!», – деп зекіп қалды, – Қайтесің қҧлыныма қҧр кісінепң?! Баланы келмей, тірі қиғылары, Қазылар да жыландай жирылады. Баланы шешіндіріп, тыр-жалаңаш, Тҥсінбей ештеңеге тҧрды бәрі!.. Жолымбет дәл осылай істемесе, Зорлығы-зомбылығы миға ҧрады. Бала екен расында артық туған! Ӛңінен нҧр маңайын шарпып тҧрған! Торлаған тҧла-бойын қалы мен мең, Айнымай әкесіне тартып туған. «Белгіні сана!» – деді масаттанып, Жолымбет кӛңілі тым шалқып тҧрған!..
Ойламай, бағым деп те, сорым деп те, Кӛз жҧмған тәуекелге Жолымбет те!.. Ӛзі де шешінеді белуардан, Қаратып кҥжірейген жонын кӛпке! Белгіні санатады денесінен Симасын қандай қыртқа орынды ӛкпе?! Бітетін белгіше кей торғайларға, Табылған мең тақымынан, борбайдан да!.. Әкеге бәрін соның теңестіріп, Міне, осылай, сәбиін қорғайды Алла! Қазылар шулап кеткен «болдың десіп, Жолымбет ышқырына қол қойғанда!.. Ойлансаң, жақсы-жаман елестемек, Шығардай енді созса, егестен, от!.. «Қазағым, бала сенің...» деді Қазы, Турасын айтуға да кеңес керек!.. Жолымбет сонда ҧлын кӛтереді, – Айдан да әппақ найманым емес пе?! – деп.
Қҧдірет қолдағанда, армандыны, Кемпірдің кімге керек жалған мҧңы?! Жадысы зая кетті дҥмше оқыған, Баланы қҧзырына алған кҥні!.. Қалған ғой аңыз болып қоқандықтың, Соншама қиянатқа барғандығы!..
Осындай қҧпиясы лақап аттың, Қуансейіт деп енді атамақ кім?! Жҥзіне дҥниенің тарап отыр, Тҧқымы міне, осы «шақалақтың»! Ақнайман сіңген барлық буынына, Айғағындай әкелік махаббаттың!
- *
Жырлаған қазақ қамын шалқып тӛрде, Билері орнатқан ғой тәртіпті елге! Кӛш соңы тҥгел келіп жайғасқан соң, Алтайға, Сарыарқаға, Барқытбелге.
Салмақтап, ҧсағын да, ірісін де, Бәріне хабар айтып, тҥн ішінде. Таңертең жеті ҧлына енші берген. Жолымбет би кӛзінің тірісінде. Жарамас қарай беру – бір айнаға, Қолдайтын жетуін де қҧдай ғана! Бӛлгені, сҥткенжеге шаңырағы мен Жайсаңның жағасы екен шырайнала! Ӛйткені Ақнайманнан он ҧл болған. Шетінен қозғайтҧғын қонымды арман!.. Атқҧмар, аңға қҧмар, кҥйге қҧмар, Ылғи да бола бермес кӛңілге алған?! Деседі ҧзын қҧлақ сонан бергі, Шолатын қазақпыз ғой қонар жерді! Ақнайман отыр кӛлдің тӛр жағында, Сол шығар әлгі сӛзге қояр белгі?!
Баланың балық жеген кҥтімі ҧнар, Берекесіз ауылдың қҧты қҧлар!.. Бӛкенде, Шегелікте, Ақсуатта, Тҧғылда шалдың «шашқан» тҧқымы бар... Нып-нығыз қоғамдағы орындары, Дәм айдап барғандар ғой соның бәрі!.. Қабада, Дӛрбілжіңде, Буыршында, Ақнайманның кӛлемді шоғырлары!.. Қара жер қасиетін тҧрған ҧғар, Алаңсыз шалқып отыр мҧндағылар!.. Морида, Тасырқайда, Торғайлыда, Жҥз ҥйден, елу ҥйден жҧрнағы бар... Бҧлардың басын қосу қиын жері, Одан да алыс уақыт ҥйіргені!.. Ҧржардан, Аягӛзден, Шар жағынан, Кӛп ауыл қосылмапты-ау, бҥйірдегі!..
Ҧйытқысы – Марқадағы Алтысары, Келген жоқ шеттегінің жартысы әлі!.. Ақнайман әулетінің естуімше, Жеті жҥз мыңға жеткен жалпы саны! Заманы болғанымен қҧбылмалы, Қат-қабат тарихы бар мҧның-дағы!.. Ҧмтылған ӛмір ҥшін, ӛнер ҥшін, Кҥрестен кӛз ашқан жоқ туылғалы!.. Ноғайбай, Тауданбек қой ақындары, Есенбай, Бердіғожа батырлары. Кешубай, Кәуен, Қали сияқтының, Қозғалмай, әлі кҥнге жатыр бәрі!.. Бастырған қайда барса, ісін ӛрге, Жай жатақ саятшыны тҥсінер ме?! Зәкеңдер, Сеңгірбайлар, Нҧрғалилар, Тҥспеген бҥркітші екен қҧсы жерге!
Кімің бар Жантҧрсынның Қайдарындай?.. Пері еді Ақнайманның айбарындай. Солардан не қалды екен, уа, дариға?! Кіріспек кҥйдің жеке қайнарындай?.. Арқанын, әркім ҧстар, айыл, жібін. Ӛрімші отырған жер дәйім жиын. Томпитып торсық ӛрген жҥз таспадан, Ӛнері қазаққа ҥлгі Бәйінжінің! Кҥштіні жатырқаса, бӛтен жерлер, Шалқымай ма, міндеті ӛтелгенде ер?! Тілеуке дамолла мен Серік еді, Бәстесіп, мінген атын кӛтергендер! Қытайға ҧран болған Серік палуан, Ӛзіне қайда барса, сеніп барған. Жаурын тек ӛлгенде тиді жерге. Кезі екен жетпіс жасқа келіп қалған.
Қоштасып, он неше жыл шығар жолмен, Жеген соң, абақтыдан біраз жӛргем... Рағаң1 Аягӛзде алып, салған, «КРАЗ»дың маторларын сыңар қолмен. Немере Тілеукеге2 Нҧркен3 – кҥйші, Қазақта сирек ондай ҥлкен кҥйші. Рағаң Тілеукенің бел баласы, Ғабеңше4 бҧрқырайтын... жҥргенде исі!.. Кӛретін қҧпияны алыстағы, Қазыхан5 да қазақтың данышпаны!.. Кешегі Советқазы Ақатаев, Адамның емес пе еді арыстаны?! Ӛнерде Жолжақсының Досқаны бар, Тҧлпар тҥбін... бәйгеге қосқан ҧғар?! Қадірлеп, қастерлейді қазақ тҥгіл, Сонау, сонау Душанбе, Оштағылар!..
Осында Қуантайдың Нҧржаны да, Ӛлеңді жазып, жинап кҥн жағына... Қиялап, ғылымын да қуалайды. Әмір жоқ кҥндіз-тҥні бір жанына!..
Айтайын, қайсы бірін ӛнерлінің, Қат-қабат тҥрін кӛрген кедергінің?! Жалынбай, жалпаңдамай әлдекімге, Жасайтын ӛз бетімен келер кҥнін!..
Сілтеме: 1. Рахметолла Наурызов – кӛп ӛмірі абақтыда ӛтіп, аренаға шыға алмай қалған, теңдесі жоқ кҥш иесі 2. Тілеуке Наурызҧлы – палуан әрі діндар 3. Нҧркен Наурызов – белгілі кҥйші. 4. Ғабит Мҥсірепов – 5. Қазыхан Емілбайҧлы – атақты астроном. Самарқан университетін бітірген, жоғалған нәрсені оқып, дереу табатын білгір.
- *
Бір тҥйір қаннан ӛссе он Ақнайман, Ӛмірзақ тҧңғышы екен тӛр айналған. Қҧрман мен қырықмылтық тетелері, Ҧйымшыл, ҧзамайтын орамды ойдан!.. Қозғасақ Қонақбай мен Қазақбайын, Тағдыры тайғанаған ғажап, дәйім!.. Кҥрделі кҥресімен аластаған, Ақырғы ашты жылын, азапты айын!.. Зерделеп, бет-бағдарын, біліп кӛптен, Сары екен, бәрін-дағы білікті еткен. Ӛкпелеп жалғыз ғана Жауғаштысы, Басқаның қанатына кіріп кеткен!.. Миллион жыл иемденген кең даланы, Ҧрпақсыз қазақ қайтып, ел болады?.. Жетпей ме, иен жерге емінгендер, Сатқан соң сәбиіңді нең қалады?!
Ақнайман қалай артық туылды екен?! Сҥйегі Шардың Кезеңсуында екен... Ҧрпағын осыншама ӛсіргенде, Қолынан ҧстамаған туын бӛтен!.. Балаға бассыздықты тыйу – медет, Ҧрланған қаржыларды жию керек! Зиратын іздеп, тауып Жолымбеттің Тҧлғасын сом алтыннан қҧйу керек!.. ПЕРИЗАТ (жанадан ӛлең мазмунга қосу) (Мария Жҧмақанқызына) Тҧлғасына тҥсінігі, қҧлқы сай, Ішкі сҧлу әлеміне сырты сай. Қыр мҧрынды, қызыл жирен, мӛлдір кӛз, Елден ерек жаратылған тҥр-тҥсі-ай! Ӛмір жолы отыз тарау ертек қой,.. Соқыр тиын тапқан емес, тер тӛкпей, Ар-намысын аса биік ҧстаған, Ең қажырлы, ең қадірлі еркектей.
Жаны нәзік сияқты бір асқақ ән, Әрі ғалым ӛнегеге бастаған, Ӛз тҧсынан оқып заман жҧмбағын, Банкіңізге бола кеткен Бас маман. Кісілігін алмайтын бір теріге, Жолығыпты қҧлақ қойсақ шеріне... Әйтпесе, шын перизат қой жарасар, Кӛркем ойлы, кӛзсіз қҧмар серіге. Тас қайнардай тазалық бар тегінде, Ерте кӛрсем Алтын Алтай жерінде, Рудаға* ӛле ғашық болғандай, Ҧрынуым мҥмкін екен менің де!.. *Руда ақынның қазіргі әйелі Қыналы поэзия
Поэзия – әуелде ғҥмырлы сананың бір атауы еді. Сӛз қозғалысқа, ой ырғаққа айналған сәтте ӛлі создерге жан біткен. Келе-келе ол – Поэзия деген ҧлы атауға ие болды. Демек, сӛздің қозғалысқа енген сәті поэзия деп аталды. Ӛлең бӛлек, тақпақ бӛлек, һәм поэзия бӛлек. Поэзияны тақпақпен (яғни соз ҧйқасымен) шатастыруға болмайды...
Тоқырау заманында орыс поэзиясында бҧрын-соңды кӛрінбеген бірер ағым пайда болды. «Білгіштер» оны – «ҥнсіз поэзия» деп атап, Белла Ахмадуллина бастаған бҧл буын ӛкілдерін сӛзсіз мойындай бастады. «Қҧпия бола тҥра анық, анық бола тҥра қҧпия кӛрініс ӛнер (искуство)» деп аталатынын сол сәтте әлгі «білгіштер» естен мҥлде шығарып алған еді. Әйтпегенде, ӛр Махамбеттің ҥнімен «Адамға табын жер енді» деп қҥпиялылық (ғарыштық сезім) пен анықтық (тірі адам. Алайда, қазіргі кӛзқараспен тірі адам – анықтық ӛлшемі бола алмайды. Ақиқаты – сол атейстік дәуірде тірі адам анықтықтың ӛлшемі болғаны рас! Ж.Қ.) арасын қосақтап берген Тҧран даласының ҧлттық ақынын санадан тыс қалдыру мҥмкін емес еді. Есесіне, әлгі «ҥнсіз поэзия» ӛкілі Р. Рожденвенскийдің тасы ӛрге домалай берген. Аллаға бас иген Толстойдың ҧрпағын осыншама ҥрейлендірген нендей кҥш еді?! Әрине, ол ӛзге ешкімге ҧқсамас ҧлттық реңкі, сонан кейін сол реңкіні тҧла бойына сіңіріп алған ҧлттық ақынның кең ауқымды поэзиялық тынысы болатын. Және де сол тынысты ӛшіру ҥшін «ҧлтшыл», әсіресе, «тҥрікшіл» деген жалған атауды қазақ ақынына таңба етіп басқаны да рас. Сол арқылы шетсіз-шексіз ӛнерге 2x2=4 болатыны секілді дәлелді (теория) қажет етіп, есекті тҧлпарға , тҧлпарды есекке (оқыңыз! Т.Әлімқҧловтың «Ақ боз ат» романын!) телігені. Соған кӛнген даңққҧмарлардың кеудесін темір-терсекпен толтырып кӛкке кӛтергені де рас еді. Сол тҧста нағыз ҥнсіз поэзия жазып, Ілияс Жансҥгіров ақыннан кейін ҥзіліп қалған қазақтың тҧрмыстық сезімін тҥртіп оятқысы келген тағы бір ақын жҥріпті... Ол – бҥгінгі біздің сӛзімізге сол кезде жазған ӛлеңдері арқылы куә болып отырған ақын, сазгер, атбегі, сатирик Қажытай Ілиясҧлы. Біз оны бҧған дейін шымшыма сӛзді (сатирик), орақ тілді, тамаша сатирик, атқҧмар атбегі, саятқҧмар қҧсбегі һәм би ӛнерінің ғажайып білгірі есебінде білетін едік... Қазақ ғылымына поэзия зерттеуден сара жол салған, ӛлең сӛздің білгірі – академик, марқҧм Зәки Ахметов ағамыз алғы сӛзін жазған (марқҧм академик кез-келген ӛлең кітапқа алғысӛз жазбайтын Ж.Қ.) «Тасжарған» кітабын оқығаннан кейін біз манадан бергі - айтылған кӛп ойларға қалып, ӛткенді саралай келе, қолға қалам алдық: «Сәріден қолда қҧс қырындап, Сақалын тарайды мҧнар бҧлт. Қарт жанын тартады қҧрулап, Бойдағы аңшылық, қҧмарлық...», дейді ақын «Саятта» деген ӛлеңінде. Ӛленді бір деммен, ҥзіліссіз жҥгірте оқып шыққан адамға қарапайым әңгіме, жеңіл ӛлең іспетті сезілуі мҥмкін. Сәл кідіріс жасап, ӛлеңге ой жҥгіртіп, сӛз тӛркініне бойласақ, кӛкірегіңді кӛтертпестей, мҧңды да сырлы ӛлең екенін тҥсінгендейсің! Мҧңы – жеңіл-ақ мҧң, бірақ санаңнан ӛшпестей. Сырлылығы – баба тауларының уақытты тоздырған тас қынасы тектес, алуан тҥрлі кӛне бояулылығы. «Сәріден қолда қҧс қырындап» атқа қонатын кӛшпелі
қазақы тірлік. Қыспаққа да, тозаққа да, бел жаздырмас қиянатқа да тӛзе беретін кӛшпенділер тӛзімі. Бҧл сырт кӛзге аңдап қараған тҧста ғана кӛрінетін кӛрініс, мҥмкін бейнет! Бірақ, ақын кӛңілінде сол бейнетті тірлік мәңгілік әсемділікке айналған. Ендеше ӛлеңді толығымен тағы қайталап бір оқиық: «Сәріден қолда қҧс қырындап, Сақалын тарайды (!) мҧнар (!) бҧлт. Қарт жанын тартады (!) қҧрулап (!) Бойдағы (!) аңшылық, қҧмарлық Астында жарау ат (!), тоқ бҥйір (!), Бӛктерге тартты тік қыстақтан. Болса да бет алды кӛп шиыр (!), Таниды-ау (!), тың ізді тіс қаққан!.. Жӛнелді бір сәтте қҧйғытып, Кӛз жазып шыжымды бҥркіттен. Қараймын жаныма кҥй бітіп (!), Қылпына (!) нҥктедей (!) бір тҥрткен!..» Ӛлеңдегі сӛздер тҥгелімен қозғалысқа енген. Сәрі – кӛшпенділер ҧғымындағы тазалықтың белгісі. Тауық, торғай шырылдап шақырмас бҧрынғы ӛшпес тірлік – мәңгіліктің отауы. Ал, «нҥктедей» бір белгі – алғырлықтың, уақытты сезгіштіктің кӛрінісі болса, мҧнар бҧлттың сақалын тарауы – қҧздардың биіктігінің ӛлшемі. Ғажабы ақын бҧл жерде «Таң сәріден қолына қҧсын қондырып, Аңшы қарт аңға аттанды», деп қарабайырлыққа салынбаған. Ӛзге ешкім айта алмас, тек ӛзіне, ҧлттық ақынға ғана тен әсте шеберлікпен алуаналуан кӛрініс, алуан-алуан кӛңіл-кҥйді табиғи әсемдік арқылы бірер сӛздермен ғана бейнелеп шыққан. (Қараңыз!) «Қарт жанын тартады қҧрулап» дейді ақын. Сӛз басындағы «қарт» деген анықтауышты кейінгі ерекше тапқырлықпен қолданылған (ҥйлестірілген) «тартады», «қҧрулап» деген екі сӛз кеміп кетіп, жаңағы «сақалын тараған» мҧнар бҧлтқа сіңіріп тҧр. Ӛзінен ойы биік, ойынан сӛзі биік ақсақал қарт пен белін мҧнар (қою емес, сҧйық мҧнар! Ж.Қ.) бҧлт ораған қҧзар шыңды бір-біріне сіңіріп жіберген. Бҧл фәниде қарт пен қҧзардың қайсысының кӛргені кӛп екенін (яғни қайсысы ҥлкен екенін) білу, қайсысының бар екендігі оқырманның еншісіне қалдырылған!.. Бҧл екі символды бір-біріне қарсы қойып, қай бірінің кӛргенін оздыруға қимайсың! Екеуі де әлімсақтан бері бірге жасап, бірге тҧрып келе жатқандай. Кӛне, кӛне бола тҧра – жаңа, жаңа бола тҧра кӛне, «жанынды қҧрулап тартатын» мәңгілік тірліктің қҧшағында тҧрғандай әсер аласың... Кӛргені кӛп, кӛргенінен басып ӛткен таулары биік данагӛй қарттардың ӛмірінің соңында мҧңдасатыны да, сырласатыны да, арқа сҥйер тірегі де, осындай шыңы қҧздар екені анық. Әйтсе де сәрідегі бҧлт сол биік қҧздарды емес, қолына қҧс қондырған қарияны белбеулеп, орап тҥрған сияқты. Соны кӛрген, соны кӛкірегіне тҥйген ақын тек сол биіктермен, қарттармен сырласып, соларға мҧңын тӛккендей... Ия, фәниден озар
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру