Ацтектер және майялар
Дениз Райан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ацтектер және майялар
Ацтектер жəне майялар ДЕҢГЕЙ Мен оқығанды ұнатамын! Балаларға жылдам əрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін жəне қызығушылықтарын ескере отырып əзірленген жəне құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап «Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап «Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап «Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған əлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сəйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым жəне өнертабыстар», «Тарих» Бұл тақырыптардың əрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы əсем жəне пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады! Мен оқығанды ұнатамын! Aztecs_cover.іndd 1 Aztecs_cover.іndd 1 21.10.11 17:56 21.10.11 17:56
Мəскеу
«Махаон»
Ацтектер
жəне
майялар
Aztecs_block.іndd 1
Aztecs_block.іndd 1
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Мазмұны
Үлкен қалалар . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
Базарда . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
Егіншілік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
Аңшылық жəне балық аулау . . . . 10
Отбасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
Тағамдар мен сусындар . . . . . . . . 14
Өнер жəне қолөнер . . . . . . . . . . . . 16
Жауынгерлер . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
Жазу жəне тасты ойып жазу . . . . . 20
Пирамидалар . . . . . . . . . . . . . . . . 22
«Сиқыршының үйі» . . . . . . . . . . . . 24
Құдайлар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
Испандықтардың жаулап алуы . . . 28
Ойлан! . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Сөздікше . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Aztecs_block.іndd 2
Aztecs_block.іndd 2
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Европалықтар бес жүз жыл бұрын
Орталық Американың жағасына келіп
түскенде, үндіс халықтары – ацтектер
жəне майялар жасаған екі ұлы өркениет
өмір сүрді. Осы кітаптың беттерінде сен
олардың тарихымен, салт-дəстүрлері
жəне мəдениетімен таныса аласың.
Aztecs_block.іndd 3
Aztecs_block.іndd 3
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Үлкен қалалар
Ацтектер жəне майялар үлкен қалалар салған.
Өздерінің астанасы Теночтитланды көл
ортасындағы аралда көтерген. Қаланың ортасын-
да үлкен ғибадатханалар асқақтаған, олардың
ұшар басында адамдарды құрбандыққа шалған.
Испан жаулаушылары Теночтитланды қиратып,
оның орнына Мехико қаласының негізін салған.
Aztecs_block.іndd 4
Aztecs_block.іndd 4
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Паленке майялардың ең ірі қалаларының бірі
болды. Қаланың ортасында пирамида пішінді
ғибадатхана асқақтап тұрды.
Бұл қызық
Біздің заманымыздың тоғызыншы ғасырында белгісіз
себептермен майялар өздерінің қалаларынан кете
бастаған. Бəлки, адамзат тарихындағы ең керемет
өркениеттердің бірі – климаттың өзгеруі нəтижесінде
құлдыраған болар.
Aztecs_block.іndd 5
Aztecs_block.іndd 5
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Базарда
Ацтектер мен майялар темір ақша соғуды
білмеген. Адамдар жай бір-бірімен тауар
алмасқан. Бірақ, кейбір қалаларда сатып
алуға төлем үшін кішкентай мыс балташалар
қолданылған. Олар ақшаның орнына жүрген.
Базарларда жүгері, көкөніс пен
жемістерді, сондай-ақ, қыш ыдыстар
мен басқа да бұйымдарды сатқан.
Aztecs_block.іndd 6
Aztecs_block.іndd 6
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Азық-түліктер Сатып алушы Сатушы Aztecs_block.іndd 7 Aztecs_block.іndd 7 21.10.11 18:10 21.10.11 18:10
Чинампа
Егіншілік
Ацтектер мен майялардың жер жыртатын ірі үй
жануарлары болмаған, сондықтан егістіктегі
барлық жұмыстарды қолмен істеген. Негізінен
үндістер жүгері, сонымен қатар əр түрлі
бұршақтар, бұрыш жəне асқабақ өсірген.
Ацтектер көлдерде жасанды аралдарды сала
білген: бөренелерден берік сал жасап, оны
құнарлы көл тұнбасының қалың қабатына
жайған жəне өсімдіктер отырғызған. Мұндай
қалқымалы аралдарды «чинампа» деп атаған.
Aztecs_block.іndd 8
Aztecs_block.іndd 8
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Жүгері
Aztecs_block.іndd 9
Aztecs_block.іndd 9
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Аңшылық жəне
балық аулау
Найза жəне садақпен қаруланып, үндістер жа-
байы жануарларды – қабандарды, кермаралдар
мен қояндарды аулаған. Ацтек балықшылары
арнаулы тұзақ-торды қолданып, ішіне балықты
ұзын ағашпен қуып кіргізген.
Балықшылардың
тұзақ-торы
Aztecs_block.іndd 10
Aztecs_block.іndd 10
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Балалар əкелерімен бірге
балық аулаған. Қажетті
дағдыларды үйреніп, олар
балықты өз бетінше
аулаған.
Aztecs_block.іndd 11
Aztecs_block.іndd 11
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Отбасы
Ацтектер мен майялардың басым көпшілігі
қам кірпіштен салынып, сабанмен жабылған
кішкентай лашықтарда, деревняларда тұрған.
Еркектер мен үлкен балалар егістікке немесе
аңшылыққа аттанған, кезде əйелдер үй шаруа-
сымен айналысып, балаларға қараған.
Қыздар тамақ
дайындауға
көмектесіп, циновка
тоқуды үйренген.
Aztecs_block.іndd 12
Aztecs_block.іndd 12
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Aztecs_block.іndd 13
Aztecs_block.іndd 13
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Тағамдар мен
сусындар
Ацтектер мен майялардың негізгі азығы жүгері
болды. Жүгері дəнінен ұн тартып, жұқа
шелпек – тортильяларды пісірген.
Тортильялар күнделікті тамақ болған.
Онан басқа, үндістер көп көкөніс пен жеміс
жеген, ал дастарқандарында ет өте сирек
болған.
Жаңа азық-түлік
Орталық Америка жағасына
түскен европалық шапқын-
шылар əлі көрмеген өсімдік-
терге: бұршақ, картоп, ана-
настар мен қызанақтарға тап
болды. Оларды Еуропаға
əкелді, енді біз ацтектер мен
майялардың тағамын жеп
отырмыз!
Америкадан бізге
келген жеміс-жидектер
Aztecs_block.іndd 14
Aztecs_block.іndd 14
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Ацтектер мен майя-
лар əр түрлі көкөністер
өсірген. Тас түйгіш
пен келінің көмегімен
қызыл бұрышты түйіп,
онан өткір тұздық
даярлаған.
Келі жəне түйгіш
Бұл қызық
Ацтектер ашып кеткен агаваның
шырынынан «пульке» деп
аталған масайтқыш сусын жа-
сауды білген. Үндістер оны
кейбір діни мейрамдар мен
рəсімдер кезінде ішкен. Мекси-
када пулькені бүгінде де ішеді.
Aztecs_block.іndd 15
Aztecs_block.іndd 15
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Өнер жəне
қолөнер
Шебер үндіс қолөнершілері əдемі саз ыдыстар,
қашап жасалған көркем мүсіндер, алтын
бетперделер жəне нефрит, яшма мен тропиктік
құстардың ашық қауырсындарынан зергерлік
бұйымдар жасай білген.
Ацтектер мен майялар көзе шарығын білмеген.
Олар қолымен дұрыс пішінді саз құмыраларды
жапсырып жасап, сонан кейін суреттермен
безендірген.
Aztecs_block.іndd 16
Aztecs_block.іndd 16
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Бұл қызық
Əмірші немесе ақсүйек қайтыс болғанда, оның
бетін, жанына əдемі саз құмыра ыдыс қойып жерле-
ген.
Ацтектердің
алтын
бетпердесі
Майялардың
өлгеннен кейінгі
бетпердесі
Aztecs_block.іndd 17
Aztecs_block.іndd 17
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Жауынгерлер
Ацтектер жауынгер халық болған. Олар ұдайы
көршілерімен соғысып, тұтқындарды көбірек
алуға тырысып, сонан соң оларды өздерінің
құдайларына құрбандыққа шалған.
Тұтқынды көп алған жауынгерді арнаулы
əшекей бұйымдармен марапаттаған.
Aztecs_block.іndd 18
Aztecs_block.іndd 18
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Тұтқын
Ацтек жауынгер
Aztecs_block.іndd 19
Aztecs_block.іndd 19
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Жазу жəне тасты
ойып жазу
Майялар оқу жəне жазуды білген. Əріптердің ор-
нына суреттерді – иероглифтерді қолданған.
Бір сурет бүтін сөзді, тағы біреулері - тек ды-
быстарды білдірген. Осы суреттерден майялар
сөздер мен сөйлемдер құрастырған. Ғалымдар
осы күнге дейін майялардың жазбаларын тұтас
оқи алмай отыр.
Суреттермен жазылған
кітап
Ацтектердің жазуы майялардан
гөрі қарапайым болған. Олар ағаш
қабығынан жасалған қағазға
иероглифтерін салған, сонан соң
қағазды жиналмалы кітап сияқты
болатындай етіп иген. Ғалымдар
мұндай кітаптарды кодекстер
деп атайды. Мына кодекстің
беттерінде ацтектердің Кетцаль-
коатль құдайы бейнеленген. Бұл
атауды аударса «қауырсынды жы-
лан» дегенді білдіреді.
Aztecs_block.іndd 20
Aztecs_block.іndd 20
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Ацтектер өздерін
бесінші дүниеде өмір
сүріп жатыр деп
ойлаған. Алдыңғы
төртеуін құдайлар
құртқан.«Күн Тасы»
деп аталатын
тас дискте құрып
кеткен дүниелердің
тарихы бейнеленген.
Дисктің қақ ортасын-
да күн құдайы – Тонатиу
бейнеленген.
Aztecs_block.іndd 21
Aztecs_block.іndd 21
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Пирамидалар Майялар пирамида пішінді биік тас ғибадатханалар салған. Ең айбынды ғибадатханалардың бірі Тикаль қаласында салынған. Бұл қалада баяғыда 50 мыңдай адам тұрған, ал қазір ол қирап, жыңғылдармен қоршалған. Майялардың кейбір пирамидаларынан ғалымдар патшалар мен əйгілі ақсүйектердің мазарларын тапқан. Бұл қызық Пирамидаларды тастан қалаған. Сосын оларды сылақпен жауып, мүсінмен безендіріп, ашық түстерге бояған. Aztecs_block.іndd 22 Aztecs_block.іndd 22 21.10.11 18:10 21.10.11 18:10
Aztecs_block.іndd 23
Aztecs_block.іndd 23
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
«Сиқыршының
үйі»
1100-ден астам жыл бұрын Ушмаль (қазір
оның қирандылары Мексиканың
аумағында орналасқан) қаласында пи-
рамида салынған. Оны «Сиқыршының
үйі» деп атайды: майялар аспан
құдайы Ицамна осы орасан
зор ғибадатхананы ғажап түрде бір
түн ішінде салған деп сенген.
Ушмальдағы пирамида
өте ерекше: жоспар-
да ол сопақша пішінді.
Оның басына жаңбыр
құдайы Чактың бейнесі
ойып қашалған екі тік
баспалдақ
апарады.
Aztecs_block.іndd 24
Aztecs_block.іndd 24
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Aztecs_block.іndd 25
Aztecs_block.іndd 25
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Құдайлар
Ацтектер мен майялар дүниені көптеген
құдайлар басқарады деп сенген. Табиғат
құбылыстары да құдайлардың қолында деп
есептеген. Ацтектер Тонатиу құдайына күн са-
йын шалған құрбандықтардың арқасында ғана
Күн шығады деп ойлаған.
Жаңбыр құдайын ацтектер Тлаток, ал майялар
– Чак деп атаған. Үндістер құдай жаңбыр жіберуі
үшін жалбарынып, балаларды құрбандыққа шал-
ған, əйтпесе, жүгері егістігі қуаңшылықтан
құрып кетуі мүмкін деп ойлаған.
Тонатиу құдайы
Aztecs_block.іndd 26
Aztecs_block.іndd 26
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Aztecs_block.іndd 27
Aztecs_block.іndd 27
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Испандықтардың
жаулап алуы
1492 жылы Христофор Колумб Американы
ашты. Жаңа Əлем жағалауында испан
жаулап алушыларының отрядтары пайда
болды. 1521 жылы ацтектердің астанасы
Теночтитланды жаулап алды.
Ацтектер мен майялардың
жерлері тез жауланып алын-
ды. Испандықтар тоналған
алтын мен күмісті өздерінің
галеондарына тиеп,
Испанияға апарған.
Aztecs_block.іndd 28
Aztecs_block.іndd 28
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Бұл қызық
Еуропалықтар Америкаға
қызылша мен шешек ауру-
ларын əкелді. Үндістердің
көпшілігі осы аурулардан
қаза болған.
Aztecs_block.іndd 29
Aztecs_block.іndd 29
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Ойлан!
Əріптерден сөздерді құрастырып, оларға
суреттерді таңдап ал.
ГЕРНЫЖАУ
ІГЕРҮЖ
МИДАПИРА
РЕПДЕБЕТ
Aztecs_block.іndd 30
Aztecs_block.іndd 30
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Сөздікше
Агава – шырынды кетік жапырақты мексикандық
өсімдік. Агаваның талшықтарынан үндістер жіп иірген,
ал шырынынан – масайтатын пульке сусынын жасаған.
Иероглиф – кейбір халықтардың жазуындағы таңба-
сурет. Иероглифтер əріпті, буынды жəне сөздерді
білдірген.
Кодекс – ағаш қабығынан даярланған қағазға жазылған
ацтектердің қатпар кітабы.
Қам кірпіш – шабылған қамыспен араластырылған
саздан жасалған кірпіш. Оны күйдірмейді, тек күнге
кептіреді.
Құрбандық шалу – құдайға немесе бірнеше құдайға
сый тарту. Ацтектер мен майялар құстар мен жануар-
ларды жəне көптеген адамдарды құрбандыққа шалған.
Нефрит – жасыл, ақ немесе сұр түсті əдемі қатты тас.
Оны жиі ұсақ-түйектер мен зергерлік бұйымдарды жа-
сау үшін қолданады.
Пирамида – төбесіне қарай тарылатын, квадрат не-
месе тік төртбұрыш табанды ғимарат. Ацтектер мен
майялардың пирамидалары əдетте баспалдақты болып
келген.
Тортилья – жүгері ұнынан жасалған жұқа шелпек.
30-б. жауаптар: жауынгер, жүгері, пирамида, бетперде.
Aztecs_block.іndd 31
Aztecs_block.іndd 31
21.10.11 18:10
21.10.11 18:10
Бастауш сынып жасындағы балаларға Для старшего дошкольного возраста АЦТЕКТЕР ЖƏНЕ МАЙЯЛАР Авторы Роберт Коуп AZTECS AND MAYA Copyrіght © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceіved and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Vіctorіa Street, McMahons Poіnt Sydney, NSW 2060, Australіa Все права защищены. All rіghts reserved. © Перевод на казахский язык. ТОО «Книжный полюс», 2011 © ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус», 2011 Machaon® ІSBN 978-5-389-03045-9 (каз.) ІSBN 978-5-389-00313-2 (русск.) ІSBN 978-1-74089-674-0 (авс.) ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119334, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-76-00, факс (495) 933-76-19 E-maіl: sales@attіcus-group.ru; іnfo@azbooka-m.ru www.azbooka.ru; www.attіcus-group.ru Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева, редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 24 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мəскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. «Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды». УДК 372.416.2 ББК 74.200.585.00 А96 Aztecs_block.іndd 32 Aztecs_block.іndd 32 21.10.11 18:10 21.10.11 18:10
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру