Дарасөз
Құлбек Ергөбек
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Құлбек Ергөбек бір жанрдың өріс-өркені, жетістік-кемшілігін бір кітапта баспалап айтып, толғай талдап саралап тақырыптық сын кітабын жасап келе жатқан кәнігі әдебиет сыншысы. Әдебиет сыншысы, стилист қаламгер «Дарасөз» аталатын жаңа кітабында қазақ мемуары, ғұмырнамалық проза, естелік, эссе, эпистолярлық жанр сынды бұрын-соңды қазақ әдеби сынында сөз бола қоймаған өзекті мәселелерді қарастырады. Тілі жатық, ділі теті
Құлбек ЕРГӨБЕК
Дарасөз
АЛМАТЫ
«ҚАЗАҚСТАН»
ӘОЖ 121.512.122.О
КБЖ 83.3 (5Қаз)
Қ 74
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару”
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Құлбек Е.
Қ 74 Дарасөз. – Алматы: ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”, 2015. – 384 б.
ІSBN 978-9965-10-133-5
Құлбек Ергөбек бір жанрдың өріс-өркені, жетістік-кем
шілігін бір кітапта баспалап айтып, толғай талдап саралап
тақырыптық сын кітабын жасап келе жатқан кәнігі әдебиет
сыншысы. Әдебиет сыншысы, стилист қаламгер «Дарасөз»
аталатын жаңа кітабында қазақ мемуары, ғұмырнамалық
проза, естелік, эссе, эпистолярлық жанр сынды бұрын-соңды
қазақ әдеби сынында сөз бола қоймаған өзекті мәселелерді
қарастырады.
Тілі жатық, ділі тетік, талдау мәнері жетік, еңбек қазақтың
деректі әдебиеті жайлы тақырыптық тұтас кітап жасаудың
үлгісі дерлік.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
ӘОЖ 121.512.122.О
КБЖ 83.3 (5Қаз)
© Құлбек Е., 2015
© “Қазақстан”, 2015
ІSBN 978-9965-10-133-5
(Алғысөз)
Жүйелі еңбектің кезекті кітабы осылай «Дарасөз» аталады.
Оған не себеп? Асылы еңбектің аты затынан туындап жатса игі.
Әлгі сұраққа жауап бермес бұрын, кітаптың не туралы екеніне аз
аялдауымыз керек.
«Дарасөз» – қазақ әдебиетіндегі тамырын өмірлік нақты де
ректен тартатын мемуар, деректі, деректі-ғұмырнамалық про
за, очерк, естелік, эссе... дегендей нақты, затты әдебиет жанры.
Әдебиет пәні – Адам. Мейлі қай жанр туындысы болсын, Адамды
қалай көрсету – өнер өлшемі. Деректі әдебиет екен деп өмірдің
белгілі бір кезеңін сипаттай берер болсаң, одан өнерлік әдебиет
те, одан кейінгі ұрпақ алар өнеге де тумақ емес асылы. Олай
болса, қандай дәуір, қандай жанр туындысы болсын, қаламгер
үшін шеберліктің кілті – кейіпкер табиғатына қазыққа оралып
байланғандай байланысып жатуға керек. Деректі әдебиет– әдет
те ескеріле бермейді. Оның себебі тағы да біздің документалист
ағайынның кейіпкерін образ дәрежесіне көтеріп, көркейтіп бере
алмауында жатады. Әйтпесе, нысанаға қандай кейіпкерді алсаң
да оның табиғатынан туындатып, бойына дүние философиясын
сыйғызар болсаң, образ шыға келмес пе? Ол образ тұтас дәуірдің
бет-пішінін бермес пе? Демек, деректі әдебиеттің жаны да –
көркем тұлға. Тұлға деп қалып жатырмыз, әдетте қоғамда негіз-
гі рөлді тұлға ойнайды. Тұлға ұлы Абай айта беретін «единица».
«Не бітірер өңшең нөл, единица болмаса?» Ұлы ақынның тұлғаға
орай айтылған талабы өмір үшін де, өнер үшін де басты мәселе.
Деректі әдебиет те көбіне дара тұлға жайында жазылады. Де
мек, көркем әдебиеттің өзге түрлерінен деректі әдебиеттің бір
ерекшелігі – оның кейіпкерінің алдымен өмірде тұлғаланатыны.
Біздің бұл сөзімізге қарап деректі әдебиетке көркемдік жинақ
тау, образ тұлғалаудың керегі жоқ екен ғой деп ойлауға болмай-
ды. Аталған талаптар – өнер атаулының баршасына тән. Көр-
кемдік жинақтау жоқ жерде өнер жоқ, көркем образ тұлғалау
жоқ жерде өнер жоқ! Еңбектің «Дарасөз» аталуында осындай
мән бар.
Оу, ә деп бастап деректі әдебиет алдына өнер талабын тар
тып отырмыз. Ондай биік өреден қарарлықтай, көркемөнер та
лабына жауап берерліктей өрелі деректі әдебиет бар ма, бізде
асылы? Бұл шындап жауап тілейтін шетін мәселе. Ойды осы
арнада оятып көрелік.
Шүкір, бүгінгі таңда қазақ әдебиетінің тарихын «Түрік қа
ғанаты» кезеңінің руна жазуларынан тартып, арналандыратын
жақсы мінез таптық. Әйтпесе, кезінде қазақ әдебиетінің та
рихы көне түрік жазбаларынан бастау алады деген пікірі үшін
профессор Бейсембай Кенжебайұлының көрмегені бар ма, сірә?!
Ал, бүгін Б.Кенжебайұлының тарихи мектебінің арқасында, Мыр
затай Жолдасбековтей тамаша әдебиет тарихшысының жан
пида еңбегінің нәтижесінде «Орхон-Енисей» руна жазбаларын
– әдебиетіміздің тарихына енгізіп алдық. Ұлттық әдебиетіміздің
қадым заманғы сүбелі бір саласы ретінде қарап келеміз. Әдебиет
болғанда да, түріктанушы И.В.Стеблева ізімен тұнып тұрған
жауһар поэзия деген тоқтамға келгендейміз. Руна жазуларының
жанрын анықтауды әбден маманданған түріктанушы ғалым
дарға қалдырайық та, бір сұраққа жауап іздейік. Сол жазу жа
зылған тастар кәдімгі құлпытастар емес пе? Тап солай! Олай
болса қай жанрда жазылуына қарамастан, ол руна жазулары
кәдімгі мүнақып. Ол тұтас қағанатқа тұлға – абыз болған көсем
– Күлтегінді, Білге қағанды, Тоныкөкті жоқтау емес пе? Жоқтау,
белгілі дәрежеде мадақ. Мадақ болғанда да ғасырдың ғажап
тұлғаларының өмірін баяндап жеткізу, өнегесін кейінгі ұрпаққа
паш ету. Егер М. Әхметжанов, Ф.С.Хакимзянов сынды эпитафик
зерттеушілер болса «Орхон-Енисей» тас жазуларын бейіт ба
сындағы жазу ретінде қарар ма еді?! Эфиграфикалық жазу еке
нін түріктанушылардың ешқайсысы да жоққа шығармайды.
Олай болса, тіпті қай жанр туындысы екеніне қарамастан «Ор-
хон-Енисей» тас жазулары – мемуарлық дүние. Демек, дерек-
ті әдебиет үлгілері. Міне, осы жайларға сүйене отырып тү
ріктің бір бұтағы – қазақтың деректі әдебиеті де ұлы Түрік қа
ғанаты кезеңіндегі тасқа ойып жазылған руна жазбаларынан
бастау алады деп пікір түюге болады. «Орхон-Енисей» руна жаз
баларынан бастап бір тамырдан тараған күллі түрікке ортақ
тарихи жарлық, шежіре, кезбе жазулардың бәрі қазаққа да ор
тақ деректі әдебиет сағалары санауға міндеттіміз. Ал, «Алтын
ордадан» қазақ аты аталып бөлініп шығып, жеке шаңырақ кө
терген кезеңнен (ХV ғасыр) қазақтың төл әдебиеті қалыптаса
бастайды. ХV ғасырдан бастап кезең-кезеңнің жоқтау жырлары
– деректі әдебиеттің поэтикалық өрнекте туған асыл үлгілері.
ХІХ ғасырда асыл жаратылған Абай, Шоқан, Ыбырай жаз
балары – деректі әдебиеттің тамаша үлгілері екеніне ешкім де
таласпас. Алайда, Шоқанның саяхат жазбалары, Ыбырайдың
оқу-ағарту мақсатты жазулары, Абайдың «қара сөздері» жанр
лық тұрғыдан терең қарастырылмаған. Әйтпесе, айтылған ой
алыптарының қай-қайсысының да жазбалары алдымен дерек
ті әдебиет! Тіпті қазақтың деректі әдебиеті сол ХІХ ғасырда
қалыптасып жетті десек жарасады. Бір өкініші – қазақ әде
биетінде қай жанрдың дамуы да біркелкі, үзілместей жүйелі
емес. Бір басталған әдебиет дүниесі дәстүр түзіп, үдемелі түрде
өрістеп кете бармаған. Үзіліп, жалғанып, қайта өрістеп дегендей
бүгінгі күнге арып-ашып жеткен. Ол қазақ халқының қоғамдық
өмірінде көп теперішті бастан кешуіне байланысты. ХХ ғасыр
басында да қазақ әдебиеті осы кепті бастан кешті десек керек.
ХХ ғасыр басы – қазақ халқының қайта оянған, тәуелсіздікке
талпынған бір арайлы сәт. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
– «ояну дәуірінің әдебиеті» (Б.Кенжебайұлы). Аталған кезеңде
әдебиеттің жоқ жанр үлгісі пайда болды, шала-жансар көрініс
берген жанрлық үлгілер өркештеніп өріс алды, халықтың рухани
қажетін өтеп келе жатқан әдебиет түрлі формада арналанып
дами жөнелді. Әдебиетті – уақыт туғызады десек, ХХ ғасыр
басындағы әлеуметтік-саяси ахуал әдебиеттің барша жанрының
дамуына ерекше ықпал етті. Әмсе естелік, хат, мемуар, жазу
шылық сыр дегендей деректі, деректі-ғұмырнамалық әдебиет
ерекше өркендеді десек жарасады. Әсіресе осы бір саланың іш
кі жанрлық үлгілері төбе көрсетіп бүр жарды, формалық әра
луандыққа түсіп, түрленіп бара жатты. Оның көбісі публи
цистика аталады да, іштей жүйеленіп, өзара жіктеліп әңгіме
бола қоймайды. Өкінішті. Жоғарыда айтқанымыздай, ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиеті де түрлі саяси науқандарға ұшырап,
әдебиеті мен өнері жұтаған халықпыз. Пайда болған бар жай
жоғалып, жойылып кетпес. Дегенмен әп-әдемі көрініп үлгерген
жанрлық үлгілер кең айдынды, арналы әдебиетке айнала алмай
қалды. Түрлі жанр үлгілері ілгері озу орнына кері жылжығандай
күй кешті. Тоқырағаны бар, тоқтағаны бар біраз іркіліске ұшы
рады. Кеңестер одағы секілді жабық мемлекетте әдебиет бар
ақиқатты айтып, дамуға мүмкіндік болмады. Ақиқат – әдеби
еттің бар жанрына тән, соның ішінде деректі әдебиеттің жа-
ны дерлік мәселе. Жалған қоғамда тіршілік кеше отырып, жал
ғандықпен күресу мүмкін болмады. Жалған қоғам тілегінен жал-
ған мемуар, желбуаз деректі дүниелер туды. Ақиқатқа табан ті-
ремеген соң өзге жанр үлгілері секілді деректі, деректі-ғұмыр-
намалық әдебиет те жалғандықты малдануға мәжбүр болды.
Дегенде, ХХ ғасырдың өн бойында деректі, деректі-ғұмырна
малық әдебиет саны жағынан асты, жазу мәдениеті жөнінен
жетілді деуге болады. Сапаның саннан шығатын әдеті. Қазақ
әдебиетінің өзге жанрлары секілді деректі, деректі-ғұмырна
малық әдебиет ХХ ғасырдың аяқ шенінде даму жолында болды.
Ұзын сонар тарихты айтып отырғанымыз – әдебиет тірі
организм. Ол да қоғаммен бірге өсіп, қоғаммен бірге адасып, сара
жолға түскенге дейін әрқилы тағдыр кешеді басынан. Уақыт
өте келе ұзақ уақыттық мерзімде жасалған дүниелердің асылы
қалады, жасығы өшеді. Олай болса уақыт сынына шыдағаны
бар, шыдамай ұмытылғаны бар, деректі, деректі-ғұмырнамалық
әдебиеттің барын – барша, шоғын – шоқша, жоғын – жоқша ай
ту парыз. Біз бүгін мойнымызға алып отырған міндет, міне осы!
ҚАЙРАН ДА, ҚАЙРАН БЕЙСЕКЕҢ! (Ұлы рухпен сырласу) Жақында Жерорта теңізі жағалауында демалған жайым бар. Тамыры бір, туыс түрік елі дегенмен, сыртқа шықтың-ақ туған ел, туған жер есіңе түсіп, өз еліңнің өсіп-өркендеуі жолын ойша шолып, өзің де іштей есеп беріп ойға шомып жатқаныңды білмей де қаласың. Осындай күннің бірінде, дұрысы түннің ішінде қа зақ түркологиясы басында тұрған, ұлт әдебиеті тарихын «Түрік қағанаты» дәуіріне дейін тереңдеткен ұлы оқымысты Бейсем бай Кенжебайұлы түсіме енсе бола ма?! Жарықтықтың желепжебеуі шығар, сырт елде жүргенде! Түр-келбеті ренжулі секілді де көрінді. Неге? Әйтеуір, солай болды. Ұйқысы қашқан мен әкемдей болған әзіз адам рухымен сырласа жөнелгенімді білмей де қалдым. Кеңестік кезеңде туып, коммунистік режим тәрбиесін алған біз «бұ дүние» мен «о дүние», «жалған дүние» мен «бақилық дүние» ара-қатынасын дінтану еңбектерінен ғана оқып білдік емес пе?! Сондықтан ол кісінің ренішті кейпін тіршілігінде көр ген қиянатына жорырымды, әлде «о дүниеде» жағдайы болмай жүргенге баларымды біле алмадым. Әйтеуір, ұлы рухпен сырла сып қоя бердім. Кейде үнім де шығып кетті. Сырласуым ақталу ма, арылу ма, әйтеуір дәрменсіздеу бірдеңе болып шықты. Аса қадірлі Бейсеке, – деймін мен, «аса қадірлі» сөзінің ар зандап кеткенін де ескермей, аса қадірлі Бейсеке, Сіз неге рен жисіз? Өзіңіз ойлаңызшы, еліңіз аман, жеріңіз тыныш, ғұмыр бойы армандаған тәуелсіздікті алдық. Өзіңіз де көрдіңіз ғой. А-а, тәуелсіздік алғанымызды көрген жоқсыз. Бірақ, желтоқсан оқи ғасын көріп, тәуелсіздік аларымызға сеніп аттанғандай едіңіз ғой о дүниеге! Тіпті өмір бойы армандаған Орхон-Енисей ойма жазуларына тағзым етіп, Күлтегін ескерткіші көшірмесін, Еуро азия университеті ауласына әкеліп тас тұғырға орнатты ғой ойпарасаты биік жандар. Одан артық не керек, Сізге? О дүниеге арлы өлім, таза рухтан, бағыштай оқылған құраннан өзге ештеңе де керегі жоқ десетін еді ғой. О дүниені былай қойғанда, Сіз баянсыз мынау жалған дүниеде байлыққа бой алдырмаған, аярлық арамдыққа аяқ шалдырмаған жан едіңіз ғой. Енді, неге ренжулісіз, аяулы аға? Бүгінмен ғана тыныстап, бүгінмен ғана ғұмыр кешетін пендедей бәрін бүгінгі күннен бастаппын-ау, жә, бәрін басынан бастайыншы бар болғырды.
– Арғы тегіміз жаугершілікте қолға түскен башқұрт екен, – деп
әңгіме сабақтайтын едіңіз.
– Ойбай айтпаңыз, – деп шыр ете қалатын едім мен –
Қартайғанда Ғабең түркпен, Сіз башқұрт болып, біз әдебиеттің бар
қаймағынан айырылып қалар жағдайымыз жоқ.
– Е, онда тұрған не бар екен, Сұлтанмахмұт айтқандай бәріміз
бір түріктің баласымыз ғой. Тарылғаннан, бөлінгеннен пайда
табар болса қазақ алдына жан салмас еді ғой. Сондықтан да
біздің ағайындар менің бала кезіме дейін «Эстек» деп аталатын.
«Эстек» башқұрттың бір аты. Башқұрттар ертеде жауынгер халық
болған. Айналасына өте ықпалды. Бәлкім «башқұрт» аталуы да
содан шығар. «Құрт» – қасқыр, «баш» – бас. Демек, қасқыр текті
түріктердің басы деген сөз. Түрік көк бөріден тарайды ғой. Өзің
білетін Лев Николаевич (Гумилев) мұны қаузап көп жазған...
Өмір жолы жайлы әңгімеңізді осылай сабақтар едіңіз. Ал,
менің білетінім – Сіздің көкірегіңіз «қазақ қайтсе ел болады?»,
«Азаматтық тарихымыз «Түрік қағанатынан» неге сабақталмай
ды?», «Ұлт әдебиетіміздің тарихы неге «Орхон-Енисей» ойма
жазуынан неге басталмайды?» деген сұрақтарға толы шер-шемен
болып өткені. Менің білетінім – Сіздің жүрегіңіз қашанда қазақ
деп соққаны. Қазақтың әрбір перзенті өз ұлты жайында Сізше
ойланғанда ғой, шіркін?! Кешегі кеңестік кезеңде коммунистік
идеологияға ішін алдырмаған азын-аулақ азғантай адамның бірі
болдыңыз. Көзкөргендік раймен Алаш рухы азбаса деп армандап,
қазақ қайтсе ел болады деп зарлаумен өттіңіз.
Біз қайраткерлікті қызмет, мансаппен өлшейтін түсінігі түсі
ніксіз ұрпақпыз. Министр дәрежесіне жетті-ақ «қоғам және мем
лекет қайраткері» деп шыға келеміз. Ертеректе ұлты қазақ бола
тұра, өзі орыс болып жазылған бір азаматты да білеміз. Көзі ті
рісінде оны да қайраткер деп аспандатып, атынан Құрманғазы
туралы мақала (марқұм Қ.Нұрмаханов жазған), Қазақ ССР мә
дениеті туралы кітап жазып беріп, әуреге түскенбіз. Асылы, адам
мансапты қызметімен емес, өз ұлтына, өз мемлекетіне сіңірген
ақ ой, адал қызметімен қайраткер атанса жарасым. Сіз мансапқа
қызынбадыңыз. Бар саналы ғұмырды ғылымға бағыштадыңыз.
Шәкірттеріңіздің де солай ойлауын қаладыңыз. Рымғали мен Мұх
тарға «ғылым жасап алмай тұрып үйленіп қоймаңдар», Алмаға
«қарағым тұрмысқа шыға көрме» – деп құдайдың зарын қылар
едіңіз. Өзіңіз жақсы көретін шәкіртіңіз Мырзатай Жолдасбеков
І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына
ректор болып тағайындалған күні қуана құттықтау орнына қа
ныңызды ішіңізге тарта қуарып, «тағы бір ғалым өлді, тарихқа
баруға зор мүмкіндігі бар бір ғалым тоқтады» – дедіңіз ауыр
күрсініп. «Бағы жансын, қайтейін» – дедіңіз іле-шала. Шәкіртіңіз
ге деген жаман тілеумен айтқан жоқсыз, әрине. Қашанғыдай та
рихқа, ғылымға адалдықпен айттыңыз. Сіз қайраткер ойдың ада
мы, қайраткер ойдың ғалымы едіңіз.
Кеңес өкіметіне бір иліксе – Сіз илігуіңіз керек еді. Неге? Өйткені Сізді жетім тағдырдан жетілген тағдырға жеткізген Ке ңес өкіметі. Мына жайға қараңыз. Есіңізді білер-білмес сәби ша ғыңызда аяулы анаңыз көз жұмды. Әкеңіз біреудің қызын алу үшін кәмелетке әлі толмаған Айнаш әпкеңізді бәленбайыншы то қалдыққа бай кісіге берді. Ордабасы тауын айнала, күнде жиын өткен Күлтөбені жалаңаяқ жар кешіп Малдыбек байдың малын бақтыңыз. Бұл кәсіптен баян болмасын сезіп, әрі аштық қинап Арысқа жаяу қаштыңыз. Арыстан Ташкент астыңыз. Ол кезде «Ташкент – нанды қала» атанар еді. Бірақ, көшеде жатқан нан бар ма? Тағы да өзбек байға жалдандыңыз. «Өзбек байыса үй салады». Қалып арқалап, кесек (кірпіш) құйдыңыз. Жер шауып, егісін ектіңіз, бақша күттіңіз. Байдың балауса қызы Зухра балалық бейілмен Сізге қызыға қарайтын. Сіз де байдың қызына әлдебір түсініксіз түйсікпен тесіле, үзіле қарайсыз. Сондай күннің бірін- де Сіз сүзекпен сырқаттанып, дерт меңдеп құладыңыз. Ешкімге керегі жоқ қазақ баласы өзбек бақшалығында қиналып жатты. Тек Зухра ғана қайнаған шөп тамырын аузыңызға тосты. Әупі рім-тәңірмен аман қалдыңыз. Күндіз-түні шеккен бейнеттен баз кешіп, қашып көшеге шығып кеттіңіз. Кетіп бара жатып Зухра ны құшақтап бір сүйдіңіз. Алма беті жәудіреп Зухра қалды. Кез бе атанып Сіз кеттіңіз көше аралап. Ол жылдары Ташкент кө шелерінде теңкиіп өліп жатар қазақтар аз емес еді. Ол жылдары Ташкент көшелерінде ұрлықты кәсіп еткен кезбе балалар аз емес еді. Сіз де сондай тобыр топқа қосылдыңыз. Аштық қысқан балалардың аңдығаны – базар. Баукеспе балалардан базардағылар азар. Жамау-жыртық киімді балалар базардың бір жағынан ду ылдата кіріп, қолына ілінгенін алып, екінші жағынан шуылдата шығады. Бір-біріне арамдық жасамайды. Қолдарына не ілінсе шып-шырғысын шығармай ортаға салады. Қылдай бөліп жейді. Тағдыр тар кезеңде жолықтырған жандар арасындағы жазылмаған заң – жан бағу... Осындай күннің бірінде жадау-жалпы балалар жастардың жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың қолына түсті. Ғани Мұратбаев, Садықбек Сапарбеков, Әбдікерім Ақбаев кезбе балаларды үгіттеп, №4 балалар үйіне алып келді. Сау-тамтығы қалмаған киімдерін сыпырып алып, өртеп жіберді. Кір-қожалақ өздерін моншаға түсірді. Су жаңа киім берді. Міне, осы сәттен бастап Сіздің бағыңыз ашылды.
Соған қарамастан Сіз Кеңес өкіметіне бар жан-тәніңізбен бе
рілмедіңіз. Оның да өзіндік себептері бар еді. Оны біз енді біліп
жүрміз.
Сіз әдебиеттануға Абай жайындағы 1925 жылғы тегеурінді ма
қалаңызбен келіп ендіңіз. Мақалаңыздың уақытында әдеби ортада
қаншалықты рөлі болғанын айтып та, жазып та келемін. И.В.Ста
лин атындағы күншығыс еңбекшілері коммунистік университеті
студенті жазған мақала Мәскеуде – Мағжандай ұлы ақын, шынайы
ұстазды, Қазақстанда – Бейімбеттей қара сөз ұстасынан тартып,
әдебиетті тапқа бөлмей қарайтын жандарды қуанышқа кенелтті.
Ал, тапшыл азын-аулақты ақ көз ашуға міндірді.
Содан кейін де Сіз абайтануға әрдәйім араласып, атсалысып
отырдыңыз. Тіпті 1945 жылы ұлы абайтанушы Мұхтар Әуезовпен
тізе қосып, қос авторлықта, қазақша-орысша қос тілде Абай
жайында кітап жаздыңыз. Ұлы ақын өмір жолынан тартып мәтін
тануына (текстологиясы) дейін араласып, қалам тербедіңіз.
Өзіңізді қоса айтқанда, аға буынның ілкімді қимылы дәстүр
түзіп, бұл күнде абайтану іргелі ғылымға айналды. Өзіңіз Қаз
МУ-ге тартып оқытқан, М.О.Әуезовтің қарсылығына қарамай,
абайтануға баулыған, Санкт-Петербургта С.Е.Маловқа айтып ас
пирантураға орналастыратын, аяқталар жылында аспирантура та
рап, мүшкіл хал кешетін сәтте ақшалай қаржыландыратын, дис
сертация қорғау сәтінде арнайы ұшып барып, жолдастық раймен
Жирмунскийге жолығып студент кереуетіне жатып қорғатып
алып қайтқан Зәкиіңіз (Ахметов) абайтануды бір биікке көтеріп,
өзі де бір биікке айналып, дүние салды. “Абай шәкірттері” үшін
абақтыға қамалып, итжеккенге айдалған, қайтып оралғанда, Мең
жамал анамыз екеуіңіз алдынан дәм ала шығып, елімен елде
стіретін Қайым Мұхамбетханов досыңыз да жоқ мынау жалғанда.
Алғашқы адымын абайтану тарихын зерттеуден бастаған Ме
кемтас Мырзахметов ініңіз де бүгінде шау тартты. Абайшыл тү
біт иек Тұрсын Жұртбаевтың сақалы қауқиды, Ғарифолла Есім
елеулі еңбек үстінде. Ұлы ақын басын әр алуан ілім, түрлі дінге
апарып тықпалап жүргендер де бар. Қалай дегенде де өзіңіз 20-
шы жылдары арашалайтын “даулы” Абай – бұл күнде абайтану
аталатын іргелі ілімге айналды. Қазақ өзін қадірлесе – Абайын
қастерлеріне күмән жоқ. Қам жемесеңіз де болады. Сіздер бастаған
іс бұл күнде арналы дәстүрге айналды...
Отызыншы жылдары Сіз Абайдан кейінгі асқар беліміз – Сұл
танмахмұтты тану, танытумен шұғылдандыңыз. Қазақ әдебиеті
көгіне жарқ етіп көтеріліп, аз тұрып, ағып түскен Сұлтанмах
мұт жайында алғаш қалам тербеген жан – Бернияз Күлеев. Онан
соң – жампоз жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы! Бір өңірде туып,
қатар жасаған Жүсіпбектің бұл саладағы басты еңбегі – өмірден
қыршын өткен ақынның шашылып қалған әдеби мұрасын жи
нақтап, алғысөзін жазып, кітабын дайындағаны. Бір өкініші –
Ж.Аймауытұлы ұсталып, атылып кетті де, ақын жинағы Сәбит
Мұқанұлы алғысөзімен жарық көрді. Бір қуанышы – Жүсекең
түзген ақын өмірбаяны кітапта авторсыз жарияланды. Міне, осы
бір алғы әрекеттерден кейінгі бұл саладағы бар маңызды іс-шара
Сіздің атыңызбен байланысты.
Сіз – ақынның ғылыми өмірбаянын түзушісіз.
Сіз – ақынның әдеби мұрасын жинақтап, хронологиялық тұр
ғыдан жүйелеушісіз.
Сіз – 1941, 1950, 1957, 1962, 1987 жылдары ақын мұрасын мә
тіндік сүзгіден өткізіп бір, екі том етіп құрастырып, жарыққа шы
ғарушысыз.
Кандидаттық диссертацияңыз – осы асау жүрек ақынға ар
налды. Сұлтанмахмұт әдеби мұрасын зерттеудегі жетістігіңіз қа
телікке баланып, 1953 жылы КОКП қатарынан шығарылдыңыз,
М.Әуезовпен бірге – бір бұйрықпен жұмыстан қуылдыңыз.
Сіз сұлтанмахмұттануды зерттеу очеркінен маңызды моног
рафияға дейін ұластыра жүргіздіңіз. Бұл саладағы әр зерттеуіңіз
дау туғыза келді. Әр дау Сіздің басыңызға қатер туғызар еді.
Қыран ғұмырлы ақын басына өлідей үйірілген бұлтты өз басы
ңызға көшіріп алып, өзіңіздің сау басыңызды саудаға салумен
өттіңіз. “Алаш ұранын” жазған Сұлтанмахмұттай ақын есімі оқу-
лықтардан сырылып түсіп қалмай, тәуелсіздік күніне аман жет
се – Сіздің жан аямас жанкешті еңбегіңіздің арқасы. Тап осы
мәселеде Сізге Ғ.Мүсірепов, Ы.Дүйсенбаев, Н.Жанділдин, С.Се
йітов, Т.Әбдрахманов өшіге қарады, жауыға қарсы жұмыс істеді.
Сіз ақын жайлы ақиқаттан өзге ештеңеге көнбедіңіз. Ақыр нә
тижесінде Сіз сұлтанмахмұттану ілімі негізін салушы, арна тар
тып, қалыптастырушыға айналдыңыз.
Сіз сұлтанмахмұттану ілімін қалыптастырушы ғана емес, сол
ілімнің тарихын зерттеушісісіз. “Сұлтанмахмұт Торайғыровты
тану, зерттеу мәселелері” аталатын ең соңғы еңбегіңіз міне осы
ның айғағы.
“Асау жүрек” деректі әңгімелеріңіз ақын өмірінен жазылған
ғұмырнамалық проза басы.
Сіз “өзім білгенді өзге білмесін” деген аяр ойдан ада, “мен
білгенді өзге де білсін, өзімнен кейінгі ұрпақ жалғастырып алып
кетсін” – дейтін келешекшіл жан едіңіз. Өзіңіз зерттеген әр дәуір
әдебиетіне бір, не бірнеше шәкірт зерттеуші даярлауыңыз сондай
кең бейіл ұстаздың көрінісі. Сұлтанмахмұттанудағы абзал ісіңізді
алға адал жалғап Арап Еспенбетов жүр. Өзіңіз сызып берген бағ
дармен жүріп “Сұлтанмахмұт Торайғыров” аталатын маңызды
монография жазды, докторлық диссертация қорғады. Ректорлық
қызмет қолбайлау ма, соңғы жылдары Арап шәкіртіңіздің қаламы
суып кетті. “Ақын өмірінен осындай бір ғұмырнамалық еңбек
жазарсың» – деп маған венгр классигі Дюла Йиештің “Шандор
Петефи” аталатын кітабын сыйлап едіңіз. Шығармашылық еңбек
берер жаста мансапқорлыққа беріліп кеттім бе, әйтеуір, Сіздің бұл
аманатыңызды орындай алмай келемін. С.Торайғырұлы жайында
екі-үш мақала жазудан аспадым. Бәлкім, сол үшін ренжіп жүрсіз бе
екен? Әйтеуір, түсімде көрген ажарыңыз өкпелеулі...
Сіз журналистік жолды Ташкентте, Ғани мен Сара кезекте
сіп қол қойған “Жас қайраттан” бастаған едіңіз. Одан беріде “Ле
ниншіл жас”, “Социалды Қазақстан”, “Қара шаруа”, “Кеңес туы”,
“Оңтүстік Қазақстан”, “СССР Жоғарғы Советі ведомствосы”
(Москва) секілді баспасөз басшылығында болдыңыз. Бірді-екілі
рет “Қазақ әдебиеті” газетіне бас редактор ретінде қол қойдыңыз.
Ол газеттерде Сіз жазған, жариялаған үлкенді-кішілі мақала көл-
көсір. Оларға “Б.К.”, “Бекен”, “Байкенже”, “Қалдыбай” секілді
бүркеншік есімдер бергенсіз. Көбі өз атыңызбен жарияланған.
Сіздің журналистік қызметіңіз ХХ ғасырдың өн бойына созылып
жатыр. Уақыт нені талап етті, соны жаздыңыз. Халыққа не керек
болды, соны жаздыңыз. Жазу өз алдына, ұжымды ұйымдастырып
жаздырдыңыз.
Арнайы шәкірт белгілеп, осы бағыттағы материалдарыңызды
жинатқан едім. Мақалаларыңыздың біразы әлі маңызын жойма
ған. Ал, көбі уақыт талабына жауап беріп, міндетін атқарумен
шектелген. Демек, бүгінгі күнге жарамайды. Бетке айтқанға өкпе
лемеңіз.
Сіз журналист қана емессіз. Қазақ журналистикасы теориясы
мен тарихын жасаушы жасампаздың бірісіз. “Қазақ баспасөзі
тарихынан”, “Қазақ совет баспасөзі”, “Фельетон туралы” өз
ге де журналистерге жолбасшы боларлық еңбектеріңіз осындай
ой топшылауға итермелейді. Қазіргі таңда журналистика өзгеріп,
түрленіп кетті. Ал, теориясы бәлендей жаңарды дей алмаймын.
Тарихы жаңаша түзілмей келеді. Досыңыз Х.Бекхожин о дүниеге
өзіңізден бұрын аттанған. Ал, сүйікті шәкіртіңіз Темірбек Қо
жакеев жақында дүние салды. Ол Сізге адал шәкірт бола білді.
Ендігі рухтарыңыз табысып үлгерген шығар. “Асыл адам ай
нымас” (Абай) рас болса, арбаның ағаш доңғалағындай айны
малы заманда, Сізге көзіңіздің тірісінде қандай адал болса, сол
қалыпты ұстанып өткен жан – шәкіртіңіз Темірбек Қожакеев! Сіз – үлкен фольклорист едіңіз. Бұл саладағы алғашқы еңбегіңізге ұстазыңыз Мағжан Жұмабайұлы сүйінген. Студент кезіңізде жи нап, жариялаған, өзара салыстырған “Бармақтай бала” – түрік халықтары фольклорын типологиялық зерттеудің басы екен енді ойлап отырсам. “Қобыланды батыр” жыры жайындағы мақа лаңызға ұлы Мұхтар Әуезов “Пәлі, Бешім, мынауың жаңалық» – деп қатты сүйсініпті. «Едіге батыр» – қытымыр қызыл империя ықпалымен түрік дүниесінен ығыстырылып тасталған сәтте жа зылған, ерлікке баларлық мақала! Е.Бекмаханов, М.Ғабдуллин секілді тұлғалардан тартып қазақ тарихшылары, фольклористері “Едіге батырды” күстаналай жамандап жатқан қызыл науқан тұсында Сіздің табандап тұрып, эпосты қорғауыңыз – тірілерді қайдам, Едіге батыр рухы риза болған іс шығар. Кезіндегі жай ғой бұл. Тәуелсіздікпен бірге “Едіге батыр” да ақталды. Шәкіртіңіз – Оразгүл Нұрмағамбетованың құрастыруымен, Рахманқұл Бер дібай алғысөзімен “Едіге батыр” үлкен жинақ болып жарық көр ді. Мұхтар шәкіртіңіздің Едіге есімді баласы бұл тақырыпта “Едіге батыр” аталатын зерттеу жазып, кандидаттық диссертация қорғады. Демек, Сіздің қиын-қыстау сәтте жазған батыр бейіл мақалаңыз бұл күнде фольклористикада жалғасын тапты, дәстүр түзді. Фольклористика тарихын сөз ете отырып Абылай хан, Кенесары тұлғаларына тағзым етер едіңіз. Хан-тұлғадан жерінген заманда “Абылай хан” туралы кітап жазып, ерлік жасадыңыз. Жарық көр ген соң бірер жылдан кейін кітабыңыз зиянды кітаптар қатарында тәркіленді. Кенесары хақында қолдай мақала жазғаныңызды бір көргіш қазақ көріп, жоғарыға көрсетіп, ақыры Орталық Комитет ке кешірім сұрап хат жазып, әупірім-тәңірмен аман қалдыңыз. Есесіне, “Шыңғыс хан”, “Абылай хан”, “Кенесары хан” аталатын тарихи үштіктің екі кітабы жазылмай қалды. Жинаған материал- дарыңыз архивіңізде сақтаулы. Есесіне М.Сералиннің “Топжар ған” поэмасын талдағанда амалсыз, шарасыз коммунистік идео логия жетегіне ердіңіз. Кенесарыны сынайтын шығарма деп, жа мылшы жасап Сералин “Топжарғанын” аман алып қалдыңыз. Шығарма оқулыққа енді, Кенесары есімі ұрпақтар есінде жүрді. Сіздің тарапыңыздан кеткен осы бір кемшілікті көзіңіздің тірісінде түзетіп үлгермедіңіз... Оқасы жоқ, ұрпақтар түсінер... Сіздің ұлы замандасыңыз Мұхтар Әуезовпен достығыңыз бі реуді сендіреді, біреуді сендірмейді. Сенетіндер түсінікті. Сен бейтіндер қиын тағдыр кешкен адамның кейінгі дүбірлеген даң қының құлы. Тас тұғырда тұрған ұлы ескерткішті көреді, көте
ріп тұрған тас тұғырды көрмейді, ұлы адамның тас тұғырға
қалай көтеріліп, ұлы ескерткішке айналу жолын көре алмайды.
Өйткені... Өйткені, олар Әуезов және Кенжебаев достық кешуі
тарих-тағдырын білмейді. Ұлы адамның Сізді өмір бойы “Бешім”
деп еркелете атағанын естігісі келмейді. Жарлары Валентина
Николаевна мен Миңкамал Мұхамедиярқызының бірінің бірі
емшектегі балаларын емізіскенін білмейді олар. Дүние-ғаламға
даңқы кеткен “Абай жолы” эпопеясының алғашқы нұсқасы –
“Абай” романын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Н.А.Скворцовтың (Қазақстандағы бірінші
адам) қарсылығына қарамай, басын бәйгеге тігіп, жарыққа шы
ғарған, кітаптың сүйінші данасын қолына ала отырып “Қазақ
өмірінің энциклопедиясы” (Қ.Шаңғытбаев екеуі) атап мақала
жазған, сөйтіп “Абайдың” жолын ашып, өзінің мансап жолын
құрбандыққа шалғанын, “Абайды” жарыққа шығарғаныңыз үшін
Сізге мансап жолының біржолата жабылғанын бүгінгі жұрт қай
дан білсін. Бүгінде жұрттың көбі “Абайшыл”, бүгінде жұрттың
көбі «Мұқаңшыл». Өздері ашқан, өздері тапқан. Бірер еңбек беріп,
Мұхтартануды, тіпті, Абайтануды өздерінен бастағысы келеді...
Жақында бір досым «Адамзат күнтізбесін» кітап етіп шығарды.
Қарап отырсам, қазақ ұлтынан шыққан ұлыларды қайтсем көбей
темін деп тырысқанын байқадым. Бас-басына билікке ұмтылып,
алтыбақан алауыз болып өзіміз қырқысып, бес-он тиын беріп,
бұхара халықты қырқыстырғанша «бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығарып» бас-бас, қол-қол орнында қимылдап, халқымыздан
шыққан ұлыларды ұлықтаумен бірге, алғы күнде шығар ұлылыққа
қызмет етсекші, шіркін. Ұлылық та, ынтымақ-бірлікке бітетінін
неге ұмыта береміз, осы! Сіздің қабырғаңызға осы жайлар бата ма,
аға?
Ағаны-ағалай алмай, ініні саралай алмай қиналып, өзге құры
лық қолына өтіп, өзге құрыққа ілініп, қырықпышақ болып кетер ме
екен деп қауіптенесіз бе?
Тарих әлі талай түлер. Ұрпақ әлі талай алмасар. Дүниеге боль
шевиктік болмыспен қарап, құдайды ұмытып, обып өткісі келе
тіндер кетер бұл дүниеден. Дүниеге құдайды жүрегіне кіргізіп, ар
көзімен қарайтын қанағатшыл ұрпақ келер. Сіздің бұл саладағы
ерлікке баларлық еңбегіңізді елер. Ең бастысы – Сіздің жанкешті
еңбегіңізді тарих біледі, тарих бағалайды. Ең бастысы – Мұқаң
көзі тірісінде Сізге сенгендей ешкімге сенген емес, Сізді қадір
легендей ешкімді қадірлеген емес. Бұл жалған дүниені былай
қойғанда, бақилық ол дүниеде де Мұқаңмен бірге жүрген шы
ғарсыздар қадірлі Бейсеке!
Ә, айтқандай, “Абайды” жарыққа шығарғаныңыз, “Социа
листік Қазақстанда” арнайы мақала жариялағаныңыз үшін Сіз
ді итсілікпелеп ұрсатын, тіпті жерден алып жерге салып жер
лейтін қаһар-хатшы Мұхаметжан Әбдіхалықов әлі тірі. Ал, Сұл
танмахмұт үшін сілкілесетін шұбар-хатшы Нұрымбек Жанділдин
қаза болғалы біраз жыл. Ол жақта не болып жатқанын қайдан
білейік?!...
Мұқаң демекші, ұлы Мұхтар Әуезов желеп-жебеуімен ХХ ға
сыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеуді өмірлік мұратыңыздың
біріне айналдырдыңыз. ХХ ғасыр басы – әдеби әдіс, ағымдар ми
дай араласқан күрделі кезең. Әлемнің қай шалғайында, жиһан
әдебиетінде сондай құбылыс. Шын ғалым табиғатына тән мі
незбен қазақ әдебиетіндегі осындай қиын кезеңге бардыңыз.
Әруақтар үшін, әрі Сіз үшін қатты қуанған М.Әуезов желеп-
жебеушіңіз, ілгері орындарға хат жазып демеушіңіз болды. Осы
орайдағы тарихи тұлғаның тарихи хаты архивіңізде сақтаулы.
Сізді бұл бір М.Әуезов қана емес, татар М.Ғайнулин, башқұрт
Харисов, Мәскеулік М.Богданова, Жирмунский, Ә.Нәжіп, қырғыз
А.Тоқамбаев, қазақ Ә.Марғұлан, І.Кеңесбаев қатты қолдады.
Қиын кезең, қиын зерттелді. Мәскеу, Өфе, Қазан, Ташкент, Санкт-
Петербург архивтерінде отырдыңыз сарылып. Есесіне қызықты
монография туды. Сол жылдары Сіз қолмен көшірген, фотоға
түсірген материалдар қазір архивіңізде.
Тағдырлы ізденістен толайым табысты еңбектер туды. Баянды
ізденістен бағалы еңбектер, кенеулі концепциялар туды. Партия
айтқызбайтын ақпаратты астарлап айттыңыз, баспалап отырып
баспасөз бетіндегі, архивтегі ұлттық рухты оятарлық мәліметтер
ді, жарыққа шығардыңыз, кейінгі ұрпаққа жеткіздіңіз. Нәтижесін
де Сіз – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің бас зерттеушісіне
айналдыңыз. Әдебиет зерттеу мектебіңіз қалыптасты.
Еңбегіңіз еш болған жоқ. Тарихтан сызылып қалар талай тұл
ға объективті бағалауға түсті. Ұлтты оятуға қызмет еткен талай
діни тұлға “діни оянушылық” өкілі ретінде ағартушылық сатыға
көтерілді. ХХ ғасыр басында Алаш ардақтылары “Оян қазақ”,
“Тұр қазақ” деп жырласа. Ақаң, Жақаңдардың көзін көргендік
танытып, көрегенділік жасап, “ояну дәуірінің әдебиеті” деп тәс
пірледіңіз ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін. Діндар деп әде
биеттен ығыстырылған шоғырды “діни оянушылық” деп тұлға
тұғырына көтеріп, “Кітаби” атап кертартпа деп таныған екінші
шоғырды ағартушы деп шоқтықтандыруыңыз сол оянушылық
туралы концепцияңыздың жемісі.
Айтуға оңай бұл жайлар жазуға, концепция ретінде орнықты
руға келгенде қиынның қиыны болатын. Сіздің бақ күндестеріңіз
Н.Жанділдин, М.Әбдіхалықов, Қ.Бисембиев, Н.А.Скворцов секіл ді азулы хатшылар, айтулы ғалымдар еді. Сіз бәрін жеңдіңіз. Сіздің мектебіңіз қалыптасты. Қазір ол мектепте Сіздің шәкірттеріңіз “қаһарман”. Талай жастар осы мектепке шәкірт болып келіп, қанаттанып аттанып жатыр. Әлі талайы келер... ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті қазіргі таңда Алаш ар дақтыларымен толықты. Сіз Жақаң, Мағжан, Жүсіпбек жайында кеңестік кезеңнің өзінде естелік жазып қалдырған едіңіз. Оларды “қайта құру” жылдары жариялаттым. Әкелі-балалы болып бір шаңырақ астында тұрған он жыл беделінде Алаш ардақтылары жайында талай тұшымды естелік айтып, маған хатқа түсіртіп едіңіз. Оларға кезек келмей жүр. Ұяттымын, кешірім өтінемін, Бейсеке! Менен ештеңе жоғалмайды. Оған Сіз еш күмәнданбасаңыз керек. Егер, түсімде көргендей, қабағыңыздағы қабаржу оған байланысты болса, кешіре көріңіз, һәм еш қам жемеңіз. Аталыбалалы екеуміздің әңгімеміз көне грек философы Плутархтың “Үстел басындағы әңгімесі” секілді дербес кітап болып түзілді. Қазір-ақ жариялауға дайын. Бірақ, кеңестік кезең психологиясында қалыптасып, аярлықпен тіршілігін баянсыз өткізіп келе жатқан көп кісіге жайсыз тиеді-ау деп тартынып жүрген жайым бар. Бәлкім, мен жарық дүниеден өткен соң жарық көрер. Әйтеуір, жерде қалмасына сенемін. Аманаттай көріп, көздің қарашығындай сақтап келемін ол жазбаларды. Сенімді қолда, сенімді жерде... Ал, “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” аталатын бәленбай рет басылым көрген оқулығыңызды “Ғалымның хаты” атап, соңғы сөз жазып, тағы бір рет бастырып шығардым. Оқулықты доктор лық диссертацияңызбен салыстыра қарап тағы бір рет қайта бас тырсам деген ойға бел байлап отырмын. Сіз өзіңіз өмір сүрген дәуірге ояу көзбен қарап, коммунистік империяның мәңгілігіне күманданумен өттіңіз. Бірақ, кім бол ғанда да кісі өзі өмір сүрген қоғамнан тыс бола алмайды ғой. “Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті”, “Шындық жә не шеберлік”, “Жылдар жемісі” – Сіздің өзіңіз өмір сүрген қо ғамға еткен қызметіңіз. Аталған еңбектің алғашқысында Сіз ке ңестік қоғамды дәріптеңкірегендей көрінесіз. “Әдебиет белес тері” кітабыңызға енгізген “Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті” аталатын монографиялық очеркті жүз жылдығыңызға орай дайындаған “Түрік қағанатынан бүгінгі күнге дейін” (“Ана тілі” баспасы) бір томдығыңызға енгізбеген себебім, міне осыдан. Оған өкпелемеңіз. Неге екенін, Сіз ғана емес, алпысыншы жылда ры Сіздің ұлы досыңыз Мұхтар Әуезов те кеңесшілдеу болыпты. Әйтпесе, ғұмыр бойы Алаш рухымен тыныстап келген ұлы жазу
шы Кеңес Одағының бар кәделі сыйлығын қанжығасына бөктер
ген алпысыншы жылдары “Октябрь өркені” секілді коммунисшіл
қып-қызыл мақала жазар ма?! Өзі имандай сенген, сеніскен алаш
орда өкілдерін жамандар ма?! Алпысыншы жылдары жазылған
“Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті” монографиялық
зерттеуіңізде өмірлік идеалыңыз – алаш ардақтыларына қарсы
сөйлемегенмен, шешуші кезеңнің он жылы (20-30) жайында тым-
тым коммунисше сөйлеп кеткеніңізді кеше алмай жүрмін. Тағы бір
оқып, оқу үстінде тағы бір ойланармын...
Ал, өзге еңбектеріңізде Сіз сыншы ретінде өте принципшіл
болдыңыз. Жұрт “Абай” романын жамандағанда, Сіз мақтадыңыз.
Жұрт “Жұмбақ жалау” романын мақтағанда, Сіз жамандадыңыз.
Сәкен, Тайыр, Дихан – Сіз қабылдамаған ақындар. Сәбит, Дихан,
Ілияс (Есенберлин) Сіз қабылдамаған жазушылар. Әдебиеттануда
Қажым, Ысқақ, Төкен, Сағынғалимен жүзіңіз жараспады.
Кеңес әдебиетіне теориялық биіктен қараған сәттеріңіз, жанр
табиғаты тұрғысынан келіп жасаған талдауларыңыз дін-аман.
Сыншы райында Сіз аяусыз айтыскер (полемист) едіңіз. Айтыс
жеке бас дүрдараздығынан емес, ұлт әдебиеті тағдыр талайынан
туындап жататын. Сізді осы мінезіңіз асқақтата түсер еді.
Айтыс дегеннен шығады, Сіздің жарты ғұмырыңызды өзіңіз
отызыншы жылдардан бастап дүркін-дүркін көтеріп, ақыры жет
пісінші жылдары әупірім-тәңірмен орнықтырған – көне әдебиет
мәселесі. “Көне әдебиет” атауы шартты әрине. Әңгіме – ешқашан
көнермейтін, түрік қағанаты кезеңіндегі түрік тектес халықтар-
дың баршасына ортақ “алтын қайнар” хақында. Яки, “көне әдеби
ет» – ешқашан көнермейтін әдебиет!
Бұлардың түрік еді арғы заты,
Жиһанды тітіреткен салтанаты.
Бұл күнде азып-тозып күлкі болған,
Бұлар да сол түріктің жұрағаты. –
деп Сұлтанмахмұт айтқандай, көк түріктен тарай тұра, түрік
дүниесіне ортақ рухани мұраға ие бола алмай азып-тозып бара
жаттық. Күллі түрік халқы бір тамырдан тараса, бүтін түрік дү
ниесі рухани қазынамыздың түп-қайнары – “Орхон-Енисей” ой
ма жазуларына біз – қазақтар да иелік етсек, әдебиетіміздің туу
бастауын “Түрік қағанаты” кезеңінен бастасақ деген арман еді,
Сіздің ойыңыз. Замандастарыңыз түсінбеді Сізді! Түсінбеген мә
селені ғылыми-теориялық конференция күн тәртібіне көтеріп, өз
ара ақылдасып, өзара кеңесіп алу – ғылымдағы мәдениет, ғаламда
бар тәжірибе. Қырқыншы жылдары ойластыңыз – дауға қалдыңыз,
1959 жылы кеңестіңіз – “гөрі әдебиетші”, “надан” деген сөздерден
бастап естімеген сөзіңіз қалмады. Алдында “Абай шәкірттері”
жөніндегі даулы мәселеден аузы күйіп қалған ұлы Мұхтар Әуе
зов те қолдай алмады Сізді. Ауызекі ақылдасқанда қолпаштай
қолдаған, ықыластана мақұлдаған еді. Амал қанша?! Көне әдебиет
мәселесі тағы да ұлт әдебиеті тарихына енбей кешеуілдеді. Өмір
бойы сыйласып өткен Мұқаңдай сыралғы досыңыздың осы бір
сәттегі мінезіне мәдениетті түрде ғана өкпелер едіңіз. Ал, Сізден
гөрі тап осы бір мәселе үшін Қайым Мұхамбетханов досыңыз
көбірек өкпелер еді Мұхаңа! “Бейсекең Мұқаң үшін басын бәйгеге
тігіп, қолынан келген жақсылығының бәрін жасады, ал Мұқаң
Бейсекеңді осындай ең бір шешуші сәтте қорғауға, қорғаудың
керегі жоқ, қолдауға жарамады” – дер еді бетті Қайым аға! (Өті-
рік болса қасыңызға барды ғой, өзінен сұрарсыз). Әруақтың ал-
дында ақ сөйлемеске әддім қане?!
Көне әдебиет мәселесінде Сіз Жирмунский, Малов, Нәжіп,
Сидельников, Феотисов сынды мәскеулік ғалымдармен ұдайы ке
ңесіп отырар едіңіз. Әмір Нәжіп үйіңізге келіп, дастарқан басында
әңгімелескен сәтті көзіммен көрдім. Арнайы шақыртып ҚазМУ
студенттері – бізге Ә.Нәжіп, Кононов, Баскаков, Тенишев секілді
мәскеулік түрколог ғалымдарға дәріс оқытар едіңіз. Өзгесінің жа
йы өзіңізге мәлім. Тенишев іні-досыңыз жақында қайтыс болды.
Рухы саламаттықта болсын! Күллі славян жұрты табынатын жал
ғыз жыр – “Игорь жорығы туралы жырды”, қазақ эпостарын түгел
жатқа білетін, ұлы Абай, хас жырау Махамбет жайында ғажап
еңбектер берген академик Қажым Жұмалиевтің “көне әдебиет”
мәселесіне неге ғана қарсы болғаны маған түсініксіз. Сізді “надан
әдебиетші”, “гөрі әдебиетші” – деп балағаттауын ешқандай әдепке
сыйғыза алмаймын. Қазақстан Жазушылар Одағында болған бір
жиналыста Сіздің идеяңызды қолдай шәкірттеріңіз сөйлесе ке
рек. Сонда Қажекең жарықтық: “– Әй, Бейсембай үргізбе мына
иттеріңді. Мұндай иттің менде мыңы бар!” – депті. Қайран Қа
жекең. Шәкіртімен бақытты ғалым едіңіз Сіз.
Шәкірттерді қабатыңызға алып алғашқы зерттеулерді жүргіз
діңіз.
Шәкірттерді қабатыңызға алып алғашқы оқу құралын – “Ер
тедегі қазақ әдебиеті нұсқаларын” дайындап, кітап етіп шығар
дыңыздар. Қазақ баспасөзі үндемеді. “Вопросы литературы”
ұнамды мақала жариялады. Мәскеулік түрколог достарыңыз құт тықтап хат жазып жатты. Бұл – тыңға салынған түрен еді. Шәкірттерді қабатыңызға алып көне әдебиеттен алғашқы оқулықты жаздыңыз. Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, Қ.Сыди ықұлы, М.Мағауин, А.Қыраубаева сынды шәкірттеріңізбен бірге жазған жоғары мектеп оқулығы “жөргөгінде” тұншықтырылды. Архивіңізде қолжазбаның бір данасы сақтаулы. Бір шәкіртіңіз сол қолжазбаны сұрап еді, рұқсат етпедім. Ортақ істі оңаша лап сұраған шәкіртіңіздің ниетін түсіне алмадым... М.Мағауин, М.Жолдасбеков, Н.Келімбетов, Х.Сүйіншәлиев, Қ.Сыдиықұлы, А.Қыраубаева – Сіз бастаған ежелгі әдебиет саласында жемісті еңбек берді. Әттең, Сіз кейбірін көре алмадыңыз. Қабиболла, Алма шәкірттеріңіз дүние салды. Ежелгі әдебиет десе үркіп қарайтын жандар бүгінде ірі-ірі сөйлейтін әдет тапқан. Кезінде қарсы бол ғандар бүгінде өзі бастамашы болдық деседі. Бәрін де тарих біледі. Бәрін де Сіз білесіз... Өйткені, Сіз ежелгі әдебиет мәселесін тар кезеңде көтеріп, тарих биігіне шығардыңыз. Сөйтіп, өзіңіз де тарихи мектебіңізді қалыптастырдыңыз. Мектебіңіздің келешегі кеніш... Сіз өмірден өтер шағыңызда «Зар» аталатын аманат толғау ын жазып қалдырған болатынсыз. Ұлы Абай рухы Сіздің «За рыңызда» сөйлеген. Абай заманында болған ұлт басындағы мә селе Сіздің заманыңызда асқынып тұрғанын «Зардан» оқып білді қазақ оқушысы. Мереке дос, осыдан біраз бұрын «Біздің қоғам» аталатын кемшілігімізді жаны аши отырып, ортаға салған сүйегі тұтас публицистикалық еңбегін «Ана тілі» апталығында сериялық мақала етіп жариялаған еді. Енді, міне, Мұхтар Мағауиннің «Ұлтсыздың ұраны» аталатын «Зарлы толғауын» жариялап ке леді. Шәкіртіңіз Мұхтар Мағауиннің «Зарлы толғауы» Сіздің дәстүріңізді еске түсіріп отыр. Демек, Абай заманы, Сіздің зама ныңыздағы ұлт тағдырына қатысты мәселелер, қауіп-қатер жағда йы, алмағайып ахуал қазір де бар деген сөз. «Бар» деген сөз бергі жағы. Ол тәуелсіздік деп тамсанып жүргенде ұлт тәуелсіздігі, ұлт тың ішкі бірлігі мәселесі әлсіреп, ұлттық рух құлдырап кеткен секілді. Мұхтар шәкіртіңіз соны айтып зарлайды. Кешегі қызыл империя кезіндегі қазақ тағдырынан қауіп етіп толғаған Сіздің «Зарыңыз» сөйтіп, тәуелсіздік алғаннан соң Мұхтар шәкіртіңіздің «Зарлы толғауына» ұласты. Ұстаз бен шәкірт ұлттық рух хақында ұқсас ойлайды, сабақтас толғайды. Ұстаз рухын ұстану, ұлықтау, дәстүрін жалғау – шәкірттік адалдық.
Әлде, Мұхтар шәкіртіңіз ащы айтқан ұлтсыздану процесін о
дүниеде жатып байқап, соған налыдыңыз ба екен, нар аға?
Қай саланы алып қарасақ та Сіздің көп мәселеде бастамашы
болғаныңызды көреміз. Сіз бастаған мәселелер бұл күнде дәстүр
түзіп, жас ұрпақпен бірге жалғасып кетіп барады, Бейсеке!
Сондықтан, Сіздің ұрпақтарыңызға қапаланатын еш ретіңіз
жоқ.
Ұрпақ дегеннен шығады, Сіз шәкірттеріңізді кіндігіңізден өр
біген ұрпағынан артық көрген зият жансыз. Бұдан он жыл бұрын
90 жылдық тойыңыз тойланбай қала жаздап, Әбіш (Кекілбайұлы)
шәкіртіңіз білек сыбанып араласып, халықтық тойға айналып
өткен. Ол сәтті рухыңызбен сезген шығарсыз кезінде. Мұхтар
Мағауин шәкіртіңіз Сіздің көркем образыңызды жасады. Алма
марқұм маңызды ғылыми еңбегін өзіңізге арнады. Қуандық
Шаңғытбаевтың өзіңізге арнаған өлеңі көпке ұнаған. Естелігі
бір ғанибет! Сіз жайында сағынышты сөздер әр тараптан-ақ шаң
беріп қалып жатады. Мырзатай жақында теледидардан сөйлегенде
“Бейсекең жарықтық, бойын жасырған тұлпар секілді еді” –
деді. “Көп пайдасын көрдім, енді музейіне қоярсың”, деп Қаби
болла Сыдиықұлы бір кітабыңызды, Оразгүл Нұрмағамбетова бір
кітабыңызды маған қайтарды. Екеуінің де дүниеден қайтар шағы
екен. Ұзамай бірінен кейін бірі бақилық болды. Жандары жәннатта
болсын жайсаңдардың!
Кезінде Мәскеуге қызметке аттанып бара жатып, бір ағайынға
сақтай тұруға бір сандық кітап қалдырып, кейін жоғалып, өкінетін
Түркістанда бүгінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-тү
рік университеті бой көтерген, Сіздің атыңыздағы түркологиялық
музей құрылып, аяқталуға жақын. “Тымпи”, “Түрік қағанаты
нан бүгінге дейін”, “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті”, “Шұғыла
сыз күндер суреті” аталатын кітаптарыңыз жақында жарық кө
реді. Көз көрген замандастарыңыздан естелік жаздырып алған
едім. Оны да баспаға ұсынбақпын. Ұлыңыздай көретін едіңіз
ғой мені. Рахмет. Мен де қарап жатқан жоқпын. “Арыстар мен
Ағыстар” аталатын тақырыптық (жанрлық) төрт кітап шығар
дым. Соның бірінде Сіз жөнінде біраз сөйледім-ау. Өміріңіз бен
өнеріңізді телқабыс қарастырып “Ғалым шеберханасы” аталатын
ғұмырнамалық, лабораториялық кітап аяқтадым. Жүз жылдық
мерейтойыңызға тартуым! Музейіңізді ашып, тойыңызға бір ша
шылсам перзенттік борышымды бір мысқалдай болса да ақта
ғандай сезер едім.
Перзентке кенде кісі Сіз емес. Ұлыңыз Суриков атындағы су ретшілер академиясын бітірген тұңғыш қазақ – Шыңғыс Кен жебаев бойындағы бар дарынын халқына иіп беріп, бақилыққа аттанды. Апамыз Шолпан бауырлас Қырғызстанда. Сырқаттау. Гүлнар әпкем бұрынғыша Алматыда. Есен күйеу балаңыз “Тарлан” сыйлығын алды. Қайрат жиен хабарласып жүреді. Ізбасхан, Нышандар аман. Фарида бастаған күллі немерелеріңіз дін-аман... Баян екеуміз Түркістандамыз. Жүз жылдық мерейтойыңыз Қа зақстанда, бірнеше жерде, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия Рес публикаларында аталып өткелі тұр. Өзіміздегі мерейтой комис сиясы төрағасы – Білім және ғылым министрі Ж.Құлекеев. Осы, Сіздің өкпелейтін не ретіңіз бар? Әлде, еліңіз “нарыққа” өтіп, байлық көрмеген байғұс бейіл ұрпақ нарық тұсында парқынан айырылып, ұлттық санадан сырттап бара жатыр деп уайымдайсыз ба?! Тарихи жады жадау, ұлттық санасы сара емес, сары жандарға байлық бітпесе бір бәле, байлық бітсе екі бәле. Байыған адам билік тұтқасын ұстағысы келеді, билік тұтқасын ұстаған адам байыған үстіне байи түскісі келеді. Ұлт деген ұлы ұғым жұрт көшінде ұлыған күшіктей ұлып, Алаштық құндылықтар құлдырай азып-тозып, ұлттық руханият мешеу күй кешіп отыр деп қынжыласыз ба, аға? Мен келешектен үміттімін. Қынжылмаңыз, әзіз аға! Біртіндеп ес жиып, етек жабармыз. Біртіндеп іргелі елге айналармыз. Сиырдың бүйрегіндей қазақ ұлттық, тіпті түріктік тұтастыққа да жетер әлі! Әкемдей болған әзіз адам рухымен сырласып жатып сібірлеп ақ таңның атқанын да білмей қалыппын. Атып тұрдым. Атқарар жұмыс көпте Баян келініңіз екеуміздің Жерорта теңізі жағалауын да жайбарақат жатқанымыз қалай? – дедім іштей. Отанымызға тез қайтамыз. Атқарылған істі жалғап, атқарылар іске қауырт кірісе міз. Ал, Сіз “бұ дүниедегі” дархан бейілдігіңізді “о дүниеде” де білдіріп, тілекші болып жатыңыз. Ұлы рух болып жатыңыз, әз аға! Тойыңыз басталды. Тойыңыз түрік дүниесі аманда тарқамайды әманда. Өйткені Сіз қазақ әдебиетінде қай мәселеге де бастамашы болған пайғамбар пейіл жансыз. Қандай мәселені де жалпы қазақтық өреде, тіпті жалпы түріктік тұтастыққа көтерген, сөйтіп рух тербеген түріктік тұлғасыз! Сізге деген құрметпен,– Құлбек Ергөбек.
БАС БАСЫЛЫМНЫҢ 1937 ЖЫЛҒЫ БАС РЕДАКТОРЫ (Белгілі журналист, жазушы Жүсіпбек Арыстанұлы өмірінен) АВТОРДАН: Олар үшеу еді. Бәлкім одан да көп болуы. Бірақ, бұл үшеуі – өмірлік сапары бала жастан бірге сабақталып, ақыреттік достар болып өтті. “Ғанидың жұлдыздары” атайтын оларды. Бір Ғани ға на емес, күллі Алаш ардақтыларын аға тұтты олар. Алаштық аға лары өсиетіне адал олар адамзаттық құндылықтарды қастерлеп, азаматтық биігін аласартпай, қадірлі өтті мынау өмірден. Олар – Бейсембай Кенжебайұлы, Өтебай Тұрманжанұлы, Жүсіпбек Арыстанұлы! Бірі ұлттық ғылым ағасы, бірі – қазақ балалар әдебиеті ағасы болып өткен арыс тұлғалардың алғашқы екеуі жайында арнайы ғұмырнамалық зерттеу кітаптарын жаздым. Ал, ардақты Жүсекең Арыстанұлы жөнінде қаламды аздау қимылдатыппын. Жазғаным – бірді-екілі мақала ғана! Шынтуайтында, өмірде көп кездесіп, ағалы-інілі болып, көп сырласқан ардақ тұлғаның бірі еді Жүсіпбек Арыстанұлы! Жүсіпбек аға қан қысымынан миына қан құйылып, бір қол, бір аяғы сал болып төсек тартып жатып қалған Бейсембай досының көңілін сұрап жиі-жиі үйге келер еді. Көз жанары көрмейді дерлік әлсіз, құлағы тас керең дерлік нашар еститін Жүсекеңмен әңгіме, дүкен құру бір ақырет! Ол кісі келеді. Бейсекеңнің ха лін сұрағыштайды. Әдеттегідей үні ашық. Құлағы естімейтін адамдарға тән мәнермен үйді басына көтеріп айқайлап сөйлейді. Өйткені, өз дауысын өзі естімейді ғой. Досының есен-саулық сұ рауына тілі байланған Бейсекең балаша былдырлап жауап береді. Тілі түсініксіз. Жүсекең жәудіреп маған қарайды. Мен Бейсекең нің әлсіз де түсініксіз үнін түсінікті ұғымға айналдырып, тамағым ды кенеп Жүсекең досына айқайлап айтамын. Жүсекең жарықтық бәрібір естімейді. Ұлдарым жалма-жан қалам-қағаз ұсынады. Мен Бейсекеңнің жауабын ірі-ірі әріптермен ақ қағазға түсіріп ұсынамын. Ендігі бір мәселе – Жүсекең көзі көрмейді. Айбақ-сайбақ ірі жазуларды оқи алмайды. Ұлдарым жалма-жан үлкейткіш шыны әкеліп ұсына қояды. Жарым ас бөлмеде! Міне, көз-құлағы бірдей 90-95% мүкіс Ж.Арыстанұлымен жиі кездесіп, осылай ұғысар едік. Кейде Жүсекең үйде күні бойы болады. Кейде біраз отырып қайтады. Ал, күні бойғы әңгіме тек Бейсекеңнің халын сұраудан тұрмасы және белгілі. Әңгіме арнасы бір уақ Жүсекеңнің өзінің тағдырына бұрылады. Тағдыры – ауыр.
Қызылорда облысы Қазалы қаласында жарық дүниеге келген.
Жетім баланы Ғани өзімен бірге Ташкенге ала кетеді. №4-ші же
тім балалар үйіне әкеліп орналастырады. Жетім балалар үйінде
Бейсембай Кенжебайұлы, Өтебай Тұрманжанұлы, Нұртас Оңда
сынов, Бектас Шынарбаев, Бейсембай Қасқырбаев, Аалы Тоқом
баев секілді балалар тәрбиеленіп жүрген. Жүсекең де өзі құралпы
көрген көздердің қатарына қосылады. Обалы не, жақсы оқиды.
Ұстаздарын айтсаңызшы, ұстаздарын! Әмин Мәшһүрұлы Жүсі
пов – ұлы ақынның “Өзінен өте туған” (М.Жүсіп Көпеев) ұлы,
Садуақас Оспанов (дирижер Тұрғыт Османовтың әкесі). Екеуі де
алаш ардақтыларымен тығыз байланыстағы ағартушылар!
Балалар үйінде үздік оқыған балаларды басшылық Мәскеуге
И.В.Сталин атындағы Күншығыс еңбекшілері коммунистік уни
верситетіне оқуға жібереді. Олардың арасында ерлі-зайыпты Ға
ни-Сара басқаратын. “Жас қайрат” газетінде тырнақалдылары жа
рияланып, қанаттанған Бейсембай, Өтебай, Жүсіпбек – үш дос бар
еді.
Олар мұнда большевизм көсемі В.И.Ленинді көзбен көрді.
В.И.Ленин өлгенде университетке алдымен Троцкий келіп, қо
ғамның ендігі ыңғайы жөнінде лекция оқып кете салысымен,
И.В.Сталин келіп оның көзқарасын теріске шығарып, өз көзқа
расын таңып, лекция оқиды. Ғани Мұратбайұлы, Нәзір Төреқұл
ұлы, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Садықбек Сапарбеков
шәкірттер арасында жиі болар еді.
КУТВ университетін тәмамдаған соң Жүсекең 1925-30 жыл
дар аралығында Сырдария және Жетісу губерниясында губер
ниялық газет редакторының орынбасары, жергілікті партия-кеңес
мектебінің басшысы, нұсқаушы қызметтерін қос-қабат атқарады.
Ташкентте тәжірибе мектебінің, Алматыда педагогикалық тех
никумының директоры, ҚазМУ-дің оқытушысы қызметтерін ат
қарғаны бар.
1930-33 жылдары Мәскеуге барып Қызыл профессура инс
титутында оқиды. Оқи жүріп, бір кезде өзі қанат қаққан ұясы –
КУТВ-да сабақ береді. Экономика институтында экономика ка
федрасы меңгерушісі қызметін атқарады. Оқи жүріп, қызмет атқа-
ра жүріп, Мәскеу маңындағы Подольский ауданы, Грибно стан
сасындағы үлкен зауытта екі жыл насихатшылар семинарын бас-
қарады Жүсекең. Жап-жас бала. Пар-парлап, қос-қостан қызмет
атқарады. Уақыт талабы сондай! Жалындап жану керек! Бәріне
үлгеру керек. Большевиктік идеология әсері. Жүсіпбек Арыстан-
ұлы да уақыт рухымен оянған, идеология күш-қуатымен қанаттан
ған қазақ жастарының бірі! Архивімде Жүсіпбек Арыстанұлының
сол кезде түскен фотосуреті бар. Зер салып қарасаңыз – жалында
ған жасты көресіз…
Қызыл Профессура институтын аяқтаған Жүсіпбек Арыстан
ұлы Қазақстанға оралады. Өндірістей иіннен дем алған қызу еңбек
көрігі. Партия-кеңес қызметі. Ауыл шаруашылығы саяси бөлмінің
бастығы, партия тарихы институты директорының орынбасары,
марксизм-ленинизм классиктері шығармаларын бастыру жөнін
дегі бас редактор. “Қазақстан коммунисі” журналы бас редакторы
орынбасары, бас редакторы. 1937 жылы Қазақстан Компартиясы
1 съезі болады. Онда Ж.Арыстанұлы “Социалды Қазақстан” газе
тіне бас редактор, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бюро мүшелігіне кандидат болып сайланады.
Қызу науқан. Екі көз бір-бірін шұқып алғысы келеді. Қаптаған
“халық жауы”. Күнде бірін-бірі саусағын шошайтып көрсетіп,
үстінен арыз айдап арандатып жатқан “қырағылық”. “Социалды
Қазақстан” басшысы сондай “әшкерелеуші” күйелі мақалалардың
бірін жарияласа, бірін жарияламайды. Әсіресе, адалдығына көзі
жетсе, ондай азамат жөнінде жалалы мақала жарияламайды. Ая
ғымен жүріп “қаралы” мақала ұйымдастырмайды. Есесіне, қырағы
көздер оның азаматтығын алаяқтық, көзбояу, жаулық деп көрсетіп,
арыз ұйымдастырып, әшкерелеуші мақала жаза бастайды.
Алды арызға толып қалған Қазақстан Компартиясы Орталық
комитетінің бірінші хатшысы Л.Мирзоян бас редакторды өзіне
шақыртады.
– Жағдай қиын. Қол астымнан адал азаматтарды суырып әкетіп
жатыр. Сенің үстіңнен де арыз көбейіп кетті. Адалдығыңды білем.
Бұлардікі – жала! “Халық жауларын” әшкерелемейді дейді.
Қазақтар “Мырзажан” атап кеткен Мирзоян шын жаны ашып,
шынайы тілегін жеткізді. Ақылдаса отырып, уақытша “Қазақ мем
лекеттік баспасына” директор болып бара тұр. Науқан басылған
соң орныңа әкелемін” – деді.
Жүсекең келісті.
Ұзамай Л.Мирзоянды Мәскеуге шақырып әкетті. Қайта орал
мады. Аққа жақтасып жүрген адал азаматқа кір жұқты. Ол да
“халық жауы”! Ұзамай Жүсіпбек Арыстанұлы ұсталды.
Өзі де пісіп-жетіліп отырған процесс. Дегенде кейін қазақ
әдебиетінің тарихын зерттеуде үлкен орны болған Есмағамбет
Ысмайыловтың “Әдебиеттану ғылымына кіріспе” аталатын еңбегі
қолжазбасына жанашыр пікір айтамын деп құтылмас пәлеге қа
лады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы жасаған теориялық
оқулық жабылып қалып, теория оқулығын коммунистік рухта
жасасам деп талпынып жүрген талантты әдебиетші сыншы
В.Г.Белинскийдің “Критика – мать литературы” деген пікірін қате
түсініп “Әдебиеттен бұрын сын пайда болған” деп пікір сабақтап
жіберсе керек. Теориялық оқулық жасаудағы алғашқы тәжірибенің
бірі. Кәкірсіз, қылаусыз қайдан болсын?! Өзге де кемшіліктерін
қамқор көңілден көрсеткен екен Жүсекең. Көрсетіпті де “халық
жауы” болып шыға келіпті.
Әрі қарайғы жағдай айтпаса да түсінікті. Күндіз-түні ұрып-
соғу. Зәбірлеу де жәбірлеу. Әупірім-тәңірмен атылудан аман қал
ған Жүсіпбек Арыстанұлы 1937 жыл зардабынан екі рет сотта
лып, ұзын-ырғасы жиырма жылдай Красноярск лагерінде айдауда
болып оралды.
Архивімді ақтарып отырсам, Жүсіпбек Арыстанұлы айдауда
көрген зәбір-жапа, шеккен азабын дербес әңгімелеп беріпті маған.
Қырық-елу беттік қолжазбаны бетке ала Жүсекең өмірінен деректі
хикаят жазсам ба деген ойға тірелдім. Әзіргі әңгіме арнасын
басқа қиянға бұрамын. Ол архивімде сақталған диалог жазбалар
жайында.
Жүсекең екі рет сотталып, азапты әбден тартып, көз, құлақ,
өкпе дегендей бірсыпыра денсаулықтан айрылып оралады.
Түрмелерде көрген азабын көңіл түкпіріне жасырып, марксизм-
ленинизм институтында аудармашы, редактор болып қызмет
атқарды. Өзі бала жаста өлшеусіз жақсылығын көрген жастардың
жалынды жетекшісі – Ғани Мұратбаев өмірінен “Жалынды жү
рек”, “Таң жұлдызы”, Жетісуда үзеңгілес қызмет атқарған қа
йырымды қайраткер Ораз Жандосов тағдырынан “Сұңқар да
жерді мекендейді”, “Жер ұйығы – Жетісу” секілді деректі көр-
кем шығармалар жазды. Тәрбиесін көрген алдындағы ағалары,
қатар жүрген замандастары жөнінде “Естен кетпес есімдер” ата
латын портреттік естелік кітабын жазып, жариялады.
Ол – өмірге адал еді.
Адалдығының әсері шығар, қанша азап көрсе де, өзінің адам
болып қалыптасуына ықпал еткен азаматтар “халық жауы” ата
лып, атылып кеткенде де оларды ұмытпады. Олардың өмір жолын
өз шығармаларына арқау етті. Ақталғанға дейін есімдерін өзгертіп
алып кейіпкер етіп бейнеледі. Ақталған соң әрқайсысын өз аты
мен атап, қайта таңбалады. Дұрыс жасады Жүсекең. Өйткені, ол
қаламгер ретінде – документалист. Сонымен қатар, ол кейіпкер
етіп алған адамдар өмірде сом жаратылған, алдымен өмірде тұл
ғаланған жайсаң жандар еді.
Ол – өнерге адал еді.
Шығармаларында өмір ағысын қапысыз бақылап, шындықтан
ауытқымай жазды. Ал, “Естен кетпес есімдер” естелік кітабы оған
дейін әдебиетте әңгіме бола қоймаған жандар тағдыры жайында
толғауымен қымбат.
Өмірдегі шынайылық, өнердегі шыншылдық оны өмірде абзал
азамат, өнерде көрнекті документалист жазушы ретінде қалыптас
тырды.
Әрине, арманы көп еді Ж.Арыстанұлының. Қандай арман?
Оны күні бұрын жалаңаштап жатпай, сұхбатқа қалдырайық. Сұх
батта күнделікті өмір көрінісі де, ауыр тағдыр ізі де, шығармашы
лық сыры да бар.
31 желтоқсан, 1985 ж.
Қоңырау қағылды. Жүсекең екен. Жүсіпбек Арыстанұлы.
Бейсекең құрдасы, досы. Жаңа жылмен құттықтай келген беті.
Қарт кісілердің кездесуі мұңдылау ғой. Бейсекең төсекте
жатыр. Жүсекең – еңкейіп құшақтап сүйді.
– Сүйретіліп зорға жеттім. Тірі екенімді білдіріп кетейін деп
келдім, Бейсеке.
– Рахмет, – дейді Бейсекең, – жатыс мынау. Балаларға масыл
болып.
– Бәрібір естімеймін, – деді Жүсекең. Шамасы қал қалай деп
сұраған болуың керек. Құлақтан қалғаным қиын болды. Кем
піріммен ымдасып сөйлесемін. Өзге жұртпен қағазға жазып сөй
лесемін. Көрген күнді итке берсін. Ескі жылдан сүйретіліп аман
шықтық. Жаңа жылда тағдырдың жазғанын көрерміз.
Ауруханада жатып шықтым. Құса беремін. Ана пәле ауру келіп
қалды ма деп қорыққан едім, дәрігерлердің айтуына қарағанда
одан аман секілдімін. Өт дұрыс жұмыс істемейтін көрінеді. Сол
асқазанға құйылып кете береді-ау, шамасы. Құйылғанда асқазанды
ашытып, күйдіріп кетеді. Лоқсып-лоқсып құсамын кеп. Қалам
ұстаудан қалып барамын. Әлгі екі романымды қайта қарау арма
ным еді. Оны үлгердім.
Көзім сау болса, әрине, әлі де пісіре түсер едім. Оған енді мұр
ша қайда? Дегенде бұрынғыдан недәуір дұрысталдым. Ұрпаққа
қалдыратын сөзіміз азды-көпті сол екі кітап (“Таң жұлдызы”,
“Жер ұйығы – Жетісу” кітаптарын айтып отыр Қ.Е.).
Енді “Естен кетпес есімдер” естелік кітабын тұтасқан мемуар
кітап етіп жазамын ба деймін. Қайдан білейін тағдырдың мұрсат
берер-бермесін деді.
Бейсекең тыңдап жатыр.
– Өтебай жайлы естелік жазамын ғой деген едім, ауру мұр
шамды келтірмеді – деді Жүсекең маған қарап.
– Ұяттымын. Сексен жылдығына үлгермегенмен, көзім жұмыл
ғанша жазып кетуге тиістімін.
Жүсекеңнің бұл әңгімені маған қарап айтатын себебі – Қа
зақстан Жазушылар Одағында Ө.Тұрманжановтың 80 жылдығы
на арналған мерейтой комиссиясы құрылған. Комиссия жауапты
хатшысы ретінде Жүсекеңе естелік жазыңыз деп құлаққағыс ет
кенмін. Шамасы, соған берген жауабы. Ұятты кісінің ұялуы. Бі
рақ қалам алып қағаз сызу былай тұрсын, қалт-құлт басып әрең
жүргенін көріп отырмын. Не өкпе бар?!
Жүсекең әңгімесін жалғады. – Біз Өтебай, Бейсембай, Ілияс
(Қабылов) төртеуміздің іргеміз ажырамаған жандармыз. Сол төр
теуден қалған жалғыз дос – Бейсембай. Айында көрмесем Бей
секеңді сағынамын. Содан әлсіз денсаулыққа қарамай тартып ке
темін. Келіп көріп кетсем көпке дейін көңілімдегі күдік сейіліп,
тып-тыныш тіршілік кешемін. Содан кейін қатарымнан және бі
реу кетіп қалғандай көңілімді күдік билей бастайды. Бейсекең
қалқайып серіктесіп жүре тұрса дұрыс болар еді. Қайдан білейін?
“Естен кетпес есімдер” кітабын мемуарға айналдыра алмасам,
орысша жазылған үш-төрт естелікті қоссам, Өтебай жайында ес
телік жазып, кітапты қайта қарап, қайта бастырсам деймін. Кім
білсін ойымның жүзеге асар-аспасын?!
«Жұлдыздың» он екінші санынан Өтебай жайлы мақала оқы
дым. Жақсы екен. Екі деректе дұрыс келтірілмеген секілді.
– Қандай дерек?
Сұрауды жалма-жан қағазға жазып, ұсындым. Нашар көретін
көзімен үңіліп оқыды.
– Біріншіден, Өтебай Алматыға 1931 жылы келді депті. Біз,
Өтебай бәріміз 1928 жылы келген едік.
Екіншіден, Өтебай бір топ кісі болып Ташкент жазушылар
Одағы жанынан қазақ жазушылар ұйымын ашты депті. Меніңше,
Алматыда – ҚазПИ – жанынан әдебиет үйірмесін ашқан еді Өтебай.
Үшіншісі және бар. Өтебай – профессор болды депті. Қор
ғамаған кісіге профессорлық атақ бере ме? Баяғыда мен жазған
бір мақалаға байланысты газет қызметкерлері мені профессор
етіп көрсетіпті. Мен профессор емеспін. Профессор міндетін ат
қарғанмын.
ҚазМУ 1934 жылы құрылды деп жүр ғой. Бұл қате. 1929 жылы
ашылған. Ораз Жандосов ұйымдастырды. Санжар Аспандияров
бірінші ректоры болды. Ұйымдастырушылар арасында мен де
болдым. Сонда Димаш Ахметұлы Қонаевқа бір жыл сабақ бер
генмін. Профессор міндетін атқаратын кезім – сол! Тарихи дерекке
сақ болған жөн. Біздің көзіміздің тірісінде ҚазМУ 1934 жылы
құрылған болып жүр. Біз кеткен соң не болмақ?
Шалдың іші толы әңгіме, дерек, мемуар екеніне көзім жетті.
Жалма-жан қағазға жазып сұрау бердім:
– Шығарма жазсам деген арманыңыз сондай көп. Бұл – жақ
сылық! Егер жазуға көзіңіз жарамаса, айтып отырыңыз, қағазға
түсіріп берейін.
Ақ қағазды Жүсекеңе ұсындым.
Оқып шығып Жүсекең күлді.
– Бір шал аздай, мен қайдан міндет артайын саған?! Әлде екі
шалды қоржын секілді теңдеп иығыңа артып аласың ба?
– «Қоржын-шалдар» жайында естелік жазып бұлдаймын ғой
кейін. Еткен қызметтің өтеуін солай өтемеймін бе?
Қағаз ұсындым.
Оқып шығып Жүсекең мейірлене күлімсіреді.
– Мұратыңа жет, айналайын. Егер өзімнің шамам келмей бара
жатса, айтайын өзіңе.
– Екі кітабыңызды жинақтап мақала жаздым.
– Қайда бердің?
– «Қазақстан коммунисі» журналына.
– Мейлің сына, мейлің мақта. Шаруам жоқ. Сендерге мақала
жазуға арзитын еңбек берген болсам, арманым не?
– Олай демеңіз. Сіз қазақтың деректі прозасына үлкен үлес
қосқан қаламгерсіз.
– Ниетіңе рахмет!
Қағазға жазып, сұрау-жауап формасында осылай сөйлестік.
– Бейсеке – деді әлден уақытта ол, – Ғани тәрбиесін көрген,
Өтебай, Ілиястармен қатар жүрген жандардан қалғаны екеуміз
ғана. Мықты болайық. «Арбайт қолыңды, аларт көзіңді, берме құ
дайға жаныңды». Жаңа жыл құтты болсын. Амандық болсын!
Рұқсат ет. Мен жүрейін. Қос қария сүйісіп қоштасты.
Жүсекеңді үйіне қарай шығарып салып келемін.
– Баяғыда – деді ол, – мен оқытушы болып жүргенде С.Сей
фуллин оқу бағдарламасын жасауға жәрдем еткен еді. Мен сол
Сәкен жасасқан бағдарламамен оқытушы едім. 1937 жылы ұста
ғанда көп-көп қағазбен бірге ол бағдарлама да қолды болды…
Жүсекеңді үйіне жақындатып әкеліп салдым.
Қаншама қиындық көрсе де мойымаған Жүсіпбек Арыстанұлы
арыстан кеуделі жан. Тік жүріп, тік тұрар еді.
Ту сыртынан қарағанда арыстан кеуделі Жүсекеңнің бір түрлі
шөгіп қалғанын байқадым. Жүрегім езіліп кетті. Жүсекең қарта
йып қалыпты… Қайран қарттар-ай!
14 қыркүйек, 1986 жыл. – Халіңіз қалай? – Жаман емес. Көз бен құлақ қинап жатыр. Дәрігер шілде, тамыз, қыркүйек, қазан демалдырады. Сосын қыстай құстырады. Хал осы! Екі мәселемен келдім. Бірі – Бейсекеңнің халін білу. Екіншісі – сендерге бақшамнан алма ал деп айту. – Саяжай қайда? «Каменское платода». 1965 жылы алғанмын. Биыл 21 жыл болды. Бұрын ол жерде қазақтар бие байлап, қымыз сауады екен. «Овсянное поле» – «сұлылы жер» аталған. Өйткені, тұрғылықты кісілер арпа, сұлы егеді екен. Өзім өсірген ағаш қазір өзімнен биік. – Аптаның қай күндері барасыз? – Ертең, бүрсүгіні барамын. Демалыс күндері сонда боламын. – Мен осы аптада машина табамын. Барайын. Саяжайыңызды көрейін. – Лимон, апорт алатын болып кел. Босқа төгіліп жатыр. Дүй сенбі, сейсенбі күндері жалғыз боламын. Келіңдер, айналайын! Жүсекең сәл дамылдады. Сөйтті де: – Шақпақ Артықбаев қайтыс болды – деді. – Газетке шықты ма? – Шықты. «Лениншіл жасқа», «Вечерняя Алма Атаға» шықты. Былтыр кемпірі, екі баласы қайтыс болған. Соны көтере алмай қайтыс болды, байғұс. Кәрі жолдастың бірі еді. – Шолпан көшіп келді ме? Жүсекеңді жәбірленген көңілсіз ойдан өзге өңірге бұрғым ке ліп, қызы туралы сұрап едім. Шолпан Шымкентте тұрады. Күйеуі қайтыс болып, Алматыға бала-шағасымен қоныс аудармақшы еді. – Шолпан көшіп келді. Шымкент орталығында 4 бөлмелі үйі бар еді. Соны Алматыға «Тастаққа» 2 бөлмелі үйге ауыстырып келді. – Жақсы болыпты. Қонысы жайлы болсын. – Рахмет, айналайын. – 1937 жылы шілдеде Қазақстан Компартиясының І-съезі бол ған. Мен ол съезде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бюро мүшелігіне кандидат болып сайландым. Әрі «Социалды Қазақстан» газетіне бас редактор болып тағайындалдым. Ұзақ жылдық айдаудың алдындағы аласапыран кезең ғой ол. Міне, сол съезге 50 жыл толады келер жылы. Саяси датаны жамылшы ете отырып, бірсыпыра адамдар тағдыры жайында жазсам ба деймін.
Әрі өзім бастан кешкен қасіретті де бұқпалап отырып айтуға болады деп ойлаймын. Қазір соған дайындық ретінде басымды тынықтырып жүрмін. Саяжайда көбірек болатын себебім содан. Жаза алмасам, өзіңе айтамын. Жәрдем бересің. – Болсын Жүсеке! Ойланыңыз, толғаныңыз. Сосын айтарсыз. Ал, қазақтан шыққан тұңғыш елші, елші ғана емес, өзіңіз айтқан дай «Дуаен» ағаңыз Нәзір Төреқұлов өмірінен жазбақ шығарма ңыз не халде? – Е, е, Нәзір ағайды айтасың ғой. Ол бір адамжаным кісі еді ғой. Бізге қаншама қамқорлық жасады. Өзі көп тіл білетін білімпаз болатын. Әкесі мақтамен сауда жасаған кісі. Анасы тәжік қызы болған. Қоқанда туған еді Нәзір. Әйелі – татар қызы. Өзіміз көрдік. – Ол бір үлкен бұйым болар еді. Көзім жақсы көретін кезде Сауд Арабиясына барып қайтқым келген. Нәзір Неджд деген қа лада тұрған. Сауд Арабиясының сол кезгі астанасы. Картадан көр дім. Теңіз жағасында екен. Әдебиеттен оқу бар да, көзбен көру бар. Екеуі екі басқа. Көзбен көргенге не жетсін? Нәзір Бағдадта, Египеттің астанасында да көп болды. Араб газеттерінде жазылған мақалалары көп. Тіл білген адам барса, сұрастырса, шіркін. Қо қанда туған дедім ғой. Оның сонда тұрған үйін табуға болады. Ны санбек деген азамат «білемін» деген. Қоқанд, Әндіжан жағында жасымда мен де болғанмын. Басмашыларға қарсы соғысқанмын. Қазір сонда Нәзірдің ағайындары тұрады екен. – Архив жағдайы қалай? Нәзір жайлы материал жинадыңыз ба? – Громыко сыртқы істер министрі болып тұрғанда 1973 жылы тарих инстиуты атынан қағаз алып барғанмын. Сонда Громыко- ның жәрдемшісі қабылдады. Ол – 15 күн бұрын Громыко аты на қатынас арыз жазасыз. Ол кісі рұқсат етеді. Және бөлме да йындатып қояды. Сонда жұмыс істейсіз, деген. Кейін көзім жа рамай қалды. «Внешняя политика СССР» аталатын 1930 жылдан жылма-жыл жарық көретін жинақ бар. Ежегодник. Сонда Нәзір жайлы материал көп. Содан көп материал алғанмын. – Қазақстан архиві ше? – Онда ешнәрсе жоқ. – Мәскеу архивінде ше? – Е, онда біраз материал болады. Нәзір Сауд Арабиясында сегіз жыл қызмет атқарды. СССР-дің өкілі болып істеді. Өзге елдерден келген елшілердің, өкілдердің басшысы, жетекшісі болған Нәзір. Алғыр еді ғой Нәзір ағай. Ол сонда Фейсалмен дос болады. Фей салды СССР-ға алып келген Нәзір. СССР-ге келгенде әмір еді, кейін король болды. Сауд Арабиясымен сол Нәзір тұсында ғана
қарым-қатынас болды да, кейін үзіліп қалды. Себебі Сауд Арабия-
сы Нәзір ұсталған соң СССР-ға сенімсіздік танытты. Нәзір ағай
Сауд Арабиясынан келген соң Мәскеу мемлекеттік университетін
де профессор ретінде сабақ берді. Міне, осы кезең материалдары
Мәскеу архивтерінде болады.
Бұрын Ташкентте Түркістан орталық атқару комитетінің тө
рағасы, тағы басқа қызмет атқарған өмір жолына байланысты
материалдар менде бар.
– Ең маңызды тақырып осы Нәзір Төреқұлов болар еді.
– Оған дау жоқ.
– Нәзір өзбек пе, қазақ па?
– Өзбек ағайын қазақтарды өзбек қылып жатыр. Сұлтан Се
гізбаевты «өзбек» етіп алды. Әйтпесе, жиырмасыншы жылдар-
дағы Ташкенттегі, тіпті жалпы Өзбекстандағы басшы қызметкер
лердің көбі қазақтар болатын. Нәзір қазақ.
– Қай жердің қазағы?
– Арғы түбі қай жердікі екені белгісіз. Біз ол кезде жүз, ру
сұраспайтын едік қой, қарағым. Ру сұрау – елді ірітетін бәле ғой.
Бұрын Орта Азиядағы тілмаштың көбі қазақ еді. Әкесі Қоқанда
тілмаш-ты. Кейін коммерсант болды. Шетелге мақтамен сауда
жасаған. Нәзірдің шешесі тәжік дейтін. Әкесі қазақ. Бәлкім төре
болар. Санжар төре еді. Сонымен жақын жүруші еді. Кім білсін.
Әйтеуір, Сауд Арабиясы жөнінде көп кітап жинадым. Себебі,
мәлімет алу керек. Өзім білгенім өз алдына, сол тақырып жайлы
әдебиеттерді жете зерттеп аламын. Өйтпейінше жаза алмаймын.
Қазір менің ойлап жүргенім, конфискация уақытын шағын
повесть етіп жазсам деймін. Соны өз атымнан – бірінші жақтан
баяндасам ба, әлде үшінші жақтан баяндасам ба деп ойланып
жүрмін. К.У.Черненко атындағы заставаның отызыншы жылдар
дағы начальнигімен бірге түскен суретім бар үйде. Бұл да маңыз
ды. Бірақ, мен бір тақырыпты әбден зерттеп алмай қалам тартуға
қорқамын.
25 қазан, 1986 жыл.
– Қалайсыз?
– Ала жаздай бір жол жазғаным жоқ. Біріншіден, миым шаршап
қалған, екіншіден, денсаулық нашар. Ала-жаздай саяжайда болып,
саулық жөндедім. Қазір дікілдеп жүремін. Енді жазуға ықыласым
бар. Бірақ өзім жазғанды өзім ажырата алмаймын. Екі-үш лупа
жарамай қалды. Төрт лупамен ғана қызмет істеп жүрмін. Енді
көктемге дейін жұмыс істеуім керек. Жазатын нәрсем көп. Ол үшін
партархивте отыруым керек. Мүмкін біраз нәрсені бірге жазармыз. Көрерміз… – Ең бастысы сұлбасын қағазға түсірсеңізші. Сырласуына бо лысайын. – Жарайды. Менің саған айтайын дегенім 27-қазанда қырғыз жазушылары Қазақстанға келетін көрінеді. Менің шығармала- рымда «Таң жұлдызында» Османқұлов, Оразбеков деген кейіп керлерім, үлкен қайраткер болған қырғыздар бар. Анау Асайын ның тегі де қырғыз. Өйткені, Қазалыда бір ауыл қырғыз тұрды, қайдан қалай келгенін білмеймін. Содан шыққан жігіттің бірі – Асайын. Қазақ болып жазылып жүрді. Оразбеков Қырғызстан Ор- талық Партия Комитетінің хатшысы болған. Мәскеуге қарай әрібері өткенде қазалылық қырғыздар мал сойып, алдынан алып шы ғатын. Сөйтіп жүріп ол қырғыздар Қырғызстанға көшіп кетті… «Жер ұйығы – Жетісу» романында Жүсіп Абдрахманов деген қырғыз жігіті бар. Ол – Оспанқұл Әлиев. – Ол да атылды ма? – Ол өз ажалынан өлген болу керек. Роман жазып жүргенде Бейсекең қырғыз газетінде басылған материал берген. Соған қарағанда тірі секілді еді. Абдықадыр Оразбековті қырғыздар Амангелді секілді батыры санайды екен. Жүсіп Абдрахманов жеке адамға табынудың құр баны. Байжарасов естелік жазған екен. Қырғызстандықтар «әлі ақталмаған адам» деп материалын баспапты. Содан ол менің кі табымды жіберіп, өзінің естелігін басуды өтініпті. Усубалиев рұқ сатымен Байжарасов материалы Қырғызстан газетінде жарияла нады. Міне, менің қырғыз қайраткерлерімен байланысым. – Қырғыз кейіпкерлеріңіз жөнінде мақала жазып бермейсіз бе газетке? – Тез жаза алмаймын ғой. Әйтпесе, қатып кетер еді. Оспанқұл Әлиевті көрген, білген адамым. 1923 жылы басмашыға қарсы соғыста Шмионда саяси басшы болдым. Сонда төңкеріс комитеті бастығы Оразбеков еді. Екеуміз бірге қырғыз ауылын араладық. Бірде бізге жантартатын кісілер басмашылар келіп қалды деп екеумізді ауылдың (Шмионнан 25 км) екінші бетінен шығарып жіберді. Біз өте жақын қатынаста жүрдік. Сөйткен Абдықадыр Оразбеков кейін Қырғызстанда хат шы болды. Ол Түркістан кезі ғой. Ол кезде қазақ, қырғыз аралас жатушы еді. Бүкіл қырғыз, Жетісу қазақтары Жетісу губерниясы на қарайтын. Ол кезде қырғызда Нарын, Пішпекте Бәрібаев істеді. Жетісуда Абдрахманов істеді.
Қасым Тыныстанов – Мағжан секілді лирик еді. Ташкентте болды. Кейін ұсталып кеткен болу керек. Қазақ-қырғыз ағарту институты бір болатын. Ташкентте «қа зақ-қырғыз» дейтін. Ол – Аалы Тоқамбаевтың жаңадан жаза бас таған кезі болатын. – Бейсекең 25 баспа табақ кітап шығарды. Сізге апарып бере мін. – 1987 жылы Қазақстан Компартиясының І-съезіне 50 жыл то лады. Мен ол съезде Қазақстан КП Орталық комитетіне кандидат болып сайландым. Келер жылы осы тарихи датаға байланысты біраз естелік мақала жазуым керек. Менде түк денсаулық жоқ. Аздап ауруханаға жатып құдайды алдап жүрген адаммын. – Қиыншылықты көп көрген адамның 83-ке келуі жақсы емес пе? – Төртеу едік. Өтебай, Бейсембай, Шақпақ. Өтебай бұрын өлді. Шақпақ биыл өлді. Бейсекеңнің жатысы мынау. Зорға жүрмін ғой, зорға! АВТОРДАН: Қағазға жазып сұрау беріп, жауап алудың кейбір үлгілері – осы лар! Көп секілді еді. Қоғам асты-үстіне түсіп, өзгерді. Көштік, қондық. Архивші адамның көшуі – алмағайып. Көшіп, қонып жүріп, кейбір қағаздарды жоғалтқан секілдімін. Әйтеуір, «сұхбаттың» жалғасын таба алмадым. Есесіне архивімде Ж.Арыстанұлы өмірі нің ауыр кезеңін баяндайтын тағы бір жазба табылды. Кезекті со- ған берсем. Жүсекең Арыстанұлы кездескен сайын мұңаяды. «Өмір – өмір бол мады» – дейді ол. – Бала шақта қиындық көріп өстік, жігіт шақ та қиянатқа тап болдық. Енді, міне «жариялылық» дей ме, «қайта құру» дей ме, әйтеуір дүние астан-кестен. Кісі түсініп болмайды. «Жариялылық» – деп бастан кешкен қиянатымды жазайын десем шамам келмейді. «Сен жәрдем етемін» – деп едің «Социалистік Қа зақстанға» қызметке тұрып кеттің. Журналистік жұмыс жақсы ғой. Бірақ, өз жазуыңа мойын бұрғызбайды. Сонысы жаман. Бейсе кең де аттанып кетті, о дүниеге! Мен жалғыз қалдым...» Айтып отырғаны – ақиқат! Жүсекеңнің біраз шығармашылық жоспары бар еді. Жүзеге асыра алмай келеді. Рас, «Жалынды жүрек» – «Таң жұлдызы» болып қайта түледі. Ұстазы жалынды жастар жетекшісі – Ғани Мұратбайұлы әруағы алдында ары таза! Өмірде үлгі тұту, өнерде өнеге тұту – Жүсекеңнің айнымас асыл қасиеті. «Сұңқар да жерді мекендейді» – «Жетісу – жер ұйығы» болып, дилогияға айналып жарық көрді. Екінші дилогия – қайраткер Ораз Жандосов өмірі туралы. Отызын
шы жылдары Жүсекең аталмыш қайраткерлермен Жетісу жерінде қызметтес болады. Құп жарасып, қызмет істейді. Ол да 1937 жылы ұсталып, атылып кеткен азамат. Міне, сол азамат жайында «Сұңқар да жерді мекендейді» деген атпен қалам тартқан еді. Жақсы оқылымды повесть еді. Кейін ро ман – дилогияға айналды. Енді шығармашылық екі мақсаты бар болатын. Оның бірі – қазақтан шыққан тұңғыш елші дуаен Нәзір Төреқұлов өмірінен бір роман жазу. Бірсыпыра дайындық та жүргізді. «Естен кетпес есімдер» естелік кітабына бір портрет етіп енгізді. «СССР-дің сыртқы саясаты» – аталатын жылнамадан көп материал көші ріп алды. «Түркістан Республикасы» материалдарын толық игер ген еді. Нәзірдің Мәскеуде тұратын қызымен хат жазысып, бір сыпыра мәлімет алды. Матриалдарды тізіп жүрген дәптерін Ор талық архивтен келе жатып, түсіріп алып, жоғалтқанын өте бір күйінішпен айтар еді. Ол роман жазылмады. Орындалмаған шығармашылық еңбектің екіншісі -өз өмірінен мемуар жазу болатын. «Естен кетпес есімдер» – Жүсекең мемуары на қызмет етуге тиісті нобай, естеліктер топтамасы еді. Өкініші – ол мемуарлық еңбек те жазылмады. 1986-90 жылдары қазақ қоғамының жүрісі ала бөтен жыл дамдады. «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») секілді бас газеттің жорналисі болып істейтін менің де жүгіруім көбейіп кетті. Дегенде, жоқ уақытты бар етіп, бірде аға буын көзі, ғұмыр намалық прозаның көрнекті сөзі – Жүсіпбек Арыстанұлымен жолы ғыстым. Жүсекең әлсіз жанарымен үңіліп, таныған соң жадырап қуан ды. Хал-жай сұрастық. Сара анамыз бірден танып, шай жабдығына кірісті. – Е, сендерге бір шәй бере алмай жүрмін ғой, – дейді анамыз. Бейсекең болса да кетті, біздің шал содан кейін тіпті нашарлап кетті. Жалғызсырайды. Қайтесің енді. Сара апамыз сөйлеп жүр. Жағдай айтады. Жүсекең жүруден де қалып бара жатқан секілді. Әбден ауырлапты. Шәй іше отырып әңгімелестік. Ол сөйлеп отыр. – Міне, 1989 жыл да орталанып келеді. Ал, маған болса 85 жас толып отыр. Сонда менің ғасырым менен небәрі төрт-ақ жас үлкен болып шығады. Бұл ғасырды мен өз ғасырым деп санаймын. Осы өткен 85 жыл ішінде ештеңе көрмегендей, ештеңе болмағандай. Өткен уақыт жылжып өтіп кете береді екен. «Өткен күнде белгі жоқ», дейтіні содан шығар. Ал, шынында ойлап қарасақ, сол уа
қыт ішінде қанша оқиғалар, өзгерістер болды. Олардың баршасы
адамның жүрген ізін айқын, айшықтап көрсете алатын естеліктер
тізбегі болып қалады екен.
– Естелік жазуға кірістіңіз бе?
– Қайдан?
– Е, неге?
– Әй, бізге енді өлуден басқа бұйыратын ештеңе де жоқ.
– Сіздің өміріңіз өнегелі.
– 1904 жылы орыс-жапон соғысы болды. Соғыс жүріп жатқан
да өмірге келдік. Мен 12 жасқа келгенде 1916 жылдың оқиғасы
болды. Есімді білемін. Зар жылаған жұрт көз алдымда. Мен 14
жасқа келгенде Қазан төңкерісі оқиғасы болды. Жетпіс екі жыл
Кеңес өкіметі тұсында өмір сүріппін. Осының бәрі үлкен оқиға
шығар шынында.
– «Өткен күнде белгі жоқ» – ойсыз жанға. Өткен күнде белгі
бар» – ойлы адамға.
– 1919 жылы комсомолға кірдім. Оған да 70 жыл болыпты.
1925 жылы коммунистік партияға кірдім. Қазақстан компартиясы
І сьезінде орталық комитеттің мүшесі, бюро мүшелігіне кандидат
болып сайландым. Бұл қанқұйлы отыз жетінші жыл.
Екі облыстық газеттің редакторының орынбасары, “Қазақстан
коммунисі” журналы редакторының орынбасары, соңынан редак
торы болыппын. “Ақ жол” газетінде 1925-1926 жылдары, “Тіл-
ші” газетінде 1926-27 жылдары редактордың орынбасары болып
істедім. 1933-36 жылдары саяси бөлімді басқардым, 1936 жы
лы партия тарихы институты директорының орынбасары бо
лып істедім. Әрі Қазақстан аймақтық партия комитетінің ұйым
дастыру бөлімінің бастығының орынбасары, Марксизм-лени
низм шығармаларын қазақ тіліне аударып бастыру жөніндегі ре
дакцияның бас редакторы қызметтерін қоса атқардым. 1936-37
жылдары “Қазақстан коммунисі” журналының бас редакторының
орынбасары болып істедім. 1937 жылы “Социалистік Қазақстан”
газетінің бас редакторы болып бекідім. Бұл 1937 жылы мамыр
айынан 1938 жылдың мамыр айына дейінгі уақытты қамтиды.
1938 жылы жеке адамға табынудың салдарынан ұсталып, қама
лып, ұзақ жыл Сібірде айдауда болдым. Өмірімнің ең қиын сәттері
түрмеде өткен жылдарым.
– Сібірдегі жылдардан жасырмай, бүкпей сыр шертемін деген
едіңіз.
– Оның рас.
– Бірақ...
– Түсінемін.
– Түсінсең сол, бұдан талай жыл бұрын бастан өткерген азап
ты сапарды бүгін қайталап саралап айтып шығу маған оңай емес.
Алайда, кейінгі ұрпақтың есінде жүру үшін, қателіктер қайта
ланбас үшін де, біз бастан кешкен зұлмат оқиғаларды кейінгі
ұрпаққа айтып кетуге тиіспіз.
– Міне, міне жарадыңыз, Жүсеке.
– Менен бұрын Ілияс Қабылов, Өтебай Тұрманжанов, Сұлтан
Лепесов қамалған. Олар менің достарым. Менің қызмет орным
желдің өтіндей жер еді. “Халық жауларын” әшкерелеушілер кө
бейіп кетті. Газет қызметкерлерінің сәл кемшілігін жіпке тізетін
әдет пайда болды, қамалғандармен ауыз жаласқан дейтін болды.
Материал бассаң – нақақтан кісі күйеді. «Неге бастым?» – деп
жаның күйеді. Материал баспайын десең, неше түрлі әңгіме туады.
Екі оттың ортасында жүріп жаттым. Жалалы материалдар жақсы
адамдар жайында. Жаным ашиды. Ондай жалалы материалдарды
баспауға тырыстым. Белсенді бәлеқорлардың тегеуріні шыдатпай
барады. Енді материалдың бірін басып, бірін тығып қоятын бол
дым. Сөйтіп жүргенде Қазақстан компартиясы орталық коми
тетінің бірінші хатшысы Мирзоян шақырды. Бұл сәуір айы бола
тын. Бардым, Николай есімді жәрдемшісі қарсы алды.
– Іште кім бар? – дедім.
– Екінші хатшы Нұрпейісов Садық. Сізді күтіп отыр, кіре бе
ріңіз – деді ол.
Кірдім. Мирзоянның реңі қашып кеткен. Амандасар-амандас
пастан күйіне сөйлей бастады:
– Жанайдар Сәдуақасов, Ілияс Қабыловты бекер бердім. Бер
меуім керек еді. Шамам келмеді. Мен кінәлі.
Ол төсін тоқпақтады. Енді кезек мынаған келді – деп мені
көрсетті. Үстінен көп арыз түсті.
– Сонда не дейді олар? – дедім мен шыдамай.
– Халық жауларын әшкерелеген материалды баспайды дейді.
Халық жауы Ілияс Қабыловпен бірге оқыған дос еді. Ол қамалды.
Бұл неге қамалмайды? – деп жазады арызқойлар. Дауа болсайшы
бұларға?
Мирзоян өкінішті халде.
– Әрине, мен Ілияс пен Жанайдарды тексерер, тазалығына көз
жеткізген соң шығарар деп ойлап едім. Олай болмады. Өкінішті.
Ал сені, өзім кетпей бермеймін. Алайда бұл орында отырма. Та
салау жерге жібереміз. Бойтаса жасай тұр – деді.
– Менің де, көңіл-күйім нашар. Жан дүнием алау-далау. Өйт
кені, басқа-басқа, Ілияс досым халық жауы дегенге көңілім сен
бейді. Бұл орында істегім жоқ – дедім. Қайда жіберсеңіз де даяр
мын.
– ОГИЗ-ге бас редактор етіп жіберейік. Мына компания ұзамай
бітеді. Содан кейін я орныңды әперерміз, я басқа жерге жіберерміз
– деді бірінші хатшы.
– Қайда жіберсеңіз де даярмын, – дедім мен.
ОГИЗ – Мемлекеттік біріккен баспа. Барсам Әбу Сәрсенбаев
бас редактор екен. Енді, мен Бас редактор, ол орынбасар болды.
Бас газеттен кеткеніме қапаланбадым, бірақ күдіктендім. Өйткені,
менімен қанаттас “Казахстанская правда” газетінің бас редакторы
Николай Гусев орнынан алынып, осы жерге бас редактор етіп
жіберілген. Ұзамай ұсталып кетті. Орнында уақытша Әбу қалған.
“Құдай-ау, мынау орын маған құтты болса жарар еді” – деп
ойладым іштей.
Газет жұмысы күн-түн деп жатпайтын науқаншыл жұмыс.
Онда демалыс дегенді білмеуші едік. Ал, баспада сағатпен жұмыс
істеп жүрмін. Өзімді қоярға жер таппаймын. Көңілде үрей.
Таныстар, достар да бір-біріне қатысуды доғарған. Кезектесіп
халық жауына айналып, ұсталып, қамалып кетіп жатыр. Жаның
ашиды, қиналасың. Амал қанша?!
Бір күні Әбумен ақылдастым:
– Оқулық аударсам қайтеді?
– Болады – деді ол.
– Сөйтті де жетінші класқа арналған география оқулығын
аударуға ұсынды. Өзімді бірдеңемен алдандыруым керек қой.
Жетінші класқа арналған география оқулығын аударып жүр
дім. Бұрынғыша Орталық комитет бюросына кандидатпын. Бі
рақ мені басқа қызметке ауыстырып тұрып, Мирзоян, «бюроға
шақырмаспыз» – деген. Мен де бой таса жасап, көрінбеген болып
жүрдім. Екі-үш ай осылай сырттай тыныш, бірақ іштей аласапы
ран күйде өтті.
Ұзамай Садық Нұрпейісов Москваға оқуға кетті. Іле-шала
Мирзоянды Москваға шақырып алып кетті. Бұл оқудың да, ша
қырудың да жай емесін іш сезеді. Олардың кезінде маған ешкім
тиген жоқ. Міне, енді партконтролға шақырып отыр.
– Партия билетіңді ала кел, – деді телефонда Меңдібаев.
– Әрине, онсыз кіргізбейді ғой.
– Жоқ. Бұған дейінгі бастық жібере беретін еді ғой, – деді
Меңдібаев.
Келдім. Келсем, парткомиссияда Есмағамбет Ысмайлов отыр,
онымен “Ауыл коммунисінде” бірге қызметтес болғам. Сұлтан
Сегізбаев бас редактор, әрі ауылшаруашылы бөлімінің бастығы,
мен журнал бас редакторының орынбасарымын. Есмағамбет жор налдың хатшысы! – Кәне партбилетіңіз. – Міне! Партбилетімді ұсындым. – Дұрыс. Партжарна төленбеген, – Меңдібаев партбилетімді тартпаға сұға салды. – Әй, оның не? – Кейін аласыз. – Оныңыз не? – Үстіңізден материал бар. – Қандай? – Әр түрлі. Бірінің авторы мына Есмағамбет. Ойланып қалдым. Есмағамбет дос пейілде жүрген адам сияқты еді. Мен “Социалистік Қазақстанға” бас редактор болып ауысып кеткен кезеңде Орталық Комитетте отырған Ілияс Қабылов, Ес мағамбет Ысмайылов жазған “Қазақ әдебиеті” оқулығын маған пікірге берген. Мен оқып қарағанмын. Нашар көрінген. – Жүсеке, кешіріңіз, кітап «Қазақ әдебиеті» болмас, «Қазақ әдебиет теориясының мәселелері» болар. – Солай шығар. Әйтеуір, Ахмет Байтұрсынов ұсталды да, жо ғары мектеп оқулықсыз қалды ғой. Сол олқылықтың орнын тол тыру үшін Есмағамбет орыс тіліндегі әдебиеттен аударып оқулық жасаған. Асығыс жасалды. Оның үстіне Есмағамбет жас. Аударманың мән-жайын біле бермейді. Мәселен, В.Г.Белинский “Критика – мать литературы” – деген екен. Соны Есмағамбет қате түсініпті. Әлгі оқулығында алдымен сын туған, сыннан барып әдебиет туған деп аударып алған. Өкініші – дұрыс алмаған. Ұлы сыншының бұл сөзін мен «сын әдебиетті тәрбиелеуші» деп ұғатынмын. Есмағамбеттің тә жірибесіздеу кезі. Қолжазбада осындай шалағайлықтар көп екен. Сондықтан қарап шығып, өңдеп жөндемесе, қазіргі қалпында кі тап қылып басуға жарамсыз деп пікір жазып бергенмін. Орталық комитеттің үгіт-насихат бөлімінің бастығы Ілияс Қабылов Ес мағамбет оқулығының қолжазбасын менің пікірімнен кейін, өң деп, түзетуге Есмағамбетке қайтарыпты. Соған Есмағамбет ренжі ген секілді. Бірақ, менікі достық еді. Есмағамбет жас. Оқулық жазу оңай емес, тәжірибе керек, менің айтқаным осы жайлар. Біздің ойымыз – оқулық кемшіліксіз, жақсы болып шықсын дегендік. Қайтесің енді, Есмағамбет соны түсінбесе?! Әлгі кіналаудан кейін мен Есмағамбетке қарадым.
Есмағамбет: – Жүсіпбек– халық жауы. Ол халық жауы Ілияс Қабыловпен дос. Бірі-бірінің айтқанынан шықпайды, Ілиястың айтуымен Жү сіпбек менің кітабымды бастырмай тастады, – деп қарап тұр. Мен шыр-пырым шығып мән-жайды түсіндірдім. Парткомиссия бастығы тыңдар болмады. – Есмағамбет сіздің халық жауының досы екеніңізді дәлел деді. Халық жауының досын партияда ұстап тұра алмаймыз, – деді көкитіп. – Жоқ, олай етуге хақыңыз жоқ. Орталық Комитеттің Бюросы- на кандидатпын. Алдымен пікіріңізді жазып, мені Орталық Комитетке мүшеліктен, бюро мүшелігінен алдырыңыз – дедім шырыл дап. – Жоқ. Скворцовпен келісілген, – деді ол омыраулап. – Cіз Скворцов жолдасқа дұрыстап түсіндірмегенсіз, – деймін. Ол міз бақпайды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хат шысы, халық сүйіп «Мырзажан» атап кеткен Мирзоян Мәскеуге кеткен сапарынан оралмады. «Халық жауы» деген қарғыс таңбасы оған да басылды. Қазақстанның ендігі басшысы – А.Н.Скворцов! Сонымен орталық партия комитетіне партия мүшесі болып кі ріп, оп-оңай ғана мүшеліктен өшіріліп шықтым. Жан-жүйем күй зеліп, ішім удай ашып келеді. Скворцовқа бардым. Қабылдамады. Әлденеше рет сұрап, өті ніш еттім. Қабылдамады. Москваға ВКП(б) Орталық комитеті, парткомиссия бастығы Шкирятовтың атына арыз жаздым. Жетім бала болғанымды, Таш кентте, Мәскеуде оқығанымды, саяси бөлім басқарғанымды, Ле нин орденімен наградталғанымды, саяси газет – “Социалистік Қа- зақстанда” бас редактор болғанымды, бәрін-бәрін айтып жаздым. Орталық комитетке мүше бола тұра мәселемді Орталық комитетте қарамай-ақ біреудің негізсіз арызын негіз етіп партбилетімді алып қойды, – деп жаздым. Коммунистік партия алдында тырнақтай айыбым жоқ дей келіп, мәселемді қайта қарауын өтіндім. Екі айдай уақыт өтті. Тамыз келді. Шкирятовтан жауап хат алдым. Ол, “арызыңызды қарап, Скворцовтың атына хат жаздық. Қайта қаралады. Біз сізді қолдаймыз. Бұл мәселе, сіз көрсеткендей болса, дұрыс емес” – деп хат жазыпты. Жасырып керегі не, қатты қуандым. Аудармамды өндіріске тапсырдым. Содан бір-ер күн кейін, бір жағдай болды. Енем, үш балам бір бөлмеде, Сара екеуміз бір бөлмеде жататынбыз. Біздің бөлменің терезесінен Мұхаметжан Қаратаевтың есігі көрінетін.
Бұл бұрынғы Ілияс Жансүгіровтың үйі. Ілияс ұсталған соң Қа
зақстан Жазушылар Одағында жауапты хатшы болып істейтін
Мұхаметжан сол пәтерге көшіп кірген.
Сара:
– Ойбай, Жүсіпбек, ана “черной воронды” қара, – деді.
Терезеден қарасам Мұхаметжан үйінің алдында қара машина
тұр. Оны жұрт «черный ворон» атайды. Бөлменің жарығын тез
сөндіріп, ақырын бақылап тұрдық. Мұхаметжан үйінің шамы сөн
ді. Оның қолын артына қайырып, мәшинеге апарып тықты. Қа
сына НКВД-нің бір адамы отырды. Сөйтті де қара машина жүйтки
жөнелді.
Денем дуылдап, төбемнен біреу мұздай су құйып жіберген
дей күйде болды. Дірілдеп, қалшылдап кеттім. Қауіп күткендей
күйдемін. Сара да солай. Тек бір-бірімізге білдірмей әлекпіз.
Түні бойы кірпік ілмедік. Ұйқы қашқан.
Таң алдында есік қағылды.
– Кім? – дедім.
– Комендант. Үй коменданты.
– …Неғып жүрсіңдер?
– Мебель ауыстырмақшы едік.
– Түнде ауыстырамысың? Кет, әйтпесе атамын. Расында да,
“браунинг” маузерім болатын. «Атамын» дедім. Өзімнің ішім
қылпылдап тұр.
– Жоқ. Атпаңыз. Ашыңыз.
– Өзіне сенген адамның жайбарақат сөзі.
Бәрі де түсінікті. Бәрібір қоймайды.
Есікті аштым. Қолымды қайырды.
– Мылтық қайда?
– Тартпада.
Оны алды. Көп сурет бар еді. Оны алды. Үйді тінтті. “Тулька”
қос ауыз, кіші калибрлі, тағы басқа төрт мылтық алды. Жазған
өлең, мақалаларымның бәрін алды. Қызыл профессура институ
тында оқып жүргенде І курстан ІІ курсқа өткенде жазған диссер
тациям болатын. Оны да алды.
Ертеңіне келіп бай кітапханамды алып кетіпті. Кітапханам бай
еді. Оны әдеби паек ретінде беретін. Әлі қайтарған жоқ. Өкінішті.
Мені Дзержинский1 көшесіндегі НКВД-ға алып келді. Әбден
азаптады. Орындықта отыра алмайтын халге жеттім. Есеңгіреп
құлаймын. Бүйірімнен түйіп қалады, тебеді.
– Фашист – дейді.
– Өзің фашиссің – деймін.
1 Қазіргі Наурызбай батыр көшесі. Қ.Е.
Ол түрме бастығы екен. Екі жаналғыш келіп кірді. Бастық:
– Қайда тұрғанын түсіндіріңдер мынаған – деді, ақырып.
Олар туалетке апарып әбден сабады. Кейін білсем, Оспанов,
Катьков деген сұмырайлар екен.
Жүсекең үні толқып кетті. Дауысы тарғылданып шықты. Жүзі
не үңілдім. Суалған жанарынан домалаған жас қарттың әжімді жү
зін қуалай тарам-тарам ағып барады екен.
– Алдын-ала айта кетейін – деді Жүсекең өзіне-өзі келген
соң әңгімесін жалғап. – Оспанов кейін Ғабит Мүсіреповпен құда
болды. «Жылымық» уақытында Шығыс Қазақстанда тығылып
жүрді. Катьков Алматыда тұрды. Саяжайы – Шақпақ Артықбаевпен
көрші еді. Шақпақ Артықбаев, Шәріп Өтепов үшеуіміз үстінен
арыз жаздық, партиядан өшірттік. Ақыры Алматыдан кетіп тынды.
Өлі ме, тірі ме білмеймін. Бұл екі иттің түрмедегілерге істемеген
қиянаты жоқ.
Тепкісіне шыдадық, айтқанына көнбедік. Жазған қағаздарына
қол қоймадық. Төртінші күні камераға жіберді. Камераға шала
есті болып кірдім. Кісілік келбет жоқ еді, қарағым менде. Үсті-
басымда сау-тамтық жоқ. Бет-ауыз көнектей. Өзім күп болып ісіп
кеткенмін. Дмитрий Сидоров та осында екен. Өлкелік комитетте,
орталық комитетте бірге істеген, сыйлас жандар едік.
– Қасарысқаннан ештеңе шықпайды – деді ол.
– Арандатушы болма, – дедім мен.
– Өзің біл, – деді ол. – Ұйқтап кетіппін. Өліп қалыппын. Жұл
қылап жүріп оятып алды. Ұйқтатпайды-ау, ұйқтатпайды. Ертеңіне
тағы жауап алды.
– Ұйымға кім тартты?
– Ешкім. – Мен айтқанымнан қайтпадым. Шамасы, Сидоров
арандатушы болды-ау.
Күнде барып келеді. Сөйтеді де: – Қойсайшы – дейді маған.
Күнде жауап алады.
– Ұйымға кім тартты?
– Ешкім.
– Материал бар.
– Кімнен?
– Досыңыз Ілияс Қабыловтан.
Шамасы Ілияс Қабыловтың атынан қағаз толтырған.
– Маған беріңіз танысайын. Мүмкін емес. Қолын танимын.
Олар бермейді. Тағы қағаз көрсетеді.
– Оны жазған кім? – деймін.
– Исаев, Голощекин!
– Екеуі қазақ халқының дұшпаны. Сол себепті оларды пленум
дарда сынайтынмын. Газеттерге сынап жаздым. Содан жауығып жала жауып отыр, – деймін. Жауап алудың күндегі жүйесі осындай! Күнде көкала қойдай етіп сабайды. Бір күні жертөлеге (подвалға) ала жөнелді. Бір бөлменің есігін ашты. 2х2 мөлшерлі бөлме. Асты цемент, бейне бөшке секілді. Іші күңгірт. Пеші жоқ. Соған әкеліп қамады. Тас тай қараңғы, мұздай суық. Отыра алмайсың. Қабырғаға сүйене ал майсың. Карцер дегеніміз осы. Екі күн азап шектім. Малдас құрып отырсам, үстімнен су құйып жібереді, сол себепті не түрегеп тұ рамын, не шөкелеп отырамын. Екі күн осылай азап шектім. Басым зілдей. Көтере алар емеспін. Сөйтсем басымның 11 жеріне шиқан шығыпты. Екі күннен кейін жоғары шығарды. Ұйқтай алмаймын. Фельд шер шақырды. Коновалов деген оташы екен. Дөрекі біреу екен. Он бір жапырақты алды да сыздауыққа жабыстырды. «Екі күннен кейін келесің» – деді де, шығып жөніне кетті. Екі адам үшінші қабатқа сұрауға сүйреп апарады. Сұраудың жайы белгілі. Совет өкіметін құлату үшін әрекеттенуші шпион мын. Соны мойындауым керек. Мен мойындамаймын. Олар сабай ды. Көрген күнім осы. Бір мен ғана емес, тұтқындағылардың бәрі нің де көрген күні – осы! Айта кетейін, комсомол Кәкім Дүйсенов сұрау кезінде шыдамай, үшінші қабаттан құлап өлді. Ол солай құтылды азаптан. Қалай ғана одан айрылып қалғанын білмеймін. Әйтпесе, құлап өлуге де мұршаңды келтірмейді, иттер! Түрмеде, адам баласына бір-бірімен сөйлесу бір ғанибет. Ал, әлгіндей карцерлерде оған мүмкіндік жоқ. Сидоров маған «Морзе әліппесін» үйретті. Әріптерді төрт топқа бөледі екен. Жалпы Си доров арандатушыға ұқсайды. Бірақ маған дұрыс қарайтын секіл ді. Оны жаны ашуынан байқаймын. Әлгінде Дүйсеновтің қалай өлгенін айттым ғой. Сол секілді қазақ кәсіподақ төрағасының орынбасары Боровик те солай, жо ғарғы қабаттан құлап өлді. Тергеуші тергеп жатқан сәтте терезеден секірген де кеткен. Сонымен мені сұрауға алып барды. Сұрауды Катьков жүргізді. Ол: – Екі күн деген не. Біз сені карцерге бес күн, тіпті одан да көп күнге жатқыза аламыз. Үйіңде, әйеліңнің қасында жатқан жоқсың. Үйрен, бойыңды үйрет. Бізге бәрібір. Біз жұмыстағы адамбыз. Бар, ойлан. Мойында, – деп шығарып жібереді. НКВД-лер мені Коноваловқа алып келді. Ол әй-шайға қаратпай басыма жапсырылған 11 жапырақшаны жұлып-жұлып алды. Көзім жарқ ете қалды. 11 рет жарқ ете қалды. Сосын басымды қысты.
Миым езіліп кетті. Жаным көзіме көрінді. Тағы да карцердемін.
Туалетке шығармайды.
Ұзамай екі кісілік камераға ауыстырды. Екі адамды бірін-біріне
салып қояды. Бір сектантпен бірге отырдым. Ол кітап оқып, жы
лап отырады. Одан кейін бір неміспен бірге отырдым, Фрунземен
майдандас болған екен. Жылқы зауытының директоры болып іс
тепті. Жүрекшайлы болғаны сонша, сұрауға шақырса, іші өтіп ке
теді. Жылайсың ба, күлесің бе? Көрген күніміз осы.
Бір күні камерада Бәймен Алмановпен бірге жаттым. Ол менен
он жастай үлкен. ҚазПи-дің ректоры. Байғұс жылайды.
– Кім ұстатты? – дедім.
– Сәбит Мұқанов, – дейді ол.
– Ұсталмаған кімдер қалды?
– Сәбит, Ғабит, Мұхтар қалды. Үшеуі де НКВД-ның салпаң
құлақтары, – деді ол. Бәймен Алманов кейін үйіне шығып өлді.
Кезекті сұрау, ұрып соғудан соң, есімнен тандым. Есімді жи
ған соң ойландым. «Бүйткен өмірден не пайда? Одан да бәрін
мойындайын. Атсын. Мынадан атылу жеңіл...» Мен мойындай
тынымды айттым Катьковқа!
– Маған қандай кінә артсаңдар да мойындайын. Тек тезірек ата
көріңдер, – дедім. Алдыма қағаз, қалам қойды.
– Жаз, – деді.
– Не жазатынымды айтып тұр, диктовать ет, – дедім.
Катьков диктовать етті. Мен жаздым. Контр болып шықтым…
Тыныстауға жіберді.
Ұзамай қайта шақырып алды. Шамасы әлгі жазғанымыз аз
болған. Қосымша былай-былай деп жаз, – дейді. Мен:
– Өзің жазсайшы, мен қол қояйын, – дедім.
Ол жазды, мен қол қойдым. Менің өмірімнің есебінен жендет
екеуміз дос болдық. Оның айтуы бойынша менің кінәм мынадай.
Мен отанға опасыздық жасадым. Бір деңіз. Екіншіден, партия
тарихы институтында істеп жүргенде Ленин шығармаларын ау
дарғанда әдейі қате жібердім. Үшіншіден “Социалистік Қазақ
станда” бас редактор болғанда, халық жауларын әшкерелеген
мақалаларды әдейі баспай отырдым. Бәрін де мойындадым. Мо
йындағанымды куәландырып солай деп қол қойдым…
Тыныстауға жіберді. Бір ай отырдым. Мазаламайтын болды.
Есім кірді, қол қойғаныма өкіндім. Аптасына бір рет тексеріп
тұрады. Сондай сәтте.
– Маған қағаз беріңіздер, – дедім.
– Оны не қыласың?
– Арыз жазамын.
Әкеліп берді. Мен қорлық-зорлық кезінде есімнен айрылғанымды, бұдан өлгенімді артық көргенімді, сол себепті тергеуші Катьков не жаз са, соған қол қойғанымды айтып шағындым. Тергеудің қайта жүргізілуін сұрадым. Тергеуші жауап алғанда, прокурор қатысып отырса деген тілегімді айттым. Апта өтті. Жауап жоқ. Тағы да қағаз сұрадым, енді жарты парақ қағаз берді. Тағы да жаздым. Жауап жоқ. Тағы да қағаз сұрадым. Бір парақтың төрттен бірін берді. Тағы да арыздандым. Жауап жоқ. Қысқасы бес-алты рет арыз жаздым. Ақыры прокурор шақыр ды. Тергеушіні кінәладым. Менің көрсетулерімнің барлығының сырттан таңылғанын айттым. «Куә шақыртыңдар. Қабыловтың көрсетуі өтірік. Кездестіріңдер» дедім. Прокурор: – Ол жоқ, – деді. – Жазған «Показаниесін» көрсет. – Шетелге шпиондыққа дайындалғаның да өтірік пе? – Ол да өтірік. Дәлеліңді көрсет, – дедім. Прокурор кетті, жарты ай өтті. Зеленцов деген тергеуші шақырды. Әмір Қанапин де шақыр тылыпты. Ол менің орныма партия тарихы институтында басшы екен. Институттың бір аудармасын маған кінә етіп тағыпты. Ленин шығармаларының екі аудармасын қатар қойды да, тергеуші: – Қайсысы дұрыс? – деді. – Былай да, былай да аударуға болады, – дедім. – Неге? – Біздің ғылыми, саяси тіліміз жаңа қалыптасып келеді. Сон дықтан марксизм-ленинизм классиктері шығармаларын, әр нұс қада аудару айып емес. Ең бастысы бұл екі аудармада да Лениннің ойы бұрмаланбаған. Тергеуші ойланып қалды. Біраз отырып, “Снять вредительства” деді. Мен: – Отанын сатты деген де бос сөз – дедім. – Мен Отанымды сатқан емеспін. Тергеуші ойланып кетті. Біраз күннен кейін қайта шақыртты. Менің отанды сатуыма дәлел таппаған. Халық жауы ретінде зиян кестігімнің бұл тармағын да өшірді. Енді газеттегі Кеңес өкіметі- не қарсы үгіт жүргізгенім ғана қалды. Мен жабыса кеттім. – “Социалистік Қазақстаннан” кісі шақыртыңыз – дедім. Ол үндемеді.
Ақыры Совет өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізуші ретінде соттады. 1939 жылдың көктемінде шақырды. Сөйтті де «Түйіншекте ріңмен кел!» – деді. Менің не затым болсын?! Мені апарып жалпы кісілік камераға кіргізді. Осы жерде айта кетейін, Комсомол2 көшесінде бұрынғы гим назия директорының үйі болды. Онда Санжар Аспандияров тұр ған. Бір жағында Алманов, бір жағында мен тұрдым. Кейін көрдім, менің документтерімде де С.Мұқановтың көр сетуі бар екен. Бәрімізді бір үлкен бөлмеге жиды. Дұшпандықтың үш орталы ғы бар делінеді. Соның адамдарын бір жерге жиды. Олар Атания зов, Артықбаев, Әміров, Жүнісов Мақай, С.Лепесов, Қарасай Қа сенов, тағы бір адам, атын ұмыттым, бәрі келді. Барлығы да үл кен қызметкерлер. Айталық, Атаниязов Қазақстан компартиясы орталық комитетінің шаруашылық бөлімінің бастығы, Артықбаев Алматы облысы партия комитетінің бірінші хатшысы, Өтепов Орал облысы партия комитетінің бірінші хатшысы, Әміров Қы зылорда облысының хатшысы, Қасенов Қостанай облыстық ат қару комитетінің төрағасы, С.Лепесов “Социалистік Қазақстан” газеті бас редакторының орынбасары. Тоғыз кісіге кінәлау қағазы әкелінді. Демек сот болуы керек. Куратов республика прокурорының орынбасары. Бұрын Атания зовтың орынбасары болған. Ол жоғарғы үкімге қол қойыпты. Ол – ату жазасы. Ертеңіне бәрімізді үлкен қара автобусқа («черный ворон») Қазақ ССР Жоғарғы Сотына – Гоголь көшесі мен 8-март көше лерінің қиылысына алып келді. Атылу жазасына кесілген тоғыз азаматтың әйелдері естіп қалып, бәрі жиналыпты. Әйелім, үш балам, әйелімнің ағасы осында жүр. Бірақ сөйлестірмеді. Алайда, бас изестік, алыстан болса да көріп күш-қуат алдық. Прокуратура туалеті сыртта. Соған шыққан болып сөйлесеміз. Сол кезгі жоғар ғы соттың бастығы – қазақ жігіті еді. Атын ұмыттым. Коммиссияға алып кірді. Әскери жабық сот. – Іспен алдын-ала танысайық, – дедік біз. – Арыздарың бар ма? – Бар, – деп шуладық біз. Алдымызға екі парақтан қағаз берді. Өмірімізде қағазға жары ғанымыз осы. Арыз жазып бердік. Арызда тексеру, тергеу орнынан әділеттік таппадық, іске тігілген біздің жауабымыз – зорлық, сабау арқылы алынған жалған жауаптар, жабылған жалалар, нақақ бол 1 Комсомол – қазіргі Төле би көшесі Қ.Е.
мас үшін, куәлар сіздің алдыңызда кінәмізді мойнымызға қойсын,
– дедік.
Сот айтты:
– Талаптарыңыз орынды. Алайда, сіздерді түрмеге қаматқан кі
сілерді алдарыңызға әкеле алмаймыз.
– Неге?
– Олардың көбі атылып кетті. Қалғаны кесіліп, Сібір айдалды.
Бізге қолда бар материал бойынша сотта деп отыр. Кейінге қал
дыруға жол жоқ, – деді.
Атаниязов бұрын бас прокурор болған адам. Соның аузына
қараймыз. Ол айтады: “Сотқа «бойкот» жариялайық, бірақ әрқай
сымыз өз бетімізше”.
Біз осыған тоқтадық.
Кезегімен шақыра бастады.
– Арыстанов.
– Мен.
– Өзіңізді айыптымын деп санайсыз ба?
– Сіз менің талабымды орындамадыңыз. Сол себепті сотқа жау
ап беру мүмкіндігімнен айырдыңыз.
– Жауап беруден бас тартасыз ба?
– Иә.
Сұрау үш рет қайталанды, үш рет осылай жауап бердім.
Ш.Өтепов, Атаниязов бәріміз де сөйттік.
Әміров шықты да жауап бере бастады. Біз бір-бірімізге қара
дық.
Лепесов те жауап бере бастады. Жеті кісі жауап бермедік. Біз
«байкот» жарияладық. Екі кісі жауап берді. Арамыз ашылды.
Ауызбірлік бұзылды.
Сұлтан екеуміз дос едік. Оның неге серттен тайғанын сұрадым.
Ол: “мен өмірімде екі рет өкіріп жыладым. Алғаш рет он-он бір
жаста. Туған анам қайтыс болғанда. Өкіріп жылағаным сонша, кі
сіге бой бермей, қабір құшақтап жатып алдым. Екінші рет түрмеде
төрт күн түрегеп тұрдым. Есімнен тандым. Аяғым гүп болып ісіп
кетті. Етіктің көні етіме батып кетті. Суырғанда етік шықпады.
Алмаспен тілгенде етім бірге кесілді, қан шапшыды. Шапшыған
қанмен бірге еңіреп жыладым. Жауап бермегенде не істеймін?!»
– деді.
Сот процесі жүріп жатыр. Кенет соттың бір мүшесі қазақ әйелі
жылап қоя берді. Төраға дереу үзіліс жариялады. Камераға келген
соң, Сұлтанның арқасынан қағып жұбаттық. Қайтадан залға ша
қырды. Жылаған әйел басылыпты. Бірақ, көзі ісіп кеткен. Төмен
қарап отыр. Сот ертеңге қалдырылды.
Біз камераға қайтып келе жаттық. Арамыздан біреу, Құсайын
бек Әміровтың әйелі Шәйбалаға “Құсайынбек серттен тайды,
бізді сатты, сөзде тұрмай, сөйлеп қойды”, – деді. Шәйбала, “Жол
дастарын сатқан шірік”, – деп айқайлады күйеуіне.
– “Жаның жолдастарыңнан артық па? Шыда көппен бірге”.
Ертеңіне бізді қайта әкелді.
Біздің балалар елеңдеп тұрса, Құсайынбектің бала-шағасы
жерге қарап тұрды. Бұл – олардың айрылысуы екен. Лагерде де
Құсайынбектің соңынан хат-хабар, сәлем-сауқат келмеді.
Туалетке шықтым. Біреу қара көлеңкеде құшақтай алды. Кон
вой мылтығын көтеріп қалды. Қарасам екінші класта оқитын қы
зым Шолпан екен. Біреу арқамнан құшақтады. Қарасам Мұса.
Әйелімнің ағасы, өзбек жігіті. Кейін соғыста хабарсыз кетті.
Отбасыммен кездескен, көріскен түріміз.
Сот:
– Қалай мәселені жалғастырамыз ба?, – деді.
Біз үндемедік.
Сот өзара кеңесуге тарады. Үкім шығару үшін. Бізді түрмеге
әкетті. Атаниязов «сот бізді кесе алмайды», – деді. Өйткені «бой
кот» жарияладық. Көңіліміз шат. Күн аралатып барып, түске таяу
соттар келді. Кеше келмеген себебі, жоғарғы органдармен кеңес
кен болуы керек.
«Судебный» залға кірдік. “Сот келе жатыр, тұрыңдар”, – деді.
Тұрдық. Жылаған әйел ішінде, көзі жазылып, қабағы ашылыпты,
ішімізден “бауырыңнан айналайын қазақ қызы”, – деп тұрмыз. Сот
қағазын қысқа оқыды. “Заң бұзылғандықтан, заңға сүйене отырып,
іс қайта тексеруге жіберілсін” делінді.
Бізді біржолата босатуға сот НКВД-дан қорқады. Сонымен
НКВД қайта қарап, бізді босатар деген үміт пайда болды. Он
бес адамдық камерада жатырмыз. Тоғыз кісінің үстіне келген 6
адамның бірі Казсовпроф орынбасары Боровик. Мен орталық ко
митетте істегенде бір-бірімізге жақсылығымыз өткен жолдас. Ол
Жаңақорған ауданында істейтін. Орталыққа келуге әрекет еткен.
Сол тұста көрейік деп, дәптеріме жазып алғам.
– Қазақ кәсіподағы бастығына қазақ қойдым, орынбасарлығы
на орыстан қоялық – деді Мирзоян. Мен дереу Боровикті атадым.
– Шақыр – деді Мирзоян.
– Мирзоянмен әңгімеге кел деп Боровикке телеграмма бердім.
Ол жетіп келді. Сұхбаттасудан жақсы өтті. Орынбасар болды.
Орталық комитеттің демалыс үйіне орналастырдым. Сүйісіп та
радық. Енді, міне, кездесіп тұрған жеріміз. Тағдырласпыз.
Мен “Социалды Қазақстанға” бас редактор болып ауысқанда
редакция көлігі бір торы ат болатын. Фаэтонмен жүретінбіз. Со
дан Мирзоянға айтып, менің мәшинемді де шешіп беріңіз дегем.
Мирзоян секретариаттың қаулысын шығарып берген. Орталық
комитеттен “Социалды Қазақстанға” сөйтіп машина алып бардым.
Барысымен “Социалды Қазақстан” деген атын “Социалистік Қа
зақстан” деп өзгерттірдім.
Оған Боровиктің жәрдемі тиген.
Міне, сол, Боровикпен түрмеде кездесіп отырмыз.
– Өзің білесің. Сен туралы әрқилы әңгіме бар.
– Қайтесің, уақыт.
– Өзің білесің. Дегенмен сен маған бір қызмет істе.
– Жүсіпбек, сен дегенде аянарым жоқ.
– Сталинге хат жазамын. Соған жәрдем ет.
– Болсын!
Түрмеде қағаз жоқ. Жаңа ақ көйлектің арқасын сөгіп алып қа
ғаз орнына тұтындық. Біреуден қарындаш тауып алып, терезеден
қарауыл қаратып, Сталинге арыз жаздым. Арыз хатты көрпенің
арасына салып, үйге жібердім. «Москваға баратын кісіге берсін.
Кремльге жеткізсін» – дедім. Сара қорыққан да арызды ақ қағазға
көшіртіп, Москваға жібереді. Шүберекті отқа жағады. Бекер бол
ған. Өкінішті.
Боровик, сөйтіп, тыңшы бола жүріп маған пайдасы тиді. Бірақ
Москвадан хабар болмады.
1940 жылдың желтоқсанында біздің ісімізді Москваға ерек
ше кеңестің қарауына жіберген екен. Олар ерекше кеңестің қау
лысымен тоғыз кісіні әкімшілік қаулысымен сегіз жылға соттады.
Ол кезде лагерь емес жер жоқ. Соның бірі Красноярск лагері.
Бізді сонда аттандырды. Красноярск мен Иркутск арасында, Канск
қаласында үш мың адамдық лагерь бар екен. Әміров, Артықбаев
үшеуміз сонда түстік. Міндетіміз ағаш қырқу. Мұндағылар қысы-
жазы ағаш қырқады екен. Жан-жағымыз самсаған қарағайлар.
Қырқылған ағаштарды суға ағызады. Канскінің тұсында сол ағаш
тарды ұстап, сыртқа шығарып, үйіп қояды екен. Әрине аттар,
арба пайдаланады. Арқанмен тартады. Ол жерге темір жол келеді.
Қырқылған ағаштарды вагондармен еліміздің әр шалғайына жі
береді. Бізді шпал дайындауға пайдаланды. Қарағайдың ауыр тұ
қымынан шпал дайындадық. Кейбіреу шпалды өзі-ақ көтереді. Ал
біз әлсізбіз.
Сібірге аттанарда әйелдеріміз, бір-бір қап тамақ берген. Ва
гонда ұрылар болды. Тамағымызды ұрылар талады. Сөйтіп Но
восибирскіге жеткенбіз. Ары қарай жаяу айдады. Әміровтен бас
қамызда бір-бір қап. Көтере алмаймыз. Жәй жүрсек конвойдың
иті тірсегімізден тістейді. Ұрылар бізбен бірге кетіп барады. Барған жерде де ұрылар күн бермейді. Саяси тұтқындар өзара ынтымақтастық. Ортаға заттарымызды үйіп, қалғанын бастары мызға жастанып жаттық. Ұрыларды кружкамен сабаймыз. Түрме басшысына айттық. Бұларды бөлек түрмеге жіберсін деп. Бір ұры Шәріптің құлақшынын тіліп жіберді. Түрме бастық тары өтінішімізге құлақ асты. Енді тамағымыз өзімізге бұйырды. Әл – қуат жинадық. Менің аяғымда булка (басы көн киіз байпақ) етігімді ұйқтағанда басыма жастанып жатам. Шаршағандікі болар. Бірде етігімді ұрының әкеткенін білмей қалдым. ЧТЗ әкеліп берді. Телогрейка эконом. Шұлғау орадым. 1941 жыл. 7-8 ай өтті. Соғыстың хабары жетті. Красноярлагтан Енисейлаг ұйымдастырылды. Алты мың тұтқынның үш мыңын сонда бөлді. Енисейлагтың міндеті эвакуациямен келген зауытқа қызмет көрсету. Красноярлаг Белорусиядан келген гидролиз за уытын қамтамасыз етті. Опилкадан, яки ағаш үгіндісінен спирт шығарады екен. Әскери зауыт. «Истребитель» аталатын соғыс самолеті ол кезде спиртпен ұшқан. Бізді құрылысқа салды. Біздің құрылыс прорабы – Шатов. Баяғы “Түрксіб” темір жо лының бастығы. Жерлес. Ол мені бір рет өлімнен алып қалды. Норма орындай алмаймыз. Соған орай, берер тамағын да азайта- ды. 500 гр. нанға қарадық. Әрине ондай жағдайда өлесің. Төрт адам Арыстанов, Артықбаев, Қожахметов, Әміров бір звено бол дық. Бізді Шапигулинге берді. Үй салу үшін. Қожахметов Қос танай жігіті. Балтамен іс істей біледі. Басқамыз білмейміз. Ол бізді балташы етіп тәрбиеледі. Үй қарағайдан қиып салынады. Қиыны – бұрышын қиюластыру. Соны екі кісі істейді. Біз үйдің төбесін саламыз. Әміров тақтай тасиды. Шақпақ басымен көтеріп тұрады. Мен шеге қағамын. Әміров тақтай тасып жүріп ұйқтап қалады. Ауызы дорбадай болып ісіп кеткен. Тақтайдың екі басы қарға кіріп кетеді. Құсайынбек түрегеп тұрып ұйқтайды. Құсайынбекке жәрдемге ұмтылғанда, үйдің тө бесінен құлап көзілдірігім сынып қалды. Қор болдым. Шегені қолым үйреншікті қалыппен ұрады. Кешке аяғым малмандай су болады. Шатов бізді қадағалап тұ рады, қамқор. Енисейлаг бөлінгенде, Әміровті қалдырып, үшеу мізді алып кетті. – Кешіріңіз Жүсеке, Әміровті қалдырғаны несі? – Е, ол өзін түрмеде де дұрыс ұстай алмады ғой.
Түрмеде өзін дұрыс ұстай алмаған адамды кім жақсы көрсін?!
Шатов та Әміровті жек көрер еді.
– Ақын болып өлең жазып жүр ғой досыңыз.
– Е, қай өлең, қарағым. Өлең басқа, өмір басқа. Сын сәтте
серттен тайған адамды азамат деу неге керек?!
Ол бір ауыр-ауыр ойларға кетті.
Жанары менің үстімнен асып, көңілі қиырларды кезіп кеткенін
көріп, біліп отырмын. Жүсекең маған тозақ отынан келген адамдай
әсер етеді. Аға буынның біразы бастан кешкен тозақ оты. Әй,
тәңрі-ай.
– Шатов туралы таяуда “Правдада” басылған бір мақала оқы
дым, – деді Жүсекең. – Ол тума инженер еді. Америкада болған,
Ленинмен кездескен, ол жайында Джон Рид жазған, ол Шатовпен
Ленин алдында кездескен екен. Міне сол Шатовпен түрмеде бізді
тағдыр қосты. Ол Түркісіб теміржолын салуда бас инженер бол
ған. Біз жақсы қарым-қатынаста болдық. Қазақтарды іштартып
жақсы көрді.
Соның жәрдемімен балташы болдым. Кейін балташылардың
бригадирі болдым. “Такилар” вагоннан зат арту-түсіру ісі. Соны
басқардым. Қарамағымда елу адам. Зат қоймасының бастығы бол
дым. Мотор, электр бұйымдары секілді ауыр заттарды тақтай ар
қылы жылжытып түсіреміз.
Бүкіл зауытты мен қабылдадым. Зауыт құрылысы бітіп, іске
қосылды. Мен қайтадан бригадир болып бардым. Менің қара
мағымдағы бір бригада спирт зауаттың құрылысын салып жа
тыр еді. Соны барып көру үстінде үшінші қабаттан құладым.
Ағаш үгінділерінің үстіне құлап жаным қалды. Бір апта ауруха
нада жаттым. Құлағымның пердесі жыртылды. Кереңдігім содан
басталды. Зауыт іске қосылды. Нан жоқ, ашаршылық. Тасбақа
жейміз. Сасық треска жейміз. Сондай күннің бірінде, басшылық:
– Кімнің малдәрігерлік мамандығы бар? – деп сұрады.
– Менің.
– Сен үш мал фермасын ұйымдастырасың, бізді етпен қамта
масыз етесің, – деді.
– Болсын, – дедім мен. Өйткені Жетісуда мал дәрігерлікті саяси
бөлімде жүргенде ептеп оқығанмын. Ұйымдастырдым.
– СССР Жер халық комиссараты бас агрономы болып істеген
Николай Адамович Кнепс те бізбен бірге. Тағдырлас. Тәжірибесі
мол. Ол да бізбен бірге істеді. Тауық фермасын ұйымдастыруға
жәрдем етті.
– Шошқа фермасын ұйымдастырасың, – деді басшылар.
– Әдебиет керек, – дедім мен. Расында, шошқа – мен білмейтін
шаруашылық.
Жуков Ленинградқа үйіне хат жазып, оқулық алдырып берді.
Жақын колхоздардан шошқа сатып ала бастадым. Үш шақырым
дағы қалаға барам. Көтімде конвой Лукьянов жүреді салпақтап.
Қайда барсам соңымда! Еркектің бәрі соғыста. Шаруашылықтың
бәрінде әйел. Конвойды көріп әйелдердің зәресі кетеді. Ол есік
тің сыртында тұрады. Мен әйелдермен сөйлесемін. Конвой есікті
қайта-қайта ашып қарайды.
Шошқа шағылыстыру ісімен айналыстық. Тәп-тәуір ферма
қалыптастырдым. “Бекон” – алты-жеті айлық торайдың еті. Екі
жылдан кейін, жүздеп шошқа соятын халге жеттік. Нарядпен адам
аламыз. Жәрдемге адамдар бөлмеді деп жалынатын болдық.
Кнепс 50 га жерге бақша жасады. Мен көже қатық жасадым.
Сөйтіп лагерьде тұрмыс жақсарды. Оларды ет, жұмыртқамен
қамтамасыз еттім. Лагерьдің атағы шықты. ГУЛАГ-тан (ГлавУп
равЛагерья) бір топ адам келді. Шошқаларды жұмасына бір рет
шомылдыратын едік. Шомылдырып бола бергенде сау етіп кіріп
келгені. Лагерь бастығы жалпылдап жүгіріп жүр.
– Шошқалар ванна қабылдаған еді. Ұйқтап жатыр, ақырын-
ақырын, – дейді.
– Арыстанов, қалай жеттіңіз бұл табысқа?
Лагерь бастығы:
– Арыстанов, орамалыңды ал, полды сүрт, – дейді. Мен айтқа
нын бұлжытпай орындадым. Сүрттім тап-таза.
– Міне осылай жетті, – деді ол.
ГУЛАГ өкілі риза болды.
Фермамызды аралап, далаға шыға беріп еді, конвой Лукьянов
мылтығын көтеріп қалды. Өкіл шошып кетті.
– Бұл не?
– Арыстанов саяси тұтқын ғой, – деді, лагерь бастығы. Өкіл
басын шайқады.
– Сізден екі арыз алдық, – деді.
– Иә, расында екі арыз жазғанмын. Онда бар жағдайды айтып,
соғысқа сұранғанмын.
Соны айтып тұр.
– Қазірдің өзінде қатардағы жауынгерсіз. Болмайтын істі бол
дырып, зауытты тамақпен қамтып отырсыз. Отанды қорғау де
геніміз осы. Бізден әрдайым қолдау болады, – деді, арқамнан қа
ғып.
Апта өткен соң соқыр конвой алынып тасталды. Кішкене де
болса еркін тыныстап қалдым.
Бір айдан соң Аван ауданына барып, он бес-он алты сиыр алып
қайттым. Кнепс елу тоннаға дейін жеміс берді.
Жұмыс жақсы жүргеніне байланысты, кесілген мерзімнен жар
ты жылды қысқартты.
Сонымен жеті жарым жылда лагерьден босадым.
1946 жылы мен лагерьден босағанда, басшылық “Осында қал,
әйел, бала-шағаңды алдыр, партиялығыңды қалпына келтіреміз” –
деді. Мен бала-шағама асықтым, туған жерді сағындым. Көнбедім.
Лагерь бастығы да, Шатов та, өзге саяси тұтқындар да босана
ды деп жатқан. Ал ауылға жету өз алдына бір хикая.
1946 жылдың көктем айларының бірінде мерзімінен жарты
жыл бұрын лагерьден босадым. “Қал» – деген кісілерге:
– Оңтүстікте жылы жерде туғанмын, суыққа зорға шыдадым.
Отбасымды, балаларымды суыққа қақтап мұнда әкеле алмаймын.
Олар жақсы мінездеме жазып берді.
Канскіге шықтым. Бұл транссібір жолы. Ылғи әскерилер. Аза
маттық поезд жоқтың қасы. Поезд жолдың бойындағы НКВД-ға
барып құжаттарымды көрсеттім. Жағдайымды айттым:
– Жақсы. Не көмек керек?
– Не билет алуға жәрдем беріңіз, не поезға отырғызып жібе
ріңіз.
– Өте қиын. Алайда көрейік.
Орындыққа отырып ұйқтадым. Ертеңіне қиыр шығыстан ке
ліп, әскери эшалон тоқтады. Телміріп қарап отырмын. Үстімде
телогрейка. Бір лейтенант келді.
– Қазақсыз ба, аға?
– Иә.
– Мұнда неғып жүрсіз, аға?
– Отыз жетінің лаңы. Естіген шығарсың, – дедім. Шамасы 42
жаста бола тұра, шал көрініп тұрмын.
– Білем. Туыстарымыз кеткен.
– Ала кетсең қайтеді.
– Күте тұрыңыз.
Қолында заты бар лейтенант бір жаққа жүгіріп кетті. Қайта
келді. Бірі қолымнан тартып, бірі құйрығымнан итерді. Әйтеуір
қызыл вагонға мінгізді. Біреу-міреу тексере ме деп, бір бұрышқа
таман отырғызды. Консерві жеп, жақсы тамақтандық. Әңгімеле
сіп отырмыз. Лейтенанттың түсінігі мол, қоғамда жүріп жатқан
процестерді білетін азамат болып шықты.
– Біз Алматыға бармаймыз. Новосібірге дейін ғана барамыз.
Түскен жерде, сізге мына сержант билет әпереді, деп мені бір
сержантқа тапсырды. Мен келістім. Ішімнен “мың болғыр-ай”
деп риза боламын. Әттең атын ұмыттым. Екі жарым күн жүріп, Жаңасібірге жеттік. Маған әлгі лейтенант нан, консерві, колбаса берді. Дорбамды орталап, тамақ жиып берді. Сержант мені ва гоннан көтеріп түсірді. Кассаға барды, кезексіз билет әперді. Екіүш сағаттан соң Алматыға баратын поезд келеді деп жөніне жүріп кетті. Поезд келді. Ентелеп барып, еңсемді салып міндім. Тамақ тоқ, көңіл көтеріңкі. Жатып ұйқтадым. Барнауыл арқылы Семейге кел дім. Семейге келген соң, туған жерге жеттім деген азатпын деген, сезім биледі. Терезеге жармастым. Семейде бұрын іссапармен бол ғанмын. Жыладым. Терезеден тысқа көз салып, амансың ба, қазақ жері? – деп егіліп жыладым. Өткен өмірді көзге елестету қайдан оңай болсын?! Жүсекең тағы босады. Көңілі қобалжып, көзіне ерік берді. Өксіп-өксіп алды. Мен де тамағыма тас тығылғандай үнім шығар емес. Теңіз жағалауындағы майда толқындардай тереңнен лықсыған өкініш өксік тамағыма кептеліп тұрып алды. Қайран қарттарым-ай, көрмегендерің жоқ-ау... Алматыға келдім, қала өзгеріп кеткен. Көше толы әскери тұт қындар. Жапондар. Үйіме хат жазып, хабарласпастан келгенмін. «Алтыншы линия, 101 үй». Сол кезгі Алматының шеті. Қазіргі Әуезовтен кейінгі көше. Таптым. Сара, балалар мәз. Мен қамалған соң, төрт бөлмелі пәтерді тартып алып, үй ішін қуып шыққан екен. Әйелімнің ағасы Мұса туыстарын үйіне алады. Ол – жеке жер үй болатын. Қасынан екі бөлмелі үй салып берсе керек. Бақша жасап береді. Жап-жақсы. Бір күн үйге қондым. Үйде бір жұма демалайын сосын бір қызмет істермін деп отырғанмын. Ертеңіне милиция жетіп келді. Шамасы көршілер хабарлаған. Сондай тапсырма берілген болса керек. – Документіңіз? – Міне. – Қайда келдің? – Үйіме. – Мына кісілер кім? – Мынау әйелім, мынау балам. – Сізге мұнда тұруға болмайды. – Неге? – Тәртіп солай! – Жалынамын, қалдырыңыз. Жадап-жүдеп үйіме зорға жеттім. – Жоқ болмайды. Ақыры болмады. Үш-ақ күн мерзім берді.
6-линияға 4 трамвай жүреді екен. Трамвайға мінгенде, бәрі ма
ған қарап жатыр. Хайуанаттар паркінен шыққан аңға тамашалап
қарағандай. Әлде менің Алматылық еместігім сезіліп тұр ма?
Жұрттың бәрінің көзі менде. Мен көзімді төмен салдым.
Әлімхан Ермеков менімен түрмеде бірге болған. Оның інісі
малдәрігерлік институтта директор екен. Әлімхан інісіне хат бер
ген. Милиция келіп кеткен соң, ертеңіне барып әйелі Зухраға хат
ты беріп кеттім. Артистка еді.
– Қонақ болыңыздар.
Мен жайымды айттым.
Ол Жүргеновтің әйелі Дәмештің інісі.
Сөйтіп менің Алматыда барған жалғыз үйім сол болды. Ер
меков, лагерьдің бастығын оқытып, институт бітіртті. Жақсы тұр
ды. Шақпақтар – Әлімханды паналады. Теплица ұйымдастырып
жатқан еді. Шақпақ соған Әлімхан арқылы араласты. Агрономдық
диплом алды. Ермеков қайтып келіп, Қарағандыда істеп тұрып еді.
Ол кезде Ғ.Мүсірепов, бәріміз көңіл айтып хат жаздық.
А, айтқандай, өзім қызмет істеген КазОГИЗ-ге бардым бір кү
ні. Барсам, баспа директоры Ахмет Өтеев отыр екен. Мені көріп
шошып кетті. Бәлем жұғатындай көрінді. Ол кездегі қазақ зиялы
сының түрі осы еді.
Алматыда үш күн болып, Қызылордаға кеттім. Соңымнан
әйел, бала-шағам келетін болды. Қызылордада кімім бар? Туған
ағам Тереңөзекте. Шаған ауыл кеңесінің төрағасы екен. Оған
жету қиын. Қызылордада ағамның қызы Фатима тұрады. Күйеуі
Сейділда Оспанов Қызылорда обкомының екінші хатшысы екен.
Үйіне барып қысылып шықтым. Мені шын «халық жауы» көреді.
Ол уақытта ешкім қалай сотталдың деп сұрап жатпайды. Нағашы
апам, анамның ағасының қызы Пәтінің үйіне түстім, күйеуі депода
жұмысшы. Сейділдәға барып, Зияным тимесе қызметке орналасу
ға көмектес, – дедім.
– Партбилетіңіз болса, қандай қызметке де жіберуге болар еді.
…Енді сұрап көрейін. Қандай қызмет істегіңіз келеді?
– Малдәрігері дипломым бар. Осы мамандығым бойынша қай
да жіберсеңіз де ризамын.
– Көрейік енді.
Екі-үш күнде нағашым арқылы хабар алдым. Облыстық ша
руашылық басқарма бастығымен сөйлесіпті. Ол келісім берсе ке
рек. Бардым.
– Қандай оқу бітірдіңіз?
– Міне. – Қағазымды көрсеттім.
Ол шошып кетті.
– Енисейлагтың қағазы ғой.
– Иә, сонда оқыдым ғой.
– Бір-екі күннен кейін келіңіз. Сөйлесіп көрейік, – деді ол.
Екі күннен кейін бардым. “Ештеңе табылмады”. Бос орын жоқ.
Демек қорыққан.
Облыстық өнеркәсіп бөлімі бар екен. Бастығы баяғыда, Ғани
мен бірге болған Насрулин екен. Соған бардым.
Жүгіріп келіп құшақтады.
– Аман-есен келдің бе?
– Иә.
– Ой жақсы болған.
– Салар салмағым бар бірақ.
– О, не?
– Маған жұмыс керек, жәрдем ет. Қарамағыңда көп артель бар
екен.
Мен ашқан есіктерді, жолыққан кісілерді, олардың қорыққа
нын айтып бердім.
– Атасына нәлет, мен қорқа алмаймын. Тек екі-үш күн мәулет
бер. Артель бастықтарымен сөйлесейін. Бала-шағаңды асырайтын
жалақысы бар жұмыс табайын.
– Алла разы болсын, онда мен Тереңөзектегі ағама барып
келейін. Бір аптаға рұхсат ет.
– Бар.
Тереңөзекке келдім. Танитын ешкім жоқ. Базардың маңында
біреу кетіп барады. Жүрісі таныс.
– Әй, – дедім.
– Оу, Жүсіпбексің бе?
– Иә.
– Қайдан жүрсің?
– Осындай да, осындай. Мен тағдыр тарихымды қысқаша
айттым.
– Мен сот болып істеймін.
– Мені соттай көрме. Айыбым жоқ. Міне документтерім. Жү
ністің үйіне бармақшы едім. Жәрдем ет.
– Бізде көлік жоқ. Біреуді соттар болсақ, өздері көлік әкеледі.
Одан да біздің үйге жүр, тамақтанып, әлденіп ал.
Бардым, ашаршылық кез. Үйіне барсам, бір бөлмелі жақсы үй.
Қазақы, полы жоқ. Еденде бойра кілем, төсек орын жақсы, қазақы
тамақ.
– Бүгін қон, ол жақтан біреу-міреу келсе, ілестіріп жіберейін.
Қондым, ас-ауқаты жақсы.
Ертеңіне, мал сата келген бір кісіні алып келді. Түйесіне мін
гестіріп жіберді.
– Он шақырым жерде тұрады. Әрі қарай жақын.
Дариядан өтіп үйіне бардым. Бала дайындап қойған еді. Ат
табылмады. 15 шақырымға жаяу кеттім. Ол жол сілтеді.
– Мінгізген атым, – деп қолыма таяқ берді. Ит құсқа сес
болсын деген ниет. Жолмен жортып келем. Тек әлсізбін. Қылқиған
арықпын.
Екі-үш сағатта ел шетіне іліктім. Ит үріп алдымнан шығады.
Арашалап үй иесі шығады. Жүнісбек Арыстановтың үйін сұрай
мын. Олар жол сілтейді. «Үйге түс» дейді, асығып, түспеймін. Екі-
үш рет тоқтадым, сұрап үйіне бардым. Аға-жеңгем жылап көрісті.
Мен қамауға кеткенде шешем тірі еді, ағамның қолында болатын,
өліп қалыпты. Інім Мұсабек соғыста хабарсыз кетіпті.
– Екеуіңнің күйігің өлтірді, – дейді. Мұсабек Сталинград түбін
де қанды қырғында хабарсыз кетіпті.
– Жүсіпжанның балары жетім қалды.
– Мұсабектің балалары жетім қалды. Сен іздейін демейсің, –
деп ағама ұрсыпты.
– Апа-ау, мен қайдан іздеймін. Соғыстан қашқандар. Дарияның
арасындағы аралда тығылып жүр. Өзімізді өлтіріп кете жаздай
ды. Қолдарында мылтық бар. Менің кімді іздейтіндей шамам бар
қазір?
Қарындасым Айнагүл ауылдық кеңесте тұратын, оған дария
дан қайықпен өтіп бару керек. Соғыс, қамыстың арасы қашқын
дар. Қайықпен бара жатқан ағайды атқан. Әупірім тәңірмен аман
қалған. Міне осы оқиғаға байланысты, ағайға мылтық беріпті.
Төрт-бес күн жаттым. Азық, ақша берді.
– Келінді алып кел.
– Қайдан, – деп мән жайды түсіндірдім. Әйелім өзбек қызы.
Атпен әкеліп тастады.
Ысқақ соттың үйіне келіп түстім. Шәй ішіп, поезд келген кезде
Ысқақ поезға мінгізіп жіберді.
Қызылордаға келдім. Насрулинге келдім.
– Жұмыс таптым. Істеп кете алар-алмасыңды білмедім.
– Істеймін, қандай жұмыс.
– Экономист-калькулятор.
– Мамандығым экономист, неге істемейін? Тек он-он бес күн
үйренгенше, қыспасын.
Сонымен “Комсомолдың 25 жылдығы” тігін артеліне жұмыс-
қа тұрдым. Бастығы – Эфим Флейщман екен.
Менің ісім, калькуляция жасау. Яки әр заттың басын анықтау,
нормалау, есептеу, бағасын шығару. Мен есептеп үйреніп кеттім.
Ақшасы 700 сомнан артық. Не пайда? Қызылордада ашаршылық 1
кг жүгері 33 сом тұрады. Ұн, бидай көзден бұл-бұл ұшады.
Қызым Шолпан – Алматыда. Медицина институтының 1-кур
сында қалды. Бір қыз, бір баламен пәтер жалдадық. Ақша жетпей
ашықтық. Сараны ағамның үйіне жібердім. Олар бір бұзаулы сиыр
жетектетіпті. «Падаға қосып, сауып ішесіңдер» депті. Үш қап са
лы, ақталмаған күрішті арбаға тиеп береді. Арбаға түйе жегеді.
Сөйтіп келді. Түйе арбамен балам екеуміз 25-30 шақырым жердегі
“Қазалы” деген жерден сексеуіл тасып алдық та, түйені өздеріне
жібердік.
Жағдай оңалды. Сара келі түю, диірмен тартуды үйренді. Ба
лалар өсіп қалған. Ұзамай салы бітті. Құба сиыр сүтті екен. Бірақ
падаға барады. Қашып кетеді. Милицияға бардым. Одан да алдым.
Жұрттың қорасына түскіш, үш-төрт күнде зорға табамын.
Ақылдасып, пәтерде тұрып сиыр ұстау қиын болғасын, Алма
тыдағы үйді сатып, Қызылордадан дербес үй алайық деп шештік.
Алматыдағы үйді сатып, Сара ақша алып келді. Пәті апамыздың
үйі жағынан кішкене өлшек сатып алдық, кішкене бағы бар. Сиыр
үш күнде бақты жеп қойды. Қайтадан падаға қостық. Тағы пәле.
Ақыры сиырды қарындасыма беріп тындық.
Сөйтіп ашықтық, ағаға алақан жая беру қиын.
Артель жұмысшылары жер алды. Маған да участок тиді. Ас
қабақ, жүгері, картоп ектік. Екі бау шөпті арқалай келеміз. Көше
нің ортасымен өтеміз. Жолда газвода ішеміз.
– Баяғы Жүсіпбек көшеде шөп арқалап жүр деп күліпті біреу
лер.
– Тек. Тоқтат, тағдырға күлмес болар, – деп тиыпты екіншісі.
– Бәрін біліп, естіп жүрдім. Риза болдым. Халық бізді білмес
деп ойлаушы едім. Біледі екен, түсінеді екен. Оларға сәлем беріп
жүрдім.
Алайда, мен түрмеден ауырып келген екенмін. Дәрігерге бар
дым, рентгенге салды, “Пиврозио-Кавернозный туберкулез” деп
диагноз қойды. Қан құйды. Елге шығып қымыз ішіңіз, – деді.
Қайдан, жалғыз өзім болсам сөз басқа.
Дегенде огород тәуір болды. Қара тамаққа тойынып қалдық.
1949 жылдың басы, үйге НКВД-ның адамы жетіп келді. Үйді
тексерді. Құдды баяғы. Алып кетті. Қызылордада үш ай ұстады.
Қайта тексеру. Бірақ, баяғыдай ұрып-соғу жоқ. Айтқанымды жа
зып отырды. Мән-жайды сұрадым:
– Біз сізді соттамаймыз. Баяғы ісіңіз бойынша ссылкаға жібе
реміз.
– Каверзный туберкулёзбын, врачтан сұраңыз. Ең болмаса үйде өлуге мұрша берсеңдерші. – Врачтан сұрағанбыз, дұрыс айтасыз. Бірақ ондай ауруды қалдырсын деген нұсқау жоқ. Паспортым жоқ, куәлік қана бар. Орган адамдары да өзгерген. Жаны ашиды. Бірақ дәрмен жоқ. Ақыры айдады. Бірақ баяғыдай емес. Пойыз күтіп отырдық. Балам құшақтайды. Мен жүзімді бұрып әкетемін. Өйткені қан түкіремін. Айдап әкетті. Ташкенттке алып барды. 10-15 күн түр меде жаттым. Онда Сараның анасы бар. Хат жазып хабарласуға рұхсат етті. Анасы бір табақ құлпынай, самса әкелді. Келіп тұрды. Бір күні айдады да кетті. Жаңасібірге әкетті. Бәрімізді бір вагон ға жинады. Жаңасібірге бардық. Түрмеге қамады. Сұрады. Анкета толтыртты. Ақыры бөлді. Мені Михаилский ауданына жіберді. Бес кісіні Кожурга стансасына тастап кетті. Ол жерде бізді ауданның НКВД өкілі күтіп алды. Солай болды. Арбаға мінгізіп алып келе жатыр. Орман 60-70 шақырым. Омбыға қарай. Жолда қонып, ертеңіне Омка өзенінің жағасына келдік. Лужково селосы. Арғы жағы Чумаково селосы – аудан орталығы. Арғы жақтан жел қайық келді. Бес адамды екі бөліп өткізді. Ауылға апарды. – Ерікті жүресіздер, аудан шекарасынан шықпайсыздар. Жұ мысқа көңілің толмаса, басқа жұмыс сұра. Айына бір рет НКВД-ға келіп тұрасыңдар. Ертеңіне колхоздардан кісілер келді. Бір төраға: – Маған зоотехник керек, – деді. – Қай жерденсіз? – Село Елизаветинко. Осы жерден жеті шақырым. – Мен барайын, – дедім. Документтерді тексерді. НКВД есепке алды. Сталин атындағы колхоз. Төрағасы Дмитрий Беляев. Алып келді. Үйінен жақсылап тамақ берді. – Жүдеусіз ғой. – Жүдеу болмай ше? Түрме, түрме, түрме. Өмір бақи көргенім түрме. Ауруымды жасырдым. Өйткені туберкулезбен малға қарауға, сүт саууға баруға болмайды. Сүт бергізді. Тәуір үнмен сөйлесті. Үй иесін “Красный Ефим” деп атайды екен. Баласы әскерде. Кемпірі екеуі. Екі бөлмелі үй. Адал адамдар көрінді. Шалы жетпістен асып қалған. Балық ау лайды. “Дуало” ағашы, жабайы араларды бағу, бір ұядан үш каст рюлдей бал алады екен. Қорасының сыртында жарты гектар жері бар. Егін егеді. Сатады. Он шақырым жерде шалаш көл бар. Тана
жеккен арба. Мөңке (Трап) балық көп. Аумен балық аулайды. Ау ды кешіп жүріп салады. Бір аптада бір қап кептірген балық, бір қап жас балық алады. Кепкен балықтан кемпірі еркімше жегізеді, аяйды. Ауруым асқынып барады. Айтуға болмайды. Сиырды зерттей мін. Саусақпен сауу. Қысып сауу. “Ряппа” тәсілдерін енгіземін. Асылдандыру жұмысын жүргіземін. Қай сиыр қай күні, қай бұ қадан қашты? Күтеріміз не? Бәрін дәптерге түземін. Сталин колхозы ауданда май жоспарынан, тұқым асылданды рудан бірінші орын алды. Нәтижесінде мені жоғарылатты. Бұрын колхоз зоотехнигі болсам, енді учаскелік зоотехник болдым. Учас кеге үш колхоз қарайды. “Краснояр”, “Лужков”, “Сталин” колхозы. “Сталин” колхозында мал дәрігері болмады. Оны да мен қара дым. Бұқа пішу, сиыр туғызу жұмыстарымен айналыстым. Сиыры туа алмағандарға жәрдем еттім. Түн болсын, күн болсын. Ауданда бұқа, қошқар тартатын дәрігер бар. Жылқыны тартатын мал дә рігері жоқ. Оны да үйрендім. Буға піскен сүт, парной қаймақ, ішіпжем мол. Бірақ, ауру асқынып барады. Чумаковтан Лужковоға қатынап істеймін. Бір күні: – Сіздің әйеліңіз келіпті, – деді. – Не дейді? Әрі қуандым, әрі ренжідім. Қуанатыным – әйелім, бала-шағам келді. Ренжитінім – мен ұзамай өлемін. Балаларым Қазақстанға қайта алмай сібірлік болып кетеді. Чумаковта мен сияқты айдауда жүрген Сейткерей Үсебаев де ген Тереңөзектік кісі бар еді (қазір Тереңөзекте тұрады) соның әйелі келеді екен. Қалай танысқанын қайдан білейін, екі әйел та нысып ол, қызын, Сара Маратты алып келіпті. Біржолата келген. Екінші қызым да институтта. Елизаветинкаға алып бардым. Беляев маған жақсы қарайды. Қызы Жаңасібірде малдәрігері мамандығы бойынша оқу бітіріп келген. Маған қызыма малдың жайын үйрет деп жүретін. Жағдайымды тыңдап алып, Беляев бізге бір үй берді. Алқамсалқам. Әбден жөндеттік. Ол кезде Сібірге жер ауған эстондар көп болатын. Чумаковода 15 үйдей эстон болатын. Олар бізге жақсы қарайды. Сара ақша әкеліпті. Менің еңбеккүнім бар. Бәрін қосып бір эстонға үйді жөндеттік. Арзанға жөндеп берді. Елизаветинкада мектеп төрт жылдық. Марат 6-класта оқитын. Амал жоқ Чумаковқа қатынап оқитын болды. Тамақ тоқ. Петрак деген коммунист бар еді. Сол Сараға келіп айқайлай ды. «Қоймаға жәрдемге бар» дейді. Амалсыз барады. Ауыр қап тар арқалайды. Сондай күннің бірінде қаптың астында қалады. Мен Петракпен ұрсысып қалдым. Ертеңіне НКВД-ға, аудандық
партия комитетіне шағымдандым. “Сара ауданда жүрген тұтқын
емес, ол неге зәбір көреді”, – дедім. Олар Петракты қысты. Біз
тынышталдық.
Өзім де жеті шақырым жерге барып-келемін. Қызмет бабы.
Балам да жеті шақырым жерге барып, келеді. Мектеп жайы. Ауру
меңдеді. Ауруымды айтпай Чумаковқа көшуге бел байладым.
Өтініш жасадым, көштік. Михайлов деген шаруаның үйіне пәтерге
тұрдық. Қаз ала келдік. Жайсыз-ақ болды. Біреудің үйіне біреу
бүкіл шаруашылығымен қалай сыйсын?!
Елизаветинкадағы үйді саттым. Чумаковтың шетінен жер үй
сатып алдық. Ыдыс-аяқ жидық.
Қызы самауыр арқалап жүр екен.
Саудаласа кеттім.
– Қанша?
– Алпыс сұраймын, елуге беремін.
– Елу сұра, қырық беремін.
Ақыры елу рубльге алдым.
Жертөле дымқыл болды. Полы бар, бірақ ыза ұрады.
Осы кезде Зубков Леонид Федоровичпен танысып, достасқан
мын. Ол Ленинградтық ссылный, жағдайымды көрді. «Мына үйің
ді сат. Жертөледен құтыл. Әйтпесе, ауруың асқынып кетеді – деді.
– Қазірдің өзінде ауруың асқынған. Саған орманды жер жақсы.
Ауасы дұрыс, жеміс көп өседі», – деді.
Ақыры достың айтқанын істеп, ағаш қидық. Үй салдық. Ту
валық Онгар жәрдем берді. Баламыз екеуміз ағаш кесеміз, ол қа
бығын аршиды. Балам 15-16-да. Ол үйін кеңейтіп салушыларға
жәрдем ететін. Едәуір үйреніпті. Тувалық та ештеңе білмейтін
болып шықты. Мараттың өзі қолға алды. Баламның қимылын кө
ріп, Шахов:
– Иш, ты, – деді. – Неге жүр десем, үйреніп жүр екен. Дұрыс.
Былай істе. Ол көрсетті.
Шпал алдық. Ақыры екі бөлмені қиып салдық. Құдық қаздық.
Құдықтың ішін қайыңмен тең жарып өрдік. 200 метр жерде өзен
де бар. Үй бітті. Тана сатып алу керек. Сараны ақша әкелу үшін
Алматыға жібердім (ол өз алдына бөлек әңгіме).
Таныс адам, сиыр сатам дейді. Қашар. Алдық. Қашарлы бол
дық. Шөп шабамыз, картошка егеміз. Әр ұясына горох саламыз, ол
жерді күшейтеді. Әрі тамақ. Жарты қап горох. Екі бөлме қамбаны
толтырып картошка жинадық. Сиырға сол картошкадан бердік.
Комбикорм, ұнның қауызы бәрі тамақ. Қашар бір қыста дәу сиыр
болды. Жақсы бұқадан қашырдым. Жылда көктемде қашады,
қаңтарда туады. Үнемі ұрғашы туады. Күніне 22-23 литр сүт
береді. Сүт налогы – 150 литр. Көршілеріміз сүтке жарымайды.
Біз он күн уыз ішеміз. Он күн шамасында налогтан құтыламыз.
Қаңтарда бұзауын сойып аламыз. Анасының атағы шыққан соң,
көршілер бұзауды сойғызбайтын болды. Екі жасар қашарға айыр
бастап алады. “Урал” сеператорын сатып алдым. Бір стакан пар
ной қаймақ ішемін. Қаз өсірдік. Олар 15-20 шақырым өзенге дейін
жайылып барады. Қаз көбейді. Денсаулық түзелді.
Сібірде міне өстіп өмір сүрдік.
АВТОРДАН: Қарт қаламгер сөйлейді де жылайды, жылайды да сөйлейді. Әң гімесі – өз басынан кешкен хикаясы. Ауыр тағдыр. Бәрін тіл бояуын төгіп, сырлы дүниеге айналдырып мемуарлық дүние жазбақ еді. Тағдыр мұрсат бермеді. Жоғарыдағы жазба – Жүсекеңнің маған әң гімелегені. Өз аузынан сөйлетіп, жазып алу маған да оңайға түскен жоқ кезінде. Отыз жетінші жыл ойраны жаңа әшкереленіп жатқан кез. Басқа бермесін. Тағдыр салған ауыртпалықты ақсақалдың өз ау зынан төзіп тыңдаудың өзі соншалық еңсе езгендей еді. Қарт қаламгер мақсаты орындалмады. Замананың түлеуіне қарай мен де жұмыс басты болып кеттім. Мынау – асығыс жазбалар. Сұлба дерлік. Осы жазбаны алдымыз ға ала отырып, екеулеп, біріміз айтып, біріміз жазып, толтырып, толықтырып бір тәуір дүние шығармақ ниетте едік. Амал қанша, үлгермедік. Кезінде Г.Серебрякованың «Құйын» повесі, Лев Разгонның өз тағ дырын баяндаған кітабы, Икрамовтың әкесі туралы кітабы, Вас. Гроссман туралы бәрі де кітап болып шыққанда қызу қабылданған дүниелер! Уақыт басқа еді. Ұрпақ шындыққа ынтызар кезең ғой. Үлгеріп жазғанда, документалист, жазушы Жүсіпбек Арыстан ұлының 1937 жылдың жаласымен жиырма жылдай түрмеде, айдау да азап шегуін баяндайтын еңбегін оқырмандар құшақ жая қарсы аларына күман жоқ. Ол кезде кейіпкерлерінің кейбірі тірі еді. Қазір уақыт басқа! Басқа бола тұра, ақиқат қай уақытта да, қандай буын ұрпаққа да керек. Бүгінгі, ертеңгі ұрпақ тәрбиешісі– тарих! Тарихқа ден қоймау – бүгінгі, ертеңгі ұрпақ тәрбиесін ойламау! Осы жайларды ескеріп, архивімде сарғайып жатқан қағаздарды тасқа қайта бастырып, оқырманға ұсынып отырмын. Жүсіпбек Арыстанұлындай қиын тағдыр кешкен азаматтың өмір жолының бір үзігі шашыраңқы болса да оқырманға жетсін. Бәлкім, кейінгі ұрпақтан керек етер азаматтар табылып қалар. Әрі, сыйлас ақсақалдың аманаты мойнымда қалмасын жүк болып. Хатқа түссін, халыққа жетсін. Жерде қалғанша, елде қалсын! – деген ой!
Коммунист Сәбит Мұқановтың
ұлтшылдығы...
Сәбит Мұқанов – қазақ ұлтының ағасына айналып өмір сү
ріп, қазақтың қариясы болып қартая біліп, өмірден кештеу өт
кен кісі. Қазақ елінің бар қасіретінің басы-қасында болған, бар
қуанышты сәттерінің жалаугері болған адам – Сәбит Мұқа
нов! Қазақ ұлтының ұраншысына айналып «Жол таптым бар
қазақтың жүрегіне...» – деп шүкіршілік еткен жалаугер қа
ламгер өзін қазақтың қоғамдық өмірінен тыс ұстай алмады.
И.Сталинді әшкерелеуші, Н.Хрущевпен ыстасқан қағыстырған,
Ж.Шаяхметовті – Шайгөз Амандықовқа айналдырып «Тыңда
ғы толқындар» романында сынаған, Д.Қонаевты Теміртау жұ
мысшыларына оқ атқыздың деп шенеген, И.Юсуповты мрамор
сия сауытпен жусата жаздаған Сәбит Мұқанов! Ол не айтса –
қазақ атынан айтты, не істесе қазақ атынан атқарды. Соның
бәрін «өлмейтін», «өшпейтін» партия ретінде ұлықталған ком
мунистік партия атынан батыл атқарды.
Өз басым өзге қазақтар секілді, бала жастан Сәбит Мұқа
новты жақсы көріп өстім. Шығармаларын сүйіп оқыдым. Ал
матыдағы музейін майталман мәдениет қайраткері Өзбекәлі
Жәнібек басшылығымен қолмен құрыстым. Әлемнің алуан елі
архивін ақтарып «Сәбиттанумен» айналыстым. Архивтерде
ұнамды материалмен бірге ұнамсыз материал да алдымнан шық
ты. Өмір. Жақсы көрумен бірге жек көру сезімі де жүректен
орын алды. Мадақ дерлік мақала, жазушылық құпиясына еніп,
талдап кітап жаздым. Қазақты қайтсек дербес ел етеміз деп
емініп еңбектенген, сол жолда басын бәйгеге тіккен, жанын қи
ған Алашорда өкілдерін әжуалаған сәттерін аяусыз сынадым.
Сәбит Мұқановты мадақтағаным үшін мақталып, сынағаным
үшін сыналып жаттым. Өйткені, өзге «танулар» секілді «Сә
биттануды» да соңғы жылдары рушылдық психология иектеді.
Алайда, небір қайраткер деп алға тұтып, табынып келген адам
дарымыз Алашорданың үстінен И.В.Сталинге хат жазып, донос
жасап, қазақтың қаймағын қалай сыпырып тастау жөнінде
жол көрсетіпті. Сталин архивінен исі мүңкіген сол «қағаздарды»
оқығалы Сәбеңді қайта жантартып жақсы көруге айналдым.
Ойлап отырсам, Сәбең де Алашордамен күрескен. Коммунистік
көзқарас әрекеті. Бірақ, Бас қанышерге хат жазып, донос жібе
ріп, халқын сатқан, сатылған жері жоқ екен. Және бар мәселе
нің басы ашық. Совет үкіметін қапысыз сүйген, коммунистік
партияға қылаусыз сенген адамның әрекеті.
Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің бір дәуірі. Ол – қазақ
әдебиетінің қаламгері ғана емес, қазақ әдебиетінің ұйымдасты
рушы жалаугері. Осы екі араны ашыңқырап сөйлеуіміз керек.
Өз шығармалары және қазақ әдебиет ісін ұйымдастырушы, сол
жолда ұлтты ұлықтаушы тұлға!
Өздері дұрыс жаза алмай жүріп кейбір кісілер Сәбит Мұ
қановты сынағысы келеді. Ақжүрек сыншысың ба, сына. Сыныңа
кісі сенетіндей болсын бірақ. Сынды Сәбит Мұқановтың аза
маттық тұлғасы да, әдеби мұрасы да толық көтереді. Ол өмір
сүрген дәуірге орай Сәбит Мұқанов осы екі тұрғыдан да сыналуға
тиісті тұлға. Сын дегеннен шығады, отыз бес жыл зерттегенде
аңғарғаным – Сәбит Мұқанов бізді түсінеді екен. Керісінше Сә
бит Мұқановты біз түсінбейді екенбіз. Масқара болғанда Сә
бит Мұқановтың әдеби шығармаларын оқымай, білмей де сөйлей
беретін секілдіміз. Бұл енді күнә!
Сәбит Мұқанов жайында «Жан жылуы» – 1981; «Сәбит Мұ
қанов» – 1989; «Сәбит Мұқанов» – 2000; «Жазушы шеберханасы»
– 2000 аталатын кітаптар жаздым. Қалай жаздым?
С.Мұқановтың көркем шығармаларын оқыдым. Архивін ақ
тардым. Жазушы ізімен жүріп Советтер Одағын аралап шық
тым. Ол мені музейлерге, архивтерге бастады. Менің еңбекте
рімде кезінде Советтер Одағына қараған талай елдің архивінен
алынған материал пайдаланылады. Қазақ әдебиетшілерінің мұр
нына иісі де бармайтын материалдар. Демек, бұл – менің тақы
рыбыма ақ қарап, адал зерттегенімнің арқасы!
Соған қарамастан өз басым Сәбит Мұқановты әлі танып
болған жоқпын деп ойлаймын. Өйткені, шын жазушы – қашанда
ЖҰМБАҚ. Сәбит Мұқанов – шын жазушы. Шынайы жазушы.
Төрткүл дүниедегі ұлы жазушылар секілді оның әдеби әлемі де
толайым жұмбаққа толы.
Сол жазушы жұмбағын шешемін бе деген оймен Сәбит Мұ
қанов шығармаларына қайтадан ден қойып отырған жайым бар.
Сәбит Мұқановтай қазақ деп ғұмыр кешкен жазушы жұмбағын
шешкісі келген азаматқа «кел қолдас, кел қаламдас жолдас, жұм
бақты бірге іздейік!» – дегім келеді. 1. Ұрпағымды аттап жүре берейін бе?
...1971 жылдың 26 науырызы. Абай атындағы қазақ мемлекет-
тік педагогика институтында «Қазақ ССР-нің 50 жылдығына» ар
налған ақындар жыр кеші болмақ. И.В.Сталиннің қанды «культі
нен» арылып, «Культ – әдебиетке ғана жарасады» (Я.Смеляков)
– деп жүрген кезіміз. Ұлт мәселесі – «мызғымас біртұтас КСРО-
дағы» шетін мәселе. Соған қарамастан алып империяға зорлықпен
кейін қосылған Балтық жағалауы республикаларында (Литва, Лат
вия, Эстония) наразылық, Кавказ республикаларында (Грузия, Ар
мения, Әзербайжан) ұлттық оянушылық бар. Солардың әсерінен
бе, әлде дүркін-дүркін ұсталып түрмеге айдалып, барып-келіп жа
татын Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Е.Бекмаханов, ұлтшылдығы
үшін М.Әуезовпен бірге бір бұйрықпен ҚазМУ-дан қуылып, СО-
КП қатарынан шығарылатын Б.Кенжебайұлы сынды профессор
лардың айтқан сөздері (оқыған лекциялары), жасырып оқытатын
Шәкәрім, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы шығармаларының әсе
рі ме, әйтеуір қазақ ұлтының саналы ұрпағы бойында ұлттық оя
нушылық бар. Москвада оқитын қазақ жастары ұйымдастырған
«Жас тұлпар» қоғамдық бірлестігі таратылғаны, Мағжан шығар
маларын Б.Кенжебайұлы бас болып, «азаматтық ақталуын» алға
ұстап, ақын өлеңдерін А.Жовтиске орыс тіліне аудартып, Т.Нұр
тазин, жазушы Т.Ахтанов қатысып ҚазМУ-да кеш өткізіп, оны
университеттің комсомол комитетінің хатшысы – кейін «біздің
декан» (атын атамай тұра тұралық) жоғарыға сыбырлап қойып,
қуып таратылатыны бізге жоғары курс студенттері аузымен жетіп
жатады. Елеңдейміз. Ең бастысы – ұлт әдебиеті ұлт ұрпағын
оятуға жетіп артыларлық «культ» кезең. Олардың шығармаларын
оқу – мәселенің мәселесі. Бір жаңа шығарма жарық көре қалса,
«оқыдың ба?» – деп бір-бірімізден сұрап жүргеніміз. Жаңа туынды
жалма-жан қолдан қолға өтіп жүре береді. Ол кітап жайында пі
кір алысу кез-келген жерде жағдай таңдамай жалғасып жатады.
Көркем әдебиетке ынта сондай күшті. «Егемен Қазақстансыз»
үй адыра қалған үй, қойшы етігінің қонышында «Жұлдыз» бен
«Қазақ әдебиеті» газеті жүреді. Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» ро
манын қимадың деп сүйіскен екі жастың ата-анасы бір-бірімен
құдалықтан кетісіп қырбай болып, Сәбит Мұқановқа жүгінетін
кез. (Сәбит жарықтық «Ботагөз» романын шарқ ұрып іздеп, тау
ып: «Екі шал алжымаңдар. Өзара сүйіскен екі жастың обалына
қаласыңдар. Міне, «қалыңмалын» мен төледім, екі жастың үй
ленуіне қарсы болмаңдар» – деп бір мәтінде екі бөлек хат жа
зып, «Ботагөз» романын екі құдаға теңдей бөліп салып жіберетін
кездер-ай, шіркін!) Енді ойлап қарасақ, соның қай-қайсысы да
бүгінгі арнайы ұйымдастырылатын ғылыми-практикалық конфе
ренциялардан бірде-бір кем емес екен-ау. Жазушы ағайындар бұ
хараны КСРО тұтастығына үндей жүріп те, шығарманың астарлы
ағынымен жұртын ұлттық болмысқа баулып, ұлттық рухта тәр
биелей білген екен-ау. Біз студентпіз. Оның үстіне ҚазМУ-да
М.О.Әуезов атындағы әдеби бірлестік, Қыздар педагогикалық
институтында «Қыз Жібек» эстетикалық клубы, тіпті журналис
тика факультетінде М.Сералин атындағы журналистік бірлестік
жұмыс істейді.
Әлгі атаулы ақындар кеші даңқы әп-сәтте Алматыны кезіп кет
ті. Ынтықтық. Кешкілік. Сабақтан шығып жүгіре басып, ентігіп
жеттік. Кешігіп қалыппыз. Бүгінгі Төле би көшесіндегі ғимарат
тың бес жүз кісілік залында ине-шаншар орын жоқ. Тұмсық бат
пайды. Тікемізден-тік тұра қалдық. Жиырма шақты ақын, жазу
шы, Сәбит Мұқанов бастап, қаздай тізіліп келіп «президумға»
жайғасты. Сұңғақ жігіт, профессор Серік Қирабаев өзінің ешкімге
ұқсамайтын үнімен кешті ашып, «Қазақ ССР-ы» жайында саяси
философия соғып, сөзді Сәбит Мұқановқа берді. Мұхтар Әуезов
тің даңқы бар да, өзі жоқ. Ал Сәбит Мұқановтың даңқы аспан-
да қалықтап тұрған шағы. «Аққан жұлдыз» үзінділері «Жұлдыз»
журналында жарияланып жатыр. Мен, мен ғана емес, иін тіресіп,
теңселіп, тебіреніп тұрған 700 кісінің дені осынау кешке Сәбит
Мұқанов қатысады екен деген дақпырттың құлына айналып кел
генбіз. Сәбеңнің беделі сұмдық еді.
Сәбит Мұқанов өзі өмір сүріп отырған қоғамға өкпелеп сөйледі.
– Сәбиттің жазғандары 50 том болатын – деді өзінің қарлы-
ғыңқы жарықшақ дауысымен, – соны бастыруға Қазақстан, тіп
ті СССР қағаз таппай қиналып отырған соң қайтерсің?! Содан да
көлемді роман жазғанды доғарып «төрттаған» атап рубайлар жа
зып жүрмін. Рубай дегеніңнің өзі ұлғайған жасқа жақсы ма дей
мін. Күшеніп жатпайсың. Өмірден көрген-білгеніңді, көңіліңе түй
геніңді философияға айналдырсаң – жетіп жатыр. Мен сол су жаңа
рубайларымнан оқимын.
Ақынның оқығаны «рубай» ма, жоқ па, кім білсін?! Қазақы
болмысты тартымды төрттағандар залды баурады. Кезек Ғали
Ормановқа келді. Жәй басып зорға шыққан жорға ақын мінберден
өз өлеңдерін оқыды. Оның өзін «Қаламымнан шыққанымен, қал
тамнан шықпай жүрген өлеңдерімнен оқимын» – деп бастады.
Демек, қайта-қайта қарағыштап, қырлап, сырлап өңдеп жүргені.
Қасым Тоғызақов «Военкомат» аталатын өлеңін оқыды. Сөз кезегі
келген Мұхамеджан Қаратаев қазақ әдебиеті туралы сөйледі. Кеш
жалғасып жатты. Ақындар кезек-кезегімен өлең оқиды. Біз ынтыға
тыңдаймыз. Аяғына таман жас ақын Мұқағали Мақатаев «Мына
өлеңді Мұхамеджан Қаратаев ағама арнап оқығым келіп еді. Ол
кісі кетіп қалды. Енді арнамай оқимын» – деп алып «Сыбағам қайда?» аталатын өлеңін оқыды. «Қарамай қарттығыңа, шалды ғыңа...» Иін тірескен зал түңлікті желпілдете қол соқты. Мұқағали жап-жас. Жастардың «культіне» айналып келе жатқан жас пері... Сүйікті ақынымыз! Өлең оқитын ақындар саябырси бастағанда төменгі қабатқа жүгіре жөнелдік. Онда «кітап жәрмеңкесі» ұйымдастырылған. Кі тап жаймасы. Кітап сатып алып қаламгерлерден қолтаңба алып үлгеруіміз керек. Сәбит Мұқановтың үш томдық «Өмір мекте бі». Жуан үш кітап. Бағасы да біраз. Бірыңғай стипендияға қа райтын студенттің қалтасы тесік. Ойланып тұрып «Қазақстан жазушылары» (Жазушы, 1969 ж.) аталатын ашық қызыл жуан кітапты сатып алдым. Өйткені онда қазақ жазушыларының өмір баяны әр бетке бөлек беріліп, суреті басылған. Бір емес, бірнеше қаламгерден қолтаңба алуға қолайлы. Ғали Орманов, Қасым То ғызақов, Мұқағали Мақатаев, лезгин ақыны Байрам Салимовқа тілек жаздырып алдым. Апай төсін айқара ашып тастап, екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп келе жатқан Мұқағали ағаның алдынан шықтым. Ол досы – Әнуарбек Дүйсенбиев үйінен біледі мені. Қолымдағы кітапты тілек үшін ұсынғым келіп, әрі-бері парақтаймын. Кітап ішінде Мұқаш аға жоқ. Демек, әлі «СССР Жазушылар одағына мүше» емес. Тұтас кітапты ұсындым. Анық тамалықтың ішінде өзінің жоғын ақын біледі әрине. Ол кітапты қолына алып тұрып, бірінші тыс-парағын аударып тастап, мұ қабаның екінші бетіне: «Құлбек! Адам бола біл, түсіндің бе? М.Мақатаев. 26.ІІІ.71 ж.» – деп қол тартты. Сөйтіп жүріп Сәбит Мұқановқа кешігіппін. Сәбит Мұқановтың алдында қолтаңба алу ға кезекке тұрған жастарда, Сәбеңше айтсақ, хисап жоқ. Ұзын тізбек. Егер Сәбеңнен қолтаңба алмасам бүгінгі ақындар кешіне келуімде мән болмайтын секілді сезініп, ұзын-сонар кезектің ая ғына келе тіркеліп тұра қалдым. Ақындар үйді-үйіне тарап кетті. Түннің бір уағы. Кіре беріс фойеде жазушыдан Сәбит Мұқанов қана қалды. Сәбеңе қарайлап бір сылыңғыр қара жігіт жүр. Шамасы ол да ақын болар. Сәбиттей жазушыны үйінен алып келген, енді апарып салуға жауапты аза мат сынды. Айырып танып жатқан жоқпын. Әлден уақыт. Тізбек тоқталар емес. Әлі бірсыпыра жас бармыз тізіліп тұрған. Біз де қай жетісіп тұр дейсіз?! Қарын ашқан, көз бозарған... Сәбең сүй кектетіп тілек жазып беріп отыр. Ары-бері селтеңдеп жүрген сы лыңғыр қараның тіпті шыдамы кетті білем, тағатсызданып: – Қайтайық та, Сәбе, – деп қалғаны.
Біздің зәреміз-зәр түбіне кетті. Бейне тілек сөзін күтіп тұр-
ған алып жазушымыз «Шаршадым, қарақтарым!» – деп орнынан
тұрып кетердей ішіміз қылпылдап қоя берді. Тіпті бойда діріл
пайда болды. Мойнымызды созып ақшамнан бері тұрмыз ғой,
енді! Демімізді ішімізге тартып алдық.
Басында қара тақия, үстінде қара костюм, етженді жазушы бір
сәт кезекті кітабын жүрек тілегін жазып ұсынды да әлгі сылыңғыр
қараға жалт қарады. Оқты көзімен атып, қазақша айтқанда «жаман
көзімен» қарады. Қарады да:
– Мына тұрған көкөрім балалар біздің болашағымыз. Менің
жас өркен ұрпағым. Сәбит атыммен, түйедей басыммен ұрпағым
ның тілегін аяқасты етіп, жерге қаратып, аттап кете баруым керек
пе? – деді сосын ажырая қараған қалпы. – Онан да қарап тұрмай,
такси ұстап әкел қайтатын! Өй, антұрған!
– Қойдым, Сәбе, қойдым. Міне, қазір, қазір такси ұстап келе
мін.
Қара шаңырақ КазПИ-ден,
Аттандық біздер таксимен!.. –
деп таксимен аттанып кетеміз,– деп «айыпты» сылыңғыр қара
жігіт өлеңдетіп сыртқа қарай жүгіре жөнелді. (Кейін білдік, әлгі
қара жігіт Нутфолла Шәкенов екен. Қ.Е.)
«Сәбең бізді тастап кетіп қалар ма?» – деп зәре-құтымыз қашқан
біздің жүрегіміз орнына түсті. «Уһ» – дедім еркін дем алып...
Түн жарымы ауа бізге де кезек келді.
– Атың кім, қарағым? – деді жарықшақ дауыс. Атаның, әкенің
үніндей сүйкімді естілді. «Құлбек» – дедім жалма-жан. Ол быр
тық салалы саусақтарымен мықтап ұстаған «шарикті» жуан қа
ламмен «Құлбекке. С.Мұқанов. 26-ІІІ-71 ж.» – тілек сөзін жазып
«Қазақстан жазушылары» кітабын өзіме ұсынды. Тілек сөзі – жү
рек сөзі. Бақытты едім. Рахмет айтып, толқып басып кезекті келесі
өспірімге беріп былай тайқып шыға бердім.
...Жазушыны қызықтай бақылап қарап тұрмын. Міне, тағы
екі-үш бозбалаға қолтаңба сыйлады. Сөйтті де «Бар мәзір, жоқ
жай. Осыған риза болыңдар, қарақтарым. Оқушы балаларсыңдар
(студент дегені болар. Қ.Е.) ғой. Жақсы оқыңдар. Оқымыш бо
лыңдар. Замандарың келеді, ұрпақтарым, бақытты болыңдар!» –
деді. Деді де, ауыр денесін ақырын тіктеп, таяғына сүйеніп баяу
басып шығып бара жатты.
...Жатақханаға жаяу тартып келемін. Қолымда кітап. Құлағым-
да жазушы үні күмбірлейді. «Ұрпағымды аттап жүре берейін
бе?», – деген мейірбан үн, «Замандарың келеді» – деген жұмбақ
үн...
2. «АЗИАДА» алауына қарап отырып...
(Ұлттық болмысты жазушы Сәбит Мұқановтың «Советский
спорт» газетінде жарияланған бір мақаласынан туындаған ой)
«АЗИАДА» алауы қазақ жерінің бір шетінен еніп, екінші қиы
рына қарай жылжып кетіп барады. Астанада әне-міне әлемдік
спорт додасы басталады. Біз тағатсыздана күтіп отырмыз. Әлемдік
спорт додасы басталар сәтте ресми ашылуына орай туымыз төр
ге ілініп, мемлекеттік ән-ұранымыз аспандайды. «Алтын күн ас
паны...» Қазақ азаматы арқаланады. «Мен қазақпын!» – деген
азаматтың мәртебесі биіктер сәт! Осы сәттерді көз алдыма елес
тетемін. Елестетемін де ойға батамын. Көңіл көкжиегіне ғұмы
рымның жарымын арнап зерттеп келе жатқан қазақ болмысты жа-
зушымыз Сәбит Мұқанов бейнесі көтеріледі. Асылы, ол кісінің
біздің өмірімізде қалам тартпаған саласы жоқ еді-ау...Спорт ше?
Спортты да жанын шырқыратып отырып жазған. Өмірдің бір қы
ры – қазақ шопандарына жағдай жасалмай жатыр – деп айқайлап
жүріп «Үштөбеден» киіз үй жасайтын фабрика аштырған Сәбит
Мұқанов. «Қайрат» командасы неге қазақ жастарынан құралмай
ды? – деп айқайлаған да Сәбең жарықтық. Ох, есіме түсті. Кеше
гі кеңестік кезеңнің коммунистік саясаты сыздаған сыздауықтай
қабындап тұрған сәтінде бүкілодақтық «Советский спорт» газеті
бетінде «Ауыл спорты, хал қалай?» – деп алпысыншы жылдары
қорықпай мәселе көтерген, он бес одақтас республикаға дауысын
жіберіп айқай салған да Сәбит Мұқанов емес пе еді? Иә, солай!
«Советский спорттың» оқушыларының көбі менің ауылым
ның тарихымен дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған
менің «Өмір мектептерім» атты өмірбаяндық трилогиямнан
таныс болар деп ойлаймын.» – деп алып ұлт спорты мәселелерін
буынынан ұстап мәселе көтеріп еді-ау. Ол қандай ұлттық мәсе
ле қызыл империя саясаты қызып тұрған кезде қазақ жазушысы
қаймықпай көтеріп жүрген? Асылы, жазушының өзіне сөз берген:
«Біздің уақытымызда ұлттық спорттық ойындарды мүлде
басқаша өткізуге болар еді. Мүмкіндік бар-ау, бірақ өткізбей
ді. Менің жастығымның сүйікті ойындарын еске алуымның
себебі бүгінгі ауылда спорттың ұлттық түрлері түгелдей дерлік
ұмытылғандықтан.
Солтүстік Қазақстан облысының совхоздарында кәзір әб
зелдерді (ат сайман), керек-жарақтарының өзін табу қиын. Әй
теуір биылғы жылы маған ауылда жарамды ер-тоқым тауып
бере алмады. Маған ауыл адамдары мына бір қызықты фактіні
айтып берді. Өткен жылы менің жерлестерім қасқырды жатқан
жерінен үркітіпті. Жас жігіттер жыртқышқа мылтық оғы
жететін жерге жақындай алмағанда 70 жастағы Бейсен қарт
қасқырды қуып жетіп, үзеңгімен ұрып талдырып (қолында таяқ
болмаған соң) байлап алыпты. Ауыл балалары өздерінің қалалық
теңдестері сияқты атқа мінуді ұмытады ғой деп шошимын.
Қазақтардың стол үстіндегі «тоғыз құмалақ» ойындарының
аңызға айналып кетуі де мүмкін. Селолық «Қайрат» қоғамының
кубогі үшін жарыстарда, оның өзі де жыл сайын өткізілмейді,
шахмат сияқты ертеден келе жатқан ойындардың чемпионы
үнемі 60 жастағы жамбылдық қарт Рахымбай Ақпанбетовтің
болуы кездейсоқтық емес. Мұндай фактілер республика спорт
ұйымдарына ой салуы тиіс. «Тоғыз құмалақ» мыңдаған тәсілдері
мен түрлері бар қызықты ойын.
Мені олимпиадалық ойындарға қарсы деп ойламаңыздар.
Оларды жан-жақты дамытып, ауылға үдете енгізу керек. Бірақ,
олар халықтан шығып, халықтың сүйікті өнеріне айналған
спорттың ұлттық түрлерін көлеңкеде қалдырмауы тиіс.
Халықтың спорт түрлерінің дамуына даңғыл жол ашқан күнде
классикалық түрлерін енгізу процесін тездетуге көмектесер еді.
Қазақстан самбистері мен еркін күрес секцияларына көптеген
палуандар қазақша күрестен келді.
Бүкілроссиялық спорттың үлкен әлеміне французша күрестің
дүниежүзілік чемпионы Қажымұхан Мұңайтпасов та осындай
жолмен келген-ді. Мен онымен ет жақын таныс едім. Табиғат
кереметтей күш сыйлаған тамаша адам болатын. Ол Иван
Поддубныйдың досы еді. Мен тағы бір аты ел арасында аңызға
айналып кеткен Балуан Шолақпен де дос болдым. Ол жөнінде
бір кезде роман да жазғанмын. Менің ойымша ол осы кезде туса,
сөзсіз, дүние жүзінің чемпионы болар еді» – дейді («Советский
спорт» газетінде жарияланған мақала «Спорт» №48(514) 23 ноябрь
1968 ж. саны бойынша беріліп отыр.) қазақ жазушысы!
1968 жылы жазылған мақала. Ол кез – кеңестік кезең. Кеңестік
кезеңде, терезесі тең он бес республика деп алқына сөйлеп, шын
мәнінде қазақ елінің басынан қиқу кетірмеу, еліне көз аларту, же
ріне сұғын қадау – дүркін-дүркін қайталанып, ұлттық дәстүрге ша
буыл сәт сайын көрініп те, көрінбей де жүргізіліп, қазақ басынан
құдық қазған заман. Неге олар ұлттық дәстүрге шабуыл жасай
ды? Ұлттық дәстүр – ұлтты коммунистік басқыншылықтан сақтап
қала алатын жалғыз фактор еді. Ұлттық дәстүр аясында тәрбие
ленген азамат елі үшін тұра алатын, жері үшін тұрыса алатын.
Ж.Тәшенов сынды біртуар азаматтың: «Жер – қазақтікі, Никита
Сергеевич, Сіз айтты екен деп қазақ жері берілсін, деп қол қо
йып, қолыңа ұстатып жібере алмаймын» – деп КПСС Орталық
Комитетінің Бас хатшысы Н.С.Хрущевқа қасқайып қарсы тұра
алуы да қазақ қайраткерінің ұлттық рухқа адалдығы. Ұлттық
дәстүрде тәрбиеленбесе «жеті басты жалмауыздан» жаман ком
мунистік басқыншылыққа қарсы тұра алар ма еді?! Тұра алмас еді
ғой. Сондықтан сақтарымыз ұлттық дәстүр, аяларымыз ұлттық
рух болсын де!
Сәбит Мұқановтың жәй спорт туралы мақаласын қайталап
оқып, қатты риза болып отырған себебіміз де – ұлттық дәстүрге
байланысты. Қазақы болмысты жазушы қазақтың дәстүрлі спорты
туралы батыл айтып, бүкілодақтық газет бетінде 1968 жылы мә
селе көтеріп отыр. Дәстүрлі спорт түрлеріне сұрау салып, жоқта
ған болып сөйлеп те қазақтың ұлттық дәстүрін сақтауға батыл
үндеп отыр. Шынына келгенде ұлттық рухқа шақырып отыр!
Мақала «Советский спорт» газетінде басылыпты. Әдейі кезін
дегі тілмен айтқанда «бүкілодақтық» басылым бетінде сөйлеген.
Және қанын сорғалатып ұлттық пішімде сөйлеген. Қаншалықты
ділгір мәселе көтерген, соншалықты тамаша етіп көтерген. Қалай
ғана осыдан кейін Сәбит Мұқанов жарықтықты жақсы көрмессің?!
Жақсы көріп кетесің. Құранда «О, Құдай пендеңнің біліп, білмей
жасаған күнәларын кешкейсің...» – деген тілек ұдайы бірге ай
тылып, бірге жүреді. Толымды шығармаларында айта алмаған
ұлттық мәселелерді оймақтай ғана мақаласымен «одақтық» газет
бетінде айта алғаны үшін де Сәбең жарықтықтың «біліп, білмей
жасаған күнәләрін» кешіргің келіп кетеді...
Былтыр жаз С.Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына орай бас
сәбиттанушы райында шақырылдым да, жазушының туған ауы
лына барып қайттым. Облыс орталығынан тойы өтіп жатқан жа
зушының бағанға ілінген ауқымды бір суретін көре алмай қарным
ашты. Сәбең ескерткішіне гүл шоғын қойғанда да жалтақтық көр
сеткендей болдық. Қашан жазушының туған топырағына (ауданы)
барып жеткенше С.Мұқановқа арналған ашық-жарқын жарнаманы
көре алмадық... Жол бойы «Петропавлдан» басталған орысша то
понимдер... «Қызылжарға» келгенде танабымыз тартыла қалады...
Онысы несі? «Егемен Қазақстан» бастап бірсыпыра басылым ҚР
Парламенті мәжілісінің депутаты Жарасбай Сүлейменовтің Сол
түстік Қазақстан облысының орталығын «Қызылжар» деп атайық
шы деген пікіріне намыстандық келіп. Не болды осы бізге?
Әңгіме Сәбит Мұқановтай қазақы болмысты жазушының «Ау
ыл спорты, хал қалай?» аталатын мәселелі (проблемалық) мақа-
ласынан сабақталып еді-ау. Жарықтықтың өзі де ұлттық спорт
ойындарын беделге салып бүкілодақтық деңгейде көтергенде кө
ріп отырғанымыздай өзінің «Өмір мектебі» («Менің мектепте
рім») мемуарына сүйене сөйлеген екен. Біз де бір мақаласынан
басталған сөзді оның «Өмір мектебі» мемуарымен сабақтастырып
жазушы туып-өскен өңір – «Қызылжар» мәселесінен бір-ақ келіп
шықтық... Шашыла сөйлеп кеттік білем. Сонда аяғын замана же
ліне көп шалдырған үлкен жазушы қалам қаракетінен туар тә
лім, түйер түйін қандай? Егер, біз ел болып, егемендігімізді сақ
тап, тәуелсіздігімізді өркендетуді ойласақ – ұлтымызды мемле
кет құраушы ұлтқа айналдыруымыз керек екен. Бүгінгі ұрпақты
аға буын дәстүрінде ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, ұлттық құн
дылықтарды көздің қарашығындай сақтауды тәрбие үрдісіне ай
налдыруымыз жөн-ақ! Ұлт ұлттық дәстүрге барып саймайтын
тірлігінде бірде-бір шетін мәселе жоқ. Олай болса ұлттық қадір-
қасиетті ұрпақ бойына сіңіру – мәселенің мәселесі! Ұлттық дәс
түр – ұлт мәселесінде ғана ма, ұлттық дәстүр – ұлт өкілдері үшін
ғана ма? Бастауы солай болғанымен, қазақ ұлты бойындағы (та
рихындағы) өскелең ұлттық дәстүр – барлық қазақстандық үшін
шарт. Ұлттық дәстүрді сақтау оны орнықтырудан басталады. Со
нымен қатар, ұлттық дәстүрді сақтау – оны дамыту, игілікті іс
термен молықтыру деген ұлы міндеттен тұрады. Олай болса ұлт
бойындағы ұлттық дәстүр тұтуға болатын құндылықтарды «ұлт
тық брендке» айналдырып, айқұлақтандыра насихаттап әлемге
танытып, әлемдік деңгейге көтеріп, әлем азаматтары тұтынатын
халге жеткізуіміз керек. Басқасын қоя тұрып, Сәбит Мұқанов
көтеріп отырған ұлттық спорт ойындары түрлерін дамытып бір
тіндеп олимпиадалық ойын дәрежесіне көтеруге болмас па? Ай
талық, «АЗИАДА» елімізде табыспен өтті. Тіпті Алауы қазақ же-
рін аралап, «АЗИАДА» басталған сәтте ұлттық намысы бар аза
маттың бәрі де ерекше шаттанды. Міне, осындай жарыстарға
ұлттық спорт ойын түрлері қосылса, шіркін. Жалғыз спорт қана
ма? Өмірдің бар арнасындағы тілек осы емес пе?!
3. «Қызылжар...» – деп сөйлеген...
Сәбит Мұқановтың Москвада 1934 жылы «Советская лите
ратура» баспасынан орыс тілінде жарық көрген «Тұлпар» ата
латын поэзия жинағын көрген жан бар ма? Көргенді айтасыз, ес
тіген пенде де аз болса керек. Алдымен есітіп, соңынан Мәскеуге
ат сабылтып барып, іздеп көрген, қолға түсірген жұмырбастың
мына біз пақыр. 1934 жылы? Иә! 1935 жылы «Сұлушаш» француз
тіліне аударылып Парижде жарық көргенін еске алсақ, 1934 жылы
өлеңдер мен поэма жинағының Москвада орыс тілінде жарық
көргеніне таң қалмасақ та болады. Таптық, алдық, аштық. Аз кі
ріспе, қысқа өмірбаян беріліпті. «Автобиография» аталатын өмір
баяндық жазбада «В данное время он работает: 1. Над первым
томом исторического романа «Кзыл-Жар»; 2. Над романом «ЕМ-
ТЕ-ЭС»; 3. Над поэмой «Москва».
Казиздат приступил к печатанию «Полного собрания со
чинений» Муканова, І и ІІ томы которого сданы в печать.» (С.9)
– деп жазылыпты.
Жазушы жұмбағы осы жерден басталып кетті. Тарихи роман
«Қызылжар» қайда, «Ем-ТЕ-ЭС» неқылған роман, «Москва»
поэмасы ше? Ой жан-жаққа алып қашады. Машинканың қат ке
зінде Мәлік Ғабдуллиннің қолымен көшіріліп жарық көрген
екі томдық «Шығармалар жинағы» менде бар, әрине. Әлгіндей
жұмбақ бізді ізденіске бастады. Әсіресе, «Қызылжар» романы.
«Есіл», «Теміртас», «Біздің заманның батырлары» сынды роман
дарының дерегін ашқан, олар туралы аз-кем сөз айтқан мені әм
се «Қызылжар» романы қызықтырады-ай! Өйткені, С.Мұқанов
негізінен романист. Жазушы жары Мәриям апайды кейде қуан
дырып, кейде ренжітіп С.Мұқановтың архивіне шұғыл түстім.
Шаң жұттық. Шаршадық. Жоқ. Тауымыз шағылды, тауанымыз
тартылды. Ұстатпады. Таптырмады. Арнайы іздегенің кейде тап
тырмай сарылтады. Кейін қосалқы ізденісте алдыңнан шыға келіп
қуантады. Әдеби ізденістің қиындығы мен қызығы да осында.
Қолқаға шаң қаптырып, сарсылып іздеп, кездестіре алмай қойған
қолжазба кейін кездейсоқ алдымыздан шыға келгені.
Араб әрпімен жазылған шығарманы «Қызылжар» атап, жан
рын «роман» деп анықтапты. Аз ғана көлемі сақталыпты. Асылы,
роман жазушының туып, өсіп ержеткен қаласы – Ресеймен ежел
ден тарихи байланыста көркейген Қызылжар (Петропавл) қала
сында кеңес өкіметінің орнауына арналғандай. Бас-аяғы екі бет
тік қолжазбадан жазылмақ эпикалық шығарманың кең тынысы
аңғарылғандай. Қолжазбаға бірге үңілейік.
«Қызылжар» (роман) 1. Жарқабақта Күз. Қарадоңғалақ. Солтүстіктен соққан орташа салқын жел бар. Қызылжардың ой қаласы мен дөң қаласының аралығындағы ағаш көпірдің астында отырмын. Күзгі күні құрғақ, қандай қысқа болғанымен менің көпір күзеткенімді азсынған немедей, жап-жал тыр боп, жерден арқан бойы көтерілді де, батпай тұрып алды. Одан екі-үш күн бұрын нөсер жаңбыр жауған. Дөң қаланың сар сығы жаңбырлы күні жуылып, ойға жыралар арқылы құлайтынды ғы қандай, мен астында отырған көпірдің жырасы адамның дене тамырларына өзек болған жүрек тәрізді, көп жыраның кіндігі болар ма? Жаңағы айтқан жаңбырмен шайылған қаланың нетүрлі сарсығы көпір астына келген де іркілген. Сол сарсықтар мұрнымды аңқылдап жарып барады. Аяғы құрғырда қай бір бүтін киім. Самырылған, қырық тесік, ұлтаны шоқпыт етіктің басын екі жерден бұраған жөкемен байлап алғам. Табанымнан ызғар өтіп барады. Үстімде майлы күйедей кенеп көйлек пен етегін үш жерден түйген ескі сиса шапан бар. Бұтымдағы шалбарды киім демесе де болады. Әйтеуір, жаман болса да, өңірінің ұзындығымен абыройымды жауып тұрған ескі шапан. Әйтпесе масқара болар едім... Осы адам деген жарықтық өзі қызық-ау. Сол халде отырып, есіме Тауық қаласындағы (Қызылжар қаласының бір шетіндегі бөлімше сі) Ботагөз түседі. Ол істік мұрындау келген орта бойлы, былқыл мықын, ойнақы көз, ашық қолдау қымыз сататын жесір әйел. Сол құрғырмен «ағайынды-қарындас» болған бір жерім бар да. «Егер де деймін, денем аяққа өткен ызғардан қалшылдаңқырап отырғанда, ішімнен менің осы халімді – ол көрсе, көзін лақтырып тастап, саған не болды дер еді-ау! Әлде мұның қай қайыршы деп танымас па едіау!» Бірдеме үстімнен гүрс ете түскенде тақтай шатыр-шатыр етті. Ботагөз елесі ойымнан ғайып болып, шатырлаған тұсқа қа расам, көпір тақтайының ой қала жақ құлай берісі шаңырақтың тесігіндей боп дөп-дөңгелек сәулелене қалған екен. Бұ не екен? – дегенше болған жоқ, тесіктің нақ астынан бірдеме жарқ етті де, бұрқ ете түсті. Көпірдің сол маңындағы үш-төрт діңгегі жалп етіп құлап, төбесіндегі тақтайлары шошаңдап ұшып кетті. Снаряд екенін шу дегенде-ақ сезіп, денемді жыраның бір үң гіріне жасырып, басымды ғана қылтитқам. Жарылған снаряд бүр шігі мен тұрған жерге жеткен-жетпегенін білмеймін. Әйтеуір жа нымнан бірдеме сусылдап өткен тәрізденді.
Осы көпірдің тағы бірдемесі түсіп, Халидолла молда айтқандай
«күн фаяу тұр жағын» боп қалармын, онан да не де болса далаға
шығайын деп, інде жорғалаған аң тәрізденіп, бір жырамен күнба
тысты...»
Көріп отырғанымыздай романда кең қамти суреттелетін шы
ғарманың «Жарқабақта» аталатын алғашқы тарауының басы ғана
сақталған. Екі беттік қолжазба нендей ойларға жетелейді, қандай
пайымдауға апарады?
Отызыншы жылдары Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Мә
жит Дәулетбаев «Қызылжар» атап үш кітаптық роман-буриме
жазбақ болған. Сәкен Сейфуллиннің «Қызылжар» романы жазыл
ған-жазылмағанын біле алмадым. Сәбит Мұқановтың «Қызыл
жар» романының әзірге біздің қолымызға түсіп отырғаны осы екі
беттік жазба. Мүмкін романның басқа толық нұсқасы да болуы.
Оны алда уақыт көрсетеді. Сонымен қатар Мәжит Дәулетбаев
жазған «Қызылжар» романы жайында да айта кету жөн.
Мәжит
Дәулетбаев
жиырмасыншы
жылдары
Москвада
И.В.Сталин атындағы Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік
университетінде оқып, тамамдаған талантты жан. Бірге оқыған
Б.Кенжебайұлының айтуына қарағанда аталған университет жа-
нынан драма үйірмесін ұйымдастырған. Қазақ-қырғыз жастары
арасында студенттік спектакльдер қойған. Сәкенмен дос-жар
жүрген. Сәкенді арнайы шақырып КУТВ университеті студент-
терімен кездесу кешін ұйымдастырған ынталы жас. Кейін
Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударған тәржіман. Ол
роман-бурименің өзіне тиісті бір кітабын «Қызылжар» (роман)
атап отызыншы жылдары аяқтаған. «Қызылжар» романы 1935
жылы кітап болып жарық көрді. Туындыгер И.В.Сталин атындағы
коммунистік университетті тәмамдаған Мәжит Дәулетбаев 1937
жылы И.В.Сталиннің «жеке адамға табыну» зұлматы кезінде ұс
талып, атылып кете барды. Қосалқы жайларды тәптіштей ай
тып отырған себебіміз – С.Мұқановтың «Қызылжар» романы
жазылып аяқталса – 1937 жылға дейін аяқталады. Әйтпесе, көріп
отырғанымыздай «Қызылжар» аталатын «роман-бурименің» екі
қысымын жазуға тиісті (жазған) екі атпалдай азамат – Сәкен мен
Мәжит 1937 жылы ұсталып, атылып кеткен соң, Сәбиттің ол тақы
рыпқа жүрегі дауалай қоймасы анық. Сөйтіп қазақ әдебиеті үшін
жанрлық жаңалық болуға тиісті «Қызылжар» буримелік трило
гиясы осылай трагедиялық түйінге тап болды.
Үш бірдей «шарбақ мүйіз» қазақ қаламгері «Қызылжар» ро
манын мойынсерікте жазуға неге жанталасып жүр? – деген сұрақ туады. «Қызылжар» – қазақты мәдениетке бастаған қазақ ша һарының бірі. Ресеймен іргелес бұл шаһар ертеден «Қызылжар» аталған. Оның айналасында «Ой қаласы», «Қыр қаласы» болған. Бір бөлшегі «Тауық қаласы» аталғанын С.Мұқанов жазбасынан көріп отырмыз. Қызылжар – топырақтың сипатына қарай аталған топоним. Шағын шаһардан облыс орталығына дейін өскен көркем қаланың «Петропавл» аталуы кейін, көп кейін – Ресейдің қазақ даласын отарлауына байланысты. Қызылжар – ХІХ ғасыр беде- лінде екі ел арасындағы қоғамдық-саяси және сауда аралық қаты настың орталығына айналған қала. Ақпан, Қазан төңкерісі өн бойында ақтар да, чехтар да, қызылдар да іргедегі Ресейден асып келіп қазақты да, орысты да қанды қырғынға ұшыратқанда тұяқ кешті болып, қан сасыған жер де – Қызылжар. Олай болса Кеңес өкіметі теңдікке жеткізді деген отызыншы жылдары қазақтың үш бірдей маңдайалды жазушысы «Қызылжар» атап, ой біріктіріп «роман-буриме» жазбағанда қайтеді?! Қызылжар – төңкеріс жылдарының ауыспалы ауа райын – тарих-талқысын шыңғыртып айтып беруге өте қолайлы тақырып болатын. Қазақ қаламгерлері ойға алған арман ізгі шығар, өкініші – бәрі де баянсыз аяқталды... Жақында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Ж.Сүлейменов «Петропавл» атауын «Қызылжар» етіп, «Павло дар» атын «Баянтау» етіп ауыстырудың уақыты келгенін айтып мәселе көтеріп еді, өңірдің кейбір азаматтары қолдау орнына «бө жек» көргендей баж ете түсті. Тіпті Сәбит Мұқанов тірі болса, ондай қадамға бармас еді дегендей де пікір қылаң берді. Сол сәтте былтыр жаздағы әлгі жалған сыпайы – жасқаншақ қылығымыз есіме қайта оралды. Құдай-ау, «Петропавлды» жергілікті қазақ тардың ежелден «Қызылжар» атағанын еске алдым. Тіпті Сәкен Сейфуллин, Мәжит Дәулетбаев, Сәбит Мұқанов үшеуі бірігіп, әрқайсысы бір-бір романнан жаратып «Қызылжар» аталатын үш тік (трилогия) роман-буриме жазуды жоспарлағаны – есіме түсті. С.Сейфуллин «Қызылжар» романының бірінші кітабын жазды ма, жоқ па, білмейміз. Өйткені күллі архивін НКВД тәркілеп алып кеткен. Мәжит мойнына алған «Қызылжар»(екінші кітап) алды мен 1935 жылы жарық көріп, жеке адамға табынудың сойқанына байланысты тәркіленіп, жетпісінші жылдардың беделінде қайта басылым көрді. 1922-24 жылдары И.В.Сталин атындағы Күншы ғыс халықтары коммунистік университетін Москвада оқып тә мамдаған, 1937 жылы сол И.В.Сталин зұлматымен атылып кеткен
Мәжит Дәулетбаевтың «Қызылжар» аталатын шығармасы – тәп-
тәуір шығарма! Ал, Сәбит Мұқанов міндетіне алған «Қызылжар»
романынының үшінші кітабының біраз тарауы жазылып, аяқ
талмай қалғаны жөнінде біз жоғарыда айттық. Бәлкім шығарма
ның аяқталмау сыры – отызыншы жылдардың «қара құйынына»
байланысты шығар. Мойынсерік болып, тізе қоса еңбектеніп жүр
ген екі қаламгер бірінен кейін бірі ұсталып, атылып кеткен соң
Сәбит Мұқановтың бірге жоспарлаған «Қызылжар» романының
үшінші кітабын жалғастыра жазуы – ол жылдары ақылға сыймас
тай, қарадай жау шақырғандай болары өз-өзінен түсінікті.
Біздің ел тарихына енжар қарайтынымыз жаман-ақ. Әйтпесе,
қай ұлт өкілі болуына қарамастан, сол өңірдің «Менің Отаным –
Қазақстан!» – деп қарадай қышқырып жүрген жергілікті тұрғы
лықты азаматтары «Қызылжар» тарихын бізден артық білсе керек
еді ғой. Есіме тағы да С.Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына
арналған мерейтой түседі. Облыс әкімдігі жанама әдебиеттерге
жанашырлық жасағаннан гөрі Қазақстан Республикасы Мәдениет
және Ақпарат министрлігімен мойынсерік болып мерейтой иесі-
нің, басқасын қойып бір «Өмір мектебі» үштік романын қазақ
ша-орысша шығарып республикаға кең таратқанда, кеңінен наси
хаттағанда тұрғылықты азаматтар «Қызылжар» атауына енжар
қарамас еді-ау деген ой келеді маған. Сібірлік орыс жазушылары
шығармаларында ол жерлердің байырғы этнонимдері қаз-қалпын
да беріледі. Өз басым Сергей Залыгин шығармаларынан «Құлын
ды даласы», «Құндызды», «Көтерме» деген секілді талай этно
нимдерді оқимын. Тума мамандығы су шаруашылығы инженері
болып келетін Сергей Павловичтің тарихи этнонимдерге адалды
ғына ризашылық білдіремін. Сол сияқты Сәбит Мұқанов та «Өмір
мектебі» мемуарлық шығармасында тарихи этнонимдерге мей
лінше адал қарайтын. ХІХ ғасырда, ХХ ғасырда қолдан өзгертіл-
ген жер-су аттарын ол кісі әзелгі тарихи атауымен беріп отыратын.
Бұл да қазақ дәстүрінде тәрбиеленген жазушының қазақы бол
мысы, тіпті – ұлтын сүйгендігі деп білемін. «Өмір мектебін» оқы
ған қазақ, орыс дегендей, жерлестері аталған кітапты оқыған бол
са – «Қызылжар» атауына қарсы болмас еді, қайта қолдар еді деп
ойлаймын. Ә, айтқандай қазақтың интернационалист коммунист
жазушысы Сәбит Мұқанов «Петропавл» деп емес, «Қызылжар»
атап роман жазған. «Қызылжар...» деп сөйлеген...
4. Щербаковты шөкесінен...
Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романында «Чемберленді
шекесінен ату» аталатын тарау бар. Онда отызыншы жылдарда
ғы халықаралық жағдай әңгіме болады. Жәй сауатының өзі ша
малы жап-жас Сәбит Мұқановтың саяси оянуының күштілігін
көрсетеді. Чемберленді біз көпке дейін Сәбең жарықтықтың әй
гілі романының әлгі тарауы арқылы оқып, білдікке санап жүрдік.
Сөйтсек, жағдай тіпті басқаша екен. Сәбең халықаралық жағдайда
Совет өкіметі көзімен, ол ұстанған идеология парқымен қара
ған екен. Кейін Кертманның «Чемберлен әулеті» аталатын кітап
оқып, әулет әлуетіне қайран қалғаным бар. Сонымен Сәбит Мұ
қанов жарықтық Чемберленді шекесінен атты ма, жоқ па? – деп
ойланып жүрдім. Ол бір шетін мәселе. Чемберленді шекесінен
атты ма жоқ па, бірақ Сәбит Мұқановтың коммунистік партия
арқырап билеп, қазақтан өзге ұлтқа барынша басымшылық бе
ріп, құлағымызды салпитып қарап отырған қысылтаяң уақытта
идеологиялық дауылдан қорықпай, үрікпей Қазақ ССР Оқу ми
нистрінің орынбасары Щербаковты шөкесінен түсіргені бар. Ке
ңес өкіметі тұсында идеологиялық жаңбыр, жоқ бұршақ соғып
тұрғанда басынан бақайшағына шейін коммунист Сәбеңнің ұлт
үшін басын оққа байлап атқарған сол бір ісін замандастары аңызға
айналдырып айтумен өтті. Біреу жеткізбей айтады, біреу асырып
айтады, біреу бұрып отырып, біреу таңқалып орнынан тұрып ай
тады...Аңыздың аты – аңыз. Өзі де аңызға лайық батырлық. Ал,
ақиқаты ше? Ақиқаты қандай? Ақиқатты тек архив айтады. Міне,
жазушы архивін ақтарып отырғаным. Ақыры таптық.
1969 жылы 11 ақпан күні Қазақ ССР Оқу министрінің орын
басары Александр Васильевич Щербаков «Оқушыларды интер-
национальдық тұрғыдан тәрбиелеудің кейбір ғылыми-педа
гогикалық мәселелері» аталатын тақырыпта Абай атындағы қа
зақ педагогикалық институтының арнаулы Ғылыми Кеңесінде
кандидаттық диссертация қорғамақ болады. Сәбит Мұқановтың
қолына ғайыптан-тайып ізденуші шенеунік диссертациясының
«Авторефераты» түседі. (Оны жіберген Қазақ ССР Оқу минис
трлігіне әбден қатысы бар Әди Шәріпов екен.) Жазушы оқып та
нысады. Мәселе – Қазақстанда аралас мектептерді көбейту жа
йында екен. Коммунист жазушы, табиғатынан ұлттық бейілдегі
адам тақырыбы «интернационализм» деп айқайлап тұрған еңбек-
тің астарынан орыстандыру амалын көре қояды. Өйткені С.Мұ
қанов ғасырлар бойы біртіндеп жүзеге асырылып, ХІХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғасыр басында «туземная школа» арқылы қазақты
шоқындыру саясатын көзімен көрген азамат. Жазушы шамырқа
нады. Жазушы құралы – қалам. Әттең-ай диссертациялық кеңестің
мүшесі емес. Әйтсе де Сәбит Мұқановтың ұлттық намысы қозып,
қолына қалам алады. «Қазақ мектептерінің тағдыры» атап та
қырыпты ақ парақтың басына оқшырайтып жазып қояды. Әрі қа-
рай, әрі қарай ашуы мен ақылы арбасып, аралас мектептердің бей
бауырмалдық сипаты жайында ақтарылады келіп, ақтарылады ке-
ліп. Өзі мүше емес Ғылыми кеңеске арнайы барып сөйлейді. Сөй
легенде не дейді? Сөйлегенде бүй дейді: «Мен КазПИ-дің Ғы
лыми кеңесінде мүше емеспін, соған қарамастан мына диссер-
тациялық қорғауда жасамыстығыма байланысты уақытым-
ның жоқтығына, денсаулығымның аздығына қарамай сөй-
лейін деп шештім. Өйткені мынадай саяси идеялық қаталыққа
менің партиялық ар-ожданым шыдар болмады. Сол себепті мен
өзімнің қарсылығымды ашық айтайын» – деп шештім.
Одан әрі қарай жазушы өзінің айтыскерлік дағдысына салып
қарсы болатын себебін санамалай айтып, саясатты жамылшы етіп
ащы сөйледі.
«Патшалық Ресейдің қазақ жерінде ашқан мектептері коло
ниалдық сипатта болды» – деп дұрыс сөйлей тұра, «Ол мектеп-
тер қазақ және өзге ұлт өкілдерін бір-біріне жақындастыра түс
ті» – деп түйеді диссертант. Сөйтіп өзіне-өзі қайшы келеді. Орыс
тар ашқан «мектептер» колониалдық сипатта болды. Оларды
ашуға жанын салған миссионерлер. Ол мектептердің «бұратана
ұлттарды» шоқындыру мақсатында ашылғанын сол кезде бурят
ағартушысы Доржи Банзаров та, бүгін А.К.Шапеев секілді сібір
тарихшылары да, басқалар да айтып, жазып келеді. – деп түйді
жазушы. Ол «мектептерден» ағартушылар шықса – ол патшалық
Ресейдің шапағаты емес, орыс демократтары көзқарасын өз бе
тінше оқып, үйренуінен! «Егер бүгінгі қазақ мектептерінде
орыс тілі нашар үйретілсе, оған мына отырған Оқу министрінің
орынбасарынан бастап, ағартау саласының басшылары кінәлі».
Жазушы найзаның ұшын Оқу министрінің орынбасарының
өзіне таяп қойғанын көріп отырмыз.
Диссертант «кез-келген көпұлтты мемлекетте сол ұлттарға
түсінікті тіл қажеттілігі туады» (17 бет) – деп жазған екен.
С.Мұқанов «Диссертант бұл пікірімен қандай ойды меңзеп отыр,
бізге не айтқысы келеді?» – деп бір сілкініп алып былай дейді:
«Адамзат баласының үштен бірі ағылшын тілінде сөйлейді.
Алып Үндістан ағылшын колонизаторлары әлегінен мемлекеттік
тілі ағылшын, ана тілінде мектеп аша алмай, ана тілінде баспа
ісін дамыта алмай отыр. Сонда диссертант колонияға айналған
елдерге ана тілінде мектеп ашпаңдар, тек колонизаторлар
тілінде сөйлеп, жазыңдар дегісі келе ме?»
Оқып отырған біздің де ашына бастағанымыз анық. Свадост
есімді философтың тап сол 1969 жылы «Жалпыға ортақ тіл қа
лай пайда болады?» («Как возникнет всеобщий язык?») – деп
кітап жазып бастырғаны есімізге түсіп отыр. Есесіне, Сәбит Мұ
қановтай ұлттық болмысты жазушының «ұлы орыстық» өктем
шілікті ағылшын колонизаторларымен қатар қойып сынауына
қыбың қанады. Одан әрі қарай жазушы «Щербаковтың диссер
тациясында айтылғандай, мәселе Отанымызда жаппай орыс
тіліне көшуге келіп тіреліп тұр ма?» – деп төтесінен қояды мә
селені. Коммунистік партияның айбалтасы айға шағылып тұрған
уақытта мәселені тап осылай ұлт мүддесі тұрғысынан қоя білу
– ол жылдары қиынның қиыны болатын. Ұлт атынан міндетті
«кәрі орыс мұсылман болмайды» – деп қойып өз мойнына алуы –
тәуекелдің ісі. Шын батырлық!
«Диссертант қатардағы көп кісінің бірі емес, ықпалды
үкімет адамының бірі. Министрліктің соңғы жылдары қазақ
мектептерін, оның ішінде әсіресе бастауыш қазақ мектептерін
жабуды жылдан-жылға үдетіп келе жатқанын көріп отырмыз.
Диссертант жүзеге асырып келген осы теріс ісін енді келіп
теориялық тұрғыдан негіздеп бекіткісі келеді».
Келесі пікір осылай сабақталыпты. Бұл диссертацияға пікір
айту емес, Оқу министрінің орынбасарын тігінен тік тұрғызып
қойып «сою». Коммунистік алып империяның «ұсақ ұлттарды»
орыстандыру саясатын ашық әшкерелеу. Жалаңтөстік! Одан әрі:
«Жастарға интернациональдық тәрбие беру жамылғысымен
қазақтың бастауыш мектептерін жабуға атымен қарсымын!»
– деп бір-ақ қайырыпты ұлт ағасына айналған жазушы. Қайран,
Сәбең! Алпысыншы жылдың аяғында қызыл империя саясаты
қызып тұрған заманда қай қазақ қайраткері айта алыпты осындай
сөзді? Атақ-даңқы Сәбит Мұқановтан асып, аспандап кеткен жа
зушың да айта алмаған сөз ғой мына сөз. Жәй сөз емес, ҰЛТЫМ
деген ҰЛЫ сөз! Күрескер СӨЗ, қайраткер СӨЗ! Басын бәйгеге
тігу!
Бас та керек, әрине! Кімнің қарадай басын алдырғысы келеді?
Сәбең жарықтық басын былай қорғайды: «Әрбір халықтың ұлт
тық мектебі – сол халықтың күллі ұлттық мәдениетінің негізі,
тіпті тұғыры! Ұлттың тілі, әдебиеті, өнері сол ұлттық мек
тепте жасалып қалыптасады. Олай болса ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП
– сол ұлттың өмірі, өмір сүру кепілі!» Міне, көрдіңіз бе, Сәбит
Мұқанов басын қорғамайды. Ұлт мектептерін жабуды әшкерелеп,
оны ұлттың мәдениет қайнарына айналдырып, ҰЛТ ТАҒДЫРЫН
қорғайды. Ұлт тағдырын қорғай отырып, сол өзі сүйген қазақ
ұлтының қыл үстіндегі тағдырын орыстандыру саясатынан сақ
тайды, сол ұлт тағдыры жолына басын бәйгеге тігеді! Сәбит
Мұқановтан өзге бірде-бір кісі бармаған, бара алмаған, бара ал
майтын ерлік еді бұл! Өйткені, басымызда азаттық жоқ, елімізде
тәуелсіздік жоқ кез еді ол. Ұлттан ұлы не бар? Ұлт тағдыры сынға
түсер сәттерде Сәбит Мұқановша тайталаса алса әрбір алаш аза
маты, басын бәйгеге тігіп қазақ ұлты үшін тұра алса, әрбір қазақ
азаматы! Мүмкін емес кезеңде, сол қоғамнан атақ алып, даңқ көріп
отырған коммунист жазушы Сәбит Мұқанов солай қазақ ұлтының
тағдыры үшін тұра алыпты. Бүгін ше? Бүгін қазақ елінің тағдыры
үшін тек қазақ азаматтары ғана емес, күллі қазақстандықтар тұра
алатын күнге жетуіміз керек шығар!? Өз басым Н.Ә.Назарбаевтың
«қазақстандық ұлт» ұғымын осылай түсінемін! Біз қазақстандық
өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлетіп, қазақ ұлтының мүддесі
үшін күресе алатын патриоттық деңгейге жеткізуіміз керек. Сонда
ғана қазақ – мемлекет құрушы ұлтқа айналады. Орайында есіме
қазақ ұлтының мүддесін адал қорғаған Шеголихин, Бельгер тү
седі. Құлағыма академик Д.С.Лихачевтің: «Коммунистік партия
Советтер одағын мекендеген ұсақ ұлттардың тілдеріне қас
көйлік жасады. Жаратылыста басы артық ештеңе де болмайды.
Ұсақ ұлттардың тілі – сол ұлттың мәдениетін жасаушы. Біз
ұсақ ұлттардың тілін құрту арқылы олардың адамзат баласы
мәдениетіне қосқан ұлттық мәдениет үлгісін де құртамыз. Бұл
– мәдениет экологиясы. Советтер одағында ұлт тілін жою,
ұлт тілін жою арқылы ұсақ ұлттарды орыстандыру процесі
тоқтатылмаса, мен СССР Ғылым академиясының мүшелігінен
шығамын!» – деген үні келеді.
Ұлт жазушысы, ғалымы, ойшылы болса – жандайшап жағым
паз емес, ұлт тағдыры үшін қасқайып қарсы тұрар қайраткер шын
шыл тұлға болсын! Үлгі керек пе? Үлгі міне, – Сәбит Мұқанов!
О, әруағыңнан айналайын, Сәбит аға! Ұлт жазушысы болсаң –
осындай бол!
1973 жылы сәуірдің 18-і. Біз студент едік. Профессор Тұр
сынбек Кәкішұлының сабағы. «Әдеби сын тарихы» болар асылы.
Есіктен аудиторияға кіріп келе жатқан аққұба ұстаздың өңі
өрт сөндіргендей күреңітіңкі. Әдеттегідей орнымыздан тұрдық.
Ұстазға қалыпты ізетіміз. Қалыпты ырғақпен орнымызға отыра
берген бізді ұстаз қайта көтерді. «Бүгін қазақ совет әдебиетінің
ұлы қайраткері Сәбит Мұқанов дүниеден өтті. Орындарымыздан
тұрып бір минөт тағзым жасайық!» – деді. Көзінде жас. Шынайы
жас. Сөйтіп Сәбит Мұқановтың жарық дүниеден өткенін біз
қадірмен ұстаз аузынан естідік. Коммунист жазушыға орысша
тағзым жасадық. Сәуірдің 21-і күні Абай атындағы Опера және
балет театрында жазушымен қоштасу рәсімі болды. Онан
соң қаралы көш Алатау баурайына – «Кеңсай» зиратына қарай
жылжыды. Қаралы көштің алды «Кеңсайға» жеткенде сүйікті
жазушысымен қоштасуға, топырақ салуға қазақ даласының әр
қиырынан келген ықыласты азаматтардың аяғы Опера және
балет театры жанынан жаңа жылжып бара жатты. Нөпір.
Ұлы тізбек! Міне құрмет! «18 сәуірде Сәбит Мұқанов қайтыс
болды. Ертең (22) жерленбекші. Егер бұрынғылардың айтқаны
рас болса, енді екінші, нағыз өмірі басталатын адам осы Сәбең
болуға тиісті.
Жұрт не ойласа да өзі білсін, менің ойымша, Сәбит – үл
кен дүние. Өзі – Өмір. Хатты жаңа тани бастаған қазақ-
тың қалаулы ұлдарының ішіндегі ең ірісі осы адам болуға тиісті.
Өзін өсірген заманы тұрғанда, Сәбеңді ұрпақтар ұмытпақ емес.
Бұл – қазақтың Бальзагы (70 жылдығында солай деп ем...)
Құрметті адам өлгенде де құрметті! Хош, кәрия! Топыра
ғың торқа болсын!» (21 сәуір 1973 жылғы күнделігінен) – деп
жазыпты Мұқағали Мақатаев.
«Кеше (22 сәуір) Алматы Сәбит Мұқановты ақырғы сапарына
аттандырып, қоштасты. Түнеріп келіп, нөсерлете жаумай, анда-
санда бүркіп қана тұрған күннің райы ыстық та емес, салқын да
емес, қоңыржай, шыбынсыз көктем, ағылған жұрт нөпірі, өзіне
оңаша бөлінген Көктөбенің баурайы – бәрі де символично. Халық
өз ұлынан ештеңесін де аяған жоқ, ақ ниеттерімен ақырғы рет
қоштасты. Сірә, өз халқының мұншама ықыласына бөлену енді
кімдерге қиындау болар...
Өзбектен келген жазушы (Сафаров) өз тілінде жақсы сөйледі.
Ғабең (Мүсірепов) толқып сөйледі.
Сонымен, Сәбеңнің екінші өмірінің бірінші күні басталды. О,
оның ұзақ өмірі енді басталды. Сәбеңде арман жоқ! Өз өмірінің
шежіресін жазып үлгерді ол. Ал оның өмірі – дәуірдің өзі.
Жыртақтаған жігіттерді жек көріп кеткенім-ай. Қарғадай
бастарынан бақастықты, тақастықты, пәскене-қоқыстықты
қайдан үйренеді осылар?! Бұл жақсылық емес. Жастық жақ
сылыққа ғана ұмтылмайтын ба еді?» (Мұқағали. Күнделік. –
Алматы: ҚазАқпарат, 2009. – 110 б.) – депті тағы да. Сәбит
Мұқановты алғаш көзбе-көз көрген сәттегі жас ақын, кейін
ұлттық мақтанышымызға айналған Мұқағали Мақатаев күн
делігінен үзіндіні әдейі келтіріп отырмын.
Тағдыр айдап «С.Мұқанұлы мемориальдық музей-үйіне»
қызметке келдім. Жазушы архивін ақтарып, қолжазбалары
ның бүгіліс-түгілісін түгел ашып қарап, қатты ойға қалдым.
Бір рет емес, сан рет Сәбит Мұқанов жөніндегі көзқарасым
ды өзгерттім. Сәбит Мұқановты бүкіл адасулары мен тура
жолды қайта табуы, ұлтын сүюі, байқамай ұлттың асыл пер
зенттеріне қарсы жүруі ... бәрі-бәрін таразылай келе бүгінгі
таңда жүрегіме үңілгенде – жазушыны жақсы көретінімді
аңғарамын. Сәбит Мұқанов – қазақ совет әдебиетінің ғана емес,
тұтас қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы! Оны ұлты сүйді, өйткені
ол ұлтын сүйген еді. Уақыт жаңара ауысып, сан ұрпақ алма
сар әлі. Олар да Сәбит Мұқановтай қазақ жазушысы жайында
көзқарасын сан рет қайта қарайтынына сенемін! Сонда бетке
алар темірқазығымыз – ұлт тағдыры, ұлт тағдырына қызмет
болуы керек! Сәбит Мұқановқа ұлтын сүю жолында ұлтты
сүю былай тұрсын ұлттық мүддеге жантартудың өзі – ұлт
тық ниглизм, ұлтшылдық болып саналатын «бейбауырмал»
коммунистік партия, сол партияға негізделген советтік қоғам
да қарсы тұра алмады. Ұлтшыл атанармын деп қорықпа
ды. Беттің қызылына баланатын қалтасындағы «қызыл би
леттен» айрылып тынармын деп қаймықпады. Өйткені қа-
зақ ұлты жоқта өзі құрысқан «Қазақ ССР»-ында береке, өзі
нің «халық жазушылығында» баян жоғын анық түсінді. Сөз
дің жақсы мағынасында «жазушы Сәбит ұлтшылдығы»
дегеніміз де міне осы! Басынан бақайшағына дейін комму
нист Сәбит Мұқановтың ұлтшылдығы бүгінгі таңда өзін
ұлттың шынайы перзенті санайтын билік басындағы комму-
нист емес (бәлкім бұрын коммунистік партия қатарында бол
ған) азаматтарымыздың көбісіне жете бермейді... Ондай ұл-
тын сүю бүгінгі жастар дүниетанымында да жоқ. Өкінішті!
ҚАЙРАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ!
Тарихқа көз жүгіртіп қарап отырсақ, қассақтың небір қай
сар қыздары, ғұндардың ел анасына айналған арулары, түрік
тің тұрпаты бөлек жауынгер «қатындары» (ханымдары), қа
зақтың ұранға айналған, кие қонған небір аяулы ана, апалары
болыпты-ау... Елім деп емінген, жерім деп тебінген ерлермен
сын сағаттарда қатар жүріп, қанатына айналған, бала туып,
ұрпағын өсірген олардың да аттары тарих қойнауынан талып-
талып естіліп жатады. «Атқа мінсең ей, қаған, жерді көрмейсің,
таққа отырсаң ей, қаған, елді көрмейсің! Атыңды жер, тағыңды
ел көтеріп тұрғанын неге білмейсің?» деп сөйлеген де біздің асыл
аналарымыз. Асылы, ел болмақ – Анадан! Ел өссе де – анадан, беті
аулақ, өшсе де – анадан! Сол қайсар аналар дәстүрі аяқсып кеткен
жоқ па, аналар тағдырына өз дәрежесінде зер салып жүрміз бе?
Толғандырған да, қолға қалам алдырған да осындай аялауға ла-
йық аялы аналар дәстүрі, айтулы айымдар тағдыры!
1. МӘРИЯМ АНА
(Сәбит Мұқановтай жазушы жары, Мәриям Қожахметқызы
Мұқанова жүз жасқа толды)
Мәриям ана!
Туған анамдай болған осы бір дархан бейіл дана адам жа
йында қалам тербесем деген ой-толғаққа берілгелі қашшан! Әрі
қарапайым, әрі күрделі, әрі жайдары, әрі қыртысты, мектеп есігін
ашпаған қара танудан әріге бармаған, бірақ өте білімді адам
жанына үңілу де оңай емесі белгілі. Әрдәйім-әрдәйім, ойланып-
толғанып, буынып-түйініп жазу столына отырып, орнымнан тұ
рып кете барамын. Желтолғақ... Оның өзіндік себебі де бар. Мә
риям апай сөз жоқ бақытты жар, ардақты ана, айтса – аузынан
ақылды сөз төгілген, жасаса – қолынан парасатқа оранған кісілік
өрілген ана! Осындай Ана бойындағы ізгілік, кісілік атаулының
қайнар бастауын іздеп әлекпін. Әрине, Сәбит Мұқановтай қазақ
жазушысына жар болу да оңай емес. Ол бір жарын ғана емес, тұтас
қазақ елін елу жыл тәрбиелеген үлкен ағартушы дарын. Алайда,
Сәбиттің алдындағы ағалары, қанаттас қаламдастарының да жар
қосақтары болды ғой. Бірақ, солардың бірде-бірі Мәриям апай
дай ел көзінде соншалықты қадірлі бола алды ма? Олай болса
Мәриям апай бойындағы кісілік атаулының бәрін қырық жеті
жыл бірге ғұмыр кешкен Сәбең жарықтыққа теліп қоя беру де
артықтау ма қалай? Ойым он сақта. Енді міне, еліміздің бас ба
сылымы «Егемен...» қолқалайды. Көз алдымнан көп сурет өтеді,
көргендерім мен көңілге түйгендерім...
Қыз – Дәурен
Тарсыл – гүрсіл, күрес – көтеріліс. Замана зәйіліне ұшырамас
үшін Түмен жеріне ығысыңқырап кеткен төркін жұртын да тәп-
тәуір білемін.
...Әкесі Қожахмет жастай қайтыс болады. Аңырап анасы Зей
неп, жылап жас жары жесір қалады. Өз қолдары өз аузына жетпе
ген бір ұл, бір қыз. Ұзамай ұл да «қара түйнектен» көз жұмады.
Дәрігерліктің қазақ арасында жетілмеген тұсы. Әжесі Зейнеп де
несінің ауырлығынан ат арбамен жүріп, ел арасында билік айтатын
ірі кісі. Ұлының қайғысы бір, ұлынан қалған ерқараның қайғысы
екі соғып шөңкитіп кетіпті. «Ел бетіне қалай қараймын?», «Елге
билік айтқан не теңім?» – деп жылапты ұлы ана. Мыңғырған мал
ға ие, жетім бала, жесір келінге бас ие керектігін ойлаған Зейнеп
ана бір сәт қайғысын жеңіп, жалғыз қыз баламен қалған келінін
бір жамағайынына әмеңгерлік жолымен өзі қосыпты. Еліктің ла
ғындай Мәриям немересін бауырына салып алыпты. Осыдан-ақ,
Зейнептің қандай кісі болғанын бағамдай беріңіз...
Зейнеп әжесі Мәриямды он бес жасқа келгенше ер балаша киін
діріпті. Он бес жасқа келгенше шашын қымызға жуып, бөрік ас
тына көрсетпей бүркеп қояды екен. Басында бөрік, аяғында сапта
ма етік. Етік қонышында дырау қамшы. Аузында «Е, әкеңнен...»
басталатын бейбастақ сөз. Жылқы да баққан. Ақ боранмен арпа
лысып күзетке де шыққан. Қасқыр да соққан. Қазақтың 13–15 жа
сар ер баласына не тән – соның баршасын шайқалған шаңырақтың
шалдуар баласы Мәриям атқарыпты. «Қыз бала» деуге ешкімнің
жүрегі дауалай алмапты. Талай кісіге тілі, талай кісіге қамшысы
тиген. Ел анасы – Зейнепті сыйлаған ағайын «мұның не?» демепті
қыз Мәриямға. Қыз Мәриямның көңіліне жел болып тимепті. Қай
ран қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүр.
Бүкіл әулеттегі Зейнеп анадан кейінгі беделді кісі Абылай қа
жы. Орта дәулетті. Өңірдің қажыға талап қылған дәулетті адам
дарын Меккеге апарып, алып қайтады. Соның себебінен үш рет
қажылыққа барған. Елге сыйлы. Замана аңысын да, ағысын да
жақсы аңғарған оқыған зиялы кісі. Алғашқы жары, тұңғыш ұлы
қайтыс болып басы «гәңгіп» жүрген жетім де, жарлы бозбала Сә
битті кезіктірген Абылай қажы: «Заман сенікі Сәбит бала. Жаз
ғандарыңды оқимын. Келешегің жақсы. Тек мына бір жағдайсыз
іске кезігіп қалғаның. Оған ұнжырғаң түспесін. Жақсы жар кез
дессе – болашақ сенікі!» дейді. «Ел аралаған сыншы» адамның
сөзі. «Маған немере бір қыз бар бізде. Тек Зейнеп жеңгем бауы
рына басқан, бар жұбанышы. Аңырап қалады-ау.» Абылай қажы
жұмбақтау сөйлеп жүріп кетеді. Ойы – алдымен жеңгесімен кеңес
пек.
Кеңесіпті. «Қажы қайным, қиын болды-ау, бұл. Ел бетіңе қарап
отырған азаматсың. Сенің бетіңді қайтарсам, елдің бетіне қалай
қараймын? Менің кішкентай маралым бойжетіп қалған екен ғой.
Мен қара басып білмеппін ғой. Атастырған жерін не істейміз?»
– деп шарасыз көніпті. Көніпті де, отырған жерінде шөгіпті. «Ба
ласын» Омбыға жіберіп, бірыңғай қыз киімін алдырыпты. Ұлша
киінген қызын жылап отырып қызша киіндіріпті. Мәкең қыз киі
міне осқырына қарап-қарап киініпті әзер дегенде. Осы сәттен Мә
риямның қыз – дәурені басталады. Осы сәттен сәл ұзай беріп қыз
– дәурені тәмамдалады Мәриямның.
...Әрі қарай Сәбеңнің әулетін Нұртаза бастап, Мұстафа бастап,
Хамит, Ғабит Мүсіреповтер қоштап «Қыз көру», «Жігітті көрсе
ту» операциясы басталады. Оңаша үй тігіледі. Оған он алты жас
қа қараған талшыбық Мәриям кіреді екі жеңгесімен. «Қара бөрік»
атанған ревком Сәбит келеді Хамит ағасын (Ғабеңнің ағасы) ертіп.
Екі жеңгені Хамит алып шығып кетеді.
...Мәриям көзінің қиығын тастап ұрланып қарайды. Бетінде
шешек дағы мол пұшық сары. Басында ала шәпкі, үстінде тор көз
көйлек. Онысы бетінің шұбарын әйгілеп алашұбар көрсетіп тұр.
Мәриям қыз ұнатпайды-ақ. Пікірін айтып көріп еді. «Шұбар» жі
гіт тік кетті. «Мен Сәбит Мұқановпын. Ақынмын. Жаңа заман
жыршысымын. Ревкоммын. Мен айтпағай едім. Айтқан соң Сені
ала алмасам маған ұят болады...» Райынан қайтайын деп тұрған
жігітті көрмей Мәриямның мысы басылды. Айтар уәж жоқ. Сақа
жігіт. Ажарсыз. Асынып алған револевері бар ма қалай?! Дымы
құрыды. О, құдірет! Осы сәт бұлттан шыққан күн жалт етіп түң
ліктен алтын нұрдай төгіліп түсе қалғаны. Жәй түссе мейлі ғой,
мәмлеге келе алмай отырған екі жасты жалт еткен шұғыла орап ал
ды... «Астапыралла!» деді үрпиіп отырған қыз бала, діндар Зейнеп
әжесінен үйренген сөзін айтып.. Осыдан соң күн нұрының екеуін
қоса құшақтай алғанын құдіреттің ісіне жорыған еркекшора есті
қыз бойын тіктеп өз сөзін айтты: «Ересек кісі екенсіз. Атағыңызды
айтып жатырсыз. Бар жағдайыңызды естігем. Басыңызды оған бо
ла кішірейтпеймін. Амалым жоқ, ер деп етегіңізден ұстайын. Жал
ғыз өтінішім – әжемнің бауырында өскен бір атадан қалған жалғыз
тұяқ едім. Төмен етек деп қорламай, басымды қадірлеп ұстауға сөз
беріңіз!» – деді тіктеніп.
Одан арғы жайдың бәрі де С.Мұқановтың «Оң сапар» атала
тын өлеңінен бастап «Өмір мектебі» мемуарында, күнделік жаз
баларында баяндалғандай, облыстық ішкі істер басқармасы бас
тығының ауыздығымен алысқан қос қара керін жеккен тарантасы
мен қасына екі милиция қызметкерін ерте келіп, айнудың алдында
тұрған қыз баланы күштеп алу болып жалғасып кете барады.
Жас – Дәурен
Қызылордада Сәбит отбасы белгілі мемлекет қайраткері, пуб
лицист Абдолла Асылбековпен бір үйде тұрады. Абдолла Асыл
бековтің өзі құралыптас қызы – Банумен қуыршақ ойнап отырып
Мәриям ошақ басында ұйықтап та қалады. Ұйқысынан оятпаған
қалпы Сәбең көтеріп апарып төсегіне жатқызады. Бір рет ойнап
отырған қуыршағын алып отқа тастап жіберіпті: «Мәриям, сен
Сәбит Мұқанов деген өкімет мүшесі, үлкен ақынның жары еке
ніңді ұмытпа. Саған енді қуыршақ ойнауға болмайды...» Тағы бір
де: «Зейнеп анаң шашыңды қымызбен жуады екен. Қарай алып
жүрсің бе, шашыңа. Сенде бар шаш ешкімде жоқ. Шашыңды
күт!» – депті. Расында Мәриям апайдың шашы үш бала тапқанша
жерге шұбатылып жатады екен. Ақыры, Зейнеп аналарын қолда
рына алыпты. (Зейнеп Алматыда Сәбит пен Мәриям қолында
қайтыс болған. Алматының батыс бетіндегі зиратқа, Саттар
Ерубаевпен іргелес қойылады. Кейін ол жерге автостанция
түскен соң Сәбең жарықтық мал сойып, молда апарып, құран
бағыштатып, сүйегін алып, қасындағы қазақ, орыс аралас жат
қан зиратқа қойған).
Мәриям апайдың Сәбең жарықтықтың басын ерекше қадір
легені секілді Сәбит Мұқанов та жарының бойындағы қадір-қа
сиетті танып бағалай білген. Өзіне дейінгі қайғысын өшіріп, ба
сын өсірген осы ананы аяулы жар тұтып, өзі жүрген адами ор
таға бірге ала жүрген, өзі жүрген әдеби ортаға мақтанышпен
көрсетіп бірге ала барған. Бұл – жар сыйлаудың көркем үлгісі
ғана емес, жар тәрбиелеудің көсем үлгісі еді. Жазушыға жар бо
лудың арқасы шығар, Мәриям апайды Сәкен, Ілияс, Бейімбет
«сұлушаш келін» атапты. Құрдастық райда, Ілиястың жары –
Фатимамен қалжыңдасарда Сәкен: «Мәриям келін қазан-аяққа
бара тұршы» – деп, шығарып жібереді екен. Мәриям апай да
оларды туған қайнағаларындай күткен. Қолынан талай рет дәм
берген. «Сәкен ағайды сұлу кісі деседі. Солай болуы керек. Бір
өкінішім – Сәкен ағайдың жүзіне өмірімде бір рет тіктеп, көзімді
толтырып қарамаппын» – дейді Мәриям апай. Иә, олар 1937 жылы
атылып кете барды жалған дүниемен асығыс қоштасып. Өлімге
де дайындық керек. Өлімге дайындалып үлгерген жоқ-ты олар!
Аңырап артында қалған жарлары ше?
Мәриям апай Сәбеңмен бірге жиырмасыншы жылдары Санкт Петербургқа, отызыншы жылдары Мәскеуге бірге барып тұрған айнымас адал жар. Сәбит жарықтық «Адасқандар» романын жа замын деп Ленинград Мемлекеттік университетіндегі оқуын аяқ- тай алмай қалса, Мәриям апай да оқуын аяқтай алмағандай бір ге күйзеліп, «Қызыл профессура» институтын табысты аяқтаса, Мәриям апай да оқуын үздік оқығандай күйде болған жан. Мәс кеуде «Қызыл профессура» институтының бір бөлмелі жатақха насында Мұстафаның кемпірі – Сілеусін, Нұртазаның қызы, үш ұлымен – жеті жан бірге тұрған. Оған күйеуінің серілігіне өкпелеп, Сәкеннің жары – Гүлбаһрам келіп қосылады. Сегіз жан. Сегіз жан бір бөлмеде. Сәбең роман үстіне роман жазып жатады. «Жұмбақ жалау», «Теміртас», «Есіл»... Мәриям апай шарасыздан бір ательеге тігінші болып орналасады. Жатақханада шуаш жазушысы Кра снов Асли отбасымен сыйласып тату-тәтті көрші болып тұрады. Оқыған жері, араласқан ортасына қарай Сәбең В.Иванов, Л.Со болев, В.Рождественский, Н.Тихонов, Б.Кербабаев, М.Шолохов, Айбек, Ғ.Ғұлам, С.Құдашпен қатар құрбы болып керемет аралас қан қаламгер. Алексей Сурков – курстасы. Олар да Мәриям апай- ды құрметтеді. Әрине, Сәбит Мұқановтай қазақ жазушысының жары болғандықтан. Мәриям апай әр елдің бетке ұстар жазушы лары жайында да қызықты-қызықты әңгіме айтады. Ойлап отырса жас дәурені – отыз жетінің ойранына тап келіп ті. Сәбит партиядан шығарылып, Қазақстан Жазушылар одағы ның бірінші басшысы қызметінен қуылды. Жас шаңырақты қауіп торуылдады. Күдікпен күн кешті. Отыз жетінің ойранынан қара дай қажып шыққан шығар. Алайда, содырлы сойқаннан «Отаға сы аман, бауыр бүтін», сүлдері сүйретіліп шыққанның өзі неге тұрады. Тар қыспақты тағдыр жолы. Бұл да бір Дәурен. Сурет сыры 1937 жыл десе кісінің есіне қай-қайдағы келеді. Түн – түнек заман туған. «Қара қарға» атанған машина түн баласына келеді де алаштың бір атпал азаматын мінгізіп алып жөнеп береді. Көршілері дәрменсіз діріл қағып қала береді. «Ке зек кімдікі?». «Ертең бармыз ба, жоқ па?». Сәкен, Ілияс, Бе йімбеттен Сәбит әулие ме? Әкетіп қалады-ау деген күдік кірген де Сәбең «халық жауларымен» бірге түскен суреттерді жояды. Басын сауғалағаны. Айғақ болмасын дегені. Сол сәтте жарының жағдайын айтпай түсінген Мәриям Сәбеңнің Сәкен Сейфуллинмен бірге түскен суретін жымқырып алып (жарына да айтпай) айна-
ның қабығының арасына ақырын сыналап ендіріп жібереді. «Сә кен – өкімет адамы. Даңқты ақын. Сәкен ағайдың дабысы қайдан шықса – Сәбит сонан табылар...» – деп ойлайды іштей. Жиырма жылдан соң ардақтылар ақталып жатқан бақытты бір күні Мәриям әлгі суретті ақырын алып жазу столында отырған жарының алдына тастайды. Сәбең бір қуарады, бір қуанады. «Ой пырмай, Мәриям сен мені қуанттың-ау, Сен Сәкен ағамды тірілттің –ау...» – деп абдырап отырып қалыпты. Абдыраған көңілін басып, классик жазушымыз орнынан жедел көтеріліп суретті көбейтпекке үйінің жанындағы «Қазақ ССР Жоғарғы советінің» фотосалоны на тартыпты. Ұзамай «С.Мұқанов архивінен» аталып «Қазақ әде биеті» газетінің ішкі екі бетін алып сирек суреттер «сөйлеп шық ты». Міне мектеп көрмеген қарапайым қазақ қызының әрекеті. Әрекет емес-ау, парасат ерлігі. Баспасөзде жиі көрінетін «Сәкен мен Сәбит» фотосуреті осылай сақталып қалған еді... Абысын-ажын ұйтқысы 1937 жыл талай тағдырды күйретіп кетті. Шаңырақ шайқалып ортасына түсті. Талай әйел қара жамылды, жастай жесір атанды, талай жас бала жетім атанды. Ұрпағы жойылған талай есік мәңгі ге жабылып қалды. Сәкеннің жары Гүлбарам, Бейімбеттің жары Күлжамал түрмеге қамалды. Қой бақты...Көрмеген азабы қалма ды. Түрмеден шықты. Бірақ, «халық жауының әйелі» деген қарғыс атқыр қара таңба өшпестей қалып қойды. Қайда барса сенімсіздік...Қалада тұруға болмайды. Көппен араласуға тиым. Заман за һарлы, қысы қаһарлы жылдары Сәкеннің әйелі – Гүлбарам, Бе йімбеттің әйелі – Күлжамал тұрған үйге түнделетіп шанамен сек сеуіл сүйретіп апарып тұратын да Мәриям апай. Көзіңізге елесте тіп көріңізші, Алматы көшесімен түнделетіп кейде шанамен сек сеуіл сүйретісіп бара жатқан Сәбит Мұқановты... ХХ съезден кейін ақталған С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Май лин өзге де жазушыларға моральдық қолдау ретімен, шығарма лары жарыққа шығып, ұрпағына бірсыпыра қаражат беріліпті. Қысым уақытта атылған аяулы адамдардың ұрпағын паналата ал маған туыстар табылып, «Сәкенде ұрпақ жоқ» деп мұрагерлікке таласқысы келіпті. Сол тұста Гүлбарам Сейфуллина Мәриям ке лінімен ақылдаса отырып, тиесілі қомақты қаржыны жетім ба лалар үйіне аудартып жіберіпті. Күлжамал абысынына «Бұл көп қаражат. Бірақ, ақша су секілді. Ағып кетеді. Азап көрген бастарың рахат та көрсін. Тұтымды бол! Ақшаны шыжымдап ұста, шымшымдап жұмса, балаларыңа ағызып берме, тамызып бер. Әкесінен қалған мұра балаларды бұзып кетіп жүрмесін!» – депті Мәриям.
Араға біраз уақыт түсіп, тұрмыс тауқыметін қайта тарта бастаған
Күлжамал шешеміз: «Мәриям-ау, сенің айтқаның орынды екен.
Сен Көріпкел екенсің ғой!» – дейді мұңайып.
Қара жамылып, қара басын көтере алмай жатқан Мәриямға
Гүлбарам апай келіпті: «Көтер басыңды! Сенің байың өлсе, біздің
қамқоршымыз өлді. Сенің байыңды ел қара жамылып шығарып
салды. Ал біз байымыздың көмілген моласына зар болып жүр
геніміз жоқ па?! Көтер басыңды. Сәбит өлімі – бақытты өлім!»-
депті қасірет қинаған еркөңіл ана. Гүлбарамның осы сөзі менің
жоғалтқан есімді қайта табуға көмектесті, – дейді Мәриям апай.
Алдындағы абысындарын енесіндей күткен келін Мәриям
олардың ұрпақтарының оқып, білім алуына, жедел жетіліп, қатар-
ға қосылуына ықпал етсейші деп Сәбеңді қолқалаумен жүрген
жайы бар. Алдындағы абысындарынан алған өнегесін кейінгі Са-
ра (Тәжібаева), Мархума (Қаратаев), Мунира (Жарокова), Майнұр
дай (Тұрманжанова) келіндеріне жалғай, қай-қайсысының да ұлын
ұяға қондырысып, қыздарын ұзатысып, абысын-ажын дәстүрін
жаңаша сабақтаған дәнекерші Ана – Мәриям Қожахметқызы!
Даңқты қатарластары (М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин)
жарлары, аталған кейінгі келіндері күйеулерімен бірге ұзақ жасай
тұра, Мәриям ана көтерілген абырой биігіне көтеріле алған жоқ.
«О, Мәкеңнің орны бөлек қой» – деп олардың өздері де аузынан
суы құри айтып отырар еді жарықтықтардың. Абысындарының
өнегесін келіндеріне жалғаған Мәриям апай! Олар да Мәриям
ананың өнегесін алды. Араласар ортасы, кейінгі буын келіндеріне
көргенін айтып, алған өнегесін жайып, жайсаң келе жатқан Мәри
ям апай! Осылай етпесе дәстүр сақталар ма, дәстүр жалғасар ма?!
Гүлжамал Мәуленова, Бәтіш Ыдырысованы аса бір қимастық
пен еске алып отырады. Зайда Бекхожина, Бәдеш Қайырбекова,
Қазына Нұрмаханова – Әбдіразақова, Күләш Ахметова – Кәкішева
күні бүгін қасында. Мәриям апай – абысын-ажын ұйтқысы!
Соғыс сойқаны
Бірде Санкт-Петербургқа Сәбеңмен бірге сапарлаған. Архив
тен Шоқан жайында материал іздеп сарсылып келген Сәбең Мә
риямды жедел жиналуға қосады. Асығыс. Ескі досы, ақын, Абай
аудармашысы – В.А.Рождественский үйіне қонаққа шақырыпты.
Жедел жетіп барды. Дастархан жаюлы. «Мархабаттап» қарсы ал
ған қағілез Всеволод Александрович: «Қазір папам мен мамам
келген соң дастарқанға отырамыз. Оған дейін танысып қойыңыз,
мына кісі менің жарым – Бәленше Бәленшеевна!» деп таныс
тырады. «Түсінем, Мәриям ханум, Сіз өзіңіз білетін, менің бұрын
ғы жарымды іздеп отырсыз. Ол кісі соғыс уақытында менің бір
жақын адамыма тұрмысқа шығып кеткен. Уақасы жоқ. Таныс
болыңыздар!» – дейді бастырмалатып.
Сәбең екеуі әңгімеге үйірсектейді. Екі келіншек ас бөлмесінде
шүйіркелесе бастайды. Бір сәт қоңырау шалынады. «Ох, папа,
мамам келді!» – деп елгезек Всеоволод Александрович есікке
қарай тұра ұмтылады. Қастары айқыш-ұйқыш айқасқан қартаң
генерал қасындағы жас келіншегімен кіріп келе жатады. «Ох,
папочка, мамочка»-лап бәйек болған үй иесі әкесін құшақтап,
«мамочкасының» қолынан сүйеді. Әйел таныс. Мәриям апай аң-
таң. «Құдай-ау, мына «мамочкалап» жүргені өзінің бұрынғы әйелі
Ирина Павловна ғой... «О, қу соғыс, не істегенсің, сен?». Көзі
атыздай болып, дауысы шығып кете жаздаған Мәриямды Сәбең
тізесімен қағып қалып «тыныш отыр!» – деп сабасына түсіреді.
Өзі де досының «әке-шешесі» алдынан шығады...
Ленинград қоршауында ұлынан қаралы хабар алған қарт ге
нерал «жесір келінге» үйлене салыпты...
«Апыр-ай, мен осындай сұмдықты да көрдім ғой...» – дейді
Мәриям апай. Соғыстың сойқаны...
Авар ақынына қойылған «мат!»
Қырым жағалауы. Жазушылар өнержайы. Одақтас республи
калардың бір шоғыр жазушылары қатар тұрып, шығармашылық
іспен шұғылданады. Ішінде даңқты дағыстандық авар ақыны Ра
сул Ғамзатов!
Расул Ғамзатұлы «Мариям ханум, саламатсыз ба?» – деп аман
дасып, Сәбеңмен қолдасып, құшақтасып есендесіп, әйел жынысты
ақын, жазушылардың қолынан сүйіп, қолтықтап кете барады. Ғи
мараттан бірге шыққанымен, сейілде ақын жары состиып, саяқ
қала береді. Ақынның осы сері жүрісін Мәриям апай ұнатпайды –
ақ. Бүгін де солай. «Саламатпысыз, Мәриям ханум?» Бет-аузының
бәрін мұрын жапқан авар жігіті өтіп бара жатты.
– Расул!
– Әу, Мариям ханум?
– Сен өзің шығысты жақсы білетін азаматсың. Ұлтшылсың.
Жаман орыс қатындарының қолын сүйесің де, менің қолымды
неге сүймейсің? Олар – бар болғаны әйел, ал мен – Анамын. Сә
бит Мұқановтай жазушының жарымын. Мүмкін, сондықтан жең
геймін. А, Расул сен менің қолымды неге сүйіп есендеспейсің?
– Ой, Мариям ханум, кешіріңіз. Менен бір білместік кетті.
Кешіріңіз.
Расул Ғамзатұлы Мәриям апайдың қолынан сүйеді.
– Рахмет Расул, білгендігіңе. Мен құрметке зәру кісі емеспін.
Шүкір, қазақ жазушылары үлкен, кішісі бірдей құрметтейді. Сә
биттің арқасы. Ал, Расул, саған айтар тілегім – менің ана Фатимат
келінімнің саған жар, балаларыңа ана болғаннан өзге не жазығы
бар, үйден бірге шығып, сейілде селтитіп тастап, бір орыс қатын
ның қолтығында кетіп бара жатасың?
– Ой, Мариям ханум, маған біржолата «мат» қойдыңыз. Ой,
Мариям ханум…
Ойнақы мінез авар ақынының шоқпардай мұрнына дейін қыза
рып кетті...
Содан кейін екі отбасы қашан қайтар-қайтқанша бірге сейілдеп
жүріпті....
Бәукең де сыбағасын алған...
Бірде Сәбең мен Бәукең отбасымен «Сарыағаш» сауықтыру
кешенінде қатар демалыпты. Тентек судан ұрттап алған күні Бәу
кең бәйбішесіне «Қатын, сен неге мына Мәриям жеңгейдей бол
майсың?» – деп тиісе бастайды. Әрі-бері шыдаған Мәриям апай
айдаһарға арбалған торғайдай бір уыс болған Кәмешті көрсетіп,
«Әй, Бауыржан, Кәмеш келін мендей болу үшін, сен Сәбиттей бо
луың керек емес пе?! Өзің айтқандай қатын байды, бай қатынды
тәрбиелемесе, жақсы отағасы, жарамды отанасы қайдан шықсын?
Жұрт алдында жеку – жар үшін тәрбие емес, көп көзінше мерейін
көтеру – тәрбие!» – депті толқындатып. «Біле білсең Кәмеш ме
нен жас та, ажарлы да, ақылды да. Кәмаштың қателігі – саған ти
гені. Өнерін де жоғалтты, өзін де жоғалтты. Түбіне жеткен Сен –
Бауыржан!» – депті кесіп-кесіп сөйлеп.
– Менің Сәбит ағама құдай қатынды берген, – деп Бәукең,
мұрны жалпайып Мәриям жеңгесінің қолынан сүйіпті.
Қарны селкілдеп Сәбең күліп тұрыпты.
«Қырғыздарды қырып кетті...»
Сәбең екеуі Қырғызстанға бара қалыпты. Әзіл-қалжыңы қатар
жүрер қаламгерлік орта. Әзілі ақылына емес, тілінің ұшына біткен
ақынсымақ алқа-қотан отырған топта «Сәбит байке (аға)! Қордай
асуынан асарда жан-жағыңызға қарадыңыз ба?» дейді. Сәбең жө
пелдемеде қырғыз бауырдың не айтқысы келгенін аңдамай аңқи
ып қарапты жүзін тіктеп... Сәл тыныстаған әлгі қужақ: «Кенесары
ағаңыздың басы көзіңізге шалынбады ма?» – деп қалыпты.
Сәбең жарықтық қуқыл тартып, бетіндегі шұңқырлар терең
дей шұбарланып тұлан тұтыпты. Шалының әу-жайын байқаған
Мәриям анамыз:
– Әй, қырғыз бауырлар, сендер не десеңдер, о деңдер. Өз басым
қырғыз ағайынға өздеріңіздей тұқым сыйлаған сол қос қайнағама
(Кенесары, Наурызбай) қатты ризамын. Түрлеріңнен көріп тұр
мын, дәу қайнағамнан аумайсыңдар, қайныларым-ау – депті.
Дастарқан басы лақылдақ ақынды отырыстан қуып шығыпты.
Сапардан оралған соң кәделі бір дастарқанда отырып:
– Осы сендер ғой, – Мұхтар айтқыш, Сәбит айтқыш, Ғабит,
Ғабиден айтқыш дейсіңдер. Бәрі бекер екен. Біздің Мәриям айт
қыш екен. Қырғыздарды қырып кетті, – деп осы әңгімені үкілеп
жеткізген екен Сәбең жарықтық.
«Портфельбақыт...»
Үй болған соң ұрыс болмаса да, аздап кейіс болмай тұра ма?!
Қабақ жараспаған бір сәтте: «Е, Сәбит-ай, саған жастай тиемін деп
оқи алмай қалдым ғой. Әйтпесе, ана Б... құрлы министр болатын
едім ... ...» – дейді Мәриям апай.
Сәбең сылқ-сылқ күліпті.
– Е, оның бағы сенің бағыңнан артық деймісің, жазған-ау. Ми
нистрлік портфельден айырылған күні ол жәй – әйел. Ал, өлген
соң біржолата ұмытылады. Өйткені, ұлтқа істеп жатқан ештеңе
сі жоқ. Жәй орындаушы ғана! Ал, сен, Мәке, кім болғанда да
академик-жазушы Сәбит Мұқановтың жарысың. Тірімде – осы!
Мен өлгенде де – сол! Түһ басыңдағы бақты біреудің «портфель
бағымен» салыстырып – депті.
Рас сөз. Көп жұрт Мәриям апайды Сәбеңнің жары деп сый
лайды. Сараман ақыл иесі – Мәриям апай Сәбең тәрбиесін ала
жүріп, Сәбеңе ықпал етті, Сәбеңнің өзін тәрбиеледі. Сәбеңді кө
термелей жүріп, өзі де жұрт көңілінде биіктерге көтерілді.
Мұқанов «академиясын» тауысқан Мәриям апай Сәбеңнің өз
сабағын бойына сіңіріп, оны өзіне сый етіп қайтара білген жары!
Тоқтаусыз шақыруларды қабылдап, қонақасыға бара жатқан Сә
беңнің алдына дәм тосып «Даладан келгендей болмайық, үйден
барғандай болайық, мына дәмнен бір татшы» – деп, тамақсау
отағасын жұқа жемдеп алудан бастап, ірілі-ұсақты жиналысқа
кетіп бара жатқан кексе жазушыны жасына қарай киіндіріп, «Сә
бит-ау, сендер ұлғайып қалдыңдар, соңдарыңнан жаңа толқын
жастар өсіп келе жатыр. Олар сендерге қарағанда мына жаңа заман
білімін тереңдеп алған жастар. Мүмкін болса, жиналыста сөйлеме!
Сөйлесең де жастардың көңіліне тиіп қалма, қадірің кетеді. Жас- тар өз алдына, қатарлас сендер бір-біріңнің қадірлеріңді сақтаң- дар. Ана Ғабит, Ғабидендердің қалжың сөзін басыңнан асырып жібере сал! Ештеңең кетпейді. Жастар «шалдар өзара айтысып жатыр» – деп күлмесін. Мүмкін болса, сөйлеме, Сәбит, – деп құ дайдың зарын қылып шығарып салатын, жиналыстан оралған бетте жүзін тура қаратса, – ә, сөйлемеген екен – деп, жүзін төмен салып, кабинетіне қарай қашқақтаса, «–Ә, Сәбит жиналыста сөйлеген екен. Қазымыр қарт болып сөйледі ме екен, әлде қазына қарт болып сөйледі ме екен?!» – деп сұрауға бата алмай жарының бетіне жәпек-жәпек қарап, іштей тынып, пұшайман күй кешіп, «шешін Сәбит, ас-суың дайын» – деп бәйек болатын Мәкеңді кі сіліктің қандай асқар белінен де табарың хақ. Ұзақ жыл тәрбиесін көргенде менің түйгенім: Мәриям апай қазақы түсінік, жар пары зы деген ұғыммен өзін жарақтандырып, өзін Сәбең көлеңкесін- де ұстаған ғажайып Ана! Тұрқы биік, тұлғалы Ана! Мәриям апай бұл ретте отағасын толассыз қадірлеу арқылы өз қадірін де асыра білген қазақ отанасы эталоны! «Портфель бақыты» тимегенімен, жар бақытына сәтті жолыққан адам! Әке орнына әкелік сөз айтқан... Әйелдің жаны жүдеп, шарасыз күй кешіп, күйзеліске түсер сә ті, талай шаңырақтың шайқалар тұсы, шайқалмағанмен бұрынғы алыстың қарасы батып, жақын алыстайтын психологиялық шаған кезең – отағасы – көз жұмған соң басталады. Шөккен қара нардай етіп елі күңіреніп ақырғы сапарға шығарып салған талай атпал азамат шаңырағы шайқалып, талай аяулы азаматтың есігі жабылып қалып жатары ащы да болса шындық. Мәйітті үйіне түнет пеген, әйтпесе түнеткісі келмей, зорлықпен шарасыз түнетіп шы ғарған трагедиялық ахуалды да білеміз. Әруақ күңірентіп еске алып, атын атап жатпай-ақ қоялық. Сәбит Мұқанов қайтыс болғанда топырақ салғысы келген кі сілердің алды Кеңсайда, арты Абай атындағы опера және балет театры алдында кезекте тұрғанын жәмиғат біледі. Жар – қосағы нан айырылған Адами пенде ретінде естен тану, қара жамылып қазақша жоқтаудың қайсысы да Мәриям апайдың басынан өтті. Кісі аяғы саябрсыған бір сәтті күні Мәриям апай қазан көтеріп, бауырынан өрген ұл мен қызын, күйеу балалары мен келіндерін түгел қарашаңыраққа жинапты. Кәделі қонақ келердей соғымнан мүше-мүше асылған, түрлі тағам тартылған. Қонақ келетін шығар деген балалары анасына қарап аң-таң. Қонақ күтейін деп отырған
ана жоқ. Қазан-аяққа барып қалып жатқан қыздар мен келіндерін де жоталы дастарқанға қарай ықтыра қуып тастап жүр «Сендер қонақсыңдар. Отырыңдар». «Қайдағы қонақ? Шешемізге не бол ған?» десіп олар таң. Атысқан көздер. Ақырында Мәриям ана сөз алыпты: – Ал, қарақтарым, әкелеріңнің қара шаңырағында бүгін сен дерге – ұл, қыздарға, күйеу, келіндерге арнап арнайы дәм беруге ұйғардым. Сендердің әкелерің Сәбит Мұқанов – қазақтың бір де ген азаматы еді. Қайтпас сапарға кетті. Елі күңіреніп шығарып сал ды. Оның өмірдегі даңқы да, өлгенде жоқтап шығарып салу жолы да қайталанбас. Тіріге керек абырой өліге де керек екен. Шүкір. Мен әкелеріңнен қалармын деп ойлаған жан емеспін. Тірі отыр демесеңдер менің жаным да әкелеріңмен бірге кетті. Қазір алса да Аллаға ризамын! Сендер де кімнің баласы? Сәбиттің баласы! болып өстіңдер. Не кием, не ішем демедіңдер. Оқимын деген жерде – оқыдыңдар, жүремін деген жерде – жүрдіңдер. Кейбіріңнің еркеліктерің де болды. Үйлі-барандысыңдар! Ең кенжем Жаннаның да бір баласы бар. Бір әулеттің келіні. Енді мен ақ сүт берген аналық жалғыз өтінішімді айтқалы отырмын сендерге. Соны айтайын. Ұлың бар, қызың бар, Сәбит тің атын алып жүргендіктен енді еркелікті тастайсыңдар. Істі болсаңдар құтқарып алар әкелерің жоқ. Әруақ налыса істерің іл гері баспайды. Мен бұдан былай тек «Сәбит Мұқановтың бала сы мынадай іс бітірді. Бәрекелде!» – деген сөзді ғана естиін. Ата ларыңа нәлет келтірмеңдер. Аналық жүректен өтінемін. Екі дүние табалдырығында тұрып сұранарым осы – сендерден! Мәриям ана қабырғасы сөгіліп сөйлеп тұрғанда қазағы, орысы аралас әулет перзенттері егіліп отырыпты. Мараты орнынан кө теріліп, жылаған күйі шығып кетіпті. Міне, осы сәттен бастап Сәбең балалары елтең-селтеңді тастап, өздерін іргелі істерге ар нап, ауыз толтырып айтарлықтай із қалдырып өтіп жатыр мынау жалғаннан. Бұл – әке тәрбиесіне жүрер ананың жүрек сөзі! Әке орнына әкелік сөз айтқан кісі – Мәриям анамыз! Жарасымды дәстүр, жақсы сыйластық Әулет әкесі Сәбитті жоқтатпастай, қарашаңырақты шайқалт пай, жақынды алыстатпай, алысты жақындатып ұстаған кісілікті істің екіншісі мынадай. Мәриям апай жылда соғым сойып, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Әбділда Тәжібаев, Мұхаметжан
Қаратаев, Әлжаппар Әбішев, Әбдіжәміл Нұрпейісовті соғымба
сыға шақырады. Тура Сәбең бардағыдай. Қолы тәтті Мәкең «Әй,
Ғабит, әй, Қабиден, айналайын Әбекең, Мұха, ой, Әлжаппар-ай,
Әби-Жамил» – дей отырып, жайшылықта басы қосылып, жүзі жа
раса бермес бір қауым елдің басын қосады. Жыл аралатып алдына
түссе Ғабең үйі түседі, әйтпесе жылдағы біріншілік Сәбит Мұқа-
нов шаңырағында. Әрі қарай дәстүрлі жолмен қонақасылық жал
ғасып кете барады. Ата дәстүрін тірілткен бұл атаулы шақырыста
Мәриям апа Сәбең орнына жүреді. Қырық жеті жыл жұп жазбай,
жүз шайыспай жұптық ғұмыр кешкеннің шарапаты шығар, Мәкең
Сәбең болып биіктеп сөйлейді. Ол ортаға ерсі емес, мейлінше та
биғи қабылданады. Апай тауып айтып, тапқыр уәждеседі.. Әзіл-
қалжыңға ұста! «Сыйға – сый, сыраға бал!». Бұл шоғыр да соғы
мын Мәкеңсіз бастамайды. Тіпті олардан кейінгі Сәбең көзін көр
ген, сөзін естіген буын да солай. Қос Ғабеңнің өзі қарадай тиісе
бастап, оңбастай ұтылып, мәз болып күліп «Бұған дауа жоқ» – деп
отырғанын өзіміз талай көрдік.
Әлжаппар Әбішев қана «ә, Мәриям» – дегені болмаса, Әбділда
Тәжібаев, Мұхаметжан Қаратаев «Айналайын жеңешесінен» –
деумен өтті. Мінезді Бәукең «жеңешелеп» тиісіп, сөзден ұтылып
тыныш табатын.
Жазушылардың өзі де, жарлары да Мәриям апайды қатты
сыйлайды. Ақылды аналығы, орнықты кісілігі үшін! Жарасымды
дәстүр, жақсы сыйластық! Ол да жазушылар арасынан сирек
көрінеді-ау шамасы...
Музей – ана
Ана жылы армян әдебиеті классигі, «дашнакшы» Овенас Ту
манянның туғанына жүз жыл толуын үлкен той етіп тойлады.
Шәкәрім сияқты тұлға. Біз Шәкәрімді тірідей көмген құдықтан
аршып ала алмай жүргенде олар Кеңес өкіметіне қарсы болған
классигін қадірлейді. Ел ғой. Ел! Мәриямдай жарын алып Сәбең
де жетеді Қазақстаннан. Барса жүз жылдығы аталып, ұлан-асыр
той болып жатыр. Жазушыға үлкен музей ашылған. Жаңаша жаб
дықталған. Жазушының музейінде Туманянның кемпірі отыр дей
ді. Иегін сүйеген үстелден басы қылтияды...
– Апыр –ай, мына кісі тірі ме? – депті Мәриям. Жастау албырт
кезі. – Адам да жасай береді екен ғой.
– Қайта жақсы емес пе? Жазушының өзі кетіп, артында жа
ры қалған. Армян достардың айтуына қарағанда мына музей Ту
манянның жарының арқасында жасақталған сияқты. Мен кетіп,
сен қалсаң арман не?
– Түһ Сәбит-ай, қайдағыны айтасың! – депті Мәриям апай.
Сәбит Мұқановты бейне әулие дерсің. Дүниетанымы қайшы
лықты Сәбең соңына көп еңбек қалдырып, 1973 жылы дүние сал
ды. 1975 жылы Өзбекәлі Жәнібектің басшылығымен «Сәбит Мұ
қановтың мемориалдық музей-үйін» жасақтадық. Сонда ерекше
сүйенген кісіміз – Мәриям Қожахметқызы Мұқанова!
Егер, Мәриям апай Сәбеңнің беделін арқаланып қана ірімсіп
жүрген жан болса, – жары жарық дүниеден көшкен соң адасқан
қаздай күйкі күй кешпес пе?! Жоқ. Тіпті де олай болған жоқ.
Қайта, уақытында саясатқа дамылсыз араласып, айтқанын өткізіп
үйренген Сәбең жарықтықтың, өмірінің бесін шағында ұлғайған
жас, өзгерген уақытты жете пайымдамай, сөйлемес (үндемес)
жерде сөйлеп жіберіп, аталық жасар жерде ағаттық жасап алған,
байтақ өмірбаянының ойлы, қыратты жерлерін, жарын жоқтаған
жесір болып, классик жазушының елге сіңірген еңбегін ұқсата
көрсетіп, ел анасы бола жүріп, өзінің айнымас ақылды адамдық
болмысымен тігісін жатқызып, үзіле жаздаған өрмектерді қайта
жалғап, суына жаздаған жүректерді қайта жылытып, – ұлт
классигін өз биігіне қайта көтерісті.
Халық атынан сөйлеген халық жазушысы кезіндегі Қазақстан
басшысы Д.А.Қонаевпен де араларынан қыл өтпестей ағалы-інілі
бола қоймағаны көпке мәлім. «Теміртаудың жұмысшыларына оқ
атқыздың. Қолың қан Димаш!», «Ел арасында «мешок обещания»
атандың Димаш!»– деп айылын жимай сөйлеген аузы батыр Сә
битті қанша кең болғанымен, қайдан ұнатсын Димекең? Мәриям
анамыз өткенді – өткен, кеткенді – кеткен дей отырып, өзі де ірі
тұлғаны ірілікке шақырып хат жазғызды. Қабылдауына сұранды.
Хатында да, қабылдауында да Сәбеңді биіктете отырып, музей
ашу тілегін жеткізді. Топырағың торқа болғыр, «Мәриям жеңгей»
– деп өзі ерекше қадірлейтін Димекең айтқанын екі етпеді. Сә
беңнің сүйегі шыққан Төлебаев көшесі 125/129 үйдің 3 пәтерін
музей жасау туралы қаулы шықты.
Мәдениет министрлігіне қарасты бір мекеменің С.Д. есімді
директорын С.Мұқанов музей-үйіне директор етіп тағайындады.
Апай танысуға келген С.Д-мен бірсыпыра сөйлесті. «Жазатын,
сызатының бар ма?» – деген секілді сұрақ қойды. Ақырында:
«Қарағым министріңе сәлем айта бар. Сәбит шығармасын дұрыс
білмейтін, өзін мен дұрыс білмейтін адамға шалым тұрған
шаңырақты да, көз майын тауысып жазған қағаздарын да сеніп
тапсыра алмаймын. Мен араласпай-ақ қояйын өзің министріңе
кіріп мән-жайды түсіндір, басыңды арашалап ал! – деді, – Азамат басыңды арзандатқаным емес, қарағым, қата ойлап қалма! Қолайсыз жағдайға тап болған С.Д. не Сәбең үйіне кіре алмай, не министрге (Ж.Еркінбеков) барып мән-жайды түсіндіріп айта алмай жылға жуық уақыт жүріп қалды-ау. Әлдеқалай сырттан естіген жұмсақ министр Жексекең апайға арнайы телефон шалып «Сізге кіріп шықсам деп едім. Қай уақыт қолайлы?» – дейді. Мәриям апай: «–Қарағым Жексембек сен іс басында отырған адамсың. Келгендегі шаруаң музейге байланысты болса, Сенің келгенің емес, менің барғаным жөн болар. Әйтпесе, Сәбит қара шаңырағыңның есігі әрдайым ашық қой, айналайын» – депті. Ұзамай министр қабылдауында болған Мәриям апай Жексембек Еркінбековпен ақылдаса отырып, музей директорлығына Сәбит Мұқановты жақсы білетін бір азаматты ұйғарысты. Әдебиетші еді деп айтпасақ та, Сәбит рухына адал ол кісімен оншақты жыл қызметтес болуға тура келді. Өмірінің соңында тұрмыстық суық сөздерге бола суысыңқыраған құдасы Ғабит Мүсіреповті – Сәбит Мұқанов әдеби мұрасының жоқшысына, айтаққа ілесіп бір-біріне ірілеу сөйлеп, екі жаққа қарай кеткен Ғабиден Мұстафинге: «Се ні 1937 жылы Сәбит арнайы барып Жаңасібірден (Новосибирск) көшіріп әкеліп, өз үйіне кіргізбесе, түрің – орыс, орыс жазушысы болып кетер едің ғой. Баяғыда маған қылжақтаймын деп бір бас бармағың сынып, қисық бітіп еді. Ол аз саған. Сол жолы сенің тұ тас бір қолыңды сындыруым керек еді. Сонда «шолақ Қабиден атанатын едің» – деп қалжыңдай жүріп, Сәбит Мұқанов әдеби мұрасының жанашырына айналдыра білді Мәриям анамыз! Әб ділда, Мұхаметжан, Әбдіжәміл, Сафуан, Тұрсынбек қабырға аға йын, тума қайнысындай, қарашаңырақтың бір баласындай Мә риям апайдың айтқанын екі етіп көрген жоқ. Анамызбен әңгімелескен кісі Сәбең бойындағы қандай да бір пендешілікті өшіріп, халық жазушысының көркем бейнесін көңіліне қалай көшіріп алғанын байқамай да қалады. Зорлық жоқ. Мәриям апай өзінің жары жайлы өз көзқарасын міндеттеп, таңып жатқан жоқ. Қырық жеті жыл бірге ғұмыр кешкен жары туралы аналық жүрекпен тебіреніп әңгіме айтқанда апайға кісі ілесіп жүре бергенін білмей қалады. Сұхбаттасқан аз уақытта Сәбеңшіл болып шыға келесің. Жазушы музейін жасақтау үстінде Сәбит киген киім, ұстаған таяқты иіскеп-иіскеп қоятын апай. «Сәбиттің иісі сіңген бұйымдар ғой. Ой, Алла-ай, ол иіс те біртіндеп бастайды екен» – дейтін апай. Жазушы жан қалтасынан табылған күмәжнікті ұстап отырып, «Е, ана жылы Қара теңізге барып, демалып қайтып келе жатқанда,
аэропортта Сәбит осы күмәжнікке қызығып, сол жерде жалма-жан
алып берген едім. Е, мына сары туфли ма? Осы туфлидің кісілігі
шамалы. Бірақ, өмірі өзіне киім алып көрмеген Сәбит өзі дүкенге
барып, «иілмей, бүгілмей аяқ сұға салғанға жақсы екен» – деп алып
келіп, киіп жүрді. Қайсы қолжазба, ә, мына блокнотқа жазылған
ба? Бұл денсаулығы төмендеп кеткен соң (Дубльтаға) қағаз, қалам
алдырмай, жай демалғалы барғанда, екі-үш күннен кейін өзін
қоярға жер таппай, бас дәрігерден сұрап алып, менен жасырынып
пьеса жазған дәптері ғой… міне, осылайша біз жазушы үйіндегі
бар жасау-жабдықтың «паспортын» жасап, музей экспонатына
апай арқылы айналдырып едік.
Бауыржан Момышұлында «Музей апа» аталатын этнография
лық әңгіме бар. Ал, Мәриям апай – «МУЗЕЙ – АНА!»
«Әдебиеттің анасы...»
Жазушыға жар болғаны үшін ғана ананы осыншы көтермелеуге
бола ма? Кім білсін? Бірақ, басқа емес, әдебиет алыптарының
бірі Ғабит Мүсірепов Мәриям апайды осылай бағалағанына куә
болдық.
Мәриям апай – Сәбең жарықтықтың біраз шығармасында өз
атымен бейнеленетін кейіпкер де, енді біраз шығармаларында ке
йіпкердің түптұлғасы (прототипі) кейпіндегі жасырын тұлға. Өз
басым «Мөлдір махаббат» романындағы Бәтес бейнесін көркем
образға айналдыру жолында Мәриям апайдың көптеген адами қа
дір-қасиеттерін пайдаланғанын шама-шарқы дәлелдегенмін.
«Он алтыға келгенде кемел жасы,
Тізесіне салбырап түсті шашы» деп жырлайтын «Сұлушаш»
та тап солай! Поэма жазып аяқтаған жазушы: «Мәриям, сенің
шашыңа тартуым!» – деген ризашылықпен.
Алматыдағы ақын, жазушыларды, олардың жарын түгендеу,
араласып, құраласуда жолынан ұтылмайтын Мәриям анамыз
«Осы В.А.Рождественскийдің кейінгі кемпірі жастау еді, тірі
шығар, сен орайын тауып хабар алсайшы. Алексей Толстойдың
кейінгі келіншегі Марина Ильинична да тірі болса керек. Үйде
болған еді соғыс жылдарында. Галина Серебряковадан не хабар
бар? Әй, әй Сәкен ағай-ай, қызықса Галина қызыққандай ғой.
Үйінде сан рет болып едік. Осы сен Өзбекстанға барып қайтамын
деп жүр едің ғой. Ғафур марқұмның жесірі Мұхарамма ханумға
сый беріп жіберейін, ала барсайшы! Ана Сарыбала (Н.Фазылов)
хабарласқанды қойды ғой…» – деп өздері кезінде араласқан ел,
түрлі ұлт өкілдерінен жақын тұтқан жазушылардың, көзі кеткен
достарының жарларының жағдайын да біліп отырар еді. Көзі
тірісінде Сәбең салған достық сүрлеу ескіріп кетпесе, қаламгерлік
байланыс ең болмаса кісілік қатынаста жалғасып жатса деген
кең ойлайтын кемел ана іс-әрекеті еді бұл! Мәриям апайдың сә
лем-сауқатымен де талай елге барып, талай тарихи кісілермен
танысыппын ойлап отырсам?!
1982 жылдың 8 шілдесі. Мәриям апайды қолқалап Қапшағай
қаласына алып бардым. Онда атақты «Адасқандар» («Мөлдір ма
хаббат) романындағы Бәтестің түптұлғасы – Бәтима Мақашқы
зы тұратын. Әуелгіде «Сәбиттің орнына Бәтиманың келетін жөні
еді. Қайтесің енді? Бұл да Сәбит үшін істеліп жатқан шаруа ғой.
Сені бастап барайын. Әйтпесе, жасы ұлғайған кісі сені баласынып,
сырын ашпай жүре ме?» – деп алып, Қапшағайға бастап барып еді,
аяулы анамыз.
Бәрі де жары Сәбит үшін, әдебиет үшін еді. Соны жете түсін
ген аяулы адамды айтсайшы! Осыдан соң қалай риза болмассың
Мәриям апайға?! Бәлкім Ғабең жарықтықтың «Мәриям – әдебиет
анасы» – деген сөзіне ден қою жөн-ақ шығар.
Әліптің артын бақ...
Ана бір жылы Әбділда Тәжібаев: Ғабеңдей ағаның ақ батасын
алдым, сайлауда Академияға мүшелікке өтетін болдым, – депті.
– Әбеке, лайымда солай болсын. Сайлауда жең. Бірақ, ол шал
ды жақсы білмейсің. Әліптің артын бақ! – депті Мәкең. Айтып
отырғаны – өзінің бауыздау құдасы Ғабит Мүсірепов!
– Әулие екенсіз, Мәке, – деді сайлаудан құлаған ақын жары
Сара апай, – Сәл болмағанда сеніп қалып, Әбекеңді өлтіріп ала
жаздадық-ау...
Сыйлыққа лайықты жүр...
Ұмытпасам, 1976 жылы болуы керек. Таңертеңгі сағат 900-де
С.Мұқанов үйінің (музей жасау үстінде едік) телефоны сылдыр
лады. Бауыржан Момышұлы екен:
– Қолыма қалам берген ағам еді, әруағы қолдаған шығар, жақсы
көретін жеңгем еді деп алғаш Сізге хабарлап, Сізден сүйінші сұ
рап жатырмын, тентек қайның бірге шапқан жүйріктерге шаң қап
тырып, Мемлекеттік сыйлық алды, – деп хабарлады.
– Үлкен сыйлық. Сыйлыққа лайық еңбегің бар Бауыржан! Құт
ты болсын! Енді үлкен сыйлыққа лайық жүр! – деп құттықтады
Бауыржан қайнысын Мәриям апай.
Әрі қарай Қазақстан Жазушылар одағының басшысы Әди
Шәріпов, досы Д.Снегин Бәукеңнің 60 жылдық тойын тойлау
үшін ақылдаса барып, естіместі есітіп, пұшайман болып Сәбеңе
келгенін, Сәбең басшылық жасап батыр інісінің тойын жақсы
өткізгенін әңгімелеп берді бізге!
Жазушылар Одағына ықылас
Мәриям Ана – осы, әрі шежіре, әрі шешен, әрі көсем!
Кезінде жар-қосағы Сәбит Мұқанов басқарған шаңырақ са
най ма, әйтеуір Қазақстан Жазушылар одағы жағына мойнын
созып қарап қояды. Жәмиғатқа жетер жақсы ісі болса, қуаныш
көріп айтып отырғаны. Кей-кейде жиналысына қатысып қояды.
Шығармашылық одақтың қай басшысы да Мәриям апайға зор
құрметпен қарайды. Ардақты ананың төбесі көрінгеннен «Мәриям
апалап» – төрге шақырғыштап Ә.Әлімжановтың елбелек қаққанын
талай рет көзіміз көрді. Мәриям апайға бастатып, жазушылардың
жесірлеріне дастарқан жайып (8 наурыз еді), жақсы дәстүрдің
төбесін көрсетіп, алдаразы болсын алған Ж.Молдағалиев еді.
Қазақстан Жазушылар одағында марқұм ақын Құдаш Мұқа
шевтің туғанына жетпіс жыл толуы аталып өтті. Ұлғайған жасқа
қарамай жиынға Мәриям апай да келді. Айтар сөзін айтып, ақын
ұрпағының мерейін тасытты. Тарқаған тойдан апайды үйіне алып
келе жатық. Апай аяғына шағымданды.
– Келмейін демейсің, аяғы құрғыр жүрмейді. Е, ұлдарым аман
тұрса, аяққа дес бере қоймас едім ғой, қайтейін… деп қалды.
– Телефон шалған келін «Баяғыда Құдаш екеуміз қолыңыздан
шәй ішіп едік, келсеңізші, балаңызды бірге еске алайық» – деп
болмады. Көңіліне қарап келгенім ғой. Әрісі Сәбит тағдырын
сабақтастырған Союз ғой мынау, жөндеу жүргізді деп еді, оны да
көре кетейінші деп…
Сәбеңдей отағасына деген сағынышын жүрегінде мәңгі сақ
таған ғазиз жүрек, анам-ай!
Жазушы жарына құрмет
Ұмытпасам 1990 жылы болар, Қазақстан Жазушылар одағы
басшысы Нұрлан Оразалин алдындағы әріптес ағалары Ә.Нұр
шайықов, З.Қабдоловпен кеңесе отырып, Мәриям апайдың сексен
жылдық мерейтойын тойлап өтуді ұйғарыпты. Баласындай болып
өскен маған қолқа салып, апайды ортамызда отыруға келістір
дейді. Апай: «Қарағым ұят болады. Сәбиттің тоқсан жастық тойын
ел тойлады. Енді, мен сексен деген пәленің шетін шығарып жат
сам, ел күледі. Сәбиттің кемпірі құтырған шығар деп. Менде нақ
ты туған күн жоқ. Сәбит белгілеп берген туған күн көктемнің жа
зға ұласар шағы өтіп кетті. Балаларым қарашаңырақтан дәм тат
қысы келсе, «Сәбит тойының құдаяшүкірі» атап, күн белгілейік.
Үйге келсін!» – деп қарап отыр.
– Апай қате ойлап қалмасын, біз бәріміз «Гогольдің шинелі
нен шықтық» дегендей, Сәбең тәрбиесін көріп өскен жандармыз.
Апайдың қолынан қаншама дәм таттық. Біз де шәй беруге тиісті
міз ғой. Бәріміз Мәриям апайды үйге шақырар едік. Біріміздің
үйімізге бара алады. Біріміздің үйімізге бара алмайды. Біздің бұл
іс-шарамыз Сәбең мектебінен өткен қалмагерлердің жиналып,
Мәриям апайға бір жерден шәй беруіміз, – деп қаламгер қауымы
қинайды.
Ақыры апай иілді. Сөйтіп, Қазақстан Жазушылар одағы өзінің
бәленбай жылдық тарихында тұңғыш рет жазушы жарының сек
сен жылдық мерейтойын тойлап өтті. Тілінің сүйегі жоқ З.Қабдо
лов басқарған тойда Әбдіжәміл Нұрпейісовтен тартып толқын-
толқын қаламгер қауымының өкілдері бала бейілмен көсіліп сөй
леп, Әзілхан Нұршайықов хатын, ақындар арнау өлеңдерін оқып,
Сәкен серілер ән шырқап емен-жарқын отырды.
Бір жағынан, бұл – С.Мұқановтай жазушыға құрмет болуы
керек. Сонымен қатар Мәриям апайдай кемел ақыл иесі, аяулы
жанның өзіне көрсетілген құрмет болатын. «Бізге мұндай құрмет
неге жоқ? – деп сол тұста Сәбең тұстастарының көзі тірі жарының
бірде-бірі айтқан жоқ. Айтуға тиісті де емес еді.
Мәриям ана – Ұмай ана, Домалақ ене, Айғаным, Зейнеп, Зере,
Ұлжан сынды аңызға айналған аналар дәстүрін игерген, білгенін,
түйгенін бүгінгі ұрпаққа «өйт-бүйт» – демей-ақ, ақылды болмыс
іс-әрекетімен өнеге шашып, өмір сүріп келе жатқан Ана-жүрек!
Мәриям ана жар қадірлеуде – әйел, ел қадірлеуде – Ана!
Тағдырдың таяғы
Мәриям апай, мейлінше әділ кісі. Әділеті жоқ адамнан үлкен
кісілік қайдан шықсын асылы. Әділдік алдымен өзіңе адал бо
лу, айналаңа әділет көзімен қараудан басталса керек. Апай ке
ліндерін кеудеден итермейді. Қыздарынан артық көрмесе кем
көрмейді. Кавказдық орыс қызы – Люда Сәбең жарықтықтың ша
ңырағына келін болып түскен алғашқы күнінен бастап қазақша
үйрену әрекетіне кірісіп, ері Ботажанға енеммен қазақша қалай
амандасқаным жөн деп кеңеседі. Ботажан таңертең бар да «Ма-
ма, ақша бер» – десең жетеді. Шешей бетіңнен сүйіп мәз болады» –
деп кеңес береді. Таң алакеуімнен тұрып, енесіне келген жайдары
Люда әй-шәй жоқ «Мама ақша бер» – дейді қазақ тілінде түн ба
ласына қатырып жаттаған сөзін айтып.
– Жазған-ау, немене бір қиындыққа тап болдыңдар ма? – дейді
Мәриям апай.
Ене де аң-таң, келін де аң-таң. Мән-жайды білген Ана «ә, жек
сұрын!» – депті, зілсіз жекіп.
Сөйткен Ботажан өмірден жасырақ өтіп кетіп, көңіл айтуға
барғанда тағдыр жазуына тас-түйін бекіп отырған жаралы ана:
«Қара дауыл соғып, халық қаралы күй кешкен (1937) жылы жарық
дүниеге келіп, бауырымызды жылытып, үмітімізді тұрақтатқан
бала еді. Атын Ботажан қойдық дегенде Сәкен ағай «Неге Бұзау
жан қоймадың?» – депті ғой Сәбитке. Сәкен ағай не десе де Бо
тажанның аяғы құт болды. 1937-нің құйынынан аман қалуым –
осы ұлымның тілегі шығар дер еді, әкесі. Тағдырдың таяғы тиіп
кетті ғой…» – деп тебіреніп еді. Арыстан, Марат, Алтай да ба
қилыққа аттанып кетті. Тағдыр таяғы бұдан артық қалай тиеді?!
Соның баршасын жеңіп келе жатқан Мәриям апай – ер ана!
Қасиет
Ұл-қыздары, келіндері, күйеу балаларына мейлінше әділ қа
райды Мәриям апай. «Мамалап» келген бір келіні жөнінде «Ма
малағаныңа болайын. Осы келінімде саңлау жоқ» – деп қалғаны
бар. Сүйікті немересі, атасы кітап арнаған, бауырына басқан тұң
ғыш немересі Бақытжан сүп-сүйкімді қызға үйленді. Атасынан
қалған «Волга» маркалы жеңіл көлікті немересі Бақытжан мініп
жүрді. Анасын (әжесі) апар деген жеріне мүлтіксіз апарып қайта
ды. «Мынау Сәбиттің орны еді» – деп алғы орынды бос ұстап, өзі
артқы орынның біріне отырады. Жолаушы көбірек болып жатса
Сәбеңнің орнына кім болғанда да ер кісінің отырғанын қалап
тұрады. Жастығы шығар, жаңа түскен ашық келін үйден жүгіріп
шығып жарының қасына (Сәбеңнің орны. Қ.Е.) тып етіп отыра
қояды. «Қарағым!» – деп бастап көңілі қаяулы ана жас келініне
бір ескертті. – Кім болғанда да сен әйел баласысың. Мына орын
атаңның орны. Мәшине іші кең ғой. Қалаған жеріңе отыр». Екі
ескертті. Үш ескертті. Ақырында, мына көріністі маған көру ауыр
екен деп, Арыстанға (ұлы) көлікті сатқызып жіберді… Көліктің қат кезі ғой. Новосібірдің бір орысы алып кетті. Ұрпаққа айтар сөз Орыс әдебиетінде жазушы жарының естеліктері арнайы серия құрайды. Ф.М.Достоевскиийдің, Л.Н.Толстойдың, М.М.Пришвин нің, Н.Островскийдің, Ф.Абрамовтың жары жазған естеліктер-ай шіркін!? Мәриям ана да музей қызметкері Гүлнар Құдабаеваға айта отырып осы межеден көрінді. Жаман емес. Ертеңге қалды рар үлгі, кейінгі ұрпаққа жеткізер өнегенің бірі, сөйтіп қазақ әде биетінде де Мәриям ана естелігі арқылы жол салды. Өнеге өмір шең болғай. Қазақ жазушысы да – жазушы. Қазақ жазушысы да өлмей тұрмайды. Жазушы жары аузына Алла адал да, ақылды сөз салдыра көр! Ендігі тілек – осы! Айтамын десе Мәриям анамызда әлі естелік жетеді. Тек құдай ғұмыр бергей! Өзі жас шағында көріп таңқалатын Туманянның кемпірі жарының жүз жылдығына аман жетсе Мәриям анамыз Сәбитінің жүз он жылдығын көріп отыр. Өзгенің артық сөзін көтере бермейтін кідішіл Әлжаппар замандасы тоқсан жасты еңсергенде «Жүзге жетіңіз Әлжеке!» – деушілерге «Немене жүзден артық сан білмейсің бе?» – деген еді кіділеніп. Жүздің арғы жағында талай сан бар, Мәриям Ана, Ел Анасы! Елдің бақытқа жеткенін көріп есен тұра беріңіз! Бауыржан Момышұлы «Мәриям жеңгейдей сарамжал бәйбіше кездеспесе Сәбит аға осы биігіне көтеріліп, ел адамы болар ма, жоқ па?» – деген пікір айтады. Бәукең дұрыс айтады. Алайда, Мәриям апай Сәбеңдей халық жазушысына кездеспесе, бүгінгі Ел анасы биігіне көтеріле алар ма еді, жоқ па? Кім білсін? «Муж и жена – одна сатана!» – дейді орыс нақылы. Ерлі – зайыпты бірін – бірі тәрбиелейді, бірін – бірі жетілдіреді, бірін – бірі ұлылан дырады... Сонау Солтүстік Қазақстанға апарып Сәбит Мұқанов тың жүз жылдығын тойлаумен бірге қазақы рухты өркештендір ген Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мәриям ана – Ел анасы!» – деді. Осы сөздерден артып не айта қоярсың?! Әрі шешен, шежіре, әрі көсем Мәриям Ана – осындай Адам! 2009 ж.
ДАНА БЕЙІЛ – АЯУЛЫ АНА!
(Мәриям Мұқанкеліні қазасына)
Мәриям апай!
Алматыдан жеткен суыт телефон «Мәриям апайдан айырылып
қалдық» деген суық хабар әкелді. Өзінің аналық мейір-шапаға
тымен туған анаңдай болып кеткен аяулы адамның қазасы мұңға
батырады кісіні. Адам райында өміріне көп үңіліп едім, аналық
өнегесін көп алып едім.
ХХ ғасыр басында отағасы түйнектен жастай жан тәсілім етіп
күйреп түскен бір шаңырақтың жалғыз перзенті ретінде Зейнеп
әже бауырында бұла өскен, ойлы өскен жалғыз қыз еді Мәриям!
Тоқпақтай қос бұрымы жарысып тобығына түсетін 15-тен 16-ға
шығар таң дидарлы қыз бала жаңа заман жаршысы Сәбит Мұ
қановқа жар болған күннен бастап «қазақтың әйелі қандай бо
лады?», «жазушының жары қандай болуы керек?» – өзінің бар
өмірін жар-қосағына бағыштап есігін ақ күзетіп, бесігін құт қо
лымен адал тербеткен Мәриям анамыз өз өмір үлгісімен сол сұ
рақтарға жауап беріп өтті өмірден. «Өз үйінде өрмек өрмеген, кісі
үйінде сырмақ сырады» – төрт ұл, екі қыз сүйген алтын құрсақ
өнеге басы еді Мәриям анамыз.
Сәбит Мұқановтай жазушының алдындағы Сәкен, Ілияс, Бе
йімбетке келіндік ізетімен «Сұлушаш келін» атанған, Ғабит, Ға
биден, Асқар, Жақанды (Сыздықов) құрмет тұта жүріп құрметін
асырған, Әбділда, Әлжаппар, Мұхаметжан, Бауыржанды туған
қайнысындай жақын тартқан, Сафуан, Әбдіжәміл, Сырбай, Ғафу
ды баласындай бауырына басқан қайран дана бейіл дарқан Мә
риям анам!
Жарлары 1937-ші жылдың зұлматына ұшырап, отағасы аты
лып, есігі жабылып аңырап қалған Гүлбаһрам, Күлжамалды абы
сынындай көріп түн баласына «халық жауларының» жары тоң
басын деп шанамен сексеуіл тасып, келінге айналып қызмет ету
арқылы сөнген көңілдерінде үміт отын жағып, жарынан айрылған
Күлжамал Мәуленова, Зайдахан Бекхожина, София Молдағалие
ва, Бәтіш Ыдырысова, Бәдеш Қайырбекова, Қазына Нұрмаханова-
Әбдіразақоваға ене болып, қайғылы сәтте сабырға шақыратын
өмірдің алтын арқауындай қайран Мәриям анам!
Зерек зердемен табиғат заңдылығын түсінген Ана өзі үшін
емес, жары – Сәбит Мұқанов үшін тіршіліктің жүзіне қайтадан
тік қарап өмір кешті. Ол бар саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің
бір классигі – Сәбит Мұқановқа арнады. Тірлігінде жазушыға
шығарма жазу үшін не жағдай керек, бәрін жасады Мәриям ана мыз! Дүниеден көшкен соң «артын күту» аталатын қаралы рәсім нің өзін биік өреге көтеріп атқара білді Мәриям анамыз! Төрелер дің табалдырығын баса жүріп жазушы музейін ашуға атсалысуы – Мәриям анамыздың рухани ерлігі! Оны Мәриям анамыздан өзге бірде-бір жазушы жары жасай алған емес. Сәбитті қалаған қоғам көшіп, қаламаған жаңа қоғам келіп жатқан Аласапыран уақытта жаңа буын – жас ұрпақ жазушы жайында жақсы сөз айтса – жа нымен қуанып, жаман сөз айтса – жанынан безіп қуарып отыру шы еді. Алайда, соның қайсысын да ақылмен таразылап, Аллаға шүкіршілік айтумен өтті Мәриям анам! Ұлы – Ботажан қайтыс болғанда «1937 жылы өмірге келіп, қарайған көңілімізді ағартып, кесілген үмітімізді оятқан бала еді. Тағдырдың таяғы тиіп кетті ғой» деп еді ауыр күрсініп алған жа ны жаралы Мәриям анам! Арыстан, Марат, Алтай... бірінен соң бірі араға жыл, жыл жарым салып төрт ұлы бірдей бақилыққа ат танғанда «Атамайлатсаң – атамайлат, ботамайлатпа!» деуші еді қазақ! Сәбит-ау, қасыңа ұлдарыңды шақыра бергенше, мені неге шақырмайсың? Балалардың жүре тұрғаны мақұл еді ғой қарайып»- деп еді аһ ұрған жаны қаралы Мәриям анам! Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады! Жазушы Сәбит Мұқанов әдеби мұрасын зерттегенім үшін-ақ мені баласындай бауырына басып, анам – Бибі-Ғайшаны қадірлі қонағына айналдырып – төріне оздырып, сүйікті ұлыма Сәбит есімін беріп еді-ау аяулы Ана! «Құйрықты жұлдыздай» Сәбитім үзіліп түскенде өзі жылап отырып бізді жұбатып еді-ау, қайран Мәриям анам! Жазушыға қызмет ету арқылы – әдебиетке қызмет етті Мәри ям анамыз. Құрдасы һәм құдасы Ғабит Мүсіреповтің: «Мәриям – қазақ әдебиетінің әжесі» дейтіні содан! Ол ерге қызмет етті. Ерге қызмет етудің асыл үлгісін көрсетті. Ерге қызметті өзінің ақыл-парасатымен елге қызмет ету дәрежесіне көтере білді Мә риям анамыз. Оны тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.На зарбаевтың: «Мәриям апай – Ел анасы!» дейтіні содан! Шөбере-шөпшек көрген Ол бейне мәуелі дарақ секілді еді. Сол дарақ жүз жастан асып барып құлады. Жазушы еңбегін сыпсың сөздерден қызғыштай қоритын «әдебиет әжесі», қазақ елі тілеуін өз тілеуінен асырып тілейтін «ел анасы» өтті өмірден. Алайда ол қазақтың қызы, жазушының жары, перзенттерінің анасы, немерешөбере-шөпшектің әжесі қандай болуы керектігін әрбір саналы жүрекке құйып, асыл үлгіге айналып аттанды өмірден. Қазақ атты ел аман тұрса, сол дана халықтың асыл дәстүрі үзілмей сәтті
жалғасса – дана бейіл Мәриям ананың өмірден өзі кеткенімен,
өрнегі бөлек көсем өнегесі ұрпаққа, ұрпақтарға қалар, Иллаһи!
Хош, Дана бейіл – аяулы Ана!
Перзенттік пейілден,
Құлбек Ергөбек 2. Мәриям апа немесе Арпалыста өткен ғұмыр
(Мәриям Хакімжанова тағдыры туралы)
Біз қоңсы тұрдық. Қазақша айтқанда «құдайы көрші.»
Ол дүниеге таң қалмай өтті. Ал, мен оған таңқалумен кеттім.
Таң шапағы рауандап атқаннан ол кісі бальконға шығады.Кі
тап оқиды. Ойланып отырады. Біз көрші үйден Бейсекеңді ар
қалағандай етіп көтеріп алып шығамыз. Алдын-ала дайындалған
орындыққа бабымен отырғызамыз. Мәриям апай төбесінен төніп
«Бейсеке, қалайсыз?» – дейді. Тілі күрмеулі Бейсекең таяғын сол
қолына аударып, оң қолын көтереді. «Жақсымын» дегені. Кейде
маған сыбырлағандай етіп «Мәриямға сәлем айтшы, халін білші»
– деп тапсырма береді. Ондайда не ақын апамыздың үйіне кіріп,
Бейсекең атынан әңгімелесіп шығамын. Әйтпесе, үйдің жоғарғы
қабатында отырған апайға Бейсекеңнің сұраулы сәлемін жеткі
земін. Кейде жерде отырып Бейсекең Мәриям апаймен замандас
жасағанын, қызметтес болғанын ықыласпен әңгімелеп, естелікке
кетіп қалады. Кейде апайдың өтінішімен үйдің жоғары қабаты
на көтерілемін де Мәриям апайға құлақ түремін. «Қайран Бейсе
кең...» – деп бастап ақ еден сырын айтады Мәриям апай.
Мәриям апай қадірін ел білді ме, жоқ па? Әйтеуір ақын қыздар
ауыр тағдырлы ақын апаларының қадірін білді. Ақын қыздар жыр
керуенінінің басы етіп ұстады ол кісіні. Күн аралатып Тұрсынхан
Әбдрахманова, Фариза Оңғарсынова, Оразгүл Нұрмағамбетова,
Мағира, Сара... дегендей ақын сіңлілері үзбей келіп, әңгімелесіп
кетіп жүрді. Мәриям апайдың да олар дегенде шығар жаны бөлек.
Әрқайсысын бауырынан өскен ұрпақтай әспеттеп, аялап, сырты-
нан қамқор болып отырғаны, жарықтық. Тірісін ғана емес, қазақ
тың аты мәлім ақын, қайраткер қыздарының о дүниелік болып
кеткен аяулыларын да еске алып, өлең жазып, естелік айтып, жи
нақтарын құрастырып әлек болып жүретін. Олар жайында жа
нынының жарымын берердей бәйек болып әңгімелеуші еді.
Шолпан Иманбаева туралы «Ол таң жұлдызы еді жанып ту
ған...» – деп бастап біраз жерге кетеді ойланып. Одан Зияш Қа
лауоваға келеді аяңдап. Зияш Мәриям апайдың қызындай болып
қолында өскен жан. Албырт ақын, үмітті қаламгер болған. Сүй
ген жігіті Ұлы Отан соғысы аталатын сұрапылға аттанып, одан
қара қағаз алған күнгі ақын трагедиясын Мәриям апай жылап
отырып әңгімелер еді. Соғыстан кейін бір ұшқыш жігітке тұрмыс
қа шығып, бақыттың дәміне ерні жаңа тигенде бала көтеріп, бо
санғанда (Босандырған Тайыр Жароковтың балдызы деуші еді.)
дәрігерлердің салғырттығынан қан көп кетіп, уақтылы бақылау
сыз қалып талықсып, жан тапсырыпты қайран Зияш ақын! Оны да
Мәриям апайдан жазып алыппын. Зияш Қалауова жайында арнайы
мақала жазған сәтімде Мәриям апайдың қолынан ақын апамыздың
жыр жинақтарын алып, естеліктерін рұқсатымен пайдаланып едім.
Қазақтың тағы бір қызының тағдыры алдымнан шықты. Ол үшін
күнделікке ден қояйын.
Наурыздың 28-і, 1992 жыл.
Мәриям Хакімжанова апайдан бір әңгіме естіген едім. Нәшіне
келтіріп, адам аттарын қаладай етіп мәнерлеп айтқан әңгіменің
ұзын-ырғасы мынадай:
Алма Оразбаева орыс нәсілді азаматқа тиген екен. Ол да рево
люционер болыпты. Жарасымды, жақсы семья болса керек. Мәс
кеу (КПСС) бір күні Алманы Монғолияға арнайы тапсырмамен
жіберіпті. Бір жылға ма, екі жылға ма?
Алманың емшекте баласы бар екен. Сол сәбиге қарар деп
ауылдан сіңлісін алдырады.
Емшектегі баласын байы мен сіңлісіне қалдырып, Алма Мон
ғолияға кете барады. Әйел адам сыртта қайдан жағдайы болсын,
жадап-жүдейді. Алайда, коммунистік тапсырма, өз бетінше тастап
кете алмайды. Бас тартуға тағы болмайды.
Араға жыл, не екі жыл салып Қазақстанға оралады. Күйеуі,
сіңлісі қарсы алады. Сіңлісі екіқабат. Шермиіп тұр. Күйеуі жайлап
әңгіме бастайды.
– Алма, сен Монғолияға кеткенде, біз бәленше екеуміз қосы
лып қойдық. Енді бала күтіп отырмыз. Сен, кешір!
– А-а-а – деген дауысы шығады Алманың. ...Алма жынданып
кетеді.
Алматыда арнайы ауруханада жатады. Арнайы пансионат (үй)
бөліп, қасына дәрігер қояды. Жазылмайды. Мәриям апай барып
халін біледі. Алма Мәриямды танымайды. Жүдеген. Меңіреу. Ай-
далаға қарап отырады. Орынсыз ха-ха-лап күледі. Бебеулеп жы
лайды. Бірде томсырая қалады...
Сіңлісі күйеуімен тұрып жатады. Бірақ, Алматыдан көшіп ке
теді.
Қаһарлы 1937 жыл жетеді. Орыс нәсілді күйеу – «халық жауы». Ұсталып кетеді. Қорек керек. Сіңлісі нәпақа үшін қуынып жүріп Алманы қолына алады. Не ікмет екенін кім білсін, жалынып-жал пайып қолына алған Алма әпкесіне зәбір көрсетсе керек. Ақыры Шымкентте тұрып жатқанда, Оралға жайдақ машина ның үстіне жайғастырып аттандырып жібереді. Жолда суық бо ранға тап болады. Алма үсіп өледі. Сүйегі Қаратау мен Алатаудың түйіскен бір жерінде қалады. Зираты жоқ. Мәриям апай осы әңгі мені айтып отырып жылады, ақырында тұнжырады. Міне, осы тағдырдан повесть жазуға болар еді. Маған осы жайларды әңгімелеп беріп «Сенің қолыңнан келеді. Сен бір повесть жазсайшы, деді. Солай дегенде қазақ қызына большевиктік әсіре қоғамның кері ықпалын баса айтып отырды. Ол ішіне түйіліп қалған тас түйін болатын. Әрине, ол кезде гендер лік саясат жоқ. Әңгімеміз бір сәт Бейімбет Майлиннің «Раушан коммунист» повесіне ойысты. Бейімбет ағайдың айтары да сол ғой, құдай әйел етіп жаратқан соң – әйел-ана міндетін атқару ор нына белсенді большевик болып, мазаққа ұшырағанын мысқыл дайды емес пе?! Ол енді бір сәт Бейімбет Майлин жайында «аға лап отырып» естелік айтып кете барды. Жас шағында кісі максималист болады емес пе?! Кеңестік қо- ғам сойылын соғамын деп жүріп тағдыры тәлкекке ұшырайтын Алма Оразбаева туралы апайдың бар әңгімесін жазып алып оты рып: «Жазамын апай!» – деп уәдені беріп салыппын. Әлі орындай алмай келе жатқаныма өкінемін. Мүмкін алда жазылар, мүмкін жазылмас. Тақырып аса бір психологиялық ішкі тебіреніспен жа зылмаса қор болады-ау деп қорқамын. Ішкі тебіреніспен жаза ала мын ба, жоқ па деп ойланамын. Деректі туынды да жазуға болар бәлкім. Ондай жағдайда тамаша жазушы Д.Н.Граниннің «Клавдия Вилор», «Зубр» туындылары секілді психологиялық жан тебіре нісі мен асқынған ситуация һәм өмірлік философия қоспасынан келіп шығуымыз керек. Ол бірде маған мынадай әңгіме айтты: Балконнан бақылап отырамын. Сендердің үйлеріңнен таңертең 11-лер шамасында ал дымен бір орындық шығады далаға. Сосын Бейсекеңді сүйемел- деп алып шығып әлгі орындыққа отырғызады Баян келін. Сосын үш баласын алып шығады аулаға. Үйелмелі-сүйелмелі үш сәби атасын айналып ойнап жүреді. Мен күніге көретін осы суретке қызығамын қарағым... Сен «Социалистік Қазақстанға» қызметке ауысқалы бар міндет Баян келінімнің мойнына ауысты-ау. Үш бала мен паралич шалды бағу қайдан оңай болсын? Сен жүрсің Бейсембайды баққан атанып... Баян келінге қиын болды. Айнала-
йын Баян! Баянның осы тірлігінен қазақ келіндеріне ғана тән,
онда да урбанизация дейсіңдер ме, әйтеуір қазақтан да кетіп бара
жатқан бір ізгілік көремін.
– Менің келіншегіме қарап қалған ол не қылған ізгілік? – деп
қалжыңдаймын мен.
– Әй, сендер еркектер әйелдің қадірін білесіңдер ме? – дейді
өтірік ашуланған болып. – Қазіргі заманда келін өзінің туған ата
сын да бақпайтын болды ғой қарағым. Ал, біз, біз басқа едік қой.
Әлде ол кезде адам иманнан тұратын ба еді?
Ол кісі ойланып кетеді. Мен апайдың өзінен естіген таныс
өмірбаян соқпағына түсіп ой сорабын кешемін.
...Мәриям апай 13-14 жасында қазақы жолмен көрші ауылдың
бозбаласына атастырылған тұлымшағы желбіреген қыз бала. Он
бес жасында тұрмысқа шығады. Араға жыл салып қошқардай ұл
береді бесігіне. Ұзамай жар қосағы да, тар кемерін кеңітіп жа-
рыққа шыққан аяулы перзенті де көз жұмады. Кейін араға жылдар
салып келін болып ұзатылған елге келіп, жастай кеткен жары мен
уыздай жер қойнына тапсырған перзентін көз жасын төгіп өлең
мен еске алады:
Өткелін Ботпаншықтың өттім кесіп,
Тобылдың күміс суын жырмен есіп.
Шарқ ұрып сайрандаған қайран жерлер,
Құлазып, қу дала боп қалдың нешік?!
Ұл сүйіп, отау тіккен қонысым-ай,
Саяңда танып ем ғой алтын бесік.
Үзіліп кірпігімнен ыстық жасым,
Егілдім өткен өмір еске түсіп
Басайын өксігімді жәйіп қанат,
Аңсаған топырағыңды сенің құшып.
Келін боп, желек жамылып түскен жерім,
Көркіңді бір көруге келдім сенің.
Тірі жан, өлі әруақ елеңдесін,
Тигенде құлағына менің жырым.
Тіл қатпай, тебіренбей жатыр неге?
Анасын ұмытқан ба жалғыз ұлым.
Мамаңды бір иіскеші Закарияжан,
Аңсаған ана көкірек алсын тыным.
Жатқалы 24 жыл жер қойнында,
Көз нұрым, қуанышым, қызыл гүлім.
(«Ботпаншық») – деп жырлайды ақын. Ауыр тағдырды ойласаң құйқа тамырың шымырлайды. ХХ ғасыр басындағы қазақ қызы ның ауыр тағдыры. Одан коммунистік жас республиканың астанасына келіп, жыр да бағын сынай бастап, Серғали есімді азаматпен қайта шаңы рақ көтереді. Ол сәтін ақын «Бақыт қайта күлімдегендей болып еді...» – деп еске алар еді екеуара әңгімеде. «Бақыт» сөзінен бас талған әңгіме бірыңғай бақытсыздықтан тұратын бірақ. Айту өз алдына, тыңдауға жүрек құлағы шымырлап шыдай алмайсың. Өз өмірбаянында: «Жас өмірім бақытсыздықпен өтті. 21 жасым да өлідей жесір қалдым. 31 жасымда (1937) тірідей жесір қал дым...» – деп ашына жазыпты-ау ақын. Айтқан сырын ақын өлеңге шегіпті: Августың жиырма тоғызы естен кетпес, Сол күні төккен жасым мәңгі кетпес. Бұлбұлым бақшадағы түсті торға, Көзден ғайып болды қолым жетпес. Өмірдің күнгей жағы қырындады, Жалт беріп бақыт құсым бұрылмады. Қайғының қара торы алдымды орай, Жан ұшырып жармассам да сырылмады. – деп өз өлеңіне мұңын шағыпты. Өлең десең де, ақын сыры десең де жарасады. Өлеңнің өрмегі – өмірде өзі бастан кешкен жай. Тіпті ерінің ұсталған күніне дейін дәйекті, нақты. Ол өзге ақындарымыз Ежовты «Ер болсаң Ежовтай бол елімде гі» (Жамбыл) – деп жырлап жатқанда жер жастаңғыр деп қарғап, лағнат жаудырып жатты. Тағдыры да солай қарғайтындай еді. «Ежов деген шықты бір бас кесері, Қатты састырып халықты, қан нөсері...» – деп те әшкереледі. «Кім екен жазықсыздан зар қақтырған? «Жау» деген атақ тағып, ел шаптырған. Жететін аққарасына жан бар ма екен, Не сұмдық кез келгенге жұртты аттыр ған?!» – деп өз қайғысын ел-жұрт қайғысына ұластыра жырлаған сәттері де бар. Отыз жетінші жылы (біз де дәйекті сөйлеп отыр мыз) жұрт «Ұлы көсем Сталин тапсырмасын бұлжытпай орын даймыз! Жаса, жаса Сталин күн-көсем!» – деп ұрандатып сөйлеп, дуылдатып өлең жазып жатты. Ал қайғы ішіне түсіп кетіп күйік шеккен ақын қыз Мәриям қоғамның бетін жыртты келіп. «Өк сумен өкініште өтті-ау өмір, Қайғымен қарауытып шіркін кө ңіл. Кешегі лапылдаған ыстық жүрек, Суыды, суықтағы бейне темір» – деп те, әйтпесе: «Жаны ашыр, мұны көрер жан бар ма екен, Жарқырап алдан атар таң бар ма екен? Ала аяқ Ежов
сынды қанқұмарлар, Сорлатып сонша жанды жалмар ма екен?»
(1938 жылы жазылған) – деп те ашынды өлеңдер жазды. О,
отыз жетінші жыл қазақ азаматтарына ғана емес, қазақ қызда-
рына да көтере алмас салмақ салды, тағдырдың ауыр жүгін ар
қалатты, сағын сындырды, қан жылатты. «Халық жауы» атанған
ерінен теріс айналған қыздар қаншама?! Ал, Мәриям апай болса
қан-қасап қоғамның шын келбетін қайғылы жүрекпен дар-дар
айырып жыртты. Өз қайғысын «ғаламат қоғам құрып жатыр
мыз» – деген жалған мақтанға оранған мемлекет бойындағы қа
сіретті көріп, танып, ашына жырға қосты. КСРО аспанын жеке
адамға табынушылықтың асқақ ұраны жапқаны соншалық қоғам
бойындағы дертті көзді қанша бадырайтып ашқаныңызбен көре
қою, көре алу – қиынның-қиыны болатын. Ол насихат тасқыны
мен, идеология жамылғысымен мықтап орап, тұмшаланып тас
талған болатын. 1937-38 жылдары Мәриям апай өлеңдеріндей
шыншыл нақты, затты өлең қазақ поэзиясында кем. Орайында ес
ке түседі, жалған мақтанға құрылған жауыз «империяны» он бес
одақтас мемлекеттің ақындарына мадақтатып болған И.В.Сталин
шет елден бірнеше атақты жазушыларды шақырады. «Жасампаз
СССР»-ді көрсетеді. Жағдай жасайды. Осы сапардан Лион Фейх
твангер мадақ кітабын, Андре Жид мазақ кітабын жазып оралып
еді. Бірі заматында орыс тіліне аударылып жарық көрді. Келесісі
КСРО ыдыраған соң ғана орыс тіліне аударылды. «КСРО 1937
жылы» аталатын мазақ кітап жазған Андре Жид кейінірек Новель
сыйлығын алды. Тұмшаланған дүниеден шындықты ашып, аршып
көре білу оңай емес. 1937 жыл әңгіме болғанда қазақ жазушылары
шындықты айта алмады деп жатамыз. Шындықты осындай жағ
дайда ашу, арши айту оңай деймісің?! Қазақ ақындары арасынан
1937 жылдың қасіретін айта білген ақынымыз Мәриям Хакім
жанова! Біз ақынның жоғарыда үзінді күйінде келтірілген өлең
дерін солай бағалаймыз.
Ақында мынадай да өлең бар:
Неге келдім дүниеге,
Неге тудым жан болып,
Неге алдандым ырыяға,
Неге өлмедім қан болып.
Нені күтем сұм жалғаннан,
Не көрсетті, не көрдім?
Неге таптың сорлы анам,
Тұтқыны ғып өмірдің?..
Жинап алып кіл жетімді, Жеткізем деп алыстым кеп. Жасырамын бар дертімді, Іштей еңіреп тұрамын тек. Өлең десең де болады, өмір күнделігі десең де болады. Күнде лік деп қарайықшы. Өйткені, күнделік шыншыл жанр ғой. Осын дағы «Жинап алып кіл жетімді» – деген жол нені меңзейді? Мәриям ақынның жары Серғалидың бұрынғы әйелінен бір ұл, бір қыз қалған. Ол – Атымтай мен Нұржамал. Қазір екеуі де ба қилық. Жатқан жері жай болсын. Пейіште нұры шалқысын! Ері нің бұрынғы әйелден қалған екі перзенті, 11 жасар қайын інісі (күйеуінің інісі), 83 жастағы қайын атасы, қайын інісінің екі жетім баласы, өз ағасының екі жетімегі– ұзын саны 8 кісі «тірі жесір» Мәриям апайдың қолына қарап қалады. Жасырып қайтейік, бірі де өзінен тумаған жандар. Өзінен туған ұл сәбидей шетінеп ол кеткен жүрек басына шер байлап! Ер болса анау – көз көрмес, құлақ естімес «итжеккенге» айдалып кете барды кебін кигендей қайырымсыз сапарға! «Торғай жаңбыр жауса – баласын қорғайды, бұршақ жауса басын қорғайды» – басын қорғар сәт! Көп әйел ба сына ие бола алмай есеңгіреп кетер қасіретті сәт! Ал, Мәриям апайдың ерлігі – қайғы жұта жүріп, бірде-бірі өзінен тумаған же ті бірдей жанды, жетімсіретпей – атаны атадай күтіп, баланы ба уырға басып, бауырды қабатына алып бір қысып, тағдыр қыспағы екі қысқан қиын-қыстау сәттен ашқұрсақ жүріп аман алып шықты. Жас жұтты. Тас жұтты. Жұтынды да «атқа мінді». Ердің тірлі гін атқарды, қайран Мәриям апа! Кейін бесеуіне жоғары білім, екеуіне орта білім әпергенін қайтерсің, ұлды үйлендіріп – ұяға қондырып, қызды ұзатып – қияға аттандырғанын қайда қоямыз, жанталаса жүріп. Атанбейіл ерінен қалған «тумаған» Атымтайына туған ағасының қызын қосып, Серғали шаңырағының да отын өшірмеді, өлең отын да өшірмеді, шіркін Мәриям апам! Немере, шөбере сүйді. Немере қызының қылқаламынан үміт күтіп Фариза (Оңғарсынқызы) қызына айтып «Ақ желкенге» суретші етіп ор наластырып еді... Атымтай ағай мен жеңгей қандай тамаша күтіп шығарып салды Мәриям апайды бақилық сапарға! Туғаннан са ла ма, тумағаннан сала ма?! Қолдарынан талай шәй іштік, талай әңгімелестік. «Білеміз, білген соң айтамыз» (Ә.Марғұлан). Жас тық шағында азапты, қартайған шағында рақатты өмір кешті қа нағатшыл ана. Жеңілдеу сөйлеп кеттім білем, Ол қаншама азапты бастан кешсе де, тіршілігіне тәуба дейтін, алайда кеңестік қоғам ға өлердей өкпелеп, кешусіз кетті. Жайшылықта мейірбан жүрек қоғамға келгенде тасжүрек болып қатып қалған. Мәриям апай!
Ана бір жылы Қостанайға жолы түскен әдебиетші, журналист
досым Сауытбек Абдрахманов (маған осы триптихтың идеясын
айтқан да сол) мынадай әңгіме айтып еді. Кеңес тұсында Ыбырай
Алтынсарин бейітіне ескерткіш ашылады. Сол кездің салтымен
бейіт басы болса да шағын митинг ашылып, сөздер сөйленеді. Бір
кезде... маңайдағы қалың қопа жақтан... шошқалар тоңқалаңдап
бері қарай шапқыласын... Ғабең жазғандай, «надандау, топастау
жаратылған жануарлар» өз бетімен салып ұрып келе жатыр ма,
әлде тіпті біреулер зиратқа қарай әдейі бағыттап айдап жіберді
ме, кім білсін? Әйтеуір доңызы құрғыр бейітке жақындап келіп,
топтасып тұрып қалады. Сонда топ ішінен әрі қарай қайыратын
немесе сөйтіңдер деуге жарайтын бір азамат шықпады-ау деп
қамыға, көзіне жас ала сөйлеген екен Мәриям апай!..
Сондай қоғамға қайдан іші жылысын?!
Оның үйіне «темір нарком» Темірбек Жүргеновтің жары – Дә
меш Ермекова келіп, заман зұлматына ұшыраған аяулы жарларын
еске алып, жылап-сықтап алатын. Оның үйіне өз ошағынан жылу
таппай жылап ұлы Күләш (Байсейітова) келетін. Жылап-жылап
мауқын басатын. Оның үйіне қазақтың маңдайына сыймай кеткен
ақын қыз Зияш келіп соғыстағы жігітін жоқтап, жылап-жылап
шерін тарқататын. Мәриям апай соның бәріне – біріне дос-жар,
біріне апа болып – жүрегінен шуақ бөліп беріп, сабырға шақырып
жұбататын.
Оңаша қалған сәтте ойға беріліп:
Әрі дос, әрі құрбым, қадыр білген,
Тағдырлас жан едік біз қатар жүзген.
Ұсындым кітабымды өзіңе арнап,
Туған жыр арпалыста маңдай терден.
Оқырсың, ойланарсың қайран Дәмеш,
Қарсы аламын, айтар болсаң ақыл-кеңес.
Жек көрем, жиіркенем жылпостардан,
Өсекшіл, екі жүзді, қызыл өңеш.
Қулық-сұмдық ондайдың ойлағаны,
Арсыздық, арамдыққа тоймағаны.
Көзге күліп, сыртыңнан тас атады,
Сезіп қалар деп малғұн ойламады.
Талай шалды талай қу, қалды есімде,
Айтшы өзің, күйіп-пісем мен несіне?
Ит үред – керуен көшеді деген бар ғой,
Түңілгенде, түседі сол есіме.
(«Тағдырлас жан» (Дәмеш Ермековаға) –
деп оларға сыр ашатын. Ол сыры – өзінің адами келбеті, шығар машылық портреті болып шығатын. Ол қазақтың ауыр тағдырлы тұлғалы қыздарының алтын қазығы сынды болатын. Ол өзінің ауыр тағдырымен арпалысып қана тіршілік кешпей, айналасына, айналасындағы ардақты адамдардың ауыр тағдырына араша түсіп жан алып, жан беріп жүретін кемел ақыл, асқан сабыр иесі – аяулы жан еді. Оның үйіне ақын інісі Сырбай мен Ғафу апалап келіп, халін біліп тұратын. Қазақтың айтулы азаматы, мәдениет қайраткері Ілияс Омаров та оған іні еді. «Елімнің ардақтысы» атап оған арнап өлең де жазыпты. Өлеңі де, өлеңіне берген түсінігі де ақ еден сыр бір. Біз де бір сәт құлақ түрелікші: «Қазақтың марқасқа ұлы Ілияс Омаров қатты ауырып, Москваға барып операция жасатып, үйіне келді. Бұл кезде Ілияс та, мен де Калинин көшесінде 96-шы үйде көр ші тұратынбыз. Мен оны бала күнінен білемін. Үлкен жазушылар- дың романына арқау болған атақты Игіліктің жақын туысы. Ілияс тың асырап алған әкесі Омар. Өзінің туған әкесінің аты Дәуім бо латын. Игіліктің жалғыз баласы Кәдиманың алғаны Ордабай ха жының Ағжан деген қызы. Одан туған Оспанның алғаны менің әкемнің немере қарындасы Әмина. Ілияс Қостанайда оқыды. Көз әйнекті сол бала кезінен киетін еді. Оқуға бара жатқанда, келе жатқанында Оспан жездем біздің үйге түсетін. Ілиясты алып ке летін де, апарып салатын да Оспан болатын. Бері келгенде Ілияс мені ерекше сыйлайтын. Қайран Ілияс қармақтай болып үйге кіргенін әйнектен көріп, еңі реп жылап отырып, осы өлеңді жазып, пошта жәшігіне салдым. Келдің бе аман-есен, бауырласым, Жолыңа төктім талай көздің жасын. Ажалмен арпалысып сен жатқанда, Тіледі тілегіңді ауылдасың. «Жүк ауырын нар көтерер» дегендейін, Кеудеңнің оты қайта дауылдасын. Елімнің ерен туған ардақтысы, Өрлесін, ұзай берсін өмір жасың! Ақ көңіл, ақылды жан, сабырлы жан, Қасқайып қараушы едің өмірге паң. Досың түгілі, қасың да жалған демес, Қасиетіңді ерекше өзіңе тән. Сыпайы, кішіпейіл, мейірімділік, Өзгеше өн бойыңа беретін сән.
Қосылдың үйіріңе аман келіп, Қарағым – қайырлы таң, Қайырлы таң! Арада бір жеті өткенде, аман келгеніне жылқы сойып, жол дастарын, достарын шақырып қонақасы берді. Келесі күні құдаларын, ағайындарын шақырғанда, маған өзі хабарласып: «Апай бүгін сағат екіде біздің үйге келіңізші. Сіздерді аман көргенім үшін азғана уақыт бірге отырғым келеді» – деді. Тамақтан кейін менің өлеңімді төс қалтасынан салып: «Апа! Өз үніңді сағындым. Мына маған арнаған сөзіңді өзің оқып бер ші», – деді. Мен қатты тебіреніп оқып бердім. Ілияс өксіп-өксіп жылап, шаршап қалды. Аздан кейін қасыма келіп, бетімнен сүйіп, алғыс айтқан еді. Аяулым!» Қаншалық тектілік әңгімесі айтылып, шежіре шертіліп жа тыр?! Ілияс Омаровтай бір кемеліміздің түп тарихынан тартып, адами ізгілікті жан иірімдеріне куәлік етіп отыр. Адам жүрегіне ізгілік құюшы періште райында көрінеді. О, ол бір дана бейіл ана, шежірелі шерлі ақылман болатын. Тағдыр ол кісіге ақындық мол сыбаға берген еді, амал қанша, тәлкекке түскен тағдыр аударыптөңкеріп, Алла берген нәсіпті өз дәрежесінде дамытып, бойына табиғатына лайық көл-көсір поэзия жасай алмады. Балаларға жыр арнағанда жанып кетер, шағын шумақты философиялық өлеңдер жазғанда дөңгеленіп шыға келер еді. Табиғатында болған соң, сү йегіне өлең біткен соң солай болады да! Егер Мәриям апай болмағанда «тұтастанған» «Қырымның қырық батыры» өшіп кетер еді. Бүгінге жетпес еді. Бүкіл түрік халқында тұтастанған эпос жалғыз «Манас» – деп ескіше «сар нап» жүрер едік. Ұлы жырау Мұрын Сеңгірбекұлы (Мұрын Сең гірбайұлы атап келгенімізді қайтерсің?!) біз білгендей, жұрт сүй гендей ұлы жырау болып жетпес еді бүгінге. «Мына Бейсекең бар ғой, халық қамын көп ойлайтын кісі. Әдебиет қамын көп ойлайтын кісі. Бүгінде тілің – бір, әдебиетің – бір институт болып тұр ғой. Соғыс жылдары екеуі қосылып СССР Ғылым Академиясының қазақ филиалының бір секторы болатын. Оны Бейсекең 1945-50 жылдар арасында басқарды. Қызметтес болдық. «Ұлық болсаң – кішік бол!» – дегенді біз Бейсембайға қа рап танитынбыз. Көзімізбен көрдік. Таңертең қызметке келгенде сәлемін есік аузындағы еден жуушыдан бастайтын. Кісіні ала ламайтын. Міне, сол Бейсембайдың жұмылдыруымен сонау тү бектен Мұрын жарықтықты алдырып, үйімде бағып-қағып айлап жыр айтқызып «Қырымның қырық батырын» жазып алып едім.
Бейсембай қызметтен кетіп қалды. Кейін керек еткен кісі болмады. Архивімде жатыр еді. Енді соны Оразгүлді шақырып алып екеулеп ежіктеп хатқа түсіріп отырмыз...» – деп еді бір барғанымда. Бейсекең 80 жасқа толды. Қазақ әдебиеттану ғылымының ара сында сексеннің сеңгіріне көтерілген тұңғыш ғалым. Мәриям Мұ қанкеліні мен Мәриям Хакімжанова – қос Мәриям апай шалдың екі жағына жайғасты. Ол үлкен-кіші тойды ресторанда тойлау дәстүрге ене қоймаған кез. Оның үстіне Ресейден Қазақстанды басқаруға келген «шүрегей» Г.В.Колбиннің тапсырмасы бар: «жа зушы той тойламасын!» – деген. Бейсекеңнің 80 жасынан бастап М.Базарбаев, С.Қирабайұлы, З.Қабдолов, Р.Бердібай, Т.Кәкішев тің 60 жылдығы өздерінің құт пәтерінде өтті. Құрқылтайдың ұя сындай пәтер тарлық қылмапты сонда. Елдік мәселе ұлттық на мысқа шарпылып, сол шағын пәтерлерде айтылып жатты. Үлкен мәселелер айтылуы үшін үлкен мейрамханалар шарт емес екен. Қазір үлкен мейрамханаларда ұлт мәселесіне қатысты кішік әң гімелер де айтыла бермейді. Тек бір-бірімізді мақтап қайту... Қара танымайтын Мәриям апай: «Бейсеке, жылына бәленбай рет ана дүниеге барып қайтып оралып жатасың. Осы сен менің Сәбитімді көрген жоқсың ба?» – деп әзілдеп бастап еді сөзін. Бейсекең тойын басқарған Тұрсекең Кәкішұлы қонақтардың бәріне сөз беріп, ұс тазы Бейсекеңе сөз беруді ұмытып кетсін... Төрде төбедей бо лып отырған Әбділда Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Жүсіпбек Арыстановтың бірі «Оу, Бейсекеңді тыңдамадық қой...» – деп қалғаны. Шәкірт қайта-қайта ғафу өтініп, сөз кезегін Бейсекеңе берсін. Екі Мәкеңнің қасынан ырғалып орнынан әзер-әзер кө терілген Бейсекең: «Рахмет халқым, маған барлық ақ тілекті жау дырдыңдар. Ризамын бәрін де айттыңдар тілектің. Бірақ, бірақ бір тілекті ұмыттыңдар...» – деді. Деді де ырғалып біраз тұрып алды. Менің зәрем зәр түбіне кетті. Алдында ғана қоғадай жапырып отырған қонақтар ішінен дем алады. Жұрт сілтідей тынған. Сөйтті де ырғалып тұрып: «Екі Мәкем – екі жеңгем. Екеуінің бірі бүгін менің қасымда қалсын...» – демедіңдер ғой...» Жұрт қыран топан. Күлкіге көмілген жұртшылық арасынан «А, қағынғыр Бейсембай!..» – деген Мәриям Мұқанкелінінің дауысы өктем шықты. «Біз де Сіздей болып қалдық қой, Бейсеке...» – деді Мәриям ақын әдемі әдібімен. Бейсекең: «Әйелдің қолы дәрі – қаласа тірілтеді, Әйелдің қолы у – қаламаса өлтіреді» – деп қарап тұр... «Әй, Құлбек – деді той басқарушы Тұрсекең, – әкеңді кісінетпей, кемпір әперсейші, әйтпесе жеңгемізден айрылып қалатын түріміз бар ғой...» Жа рықтықтардың бәрі жер басып қатар жүргенде жарасымды еді... Бүгінде ілгері-кейінді бәрі де бақилық мекеніне көшіп алды.
«Сәбит Мұқанов қайтыс болды» – деген хабарды естігенде
Мәриям апай есінен танып, құлап қалыпты. Орайы бар. Жеті же
тімегін сүйрелеп, жетектеп жеткенде Мәриям ақынға туған аға
сындай қамқор болған әзіз адам – Сәбит Мұқанов! Сәбең шаңы
рағында орыстың ірі жазушысы Алексей Толстойды сол үйдің
қызы бола жүріп күтіскен. 1983 жылы 2 науырыз күні М.Хакім
жанованы, Т.Ахтанды (шығармасын аударған), Нығмет Қамбаров
есімді азаматты бір қосып «Ұлт әдебиетінің үлкен досы» атап
телесценарий жазып, теледидарға түсіріп, сөйлеткенім бар. Те
лестудияда Мәриям апай Сәбең жарықтықтың үйінде қонақ бо
лып отырған Алексей Тостойға «қазақтың бас тарту» салтын тү
сіндіргенін, орыс жазушысының соншалық сыйластықпен қара
ғанын, Мәриям апайдың жерге сүйретілген шашына қызығып,
өтініш етіп мойнына орап суретке түскенін тамылжыта әңгімелеп
беріп еді. Кейін «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» аталатын естелік кі
табына апайдың естелігін жаздырдым. Түн баласына шанамен
«халық жаулары» Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің үйіне
отын (сексеуіл) тасыған мейірбан қос Мәриямның бірі Хакім
жанова, бірі Мұқанкеліні... Көзіміз көрді, «Осы қызды күйеуге
беріп, бір шәйін ішу керек еді...» – деп бір Мәриям екінші Мә
риямға қазақы жолмен қалжыңдайтын. Қайынсіңлі тұтқаны. О,
жарықтықтар!
Өміріне зер салып қарасаң Мәриям апайдың өмірі – өмір деп
айтуға аузың ауыратын өксікке толы ащы ғұмыр. «Неге маған қа-
тал болды бұл тағдыр, қиындықтың арқаладым қандайын, неге
менен арылмайды қайғы, дерт, тағы тиді-ау қара тасқа маң
дайым...» – деп өзі айтқандай үстіңе тау құлағандай ауыр қайғы!
Осыншама ауыр қайғыны жеңетін, жеңе жүріп жеңіске жететін
соншама күш-қайратты қайдан тапқан қайран Мәриям апай?! Ар
ғы атасы Кенесарының қоқан-лоққысына көнбеген Балғожа би,
қазақтың тұңғыш ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин... Демек, тек,
тағы да тек. Содан соң сабыр. Сабыр – үмітті өлтірмей демеуші,
өлмеген үміттің жебеушісі – Сабыр! Мәриям апай салқын парасат,
ыстық жүректің адамы еді. Табиғатында үлкен ақын еді. Тағдыры
тәлкекке ұшырады. Қара дауыл болып заман оны ұшырып әкетті,
ұлы сел болып ағызып алып та кетті, теңіз толқынына айналып
сан қақпақылдады. Ол сынбады. Соның бәрінен сабырлы ақыл,
темірдей төзімнің арқасында аман шықты. Орыстың тамаша ба
лалар ақыны Агния Бартомен қиыспас дос болған Мәриям апай
дың өмір атты «абақтыдан» (Мағжан) көрген тәш-пүші орыстың
ең қасіретті ақыны саналатын Анна Ахматованың бастан кешкен
ауыртпашылығынан асып түспесе кем соқпас еді.Арғы тегі Ахмет
ханнан сабақталатын Ахматованың «Реквиемін» орыс ағайын
дар қандайлық қадір тұтып, аспандатады десеңізші! Негізінде ол
поэманың да айтары Мәриям апай қаламы қозғаған 37-нің сой
қаны ғой. Тағы да бір үйіне хал сұрай кіргенімде:
Дөңгелетіп келеді өмір шіркін,
Өкінішті ой көбейді дүркін-дүркін.
Қаласың-ау жарқырап жарық дүние,
Көз жұмылып,
Тіл тоқтап қалса бір күн... –
деп өлеңдеткен. Жасы келген кісі сол бір жылдары өмір бойы
ащы азап, қанды қасіретті бастан кеше жүріп жазған өлеңдері
мен жазып алған байтақ халық мұрасын жинақтап асығулы еді.
Өлімге де дайындық керек. Жасы ұлғайған кейбір жандардың өл
мес пендедей шалқақтайтынына қайран қаласың. Өкінішті. Ал
Мәриям апай өмір бойы өліммен тайталасып өмір сүрді. Ақыр
аяғында «өлмек хаққа» саналы, сабырлы дайындалды.
Ол қиындық атаулының бәрін жеңіп 89 жасында бақилыққа
аттанды. Ал ол көрген, ол төзген ауыртпашылық өлеңге айна
лып, өмірлік сабақ болып мынау тіршілікте қалды. Ұрпақты сат
қындықтан, азғындықтан, қан-қасаптан сақтандырып саңқылдап
тұр! Ол дүниеге таңқалмай өтті. Ал мен апайға таңқалумен келе
мін. Мен қазақ қыздарына қайран қалам!
23 ақпан, 2011 ж. Түркістан.
3. Биқұдірет немесе
Шара Жиенқұлова туралы сыр
Халқымызға еңбегі сіңген руханият дүниесінің өрен тұлға
сын сағынғанда оның кітабын қайта ақтаратын әдет таптым.
Үлкеніміз-кішіміз, басшы-қосышымыз бәрі де кітапты жылы
жауып қойған мына заманда оның не әдет екенін өзім де білмей
мін. Мейлі... Сол әдетіме бағып кітапхана сөрелеріне көз жү-
гірттім. Міне, міне «Өмірім менің – өнерім» (жазушы, 1983 ж.)
кітабы. Ұлтымыздың атын айдай әлемге «қазақ – талантты
халық» – дегізіп, жер-дүниеге паш етіп, биқұдіретке айналып өт-
кен Шара, Шара Жиенқұлова-Жандарбекованың кітабы. Ақы-
рын парақтай бастаймын. Үңіліп оқимын. Ұлы биші бейнесі көз
алдыма келеді...
...Кеше ғана арамызда жүрген Шара еді. Көзін көріп, көл-кө
сір әңгімесін тыңдадық. «Қайным-ау» – деп бастайтын әуезді үні,
әдемі әңгімесі құлақта жаңғырғандай. Бүгінгі жастар ондай кісі
нің өмірде болғанынан бейхабар. Жетпісінші жылдары одақтық
(Мәскеулік) бір басылым «Қажымұқан өмірде болмаған, халық
қиялынан туған аңыз-тұлға» – деп жазғаны осы орайда еске тү
седі. Бүгінгі жастардың бір парасы – Шараны атымен білмейді,
еміс-еміс білетін бір парасы – аңызға балайтын шығар. Әйтеуір,
өмірден кеше ғана кеткен Шара Жиенқұлова буын алмасқан сайын
ұмыт бола бастағаны анық. Бұл мақтанатын жай емес, өкінетін
өксікті жағдай.
Оған не себеп?
Кешегі кеңестік кезең халқымызды отап кете жаздағаны рас.
Адам басын қырғынға ұшыратып қана қоймады, санамыздағы
тарихи сананы құртты, санадағы ұлттық сапаны құртты. Ұлттық
болмыстан айнытты. Кешегіні – бүгін, бүгінгіні – ертең дегендей
тез ұмытатын қасиетсіздік, мінезсіз мінез пайда болды. Әйгілі Ша
раны ұмытуымыз міне осыдан!
Отызыншы жылдардан бастап ұлттық халықтың өнер сағала
ры европалық өнер үлгілерімен сабақтаса дамыды. Әдебиет пен
өнерде жаңа жанрлар туды. Опера, балет, хореография дегендей
небір Өнер үлгілері жасалды. Олар тарих сахнасына небір өнер
тарландарын алып шықты. Жүйелі өнер жасалды. Өнер жүйелі
насихатталды. «Е, Совет өкіметінің арқасы...» – деп қойып, сол
жамылғының астында ұлттық өнеріміз түрлік түлеуге, мазмұндық
баю жолына түсіп кемелденгенін жасырып, жабудың қажеті жоқ
бүгінде. Тарих толқыны жиырмасыншы жылдардың аяғында, оты-
зыншы жылдардың басында сахнаға алып шыққан тұлғаның бі
регейі – Шара Жиенқұлова. Ол тарих сахнасына өзі ғана шығып
қойған жоқ, ұлттық биін балетке ұластыра мәдениетіміздің бір
саласын аяқтандырды, көне дәстүрді аялады, жаңа өнерді негіз
деді. Бұл – ұлы тұлға ғана жасай алатын ұланасыр құбылыс!
Ғасырлап армандаған тәуелсіздігімізді алғанымызға тәубе дей
отырып, «өтпелі кезеңде» сондай саңлақтарымыз табанынан тау
сыла жүріп тапқан өнер үлгілерін қожыратып алдық. Бүгінде ол
өнер үлгілері ұлттық табиғаттан алыстап кеткенін өкінішпен еске
аламыз. Көзі тірісінде Шара секілді қайта айналып келмес, біртуар
өнерпаздарымыздың бар өнерін телетаспаға жазып алып қала ал
мадық, арнайы кино түсіре алмадық. Шара бейнесі «Амангелді»
кино фильмінде Балым образын жасауда сақталып қалған шығар-
ау, бірақ арнайы фильм-очерк түсірілгені жөн емес пе еді? Телеқор
өтпелі кезеңде қараусыз қалды, жүйесі бүзылды. Қала берді, өрт
шығып, күйікке тап болды. Сирек кездесер алтын қордан не қал-
ды, не қойды теледидар басындағы азаматтар біледі?! Шара се
кілді біртуар өнерпаздың бүгінгі ұрпақ есінде көмескілене беретін
себебі, міне осындай барымызға мақтана алмайтын марғаулық
салдары!
Би саңлағымен кездесу сәттерін көз алдыма елестеттім. «Қа
дірлі келінім – Баян. Еңбегің дәулетті болсын, тұрмысың сәу
летті болсын! Апаң Шара. 27.01.1988 ж., деп қолтаңба жазыпты
кітабына! Жарыма сыйлағаны. Маған да бір-ер кітабын сыйлап
еді, қолды болған шығар. Қол астымда болмай қинап тұр. Табыл
мады. Суретте Жамбыл қарияны ортаға алып Күләш пен Шара
тұр. Құшақтары гүлге толы. Өздері мәз-майрам қол бұлғайды.
Арғы жағында «темір нарком» атанған – Темірбек Жүргенов бей
несі...
Ғұмырнамалық кітап, сирек сурет. Екеуін алдыма жайып қойып
ой кештім. Өткенге оймен оралу...
Кітаптың алғашқы бетінде ұлы Ғабит Мүсіреповтің қысқа бет
ашар сөзі:
«Сахна өнерінде жарқырап көрінген қос жұлдыз:
бірі – ән, музыка өнерінде – Күләш!
бірі – би өнерінде – Шара!
Биде туысқан өзбек халқының мақтанышы – Тамара!
Біздің мақтанышымыз – Шара!
Әйгілі талант, ғажайып дарын иесі Күләш музыка әлемінің
сиқырлы қуат-күшін асқақтата паш етті. Оның өзі нағыз чудо
болатын.
Осы үлгі, жан тебіренте, терең сезімге бөлейтін келісті өр
нек Шараның бойынан айқын танылды. Сахнаның еркесі де, сәні
де Шара! Оның сезім сергітетін шыншыл өнері мен қайталанбас
ізтаңбасы мейлінше жарқырап көрінді. Бұл -талант иесінің туған
халқына қалтқысыз қызмет етуінің тамаша үлгісі» (5 июль 83) –
депті Ғабит Мүсірепов. Өнер бағасын біліп өткен, өз бағасын біл
гізіп өткен Ғабекеңнен артық айту... Әй, қайдам? Мүмкін емес.
Бір ұлылықты бір ұлылыққа өлшем ете, бір беделді бір бедел
ге сабақтай сөйлеп отырмыз. Бүгінгі жастардың «Ғабит Мүсі
реповің» кім?» – демесіне кім кепіл?! Алайда, айту парыз. Айту
– жас ұрпақтың алдынан өту – арылып отыру! Ендігі ұрпақты
ұлттық құндылықтарды ұмытшақтықтан сақтандыру! Ғабеңнен
артық айту – мүмкін емес. Ел боламыз десек, қазақ әдебиеті мен
өнері жүлдыздарын ұмытпауымыз керек. Ататүрік айтады екен:
«қызметтен тәрбиеленетін ел басқару – әркімнің-ақ қолынан
келеді, өнерпаз болу – Алладан. Ол – Алланың елін, жұртын жал
пақ жалғанға таныту үшін жаратқан тұлғасы. Тұлғаларды сақ
тау, қолдау керек!» – деп. Қазақ өнерін болмашыдан болдырған,
тіпті жоқтан бар жасаған жақсы-жайсаңды ұмытуға болмайды, жас өркен! Бүгін оларды сендер ұмытсаңдар – ертеңгі ұрпақ ұмытшақтықтың көкесін көрсетері хақ. Ұлттық құндылықтар – ұлт тық санасы бар ұрпақ қалыптастыру үшін жасалады. Оны ұмы- ту емес, дамыту – парыз! Қанша ұрпақ алмасып, жаңарып, жасар са да, ұмытылмауға тиісті ұлттық құндылығымыздың бірегейі – Шара Жиенқұлова-Жандарбекова! «Өмірім менің – өнерім» аталатын кітапты сызғылап оқыппын. Шамасы, пікір жазуды ойлаған болсам керек. Кезекті істер ки мелеп, кескекті іс қалып қойған. Ұмытылған. Өкінішті. Шара Жиенқұлованың кітабы назар аударарлық дүние еді. Өзінің «би өнерінің» басында тұрғаны секілді, саңлақ бишінің аталмыш кі табы да үлгі көрер, дәстүр тұтар, дамытар тың серияның басы болатын. Ол қандай серия? Мәскеуде, іргетасы ХІХ ғасырда қаланған «Жизнь замечатель ных людей» (әдейі орысша алдым) сериясымен «Молодая гвар- дия» баспасынан мыңға тарта кітап жарық көрген. Серия – адамзат баласындық ой-қазынаның жиынтығы десе болғандай. «Эрмитаж” – орыс елінің жаһан жұртының өнер ғажаптарын жинап халыққа ұсынған ұсынықты ісі. Содан кейінгі бір жетістік – «ЖЗЛ» серия- сы бойынша жарық көретін кітаптар. Бейнелеп айтқанда, бұл – әлем ойшылдары өмірін деректі-көркем баяндайтын бір «Эрми таж». Сталиндік репрессия жылдарында (1937), соғыс жылдарын да (1941-45), сәл саябырсыған серия кейін жүйелі шығып, жұртты өмір өнегесімен сусындатты. Бұрын әр өнімін екі айналым мен шығарған «Молодая гвардия» үшінші айналымға кетіп барады. (Үшінші рет қайта басу). Екінші айналым тұсында жарық көрген «Сәкен Сейфуллин» (Т.Кәкішұлы) – «Сәтпаев» (М.Сәр секеев), қазір қайта басылу үстінде. Осы сериямен табиғаттас екінші бір – «Жизнь в искусстве» аталатын серия тағы бар. Яки, өнердегі өмір. Ұзын-ырғасы 200-дей кітап шығарған бұл серияның бүгінгі тағдырынан хабарсызбын. Кезінде бір түйірін қалдырмай, тірнектей жинайтын екі жүйе серия кітаптарын оқып отырып «осындай жүйелі еңбектер бізде қашан туар екен?» – деп талай ар мандағаным есте. «Лениншіл жас» газеті бетінде «Өнегелі өмірге кең өріс...» (11.10.1978 ж.) атап бастама да көтердім. Әсіресе, өзге елдің өнер тарландарының мемуарлық толғаныстарына қызы ғатын едік. Біздің өнер тарландары неге архивке құнтсыз, неге көрген, білгенін ақ қағазға шекпейді? – дейміз ғой, баяғы. Сөйтіп жүргенде жетпісінші жылдары қазақ артистері де кітап бетінде сөйлей бастады. Архивке ұқыпты, жарнамадан (афиша)
бастап жинай беретін Қапан Бадыров, еркін толғанған Елубай
Өмірзақов, жүйелілік жөнінен үлгі дерлік Шара Жиенқұлова, Қа-
набек Байсейітов еңбектері сөзіміздің айғағы. Кейін бұл саланы
Хабиба Елебекова, Бикен Римова еңбектері сәтті жалғады. Қазір
Асанәлі ағамыздың қолында қалам! Сәбит ағамыздың қолында
фотоаппарат! Аты аталған аяулылардың қай-қайсысымен де бала
шақтан араласып, дастарқандас болып, әңгімесін тыңдап өскенімді
– өзіме бақыт санаймын. Әсіресе, жиірек араласқаным – Шара
Жиенқұлова! Ш.Жиенқұлованың кітабын бетке ала отырып, әлгі
аталған «Өнердегі өмір» (екінші жүйе) жөнінде бастама көтеруді,
еңбекті талдауды ойлаған едім. Қол тимегені – өкініш!
Шара Жиенқұловамен әкедей әзіз адам – Бейсембай Кенже
байұлы арқылы танысқанмын. Бірде ол кісі ауруханаға түсті. Бар-
сам Шара екеуі әңгімелесіп, бірге сейілдеп жүр екен. Сол сәт Бей
секең әрі мені таныстырды, әрі Құрекең (Жандарбеков) жөнінде
естелік сабақтады. Түсінгенім – Бейсекең Ташкентте №4 жетім
балалар үйінде тәрбиеленіп жүргенде, жасы қатар болғанымен
оқуы озық, мұғалімдер институтында оқитын Құрманбек Жан
дарбеков, Үрия Тұрдықұлова екеуі келіп интернат балаларын өн
ерге баулиды. Жалынды жастар жетекшісі Ғани Мұратбаев ай
наласында жүрген, жас шамасы қатарлас олар достасып кетеді.
Құрекеңнің Зухра Атабаеваға үйленгенін, одан қыз барын да сол
жолы естідім. Одан Шараға үйленген. Кейін Шолпанға дегендей...
Қатар-құрбы Бейсекең мен Шара осылай қалжыңдасып отырып
бірталай әңгіменің басын қайырды. Шара да дәм-тұзы жараспай
ажырасып кеткен жандардай емес, Құрманбек Жандарбековті «Құ
рекелеп» құрақ ұша ерекше сыйластыққа бөлей сөйлейді. Бала
лық аңсармен қайран қалып мен отырамын... Әңгімешіл кісі екен
Шара!
«Лениншіл жаста» қызмет етіп жүрген 1978 жылы «Амангел
ді» кинофильмінің кезекті 50 жылдық мерейтойы аталатын бол
ды. Кімнің мақаласын ұйымдастыру керек? Көз көрген, Амангелді
батырдың жары – Бану рөлін ойнаған – Шара Жиенқұлова бірден
ойға сап ете қалды. Басшыны хабардар еттім. «Өзің барып, сөйле
сіп қайт» – деді бастығым.
Бардым. Абылайхан, Гоголь көшелерінің қиылысында тұрады
екен. Үйі музей десе болады. Шара апай ұқыпты екен. Жинақ-
шы екен. Жарнамадан бастап, бар газет қиындыларын, сирек фо-
тосуреттер, шетелдік символдық сыйлар дейсіз бе-ay, бәрі бар. Әң-
гімелесіп, шәйін ішіп, мақаласын ұйымдастыруға кеттім. «Келіп
тұр, айналайын!» – деп жайдары қоштасты! Құрекең ағамызды ал-
ға тұтып, «қайным» – деп сөйлейді. Сол сөзін арқаланып мақала
авторлығын «Шара Жандарбекова» – деп белгіледім. Бас редактор
Сейдахмет Бердіқұлов «Әй, қу бала ауылыңа тартыпсың ғой. Сөз-
ге қаламыз ба, «Жиенқұлова» деп жібере сал!» деді күліп.
Ұлы өнерпазбен үшінші жүздесуім – Мәскеудің «Үлкен теат
ры» (ГАБТ.) Алматыға гастрольге келуіне байланысты. Әлемдік
өнердегі құбылыс саналатын «Үлкен театрдың» Алматыға келуі
– мәдениет тойы еді. Жастар газетінің бөлім бастығы Мағира
Қожахметова – Мая Плисецкаямен, мен Галина Сергеевна Улано
вамен сөйлесіп, материал ұйымдастыруды ойладық. Әрқайсымыз
өзімізше ізденіп бақтық. Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік, Ле
ниндік сыйлықтардың лауреаты, СССР және Қазақ ССР халық ар
тисі Г.Уланова би өнеріндегі ғажайып тұлға. «Би аяулы падишасы»
атанған, Соғыс жылдарында Алматыда тұрған. Қазақ театры сах
насында образға кіріп, би билеген кісі. Ол жөнінде білетін кісі
лерден естелік жинадым. Бейсембай Кенжебайұлы, Шара Жиен
құлова, Қанабек Байсейітов... Америка жорналисі А.Канның «Га
лина Сергеевна Уланова» аталатын кітабын жастанып оқыдым.
Баспасөз материалдарын ақтардым.
Ұшақ Алматыға қонып, ресми қабылдаулар саябырси бере
Улановаға телефон соғайын. Ұлы биші уақыт белгіледі. «Балам
алдын-ала хабарласып алшы. Сүйікті Алматыға келдім. Толқып
отырмын. Соғыс жылдарында Алматыны паналадым ғой. Анда-
мында шақырғыштайды. Келмес бұрын телефонмен хабарлас»
– деді.
Бір хабарласқанымда, Мәдениет министрлігіндегі кездесуге
орай ғой деймін, сұхбатты ертеңге қалдырды. Ертеңіне «келе ғой»
– деді-ау. Барсам, аққудай апайым одан сайын аппақ қудай болып
жүрек талмасы ұстап, мазасы кетіп, шаршап отыр. Әңгімемізде
соншалық береке болмады. Ертеңіне ұшақпен Мәскеуге асығыс
қайтып кетуге мәжбүр болды. Тағы да телефонмен тілдестік.
Өкінішін білдірді. Енді, не істеу керек?
Шара апаға барып, естелікті кеңітіп «Би падишасы» аталатын
мақаласын ұйымдастырдым. Шара билеп, Г.Уланова жаттықтырып
жүрген сәттен бір фотосуретін редакцияға ала келдім. Архивімдегі
суретті де сол жолы сұрап алсам керек.
Архив құжаттарына құнттылығын көрген соң, орыс өнеріндегі
мемуарлық, ғұмырнамалық үлгілерді алға тарта отырып «Неге
мемуар жазбайсыз?» деп ой салдым. Ол кісі «әдеби жазбасын»
жасауымды өтінді. Ойланып мен кеттім. Баспасөз жұмысынан
қол тие ме, тәйірі? Кейін осы істі жазушы апайымыз Шәрбану Құ
марова қолға алды деп естіп, қуандым. «Өмірім менің – өнерім»
(Жазушы, 1983) соның жемісі. Ол үшін Шәрбану апайға зор риза
шылығымды айтамын.
Шара Жиенқұлова – қазақ өнеріндегі бір саланың негізін са
лушы. Қазақ күйінен би сабақтаған, қазақ тұрмысынан тың би
туғызған ұлттық тұлға. Әлемнің әр-алуан елінің ұлттық билерін
тайпалта билеген ұлы тұлға! Ғабең Тамара хануммен теңестіріпті.
Орайлы-ақ. Махмуд Есенбаевпен де сабақтастыруға болар еді.
Ол да Шарадан көп үйренген кісі. Ол би өнерін негіздеумен бір
ге, би мектебін жолға қойған үлкен ағартушы. Орайында айта
кетейік Дәурен Әбіревтің «Қазақ биінің тарихы» (Санат, 1997)
– аталатын еңбегінде автор «Халықтық-сахналық бидің негізін
салушы, тұңғыш маман биші және балетмейстер» (3 бет) – ретінде
аталыпты. Әрине, бұл артық сөз. Жобалаушы, қоюшы, билеуші
ұғымы Ж.Шанин, Александров, Жандарбеков, Жиенқұловамен
байланысты айтылуға тиісті. Ал, биде – Шара дара! Дәурен Әбіров,
Әсия Сүлейменова, Мейіз Жауатарова, Мағзұм Манасов, Сартай
Әбдіразақов, Абылай Сәтенов – Балет училищесінің алғашқы тү
лектері. Шараның шәкірттері десе жарасады оларды!
Шарадай ұлы тұлға кітабының тарихи маңызы зор. Қандай
күйде болғанда да оның жазылып хатқа түсіп қалғаны келешекке
керек ілкімді іс, баянды бастама! Шәрбану апайға ризашылық
туындайтын себебі міне осыдан.
Аталған кітап алдымен өнер тарландарының аға буын өкілі
өмірбаяны. Жәй өмірбаян емес, өнерпаз толғанысы. Бала шақ пен
болашақ аралығында Алматыда өткен өз өмірі, драма театры, опе
ра және балет театры; хореографиялық өнер тарихы жап-жақсы
қамтылған.
«Көз алдымнан кетпейтін бір сурет – кала көшелерінде сың
ғырлап бұлақтар ағатын да, арықта жұдырықтай-жұдырықтай
кызыл алмалар жүзіп бара жатар еді. Түрі көз жауын алатын»
(6 бет).
Бұл не?
Бұл – Алматының XX ғасыр басындағы көркем, табиғи келбеті.
Бүгін бар ма, сақталған ба бұл көркем көрініс. Жо-о-қ!
Ысқақ байдың дүкендері ше? Министрдің орынбасары бо
лып тұрғанда Өзбекәлі Жәнібек жұртпен жағаласа жүріп жөн
деуден өткізген «Қызыл таң» – сол! Титов көпестің моншасы ше?
Сақталмаған. Есесіне Д.А.Қонаев салдырған «Арасан» моншасы
бар. Шүкіршілік.
Бұрымы желкілдеген Шара Тоқаш Бокин, Жұбаныш Бәрібаев,
Мағазы Масаншыны көзімен көріпті. «Әсіресе, Тоқаш ағайдың
етігінің өкшесіндегі сылдырмақ темірге (шпор) қызығып, таң-
тамаша болатынбыз» (9 бет) – дейді биші. Ешқайда бейнелен
беген деталь. Біләл Ақшалов, Қажым Басымұлы – Шараның жез
делері екен. Қ.Басымұлы – баспасөз бетінде қазақ тілі жөнінде
отызыншы жылдары бірсыпыра айтысқа қатысқан тіл маманы.
Институт ректоры болған. Ұсталып кетсе керек. Әкесінің тағдыры,
апа-жезделерінің тағдыры, өзі де сұлулықтан зардап шеге жаздап
барып, әупірім-тәңірмен аман қалатын өзінің бастан кешулері бәрі
де маңызды. «Өмірім менің – өнерім» осындай тағдырлар жайында
баяндайды.
Алматыда 1921 жылы болатын алапат су тасқынын алдын-ала
болжап, жұртты сақтандырып жүрген пұшық әулие ше? (9 бет).
Кітапқа этнографиялық бояу, сипат беріп тұр. Қазіргі «Баум ба-
ғы» ол кезде «Мүттәйім бақ» аталады екен. Қазақы ұғым қандай
бейнелі десеңізші?! Ұры-қары мекендеген соң солай атайды дә!
Талай көшелердің аты ол кезде басқаша аталыпты. Бүгіндері тіпті
басқаша өзгеріп кетті.
Шара молдадан ескіше білім алыпты. Жұма күні жолға шық
пайтын ырымы бар екен. Қазақ-қырғызға ортақ «Көкайрық» жай
лауында балаң Шара алғаш билейді. Хатшы қыз, қоймашы – Шара
бала шақта атқарған қызметтер. «Ол кезде Алматыда шетелдік
елшіліктер тұратын. Солардың бірінің консулы мені баласына
алып берем деп әлек салмасы бар ма? Ойда жоқ, түсте жоқ жай.
Ойласам, әлі күнге жаным түршігеді» (28 бет) дейді автор.
Тосын жай. Сөйтіп жүргенде тағдырына Құрманбек Жандар
беков кезігеді. Қиындықпен үйленеді. Театр өнеріне баулиды. Ба
ғын ашады. Бауырынан өнген үш баланың бірі ғана (Болат) өмір
сүреді. Екеуі жастай шетінейді. Ауыр тағдыр!
«Өмірім менің – өнерім» – өмірде бірсыпыра жақсы жасаған,
өнер тарихының бастауында тұрған, тарихында өшпестей із қал
дырған ғажайып биші мемуары. Онда Шарадай бишінің өмірі мен
өнері егізқатар өріліп, оқушысын өмір сырына һәм өнер сырына
әбден қанықтырады.
Шара – ғажайып өнерпаз.
Өнерпаздың өмірлік ортасы болары хақ. Шараның әкесінің
бастан кешулері, анасы, апа-жезделері, отбасылық жағдайы ме
муарда шыншылдықпен баяндалады. Орайы келген оңтайлы сұх
батта бұрынғы жары – Құрманбек Жандарбековті кінәлай бер
мейтіні бізге белгілі. Кітапта Құрекеңдей өнерпаз майданға са
парлап кеткен жарын (Шара) күтпей, үйленіп қойғандай етіп си
патталыпты.
Өнерпаздың – өнерлік, шығармашылық ортасы болары хақ. Егіздің сыңарындай Күләш Байсейітова, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, өнерде де, өмірде де тату болған Қанабек, Құрманбек Шарадай бишінің қанаттастары райында тұлғалана ды, шығармашылық ортасы ретінде мемуарист-кейіпкер бейнесін жан-жақты толықтырарлық бояу-реңк береді. Оларды бағалауда Шара, хадари-хал әділ. Өрелес дарындар, өзара бәсекелес те болатын әдеті. Кейбір бейшенауыз замандастары Күләш пен Шара арасына да «сына қағып» жүретіні белгілі. Мемуарынан оқып, біліп отырмыз. Шара әңгімесінің бір сәтінде Күләшті өзінен жоғары қояды, тағы бір мезетінде «Шара, кәкір, шүкірлер...» – деп қағытқанын айтады. Шындық шеңберінде сөйлеу дегеніміз – осы! Шара Жиенқұлова мемуары, Алматының XX ғасырдағы (2080 жылдар) кескін-келбетін, өсіп өркендеуін, кеңестік кезеңдегі даму эволюциясын береді. Алматы ғана ма? Жоқ. Жалпы кеңестік қоғамның бір ғасырға жуық келбеті елестейді. Тіпті ғаламшардың XX ғасырдағы бірсыпыра жайларынан сыр шертеді. Біз қызды-қыздымен асырып айтып отырған жоқпыз ба? Жоқ. Шара – өнер жұлдызы! Ол– қазақ өнері көгінде ғана көрініп қалған кісі емес. Өткен ғасырда күллі кеңестік кеңістік өнер көгінде танылды, қапысыз мойындалды да, әлемнің әр тарабын шарлады, жиһан биін шыр айналып биледі. Демек, әлгі біз айтып отырған жиһандық өмір көріністері әйгілі бишінің әлемнің әр шалғайына өнер сапары арқылы, өнерпаз көзі, дүниетанымы арқылы беріліп отыр. Өте орынды! «Өмірім менің – өнерім» өмірлік оқиғаны кең қамтыған, этно графиялық бояуы қанық мемуарлық шығарма. Мазмұнды өмірден ғана мағыналы мемуар тумақ. «Өнеріне қарай – өрнегі, Тірлігіне қарай – тірнегі» екені хақ. Әйтпесе, Шара көргенді шаруашы лық көсемдерінің бірі көріп, басымнан өтті деп баяндағанда сірә да мән шығар ма?! «Өнерліге – өлім жоқ!» Оған Шарадай мың бұралып әлемнің биін билеп өткен шандоз биші өмірі де, қайталап оқып шығып, қайыра рахат сезіміне бөленіп отырған өнер жолы (мемуары) да нақты, затты айғақ! Мемуар бізді сан-алуан ойға салды. Кітап, Құрманбек пен Ша радай қос жайсаңнан туған – Болаттың Клараға үйленуімен аяқ талып тұр. Клара – Өзбекстанның халық жазушысы Камил Яшен мен халық әртісі Халима Насырованың қызы. Жандарбековтер Кларадан Шорабек есімді немере сүйген. Болат пен Клараның дәм-тұзы жараспады. Мемуарда мәселенің бұл жағы баяндалма
ған. Бәлкім, кезінде автор айтуды қажетсінбеген болар. Бүгінгі ұр пақ Клара , Шорабектің тағдырын білігісі келер. Шараға ұстаз болған Александров тағдыры да тым келте қа йырылған. Автор мен әдеби жазбагер көп мәселеге кейін оралармыз деп ойлаған болар. Шара апайға мемуарға оралуды тағдыр жазбады. Шәрбану Құмарова ұлы апайы өміріне қайтадан оралып, ғұмыр намалық кітап жазамын десе, мүмкіндігі бар. Бейсекең ауруханадан шықты. Сүйеп алып келе жаттым. Қо лында таяқ. Жүрісі нашар. Сәл жүріп демалады. Сәл жүріп дем алады. Сол сәт. – Әй, мына жортып бара жатқан жігіт кім десем, Бейсембай екен ғой, – деген жарқын дауыс шықты. Жалт қарасам, Шара апай. Екеуі хал сұрасты. Бейсекең көзіне жас алды. Шара да босады. Өзі босай тұрып, Бейсекеңді бекемдеп жатыр. – Әй, Құрманбектің құрдасы, сен мына түріңмен бізді ұятқа қалдырасың. Аяғыңды дұрыс бас! – дейді. Екеуі бірін-бірі жұбатты. Бірін-бірі жұбатысты. Біздің жүруі мізден тұруымыз жиі! Бейсекең сырқат... «Хабарласып тұрсаңдар шы!» – деп Шара апай алға түсті. Бірді-екілі хабарластым. Үйіне барып, қолынан бірді-екілі рет шәй іштім. Соның бірі – 1987 жылы. Кездесуді күнделігіме қон дырыппын. Қаз-қалпында алға тартсам. Елеулі еңбегімен ел мақтанына айналған бишінің сол тұста «Сымбат» (1987) аталатын еңбегі жарық көрді. Бар саналы ғұ мырын саханада өткізген айтулы өнерпаз мінезінің бұл да бір қыры. Бойындағы дарын жұпарын жұртына арнаған таланттың би тағдырын, ұлттық би келешегін ойлауының тағы бір жарқын көрінісі еді. – Сүйінші данасы, – деді биші «Сымбатты» қолымен аялай сипап. – Ұзағынан сүйіндірсін. Әйтседе «Сымбатыңыз» өткен жыл дың шығысы мен жаңа жылдың кірісінде жарық көріп отыр. Ал бұған дейін жосылып жылдар жатыр. Сіз, Әбділдадай арқалы ақын айтпақшы, Кешеден келдіңіз Бүгінге, – дедім, әңгімеге тартып. – Оның рас, қарағым. Өміріммен бірге өріліп, ғұмыр бойы жазылған кітап. – Биге қалай келгеніңізді еске түсіріңізші! – Ол көп әңгіме. Әсіресе бір сәт есімнен кетпейді. Бес-алты жасар кезім. Ел «Көкайрық» жайлауына көшіп қонды. Өзеннің арғы бетінен қырғыз ағайындар көшіп шықты жайлауға. Көк май саға оранған шыбынсыз жаз. Думанды той, би, жарыс, жыр са-
йыс... Домбыра, қобыз, қияқ, қомуз үні жанды баурайды. Таби
ғаттың жанымен төгіліп, жырлап тұрған бір ақын шағында әлдекім
мені «Шара билейді» деді де алқа топтың ортасына итермелеп
жіберді. Балалығым шығар, жұрт меселін қайтармай, билеп ала
жөнелдім. Өз өмір жолыма үңілгенде осы бір балаң көрініс кө
ңіліме өте жылы ұшырай береді. Осы көрініс менің ғана емес,
аяулы биімнің де балалық шағы болып елестейді, қарағым.
– Бишілік тағдырыңызда шешуші рөл атқарған адам кім, кімге
борыштымын деп ойлайсыз?
– Мен сахнадағы өмірімді драма актері болып бастаған кісі
мін. Опера және балет театры ол кезде жоқ. Жоқты жасаймыз
деп республика басшылары, болмаған жанрды болдырамыз деп
жазушылар жүр. М.Әуезовтің «Айман – Шолпаны» да осындай
мақсатпен жазылған. Көп драма артистерінің бірі болып қалмай,
би жолына түсуіме қамқорлық жасаған Мұхаң рухы алдында әрда
йым басымды иемін. Бұл – бір. Екіншіден, жеке адамға табынудың
шалығы шарпып, сол кезде Алматыға атақты Александров ығысып
келмесін бе? Алматыға замана зәйілімен қоныс аударған ол кісі
менің биші болып қалыптасуыма ұшан-теңіз еңбек сіңірген ұстаз!
– Өміріңіздің айырықша қуанышты бір сәті?
– Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1936 жылғы Москвадағы он
күндігі. Сол жолы өнеріміз мойындалды. Мойындалды деген жәй
сөз, дұрысында еңбегіміз жанды. Онкүндік – өнері өрісті қазақ
халқының мерейін бір түңліктей көкке көтерген күндер болды.
– Өміріңіздің естен кетпестей өкінішті бір сәті?
– Халық айтқандай, бір қуаныштың бір өкініші де болады. Сол
1936 жылы онкүндікте «Өнер Академиясы» атанған Үлкен театрда
(ГАБТ) өнер көрсеттік қой. Қайтар сәтте Өнер істері жөніндегі
комитет пен театр басшылары ақылдасып, мені Үлкен театрға
биші етіп алып қалуға ұйғарады. Олардың ұсынысын естіген
республика басшылары маған қарады, мен жарым – Құрманбек
Жандарбековке қарадым. Ол басын шайқады, мен басымды шай
қадым. Үлкен театр – кімнің көкірегіндегі арман емес дейсің? Әр
бір жүректе арман болып ұялаған бақ басыма өзі келіп қонғалы
тұрғанда, қапы жібердім бе деп өкінемін.
– Шынында өкінішті. Мемуарлық әдебиетке көзқарасыңыз?
Мемуарға отыру ойыңызда бар ма?
– Мәдениетті елдерде өнер адамдарының өздері мемуар жа
зады. Қала берді оның өмір шежіресін жасаушылар да «Өнегелі
өмір», «Өнердегі өмір» дегендей деректі кітаптар жазады. Бәрі
тағлым. Бәрі үлкен мәдениет үлгісі. Бізде де осындай мәдениет
ке талпынушылық бар. Әрине, Күләш, Қаллекей, Құрманбек, Шә
кендер мемуар жазып үлгермеді. Елубайдың бір қысымдық естелік
кітабы бар. Есесіне олар жөнінде имандай шынымызды айтып, біз
жазайық, кейінгі ұрпақ жазсын тамылжытып. Бұл орайда «Өнер»
баспасының жақсы бастамасын құптаймын. Өзім де үлес қосқым
келеді. Әрекетсіз емеспін...
– Өзіңіз айтқандай, талай елді араладыңыз. Құдайдың берген
бағы. Талантыңыздың арқасы. Сол сапардың өнердегі ізі, көңілде-
гі сазы қандай?
– Бір сурет көз алдымнан кетпейді. Елуінші жылдың аяғында
Үндістанға өнер көрсете бардық. Мен «Үнді биін» биледім. Ал
дыңғы қатарда Джавахарлал Нерудің отырғанын байқадым. Бай
қадым да барымды салып биледім. Дж. Неру қасында отырған қыз
балаға бірдеме деп сыбырлап жатты. Қыз бала орнынан әдеппен
көтеріліп шығып кетті де, сәлден соң қолына бір «түйіншек» ұстап
оралды. Концерт аяқталар-аяқталмаста Дж. Неру әлгі қыз бала
екеуі маған үндінің ұлттық киімін жапты. Сондағы қыз бала кейін
ірі мемлекет және қоғам қайраткері болған, аяулы Индира Ганди
еді.
– Тамаша сәт екен. Қазақ биінің келешегі жайында нендей ой
дасыз?
– Қазақ биінің тарихы ғасырларға кетеді. Қазақта би болма
ған деген адам оңбай адасады. Бұл жөнінде Қазақ ССР Мәдениет
министрлігіндегі жолдастардың пікірі дұрыс. Өзбекәлі Жәнібе
ковті айтамын. Бірақ, халық биінің тарихын жүйелі зерттеуге тиіс
ті Қазақ ССР Ғылым академиясындағы ғалымдардың тірлігі неге
өнбейтінін түсінбей-ақ қойдым. Олар үшін бидің тарихын біреу
зерттеп, теориясын біреу жазып, биін біреу билеу керек сияқты.
Әйтпесе, қазақ биінің келешегі зор деп білемін.
– Сөзіңіз аузыңызда, сол би тарихы мен теориясын жазатын
бірегей біреу өзіңіз болып отырсыз-ау. Әлі сиясы кеппеген «Сым
бат» та би өнерінің не ықылым тылсым сырына арналып отыр
емес пе? Ал бұған дейін жазған еңбектеріңіз бір төбе.
– Біздікі «Үлкен пышақ ұялғанынан өтедінің» кері. Өзің жазған
еңбек жайында өзің айту – ерсі. Әйтседе... «Би сиқыры» қазақтың
қырық биі жөнінде еді ғой. Ал «Сымбат» халқымыздың әні мен
биі хақында, билегенде киетін ұлттық киімдері жайында. Алға
қойған бастапқы мақсат орындалды ма, жоқ па – әділ төреші –
мамандар мен өнерсүйер қауым. Өздерің.
– Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз...
– «Достық биі» аталатын мектеп оқушыларына арналған би
оқулығым алдағы жылдары «Мектеп» баспасынан жарық көр
мек. «Өмірім менің – өнерім» кітабын толықтырып, орыс тілінде
шығарсам деген ой бар. Толықтырып дегеннен шығады, егіздің
сыңарындай Күләш жөнінде жазайын деп қызынан материал сұ
рай барып, бетімнен басып қайттым. Ұлы өнерпаздан мандымды
ештеме қалмаған. Кейін іздестірсем, театр Күләштің сахналық
киімдерін де сақтамапты. Қатты өкіндім.
– Қандай өкінішті. Өзіңізде ше, Шара апай, жиһандық билерді
билегенде киген әралуан халықтың ұлттық киімдері сақталды ма?
– Мен де сексен киім жоғалттым. Оның қырығы сапарға шық
қанда шет мемлекет басшылары сыйлаған ұлттық киімдер еді.
Сахнамен хоштасқанда қалдырып кеткен едім, кейін білсем – сақ
талмапты. Ішім удай ашыды, қарағым!
Өмірінің бесін шағына таяған биқұдірет бірсыпыра ойымен
бөлісті. Өмір бойы өнерді өзіне серік ете білген би саңлағы жиған
тәжірибесін ұрпаққа жеткізіп кетпекке асығулы еді.
Аяулы өнерпазбен тағы бір жүздесуім – 1988 жылдың 27-ақ
паны.
Апайды мұң қаумалаған. Жалғыз баласы – Болатын көп ай
тады. Ертеңге көп алаңдайды. Тамара-ханум жайында Мәскеу бағ-
дарламасы бойынша деректі телефильм көрсеткенін айтады. Өзі
жайында ондай дүние жасалмағанына өкпелейді. «Түсіреміз» –
деп жұбатамын. Көңіл үшін айтылған сөз екенін зерек көңіл сезеді.
– Түсірерсіңдер-ау. Мен енді билей алмаймын ғой – дейді қа
мығып. Бишіні билей алатын уақытында бейнелеу керек. Ендігінің
бәрі естелік... Естелікті кітап қып та жаза аламын.
Ол кітабына қолтаңба түсіріп сыйлады. (Әңгіме арқауына ай
налып отырған кітап). Бірсыпыра әңгімелесіп хоштастым.
...Академияның «Зерде» аталатын санаторийі бар еді. Бір мез
гіл сонда демалып, ем алып, қағаз жазамыз. Сондай бір шығарма
шылық сәтте Шара апайды көріп қалдым. Қасында адам таны-
мастай тірі әруақ. Тірі әруақ деп тұрғаным – ұлы Болат Жандар-
беков екен. Көзі адырайып, қу сүйек болып қалыпты. Апайдың
жүзінен бір абыржу көремін. Әбден шаршаған. Жалғыз баланың
ауруы жанына батса керек. Кларадан ажырасқан Болат бір бала-
сы бар литван қызына үйленген секілді еді. Олар қайда? Ауру ба-
ласын неге анасы күтіп жүр?
Мән-жай маған түсініксіз еді. Ежіктеп сұрау – кісілікке жат
пайды. Қайғы меңдеген жанды қажағандай боласың. Аналы-бала
лы екеуі бір-біріне сүйеніп, екінші қабатқа көтеріліп кете барды.
Бұл – менің Шара апайды соңғы көруім. Ұзамай Болат Жандарбе
ков «ұйқы безі рагынан» қайтыс болды. Қайғыдан қалжыраған
Шара апай ол кезде ауруханада жатты. Жар дегенде жалғыз ұлына
өз қолымен топырақ та сала алмады. Ұзамай Шара апайдың да ұлы
жүрегі соғуын тоқтатты. Жалғыз ұлы Болатының артынан бақилық
сапарға аттанып кете барды.
Өнердегі даңқты тұлға іші шер мен мұңға толып өтті дүниеден.
Арманы көп еді. Сырттай жарқылдап жүргенімен мұңды тағдыр
иесі еді Шара апай.
Көңілде көп сұрақ қалып барады. Құрманбек – Шара ұрпа
ғының тағдыры қалай сабақталды? Мемориалдық музейлік зат
тар қайда? Кейін келген литван қызы, келін ше? «Өмірім менің
– өнерім» ғұмырнамасының әдеби жазбасын жасаған Шәрбану
Құмарова ғана жауап бере алатын шығар бұл сұрақтарға. Мемуар
ой салды.
1. Хореографиялық оқу орнына (Селезнев атында) неге Шара
атын бермеске? 2. Алматыда Шара атында көше бар ма? Әй, жоқ болар! 3. Шара атынан ұлттық би бәсекесін ұйымдастырмаймыз ба? 4. Тұтас дүние қалмаған шығар. Дегенде, архивтерде сақталған
үзік-үзік ленталардан бір деректі фильм жасаса ғой, шіркін! 5. Шара жайында жазылған дүниелердің басын қосып бір әдемі
кітап шығарса. 6. Тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды ма? Үйінде
болғанымда музейге сұранып тұрған талай елдің тарихи бұйы-
мын көрген едім. Олардың тағдыры нешік? Тауып, музейге тап
сырса ғой, шіркін.
7. Музей дегенде, ауызға аларымыз Абай атындағы опера және
балет театры жанынан суретші-дизайнер Аманжол Найманбай жа
сақтаған музей! Ол да қайта жөндеуден кейін көрінбейді. Тіпті,
қазақ ұлттық классикалық биі басында тұрған Шарадай тарихи
тұлғаға арнап музей ашса да жарасады ғой.
Шара – арманы көп адам еді. Арманды адам жайында айтар
арман көп-ақ бүгінде. Санасын дүние сарғайтып, жан-дүниесін
түгел дүние жаулаған жандарға үніміз жетер ме? Өнерлі өлмес,
үміт сөнбес деп айтып отырмыз.
Менің білетінім – Шарадай ұлы тұлға ұмытылмайды. Ұлы
тұлғаны ұмытар болсақ – ұлт ретіндегі шарасыздығымыз болып
шығады. Онда хас масқара! Жоқ, Шара Жиенқұлова ұмытылмай
ды. Біз, ұлт ретінде шарасыздыққа ұшырамаймыз. Асылдарды ар
дақтау, өнер қайраткерлерін қастерлеуді күн тәртібіне көтеретін
уақыт жетті. Нақты іс-қимыл керек. Қарап отыру – қауіпті! Қазақ
елі барда – Сіз де барсыз Биқұдірет!
... Мен қазақтың қыздарына қайран қалам!...
4. Алма әпке немесе өршіл ғұмыр өнегесі
Оңтүстікте әпке аталатын әдемі ұғым бар. Қазір әдеби ай
налымға іргесі кеңейіп, жалпықазақтық ұғымға айнала бастады.
Шүмейтіп “әпше” дейтінімізді қайтерсің?! Қазақтың әр сөзінің
әрін келтіріп, абыройын асырып, қолданыс аясын кеңейте бер
генге не жетсін. Түп-тамыры “Апа-еке...” ден құнар тартатын
“Әпке” классик-жазушымыз Дулат Исабековтің «Әпке» пьесасы
мен ол бойынша қойылған спектакльден соң қолдануын қайдам,
қабылдану аясы мейілінше кеңи түскендей болып отыр. Халық
тың осы бір әдемі ұғымын қазақтың бір аяулы қызы рухына жасар
рухани дұғама тақырып һәм мазмұн еткім келіп отырғаны. Ол –
қазақтың бір ғажайып оқымысты қызы – Алма Қыраубайқызы...
Алманың әкесі Мүтәліп Қыраубайұлы оңтүстік, Сыр өңіріне
недәуір танылған халық ақыны.
Сырдың қызы – Алма жастай жырдың қызы болып өседі.
Дарынды қыз бала ауылда – мақтаныш. Мектепте – мақтаныш.
Домбыра тартады. Ән салады. Өлең, әңгіме жазады. Болсаң –
Мүтәліпқызындай бол!– атанып, жастай ауызға ілігеді.
Мектепте оқып жүрген кезінің өзінде ол жөнінде аудандық,
облыстық, тіпті республикалық баспасөз бетінде үлкенді-кішілі
материалдар басылады. Өзінің төлтума әңгімелері «Қазақстан
әйелдері» жорналында әлденеше дүркін басылып, Алма жоғары
оқу орнына дейін-ақ тәп-тәуір танылып үлгереді.
Орта бойлы, сәл етженділеу қараторы әдеміше қызбала Қазақ
ұлттық университетіне осылай таныла келіп, талабы жанып, оқуға
түсті. Бұл – 1970 жыл еді. Ол түскен орта қазақтың шын мәнінде
дарынды ұл –қыздарынан бас құраған әдемі курс болатын. Ол –
Сағат Әшімбаев, Нұрлан Оразалин, Үміт Тоқмағамбетова, Фаузия
Оразбаева, Әділбек Тауасаров, Шәрбану Бейсенова, Алдан Сма-
йыл, Әшірбек Көпішев, Сайлаубек Жұмабеков секілді дарынды
жастар ортасы! Алғашқы жылдың өзінде бірінің өлеңі, бірінің әң
гіме, новелласы, тағы бірінің сын мақаласы жарық көре бастады.
Алма Қыраубаеваның новелла дерлік әңгімелері!
Жақсыны неге жақсы демеске?! Тұтас курс ұстаздар махаб
батына бөленді. Университет жанынан ілгеріде профессор Бей
сембай Кенжебаев ұйымдастырған, Т.Нұртазин, З.Қабдол, С.Са
дырбаев әр жылдары жалғаған, көзі кеткен соң М.Әуезов атын
алған әдеби бірлестікті де осы курс қолына алды. Сағат Әшімбаев
басқарды. Бірі қауырсын қанат шығармасын ортаға салады. Қал
ғаны жабыла талдайды. Бәрі де жақсы келе жатты. Тек бір жағдай
болмаса?! Ол жағдай Алмаға қатысты. Әңгіме жазып, жап-жақсы
көрініп келе жатқан Алмаға бағытын өзгертуге тура келді. Бәріне
себепкер – профессор Бейсембай Кенжебайұлы!
Алманың жақсы сабақ үлгерімі, зерделілігі, табиғи тәрбиесі
туа ұстаз, табанды ғалым ықыласын аударды. Кафедраға шақырып
алып, бірсыпыра әңгімелесті. Ақыры кесімді сөзін айтты.
– Қызым, түріктанушы боласың.
– Жазушы болғым келеді, ағай!
– Жазушы көп, түріктанушы жоқ. Көптің санын көбейткенше,
жоқты жасайық, қарағым.
«Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, қарт профес
сордың түркология жайындағы жалынып та, қазылып та сөйлеген
сөзінен әкелік мейір, шын ұстаздық бейіл аңғарды. Ең бастысы –
ұлт әдебиетінің тағдыры, ұлт әдебиетінің алтын тамыры жайлы
әңгімесі көкейінен кетпеді. Келісті ақыры! Шәкірт шешіміне ұстаз
қуанды. Мұхтар, Мырзатай, Қабиболла қатарына тағы бір табан-
ды түріктанушы қосатынына қуанды. «Ескі» атап, естен шығар-
ғысы келіп жүрген көне дәуірлерге саяхатымыз сәтті болар ин
шалла, – деді іштей. Сөйтті де ана сүтінің дәмі аузынан жаңа кет
кен уыз шәкірт – студент жасқа Мұхамед Хорезмидің «Мұхаббат
наме» дастанын тақырып етіп ұсынды.
Алма Қыраубайқызының текті түркологияға бетбұрысы осы
лай басталып еді...
...Шәкірт ізденісін бастады. Бағыт бере отырып, шәкірт алым
дылығына ұстаз сүйінді. Әңгіме арасында соңынан іздеп сонау
Қызылордадан әкесінің келгенін айтты. Ұстаз ойына кенет әлдене
түскендей:
– Әкеңнің ертең түсте біздің үйде қонақ болуға уақыты қалай
екен? Біліп, айтарсың, – дегені.
– Жо, жоқ, ағай... Әуре болмаңыздар, ертең ауылға қайтады, –
деді асып-сасып, шәкірт.
– Жоқ, қарағым олай етпе! Ертең түсте ол кісіні біздің үйге ертіп
алып кел. Анаңның шәйін бірге ішелік. Солай еткін! Күлән, сен де
бірге бол. Қонақты екеулеп әкеліңдер, – деді сосын кафедрадағы
көмекшісі лаборантқа қарап. Қызбала қысылмасын дегені.
Ертеңіне шойқара Мүтәліп профессор дастарқанынан имене
дәм татып отырды. Профессор өзінің жетімсіз балалық шағынан
әңгіме шертті. «Апыр-ау, менің өміріме ұқсас өрімдер ғой мынау»,
деп қонақ отыр. Қонақ ашылсын, қысылмасын деп оқымысты
ауыл өміріне жақын әңгіме айтады. Ақыры, қонақ қарт профес
сордың қолқалауымен терме айтып берді. Маңдайынан шып-
шып шыққан терді алақандай орамалымен сүртіп-сүртіп қояды.
Қарапайым да, қадірлі адамның ықыласын көрген әке ағынан жа
рылды:
«Алма нағашылары еркелетіп өсірген ырымалды перзентім.
Сіздің жақсылығыңызды ауылға айта келген. Сыбаға әкелуім
керек еді. Шынын айтқанда, бата алмадық. Өмір болса көрерміз.
Ал, мына қызымның бойынан талап көріп, тәрбиелеймін десеңіз,
ниетіңізге жетіңіз! Бүгіннен бастап Сіздің қызыңыз!»
– Меңжамал қызды болдың!
– Онсыз да біздің қызымыз, Алма! Ана Мұхтар, Рымғалилар
осы үйдің баласы. Алма сен де қысылмай келіп жүр, айналайын!
Аналық мейір қай тілде де ақжарқын ғой. Татар мақамымен
айтылған аналық мейір сөз қонақтардың көңіліне нұр шуақ құйып
жатты.
Қарт профессор сол күні кітапханасынан Самойлович бас
тырған «Мұхаббат намеге» бастатып, көне түркологияға қатысты
қимас кітаптарынан «енші» бөліп берді... «Қайтарымы – жақсы
кандидаттық диссертация!» – деді нығырлап тұрып.
Шынайы ұстаз профессор Бейсембай Кенжебайұлы үшін та
лантты шәкірт тапқан күн – мереке! Профессордың аталық мейірі
шәкіртті онан сайын қанаттандыра түсті.
Студент партасынан-ақ Алманың алғашқы мақалалары төбе
көрсете бастады. Шәкірт ізденісі жандана түсті. Ұстаз үміті
жалдана түсті. Әбіш пен Қадырдың алғашқы ақындық алымды
қадамдарына сүйсінген, Мырзатайына диссертация қорғатып, кө
ңілін демдеген, ендігі кезек Мұхтар мен Қабиболланікі деп қуанып
жүрген ол тағы бір үкілі үмітім деп білді Алманы! Университет
тің қарапайым тілі «Қазақ университеті» газетінің 1969 жылғы
13 маусым күнгі 16 санында «Ат тұяғын тай басар» деген та
қырыпта сөйлеп, ойын былай өрбітіпті жарықтық: «Ертедегі
жазба әдебиеттерді зерттеуде көптеген ғалымдар арасында
біржақты пікірлер туып келген болатын. Мұны зерттеуде көп
кедергілер бола беретін. Әйтсе де, жас ғалым М.Жолдасбеков
бұл салада жемісті еңбек етіп жүр. Ол жуырда ғана Орхон-
Енисей жазбаларының қазақ әдебиетіне қатыстылығы жөнін
де кандидаттық диссертация қорғады. Сонымен қатар М.Ма
ғауиннің ХІV–ХVІ ғасыр, Қ.Сыдиықовтың ХVІІ–ХVІІІ ғасыр әде
биеті жайлы зерттеулері – сөз жоқ, аса құнды дүниелер. Сөй
тіп, әдебиетіміздің тарихын сонау Орхон дәуірінен бастауға
мүмкіндік туды. Осының нәтижесінде қазақ әдебиетін арнаулы
курстарға бөліп оқытуға жағдай туып отыр.
Жоғарыда аталған ғалымдарымыздың бәрі дерлік осы өз
факультетіміздің түлектері. Әрбір ұстаз лекция оқып қана
қоймай, олар өз шәкірттерінің сапалы білім алуына, олардың бойындағы ғылымға деген құштарлықты оятып, оған қамқоршы бола білуі керек. Олай болса, ғылымға икемі, қаблеті бар жас тарды біз алғашқы курстан бастап-ақ қамқорлыққа алып, ақ ыл-кеңестер беріп отырамыз. Студенттердің жыл сайынғы ғы лыми конференцияларында баяндамалар береміз. Әйтеуір, қайт кен күнде де ондай адамдарды жоғалтпауға, қайткен күнде де ондай адамдарды өсіріп шығаруға тырысамыз. Өйткені біздің болашағымыздың өзі осы жастар емес пе?! Факультетімізде келешегінен үлкен үміт күттіретін жастар аз емес. Солардың ішінде мен әсіресе Алма Қыраубаеваны атар едім» деді ол! Міне, шәкіртін өз перзентіндей көріп, оның әрбір адым-алы мын үлкен жетістікке балап, ақжарылып қуана білген шынайы ұстаз, фидайы ғалым болмысы! Ал, бар ғұмырын ұлттың әдебиеті тарихын тереңдетуге аямай жұмсап келе жатқан ұлы ұстаз-ға лымды ғылымдағы алғашқы аяқ алысымен қуандыра білген те геуріні мықты талантты шәкіртті айтсайшы, шіркін! Сөйтіп, Бейсембай Кенжебайұлы Алма Қыраубаева бойында ғы дарын қабілетті студент партасынан бастап танып, оны үкілей ұштап, ұлт әдебиеті үшін аса зәру тың арнаға дер кезінде бағыттай білді. 1970 жылы мақтаулы курс оқуын тәмамдады. Даңқпен келіп, бірсыпырасы даңқты бітірді жоғары оқу орнын. Ұстаздар үміті ал дамапты. Бұл топтан таланттылар көп шықты. Соның бірі – Алма Қыраубайқызы! Алманы «Қазақ әдебиеті» кафедрасына қызметке қалдырғысы келді Бейсекеңнің. – Бір орын беріңіздер, Қыраубаеваны кафедраға алып қалайық. – Орын жоқ. Болмайды, Бейсеке! – Аспирантураға бір орын. – Атамаңыз. Былтыр әдебиетке бергенбіз бір орын. Биыл кезек тілдікі! – Талантты бала еді. Енді қайттік? – Өндіріске барсын. Ештеңесі кетпейді. Пісіп, жетіліп оралады. – Қыз бала. Біреудің етегінен ұстаса кете барады да, ғылымға қайтып оралмайды ғой...Қап әттең-ай? Қарт прфессор қара аспанды суға алдырып сөйлеп жатқанда арғы беттегі кісі телефон тұтқасын орнына қоя салды. «Гук...гук... гук...» Қарт профессор қатты шамырқанды. Отыра қалып университет ректоры Өмірбек Жолдасбеков аты на өтініш хат жазды.
«Университет ректоры профессор Ө.А.Жолдасбековке Құрметті Өмірбек! «Қазақ әдебиеті» кафедрасын ұзақ жыл басқарып келемін. Сенімдеріңізге тек рахмет айтамын. Бірақ, болашақ – жастар дікі. Оларды біртіндеп ғылымға тарта баулып, дәстүрлі түрде жетілдіріп, қатарға қосып отырмасақ болмайды. Бізде ежелгі әдебиет аталатын қиындықпен, оқу программа сына қосымша сағатпен күштеумен енген пән жүреді. Биылғы оқу жылында Тіл, әдебиет мамандығын үздік бітірген Қыраубаева Алманы кафедраға алып қалсақ деген едік, оған мүмкіндік жоқ екенін айтып отырсыздар. Сағат жоғын мен де сеземін. Әрі ойлап-бері ойлап, бір шешімге бекінгендеймін. Мен жасым келген кісімін. Мүмкіндігінше, мені не жарты ставкаға ауыстырыңыз дар, тіпті пенсияға шығарсаңыздар да қарсылығым жоқ. Қалай дегенде де, сөйтіп менің сағатыммен Қыраубаева Алманы «Қазақ әдебиеті» кафедрасына алып қалыңыздар. Қыраубаева Алманың сенімдеріңізді ақтайтынына еш шүбәм жоқ. Сізге деген хұрметпен проф.Б.К.Кенжебаев», деді тілдей хат та. Екі көзі от шашқан арыстан кеуделі ректор профессордың жүзіне үңіліп қарады, сынай қарады. «Шыны ма, өтірік көлгірсуі ме?» «Алдыма кім келмейді?! Бірақ, мұндай ұсыныспен келіп отырған бірінші профессор! Шынымен, университеттен біржо лата кетпекке бекінгені ме? Өз мерейін, мансабын ойлаудың ор нына, шәкіртін алға тартып. Абыройлы кісі. Ұлы Мұхтар Әуезов айнымас дос тұтқан, ерекше ықыласты болған десетін еді. Арлы басын қадірлегені-ау, шамасы. Рас болғаны ғой. Текті кісі екен ғой Бейсекең. Шәкірті үшін әрбір профессор осылай шырылдаса ғой, шіркін!?» – Көке, – деді сосын. – Көке, әңгіме жоқ, Сіздің шәкіртіңізге бір орын табармыз. Ал, өзіңіз кетемін дегенді, айта көрмеңіз. Керек болса мына мен де Сізге арқа сүйеп, жаңа қызметке келіп отырған жоқпын ба!? – Ондай болса, рахмет Өмірбек. Ал, жаңа келіп жатсың қыз метке. Сенің де досың, дұшпаның бар. Сөз келетін болса, мен бүгін кетуге дайынмын, қарағым. – Жо, жоқ, көке, сөз келмейді. Жігіттерге тапсырамын. Бәрі де орындалады. Қызметіңізді атқара беріңіз! Алма Қыраубайқызының ұлттық университеттегі өмір жолы осылай сабақталып еді...
Профессор дәріс оқиды. Ассистент практикалық сабақ жүргі
зеді. Уақытын ғылымға молдау бөлсін деп келер жылы ұстаз шә
кіртін аспирантураға ауыстырды.
Ұмытпасам 1973 жылы «Қазақтың ХХ ғасыр басындағы де
мократ жазушылары» аталатын курстан лекция оқитын профес
сор Бейсембай Кенжебайұлы сырқаттанып қалды да, емтиханды
біздің курс студенттерінен екі аспиранты Арап Еспенбетов пен
Алма Қыраубаева қабылдайтын болды. Екі топ. Бірінен Арап
қабылдайды, келесісінен Алма... Студент үшін баға үлкен мәселе!
Баға мәселесінде Арап дарқандау да, Алма қатаңдау...
Менің де «Бейсекеңнің шәкірті» атанып, мақалаларыммен кө
рініп қалған кезім. Бейсекеңнің үйінен түстік ішемін... Шамасы,
дандайсу пайда болған. Бәлкім, емтиханды Бейсекеңнің өзі ала
ды деп қалдым ба?!.. Әйтеуір дайындығым шамалы. Оны өзім
де білемін. Оның үстіне ауыр курс. Алма апай әрі сұрады, бері
сұрады. Қосымша сұрақ беріп жетелеп көрді. Жауабым көңілде
гідей болмады. «Бестік» алармын деген басым «үштікті» төңірек
теп жүрмін. Әңгімеге Арап араласты. «Төрттік» деген баға алып,
басым салбырап шықтым... Басым салбырап шығып бара жатып,
естігенім «Ағайдың балалары жақсы оқуымыз керек» деген сөз
болды.
Әдебиет әлеміндегі Алма Қыраубаеваны алғаш жақын тануым
осы жолы.
Араға бір-ер жыл салып Алма кандидаттық диссертация қор
ғады.
Бейсембай Кежебайұлының ол күнгі қуанышын сөзбен айтып
жеткізу мүмкін емес. Перзентті болғаннан әрмен қуанды. Күні
бойғы әңгімесі көне әдебиет және Алма болды. «Тақырыбы қиын
еді. Табандылығымен алып шықты» деп қояды жарықтық, шәкірті
диссертация қорғайтын күні кірпі етіп қиған шашын қолымен
сипап-сипап жіберіп.
Кейін ойласам, ақсақалдың қуанатынындай бар екен. Бұған
дейін М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдиықовты қорғатып, ерте
дәуір әдебиетін құлаққа сіңіріп үлгерген ол, Қыраубаева диссер
тациясымен дұшпандарын біржолата тұқырта жеңген екен. «Ал
тын орда дәуірінің әдебиеті» аталатын тың тақырыптың игері
луі – Бейсембай Кенжебайұлының қазақ әдебиеті тарихын түрік
тану арнасында зерттеудің тиянақты, тыңғылықты жүзеге асуы,
жансебіл ғалым тарихи мектебінің толық қалыптасуының айқын
көрінісі болып шықты.
Десе дегендей, Алма Қыраубаева еңбегі қазақ әдебиеттану
ғылымы үшін ғана емес, жалпы түріктану ілімі үшін жаңалықты дүние еді. Қуанса қуанатындай бар болатын. Түркологиялық ор талықтан алыста бір шалғайда жатып, қазақ әдебиеті тарихын ортақ арналарға қарай қаншама керілген кермеге қарамай, табанды сүйреп келе жатқан әріптесі – Бейсембай Кежебаевич әрекетінен бірдеңе шығатынына мәскеулік достары да сене бастады. Әсіресе, көз көрген достары – С.Е.Малов пен Әмір Нәжіп. «Алтын орда» дәуірі әдебиетін А.Қыраубаева талмай зерт теп, талай зерттеулер жазды. Жан-жақты зерттеп, кең танытты, кемел еңбек берді. Өзі «Алтын орда» дәуірі әдебиетінің бірденбір білімді, талантты зерттеушісі ретінде мойындалды. «Ғасырлар мұрасы» (Мектеп 1988) атап, толымды еңбек берді. Оны «Бұл ең бегімді кеңесші аға, кемел ұстазым болған профессор Бейсембай Кенжебаевтың жадымда мәңгі сақталатын жарқын бейнесіне ар наймын! Автор» – деп көне әдебиет көшбасшысы, ұлы ұстазы – Бейсембай Кенжебайұлы рухына бағыштады. Әрі «ХІІІ–ХІV ға- сыр ескерткіштері түпкі бастаулары тереңде жатқан қазақ әде биетіндегі ежелгі дәуірлердің бір арналы бұлағы. Оны алғаш Бей сембай Кенжебайұлы «Алтын Орда дәуіріндегі түрік әдебиеті» деп атап, бұл бір дәуір әдебиетінің түбегейлі зерттелуі керек екенді гін қазақ әдебиеттану ғылымының алдына проблема етіп қойып берген еді» (Аталмыш еңбек, 3 бет) деп адалын айтып, ұстаз рухы алдында басын иіп, тағзым етті. Расында да А.Қыраубаеваның бұл еңбегі тыңға салған тү рен дерлік, зерттеусіз жатқан тұтас бір дәуірді алдымен «Қисса сүл әнбия» мен «Мұхаббат наме» секілді екі ескерткіш арқылы тарихи талдау жасап, ғылыми айналымға айналдырған, кейін келе тұтастыра зерттеп арналандыра түскен, ғылымға қосылған үлкен үлес дерлік ғылыми маңызды еңбек болатын. Көз жүмарының алдында аталған еңбегін қайта қарап, тың әдеби ескерткіштермен толықтыра отырып «Алтын Орда» дәуірінің әдебиеті» аталатын толымды ғылыми еңбегін аяқтаған болатын. Ұмытпасам, көлемді үзіндісі «Егемен Қазақстан» газетінде «Алтын Орда» дәуірінің әдебиеті» деген атпен жарық көрді. Ал, тұтас ғылыми еңбектің кейінгі тағдырынан хабарсызбын. Алмадай шәкіртіне дисссертация қорғату жолында Бейсекең нің С.Е.Малов, Ә.Нәжіп секілді сыйлас Мәскеулік ғалымдарды тілектестікпен қолдауға шақыра жанұшырғанын жазысқан хатта рынан, өзінің айтуынан кейін білдім. Қалай айтқанда да «Алтын Орда» дәуірінің әдебиеті» – Алма Қыраубаевадай шынайы ға лымның басты еңбегі болып қала бермек. Еңбектің толымды нұс
қасы ұрпақтары қолында болса толық күйінде қайта бастырса нұр үстіне нұр. Қолжазбасы табылса, қолқабыс жасар едік. Оқу бітіріп біз жайымызға кеттік. Алма апаймен қайта жүз десуіміз тағы да Бейсекеңнің айналасында. Біз бала болып Бейсекең қолына кірдік. Алма, Арап, Зинол, Жанғара, Жақа, Зина, Кеңес, Катя... дегендей жастар қарияны қау малады. Бейсекең тәлімін алсын деп біз оларға есікті еркін ашып қойдық. Мұхтар, Рымғали сынды төл шәкірттері өз алдына, Жа расхан мен Шөмішбай шалдың көңілін сұрай келіп, шарап ішіп еркелеп аттанады... Алма апай бір күні үйге дәу қара шалды ерте келді. Бала көз бен қараппыз. Әйтпесе елудің ішіндегі кісі болса керек. Алма апайдың әкесі! Мүтәліп Қыраубаев! Көңілді кісі. Халық ақыны. Домбырамен толғады. Әңгіме айтты. Қарық қылды. Елден келген кісі. Қазақша сұрасты. Менің ағам болып шықты. Қыз алысып, қыз беріспейтін жақын ағайын. Әу бастағы келісі – қызына кан дидаттық диссертация қорғатқаны, тәрбиелегені үшін алғыс ай ту секілді. Мүтәліп қария сөзінің әуені – «Әуел баста Құдай ал дында сұраусыз – Сіздің қызыңыз дегем. Сол сөзім – сөз! Қыз – Сіздікі, мен әншейін ағасы ретінде қолыңызды алып, алғыс айтып шығайын дегенім ғой...» Алма апай Бейсекеңнің халін білуге кемі аптасына бір рет келіп кетеді. Әйел адам. Балалы-шағалы. Дұшпаныңа тілемейтін, мінезі біртүрлілеу ері бар. Өлең жазады. Өлең дұрыс қонбаса кісіні қияли етіп жібереді деуші еді. Сол рас болмағай деп ойлап қоямын Алма апайдың елірме мінез еріне қарап. Адамға Алла-тағала бар бақытты бірдей бере бермейді екен-ау деймін тағы да іштей. Аттылы кісі дерлік аяулы Алманың күйеуі жаяудан әрман. Тіпті қай жағынан да. От басында толып жатқан осындай қиындықтары бар Алма апай әкесіндей болған ұстаздың халін білуге аптасына уақыт тауып жатады. Адалдығы. Шынында Алма – боямасы жоқ, болмысы таза шынайы жан еді. Баян екеуміз (менің жарым) Алма апайдың үйіне сирек те болса барып тұрамыз. Апайдың көңіліне қараймыз. Үйді ұқсата ұстап отырған – Алма. Әйтпесе, күйеуі – құдай аманат жан! Сөйтіп жүріп ҚазМУ-де сабақ береді. Сөйтіп жүріп үш қарғасына қарайды. Сөйтіп жүріп ғылым жасайды. Сөйтіп жүріп қазақ қыздарын ұлттық дәстүрде тәрбиелейтін тұрпаты – ұлттық, болмысы бөлек мектеп пе, лицей ме, әйтеуір бір кіші оқу орнын ашты. Сөйтіп жүріп көгілдір экраннан ән салады тамылжытып. Жамбылдың жыраулық әуенін «Жамбыл сазы» атап кітап жазып,
теориялық тұрғыдан дәйектеп, өзі домбырада орындап тірілтеті
нін қайтерсің?! Абысын-ажындарының атын атап, түсін түстеп
«Жамбылдың келіндері» атап толқыған ой, төгілген тілді очерк
кітабын жазып аяқтады. Абысындары туралы келін толғамы.
Қандай тәлімді! Не айтса ұлттық дәстүрден туындата айтады.
Не нәрсе жазса – ұлттық болмыстан туындатып тамылжытып та
маша жазады.Табанды табиғат, мақсатты адам. Әйел басымен
осындай ерге бергісіз ірі істердің басы-қасында жүреді. Басы-қа
сында жүреді емес-ау, зіл-батпан міндетті мойнына артып, бір өзі
арқалайды. Туған елі үшін тау көтерген Толағай қыз...
Арманы асқақ еді Алма апайдың.
Кейде көзіне жас ала ойға алған армандарын айтып отыратын.
Арман жеткен жерге ғұмыр жетпесін білді ме?! Кейде өзі бастаған
істері алға жүрмей, көзіне дүние шер болып байланған пенделер
жүргізбей қиын қылғанда дықарт болып жасып отыратын. Жа
сындай жарқылдап ғұмыр кешуге тиісті үлкен ойлы, жұпар жү-
ректі әзиз жанның жасып отырғанын көргенде бірге жасып қалу
шы едік.
Өнерлі, ойлы жанның бар арман-мұратын тізбелеп отыру
орынды бола қоймас. Арман тұтып, алға межелеп қойып жүзеге
асырған, асыра бастаған істерін атап-атап өтсек те аз болмас
бізге. Тұрмыс ауыртпалығымен тайталаса жүріп тындырған ісінің
салмағы қандай Алма апайдың?
Ұстазы ұсынған тақырып дарынды шәкірт үшін ауыр бейнет
болумен бірге абыроймен атқарған міндет те болып шықты ақыр
көгентүпте. Алма тақырыпты арналандыра еңбек етті. «Ғасырлар
мұрасы» монографиясы, «Ежелгі әдебиет» оқулығы, ақын Төре
гелді Тұяқбаевпен мойынсерікте тәржімалаған «Мұхаббат наме»
– Алма Қырайбайқызының түріктану саласындағы тындырымды,
ұзақ жасайтын баянды еңбектері. Н.И.Конрадтың шығыстанушы
арабист Крачковский туралы айтатын әдемі бағалауы бар. Шы-
ғыстанушы болу – әм тілші, әм әдебиетші, әм тарихшы болуды
қажет етеді деген. Алма апай өзінің жоғарыда аталған еңбектерін
де шығыстанушыға қажетті әлгі қасиеттерді тал бойына табиғи
жинақтаған ірі ғалым! Алманың бұл саладағы еңбектерін М.Жол
дасбековтің, М.Мағауиннің қадіріне жете бағалағанын білеміз.
Тақырыптас адамдар – тағдырлас адамдар. Олардың арасында бі
рінің еңбегін екіншісінің қадіріне жете бағалауы да, бағасын біле
тұра қызғанып, әділ сөзін айтпаушылық та кездеседі. Бейсекең шә
кірттері бір үйдің үйелмен-сүйелмендері секілді ғой. Аты аталған
ғалымдардың өзара ынтымағына сүйсінеміз. Әрқайсысының ең
бегін дербес бағалап мерейленеміз. Бір өкініші – соңғы жылдары
алғаш Бейсекең бағыттаған, шәкірттері тындырымды іс тындыр
ған ежелгі әдебиетке қазіргі жастар зерттеуге бармайтын, баспай
тын болды. Өкінішті.
Он алты ақынның айтысын көлемді алғысөзбен кітап етіп бас-
тырған Алма апай «Хисса-дастандар» тақырыбында докторлық
диссертация қорғады. Түрлі себеппен кешіктіріп қорғағаны бол-
маса, сәтті ғылыми еңбек жасады.
Алма апай өмірінің соңғы кездерінде Түрік қағанаты тарихы
нан жекелеген әңгімелер жазып, жариялай бастаған еді. Түрік ха
лықтарына ортақ ежелгі әдебиетті зерттегеннің бір пайдасы! Та
рихты деректі баяндап әңгіме жазу – орыс әдебиетінде С.П.Алек-
сеевтің тынбай атқарған, бар өмірін бағыштаған сүйікті ісі. Бұрын
азаматтық тарихымызда айтылмай келген, айттырмай, ұмыттырып
жібере жаздаған қымбат тақырыпта балалар психологиясын ес
керіп, олардың қабылдау мүмкіндігіне орайластырып деректі әң
гіме дерлік дәйекті дүниелер жазу – Алма апайдың ғалымдығы-
мен бірге шынайы ұстаздығынан да туындап жатқан міндет бола
тын. (Алмадай курстасының деректі әңгімелерін әдемі кітап етіп
шығарып берген Әшірбек Көпішевке өз басым ризашылығымды
айта-айта отырамын). Ол шынайы ұстаз болатын.
Жан Жак Руссоның «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өз уа
қытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» (З.Қабдол қазақшалауы)
деген ұлағатын Алма Мүтәліпқызына арнайы айтсаң әбден жа
расатын еді. Шәкірттері жанына жақын жүретін. Шәкірттері се
нісіп әңгімесін айтып, ашық сырласар еді Алма апаймен. Тіпті
тұлымшағы желбіреген қыздар, бұрымды бойжеткендер мен боз
балалар Анасындай көрер еді Алма апайды. Алма апай да шәкірт
терін бауырынан тараған баласынан кем көрмес еді. Олардың кө
ңіл-күй құбылыстарын бақылап күнделіктерін жүргізетін. Ақыл-
кеңесін аямай сырласа отырып жүректеріне нұр құйып беретін.
Тұрмыста бақытты бола алмаған мұңдық ұстаз шәкірт-қыздары-
ның бақытты болуын бар жан-тәнімен тілеуші еді ана-бейіл Ал
ма! Кісі «Жаным садаға!» – деп зарығып көрген, Қорасанға қой
айтып жүріп, мойнына моншақ тілеп Құдайдан сұрап алған туған
баласына ғана айтар болар. Шәкірттерінің бақытын аялаумен өт
кен Алма ұстаз олардың өмірінен алынған түрлі штрих, детальдер
ді пайдалана отырып жазған публицистикалық кітабын «Жаным
садаға!» атап еді-ау! Жаным садаға»... Алманың осылай аталатын
еңбегі қазақ тәрбие мектебінде сирек кездесер тәлім-тәрбиелік
өнегесі бойында тұнып тұрған аса қызғылықты, аса бір тағлым
ды этнопедагогикалық публицистикалық еңбек. Бірде төрімізде
мұңданып отырып: «Ұстаз болып сабақ берген соң балалар білімді,
бақытты болса деген оймен барыңды бересің. Кейде олар ақыл сұ
рап алаңдайды. Тапқаныңды айтасың. Кейде ойлаймын: «Осы мен
балаларға кітаби тәрбие беріп жүргенім жоқ па? Мен айтар ақыл-
кеңес мына құбылған заманаға жарар ма? Адал тәрбиеленгендіктен
олар мына теңгенің сылдырына ден қойған зырылдақ қоғам үдерісіне
ілесе алмай қалып қойып жүрмей ме? – деп пұшайман боламын» –
дегені бар.
Көрдіңіз бе, шәкірттерінің тағдырына қалай алаңдайды, Алма
апай?! Кейде «ағылшын мектебінде тәрбие жолы былай», «фран-
цуз мектебінде дәріс ыңғайы мынадай» деп әлемдік алғы мек
тептер тәжірибесін әңгімелеп отырушы еді. Оқығаны-тоқығаны
бар, өз тәжірибесінен түйгені бар, соларды жүзеге асырмақ бо
лып, Қаскелеңнен жер алып, қыздар ұлттық лицейін ашты. Жұ
мысы жүріп кеп берді. Балалар ықыласты. Балалармен бірге олар
дың ата-анасы ықыласты болды Алма ашқан мектепке. Бұрын
ашылған, әбден қалыптасқан мектептер жабылып қалып жатқан
да, жаңа мектептің – жаңа типті мектептің аяғынан тұрып, жұмыс
істеп кетуі екіталай уақыттар келді дүниені аударып-төңкеріп.
Бірер рет Сара Алпысқызы жәрдем етті. Сатымпаздық әрекет,
пайдакүнемдік психология иектеді әкім-қараларды. Ақыры Алма
апай ашқан ұлттық моделді мектеп жабылып тынды. Үйін еріне
қалдырып, балаларын жетектеп шығып кетіп, пәтер жалдап күн
кешкенде қабағын мұң шалмаған, ренішке бой алдырмаған Алма
апай мектебі жабылғанда күйіп кетті. Кісісі өлгендей күйіккешті
тіршілік кешті...
Алма апай 1997 жылы болар, елу жасқа толды. Алматыда
«Ғалымдар үйінде» әдемі кездесу болды. Үй ханшайымы Ғайне
кен Бибатырова туған апасына айналып, бауырмалдықпен қызмет
етті Алма апай тойына. Төрде Тұрсекең – профессор Тұрсынбек
Кәкішұлы отырды. Кешті мен жүргіздім. Шәкірттері Алма апай
дың құрметіне көгершін ұшырды. Ақшамда той «Пионерлер
үйінде» жалғасты. Тойды Өмірхан Әбдіманов жалғай жетеледі.
Тойға анасы қатысты. Курстастары бір үйдің баласындай үйіріліп
отырды, иіріліп биледі. Ой, бір тамаша той болып еді. «Бір тойым
болары сөзсіз менің...» Қыршын Төлеген ғой. Алманың да бір то
йы өтті солай!
Ш.Ыбыраев үшеуміз мектепке арнап оқулық жазбақ едік. Тұ
рымтай тұсымен, біз Түркістанға көшіп кеттік. Шәкір – Түркиеге!
Сол ой аяқсыз қалды.
Алма апайды 2000 жылы Түркістанда ашылған Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне оқу бітіруші лердің емтихан төрағалығына шақырдық. 12-мамыр күні келді. Алақанға салып аялай күттік. Түркістан жерінде Алма апай сол жолы көп шәкірт тапты. Кісіні табиғи баурап ала жөнелетін кі шіпейіл, білімдар, өнерлі жан еді ғой Алма апай. Аудиторияда дәріс те оқыды, Мәдениет сарайында кездесу-сырласу ән-кешін де өткізді Алма апай! Жұрт тәнті. Алма апамыздың өмірге құштар көңіліне дән риза болыстық. Өмірдегі қиындықтарды жеңіп, өмірді құштарлана сүйіп өтіп келеді екен-ау деп ойладым өз басым. Алмадайын ғазиз жүректі асыл адамның текті ұстаным, тебіре- ністі тіршілік кешуіне соншама қуандым. Бір ай шамасы Түркіс танда болып Алма апай Алматыға қайтты. Әріптес ағасы Мырзекең – Мырзатай Жолдасбеков шақырып, Алма апай жаңа оқу жылынан Еуразия университетіне профес сорлық қызметке ауысты. Көп ұзамай сырқатқа ұшырады. Айық пас дерт. Арнайы барып көңілін сұрадым. Әруаққа айналған кей- пін көріп жылап қоштастым. Ұлын үйлендірді. Тойына бара ал мадым. Ұзамай туған әпкемдей болған аяулы жан дүниемен бір жолата қоштасты. Сонда ойлаймын-ау, Түркістанға төркіндей кел- гендей болған екен-ау деп. Сонда ойлаймын, Түркістанға төркін деуге ғана емес, бой жасауға да келгендей екен-ау деп. Қазақта әпке деген әдемі ұғым бар. Аса дарынды әдебиетші ғалым, дарулы әнші Алма Қыраубай қызы туған әпкемдей болған ғазиз жүрек жан еді. «Ақынның то йы тарқамайды...» Кім айтқаны есімде жоқ. Өмірде күрсінісі көп теу ғұмыр кешіп, жастау кеткен Алма апай да тойы тарқамас қазақтың ақынжанды ғалым қызы еді, шіркін! Мен қазақтың қыздарына қайран қалам!
ДҮНИЕ БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН...
(Тағдыры қызық әдебиетші Н.А.Раевскиймен жүздесу)
...Жетпісінші
жылдардың
аяғында
Санкт-Петербургте
болғанымыз бар. Ежелден Қазақстанмен етене жақын, руха
ни сабақтас қала ғой Санкт-Петербург. Тағдыр қостап осын
дай тарихи қалаға тап болған соң, ашырқана аралап, қызыға
тамашалайтының – Эрмитаж, «Пушкин үйі», театр, Ф.М.Дос
тоевский музейі, Салтыков-Щедрин атындағы бай кітапхана,
архив секілді тарихи орындар болмағы түсінікті. Орыс әдебиеті
тарихын зерттеудің кіндігіне айналып отырған «Пушкин үйі
не» кіргенімізде қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері ғалым
Григорян біздің Алматыдан келгенімізді естіген соң:
– «Іргелі пушкинтанушы Раевский сау-саламат па?» – деді.
Біз білгенімізше әдебиетшінің күйлі-қуаттылығын, «Портрет-
терге тіл бітсе», «Портреттерге тіл бітті» – кітаптарының
жарық көргенін айттық. «Пушкин үйі» ғалымдары жерлес
әдебиетшіні аса жоғары бағалайтынын аңғардық. Аталмыш кі-
тапты тауып жібере аласың ба деген қолқаны көп естідік сол
жолы. Ол аздай әдебиетші, ғалымдар Раевскийдің Чехосла
вакияда жүріп жазған дәптерінің «Пушкин үйінде» сақтала
тынын да мақтаныш тұта әңгімеледі. Ізін індетіп арнайы ат
сабылтып келген ісіміз ленинградтық ақын, қазақ әдебиетінің
үлкен досы – Всеволод Александрович Рожденственскийдің
архиві жүйеге түспегендіктен қарауға мүмкіндік болмай дағда
рып тұрған біз енді «Раевскийдің дәптерін көрсетіңіз» – деп
қиылдық. Оның да реті келмеді. Қолжазба ертегіде айтылған
дай қат-қабат «сандықта» сақталады екен, қатынас қағазы ке
рек екен, Раевскийдің рұқсаты керек екен... «Керек» көбейген
сайын біз шарасыз халге түстік те, тілегімізге жетпей қайтқан
едік Алматыға.
Алматыға қайта оралдық. Одақтық, республикалық мер
зімді баспасөз Николай Алексеевичтің тосын тағдыры, қызық
ты шығармашылығы жөнінде құйылтып жазып жатты. Шы
ғармалары бір том, қос том болып әр кезде дүркін-дүркін қайта
басылым көрді. «Портреттерге тіл бітсе» кітабының тиражы
шарықтап миллионның үстіне шығып бара жатты. Шет елдік
әріптестер де Раевский шығармаларына «құда» түсе бастаға
нын байқап жүрміз. Тек аңызға айналған ақсақалға жолығысу
дың сәті бір түспей-ақ қойғаны... Зулап күндер, жылжып жыл
дар өтіп барады. Тоқсанды төңкерген жазушы өмірі, шығар
машылық жолы жайлы сан алуан сұрақтарын оқушылар ре
дакцияға да жолдайды. Түрлі-түрлі себеп қамшылап ақыры
телефон шалдық.
– Ауруханада, – деді әйел даусы.
Бірсыпыра уақыт өткізіп және телефон құлағын көтердік.
– Шықты. Үйде, – деді әйел даусы.
Белгілі уақыт кестік те, Жамбыл жасына жақындап келе
жатқан қарт әдебиетшімен жолығысуға асықтық. Жылдар бойы
ойда жинақталған сұрақтарды әзірледік.
Арпылдаған «Кадоны» балконға, мияулаған «Читаны» әйе
лі бөлмеге қуып тықты. «Өзімнің биолог мамандығыма опа
сыздық жасадым» деп есептейтін қаламгердің үй жануарла
рына ықыласын аңғардым. Қария «Ақылды ғой біздің Кадо,
ақылды ғой», – деп отырды. Ақылды иті костюм етегін жыртып
қолымызға ұстата жаздағаны қаперіне кірер емес. «Флейта
тартсам Кадо ән салады», – деп шаттанды.
Стол үстінде магнитофон, «Простор» журналының грифі
басылған конверт. Конверт тысына «Джафар и Джан» балет»
– деп жазып қойыпты. Демек қаламгерлік қазаны әлі қайнайды
деген сөз бұл. Бұл құралдарға соңынан оралармыз деген оймен
көңілдегі жұптаулы сұрақтарға көштік. Істік мұрын, қасқа
маңдай, шүңірек көз, аппақ қудай ақ шашты ақсақал суланған
жанарын бір сүртіп, бізді үйге киетін киімімен қарсы алғаны
үшін кешірім өтініп, әңгімеге орайласты.
– Өзіңіз өмірлік қызығыңызға айналдырған ұлы ақын
А.С.Пушкин ұлылығын тұңғыш таныған пушкинтанушы кім?
– дедім.
– Пушкин ұлылығын тұңғыш таныған пушкинтанушы емес,
– деді ол ақын есімін айтқанда дүбірді аңсаған кәрі жүйрік
тей жігерленіп, – халық. Халықтан асқан көреген кім бар?
Оқушылар Пушкин дарынын қарашадайынан таныды да, оны
балалық думанынан тез ажыратып алып, өздерінің ұлан-асыр
міндеттерін арта бастады, өз бағаларын айта бастады. Пушкин
ге халықтан жасырынуға мұрша қалмады да – халқының көз
алдында өзінің ұлы туындыларын тудыра бастады... демек
тұңғыш пушкинтанушы – халық.
– Венгеров, Бонди, Благой, Цявловская, Фейнберг, Алексеев,
Селиванов, Измайлов, Дементьев – бәрі де пушкинтанушылар.
Ұлы ақын мұрасын үзіліс-үздіксіз зерттеуші ретінде осы ға
лымдардың қайсысын жоғары бағалайсыз, қайсысымен жа
қын қатынаста болдыңыз?
– Олардың көбімен жақсы қарым-қатынаста болған адам
мын. Әсіресе Цявловская мен Измайловты аса зор құрметпен
еске аламын. Олар менің ғылымдағы ниеттестерім, өмірдегі
достарым еді.
– С. Абрамович «Пушкин 1836 жылы» аталатын кітабында
ұлы ақын қазасының объективті және субъективті себепте
рін аша келіп, оның сүйген жарын ардақтау, отша қаулаған
ғайбат-өсектен арашалау жолында опат болғандығын ақи-
тақи айқындады. Абрамович концепциясын құптайсыз ба?
– А, Стелла ма? Өкінішке қарай, қазір мен оқудан қалып ба
рамын. Оның кітабын оқи алған жоқпын, оқытып тыңдадым.
Ең алдымен мәселенің қойылысын дұрыстап алайық. Расында,
мен оның концепциясын емес, ол менің пушкинтанудағы кон
цепциямды қолдайды. Кітаптың өзі менің концепциямды қол
дау бағытында жазылған. Сол себепті де мен оның еңбегін
қолдаймын, пікірлеріне қосыламын, ақылды, жақсы кітап деп
бағалаймын. Алда қолымнан келгенінше оған қамқор болу мақ
сатындамын. Егер Пушкин тақырыбын жалғастырар болсам
Стелламен байланыста отырармын деп есептеймін.
– Жетпісінші жылдардың аяғында «Пушкин үйіне» барып
тұрып Сіздің дәптеріңізбен танысудың реті келмеді. Тиісті
рұқсат қағаздарым болмағандықтан қолжазба бөлімінің ға
лым-қызметкерлері рұқсат етпеді. Енді ол дәптерлер жөнінде
авторынан сұрамақ ниетте отырмын...
– Ол дәптерлердегі материалдар негізінен чех тілінде, рұқ
сат ете қалған күнде ажыратып оқи алмауың мүмкін. Менің
қолжазба, архивтерімнің дені «Пушкин үйінде» сақталады.
Олардың бірсыпырасы шет елден әкелінген мемориалдық бұ
йымдар, дәптер-конспектілер, екіншіден шығармаларымның
черновиктері. Ұзын-ырғасы үш мың беттен астам қолжазба сол
«Пушкин үйінде» сақтаулы.
– Ә, солай ма? Міне, мәселе қайда? Сіздің документалист-
әдебиетші ретіндегі жолыңыз 1965 жылы жарық көрген ша
ғын ғана «Егер портреттерге тіл бітсе» кітабынан, ал белле
трист-жазушы ретіндегі жолыңыз «Жафар мен Жан» (1966)
ертегі-повесінен басталады. Пушкинтану саласындағы еңбек
теріңізді аз-кем әңгімеледік қой, енді «Жафар мен Жан» ер
тегі-повесінің тууына оралсақ.
– Мен бұрын бұл шығармамның қалай жазылғаны жөнінде
шындықты жартылай айтумен шектелген едім. Өйткені бұ
рын жартылай шындық жағдайында өмір сүрдік емес пе. Ен
ді жариялылық, демократияға байланысты ақиқатты қаз-қал
пында жеткізуді парыз санаймын.
Шет ел буржуазиясымен байланысы бар деген жаламен
1945 жылы бес жылға бас бостандығымнан айырылдым. Ота
нына жете алмай, буржуазиялық елде тұрған адам, әрине, бур
жуазиялық ортамен байланыста болады да. Сөз болғаныңа?
Ол суық жымиды. Бәлкім тағдырына өкініші шығар. Неміс
басқыншылары Праганы басып алғанда оны неміс фашисте
рі тұтқындайды. Ал 1945 жылы Чехославакияны жаудан та
зартқан Совет әскерлері Раевскийді тағы тұтқындайды. Ке
сім әлгіндей. Шіркін уақыт?!
Сот үкімі шыққан соң бір вагонмен Сібірге жөнелтілдік.
Отыратын орын бар да, аяқ созып бір сәт дем аларлық жағдай
жазаға кесілгендердің арасында жоқ. Жалығып, зерікпес
үшін, әрі уақыт өткізу мақсатында кезектесіп ойдан шығарып
қызықты әңгімелер айтуға ұйғардық. Кезек маған да келді.
Жазықсыз жаладан жабырқап, жапа шегіп отырған мен не
айтарымды білмей қатты қиналдым. Қиналғаным сонша қара
терге түстім. Бір уақытта қайдан, қалай шығарғаным белгісіз
қайдағы бір «Жафар мен Жан» оқиғасын ойлап тауып, ертегіні
ағыздым келіп. Жұрт ұйып тыңдап қалған. Жұрт ықыласы
арқамды қыздырды ма, әйтеуір үш күн, үш түн суырып салып
жырладым. Бейне импровизатор ақын секілді. «Жафар мен
Жан» хикаясын айтып аяқтаған соң көпшілік маған орын жоқ,
аяқ алып жүре алмайтын вагон ішінен жататын «жай» бөліп
берді. Бұл – менің тұңғыш гонорарым еді...
– Ал енді вагондағы азғантай адамды ғана емес бүкіл Ке
ңестер одағының, қала берді бірнеше шет ел жұртшылығын
қызыққа кенелткен «Жафар мен Жан» ертегі-повесінің хатқа
түсуіне келсек ше? Шығарма қашан, қайда жазылды?
– 1950 жылы жазықсыз жаладан сотталған кесімді уақытты
өтеп, бостандыққа шықтым, азаматтық правомды алдым. Бі
рақ әлі де орталық қалаларда тұруға рұқсат етпейтін. Мен
сол себепті Красноярск өлкесінің Минусинск қаласына қоныс
тептім. Өйткені Мартьянов атындағы музейге көмегім тиер, сол
арқылы күн көрермін деп ойладым. Музейде ғажап жәндіктер
коллекциясы бар еді. Жазуға жағдай жоқ, жалдамалы нашар
пәтерде шынысы сынған, керосинмен жанатын білте шамның
күңгірт сәулесімен жапырақша-жапырақша жұлым-жұлым қа
ғазға қарындашпен «Жафар мен Жан» ертегісін түсіре баста
дым. Үй иесі – Сібірдің шаруа әйелі «Николай Алексеевич, көз
майыңды тауысып қайтесің? Кім оқиды ол шатпағыңды?» –
деп жаны ашып, құдайдың құтты күні көңіліме пессимистік
уағыз құюмен болды. Ал мен дамылсыз жазумен болдым. Ер
теректе жазылуына қарамастан повесть 1966 жылы Алматыда
басылды. «Жафар мен Жан» осылай жазылды.
– Әрине, шығарма қолжазба куәгері айтқан кепті киюден
аман ғой. Әлемнің көптеген тілдеріне аударылды емес пе?
Оның үстіне «Джафар мен Джан» балет» деген ишара жа
зуды да оқып отырмын мына конверт тысынан. Шамасы
балетке желі еткен түріңіз бар секілді ғой. Бұл да шығарма
өміршеңдігі кепілі.
– Әлбетте. Шығарма дүние жүзінің көптеген тілдеріне ау
дарылды. Әлгі әйелдің пессимистік сөзін ұмытып та кеткен
екенмін. Жақында осы кітаптың Чехославакияда екінші мәрте
басылуы тұсында ойыма жаңғырығып қайта оралды. Соңғы
кезде «Жафар мен Жанды» Чехославакияда инсценировкалап,
сахнаға қойды. Аталмыш шығарма бойынша либретто жаздым,
балет-музыкасын қазақ композиторы Базарбай Жұманиязов жа
зу үстінде. Повесть қазақ тіліне аударылып басылған еді, өзіме
бір ғана данасы тиді, оқушылардың пышақ үстінен үлестіріп
алып кеткені соншалық, кітап дүкендерінен өз кітабымды өзім
ала алмай қалдым. Ол үшін қуанбасам өкпелегенім жоқ, әрине.
Әйгілі әдебиетші «Жафар мен Жан» және «Ақынның соң
ғы махаббаты» кітаптарының шет елдік басылымдарын ерек
ше сүйсініспен көрсетті бізге. Қилы-қилы тағдырды бастан
кешіп кешеуілдеп жарық көрген «Жафар мен Жан» повесі
словак тіліне «Шахзада Жанның махаббаты» деген атпен, ал
соңғысы «Ақынның соңғы махаббаты» – деген қаз-қалпында
аударылыпты. Сөзден ой, ойдан сөз туындап жатты. «Ақын
ның соңғы махаббаты» кітабы 1984 жылы аударылғанда Че
хославакияның ірі тарихи романисі Ян-Ленчо кезінде Чехос
лавакияның жерінде тұрған автор тағдырына қызығып, сұ
растырып бағыпты. Қызық болғанда шет елдік әріптесінің
сұрауына Қазақстан Жазушылар одағы: «Сіз тағдырына қызы
ғып отырған Николай Алексеевич Раевский дін аман, Алма-
тыда тұрады» деп жауап бергенде ол таңданысын жасыра ал
мапты. Аңсар билеген чех жазушысы 1984 жылы арнайы келіп,
қос ғасыр куәгері – тоқсанды еңсерген қария, тағдырының соқ
па-соқпасы көп Раевскиймен жолығысып, кеңінен әңгімеле
сіпті. Өзінің арнайы ала келген кітабын: «ХХ ғасырдың ұлы
жазушысы Н.А.Раевский және оның жары Надежда Михай
ловнаға. 4.8.1984» деген қолтаңбамен сыйлапты. Тап қазіргі
кезеңде олар «Портреттерге тіл бітсе» кітабын аудару үстінде
екен. Жақында аудармашы арнайы келіп кетті дейді ол. Демек
кезінде дәм-тұздас болған, творчествосына азық, шығармасына
алтын арқау тапқан бауырлас Чехославакиямен ол қаламгерлік
қатынасын жалғап келеді деуге болады. Осы орайда Николай
Алексеевичке қояр кезекті сұрақ та ойда жұпталып үлгерген
еді.
– Чехославакияда жүргенде шығармашылық еңбекпен айна
лысқаныңыз, тіпті Прага университетінің жаратылыстану
докторы атағын алу үшін ғылыми еңбек аяқтағаныңызды бір
жазбаңызда айтқан едіңіз. Сол кездегі ғылыми еңбектеріңіздің
тағдыры не күйде? – дедім мен.
– Мен кезінде еңбегімнің тағдыры түгілі, өз тағдырымның
өзін билей алмай қалғанмын. Қазір шет елде жүргенде
жазған еңбектерімнің тағдырынан бейхабармын. Аз ғана
күткенде докторлық еңбегім арнайы кітап болып басылатын
еді, күтпедім. Пушкин мұрасына деген махаббатым алды-
артыма қаратпады, өзге ештеңеге мойын бұрғызбады. Қазіргі
жариялылық, демократия кезеңіне арқа сүйей іздестірсем
кейбір қолжазбаларым «Октябрь революциясы» музейіне келіп
түсіпті. Сол секілді өзге қолжазбаларым да табылып қалуы
мүмкін.
– ХІХ ғасырда орыс әдебиетінің гүлдеуімен бірге эписто
лярлық жанрдың өсіп-өркендеуіне мейлінше кең жол ашыл
ды. Егер эпистолярлық жанр марқайып өспесе, адамдар
арасында хат жазу, жазылған хатты мұқият сақтау дәс
түрі болмағанда Сіздің «Пушкиннің досы – Нащекин» ата
латын деректі повесіңіз дүниеге келмес еді ғой. Сіздің бұл
шығармаңыз В.В.Кунина құрастырған «Пушкиннің достары»
(1986) аталатын қызықты қос томдықта айрықша жоғары
бағаланды. Осыдан Сіздің эпистолярлық жанрға көзқарас, қа
тынасыңызды суыртпақтасам деп отырмын.
– Пікірің дұрыс. Егер ол хаттар сақталмағанда аталмыш
шығарма жазылмайтын еді. Бір шығарманың жазылмауын
соншалық зор өкінішке айналдырмай-ақ қоюға болар еді, ең
өкініштісі – келешекте бүгінгі күннің Нащекиндері жөнінде
жазылуға тиісті талай шығармалар тумай қалғалы тұр. Неге
десеңіз телефондық қатынас эпистолярлық жанрды шектен тыс
ығыстырып барады. Хат қазір өте сирек жазылады. Өткен ға
сырдан бізге көп хат қалды, ал бізден кейінгі ұрпаққа хат тым-
тым аз қалады. Хат сақталмағандықтан ертеңгі ұрпаққа біздің
жан байлығымыз жетпейді. Сол өкінішті.
– Өзіңіз «Портреттерге...» және басқа шығармаларыңызға
қанша хат алдыңыз?
– Нақты санын айта алмаймын. Әсіресе «Портреттерге...»
еліміздің тысынан да, ішінен де көптеген хат алдым. Хаттар
менің шабытымды тасытты. Жаңа шығарма тұсында жебелеп
отырды.
– «Портреттер...» Сізді Кеңестер Одағының көптеген әй
гілі пушкинтанушыларымен байланыстырды. Атақты пуш
кинтанушылардың әсіресе қайсысымен жиі хат жазысты
ңыз? Олардың хатын сақтадыңыз ба?
– Әсіресе жоғарыда есімдерін құрметпен еске алған Цяв
ловская мен Измайловтармен көбірек хат жазыстым. Мысал
келтірер болсам менің Татьяна Григорьевнаға жазған хаттарым
жеті папка болыпты. Ал мен одан екі жүз алпыс екі хат алдым.
Сол секілді «Пушкин үйі» қолжазба бөлімінің меңгерушісі
болып ұзақ жылдар жемісті жұмыс істеген Измайловпен де жиі
хат жазысуыма тура келді.
– Благоймен ше?
– Аз.
– Бондимен ше?
– Аз.
– Ол хаттардың келешегі жөнінде қандай ойдасыз?
– Бірін қалдырмай ұқыптап жинақтап қойдым. «Пушкин
үйіне» жөнелтемін...
Жазушы өтінішімен жары Надежда Михайловна бізге бір
сыпыра хатты көрсетті. Өте ұқыптап қатталған, сала-сала бо
йынша жүйеленген хаттарға қызыға қарадық. Жазушы енді ол
хаттарды Санкт-Петербургке жөнелтпек. Содан ары хат өзінің
екінші өмірін бастайды, ұлы ақын мұрасына қызығушы көп
шіліктің игілігіне айналады. Қазақ қаламгерлерінің сүйегіне
сіңбей, әдет-дағдыға айналмай келе жатқан ұқыпты іске сүй
сіндік.
– «Қазақстанның хирургиялық қызметінің очеркі» атала
тын ғылыми мақалалар жинағынан Н.А.Раевский мен белгілі
сынықшы (травматолог) ғалым Естөре Оразақовтың халық
медицинасы жөнінде тізе қосып жазған «Халық медицинасы
Қазақстанда» мақаласын оқығанымыз бар. Пушкинтану мен
қазақтың халық медицинасы арасынан бәлендей сабақтас
тық көре алмаймыз. Қазақтың халық медицинасына қызы
ғуыңыздың сырын ашсаңыз, Николай Алексеевич?
– Мені көптен ойландырып жүрген бір мәселе – Пугачев
көтерілісі ізімен қазақ жеріне келген Пушкиннің халық меди
цинасына қатысы болуы әбден мүмкін деген ой. Ал қазақтың
халық медицинасына Пушкин қызығатын болса, Раевскийдің
қызығуы кісі таңқаларлық құбылыс болмайды. Оның үстіне
менің бір мамандығым биология ғой... Жә, мәселе онда да емес.
Ертегіде айтылғандай, ертеде – 1908-1909 жылдары шамасында
болуы керек кітапханаға барып жүріп бір журналдан көшпелі
киргиздар (қазақтар) жайында өте қызықты мақала оқыдым.
Бір сөйлемі әлі есімде: «Сие, кочевники культуре весьма спо
собный» деп жазылыпты онда. Мақалада қазақтың халық ме
дицинасы жөнінде көптеген қызықты мәліметтер келтірілген.
Бала шақтағы осы мақала мәліметі жадымнан шықпай-ақ қой
ғаны. Оның үстіне мен он жеті жыл қазақтың клиникалық-хи
рургиялық ғылыми-зерттеу институтында атақты ғалым Сыз-
ғановтың қарамағында қызмет істедім. Шет ел тілінен медици
на жаңалықтары жайлы мәліметтерді аударып беретінмін. Мі
не, сол жылдары бала күнгі оқыған әлгі материал мені қайта
дан мазалай бастады, санамда жаңғырықты. Мен қамқор бас
тығым, әрі досым Сызғановтың жәрдемімен командировка ал
ып Ленинградқа барып, кітапханада сарылып отырып жұмыс
істедім. Қазақтың халық медицинасы жөнінде жинаған көп
материалды Естөре Оразақовпен бірлесе отырып мақала жа
зып, жарияладық. Мен қазақтың халық медицинасын ерекше
қастерлеймін.
– Өміріңіздің Алматыда өтіп жатқанына, сірә дә, өкін
бейтін секілдісіз. Алматы есімін қашан, қалай естідіңіз? Тау
баурайындағы осынау жасыл жапырақ жамылған қалада тұ
рармын-ау деп ойлаған сәттеріңіз болды ма?
– Бұл сұрағыңа да әлгі сөзіммен сабақтас жауап беремін.
1908-1909 жылдары гимназияда оқып жүргенде география
оқулығында мені қызықтырған екі сурет болды. Ол қайдағы
бір тау қойнауындағы Верный аталатын қаланың жер сілкініп,
су тасығанға дейінгі және кейінгі фото суреті. Әлгі фотоға
бала қиялмен үңіліп қарап отырып, әлдеқандай қызықтан
құр қалғандай «көзіммен көрер ме едім, шіркін?», – деп
армандағаным есте. Бірақ күндердің күнінде ол қалаға бауыр
басып, түпкілікті қоныс теуіп қалармын-ау деп ойлаған емес
едім. Тағдыр. Алматыға 1961 жылы келдім. 1978 жылға дейін
жеке пәтер жалдап жүрдім.
1978 жылы осы пәтерді алдым да, шығармашылық іспен
алаңсыз айналысып жатырмын.
– Шығармашылық мәселеге қайта оралсақ «Портреттерге
тіл бітсе» жалдамалы пәтерде жазылған болды ғой?
– Оған дау бар ма?
– Аталмыш шығармаңыздың жолы жеңіл болды ма, тұ
сауы қалай кесілді?
– Қайдан жеңіл болсын. Қолжазбамды арқалап бармаған
жерім, ашпаған есігім қалмады. Орыс, қазақ деп бөле жаратын
ештеңе жоқ, екі ұлттың аралас бір топ белгілі қаламгерлері
«Пушкиннің біздің республикамызға қатысы қанша» – деп
қасарысты. Өзіме де күдікпен қарағысы келді. Ақыры Қазақ
стан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы бірінші хат
шысы Д.А.Қонаев қолжазбамды өзі оқығаннан кейін қырсығым
кесіліп, көзім ашылып жүре берді...
– Бұдан аттай бес жыл бұрын «Портреттерге тіл бітті»
кітабыңыздың таралымы бір миллион екі жүз мың еді. Қазір
қаншаға жетті?
– Қазір бір миллион тоғыз жүз мыңға жетті. Енді бір секір
сек екі миллиондық тираж болады.
– «Простор» журналы 1982 жылғы бірінші санында
«Отанға бағышталған ғұмыр» аталатын деректі кітабыңыз
дан үзінді жариялады. Арада бірнеше жыл өтті. Кітаптан
хабар жоқ...
– Әне-міне аяқтау үстіндемін. Есесіне «Простор» «Ерікті
лер» аталатын екінші бір повесімнен үзінді жариялау үстінде.
– Шығарма не туралы?
– Азамат соғысы жылдарын қамтиды.
– «Дүние бір қисық жол бұраңдаған...» деп қазақ өлеңінде
айтылғандай өмірлік ұзақ сапарыңызда «көлді» де, «шөлді» де
көрдіңіз. Мемуарға зауқыңыз соқпай ма?
– Қайран қазақ өлеңінде қалай жақсы айтылған десейші,
тура маған арналғандай. Менің өмірлік жолым тек қисық қа
на емес, төтенше, айрықша бұраңдаған қисық жолдар ғой.
Демократия, жариялылық салтанат құрып жатқан кезде неге
сол бұралаң жолдардың бүгіліс-түгілістеріне дейін ашып жаз
басқа? Жазамын мемуар. Тіпті жазып та жатырмын. Осы әсіре
сақтықты жиып қойып шынын айтайыншы, мемуарым төрт
бөлімнен тұрмақ. Алғашқы кітап «Шәкірттік жолдарға»,
екінші кітап «Аласапыран – соғыс жылдары» үшінші кітап
«Сандалыс жылдары», төртінші кітап отаныма «Оралуым»
жөнінде болмақ. Кітаптар солай аталады. Соның алғашқы
кітабын аяқтадым. Мың бет қағаз болды.
– Құттықтаймын, Николай Алексеевич! Өзіңіз жаңа ғана
құпияланғанды қоямын дедіңіз ғой. Егер әсіре құпия болмаса
қалай, немен жазатыныңызды білсек...
– Көз көруден қалды. Енді қалам ұстап қарық қылмасым
өзіме аян. Менің жанымды сақтап жүрген мынау «Маяк» маг
нитофоны. Ойымды жинақтап магнитофонға оқимын, ал әйе
лім Надежда Михайловна лентадан қағазға көшіреді.
– Жеке дарын әдеби мұрасын үзіліс-үздіксіз зерттеу деген
сөз – тақырыппен тыныстау деген сөз. Жаныңызды жады
ратқан пушкинтанудың ең соңғы – соны жаңалығы бар ма?
– Әлі жария болмаған бір жаңалықты құпиялап қана айта
йын. Пушкин талантына табынушы бір кісі таяуда ұлы ақын
ның ата-анасының француз тілінде жазысқан хаттары табылды
деп хабарлады. Бұл – үлкен жаңалық. Бұл – пушкинтанудың
беймәлім беті ғой, құдай-ау. Егер ол хаттар ашылатын болса,
құбылыс деп білемін. Ол хаттар орыс тілімен бірге француз ті
лінде де басылып шықса деп армандаймын. Біздің Пушкиннен
аяйтын неміз бар?! Менің тоқсан төрт жасымды тербеткен осы
жаңалық болып тұр.
Айтса-айтқандай, ол «Дабысым кетер жалпақ Ресейге» –
деп жырлаған ұлы ақын А.С.Пушкиннің асыл мұрасымен ты
ныстап отыр. Пушкинтанудың үлкен беліне айналған, бар ғұ
мырын ұлы ақын мұрасын тану, танытуға бағыштаған марқас
қа ғалымдардың соңғы жұрағатындай болып дін-аман отырған
Николай Алексеевич Раевскийге сол жолы әңгімесі үшін алғыс
айтып, қаламгерлік табыс тілеп қоштастық.
* * *
Сәби шыр етіп жарық дүниеге келгенде дәм таусылып, тәні
тиер жердің топырағы бұрқ ете түседі деген сөз бар емес пе,
қазақта?! Шамасы, шалғай Украина жерінде Николай Алек
сеевич шаранаға оранып, жанарына алғаш жарық нұр шалын
ғанда Алматы топырағы алған демдей бір көтеріліп басылған
болар, сірә. Мынау жалғанда ұзақ та, бұралаң жолды ғұмыр
кешкен Н.А.Раевский 1988 жылы желтоқсанның 16 күні Ал
матыда көз жұмды. «Дүние бір қисық жол бұраңдаған...»
ІЗГІЛІК ИІРІМДЕРІ
(Қазақуар қаламгер Дм.Снегинмен сұхбат)
Тапсырманы естігенде көз алдыма кейіпкердің келбеті
елестеп тұра қалды. Ұлғайған жасына қарамай көше бойлай
бойын тіп-тік ұстап маңғаз басып бара жататын ақ шашты
қызыл сары сұңғақ кісіні алғаш қашан, қайда көргенімді есіме
түсіре бастадым.
Жетпісінші жылдары. Қазақстан Мемлекеттік орталық
архивінің оқу залы. Дәрі иісі аңқыған көне қағаздармен алғаш
сырласуға келгенде төрде төбедей болып осы кісі отырған. Рас,
онда самай ақ, бас бурыл еді. Ұзақты күн шаншылып отыратын,
ара-кідік орнынан тұрып керекті архив материалдарын саябыр
сұрағанның өзінде даусы жолбарыстың үніндей гүр ете түсетін
сырықтай ұзын сары шалды жұрт «жазушы Дмитрий Сне
гин» деп сыбырлап таныстырған. Сонда біздің есімізге беделі
бел алып тұрған Сәбит Мұқановтың «Гвардеец бауырларға»
аталатын өлеңі түскен.
Есек жау, арғымақсып кісінедің,
Кісінеу ниетіңді түсінемін.
Добымен зеңбіректің өңешіңді,
Бітейді Дмитрий Снегин... –
деп жырлаған Сәбит Мұқановтың үні келген құлағымызға. Жа
лынды офицер, жауынгер кейіпкер архивте нендей хикметпен
жүр? Бақсақ, ол Алматыда туған, Алматыда өскен, майданға
Алматыдан аттанып, майданнан Алматыға қайта оралған. Жа-
уынгерлік саптан абыроймен оралған ол Алматыда жазушы
лық сапқа тұрған. Әдебиет әлемінде ол Алматының көркем
шежіресін жасаушы ретінде танылды. Архив материалдарымен
ұзақты күн үнсіз сырласатын жазушы «В городе Верном» ата
латын тарихи деректі трилогия жазып шықты. «Бұрынғы Ал
матыда» деген атпен қазақ тіліне аударылған романның ас
танаға айналған әсем қаланың бұрын-соңды тарихын табуға,
кезең-кезеңдік қайраткерлер келбетін көруге болады.
Сексенінші жылдары. Қазақстан Мемлекеттік орталық ар
хивінің оқу залы. Көргенім тағы да сол сырықтай ақ шұнақ
қызыл шал. Алғашқы көрген сәтпен салыстырғанда сәл
еңкіш тартқан. Самайындағы ақ қырау басты түгелге жуық
жапқан. Ұзақты күнге шаншылып, жұмыс істейтін ол маған
сонда АРХИВ – АДАМдай көрінген. Ол өзі туып-өскен жердің
шежіресін іздеуден әлі танбапты. Алматы азаматтары жайлы
тың деректер іздеп тауып, жаңа шығармаға ден қойып жүр
екен. Архив – өлі материал қоймасы дегенге сенбейтін, ондай
дүмбілез пікірге жанымен қарсы жазушы архивпен сырласып,
қоймада сақталған сарғыш парақтардың бүгіліс-түйілістерін
асықпай-саспай баппен жазып, өзінің сүйікті Алматысының
келбетін көз алдына келтіріп, айтар концепциясын ойында
жұптап жүр екен ғой. Кейде біз қыбырлап жүрген тіршілік ие
сін тірі деп ойлаймыз, үнсіз жатқан архив деректерін өлі деп
есептейміз. Алайда кеудесін сүйретіп қыбырлап жүрген өлім
сектің бәрі тірі емес екенін, бойында ел, жер, тағдырлар сыры
сақталған архив материалдарының оларға қарағанда өміршең
екенін жете пайымдай бермейміз. Сол сырық бойлы АРХИВ
– АДАМ күндердің күнінде «Бұрынғы Алматыда», «Атқан
таң және талтүс» аталатын романдары бетінен сөйлеп кеп
кеткенде талай сырға қанғанбыз. Оның шығармаларының не
гізгі кейіпкерлері Жетісу жұрты, Қазақстанның қилы-қилы
тағдыр кешкен қайраткерлері. Олар орыс, қазақ, ұйғыр, дұнған
ұлттарының өкілі ретінде тарих сахнасында қол ұстасып бір
ге жүреді. Ол жыр алыбы Жамбылмен, жыр дүлділі Ілияс
Жансүгіровпен, қызыл сұңқар Сәкен Сейфуллинмен, арымас-
талмас еңбек торысы Бейімбет Майлинмен жиі жүздескен,
Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден
Мұстафин секілді қабырғалы қаламгерлермен қатар қызмет
атқарған, Қазақстан мәдениетін көтеріскен қалам қайраткері.
Қан майданда қазақтың халық батыры Бауыржан Момышұлы
мен тізе қосып бірге соғысты. Әдебиет майданында қолтық
тасып қатар қимылдап, бірсыпыра еңбек етті. Міне, енді осын
дай азамат, жауынгер, шежіре қаламгермен жүздесуге келе жат
тым.
Келіскен кесімді уақытта жазушы үйінде жолықтық. Ар
хивтегі дидар таныстықты пайдаланып, жазушыны еркін әңгі
меге тарттым.
– Әңгімені неден бастаймыз? – деді жайдары жазушы.
– Бәрі де балалықтан басталады. Балалық шағыңызды ес
ке алыңызшы. Әрі В.И.Ленин атындағы советтік балалар қо
рының қазақ бөлімшесінің төрағасысыз...
– Расында осы бір жауапты жұмысты жүктегелі балалар
тағдыры жайында жиі ойлайтын болып жүрмін. Өзімнің ба
лалық шағыма да қиялмен жиі саяхат шегемін. Балалық шағы
мның нұрлы сәттерін көремін сонда.
Мен қазіргі Достық даңғылы иығына орналасқан туберкулез
институтының қасындағы бір үйде жарық дүниеге келдім. Ал
менің туған жерім – жер жәннаты болатын. Табиғат аясында
тудым, табиғат аясында өстім. Сұлулыққа іңкәрлік, сұлулыққа
ғашықтық сол сәттерден сабақталады деп білемін. Әкем қазақ
тіліне судай кісі еді. Қазақ достары көп болатын. Ол кезде
қазақтар Алматының төңірегіне ауыл-ауыл болып қоныс теу
іп, мал бағып отыратын. Қазақтар менің әкемді «Шодыр» дей
тін. Қоңыраулатып қойған есімін ұмытқандай әкем қазақ дос
тарының солай атауына әбден үйренген. «Шодыр» десе «әу»
деп жауап қайырады. Біздің ошақ әсіресе Матай есімді қазақ
үйімен жиі араласты. Көп балалы Матай әкеммен дос-жар еді.
Олар сонда таудан отындық қусақ ағаш кесіп, шанаға тиеп
әкеліп, қаладағы базарға сатып азық-түлікке айналдыратын.
Әкем ошақ, қазан-аяқ жасайды келістіріп. Ағам Иван қазақ қыз-
жігіттерімен ойын-тойда қазақша айтысқа түсетін дуылдатып.
Мен де едәуір жетік едім қазақ тіліне. Әлгі қазақ досымыз
Матай балаларымен құлын-тайдай шұрқырап өстік. Қазақта
«балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» дейтін мақал бар.
Осы мақалдың философиялық мәнін мен кейін түсіндім. Бақ
сам, Матай үйінің балалары бірін-бірі тәрбиелеп, бірін-бірі
жетелеп жеткізіп жатыр. Әрі бұл керемет ұйымдасқан жұмыс
күші. Бәрі ой-арманын, мұң-мұқтажын ортаға салса ойын-күлкі
де, той-думан да сонда. Қауымшылдыққа үйрететін семья, от
басындағы көп балалық – барлық қастерлі істің қайнар бас
тауы, алтын қазығы дер едім. Бір шаңырақта неғұрлым бала
көп болса ол соғұрлым тәрбиелі болып өседі. Өзімшілдік эго
изм, көрсе қызарлық, меншікшілдік, сараңдық аз балалы ша
ңырақта бой көрсететін жалғыз, жалқылықтан тамыр тартатын
жағымсыз құбылыс. Өйткені қазір әр семьяда бір не екі баладан
ғана бар. Жалғыз бала болғандықтан оны барынша әздек қы
лып тәрбиелейміз. Өбектеп үстіне түсеміз, не ішем, не кием
десе бәрін де мөлдектетіп қоямыз. Ал «қарын тоқ, қайғысы
жоқ» дара өскен әздек бала ойыншығы қаншама көп бола тұ
ра оны ешкімге ұстатпайтын (тоғышар) эгоизм ырқында тәр
биеленеді. Эгоизм бүр жаратын сәт осы! Қара күзде тауға ба
рып бауда алма ағашының сабағына ілініп, қалтырап тұрған
жалғыз түйір алманы көргенің бар ма? Әр ошақтағы жалғыз
бала маған сабағынан үзіліп түскелі тұрған сол жалғыз түйір
алмадай елестейді.
Мен келген тоқтам: отбасы – тәрбиенің төресі. Ананың сүті
– адамгершілік қасиеттерді бала бойына сіңіреді, ал ананың
емізіп отырып айтатын әні, ыңылдап салған әуені адамгерші
лік, ізгілік сабақтарын баланың құлағына құяды, санасына
сіңіреді. Қазақтардың «Бесік жырында ғажайып тәрбиелік мән
бар» дейтін менің майдандас досым Бауыржан Момышұлы
мақтанышпен. Іле оның көңілін әлдеқандай мұң бұлты торлап
«Сөйте тұра қазақтар қазір «Бесік жырын» айтпайтын болып
барады», – дейтін күрсініп. Дұрыс айтады менің досым! Ата
лық дәстүрді ұмыту – адамгершілік сабақтарынан ажырау бо
лып табылады.
Ол аздай-ақ біз баланы отбасылық тәрбиеден де жырақтата
бастадық. Мұның басты себебі аналардың уақытты көп алатын,
ия ауыр жұмысқа жегілуіне байланысты. Ондай жұмыстағы
аналардың бала тәрбиесіне тіпті де мойын бұруға мұршасы
бола бермейді. Аналардың қызмет істеуі бір жағынан тіршілік,
күнкөріс жағдайынан туындайтын қажеттілік. Алайда, бала
тәрбиесіне жанымыз ашыса, абзалы аналардың жұмысбасты
хал кешуінен гөрі бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлгені қоғам
үшін де, өзі үшін де пайдалырақ деп ойлаймын. Неге десеңіз,
жұмысбасты әйел ешуақытта жарының үсті-басына, бала тәр
биесіне қарайды, уақыт табады деп ойлау қиын. Онсыз да ән,
әсем сазсыз тоспақұлақ болып тәрбиеленген бала енді келіп
отбасылық тәрбиеден де жырақ қалады. «Әй дейтін әже, қой
дейтін қожа» жоқтықтан бала бағусыз да, қағусыз да өседі.
Қиын да қиқар, болашағы неғайбыл балалардың шығатын себе
бі, міне, осыдан. Еуропа елдерінің бірқатарында сәбилі болған
ананы екі-үш жылға дейін жалақымен қамтамасыз ету, ретіне
қарай одан кейін де жағдай жасау тәжірибесі кездеседі. Ал бізде
бала өлімін азайту жолы – аз туу деп есептейтін, сондықтан
бала өсіміне тежеу болғысы келетін кейбір дүмбілездер бар
көрінеді. Шамасы, бұлар сәби үнінің әуен-әуезін сезбейтін,
олардың уіліне жаны ерімейтін жадау жандылар болса керек.
Ертелі-кеш бізде сәбилі аналарға мемлекеттік негізде молдап
жағдай жасайтын халге жетерміз деп ойлаймын.
Ал біздің бала кезімізде «қазақпен дос бол» деп ешкім ар
найы айтпайтын. «Интернационализм» деген термин де бола
қойған жоқ біздің кезімізде. Шынын айтқанда ондай термин
нің, әлгіндей үгіт-насихат сөздерінің қажеті де жоқ еді, бізге.
Біз онсыз да қазақ балаларымен бірге ойнап, мидай араласып,
біте қайнасып өстік. Мен қазақ балаларымен бірге өткен бал
дай тәтті балалық шағыма әрі шексіз ризамын, әрі белшемнен
борыштымын деп ойлаймын.
– «Қазақтар ағаш кесіп әкеліп қала базарына сатады», де
діңіз, Дмитрий Федорович, шығармаларыңызға, суреттеуіңіз
ге қарағанда бұрынғы-соңғы Алматы орман ортасына орнық
қан қала емес пе?
– Ә, таудан ағаш тасып әлекке түсудің қажеті не дейсіз
ғой. Жалпы адам табиғаты қайшылықты-ау деймін. Қазір та
биғатты қорғайық, ағашты қырықпайық деп құдайдың зарын
қыламыз. Ал іс жүзінде керісінше істейміз ғой. Ал ол кезде
қаланың іші жап-жасыл орман, тұп-тұнық ауа. Алайда қала
ішіндегі ағашты ешкім де қырықпайды. Зәуде бір ауру ағашты
кесе қалса орнына дереу екінші бір жас шыбықты еге қою
ешкім міндеттемей-ақ салт еді. Ілгеріде Верныйдың генерал-
губернаторы Колпаковский қаланың ағашын рұқсатсыз кескен
кісіні жауапқа тартатын болған. Тау бөктерінде малын жайған
шаруа баққан қазақ ауылдарының қусақ ағашты қырқып әкеліп
базарға сататын себебі де сондықтан.
– Менің байқауымша, Сіздің өспірімдік бозбала өмір кезе
ңіңіз қазақты қынадай қырған 1932-1933 жыл оқиғасына сәй
кес келеді. Ол жылдары Сіз қайда едіңіз? Ойлы жас ретінде не
көріп, көңіліңізге не түйдіңіз?
– Мен ол кезде Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы инс
титутының жеміс-жидек факультетінде оқушы едім. Ептеп
өлеңмен әуестенетін әуейі жаспын. Бір жағынан менің әріп
тестерімнің жолы болды ғой деп ойлаймын. Өйткені орталық
тан ұлы оқымысты Чаянов, Чехович, ботаник Васильков секілді
ғалымдар Алматыға қоныс аударған. Біз олардан дәріс тыңда-
дық. Соншалық үлкен оқымысты адамдар бола тұра, олар сту
дент жастармен қоян-қолтық араласып кетті. Қазір жоғары оқу
орындарында белгілі адамдар сабақ береді. Бірақ, айталық,
профессор мен студент арасында көзге көрінбейтін үлкен қор
ған жататын секілді. Ал әлгі оқымыстылар ғылымдарын жетік
білуі өз алдына, олар өмірдің өзге құбылыстарынан да көп
біледі, өте көп біледі. Білгенін айтудан аянып та қалмайды.
Олар бізге тәрбиенің көшеде өзіңді ұстау, кешті қалай өткізу,
тойларда билеу секілді қарапайым түрлеріне дейін үйретуден
бір жалыққан емес. Олар ұлы ғалым ғана емес, әзіз жүректі
тәрбиеші де еді ғой. Кейін ойлап қарасам, олар сол кездің өзінде
Алматыға жер аударылып келген кісілер екен. Алматыға жер
ауып келген адамның бірі – атақты академик Тарле. Ол Қаз МУ
мен Қаз ПИ-де тарихтан лекция оқиды. Ауыл шаруашылығы
институты мен басқа да жоғары оқу орындарының студенттері
академик Тарленің лекциясы болатын кезде сабақтан қашып,
әлгі аталған оқу орнының біріне барамыз. Сығылысып отырып
атақты ғалымның лекциясын тыңдаймыз. Мұның бәрі жақсы-
ау. Егерде жанымыздай жақсы көрген ұлы оқымысты Чаянов
Алматы түрмесінде өлмесе... Ал бұл оқиға өсіп келе жатқан
жастардың жанын жаралап кетті.
Ол жылдары елде нан жоқ, ашаршылық жайлаған. Біз бол
сақ қас қылғандай жеміс-жидек факультетінің агрономдық бө
лімшесінде оқимыз. Көше толы адам кейпінен кетіп қалған аш-
жалаңаш жандар. Көше толы мәйіт. Ұжымдастырудан кейінгі
жылдар. Бәлкім, бұл аштық болмас та ма еді, егерде республика
басшылары жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігі, салт-дәс
түрімен санасса. Голощекин деген басшы Свердловскіде пат
шаны һәм оның балаларын қырып жіберген рақымсыз ақ көз
әпербақан болатын. Патшаны өлтіру дұрыс-ақ болсын. Ал ба
лаларының жазығы не еді? Әкесі үшін баласын жауапты етпеу
керектігін біз әрдайым есте ұстайтын едік. Міне, сондай адам
кімді аясын? Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жергілікті
халықтың көп жылдық кәсібімен сабақтастыра шешпеген соң,
тірлік қайдан оңсын?! Қазақ мыңдаған жылдар бойы мал бақ
ты. Еділбай секілді қойдың неше түрлі көз қызығатын тұқымын
өсірді. Қазақтың алдындағы малын алып, өздерін әлі үйреніп
жетпеген егінге қаратса, халық күйремегенде қайтеді? «Асыра
сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген зіл-зала уытты сөз
сол жылдары шыққан еді. Әрине, қазақ халқы тек мал шаруа
шылығымен ғана айналысқан жоқ. Мәселен, Алматының ма
ңында «Тарғап» деген село бар. Бұл – этимологиясына зер сал
сақ, қап толы тары деген сөзден шықпай ма? Әйтпесе Ғабиден
Мұстафин жазатын ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев бір
күнде туа қалған жоқ қой. Мәселе шаруашылықтың осы екі
түрін жергілікті халық үшін егіз қатар сабақтастырып, дұрыс
ұйымдастыра білуде еді ғой. Оны істейтін Голощекин бе?
Задында қай уақытта да жергілікті халық психологиясы,
ұлттық ерекшелігін білмей ел басқару – ұяттың көкесі. Ондай
жерде асыра сілтеу болмай тұрмайды. Ол кезде қазіргі 28 пан
филовшылар паркі мейлінше кең болатын. Қазақстанның әр
қиырынан босып келген аш-жалаңаш ауру араласқан мұңды
халықты сол парктің ішіне жергілікті әкімдер қуып тықты.
Ал аштықтан көзі қарауытып, тірсегі тірсегіне соғысып Ал
матыға әрең жеткен аш-жалаңаш жандар парктің ішінде ісіп-
кеуіп өліп жатты. Парк маңы кісі өлімінен ит тұмсығын сұға
алмайтын халде сасып кетті... Обал-ай! Ондай қасірет болмас
бұл ғаламда?
Біз оқуды социализм үшін деп оқыдық, социализмді нығай
тамыз деп ұрандап жүрдік. Сол жалаң ұрандардың астарында
кісі өлтіріліп жатқанын сезбедік, біз. Ол кезде даңқты бағбан
Мичурин тірі еді. Москва маңында Козлов деген қалада тұрады
деп естідік. Естідік те, студент жастар жиналып, Козлов (қазіргі
Мичуринск) қаласына аттандық. Вокзалдан түсіп Мичурин
ақсақалдың үйін іздеп барамыз. Жол-жөнекей аттылы, арбалы,
жаяу-жалпы босқан қазақтар көшені бермейді. Кәрі, жас, әйел,
еркек, сәби... бәрі де аралас.
– Қайдан жүрсіздер? – деп жөн сұрадым бірінен.
– Құдай-ау, естіген жоқ па едің, Қазақстанды аштық қа
мады. Өлер болған соң бет-бетімізге босып көшіп жөнелдік,
– деді олар өксіп.
Жүрегімнің бір тал қылы үзіліп түскендей жаным қиналды.
Амал нешік? Босқын қазақтар көшеде түнеп жүрді, арыды,
ашты, шаршады, қамықты, көшелерде өліп қалып жатты.
Біз Мичуриннің үйіне бардық. Ол кісі салғаннан:
– Жүздерің неге сұп-сұр, қандарың неге қашыңқы? – деп
сұрақпен қарсы алды.
– Алматыдан келген студенттерміз, – дедік біз шулап.
Әдемі киінген ақсақал бізді бір ай үйіне кіргізбей бағында
жұмысқа жекті, түнде далаға түнетті. Өзі тәлтіректеп зорға
жүреді. «Мен ашқан жаңалық – менікі. Алайда сендер үшін
ашылған» дейді ол. «Барбарис» аталатын ағаш егіпті. Өкінішке
қарай жемісі ащы. Ұлы ғалым сол ащы жемісті тұщыту үшін
жиырма тоғыз жыл үздіксіз ізденіп, түрлі эксперимент жүргі
зіпті. Ақыры «Барбаристің» тәтті жеміс берер сортын ашып
ты. Бұл – ғаламат ерлік еді. Қайтар күн таянғанда бағбан ата
бәрімізді үйіне кіргізді. «Айнаға қараңдаршы енді» – деді ол.
Айнаға қарасақ, жүзіміз күнге күйіп, тотығыпты. «Міне, ең
бектің пайдасы» – деді сонда ғалым. Бір ғажабы үйі тола сағат.
Сағаттың неше атасы бар-ау. Біз таңырқадық. Ол түсіндірді.
Бақсақ, ұлы бағбан жұмыстан қолы боста сағат жөндеуді жаны
сүйеді екен.
Біз Алматыға оралдық. Сапарға аттанардағы көрініс қайтып
оралғанда тағы алдымыздан шықты. Адам өлімі қай уақытта да
аянышты. Ал адамзат болашағы болып табылатын балалардың
өлімі ересек жандардың өліміне қарағанда да аяныштырақ
еді. Сондықтан шығар, 1932-1933 жылдар трагедиясын ойыма
алсам, көз алдымда балғын балалардың мәйіті елес береді.
– Өзбекстандық жазушы Георгий Марьяновскийдің «Тағ
дырлар кітабы» (Ташкент, 1988 ж.) аталатын деректі туын
дысын оқыған едім. Сонда автор Ұлы Отан соғысы жылдары
ата-анасынан айырылған көптеген балаларды қарапайым
өзбек аналар асырап алғаны, бар жанымен қамқор болып өз
перзенттерінің аузынан жарты тілім нанды жырып, ығы
сып келген жетімдердің аузына тосқанын жазады автор.
Тіпті Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комите
тінің сол кездегі бірінші секретары Осман Юсупов өзі бас
болып Ленинградтан ығысып келген Фаина Барышева есімді
панасыз қыз баланы асырап алыпты. Мұндай мысалды қазақ
жағдайынан да көптеп келтіруге болады. Жеке адамға та
быну салдарынан Қазақстанға жер аударылған шешен, қа
рашай, балқар, әзербайжан, грузин, неміс, поляк семьяларына
қазақтардың пана болғанын тарих біледі. Ал 1932-1933 аштық
жылдары өзіңіз айтқандай ісіп-кеуіп өліп жатқан балалардың
кеберсіген ерніне нәр тамызуға егін салатын республиканың
тұрғылықты орыстарының қолынан келмегені қалай, Дмит
рий Федорович?
– Түсіндім, жас жігіт, түсіндім сұрағыңды. Сұрағыңа қара
ғанда сен қазақстандық орыстар ашықпады деп ойлайтын се
кілдісің. Жоқ, достым, олай емес. Шын мәнінде олар да ашық
ты, олар да тарықты. Мысалы, біз өзіміз таудан тамыр қазып жедік. – Дмитрий Федорович, әйтсе де, жергілікті орыстар ди қаншылықпен айналысты. Әрі ескі қордасыны болды ғой. Шы нын айтқанда, 1932-1933 жылдар қазақтар үшін Шекспир ке йіпкерінің тілімен айтқанда «өмір сүру әлде жер бетінен өшу» деңгейіне жеткен ұлттық трагедия болды емес пе еді? – Бәрібір олар да ашықты. Ал жеке біздің семьяға келсек, біз ол жылдары ашыққан қазақтармен нәпақа бөлістік. Алайда көзі адырайып тірідей әруаққа айналған аштар көп еді. Бәріне бірдей пана болу мүмкін емес-ті. – «Бір қиырдан бір қиырға» деп А.Твардовский айтқан дай, ендігі әңгімені қазақ халқын бір қиыннан бір қиынға са лып қинаған, қайғысын асқынтқан қанқұйлы 1937 жылдың трагедиясы хақында әңгімелесеңіз. – Мен ол жылдары Түркіменстанда әскери борышымды өтеу үстінде жүр едім. Әйтпесе, кім білсін, мені де біреу көрсе- тіп, екінші біреу ұстап әкетер ме еді, қайтер еді. Ашхабад пол кінде қызмет етіп жүрген мен қазақ жазушыларымен байланы сымды үзбегем. 1935 жылы І.Жансүгіровтің «Кеңес» аталатын өлеңдер жинағын орыс тіліне аударып, кітап етіп бастырған мын. Әдеби байланыс арамызда жақсы орныққан. Ілияс әскерде жүрген маған үш хат жазды. Әрине, мен де зор махаббатпен жауап хат жаздым Ілекеңе. Бір ғажабы тумбочкамда сақтаулы тұратын көп хат, жазбалардың арасынан Ілияс Жансүгіровтің үш хаты ұшты-күйлі жоғалды. Кімнен сұрарымды, кімнен кө рерімді білмедім мен сонда. Неге десеңіз, дивизияның бүгінгі жақсы комиссары ертең «халық жауы» болып ұсталып кетіп жатты. Кісінің жүрегін тітіренткен сол 1937 жылы Алматыға келу дің сәті түсті. Сағыныштан, қуаныштан қамалын бұзып кетер дей бұлқынған жүрек, шарасынан асып-тасыған көңіл Алма тыға келген соң су сепкендей басылды. Қазақстан Жазушылар одағында досым Павел Кузнецовқа жолықтым. – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиндер ұсталды, – деді ол. – «Халық жауының» қатарында сенің досың Ілияс Жансү гіров те кетті. Аяулы адамдар шетінен кетіп, олардың орны қаңырап бос қалып жатыр. – Павел Кузнецовтың көзінен мұң көрдім...
Қайтып келе жатып көшеде Сәбит Мұқанұлын кездестірдім.
Құшақтасып-ақ қалдық. Ақ жарқын Сәбиттің көңілі құлазың
қы, кеудесі басылыңқы. Жанар қыдыртып, көзбен сөйлестік.
Сәбит шыдамай сөйлеп қоя берді.
– Митя, партия ұр дегенді ұрдым, қой дегенді қойдым. Енді
өзім «халық жауы» болыппын. Қалай тіршілік кешеміз?
Өзін коммунистік партияның адал жауынгері санайтын тым
жігерлі, отты Сәбит Мұқановтың жігері жығылған соң, өзгеге
не жорық?
Ол әрбір ұлттың ойлайтын миын улап, ақыл-парасатынсыз
жұмыс істейтін қолын ғана қалдырған қасіретті жылдар болып
өтті ғой. Одан аман қалған жан жоқ. Тәні аманның да жаны
жаралы болып жартыкештеніп қалды, інім!
– Қадірлі, Дмитрий Федорович! Қаламдас дос, қанжығалас
құрбыларыңыздың басын жұтқан қасіреттің жаныңызға жа-
ра салғанын, ол жараның әлі жазылып болмағанын әлем-тапы-
рық жүзіңізден көріп отырмын. Алайда, қасірет қайталанбас
үшін де қанқұйлы оқиғаны байыптап талдау қажет. Осы
тұрғыдан қарағанда өзге ұлт өкілі ретінде жалпы қазақ хал
қы, қазақ зиялыларын қандай қырынан көрдіңіз? Білімді көп
арандады ма, білімсіз көп арандады ма, ол жылдары?
– Қазақ ұлтын кінәлағым келмейді. Сөз тасушы, сыртынан
көрсетуші, арандатушылар ол жылдары қазақта ғана болып
қойған жоқ. Ондай әсіре белсенділер сары орыста да, өзбекте
де, қысқасы әрбір ұлтта болды. Алайда, ұзақ жылдар барлап,
бақылай жүріп менің бір байқағаным: қазақтар бірбет, өжет ха
лық. Өз пайымдауымша, Жандосов, Жансүгіров, Майлиндер
өлер алдында да ешкімді көрсетпей тік тұрып өлді деп ойлай-
мын. «Майлин жау болса, мен де жаумын» – деген Ғабит Мү
сірепов үні келеді құлағыма. Бұл – халықтың батылдығына,
өжеттігіне кепіл. Алайда, осындай ерлік мінезбен бірге осы қа
зақ халқының бойынан ерсінген жөнсіз мінез көремін. Кектессе
кешірімсіз қатты кетіседі, құлатпай, құртпай тынбайды, құла
тып, құртып алып, бармағын шайнап көз жасын көлдетіп жы
лайды. Қазақ интеллигенциясы – мықты интеллигенция. Әттең
топтанып, ынтымақтасып мықты емес, жеке-дара, бас-басына
мықты. Содан да қиын кезеңдерде бірін бірі сақтаудан гөрі
бірін-бірі құлатуға көбірек бара ма деп ойлаймын. Ал 1937
жылы білімсіз көп арандады, оның шоқпары білімдіге тиді.
Содан да қазақ интеллигенциясы ол жылдары көп набытқа
ұшырады.
Сабырлы бастағанымен жазушы сөз аяғын ашулы түйді.
Қаны бетіне шапшып сары шал өрттей қызыл шалға айналып
әлдекімге шаншыла аяқтады сөзін. Поцелуевтай жаны жай
дары, қазақша айтқанда, етек-жеңі кең адамның өзі көз алдым
да әлем-тапырық күй кешуі – қайғылы жылдар қасіретін се
зіндіргендей еді. Жазушы жанын жаралай беруді жөн көрмей,
келесі сұраққа көштім.
– Іле майданға аттандыңыз. Жауға қарсы қазақтармен
бірге қарсы тұрып қасқая соғыстыңыз Қаһарман қолбасшы
Бауыржан Момышұлымен қанжығалас қимас дос болдыңыз...
– Бұл сұраққа мен ауызша да, жазбаша талай жауап берген
мін. Қайталап айтқым келмейді. Бауыржан – қоңрау адам еді.
Ол жауды жеңу жолында асқан ақыл, адал қайратпен күресті.
Қас батырлық танытты. Ары кіршіксіз таза, жаны сезімтал
Баукең жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүргісі келгендерді
жаратпайтын. Майдан ерлікке ғана емес, алдымен азаматтыққа
сын. Бауыржан жауынгерлерден алдымен адалдықты талап ете
тін. Бұл ретте ол қай жауынгердің ішінде от жанып тұрғанын,
қай жауынгердің ішінде бықсып шала жатқанын жіті аңғара
тын рентген-адам еді. Өліп бара жатса да адалдық пен әділдікті
жақтайтын, беделдің алдында бас имейтін, ақыл мен парасатқа
жаны пида еді Бауыржанның. Әскери ірі дәрежелерге беттеп
бара жатқан оның алдына басқа емес, Гречко секілді әскери
шені үлкен адамдар кесе-көлденең тұрды. Бауыржанның адал
дығына сенетін мен оған жасалған әділетсіздіктен кейін Греч
коны жек көріп кеттім. Тірі болсам бұл трагедияны жазамын.
Міндеттімін жазуға. Баукең елге келді. Қаламын қайрап, жазуға
отырды. Ол бірде маған: «Ары таза еместер майданда да көзге
түсіп қалуға, награда алуға жүгіруші еді, бейбіт өмірде де со
лай екен», – дегені бар. Адал жанды, ірі табиғат, тік мінезімен
Бауыржан мынау өмірге үйрене алмай, іштей арпалысып өтті.
Құса болып өтті өмірден.
– 1980 жылы теледидар тапсырмасымен «Қаһарман қа
ламгер» атты хабар ұйымдастыру мақсатымен Баукеңе жо
лыққан едім. Сонда ол кісінің бірінші сұрағы: «Хабарға Митя
қатыса ма?» болды. Қазақша хабарға Снегиннің қатыса ал
майтынын айттым. Сонда Баукең тұнжырады...
– Сендердің Бауыржан мен менің достығым жайлы сұ
рақтарың менің жаныма тиеді. Ондай сұраққа менің жауап
бергім келмейді. Өйткені, Бауыржан екеуміз қан майданда
біте қайнасып кетіп едік қой. Ал екеуміздің достығымыз жа
рық дүниеден өткен соң ана жақта, түсіндің бе, о дүниеде
жалғасады... Қойма маған Бауыржан жайлы сұрағыңды. Сұ
раусыз-ақ сөйлеймін өзімнің Бауыржаным жайлы. Мен өзімді
Бауыржанның айтылмаған сөзін айту үшін, жыртылмаған на
мысын жырту үшін мынау жарық дүниеде уақытша қалған
адамдай сезінемін. Түсінікті ме, ұлым?!
Домбыраның шегіндей тартылған жүйке досқа деген сағы
ныш билеп тіпті ширығып кетті. Ақшұнақ, сары шал тағы да
алқорыдай күреңітті.
– Кешіріңіз Дмитрий Федорович, менің сұрағым әрі Бәукең
туралы, әрі бала кезгі қазақшаңыз қайда? Бәукең жайлы ха
барға қазақшаңыз болмай, қатыса алмадыңыз ғой, деген сұрақ
еді.
– Оған алдымен қазақ туыстар өздерің кінәлісіңдер. Қазақ
тілін қастерлеп отырған қайсың барсың? Қазақтар орысша
сөйлегенде, орыс – бізді жаңылдырады. Бұл – жақсы. Бірақ,
өз ана тілін өздері білмейді. Бұл – жаман. Менің жетіліп келе
жатқан қазақшамның түбіне қазақтардың қазақ тіліне деген
немқұрайдылығы жетті. Тіл – намыс құралы. Намыс болуы
керек қой, адамда?
– Дұрыс айтасыз.
Мен бейбіт сұраққа көштім.
– Қазір көктемнің «алтын күрек» самалы есті деп жүрміз
ғой, Дмитрий Федорович. Ендігі әңгімені түп-түгелімен Қоғам
мен Адам, Бала мен Дана, ождан мен ождансыздық жөнінде
өрбітсек.
– Көпті көрген ақ басты адам ретінде, қолына қалам ұстаған
қарт жазушы ретінде, түн ұйқымды төрт бөліп толғанамын.
Көңіл қуантарлық көп-көп жаңалық, басылған кеудеге жел бе
рерлік көп-көп жақсылық болып жатыр қоғамда. Оған қуан
баған адам теміржанды – нәкес болар.
Әлі де біздің алдымызда алуан-алуан міндеттер тұр. Кейде
мен осы біздер қарғыс атқан отыз жетінші жылдың санамызға
сіңіріп жіберген қатыгездік психологиясынан, тоқырау кезең
дерінің жәдігөй психологиясынан түгел арылып жеттік пе әуелі
деп те ойлаймын. Мұндай ойлар мені, әсіресе болмашы түй
медей қателескен адамға түйедей кінә артып, арылмастай кір
жағып алған сәттерде, белгілі бір кезең кадрларының тағдырын
таразылағанда шолақ шешімге жол беріп алғанда, әлдебір ке
лелі мәселелер жөнінде науқаншылық мінез танытқанда қау
малайды. Бірде Алматы ауылшаруашылығы институтын ұйым
дастырған Ораз Жандосов еді ғой, институтқа сол кісінің есі
мін берсе қайтеді деп барғанымда, «Ниетіңіз дұрыс, бірақ
туысының атын қойды деп күні ертең үстімнен арыз түседі»
деген республиканың кезіндегі бірінші басшысы Д.А.Қона
ев кейін «туысқаншылдығы» үшін кінәланды. Науқаншылдық
дегеніміз осы! Әйтпесе, мына жайға назар аударайық. ҚазМУ-
дің төңірегін сары шырмауық қаптап кеткендей ұрандап жаз
дық. Егер сол сөздер дабыра-кінәлау болмай, ақиқат болса –
ол ғалым адамдар жер басып жүруге тиіс емес еді. Меніңше,
бұл да «жаптым жала, жақтым күйе» ғана. Бұдан шығатын
қорытынды – тоқырау кезіндегі «ақтаңдақты» жоямыз деп
отырып, «қаратаңдақ» туғызып алу. Абзалы тарихтағы үлкен
ді-кішілі қателік атаулы асыра сілтеуден кеткенін, қашан да
асығыстықтың асыра сілтеуге бастайтынын естен шығарма
ғанымыз жөн.
– Сөзіңіз аузыңызда, Дмитрий Федорович, Алматыдағы
желтоқсан оқиғасына қалай қарайсыз?
– Күні кешеге дейін біздің Россиядағы туысқандарымыз,
достарымыз: «Қазақстанда қалай күн кешіп жүрсіңдер? Қайт
пайсыңдар ма Россияға? Қазақтар қауіп төндірмей ме сендер
ге?» деп талай хат жазды. Бұл ненің әсері? Бұл – Алматыда
1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаны қолдан үрлеп, жалған
дақпырт қосып, құбыжыққа айналдырып жібергеніміздің әсе
рі. Алматыда Әзірбайжан, Армения, Балтық жағалауы респуб
ликаларында болған оқиғаның бірі де болған жоқ. Ал біз де
реу ескі әдіспен жазалауға, арнайы қаулы алуға асықтық. Өз
мансабымызды халық тағдырынан жоғары қойдық. Ал халық
тағдыры күнәпасқа ұшыраса біздің мансабымыз кімге керек?
Бұл да біздің 1932-33 және 1937 жылдардың психологиясынан
құлантаза айыға алмауымыздың бір көрінісі.
– Асыра сілтеуге жол бермеу үшін не істеу керек деп біле
сіз?
– Ол үшін екі жағдай керек. Біріншіден, құқықтық мемлекет
болуымыз керек. Екіншіден, зиялы мемлекет болуымыз керек.
Зиялылық дегеніміз не? Осы жасқа келгенше үстіне ақ көйлек
киіп, шоқпардай галстук таққан талай адамның жаны жүдеу,
санасы саяз, шын мәнінде зиялы емес, бюрократ екенін, кері
сінше, жұпыны киінген жұмысшылардың арасынан кемел па
расатты, адал ақжанды талай зиялыны көрдім. Демек, интел
лигенттік кісінің қызметі, сыртқы түр-келбетіне ғана қатысты
емес, адамның жан байлығына, таза рухына қатысты фактор.
Отызыншы жылдары Қазақстан Жазушылар одағынан
Ахмет Байтұрсыновты көргенім бар. Көруге көз керек еді.
Сырт пішімі, киім киісі, жүріс-тұрысы... ақыр аяғы көзіндегі
пенснесіне дейін «мен зиялы» деп тұрды. Расында, Ахмет
Байтұрсыновтың жан дүниесі де зиялы еді. Оларсыз жарты
ғасыр жасағанда адам, қоғам бойындағы интеллигенттікті
өлтіріп, антиинтеллигенттікке жол бердік емес пе? Сөйттік!
Жақында газеттен бір хабар оқыдым. Ері әйелі мен
баласын самолетке шығарып салған. Тексере келгенде
банкідегі тамақтың арасына жарылғыш зат салып жібергені
анықталған. Күйеуі әскери инженер, полковник. Демек, ол
өзінің жарты жанындай болып келген жарына, өзінің қанынан
жаралған перзентіне опасыздық, тіпті қастандық жасады. Бұл
жағдайда отызыншы жылдардың адамы бойынан табылған
интеллигенттік тоқсаныншы жылдардың дәрежесі биік, зор
(полковник) адамның бойынан табылмай қинап отыр ғой.
Демек, асыра сілтеуді болдырмау үшін баладан қарияға
дейінгі аралықтағы адамдар бойында интеллигенттік мінез
қалыптастыруымыз, кісілікке тәрбиелеуіміз керек.
– Ол үшін әңгіме басында айтылған бала тәрбиесіне қайта
ораламыз ғой. Қазір баланы жан-жақты тәрбиелеуге не от
басында, не балабақшада, не мектепте мүмкін бе? Ата-ана
жұмысбасты. Қоғамдық орындарда тәрбиешілер (тәрбиеші,
мұғалім, лектор) міндетіне формальды қарайды. Содан ба
рып балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық, оқы
тушылар арасында парақорлық етек алып отырған жоқ па?
– Дұрыс-ақ. Мен қанша жыл өмір сүрсем оқыту жөнінде
үлкенді-кішілі сонша реформа болды десем қателеспеймін.
Соның бәрі білім туралы. Бір қарағанда біздің жастарымыз
білімсіз емес. Әлемдік білім, жаңалықтан хабардар жастарды
қалай білімсіз дей аласың. Алайда білімді жастардың бәрі
тәрбиелі дей алмайсың. Білімсіз эгоиспен күресу оңай. Ал
білімді эгоиспен күресу қиынның қиыны. Біздің кемшілігіміз
тәрбие реформасына зер салмаймыз. Тәрбие қай буыннан ақсап
жатыр? Балаға адалдық отбасынан сіңеді, ата-ана тәрбиесінен
қонады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қазақ
мақалы осы философияны аңғартқандай. Біздің қоғамда бүгін
қосылған екі жас күні ертең ажырасып жатады. Бірер баламен
саяқ тұратын кейбір ана жеңіл жүріске түскенін байқамай да
қалады. Әкесіз өсіп, көңілі бір қаяулы болған балдырған ана-
ның жеңіл жүрісінен тіпті жүрегі жаралы болып өседі. Тағдыр
ға нала болып өскен бала нашаға беріледі, әйтпесе өзі жасында
көрген суық жүрісті, зинақорлықты, механикалық түрде қа
былдайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қазақ
мақалының даналығы осыдан келіп шығады. Асылы, қазақтар
ертеде «Алып – анадан, ат – биеден», әйтпесе «Анасын көріп,
қызын ал, аяғын көріп, асын іш» деген мақалдарды да тектен-
текке шығармаса керек.
Ата-ана тәрбиесімен бірге бала бойына ұялауға тиісті тәр
бие – балабақша тәрбиесі, бақша өнегесі. Балабақша тәрбиеші
лері өздерінің міндетін сәбиді қамап ұстап, кешке ата-анасына
табыстау деп ұғатын секілді. Баланың тән сұлулығы мен жан
сұлулығын бірдей қалыптастыруға тиісті екенін олар ұмыта
береді. Бізде балабақшаның бәрі бір текті. Үй құрылысына
дейін сіріңкенің қорабы секілді бірыңғай салынған. Сәулет
тілік сымбатынан бастап, эстетикалық бейімділікпен тәрбие
лейтін айрықша балабақша неге жоқ бізде? Балалар улан
байтын бояулар түрін шығару бізде неге қолға алынбаған?
Әйтпесе, балалар салған сурет көрмесі неге өткізілмейді? Ұлт
тық дәстүрде тәрбиелейтін балабақша ашу соншалық қиын
ба? Қазақстан Жазушылар одағы, Суретшілер одағы, Компо
зиторлар одағы балабақшаларын неге қамқорлыққа алмайды?
Балалар арасынан сәби-ақын, композитор, суретшіні неге си
рек көреміз? Осы сан сұрақтың бәрі бізді ойландыруы керек.
Тәрбиенің неғұрлым әр алуан болмағы жөн. Біртекті тәрбиеден
біртекті ойлайтын бала ғана өсіп шығады.
Енді мектеп тәрбиесіне келейік. Таяуда мен Үкімет үйінің
қасынан өтіп бара жатып, бір орыс жігіті мен қазақ қызының
темекі тартып отырғанының үстінен түстім.
– Тәтті ме? – дедім қайтер екен деген оймен.
Жауап беру орнына темекілерін қасақана будақтата түсті.
Қымсыну атымен жоқ.
– Темекі модадан қалды ғой, – дедім қуланып.
– Қайдан естідіңіз? – деді екеуі бірдей жұлып алғандай.
– Би-би-си-ден... – дедім мен жұмбақтап.
Олар үшін шетелден естідім деген сөздің әсерлі шығатынын
білемін. Айтқанымдай, олар жалма-жан темекісін өшіріп алас
ұрып жатты.
Екеуі де мектеп жасындағы жасөспірімдер. Бізде білім бере
тін мекеме көп, тәрбие беретін мекеме жоқ. Баланың біліміне
жауапты мұғалім оның тәрбиесіне жауаптымын деп ойламай
ды. Оның үстіне мұғалімнің беделі түсіп кеткен. Тәрбиенің
әрбір ұлтқа қатысты дәстүрлі түрлері мен сипаттарын тиімді
пайдалану орнына селсоқ қараймыз. Содан да халықтық педа
гогиканың дәстүрлі түрлері күнделікті өмірден жырақтап қал
ды. Олар жойылып та барады. Орыс әдебиетінде, қазақ фоль
клорында баланы табиғатқа, жан-жануарлармен қарым-қаты
насқа тәрбиелейтін қаншама асыл үлгілер бар. Қала балалары
көшедегі кішкентай күшікке жақындауға қорқады. Демек, ол
табиғаттан, жан-жануарлар әлемінен жырақ өсіп келе жатыр
деген сөз. Бәрін айт та, бірін айт, мектеп жанынан тәрбие ме
кемесін ашу, солар арқылы мектепке аталар, енелер тәрбиесін
әкелу керек. Солар арқылы сексолог, социолог лекцияларын
ұйымдастыру жөн.
Тәрбие баланы ойлауға үйретеді. Пушкин жеті жасында
француз тілін меңгерген, кәдімгідей өлең жазған. Тарихта ай
рықша із қалдырған декабристердің әйелдері он алты-он же
ті жаста еді. Олар жөргөгінен тәрбие көрген. Ал біздің он ал
ты-он жеті жасар балаларымыздың темекі мен шарапқа ғана
«шамалары» келеді.
Бұрын министрлік қызметке бала жастан тәрбиелейтін бол
ған. Батыста бұл әлі де бар. Ал бізде кездейсоқ министр болған
жігіттердің өзіне тәрбие керек.
Соңғы жылдары Балалар қорының Қазақ бөлімшесінің тө
рағасы ретінде мен балалар психологиясын, әлеуметтік өмірде
гі орнын біраз зерттедім. Сонда түйгенім – бүгін бала тәрбие
сінен үнемдеген бір сом – ертең он, не жүз сомдық шығынға
айналады. Бала тәрбиесінен үнемдеу – адалдықтан үнемдеу.
Адалдықтан үнемдеу – қашан да қоғамдық кенжелеуге саяды.
– Дмитрий Федорович, Сізбен аптаға созылған әңгімеміз
мәдениет экологиясы деген мәселеге саяды екен. Сіз тарихи
тақырыпқа қалам тартып жүрген жазушысыз. Енді тарих
жайлы толғансаңыз.
– Бұл менің ең бір жанды жерім. Кезінде мен «Литературная
газетаның» тілшісі болып істедім. Сол кезде, одан кейін де
мені Москваға тұрақтауға шақырған. Бірақ бармадым. Жетісу
жері – менің қимасым. Қимасым – Алматының тарихы. Ана
жылдары Алматының ескі картасын таптым. Соған қарап әрі
балалық кезіме ойша шегініс жасай отырып, жоғалтқанымды
тапқандай болдым. Верный қорғаны жоқ. Верный қорғаны
– менің кішкентай «Кремлім» еді ғой. Оны кім құртты, кім
қиратты? Көктөбеге шыққанда үш нәрсенің мойны сорайып
қалаға көрік беріп тұрушы еді. Олар – кафедралық собор,
Горький және Фурманов көшелерінің қиылысына орналасқан
мешіт, өрт мұнарасы. Өрт мұнарасына шығып, қаланы түгел
шола қарап шолғыншы тұрушы еді. Өрт шыға қалса, дереу
қоңырау қағатын. Қайда осының бәрі? Тап бүгін олар іске жа
рамағанымен, өткен өмір шежіресін шертіп тұрарлық тарихи
ескерткіш емес пе?
Қазір Алматы көшелерінің өңі өзгеріп кетті. «Керуеншілер»
көшесі аталатын көшенің қайда болғанын кім көрсетіп бере
алады маған? «Керуеншілер» көшесі болған Алматыда. Онда
керуен сарайы бар еді. Керуен сарайында қымыз мол болатын.
Бертінде көшелер бастапқы табиғатына үйлес аталмай, бірың
ғай кісі аттарымен аталып кетті. Бұл дұрыс емес. Әсіресе та
рихи мәні бар көне атауларды қалдыру керек еді.
Мен мысалды бір Алматыдан ғана келтіріп отырмын. Ал
мұндай тарихи бедерін жоғалтқан елді мекендер қаншама біз
де? Әйтпесе осы Алматының экологиялық жағдайын алайық
шы. Кісі жыларлық. Сұмдық. Әлемдегі сұлу қаланың бірінен
саналатын Алматы әлемдегі ең кір, ең лас, ауасы жоқ, уы көп,
адамы ауру, өлімі мол қалаға айналып отыр. Бұл – трагедия. Бұл
трагедияға бәріміз бірдей бір кісідей ат салысып, қолдасып,
күш біріктіріп күресуіміз керек.
Бәріміз де адамбыз. Қайта құру біздің керең емес екенімізді
ашты. Жариялылық – сұлу сөз емес, нақты іске айналуы қажет.
Бір-бірімізге деген сенімсіздіктен шаршадық. Енді жазушы,
суретші, композитор, жұмысшы болып – бәріміз сүйікті қыл
қалам шебері Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне бірге
барып, бірге демалуымыз керек. Сенім шәркезденген. Енді бір-
бірімізге сене білуіміз керек. Әбілхан Қастеев дегеннен шы
ғады, біз Әбілхан екеуміз бала жастан бір-бірімізді білетін едік.
Жалпы аға ұрпақтың бірін-бірі білуі, бірін-бірі тануы жақсы
еді. Қайраткер Жандосов қаламгер Жансүгіровті жақсы біле
тін, жырын жатқа айтатын. Бүгінгі қайраткерлердің арасында
осындай үлгі бар ма, әй қайдам. Қайраткерлер желдірмелетіп
жалған сөйлемеуі керек. Қазір бір партиялымыз. Сондықтан
шындықты айта алмаймыз. Көп партиялылық қажет деушілер
бар. Меніңше, біз көп партиялымыз. Әр республика партия
басшылығы – өз республикасына, онда тұратын түрлі ұлт өкіл
дері табиғатын терең зерттеп, реалды шешім жасаса, респуб
лика дербестігін сақтай алса, көп партиялылық дегеніміз осы
емес пе?!
– Сіз жазушысыз. Жазушы – халықтың серкесі. Бірақ ер
кесі емес. Осы тұрғыдан алғанда республика жазушылары
идеология майданында өз міндетін атқара алып отыр ма де
ген сұраққа тоқталсақ.
– Республика көп ұлтты. Оның әдебиеті де көп тілді. Көп
тілді болғандықтан, шешімін күтер мәселе көп. Бұрын ұлы
Мұхтар Әуезов барда, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ға
биден Мұстафин, Иван Шухов барда арамызда айтыс көп бо
латын. Егер әрбір айтыс түсінісумен аяқталып отырса, одан ай-
налса болмас па?! Ондай айтыстан әдебиетке тек пайда бар.
Қазір бүкілодақтық деңгейде де ірілі-ұсақты бітімсіз айтыс тө
бе көрсетіп жүр. Ортақ іске пайдасыз, ымырасыз пікір жарысы
бізде де бар ма деп қаламын. Әр кезде де болатын келіспеуші-
лік. Болған кезде, ынтымақ жоқ жерде отырмаймын деп шал-
дыққа басатынмын. Шал сыйлаған айналайын қазақ әріптес-
терім қырын қабақтарын лезде тыйып, күрең қабақтанып жа-
расып жадырап кетуші еді. Әйтпесе бір шайды дастарқан ба-
сында бірге ішкен жерде түсініспеушілік термен де шығып
кететін. Біз сол дағдымыздан танбасақ екен. Ынтымақтан ха-
лық та, әдебиет те ұтады. Ынтымақсыздық – ұтылыс, тек қана
ұтылыс.
Ұлы Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясымен қазақ халқын
әлемге танытып кетті. Бауыржан жүз жылда бір туады. Ол мен
үшін мәңгі үлгі. – Мен қазақпын, – дейтін Бауыржан, – бірақ
орыс офицерімін. Ол қазақ болудан қалған қазақтарды, яғни
тілін, дінін, ата салтын білмейтін қазақтарды жек көретін.
Сәбит Мұқановтың тұла бойындағы қазақы зиялылықты қайда
қоясың. Ашаршылық жылдары Ғабит Мүсіреповтің басын бәй
геге тігіп, жоғарыға хат жазуын, аласапыран жылдары «Май-
лин жау болса, мен де жаумын» деген сөзін батырлық деме-
генде не дейсің. Санай берсем қазақ жазушыларында алар үлгі,
ден қояр бағдар жеткілікті. Тек бір шаңырақтың астында сүт-
тей ұйыған ынтымақпен еңбек етейік. Бұған дейінгі кезең-
дерде республика жазушылары идеология майданында өз мін
деттерін атқара алмай келген болса, бұдан былай атқарарына
сенеміз.
– Дмитрий Федорович, енді Сіз Балалар қорының Қазақ
бөлімшесінің төрағасы ретінде аталмыш мекемеде қандай
жұмыстар атқарылып жатқанын айтсаңыз.
– Біраз уақыт ұйымдастыру шараларымен айналыстық.
Қазір іске кіріскен сыңайымыз бар. Атап айтқанда, жетім
балалар тәрбиеленетін үйлердің жағдайымен танысып, оларда
тәрбиеленетін балалардың тізімін алдық. Енді көзбен көрген
жағдайлар жөнінде дабыл қағудамыз. Бұл істер бізде сала-сала
болып жүргізіледі. Республикамызда 26 сәбихана, 48 балалар
үйі мен жетім балаларға арналған мектеп-интернат жұмыс
істейді. Бұларда 10,5 мыңдай жетім балалар тәрбиеленеді.
Олардан басқа 17,13 мың бала жеке адамдар қамқорлығында,
20,5 мың баланы адамдар асырап, бала етіп алған.
– Сонда қалай, Дмитрий Федорович, осының бәрі әке-
шешесіз жетім балалар ма?
– Тіпті де олай емес. Олай емес деуге және болмайды. Нақты
айтқанда осы балалардың 15 % шын мәнінде әке-шешесі қаза
болған жетім балалар.
– Ал қалғаны?
– Қалғаны жолдан бала тауып, тастап кеткен, әйтпесе әке-
шешесі ажырасып кеткен, қысқасы ата-анасы тірі тұрып «ті
рідей» жетім халін кешкен сәбилер. Көрдіңіз бе, мәселе қандай
қиын. Біреулер құдай бала бермеді деп зар еңірейді. Ал «құдай
бергенде» қылған қылығымыз әлгіндей, өз қанымызға өзіміз
жиіркене қараймыз, өз болашағымызға өзіміз немқұрайды қа
раймыз. Менің ойымша, осы ойланбай жасалған бір қателікте
бірнеше мәселе тоғысып жатыр. Бұл – ең алдымен ата-ананың
сәттік ләззат үшін жеңіл ойлы тіршілік кешуі, жеңіл әрекетке
баруы. Бұл – екіншіден өзінен жаралған пендені адам баласы
деп қарамау, адамға деген немқұрайдылық, ертеңгі болашағы
на деген безбүйректік. Бұл – соңында адамзат келешегін, қоғам
келешегін ойламаушылық. Қоғам алдындағы жауапсыздық. Ер
тең әлгі қатты айтқанда «тастанды» балалар қандай адам бо
лады? Қоғамға пайда келтіре ме, зиян келтіре ме? Ойланбай
жасалған қадамның ертеңгі күні осындай толып жатқан хик
меттері бар ғой, достар-ау. Сондықтан мейлінше өзімізге-өзіміз
үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.
– Әлгі мыңдаған сәбилер тәрбиелейтін қоғамдық орындар
дың халі қалай екен, Дмитрий Федорович?
– Әрине, біздің қоғам қай уақытта да гуманистік іс-әрекетті
жасап бағады ғой. Алайда, әлгі кінәсіз сәбилер тәрбиеленетін
үйлер, олардың тамағы жайлы, мәдени тәрбиесі соншалық жақ
сы деп айтуға ауыз бармайды. Жамбыл облысы Асы мектеп-
интернаты, Атыраудағы, Семейдегі, Ақтөбе облысының Алға
қаласындағы жетім балаларға арналған мектеп-интернаттар
көп жылдан бері әлі бітпей қойды.
Балалардың денсаулығын тексеру, көмек көрсету мақсаты
мен Эстония мен Литвадан дәрігерлер бригадасын шақырттық.
Олар бірсыпыра жағдайлар жасады, балаларға.
Бұрын мұндай орындарда тәрбиеленген балалар сегіз жыл
дық білім алған соң, кәсіптік-техникалық училищелерге ығыс
тырыла салады екен. Ал біз бұл мәселені басқаша қойып отыр
мыз. Жетім балалардың жазығы не? Олар да орта мектепті бі
тірген соң, жоғары оқу орындарына түсуге тиісті. Біз әрбір оқу
орнының ректорларымен байланысып, олардың оқуға түсуін
қадағаламақпыз.
– Игілікті қадам екен, Дмитрий Федорович. Біздің рес
публика үшін тағы мынадай жағдайлар бар емес пе? Оң
түстік, батыс өңірінде бала шетінеуі көп. Көп балалы үй
лердің тұрмыс-жағдайы өте ауыр. Бұл жөнінде бөлімше нен
дей шаралар қарастыруда?
– Республикамызда қазір 200 мыңнан астам көп балалы
отбасы тізімге алынды. Олардың жағдайын жақсарту жол
дарын қарастыру үстіндеміз. Баланың шетінеуі деген де рас
мәселе. Оған әлгіндей медициналық десант, медициналық бри
гадаларды пайдалана бастадық. Демек, таяу уақыттарда бұл
мәселелер өзінің шешімін табады деп ойлаймыз.
– Қорға қаржы аудару мәселесі қалай?
– Түрлі мекемелер ақшалай көп қаржы аударды, заттай
жәрдем берді. Жеке адамдар да бұл игілікті істен тысқары қа-
лып отырған жоқ. Қазір қорға 3 миллионнан астам ақша ауда
рылды. Алайда, қайырымдылыққа шақырып, қоғам қоңырау
қаққанда, бұдан да қамқор, бұдан да белсендірек болуымыз
керек қой. Бүгінгі балалар үшін жасалған қамқорлық – қоға
мымыздың ертеңі үшін жасалған жағдай деп білуіміз керек.
Арамызда бірөңкей жақсы адамдар жүрсе – армандағанымыз
сол емес пе? Онда қоғам гүлдемей ме? Сондықтан аталмыш
қорға біздің әрқайсымыз үлкен жауапкершілікпен, гуманистік
пиғылмен ат салысуымыз керек.
– Соңғы сұрақ.
– Айт.
– Балалармен құлын-тайдай бірге өскен Матай ұрпағы бар
ма, қазір? Олар қайда тұрады? Хабарласасыз ба?
– Матай қарияның Бақыр есімді баласы Ұлы Отан соғысы
на қатысты. Байсерке селосында мұғалімдік қызмет атқаратын.
Қазір демалыста болар, асылы. Біз де қартайдық қой. Хабар
сиреді. Ескі байланыстар әлсіреді.
– Шын ашылып әңгімелескен, шын тебіреніп сөйлескен сыр-
сұхбатыңызға, ақ пейіліңізге риясыз көңілден рақмет, Дмит
рий Федорович. Көңіл-дөнен жүйріктігінен, қалам жорғасы
нан жаңылмасын!
– Әумин!
1988 жыл.
ӨЗБЕК ӨЗ АҒАМ...
Өзбек өз ағам.
Қазақ мәтелі.
Өлең алдында өлім де дәрменсіз.
Ғафур Ғұлам
– Мұхараммаға сәлем айтқайсың. Мың болғыр бәйбіше кісі
еді. Сапарға аттанып бара жатқан біз үшін аманаттың үлкені
Мәриям апайдың осы сәлемі еді.
Таратыңқырап айтайық...
Мәдениетіміздің өскені ме, қазір қазақ әдебиетінің тас тұ
ғырын қолымен тұрғызған азғантай «алыптар тобы» аталатын
қайраткер-қаламгерлеріміздің бірінің өміріне қатысты дерек
тердің ізі шықса, бөркімізді аспанға ата қуанатын, жүрек дүр
сілін баса алмай дегбірсізденетін әдет таптық емес пе? Шамасы
аяулы перзенттеріміздің қадірін ұға түссек керек. Әйтеуір
қанға сіңген табиғи әдет болғай. Бүгінгі сапар мақсаты да жа
зушы Сәбит Мұқановтың Өзбекстанмен ара-қатынасын шы
ғармашылық байланысын анықтауға саятын. «Тұлпар тұяғы
тиген жер» дегендей, ақ мақталы, абат бақты, алтын аймақ
– Өзбекстан Сәбеңдей халық қадірлісінің қазақ жазушылар
жасағын басқарып та, шығармашылық мақсатпен жеке-дара да
талай ат басын тіреген жері. Талай-талай сый көрген елі. Сый
көрген сыйлай да біледі, өзі барып дәмін татқан елдің өкілдері
пәнәйі себеппен Қазақстанға келсе, Мұқанов үйіне тоқтайтын
әдет тапқан.
Жарасымды-ақ.
Мәселе мұнымен шектеліп жатқан жоқ. Кезінде күнбе-
күндік күйбең тіршілік көрінісі болып өткен сол кездесу, сұх
баттасудың бәрі тарих. Араға талай уақыт салып ол кездесу,
байланыс сілемдерін қай ұшынан бастап тарату керектігін біл
мей, дал болып отырғанымыз мынау. Асылы, кәрі тарихтың
өзіне жүгіну керек шығар.
Деректерге жүгінсек, Сәбит Мұқановтың Өзбекстанға сапа
ры сонау жиырмасыншы жылдардың аяғынан басталатын се
кілді. 1928 жылы дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллинмен, 1943
жылы соғыс өрті түтеп тұрған кезде Қаныш Сәтбаевпен бірге
барған жазушы үшін Өзбекстан бертін келе төс түйістірген
дос тапқан, бауыр басқан елге айналған. 1948, 1956, 1960,
1963, 1970 жылғы сапарлар соның айғағы. Өзбекстандық дос
тарының дауысын естімесе, үшбу хатын алмаса, телефонға
жүгіретін әдет тапқанын, әсіресе халық қалаулысы Ғафур Ғұ
ламмен телефон арқылы сағаттап сөйлесіп, қалжыңдасып шер
тарқатарын жазушының жары – Мәриям апай талай жыр қы
лып айтқан.
Әр сапардың ізін анықтаса ғой, шіркін. Ол қиын, әрине.
Арада қанша уақыт жатыр?
Жарастықты қойсайшы, орны бөлек қой, қазақ жазушысы
өзбек ағайынның Әбу Науасы – Ғафур Ғұламнан бастап, Айбек,
Зулфия, Ш.Рашидов, К.Яшен, Н.Сафаров, Т.Тула, Н.Фазылов
секілді бырсыпыра жазушыларымен өмірлік дос болып өтіпті.
Ұдайы хат жазып хабарласып тұрған. Хат демекші, Ташкентте
жер сілкіну апаты болған әнебір жылы жазылған мына бір
хаттан да шынайы достықтың лебі еседі.
«...ең алдымен есіме қаламдас достарым, бауырларым –
жазушылар түсті. Олардың амандығын білмек болып, Ға
фурға, Мұсаға, Міртемірге, саған, Насырға телефон соққым
келіп еді, ұдайы үш күн «линия занята»-дан басқа жауап ала
алмадым. Ақыры төртінші күні Мақаш Бекбергеновпен әрең
байланысып, «жазушылар семьяларымен түгел аман» деген
соң ғана көңілім жай тапты. Одан әрі, біреуіңе хат жазуды
ыңғайсыз көрдім. Өзім баруға саулығым көтермей, санато
рийда тыныстап жаттым» (15.VІ.1966)-деп жазған екен
Сәбең өзбек жазушысы Хамид Ғұламға.
Бұл – 1966 Ташкентте ай бойы жер сілкіну болып, үйлер
қираған, ел қиналған сәттері жазылған хаттың үзігі, білдірілген
көңілдің бірі. Жаны бірге ауырып, өзбек халқының басына
түскен нәуметті бірге көтеріскендей көңіл күйі.
Айтулы өзбек ақыны Ғафур Ғұлам – досы Сәбең туралы
1956 жылдың өзінде: «Қарындасым, қандасым, туысқаным,
теңдесім Сәбит деген қазақ халық жазушысын өзбек елінде
танымайтын кісі жоқ...» – деген екен. Рас сөз. Уақыт өтіп,
дүние жаңарып жатыр ғой. Әйтсе де, әлі күнге Сәбең есімін
алға ұстап кіріп барсаң, өзбекте қол қусырып күтіп алмас, төр
ге оздырмас үй жоқтай. Қазақ жазушысы Сәбит Мұқановпен
қанжығалас дос, тіпті таныс едім дегенді әлгі жазушылардың
қайсысы да асқан құрметпен мән беріп, маңыз үстеп, аялап
айтады. Олардың әрқайсысының қолында қазақ жазушысымен
достығының белгісіндей, куәлігіндей хаттар сақтаулы. Әрқай
сысымен арадағы байланыс, қарым-қатынасты таратып айтуды
мойынға алуға адам жүрексінерлік, қиын міндет. Асылы, со
ның баршасын қоя тұрып, елі елдес, терезесі теңдес екі елдің
ар-ұятына айналған Сәбең мен Ғафур Ғұлам достығын шежі
релеумен шектелеміз. Өйткені Сәбең мен Ғафур достығы екі
ел арасында да аңызға айналған «бір алманың екі бетіндей»
(Н.Сафаров) дейтін аяулы достық. Әрі С.Мұқановтың өзбек
жазушыларымен шығармашылық достық қарым-қатынасы
Ғафур төңірегінен тарап жатады. Біз де ізденісті осы бағытта
жүргіздік.
Термен кешіп жүрген Ташкент керімсалымен салыстырған
да қоңыржай сезілетін Алматыдан аттанарда көз көрген раймен
бауырлас халықтардың қанаттас дос қаламгері жайлы естелі
гін бөлісуді Мәриям апайдан өтінгенбіз. Ұзақ жылдық дос
тық қарым-қатынастың түйініндей етіп, жазушы жары, өзбек
жазушысымен ақырғы рет кездесуін әңгімелеген:
«...1966 жылы Ғабдолла Тоқайдың жүз жылдығына барған
едік. Бауырлас татар халқы Ғұлам, Сәбең үшеумізді бір дача
ға орналастырды. Бізге деп бір аспаз белгіленген, дастарқан
жасаулы тұрады. Ішкіліктің неше түрі болады, бірақ, Ғафур
дастарқан басында татып алмады. Біз бір апта уақыт бол
дық.
Дәл мерзімін айта алмаймын, әйтеуір Өзбекстанда жер
сілкінген тұс еді. Ғафур аса зор қайғыда жүрді. Бірге қыды
рыстаймыз ғой. Сәбең әңгімешіл кісі. Оның үстіне Ғафурдың
жайын сезіп, алдандырғысы, жұбатқысы келеді. Доспен бірге
ол да қайғырып жүр. Әңгіме, қалжың айтып, Ғафурдың көңілін
көтереді. Әңгіме тыңдап отырып та, қыдырыстап жүріп те,
Ғафурдың айтары – бір Ташкенттің жайы. Өзбек халқының
халі. Сәбең әңгіме арасын бұрып жіберіп отырады. Тыңдаған
болып отырып та – Ах, Сәке-ау, Ташкентте не болып жатыр?
– дейді ол уһлеп.
Түн баласына уһлеп шығады. Түнімен шамы сөнбейді. Се
мьясы – Ялтада. Ә дегенде Ялтаға, семьяма ұшамын деп
жүрді. Той тарқады. Біз Москваға ұшатын болдық. Билет
аларда Ғафур райынан қайтып, Ташкентке заказ берді. Бір аэ
ропорттан ұштық. Құшақтасып қоштастық. Ғафур жыла
ды. Жылап тұрып, Ташкентті айтты, халқының жайын айт
ты. Сәбитке бірдемелерді сыбырлап та жатты. Сәбит:
– Қойшы, қайдағыны айтпа, – деді шошынып. Сөйтсем,
«ұзамаспын, жүрегім нашар, олай-былай бола кетсем, келіп
топырақ сал» – депті.
Москвада бір аптадай болып Алматыға оралдық. Ертеңіне
Сәбит Жазушылар Одағына кеткен, ілезде қайтып келді.
– Мәриям, мені жолға дайында! Ташкентке ұшамын. Ғафур
марқұм болыпты, – дейді. Дауысы қарлығып әбіржіп жүр. –
Қойшы? – деппін. Күні кеше ғой ажырасқанымыз. Жаманат
тың жалған болмасын біле тұра сенбедім. Сенгім келмеді.
– Рас... рас... Сәбит бұрылып кетті.
Жолға дайындадым. Барып, өз қолымен қойысып келді. Қа
жып келді.
Ташкентте жер сілкінісі болмағанда Ғафур досымыз әлі
жасай түсер ме еді...»
Мұңшыл естеліктің соңын Ғафурдың жары – Мұхараммаға
сәлем айтумен түйген. Естелік жол бойы көңілді тербеді. Ой
ландырды. Толғандырды. Аманатты арқалап енді Өзбек еліне,
өзбек жеріне беттеп келеміз.
Задында әр қаламгер өз ұлтында аңызға айналып қалады. Ал
өзбек халқы арасында Ғафур ақынға қатысты анекдотқа бара
бар аңыз әңгімелер көп-ақ. Сөйте тұра, өзбек ағайын өз ақында
рын жеке-дара қызықтамай, қазақ жазушысымен достық, әзіл-
қалжың, сыйластығын да аңызға айналдырып кең таратқан, әрі
ауыз әдебиетіне айналған әңгімелерді сақтап қалған. Соның
баршасы қанаттас екі қаламгер достығының ардақтылығында
жатса керек. Бұл – ізетті, адал достық.
Ғафур ақын Сәбеңмен арадағы достығын құрмет тұта оты
рып:
Мақтанбаймын, өз шамама қараймын.
Айтысуға Сәбитпенен жараймын –
деп өлеңдетеді екен. Өлеңнің жөні өз алдына, күнделікті тір
шілікте:
– Мені кімге балайсыңдар, мен Сәбиттей ұлы қазақпен ай
тысуға жараймын деген қалжыңды жиі айтса керек. Бұл дос
тыққа деген риясыз көңіл, құрмет, ізет, әрі жоғары бағалау...
Сәбит Мұқанов ілкі сапарларында бауырлас халық тағды-
рын барлау, қызықтаумен шектелсе, кейін келе шығармасына
арқау етті. «Сырдария» романына осы халық өкілін қатысты
рады. Ғафур досына арнап өлең жазады. Дос арттырады.
Өзбек ағайындардың есінде жазушының алпысыншы жыл
ғы сапары айрықша сақталыпты. Ол жолы өзбек ағайындар Сә
беңнің алпыс жылдық тойын кең көлемде өткізеді. Ата жолы
деп ат мінгізіп, шапан жабады. Той шеруін әрі қарай жалғасты
рып, Қарақалпақстанда да мерекелейді. Бүкіл Өзбекстанға даң
қы кеткен, жал-құйрығы сүзілген жүйрікті Сәбең қарақалпақ
туыстардан мінеді. Қарақалпақ елі жазушының қарсылығына
қарамай, қыл құйрығын ер-тұрмандап поезбен Алматыға жет
кізіп береді. Сәбең ол тұлпарды, алдындағы ағасы, әнші, ком
позитор, ақын Кенен Әзірбаевқа тарту етеді.
Шынайы достық жайлы мұндай қызықты әңгімелер мол.
Ташкент топырағына табанымыз тигенде, ұлт мақтанышы,
Лениндік сыйлықтың лауреаты Ғафур Ғұламның республика
лық тойы өту үстінде екен. Енді 80-жылдықты Москвада өткізу
үшін дайындық жүргізілуде. Жарасымды дәстүр. Ғафур Ғұ
ламның туғанына 80 жыл. Ұлт әдебиетінің мерекесі-ау. Бұдан
жиырма жыл бұрын өзбек ақыны өзінің 60 жылдық мерекесін
көзінің тірісінде өткізген. Сол тойға досын қастерлеп шақырған
еді. Мұқанов музейінің қымбат мүлкінен саналатын ол хатты
еске түсіріп өтейікші:
«Қадірлі досым, әзиз жолдасым, Сәбитім!
Мен Темірғали Нұртазиннің докторлық диссертациясына
(автореферат бойынша!) отзыв жіберген едім. Соның бір да
насын әдейі арнап салып отырмын. Ондағы мақсатым менің
саған деген шын махаббатымды, достығымды білдіру еді. Ме
нің сеніменен әруақытта жаным да, жүрегім де бір. Соның
кішкене ғана бір белгісі ретінде творчествоң туралы бір ауыз
өзімнің жақсы лебізімді білдіргім келді.
Досым, Сәбит, жолдасың Мәриямға, балаларға, немереле
ріңе менің үй-ішімнен көп-көп сәлем.
Қадірлі Сәбит, май айында Ташкентте, біздің үйге қонаққа
келіп қайтсаң жақсы болар еді. Қайыр қош. Құшақтап сүюші
досың Ғафур.
Р.С. Осы хатты жазып отырғанда немерелерім Сәбит пен
Мұхтар мойныма асылып тұрды. (І.ІІІ.1963 жыл)».
Хатта Сәбит Мұқановқа ғана емес, бүкіл қазақ халқына де
ген махаббат жатқандай. Демек, Ғафур ақынның немерелерінің
есімі дос құрметімен белгіленген. Ол дос бейнесінде бүкіл қа
зақ халқын көрген. Әрине, аяулы достық. Төс түйістірген дос
тық. Жазушы хатын алға тартқан себебіміз, ойлап отырсақ, бұл
Ғұламның көзі тірісіндегі ақырғы тойы екен... енді бүгін бү
тін республика, бүкіл кеңес халқы сүйікті ақын тойын өзінсіз
тойлап жатыр...
Достықтың бұл да бір беті.
Өзбекстанда Сәбит Мұқанов болған жерлер көп-ақ. Ба
уырлас елге Қазақстан жазушылары Сәбеңе бастатып, шеру
тартып отырып барып, қызықты оқиғаларға кенеліп қайтқан
сәттері жиі. Біз құлақпен естігенді сол шеруде бірге болып,
көзбен көргендер бар. Естіген көргенді алмастыра алмайды. Ол
қызықтардың баршасы Сәбең жайлы естелікте қамтылар. Көр
ген көз ыстық жүрекпен жазар. Біз айтар ендігі бір әңгіме мы
надай:
Сәбит Мұқанов секілді үлкен жазушының әр республикада
бір, не бірнеше аудармашысы бар. Қаламгер олардың қайсы
сымен де достық, туыстық қатынаста өткен екен. Ол аудар
машылар бүгін жазушының туысқан республикалардағы көзі
іспетті. Мұрасының жанашырына айналған. Жазушы мұрасына
адал сондай елгезек қаламгердің бірі – Нәсір Фазылов. Кіндік
қаны Түркістанда тамған бұл жігітпен Сәбең жиі араласып,
туысындай, ата-баладай сыйласыпты. Әкесімен қатарластығы
да себеп болған шығар. Ең бастысы – түсіністікте жатыр ғой.
Сондықтан жазушының үй-іші оны іш тартып «біздің сары
бала» дейді. Бұл да құрмет. Сәбеңнің сары баласы бұл күнде
өзбек халқының көпке танымал кеуде жазушыларының қата
рында. Қазақ тақырыбына, әсіресе Сәбең жайлы жиі-жиі қалам
тербейді.
Өзбекстанға сапарымыздың анықтаушысы да, бағыттаушы
сы да Сәбеңнің Сары баласы, бізше – Нәсір аға. Нәсір Фазылов
жазушымен бірге болған сәттерін жыр қылып айтады. Мұң
шыл-күйшіл сезімдерді бастан кеше отырып әңгімелейді. Сол
сезімдер дүниесіне тыңдаушысын да шомдырады. Жазушының
көптеген хаттары осы Нәсір Фазыловта сақтаулы.
– Музейге берсеңіз қайтеді, хаттарды? – дейміз біз.
– Қимаймын. Асыл мүліктен айырылып қаламын ба деп
қорқа беремін, – дейді ол. Әйтсе де қымбат қазынаны жазушы
музейіне тапсырар деген сенімде тұрдық.
Нәсір аға әңгімесі Сәбең мен Ғафур достығына айнала
береді. Себепсіз емес әрине. Ол аңызға бергісіз достық қой.
Досы қайтыс болғанда қабырғасы сөгіле қайғырған ғой Сәбең.
Сол жылдардағы кейбір хаттарға үңілейікші:
«Ғафур Ғұлам қайтыс болды деген хабар маған төбемнен
жайдың оғы ұрғаннан кем тиген жоқ», деп жазды Сәбең қазаны
естіген сәтте.
Өз қолымен ақын дос тәнін Жер-Ананың қойнына тапсырып
қайтқан соң:
«Құрметті Сәйфи ағай!
Хаттарыңызды да, Ғафур Ғұлам туралы жазған мақала
ңыз басылған газетті де алдым.
Бұл қасіретке мен де Сізден кем шомған жоқпын. 35-40
жыл бойына дос болудан басқа, әнеукүні Қазанда, Тоқайдың
юбилейінде бірге өткізген күндер естен шығар емес.
Қоштасарда ол маған: «Сәбит бауырым, жүрегімнің на
шарлығын көріп жүрсің, мүмкін бұдан кейін тірі көріспеспіз,
өлсем жаназама келерсің» деген еді. Жаназасына бардым.
Бүкіл өзбек халқымен бірге, мен де қатты жыладым. Біраз
шаршап та қалдым. Ғафурдың қабырына көз жасымды төк
тім де, көңілім суынып қайттым. Өлмейік, Сәйфи бауырым»
(І.VІІІ.1966 ж.), деп жазды башқұрт жазушысы Сәйфи Құ
дашқа.
Тағы да сол сәттік сезімді қостанайлық партия қызметкері
Әбдібеков Сейітке былай жеткізеді: «Қостанайдан Алматыға
келген күннің ертеңіне Ғафур Ғұламның жаназасы естілді. Көп
жылдық достым, жолдасым болғандықтан қатты қайғырдым.
Ташкентке, жаназасына барып, қолдан топырақ салып қайт
тым. Жаным біраз жүдеп қалды». (13.VІІ.1966)
Сәбеңнің дос қазасына қатты қайғыруын мұңдана, қызыға
тыңдаған Нәсір Фазылов:
– Сәбит ағай қайтыс болғанда біз де шексіз қайғыға баттық
қой-дейді.
– Бір топ өзбек жазушысы естірту үшін Ғафур аканың зи
ратына бардық. Дос қазасын естірте алмай қанша қиналдық.
Ақыры естіртіп, топырағынан алуға рұқсат сұрадық.
Топырақты шүберекке түйіп әкеліп Сәбит аға қабіріне қой
дық.
– Оны кім ұмытар? Азаматтық іс болды ол әрекеттерің, өзбек ағайындар. – Демек, олар тірліктерінде ғана дос болып өткен жоқ, қазір де аралас жатыр ғой... – Әрине. – Ал, мұндай бақилық достық ешкімнің басында, ешқашан қайталанған емес. Бұл аңызға бара-бар оқиға. – Жазсаңызшы, Нәсір аға. – Жаздым ғой. Көмейімді жыбырлатып келе жатқан сол ғой. «Қос шынар» деп аталатын повесті аяқтау үстіндемін. Сүйегі тұп-тура осы оқиғадан. Менің жан-дүниемде қызығу мен қызғаныш телқабыс оян ды. «Біз неге жазбадық осындай шығарманы Сәбең өмірінен?» деп өзіме-өзім сауал қойдым. – Мың да бір рахмет. Сізге. Нәсір аға! Жол үстіндегі әңгіме мұңды басталып, қуанышпен түйілді. Өлім әңгімесі өмірге ұласты. Мен Нәсір ағаға қуана қарадым. Жалпы өзбек ағайын аяулысын, сүйікті перзенттерін қадір лей біледі. Біледі ғана ма? Айрықша аялайды ғой. Ғафур Ғұ лам атында Өзбекстанда баспа бар. Көше өз алдына. А.Акба ров «Өнегелі өмір» сериясымен ғұмырнамалық кітап жазды. Көркем повестің дүниеге келгеніне куә болып отырғанымыз мынау... Ал, бізде не?.. Осындай істерді бізге де атқару керек екен-ау... «Арпа-пая» көшесіне беттеп келеміз. Ол көшеде Ғафур Ғұ лам тұрған. Нәсір ағай әңгіме сабақтайды. Сәбеңнің өзбек ағайындарына қонақасы беруі өз алдына, Алатаудың алып тасын Айбекке сыйлайтыны, оны мүсінші жалдап, сый сөзін жаздырып, қашатып, мөрлейтіні шертіліп өт ті. Тапқыр ой, ұста қалжың иесі – Сәбең Өзбекстанға барған бір сапарында Ғафур досына жылқы сойдырып, табақ-табақ етті туратып, өзбектің үлкен-кішісіне қазақша ет асатып қарық қылғанын, риза болып күле қарап тұрған Ғафурдың: – Әй, шоң қазақ, өзбек жігіттерінің жүз костюмін сағалда дың. Төлейсің, – деп әзілдегенін: – Жарайды. Болсын – деп Сәбеңнің жарқылдай күлгенін өз
бектің самал желі әкетіп жатты. Ертең ел ішінде тербеліп жү
рер-ау осы аңыз әңгіме...
Тарихқа өтпес факті, кетпес оқиға жоқ. Байқайсыздар ма,
Сәбит пен Ғафур достығы аңызға айналып, арамызда жүр ғой.
Даңқты ақын тұрған үй бұл күнде – музей. Ағайындас елдің
атақты ақынының зайыбы – Мұхарамма апаймен әңгімелесіп
отырмыз. Ол кісі Сәбит Мұқанов семьясымен сыйласқан
сәттерін еске алады:
– Ғафур дүниеден өткен соң, Сәбит ағай келіп қолымен қо
йысты. Ұзамай Алматыға шақырып, үйлерінде қонақ етіп, қа
ралы жүрегімнің қайғысын бөлісті. Қоярда қоймай Алматыны
аралатып, Алатауға да алып барды.
Ташкентке келсе біздің үйге соқпай кетпес еді. Үйде болуы
өз алдына, Мәриям ханым екеуі қоймай қолқалап делегация-
мен бірге алып жүрер еді. Ол кісі де аттанды-ау өмірден...
Ақын жары сабырлы сөйлеп, соңын күрсініспен түйді.
Көңілін аударайын деген оймен сұрақ қойдым:
– Қос қаламгердің жазысқан хаттары сақталған болар?
– Бар. Көп.
– Сәбеңмен ақырғы жүздесуіңіз қашан?
– Ұмытпасам 1970 жылы. Самарқанд қаласының 2500 жыл
дық тойына келді. Жолай үйге түсіп, балалардың маңдайынан
сүйіп аттанды.
Осы сәт кескіні Ғафур Ғұламнан аумайтын ашаң жігіт ағасы
келіп, әңгімені бөлді. Бұл – Ғафур ақынның үлкен ұлы екен.
Мұхарамма апайдың айтуына қарағанда екі ұлы, екі қызы бар.
Үйлі-баранды. Бәрі де ғылым адамдары. Үлкен ұлы физик.
Өзбек ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі,
кішісі физика ғылымдарының докторы, профессор... Өсіп өн
ген. Ақын ұрпағы деп мақтанышпен айтарлықтай өнеге шаш
қан жандар екен...
Сонымен, Сәбең Өзбекстанға ақырғы рет 1970 жылы кел
ген. 1970 жылы жазушы 70 жаста. Самарқанның 2500 жылдық
тойына қонақ райында қатынасқан қазақ жазушысын кеу-
кеулеп өзбекстандық қаламдас достары тойын тойлайды. Жа
зушы жайлы әңгіме тіршіліктің думанымен шектелмесе керек.
Жазушы қайда, қандай оқиға ортасынада жүрсе де, шығарма
шылық мақсатты ұмыта алмайды. Сол сапарда да халық жа
зушысы белгілі бір ойдың жетегінде жүрген. Ол қандай ой?
Жетпісінші жылдар – С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» ро
манының екі кітабын бітіріп, үшінші кітапқа дайындық үс
тінде жүрген кезі. Сонымен қатар, ғалым Шоқанды тұлғалау
үшін, соған дайындық ретінде «Қазақ қауымы» атты тарихи-
этнографиялық кітабын жазу үстінде еді. Жазушылық ой көр
кем шығармадан суымаған. Бауырлас халық тойына қуаныш
бөлісе, ортақтаса келіп, біраз күнге қалып, қасына өзбек жа
зушысы Хаким Назарды алып, Самарқан, Қоқан, Бұхар елін,
жерін аралауы. Құдияр ханның зиратын іздеу – шығармашылық
лабораторияға жетелейді. Көп ойларға меңзейді. Ол Шоқан
жайлы материал іздеу, ұлы ғалымның Қашқар сапарында бірге
болған, немесе кездескен кісілерін анықтау болып табылады.
Осындай шығармашылық мақсат жетегінде жүріп ол көпте
ген қажетті материал тауыпты. Өзбекстандық көзкөргендер-
дің айтуына қарағанда, Қоқан кітапханасынан Шоқан заманы
ның архивін ақтарған. Бай қазынаға кезіккен. Ол нендей қа-
зына? Кезегі келіп, күні туғанда оны бізге жазушы архиві ай
тар...
Басқасын қоя тұрып, сол сапар Сәбеңнің суынған поэзия
сымен қайта табысып, өлең жазып оралуын айтсаңызшы. Кә
дімгі кәнігі прозашы Сәбит Мұқанов сол сапардан өлең жазып
оралды. Біз Сәбеңнің «Самарқан» атты өлеңін еске алып отыр
мыз. Өлеңде бауырлас өзбек халқына деген бөлек ықылас бар.
Өзбек өз бауырым, туған ағам,
Бар қайғы-қуанышың ортақ маған.
Жыласа, яки күлсе бірге болған,
Бойына сан ғасырлар ата-бабам, –
деп жырлады Сәбең. Осы өлеңде көңіл аударарлық тағы екі
мәселе бар. Бірі – Самарқанның Шар медресесін менің қазақ
атам – Жалаңтөс батыр (ХVІ ғасыр) салдырған дейді.
Ортақ боп жеңістерде бар үлеске
Қалсын деп ұрпақтарға мәңгі есте.
Шар-дарды Самарқанда салып кеткен,
Менің бір қазақ атам Жалаңтөс те.
Екінші – дос есімінің мәңгілігін паш ету. Өлеңнің өзіне
ырық берсек:
Ғасырдың жиырмасыншы Новоиі
Боп туды марқұм досым – Ғафур Ғұлам.
Сәбең үшін ақырғы болып саналатын бұл сапар – шығар
машылық (прозашылық) мақсатпен келген жазушыны әсерге
бөлеп, ақын етіп қайтарған еді.
...Көп әңгіме, қызықты еске алу аяғында айтулы ақын жары
– Мұхарамма:
– Мәриямға сәлем айт. Жастық шақ, жақсы өмірді сыйласып
өткізіп едік, қыдырып келіп қайтсынғ, – деді.
Қанаттас қаламгерлердің жарының бір-біріне ілтипат, ізеті
нің өзі бөлек, ал олардың өздерінің өзара сыйласуы, әзіл-қал
жың, ойын-тойының ортасында болсақ қайтер едік?..
Ташкентке шығармашылық сапармен сыншы Зейнолла Се
рікқалиев келіп жатқанын естідік. Естідік те, іздеп барып жо
лықтық. Сыншы ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов өмірінің
Ташкенттік кезеңінен із кесу мақсатымен келгендей екен. Бірге
барып тамашалаған мәдени орынның бірі – өзбекстандық жа
зушы, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сергей Пет
рович Бородин музейі болды. Қазақстан да музейге кенде емес
қой. Әйтсе де бұл музейдің мәдениеті, жазушы өмірінің аса
қызықты сәттерінің ұтымды экспозициялануы – көңіл аудармай
қалмастай еді.
С.П.Бородин белгілі дәрежеде қазақ әдебиетіне де еңбек сі
ңірген қаламгер екен. Ол М.Әуезов, С.Мұқановпен ажырамас-
тай достығы өз алдына, Ғабдол Сланов шығармаларын орыс
тіліне аударып, Одақ көлеміне шығуға айта қалғандай атса
лысқан аудармашы. С.П.Бородин музейінде М.Әуезов, С.Мұқа
новпен бірге әлі күнге еңбегі өз дәрежесінде бағаланбай келе
жатқан жазушы Ғабдол Слановтың аударма үстінде жазысқан
көптеген хаттары бар екенін, жазушы жары – Рауза Якубовна
Бородина ықыласпен жеткізді. Азғантай ғұмырында өнімді ең
бектеніп мол мұра қалдырған Ғабдол Сланов жайлы материал
іздеуші кісі болса біздің айтар қуанышты хабарымыз осындай!
Бүгінде өзбек халқы Сәбеңді жақсы біледі. Есімін ерекше
қастерлейді. Оның досы – Ғафур ақын айтады екен: «Өлең
алдында өлім де дәрменсіз» деп. Солай болғаны. Ірі ақынын
өлдіге санап отырған халықты көрген жоқпыз. Ол аз десеңіз,
«Біз әлі кездесеміз, келер ұрпақ», – депті Ғұлам дүниеден кө
шерінде. Кездескен дегеніміз осы емес пе, бүгінгі сәулетті Өз
бекстанның дәулетті халқы егіз елдің екі ардағын қатар аялап,
бірге құрметтеп еске алады.
Ташкенттен аттанып бара жатқанда біздің көңілімізді
осындай ардақ сезім биледі. Келешекте де бұл сенім алдамас.
Алматы – Ташкент – Алматы
ТУЫСТЫҚТЫ ТУ ЕТКЕНДЕР
(Қазақ-өзбек әдеби байланысының жарасымы жайлы сөз)
Өзбекстаннан телефондады.
– Құлбек, сендер менің Көбей досымды ұмыттыңдар ғой,
– дейді, Өзбекстан Республикасының халық жазушысы Насыр
Фазылов.
Айтып тұрғаны – қазақтың белгілі ғалымы, өзбек тілінен
көптеген шығарманы қазақ тіліне тікелей тәржімалаған Кө
бей Сейдаханұлы. Көбекең жайлы әңгіме соңынан. Қимас дос
тық мені алдымен Насыр Фазыловтың өзі туралы сөйлеуге
міндеттеді.
Насыр ака
1973 жылы сәуір айының аяғына таман қазақтың үлкен
жазушысы Сәбит Мұқанұлы қайтыс болды.
Әдебиеттің “культке” айналып дертіп, жазушылықтың
дәуірлеп тұрған дүр шағы. Халық жазушысын ақтық сапарға
шығарып салуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен бұхара
халық “аттылы-жаяу...” Алматыға ағылған. Қаралы тізбектің
басы Кеңсайда, аяғы Абай атындағы академиялық опера және
балет театрында. Қанаттас, қаламдастары күллі КСРО-дан
келіп жеткен. Ығы-жығы нөпір халықтың арасынан сығылыса-
сығылыса өте алсаң, топырақ саласың. Әйтпесе, қайдан?!
Содан ғой, Мұқағали Мақатаевтың күнделігіне Сәбеңді қазақ
Бальзагы атап, қазақ жазушысына бұрын-соңды мұндай құрмет
көрсетілмеген еді, – деп жазатыны.
Қаралы жиынды Ғабит Мүсірепов ашты. КПСС орталық
партия комитетінің Бас секретары Леонид Ильич Брежнев қара
лента оралған азагүлін арнайы жіберіпті. Туысқан республика
жазушылары кезектесіп бақылдасу сөзін айтып жатыр.
Кезегінде ала тақия киген екі жазушы – Нәзір Сафаров пен
Нәсір Фазылов сөйледі. Олар өліп жатқан Сәбит Мұқанұлы
тіріліп кетердей сөз сөйледі. Сәбит жарықтықтың өзбек
әдебиетінің классигі, Лениндік сыйлықтың лауреаты, Ғафур
Ғұламмен бақилық достығын әуезе етіп айта келіп, қазақ
жазушысы қазасын естіген бойда жүгіріп Ғафур зиратына
барғанын, досының қазасын қиналып естіртіп, апарып қабіріне
салу үшін бір уыс топырақ алуға рұқсат сұрағанын жүрек
тебірентерлік етіп жеткізді. Түйіншекті шешіп Ғафур қабірінен
алынған топырақты Сәбең жарықтықтың қабіріне салды.
Тебіренген қаралы қауым көз жасына ерік берді...
Өзбек жазушысы Насыр Фазыловты жастар сол жолы көр
дік. Өшпестей көңілде қалды.
Оқу аяқтаған соң тағдыр айдап Сәбит Мұқанұлының мемо
риалдық музей-үйін жасақтауға қосты. Экспонат іздедік. Музей
жасақтадық. “Кәдімгі Сәбит Мұқанов” атап естелік кітабын
құрастырдық. Бір-бірімен тығыз байланыстағы түрлі ұлт, ұлыс
жазушыларымен хат жазып, хабарласып, тіпті үлкен қаламгер
ізімен сапарладық. Талай кісімен сұхбат құрдық. Сол жолы
танысқан да табысқан бауырлас елдің бір жазушысы – Насыр
ака! (Нәсір аға)
Өзбек жазушысы Насыр Фазыловты қазақ халқы тарихынан
алыстатып, қазақ әдебиетінен тыс қарауға болмайды екен.
Ол – Түркістан маңындағы көне өркениет ошағы, қолды
болып, Эрмитаж барып, қайта оралған киеміз – Тайқазан құ
йылған, кәтта медресесі болған Қарнақта туған. Қара орында
онжылдықты аяқтаған. Жоғары білім іздеп Ташкен барған. Бәл
кім туа өзбек, бәлкім сол Ташкент барған сапардан бастап өз-
бек. Бір жай анық. Ол – өзбек жазушысы. Алайда тарихи та
мыры бір, ағайын халық арасында бір-біріне деген ішкі, сырт
қы көзқарас бола береді. Ал, Насыр аканың қазақ еліне деген
бауырмал бейілін ештеңемен салыстыра алмайсың, ешкіммен
теңестіре алмайсың. Іші-сырты бірдей. Бары-нары. Оны туған
топырағы, қимас қазақ елі мәдениетімен өмірлік те, өнерлік
талай тін байланыстырып жатыр.
Ол – қазақ әдебиетінің тарлан тәржіманы.
Кейін архив ақтарғанда көрдім. Насыр ака студент парта
сында отырып-ақ қазақтың Сәбит Мұқановтай жазушысының
шығармасын өзбек тіліне түпнұсқадан тәржімалау ниетіне кі
рісіпті. Қалақтай сары бала Сәбитке “Өмір мектебін” жіберіңіз,
өзбек тіліне аударамын деп хат жазады. (Хаты архивте сақта
улы). Айбек, Ғ.Ғұлам, Миртемир секілді өзбек әдебиеті клас
сиктерімен дос-жар Сәбең “Оу, бұл бала кім? Менің шығар
мамды аудара ала ма?” – деп ойланып, достарына сұрау салып
жатпай-ақ, үш кітаптық “Өмір мектебін” беріп жібереді.
“Жеңгей өзбек қызы дейді ғой”.
Насыр бала қарап жүрмей Мәриям шешемізді өзбек қызы
деп естиді.
“Әзірге әйелім – қазақ қызы. Төсек жаңғыртуға өзбек қы
зын ұйғарған болсаңдар, алыс-беріс жасап жатқан туыс ха
лықпыз ғой. Қарсылық жоқ!”
Бұл – Сәбең жарықтықтың жауап хаты!
Сол күннен бастап Сәбең-әке, Насыр –“Сары бала” болады.
Насыр Фазылов С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, “Балуан
Шолақ”, “Ботагөз” “Сырдария” романдарын, әңгімелерін қа
зақ тілінен өзбек тіліне аударады. Бір төселіп алған соң, қызы
ғушылық билеп тағы бір классик жазушымыз – Ғабит Мүсі
реповтің “Қазақ солдаты” романын аударады. Қалмақан Әбді
қадыровтың “Қажымұқаны”, Дулат Исабеков повестері, пьеса
сы өзбекше сөйлейді. Хикаяттар оқылып, пьеса өзбек театрла
рында спектакльге айналып қойылды. Өзі төлтума шығармала
рымен туған еліне еркін танылып, ересен мойындалған, Өз
бекстан мемлекеттік сыйлығының иегері – Насыр Фазылов әлі
күнге қазақтың бір жазушысы тәуір шығарма жаратыпты де-
се, тәржімалағысы келіп делебесі қозып шыға келеді. Бертінде
ғана Мархаббат Байғұт повесін өзбекшеге “бажарды” да тас
тады.
“Қазақ әдебиеті” (22.08.2008) газетінен оқып отырмын.
М.Әуезовтен Д.Исабековке дейінгі қазақ жазушылары әңгіме
лерін тәржімалап “Тіршілік әуені” (Шарқ – 2008) – атап, өзбек
тілінде кітап етіп бастырыпты.
Жоғарыда айттық, Насыр Фазылов – өзбек халқының жү
регіне кіріп, жан-дүниесін барлап иірімге толы төлтума шығар
малар жаратқан жайсаң жазушы, қалаулы қаламгері. Сөйтіп
жүріп, қазақ әдебиеті туындыларын өзбекше сөйлетуден бір
танған емес. Бауырмал бейіліне, үлгерімпаздығына қалай қай
ран қалмассың?
Төлтума шығармалар деп қалдық па? Сол үздік шығарма
лардың тең жарымының кейіпкерлері – Түркістан қазақтары.
Осыдан кейін Адыл Якубов пен Насыр Фазыловты қарымдас-
қаламдастары “Әй, қазақтар!” – демегенде қайтеді?! Әріптес
тері әр саққа жүгіртіп әзілдеп жатқаны!
“Кездесу”, “Тас”, “Егор Самойлович”, “Өзбек болсаң, бері
кел!”, “Тарту”, “Бөстек” әңгімелері бір ғана Сәбит Мұқанов тай қазақ жазушысы кешкен өмірі, айтқан әңгімесі негізінде туған дүниелер. “Қар-хат” аталатын тамаша хикаятының ке йіпкері де қазақ. Мұны абзал ағаның адалдығы демегенде не дейміз? Насыр акамен Сәбит Мұқанұлының 80, 90, 100 жылдық ме рейтойларында Алматыда бір театрда қатар отырып, Қызыл- жар, одан әрі “Сәбит ауылына” асып сапарлас болып бірге жүр дік. Соңғы кездері Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдық тойына бірге барып, бірге қайттық. Өзбекстанның үлкен баспасөзі бе тінде көсіліп бір сөйлеп, тұтас беттік мақала, эссе, естелікпен келу-халық жазушысының дәйімгі әдеті. Олары менде сақтау лы. Орайында еске түседі, М.Әуезовтің 90, 100, С.Мұқановтың 90,100, Ғ.Мүсіреповтың 100 жылдығын Өзбекстанда қандай да бір керме-кедергілерге қарамай көзкөргендік шырай, ба уырлық бейілмен жансебілденіп ұйымдастыратын Насыр Фа зылов пен Адыл Якубов! Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы Қалаубек аға Тұрсынқұлов бастап, кезінде арнайы ба рып баяндама жасап, өзбек зиялылары, қазақ диаспорасымен қызу-қызу қауышып қайтқан сәттер ұмытылар ма, сірә? “Осы біздер туыс халық емес пе едік? Тәуелсіздік алып, жақындай түсу орнына бір-бірімізден алыстап бара жатқанымыз қалай?» – дейді Насыр аға мұңданып. – Адыл екеуімізді қанша жүреді дейсіңдер? Біз де кетерміз мынау жалғаннан. Біз кеткен соң қатысқанды қоясыңдар ма? Рас айтады. “Бармасаң, келмесең жат боласың!” Туған жерін сағынғанда Түркістанға келеді тартып. Адыл аға екеуі көбіне бірге жүреді жарасып. Түркістанды бірге ара лаймыз. Атқосшысы – Мен! – Түркістан өсті ғой – дейді екеуі қосарлана. – Нұрсұлтан Назарбаевтай Елбасысы бар Қазақстан бақытты ғой! Қанша ұлт өкілі. Бәрі бір кісідей өмір сүріп жатыр. Тоқсаныншы жылдары Өзбекстанның ресми делегациясы құрамында Қазақстанға келген сапарын есіне саламын. Қазақ станды көбірек мақтап жіберіп, Өзбекстандық ресми ортадан жырақ қалдыңыз-ау деймін күдігімді де жасырмай. Бір-біріміздің көзімізге қараймыз.
Жанардағы жазуды оқимыз.
“Шыны солай болса, қайтемін енді? Өтірік сөйлей алмай
мын!” – деп тұрады Насыр ака жанары! Мені Сәбит ағам “Сары
бала” атандырған еді. Мен бұл күнде“Сары шал” болдым. Ен
ді “Сары бала» деген атты саған берейін. Қазақ-өзбек әдеби
бауырластық байланысына сен ие бол!
– Ауыр жүк. Уақыт басқа. Дегенде “болсын!”
Қазақ әдебиетінің алыптары “Сары бала”атандырған На
сыр Фазылов ағамыз бұл күнде сексеннің сеңгіріне көтеріл
ген. Әдеби байланысқа дәнекерші һәм тәржімашы еңбегі баға
ланып Бейімбет Майлин атындағы сыйлықпен, екі ұлт үкілеп
үмітпен қалыптастырып келе жатқан екі мемлекет арасын
дағы туыстық достық қарым-қатынасқа сіңірген еңбегі үшін
Н.Ә.Назарбаевтың “Бейбітшілік және рухани татулық” сый
лығымен марапатталды.
Қашандағыдай қазақ елін сүйеді, қазақ әдебиетіне қамқор!
Сыртта жүріп:
– Менің Көбей досымды ұмыттыңдар ғой – деп сұрау са
лады. Өзі Өзбекстанның үлкен баспасөзі бетінде әдеттегідей
«Дос болса – Көбейдей болсын!» – деп көлдей естелік эссе
жазып жариялапты...
Аман жүр, алғайсыз адал көңіл иесі-аға буын жоқшысы!
Аман жүр, ағатай!
Көбей аға
Өзбек ағайынның Насыр Фазыловтай қалаулы қаламгері
нің Ташкеннен телефон соғып, қимас қазақ досы жайлы сұрау
салуы қимас сезімдерді қозғап кетті. Кісілік!
Мен есіме Көбей Сейдеханұлын түсіре бастадым. Жор
налист, жазушы, ғалым, аудармашы... дегендей әр салада қа
білет қарымын байқаған, қай салада да өзіндік із қалдырған,
адамдығын аздырмай, кісілігін тоздырмай абыройлы ғұмыр
кешкен жан.
Ол – оңтүстіктің тумасы еді.
Ол – оңтүстіктен түлеп ұшқан түлек, оқу бітірген соң Оң
түстік өңірінде еңбек жолын бастаған еңбек торысы еді.
Жә бәрін басынан бастайық.
Іңгәлап Отырар өңірінде жарық дүниеге келген сәбидің есін
білер-білместе әкесі, ағасы Ұлы Отан соғысына аттанады. Он
жасқа толар-толмаста есепші (табельщик) болып еңбекке ара
ласады. Өгіз айдау, соқа жегу, баспахана әрібін теру... ҚазМУ-
дің филология факультетіне оқуға аттанғанша қарғадай бала
ның басынан кешкендері!
ҚазМУ-да ұлы М.Әуезов, профессор Б.Кенжебаевты ұстаз
тұтыпты. Көбейді ұлы М.Әуезов ғалым, Б.Кенжебаев жорна
лист ретінде де тәрбиелепті. Оқу бітірер жылы жазған диплом
жұмысының тақырыбы – “Абайдың эстетикалық көзқарасы”.
Жебеуші, жетекшісі – ұлы Мұқаң – Мұхтар Әуезов!
Жоғары оқу орнын аяқтар сәтте Көбейді қос ұстазы – Мұ
қаң мен Бейсекең “Қазақ әдебиеті” кафедрасында қал, ұстаз
дық ет, ғылым қу, дипломдық жұмысыңды кандидаттық дис
сертацияға ұластыр деп тілек айтыпты. Қарашаңырақ оқу ор
нынан түлеп ұшқалы тұрған талапты шәкірт, талантты жас
бес жыл білім алған ұясында қалғысы келеді-ақ. Мұхтар Әуе
зовтей ұлы адамның ізінен ілесе жүріп, кімнің тәлім алғысы,
кімнің тәрбиеленгісі келмейді дейсің?! Бірақ, Көбей жас қала
алмайды әсем Алматыда! Арқасында тіреп тұрған әке жоқ,
аяулы аға зұлмат соғыстан оралмады. Кейуана – ана, әпке, қа
рындастарына кім қарайды?! Көбей деп қойғанда ата-ана не
мере көрсек, өнсек, өссек деген арман жетегінде болған шығар-
ау...
Осы жайларды ойлаған Көбей Сейдеханұлы туған жер, өс
кен өңір Оңтүстікке қайта оралады. Алматыға алаңдай-алаң
дай, артына қарайлай-қарайлай кетіпті.
Ол кезде Ильич ауданы жаңа құрылып жатқан. Шаруашы
лығы жаңа, ұйымдастырар ісі көп, істегенге пайдасы – күсеп!
Жас маман тіршілігін тілшіліктен бастады. Аудандық газеттің
тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакторы. Астында “Газик”, өзі
ауданда партбюра мүшесі. Күн құрғатпай жазады. Айналдыр
ғаны – алақандай газет. Бірақ, өзіне-өзі қанағаттанбайды. Ұла
ғатты ұстаздары еске түседі. Зият кісілердің бейнелері көз
алдына келіп, Алматыға шақырғыштайтындай.
Ол ұзамай облыстық – “Оңтүстік Қазақстан” газетіне тілші
болып қызмет ауыстырды. Облыстық газетте бөлім басқарды.
Республикалық жастар газеті – “Лениншіл жас” газетіне мен
шікті тілші керек болғанда олардың көңілі Көбейге құлады.
Көбей Сейдеханов – “Лениншіл жас” газетінің Оңтүстік Қа
зақстандағы меншікті тілшісі болып біраз жыл қызмет атқарды.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өмірінің ақабалы сәттерін ба
ба мекен – Оңтүстікпен сабақтастырғаны әмбеге аян. “Өскен
өркенді” роман-эпопея болар деп молынан жоспарлап, мате
риал жинау үшін Оңтүстікке арнайы келген ұлы қаламгер “Оң
түстік Қазақстан” газетіне қыз алып қашудың аяғы кісі өліміне
соқтырған бір келеңсіз оқиғаны баян еткен болымды очерк
оқиды.
– Бәлі, мына бір оқиғаны ұлт салт-санасымен сабақтастыра,
психологияға нәзік еніп жазған кім десем, өзіміздің Көбей екен
ғой – депті дана адам айналасына риза бейілден.
Іле Көбей шәкіртін таптырып, қашан қайтар-қайтқанша қа
сына ертіп алып, бірге сапарлапты. Шәкірт очеркіндегі оқиғаны
байыта өңдеп Мұқаң “Өскен өркен” романында пайдаланыпты.
М.Әуезовтің оңтүстік сапарында үнемі қасында бірге жүр
ген Көбей ағаның қойын кітапшалары тола шежіре сыр еді.
“Шырайын кіргізіп жазармын...” – дейтін. Қайран аға үлгер
меді. Сол сапар Мұхаңмен сапарлас, дастарқандас, сұхбаттас
болған көп кісінің естелігі Көбекең архивінде сақтаулы.
Аймүйіз ұлы ұстаз Алматыға аттанарында шәкіртін оңа
шалап – Журналистік жұмыс жастықта жарасымды. Есейген
шағыңда қаламың төселген, ойың толысқан сәтте ғылымға
ден қоймақ ләзім. “Абайдың эстетикалық көзқарасы” аталатын
диплом жұмысыңды сен ұмытсаң да, мен ұмытқан жоқпын,
Көбей. Осы сапар саған қолқа салып, қадап айтқалы тұрғаным
– Алматыға кел, аспирантураға орналастырайын. Ғылым жа
сайсың – депті.
Алды-артын орап айтқан сөзден асыл ұстаздық қамқорлық
сезген Көбей Сейдеханұлы Алматыға аттанды. Ұлы ұстаз
демеуімен Қазақ ССР Ғылым академиясына барып, кейін
М.О.Әуезов атымен аталатын Әдебиет және өнер институты
аспирантурасына түсті. Ұлы ұстаз жебеуімен Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы қазақ фольклорын зерттеуге құмбыл кірісті.
Ұлы нобайын ұстазы сызып берген кандидаттық диссерта
циясын сәтті қорғады. Әттең, сүйкімді шәкірт еңбегінің жан
ғанын сүйікті ұстазы М.О.Әуезов көре алмады.
Оңтүстіктің түлегі, “Оңтүстік Қазақстан”, “Лениншіл жас”
газетінің бір кезгі жорналисі Көбей Сейдеханов – әдебиет,
ғылым әлеміне осылай ұлы ұстаз, ғұлама ғалым, телегей-теңіз
ойшыл Мұхтар Әуезов желеп-жебеуімен келіп енген еді.
Көңілде бір сауал қалып барады. Ол – ұлы ұстаз сенім артқан
шәкірт әдебиет ғылымына қандай үлес қосты?
“Айтыс – өмір айнасы” (1969), “Қазақтың Ұлы Отан со
ғысы кезіндегі халық поэзиясы” (1974). “Халық ақындары тв
орчествосының көркемдік сипаты” (1982), “Оқ пен жыр” (1985)
монографиялық зерттеулері, “Қаһарман қаламгер” (М.Ғабдул
лин. 1975), “Әдебиет жанашыры”. (Е.Ысмайылов жөнінде.
1972), секілді зерттеу очерктері – қазақ әдебиеттану ғылымына
қосылған қомақты үлес.
Кезінде аталған еңбектер жайында профессор Б.Кенжебаев,
А.Бұлдыбаев, К.Сариева және осы жолдардың авторы ағым-
дағы баспасөзде дүркін-дүркін мақала жазды. Ғалымның ең
бектері қазақ фольклористикасының сүбелі үлесі ретінде баға
ланады. Ғалым төл еңбектері тысында көптеген ұжымдық жи
нақтарға толымды ғылыми тараулар жазды.
Көбекең “Жас шама”, “Өсиетнама”, “Ақын-жыраулар”,
“Жыр-аманат” секілді жинақтар құрастырды. Алғысөзін жа
зып, құрастырған ол жыр жинақтары көпшілік көңілінен шық
ты. Ұлы Отан соғысында опат болған шаһит жауынгер ақын
дардың азды-көпті жыр-мұрасынан бас құраған (“Жыр-ама
нат”, 1978) жинағына халқымыздың мақтанышы Бауыржан
Момышұлының “Майдангер атынан” деп атап арнайы ал
ғысөз жазуы көп жайды аңғартса керек. Көпшілік көңілі тө
рінен орын берген бұл жыр жинағы жөнінде де кезінде “Жас
алаш” (“Лениншіл жас”) газеті бетінде арнайы мақала жазға
ным бар. Расында, Көбей ағаның тірнектеп жинауымен Отан
соғысында опат болған боздақтардың азды-көпті өлең, жы
рының жинақталып, жарық көруі – ғалым үшін кеткен көп уа
қыт, ал әруақ алдында атқарылған адамгершілік парыз, әде
биет үшін тың материал. Әдебиетшінің рухани мұраға деген
ыждағаты осындай еді. Кейін де дайын докторлық диссер
тациясын Ғылыми кеңеске ұсыну орнына кезең-кезеңде өмір
сүрген халық ақындары жыр жинақтарын сүзгіден өткізіп,
ерінбей-жалықпай іріктеп-сұрыптап жинақ етіп құрастырып,
алғысөз жазып жарыққа шығарудан бір танбады. Ұлы Жамбыл
жыраудың қос томдығынан тартып К.Шәкеев, Ә.Сариев, Қ.Ай
тпенов, Ә.Егізбаев дегендей көптеген ақындардың жыр жинақ
тары Көбей Сейдеханов ыждағатымен жарық көргені есте.
Көбей ағаны мұндай жұмысқа қазақ руханиятында тұңғыш
рет “Ақын, жыраулар одағын” ұйымдастырып, оған төрағалық
етуі де міндеттеген шығар. Расында халық ақындарының
қамқоры бола білді.
Тәуелсіздік таңы сібірлеп атып келе жатқан жылдары ақын
дар айтысын ұйымдастырып, халықтың ақиық өнерінің жан
дануына ерекше күш-қайрат жұмсаған жанашырдың бірі – Кө
бекең!
Біз ғалымның бұл саладағы еңбектерінің кейбірін атүсті
атаумен ғана шектеліп отырмыз. Әйтпесе, бас-басына тоқта
лып, мән-маңызын талдай айта бастасақ, әңгіме ұзап кетер! Ол
алғы күндердің міндеті!
Жетім балалар үйінің түлегі, табанынан тозып, Ташкент
барып білім алған, Түркісіб темір жолы салына бастағанда
М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, М.Шатовпен, кейін Ж.Шаяхметов,
Н.Оңдасыновпен қызметтес болған, Қазақстан темір жолы құ
рылысын салуға ерекше еңбек сіңірген, Социалистік Еңбек Ері
Мұстафа Қазыбековтің ерлікке толы еңбек жолын әңгімелейтін
“Түркістанның түлегі” (1973) К.Сейдехановтың қаламгерлік
тындырымды бір еңбегі.
2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің жүз жылдық ме
рейтойын тойлады. Неге екенін, сол 1904 жылы туған, Қазақ
стан темір жолы ардагері Мұстафа Қазыбековтің жүз жыл
дық мерейтойын қоса тойлауды ұмытып кетті. Бар өмірін Қа
зақстан теміржолын салуға, қалыптастыруға жұмсаған Мұс
тафа Қазыбеков өмірі расында өнегелі, еңбектері ерлік, тіпті
қаһармандық дерлік. Сол қаһармандықты қалтқысыз шынайы
бейнелеп бере білген документалист қаламгер – Көбей Сейде
ханов!
Өзбекстаннан қазақ әдебиетінің үлкен досы, аудармашы,
жазушы Насыр Фазылов телефон шалып, өкпелі үнмен:
– Құлбек, сендер менің Көбей досымды ұмытып кеттіңдер
ғой, – дегенін айттым ғой ілкіде.
Бауырлас елдің бауырмал жазушысының өкпесі орынды-ақ.
Ол өзбек тілінде “Дос болса – Көбейдей болсын” – деп, Көбей Сейдеханов жөнінде естелік жазып жариялапты. Насыр Фазылов С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Әбдіқадыров, Д.Исабеков, М.Байғұт шығармаларын қазақ тілінен өзбек тілі не тікелей тәржіма еткен кенен аудармашы. Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі ескеріліп оған Бейімбет Майлин атындағы сый лық берілген. Ал, Көбей Сейдеханов тікелей өзбек тілінен Айбектің “Ба лалық шақ” (1975) Ғафур Ғұламның “Сұм бала хикаяларын”, Адыл Якубовтың “Мұхаддас” повесін (1961), “Ұлықбектің қазынасы” (1982) романын, Насыр Фазыловтың “Түркістан хикаялары” (1988), “Жазғытұрым” (1978) аталатын жинаққа топтап әңгіме, повестерін аударды. Өзбек әдебиетін насихат тауға сіңірген еңбегін ескеріп, түбі бір туыс халық Көбекеңді С.П.Бородин атындағы сыйлықпен марапаттады. Өз басым К.Сейдеханов төгілте тәржімалаған ол еңбектер- дің қай-қайсысын да көзден таса етпей сүйсініп оқыдым кезін де. Аудармалардың қайсысы да үздік. Тәржімашының өзбек әдеби тіліне жетіктігі қай аударма тұсында да тайға таңба бас қандай көрініп тұрады. Көбекең – өзбек тілінен аударған көп аударма ішінен клас сик Адыл Якубовтың “Ұлықбектің қазынасы” аталатын тама ша романы, сондай-ақ Насыр Фазыловтың “Түркістан хикая лары” жөнінде арнайы мақала жазып, жариялатыппын кезінде. Тәржіма – тамаша өнер. Ол да талант таңдайды, білім-білікті көксейді. Аударма-аудармашы өмірін арнап, шеберлік ұштаған жерде ғана көктейтін өнер. Қазақ әдебиетінде А.Құлыбеков, С.Ищанов, Б.Малдыбаев, Ә.Бегишев, Х.Өзденбаев, Қ.Сағын дықов, Ә.Жұмабаев, Ж.Ысмағұлов, М.Құрманов, Қ.Тұрсын құлов, Н.Келімбетов, М.Ілесов сынды әр буын аудармашылар еңбек еткен. Көбей Сейдеханов сол тарлан тәржімашылардың сапында болды. Оның өзбек әдебиеті үздік туындыларын тәр жімалауға мамандануы алда да жалғасуға тиісті жақсы тәжри бе! М.О.Әуезовтей ұлы ұстаз тілегімен көктеген оңтүстік тү легі, Көбей Сейдеханов – ұмытылмас абзал ағалардың бірі, қазақ әдебиеттану ғылымы һәм аударма өнерінде өзіндік өшпес іс қалдырған қаламгер!
* * *
Бір тарихи тамырдан жаралған, туыстықтан нәр алған қа
зақ, өзбек өзара суыспай, туысып жүруі керек қой. Туыстықтың
жақсы көрінісі – жайсаң азамат, қадірлі қаламгерлер арасында
осылай аңызға бергісіз алғаусыз күйде жалғасып жатса кәне
кей, шіркін! Туыстық осылай табиғи өрістеуі керек! Туыстық
тінін үзіп алмайык, ағайын.
Бұған дейін көп уақыт көркем шығармаларды орыс тілі
арқылы аударып келдік. Ол шақ өтті. Енді әр тілден шығарманы
тікелей тәржімалау міндетін уақыттың өзі алға тартып отыр.
Туысқан тілден аудару – соның ең жемісті бір саласы болуға
тиісті келешекте. Алайда, туыс тілден аударудың да өзіндік
түйткілдері аз емес. Оны да ұмытпаған абзал.Осындай жағдай
да алдымыздағы дайын үлгінің бір парасы – Н.Фазылов пен
К.Сейдеханов аударма-тәжірибесі.
Туыстық – қастерлі ұғым! Ол – қалтқысыз көңіл, бауырлық
бейіл бар жерде баянды. Адамдар аялай қарап, әлінің кел
генінше қадірлеген жерде қастерлі. Ұлт, ұлыс туыстығы – ке
шегі тарих еншісі ғана емес, бүгінгі ұрпақ ұстанымы, бүгінгі
ұрпақ жарасымы, ол татаусыз достық, түйткілсіз көңіл бар
жерде ілгерілей береді.
«АНАДАН ЕГІЗ ТУҒАН СЫҢАРЫМ...»
(Қырғыз Республикасының халық жазушысы,
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Түгелбай Сыдықбековпен сұхбат)
...Пішпекке жол түсті. Кезінде жасыл желек жамылған ша
ғын қыстақ бұл күнде бір республика астанасы. Халық өскен.
Қала өскен. Жолсерік журналист соңғы жылдары көп қабат
ты үйлердің жиі салына бастағанын мақтан тұта әңгімелейді.
Тұрғындардың ойлау жүйесін бір қалыпқа түсіретін біртекті
үйлерге көз қиығымды қыдыртамын. Қаланың жасыл желекті
пердесін көп қабатты тас үйлер, жаңа құрылыстар тау бөктері
не дейін түріңкіреп тастапты-ау...
– Ендігі шаруаңыз Түкемде ме? – деді ол үнсіздікті бұзып.
Түкем – «қырғыз прозасының асқар тауы» (Ш.Айтматов) ата
нған тарлан талант Түгелбай Сыдықбеков.
– Иә.
Екі қабатты шағын үйдің алдына келіп тоқтадық. Арнайы
салынған құжыра сымбатынан ұлттық өрнек көзге ұрады.
– Түкем СССР Мемлекеттік сыйлығын алғанда республика
басшылығы арнайы салдырып берген, – дейді жолсерік журна
лист. – Жазушы бұл үйде ширек ғасырдан астам уақыт ғұмыр
кешіп келеді.
– Өнеге тұтар үрдіс екен. Туған халқы жанын зерттеп, тағ
дырын толғап айта білген қажырлы қаламгерге рухани жұпа
рын жұтқан жұрты тарапынан ілтипат көрсетілгенге не жетсін.
Бәйбішесінің жол көрсетуімен екінші қабатқа көтерілген
де алдымызда ақ кенепке бейнеленген жап-жас «Түгелбай
Сыдықбеков» тұрды. Жайдарылық пен ойлылық құп жарасқан
бейнелеу өнері туындысына тамсанып үлгергенше түпкі бөлме
ден:
– Ә, балалар, келіңдер, – деген жарқын үн естілді.
Алатаудың ақ күмісін шашына аяусыз себездеткен ақ басты
аға жайдары амандасты. Қадірлі қаламгер көңілі қош көрінді.
– Ат ізін салмай кеткен қазақтарым, жел айдап келді ме, күз
қуып әкелді ме сендерді, – деді ол қалжыңдай күліп.
Жазушы үнінде жатсыну жоқ, сыртқа тебу атымен жоқ,
бауырына тарту ғана бар.
– Жел айдаса Алатаудан аса алмасақ керек еді. Сізге деген
сағыныш тыншу бермей жетелеп келді. «Қырғыз, қазақ бір ту
ған...» деген арамызды ашпас асыл сөз бар бізде, Түке...
– Әп, бәрекелді, жөн, жөн. Төрлетіңдер.
Айналамызға қарай-қарай жайғастық орындыққа. Аңғарға
нымыз – жазушы кабинеті қырғыз, қазақ бірдей ғасырлар бо
йы тұтынған алты қанат киіз үйге ұқсас іргесі дөңгелене жа
салған екен. Ғасыр басында өмір сүрген бір орыс жазушысы
қазақ өмірінен жазған шығармасында алты қанат ақ боз үйді
ғаламның кішірейтілген формасы секілді деп суреттегені еске
түседі. Жазушы кабинетінде арқаңды керегеге сүйегендей әсер
де отырады екенсің.
Ағаш аяқпен қымыз келді. Жеңсік сусынның қышқылтым
исі танауды қытықтап әкетіп барады. ...Ескіден қалған көз десе
де, ежелден жеткен сөз десе де жарасатын жайдары жазушы
есендік сұрасқан аз сөзден кейін әңгімеге ойысты.
– Сендер «қырғыз, қазақ бір туған...», – деп бізді алға сала
сөйлейді екенсіңдер, ал бізде «қазақ, қырғыз бір туған» деліне
ді. Сый қадірін сөздің саңлауына сыйғыза білген қайран да
қайран халқым-ай.
– Түке, атамыз бауырлас екі халық арасындағы сыйластық
ты «сөз саңлауына сыйғызса» Сіз «Сырласу» аталатын рома
ныңызда ағыл-тегіл ақтарылып жырлапсыз ғой... (Ат сабылтып
келген шаруаның өзі сол болған соң жазушыдан сыр тартуға
кірістік қой). Аталған шығарманы жазуға нендей жағдай түрткі
болды?
– Қазақ пен қырғыз ертеден төскейде малы, төсекте басы
қосылған бауыр ғой. Бұл екі халықтың тағдыры тарихтың бір
парағының екі бетіндей ұқсас. Тарихи ауыр кезеңдерді бірге
кешті, бірге көшіп, қатар қонды. Ұлы Октябрь революциясына
бірге жетті. Бұл – бір.
Екіншіден, тектес халықтың тілі де тағдырлас. Түркі тек
тес халықтар тілінде ұқсас сөз, сөйлем, екпіндес ой көп бола
ды ғой. Бірақ, қазақ пен қырғыз тілдерінің туыстығы өзге
түркі тілдерімен салыстырғанда да айрықша жақын. Тарихқа
бойлап әріден сөйлесек, бұл екі тіл парсы ықпалына көп ұшы
рамаған, жан-жағына самалдай сәуле шашып сыңғырлап тұр-
ған таза тіл емес пе? Альфавит ауысқан отызыншы жылдар-
ға дейін қазақ «Манасты», қырғыз «Алпамыс», «Қобыланды
ны» қотармасыз (Қотарма-аударма) оқыды ғой. Мен де шы
ғармашылық жолымның бастауында М.Әуезовтің «Қилы
заман», С.Мұқановтың «Сұлушаш» романдарын ана тіліміз
дегі шығармадай еркін оқып, сусындап өстім. Ешқандай ке
дергі, қиындық көрген жоқпын. Қазір ғой бір-біріміздің шы
ғармамызды қотармасыз оқи алмаймыз...
Жиырма алты жасымда ұлы жырау Жамбыл ауылына тойға
бардым. Қазақ, қырғыз ақындары жыр сайысын тамашаладым.
Әлі күнге Нартай ақынның
Османқұл мен Әлімқұл,
Алдымда пана ағасың.
Алатаудан алады
Қазақ та жырдың сағасын –
деген үні құлағымда күмбірлеп тұр жарықтық. Ақберен
халық ақыны шумағы астарында жырдың сағасын қырғыз да
Алатаудан алады, қазақ та Алатаудан алады деген ұғым бұғып
жатыр. Демек, әдебиет пен өнерімізге дейін ұқсас, сабақтас
деген сөз ғой. Ерте уақытта қазақ пен қырғыз жаз жайлауға
бірге шығып, халық ақындары өзара жыр сайысына түсіп, ха
лықты рақатқа кенелтер еді. Қазір сол бір өнер ынтымағы да
көзден бұл-бұл ұшты ғой. Бұны үшінші себеп деп қой.
Төртіншіден, қазақ пен қырғыз өзара қыз беріп, қыз алып, от
басы араласқан құдандалы халық. Өзімнің айналамнан мысал
алсам да жеткілікті. Бір апайым Алматы қазағында тұрмыста.
Жиенім қазақ радиосында журналист. Бір жеңгем қазақ қызы.
Өзі қартайып, жүзінен әр тайып отырса да қырғызшаны бұзып,
қазақшаны самалдай етіп таза сөйлейді.
Тағдыры бір, тілі тектес, от басы араласқан туыстығына қа
рамастан соңғы кездері бір-бірінен хал сұрасуға уақыт таппай,
әрқайсысы өзді-өзі болып кеткен секілді. Халық ақындары
жыр сайысына түспейді, дәстүрді жаңарту ешкімнің қаперінде
жоқ. Кейінгі ұрпақ достығы біздің Мұқаң, Сәбеңдермен дос
тығымыздай қылаусыз көрінбейді. Көне көздер дүниеден өтіп
жатыр. Санамалап айтқан достық белеңдерін кейінгі жастар
түсінбейді. Сол себепті екі халық арасындағы тарихи достық,
туыстық шежіресі болсын деген оймен күллі қария жазушылар
атынан кірісіп кеттім, роман жазып шықтым. «Сырласу» деп
отырсың ғой, романның қырғызша аты – «Сыр ашу». Роман
осылай туды.
Көп ұлтты кеңес әдебиетінің қаз-қаз тұруынан қалыптасып,
өсіп-өркендеген бүгініне дейін қаламын бір құрғатпай қырғыз
халқы санаткері сипатында бірге келе жатқан қарт жазушының
әрбір әңгімесі ой саларлық. Өзгенің жетістігіне көз жұмып, өзін
ғана айтпай, екі халықтың ортақ абыройын әңгімелеп отыр.
Қазақ жазушылары әлемдік әдебиет жайлауына алты қанат ақ
боз үйін алшитып тіккелі қашан. Қырғыз әдебиеті қаламгерле
рі жиһан әдебиеті кейіпкерлер дүниесіне ақ қалпақты қырғыз
жігітін еріксіз енгізіп жібергелі де біршама уақыт. Қанаттас
халықтың осы абырой-биігінде де қаламгерлердің қалтқысыз
бауырластығы жатқан жоқ па?
– Мен сүйген, мен аға тұтқан екі жазушы бар қазақта, – дей
ді ол. – Олар аяулы Мұхтар мен Сәбит. Екеуі бізді бауырына
тартып, баулып өтті ғой. Қазақ әдебиетінің қос алыбы, қырғыз
әдебиетінің де үлкен жанашыры еді. Мұқаң ұлттық ұлы мұ
ратымыз «Манас» эпосын терең зерттеп дос, бауырлығын
танытты. Жасырудың қажеті не, қырғыз әдебиетшілері сол
жылдары мұхит тәріздес ғажап тұтастанған (циклизация)
«Манастан» ескішілдік, кертартпалық сарынын «көріп», бо
йын тартты. Ұлтшыл-феодалдық эпос деп жылы жауып қоюға
бейім жүрді. Ұлы Мұхтар сондай сәтте төгіліп сөйлеп, тебі
рене зерттеп «Манасты» арашалады. Мұқаң және оның Қыр
ғызстандық әріптестері болмағанда кім білсін, інжу-маржа
нымыздан айырылып қалар ма едік, қайтер едік? Басы бүтін
айрылмасақ та, манастануда кенжелеп қаларымыз анық бо
латын. Мұқаң үлгісі, жазушы өз ауыз әдебиетін ғана білмей,
бауырлас халықтың ен байлығына сырттан жіті үңіліп қолқа
быс жасау керектігін сезіндірген. Біз де сол адамға еліктеп
қазақ эпосымен таныса бастадық...
...Ағалық жасқа жетіп, аға қадірін білу, аталық жаста – ақ
сақалдық қадіріне жету – табиғат заңы. Кеңес төңкерісі қар
саңында, әйтпесе төңкерістен сәл кейін өмір сүрген қалам
қайраткері жалындаған жастыққа да ағалық сезім арқалатып,
нар ғана көтерер аталық жүгін арта білгені таң қалдырады.
Мұқаң сөйткен, Сәбең сөйткен, олардың мәрт мінезін жеткі
зіп әңгімелеген Түкең де сөйткен. Ұлт әдебиеті өкілі райын
да Түгелбай Сыдықбеков те ірі талант ретінде ағалары се
німін оятқан, тетелес іні болып аталмыш алыптармен қатар
жүрген. Ол Мұқаң мен Сәбең жайында терең ойда отыр. Ой
лана келе шартты сауалды күтпей-ақ, үйреніп, үлгі тұтқан,
замандастықпен қаламын қатар ұштаған ағайындас, қаламдас
ағалары жайлы ақеден көңіл сазын іркілмей әңгімелеп жатты.
– Екеуінің шығармаларын да қалт жібермей, қадағалап оқыр
едік. Сөз зергері ретінде Мұқаңның тарихи тақырыпты талдай
жазар тереңдігі, адам жанына жіті үңілетіндігі, Сәбеңнің оқи
ғаны өткір өрістетіп, сюжетті шымыр құратыны, қарапайым
адамдарды жазатыны ұнайтын. Мен алдымдағы тетелес аға
ларымнан шеберліктің осы қырларын үйренсем керек.
Мұқаңмен Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетте
бірге отырар едік. Үніміз бір, пікіріміз туыс шығады қашанда.
«Абай» романы жарыққа шыққан сәтті айт. Ой дәурен-ай, ол бір
ортақ қуанышқа кенелген кезіміз ғой.
Сәбит ағаның «Сұлушаш», «Адасқандар» романдары ерте
шығып, жазушы ерте танылды ғой. Бозбала шағымда аталмыш
шығармаларды оқып, рахат сезімге бөленгенмін. Дарқан көңіл
жазушының қай шығармасы да қырғыз арасына қазақпен пара-
пар тарар еді.
Қай қырғыз айылына, қандай шопан үйіне бара қалсаң да,
Сәбит ағаның шығармасы алдыңнан шығатын. Әңгімелесе қал
саң, қарапайым қырғыз оқушысы ол шығармалар жайында там
сана айтып беретін. Елуінші жылдары жолы түсіп Қырғызсан
ға келген сапарында Сәбеңнің өзі де осы жағдайға куә болып,
балаша қуанып аттанғаны бар.
Біз қазақ әдебиетінің қос жүйрігі табысын қызғанбай, қы
зықтадық. Екеуі де әдебиетіміз жайында қамқор ойда жүрді.
Екеуін де аға тұттық. Ұялып қалмас үшін біз де сол кісілерге
еліктеп қазақ әдебиеті үлгілерімен таныстық. Міне, сол бала
қай.
– Жаңа шығармаларыңызды қарағай исі тарамай тұрып бір-
біріңізге жолдадыңыздар...
– Е, оған дау бар ма?
– Түсінік тілейтін сондай қолтаңбаңыздың бірін өзіңізге
оқып берсем қайтеді?
– Оқы, оқы.
– «Қымбатты Сәбит аға!
Сізді мүшел тойыма шақырмаған айып менен. У-шуды
жақтырмас жаным – елу жылдығымды даңғазасыз өткізуді
өзім сұраған едім. Бәлкім қателескен болармын. Айыбымды
мойныма алып «Бәтинаны» сыйға тартамын. 30/ХІІ-62. Тү
гелбай Сыдықбеков» депсіз.
Жазушы кеңкілдеп күлді. – Иә, түсіндіруді қажет етеді екен.
Күн артынан күн, ай артынан ай жылжып өтіп жатады ғой.
Байқамай жүріп елуге келіп қалыппын. Қалай тойлаймыз, Тү
ке? – дейді жолдастар. Ыңғай бермедім. Әсіресе, жазушы мү
шелін тойлағанды жаным жаратпайды. Әр мүшел тұсында түр
лі ойлар қаумалайды. Алдымен асқан құрметке лайықпын ба?
– деп ойланасың. Жазушылар өз шығармамыз үшін халыққа
қарыздармыз деп ойлаймын. Неге? Біздің жазатынымыз – ха
лық өмірі. Енді келіп, сол халыққа менің мүшел тойымды
тойлаңдар деу жараса қоя ма? Мұның өзі азғантай еңбегімді
халыққа міндетсінгендей, тәкәббарсығандай болмай ма? Ме
ніңше, жазушы алдындағы ақ қағазын білсе жеткілікті. Мүшел
жасқа толған екенсің, кісі көңілі тоярлық жаңа шығарма ұсын
оқушыға. Әне, сол той.
Елу жылдығыма ешкімді шақырмағанмын. Бір күні Сәбең
нен хат келіп тұр. Өкпелепті. Сонда кішілікпен кешірім сұраға
ным ғой. Сәбит ағаның кітапханасында сақталған екен ғой.
Мен де Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов ағалардың хат
тарын көздің қарашығындай сақтап келемін. Қазақ әдебиетінің
қос жүйрігі жөнінде жанымды салып естелік жаздым.
– Түгелбай аға, «байқамай жүріп» енді жетпіске келіп қал
дыңыз ғой...
– Сөзім – сөз. Тойым жаңа шығарма. Мынаны аяқтасам (ол
ақ қағаз қыстырулы жазу машинкасын меңзеді) – сол мүшел
жастың еншісі.
...Жазушыны телефонға шақырып әкетті. Айнала кітап сө
релері. Қаумалаған кабинет ойға жетелейді. Жазушының әрісі
әлем оқушылары, берісі КСРО халықтарына кең тараған үл
кенді-кішілі шығармалары осы кабинетте жазылды ғой. «Тау
арасында», «Біздің заманның адамдары», «Зайыптар» секілді
әрқайсысы үш кітаптан бас құраған үштік роман (трилогия),
роман-эпопеяларды дүниеге әкелген Түгелбай Сыдықбеков
қырғыз әдебиетінің көрнекті өкілі. Көп ұлтты кеңес әдебиетінің
бір бұтағы – қырғыз әдебиетін бір саты биікке көтерген, бұ
рын болмағанды болдырған, бұрын толмағанды толтырған,
әдебиетке жаңа ұғым, тың мазмұн, соны жанрлық атау әкелген
тарлан талант. Ел өзінің халықтық таланты арқасында ауыз
әдебиеті мен европалық проза үлгісін ұштастыра қырғыз
әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Жазушының бір ұлттың кәделі
қазынасына айналған шығармалары кезінде Мұхтар Әуезов,
Сәбит Мұқанов тарапынан жоғары бағаланғаны мәлім. Ал
қырғыз-қазақ әдеби байланысын шығармашылық өзегіне ай
налдырған талантты сыншы Қалжан Нұрмаханов Түкеңді
«қырғыз прозасының атасы» депті.
Аталмыш пікірлердің қайсысы да Түгелбай Сыдықбеков
шығармаларының исі қырғыз әдебиетінде прозаны биік дең
гейде қалыптастыруда бел болғанын пайымдау. Бәлкім бау
ырлас қырғыз халқы әдебиетінің бүгінгі биігі үшін алдымен
аталмыш жазушыға қарыздар шығар. Ауыз әдебиеті әрбір ұлт
жазба әдебиетіне екі дүркін: профессионалдық әдебиеттің
туып, қалыптасуына, екіншісінде концептуалдық-философия-
лық шығармаларға баспалдақ ретінде, ықпал етпек. Демек,
ауыз әдебиетімен сабақтас екі ерен құбылыстың арасын жалғап
жатқан Түгелбай Сыдықбеков шығармашылығы – қырғыз әде
биетіндегі «алтын көпір» іспетті. Шоң таланттың «Тау ара
сында» романының Шыңғыс Айтматов пен Қайсын Құлиев
сынды кеңес әдебиетінің мөріне айналған әйгілі жазушылар
аударып, одақтық аренаға танытуы да – пікірімізді тиянақтай
түссе керек.
– Қалай балалар, өз естелігіммен сендерді жалықтырып
алған жоқпын ба? – деді қоңыр пүліш шапанын желбегей жа
мылған жазушы орындығына жайғасып жатып. Біз кезекті са
уалды дайындадық.
– Түгелбай аға, «Тау арасында» романыңыз Ш.Айтматов
пен Қ.Құлиев аудармасында жарық көрді ғой. Осының сырына
аздап тоқталсақ қайтеді?
– Ол кезде Шыңғыс Москвада Әдебиет институтында шә
кірт еді, шеберлікке жетілу үшін қотарған-ды. Оны қайта бас
тырып жатса – әдебиетіміздің абыройын ойлап жасап жүргені
деп білем. Ол қарсы сұрақ қойды.
– Осы сендер Шыңғыстың «Ғасырдан да ұзақ күн» рома
ны жайында үндемей қалдыңдар ғой, қазақ бауырлар? Әлде
жамандап қойды деп ойладыңдар ма? (Аталмыш шығарманың
аудармасы ол кезде кешігіп жатқан еді).
– Кім білген, өкпелейтін реті жоқ секілді. Аты қазақ деме
сек, көтерілген мәселе – жалпы Адамзат проблемасы. Мүмкін
кейбір замандастары ұлттық психология аса дәлдікпен беріл
меді дейтін болар. Мүмкін бұл Шыңғыс шығармасының то
сындығы, оқушысын мықтап ойландыратындығының белгісі
де шығар.
– Шыңғыс роман оқиғасын Қырғызстанның бір түкпірінде
өрістетсе де болар еді. Оған Байқоңыр секілді баспалдақ керек
болды ғой. Әйтпесе, көтерілер мәселе – Адамзаттық. Ал ұлттық
психологияға келсек, Шыңғысты татарлар біздің жазушымыз
дейді. Өзбек, башқұрт біздікі дейді. Балтық жағалауы, Сібір
де олардан қалыспайды. Шыңғысқа баспалдақ болған қазақ
ты айтпаса да түсінікті. Қырғызстан Жазушылар Одағының
басшылығы «Ғасырдан да ұзақ күн» романына қуана алмай
отыр. Сол себепті қырғыз оқушылары романды әлі бауырына
баса алған жоқ. Кім білсін, ажыратып болмайды, әйтеуір...
Шыңғыстың қазіргі қазақ әдебиетіне ықпалы мол ма деп қал
дым?
– Қазақ әдебиеті ғана емес, әлем әдебиетіне әсер ете бастаған
жоқ па, Шыңғыс Айтматов, Түгелбай аға? Ал, өзіңіз қазіргі
қазақ әдебиеті жайында қандай көзқарастасыз?
– Менің ұғымымда қазақ әдебиеті – үлкен әдебиет. Өзін
қойып, өзге ұлт әдебиеттеріне ықпал ете біледі, ағалық жасауына
болады. Одақ дәрежесінде беделді. Мұқаң мен Сәбең жайында
айттым. Менің творчеством жайында жазғандықтан емес, тү
бірлі ойым, Қалжан Нұрмаханов дейтін талантты, білімді сын
шы өсіп келе жатыр еді, мезгілсіз кетті. Олжас, Әбдіжәміл шы
ғармаларын қадағалап жүрмін. Қоғам қайраткері Тұрар Рыс
құловты білетін едім, сол аяулы адам өмірінен жазылған Шер
хан Мұртазаевтың «Қызыл жебе» романын қызыға оқып шық
тым. Кеше ғана аға тұтқан, қайбірімен замандас жүрген аяулы
азаматтар жөнінде мұндай шығармалар қай ұлт әдебиетінде де
туатын кез келді-ау деп ойлаймын. Кейінгі жастардан Оралхан
мен Дулатты білемін. Оралхан осында келіп еді, бәйбішем қат
ты сырқаттанып, дастарқан басында еркін сырласа алмадық.
Ал жалпы қазақ әдебиеті жайын егжей-тегжейлі білу, мен се
кілді ақсақал адамға ауырлау соқса керек.
Ақсақал жазушы миығын тартты. Бейнетқор дарын Түкең
есігін қағып келіп тұрған қарттықты мойындаған болып оты
рып та, қартаңдақты мойытып кетіп жатады. «Қарттықты мо
йындамау – тынымсыз, үздіксіз еңбек» (Н.Раевский) екенін
қырғыз жазушысы ұстаным тұтқан.
– Соңғы жылдары қазақ, қырғыз әдебиеттерінде тарихи жә
не аңыздық тақырып белең алып келеді. Көптеген шығармалар
туды бұл тақырыпта. Осы көрініске қалай қарайсыз?
– Қазақ әдебиетінде тарихи тақырыптың жиі жазылуы жа
мандық нышаны болмауға тиісті. Өйткені қазақ тарихи про
засының басында ұлы Мұхтар Әуезов тұр. Әуезов дүстүрін
өлтіруге ешкімге право берілмеген. Мүмкін Қазақстанның Рос
сияға қосылуына 250 жылдығы да ықпал еткен болар. Деген
мен мұндай құбылысты мен ұлттың өзін-өзі терең тануы деп
білемін. Тарих – тек өткен ғана емес, терең танылып жазылса,
бүгінгі де, ертеңге де қызмет ете береді... Тарих егер бүгінгі
эстетикалық талғам биігінен екшеліп жазылса – құт.
Ал аңыздық тақырыпқа келетін болсақ, мұнда көбіне-көп
Шыңғыстың әсері басым. Әрине, Шыңғыс аңызды тың кон
цепциямен байыта жазады. Егер, аңыз тың концепциямен түр
лене жазылса құба-құп, олай етпеген жағдайда, аңыз – аңыз
үшін ғана болып шығуы мүмкін. Жалпы мен аңызды жадағай
қызықтауға қарсымын.
Жолсерік журналист Қушубек Омуралиев:
– Қырғыз әдебиетінде Түкемдей өнімді жазатын жазушы
жоқ. Қаншама кітабы шықты, бәлкім соншама жазылып қойса
керек, – деген-ді. Біздіңше, олай болатын реті де бар. Тіпті
осының өзі заңдылық та. Өйткені Түгелбай Сыдықбеков – ха
лықтың түрлі өткелдерден қиналып өткенін, булығып өскенін
көзбен көрген аға буын өкілі. Халық тағдырын – өз тағдыры
тұтатын халықтық дарын. Туған тілін берген, тұлғалы талант
сыйлаған халықтың өткенін көріп қиналып, бүгінін көріп мар
қайып, ертеңін ойлап өзіне де, өзгеге де тыншу бермес «бей
маза» көңіл, сөздің жақсы мағынасындағы ашқарақ талант.
Көзі жұмылғанша – Мұхтар Әуезов сол күйді кешкен. Көзі
жұмылғанша – Сәбит Мұқанов сол күйді кешті. Олармен за
мандас тағы бір кәрі тарлан жүрегіне тыншу бермей, шаншу
беріп, қаламын қолынан түсіруге қорқып ол отыр... Қырғыз
халқының ірі жазушысы Түгелбай Сыдықбеков те солармен
тағдырлас. Сондықтан да өндіріп жазатын болар. Жазғанының
бірін баспаға берсе, бірін архивінде сақтар. Архивіне сыйлап
қана өтетін шығармалар да болады оларда. Әрбір ұлт әдебиеті
аға буынына әбден жарасатын мінез бұл. Әйтсе де осы өнімді
еңбек жайлы жазушының өз аузынан естігіміз келген.
– Мүмкін басылар, мүмкін басылмас, соңғы жылдары бір
тарихи роман аяқтадым, – дейді жазушы. – Менің жасымдағы
жазушыны тарихи тақырып қызықтырса – оның алабөтен себе
бі болады. Өмірдің неден басталып, немен аяқталатынын біз
сезе бастадық. Ол шығармамда ұлт тағдыры жайлы ойларым
ды көркем образ табиғаты арқылы жеткізгім келді. Бұл – бір.
Соңғы жылдары мені бүгінгі күн өмірін жазбайды деп кінә
лайтындар бар. Өткен жылы жарық көрген «Құрбылар» дейтін
романым сол сынға жауап. Қазіргі өмір бейнесі. Қазіргі тір
шілік дүниесі өте күрделі. Адамзат баласы техникалық, атом
дық өрістеу кезеңінде өмір сүріп отыр. Қас-қағым сәт адам тағ
дыры үшін алмағайып. Күрделі социологиялық жағдай – адам
психологиясын өзгертеді. Ұлттық психологияның құрамы, са-
пасы қазір өзгерген. Ұлттық психологияны тереңірек тану ке
рек. Айта берсе мәселе көп-ақ. Романда мен назар аударған
бір мәселе осындай. «Көк асаба», «Жол» романдарын бітірдім.
«Естелік» аталатын мемуарлық шығармам да өткен жылдың
еншісінде.
Ара-тұра көңіл сазын өлеңмен шертетін әдетім бар. Ұзақ
үзілістен кейін «Асу» аталатын өлең жинағым жарық көрді.
Және бір роман бастадым. Асылы, кезекті мүшел жастың тар
ту-таралғысы осы болар. Ол ақ қағаз қыстырулы машинкаға көз
қиығын тастады.
– Мұхаң кезінде «Кейбір ұлт жазушыларының романдары»
туралы» дейтін мақаласында сіздің көрнекті романыңыздың
орыс тіліне қысқартылып аударылғанын қынжыла жазған еді.
– Мүмкін бұған менің өзім де кінәлі шығармын. Күні бү
гінге дейін қай шығармам қандай тілге, қалай қотарылды де
ген мәселеге қызығып көрген жан емен. Ізіне түсіп жүргенге
уақытымды қимаймын. Одан да алдымдағы ала қағазды ай
налдырғанды жөн көрем. Егер халық кәдесіне жарайтын, жұ
ртшылық есінде қалатын шығарма жазған болсам, ертелі-кеш
бір қотарылар. Тіпті шығарма қаламнан шыққанша ғана жа
зушынікі, кітап болып басылып тарап кеткен соң халық мүлкі,
оған менің араласып жатуым шарт емес деп те ойлайтыным
бар... Дұрыс, бұрысын кім білсін.
Жазушы ағайын шығармасының соңынан сабылып, бедел
салып аудартып жүрген қазіргі уақытта Т.Сыдықбеков мінезін
мәрттікке баласақ па, әлде бейқамдық деп қарасақ па екен?
Қалай дегенде де жазушы сөзінде бір адалдық, әрекетінде
тектілік жатқаны даусыз. Өзі қалтқысыз көңілден әңгімелеп
отырған қазақ тіліне ертеде жазушының «Біздің заманның
адамдары» есімді романы аударылғаны есімізде. Одан бері
қаншама уақыт өтті? Ақыр аяғы екі халық ортақ тағдырынан
жазылған «Сырласу» романын да әлі күнге қазақша сөйлете
алмаппыз-ау. «Аудармасыз да түсінеміз ғой» – деуге ауыз бар
майды. Мұны біздің баспагерлер ойланса жарасады.
Әңгіме жазушының шығармашылық лабораториясына ойы
сып барады. Сұрақ та шеберхана сырына орайласты.
– Аға буынның ортақ дағдысы – қолмен оңнан солға қарай
арабша тартасыз ғой?
– Жоқ. Тіпті де олай емес. Сен айтып отырған ақсақалдарға
қарағанда біз «современныйлау» болып шықтық. Машинкаға
бірден жаза беремін.
– Мықтадыңыз, Түгелбай аға. Мүмкін онда жазушылық
режім-дағдыға да бағынбассыз?
– Е, ехе, таптың мықтыны, қайдан балақай. Көбіне таңертең
ерте тұрып он екілерге дейін жазамын. Қалған уақытта кітап
оқимын. Бақша аралаймын... Ермексіз емеспін...
– Түке, қолайсыз да болса сұрайын, ақсақалдық дегеніңіз
жатқан проблема секілді көрінеді. Осыны қалай түсінуге бо
лады?
– Ақсақалдық туған халқыңның келешегін ойлап, түн бала
сына кірпігің айқаспау деп білемін. Бір республика астанасы
– Фрунзе секілді шаһарда әлі күнге қырғыз тілінде, ата дәстү
рінде сәби тәрбиелейтін балабақшаның жоқтығы жаныңа бат
пас па? Ұлттық балабақша, мектеп мәселесін дұрыс жолға
қоймай тұрып, қырғыз халқының келешегі жөнінде ой қозғау
мүмкін бе? Мен Түгелбай басыммен халық тағдыры жайлы
ойларымды үлкен ресми орындарға өткізе алмай әлекпін. Мер
зімді баспасөз үшін мақала жаза қалсам, дауысым ащы шы
ғып кете ме, неге екенін, ресми орындар шақырып, ойды азай
туым, мінезді жұқартуым керектігін ескертумен діңкелетіп
келеді. Маған кейде қырғыз да, туыс қазақ та өзінің ұлттық
дәстүріне берік еместей, өз мүмкіндігін ұрпақ тәрбиесіне сар
қа жұмсамайтындай көрінеді. Менімше әрбір адамның мінез-
қылығы ұлттық, ниет-құлығы интернационалдық болуы керек.
Сонда ғана советтік ұлт мәдениеті гүлдейді, ынтымағы арта
ды. Ақсақалдықты өз басым халыққа ақыл-ойыңмен, іс-қара
кетіңмен айбар болу, керек болу деп білемін.
...Түкең орнынан тұрып кітап сөрелерінің бірінен өзінің екі
бірдей кітабын алды. Қалың проза кітабына осы жолдардың
авторына арнап қолтаңба түсіріп ұсынды.
– Кішкене ескерткіш болсын інім.
– Чоң белек* (үлкен сыйлық) деп қабылдаймын, Түгелбай
аға.
Келесі жұқалтаң жинақ өлең кітабы екен. Өлеңдер жинағын
ашып, бір өлеңді оқи жөнелді:
Мен көрдім қазақ жігіт Жұмағұлды,
Анадан егіз туған сыңарымды.
Перзенті бұл даланың ежелгіден
Өзіме тілегі адал ұланымды.
Ұсаған бас киімі, мен кигендей,
Баяғы бүркіт қанат тымағымды.
Ал тұмақ оюлары елестетер,
Баяғы Ер Сайын, Қобыландыны.
Аумаған дөңгелек жүз, өткір көзі
Семетей, Табылдыдай пырағымды.
Қасымда қатар тұрса анық өзім
Еске алам жиырмадағы бұла күнді.
(«Қазақ ұлы»)
Бауырлас бір халық ардақ тұтқан аға жазушы ілесе шығып
хоштасты. Ақ қар жамылып жатқан бақшалыққа беттеді. Күн
еңкейіпті. Үлкен жазушы әңгімесі әсерінен айыға алмай келе
мін. Көңілде өлең оқыған қаламгер мақамы күмбірлейді. «Мен
көрдім қазақ досым Жұмағұлды, Анадан егіз туған сыңарым
ды...»
Соңымызда Алатау елінің асқақ жыршысы тұратын ұлттық
өрнекті архитектура үлгісінде салынған көркем құжыра да,
алдымызда біркелкі, біртекті үйлер...
Алматы – Фрунзе – Алматы
1980 жыл.
«АЛЫС КӨКЖИЕКТЕРДІ АҢСАЙМЫН»
немесе Шыңғыс Айтматовпен сабақтас тағдырлар
(Эссе)
Әлемге әйгілі жазушы, Лениндік және СССР Мемлекеттік
сыйлықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Шыңғыс
Айтматовтың Қазақстанда өткен жастық шағының ізімен.
«Құрметті «Лениншіл жас!»
Біздің ауылда, Луговой малдәрігерлік техникумында бір кез
де жазушы Шыңғыс Айтматов оқыған деседі. Сүйікті жазу
шының студенттік кездері жайлы жазсаңыздар екен.
Сәрсенбаева Гүлбағыш».
Біз оқушы өтінішімен жолға шықтық. Бағытымыз – Жам
был облысы, Құлан ауданы. Мақсатымыз – төрткүл дүниеге тү-
гел танымал қаламгер Шыңғыс Айтматов бір кезде оқып, бі
лім алған зоотехникалық-малдәрігерлік техникумында болу.
Оқытқан ұстаздарымен жүздесу. Заңғар суреткердің студенттік,
жастық шағынан сыр аңдау.
Бүгіндері әлемге әйгілі суреткер аталмыш оқу орнында
Ұлы Отан соғысы аяқталғанымен, қиындық қамыты мойыннан
түспеген, ауыртпалығы мол 1945-1948 жылдары оқыған. Ол
да бір қиын уақыт еді. Уақыт – өзгермелі дүние өлшемі. Одан
бері қаншама мезгіл өтті. Осы кезге дейін Қазақстандағы қара
шаңырақ оқу ордасының бірі – Жамбыл зоотехникалық-мал
дәрігерлік техникумы үш рет қоныс аударып, жаңарды. Ад
ресі: Құлан – Тараз – Құлан. Әуел баста пәнәйі себеппен осы
техникумды, одан ауыл шаруашылығы институтын тәмамда-
ған Шыңғыс Айтматов бұл уақыт аралығында суреткер райын
да үш түледі. Атап айтқанда, қырғыз-қазақты қуантқан жас
жазушы; Одақ таныған жүлдегер-қаламгер; әлем мойындаған
талант-санаткер.
Ойланып келемін. Тағдыры – уақыт билігіндегі адамдар
ұстаздарынан қазір кім бар, кім жоқ? Кешегі жиырма жасар
шәкірт баланың өткен күнінен елес берер архив деректері қолға
түсе қоя ма? Кездейсоқ уысыма іліне қалғанда, ол деректер
бүгінгі ұлы қаламгердің балалық бастауы болып сыр шерте ме?
Өйткені қай уақыт, қандай кезең жайлы сөйлесек те айтылар ой
– бүгінгі айдай әлем білетін Айтматовқа келіп тіреліп жатады
екен. Осындай қиын-қызығымен оңтүстікке сапар тартып келе
жатқан біздің көңілімізде жауапты тапсырма телқабыс сезім
туғызады.
Саналы түрде ойлағанда бұл бүгіннен кешеге – даналықтан
балалыққа; кешеден – бүгінге – балалықтан даналыққа са
пардай сезіледі. Ой сапары. Үлкен қаламгердің балалығын із
деп келемін. Балалығынан үлкендігін көргім келетіні анық.
Өйткені өскенде кімнің де кім болмағы, өмірден қандай мәуе
үзбегі айналайын жастық шаққа байланысты ғой. Бал дәурен
– балалық, жалын атқан жастық шақ адамның тағдырын анық
тайды. Ал жазушы тағдыры – өмірден, өнерден тапқан өз та
қырыбына байланысты. Тағдыр – Тақырып – Тағдыр. Шынайы
суреткердің болмысы осы үшкіл үштік ұғымнан тұрмақ.
Әрісін айтпағанда, Ұлы Отан соғысы жылдарының от-
жалын аптабында өткен, бал дәурен қиял-қанаты от-жалынға
шарпылып өскен Шыңғыс замандастарында, кейін сағына ес
ке аларлықтай қайбір балбыраған балдай тәтті болды деп ой
лайсың. Кім білсін?! Көңілде сағыныш орнына өкініш-өк
сік туғызар балалық шақ та болмай ма? Кейде ащының өзі
өмірбаянның мазмұнды беттеріне – болашақ тағдырына айна
латыны бар ғой. Біз әлгі үштік формуланы сол үшін де айтамыз.
Шыңғыс Айтматов та сол күйді бастан кешкен. Кешкені емей,
немене, майданға бір өңшең көген көз көкөрім жастарды шы
ғарып салған сәтін есіне алып:
«Содан соң алып қайту тапсырылған ерттеулі төрт атты
қосақтап, тап бір шайқас даласынан шыққандай, біресе сап
түзеп майданға бет алған колоннаға, біресе тауға жалтақтай,
табынға қуып келгенім менің есімде.
Ат-тұрманын аманат етіп қалдырған сол бір боздақтардан
ешкім де оралмады…» – деп толғануы.
Одан әрі тереңдей түссек ше?! Қалай дегенде де талант сы-
рын туған топырақ, ата-жұрттан, ата-ана бауырынан өрген ал
ғашқы тағдырлардан іздеу керек сияқты. Бала Шыңғыс үшін
ауырлау тиген бұл сәттер де суреткер Шыңғыс үшін сабақ бол-
ған, тағдыр-талайына айналған талай сыр жатады. Сондықтан
ол туған жерім деп Талас топырағын сүйеді, сондықтан ауыр
да болса бір аяулы тағдырларды есіне алады. Айтматов алғаш-
қы шығармасының бірін мынадай арнау-автографпен ашатын
еді ғой:
«Әке, мен саған ескерткіш орната алмаймын. Сенің қайда жерленгеніңді білмеймін. Осы еңбегімді, әкем Төреқұл Айт матов саған арнадым. Ана, сен бізді мәпелеп өсіріп, ел қатарына қостың. Сенің ғұмырлы болуыңды тілеп, анам Нағима Айтматова, саған арнадым». Иә, ол өткен тағдырларды ұмыта алмайды. Өткен тағдыр ларды есіне алады. Біздің есімізге де қарт ғалым айтқан есте лік-сыр оралады. Ол, Тұлпардың тұяғы немесе ғалым айтқан сыр …Бұйымтайымды естіген ғалым ойланып отырып қалды. Құмығып әлі отыр. Әу сәтте «уақыт шіркін» – деп қалған. Енді міне «тұлпардан қалған тұяқ» деді. Деді де күрсініп салды. Кім қалай ойлап қалады дегендей аз-кем отырып, болмаған соң сырқат денесін тіктеп, әңгімесін бастап еді. – Төреқұл Айтматов уақытындағы үлкен қайраткердің бірі еді. Амал қанша, біз ондай қайраткердің қаншасынан көз жазып қалдық. Азаматтық болмысы ғажап еді. Уақыт үкімінде өзін-өзі енді дәлелдей бастап, үлгермей кеткен қанша жан бар тарихта?! Есіңде ме, Шыңғыс бір шығармасын әке рухына арнады ғой. Көп жұрт Шыңғыстай шын ұлмен, арнау шығармамен әке аманаты өтелді дер. Дегенмен өткен күннің өз сыбағасы, өз өтеуі, өз шежіресі бар. Оны кейінгі ұрпақ білуге тиісті. Табиғаты қарапайым, қадірлі ғалым Бейсембай Кенжебаев осылай толқып әңгімесін бастады. Осындай толғаныспен жазу шының әкесі жайлы естелігін жалғады. – Мен Төреқұлмен 1922-25 жылдары Мәскеуде Күншығыс еңбекшілері коммунистік университетінде (КУТВ) бірге оқы дым. Қапсағай денелі, сүйекті, ірі, мінезі ашық-жарқын жігіт әлі көз алдымда. Алғашқы жылдары мұғаліміміз татар ұлтынан болғандықтан ба, Күншығыс өлкесінен барған біздер орыс ті лін нашар білгендіктен бе, сабақты татар тілінде оқып жүрдік. Бірақ, Төреқұл орыс тілін бір кісідей-ақ білетін. Сонысы себеп болып, ол келесі 1923-24 оқу жылында орыс бөліміне ауысты рылды. Қиындау уақыт. Бір бөлмеде жатып, тамақты бірге ішіп,
тату-тәтті жүрдік. Жиі пікірлесіп, сабаққа бірге дайындалдық.
Мұның өзі келе-келе іргелі достыққа, сырластыққа айналған
еді. Ол қазақ халқын кереметтей жақсы көретін. 1925 жылы
университетті бірге бітірдік.
Жастық шақ әсері болар, қоштасар сәтте оқу бітіру құр
метіне екеуміз кафе аталатын мәдени орынға бардық. Екеуміз
де туған республикамызға жүрмекшіміз. Сапар алдында досы
тығымыздың белгісі деп уәде түйістік. «Тұңғыштарымыз ұл
болса есімін Шыңғыс қоялық. Бірімізде ұл, бірімізде қыз болса
құда болалық».
Солайша уәделесіп елге аттандық. Қауырт кезең, кадр тап
шы сәтте келе іске кірісіп кеттік. Үйлі болдым. Ұзамай ұлды
болдым. Есімін Төреқұлмен достық ескерткіші деп Шыңғыс
қойдым. (1927 жылы дүниеге келген ол ұлым қазір суретші).
1930 жылы шілде, тамыз айларының бірінде, Мәскеуге Бү
кілодақтық редакторлар курсына бардым. Ол жылдары Павло-
дарда «Кеңес туың газетінің редакторы едім. Сол жолы Мос
квада Төреқұлмен жолығысып, мәре-сәре әңгімелестік. Қыр
ғызстанда сауда комиссары екен. Семьялы. Тұңғышының есі
мін ол да Шыңғыс қойыпты. Екеуміз мәз-мейрам болыстық.
Көп жылдан бергі кездесуіміз болғандықтан көкейдегі арман
ды айтыстық. Ол мейлінше Қазан таңына жаңа жеткен халық
бақыты жайлы айтып отырды. Арманы көп, ойы терең, білім
парасаты мол, жарқын көңіл, жайсаң жан еді. Мен сол жолы
Төреқұлмен ақтық рет кездесіп тұрғанымды сезбедім…
Қазіргі халық сүйген жазушы Шыңғыс Айтматов осындай
арманына жетпеген аяулы, үлкен жүректі азамат ұрпағы. Сол
үшін де оны мен жақсының көзі, тұлпардың тұяғы көремін.
Қанатының қайырылмай, шалғай сапар шегуін ата жүрекпен
тілеймін.
Қадірлі ғалымның жүрек тебіренісін жеткізген, көңіл тер
берлік сыры толқытты. Тағдырлар жайлы ойладым. Көркем сөз
шебері Шыңғыс Айтматовтың тосын тағдырлар жайлы толғана
жырлау себебінің бір тіні табылғандай. Тосын да ауыр тағдыр
тарихты анықтайды, талантты айқындайды екен-ау. Бала Шың
ғыс балауса-бала болып ержетсе, молшылық, тіршілікті кешіп
өссе, кім біледі бүгінгі биігіне жетер-жетпесін?! Кім біледі,
қолына қалам алып, жазушы бола қалған күнде тағдырлар
тауқыметі жайлы толғап, дәл бүгінгі шыңына шығарын?!
Ұшқан ұя. Бірінші бекет,
архив ашқан дерек
Алдымызда Жамбыл. Жазира дала. Қыр-қыратты құт ме
кен. Төсін күн сүйген түстік. Шыңғыстай жазушының бала ша
ғында топырағын басқан жазирасы. Бір кезде кіндік қаланың
бірі – Әулие-атаға орналасқан зоотехникалық-малдәрігерлік
техникумы өндіріспен іргелестіру мақсатымен бұл күнде Құ
лан ауданына көшірілген. Отызыншы жылдары жергілікті
байдың жылқы қорасынан ашылған оқу орны, қазір ақшаңқан
көп қабатты зәулім үйге орналасқан. Бұрын Шыңғыс оқыған,
бұл күнде мамыражай уақыттың бақытты ұрпағы біліммен
сусындап жатқан қара шаңырақ, түрлі ұлт өрендерін тас тұ
ғырынан түлетіп ұшырған тарихи оқу ордасы.
Техникум директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қа
ғілез қара жігіт ағасы өзін Саламат Ыбыраев деп таныстырды.
Жол сапар мақсатын естіген ол, осы оқу орнының тарихы жай-
лы, қырқыншы жылдары пәнәйі себеппен Бүкілодақ деңгейін
дегі танымал ғалымдар дәріс оқығанын, осы жылдар арасында
ұядан қанша шәкірт үлкен өмір кеңістігіне самғап, парлап ұш
қанын педагогқа тән сыпайы және мақтаныш сезіммен баян-
дайды. Оқу орнының түлектері еліміздің жер-жерінде еңбек-
тенеді екен. Шағын техникумның тарихы мен шалқар геог
рафиясы, ұлтаралық сипаты кісі қызыққандай. Осы оқу орны
нан халыққа қызмет еткен талай қайраткерлердің шығуын
С.Ыбыраевтың мақтан тұтуы орынды еді. Екі-үш сағатқа со
зылған сұхбатта жиі-жиі әңгіме арқауына айналған жазушы
Ш.Айтматовтан бастап, ауылшаруашылығы ғылымының док
торы, кандидаты дегендей бірсыпыра көңіл жылытар факті
лерін атап шықты.
Саламат Ыбыраев сол бір кезеңдердің көне куәгеріндей
мемлекеттік емтихан табелін алдымызға жайып салды. Алфа
вит бойынша толтырылған табельдегі екінші АЙТМАТОВ де
ген фамилия көзімізге оттай басылды. Мемлекеттік емтихан
тапсырған үш пәннің тұсында да «БЕСТІК» бағасы тұр. Демек,
Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумының 1948
жылғы түлегі Шыңғыс Айтматов бұл оқу орнын өте үздік бі
тірген.
Қазіргі тау тұлғалы жазушы ол кезде осы техникумнан
соң Ауылшаруашылық институтын бітірді. Егер ол әдебиетке
мойын бұрмай, алғаш өмір жолын бағыттаған осы саланы,
осы мамандықты жалғастыра бергенде ауылшаруашылық ғы
лымының академигі болар еді. Өнер, ғылым – қайсысы да ин
теллект кемелдігіне байланысты. Ал Айтматов болса, адам
зат бағына орай ауылшаруашылығы ғылымының емес, жазу
өнерінің академигі атанды. Сондықтан әлем жұртшылығын қол
соқтырып жатқан Айтматовтық көркем ой, әдеби шығармалар
үшін, оны сөз өнеріне алып келген жоғары интеллектіге риза,
рахмет сезіммен қарау шарт.
Көңілде – шәкірт келбеті
немесе ұстаз айтқан сыр
Жол бағыты Тараз қаласының өзіне бұрылды. Техникумда
болғанымызда Шыңғыс Айтматовты оқытқан ұстаздың бірі,
құрметтті демалыстағы Зинаида Григорьевна Ступникованың
қалада тұратынын естіген едік. Назардағы үйге келдік. Шүй
кедей кейуана есік ашты. Жай-жапсарымызды есітіп, қуанышын
білдірді. «Ох, Чингиз. Күні кеше сияқты еді-ау, бәрі» – деп
қойды. Құрметті демалыстағы қарт ұстаз шәкірті жайлы сыр
тарта бастағанда, көзілдірігін іліп, стол үстіндегі Вальтер Скот
тың он жетінші томының ашық жатқан бетіне белгі салып
жапты. (Бұл кісі В.Скоттың барлық шығармасын оқыдым, енді
екі-үш томы қалды деп отырды… Қ.Е.) Баяу басталған әңгіме
ұзақ-сонар сырға ұласты. Сыпайы айтылған өмірбаяндық әң
гіме ел, жер тарихы. Әулиеата – Жамбылдағы ұзақ жылдар өзі
ұстаздық еткен қимас оқу орны, Шыңғыстай шәкіртінің сыры
на ұласқанда ұлағатты, қызықты хикаяға айналды.
Зинаида Григорьевна Ступникова 1919 жылы Әулиеатада
дүниеге келеді. Әкесі Г.П.Ступников заманында Оңтүстік Қа
зақстан облыстарында Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан тө
тенше комиссар. Жауынгер-жазушы Д.А.Фурмановты Бурный
станциясынан Верныйға (Алматы) тарантаспен жолаушылат
қан Г.П.Ступниковқа Чапаевтың комиссары сапардан естелік
деп қылышын жазып сыйлайды. Оңтүстік өлкесінің алғашқы
Кеңес қызметкерлерінің көбі бертінде қайтыс болған бұл тө
тенше комиссарды ұстаз тұтады. Фин қызы – шешесінің ба
уырынан он екі ұрпақ өреді. Кеңпейіл ана, ауыр жылдары
қазақтың он төрт қара домалақ жетім баласын бауырына басып,
өз перзенттерімен бірге тәрбиелеп, қайырымдылығымен бір
тайпа елге ана атанады. Туған он екі перзентінің әдебиетпен,
өнермен әуестенбегені жоқ. Соның бірі – Зинаида Григорьевна
күні бүгінге дейін қойын кітапшасына көңіл сазын өлеңмен
түсіреді.
Белсенділігімен «Қызыл орамалды комсомолка» атанған
З.Г.Ступникованың жеке тағдыры да қызықты. Ол Әулиеатада
тоғыз кластық білім алып, зоотехникалық-малдәрігерлік тех
никумына түседі. Бітірген соң 1932 жылы Талас бойында кол
хоздастыру ісіне белсене араласады. Бай-кулактардан көрген
зәбірін есіне түсіргенде Зинаида Григорьевнаның кәрі көкірегін
өксік қысты. Суланған жанарын суық жас тұтты.
1939 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік инсти
тутын тәмамдаған ол 1940 жылдан бастап құрметті демалысқа
дейін Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумында ұс
таздық етеді. Әңгіме Шыңғыс Айтматовтың шәкірт жылдарына
ойысқанда тебіреністі әңгіме шертті.
– Ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен шәкірттеріңнің бәрі
бірдей есіңде қала бермейді ғой, – дейді ол. – Ал есіңде қалған
шәкірт, жасырмай айтқанда не үздіктігімен, не өте тентектігі
мен жадымызда сақталуы мүмкін.
Арық, ұзын, тап-тұйнақтай жинақы балаң жігіт әлі есімде.
Бір орында аялдамай, ой кеше ме, қимылдап, қозғалақтап жү
ретін. Ол менің есімде жақсы сақталыпты. Жиналыстарда өте
әділ, батыл сөйлеп жүреді. Студенттер арасында айтқаны өтім
ді еді.
Қабырға газетіне өлең жазатын. Өзім аздап өлеңге әуесте
нетіндіктен жазғандарын қадағалап жүрдім. Бір айта кететін
жай, сол жылдары техникумға жер-жерден келген, қызықты,
білімді мамандар сабақ беретін. Олардың ішінде ұстазы бола
жүріп Шыңғыспен өте жақын достасқан екі адамды білемін.
Бірі – әдебиет пәнінің мұғалімі Ю.П.Ильина. Өте қарапайым,
жақсы жан еді. Осыдан екі-үш жыл бұрын дүниеден өтті.
Ал, екіншісі – Алексей Васильевич Штубендорф. Одессалық
Алексей Васильевичтің мамандығы әдебиетке үш қайнаса сор
пасы қосылмайтын. Студенттерге өте жақын жүргендіктен,
олардың арасында бәлендей беделі болған жоқ. Болсын деп
өзі де тілемеді. Ал шәкірттері оны тәңрідей сыйлады. Бөгде
мамандық иесі бола тұра әдеби білімі ғажап еді. Қолынан көр
кем әдебиет түспейтін. Және өзі оқыған қызықты шығарманы
шәкірттеріне ұсынушы еді. Бәріміз де ол кісіден талай-талай
кітап алып оқыдық. Шыңғыстың әдебиет әлеміне қызығуына
бірден-бір әсер еткен адам сол – Алексей Васильевич деп
білемін.
Ол керемет білімдар адам еді. Шыңғыс жайлы тұңғыш үл
кен пікірді мен Алексей Васильевичтен естідім. Ұмытпасам,
1946 жылы ол екеумізді Қапланбек (Шымкент облысы) мал
дәрігерлік техникумына командировкаға жіберді. Сонда ол
жолда келе жатып маған кенеттен:
– Білесіз бе, Зинаида Григорьевна, Шыңғыстан өте үлкен
жазу адамы шығады. Кітап оқиды да, қайдағы кісі қиналар
сұрақтарды қояды. Ойлануға тура келеді. Оның басы алтын
– деді. Менің жауабымды күтпестен тағы ойланып кетті. Аз
сөйлейтін, ой қуып жүретін жан еді. Кейін қайтыс болды.
Зинаида Григорьевна өткен жылдарын еске алғандай, ойла
нып отыр. Менің есіме осы сәт Ш.Айтматовтың бір мақала
сында өмірбаянының бір өткелі болып қалған техникум, сабақ
берген ұстаздары есімін ілтипат-махаббатпен есіне алып, риза
шылықпен пікір айтқаны оралды. Қаламгердің ағымдағы бас
пасөздің бірінде «Алыс көкжиектерді аңсаймын» – деп жазға
ны есіме түсті:
«Менің бұрынғы ұстаздарымның бірі – Алексей Васильевич
Штубендорф есіме оралды. Әдебиет пәніне ешқандай қатысы
жоқтығына қарамастан мен үшін және менің техникумдағы
құрдастарым үшін ол әдебиеттегі бағыттаушы құбыланама
болып еді. Класқа келеді де, сабақ бастамастан бұрын: «Өте
қызғылықты кітап. Жаңа. Оқуға кеңес беремін» – дер еді. Жә-
не екі-үш ауыз пікірімен оның мәнін түйіп, бағыт береді. Ол
мұны өте сыпайы жасайды. Біз ол кітапты оқып та шыға
мыз». Пікір де түйеміз» – деп еді сонда Шыңғыс Айтматов.
…Зинаида Григорьевна үлкен кебеженің бет қақпағын
ашып, сурет альбомдарын ала бастады. Бір кебеже толы хаттар,
фотосурет альбомдары екен. Осының баршасы семьялық шең
бердің ғана хаттасулары мен естеліктері ме екен деген таңда
ныс, білгім келген аңсар биледі мені.
Алдымызда Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік технику
мын 1948 жылы бітірген жастардың арнайы суреттері жатты.
Зинаида Григорьевна суретті қолына ұстап, әлсіз тартқан жа
нарына біресе жақындатып, біресе алыстатып үңіле қарап, әң
гімесін жалғастырды.
– Техникум қабырғасында жүріп жарияланған-жариялан
бағанын білмеймін. Әй, жарияланбады. Арада біраз жыл өт
кенде қазақ газеттерінің бірінен Шыңғыс шығармасы жарқ ете
қалды. «Жәмиласың болар, әсте! Әке-шешем қазақ салтына
жетік, қазақ балаларымен бір тәрбиеленген мен қазақ тілінде
шәкіртім Шыңғыстың сол шығармасын жылап отырып оқы
дым. Оқыдым да Шыңғысқа хат жазып жібердім. Інім Вася
екеуміз сол газетті қайта-қайта оқыдық. (Айтпақшы, інім Вася
Шыңғыспен қатар оқыған. Сізге бірдемелер айтпас па екен?
Жолықтырайын.) Содан Шыңғыстың алғашқы кітаптары қо
лыма түскенде оқушыларыма әкеліп тараттым. Оқыңдар – де
дім, – оқыңдар! Осы партада отырып тәлім тыңдаған, осы ұя
дан түлеп ұшқан тастүлектің шығармасын. Сол сәтте көзімде
қуаныш жасы тұр еді.
Содан бастап Шыңғыс шығармаларын қалт жібермей қа
дағалай оқимын. Ол адамның қиын тағдыры болып маған
соншалық ыстық тартады да тұрады.
«Міне, балам, мен білетін, менің көңілімдегі Шыңғыс осы,
айналайын! Қалғанын Вася айтар!» Толқу-тебіреніс сезімдерін
бастан кешкен ұстаз соңғы сөзін қазақ тілінде айтты…
Комсомол түлегі,
замандас шерткен сыр
Біз аздаған уақыттан кейін З.Г.Ступникованың кенже інісі
Василиймен әңгімелесіп отырдық.
– Шыңғыс деймісің? Е-е. Екеуміз зооветтехникумның сту
денті ретінде құрдаспыз. Бірге оқыған Шыңғыстың әсері ме,
мынау ағаң да бірдеме шатпақтайды…
Ашық, ақжарқын кісі екі тілде жарыстыра сөйлеп кеңкілдей
күліп алды. Бақсақ, расында да мамандығы – мал дәрігері Ва
силий Григорьевич Ступников өлең жазатын болып шықты.
Кезінде «Пионерская правда», «Ленинская смена» газетінің
шаттан тыс тілшісі болыпты. «Қазақстан» атты альманахта,
түрлі газет-журналдарда жиі жарияланыпты. Ол ақын Николай
Тихонов, жазушы Шыңғыс Айтматовпен, қазақстандық қа
ламгерлер Дм.Снегин, А.Брагиндермен хат жазысып тұрған
дарын да жасырған жоқ.
– Мен техникумда Шыңғыстан бірер курс жоғары оқыдым.
Соғыстан соңғы қиын жылдар болатын. Карточкалық жүйе.
Мұғалімдеріміз сабақ түсіндіріп тұрып асханаға қарайды. Біз
сабақ тыңдаған болып отырып, тамақты ойлаймыз. Шыңғыспен
танысуыма мынадай жағдай себеп болып еді.
Біз бір топ комсомолецтер кезекті мерекеге арнап, «Шаһзада
Костя Гидов» деп аталатын спектакль қойдық. Үстімізде май
дан шинелі, мен басты рөлді ойнадым. Ойнап болып сахнадан
түсіп келе жатқанда шашын «бокс» етіп, тықырлау қойған
ұзын, ашаң жігіт келіп: «Вася, кәнігі актерлерше ойнадың.
Шинеліңнің оқ тескен жеріне дейін «сөйлеп тұрды» – деді.
Әңгімелесіп, танысып кеттік.
Мен ол кезде техникумда бастауыш комсомол ұйымының
хатшысы едім. 1946 жылы Шыңғысты комсомол қатарына қа
былдадық. Сонда есімде сақталғаны: жауабы ширақ, өте дәл
шықты. Өте ойлы сөйледі. Кейін жиналыстарда да принципті
мәселелер тұсында кесіп пікір айтып жүрер еді.
Кітапханада жиі кездесеміз. Асханада жүріп те оның қолы
нан кітап түспейтін. Ән-би, ойын-сауық кештеріне жиі қатыса
тын. Өткір әзіл, қалжың айтып, көпшіліктің айызын қандыра
тын. Жүргенде бір орнында тұрмай, қозғалып, адымдап, ой
ланып жүретін. Отырғанда – сурет салып, бірдеме жазып, не
оқып отыратын.
Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Юлиана Петровна
дүниетанымы кең, шәкірттерін жазуға, әдебиетпен әуестен
діруге тырысатын жан еді. Содан соң Штубендорф есімді ға
жап ұстазымыз болды. Ол бізге орыс классиктерінің шығарма
ларын оқуға тауып беріп жүрді. Өлең жазатын едік. Бірде Алек
сей Васильевич Шыңғыстың жазған өлеңдерін оқып көріп,
сен проза жаз деп кеңес берді. Осыдан соң Шыңғыстың өлең
жазған-жазбағанын білмеймін, әйтеуір әңгімелер жаза бастады.
Алғашқы әңгімелері студенттер өмірінен жазылған сияқты еді.
Тағы бір айта кететін мәселе – сол жылдары Тараз қаласы
ның орталығына орналасқан техникумымыз үшін жаңа үй са
лу мәселесі көтерілді. Әлі есімде, сонда көпшілік арасынан
суырылып шығып Шыңғыс сөйледі. Комсомолдық бастаманы
қолдауға шақырды. Шындығына келгенде, сол техникум үйін
Шыңғыстың курстастары бітірді. Өкінішке қарай, ол үй тех
никумға емес, политехникалық институтқа бұйырды. Қазір сол
институттың бір үйі.
Ш.Айтматовтың алғашқы әңгімелерінің жазылуына ғана
емес, редакцияларға қалай барғанына куә болдым. Шыңғыс
бұл биігіне оңай жеткен жоқ. Оны айтамыз, алғашқы кезде бір
ден жариялана да алмады. Бірде екеуміз облыстық газет редак
циясына келдік. Үміт дүниесімен келіп едік, оның әңгімесі,
менің өлеңім жарамсыз деп табылды. Келген ізімізбен көңілсіз
кері қайттық. Жолда келе жатып Шыңғыс:
«Түсінбеді. Бүгін болмаса ертең қабылдайды. Мен бұларға
жазушы боларымды, жаза алатынымды бәрібір дәлелдеймін»
– деді. Ренжулі еді. Байқап қарасам, сонда-ақ ол болашағына
сенеді екен ғой…
Апыр-ау, деймін мен, басқа емес, әдебиетке дүбірлеген
даңқпен келген шоң Шыңғыс Айтматовтың өзі де көндігіп,
бел шешіп келген жазу қиындығынан басқа, жариялану мех
натын бастан кешкен екен-ау. Егер қырғыз-қазақ болып туған
халықтың Шоқаннан (бәлкім одан да әріден) басталатын тел
қамқорлық – екі әдебиетке бірдей назар салу дәстүрін жерге
түсірмей, іліп әкеткен ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің қырағы
назарына, керемет танымына ілінбегенде, Шыңғыстың келе
шегі кім болар еді?! Қанжардың қап түбінде жатпасы, ақыл-
парасат, ақиқат арасалмағы бір күн болмағанымен, бір күні
жалт ете түсері де анық қой, әрине! Дегенмен, тынысты тай
бурылға дейін ол ауылдың жүйрік торысына аяқ артатыны,
тіпті бой үйрететіні рас қой.
Кейде, алтын жамбы орнына күміс жамбы да көңіл медетіне
айналып, бой үйретуі де мүмкін емес пе?! Ең бастысы – Уа
қыт. Тағы да талай тағдырдың шешіміне айналатын уақыттан
Ш.Айтматов та ұтылар еді. Жазушылық жолын лирикалық про
задан бастаған ол кейінгі кенеулі концепция, философиялық
ойға кешігіп жетуі мүмкін еді. Сондықтан талантты уақытында
танып, бұлақтың көзін мезетінде ашу қажет екен ғой…
– Бір күні, – дейді Василий Григорьевич әңгімесін жалғап,
– әпкем Зинаида Григорьевна көзінде жас, көңілінде қуаныш
маған қазақ тіліндегі газетті ұсына берді. Жатып тұрып оқы
дым. Балалығым шығар, баяғы екеумізді қайтарып жіберетін
жігіттерге барып бастан-аяқ халді айттым. Олар: «Қап! Бізден
бастап жарияланып кеткенде, әбүйір-ақ болатын еді» – десті.
Сол кезеңдерден бастап Шыңғыстың атақ-даңқы дәуірледі.
Мен күні бүгінге дейін оның тұрақты оқушысына айналдым.
Хат жазысқан сәттеріміз де бар.
Бір кездері курстасы, бүгінгі әлемдік алқа топтың алдында
жүрген жазушы жайлы мақтаныш шарапат сезімін төгіле айт
қан В.Г.Ступников енді бір сәт шамалы іркілді.
– Өзің жайлы айту ұят қой. Дегенмен Шыңғысқа қатысты
оқу орны қабырғасында жүргенде бастаған әдетімді тастамаған
едім. Өлең жазуды айтамын. Шыңғыстың қарапайымдылығын
айтамын да, жақында Тараз қаласына келген ол менің елу жасқа
толарымды есіне алып, газетке құттықтау жазып кетіпті…
Рахмет, алғысымызды айта-айта Ш.Айтматовпен тағдыры
байланысты, ғибрат тарихы мол бұл семьямен жылы қош
тастық…
Түйін
Ступниковтер ауласына тағы бір көз тастадым. Күні бойы
байқамаппын. Жап-жасыл бақ, аяңмен ақырын басталған қыс
ты елемей, көкшіл тартып жайнап тұр. Бақсақ, мамандығы мал
дәрігері бұл отбасы, ауласына маусым таңдамай өсе беретін
ағаш егеді екен. Оны біз кейін білдік. Ш.Айтматов құттық
тауының Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық екі тілді «Шұғы
ла» – «Радуга» газетінде жарияланғанын естіген едім. Тараз
қаласынан таяқ тастам жердегі Асса селосына келдік. Жағдай
білген газет редакторы Шаймерден Дәуренов:
«Ұлы қаламгерді мұншалық қарапайым деп ойлаған емес
едім. Міне, қолтаңбасы, – деп тартпасынан газеттің сол санын
алып алдымызға жайып салды. Біз төмендегі құттықтауды
оқыдық:
«Жамбылда болуымызға байланысты сіздердің газеттері
ңіздің белсенді ақыны Василий Ступниковты елу жылдығымен
құттықтаймыз. Әрі қарай творчестволық табыс, өмірде ба
қыт, денсаулық тілейміз.
Жазушы Шыңғыс Айтматов, ақын Вадим Егоров».
– Сіз В.Г.Ступниковтың үйінде болдым дедіңіз ғой. Ол да
ғажап адам, – дейді аудандық газет редакторы.
– Білімді. Өзі өлең жазады. Жақында жеке кітапханасынан
екі мың таңдаулы кітапты завод кітапханасына сыйға тартты.
Ал, бақшасында қысы-жазы өсетін көптеген көкөністері де бар.
…Біз Асса аспаны астында тұрмыз. Әлемге әйгілі жазушы
Шыңғыс Айтматовтың жастық, студенттік өмір жолы жазу
шылық үлкен табиғатымен бірге, адамдық қарапайымдылық
болмысымен жүздескендей әсердеміз. Шынында, Айтматов
өскен ортаның адамдары, ұстаздары – оның азамат болып
қалыптасуына ықпал етсе, бүгін Айтматов үлкен азаматтық
қатынастың қарапайым да қадірлі сипатын, суреткерліктің
шоң құдіретін танытып отыр. Жазушының туған жері Шекер
айылы ғана емес, көршілес жастық қызықты өмір кезеңдері
өткен Жамбыл өңірі де оны өз ұланымыз деп іш тартады екен.
Осы жұрттың қарапайым, қызық тағдырлы жандары Шыңғыс
Айтматов жайлы шынайы сыр шертеді. Олардың айтуына
қарағанда, осы өңірде жазушымен дос-жаран дегендей жиі
араласып жүретін қарапайым еңбек адамдары баршылық екен.
Жамбыл жерінде тұрып, Асса аспанына тағы бір көз тас
тадым. Шөкімдей бұлт жоқ. Ашық аспан. Биіктік өлшемі – тау
жоталарына қарадым. Ақ қар, күміс қарға күн нұры құйылып,
төңірегіне шұғыла шаша қалыпты. Шыңғыс Айтматов тала
нтының төңірегіне нұр шашқан табиғаты, қаламгерлік шұ
ғылалы шаңқайтүсі іспетті әсер етті маған. Жер табиғаты,
жазушы табиғаты үйлесіп, үндесіп барады. Бұл тауы мен да
ласы ортақ, бауырлас екі халықтың Шыңғыстай тұлпары тел
талант екендігіне тағы бір көз жеткізеді. Ол балалық шақта
армандаған көкжиектер бүгінде жақындай түсті. Жолдар жал
ғасып барады…
1978 ж.
ТАУ МЕН ДАЛАНЫ ТУЫСТЫРҒАН…
Бастау сөз
Романтика!
Жастық шіркінді қойсайшы. Арманшыл ғой жастық шақ
та адам баласы. Шоң Шыңғыс Айтматов шығармаларын
жастанып оқып, құлай сүйіп жүрген кез. «Лениншіл жас»
газеті тапсырмасымен «Алыс көкжиектерді аңсаймын» ата
латын эссе жазып жариялағаным бар ілгеріде. Ұлы жазушы
ның қазақ жерінде өткен өмірі туралы еді эссе. Ұзамай эссе
қырғызша сөйлеп кетті. Енді ұлы жазушының өнерлік өнегесі
хақында жазсам деген ниет оянды. Тұлпар таланттың ту
ған, өскен жері – Қырғызстанның Шекер айылына барғым
келді. Қырғыз, қазақтың байрағы секілді шоң дарынның шы
ғармашылық шеберханасына енгім келді. «Құланның қасуына,
мылтықтың басуы» сәйкес келіп, аталмыш деректі эссені
қырғызша қотарған қаламдас дос Құшубақ Омуралиев шақы
ра қалды. Қырғыз досым қиылып, өзім қызығып 1981 жылдың
қазанында Қырғызстанға сапар шектім. Бішкек шәһәрі, Шекер
айылын (ауыл) аралап, жазушының көптеген «кейіпкерлері
мен» (прототиптері) кездесіп, әңгімелесудің сәті түсті сол
жолы.
Тарихи туынды болса бір сәрі, қиялдың еркін самғауынан
жаралған көркем-философиялық шығармалардың нақты «ке
йіпкерлерін» іздеу ойға сыйымсыз мәселедей көрінуі бек мүмкін
әдетте. Алайда, Айтматов шығармаларының жазылуына аз
ды-көпті ықпал еткен өмірлік факторлардан қашу жөн емес.
Ұлылы-кішілі жазушы шығармаларының өмірлік таянышы бо
лады. Қаламынан шыққанмен көп уақыт қалтамнан шықпай
келген деректі эссе мақсат-міндеті де осында!
Данияр
Бішкекті аралап Шыңғыс Айтматовтың туған жері – Шекер
ге аттандық. Бір қызығы Шекерге Тараз арқылы өтеді.
Бішкекте жүргенде дос күтіміне біржола өткен мен Таразға
келгенде қайтерімді білмей састым. Өйткені Тараз қазақ жері.
Жалма-жан қонақ «тағын» тастап, қазақ болып қимылдаймын
ғой баяғы. Құшубақ тырп еткізбеді. «Сіз қонақсыз» дейді.
– Қайдағы қонақ қазақ жерінде тұрып?!
– Бәрі-бір. Бұл жолы менің шақыруыммен келдіңіз. Қайт
қанша тырп етпейсіз. Енші бөліспеген қазақ-қырғызбыз ғой.
Оған Сағын қосылды.
– Болбойд, Құлбек байке*.
Шекерге автобус таңалакөгімнен жүреді екен. Ала бел так
симен зыр етіп, бірінші шағын ауданның 18 үйіне келдік. 79-пә
тердің есігін қақтық.
Есікті әдеміше келген жас келіншек ашты. Төрге оздық.
Бәрін билеп-төстеп жүрген Құшубақ.
– Менің жеңгем, – деп таныстырды келіншекті Құшубақ
досым.
– Ақмарал, – деп қолын ұсынды келіншек. Бір ғажабы ке
ліншек қазақша сөйлейді.
– Қазақсыз ба?
– Иә.
– Тоқон қайда? – деді Құшубақ.
– Айылға** кеткен, келіп қалар, – деп оған қырғызша жауап
қатты.
Менің түсінгенім Құшубақ досымның Тоқон есімді ағасы
Ақмарал атты қазақ қызына үйленген.
Ақмарал сағат түнгі 11-ді соғуына қарамастан қазан көтеріп
әуреге түсті.
Анадай жерде бір балақан сабаққа дайындалып отыр.
– Атың кім? – дедім балақанның кекілінен сипап.
– Данияр!
– Ой, жарадың, балақай! Менің де бір інімнің аты Данияр.
Аттасыңмен таныстырайын сені…
Бір кеш әңгімелестік. От-ағасы да, от-анасы да Айтматов
шығармалары рухында тәрбиеленген жандар.
Көзім ұйқыға кеткенше қазақ, қырғызда Данияр есімді
қанша бала бар екен? – деп ойлап жаттым.
Бұл да бір жазушы бақыты-ау…
* – Байке – аға.
** – Айыл – ауыл. Қ.Е.
Шарапат
Кішкентай Данияр есімінен әсерлендім бе, қалай әйтеуір
Айтматов шығармаларындағы балалар тағдыры жөнінде әң
гімеледім.
Сол сәт Сағын:
– Білесіз бе, Құлбек байке, – деді – Нұрғазы менің оқушым
ғой.
– Қай Нұрғазы? – Қапелімде аңтарылып қарадым қырғыз
қарындасыма.
– «Ақ кеме» фильміндегі баланың ролін ойнайтын Нұрғазы.
– Солай ма?
– Расын айтқанда жалғызілікті ананың жалғыз баласы. Еп
теп еркелеу. Фильмді түсіруге бел шешіп кіріскен Болат Шам
шиев бес жүз баланың арасынан біздің Нұрғазыға тоқтады.
– Иә, содан?
– Нұрғазыны алып кетті. Фильм түсірілді. Күзде шәкіртім
қайыра мектепке келді. Киноколлективі ұдайы хабарласып ке
ліп-кетіп жүрді. Солардан білсем, Нұрғазы бала емес пе, кейде
режиссердің айтқанын істемей қояды екен, кейде кино түсірі
лер сәтте ойнап кетіп, актерлерді сарсаңға салады екен…
– Қайтсін енді, бала емес пе?
– Ең қызығы – дейді Сағын әңгімесін одан әрі жалғап, –
Нұрғазы шешесі екеуі тар, жер үйде тұратын еді. Талай бар
ғанмын ғой. Шыңғыс аға баланың тұрмысының нашарлығын
көрген соң қала орталығынан дағарадай әдемі пәтер алып берді.
– Әп, бәрекелде! Жақсыдан шарапат! – деген осы.
* * *
Жамбыл қаласынан Шекерді бетке алып, ала бел автобуспен
тартып келеміз.
Ағарып атқан таңмен таласа ақ басты Алатаудың қар басқан
шың, шоқылары алдымыздан ағараңдап көзге іліне бастады.
– Анау қос шыңды көрдіңіз бе? – деді Құшубақ автобус
ішінде алға итіне түсіп.
Қырғыз туысымның қолын шошайтқан жағына қарап бір-
бірімен жарысқан, бір-біріне шұғыла шашысқан ақ қар, көк мұз
жамылған қос шыңды шалдым.
– Көрдім, Құшеке, ол шыңда нендей сыр бар?
– Соның сол жағындағысы «Манас шыңы» аталады. Ел
ертеден солай атап кеткен. Шамасы шағын халыққа бір айбын
керек болған секілді. Ғажап емес пе?! Батырын қадірлеген
халық оның атына шың белгілеген.
– Ал, екінші шың ше?
– Гәп сонда! Соған келе жатырмын. Елуге толғанда сол
шыңды Чікеме сыйлайды ғой халық. Демек, екінші шың –
«Шыңғыс шыңы».
– Ғажап! Рақмет қырғыз халқына, қаламгеріне шың сыйлап
аялаған.
Шаттықтан айқайлап жібергенімді өзім білмей қалдым.
Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармаларынан «Манас»
эпосының рухын аңғарамыз ғой. Ал бұл күнде Шыңғыс Айт
матов шығармалары біздің заманымыздың эпосына айналып
үлгерді.
Ала бел автобуспен Манас және Шыңғыс шыңын бетке ала
таңмен таласа алға тартып келеміз…
Тарих пен тас
…Күркіреу сарқырап-күрілдеп ағып жатыр. Тау өзенінің
мінезі. Табиғат тылсымы дегеніңіз қызық қой. Қайнар-бас
тауында арқырап арыстанша айбат шеге ағатын осы бір өзі
кішкене, сөйте тұра даңқы үлкен өзен ойпаңға қарай жөңкіле
көшіп бірте-бірте екпіні басылып жайдақтана береді. Кішкене
өзеннің даңқы үлкен болатыны, бұл – шоң Шыңғыс Айматов
шығармаларында сан рет айтылған, кейіпкерлері тағдырына
орай сан алуан бояумен суреттелген Күркіреу.
Күркіреу өзенін өрлей жүріп келеміз. Өзеннің бір иінінде
ошақтай жердің орнын алып бір ақ тас жатыр. Қарапайым ғана
ақ тас. Алайда кезінде белгілі бір мақсатқа пайдаланылғаны
аңғарылды. Тас беті тегістелген. Бітімі дөңгелек. Таудың жа
байы тасына сірә да ұқсамайды. Еріксіз көңіл аударғандай.
Еріксіз мойын бұрғызғандай…
– Анау не тас?
Күркіреуді мақтап аузын бір жаппай келе жатқан қасымдағы
Құшубаққа бұрылдым.
– Ә, ә ана тас па? Оның тарихы бар.
– Нендей тарихы бар бар ол тастың?
– Ол Айтмат диірменінің тасы.
«Не дейді, жаным-ау» – деген таңданыспен досымның жү
зіне үңілдім.
– Еш қалжыңы жоқ. Тап солай! Чікемнің шоң атасының
диірменінің тасы, – деп иекті бір-ақ қақты.
Күркіреу жайына қалып бәріміз ошарыла келіп ақ тасты
қоршалай тұра қалдық. Фотосуретші аппаратын алып, бізді
түсірмек болып, анадай жерге барып тұрды. Өзге жолдастар
тасты тастай беріп фотоаппараттың көзіне үңіліп кетті. Тас
жұтқандай болып қатып-қатып тұра қалды. Жазушы досым
ғана тарихпен тілдескендей тұнжырап ой кешіп тұрған. Ақыры
у-шудан жырыла бердік. Құшубақ әңгіме шертті.
– Чікемнің әкесі Төреқұл Айтматов көзі ашық, сауатты, Мәс
кеуде оқу бітірген, ірі қызмет атқарған қырғыздың алғашқы
буын зиялысы ғой. Ал, ол кісіге интеллигенттік қайдан келді?
Осыны білдіңіз бе? Менің пайымдауымша Төреқұлдың әкесі
Айтмат интеллигент кісі. Бәлкім оқуы аз, ауыл адамы шығар.
Интеллигенттіктің оқуға қарап тұрғаны да шамалы. Европалық
өлшем, интеллигенттікке берілген европалық анықтама асылы
қырғыз, қазаққа жүрмесе керек. Түркі тұқымдас халықтар туа
интеллигент-ау, осы.
Ол күліп қойды.
– Дос, бөсе бермей, Айтмат әңгімесіне көшсейші. Тарихқа
тереңдеп «азиоцентризм» «кеселіне» ойысып бара жатқан до
сымның тізгінін тартуға тура келді.
– Содан деймін-ау, Айтмат орысша, қырғызша недәуір сау
атты кісі болған. Уақыт жаңалығын да жұрттан бұрын аңғар
ған. Сіздердің Әулиатаға барып мәшинесімен тігін тігуді үй
реніпті. Қатып тұрып киінеді деседі. Ішер асқа, киер киімге өз
басы қат болмапты-ау. Алайда, әркім өз қарынының қамынан
аспаса, несі кісі?! Қарны тоя бере, артында қалған алыстағы
қырғыз айылын ойлайды. Көзі қарауытып, өзегі талып қалған
ауылдастарын ойлайды. Әулиеатадан өнер үйреніп, қасына бір
орысты ертіп келіп осы Күркіреудің жағасынан диірмен сала
ды. Елді егіншілікке тартады үгіттеп. Жинап, орып, бастырыл
ған бидайды Айтмат диірменіне тартып ұн қылып береді ха
лыққа. Жұрт тойынады.
Айтмат диірменін көріп сүйсінетін, үміті оянатындар көбе
йеді. Айтмат диірменін көріп күйінетін, күндейтіндер көбейеді.
«Құм жиылып тас болмас», дүние тірегі өзіміз деп жүргенде
құл-құтанның мұндай қоғамшылдығы біреуге ұнаса, біреуге
ұнамайды. Оның үстіне қырғыз елінің бірін-бірі көре алмайтын
күншіл ауруы бар. Қарны тойса қасындағысын қажайтын әдеті
және бар. Сұқ көздер қадалған жерге суық түсетін әдеті. Пәле!
Деген жерге бәле ұялай кететін әдеті.
Айтмат диірмені бір түнде өртеніп кетеді ақыры. Ауылдас
тарына өкпелеген Айтмат Әулиеатаға көшіп кетеді. Ұлы Тө
реқұлға кентті жерде қара танытады.
Диірменнің жалбыраған кейбір жұқаналары ана бір жыл
дарға дейін жұлым-жұлым болып сақталып келіпті. Төреқұл
«халық жауы» болып ұсталып кетіп, өз басы зәбір-запа шек
кенде Нағима Айтматова атасының диірменіне келіп, Күркі
реудің жағасында отырып-отырып шер тарқатып қайтады екен
көз көргендердің айтуына қарағанда. Ал, қазір Айтмат диір
менінен қалған жұрнақ осы ақ тас қана. Айтматтан қалған көз
– немересі Шыңғыс Айтматов!
– Оу, дос, Шыңғыс аға біле ме, бұл оқиғаны?
– Білгенде қандай! Жақында келіп: «Атамның көзіндей ақ
тасты үйіме алып кетемін» – деген екен, колхоз басшылары
өзіміз ұқыптап музейге қоямыз деп зорға алып қалыпты. Со
нымен Айтмат диірменінің ақ тасы Күркіреу өзенінің жағасын
да жатыр…
Сөйтіп бұл ақ тас – Айтмат диірменінің ақ тасы.
Досым тас хикаясы осымен тәмам дегендей үнсіз қалды.
Мен ойландым: «Апыр-ау, деймін, –зиялылық көзі –
асыл атада жатыр екен-ау. Мына жерді «Айтмат диірмені»
атандырған анау жатқан жұқана ғана ақ тас. Ақ тасты ардақты
етіп, жәдігерлікке (реликвия) айналдырып тұрған айдай
әлем мойындаған Шыңғыс Айтматовтың жазушылық даңқы,
қаламгерлік құдіреті. Дүние қандей кең еді?!
Асыл атадан асыл ұрпақ өнгенге не жетсін, шіркін!
Асыл ұрпақ ардақты ата атын шығарғанға не жетсін, шіркін!
Гүләйім
Шекерде Жапарбек Досалиев деген азамат тұрады екен.
Төреқұлдың Қарақыз есімді апасының баласы. Әкесі керемет
саятшы, аңшы кісі болса керек. Әкесі «халық жауы» болып
ұсталып кеткен Шыңғыс үйіне көп қарасқан деседі.
– Шыңғысты әкем саятшылыққа бірге алып барып жүруші
еді – деп еске алады Жапарбек аға. Әрине, Жапарбек аға ол күні
айтқан әңгіме өз алдына бір қазына.
Үйге кіргенде төрде басына дағарадай етіп жаулық ораған
жалпақ мұрын күйкентайдай кейуана отыр екен.
– Шешемнің сіңлісі Гүләйім апа – деді Жапарбек.
– Демек, Төреқұлдың қарындасы.
– Тап солай!
– Әжей, әкеңіз Айтмат, ағаңыз Төреқұл жайында әңгіме
шертіңіз, – деп қиылдық.
– Қарақтарым-ау, қартайған кісіде не әңгіме болады?
Әжей ойланып алды. Сөйтті де:
– Бәрі кеше ғана сияқты еді. Енді бүгін бәрі де көрген түстей
– деп бір қойды.
Мен қалам, қағазымды қолға алып жазуға оңтайландым.
Кейуана үзік-үзік естелік әңгіме бастады.
– Жылан жылы Әулиеатаға көшіп бардық, – дейді Гүләйім
әжей. Әкемнің киім тігетін мәшинесі бар еді. Жетім балаларды
ұйымдастырып, оқытты. Шекерден де жетім балалар апарғаны
есімде. Оларға киімді өзі тігіп беретін. Мәселен мен Төкен
деген қазақ баласымен бірге оқыдым.
Кейуана өзінің алыста қалған армандай әдемі балалық ша
ғына қиялымен қыдырып барып қайтып жатты.
– Әкем өлгенде Төреқұл он алты жаста. Мен сегіздемін.
Ағам Төреқұл орысша оқитын. Шешем «Осы оқуың да жетер.
Шаруаға қарайлассайшы», – деп еді, ағам көне қоймады. Оқи
берді. Әулиеата аз болғандай, енді біраздан соң Мәскеу барып
оқыды.
Айылға дүңкілдеген неше түрлі хабар жетеді. «Ой-бу, қай
бетімді айтайын Айтматтың жетімегі шоқыныпты. Қай бетімді
шымшиын, орыстан қатын алыпты» – деген аяқ-қолсыз жортып
жеткен өсектерді естігенде жанымыз түршігеді.
Бір күні келіншегімен екеуі айылға келді. Жеңгемізді орыс
қызы шығар деп жатырқадық. Бірақ, әппақ. Біз жатырқағанмен, ол жатырқамады. Бізді бауырына тартып ала жөнелді. Сөйтсек жеңгеміз татар қызы екен ғой. Кейін білдік Шыңғысқа екіқабат екен… Ағамыз белуарынан шешініп тастап, ыдысқа су құйып түртіп-түртіп жуынады. «Шоқынған екен ғой» деп ойладым. Сөйтсем, ол әлгі қолжуғыш екен ғой. Қараңғылықты қойсай шы. Аға, жеңгем аз күн айылда болып қайтып кетті. Мені бір бай жерге ұзатып жіберді. Шешем Айымхан: «Сен байдың келінісің. Төреқұлға кесірің тиедің, – деп араластырмады. Сол жолы ағамды соңғы рет көріп тұрғанымды мен ол кезде білген жоқпын… Кейуана сөйлеп отыр. Шоң Шыңғыстың атасы, әжесі, әкесі, шешесінің көзі болып сөйлеп отыр. Сәлден соң сыртқа шығып суретке түстік. Кейуана әңгімесін тыңдап, Жапарбек үйіне қондық. Дүйшеннің мектебі Аядай айыл Шекер. Айыл тұрғындары бірін-бірі бес саусағындай біледі. Шекерде Шыңғыс Айтматовпен мектепті бірге оқыған Жиенбек деген кісіге жолығып әңгімелестік. – Біз бәріміз Дүйшеннің шәкіртіміз, – дейді ол. – Дүйшен Қашқанаев өмірін мұғалімдікпен өткізді. Қайтыс болғалы бес-алты жыл. Дүйшеннің мектебінің іргесі алғаш 1929 жылы қаланған еді. Ол тозған соң қасынан 1940 жылы мектеп салмақ болды. Қабырғасын қалап үлгергенде соғыс басталып кетті. Біз жаңа мектептің жанына қос терек ектік. Жиенбек ағай Шыңғыс шығармаларындағы баяндалатын жағдайдың бәрін өмірде болдыға сайып, көп-көп әңгіме айтты. Алайда, бізді «Дүйсеннің мектебі» алаңдатады. Ақыры сам жамырай мектеп орнына келдік, бәріміз. Мектеп орнында бір кезде іргесін қалаған ақ тастар шашылып жатыр. Мектептің орны дерліктей емес, белуардан шалғын. Әріректе жылқы жайылып жүр. Бәріміз үнсіз тұрып қалдық. Сол сәт ақсақалдың «Біз бәріміз
Дүйшеннің шәкіртіміз» деген әлгіндегі әңгімесі жаңғырып
қайта естілгендей болды.
Бұл күнде орнының өзі еміс-еміс мектеп – «Дүйшеннің мек
тебіне» айналып, әлемнің қаншама шәкіртін тәрбиелейді де
сеңізші…
Иә, бәріміз де «Дүйсеннің мектебінің» шәкірттеріміз ғой,
асылы…
Инкамал апай
– Инкамал апайды білесіз бе? – деді бір әдікте Құшубақ.
– «Ерте қайтқан тырналардағы» ма?
– Дәл өзі.
– Ол кісі де өмірде болған жан ба?
– Болғанда қандай. Әлі тірі. Мен Мамұтбек Ғафаров есімді
баласымен таныстым. «Советтік Қырғызстан» газетінде қыз
мет істейді. Сол кісінің айтуына қарағанда, айылдан қалаға ке
летін уақыты бүгін. Баласының үйіне кіріп шықсақ қайтеді?
Досым қиылып сөйледі.
Сонымен Пішпек қаласының тау беткейіне қарай тартып
кеттік.
Сәтін салғанда Инкамал апай үйінде екен. Жадырай қар
сы алды. Жатырқамай еркін сөйлесті. Әңгіме айтқан сәттері
жадырауы да аз болмаған шығар. Ал, заң қызметкері болып
істеген ерінің «халық жауы» атанып тас түрмеде, «халық жау
ының семьясы» деп тыста өздерінің көрген жәбір-жапасын
есіне алып, әңгімелегенде түнерудей түнерді. Өңі тозған шү
беректей ақсары кейуананың кеуіп қалған көз айнасы жасқа
талай жуылды-ау. Өзінің өмір жолы Алматымен де қиылысып
қалып жатады. Асылы, бәрін басынан басталықшы.
Апайдың азан шақырып қойған аты – Меңлікамал екен.
Еркелетіп Минкамал атапты. Ақыры Инкамалға айналып кет
кен. Тоқмақта туған. Мектептің сегіз сыныбын бітірген соң, то
ғыз айлық мұғалімдік курс тәмамдайды.
– Сол сәт әйелдер гимназиясынан мұғалімдер келіп, арба
мен Алматыға алып кетті – дейді ол.
– Бұл – 1920 жылы. Ол кезде аласапыран азамат соғысы.
Тоқмақтан жеті қыз, тоғыз ер бала, бес ат арбамен шығып, жол-
жөнекей стансаларға тоқтап, түнеп жүріп жеттік Алматыға.
Қалаға кірерде чемоданымызды әскери адамдар тексерді. Кө
шелерінде қой тастары мол Алматы көрнекті шағын қала екен.
Әйелдер гимназиясының директоры, ұмытпасам, Құлжанов де
ген кісі.
– Гимназияда қандай мұғалімдердің дәріс бергені есіңізде
жоқ па, Инкамал апай?
Әңгіме Алматы хақында болған соң, асығыс сұрақ қойып
үлгердім. Ол ойланды.
– Одан бері көп уақыт өтті ғой. Дегенде кейбірі есімде,
Асылқожа Құрманбаев деген қарт кісі, Хадиша апай сабақ берді.
Отша лапылдаған бұйра шаш қара торы Ғани Мұратбаевты
қалай ұмытарсың?! Ханкелдиев, Сүлеев деген кісілердің сабақ
бергені есімде.
– Сонда сіз жалынды жастар жетекшісі Ғани Мұратбаевтан
сабақ алдыңыз ғой? Солай ма?
– Иә, ұлым солай! Мен ол кезде он төрт жастамын. Гимна
зияны Грамотамен аяқтағам. Оқу бітіріп Бішкекке оралдым.
Мұса Жолоев деген юрист жігітке тұрмысқа шықтым. Ол мына
Махмұтбектің әкесі. Нүрия есімді қызым бар. КирМу-да сабақ
береді. Тату-тәтті ғұмыр кештік. Балалы-баранды болдық.
1937 жылдың жынды бораны, қанқұйлы құйыны үйіріліп
келіп сол тәтті күндердің быт-шытын шығарды. Ерім жиырма
жылдай айдауда болды. Азап көріп, сүйретіліп қу жаны келген
ол бертінде қайтыс болды. Уһ, ол күндердің бетін әрі қылсын.
– Сізден де, ұлыңыздың да «Ғафаров» болу сырын да отыз
жеті сойқанынан іздейміз бе?
– Тап солай ұлым. Тап солай! Қу жан үшін кісі не істемейді.
Ерім қырғыз еліне аты мәлім заң қызметкері еді. Оның атын
естіген адам мені қызметке алмайтын болды. Махмұтбекті
мектеп есігінен қаратпайды. Сосын екеуміз де фамилиямызды
өзгерттік.
– Инкамал апай, енді Шыңғыс Айтматовқа қатысыңызды
әңгімелесеңіз? Сіз Шыңғыстың «Ерте қайтқан тырналар» по
весіне қалай кейіпкер боп ендіңіз?
– Е-е, қарақтарым-ай, мен қырық жыл ұстаздық қызмет
атқардым. Соның ішінде он екі жыл Шекерде мұғалім болдым.
Көп шәкірт алдымнан сабақ алды. Соның бірі – Шыңғыс. Ол
менің қызым Нүриямен бір класта оқыған. Шыңғыстың шы
ғармасына кейіпкер болсам, ол – шәкіртінің ұстазына құрметі
шығар.
– О, Чікем өзінің елу жылдық тойына Инкамал апайды
арнайы машина жіберіп алдырған ғой, Құлбек байке.
Әңгімеге Құшубақ дос аралсты.
– Рас еді қарағым. Рас, – деді ол. – Жалпы Шыңғыстың
ұлылығы – қарапайымдылығында. Оны биікке көтерген тағ
дыр шығар. Ал, біз Шыңғыстардың үйімен бірге қиналған,
тағдырлас жандармыз.
Сөйтіп Инкамал апай түн жарымы ауғанша мұңшыл-күй
шіл сезімге беріліп әңгіме шертті. Бізді қойшы тәйірі, тосын
тағдырлы жанның әңгімесін алғаш тыңдап отырған. Көп
қиындықты анасымен бірге көрген, талай тозақ отын кешіп
жаны қатайған қарт солдат, ГДР-дің Иккерменде қаласының
кешегі коменданты, бүгінгі құрметті азаматы Махмұтбек Ға
фаровтың да сол түн аузы аңқайып ашылумен болды.
Әлден уақытта балалық аңсар билеп:
– Қолтаңба түсіріп беріңізші, – деп Шыңғыс Айтматовтың
қырғыз тілінде жарық көрген бір томдық шығармалар жина
ғының «Ерте қайтқан тырналар» повесінің алғашқы бетін ашып
ұсындым.
«Қалай болар екен?» – дегендей ойланып барып:
– Шәкірт кітабына қолтаңба түсіргеннің айыбы болмас –
деді.
Сөйтті де кітап бетіне әлдеқандай пікір жазып өзіме қай
тарды.
Оқып көрсем:
«Құлбек уулум! Өрконұн өсүп, журналистік чеберчилигин
өркүндой берсин! И»камал – апай. 15.Х.81 жыл. Фрунзе шары»
– деп жазыпты.
Кейіпкер қолтаңбасы түскен кітап асыл жәдігерліктей кі
тапханамның қалтарысында әлі күнге сақтаулы.
Сұлтанмұраттың ыры
– Мен Сізге бір ыр тыңдатайыншы – деді Құшубақ. Сөйтті
де «жақын маңда ырчы бар ма?» – деп сұрады.
Орта жастан асқан қара мұртты жігіт ағасы:
– Сұлтанмұрат айтар еді. Қазір көңіл-күйі жоқ қой асыл
азаматтың, айтпас – деді.
– Қай Сұлтанмұрат? – деді Құшубақ жұлып алғандай.
Мен де елеңдей қалдым.
– Е,Чікемнің кейіпкері.
– Күйі жоғы қалай?
– Е, қарағым – деді қара мұртты қария. Бір жылда бес бірдей
ет-бауыр жақынын қара жердің қойнауына берсе, онда не күй
болсын? Жынды болып кетпей жүргеніне шүкір де. Есіл азамат
құлап кетпесе не қылсын?!
Аздан кейін біз Сұлтанмұратпен әңгімелесіп отырдық. Са
қалы өсіңкі, беті қанталағандай қызыл бет қырғыз жігіті екен.
Амандық-саулық сұрады Құшубақ жалпылдап.
Мәңгіріп бетімізге қарады да қойды.
Шым-шымдап әңгімеге тарттық. Ал, ол болса бей-жай көңіл
күйінен арыла қоймады.
– Қазақстаннан келген қонақ еді, – деп мені алға сала сөйле
ді Құшубақ дос.
– Е, е-е – деді жүзіме сүзіле қарап.
– Чікем жайында кітіп жазып жүр, – деді дос.
– Е, е, Чікем пайғамбар ғой – деді ол.
– Оған дау бар ма? – дедік жапырлай сөйлеп.
– Қомузымды әкелші – деп ақырып қалды Сұлтанмұрат.
Ұлы жүгіріп барып, қомузын әкеліп қолына ұстата берді.
Қос ішегін қағып-қағып жіберіп Сұлтанмұрат жырлай жөнелді.
Аттанып елден жөнелдім,
Амалым қанша, көнемін.
Мейірленіп сүймей бөбегін,
Ажалға кетіп барамын.
У-у-у-у-у-у ……………….
Қомуз үні ұзақ уақыт бебеуледі. Сұлтанмұрат ұзақ жырлады.
Жырлаған сайын Сұлтанмұрат жанарынан жас парлады.
Кеудесінен күңіренген бір мұңлы күй ақтарылды. Ол әбден
арқаланып алған еді.
Кейін білсек «Мырзабайдың ыры» аталатын бұл ұзақ жыр
ауылдас ағайынның соғысқа аттанып бара жатып айтқан зарлы
қоштасуы екен. Сұлтанмұраттар ол жырды соғыс жылдары
жаралы балалығына жансерік етіпті.
Сұлтекең сол күні «Тойчубек», «Жануарым Гүлсары»
жырларын қабырғасы сөгіліп күңіреніп отырып жырлады. Бәрі де балалық шақ жырлары екен. Жырлар өте мұңды. Шама-шарқымша ол жырларды қырғыз достардың көмегімен дәптеріме түсіріп алдым. Ыр – қазақша жыр деген сөз. Шыңғыс Айтматовтың бір «кейіпкері» көңілінен жыр сау лаған осындай жан екен. Ол бізбен: – Қайғым жеңілдеп қалды-ау, – деп мейірленіп қоштасты. Біз Шекерден қуанып аттандық. Жануарым Гүлсары Жол үстінде келе жатып көпке дейін Сұлтанмұратты ойым нан шығара алмадым. Көлбеңдеп, бейнесі көз алдымнан кет пей қойды. Үні құлағымда күмбірлеп тұр. Әсіресе «Жануарым Гүлсары» жыры. Шекер айылының тұрғындарының айтуына қарағанда осын да Гүлсары аталатын өрен жүйрік тұлпар болыпты. Есті жа нуар еді, деп еске алады көз көргендер. «Жануарым Гүлсары» аталатын жырдың бағышталуына қарағанда адамнан зият тұл пар болған-ау сірә. Ақын халық атқа да арнап жыр толғайды сөйтіп. Ш.Айтматовтың «Прощай, Гулсары» повесіндегі жануар да осы деседі. Шығарма қырғыз тіліне «Гүлсарат» (Гүлсары ат) болып қотарылса, қазақ тіліне «Қош, Гүлсары» болып тәр жімаланды. Аудармашылар эпосты қайталаудан қашты ма екен? Әйтпесе «Жануарым Гүлсары» поэтикалық бояуы қою, ұлттық мінезі бар ұғым емес пе?! Кейінгі ұрпақ есінде жүрер бір әңгіме осындай! Смайылдың үңгірі Шекерден үш-төрт шақырымдай жерде төбешік бар. Та рихына тереңдемедік. Шынын айтқанда бұл төбенің арғы та рихынан бергі тарихы көбірек қызықтырып келеді бізді. Өйт кені, біз мұнда «Смайылдың үңгірін» көруге келеміз. – Қай Смайыл? – дейсіз ғой. – «Бетпе-беттегі» Смайыл.
Бір жағы тоғай, бір жағы төбешік, жұрт көзінен тасалануға, жасырын әрекет жасауға әбден қолайлы. Смайыл шынында үлкендігі үйдей үңгір жасап алыпты. Айнала көріп әбден тамашаладық. Кеше ел басына күн туғанда қатерге айналған үңгір бүгін жұрттың күлкісіне себеп. Жұрт күліп, Смекеңді сыртынан мазақтап қояды. – Кіріп көруге, тамашалауға болады. Ішінде бар жағдай жасалған, – деп қалжыңдайды олар. – Смекең біледі – дейді күліп. Ал, Смайылдың өзі әрірек, «Көксайда» сау-сәлемет тұрып жатыр. Ел аузында «Смайылдың үңгірі» аталған үңірейген пәлекет маған «қорқыныш ұясы», «қасірет ошағы», «соғысқа қарсы лағнет үні» – табиғат музейі секілді елестеді. «Тоқпағы мықты болса киіз қазық жерге кіреді» – дейді қа зақ мақалы. Смайыл тектес қорқыныш құрбаны соғыс жылда ры аз ба еді? Жоқ. Алайда, ұлы Шыңғыс шығармасы арқасында «Смайылдың үңгірі» тарихқа енді. Асылында тарих та бала секілді-ау осы! Қоштау сөз Араға көп жыл салып 1989 жылы бауырлас қырғыз еліне тағы да жол түсті. Қазақ әдебиетінің Қырғызстандағы күндерін өткізуге бардық. Қушубақ досыма тағы да жолығып мәресәре әңгімелестім. Әңгімеміз әлімізге қарамай, Шыңғыс Айт матовтан басталып, Айтматовпен түйінделеді. – Гүләйім әжей тірі ме? – деймін әңгіме арасында. – Қайтыс болды ғой марқұм, – дейді досым өлім салмағын сезінгендей иінін салбыратып. – Сол кездің өзінде кейуана кісі еді ғой. Топырағы торқа болсын, Айтматов көнемен байланыстыратын тағы бір көзден, атасымен сабақтастыратын тағы бір бұтақтан айырылыптыау… – Сізбенен Шекерге барғанымызда Гүләйім әженің сөзін магнитофонға жазып, өзін суретке түсіргенімізді Чікеме көзін де айтқанмын да. Гүләйім әжей қайтыс болған соң Чікем шақы рып сол жолы түсірген суреттер мен таспа жазуларды сұрап алды.
– Инкамал апай ше? – Е, ол кісі де қайтыс болды. – Смайылдан басқаның бәрі о дүниеге көшіп кеткен бе, не мене? – Ойнап айтсаңыз да дұрыс айтып отырсыз. Смайыл қария тірі әлі. Ол жөнінде айтар қызық көп. – Қызығыңнан бөліссеңші. – Бірде Чікем айылға келеді. Чікемнің айылға келуі – мере- ке! Жұрт жиналады келіп. Қаңғалақтап Смайыл келсін бір жақ тан. Үрпиіскен жұрт қарақшы аты шығып кеткен Смайылды ішке өткізбей, көкіректен итермелей шығарып жіберуге тыры сады ғой баяғы. Үйде отырған Чікем біліп қалып: – Жіберіңдер, кірсін – депті. Жазушы мен кейіпкер әңгімелесіпті. Смайыл айтыпты: – Шыңғыс мені дүниеге таныттың. Рахмет! Бұл менің кө зімнің тірісінде өзіме орнатылған ескерткіш. Еңбегің үшін са ған арнап ескерткіш соқтырсам жарасар еді. Қайтейін, оған қаражатым жоқ қой, – депті. Чікем қарқылдап күліпті. – Ой, мына шалың бәле ғой. – Айтпаңыз. Әрі қарай тыңдаңыз. – Иә, Құлағым сенде. – Соғыстан қаштым, пыстым, қайтейін жан керек. Қу жан не істетпейді, – дейді Смайыл. – Е, бәрі де өтті ғой, – дейді Чікем. – Өтуін өтті-ау. Ал мен соғыстың зардабын әлі тартып жүрмін. – … – Пенсия алмаймын. Айтқаның өтеді. Маған мына үкімет тен пенсия әпер… Жазушы да, жұрт та тосылыпты… Р.С. Сапардан оралған, күнделігімді ақтарып, кезінде жа зылған эссе-новеллаларымды қайта бір қарап оқырманға ұсы нуды жөн көрдім. 1981–1989 жылдар. Алматы – Бішкек – Шекер – Алматы
«ӘУЕННЕН» БАСТАЛҒАН ДОСТЫҚ ӘУЕНІ
(Ш.Айтматов және оның қазақ досы Қ.Нұрмаханов
тағдыры туралы деректі эссе)
…Телефон безілдеп қоя берді. Тыңдасам Бішкектен. Құшу-
бақ баяғы. Айтары да бәзбаяғы: «Шыңғыс Айтматов пен Қал-
жан Нұрмаханов достығы хақында эссе жазып, жіберемін
деген едіңіз. Алақанымды ысып, аударуға дайындалғалы қа-
шан?! Лебізіңді жұттыңыз. Мұныңыз қалай?» – дейді ғой
баяғы…
Бұған дейін Шыңғыс Айтматов тақырыбына жазылған
«Алыс көкжиектерді аңсаймын», «Тау мен даланы туыстыр
ған», «Парасат поэзиясы» секілді деректі эсселерімді қырғыз
тіліне қотарған (аударған) қаламдас досым бұл жолы ренжулі
секілді. Тілінің тиегін ағытып жіберсе «нәмәрт» екенсіз де
ген сөз лық ете түскелі тұр. Өйткені бізде «Лебізін жұтқан нә
март» деген сөз бар. Нәмәрт атану, беті аулақ, жаман-ақ. Ал
ұзақ жылдар жинақталған материалдар негізінде аталмыш та
қырыпта бір деректі дүние жазып беріп жақсы атты болайын
десем, бірнәрсе жібермейді. Жібермей жүрген не нәрсе? Оны
өзім де білмеймін. Бәлкім мына бір жайлар шығар…
Уақыт қатал. Өмір өзгермелі. Адам талкүбідей айнымалы.
Одан бері қаншама уақыт. Одан бері Адамзат түгілі қара Жер
қатайды. Ал осы ұланасыр жойқын жазушылық жолдағы ұлы
адамның уыздай жас шағындағы бір бекеті секілді елеусіз сәтті
әңгімелеу кімге қажет?
Шыңғыс Айтматов және Қалжан Нұрмаханов! Бірі асу бер
мес асқарларды алып жиһан халқын қайран қалдырумен келе
жатқан аса қастерлі есім де, бірі әдебиет аспанында жалт етіп
көрініп отыздан аса бере құйрықты жұлдыздай жарқ етіп сөн
ген баянсыз тағдыр. Иә, осындай әрқилы сабақталған әртүрлі
тұлғалардың өзара қарым-қатынасынан ғибратты әңгіме шерте
аламыз ба, сірә?
Айдай әлем қапысыз танып, мүлтіксіз мойындаған Айтма
товтың бұл күнде қазақ жазушылары арасында достары көп.
Қайсысы шын дос, қайсысы қошаметшіл дос, оны Шыңғыс
ағаның іші біледі. Оны ішекті қан-жынынан ажыратқандай
уақыт айқындайды. Міне, осындай жағдайда Айтматов есінде
оның тасшайнар жас шағында досы Қалжан Нұрмаханов сақ
талды ма? Жоқ па? Сақталса, көңілде көмескі тартып сұлба
ланып тұр ма, әлде уақытпен бірге есейіп, көркейіп тұлғаланып
тұр ма?
Әңгіме марқұм әдебиетші Қалжан Нұрмаханов тағдыры ту
ралы бола тұра көңілді күдікке шалдыру себебіміз мәселенің
бір ұшы шоң жазушы Шыңғыс Айтматовқа тиесілі емес пе?!
Олай болса «Асыл адам айнымас» (Абай) деген бар емес пе?
Адамның балалық уыз шағы – Аяз бидің кедей шағы. Аяз би
жаман тымағын ұмытпағанда, Айтматов алғаш Байқоңырға
беттеп бара жатқанда баспалдақ бола білген жақсы досын неге
ұмытсын?! Ендеше, осы ойды байлам етіп, көңілді күдікке
шалдырғанша отыз бес жасында дүние салған сыншы архивін
ақтара отырып, жазушы В.Каверин айтқандай, архивпен тірі
кісідей сырласа отырып, осынау аяулы жандардың әдебиетке
жаңа келген жастық шағына саяхат жасайық. Білгенімізді ай
тайық, ойға түйгенімізді ортаға салайық. Білмегеніңді айт деп
ешкім де бізді қыстамас. Ал, Айтматовтың балалық шағындағы
эпистолярлық жазбаларын жарыққа шығару аяулы ағаның бү
гінгі биігін аласартпас, беделіне көлеңке түсірмес.
Архив демекші, марқұм әдебиетші Қалжан Нұрмахановтың
архиві де көп уақыт ескерусіз қалып, күтімсіз шашылыңқырап
барып жинақталды. Біздің қолымызға ол қазына сыншының
қарындасы Қазына Нұрмаханова арқылы түсті. Архив деп дар
дай етіп әңгімелеуімізге қарамастан, қыршын кеткен әдебиет
шіден қалған жазба, сызба дүниелер тіпті аз. Ол – жас шағында
жазған бір көркем дүние үзігі, ресми орындарға, жолдастарына
жолдаған жиырма шақты хат, баспамен жасалған келісім-шарт,
екі блокнот күнделік. Соның ішінде бүгін әңгімеге арқау үзік
болуға тиісті Ш.Айтматовтың аз-кем хаттары, жеделхаттары
бар. Әдеби жолда тағдырлас болған жазушымен бірге түскен
фотосуреті сақталған.
Бәлкім, мәселе мемориалдық дүниелер мен эпистолярлық
жазбалардың аз-көптігінде де емес шығар. Сол аз-кем дүние
лердің көзі жоқ әдебиетшінің дүниетаным-көзқарасын байқау
ға, әралуан қаламгерлік ортамен қарым-қатынасын бақылауға
жараса, соңында қалған азғантай әдеби мұрасының кейбір ше
берхана сырларына қанықтырса, мәселе сонда шығар. Азды
орнына жұмсап ұқсата алсақ, азғантай жазбалардан ғибрат
тарата алсақ – өкініш орны толса керек. Басқа не шара?
Айтматов пен Нұрмаханов әдеби-шығармашылық өмірлік
достық рауаятын айқындау үшін бізге әңгімеге себепкер қос
қаламгердің өмір жолына саяхат шегуге тура келеді. Ол үшін
біз елуінші жылдардың аяғы мен алпысыншы жылдардың бас
кезіндегі уақыт кеңістігіне, әдеби кезеңге лирикалық шегініс
жасаймыз.
Бұл кезең – Ш.Айтматовтың Москвада М.Горький атындағы
әдебиет институтын тәмамдап, әдебиетке батыл қадам жасай
бастаған кезі. Кейін даңқы дүбірлеген «Жәмила», «Бетпе-бет»,
«Құс жолы» повестерінің жаңадан жазылып, одақтық баспасөзде
жариялана бастаған кезі. Бұл кезең – Қ.Нұрмахановтың Москва
Мемлекеттік университетінің филология факультетінің шығыс
бөлімін аяқтап, республикалық, одақтық баспасөз беттерінде
ойлы, парасатты сын мақалаларымен деңдеп танылған шағы.
Мәскеуде қос оқу орнында бірқатар оқуына қарамастан
Шыңғыс пен Қалжан бір-бірімен жүзтаныс қана. Етене танысу
ет бауырлық олардың арасында кейін орнығады.
Қалжан – табиғатында қазақ-орыс, қазақ-Орта Азия әде
биеттерін салыстыра қарастырып, жарыстыра талдайтын сын
шы. Талантты сыншының назарында жүрген бір мәселе – қыр
ғыз кеңес әдебиетінің алпысыншы жылдардағы хал-жайы,
өсу, өркені. Осы өреліліктің қайнар бұлағы, түп-тамыры қайда
жатыр? Ол біздің пайымдауымызша, МГУ табалдырығына,
аталмыш кәделі оқу орнында дәріс берген профессор, қырғыз
әдебиетінің білікті маманы, қазақ әдебиеті ғылымына да ши
пасы аз тимеген, Мәдина Богдановаға барып тіреледі. Мә
дине Богдановадан Қалжан ММУ қабырғасында сабақ алып
ты, сүйікті шәкіртіне айналыпты. Аяулы ұстазы қайтыс бол
ғанда, қайғырып жазған күнделік дәптеріндегі мына жолдар
пікірімізге толық куә: «Мәдинә Искандеровна да дүниеден са
пар шекті. Көптен айналдырған ауыр науқас ақыры оны да
жалмап, тыныш тапты. Мен бұл ғалымға көп қарыздар едім,
бірақ мыңнан бірін де өтей алмадым. Ол ылғи маған: «Қалжан,
сен ғалым бол, сенде бұл үшін мүмкіншілік бар» – деуші еді.
Мен ең болмаса мұны да орындай алмадым. Ол шығыс бөлімін
де оқитын шәкірттеріне қарап әркез қуанушы еді. «Қырғыз
әдебиетін зерттейтін оқымыстылар дайындап жатырмын»
– деуші еді, ол ұлт республикаларынан келген ғалымдар: «Қа
лың қалай?» – деп сұрағанда. Қайран ұстаз, Қайран асыл дос.
Мәдинә Искандеровнаның қазасы Советтік Шығысты тану
ғылымы үшін үлкен қаза болды» (ІІ.V-62 ж.) – деп жазды ол
күнделігіне қабырғасы сөгіле қайғырып. Міне, қазақ сыншысы
Қалжан Нұрмахановтың көршілес, бауырлас қырғыз әдебиетіне
деген ыстық, ұлпа ілтипатының қайнар көзі қайда жатыр?! Бұл
жолдардан Қалжанның ұстазына деген риясыз көңілімен бірге
оның қашан көз жұмғанынша қазақ әдебиетімен бірге бауыр
лас қырғыз әдебиеті сыншысы болып өту сырын да аңғармай
мыз ба? Иә, оның қырғыз әдебиетіне сыншы райында арала
сып қырғыз кеңес поэзиясы, Түгелбай Сыдықбеков тағдыры
хақында толымды, толғақты ойлар айтуының сыры да осында.
Әйтпесе қырғыз әдебиеті хақында:
«Я горжусь за киргизскую литературу, которая за послед
нее время переживает бурный расцвет во всех своих жанрах. Я
от души радуюсь за каждое явление в ней. Да, литературная
жизнь Киргизии богата теперь большими радостными собы
тиями. Она сегодня большая, профессиональная в самом вели
ком смысле этого слова» – деген пікірін алайықшы. Бұл да бір
күн, бір сәттің байламы емес, бауырлас әдебиеттің өріс-өрке
ніне, сыншы болып сындарлы араласып, тұрақты бақылаудан
туатын сарапшы-сарабдал жанның баянды байлауы емес пе?
Тап солай! Бұдан өзге қырғыз ақын, жазушы, драматургтерімен
жазысқан хаттарының өзі не тұрады? Ие, ол бауырлас қырғыз
әдебиетін айрықша жақсы көріп, беріле насихаттаған сыншы.
Ал, осындай жолдардан өткен, бұлақтың бір сағасындай,
бәйтеректің бір бұтағындай бауырлас әдебиеттің бүлкілдеген
қантамырын тамыршыдай қапысыз қадағалай білген білгір
сыншы, алымды, шалымды әдебиетшінің сол әдебиеттен Шың
ғыс Айтматовтай тегеурінді таланттың дарақ болып бой көте
ріп келе жатқанын көрмеуі, білмеуі мүмкін емес, сірә! Мүмкін
емес. Ол көрді, білді, таныды. Өз байлауы өз алдында. Қал
жан бұл кезде ұлы Мұхтар Әуезовтің – атақты «Абай жолы»
эпопеясының орысшаға аударылған нұсқасын қолжазбасынан
қарап, жәрдемге келіп жүрген қазақша-орысша мәтіндерін са
лыстыра аударма хақында қызықты ой тербеп мақала жазып
жүрген сыншы ғой. Ол осы мінезімен М.Әуезов назарындағы
дарын. Ендеше, ол Шыңғыс есімін Мұқаң аузынан естімеді дей
алмасақ керек.
Тайбурылды тайында танығаны секілді қырғыздың өрімдей
жас жазушысының дарынын жазбай танып, тұсауын кескен, әрі
әлемге кең танытқан Мұхтар Әуезов екені бесенеден белгілі.
Бұл фактіні ұстаз-шәкірт болып бірлік тауып жататын қос
алыпты да мақтаныш тұтқан мерей сезіммен айтамыз. Шыңғыс
шығармаларын қазақ тіліне аудару проблемаларын да жолға
қойған Мұхтар Әуезов болатын. Көз көргендердің айтуынша,
«Овонды» («Жәмила») қазақ тіліне сен аударсаңшы деп Қал
жанды қолқалаған да сол ұлы қаламгер көрінеді. Ұстаз-аға
тілегін қалтқысыз қабылдаған Қ.Нұрмаханов мойнына алған
міндетін азаматтық жауапкершілікпен орындайтын мінезімен
шоң жазушы шығармасын ақаусыз аударуға кірісіп те кеткен
еді. Ол үшін Қалжан Москвадан жүзтаныс Ш.Айтматовқа хат
жазып, «Әуен» повесінің қырғызша нұсқасын сұратады. Оған
дәлел Ш.Айтматовтың тұңғыш рет жарияланғалы отырған тө
мендегі хаты.
Құрметті жолдас Нұрмаханов!
Сіздің хатыңызға кешігіп жауап жазып отырғаныма ке
шірім өтінем, оның мынадай себебі болды:
«Жәмила» қырғыз тілінде әлі кітап болып шыққан жоқ,
баспаға енді түсіп жатыр, сондықтан мен Сізге тездетіп
кітап жібере алмадым. Кітап болмаса да, Сізге қолжазбалар
ды жолдап отырмын. Мұнда повестің аты «Жәмила» емес,
«Овон». Бұл өзі о баста солай-тын. Қазақшаға аударсаңыз
«Жәмила» дейсіз бе, әлде «Овон» дейсіз бе, оны өз еркіңізге
қалдырамын. «Овон» дегеніңіз орысшасында «Напев», қазақ
шасын өзіңіз біліп айтарсыз. Бұл повестен басқа Сізге өзімнің
тағы бір «Бетпе-бет» деген әңгімемді жіберіп отырмын. Бұл
әңгіме былтыр «Октябрь» журналының 3 санында басылып
шыққан, онкүндік тұсында «Бетпе-бет» жақсы бағаланды
және менің өзімнің ең сүйікті шығармам. Сіз айып етпесеңіз,
осы әңгімені оқып шығуыңызды өтінем.
«Октябрьден» оқысаңыз да болады. (№ 3, 1958 г.) Егер де
бұл әңгіме Сіздің көңіліңізден шыға қалса, онда мұны да қота
руыңызды (аударуыңызды) өтінем.
Жолдас Нұрмаханов, мүмкін Сіздің бөгде істеріңіз болып,
әйтпесе басқа себептермен бұл шығармаларды аударуға уақы
тыңыз, мүмкіндігіңіз болмай қалар. Ондай жағдайда менің
Сізден көптен-көп өтінерім бұл қолжазбалардың ішінен маған
«Бетпе-бетті» қайтарсаңыз жетті. Менің Сізден жолдас
тық өтінішім сол.
Уақытыңыз болса, тездетіп жауап жазып жіберіңіз.
Қолыңызды қысам, Шыңғыс Айтматов.
Менің адресім Фрунзе қаласы, Московская көшесі 145-а үй,
3 пәтер, Айтматов Шыңғысқа, 22/ІІ-1959 ж.
Айтқандай, Орта Азия онкүндігі қалай өтпек, біз соны тү
сіне алмадық, білмейді де екенбіз. Мүмкін болса соны жазып
жіберсеңіз».
Оқушыға отыз бір жастағы Айтматов хатын қазақшалап қаз-
қалпында ұсынып отырмыз. Хатта көп мәселенің беті ашыла
ды. Ең бастысы – аудармашы «Жәмила» повесін қырғыз тілі
нен (түпнұсқадан) тәржімалауға ден қойып отыр. Сол үшін де
авторға хат жазып, шығарманың қолжазбасын алдырып отыр.
Автор «Жәмиламен» бірге «Бетпе-бет» повесінің қолжазбасын
бірге жолдап отыр. «…Менің өзімнің ең сүйікті шығармам»
– деп автор «Бетпе-бет» повесін ерекше ден қойып, іштарта
сөйлеуіне де назар аудармау мүмкін емес. Мұнда жан тебірен
тер шығыстық лирикалық сазбен жазылған «Жәмиланың» жұрт
мақтаған, қаламдастар қолпаштаған даңқына елікпей «Бетпе-
беттегі» драмалық қуатты жас жазушының ерекше бағалауы
аңғарылады. Әрі бұл жазушының лирикалық саздан трагедия
лық ситуациялы, драмалық тартысты оқиғаларға ден қоя, жаңа
биікке көтерілуінің айғағы. Жап-жас жазушыда қанағатшыл
сезім жоқ, алыс көкжиекке көз тіге ұмтылу бар. Осынау жолдар
жас жазушының шарқ ұра ізденуінің кепілі. Сонымен бірге бұл
күнде дүние жүзіне «Жәмила» атымен мейлінше кең таралған
шығармаларының автор белгілеген алғашқы атауы «Әуен» еке
ніне де осы хат арқылы көз жеткіземіз. (Эссенің «Әуеннен»
басталған достық әуен» аталуы да сондықтан. Қ.Е.) Ш.Айт
матов пен Қ.Нұрмаханов араларындағы достық, шығармашы
лық ынтымақ алғаш осылай сабақталған.
Ұзамай аудармашы авторға қайталай хат жазған шығар.
Аударма мәселелерін кеңінен кеңескен шығар хат арқылы.
(Жақша ішінде айта кетер бір жай – өкініштісі – Қалжан хат
тарының көшірмесі сақталмаған. Пәнәйі себеппен Шыңғыс
ағада сақталған болса, оны Қалжан досының рухы үшін біз
ге қиса, қәнеки?! Ұзамай автор аудармашыға қайталай хат
жазған. Біздің қолымызға Шыңғыс Айтматовтың екінші бір
хаты тиіп отыр. Енді оны да оқушыдан жасырып қажеті жоқ.
Қазақшалайық ендеше.
«Сенің хатыңды ала тұра, Қалжан туысқаным, жауапты
мүлде кешіктіргенім үшін қатты ұяттымын. Ал қал-жағдай
қалай, істер жақсы ма? Жақсы болуына тілектеспін. Сенің
жазған хабарларың мені қуанышқа бөледі. Ақ бидайдың қа
мырындай бірге жайылған ел емеспіз бе, келешекте де осы
лайша қамқор қатынаста жүрелік. Москвадан шыққан кітап
тарымды («Жәмила» да «Огонёкте» дербес басылып шықты)
саған атап арнайы жіберейін деген ниетім бар еді, бірақ
қазір қолымда болмай тұр. Қолыма тиісімен поштаға салып
жіберемін. Бұрынғылардың сөзімен айтқанда, Қалжан досым,
өзіңді құдайға тапсырдым, «Әуен» мен «Бетпе-бетті» саған
тапсырдым. Әйтеуір жарыққа шығарарсың деген сенімім бар.
Менің жандай досым Әбдіжәміл қазір Алматыда ма, бол
маса Аралында «Судыр Ахметке» ілесіп балық жеп жүр ме?
Көрсең көп-көп сәлем айт. Қуандық екеуміздің сәлемдерімізді
Төкішке айтқанмын. Рахмет, қайыра сәлем жолдады. Мен де
соған қосылам.
Хош, хабарыңды күтем.
Шыңғыс, 9/ІV.59 ж.
Алма-Ата, Дунганская 76, кв 52, Нұрмаханову К.»
Екінші хаттың да айтары аз емес. «Қалжан досым» деген
асыл сөз аралас жүр. Өзі қатарлас Әбдіжәміл Нұрпейісовтің
есімі аталады. Достық беки түскен. Шығармашылық ынтымақ
арта түскен.
Көріп отырғанымыздай Қалжан Ш.Айтматов әлеміне алғаш
оның күллі кеңес әдебиетін әсем сазға бөлей келген повестері
нің аудармашысы райында енді. Қалжан секілді бықсуды біл
мейтін, отша лапылдаған, сүйсе құлай сүйетін, ренжісе көріс
пей кетісетін, бүкпе-бүкпесі аз, аузын ашса көмейі көрінетін
ақадал жан Шыңғыспен аудармашы ретіндегі ресми сырдаң
қатынаспен шектелмесі хақ. Ол – Айтматов шығармасын сүй
ді екен, автормен айнымас адал достыққа келуі керек. Аудар
машылық кәсіптен басталған шығармашылық қарым-қатынас
адамдық ізгілікке осылай сабақтасады, достыққа осылайша
ұшқасып ұштасады.
Әдебиетші архивінде Ш.Айтматовтың кезекті бір хаты сақ
талған. Ол мынау:
«Қалжан,
Денің сау жүрсің бе?
Журналдағы «Саманшы жолын» (Млечный путь) жібердім.
Оқып көрерсің. Ұнаса өзің білесің.
Сенің жақсы еңбек істеп, шат жүруіңе тілектес. Шыңғыс.
Апаңа (шешеңе) сәлем айт.
2/ІІ-63 г.»
Бұл кездегі хаттан аңғаратынымыз, бұрынғы «Жәмила»,
«Бетпе-бет» повестері әлдеқашан қазақшаланған. Автор енді
«Құс жолы» повесін құтты жолмен қазақ әріптесіне және жол
дап отыр. Ынтымақ, достық тереңдей түскен. Хаттар ресми
ліктен жайма шуақ шырайға көшкен.
Арада жосылып жылдар жатыр. Құс қанатындай суылдап
өте шыққан уақыт биігінен әдебиетші архивіне үңілеміз. Айт
матов шығармаларының аудармашысы ретінде Қалжан қалай
бастап, қалай өсіп отырды екен, соны білгіміз келеді. Аудар
машы архивінде «Жәмила» повесі аудармасының үш беті, «Құс
жолы» повесінің бір беті сақталыпты. Аудармашы Қалжан қол
жазбасынан бар қалған жұқана осы ғана. Үзік қолжазбадан
аударманы өнер тұтқан абзал жанның, бір жазғанын қайта
жазып, өңдеп, сызғылап, қазақша ырғақ іздеп бейнеттенгенін
байқаймыз. Шыңғыс шығармаларын аудару үстінде Қалжан
түпнұсқаны терең тексеріп, қанаттас қаламгер шығармашылы
ғын сыншы ретінде де қадағалап қоятынын көреміз.
Ш.Айтматов пен Қ.Нұрмаханов, шынын айтқанда, бірі аса
даңқты есім, екіншісі тіршілікпен ерте қоштасқан сыншы. Осы
екі әдеби тұлғаның достық, қаламгерлік қарым-қатынасынан
пәлендей жаңалық аша алмаспыз деп те қорқақтаған едік. Бір
кезде бастала беріп, үзіліп кеткен қаламгерлік байланыстан
күні бүгін сақталған айқын із аңғара аламыз ба деп күдіктен
генбіз. Оның үстіне қазақ-қырғыз әдебиеті байланысында тың
тенденциялар орын тепті, шоң жазушы Шыңғыс Айтматовтың
қазақ қаламгерлерімен жеке достық қатынасында жаңа бет
тер жасалды. Айтматов шығармаларын қазақ тіліне аударатын
жаңа аудармашылар легі – (гвардиясы) қалыптасты. Осының
баршасы күдігіңе күдік жамап ойландыра берері хақ. Алайда
үстірт ойлағанда ғана солай. Әйтпесе бұл мәселеге ғұлама
жылдардың судырлап жабылған парақтарын қайта парақтап,
қос дарынның екеуара қатынасына тарих көзімен қарасақ ескі
дерек жаңарып, архивтегі өлі материалдар қайта тіріліп, атал
мыш қос дарын арасындағы достық ерекше нұрланып жүре
береді. Шыңғыс пен Қалжан арасындағы адамдық абзал қа
тынас, өзінше бір қызық дүние. Олардың адамдық қатынаста
рының өзі – әдебиет. Неге десеңіз, Қалжан өзі үлкен дарын деп
таныған, өзі оқып сусындаған, аударып рахаттанған туындылар
қазақ оқушыларына жетсе деген тілекпен бірге, Айтматовтай
жазушы қазақ қауымымен көбірек жүздессе, көсеге көгерер
көл-көсір тілегін көбірек айтса деп жанымен тілейді. Оны
біз Ш.Айтматовтың Қалжан досы тілегімен «Лениншіл жас»
редакциясы қызметкерлерімен кездесуінен аңғарамыз. Кезінде
көрші қырғыздың Айтматов есімі жазушысымен жүздесеміз
деген Қалжан пікіріне қосыла білген бір топ қазақ қаламгері
бұл күнде сол кездесуде болғаны үшін өздерін бақытты се
зінеді, сол игі бастама иесі өздері болғандай күпінетіндері де
бар. Ол аз болса, бүгін Қ.Нұрмаханов архивінен Ш.Айтматов
қазақ халқына, қазақ жастарына арнап айтқан тілек-сөзі та
былып отыр. Бұл да, шынтуайтына келгенде қазақ әдебиет
шісінің кемел дос керегесін керсем, өрісін кеңейтсем деген
тілегінен туындап жатса керек. Ұзақ жылдан кейін, сағынып
жүздескен мәтінді қаз-қалпында оқушыға ұсынуды жөн кө
реміз. «Қарындастарыма, інілеріме – деп бастапты Айтма
тов сөзін, – Жаңа жылда құттықтап, өзімнің сүйікті газетім
«Лениншіл жас» арқылы қазақ жастарына қайрылып отыр
ғаныма қуаныштымын.
Жаңа жылды адамзат баласы тектен-тек тойлап жүр
ген жоқ. Мұнда адамның алғы күнге арман-үміті, жаңарған
тілегі, бақ-талайы үшін күресу мақсатында мейрамдайды.
Соған байланысты жаңа жылда айтар тілегім, біріншіден
денсаулықта болайық, көңіліміз шат болсын. Ал енді алдымыз
да партия белгілеген ұлы іс тұр – ол халық шаруашылығын
химияландыру. Бүгінгі әрбір жастың оған қатысуы – зор
міндет. Жаңа жылда бұл міндеттеріңді абыройлы орындау
ларыңа тілектеспін.
Жақында ғана әдебиет, өнер талапкер қазақ жастарының
қызық істеріне куә болдым – ол Мұхтар Әуезовтің күніне
арналған кеш еді. Бұл дәстүрге айналып келе жатқан кештер
екен. Бұл кештерге талантты қазақ жастары Мұқаңның
қасына келіп творчестволық есеп бергендей сезіледі. Маған бұл
жоралғы сондай қатты ұнады. Мен де Мұқанның шәкіртімін,
мен де бұл кісіні әрдайым құрметпен еске алып басымды иемін.
Келер жылы осындай «Әуезов күні» өтсе екен деп тілеймін.
Одан арғы жылдары да бұл жақсы іс жалғасын тауып твор
честволық жастардың әдетіне айналсын деп, Сіздерге сәлем
жолдаушы Шыңғыс Айтматов.»
Хаттар, Жазбалар. Арнау-тілектер. Бұл – Айтматовтың қазақ
оқырмандарының жүрегіне сапарлар. Жол сапары. Ой сапары.
Космос кеңістігіне корабль ұшырып қуаныш тапқан, қуаныш
тан кейін қасірет шеккен қазақ даласына келген сайын Шыңғыс
аға ой кешіп жүрген болар. Ал Айтматов кездескен сайын,
оның шығармаларын оқыған сайын қазақ оқушысының да мар
қайып, санасы байып, бір көтеріліп қалып жатты. Қазіргідей
емес, ол кезде Ш.Айтматов қазақ жеріне жиірек келуші еді. Қа-
зір туған жеріне баруға да мұрсатанасы бола бермес, сірә? Ад-
амзат баласының ортақ тағдырын ойлап, қуанышына марқа-
йып, қайғысынан қасірет тауып жүру қайдан оңай болсын.
Ол кезде күннен күнге, жылдан жылға жоталанып өсіп, өзінің
жазушылық концепциясын ірілендіре, соқталандыра түскен
Ш.Айтматов асу-асу белдерге беттеген сайын оған іштей
сүйсіне, бірақ сұқтанбай, іштей қуана, бірақ күндемей, қол со-
ғып, досының ілгерілеген, іріленген әрбір қадамын қадағалап,
Қалжан жүрді Қазақстанда. Әуел баста Айтматов әлеміне ау-
дармашы болып енген ол әлуетті ой қаламгерінің әрбір сөз-
сөйлемінің астар-әдібін сөгіп, бірте-бірте психологиялық иірім-
саздарды нәзік бақылайтын зерттеушіге айналып қарай бас
тады. Күнделігіндегі мөлтек-мөлтек, шымыр ойлар Қалжанның
Айтматов аудармашысынан оның әдебиетін зерттеушіге ойыса
бастауының куәсі. Мәселен оның күнделігіндегі: «Все труднее
становится переводить Чингиза, он растет как художник
слова» деген ойлары, әйтпесе, «Орыс тіліне аударғанда сөз
дің мағынасын біліп тұрып, оның баламасын өз тіліңнен та
ба алмай қиналасың. Ал жақын тілдерден аударғанда кей
сөздің мағынасын білмей, топшылап алған баламаң сөйлемнің
мазмұнына үйлеспей азап шегесің. Орыс тілінен аударғанда
сөздің баламасын ерте ме, кеш пе, әйтеуір табасың, ал жақын
тілдерден аударғанда мағынасын таба алмай табандап тұ-
рып қаласың, әрі қарай барғың келмейді, өйткені алғашқы
ұғымға байланысты әрі барған сайын түсінбеген жайларың
көбейе береді» – деген өз тәжірибесінен түйген пікірлері соның
куәсі. Қазақтың төл туындысындай, дербес рухани қазынасын
дай сіңісіп кеткен «Жәмила», «Бетпе-бет», «Құс жолы» по-
вестері міне осындай қажырлы еңбек, ересен ізденіс жемісі бо
латын.
Ш.Айтматов пен Қ.Нұрмахановтың шығармашылық ода
ғы жайында ойлағанда аялдамауға болмайтын бір мәселе бар.
Ол – Қалжанның «Жәмила» повесі негізінде «Аңсаған ме
нің әнімсің» аталатын пьеса жазуы. Кезінде сахнаға қойыл
ғанымен қазір көзден бұлбұл ұшқан шығарма жөнінде айтуда
мән бар. Шоң жазушының прозалық шығармалары драматур
гияға, кинодраматургияға, айналып үлгерген бүгінгі күні Қал
жан әрекеті мамандарды соншалық қызықтырмауы мүмкін.
Бірақ «Аңсаған менің әнімсің» Қалжанның Айтматов шығар
маларындағы драмалық қуатты жете пайдаланып, оны дер ке
зінде драматургияға айналдырудың ырымалды үлгісі. Өкініш
ке қарай «Аңсаған менің әнімсің» пьесасының қолжазбасы
сақталмаған. Әйтпесе прозалық және драматургиялық туын
дыны өзара салыстыра отырып, кейбір ерекшеліктерін әңгі
мелеуге болар еді.
Қалжанның өзі пьесаны повестен дербес еңбек деп қарап
ты. «Аңсаған менің әнімсің» фантазия на тему Чингиза Айт
матова» (16.ІІ.63) деп жазды ол күнделігіне. Сөйтсе де, үл
кен бе, кіші ме, әйтеуір әрбір шығарма қатаң творчестволық
көзқараспен келетін Қалжан пьеса қашан жазылып талқыға тү
сіп театрға жолдама алғанша үміт пен күдік аралас сезім жете
гінде жүреді. Түптамыр Ш.Айтматов прозасынан өрбитіндік
тен замандас жазушы шығармасындағы асыл достықты жасы
тып алдым ба деп бір, драматургиялық туынды ретінде қайта
туған шығарманың сахналық ғұмыры қалай сабақталмақ деп
екі жалтақтайды, терең толғанысты күй кешеді. Кезегіндегі
қуаныш пен күйзеліске толы танымсыз, толассыз толқынды
ойлардың куәсіндей күнделігіне: «Шыңғыс «Аңсаған менің
әнімсіңе өте қатты риза болды. Еңбегім қайтты. Енді менің
дегенім түгел. Ренжи ме деп күдіктеніп жүр едім. «Қалжан
менің жанымды терең түсініпсің дегенде төбем көкке жет
кендей болды… «Уһ» деп демімді бір алдым. «6.І.63 ж.» – деп
жазыпты ол.
«Аңсаған менің әнімсің» – Ш.Айтматов пен Қ.Нұрмаханов
шығармашылық ынтымақтастығының бір көрінісі, достығы
ның бір беті. Бұл да Айтматов сөзін қазақ аудиториясына кең
таратудың бір тәсілі. Сөзі жүрген жерде, Айтматовтың өзі
жүруі жиі. Спектакльге байланысты да Айтматов келіп оқу
шыларымен, көрермендерімен жүздесті. Достарымен қуаны
шын бөлісті.
Тегеурінді ойларға оранып, тіршілік кешкен Қалжан өмірі
нің ақырғы жылдарында «Аңсаған менің әнімсің» тәжірибесін
одан әрі жалғай түскісі келді ме, болмаса арнайы зерттеп, бір
сын мақала жазбақ мақсат жетегіне ерді ме, әйтеуір ол Шыңғыс
Айтматов шығармаларын ойлана оқып, түйген пікірлерін күн
делігіне жазып отырыпты. Сол ойлардың кейбірін оқушы наза
рына ұсыну жөн деп білемін.
«Шыңғыс – қарапайым жазушы. Оның қарапайымдылығы
сонда – күнделікті үйреншікті өмірден дүниенің асылын та
уып, оны өзінше, Шыңғысша, бере білді. Ол адамның қара
пайымдылығынан оның данышпандығын іздейді. Оған мысал
– «Құс жолы» повесі. Осы шығармадағы оқиға әркімге-ақ та
ныс. Бірақ Шыңғыс оны қалай ұсынған оқушыға? Біздің қазақ
жазушыларына көбінесе міне осы жетпейді. Ол сөз жоқ,
жаңашыл, ойшыл жазушы» (16 март 63 жыл).
«Шыңғыс әйелдер образын тамаша тұлғалайды. Бұл жө
нінен оған біздің кез-келген жазушымыз қызықса болады.
Шыңғыстың ол кейіпкерлері ізгі жүректі таза, парасатты,
сүйе де білетін, жек көре де алатындай күшті, сұлулық пен
ұлылық үшін опат болуға кез-келген сәтте дайын. Аналар
жайында жазғанда ол қалай еркін тыныстайды десеңші. (18.
ІІІ.63 ж/».
Асқан білгірлікпен өте дәл айқындалған, тауып айтылған
пікірге қайран қаласың. Қалжан табиғатын, оның қалам мәнер-
машығын білетін кісі күнделіктегі бұл ойлардың астарсыз,
мақсатсыз еместігін сезінеді. Біздің пайымдауымызша ол
өмірінің соңғы жылдарында Ш.Айтматов өнериетіне зерттеуші
ретінде үшінші бүйірден келіп араласуды ойлаған секілді.
Дос еңбегіне қуана білу, дос мерейіне мерейлене білу – ба
ғасыз бақыт. Дос бәйгеге қосылғанда ең болмаса қызғанышсыз
үйінде отырып тақымын қысу – көбіміздің қолымыздан келе
бермейтін мінез. Ал дос еңбегі үлкен сыйлыққа ұсынылғанда
бар жан-тәнімен бірге қуанып, бірге күресу – жомарт жүректің
ісі. 1963 жылы Ш.Айтматов шығармалары Лениндік сыйлыққа
ұсынылғаны мәлім. Сол тұста жоғарыда келтірілген әдемі
байқаудан туған мөлтек-мөлтек, бірақ өте дәл тауып айтылған
ойлар қуаныш аралас толғаныс сөзі болып бұрқ ете түсіпті.
Қалжан Нұрмаханов 1963 жылы 17 наурыз күні радиодан
сөйлеуге орысша тілек сөзін, жүрек сөзін дайындапты.
«Мен «Лениншіл жас» газеті редакциясының қызметкер
лері қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовпен аса тебіре
ністі, қызықты кездесу өткізілген 1958 жылдың июль
айының ми қайнатар ыстық күнін жиі еске аламын. Редак
ция қызметкерлері өзі Алматыға келердің аз-ақ алдында «Ле
ниншіл жаста» жарияланған «Жәмила» повесін қалай жаз
ғаны жайлы жас жазушының қымсына айтқан әңгімесін ұйып
тыңдады.
Бұл кездесу басқалар секілді менің де жанымда терең
із қалдырды. Олай болуы заңды да еді. Олай дейтін себебім,
сол күннен бастап Шыңғыс екеуміз жігіміз ажырамастай
жақсы достастық. Ұзамай біздің достығымыз шынайы твор
честволық ынтымаққа айналды. Енді қырғыз әдебиеті, оның
жекелеген өкілдері жайында ойласам болды, менің есіме ең
алдымен айнымас досым, жаны жайсаң жақсы жолдас Айт
матов түседі.
Менің «Жәмила» повесін қазақшаға аудару секілді болмашы
шаруадан басталған достығымыз күн санап, жыл санап өсіп,
іргесі беки түсті. Сөйтті де ол бүгін бауырлас екі халықтың
екі әдебиетшісінің үлкен достығына айналды.
Осы бір ешкімге ұқсамас ерекше жазушының өмірбаяны да
қызықты. Ол 1928 жылы Қырғыз ССР-ының Талас даласында
туған. Бірақ болашақ жазушының өспірімдік шағы Жамбыл
да, яки Қазақстанда өтті. Ол осында оқыды, осында алдымен
фермада есепші, содан соң ауыл советтің секретары болып аса
оңайға түспеген еңбек және өмір жолын бастады. Жамбыл
ауылшаруашылық техникумын аяқтаған соң республиканың
бір колхозында агроном болып істеді. Ш.Айтматов творчест
волық жолының басталар шағы да осы сәт.
Қазақ тақырыбының жазушы творчествосында үлкен
орын алатынына да таңдануға болмайды. Бұл құбылысты
Айтматовтың «Жәмила», «Бетпе-бет» секілді ең маңызды
туындыларынан көреміз. Оған көз жеткізу үшін «Жәмила»
повесінен, автордың повесть кейіпкері Даниярдың әнін сурет
тейтін сәтінен бір мысал келтірейін: «Бұл бір ерекше ән! Алып
жүректі адамның ой-санасын, қуанышын, тілегін білдірген
зор үн! Ол қырғызшаға да, қазақшаға да ұқсамайды, бірақ
тыңдап отырсаң, бұл үнде баяғыдан бауырлас қырғыз бен қа
зақтың тамаша төл әндері жарасымды табысқан сияқты.
Ән бірде қазақтың ұшы-қиыры жоқ шексіз даласындай еркін
шалқыса, бір кезде қырғыздың заңғар биік тауларындай көкке
самғайды.» Япырай! – деп жаттым ішімнен мен. – Данияр
осындай екен ғой! Оны мұндай екен деп кім ойлаған.» Айтма
тов повестерінде бұл бауырлас екі халық тарихи тамырының
бір, өмірінің жақын екенін көрсететін ғажайып поэтикалық
суреттер өте көп. Қырғыз жұртшылығы 1963 жылдың Ле
ниндік сыйлығына ұсынып отырған кітабын жазушының «Тау
мен дала хикаялары» атауы тектен-тек емес қой. Ал қазақ
халқы да Шыңғыс Айтматовты өз жазушысы санауы да то
лық заңды.
Айтматов алты повесть және оншақты әңгіменің авторы.
Әлденеше рет жеке-жеке кітап болып басылған. Қазақстан
оқушыларына жете танымал ол шығармаларға тоқталып,
мазмұндап жатудың қажеті жоқ.
Айтматов творчествосын бір ғана сөзбен мінездеуге бо
лады: бұл – коммунизм орнатып жатқан совет адамы жайлы
гимн.
Біздің оқушылардың арасынан жылдан-жылға қырғыз жа-
зушылары шығармаларын қастерлеушілердің көбейіп келе жа-
тқанын қуанышпен атап өтеміз. Әрине олардың арасынан
біріншілік бәйгесі Шыңғыс Айтматовқа тиесілі. Ол соңғы кез
дері Қазақстандық жастардың ең сүйікті жазушысына ай
налды, оның дарынды, ақылды шығармалары олардың рухани
дүниесіне өздерінің жан сыры болып терең ұялады.
Қырғыз халық шығармалары Совет Одағы шекарасын ат
тап, миллиондаған шетел оқырмандарының жетістігіне ай
налып үлгерген өздерінің тамаша жазушысын жанындай
жақсы көреді әрі орынды мақтан тұтады. Отанымыз на
зар аударған және еркелетуге сараң емес, қырғыз халық жа
зушысын ауыр еңбегі үшін, әрбір аса шыншыл да нұрлы па
рақтары үшін, жүрекке жеткен әрбір жолдары үшін зор
махаббатпен қарайды. Мұның бір жарқын мысалы – жерлес
тері бүгін жазушыны Қырғыз ССР Жоғарғы Советінің де
путаты етіп сайлады.
Қ.Нұрмаханов
17.03.63. Радиодан оқылды».
Шашылып барып, қарындасы Қазына Нұрмаханованың
ыждағаттауымен жинақталған шағын архивтен осындай қол
жазбаның табылғанына да риза боласың. Өйткені бұл ойлар
Қалжан Нұрмахановтың Айтматовтай досының мерейлі сый
лыққа ұсынылуына орай жан тәнімен беріле, қуана білгендігі
нің куәсі. Өйткені бұл толғаныстар – Қалжан Нұрмахановтың
Айтматовтай досына көрсеткен соңғы құрметінің бірі. Осы
нау толғанысты толқыта-толқыта ақ қағазға өмір сүйгіш құш
тар бейілмен түсірген ақ-адал, ақкөңіл жанның ұзамай мынау
жарық дүниемен қош айтысатынын ойлаудың өзі әділетсіздей.
Алайда шындық солай! Өмірге құштар бейілмен өткір ойлы
сыншы, жазушы, драматург Қалжан Нұрмаханов ұзамай бүйрек
сырқатынан дүниеден баз кешті.
Қалжан Нұрмаханов тірі болғанда, әсіресе Айтматовпен
арада қызықты шығармашылық ынтымақ толайым жеміс бе
рер еді. Шыңғыс Айтматов Қалжан Нұрмахановты ойы алғыр
қаламгер ретінде бағалады. Шыңғыс аға Қалжан досының дү
ние салғаны туралы суық хабарды алыс сапарға шыққалы тұр
ғанда есітіп, Алматыға шұғыл жетеді. Дос қабіріне топырақ
салып, «Қазақ әдебиеті» газетіне тебіреніс толы қоштасу сөзін
жариялайды. Бұл – қысқа да болса өмірлік дәстүрі бар өнегелі
достық.
21-22 тамыз, 1989 жыл,
Алматы қаласы.
ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ХАТЫ
(Күш атасы туралы тың дерек, жаңа әңгімелер)
Кілт
Бибі-Ғайша ана бесіктегі баласын тербете отырып, бесік
жырын айтты. Көңілге қаяу түсірерлік мұңды саз.
Жесірлік зарын айтады. Кісінің құйқасы шымырлағандай
шерлі үн. Жетімдік тақсіретін айтады. Ана жүзіне телміріп
айнала қоршаған балалар көзінен мөл-мөлт етіп моншақтар
үзіліп-үзіліп түсіп жатады.
Жесір ана мұңымен бірге мұңданып, бірге қайғырып отыр
ған жетім сәбилердің ет жүрегі езіліп ет болып кетпесін деді ме,
байқампаз ана кенет жігерлі әуенге ойысты. Әуен соңы естелік-
әңгімеге ұласты.
– Ей, балақандарым, көтеріңдер бастарыңды! Немене бор
дай езіліп? Еркек емессіңдер ме? Мен сендерге сүйеніп, сендер
деп тіршілік етіп жүрген жоқпын ба? О, несі-әй? Көтеріңдер
бастарыңды!
Біз салбырап тіземізге құлаған әңгелек басымызды көтеріп-
көтеріп ала қоямыз. Өйткені ана үні әмірлі!
– Мен сендерге батырлар жайлы, балуандар жайлы әңгіме
айтып берейін – дейді ол.
Біз қол шапалақтап жібереміз. Ана әңгімесін сабақтайды.
– Онда тұлымшағы желбіреген жас қызбын. Қажымұқан
келіпті деген әңгіме Арыс қаласын кеулеп кетті. Ойын көрсетеді
екен дейді жұрт…
Алып атаның ойынын тамашалайық деп бардық. Бет-аузы
пырым-пырым, құлағы жырым-жырым түйедей ірі кісі екен.
Темір жол рельсін мойнына салып бұрады ма-ау, төсіне тас
қойдырып балғамен ұрғызды ма-ау, әйтеуір кісі қайран қалатын
әлденеше ойын көрсетті. Ақырында «үстімнен мәшине өткі
земін» деді. Үстіне жалпақ тақтай төсетті. Мәшине гүр етіп
жүріп берді. Өліп қалады-ау деген қорқыныштан екі көзімді
тарс жұмдым. Жұрт шу ете қалды. Көзімді ашсам мәшине
балуан денесінен өтіп қалған екен. Балуан ата тақтайды итеріп
тастап, орнына тұрып кетті. Жұрт:
– Құдай қуат берсін, балуан ата – деп айқайлады даланы
жаңғырықтырып.
– Міне, қандай Қажымұқан ата! Қажымұқан атадай балуан
боласыңдар ма?
– Боламыз! Қажымұқан атадай батыр боламыз! – дестік біз
жамырай жарыса шулап…
Оңтүстік жерінде өскендіктен бе, күш атасы жайлы аңыз,
әңгіме, естелік бізді сәби жастан бесік жырымен бірге әлдиледі.
Күш атасы жайлы әңгіме әсершіл бала көңілге батырлық жыр,
қиял-ғажайып ертегіден кем әсер етпеді. Сол сәби шақтың
әсері, ана әңгімесінің ықпалы шығар, студент кезімнен ауылға
барғанда көз көрген қариялардың естеліктерін дәптерге түртіп
ала беріппін.
Қауын еккен Қажымұқан
(Баумыш Ерімбетұлының әңгімесі. 1904 жылы туған)
Атақты балуанды әрдайым-ақ көріп, біліп, дәм-тұздас бо
лып жүрдік қой. Қайсыбірін айтайын. Бәрі де күні бүгінгідей
көңілімде сайрап тұр. «Шетінен түсіп айта бер» дейсің бе?
Жарайды, ендеше…
1940 жылы «Ногин» колхозына келіп ойын көрсетті. Ойын
түрі мынадай: Балуан шалқасынан жатты. Үстіне жұрт жалпақ
тақтай қойды. Әскери комиссариатта атшы болып істейтін
Мәмек деген інім бар еді. Сол Мәмек ақжал күрең атымен ба
луанның үстінен шауып өтті. Екі ат жеккен, үстіне бес-алты
адам мінген арба және өтті балуанның үстінен. Қыңқ демеді-
ау сабазың. Қыңқ демеді. Жайлап орнынан тұрды да жуан сым
темірді беліне орады. Әлгі сым темір Қажекең ішін кергенде
жазылып, жерге түсті.
Қажымұқанды колхоз жібермей қонақ етті.
1944 жылы Қажекеңді екінші рет көрдім. Балуан ол кезде
Шілік деген жерде тұратын. Ақбоз ат жеккен арбамен әйелі
екеуі Шәуілдірдің базарына келіпті. Жұрт қаумалап жібермей
әңгімесін тыңдады.
Ойхой дүние! Ол кезде Шәуілдір мақта егеді. Аудан аты
дүрілдеп тұр. Атақты Асқар Тоқмағамбетов кітап жазамын деп
келіп жатқан ауылға. Жатып ішер жалқауларды сықақтап, мінеп
газетке жазады.
Сапарбай деген кісі мақта бригадирі. Қажекең ауылға кел
генде қасында үнемі сол Сапарбай бірге жүрер еді. Сапарбай
дың айтуымен бе екен, әйтеуір, бір жылы «Ногин» колхозы
Қажекеңе арнап жер бөлді. Бөлінген жерге қауын-қарбыз егісті.
Балуан әйелі екеуі ақбоз ат жеккен арбамен келіп қауын күтісті.
Тәбәрік деп бәріміз Қажекең қауынынан жедік…
Соғыстан кейін, азаматынан көптеп айырылған елдің еңсе
сін көтерейін деді ме, әйтеуір Қажекең жеңіс құрметіне үлкен
той жасады. Өзі тұтатын Шілікке Түркістан, Шәуілдір – екі
аудан халқын арнайы шақырды. Бәріміз де бардық.
Халық көп жиналды. Балуан тойға бір бие, бірнеше қой
сойды. Той шарты деп бір қазақ пен өзбекті күрестірді. Өзі кү
респеді. Өзбектің есімі есімде жоқ. Иқанның жігіті екенін бі
лемін. Ал қазақ жігіті Шойтөбеде тұратын Төлебай деген жігіт
еді. Күресте қазақ жеңді. Арқан тартыста екеуі тепе-тең түсті.
Балуан күресі қыз қуу тамашасына ұласты.
Балуан арқасында қуаныш, шаттыққа осылай бір кенелген
едік.
Одан кейін де балуан Шәуілдірдің базарына келіп-кетіп
жүрді. Жұрт қолқаласа өнер көрсететін.
Нармен тартысқан нар
(Әшірбай Байғозыұлының әңгімесі. 1919 жылы туған)
– Мен Қажымұқан атаны алғаш 1937 жылы қыркүйек, қазан
айларының бірінде Тәшкеннің маңында Топыраққорған деген
жерде көрдім, – дейді ол. – Онда менің Тоты есімді апам тұ
ратын. Апамның артынан барғаным ғой.
Қызықтың үстінен түстім.
Үлкен кілем төселген. Кілем үстінде Қажекең шөкелеп
отыр. Жұрт бір орысты алып келді. Жуан-ақ. Міне, сол орыс
палуаны отырған Қажекеңмен он бес-жиырма минут арбасты,
әртүрлі айла-амал жасап бақты. Балуан бабаның аяғы сәл кө
терілгендей болады да қайта қалпына келеді.
Бір уақытта Қажекең өзін айналшықтап жүрген орыс балу
анын белінен ұстай көтеріліп, оны да көтеріп әкетті де жерге
бұрқ еткізіп бір ұрды. Қажекеңді жұрт қаумалап әкетті. Орыс
балуаны орнынан тұра алмай ыңырсып жатты. «Мертікті» десті
жұрт. Оны әлдене затқа көтеріп салып, көтеріп әкетті…
1939 жылы Арыс қаласына, қалалық кеңес төрағасы болып
істейтін Байғозиев Нарғозының үйіне бардым. Барсам Қажекең
өнер көрсетуге дайындалу үстінде екен.
Арбаға он бес-жиырма кісі мінгізіп, мойнына аттың қамы
тын салып әрлі-берлі сүйреді күш атасы.
Жәшікті арбаға екі ат жектіреді. Үстіне он бес – жиырма
кісі мінді. Қажекең дарбазаны үстіне қойдырып жатып, әлгі қос
ат жеккен арбаны үстінен әрлі-берлі екі рет өткізді. Сөйтті де,
орнынан тұрып:
– Ризасыңдар ма? – деді.
– Ризамыз – деп шуласты халық.
Бір уақытта төрт метрлік білеудей екі сым темір алдырды.
Сегіз-сегізден он алты жігітке осы сым темірді беліме байлаң
дар – деді. Он алты жігіттің әлгі сым темірді балуанның беліне
байлауға шамалары жетпеді.
– Иттер-ай, бөрік киіп жүргендерің болмаса, жігіт емес екен
сіңдер ғой, – деді балуан. Сөйтті де жерге тастаған білектей
сым темірді беліне салып иіп, бір бұрап қойды.
– Жазыңдар! – деді.
Он алты жігіт қайта жабылып әлгі сым темірді жаза алмады.
Қажекеңнің дәстүрлі ойынының бірі – төсіне тас қойғызып,
жігіттерге балғамен ұрғызып уаттыру. Күш атасы енді осы дәс
түрлі ойынына көшті.
Үстіне диірмен тасын қойдырды да, екі жігітке екі шойын
балға берді. Екеуі кезкетесіп ұрғылап берді. Былқ еткен балуан
жоқ. Біруақытта тағы екі жігіт қосылды. Төрт балға диірмен
тасына сартылдай соғылып, жарқ-жұрқ етіп отшашып жатыр.
Шойын балға қойсын ба, тас екіге қақ бөлінді.
– Міне, бұларың дұрыс! – деді балуан орнынан тұрып жа
тып. Үстін қағып-сілкіп тас ұшқындарын түсіріп болып:
– Ризасыңдар ма, халқым? – деді қайталап.
– Ризамыз! – деп шуласты халық.
1939 жылы қазан айында Қажекеңді Шәуілдірде және көр
дім. Жоғарыда айтқан ойындарын қайталап көрсетті. Бұл жол
ғы бір ерекшелік – күш атасы түйе тартыс жасады.
Екі түйе әкелінді. «Құйрығы үзіліп кетеді. Беліне арқан бай
лаңдар» – деді Қажекең. Беліне арқан байланып, арқанның екі
ұшы балуан қолына берілді. Ол білегіне орап-орап алды. Екі
жаққа қарап тұрған түйеге екі жігіт мінді.
– Ал, айда! – деді балуан.
Шүу-шүулеп айдай жөнелді жігіттер. Бишік сартылдап, тү
йе барқылдап әр бағытқа тарта жөнеледі. Балуан екіге жарылып
кетердей үрейленіп қараймыз. Жігіттер түйені сабалайды. Тү
йе байқұс барқылдап алға бірер аттайды шайқалақтап. Балуан
білегі бұлтылдап қос түйені кейін қарай сүйрей шегіндіріп әке
теді. Жайшылықта жайылып жатқан жуан қарын сыптай болып
қарынға жабысып қалған.
Балуан мен түйелер бірсыпыра тартысты. Ештеңе шықпады.
Ақыры алға адымдай түсіп қос түйені төрт-бес метр жерге
сүйреп апарып тастады.
– Уа, бәрекелде, балуан!» – десті жұрт. Нармен тартысқан
нар еді Қажекең – деп Әшірбай қарт әңгімесін аяқтады.
Мейірбан
(Орынбек Наурызбайұлының әңгімесі. 1893 жылы туған)
– Қажекең жарықтықпен ертеден таныс, біліс болып, сый
ласып жүрдік қой, – деп бастады әңгімесін Орынбек қария. –
Ол ертеден үйге келіп түсіп, қона жатып кетіп жүретін.
1935 жылы Шәуілдірде көрдім. Бірге жүріп ойынын та
машаладым. (Орынбек қария Қажекеңнің өзгелер айтқан ойын
түрлерін қайталап әңгімеледі. Қ.Е.)
1942 жылы Темірлан селосының арғы жағында тұратын әулі
– жайында болдым. Үйіне қонақ етті.
– Бәрін айт та, бірін айт дегендей, мен Қажекеңнің қонақ
асыда қалай отыратыны жайлы әңгімелеп берейін. Балуанның
аты – балуан ғой, оның үстіне халық әбден еркелеткен емес пе,
ұрт мінез, ұрма сөздері бола беретін. Бір тәуір жері Қажекеңнің
артық-ауыз сөзін елең қылмайтын.
Сөйтіп жүріп, кісі көңіліне қарағыш, өзім деген адамын
сыйлағыш келетін. «Овцевод» совхозында Нұртау деген кісі
тұрды. Перзенті болмай жүрді. 1938 жылы сол Нұртау шарана
көрді, перзент сүйді. Абзал азаматтың бұрынғы жарымкөңіл
жағдайын білетін Қажекең қаракер атын арбаға жегіп, әйелін
қасына алып, сонау Шіліктен арнайы келіп, құтты болсын айт
ты. Қажекеңнің бұл кісілігіне бәріміз дән риза болдық. Басы
Нұрекең болып, қой сойып, қолымызды қусырып күттік балу
анды. Балуан бағлан етін жеп, шарап ішіп көңілді отырды…
Қажекең мейірбан еді.
Уа, шіркін дүние, кімдер келіп, кімдер кетпеген?! Сөйткен
Қажекең де өтті-ау мына дүниеден.
Орекең әңгімесін терең күрсініспен тәмамдады.
Күн тұтылған еді
(Исабек Есібаевтың әңгімесі. 1928-1989 ж.ж.)
1943 жылы қыркүйектің 5 күні Қоғам деген ауылдан Шәуіл
дірге есекке мініп келдім деп бастайтын еді қадірлі ұстаз Иса
бек Есібаев өз әңгімесін. Өзге көз көргендер естелігіне ұқсас
түсіп жатуына қарамастан, ұстаз әңгімесінде кейбір деталь
ерекшеліктері кездеседі. – Келсем, – дейді ол әңгімесін одан
әрі сабақтап, – Шәуілдір халқы гу-гу етеді. «Софронов деген
балуан шығыпты. Қажекеңнің өзін екі бүктейтін көрінеді. Ау
данда өнер көрсетіп жүр екен…»
Жұрт отқа май құйғандай қызықты өсек қосып гулетіп жат
қанда, фоэтон секілдендіріп жасаған арбамен Қажекең келіп
қалғаны. Қасында томашадай ғана әйелі бар. Жігіттер боз бие
нің шылбырынан алып жайғай бастады.
Сөйткенше болмай аудан басшылары кеңседен жүгіре баса
келіп, балуан атамен қауқылдай амандасып жатты.
– Иә, Қажеке, ат-көлік аман келдіңіз бе?
– Ауыл-ел аман ба, Қажеке?
Қажекең тұнжыр.
Себебін білмек болып аудан басшылары әлек. Ұмытпасам
Шәуілдір аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ах
метов деген кісі еді.
– Әкесі өлгенді де естіртеді, Қажеке. Айтыңызшы, не болды
Сізге, – деді ол.
– Әй, анауың мені жеңемін депті ғой.
Қабағынан қар жауардай тұнжырап тұрған балуан дүңк ете
түсті.
– Кім, Қажеке?
– Әлгі Сафронов…
– Ой, Қажеке-ай, бала құсап бұртиып тұрғаныңыз сол ма?
Сөзге иланғышсыз-ау, жарықтық. Балаңызбен жасты жас адам
Сізге өліп бара жатса өйтіп айтпайды. Арадағы арапшылар ғой
Сізді арандатып жүрген. Аудан басшысы аңғал балуан көңілін
жібітті. Ыза буып келген балуан жұрт тілегімен шешініп тас-
тап, ойын көрсетуге кірісті. Иығына рельс салды. Екі шетіне
он екі адамнан жиырма төрт жігітті мінгізіп, отырған орнынан
тұрып, алқа-қотан отырған жұртты бір-екі айналды.
Жапырлап жерге түскен жігіттерге «Енді осы рельсті
иіңдер» деп бұйырды. Әлгі жігіттердің бәрі жабылып рельсті
ие алмады. «Әй-әй, жігіттер» деген Қажекең мойындағы рельсі
галстук формасына келтіре иіп, басынан жоғары көтеріп алған
күйі «дүрс» еткізіп алаңға тастай салды.
Жігіттер тырбаңдап галстук бейнесінде иілген рельсті жаза
алмай әлекке түсіп жатты.
Ал, Қажекең болса өзінің кезекті ойынын көрсетуге кірісті.
Бәрі екі бұт келетін бірнеше гирді шынжырға тізіп алып
тісімен тістей көтеріп, алаңды айнала жүріп, жерге тастады.
Екі түйені екі жаққа қаратып, мойынтұрықтан тартқан ар
қанды Қажекең білегіне салды да, саусағын тарақтап қатып
тұрып қалды. Екі жігіт екі жаққа қараған түйелерін сабалап
барқыратып айдайды кеп, айдайды кеп. Балуан біраз шыдады.
Ақыры бір түйе тым күшті шықты ғой деймін. Қажы-атаны да,
екінші түйені де біраз жерге сүйреп кетті. Қажекеңнің тарақ
таған қолдары қарысып қалыпты. Зорға жазылды…
Бір уақытта Қажекең шалқасынан жатып, диірмен тасын
кеудесіне бастыра қойғызды. Бір зор денелі жігіттің қолына
шойын балға беріп, диірмен тасты тоқпақтатып ұрғызды. Әлгі
жігіт балғамен тасты ұрғылап жатқанда тастың бір сынығы
ұшып түсіп, Қажекеңнің қабағын оса жыртып кетті. Балуан
қабағынан қара қан сау ете қалды. Жігіт балғасын тастай салып
қаша жөнелді…
Ал, Қажекең болса диірмен тасын итеріп тастап орнынан
күлімдеп тұрып келе жатты…
Сфаронов көрші ауылда ойын көрсетіп жүр екен. Ауданға
қайта оралғанда Қажекеңді кездестірді. Қажекең қайта түтікті.
Сафронов әдепті жігіт екен. Жұрт мән-жайды түсіндірген соң
«Ұстаз алдында басымды иемін» деп, Қажекеңнің аяғына
жығылды…
Сол күні күн тұтылған еді…
Тәбәрік
(Асантай Әлімовтің әңгімесі)
– Отырар ауданында тұңғыш мектеп ашқан адам – Бегім Ба
сов деген ұстаз еді. «Құрмет белгісі» орденімен екі мәрте мәр
ленген, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі болып өткен бұл
кісіні бүкіл аудан халқы, дүйім жұрт қатты сыйлайтын, – дейді
Асекең, – 1942 жылы сол кісінің үйіне бара қалдым.
Адамдар абы кіріп, күбі шығып, қарбалас қимылға кірген.
Бала емеспіз бе, «жұрт неге сабылып жүр?» деген оймен те
резеден сығаласам, төрде үсті-басына ақ көйлек-дамбал киген
бір кісі төбедей болып отыр. Қажымұқан ата екенін бірден біле
қойдым. Бұрын да көргенмін ғой. Ауыл азаматтары Қажекеңді
күтіп сапырылысып жүр екен ғой, – деп түйдім.
Сөйткенше болған жоқ, далада ошақ жақтан әйелдердің әл
денеге таласып шуласқан үндері естілді.
– Әй, бізге де берсеңдерші.
– Сендерде бар бала бізде жоқ па, әй?
– О, несі-ай, бер былай, балаларымызға тәбәрік етейік.
Жақындап келгенде байқадым, ауыл әйелдері шуласып, әл
дебір көнелеу ақ матаға таласып жүр. Бірін-бірі түтіп жейтін
дей жан сала шарпысып жүр.
Қасымда Бегім ағайдың Тұрарбек есімді баласы тұрған. Со
ның жүзіне бұрыла қарап:
– Әйелдер неге таласып жүр? – деп сұрадым.
– Апам Қажымұқан атама жаңа көйлек-дамбал тігіп берген.
Үстіндегі көйлек-дамбалын мыналар «тәбәрік» деп жапырық
тап жыртып, бөліп алып жатыр – деді Тұрарбек.
«Шіркін, менің де анам тірі болып, Қажымұқанның көйлек-
дамбалынан алып берер ме еді?!» – деп армандадым іштей…
Сурет сыры
(Хәкім Бекішев. 1910–1989 ж.)
– Е, е, Қажы атамның аулынан екенсің ғой. Жарайды, сені
жұмысқа қабылдайық, – деді келте танау жуан қазақ. – Әрине,
әрі қарай Сәбит Мұқанов музейінің директоры өзінің талап-
тілегін айтып жатты. Жұмыс іздеп жүрген жас жігіт директор
«тау қопарасың» десе де, үнсіз бас изей береді-дағы.
Музейдің марғау, мимырт жұмысы. Бірде музей директо
рынан «Қажы ата» деген сөзінің сырын сұрадым. Ол кісі:
– Е, ол кісі маған өкіл әке, мен өкіл бала болып едім, уа
қытында.
– Уа, пәлі, Қажымұқан атаны көрген болдыңыз ғой, сыр
бөліссеңізші…
Басшыны тақымдай түстім.
– Әлбетте!
Жазушы С.Мұқанов музей-үйінің директоры Хәкім Бекішев
әңгімесін сабақтады.
– 1934 жылы күз айларының бірінде Қажымұқан Мұңайт
пасұлы, қасында Кеңестер Одағының әр қырынан келген он
бір балуан, Қызылжар қаласына келді. Цирк үйінде француз
күресінен өнер көрсетті.
Қажекең осы сапарында екі апта біздің үйде – Ленин және
Бостандық көшелерінің қиылысындағы екі қабат қарағай үй
де жатып тұрды. Балуанның біздің үйді таңдауының өзіндік
себептері бар еді. Біздің үй қалалық баққа жақын еді. Ал цирк
қалалық бақтың күнбатыс жиегіне орналасқан. Әрі Қажекең
ертеден менің әкем Бекішпен таныс, біліс, сыйлас жүреді екен.
Оны екеуінің әзіл әңгіме, қалжыңынан аңғардым.
Міне, мен Қажекеңді сол жолы тұңғыш рет көрдім.
Қажекең денесі зор, екі иығына екі кісі мінгендей, басы екі
кісінің басындай бар, қабағы көзін жауып тұрады. Тек күресіп
жүріп қарсыласына ызаланғанда, қабағы жиырылып, көзі ала
рып көрінетінін байқадым.
Балуан атамен бір үйдің кісісіндей болып кеттік. Әкей қажы
атамен циркке бірге барады, күреске түскен құрдасына қиқу
қосып, мерейленіп бірге қайтады.
Қажы ата асты былапыт ішпейтін. Сүйікті асы – ет пен қы
мыз. Табылып жатса тобылғы сыраға қарсы емес… Шәй, май,
нанға үйірсектегенін көрген емеспін. Алдына ет келгенде жі
ліктің бұлшық еттерін жұлып алып бір-ақ қылғытады. Шайнап
та жатпайды-ау. Ал, қымызды рахаттана, қана ішеді.
Есімде қалған бірсыпыра әңгіме – Қажы атаның ұйқысына
байланысты. Балуанның ұйқысы – ертегідегі Дәулердің ұйқы
сына ұқсайтын. Біздің өтен екі қабатты қарағай үйдің екінші
қабатында. Астыңғы, бірінші қабатында бір орыс отбасы тұр
ды. Қажы ата, әкей, мен үшеуміз бір бөлмеде, еденге төсек са
лып, қатар жатамыз. Қажы атаның ұйқысы қатты, егер жау шау
ып жатса да оянбайды. Әрі ұйқтағанда сұмдық қорылдайды.
Ол қорылдағанда қасындағы кісі ұйқтап болмайды. Мұнымен
тынса жақсы-ау, күндізгі алыс-жұлыс, күресі есіне түсе ме
қалай, әйтеуір ұйқтап жатып, оқыс қимылдар жасайды. Он
дайда қолы тиіп кетсе оңдырмайды. Аяғын дүрс еткізсе, еден
ойылардай дүңк ете қалады.
Бірде қызық болды. Балуан ұйқысырап еденді аяғымен дүңк
еткізгенде «жер сілкінді ме» деп қорыққан астыңғы қабаттағы
көршілер тайлы-таяғы қалмай далаға жүгіріп шығады. Біз мән-
жайды түсіндіріп, қайталамасқа сөз бердік. Қайталанбайтын
қайда?! Ақыры көршінің ренішін сезген Қажы ата:
– Бекіш, маған төсекті далаға салдыр – деген өтініш айтты.
Алдында қонағын далаға қондырғанды қолайсыз көрген
әкей қарсыласып еді, ақыры көршінің ыңғайына, балуанның
өтінішіне қарап, көнді.
Бірақ балуан далаға жатып та барқадар таппады. Борпылдақ
құс төсекке оранып, құс жастыққа бас қойып қорылдап түске
дейін ұйықтайтын күш атасын бүкіл ауыл тамашалайтын
болды. Тәбәрік көрген бе қалай, әйтеуір бірде көрпе-жастығын
ұрлап кетті…
Осындай күндердің бірінде ерте тұрсам, әкейдің сирағы
көрпеден сыртқа шығып жатыр екен. Оң жақ аяғы тізесінен
тобығына дейін қап-қара болып қанталап кеткен. Жалма-жан
әкейді ояттым:
– Аяғыңызға не болды, әкей?
– Е, қарағым, ана дию екеуміз цирктен шығып тақтай жол-
мен қолтықтасып келе жатыр едік, ағаш ойылып кетіп құла
ғанымыз. Құлағанда Қажекең үстіме құлап, өліп қала жазда
дым. Өлген шығармын деп едім, қайта көрер жарық бар екен,
соңымыздан келе жатқан адамдар дәуді аунатып, астынан зорға
көтеріліп шықтым. Аяғым содан болды.
Әкей біраз күн бейнет шегіп, ауырсынып жүрді аяғын.
Циркте күнде күрес. Қажекеңмен бірге Мишаборов, Лав
рентьев, Некрасов, Ян-Цигин (эстон), Августьев секілді алпа
уыттар аренаға шығып жүрді. Бәрі де күш атасын «Қажеке»
атады. Қажекеңмен күреске шыққанының жеңілмегені жоқ.
Сөйтіп Қажекең Қызылжар халқын екі апта қуанышқа
бөледі, қызыққа кенелтті. «Сыйға – сый, сыраға бал» деген бар
емес пе?! Облыстық атқару комитеті алып атаға не сыйласақ
екен деп ойланды. Біздің әкеймен ойласты. Ақыры бірсыпыра
киім тіктіріп беруге шешім қабылдады.
Шешім бойынша екі қарагер тайдың терісінен түгін сырты
на қаратып, ішін астарлап, мол тайжақы тігілді. Тайжақыны
Зұлқайнар және Нұрғали деген кісілердің әйелі тікті. Тұтас
былғарыдан саптама етік тігілді. Оны Қызылжардағы атақты
етікші Шәкен тікті. Етіктің ұлтанын ағаш шегемен шегелеп,
өзге өңірін тарамыспен бекітті.
Алып күш иесі баладай аңғал, мейлінше адал адам болатын.
Халық сыйына жадырап қуанды.
Мына сурет сол кезде Қызылжар қаласында түсірілген еді…
Ұзақ жылдар С:Мұқанов музей-үйінде директор болып қыз
мет істеген Хакім Бекішев ақсақал әңгімесін айтып аяқтап,
Қажекеңнің сирек фотосуретін маған берген еді.
Қажекеңнің хаты
Жазушы Сәбит Мұқанов музей-үйінде ғылыми қызметкер
болып істеймін. Қазақ жазушылары арасында өзі де хатты көп
жазған, әрі хатты жұртшылықтан өте көп алған қаламгер –
Сәбит Мұқанов. Жайшылықта салдыр-салақтау көрінетін Сә
бит Мұқановтың архивке мұттахамдығына кісі қайран қалар
лықтай. Қағаз атаулының қиқымын тастамайды-ау, қиқымын
тастамайды. Келген хат, кеткен хат көшірмесі бәрі-бәрі сақ
таулы. Өзін әлдекім балағаттап жазған қағаз, өзі әлдекімді
көрсете ұрсып жазған хат-қағаз да сақтаулы. Жасырып-жауып
жатқан, жасырынып жақсы атты болайын деп ойлап жүрген
Сәбит жоқ…
Кабинетті кернеп кеткен хат, қағаздың бірсыпырасын жазу
шы көзінің тірісінде Қазақстан Орталық Мемлекеттік архи
віне тапсырған. Жазушының жан сырына құмартқан жас жі
гіттің жетпісінші жылдары сол мол архивті шаң жұта шабыт
тана ақтарғаны бар. Міне, сондай қызықты күндердің бірінде
С.Мұқановтың жеке қорынан (1634 қор) атақты балуан Қажы
мұқан Мұңайтпасұлының Ташкент циркінде көрсеткен өне
рінің жарнамасы мен бір хатына кезікті. Құдай-ау, екеуі де
жылан жылғы дерлік, әбден сарғайған, әріптері өшкен, сөздері
өлеусіреп зорға оқылады. Сондай құжат-қағазды сақтаған Сә
беңнің ұқыптылығын қараңыз. Қалай қызықпайсыз, қалай тәнті
қалмайсыз?!
Жарнамаға қарағанда, Ташкент циркі бір кешін Қажекеңе
арнамақ. Аударып оқиық бағдарламаны:
«13-14-15-16 қыркүйек. Тәшкенде Қажымұқан Мемлекет
тік циркте ғажап күш-ойынын көрсетеді.
1. Жұз пұттық екі метрлік екі құрылыс тірегін (белтемір)
иығына салып иеді. 2. «Темір галстук». 3. «Самсон белдігі», тағы басқа ғаламат күшке түсерлік
рекордтық ойындар көрсетеді.
Қажымұқан ойынынан соң цирктің барлық труппасының
қатысуымен ойын көрсетіледі».
«Басқарма» – делінген бағдарламада
Міне, осы жарнамаға Қажекеңнің қаламгер інісіне жазған
хаты қоса тігіліпті. Ескіріп тозған хатты ежіктей бастаймын.
Хаттың бастауындағы Сәбит деген сөз жартылай жырты-
лып, «Мұқанов!» деген сөзі сақталыпты. Әрі қарай хатты ажы
ратып оқуға болады.
«…ағаң Қажымұқанды ұмытқан боларсың. Ұмытқаныңа
төмендегілер дәлел бола алады деймін. Менің кім екенімді, ме
нің балуан екенімді, қандай қызмет атқарғанымды, байдың иә
құлақтың баласы емес екенімді білесің ғой. Осыларды… неге
есіңе алмайсың? Балуан Шолақтың өлгеніне 20 жыл толса
да, оны Қазақстанның 20 жылдығына қарсы қаламыңмен ті
рілтейін деп жатырсыз ғой. Сол сияқты мені ең болмаса қа
ғаз жүзіне шығармайсыз ба? Мен қазір өлгенім… (өшкен) ғой.
Мені де бір қағаз… (жыртылған) шығаруыңды сұраймын. (Әрі
қарай өшіп кеткен. Қ.Е.)
…сонан соңғы жылына (жыртылған) қағаз дәлел.
Маған мына адрес бойынша хабарлас:
Шәуілдір ауданы, Шілік ауыл кеңесі, Ақтөбе колхозы.
Қажымұқанға!
18/VІІ-40 ж.»
Иә, бұл хатта, концерттік бағдарламада қандай сыр бар?
Күш атасы Қажымұқан біреуге хат жазыпты деген әңгіме
жұртшылық есінде жоқ. Ондай хат інісіндей сыйлас Сәбит
Мұқановқа жазылғанына куә болып отырмыз. Хаттың ұзын-
ырғасы дүниеден өткен Балуан Шолақты қалам қуатымен қа
тарға қостың, оның дұрыс, бірақ мен жөнінде кітап жазамын
деген уәдеңе жетпедің дегенге саяды. Сыйлас ағаның қалам
ұстаған ініге өкпе-назы бар. Осындай наздың тіршілікте Қа
жымұқан мен Сәбит Мұқанов арасында болғанын Дихан Әбі
лев те «Алыптың ақ батасы» («Күш атасы», «Қазақстан»,
1984, 84-85-беттер) атты естелігінде де жұқалап айтып өте
ді. Көз көргендердің ауызекі әңгімесіне ден қойсақ, Сәбең
шығарма жазбақ ниетпен Қажекеңмен бірсыпыра әңгімелесіп,
керекті жайларды айтқызып жазып алыпты. Бірақ жазылған
шығарма жоқ. Алып қайрат иесі, аңғал балуан, міне осы жай
ларға өкпелейді. Ол кезде балуан өз өмірінен келешекте бір
емес, бірнеше жанрда әралуан шығарма жазылатынын, көркем
фильм түсірілетінін білген жоқ, әрине.
Өмірдің қай саласын да мол қамтитын, табиғатында өнімді
еңбектенген Сәбеңнің Қажымұқан өмірінен шығарма жазбақ
болуы – шындық. Көз көргендердің естелігін былай қойғанда,
жазушы архивінде сақталған цирк жарнамасы, Қажымұқанға
қатысты басқа жазбалар да жазушы ойына кепілдік бергендей.
Ойға алғанымен орындалмай қалатын арман жазушы тағды
рында аз кездеспейді. Бұл да соның бірі…
Міне, ұлы қайрат иесі – Қажекеңнің бір хатының бізге айтар
сыры осындай!
Түйін
Жылдар қанатын судырлатып өтіп жатыр. Заулап күн, аунап
ай, жылжып жыл өтеді. Қажекең жайында әр кезде естелікте
рін бөлісіп әңгіме айтқан қариялардың дені жарық дүниеде
жоқ. Естелік әңгімелері үшін рухына мың тағзым данакөз қа
риялардың. Күш атасы жайлы әңгіме, естеліктер жинауыма
себепкер болған аяулы анам да жетпістің биігіне көтерілді бұл
күндері. Ол кісінің есімін қойған ұлы Ана – Айша-Бибі әруағы
желеп-жебесін.
Ескертер бір жай – естелік әңгімелер қаз-қалпында хатқа
түсті. Жеке дерек, кісі аттарында артық-ауыс болса оқырманнан
кешірім. Жиналған мұндай материал менде бірсыпыра. Жер
де қалғанша жұртқа жетсін, желге ұшқанша жұрт құлағында
кетсін деген оймен іріктеп ұсындық оқырманға.
1990 ж.
КАРПАТ САЗДАРЫ
(Журналистің қойын дәптерінен)
Автордан: 1988 жылы қыркүйек айында «Социалистік Қа
зақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі райында қазақ
әдебиеті мен өнерінің күндеріне орай Украинаға барып қайт-
қан едім. Сол сапар қойын дәптерге мөлтек-мөлтек эссе-жазба
лар болып түсіпті.
Жемпір
Табиғат тылсымын қойсаңызшы. Алматыдан аттанарда күн
ыстық-ты. Сондықтан болар, Украина сапарына жеңіл киініп
аттандық. Самұрық тұмсық самолет Киевке жер бауырлап ба
рып қонғанда ақ жаңбыр себелеп тұрды. Күн суық. Тасыған
көңіл басылып, тоңған торғайдай бүрістік.
Ресми қонақкәде жалғасып жатты. Сол сәт басын ақ қы
рау жапқан қартаңдау кісі бізге жақындай берді. Қолында әл
деқандай ораулы зат бар.
– Ұлым, тым жеңіл киініпсің-ау, – деп тіл қатты ол.
– Алматыда күн ыстық еді, әкей.
– Қарағым, мен де қазақ жерін әбден аралаған, қазақ дәмін
мол татқан жанмын. Білем ғой, қазақ жерінің ауа райын.
– Ғафу етіңіз, Сіз кім боласыз?
– Хорунжий есімді украинның қарт жазушысымын, қара
ғым. Сәбит Мұқановпен дос-жар жүріп едім кезінде.
Қалам ұстағандар арасында Сәбит Мұқанов есімі аталған
жерде әруақтанбас қазақ бар ма? Ортақ әңгіме отын маздаттық
қой, баяғы. Бақсақ, Анатолий Мефодиевич, елімізде тың көте
рілген елуінші жылдары Солтүстік Қазақстанда тұрып, «Жу
сан» атты повесть пен бірнеше әңгіме, очерк жазыпты.
Әңгіме қызу. Күн суық. «Сыпайы тоңбайды, қалтырайды
ның» кері. Шыдап бақтым.
– Ұлым, – деді украин жазушысы әңгіме арасында елеусіз
деу. – Айыпқа бұйырма. Мына жемпірді бірің болмаса бірің
киерсің деп үйден ала шыққан едім. Киіп алшы осыны. Ернің
көгеріп кетті ғой, қарағым. Киіп алғын. Мен де қазақтан талай
сый көргем. Қысылмағын. Сосын әңгімелесеміз…
Менің қарсылығыма қарамастан қарт жазушы жемпірін
үстіме кигізіп те үлгерді.
Онкүндік аяқталғанша бойымды жылытып жүрген осы бір
оқиға әлі күнге жанымды шуаққа бөлеп тұрады…
Партизанның көз жасы
Даңқты партизан Қасым Қайсенов Ужгородта өз үйінде
жүргендей еркін. Маң-маң басып, қаласа орысша, қазақшаны
жиып қойып, украинша сөйлеп, жергілікті халықпен мидай
араласып кете барады. Қызығасың.
Қасекең көңілді. Түріне қарап осынау бөрене белбеу
кеспелтек кісінің жанында сыздар жарасы бар-ау деп кісі, сірә
да ойларлық емес. Алайда, ол да жан екен «жаралған сүйек,
еттен» (С.Мұқанов).
Бірде Қасекеңе ілесіп Невицкий замогына бардық. Ну ор
ман арасы. Қай ғасырдан қалғанын кім білсін, әйтеуір төбесі
қазақы үйдің шаңырағы секілді шеңбер, айналасы кереге се
кілді дөңгелек көне бекініс. Айнала сырттан келген жауды ба
қылайтын және төтен жауға төпей оқ жаудыруға оңтайлы ой
дым-ойдым тесік.
Невицкий бекінісіне жете бере-ақ қатал партизанның қас-
қабағы жабылып, аспанды бұл торлағандай күйге түсті. Мұң
шыл-күйшіл күй кешіп келеді шамасы.
– Қасым аға, бұл жерлер Сізге таныс па? – деп бүйірден
сұрақ қойды ақын қыз Ханбибі. Бәріміз қарт партизанның
жүзіне телміреміз.
– Қарақтарым-ау, бұл жерде маған бейтаныс бір бұрау да жоқ
қой, – деді Қасекең ауыр күрсініп. – Бұл бекініс пе, бұл бекі
ністе мен қанша қарулас достарымнан айрылдым. Білсеңдер
ғой сендер…
Тұла бойы қайсар мінез, қайраттан тұратын қарт партизан
ның дауысы тарғылданып, бұзылып шықты. Жүзі әлем-тапы
рақ. Ол бұрылып кетті. Ал иығы селкілдеп тұрды.
Қайсар жаннның көз жасына куә еткен қу соғыс-ай!
Балладаға айналған өмір
Партизан-жазушы Қасым Қайсенов алда. Қара нардай қа
йыспай тартып келеді орман арасымен. Соңына керуен тізбе
гіндей біз ілесіп келеміз.
Ну орман. Көруге көз, тамашалауға жүрек керек.
– Шамамен осы арада, – деді Қасекең тоқтай қалып. – Осы
арада бір оқиға болған еді.
Партизан жанын жаралап әңгіме шертті. Біз жанымыз түр
шігіп тыңдадық.
– 1944 жылдың шілде айы. Мәскеуде арнайы оқу тауысқан
соң бізді осы Карпат тауына төбеден самолетпен әкеліп таста
ды. Жау тылына парашютімізді желбіретіп келіп түстік. Дереу
бір-бірімізді іздеп таптық. Арамызда Зинаида Крестянинова
есімді аяулы ару қыз бар еді. Сол жоқ. Іздей бастадық. Алыс
тан дауысы талып естіледі. Байқасақ, парашюті аспанмен та
ласқан бәйтеректің басына ілініп салбырап қалыпты. Ағашқа
қанжарды алма-кезек қадап өрмелейміз. Әрі кеткенде төрт-
бес метр өрмелеп барып жерге гүрс етіп қайта құлап түсеміз.
Сөйткенше болған жоқ, неміс овчаркасының арпылдаған үні
естіле бастады. Демек, бізді байқап қалған. Тапсырма қауырт.
Алайда, атысқа дайындалдық. Азғантай адаммен аждаһаға қар
сы тұру да оңай емес. Ақыры шешімді сөзді Зинаида айтты.
– Сендер мені жау қолына тірі қалдырмаңдар.
– Бір айналып келіп құтқарамыз Зиночка.
– Жоқ. Мен үшін опат болмаңдар. Мені де жау мазақ етпе
сін. Сендер ағашты минамен жарыңдар.
Қынжылып бір-бірімізге қарадық. Басқа жол жоқ. Иттер
болса арпылдап келіп қалды. Ағашты қарумен жарып жібердік.
Майдандас досымыз Зинаида Крестянинова да отқа оранып
опат болды. Біз орманға сіңіп жоғалдық…
– Міне, қарақтарым, біз сондай да күн кешкенбіз.
Анау село қазір «Зинаида Крестянинова селосы» аталады.
Жорықтас қыздан қалған жалғыз ескерткіш сол!
Партизан біресе қатуланды, біресе бордай үгіліп кемсеңдеді.
Тыңдаушылар жанымен егіліп тұрды.
– Баллада жазамын, – деді әсер құшағында тұрған ақын
Исраил Сапарбаев.
Иә, бұл балладаға айналған өмір еді.
Өтелмек парыз
Соғыс тақсіретін көп тартқандікі ме, әйтеуір украин же
рінде, бауырластар елінде зираттар ерекше күтімде болады.
Әрбір ауыл, аудан сайын бауырластар зираты, Даңқ мемориалы.
Зираттардың көбінде шағын ғана мрамор тақта орнатылады.
Еңселі ескерткіштер ілуде бір кездеседі. Тақтаға жауынгер
есімі жазылады.
Хуста өңірін аралап қайтып келе жатқан машина Ужгородқа
кіре бере тоқтай қалды.
Жапа тармағай машинадан түскен қаламгерлер Батыс Ук
раина Жазушылар одағы басқармасының секретары ізінен еріп
келеді. Бақсақ бауырластар зираты екен. Көше-көше етіп, қаз-
қатар тізіп орнатқан біркелкі қара мраморлы ескерткіштер. Әу
елгіде денеміз тітіркенгендей болға еді, аралай келе бойымыз
үйреніп, әуестік биледі. Бір ғажабы осы қаз-қатар зираттың
тең жарымын мұсылман бейіті алып жатқандай. Әрбір тақтаға
үңілеміз де мұсылман аты-жөнін оқимыз.
Алда келе жатқан документалист жазушы Қалаубек Тұр
сынқұлов тоқтай қалды да, жалма-жан қойнынан блокнотын
суырып алды. Блокнотқа:
Абдрахманов,
Бегімбетов,
Юсупов…
деген жауынгерлер есімдері жазыла бастады. Ол ұзақ жазды.
Отан соғысында опат болған талай қазақ жауынгерлерін
өз шығармаларымен тірілтіп жүрген документалист жазушы
қиялын жауынгерлер есімі жаулап алған. Біз ошарылып ұзақ
күттік. Қалекең қаламы ақ қағаз бетінде әлі жорғалап барады.
Уақыт кетіп барады. Төзім де азайған.
– Осының баршасын тізесіз бе? – дедік біз сабырсызданып.
Тізу аз, – деді Қалекең, – арнайы сапармен келіп, архив ақта
рып, баспасөз арқылы жамағатқа сұрау салуға тура келіп тұр.
Бұл – парыз.
Сұрау документалист жазушы стихиясын білмей қойылға
нымен, қаламгер жауабынан кейін өзіміз кінәлідей қысылдық.
Неге?
Расында, бұл әрбір қолына қалам ұстаған қазақ атқаруға
тиісті міндет еді.
Баубек рухына тағзым
Жазушылардың бір тобы Днепропетровск облысын аралап
жүр. Оның ала-бөтен себебі бар. Осында «бауырластар зира
тында» жалынды публицист Баубек Бұлқышев мәңгі дамылдап
жатыр. Батыр ұйқысынан оянып кетердей ақындар аяғын ақы
рын басады. Көше түп-түзу. Шағын село. Алдарынан бір жирен
бала шыға келді.
– Балақан, атың кім? – Ұлықбек Есдәулетов бала жүзіне ме
йірлене қарады.
Терден айғыздалған жүзін көтеріп, көзін сығырайта қараған
бала:
– Коля, – деді.
– Коля, қай көшеде тұрасың?
– Баубек Бұлқышев көшесінде…
– Ол қай көше?
– Оха-ха, соны да білмейсіңдер ме, үп-үлкен болып, осы
өздерің келе жатқан көше де!
Бала ойнақылана қарады ақын ағаларына. Бала бойынан
өздерінің тәтті балалығын көрген жігіттер Коляның басынан
бір сипап қойып әрі кетті.
«Бауырластар зираты» Баубек Бұлқышев атындағы көшенің
бас жағында екен.
Әруаққа тағзым етіп, гүл шоқтарын қойдық.
Ұлықбек Алматыдан аттанарда Баубек Бұлқышевтің орыс
тілінде басылған кітабын ала шыққан. Село тұрғындарына
Баубек жайында бір-екі ауыз сөз айтқан ол қолма-қол жауынгер
кітабын көрсетті. Жауынгер рухына арналған жыр-бағыш кеші
басталып та кетті. Темірхан Медетбеков, Иранбек Оразбаев,
Ұлықбек Есдәулетов бірінен соң бірі күндей күркіреп өлең
оқыды. Туған жерінің бір уыс топырағын жауынгер бейітіне
қосты.
Тыңдап тұрған көпшілік тебіреніп кетті. Бір кейуана шығып
сөз сөйледі.
– Қазақ бауырлар, сендер өлең оқығанда Баубек өлмеген,
бақытты жауынгер екен деп ойладым. Осындай жауынгерін
іздеп жүрген қазақ халқы өлмес, өшпес, өркенді халық екен деп
толғанып жыладым. Кейуана кемсеңдеп барып сөзін аяқтады.
Тәбәрік
Украинаның қарт жазушысы А.М.Хорунжийдің үйінде қо
нақта отырмыз. Кемпірі екеуі жаны қалмай жүгіріп жүр. Қа
зақтан сый көрген кісілер.
Алғаш жүздесуден кейін біз Батыс Украинаға барып қайт
қанша жазушы уәде бойынша бірсыпыра хат, көне күнделік
терін дайындап қойыпты. Әуелгі кездесуде аз-ақ әңгімелесіп,
құмардан шыға алмай тарқағанбыз. Енді, міне, қайта жүздесіп,
кеңінен әңгімелесіп отырмыз.
– Қазақстанға сапар шегуімнің өзіндік сыры бар, – дейді
Анатолий Мефодиевич. – Жиырмасыншы жылдары тұрақты
қоныс тебу мақсатымен әкем Қазақстанға кеткен еді. Туған же
рін қимай, үш-төрт ай тұрып, қайтып келді. Айтқандай, ол кісі
тоқсаннан асып, жақында дүние салды.
Ал елуінші жылдары елімізде тың көтерілгенде әкей қазақ
жері, қазақ елі жөнінде шешіліп әңгіме айтты. Мен әкем қы
зыққан қазақ жеріне аттанып кеттім. 1954 жылы наурыз – ма
мыр аралығында Ақмола, Атбасар жағын аралап, Солтүстік
Қазақстанға келдім. Бір ғажабы, сол жолы мен баяғыда әкей
түскен үйлерге түсіппін. Украины бар, қазағы бар олар менің
әкем жайында қызықты әңгімелер айтты. Әкей кейбірімен та
мыр болып үлгерген.
Әкей қызықса – қызыққандай екен қазақ жері. Қазақ хал
қының қонақжай дарқандығына сол жолы куә болдым. Ұмыт
пасам, В.Даль шығар деймін, өзінің бір жазбасында «Қазақ
даласына сапарға шықсаң ақша алмай шық. Өйткені бәрібір
жарата алмайсың. Жомарт халық ақшаңды жараттырмайды», –
дейтін. Айтса айтқандай екен, бұйырған дәмді таттық.
Көрген, білген, сезген өмір құбылыстарынан «Жусан» ата
латын повесін, «Тың төсінде», «Алғашқы із» аталатын әңгіме,
очерк жаздым. Орысша, қазақша, украинша жарық көрді ол
туындыларым.
1955 жылы 25-27 қазанда Мәскеуде тың туралы шығармалар
жөнінде бүкілодақтық кеңес өтті. Көп шешен сөйлеген еді. Ал
мен Сәбит Мұқановтың ғана сөзін жазып алыппын. Ол өзі
ауыз-екі әңгімені көркемдеп, құтыртып, әсерлендіріп айтушы
еді ғой. Сондағы сөзін күнделігіме жазып алыппын. Мына қа
раңызшы!
Анатолий Мефодиевич өзінің көне күнделігін ұсына берді.
мен көзім шырадай жанып ұмтылдым күнделікке. Орыс тілінде
жазылған күнделіктен мынадай жолдарды көшіріп алдым.
«Сәбит Мұқанов ақ басты ақсақал. Дауысы қырылдап
шығады. Өзге шешендерге ерегіскенде ауызша сөйлейін деп
тұрмын деп бастады ол сөзін. Әрине, орыс тілін жетік біл
гендіктен, әйтпесе шешендіктен емес. Сөзді жазып сөйлеу
жалықтырғандықтан. Әдебиет жайында бағалы ойлар күт
кен едім. Сенімім ақталмады. Қазақта «Алдыңғы арба қайда
барса, соңғы арба сонда жүреді» деген нақыл сөз бар.
Қазақстанда миллиондаған гектар жер бар. Жазушылық
міндетті өз тәжірибемізге қарай бағдарлаймыз. Тың жөнінде
неге сырт авторлар жазады? Қазақтар неге қатыспайды?
Егер тың жөнінде біз айтпасақ – кім айтады? Абзалы бұл іске
жас әдеби күштерді батыл тарту жөн болар. «Ақыл жаста
емес, баста» – деген сөз бар бізде. Сақалын сатқан кәріден
еңбегін сатқан бала артық…»
Бұл – қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың 1955 жылы 25-
27 қазанда Мәскеуде өткен бүкілодақтық кеңесте сөйлеген сөзі
екен. Кеңеске қатысқан Анатолий Мефодиевич қағазға үзінді
сін түсірген. «Стенограммасы ЦГАЛИ-де сақталған болуы ке
рек» – дейді ол.
Енді бірде жазушылық пендешілігі оянып «Жусан» повесіне
кезінде қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың жоғары ба
ғалап хат жолдағанын әңгімелейді. Мен Айтматовтың хатын
оқып ойға баттым. Хат жазуға не себепкер? Ол кез – Айтма
товтың әлі даңқ тұғырына көтерілмеген кезі. Солай бола тұра,
бұл – біріншіден Ш.Айтматовтың үлкен әдеби әлемге ұмтылуы,
екіншіден – бұл жас жазушының тың тақырыбына шығарма
жазғалы жүрген кезі болуға тиісті.
Әлден уақытта бұл шаңырақта кемпір мен шалдан өзге
ешкімді көре алмай отырғанымды айттым. Күл шашардың
жоқтығын ишараладым.
– А – деді қарқылдай күлген украинның қарт жазушысы. –
Түсіндім. Мұрагерім бар. Ол мадияр қызына үйленіп алдымен
Венгрияда тұрды. Кейін Англияға қоныс аударды. Қазір Лос-
Анджелесте тұрады. Музыкант. Сағынғанда күйтабағын тың
даймын. Келіп-кетіп жүреді. Жүзбе-жүз жолығысқанда да, хат
арқылы да:
– Қарағым, тұрағыңды өзгерткенмен өз туған Отаныңа
тұрлауыңды өзгертпе, – деп ескертіп отырамын.
– Құдай сақтасын, әке, мен тағдыр айдап сыртта жүргенім
мен, ешкімнің азғырғанына еріп, Отаным жайында ғайбат сөй
леген емеспін, – дейді ұлым.
Отандастық деген ұғым мекен бірлігі ғана емес, ұғым, тү
сінік бірлігі де шығар деген оймен шүкіршілік қыламын. Сөй
темін де, ұлым – қазақ жеріне барып қоныстанып тұрып та,
туған жерге деген махаббаты билеп қайтып келіп анау төбеде
томпиып жатқан атасының (менің әкемнің) немересі еді ғой,
ертелі-кеш бір оралар деп жұбатамын өзімді.
Жазушы сыр жасырмады. Алайда бұл терең қаузайтын та
қырып емес-ті. Әңгіме бетін басқа арнаға бұрғым келді.
– Қазақта қария кісіден тәбәрік алатын салт бар, – дедім
қалжыңдап.
– Ол не салт, ұлым? Мен де бір қазақуар украинмын ғой,
бірақ тәбәрігіңді естімеппін, түсіндірші.
– Ол қимас кісінің көзіндей көріп жүрер бір қымбат затын
қалап алу.
– Охо-ха-ха. – Қарт аузын ашса көмейі көрінетін ақкөңіл
ділікпен аңқылдай күлді. – Айт қалауыңды. Сенен аяғанды ит
жесін, қазақ баласы.
– Мына бір суретіңізді қаладым. Бұл суреттің тысындағы
жазуға қарағанда 1954 жылы Солтұстік Қазақстан даласында
жерлестеріңіздің арасында түсіпсіз.
– Сол ма, қалауың? Ал. Қалау да қалап оңдырмадың, ұлым.
– Тәбәрік мақсаты – дүние жинау емес, жәдігерлік тұту.
Жазушы қойын дәптеріне «Табарик» деп жазып қойды. Ол
да бейне қазақтан тәбәрікке жаңа сөз үйренгендей…
Өмір мен өлім әңгімесі
Поезд Ужгородқа келіп тоқтады. Қасым Қайсенов қойқаң
дай басып барды да, еңгезердей бір украин шалының құшағы
на құлай кетті. Есендесу кезегі қастарындағы кекселеу әйелге
де тимей, олар ұзақ құшақтасып тұрды. Бейне қос алып адам
бір-біріне деген сағыныштан балқып, бірігіп кетердей. Әлден
уақытта қуаныштан айқасқан құшақтар көз жасын селдетіп
барып ажырасты.
Қасекең шуылдай қоршаған тілші қауымын елең қылмай,
алдына көлденең тартылған көк «Волгаға» пысқырып та қа
рамай украин шалының тайқары – «Запорожецке» мініп тайып
тұрды. Қайда кетті? Жан баласы білмейді.
Ертеңіне Қасекеңді дін-аман көрдік. Сұраулы жүзбен қарай
мыз.
– Қанды көйлек досым ғой, – дейді Қасекең аузын толты
рып.
Ертеңіне тарбиған тасбақа мәшине тағы келді қонақ үйге.
Қасекеңді тағы да тапа-талтүсте «ұрлап» әкетті. Келесі күні
жанкешті партизан ағамыз дін-аман қайта оралды. Жүзіне сұ
раулы кейіппен қараймыз.
– А, Гриша ма? Бұл жалғанда ондай адам жоқ қой. Асыл
ғой, Григорий Давыдович, – дейді Қасекең жүре сөйлеп. Кешегі
әңгімеге бар қосқаны «Григорий Давыдович».
Қонақүйден шыға бере анадай жерде таяғына сүйеніп тұр
ған украин шалын көзім шалып қалды. Дереу жетіп барып
«тергеуге» алдым, журналист емеспін бе, баяғы.
– Біздің Қасым Қайсеновтей алып партизанды тапа-талтүсте
ұрлап әкетіп жүрген Сіз кімсіз, осы?
– Ой, ұлым, ол ұзақ әңгіме. Вася ма, Вася азамат қой, Қай
ерлігін, қай азаматтығын айтайын оның. Басқасын былай қой
ғанда, әке-шешеме жарық дүниеге әкелгені үшін қарыздар
мын. Ал Васяға жер басып, тіршілік кешіп жүргенім үшін қа
рыздармын ғой мен бейбақ…
Украинның алпамса шалы көз алдымда шөгіп, көз алды
шалбарланып, қалтасына қол салып, беторамалын алып бет-
аузын сипалай бастады.
Ол беторамалын қайта-қайта сулап, әңгімесін айтты. Әңгіме
деуіміз де бекер. Өз тағдырын жырлады.
– Ұлтым украин, – деді ол. – Харьков облысы, Богодуховка
селосында дүниеге келіппін. Шешем ірі кулактың қызы екен.
Мен туғаннан кейін көп ұзамай шешемді кулактың қызы деп
жерлестері өртеп жіберіпті. Жесір қалған әкем мені алып Мәс
кеуге қашыпты. Москвада өстім, ержеттім, оқыдым. Әске
ри білім алып, Ұлы Отан соғысына лейтенант болып аралас
тым. Украин майданында соғысып жүріп көп кісі қолға түстік.
Бәрімізді үлкен өзеннің жағасына тізіп қойып ататын болды.
Тұтқындарды азғырдым. Ақыры өлетін болсақ жау ата баста
ғанда тым тырақай қаша бастайық. Біріміз болмасақ біріміз ті
рі қалармыз дедім. Өлім күтіп тұрған пақырларға бәрі бір еді.
Атуға оқтала бастағанда, команданы беріп кеп қалдым. Бәріміз
тым-тырақай қаша жөнелдік. Аяғымнан жараландым. Алайда
сүйретіліп өзенге құлап арғы бетке жүзіп өтіп кеттім.
– Тұтқында қайбір сау-тамтық болсын. Ұрып-соғудан денем
көгерген, жараланған. Енді, міне оқ тиді. Әйтсе де адам ит
жанды. Сүйретіліп жүрмін орман арасында. Тұтқында жүрген
де орманда дивизияға бара-бар партизандар бірлестігі бар деп
еститінмін. Сүйретіліп соларды іздедім. Табуын таптым-ау.
Алайда, сорым қалың екен. Жау жіберген жансызға балап, атып
тастауға үкім шығарды.
Алты партизан айдап апарып, анадай жерден өз көрімді
өзіме қаздырды. Тізеден қаздым-ау деймін итшілеп. Дүниедегі
қорлық – өз көріңді өзің қазу ғой.
Күректі бір қадап, партизандарды тілге шақырамын. Өзім
нің өмірбаянымды, Мәскеуде өскенімді, офицер екенімді айта
мын зарлап. Әлгілердің ішінен біреуі Мәскеудің ол жер, бұл
жерін шұқылап сұрай бастады. Бәрін білетін болып шықтым.
Тіпті жақын тұрыппыз. Көрші екенбіз. Әбден әңгімелесе келе
олар менің адалдығыма сенді ме, әйтеуір өзара шүңкілдесіп
отырып, бір әңгіме айтты:
– Командирлердің сізге сенбей отырғаны, тыңшымыз іш
тен фашистерден бір жансыздың біздің арамызға кеткенін ха
барлапты. Ал соның сипаттаған адамы сізден аумайды. Сол
себепті сізді атуға шешім қабылдады. Ал бұл шешімнің өзгеруі
қиын.
Көнбеске амал қанша? Көндім де көрімді тереңдете түстім.
Ұлым, мұндай қасірет болмайды, адам баласында, – деді қарт
жаңбырлы жүзін маған бұрып. – Қасірет қой, қасірет. Атаңа
нәлет соғыс-ай! Өз көрімді өзіме қаздырған, осы шерді қозғал
тып отырған.
– Қасірет те болса, өткен тарих ретінде кейінгі ұрпаққа са
бақ болу үшін айтасыз да, Григорий Давыдович, қайтесіз енді!?
– Айтайын ұлым, Вася үшін айтайын.
Әлгілердің бірі отырып ойланды. Шүңкілдесіп, өзгелерге ой
салды.
– Бәріміз де осындай ауыр жолдан өткен жоқпыз ба?
Бұл пақырға неге сенбейміз?
– Мұны Примакқа айтсақ қайтеді? – Ой, Иван Кузьмич қатал ғой, шешімін өзгертпейді. Және оған кімнің қолы жетіп айта алады? – Васяға айтсақ ше? – Васяны тыңдар еді. Өзара ақылдасып мені отряд командирінің алдына айдап әкелді. Вася деп жүргендері дәу қара қазақ. – Біздің жерлесіміз екен. Жан сырын айтты. Жау емесіне біздің көзіміз жетті. Сіз құтқара көріңіз. – Иван Кузьмич сізді ғана тыңдайды. Ол гүрілдеп тергеп берді. Мен басымнан өткен оқиғаны қайталап баяндап шықтым. Жаным мұрнымның ұшында тұр. – Жарайды, – деді дәу қазақ. – Иван Кузьмичке айтып кө рейін. Партизандар жымың-жымың етті. Менің ішім де сары майдай еріді. Иван Кузьмич бірлестіктің (соединение) командирі екен. Дәу қазақ барыпты да, командирге қиылыпты. – Осы тұтқынды маған беріңіз. – Бұйрық екі болмайды, Вася. – Маған қиыңыз. – Жансыз болып шықса қайтесің? Басыңмен жауап бересің бе? – Басыммен жауап беремін. – Жауды аяп, жаның жаралы болып жүрмесін. Ажалың жау дан болып жүрмесіңе кім кепіл, Вася? – Көңілім сенді. Маған қиыңыз, осы жанның тағдырын, Иван Кузьмич. – Ал! Бердім. Басың екеу емес, оны ойла. Жаның жетеу емес, оны ойла. Бердім. Сәттілік тілеймін. Сенімің алдамағай! – Сол сәттен бастап анадан қайта тудым, ұлым… Өмірге қайта әкелген әкем, осы, Вася. Егер Вася болмағанда, мен сол сәтте-ақ бір оқтың құрбаны болатын едім. Ал мен өлімнен Қайсенов деген қазақтың арқасында аман қалдым. Қайсенов деген қазақтың арқасында қатардағы жауынгерден отряд штаб бастығы дәрежесіне дейін көтерілдім. Бұл аз ба, ұлым!? Васяға жолықтырған тағдырға дән ризамын. «Ұрлап» әкетіп жүрсің, дейсің. Вася сендерден гөрі маған қымбат. Оны үйіме апарып адал дәмімді алдына тартып, төске төс түйістіріп жылап, әңгі
мелесіп, құшақтасып бір төсекте жатып шер тарқатысамыз, –
деп Григорий Давыдович Алексеенко әңгімесін аяқтады.
Осы сәт қонақ үйден қойқалаңдай басып украин достары
«Вася» атап кеткен қаһарман партизан Қасым Қайсенов шығып
келе жатты.
Жерлес «таксист»
Киевтің атақты өнер сарайында кездесу кеші аяқталды.
Көшеге шықтық. Жұрт ығы-жығы. Тәртіп сақшылары адам мен
техниканың өзара үйлесімін келтіре алмай әлек. Қасымызда
жас украин жазушысы Ярослав Стельмах пен ақын Александр
Кичинский тұр. Екеуі де Иранбек Оразбаевпен Мәскеуде
М.Горький атындағы әдебиет институында бірге оқыған, қиыс
пас достар. Қазақ жазушыларының бір тобын қолқалап үйіне
қонақасы беруге әкетіп барады.
Мұндайда такси табылар ма? Украиндық екі досымыз ма
шина тоқтата алмай қансорпа болды-ау. Әлден уақытта бір сүт
түстес «Волга» көлденеңдеп тұра қалды.
Ярослав мекен-жайын айтып үлгермей-ақ:
– Отырыңдар, – деді.
– Біз алты кісі едік…
Ярослав күмілжіді.
– Отырыңдар дедім ғой мен сендерге. – Жүргізушінің даусы
гүр ете түсті.
Біріміздің тіземізге біріміз мінгесе-ұшқаса отырдық.
Машина зулап берді.
– Ал, қазақстандық бауырлар армысыңдар, бармысыңдар, –
деді шофер.
– Сау-сәлеметпісіз, – дедік біз бір ауыздан.
– Байқап отырмын, өнер қуған жастарсыңдар. Араларыңда
ленгірлік ешкім жоқ па?
– Мен Ленгірдің қасындағы көрші ауданнанмын, – деді
Исраил.
– Есімің?
– Исраил.
– О, жақсы, Исрафил, екеуміз жерлес болып шықтық. Тіптен
жақсы, қуаныштымын. – Мен, әрине Украинада туғанмын.
Алайда, Ұлы Отан соғысының ауыр күндерінде жерімізді неміс
басқыншылары жаулап алды. Әке-шешеміздің қайда қалғанын
өзіміз де білмейміз. Күллі көгенкөз балаларды шұғыл жинап,
вагонға артты да, Шығысқа бағыттап қоя берді. Мен тағдыр
айдап Ленгір жетім балалар үйіне тап болдым. Сұрапыл соғыс
аяқталғанша Ленгірде тәрбиелендім.
Жігіт ағасы ауыр күрсініп қалды. Ауыр көңіл күйін
жеңілдетер, жаны жаралы адамның көңіліндегі қайғы бұлтын
ыдыратар ұтырлы сөз айта алмай бәріміз бірге тұнжырадық.
Машина жер танабын қуырып межелі мекенге де келіп
қалыппыз.
Көлік жайлап тоқтады.
Ярослав көк құлақ бес сомдықты шоферға ұсына берді.
Жүргізуші ажырайды.
– Немене, ақымақпысың? Мен жерлестеріме қызмет еттім.
Сендерге такси тоқтамай тұрғанын көрдім де әдейі бұрылып
келдім сендерге. Ал, сен болсаң маған ақша ұсынасың…
Шофер балаша бұртиды. Ярослав құлағына дейін қызарды.
– Елге сәлем айтыңдар, бәріміз де бақытты болайық, – деді
қолдасып қоштасқанда.
Біздің білгеніміз ол үлкен әскери шендегі қызметкер Мас
калаев Евгений Семенович екен.
Ықыластана тұрып үйіне шақырды.
Қоштасып тұрып үйінің адресін жазып берді.
Кісілігі асқан жерлес «таксист» соңынан ұзақ ойланып қа
рап тұрдық.
КЕШІР МЕНІ, ӘКЕ ӘРУАҒЫ!
(Майдангер әке Сәрсен Ергөбекұлы және ұлы Отан
соғысының күллі жауынгерлері рухына тағзым)
Ағайын азамат, аға тұтып жүрген жасы бір-ер жас ересек
Бақберген келді қиылып.
– Әкем Ұлы Отан соғысының ардагері еді. Соғыстан жара
ланып келіп, ұзақ жылдар бейбіт еңбек майданында жұмыс
істеп, қайтыс болды. Құдас Жүнісбеков! «Александр Невский»
және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған. Әкем ту
ралы республикалық басылым бетінен сөйлесеңіз екен. Міне,
материалы...
– Мақұл екен. Ақсақалдың еңбегі бар екен, – деймін мен.
Інім Жамбыл келді сұранып:
– Өзіңіз «Егемен Қазақстанға» күнде жарияланып жатасыз.
Менің әкемді де бір шығарсаңызшы. Өзіңіз білесіз, әкем Талқа
Әйменов Жеңіс парадына қатысқан қазақ. Бір материал атта
нып кетіп еді. Ана Жанболат Аупбай досыңызға бір телефон
жасаңызшы...
– Тамаша – деймін мен. Екі қазақтың бірі Жеңіс парадына
қатысып па?!
Қатысқан жоқ қой. Қырық жыл қырғында да адам бақыты
деген болады. Бес жыл соғысып, одан аман шығып Жеңіс
парадына қатысу, одан елге оралып жар сүйіп, сендердің өмірге
келулеріңе септесу... қалай дегенде де бақытты әкенің жолы.
Дереу телефон тұтқасын көтеремін. – Жәке, а, Жәке!...
Батыр Боранбаев інім телефондайды.
– Ағаңыз Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына аман жетті.
Қала әкіміне айтып бір үй әперсеңізші. Үйлі болып қалайық...
Айтып тұрғаны өз әкесінің жайы.
Мен үнсіз қаламын.
Шымкент қаласынан бір жеңгей телефондайды. Жеңгем еке
нін еркелігінен «Қайным-ау, әмеңгерім-ау...» деп сызылғанынан
аңғарамын. Есті кісі секілді көрінеді. Хал-жай сұрасамын.
– Амандық, – дейді жеңгем. Бірақ Сен берген уәдеңді орын
дамадың. (Менің зәрем зәр түбіне кетеді. Жеңгеме бір сұмдық
нәрсе уәде беріп, соның үдебарасына шықпаған екенмін деп...).
Іле жеңгем іске көшіп, менің ұясынан шығып кете жаздаған
жүрегімді орнына түсіреді. Мәселе былай екен:
Мұхаметқұл Ісламқұлов есімді жорналист болған. 1932 жылы Бейсембай Кенжебайұлы «Оңтүстік Қазақстан» газетін қолмен құрған сәтте қаламының желі бар жорналистерді қыз метке қабылдайды. Қадыр Тайшықов, Жақан Сыздықов, Мұха метқали Ісламқұлов...солардың бір парасы. Өзі қалап алған қалам ісмерлері. Бірақ... Қадыр бай баласы, Солтүстік тумасы Оңтүстікте бой тасалап жүр. Қолында жесір әкесі. Өзі «мы нау...» деген фельотонист. Жақаң аштар туралы поэма жазамын деп сау басына сақина тілеп алған... Ығысып Түркістан барып, аудандық «Түркістан» газетін шығарып жүр. Ал, Мұхаметқали Мырзашөл болысының баласы. Атасы, Әкесі болыс болған. Генерал губернатор Кауфман ұйытқы болатын «Туркестанские ведомости» жинағында алты атасы тәптіштеліп жазылған. Содан да сүтке тиген күшіктей, қаңғып қызметсіз жүрген, қаламы қуатты албырт жас. Үшеуін де қайтпас қайсар ұлтшыл Бейсекең қызметке бір күнде қабылдап «қырсығын кесіп» қоя береді. Тату-тәтті қызмет істеп жүр. Ұзамай Оңтүстік өлкесінің бірінші басшысы Воскановтың «ұлтшыл» атандырып, «Казах станская правда» газетіне жаздырып, құйрығына шала бай лап Алматысына қайыра қайтарып жіберетінін қайдан біл сін?! Облыс басшысының емексітуіне ерген Жақан досы, дұ шпандарына дем бере, үстінен қосыла арыз айдағанын қай терсің?! Бейсекең облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті Бас редакторлығынан босайды. Мұхаметқали мен Қадырды да ілес тіре кетеді Алматыға. Бай баласына, болыс ұрпағына «Оңтүстік Қазақстанда» орын жоқ. Жеңгейдің әңгімесіне өзімнің білетінім қосылып, ауан басқа жаққа ауды ма?! Әңгіме – Мұхаметқали Ісламқұлов туралы едіау. Бейсекең ізінен ілескен Мұхаметқалиды таныстығын алға ұстап «Социалды Қазақстанға» (Өзі «Оңтүстік Қазақстанға» осы газеттен барған. Қ.Е.) орналастырады. Ол тамаша жорна лист болып қызметін жалғап, қалам-ұстазын қуантып жазып кеп береді. Бейсекең қуана жүріп, ұзамай Қазақстаннан барқа дар таппасын біліп, Мәскеу қашады. «Бүкілодақтық староста» М.И.Калинин бауырына барып тығылады. Е,е, Бейсекеңнің туған жерінен, елдес, жерлестерінен көргені міне осындай... (Әлі күнге Шымкент қаласында Б.Кенжебайұлы атында көше жоқ. Айта-айта мен шаршадым.)
1937 жылы тамаша сатирик досы Қадыр Тайшықов атыла
ды. «Халық жауы». Алыс сапар айдалды. Ақыры атылды.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Мұхаметқали Іс
ламқұлов «сұранып» майданға аттанады. Мейірбан генерал
Панфилов дивизиясында, даңқты перзентіміз Бауыржан Мо
мышұлы қолында соғысады. Баукеңе қарай тура ұшып ке
ле жатқан оққа өз кеудесін тосып, мерт болады. Ол туралы
Баукең дүркін-дүркін жазған, соңында қалған ұлы – Қайрат
тың маңдайынан әлденеше рет мейірленіп иіскеген... Қай
рат Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен Днепродзержинскіде бірге
оқыған. Ол да әкеге келгенде мен секілді тасбауыр. Әйтпесе...
Батыр жорналист Мұхаметқали Ісламқұлов есімі «Егемен Қа
зақстан» редакциясының ғимараты қабырғасына шегеленген
мемориалдық тақтада төрде тұр. Өз көзіммен көргенмін.
Бейсекеңнен ол жөнінде көп әңгіме естігенмін. Бейсекең Мұ
хаметқали Ісламқұлов ерлігін көзімен көрген жоқ, ал өрлігін
таң-тамаша етіп жазып, архивіне салып кеткен. (Шіркін-ай,
«Егемен Қазақстандықтар» Мұхаметқали ізімен жүріп «Со
циалды Қазақстан» газетінде жарияланған материалдарын
жинақтаса, Бауыржан жазбасы ізімен жүріп, ерлік іздерін
анықтаса... Ол үшін арнайы топ құрып экспедиция жасақтау
керек-ақ.) Оны мен батыр жорналист қайын атасының өмір де
регі ізімен келген әлгі жеңгейге әңгімелеп бергенмін. «Алғы
күнде жариялармын...» деп емексіткенмін. Уақыт бар ма, бізде?
Оның үстіне түрлі жағдай, салақсып кеттім бе?! Жеңгейдің
(Атын ұмыттым. Өзі тәуір кісі секілді еді. Қ.Е.) «Қайным-ау,
әмеңгерім-ау...» деп бастап «Уәдеңді орындамадың», деп мені
тұқырта сөйлеуі міне, осы тауарихқа байланысты.
Не істейін енді? Үшеуінің де уәжі орынды. Орындасам
жарасарлық. Орындармын да. Бірақ, осы өтініштер мені еріксіз
әкеме деген сағынышқа жетеледі. Есіме әкем түсті. Әкем, яғни
Ергөбекұлы Сәрсен. Алты жасымда қайтыс болған жан. Жан
әкем! Мен түрінің өзін еміс-еміс қана елестете аламын. Тіпті
елестете алмаймын десем де болады. Өйткені жасым келген
сайын елес бұлдырап, сағымға айналып барады. Бала күнгідей
анық та танық сурет болып елестемейді.
1904 жылы туған болып саналады. Дәл қай жылы туғанын
өзі де білмейтін шығар. Әкесі Ергөбектің қора-қопсысына от
тиіп, үлпі-отаны түгел отқа оранып, тіпті бір-ер азаматы да
жанып кеткен қаралы күндері нағашысының малын бағуға жал
данған пақыр бала. Ергөбектің бірінші отбасына жай түсіп, со-
қа басы сопайып қалғанда 56 жасар сақалы сапсиған шалға
Сейдін есімді 15 жасар қызын (Сәрсеннің шешесі) беріп, со-
дан үзілген өрмек жалғанып, ұрпақ сабақталғанын да ұмытпақ
емес. (Ол жақсылықты жасаушы Рысбек бай, ақын Сабырхан
Асановтың тумалары.) Ергөбек отбасын қайынжұртының бұл
екінші құтқаруы. Нағашысының малын бағып жүрген ақын
талап бала енді есімді жинадым ба деген сәтте, туған ағасы,
Қаратаудың күнгейі мен теріскейіне түгел ақындық, сал-се
рілік даңқы кең жайылған – Түкібай (Көпен Әмірбектің атасы.
Қ.Е.) 26 жасында жүйрік аттан құлап мертігіп, үзілген жұлын
жалғанбай, аз-маз күн жатып көз жұмған соң ақындық талап
пен біржолата қоштасып, шаруаға айналған-ақ екен. Қарт әке,
аңыраған ана, мерт болған қыршын аға Түкібайдың отбасы,
жесірін ала жүріп, өзі де түтін түтетіп, Гүлбаршын есімді сұлу
сүйіп, енді бақытты болармын деген сәтте, соғыс оты бұрқ ете
қалыпты.
Соғыс! Аты ғана зілді емес, заты да ауыр-ақ. Қырғын. Кісі
өлтіру, мүмкін өзі өлу. «Өзі сұранбаған» секілді. «Отан қорғау
керек». Соғысқа алып кеткен. Соңына алаңдай-алаңдай кетіп
ті, қайран майдангер! Әке Ергөбек қартайып, мұңдық ана –
Сейдін күйіктен өлген. Кенже інісі – Оразбек жас, қарындасы
– Қалампыр бойжетіп келеді. Тетелес інісі – Дүйсен шойын
жолда. «Броны» бар. Соңына сол Дүйсен қарайлар! Қан май
данға Отырардан аттанып бара жатқан Сәрсен ойындағы бар
медет – осы! Бірақ...
Бірақ, аға медеті – Дүйсен де ұзамай «Ел басына күн ту
ғанда шойын жолда отыра алмаймын, қатын-қалашқа бастық
болып...» – деп соғысқа аттаныпты өзі сұранып! Содан ха
барсыз кетті. Ал, әкей майданда қан кеше жүріп Сталинград
түбінде ерлік көрсетіп «Сталинградты жаудан азат еткені
үшін» медалін өңіріне тағыпты, жау қолына түсіп, азабын кө
ріп, атуға алып бара жатқанда, қыр асып, түн жамылып, ор
ман паналап аман қалыпты. Құдайдың қаққаны. Кёнигсберг
түбінде түнгі барлауға шығып, совет жауынгерлерін жайпауға
арналып құрылып жатқан дзоттың, айналып қыр желкесінен
түсіп гранатасын лақтырыпты. Келесісіне өзі автоматымен
қойып кеткен айқай салып. Жау да қарап жатсын ба жастығын
ала өлген. Жау құртылды. Сәрсен жауынгер ауыр жараланып,
өлі мен тірі арасында талықсып жатқан жерінен жорықтастары
тауып алып, санитарлық бөлімде жарық дүниеге қайта келіпті.
Тіріліпті. Ай жатып, жыл жатып, сүйретіліп ауылға қайтыпты.
Біздің көрер жарығымыз бар шығар... «Әй, соғыс әділетсіз
ғой, әйтпесе маған геройлық соңымнан іздеп келсе керек...» –
деп отырады екен. Соңынан «Қызыл Жұлдыз» іздеп келіпті.
Анамыз Бибі-Ғайшаға үйленіпті. Үйелмен-сүйелмен бір ұл,
бір қызы үй айналып жүре бастап, шетіней береді екен. «Құдай
бізді құрамауға айналды ма?» – деп жылап жүріп көрген 1950
жылы жарық дүниеге келген ұлына 90 жасқа келіп алжып,
өз атын ұмытып қалып отырған аңшы-саяткер Берсінбектің
(«Егемен Қазақстан» газетінің фотосуретшісі, осы биыл қайтыс
болды. Қ.Е.) есімін беріпті. Содан үш жыл өтіп, анамның үш
күн, үш түндік ауыр да азапты толғағынан кейін желтоқсанның
долы бораны азынап жылаған 26 күні Сайрам ауданының озат
шопаны от басында жарық дүниеге мен келіппін. Менен кейін
Сайран, Сапар...дегендей. Әкей кенже ініміз Сапарбектің 6
айлық кезінде 1959 жылы о дүниелік болды. Соғыс зардабы
алып тынды ақыры. «Жеті жерінде ойылған жара бар еді. Қа
рақотырланып келе жатып, қайта суланып жамаған жері іріп
жүре беретін...» – деп еске алатын 92 жасар анам Бибі – Ғайша!
«Дүйсенім хабарсыз кетті. Сұм соғыс. Дүйсенім ұрпақсыз
кетті...» – деп өзінен бұрын інісін ауызға алып отырады екен,
жарықтық. «Бибі-Ғайша, балаларым жас қалып барады...», бо
лыпты дәм таусылар, демі үзілер сәттегі соңғы сөзі.
Ақынтоғай елді мекенінде туған азамат Көлқұдық маңында
зиратта мәңгілікке дамылдап жатыр...
...Ана жылы, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жұрттың
бәрі Ел деп емініп, Жер деп тебініп, айқасып, болмағанда ай
қайласып жатқан бір алакөбең тұста пысықайлар атасының
атына ауыл, әкесінің атына көше, қора-қопсысына шеше атын
дегендей қойып, қойғызып жатты емес пе?! Кластас досым
Әметбекұлы Бақыттың қолында да билік тұрыпты сол жылдары.
Ол маған телефон шалсын. «Осылай да, осылай, ит пен құс
әкесінің атына көше қойғызып жатыр. Шалдың атына бір көше
берсек. Сен біздің әкімге телефон шала салсаң. Қалғанын өзім
бітіремін». Бізді ойлай жүрген кластас досқа риза болдым.
Алайда, ырқында кетпедім.
«Рахмет, Бәке! Ізгі ниет екен. Бірақ, керегі жоқ. Менің
әкемнің ауданға бәлендей еңбегі сіңді деп ойламаймын. Сен
менің әкемді көрген жоқсың. Білмейсің. Сен түгілі мен өзім
де білмеймін әкемді. Озат шопан болыпты. «Сәрсен қора»,
«Сәрсен асуы», «Сәрсен құдық» аталатын жерлер бар. Барып
көргенмін. Халықтың әкеме берген атауы, тартқан сыйы,
қойған ескерткіші. Сол жетеді. Керек болса, басына ескерткіш
те соға алмай келемін. Енді өз қолым өз аузыма жетті ме деген
тұста замана былай құбылып кетті. Есесіне тәуелсіздігімізді
алдық. Түп атам – Құрман, арғы бабам – Баянды көрмеген,
Атам – Ергөбек, Әкем – Сәрсен көрмеген тәуелсіздік. Сол Тәу
елсіздігімізді баянды етейік. Әкені ойлайтын уақыт емес қазір,
Бәке!
Оның үстіне Сен ол көшені мені білгендіктен әкеме бергелі
отырсың. Қысқасы ол көшені маған, менің құрметіме бергелі
отырсың. Оған да рахмет. Құдай ғұмырды ұзақ қылғай. Өле
кетсем, бір көшені атыма беретіндеріңе сенемін...»
Менің сөзім осымен тәмам. Ақымақ ұлдың өз пайдасын
білмейтін ақымақ сөзін есітіп, досым телефон тұтқасын орны
на қойды... Не ойлады, өзі біледі. Ал, менің ол кезгі сөзім
альтруизмнен аулақ, бірақ соған жетеқабыл шынайы патриот
тық сөзім болатын. Эгоистік пиғыл отаншылдық сезімді басып,
жаншып өтіп алға шығып кетерін ол кезде оллахи-биллахи
білгенім жоқ!
Енді ойлаймын ғой баяғы, Бақберген, Жамбыл, Батыр ініле
рімнің өз әкелері туралы өтініштері әлгіндей. Олардың әрекеті
дұрыс әрине. Бірақ, бірақ менің бір кезгі шешімім ше? Жұрт
тың әкесі – әке де, менің әкем – кім сонда? «Соғысты» деген
дақпырт, қантөгіс атымен қанша адам марапатталып жатыр.
Бір-бір көшеде аттары темірге шегеленіп қойылған. Осы менің
шешімім – соғыс көрмеген буынның психологиясы болып жү
рмесін? Иә, біз соғысты көрмедік. Дулат Исабековтің «Біз со
ғысты көрмедік» повесін оқығанда да, Дулат буынын іштей
аяп, «олар соғысты көрген екен, біз соғысты көрмедік», деп
түйгенмін. Жақында досым Дидахмет Әшімхановтың «Жетпіс
апа» аталатын тамаша әңгімесін оқып шыққан соң нілдей бұ
зылдым. Әңгімені оқып шыққан соң Дидахметтің соғысты көр
геніне еш күдіктенбедім. Ал, тамаша әңгіменің авторы – Ди
дахмет көрген соғысты онымен қатарлас, қарайлас мен қалай
көрмегенмін?! Дидахмет соғысты көрсе – менің соғыс көр
меуім мүмкін емес. Тіпті менің қанымда Ұлы Отан соғысы
жауынгерінің қаны ағып жатқан жоқ па?! Соғысқа қатыспаса,
денесі күлпарша болып талқандалып кетпесе, әкем менің ұзақ
жасар ма еді, қайтер еді?! Әкем бәлкім соғысқа ерлік жасау
үшін бармаған болар. Алайда, жаудың екі дзотын қатар қира
тып, өз жорықтастарын сақтап, әрі оятып, жорыққа бастауы
аз ерлік пе бір кісіге?! Соғыс зардабынан ерте өлген жоқ па
менің әкем?! Соғыс болмаса, әкем соғысқа қатыспаса, соғыс
зардабынан ерте көз жұмбаса, балды балалық шағым зарлы да
жарлы балалық шақ болып өтер ме еді?! Жо-жоқ, біздің буын
да соғыс көріпті...
«Әкемнің еңбегі ауданға сіңген жоқ» – деп кісімситін мен
кіммін сонша? Өзімнің бірдеңе шимайлап атым шыққанын
әлдеқандай қылғаным-ау бұл? О, астамшылық сен қайдан кел
дің менің бойыма? Қайдан ғана ұя салдың ойыма, атың өшкір
менмендік! Егер, жақсылы-жаманды қолға қалам ұстап жүрсем
Сенің арқаң емес пе, әкетайым?! Ауыр тұрмысқа байланысты,
соғыс зардабына қарай Сенің бойыңда бүр жарып тұрып, көк
тей алмай қалған дарын емес пе мені алға сүйреп әдебиет атты
киелі әлемге әкелген?! «Еңбегі жоқ!» Астапыралла! Мен бұл
сөзді қалай айттым екен? Төрт жыл Алман (Герман) соғысына
жанын беріп, жарымжан тәні сүйретіліп қайтқан кісіден қан
дай «Еңбек» талап етіп отырмын, мен антұрған?! 1945-59 жыл
дары Отырар, Түркістан, Сайрам – үш ауданның малын бақ
қанда алдына шопан түсірмеген жанпидалығын қайда қойдым,
құдай-ау?! Асылтұқымды қошқар баққысы келіп сөз салған, па
ра жүгірткен жандарға «Сәрсен өлмей, асыл тұқымды қошқар
отарын ешкімге сеніп тапсыра алмаймыз» дейді екен колхоз
дың орыс нәсілді басшылары. Бұл атақ емес пе, даңқ емес пе
бұл? Бәлкім жоғарыда ойға алған «Сәрсен асуы», «Сәрсен қо
ра», «Сәрсен жайлау», «Сәрсен құдық» секілді жер атаулары
әкемнің осындай ақ-адал еңбегіне берілген шығар. Бүгінгідей
сұрап алмаған, сатып алмаған бүгінгідей... Ауыспай айналып
келе беретін «Ауыспалы Қызыл Ту», томдыққа айналған «Мақ
тау қағаздары» – әкемнің абыройлы айжүзді еңбегінің көрсет
кіші емес пе?! Осының бәрін көре-біле тұра «әкемнің еңбегі
сіңбеген» деп тантығаным не қылғаным?! Әрине, «Ұлы Отан
соғысында «Советтер Одағы» жеңілгенде алып жалмауыз им
перияға еріксіз телінген ұлттар, ұлттық республикалар тәуел
сіздігін баяғыда-ақ алған болар еді деп ойлайтыным бар кейде.
Ондай жағдайда орналасқан жеріне қарай әлі күнге Ресей
Федерациясы құрамында қалып келе жатқан шуаш, татар,
башқұрт, саха, алтай, хакас сынды түрік жұрағаты да ебептен-
себеп тар құрсаудан сытылып шығып, өз алдына дербес отау
тігер ме еді? Бодандықтан бостандыққа шығып күллі түрік
жұрағаты бас біріктіріп үшінші «Түрік қағанатына» айналар ма
еді? – деп те ойлаймын... Мүмкін «күпіршілік»...
Әкемнің біздің алдымызда жалғыз «кінәсі» болса – ол өмір
ден ерте кеткені. Бірақ, өмір де, өлім де – кісінің өз қолында
ма екен?! Олай емес қой. Алланың қолында! Рас әкеден жас
тай қалып, ардақты әке бейнесін көзге елестете алмайтын шы
ғармыз. Оның үстіне жалғыз ғана сурет сақталып қалыпты.
Жас болдық буыны бекімеген. Орден, медаль кітапшаларын
сақтай алмадық. Анамыз қаншама ақылды ана бола тұра хат
танымайтын кісі. Оның үстіне сарыауыз балапан кезімізде ба
сымызға қаншама қара бұлт үйірілді?! Төрт бірдей балапанын
«қанаттыға қақтырмаймын, тұмсықтыға шоқыттырмаймын»
деп Бибі-Ғайша ана бізді Арыс қаласына, төркініне ала қашты.
...Шоқша сақал сары шал әне, мал санап тұр. Міне мені кө
теріп атқа мінгізді. Малға ие бола алмағыным үшін бопсалап
шыбықпен бір тартты. Малға қасқыр тиді деп атылып шығып
атқа мінді. «Мына ит адам емес ұры екен ғой. Қазына малына
қол сұққаны несі?» Ол әлдекімге ренжіп отыр. Ақ көйлек, ақ
дамбал сары таптанған күйінде сұлық жатыр. Нешеме күн?
Інісі Әмірбек ауданға шапқылап ерулі атпен дәрігер алып келді.
Ол ине салды. Әкем терең дем алды да, жүріп кетті. Анамның
дауыс салғаны, інісі Әмірбектің егіліп тұрғаны. Міне, әкем
жайлы бар елес осы ғана!
Жо-жоқ, болмайды екен. Ертеңнен бастап Москва маңын
дағы «Подольскідегі» әскери архивке хат жазып ерлігіңді куә
ландыратын құжат жинаймын. Ерлігіңді елге паш етермін, жан
әке! Кешір мені, әке әруағы!
5 мамыр 2010 жыл.
Түрікстан.
Кітапқұмар жазбалар
Жоғалған кітап…
«Букунист» кітап дүкеніне бардым. Әрдайым барып тұра
тын кітап магазинін аралап жүріп, бір кітапқа еріксіз көзім түс-
ті. Ол өтіп кеткен бір оқиғаны бүлк еткізіп көңілде оятып
жіберді…
…Бірінші курс аяқталды.
Аяқастынан операцияға түстім. Курстастардың бәрі дерлік
ауылшаруашылық жұмысына, «Сарыарқаға» аттанып кеткен.
Былтыр жаз Заң факультетіне түсе алмай, «сандалып» қалған
абитуренттік досым Бақытжан Бұйраұлы келіп, хал біліп тұ
рады.
Қасымда кексе орыс. Ол жақында «пышаққа» түспек. Сыр
қатының аты – «Жарық» …Келесісі кереуеттес қоңсым – Жа
нат. Техникалық жоғары оқу орнының бірінде оқиды. Ол «со-
қырішегін» алдырған. Тәуірленіп келеді. Шаһардың өз бала
сы. Орысша сөйлеген бір орыс баласын көрген қария айтыпты
ғой: «Бәтшағардың орысшаға судайын-ай…» деп. Сол «бәт
шағардың» сортынан. Әлгі кексе орыспен ауыз жаласып қа
лады. Ал, мен орысшаны әріп санап үйреніп жүрген ауылдың
сарыдомалағы…
«Қартайдық, қайғы ойладықтың» кебі ме, әйтеуір кексе
орыс мұңдылау жүреді. Жерлес орыс жазушысы Анатолий
Ивановтың «Вечный зов» романын ермек етеді. Ал, Жанатқа
қыздар келгіш. Қарындастары ма, басқа ма, біліп жарытпай
мын. Өйткені, бәрі орысша сөйлеседі. Саялы жердің ақсазандай
аруларына ақырын ұрлана көз тастаймын да, жұтынып қоямын.
Мені елеп жатқан олар жоқ. Жанат бірінің әкелген гүлін, кон
фетін екіншісіне сыйлап, сапырылыстырып жатады… Ауырған
кісіге гүл әкелгені несі? – деп ойлаймын іштей, – онан да тамақ
әкелмей ме?…
Екі көршім өзара ағайын, мен бөлектеу. Орыс тілінің қадірі
өтіп барады. Қолым қалт еткенде, иесінен босағанда, кексе
орыс шалынан Анатолий Ивановтың «Вечный зов» кітабын,
кейде сұрап алып, кейде сұрамай алып, ежіктеп жүрдім. Обалы
не, қарапайым жазылған екен. Тәп-тәуір түсінемін. Ұстазымыз
Александр Жовтиске «Игорь жорығы туралы жырды» қазақша
айтып, емтихан тапсырған пақырыңыз сөйтіп орысша роман
оқи бастады. Роман жуан-ақ…
Жанатқа қыздар келді. Орыс шалы ем-домға кеткен, мен
далаға сейілдеп кеттім. Қайтып келсем, орыс шалы шала бү
лініп отыр. Оқып жүрген кітабы ұшты-күйлі жоқ.
– Сен алған жоқсың ба, балақан?
– Жоқ?
– Бақшалыққа апарып оқып, байқамай қалдырып кеткен
жоқсың ба?
– Жоқ.
– Жанат, сен көрмедің бе?
– Мен кітапты қайтемін?!
– Жаңа тұр еді. Ем-домға шығарда жастығымның астына
тығып кеткенмін.
Орыс шалы шыр-пыр.
Менің де тыстан кіріп тұрған бетім. Жанатқа қыздар келген
соң көз болмайын деп сыртқа шығып кеткен едім. Жанаттың
қолына кітап ұстағанын көрген емеспін. Кітап оқиын деп қы
зыққан жан емес. Елтең-селтең бозбала. Қызы құрғырлардың
арасынан бір «оқымысты» шыға қалмаса…
Орыс шалы қарапайым тәуір кісі еді. Байқаймын, кітаптың
жоғалғанын ол менен көреді. Жанатқа сенімі мол. Жылпылда
тып орысша сөйлеп, әлдекімді балағаттап қояды. Мылқау жан
ша мен үнсізбін. Кітаптың жоғалғаны жаныма батады. Бірінші
ден, екі қазақ баласы арасында бір орыстың кітабы жоғалды.
Ұят. Екіншіден, бастаған соң романды оқып аяқтағым келіп еді.
Сөйтіп екеуара бір кітаптан айрылдық. Алып бара жатқан
асыл шығарма да емес. (Кейін Мәскеуде сан рет Анатолий
Ивановты көріп, жүздесіп, аз-кем сөйлесіп те жүрдік.) Бірақ,
ұяты өлтіріп барады. Орыс шалы маған қараса, күдіктеніп
отыр-ау, деп қысылып жерге кіріп кете жаздаймын. Алдында
ақталуға кінәм жоқ. Түсіндіруге тіл жетпейді. Жазықсыз – жа
зықты, пұшайман хал.
…Ертеңіне ауруханадан шықтым. Жазылдым. Екі көршім
мен хоштастым. Орыс шалы салқын. Жанат жылпылдайды.
Есіктен шығып бара жатқанда екі бетім дуылдап бара жатты…
…«Букунистен» көрген кітап жазушы Анатолий Ивановтың
«Вечный зов» романының сол басылымы еді… Мынау жалған
фәниде тағдыр бес-алты күн дәм-тұздас еткен орыс шалы бар
ма екен? Ал, бірді-бірге соғып, сыпылдап жүретін Жанат ше,
Жанат қайда екен?…Әй, бәтшағар!
Айтматовтың қолтаңбасы
Студенттер арасы араның ұясындай гуілдейді.
– Алматыға Айтматов келіпті. Айтматов келіпті. ҚазМУ-де
студенттермен кездесу кешін өткізеді екен, – десіп жүрген бір
жан.
Айтматов атының аспандап тұрған дулы сәті. Әр шығарма
сы әдебиет әлемінің жарқын бір құбылысы.
Жалма-жан қырғыздың шоң жазушысы Шыңғыс шығар
маларын іздеп абыр-сабыр күйге түстік. Жастық шақ әуестігі.
Қолтаңба алуымыз керек. Менің қолымда Шыңғыстың «Тау
мен Дала хикаялары» аталатын кітабы бар. Бірақ ескі. Қолдан
қолға өткен. Әбден оқылған. Мұқабасы жыртылып, кенерелері
жемірілген тозыңқы. Қолтаңба бере қал деп ұсынуға ұят.
Сері дос Нұрмағамбет келді сырбаз басып.
– Сен мына кітабыңды маған бер.
– Қайтесің оны?
– Айтматовпен кездесу болатын көрінеді. Бір парақтап шы
ғайын…
Ауылдан ала келген кітап қой. Онсыз да студенттерді аралап
жүр. Несін аяйын?!
– Ала ғой.
ҚазМУ-дің математика-механика факультеті ғимаратында
ғы Үлкен залда ине шаншар орын жоқ, иін тірескен студент
жастар. Сол жастарды көріп, арқаланған Айтматов айыз қан
дырып сөйледі. Сұрақтарға жауап қайырды. Қызықты кеш өтті.
Кеш соңынан жазушыны қоршалаған жас қауым. Тапқаны –
кітабына қол қойдырып, таппағаны қойын кітапшасын ұсынып
әлек…
Соңғы трамваймен жатақханаға оралдық. Қарын ашқан. Кө
ңілде рухани тоқшылық. Ризалық барша көңілде.
Бір кесе шәйді алға ала бергенде Нұрмағамбет дос келді
жайраңдап.
– Шәйға кел, Нұреке.
– Сен айып етпе, – дейді маған қарап, – бір нәрсе көрсетейін.
– Айып ететіндей не болды?
– Айтматовтан қолтаңба алдым…
– Оның несі айып? Қайта жақсы ғой.
Нұрмағамбет қойнынан кітап алды да столға қойды. Жұ
лым-жұлым менің кітабым… Көзіме оттай басылды. Мұқаба
сыз кітаптың алғашқы умаждалған бетіне «Қазақтың мықты
жігіті Нұрмағамбетке! Ш.Айтматов» – деп ірілеу әріптермен
тілегін түсіріпті.
Менің тілім «байланып» қалды.
– Әй, мына жұлым-жұлым кітапты ұялмай қалай ұсындың?
Тұрар дос төтесінен сұрақ қойды.
– Көп жылдардан жанымда жүрген кітап еді. Ғафу етерсіз
– деп ұсындым. Шықаң: «– Ой, қайта оқылған кітап жақсы. О,
қандай оқығансыздар!» – деп мәз болды, қолтаңбасын жазып
берді.
– Әй, сен өзің осы кітапты оқыдың ба? Имандай шыныңды
айтшы.
Тұрар тағы тақымдады.
– Оқымасақ, оқырмыз.
Нұрмағамбет жұлым-жұлым кітапты столдан алды да, қой
нына умаждай тығып, орнынан тұрып, өз бөлмесіне кетті.
Мен мелшиіп отырып қалдым. Тапа талтүсте қазына-бай
лығын ұрыға алдырған жандай ішім әлем-жәлем…
…Сол бір жағдайдан соң, егіз елдің төл талантындай, қыр
ғызбен бірге қазақтың да төл перзентіндей Шықаң жайында
қаншама мақала, эссе жазып (оларды Кушубек Омуралиев дос
түгелге жуық қырғыз тіліне аударып, жариялатты) өзімен кез
десе жүріп, бірде-бір рет қолтаңбасын тілек еткен жан емен.
Неге екенін өзім де білмеймін…
Жақсыдан қалған жәдігерлік
…Телефон сылдырады.
Құлағын көтерсем, Оразгүл апай екен. Белгілі фольклорист
Оразгүл Нұрмағамбетова. Ұзақ жыл ғұмырын жұмсап «Қобы
ланды батыр» эпосын Мәскеуден (1975), Варшавадан (1987)
арнайы сериямен кітап етіп шығарған ғалым. Жастарға жана
шыр жақсы Ана. Университет бітіріп, Алматыға қызметке қал
ған бақытты жылдары жетім достарымның бірі баласындай
үйінде, бірі саяжайында жылдап тұрғаны бар. Қайырымды,
қарапайым осы бір еңбексүйгіш жанды біздер – жастар жақсы
көріп өстік. Қазақтың бар қызы осындай болса, шіркін?!
Жақында ғана операциядан шыққан апайдың халін сұрап
бәйекпін.
– Үйге келіп кетуге уақытың бар ма?
– Жоқ уақытты да Сіз үшін табамыз ғой, апатай.
– Келе ғой. Күтем.
Салып-ұрып жетіп бардым. Гоголь–Талғар көшесінің қиы
лысындағы үй. Отағасы – Сәкең есік ашты. Төрлеттік.
Кабинет шашылған кітап. Жинақталған қолжазба.
Оразгүл апай қолына қалақтай ғана сарғыш кітапты ұстап
отырып әңгіме сабақтайды.
–Сені шақырған себебім осы кітапқа байланысты. Көріп
отырсың, В.Жирмунскийдің 1928 жылы Ленинградта басылған
«Вопросы теории литературы» – аталатын кітабы. Мен Жир
мунскиймен ғылымда қызметтес болған кісімін. Ол бөлек әң
гіме. Ал, мына кітап әңгімесіне келейін.
Онда Қазақстан Ғылым академиясы құрылмаған. Бар бол
ғаны Одақтық Академияның филиалы. Филиалдың әдебиет
секторының меңгерушісі – Бейсекең.
1945 жылы аспирантураға келдім. Үш қыз емтихан тапсы
руға кірістік. Мәлике Ғұмарова, Күләш Тұрысбекова және мен.
Күләш – тілші, біз әдебиет талапкері. Емтиханды бізден Мұх
тар Әуезов, Б.Кенжебаев, Ғайнетдин Мұсабаев қабылдады. Ас
пирантураға түстік. Оқып жүрміз.
1946 жылы филиал Республика Ғылым академиясы болып
қайта құрылды. Сол тұста Бейсекең біздің аспирантурамызды
мерзімінен бұрын аяқтатып, Мәлике екеуімізді Тіл, әдебиет
институтына қызметке алды. Аяулы аға көрсеткен сенімді ақ
тауға тырысып-ақ жүрміз. Кандидаттық диссертация қорғау
керек. Ол үшін алдын-ала тапсыратын «кандидаттық мини
мумдар» бар. Бейсекең сол емтихандарды жедел тапсыруға
кеңес берді. Сол тұста, бірде Бейсекең:
– Оразгүл, әдебиеттің қай саласымен айналыссаң да, тео
риялық білімнің толық болмағы дұрыс. Теория – білім базасы.
Қазіргі күнде үздік әдебиетшіміз Жирмунский болып тұр. Ем
тиханға мына кітаппен дайындал! – деді.
Қолыма алып қарасам, Жирмунскийдің осы кітабы. Біз
дің уақытымызда бұл – баға жетпес кітап. Ал, Бейсекең Жир
мунскиймен сыйлас дос жандар.
Минимум да тапсырылды, кандидаттық диссертация да қор
ғалды, доктор да болдық. Бірақ, мына кітап менде қала берді.
Бейсекеңмен үй-іші бірге араласып, сыйласып жүрдік. Ақыры
ағамыз дүние салды…
Сөйтіп, Жирмунскийдің «Вопросы теории литературы»
(1928) аталатын Бейсекең берген кітабы 1946 жылдан менде
келе жатыр. Осы кітапты көрген сайын Бейсекең есімізге тү
седі. Қамқорлығын ешқашан естен шығарған емеспіз. Сәкең
екеуміз ұдайы әңгімелеп, рухына бас иіп отырамыз. Жақсы кі
сі еді ғой, жарықтық. Көріп қалған әркім, әркім осы кітапты
қолқалайды. Мен бермеймін.
Енді менің де жасым келді. Көріп отырсың, сырқаттанып,
ауруханада жатып, емделіп шықтым. Кітапханамды, қолжаз
бамды реттеу үстіндемін. Мойныма қарыз етпейін деп, Бейсе
кең кітабын саған өз қолыммен тапсыруды жөн көрдім…
…Оразгүл апай тебірене сөйлеп, кітапты бір сипап қойды.
Сөйтті де орнынан тұрып, салтанатты түрде табыс етіп, қолым
ды қысты.
Аға буын адалдығына, үлкеннің кішіге қамқорлығына, ғы
лымға берілгендігіне қайран қаласың. Оразгүл апайдың әңгі
месі тәнті етіп, мен де тебіреніп кеттім. Кітапты қолыма алып,
маңдайыма тигізгенімді білмей қалдым. Кітапта ұлы ұстаз,
әкедей әзіз адам қолының табы жатқандай денеме бір ыстық
қан тарады…
Сөйтіп, жақсыдан қалған жәдігерлік елу үш жылдан соң
қайырымды қолдардан өтіп қайтып оралды…
Бұл – Бейсекеңнің ізгілік жүрегінен жасалған бір ғана қам
қорлық емес.
«З.Рез. Лирика М.Ю.Лермонтова. Л., 1957»
Ғылым академиясы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының «Қазіргі қазақ әдебиеті» бөлімінде отыр
едім. Сыйлас аға ақырын бір кітапты ұсына берді. Қарасам:
«З.Рез. Лирика М.Ю.Лермонтова. Л., 1957» – деген кітап.
– Бұл не? – деймін Қабекең жүзіне қарап.
– Бейсақаңның кітабы. (Б.Кенжебаев).
– Ол Сізде қайдан жүр?
– Баяғыда, студент кезімде маған Бейсақаң Сұлтанмахмұт
жөнінде бір мақала жазуды тапсырды. Тапсырды да, осы кі
тапты қоса берді. «Сұлтанмахмұт лирикасының табиғатын тү
сінуіңе септесер. Оқып шық.»
Оқып шықтым. Мақала жаздым. Бейсекең кітабы менде
қала берді. Енді, міне біздің де жасымыз келді. Әлдеқандай
жағдай болады – деп, Бейсақаң кітабын саған тапсыруды жөн
көрдім. Қарыз болмасын мойныма. Балалар байқамай менің
«эксилибристік» мөрімді басып жіберіпті. Ғафу ет. Жарықтық
Бейсақаң…
Қабекең мұңды тұнжырады.
Мен де толқып кеттім. Бейсекеңді ойладым.
Әрине, Қабекең бұл кітапты қайтармаса да болатын еді.
Мәдениеттілігі, кісілігі жібермеген ғой. Әйтпесе, сұрауы жоқ
кітап қой. Өйткені, Бейсекең шәкірттеріне тақырып ұсынса, өз
кітапханасынан тақырыпқа қажетті ғылыми, зерттеу кітапта
рын алып, қосып беретін әдеті. (Бұл мінез қазіргі ұстаздар
арасында профессор Тұрсынбек Кәкішевте бар) Кітапты ұсы
нып тұрып шәкірттеріне: «Мына кітаптың қайтарымы – кан
дидаттық диссертация. Ғылым жасамасаң кітабымды қайтара
сың, жоғалтсаң жаза тартасың» – дейді екен. Қайран ұстаз! Бі
реу – туа ұстаз, біреу – жүре ұстаз. Ал, баз біреулерге ұстаздық
қонбай-ақ кетеді-ау.
Бірде Жарасқан Әбдірашев: «Маған Бейсекең Бернияз Кү
леевті кандидаттық диссертацияға тақырып етіп ұсынды. «ХХ
ғасыр басындағы орыс лирикасы» – аталатын көлемді зерттеу
кітабын қоса берді. «Міне, осы кітапты кандидаттық диссер
тация етіп қайтар!» – деді. Диссертацияны жаза бастап, тастап
кеттім. Өйткені, қаза бастап айналысындағы қазынаға тап бол
дым. Оларды айтқызбайды, айтуға болмайды. Шарасыз тақы
рыпты тастауға тура келі. Ал, кітабын қайтаруға қимай жүр
мін…» – деп те әңгіме айтқан.
Қабиболла Сыдыиқұлы Бейсекең кітабын қайтарды. Мен
оны Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік универ
ситеті, «Қазақ әдебиетің кафедрасы жанынан ашылған «Про
фессор Бейсембай Кенжебаев кабинетіне» тапсырамын. Ал,
Бейсекеңнің мұндай кітаптары қаншама шәкірттерінде жүр.
Р.Нұрғалиев, М.Мағауин, А.Қыраубаева, З.Ғ.Бисенғали, Ж.Ма
нкеева... Тізімді соза беруге болады. Қайтарар ма екен, олар.
Әлде…
Күнделіктен, немесе түйін
Көгілдір экран көрсетті. Көне кітаппен бизнес жасағысы
келген бір орыс жігіті ұрлық үстінде қолға түскен. Ресей құқық
қорғау орындары ұрыны жауапқа тартты. Турасын айтқанда,
соттады. Демек, Ресей өкіметі кітапты – сирек рухани, мем
лекеттік байлық ретінде бағалайды, ұлттың рухани азығы есе
бінде қадірлейді. Бізде ше?
Қазанда жатыр көп қазына.
Санкт-Петербургте жатыр көп қазына. (Университет кітап
ханасында, музейлерде).
Мәскеуде жатыр көп қазына. (Бұрынғы Ленин кітапхана
сында, музейлерде).
Ташкенде жатыр көп қазына. (Ташкеннің қай бұрышында
жоқ қазақтың қазына-байлығы?!).
Көне қолжазбаларды, кітаптарды іздеп жатқан кісі бар ма
екен, бізде? Әй, жоқ-ау. Ресми орындар ше? Қайдам?!
Түркістанда – Қожа Ахмет Иассауи заңғариятында Қазан
төңкерісіне дейін күллі уәлаяттан кітаптар, қолжазбалар жи
нақталған екен. Сол дәстүр төңкерістен кейін де жалғасқан, кө
не көздердің айтуына қарағанда. Бұл дәстүр соғыс жылдарына
дейін жалғасып келіпті. Біз фашистермен қырқысып жатқан
соғыс жылдарында сол мол қазына байлықты бір кісілер келіп,
(айтуларына қарағанда Ташкент жақтан болса керек), – шырақ
шыларға азғантай қаражат беріп, алып кетіпті. Ызым-қайым.
Кімдер олар? Мемлекеттік деңгейде жасалған жұмыс па?
Әлде ана жылдары Ташкенде қолжазба институты құрылды
ғой, сол кезеңде ұлт мәртебесін, ұлттың рухани байлығын жо
ғары бағалайтын ғылым адамдары, кітапқұмарлар жүзеге асыр
ған іс пе?! Қалай болғанда да өте ақылды іс! Қазақ қазынасы
ортайды, өзбек қазынасы молайды. Оны ойлап жатқан жан жоқ.
Тіпті, тізімін жасап алып қалуды да ескермеген.
Ана жылы, ұмытпасам 1982 жылы, ғажап әдебиетші, соғыс жылдарында Алматыға ығысып келіп қоныстанған, кейін Мәс кеуге қайыра кеткен Виктор Шкловский үйінде болдым. Ол көп жәйтті сұрады, көп жәйтті әңгімеледі. Соның бірі – Қазақ станның Мемлекеттік орталық музейінің кітапханасының жайкүйі. «Соғыс жылдарында бұл музейдегі кітапхана қоры бай, құны – баға жетпестей еді. Небір ғажап, сирек кездесетін, кө неден келе жатқан кітаптар алып оқып едім. Қазір не күйде екен?» – деп толғанды Виктор Борисович. Бұрын да барып жү ретін музейге келген соң тағы да бір ат ізін салып, Шкловскийді таңдандырған келбет көре алмадым. Әлде, ұқыптап тығып қоя ма екен, сирек кітаптарды? Ендігі тағдыры не халде? Ал, бізде жер-жерде кітапханалар жабылып жатыр. Масқара ғой. Асылы, кітап – рухани қазына ретінде бағалануы, кітапхана қадірленуі үшін мемлекет басшысы, үкімет басшысы Дж. Не ру сынды, әйтпесе бертіндегі коммунист Б.Ғафуров секілді оқымысты, ұлттық рухани қазынаны айрықша қадірлеп баға лайтын жан болуы керек шығар. Сонда оның шапағаты да, шарапаты да бүкіл кітап атаулыға тиеді. Сонда халық кітапты қадірлейтін болады. Осыдан келіп халық жаны нұрланады. Ал, ол жоқ жерде халықты қараңғылық тұманы баса береді. Қа раңғы халықты сайтан иектегіш келеді…
КӨЗ БЕН СӨЗ (Қолтаңба жайында қос қайырым) Бірінші қайырым: – Әй, Сәбит Мұқанов, тоқта! Қазақстан Жазушылар Одағынан сыртқа беттеген сәтте ту сыртымнан естілген тарғыл үн тосырқатты ма, таңырқатты ма, әйтеуір жалт қарадым. Жалт қарағанымды өзім де аңғар май қалдым-ау, асылы, Әлжекең екен. Қазақ әдебиеті қарт қаламгерінің бірі – Әлжаппар Әбішев. Қолын көтеріп, дома ланып бұлтың-бұлтың жүріп келеді. Қолын көтеріп алған. Қо лы, жүріс-тұрысы маған: “Тоқта!” дегенді айтпай аңғартып тұр. Тоқтай қалдым. Жасы кішілік раймен қарсы жүріп, қос қолдасып амандастым. – Иә, есен-саусыз ба, Әлжеке? – Шүкір ғой, шүкір. Жасы құрғыр, ә дегенде атың аузыма түспей, «Сәбит Мұқанов» деп жіберіп жатқаным ғой, ғафу ет, айналайын. – Тыныштық па, Әлжеке? – Тыныштық. Саған бір іс тапсырғалы тұрмын. – Мархабат, Әлжеке. Айтыңыз. Тапсырыңыз. Құлағым Сіз де. – Сен мына хатты оқып шық. Бұл өзі маған жолданғанымен саған арналғандай қызық хат екен. Сәбит Мұқановтың мұрасын зерттеп жүрген адамсың ғой, бәлкім өзіне түсіндіріп хат жазып, мынаны музейге қалдырарсың. Әйтеуір бір шара жаса, жасы үлкен деп маған жазған екен хатын. Жарай ма, Құлбек? – Жарайды, Әлжеке, жарағанда қандай! – Өркенің өссін, айналайын. Қолындағы бір жапырақ хатты маған тапсырып, қарт қа ламгер жәй басып жөніне кетті. Сырт тұлғасына қарағанда бір міндеттен құтылдым деп кетіп бара жатқан сыңайлы. Енді міне, үйге келіп, сол хатты ашып, оқып отырған жайым бар. Қабығынан бөлек аршылған хұсни хатты оқырманмен бір лесе оқиық, қаз-қалпында алдарыңызға тартайын. «Сәбит Мұқановтың жанашыр туысына немесе көненің қадірін білетін қазақ зиялысына өтініш.
Әлжаппар аға!
Ассалаумағалайкүм! Армысыз? «Көненің көзі» деп тапқан
адамымыз Сіз болдыңыз. Уақытыңыз жоқ шығар. Дегенмен,
Сізден басқа қолайлы ешкімді (дәлірек айтсам фамилиясын)
кездестіре алмадық.
Шаруам мынадай: бір мас кісіден кездейсоқ марқұм Сә-
бит Мұқановтың ертеректе басылып шыққан «Саяхаттар»
(1954 ж.) атты кітабын көрдім.
Мастың қолынан алып оқып көріп едім, ішкі бетінде
Сәбиттің қолтаңбасы көзіме оттай басылды. Біреуге сыйға
тартқан кітабы. Әлгі мас сол кітапты қолтаңбаға бола
қымбатқа сатып тұр екен. Әркім-әркім саудалап “қымбат”
деп алмаса да мас бағасын кемітпеді. Ақыры не керек мен
әлгі кітапты 100 (жүз) сомға сатып алдым. Ақшаның құты
қашқан заман ғой. Үйге келгесін оқып шықтым. Кітап өте
қызық жазылған. Ішінде Сіз жөнінде де бар «Достық пен ма
хаббат» деген пьесаңыз жөнінде айтылады. Жалпы кітап сол
уақыттың тынысын дәл білдіреді.
Мені таң қалдырған мына жағдай: ішкі бетінде Сәбеңнің
өз қолымен жазылған:
«Хұрметті Зүбәржат!
Бұл еңбегімді ағалық көңілден сыйға тартам Сәбит.
16-11-1955 ж. Гурьев».
деген қолтаңбасы тұр. Ішкі беттерінде әр жерінде әртүрлі
белгілер бар.
Кітапты көп адам оқыса да (талай қолдан өткені белгілі)
жақсы сақталыпты. Түрі өте көне болғанымен, ұқыпты қол
дардан өткен екен. Зүбәржат деген әдемі есімді кісі кім екен?
Жазушының бұл қымбат сыйынан ол қалай айрылған? Бұл ме
німен құрдас кітап тағдыры мені қатты ойға салды.
Мас адамнан араша түсіп алып қалған кітап менде 10
жыл сақталды. Кітапсүйер достарыммен бірге оқып, ағаның
қолтаңбасын талай қызықтадық. Енді менің ойым осы кі
тапты заңды иесіне қайтару. Бірақ қалай қайтарамын? Зү
бәржат есімді апайды қайдан іздеймін? Ол кісіні табуға кім
жәрдем береді? Марқұм Сәбит атаның үйінде, не музейінде
кітап иесі жөнінде бір деректер бар шығар? Осы жөнінде
білгім келеді. Кітап иесі табылмаған жағдайда бұл кітапты
мен кімге сеніп тапсырамын? Жазушылар қауымымен, яки
Сәбеңнің үй-ішімен ешбір қатынасым жоқ. Тіпті мына тұрған
Алматыны да көрген адам емеспін.
Баяғыда бір дана қазаның үстіне кез болып: «Бұл өзі шын
өлген адам ба екен, әлде өтірік өлген адам ба екен?» депті
дейді. Аң-таң болған жұртқа: «Өтірік өлген адам деп артында
баласы, не жоқтаушысы, не жанашыры бар адамды айтам,
ондайы жоқ адам шын өлген адам» деген екен. Сол айтқандай,
Сәбең шын өлді ме? Мен оны да білмеймін. Сәбеңнің көзін
көрген Сізден мынадай өтінішім бар: осы хатты сол үйдің
жанашырына оқытып, егер мендегі кітап жөнінде деректері
болса, мына адреспен хабарластырсаңыз екен:
Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Шұбаршы поселкесі
Мұнайбарлау, жаңа құрылыс
Аврора көшесі
Баймұқанов Қуатжан Жұмабекұлы»
Міне, бары осы. Енді мен де аң-таң.
Сәбең Үйшікке қашан барды? Қазынасын қимас қолтаң
басымен сыйлаған Зүбәржат кім? Сексенінші жылдың беделін
де «қолтаңба» саудалап жүрген маскүнем кім? Әлдеқалай қо-
лынан шығып кеткен қолтаңбалы кітапты қызғыштай қорғаш
тап, шырылдап Әлжекеңе хат жазатын мұнайшы Қуатжан
кім? Бірі бардың парқына жетпес пайымсыз, бірі жазушы қол
таңбасын қимас жәдігерлік тұтып, бауырына басқан парасат
иесі ме? Асылы, біз халықтың жан сырын айтатын жазушыны
қадірлей білеміз бе? Алаңы көп, уақыты аз қазіргі қым-қуыт
уақытта бойымыздағы бардан айрылып, бақыршылық халге
түстік пе? Жазушылық тағдырды қараңыз. Кезінде қазақтың
аңызға айналған жазушысы, көргенде тұлғасына сүйсініп, ба
ласының аузына түкіртіп, ырымдап, шапанынан жырымдап
жыртып алып баланың бесігіне – жастығының астына салып
қоятын Сәбит Мұқановтың көңілінде қандай сенім кетті? Сәт
тік сеніміне ие болған Зүбәржат қайда? Бұған дейінгі хал бұлай
болғанда, ендігі жерде жазушы атаулыны құрметтей алар ма
екенбіз? Қаламгер қолтаңбасын жәдігер тұтар жас ұрпақ туа ма
енді?
Жауап тілеген сұраулы ой көп. Нақты жауап жоқ. Әйтсе де
келер күнге үміт тігіп, сый (қолтаңба) арналған Зүбәржатқа
сұраулы кейіпте, қолына қаламгер кітабын ұстап, көзінің қара
шығындай сақтап отырған Қуатжанға ризалық бейілде қала
мыз.
P.S. Адасқан жандарға жазушы «Сәбит Мұқанұлы мемо
риалдық музей-үйі» мекен-жайын сілтеумен шектелейік. Жа
зушы музейі Алматы қаласы (480091), Төлебаев көшесі 125/129
үйге орналасқан. Жәдігерлік иесі – осы музей! Өзара байланыс
міндетін де атқарады.
Екінші қайырым
Өзбекстанға жол түсті. Төсекте басы, төскейде малы ара
ласып жатқан бауырлас елде қазақтар көп қой. Аралағанда
аңғардық. Жызақ облысы Фарыш ауданының тұрғындары бір
ыңғай қазақтар десе де болғандай.
Әрине, мұндайда ел-жұрт жай-жағдайын кең толғап әңгі
мелесер көшелі кісі іздейсің. Жергілікті ұстаз Әсілбеков Ермек
байды біз осындай кісі танып таныстық, жақын тартып әңгі
мелестік.
Шымкент педагогикалық институтын алпысыншы жылда
ры тәмамдаған азамат ұзақ уақыт жемісті ұстаздық еңбек етіп
келеді. Әдебиетші. Әңгімешіл кісі. Халық тағдырына жаны
ашиды.
Өзбекстандағы қазақтар тағдырына жаны аши сөйлеп кетті.
Әңгімесі өкінішке толы. Күйініш-сүйініш сөздерді беріліп сөй
лейді. Әңгімесінен ақындық самалы ескендей болады. Сөзіне
өлең араластыра сөйлейді. Кейде қара сөздің өзіне өлең екпінін
араластырып отыратынын қайтерсің.
Ермекбай сынды ел ағасымен арада болған көп әңгіменің
бәрін бірдей еске алуға орын тар. Тек бір қырына ғана тоқталу
ды мақұл көрдім.
– Ереке, өлең жазбайсыз ба? – деп сұрадым әңгіме арасында.
– Жастықта кісі не нәрсеге әуестенбейді дейсің? Біз де
өлеңге әуестенгенбіз, – деді ол ұяңдау үнмен.
Сөйтті де іле орнынан көтеріліп барып, кітапханасының
бір қуысынан алақандай кітапша алып келді. Қимас бұйымдай
аялай ұстап келеді.
Қолға алғанда аңғардым. Көгілдір теңіз түстес көк кітапша.
Марқұм отты ақын Төлеген Айбергеновтің «Арман сапары»
(1963) атты тұңғыш өлеңдер жинағы. «Бұл тұңғышымды ұс
тазым Әбділдә Тәжібаевқа арнадым. Автор», деген арнау сөз
көзге оттай басылады. Қайран Әбекең. Қайран абыз ақын. Са-
ған жыр арнамаған қазақ ақыны кемде-кем-ау, асылы! Айбер
генов тұла бойы тұңғышын өзіңізге арнаған екен-ау деп тол
ғандым іштей. Бәріміздің ішімізде де өзіңіз жайында аяулы
сезім, айтылмаған сөз бар. Айтып үлгерген Айбергеновке рах
мет дейміз.
Алақандай кітапшаның ақ бетіне көк сиямен ақын қолтаңба
үйіріпті: «Ермекбай! Аяулы інішегім!
Өмір саған бақытын жиып берсін,
Қастерлесін басыңды сүйікті ел шын.
Адым сайын гүл бітсін табаныңа
Әрқашан шыққан төбең биік болсын!
Автор 1/V-63 ж.»
Бары осы. Оқып шығып, азамат жүзіне қарадым. Қызыл
шырайлы өңі қуқыл тартып, көк көзі мұңдана қалыпты. Жүзін
де ақын ағаға деген сағыныш жатқандай.
– Мен Шымкент педагогикалық институтының студенті
едім. Төлеген Айбергенов есімінің жаңа шыға бастаған сәті.
Қарақалпақстаннан Сарыағашқа көшіп келген кезі. Баспасөзге
шыққан өлеңдерін қағып алып жаттаймыз. Ол кездің жастары
өлеңге жақын ба, әлде өлең ол кезде жалпы халыққа жақын ба,
әйтеуір өлең кезіксе бәріміз жарыса жаттап, жарыса мәнерлеп
оқып жүретін едік. Айбергенов өлеңін жатқа білмейтін студент
педагогикалық институтта жоқ секілді еді, әйтеуір. Бірде ақын
студенттермен кездесуге келді. Айналып, үйіріліп айналасынан
шықпаймыз. Қамалап әкеліп, өлең оқытып, қаумаласып шы
ғарып салып барамыз.
Жастық қой, шіркін? Жігіттер қолқалады да, ақынның тұң
ғыш жыр жинағы «Арман сапарына» енген өлеңдерін басынан
түсіп, аяғына дейін селдетіп жатқа айтып шықтым. Ақынға
бақытты сезіну үшін көп нәрсенің керегі жоқ па дедім. Төлеген
Айбергенов өз өлеңдерін балаң студент аузынан естіген сәтте
елітіп тұрды. Мен жыр жинағын жатқа айтып тоқтадым. Ол да
қойнынан «Арман сапары» жинағын суырып алып, өлеңмен
қолтаңба жазып берді. Бетімнен сүйді. «Бақытты бол?» деді
тебіреніп.
Әлден уақытта:
– Енді өз өлеңіңді оқы Ермек, – деді.
– Өлең жазбаймын, – дедім мен.
– Жазбауың мүмкін емес.
– Жақсы өлең жазбаған соң оқып керегі не?
– Жақсы өлең бір күнде тумайды. Біртіндеп қалыптасады,
ақын інішегім. Өлеңді тастап қойма. Сенен жақсы ақын күте
мін, – деді Айбергенов ақын.
Біз ақынды қаумалап шығарып салдық. Кейін де ақынды
көріп жүрдік. Әдебиет жайында әңгімелесіп жүрдік. Жарық дү
ниеден жап-жас қалпында көшіп жүре берді. Қолтаңбасын көз
дің қарашығындай сақтап келемін.
Ел ағасы әңгімесін мұңдана аяқтады.
Қолқалап ақын қолтаңбасын алып қайттым.
Мақсатым жиырма жыл сақталған ақын қолтаңбасын оқыр
манға жеткізу болды.
P.S. Екі қолтаңба. Қаламгер қолтаңбасына деген екі түрлі
қатынас.
ТҮЙІН: Халық сүйіктісіне айналып өмірден өткен Сәбит
Мұқанов та, сағыныш жырын жырлап өзгеше саз әкелген Тө
леген Айбергенов те жоқ бұл күнде мынау жалпақ жалғанда.
Аяулы азаматтардың, қадірлі қаламгерлердің соңында қалған
сөзіндей болып шығармалары қайта басылым көріп жатады.
Ал, тоқсан жолдың торабында кездейсоқ кездесіп қалып жа
татын қолтаңбалар қаламгерлерден қалған көз іспетті әсер етеді
кісіге.
Жәдігерлік дегеніңіз де қызық. Оған да әркім әртүрлі қа
райды, әркім әртүрлі бағалайды. Біреу бойтұмардай қастерлесе,
біреу қолтаңба қадір-қасиетіне жете бермеуі мүмкін. Әйтпесе,
қапияда айырылып қалуы да ғажап емес.
Қазақ әдебиетінің әр буынын құраған С.Мұқанов, Т.Ай
бергеновті айтпағанда, олар қолтаңба түсіріп, қимастықпен
кітап сыйлаған адамдардың да дені өмірден өтіп кетіп жатыр
ғой. Уақыт өткен сайын аға буын қаламгерлер қолтаңбасының
қымбат бола түсетіні де сондықтан. Қазақ жұрағаты жәдігерлік
қастерлеу, көздің қарашығындай сақтауды бойға сіңіре алды
ма, ендігі ұрпағы қанға дарыта ала ма? Жәдігерлік сауда сауған
ендігі ұрпақтың өсер-өркендер рухани байлығы есептеле ме,
жоқ па? Қос қаламгер қолтаңбасын алға ала сөйлегенде осын
дай сансыз сауал, сансыратқан ойлар қаумалады бізді.
Қалай десек те, қаламгер қолтаңбасын бетке ала халық
тағдырына соғатын қилы-қилы толғанысқа баруға болады.
Қолтаңба бізге қаламгер жан сырын, сенімі мен сезімін жеткізіп
жатыр. Оқырман да ойланып оқып, қолтаңбадан түрлі түйін
түюіне болады-ау, асылы.
1994 ж.
«АДАСҚАНДАР» АҚИҚАТЫ
(Роман туралы повесть)
Әңгіме – жазушы Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» рома
ны жөнінде. «Адасқандар» десек, қазіргі көп жұрт аңтарыла
қарауы мүмкін. 1931 жылы Қызылордада басылып шыққан бұл
шығарманы шынында да қазіргі оқушы қауым біле бермейді.
Ал, «Мөлдір махаббат» романын атадыңыз-ақ оқушы қауым
қуанып сала береді. Есесіне «Адасқандар» атын атағанда кәрі
құлақ қариялардың жүзі жайнап қоя береді. «Шіркін, нағыз
шығарма сол «Адасқандар» ғой» деп бастайды олар әңгімесін.
Бірі роман кейіпкерімен таныс, бірі оқиға «кейіпкеріне» құ
рылған сотқа қатысқан, келесі бірі романды «Әдебиет май
данынан» оқыған және бірі романды таршылық кезде көжеге
айырбастап оқыған… Содан оларды тоқтатып көріңіз. Бүйірі
қыза келе олар «Мөлдір махаббат» біздің «Адасқандардың»
қасында шығарма ма деп салуы әбден мүмкін. Әрине, ерік
оқырманның өзінде. Қай шығарманы қалай бағалайды – өздері
біледі. «Мөлдір махаббатты» мойындамағанымен Сәбит Мұқа
новтай жазушының шабытты қызу жастық шағының ескерт
кішіндей «Адасқандар» романын қызғыштай қорып жатса оған
неге қуанбасқа? Керісінше қазіргі жастар «Мөлдір махаббат»
романын сүйсініп оқиды. Есесіне жастар романның алғашқы
нұсқасын мақтаушылар-жақтаушылар алдында «Мөлдір махаб
батты» қорғап, айтысарға келгенде дәрменсіз. Дәрменсіз бол
май қайтеді, арада алпыс жыл жатыр жосылып. Ал «Адасқан
дар» болса 1935 жылдан кейін қайта басылған емес. Латын
әрпімен басылған ол шығарманы қазір қолға түсіру, ажыратып
оқып шығу, қиынның қиыны. Қазақша айтқанда, сирек кітап
тар қорында сақталатын «Адасқандарды» алып оқығаннан ас
пандағы ай жақын. Үңіліп оқу былай тұрсын, қолына ұстап
көрмеген кітап жайында пікірлесу болса да мүмкін емес.
Бүйір қыздыратын түрлі-түрлі алыпқашпа әңгімелерден
кейін С.Мұқановтың «Адасқандар» романының ізіне түсіп бай
қаған едік. Одан бері он бес жыл. Он бес жыл беделінде жа
зушы қолжазбасын қарап, романның әр жылдардағы қайта
басылымын оқып шықтық. Шығарма кейіпкері – Бәтима (Бә
тес) апайға көзі тірісінде барып жолығып әңгімелесудің сәті
түсті. Екінші бір «кейіпкер» Сұлтанбектің (Бүркіт) архивтен
жазушы Сәбит Мұқановқа жолдаған хатын, сақталған бірді-
екілі өлеңдерін оқыдық. Кінәз есімді апасының жұбайы –
Ыдырыс Сейілов тірі еді ол кезде. Үшінші бір кейіпкері Мұс-
тафамен (Мүсәпір) «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қа
зақстан» газетінде қызметтес дос болған белгілі ғалым Бей
сембай Кенжебаевпен ол жайында сөйлесу бір ғанибет еді.
Сот жазасын өтеген Сұлтанбек Қарсақбайға барғанда үйінде
жеті күн жатқан көрнекті ақын Әбділда Тәжібаевтың да осы
оқиғалар, оған қатысты адамдар жайында айтары аз емес.
Кейіпкерлерге Қызылордада болып өткен ашық сотқа қатысқан
Мәриям Мұқанова (жазушы жары), Бекет Тайлақов секілді көз
көргендер естелігі өз алдына бір төбе. «Еңбекші қазақ» газетінің
1928 жылғы көкектің 4-індегі №76/1103 санында қайғылы
қазаға ұшыраған Мұстафа Көшековпен қоштасу рәсімі, қаралы
митингісі, одан кейін тұтасымен жарияланған Сұлтанбекке
құрылған сот процесінің материалдары, С.Мұқановтың кейіп
керлерімен (түптұлғасымен) әңгімесі, эскиздер, жоспар-жо
балар, романның жазылу процесі, кейіпкерлердің кейінгі тағ
дырлары… дегендей, байқап отырсақ, бір «Адасқандар» жайлы
материал бұл күнде романның көлемінен әлдеқайда асып кетіп
ті. Бізді әрдайым ойландырған мәселе – осынау материалдарды
халық сүйген жазушының шығармашылық шеберханасымен
қабыстыра сабақтастырып қалай жұтындырып беру мәселесі
еді. Бір дерек екінші дерекке бастап, бір материал екінші ма
териалды түртіп оятып, мәселенің тереңдей беретіні мәлім.
Жазушы уысына уақытында түскені бар, түспегені бар, «Ада
сқандар» романына тікелей, немесе жанама қатысы бар мате
риалдарды індетіп жүріп уақытты біраз оздырып алыппыз.
Алғаш ақ қағазға түскен дерек сарғая бастапты. Алғаш көрген-
білгенін айтып, ой бөліскен көзкөргендердің бір легі дүниеден
көшіп үлгеріпті. Сонымен «тәуекел тау жығадының» керімен
«Адасқандар» (кейінгі нұсқасы «Мөлдір махаббат» екені мәлім.
Қ.Е.) романына қатысты сырды оқушымен тең бөлісуге тәуекел
еттік…
Қандай да бір көркем шығарманың алтын қазығы – тақы-
рып! Тақырыбын тапқан ұлы жазушы О.Бальзактың «даныш
пандыққа бастайтын төте жолды таптым» деп жаһанға жар
салуында үлкен мән бар. Жазушы Сәбит Мұқанов «Адасқан
дар» тақырыбына қалай жолықты? Бұл жөнінде жазушының
өзі былай дейді: «Бір күні түскі уақытта жұмыс кабинетім
де жазумен шұғылданып отырғанымда» («Сұлушашты» жа
зып жүрген кезім болатын) әлдекімдер: «Өлтіріп тастап
ты!» – деп шуласып, тереземнің алдынан жүгіріп өте берісті.
Құлаққа жат естілген дауысқа мен де елеңдеп ашық тұрған
тереземнен қарғып көшеге шықтым. «Немене?», – деп сұра
сам, жүгіргендер: «Өлтіріп кетіпті!» – деседі, бірақ кімді-кім
өлтіргенін білмейді. Үстіме өзбектің жұқа шәйі шапанын іле
сала жүгірген көпшілікке ілесіп жалаң аяқ, жалаң бас мен де
жүгірдім. Бәріміз бір үйге келсек, бірталай милиционер ай
наласын қоршап алып, халықты есік-терезелердің сыртында
ішке жібермей бөгеп тұр екен. Милиционерлердің арасымен
қыстырылып-қымтырыла үйдің ішіне кірсем, жаралы басы
нан жан-жаққа шапшып қаны аққан әлдекім етбетінен түсіп,
аяқ-қолдары әрең қимылдап өлгелі жатыр! Оның қасында
түрегеп тұрған бір жас жігітті екі-үш милиционер қолын
артына байлап ұстап тұр. Жігіттің аузы әлденеге соқтығып,
тістері сынған болуы керек, аузынан қанды көбік шұбырады.
Оның кім екенін білген жоқпын. Ал өліп үлгерген жігітті шал
қасынан аударғанда қарасам, өзіме таныс, «Еңбекші қазақ»
газетінің қызметкері Мұстафа Көшеков… Артынан естісек,
Мұстафаны өлтірген жігіттің аты – Сұлтанбек Әбеуов екен,
Мұстафамен екеуі апалы-сіңлілі әйелдерден туған бөле екен.
Бұл ғажап оқиғаның сырын сұрастырып келсек, Сұлтанбектің
үйленгелі жүрген қызын Мұстафа әлдеқалай алдаусыратып,
үйленіп қояды. Бұл оқиғаға кектенген Сұлтанбек бөлесін өл
тіреді. Оқиғаның мән-жайын толық естігеннен кейін, маған
бұл іс екі жастың қызға таласуы ғана емес, екі дәуірдің, яғни
феодалдық ескілік пен советтік жаңалықтың өзара тарты
суы сияқты боп көрінді». (С.Мұқанов, «Өмір мектебі», ІІІ кі
тап, 1970 ж. 262-бет).
Бұл – 1928 жылы көкек айында Қызылорда қаласында бо
лып өткен қанды оқиға. Екі жастың махаббат-сүйіспеншілігі
нен тұтанған өрт, кісі өліміне соқтырған оқиғаны көзбен кө
ріп, Мұстафаны жерлеу, Сұлтанбекті соттау ісіне қатысқан
кісілердің біразы әлі өмірде бар. Біразымен біз де сөйлесіп,
осы оқиға жайында естелік-әңгімелерін жазып алдық. Көз
көргендердің пікіріне сүйенсек жазушы айтқан сырға да бір
шама жайларды қосуға, нақтылауға болады. Сол жылдары «Ең
бекші қазақ» газетінде қызмет атқарған, кейін заң жүйесіне
ауысқан Бекет Тайлақов деген қарияның айтуына қарағанда
Сұлтанбектің аузы әлденеге соқтықпаған, әуелі екі милиционер
жабылып қарулы жігітті Мұстафаны төмпештеген қалпынан
ажырата алмаған. Содан төрт милиционер жабылып қару қол
данып, алдыңғы күрек тістерін опырып жіберген. Төртеуі жа
былып әрең дегенде Сұлтанбектің қолын артына қайырып бай
лаған. Сол секілді Мұстафа да жарақат алған бойда жантәсілім
етпеген, басынан жиырма бір жерден жарақат алған ол ертеңіне
ауруханада қайтыс болады. Әрі Мұстафа Көшеков бұл кезде
«Еңбекші қазақ» газеті редакциясында жұмыс істемейді. Ал,
Сұлтанбектің Мұстафаға кектенуі, оны өлтіруіне бел байлау
ына келсек, оның қалыңдығын тартып алуынан өзге де бірсы
пыра себептері бар.
Ең бастысы – жазушы айтқан сырдан, жаңа түлеп жатқан
халықтың әлеуметтік өмірінен күнбе-күн қаламын құрғатпай
өлең жазған, енді-енді поэма секілді тынысты эпикалық шы
ғармаға ден қоя бастаған жас ақын Сәбит Мұқановтың көркем
шығармаға сұранып тұрған өмірлік оқиғамен бетпе-бет келуін
көреміз. Бұл – жазушының көркем шығармаға тақырып табуы
ның бір сәті.
Тақырып! Керемет стилист жазушы Константин Паус
товскийдің «Алтын раушанына» ден қойсақ, қаламгер үшін
тақырып табудан ақырет мәселе болмақ емес. Ал ол жылдар
дағы жалындап өсіп келе жатқан Сәбит Мұқановтың тақырып
қа қатынасы мүлде өзгеше. Жаңа замана көгінде көзін ашып,
қолына қалам ұстаған С.Мұқановты шығармашылық бастау
жолында тақырып көп толғандырмаған. Ол үшін қарышты
қарқынмен өсіп келе жатқан жаңа заманның әрбір адымы, әр
қадамы тақырып еді. Өмірден ала білген, ала берген. Бірақ,
оның өмірдің күнбе-күндік фактісінен жазған өлеңдерінің бә
рі шын мағынасындағы көркем шығарма бола бермегені және
мәлім. Шығармашылық жолында осылай өнімді өрісті көрінген
ол «Сұлушаш» романынан бастап жазушы үшін тақырыптың
кәделілігін, жауапкершілігін ойға түйген. Жазушы тақырып-
тың – шығарма, шығарманың – тағдыр екенін терең пайым
даған. Міне, осындай өсу, түлеу үстінде жүрген жазушы алды
нан адасқан жастардың қанды оқиғасы шығып отыр. Қырағы
көз қаламгер оқиғаның көркем шығармаға сұранып тұрған
дайын тақырып екенін бірден білген. Білген де тақырып тап
тым, шығарма жазамын деп түйген. Орайында айта кетейік,
Сұлтанбек – Бәтима – Мұстафа оқиғасына кезінде қызыққан
жазушы жалғыз С.Мұқанов қана емес, уақытында бұл тақы
рыпқа Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов секілді қалыптасқан
жазушылардың өзі «шіркін шабыттанып жазатын махаббат
драмасы екен-ау» деп алақандарын ысқан. Қан төгумен аяқ
талған оқиға салмағын осыдан-ақ пайымдай беріңіз. Ал олар
дың өздері бұл тақырыпқа араласа алмайды. Оның белгілі
себептері бар. Айталық М.Дулатовтың бұл мәселеге жазушы
ретінде араласа алмауының бір себебі – оның аталған іске шыр
малған үш жасқа бірдей туыстық қатынасының барлығында
ма деп ойлаймыз. Тіпті осы оқиғаға оның тікелей қатысы бар
деген қаңқу сөз де болыпты уақытында! Сол себепті де ол оқи
ғадан ғажайып махаббат драмасын көре-біле тұра: «Сәбит жа
замын деп жүр ғой, саяси трактат жазар шамасы» – деп кеке
тумен тынады. Жиырмасыншы жылдардың өзінде көркем
әңгіме, повестерімен европалық жазу мәдениеті деңгейіне кө
терілген М.Әуезов болса – ол да оқиғаның саяси сипатынан,
тамырының Міржақып Дулатовтарға барып сабақтасатынынан
сақтанса керек. Неге десеңіз, жастар трагедиясынан роман жа
замын деп тапшыл ақын Сәбит Мұқанов құлшынып жүр. Сә
бит құлшынса оның арқасында Сәкен Сейфуллин тұр деген
сөз… тақырыптың С.Мұқанов қанжығасында кетуінің өзіндік
осындай себептері де бар.
Бірақ, бұл әлі бар болғаны тақырып! Онда да өмірлік
оқиға, жазушы көңіліндегі шикі ниет қана. Ниет жүзеге асуы
үшін не істемек керек жазушыға? Шикі материалға шым бата
ізденуі керек! Шығармашылық процестің ендігі сатысы – оқиға
сырын анықтау, оқиға кейіпкерлерінің жан-дүниесіне бойлау.
Бір сөзбен айтқанда – шығармаға материал жинау керек. Ша
бытпен жазылып жатқан «Сұлушашты» суытып қойып Сәбит
Мұқанов жаңа тілек жетегіне ереді. Бір жағында кісі өлімі
болып, оның жары (Бәтима) қара жамылып зар еңіреп отырса,
бір жағында қолы қанданып Сұлтанбек істі болып жатса –
олардан материал ала қою да оңайға түспес жазушыға. Сәбит
Мұқанов ол жылдары әрі Қазақстан мемлекеттік баспасының
бас редакторы, әрі «Еңбекші қазақ» газетінің партия тұрмысы
бөлімінің меңгерушісі қызметін қоса атқарған. Материал жи
наудың ығытын жазушы осы өңірден іздеді. Іздеді де тапты.
Қазаға ұшыраған Мұстафа Көшекұлының өзімен қаламдас
«Еңбекші қазақ» газетінің қызметкері болғанын бетке ұстап әрі
газет тілшісі екенін пайдаланып сот процесіне редакция тара
пынан қоғамдық айыптаушы болып іске кіріседі. «Еңбекші
қазақ» газеті редакциясы тарапынан берілген мынадай куәлік
қағаз жазушы музейінде сақталыпты. Ол мынау:
«Удостоверение
Предьявитель сего тов. Муканов С. выделен редакцией га
зеты «Энбекши казак» в качестве общенственного обвинения
по делу об убийстве бывшего корреспондента н/газет т.Ко
шекова на судебное заседание имеющего быт 29 апреля с/г.
Зам. ответ. редактор Токжигитов
Секретарь Г.Сарин».
Міне, осылайша, жас жазушы Сәбит Мұқанов жазылмақ
жаңа шығармасына материал жинауға мүмкіндік алды. Ендігі
мақсат – істі анықтау, жазылмақ жаңа шығарма үшін материал
жинау, жиналған материалды іріктеу-сұрыптау, жауаптардың
ақ-қарасын анықтау, екшеу, кісі өліміне бастаған қанды оқиға
ның шын себеп-салдарын ашу, әлеуметтік астарына бойлау,
оқиғаға қатысты кісілердің жүрегіне терең бойлау міндеті
тұрды жазушы алдында. Тұтастыра айтқанда, жазылмақ шы
ғармаға материал жинау процесі деп атауға келетін ол міндетті
жазушы мынадай жүйеде жүргізді.
Бірінші – оқиғаға қатысы бар адамдармен жеке-жеке сөйле
су. Ол бұл мақсатта Бәтиманы оқыту үшін Торғайдан Қызылор
даға әкелген Балқай Байтоғаев және оның жары Дәмен (белгілі
әнші Абай Байтоғаевтың әкесі мен шешесі. Қ.Е.), Бәтиманың
өзімен және абақтыда жатқан Сұлтанбекпен сөйлесіп пікір
леседі, сыр тартады.
Жазушы архивінде бір парақ қағаз сақталыпты. Жазушы
ның қағаз бетіне асығыс түсірген қолтаңбасы секілді. Екі
жастың арасындағы махаббат желісі әріден тартыла үзік-үзік
таңбаланған. Ишара жазулар сырын ішіне бүгіп жатады. Алғы
ізденісті меңзейтін «Орамал. Өлең. Үш бөлек карточка салын
ған тетрадь. Тетрадь. Карточке Тетрадь. 2 хат Мұстафаға».
(С.Мұқанов архиві», 21 том, 432-бет) – деген асығыс жазулар
түскен. Бар материалды жинақтай: «Сұлтанбекпен абақтыда
сөйлескендегі кейбір заметкеге алған сөздерім. Сәбит». (Сон
да, 432-бет) – деп түйінді түсінік берген жазушы. Бұл – жазу
шының оқиға кейіпкерлерімен тілдескенін айғақтайтын бір
дерек. Ал жазушы оқиғаға қатысы бар жандардың бірімен ғана
емес, көзі тірісінің бәрімен де сөйлесті ғой.
Оқиғаға қатысы бар адамдар шындықты ішек қырындысына
дейін қалдырмай шын жүректен ақтара айтуы мүмкін бе еді?
Көп жағдайда мүмкін емес. Неге десеңіз, Бәтима жастықта
Сұлтанбекпен сүйісіп уәделесуіне қарамастан, тап сол кезде
оның қолынан қаза тапқан Мұстафаның қара жамылып отыр
ған жесірі. Қазақы тұрмыс-тәрбиенің жемісі – Бәтима осындай
қиын сын сағатта шешіліп сөйлеп, шындықты жайып салуы
екіталай. Шешіліп сөйлесе қойғанда оның ендігі жақтары ба
ла шақта сүйіскен, сөз байласқан Сұлтанбек болмауы әбден
мүмкін. Енді ол жар-қосағы Мұстафаның жоғын жоқтаушы,
кегін қуушы. Ал Сұлтанбек ше? Сұлтанбек табиғатында отты,
шыншыл жан болыпты. Айтуы да мүмкін жанын күйзелткен
шындықты. Екінші бір себеппен айтпауы да мүмкін. Өйткені
жазушы Сұлтанбектің сөзін сөйлегелі келіп отырған жоқ қой.
Ол қаламдасы Мұстафа Көшекұлының мүддесін қорғаушы,
қоғамдық айыптаушы. Біз Сәбит Мұқановтың сот процесінде
сөйлеген қорытынды сөзінен де осы бағытты аңғарамыз. Әрі
таптық жағынан С.Мұқановты Сұлтанбек қана емес, Сұлтан
бектік орта қабылдамауы мүмкін. Шындықты Балқай Байтоғаев
пен оның әйелі Дәмен де бүкпесіз беріле аша қоюы екіталай.
Қанша дегенмен олар Бәтиманың Қызылордаға оқуға келуіне
себепкер, оқиғаның шиеленісуінен бастап адасқан жастар тағ
дырының қайсысына да қатысты адамдар есептеледі ғой.
Осындай сан-тарау қиындықтары бола тұра Сәбит Мұқанов
аталған адамдардың қай-қайсысымен де тіл табысып сөйлесіп,
материал ала білген.
Материал жинаудың екінші көзі – қылмысты Сұлтанбектің
күнделік дәптерлері мен Бәтиманың оған жазған хаттары. Көз
қарақтары оқушы «Мөлдір махаббаттың» Бүркіт пен Бәтестің
күнделігі формасында жазылатынын жақсы біледі. Шынды
ғында осы дәптерлер болған ба?
«Адасқандар» романының 1931 жылғы алғашқы басылы
мында «Кілт» ретінде берілетін мынадай жолдар бар.
«Сәбит абақтыда көріп сөйлескенде, бастан кешкен ой
ларымның көбін бүгіп қалып ем. (Жоғарыда айтқан Сұлтанбек
жазушыға бар сырын айта қойды ма екен деген сұраққа осы
жолдар да жауап. Қ.Е.) Кеше пуркорол арқылы «Қылмысты
істерімнің ішіне тігілген бірсыпыра тетрадтарымды сұра
тып алдым. Оның үстіне Мүсәпірді өлтірерде бір жолдасыма
«бір күнге керек болар» деп сақтатқан тетраттарым келіп
қалды. Солардың бәрін оқып шықаннан кейін, істеген істерімді
бүккеніме өзім өкіндім де, барлық тетратты сізге жіберуге
ойладым. Бәтес пен менің бірнеше жылдық өмірімнің айнасы
сол тетираттарда толық. Мүсәпірдің өзі де бір зор, өмірі де
зор, ісі де зор адам еді, зор қылмыспен басына жетті. Оны
мен бір кезде кеңескен кеңестерімнің де жұрнағы бар. Қыс
қасы, менің трагедиям да, Бәтестің трагедиясы да осы тети
раттарда толық. Мен ақын адам емеспін. Сондықтан менің
тетираттарымда материал бар да, бояу жоқ. Егерде бұл
тетираттардан бірдеңе шығарғыңыз келсе, материал менікі,
бояу сіздікі болсын. Өйткені бояу жағын жоғарыда айттым.
Ал адасқан өмірмен адасып бара жатқан менің қалжыраған
денем мен қажыған ойым өз ісінен өзі қорытынды шығара
алмайды ғой. Азаматтық хұқым жоқ болғандықтан, модалы
сөз болғанымен «жолдас» дегем жоқ. Айыпқа бұйырмаңыз.
Бүркіт. 11 май 28 жыл. Абақты.»
Иә, жазушы романда да Бүркіттің (Сұлтанбек) дәптерлері
туралы әңгіме қозғап отыр. Осы дәптерлер шынымен бар ма,
әйтпесе жазушының «Белкиннің жазбалары» деген секілді ой
ын жеткізу үшін ойлап тапқан шартты көркем формасы ма?
Алға озыңқырап айтсақ, жалпы «Адасқандар» өмір шын
дығынан көп алшақ кетпеген, болған оқиғаға әр берумен, идея
айқындаумен шектелген шығарма. Шығарманың бар жетістігі
де, кемшілігі де осында! Оқиғаны көзімен көрген кісілердің
ыстық оқиға ізімен жазылған «Адасқандарға» ерекше ықылас
ты болатын себебі де осыдан деп білу жөн. Сол шығармадағы
көп оқиғаның шындық екені секілді, кейіпкер түптұлғасы
Сұлтанбектің күнделік дәптерлері болғаны да қылаудай өтірігі
жоқ, қапысыз шындық. Сұлтанбектің жан сырын жазып жүрген
дәптерлерінің болғанын жазушының өзі де жоққа шығармайды,
қала берді архив материалдары дәлелдейді. «Адасқандар» ро
манының «Кілт» аталатын кіріспесінің Сұлтанбектің жазушыға
хаты ретінде келтірілуінде де сыр бар. Енді осы мәселелерге
рет-ретімен келейік.
Жазушы жары Мәриям Қожахметқызы Мұқанова: «Қан-
ды оқиғаны бәріміз де көзбен көргеміз. Сәбит сол күндері шы
ғарма жазбақ болып, жолығуға абақтыда жатқан Сұлтанбекке
кетті. Барып жолығып қайтқан соң айтқаны: «Сұлтанбекке жо
лықтым. Аузы-басы көнектей болып ісіп кеткен екен. Бірақ
рухы жығылмаған. Сөйлеуге халім келмей тұрғанын көріп
отырсыз ғой, Сәке. Әлі талай әңгімелесерміз. Әзірге мен түскен
үйде чемодан ішінде Бәтима мен екеуміздің жүрек сырымызды
айта алатын екі-үш дәптер бар, Бәтиманың хаттары бар. Бәлкім
қазір сотқа келіп түскен де болар. Соларды алып таныса тұ
рыңыз. Мұстафаны жерлеуге әкетіп бара жатқанын көргенде
кегім қайтты, ойға алғанымды орындадым – деген қуаныштан
төбем көкке екі-ақ елі жетпей қалды – депті. Абақты зиратқа
барар жолда еді. Сәбит: Не деген қайсар жігіт деп қайран қалып
отырдым» – деп еске алады.
Жазушы жары айтқан сырды жоғарыда келтірілген – «за
метке» де қостайды емес пе? Бұл – бір дерек.
Шамасы, Сұлтанбек ісіне қатысы бар материал бұл кезде
сотқа келіп түсіп үлгерген. Олай дейтініміз жазушы архивінде
сотқа жазылған мынадай өтініш сақталған:
«Соттан өтініш»
Сұлтанбектің осы жұмысы туралы бір повесть не роман
жазғым келіп еді, сондықтан маған распискемен Сұлтанбек
тің жұмыстары мен Бәтиманың хаттарын, орамалды және
карточке басылған тетрадты уақытша пайдалануға бере
тұруыңызды өтінем. Карточке басылған тетрадь үшеу екен,
мүмкін болса соның біреуін пайдалануға маған басыбайлы бе
руіңізді тілеймін. Үйткені карточкасы менің жазуыма өте
керек.
Өтінуші Сәбит Мұқанұлы».
«Қосымша: карточкасы бар тетрадты Сұлтанбектің ри
зашылығымен алдым. 30/ІV.28 ж.». (Сонда. 491-бет).
Бұл – оқиға кейіпкері Сұлтанбектің күнделік дәптері болға
нының екінші бір дәлелі.
Жазушы музейінде және бір дерек бар. Экспозицияға шы
ғарылған ол документ – оқушы дәптерінің бір беті. Ол ақ қа
ғазға желімделген. Бір қыз бен жігіттің суреті жапсырылған.
Сурет үсті-астына араб әрпімен әшекейлеп былай деп жазған:
«Адасқан – Сұлтанбек. Опасыз Бәтима». Сәл төменіректе еке
уіне бірдей ортақ етіп: «Екі жастың тарихы» – деп жазылған.
Одан сәл төменіректе жазушы: «Бұл Сұлтанбектің өзінен
абақтыға барып сұрап алған суреттер. 12/V.1928 ж.» – деп
жазылған. Шамасы, бұл Сұлтанбектің күнделік дәптерінің ал
ғашқы беті. Сұлтанбектің күнделігі болды ма? – деген сұраққа
бұл да бір дәлел.
Оқиға кейіпкерінің күнделігі болғандығына енді ешкімнің
шүбәсі жоқ шығар. Кейіпкер күнделігі болған ба еді деген сұ
рақтан енді екінші бір сұрақ туады. Ау, жазушыға қолқабыс
болған ол күнделіктің өзі қайда? Қос мұңдықтың өзара жа
зысқан хаттары қайда? Біз бұл санаттағы материалдарды ар
хивтерден іздеп таба алмадық. Күнделік, хаттардың сақталған,
сақталмағаны, қайда қалғаны белгісіз. Әлде жазушы қажетінше
пайдаланып, сотқа қайта тапсырса – астана кейін Алматыға
көшкенде ол жәдігерліктер жоғалып кетті ме? Ол арасы әзірше
жұмбақ. Күнделік жазу – қазақ тұрмысына сіңе қоймаған кезде
Сұлтанбек бұл мәдениет үлгісін қайдан меңгерді? Күнделік
жазуға итермелеген қандай жағдай? Күнделік не туралы?
Иә, адасқан жастар тағдырын ойлаған сайын жауап тілеген
сұрақтар көбейе береді. Ал күнделік жайлы сұраққа Сұлтанбек
болмысынан шығарып жауап беруге болады. Сұлтанбек ауқат
ты, дәулетті әулеттің баласы. Романда сипатталғандай отты,
өжет жігіт болып өсіп келе жатады. Жастайынан өлең жазумен
әуестенеді. С.Мұқанов «Адасқандар» романында бірсыпыра
өлеңдер келтіре баяндайды. Ол өлеңдер Сұлтанбектікі болуы
керек. Оқиғаға қатысқанда Сұлтанбек Шымкент шаруашылық
техникумында оқып жүрген бозбала. Ол сол қалпында жазудың
да, тұрмыстың да бірқос мәдениетін меңгерген. Демек, ол өзі
нің күнделік дәптерлерінде Бәтима екеуінің, тіпті Мұстафа
(Мүсәпір) үшеуінің арасындағы жайларды қара сөзбен де,
өлеңмен де жазып отырған секілді. Тіпті ол Бәтиманың өзіне
жолдаған хаттарын да сақтаған. Өкінішке қарай олардың дені
бүгін қолымызға түспей отыр. Күнделік жазу дәстүрі, бәлкім,
Бәтимада да болған шығар деген оймен кездескенде апайдың
өзінен де, Ләззат есімді қызынан да сұрап көрдік. Біздің тоқ
тамымыз: Бәтима күнделік жүргізбеген секілді.
Зәуде кездескен, осы оқиғаға қатысы бар бір кісіден Алма
тыда Сұлтанбектің апасы мен жездесі тұрады деген хабарды
есітіп білдік. Білдік те 1979 жылы 15 тамыз күні Гоголь кө
шесі 155 үйдің 22-пәтеріне бардық салып ұрып. Естіген құ
лақта жазық жоқ. Бірақ Сұлтанбектің Кінәз есімді апасы 1973
жылы қайтыс болыпты. Жездесі Ыдырыс Сейілов ұзақ жыл
дар педагогтық қызметте істеген қартаң кісі болып шықты.
Әңгімеде Сұлтанбекке қатысты бірсыпыра әңгімелердің ба
сын қайырды. Абзалы, тұтас оқиғаға қатысы бар естелік-әңгі
мені қаз-қалпында алға тартайық: «Біз Сұлтанбекпен бір ау
даннанбыз – дейді ол, – Оқиға болған кезде мен Орынборда
едім. Бар жайды газеттен оқып білдім. Алматыда № 12 қазақ
орта мектебінде ұстаздық етіп жүріп, 1935 жылы Кінәз
есімді апасымен жолықтым. Көңіліміз жарасып үйлендік.
Менің білуімде Қызылордаға Бәтиманы осы Кінәз алып кел
ді. Сотталған Сұлтанбек жазасын Қызылордада өтеді. Ая
ғына қарай Қарсақбайға жіберді. Жазушы Мұхтар Әуезов
те осы оқиғадан шығарма жазбақ болып түрмеге барғанын
Сұлтанбектің өз аузынан естіген едім. Кейін педагогикалық
институтқа келіп түскенде де, Мұқаңмен жақсы қарым-қа
тынаста жүрді. Бірақ ол кісі шығарма жазбады. Есесіне
Сәбит Мұқанов «Адасқандар» романын жазды. Бәтиманың
Сұлтанбекке сыйлаған орамалы Сәбиттің «Адасқандар» ро
манының арасында сақтаулы тұрады деп еститінбіз. Сұл
танбек Қазақтың педагогикалық институтында екі жыл
оқып, денсаулығы төмендеуіне байланысты аяқтай алмай,
тастап кетті. Ақыры өкпе туберкулезінен қайтыс болды».
Жездесінің айтуына қарағанда Сұлтанбек өлең жазатын жі
гіт екен. Мәселен, оның өз басынан кешкен халді ұзақ өлең
(дастан стилінде) етіп жазғанын жездесінің айтуынан білдім.
Есінде сақталған бірді-екілі шумақты жазып алдым. Жобамен
ол шумақтар мынадай ырғақта, мынадай мәнерде келеді:
Жайлаған Сарқопаның елі қалың,
Баяндап керегі жоқ оның бәрін.
Сол жерді мекен еткен бір қария
Аты Әбу, руы өтей, нәсілі арғын.
Болыпты сол кісінің бес баласы,
Орташа деуге болады мал шамасы.
Өзімнен артылатын шаруа жоқ деп,
Оқуға екі үлкенін берді ағасы.
…………………………………………………….
Апырым-ай, өң бе, түс пе, бұл не ғажап?
Шынымен болғаным ба халыққа мазақ.
Арсыз-ау, жолыңда өлем демеуші ме ең,
Уағданы бұзғаның ба, тұрмай шыдап?
* * *
Опасыз Бәтима атың Фатиха боп
Ақырында мені Төреш еткенің бе?
Опасыз, арсыз, нәсілсіз
Ақырында мінекей
Серікке қалдың жарамай, –
деген секілді болып келеді. Өлеңде Фатиха және Төреш деп
отырғаны уағда байласып сертке жетпей кеткен жастар. Төреш
Сұлтанбектің ағасы екен. Қыз сөз байласып өзге жігітке
тұрмысқа шығып кетіп, Төреш елге күлкі болып қалыпты.
Сұлтанбектің айтып отырғаны осы жай. Төрештің отбасы,
бала-шағасы Алматыда тұрса керек.
Әйтпесе, Сұлтанбекте мынадай шумақтар да бар екен.
Бұл күнде арғымақтан мәстек озды,
Бұрынғы жақсылардың бәрі тозды.
Ғаламат, жердің жүзін жусан қаптап,
Бітірді шегіртке жеп, шыққан бозды.
* * *
Бұл күнде қарағайды шортан шалды,
Ақ орда, әруақ қонған адыра қалды.
Жерлерге, қабырғалы біз баратын
Бұл күнде затсыз, тексіз құлдар барды.
* * *
Жасаған, бұл қай жазаң бізге қылған?
Рахым қып, құтқарсайшы мынау сұмнан.
Жамағат, жафбар хаққа жалынайын
Дұғаның бірі қабыл болар мыңнан.
Сұлтанбектің өз басынан кешкен хикметін жырлауы дастан
ға бара-бар көлемді дүние болса керек. Сұлтанбек пен Бәтима
ның туған жері Торғай елі бұл дастанды әлі күнге домбыраға
қосып, жыр қылып айтады деседі.
Баяндалған жайлардан Сұлтанбектің күнделігі жазушыға
көп мәселенің бетін ашатын материал болғандығын аңғаруға
болады. Оған Бәтимамен жазысқан хаттарды қоссақ – жазушы
молынан мәлімет алған болып шығады.
Жазушы жазбақ шығармасына шикізат жинайтын үшінші
көз – ағымдағы баспасөз өмірбаяны, қазасы, жерлеу рәсімі,
қаралы митинг материалдары, оны өлтірген Сұлтанбекке
жүргізілген ашық сот процесі кезінде түгелге жуық «Еңбекші
қазақ» газетінде жарияланып тұрған. Алғашқы материалдар
тобы – Мұстафа Көшековке қатысты.
Романда біреудің қалыңдығын алдап алып, үйленетін, жа
ғымсыз кейіпте суреттелетін Мүсәпірдің түптұлғасы – Мұс
тафа Көшеков талаптанып, өсіп келе жатқан әдебиет сыншысы
екен. Белгілі ғалым, профессор Бейсембай Кенжебаев «Жиыр
масыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті» (1961 ж.) ата
латын кітабында сол жылдардың есте қалар елеулі әдеби
сын мақалалары қатарында Мұстафа Көшековтің бірсыпыра
мақалаларын атаған. Жолығып пікір сұрағанымызда: «Мұс
тафа көрікті, парасатты, алғыр жігіт еді. Өзі қазақтың
Халық ағарту институтында оқи жүріп «Еңбекші қазақтың»
жұмысына уақыт тауып араласты. Газетте қызметтес
болдық. Шапшаң жазатын, тауып жазатын, елгезек, талант
ты жігіт еді. Естелік болсын деп екеуміз суретке түскенбіз.
Қапияда мерт болды» – деді әдебиетші ғалым Бейсембай Кен
жебаев. Айтқан суретті ғалым архивінен іздеп таба алмадық.
Сақталмаса, өкінішті жайлардың бірі. С.Мұқановтың, әсіресе,
«Мөлдір махаббатта» Мұстафаны сиықсыздау етіп біржақты
суреттеуіне Бейсекеңнің көңілі тола бермейтін еді. Иә, көрнекті
ғалым айтқандай-ақ, жас әдебиет сыншысы Мұстафа Көшеков
өз ортасына абыройлы, өз қатарының таланттысы болған се
кілді. Марқұмның абырой-беделін танытатын бір факт – «Ең
бекші қазақ» жариялаған қаралы көңіл айтулар мен ақын-
жазушылардың қоштасу сөзі болса керек. Азғантай ғана уақыт
«Еңбекші қазақ» газетінде, оқуын жалғастыра жүріп, қолы
қалт еткенде қызмет істеген студенттің қазасына қабырғасы
қайысып көңіл айтуы, бір редакция ұжымы ғана емес, Қазақтың
Халық ағарту институтының педагогтық ұжымы мен студент
жастарының бір кісідей қайғыруы – жас азаматтың тіршіліктегі
қадірін байқатады. Абыройлы жас азаматтың қазасы өз ор
тасына қатты батқан. Сөзіміз құрғақ болмау үшін енді сол де
ректерге кезек берейік.
«Еңбекші қазақ» газетінің 1928 жылғы көкектің 4-індегі
76/1103) саны. «Мұстафа Көшек ұлы өлді» – деген жалпы та
қырыппен газеттің осы санында бірнеше материал жарық көр
ген. Алдымен кішкене хабар басылған. Онда:
«Көшек ұлы Мұстафа жолдас «Еңбекші қазақтың» қала
дағы белсенді тілшісі еді. Және сын бөліміне ұдайымен хат
жазып тұрушы еді. Мұстафа қаламының желі бар талапты
жастардың бірі еді. Қанға жеріген бір жауыздың қолынан
қаза тапты. «Еңбекші қазақ» басқармасы артында қалған
жолдастары мен туған-туысқандарына көңіл айтады» де
лінген.
Бұл – «Еңбекші қазақ» газетінің белсенді тілшісіне көңіл
айтуы есепті жарияланған хабар. Одан төменіректе Мұстафа
Көшековтің суретін басып, қасына сол кезеңнің белсенді ақыны
Қалмахан Әбдіқадыровтың қоштасу өлеңін жариялапты. Өлең
былай сөйлейді:
Қош, Мұстафа!
(Қабір үстінде)
Мұстафа, еңбектің шын ұлы едің,
Жорыққа Октябрьмен шығып едің.
Өмірге келешекте гүл берерлік,
Белсенді коммунистің шыбығы едің.
Балтасы сені шапқан дұшпан таптың,
Шейіт боп тап жолында қанға баттың.
Табың боп теңлігіңді соттан күттік!
Құрылған таразысы әділеттің!
Қош жолдас! Жайлы болсын жас қабырың.
Үзілген жемісті ағаш ашпай гүлін.
Аға, інің, қасиетті дос-жараның
Көтердік ортақтасып баста мұңын.
Қалмақан.
Өлеңнен соң қазанама рәсімімен «Мұстафаның өмірі» ата
латын өмірбаяндық материал берілген. Оқушыға түсінікті болу
үшін өмірбаяндық мақаланы да келтіруді жөн көреміз.
«Мұстафа жолдасымыз биыл 25-те еді. Бұрынғы Торғай
уезі, Майғарау болысы, 2-нші ауылдың азаматы.
Марқұм ата-анадан жастай жетім қалып, кедейлік тепкі
сін көп көрген. Ағаларының арқасында ауылнай школды біті
ріп, одан Торғайдағы болыстық мектепте бір жыл оқығаннан
кейін төңкеріс дәуіріне кездесті де, оқи алмай қалды. Содан
20-ншыға шейін ауылда жүріп, сол жылы үш айлық мұғалімдер
курсын бітірді. Жұт (мешін) жылы Қараторғай болысында
ауыл мұғалімі болды. 22-нші жылы қысты күні алты айлық
мұғалімдер курсын тағы бітіріп шықты. Сол жылдың күзінде
өз талабымен Орынбор келіп, қазақ институтіне түсті. Осы
кезде институттың 3-ші негізгі бөлімінде еді.
Мұстафа 24-інші жылдан 26-ншы жылға дейін комсомол
ұйымында мүше.
1926 жылдың қысынан бері партияға кандидат болып ке
ліп, жуырда толық мүшелікке өтіп еді.
Марқұм оқып жүргеннің өзінде артықша талапты, зерек,
жігерлі жастың бірі болды. Бір жағынан оқып жүріп, бір
жағынан қызмет қылып, ауылдағы туысқандарына қарасып
тұрды. Қаламға төселіп, өзін жұртқа танытып келе жатыр
еді. Көбінесе баспасөз жағымен араласты. 3–4 жылдан бері
«Қызыл Қазақстан» жорналында, «Лениншіл жас», «Еңбек-
ші қазақ» басқармасында қызмет қылып келді. Соңғы кезде
қызметке алаң болам деп, оқуға кемшілік келіп барады деп,
қызметтен өзі шығып еді, бірақ газеттерге үзбей жазып
тұрды.
Оқушы жолдастар арасында қадірі артық белсенді жас
тың бірі болды, партия жолынан таймады. Тірі болса еңбекші
елдің беделді азаматының бірі болуы анық еді. Сөйткен есіл
Мұстафа бір жауыздың қолынан өлімге ұшырап, арамыздан
жоқ болды.
Қош, аяулы жолдасымыз Мұстафа!
Жолдастарың: Балқай, Қазибай, Ақ-көл, Зейнолла, Айша.»
P.S. Сол кездің психологиясы, сол кезең жазу мәдениеті
жете берсін деген оймен тарихи дерек ретінде мақаларды қаз-
қалпында көшіріп беріп отырмыз. Мұстафаның жолдастары
арасындағы абырой-беделінің жоғары болғанын айғақтайтын
бұл да бір дерек – жақсы, жылы сөз. Ендігі кезекті «Аянышты
өлім» деген атпен жарық көрген материалға берсек:
Аянышты өлім
Кешегі газетте «өлімші қылып кетті» деген хабарда ай
тылған Көшек ұлы Мұстафа сол жарақаттан қайтыс болды.
Өлтіруші Әбу ұлы Сұлтанбек екені анықталды. Сұлтанбек өзі
де мойнына алып, әдейі өлтіруге көптен әзірленіп жүргенін
айтты.
Уақиға түрі былай:
Сұлтанбек көптен өштесіп Мұстафаны өлтірейін деп аң
дып жүрген. Көкектің 2-сі күні таңертең қызметке баруға
шығып Мұстафаның жолын тосып отырған. Түс кезінде Мұс
тафа пәтерінен шығып әйелі Пәтимамен (Бәтима ғой. Қ.Е.)
екеуі көшеде кетіп бара жатқанда, Сұлтанбек мылтықпен ба
сып салған. Бірақ бір атқанда мылтығы от алмай, екінші рет
атқанда барып атылған. Мұстафа қаша жөнелгенде артынан
тағы да атқан, Пәтима қорқып құлаған, Мұстафа құлап-
тұрып бір орыстың үйіне қашып тығылған. Сұлтанбек қуа
келіп үйге кірейін деген екен, үй иесі есікті басып жібермеген
соң терезені қиратып, үй иесіне мылтық оқталған, сол жерде
есікті босатып, үй иесі кейін шегінгенде үйге кіріп Мұстафаға
жабыса кеткен. Сұлтанбек тағы атқан екен, мылтық ти
мейді. Қашып әлсіреп қалған Мұстафаның басынан ұра берген.
Мұстафа жығылғанда үстінен тұрмай, басқа тағы да ұра
берген. Қан шығып, үйдің ішін, төбені алып кеткен. Ол екі
ортада үйдің маңайына адам толып кетіп, мелетселер де ке
ліп қалған. Сұлтанбек қолға түсіп тұтқынға алынды.
Мұстафаны ауруханаға апарып доқтырлардың жедел жәр-
деміне беріп еді, бірақ, жарасы ауыр болғандықтан дәрігер
лердің шара қолдануына мүмкін болмай қалды.
Мұстафаның бұл өлімі аянышты өлім. Үйткені Сұлтан
бектің өштеніп жүрген себебі, оның алайын деп жүрген қызы
Мұстафаға тиген, Мұстафаның бар жазығы осы.
Бұл уақиғаның басы-қасында болған халық жерге түкіріп,
Сұлтанбекке қарғыс беріп жатты, уақиғаны аянышты кезде
көргендердің көзіне жас алмағаны жоқ.
«Бұл не деген надандық, мұндай да мейірімсіз пәнда болады
екен» – десіп жұрт аңыз қылысты.
Бұл сықылды сұрапыл уақиға қылған жауыздың жауызды
ғына Кеңес соты жазаның ең ауырын қолданар десіп әркім-ақ
айтып жүр».
Мақала авторы көрсетілмеген. Жоғарыда қазаға көңіл ай-
тып қол қоюшылар қатарында аталған Балқай Байтоғаев сол
кезде «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеген.
Бәлкім Мұстафаның қалай жарақаттанып, қалай қайтыс
болғанын баяндайтын материалдың авторы сол Балқай Бай
тоғаев болуы мүмкін. Тіпті келесі «Қайғылы мәжіліс» атты
хабарды жазған «Газетші» (бүркеншік атпен. Қ.Е.) де осы
Балқай Байтоғаев болуы мүмкін. Өйткені Сұлтанбек – Бәти
ма – Мұстафа оқиғасын одан артық білер кісі «Еңбекші қа
зақ» газетінде жоқ қой. Қалай болғанда да «Адасқандар» ро
манының жазылу тарихына қатысты бұл материалдардың оқу
шыларға айтары бар деп келтіріп отырмыз. Осы ретпен келесі
«Қайғылы мәжіліс» атты хабарды да оқушы алдына тартуды
жөн көреміз. Олай дейтін себебіміз – бұл материалдар кезінде
жазушыға шикізат ретінде қызмет етті. Енді оқушылар үшін
роман кейіпкері кім, түптұлғаның қандай өредегі жан екенін аз
да болса мәлімдейді.
Қайғылы мәжіліс
(Мұстафаның өлімі туралы)
Кеше, көкектің 3-і күні Қазақ үністетінің оқытушылары,
оқушылары, партия, жастар ұясы марқұм Мұстафа жол
дасты еске түсіріп қайғылы мәжіліс жасады. Мынадай көңіл
білдірді:
Жас қыршын Мұстафа жолдастың ойда жоқ жерде бір
жауыздың қолынан жазықсыз қаза тапқанына қайғырамыз.
Мұстафа 22-нші жылдан бері үністетте оқып жүрген аяулы
боздақ еді, дегеніне жете алмай, орта жолда өмірі кесілді. Бұл
аянышты өлім, бұл кешілмейтін өлім.
Мұстафаның тумаларына, құрбы-жолдастарына көңіл ай
тамыз.
Мұстафаның оқып жүріп жазған азды-көпті сөздерін жи
нап бастыру керек. Мұстафа сықылды аяулы жолдасымызды
өлтірген жауыз Әбу баласы Сұлтанбекті заң мекмелері ая
май, тезірек ауыр жазаға беруін талап етеміз – деді мәжіліс».
Иә, «Адасқандар» романының бір кейіпкерінің прототипі
– Мұстафа Көшеков қазасы жайында «Еңбекші қазақ» газе
ті жариялаған кейбір материалдар осындай мәліметтер бе
реді. Кезінде жазушы Сәбит Мұқанов бұл материалдарды ер
кін пайдаланғанына дау жоқ. Ал осы материалдар бүгін де
оқушысына айтары бар, көркем шығарма, тіршілік, адам тағ
дыры жайлы бірсыпыра ой салатын секілді. Әзірге бұл мате
риалдарды жазушы Сәбит Мұқанов болашақ жазбақ шығар
масына шикізат жинайтын бір көз ретінде алға тартып отыр
мыз.
Жазушы «Адасқандар» романы үшін шикізат жинаған төр
тінші көз – өзі қоғамдық айыптаушы ретінде ұдайы қатысып
жүрген сот процесі. Мұстафаны өлтірген Сұлтанбекке ашық
сот 1928 жылы көкектің 29-ы күні Қызылорданың жазғы клу
бында болады. Оған сол кездегі қазақ зиялылары түгелге
жуық қатысады. Біз жолығып әңгімелескен ғалым Бейсембай
Кенжебаев, жазушының жары Мәриям Мұқанова, «Еңбекші
қазақ» газетінің сол кездегі қызметкері Бекет Тайлақовтар да
қатысыпты ашық сот процесіне. Айыпкер мінбесінде Сұл
танбек Әбуов тұрыпты қасқайып. Жәбірленуші столында
– қара жамылып Мұстафа Көшековтің жұбайы Бәтима апай
отырыпты. Сәбит Мұқанов осы сот процесіне қоғамдық айып
таушы ретінде қатысып, әрі істің ақ-қарасын анықтайтын, әрі
шығарма үшін түйінге айналып, шешімін іздеткен мәселелер
жөнінде сұрақтар беріп отырған. Соңынан ұзақ сөз сөйлеген.
«Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған ашық сот процесінің
есебін оқушы алдына тартуға тура келеді. Бұл сот процесі-
нен оқушылар оқиға кейіпкерлерінің қайсысының қаншалық-
ты кінәлі екенін аңғарады. Сонымен қатар жазушының мате-
риал жинау, ойын жинақтау, кейіпкердің характерін зерттеу,
оқиғаның түп-тамырын қаза зерттеу әрекеттерін де бақылай
алады.
Мұстафаны өлтірген Сұлтанбекке сот
Апрельдің 29-ы күні Қызылордадағы жазғы кинода (кино
үйі. Қ.Е.) Сырдария губерниялық сотының сессиясы ашық сот
мәжілісін жариялады.
Сот ағасы Ерімбет ұлы, мүшелері Байжан ұлы, Ысқақ, Мұ
сағали қызы Пәтима, хатшысы Әбубәкір ұлы.
Прокурор Жантуар ұлы Сұлтан, қоғам айыптаушысы Мұқан
ұлы Сәбит, айыпкер жағын қорғаушы Дебогон деген.
Сот ағасы Ерімбет ұлы – Екі жағыңыз да сот мәжілісін ашық
түрде жүргізуге қарсы емессіздер ме? – деді. Екі жағы да сот
мәжілісінің ашық болуына ризалықтарын білдірді.
Айыпкер Әбу ұлы Сұлтанбек, талапкер Көшек келіні Па
тима: куә Байтоғай ұлы Балқай.
Сот – айыпкер Әбу ұлы Сұлтанбектің ісі қылмыс заңының
136 статьясымен қаралады – деді.
Сот мәжілісі алдымен куә Байтоғай ұлы Балқайдан жауап
алу жұмысына кірісті.
– Бұл жөнінде не білесің, ауылға барып Патиманы (Бәтима.
Қ.Е.) ертіп келген мәнісің қалай? Патима мен Мұстафаның
бір-бірімен өмірлік жолдас болу жөнінде берген антың, айтқан
үгітің бар ма? – деген сықылды сот ағасы Ерімбет ұлы көп
сауал берді.
– Балқайдың сөзі: Ауылдан Патиманы ертіп шыққаным сен
тябрь айының іші, ерту себебім – Патима оқуға барсам, атам-
анам қазақшылық әдеттерімен сүймеген адамыма құда болып,
бергелі отыр: оқып теңдік алам – деді. Бұл жөнінде Патима
елдегі «Қызыл отау» сотына да арызын берді. «Қызыл отау»
соты Патимаға кімге, қайда барсаң да, еркің өзіңде – деп қағаз
берді. Қазақтың надан қызы осындай бостандыққа талпынған
да алып кетпеймін, жатқаныңнан тұрма деп айта алмадым,
ертіп келдім. Мұнда келген соң Қазақ үністетіне (Қазақ ха
лық ағарту институты. Қ.Е.) орналасты. Қолыма түскен қара
жатымнан ауыстырып беріп тұрдым. Келген соң Мұстафа мен
Патима бір пәтерде тұрды. Сөйтіп жүріп екеуінің қосылып
қалғанын бір-ақ білдім – деді.
Сот ағасы – Жолда келе жатып Патиманың көңілінде Сұл
танбек болды ма?
Балқай – Болды.
Сот ағасы – Мұстафаның өлімінде болдың ба? Куә (Балқай) – Жығылып жатқанда бардым. Прокурор Жантөре ұлының сұрағы: Прокурор – куә Балқай, Сіз ғой елден шығарда Патиманың көңілі оқуда еді, бір жағынан Сұлтанбекке қосылу еді дедіңіз. Соның өзінде де Патиманың Сұлтанбекке қандай көңілі барын білдің бе? Куә – Білдім, көңілі тәуір, сүйетін тәрізді еді. Прокурор – Патимаға қандай жақынсың? Куә – Адамшылық жөнінен ғана. Әйтпесе былай жақын дығым жоқ. Прокурор – Сұлтанбек, Мұстафа мен Патиманың тұрмысхалдарын, ата-бабаларының кім болғанын айта аласың ба? Куә – Сұлтанбектің әкесі қазір бай болмаса керек. Дегенмен әкесі елді қорқытып та, үркітіп те күн көре алатын адам. Оны ел де қадірлейді. Сұлтанбектің әкесі Әбу, Әбудің әкесі Жақып кәдімгі шіріген бай адам болған. Мұстафаның атасы Шұбарат ішіндегі ең жуас, кедей адам, шаруасына пысық адам еді. Прокурор – Патима мен Сұлтанбек ата ретінде қандай жа қын? Куә – Жеті атаға дейін. Қоғам айыптаушысы Мұқанұлының сұрауы: – Патима тұрған пәтерге Мұстафа соң барды ма, бұрын барды ма? Куә – Бұрын барды. – Патиманы алу жөнінде Мұстафаға ақыл айтқан жерің бар ма? Куә – Еш ақыл айтқам жоқ. – Патиманың бұрынғы берген жерін сүймеу себебін білесің бе? Куә – Патиманы берген жері бай адам болған, оған Патима бесікте жатқанда құда болған. Патиманы алатын күйеу алдын дағы асын іше алмайтын ынжық, басы таз адам болған. Айыпкерді қорғаушы Дебогонның сұрауы: – Серік қып келген соң Патиманы оңаша үйге жігітпен бірге қойған себебің не? Неге өз қолыңа алып тәрбиелемедің? Куә – Мұстафа жақыны еді, менен кем тәрбиелемейді деп ойладым.
Прокурор – Бағана бір сөзіңде: Сұлтанбекке қазір үйленбей
тұра тұр деп хат жаздым дедіңіз. Хатыңызда әзір үйленбе,
тұрмыс соққысын жейсің, оқушысың, оқуың қалады дегенің
де көрінді. Бұл хатыңның бірінің алып, бірінің тиюіне себеп
болған жоқ па?
Куә – Олай деп ойламадым.
Сот – Сұлтанбекке – Патима Қызылордаға келген соң саған
хат жазды ма? Балқайдың жазған хаты бар ма?
Сұлтанбек – Патима да, Балқай да талай рет хат жазды.
Сот – Олардың хаттары қандай мазмұнда? Есіңде бар ма?
Сұлтанбек – Бәрін бірдей қалай айтайын, біреу алып кетіп
жүрмесе, үйдегі сандығымда Патиманың хаты болар. Балқай
дың хатын өзім Шымкенттегі оқуымда жүргенде Патимаға
жібергем. Ондағы жіберген мақсатым былай: Балқай хатында
үнемі үйленбе, оқуың қалады, тұрмыс соққысын жейсің деп
үгіттейді. Осыларын көріп, оқып Патима не ақыл берер екен
деп Балқайдың хатын Патимаға жібердім. Бірақ хаттың аяқ
жағына Балқайдың хатын қайтадан өзіме жібер деп ескерту де
жаздым. Онымды Патима аяқсыз қалдырды. Хатты қайтадан
жібермеді.
Сот (Патимаға) – Балқайдың хатын Сұлтанбектің саған жі
бергені рас па?
Патима – Есімде жоқ, хатты жыртып тастадым – дейді.
Сұлтанбек – Бәтимаға: – Балқай хатының ақырына осы хат
түбінде керек болар, өзіме қайыр деп жазғаным өтірік пе еді, –
деді.
Патима – Білмеймін.
Қорғаушы (Дебогон) – Хат болса жыртып тастай бересіз бе?
Патима – Жыртып тастаймын.
Қорғаушы – Сұлтанбек сүйген адамың, мұның да хатын
жырттың ба? Сүйген адамның хатын кісі жырта ма екен? Куә
нің, Сұлтанбектің кейбір жауабына, өзгенің сөзіне қарағанда
Сұлтанбекті айрықша сүйгенің көрініп отыр.
Патима – Хат сақтамаймын, жыртып тастаймын.
Прокурор – Сұлтанбекті сүйгеніңді білетін бе еді?
Патима – Білетін еді. Хатты Мұстафаның үйінде тұрғанда
алдым.
Прокурор Жантөреұлының ұсынысы
Айыпкер Әбу ұлы Сұлтанбектің кейбір жауабына қарағанда
Патиманың Қызылордаға келген соң да Сұлтанбекке жазған
хаттары бар көрінеді. Сұлтанбектің үйінен сандығы алынып,
Патиманың жазған хаттары оқылса екен. Бұлай болғаннан сот
мәжілісіне жеңілдік келер еді.
Сот мәжілісі Сұлтанбектің үйінен сандығын алдырып,
Патима мен Сұлтанбектің арасындағы жазылған хат-хабарды
оқып көруге ұйғарған.
Сандық ашылып, Патиманың Сұлтанбекке жазған бірнеше
хаты табылды. Мұстафаға барғанның соңынан да Патима Сұл
танбекке хат жазып жүреді. Сұлтанбектің Патимамен арасын
дағы болған уақиға туралы хаттарды өлеңге айналдырып жаз
ған үлкен тетрад шығармасы табылды.
Қоғам айыптаушысы Мұқанұлының ұсынысы бойынша сот
мәжілісі Сұлтанбектің шығармаларын оқуды ұйғарды. Шығар
ма өлеңі, Патиманың хаттары оқылады.
Бұдан кейін айыпкер Сұлтанбектен жауап алынды.
Сот ағасы – Сұлтанбекке – Патимамен жүрген уақиғаларың
ды, Мұстафаны өлтіру себебіңді айтшы, – деді.
Сұлтанбектің сөзі: – Патимамен жеті ата жақындығым бар.
1924 жылдан бері көңіл қостық. Содан бері мен алам деп, Па
тима тием деп жүрді. Бірақ, оқуда болдым. Елдің ескі әдеті
ерік бермеді, қалай да осы уақытқа дейін қосыла алмадық.
1926 жылы елге бардым. Аңдушы көп болды. Ретін тауып
әкете алғанда Патима уәдесінен бұзылмаған еді. Бірақ реті
табылмады. Мілітсия әкеліп алып кетпесең, әке-шешем ерік
беретін емес деп хат жазды. Мілітсияның да жөні болмады.
Тағы амалсыздан оқуға кеттім.
1927 жылы Балқай елге барғанда Патиманы алып келді.
Патима елден шыққанда маған келем деп шықса керек. Қызыл
ордаға келген соң не болып қалғанын білмеймін. Балқайдан
Патима туралы бірнеше хат алғанымды алғашқы жауапта
рымда айтсам керек. Балқай хатында – ел бүлініп жатыр, Пати
маны алуды қоя тұр, қоймасаң сені мектептен шығарады деп те
жазды. Ақырында қыздан бұрын уәдемді жұтпаймын деп хат
жаздым. Үстіп жүргенде Патима Мұстафаға тиді деген хабар
ды естідім. Бірақ, нанғаным жоқ. Бұл ойламаған уақиға еді.
Үйткені Мұстафа да көңілі болғанымен, Патима Мұстафаны
айтса ат-тонын ала қашатын. 1925 жылы Мұстафа менен Па
тимаға сөз айтқызған. Онда Патима – Мұстафаға тигенше әкем
Мақашқа тиейін деп тайдай тулаған еді. Және баяғыдан бері
айтылған уәде, Патима екеуміздің арамыздағы сүйіспендік ша
малы күннің ішінде ұмытылады деп ойламадым. Ақырында
Патиманың Мұстафаға тигені рас болды. Қызылордаға келдім.
Мен келген қарсаңда Мұстафа Мәскеу жағына кеткен екен.
Үстіп жүргенде «Лениншіл жас» газетіне өтірік қараланып
шығып қалыппын. Бұл Патимадан айрылғаннан да қиын бол
ды. Патимаға кездестім. Мұстафаға тигені рас екенін көзіммен
көрдім.
Бір күні шала-шарпы ішіп, аздап қызып, Патиманы өлті
руге үйіне бардым. Патимаға өлтіре қоям деп айтқам жоқ.
Шүйіркелесіп сөзге сырласуға келген соң Патиманың әлі де
сүйетіндігі сезілді. Мойнымнан құшақтап жылады, бетімнен
сүйді.
Мен Патимаға болар іс болды. Сенің бұлай болғаның мені
қынжылтады. Үшеуміздің екеуміз жасап, біреуміз жер астында
жасауымыз керек. Мен саған таңдарға үш нәрсе берем. Сен ме
ні қолыңмен өлтір, қанымды ұртта, иә мен Мұстафаны, бол
маса сені өлтірем. Таңдауын өзің ал дедім.
Патима баяғыдан жаман күрсініп жылады. Өзімді өлтірсең
қолыңда отырмаппын ба? Қазір өлтірсең де өкпем жоқ. Сені өз
қолымнан өлтіруге қимаймын. Мұстафаны өлтірем десең ерік
өзіңде: жолаушылағаннан келген соң көресің ғой деді. Бұл күні
өлтірем деп барған Патимамды өлтіруге қимай кейін қайттым.
Екеуміз де жыласып, сықтасып қоштастық.
Баяғы жазылған хабар туралы «Лениншіл жас» басқармасы
на жауап апарып бердім. Оным басылмады.
…Мұстафаны өлтірем деген ниетім жоқ еді. Бір күні «Ле
ниншіл жас» газетіне Сұлтанбек Мұстафаны өлтірем деп жүр
деп тағы жазып қойыпты.
Алғашқы жазылған «сөзді» де, соңғы жазылған «сөзді» де
Мұстафадан көрдім. Патиманы алғанымен тұрмай, қайта-қайта
газетке жаза берген соң мынау маған күн көрсетпес деп, енді
Мұстафаны өлтіру мақсатына кірістім.
Көкектің 2-сі күні күндізгі сағат екіде үйінің алдына жа
қындап келгенде, аңдып отырып мылтық аттым. Оным тимеді.
Қашып біреудікіне кірді. Ілесе кіріп мылтықтың дүмімен ұрып
өлтірдім, – дейді.
Прокурор – Мұстафа ғой бұрын жолдасың. Екеуіңіздің бір-
біріңмен жолдастық ретіңіз де тәуір көрінеді. Газетке неге жа
засың деп айтпадың ба? Сырласпадың ба?
Сұлтанбек – Мұстафа мені көргісі келмейді. Көшеде келе
жатқанда – мен көшенің мына басымен жүрсем, Мұстафа ана
басымен жүретін болды. Өзі жоламай жүрген кісіге барып жа
бысуды өзіме жөн таппадым.
Қорғаушы (Дебогон) – Ардақты соттар, Сұлтанбектің кей
бір жауаптарына қарағанда Сұлтанбектің ісі 136-статьямен
қаралмай, 138-статьямен қаралса екен деп ұсыныс кіргізді.
Прокурор (Жантуар ұлы) – Қорғаушы ерте сөйледі. Іс мән-
жайы әлі анықталып болынған жоқ. Әлі де көп сұраулар бар.
Менің ойымша іс күйінше қалсын. Сот прокурор ісін қабыл
алуды ұйғарды.
Қоғам айыптаушысы – Мұстафаны өлтірмеуге аямай, Па
тиманы аяған себебің не?
Сұлтанбек – Патима қазақтың надан әйелі. Оны алдап-ар
бап сүйгенінен айырып, Мұстафаның өзі алғаны үшін Мұстафа
жазалы деп ойладым.
Қоғам айыптаушысы – Бір сөздеріңде бастығы Міржақып
торғайлықтың бірқатарлары қазір саған әйел алма деп ақыл
береді. Міржақып пен басқа торғайлықтарға да Мұстафа еке
уіңнің жақындықтарың бірдей, олар Мұстафаға әйел алма
демейді. Бұған қалай қарайсың?
Сұлтанбек – Мұстафа менен беделді. … … (өшкен) оқуы
жуық. Сондықтан Мұстафа әйел алса, ендігі жерде бір жағынан
оқып, бір жағынан әйелін асырайды деп ойлаған болар деп ша
малаймын.
Патиманың жауабы
Сот ағасы – Сұлтанбекті танимысың?
Патима – Танимын.
Сот – Қалайша танисың?
Патима – Ол алам, мен тием деп жүрдім.
Сот – Сұлтанбектің айтқаны рас па?
Патима – Расы да, өтірігі де бар.
Сот – Өтірік жерлерін айта аласыз ба?
Патима – Әрбір жауапты өзіңіз біртіндеп сұрасаңыз жауап
берейін, бастан аяқ өз бетіммен айта алмаспын деймін.
Сот – Қызылордаға келген соң Сұлтанбекке хат жаздың ба?
Патима – Келгенімді білдіріп хат жаздым.
Сот – Елде Қызыл отау соты арқылы басыңа бостандық
алғаның рас па?
Патима – Рас.
Сот – Үй-мүлік нәрселеріңмен Сұлтанбектің әкесінің үйіне
келдің бе?
Патима – Келін болып келгенім жоқ. Оқуға бара жатып,
жолдан түстім.
Сот – Қызылордаға келген соң Сұлтанбекке жолықтың ба?
Патима – Бір күні Сұлтанбек мас болып келді. Үйдегі
кісілермен ұрысты.
Сот – Ол кезде Сұлтанбекке тиіп пе едің? (Шамасы
Мұстафаға тиіп пе едің деп сұрап отырған секілді. Қ.Е.)
– Патима – Тигем.
– Сот – Мұстафаны Сұлтанбек өлтірем дегенде не дедің?
Патима – Мұстафаны өлтір дегем жоқ, өзімді өлтір дегем.
«Еңбекші қазақ» газетінде соттың көкектің 30-ы күнгі
жалғасы басылған. Онда да Мұстафа өліміне себеп болған
жайлар анықталады. Оқушыға түсінікті болуы үшін кезекті
мәжілістен де қысқа үзінді алайық:
Көкектің 30 күні ертеңгі мәжіліс
Сот ағасы Ерімбет ұлы ашық сот мәжілісінің бүгінгі жи
налысы ашық деп жариялады.
Прокурор Жантөре ұлының ұсынысы.
Патима Мұстафаға тиген соң да, бұрын да жазған қағазда
рын алғашқы күнде мойындамап еді. Жазылған өлең, түрлі
хаттар бәрі тегіс ақтара қаралып тексерілген соң Мұстафаға
тигеннен кейін де Патиманың бір көңілі Сұлтанбекте болғанын,
Патима мұны мойындады. Сондықтан жазылған хат-өлеңдер
сыпат ретінде іске тіркелсе екен.
Қоғам айыптаушысы Мұқан ұлы Сәбит – Жазылған қа
ғаздардың саяси… (өшіп кеткен, анықталмады. Қ.Е.) жағынан
маңызы зор, екі жастың негізгі пікірі махаббаттарына қайшы
лық келтірген ескішілдер де бар көрінеді. Сондықтан жазылған
қағаздар ескерусіз, дәлелсіз қалмауы үшін іске тіркелсін деген
прокурор ұсынысына қосыламыз.
Қорғаушы Дебогон – Менің де қарсылығым жоқ.
Сот мәжілісі жазылған Хат-өлеңдерді іске тігуді ұйғарды.
Қоғам айыптаушысы – Патима, сіз кешегі жауабыңызда
жолда түскенде Сұлтанбектің әкесінің үйі еш жәрдем берген
жоқ деп едіңіз, жазған қағазыңызға қарағанда Сұлтанбекке, екі
жолдасың Шалқарға ертіп келіп тастады дейсіз, мұныңыз қа
лай?
Патима – Кешегі айтқан сөздер есімде жоқ. Қағазға жазылса
рас шығар.
Сот ағасы Ерімбет ұлы – Куә Балқай, жолда түскенде Әбу
сіздерді қарсы алды ма?
Балқай – Келінім Патима балама бара жатыр деп қарсы
алды, қуанды. Мал сойып берді. Сұлтанбектің жақын жездесі
Патимаға 20 сом қаражат берді.
Қоғам айыптаушысы – Патима, сіз Қызыл отауға келген
соң Сұлтанбекке жазған хатыңызда Міржақып, Сейдәзім,
Мұстафаны қосасың. Мұстафаға тиген соң, Сұлтанбекке кел
деп шақырып хат жазасың. Мәнісі не?
Патима – Сұлтанбекті сүйген едім. Келсе, тиетін едім.
Сот ағасы (Сұлтанбекке) – Өлеңдеріңізде Міржақып, Сейдә
зімдерді қосып, солардан кеуілің қалып жазасың, олардың
ойлаған мақсатыңа бөгет болмағандай мәнісі қалай?
Сұлтанбек – Мен Патиманың жазған хатына қарап сүйеніп
жаздым. Үйткені олар Патимаға қосылма, ел бүлінеді деп ақыл
береді екен.
Қоғам айыптаушысы (Сұлтанбекке) – Сіз өлеңіңізде Сей
дәзім, әкем менен Жақы бар еді, Міржақып ескішілдігіне тарт
ты дейсің, мұның реті қалай?
Сұлтанбек – Сейдәзім мен әкемнің арасында партиягерші
лік бұрын болуы рас. Міржақып маған әйел алсаң оқуыңнан
қаласың, ел бұзылады дегені де рас.
Қоғам айыптаушысы – (Патимаға) Сіз Сұлтанбекке жазған
хатыңызда әкем барлық торғайлыққа екеумізді ажырат деп хат
жазыпты дейсің, мұның рас па?
Патима – Хат жазуы рас.
Сот ағасы (Патимаға) – Сұлтанбекке жазған 8 хатыңда ке
лем, ақша жоқ, тұрмысқа төтеп бере алмайсың, бірақ сүйемін
дейсің де, тағы да жауабыңызда келме деп Міржақып, Мұста
фаны көрсетіп жазасың, мұның мәнісі қалай?
Патима – хаттағы жазылған сөзім, айтқан жауабым рас.
Иә, сот процесі 1928 жылы көкектің 29-ы күні басталып
төрт күнге созылады. Сот процесінің жұмысы негізінен осын
дай болып келеді. Сондықтан ендігі ұзақ-сонар есепті келті
ріп жатпасақ та болар. Оқушылардың алдына тартылып отыр
ған осы жауаптасулардың өзінен көп сырды аңғаруға болады.
Әсіресе қоғамдық айыптаушы Сәбит Мұқанов екі жастың ма
хаббатына қатысты адамдарды екшегенде таптық тұрғыдан қа-
райтынын аңғарамыз. Ақыр аяғында Сұлтанбектің қылмысты
әрекетке бару сырын жете біле тұра, Мұстафаның, Бәтиманың
әділетсіз әрекеттеріне қарамастан, таптық тұрғыдан талдау жа
сайды. Төрт күнге созылған сот процесінің аяқталу кезеңінде
шырғалаңға айналған шытырман оқиғаның түйінін тауып,
шиесін шешіп ұзақ сөз сөйлейді. Біз С.Мұқановтың ол сөзін
оқушыларға толық танысытырып жатуды артық көреміз. Өйт
кені жазушының ол сөзі «Мөлдір махаббат» былай жазыл
ды» деп аталатын мақаласында келтірілген. Алғаш «Қазақ
әдебиеті» газеті бетінде жарық көрген ол мақала кейін «Сөз
станда» («Жалын», 1982 ж.) қысқарып жарық көрді. Бірақ,
Сәбеңнің сөзі не туралы екенін, жазушының материалды ек
шеу процесін көрсету үшін кейбір сәттерге аялдау орынды.
Иә, сот процесі аяқталу барысында Сәбит Мұқанов қоғамдық
айыптаушы ретінде ұзақ сөз сөйлейді. Сөзінің түйіні қысқа
қайырып айтқанда мынадай жайлардан тұрады.
Ол алдымен екі жас – Сұлтанбек пен Бәтиманың махаббаты
шын сеніскен де сүйіскен жүрек дерті екендігін анықтайды.
«Шын сүйіскен» (С.Мұқанов архиві, 21-том, 454-бет) – деген
ойын тарата айтады. Бұл – екі жастың қалай танысып, қалай
сүйіскені хақында. Көңілдері жарасып серттескен екі жастың
арасының суысуы, ақыр аяғының қанды оқиғаға әкеліп соғуына
кінәлі кім, себепкер қайда? Мұны жазушы «Шылық аралас
қан» (Сонда, 454-бет) деп түйеді. Қоғамдық айыптаушының
«шылық араласқан» дегендегі айтары: Сұлтанбек пен Бәтима
аралары жеті атаға келгенімен, әлі қыз алыспаған ағайын, әке
лері туыс санатында, көңілдері жақын. Әрі сүйек жаңғырту
мақсатымен Бәтима түп нағашысының (әжесінің төркіні) – Жа
қсылықтың Сәлім атты басы таз баласына атастырылған. Бірі
қызын беремін деп, екіншісі аламын деп бет сипасқан соң,
жастар айтқан жерден шықпаса, бата бұзылады. Сондықтан
олар Бәтиманың Сұлтанбекке қосылуына қарсы. Іштей қарсы
ғана емес, мүмкін-қадары аяқтан шалып, кедергі келтіреді.
Өр болып өскен Бәтимаға әлдері келмей, Қызыл отаудың
күштеуімен Қызылордаға аттанып кеткен соң, ел ақсақалдары
қыз жолына тор құруда оқыған байшыл-ұлтшылдарға сүйенеді.
Бәтиманың хатын, Сұлтанбектің өлеңін жиналған көпшілік
алдында оқыған Сәбит Мұқанов мұны «Шылық пен былық»
(Сонда, 456-бет) деп анықтайды.
Қоғамдық айыптаушы: «Сондықтан сот мұны түптеп зерт
теп осы оқиғаға қатысы бар істердің тамырына балта шабуы
керек» – (457-бет) деп талап ете сөйлейді. Бұл қанды оқиғада
Сұлтанбек қана жазасын тартпай, іске араласы бар, етектен
тартқан ескінің, оларға қол ұшын берген оқыған ұлтшылдар да
жазалануы керек деп біледі ол.
Ойының төртінші тармағын «Сұлтанбектің жазығы» деп
тұжырымдап, мына мәселелерді айтады:
1. Комсомолдың қасиетті атын былғады. 2. Әйел теңдігіне қол сұқты. 3. Мұстафаны қатеден емес, қастан өлтірді.
Жұртты ұйыта ұзақ сөйлеген сөзді қысқарта айтқанда
осындай! Қоғамдық айыптаушының сөзіне қарағанда екі жас
тың сүйіспеншілік махаббатынан басталып, кісі өліміне келіп
тірелер қанды оқиғаны Сәбит Мұқанов түптей тексерген,
ойында он сан електеп қорытқан. Сәбит Мұқановтың мате
риалды толық жинап, меңгерумен бірге, жазылмақ шығар
масына желі тартып қойғандай халде жүргенін де осы сөзде
рінен аңғаруға болады. Демек, болашақ шығармаға шикізат
– материал дайындалады. Дайындалып қана қоймай, таптық
көзқарас, суреткерлік ой, шығармашылық мақсат тұрғысынан
іріктеліп, екшеліп сұрыпталады да. Жазушы бастан кешетін
ендігі шығармашылық процесті бастамас бұрын Сұлтанбектің
қылмысты ісіне құрылған сот процесінің нендей үкіммен аяқ
талғанын айта кетелік оқушыға. Қоғамдық айыптаушы Сәбит
Мұқанов әлгіндей қорытындылар шығара келіп Сұлтанбектің
аяусыз жазалануын сұрайды. Ол: «Егер де мұндайларға қат
ты жаза салынбаса басқалар да бұдан үлгі алып, көңіліне
жақпаған адамды аңсары ауған күні өлтіріп тастай беруі
мүмкін.
Қорғаушы азамат бір сөзінде: «Сұлтанбек бала, сондықтан
жазасын жеңілдету керек» деді. Сұлтанбек бала емес. Бала
кісі ойланып, планын құрып алып өлтірмейді. Сұлтанбекке
136-статьясын түгел қолданып, тиісті жазасын тартқызар,
қоғамға, үйірге түзеп қосар деп сенемін. Осындай оқиғаны
тудыруға себепкер болғандарға бұдан ауыр жаза салу керек»
деп аяқтайды сөзін.
С.Мұқановтан кейін шығып сөйлеген қорғаушы Дебогон
Сұлтанбек Мұстафаны қастандықпен емес, масқаралағанына
шыдай алмай өлтірді, әрі жас, сондықтан оған 136-статья ауыр
болады деген пікірін қайталап айтады. Сөз Сұлтанбек Әбу
ұлына беріледі. Газетте оның сөзі былай берілген:
Айыпкер Сұлтанбек Әбу ұлының сөзі
Мұстафаны өлтіруіме себеп болған газеттегі сөздер екенін
жауабымда да айтқам. Әлі де айтатыным сол.
Мұстафаның осындай қылықтарына шыдай алмадым, өл
тірдім.
Мені Байтоғайұлы Балқай, бай, атқамінердің баласы деді.
Мен кедей баласымын. Әкем атқамінер болып ешкімге ………
рарын тигізбеген адам. Менің жастығымды Кеңес соты ес
ке алар. Жазамды жеңілдетер деп сенемін. Прокурор, қоғам
айыптаушысы қорытынды сөзінде маған жазаның ең ауыры
10 жыл түрмеде жатқызуды тілек етіп отыр. 10 жыл бір
кісінің өмірі, егерде 10 жыл жататын болсам, одан да атып
өлтірсе екен деймін.» («Еңбекші қазақ» газеті, Мамырдың 5-і,
1928 жыл).
Төрт күнге созылған процесс бойынша сот Сұлтанбекті:
«Сұлтанбек Мұстафаны жазықсыз өлтірген. Қызғаншақ
тық мақсатпен өлтіргенін өзі де мойындады. Мұстафаның
өлімі аянышты өлім. Мұстафаның жастығы, коммунистігі бір аянышты болса, Сұлтанбектің қолынан басына 21 жерге жара түсіп, мылжаланып өлуі екі аянышты. Сондықтан сот Сұлтанбекті қылмыс жүргізу заңының 136-ншы бабының» «а», «б» буынына лайықты еркінен айырып, 8 жыл түрмеге жатқызуға үкім қылады» – деген кесім жаза береді. Жазушы үшін материал жинақталып қалған да еді. Енді сол материалдардың елеулісін електеп, іріктеп, шығармасына пайдалану жолдарын жоспарлауы ғана қалған секілді. Елек тен өткен материал жазушыны мазалап, жазу столына шақыр ғыштай бастаса керек. Бұл – шығармашылық процестің кезекті бір сатысы, бізге бүгін қызық көрініп отырғанымен, уақытын да жазушыны тоқсан толғанысқа салған «ет пен сүйектен жаралған» адам ретінде, тақырыбын тауып тетігіне жете алмай жүрген жазушы райында әбден қинаған бір өткелі еді. Міндеттің қайсысын да сәтті атқарып шыққан Сәбит Мұ қановтың алдында жүйке мен жүрекке күш салар әлі қаншама істер күтіп тұр? Материал игерілмей қалып қояр жағдай, әйт песе жазушының оңтайына келмей, жазылмай қалар тақырып, тіпті сәтті басталып, аяқталуы азапқа айналып, өртелумен бі тетін шығарма да, өнериеттің трагедияға айналып кетер сәттері де бар тарихта. Ондай жағдай С.Мұқановтың басында болмады дейсіз бе? Зерттелген тақырып (тақырыпты айтамыз), екшелген ма териал да әлі көркем шығарма емес. Бұлар әлі көркем шығар маға керекті шикізат, жасалған негіз, жол салған баспалдақ қана. Ендігі мақсат, ендігі процесс оқиғадан ой түю, ойды образ табиғатына сіңіру, шығарманы қалай құру, қалай аяқ тау… дегендей толып жатқан міндеттер жетегінде болса керек. Шығармашылық осындай процестің ендігі бір кезеңі – жос парлаудан басталатындай ма, қалай? ІІ Әдебиет тарихында жазар шығармасына жоспар жасайтын да, қиял қуатына сеніп, жоспарсыз-ақ ойын ақ қағаз бетінде өрнектей беретін де қаламгерлер болған. Ұлы ақын А.С.Пуш
кин, үлкен прозашы А.Н.Толстой жоспарды мойындай берме
ген. Сәбит Мұқановтың жазушылық тағдырында жоспарлау
дың табиғаты әрқилы. Көлемі көз қорқытарлық романдарын
жоспарсыз бастап кетуге тәуекелі жеткен жазушы, кейде жеке
мақала, тарихи-этнографиялық очеркке арнайы жоспар құрған.
Бүгін тәптіштей баяндалып отырған материалдың жайы қалай?
Жазушының шығарма жазары анықталды. Жоспар жасаған
ба? Кесіп-пішіп айту қиын. Жасамады деуге, негізінен поэзия
жанрында еңбектеніп келген жас дарын алдында тұңғыш рет
көлемді проза талаптары тартылғалы тұр. Жоспар жасады деу
ге, жазушы архивінде романдық ұзын желіні көзге елестетер-
лік жоспарды байқамадық… Жекелеген жоспар-жоба бар. Со
ның бірі мынадай:
«Қоғам мен адам.
Темалар.
1. Қазақтың ескі кездегі әйелге көзқарасы. 2. Сұлтанбектің әйелмен жақындығы. 3. Әйел (Бәтима) қандай кісі? 4. Кімдердің қатынасы бар? 5. Қазіргі кезде (Кеңес өкіметінің) әйелге көзқарасы. 6. Әйел мен еркек. Махаббат. Байлардың пікірі. 7. Мұстафа жазықты ма? 8. Сұлтанбек қандай адам? Комсомол. 9. Кісі өліміне кімдер себеп болған? 10. Бұл оқиғаның бүгінгі салт, санаға қандай әсері бар? 11. Қылмыс заңы. Жаза не үшін беріледі? 12. Сұлтанбекке тиісті жаза салынған ба? 13. Үкім қандай болу керек?» (С.Мұқанов архиві. 21-том,
430-бет).
Жазушы архиві ұсынған бұл деректі Сәбит Мұқановтың
материал сұрыптаудағы тәсілі деп қараймыз ба, әлде романға
кірісердегі толық жоспардың болғаны осы ма?
Дәл кесіп айту қиын. Әйтсе де, архивтік жазба жазушының
шығармашылық іске кірісе бастағанын көрсетеді.
Шығармашылық психологиясы қызық. Материалды игеру
бағытындағы сөйлесу, әңгімелесу сәттерін былай қойғанда,
қалай жорырымызды білмей отырған мына қысқа жоба-жос
пардан да жазушының таптық көзқарасынан бастау алатын
бірсыпыра сыр аңғаруға мүмкіндік бар.
Көзқарас – өмірлік материалдың өнер туындысына айна
луында айрықша рөл атқарар фактор. «Көзқарас – творчество
қожасы». (Н.Тихонов). Осы жоспарға тікелей қаламгерлік ерек
шелік, жазушылық мәнер тұрғысынан қарап, ой қорытсақ, мы
надай жайлардың куәсі боламыз:
Бірінші – жазушының кең ауқымды, тынысты ойлау мәнері.
Мәселені әріден бастауы бізді осындай ойға жетелейді.
Екінші – жоспардың «Қазақтың ескі кездегі әйелге көзқа
расы», «Сұлтанбектің әйелмен жақындығы», «Әйел (Бәти
ма) қандай кісі?», «Қазіргі кезде (Кеңес өкіметінің) әйелге
көзқарасы», «Әйел мен еркек. Махаббат. Байлардың пікірі»,
«Әйелді жауапқа тарту мәселесі» – деген бунақтары тікелей
әйел тағдырына құрылған. Осыған қарап, жазушының ойға
алған шығармасының негізгі көтерер мәселесі – әйел бас бос
тандығы боларын, тіпті жазушы ойының қазығына айналарын
топшылайсың.
Үшінші – «Қазақтың ескі кездегі әйелге көзқарасы», «Қазір
гі кезде (Кеңес өкіметінің) әйелге көзқарасы», «Байлардың пі-
кірі», «Кімдердің қатынасы бар?», «Ақыры нелер себеп болған,
кісі өліміне кімдер себеп болған?» – деген тармақтар жазушы
ның оқиғаға таптық көзқараспен қарағанын, материалды да
осы ой жүйесімен екшегенін және шығармада айтар ойдың
әлеуметтік тынысы, тартыстың әлеуметтік мәні де осы таптық
көзқарас төңірегінен өрбитінін пайымдаймыз.
Төртінші – «Әйел (Бәтима) қандай кісі?», «Мұстафа жазық
ты ма?», «Сұлтанбек қандай адам? Комсомол.», «Сұлтанбекке
тиісті жаза салынған ба?» – деген сауалдар арқылы шығарма
ның болашақ кейіпкерлерін жазушы ой таразысында күні бұ
рын безбендеген. Жете зерттеген. Әрі ол осы сәт объективтік
идея, авторлық мақсат, шиеленіс салмағы сияқты өзекті мәселе
лер жөнінде жоспар құрғаны байқалады.
Бесінші – «Бұл оқиғаның бүгінгі салт, санаға қандай әсері
бар?», «Қылмыс заңы. Жаза не үшін беріледі?», «Сұлтанбекке
тиісті жаза салынған ба?», «Үкім қандай болу керек?» дегенде,
өмірлік материалды, шығарылған үкімді ой елегінен өткізген.
Болған оқиға ізімен жүру – көркемдік шындыққа алып бара
ма? Сот процесінің, шығарылған үкімнің артық-кемі жоқ па?
Оны көркем шығармада қалай көрсету керек деген сұрақтар,
шығарманың оқушыларға берер тәрбиелік мәні жөнінде алдын
ала топшылаудан туса керек.
Қысқа, жөпелдете жасалған жоспардан біз жазушының
осындай ойларына кездескендей боламыз. «Сұлтанбекке тиісті
жаза салынған ба?» деген сауалға қарап, бұл – сот процесінің
аяқталып, материал екшеліп, жазушы шығармашылық процесті
бастар сәтте жасалған жоспар болар деп ойлаймыз.
Иә, осылайша, жазу процесі басталып та кетті. Автор екі
жақты күйде тұрды ол кезде. Алдымен ақындық шабыт, жастық
қуатпен роман тез жазылса керек. Бұл бір ой, бір болжам. Со
нымен қатар жазушы ол кезде тынысты прозада тәжірибесіз.
Тәжірибесіздік автордың қолын байлай беруі де әбден мүмкін.
Роман Қызылорда қаласында бастап жазылды да Санкт-Пе
тербургта аяқталды. Санкт-Петербургтасы қалай?
Сәбит Мұқанов біраз уақыттан бері өзінің білімінің жетім
сіздігін аңғарар еді. Ақыры әдеби ұстазы Сәкен Сейфуллинмен
кеңесіп, 1928 жылы аталмыш қалаға оқуға аттанды. Ол кезде
Санкт-Петербургта Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан секілді
қазақ әдебиеті мен ғылымының болашақ жарық жұлдыздары
оқитын. Сәбит те солардың қатарына келіп қосылды. Жазғы
демалысқа келген Әлкей Марғұланнан оның зиялы қаладағы
жалдамалы пәтерінің адресін алып қалған Сәбит Мұқанов ал
ғаш Декабристер көшесі, 14 үйге тоқтайды. Бірақ С.Мұқанов
түрлі себеппен – М.Әуезов, Ә.Марғұландардың жалдамалы
пәтерінде ұзақ жата алмайды. Бұл жөнінде академик Әлкей
Марғұлан: «1927 жылы (1928 жылы болуы керек. Қ.Е.) мен
жаз айларында Алтайда ғылым экспедициясында жүргенде
Сәкең мені іздеп, Ленинградтағы менің пәтеріме барған. Пә
тердің иесі, оның бәйбішесі өте ақылды адамдар еді, олардан
Мұқаңды, мені сұрап көп уақыт отырады. Олар қолы шебер,
өте пайдалы іс тындыратын адамдар еді, бірақ олар туралы
Сәкең біраз басқа түрлі келістіріп жазған» (Ә.Марғұлан
«Сәбитті еске түсіру». Қолжазба. С.Мұқанов музейінің архи
ві, 1-бет) – деп еске алады. М.Әуезов, Ә.Марғұлан пәтерінде
ұзақ қоныстана алмаған Сәбит Мұқанов Политехника инсти
тутының студенті Темірболат Телжановтың (көрнекті қазақ
суретшісі Қанапия Телжановтың әкесі. Қ.Е.) жәрдемімен Пле
ханов көшесіндегі бір үйге қоныс аударады. Жазушы ол пә
терді «Плехановская, 42 аталатын үйдің алтыншы этажында
екен» (С.Мұқанов «Өмір мектебі», А., 1970, 3 кітап, 286-бет)
– дейді. Шамасы, жазушы көшенің ауызекі айтылуына ден
қойып отырса керек. Өйткені Декабристер көшесінен кейінгі
көше «Плеханов көшесі» аталады. Сәбеңнің сипаттауына қа
рағанда біз осы көшені көргендей боламыз. Ол «Декабристер
көшесіне жақын» – деп сипаттайды. Жазушының жарының
айтуына қарағанда 1928-29 жылдары ол Плеханов көшесі, 19
үйде тұрған секілді. Біз 1980 және 1988 (6-13 июнь) жылдары
екі рет сапар шектік Санкт-Петербургқа. Екеуінде де Мойка,
Декабристер, Плеханов көшелерін аралап, жазушы алғаш тоқ
таған, кейін жыл беделінде үй-ішімен тұрған үйді ойша тұс
палдап, қиял қыдыртып байқадық. Плеханов, 42-үй де, Пле
ханов, 19-үй де алты қабатты емес, бар болғаны үш қабатты
үйлер. Көше аты өзгермегенімен, үйлердің қатар саны өзгеріп
кетуі мүмкін. Біз бұл әңгімеге Мойка жағалауы көшесін не
ге араластырдық? Бірінен кейін бірі жарыса қатар түзеген
осынау көшелерді аралап жүргенде бізге бір ой келді. Ұлы
ағартушы Шоқан Уәлиханов кезінде Мойка көшесінде пәтер
жалдап тұрды емес пе?! Олай болса жиырмасыншы жылдары
М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов секілді қазақ студенттері
нің Мойка жағалауындағы қапталдас көшелерде пәтер жалда
уында Шоқанды рухани ес тұту, ұлы ағартушыға еліктеу сары
ны жатса керек. Әйтеуір Санкт-Петербургқа бұрынырақ барып
қоныс тепкен Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан да, кейін барып
жылдап қайтқан Сәбит Мұқанов та зиялы қаланың осы өңі
рін жайлаған. Бір жағы қазақ жазушысының өміріне қатысты,
бір жағы жазылу тарихы әңгімеленіп отырған «Адасқандар»
романына қатысты болғандықтан да іздедік біз ол үйлерді.
Ол үйлерді нақты таба алмаған соң, кезіндегі пәтер иелері
нің фамилиясы бойынша іздедік. Үй иелерін Сәбең «Пәтер
иесі – Киор дейтін неміс кемпір екендігі жоғарыда айтылды.
Шалы ертерек өлген, оның үйленген екі баласы бар: Карл
Карлович Киор, екіншісі Евгений Карлович Киор. Карлдың
әйелі Елизавета Михайловна аталатын орыс, Евгенийдің әйелі
– Татьяна Августовна аталатын полячка. Карл мен Елизавета
драмалық артистері» («Өмір мектебі», 3 кітап, 374-бет) – деп
сипаттайды. Осы жерде пәтер иелерінің кейінгі тағдыры қы
зықтырған мен тиісті орындардан қалада жиырмасыншы жыл
дары жұмыс істеген драма театрларының хал-жайын сұрай
бастаймын. Театр музейі, театр қайраткерлерінің документ-
деректері сақталуға тиісті архивтерге барғыштаймын. Жиыр
масыншы жылдардың театрлары сан рет сапырылысып қайта
құрылған, архивтер мен музейлерде ерлі-зайыпты Киор есімді
артистерге байланысты материал сақталмаған. Жазушы Да
ниил Гранин айтқандай, тұрғындардың фамилиялық каталогы,
анықтамалығы әл-әзір зиялы қаланың өзінде жоқ. Бертінде
Ұлы Отан соғысы басталды, қоршау, эвакуация, аштық… де
гендей жеті ағайынды қиындықтың кезінде қандай қатерге
ұшырағанын кім білсін, әйтеуір Киорлар атақты өнер қайрат
керлеріне айналмаған болды. Амал қанша, Майорова көше
сінен басталатын қысқа ғана Декабристер көшесін бойлай
жүріп, келесі Плеханов көшесіндегі 19 және 42 үйлерге көз
қыдыртып, «асылы, «Адасқандар» осы үйлерде жазылды ғой»
– деп қиялдадық. Басқалай амал да жоқ еді. Әрине, қала-
ның байырғы тұрғыны, қазақ әдебиетінің үлкен досы, ақын
В.А.Рождественский тірі болғанда Сәбит Мұқановтың 1928–
29 жылдары қай үйде, қандай пәтерде тұрғанын, қалай ең
бектенгенін айна-қатесіз айтып-ақ берер еді. Өкінішке қарай,
Всеоволод Александрович көз жұмғалы біршама уақыт…
Әңгіме арқауына айналып отырған «Адасқандарға» қайта
оралайық. Қызылордадан аттанарда өз орнына – Қазақастан
Мемлекеттік баспасының бас редакторлығына тел өскен құр
бысы Ғабит Мүсіреповті өткізіп, кетерінде «Адасқандар» деген
атпен роман жазып жүрмін, қаражаттан тарықсам, келісім-
шарт жасап ақша жіберерсіңдер деп өтініп кетеді. Міне, осын
дай қиын жағдайда жазылған «Адасқандар» Санкт-Петербург
та аяқталды.
Ендігі бір айта кетер жай – жазушының шығарманы қалай
жазғаны. Өзі айтқандай «Адасқандарды» Қызылордада баста
ғанымен өндіре жазбаған секілді. Өндіре жазылуы негізінен
Санкт-Петербургта болса керек. Роман жазамын деген жазу
шының асқақ арманы солай жүзеге асқан. Олай дейтініміз –
жазушы Санкт-Петербургқа барған соң да, оқиғаға қатысы бар
қаламдастарына хат жазып, кейіпкерлері жөнінде материал сұ
ратады. Сондай материалдың бірі – журналист Шиәп Қожах
метовтің мына бір хаты. Ол хатта: «Сәбит!
Өзің көргендей аманбыз. Өзім бұрынғы орнымда жұмыс
қылам. Өзгерген жаңалық жоқ. Басқармадағы («Еңбекші қа
зақты» айтады. Қ.Е.) жолдастардың бәрі аман. Сенің жі
берген хатыңды алып, тапсырған жұмысыңды түгелдей осы
мен жіберіп отырмын. Бұдан басқа Мұстафа туралы жа
зылған ешнәрсе жоқ.
Балқай біздің басқармада. «Еңбекші қазақ» газетінің кешкі
корректурасын қарайды. Өзі Қазақ институтында оқиды.
Оған хат жазам десең, басқармаға жазсаң болады. Мәкеңе
сәлем. Жолдасың Шиәп» – делінген. Кезінде «Еңбекші қазақ»
газетінде қызмет атқарған журналист Шиәп Қожахметов 1972
жылы Көкек айында қайтыс болды. (С.Мұқановтың архиві, 21
том, 438-бет).
Иә, хаттың дерегіне қарағанда С.Мұқанов «Адасқандарға»
әлі де материал іздестіріп отыр. Ол – Мұстафа Көшеков өміріне
қатысты деректер. Бұл шығарманың жазылу процесін көрсе
теді. Шығарма әлі аяқталған жоқ. Бәлкім, жаңа жаза бастаған
секілді де әсер қалдырар.
Бір жағынан университеттегі оқуы, бір жағынан екі бала
сы мен жарын асырау және бар. Осындай тоғыз жылдың то
рабында құсұйқылы жас студент Санкт-Петербург қаласында
өзінің тұңғыш романын жазып жатты. Әрі мәдениетті ортадан
білім алу, әрі бал арасындай тірнектеп жинаған білімді жаңа
жазылып жатқан шығармаға жұмсау… жиырма сегіз жасар қа
зақ жазушысының ол кездегі тіршілік-тынысы осындай еді.
Қазақстан Мемлекеттік орталық архивінде бір шағын хат
сақталыпты. Сол 1929 жылы жазылған хатты жазушы Санкт-
Петербургта жүріп алды ма, жоқ демалысқа республикаға кел
генде алды ма, конверті сақталмағандықтан айырып болмай
ды. Бірақ хат – түптұлға хаты болғандықтан да маңызды деп
білеміз.
«Сәбит!
Есен-сау жүрсіз бе? Мен де әзірше бармын. «Күңге күле
сөйлесең, көйлегіне жамау сұрайды» дегендей, өткен жыл
Сәкең көңіл білдіріп ақыл айтқанға Сіздерден жаңалықты
журнал, қымбатты асыл сөздеріңізді сабырсыз күтуші едім…
Ойым буға айналған соң, жыным суға айналған соң бүгін
газеттен адресіңізді көріп, хат жолдап, хал білдіріп отырмын.
Хат жаз, хабар бер қайдасыз? Қайда? Көрдің бе? Не дедің, не
деп ең, не ғыпты? Айтқаным рас па екен? Осы туралы осы
ларлы тегіс жаз. «Адасқандар» басылған жоқ па? Шықса
қашан? Қайда шықты?
Ашу мол, ақыл аз. Жастықта көрмей жаз,
Хат жазған бір ақымақ қайғыға болып мәз.
21/ХІІ.1929 ж. Абуов С.»
Осы хаттың бетіне жазушы «Адасқандар» романының ге
ройы Сұлтанбек (Бүркіт) Әбеуовтен» (Қазақстан Мемлекеттік
орталық архиві, 1634 қор, 1 тізбе, 7 іс, 24-бет) – деп жазыпты.
Адасқан жастар өмірінен С.Мұқановтың роман жазып жат
қанын естіген жұрт жаңа шығарманы елеңдесе күткен. Сол
көптің бірі – тағдыры тәлкекке түскен Сұлтанбек. Өзге мәсе
лелерге қоса «Адасқандардың» жайын ол да сұрап жатыр.
Көптің тілегі мен жазушы тілегі ұштасқан, ұшқасқан бір күні
«Адасқандар» жазылып бітті. Қалай жазылғаны жайында жа
зушы: «Адасқандар» романын жазуды мен Қызылордада бас
тадым да, жолшыбай тоқтаған жерлерде жұмысымды жал
ғастыра жүріп, аяғын Ленинградқа алып келдім Мұнда сабақ
тарыммен шұғылдана, қаланың іші-сыртындағы әдеміліктер
ді тамашалай жүре романның алғашқы редакциясын 1928
жылдың 14 декабрі күні аяқтадым. Араб әрпімен жазылған
бұл вариант 424-бет болып шықты. Оны тағы қарап шығуға
қысқы каникул болып қалды да, тұрған пәтерім жайлы, қа
ражатым жеткілікті болғандықтан, туған ауылымда қалған
семьямды алып қайтуға поезбен аттандым» С.Мұқанов «Өмір
мектебі», 3 кітап, 292-бет) – дейді.
«Адасқандар» осылай жазылды. Бірақ зиялы қалаға білім
іздеп сусап келген С.Мұқанов «Адасқандарды» жазамын деп
оқуын әлсіретіп алды…
«Адасқандар» 1931 және 1935 жылдары қазақ тілінде екі рет
басылды. 1935 жылы Біләл Малдыбаев пен Олег Фролихтың
аударуымен Москвадан «Сын бая» деген атпен жарық көрді.
Орысша аудармасының қолжазбасы бүгінде ЦГАЛИ-де (Орта
лық мемлекеттік әдебиет пен өнер архиві) Москвада сақтаулы.
Жазушы романда жастар өмірін бейнеледі. Қазақ даласын
дағы жиырмасыншы жылдардың әлеуметтік үлкен мәні бар
проблемалары – қазақ жастарының оқуы, қазақ қызының тең
дік алуы, жаңаның жарқырап өмірге енуі, ескінің етектен ба
сып жібермей қасарысуы – романда шынайы көрініс тапты.
«Адасқандар» романының негізгі желісі өзіміз оқып жүрген
«Мөлдір махаббат» романына ұқсас. Бірінші бөлім – Бүркіттің
сыры, екнші бөлім – Бәтестің сыры. Алғашқы бөлімде «Ақын»,
«Боран», «Жирен жорға», «Лашын», «Қант» тараулары сезімді,
тартымды жазылған. Екінші бөлімдегі «Еркекшора», «Өсек»,
«Әзәзіл», «Қырық қыз», «Ұзақ жол», «Кездескен кесір»,
«Ұмытқан достар», «Адастым» секілді тараулар Бәтестің бүкіл
трагедиясын береді.
«Адасқандар» – ақын Сәбиттің атына прозашы деген атақты
қосқан тұңғыш романы. Сюжетті, сюжетсіз саяси лирика, нау
қандық өлеңдер жазып, поэмаға енді қадам жасай бастаған
Сәбит Мұқановтың бір жанрдан келесісіне ойысуы, онда да
шеберлік мектебі саналатын әңгімеге ат аялдатпай романға ден
қоюы да ірілік. Және осы шығармада алға қойған мақсатын
абыроймен біртоға сәтті алып шыққанын да көріп отырмыз.
Мұнда жазушыға септесетін қандай сыр бар? Алдымен жазу
шының өскелең дарыны. Одан соң романға арқау болған өмір
лік оқиғаның сүбелілігі септесті жазушыға!
Армян жазушысы Грант Матевосян өзінің қандай да бір
жаңа шығармасын өмірлік бір оқиғаға табан тіремей жаза ал
майтыны, ал жаза келе бастапқы себепкер оқиғаның далада
қалатынын айтады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары
жазылған романды, оның авторы – Сәбит Мұқановты бүгінгі
замандас жазушымен салыстырғалы отырған жоқпыз. Бұл пі
кірді жазушыға өмірдегі оқиғаның түрткі болатынын айту үшін
алып отырмыз. Әйтпесе қанша сүбелі дегенмен өмірлік оқиға
бар болғаны көркем шығармаға жұмсалатын шикізат қана. Ал
сол өмірлік оқиғаның қабырғалы туындыға айналарын жете
аңғаруы да С.Мұқановтай жазушы дарынының ірілігі. Белгілі
бір өмір көрінісін әркім әртүрлі қабылдайды. Сол секілді
жазушы да өмірлік материалды әрқилы көреді, қилы-қилы тип
тендіреді. Ол дүниетанымға байланысты. Тапа-талтүсте кісі
өлімімен аяқталып жатқан қанды оқиғадан Татьяна – Онегин,
Анна – Каренин тағдырын іздеп, махаббат драмасын көрсе,
кейіпкерлерінің жан дүниесіне үңіле түссе әлде қайтер еді,
бірақ «жөргегінен тап белгі таққан» С.Мұқанов бұл оқиғаға
таптық тұрғыдан келді. Сол себепті де сот процесінде талап
қойыңқырап сөйлегені секілді, шығармада да Сұлтанбекті
(Бүркіт) бай баласы деп шеттете қарады. Осының өзі ол кезде
үлкен жетістік болатын. Тек түптұлға тағдырына тереңірек
үңіліп, жан сезіміне бойлаңқырағанда, махаббат желілерін аша
түскенде тіпті құба-құп еді.
Көркем шығарманың бір өлшемі – өз уақыты ғой. «Адас
қандар» жарық көрген 1931 жылы қазақ әдебиетінде қандай
сүбелі сүйекті шығармалар бар еді бұл тақырыпта? Ойлап
отырсақ, ол кезде де бірсыпыра сүйекті шығармалар бар екен.
Бірақ, олар махаббат тақырыбында емес еді ғой. Жалпы
«Адасқандардың» мықтылығы сонда, құндылығы сонда – ол
тәжірибелі қаламнан туған талай-талай шығармаңызды тоқ
татып қойып, қос ғашық жырын жырлап, мұңын мұңдады.
Оқушы біткен «Адасқандар» романын сұрап жүріп, іздеп жүріп
оқитын халге жетті.
Осыдан кейін ой түйсек, роман сол кезең талғамымен тара
зылағанда, толығып туған. Біздің ойымызша, жазушының осы
шығармада өмірлік материалдан дұрыс қорытынды шығарып,
дұрыс көрсеткен бір мәселесі бар. Жоғарыда сот материал
дарынан да, газет мақалаларынан да біз Мұстафаны қосақ
арасында жазықсыз қаза тапқан жандай көзқараста оқыдық. Ал
С.Мұқанов болса оған кедей тап өкілі ретінде іш тарта тұра,
ұнамсыз әрекеттерін де реалистікпен суреттеді. Таптық тілегі,
таптық жүрегі жазушының қаламын қанша тартқылағанымен,
Мұстафаның моральдық тұрғыдан өзін-өзі өлтіргендігі шы
ғарманың көркемдік шешіміне айналды. Бұл – С.Мұқанов үшін
үлкен жеңіс еді. Бұл – прозашы Мұқанов жеткен бір биік еді.
Сөйте тұра таптық жіктелістің ол кез өмірден де, санадан да
сызылып бітпеген кезі. Сондықтан да болар шығарманың көп
сәттерінде Сұлтанбекке (Бүркіт) автор бай баласы болғандығы
үшін де тосырқап қарайды. Сөйте тұра, кейіпкердің іс-әре
кетін бүркей алмай, шынайы бейнелейді. Бүркіт бойындағы
ірілік мінез бен ірі әрекеттердің табиғи берілетін сәттері де
шығарманың шұрайлы беттері дер едік. Ол әректтер Бүркітті
қызықты көркем образ ретінде тұлғалайды.
Шығарманың формалық жаңалығын да айтуымыз керек.
Отызыншы жылдары күнделік-сыр формасында жазылған реа
листік шығарма қазақ әдебиетінде туа қойған жоқ-ты. «Адас
қандардың» әдебиетімізге әкелген бір жаңалығы осында жа
тыр. Бұл ретте жазушыға Сұлтанбек дәптерінің мол әсері
болғаны сөзсіз. Сөйте тұра осы күнделік формасының авторды
адым аштырмай тұсайтын кездері де бар. Мәселен Мүсәпірдің
характерін ашу үшін автор Бүркітке ұзақ-сонар әңгіме айтқы
зады. Қосақ арасында жанама кейіпкер болып енетін Еркінге
арнайы «дәптер» ашады. Бұл – автордың жаңалықты форманы
игеріп кете алмауының көрінісі. Бұл – форманы өзіне, айтар
идеясына бағындырудан гөрі, соның ырқына көніп кетуші
ліктің әсері деп білеміз. Жазушы романның 1935 жылғы екінші
басылымында «Еркіннің сыры» аталатын тарауды алып тастап,
ол оқиғаны Бүркіттің хаты арқылы сығымдап береді. Бұл –
ұтымды шықты.
Шығармада Бүркіт бейнесі бір есептен – феодалдық бай
лықтың құрбандығына айналған трагедиялық бейне болып
шықты. Бүркіт бойында айтқаны болып, ішкені табылып, ке
дейді ығытына жүргізіп үйренген жанның психологиясы бар.
Саяси-әлеуметтік жаңа өзгерістер тұсында ондайлардың көбі
жол таппай адасты, содан келіп өзін-өзі құрбандыққа шалды
емес пе? Бүркіт те осындай типтің бірі. Жазушы шығарманы
«Адасқандар» немесе «Бай баласы» деп атағанда мәселенің
осы жағын да ескерген секілді.
Жазушының адамдар мінезін ірі қамтитынын Бәтес бей
несінен де аңғарамыз. Қарапайым қазақ қызының «Қызыл
отау» арқылы басына бостандық алып, астанаға аттанып бара
жатқанын қалай ірілік демессіз? «Адасқандарда» – Бәтес сыры,
оның қазақ қызы ретіндегі трагедиясы жүрекке мұңды әсер
етеді. Расын айтсақ, шығарманың кейінгі «Мөлдір махаббат»
аталған нұсқасында Бәтес сезімі қасаң тартып кеткенін
байқаймыз.
Енді бір мәселеге тоқталайық. Жазушы көркем шығармаға
өмірлік материалды қалай пайдаланды? Өмір шындығын көр
кем шындыққа қалай айналдырды? Өмірлік материалы сүйекті
болғандықтан да жазушы материалдарды еркін пайдаланған.
Бір мысал келтірейік, салыстыру жасайық. Романда «Қант»
аталатын бір тарау бар. Онда Бүркіт – Бәтес оқиғасынан құ
лақтанып қалған жұрт екеуін оңаша қалдырмауға тырысады.
Той-томалақ өтіп жатқан үйге жақын ағайын болғандықтан
Бәтес тойға жеңгесімен барады. Ұзатылар қалыңдықты алатын
күйеу жігіттің жолдасы болып Бүркіт келеді екінші ауылдан.
Ашық тіл қатысарға дәрмен жоқ. Сонда шәй үстінде Бәтес
қанттан бір тістеп, Бүркітке ұсынады.
«–Мына қантты сіз жеңізші! – деп маған тістеген қантын
берді.
– Мұныңыздың мәнісі қалай?
– Дәм татысайық дегенім ғой.
– Рас айтасыз ба?
– Рас.
– Әкел қолыңды!
Екеуміз қол алыстық. Өзге жұрт не мәніс екенін түсінген жоқ
шығар деймін. Бектас пен Жұман және олардың келіншектері
жоқ еді» (С.Мұқанов «Адасқандар» 1931 ж, 81-бет) – деп
суреттеледі осы сәт романда! Бұл жайлар өмірлік шындықта
қалай еді? Сұлтанбектің сотқа берген жауабында бұл былай:
«Жиырма алтыншы жылы, август айының аяқ кезінде
Әбеннің қарындасы Ақмаңдай күйеуі Қасымхан дейтіннің
баласымен бірге келіп, Бәтиманікіне түстік. Үш күндей сөйле-
се алмадық. Үшінші күні шәй ішіп отырғанда ( той кезінде)
маған тастаған қантты алып қалып, өз қантын тастады.
Мен:
– Әзірге дәмдес болатын күніміз жоқ қой, – дедім. Ол: – Дәмдес болуымыздың алды осы, – деді. Қол алыстық. Ешкім түсінген жоқ». («Еңбекші қазақ» газетінен). Әрине, бұл – өмірлік шындық пен көркемдік шешім арақатынасынан келіп жазушы шеберлігін ашатын детальдар дың бірі. Келтірілген материал өмірлік шындық ретінде де өткір емес пе? Ал сол шираған шындықты жазушы одан әрі шыңдап береді шығармада. Осы өмірдегі және өнердегі көрініс Бәтиманы ақылды, тапқыр қыз бейнесінде көрсетеді. Көптің көзін байлап, қысылғанда жол табу – осындай ойға жетелейді. Өмірлік шындық пен көркем шындық арақатынасын безбен дерлік және бір мысал келтірейік. Шығармада Бәтестің «Қызыл отаудан» Қызылордаға аттанар сәті тәп-тәуір суреттеледі. Сол эпизодта Бәтес ата-анасына қанша өкпелегенімен аттанып бара жатқанда соңынан аңырап келген анасымен кездесіп, қауы- шып, мауқын басады. Осы көрініс өмірде сәл басқашалау. Бә тиманың сотқа берген жауабында: «Қызыл отау» – «Қызбел» деген жерде жатыр еді. Ерте ңіне келді. «Қызыл отау» бастығы аласа бойлы сары жігіт. Келіншегі әдеміше аққұба кісі. Шешелерім бетімнен сүйем дегенде көңілім бұзылар деп есікті жауып отырып алдым. Екіндіде шешемді алдап, аттанып кеттік», – дейді. Келтірілген деректер, жасалған салыстырулар Бәтиманың (Бәтес) өр мінезді, махаббат бостандығы үшін күресе білген қыз болғандығын дәлелдейді. Ескілік шырмауында шыңырау құзға құлап бара жатқан қазақ қыздарының тағдырын шыңға шығару, араша түсу, ірі қадамдар жасатуда жазушыға Бәтес секілді өр мінез қыздар керек еді. Соны жазушы Бәтима бойынан тапты, тапқанын типтендіріп баяндады. Бұл да жазушының үлкен табысының бірінен саналады. Сондай-ақ жоғарыда Мұстафа Көшекұлы жөнінде де көп шіліктің пікірінің өте жоғары екенін байқадық. Солай бола тұрса да жазушы жинаған материалдарын қорыта келе, типтен діре келе одан Мүсәпір есімді ұнамсыз кейіпкер тұлғалап шы ғарды. Жазушы трактовкасы өмірдегі оқиғадан көп басқаша. Жазушының бұл кейіпкері барып тұрған аяр адамның бейнесі.
Демек, көркем образ ретінде Мүсәпір – жазушының аярлық пен адалдық жайлы кенеулі концепциясын арқалап жүрген күшті образдардың бірі. Айтылған жетістіктер «Адасқандар» романының уақыты нан оза жазылған озық туынды екенін айғақтаса керек. Ке зінде романды қазақ әдебиетші, сыншыларының біразы жақсы қабылдады. Біразы сыншыл көзқараспен қарады. Көркем шы ғарма үшін және бір өлшем боларлық жай бар. Ол – шығарманы оқушының қабылдауы. Осы ретпен келгенде «Адасқандар» оқушының сүйіктісіне айналған шығарма. Жазушы «Адасқан дарға» көп-көп хат алды оқушыларынан. Ол хаттардың дені Қазақстан Мемлекеттік Орталық архивінде сақтаулы. Біз шы ғарманы зерттеу барысында ол оқушы хаттарының біразын көшіріп алған едік. Бәлкім алғашқы «Адасқандар» романын, оның қайта өңделген «Мөлдір махаббат» аталған соңғы нұс қасын таң-тамаша қабылдағанын оқушылардың махаббатқа то лы хаттарымен дәлелдерміз. «Құрметті Сәбит ағай! – дейді бір хатта, – Сіздің бір неше романыңызды оқып шықтым. Қызыққаным сонша ба зарға кеткен ағасы бар баладай тағы бір жаңа роман әкеле тіндей қуанып күтудемін, Сіздің «Мөлдір махаббат» деген романыңызды ертеде оқып шығып едім. Жақында және қай талап оқып шықтым. Кейінгі оқығанымда ойыма мына тө мендегі сұраулар пайда болып, тағы да жалғасы бар романдай болады да тұрады. Сол себепті мына сұрауыма қате жері болса да жауап берер деп жазып отырмын. 1. Бүркіт тиісті жазасын өтеп шығып азамат қатарына қосылғаннан кейін бұрынғы оқуын аяқтады ма? 2. Болмаса бөтен себептермен институтты бітірмей қала ма? 3. Романды оқығанда Бүркіттің күнделігінен деп, жазасыз, соған қарағанда Бүркіт не жазушы, болмаса халыққа жұмы сымен атағы шығып, бір белгілі адам қатарында атағы шық пайды? 4. Менің қызығатыным Бүркіт қазір бар ма? Бар болса не қызмет атқарады?
Сіздің кітабыңызды қызығып оқушы Абдижамалов Абы
лайдан сәлем. 9.11.64 жыл».
Екінші бір оқушының да хатын оқиық:
«Құрметті Сәке!
Шынын айтқанда мен «Мөлдір махаббатты» – «Адасқан
дардың» екінші рет басылуы ғана, тек аты өзгерген болар деп
жүрдім. Сондықтан да оны баспадан шыға салысымен оқуға
асыққан да жоқ едім. Олай емес екен.
«Адасқандар» кезінде жастардың сүйген романы болды.
Әсіресе сол кезде мектепте оқып жүрген оқушылар құмарта
оқыды. Олардың ішінде «Адасқандарды» оқымай қалғаны жоқ
десек, жалған айтқан болмаспыз деймін. Өйткені романдағы
басты кейіпкерлер жастардың құрбы-құрдастары болды,
бастарына келген уақиғаның ұқсастығын солардан тапты.
Осыдан аттай отыз жыл бұрын оқыған осы кітаптың екінші
басылуын оқығаннан кейін алған әсерімді, пікірімді сізге әдейі
жазғым келді.
Әбуов Әбдуайт. Талғар қаласы».
«…Бүркіт, Еркін, Ержанов, Бәтес әлі бар ма? Олар еліміз
дің қай жерінде өмір сүріп жатыр? Бүркіт үйленген бе? Қазір
ол не қызметте?» – деп сұрайды жазушыдан Қарақалпақ
АССР-ының тұрғыны Әлменов Тұрғанбай.
«Сіздің «Адасқандарыңызды» оқып едім, соны өңдеп жа
замын деген соң «Мөлдір махаббатты» оқуға асықпаған се
бебім сол еді. Соның реті енді түсті. Ал кітап шынында тіпті
басқаша болып өңделген. Тіпті тамаша!
Енді осы кітап туралы бірер сөз. Мен әдебиетші де, әдебиет
сыншысы да емеспін. Оның бер жағында ... ақын-жазушының
шығармасын оқымай жатырмыз. Олардың ешқайсысына хат
жазып көргенім жоқ. Өйткені олардың кейбіреулерін ұйқылы-
ояу отырып оқып, апталап, ай өткен соң бітіреміз де, бір
жағын оқып жатқанда бір жағы естен шығып жатады.
«Мөлдір махаббатты» да оқығанда Сізге хат жазамын деп
ойлаппын ба? Оқып болған соң роман оқиғасы бірнеше күнге
дейін есімнен шықпай қойды. Кейбір кейіпкерлердің ісі өкін
діреді, кейбіріне риза боласың. Осылайша өзіммен-өзім ойша
кітапты талдап әлекке түстім» – дей келіп Оңтүстік Қазақ
стан облысының тұрғыны Асантай Әлімов шығарманың бұ
рынғы «Адасқандар» атының қала бергені жөн еді деген тілегін
жеткізеді.
«Бәтес пен Бүркіт осы күнде тірі ме? Тірі болса 1 май
мерекесімен құттықтаймыз!» – дейді Асқарова Сара, Исабе
кова Несібелі, Шубаева Жаңылша. 22/VІІ.63 ж».
«Құрметті ағай Сәбитке!
Ағай Сіздің «Мөлдір махаббат» романындағы басты ке
йіпкерлер Бәтес пен Бүркіт осы күндері бар ма? Егер бар болса
Бәтес өз мамандығында жұмыс жасай ма? Жолдасы Ақпан
мен балалары бар ма?
Бүркіт қандай жұмыс жасайды? Олар қайда тұрады?
Олардың шын мәнінде есімдері солай ма?
Сіздің «Мөлдір махаббаттай» тартымды, қызық, өмірлік
уақиғасы мол кітаптар жаза беруіңізге және көп жасауыңыз
ға тілектестігімізді білдіреміз. Нұрғожин Орынғали, База
рова Қансұлу». Бұл хат Ақтөбе облысының Қобда ауданы
оқушыларынан екен.
«Сіздің «Мөлдір махаббат» романыңызды оқып шығып, сол
романның басты кейіпкері бар-жоқтығын білуге қызықтық.
Сізден сұрайтынымыз – басты кейіпкер – Бүркіттің қай жерде
және не істейтіндігін біздерге жазып жіберулеріңізді өтінеміз»
– дейді Ташкенттен бір топ оқушылар.
«Сіздің «Мөлдір махаббат» атты романыңызды оқып, қы
зықтығы сондай, оқыған сайын оқығың келе береді. Осы ро
мандағы басты кейіпкерлер Бүркіт Жәутіков, Бәтес Мәмбет
қызы, Еркін Ержанов – осы үшеуінің қазіргі кезде қайда, қан
дай қызмет атқаратындығын білгіміз келеді. Бүркіт келген
соң үйленді ме? Егер үйленген болса, сүйіспеншілігі бұрынғы
Бәтес екеуінікіндей бола алды ма? Бәтес осы кезде Ақпан
Адамбаевпен бір семьяда тұра ма? Олар қайда? Кім болып
қызмет атқарады? Бәтестің Бақытжаны не жұмыста? Бүр
кіт пен Бәтестің арақатынастары қандай? Аласапыран кез
дегі осы үшеуінің кейінгі өмірлерімен танысқымыз келгендік
тен осы хатты жазып отырмыз. Егер тірі болып Отанға
қызмет етіп жүрген болса осы үшеуінің адресін білсек», – дей
ді Шымкент облысы, Сарыағаш ауданынан Дауылов Жүсіп
бек, Әсемов Әмір, Әзімов Жақан, Тәжібаев Құрбан. (1962 ж, 5
сентябрь)».
«Сәбит аға! Неткен жансыз! Неткен адал жазушысыз!
Шек жоқ менің рахметімде. «Мөлдір махаббат» үшін. Сіздің
түгелге дерлік шығармаларыңызды оқығанда осы күнге дейін
«Мөлдір махаббатты» оқымаған неткен оңбаған адаммын?
О-о-о, өмір деген менің түсінігімнен әлдеқайда терең жа
тыр, әлдеқайда күрделі. Осы ұғымды маған сіз үйреттіңіз!
Жауынбай Қайнаров. Алматы. 29 апрель, 1963 жыл.»
«Сізге арнайы хат жазып отыруымда себеп те бар. Әрине,
сол үшін кешіріңіз де кейбір ағат кеткен пікірлер болса.
Атақты «Мөлдір махаббат» кім-кімнің де жүрегін мөлдір
сезімге бөлемейді дейсің?
Айтпақшы, жақында біз сол романның басты кейіпкерінің
бірі – Бәтеспен кездестік. Роман жайындағы кейбір көлеңкелі,
тұйық ой-пікірлерді ортаға салдық. (Ол кісінің қызы бар-ды,
соған келіп кетті ол кісі)», – дейді Бидалбек Қарақұлов Қос
танай облысының Жангелдин ауданының Шипі совхозынан
жазған хатында.
Әрине, біз жазушы шығармасына байланысты жазылған
хаттардың кейбірін ғана келтіріп отырмыз. Әйтпесе, қазақша,
орысша, қырғызша, өзбекше жазылған хаттар жазушыға әрісі
«Адасқандар», берісі «Мөлдір махаббатқа» бүкіл еліміздің әр
қиырынан-ақ келген. Мәселе оқушы хаттарын бастырмалатып
келтіре беруде емес. Оқушы хаттарын араға жылдар салып
қайта жариялап отыруымызда мән бар. Бұл – алдымен ол кезең
оқушыларының көркем шығарманы көп оқитындығының ай
ғағы. Содан кейін оқыған кітаптары жөнінде жазушыға хат жа
зу да үлкен мәдениет белгісі. Бұл – хаттар сонымен бірге жазу
шы С.Мұқановтың аталмыш шығармасының оқушылық ортада
жақсы қабылданғанын көрсетеді. Сондай-ақ оқушылардың де-
ні «Адасқандар» («Мөлдір махаббат») романындағы суреттел
ген жайлар сол қалпында өмірде болған, кейіпкерлері арамызда
тіршілік етіп жүр деп ойлайды екен. Бұған бір жағынан оқу
шының балаң талғамы кінәлі, екінші жағынан жазушының әр
кезде баспасөз арқылы берген жауаптары да септесіп жатыр.
Өйткені жазушы «Адасқандар» романының өмірлік негізі бол
ғанын, кейіпкерлерінің кейбір түптұлғасы өмірде бар екенін
ешқашан жасырып көрген емес. Жазушының осындай пікірін
ағымдағы баспасөзден оқып алған оқушылар – Бәтес бар ма,
Бүркіт жазасын өтеп оралды ма, қазір қайда, – деген секілді
сұрақты жазушыға жаудырып жатады.
Шынтуайтында өмірлік шындықтың өзегімен жазылған
«Адасқандар» немесе «Мөлдір махаббаттың» кейіпкерлері түп
тұлғасының кейінгі тағдырына іштей өзіміз де қызығатыны-
мыз рас қой. Олай болса оқушылардың талап-тілегін теріс
деуге болмайды. Біз енді осы мәселеге аздап аялдай кетуді жөн
көреміз.
Романның басты кейіпкерінің бірі – Бүркіт. Оның түптұлға
сы – Сұлтанбек Әбеуов. Ол істеген қылмысына қарай ауыр жаза
алған жігіт. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырған
да, топ ішінен әлдекім «Тым көп қой, жас бала емес пе?» – деп
қалыпты. «Сонда Сұлтанбенктің дауысы саңқ ете қалды – деп
еске алады сот процесіне қатысқан жазушы жары Мәриям
Мұқанова, – Кісі өлтірдік. Атылмағаныма шүкір. Қалғанын
мойныммен көтеремін. Түк те емес. Мен риза! Рахмет, сот
тың әділ үкіміне! Әйтеуір дегенімді орындап барамын. Соған
ризамын!»
Сұлтанбек кесімді жазасын Қызылордада бастап өтеп, ая-
ғын Қарсақпайда бітірген секілді. Қазақтың көрнекті ақыны
Әбділдә Тәжібаев: «Мен ол кезде Қарсақпайда газет редак
торы едім. Бір күні Сұлтанбек келді арып-ашып. Ол өзі өлең
жазатын, әдебиет адамы боламын деп ойлаған жігіт еді ғой.
Содан біздің үйде жеті күн жатты», – деп еске алады.
Сұлтанбек жөнінде әрқилы мұндай ыстық еске алулар
көп. Ол қазақтың көрнекті ғалымы Қажым Жұмалиевпен де
қашан өле-өлгенше достық қарым-қатынаста өткен. Онымен
Шымкентте шаруашылық техникумында бірге оқыған. Ауызекі
әңгіменің баршасының орнын жазушы архивінен алынған
мына бір эпизод толтырса керек. Сәбит Мұқанов «Адасқандар»
романының аяғына қолымен былай деп жазып қойыпты
уақытында.
«Эпилог сияқты»
Телефонның қатты сылдырлаған дауысымен оянып кетсем,
айсыз, бұлтты түнерген түнде, бөлмем тымық қараңғы екен.
Шошып оянғандай есеңгіреп қаппын, шамның штепселін әрең
дегенде таптым. Телефон үдіксіз қатты шылдырлап тұр.
– Ало!
– Қырық екі он бес пе? (42-15 менің телефон номерім. С.М.)
– Иә!
– Сәбитсіз бе?
– Иә.
– Сізбен Сұлтанбек сөйлесем дейді.
– Әкел!
Сағатқа қарасам, түнгі төрт жарым, таң қараңғысы мез
гіл. Құлақ тосқан телефоннан ышқына дем алған дыбыс ес
тіледі.
– Сәке! – деді осы дыбыс.
– Иә, мен.
– Мен Сұлтанбекпін (Ол сөздерін бөлшектеп әрең айт
ты). Мен туберкулез ем ғой… Қыс ортасынан төсек тарта
жығылғам… қысылып отырмын… Өмірімнің соңғы минутте
рінде… Сізбен… х-х-о-һ-һ-шы!…
«Хош»-тың соңы созбақтала айтылып еркін бітпеген кез-
де, телефонның Сұлтанбек ұстаған трубкасы әлденеге сылқ
етіп түсіп кеткен дыбысы естілді.
– Ало! – дедім үрейленіңкіреп. Бір тың дауыс:
– Сәкеңсіз бе? – деді.
– Иә! Сұлтанбек қайда?
– Үзіліп кетті.
Аяйтын адамның өлімі қандай ауыр! Тұнжырап аз отыр
ғаннан кейін, романның қолжазбасын алып біраз ақтарып
ауыр оймен отырдым.
…1928 жылы Сұлтанбекті сот сегіз жыл абақтыда оты
ру жазасына кесті. Бұл жазадан алты жылда құтылып, 1934
жылы ерік алды. Содан 38-жылға шейін әрбір совет мекеме
лерінде қызмет атқарып, 1938 жылы Алматыдағы екі жыл
дық мұғалімдер институтына оқуға түсті. Оқуды жақсы
оқып жүріп, ол туберкулезбен ауырды. 39-жылы бір жылға
демалыс ап, 40-жылы қайта оқыды. 41-жылға шыға сырқаты
меңдеп, бірнеше ай больницада жатып, одан шыға тынығуға
елі – Торғайға кетті. Содан күз оралып кеп, тағы оқуға түсті.
Ойдағысын орындамай тынбайтын жігіт еді ол.
Ақыры «айналдырған ауру алмай қоймас» дегендей, қуған
сырқат жыққан екен.
Ер еді шіркін!
13-ІІІ-1942 ж, түнгі 5 сағат, 43 м. Алматы. Сәбит». (С.Мұ
қанов архиві, 21-том, 424-425-беттер).
«Адасқандар» романының бір кейіпкерінің түптұлғасының
тағдыры міне осындай! Аянышты. Қызық басталып қайғылы
аяқталған қысқа ғұмыр. Өмірге дарынды болып келіп ел есінде
жүрер елеулі ештеңе бітіре алмай, ойға алған армандарының
бірін де орындай алмай өзімен бірге о дүниеге ала кеткен жан
екен Сұлтанбек!
Романның екінші бір кейіпкері – Бәтес. Бәтестің түптұлғасы
– Бәтима Мақашқызы. Бәтима апай қайғылы кезеңдерден ке
йін есін жиып, өзіне-өзі келіп, Жанахмет Ақпанбетов деген кі
сіге тұрмысқа шығады. Жанахмет Ақпанбетов – өте сабырлы,
байсалды, ептеп әдебиетке әуестігі бар адам болыпты. Кезінде
«Еңбекші қазақ» газетіне шыққан бірсыпыра материалдары
бар. «Мөлдір махаббат» романында жазушы Жанахметті «Ақ
пан» деп алған. Көркем шығарма үшін, әрине, соның өзі дұрыс!
Бәтима апай ұзақ жылдар әр салада қызмет істеген, ұл өсіріп
ұяға, қыз өсіріп қияға қондырған аяулы ана еді. Абзалы бастан
кешкен, көзбен көрген бір жайды әңгімелеп берген жөн болар.
1982 жыл. Шілденің 8-і. Сәбит Мұқановтың мемориалдық
музей-үйі. Азанда ертелеп келдім музейге. Көптен ойды онға
бөліп мазалап жүрген мәселе бар. «Адасқандар» романының
кейіпкері Бәтестің прототипі Бәтима апай Алматыда тұрады
екен деген әңгімені естігелі біраз уақыт. Журналист болып
қызмет істейтін баласын анықтағалы да біраз уақыт. Пайдалы
іске бел шешіп кірісіп талай тілдесіп те бақтым. Ол аналары
ның Солтүстік Қазақстан облысында тұратынын, Алматыға
сирек келетінін айтудан әрі аспады. Барып қайтуға ертеде Бә
тима апаймен қоңсы тұрған, бертінде С.Мұқанов музейінің
директоры болып істеген кісі түрлі себеппен ықылассыз болды.
Енді, міне, таяуда түптұлға ұлымен тағы жолығып, бірсыпыра
әңгімелестім. Алматыға таяу Қапшағай қаласына қоныс ауда
рыпты Бәтитма апай! Ақыры мекен-жайын нақтыладым. Енді
көңілді бір күдік торлайды. Салып ұрып жетіп барғанда, оқиға
басталған «Қызбел» ғана емес, тарихтың талай белінің астында
қалған жастық шағына оралып, Бәтима апай ағынан жарылып
сыр шерте қоя ма? Жазушы жары Мәриям апайды бірге жүру
ге қолқаласам қайтеді? Алматыдан жүз елу шақырым жерге
әуреге түсіп бара қоя ма? Жаман машинамен тырпылдатып
бара қойғанда дұрыс қабылдамай, қарсы алмай жатса – Мә
риям апайға ауыр. Апас-қапас ойдың құйған арнасы – шешіліп
әңгіме айтса оны көрейік, шешілмеген күнде Сәбит Мұқанов
тай жазушының жастар сүйіп оқитын бір шығармасының тағ
дыры қызық кейіпкерімен (түптұлғасымен) кездесіп, көзбен
көрудің өзі бір ғанибет емес пе деген ойға сайды. Осы ойды
темірқазық еткен соң Мәриям апаймен кейіпкер тұратын Қап
шағай қаласына бірге барып қайтуға келіскенмін.
Көп толқып жүріп:
– Апай, Бәтима замандасыңыз Қапшағайда тұрады екен.
«Адасқандардың» жаратылыс тарихын жазып жүр едім, бірге
барып қайтсақ қайтеді? – дегенмін бірде.
– Е, өзің бара бермейсің бе? – деді ол кісі.
– Сізді әуре қылмай-ақ, өзім баруға «танымасты сыйламас»-
тың кері бола ма деп жүрексінемін.
Мәриям апай ойланып отырып:
– Барсам барайын. Бұл да Сәбиттің аты үшін істеліп жатқан
дүние ғой. Ол, әуре боп барғанда, саған сырын айта ма, жоқ
па? – деді. Мен қуанғанымнан өзімді қайда қоярымды білмей
«рахмет! рахмет!» – дей бердім.
Енді музейге ерте келіп Мәриям апайды күтіп отырған жа
йым бар.
Әне-міне дегенше машина да келіп қалды. Қаланы шыр
айналып жүріп машинаға май тауып құйып алдық та, Қап
шағайды бетке ала тартып кеттік. Апайдың жүзіне қарасам
Бәтимамен бірге өткізген жастық шақтарын еске алып отыр
ғандай ойға шомған. Мен де Бәтима апай жайында ой кешіп
келемін. Жолға шығар алдында Жеңіс есімді баласына телефон
шалдым: «–Мәриям апай біл деп еді, апамыз қайда қазір?
Қапшағайда ма?» – деймін апайдың атын жамылып.
– Қапшағайда! Тек қаны тасып, ауруханаға түсіп қалыпты.
Терапия бөлімінде, – дейді ол.
Бәтима апайдың ауруханаға түскенін естігенде менің тіпті
мазам кетті. Ауруханада екенін білсе Мәриям апай да бармауы
мүмкін деп ойладым ғой баяғы. Бара қалғанда сырқат адам бізге
қандай сыр айтпақ? Сөйтіп жүргенде Бәтима апай дүниеден
өтіп кетсе қайттік? Алайда Бәтиманың ауруханада жатқанын
Мәриям апайдан жасырмай айттым.
– Алда пақыр-ай, сырқаттанып қалған екен ғой, – деді
Мәриям апай, – Барып халін біліп қайтайық!
Кейіпкермен (түптұлға) кездесуді көптен күткен мен үшін
апайдың әлгі сөзінен асқан қуаныш жоқ еді.
Енді Мәриям апайдың ойын бөліп, ақырын сыр тартып
қоямын.
– Сізден қалай еді, Бәтима апай? Үлкен бе, әлде кіші ме?
– Үлкен болар. Апай шешілді. – Мен ең алғаш оны Қы
зылордада көрдім. Мұстафаны өлтірген соң Сұлтанбекке сот
болып жатыр еді. Соған, әрине, Бәтима қатысады. Менің бай
қағаным, Бәтима сонда топ-толық, дардай келіншек болатын.
– Бәтима апай сотқа кім болып қатысып отыр?
– Мұстафаның жесірі ретінде. Сотта ол қара жамылып
отырды.
– Одан кейін де әлденеше рет кездескен боларсыз Бәтима
апаймен?
– Е, құдай-ай, әрине! Елге барсақ болды, Сәбит Бәтима мен
Жанахметке кіріп шығайық – дейтін де отыратын. Әрдайым
үйлерінде болып ойнап-күліп, әңгімелесіп, шер тарқатысып
қайтатынбыз.
– Жанахмет кейінгі жолдасы ғой.
– Иә, ол бір мәдениетті, оқыған, әңгімешіл кісі болатын.
Бара қалсақ Сәбит екеуінің әңгімесі бітпейтін. Тіпті бірде өзі
сабақ беретін мектептің оқушылары Бәтесті көреміз деп үй
леріне келгенін де жасырмай қалжыңдап айтқаны бар. Ондай
әңгімелер, әрине, Сәбитке ұнайды. Жаңа кітабы шыққан са
йын арнайы тілек жазып Жақаңа жіберіп тұрды ғой Сәбит.
Ағайын адамдардай болып жақын араласып кеттік. Сәбит қай
тыс болғанда Бәтима баласын ертіп келіп, көңіл айтып шық
ты. Сол жолы соңғы рет көрдім Бәтиманы. Көңілінің оты
өшіп қалғандай көрінді. Бір кезде жаннан асқан сұлу болып
дүниені шайқаған кісіге ұқсамайды. Бір кезде жұрт қызығып,
қан төгісуге баратын ару Бәтиманы сол жолы көре алмадым.
Үстінде кең етек көйлек, аяғында кебіс-мәсі. Ептеп шаршау
секілді көрінді. Жақаң қайтыс болып тұрмыстан шаршап жүр
ген кезі болуы керек, асылы!
Мәриям апай алға көз тігіп жарысып бара жатқан бұйрат
құм, жол жағалай шалғынға қарап ойланып алды бірауық.
Сосын:
– Зады бала да нашар болып тұр ма, әлде келіндерден бе,
қайдам? Әйтпесе Жанахмет Бәтиманы күте білген кісі еді, –
деді.
– Біз қазір жетіп барғанда, Бәтима апай сырын айта қоя ма?
Қалай ойлайсыз? (Әрине бұл сұрақты Мәриям апайды алдын-
ала дайындау үшін де қойып отырмын).
– Ол өзі әңгімені сызылтып, мәнерлеп айтатын кісі. Бірақ
«Адасқандар» жөнінде көп шешілмеуі мүмкін. Бара жатырмыз
ғой. Біртіндеп, баспалап сөйлесіп көреміз де! Оның үстіне мен
келе жатқан соң ұялса да бірдеңе айтар.
Қапшағайдың шалқар теңізі көк айдындалып алдымызда
көз тартып шалқып жатыр. Біртіндеп жақындап келеміз.
– Шіркін, дәурен-ай, – деді Мәрия апай бірауық. – Баяғыда
үш-төрт жазушы семьясы келіп, қона жатып демалушы едік
осы жерлерде. Бір қой сойып алатынбыз. Онда мына ақшағала
үйлер де жоқ. Бәрі де бір күнгідей болмай өтті де кетті.
Қапшағай сұлу қала болып өсіп келеді екен. Алматыдан
шығарда, барған бетте Бәтиманың үйі қайсы? – десек, «Анау
үй», – деп сілтей салардай көрініп еді. Жоқ, олай емес екен.
Қаланың өзі мөлтек аудандарға бөлініп тасталған. Қалтаға қол
салып, кейіпкер үйінің адресі жазылған қағазға үңілуге тура
келеді. Әрине, кейіпкердің ауруханада жатқанын есітіп білдік.
Алайда, алдымен үйіне кіріп шығуды ойлаған едік. Обалы не,
қолымыздағы қағаз бойынша Бәтима апайдың үйін оңай-ақ
тауып алдық. Бірақ, есігі жабық екен. Үйінде кісі жоқ болып
шықты. Біз Бәтима апайды ауруханаға іздеп шықтық.
Медбикеге жағдайымызды айттық.
– Қазір шақырайын! – деді ол сызданып.
Әне-міне дегенше бөлмеден бір қартаң әйел сөйлеп шығып
келе жатты. «Бас ауырады. Жүрсем көзім қарауытады. Құры
сын бұл кәрілік». Жүріп келе жатып, сөйлеп келеді, тағдырына
мұң шағып.
– Әне, Бәтима апаң, – деді Мәриям апай!
Екі апай кездесе кетіп бір-біріне аңтарыла қарады.
– Бәтима-ау, танымадың ба? Мен Мәриям ғой.
Құшақтар айқаса кетті.
Аз уақытта кең залға шықтық. Әңгіме сабақталды.
– Мәриям, сен іздеп келіп ерлік жасадың. Мен сендерді із
дей де алмай қалдым ғой. Қайтерсің.
– Е, іздеп келмей немене?
– Ұмытпапсың. Рахмет, Мәриям! Рахмет!
– Ұмытып не болыпты? Талай тәтті кезді бірге өткіздік қой.
– Айтпа-айтпа! Бәрі де енді көрген түстей. Екеуі де көзде
ріне жас алысты.
Мен ақырын екі апайға ұрлана қарап қоямын. Әрине, қарт
кісіден баяғы Бәтесті іздеймін. Жас шағындағы фотобейнесін
көргенім бар. Сонымен салыстырып қараймын. «Адасқандар»,
«Мөлдір махаббат» романдарын оқығаннан алған әсерім бар.
Оны да көзге елестетіп қоямын. Орамалды желкесіне сырың
қырай тартқаны, бет-ауызын сипалай сөйлейтіні кезіндегі кер
бездік дағдысын аңғартқандай. Тісі түсіп, беті әжімденіп Бә
тима апай қатты қартайған екен. Бәлкім сырқаттың да әсері
бар шығар. Оның үстіне аурухана халаты да кісіні әлсіз етіп
көрсетпей ме? Кезіндегі ару Бәтимадан «сырлы аяқтың сы-
ры кетсе де сыны кетпейді» дегендей әлсіз жұрнақ қана елес-
тейді.
– Бәтима-ау, сені сырқаттанып қалды деп есітіп, шыдай ал
май келгенім ғой, – деп әңгіме сабақтады Мәриям апай.
– Алда көз-көргендік-ай, – дейді Бәтима апай, – Қалай, бала-
шағаң аман ба?
– Шүкір, аман!
– Аман болсын. Мен де дұрыстау едім. Ләйла деген әйел
балам қайтып, содан құлап қалдым. Оңбай құладым.
– Не дейді, ойбай-ау, артының қайырын берсін. Қашан?
– Жыл болды. Қан қысымынан кетті. Әкесі де содан кетіп
еді ғой.
– Мықты бол, Бәтима. Мықты бол!
– Солай болды. Жеңістерге телеграмма келіпті. Олар мені
Алматыға алып келді. Билет алдырып қойыпты. Сол жерде
естідім де талып қалдым. Топырақ салуға бара алмай қалдым.
Енді жылына барсам деп едім, мынау ауруханада жатқан
жайым. Тағы да бара алмайын деп тұрмын.
– Хабарласа алмайтын болдық. Анау Жеңіске шешең Ал
матыға келсе, үйге ертіп кел, қонақ болсын, – деймін әрдайым.
Әйтеуір бір ұстатпайды.
– Ләйлаңыз ба қайтыс болған?
Әңгімеге мен де араласып қалдым. Көңіл айттым. Өйткені
елдестерінен естігенім бар еді. Ләйла есімді бір қызы Торғайда
тұрады дейтін. Тіпті кейбіреулер «баяғы Мұстафадан қалған
көз екен» – деп көйітіп жіберетіндер де бар. Кім білсін? Маған
«Сен оны қайдан білесің?» – дегендей назарын бір төңкеріп
қарады Бәтима апай.
– Иә, сол әйел балам, – деді Бәтима апай. Көзіне жас алып
отыр.
– Елді қимаған едім, – дейді Бәтима апай, – Қанша айтқанда
Жақаңмен бірге тіршілік кешіп тұрған жер. Балаларым қолқа
лап болмады. Жеңісім қайта-қайта барып: «Мама, өзіңнің болса
да денсаулығың жоқ, қасымызға кел!» – деп болмады. Алматы-
ға үй ауыстыратын ешкім шыға қоймады. «Бала соққан кездік-
тің басы жарғақ болады» дегендей, балам бір күні келіп тұр:
«Үйді Николаевкаға айырбастайық. Ол Алматыға жақын. Кейін
қалаға ауыстырып аламыз» – дейді. Қайтейін «болсын» дедім.
Николаевкадан қалаға үй айырбастау тіпті қияметтің қияметі
екен. Содан Қапшағайға ауыстырдым. Сөйтсек Қапшағайдан
да Алматыға үй ауыстыратын ешкім көрінбейді. Қайтейін, өз
қолымды өзім кесейін бе? Тұрып жатырмын. Мұнда өліп қал-
саң да ешкім білмес. Ауылда болса, әйтеуір, өле қалсаң Жа-
қаңның кемпірі қайтыпты деп келіп көмеді ғой. Мұнда танитын
кісі де жоқ. Ендігі жалғыз арманым арғынның бір дуана кемпі-
рі қаңғып жүріп өліп қалыпты демесе болғаны. Балаларым-
ның бірінің қолына жетіп өлсем, шіркін!
– Бәтима, өлуді айтпа. Өлмей тірі қалмаспыз қайсысымыз
да. Бірақ, жазылып, айығып шығуды айт!
– Кімнің өлгісі келеді дейсің? Тек жақсыны да, жаманды да
көрдік. Енді арман жоқ дегенім ғой. Әрі қорқасың да. Әнеугі-
күні осы бөлмеге ес-түсімді білмей жатқанымда алып келді.
Өмір дегенің сол, бір дем бері, бір дем әрі. Е, Жақаңның ар-
қасында жүрдік қой. Енді қадірімізді кім біліп жатыр?
Бәтима апай үздік-создық мұңлы сырын айтып жатты.
– Апай, осы сіздер Москвада да тұрдыңыздар ғой – дедім.
Сөз арасында елеусіздеу, елден естіген әңгімемді дәттетейін
деген оймен. «Мынау қайтеді?» – дегендей Бәтима апай маған
және бір қарап қойды.
– Тұрдық қой. Жақаң Ломоносов атындағы университетте
оқыды. Мен барып, бірге тұрдым.
– Қызмет істедіңіз бе?
– Жоқ. Істегенім жоқ!
Әңгімеге Мәриям апай араласты.
– Бәтима-ау, бұл баланың өзі, қаламының ебі бар бала.
Сүйкейтіні бар. Сенің жайыңды естіген соң бірге барайыншы
деп еріп келді. Бәтесті көруге кім құмар емес дейсің?! Сәбит
жайлы кітап жазып жүр. Сәбит сенің жырыңды жырлап,
жұрттың бәрін саған құмар етіп кетті емес пе?! Әрі бұл балалар
Сәбит жайлы естелік кітабын шығармақшы. Соған сенен ес
телік те сұрай келді.
– Иә, естелік кітабына көзі тірі кейіпкерінің естелік-әңгі
месін де қосқымыз келеді, – дедім мен.
– Сондықтан, Бәтима-ау, бар білгеніңді айтып бергейсің,
әйтеуір. Бұл дүниеге бәріміз де қонақпыз ғой. Ертең бәріміз де
кетеміз. Соңғыға әңгіме қалсын.
– Сәбеңді сонау жиырмасыншы жылдардан білетін болар
сыз? – деймін мен де ұрымтал тұсты пайдаланып.
– Жиырма тоғызыншы, жоқ, жиырма алтыншы жылдан бі
лемін. Осы Жақаңдар бәрі жақсы замандас еді ғой. Қатар оқы
ды ма, қайдам? Сол кезден бастап білем!
– «Адасқандарды» жазарда да кеңескен болар Сізбенен?
– Әңгімелесіп жүрдік қой. Жақаңмен замандас, дос адам еді.
Үйге келгенде, қарнын түртіп «мынаның бәрі материал ма?» –
дейтінмін. Күлетін жарықтық. Москвада да қатысып тұрдық.
– «Адасқандарды» жазарда да бар сырыңызды жасырмай
айттыңыз ба жазушыға?
– Алғашқы кезде бар сырымды айттым дей алмаймын. Қан
ша айтқанда маған да қиын еді ғой. Бірақ, Сәкең кейін шының
ды айтпасаң, шығарма шикі болады деді. Сосын шынымды айт
тым. Жасырғаным жоқ. Кітабыңа пайдалана бер? – дедім.
– Сізге «Адасқандар» қатты ұнай ма, әлде «Мөлдір махаб
бат» па?
– Қалай десем екен? Ол ұнайды, бұл ұнамайды деп жазу
шыға сын бермек қайда бізге? «Адасқандар» деген аттың қо
йылуы Сұлтанбек екеуміздің екі жаққа кетуімізге байланысты
ғой. Әйтпесе, дәл солай болмайды ғой… Бәтима апай қысыла
сөйледі. – Романдағы жаңалықты мәселе, бұратана халықтың
қызының бұлқынып шығып оқуға кетуі ғой, қалғаны кімнің
басында, қай жастың басында жоқ дейсің… Анау жылдары
Жақаңды Қызылордаға жіберген. Аз істеп елге оралды ғой.
Сабақ беріп жүрді мектепте. Оқушылар да қу емес пе?! Сұ
райтын көрінеді:
– «Адасқандардың» кейіпкері Бәтес Қызылжарда тұрады
дейді. Рас па? – деп.
– Рас? – депті Жақаң. Анау көшенің бәленінші үйінде тұ
рады.
Ыдыс-аяқ жақта жүр едім, бір қыз бен бір бала кіріп келгені.
Бір жұмыспен келген болар деген оймен назар аудармадым.
бақсам маған қарайды да, екеуі жымыңдайды кеп. Әлден уа
қытта:
– Апай, біз сізді көрейік деп келген едік, бір нәрсе сұрайық,
– дейді.
– Сұрай қойыңдар!
– «Адасқандардағы» сипатталған жағдай рас па? – дейді,
баламысың деген.
– Рас па, жоқ па? Жазылды ғой әйтеуір. Сондағы оқиға қазір
өз бастарыңда жоқ па? – деп өздеріне қарсы сұрақ қойдым.
Екеуінің беті ду ете қалды. Қып-қызыл болып үйден шыға жө
нелді. Жақаң марқұм:
– Қазан-аяққа көп айналмасайшы, одан да газет-журнал
қарасайшы. Тоқымаңды таста, – дейтін. Сол кісі екеуміз кешкі
киноға бара қалсақ, әлгі қыз бен бала бізді анадайдан көре сала
зытып отырды.
– Оларда да жазық жоқ. Шығармаға қызығады ғой. Расында
да шығарма болған оқиғаға негізделген емес пе? Әрине, ойдан
қосусыз шығарма жазылмайтыны түсінікті.
– Әрине. Дұрыс қой балам! Мұндағы болған оқиға мынау.
Ауылға Балқай Байтоғаев келді. Қазіргі әнші Абайдың әкесі.
Жас келіншегімен. Абай бір-екі жас шамасында.
– Сол келіншегіңіз қазір кейуана болыпты. Қызылордада
тұрады екен. Абайдан естідім.
– Ой, алла-ай, әлі тірі екен-ау, ә?
– Тірі.
– Міне, сол кісі маған Бәтима оқығаның жөн, заман оқуға
айналды – деді.
– Кім жібереді, мені оқуға? – деймін мен.
Олай дейтінім, мен әжемнің бауырында өскенмін. Ерке,
өркөкірек болып өстік қой. Қазір ол көкіректіктен не қалды,
көміліп қалды ғой көкірек. Мені сол әжемнің інісінің баласына
атастырып қойған. Сүйек жаңғырту ғой баяғы.
– Білемін, – деді Балқай. – Алда-жалда оқығың келсе, көрші
ауылда «Қызыл отау» қонып жатыр. Арыз жазып берейін, –
деді. – Тек мықты болуың керек. Кейін еркіңді сұрайды. Сонда
былқылдасаң жарамайды. Ұятқа қаласың.
Мен көндім. Атымнан арыз жазып «Қызыл отауға» жіберсе
керек. «Қызыл отаудың» милициясы, басқасы бәрі бірге жүреді
ол кезде. Мені милициялар келіп алып кетті. Әке-шешем зар
иледі. Әке-шешеме көнбей, милицияларға ілесіп көрші ауылға
келдім. Ұмытпасам Смағұлова дейтін жас келіншек:
– Оқуға баруға ризасың ба? – деді.
– Ризамын!
– Байтоғаев жолдастар Қызылордаға қайтады. Ілестіріп ала
кетеді, – деді ол.
Қайтпасымды білді ғой деймін, артымнан әке-шешем келді
ботадай боздап. Сонда еркелік пе, қатттылық па, жындылық па,
сыртқа шығып жолықсам қалып қоярмын, – деп үйден шықпай
отырып алдым. Жылап-еңіреп олар кетті. Балқайға ілесіп мен
жолға шықтым. Торғайға дейін аяқ көлікпен келіп, поезға
отырып Қызылордаға жеттік.
– Сонда Сізді оқуға кім ертіп апарды? Қалаға тұңғыш келуі
ңіз, өзіңіз таппауыңыз мүмкін. Балқай ертіп апарды ма, әлде...
дедім қипақтап. Олай дейтін себебім Бәтиманы оқуға Мұстафа
ертіп апарған…
– Балқай, – деді Бәтима апай. Сосын оқуға түсуіме Сара
Есова жәрдемдесті. «Әйел теңдігі» журналының редакторы еді.
Сөзге Мәриям апай араласты.
– Сара апаң әбден қартайды. Бір баласы қайтыс болып, тіпті
құлап кетті. Әлі күнге кітапханада қызмет істейді.
– Ой, алла-ай, – деді Бәтима апай, – Мықты кісілер ғой.
Біздің бала күнімізде дардай кісі көрінуші еді. Әлі тірі де… Сол
кісіге де барып жолығып, рахмет айта алмадым-ау…
– Оқуды бітірдіңіз бе, сол жолы?
– Подкурсты ғана бітірдім. Ары қарай оқуға мүмкіндік
болмады. Романда сипатталған жағдайға кезіктік қой…
– Балқай қандай адам еді?
– Жақсы адам еді ғой. Мені оқып, білім алсын деген еді ғой.
– «Еңбекші қазақтан» ол кісінің оқу, оқыту мәселелеріне
арналған көптеген мақалаларын оқыдым.
– Иә, жазатын. Біздің Жақаң да жазатын.
– «Жанымбет» деп қол қоятын ба еді?
– Тап солай, қарағым. Қасыма Жеңісті алып, Қызылордаға
барып, ескі газеттерді ақтарып Жақаңның жазғандарын кө
шіртіп алсам, үйде немере-шөберелер көріп, атамыз осындай
кісі болған екен деп жүрер деп ойлаймын. Бірақ сәті түспей-ақ
қойды.
– Оған бола Қызылордаға барудың қажеті не? Алматыда
Пушкин атындағы кітапханада газет-журналдардың бәрі де
бар. Жеңіс арабша біле ме?
– Білмейді. Өзім білемін ғой. Өзім оқырмын.
– Онда Сәбең жайлы, «Адасқандар» романы жайлы естелік
әңгімелеріңізді қағазға түсіріп берсеңізші.
– Оған шама қайда? Білгенімше Сәбең жайында айтып
берейін. Өзің сырлап қажетіңе жарат. Мен ақырғы рет Сәбеңді
қайтыс боларынан бірер ай бұрын көрдім. Содан Алматыда
ұлымның үйінде біраз жатып, ауылға барғаным сол, радио сұң
қылдап қоя берді. Көңілім суып кетті…
Бәтима апай ойланып қалған. Мәриям апай мұңданып қал
ған. Түс кезі. Медбибі келіп сырқатты ішке шақырғыштайды.
Әңгімеден әр қашарын іш сезді. Мәриям апай жағдайды сезді
де, әңгіме бастады:
– Бәтима, біз енді сенің уақытыңды алмайық. Қазір сыр
қаттаныңқырап қалыпсың. Ауырмауға тырыс. Тез жазыл өзің.
Содан кейін біздің де жас ұлғайды, ұдайы келе беру қиын.
Мен келмегенмен, мына сары балам келеді. Дұрыстап әңгіме
лес. Бәрін де жасырмай айт! Бәтима қазір сен де еркек, мен
де еркек. Жастықта не болса да болды, өтті – кетті. Біздің
ешкімнің алдында да қылмысымыз жоқ. Ол әдірәм қалғырды
о дүниеге алып кеткенде мүйізіміз шығады дейсің бе, Бәтеке!
Баяғы «Адасқандардан» бұл бала ғылым жазып, диссертация
қорғамақ. Сол қорғайтын еңбегіне Сіз болып, біз болып қол
қабыс жасайық. Сонда Сәбиттің әруағы риза болады екеумізге
де, – деді өткір сөйлеп.
Бәтима апай кемсеңдеді:
– Келсін, келсін. Келе ғой қарағым! Несін жасырамыз бұл
сырды? Менің басымнан кешкенім – сол кездегі көп қазақ
қызының басынан кешкені ғой. Сәкең соны сырлап, жақсы
жеткізген ғой, топырағың торқа болғыр? – деді.
Мәриям апаймен сүйісіп қоштасты. Көздеріне жас алысты.
Бәтима апай менің де қолымнан сүйді. Біз қимай қоштастық.
Бәтима апай сол тұрған қалпында тарихтың адамы еді. Жасы
ұлғайған адам тарих тереңінен қарап тұрды бізге! Ал біз болсақ
оның әжім торлаған жүзінен жастық шағының ажарлы сипаты
мен ғазиз сырларын іздеп қарай береміз. «Сырлы аяқтың сыры
кетсе де, сыны кетпейді» дегендей Бәтима апай «Адасқандар»
мен «Мөлдір махаббат» романдарындағы қыз Бәтес болып
сөйлеп қалды. Біз Алматыға оралдық.
Қайта жолығудың, әңгімелесудің сәті түспеді. Тек бір күні
«Бәтима апай қайтыс болыпты» – деген суық хабарды бір-ақ
естідік. Мәриям апай бастап, қоштасуға бардық. Бәтима Мақаш
қызы 1985 жылы шілденің 16-күні көз жұмды. Қазір Алматыда
ұлы, қызы, немере-шөбелері тұрады. Бір ұлы қазақ радиосы
ның журналисі. Жолдасы Жанахмет Ақпанбетов ілгеріде қай
тыс болған. Бар жай осы!
Шығармада «Қызыл отау» соты арқылы басына бостандық
алған Бәтесті Қызылордаға оқуға алып келетін Балқай Байто
ғайұлы бар емес пе? Ол кісі кезінде «Еңбекші қазақ» газетіне
оқу, оқыту проблемаларын көптеп жазып тұрған белсенді тіл
ші еді. Ептеп өлеңмен де әуестенген деседі. Кейін бірыңғай
педагогикалық қызметке көшті. Ақмола қаласында облыстық
оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Жас ұрпаққа
мектепте дәріс берді. Адал еңбегі үшін Ленин орденімен наг
радталды. Баяғы жас келіншегі Дәменмен ажырасып, екінші
рет үйленіп, одан да бала-шаға көріпті. Сәбеңе кездесіп қалған
сәттерде:
– Сәке-ау, мені тамақсау, нансоғар етіп көрсеткенің қалай?
– дейді екен қалжыңдап. Жасында сүйекке сіңген дағдысымен
қартайғанша өлең жазып отырыпты. Абзал адам Балқай Бай
тоғаев 1971 жылы қыркүйекте дүниеден өтті.
Қалғандарының бәрі дерлік жазушының ойдан шығарған
кейіпкерлері. Оларды індете тексеріп жатудың қажеті аз. Айт
қандай Мүсәпір атанған Мұстафа Көшекұлы бар екен ғой.
Мұстафа кезінде жалындап жазып келе жатқан, дарынды әде
биет сыншысы болып қалыптасып келе жатқанын, театр спек
такльдері жөнінде қызықты мақалалар жазғанын замандас
әдебиетшілері, әсіресе Бейсембай Кенжебаев әрдайым айтып
өтті, жазып өтті. Марқұмның қабірі басында (жоғарыда кел
тірілгендей) жазған-сызғандарын жинақ етіп бастырса деген
тілек жүзеге асқан жоқ. Әлі де жүзеге асырса, уақа емес.
Көркем шығарманы оқып, ұнамсыз кейіпкер райында жүрген
жанның өмірдегі түптұлғасын жек көруге болмайды. Тарихта
азды-көпті аты қалған әдебиетшінің бірі – Мұстафа Көшекұлы.
Өз шығармасымен де, С.Мұқановтың атақты «Адасқандар»
романымен де оның тарихта аты қалды.
Уақыт өтіп жатыр. Жиырмасыншы жылдары жазылған
«Адасқандар» зиянды, ұстамсыз кітап ретінде жабылып қал
ды. Оны оқыған жастар қартайды. Бүгінгі жастар оның атын
естігені болмаса, затын білмейді. Міне, сондай күндердің бі
рінде С.Мұқанов 1959 жылы мамырдың 1 күні «Социалистік
Қазақстан» газеті бетінде былай деп лебіз білдірді: «Қазіргі
уақытта баспаға, бұрын «Адасқандар» аталған, ендігі аты
– «Мөлдір махаббат» романын даярлап жатырмын!» Демек,
жазушы жастардың сүйіп оқыған «Адасқандар» атты шығар
масын араға отыз жылдай уақыт салып қайта өңдеуге отыр
ған. Жазушы «Адасқандар» романын неге өңдеді? Шамасы
өңдеуге себеп – тағы да оқушылардың хаттары, ұсыныс-ті
лектері. Қалай өңделді? Романның қалай өңделгенінен жалпы
жұртшылық ептеп құлағдар. Бірақ, терең білмейді. Ептеп ха
бардар болу жеткіліксіз. «Адасқандарды» қайта өңдеуге, те
реңдетіп жөндеуге жазушы елуінші жылдардың аяғында кі
рісті. Елуінші жылдардың аяғы. Бұл – жазушының атақты
«Өмір мектебі» мемуарлық шығармасының үшінші кітабын
жазып жүрген кезі. Бұл – тыңға байланысты «Туған жердің ты
ңында», «Тыңда тұнған байлық» очерк кітаптарын беріп, енді
«Тыңдағы толқындар» романын өндіре жазып жүрген кезі. Бұл
– жазушының 1956 жылы Санкт-Петербургтық орыс жазушы
сы Вера Кетлинская, украин жазушысы Вадим Собко үшеуі
Қытай халық республикасын екі ай аралап келіп, Сәбеңнің
«Алыптың адымдары» аталатын материалы бай, орындалуы
олқы, тұтас табиғаты қызық жолсапарлық очерк кітабын берген
кезі. Қытай жерін аралап, елін көріп, оның өткенін Шоқан Уә
лиханов көзімен безбендеп, бүгінін өзі көріп, оқымысты өмі
рінен роман-трилогия жазамын деп белді бекем буып жүрген
ойланысты-толғанысты шағы. Міне, осындай сәтте жазушы
жастық ғұмырының асыл көзіндей, арымас ескерткішіндей
ыстық көрінетін «Адасқандар» романын қабырғасынан сөгіп
қайта жазуға уақыт тапты. Шығарманың қалай өңделгені жө
нінде әңгіме болғанда алдымен сөзді авторға берген дұрыс-ау.
Ол оқушысына өңделіп, жөнделіп жол тартып бара жатқан
«Мөлдір махаббат» романына «Жазушыдан» деп аталатын
алғысөз қосты. Онда: «Бұл – қазақшасы 1931 және 1935 жыл
дары «Адасқандар» деген атпен, орысша аудармасы 1935 жы
лы «Сын бая» деген атпен басылған роман. Уақытында жұрт
қызыға оқып, қызына пікір таластырған бұл романда, сын
шылардың мақалаларынан, оқушылардың хаттарынан бірта
лай елеулі кемшіліктері бары байқалады. Оларды кезінде тү
зеуге, өркендегіш өміріміздің жаңадан туғызып отырған та
қырыптары қолды босатпады.
Соңғы бір шақтарда бұл романды ізденушілер молайып
кетті, оған бас себеп: кейінгі жылдарда қайта басылмаған
романның базар түгіл кітапханадан да сирек табылуы. Осы
жәйді ескеріп, қол әлі де бос тұрмағанмен, оқушы көпшіліктің
қонымды тілегіне сәйкес, романды біраз өңдеп, тағы да
жариялауға тура келді.
Көркем шығарма – жанды дене сияқты нәрсе екені мәлім.
Дененің бір жеріне түскен титімдей жарақат сыздауын
бойға түгел жаю сияқты, көркем шығарманың да бір жеріне
түртілген қалам, бүкіл денесін түгел қозғайды. Сондықтан да
«түзету» аталатын қармаққа іліккен шығарма, кейде жамап-
жасқаған нәрсе сияқты емес, тыңнан туғызған нәрсе сияқты
болып кетеді.
Бұрын «Адасқандар» енді «Мөлдір махаббат» аталып
отырған бұл шығарма да сондай «операцияға» ұшырады. Ма
териал бұрынғы, негізгі кейіпкерлері бұрынғы бола тұра, си
паттау жағынан роман бірталай өзгеріп, басынан аяғына де-
йін қайтадан жазылып шықты. Бұлай болуға тағы бір бас
ты себеп: ауыр қылмыспен әділ жаза тартқан басты кейіп
кер – Бүркіт тиісті жазасын өтеп шығып, азамат қата
рына қосылғаннан кейін, романды толықтыратын тың ма
териалдар беруі және «Адасқандар» басылғаннан кейін, тағы
бір басты кейіпкер – Бәтестің де толық «естелігі» табылуы.
Аталған өзгерістерге ұшырағаннан кейін, романға бұрынғы
– «Адасқандар» дегеннен гөрі, «Мөлдір махаббат» деген ат
лайық сияқтанды…» (С.Мұқанов «Мөлдір махаббат», А., 1959
ж, 5-6-беттер) – деп жазды автор.
Жазушы осылай деп сыр жарды. Зер салуға тиісті бір мә
селе – роман кейіпкері Бүркіт (түптұлғасы– Сұлтанбек) жазу
шыға тың материал берді ме? Сол секілді екінші кейіпкер Бә
тес (Бәтима) күнделік жүргізген, естелік жазған кісі ме? Бұл
жерде оқушының «Адасқандарды» да, «Мөлдір махаббатты»
да көркем шығарма екенін естен шығармауын сұраймыз. Ой
дан шығарусыз, қоспасыз, типтендірусіз көркем шығарма бол
майтыны және түсінікті. Бірақ бұл «Жазушыдан» аталатын
алғысөз ғой. Алғысөзде жазушы жан сырын бөлісу керек қой
оқушымен. Енді біз де сөзді бұлталаққа салмай, турасына кө
шейік. Біздің ойымызша, кейіпкер түптұлғасы кейін жазушыға
нақты ешқандай күнделік те, естелік те, материал да берген
жоқ. Сұлтанбек тиісті жазасын өтеп болған соң, кейінгі өмірі
жөнінде материал берді деуге «Мөлдір махаббат» романында
Бүркіттің кейінгі өмір жолы қамтылмайды. Кейіпкердің ке
йінгі өмір жолын тәптіштеу көркем шығарма табиғатына сай
келмеген де болар еді. Ал екінші кейіпкер Бәтестің естелігі
табылды дерліктей Бәтима апай күнделік жүргізбепті, естелік
жазбапты. Жазушы архивінде де ондай материал көзге түспеді.
Сонда қалай, жазушы шығарманың алғысөзінде жалған ай
тып отыр ма? Олай болмас. Мәселе одан гөрі тереңіректе жа
тыр. Жазушы кейін де кейіпкерлерінен іргесін ажыратпай
достық қарым-қатынаста қала берген. Жоғарыда келтірілген
материалдардан жазушы мен Сұлтанбектің ара-қатынасы өле-
өлгенше үзілмегенін көрдік қой. Жылдар өте келе 1957 жылы
Сәбит Мұқанов Торғай өңірін аралапты. Қызбелге қызыға,
ерекше бір махаббатпен елжірей қарапты. Сұлтанбектің Жай
лыбай есімді немере інісінің үйінде қонақ болыпты. Оның
Зура есімді жеңгесімен әңгімелесіпті. Әңгімелесіп отырып,
сөз иірімдеріне, ой орамдарына сүйсінген Сәбең: «Сұлтанбек
те осылай шешен сөйлеуші еді, ол ақындықтан да құралақан
болмайтын. Сен де соған тартқан екенсің» – депті. («Кәдімгі
Сәбит Мұқанов», А., 1984 ж, 152-153-беттер). Сұлтанбектің
махаббат драмасы, жеке тағдыры Торғай елінде дастан секілді
болып домбырамен айтылады екен ойын-тойда. Шамасы сол
сапар Сәбит Мұқанов та сол дастанды тыңдап, құлақ құрышын
қандырса керек. Мұның баршасы түсінген кісіге материал емес
пе? Ол аз болса екінші кейіпкер Бәтестің түптұлғасы, жоғарыда
өзі айтқандай, қашан көзі жұмылғанша үй-іші болып Сәбит
Мұқановтың отбасымен туыстық қатынаста жүрді. Жазушы
олардың перзенттері аяғынан тұрып, өмірден өз жолын та
буына, оқуға түсуіне жәрдемдесу арқылы да аз қамқорлық
жасаған жоқ. Демек, кейіпкердің арнайы жазған естелігі, күн
делігі болмағанымен айтылған жайлар, өмірлік қатынас, ұда
йы кездесу, әңгіме-дүкен құру, еске алулардың бәрі білген кі
сіге өлшеусіз материал емес пе?! Міне, Сәбит Мұқановтың
тұспалдап айтып отырғаны – кейіпкер басындағы осы жайлар
еді. «Мөлдір махаббат» күнделік формасында жазылғандықтан
да, жазушы оқушы қабылдауына ыңғайлы болсын деп кейіпкер
күнделігі табылдыға сая баяндап отыр. Шығарма, автор сөзіне
ден қойсақ, осылай өңделген.
«Адасқандар» әуел баста ыстық оқиға ізімен жазылған ыс
тық сезімді шығарма еді. Кейін оқырман хаттары жазушыны
осы шығармасына қайта оралуға мәжбүр еткенін көріп отыр
мыз.
Расында да жастықта жедел жазылып, жап-жақсы даңқ
әкелген шығармасын автор ыстық тартып жақсы көргенімен,
есейген тәжірибе, ұлғайған жаспен қарағанда шеберлік асуы
нан өткен жазушы көңілі олқысына берген. Романның бір жөн
делерін жазушы ертеден сезген. Көңіліне түйген. Бірақ жазушы
«Адасқандарды» қабырғасынан сөгіп, «Мөлдір махаббат» се
кілді әлеуметтік тынысы кең шығармаға айналарын алдын-ала
жете бағамдамаған болатын. Тек, уақыт талабына лайық қайта
өңдеу керек деп білді. «Комсомольская правда» газетіндегі
сынды ескермек болды. Бай баласы ретінде Бүркітке қалыңдау
жағылған қара бояуды өмір шындығына сайып, сейілте сыр
лауды ойлады. Жазушы романды бірден ақ қағаз бетіне жаза
жөндемей, кітап үсті түзету арқылы өңдемек болуының өзі де
осыны көрсетеді. Бірақ шығармаға тереңдей үңіле келе, тү
гелімен қайта жазу керектігін түсінді. Біздіңше, жазушыны
шығармасын күрделі жөндеуге міндеттеген жайлар мыналар:
Бірінші – романның әлеуметтік тынысы. Кейіпкерлер тап-
тық тартысқа түсуі керек болды. Бұрыннан бар бұл жүйе, ен
ді тіпті тереңдей түсетін болды. Тартыс мотивировкасын күш
ейтпек.
Екінші – кейіпкерлердің таптық тегімен бірге адам ретіндегі
психологиясы, жан-дүниесін қазбалай көрсету керек еді. Роман
қабырғасы қайта сөгіліп, кең тынысқа өріс алуында осындай
іргелі мақсат жатыр.
Жазушы әріп түспеген ақ парақпен бетпе-бет келіп отырды.
Отырды да бәрін басынан қайта жаза бастады. Баяғы бала жас
та ойнап-күліп бірге жүрген, қиын сәттерде қиямет араласқан
таныс кейіпкерлерімен қайта жүздесті, қайта сырласты. Қол
мен жазылған роман парақтары күнбе-күн қара «ЗИМ» марка
лы машинамен тасқа басушы Майра Жансаеваға жөнелтіліп
отырды. Майра Жансаеваның хатына қарағанда жазушы ол
күндері күніне бір баспа табаққа дейін шабыттана еңбектенсе
керек. «Адасқандар» материалы негізінде жазылған «Мөлдір
махаббат» романы бас-аяғы бір ай шамасында бітіп, өндіріске
жол тартқан еді.
Шығарма 1935 жылы орыс, 1938 жылы неміс тіліне ауда
рылды. Одан кейін қайта жазылған роман тағы да аударылып,
алыс жақын шет елдің көптеген тілдеріне аударылып жарық
көрді. Романның оқушылық аудиториясы кеңейді. Бүгінгі оқыр
ман әлгіндей сұрақтарды қоймайды. Бүгінгі оқушы «Мөлдір
махаббатты» сызылтып оқып, өз өмір жолына қатысты ой тү
йеді. Шығарманың кең өріске шығуына ықпал еткен адам –
аудармашы болады ғой баяғы. «Адасқандардың алғаш «Сын
бая» деген атпен орыс тіліне аударған Біләл Малдыбаев, ке
зіндегі білімді әдебиетшінің бірі екен, бірсыпыра оқулықтар
жазыпты. Ол 1937 жылдың кесепатына ұшыраған жандардың
бірі. Жазушы С.Мұқановтың архивінде аудармашы тағдырына
қатысты бірсыпыра дерек, хаттар бар. Аудармашының ұрпақ
тары Шымкент облысында тұрса керек. Олег Фролих Москва
әдебиетшісі екен. Ол аударылған шығарманы үстінен жөнде
ген. «Мөлдір махаббаттың» аудармасын жасаған белгілі аудар
машы Алексей Брагин. Ол алғашында «Мөлдір махаббатты»
қысқартып аударып, автордың наразылығына ұшыраған. Кейін
қайта аударып шықты. Қазір қазақ оқырманы ғана емес, орыс
оқырманы қолында да шығарманың толық нұсқасы жүр. Әри
не, аудармасы мен аудармашыларының тағдырын кеңірек қоз
ғау қажет. Ол дербес әңгіменің еншісі.
Біздің бүгінгі айтарымыз – жазушы Сәбит Мұқановтың
алғаш «Адасқандар» аталған романы өмірге осылай келген,
осылай өңделіп, жөнделіп «Мөлдір махаббатқа» айналған. Шы-
ғарманың алғашқы нұсқасын да, кейінгі нұсқасын да өз ке
зеңінің оқушылары қызыға оқыды және қазіргі ұрпақ та сүй
сініп оқып жүр. Жазушының есімін ертеңгі ұрпақпен әрдайым
жүздестіре беретін ғұмырлы шығармасының бірі – «Адас
қандар» («Мөлдір махаббат»). Аталмыш шығарма жас ұрпақ
тың махаббатының шынайы, мөлдір болуына атсалысып, шы
найы сезімдерге тәрбиелей береді!
1988 жыл.
Ескі доспен қайта қауышқандай…
Сәбит Мұқановтың “Адасқандар” романы, алпыс жылдан
асса да, маған күні бүгінгідей ыстық көрінеді де тұрады. Өйтке
ні, романның жазылуына себеп болған оқиғаны (Сұлтанбектің
Мұстафаны өлтіруін) сол күні өз көзімен көрген әкемнен есітіп,
адам өлтіру дегеннің не екенінің анығына жеткендей болғаным
бар.
…1928 жылы Қызылорда облысындағы болыс орталығы –
Тереңөзек қыстағында бастауыш мектептің соңғы класында
оқитынбыз. Өзім “Лениншіл жас” газетінің белсенді тілшісі
мін. Сонымен қоса “Еңбекші қазақ” газетіне де хабар-ошар жа
зып, жұғысып жүрген кезім. Әкем бір күні Қызылордаға барып
келді де, бізге бір суық хабар жеткізді. Айтқаны: “Бүгін қалада
қызға таласқан бір жігіттің бір жігітті қорадан қораға қашса да
қоймай қуып жүріп, ақырында пышақтап өлтіргенін көрдім…”
болды. Ешқайсысының атын да, затын да білмейді, бірақ қай
көшеде, қай қорада болғанына дейін өз көзімен көрген әкем:
“өлген жігіт кәзитте істейді екен дейді, өлтірген – бір байдың
баласы екен” деп естігенін баяндады бізге.
Екі күн өтпей-ақ, қазаға ұшыраған “Еңбекші қазақ” газе
тіндегі Мұстафа Көшеков те, өлтірген бай баласы дегені – Сұл
танбек деген өз бөлесі екені анықталды. Сұлтанбекті таны
маймын да, Мұстафаны болса, редакцияға соққанда ептеп кө
ріп тұратынмын, газет бетіндегі жазғандарының бірін жібер-
мей оқып жүретінмін. Олардың соты да Қызылордада болды,
бірақ оған бастан-аяқ қатыса алмадым.
Осы оқиғаға байланысты, Сәбеңнің жазған “Адасқандар”
романы 1931 жылы (латын алфавитімен) басылып шыққанда
оны жұртпен қатар таласып-тармасып жүріп алып, бас көтер
мей оқығанбыз. Әсіресе көзбен көрген дегендей жағдайдан
пайда болған туынды адамға біртүрлі ыстық көрінеді екен де,
оқиғасы бастан-аяқ қызықты болады екен. Сол кезде әркім
әртүрлі пікір айтты. Өзім де онша ержетіп, сын айтатындай
адам болмағанмен, газетке бір табан жақын болғандықтан ба,
қайдам; “Сәбеңнің кісі өлтіруші бай баласын Бүркіт деп мақ
тап, кедей баласы журналисті Мүсәпір деп кемітуі қалай?” деп
реніш білдірген де жағдайымыз бар еді. Бірақ, біздің онымыз
түсінбестік екен, адамгершілік, махаббат мәселесінде Сәбең
нің ұстаған жолы дұрыс екендігіне көзіміз жеткендей болды.
Роман “Мөлдір махаббат” аталып бірнеше жылдан соң қайта
басылғаннан кейін де, бұрыннан белгілі жәйт болған соң оны
тиіп-қашып жүріп оқығанымызды да жасыра алмаймын. Қа
лайда маған “Адасқандар” романы ыстық көрінеді де тұрады.
Жақында “Алматы ақшамы” газетінде Құлбек Ергөбектің
“Адасқандар” ақиқаты” атты шығармасы басылды. Басқа ха
лықтарды қайдам, қазақ тілінде роман туралы повесть, немесе
повесть туралы роман жазғанды алғаш көруім. Базбіреулер
мұны несіне тәптіштеп қайта жазды деп күстаналауы да ық
тимал. Бірақ, біздіңше бұл бір жаңалық бастама сияқты. Ол –
“Адасқандарды” бастан-аяқ қайталау емес, соны қайта, жаңа
да нақты фактылармен толықтыра түскендей болып көрінеді
өзімізге. Бұл – бар нәрсені көшіре салу емес, соны дамыта түсу
жолында ерінбей-жалықпай, сарсылып ізденудің нәтижесі деп
білдім. Көпшілік жағдай өзіме таныс болғандықтан да шы
ғар, бұл шығармадан көптеген жаңа материалдар кездестірдім.
Роман кейіпкерлерінің соңғы жылдардағы тіршіліктері жа-
йында біраз нәрсені аңғардым. (Бәтимадан туған Ж. есімді
журналист жігітпен біраз жыл бірге қызметтес те болдым).
Повесть оқуға жеңіл, фактілері мол. Әркімнің де қызыға
оқуына, жадынан шыға бастаған жақсы романды қайтадан
еске түсіруіне болатын шығарма. Ол – роман кейіпкерлерінің
туған-туысқандары, көз көрген замандастары ғана емес, қа
зіргі жастардың да қызыға, көңіл қоя оқитын дүниесі деп кү
мілжімей-ақ айта аламыз.
Мәлік Қарақұлов,
Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген
мәдениет қызметкері.
Эстетикалық таным мен тағлым
Адамзат мәдениетінің тарихында эстетикалық діңгек
– біреу ғана болғанымен, тіпті бір тамырдан нәр алып кет
седағы, оның тарам-тарам мәуесіндегі әр халықтың өзіне ға
на тән ерекшеліктері, ашығын айтсақ, өзгеге ұқсамас ырғақ
әуендері мен ой образдарының көркемдіктері бар. Сондықтан
да, жер бетінде өмір сүріп отырған кез-келген халық, осынау
сұлулықтың негізгі діңгегін бетке ұстағанымен, әрқайсысы
өзіне тән эстетикалық танымы мен тағлымдарын жасап
келеді. Міне, ғасырлар бойы осылай ғана жинақталған рухани
байлық, күллі адамзат қауымының мәдениетін байытып,
қана қоймай, оның гүлдене түсіп, ерекше көркеюіне де негіз
болады. Осының айқын айғағындай ағылшын мен немістің,
иә болмаса, жапон мен француз халықтарының өздеріне ғана
тән эстетикалық танымдарын ешуақытта бір-бірімен ша
тастыру мүмкін емес. Өйткені, әрбір халықтың эстетика
лық танымы оның халықтық психологиясы мен жаратылы
сындағы тұрмыс салт-дәстүрлеріне тікелей байланысты.
Олай болса, халық болып құралу жолында неше ықылым
замандарды басынан кешкен қазақ халқы да тіршіліктегі сұлу
лық пен көркемдік атаулыны өзінше қабылдап, өзгеге ұқсамас
өзгешелеу ой түйетіндігін түсінетін мезгіл жетті. Мұның өзі –
диалектикалық заңдылық. Әр халықтың осындай өзіне ғана тән
қасиеттерінің арқасында ғана біздер айналамыздағы табиғат
тылсымдарының мың-сан қырларын ашып, бүкіладамдық та
нымдарымызды байытып отырмыз. Сөйтіп, бір халық аңғара
алмаған табиғат құбылыстарын, екінші халық ерекше мән-
мағынасымен ашып отырады екен. Сондықтан да, қатар отыр
ған халықтардың бір-бірінен тәлім алулары, тәжірибе алмасу
лары ауадай қажет. «Адамның күні – адаммен», – деп халқымыз
көп нәрсені біліп айтса керек. Осылай дей тұрсақ та, тіршілік
тің сан-алуан қырларын танып білуде әр халық барынша еркін,
өзінің ұлттық ерекшеліктерін өзгемен үндестіре дамытқандары
жөн. Бірақ, адамзат дамуының осынау бір табиғи заңдылық
тары үнемі бұзылумен келді. Өйткені осы уақытқа дейін бір
халықтың екінші халыққа күш көрсету саясаты тежеліп көрген
емес. Осының салдарынан бостандыққа зорлықпен көніп, өз
бостандықтарынан айрылған халықтар үнемі кемдікте ғұмыр
кешті. Еріксіз еліктеушілік пен ой көшірмелерінің рухани тұт
қындығын бастарынан өткерді.
Адам тіршілігінде саясат ерекше мәнге ие болып отыр
ған сәтте, республикамызда күнделікті шығып жататын басы
лымдарға да ақиқатқа сүйенген батыл қадамдар мен жаңаша
эстетикалық таным аса қажет. Қазақ тілінде шығатын біраз
басылымдардың өмірге келгені де қуантады. Бірақ мұның өзі
де біздерді толық қанағаттандыра алмайтындығы анық. Себебі,
ғасырлар бойы халқымызды дәстүрі мен салтынан, тілі мен
дінінен, ой өрнектері мен зердесінен ажыратуға тырысқан,
үстемдік етудің небір қанқұйлы саясаты – халқымыздың жан-
дүниесін таттандырып, көкірек көзін көрбілтелеп кетті. Олар
дың үстемдіктің үрдісімен жеткен «жетістіктері» де аз емес.
Осындай мақсаттардың салдарындай болып көрінетін, қазақ
халқының қырық процентінің өз мәдениеті мен тіліне үрке
қарап отырған бөлегі, адамзат тарихындағы құбыжық құбы
лыстардың қатарына жатса керек. Ендеше, осыншама тамыр
жайып отырған көркеуделіктен құтылудың жолы бар ма?..
Иә, адам көкірегінің тұңғиығына, оның қатпар-қатпар қа
раңғы бұрыштарына, ешуақытта күн сәулесінің нұры жетпек
емес. Көкірек түнегін нұрландырар тек өнер сәулесі ғана екені
белгілі. Ендеше, бүгінгі таңдағы ана тілімізде шығып жатқан
газет-журналдарымыздағы материалдар оқырмандарының ме
рейін барынша көтеретін шыншыл да ойлы болғаны жөн. Өт
кен күндердің зауалындай көкірегімізді тұмшалаған қараңғы
лықты тек ақиқат сөз сәулесі ғана жарықтандыра алмақ. Қазір
гі кездегі басылымдардың дәреже қуаттарына көз жіберсек,
олардың бұрынғыдан әлдеқайда шыншыл да ойшыл екені рас.
Бірақ төрт құбыласы сай болып тұр деуден де аулақпыз. Әлі
де жалтақтықтан арыла алмай жүргендері аз емес. Әйтпесе
де, «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Алматы ақшамы» атты ба
сылымдарды халықтың сүйіп оқитындықтарын айтуымыз ке
рек. Мәселен, мысал келтіре отырып сөйлесек, «Алматы ақ
шамы» газетінде еңбектері жарияланған бір автордың өзгеге
ұқсамай, өзінше толғанып, жаңаша танымға лайық тәсілдер
байқатқанын қуана қостағымыз келеді. «Жақсы лепес – жарым
ырыс» демекші, жүрекке қонымды еңбекке іштей риза болып
қана қоймай, қысқаша азды-көпті пікірімізді білдіргенді жөн
көрдік. Бұл еңбектердің авторы – әдебиеттану саласында тұ
рақты қызмет етіп жүрген, әділдікке, азаматтыққа жаны құштар
сыншымыз Құлбек Ергөбек еді.
Оның «Адасқандар» ақиқаты» (роман туралы повесть) ат
ты аса қызықты зерттеу еңбегі газеттің оншақты санында ба
сылды. Құлбек атақты жазушымыз Сәбит Мұқановтың осы
романындағы өмірлік материалдарды қалай жинап, қандай қа
лыпта пайдаланғанын нақты деректермен сабақтастыра отырып
қыры мен сырын ашуға тырысады. Ол өзі талдап отырған көр
кем шығарманы да, оның шикізаты болған өмірлік уақиғалар
ды да жақсы білгендіктен, жазушының ішкі лабораториясына
еркін еніп, терең меңгергендігі анық байқалады. Зерттеуші
Құлбек, болған уақиғаның желісі мен көркем шығарманың
құрылысын бейне құмалақшыдай орын-орындарына қойып,
халықтық психология мен дәстүр-салттардың ерекшеліктерін
қабыстыра пайдаланып, өте шыншыл да нанымды эстетикалық
таным байқатқан. Зерттеуші ғылыми тәсілді барынша дұрыс
пайдаланғандықтан, өте үлкен үрдістерге қол жеткізгені көрі
ніп-ақ тұр. Бұл Құлбек Ергөбектің зерттеушілік майданындағы
жаңа табысы ғана емес, сонымен бірге оның көркемдік та
нымдағы жаңа биігінің алғашқы баспалдақтары ғой деп ерек
ше қуанғымыз келеді. Осы еңбектің толып жатқан жақсы қа
сиеттерінің бірін ғана атап айтсақ, ол – жазушылық жолға
талпынған жас қаламгерлерге де өзінің мархабатты мейірімімен
қол ұшын беру екені сөзсіз.
Құлбектің осы «Алматы ақшамында» жарияланған екінші
еңбегі «Тал бесіктен – жер бесікке дейін» (бір өлең туралы)
делініпті. Бұл оның эстетикалық танымының тереңдей түске
нін аңғартады. Логикалық жүйесі мен ізденіс тәсілдері бір
болғандықтан, зерттеліп отырған еңбектер бірін-бірі іштей де,
сырттай толықтырып отырғанын көрмеу мүмкін емес. Оның
үстіне ол екінші еңбегінде өлеңнің ішкі құрылыстары мен
полифониялық талпыныстарын дәл басып, ақынның өзгеге
ұқсамас өзінше даралана алған ерекшеліктерін айпарадай
етіп көрсете алған. Дарынды ақынымыз Мұқағалидың бір
ғана өлеңін талдау арқылы, оның творчестволық табысы
мен ақындық құпиясын ашып беріп отыр. Бұл айтқанға оңай
болғанымен, шын мәнінде, эстетикалық танымдағы аса үлкен
шеберлік деуге болады. Жүрекке қонымды мұндай үрдіс
жетістіктерді, тек ұлттық мінез-құлық пен психологияға сүйене
білген, халықтың өзіне ғана тән көркемдік танымы жасай алса
керек-ті. Құлбек бес шумақтан тұратын бір өлеңнің басталу
сәтінен, оның қалай шарықтай биіктеп, немен түйінделгенін өзі
қолданып отырған әдісінің арқасында жан-жақты аша білген.
Міне бұл еліктеушіліктен аулақ жағадай, жалтаң сын ғана емес,
өмір құбылыстарының көркемделген бейнесінен шығатын
нағыз ұлттық эстетикалық таным дегіміз келеді.
Жас ғалым осы бағытынан таймаса екен. Дамыта түсіп, да
рыта берер деп сенеміз. Бұл игі бастаманы соңыра белгілі ақын
М.Әлімбаев жақсы жалғастырды.
Біздің мақсат – жарқ етіп көрінген жақсы құбылысқа көп
шіліктің көңілін аударып, көкейімізге оралған азды-көпті пікі
рімізді қалың қауымның назарына ұсыну еді. Егер оқырман
ретінде айтылған бұл пікір, әдебиеттану өлкесінде еңбек етіп
жүрген азаматтарымызға ой салып, жан-жақты ғылыми не
гізде пікір жалғастырса, тіпті жақсы болары хақ. Қалай бол
ғанда да халқымыздың эстетикалық танымы мен тағлымын
еліктеушіліктен арылтып, өзінше ойлау мен өзінше көруге тәр
биелеуіміз қажет-ақ.
Советхан ҒАББАСҰЛЫ,
жазушы, медицина ғылымдарының кандидаты
Тағы да «Адасқандар» ақиқаты
«Алматы ақшамы» газетінің биылғы сәуір мен мамыр ара
лығындағы он екі нөмірінде менің «Адасқандар ақиқаты»
аталатын деректі туындым жарық көрді. Іле ол шығарма жөнін
де қарт журналист Мәлік Қарақұловтың «Ескі доспен қайта
қауышқандай…» (№ 128 (578) маусымның 4-і), дәрігер-жазушы
Советхан Ғаббасовтың «Эстетикалық таным мен тағлым» (№
198 (648) тамыздың 28-і 1990 ж) аталатын мақалалары жария
ланды. Туындыға ілтипат білдірген кісілер де көп болды. Сер
гек көңіл оқырмандардың кейбірі авторға, кейбірі газет редак
циясына хат жолдап жатты. Сондай хаттардың бір парасын қо
лыма ұстатып «біздің газет бетінде жауап берсеңіз» деп редак
ция қызметкерлері де қолқа салды. Оқырман хаттарына газет
бетінде жауап беруге итермелеген және бір жағдай туып қал
ды. Жасырып, жауып жататын не бар. Төтесін айтқанда атақ
ты «Адасқандар» романының кейіпкері Бүркіттің түптұлғасы
Сұлтанбек Әбеуовтың түрмеде жүріп жазған бір дәптер өлеңі
қолыма түсіп, қуаныштан жүрегім жарылғалы жүр. Ал, енді
қалай редакция өтінішіне құлақ аспайсың? Қалай ғана газет
оқырмандарына тағы да бір қайырылып, жүрек қырындысына
дейін ақтарып ортаға тастамайсың?
«Адасқандар» ақиқатынан» қолжазбамен таныспай жатып
тартынған, «роман туралы повесть» деген жанрлық атауын
тосырқаған басылымдардың да болғанын жол-жөнекей айта
кетейікші. Кезінде шығарманың жанрлық атауына менің де
күдіктенген сәттерім аз болмады. Енді байқасам оқырман шы
ғарманың жанрлық атауын қызық көріп, жаңалық тұтып қа
былдапты. Оқырман хаттарының айтар бір байламы осы. («Бас
қа халықтарды қайдам, қазақ тілінде роман туралы повесть
жазылғанды алғаш көруім. …Біздіңше, бұл бір жаңалық, бас
тама сияқты» деген Мәлік Қарақұлов пікірін де осы сәт еске
аламыз).
Жанр дегеннен шығады, дүниеде қатып қалған ештеңе
жоқ. Өнер дүниесі дегеніңіз де өзгермелі. Әдебиет пен өнер
құбылыстарын қалыпқа сала бергеннен де ештеңе ұтпасақ ке
рек. Әсіресе, әдебиеттану, зерттеу еңбектерінің бірсарынды
көрінетін себебі де қалыпты ойлап, қалыпты жазудан-ау, осы.
Ал, әлемдік әдебиеттану, зерттеу еңбектеріне зер салсақ алу
ан формалы. Алуан формалы болғандықтан да қызықты. Юрий
Тынянов, Андре Моруа, Виктор Шкловский, Ираклий Анд
ронников, Леонид Гроссман, Войтех Замаровский, Пэт Род
жерс, Николай Раевский (тізімді соза түсуге болады). …Осы
лардың қай-қайсысы да әдеби сын, зерттеулердің формасын
түрлендіріп, оны деректі, деректі-көркем проза дәрежесіне кө
тере еңбектенген әдебиетшілер. Жиһан оқырмандары олардың
еңбектерін зор сүйіспеншілікпен оқиды. Жатырқаған ешкім
байқалмайды. Демек, түрлі ізденіс айып емес. Кейде сәтті шы
ғар, кейде сәтсіз шығар, қалай болғанда да ізденіп көрген абзал.
«Адасқандар» ақиқаты» да осындай талаптан туды. Жоғарыда
аталған шетел одақ, әйтпесе қазақ әдебиетшілерінің нақты бір
еңбегіне еліктегеннен гөрі архив материалдары, «кейіпкер»
әңгімелері еріктен тыс билеп алып кетті десек шындыққа жа
насар.
«Адасқандар» ақиқатын» газеттен оқып көл-көсір тілегін
білдірген оқырмандарға бір жайды баса айтқымыз келеді. Шы
ғарма күрделі өмір кешіп өткен жазушы Сәбит Мұқановтың
«Адасқандар» аталатын атақты романының туу тарихы, қа
ламгер шеберханасы, кейіпкерлерінің түптұлғаларының тағ
дыры жөнінде. Демек, бұл «Адасқандар» романына орай ту
ған, сонымен сабақтас, соған сүйене отырып, зерттей жүріп
жазылған шығарма. «Адасқандар» ақиқаты» бар жетістігі
үшін «Адасқандарға» қарыздар, соған тәуелді. Мұны повесть
оқырмандарының әсте естен шығармағаны абзал. Оқырмандар
бұл жайды естен шығармаған да секілді. Өйткені, олар повесть
жайында хат жазып отырып, Сәбеңнің баяғы «Адасқандар» ро
манын қайталанбас бір сағынышпен еске алады. «Адасқандар»
романын алғаш қалай қолға түсіріп, қалай оқығанын сыр қы-
лып айтады. Сондай оқырманның бірі – Торғай облысы, Жан
гелдин ауданы, «Еңбек» совхозының тұрғыны – Қорған Әмір
хамзин.
«Осы мақаланы жазуыма осыдан жарты ғасыр бұрынғы
бір оқиға себепші болды», – деп бастайды ол «Адасқандар»
ақиқаты» туралы повесті оқығаннан кейін» аталатын хатын.
Хатын мақала райында жазған сыңайы бар. Одан әрі 1940 жы
лы Сәбит Мұқановтың «Адасқандарын» түсі суық Хасенов
деген колхоз есепшісінен қалай ат-түйедей қалап сұрап ал
ғанын баяндайды. Алғашқы «Адасқандарды» қызығып оқы
ғанын, кейінгі өңделген нұсқасы «Мөлдір махаббатты» қа
былдай қоймағанын да жасырмайды. «Романның басты ке
йіпкерлеріне, ондағы әсем Қызбел көріністеріне берілгенім
сонша, «Адасқандарды» бірнеше рет ауылдың кемпір-шалда
рына да оқып бердім», – дейді ол. Хат иесінің пікірімен айт
қанда «осы роман жөнінде бірінші рет тарихи повесть жазған
Құлбек Ергөбековке рахмет, алғысын айта отырып, «Адасқан
Сұлтанбек, опасыз Бәтима» дастанының (С.Әбеуовтің дастаны)
есінде қалған бірнеше шумағын қоса жолдайды.
Ал, Шевченко қаласынан хат жолдаған мұғалима Лида
Қорғанбекова «Егер де Алматы қаласында тұратын Тұрар
ағам болмаса, мен мұндай шығарманы оқи алмас та едім.
Себебі, «Алматы ақшамы», алматылықтар игілігінде ғой», –
дейді. Демек, ағасы «Алматы ақшамын» жинап, қарындасына
жіберген. «Менің осындай әдіспен алған шығармам қазір өз
жолдастарымда, қолдан қолға тимей жүр» – дейді ол. (Сә
беңше жақша ішінде айтсақ «Алматы ақшамы» газетіне оқыр
ман ықыласына орай барлық облыстағы халықтардың қала
уынша жазылуына ерік беру жөн секілді. Азар болса бірер күн
кешігіп республикалық газеттермен бірге барар).
«Өткен жылы жарық көрген Қ.Ергөбековтің «Сәбит Мұ
қанов» деп аталатын жоғары класс оқушыларына арнал
ған кітапшасын қанағат етіп отырғанымызда мына шығар
ма одан да асып түсті. «Адасқандар» ақиқатың тақыры
бымен, мазмұнымен өз оқырманын тәнті еткен шығарма деп
бағалаймын… Автордың ерінбей-жалықпай жазылған осы ең-
бегін, әрі басқаға ұқсамайтын жұмыс стилін бағалауымыз
керек сияқты», – деп жалғасады мұғалима Лида Қорғанбеко
ваның пікірі.
Автор үшін мейлінше пайдалы әрі қызықты хаттың бірі
Рудный қаласының тұрғыны Әулиехан Кәкімжанов ағайдың
хаты. Аталмыш хаттың қызықты (әрі пайдалы) болатын себебі
ол кезінде «Адасқандар» романының кейіпкерлерімен туыстық
қатынаста қатар жүріпті. Тіршіліктегі аралас-құраластық
негізінде «Адасқандар» кейіпкерлері жөнінде бірсыпыра құнды
мәліметтер келтіреді. Ал, біздің жаза басып жаңылыс кеткен
жерімізді жанашырлықпен сынап, құдайшылығын айтады.
Бізге, әсіресе, хат иесінің мынадай пікірлері ұнады:
«Байтоғаев Балқай менің қайнағам еді. «Адасқандарды»
қайта өңдеп, «Мөлдір махаббат» деген атпен жазарда Сәбең
Балқаймен әңгімелескен еді. Бұл кісі Ақмолада, облыстық оқу
бөлімінде қызмет жасайтын. Романдағы Қызбелді сол кісінің
айтуымен суреттеген еді. Өйткені, Сәбең бұл жерге бұрын
келген емес. 1957 жылы Торғайға келгенімен, Қызбелде болма
ған. Сәбең Қызбелде алғаш рет 1973 жылы Торғай облысына
келгенде болған еді. Ол кезде мен Арқалықта қызметтемін.
Сонда Сәбеңнің «мен роман жазғанмен, Қызбелде бұл бірінші
болуым» дегенін өз аузынан естіген едім.
…Екеуі құрдас еді. Және Орынборда бірге оқыған. «Мені
неге қомағай, тамақсау етіп жаздың?» дегенімде Сәбит күлді
де қойдың дейтұғын.
…Балқай Сәбеңдермен ҚазАПП-ты ұйымдастырушылар
дың бірі болған.
…Балқай 1971 жылы қыркүйек айында қайтыс болды.
(«Қазақстан мұғалімінде» 23.09.71 ж. некролог басылды). Сіз
дің кейбір деректеріңізді анықтауыңызға болады. Өйткені, бұл
жөнінде шамалы қателіктер бар.
…Сіз Мұстафаны ажарсыздау жігіт еді дейсіз. Мен Бал
қаймен екеуінің суретін көрдім. Онда Мұстафа қыр мұрынды,
қою қара шашты әжептеуір мүсінді жігіт еді. Бәкеңнің ай
туы да солай болатын.
Қызбелден Бәтиманың ата-анасы қумасын деп кешке қарай
Мұстафа үшеуі салт атпен кеткен еді дегенді айтушы еді.
Олар сол бойымен Шалқардан поезға отырып Қызылордаға
барған.
Бәтиманың Сұлтанбекке тұрмысқа шығуына ата-анасы
ның қарсы болған себебі, ол екеуі де Арғын руының Өтей тар
мағынан болатын. Олардың аталас жақындығы тағы бар еді.
Ал, Мұстафа Арғынның Шынболат руынан еді. Бұлар қоныс
тас болғанымен қыз алысатын рулар болатын.
Балқайдың жас қалған қызы Алдантайды мен тәрбиелеп
өсірдім. Арқалық пединститутын бітірген жылы тұрмысқа
шығарып, енші беріп үй еттім. Қазір сол Арқалықта тұрады.
Пединститут музейіне көптеген деректер жинап табыс ет
ті».
Недәуір көлемді хаттан, міне осындай, бірсыпыра ойлар
ды іріктеп алып, оқушыға ұсынып отырмыз. Байқап отыр
саңыз, хат иесі «Адасқандар» романының бір кейіпкері түп
тұлғасы Балқай Байтоғаевтың өмірі мен үрім-бұтағынан бір
сыпыра дерек береді. Алда (осы шолуды оқыса). Алдантай
«Адасқандарға», оның бір кейіпкері әкесі – Балқайға қатысты
көп-көп дерек тауып жібере ме деген үміттеміз. Сол көп ма
териалдың арасында Мұстафаның әкесімен бірге түскен фо
тосуреті жүрсе қандай ғанибет. «Адасқандар» романында Мү
сәпір болып бейнеленген әдебиет сыншысы, қаламы жүйрік
журналист өмірінен біз көп дерек біле бермейміз. Суреті де
сақталмапты. Профессор Бейсембай Кенжебаев екеуі бірге түс
кен сурет бар дегенді есітіп, іздестіріп жүрміз. Бірақ, әл-әзір
қолымызға түспей тұр. Демек, Алдантай бола ма, әйтпесе өзге
көз көргендер ме, әйтеуір Мұстафаға (басқа кейіпкерлерге де)
қатысты дерек көзін айтса, қол ұшын берсе алдын-ала алғыс
айтамыз.
Сөз басында «Адасқандар» романының бас кейіпкері Бүр
кіттің түптұлғасы болып саналатын Сұлтанбектің поэмасы
табылды дедік. Ақиқаты сол, ұмыт болып бара жатқан ғашық
тық дастаны, жарық дүниеден азаптан өзге дым көрмей өкі
ніште өткен Сұлтанбек Әбеуовтің артында қалған жалғыз
жәдігерлік әлі жоғалмапты. Қолымызға түсті. Енді қайта жаң
ғыртатын шығармыз, асылы, қайталап айтсақ, «Адасқан Сұл
танбек», «Опасыз Бәтима» дастанының екі нұсқасы түсіп отыр
қолымызға. Бірі-жоғарыда айтқан Қорған Әмірхамзин, екіншісі
– торғайлық Өзбек Қалиханов арқылы келіп жетті. Қорған
қарияның хатпен жолдаған дастан нұсқасы қысқа. Жасында
жаттаған дастанның есінде қалған жұрнағы ғой. Ал, Алматыға
арнайы келіп, көшірме дәптерін тапсырған Өзбек Қалиханов
нұсқасы мейлінше толық, барынша кең. Алайда, бұл да толық
болмаса керек.
Сонда қалай, алдымызда жатқан «Адасқан Сұлтанбек»,
«Опасыз Бәтима» – әуел баста Сұлтанбектің өз қолымен жазған
дастаны ма? Ол дастанды қашан, қандай жағдайда жүріп жаз
ған? Дастан бүгінге дейін қалай келіп жетті? Ойланған кісіге
осы секілді жауап тілеген сұрақтар көп-ақ.
Сұрақтарға жауап беру үшін мына бір жайды еске алайық
шы. Жазушы Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» («Мөлдір ма
хаббат») романы кейіпкерлері Бәтес пен Бүркіттің күнделіктік
формасында баяндалмайтын ба еді?! Жазушы мемуарлық фор
маны (күнделік) неге таңдады? Шамасы, Сұлтанбек Бәтимадан
айрылған соң күнделік жүргізген. Отты жігіт күнделікті жа
зып отырған болуы да мүмкін. Сәбит Мұқановтың романды
кейіпкерлер күнделігі жүрген. Сәбит Мұқановтың романында
кейіпкерлер күнделігі (дәптер) формасында жазуына осы жай
лар себеп болған секілді. Алайда, «Адасқан Сұлтанбек, опасыз
Бәтима» дастаны сол әуел бастан қазіргі қолда бар күйінде туа
қалмаса керек. Оны желілі дастан етіп Сұлтанбек түрмеге түс
кен соң, яки жазасын өтеп жүріп қайта өңдеп, толықтырып
жазса керек. Олай дейтініміз, дастанда Сұлтанбектің Мұстафа
ны (Мүсәпір) өлтіруі, сөйтіп, істі болуы, түрмеде бастан кеш
кен жайлар толық сипатталған. Демек, дастанның алғаш ізі
Сұлтанбек абақтыға түскенге дейін салынған да шығар. Ал,
дайын формасында толық жазылып, аяқталуы кейіпкердің түр
меде жазасын өтеп жүрген кезіне сай келеді. Содан елдес, жер
лес, жанашыр ағайындар арқылы дастан ел ішіне жеткен. Бір
ғажабы дастан ел ішіне кең тарапты. Торғайда, әсіресе Қызбел
маңында жұрт шілдехана, ойын-тойда «Адасқан Сұлтанбек,
бақытсыз Бәтима» дастанын домбыраға қосып жиі айтады
екен. Әсіресе, Төнтер деген кісі бабына келтіріп әдемі айтып
жүріпті.
Оқырман хаттарына ден қоялық. «Сұлтанбектің (Бүркіт
тің) Бәтимаға (Бәтеске) шығарған өлеңі өз алдына бір ұзақ
поэма болатын, бала кезімде ағаларымның айтып жүргенін
талай естіген едім» (Әулиехан Кәкімжановтың хатынан).
«Мен 17-18-ге келген балаң жігітпін. Күндізгі ауыр жұ
мыстан кешке қарай қол босай сала, қолға түскен кітаптарды
сықсима май шаммен оқып шығамыз. Сондай бір сәтте қолыма
латын әрпімен, тор көз дәптерге иректете жазылған «Адасқан
Сұлтанбек, опасыз Бәтима» деген өлең түсті. Өлең толтырыл
ған тетрадтың сыртқы беті жырым-жырым, кей жерлері көрініп
тұр. Поэманы 2-3 оқығаннан кейін көп жерлері ойша жатта-
лып та жатыр. Әрине, арада өткен 46 жыл көбін ұмыттырып-
ты. Енді есімде қалғаны мынау». (Қорған Әмірхамзиннің ха
тынан).
Хат жолдаушы оқырман қауым кейіпкердің «Адасқан Сұл
танбек, опасыз Бәтима» дастанына міне, осындай жағдайда
жолыққан. Торғай өңірінде бұл дастанды әлі күнге жатқа біле
тіндер бар.
Міне, оқырман, «Адасқандар» ақиқатына» байланысты ай
тылар ойды кемерлеп те келеміз. Оқырманмен сырласуға се
бепкер болған «Алматы ақшамы» газетіне алғыс. «Алматы ақ
шамы» газетінен «Адасқандар» ақиқатын» оқи салып хат жол
даған оқырмандарға алғыс.
Алдымен кейіпкердің «Адасқан Сұлтанбек, опасыз Бәтима»
дастанын газетте жариялатпақ ойдамын. Содан кейін жиналған
қосымша деректер, материалдар, оқырман хаттарын бетке ала
«Адасқандар» ақиқатын» қайта жазып, жеке кітап етіп шығар
сам деймін. Бұл жазушы Сәбит Мұқанов рухына тағзым ету,
жазушының кезінде оқырман сүйіп оқыған «Адасқандар» рома
нының кейіпкерлері рухын ояту болар, асылы! Естіген, көрген,
білген жайларды айтып қолқабыс етушілерге алдын-ала тағы
алғыс!
1990 ж.
МАЗМҰНЫ Дарасөз.................................................................... 3 Қайран да, қайран Бейсекең!...............................................................6 Бас басылымның 1937 жылғы бас редакторы ............................... 21 Коммунист Сәбит Мұқановтың ұлтшылдығы................................ 61 Қайран қазақ қыздары! .....................................................................82 Дана бейіл – аяулы ана!...................................................................103 Дүние бір қисық жол бұраңдаған...................................................143 Өзбек өз ағам....................................................................................175 Туыстықты ту еткендер...................................................................186 «Анадан егіз туған сыңарым...»......................................................197 «Алыс көкжиектерді аңсаймын» немесе Шыңғыс Айтматовпен сабақтас тағдырлар ................................. 209 Тау мен даланы туыстырған…........................................................222 «Әуеннен» басталған достық әуені................................................237 Қажымұқанның хаты.......................................................................252 Карпат саздары ................................................................................266 Кешір мені, әке әруағы!...................................................................279 Кітапқұмар жазбалар.......................................................................287 Көз бен сөз .......................................................................................296 «Адасқандар» ақиқаты....................................................................303
Құлбек ЕРГӨБЕК
Редакторы Нұрмахан Оразбек
Суретшісі Бейсен Серікбай
Компьютерде беттеген Румилям Жарипова
ИБ № 184
Басуға 20.04.15. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32
Офсеттік қағаз. Шартты баспа табағы 20,0.
Есептік баспа табағы 24,0. Таралымы
мемлекеттік тапсырыс есебінен 2000 + баспа есебінен 60,
Барлығы 2060 дана. Тапсырыс № 420.
ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
050046, Алматы қаласы, Прокофьев көшесі, 226/1.
Тел./факс: (8-727) 392-94-18. E-maіl: іdkz@maіl.ru
ЖШС РПБК “Дәуір”, 050009, Алматы қаласы,
Гагарин даңғылы, 93. Тел.: 394-39-22, 394-39-24.
E-maіl: rpіk-dauіr81@maіl.ru, rpіk-dauіr2@maіl.ru
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру